Қасиетті Рамазанның оны күні, сағат екі шамасында кенет мына киелі хадис ойға келді. Бәлкім, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жамағаты қашанға дейін жалғасады екен деп ойлағандықтан болар.
لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ اُمَّت۪ى (шәдде саналады, тәнуин саналмайды) сөзінің джифри саны мың бес жүз қырық екі. Бұл олардың соңғы кезеңін меңзейді. لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ. Ал, ظَاهِر۪ينَ عَلَى الْحَقِّ сөзі болса
(шәдде саналады) джифри саны мың бес жүз алты болып сол заманға шейін ашық әрі нақты тіпті басым түрде, сосын қырық екіге дейін жасырын, жеңіліске ұшыраған түрде нұрландыру міндетін атқара беретінін рәмізге жақын меңзеп тұр деуге болады.
حَتّٰى يَاْتِىَ اللّٰهُ بِاَمْرِه۪ (шәдде саналады) сөзі болса джифри саны мың бес жүз қырық бес болып кәпірлердің басына қиямет орнайтынын білдіреді.
Назар аударарлық әрі таңқаларлық жәйт. Үш сөйлем жаппай бірлесе мың бес жүз жылды көрсетумен қатар, дәлме-дәл мағынасы терең әрі ақылға қонымды және хикметті түрде мың бес жүз алтыдан бастап қырық екіге, сосын қырық беске дейін үш үлкен өзгерістің бөлек-бөлек жылдарына сәйкес келіп тұр. Мұндай меңзеу, нышандар расында әрбірі сәйкестік болатындықтан әрине дәлел бола қоймас, аса қуатты да емес, бірақ кенеттен көкейге қонуы мені ойландырып, көзімді жеткізді. Әрі қияметтің уақытын нақты түрде ешкім білмейді. Дегенмен, әлгіндей белгі-нышандарға қарап көз жеткізуге, әбден мүмкін деуге болар.
Фатиха сүресіндегі "сырат-ы мустақим" яғни тура жол иелері дейтін үлкен топты суреттейтін اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ сөзі шәддесіз мың бес жүз алты немесе жеті болып дәлме-дәл
ظَاهِر۪ينَ عَلَى الْحَقِّ сөзінің санына сәйкес әрі мағынасына дөп келіп және шәдде саналса لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ اُمَّت۪ى сөзіне үш жақты керемет парықпен дәлме-дәл келуі сондай-ақ, мағына тұрғысынан да сәйкес болуы әлгі хадистің белгі нышанын растап, қуаттай түсіп рәміз дәрежесіне шығарады. Құранның көптеген аяттарында
"сырат-ы мустақим" сөзі рәмізді мағынасымен Рисалет-үн Нұрға мағына тұрғысынан, джифр жағымен меңзеуі рәмізге жақын анық бір ишарамен Рисалет-үн Нұр шәкірттерінің жамағаты ақырзаманда әлгі ағзам яғни үлкен жамағаттың соңынан ерген мақбұл топ екеніне ишара етеді деп көкейге шұғыл түрде ескертілді.
Ғазиз бауырларым!
Дәл Құран оқып отырғанымда Рисалей-Нұрмен тығыз байланысы бар "Ибраһим" сүресіндегі бір аят өзіне назар аудартты. Дәл сол кезде Әмин бауырым сендерге жіберілуі тиіс хатты әкелді. Уақыт тар болғандықтан осы мағынасы терең аяттың теңізінен тек бір тамшысын ғана бірнеше минутта жаза білдік, айыпқа бұйырмаңдар.
Ғазиз, адал, сенімді де қайсар бауырларым!
Аллаһ тағалаға шексіз мадақ, сансыз шүкір, сендердей адал, ықыласты әрі еңбеккеш жандарды Рисалей-Нұрдың айналасына жинап, қуатты да нұрлы қаламдарыңды Иман мен Құран қызметінде жұмыс жасатуда.
Бауырларым!
Осы жолғы жібергендерің мені дән риза қылып, қарыздар еткені соншалық әрбір парағы аса қымбат кәде, тамаша хат секілді көрінді. Қайғы-мұңымды басып, көңілді шаттық пен қуанышқа бөледі. Әрхамур-Рахимин хатта қанша әріп болса сонша сендерге рахымын жаудырып, сендерге риза болсын.
Хафыз Али бауырым!
Бірде Барлада жұманың кеші дұға етіп отырғанымда сенің "әмин" деген даусыңды екі мәрте анық түрде естідім. Артыма қарап: "Хафыз Али қашан келген?" деп сұрап едім: "Ол келген жоқ!" деді. Бұл оқиғадан менің түйгенім: үш-төрт сағаттық қашықтықтан дұғама "әмин" сөзін естіртуі мынаны мегзейді: бір айлық қашықтықта тұрып осы жердегі менің дұғаларыма әсерлі де қуатты түрде "әмин" дегендей жазбасының үлгеріп, көмекке келуі тәуафук, керемет сәйкестік.
Жанкешті Сабри!
Сенің денеңде (аяғыңда) туысқандықты білдіретін белгі көргенімде алдын-ала сезгендей көкейіме мұндай бір ой келген: "Бұл, бауырым, қысыл таяң сәтте маған күшті демеу болып, туысқан екенін көрсетеді". Расымен солай болды. Аллаһ саған мәңгі-бақи разы болсын. Абдүлмәжидке бесінші Шұға туралы хабар жіберген едім, жауап жоқ. Мүмкін, сақтық жасап үндемеген болар, оған жібермедім. Сендер әуелі хабарласып, сосын жібергендерің жөн болар. Егер, Хасталар рисалесін (Дерт пен Дауа) маған жібермек болсаңдар Ихтиярлар рисалесімен бірге жіберсеңдер өте жақсы болар еді. Хаттарыңда маған сәлем жолдаған шынайы бауырларыма көп-көп сәлем.
Осы жақында мағынауи түрдегі диалогта сұрақ пен жауап естідім. Сендерге қысқа мазмұнын айтып берейін.
Біреу былай деді: Рисалей-Нұрдың иман мен тәухид туралы көптеген баяндары, мағынасы терең жазбалары күннен-күнге көбейіп барады. Өте қырсық діннен безген кәпірдің өзін үнін өшіріп, көзін жеткізуге осы кітаптардың жүзден бірі жеткілікті бола тұра мұнша қызу, үсті-үстіне, жаңадан бұрқыратып жаза берудің хикметі не екен?
Оған жауап ретінде былай деді: Рисалей-Нұр тек қана, қирап қалған шағын бір жерді, бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, күлли яғни ауқымды түрде қираған, бұзылғалы тұрған және Дін Исламды қамтитын, тастары таудан үлкен заңғар алып бір қорғанға жөндеу жүргізіп жатыр. Ол жеке адамның қалбын (жүрек), баз біреулердің ниетін, ар-ожданын ғана ретке келтіріп, тазартып жатқан жоқ. Ол,
мың жылдан бері небір соққыдан ауыр жарақат алған жалпының қалбын, көпшіліктің ой - пікірін көзқарасын және баршаның әсіресе мүмін ауам халықтың әрқашан арқа сүйер тірегі Ислами негіздер, діни қағидалар бұзылып, соның салдарынан күңгірттене бастаған жалпы халықтың ар-ожданын Қасиетті Құранның, киелі Иманның дәрі-дәрмектерімен емдеп, жазуға тырысуда. Әлбетте, мұндай күлли әрі ауыр жарақаттарға, хаққаляқин, яғни жойқын әрі таудай берік айғақтар қажет, мың дәрінің қасиеті бар дәрумендер, сансыз дәрмектер керек. Міне, осы міндетті бұл заманда Құранның мағынауи мұғжизасынан туындаған Рисалей-Нұр атқаруда. Сонымен қатар иманның сансыз дәрежесіне көтерілуге, сырларының ашылуына ұйытқы болуда... деп осы мағынада ұзақ әңгіме болды. Мен толығымен естіп, Құдайға сансыз шүкір еттім. Қысқа қайырайын.
Осы оқиғаға байланысты осы жақында ойыма келген бір уақиғаны баяндап берейін.
Мен, намаз тәсбихатының соңында отыз үш рет тәухид кәлимасы «лә иләһә иллаллаһты» зікір етіп отырғанымда көкейге кенет мұндай бір ой келді: Киелі хадисте: "Кейде бір сағат тәфәккүр, яғни пікірлеу бір жыл ғибадат боп саналады!" делінген. Ол Рисалей-Нұрда бар, ізде! - деп ескерту жасалды. Бейне бір еріксіз түрде Құранның Аят-ул Кубрасының яғни ұлы аятының екі тәпсірі боп табылатын «Аят-үл Күбра» рисалесінен қысқартылып алынған тәфәккүри сұхбат толық бір сағатқа жалғасты. Қарасам, сендерге жіберген Аят-үл Күбра рисалесінің бірінші бөлімінің мазмұнынан жинақтап алынған тамаша сырының қорытындысы және жиырма тоғызыншы арапша Лемадан алынған нұрлы да тәтті сөздерден тұрады екен. Мен, оны күн сайын толғана отырып рахаттана оқитын болдым. Бірнеше күннен кейін мынадай бір ой келді: Рисалей-Нұр бұл заманның мүршиді, жөнге салушы, жетекшісі екені рас, олай болса мұны «Уирд Әкбар», яғни әрдайым оқылатын дұға қылуға болар. Барлық рисаленің өзіндік бұлағы, қайнар көзі болған мыңнан астам Құрани аяттарды өз Құраныма жинақтап, о баста белгілеп қойған болатынмын, сөйтіп Құрани Ағзам Хизб құрастырсам деп ниет еткен едім. Енді сол «Хизб-и Ағзам» пен «Уирдіт Әкбарды» Рисалей-Нұр шәкірттері кейбір қасиетті күндерде оқуы үшін сендерге жіберуге ниет еттім, ол сендердің ақыларың. Иншаллаһ, бір күні сендерге
жіберіледі. Кейбір сөздерінің аудармасын және кейбір ережелерін түсіну үшін уақыт таба алсам өте қысқа сілтеме секілді түсініктеме жазбақ ойым бар.
Барлық бауырларыма және Құранға қызмет етіп жүрген жолдастарыма сағына әрі ынтызар түрде көп-көп сәлем.
Ғазиз бауырларым!
Сендер күн сайын жеке-жеке ұзақ хат жазуға лайықсыңдар, ақыларың да бар. Өкінішке орай сендерге арнап жазған бір хатым әлі күнге шейін ескі шапанымның қалтасында тұр. Демек, Рисалей-Нұр әһл-і дүнияның дінсіздерін қорқытып зәресін алса керек олардың дүниясына араласпасам дағы мені қыспаққа алып қинап жатыр. Қойшы әйтеуір... Әсте есімнен кетпейтін қайсар да табанды, ықыласты бауырларыма, әсіресе екінші туған жерімдей ыстық Барладағы шынайы да адал бауырларыма көп-көп дұғай сәлем. Сендерді қатты сағынып, әрдайым ойлап жүретін және бір тәулікте бәлкім жүз мәрте дұға етіп, есіне алып отыратын, дұғаларыңа мұқтаж
Уа, жанкешті бауырларым!
Біріншіден; Соңғы жіберген хаттарыңнан шабыт алып әрі қуана отырып былай демекпін: Мен, сендердің Құран қызметіне деген шынайы берілген ниеттеріңді, қайрат-жігерлеріңді, табандылық пен қайсарлықтарыңды көріп, бұдан кейін ажалымды еш алаңсыз күтуге және "артымда сендер барсыңдар, жетер!" деп дүниядан қуана қош айтысуға дайынмын.
Екіншіден; Бұл жерде, "Аят-үл Күбраның" бірінші көшірмесі дәл бір жылдан кейін ол жердегі бірінші көшірмесі секілді "Аят-үл Күбраның" атауына тәуафук еткен, яғни дәлме-дәл сәйкес келген. Бұл
екі тәуафуктың өзара сәйкес келуі кездейсоқ деуге мүлдем келмейді. Сонымен қатар, қаламы зүлпұхардай шәкірттің қаламымен жазылған отыз үш тәухид кәлимасының тәуафук тұрғысындағы ғайби белгіні одан сайын нұрландырып, растай түседі.
........................
Төртіншіден; Мені барлық нәрседен тыйып тастағандарына үш жыл болды. Адам төзгісіз қыспаққа алғандықтан сендермен хабарласа алмадым. Мұнда күмән-күдік сұмдық. Мүмкін болғанынша Әшрат-ы "Сағат" жазбасы осы жақтан жіберілгені жайлы ешкімге айтпаңдар. "Бәлкім, оның жазбасы шығар, басқа жақтан келді", - дей салыңдар.
Ғазиз және адал, жанкешті де шынайы бауырларым!
Бұл жолы аса қымбат және мағынауи тосын сыйларды алған соң шағын үш-төрт мәселе ойға келді.
Біріншісі; Хз. Алидың үшінші кераматында "Рисалелердің тек екі қосымшасы бар" дегенін былай түсінген жөн: Ол, Рисале түріндегі қосымшаларды ғана қосымша деп санайды. Басқа қосымшаларды ол сілтеме, жалғасы, түсініктеме түрінде көріп солай атайды.
Екіншісі; Екі "Аят-үл Күбраның ұлы уирдінде - ойыма келмесе дағы - оның маңызды бөлімдерін жиырмасыншы Мектуб пен отыз екінші Сөз, менсізақ тамаша түрде баяндап, тәржіме қылғандықтан қанша ниет етіп, уәде берсем де тәржіме етуге мені жұмсамады.
Үшіншісі; Рисалей-Нұрдан ажырап қалуым және оның нұрландыру шеңберінен ұзақ қалуым себепті осы аймақтағы шәкірттер сондай-ақ, Ескішәһир сынды басқа аймақтар, рисаленің маңызды әрі аса қажетті кейбір ақиқаттарына мені үлескер қылу үшін, Құдайдың жарылқауы ғой, жаңадан жазылып жатқандай қайтадан әлгіндей ақиқаттардың басқаша түрде, бірақ керемет бейнеде түсіндіру үшін, бейне бір мені еріксіз түрде жұмсап жатқанын сезіп, Құдайға шексіз шүкір еттім. Бұл жолы сендердің сый-кәделеріңе қолымнан келсе тек заттық тұрғыдан ақысы ретінде әрбір Рисале үшін он лира, жиырма бесінші Сөз үшін жиырма бес алтын тіпті алмаз, ал жиырма тоғызыншы Сөз үшін жиырма тоғыз жақұт берер едім. Олай болса берілді деп қабылдаңдар.
