Қастамону қосымшасы
— 221 —
ҚАРАТАУДЫҢ БІР ЖЕМІСІ

Бір аяттың ишари мағынасының күлли қыр-сырларынан бірі селімідің егемендік алған кезеңінен бастап осы кезеңді қамтиды. Қарашаның отызыншы жұлдызы, жыл 1358, Қаратаудың басына шығып барамын. Маған, "Адамзаттың басына түскен нәубат әсіресе Мұсылмандардың мына бірінен соң бірі жалғасып келе жатқан пәлекеттері мен тауқыметі қашан басталып еді және қашанға дейін жалғаспақ?" деген сауал келді. Кенет әр мүшкіл мәселемді шешіп беретін қасиетті Құран, "Аср" сүресін алдыма жайып салды. Деді: "Қара!". Сүре әр ғасырға үндейтіні секілді бұл ғасырға анағұрлым көбірек үндейтін секілді. وَ الْعَصْرِ ٭ اِنَّ الْاِنْسَانَ لَف۪ى خُسْرٍ аятындағы اِنَّ الْاِنْسَانَ لَف۪ى خُسْرٍ (шәдде мен тәнуин саналады) джифри есеп бойынша 1324 санын көрсетіп егемендік жылдары басталғанда биліктің ауысуы және Балкан мен Италия соғыстары және бірінші дүние жүзілік соғыстағы сәтсіздіктер, сұмдық ауыр келісімшарттар, Ислам қағидаларының құлдырауы және осы елдегі қантөгістер мен бүліктер сондай-ақ, екінші дүние жүзілік соғыстың лаулаған оты дүниені шарпуы секілді аспани әрі жерге қатысты пәлекеттер және адамзаттың ең көп шығынға ұшырауы сондай-ақ, اِنَّ الْاِنْسَانَ لَف۪ى خُسْرٍ аятының осы ғасырға қарасты бір ақиқаты, бәрі заттық тұрғыдан бір кезеңді көрсетіп Құранның мұғжизалығының бір сәулесін көрсетіп тұрды.

اِلَّا الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَ عَمِلُوا الصَّالِحَاتِ (соңындағы ت , هی саналады, шәдде де санаққа кіреді) сонда джифри саны 1358 немесе 1359 болып осы жылды және келесі жылды дәл басып көрсету арқылы ол пәлекеттерден әсіресе рухани зияндардан құтылудың бір ғана жолы иман және салих амал екенін сондай-ақ, керісінше астарлы мағынасымен ол пәлекеттің басты себебі күпірлік, дінсіздік, шүкірсіздік, яғни имансыздық, пасықтық, азғындық екенін көрсетеді.

— 222 —

"Аср" сүресінің ұлықтығын, киелілігін және қысқа бола тұра терең мағналы әрі ауқымды ақиқаттардың қазынасы екенін растап Құдай тағалаға шүкір еттік.

Иә, мына ғасырда ең үлкен зардап, қайғы қасіреті болып саналатын екінші дүние жүзілік соғыстан Ислам әлемінің аман қалуының шарасы, Құраннан шыққан нұр, салих (ізгі) амал болғанындай, пақырларға келген қиыншылық, аштық, қымбатшылықтыңда себебі оразаның тәтті аштығын сезбей, жалтару..ал байларға келген зиян мен қиыншылықтың себебі зекет берудің орнына "ихтикар" жасау яғни заттың баға айырмашылығын пайдалану болып табылады. Ал Анадолу елінде соғыс майданы болмауының себебі اِلَّا الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا деген киелі сөздің ақиқатын таңғажайып түрде жүз мың кісінің жүрегіне шынайы дәріс беріп, терең ілім берген Рисалей-Нұр екенін көптеген мысалдар және мұны мыңдаған зерек, мұқият шәкірттері расайды.

Атап айтсақ, ондай мысалдардың біреуі, Рисалей-Нұрға тиісіп, кедергі болғандар немесе қызметінен қашқандар шапалақ жеп сазайын тартады. Биыл да осы елдің түкпір-түкпірінде жалпы түрде Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болып тоқырауға ұшыратқан кезде соның жазасы ретінде қазіргі әлеуметтік салада қиыншылықтарға ұшырауы соның айғағы.