Зүмер сүресінде
деген ұлы аяттың сарих яғни тура мағынасынан басқа ишари мағынасының жалпылама ауқымының бір мағынасы Рисалей-Нұр және аудармашысы туралы екеніне қуатты бір дәлел таптым. Өйткені اَفَمَنْ شَرَحَ اللّٰهُ صَدْرَهُ لِیلْاِسْلَامِ فَهُوَ сөйлемі джифри және әбжәд және риязи есеп бойынша 1329 немесе 1328 ге тура келеді. Демек жалпылама және ишарай түрде мегзеп және өзіне назар аударарлық бір тұлға көкірек көзі ашылып
{(Сілтеме): Осы түсіндірмеге сәйкес бір тәуәфук. Ұстазымнан түсінгенім, жиырма бес жылдан бері әрдайымғы және аса маңызды дұғасы осы: اَللّٰهُمَّ اشْرَحْ صَدْر۪ى لِلْا۪يمَانِ وَ الْاِسْلَامِ мінәжаты екен.}
соның нұрымен өзгеше күй кешіп бұрыңғы мазасыз күйінен құтылып нұрлы жолға түскен біреу туралы және бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстың басталғалы тұрған сол бір сұмдық тарих - кезеңін сондай-ақ, әлгі кісінің жағдайын, рәмізді түрде хабарлайды.
فَهُوَ عَلٰى نُورٍ مِنْ رَبِّه۪ сөзіндегі نُورٍ مِنْ رَبِّه۪ сөзі Рисалей-нұр есіміне және мағынасына һәм джифри һәм суреті жағынан һәм мағынасы дәл келетіні секілді اَفَمَنْ شَرَحَ اللّٰهُ صَدْرَهُ لِیلْاِسْلَامِ فَهُوَ сөйлемінің де джифри есебі көрсеткен кезеңде Рисалей-Нұрдың аудармашысы Ұстазымның - оған көзім әбден жетті - жағдайына дәлме-дәл сәйкес кеп тұр. Өйткені сол кезеңде бірінші дүние жүзілік соғыстың басталған жылы Ұстазым өзінің бұрыңғы әдетін сондай-ақ, философия ілімін, ақиқатқа құрал болатын ілімнің бәрін қойып
көкірек көзі ашылып Рисалей-Нұрдың фатихасы және алғашқы сатысы Ишарат-үл Иғзжаз тәпсірін жазуға кірісіп, бар ынтасымен, бүкіл күш-жігерімен Құранға қызмет ете бастаған кезеңіне тәуәфукы яғни сәйкес келуі бұл ишара болып мынаны меңзейді:
Бұл ғасырда әлгі ауқымды ишари мағынада назар аударарлық бір кісі Рисалей-Нұрдың тәржімешісі болады және шәкірттерінің мағынауи тұлғасының уәкілі болып табылады.
Иә, Қасиетті Құранның әр ғасырдың әрбір адамына үндейтін шексіз ілімі, жаппай қамтитын қалауы еркі бар. Ол барлық нәрсені қамтитыны рас сондай-ақ, Ислам ғұламалары бір ауыздан растағандай, аяттардың "сарих" мағынасынан басқа "ишари", "рәмзи", "зымни" бірнеше қабаттарға арналған мағыналары да бар. Сондай-ақ, يَٓا اَيُّهَا الَّذِينَ اٰمَنُوا сынды үндеулерде әрбір ғасыр мақсат болғаны секілді бұл ғасырдағы имандылар сонау сахабалар кезеңіндегі мүміндер секілді аяттың назарында.
Әрі Ислам тұрғысынан алғанда бұл ғасыр өте маңызды әрі сұмдық екені рас. Құран мен Хадис өзінің ғайби хабарларымен мүмін-мұсылмандарды оның фитнә-бүлігінен сақтану үшін қатаң түрде ескертіп хабарлағаны да рас. Сондай-ақ, джифри, әбжәди, риязи есептеп тұжырым жасау бұрыннан келе жатқан әдет, сенімді де белгілі қағида әрі қуатты белгі-нышан болып есептеледі.
Әрі Рисалей-Нұр және тәржімешісі және шәкірттері Иман мен Құран қызметінде жарқын әрі әсерлі міндет атқаруы жағынан зор маңызға ие болып тұр. Сондай-ақ, осы ұлы аят джифр есебі бойынша бұл ғасырды сосын екі үлкен соғысты қамтып тұр және ескі соғыстың басталар кезеңін және Рисалей-Нұрдың жарыққа шығатынын дөп басқаны секілді мағынасы жағымен де меңзеп көрсетіп тұр. Олай болса әлбетте жоғарыда айтылған ақиқаттарға, қуатты нышандар мен белгілерге сүйене отырып еш күмәнсіз сенімді түрде мұндай қорытынды шығаруға болады:
Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы, тәржімешісі осы ұлы аяттың ишари мағынасының қабаттарының жалпыға ортақ аясының ішінде және назар аударылғандардың біреуі. Бұл аят соны ишара қылуда және рәмзи мағынасымен сол туралы хабар беруде. Ғайби хабар түрінен иғжазлы сәулесін шашып көрсетеді деуге болады, дейміз.
Талдау: Бір ش , екі ر жеті жүз. ف م ن ل екі жүз. ص د هی ا س م жүз, исм-і Джәлал яғни Аллаһ сөзінің саны алпыс жеті. Екі ل алпыс, فَهُوَ тоқсан бір, لِیلْاِسْلَامِ сөзіндегі екі немесе үш Әлиф екі яки үш. ح сегіз. نُورٍ مِنْ رَبِّه۪ және "Рисалей-Нұр" сөздерінде екеуінде де نُور сөзі кездеседі.
"Рисаледе" رَبِّه۪ ر ﴾сөзіндегі әрпіне тең келеді. Егер نُورٍ сөзіндегі тәнуин саналса النُّور сөзіндегі де шәдделі ن саналады, тағы да қосып есептеледі. نُورٍ сөзінен басқа مِنْ به сөзі тоқсан жеті болып Рисалей-Нұрда қалған هی ل س екі әлиф те тоқсан жеті болып дәлме-дәл тәуәфук қылады. Түрікше айтылған кезде Рисалей-Нұр хәмзәмен оқылса да оқасы жоқ. Маидә сүресінің он төртінші аяты:
және Ниса сүресінің соңында:
аятындағы секілді Рисалей-Нұр, мағына және джифр есебі бойынша ишари мағыналардың біреуі екеніне қуатты "қарине" таптым.