Иә, тәуафук тұрғысында жолы болғыш Али бауырымыздың қаламы Хз. Алидың кераматын көзге көрінетін етіп керемет дәлелдепті. Жүз мың машаллаһ! Хүсрев бауырымыздың өте тамаша, керемет жазған "Хасталар рисалесі" мен "Әсма-и Ситте" Лемасы маған алмазбен жазылғандай әсем, және ықыласпен әрі адал жазылған екі хат түрінде көрінді. Көзіме жас үйіріліп, маңызды қызметтеріңе риза болдым.
сендер сыйлаған фәрдауси сыйлықтай рисалелердің әріптері қанша болса Аса мейірімді Хақ тағала сонша сендерге рахым, берекет, сағадат, бақыт сыйласын, әмин.
Шаршамайтын, жалықпайтын, өте адал Хафыз Али бауырым! Тәуафукқа келгенде өте табысты қаламыңмен жазылған "Иғжаз-ы Құран" рисалесінің соңындағы сен туралы
деген дұға толық қабыл болғанына бұл жолы еш күмәнім қалмады. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем.
Ғазиз, адал және шынайы берілген бауырларым!
Бұл жолы қатты алаңдап жүрген бауырларымнан төрт хат келіп көңілім көтеріліп, жадырап қалды. Ол, Рисалей-Нұр атынан мені әбден риза қылғаны сонша бейне бір ержүрек достарыма қайта қауышқандай болдым. Көзімнен аққан жас көптеген қайғы-мұңдарымды жуып шайып кетті. Иә, ол төрт хатқа жеке-жеке төрт хат жауап жазылуы тиіс, жазғым да келеді. Дегенмен сендердің өзара адал ынтымақтарыңа байланысты бір ғана хатпен шектелдім. Бөлек бес-алты шағын мәселелерді баяндамақпын.
Біріншісі; Біз, бұрыннан бері: "қазір иманды сақтап қалатын заман" деп және еріксіз қайта-қайта иман шарттары жайлы айғақтарды көп жаза беруіміз өте орынды әрі аса қажет екенін уақыт көрсетті. Сендерге бір ай бұрын мағынауи диалогта Рисалей-Нұрдың иман жайлы көп айтуының ғайби хикмет-сырын жазған болатынмын. Кейбір бауырларым оны "Аят-үл Күбра" рисалесінің соңына қосып қойыпты.
Екіншісі; Шамдық Тәуфик бауырым! Сенің хатың маған қатты әсер етіп, көңілім бір шаттанып қалды. Ішкі дүниемде қайырлы өзгеріс болғанын сездім.
Марқұм Хафыз Ахмедтің тумаларына менің атымнан көңіл айтып әрі былай деңіздер: Бір-екі ай бұрын, кенеттен, дұға етіп отырғанымда өте жақын жандардың және ықыласты тәлабалардың арасына Хафыз Али кірді де: "Бұл жерде менің де үлесім бар" дегендей болды. Оны да хас шәкірттер арасында әрдайым мағынауи табыстарыма үлескер болуы үшін тимедім, солай қала беретін болар, иншаллаһ. Бұл, сендердің әу баста Рисалей-Нұрға жұмыла қызмет еткендеріңнің ақысы екенін кейін түсіндім.
Үшіншісі; Сабри бауырым! Қадірлі Хулусидің жазған хаты өзінің және бесінші Шуақтың маңыздылығын, қымбат екенін көрсетіп тұр, маған қатты ұнады.
Сен де, Хусрев те Халил Ибраһим туралы айтып жатырсыңдар. Ол, Рисалей-Нұрдың озат тәлабасы әрі белсенді жаюшысы әрі хас шәкірттердің бірі. Ол, өткен оқиғадан сақ болуды және нұрмен шынайы түрде шұғылданып байланыс құру керектігін түсінген шығар. Өзіне және жұбайына сәлем айтыңдар.
Төртіншісі; Хусрев бауырым! Сенің хатың менің уайымдарымды (Хасан, Мұстафа т.б. туралы) сейілтіп рухыма шипа болды және жаныма дауа болды (Мұхаммедтің мұғжизалары атты кітап секілді), және үмітімді қуаттай түсті (Рәфәт, Конялық Сабри сынды). Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың құрметті тәлабасы әрі хас шеңберде орын алған, ақыреттік бауырым! Анаңның сырқаттанып әрі қартайып сені Спартаға шақыруы ақыры қайыр, нәтижесі жақсы болар. Сөзсіз сен оған Хасталар мен Ихтиярлар (Дерт пен Дауа, Қарттар) рисалесін оқыған боларсың. Мен, ол жердегі тәлабаларды және достарды дұға ету арқылы жиі еске алып отырамын. Оларды ұмыта алар емеспін. Барлық бауырларыма жеке-жеке дұғай сәлем.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің мубарак Рамазан айларыңды, әрі иншаллаһ сендер үшін мың айдай жемісті болар Қадір түндеріңді сондай-ақ, қуанышты айт-мерекелеріңді әрі маңызы зор қызметтеріңді шын жүректен құттықтап, берекелі болуына тілектеспін.
Бауырларым! Бұл жолғы қаламмен жасаған қасиетті сый-кәделерің мені қарыздар етті әрі шаттыққа бөледі. Бейне бір дүнияны жарық қылып жіберетін бір электр Нұр станциясын немесе өткен мен болашақты хош иіске бөлейтін гүл бақшасын және аспаннан бізге медетке келген мықты демеу және әрдайым қызу жұмыс істей беретін завод көргендей болдым. Қуанышымда шек жоқ, сансыз Әлхамдулиллаһ.
Сабри бауырым! Сенің біраз үзілістен кейін жазған екі хатың қызметіңнің қабыл болғанын дәлелдейтін ғайби екі дәлел көрсетті. Сен айтқан Нұр фабрикасына мен де:
дедім. Сенімен Сыддық Сулейман екеуің мен үшін, дұға етерде әрдайым біргесіңдер. Сол үшін сенімен сөйлесіп жатқанымда екеуіңді қол ұстасқан күйде көремін. Сендердің бейкүнә әрі мүбарак балаларың да дұғаға ортақ.
Хафыз Али бауырым! Сенің хатыңнан байқалып тұрған кішіпейілдігің, ыстық ықыласың және Хусревті мақтауың және Рисалей-Нұр шәкірттерін бір денедей көруің, сен туралы жақсы пікірімді, зор үмітімді қуаттап қанағаттандырды. Рисалей-Нұрдың екі Лүтфүлері, Мұстафалары және Хафыз Алилері, Кіші Сабри
деуге лайық Нүрәддинмен бірге хас шәкірттер шеңберіне кіріп, Рамазанның нұрына, мағынауи табыс-сауаптарына иншаллаһ ортақ боп қабылданды. Әрбір беті мен үшін аса қымбат сый-кәде болып саналатын жазбаларың үшін саған қарыздармын.
Хусрев бауырым! Ант етейін, қолымнан келсе сенің жазған осы жолғы алтындай қымбат Мұғжизат-ы Ахмедия рисалесі үшін әрбір парағына тек материалдық тұрғысынан ақы ретінде бір-бір алтын сыйлар едім. Шынымен де мәңгі жасайтын гүл бақшасының жазушысы етіп тағайындалғаныңа еш күмәнім қалмады. Рабб-ы Рахимге сансыз мадақ пен шүкір болсын, мен үшін Хусрев пен Рушту бір адам секілді. Рисалей-Нұрмен қатысты қызметте екеуіңді әрдайым бірге деп білемін, солай көремін.
Сендерге اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا аятына қатысты, кенет ойға келген және Сабридың екі хаты әлі келмей тұрып, оның мағынауи әсерімен жазылған бір қосымша жазбаны жіберіп отырмын. Ол біршама махрам, яғни әркімге көрсетуге болмайды, сенімді хас шәкірттер ғана көрсін. Шамлық Тәуфик Аят-үл Күбра Шуағын Хафыз Алидың отыз үш لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ сөзімен бірге тәуафукпен жазса жақсы болар еді. Бауырларыма жеке-жеке сәлем.
Ғазиз бауырларым!
Жалғасып жатқан рухани азғындыққа қарсы Құдайға шүкір, күннен күнге Рисалей-Нұр орасан зор түрде қарсы тұрып, төтеп беруде, тосқауылы күшейіп, маңыздылығы артуда. Ол, адасудың ірге тасы, негізі болып табылатын "табиғат" дейтін жалған тәңір теріс ұғымды күл-талқан ететін Құранның алмас қылышы ретінде, шартарапқа нұр шашып, зұлыматты сейілтуде. Дегенмен адасудың жолдары көп. Сол себепті рисалелердің де түрлі түрлі қыр-сырлары бар, мән-мағынасы терең. Егер, оңай болса "табиғат рисалесін" жіберсеңдер жақсы болар еді.
Әмин мен Фәйзинің сұраған сұрағына Ұстаздан алған жауабы.
Сауал: Бізге берген жауабыңызда: "Саяси ахуалға, кең шеңберге қызығып, жіті бақылап отыратындар тар шеңбердегі жауапты міндеттерін толық атқара алмай зиянға ұшырайды" дедіңіз. Мұны ашып түсіндіріп берсеңіз.
Рас, бұл заманда қатты алаңдап, радио арқылы таратылып жатқан дүниедегі дүрбелең оқиғаларды күнделікті қадағалап, мұқият бақылайтындар заттық-рухани көп зиян шегеді. Я ақылын жоғалтып мағынауи диуанаға айналады, я болмаса көкірек көзін жабылып, мағынауи дінсіз болады, я болмаса ой-пікірін жоғалтып ақырында мағынауи ғайры-мүслимге айналады, яғни мұсылман емес күй кешеді. Иә, түкке тұрмайтын қызығушылықтың кесірінен қарапайым діндар біреу ілім иелерін қуаттап жақтайтын жан бола тұра атам заманнан Исламға дұшпан бір кәпірдің жеңіліп қалғанына жылап жіберердей қайғырып, ал "әл-і бәйттен" шыққан, яғни Ардақты Пайғамбарымыздың әулетінен шыққан сәйідтер жамағатының кәпірлерге жеңіліп қалғанына мәз боп қуанғанын көзіммен көрдім. Мұндай жәй қарапайым бір адамның өзіне қатысы жоқ кең шеңбердегі саяси мәселеде әлгіндей кәпір дұшпанға жақтасып муджахид сәйідтен жоғары қою есалаңдықтың сорақы түрі, ессіздік емей не?
Иә, сыртқы істерге, саясатқа жауапты қызметкерлерге, қорғаныс министрлігінде әскери шені бар лауазымды офицерлерге бір шама қатысы бар және мамандарды ғана қызықтыратын кең шеңберіндегі саяси мәселелермен пікірі қарапайым адамдарды шұғылдандыру, олардың рухани, діни, жеке бастық және үй-ішіне қатысты маңызды міндеттерін атқаруға кедергі жасау және оларды есінен тандырып есеңгіретіп, Имани уа Құрани ақиқаттарынан рахат ала алмайтын қылып, ынта-жігерін жойып әуре-сарсаңға салу, көңілдерін алаңдату, оларды рухани түрде өлтіріп дінсіздіктің жайлауына жол ашу боп табылады. Халықтың алаңдатып босқа, түкке керегі жоқ нәрселерге назарын аударып саяси мәселелерді радио арқылы дәріс бергендей тыңдату; бұл дегенің Исламның қоғамдық өміріне күллі зиян, тамырына балта шабу деген сөз. Келешекте қыруар зардап шегетінін ойласаң төбе шашың тік тұрады.
Рас, әркім өзінің отанын, халқын, өкіметін уайымдап алаңдайтыны рас. Бірақ, ол алаңдаушылық уақытша ағымдарға негізделіп халықтың, отанның, өкіметтің болашағы бейне бір солардың қолында кейбір тұлғалардың еншісінде, олардың жүргізіп отырған саясатына байланысты, көрсету тікелей әсер ететіндей тұжырым жасау қате. Сондай-ақ, отан алдында, халық алдында әркімнің атқарар өзіндік міндеті біреу десек, жанына қатысты, жүрегіне байланысты міндеті, жауапкершілігі және жеке басына, үй-ішіне, дініне қатысты көптеген маңызды қызметтері, алаңдауы қажет жауапты міндеттері он, жиырма тіпті жүз деуге болады. Осындай өзекті, аса қажетті маңызды міндеттер бола тұра әлгі бір түйір орынсыз зиянды және өзіне түк пайдасы жоқ саяси мәселелерге алаңдап, дүрбелең оқиғаларға беріліп өзін ұмытып кету есалаңдық емей не?
Ұстазымыздың бізге өте асығыс берген жауабы осы болатын. Біз оның асығыс айтқан дәрісін асығыс түрде қағазға жазып алдық, айыпқа бұйырмаңыздар. Біз мұны шын жүректен растап мойындаймыз. Өйткені оны өз басымыздан, таныс достарымыздан көріп, байқап жүрміз. Тіпті көбісі сондай алаңдап, қызығушылықтың, жамағатты тіпті намазды тастайтындай дәрежеде асыра сілтеп дәл намаз уақытында сөйлейтін радио тыңдап отырады. Мына азғын мәдениеттің жасаған күнәсі мен адастырғанына және Исламға жасаған қиянатына жаза ретінде бірінен соң бірі келіп жатқан пәлекеттерге, соғыс пен апаттарға, шеңбері кең саяси ахуалға шын беріліп алаңдап, мұқият мән беріп қадағалау, сөйтіп пасық, демі улы, басы орнында емес мас адамдардан радио арқылы дәріс алу және соның кесірінен әлгі жауапты да маңызды міндетін орындай алмау орасан зор зиян.
(Ахмет Назифтың пікірі)
Қадірлі Ұстазым!
Жеке тұлға ретінде тым әлсіз, пақыр бола тұра Раббани инает пен рахымның саясында Қасиетті Құранның мұғжизаларын Күннің жарығындай, көзді шағылыстырар сәулесіндей анық көрсетіп, бойымызға сіңдірген және діни уә имани ақиқаттардың айнасы,
және адасуға бет алған бейшара мүминдерге медет, олардың аман-саулығы мен тура жолға түсуіне ұйытқы, қызметші болып табылатын Рисалей-Нұрды әлбетте һәди, яғни һидаятқа, тура жолға салушы, заманның қажеттілігін толық өтейтін «сахиб-ы зухур» деп айтуға толық түрде болады, оған еш шүбә жоқ. Соған байланысты сізді Құранның тілмәші, делдалы әрі осы Рисалей-Нұрдың авторы, жалғыз қызметшісі сондай-ақ, сіз әлжуаз да пақыр қатардағы жауынгер бола тұра мағынауи ұлы қызметке тағайындалып жоғары мәртебелі маршал дәрежесінсізге, көтеріп, нұр-фәйзге бөлеген болуы керек, Алим-ы Мұтлақ, Хаким-ы Мұтлақ, Қадир-ы Мұтлақ Аллаһ осы қасиетті міндетті сізге өзіңіз құнсыз көретін негізінде өте құнды, артықшылығы мол, нұрлы, дәрежесі жоғары бір делдалға - жүктеп, соған нәсіб етіп, жауапты қызметші тағайындаған. هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى Біз секілді әлсіз, қыңыр, күнәһар қызметшілеріңізді де жомарттықпен жарылқап тура жолға түсуге, һидаят бұйыруға сізді себепші, жетекші, мүршид-ұстаз қылған. Оған мәңгі бақи қарыздармыз, шүкір-ақысын өтеу қолымыздан келер емес.
