Адамдарға мейірім Раббани мейрімнің шағылыс-сәулесі, сондықтан әлбетте рахымның өзіндік дәрежесінен аспауы керек және әлемдерге рахым боп жіберілген Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) мейірім шегінен шықпауы керек. Егер асып кетсе ол мейірім мейірім боп есептелмейді. Ол, адамды адастыратын, діннен бездіретін рухани кесел, қалби ауру боп табылады.
Мысалы, кәпірлердің, мүнафықтардың, яғни екі жүзділердің тозақта күйіп-жануын, о дүниядағы ауыр азабын немесе дін үшін соғысты, яғни джихадты өзінің мейірімімен ұштастыра алмай қабылдамау, басқаша жору Құранның сондай-ақ, аспаннан түскен дәстүрлі діндердің басым көпшілігін жоққа шығару, аяттарға сенбеу болып табылады әрі үлкен зұлымдық әрі сұмдық мейірімсіздік. Өйткені, бейшара жануарларды қойша қырған жыртқыш хайуанды аяп, қорғаштау оған мейірімділік жасау әлгі бейшара жануарларды аямау, оларға қастандық, болып барып тұрған айуандық болар еді.
Сол сияқты мыңдаған мұсылмандарды зар еңіреткен әрі мәңгі бақытынан айырып, о дүниясын тас-талқанын шығарған және жүздеген имандыларды соңында сорлататын үлкен күнәларға итерген кәпірлерді аяп, оларға жақтасу әрі жанашыр болып жазаға тартылудан құтылып кетуін тілеп, дұға ету әлбетте әлгі жәбірленуші имандыларды аямау деген сөз, оларға деген сұмдық зұлымдық, барып тұрған мейірімсіздік, адам айтқысыз жауыздық болып табылады.
Рисалей-Нұрда нақты түрде дәлелденген ақиқат мынау: Күпірлік пен тура жолдан таю дегеніміз әлемді қорлау, дәрежесін төмендету, күллі жаратылысқа қиянат, үлкен зұлымдық боп табылады. Ол, Аллаһтың рахымын түсіртпей, керісінше ашуын шақырып пәлекеттердің келуіне себеп. Тіпті теңіз астындағы балықтар сондай күнәһар залымдардың үстінен Аллаһ Тағалаға шағымданып: «Бұлар әбден мазамызды алды!» дейді екен. Бұл жайлы сахих риуаяттар бар. Олай болса кәпірге жаны ашып олардың азап шегуін қаламайтын адам мейірімге лайық сансыз бейкүнә жандарды аямайды, сұмдық мейірімсіз, жауыз деген сөз. Мынаны ескерген жөн, азапқа лайық
жауыздарға бәле келген кезде мақсұм бейкүнә жандар да күйіп кетеді, оларды аямау мүмкін емес. Дегенмен жауыздардың кесірінен зарарға ұшыраған бейшараларға өзіндік мәрхамат, құпия мол мейірім жасалады.
Дүние жүзілік соғыс кезінде дұшпан кәпірлердің Ислам әлеміне әсіресе бала-шағаға жасаған зұлымдықтарына қатты қайғыратынмын. Бойымда мейірім мен аяныш сезім мол болғандықтан ішім удай ашып, өкініштен өзегім өртеніп кететін. Сонда көкейіме мұндай бір ой келді: Ол жерде өлген бейкүнә жандар шәһид болып әулие дәрежесіне көтерілді, фәни өмірлері бақилыққа айналды, жоғалтқан мал-мүлкі садақа болып мәңгі байлыққа қолы жетті. Тіпті зұлымдыққа ұшыраған кәпір де болса ақыретте өздеріне лайық осы дүнияда шеккен азабына байланысты Иләһи рахым қазынасынан мол сый-сыяпат алатын болады. Егер ғайб пердесі ашылып әлгі байғұс-бейшаралар Аллаһтың рахымы түсіп не ұтқанын көрсе: «О, Раббым! Әлхамдулиллаһ!» деп шексіз қуанар еді. Мұны көзбен көргендей анық білдім. Сөйтіп шамадан тыс мейірімнен пайда болатын уайым-қайғыдан құтылдым.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл жолы сендерге екі нәрсе жіберіп отырмын.
Біріншісі: Мұның бір бөлігін бұдан бұрын жіберген болатынмын. Қазір, мағынауи ескерту келіп, ол толықтырылды әрі өте маңызды екені білдірілді. Бұрынғы Саидтың саясатпен қатысты көне кітаптары оқығандарға пайдасы бар. Дегенмен біршама құпия, әркімге көрсетуге болмайды. Мұны қосымша ретінде тіркеп қоярсыңдар.
Екіншісі: Мағынауи ескертуге байланысты, Рисалей-Нұрдың қызметіне зияны тиюі мүмкін, соңғы кезде шығып жатқан кейбір бөтен кітаптарды өзі білмей сатып алған бір бауырымызға ескерту, ретінде жазылған-ды. Ол жазбалардың парқына бармай Рисалей-Нұрдың басқа тәлабалары өз міндеттерін тоқырауға ұшыратпау үшін жасалған ескертпе. Бұл да қосымша ретінде тіркелуі тиіс.
Сыртына «Хулуси-і Салис» деп қол қойылған маңызды әрі мені қуантқан әрі Кіші Лүтфүнің орынбасары деуге болатын бір кісінің Рисалей-Нұрға зор еңбегі әрі өзінің затындай иелік еткені жайлы
жазылған хатты алдым. Ол кісі кім? Мен оған дұғай-сәлем айтып, құттықтағым келеді. Гүл, Нұр фабрикаларына әу баста Мүбарактар тобындағы бауырларыма жеке-жеке сәлем. Бұл елді нұрландырып, Жұмақтың хош иісімен құлпыртқан әлгі фабрикаларға Хақ Тағаладан сәттілік тілеймін. Қызметтері табысты әрі жалғаса берсін, әмин. Біз осы жақта тұрып олардың жарқын нұрларымен, хош иістерімен бақи әлемнің жұпар иісін сезгендей болдық.
Рисалей-Нұр тәлабаларының хас шәкірттерінен "сахиб", яғни иелері, "уарис", яғни орынбасарлары және хастардың ішінде де хастары болып саналатын "әркан" мен "әсастар" деп аталатын, мықты тіректер тәрізді бауырларыма соңғы күнде болған бір оқиғаға байланысты мына бір ақиқатты білдірсем деймін:
Рисалей-Нұр Ислам ақиқаттарына қатысты мәселелерді түгел қамтып толық қанағаттандырады, басқа кітаптарға қажеттілік туғызбайды. Нақты әрі көптеген тәжірибелерден белгілі болғаны мынау: иманды сақтау және оны қуаттап, тахқиқи дәрежесіне көтерудің ең қысқа әрі оңай жолы Рисалей-Нұр арқылы жүзеге аспақ. Иә, он бес жылдың орнына он бес аптада Рисалей-Нұр сол дәрежеге шығарып шынайы иманға қол жеткізеді. Мына пақыр бауырларың, жиырма жыл бұрын терең зерттеп, талдаумен шұғылданып кейде бір күнде бір том кітапты түсініп талқылайтын еді. Қазір жиырма жылға жуық Құран және Құраннан шыққан Рисаил-і Нұр мені толық қанағаттандыруда. Бірде бір кітапқа мұқтаж болмадым, қолыма басқа кітап ұстамадым. Рисалей-Нұр сан-алуан тақырыптағы ақиқаттарды баяндайтын бола тұра жазылып жатқан кезде жиырма жыл бойы ешбір кітапқа жүгінбедім, қажеттілік сезбедім. Олай болса әлбетте сендер жиырма дәреже қажеттілік сезінбесеңдер керек.
Сондай-ақ, мен сендерге қанағат етіп келдім әрі ете де беремін. Басқаларға қарап, өзгелермен шұғылданбай келемін. Олай болса сендер Рисалей-Нұрға қанағат етулерің керек, тіпті мына заманда міндеттісіңдер. Әрі, қазіргі таңда кейбір ғұламалар небір жаңа кітаптар шығаруда. Олардың ұстанған жолдары, әдістемелері әртүрлі және бидғаттарға ыңғайлы. Сондықтан Рисалей-Нұр дінсіздерге қарсы
иман ақиқаттарын қызғыштай қорғап, олармен күресіп, бидғаттарға қарсы Құранның әріптерін, Құранның хат-жазуын сақтау оның бір міндеті бола тұра хас тәлабалардың ішінен біреуі, Құранның әріптерін, оны жазып, іс жүзінде үйретіп жүрсе дағы бір сезім билеп, неге екені белгісіз, дінді перде қылып жамылып Құранның әріптерін үйренуге үлкен кедергі туғызып, оңдырмай соққы беріп жүрген кейбір молдалардың пайдаланып жүрген қаруларын, яғни кітаптарын сатып алыпты. Менің одан хабарым жоқ. Кенет мені тауда қатты ашу қысып әлгі хас тәлабаға ызаландым. Кейін ескерттім. Әлхамдулиллаһ, есін жиып, Иншаллаһ толық құтылды.
Бауырларым! Ұстанған жолымыз басқаларға тиісіп, шабуыл жасау емес, керісінше қорғану әрі бұзып-қирату емес жөндеу әрі үкім шығару емес, үкімге мойынсұну, бағыну болып табылады. Бізге тиісетіндер көп. Ұстанған жолдарында әлбетте аса маңызды және біздіңде затымыз ұлы ақиқаттар бар. Ол ақиқаттардың жайылуына олар бізге мұқтаж болып жатқан жоқ. Мыңдаған кісілер сол кітаптарды оқып, таратып жүр. Біз егер оларға көмекке барсақ мойнымыздағы аса маңызды әрі жауапкершілігі мол міндет тоқырап, толық атқарылмай қалады. Сондай-ақ, сақталуы қажет әрі жеке топтарға қатысты кейбір негіздер, терең ақиқаттар зая болып жоғалып кетуі мүмкін.
Мысалы, заман ағымын сылтау етіп бір кездері Вахабизмнің жайылуына және Меламиліктің басқа түрін жаю мақсатында шариғаттың кейбір рұқсат тұстарын пайдаланып кітаптар жазылған болатын. Рас, Рисалей-Нұрдың әркімге және жаппай емес, бірақ міндетті түрде Ислам ақиқаттарының шеңберінде жалғасын тауып келе жатқан "әсас-ы уәлает", "әсас-ы тақуа", "әсас-ы азимет", "әсасат-ы Сүннет-і Исламия" сынды, яғни әулиелік негіздері, тақуалықтың шарттары, Ислам қағидаларының негіздері сынды мәселелерді сақтау оның басты міндеті. Амал жоқтық, шарасыздық деген сылтаумен немесе жағдайға байланысты деп оларды тастауға болмайды.
Жазылып, жарыққа шыққанына отыз төрт жыл болғанда "Мүназарат" атты кітап қолыма тиіп, қайта қарап шықтым. Бұрыңғы Саид сол заманғы төңкерістердің әсерленіп және сол кездегі қоғам мен
сыртқы күштердің ықпалында қалып жазған осы тектес еңбектерінде қателіктер бар екенін байқадым. Сол қате-кемшіліктерді ойлап бүкіл болмысыммен истиғфар-тәубе етіп, қатты өкіндім. Хақ Тағаланың рахымынан өтінерім: Иманды жандарды үмітсіздіктен құтқарайын деген ниетпен жіберген қателіктерімді ниетіме қарай мағфират қылсын, кешірсін. Бұрыңғы Саидтың мұндай еңбектерін қарап отырсаң екі негізге сүйеніп жазғаны байқалады. Ол негіздер бекер емес ақиқат. Дегенмен әулиелердің кәшфияты, яғни ашқан сырлары қалайша тәуил керек етеді және садық түстің өзі жоруды керек қылады, сол сияқты мұндай алдын-ала сезіп, хабар берген нәрселер де жорып-жорамалды жасау қажет етеді. Бұрыңғы Саид сол кездегі сезіп-білген екі ақиқатты ешқандай тәуил қылмай, еш жорымай тура баяндап қағазға түсіргені біршама қате әрі шамалы қайшылық байқалады.
Мүміндерді үмітсіздіктен құтқару үшін: "Болашақта бір Нұр шығады!" деп сүйінші хабар берген болатын. Ол келешекті болжай алатын сезімімен Рисалей-Нұрдың, ең сұмдық аласапыран заманда көптеген имандылардың иманын қуаттап, сақтап қалатынын сезіп, сол ниетпен азаттық кезеңдердегі саяси ахуалға қарап ешқандай жорусыз, тәуилсіз, тікелей солай болады деп ойлаған. Оны саясат әлемінде, күш-қуатпен болатын, әрі сан жағынан басым болатын оқиға деп есептеген. Дұрыс сезген бірақ толық дұрыс деуге келмейді.
Бұрыңғы Саид кейбір данышпан саясаткерлер секілді және ерекше дара әдебиетші тұлғалардың сезгеніндей ол да бір сұмдық озбырлық (диктатура) болатынын сезіп оған қарсы қам жасаған-ды. Ол, сезгенін жорытып, жорамал жасау керек бола тұра парқына бармай ресми, әлсіз және озбырлықтың бір көлеңкесін көріп соған қатты шүйліккен-ді. Алайда оны мазалаған біраз уақыт өткен соң болатын озбырлықтың көмескі ұшқыны еді. Оны озбырлықтың өзі деп ойлап қарсылық білдіріп білдір шабуыл жасағаны еңбектерінен байқалады. Мақсаты дұрыс, бірақ нысана қате.
Міне, бұрынғы Саид ертеректе осындай сұмдық озбырлық, өктем диктатура орнайтынын сезген. Оны кейбір еңбектеріде сынға алғандығы байқалады. Ол сұмдық диктатураны тоқтатудың шарасы
"мешрута-и мешруа", яғни шариғатқа сай кеңес, мәселені ақылдасып шешу, сол арқылы құтыламыз деп ойлаған. Шариғат аясында егеменді болып Құранның үкімдерімен санаса отырып әлгі сұмдық диктатура дейтін бәленің бетін қайтарамыз деп соған қарай тырысып бақты. Иә, "Мүназарат" атты кітапта мысқылдап қазғаға түсіріп отырған кейбір жазбалары бар. Оны кезінде ойы ұшқыр жаны нәзік шәкірттерімен қалжыңдаған боп жазған. Өйткені, шәкірттері тауда өзімен бірге болатын. Оларға дәрісті осылай үйрететін. Сондай-ақ, бұл "Мүназарат" рисалесінің өзегі, негізі боп саналатын соңғы жағындағы "Медресе-түз Зәхра" жайлы, оның мән-жайы туралы жазбаға келсек, ол келешекте жарыққа шығатын Рисалей-Нұрға орын дайындау, бір мағынада бесік жасау болып табылады. Бірақ автор өзі парқына бармай, еріксіз түрде болатын, яғни оны бір құдырет жасап жатқан, яғни жасатып жатқан болатын. Автор алдын-ала сезіп сол нұр ақиқаттарына материалдық әлемінен іздеп, сезенімдей болады деп күткен. Дегенмен дәл қазіргі таңда сол ақиқаттың заттық жағы да, яғни көзге көрінетін тұстары да жүзеге аса бастады.
Сол кездегі патша Сұлтан Решат, он тоғыз мың алтын лираны Ван қаласында ірге тасы қаланған сол "Медресе-түз Зәхра" атты оқу орнына аударады. Бірақ бірінші дүние жүзілік соғыс басталып, кейінге қалады. Бес-алты жыл өткен соң Анкараға барып тағы сол мақсатын жүзеге асыруға тырысады. Екі жүз депутаттың жүз алпысы қол қойып әлгі медресеге деген қаражат жүз елу мың банкнотқа жетеді. Алайда, тым өкінішті-ақ, сол жылдары медреселер жабылып жатқан кезең еді. Мен олармен тіл табыса алмай тағы да мақсатым жүзеге аспай кейінге қалды. Бірақ, аса мейірімді Хақ Тағала, менің армандаған медресенің мағынауи түрін Спарта уәлаятында ашуды нәсіп етті, яғни Рисалей-Нұрды сыйлап, жүзеге асырды. Құдай қаласа болашақта Рисалей-Нұр шәкірттері менің арманым әлгі асқақ ақиқаттың заттық түрінің де жүзеге асыуына ат салысар.
Бұрынғы Саид "Иттихад уә Тәракки" комитетіне мүлдем үзілді-кесілді қарсы бола тұра олардың өкіметіне, әсіресе армияға жақтасып, оларды жоғары бағалауы, олардың сапында көрінуі неліктен десең, оның мәнісі мынау: алдын-ала сезу арқылы майы алынбаған сүтке ұқсас әлгі әскери жамағаттың ішінде және сол ұлттық қозғалыстың арасында бір миллионға жуық, әулие дерлік шәһидтер болып, олар
алты-жеті жылдан кейін ортаға шығатынын сезген. Еріксіз түрде - ұстанған жолына қайшы болса дағы - олармен бірге төрт жыл арасында жүрді кейін өздеріңе. Мәлім дүние жүзілік соғыс болғанда әлгі берекелі сүттің майы алынды, құр айраны қалды. Жаңа Саид болса Бұрығы Саидтан мүлдем басқаша дінге қызметін қайта жаңғыртып рухани күресін жалғастыра берді.
Ақырзаманда көктен Хазіреті Иса (аллейхиссәлам) түсетіні және Тажалды өлтіретіні жайлы сахих хадистердің мән-мағынасын түсінбегендіктен кейбір ғалым-сымақтар әлгі риуаят пен хадистің сыртына қарап өздерінше ақылға қонымсыз түрде суреттеп мүмін-халыққа зиян келтірді. Діннен безгендер мұндай сырт көзге ақылға сыймайтын көрінетін хадистерді желеу етіп Ислам ақиқаттарына күмәнмен қарап тиісіп бақты. Рисалей-Нұр осы тектес мүтәшабих хадистердің хақиқи тәуилін яғни мән мағынасын Құранның фейзімен ашықтап көрсетіп берген. Әзірге үлгі ретінде бір ғана мысалын баяндап берелік:
Хазіреті Иса алейһиссалам Тажалмен шайқасып оны өлтірер кезде шамамен он аршын секіріп соның өзінде қылышы оның тізесіне ғана жетеді екен. Демек Тажалдың дене бітімі Хазреті Иса пайғамбардан сонша есе үлкен деген мағынада риуаяттар бар. Сонымен Тажал Иса пайғамбардан он, тіпті жиырма есе биік болғаны ғой. Бұл риуаяттың сыртқы мағынасы дүнияның өлшемдерге емтихан сырына сәйкес келмейтіні секілді адамзат әлемінде әдет болған Аллаһтың заң-ережелеріне де үйлеспейді. Алайда осы хадис, риуаятты Құдай сақтасын, мухал, яғни мүмкін емес, аңыз деп санайтын кәпірлердің үнін өшіру үшін, сондай-ақ, молдасымақ, көргенін ақиқат деп қабылдайтын және сол хадистің кейбір ақиқат тұстарын көзбен көре тұра әлі күнге шейін енді келеді деп күтіп жүргендерді ескерту мақсатында аталған хадистің дәл осы заманға қатысты мағыналары ақиқат, нағыз шындық, дәлме-дәл сәйкес екендігін көрсетуге тура келіп тұр.
Сонымен, Иса пайғамбардың дінін және сол діннің бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрін сақтаймын деп ортаға шыққан үкіметпен сондай-ақ ресми түрде өзінің бас пайдасы үшін қараңғы дінсіздікті
ұстанып, болшевизмге көмектесіп, дінсіздікті қуаттаған бір үкіметті алайық. Сасық әрі болмашы пайда үшін Ислам әлемінде және Азияда дінсіздіктің жайылуына тараптар және бүлікшіл, озбыр әлгі үкіметке соғыс ашқан алғашқы үкіметтің мағынауи тұлғасын адам бейнесінде суреттейтін болсақ, сосын дінсіздік ұғымды жақтайтындарды да бір адам бейнесінде суреттесек үш тұрғыдан әлгі хадистің мағыналары ашылып, тура екенін заман, қазіргі жағдай көрсетіп. Егер қазірде басым күшке ие үкімет, бұл соғыста жеңіске жетсе манағы хадистің ишари мағынасы сарих, яғни ашық түрде ортаға шығады. Егер толық жеңбесе де ишари мағынамен соған саяды.
Біріншіден: Иса пайғамбардың дінін сақтап оны шынайы түрде ұстанамыз деген Исауилік руханилерді бір жамағат деп қарап, ал оларға қарсы дінсіздікті жайғысы келетін қарсыластарды бір жамағат деп, екеуін қатар қойып сомдап қараса біреуі мұнарадай ұзын бір адам, ал екіншісі кішкентай бір бала болып шығар еді.
Екіншіден: Ресми түрде жариялап, бір Құдайға сеніп жер жүзінде дінсіздікті жоямын, Исламды, жалпы мұсылмандарды қорғаймын деген үкіметтің халық саны жүз миллион дейтін болсақ, оны өзіне қарсы төрт жүз миллионға жуық халқы бар екінші елмен салыстырсақ сондай-ақ, төрт жүз миллион халқы және одақтастары бар болшевиктерге тұтқиылдан соққы берген жаңағы үкіметтің мағынауи тұлғасын өздерімен соғысып жатқан дінсіздерді және оларға жақтастарды бір мағынауи тұлға ретінде қарап, ойша денеге айналдырсақ тағы да мұнарадай биік біреумен бойы аласа біреу көз алдымызға елестейді. Риуаятта былай делінген: "Тажал дүнияны жаулап алады!", яғни мұның мағынасы жалпы көпшілік оны жақтап, тараптар болады деген сөз. Рас, жағдай солай болды.
Үшіншіден: Егер Жер шарының төрт материгінің ішінде {(Сілтеме): Австралия назарға алынбаған.} ең кішкентайы Европаның және оның да төрттен бірі болмайтын бір ел, Азиядағы көптеген елдерді, сондай-ақ, Африка, Америка, Австралияны тізе бүктіріп үстем келген және Иса пайғамбардың атынан, оның уәкілі ретіндегі бір елмен одақ құрып, дінге сүйеніп осылайша өктемшіл диктатор, дінсіз ағымдарға қарсы аспаннан парашюттермен түсіп шайқасып елді өзіне қарсылас елдермен бірге қойып оларды адам бейнесінде суреттеп салыстырар болса, бұрынғы
заманда газеттерде суреттелгеніндей бір елдің қарулы күштерін, дәреже-деңгейін көрсету мақсатында олардың мағынауи болмысы жер шары картасында адам бейнесінде суреттелсе шәриф хадистің ғайби хабарының ақырзаманға қатысты бірнеше мағыналарының бір мағынасы дәлме-дәл, толық түрде көрінер еді.
Тіпті, Иса пайғамбардың (а.с) аспаннан түсетініне ишара қылғандай Иса пайғамбардың атынан шыққан бір топ, осы кезге дейін соғыс тарихында болмаған таңғажайып түрде ұшақтармен, парашюттермен аспаннан шабуылдап, көктен бір бәле түскендей дұшпандарын састырып, төбеден соққы беруде. Бұл, Хазреті Иса пайғамбардың көктен түсетінінің заттық тұрғыдағы бір көрінісі деуге болар. Иә, киелі хадистің айтқанындай Иса пайғамбардың көктен түсетіні анық. Сонымен қатар ишари мағынасымен басқа да ақиқаттарды білдіргені секілді осы ақиқатты да мұғжиза түрде білдіріп отыр. Кіші Хусрев деуге лайық Фәйзи мен Әминнің сұрағына және олардың қалауына байланысты кейбір бейшаралардың имандарын шәк-шүбәдан құтқару мақсатымен бұл тақырыпқа қатысты бір-екі әрі кетсе үш-төрт жол жазу жазып қоя салармын деп бастап едім, еріксіз түрде ұзады. Неге екенінің, хикмет-сырын біле алмадық, мүмкін бір хикметі бар шығар деп сол күйінде қалды. Айыпқа бұйырмаңдар! Бұл жазбаны тексеріп, жөндеуге уақыт таба алмадық, шимай хәліндегідей жазылды.
Ғазиз бауырларым, адал достарым!
Көп жасаңдар, бақытты болыңдар! Сендердің ықыласты қайрат-жігерлерің осы өңірді және басқа да өңірлерді ынталандырып, құлшыныстарын оятуда. Хақ тағалаға шексіз шүкір, күннен күнге Рисалей-Нұрдың футухаты яғни жеңісі артып келеді. Иман иелері рухани жараларын сезініп, Рисалей-Нұрдан дәрі-дәрмекті тауып пайдаланып жатыр.
Хафыз Алидың хатында жазған екі аяттың ишарасына мұқият қарап шықтық. Біз де Нұр фабрикасының иесіне ұқсап қатты қуанып, көңіліміз бір көтеріліп қалды. Бірақ Рисалей-Нұрды ғайби ишарамен хабар берген отыз үш аят شَهِدَ اللّٰهُ аятымен аяқталғандықтан осы соңғы жіберген екі аяттың өзіндік ишараларына жол ашылмады. Сондай-ақ, отыз үш аяттың қайсының қосымшасы болатыны әзірге белгісіз. Тек мынаны ғана түсіндік: بِاَيْد۪ى سَفَرَةٍ ٭ كِرَامٍ بَرَرَةٍ сөзі Рисалей-Нұрдың жаюшылары мен көшіріп жазушыларын ишари мағынамен меңзейді екен.
Сондай-ақ,
сөзі де Рисалей-Нұрдың бөлімдерін, парақтарын, кітаптарын ишари мағынамен меңзеп тұр. Алайда, джифр есеп бойынша мың үш жүз алпыстан сәл аса ол жағдай жарқын көрінеді деп қысқа-нұсқа тұжырым жасадық. Гүл фабрикасы бізге керемет Мұхаммеди гүл (с.а.у) бақшасын тарту етеміз деп еді. Соны жан тәнімізбен асыға күтудеміз. Бұл заманда Құдайға шүкір, көркем сүннет саясында кәміл иманға қолы жеткен Рисалей-Нұр шәкірттері әулие-мүршидтердің назарын аударатындай дәрежеге жеткендіктен әр кезеңде болатын нағыз мүршид-ұстаздар, қазіргі таңда міндетті түрде Рисалей-Нұр шәкірттеріне қызығушылық көрсетіп біреуін тапса жиырма мүрид-пірәдар тапқандай мән берер еді. Сондай-ақ, әулиелік жол зауықты әрі қызық та тартымды бола тұра Рисалей-Нұр қызметіндегі мәшақат, қиыншылық, күрес пен ауыртпашылық әлдеқайда жағымды әрі тартымды болуының сырын баяндап берейін. Фәйзиге жазылған ол ақиқат сендерге де пайдасы болар деген ниетпен жіберіп отырмыз. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем.
Фәйзи бауырым! Сен, Спарта уәлиятындағы батырларға ұқсағың келсе дәл олар сияқты болуың керек. Абақтыда - Аллаһ рахымына бөлесін - атақты шәйх, үлкен бір пір әрі мүршид және адамды өзіне еріксіз тартып алатын Нақшибәнди әулие бір кісі Рисалей-Нұрдың елу шәкіртінің ішінде жүріп төрт ай бойы тынбастан қызықты да тартымды сұхбат жүргізсе дағы өзіне бір ғана шәкіртті тарта алды, ол да уақытша еді. Қалған шәкірттер әлгі әсері күшті пірге
суыққанды, өз жолына қанағаттанарлық сыңай танытты. Оларға Рисалей-Нұрдың шоқтығы биік, маңызы зор иман қызметі жеткілікті болатын, олар соған қанағат етті. Әлгі шәкірттердің өткір көкірек көздері мына ақиқатты көріп, аңғарған: Рисалей-Нұр арқылы қызмет иманды сақтап қалады, ал тариқат, пір, әулиелік жол болса әулиелік дәрежеңді көтеріп, соған қол жеткізеді.
Бір адамның иманын сақтап қалу қызметі он мүмінді, яғни иманы бар кісіні әулие дәрежесіне жеткізуден әлдеқайда маңыздырақ, сауапты іс. Өйткені иман адамды мәңгі бақытқа бөлейтіндіктен мүмін жер шарындай бақи сән-салтанатқа ие болады. Ал әулиелік болса мүміннің жәннатын, жұмақтағы мәртебесін көтереді. Бір адамды сұлтан-патша қылу он солдатты генерал қылудан қаншалықты маңызды қызмет болса бір адамның иманын сақтап қалу он адамды әулие қылудан әлдеқайда маңызды да сауапты қызмет. Міне, осы терең сырды сенің Спарталық бауырларыңның кейбірі ақылмен білмесе де барлығы дерлік көкірек көзімен көрсе керек, мендей бейшара, күнәһар адаммен дос болуды әулиелермен, егер болса мүджтаһид, асфиялармен дос болудан жоғары санауда. Осы ақиқатқа орай айтпағым, егер осы қалаға бір қутуб, яғни рухани мәртебесі тым жоғары айталық Ғаус-ы Ағзам Шәйх Гәйлани келсе, сөйтіп сені "он күнде әулие қыламын, жоғары мәртебеге шығарамын", десе, сен Рисалей-Нұрды тастап оның жанына кетіп қалсаң Спарталық батырларға жолдас бола алмайсың.
