Risale-i Nur

Иман және күпірлік
— 4 —
"Рисалей-Нұр" жинағынан
ИМАНДЫЛЫҚ
ПЕН
КҮПІРЛІК
(Тура жол мен адасқан жол қандай болмақ)
Бәдиүззаман
Саид Нұрси
— 5 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَ بِهِ نَسْتَع۪ينُ
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ وَ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَ عَلٰى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ اَجْمَع۪ينَ

эӨте маңызды сұрақтың өзіне лайық маңызды жауабы. Орайы келгендіктен осы жерге жазылды. Рисалей-Нұрдың керемет әсерлі дәрісін бұдан қырық жыл бұрын бұрыңғы Саид білгендей өз хатында осы сұрақ пен жауапты жазған екен.

Көпшілік тарапынан мынадай бір сұрақ қойылуда: "Мұншама дұшпандарға және қырсық философтар мен адасқандарға қарсы Рисалей-Нұрдың төтеп беруі таңғаларлық оқиға. Иман жайлы миллиондаған құнды кітаптар мен Ислам туралы шығармалардың жайылуына тосқауыл болып, азғындық және дүниялық өмірдің ләззаттарын көрсету арқылы көптеген бейшара жастарды, жалпы халықты иман ақиқаттарынан мақұрым қалдырып жатқан мына заманда және Рисалей-Нұрға сұмдық шүйлігіп, небір азғырушы үгіттер жүргізсе де жала жауып, одан адамдарды үркітіп, бас тартқызуға тырысып жатса дағы басқа кітаптармен салыстырғанда Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде кеңінен тарауы, тіпті басым көпшілігі қолжазбамен көбейтіліп, алты жүз мың нұсқа оқырмандар арасынада қызыға оқылып, жасырын жайылып ел арасына, тіпті ел асып, шетелдерге өзін қызығушылықпен оқытуы таңғаларлық жәйт. Мұның хикмет сырын ашып берсеңіз!" деген мағынада көптеген сұрақтарға жауап ретінде былай демекпін:

Хикметке толы Құранның кереметімен оның хақ тәпсірі болған Рисалей-Нұр бұл дүниенің өзінде мағынауи жәһаннам бар екенін, адасушылықтың өзі тозақ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, имандылықта

— 6 —

бұл дүнияның өзінде рухани жәннат бар екенін дәлелдеп береді. Және күнә, жамандық, харам нәрселердің ішіндегі рухани азапты көрсетіп, ал жақсы қасиеттерде, шариғаттың ақиқатарында, ізгі амалдарда жұмақтың рахатына ұқсас рухани ләззат бар екенін көрсетеді. Осылайша, азғын жолда адасып жүрген жандарға осы тұрғыдан келіп, егер ақиқатты тыңдарлық ақылы болса құтқарып қалады. Себебі, мына заманда екі сұмдық жағдай бар.

Біріншісі: Істің соңын ойламайтын және кейін болатын үлкен ләззатты дайын тұрған кішкентай ләззатқа айырбастап жіберетін сезім, ақыл мен ой-пікірді билеп алғандықтан азғын жолда жүргендерді қайтарудың бір ғана шарасы бар. Ол: дәл сол ләззаттының ішінде азап бар екенін көрсетіп әлгі, соқыр құмарлық сезімді басу.

Және يَسْتَحِبُّونَ الْحَيٰوةَ الدُّنْيَا аятының ишара еткеніндей, бұл заманда адамдар ақыреттегі алмастай қымбат нығметтерді, мол ләззаттарды біле тұра, тез сынғыш әйнек секілді дүниелік ләззатарды таңдайды. Осы тұрғыдан алғанда дүниеқұмарлыққа салынып қауіпке бас тігеді. Бұдан құтқарудың бір ғана шарасы бар. Ол: Дүнияның өзінде жәһаннам азабына ұқсас азаптар бар екенін көрсету. Міне, Рисалей-Нұр осы әдісті қолданады. Әйтпесе, адамдар күпірліктің кесірінен азғындықтың ықпалынан құтыла алмайды. Оларға Аллаһ Тағаланы таныстырып, жәһаннамның бар екенін дәлелдеп, тозақ отымен қорқытып, "қисық жолдан, харамнан тиыл!" десең, он адамнның тіпті жиырманың бірі құлақ асып, дәріс алады. Дәріс алған соң, "Аллаһ Тағала аса мейірімді де кешірімшіл, әрі тозақтың ауылы алыс қой!" деп, қайтадан бұрынғы азғын жолын жалғастыра береді. Жанын, жүрегін сезім билеп алады.

Міне, Риселей-Нұр көптеген теңеулер арқылы күпірлік пен адасушылықтың дүниядағы салдарын, сұмдық нәтижелерін көрсету арқылы ең қырсық, аса нәпсіқұмар адамдардың өзін әлгі сасық та пасық харам ләззаттардан, азғындықтардан жиіркендіріп, ақылы бар жандарды олардан бастартқызып тәубаға келтіруде. Ондай теңеулер, атап айтсақ, Жетінші, Сегізінші Сөздердегі қысқа мысалдар және Отыз Екінші Сөздің Үшінші тарауындағы ұзақ теңеу. Олар тым азғын, адасып жүрген бейбақты қорқытып, өз дәрісін мойындатқызады.

Мысалы, Нұр аятында қиялмен саяхат жасаған кезімде анық көрген жәйтті қысқаша ишара түрінде баяндап берейін.

— 7 —

Егжей-тегжейлі білгісі келгендер болса, «Сикке-й Ғайбия» кітабының соңғы жағына қарасын.