Міне, Ұстаз! Аса қадірменді досымыз, Құран қызметінде құрметті жолдасымыз, серігіміз Кіші Хусрев пен Мехмет Фәйзи бауырларымыздың хатынан асып, оның тысында, басқалар дұрыс түсінбей қалатын болған соң әлгі абыройлы атты дәл қазір Рисалей-Нұрға беру менің ақым емес, олай етуге батылым жетпейді. Себебі, ұстазымның рұқсаты болмаса мұндай аттың мәнісі жоқ. Тек, Рисалей-Нұрдан илһам алып, арамызда алдыңғы сапты иемденген баурымыз Фәйзидің хатында бұл туралы жазылған соң менікі ақниеттен, шынайы берілгендіктен және адалдықтан, ықыластан болса керек. Бұл туралы жария қылып қателесіп, сізді шұғылдандырып қойғаныма қатты өкіндім, ғафу етіңіз. Сіздің ескертіп әрі қорғаштап отыратын қасиетіңізбен кешіруіңізді, Рисалей-Нұр үшін болатын мағынауи жазалардан аман қалуымызды шын ниетпен сұраймын.
Ғазиз және қадірменді Ұстазым!
Хақ тағаланың жарылқауымен, мол мейірімен және жомарттығының арқасында қызмет үшін қолыма алған Рисалей-Нұрдың мадди-мағынауи яғни заттық әрі рухани тұрғыдан көптеген қадір-қасиетін, кәраматтарын, бақ-берекетін көзіммен
көріп куә болдым әрі қызығын көріп, дәмін таттым. Осындай әлсіз қызметшіңіздің ағаттықтарына кешіріммен қарап, жақсыға жорып кешіруіңізді өтінемін. Сонымен қатар, мүбарак Рисалей-Нұрдың көптеген кәраматтарынан бірнешеуін баяндап берейін. Былайша:
Рисалей-Нұрдың тәржімешісі, авторы, иесі, руми жыл санау бойынша 1324-1325 жылдары Ыстамбұлды шулатады. Оның "Бәдиүззаман" деген лақабы газет-журналдардың бетінен түспей қояды. Содан болар ол кездегі он жеті жасар, боз бала менің санама сіңіп жүрегіме терең бойлады. Осы шынайы сүйіспеншілігім үшін болар, 1326 жылы Хазіреті Ұстаз "Бәдиүззаман" лақабымен Қаратеңіз тарапына саяхаттап, қасында екі қызметшісі бар жолай Инеболу қаласына аялдап сол кезде Инеболуның мәшһүр ғұламасы Хажы Зия және басқа да ғұламалармен бірге кемеге шығарып салынып тұрғанда бұрын кездейсоқ базарда кездескенім есіме түсіп, шынайы аса құрметпен ол кісіге сәлем дескен едім. Ол да күлімсіреп, нұрлы жүзімен, от шашқан өткір көзімен сәлемімді алып, назарына түсіп ілтипат қылғаннан бері күннен күнге ол кісіге деген сүйіспеншілік, алаңдаушылық отыз жылдан бері жалғасып, ойымнан еш кетпей қойды. Шамамен алты жыл бұрын бір газеттен, Спарталы елдің назарын өзіне қатты аударғандықтан және діни, имани сезімдерді күшейткендіктен әһл-и дүния, яғни дүнияны ғана ойлайтындар тарапынан қамауға алынғанын оқып қатты өкіндім. Отыз жылдан бері мұндай мұңлы хабар алмаған едім. Одан кейін не болғанынан бейхабар жүрдім. Соңғы он жылдан бері Хақ тағалаға жалбарынып, бес уақыт намаз кезінде былай деп дұға ететінмін:
"Уа, Раббым! Маған кәміл мүршид, жол көрсетер жетекші, ұстаз нәсіп ете гөр!". Содан, үш жыл бұрын, яғни һижри 1357, милади 1938 жылы Инеболу қаласында шайханада Қастамонылық байғұс бір мас күнем, Қастамонуда жер аударылып келген біреу туралы айтып, оны мақтап отырғанын көрдім.
{(Сілтеме): Рас, кейбір әулие кісілердің болашақта тәлабасы болатын адамдар дүнияға келмей тұрып-ақ керамат түрде алдын-ала сезетіні секілді, Рисалей-Нұрдың тәлабаларынан бірнеше кісі алдын ала сезіп, болашақта Саидпен бірге Нұрға қызмет ететінін білген. Солардың бірі осы Назиф.}
Мұқият тыңдап, сұрастырсам, отыз жыл бойы жүрегімнен орын алған бұрынғы танысқаным Саид-ы Күрди екенін біліп таңқалдым. Жүрегімдегі оған деген сүйіспеншілігім күн сайын күшейіп бара жатқан соң не де
болса зиярат етіп, мүбарак қолын алу керек, тіпті шарт деп шештім. Зиярет етіп, қасына барғанымда Бұрынғы Саид қазірде Бәдиүззаман Саид Нұрси және Рисалей-Нұрдың авторы әрі иесі екенін біліп, қатты қуандым. Аса құштарлықпен ықылас танытып, менің жалғыз ұстазым, жетекшім, мүршидім осы Рисалей-Нұр дедім. Мені осынша шексіз сыйлықтармен жарылқаған Хақ тағалаға Құранның әрпі қанша болса сонша шүкір етіп اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى дедім.
Рисалей-Нұрды танымай тұрғанда заттық, дүниялық әрбір шаруамыз бен саудамызды, жеке басқа қатысты немесе жалпы болсын тапқан табысымызды қазіргімен салыстырып қарасам үлкен айырмашылық, берекет байқалады. Үлкен саудагердің немесе дәулетті бай адамның рахатынан, емін-еркіндігінен әлдеқайда көңілді де бақытты, еркін әрі тың, бақытты күй кешіп жатқанымызды және Рисалей-Нұрдың берекеті мен кәраматына дән риза болып, өзіміздің қарыздар екенімізді мойындап әрі растаймыз, әлхамдулиллаһ.
Хазреті Ұстаз өзіндік ыждағатымен Рисалей-Нұр атты тәпсірін айналаға жайып, иман ақиқаттарымен әсіресе ғибадат, намаз жайлы әсерлі әрі қанағаттандыратын іс-әрекеттерімен мен секілді надан, әлжуаз, кемшін, әлсіз жағдайда жүрген талай адамдарды тура жолға салғанына өзім куәмін. Олар, қазірде Құдайға шүкір, намазын тастамай, мешіттен қалмай жүр. Осындай киелі қызметтер оның іс-амалдарынан және Рисалей-Нұрдың таңғажайып кәраматтарынан туындаған әрі туындап жатқанын шын жүректен растаймын.
Қазірде болып жатқан Алман мен Ағылшын соғысының басталған күнінен бастап қазірге шейін, діннен безгендер мен мұнафықтар тыныш отырмай өздері ойлап тапқан, нахақтан нахақ жеке басыма жала жауып, "Назиф, оппозициялық ұстанымда, Ислам бірлігіне шақырады, саяси үгіт-насихат жүргізеді!" дегенді шығарды. Бұған ойшыл ғалымдар да, надан кәпірлер де сеніп, тек бірнеше достарымнан басқасы бүкіл жерлестерімді маған қарсы қойып әрі киелі қызметімнен бас тартқызу үшін малғұн шайтанның айласымен барынша тырысып бақты. Содан мен туралы іс қозғалып, жіті тексеру жүріп, құдды қарсыластарым менен өш алмақ болып сыртымнан жамандап, бүлік шығармақ ойменен өздерінше жала жауып "алманшы" яғни фашист деп қорлаудан тайынбады. Алайда,
мен Құдайға шүкір Рисалей-Нұрмен тәрбиеленіп Иман мен Құран ақиқатын бүкіл әлемге айырбастамайтын, оған әбден көзі жеткен жанмын. Сондықтан Рисалей-Нұрды дүниедегі саяси ағымдарға түгіл бүкіл дүниенің сән-салтанаты, бай-патшалығы берілсе де құрал қылып жеке басқа пайдаланбаймын. Мен, тек ақиқатты, иманды, Құранды, Рисалей-Нұрды білемін, соған қызмет етуге әзірмін. Осылай бірнеше жыл өтсе дағы жақында болған Аллаһтың екі жарылқауын айта кетейін.
Біріншісі; Рисалей-Нұрды жаю қызметіме еш кедергі келтіре алмады, керісінше күтпеген табыстарға жеттік.
Екіншісі; Бізге қашан жойқын шабуыл жасалатын болса ұстазымыздан дереу "Сақ болыңдар!" деген ескерту алатынбыз.
Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың ашық кәраматы мынау: Һижри жыл санақпен 1359 жылдың Рамазан айының он немесе он екінші жұлдызында қайтыс болған (Аллаһ рахымына бөлесін!) Хатиб Мехмет дейтін кісі, Жиырма алтыншы Леманы яғни Ихтиярлар рисалесін жазып жатқанда ауырып жазуға шамасы келмей, لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ деген тәухид кәлимасына келіп тоқтап қалады да үйіне келген досы, қаламы жүйрік Фәйзи Мехмет мырзаға тәмамдауын өтініп дүниядан қош айтысып мәңгі өмірге аттанады. Иншаллаһ әлгі көркем сөз бен яғни кәлимасын айтып өмірден иманмен кеткенін дәлелдеп және Рисалей-Нұр шәкірттеріне сүйінші хабар берген екен. Құранның ишараларынан, жиырма алтыншы аяттың فَفِى الْجَنَّةِ خَالِد۪ينَ сөзінің сыры бойынша "Рисалей-Нұр тәлабалары дүниеден иманмен кетеді!" деген сүйінші хабардың рас екенін көрсеткен осы ашық кәраматтың барша бауырларымызға нәсіп болуын тілеймін. Осылайша Рисалей-Нұрдың ұлықтығын, оның қызметшілерінің сыйға бөленетінін байқауға болады. Егер осы жазбаның реті келсе Құранның ишаралары деген рисалеге сілтеме ретінде ендірілуін өтінемін.
Рисалей-Нұрдың озат шәкірті Ахмет Назиф Челебидің аяттан мағына шығарып жазған ой-пікірі. Мұны бірінші Шұғаның отыз екінші аяты ретінде және жиырма жетінші Мектубтың жазбалары арасына енгізуді жөн көрдік. Ол өзі былай дейді:
Осы аяттарда Рисалей-Нұрды меңзейтін белгі-нышан тіпті ишара бар деуге болады. Иә, осы аят секілді Пайғамбарлық және тура жолға шақыру жайлы баяндайтын аяттардың әрбір ғасырды қамтитыны рас әрі оның әр ғасырда бөленушілері, мағынасын айқындайтын айналары болатыны да рас. Сондай-ақ, аяттардағы пайғамбарымызға (с.а.у) қатысты сипаттар әр ғасырда кездесіп, әрқашан үкімі жүретіні де рас. Олай болса аталған сипаттармен рәмізді мағына бойынша Рисалей-Нұр тәрізді әлгі міндетті атқарған тәпсірлер, ірі тұлғалар мұндай аяттың аясына кіруі Құранның ғажап мұғжизасына жарасар қасиет, тіпті солай болуы керек, шарт деуге болар. Әрі Рисалей-Нұр мына сұмдық ғасырда ерекше түрде аяттың ишара қылған қызметті атқарып жатыр, ол ауқымы кең мағынасының бір бұрышында орын
алғаны да рас. Олай болса әлбетте, көптеген белгі-нышандарға байланысты былай деуге әбден болады: осы аяттың өзінде бірінші Шұғадағы отыз бір аят секілді Рисалей-Нұрды ишари мағынамен меңзеп тұр. Былайша:
сөйлемі ишари мағынасымен былай дейді: "Уа, иман иелері мен Құран түскен халайық! Сендерді мың үш жүз жетпіске дейін шабуылдап, күн көрсетпей келген қою қараңғы зұлымдықтан Құраннан шыққан нұрлармен құтқарып, имани жарыққа жетелейтін болатын және атауында Нұр, мағынасында рахымшылық болған, сондай-ақ, Аллаһтың Нұр, Рахим есімдеріне бөленген Құранның сәулесі болмақ". Аят осы нұр-сәулені әрі осы заманымызды меңзеп отыр. Сәйкес мағыналарынан басқа бір нышан-белгісі мынау: اِلَى النُّورِ وَكَانَ بِالْمُؤْمِن۪ينَ رَح۪يمًا сөзінің джифри саны - шәдде мен тәнуин саналады - 947 болып Рисалет-үн Нұр немесе Рисалет-и Нұр есімінің санына яғни 947-ге дәлме-дәл тәвафук етіп тұр.
اِنَّٓا اَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا сөйлемі - шәдделер саналмайды және соңындағы тәнуин уақыф боп табылады, әлиф саналады - джифри саны 1323 жылын меңзейді. Сол кезеңде халифат орталығында сұмдық төңкерістер белең бере бастаған кезінде үмітсіздікке түскен мүмин-мұсылмандарға сүйінші хабар беріп дін Исламның ақиқат екенін, оның зор қуатты екенін көрсететін сондай-ақ, пайғамбарлықтан мирас алған ақиқи бір шәһидті яғни растаушы куәгерді меңзейді.
сөйлемі
{(Сілтеме): وَدَاعِيًا اِلَى اللّٰهِ сөзі, Рисалей-Нұрдың ақиқи есімі болған Бәдиүззаман сөзінің санына дәл келуі және мағына жағымен де сәйкес болғаны секілді, тек وَدَاعِيًا сөзі де Рисалей-Нұрдың тілмәші Саид есіміне үш әріппен біріге қалуы және үш әріп парық болуымен қатар тәуафук етеді яғни сәйкес келеді. Өйткені тәнуин, әлиф және уау әріптерінің қосындысы 75 болады. س әріпінен (3) парқы бар.