Ғазиз және адал бауырларым! Жанкешті де сенімді достарым!
Біріншіден: Сендерге мына келе жатқан қасиетті үш айларың және оның ішіндегі қымбатты мүбарак түндерің құтты болсын демекпін. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Рәғайыб, Қадір түніндей сауапты да берекелі қылсын, әмин.
Екіншіден: Сендердің осы жолғы нұрлы кәделеріңе дән риза болдым. Аса мейірімді Аллаһ тағала әрбір әрпіне мың сауап жазсын және Асым бауырымыздың рухын рахымына бөлеп, жатқан жері жәйлі болсын.
Үшіншіден: Қасиетті Құранның және Рисалей-Нұрдың қазыналарын ашатын кәрамат, алтын кілт тәріздес Хүсревтің қаламы расында Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизаларының құпия сырларын ашып, әсем тұстарын көзі бар әркімге жарқын түрде көрсетуде. Аллаһ Тағала ол қаламды осы қызметте жұмсап, сәтті әрі әрдайымғы қылсын, әмин.
Мүбарактар тобының үлкен қаһарманы Үлкен Алидың қызметіне ұқсас Кіші Алидың Құран мұғжизалары жазбасы Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизасына сай дәрежеде бақи жақұттай қымбат әрі бақи. Әрхам-үр Рахимин жазған кісіге әрбір әрпіне он сауаптан жарылқап мейіріміне бөлесін, әмин.
Мехмет Тахири, Кіші Лүтфүнің соңынан ерген ізбасары және Атабейдің қаһарманының осы өңірге жолдаған нұрлы да керемет сый-кәделері біз үшін өте қымбатты сый. Рахман-үр Рахим өзінің рахым қазынасынан оған және әкесіне әрбір әрпі үшін, әрбір сөзі үшін рахым жаудырсын, әмин. Айдынлық Хасан Улвидың ұшқыр
қаламы иншаллаһ марқұм Асымның аяқталмай қалған нұр міндетін толықтырмақ және ұшқыр қаламымен Асым мен Лүтфүнің рухтарын шаттыққа бөлемек. Оның кішкентай сыйлығы болашақта үлкен қызмет ететінінің белгі-нышаны ретінде жоғары бағаға ие. Аллаһ оған риза болсын, әмин. Рисалей-Нұрдың қызметінде үлкен рөл ойнайтын және рисалелерде сұрақ қою арқылы төрден орын алған және сол арқылы рухани түрде бірге жүретін бауырымыз Рәфәт бэйдің хатына, сондай-ақ, Гүл фабрикасының уәкілі "Мұхаммеди гүл" атты бау-бақша еккен Хүсрев бауырымыздың хатына жеке-жеке жауап хат жазғым келеді, бірақ әзірге уақыт тар, мүмкіншілік болмай тұр.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің хаттарыңа қатты қуанғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әсіресе Хусревтің аса қымбат екі хатында Хажы Хафыздың ауылында Рисалей-Нұрдың қарқынды түрде тарап жатқанын естіп қатты қуандым. Ол екі хатты бойтұмар секілді немесе айғақ ретінде сақтап, осы өңірдегі тәлабаларды құлшындыру үшін көрсетіп жатырмыз. Рисалей-Нұр Құранның мағынауи мұғжизасы болғанындай, Хусревтің де қаламы Рисалей-Нұрдың үлкен бір кәраматы екені осы жергілікті шәкірттер тарапынан күнде мойындалып көзге көрініп-ақ жатыр. Хүсревтің хатына ұзақ хатпен жауап жазғымыз келеді, бірақ оған мүмкіндік болмай тұр. Мүбарактардың батыр шәкірті Кіші Алидың жазған хаты маған үлкен үміт сыйлады. Оның ағасы және марқұм Абдрахманның нағыз орынбасары, мүбарак Мұстафа Хулусидың Хафыз Ахмед дейтін мүбарак баласы әкесі мен көкесіне ұқсап Рисалей-Нұрға қызмет етіп жатқанын естіп қатты қуандым. Бейне бір Абдрахман қайта тіріліп келгендей риза болдым. Арас Атабэйден шыққан және бұрыңғы Лүтфү, Зәкаи дейтін екі қымбатты шәкірттерді жоқтатпай, олардың орнын басып, солар сияқты Арастың қаһарманы Тахир мен Абдуллаһ Чавуш бауырларымыздың Рисалей-Нұрға аянбай қызмет етуі, менің Арас туралы уайымымды түбірімен жоқ қылды. Исмаил ұлы Хүсейіннің сырқаттанып қалғаны болмаған екен. Иншаллаһ ол дәл
Лүтфү сияқты көп қызмет етеді. Сендерден келген хаттарға біршама түзету жасалып лахикаға, яғни қосымша ретінде кітапқа енуде. Сендерге бұл жолы құпия اِنَّٓا اَعْطَيْنَا сырындағы ғайби, астарлы мағынасындағы қысқа ақиқатқа қатысты көкейге кенеттен келген жазбаны, сосын оның қасына да "Тәсәттүр" рисалесіне сілтеме болатын жазбаны жіберіп отырмыз.
Бұл қасиетті үш айлар сексен жылдан астам мағынауи өмір сыйлайды. Олай болса әлбетте сендердей мүджаһит батырлар оны тиімді пайдаланбақ. Хақ тағала әрбір түнін сендерге Миғраж, Барат және Қадір түні секілді қымбатты да сауапты қылсын, әмин.
Ғазиз бауырларым!
Құпия اِنَّٓا اَعْطَيْنَا деген жазбамда джифр арқылы шығарған мағына дәл «Мүназарат» рисалесіндегі «келешекте бір нұр шығады, көреміз әлі» деген ғайби сүйінші хабарға ұқсайды. Ол жерде дұрыс әрі илһаммен келген ақиқатты пікірге салып қателесіппін. Ол қателігім мені көп ойландыратын. Мүназарат, Сунухат секілді рисалелердегі нұр жайлы сүйінші хабарына келсек, ол мәселені Рисалей-Нұр толық шешіп берді. Саяси кең шеңбердің орнына әлдеқайда маңызды нұр шеңбері арқылы ол қатемді түзеткені секілді әлгі اِنَّٓا اَعْطَيْنَا дейтін жазбамда "он екі, он үш жылдан кейін Исламға қиянат жасағандардың бастарына қияметке дейін ұмытылмайтын сұмдық бәле келеді!" деген мағынада джифри есеппен берген хабарым негізінде кең шеңберде болатын, шатасып нұр шығатын тар шеңберде, белгілі бір өкіметте деп ойлаппын. Пікірім әлгі кең шеңберді қамти алмай ақиқаттың бейнесін өзгертіп жіберіпті. Алайда, сол хабар-белгінің көрсеткені уақытында әлгі режимнің құрушысы және көсемі өліп, сазайын тартты. Дәл сол жылы астыртын әрі дүниенің жартысын, адамзаттың басым көпшілігін бұғаулап, өктемдік жүргізіп келген сұмдық ағымның өзегі және түймесі шешіліп және мағыналық жағынан мыңдаған басының бір басы, сондай-ақ, ең қауіптісі, яғни әлгі қарасы құрыған адам, сазайын тартқан кезде дәл сол мезгілде жыл өтпей жатып ол қауіпті ағымның бүкіл бастары және жақтастары
аспани бәлелерге, түрі жаман пәлекеттерге ұшырай бастады. Олар сол азапты қияметке дейін тартады, тартыпта жатыр. Дәстүрлі діндерге және дін Исламға жасаған қиянаттарының жазасын кең шеңберде тартты, тартуда. Азғын мәдениеттің лас қоқыстарымен дүнияны ластағандары үшін жоғарыда көрсеткен жыл-тарихта әлгі мәдениеттің басындағылар аспани бәлеге ұшырап, таяқ жеді. Сөйтіп оларды жабайылықтың ең төменгі дәрежесіне бірақ түсірді.
Сонымен, اِنَّٓا اَعْطَيْنَا жазбасында ауқымы кең шеңберде болатын оқиғаны тар шеңберде деп, солай жорылған еді. Ал бір нұрдың шығатыны туралы сүйінші хабар тар және рухани бірақ мәртебесі жоғары шеңберде болатын, бірақ оны кең және материалдық бейнеде суреттелген. Хақ тағалаға жүз мың шүкір етемін, осы аталған екі қателігімді қуатты рухани ескерту арқылы жөндеп түзетті. يُبَدِّلُ اللّٰهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ сырына бөледі.
Ғазиз бауырларым!
Абай болыңдар, осы жазбаны, яғни әркімге айтыла бермейтін сырды паш етпеңдер және ол рисалені де терең зерттеп, көп шұғылданбаңдар! Тек сенімді, зияны жоқ деген хас шәкірттерге көрсетерсіңдер!
Ғазиз, адал бауырларым! Бұл жолғы хаттарың келмей тұрып көкейге ескертпе жасалып сұрақ өз жауабын кәрамат түрде жазғызыпты. Демек, хатты жазғандардың шынайы ықыласы кәрамат дәрежесіне жеткен.
Бауырларым, хаттарыңды оқып отырып ұшқыр пікірлеріңе, жоғары баға бергендеріңе риза болып ол жердегі мақтауға мыңнан біріне ие болсам шүкір етемін. Негізінде Рисалей-Нұрдың рухани тұлғасының және саны көп шәкірттерінің арасында біз білмейтін мәртебесі жоғары біреудің әсері байқалады, сол үкім жүргізіп тұрғандай. Бірақ
оны мен секілді дәрежесі мың есе төмен бейшарамен шатастырады. Ақым жоқ бола тұра маған асыра сілтеп берген мақам-мәртебелерің иншаллаһ сендерге зияны тие қоймас. Дегенмен, Рисалей-Нұрдың қарқынды бет алысына зиян келтіруі мүмкін. Сендер бір ақиқатты сезіп отырсыңдар және кіршіксіз адалдықтарың, ыстық ықыластарың дұрыс көретін шығар, алайда сыртқы көрініс алдауы мүмкін. Біздің міндеттіміз қызмет ету, ал нәтиже, табысты болу ол Аллаһтың ісі.
(Аса маңызды)
Рисалей-Нұр тәлабаларынан кейбір бауырларым мені шамадан тыс артық бағалап, әсірелеп жіберген тұстарын жөндеп, түзету мақсатында көкейге келген ескі бір естелік.
Бұдан қырық-елу жыл бұрын үлкен ағам Молла Абдуллаһ (рахмәтуллаһ алейһ) екеуміздің арамызда болған әңгімені баяндап берейін. Менің марқұм бауырым ірі тұлға, әрі әулие Хазіреті Зияәддиннің (құддус-ы сырруху) хас мүриді болатын. Тариқатта Муридін яғни шәкірт мүршид-ұстазын асыра сілтеп, қатты жақсы көру, шамадан тыс жағымды көру мақбұл, саналады яғни қабыл көретіндіктен бір күні сол марқұм бауырым маған былай деді:
"Хазіреті Зияәддин бүкіл ілімді меңгерген. Ол ұлық қутуб сынды білмейтіні жоқ!" деп осылайша мені өздеріне тарту үшін пірінің таңғажайып қасиеттерін айта бастады.
Мен ол бауырыма былай дедім: "Сен асыра сілтеп мақтадың. Екеуміз кездессек оны көп мәселеде жеңіп тастай аламын. Әрі, сен оны мен секілді шынайы жақсы көрмейсің. Неге десең, әлемдегі бүкіл ілімді меңгерген ұлық кұтуб түрінде қиялдап, сол қиялыңдағы Зияәддинді жақсы көріп отырсың, яғни сол жағына көңілің ауып, жақсы көресің. Егер ғайып пердесі ашылып, ақиқат ортаға шықса, оның кім екені көрінсе сендегі сүйінпеншілік пен құрмет я жоғалып зая болады я болмаса төрттен үші кетіп азайып кетер еді.
Алайда мен ол мүбарак кісіні сен секілді қатты жақсы көремін, жоғары бағалаймын. Өйткені, ол көркем сүннет аясында, тура жолда жүріп имандыларға таза әрі әсерлі қызмет еткен аса қымбатты рухани жетекші. Сондықтан жеке тұлғалық мәртебесі қандай болса да атқарған қызметі үшін жанымды пида етуге дайынмын. Перде
ашылса, кім екені анықталса мен артқа шегінбек түгіл немесе бас тарту немесе сый-құрметті азайту емес, керісінше одан бетер құрметтеп, жоғары бағалап жақындай түсемін. Олай болса мен нағыз Зияәддинді, ал сен болсаң қиялыңдағы бір Зияәддинді жақсы көресің!". {(Сілтеме): Өйткені сен оған деген сүйіспеншілігіңді қымбатқа сатып отырсың. Берген бағаңнан жүз есе артық ақы сұрайсың. Алайда ол кісінің шынайы мәртебесінің құны ең жоғары махаббатқа лайық.} Менің ағам өте ынсапты әрі зерек, көзі ашық ғалым кісі болғандықтан менің көзқарасымды қабылдап дән риза болды.
Уа, Рисалей-Нұрдың қымбатты тәлабалары және менен де бақытты, менен де жанкешті бауырларым! Сендердің мен туралы жеке тұлға ретінде жақсы ойларың сендерге зияны тие қоймас. Дегенмен сендердей ақиқатты түсінген кісілер адамның атқарған міндетіне, жасаған қызметіне қарап соған қарай сый-құрмет жасауы керек. Перде ашылса менің бірде-бір сау жері жоқ кемшін болмысым көрінсе мүмкін менен қашып кетерсіңдер. Сендер қашып кетпесін деп әрі өкініп қалмауларың үшін жеке басыма көп мән беріп, асыра сілтеп, жоғары мәртебелі санап сондай оймен құрметтеп достық құрмаңдар. Мен сендерге бауыр, жолдаспын деуге болады. Тәрбиеші, мүршид болу қолымнан келмес. Керек болса ұстаз да емеспін, тіпті бірге сабақ алып жүрген, мен де бір тәләбәмын. Мен сендердің дұғаларыңа мұқтажбын және кемшіліктеріме мейріммен қарап, дұға етулеріңе, қамқорлықтарыңа зәрумін. Сендер менен көмек күтпей керісінше маған демеу болыңдар. Сендерден көмек сұрауға менің ақым бар.
Хақ тағала жарылқап, өзінің мол мейірімімен сендермен бірге аса қымбат әрі әрбір иманды жанға пайдалы өте киелі де маңызды, қызметті өзара бөлісіп атқаруды нәсіп етіпті. Арамызда ауызбіршілік пен татулықтан туындаған рухани тұлға бар. Соның қасиеттілігі, маңыздылығы, ұстаздығы, тәрбиесі бізге жетеді. Сондай-ақ, бұл заманда иманға қызмет ету бәрінен де маңыздырақ болып тұр. Және мәселе санда емес сапада. Сондай-ақ, мәңгі де тұрақты және әрдайым өзекті ешқашан маңыздылығын жоймайтын, иманға қызмет бәрінен жоғары. Оның қасында құбылмалы, уақытша саяси ахуалдың құны жоқ, өлшем бола алмайды, ұйытқы бола алмайды. Рисалей-Нұрдың тәлім-тәрбиесіне сондай-ақ қызметіміз үшін берілетін нұрлы
фәйіздерге, рухани мәртебелерге қанағат етуіміз керек. Шамасынан тыс жоғары баға беріп, асыра сілтеп мақтап-мадақтаудың орнына өзара адал әрі тығыз байланыста болып, табандылық, ыстық ықылас танытуымыз қажет. Соған көп мән беріп, өзімізді сол тұрғыда жетілдірейік.
Ғазиз әрі адал бауырларым!
Рисалей-Нұрдың ержүрек батыры Хүсревтің осы жолғы жіберген киелі екі сый-кәдесі, әрі оны кәрамат түрде мағынауи ғажаптығын көзге шұқып тұрып көрсеткендей дәл мына қасиетті үш айларда бізге және осы аймаққа жіберуі Рисалей-Нұрдың назарымен қарағанда таңғажайып зор қызмет болып саналады. Иншаллаһ, ол гүл фабрикасының жүйрік қаламы осы өңірлерді де гүлстанға айналдырады деген зор сенімдеміз. Хақ тағала сол қаламның иесіне Құранның әрпі қанша болса сонша, яғни Қадір түні секілді отыз мың сауап, рахмәт, жақсылық жазсын, әмин, әмин, әмин.
Ғазиз бауырларым!
Адал ниеттеріңнен пайда болған және мен туралы шамамнан тыс тым жақсы ойларыңа байланысты бұдан бұрын берген жауабыма қосымша ретінде төмендегі жазбаны екі күн бұрын жазған едік. Сендердің керемет адал ниеттерің, ынта-ықыластарыңнан туындаған бір апта бұрыңғы хаттарыңа жауап ретінде олай әсірелеп жоғары бағаламау керек туралы айтуымның хикмет-сыры мынау:
Қазіргі таңда сұмдық жойқын әрі ықпалы күшті ағымдар бар. Ол, әрнәрсені өзіне иіріп алып кететіндіктен, айталық, көптен күткен тұлғаның өзі келген күннің өзінде, қызметі әлгі ағымдардың ықпалында қалмауы үшін өзін саясаттан, саяси ахуалдан аулақ ұстап, бағыт-бағдарын өзгертеді деп ойлаймын.
Әрі, үш мәселе бар. Біреуі: хаят (тұрмыс-тіршілік): Біреуі: Шариғат (заң-ережелер): Біреуі: Иман.
Негізінде ең маңыздысы және ең ұлығы иман мәселесі. Бірақ қазіргі таңда адамдардың назарында, әлемдегі жағдай да соны көрсетіп тұр, ең маңызды әрі өзекті мәселе хаят пен шариғат болып тұр. Сол үшін әлгі күтілген тұлға қазір келсе дағы үш мәселені жаппай қолға алып дүниенің хал-ахуалын, жалпы жағдайды өзгертіп жіберуі әрине адамзат тарихында болмаған оқиға, бұл Аллаһтың бұрыннан келе жатқан әдетіне қайшы құбылыс. Сондықтан міндетті түрде ол, ең маңызды мәселені қолға қылып басқаларын екінші, үшінші кезекке шегереді. Сонда халықтың назарында иман қызметі өзінің кіршіксіз саф, дүниялық кірлерден таза екендігі көрініп құндылығы сақталып қалады. Сөйтіп алдануы оңай ауам халыққа бұл қызметтің өзге мақсаттарға құрал бола алмайтыны анықталып, баршаның көзі жетіп, қанағаттанады.
Сондай-ақ, жиырма жылдан бері қоғамды ойрандап, зұлымдықтың небір түрі жасалудың кесірінен ахлақ, мінез-құлық бұзылған. Әрі табандылық азайып адалдыққа шек келгені сонша оның тіпті жиырма адамның біреуіне сенуге болмайды. Мұндай сұмдық жағдайда өте мықты табандылық, қайтпас қайсарлық, шынайы адалдық және Исламға қамқорлық сезімі қажет, әйтпесе мақсат жүзеге аспай, сәтсіздікке ұшырап әрі зиянға ұшырайды. Демек, ең таза, пәк әрі сау-саламатты және аса маңызды әрі табысты қызмет Рисалей-Нұр шәкірттерінің шұғылданып жүрген киелі қызмет.
Жарайды... бұл тұрғыда осы жазғанымыз жетер. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем және алда келе жатқан мүбарак күндерде сендерге дұға етеміз. Сендерден де сол қасиетті күндер мен түндерде жасалатын мақбұл дұға-тілектеріңді күтеміз. Тахиридің жазған сый-кәде Лемағат, алдық. Ол біз үшін аса құнды сыйлық болды. Иншааллаһ, олардың бұл еңбегі осы аймақта пайдаға жарап, иелеріне сауап жаздырар. Тахири бауырымыз айнымаған Лүтфи. Оған Аллаһтан сәттілік тілейміз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Әуелі: Сендердің Барат түндеріңді және келе жатқан Рамазандарыңды құттықтаймын. Оның ішінде Қадір түні бізге және сендерге мың айдан да қайырлы, берекелі болып, амал дәптерлеріңе солай еселеп сауап жазылуын Хақ тағаладан нияз етіп жалбарына сұраймыз. Осылайша айтқа шейін:
деп дұға етуге ниет еттік. Сондай-ақ, сендердің мұғжизалы екі Құран Кәрімді жазып, оны осы мүбарак айларда жібергендерің берекетке ұйытқы, мол сауапқа себеп, жақсылыққа желеу, жеңіске жетелер күш болар иншаалаһ. Сөйтіп Рамазандағы әрбір күніміз Қадір түніндей берекелі өтуін Аллаһтың рахымынан үміттене күтеміз. Қазірден бастап біз былай жасауды ұйғардық: Екі Құранды Рамазан айында Нұр шәкірттері боп әрқайсымыз бір парасын сендермен бөлісе отырып бірге оқысақ дейміз. Сонда күнде бір хатым түсіп, рухани әрі ауқымы кең мәжіліс секілді ішіне Спарта, Қастомону қалаларын қамтитын алқа құрып Рисалей-Нұр тәлабалары және сол алқаның ортасында сендер болып, айнала Рисалей-Нұр шәкірттері қоршаған күйде, Нақши тариқатындағы "хатме-и хажеган" сияқты бірақ одан әлдеқайда кең шеңберде Рисалей-Нұрдың бүкіл шәкірттері рухани түрде сол жерде отырғандай, сондай ниетпен оқысақ, сөйтіп әлгіндей киелі Құран хатым түсірсек дейміз. Хақ тағала осы ниетіміздің жүзеге асуын нәсіп етсін деп дұға етеміз.
Екіншіден: Қажы Хафыздың Сав ауылының батыр тәлабаларының керемет қызметтері өз өңірінде халықты құлшындырып, қайрат-жігерін оятып, үлгі-өнеге болғаны секілді осы аймақта да олардың ынта-жігер, күш-қайраттары халықтың оянуына, қызығуына себеп болуда әрі жақсы өнеге болып жатыр. Қаһарман Хусревтің олар туралы жазған хаты берекелі бойтұмар сияқты жалқаулық, салғырттық ауруына ұшырағандарға шипа болып, қолдан қолға жетіп, оқылуда.
Үшіншіден: Сендер жазған маңызы зор хаттарыңды лахикаға ендірдік. Бірақ кейбір жерлерін және асыра сілтенген мақтау сөздерді алып тастадық, ренжімеңдер.
Төртіншіден: Ислам көйі мен Куле өнү ортасына орналасқан және Сыддық Сабри, Лүтфи секілді тәлабалар жетілдіріп шығарған Ата Бэй ауылын көп ойлаушы едім. "Ойпырм-ай, бұл ауыл неліктен артта қалып, тым-тырыс" деп уайымдайтынмын.
Хақ тағалаға шексіз шүкір, енді ол ауылдан Тахир мен Абдуллаһ Чавуш шығып жүрегім тынышталып, уайымнан құтылдым. Екеуінен үмітім зор. Тіпті Тахирдың осы жолғы кәдесі Лемалар мен Жетінші Шуаны топтап бір том жасап мұқият оқып шықтым. Тахирдың бойынан бір Хүсрев, бір Лүтфи, бір Асым көрдім. Хақ тағала одан және сендерден мәңгі бақи риза болсын. Оның сол еңбегі орасан зор қызмет етеді, иншаллаһ. Құран Кәрімнен алынған "Хизб-үл Әкбар-үл Ағзам" деп аталатын кітапшадағы бес жүзден аса аяттарды - негізінде ол аяттар Рисалей-Нұрдың қайнар көзі мен негіздері боп табылады - теріп жазып қойдық. Оны сендерге осы Рамазанда жіберуге үлгере алмадық. Иншааллаһ, уақыты келгенде жіберерміз.
Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етемін және осы қасиетті күндерде, мүбарак түндерде бізге дұға етуін сұраймыз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Ғаус-ы Ағзамның فَاِنَّكَ مَحْرُوسٌ بِعَيْنِ الْعِنَايَةِ деген яғни "Бәле-жәледен" аман боласың мағынасындағы сөзі, расымен Рисалей-Нұр шәкірттері туралы екені толық расталып, дәл шығуда. Иншааллаһ, Хусрев, Рүшдү, Рәфәт сынды бауырларымыздың жырақтап қалуы сырттай қарағанда өкінішті әрі зиянды секілді көрінетіні рас. Бірақ Аллаһтың рахымы оны өте қайырлы түрге енгізер деп үміттенеміз. Тіпті абақтыға қамалуымыз сырт көзге азап сияқты көрінгені рас, дегенмен ақиқатында қызмет тұрғысында үлкен инает, қамқорлық, мейірім боп шықты емес пе? Құдайға шүкір, сендердің қажыр-қайраттарыңның арқасында ол аймақта көптеген Хүсревтер ортаға шыққалы тұр. Мүмкін, көптен бері тынбастан аянбай еңбек еткен Хүсревке демалыс керек болып, үзіліске шығарылған болар. Оның жүйрік қаламының орнына оның өткір тілі, сүттей пәк хал-ахуалы киелі қызметті жалғастырып жатыр деп үміттенеміз. Фәйзи мен Салахаддинің әскери борышын өтеуге кеткені солай берекелі болды емес пе!?
Бауырларым! Соңғы оқиғаға байланысты Рисалей-Нұрдың дәл тауып айтқан ғайби хабары жайлы баяндап берейін. Хүсрев, Хулуси, Рүшдү және Рәфәт сынды Рисалей-Нұрдың көптеген шәкірттерінің мамандықтары әскери болатынын және олар осы кезде болып жатқан екінші дүние жүзілік соғысқа қатысатынын және соғыс болатынын, біздің араласатынымызды, яғни тәлабаларының майданға аттанатынын алты-жеті жыл бұрын хабар берген-ді. Қалай десеңіз, жиырма сегізінші Лема деп аталатын Хазреті Алидың екінші кәраматының екінші нышан-белгісінде فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ деген жерінде فَقَاتِلْ وَلَا تَخْشَ сөзі бірге оқылса мың тоғыз жүз қырықтан сәл асады. Құдай біледі, сол кезеңде дүние жүзілік бір
соғысқа қатысатынымызды, яғни бұрынғы одақтас елмен емес, керісінше оның дұшпанымен одақ құрып соғысқа кіретінімізді меңзеп отыр деген хабар бар. Міне, дәл қазір сол кезең, дәл сол жыл. Рисалей-Нұрдың рүкүн, яғни ірі басты шәкірттері қатысып жатыр. Бауырларыма жеке-жеке сәлем. Хилми, Фәйзи, Назиф, Әмин сендерге сәлем және аса құрметтейтінін айтады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден: Жан тәніммен мүбарак Рамазан айларыңды құттықтаймын және мүбарак айда жасайтын дұғаларыңды Хақ тағала қабыл етуін, мол мейірімінен жалбарына күтемін.
Екіншіден: Биылғы қасиетті Рамазан айы Ислам әлемі үшін, сондай-ақ Рисалей-Нұр шәкірттері үшін аса маңызды әрі өте қымбатты болмақ. Рисалей-Нұр шәкірттерінің өзара құрған ақыреттік амалдарды бөлісіп істеу дейтін ережесі бойынша әрбір шәкірттің сауабы қанша болса басқаларға да дәл солай амал дәптеріне жазылатыны әлгі ереженің шарты және Иләһи рахымның талабы. Сондықтан Рисалей-Нұр аясына адал ниетпен, ықыласпен кіргендердің табысы өте көп және күлли, яғни ауқымды болмақ. Әрқайсысы мыңдаған есе үлеске ие болады. Иншаалаһ, дүниелік затты ортақтасатыны секілді, бірақ еш бөлінбей тұтас әрі азаймай әрқайсына дәл солай амал дәптеріне жазылады. Қалай десеңдер, біреудің әкелген бір түйір лампа айналасындағы мыңдаған айнаға әрқайсысына дәл сол қалпында түсіп шағылысатыны секілді. Демек, Рисалей-Нұрдың адал шәкірттерінің бірі ертең Қадір
түнінің ақиқатын, тауып қасиетті Рамазанның жоғары мәртебесін қолға түсірсе, ықыласты шәкірттердің барлығы ие болып, үлескер саналатынына сенеміз, Аллаһтың мол мейірімінен үмітіміз зор.
Ғазиз, адал, мүбарак, ержүрек батыр бауырларым!
Біріншіден: Осы берекелі Рамазанда амалдарды өзара бөлісіп істеу деген ереже-заңымыз бойынша әрбір хас шәкірт қырық мың тілі бар періште секілді қырық мың тілмен, яғни бауырлары қанша болса сонша мағынауи тілмен жасаған әрі жасайтын дұға-тілектері Аллаһтың құзырында қабыл болуын, әлгі тілдер саны қанша болса сонша тілеп, жалбарынамыз. Осындай, осы тектес Рамазандарыңды құтты болсын демекпін.