Сол саяхатта көргенім: Ризыққа мұқтаж хайуанат әлеміне материалистік философия көзімен қарадым. Қарасам, олардың мұң-мұқтажы бастан асады, әрі аш, әрі тым әлсіз, тым бейшара. Ол жан-жануарлар әлемі тым аянышты, ауыр халде көрінді. Осылай, адасқандар мен бейқамдардың назарымен қарағаныма қатты өкіндім. Кенет, Құран хикметімен, имани назармен қарадым. Сонда, Рахман есімі Рәззақ мағынасында жарқ еткен Күндей шыға келді. Әлгі, аш бейшара тірі жандар рахымның сәулесіне бөленді. Енді, хайуандар әлеміндегі жас төлдер мен нәзік нәрестелер назарымды аударды. Олардың бәрі де, тым әлсіз, өте әлжуаз, сонша мұқтаж, жанұшырған ауыр да мұңлы халде екендігі айналасын аяныштан жылатқандай, қараң қалған бір әлемді көрдім. Оларға, адасқандар секілді қарағаныма: "Қап, әттеген-ай!" деп өкіндім. Дереу, иман маған бір көзілдірік сыйлады. Сол көзілдірікпен қарасам, Рахым есімі шәпқат мағынасында жарқ етті. Әлгі, аянышты әлемді керемет сұлу, шырын да әсем бейнеге ауыстырды. Жарқыратып жібергені сонша, қайғы-мұңнан, өкініш пен аяныштан аққан жасты, қуаныш пен шүкірдің шаттық сезімінен рахаттанып аққан қуаныш жасына айналдырды.

Енді, адамзат әлеміне назар аудардым. Оған да адасқандар секілді назармен қарадым, Сонда, ол әлем өте қараңғы, сұмдық қорқынышты көрінді. Жүрегім, аузыма тығылды "Қап!" дедім. Өйткені, адам бойында толассыз армандар, шекс із-талап тілектер, неше түрлі ой-мақсаттар, мәңгі болмысты аңсайтын қалау ниеттер, жәннатты қалайтын талпыныс-қабылеттер және шек қойылмаған түрлі сезімдер мен сансыз мұң-мұқтаждықтар бар. Сонымен қатар, басына небір бәле үйір, сан-алуан қиыншылықтар мен қауіпті дұшпандар қоршаған, өмірі тым қысқа, күн сайын, сағат сайын өлім қаупі төніп тұрады. Аласапыран өмір, қиын тірлік, ауыр тұрмыс, бұл әрине жүректі жаралап, рухты азапқа салады. Бір жағынан, өмірдің аяқталуы мен айырылысып қоштасулар, бір жағынан қараңғы қапастай көрінген қабір. Адамдар топ-топ болып сол қараңғы шұңқырға түсіп жоқ болуда. Міне, адамзат әлемін осындай қараңғы да мұңлы түрде көргенімде, жүрегім де, рухым да, ақылым да тіпті, бүкіл сезімдерім зар еңіреп жылауға дайын еді. Кенет, Құраның Нұры, қуатты иман әлгі адасушылық назарды

— 8 —

жойып, имани назар ұсынды.

Қарасам, Аллаһтың Әділ есімі Хаким көкжиегінде, Рахман есімі Кәрим көкжиегінде, Рахим есімі Ғафур көкжиегінде яғни мағынасында, Баис есімі Уарис көкжиегінде, Мухий есімі Мухсин көкжиегінде, Раб есімі Малик көкжиегінде әрқайсысы Күндей жарқырап, әлгі қараңғы әрі ішінде небір әлемдері бар адамзат әлемін жаппай жарыққа бөлеп, құлпыртып жіберді. Жәһаннамға ұқсас жағдайдан құтқарып, нұрлы ақырет әлеміне қарай тура терезе ашып, әлгі қайғылы адамзат дүниесіне нұр шашты. Мен дән риза болып, "Әлхамдулләһ, Әшшукрулиллаһ" дедім. Сонда, бұл дүнияның өзінде Иманның ішінде мағынауи жұмақ, ал күпірлікте мағынауи тозақ бар екеніне көзім жетті.

Енді, жер шары бір әлем болып көрінді. Қиялмен саяхат еткен кезімде дінді қабылдамайтын философияның қараң қалған табиғат заңдары бойынша қарағандықтан сұмдық қорқынышты боп көрінді. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып барады. Жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді. Мұндай жылдамдықпен кез келген уақытта быт-шыт болуы мүмкін, ішкі жағы дүмпіп жатқан, әбден қартайған жер шары сұмдық алып кеме тәрізді ұланғайыр кеңістікте саяхат жасап барады, үстінде шарасыз жағдайдағы адамзат бар. Бұл жағдай маған тым ауыр, қорқынышты болып көрінді. Көзім қарауытып, басым айналды. Философияның көзілдірігін жерге бір ұрып сындырдым. Кенет, Құранның хикметі, иманның даналығы арқылы нұрлы көзбен қарадым. Қарасам, Аспан мен жерді жаратқан «Қадир», Алим", "Раб Аллаһтың", "Рабб-ус сәмәуат-и уәл ард", "Мусаххир-үш Шәмси уәл қамар" есімдері, "рахым", "азамет", "рубубият" көкжиегінде Күндей жарқырап нұрға бөледі. Әлгі, қараңғы, үрейлі, сұмдық боп көрінген әлем жап-жарық боп кетті. Сол кезде менің иманды көзіме жер шары керемет, өте бағынышты, еш қауіпсіз, сенімді және әркімнің ризық несібесі ішінде сенімді саяхат кемесі тәрізді көрінді және көңіл көтеру үшін, әрі сауда жасау үшін тіршілік иелерін мінгізіп алып, Күнді айналып кезіп жүрген және жаз, көктем, күз мезгілдерінің өнімдерін тұтынушыларға таситын ұшақ яки поезд тәрізді көрдім. Жер шарының зәррелері санынша «Әлхамдуилләһ ала ниғмәт-ил Иман!» дедім.