Екінші аят "Ниса" сүресіндегі аят. Ол жайлы Бірінші Шуа Құран ишарасы рисалесінде ұстазым ишараларын баяндаған болатын. Бірінші аят Маидә сүресінің он төртінші аяты һәм осы ишараны бекітеді һәм اَفَمَنْ شَرَحَ اللّٰهُ аятының ишарасын растап қуаттай түседі.
Иә, бұл ғасырда ишари мағынасы дейтін қабаттардан толық түрде аяттың киелі тұжырымына сәйкес бір мағына Рисалей-Нұр екенін ынсаппен қараған жан мойындайды. Сонымен Рисалей-Нұр күлли мағынаның бір тұсына ие екеніне мағынауи байланыстар жетерлік әрі қуатты. Әрі бұл аяттың джифри саны 1366, егер мәдделер
саналса және оқылмайтын һәмзәлер саналмаса 1362 болады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр Құран-ы Мубиннің нұрын және һидаетін жайып жатқан кітаб-ы мүбин екені рас және сырт көзге одан артық сол міндетті қиын кезеңде, ауыр шарттарда атқарып жатқандарды көрмей отырмыз. Әрі аяттар басқа сөздер сияқты бірғана мағынамен шектелмейді әрі астарлы және ишари түрде дәлелдеу арқылы қағида бойынша сөздің мағынасына бөленгені рас. Сондай-ақ, Нәжмәддин-і Күбра мен Мухиддин-і Араби (р.һ) сынды көптеген асфия әулиелер аяттың сыртқы мағынасынан басқа батини (ішкі астарлы), ишари мағыналар арқылы көптеген аяттарды тәпсірлегені белгілі. Тіпті олар тәпсірлерінде Мұса (а.с) мен Перғауыннан мақсат қалб пен нәпсі десе, үммет оған да үндемеген. Оны ірі ғұламалардың басым көпшілігі қабылдап растаған. Олай болса әлбетте аяттың астарлы түрде дәлелдеуі арқылы Рисалей-Нұрды қуатты қаринелермен меңзеп ишара қылуы нақты мәселе, оған шәк, шүбә жоқ.
Талдау: قَدْ جَٓاءَكُمْ 169, مِنَ اللّٰهِ 157, نُورٌ тәнуинмен бірге 306, وَ كِتَابٌ مُب۪ينٌ тәнуиндермен бірге 631, يَهْد۪ى بِهِ اللّٰهُ 103. Барлығын қосқанда 1366 болады. Егер мәдделер мен оқылмайтын һәмзалар саналмаса биылғы мухаррам тарихына яғни 1362 санына дәлме-дәл сәйкес келеді. Егер مُب۪ينٌ сөзіндегі тәнуинге келгенде тоқтайтын болса 1316 шығады. Бұл, Рисалей-Нұрдың басталу кезеңіне һәм тәнуин арқылы кемелдену шағына және Бірінші Шуада баяндалғанындай көптеген аяттардың аса мән беріп сілтеме жасаған дәл сол аты шулы кезеңге сәйкес келеді.
(БЕДЕЛДІ БІР МОЛДАНЫҢ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ АСЫРА СІЛТЕП ЖАЗҒАН МАҚТАУ СӨЗДЕРІН РЕТТЕП ЖӨНДЕГЕНІ ЖӘЙЛІ ХАТ. МҮМКІН СЕНДЕРГЕ ДЕ ПАЙДАСЫ БОЛАР ДЕГЕН НИЕТПЕН ЖІБЕРІП ОТЫРМЫЗ)
Ғазиз, адал, құрметті бауырым молда Хашмет!
Сіздің мүжәддид туралы жазған хатыңызды таңқала отырып оқып шықтық, оны ұстазымызға айтып едік ұстаз былай деді:
Рас, мына заманда һәм иман мен дін үшін, һәм қоғам мен шариғат үшін, һәм елдің құқығын қорғау үшін сондай-ақ, Исламның саяси ахуалын жөндеу үшін өте жоғары дәрежелі жеке-жеке мүжәддид керек. Алайда, ең маңыздысы иман ақиқаттары, соны сақтау, оны жаңғырту мәселесі ең киелі ең ұлы қызмет. Шариғат және қоғам өмірі, саяси ахуал оның қасында екінші, үшінші, төртінші дәрежедегі мәселелер.
Хадистердің риуаяттарында дінді жаңғырту туралы аса мән берілуі иман ақиқаттарын жандандыру, жаңғырту тұрғысында болса керек. Бірақ көпшіліктің ойы бойынша, дүниелік өмірге құмар адамдардың назарында сырт көзге ауқымды әрі билік тұрғысынан ұнамды, жанға жағымды Исламның қоғамдық өмірі, діни мәселе саяси ахуал маңыздырақ боп көрінгендіктен, мәселеге сол жақтан қарап мән береді, мағына шығарады.
Һәм осы үш міндетті түгелдей бір адамнан немесе бір жамағаттан күту мына заманда және толыққанды түрде бір-біріне кедергі болмастан атқарылуы өте қиын тіпті мүмкін емес деуге болады. Ол үш міндетті тек ақырзаманда Нәбидің (с.а.у) ұрпағынан тараған және оның нұрлы жамағатының уәкілі ретіндегі Хазреті Мәхдидің және жамағатының мағынауи тұлғасы ғана атқара алады. Бұл ғасырда Құдайға сансыз шүкір, иман ақиқаттарын сақтау тұрғысында дінді
жаңғырту міндетін Рисалей-Нұрдың ақиқатына сосын шәкірттерінің мағынауи тұлғасына атқару нәсіп болды. Жиырма жылдан бері сол киелі міндетті атқарып қарқынды да табысты түрде жайып келеді. Жойқын күшті сұмдық дінсіздерге, адасқандарға қарсы толыққанды төтеп беріп жүз мыңдаған әһл-і иманның имандарын құтқарып қалғанын қырық мың адам растап куәлік етеді. Ал, мен болсам әлсіз, бейшара, әлжуаз біреумін. Менің шамамнан мыңдаған есе ауыр мұндай жүкті жеке басыма жүктегендей баса назар аударылмағаны жөн!" деп сізге сәлем жолдады. Біз де сізге және сол аймақтағы Рисалей-Нұрмен байланысты кісілерге сәлем жолдаймыз.