Рисалей-Нұр тәлабаларынан
Кіші Абдурахман Тахсин}
- тәнуиндер уақыф болмағандақтан есепке кіреді - джифри саны 1256-ны көрсету
арқылы бұл ғасырда, осы заманғы Исламның тоқырауы үшін жүз жыл бұрын жасалған келісім шарт, қастандықтарын меңзеп
وَدَاعِيًا اِلَى اللّٰهِ сөзі 191 санына тең келіп Рисалей-Нұрдың ақиқи атауына, яғни Бәдиүззаманның джифри саны 191-ге дәлме-дәл сәйкес келіп мынаны білдіреді: Рисалей-Нұр сол бір қараңғылық тұмшалаған кезеңде دَاع۪ئِ اِلَى اللّٰهِ болып табылады.
{(Сілтеме): بِاِذْنِه۪ وَ سِرَاجًا مُن۪يرًا мың үш жүз отыз болып Рисалей-Нұрдың фатихасы Ишарат-үл Иғжаз тәпсірінің жарыққа шыққан кезеңіне дәлме-дәл келуі және بِاِذْنِه۪ сөзіндегі мәлфуз ى саналар болса мың үш жүз қырық болып Рисалей-Нұрдың жарыққа шығуына сәйкес келуі және бірінші тәнуин уақыф болмағандықтан "нүн" саналар болса мың үш жүз сексен болып Рисалей-Нұрдың сол заманда иншаллаһ, жер шарын жарыққа бөлейтін нұрлы шам-шырақ қызметін атқаратынына Құрани рәміз болып табылады.
Рисалей-Нұр шәкірттерінен
Тахсин}
және тек سِرَاجًا مُن۪يرًا сөзі болса дәлме-дәл Рисалей-Нұрдың бір атауы "Сираджин-Нұр" сөзіне үндестік жағымен де мағына жағымен де және джифри тұрғыдан тәвафук етіп қатыстылығы байқалады.
مُن۪يرًا сөзіндегі (мим және иә) әріптері النُّورِ сөзіндегі шәдделі (нунға) тең келеді.
Ия, хазіреті Али (р.һ) өзінің ғайби кәраматында Рисалей-Нұрға "Сираджун-Нұр" деген айдар тағуы осы аяттың осы сөзінен қуат алған болуы мүмкін, оған шәк жоқ.
сөйлемі, шәдде саналар болса джифри саны 1359 жылын көрсетіп осы ғасырдың дәл осы жылын меңзеп Аллаһтың мүмін-мұсылмандарға үлкен сыйы бар деп рәмізді түрде хабар береді. Біз де ойланып қарасақ, бұл заманда ең үлкен сый иманын сақтап қалу. Қарап отырсаң, иманды бұлтартпас дәлелдермен қуаттап, сақтап қалатын Рисалей-Нұр. Демек ол бұл заманда فَضْلًا كَب۪يرًا деуге әбден лайық. Бұл ишараны қуаттар болсақ: сөйлеміндегі فَضْلًا сөзі 960 болып Рисалет-үн Нұрдың бұл
атауы изафәден таусифқа ауысып, яғни сілтемеден сипаттауға көшіп (Рисалет-үн Нұрия) болып саны болған 962-ге керемет екі парықпен тәуафук қылуда. Сөйтіп, рәмізбен әрі сілтеме жасап көрсетіп тұр.
Иләһий! Уа, Раббым! Сен Рисалей-Нұрды және Рисалей-Нұрдың авторы Ұстазымыз Саид Нұрсиды және Рисалей-Нұр тәлаба мен шәкірттерін, сондай-ақ қатысы бар жандарды өз қамқорлығыңа алып, сақтай гөр! Әмин. Оларға Құран мен Иман қызметінде сәттілік, табандылық, мәңгі достық бере гөр! Осы киелі қызметтерін табысты да жемісті қылып өзің жарылқа! Әмин. Қасиетті Құранның терең сырына, мағрифәтуллаһ, мухабетуллаһ, Пайғамбарға деген махаббат сырына және حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ сырына бөле! Аллаһтың ризашылығына. Оның жамалын көру нығметіне бөлеп жарылқай гөр! О, бүкіл әлемдердің Раббысы!
Ғазиз және аса қымбатты, мейірімді де жанкешті Ұлық Ұстаз!
Іші тола қазына, асыл тас гауһарлардан да қымбат, мына фәни дүния көзімен көріп, миымен өлшеу мүмкін емес, аса құнды хатыңызды берекелі рамазан айының жиырма үшінші жұлдызы ақшам, ифтардан, яғни ауызашардан он минут бұрын поштадан алдым. Аллаһ Тағала қабыл етсін, екі ифтар бірге нәсіп болды.
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى Мұның алдыңғы жазған ұзақ хатымның бос, мағынасыз әрі сіздің уақытыңызды алғаныма сондай-ақ, өзімнің әрі мүбарак Зәкәрия бауырымыздың құнсыз, арзан сыйлықтарын сізге беремін деп рұқсатсыз алып орынсыз батырлық көрсеткеніме және оны ғазиз Ұстазым қабылдамай, ашуланатын болды, бізге де ұрысатын шығар деп қорқып, ақыры не болар екен деп күтіп жүргенімде пошташы екі хат әкелді. Ауызашар уақыты болатын. Аяқта тұрып конвертті ашқанымда сөзбен жеткізу мүмкін емес шырын әрі тартымды жазуыңыз бейне бір "Қорықпа!" дегендей көзіме ыстық көрінді. Қуанғаннан оқи алмадым. Дереу үйге қарай жүгіріп, ауыз ашып отырып оқыдым.
Сүйікті де мейірімді ұстазым! Хазреті Мұхиддин-і Арабидың сүйінші хабары есіме түсті. Сіздің маған көрсеткен әкедей қамқорлық әлгі ұлы тұлғаның хабар берген әкелік мейірімділікке ұқсас, тіпті солай екеніне көзім жетті, иландым. Қадир-і Мұтлақ, сіз ұстазымыздан мәңгі бақи разы болсын және бізді де қызметіңізде, Құран қызметінде табандылық, тұрақтылық танытуды бұйырсын. Әрі Ұстазымыздың аса қымбат әрі киелі ишара-белгілеріне және баға жетпес дұғаларына бөленуді нәсіп қылсын. Әмин бихурмәт-ил сәйід-іл мүрсәлин.
Қамқоршы ұстазым! Құран қызметінде және Рисалей-Нұрдың жайылуында зәрредей еңбегіміз сіздің назарыңызға ілігіп, жағымды әсер етіп жатса мына әлсіз, бейшара, пақыр қызметшіңіз, күшсіз, түсінігі аз, санасы толық емес, мәселелерді қамти алмайтын тәлабаңыз қаншалықты қуанып, көңілі асып-тасарын білсеңіз ғой. Оны жеткізе алар емеспін. Сіздің мағынауи әрі қымбат назарыңызға іліккеніме Құдайға шексіз шүкір. Біз секілді күнәһарлар отыз жыл қасірет шегіп он жылдық мінәжат-дұғаларымызға жауап ретінде Ұстазды нәсіп еткен және құлдарының қырсыққанына қарамай не сұраса молынан беретін, бәрін білетін, еститін және бүкіл әлемді құдрет қолында ұстап тұрған, әрнәрсенің иесі, қожайыны, басқарушы Жәнаб-ы Хақ, Фәийаз-ы Мұтлақ Аллаһқа, қанша мақтау, шүкір етсем аз.
Қадірменді Ұстазым! Сіз дұға етіңіз, түкке тұрмайтын- қызметімізді, мына үш күндік фәни дүниеде жасаған титтей мадақ-мақтауымызды, шүкірімізді Аллаһ Тағала- Тәқаббал Аллаһ - қабыл
етсін. Мектубат кітабының екінші Мектубындағы ақиқатты ескере отырып, өмірлік қағидаңызды бұзбауға қанша тырыссам дағы тылсым күш мәжбүрлегендей яғни сый-кәдені ақысын бермей алмау керек деген әдетіңізге қарсы әрекет еттім, оның парқындамын. Ниетім таза, адалдығыма, сізге деген шынайы ықыласыма титтейде шәк жоқ. Қандай да бір риядан пәк, ешбір материялдық пайда көздемей, Құдай үшін, Құран мен Рисалей-Нұрға қызмет мақсатында жасалғанына сенімдімін. Сіз, біз секілді әлсіз, күнәһар, қырсық пенделердің тура жолға түсіп, тәубеге келуіне себеп болып, сондай-ақ, адасқандар мен бидғатшыларды хақ жолына шақыруға міндетті, имани ақиқаттарға қызметшісіз. Сізді бізге және елімізге Аллаһтың аманаты ретінде сыйлаған деп білеміз. Қадірлі қонағымыз, қалайша біз сияқты күнәһарларға рухани көмекке келіп, Раббымызды таныстыруға, жөнделіп, түзелуімізге күндіз-түні еңбек етіп жатқанда, біз осы ғазиз қонағымызға заттық тұрғыдан көмектесуге қуана-қуана, ықыласпен, тек Құдай үшін жүгіруге міндетті екенімізді білеміз. Әрі ол туралы Қасиетті Құран және Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: تَعَاوَنُوا яғни: "Кәріп-мұқтаждарға жәрдем етіңдер!"
Ғафу етіңіз, қадірлі де сүйікті Ұстазым! Сый-кәде қабылдамайтыныңызды білемін. Бірақ, бауырларымның өтініш бойынша зекет, садақа секілді жәрдем ұсынуға дайын екенімізді жазуға мәжбүр болдым. Әрі заттық шығын, пәтер ақысы, отын, көмір секілді зәру қажетті заттарға жұмсалар деген ниетпен жазып отырмын. Негізінде, достарыма әрдайым ескертіп, айтатыным; ұстаздың өмірлік қағидасын ешқашан бұзбай, әрқашан сақтауымыз керек. Арамызға ешқандай да заттық пайда араласпауы тиіс. Өйткені дінді дүнияға құрал ретінде пайдаланып, заттық пайда мен күн көрістің көзі қылуға әсте болмайды. Тіпті Рисалей-Нұрды жаюға келгенде ұстазға ұқсап ешкімге міндетсінбей қызмет етуге тырысамын.
Қадірменді де қамқоршы ұстазым! Қызметшіңіз, ұстазымыздың атына емес, қымбатты да кәріп бір қонағымыз атына Құдай үшін, заттай жәрдем еткіміз келеді. Әрі сізге мағынауи зиян келмеуі үшін құдреті шексіз, ұлық Аллаһқа жалынып, жалбарына отырып өз дәргәһында қабыл етсін деп дұға етеміз.
Аса қадірлі ұстазым! Мейрам күндері сізді зиярат етіп, жағдайын біліп кетейік деген достармен бірге, барлығымыз келе жатқан қасиетті Рамазан айыңызды, Қадір түнін, және айтыңызды Рисалет-үн Нұрдың барлық тәлабалары мен шәкірттері атынан және Құранның қымбатты қызметшісі ретіндегі сіз, Ұстазымызды құттықтаймыз. Аллаһ Тағаладан бұдан да көп бауырлармен бірге әу баста сіз ұстазбен бірге әлі талай Рамазандарды өткізуді тілеп, өтіне сұраймыз. Мүбарак екі қолыңыздан сүйіп мақбұл дұғаларыңызды, тәрбиелік насихаттарыңызды күтеміз, қымбатты ұстаз!
(Рисалей-Нұр шәкірттерінен Хилми, Шайханашы Әмин және Тахсиндердің пікірі. Жиырма жетінші Мектубтың жазбаларына енуге лайық пікірі)
Соңғы кездері тыңшылар Рисалелерге жіті қарап, аңдуды күшейткендіктен инаеттің де химаеті, яғни жәрдемнің де қамқорлығы күшейіп жарылқауды көбейтті. Біршама кішкене үлгі-мысалдарын айтар болсақ:
Рисалей-Нұр шәкірттеріне арнап Аллаһтың сыйы ретінде тұрмыс жағынан азғана бірақ таңғажайып, тамаша өзара сәйкес оқиғалар болуда, бұл әрине Рисалей-Нұр қызметінің кәраматы екеніне шәк жоқ. Рас, Рисалей-Нұрдың толып жатқан кәраматтарының бұлағы тәвафук яғни сәйкестік осы оқиғаларда ұқсас түрде алты мәрте қайталануы, өзара сәйкес болуы кездейсоқтық дегенді түбірімен жойып жоқ қылады. Біз солай деп шештік. Былайша:
Ұстазымызға бірнеше күннен бері бармағандықтан Әмин бауырым екеуміз Ұстазды зиярат қылайық дедік. Екінді намазын бірге оқыған соң бізге "Сендер ас жеп кетіңдер, несібелерің бүгін осы жерде" деді. Қайта-қайта: "Егер жемесеңдер маған тоғыз түрлі зиян келеді! Өйткені Аллаһ тағала қанша жесеңдер соншасын жібереді!" - деді. Жемесек ренжімеуін қанша өтінсек те: "Ризық-несібелеріңді жеп кетіңдер, ол маған келеді!" деп бұйырған соң, көңілін қалдырмайық деп дастарханға қойған сары май мен асқабақтан жасалған тәттіні нанмен қосып жей бастадық. Ғажап, біз дастарханнан тұрмай жатып күтпеген жерден, бір адам келді. Қолында дәл біз жеген мөлшерде нан, жаңғақтай сары май және екінші қолында дәл бізге ұсынған мөлшерде асқабақ тәттісі. Біз, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес осы оқиғаға аң-таң болып Рисалей-Нұр шәкірттерінің ризық-несібесінде Раббани берекет бар екеніне көзіміз әбден жетті. Ұстаз былай деді: "Ихсан яғни жарылқау он есе болып келеді. Ал икрам болса яғни сый-сыяпат дәлме-дәл, өлшеммен болады. Демек бұл несібеге қатты ұқсайды. Несібе өлшеніп келеді".
Сосын дәл сол күні ақшам, садақа жағы да өзін көрсетті. Біздің көргеніміз; нан он есе, сары май ол да он есе, асқабақ тәттісі болса ұстаз көп ұнатпайтындықтан орнына тұздалған баклажан он есе
болып таңғажайып түрде Рисалей-Нұрдың екінші Шұғасын бір апта талқылағанның ақысы ретінде тарту етілді, мұны көзімізбен көрдік. Сөйтіп асқабақ тәттісінің дәмі және сары май болса ұннан жасалған халуаға айналды өзі тұздалған қалпында қалды. Рисалей-Нұр шәкірттері жақсы қызмет еткенде дереу сый-ақы алатыны секілді, кімде-кім қызметке зиян келтірсе опық жейтіні - Спарта қаласында болғанындай - осы аймақта да жиі кездеседі. Мұндай көп оқиғалардың тек бес-алтауын баяндамақпыз.