Міне, осындай көптеген теңеулермен Рисалей-Нұр адасқандар мен азғындардың бұл дүнияның өзінде жәһаннам азабын шегіп

— 9 —

жүргендігін, ал имандылар мен ізгі амал жасаушылар, бұл дүнияның өзінде рухани жәннатта рахаттанып жүргенін нақты дәлелдеп берген. Әрине, әркім оны иманның дәрежесіне қарай сезінеді. Бірақ, мына аласапыран заманда сезімді шатастыратын, адамның назарын басқа жаққа аударып,ақылын шашыраңқы қылатын ағымдар ақыл-ойды тұсаулап, есеңгіретіп тастағандықтан, адасқандар рухани азапты әзірше нақты сезбей жүр. Һидаят бұйырған имандылар да ғапылдыққа салынып, нағыз рухани ләззаттың дәмін ала алмай, қадірін білмей жүр.

Бұл ғасырдағы екінші қауіпті жағдай:

Бұл заманда мутлақ күпірлік және пән-пәлсападан туындаған адасу сондай-ақ, күпірліктен пайда болатын қырсықтық, тәкаппарлық бұрынғы уақытпен салыстырғанда өте көп. Ескі заманда Ислам ғалымдарының дәрістері, айтқан дәлелдері адамдарды толық қанағаттандыратын. Көкейдегі күмән-күдікті тез арада жойып жіберетін. Ол кезде жұрт жаппай Аллаһқа сенетіндіктен Аллаһ туралы айтып, жәһаннам азабын еске түсіргенде көпшілік қисық жолдан қайтып, тәубаға келетін.

Бұрын бір елде бір ғана кәпір болса, қазіргі заманда бір ауылда жүз кәпір бар. Бұрын пәнмен, іліммен адасып, қырсығып иман ақиқаттарына қарсы шығатындардан қазіргілердің саны жүз есе көп. Бұл тоңмойын қырсықтар перғауынға ұқсап тәкаппарлана, қыңыр кетіп иман ақиқаттарына қарсы шығады. Сондықтан, оларға қарсы атом бомбасы секілді қуатты, бұ дүнияда да олардың наным-сенімдерін тас-талқан қылатын құдси, киелі ақиқат ләзім. Сонда, олардың шабуылы тоқтап, кейбіреуі иманға келеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, осы заманның мағынауи дерттеріне дәл шипа боларлық Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы, нұр сәулесі Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдармен ең қырсық, тоңмойындарды да Құранның алмас қылышымен шауып, тас-талқан етуде. Әлемде қанша зәрре болса, сонша уахданиятқа дәлел көрсетеді яғни Аллаһтың бір екенін, иманның ақиқаттары рас екенін нақты түрде, көзге шұқып тұрып көрсетеді. Жиырма бес жылдан бері небір шабуылдарға төтеп беріп, жеңіске жетуде.

Иә, Рисалей-Нұр иман мен күпірді салыстыра отырып, адасу мен тура жол қалай болмақ екенін көзбен көргендей дәлелдейді.

— 10 —

Атап айтар болсақ, Жиырма Екінші Сөздің екі тарауы, ондағы айғақтар, Лемалар, Отыз Екінші Сөздің бірінші бөлімі, Отыз Үшінші Мектубтың терезелер атты бөлімі және Аса-и Мұса жинағының Он бір айғағы міне, осы аталған Рисалелерді салыстыра әрі өте мұқият оқыса, қазіргі замандағы мутлақ күпірліктің, қырсық дінсіздіктің сағын сындыратын, күлін көкке ұшыратын Рисалей-Нұрда көрініс тапқан Құрани ақиқаттар белгілі болады.

Иншаллаһ, Тылсымдар топтамасы кітабында, діннің маңызы зор терең сырлары мен әлемнің жаратылу себептері қалай баяндалған болса, осы аталған жинақтарда солай топтастырылған .

Сондай-ақ, адасқандар бұл дүнияның өзінде тозақи өмір кешуде, ал тура жолдағылар дүниеде де жұмаққа тән рахатта болатынын көзге көрсетіп, иманда жәннаттың мағынауи тұқымы бар екенін, ал күпірлікте Жәһаннамдағы заққұм ағашының тұқымы болатынын дәлелдеген Рисалей-Нұрдың сол тақырыптағы үзінділері қысқа да нұсқа бір кітапшаға жинақталып, жақында жарыққа шығады деген үміттемін, иншаллаһ.

Саид Нұрси
— 11 —

Бірінші Сөз

«Биссмилләһ» әрбір жақсылықтың бастамасы. Олай болса, біз де «Биссмилләһтан» бастайық.

Ей, нәпсім! Біліп қой! Бұл мүбәрак сөз, Исламның белгісі. Сондай-ақ, оны бүкіл жаратылыс атаулы, өздеріне тән тілімен әрдайым қайталап отырады. «Биссмилләһ» қажымас қайрат, таусылмайтын береке екенін білгің келсе, мына шағын хикаяға назар аудар, құлақ сал:

Бәдәуи араб сахарасына сапарға шыққан адам жол торыған қа рақшылардан аман құтылып, өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшін белгілі бір қауымның басшысының атымен әрекет етіп, оны өзіне пана тұтып жүруі керек. Әйтпесе, қаптаған жауға, жол қиыншылығына душар болып, әбіржіп кететіні рас.