Бауырларым!
Құранның бір ғана аятының бір ғана ишарасы ғайыптан хабар беру жағымен мұғжизалы бір нұр-сәулені тәуәфук арқылы көрсеткенін мағынауи ескерту келген кезде көрдім.
осы кәрім аяттың джифри саны - шәдде мен тәнуин саналмаса - 1351, مَيْتًا сөзінің түбірі مَيِّتًا болғандықтан 1361 болып, осы кезеңде үлкен оқиғалардың ішінде сұмдық ғайбат туралы осы аят ишари мағынасымен хабар береді. Ірі оқиғалардың бірі саналатын осы сұмдық ғайбат дәл сол кезеңде, дәл сол жылы болды. Қалай десеңдер:
Сонымен, он сегіз жыл бойы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем сүннет сақтап, жандандыру мақсатымен басына шапка кимеген, сол үшін де он сегіз жыл жалғыз өзін камераға қамалғандай қоғамнан оқшаулап аласып халықпен араластырылмай, жалғыз өзін бір бөлмеде ұстап, ғаріп өмір сүруге мәжбүр болған және жеке ғибадатханасында Мұхаммеди азан оқып «Аллаһу Акбар» дегені үшін сондай-ақ, «Лә иләһә иллаллаһ» ақиқатын түсіндіріп айдай анық көрсеткені
үшін жүз досымен бірге тұтқындалып қамауға алынған бір адамды, жүздеген белгі-нышандарға сүйеніп Аллаһтың жарылқауымен болғанына нақты әрі сенімді түрде Құранның ишараларынан біреуін баяндағаны үшін оны сыртынан жамандап ғайбаттау, ауыр сөздермен жария түрде балағаттау сондай-ақ, оның дәрістерімен имандарын сақтап қалған бейкүнә шәкірттерін үркітіп ол туралы шәк туғызу, әрі одан басқа мінеп-сынайтын ештеме қалмағандай тек сол байғұстың қате сияқты көрінген бір ісін, сегіз жылда сексен зерттеушінің байқамаған, тек атүсті әрі қырсық көзбен қарағандарға солай көрінген дін үшін жасаған іс-амалынан қате тапқандай ауыр сөздермен ғайбаттау әрине бұл ғасырда осы елде болатын үлкен оқиға. Қасиетті Құранның әдейілеп ишара-еткен Тіпті, ол оқиға болуы мүмкін. Менің ойымша, қалайша Құранның әрбір сүресі кейде әрбір аяты кейде әрбір сөзі барлығын қамтып, мұғжиза болатыны секілді бұл аяттың бір ғана ишарасы ғайыптан хабар беру түрінен мұғжизалы хабар деп білемін.
Аяттың бұл ишарасы осы ғасырда Рисалей-Нұр шәкірттеріне қатысты ғайбат жайлы екенін білдіретін үш белгі-нышан бар.
Біріншісі: Бірінші Шуа дейтін Құран ишаралары жайлы рисаледе Рисалей-Нұрға және оның авторына да ишара қылатын бесінші аятты алайық:
Мұнда өте қуатты қаринелер арқылы مَيْتًا деген киелі сөзі джифр және әбжәд есебімен және үш мағыналық тұрғыдан Саид Нұрсиге дәлме-дәл тәуәфук қылып тұр.
Екінші белгі: اَيُحِبُّ اَحَدُكُمْ аятының джифр есебі және риязи санақ бойынша 1361 шығуы дәл сол кезеңде осы оқиға болды.
Үшінші белгі:..
Еріксіз түрде бес тұрғыдан біреуді жамандауға тыйым салып, бұрыстығын көрсететін және мұғжизаға ұқсас түрде ғайбаттан алты жақтан тыятын اَيُحِبُّ اَحَدُكُمْ اَنْ يَاْكُلَ لَحْمَ اَخ۪يهِ مَيْتًا деген аят кесе көлденең көз алдыма келе берді. "маған қара!" дегендей. Қарап едім, кенет тәсбихат кезінде мынаған куә болдым: "1351 бастап 1361 кезеңдерді көрсетті. Біздің
жағдайымызды ойладым, перде артынан 1351жылынан бастап 1361 дейінгі кезеңде Рисалей-Нұр бір жақтан медет, бір демеу бола ма деп Ыстамбұл тарапынан күткенде, перде артынан белгілі бір мағынада оған мін тағып тиіседі, бұл 1361 жылы кенеттен орын алған-ды.
Талдау: ت خ екеуі 1000, م م ى ى барлығы 100, ل ل ك ك барлығы 100, үшінші ن ى م барлығы 100, ح ح ح ب د 30, төртінші ى 10, бес түйір әлиф, бір هی бірге болғанда 10. Соңғы тәнуинге тоқтағанда әлиф болатындықтан барлығы 1351 шығады. مَيْتًا сөзінің түбірі "я-и мүшеддеде" болғандықтан 1361 болады.
{(Сілтеме): Бұл аят бізге ғайбаттауға қатаң тыйым салғандықтан бізді ғайбаттағандарды ұмытуымыз керек, оны ғайбатқа себеп қылмауымыз керек, иншаллаһ енді қайталанбас.}
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендерге "үш тұжырымды" баяндап беруге тура келді, қажеттілік болғаны ғой.
