Ей, ақылды жолдасым! Сырат-ы мүстақимның (тура жол) қаншалықты нұрлы ал, Аллаһтың қаһарына ұшырған даллин жолының (адасқан жол) қаншалықты қараңғы түнек екенін көргің келсе, жүр менімен.
Қиялға мініп екеуміз жоқтық дейтін қараңғы өлкеге барайық. Қалаға ұқсас болғаны мен алып мазар, өлікке толы әлемге сапар шегейік. Шексіз Құдрет әлгі тас-түнек өлкеден бізді алып шықты да мына денеге мінгізіп, осы әлемге жіберді. Түк те қызығы жоқ мына қалаға әкелді. Міне, жоқтан бар болдық, кең байтақ сахараға ұқсайтын шәһадат әлеміне кірдік. Көзімізді ашып, көмек-мейірім күткендей әуелі алдымызға қараймыз. Бірақ алдымыздан қаптаған бәлелер жауға ұқсап шабуыл жасады. Қорқып артқа шегіндік. Оң мен солымызға қарап, табиғаттағы тылсым күштер медет болар деп, жәрдем сұрадық. Бірақ олар тасжүрек, мейірімсіз екеніне көз жетті. Тістерін қайрап, ашулана қарайды. Біздің жалынып, жалбарынғанымызға құлақ аспайтыны түрі жоқ. Шарасыздықтан үмітсіздене жоғарыдан көмек күткендей аспандағы алып жұлдыздарға қараймыз. Бізге қауіп төндіріп, түрлері суық, сұсты көрінеді. Зеңбіректен атылған оқтай бүкіл аспан әлемінде зымырап жылдам жүргенімен, бір-біріне соқтығысып жатқан бірі жоқ. Беті аулақ, егер біреуі жолынан сәл ауытқыса болғаны аласапыран болып мына әлемнің жүрегі қорқыныштан жарылып кетер еді. Кездейсоқ болса егер... бұлардан да пайда жоқ екен. Үмітіміз үзіліп ол жақтан да теріс айналдық. Өкінішті жағдай. Мойнымыз салбырап, енді өзімізге үңіліп зерттей бастадық. Ішімізден жан айқай мыңдаған
қажеттіліктің дауысын естиміз. Мыңдаған нәрселерге мұқтаж екенбіз. Жұбаныш табамын дегенде зәремізді ұшырады. Одан да қайыр жоқ екен. Тағы пана іздеген болып, ар-ожданымызға жүгіндік. Зер сала қарап, бір шарасы табылар деп... Өкінішті! Демеу болар шамасы жоқ, керісінше біз көмек беруіміз керек. Өйткені оның мыңдаған қалау-тілектері, шексіз армандары, алып ұшқан сезімдері бүкіл әлемге жететіндей жайылып жатыр. Олардың қайсынан болса да үміт жоқ, ешқандай көмек бере алмайды. Ол арман-тілектер, бар мен жоқтың ортасындағы нәрселер. Бір жағы Әзәлге, бір жағы Әбедке созылып жатыр яғни бастауы мен соңы жоқ шексіз апан тәрізді ар-ождан дүниені жұтып қойса да тойдым демес. Осы қиын жағдайда қай жаққа бас сауғаласақ та бәледен құтыла алмадық. Өйткені, Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы осындай болмақ. Кездейсоқтық деп қарайды қоршаған ортаға. Біз де сол назармен қараған едік. Сондықтан осы күйге түстік. Өйткені өзіміздің қайдан келіп, қайда баратынымызды және Жаратушы Иемізді, о дүниені ұмытып кеткен болатынбыз. Мұндай жағдай ішімізді тозақтан бетер күйдіріп, жанымызды қинайды. Әлгі алты жағымызға қол жайып, оларға жалынғаннан осылай болды. Бұл, қорқынышты қауіптен, шарасыздықтан, тұл-жетім үмітсіздіктен туындаған жан азабы болатын.
