Ғазиз хазреті Ұстазым!
Кеше, ақшам намазын оқып жатқанымда екінші рәкатта Фатиха сүресінен кейін
аятын оқып тұрғанымда, еш ойламасам дағы, ақылым мен көңілімде бір ой, ешбір себепсіз, кенет рухымның терезесінен осы ұлы аяттың Рисалей-Нұрға және авторына мағынауи байланысы бар екенін білдіретін ишара көрсетілді. Намаздан соң отырып ойландым. Шынымен қуатты мағынауи байланыс бар екен. Былайша:
Әлемде Уахданият-ы Иләһиені, яғни Аллаһтың жалғыздығын жын мен адамзатқа жар салып оны нақты түрде дәлелдеп берген ең бірінші Қасиетті Құран екеніне дау жоқ. Сол секілді қазіргі таңда екінші, үшінші орында өте әділ де адал түрде, бұлтартпас айғақтармен уахданиятты анық-қанық әрі ашық түрде әлемге адамзат пен жындардың назарына ұсынып, дәлелдеп отырған Рисалей-Нұр болып табылады.
Ол, адамзаттың барлық тобына һәм медресе, һәм мектеп, һәм
әскери тілімен һәм хәким, һәм әкім түрде ең қарапайым ауамнан бастап сонау зерек зиялы қауымға шейін сабақ беріп, ілім үйретуде әрі тәрбиелеуде. Оны көзбенен де көріп жүрміз. Сондықтан жоғарыда аталған аяттың бірғана тақырыбы немесе бірғана айнасы Рисалей-Нұр екеніне біздің шүбәміз жоқ, көзіміз әбден жеткен мәселе.
Тәухидтің екінші кәлимәсынан кейін اَلْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ есімдері арқылы Хақ тағала (Джәллә Джәләлүһ) өзін сипаттап, сосын екінші дәрежеде сол есімдердің айнасы болып табылатын Рисалет-үн Нұрдың мағынауи келбетін меңзеп отыр. Бұлай ишара етуі Қасиетті Құранның ұлықтығына жарасар іс. Өйткені, бүкіл дүния қараң қалса дағы өзі пақыр, кедей бола тұра ілімнің абыройын сақтау үшін небір сұмдық пәлекеттерге щыдап, төзімділік танытқан Рисалей-Нұрдың авторы және жер мен көктегі хикметке толы құбылыстардың-сырын ашқан Рисалей-Нұр екені айдай анық, расталған оқиға. Осы өзара қуатты да тығыз мағынауи байланысты бекіте түсетін белгі-нышандар да жоқ емес.
اُولُوا الْعِلْمِ сөзінің джифри саны екі жүз он төрт. Бұл Рисалей-Нұрдың бір аты "Бәдиүззаманның" (шәдделі "з", ләм-і асли саналады) саны болған екі жүз он төртке дәлме-дәл сәйкестігі және автордың нағыз шын аты әрі әрдайымғы аты Молла Саид сөзінің саны болған екі жүз он беске бір саны ғана артық болып сәйкес келуі әлбетте осы киелі әрбір ғасырды қамтитыны секілді осы ғасырды да қамтып оның бірі Рисалей-Нұр екенін меңзейді. Сол секілді وَ اُولُوا الْعِلْمِ قَٓائِمًا بِالْقِسْطِ (оқылмайтын екінші "уау" және "һәмзә" саналмайды) сөзінің саны алты жүз бір болып Рисалей-Нұрдың бес жүз тоқсан тоғыз санына, сондай-ақ, Рисаил-ин-Нұр санына тек екі ғана айырмашылықпен екі атына сәйкес келуі белгі-нышан боп есептеледі. Сонымен қатар
деген қасиетті тәухид сөзінің джифри әрі әбжәд саны мың үш жүз алпыс болып дәлме-дәл келеді. {(Сілтеме): Оқылмайтын екі һәмзә санаққа кірмейді} Мына сұмдық қасарысу,
діннен безу, қырсық ғасырдың және шектен тыс күпірлік пен аласапыран, құдайсыздық кезеңінің осы жылына және ішінде болған осы заманға дөп келуі әлбетте нақты белгі, қуатты нышан деуге болады. Яғни, осы үлкен де ауқымы кең, жалпыға ортақ тәухид пен шәһәдаттың назар аударарлық маңызды бір кезеңі әрі сахнасы бәрінен бұрын осы шәһәдатқа мұқтаж осы ғасыр, осы кезең боп табылады. Әзірге сол шәһәдатты әсерлі түрде дәлелдеген Рисаил-ин-Нұр әлгі тұлғалардың бірі. Бірақ оған басты назар аударылғанына көптеген белгі-нышандар, ишаралар және сүйінші хабарлар бар.