Біріншісі: Бірде, мен, яғни Тахсин жақында ашылған дүкеннің жұмыстарымен жүгіріп жүріп маған тапсырылған Нұр қызметін жалқаулық қылып орындамадым. Дәл сол уақытта май шапалақ жедім. Қалай десеңіз, дүкенде отыр едім біреу келіп аманат ретінде жүз лираны айырбастап әкелуімді өтінді. Оған Құдай үшін көмектесейін деп ақша айырбастау пунктіне бардым. Ақшаны санап жатқанда арасынан жасанды ақша табылып, мені тексеріп, тергеуге алып кетті әрі үйімізді де тінтіп, тексеруге кірісті. Мені сотқа берді. Әйтеуір ақталып шықтым. Мұны май шапалақ деп түсініп Рисалей-Нұрдың кәраматы деп шештік. Құдайға шүкір шығынымыз болмады.
Екіншісі: Ұстазымызға және Рисалей-Нұрға төрт-бес жыл кейде қызмет еткен және рисалелерді оқыттырған, шынайы жақтап, қоштап жүрген бір кісі, бір күні қолында дінге қатысты мақала жарияланған газеті бар жетіп келді. Ол, Рисалей-Нұрдың ұстанымына мүлдем қайшы ағымдағыларға жақтасқандай жағдайда еді. Ұстаз мазасыздана бастады. Бір-екі күннен кейін сұмдық шапалақ жеді, дегенмен майдай яғни тәрбиелік мәні бар опық жеді. Дәрігерлер егер хирургиялық жәрдем жасалмаса өліп кетуі әбден мүмкін екенін айтқан. Амал жоқ, операция жасатуға тура келді. Әйтеуір Аллаһтың мейірімі түсіп тез сауығып кетті.
Үшіншісі: Бір мемлекеттік қызметкер Рисалей-Нұрды ықыласпен оқитын. Ұстазбен жүздесіп, дәріс алуға барынша тырысатын. Бір әскери қызметкер оны үркітсе керек жүздесуді, рисале оқуды тастап басқа қалаға кетіп бара жатқанда себепсіз аяғы сынып, бір ай бойы қиналды. Тағы да мейірімге бөленсе керек қазір қайтадан рисалелерді ықыласпен оқып жүр.
Төртіншісі: Танымал бір кісі, Рисалей-Нұрды жоғары бағалап, қызыға оқып әрі көшіріп жазатұғын. Кенет күдік пайда болып
адалдығына шәк келді. Аяусыз шапалақ жеді, яғни сазайын тартты. Қатты жақсы көретін жұбайы қайтыс болып, екі баласы басқа жаққа көшіп кетті. Жағдайы тым аянышты.
Бесіншісі: Төрт жыл бойы Ұстаздың базар істерін, яғни сауда қызметін атқарып келген кісі, бірде ойламаған жерден адалдығын тастап, ол істі атқармай қойды. Дереу аяусыз шапалақ жеді. Бір жыл болды әлі сол күйі.
Алтыншысы: Бір молдамен қатысты оқиға, бірақ ренжитін шығар деп әзірге жазбадық. Өзі де қазір көрінбейді.
Осы сынды оқиғалар көп-ақ. Бұлар Рисалей-Нұр қызметінде жіберген ағаттыққа байланысты болған шапалақ екеніне еш күмәніміз жоқ.
Әрі Рисалей-Нұрдың жеңіл түрде жайылуының бір кәраматын айтар болсақ, ол осы хатты жазып жатқанда және тамақ үстінде болды. Оны көзімізбен көрдік. Былай:
Маңызды жеті-сегіз Рисале мен Құранның ишаралары жазылған Шұғаны маңызды хатпен бірге бір дорбаға салып, басқа қалада тұратын қымбатты бір бауырымызға жіберген едік. Шопыр әлгі дорбаны түсіріп алыпты. Мына заманда ондай кітаптар мүнапықтар мен тыңшылардың қолына түссе қиын болары анық. Дегенмен олардың еш хабары жоқ, сенімді біреу арқылы бес күннен кейін бізге қайтып келді. Бұл оқиға бізді жарылқап, сақтап отырған керемет қамқорлық бар екенін дәлелдеп, көзіміз әбден жетті. Әрі, Рисалей-Нұрға Раббани қамқорлық жасалып тұратынына тағы бір керемет оқиға: Қараңғылақ тұмшалаған, әркімнің зәресін алып шошытып тастаған кез. Тыңшылар мен аңдушылар үрейленіп, әр жерді тінтіп жүріп Ұстаздың бөлмесін жан-жағынан қоршап тексерер кезде бір тышқан Ұстаздың шұлығын алып кетеді. Біз бәрін ақтарып қанша іздесек те таба алмадық. Әлгі тышқанның ұясын да көрдік. Бірақ ол жерге шұлықтың кіруі мүмкін емес. Екі күннен кейін әлгі тышқанның
шұлықты қайда жасырғаны белгілі болды. Біздің ықтияттап, сақтап жүрген және әртүрлі тақырыпта бірақ ұмытып кеткен, әркімге көрсетуге болмайтын хаттар мен қағаздар тұрған жерге апарып тастапты. Алайда ол жерді екі мәрте қарап, көре алмаған болатынбыз. Шұлықты дәл ол жерге апару үшін пештің мұржасына шығып, үстінен тастамаса мүмкін емес. Өте қу, әккі әрі тым зерек адамның ғана қолынан келер іс.
Мұның кездейсоқ еместігіне көзіміз жеткен соң, Ұстазымыз былай деді: "Ол хаттарды алып басқа жерге қойыңдар!". Біз хаттарды ақтарып көрдік, негізінде саясатпен еш қатысы жоқ, дегенмен түймедейді түйедей қылатын күдікшіл тыңшыларға күшті сылтау болар еді. Біз ол хаттарды және басқа да сылтау болар нәрселерді ол жерден алып, басқа жерге жасырдық. Сөйтіп абыр-сабыр болып жатқанда тыңшылар хабар алып бізді дайындалып жатыр деп ойлапты. Олар тінтуге келмей тұрып келесі күні Әмин қолында дорба, бөлмеге кіріп келе жатыр еді, қарасақ дәл артынан полиция бөлім бастығы, жасырын түрде кіріп келе жатыр. Әминнің қолында кітап емес қатық құйылған ыдыс екенін көріп, басқа шаруамен жүргендей өзгеріп қоя берді. Қойшы әйтеуір... Сонымен Рисалей-Нұрдың жайылуына кедергі болғысы келген бүкіл дұшпан, тыңшыларға қарсы бір түйір тышқан қарсы шығып, олардың жоспарын астан-кестең қылды.
(Мехмет Фәйзи ол кезде әскери борышын өтіп жатқан-ды. Әйтпесе ең бірінші соның аты жазылар еді)
(Ахмет Назифтың хатынан үзінді)
Рухани әрі заттық борышымыз болып табылатын қызметтен қашу тоңмойындық, немқұрайлық жаратылысымызда жоқ. Халиқ-ы Рахим, бізді адам қылып жаратқан соң адамгершіліктің талабының мыңнан бірін орындай алмай жүргенде мүлдем бәрін қалай тәрк етпекпіз. Кешірім өтінемін, қайсар, табанды да жанкешті, біз үшін жапа шегіп жүрген, өте сабырлы, кәріп, аса қадірлі, абыройлы ұстазымыздың біз секілді күнәһар пенделердің жүректерін нұрландырып жатқанда оған алғыс ретінде рухани тұрғыдан қайырымдылық жасай
алмағандықтан түкке тұрғысыз, заттық тұрғыдан қайырымдылық жасай алармыз деп өзімізді сәл де болса жұбатқан боламыз. Ғафу етіңіз Ұстазым! Құранның үндеуін естіп, бейжай жүре беретін мұсылман жоқ деп ойлаймын. Беті аулақ. Нұрларыңыздың шуағы көздің жауын алады. Жүрегімізді тап-таза түрде Аллаһқа, Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у) және оның ғазиз ізбасарларына баурап жатыр, баурап та алды. Бұл байланысты ешқандай бір материалист, діннен безген кәпір, адасқан үзе алмас. Тіпті дүние жүзіндегі барлық кәпірлер жиналса жүректегі осы киелі байланысты бұза алмас!
Ардақты Ұстаз, өзіңіз қажетті деп ұйғарсаңыз ғана, әйтпесе ешқандай да өзіңізді қинап хатыма жауап жазуыңызға разы емеспін. Оған әсте ренжімеймін. Қадірменді Ұстазды киелі қызметіне кедергі болар қандай да бір іспен шұғылдандыру үлкен қате әрі құрметсіздік деп білемін.
Ғазиз, адал бауырларым!
Он тоғызыншы Сөздің соңында баяндалған Құрандағы кейбір аяттардың қайталануының көптеген хикметтері Рисалей-Нұрда да кездеседі. Әсіресе екінші хикметі толығымен бар. Ол не хикмет десеңдер:
Әркім қашанда Құранға мұқтаж. Бірақ әркімнің Құранды әрқашан толық оқу қолынан келмейді. Дегенмен бір сүрені оқи алады. Сол үшін аса маңызды Құрани мақсаттар көптеген ұзақ сүрелерге енгізіліп, осылайша әрбір сүре шағын Құран боп табылады. Демек, ешкімді мақұрым қалдырмау үшін хашр, яғни өлген соң қайта тірілу, тәухид, яғни Аллаһтың бір екендігі, Мұса пайғамбардың (а.с.) қиссасы секілді кейбір мәселе-мақсаттар қайталанып отырады. Дәл осы маңызды хикметке ұқсас кейде байқамай, еріксіз әрі риза болмасам да кейбір күрделі имани ақиқаттар, қуатты айғақтар рисалелерде бірнеше рет қайталанып, бірнеше мәрте жазылып кетіпті. Бұған өзім аң-таң болып: "қалай мұны байқамай қалғанмын, неге ұмытқызылды екен, қайта-қайта жаза беріппін" деуші едім. Кейін білдім. Бұл заманда әркім Рисалей-Нұрға мұқтаж. Бірақ барлық кітабын толық қолға түсіре алмайды. Түсірсе де толық оқи алмайды. Бірақ шағын Рисалей-Нұр боп саналатын мазмұнды бір рисаленің біреуін қолға түсіруіне болады, сөйтіп өзіне қажетті мәселені тауып әрдайым оқи алады. Әрқашан тамаққа мұқтаждық сезілетіні секілді ол да қайта-қайта талқылап рухани азығын алады.
Екіншіден: Аят-үл Күбрадан шыққан "Уирд-үл Әкбәр" деп аталатын арапша шағын рисаленің соңына: "Бұл мінәжат рисалесінің басындағы аяттың тәпсірі" деген арапша мәтіндер жазылып бірге оқылса жақсы болады. Біз де өз нұсқамызға солай жаздық.
Үшіншіден: Ғазиз бауырларым! Мына ой маған қайта-қайта келе беретін: "Неліктен Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұрға, әсіресе Аят-үл Күбра рисалесіне көп мән берген?". Оның хикмет-сырын білсем деп
жүретінмін. Құдайға сансыз мәрте шүкір, жақында сыры ашылды. Оны толық болмаса да қысқа-нұсқа баяндап берейін. Былайша: Рисалей-Нұрдың ерекше бір қасиеті, иманның ең соңғы және өте күлли яғни жан-жақты сүйеніш тіректерін нақты әрі қуатты түрде баяндайды. Мұны Аят-үл Күбра рисалесінде анық байқауға болады. Мына сұмдық ғасырда күпірлік пен имандылық қақтығысып, қырғын шайқас ең соңғы шегіне жетіп, екі жақ бар мүмкіндіктерін пайдалануда.
Мәселен, қырғын соғыс майданында екі әскер барлық күш-қуатын жұмсап шайқас әбден қызған кез. Дұшпан әскері өздерінің орасан зор қару-жарақтарын, ең соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарын пайдаланып, рухани күш-қуатын қайрап, қуаттау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып мүміндердің әскерінің рухани күш-қуатын сарқып, үмітін үзуге, жауынгерлердің ынтымақ-күшін бұзуға тырысуда. Маңызы зор сүйеніш болар нәрселерді өздеріне қаратып, күш-қуаттарынан айыруда. Олар мұсылман әскерінің әрқайсысына бір топ боп ұйымдасқан түрде бір комитет құрып әскер жіберуде. Сөйтіп, рухани күш-қуатынан айырып, көздерін жоймақ болған сәтте Қызырға ұқсаған біреу келіп, мұсылман әскеріне былай дейді:
"Үмітіңді үзбе! Сенің, бүкіл дүния бірігіп қарсы шықса тойтара алмайтын орасан зор демеушің, шықты сүйенішің, еш жеңілмейтін айбынды әскерің, сарқылмас қуат көздерің бар. Сенің қазірде жеңіліп қалуыңның бір себебі, бір топ жауға, яғни шахс-ы мағынауиге, рухани тұлғаға қарсы бір жауынгерді жалғыз өзін жібересің. Сен былай істе! Әрбір жауынгерің өзіне сүйеу болар жерлерден рухани түрде пайдаланып, сол алған орасан зор рухани күш-қуаттың арқасында әрбір жауынгер мағынауи тұлға ретінде әрқайсысы үлкен жамағат, жойқын ұйым болып алып күш-қуатқа ие болсын" деді әрі толық қанағаттанарлық пікір берді.
Дәл сол сияқты, иманды мұсылман қауымына шабуылды үдетіп жатқан адасқан топ, кәпірлер, заман жамағат заманы болғандықтан ұйымдасқан түрде немесе комитет болудың саясында шахс-ы мағынауи құраған яғни рухани тұлға ретінде біріккен. Олар жаман бір рух тәрізді. Сөйтіп, олар мұсылмандардың ар-ожданын, қалб дейтін ұлы сезімдерін, жалпы бұқара халықтың шет-пейілін бұзып, мұсылманның әке-шешесінен көрме, ерме діни нанымын сақтап
тұрған Ислами әдет-ғұрыптарды және киелі ереже-ұстанымдарды тас-талқан етіп бұзуда. Сондай-ақ, Имани тұрмыс-тіршілікті жалғастыратын ата-баба дәстүрінен мирас қалған пәк сезімдерді бұзып, талқандауда. Мұндай сұмдық бәлеге қарсы әрбір мұсылман жеке басымен жалғыз өзі қарсы тұра алмай үмітсіз түрде құтылуға тырысып жатқанда Рисалей-Нұр, Қыдыр тәрізді көңілге медет беріп, қол ұшын созады. Ол, мұсылмандарға әлемді қамтып жатқан соңғы орасан зор күш-қуат жойқын армияның қайда екенін көрсетеді. {(Сілтеме): Бүкіл әлемді қозғай алмайтын күш оны әсте тоқтата алмас.} Одан тегеурінді демеу, заттық-рухани күш, зор медет алу қызметін атқарады. Міне әмірді бұлжытпай орындайтын айбынды әскер Аят-үл Күбра рисалесі екенін Хазреті Али (р.һ) ғайып пердесін ашып көре білген және кейінгі ұрпаққа мән беріп көрсеткен.