Енді алты жақтың әрқайсысына төтеп берудің шарасын іздейік. Өз күшімізге сенетін болсақ, қолынан түк келмейтін әлсіз екенбіз. Сосын, қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге тырысамыз. Шарасызбыз, тоқтаусыз шығып жатқан жан дауыстарын естиміз. Сосын, біреуден көмек күткендей, құтқарушы іздеп қиналамыз, бірақ, естіп тұрған да, жауап беріп жатқан да ешкім жоқ. Барлығы бізге жау, барлық нәрсе бөтен, бізге солай көрінеді. Жүрек алқымға келгенмен жұбаныш берер ешкім жоқ. Ешқандай үміт жоқ, демеу де жоқ. Сосын, жоғары қарап аспан денелеріне қараған сайын олар бізге қорқынышты болып көрінеді. Сонымен қатар, зәремізді ұшырып, ақылдың өзегін өртеп, өкіндіріп, уайымға салады.
Міне, ей, бауырым! Бұл адасқандардың жолы, мән-мағынасы осылай. Күпірліктегі қараңғылығы бәрі осы жолда кездеседі. Ал енді қайтадан басынан бастайық. Ендігі жүрер жолымыз "сырат-ы мүстақим яғни тура жол, имандылық болмақ.
Дәлеліміз де, жетекші имамымызда Аллаһтың жәрдемі және Құран, Мәңгілік Сұлтан Аллаһтың мейірімі мен инаяты. Ол біздің бар болуымызды қалады. Құдірет бізді жаратты жарыққа шығарды. Әртүрлі жағдайларды реттеп тұрған Иләһи заңдардың үстіне ақырын ғана мінгізді. Бізді мұнда әкеліп, болмыс киімін кигізді. Иман деген шен берді. Оның белгі-нышаны намаз бен дұға. Бұл дүния әртүрлі жағдайлар мен кезеңдерге толы бір сапар әрі дұға жасап, құлшылық қылатын жер. Сапарымыз сәтті болуы үшін осылай бұйрық берілген. Қай жерге барсақ та, кімге қонақ болсақ та жылы шырай танытып жақсы қарсы алады. Біз қолда барымызды беріп, олардан қажетімізді аламыз, саудамыз сәтті болып оларда бізден дән риза, күтіп баптап, сыйлап беріп, шығарып салуда.
Жүре келе дүниенің есігіне де таяндық. Дауыстар естіледі. Дүнияға, шәһадет әлеміне келдік. Шексіз мейірімді Аллаһтың мереке алаңына, адамзаттың у-шу әлеміне кірдік. Ешнәрсе білмейміз, бәрі таңсық, бейтаныс. Дәлеліміз, имамымыз Аллаһтың қалауы. Сенетіндер әрі жол сілтейтін уәкіліміз ерке, нәзік көзіміз. Көзімізді ашып әлемге қарадық. Алдыңғы келуіміз есіңде ме?
Қамқоршы жоқ, жетімдей ғаріп күй кешіп едік. Жауларымыз көп еді. Қорғаушымыз бар екенін білмедік. Енді иманның нұры арқылы, жауға қарсы тұратынымызға сенімдіміз. Сенген қорғаушымыз жауларымызды жеңіп береді. Аллаһқа деген иманымыз рухымызға сәуле шашып, өмірімізді нұрландырады. Жүрегіміз тыныш, жаудан қорықпаймыз. Тіпті бізге қауіпте жау да жоқ.
Мұның алдында ар-ожданымызды тыңдап көргенбіз. Зар еңіреп жылаған даусын естігенеді. Содан бәлеге қалдық. Арман, тілек, қабілет, сезім дегендер әрқашан мәңгілікті қалайды екен. Оның жолын таппаған едік. Біз жол таппаған соң олар зарлап жылаған-ды.
Ал енді, Әлхамдуллиллаһ, жарылқаушы иемізді таптық. Қабілеттеріміз бен арман тілектеріміз жанданып, олар бізді мәңгілікке қарай ынталандырады. Оларға жол көрсетіп, қабілеттерімізді ашады.
Демек, көмек келіп, өмір суы әкетті. Қабілеттер ашылып кемелдену үшін ынта жігер, дұға, құлшылық жасап алға ұмтылуда. Иман шарттарының екіншісі: Қайта тірілуге сену Ақыретке иман. Мәңгілік бақыттың асыл қазынасы - Иман, Дәлелі - Құран. Ождан - адами сыр.