Екіншіден: Осы жолғы жан-жақты әсерлі және шаттыққа толы әрі сүйінші беретін хаттарыңа жауап ретінде бір кітаптай ұзақ хат жазуға лайық бола тұра, уақыттың тығыздығына байланысты қысқа қайырған жауабыма ренжімеңіздер. Әуе баста, көптеген қаһарман батырлар шығарған Сав ауылының қымбатты тәлабасы Ахметтің хатындағы бір мәселені оқып көзім жасқа толды. Құдайға шексіз шүкір, Рисалей-Нұрдың қадір-қасиетін сол ауылдың ақ жаулықты мүбәрак аналары мен қыз-келіншектері толық түсінген екен. Әлгі мүбарак ханымдар мен құрметті де ақниетті ақырет қыздарымның Рисалей-Нұрға қызметтері, оның жайылуына жанкешті түрде атсалысуы мені, сондай-ақ, бізді қуантқаны сонша көзімізге жас үйірілді. Онсыз да Рисалей-Нұрдың ұстанған жолының ең маңызды негізі мейірім болғандықтан, ал мейірімнің де бұлағы әйел заты болғандықтан ханымдар арасында Рисалей-Нұрдың мән мағынасы ашылып түсінікті болса, кеңінен тараса екен деп көптен бері армандап күтіп жүруші едім. Құдайға шүкір осы өңірде және айналамызда еркектерден қарағанда ханымдардың ынта-ықыласы, қайрат-жігері басымырақ боп тұр. Осылайша олар Сав аулының нағыз жергілікті тұрғындары екендерін көрсетуде. Бұл оқиға мына заманда үлкен жақсылықтың нышаны. Әлгі мейірім бұлақтарының арасында Рисалей-Нұр әлі-ақ кеңінен тарап, мол табысқа, жеңіске жетеді. Сондай-ақ, Сав ауылының батыр шопандары Рисалей-Нұрды жазу үшін дорбаларына салып, тасып жүруі дәл сол аймақтағы
ханымдардың жанкештілігі секілді осы аймақта құлшынысқа үлкен ұйытқы болуда. Сол ханымдар мен малшы, шопандардың аты-жөнін білсек, әрқайсысы хас шәкірттердің арасынан орын алу үшін жазып қоямыз. Катип Османның ақиқатқа жанасатын көрген түсі үлкен ақиқатты меңзейді. Өте мүбарак әрі сүйінші хабар бергендей. Рүштүнің түсінде былай болыпты, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық (р.һ) Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әмірімен мінберде тұрып құтпада жиырма тоғызыншы Сөзді көрсетіпті. Әлгі көктен түскен Хурия да лахика кітапшасын құтпа ретінде оқыпты. Бұлар Рисалей-Нұрдың қабыл болғанына ишара.
Ғазиз, адал бауырларым!
Керемет әрі терең мағыналы әрі сүйінші беретін екі оқиғаны баяндап берейін.
Біріншісі: Мұңайып, бір ой үстінде отырғанымда сүйінші бір хабар алдым. Соңғы кездері мұндай бір ой келе бастады: "Қоғамда, жалпы тұрмыста жүрген адам, қайтсе де күнәлармен ұшырасады. Күнәлар кімді болсын жан-жақтан емін-еркін қоршап алатыны рас. Мұнша көп күнәға қарсы адамның өзіндік құлшылық-ғибадаты, тақуалығы қалай төтеп бермек?" деп үмітсіз күйде ойға баттым. Мені тұрмыс-кәсібі бар Рисалей-Нұр тәлабаларының жағдайы уайымдатып, олардың аман-сау, бақытты болатыны жайлы Құранның ишара белгілерін, сосын Хазреті Али мен Ғаус-ы Ағзамның сүйінші хабарын еске алдым. Көкейге мұндай бір ой келді: "Әрқайсына мың жақтан келетін күнәларға қарсы бір тілмен қалай төтеп береді, қалай басым түсіп құтылар екен? деп аң-таң болдым. Сол таңғалысыма орай жауап ретінде бір ой келді:
"Рисалей-Нұрдың шынайы, адал шәкірттерінің арасында ақыреттік амалдарды бөлісу дейтін ереже заң бар. Олар өзара адал, кіршіксіз ауызбіршілігі мықты, ынтымағы жарасқан жамағат. Осыған орай әрбір ықыласты, шынайы шәкірт бір тілмен емес, бауырлары қанша болса сонша тілмен ғибадат қылып, истиғфар етеді. Осылайша, мың тараптан шабуыл жасаған күнәларға мыңдаған тілмен қарсы тұрып төтеп береді. Кейбір періштелердің қырық мың тілмен зікір ететіні секілді адал әрі шынайы, тақуа шәкірт қырық мың бауырларының
тілдерімен ғибадат қылып, осылайша тозақтан құтылып, мәңгі бақытты болуға иншаалаһ лайық болады. Кімде-кім Рисалей-Нұр аясына адал ниетпен және қызмет үшін кірсе және тақуалығын сақтап, үлкен күнәлардан қаншалықты қашса дәрежесіне қарай әлгі киелі де ауқымы кең құлшылық жасағандай мол сауапта ие болады. Әлбетте мұндай зор табыстан айырылып қалмау үшін тақуалыққа, ықыласқа, адалдыққа көп мән беруі керек.
Екіншісі: Бұдан бұрын, жасым он төрт шамасында шәһадатнама алудың белгі-нышаны ретінде ұстаздың қолынан шапан киіп, сәлде орау іс-шараларына кедергілер болып, орындалмай қалғанды. Атап айтсақ жасым кіші әрі біздің өңірде үлкен молдаларға тән шапан киіп жүру ыңғайсыз болды.
Сондай-ақ, ол кездері үлкен ғалым-ғұламалар маған ұстаз болудан қарағанда менімен я бәсекелес я мені мойындайтындықтан маған шапан кигізіп, ұстазбын деуге батылы жетпей өзіне сенетін табылмады. Әрі сол жылдары ұлы әулиелердің төрт-бесеуі дүние салып, қайтыс болған-ды. Міне содан бері, яғни елу алты жыл өткен соңғана шәһадатнаманың сыртқы белгі-нышаны ретіндегі шапан кию және ұстаздың қолын сүю, ұстаздығын мойындау ақымды осы күндері нәсіп болғандай. Жүз жылдық қашық жерден Хазреті Мәулана Зүлжанаһәйн Халид Зияәддин өзінің шапанын және ішінде сәлдесімен бірге таңғажайып түрде маған кигізу үшін жібергенін кейбір оқиғалардан байқап, солай екеніне көзім әбден жетті. Мен енді сол мүбарак әрі жүз жасаған шапанды киіп жүрмін. Құдайға мың да бір шүкір.
{(Сілтеме): Ол мүбарак аманатты Рисалей-Нұрдың тәлабасы және ақырет тұрғысынан қарындасым Әсия деген қадірменді ханымның қолымен алдым.}
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендерге жіберілген Хизб-үл Әкбар-үл Құранның бас тарапындағы жазуда бір сөйлем жазылмай қалыпты. Былайша:
"Мұғжизаларға толы вирд-дұға оқығысы келген адам..." деген сөйлемнің дұрысы былай: "Мұғжизаларға толы және әрбір әрпі он, жүз, бес жүз, мың тіпті мыңдаған сауап жаздыратын, пайдасы мол вирд оқығысы келетін адам мына аспани вирдті оқысын!" деп жазылу керек.
Екіншіден: Бұдан бұрын сүйінші беретін естеліктегі: "Әрбір ықыласты да шынайы тақуа шәкірт қанша бауырлары болса сонша тілмен зікір-ғибадат қылып, истиғфар етеді!" деген жерге тағы да ескертуге орай мына сөйлем қосылып жазылсын:
"Рисалей-Нұр аясына кіргендер қаншалықты адал, тақуа әрі күнәлардан қаншалықты қашатын болса, соншалықты әлгі ұлық, күлли ғибадатты жасаған болып есептеледі. Олай болса әлбетте мұндай үлкен табыс пен мол пайдадан құр қалмау үшін тақуа, ықыласты әрі адал болуы керек".
Үшіншіден: Сендердің Қадір түндеріңді және келе жатқан айт мерекелеріңді шын жүректен құттықтап, бәрекелді, яғни берекелі болсын демекпіз.
Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым және дүниеде жұбаныштарым, қабір сапарында нұрлы жолдастарым және махшар күні иншаллаһ шапағатшы бауырларым!
Сендердің Қадір түндеріңді әрі айт мейрамдарыңды шын жүректен берекелі болуын тілеп, құтты болсын демекпін.
Екіншіден: Сұмдық ауыр дерттен әдеттен тыс, таңғажайып түрде Рисалей-Нұрдың ықыласты шәкірттерінің шипа тілеген дұғаларының саясында мұғжиза сияқты кенеттен тәуір болып кеткенімді сендерге айтқым келеді. Бұған дейін мұндай болмаған еді. Ол оқиғаға куә болған Әмин мен Фәйзидің менің сол сұмдық ауруым туралы жазған жерін сендерге ғибрат болсын деп жіберіп отырмын. Барлық бауырларыма жеке-жеке дұғай сәлем. Хусревтің жағдайы қалай? Оны уайымдап жүрмін.
Спарта қаласындағы ғазиз бауырларыма!
Ұстазымыз науқастанып қалған кездегі болған оқиғаларды сіздермен бөліссек дейміз және ұстаз тәуір болып кеткенін сүйіншілегіміз келеді.
Қасиетті Рамазанда бес күн бойы саум-ы уисал қылғанда, яғни сәресі ішпей ораза ұстағанда азығы мынау ғана еді: нан жемеді, үш қасық сүт көже, салқын қатықтан бес-алты ас қасық. Үшінші түні жарты қасық көже. Төртінші түні ауыз ашарда сұлыдан жасалған көжеден бес қасық, ал сәресіде сол көже мен қатықтан үш-төрт қасық және суды санамағанда сұлыдан он бес грамм, егер қатығын алып тастаса отыз грамм көже суын есептемесе отыз грамм, көженің тек өзі он сегіз-жиырма грамм. Ал бесінші түні түйірлері жоқ деуге болатын жеңіл көжеден бес-алты қасық, ал сәресіде алты-жеті қасық күріш көжесі, барлығы тоқсан алты грам тағаммен бес күн саум-ы висал ораза ұстап тек тарауих намазын оқи алмай басқа құлшылықтарын орындады. Бұл дегенің, Рисалей-Нұр шәкірттерін қамқорлығына алған Иләһи инаеттің таңғажайып көрінісі екеніне шүбә жоқ. Екеуміз, яғни Әмин мен Фәйзи, Барлалық Сүлеймендерге ұқсап, ұстаз ауырған кезде {(Сілтеме): Ауру асқынғаны сонша төрт күнде бір-ақ сағат ұйықтай алды.} ашуландырмау үшін жіті мұқияттылық сақтай алмай, соның кесірінен Ұстазмыздың бұрын-соңды болмаған қатты ашуланғанын көрдік. Бұл жолғы ауруы да Аллаһтың рахымы болатын, яғни ораза айының соңғы он күндерін әсіресе қасиетті түнді күтіп оны құлшылықпен өткізу міндетін ұстаз толық атқара алмайтындықтан осы аймақтағы әрбір шәкірт өзінің қызметінен тыс, қосымша бір сағатты Ұстазы үшін Рисалей-Нұр шәкірттерінің мағынауи күресіне үлес қосуды және олардың амал дәптеріне сауап жаздыруды ниет етіп дәл ұстаз секілді еңбек етті. Демек Ұстаздың бірнеше сағат еңбегінің орнына көптеген сағат дәл солай қызмет етілді. Тіпті Ұстаз ол туралы былай деді: "Менің мардымсыз, кемшін қызметім жеткіліксіз, аз болатын. Соған орай Спарта өңіріндегі бауырларымның ақыреттік амал істеулеріне бұл бір себеп, күшті ұйытқы болды. Аллаһ тағала өзінің рахымымен біз мағынауи тұлға болуымыз үшін, осы ауруды жіберіп жіберіп соған себеп қылады. Азғантай еңбегім ұлғайып берекеттенді".
Сол ауырып жатқан кезде мұндай бір қызық оқиға болды. Ұстазымыздың еш даусы шықпай сөйлей алмай қалған-ды. Күтпеген жерден ауыз ашар уақыты бір дәрігер келді: Ұстаздың қолын ұстап еді, Ұстаз оған: "Мен саған ауруымды емде дегенім жоқ! Дәрігерлерге мұқтаж емеспін. Дәрігер бір Аллаһ!" деп дүрсе қоя берді. Ұстазға
күш бітіп даусы жарқын шығып кетті. Бейне бір өзі дәрігер ал дәрігер болса науқас адам сияқты көрінді. Сөйтті де дәрігерге арнап бір хат оқыды. Ол хат дәрігердің дертіне дауа болатындай дәл тиді. Сосын күн батқандықтан ұстаз дәрігерге: "Сен бізбен бірге ауыз ашып кет!" деді. Дәрігер болса: "Бүгін бір ағаттық жасап қойдым, ораза тұтпадым" дегенде Ұстаздың оғаштау хәлінің мәнісін түсінгендей болдық. Ораза ұстамай, аузы ашық дәрігердің емдік тұрғыдан бұйрық беретіндей әрекетін қабылдамау үшін әлгі жағдай ұстазға берілген екен ғой дедік.
Иә, Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы тарапынан болатын шипа дұғасы манағыдай жүз мың дәрігерден артық әсерін тигізетініне көзім жетті. Сол ауруы кезінде Қадір түнінде Рисалей-Нұр тәлабаларының әсіресе бейкүнә шәкірттердің жасаған шипа дұға-тілектері таңғажайып түрде әсерлі болғанын көзімізбен көрдік, яғни Ұстаз дені сау, тәуір кезіндегіден бетер тың жағдайда құлшылық етті. Сөйтіп Қадір түнінде өзіне лайық еңбек етті. Осылайша Рисалей-Нұр шәкірттері жасаған шипа дұғасы мұғжиза іспеттес кәрамат екенін тағы да растадық.
Ол жердегі бауырларыма жеке-жеке сәлем айтып, қатты құрметтейтінімді айтып дұға етуін сұраймыз.
Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым және Құран қызметінде еңбеккеш, қайратты достарым және хақ жолында, берзах сапарында, ақыретке саяхатта нұрлы жолдастарым!
Мерекелеріңді және Қадір түндеріңді сондай-ақ, қасиетті Рамазан айында жасайтын дұға-тілектеріңді жан-тәніммен құттықтап, берекелі болуын тілеймін. Хақ тағала осы мерекенің қуанышын нағыз қуаныштың кіріспесі, жалпының шаттығына бастама әрі себеп қылсын, әмин.
Екіншіден: Сендердің осы мүбарак айтқа арнап жіберген сыйлықнұр жазбаларың маған баға жетпес қымбат сыйлық болғаны сонша сөзбен жеткізе алар есеспін. Фәрдәус жәннатындағы кәусар суы құйылған ыдыстай құштарлана, шүкір ете, қатты қуанғаннан көзіме жас келіп төбеме қойдым. Мұндай қаламы алмас қылыштай, ақиқатқа құмар қаһармандарды Рисалей-Нұрға сыйлаған Хақ тағалаға шексіз мадақ айтып шүкір етемін. Аса мейірімді де шексіз жомарт Аллаһ сендерге сол жазған мүбарак кітаптарыңның әрбір әріпіне он сауап жазсын деп дұға етемін
Иә, Хүсревтің оқшаулануы маған қатты әсер етіп өкіндіргені рас. Дегенмен Тахири бауырымыз өзінің ұшқыр қаламымен әлгі өкінішті өшірді. Ол бауырымыз от-басымен, әке-шешесімен жаппай Рисалей-Нұрдың хас шәкірттер арасына кіріп әрқашан үлесін алуда. Әрі сол Тахиридың саясында бүгіннен бастап Атабэй ауылы да Ислам ауылы, Сава ауылы, Күлеөнү ауылы секілді Нұрс ауылына иық тіресетіндей дәрежеде дос болып рухани табыс-сауаптарымызға ортақ болатын болды. Спарталық Хафыз Али (Катип Осман) расымен екінші Хүсрев болғанына менің көзім әбден жетті. Хақ тағала оны және Мехмет Зүхдү секілді жанкешті жандарды сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың нағыз иегерлерін Спарта қаласына нәсіп етсін, әмин.
Мүбарактардың қаһарманы Үлкен Абдрахманның, Кіші Алидің, Хафыз Мұстафаның қызу еңбектері мен қайрат-жігерлері сондай-ақ, Хафыз Мұстафаның осы жолғы жазған хатындағы кейбір мәселелер
еріксіз көзге жас алғызып, қуанышқа бөледі. Бірақ, бір конверттің ішінде кімнен екені белгісіз жиырма бес банкнот ақша шықты. Білесіңдер ғой, мен өмірімде ешкімнен сый-кәде қабылдамаймын. Тіпті бұл жолы да Рүшдүнің сыйлығын қабылдамай көңілін қалдырып кері қайтардым. Хақ тағала мені адамдарға мұқтаж қылып жатқан жоқ. Мені уайымдамаңдар! Дегенмен мүбарактар тобында мағынауи бір тұлға бар, оның алдында өмірлік қағидамды ұстана алмаймын. Ол мағынауи тұлғаны ренжітпеу немесе ашуландырмау үшін әлгі ақшадан қарыз ретінде бес лираны осы келе жатқан айт күні қайырлы іске жұмсау үшін қабылдадым, қалған жиырмасын Сабри арқылы және соның атынан кері қайтарып отырмын. Әсіресе حسن ع م бауырларымның қолымен ерекше жазылған төрт нұсқа сыйлықтары мен үшін баға жетпес қымбат кәде. Иншаллаһ осы аймақта көптеген кісілерді рисале жазуға құлшындырар деп ойлаймын. Мұндай жүйрік қаламдарды Рисалей-Нұрға тарту еткен Хақ тағалаға шексіз шүкір етемін. Мүбарактар тобынан Мехметтің жазған хатына дән риза болып қатты қуандым. Қазір, оны жазып отырғанымда қасымда отырған осы жердің бетке тұтар азаматтарына оқып беріп едім "машаллаһ", "бәрекелді" деп таңғала қошемет көрсетті. Ол хаттың және басқа хаттардың кейбір тұстарын лахиқа кітабына ендіреміз. Абдрахманның бірінші уәкілі және Рисалей-Нұрдың алғаш шәкірті Үлкен Мұстафаның жолдасы Хажы Османның хаты және сол хатта жазылған көрген түсі өте мағыналы әрі жоруы өте дұрыс жорылған.
Ғазиз бауырларым! Сендермен сөйлесіп отырғанымда ауыз ашарға жарты сағат қалған болатын. Ертең айт, ауруым басылар емес. Сол үшін сендермен көп сөйлесе алмаймын. Менде ауыр әрі қауіпті дерт бар, бірақ Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасының мұғжизадай шипалы дұғасының кәраматымен аяқта жүрмін. Дегенмен қатты жөтел, демікпе бар. Соның кесірінен жанымдай жақсы көретін бауырларыммен сөйлесуді доғарайын деп отырмын. Мынаны ойлап та қоямын, Спарта өңірінде жүздеген жас Саидтар, Хусревтер жетіліпті. Олай болса мына қарт әрі әлжуаз Саид еш алаңдамай дүниямен қош айтысуына болады. Әсіресе маңызы зор Нұр медресесі Сава ауылының ең баста Хажы Хафызды, сосын Ахмедтерді, Мехметтерді тіпті құрметті ханымдарды (Тахиридің жұбайы мен қыздарын) және бейкүнә балалардың Рисалей-Нұрмен шұғылданып
жатқанын ойласам бұл дүнияның өзінде Жұмақта жүргендей сезініп рухани рахаттанып қаламын. Ол жақтан Ахмедтер жіберген кәдесін сол ауылдың атынан тәбәрүк деп қабылдап, құрметтеп төбемізге қойдық.
Ғазиз, адал бауырларым!
Хақ тағалаға шексіз шүкір, өте ауыр да сұмдық дертім өте мейірімді түрде әрі сауапқа қарық қылып кетіп барады, денсаулығым түзеліп келеді. Ол дертімнің зор нығмет екенін мен және осы жердегі достарым растаймыз.
Сондай-ақ, Хақ тағалаға шексіз шүкір әрі сансыз мадақ болсын, сендердің осы Рамазан айында жіберген сый-кәделерің ретіндегі керемет жазбаларыңды алып қатты қуандым. Ол көптеген мейрамдардың жинағы секілді осы мейрамымды күлли мейрамға айналдырды. Әсіресе екінші Хүсрев болған бірінші Тахирдің өте мұқият әрі тәуәфукпен жазған рисалелері мені тым қарыздар әрі дән риза қылды. Қуанғаным сонша қолымнан келсе әрбір кітапшасына он алтын берер едім. Осындай керемет бір шәкірттің Рисалей-Нұрды өзі жазғандай иеленуі үмітімізді арттырды. Сав ауылының батыр шәкірттері және Мүбарактер тобы қалайша туған ауылының абыройын көтеріп жіберген болса бұл бауырымыз да ауылын сол дәрежеге жеткізді. Атабэй (Арас) ауылы оны және сондай азаматтарын мақтан тұтуы керек. Олардың жазуында қате мүлдем аз. Тек айта кететін жәйт, ол жақтан келген жазбаларда мағынасы түсініксіз кейбір сөздер бар, көшіріп көбейтілген кезде солай жазылып кеткен. Сондықтан менің тексеруімнен өткен нұсқаларға қарап жазылса жақсы болады. Ол, қайратты да жанкешті бауырымыздың бейкүнә балалары мен ханымының жазған рисалелерін топтап бір кітапқа жинақтадық. Оны көргендер әсіресе осы аймақтағы Рисалей-Нұрдың қыз-келіншек шәкірттерінің арасында әсері күшті болып құлшындырып, ынтасын арттыруда. Расында Айдынлық Хасанның ерекше жазуы бар. Оның жазғандарынан ықыласы көрініп тұрады. Ол қашаннан бері Рисалей-Нұр аясына кіріп еді әрі жағдайы қалай екен, соны білгім келеді. Бұл жолы Абдүлмәжит арқылы Хулусиден ұзақ хат келді. Шынымен де ол бауырымыз табанды, қайсар әрі тым ықыласты. Мен де Абдүлмәжит арқылы былай деп жаздым: Менің
Спартадағы бауырларыма жазған хаттарымда сен де барсың, сенімен хабарласу жалғасуда!". Хусрев, Рәфәт және Рүштүнің жағдайлары қалай екен, уайымдай бастадым. Әсіресе Хүсрев не істеп жүр екен? Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың жағдайы жақсы ма?
Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем!
Осы күндері көкейге күрделі екі мәселе келді. Дер кезінде қағазға түсіре алмадым. Біраз уақыт өтті. Дегенмен маңызды болған соң ол ақиқаттарды меңзейтін бірнеше ишара жазайын.
Біріншісі: Бір бауырымыз намаз тәсбихатын оқуға ерініп, жалқаулық танытқан кезде былай дедім:
Намаздан кейін тәсбихат оқу Ардақты Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ұстанған жолы әрі әулиелігінде үзбей оқыған дұғасы. Осы тұрғыдан алғанда маңызы зор. Содан, бұл сөздің ақиқаты одан әрі ашылып көкейге мұндай бір ой келді: Соңында Пайғамбарлыққа ұласқан Ахмедтің әулиелігі (с.а.у.) бүкіл әулиеліктен жоғары екені белгілі. Олай болса сол ұлы әулиелік жолдың қағидалары және үнемі қайталанатын зікірі, яғни намаздан кейін тәсбих-дұғасы да басқа тариқат пен зікірлерден әлдеқайда жоғары. Бұл мағына одан әрі тереңдеп ашыла түсті. Мәселен, мешітке зікір үшін жиналған алқада немесе Нақшибенділердің алқасына ұқсап бір-бірімен байланыстағы топта өзіндік жағымды да нұрлы тәтті бір күй кешеді. Сол сияқты көкірегі ояу, жүрегі таза адам намаздан соң سُبْحَانَ اللّٰهِ деп тәсбих қылғанды барлық зікір алқасының жетекшісі Зат-ы Ахмедие Алейһиссалату Уәссаламды ойлап, (оның) айналасында жүз миллионнан астам мұсылмандардың топталып тәсбих тартып отырғандарын іштей сезінеді. Осындай ауқымды да ұлық сезіммен سُبْحَانَ اللّٰهِ ، سُبْحَانَ اللّٰهِ деп зікір етеді. Сосын сол ұлы жетекшінің мағынауи әміріне ұйып: اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ ، اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ деген кезінде сол бір алқа зікірде Пайғамбарымыздың ауқымы кең алқасын ойлап жүз миллион мүрид-шәкірттердің اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ деген зікірлерінен пайда болған өте ұлық хамд пен мадақты ойлап өзі де اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ деп
оларға ілесіп қосылып кетеді. اَللّٰهُ أَكْبَرُ тағысын тағы. Дұғадан кейін لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ ، لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ деп отыз үш рет айтып, Ардақты Пайғамбарымызға ұйып жоғарыда аталған зікір алқасындағы дін бауырларын елестетіп сондай-ақ, сол алқа-зікірдің жетекшісі Зат-ы Ахмедиге яғни Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) назар аударып былай дейді:
Мен осылай деп түсіндім әрі сездім әрі ойша көрдім. Демек, намаз тәсбихатының маңызы зор.
Екінші мәселе: Отыз бірінші аяттың ишаратын баяндағанда يَسْتَحِبُّونَ الْحَيٰوةَ الدُّنْيَا туралы айтылған жерде былай делінген болатын:
Бұл ғасырдың бір ерекше қауіптілігі, ақыретте мәңгі өмір бар екенін біле тұра дүниялық өмірді таңдап, жоғары бағалайды. Былай айтқанда сынып қалатын шыныны бақи алмаздарға біле тұра айырбастау әдет болып кеткен. Мен бұған түсінбей аң-таң болатынмын. Соңғы кездері көкейге мұндай бір ой келді.
Мысалы, адамның бір ағзасы ауырып не жараланса басқа ағзалар өз міндеттерін біршама тастап оған көмекке жүгіреді. Дәл сол секілді адамдардағы өмірге деген құштарлық әрі оны сақтау және өмірдің қызығы әрі құмарлық сосын, күшті бір сезім көптеген жақтан жараланып басқа сезімдерге әсер ете өзімен қаратып шұғылдандырып қойған. Әрі оларға өз міндеттерін ұмытқызуда. Мысалға, баршаның назарын аударатын азғын әрі мас қылатын және көздің жауын алатын ойын-сауық болып жатса, оған бала-шаға, тентектер әуестенетіні секілді лауазымды кісілер, жаулық таққан әйелдер де әлгі ойын-сауыққа қызығып өздерінің негізгі міндеттерін тастап қосылып кетеді. Сол секілді мына ғасырда адамзат өмірі әсіресе қоғам өмірі сұмдық, дегенмен өзіне еріксіз тартатын және қайғылы дегенмен қызықты болып адамның ұлы сезімдерін, қалбын, көңілін, ақылын жүгенсіз нәпсінің соңына ертіп алып отқа үймелеген көбелектей фитнә-бүлікке итеруде.
Иә, дүниеде егер өміріңе қауіп төнетін болса сақтау үшін мәжбүр болғанда кейбір ақыретке қатысты істерді уақытша қоя тұруға шариғат рұқсат береді. Бірақ, кішкентай мұқтаждық үшін, өмірге қауіпті болмаса жоғары қоюға болмайды, рұқсат жоқ. Алайда мына заманда әлгі сезім жараланғаны сонша кішкентай бір қажеттілікке бола және болмашы бір дүниялық зиянға бола алмаздай діни құндылықтарды кейінге ысырып қоя салады.
Иә, адамзаттың өмірге деген құштарлығы, оны сақтап қалу сезімі мына ғасырда күшейіп, қозып тұр. Ысырап, үнемді пайдаланбау, қанағатсыздық, ашкөздіктің кесірінен береке кетіп, соның салдарынан әрі мұқтаждық, зәрулік күн кешіп тұрмыс шарттары қиындап, бұл да бір жақтан қысып әлгі сезім жаралануда. Өмір шарттары көбейіп, және кәпірлер жұрттың назарын дүнияға әрдайым аударта беріп, соның кесірінен тұрмысқа қажетті болмашы бір нәрсе үшін маңызды діни мәселені кейінге шегерді. Осындай сұмдық ғасырдың мұндай сұмдық дертіне, әлгіндей қауіпті ауруына қарсы Қасиетті Құранның тәпсірі, адамға ауадай қажет, әр дертке ем болар дәрі дәрмектерін үлестіріп таратып жүрген Рисалей-Нұр төтеп беруде әрі оның қайсар да табанды, ықыласты да жанкешті адал, шәкірттері тосқауыл бола алады. Олай болса бәрінен бұрын соның аясына кіру қажет. Адал түрде зор табандылық танытып, ыстық ықыласпен, толық сеніммен оған жабысу қажет. Сонда әлгі сұмдық бәледен аман болып зардап шекпейміз. Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем әрі дұға етеміз.
Ғазиз, адал және табанды бауырларым!
Сендердің ерен еңбектерің, табанды қызметтерің Рисалей-Нұр механизмінің моторы іспеттес бізді және басқа да тетіктерін іске қосып қозғалысқа келтірді. Аллаһ сендерге мәңгі бақи разы болсын, мыңдаған әмин...