Екі адам осындай жолға шығыпты. Олардың біреуі - кішіпейіл, екіншісі - тәкаппар екен. Кішіпейілі әлгіндей бір басшыны пана тұтады, ал тәкаппар жолаушы оны қажетсінбеді. Кішіпейіл жолаушы барлық жерде аман-есен жүрді. Жолда қарақшыларға жолықса: «Мен пәлен деген басшының атынан жүрмін» - дейді. Қарақшылар тиіспей, жөніне кете береді. Сондай-ақ, жолай үйлерге ат басын бұра қалса, әлгі беделді басшының арқасында құрметке бөленеді.

Ал, анау тәкаппардың жол бойы әбіржіп азып-тозғаны соншалық, жағдайын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрдайым зәресі ұшып, қорқыныш пен үрейден әбден титықтапты. Ақырында досқа күлкі, дұшпанға таба болыпты.

Міне, ей тәкаппар нәпсім! Сен де бір жолаушысың. Мына дүние шексіз сахара секілді. Өзің әлсіз, пақырсың. Дұшпаның көп, ал өзінің көп нәрсеге мұқтажсың. Ендеше, мына сахараның иесі Хаким-і Әзели Аллаһтың есімін пана тұт! Сондағана әлемдегі құбылыстардан, түрлі қауіп-қатерден аман болып, оларға тәуелді болудан құтыласың. Сенің әлсіздігің мен пақырлығың әлгі қасиетті сөздің арқасында құдіреті күшті Аллаһтың алдында саған шапағатшы болады. Сондықтан, әрбір ісін "Биссмилләһ" деп бастайтын адам ешкімнен қорықпайтын, қандай іс болсын заң жүзінде, мемлекет атынан абыроймен атқарып, бәріне төтеп беретін жауынгерге ұқсайды.

— 12 —

Сөз басында күллі жаратылыс өздеріне тән тілмен «Биссмилләһ» дейтінін айтып өттік. Енді соған тоқталайық:

Мәселен, бір адам бүкіл қала тұрғындарын бір өзі бір жерге жинап мәжбүрлеп жұмысқа жексе, оның бұл істі өз күшімен емес, біреудің атынан, яки Патшаның құдіретіне сүйеніп, мемлекет атынан атқарғанын түсінесің.

Сол секілді бүкіл нәрсе Хақ Тағаланың атымен іс атқарады. Кіп-кішкене дәнектер зәулім ағаштарды көтеріп тұрады. Әрбір ағаш «Биссмилләһ» деп, Аллаһтың рахым қазынасындағы жемістерді бізге жеткізіп отырады. Бау-бақшалар, да «Биссмилләһ» дейді. Бейне бір сан-алуан дәмді тағамдар бірге пісіріліп жататын Иләһи қазан тәрізді. Сиыр, қой, ешкі, түйе секілді жануарлар «Биссмилләһ» дейді, Бізді Аллаһтың «Рәззақ» атымен, өте жұғымды аппақ сүтпен қамтамасыз етеді.

Өсімдіктер мен ағаштардың жібектей жұмсақ тамырлары «Биссмилләһ» дейді. Қатып қалған тас пен топырақты тесіп өтеді. «Аллаһ атымен, Рахман атымен» дегенде бәрі қызметші бола қалады.

Ағаштың бұтақтары ауада еркін жайылып, жеміс салатыны тәрізді нәзік тамырлардың жер астында емін-еркін жайылып, түйнек салуы, сондай-ақ, нәзік, жасыл жапырақтардың аптап ыстықта айлар бойы жап-жасыл қалпында тұруы; "табиғат жаратты" дегендердің аузына құм құяды. Оларға:

«Көздерің соқыр ма? Көрмейсіңдер ме? Қаттылық та, ыстық та Құдайдың бұйрығымен әрекет етеді. Әлгі жұп-жұмсақ нәзік тамырлар Мұсаның (Ғ.С.) аса таяғы тәрізді فَقُلْنَا اضْرِبْ بِعَصَاكَ الْحَجَرَәмірімен тас-топырақты қақ жарады. Жұп-жұқа, нәзік жапырақтар Ибраһимнің (Ғ.С.) ағзалары тәрізді отқа қарсы аятын оқиды» - дейді.

Иә, барлық нәрсе «Биссмилләһ» деп, ырыс- нығметтерді Аллаһтың атымен бізге әкеліп беруде. Ендеше, біз де «Биссмилләһ» деуіміз керек. Аллаһ атымен алып, Аллаһ атымен беруіміз керек. Аллаһ атымен бермейтін, ғапыл, бейқам адамдардан алмауымыз керек.

Сауал: Әлгі ризық-нығметтерді әкеліп беруші себептерге мән беріп, баға беріп жатамыз. Алайда, бұл нығметтердің нағыз иесі Аллаһ Тағала, мұнша нығметтерінің ақысына не сұрайды?

— 14 —

Жауап: Иә, нағыз Жарылқаушы, аса Қамқор Аллаһ Тағала өзінің құнды нығметтері үшін бізден үш нәрсе сұрайды. Олар - зікір, шүкір, пікір.

Әрнәрсенің басында «Биссмилләһ» айту - зікір. Соңында

«Әлхамдүлилләһ» деу - шүкір. Ортасында осыншама таңғажайып нығметтерді Әхад әрі Самәд Аллаһтың құдреті жаратты, Оның жарылқауы, сыйлығы деп білу - пікір.