Біріншісі: "Бір оқиғада һәм адамның һәм тағдырдың пайы болатындықтан адамдар сыртқы себепке қарап кейде бұрыс үкім шығарып зұлымдық жасайды. Тағдыр болса сол азап-оқиғаның жасырын себебін білгендіктен әділдік қылады!" деп Рисалей-Нұрда негізгі бір қағида ретінде баяндалған-ды. Әрі осы күнге дейін Рисалей-Нұрдың басына келген оқиғаларда инаеттің белгі-нышаны, рахымның сәуле-шуақтары болатындығы тәжірибелермен расталған. Осы екі тұрғыдан көңілде мұндай бір сауал пайда болды: "Апырм-ай
Нұрға қатысты осы соңғы Ыстамбұл оқиғасында әділдіктің сәулесі, рахымдылық жағы қалай болад екен?" Көкейге мұндай жауап келді:
Бұл оқиға Рисалей-Нұрға ілім адамдарының, зерттеуші ғұламалардың мұқият назарын аудартып, зерттеп оқуға себеп болды. Әлбетте Рисалей-Нұрды зерттеген ғалым ынсапты болса мойындап жақтайды және Рисалей-Нұр ғұламалар арасында және Ыстамбұлда кеңінен тарап жайыла бастайды. Міне бұл рахымдылық жағы, инаеттің көрінісі.
Ал енді, Аллаһтың тағдыры жағынан әділдік тұсына келер болсақ.
Рисалей-Нұрдың ақиқатымен және шәкірттерінің мағынауи тұлғасымен ортаға шыққан аса құнды имани қызметтердің басым көпшілігін бейшара аудармашысына еншілеу, бұл әрине дұрыс емес. Сондай-ақ, дүнияға қатты сенетіндерге, саясаткерлерге және ауам халыққа өте маңызды, өзекті мәселе боп көрінетін, ал ақиқатында иман тұрғысынан алғанда оныншы орынды иеленетін Ислами саясатты және мұсылмандардың қоғамдық өміріне қатысты қызметті әлемдегі ең ұлық мәселе, киелі қызмет, маңызды міндет боп табылатын иман ақиқаттарына қызметтен де жоғары санау да қате пікір. Нұрдың аудармашысына достары асыра сілтеп тым жоғары баға бере бастады. Бұл әрине саясаткерлерге Рисалей-Нұр мемлекеттік төңкеріс жасайтын Ислам саясаты сияқты ой туғызатындықтан оған қарсы қоғамдық өмірде іс-шаралар қолданып оның таралуына кедергі туғызуы әбден мүмкін еді. Ал бұл деген өте қауіпті әрі үлкен зиян. Тағдыр осы қателікті жөндеу үшін және сол қауіп-қатерді жою және солай ойлайтындардың үміттерін реттеу үшін бізге ең көп көмегі тиеді-ау деген және құптап қолдайтындардан яғни ғұламалардан және сәйідтерден, машайықтардан, туысқандардан, жерлестерден біреуін қарсы шығарып әлгіндей асыра сілтеушілікті реттеп дұрыс жасады, әділ шешім.
Бізге: "Сендерге әлемдегі ең үлкен мәселе иман қызметі жетеді!" деп бізді жарылқап осы оқиғаға кіріптар қылды. Сосын, Құдайға шүкір манағы наразылық жасаған кісінің үнін өшірді, отты сөндірді. Бірақ мүнапықтар өртті сөндірмеуге тырысып бағуда.
Екінші тұжырым: Мына сұмдық ихтикардың кесірінен яғни бас пайдасы үшін халық тұтынатын заттың үстеме бағасын пайдаланудың салдарынан болатын аштық, қымбатшылық, зәрулік
халықтың тұрмысына кері әсер етіп, күн көрісті қиындатып жұртты уайымдатып қойды. Бұл діни, киелі сезімдерді тоқырауға ұшыратуда. Кәпірлерге оңтайлы оларға тиімді болып тұр. Жұрт қу тамақтың қамын ойлап әуре. Жүрек енді ақиқаттарға емес күн көрістің қамына алаңдайды, тұрмысты қалай жақсартамыз деп басты міндет атқарылмай кейінге қалуда.
Мұндай кезеңде Рисалей-Нұрдың шәкірттері рамазан ұзаққа созылғандай қабылдап әрі "кәффарет-уз зүнүб" яғни күнәдан тазару ретінде әрі шариғаттағы диета деп қабылдаса болады. Ашықтан ашық оразасын бұзған бейбақтарға бағытталған бұл бәле бейкүнәларға да әсерін тигізері анық. Дегенмен Рисалей-Нұр шәкірттері және бейкүнә жандар осы тоқырауды өздеріне пайдалы да қайырлы қылып диетаға айналдырып алады, барға қанағат және үнемділікті ұстанып, төтеп береді Иншаллаһ.
Үшінші тұжырым: "Екі мәселе"
Біріншісі: Фәйзи шығарған мағынаға байланысты тым зерек, Хожа Сабридің Фәйзиға жазған хаты керемет. Оны лахикаға ендірген соң, молдалар ف۪يهِ نَظَرٌ деп тиіспеуі үшін яғни "бұл мәселені талдап зерттеу керек!" демеу үшін ішіндегі кейбір сөздерді алып тастадық.
Екінші мәселе: Ыстамбұл ғалымдарының ең атақтысы, терең зерттеуші ғұлама және көп жылдар Мүфти-үл Әнғам қызметін атқарған пәтуа бөлімінің меңгерушісі Али Рыза мырза, бірінші Шуа Ишарат-ы Құран, Аят-үл Күбра атты рисалелерді көріп, Рисалей-Нұрдың озат шәкірті Хафыз Әминге былай депті:
"Бәдиүззаман қазіргі таңда дін Исламға зор қызмет етіп, сіңірген еңбегі зор кісі. Жазған рисалелері өте тамаша. Мұндай заманда өзі жапа шегіп жүріп, нәпсісін тыйып яғни дүниядан бастартып осындай құнды кітап жазу ешкімнің қолынан келмей тұр. Қандай болғанда да мақтап құттықтауға лайық. Рисалей-Нұр діннің мүджәддиді. Аллаһ тағала оның ісін оңғарып, сәттілік сыйласын! Әмин" депті. Сосын кейбіреулер оның сақал қоймағанына тиіскеніне байланысты Мәулана Жәлаладдин-і Румидың аталарынан Сұлтан-үл Ғұламаның бір қиссасын мысал келтіріп оны қорғаштап былай депті:
"...осы іспеттес Бәдүззаманның да әлбетте бір иджтихады бар. Оған қарсы шығу дұрыс емес!". Сосын: "Менің айтқандарымды жаз!" деп, Хожа Мұстафаға былай депті:
"Бәдиүззаманға, шексіз, құрмет дұғай сәлем. Сіз кітап жазуыңызды тоқтатпай тәмамдап шығуыңызға шын жүректен тілектеспін. Мен сіздің тілеуіңізді тілеп дұға етудемін. Кітаптарың аса құнды, жоғары бағаланарлық дүние. Кейбір ғалым сымақтардың сізге мін таққанына еш уайымдамаңыз. Себебі, "жемісі бар ағашқа тас лақтырылады" дейтін сөз бар. Күресті жалғастыра береңіз. Фәйяз Мұтлақ сізді тез арада мұратыңызға, арманыңызға жеткізсін. Сізді аманат қылып бір Аллаһқа тапсырдым, тәуекел!"