Сендерге «Хизб-үл Құранидан» бұрын жіберілген Рисалей-Нұрдың Уирд-ы Ағзамына қосымша ретінде бір жазба жазып қойдық. Тағы бір жазбаның орнын Жиырма тоғызыншы Лемада көрсеткен болатынбыз. Менің жеке көз қарасым соған ұқсас болғандықтан маған ескертілді мен де сендермен бөлісіп отырмын.
Екіншіден: Бірнеше күн бұрын сендерге жіберген хатымда баяндалған дүниялық өмірді діни құндылықтардан жоғары қоюға байланысты екінші мәселеге қатысты өте нәзік әрі күрделі және қаламмен жазу мүмкін емес бір мағына көкейге келді. Қазір тек қысқаша ғана ишара жазылмақ.
Мына сұмдық заманда дүниеге табынатын кәпірлердің алданып, мас болып жүрген фәни нәрселерден алған жалған ләззаттырын тым ащы, өкініш пен қайғы екенін көрдім. Ал имандылар мен тура жолдағылардың керісінше сол нәрселерден зауық алып, фәнилерден бақи әрі киелі ләззат алатынын сездім, бірақ оны сөзбен жеткізе алмаймын. Рисалей-Нұрдың бірнеше жерінде дәлелденген болатын, адасқан кәпірлерге осы шақтан басқа барлық кезең, бүкіл нәрсе жоқ, ақыры қоштасумен тынатын қайғы мен мұң, бәрі өткінші де өкінішті. Ал тура жолдағыларға өткен шақ, болашақ және ондағы нәрселердің бәрі бар, жарық боп көрінеді. Сол сияқты фәнилер, яғни өтіп кеткен уақытша нәрселер дүнияқұмарлар үшін мүлдем жоқ, із-түзсіз ғайып қараңғы, ал тура жолдағы әһл-і һидаят үшін бәрі бар, сақтаулы екенін көрдім. Өйткені ертеректе бастан кешкен қызықты да мән-мағыналы, абыройлы бірақ өтіп кеткен кездерімді аңсап, сағынып еске алдым. «Неге сол бір мүбарак қызықты сәттер өткен шақта қалып қайта оралмастан жоғалып кетеді?» деп ойлап отырғанымда көңіліме Аллаһқа иманның нұры келіп маған былай деді: ол сәттер сырт қарағанда фәни, уақытша көрінгенімен бірнеше жақтан бақи, яғни бола бермек. Себебі, ол сәттер Хақ тағаланың бақи есім-сипаттарының жазылысы, соның нұр-сәулелері болатын. Олар Аллаһтың ілімінде, ләух-ы махфузда, "мисали" таспаларды мәңгіге сақталып жазылып қалды. Сонымен қатар иманның нұрымен арамызда бақи күшті байланыс болғандықтан уақытқа тәуелсіз түрде олардың бәрі бар әрі мәңгі болмақ. Сен қаласаң ол сәттерді көптеген жақтан, көптеген мағынауи экрандардан көруіңе болады, көре аласың" деді.
Сонда мен: «Аллаһтың бар екені рас, олай болса бәрі бар» деген сөз осы терең ақиқатты білдіреді екен ғой дедім. " Кім Аллаһқа сенсе оған бәрі бар. Ал кім сенбесе оған ешнәрсе жоқ" деген рас қой. Демек, қайғылы да қараңғы әрі өкінішке толы харам әрі болмашы
ләззат үшін олардан жүз есе артық тәтті мәңгі бақи уайымсыз ләззатты тастап, азғын жолға түскендер мақсатына жете алмайды, олардың алған ләззаты кейін уайым-қайғыға айналып өкініш өзегін өртейді.
Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым!
Хафыз Алидың соңғы хатында жазған өте мүбарак дұғаларын көріп көңіліміз шалықтап, Құдайға шүкір еттік. Қыспаққа ұшыраған бауырларға және көңілі жабырқаған, мұңайған достарға ишари мағынасымен медет болатын, әрі уайым-қайғыдан құтқаратын сондай-ақ, дертке шипа, шаттыққа себеп болатын мына аят-дұға:
اَلَمْ نَشْرَحْ لَكَ صَدْرَكَ және اِنَّ مَعَ الْعُسْرِ يُسْرًا мұңлық жандардың бәріне қатысы болғаны секілді өткен күндерде сырқаттанған бізге де қатысы бар екенін жазыпты. Иә, Хафыз Али ол жерін дөп басқан, дұрыс айтады. Мен де оны растап былай деймін: Егер сол ауру жиырма есе асқынып кеткенде бәрі бір бізге берген пайдасының қасында түк емес, ол да Аллаһтың рахымы болар еді. Алайда ол хатта Хафыз Алидың өзінің ұстазы туралы жазған шамадан тыс әсірелеп мақтаған қадір-қасиеттері туралы айтарым, оның тілімен айтылған мақтау емес дұға ретінде қарап, солай қабылдауға болар. Сондай-ақ, Хафыз Алидың берген хабары, яғни "Савға ұқсаған ауыл-аймақтар жеке-жеке Нұр медресесіне айналды, ол жақтағы Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері таңғажайып түрде күннен-күнге шарықтап, нұрланып жатыр" деуі бізді тіпті Анадолы халқын тіпті Ислам әлемін қуантатын жәйт, шаттыққа бөлейтін ақиқат хабары деп қабылдаймыз. Хатының соңында Мухбир-ы Садықтың хабар бергеніндей "Мағынауи футухат, яғни рухани азаттық қозғалыс, қоғамды тұмшалаған қараңғылықты жоятын кез келді, бәрі дайын!" деген сөзін жан-тәнімізбен қостап, солай болуын Иләһи рахымнан күтеміз, жалына сұрап, үмітіміз зор. Дегенмен біз Рисалей-Нұр шәкірттері, міндетіміз қызмет ету және Аллаһтың ісіне араласпау және қызметімізді оның ісіне қарай реттеп Аллаһты сынағандай болмау әрі санға емес сапаға мән беру;
Сондай-ақ, бұрыннан бері мінез-құлықты бұзып және қай жағынан болсын дүниялық өмірді ақыреттік өмірден артық көрсететін себептер көбейген мына сұмдық заманда Рисалей-Нұрдың атқаған еңбегі, оның осы кезге дейінгі табысты жеңісі және діннен безгендер мен кәпірлердің шабуылын тойтаруы сондай-ақ, жүз мыңдаған бейшара жандардың имандарын сақтап қалуы; міне бұл жетістіктері Мухбир-ы Садық Ардақты Пайғамбарымыздың хабарын дәлме-дәл растап, тәжірибелермен бекіткен, иншаллаһ әлі де растап бекіте түспек. Рисалей-Нұр Анадолы еліне тарап тамырлап кеткені сонша Құдай қаласа оны ешбір күш қопарып жұлып ала алмас. Ақырзаманда қоғамдық өмірдің нағыз иегерлері Хақ тағаланың әмірімен келіп оның арнасын кеңейтіп, қазір егілген дәндер бүршік ашатын болады. Сонда біз ол күнді қабірде жатып тамашалап Аллаһқа шүкір етеміз.
Хафыз Алидың жазған қымбатты бауырымыз Айдындық Хасан Атыф туралы мақтау сөздері мен оны жан-жақты суреттегеніне дән риза болдық. Ол бауырымыз да хас шәкірттермен бірге әр таңда қасымыздан табылады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендерді құттықтаймын. Рас, өте мұқият хафызсыңдар. Хүсревтің жазған Құранының ішінен болмашы ұсақ қателер тапқандарың жады қуаттарыңның күшті екенін көрсетеді. Біз сендерге ризамыз, алғысымыз шексіз. Хақ тағала сендерге мәңгі бақи разы болсын. Осыған орай Рисалей-Нұрдың ержүрек батыры Хүсрев туралы, оның Нұр қызметіндегі таңғажайып ерлігі жайлы үлгі ретінде бірнешеуін баяндап берейін.
Бұл кісі тоғыз-он жылдың ішінде Рисалей-Нұрдан төрт жүзге жуық рисалені мұқият әрі тәуәфүкты түрде жазған. Өзі хафыз болмаса да өзі жазған екі керемет Құраны бар және үшіншісі - бөлік-бөлік - көзге көрінетіндей дәрежеде Құранның мұғжизалығын көрсететін үш дана Құран жазған-ды. Оны салыстырып тексерместен бізге жіберген болатын біз де тексерместен сендерге жіберген едік. Сендер жіті қарап оның хареке мен әріптерінен қырық-елу қате тауыпсыңдар, бірақ ол Хусревтің қаламының, керемет екенін және жазуы таңғажайып екенін көрсетеді. Себебі, Құранның үш жүз мың
алты жүз жиырма әрпінен тек қырық-елу қате жіберуі қаламының мұқият, көзі қырағы екенін көрсетеді. Бір қызығы, Хусревтің қатесін тапқан бауырымыз екі әріптен бір қате жіберіп отырған, ал Хусрев болса жүз мың әріптен бір қате жіберген. Тексерген кісі екі әріпте нүкте қоюды ұмытып қате жіберген. Демек әлгі көзі қырағы хафыздың қателескеніне қарағанда Хусревтің жіберген қателіктерін кешіруге болады деген сөз. Әрі бұл Хусревтің тек қаламы ғана емес ой-пікірі, жүрегі де сондай таңғажайып деуге болады. Оның Рисалей-Нұрға деген ықыласы, жақындығы әрі қанағаты күннен күнге артып кемелденіп қанатын кеңге жаюда. Бірде-бір оқиға оны аяқтан шалып сүріндірер емес. Оның тағы бір қасиеті, Рисалей-Нұрдан бес жыл бойы жырақта қалып, кейін шұғыл кірісіп бір айдың ішінде он төрт рисале жазып шықты. Бірде мен, Қасиетті Құранның көзге де көрінетін мұғжизалы нұр-сәулелерін бес-алты мусхафта көрсетіп ишаралар қойдым да оны Құрани арапша керемет жазатын бауырларыма бөліп бердім. Бұлардың ешбіреуіне арапша жазудан жете алмайтын Хусрев кенет бәрінен тіпті арапша жазуды үйрететін мұғалімнен де асып кетті. Олар жаппай: "Иә, Хусрев бәрімізден озып кетті, ешбіріміз оған жете алар емеспіз!" деп мойындады. Демек Хусревтің қаламы Қасиетті Құранның сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың мұғжизаға ұқсас кәраматы, таңғажайып айнасы.
(Бұдан бұрын дүниялық өмірді ақыреттік өмірден жоғары бағалау туралы жазылған екі жазбаға қосымша ретінде)
Мына сұмдық ғасыр дүниялық тұрмысты қиындатып, өмір сүру шарттарын ауырлатып әрі көбейтіп жіберген, әрі зәру емес заттарды онысыз өмір сүру мүмкін емес, аса қажетті тіпті шарт секілді көрсетіп. Соның салдарынан тұтынуды әдет қылып жіберген өмір сүру, тұрмыс тіршілік халықтың санасын билеп әркім әрқашан соны уайымдайтын болып басты негізгі мәселеге айналған. Бұл діни құндылықтарды, кері әсер етіп мәңгі өмірге, ақыретке қатысты істерге кедергі туғызады не болмаса діни парыздарды кейінге яғни
екінші, үшінші орынға шегереді деген сөз. Бұл қателік. Мұның жазасы ретінде оңбай таяқ жеді, яғни дүния өмірі тозаққа айналады. Осы сұмдық бәлеге ұшырап жатса дағы әһл-і диянет яғни діндарлар қалт кетіп кейбірі әлі мәселені түсінер емес.
Атап айтсақ, өзімнің көзбен көргенім, әһл-і диянет тіпті тақуа кейбір кісілер бізбен байланыс құрып, жақындық танытты. Сондай бір-екі кісінің дінді қалап, парыздарды орындағанды жақсы көретінін байқадым. Бірақ мақсаты дүниялық өмірде жолы болып, істері оңға басса дейді. Олар ақыреттегі бақытқа да дүниялық та бақытқа да себеп болатын діни ақиқаттарды сондай-ақ діннің дүниялық пайдалары адамды тек құлшындыратын, деңгейде және салыстырмалы түрде бірінен бірі артық деуге болатын ғана нәрсе екенін, тек сол дәрежеде болуы керектігін білмей отыр. Егер басты мақсат сол болса және сауап істі атқаруға негіз сол болса ол ниет әлгі ізгі амалды тоқыратып ең азы ықыласын бұзатынынан, сауабы жоғалатынан хабары жоқ. Дертке шалдыққан әрі қатыгез де сорлы мына ғасырдың бәлесінен, кесірінен және зұлымдығы мен зұлматынан құтылудың ең тиімді жолы Рисалей-Нұрдың өлшем-мизандары және теңеулер арқылы түсіндіріп шашып жатқан нұрлары екенін растайтын қырық мыңға жуық куәгер бар. Демек Рисалей-Нұрдың айналасында жүргендер ішіне кірмесе қауіп-қатер көп.
Рас, يَسْتَحِبُّونَ الْحَيٰوةَ الدُّنْيَا عَلَى الْاٰخِرَةِ ишара еткеніндей мына ғасыр Мұсылмандарға біле тұра дүниялық өмірді ақыреттік өмірден жоғары қоюды, қуана-қуана артық санауды үйретті. Әрі бұл сұмдық пәлекет мың үш жүз отыз төртте басталып мұсылмандарға адам айтқысыз режим яғни басқару жүиені қабылдауға итерді. Иә, عَلَى الْاٰخِرَةِ сөзін джифр және әбжәдпен есептер болсақ 1333 яки 1334 болып дәл сол уақытта бірінші дүние жүзілік соғыста Исламның жаулары жеңіске жетіп келісім шарттарға қол қоюға зорлап дүнияны діннен жоғары қоятын режимнің бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Екі-үш жылдан кейін іс жүзінде нәтижелері көрінді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Мына қатты аязды суықта сендерден хабар ала алмай алаңдап отырмын. Осы ызғарлы суықтан пайда болған мейірімді бір алаңдаушылықтан туындаған бір мәселені баяндап берейін. Мүмкін сендерге пайдасы болар. Сондай-ақ, ол, осы аймаққа көп пайдасы тиген хашр жайлы рисаленің яғни Оныншы Сөздің соңғы жағына жазылып оның бір қосымшасы болып шықты. Бірінші бөлім Тоғызыншы Шуа деп аталатын хашр тақырыбына кіріспе ретіндегі рисале, ол да Оныншы Сөздің соңына жазылады. Сосын хашр туралы кіріспенің бірінші тарауының орнына Отызыншы Лемадағы Аллаһтың "Хаий" есімі жәйлі Төртінші Рәміз жазылмақ. Одан кейін Екінші Шуа Тәухид рисалесіндегі хашрді дәлелдейтін қосымшаның басынан бастап "Осы хашр жайлы төрт мәселе әзірге жетер, тақырыбымызға оралайық" деген сөйлемге дейін жазылады. Сосын одан кейін Қарттар рисалесінің бесінші үміт бөлімінің орта шеніндегі "Иә, хадистің нақты хабарына сүйене отырып адамзаттың ең таңдаулы да ерекше тұлғалары боп табылатын жүз жиырма төрт мың пайғамбарлардың....." деген жерден алтыншы үмітке дейінгі бөлім жазылады. Егер хашр туралы, басқа рисалелерде осы тектес бөлімдер болса ыңғайлы деп шешсеңдер қосып қоярсыңдар. Мұндай үзінділерге топтама жасалса әсері күшті болмақ.
(Өте маңызды)
Мейірім мен жан ашырлық сезіміме, биылғы қыстың қатты суығы әсер етіп, және оған қоса мағынауи әрі аязды рухани ауа-райы және байғұс адамдардың басына түскен нәубет, азапты күндер мен қиыншылықтар, жоқшылық пен аштық бәрі бірігіп жаныма қатты батты. Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Осындай пәлекетке ұшырағандар егер кәпір болса да оған Аллаһтың бір мағынада рахымы түсіп, сый-ақы алады. Сөйтіп шеккен азабы оның қасында түк емес болып есептеледі. Мұндай аспани бәлелер бейкүнә байғұстарды шәһидтік мәртебеге шығарады деуге болар. Үш-төрт айдан бері дүниеде не болып жатқанынан, жалпы соғыс жайлы
бейхабар болатынмын. Бірде Европадағы, Ресейдегі балалар есіме түсіп кетті де оларды қатты аядым. Сол мағынауи ескертудегі мағына менің жаныма қатты батқан аяныш сезімімді жұбатып, уайымнан құтқарды.
Бұл аспани пәлекеттен және залымдардың қолынан жәбір көріп, азаппен өлген кісілер, егер он бес жасқа толмаған болса қандай дінде болса да шәһид боп саналады. Олар мұсылмандарға ұқсап рухани сый-ақысын алады. Сөйтіп шеккен азабын ұмытып кетеді. Егер сол азап шеккендер он бес жасынан жоғары болса әрі бейкүнә әрі зұлымдыққа ұшыраған адам болса сый-ақысы өте көп, тіпті оның тозақтан құтылуына себеп болуы мүмкін. Себебі қазір ақырзаман, яғни фәтрет дейтіндей дәрежеде халық жалпы дінге, Ислам дініне немқұрайлы, селқос. Әрі ақырзаманда Иса пайғамбардың (с.а) шынайы діні келіп үстемдік ететіні және дін Исламмен иық тіресетіндей деңгейде болатыны рас. Олай болса әлбетте, қазіргі таңда фәтрет дейтін надандықтың қою қараңғылығында жүрген және Хазіреті Иса пайғамбардың (а.с) дініндегі христиандардың шеккен азаптары олар үшін белгілі бір мағынада шәһидтік мәртебе деуге болар. Оның ішінде әсіресе қарттар, бәлеге ұшырағандар, пақыр-дәрменсіздер өктемшіл залымдардан жәбір көріп азап шегіп жатса. Әлбетте мұндай пәлекет олардың азғын мәдениеттің кесірінен және күпірліктен, пәлсәпадан, адасушылықтан туындаған күнәларына кәффарат болып кешірілуіне себеп болуы мүмкін әрі оларға жүз есе пайдалы болар" деп ақиқаттан хабар келді. Аса мейірімді Хақ тағалаға шексіз шүкір еттім. Әлгі аяушылықтан пайда болған уайымнан құтылып жұбаныш таптым. Егер мұндай пәлекетке ұшарағандар залымдар болса және адамзатқа ор қазған қанішерлер және қара басының пайдасы үшін адамзат әлемін отқа ораған өзімшіл, алаяқ, деңгейі төмен, адам шайтандары болса олар бұған әбден лайық, бұл әрине Раббымыздың әділдігі дер едім. Егер, ондай пәлекетке ұшырағандар бейшара-байғұстарды құтқарамын деп жүгіргендер болса сондай-ақ, бейбітшілікті, дін амандығын, діни құндылықтарды, адамзат құқығын сақтаймын деп күрескендер болса әлбетте ол жанкештілігінің мағынауи және ақыреттік пайдасы шаш-етектен. Пайдасының көптігі сонша әлгі пәлекет олар үшін абырой болып, шаттана қуанар еді.
Бауырларым!
Жақында "Румузат-ы Сәмания" кітабына енген екі рисалені алыста тұратын маңызды тәлабаларға жіберіп едім, жол жабылып кетпей қойды. Ол екі рисалені қайта қарап мұқият талқылап шықтым. Ішімнен: "Мына қызықты да тамаша керемет әрі шырын мақсатқа бастайтын мұндай тәуәфук жайлы рисале неліктен жөнелтілмей кедергі туып басқа мақсатқа қарай бағытталуың" деп таңқалуым. Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Ондай ғайби сырларды ашатын мәселеден жүз дәреже маңыздырақ әрі қымбатты әрі жалпының пайдасына жарайтын, әркімнің мұқтаж және Исламның негізі саналатын иман ақиқаттары бар. Соның таусылмайтын қазынасына қызмет етіп, жұрттың пайдалануына жол ашу керек. Әйтпесе зарары тиеді. Яғни өте маңызды, биік мақсат болып табылатын иман ақиқаттары екінші дәрежеге шегеріліп кейінге қалар еді. Сол үшін осылай болды".
اِذَا جَٓاءَ نَصْرُ اللّٰهِ сүресінің рәмізінде ғайби сырлар ашылып көрсетілді, кенет пердемен жабылып қалды. Сол үшін әлгі жолмен жүріп ол қызметке көп жұмсалмадық. Тек тәуәфук жолының нұр-сәулелерінен Рисалей-Нұрдың ақиқат екеніне дәлел ретіндегі және оның ерекшелігін көрсететін сондай-ақ, Құран әріптерінің жүйелі орналасуынан әрі керемет жағдайынан туындаған бір иғжаз көрінді, яғни ғажайып бір қасиеті көрініс тапты. Тағы да ол жолмен бізді жүргізбеді. Барлық бауырларымызға және Рисалей-Нұрдан бірге сабақ алушы достарыма жеке-жеке сәлем әрі оларға дұға етеміз және дұғаларын күтеміз.
Ғазиз, адал, мүбарак, бейкүнә бауырларым!
Сендер жазған мүбарак және біз үшін аса қымбатты және мен үшін жәннаттағы وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ деп аталатын ақыреттік бүлдіршіндер тарапынан келгендей мәңгі, фәрдауси киелі сыйлық деуге болатын сондай-ақ, алда келе жатқан екі мейрамды жұмақтың шекерлеріндей тәтті қылған әрі сұлулықтың жетпіс түрін киген Хор қыздарының көйлектеріне ұқсас және мағынауи жиналысымызға сән берген хаттарыңды алдық. Бұл сыйлықтың Рисалей-Нұр қызметі
тұрғысынан қарағанда өте маңызды екенін жақында бастан кешкен және түсіме кірген мына бір оқиға арқылы түсіндіріп берейін. Оқиға былай:
Осы қымбат мағынауи сыйлықты алардан үш күн бұрын, яғни сыйлық Қастомону қаласына келген кезде бір түс көрдім. Түсімде біздің дәрежемізді көтеру үшін мағынауи жақтан керемет киелі бір бұйрық келіп оны аса құрметтеп қос қолдап бізге ұсынып жатты. Ашып қарасақ әлгі киелі бұйрық дегені Қасиетті Құран болып шықты. Сол сәтте мұндай бір ой келді: Демек Қасиетті Құранның саясында Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы және біз шәкірттері ғайып әлемінен жоғары мәртебеге ие болып, дәрежеміз көтерілмек. Қазір сол түстің жоруы анықталды. Әлгі бұйрық дегені кішкене балалардың қаламымен жазылған Құранның мағынауи тәпсірі екен, түсімізде соны алған екенбіз. Бұл түстің жоруы анықталуынан бір-екі сағат бұрын Фәйзи мен Әминнің жорып, өздері шығарған мағыналары да дұрыс әрі маңызды. Сондай-ақ, бізді шаттыққа бөлеп, қуанышқа себеп болып жатқан осы нұрлы сыйлықты мен алдын-ала сезген болатынмын, бірақ ақылымның хабары болмапты. Өйткені оның келуінен екі күн бұрын Фәйзи мен Әминнің хатында баяндалған түсті көргенімнің ертеңіне таңнан кешке дейін оның ертеңіне де әдеттен тыс бойымды қуаныш кернеп күні бойы бір сылтау тауып қуанышымды сыртқа шығарып, отыз әлде қырық мәрте күлімдеп күле берген едім.
Бұл жағдайға өзім де Фәйзи де таңырқап, таңғалдық.
{(Сілтеме): Иә, ұстаздың мұндай көтеріңкі көңіл күйін бұрын-соңды көрмеген едік. Себебін біле алмаған соң таңқалғанымыз рас.
Әмин, Фейз}
Отыз күнде бір рет күлмеген Саидтың бір күнде отыз мәрте күлгеніне таңқалғанымыз рас. Енді міне, сол қуаныш пен шаттықтың себебін түсінгендей болдық. Ол, әлгі мағынауи бұйрықтың хабаршысы ретіндегі бейкүнә әрі үмми кісілердің қолдарымен жазылған рисалелер Ислам әлемінің тағдырына жағымды әсер қалдыратынын, имандылардың амал дәптеріне сауап жаздыратынын сондай-ақ, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жарқын болашағынан хабар беретін кәде болып соның жылы лебі екен. Сол үлкен сауаптан менің үлесіме мыңнан бірі түссе де шүкір. Рухым соны сезіп, еріксіз шаттанып қуаныш кернегені содан екен.
Иә, мұндай жүздеген бейкүнә жандардың мақбұл амалдары, қабыл болатын дұға-тілектері басқа да бауырларымның амал дәптеріне жазылатыны секілді мен секілді күнәһардың амал дәптеріне жазылуы әлбетте шексіз қуанышқа, мол шаттыққа бөлері сөзсіз. Осындай қараң қалған заманда осынша қиын-қыстау кезеңде осылай бейкүнә әрі ержүрек түрде дінге қызмет ету үлкен жетістік. Біз оларды және үйреткен мұғалімдерін құттықтап әрі ата-анасына алғыс айтып сондай-ақ, туған ауылын, аудан-қаласын, сол аймақтың түгел халқын құттықтап бәрекелді демекпіз. Мүбарак бейкүнәлар мен үмми кісілердің әрқайсысына жеке-жеке алғыс хат жазып, құттықтар едім, әттең қолымнан келмейді. Олай болса осы арзу-ниетімді іске асқандай қабыл алыңдар. Мен олардың аты-жөндерін бір шеңбер ішіне жазып қоямын да дұға уақытымда қарап шығамын. Әрі оларды Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің арасына қосып барлық рухани табыстарыма ортақ қыламын. Менің атымнан олардың әке-шешелеріне немесе тума-туыстарына, ұстаздарына сәлем айтыңдар. Хақ тағала оларды және бала-шағасын екі дүнияда бақытты қылсын, әмин.
Барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап дұға етемін және олардың дұға етулерін Құранда мадақталған осы жақында болатын «ләяли-і ашрде» яғни қасиетті он күнде өтініп сұраймын. Әмин мен Фәйзидің түс туралы хаттарын қоса сендерге жылы лебізбен жіберіп отырмыз.
Спартадағы бауырларыма!
Керемет бір түс көрдім. Ол тағдырға байланысты бір мәселені нақтылап, көзбен көргендей қанағаттандырды. Ал сол керемет түстің екінші бөлімі бізге мағынауи сүйінші, қуанышты хабар бергендей.
Ол не десеңіздер, екі күн бұрын Ұстаз түс көреді. Түсінде екеуміз келе жатып мен яғни Фәйзи кенет ұстазға былай деппін: "Мен осы жерден аюдың тәсбихтерін теріп алайын". Ұстаз қараса мен ақ жіпке ұқсас бір нәрселерді жинап жатырмын. Менің күлкілі сөзіме және аюдан тәсбих алатыныма ішек сілесі қатып күліп оянады. Оянған соң да біраз күлкісін тыя алмай жүреді. Сол күні кешке дейін әдеттен тыс жиырма-отыз мәрте түсіндегі оқиғаға күліп менімен қалжыңдаған болатын. Қанша жорысақ та ұйқастыра алмадық.