Патша өте пақыр адам арқылы біреуге қымбат сыйлық жіберсе, мұны алған пенде сыйлықты әкелген әлгі міскіннің аяғын сүйіп, риза болып, ал сыйлықты жіберген нағыз иесін сұрамаса, танымаса, барып тұрған ақымақтық емес пе? Сол сияқты сырт көзге нығметті беруші, негізінде тасушы ғана себептерге аса мән беріп, оларды жақсы көріп, ал нағыз иесі аса қамқор Мүним-і Хақиқи Аллаһты ұмыту немесе танымау әлгі мысалдағыдан мың есе ақымақтық.

Ей, нәпсім! Мұндай ақымақ болғың келмесе, Аллаһ атымен бер! Аллаһ атымен ал! Аллаһ атымен баста! Аллаһ атымен әрекет жаса! Уәссәлам.

— 15 —

Екінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَلَّذ۪ينَ يُوءْمِنُونَ بِالْغَيْبِ

Иманда мол бақыт, зор нығмет, таусылмас ләззат, керемет рахат бар екенін білгің келсе, мына мысали хикаяға назар аудар, құлақ сал!

Бірде екі адам көңіл сергітіп әрі сауда-саттық жасау үшін сапарға шығады. Олардың біреуі өзімшіл де бейбақ, екіншісі Құдайшыл, бақытты адам болатын. Екеуі екі бағытқа кетеді. Қара басының қамынан басқаны ойламайтын өзімшіл һәм әр нәрсенің болымсыз жағына қарайтын сорлы, жаман ниетіне қарай назарында жаман елге тап болады. Ол елдің тұрғындары залымдардан қиянат көріп, жылап-еңіреген бейшаралар боп көрінеді. Қайда барса да қасірет шегіп, зар жылаған мұңлықтарды көреді. Орталықтың өзінде қорқынышты жаназа мен тірі жетімдерді көріп қатты күйзеледі. Бұл қайғы-қасіретті сезбеу үшін шарап ішіп, мас болудан басқа шара таппайды. Өйткені бәрі оған жат, дұшпан болып көрінеді.

Ал, бақытты жан болса, жақсы ниеті мен дархан мінезінің арқасында керемет елге тап болады. Барған жерінде бәрі қуанышты, көңілдері көтеріңкі. Барлығы оған дос, күлім қағып, туыс-бауырдай көрінді. Тәкбір, Тәхлил яғни зікір салып, әскерге алынушыларды құттықтаған дауылпаз, сырнайлардың сазды дауысын естіп шаттанып қалды. Әлгі бейбақтың жағдайына керісінше, мына бақытты жанның көрген қызығы мен қуанышы зор еді. Көпшіліктің қуанышына мерейі тасып, көңілі жәй тапты. Жүзі жадырап, істеген саудасы да сәтті болып, табысқа кенелді. Аллаһқа шүкір етті.

Сапардан оралып келе жатқанда екеуі қайта жолықты. Бақыттысы танысының ауыр жағдайын айтқызбай-ақ түсініп, былай деді:

— 15 —

"Ау, жүнжіп кетіпсің ғой. Ішіңдегі жамандықтар сыртыңа шыққан-ау, күлуді - жылау, әскери міндеттен босатылуды - тонау, дүние-мүлкін талан-таражға салу деп, босқа уайымдапсың. Енді ақылға келіп, жүрегіңді тазарт! Назарыңды бүркемелеп, ақиқатты көрсетпей тұрған пердені ысырып таста дағы ақиқатты көр! Шексіз әділ, өте рақымды, халқына қамқор, жанашыр, мейірбан да қайырымды Патшаның елі сен ойлағандай болуы мүмкін бе? Әрі көз алдыңда осыншама өркениет пен кемелдіктің нышандарын көрсетіп тұрған мұндай ел сен ойлағандай жаман болуы мүмкін емес!"

Осыны естігеннен кейін әлгі сорлы есін жинап, өткеніне өкініп: "Иә, мен ішімдіктің кесірінен тоз-тоз боп жүнжіп кетіппін. Аллаһ саған риза болсын! Сен мені тозақи жағдайдан құтқардың", - деп рахметін айтады.

Ей, нәпсім, біліп қой! Бірінші адам кәпір немесе Аллаһты ұмытқан, пасық адам. Оның назарында мына дүние, қасіретке толы, қайғысы көп жер. Тіршілік иелері ақырында жоқ болудан құтыла алмай, зар еңіреген жетімдер сықылды. Хайуанат, адамзат ажалдың тырнағынан құтыла алмайтын бейшаралар тәрізді. Ал, тау мен теңіз, табиғат меңіреу, үрейлі жаназа түрінде көрінеді. Сөйтіп әлгі бейбақтың зәресі ұшып, бойын үрей билеп, күпірлік пен азғындықтың кесірінен рухани азап шегеді.