Бұрыңғы пәтуа бөлімінің меңгерушісі: Али Рыза
Міне, осындай зерттеуші ғұлама әрі ілім, шариғат, Құран саласында бұл заманда сөзі өтімді ірі ғалым осылай депті. Рисалей-Нұр тәлабалары бұл мәселені - сақтық жасап - бөтен кісілерге аты жөнін айтып жария қылмағаны жөн әрі оны дұғаларына қосуы керек. Барша бауырларға сәлем.
Ғазиз, адал, тура жолдағы бауырларым!
Өте салмақты түрде ескерту жасалып бір ақиқатты баяндау қажет болып отыр. Былайша:
لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ сырымен әулиелер ғайби нәрселерді Аллаһ білдірмесе білмейді. Ең жоғары мәртебелі әулиенің өзі қарсыласының шынайы хәлін білмегендіктен орынсыз дау-дамай туатынына "Ашере-і Мүбәшеренің" арасында болған шайқас куә. Демек, екі әулие, екі ақиқат иесі бірін-бір теріске шығарғанымен дәрежесінен айырылып, мақамынан түсіп қалмайды. Әрине егер мүлдем шариғатқа қайшы әрекет етіп, тым оғаш үкім шығармаса.
Сондықтан وَالْكَاظِم۪ينَ الْغَيْظَ وَ الْعَاف۪ينَ عَنِ النَّاسِ аятындағы киелі ережеге сай, сондай-ақ, мүмін халықтың пірлеріне деген зор сенімін зақымдамай және олардың имандарына шәк келтірмей сақтап қалу және Рисалей-Нұрдың негізгі шәкірттері
өздеріне орынсыз тиіскен кезде орынды бірақ зиянды ашу-ызадан сақтау қажеттігіне байланысты, және діннен безген кәпірлер хақ иелерін айдап салып бір-бірімен қырқыстырып, біреуінің қаруымен екіншісін жер жапсандырып, сосын оның дәлелдерімен келесі топ мұсылманды құлатып ойран салып кетпеуі үшін, міне осындай құйтырқы сұм айлалардан сақтану үшін Рисалей-Нұр шәкірттері жоғарыда аталған төрт негізге сүйене отырып дұшпандарға кектесіп батыр түрде олардың, жауыздығына дәл солай жауап қайтаруға болмайды. Тек өздерін қорғау мақсатында наразылық тудырған жерлерін ашып түсіндіріп, жауаптандыру керек. Олай дейтінім, бұл заманда менмендік шарықтап тұр. Әркім бойымен бірдей мұзтасқа ұқсас менмендігін тастап ерітпейді. Өзін үзірлі санайды, содан бүлік шығады. Мұндай Хақ жолындағылар зардап шегеді, кәпірлер пайда көреді.
Ыстамбұлда болған мәлім оқиға мынаны меңзейді: Болашақта өз ұстанымын қатты жақсы көретіндер және өзімшіл кейбір сопылар және нәпсісін тыя алмайтындар атақ құмарлық тосқауылынан өте алмаған кейбір рухани жетекшілер, хақ жолындағылар Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне қарсы шығып өз ұстанымын жоғары көтеру үшін, әрі ізінен ергендердің алдында өзінің беделін сақтау ниетімен наразы болады. Тіпті сұмдық тиісуі де мүмкін. Мұндай оқиға бола қалса біз суық қандылығымызды сақтап, шайқалмай және жауласпай және ондай қарсы шыққан топтың басшысының, құрылтайшыларының кемшіліктерін дәлелдеп әшкерлемеу керек.
Паш етіп жария қылынбайтын бір сырды ашуға тура келіп тұр. Ол былай:
Рисалей-Нұрдың мағынауи келбеті және сол мағынауи келбетінің уәкілі хас шәкірттердің мағынауи тұлғасы "Фәрид" мақамына ие болғандықтан, айталық бір елден құтыб-асфия түгіл тіпті - жалпы айтқанда - Хижазда болатын ағзам құтыб келсе дағы оның қоластына кіруге, оған бағынуға да мәжбүр емес. Бір жерде әрқашан бола беретін екі имам секілді оны тыңдап үкіміне мойынсұнуға міндетті емес.
Мен, бұрын Рисалей-Нұрдың мағынауи келбеті сол имамдардың біреуі деп ойлайтынмын. Қазір ойлап отырсам Ғаус-ы Ағзамда "құтбиет" және "ғаусиетпен" бірге "фәрдиет" те болғандықтан ақырзамандағы шәкірттері ұстанған Рисалей-Нұр сол "фәрдиет"
мақамының мазхары яғни бөленуші айнасы. Осы құпия ұсталуы керек болған үлкен сырға байланысты Қасиетті Мәккеде де - айталық - Рисалей-Нұрға қарсы наразылық Қутб-ы Ағзам тарапынан келсе де Рисалей-Нұр шәкірттері тапжылмастан әлгі мүбарак ұлы қутубтың наразылығын ілтипат ретінде қабылдап сәлем бергендей оның назарына ілігіп көзге түскені үшін оның түсінбей қалған жерлерін түсіндіріп, қолынан сүйген жөн.
Иә, бауырларым! Мына заманда сұмдық ағымдар бар және тұрмысты, жер жаһанды дүр сілкіндірер ықпалы зор оқиғалар болуда. Соның арасында аман сау жүру үшін зор табандылық, суыққандылық, жанкештілік қажет.
يَسْتَحِبُّونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْاٰخِرَةِ аятының сырына байланысты, ақыретті біліп, оған иманы бола тұра дүнияны ақыреттен жоғары қою әрі оған мәз болып риза болу және сынып қалатын шыныны бақи құнды алмасқа қуана-қуана ауыстыру, сосын істің соңын көрмейтін соқыр сезімге беріліп дайын тұрған азғантай улы ләззатқа бола кейін берілетін саф ләззаттан айырылып қалу; бұл заманның сұмдық дерті, жалпы кесел болып тұр. Сол кеселдің кесірінен шынайы мүміндердің өзі кейде кәпірлерге жақтасқан сыңай танытып үлкен қателік жасауда. Хақ тағала мүміндерді және Рисалей-Нұр шәкірттерін осы мусибат, бәледен жәледен сақтасын, әмин.
Ғазиз, адал бауырларым!
Рисалей-Нұрдың жайылуына және жеңіске жетіуіне кедергі біреуі аспани, екіншісі жерге қатысты екі мусибаттың яғни бәлелердің бетін қайтаратын өзіндік Иләһи инает-жәрдемнің сәуле-шуағы көріне бастады.
Жерге қатысты және адами мусибат: Ыстамбұлда болғаны секілді Спартада, сондай-ақ, Қастамонуның төңірегінде әһл-і далалет яғни адасқандар Рисалей-Нұрдың таралуына кедергі болу үшін және хас шәкірттерінің және ықыласпен қызмет етіп жүргендердің ынта-жігерін тежемек үшін небір айла-әрекеттер жасап жоспарлы түрде қастандық жасауда. Шынайы шәкірттерді тоқтата алмағандықтан оларға басқа жұмыс тауып беріп, қызметтеріне кедергі келтіруде.
Ал, аспани мусибат яғни көктен келген бәле болса: Ихтикардың кесірінен яғни саудагерлер бас пайдасы үшін бағаның парқын пайдаланудың салдарынан өмір сүру, дүниенің қызығын көру сезімі діни сезімнен асып түсіп көпшілік қарын тойдыруды, тұрмыс тіршілікті уайымдайды. Тіпті басым көпшілігі пақыр саналатын Рисалей-Нұр тәлабалары осы бәленің кесірінен жұмыс істеуге өздерін мәжбүр сезініп нағыз әрі аса маңызды міндеті болған ақиқатты жаю қызметін амалсыздан тоқтатуға мәжбүр болуда. Сондай-ақ, адамдардың ой-пікірі иман ақиқаттарына ауып, шынайы беріле алмай осы себептердің салдарынан немқұрайлы болып бір тоқырау кезеңі басталғандай еді, бірақ Хақ тағаланың инает-рахымымен басқа алаңда Рисалей-Нұр кеңінен тарап жеңіске жетуде. Атап айтсақ, Ыстамбұл өңірінен ірі ғалымдар ортаға шықты. Мәселен, пәтуа бөлімнің меңгерушісі Али Рыиза, Ахмед-и Ширани, сондай-ақ, атақты уағыз айтушы Шәмси сынды кісілер Рисалей-Нұрға ықыластары ауып, шынайы түрде жоғары бағалап Нұрмен байланыс құра бастады.
Һәм, ойламаған жерден, жаңа әріппен бастырылып әу баста Аят-үл Күбраның ең маңызды бөлімін, жеті бөліктен тұратын рисалені бір том етіп бастыру үшін және жастарды оятатын үш-төрт бөлік рисале өзінше жинақталып Хафыз Мұстафамен бірігіп бастыру үшін баспаға жібердік. Әрі үлкен бір кісі маңызды кітапшалардан кейбірін Анкарада лауазымды біреудің көмегімен баспада бастырмақ ниеті бар көрінеді, мен әзірге келісім бермедім.
Сонымен, бір есік жабылса Аллаһтың инаеті одан басқа әлдеқайда жарқын есіктерді Рисалей-Нұр құрметіне ашып, жол көрсетеді. Рисалей-Нұрдың хаттары, әріптері, сөздері қанша болса сонша Әрхәмур-рахимин Аллаһқа мадақ пен шүкір. هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى
Осыған байланысты осы тоқырауды, яғни уақытша үзілісті уайымдамаңдар. Онысызда бұл кезге дейінгі атқарылған қызмет дән-тұқымдар секілді болашақта жеткілікті нәтиже беруі бек мүмкін. Айталық, еш қызмет етілмесе дағы осы еңбек жеткілікті. Нақты түрде анық болған мәселе мынау: Рисалей-Нұр ақиқаттарына нан мен су секілді мына заманда қажеттілік бар. Ал қажеттілік болса оның тоқырауына жол бермейді, қозғалысқа ендіреді, иншаллаһ! Хафыз Мұстафамен бәріңіздің атынан жүздестік. Бірақ уақыт тар,
кездесу сұқбат қысқа болды. Хақ тағала оны және Тахиридың кітап бастыру ісін сәтті қылып, табысқа жеткізсін! Хафыз Али хатында жазғанындай, Нұр медресесінің ұстазы Хажы Хафыз бен өзара ықыласты әрі бауырмал түрде кездесіп, ақылдасып тұруы бізді қатты қуантты.
Ғазиз, адал бауырларым!
Нұр фабрикасының иесі, Бірінші Шуаның төртінші аяты туралы айтылған жердегі "Ислам ақиқатының жеті негізі керемет түрде дәлелденген" деген сөйлемге қатысты бір сұрақ сұрапты: Исламның негізі бесеу деп білеміз...әрі Рисалей-Нұрда Ислам шарты зекет туралы қай жерінде?
