(Жиырма тоғызыншы Лемадан)
Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға «Әлхамдулиллаһ» дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Әуелі екі нәрсені есте сақтаған жөн.
Біріншіден: Философия - не нәрсені де жаман қылып, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Иман - не нәрсені де тамаша қылып, жанға жақын жылы шырайлы бейнеде көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.
Екіншіден: Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болса да сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы, алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды, жағдайларды көреді.
Оң жақ. Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен оң жаққа қараған кезде, ол жақ астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көрінеді. Адам мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, әлгі жақ астан-кестең күйде көрінсе де бірақ жан шығыны жоқ. қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткені байқалады. Ондағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге ену үшін қазылған жер асты жолдары түрінде көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын шаттық пен рахаты мыңдаған «Әлхамдулиллаһ» дегізетін бір нығмет.
Сол жақ. Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын үрейлі де қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, Халиқ, Рахман, Рахимның яғни, Аллаһ Тағаланың адам баласына дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. Мыңдаған рет "Әлхамдулиллаһ" дегізіп, қайталатқызады.
Үстіңгі жақ. Яғни, аспанға философияға сүйеніп қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың, ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі сияқты жылдам әрі сан-қилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған кезде сол таңғажайып, керемет тәсіл, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп, тұрған әлгі жұлдыздардың бізге жарық беретін шырақтар екенін көреді. Манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен үрейлене емес сүйсіне, үйреншікті түрде қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған "Әлхамдулиллаһ" деу қажет.
Астыңғы жақ. Яғни, Жер планетасына философия көзімен қараған сәтте, Жер шары беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе штурвалы сынық, капитансыз кеме тәрізді көрініп, зәресі ұшады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруындағы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани бір кеме түрінде көреді. Иманнан туындаған осы бір ұлы нығмет үшін үлкен-үлкен "Әлхамдулиллаһ" тарды айта бастайды.
Алдыңғы жақ. Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері - адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп солай қарай шапшаң бет алуда, және көзден тез таса болуда. Яғни, жойылуда, жоқ болуда. Өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білгендіктен жанын жегідей жеген өкініштен жын ұрғандай күй кешеді... Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алысы, жасаған саяхаттары жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару, жоқ болуға емес, мәңгі бар
болуға бара жатырмын деп бұл жаққа сүйсіне қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болады.
Мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар Мысырдың құрметті адамы дәрежесіне, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауы, және Зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы арқылы қолы жетті емес пе! Сондай-ақ, ана құрсағынан дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен әуре сарсаңның нәтижесінде дүние бақытына бөленеді.
Артқы жақ. Яғни бізден кейін келетіндерге философия назарымен қараса, "Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?" деген сұраққа жауап таба алмағандықтан таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған кезде, адам баласы әлем көрмесінде жайылған таңғажайып, керемет құдіреттің мұғжизаларын, оның өнерін тамашалау әрі зерделеу үшін Сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші екенін түсінеді. Олар әлгі мұғжизаның қадірін, бағасын және Сұлтан-ы Әзәлидің алыптығын, оны дәлелдейтін айғақтарды тауып, іздестіргендеріне қарай сауап жинаған соң, қайтадан әлгі Сұлтан-ы Әзәлиге оралатындықтарына сенеді. Осындай сенім нығметіне қол жеткізген иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деуі керек.
Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деп жасалған хамд, мадақ, ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір хамд қажет. Бұл екінші хамдқа да үшінші бір хамд, үшіншіге де төртінші хамд қажет. وَهَلُمَّ جَرًّا
Демек, бір ғана хамдтан туған хамдтар жиналып ұшы-қиырсыз, ұзыннан-ұзақ тізбектелген хамд тізбегін құрайды.
ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деуі керек. өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу тұрғысынан алып қарағанда да пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.
Осыған орай, адам баласы жаратылысынан фытри бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен байланысы бар және иман нығметінің саясында осы алты жақтан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.
Сонымен اَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللّٰهِ аятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан бастап соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан тіршілік нұрынан медет, демеу алады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа уақыты мен тар мекені кең де рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, бір адамның үйі сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ адам жанына, көңіліне осы шақ тәрізді келеді. Арасындағы қашықтық жойылады.
ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Имандылық адамзат үшін сүйеніш пен медет болғандықтан, "Әлхамдулиллаһ" деп шүкір етуі керек.
Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп болғандықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж-ақ. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық болса шыдатпай бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.
Ей, адам! Сенің арқа сүйерің - жалғыз ғана Аллаһқа деген иманың. Жаныңа, көңіліңе жәрдемші медетің - тек қана ақыретке деген иманың.
Міне осы екі нәрседен хабарсыз адамның жаны мен жүрегін үрей басады. Жан дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуіне сүйеніп, екіншісінен жәрдем алған адамның, жүрегі рухы, көңілі, рахат тауып, көңілі жұбанады. Осылайша ішкі дүниесіне тыныштық орнап, жұбаныш табады.
ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры Заңды ләззаттар аяқталғанда пайда болатын уайымдарды ол ләззаттардың жалғасы, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондай-ақ, нығметтер жалғасып, азаймайтынын және олардың қайнар көзі бар екенін көрсету арқылы көңілді тыныштандырады.
Сонымен қатар, қоштасу мен айырылысудың қайғыларын, ұқсастарының жаңаруы, оның ләззаты бар екенін көрсету арқылы жойып жібереді. Яғни аяқталатынын ойлағанда бір ләззаттан көптеген қайғылар пайда болады. Иман болса жаңарып келетін бастапқыға ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, қайғыны сейілтеді. Сонымен қатар, ләззаттардың жаңаруында да өзіндік ләззаттар бар.Рас, бір түйір жемістің ағашы болмаса сол жеміспен шектеулі ләззат, оны жеп бітіргенде ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы белгілі болса ондай жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін басқасы бар.
Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын көп қинайтын нәрсе - қоштасулардан пайда болған уайымдар. Иман нұры ұқсастарының келуі, соларға қол жеткізу деген үмітпен ондай уайымдарды жоқ қылады.
БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры мына әлемде адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді сүйкімді және бауыр етіп көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемдегі болмысты дұшпан сияқты қауіпті көріп, үрейі ұшады. Оларға бөтенсіп қарайды. өйткені, хақ жолдан тайғандардың (далалет) көзқарасы бойынша өткен шақ пен келешектегі нәрселер арасында бауырластық, жақындық байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана бір байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың бір-біріне деген бауырластығы бір сәттік, уақытша ғана.
Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, әрі біріне-бірі бауыр екендігін, әр нәрсе өз тілімен Халиқына тәсбихат еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда заттардың өздеріне тән тіршілік түрлері, рухтары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден қорқу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, жақындық бар.
Хақ жолдан адасқан көзқарас, адамдарды талап-тілектеріне жету жолында дәрменсіз қылып, босқа аласұрған, қамқоршы иесі жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер сияқты деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік атаулыға зар еңіреген жетімдер деп емес, міндет жүктелген қызметшілер зікір етушілер (закир) және құлдар деп қарайды.
АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ: Иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. Мүмин, иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарқанан пайдаланады.
Ал, далалет назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеліп қалады. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай алаңы ұлғая түседі.
Иә, бір мүмин Күнді үйінде ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Ай өзіне берілген бір нығмет болады. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран
деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған мына таңғажайып, баға жетпес жарылқауларға, нығметтерге ишарат етуде.
ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың түрлерін қамтиды. Олардың қайнар көзі. Бұл Иман нұрының саясында білінеді. Сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұр шығармаларында олардың кейбіріне ишара етілген болатын. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.
Әлхамдулиллаһ сөзіндегі "лам-ы истиғрақ" ишара етіп отырған барлық хамдтар арқылы шүкір ету қажет нығметтердің бірі де Рахманиет нығметі. Рас, Рахманиет, тіршілік иелерінің рахметке бөленгендерінің есебінше нығметтерді қамтиды. Өйткені, адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген бір тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.
Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің есебінше нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де Рахимиет. Иә, анасынан айрылған бір баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам,
әлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алады, шаттанады, көңілі толады. Міне, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.
Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатындардың біреуі де Хакимиет. Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені сияқты, адамның ақылы да Хакимиеттің нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы хамд пен шүкір талап етеді.
Сондай-ақ, әсем есімдерден «Уарис» есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдердің санындай және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп, жазылып алынған адамзаттың амалдары есебінше, даусы жер жарардай «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе Хафизиет нығметі.
Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы, ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда жақсы, тағысын тағы.
Сондықтан, Аллаһ Тағаланың Хафизиеті, оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан алып қарағанда дүниені толтыратындай бір "Әлхамдулиллаһ" қажет. Жоғарыда аталған төрт есіммен қалған әсем есімдерді салыстыр. Әр бір есімде шексіз нығметтер бар екендігін, олардың әрқайсысына хамд пен шүкір керек екенін көресің.
Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.
Сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі - Ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.
СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі Зат-ы Ақдестің Жамал (Сұлу), Кемал (Нұқсансыз) сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.
Яғни әлгі үлкен кітаптың әр бір нақышы, үлкені де кішісі де Уахид, Самед шеберінің жәлал сипаттарын көрсету арқылы хамд айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы Рахман, Рахим жазушысының әсем ерекшеліктерін көрсету арқылы дәріптейді.
Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-әсем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, Қадир, Алим ақынын қастерлеп мадақтайды.
ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ.
{(Сілтеме): Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды аша да, алмайды шешеде алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани жәрдемімен ғана және Қадір түнінің берекеті арқылы, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып аудару нәсіп болды. әйтпесе...
Аудармашы Абдулмәжид Нұрси}