Енді басыңды көтеріп, мына әлемге қара, онымен сөйлес. Алдыңғы жолы өте қорқынышты болып көрінгенді. Ал қазір күлімдеп саған қарап тұр. Құлшылық пен қуаныштан туындаған әсем әуен асқақтап асқақтап шартарапқа жайылуда.
Көрмейсің бе? Көзіміздің назары бал жинаған арадай әсемдіктерге қарай ұшуда. Әлем - бау-бақша. Айнала гүлге толы, әрбір гүл оған шырын ұсынуда. Дос көңілмен жұбаныш, махаббат сыйлауда. Ол да шырыннан шәһадат сол шәһадат. Балдың ішіндегі ең тамаша бал жасайды.
Аспан денелерінен жұлдыздарға немесе күндерге қарасақ, Жаратушының хикметтерін көреміз. Ғибраттың негіздері мен мейірімділіктің көріністеріне қанат бітуде. Күн біздерге мынаны айтып тұрғандай:
"Ей, бауырлар! Қорқып, өздеріңді қинамаңдар! Қош келдіңдер! Бұл жер сендерге арналған, мен сендерге жарық беремін. Мен де сендер сияқтымын, бірақ әмірге бағынамын, ешқашан қарсы келмеймін. Ахад, Самад жаратушы өз мейірімімен мені сендерге нұр шашатын қызметші етіп қойды. Менен жылу мен жарық, сендерден намаз бен дұға". Айға қараңдаршы! Жұлдыздардың әр қайсысы өзіне тән тілменен "Қош келдіңдер! Бізді танымайсыңдар ма?" деп жымыңдай, күлім қағады.
Өзара көмекке, ынтымақпен біріккен назар аудар! Әлемдегі жүйелілікке зер салып, тыңдашы не дейді. Олардың әрқайсысы былай дейді: "Біз де қызметшіміз. Аллаһтың мейіріміне айна болып көрсетеміз. Еш өкінбеңдер, бізден қорықпаңдар!". Зілзәланың даусынан, табиғаттағы құбылыстан қорқып уайымдамаңдар! Ол дыбыстар зікір, тәсбих, дұғалардың дыбысы. Олардың тізгіні сендерді осы жаққа жіберген Аллаһтың қолында. Иман көзімен қараған жан, жүздеген мейірім аяттарын оқи алады. Олардың әр қайсысы жеке бір ән, жыр-өлең.
Ей, көкірек көзі ояу мүмин! Енді көзіміз бір ауық дем алсын, олардың орнына құлағымызды иманның мүбәрак қолына тапсырып, жер бетіне жіберейік. Тамаша бір әуен тыңдасын.
Алдыңғы жолы жаппай зар-еңіреу, жаназада жоқтау болып естілген дауыстар қазір, дұға мен намаздың, құлшылық пен тәсбихттің шығып жатқан дыбыстары екені белгілі болды.
Тыңда, желдің гуілі, құстың сайрауы, жаңбырдың тысыры теңіздің шуылы, күннің күркіреуі, тастардың тықыры бәрі де осы мағынада. Желдің әуезді үні, көктің күркүрі, толқындардың әуені өздерінше бір зікір. Жаңбырдың сытыры, құстардың сайрауы Аллаһтың мейірімін ұлықтап, тәсбих болып табылады, ол, аз сөзбен көп мағынаны жеткізу боп табылады.
Заттардағы дыбыстар бар болудың белгісі. Мен де бармын дегендей. Үнсіз тұрған жаратылыс "Бізді жансыз деп ойлама, ей, зар жақ адам" деп, дыбыстап тұрғандай.
Құстарды сайратып, сөйлететін нығметтердің ләззаты, мол мейірімнің шуағы. Олар түрлі дыбыстар арқылы Аллаһтың мейірімін мадақтауда. Нығметтердің арқасында, шүкір арқылы көкке самғап ұшады. Олар былай дегендей ишара қылады:
Ей, жаратылған бауырлар! Халіміз қандай тамаша. Қамқорлыққа алынып, мейірімге бөленіп жатырмыз, жағдайымыз тым жақсы, қуанышты күйдеміз. Осылайша, үшкір тұмсықтарын көтеріп әлемге шаттанады ән шырқап.