Ақырзаманда бір адамның қателері мен күнәлары жинақталса таудай үлкен болатыны жайлы риуаяттар бар. Мен бұрын: "Апырм-ай, бір адам мыңдаған адамның жасайтын күнәны қалай бір өзі жасап үлгереді! Ақырзаманда біз білмейтін қандай күнәлар болады екен? Күнәларының үлкендігі сонша ғаламның ашуын келтіріп, дүния қараң қалып, қирап қалуына сөйтіп қияметтің болуына себеп болады екен..." деп таңқалушы едім. Осы күндері оның бірнеше үлгісіне куә болдым.
Атап айтсақ, оның көптеген түрінен біреуін радиома қарап көзім жетті. Бір адам радиоға шығып бір ауыз сөзі мен миллион күнәні бір мезетте жасайды екен. Яғни, миллион адамға тыңдатып оларды күнәға батырады.
Иә, әуе толқыны бір тіл тәріздес жүз мыңдаған сөзді бір сәтте сөйлейді. Негізінде радио, адамзатқа үлкен сый, Аллаһтың нығметі. Әуе толқынының зәре-бөлшектерін жаппай шүкірге, Құдайды мақтап-мадақтауға жұмсау қажет бола тұра, адасудың кесірінен азғындар әлгі үлкен нығметті шүкір етуге емес керісінше бұрыс мақсатта пайдаланғандықтан сөзсіз опық жейді. Мына азғын
әрі қатыгез мәдениет техника саласындағы жаңалықтарды, яғни Аллаһтың адамзатқа тарту еткен сыйлықтарды орынды пайдаланып мойындағы шүкір борышын өтеудің орнына азғындыққа, бүлік шығаруға, лаңкестікке жұмсап күпірлік қылды. Соның жазасы ретінде қоғамдық өмірдің шырқын бұзылып бастарына бәле келіп, бақ-дәулеттен айырылды. Сөйтіп мына теріс мәдениет, өздерін ең мәдениетті санайтын адамдарды ең бәдәуи, жабайы деңгейден де төмен түсіріп масқара қылды. Жәһәннамға бармай жатып оның азабын тарттырып отыр. Иә, радио адамзатқа таптырмайтын шексіз нығмет болғандықтан шексіз шүкір етуі керек болатын. Шүкірге пайдалану дегеніміз, оны жер мен көктің Жаратушысы Аллаһтың әзәли сөзі Құранды өз тыңдармандарына бір сәтте жеткізетін аясы кең зор мүмкіндік, жүз мың тілі бар хафыз, аспани қари тәрізді. Оған әрқашан Құран оқыту керек болатын. Сонда әлгі нығметке шексіз шүкір еткен боп саналады әрі нығмет жалғасын табады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің, яғни Атабейден Нұр фабрикасының иесі және мүбарак жамағаттың имамының жазған хаттары бізді зор қуанышқа бөледі. Үш-төрт айдың ішінде үш-төрт ауылда үмми, яғни мүлдем жазу-сызу білмейтін елу адам қолына қалам алып Рисалей-Нұрды жаза бастауы әлбетте Али мен Мұстафалардың адал ниеттерінің кәраматы екеніне шәк, шүбә жоқ. Кәраматқа ұқсас бұл оқиға осы аймақта Рисалей-Нұр шәкірттеріне үлкен үміт беріп, ынта-жігерлерін оятты. Сендерге және әлгі үмми жазғыштарға жүз мың бәрекелді дедім. Нұр мен Гүл фабрикасының Рисалей-Нұрға қаншалықты қызмет етіп жатқандарын білгім келіп сұрап едім. Үміт еткенімнен де жоғары, мен ойлағаннан да артық екенін Хүсревтің хатынан түсіндім. Яғни, мыңдаған қалам Рисалей-Нұрға қызмет етіп жатқанын, әсіресе сендер айтқан үмми кісілердің бірнеше ауылда елу шақты қаламның көшіріп жазып жатқанын естіп таусылмайтын қазына тапқандай қатты қуандық. Аллаһ сендерге мәңгі бақи разы болсын, әмин. Сендерге Иман мен Құран қызметінде сәттілік тілеймін, әмин. Үлкен