Ал, екінші адам болса мдүнн. Ол, Хақ Тағаланы танып, мойындайды. Ол мына дүниені Рахманды зікір ететін жер, адамзат пен жан-жануардың тәлім-тәрбие алатын орны, адамдар мен жындардың сынақ алаңы деп түсінеді. Сондай-ақ, өлімді, адамдар мен хайуандардың бостандыққа шығуы, дүниедегі міндетін атқарғандар, дүрбелең әлеммен қош айтысып, әлдеқайда бақытты, анағұрлым тыныш о дүниеге аттанады. Сөйтіп өздерінен кейінгілердің тіршілік етіп, қызмет етуіне орын береді деп түсінеді. Бүкіл адамзат пен хайуандардың дүниеге келуі - отандық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынып, қару асынған жауынгер секілді жауапкершілігі мол міндет атқару боп табылады. Тіршілік иелері - тапсырма алған әскер, белгілі міндет жүктелген қызметкерлер. Дүниедегі барлық дыбыстар міндетті орындар алдындағы зікір мен тәсбих, демалыс кезіндегі шүкір мен рахаттану немесе еңбекке құлшыныстан туындаған дыбыстар. Жаратылыс атаулының барлығы Сәйид-і Кәрим, Мәлик-і Рахим

— 16 —

Аллаһтың адал қызметшілері, оқылатын қызықты кітаптар тәрізді. Осылай қараған кезде иманның саясында дүния тамаша мекен-жай болып, ләззаты мол ұлы ақиқаттар ашылып, көңілді жадыратады.

Демек, Иманның ішінде Жәннаттағы Туба ағашының рухани дәнегі бар. Ал, күпірлікте Жәһаннамдағы Заққум ағашының рухани дәнегі жатады. Демек, есендік пен саламат тек Ислам діні мен Иманда. Олай болса, біз әрдайым

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى د۪ينِ الْاِسْلَامِ وَ كَمَالِ الْا۪يمَانِ

деуге міндеттіміз.

— 17 —

Үшінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
يَٓا اَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُوا

Құлшылықтың мол бақыт, орасан зор пайда екенін, ал пасықтық пен нәпсі құмарлық күллі зиян, қайғы-қасірет екенін білгің келсе, мысал ретінде мына хикаяны зейін қойып тыңда!

Бірде әскери міндетін өтеп жүрген екі адам шалғайда орналасқан бір қалаға баруға бұйрық алып, жолға шығады. Олар едәуір жүргеннен кейін, жол екіге айрылады. Жол айрығында бір адам кез болып, екеуіне былай дейді:

"Бұл жолдардың тағдыры екі басқа. Оң жақтағысымен жүргендердің ұдайы жолы болып, ойлаған мақсатына жетеді. Бұл жолды қалаған он адамның тоғызы пайдаға кенеліп, рахатқа бөленеді. Ал мына солға кеткен жол, ешкімге пайда бермеген. Бұған түскен он адамның тоғызы зиян шеккен. Дегенмен екі жолдың қашықтығы бірдей. Бірақ, мынадай бір айырмашылығы бар. Сол жақты қалаған адам қоржын арқалап, қару асынбайды. Басқарушыға да, тәртіпке де бағынбайды. Өткінші де алдамшы рахатқа батады. Ал, оң жақты қалаған адам әскери заңға бағынуға міндетті әрі жол азығы салынған қоржын мен кез-келген дұшпанды жайратып салатын қару асынуы шарт".

Мұны естіген соң біреуі оң жақ жолды қалайды. Арқасына қоржынын арқалап, белін бекем буады. Сөйтіп, үрей мен қорқыныштан, кіріптарлықтан аман болып, көңілі жәй, сапары сәтті болады. Ал, өзіне қажетті жүкті арқаламай, заңға бағынғысы келмей сол жақты таңдаған екінші жолаушы болса, жүк арқалаудан құтылғанымен, жүрегі зіл батпан кіріптарлықтың астында қалып, нағыз ауыр жүкті сол көтерді. Анталаған дұшпаннан зәресі ұшып, рухани күйзеліскетүсті. Жол бойы жұрттың бәріне қайыршы атанып, уайымнан бір құтыла алмайды. Баратын жеріне өлімші болып, зорға жетті. Онда да сатқындығы мен заңға бағынбағаны үшін қашқын ретінде жазасын тартты.

— 18 —

Ал, әскери заңға бағынып, қоржыны мен қаруын тастамай оң жақ жолға түскен жауынгер ешкімге кіріптар болмай, ешқандай қауіп-қатерге ұрынбай, абыройлы түрде көңілі шат болып барар жеріне жетті. Ол жерде міндетін адал атқарған қаһарман жауынгерге лайық сый-сыяпат көрді.

Ей, тентек нәпсім! Біліп қой, әлгі екі жолаушының бірі, Аллаһтың заңдарына бағынатындар, ал екіншісі болса, Иләһи тәртіпке көнбей, нәпсінің дегенінен шыға алмайтындар. Жол деп отырғанымыз - рухтар әлемінен келіп, қабірден өтіп, ақыретке бастар өмір жолы. Қоржын мен қару-жарақ - ғибадат пен шынайы тақуалық. Сырт көзге құлшылық ауыр болып көрінгенімен, шын мәнінде рахат әрі жеңіл екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, ғабит, яғни, құлшылық ететін адам, намазда اَشْهَدُ اَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ дейді. Яғни, «Жаратушы да, Рызық беруші де - Ол. Зиян да, пайда да соның қолында. Ол - Хакім, яғни, әрбір ісі хикметке толы, мақсат пен пайда бар. Ол - әсте бос, мағынасыз іс жасамайды. Ол - Рахим, сыйы мен мейірімі мол, шексіз» деп сенгендіктен барлық нәрседен мейірімділіктің нышанын көріп, дұға-тілек арқылы жақсылық күтеді. Сондай-ақ барлық нәрсе Раббысының қолында екеніне кәміл сеніп, рахымына сыйынады. Тәуекел етіп, Оған үміт артады. Түрлі жаманшылықтардан Оған сыйынып, Оны пана тұтады. Ең сенімді қорғаны өз иманы болмақ.