Бүкіл әлем бейне бір ән салып тұрғандай ұлы музыка. Олардың Зікірі мен тәсбихы иман нұрымен естиді. Өйткені, хикметке толы жасалып жатқан істер кездей соқтықты мүлдем жоққа шығарады. Керемет жүйе, керемет тәртіп күдік пен уайымға солар нәрселер жоқ қылады аластап.
Ей, жолдас! Енді мына мысалға әлемінен шығайық, қиялды қойып, ақыл аясына кірейік. Екі жолды таразылап, салмақтап көрелік.
Алдыңғы қиын жолымыз Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы. Ол адамды азаптап, бүкіл сезімдерге береді соққы. Сана оны сезеді, көрсетіп те береді. Санаға қарсы әрекет жасап жүр екенбіз. Одан құтылуға мұқтажбыз. Я ол сезімдерді сабасына түсіру керек немесе түк сезбеу керек. Әйтпесе, шыдай алар емеспіз. Зар-еңіреген дыбыстар құлақты жарып жіберердей тым ащы.
Ал һидаят жолы, тура жол болса, ол дерттерге ем-шипа.
Құр әуестік сезімдер бойды билеп алған-ды. Ал сезімдерге жұбаныш керек. Ол да уақытша ұмытуды талап етеді. Бір нәрселермен айналысып, көңіл көтеруді қалайды. Әуестік пен құмарлық адамды сиқырлап тастайды. Мақсаты қайғы мұңды сезбесін деп, ар-ожданды алдайды. Рухты ұйықтатады. Әйтпесе, ауыр қайғыдан жан дүние
өртеніп соларды ауыр азапқа. Ащы зарыға шыдау мүмкін емес. Ондай да демек, адам тура жолдан қаншалықты ұзақтаса соншалықты ауыр күй кешеді, жан азабын тартады, ар-ождан күйзеліп жан дауысы мен шыңғырады.
Әрбір ләззатта қайғы менен азап бар. Демек, әуестік, қызыққұмарлық және қазіргі мәдениеттің ойын-күлкісі, сол адасушылықтан пайда болған қорқынышты үрей мен қайғыға өздерінше тапқан уақытша ем естен тандыратын у ғана.
Ей, ғазиз бауырым! Әлгі екінші нұрлы жолда басқа бір сезім билеп, тәтті күй кештік. Сол арқылы өмір қызықты болып ләззат алдық, қайғы-мұң қуанышқа айналды. Сөйтіп екеуінің мәнісі екі түрлі екенін білдік. Иманның дәрежесіне қарай рух рахаттанып ләззат алады. Ал, дене рух арқылы рахаттанады. Ал рух болса ар-ождан арқылы ләззат алады.
Ар-ожданға тез берілер бақыт пенен қуаныш бар. Жүрегіңе үңілсең рухани жұмақ, рахат бар. Тәфәккүр яғни пікірлеу, толғау болса биік, асуларға жетелейді. Ой-сана, болса құпия сырлардың кілті.
Ендігі жерде, көкірек оянған сайын, ар-ождан әрекет еткен сайын, рух оны сезген сайын рухани ләззат арта түспек. Жалын, от - нұрға, айналарды қыс - жазға ауысады. Ар-ожданға пейіштің есігі ашылып, дүния жұмаққа ұқсайды. Рухымыз ішінде құстай самғайды. Рухты асқақтатып көкке көтерер самал жел болса намаз бенен дұға.
Ей, ғазиз жолдас! Бірге дұға етейік. Енді Аллаһқа аманат.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл жазба һәм лахиқаға һәм Құранның иғжазының соңына қосымша ретінде жазылуы тиіс. Бірнеше күннен кейін маңызды бір үзінді жібереміз.