Хафыз Али Назиф бауырымызбен иық тіресіп, оған жетіп алуы тек ол тұрғыдан емес көп жақтан бір-біріне тең келетін тәуәфук тұстары бар. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдадым.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің үміт еткенімнен де зор қажыр-қайраттарың мен ерен еңбектеріңді өмір бақи ұмытпай, дән ризамын, әрі шексіз алғысымды білдіремін. Осы соңғы жолдаған хаттарыңда мынадай бір сұрақ сұраған екенсіңдер: "Құранды жаттауға әрекет қылған абзал ма әлде Рисалей-Нұрды жазу абзал ма? Қазіргі таңда қайсысы маңызды, қайсысын бірінші орындасақ?". Әрине бұл сауалдың жауабы белгілі. Себебі, ғаламда және әрқашан ең жоғары мәртебе Қасиетті Құрандікі. Әрбір әрпіне он сауаптан бастап мыңдаған есе сауап жазылатын Құранды жаттау және оқу қандай да бір қызметтен жоғары, бәрінен үстем. Дегенмен, Рисалей-Нұр сол мәртебесі жоғары Құранның имани ақиқаттарын баяндап дәлелдейтін бірден-бір тәпсір болғандықтан әрі Рисалей-Нұр Құранды жаттауға, оқып үйренуге себеп, ұйытқы болатындықтан сондай-ақ, ақиқаттарын түсіндіріп тәпсірлеп беретіндіктен Құранды жаттаумен қатар оған да уақыт бөліп шұғылдану қажет. Нұр мен Гүл фабрикасы аясындағы және Мүбәрактар тобындағы әрі Лүтфү сынды жандарға, сондай-ақ, Хажы Хафыздар жамағатында Сыддық Сүлеймен, Хаққы дәрежесіндегі әрбір бауырларымызға, әсіресе елу шақты үммиден құралған Рисалей-Нұр шәкірттеріне жеке-жеке дұғай-сәлем айтып, олардан дұға күтеміз.
Сүйікті де қымбатты, қасиеті мол қадірменді Ұстазым!
Мен, Рисалей-Нұрдың қызметшісімін әрі шексіз қарыздармын. Оның нұр-фәйзіне лайық болмасам да Раббым молынан жарылқап, көптеген нығметке бөлегенін ойласам көзіме жас келіп, оның шүкірін
қалай өтейтінімді білмей қиналамын. Кеше ғана жұртқа жағымсыз Назиф бүгін міне адам болып отансүйгіш, ақиқатшыл атанды.
жылдар бойы арманым болған Нұр менен Гүл фабрикаларының және Мүбарактар тобының, сондай-ақ сол нұр фабрикасының өнімдері қызу жұмыс істеп жатқанын есту мына әлсіз, кемшін, надан пендеге неткен бақыт десеңізші! Мәртебесі жоғары, Құранда жәннатпен сүйіншіленген асыл жандар Асхаб-ы Гүзиннің (ридуанүллаһи алейһим аджмаин) қазірде мағынауи тұлғаларын шағын түрде көрсетіп, айна болып жүрген сыддықтар, мүджаһидтер, жанкешті қаһарман топтың екі уәкілі, ғазиз бауырларым Мүбарак Сабри мен Бүйүк Хафыз Алидың маған деген мейірім-сүйіспеншілігі, шынайы ықыласы сондай-ақ, оқиғалардың да өзара сәйкес келіп жатуы осы тасқыны күшті нұр дариясының нұр самал желінен пайда болған толқындарының көрінісі яғни ғайби кәрамат. Ол біз үшін аса маңызды тәуәфук. Бұл тәуафуктар бүкіл өмірі күнә жасаумен өткен мен секілді қарапайым пендеге яғни маған қатыстылығы әлгі қасиетті топтың екі уәкілі тарапынан қабылданып, расталуы, олардың ілтипат қылуы мен үшін ғанибет, зор қуаныш. Бұл да Рисалей-Нұрдың киелі бір кәраматы болса керек әрі Раббымның үлкен жарылқауы деп білемін. Оған шексіз қарыздармын. Аса қадірлі бауырларымның киелі қызметі теңіз болса біздікі бір тамшы. Сол азғантай қызметімізді ескеріп мен секілді надан, күнәһар, әлсіз, түкке тұрмайтын пендені әлгі үлкен де маңызы зор Расулуллаһтың асхабының мағынауи тұлғасының кішкене сәулесін көрсететін мүбарактар тобының екі тұлғасы тарапынан еленіп, олардың ілтипатына бөленіппін. Мені осындай дәрежеге Рисалей-Нұр арқылы жеткізген Қадир-ы Мұтлақ, Халиқ-ы Зүлджәлалға Рисалей-Нұрдың қанша әріпі болса сонша мадақ айтуға міндеттімін. Осы қызметтегі қадірлі бауырларымды жеке-жеке құрметтеп, өзімнің шексіз қарыздар екенімді әрі дән риза екенімді білдірмекпін.