Сосын келесі күні әдеттегідей қанша жылдық тәжірибелермен белгілі болғанындай ұстаздың шынайы түсінің жорымы я сол күні я ертеңіне аян болатынындай белгілі бір уақытта маған ұқсайтын бір досы келіп - ол, ұстазға түсінде менің бейнемде көрінген ғой,- былай дейді: "Аюдың майын сататындардан алып, мешітте азаншы әрі тәсбих жасайтын бір кісінің айтуы бойынша науқастанып қалған үлкен бір кісіге күнде таң ертең ішуіне бола ма, не дейсіз?". Ұстаз мұны естігенде түс есіне түсіп біраз күлген соң түстің жорымы анықталғанына таңқалып: "Әсте қолданбасын!" деп жауап береді. Жиырма сегізінші Мектубтағы түске қатысты бірінші рисалесінің алтыншы тұжырымында баяндалғанындай, садық яғни шынайы түс, ол Аллаһтың жазған тағдыры әрнәрсені бүке-шүкесіне дейін қамтитынын көрсететін нақты дәлел болып табылады. Ұстаз мыңдаған тәжірибемен көзі жеткеніндей, дәл осы оқиға да біздің көзіміз жетіп мына нәрсе анық болды: Уақиғалар болмай тұрып та тағдырда жазулы, мәлім әрі белгілі, ол жазылған. Әрнәрсе Иләһи тағдырдың таразысына түсіп, өлшеммен болады. Бұл біздің тағдырға деген иманымызды жаңғыртуға керемет әрі нақты бір себеп болды. Әрі дәл сол түстің бір қабатында Ұстаз мынаны көреді: Рисалей-Нұрдың шәкірттеріне жоғары жақтан бір пәрмен яғни бұйрық келеді. Ашып қараса киелі бұйрық дегені Қасиетті Құран боп шығады. Мұның жорымы, дәл сол күні сол сағатта тосын жағдайда, белгілі Әсия Ханымның үйінде айналасы ою-өрнекпен көмкеріліп әшекейленген "Хизб-үл Әкбәрді" жүз жыл болған тамаша құтының ішінде және ол құтының үстін сырмамен әшекейлеп падишахтардың маңызды бұйрықтарына ұқсатып, керемет мөр басылғанын көрдік. Ұстазымыз ол туралы былай деді: "Бұйрық келді деп едік Құран шықты. Енді Құранның "Хизб-үл Әкбәрі" келді. Үстінде патшаға тән мөр болғандықтан Рисалей-Нұр шәкірттеріне арналған сүйінші әрі нұр бұлағы әрі дамуға ұйытқы Раббани бұйрық болуын Аллаһтың рахымынан күтеміз. Осылай түс жорылып екі күннен кейін сендер жіберген аса қымбат сыйлықтарың түстің нақты жорымын анық түрде көрсетіп берді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Жан-тәніммен сендерді мейрамдарыңмен құттықтаймын. Бұл мейрамды берекелі қылған мүбарак ей, күнәлар мен мұхтарам қарттардың сондай-ақ, ұстаздарының жазып бізге жолдаған қымбатты рисалелері. Біз оларды реттестіріп, түптеп бес том қылып сыртын әдемілеп қаптап қойдық. Құдай қаласа халық одан көп пайда көреді. Әлгі мүбарак бейкүнәлар мен мұхтарам үмми жандардың пәк пейілмен, ақ ниетпен жазған рисалелері Рисалей-Нұрдың кәраматын қуаттап, одан әрі жандандырып жіберді. Олардың жазуы ең әдемі жазулардан да әдемі екені сезіліп тұр. Бір қызығы, әлгі балалар жазған тәуафукқа толы кітапты Фәйзи әдемілеп, түптеген маған әкелген кезде менің арқам шаншып қатты ауырып тұрған-ды. Тіпті бауырларыма: "Ойпырм-ай, арқамды уқалап жіберіңдерші, қатты ауырып барады!" дегенмін. Кенет әлгі кітапты ашып қарай бастағанымда шипа болып тәуір болып кеткенім сонша шаншуды ұмытып кетіппін. Кейін есіме түсіп таң қалдық. Біз сол рисалелерді жазғандардың аты-жөнін, жастарын әлгі кітаптың алғаш беттеріне ғибрат үшін әрі оларға дұға еткізу үшін жазып қоямыз. Оларға әсіресе ұстаздарына, әке-шешелеріне менің атымнан жеке-жеке сәлем айтып, олардың жасаған қызметтерін және мейрамдарын менің атымнан құттықтаңдар! Олар менің Спарта туралы зор үмітімді ақтап іс жүзінде растағаны үшін үлкен жұбаныш сыйлады. Сол үшін оларға өле-өлгенше қарыздар екенімді, сондай-ақ, Мүбарактар тобына, Нұр медресесіне, Нұр мен Гүл фабрикасының иелеріне дән риза екенімді жеткізіңдер. Намаз тәсбихатының сыры бойынша, намаздан соң тәсбих арқылы, зікір мен тәхлил арқылы "Хатме-и муаззама-и Мұхаммадия", "Халқа-и тахмидат-ы Ахмедия" деп аталатын барлық зікір етушілер мен тәсбих етушілерді қамтыған кең шеңберге ойша ену, ниетпен кіру қалайша нұр-фәйіз алуға себеп болады, сол секілді мен және біз, Рисалей-Нұрдың ауқымы кең дәріс шеңберіне кіріп, ол жерде нұр алқасынан дәріс алып, дұға етіп, қызмет етіп жүрген мыңдаған бейкүнә жандардың, мүбарак қарттардың дұға-тілектеріне, қайырлы амалдарына ортақ болу үшін әрі олардың дұғаларына "әмин" дегендей және өзін олармен бірге отырғандай сезініп, қол ұстасып, осылай ниет етіп, қиял құрып, сендермен ойша болса да бірге болғанымызға аса қуаныштымыз. Әсіресе өмірімнің
соңғы кезеңінде мұндай бейкүнә қымбатты мағынауи балалар және жүздеген кішкене Абдрахмандар нәсіп болғанына мың да бір шүкір. Бұл мен үшін дүнияда жүріп жәннат өмірін сүргендей қуанышты жағдай. Өткен қасиетті Рамазанда науқастанған соң менің орныма әрбір бауырым бір сағат еңбек еткен-ді. Соның көп пайдасын анық-қанық көргендіктен мұндай дұғалары кері қайтарылмайтын бейкүнә, мүбарак қарттар мен бақытты ұстаздарының менің атымнан анда-санда ауызша, және жүрекпен дұға жасап, еңбек етуі және қаламдарымен жәрдем етуі орасан зор пайда әкелді. Бұл, менің Рисалей-Нұрға қызметімнің ақыреттік бақи жемісінің дүниедегі көрінісі деп білемін.
(Аса маңызды)
Ғазиз, адал бауырларым!
Осы күні тым адал әрі мұқият бір бауырымыз байқамай, мұқиятсыздық жасап опық жегеніне байланысты, сондай-ақ, осы соңғы төрт ай бойы мың адамдай алаңдауым керек бола тұра әлемнің қазіргі халінен, саяси ахуалдан, соғыс жайлы еш нәрсе сұрамай, мүлдем қызықпай, тіпті қаламай жүргеніме Фәйзи мен Әмин сынды хас бауырларым таңырқап, себебін сұраған-ды. Сол үшін бір ақиқатты бұдан бұрын да баяндағанымдай тағы да біршама айтуыма тура келіп тұр. Былайша:
Мына заманда иман ақиқаттары бәрінен бұрын ең жоғары орында тұрып басты мақсат болып, қалған мәселелер екінші, үшінші, төртінші дәрежеде қалып және Рисалей-Нұр арқылы оған қызмет ету бірінші, басты міндет әрі қызықты әрі нағыз мақсат болуы керек. Алайда қазіргі таңда дүниялық тұрмыс әсіресе қоғамдық өмір, әсіресе саяси ахуал, оның әрісі азғын мәдениет пен адасқандықтың жазасы ретінде келген Иләһи ашудың көрінісі яғни мына дүние жүзілік соғыс жұртты алаңдатып, бір жағына жақтасу, жүйкені тоздыратын қызу айтыс-тартыс: міне осы нәрселер жүрекке терең бойлап, тіпті оларды құнды алмаздай иман ақиқаттары тұратын жерге, яғни жүректің төріне шығарып сөйтіп зиянды да фәни арзу-тілектерді бірінші орынға қойып мына ғасыр адамдарды әбден есеңгіретіп адастырды, адастыруда... нәпсіні қоздырып, қоздыруда...
Рисалей-Нұрдың шеңберінен тыс қалған ғалым-ғұламалар тіпті әулиелер де әлгі саяси және қоғамдық өмірдің ықпалында қалып маңызды мәселе иман ақиқаттарын дейтін екінші, үшінші дәрежеге шегеріп әлгі ағымдарға еріп, көзқарасы өзіне сәйкес екі жүзді мүнафықтарды жақсы көреді, ал өз пікіріне қарсы, ойы бөтен ақиқат иесі иманды жанды тіпті керек болса әулиені мінеп-сынап, жек көреді. Керек десең діни сезімдерді де әлгі ағымдарға құрал қылады.
Міне, бұл ғасырдың мұндай сұмдық қауіп-қатеріне қарсы төтеп беретін Рисалей-Нұрдың қызметі, онымен шұғылдану мен үшін қазіргі саясаттан, әлгіндей ағымдардан әлдеқайда маңызды болғандықтан ол мәселелер мен үшін құнын жойып назарымнан тыс қалғаны сонша мына болып жатқан дүние жүзілік соғысты төрт айдан бері бірде-бір қызығып сұрамаппын. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың хас тәлабалары бақи алмаздай құнды иман ақиқаттарына қызмет етіп жүргенде залымдардың шахмат ойынына қызығып өздерінің киелі қызметтерін баяулатуға, тоқыратуға болмайды және ой-пікірлерін ондай нәрселермен ластамау керек.
Хақ тағала бізге нұр және нұрлы міндет жүктеген. Оларға болса зұлымат, зұлымдыққа толы шахмат ойынын берген. Олар бізге тоқмейілденіп жәрдем етпей әрі қолымыздағы киелі нұрларға қызықпай, сұрамай жатырса біз олардың қараң қалған ойындарына қызығып, қызметімізге зияны, тисе дағы оларға мән беріп шұғылдану, өзімізді төмендету әрине бұрыс. Бізге және біздің қызықтап көңіл көтеруімізге өз арамыздағы мағынауи зауық, рухани ләззат жетеді, тіпті асып түседі. Бауырларыма түгел жеке-жеке сәлем және келе жатқан мейрамдарын шын жүректен құттықтаймын!
Ғазиз, адал бауырларым!
Тағы да сендерді осы аймақтағы бауырларыммен бірге мерекелеріңмен құттықтаймыз. Сендер жазған бес-алты хатқа жауап ретінде бес-алты хатпен жауап беруіміз керек, еді бірақ мен үмми яғни жазуым нашар болғандықтан айыпқа бұйырмаңыздар, қысқа қайырған хатқа ренжімеңіздер.
Біріншіден: Хусрев өз хатында Рисалей-Нұрға қызмет ете алмай жүргенін айтып өкінген екен. Оған айтыңыздар: Хусревтің көз тартар сұлу жазуы мен көшіріп берген кітаптары оның орнына қарқынды түрде еңбек етіп, жарқын қызмет етуде.
Сондай-ақ Хулусидің Жиырма жетінші Мектубқа енген хаттарының өзі оның орнына қызмет етіп, міндетін атқаруда. Әрі, оның марқұм анасына арнайы түрде дұға оқылуда. Және айдындық Хасан Атыфтың Хафыз Алидың хатына бір бұрышына жазған теңдесіз мына дұғасы: "Уа, Раббым! Күлдіре гөр Саидты! Ол күлген кезде гүлдер ашылады!". Осы ғажап сөзі оның Рисалей-Нұрға адалдығының, ыстық ықыласының кәраматы болса керек, отыз күн бойы бір рет те күлмеген байғұс Саид бір күнде отыз рет күлгені туралы жазғанына әрі сол хатты поштамен жіберген күніне дәлме-дәл сәйкес келіп тұр. Ағаш ұстасы Ахмедтің мені қуаныштан жылатқан және көкейде жүрген көптеген сауалдарыма жауап боларлық Рисалей-Нұрдың мүбарак шәкірттері таңғажайып түрде бір түнде барлық келген хаттарды тиісті адрестерге жіберіп үлгергені жайлы жазғаны маған қатты әсер етті. Оның мені шексіз қуантқан, риза қылған хатын бір кітаптай немесе он хат ретінде қабыл еттік. Хақ тағала мол рахымымен қаһарман батыр ұста Ахмедті, марқұм, тым адал, аса жанкешті және сегіз жыл маған қызмет еткен бауырым ұста Мұстафа Чавуштың орнына бергенін түсіндік.
Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың хаттары өте мәнді де күрделі әрі нәзік сезіммен, кәраматқа ұқсаған ыстық ықыласпен жазылғандықтан жауап ретінде ұзын хат жазуды керек етеді. Бірақ
әзірге тек былай деп жауап қайырамыз: Ол, жамағаттың атынан бізді мейраммен құттықтаған болса біз де оны уәкіл ретінде қабылдап, барлығымыздың атынан әрбір бауырымызға құттықтағанымызды білдіреміз. Мен үшін Мүбарактар, Тахири бәрі бірге жүргендей. Тахиридің аса қымбат қаламымен бізге жіберген Жәннат тағамдарындай тым тәтті, хор қыздарының киіміндей керемет сұлу жазулары осы аймақта жұрттың назарын аударып жаппай қызығып, талқылап оқуға себеп болуда. Хафыз Алидің хатында баяндалған Тахири жазған әрі бізге жіберген Сөздер кітабын әлі алғанымыз жоқ. Оның бейкүнә екі мүбарак қызы көшіріп жазған рисалелер осы өңірде қыз-келіншектер арасында кезіп жүр, кім көрсе Рисалей-Нұрға қызығып, тартылуда. Еңбеккеш әрі жанкешті Тахиридің көптеген кәделері бізді дән риза қылуда.
Рисалей-Нұрдың хат тасушысы мүбарак Абдуллаһтың жағдайы қалай деп сұрамақшы едім, Хафыз Алидің хаты сұрамай-ақ жауап берді. Аллаһ екеуінен разы болсын. Ол хаттың соңында өткен мен болашақты және аспан тұрғындарын да шаттандыратын бейкүнә жандар мен мүбарак үмми қарттардың таза, пәк сый-кәделері туралы жазған екен. Өте тамаша!
Нұр бағдаршамының теңдесіз бақылаушысы көкірек көзі ашық Сабридың маған жеке жазған хатында мүбарак бір ханым қасиетті Жәушан-үл Кәбир дұғасын жаттап алғанын айтыпты. Демек ол бұрыннан бері Рисалей-Нұр шәкірттерінің ішінде болуға лайық жан. Бұл соны көрсетеді. Онымен бірге дұға тізіміне енген және Хазіреті Мәулана Халидтің шапанын ұқыпты түрде сақтап, оны бізге табыстаған Әсия ханымның кенеттен көкейіне келген хатын сендерге жібермек ойдамыз.
Козжалық Хатибтың егер Рисалей-Нұрмен байланысы болса Сабри менің атымнан оған сәлем жолдасын. Бізге келген бейкүнә, үммилердің және олардың ұстаздары жазған рисалелерді жеті том қылып әдемілеп түптеп қойдық. Бейкүнәлар жазған тәуәфукты керемет бөлімдері өзінше бір том қылып, ал қарттар жазған тамаша нұсқалардың арасына батыр Шүкрүнің Мұғжизат-ы Ахмедие атты нұсқасы қосылып екінші том болып түптелді. Жеті томның әрбірінің бас жағына үшінші беттегі жазу ғибрат болсын деп жазылды. Баршаға сәлем.
Бізге, Рисалей-Нұрдың кішкентай, бейкүнә шәкірттері, елу-алпыс тәлабалары және қырық-елу үмми мүбарак қарттар сондай-ақ, олардың ұстаздары жазған тәуәфукты, тамаша нұсқалар келді. Бізоларды жеті том қылып түптеп қойдық.
Бұл, мүбарак үммилердің яғни оқу-жазу білмейтін қарттардың қырық жылдан кейін Рисалей-Нұр үшін шаруаларын қойып жазу-жазуды үйренуі таңқаларлық жәйт. Сондай-ақ, бейкүнә балалардың Рисалей-Нұрдан сабақ алғаны әрі көшіріп жазғандары қуанарлық оқиға. Олардың мына заманда осылай ықыласпен қызмет еткеніне қарап, Рисалей-Нұрда рухани зауық, тартымды нұр бар екеніне көзіміз әбден жетті. Өйткені мектептерде балаларды оқуға ынталандыру үшін небір көңіл көтерер ойындар, қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатыны мәлім. Бірақ Рисалей-Нұр одан да артық ләззат, қуаныш, жігер беретіндіктен жас өспірімдер, балалар, үмми қарттар осылай ынта-ықылас танытуда. Және бұл жәйт мынаны меңзейді: Рисалей-Нұр тамырын тереңге жаюда. Иншаллаһ енді оны ешбір күш қопара алмайды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып жайыла бермек. Сонымен қатар, әлгі бейкүнә жас өспірімдер секілді Рисалей-Нұрдың аясына кірген манағы үмми қарттардың, кейбір малшы шопандар мен шаруашылық иелерінің, жеке кәсіпкерлердің мына заманда яғни осындай қиын кезеңде бәрінен бұрын Рисалей-Нұрға қарқынды еңбек етіп, қызу қолдауы ойландырарлық жәйт. Демек жұрт бұл заманда Рисалей-Нұрға наннан бетер мұқтаж болғаны ғой, егіншілер, малшылар, ру басы, бай мен кедей, жалшылар {(Сілтеме): Әсіресе Рисалей-Нұрдың қаһармандарынан Шүкрү мырза, сондай-ақ, тау командирі Шопан Уәли, ру басы Бахадыр Сүлейман және солар секілді жандардың қайрат-жігерлеріне ишара.} аса қажетті зат ретінде, тіпті одан да қажетті деп Рисалей-Нұрдың ақиқаттарына жүгіруде, жан тәнімен ұмтылуда.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл жақта жолдар жабық, пошта келмейтін болды. Сендерден келуі тиіс бір хат яки бір рисале бар еді, соны күтудемін. Қазір көкейіме бір ой келді де күтпей-ақ, осы аймақта жағымды әсер еткен үш жазба рисалені жіберіп отырмын. Бейкүнәлар, үмми мүбарак қарттар және қаһарман Тахиридің жазған нұсқалары жарқын қызмет етіп, қараңғылықты сейілтуде. Тек шағын бір нұсқаны жөндеп жатқанымда аздап қиналдым. Бірақ ол қиналыс жанға жағымды әрі керемет рахымшылық болды. Әлгі бейкүнә және мүбарак жандар мені өз қатарына қосып алды. Себебі жазулары менің жазуыма ұқсайды. Сондықтан, әлгі жазбаларды өзім жазғандай қарап иеленіп алдым. Егер мен жазсам да дәл осылай болар еді.
(Қастамонудағы бауырларыма арнап жазылған бір ақиқат. Мүмкін сендерге де пайдалы тиер деп жіберіп отырмын)
Рисалей-Нұр, өзінің адал да қайсар шәкірттеріне орасан зор табысқа кемел, үлкен нәтиже береді. Оның ақысы ретінде шәкірттерінен табандылық шынайы адалдық, әрдайымғы, мызғымас қайсарлық сұрайды.
Рас, он бес жылда қол жететін қуатты тахқиқи иманға Рисалей-Нұр арқылы он бес аптада, кейбіреулер он бес күнде жетуіне болады. Мұны жиырма жылдан бері жиырма мың адам көріп көзі әбден жеткендіктен толық сеніммен айта аламыз. Сондай-ақ, "иштирак-ы ағмал-ы ухрауия" яғни ақыреттік амалдарды өзара бөлісіп атқару қағидасына байланысты күн сайын мыңдаған таза жүрекпен шыққан мақбұл дұғалардың және мыңдаған ізгі жандардың атқарған салих амалдарының тең сауабын иеленіп әрбір шынайы да адал, қайсар шәкірт амал тұрғысынан мыңдаған адамдай қыруар еңбек еткен болып есептеледі. Мұны сонау кәрамат түрде әрі жоғары бағалап Хазіреті Имам-ы Али (Радиаллаһу анх) үш мәрте хабар берген екен. Ғаус-ы Ағзам да (Қуддус-ы сиррух) қуанып әрі құлшындыру мақсатымен сүйіншілегенді. Сондай-ақ, Қасиетті Құранда бұл туралы бұлтартпас ишара белгі берген яғни әлгі ықыласты шәкірттер әһл-і сағадат, асхаб-ы жәннат яғни мәңгі бақытты әрі жәннат иелері
болатынын хабарлаған. Бұл да манағы мәселені мықтап дәлелдейді. Әлбетте мұндай мол табыс әлгіндей ақы сұрайды. Мұның ақиқат екені рас. Рисалей-Нұр аясына жақын жүрген ілім иелері, тариқатшылар, сопылар оның аясына кірулері керек және жинаған ілімін, тариқаттан тапқанын пайдаланып оны қуаттап, кеңінен тарауына атсалысуы қажет және шәкірттерін ынталандырып, өзінің бір кесек мұзға ұқсас менмендігін үлкен нұр дариясына ие болуы үшін әлгі нұр аясындағы абыл-хаят өзенге тастап еріту керек тіпті шарт. Әйтпесе Рисалей-Нұрға қарсы бәсекелескендей өзінше жол ашса өзі де зиянға ұшырайды әрі мына мұстақим, тура жол Құранның даңғылына парқына бармай зиян берген болады. Діннен безгендерге белгілі бір мағынада көмектескен боп есептеледі. Абай болыңдар! Дүниялық ағымдар, әсіресе саяси ағымдар, оның ішінде сыртпен байланысы бар ағымдар ықпал етіп араларыңа алауыздық кірпісін оған жол бермеңдер! Қарсы алдымызда біріккен кәпірлер тобы мен имансыздар ұйымы бар, сорлатып кетпесін!
اَلْحُبُّ فِى اللّٰهِ ٭ وَ الْبُغْضُ فِى اللّٰهِ деген Рахмани ережені сақтаудың орнына (Құдай сақтасын!) اَلْحُبُّ فِى السِّيَاسَةِ وَ الْبُغْضُ لِلسِّيَاسَةِ деген шайтани ережені ұстанып періштедей пәк ақиқат бауырыңа көз алартып, ал "әл-ханнас" сықылды саяси пікірлес жолдасыңа сүйіспеншілік, құрмет көрсетіп, жақтастырып зұлымдығына ойша ортақ қылмасын!
Рас, қазіргі таңда саясат жұртты мазалап көңіл хоштығын бұзып, жүйкесі жұқа жандарды азапқа салуда. Көңілінің тыныш, жанының рахат болғанын қалаған адам саясаттан аулақ болуы тиіс. Иә, соңғы кездері әркім я жүрегімен, я жанымен, я ақылымен, я денесімен мына пәлекеттерден зиянға ұшырап азап шегуде. Жағдай аянышты. Әсіресе адасқандар мен бейқамдар Аллаһтың баршаға ортақ әрдайымғы мейрім-шарапатынан, жаппай болатын Субхани хикметінен бейхабар болғандықтан адамзаттың басына түскен қайғыны ойлап адами тұрғыдан алаңдап өз азабынан бөлек адамзаттың қайғы мұңын шегіп, қайғысына ортақ болып уайымдап жан азабын тартуда. Олар өздерінің басты міндеті, жауапты да қажетті міндеттерін ұмытып босқа, орынсыз түрде аясы кең, саяси қақтығыстар мен әлем уақиғаларына алаңдап, радио тыңдап, босқа араласып рухтарын
есалаң, ақылдарын заржақ, мылжың қылуда. Әрі біле тұра өзіне зиянды іске разы болғандықтан ал, зиянға разы болған адамға мейірім-шапағат жасалмайды деген мына: اَلرَّاض۪ى بِالضَّرَرِ لَا يُنْظَرُ لَهُ қағидаға байланысты аяушылық, мейірімге бөлеу ақысынан айырылуда. Оларды аяудың қажеті жоқ, меірімділік жасалмайды. Олар өздері бастарына босқа бәле тілеп алғандар.
Менің ойымша, бүкіл жер шарында осы пәлекеттен, бүлік пен апаттан аман қалып жүрегі тыныш, жаны рахат, өзін сақтап қалғандар тек шынайы иман иелері, тәуекелді түсінгендер мен тағдырға риза болғандар. Оның ішінде де мықтап сақталғандар Рисалей-Нұрдың аясына адал ниетпен кіргендер. Олай дейтінім, олар Рисалей-Нұрдан тахқиқи иман дәрісін алып, соның нұрымен, көзімен қарап әрнәрседен Иләһи Рахымның белгі-нышандарын, керек болса өзін, көзін көріп кез-келген нәрседе шексіз хикметті, сондай-ақ әділдіктің әсем жамалын көре біледі. Сондықтан тағдырға тәсілім әрі риза болып Иләһи рубубияттың ісі яғни қазіргі пәлекеттерге наразылық білдірмей, көніп керісінше разы болып күлімсіреп қарсы алуда. Және Аллаһтың мейірімінен асыра мейірім қылмайтындықтан уайымдап, азап шекпейді. Міне, осыған байланысты тек ақыреттік өмірде ғана емес бұл дүниенің өзін де бақытты болып, рахат өмір сүргісі келетін іздегендерін - сансыз тәжірибелерден өткен - Рисалей-Нұрдың имани және Құрани дәрістерінен таба алады, тауып та жүр.
Осы күндері екі естелікке орай екі нәрсе көкейге келді.
Біріншісі: Осы қалада Рисалей-Нұрмен байланыс құрған жасы үлкен егде әйелдердің табандылық танытып, басқалар сияқты солқылдақ болмауының себебін білгім келді. Кенет көкейге мына бір хадис келді: عَلَيْكُمْ بِد۪ينِ الْعَجَائِزِ яғни "Ақырзаманда жасы егде әйелдердің ықыласты діндарлығынан, мықты имандарынан пайдаланып, соларды өнеге тұтыңдар!"
Рас, жасы ұлғайған әйелдердің табиғаты әлсіз, сезімтал әрі жүректері мейірімге толы болғандықтан ең бірінші боп діндегі жұбанышқа, нұрға солар мұқтаж келеді. Сол секілді бәрінен бұрын бойларындағы жанкешті мейірімділік сезімінің күшімен діннен табылатын аса қамқорлыққа, мол мейірімнің жұбаныш нұрына,
Рахманның рахымды ілтипатына сондай-ақ, рухани демеуге әрі медетке қажеттілік сезінеді. Олардың табиғаты дінде табанды болуды талап етеді. Сондықтан мына заманда осы қажеттілікті толық қанағаттандыратын Рисалей-Нұр, бәрінен бұрын олардың жандарына жақын, көңілдеріне ұнап жүректерінің төрінен орын алуда.
Екіншісі: Жақында маған әртүрлі мақсатта бірнеше кісі келді. Мен оларды ақырет үшін келген деп ойладым. Сөйтсем я сауда-саттығы дұрыс болмай, я жұмыстарында кедергілер болып жолдары болмай жүр екен. Сол үшін бізден және Рисалей-Нұрдан демеу сұрап істері оңға бассын әрі зияннан құтылуы үшін дұға сұрап, әрі ақылдасқан болып келген екен.
Мен оларға не десем және не істесем екен деп оға баттым. Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Сен, есалаңдарға ұқсап оларды одан әрі есінен адастырып есалаңға ұқсап олармен сөйлеспе! Неге десең, жыланның уын қайтаратын басытқы дәрі жасайтын әрі жыланнан қорғауға жауапты бір адам, жыландарға ұсталып бір жағынан шыбын шағып жатқан, бірақ оны қорғайтындары көп біреуге әлгі жыланнан сақтау міндетін тастап шыбыннан қоруға жүгірсе оның есалаң болғаны. Оны шақырғандар да есалаң. Ол туралы әңгіме айтудың өзі ессіздік!".
Иә, мына баянсыз дүниялық өмірдің уақытша қиыншылықтары мен зияндары ақыреттік мәңгі өмірдің шексіз, зияндарының қасында шыбын шаққаны секілді, ал мәңгі өмірде зиянға ұшырау оның қасында жыландардың шағуы сықылды орны толмас өкініш, күллі зиян.
Аса құрметті ұстазымыз!
Мың үш жүз жиырма бірде «Мұғжизат-ы Ахмедие (с.а.у)» мен «Кәрамат-ы Ғаусие» рисалелерін түс әлемінде көрген болатынмын. Оның мән-жәйін, хикмет-сырын осы кезге дейін түсіне алмаған едім. Көрген түсім дәл былай болатын:
Дәл сол күні араб сахарасындағы Нәжд аймағының Қасим дейтін жерінде түн мезгілі болса керек, түсімде үш Күн туғанын көрдім. Қасымда тұрған бейтаныс кісіден: "Бұлай бір уақытта үш Күн шыға ма?" деп сұрадым. Ол, үш Күннің бірі Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) екенін, қасындағысы Ғаус-ы Гәйлани екенін, ал үшіншісі тағы біреу екенін айтты. Үшінші Күн Рисалей-Нұр екенін енді білдім.
Құранның осы аяттары әлгі түстің ақиқатына ишара қылады. Осы нұрлы түс, және жоғарыда аталған нұр аяты он ишарамен, он белгімен бір ақиқатты айнытпай көрсетіп тұр. Отыз сегіз жыл бұрын алдын ала хабарлаған. Иә, үш үлкен нұр боп көрінген Күндердің мәнісі - Құдай біледі - былай болса керек:
Күндердің біреуі: Бұл ғасырда Рисалей-Нұр боп табылады. Оның ең жарқын нұры болса "Мұғжизат-ы Ахмедие" яғни Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) мұғжизалары атты керемет рисале.
Екіншісі: Хазіреті Исаның (с.а.у) нағыз дінінен шыққан аспани нұрдың Күні.
Үшіншісі: Бүкіл тариқатты қамтитын және сопылықтың бұлағынан нәр алған бір Күн болса керек, әзірге Шәйх Гәйлани бейнесіне еніп солай көрінді. Рисалей-Нұрға ишара еткен отыз үш аяттың ең бірінші аяты болып есептелетін осы Нұр аяты он тұрғыдан Рисалей-Нұрға ишара ететінін бірінші Шуа рисалесінде көзіммен көрдім, қалаған кісілер көруіне болады.
Ғазиз, адал, берік, қайсар бауырларыма!