Мүбарак Рамазан айында Қадір түнінің саясында сексен үш жыл рухани өмірді иеленуге мүмкіндік туатындықтан және Рисалей-Нұр шәкірттерінің ыстық ықыласымен өзара ынтымақ және ақыреттік істерді бөлісу дейтін ережеге сай әрбір адал шәкірт, әлгі рухани мол табысқа ие болатынына күшті дәлел мынау: бұл шеңбердің ішінде қырық мың тіпті жүз мың ықыласты мүміндер бар. Олардың арасында Қадір түнінің ақиқатына бөленіп, оны қолға түсіретін бір-екеу емес немесе он-жиырма да емес, негізінде жүзден астам кісілердің қолы жетуі әбден мүмкін. Ықыластың сырымен және ақыреттік іс-амалдарды бөлісу ережесіне орай біз және сендер осы ақиқатқа байланысты бұл Қасиетті Рамазанда әрқайсымыз баршаның атынан және бауырларының ішінде отырғандай сезініп "нун-ы мүтәкәллим-і мағалғайыр" яғни
деген сөздерді айтқан кезде نَا яғни "біз" дегенде барлық бауырларын ниет ету қажет. Әсіресе мына әлжуаз бауырларыңды ұмытпай, оның мойынында ауыр міндеті болғандықтан айрықша ниет етіп жәрдем етулерің керек.
Ғазиз, адал бауырларым!
Һәм сендерді, һәм өзімізді һәм Рисалей-Нұр жамағатын әсіресе қаһарман Тахириды мына "Уирд-і Ағзам-ы Құраниды жарыққа шығуына байланысты құттықтаймыз. Рас, мұның бастырылуында екі үлкен мән жатыр.
Біреуі: Мұғжизаға толы Хәким Құранның және кәраматқа толы Рисалей-Нұрдың бастырылуына бұрын-соңды болмаған жол ашты.
Екіншісі: Тахириге, Хафыз Алиға және достарына жазылған қыруар сауапты ойласақ, әлгі сырды нақты түрде дәлелдейді. Баспа тарихында болмаған жағдай. Дәл Тахиридың жазуы фотоаспаппен түсіріліп алынғандай кім көрсе: "мынау Тахиридың жазуы ғой, баспаға ұқсамайды!" дейді.
Міне, қағаз да бітті уақыт та тар. Сондықтан қалған бауырларға жаппай сәлем.
Ғазиз, адал бауырларым!
Осы қасиетті Рамазанда сыртқа алаңдамай, дүнияны ұмыту қажет еді. Өкінішке орай кейде дүнияға ара-тұра қарауға мәжбүрлейді жатады. Иншаллаһ, сол алаңдауымыз ниетімізге қарай, иман қызметі болғандықтан ол да бір мағынада ғибадат боп саналар.
Иә, сендерге тиіскені секілді бізге де басқаша түрде тиіскендері байқалады. Бірақ Құдайға шүкір олардың тиісуі керісінше Рисалей-Нұрдың жеңіске жетіп, жаңа асуларға жетелеуде. Ыстамбұлдағы қарт кісінің наразылығы жайлы Назиф былай дейді:
Ол кісінің наразылығы Рисалей-Нұрдың Ыстамбұлда кеңінен тарап, жеңіске жетуіне және Нұрдың жарқын түрде көрінуіне себеп болды. Сондай-ақ, бізге де басқа тұрғыдан тиісулері сондай нәтиже беруде. Дегенмен қазірде кейбір бейшара молдалар мен сопыларды Рисалей-Нұрға жолатпай алыстату үшін адамның ойына келмейтін бір нәрсе ойлап тауыпты. Былай дейді:
"Саидтың қасында басқа кітаптар жоқ таба алмайсың. Демек басқа кітаптарды менсінбейді. Тіпті имам Газалиды да (р.һ) ұнатпайтын болғаны ғой, оның да кітаптарын алдырмайды!"
Осындай сұмдық әрі мағынасыз сөздер айтып жұрттың миын ашытуда. Әрине мұндай құйтырқы сөздерді тарататын жасырын зындықтар, діннен безгендер. Бірақ құрал ретінде аңқау молдалар мен кейбір сопыларды пайдалануда.