Тәмсілде баяндалған кейбір жақтарын өздерің топшылап алсаңдар әлгі сыр ашылып тұжырымын түсінерсіңдер.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің Оныншы Шуақ деп жазған мазмұнның екінші бөлімі маған қатты ұнады әрі мұндай күшті үміт сыйлады: Рисалей-Нұр сендердің араларыңнан мен секілді әлжуаз, қарт әрі қуатсыз бейшара емес, оның орнына жас, қуатты көптеген Саидтар тапқанға ұқсайды, табады әлі. Сондықтан бұдан кейін Рисалей-Нұрды толықтыру, түсіндіру, егжей-тегжейлі баяндау сендерге қалған секілді. Оны қайдан білдіңіз десеңдер, биыл бірнеше мәрте көңілге қонған ақиқаттарды қағазға түсіруге қанша тырыссам дағы түк өнбеді. Иә, Рисалей-Нұр сендерге керемет қайнар көз, ілім бұлағы бола алады. Одан иман шарттарының қайсысы болсын, мысалы Құран Аллаһтың кәламы екені жайлы, оның мұғжизалық жақтары туралы рисалелерден жинақталса немесе Хашр, яғни өлген соң қайта тірілу хақында небір айғақ, дәлелдерге топтама жасалса, т.с.с. керемет түсіндірме, толыққанды дәріс болады. Менің ойымша иманның терең ақиқаттарын Рисалей-Нұр толық қамтып, жан-жақты баяндаған, басқа кітаптан іздеудің қажеті жоқ. Тек, кейде түсініктеме, ашықтауға тура келетін жерлері бар. Сондықтан менің міндетім аяқталғанға ұқсайды. Ал, сендердің қызметтерің жалғаса бермек. Құдай қаласа, сендер түсініктеме жасап, мағыналарын ашып, толықтырып, шартарапқа жайып, үйретерсіңдер. Мүмкін, Жиырма бесінші және Отыз екінші Мектубтарды жазып және Тоғызыншы Шуақтың тоғыз мәртебесін толықтырып, сондай-ақ, Рисалей-Нұрды реттеп, бір жүйеге келтіріп, тәпсірлеп, бекіту, осылайша қызметті жалғастыра беру керек болар. Рисалей-Нұрдың адал да ықыласты шәкірттерінің ұйымдасуынан олардың ықылас қуатынан пайда болған, ауызбіршілігінен сүзіліп шыққан шахс-ы мағынауи, яғни рухани келбет сендерге мәңгі жасайтын, арқа сүйер күшті демеуші, жол көрсетер жетекші боп табылады. Сендердің хаттарыңда бұл жақтан, барған хаттарды
мүбарактар тобы барлығын түптеп, бір рисале жасағаны жайлы және Хүсрев бауырымыз да шағын әрі жеке басқа қатысты кейбір сөйлемдерді, пайдасы жоқ кейбір жазбаларды алып тастауды хафыз Али мен Сабриға тапсырғаны туралы жазыпсыңдар. Иә, Рисалей-Нұр тұрғысынан кәрамат иесі, өте мұқият, әрі жөнін білетін, көзі қарақты Хүсревтің ойы дұрыс. Мәңгі жасайтын тәпсірдің ішінен уақытша әрі мағынасы шағын, жеке адамға қатысты сөздер алынып тасталғаны дұрыс. Осы соңғы жазған хаттарыңда кәраматке ұқсайтын үш тұжырым кездестірдік.
Біріншісі: Осы аймақтың Хүсреві деуге болатын, ықыласы зор, Нұрға байланысы тығыз, күш-жігері мол Кіші Хусрев, яғни Мехмет Фәйзи дейтін Рисалет-үн Нұрдың еңбеккеш тәлабасы әскери борышын өтеп келіп, енді ғана яғни екінші рет қана көрісіп жатқанда, сендердің хаттарыңда Фәйзи дейтін есімді көрдік. Өзара былай дедік: Осы Рисалей-Нұр шәкірттері бір-бірінен қанша алыс болса да өзара жақын-ау, бірін-бір сезгендей хатқа жазып қойыпты.
Екіншісі: Осы Кіші Хүсрев Фәйзи, соңғы сапары Ыстамбулда жүргенде Рисалей-Нұр тұрғысынан ойымнан шықпай қойды. Уайымдай бастадым. "Апырмай ауырып қалған жоқ па екен!" деп. Кенет ойым оны тастап Хафыз Алиға ауысты. Енді оны ойлап мазам кетті. Уайымдайтындай бір мәселе бар екенін түсіндім. Сөйтіп, Рисалей-Нұрдың озат шәкірті Хафыз Алиға назарым ауып оған шипа дұғасын оқып жүрдім. Бір күні әлі хат келмей тұрып Фәйзиден: "Сен науқастанып қалған жоқсың ба?" дедім. Ол: "Жоқ!" деді. "Олай болса Спартада Рисалей-Нұрдың маңызды да қайратты, ірі басты шәкірті ауырып қалған болса керек" дедім. Бірақ ойым ақиқаттың суретін таба алмағанын сендерден хат келгенде бірақ түсіндім. Жағдай белгілі болды.
Үшіншісі: Осыдан жиырма күн бұрын, қасиетті күндер өтіп кеткен соң мынадай бір ой келді: белгілі бір міндеті бар қалам иелері күнде қаламын пайдаланбаса Рисалей-Нұр тәлабалары деген жалпы атпен күнделікті жиырма төрт сағатта жүз мәрте үлесін алып отырса жетер деп, арнайы есімімен аталатын хас шәкірттер арасынан кейбір кісілердің аттары уақытша алынып тасталған болатын. Бауырым Хаққы Әфенді солардың арасында болатын. Бірнеше күн осылай жалғаса берді. Кенет, еш себепсіз тағы да Хаққы бауырымыз Хулуси
шәкіртіме жолдас болды. Атымен, түр-сипатымен хас шәкірттер арасына енді. Хаққы бауырымыздың: "Мені дұғаға қосыңдар, ұмытып кетпеңдер!" деген сендер жазған хаттағы жазбаның дәл сол мезетте, сол дұғаға лайық болғанын көрсетті деп түйдік. Тіпті соңғы күндері осы тектес инает-жәрдемнің көп түрлері, ұшқын сәулелері бар. Әмин бауырымыз оларды "хауадис-ы иәумиә" деген айдармен жазба әзірлемек. Оны мүмкін сендерге жіберерміз. Рисалей-Нұрдың ол жақтағы жас тәлабалары мен болашақтағы қымбатты шәкірттері өздерін қазірдің өзінде тәлабалар арасында сезініп жүр.
Ыстамбулда Мехмет Фәйзи бұрыңғы Саидтың кітапшаларын іздеп жүргенде дәл сол күні қаһарман Рүштү бір дүкеннен бүкіл кітап-рисалелерді жинап алып кеткенін біледі. Мұны білген кіші Хусрев өкініп басқа жақтан іздеп таба алмаған соң Ишарат-үл Иғжаз кітабын тауып алыпты да былай депті: "Менің ойымша менен озып кеткен Спарталы бауырларым болса керек...". Жарайды, ол Ишарат-үл Иғжаз нұсқасын Хафыз Али және Сабридың нұсқаларындағы тәуафук, яғни сәйкестік кәраматын жаздырғысы келеді. Оның ең оңай жолы, кішкене бір дәптер алып әр бетіне тәпсірдің беттеріне сәйкес "һәжа әріптерін", яғни (әлиф, тә және т.с.с.) түртіп жазып қойып, маған жіберсеңдер жақсы болар еді. Егер оңай жолын таба алмасаңдар әуре болмаңдар.
Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем, әсіресе Рисалей-Нұрмен тығыз байланысып, шұғылданғандарға дұғай сәлем және олардың маған дұға етулерін сұраймын.
(Әмин мен Кіші Хусрев Фәйзидің жазбалары)
Құранға қызмет тұрғысында бізден озып кеткен адал да ықыласты, қайсар әрі сенімді бауырларымның ішінде Хусрев пен Рүшдү сынды кісілер, Рисалей-Нұрға қызмет еткендердің еңбегі еш кетпей қабыл болғанына белгі-нышан ретінде Аллаһтың жарылқауы берекет жайлы бірнеше оқиға жазыпты. Біз де бауырларымыздың жазбаларына ұқсас жақында болған, өзіміз көрген оқиғаларды жазбақшымыз. Мысал ретінде бірнешеуін баяндап берейік.
Біреуі: Осы жақында Ұстазымызбен бірге қырға шықтық. Ұстаз бізге: "Шәй қойыңдар! Әрқайсымыз екі кеседен үш шекер салып, шәй ішейік!" деді. Бәріміз үш шекермен екі кесе шәй іштік. Тек Әмин бауырымыз өзіне бір шекер кем салыпты. Кешқұрым Рисалей-Нұрдың орталығы Ұстазымыздың бөлмесіне келдік. Әмин шекер ыдысына пайдаланылған шекерлерді қоймақ болады, бірақ ыдысқа сегіз шекерден артық сыймай қояды. Әмин бұған таң қалып: "Фәсубханаллаһ! Он жеті шекердің орнына ыдыс сегіз шекермен қалай толып қалды" дейді. Біз де естігенде таңғалдық. Міне, бұл оқиға анық түрде мынаған көзімізді жеткізді: Бұл Рисалей-Нұрға және оның қызметшілеріне жасалған Иләһи инаят, жәрдем, арнайы Раббани ілтипат.
Екіншісі: Дәл сол күні мен, яғни Мехмет Фәйзи, бұдан бұрын өзім көшіріп жазып, ұстазға тапсырған "Худжумат-ы Ситте" атты рисалені маған қайтып берейін деп қанша іздесе қойған жерінен таба алмайды. Кенет сол уақытта әдеттен тыс, тосын түрде бір себепке орай көзілдірігін шешіп баспалдаққа қарай жүреді. Дәл сол уақытта Рисалей-Нұрдың жайылуына, жалпы қызметке зиян келтіру мақсатымен бір тыңшы баспалдақ жаққа, сырт көзге хал сұрасу үшін келгендей боп бара жатады. Ұстаздың қобалжып тұрғанын байқап қалады. Ұстаз оның назарын басқа жаққа, яғни үсті-басына, киіміне аударып: "Көрмейсің бе? Менің үзірім бар. Жағдай сұрауға басқа уақытта кел!" деп қайтарып жібереді. Осылайша Мехмет Фәйзи де, Худжумат-ы Ситте кітабы және басқа да шаруаларымыз тінтіп-тексеруден аман қалады. Иә, Худжумат-ы Ситте кітабы жасырынған жері анық белгілі болса да таңғажайып түрде табылмауы үлкен оқиғаның алдын алды. Ұстазда бұрын-соңды болмаған мұндай жағдай және әлгі рисаленің өз орнында табылмай қалуы әрине кездейсоқ еместі. Бір аптадан соң сол рисалені күтпеген жерден тауып алдық. Ұстаздың нұсқауымен мен оны Әмин бауырыма мұқият оқып бердім. Ұстаз түсіндіріп отырды. Осы кезге шейін мұндай керемет дәріс тыңдамаған едім. Демек, осы екі терең сырға байланысты әлгі рисале өзін көрсетпей тығылып қалса керек. Бұл оқиға бізге мынаны меңзейді: Рисалей-Нұрдың ықыласты да адал шәкірттері әрдайым Аллаһтың қамқорлығы мен сақтауында, оған еш, күмән жоқ.
Үшіншісі: Ұстазымыздың бір окка, яғни жарты келі ірімшігі болатын. Өзіне ұнайтындықтан ол ірімшектен жиі-жиі бір күнде екі мәрте жеп тұратын. Әрі бізге де жегізетін. Әрі тамақ жемеген күндері
- ұстаздың тамақ жемеген күндері көп болатын - әлгі ірімшіктен жеп тұрса дағы, сол азғантай ірімшік алты айға жетті, тіптен әлі күнге шейін шамалы бар екенін мен, яғни әрдайымғы қызметшісі Әмин және тәлабасы әрі қызметшісі Кіші Хусрев куәгер ретінде растаймыз. Бірақ осы береке оқиғасын айтып, жария қылғаннан кейін алдында көрінбей тұратын түбі көріне бастады, яғни азая бастады. Иә, бұл береке жайлы таңғаларлық оқиға. Сонымен қатар жарты келі сары май да жиі әрі молынан пайдаланғанның өзінде елу күнге дейін жетуі ішіне береке дарығанына нақты дәлел.
Тағы соған ұқсас бір оқиға. Ораза айты, ұстаз риза болмаса да ол кісіге айтпай Тахсин екеуміз, яғни мен Әмин, бір келі шекер әкелген едік. Оны көп мәрте қатыққа, сүтке және асқабақ тәттісіне, басқа да нәрселерге қасықтап қосса да екі айдан аса - сол шекер әлі бар - таусылмауы әлбетте берекетінің белгісі. Әрі осы аймақтағы нұр шәкірттері жалпы мынаны сезіп жүр:
Рисалей-Нұрға қызмет еткен кезде ризық-несібе молайып берекеттене түседі, әрі жеңіл табылады. Сондай-ақ, көңіліміз көтеріңкі, тынысымыз кеңейіп, жүрек тыныш. Бұл кәдімгідей сезіледі. Атап айтсақ, мұны мен, яғни Әмин, өзім толық мойындаймын. Мен Рисалей-Нұр аясына кірмей тұрғанда жыл бойы жұмыс істейтін едім.
{(Сілтеме): Иә, Әмин бауырымыз ауылға келгенде тынбастан әр ай жұмыс істейтін. Қазір болса үш-төрт айдан артық жұмыс істегенін көрмейміз. Оның бір себебі, Рисалей-Нұрдың қызметінің берекеті екеніне еш шүбә жоқ, оны шын жүректен растаймын.