Иә, барша жақсылық та, тіпті, шынайы батырлық та Иман мен ғибадаттан бастау алады. Ал, бүкіл жаманшылық, тіпті, қорқақтық пен азғындық та имансыздықтан туады.

Иә, жүрегі нұрға бөленіп, иманға толы болған құлды Жер шары бомба болып жарылса да қорқыта алмайды. Керісінше, Самәдани құдіреттің жойқын құбылысын тамсана тамашалайтын болады. Ал, оның орнында имансыз, пасық философ болса, ондай жарылыс түгілі көктегі құйрықты жұлдызды көріп, қорқып: "Апырым-ай, мына сандалған жұлдыз Жер шарымен соғып кетпей ме екен?" - деп, сары уайымға салынады. (Осындай аспан құбылысынан бір кездері Америка жұрты қорқып, үйлерінен безіп, далаға түнегені бар).

Адам баласы көп нәрсеге мұқтаж, бірақ қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезігетін пәлелерге нысана болып тұрса да, ерік-шамасы қолының жеткен жеріне дейін ғана. Ал мұң-мұқтаждығы

— 19 —

көзі мен қиялы жеткен жерге дейін созыла береді. Олай болса тым әлсіз, шарасыз әрі пақыр, мұң-мұқтажы мол адамға Жаратқан Иесіне құлшылық қылу, тәуекел ету, иман келтіру тәухид, Иләһи үкімдерге мойынсұну қаншалықты тиімді де пайдалы, мол бақыт, зор нығмет екендігін мүлдем көр-соқырға айналмаған жандар түсінер, бәлкім көрер.

Адамдар зиянды жолдың қауіптілігін ойлап тіпті оннан бір ықтимал болса да зиянсыз жол іздейтіні мәлім. Әңгімеге арқау болып отырған құлшылық, Исламның хақ жолы еш зиянсыз болуымен қатар оннан тоғыз ықтимал мәңгілік бақытқа бөлеп, қымбат қазына таптырмақ.

Ал, күпірлік пен азғындық жолы түк пайдасыз екенін тіпті пасықтар да мойындауда және о дүниеде азап шегетіндігін "әһл-и кешф" дәрежедегі әулиелер бір ауыздан куәлік етуде.

Олар пасықтық оннан тоғыз ықтимал мәңгі азапқа салатын, құрдымға апаратын кесірлі жол екені анық дәлелдеген.

Қорытынды: Аллаһқа әскер болып мойынсұну және шынайы құлшылық бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа бөлейді. Олай болса, біз әрдайым:

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلَى الطَّاعَةِ وَالتَّوْف۪يقِ

деп мұсылман болғанымызға шүкіршілік етуіміз керек.

— 20 —

Төртінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَلصَّلَاةُ عِمَادُ الدّ۪ينِ

Намаздың мол байлық әрі маңызды шаруа екендігін, және сол байлыққа көп нәрсе жұмсамай-ақ, аз ғана шығын арқылы қол жеткізуге болатындығын, ал, бейнамаз жүрген бейбақ адамның күллі зиян шегетіндігі екі жердегі екінің төрт болатындығы секілді нақты екендігін білгің келсе, мына мысали хикаяға назар аудар:

Баяғыда бір патша, екі қызметкерінің әрқайсысына жиырма төрт алтыннан беріп, екі айлық жердегі өзінің жеке, әдемі саябағына қоныстанып, сол жақта өмір сүруін бұйырады. "Мына қаражатқа жолға керек заттар мен билет алыңдар, сондай-ақ ол жақта қажетті нәрселер сатып аларсыңдар. Бір күндік жерде бекет бар. Бекетте автобус, кеме, поезд, ұшақ секілді жол көліктері бар. Қаражаттарыңа қарай мінерсіңдер", - деді.

Екі қызметші бұйрық алған соң жолға шығады. Олардың біреуі бақтияр еді. Бекетке дейін аз шығындалып, оның есесіне қожайынының көңілінен шығатын сауда жасап, қалтасындағы қаражат мың есе артып кетті. Ал екінші қызметші болса, бейбақ, ойына келгенді жасай беретін. Бекетке дейін жиырма үш алтынын құмар ойындарына жұмсап ысырап қылады. Бір ғана алтыны қалғанда жолдасының жаны ашып: "Қалған бір алтыныңды билетке қалдыр! Жол ұзақ, аш-жалаңаш қалу қаупі бар. Қожайынымыз мейірімді ғой, мүмкін қатеңді кешірер, тіпті ұшаққа да мінгізіп жіберер. Сөйтіп барар жеріңе бір күнде жетіп аларсың. Әйтпесе, екі айлық жолда аш-жалаңаш әрі жаяу жүруіңе тура келеді", - деді.

Апырым-ай, анау адам қасарысып, қолындағы бір ділдәсін қазынаның кілтіндей қымбат, өзіне аса қажетті билетке бермей, оны да өткінші ләззат, болмашы қызық үшін құмар ойынға жұмсап жіберсе, оның ақылсыз, ақымақ екендігін ең ақымақ адамдар да түсінетін болар.

— 21 —

Міне, ей бейнамаз адам! Және намазды жақтырмайтын нәпсім! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны - Раббымыз, Халиқымыз - Аллаһ. Ал, екі қызметші, яғни жолаушылар болса, біреуі - намазын ықыласпен оқитын, екіншісі - ғапыл, намаз оқымайтын бейқам кісілер. Жиырма төрт алтын деп отырғаны, бір күндегі жиырма төрт сағаттық өмір. Ал, сая-бақ болса - Жәннат. Бекет дегені қабір. Сапар болса, қабірге қарай одан махшарға, одан әрі мәңгілік әлеміне жалғасатын адами ғұмыр. Ол жолды әркім тақуалығына қарай әрқилы жүріп өтеді екен. Кейбір тақуа кісілер мың жылдық жолды бір күнде қиялдай самғап өтсе, кейбірі елу мың жылдық жолды бір күнде өтіп кетеді. Бұған Қасиетті Құран екі аятымен ишара етеді.