Бұған біздің жауабымыз: Астағфируллаһ, Құдай сақтасын! Рисалей-Нұр және оның шәкірттері Худжат-ул Ислам Имам Газалиды, сондай-ақ, мені Хазреті Алимен байланыстырып тұрған жалғыз ұстазды менсінбеу емес тіпті бар күшімізбен олардың ұстанған сара жолын кәпірлердің шабуылынан сақтап, құтқаруға тырысып жүрміз. Алайда, олардың кезеңінде иман шарттарына мұндай сұмдық қауіпті шабуыл жоқ болатын. Әрі сол кездегі ақиқатшыл ғалым-ғұламалардың, мұджтахидтердің өз заманына сай діни ілімдерін үйреніп, онымен қарулану біраз уақытты алады әрі мына заманның дұшпандарын бірден жеңе алмайтындықтан Рисалей-Нұр, мұғжизаға толы Қасиетті Құраннан тез қолға түсетін әрі тиімді әрі дін дұшпанын жер жастандыратын іліммен қаруландыратындықтан әлгі мүбарак, қасиеті ірі тұлғалардың кітаптарына жүгініп көмек сұрамайды. Сайып келгенде олардың барлығының бұлағы, қайнар көзі, ұстазы Құран Кәрімғой. Ал, Құран Рисалей-Нұрдың толыққанды, керемет ұстазы боп табылады. Сонымен қатар уақыт тар, санымыз да аз. Сондықтан ол нұрлы кітаптардан пайдалануға уақытымыз болмай жатыр. Әрі Рисалей-Нұр шәкірттерінен жүз есе көп адамдар сол кітаптарды оқып, ол қызметті жалғастырып жатыр. Біз ол істі соларға қалдырдық. Әйтпесе Құдай сақтасын, ол ұлы тұлға ұстаздардың құнды кітаптарын жан тәнімізбен жақсы көреміз. Бірақ әрбіріміздің бір басы, екі қолы, бір ғана тілі бар, қарсы алдымызда жауыз мыңдаған дін дұшпандары бар. Уақыттар. Ең соңғы жойқын заманауи қару Рисалей-Нұрдың дәйекті айғақтары деп білгендіктен амал жоқ соған екі қолымызбен жабысып, қанағат қылдық.
Нәзік біртәуәфук
Осы хатты әу баста بِعَدَدِ عَاشِرَاتِ دَقَائِقِ شَهْرِ رَمَضَانَ деп бастаған едік, кейін бірнеше шаруа шығып әрі қарай жаза алмадық. Содан мүбарак Атыфтың мүбарак хаты келді. Қарасақ бас жағында дәл осы بِعَدَدِ عَاشِرَاتِ دَقَائِقِ شَهْرِ رَمَضَانَ сөздерін көріп біздің хаттағы сөзге тәуәфук болу үшін бізді күттірген екен ғой дедік. Ол өзінің кәрамат қаламымен жазып бұдан бұрын осы аймаққа жіберген құнды Рисалей-Нұрды тағы да бізге көмек ретінде жіберуге ниет етуі маңызы зор нұрға қызмет әрі жанкештілік болып табылады,
дегенмен өзіне де қажет. Алдын ала осы аймақтағы Рисалей-Нұр шәкірттері атынан оған мыңдаған алғысымызды білдіріп, жасаған қызметін құттықтаймыз. Оның кәрамат қаламы тартымды тәуәфук сырларын жазуды қоя тұрып, тура Рисалей-Нұрдың өзін жазып көбейтуге атсалысуы бізді дән риза қылып шексіз қуанышқа бөледі. Хақ тағала оған ұқсас ықыласты ынталы шәкірттерді көбейте берсін, әмин.
Сендердің хаттарыңда ертеректе Сыддық Сүлейменнің ыстық ықыласы, адалдығы, озат шәкірт болғаны туралы айтылады. Мен өле-өлгенше оның адал пейілін, ақ көңілдігін сондай-ақ, маған және Рисалей-Нұрға жасаған адал қызметін әсте ұмытқаным жоқ.
Ғазиз, адал, ықыласты, ақ пейілді бауырларым, Құран қызметінде шынайы да нағыз достарым!
Жақында һәм Спартада һәм осы аймақта Рисалей-Нұрдың Ықылас рисалелері кеңінен тарағандықтан және бір-екі оқиғаға байланысты көкейге қатаң ескерту жасалды. Рия жайлы яғни біреуге жақсы көріну үшін жасанды әрекет туралы үш тұжырым баяндап берейін.