Кіші Хусрев Мехмет Фәйзи}
Рисалей-Нұрдың аясына кіргелі жылда үш-төрт ай ғана жұмыс істейтін болдым. Бірақ бұрыңғыдан тұрмысым әлдеқайда жақсы, көңілім жәй. Бұл Рисалей-Нұрдың қызметінің берекетімен болып жатқанына зәредей күмәнім жоқ. Ол туралы, Ұстазымыз өзі былай дейді: Мен Рисалей-Нұрды жөндеу жұмысымен айналысқан кезімде ашықтан ашық ризығым берекеттеніп, әрі тұрмысым жеңілдеп қоя беретін. Қызмет етпеген кезімде ол жағдай болмайтын. Бұған көптеген тәжірибелермен көзім жеткен-ді. Әрі ұстаз да біз де растап былай демекшіміз:
Мен соңғы күндерде мынаны түсіндім: осы кезге шейін бұл ақиқатты басқа түрде көріп келіппіз. Мысалы: Абақтыда бір түйір
нан сегіз кейде он күнге дейін жететін. Бұл жерде де дәл солай. Мұны мен және достарым өзімнің аз жейтіндігімнен, тәбетім жоғалғандықтан деп ойлайтынбыз. Алайда, көптеген тәжірибелерден көзім жетіп, нақты түсінгенім: ол берекеттің жемісі. Бірнеше рет сегіз күнге жететін әлгіндей нанды дәл сондай тәбетпен егер қызмет етпеген болсам, берекеті болмай екі күнде, кейде бір жарым күнде жеп тауысып қоятынмын. Демек, бұл он алты-он жеті жылдан бері несібемнің мол болуы Рисалей-Нұрдың қызметінен пайда болған берекет еді. Мұндай көп қайталанған берекет оқиғасы Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасының бір шуағы екеніне еш шүбә жоқ. Ол, бізге мынаны меңзейді: "Уа, Құранның шәкірттері! Сендерге киелі қызмет атқаруға көбінесе кедергі болатын нәрсе тұрмыс тауқыметі. Ол Құранның фәйіз-берекетімен беріледі. Алаңдамай міндеттеріңді атқарыңдар!".
Сондай-ақ, берекеге қатысты оқиғалар болып жатқанда Рисалей-Нұрдың бір кәраматы тағы көрінді. Рисалей-Нұр шәкіртінің мыңдаған лира тұратын қымбат үйінің көршісінде сұмдық өрт болып оған да қауіп төнгенде өте жақын бола тұра таңғажайып түрде Рисалей-Нұрдың берекетімен аман қалады. Әрі Рисалей-Нұрдың тәржімешісіне ақырет үшін байланыс құрып жүрген ханымы, әлгі сұмдық өрт болып жатқан үйінің үшінші қабатына шығып алмас, асыл бұйым, алтындарын алмақ болады үйге жүгіріп кіріп жоғары қабатқа шыққанда өрт лаулап айналасын қоршап алады. Енді алтын бұйымдарын түгіл өзін құтқару қиын болады. Дәл сол аса қауіпті сәтте Рисалей-Нұрдың тәржімешісі әлгі оттан шәкіртінің үйі аман қалсын деп дұға етіп жатқанда манағы байғұс ханымда есіне түсіп: "Апырм-ай, сол ақыреттік қарындасым оттың ішінде емес пе екен!" деп, Рисалей-Нұрды шапағатшы ретінде пайдаланып: "О, Раббым! Оған рақымшылық жасай гөр!" деп жалбарынып дұға етеді. Дәл сол мезетте әлгі ханым терезені сындырып екінші қабаттан аулаға қарай секіріп кетеді. Таңғажайып түрде еш жарақат алмай аман қалады. Мыс, темірдің өзін балқытып ерітіп жіберген мұндай сұмдық оттан -
түк қалмай барлығы өртеніп кетсе дағы - барлық асыл бұйымдарын, алтын күмістерін еш зақым көрмеген аман түрде бір ұнның ішінен тауып алады. Рисалей-Нұрдың берекетімен жанын және әшекей бұйымдарын сақтап қалған екен. Сондай-ақ, осы айтылған оқиғалар кезінде болған Рисалей-Нұрдың кәраматқа ұқсас екі май шапалағыда дәл сол сәтте болғандықтан айта кеткен жөн болар. Жоғары дәрежелі қызметкер қара ниетті, екі жауыз шенеунік Рисалей-Нұрға тиісіп жүргенде біреуі басынан, екіншісі кеуде тұсынан оқ тиіп жараланып ауруханаға түседі.
{(Сілтеме): Әлгі қастандық жасағандардың біреуі тәубесіне келіп өлімнен аман қалды. Екіншісі бір жыл бойы азап шегіп ақырында өлді.}
Бұл оқиға Құран қызметін Аллаһтың өзі сақтап, желеп-жебеп жүретінін көрсетеді. Және қызметке кедергі болатындарға былай дейді: "Жетер енді! Доғарыңдар! Таяқ жейсіңдер!"
(Отыз бірінші, отыз екінші аяттардың Рисалей-Нұрға ишара-белгілерінен мағына шығара білген Ахмет Назиф пен ұлы Салахаддин екеуі Рисалей-Нұрдың қымбат шәкірттері болғандықтан Салахаддиннің жазбасы Жиырма екінші Мектубтың хатарының арасына енуге әбден лайық)
Мың үш жүз елу сегіз жылында Польшаның Гданск қаласынан шыққан соғыс ұшқыны Еуропаны отқа орап аласапыран оранғандықтан дүние жүзі халқы жаппай әскерге шақырылып үдеріп жатқан кез. Түркияда да біршама соған ұқсас жағдай болып 1359 жылы 27, 28, 29-ыншы жылы туылғандарды қолына қару беріп әскерге алды. Осыған орай Рисалей-Нұр тәлабалары Мехмет Фәйзи және мен жасымыз кіші болса да бір хикметке байланысты әскерге шақырылдық.
{(Сілтеме): Фәйзи мен Салахаддинның әскерге шақырылуы жайында Ұстаз күлімсіреп: "Олар сендерді алып кете алмайды. Шақырып жатқаны рас. Бірақ атқарар міндеттерің бар.
Кейін, міндеттеріңді ауызша, тілмен болмаса да хал-жағдайларыңмен атқарарсыңдар!" деді. Шынымен де Салахаддин әскерге алынған кез берекелі Рамазан айы екен. Измиттің Таушан төбе дейтін жерінде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жамағатпен тарауық намазын оқытуы және әскери полктың Хадимкөй тарапына әрекет етуі дәл Рамазанның 27, 28, 29 күндеріне сәйкес келуі, сөйтіп Қадір түнін кемеде қарсы алып, оразасын сол жерде ашып, намазын сол бекетте оқуы, сондай-ақ, ауа райы суық, жауын-шашынды мүшкіл жағдайда дәрет алып, бір сандықтың есігінің үстінде мінәжат етуі, және сол түнді жүк вагондарының ішінде қиын жағдайда шүкір ете өткізуі әрине, бұл басқа жауынгерлердің діни сезімдерін оятып, оларға сабақ болды. Әрі Балабан ауылында мешітте айт намазының алдында әскерилер мен жай халыққа намаз жайлы төртінші Сөзді қаз-қалпында оқуы, Рисалей-Нұрдан уағыз айтуы, сондай-ақ, Фәйзи бауырым да дәл солай бір ауылда одан да әсерлі түрде мағынауи хал тілімен, сөзбен де сабақ беруі, міне бұл айтылғандар ұстаздың айтқан сөзін растаған боп есептеледі. Рамазанның 27, 28, 29 күндері ең қиын уақыт боп табылады. Және Түркияда 1359 жылы 27, 28, 29 жылы дүниеге келгендерді әскерге алуы әрине кездейсоқ оқиға емес, бұл тәуафук. Ол да ұстаздың кәраматына өзінше бір дәм қатады.
Салахаддин}
Уақытша алты-жеті ай Рисалей-Нұрдың
шаратарапқа таралуы тұрғысынан алғанда біздің басқа аймақта болуымыз қажет болғандықтан Ұстазымыз шын жүректен, бүкіл ой-пікірімен Аллаһ Тағаланың рахымынан қол жайып сұрап дұғасы қабыл болса керек Рисалей-Нұрдың бір кәраматы ретінде басқа аймақта әскери міндетімізді өтеп яғни Рисалей-Нұрға қызмет ету үшін жіберілдік. . Алты-жеті айдан кейін Фәйзи мен Салахаддин өздерінің нұрды жаю міндетін атқарған соң, жоғарыда аталған өздерімен жасты құрдастары аса қауіпті кезеңде майданда жүрсе дағы яғни, Алман әскері Румынияны жаулап, Болгарияны қоршап, ал Италия болса Грециямен соғысып жатқан қиян-кескін заманда олардың әскерден босатылуы әлгі ұстаз айтқан кәрамат екенінің бір айғағы.
{(Сілтеме): Рас, Ұстазым маған "Мұғжизат-ы Ахмедия" кітабын бауырым Хусрев секілді жаздырып жатқан-ды. Мен, яғни Фәйзи, аздап жалқауланып едім, дереу 28-жылғылармен әскерге шақырылдым. Ұстазым маған: "Сен тапсырылған кітапты көшіріп жаза бер, сені қазір бере алмаймын!". Мен жаза бастадым, әскерге шақыру бір аптаға кейінге қалды. Тағы бір себептен жазу бәсеңдеп еді, тағы әскерден шақыру келді. Тағы да ұстазым былай деді: "Сен жаза бер!". Бұл жолы ықыласпен жаза бастап едім, әдеттен тыс, екінші рет бұйрық кейінге шегерілді. Бір аптадан соң тағы бір себепке байланысты жазу тоқтап қалды. Ұстазым бұл жолы: "Енді сенің қазіргі міндетің Рисалей-Нұр тұрғысынан алғанда әскерлікте екен!". Дереу бұйрық келіп сазайымды тартып міндетімді атқаруға жөнелдім. Құдайға шексіз шүкір, ол жақта да Рисалей-Нұрға қызмет еттім, еткізді. Ұстаздың айтқанындай, алты-жеті айдан кейін әскери борышымды өтеп Ұстазыма қайта қауыштым. Иншаллаһ - әлгі қателігім кешірілген болар. Мен, Рисалей-Нұрды сондай-ақ, Құран қызметінде бізден көш ілгері Хусрев, Рүштү, Сабри бауырларымды шапағатшы ретінде айтып әлгі қателігімнің кешірілуін ұстазымнан сұрадым. Бұл менің жалқаулығыма орай келген жаза екенін мойындаймын.
Фәйзи}
Әрі Салахаддин өз қатарынан әскерден бір ай кеш қайтуы, Инеболу қаласында жауынгерлердің арасында болмауы, жергілікті халықтың кейбіреуіне ұнамай, үстінен бірнеше рет арыз жазуы, сол үшін әскери бөлімше тарапынан полиция қызметкерлері арқылы әкесін бөлімшеге шақырып алып ұлының қайда жүргенін сұрағанда, бір күн бұрын келген телеграф-хатты көрсетіп, баласының Измит Теңіз флотына қабылданғанын және әдейі емес, бір ай сауда-саттық үшін жібергені белгілі болып, әкесі Ахмет Назиф өз еркіне қоя беріледі. Сондай-ақ, ол кезде шахта жұмысына жегілгендерді әскерге алмайтын. Олардың арасында күнде менімен жолығып тұратын хатшы достым мені жазуды ұмытып кетіп, кейін ондай адамдарды да әскерге шақыратын боп әрі оларға жағымсыз көзбен қарайтын болса да Салахаддин солардың бәрінен аман қалған. Әрі Салахаддин өз полкына он бес күн кеш келсе дағы ешқандай жазаға тартылмай, ешбір ескерту алмастан хатшы қызметін атқаруы, сонымен қатар Салахаддинның әскери қызметін өтеу кезінде әскерге шақырылмағандардың өзін үш күн кешіккені үшін сотқа беріліп жатқанда оның бір ай шақырылмай кеш қалса дағы ешқандай жазаға тартылмай босатылуы, әрі полк командирі және орынбасарлары қимай көз жастарымен шығарып салуы, міне бұл Рисалей-Нұрдың бір кәраматы екеніне біздің еш күмәніміз жоқ, көзіміз әбден жеткен ақиқат.
Бірде, Тосиядан Қастамону қаласына келе жатып, өзіммен бірге Рисалей-Нұрдан Лемалар, Шұғалар кітабы болатын. Хашр, яғни өлген соң қайта тірілу туралы оқып отырған едім. Мінген жүк машинамыз төбеге өрлеп келе жатқан-ды. Күн ыстық, машинаның іші де қапырық болғандықтан мазам кетіп, маған мұндай бір ой келді: "Осы Рисалей-Нұр тәпсірі Қасиетті Құранның мұғжизасы екені рас. Басқа тұрғыда мұғжиза көрсете ме екен? Жалпы мұғжиза пайғамбарларға (а.с) ғана тән қасиет. Ардақты Пайғамбарымыздан кейін мұғжиза болмайтын шығар" деп ойланып отырғанымда жүк машинамыз салдыр-гүлдір етіп үш мәрте аунап түсті де жиырма бес метр төменге қарай құлдилап барады. Дереу кәлима шәһадат
келтіріп жатырмын. Біраздан соң саумын ба деп өзімді сипалап көрдім. Құдайға шүкір, ешбір жерім жарақат алмапты. Зәрем ұшып орнымнан тұрсам, шофердың басы, көзі быт-шыт, ойбайлап жатыр. Мен жақтағы жұқа әйнектің өзі сынбапты. Сол кезде бұл үлкен кәрамат екенін және мұғжиза еместігін, әрі мұндай тосын нәрселерді ойламау керектігін ескерту үшін кәраматқа ұқсас ғайби шапалақ екенін түсіндім.
Ғазиз бауырларым!
Ақырзаман туралы хабар беретін хадистің соңында
аятына қатысты екі минут ішінде және хадистің ишарасын жөндеп жатқан кезімде кенет қысқа-нұсқа ойға келген ғайби ишараның өте асығыс жазылған джифри тәуафукында еш зияны жоқ кішкене қате кеткен екен. Оған бұл кезге дейін мән бермеппін. Бұл жолы ықыласты да ақиқатшыл Мүбарактар тобының топтаған әрі жазған Лахика рисалесінің әлгі аятқа қатысты сөздердің жазуында әдейілеп жасалғандай бір қате көрдім. Сол ескертуге ұқсас әдейілеп жасалған қате, менің кемшілікке ұқсас қателігімді білдірді. Сөйтіп өте мұқият әрі тым мүбарак топқа өзімді қарыздар сезіндім, бойымды шаттық биледі. Былайша:
كَلِمَةً طَيِّبَةً сөзінің саны мың екі деп қате жазылған. ط әріпі саналмай қалған. Дұрысы мың он бір. Бұл Рисалет-үн Нұрдың мақам санына он үш парықпен сәйкес келумен қатар изафадан таусифке ауысқанда, яғни қатыстылық мағынасынан анықтауыш мағынасына көшкенде رِسَالَةٌ نُورِيَّةٌ болады. Сонда бір ى және هی әріптері
қосылады да шәдде түсіп қалады. Бір "нун" кем болады. Бірақ, طَيِّبَةً сөзіндегі тәнуин біршама уақыф, яғни тұрақтауға болатындықтан саналмаса дәлме-дәл бір ғана парықпен әрине мәдде саналмаса еш парықсыз түрде тәуафук болады. Әрі мағынасы жағымен екі аят екі ағымды меңзеген ишаралары, өзара байланыстары және сәйкестіктері өте күшті болғандықтан нұқсан тәуафук немесе әлсіз белгінің өзі бізге жеткілікті. Әрі мұндай мақам-сандарда, осындай үлкен нәтижелерде әлгіндей азғантай парықтың болуы ештеңе өзгертпейді. Менің ойымша, әлгі қателік бесінші аяттың ишарасында жіберілген қателік секілді маңызды кейбір ғайби ишараларды ашатын кілт іспеттес. Және осы ұлық аят отыз үшінші аят болатынына ишара деп білемін. Құдай қаласа, болашақта бір бауырымыз ол қазынаны да ашар, иншаллаһ.