Біз, осы аймақтағы Рисалей-Нұр тәлабалары атынан сендерге көп-көп сәлем жолдаймыз әрі шексіз алғысымызды білдіреміз. Сендерге дән риза әрі қарыздармыз. Сендер қуатты да жүйрік қаламдарыңмен бізді құлшындырып әрі жәрдем еттіңдер. Сендер нұрлы қаламдарыңмен Құдай қаласа, Осы аймақты Спартаға ұқсатып жібересіңдер-ау. Әсіресе аса маңызды, үлкен рөл ойнайтын бауырымыз Тахиридың жарқын әрі сәтті де тәуәфукпен жазатын қаламы таңғажайып қызмет етіп, жеңістен жеңіске жетуде. Және оның екі бейкүнә қызының сондай-ақ, жасөспірімдер мен мектеп оқымаған қарттардың сан-алуан, түрлі қасиеттерін көрсететін жазулары бізді еріксіз өзіне баурап көргендерді ықыласпен оқуға құлшындыруда. Хақ тағала сендерге мәңгі бақи риза болсын, істеріңе сәттілік берсін, әмин.
Маңызы зор әрі мүбарак бауырымыз Хафыз Мұстафаның хатында адасқандардың нұрға тиіскені жайлы суық хабар бізге қатты әсер етті. Сонда ғана ұстаздың дәл сол кездердегі неге мұңайып, ашуланғанының хикмет-сырын түсіндік. Ол кісі мұндай оқиғаларды алдын-ала сезіп әрдайым бізге былай деуші еді: «Сақ болыңдар! Табандылық керек. Мүнафықтар тиісу үшін жоспар құруда. Бірақ түк істей алмайды!».
Иә, Спарталы бауырларымыздың бізге хабар бергеніндей, осы сұмдық оқиға болар кезде мүлдем байланыс болмаса да әрдайым Ұстазымыз дәл сол сұмдық оқиға болғандай бізге яғни Әмин мен
Фәйзиге былай деп ескертіп отырды: "Абай болыңдар! Төрт жақтан тиіскелі отыр. Темірдей табандылық керек... бірақ қолдарынан түк келмейді!". Біз байқамаймыз, сырттай ешнәрсе жоқ секілді. Әрі сол бола қоймаған оқиғаның алдын алып, болдырмау үшін дәл соған қатысты хат жаздырып, сендерге жіберген болатынбыз.
Ғазиз, адал бауырларым және Құран қызметінде ержүрек достарым!
Аманатты алған соң сендерге бұдан бұрын үш хат жіберген болатынмын. Осы жолғы Хафыз Алидың хатында ол туралы айтылмағандықтан уайымдағаным рас. Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың науқастанып қалғаны маған қатты әсер етті, дұға етудеміз. Хақ тағала бойына күш-қуат, деніне шипа берсін, әмин.
Хафыз Алидың хатынан, сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың ірі бастылары боп саналатын Халил Ибрахимның тәсіліндей қызмет етіп жатқан Ахмет Фәйзи жазған хаттарынан жеке басыма қатысты жүз есе артық мақтау сөздерін алып тастау шартымен ол аймақта Халил Ибрахим мен Ахмет Фәйзи Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасымен берік әрі тығыз байланыс құрғанын көріп қатты қуандық.
Иә, олардың мұндай тығыз байланыста болуы сол аймақта Рисалей-Нұрдың табан тіреуіне әрі тамырын тереңге жаюына себеп болады. Ол екеуінің хаттары сырттай қарағанда менің жеке басым туралы боп көрінеді, бұл әрине орынсыз, асыра сілтеушілік дер едім. Дегенмен сол орынсыз сөйлемдердің астарында бір ақиқат жатыр. Ол, Рисалей-Нұр шәкірттерінің шынайы ауызбіршілігінен пайда болған мағынауи тұлғаға айтылған және Рисалей-Нұрдың Құраннан алған ақиқатына қатысты десе өте орынды әрі солай болуы керек. Хаттағы сөздер, мен секілді кішік бір бейбаққа арналыпты. Оған менің шамам жетпейді ол менен мың есе жоғары. Ондай мақтауға әсте лайық емеспін. Дей тұрғанмен оны мағынауи тұлғаға және Рисалей-Нұр атынан және сол маңызы зор қалада қызметке ынта-жігер көрсеткендеріне белгі ретінде қабыл алдым. Ахмет Фәйзинің, Құдай қаласа Қастамону Фәйзисі сияқты бар ынтасымен Рисалей-Нұрға қызмет етуге дайын екені оның жазған хатынан байқалып тұр. Алайда, кішіпейілдігі, өзін төмен ұстауы басымырақ және қалауы да тым жоғары, хатындағы дұға-тілектері өте тамаша. Сондықтан әрдайымғы дұғамызға ортақ және осы аймақтағы Фәйзимен терезесі тең келіп дәрежесі пара-пар деуге болады. Халил Ибрахимнің
хатын тіпті оның әрбір хатын өзінің атынан және Инже Мехметтің атынан деп қабылдаймын. Екеуіне Хусрев пен Рүшдү секілді рухы бір денесі екеу деп қараймын. Хақ тағала оларға сәттілік берсін әрі айналасында өздері секілді жандарды көбейтсін. Ол хатта, Рисалей-Нұр тәлабалары Хафыз Мехмет, Мұстафа Чавушпен бірге Сииртлік Ахмет пен Салахаддин, Иззәддин сынды кісілер де Рисалей-Нұрмен байланыста екені жазылған. Біз оларға жеке-жеке сәлем жолдап сондай-ақ, оларды Рисалей-Нұр тәлабалары арасына қосып дұға етеміз. Хафыз Али хатында біз жазған хаттарды керемет жоғары бағалап, әрі қорытынды жасағаны көрініп тұр. Оның "Рисалей-Нұр мәңгі бақытқа қатысты нәрселер сатылатын дүкенге ұқсайды. Ол жерде бақи әрі алмас құнды заттар сатылады. Сондықтан одан фәни, уақытша әйнек сынықтарын сұрамау керек!" деген сөзі керемет өте тауып айтылған, қанатты сөз.
Спартадағы және Манисадағы барлық бауырларыма жеке-жеке сәлем жолдап дұға етеміз әрі дұға етулерін сұраймыз. Түрмеде болған Рисалей-Нұрдың соңғы катибі қаһарман Шәфик аман-сау жүр ме? Қайда тұрып жатыр? Білгім келеді. Сендер оны Халил Ибрахимнен сұрап білсеңдер.
Ғазиз, адал бауырларым!
Қасиетті үш айлардан соң әсіресе көктемге жақын дүниелік тұрмыс басталып ғапылдық басып, қызмет біршама тоқырауға ұшырайтыны рас. Кейбіреуді әуре-сарсаңға салып ауру-мазасыздық және әскерге шақыру басталып, соның кесірінен Рисалей-Нұр қызметі баяулап қалуы мүмкін деп уайымдағаным рас. Құдайға шүкір, сендердің хаттарың және Атыф Хасанның келуі ол уайымымды бекерге шығарды. Ол хаттарыңда нұрға қатысты өте маңызды бір оқиға баяндалған екен яғни "Хизб-үл Әкбар-үл Құран" дейтін дұға кітабын бастыруға әрекет етіп жатыр екенсіңдер.
Иә, ол "Хизб-үл Әкбардегі" аяттар жаппай Ресаил-і Нұрияның рухы, негізі, бұлағы, ұстазы әрі күні боп табылады. Оны бастырған соң мүмкін болса Рисалей-Нұрдың "Хизб-үл Әкбар" деп аталатын арапша жазбаны және екі "Аят-үл Күбра" мен "Мінәжат" кітабының қорытындысы саналатын рисалені де бастыру керек. Бірақ сендердегі нұсқа мендегі секілді толық емес. Қаласаңыз біз көшіріп жазып сендерге жіберейік, мекен жәйларыңды жазып жіберсеңдер.
Бауырымыз Хасан Атыф шынымен де Рисалей-Нұр қызметіне әбден лайық әрі ыңғайлы жан екен. Оның ерекше жазуымен бірге ыстық ықыласы, еңбек кештігі, алаңдаушылығы, байсалдығы, адалдығы да ерекше, кемел. Хақ тағала оған ұқсайтындарды көбейтсін. Бұл бауырымызды жиырма хаттың орнына сендерге тірі хат ретінде жолдап отырмыз. Хафыз Алидың осындағы бауырларына жазған аса қымбатты әрі әсері күшті хатына жауап ретінде баста Фәйзи, Әмин болып баршамыздың атынан Фәйзи былай дейді: "Біз осы аймақтағы шәкірттер Спарта қаһарман шәкірттердің інісі тіпті шәкірттеріміз деуге болады. Дәрісті, қызметті, ықыласты солардан үйренеміз. Әрқайсысы бізге ұстаз боп саналады. Оларға шексіз алғыс айтып, қатты құрметтейміз. Хақ тағала сол қаһарман ағаларымызға мәңгі бақи разы болсын, әмин!".
Рисалей-Нұрдың бағдаршамы тәрізді Сабридың бірінші тәлабасы және Рисалей-Нұрдың қымбатты кішкене шәкірті жазған шағын хатындағы керемет көз тартар жазу бізді қуанышқа бөледі. Хақ тағала оны және сол сияқты Рисалей-Нұрға қызмет еткен бейкүнә жандарға таупық, һидаят сау-саламат, бақыт бұйырсын, әмин.
Хафыз Мұстафаның бізге жазған маңызды хаты көптен бері күтіп жүрген бір ақиқаттың басын ашып көрсетті, яғни Рисалей-Нұр шеңберіне кірген шәкірттер өзара ақылдасып кітап бастыру секілді маңызды жұмыстарға кіріскен екен.
Ғазиз, адал, шынайы, ақниетті, ықыласты бауырларым!
Төрт-бес бауырыма қатысты қысқа-нұсқа бір нәрсе айтайын.
Біріншісі: Бұл жолғы Нұр медресесінің мүршиді, құрушысы әрі басқарушысы хажы Хафыз бауырымыздың үшінші мәрте бір тәбәрігін алып отырмыз. Барлада жүргенде тәтті бәліштерінің ғажайып берекеті сондай-ақ, Спартада үнемділік жайлы рисалені одан әрі тәтті қылған екі келі балы ғажап оқиғаға ұйытқы болды. {(Сілтеме): Қазір ойлап отырсам ол бал да соныкы сияқты. Бірақ дәл есіме түспей отыр.} Және осы үшінші мәрте мың шақты мүбарак әрі бейкүнә жандардың көңілі мен ілтипаттарының белгісі ретінде тұтас бір сыйлық жіберіпті. Алпыс жылдық ұстанымымды әлгі мың көңіл үшін бұздым, қағидамды сақтай алмадым.
Екіншісі: Атыф Хасанның шынымен де таңғажайып түрде жазған тәуафук Құранын өзі кеткен соң қарадым. Қолымнан келсе әрбір парағына бір лира берер едім. Иншаллаһ, сол жазбаның саясында мыңдаған адам пайдасын көріп оның мәңгі өміріне шарапаты тиеді деп ойлаймын, Хүсрев пен Тахири секілді.
Үшіншісі: Рисалей-Нұрдың бұрыңғы әрі қымбатты және озат шәкірті Катиб Османның көрген шынайы да хикметті түсі және оны дәл жоруы өздерін қуантқаны секілді бізді де қуанышқа бөледі. Ол хатында Хусрев, Рүштү, Хафыз Али, Зүхдү Бәдәуи, Нұри және Нұр фабркасының иесі, Тахирилер сондай-ақ, нұр медресесі мен үмми қарттар, бейкүнә балалардың сәлемін жолдапты. Біз де оларға мыңдаған есе жеке-жеке сәлем жолдаймыз әрі сәттілік тілеп сау-саламатта болуына дұға етеміз. Бұл аймақта да мүмкін көп жерлерде, сендердің ерен еңбектеріңнен құлшыныс пайда болып Рисалей-Нұр кеңінен тарап жатқандықтан әһл-і дүния яғни дүниялық адамдар уайымға салынып, назар аударуда. Кейбір тиісулерінің себебі сол болса керек. Сақтық әрқашан керек, бұл жолы да солай. Хазіреті Али (радиаллаһ анһ) екі мәрте سِرًّا تَنَوَّرَتْ дегені Рисалей-Нұр жасырын түрде жайылып, астыртын нұрландырады дегенді білдіреді. Мүмкін болғанынша мұндай уақытша дауыл, соқпақтарға мән бермеңдер. Онысыз да арамыздағы шынайы ынтымақ, ауыз біршілік шариғатқа сай кеңесу әлгіндей пәлекеттерден сақтайды. Араларыңдағы мағынауи тұлға сендер кеңескен кезде өз пікірін білдіреді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бізге соңғы күндерде жасалған жауыздықты уайымдамаңдар. Өйткені тәжірибелерден көзіміздің жеткені Рисалей-Нұр инаетке бөленген яғни қамқорлыққа алынған. Бірде бір топ осы кезге дейін дәл осылай маңызды қызмет атқарып бірақ біз сияқты аз жапа шегіп есендікке қауышылған. Сондай-ақ, өткен Рамазан айындағы сырқаттануым және Ескі шәһир қаласындағы пәлекет сырттай
машақат, қиыншылық болғанымен нәтижесінде Рисалей-Нұрға пайдалы болып оның кеңінен жайылуына үлкен себеп болғаны белгілі. Иншаллаһ, осы оқиға да сол секілді мүнафықтардың мақсаты орындалмай керісінше Рисалей-Нұрдың азаттық күресінің басқа аяда жалғасып жеңіске жетуіне ұйытқы болар.
Бесінші Шуаның мәселелері жалпы жиырма бес жыл бұрын жазылған-ды. Тек бір-екі беті кейіннен қосымша болатын. Енді сол Шуалар кітабына енген Бесінші Шуалардың қолына түсуі өте маңызды оқиға. Дегенмен мұнда да бір хикмет бар. Мүмкін оларға өз жолдарын, қайда кетіп бара жатқанын, жәһаннамға кімдер баратынын білдіру үшін керемет әрі еріктен тыс Иләһи қаза деп түсініп Хақ тағаланың хикметіне, қамқорлығына әрі өзі сақтайтынына сеніп, уайымдамаңдар! Сендер де олар да біліп жүріңдер, қалайша садақа келе жатқан бәленің бетін қайтарады, сол секілді Рисалей-Нұр Анадолу еліне, әсіресе Спартаға, Қастамонуға төнген аспани және жер-су апатының бетін қайтарып болмай қалуына себеп болады. Рас, Сабридың
деген аяттан шығарған мағына хақ әрі өте орынды.
Иә, Рисалей-Нұр Нұх пайғамбардың кемесі тәрізді Анадолуны Джуди тауына ұқсатып дүнияның соғыс отынан, пәлекеттерден аман қалуына себеп болуда. Қалай десеңдер, иман әлсіреудің салдарынан болатын азғындық жаппай көпшілікке бәле шақыратыны белгілі. Олай болса иманды керемет қуаттайтын Рисалей-Нұр ондай жалпыға ортақ бәленің бетін қайтаруға Құдай рахымымен себеп болды. Мына әһл-і дүния, бұл Анадолу халқы өздері Рисалей-Нұрдың аясына кірмесе де тиіспесін. Егер тиісетін болса төбесінен төніп тұрған пәлекеттер, небір апаттарға ұшырайтынын білсін, есін жисын! Біз олардың дүниясына араласып жатқанымыз жоқ қой, олар да керексіз жерде ақыретімізге араласпасын, араласса бастары бәлеге қалуы бек мүмкін.
Міне, сегіз ай болды әсіресе мазамызды алған соңғы оқиғадан кейін де солай - қасымдағы Фәйзи мен Әмин куә, сондай-ақ, мені танитын достарым куә - сегіз ай бойы бір мәрте болсын дүние жүзілік соғыс жайлы не болмаса саясат туралы сұрамадым.
Бөлмемде естіліп тұрған радионы да үш жыл болды тыңдамаппын. Алайда, мені дүнияға қарататын мыңдаған байланыстарым көп. Демек бізге тиісіп мазалағандар тікелей иманға қарсы шыққан болып есептеледі. Оларды бір Құдайға тапсырамыз. Біздің саясаткерлермен еш қатысымыз жоқ, олар мынаны жақсылап біліп алсын: бұл елді қазіргі таңда жалпы халықты анархиядан, бейбастықтан, азып-тозып, күйреуден құтқаратын жалғыз жол, тек шара бар, ол - Рисалей-Нұрдың негіздері.
Әлгі оқиғадан жапа шеккен бейкүнә жандар мен ұстаздары мынаны түсінсін: қиын қыстау кезде бір сағат күзетте тұру бір жыл ғибадат саналады. Сондай-ақ, шынайы имани тәфәккүрдің яғни пікірлеудің бір сағаты бір жыл құлшылық болып есептелетіні секілді, иншаллаһ олардың қиналыстары да сондай сауап алуына себеп болар. Олар уайымдап, өкінудің орнына еңсесін биік ұстап, көңіл хоштығымен қабыл алулары қажет. Бірақ, Хазіреті Алидің (р.һ) екі мәрте سِرًّا بَيَانَةً سِرًّا تَنَوَّرَتْ дегеніне байланысты біз әрдайым мұқият әрі өте сақ болуымыз керек. Рисалей-Нұрмен байланысы бар кісілер еріктен тыс, өздері парқына бармай бір-бірімен байланысты, бір-бірлерінің басына келген оқиғалардан әсер алатынын осы жақында болған оқиға дәлелдейді:
Сол аймақта оқиға болған күннен бастап осы кезге дейін осы жердегі әртүрлі сынып тәлабалардың хал-жағдайы күрт өзгеріп бір сұмдықтан әсер алғандай тартыншақтап және мүнафықтардың назарын өздеріне әрі бізге аудармау үшін тоқырау кезеңін өткізді. Мен де бұған таңқалушы едім. Сондай-ақ, Назиф секілді бірнеше кісінің көрген түстерінің жорымы сендерде бір оқиға болғанын меңзеген екен ғой.
Барлық бауырларымызға жеке-жеке әсіресе жапа шеккендерге дұғай сәлем. Хақ тағала оларды тездетіп құтқарып, өз міндеттерімен шұғылдануын нәсіп етсін, әмин.
Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым және Құран қызметінде қайратты, жігерлі, қайсар достарым!
Соңғы күндері менімен алты кісі әу баста ағаш ұстасы Ахмет, соңында мен мағынауи ескертуге байланысты әрқайсымыз бір-бір мәселеге куә болдық.
Біріншісі: Қайрат жігері мол, Рисалей-Нұрдың және Нұр медресесінің тәлабасы Ахмет ұстаның жазған хатында, Әшрәф дейтін он жасар бейкүнә бала, туған ауылынан шығып, шаруасын тастап екі күндік жол жүріп еш жазу білмесе де он күннің ішінде Рисалей-Нұрды жаза бастауы бұл Рисалей-Нұрдың кәраматы әрі Нұр медресесінің таңғажайып гүл шешегі депті. Иә, біздің де ойымыз солай. Қалайша қыстың күні әдемі гүлдер ашылады. Бұл Құдайдың құдреті, сол секілді осы кездегі суық рухани қыста Сав ауылы яғни Сав ағашы мыңдаған әдемі гүл ашып, жәннат жемістерін беруі сондай-ақ, Спарта аймағы бау-бақша тәрізді мыңдаған "Мұхаммади гүл" (с.а.у) ашуы, әлбетте таңғажайып Илләһи рахымның мұғжизасы болып табылады. Әрі осы елге Аллаһтың қамқор-мейрімі түсіп тұрғанына белгі деп қабылдап, Хақ тағалаға сансыз шүкір еттік. Ахмет ұстаның хатында Дарывиран ауылының бұрыңғы заманның ықыласты озат шәкірттеріне ұқсайтын жанкешті тәлабалар шыққанын жазады. Біз бұған шын жүректен қуаныштымыз. Нұр медресесінің қыз-келіншектер шәкірттері болса олар да, жазып жатқан қаламдарға Құрани әурад-дұғаларымен мағынауи жәрдем етулері тамаша хабар. Осы аймақтағы ханымдарға да сабақ болды. Хақ тағала оларға және ол медресенің барлық тәлабаларына және ұстаздарына мәңгі бақи разы болсын. Ахмедтің көрген түсі өте мүбарак әрі керемет. Хазреті Исаның (а.с) зор дауысын естігені Құран жамағатына Исауилерден қуатты бір көмек келіп демеуі мүмкін, соған ишара шығар.
Екінші адам, оның мәселесі: Рисалей-Нұр тәлабасы бір жас хафыз жігіт көп адамдардың дегеніндей былай деді: "Менің ұмытшақ дертім асқынып барады. Не істесем екен?". Мен оған былай деп
жауап бердім: "Мүкін болғанынша харамдарға яғни тыйым салынған нәрселерге қарама!". Өйткені мұндай бір риуаят бар: "Имам Шәфи айтыпты: Харамға қарау адамды ұмытшақ қылады!"
Иә, Ислам әлемінде харамға қарау көбейген сайын нәпсі, әуестік қозып организм өзгеріске ұшырап бұрысқа пайдаланудың кесірінен ысырап пайда болады. Сөйтіп аптада бірнеше мәрте ғұсыл алуға мәжбүр болып нәтижесінде есте сақтау қабілеті әлсірейді. Рас, мына заманда ашық-шашық киінудің салдарынан әсіресе ауа-райы ыстық жерлерде әлгіндей харам назардан бұрысқа пайдалану, ысырап шылдық етек алуда. Соның салдарынан жалпы бір ұмытшақтық дерті бар. Мұны әркім біледі, шағым айтуда. Осы жалпыға ортақ дерттің жайылуы мына бір хадистің сұмдық хабарын растағандай яғни хадисте: "Ақырзаманда хафыз-қарилардың жадынан Құран суырып алынады!". Демек бұл дерт әлі асқынады. Сөйтіп кейбір кісілердің Құран жаттауына осындай харам назар кедергі болады. Хадистің айтқаны тура шығады.
Бізбен тығыз байланыс құрған бір кісі көп мәрте былай деп шағымданады: "Менің адам болатын түрім жоқ. Күннен күнге бұзылып барамын. Рухани салих амалдарымнан нәтиже жоқ!". Оған жауап ретінде былай деп жаздық:
"Бұл дүния еңбек етіп, қызмет ететін жер, ақы алатын орын емес. Ізгі, салих амалдардың әжір-ақысы, жемісі мен нұры берзахта, ақыретте болмақ. Ондай мәңгі жемістерді бұл дүнияда көргісі келіп дүнияда сұрау ақыретті дүнияға пайдалану деген сөз. Ондай салих амалдардың ықыласы кетіп, нұры өшіп қалады. Рас, ол жемістерді сұрауға болмайды, ниет ету дұрыс емес. Егер берілсе ынталандыру үшін берілгенін ойлап Құдайға шүкір ету қажет.
Иә, бұл заман - бір-екі хатта баяндалғанындай - дүниялық өмірді уайымдатып, басты мәселе қылып, қоздырып жібергені сонша мүбарак әрі қарт әрі молда, салих кісінің өзі белгілі бір мағынада ақыреттегі рахатты бұл дүниеде іздейді. Оның ойында дүнияның қызығы бірінші орында тұр.
Төртіншісі: Бізбен араласып жүрген бір кісі көп адамдардың шағымданатыны секілді, бұдан бұрын тариқатта жүріп ережесін қатты ұстанып, дұға-әурад оқығанда құлшыныс зауық, ләззат, алғанын қазір одан айырылып қалғанын, пайда болып сөйтіп ұйқы басып, мазасы кететінін өкіне шағым айтты. Оған былай дедік:
Ауа-райы бұзылған кезде адамның мазасы кетіп, қан қысымы бар кісілер өздерін жайсыз сезінеді. Сол секілді кейде мағынауи ауа-райы бұзылады. Әсіресе руханияттан ұзақ мына заманда және әуестікті, нәпсіні қоздыратын нәрселер кеңінен тараған елдерде әсіресе "шухур-ы сәласә" яғни қасиетті айлар рухани ауаны тазартып, Ислам әлемін оятып, назарды ақыретке аударып, сосын үш айлар өтіп кеткен соң тоқырау басталып және руханиятқа кері әсер ететін кәпірлердің әрекеті кезінде сондай-ақ, қыс айларында дүниялық тіршілік, нәпсінің әуестігі біршама тоқтап мұсылмандар мен имандылар ақырет қамын ойлап жүргенде көктем келіп дүния ауыр басып, нәпсі қозатын сәтте, әлгіндей ақыреттік қам, рухани құлшыныс саябырлап қалатыны рас. Сондықтан мұндай киелі әурад-дұға, зікір кезінде ынта-жігердің орнына адам есінеп, ұйқы басатыны рас. Дегенмен خَيْرُ الْاُمُورِ اَحْمَزُهَا яғни машақаты мол, қиын, әрі қызық емес істер мазасыз кезде жасалса салих амал саналып әлдеқайда маңызды, орасан зор сауап. Ондай мазасыз уақытта қиналып жасалған амал мол сауапты әрі қабыл болатынын ойлап сабыр сақтап әрі риза түрде шүкір ету керек.
Бесіншісі: Рисалей-Нұрдың бір тәлабасы Рисалей-Нұрға қызмет ете алмай жүргенінің бір себебі тұрмыс жағдайы қиындап күйбең тірлікті алға тартты. Біз оған былай дедік: Рисалей-Нұрға қызмет етпегенің үшін күн көріс саған қиындап кеткен ғой. Өйткені осы аймақтаға әрбір тәлаба және мен де мойындаймын: Рисалей-Нұрға қызмет еткен сайын өмір сүру оңай, жүрек тыныш, көңіл хош табыс табу жеңіл болады.
Алтыншы: Мынау байғұс Саид. Әркім қалайтын, жанға жағымды әрі қуана қабылдайтын жеке басқа деген құрмет, сүйіспеншілік, сұхбат, бірақ Рисалей-Нұрмен қатысы жоқ болса, менің мазамды алып, жанымды қинайды. Мұның себебі Рисалей-Нұрдың жоғары қасиеті және шәкірттерінің мағынауи тұлғасының ерекше артықшылығы мен секілді байғұсқа жүктелсе көтере алмай астында езіліп, ыңғайсызданады деп түйдім.
Осы соңғы екі мәселені қысқа қайыруға қағаздың тапшылығы себеп болды. Нұр, Гүл және Лүтфүнің қаһарман ізбасарлары, Мүбарактар тобы және Нұр медресесі сондай-ақ, бейкүнәлар, үмми қарттардың әрқайсысына мыңдаған сәлем.
Ғазиз, адал, мызғымас, қайтпас қайсар, табанды да жанкешті бауырларым!
Мұндай ауыр соққыға ұшырағанда сендерді демеп, жұбатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені сендердің мықты табандылықтарың және Рисалей-Нұрға қатысты жағымсыз әрбір оқиғаның артында бір Иләһи инает, рахым-қамқорлық болатынына зор сенімдерің жұбайым боп жетер. Тек бір мәселені уайымдап отырғаным. Тәркіленген Рисалей-Нұр кітаптары толық топтама ма яғни тұтас күллият па және кімдікі еді? Соны білгім келеді. Кімдікі болса да бауырымыз уайымдамасын. Кітаптар оның атынан анағұрлым жоғары шен иелеріне барып қызмет етеді, оған сауап жазылады. Оған бір күллият яғни Рисалей-Нұр топтамасын тауып беруге болар. Әрі қамалғандар бар ма? Және бір молда туралы айтып жатыр, ол кім екен.
Екіншіден: Сабри мен Хафыз Али өзара ақылдасып хабарласудың ең тиімді жолы кейде Атабай арқылы дегеніне біз де қосыламыз. "Лүтфидің орынбасары Абдуллаһ Чавуш" деген адреске жіберіп тұрарсыңдар.
Үшіншіден: Сабридың хатында баяндалған тәуәфукпен жазылған Құран мұғжизасы мен Рисалей-Нұр туралы шығарған мағына бізді керемет қуанышқа бөледі. Хасан Атыфтың бізге жазған тамаша әрі көз тартар Құран мұғжизасын негіз алып басқа рисалелердегі Құранның мұғжизалығы жайлы тақырыптарды оған қосымша ретінде жазып едік, құлпырып шыға келді.
Атап айтсақ, Аят-үл Күбраның Құран жайлы он жетінші мәртебесі, сондай-ақ, Жиырмасыншы Сөз, "Фәтх" сүресінің соңындағы аяттың мұғжизалығы туралы Жетінші Лема, әрі Фихристенің "Румузат-ы Сәмания" туралы маңызды жазбалары, сондай-ақ, "Кенз-ул Арш" дұғасының екі тұжырымы әлгі қосымшаға енді. Дәл Мұғжизат-ы
Ахмадие кітабының қосымшаларындай құлпырып кетті. Нұрлардың орталығы Сабри өзінің тамаша жазған Мұғжизат-ы Құранияны иншаллаһ оған қосып жазса одан әрі тамаша болар.
Төртіншіден: Марқұм Лүтфүнің шынайы әрі өте ықыласты орынбасары Абдуллаһ Чавуштың хаты оның қаншалықты адал әрі ықыласты әрі Нұрға байланысы мықты екенін көрсетті. Әрқашан Исламкөйлү Абдуллаһ пен әлгі Абдуллаһ Чавушты дұғада еске алып, бізбен бірге Иншаллаһ. Расымен, солай болуға лайық екендерін іс-жүзінде көрсетуде. Олар сұраған Фихристенің қатесіз ең соңғы нұсқасы оларға жақында жіберілмек. Бірақ олар ойлағандай жіті тексеріліп, жөндеу көрген жоқ. Өйткені амалдарды бөлісу арқылы ол мүбарак бауырымның жазбасын қасиетті жәдігер ретінде көрдім, өзгертуге қимадым.