Біріншісі: Парыз, уәжіб және Ислам дініне қатысты нәрселерге сондай-ақ көркем сүннетті орындап соған сай әрекетке және харамдардан қашу ісіне рия араласпайды. Мұны көрсетіп істеу рия саналмайды. Ал, адамның өзі иманы тым әлсіз әрі туа біткен рияшыл болса ол басқа мәселе. Тіпті дін Исламның белгі-нышандары болып табылатын ғибадатты көрсетіп істеу жасырын істеуден анағұрлым сауаптырақ екенін Худжат-үл Ислам имам Газали (р.һ) сынды ірі тұлғалар айтқан. Басқа нәпіл амалдардың жасырын істелуі абзалырақ бола тұра белгі-нышандарға қатысты әсіресе мұндай бидғаттар көбейген заманда көркем сүннеттің абыройын көтеретін іс әрі осындай үлкен күнәлардың арасында жүріп харамдардан қашып тақуалықты көрсету: бұл рия емес, керісінше жасырын жасалғанынан артық сауапты та ықыласты амал.
Екінші тұжырым. Жалпы адамды рияға, жағымпаздыққа итеретін қандай себептер?
Біріншіден: Иманның әлсіздігі. Аллаһты ойламаған адам себептерге шырмалып, халыққа жағымпаздық жасайды. Рисалей-Нұр
шәкірттері Рисалей-Нұрдан қуатты әрі шынайы иман дәрісін алғандықтан себептерге, құлшылық тұрғысынан мән бермейді. Құлшылық кезінде көрсетпелік жасап рия қылмайды.
Екінші себеп: Хырсланмақ, қанағатсыздық. Өзінің мұқтаждығын халыққа көрсетіп елдің назарын аударады. Рисалей-Нұрдың шәкірттері үнемділік, қанағат, тәуекел, бұйырғанға риза болу секілді Рисалей-Нұрдан алған имани абырой, иншаллаһ оларды риядан, дүниялық пайда көздеп жағымпаздану сан сақтайды.
Үшінші себеп: Атаққұмарлық, жоғары мәртебеге көтеріліп өз қатарынан биік тұру дейтін сезім және халық арасында танымал болу, көзге көрініп өзіне шамадан тыс мән бергізу және лайық болмаса да жоғарғы мақамда көрінгісі келіп рия жасайды.
Рисалей-Нұр шәкірттері «әнәні» "нахнуға" ауыстырғандықтан яғни «мен» деудің орнына «біз» деп, менмендікті тастап Рисалей-Нұр шеңберіндегі мағынауи тұлғаның атынан әрекет қылады, "мен" демей "біз" деп сөйлейді. Сондай-ақ, тариқатшылардың «фәнә фиш-шәйх», "фәнә фир-русул" және жүгенсіз нәпсіні өлтіру секілді риядан сақтайтын тәсілдердің біреуі бұл заманда "фәнә фил-ихуан" яғни жеке басын ұмытып бауырларының мағынауи тұлғасын ойлап олардың арасында өзін ұмытып елемей, солар сияқты әрекет ететіндіктен иншаллаһ ақиқатқа жеткендер секілді риядан құтылып, жасанды әрекеттен аман болады.
Үшінші тұжырым: Дін маманы уағыз-насихатын халыққа жағымды қылып қабылдату үшін және соның талабына сай ықыласпен іс-амал жасау мақтангершілік, жағымпаздық, рия боп саналмайды, саналмауы тиіс. Ал, менмендікке салынып оны жеке басына құрал ретінде пайдаланатын, туа біткен рияшыл болса ол басқа мәселе.
Иә, бір имам имамдық қызметі кезінде тәсбих-зікірлерді жария түрде жұртқа естілетіндей дауыстап айтады. Бұл еш рияшылдық саналмайды. Бірақ қызметінің тысында тәсбихатты жария түрде дауыстап айтса рия араласу мүмкін болғандықтан іштей айтқаны абзал.
Рисалей-Нұрдың шынайы шәкірттері дінді жаюға және көркем сүннетке сай құлшылық етуге және үлкен күнәлардан қашып тақуалық амалдарында Құранның атынан міндетті болатындықтан,
иншаллаһ риядан аман болады. Ал енді Рисалей-Нұр шеңберіне бөтен ой, басқа ниетпен кірген болса ол басқа. Тағы да бұл туралы жазайын дедім, бірақ денемді бір ауыр басты да қысқа қайырылды.