Жақында Тәпсірдің және Оныншы Сөздің тәуафуктарына, яғни сәйкестік тұстарына қарадым. Ішімнен былай дедім: "Мұнша егжей-тегжей жазу ысырап, одан да маңызды мәселелер бар, уақытты босқа жоғалтпайын". Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Ондай тәуәфуктың астарында аса маңызды мәселе жатыр. Сондай-ақ, тәуафукта, яғни өзара сәйкестікте ерекше қамқорлық, Рахманның ілтипаты болып Рисалей-Нұрға байланысты екені көрінеді. Ондай ілтипатқа қанша шүкір, қанша ризашылық, қарыздар сезініп риза болса, асыра сілтенсе де ысырап саналмайды. Бұл қысқа ескертуді екі тұрғыдан алып түсіндіріп берейін.
Біріншіден: Барлық нәрседе - мейлі ол ұсақ, кішкене нәрсе болсын - әдейілеп, қалап істелгені, соның нұр-сәулелері байқалады. Ақиқатында кездей соқтық деген нәрсе әсте жоқ. Иә, жаратылғандардың ішінде ең көп шашыраңқы саналатын және жиі кездейсоққа баланатын сөздердегі әріптердің орналасуы боп табылады. Әсіресе жазған кезде сырттай өзара байланысы жоқ, боп көрінеді. Егер адамның қалау-еркі араласпаған әріптердің жазылып орналасуында бір реттілік, жүйе байқалып жатса әлбетте оны ғайби ираде яғни, көзге көрінбейтін тылсым күш басқарып Иләһи қалаумен болып жатқанына күмән жоқ. Ешнәрсе Аллаһтың ілім аясынан, құдрет шеңберінен тыс қалмайтыны белгілі, сол секілді
оның қалау-еркінен тыс ешнәрсе болмайды. Өйткені, кіп-кішкене, шашыраңқы нәрселердің өзінде үйлесімділік, реттілік байқалады. Сол реттіліктен әлгі және бәрін жаппай қамтитын қалау-еріктен арнайы қамқорлық, Рисалей-Нұрға ерекше мән беру, жекеше назар аудару, ілтипат байқалады. Мен осы терең мәселені көзбен көргім келіп Ишарат-ул Иғжаз тәпсірінің тәуәфуктарына назар салып, мұқият қарап шықтым. Рас екеніне көзім жетті әрі сездім.
Екіншіден: Мысалға, аса қадірлі, жоғары мәртебелі, тым мүбәрак бір ұлы тұлға өте пақыр, аса мұқтаж біреуге күтпеген жерден, ілтипат қылып жарылқап қағазға ораулы құтыда бір сыйлық тарту етсе, әлбетте әлгі байғұс бейшара манағы ұлы тұлғаға алған сыйлығынан мыңдаған есе артық алғыс білдіріп өзін шексіз қарыздар сезінеді. Және мыңдаған сыйлықтан да қымбат әлгі сыйлық арқылы білдірілген ілтипатқа әлгі бейшара қанша ризашылық білдірсе асыра сілтеген болып есептелмейді. Тіпті, әлгі мүбәрак кісінің сол сыйлығына дән риза болып сыйлық оралған қағазды тәбәрік деп шекерге ұқсатып жеп қойса, тіпті сыйлықтың ішінен шыққан жаңғақтардың қатты қабығын да тәбәрік ретінде нанға ұқсатып жеп, сыйлықтың құтысын қастерлеп сүйіп, төбесіне қойса еш ысырап саналмайды. Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға "ираде-и амма", "инает-і хасса" ілтипаты, яғни Аллаһтың шексіз қалауы, оның ерекше қамқорлығы, теңдесіз ілтипаты тәуафук түрінде тарту етілген. Әлбетте тәуафук туралы, яғни өзара сәйкестік жайлы егжей-тегжейлі жазып түсіндіру, баяндау ризашылықтың белгі, нышаны, қарыздар болғанның дәлелі, аса қуаныштың көрінісі болып табылады. Ол айып саналмайды. Иә, ондай бір құдреттің ілтипаты боп саналатын заттық сый қырық тиындық болса оған қырық мың сомдық шүкіршілік етілсе ысырап саналмайды.
Екінші мәселе: Мен өзімде және осы жақынымда жүрген Рисалей-Нұр тәлабаларында қасиетті үш айлар өткен соң бір шаршаңқы жағдай, ынтаның азайғанын байқадым. Неліктен екенін және оның нақты себебін білмеймін. Қазір, бұрын айтқанымдай ықтимал себебінің рас екенін, яғни сол үшін екенін анық білдім. Ол былай:
Қалайша, ауа-райы бұзылса ағзаларымызға жағымсыз әсер етеді, сол сияқты мағынауи ауа-райы бұзылса әркімге әртүрлі жағымсыз әсер етіп, сілкіп-шайқап жібереді. Қасиетті үш айларда
және мухаррәм кездері Ислам әлемі руханиятқа ден қойып, күллі мүміндер ақыреттік табысты ойлап, соның саудасына ықыластана кірісіп бар ынта-жігерімен нұрлануы мағнауи ауаны тазартып, жағдайды жақсартып тамаша қылып жібереді. Сөйтіп сырттан келген соққыларға, дауылдарға төтеп беріп, кері қайтарып отырады. Дүйім жұрт соның арқасында, еңбегінің нәтижесін көріп, дәрежесіне қарай нұрланып пайдаға кенеледі. Бірақ, қасиетті үш айлар өткен соң, бейне бір әлгі ақыреттік базар жабылып, басқа жаққа көшіп кеткендей, оның орнына дүниялық базар ашылып, шатырлар құрыла бастайды. Халықтың назары біршама басқа жаққа ауғандай. Ауа-райын ластайтын жағымсыз нәрселер руханиятқа да кері әсерін тигізеді. Содан дәрежесіне қарай әркім жағымсыз әсер алады. Енді, сол зиянды ауаның кесірінен құтылудың жолы не десеңіздер, оқиғаларға Рисалей-Нұрдың көзімен қарау. Жағдай қанша қиын болса да киелі міндет, Құранға қызмет ету жағымен қарап, одан сайын ықылас, ынта таныту. Себебі, басқалардың кетіп, артқа шегінуі ынталы, да қайратты жандардың ықыласын, құлшынысын арттыруға себеп болады. Өйткені кетіп қалғандардың міндетін біршама өзім істеуге міндеттімін деп біледі, солай білуі керек.
Ғазиз, өте адал, кең пейілді бауырларым!
Мына сұмдық заманда Нұр мен Гүл бақшасы туралы, олар не істеп жатқаны жайлы айтып, маған хабар бермейсіңдер. Алайда бұл дүнияда мені қатты алаңдататын солар екенін білесіңдер. Жарайды...
Бұл жолы ақиқаттардың жемісі боп саналатын, сондай-ақ, Рисалей-Нұр тәлабаларының құлшынуына себеп болатын "тәуафук" жайлы, оның кереметтерінен біреуін Фәйзи бауырымыздың өтініші бойынша сендерге жіберіп отырмыз.
{(Сілтеме): Құранның әріптерін өзгертіп, оны бұрмалау, өзгеріске ұшырату, жұртты шатастыру, міне бұл діннен безген кәпірлердің сұмдық айла-жоспары. Оған қарсы жиһад етіп жүрген Саид, тәуәфук мәселесіне, яғни Құранның әріптерінің орналасуы кездейсоқ, бейпарық емес, олар өзара сәйкес әрі әдейілеп орналасқаны жайлы дәлелдер келтіріп қаншалық күш жұмсап, терең зерттеу жүргізсе де еш артықтығы жоқ, босқа деп ешкім айта алмас.}
Бірде рисалелерді тексеру жұмысым жоқ болатын. Ишарат-үл Иғжаздағы ت әрпінің тәуафукы туралы жазбамда қате жібергенім, жаңылғаным есіме түсті. Айыбымды жуып, тазартқым келді. Кенет, Лафзуллаһтың бірінші әріпі "Әлиф", Рисалей-Нұрдың мұқтасар мазмұны, нағыз дәнегі болып табылатын Ишарат-үл Иғжаз кітабында және басқа да рисалелерде таңғажайып жағдайда орналасқанын екенін ойладым. "Апырм-ай, Лафзуллаһтың, яғни арапша "Аллаһ" деген жазудың ل (ләм), және هی әріптері ше? Олар қандай жағдайда екен?" деп Ишарат-үл Иғжазды бастан аяқ парақтап, әрбір жолын, бас жақтарын, аяқ жақтарын қарап, санап шықтым. ل және هی әріптері "әлиф" әріпі секілді таңғажайып түрде орналасқанын көрдім. Мүмкін, иншаллаһ, тәуәфукта қателік жібергенімдегі айыбыма,
жаңылғаныма осы бір кішкене болса да кәффәрет-үз зүнуб, яғни айыбымның тазаруы болар. Бұдан бұрынғы хатымызда Ишарат-үл Иғжаз кітабының барлық әріптерін қолға алсақ өзгеше әрі маңызды таңғажайып жағдайды мегзейтін бір нышан, бір ишара, бір белгі көргенімізді сендерге жазған едік. Дегенмен ол терең сырды толық көру үшін көп уақыт керек болатындықтан, аса маңызды қызметтер онымен шұғылдануға әзірге мұрша берер емес.
Ғазиз бауырларым! Мына қиын кезеңде, қыспақ күшейген тұста ақыл мен қалбты еркелететін, көңіл күйді көтеретін мұндай іліми жеміс-жидектермен шұғылдануды ысырап деп ойламаңдар. Ақ ниет, әдемі ой эликсир тәріздес. Ол шыныны алмасқа, топырақты алтынға айналдыратын химиялық затқа ұқсайды. Иншаллаһ, осындай ақниетпен бұл жемістер де нағыз қоректің бұлағына, қайнар көзіне жол ашар және қызметте жүріп тоқырап қалғандарға құт береке, күш-қайратқа себеп болар.
Лафзуллаһтың соңғы әрпі сексен бес рет әлгі "лафза-и Жалалдың" бастапқы әріпі болады. اَللّٰهُ وَاحِدٌ сөзінің санына керемет түрде бір ғана парықпен тәуәфук қылады. Яғни сәйкес келеді, сөйтіп сәйкес келуі арқылы бізге اَللّٰهُ وَاحِدٌ дейді. هی әрпінің бір өзі сексен бес рет қайталанып жалпы алғанда тәуәфук қылады. Тек кейде бір бет қана сәйкес келмей қалады. هی әрпінің екеуі қырық екі мәрте қайталанып жалпы түрде тәуәфук қылады. هی әрпінің үшеуі болса жиырма бес мәрте кездеседі. Әрі жалпы алғанда бәрі тәуәфук қылады, яғни өзара сәйкес. Әліппеде орны екінші, ал Құранда және Бисмилләһ сөзінде бірінші орында тұратын ب әрпі тағы да сексен бес рет бір жерде кездеседі. اَللّٰهُ وَاحِدٌ дейді. ب екі түйірі қырық үш болып бір ғана айырмашылықпен هی әрпінің екеуіне тәуәфук, яғни сәйкес келеді.
ب әрпінің үш түйірі жиырма жеті болып هی әрпінің үшеуіне екі парықпен тәуәфук қылады. ت әрпінің бес түйірі жиырма үш рет هی әрпінің үшеуіне екі парықпен сәйкес келеді. ت әрпінің алтысы он бес рет, و әрпінің төртеуіне сәйкес келеді. و алтысы жиырма алты немесе жиырма жеті мәрте болады. و әрпінің бесеуі жиырма
бес рет болып алты санына бір яки екі парықпен тәуәфук қылады. Әлифтің алтауы сегіз мәрте және Әлифтің бесеуі сегіз мәрте бір-бірімен дәл тәуәфук етеді. Сонымен бес هی әрпі мен алты هُوَ киелі есім болғандықтан кәрамат көрініс береді.
Лафзуллаһтың ортаңғы әрпі ل жетпіс бес мәрте бірінші әріп болған Әлиф секілді. Шамамен барлығы дерлік тәуәфук пен هُوَ اللّٰهُ сөзінің санына үш парықпен тәуәфук қылып, осылайша هُوَ اللّٰهُ деп тұр. ل әрпінің екеуі алпыс бес мәрте болып жалпы алғанда тәуәфук қылып еш парықсыз, яки екі парықпен اَللّٰهُ сөзінің санына тәуәфук қылып осылайша اَللّٰهُ деп зікір етеді және әрпінің үшеуі жалпы алғанда өзара тәуәфук ету арқылы отыз үш мәрте болып отыз үш дейтін мүбарак санға сәйкес келумен қатар және ل әрпінің джифри санына үш парықпен тәуәфук етумен бірге керемет бір ғана парықпен وَاحِدٌ اَحَدٌ сөзінің санына тәуәфук етіп осылайша وَاحِدٌ اَحَدٌ дейді, үкім шығарады. ل әрпінің төртеуі он сегіз болып وَاحِدٌ сөзінің саны болып табылатын он тоғызға жақын бір керемет парықпен тәуәфук тілімен وَاحِدٌ деп тәухидті жар салады. Осы төрт саны екі санымен бірге тек екі парықпен тәуәфук тілімен لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ деген сөзді оқиды.
Сонымен сексен бес, жетпіс бес, алпыс бес болуы және бір саны сексен бес және екеуі оның жартысы, яғни қырыққа және үші оның жартысы {(Сілтеме): Сексен төртінші беттің екінші сілтемесінде һәмзә соңындағы "һә" ت (тә) әріпі болып саналады} Сексен төртінші беттің екінші сілтемесінде һәмзә соңында "т" әрпі болып саналады. Жиырмаға түсуі және өзара тәуәфукта болуы және «Лафза-и Жалалдың» және тәухид
кәлимасының сәулелерін білдіруімен қатар сандар жүйелі түрде байланыстылығы және керемет түрде сәйкестігі бізге мынаны білдіреді: бұлар кездейсоқ емес, керісінше қабыл болғанының белгісі, әрі сәттілік әрі әдейі жүйеге келтіріліп реттелген.