Бесіншіден: Соңғы кезде менде бір дерт пайда болды. Оның себебі әлгі оқиға, Рисалей-Нұдың біршама тоқтап қалуына себеп бола ма екен және мені дүнияға қарататын болды деп және жиырма жылдан бері сөйлеспеген адамдармен сөйлесетін болдым-ау деп және Құранға қызмет ету үшін саясатқа араласпау керек еді енді араласпасам жарар еді деген уайымнан осы сырттай көрінбейтін негізінде өте қауіпті дертке шалдықтым. Өмір бойғы әдетімді толық сақтай алмайтындықтан бұрыңғыдай Рамазандағы ауруым секілді мен тағы сол бауырларымнан мағынауи көмектесуін өтініп сұрайын деп отырмын. Дегенмен уайымдамаңдар, төсек тартып жатқаным жоқ. Тек, жазылған нұсқа-кітапшаларды тексеріп көп отыра алмаймын.
Алтыншыдан: Рисалей-Нұр бір тарапта тоқтап қалса басқа жақтарда жеңіске жетіп тоқтап қалғаны байқалмай кетеді. Тіпті осы оқиғаға байланысты бұл аймақта біршама сақтық жасап тоқтата тұруға ниет етсек те, Спартада тоқтағанымен керісінше осы өңірлерде кеңінен жайылып өзін жарқын түрде көрсетуде. اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى Бізбен тығыз байланысты, бізді қадағалап отыруға міндетті әрі саясатпен араласатын ықпалды бір қызметкер қасыма келгенде оған былай дедім:
"Соңғы он сегіз жылдан бері сендерге арызданып өтініш жазбадым және бірде-бір газет оқымадым. Осы соңғы сегіз ай ішінде бір рет болсын жер жаһанда не болып жатқанын сұрамадым. Үш жыл болды жанымда сөйлеп тұрған радионы тыңдамадым. Мақсатым киелі қызметімізге мағынауи зияны тимесін дегенім.
Мұның себебі мынау: Иман қызметі, иман ақиқаттары әлемдегі ең үлкен мәселе, бәрінен де маңызды. Оны бір дүниялық мақсатқа пайдалануға, құрал қылуға болмайды. Дей тұрғанмен мына заманда әһл-і ғафлет, адасқандар және дінін дүнияға сататындар және бақи алмасты шыны әйнекке ауыстыра салатын ғапылдардың назарында әлгі иманға қызмет ықпалды күштерге тәуелді немесе соған құрал сияқты ойлап қалып және оның асқақ абыройын жұрттың назарында түсіріп алу қаупі бізге саясатқа араласуға үзілді-кесілді жол бермейді яғни Құран қызметіне кедергі болады.
Сендер болса әй, саясаткерлер мен билік басындағылар! Күмәнға беріліп бізге тиісе бермеңдер! Қайта жолымызды ашып жеңілдік жасаңдар! Неге десеңдер, біздің қызметіміз қоғамда қауіпсіздіктің, құрметтің, ізеттің, мейірбандықтың орнығуына себеп болып елдің тыныштығын, тәртіп орнауын және қоғам өмірін анархиядан сақталуын қамтамасыз етеді. Біз сендердің негізгі міндеттеріңнің іргетасын қуаттап, бекітуге ат салысамыз.
Жетіншіден: Хафыз Алидың хатынан байқалғаны, біздің кейбір кісілерге арнап жазған хатымыз бен қазіргі оқиғаға байланысты соңғы хатымыз бүгіннен есептегенде поштаға бір апта бұрын тапсырылған екен. Хафыз Али әлі қолына тимеседе жолда келе жатқан хатты оқығандай жауап жазуы оның адалдығының бір кәраматы болса керек. Әрі дәл сол күні оқиға болмай тұрып, Назифтың досы Көроғлы Ахмет, жоғары лауазымды бір саясаткердің маған келетінін түсінде көріп әлгі саяси қайраткер келерден үш сағат бұрын бізге ол туралы айтып, түсін жорып беруімізді сұраған-ды, жорымай-ақ белгілі болды.
Барлық бауырларымызға жеке-жеке әсіресе қиыншылыққа ұшырағандарға дұға-и сәлем.
Ғазиз, адал мүбарак бауырларым және Құран мен Иман қызметінде табанды да қайсар, қажымайтын бауырларым және мына дүния қонақүйінде жанашыр, жанкешті де шынайы жолдастарым!
Бұл жолы Нұр фабрикасының иесі және толыққанды көмекші және Хусревті жоқтатпайтын қаһарман Тахири жазған хаттарды оқыдық. Ол хаттар және Нұр медресесінің қаһарманы ағаш ұстасы Ахмедтің
көрген екінші түсі мен үшінші түсінің соңында мәлім оқиғаның ақырында табандылық танытқан белсенді Хафыз Мехметтің балаларға хатым дұғасын оқытқаны жайлы хабар және Рисалей-Нұрды оқытқаны туралы қуанышты хабар, бәрі біздің үстімізден таудай ауыр мағынауи жүкті алып тастағандай жағымды әсер етті. Хақ тағала сендерді де оларды да мағынауи әрі заттық апаттардан сақтасын, әмин.
Ағаш ұстасы Ахметтің екінші көрген түсіне келер болсақ, Ардақты Пайғамбармен (а.с.м) байланысты әрі қуанышты болғандықтан садық шынайы түс боп саналады. Әлгі Нұр медресесінің айналасындағы ер-әйел кісілердің ерен еңбегі, керемет бейнеге енуі бұл Пайғамбарымыздың (с.а.у) көркем сүннетін жандандыруға ұйытқы болатынына ишара деп түсінеміз. Соған байланысты сендердің хаттарыңды келерден екі күн бұрын көрген түсімді баяндап берейін. Ол былай болатын:
Түсімде, қазіргі басшы немесе басшылар, мен танитын беделді екі дін ғалымына халифалық дәрежесін тапсырып жатыр және оны жүзеге асыруға тырысып және халифалықты әлгі ғалымдарға ма әлде басшыларға ма ұсынамыз деп ақылдасып жатыр деп түсіндім. Сосын кімге қарар бергендерін маған көрсету үшін маған қарай келе жатқанын көрдім. Сол сәтте оянып кеттім. Таңертең бауырларыма былай дедім:
Құдай біледі, Спарта төңірегінде Рисалей-Нұрдың заттық тұрғыдан жеңілісінен кейін рухани жеңісі болса керек, оны ең жоғары билік басындағылар аса маңызды Ислами мәселе ретінде қарастыруда. Біз Спарталықтар ол сұм оқиғаның қаншалықты шиленісіп, ресми орындарға дейін жеткенін білмегендіктен әрі көптен бері қазіргі таңда не болып жатқанын, ресми жағдай қалай екенін түсінбей, мән бермеген болсақ та әлгі түстің садық түс екенін растайтын белгі-нышан мені бір ретке болсын қарауға итермеледі. Ол белгі-нышан не дейсіңдер ғой, Рисалей-Нұрдың озат бір тәлабасы Анкарадан келіп мен сұрамай жатып былай деді: "Басшы Құранның жаңа бір тәпсірін жазыңдар! - деп бұйырыпты. Енді соған кірісіп жатыр екен".
Әрі былай депті: Ішкі істер министрі жиырма жыл бойы ұстанып келген әдетіне қайшы: "Дінсіз ұлт өзінің болмысын сақтай алмайды!" деп дінге жақ екенін және білім министрі де
Ислам әдептерін құптап, осы кезге дейінгі заң-ережелерге қайшы көзқарасын білдіріпті. Бұл үлкен өзгеріс болатынын білдіреді. Сондықтан сегіз ай бойы тыңдамаған хабарларды әлгі түс үшін құлақ түріп тыңдадым. Оның себебін шынымен білгім келді. Кенет мұндай ескерту келді: Әһл-і далалет яғни адасқан кәпірлер саяси қайраткерлерді алдатып Рисалей-Нұрға қарсы ауқымы кең план құрып, күш-қуатының дәрежесін білмек болып тиісіп көрді. Қараса, қарсы алдарында мызғымайтын, тапжылмайтын, жеңілмейтін бір жойқын күш бар. Мұны жоғары ресми орындарда талқылап, баса назар аударып, енді белгілі мағынада бітімгершіліктің іс-шараларын қарастыруда. Осы кезге дейін ақиқатқа, хикметке қайшы болса да жетістік пен жақсылықтарды өлген басшыға беріп ал, кемшіліктер мен жамандықтарды халыққа, әскерге еншілеп келген болатын. Енді мұндай сұмдық қателіктен бас тартып бүкіл жамандықты өлген басшыға беріп өздерін әлгіндей сұмдық үлкен қателерден біршама арашалап алуға соның жолын қарастыруға тырысуда. Мұны әлгі түс пен бізге жеткен хабарлардан байқаймыз. Бірінші мен екінші Хулусилердің ортақтасып жазған хаттары, өздерінің яғни ықпалы зор екеуінің қаншалықты қайратты да адал, болаттай берік екенін көрсетеді. Тіпті әрбір оқиға мұны растайды десе болады.
Ғазиз, адал, табанды бауырларым, нағыз ізбасарларым!
Соңғы күндері Рисалей-Нұрға қастандық жасағандар мен сендерге қиянат қылғандар үшін мені ашу қысып соның нәтижесінде қарғыс дұғасын оқуға ниеттендім. Кенет Спарта қаласын аяп, қарғысқа қия алмадым. Бірнеше рет ниет етсем дағы Спартадағы игі жақсылардың саясында қастандық жасағандар да құтылып кете берді. Қимаған соң қарғыстың орнына былай дедім:
Уа, Раббым! Спарта қаласы Рисалей-Нұрдың "Зәхра" медресесі еді ғой. Сен сол жердегі жағымсыз қызметкерлерді де жөнге салып тәрбиеле, ақырын қайыр қыла гөр!" деп дұға еттім және етіп жүрмін.
Екіншіден: Жақында Салахаддинның Ыстамбұлдан әкелген "Хаббе", "Қатре", "Шәмме", "Хубаб" дейтін арапша рисалелерге көз жүгірттім. Жаңа Саидтың көкірек көзімен тура көрген ақиқаттар
Рисалей-Нұрдың өзегі, дәнектері секілді. Негізінде олар Шуле, Зүхре дейтін Рисалей-Нұрдың арапша кітапшалары ғой. Олар тұп-тура өз нәпсімнің дәрісі болғандықтан арапша әрі қысқа-нұсқа жазылып, басқаларды назарға алмаған болатынмын. Оны сол кезде әу баста Шәйх-үл Ислам және Дар-үл Хикмет мүшелері сондай-ақ, Стамбулдың ірі ғалым-ғұламалары ұнатып, жоғары баға берген болатын. Бұлар Жаңа Саидтың еңбектері болғандықтан Рисалей-Нұрдың бір бөлік кітаптары боп саналады, ал Ескі Саидтың болса арапша рисалелерден тек Ишарат-үл Иғжаз ғана. Оның Рисалей-Нұрдағы орны ерекше. Сонымен қатар екі Саидтың ортақтасып бір рамазан айында жазған және өздігінен еріксіз түрде ұйқасып өлеңге ұқсас боп шыққан және Ишарат-үл Иғжаз кітабында елу-алпыс беттік түрікше Лемағат атты рисале де Рисалей-Нұрға енсе жақсы болар еді. Өкінішке орай бір нұсқа алып қалмаппын, жұртқа ұнағандықтан баспадан шыққандары таусылып қалыпты. Сондай-ақ, Ескі Саидтың логика ілім саласында құнды еңбегі бірақ жарыққа шықпаған "Талиқат" кітабынан теріліп алынған таңғажайып бір жазбасындағы терең зерттеуші ғұламаларды тамсандырып, риза қылып назарын аударған баспадан шыққан "Қызыл Иғжаз" деп аталатын логика туралы рисалесін Рисалей-Нұрға ендіруді және оны шәкірттердің ішінде ғалым кісілерге көрсетуді жөн көрдім. Дегенмен мазмұны өте терең. Жақында одан үзінді ретінде Фәйзиге дәріс бердім. Мүмкін кейін Фәйзидің өзі басқаларға түсінікті болуы үшін алған дәрісін түрік тілінде жазар.
Ғазиз, адал бауырларым, тұрақты да шынайы ізбасарларым!
Соңғы күндері көкейіме Рисалей-Нұр тәлабалары туралы аса маңызды, әрі уайымдататын мағынауи сауал келді. Кейін ойлап отырсам бұл сауалды Рисалей-Нұрдың көптеген тәлабалары хал тілдерімен сұрап жүр, сұрайтын болады. Кенет оның жауабы келді. Оны Фәйзиге айтып едім, "ең болмаса қысқаша қағазға түртіп қояйық!" деді.
Уайымдауға тұрарлық бір сауал: Хадис-риуаяттарда, ақырзамандағы фитнә-бүлік кезінде аштық үлкен рөл ойнайтыны, сол арқылы адасқандар бейшара иманды жандарды тұрмыс
тауқыметімен тұсаулап байлап алатынын, осылайша оларға діни сезімдерді ұмыттырып я болмаса екінші, үшінші дәрежеге түсіруге тырысады дейді. Апырм-ай, барлық нәрседе тіпті алапат кезінде де имандыларға, бейкүнәларға Аллаһтың рахымы түсіп нұрын төгіп, тағдыр әділдік жасайтыны секілді бұл кезде нендей мейірім, рахым шуағы бар екен. Әһл-і иман оның ішінде Рисалей-Нұр тәлабалары осы қиыншылықта иман уә ақырет үшін не істеуі керек, нендей пайда-хикметтері бар, қалай қарсы тұрмақ?
Жауабы: Бұл қиыншылықтың басты себебі, нығметті жоққа шығару, Құдайға шүкір етпеу, Аллаһтың нығметтерінің қадірін білмеу, болып табылады. Міне содан күпірлік, Жаратқанға бағынбау туындайды. Сондықтан әділ әрі хикмет иесі Аллаһ, өзі берген нығметтің әсіресе азық-түлік, оның ішінде тіршіліктің көзі, аса қымбат нығметтің яғни нанның нағыз ләззат дәмін, аса маңызды қадірін, нығмет жағынан баға жетпес құнды екенін білдіру мақсатында шынайы шүкірге шақыру хикметімен Рамазан сынды діни машықтануды, яғни ораза ұстамаған, шүкір етпейтін адамдарды осы бәлеге ұшыратып, хикметке толы әділдік жасады. Мұндай жағдайда имандылар, әһл-і ақиқат әсіресе Рисалей-Нұр тәлабаларының міндеті осы қиыншылықты, аштықты Рамазан айындағы діни машықтану, аштық секілді қабылдап Аллаһқа жалбарынуға, күнәсына өкінуге себеп қылып әрі жазғанға көнуге тырысып бағу керек. Және халықтың "зәруміз" деп тіленші, ұры, анархист болуына жол бермей, кедергі болу керек. Сондай-ақ, аш-жалаңаш, пақырларды аямайтын кейбір мес қарын байлар мен әл-ауқаты жақсы кісілер Рисалей-Нұрды тыңдап, болып жатқан мәжбүри аштық сезімімен қарны аш жандарға мейірімділік жасап, оларға зекетпен көмектесулері керек және нәпсісін небір дәмді тағамдармен әбден құтыртқан, бетімен кеткен және масқара әуесқой, қырсық әрі тоңмойын мас жастар да Рисалей-Нұрдың тәлім-тәрбиесі арқылы мұндай оқиғадан ғибрат алып батыр түрде пайдаланып азғындық пен күнәлардан қашып, нәпсінің зауықтарынан, құмарлықтан құтқаратындықтан Аллаһқа мойынсұнуға, ізгі амал жасауға талпынып осылайша жағымсыз оқиғаны жағымды етіп тиімді пайдаланулары керек. Әһл-і ғибадат пен салих амал етушілер де мұндай көпшіліктің аш қалып жатқан заманда және әбден былығып, қайсы харам қайсы халал айыра
алмайтын дәрежеге жеткен кезде және шүбәлі заттар көбейіп, аралас-құралас шақта баршаға ортақ ризықтың халал болуы үшін зәрулік мөлшеріне қанағат етіп, сөйтіп осы мәжбүри бәлеге шариғатқа сай машықтану ретінде қарау қажет. Құдайдың жазған тағдырына шағымданып емес ризашылықпен қарау керек.
Барлық бауырларыма әсіресе қиыншылыққа ұшыраған жандарға көп-көп сәлем және сау-саламатта болуларына дұға етемін.
Сабри бауырым! Сені уәкіл ретінде тағайындап сәлем жолдағандарға мен де сені уәкіл тағайындадым. Оларға жеке-жеке сәлем. Сенің осы жолғы хатыңның кеш келгені рас, бірақ бірнеше жақтан мені риза қылды. Хаттан Сабридың болаттай мықты табандылығын, дұрыс пікірін, тура көзқарасын байқадым. Хафыз Али екеуің Атабей арқылы хабарласып тұруды жөн көрген екенсіңдер. Атабейде Абдуллаһ Чавуштың немесе ыңғайлы біреудің адресін білдірсеңдер жақсы болар еді. Абдуллаһ Чавуштың сендер үшін сұраған Оныншы Шуақ атты Фихристенің екінші бөлімін жаздырып қойдық. Хизб-үл Әкбәр-и Нұриды Фәйзи бауырымыз жазып шықты. Жақында Құдай қаласа сендерге жібереміз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл жолғы Сабри мен Хафыз Али жазған хаттар Рисалей-Нұрдың таңғажайып кәраматын, орасан зор қуатын көрсетуде. Нұр медресесінің озат әрі қайратты тәлабалары Хафыз Мехметтің зая болған кітаптарын өз мойындарына алып бірнеше күннің ішінде орнына басқасын жазып береміз деуі осы аймақтағы шәкірттерді шын жүректен қуанышқа бөледі. Хафыз Алиді тексеруге келгендер былай депті: "Дүкендерде қағаз жоқ, Рисалей-Нұр шәкірттері қағазды тауысты!" дегені және Мехмет Зүхдүнің кітаптары өзіне қайтарылып берілуі; міне бұл Рисалей-Нұр шәкірттерін құлшындыратын әрі мақтануға тұрарлық және батылдық беретін оқиға. Сабри өз хатында: "Екі-үш жыл болды Рисалей-Нұр жазылу тұрғысынан бәсеңсіп қалды, неліктен?" деп хикметін сұрапты. Оның жауабы ұзақ. Әрі рисале жазу еріктен тыс мәселе. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жазудан үлесі болуы үшін кейбір маңызды себептер
мен кедергілер пайда болды. Осы аймақтағы әу баста Әсия болып Улвия, Лүтфия сынды белсенді ханым шәкірттер, Нұр медресесіндегі құрбы-достарына сондай-ақ, сәлем жолдаған Сабридың жұбайына сонымен қатар бауырларына дұғай сәлем айтып, құрметтейтінін білдіріп жатыр.
Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем және дұға етеміз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Қаһарман Тахири мен Катип Османның жазған хаттары расында маған бір дәрі сияқты шипа болды. Жартылай тәнге қатысты жартылай рухани уайым дейтін ауруымды емдеп жазды. Хақ тағала оларға және сендерге мәңгі бақи риза болсын.
Иә, сендердің табандылықтарың, қайсарлықтарың, ықыластырың дүниялық адамдардың жауырынын жерге тигізді, тигізіп жатыр. Әйтпесе бір ғана Тәсәттүр рисалесі үшін жүз жиырма адамды тұтқындап, қамауға алып еді, енді жүз отыз рисале үшін бір ғана адамды тұтқындауының себебі сендердің ықылас пен табандылықтарыңның арқасы. Тахиридың Хизб-үл Әкбәр мен Уирд-і Ағзамды бастыру үшін Ыстамбұлға сапары сәтті де берекелі болсын деп шын жүректен дұға етеміз. Ыстамбұлда Шәфиктен басқа Рисалей-Нұрмен тығыз байланысты кісілер көп, бірақ олардың адрестерін білмеймін. Дегенмен Шәфик арқылы Барлалық Хажы Бәкірді, әкімшілікте қызмет атқаратын Инәболулық Хафыз Әминді, Гүрәндық Мехмет Әфендіні тауып хабарласуына болады. Ыстамбұлдық мәшһүр уағызшы, достары арқылы мені естіп жолығуға келіп, сәті түспей кетіп қалыпты.
Бір кісіге жазылған хаттың көшірмесі сендерге жіберілді, мүмкін ол жерде де осы кісі секілді ол ақиқатқа мұқтаж жандар бар шығар. Ия, Ыстамбұлға барған Рисалей-Нұр шәкірттері сенің қайратты да ықыласты екеніңді әрі әсерлі уағызың жайлы айтты. Олар сен секілді ықыласты да қайсар кісінің Рисалей-Нұр аясына кіргенін қалайды. Мен де олар сияқты сені шынымен Рисалей-Нұр шеңберінің ішінде көргім келеді. Білесің ғой, екі әліп бөлек тұрса қорытындысы екі болады. Егер бір сызықтың бойына иық тіресе біріксе он бір қорытынды береді. Сол сияқты сенде әсерлі насихат-уағызыңмен
жасап жатқан иман қызметің жалғыз өзіңмен болса қазіргі ұйымдасқан соққы-кедергілерге қарсы төтеп беруі екі талай, қиынға соғар. Егер Рисалей-Нұр қызмет шеңберіне кірсең әлгі екі әліп тәрізді он бір, тіпті жүз он бір қорытынды беріп, қуатты боласың және қарсы алдындағы бірлескен кәпірлерге қарсы төтеп беру жеңіл болмақ. Мына заман ақиқатты түсінгендер үшін жеке тұлғаның, менмендіктің заманы емес. Заман жамағат заманы. Жамағат болып, ұйымдасқаннан пайда болатын мағынауи тұлға үкім жүргізсе, сол әлдеқайда мықты болып соққыларға қарсы төтеп береді. Үлкен дарияны иелену үшін өзінің мұз паршасына ұқсас менмендігін, жеке тұлғалық мінезін әлгі дарияға әуізге тастап еріту керек. Әйтпесе әлгі мұз паршасы еріп зая болды. Әлгі дариядан да пайдалана алмайды. Мені таңқаладыратын және өкіндіретін мәселе, хақ жолдағылар мен ақиқатты түсінген жандар алуыздықтың кесірінен татуластық пен бірліктегі жойқын қуатты жоғалтып алған. Керісінше бүлікшілер мен адасқандар өз ұстанымдарына қайшы болса да бірліктегі зор қуатқа ие болу үшін ынтымақ құруда. Өздері он шақты бола тұра ақиқат жолындағы тоқсан кісіні тізе бүктіріп жеңіске жетуде.
Ғазиз, адал бауырларым!
Дәл осы кезде Хусрев, Рүшдү, Рәфәт және Спарталық Хафыз Али әскерден қашан келеді екен деп ойладым. Әсіресе Хусревтің қаламы Рисалей-Нұрдың кеңінен тарауына қашан қызмет етеді екен деп білгім келді. Оларға менен сәлем айтыңдар. Осыдан он минут бұрын ержүрек батыр, бірақ жазу білмейтін екі кісі Рисалей-Нұрдың шеңберіне бірін-бір әкелді. Оларға былай дедім: "Бұл шеңбер өзінің беретін үлкен пайда-нәтижесіне ақы ретінде сендерден берік адалдық және қайтпас қайсарлық, табандылық сұрайды.
Спартаның қаһарман батыр шәкірттері атқарған таңғажайып, жаһанға жар салуға тұрарлық нұр қызметінің себебі, олардың ғажайып адал және ерекше табанды болуы. Бұл табандылықтың ең бірінші шарты қуатты иман мен ыстық ықылас. Екінші шарты туа біткен батырлық, ержүректік. Сендер ержүрек, батырлықпен танымал кісі екенсіңдер және дүниялық болмашы нәрсеге жандарыңды қиюға дайынсыңдар. Олай болса әлбетте Рисалей-Нұрдың киелі қызметінде
және дүниеден қымбат ақыреттік мол пайдалары үшін ержүрек түрде жанкештілік, батырлық, табандылық танытып адал ниеттеріңді сақтап қаларсыңдар!" дедім. Олар да мақұлдап толық қабылдады.
Ғазиз, адал бауырларым және Құран қызметінде күшті достарым!
Бұл жолы қаһарман Тахириді барлық бауырларымның атынан келгендей қабылдадым. Оның бойынан бір Лүтфи, бір Хафыз Али, бір Хусрев, бір Саид (бірақ жас Саид) көрдім. Хақ тағалаға шексіз шүкір еттім. Бұл жолы оның аяғының дүбірін естігендей ол келмей тұрып мені тергеуге келген комиссарға, тергеушілерге байланысты бір мәселені яғни шәкірттерім сұраған сұраққа байланысты бір мәселені баяндап берейін, бәлкім оның сендерге де пайдасы болар деп жіберіп отырмын.
Әрдайым қызметінде жүрген Рисалей-Нұр шәкірттері тарапынан қойылған бір сұраққа жауап.
Сұрақ: Осынша уақыттан бері сіздің қасыңызда қызметте жүрміз. Сіздің дүнияға, қоғамдық өмірге, саясатқа қатысты бір рет болсын қызығып, сұрағаныңызды көрмедік. Сіздің әрдайым иман, ақырет жайлы дәрісіңізден басқа нәрсемен шұғылданғаныңызды көрген емеспіз. Біздің түсінгеніміз; осы он сегіз жыл бойы өміріңіз осылай өткен секілді. Олай болса неліктен Спартада себепсіз, елді шулатып нахақтан нахақ сізді сотқа берді...жүзден аса жора-жолдасыңызды төрт ай тергеп, ақырында дүнияға, саясатқа қатысты бірде-бір дерек, я бір ілік таба алмай, тек өздерін және сот қызметкерлерін өмір бойы ұятқа қалдыратын бір сылтау тауып, ұстаған жүз кісінің тек бесеуіне әрі кетсе он адамға бес-алты ай жазаға тартты?...
Сондай-ақ, осы аймақта алты жылдан астам полиция бөлімшесінің қадағалауында, дәл көз алдында тұрып жатырсыз, терезеден сіздің не істеп жатқаныңыздың бәрі көрініп тұрса дағы: осыдан екі-үш ай бұрын сізді жасырын яки ашық түрде аңдып, бірнеше мәрте тінту жүргізгені және достарыңызды сізден алыстату үшін тергеп, сізді аса қауіпті әрі күшті саясаткер ретінде қарағаны несі? Біз бұған таңқаламыз әрі қатты қынжыламыз. Осы соңғы екі-үш айдан бері ғана қасыңызға емін-еркін келе бастадық. Бұдан бұрын сескеніп, тығылып келуші едік. Бұл мәселені бізге түсіндіріп берсеңіз.
Жауабы: Бұған өзім де сендер секілді тіпті сендерден бетер таңым бар. Бұл сұрақтың түсініктеме жауабын Жиырма жетінші Лема деп аталатын, сотқа қарсы ақталып жазылған "Мүдафат рисалесінен" және он алтыншы Мектуб рисалесінен табасыңдар. Әзірге оның қысқа-нұсқа бір-екі негізін баяндап берейін:
Біріншісі: Елдің қауіпсіздігіне жауапты және билік басында отырған қызметкерлер, тәртіп сақшылары, полиция қызметкерлері бізден, және біздің жолымыздан күдіктеніп тиісу, үрку былай тұрсын керісінше бізді қорғаштап құлшындыру, батылдық беруі керек, бұл олардың міндеті, қызметінің талабы. Өйткені олардың қоғамдағы міндетінің негізі, ірге тасы құрмет; ізет-мейірім; халал мен харамды ажырату; мойынсұну. Міне, осы нәрселер арқылы қоғамда қауіпсіздік орнап, ел тыныш өмір сүреді. Мұның солай екені іс жүзінде дәлденген. Рисалей-Нұрдың ең көп тараған Спарта, Қастамону қалалары десек, басқа аймақтардан қарағанда сол жердегі тәртіп сақшылары ынсаппен қараса оларға Рисалей-Нұрдың көп пайдасы тигенін көреді.
