Қастамону қосымшасы
— 222 —
("Аср" сүресінің қаратау жемісі деген тұжырымға түсініктеме)

اَلصَّالِحَاتِ сөзіндегі ت әрпі, сөздің соңында болғандықтан жалпы ت (тә) әріптерін джифри есебі бойынша هی (һә) деп оқуға болады, اِلَّا бірге саналады. Осы тұрғыда (1358) осы кезеңді көрсетеді. Оқылғанда هی әріп оқылмай қалатындықтан ت боп қала береді. Осы тұрғыдан шәдделер саналмаса және اِلَّا бірге болмаса 200 жылдан астам уақытқа дейін иман етіп, салих амал жасайтын бір үлкен топ, сұмдық зардапқа қарсы күресін жалғастыра беретінін меңзеп, "Фатиха" сүресінің соңында

صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ (1547-1577) көрсеткен уақытына, сондай-ақ,

— 223 —
لَا تَزَالُ طَائِفَةٌ مِنْ اُمَّت۪ى ظَاهِر۪ينَ عَلَى الْحَقِّ حَتّٰى يَاْتِىَ اللّٰهُ بِاَمْرِه۪

бірінші сөйлем 1500 санымен ақырзаманда дін үшін күрескер бір топтың соңғы кезеңдерін, және екінші сөйлем 1506 санымен үстем келетін кезеңін, және үшінші сөйлем 1545 санымен азғантай ауытқумен һәм фатиха сүресінің, һәм аср сүресінің екі сөйлемінің ғайби ишараларына ишара қылып тәуәфук етеді. Демек, осы шәриф хадистің үш сөйлемінің әрбірі 1500 жылына және дін үшін күрестің қашанға дейін жалғасатынына қатысты ишараларына дәл мына:

﴿ اَلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ﴾

шәдде саналмаса 1561 санымен һәм, وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ (шәдде саналады, бірақ بِالصَّبْرِ "ләм" болады) 1560 санымен ортақ болып әлгі үлкен топ жамағаттың күресі қай кезеңге дейін жалғасатынын ишари мағынамен, джифри мағынамен көрсетіп тұр. Фатиха мен хадистің көрсеткен кезеңге әбжәд санауы бойынша жақындап бір санымен парқы болып тәуәфук етеді және мағына жағымен де дәлме-дәл сәйкес келіп жарқын түрде ғайби иғжаздың нұр-сәулесін көрсетеді.

Ғазиз, адал бауырларым!

Бұрыңғы Саид жылдар бойы Зәхра медресесін ашуды армандап, барынша тырысып бақты. Хақ тағала аса мейірімімен Спарта қаласын сол Зәхра медресесіне айналдырды. Шағын ауыл кішкене Спартадейтін туған жерімдегі бірнеше тума-туысқандарымның орнына мүбарак Спарта ауданын сыйлап мыңдаған бауыр берді. Былай болуы мүмкін, мен туған сол кішкене Спартаның тегі, тұқымы осы үлкен Спартадан кеткен шығар. Менің нағыз отаным осы Спарта болуы әбден мүмкін. Тіпті Спарталық кімді көрсем басқаларға қарағанда маған, Рисалей-Нұрға етене жақын көрінеді. Тіпті осы жердегі сақшы, тәртіп қызметкерлері жаппай, тек ішінде біреуі ғана болмаса бізге өте жақын, Рисалей-Нұрмен тығыз байланыста. Оған мысал осы хатты әкеліп берген Спарталық Хилми мырза деуге болады. Оны Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің арасына қосып, қабылдадық.

— 224 —

Спартада және Савда бізге жасалған қастандық біршама жалпылама. Рисалей-Нұрдың кеңінен тараған аймақтарда осы күндерде бүгінге дейін жоспарлы түрде Рисалей-Нұрдың азаттық күресіне қарсы кедергілер жасалуда. Аз да болса ынта-жігерге зияны тигені рас, тоқырау кезеңі де болды. Қазіргі аштық пен қымбатшылыққа сол себеп болды деп ойлаймын. Дегенмен Құдайға шүкір, Спарта және төңірегіндегі қаһармандар болаттай табандылық танытып, басқа аймақтағы шәкірттердің ынта-жігерін арттыруда. Кейбір аңғал, аңқаулардың кесірінен азғана зарар шеккендіктен сақтық, мұқияттылық әрқашан қажет. Барлада Рисалей-Нұрдың уақытша болса да тоқырауы салдарынан қуаңшылық басталғаны секілді және Рисалей-Нұрдың араласуымен Барланың айналасына ғана жаңбыр жаууы және Спартаның Рисалей-Нұрға ыстық ықыластарының саясында - Хусревтің дегеніндей - жаңбыр керемет түрде медетке келуі, міне осы іспеттес көптеген оқиғалар және осы аймақта Рисалей-Нұрмен қатысты жүздеген белгі-нышандар мынаны дәлелдейді:

Осы елге нағыз рахымшылық болып табылатын Рисалей-Нұрға қарсы мына сұмдық заманда мұндай жаппай, ауқымды тиісу әрі кейбір жерде қызметінің тоқтап қалуы осы қымбатшылық пен тоқырауға, және осындай ихтикарға, берекетсіздікке, аштыққа себеп болуда оған біздің еш күмәніміз жоқ. Оған дәл осы кезде қасымда отырған Әмин мен Фәйзи секілді басқа да бауырларымның көзі әбден жетті.

Саид Нұрси