Жауабы: Исламның негіздері басқа, Ислам ақиқатының негіздері басқа. Ислам ақиқатының негіздері дегенде иманның алты шартына {(Сілтеме): "Бірге" деген сөз бұл жерде жазылмағандықтан күмәнданса керек.} құлшылықтың негіздері қосылады, яғни Исламның бес шарты ораза, намаз, хажылық, зекет, кәлимә-и шәһадат. Осыларды жинақтап бәрін біреу деп оған иманның алты шарты қосылады да жетеу болады. Бұл құлшылықтың негіздері. Оны, Рисалей-Нұр нақты түрде дәлелдеп سَبْعَ الْمَثَانِى деген аяттың нұрына бөленіп тамаша айна болғаны белгілі. Және Исламның бір шарты зекетті түсіндірген дегенде зекет туралы толық мағлұмат емес, жалпы зекеттің қоғам өміріндегі рөлі, қажеттілігі, маңыздылығы дәлелденген деген сөз.
Иә, бұдан бұрын жазған рисалелерде сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың бірнеше жерлерінде зекеттің қоғам өміріндегі маңызы нақты әрі ашық түрде дәлелденген болатын.
Осыдан бұрын, Спартада Рисалей-Нұрдың дәрісі мен таралуы үшін өзінің зәулім сарайын тарту еткен баурымыз Шүкрү мырзаның жас екі баласы қайтыс болғаны маған қатты әсер етті. Өйткені, ол бейкүнә балалар қасыма келген сайын: "Атың кім?" деп сұраушы едім. Бейкүнә түрде мақтанышпен "Хайрун-ниса" деп жауап беріп, менің мейрімімді оятып күлдіретін. Хақ тағала ол мүбарак бейкүнәні дереу жәннатына алды. Мына дүния жәһаннамынан құтқарды. Марқұм Хаяти болса, ол да ауру-сырқаудың арқасында Хайрун-ниса
секілді күнәдан тазарып, бейкүнә кетті. Жәннатта бірге болар. Осы тұрғыдан алғанда мен ол екеуін құттықтағым келеді. Әке-шешесіне де бір жағынан көңіл айтып, бір жағынан құттықтағым келеді. Өйткені екеуі وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ сырына бөленді. Мен, екеуін Рисалей-Нұрдың қайтыс болған шәкірттерінің арасына қосып дұғаларымызға ортақ қыламын. Рүшдү мырза менің атымнан Шүкрү мырзаға көңіл айтып, осы туралы он жетінші Мектубты оқып берсін.
Рисалей-Нұрдың жолбасшысы Сабри өз хатында, Нис аралындағы бір бауырымыз және Оныншы Сөзді бастырып оны қауіп-қатерден сақтау үшін бірнеше ай үйінде ұстаған және әке-шешесімен бірге бізбен байланысқа түскен Уәли мырзаның ата-анасы қайтыс болғанын жазыпты. Хақ тағала оларды рахымына бөлесін. Мен оларды көпке дейін рухани табыстарыма ортақ қыламын.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл заманда әсіресе осы күндерде Рисалей-Нұрдың шәкірттері мықты табандылық, ауызбіршілік, сақтық шараларына аса мұқтаж. Құдайға шүкір, Спарта және сол аймақтың қаһарман батырлары темірдей табандылық танытқандықтан басқа аймақтағыларға үлгі-өнеге болды.
Уа, Хусрев! Әсері күшті, керемет хатыңды алдым. Өз міндетіңе қайта оралуың бізді керемет қуанышқа бөледі. Хош келдің, құтты келдің. Сен бір жарым жыл қаламың жұмыс істемегеніне қынжылма! Сенің керемет қаламыңмен жазған Мұғжизат-ы Ахмедие кітабының бір нұсқасы сенің орныңа шығыс аймақтарда қызу қызмет етіп жатыр. Соңғы жазған тағы бір кітабың Ыстамбұлда қызмет етіп иншаллаһ табысқа жетпек. Сен жазған мұғжизалы екі Құраның осы аймақта таралып әсіресе Қасиетті Рамазан айында саған жаздыратын сауаптарды, мақтауларды, құттықтауларды ойла! Құдай қаласа жақында баспаға кірсе және Ислам әлемі тарапынан саған жаңбырдай жауатын рахым дұғаларды ойла! Аллаһқа шүкір ет!
Хафыз Алидың хатында, Исламкөйіндегі молда-имамдармен өзара сыйластыққа достыққа қарар бергендерін естіп дән риза болдық. Рас, Исламкөйі Рисалей-Нұрға тығыз байланыстығымен ерекшеленіп, алдыңғы қатардан орын алды. Сонымен қатар, мен сол аймақта болған кезімде басқа молдаларға қарағанда Исламкөйінің молдалары әлдеқайда ынсапты, Рисалей-Нұрға құрметтері зор екенін байқап осы
аймақтағы молдаларға немқұрайлы болғанда оларды үлгі ретінде айтатынмын. Иншаллаһ, олардан зиян келе қоймас. Мен Исламкөйін өзімнің Нұрс ауылына ұқсатамын, молдаларын да тумаларымдай көремін. Оларға сәлем айтыңдар.
Иә, олардың ынсаптылығы және Рисалей-Нұрға оң көзбен қарауының арқасында Нұр фабрикасы сол ауылда кедергісіз тамырын терең жайды деп ойлаймын.
Уа, Сабри бауырым! Алды жарық болсын! Хақ тағала анамызды мағфират қылсын, иманы жолдас болсын, әмин. Маған туысқандығыңды білдіретін басбармағындағы белгі-нышан және осы жеті-сегіз жыл бойы Абдүлмәжиттен де артық көмектесіп бір бауырдай адал достығың үшін әлбетте сенің марқұм анаң менің де анам болып саналады. Оны анамның қасына қосып рухани табыстарыма, дұғаларыма ортақ қыламын. Хақ тағала саған күшті сабыр сыйласын. Марқұм анаңды рахымына қарық қылсын, әмин.
Ғазиз, адал бауырларым!
Мен, анық түрде және мыңға жуық нақты тәжірибелерге сүйене отырып көзім жеткені және көп уақыттан бері сезгенім:
Рисалей-Нұрға қызмет еткен күні қызметтің дәрежесіне қарай жүрегім тынышталып, тәнім рахаттанып, ой-пікірім кеңіп, тұрмысым жеңілдеп, өресім кеңейіп, берекетке бөленемін. Ол жерде де бұл жерде де көп бауырларым дәл осындай халді бастан кешірген, кешіруде. Мұны көпшілік мойындап былай дейді: Біз де соны сезіп жүрміз! Тіпті сендерге жазғанымдай, былтыр азғантай азықпен күн көруімнің сыры осы береке екен ғой.