Әрі тәлабаларының саны көп, әрі қуатты және ұстанымдары дұрыс бола тұра қауіпсіздікке титтей де зарары болмағанын сондай-ақ, тәлабасы болған мың адам он адамдай қоғамға зияны тимегенін жүрегі таза кісі мойындайды. Мұның хикмет-сыры мынада:
Адамзат қоғамында және дін Исламда үш маңызды мәселе бар. Олар: Иман, Шариғат, Тұрмыс. Олардың ең маңыздысы иман ақиқаттары. Бұл Құрани уә иман ақиқаттарды басқа нәрселерге, ағымдарға, өзге күштерге құрал етуге яки пайдалануға болмайды. Мұндай алмаздай құнды Құран ақиқаттарын дінін дүнияға сататын немесе құрал ретінде пайдаланатын адамдардың назарында шыны, әйнек дәрежесіне түсірмеу керек. Өте киелі де маңызы зор иманды құтқару қызметін толыққанды адал атқару қажет. Сол үшін Рисалей-Нұрдың хас, адал тәлабалары саясатқа мүмкін болғанынша жоламай, ұзақтан қашады, жиіркене алыс тұрады. Тіпті сендердің мына бауырларың - өздерің де білесіңдер - он сегіз жыл бойы қатты мұқтаж болсам дағы саясатқа, қоғамға араласпау үшін үкіметке бірде-бір шағым, айтып, өтініш жасамадым. Сегіз-тоғыз айдан бері дүнияның дүрбелең оқиғалары туралы бір рет болсын сұрап қызықпадым, білгім де келмей, ол туралы әңгіме де айтпадым. Тіпті қазір соғыс бітті ме,
бітімгершілік болды ма, Ағылшындар мен Алмандардан басқа кімдер соғысып жатыр білмеймін, оны сендер жақсы білесіңдер. Әрі жұртты мылжың қылатын, есінен ауыстыратын үш жылдан бері бөлмемде есітіліп тұрған радионы да екі мәртеден басқа тыңдамағаныма және әсте сұрамағаныма менімен әрдайым бірге болатын сендер куәсіңдер. Енді осыншама дүниямен байланысы жоқ, саясатқа немқұрайлы адамның ұстанған жолына тиісіп, одан күдіктеніп, басқан ізін аңдып, мазасын алған адам қаншалықты ынсапсыз екенін ең ынсапсыз адам да түсінеді деп ойлаймын.
Екіншісі: Уа, бауырларым! Сендер білесіңдер, біздің жолымызда менмендік, тәкәппарлық, атақ-даңқ иесі болып жоғары мәртебелі болудан у көргендей қашамыз, мүлдем аулақпыз. Оған апаратын жағдайлардан да мүмкіндігінше ұзақ тұрамыз. Әлбетте бұл жерде алты-жеті жылдан бері көзбен көріп куә болып, жиырма жыл бойы зерттеп көздерің жеткен болар, мен жеке басыма құрмет, мақам-мәртебе сұрамаймын ол, керек емес. Сендерді сол тұрғыда бірнеше рет ренжіткен де болармын. Менің шамамнан тыс дәреже беріп, жоғары көтермеңдер, деп сендерге ренжитінім рас. Тек Қасиетті Құранның бұл заманда мағынауи мұғжизасы болған Рисалей-Нұр үшін, мен де оның бір шәкірті болғаным үшін және оны мойындау, байланыс құру үшін ғана сыйластықты шүкір ете қабыл аламын. Міне, осыншалықты менміндіктен, тәкәппарлықтан, атақ құмарлықтан, айналып келгенде екі жүзділіктен сақтануды өзіне қағида ұстанған адамға қарсы үкімет басындағылардың, биліктегілердің, тәртіп сақшыларының күдіктенуі мүлдем мағынасыз, еш керегі жоқ екенін есалаңдар да түсінер.
Ғазиз, адал, қайсар бауырларым!
Қиыншылыққа ұшырап, жапа шеккендердің жеңіске жетуі, олардың сотта ақталып шығуы тек сендер мен бізді ғана емес тіпті осы елдегі бүкіл имандыларды қуантатын жағдай. Өйткені Рисалей-Нұрдың ақталып, еркіндік алуына жол ашты. Осы кезге дейін кітаптарымызды тәркілейді деп алаңдап өте сақ болуға мәжбүр болатынбыз.
Рас, соңғы он сегіз жылда әсіресе осы жерде алты жыл бойы оларға көрсетпеу үшін рисалелерді жасырып, көп қиналдым, әрдайым уайымдап азап шегетін едім. Хақ тағалаға Рисалей-Нұрдың әріптері қанша болса сонша мадақ пен хамд-мақтау болсын осы жолғы мағынауи жеңіс арқылы бізді тұмшалаған әлгі залым да қараңғы зұлымат бұлт сейілді. Аз ғана қиналыспен мол табыс, үлкен жетістікке жеттік. Және осы екі ай тоқырау кезеңі дәл қамауға алынған оқиғамыз секілді басқа салада, анағұрлым кең шеңберде Рисалей-Нұрдың жайылып тарауына себеп болды. Сендерді әсіресе қиыншылыққа ұшырағандарды, оның ішінде Хафыз Мехметті шын жүректен құттықтаймыз, ақыры қайыр болсын! Бір түйір «Тәсәттүр рисалесі» үшін жүз адамды жүз күнге қаматқан және соған ұқсас жүздеген рисалелер үшін бір түйір адамды бір күнге де қамата алмаған сотқа үстем келіп, жауырынын жерге тигізген сендердің таңғажайып адал ниеттерің, ыстық ықыластарың және мызғымас табандылықтарың, қаймақтай ұйыған ынтымақ, ауызбіршіліктерің екеніне біздің көзім әбден жетті, оған еш күмән жоқ. Хақ тағала сендерге мәңгі бақи разы болсын, әмин.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден: Сексен жылдан астам мағынауи өмірге қол жеткізетін мүбарак үш айларың, әсіресе бүгінгі Рәғайыб түндерің құтты болсын! Сендердің ақталып шығуларың, мағынауи тұрғыдан жеңіске жетулерің залымдарды әбден састырды. Енді олар тиісу тәсілін өзгертті. Дұшпан түрде жауыздық жасауды қойып дос бейнесіне еніп, хас шәкірттерді Рисалей-Нұр қызметінен алыстату, босаңсыту, тежеу үшін мемлекеттік қызмет секілді жұмыс тауып беруде немесе жоғары шенге көтерілуге оңтайлы қызметке алып яки басқа да жұмыспен шұғылдандыруға тырысуда. Бұл жақта соған ұқсас оқиғалар көп. Мұндай тиісу бір жағынан алғанда әлдеқайда зиянды.
Екіншіден: Бұл жаққа лицей мектебіне әсері мол бір нұр келді. Ол не десеңдер, ол Отыз екінші Сөздің бірінші тарауы, Отызыншы Леманың "Адл" мен "Хакем" есімдері жайлы нүктелер, Табиғат рисалесінің соңына дейінгі жер, Аят-үл Күбраның: "Иә, бұл дүния
дейтін қонақүйге келген әрбір қонақ..." деп басталатын Бірінші тараудың басынан бастап - сонау илһам, уахи мәртебелерінен басқа - он сегізінші мәртебе дейтін әлемнің "худус" ақиқаты, сосын "имкан" мәселесіне дейін. Біз бұл жерлерін жаңа әріппен жазуға мағынауи ескертуге орай рұқсат бердік. Олар көшірме машинкасын пайдаланып өздері үшін жазып алды. Сендер де әлгі төрт тарауды бір том жасап жаңа әріппен жазып кәпірлерге зеңбіріктің оғындай атып, пайдалануларыңа болады.
Мен биыл тым әлсіз, қарт қуатсыз жағдайда болғандықтан осы қасиетті үш айларда жігерлі жас бауырларымның маған рухани жәрдем етуін өтініп сұраймын. Әрқайсына жеке-жеке сәлем жолдап, екі дүнияда сау-саламатта болуларына дұға етемін.
Ғазиз, адал бауырларым!
Соңғы кездері Қасиетті Құранның назарында иманнан кейін негізгі мәселе тақуалық пен салих амал екенін жиі ойлайтын болдым. Тақуалық деген, тыйым салынған нәрселерден, күнәлардан қашу, ал, салих амал болса Аллаһтың әмір еткен нәрселерді орындау, жақсылық жасау. Қашанда жамандықтан тыйылу пайдалы іс жасаудан абзал. Сол сияқты мына азғындық бұзғыншылық жайлап өзіне еріксіз тартатын әуесқой заманда әлгі тақуалық яғни зиянды нәрселерден тыйылу, үлкен күнәлардан қашу өзекті де маңызды мәселе болып тұр.
Мына заманда бұзғыншылық, күшейіп кері тартпа ағымдар көбейгендіктен тақуалық осы бұзғыншылыққа қарсы бірде-бір тосқауыл. Парыздарды орындап, үлкен күнәлардан қашқандар құтылады. Қазіргідей жан-жақты үлкен күнәлар қаптаған заманда салих амалды ықыласпен орындау өте қиын, сирек кездеседі.
Сондай-ақ, азғантай салих амал мына қиын кезеңде көп амал жасағанмен тең. Әрі тақуалықтың өзі де белгілі бір мағынада салих амал боп есептеледі. Себебі, харам нәрседен қашу уәжіп. Ал бір уәжіп көптеген сүннет тең артық. Тақуалық мына заманда яғни мыңдаған күнәларға ұшырасатын кезде бір ғана амалмен жүздеген
күнәдан аман қалуға болады. Осылайша жүздеген уәжіп амал істеген боп есептеледі. Бұл өте маңызды мәселе. Бұл ниетпен болатын әрі тақуалық үшін, күнәдан қашу үшін жасалатын көрінбейтін ғибадат бұл сауабы мол салих амал. Рисалей-Нұр шәкірттерінің бұл заманда атқаруы тиіс басты міндеті бұзғыншылыққа, күнәларға қарсы тақуалықты ұстану. Қайда барсаң да қазіргі таңда қоғамның қай қабатында болсын жүздеген күнә кездесетіні рас. Әлбетте тақуалықпен, күнәдан қашу ниетімен жүз салих амал жасалған боп есептеледі.
Өздеріңе мәлім, бір адамның бір күнде бұзып тастаған сарайын жиырма адам жиырма күн жүріп жасай алмайды. Бір адамның бұзғанын жиырма адам жөндеуі керек бола тұра, қазіргі таңда мыңдаған бұзушыларға қарсы бір ғана жөндеуші Рисалей-Нұр осыншама төтеп беріп, тиімді нәтиже беруі таңғажайып оқиға. Егер осы екі қарама-қарсы күш тең болып бір деңгейде болса Рисалей-Нұрдың жөндеу қызметі мұғжизаға ұқсас табысты болып, жеңістен жеңіске жетер еді.
Атап айтсақ, қоғамның тыныс тіршілігіне тікелей қатысты және маңызды рол ойнайтын үлкенге құрмет, кішіге мәрхамат, ізет әбден азайған. Кей жерлерде мұң жұтқан бейшара қарттар мен ата-аналардың ауыр жағдайын естисің. Құдайға шүкір, Рисалей-Нұр осындай бұзғыншылыққа қарсы төтеп беріп, жөндеп түзетіп келеді. Зүлқарнайынның қорғаны қирап Яжуж пен Мәжужтің дүнияны жаулап, астан-кестеңін шығаратыны секілді Мұхаммеди шариғат (с.а.у) дейтін Құрани қорған тозып жарлары қирай бастағанда Яжуж пен Мәжужтен де бетер мінез-құлықты бұзатын қоғамда зұлымат, анархия, бейберекетсіздік, тудыратын діннен безушілік етек алып, айналаны жалмап барады. Рисалей-Нұрдың шәкірттері мұндай кездегі мағынауи күресі иншаллаһ, сахабалардың заманындай аз амалмен өте көп сауап жинаған боп, салих амалдарға ізгі іс-шараларға ұйытқы болар.
Ғазиз, бауырларым! Міне, осындай заманда мұндай сұмдық оқиғаларға қарсы ықыластың күш-қуатына сеніп, сосын біздің ең жойқын қуат көзіміз ақыреттік амалдарды бөлісіп атқару, бір-бірімізге қаламдармен салих амал дәптеріне сауап жаздыру. Сонымен қатардерімен де әрбірінің тақуалық қорғанына күш-қуат
беріп, демеу болуымыз керек. Әсіресе сұмдық шабуылға ұшырап жатқан мына пақыр, әлсіз бауырларыңа осы қасиетті үш айларда, ерекше күндерде қол ұшын беру, сендер сенімді ықыласты қаһарман, жанкешті де қамқоршы кісілерге жарасар әрекет. Сендер маған рухани демеу көрсетулеріңді өтініп сұраймын. Мен де иман, адал болу шартымен Рисалей-Нұр тәлабаларын барлық дұға-тілектеріме, мағынауи табыстарыма қосып, жиырма төрт сағатта әлгі ақыреттік амалдарды бөлісу қағидасына сүйене отырып кейде жүз мәртеден көп Рисалей-Нұр тәлабалары деген кезде сендерді ниет етіп ортақ қылып отырамын.
Ғазиз, адал бауырларым!
Кеше Әмин, осы аймаққа келген әскери бір қызметкерден естігенін айтты. Мен қаламасам да және Орыстардың соғысы не жағдайда екенін білмесем дағы, мәселе Ресейдің Кавказбен байланысы үзіліп, бөлінуі туралы еді. Мен оның сөзін бөліп, айтқызбай тастасам дағы көңілім алаңдап, уайымдай бастадым. Кейін намаздан соң, тәсбихат оқып отырғанымда Жер жаһанда соғысып, шайқасып жатқандардың біреуі дін Исламға, Құранға және Рисалей-Нұрға, және біздің ұстанған жолымызға тараптар боп жақтасатынға ұқсайды. Сол үшін ол туралы мағлұмат алу керек секілді көрінді. Қызығып, сұрамау үшін бір-екі хатта баяндалған себептерді еске алдым. Олар көңілді, ақылды қанағаттандыратыны рас, дегенмен қызығушылығы артып, әуестеніп тұрған нәпсіге әлі келмей жатты. Көкейге тәсбихат оқып жатқанда мұндай бір ескерту келді:
Қызығып сұрамаудың маңызды бір себебі: Қызығып қараса бір жаққа жақтасу сезімі оянады. Ал жақтасу болса өзі жақтасқан жақтың кемшіліктерін көрмейді, сосын зұлымдығына риза болып, тіпті хош көреді. Алайда, күпірлікке ризашылық күпірлік болатыны секілді зұлымдыққа ризашылық та зұлымдық боп саналады.
Иә, жер жүзінде қырғи қабақ соғыс, қанды майдан да жан-айқай көкке жететіндей зұлымдық, қирату болып жатырғаны рас. Қыруар бейкүнә жандар мен жәбір шеккендердің ақысы желініп, орасан зор зардап шегуде. Аяуды білмейтін қатігез батыс мәдениетінің
зұлымдыққа толы қағидасы бойынша "қоғам үшін жеке тұлғалар пида етіледі, елдің тыныштығы үшін жекетұлғалардың құқықтары ескерілмейді" деп, қазіргі таңда адам айтықсыз сұмдық зұлымдық жасалуда. Мұндай қасірет алғашқы қауымдық кезінде де болмаған шығар.
Баяны мұғжиза Қасиетті Құранның нағыз әділ үкіміне келсек қоғам үшін деп бір адамның ақысын жеп, құқығын таптауға болмайды. "Хақтың аты хақ. Оның кішісі үлкені болмайды!" дейді. Оқиғаларға осылай аспани заңмен, баға беріп нағыз әділ қарайтын Рисалей-Нұр шәкірттеріндей Құран ақиқаттарымен шұғылданатындар мүмкін болғанынша керексіз, тек әуестене қызығып, тек нәтиже жағы мен пайдасы бар, бірақ нәтиже әлі болмай тұрып орынсыз қызығып қараудың керегі жоқ және залым түрде бұзып жатқандарды қоштағандай Ислам мен Құранға пайдалы болатын әлгіндей топтардың іс-әрекеттерін ойша бақылап отыру, шұғылдану дұрыс емес. Ол ақиқатқа үйлеспейтіндіктен нәпсі де ақыл мен жүрекке еріп қызықпайтын болды... Мен солай шештім.
Екінші мәселе: Рисалей-Нұрдың Спартадағы нақты жеңісі діннен безгендерге қатты әсер етіп, оларды састырды. Бірақ, кейбір қырсық, бірбеткей және өліп қалған сұмырайдың жаман рухы тәрізді кейбір кәпір, дін дұшпандары жеңілгендерін мойындамай қарсы әрекет ниетімен Құран мен Пайғамбарға (с.а.у) жауыздық ретінде бірақ мұнысын жасырын, астыртын түрде, дәл рисаледегі шайтанмен айтыс туралы жердегі Ардақты Пайғамбарымыз бен Қасиетті Құранға қатысты сөздерді әлгі діннен безген кәпір өңін өзгертіп басқаша пайдалануда.
Соған ұқсас яхуди, қырсық әрі дінсіз философ және Европаның діннен безген біреуі, бұрыннан бері Құран мен Пайғамбардың (с.а.у) халдерінен өздерінше сынауға сылтау болар мәселелерді тауып аты ислам бірақ өзі діннен безген кәпір, әлгі мәселені желеу етіп сұмдық қулық жасап оны аңқау мұсылмандарға және Рисалей-Нұрды білмейтіндерге тыңдатып, көрсету үшін сондай сұм айла пайдалануда және өзінің кәпір екенін жасыруға тырысуда... шайтандыққа келгенде шайтаннан асып түскен. Бұл маған сұмдық әсер етті, қатты қынжылдым. Бауырым Сабридың хатында дегеніндей, қырсық дінсіздердің Рисалей-Нұрдың қызметіне қарсы
құрған тұзақтары шірік, түкке тұрмайтын өрмекші торы секілді қуатсыз және ол шайтани кедергілер жәй бопсала, еш құны жоқ. Олар Рисалей-Нұрдың алдында үзіліп, парам-парша болады дегеніндей; бұл дінсіз, қырсық, бірбет және өліп кеткен алаяқтың жаман рухы сияқты кәпірдің жазған, сырт көзге мұсылмандарға Түрік ұлтшылдығы тәрізді, ақиқатында Құран мен Пайғамбардың (с.а.у) рухани болмысына, ұлықтығына шәк келтіру, төмендету, қарапайым деңгейге түсіру ниетімен жазылған мұндай кітап шығарма, Құранның және Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизасының алдында өрмекшінің торы құрлы да бола алмайды, парам-парша болмақ. Дегенмен қатты өкініштісі мынау, Рисалей-Нұрды көрмегендерге үлкен зиян тигізгені секілді, Рисалей-Нұрды көргендер де қызығып: "Апырм-ай ішінде не бар екен? деп таза ойларын, пәк көңілдерін ластап алуда. Ең азы уәсуәсә, күмән туғызады.
Рисалей-Нұрдың батыр шәкірттері мұндай нәрселерге абай болып, қызметін одан әрі арттыра түсулері керек. Жаман нәрсемен ойша шұғылдану да жаман болғандықтан қысқа қайырдым. Байқаңдар, оған мән беріп халықтың қызығушылығын оятып назар аудартып жүрмеңдер! Оны түкке тұрғысыз, діннен безгендердің сандырағы деп қараңдар! Бұл оңбағанның қаншалықты шектен шыққандығын мына мысалдан аңғаруға болады.
Мысалы, өте алыста болып жатқан бір мәжілісте өз саласына әбден машыққан, білікті те зерек ғұламалардың оқып зерттеп отырған бір кітабына және оны түсіндіріп жатқан бір кісіге тым алыстан қарағысы келіп, бірақ көре алмаған бір ақымақ, әлгі ғалым-ғұламалар туралы мүлдем керағар пікір айтып оларды сынға алған есалаңға ұқсайды. Хақ тағала имандыларды және Рисалей-Нұр шәкірттерін мұндай есуастардың бәлесінен сақтасын! Әмин.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің керемет табандылықтарың мен ыстық ықыластарыңның жеңіске жетіп әлгі бәленің бетін қайтарғаннан кейін әһл-і дүния яғни тек дүнияға сенетіндер шабуыл тәсілін өзгертті. Діннен безгендердің айласына салып бізге қарсы шабуылын астыртын ұйымдастырып
мадди-мағынауи түрде үдете түскенге ұқсайды. Шәкірттердің басты қуат көзі болған ынтымақ, ауыз-біршілік жымысқы әрі ақырын түрде шайтан сияқты, бұзуға тырысуда. Сендерге рисалелерді қайтарып берген болып әккі түрде сұм әрекеттер жасауда. Біз сендердің бір бөлімшелерің боп саналатын болсақ та бізді орталық, негіз деп ойлап бұрыңғыдан да бетер айла, қулықтарын пайдалануда. Нағыз сақтаушы Хафыз-ы Хақиқи Аллаһ қой. Құдай қаласа бізге еш зарар бере алмас. Дегенмен осы қасиетті үш айлардағы ерекше күндер мен түндерде ықыласты дұғаларыңмен бізге демеу беріп жәрдем етіңдер. Жауыздардың қолдарынан ештеңе келмейді. Бірақ, мүмкін болғанынша сақтық шараларын жасап, мұқият болыңдар. Хазреті Али (р.һ.) және Ғаус-ы Ағзам Шәйх Гәйлани (құддисе сыррух) сынды батырлардың рухани демеуі قُلْ وَ لَا تَخَفْ және وَلَا تَخْشَ деген сөздері бізге батырлық беріп, рухымызға күш, демеу беріп тұрады. Катиб Осман өз хатында қаһарман Рүшдүнің батыр бауыры Бұрхан, рисалелердің ақталып шығуына атсалысып, көп тер төккенін жазыпты. Онысызда ол батыр бауырымыздың бұған ұқсас қызметтері бұдан бұрында болған. Оған һәм Рисалей-Нұрдың есендегіне қызмет еткендерге, және септігі тигендерге тіпті соттың төрағасына, ынсапты сот ағза мүшелеріне дұға етеміз, көп-көп рахмет. Ыңғайы болып жатса соттың төрағасына менің атымнан жеке алғысымды білдіріңдер.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден: Сендердің өткен Миғраж түндеріңді және келе жатқан Бәрат түндеріңді құттықтап, дұға етулеріңді сұраймыз.
Екіншіден: Жиырма бесінші Сөз деп аталатын Құран мұғжизасы жәйлі рисаленің соңғы жартысы асығыстықтың кесірінен өте қысқа қайырылғанына байланысты сендерге мұнан бұрын жазғанымдай
кейбір қосымшаларды соңына қосқан едік. Енді, өте маңызды үзінді жиырма жыл бұрын басылған Ләмағаттан табылды. Оны да Құран мұғжизалары рисаленің қосымшаларының арасына қойғанды жөн көрдік.
Ләмағаттың Қаһарман Тахири әкелген нұсқасы өте қымбат көрінді. Егер тағы бір нұсқа сол аймақта болса сендер де сол бөлімді кітаптың соңына тіркеңдер. Негізінде Ләмағат таңғажайып рисале әрі. Ол қасиетті Рамазан айында жиырма күннің ішінде жылдам, еш қиындықсыз тез жазыла қойды. Кейін қарасақ «сәхл-і мүмтәниғ» секілді өлеңге ұқсас жолдары, әдемі ұйқасып-ақ тұр. Ішіндегі мына сөз ғажайып. Ол Ләмағатта былай кездеседі: «Құранның иғжазын Иғжазбен баянда!».
"Бірде түсімде Арарат тауының етегінде тұр екенмін. Кенет тау қирап, тас-талқаны шықты. Таудай дәу тастар көкке ұшты. Жер жаһанды дүр сілкіндірді" деген жерден бастап:
"назардың екі түрі бар. Біреуі: қараңғы, біреуі: жарық"...деген жерге дейін. Егер Ләмағат кітабы қолдарыңда жоқ болса ол үзіндіні сендерге жібереміз.
Екіншіден: Сендерге керемет әрі тамаша әрі нәзік бір оқиға айтып берейін. Осы аймақта Рисалей-Нұрға ер кісілерден қарағанда жанкешті түрде қызығатын қарт әйелдер мен кәрі секілді бейкүнә қыз-келіншектер, бұрыңғы кездің сырмалы әрі жылтырақ қыз жасауына ұқсас қымбат заттармен Рисалей-Нұрдың кітаптарының сыртын қаптапты. Осылайша барлық кітаптар алтынмен апталған сияқты тамаша бейнеге енген. Рисалей-Нұрдың мағынауи әдемілігіне және Хусрев пен Тахири және Али мен Хасан Атыф, сондай-ақ Асым сынды бауырларымның әдемі сұлу жазуларына жарасымды сыртқы мұқабасына да әсем қап жасап одан әрі безендіріп жіберіпті. Хафыз Алидың хатында аттары аталған Үммүхан, Шәхидәдай бұл аймақта да Рисалей-Нұрға беріліп қызмет етіп жүрген көптеген қыздарымыз бар. Мысалы, Әсия, Сәния, Улвия, Лүтфия, Әлия секілді Нұрдың шәкірттері ол жақтағы қыз-келіншек бауырларына дұғай сәлем жолдауда.
Ғазиз, адал мүбарак, берік бауырларым!
Сендердің Бәрат түндеріңмен және келіп жеткен қасиетті Рамазандағы ерекше түндеріңмен құттықтаймыз. Құдайға мың да бір шүкір, Рисалей-Нұр өзімен өзі кеңінен тарап жан жақта жеңіспен абыройға бөленуде. Әһлі-далалеттің яғни адасқандардың айла-қулықтары кедергі бола алмай керісінше көптеген дінсіздер қаруын тастап берілуде. Хафыз Алидің дегеніндей, қатты қорқып зәрелері ұшуда. Қазір, дінсіздікті жақтағаннан емес қатты қорыққаннан тиісуде. Олардың қорқынышы иншаллаһ Рисалей-Нұрға пайдалы болмақ. Нұр фабрикасының иесі бұл жолғы хатында жазған ғажап әрі керемет дұғасы, оның керемет ықыласты әрі тым адал екенін көрсетеді. Ал, оның мен туралы асыра сілтеген мақтау сөздерін Рисалей-Нұр атынан қабыл алып дұғасына "әмин" дейміз. Сол нұр фабрикасының хаты Хасан Атыфтың хатымен бірге Бәрат түні кешқұрым қолыма тиді. Сол қасиетті түнімізге берекелі құттықтау ретінде деп қабылдадық.
Ғазиз, бауырларым! Бұл мүбарак Рамазанда да өткен Рамазан сияқты мына әлжуаз, бейшара бауырларыңа өздеріңнің мағынауи және ақыреттік еңбектеріңнің зекет мөлшерін берулеріңді, яғни оның орнына біршама еңбек етулеріңді сондай-ақ, асыра жақсы ойларыңмен жүктеп қойған ауыр жүкке осылай жәрдем етулеріңді өтініп сұраймын.
Тұрмыс тауқыметі есеңгіретіп көпшілік жұрт ақыреттік істерді кейінге шегеретіндіктен адасқан топ мұны оңтайлы сәт деп пайдаланып жұртты осал тұсынан ұстап алуда. Рисалей-Нұр шәкірттері қанағат, үнемділік ережелерін сақтап осы мағынауи дертке де төтеп берер иншаллаһ.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің Қасиетті Рамазан айларыңды құттықтаймыз. Аса мейірімді Хақ тағала осы мубарак Рамазанның құрметіне әлемдерге рахым боп жіберілген Расул-ы Әкрем алейһиссалатү уәссаламның үмметін жарылқап медет берсін! Әмин. Аллаһтың ашуы боп саналатын бәле-апаттардан, адасушылықтан сақтасын! Әмин. Және Рисалей-Нұр шәкірттерін жарылқап Құранның нұрларын жаюда сәттілік сыйласын! Әмин.
«Хизб-үл Ағзам-ы Құрани» дұға кітабының келуін асыға күтудеміз.
Екіншіден: Хафыз Алидың хатында қаһарман Сүлеймен Рүшдүнің келгенін айтып сүйіншілепті. Біз де оған «хош келдің!» деп және үш тұрғыдан оны және бейкүнә балаларын құттықтаймыз.
Хасан Атыфтың Деміржі Мехмед деп ат қойған Бәдәуи бауырымызға жазған ұзын хатын осы аймақтағы бауырларымыз оқып оларға ықылас тұрғысынан қатты әсер етуде. Оның ықылас рисалесінің сырын, ережелерін ұстанып жүзеге асыруға тырысуы бізді кәдімгідей қуантып, шабыттандырады. Хақ тағала ондай ықыласты бауырларымыздың санын көбейтсін және Атыфтың хатында Нұр медресесінің озат әрі батыр шәкірттерінен бір-екі қарт кісінің Рисалей-Нұрмен тығыз байланыс құруы бізді қатты қуантқаны сонша көзге жас келді. Бұл жолы, алдында сендерге жіберілген жастарға ескерту жазбаға қосымша ретінде осы өңірдегі қауіпті жағдайда жүрген жастарға нұсқау деген тағы бір жазба жіберіп отырмыз. Мақсатымыз, Рисалей-Нұрдың жас шәкірттерінің ұстанған бағыт-бағдары, абыройы, жас-кезін көркем сүннет жолында өткізу қаншалықты қымбат екенін білдіру. Нағыз әрі қызықты жастық шақ осындай бақытты жастардың дәурені екенін тағы бір рет дәлелдеп, шынайы жас Түркілер кімдер екенін көрсетсін дегеніміз ғой.
Барлық бауырларымызға және қыз-келіншек шәкірттерге дұғай сәлем және осы мүбарак қасиетті Рамазан айында сондай-ақ, бірге мың қосатын киелі де қасиетті күн мен түндерде мүбарак дұғаларын өтініп сұраймыз.