Әрі Имам Шәфидің (р.һ) мұндай бір сөзі бар: "Ілім жолында жүрген жүрегі таза, ықыласты шәкірттің ризығына мен кепілмін". Өйткені ризықтарында молшылық береке болады. Бұл ақиқат екені рас, әрі ықыласты ілім тәлабасы атағына бұл заманда Рисалей-Нұр шәкірттері лайық екені дәлелденген. Олай болса әлбетте мына уақытша аштық, қымбатшылыққа қарсы Рисалей-Нұр қызметін тастап, күн көрісті сылтау етіп, тұрмыс қамына кірісудің орнына ең дұрысы Құдайға шүкір етіп, қанағат қылу және Рисалей-Нұр тәлабасы болуға барынша тырысып бағу.
Рас, барлық жақта осы тұрмыс тауқыметі жұрттың қолын байлап, санасын билеуде. Кәпірлер мұны тиімді пайдалануда. Діндарлар болса өздерін үзірлі санап "Қайтеміз енді, амал жоқ!" дейді. Демек, Рисалей-Нұр шәкірттері осы аштық пен зәрулік дейтін бәлеге қарсы тағы да сол Рисалей-Нұрмен жауап берулері керек. Әрбір шәкірттің міндеті тек өзінің иманын сақтап қана қоймай басқалардың да имандарын сақтап қалуға міндетті. Ал ол, қызметті ықыласпен жалғастырса ғана жүзеге аспақ.
Сендерге бұл туралы жазған едік, дұшпандармен қастасып ерегіспеңдер. Мүмкін болғанынша тақуа, ғалым кісілермен дос болуға тырысыңдар. Бірақ, байқаңдар, Рисалей-Нұрға зияны тиетіндей және шәкірттердің табандылық, діндарлық қасиеттерін бұзатындай жақын шеңберге кіргізбеңдер. Ондай адамдар таза ниетпен кірмесе кедергі болып тоқырауға себеп болады. Егер менмендігі күшті, өзімшіл адам болса Рисалей-Нұр шәкірттерінің табандылықтарын азайтып, назарларын Рисалей-Нұрдың тысына аударады. Қазірге таңда өте мұқият, табанды, қайсар әрі сақ болуымыз керек. Осы аймақта шынымен-ақ, үміт еткенімнен де жоғары Рисалей-Нұр шәкірті екі батыр жетіліпті. Әкесі мен баласы яғни Ахмет Назиф пен Салахаддин. Бұл екеуі Рисалей-Нұрдың тарауына екі жүз адамдай қызмет еткенін көріп отырмыз. Атап айтсақ, біреуі яғни баласы Қарс қаласында тұрып әрі Ванға, әрі Әрзурумға, һәм Қонияға, һәм осы аймаққа - сендерге бұдан бұрын жібергенім секілді - хабарласу арқылы әсерлі түрде қызмет етуде, Абдуррахманнан айнымайды.
Рисалей-Нұр тариқат емес, ақиқат. Ол, Құран аяттарынан шашырап шыққан нұр. Ол шығыстың ілімінен де батыстың пәнінен де алынған емес. Ол, қасиетті Құранның осы заманға сай мағынауи кереметі. Онда жеке бастың пайдасы көзделмеген. Рисалей-Нұрдың - ең болмаса - Сөздер, Мектубат кітабын толық оқығанда көптеген ақиқаттар ашылатындықтан мына қазіргі ойыңыздан, яғни Рисалей-Нұрды жазудан қол үзіп, қызметті доғарамын деуден дереу бастартасыз.
Құрметті де қадірменді бауырым! Дереу жазуға кірісіңіз, қорықпаңыз. Құран қызметі иншаллаһ желеп-жебеп сақтайды. Сол аймақтағы Рисалей-Нұрды жазған бауырларыма айтарым, енді қайталанбай ақыры жақсылық болсын! {(Сілтеме): Салахаддин бауырымыз, Спарта қаласына ұқсас осы аймақта да Рисалей-Нұрды тәркілеу үшін үйлерін тінтіп, мазасын алған кезде Құдай сақтап ешнәрсе таба алмай, бос қайтқан оқиғаны меңзеп отыр.} Хафыз-ы Хақиқи иншаллаһ аман сақтайды. Хазіреті Алидың (р.һ):
деген әміріне мойынсұнуға тура келгендіктен, Рисалей-Нұрды жасырын оқып, жасырын жазып, жасырын жаю керек болатын. Бауырларымыз осы ережені сақтамаудың салдарынан жеңіл ескерту алып шапалақ жегенге ұқсайды, тағы да ақыры қайыр, жақсылық болсын демекпін. Әсте уайымдамаңдар! Еш нәрсе істей алмайды, қолдарынан түк келмейді, көре алмайды. Соған бола өкініп қызметтен бастартпаңыздар! Керісінше қарқынды түрде қызмет етіп мына емтихан дүниясы, сынақ алаңында табысқа жетеберейік. Рисалей-Нұрға әлі талай тиіседі, бірақ түк істей алмайды. Өйткені, Ғаус-ы Ағзам (қ.с) пен Хазіреті Али (р.һ) сынды тұлғалардың қамқорлығы, дұғалары құрметіне Хафыз-ы Хақиқи сақтайды.
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى Рухани күйзеліс Құдай қаласа өтіп кетеді. Рисалей-Нұр لِلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا هُدًى وَشِفَٓاءٌ сырына бөленген тәпсір. Одан медет күтіңдер. Рисалей-Нұр шәкірттері бір-бірінің ғибадаттарынан үлескер болғандықтан әрдайымғы оқылатын дұғалары боп саналатын мына ағзам аят сендерге де шипа болар. Сақтық ережесін сақтай отырып Рисалей-Нұрды жаза беріңдер!
Барлық бауырларыма құрмет пен сәлем. Рисалей-Нұрға қызмет ете берулерің дұрыс деп ойлаймын, бауырларым!
Ғазиз бауырым!
Бұл жолы хаттың орнына мына миуаны жіберіп отырмыз.