Ал, манағы билет болса - намаз. Бес уақыт намаз дәретімен қоса есептегенде бір сағат қана уақыт алады. Апырым-ай, жиырма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал мәңгі, өмірге бір сағатын қимаған адамның қаншалықты зиянға ұшырайтынын, өзі-өзіне зұлымдық жасайтынын аңғарған шығарсың. Мың кісі қатысқан, ұту мүмкіндігі мыңнан бір ғана құмар ойынына қолындағы ақшасының жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ықтимал «мәңгілік қазына», үшін қолда барының жиырма төрттен бір бөлігін бермеу ақымақтық екенін түсіну қиын ба? Оның үстіне, намаз оқығанда рух, жүрек, ақыл-ой сияқты сезімдер тынығып, рахатқа батады. Шаршататындай ауыр жұмыс та емес және намаз оқыған кісінің бейкүнә істері, тұрмыс тіршілігі құлшылық болып есептеледі. Осылайша, бүкіл өмірін ақыретке арнап, фәни өмірін мәңгі-бақи өмірге айналдырады.

— 22 —

Бесінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّ اللّٰهَ مَعَ الَّذ۪ينَ اتَّقَوْا وَالَّذ۪ينَ هُمْ مُحْسِنُونَ

Намаз оқу, ауыр күнәлардан аулақ болу адамның басты міндеті және жаратылысы соған лайық екенін білгің келсе, мына шағын мысали хикаяны тыңда:

Соғыс кезінде бір әскери бөлімшеде біреуі білімді де ұқыпты, екіншісі ұқыпсыз, тамақсау екі жауынгер болыпты. қыпты жауынгер әскери дайындыққа ынталы болатын, нәпәқасын, ішіп-жемін ойлап басын ауыртпайтын. Өйткені, толық қамтамасыз ету, қарумен жабдықтау, ауырып қалса емдеу, тіпті керек кезінде тамақты аузына апарып салу да мемлекеттің міндеті екенін, өзінің міндеті білім алу және отанды қорғап соғысу екенін жақсы білетін. Кейде тамақ әзірлеу, қазан қайнату, ыдыс-аяқ жуу, су тасу жұмыстарын да атқаратын. "Не істеп жүрсің?" - десе, ол: "Отан алдындағы борышымды, әскери міндетімді өтеп жүрмін", - деп жауап беретін. Ешқашан: "Нәпәқа табу үшін, күн көріс үшін жүрмін" - демейтін.

Ал, тамақсау, жауапкершілігі төмен жауынгер болса, оқу мен соғыс өнеріне немқұрайлы қарап: "Ол мемлекеттің жұмысы, маған керегі не" - дейтін. Әрдайым қарнының қамын ойлап, әскери дайындықтан қашып, базар аралап, сауда жасайтын. Бір күні тәртіпті құрдасы оған былай деді: "Достым, сенің міндетің білім алу мен соғыс өнерін жетік меңгеру. Сен бұл жерге сол үшін келдің. Патшаға сенім арт. Ол сені аш қалдырмайды, сені асырау оның міндеті. Сенің шамаң шектеулі, дәрменсіз әрі пақырсың. Өзімді өзім қамтамасыз етемін деп әуре болма әрі қазір соғыс уақыты болғандықтан бұл тәртіпсіздігің үшін жазаға тартыласың. Рас, атқарылуы тиіс екі міндет бар. Бірақ, біреуі патшаның міндеті. Ол - бізді асырау, қамтамасыз ету. Оны кейде өзімізге істетеді. Екіншісі біздің міндетіміз. Ол - оқып тәлім алу, соғысу. Патшамыз бізді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, жағдай жасайды".

— 23 —

Апырым-ай, манағы олақ жауынгер ұқыпты досының айтқанына құлақ аспаса, жағдайы қиын болары түсінікті шығар.

Ей, жалқау нәпсім! Әлгі аласапыран соғыс майданы - мына дүбірге толы дүние. Әскер болса адамзат, ал оның бір бөлімшесі - осы ғасырдың Ислам жамағаты, яғни, мұсылмандар. Ондағы екі жауынгердің біреуі Аллаһтың әмірлерін орындап, күнәлардан аулақ болу үшін шайтанмен айқасып жүрген тақуа мұсылмандар. Екіншісі, Құдайға сенбегендей күнкөрістің қамы деп Аллаһтың әмірлерін орындамай, адал мен арамды айырмайтын пасық адамдар. Ал, тәлім-тәрбие болса, құлшылық, ең бастысы - намаз. Ал, соғыс болса адамның әуестікке берілмей нәпсімен күресуі және жын және адам кейпіндегі шайтандармен шайқасуы. Жүрек пен рухты арашалап, мінез-құлықтың бұзылуынан сақтану.

Ал, атқарылуы қажет екі міндеттің біріншісі - жан беріп, өмір сыйлап әрі оны қамтамасыз ету. Екіншісі болса, өмір сыйлап, оны жан-жақты қамтамасыз етушіге шынайы түрде беріліп, жалбарыну, Оған тәуекел етіп, сену.

Иә, әсем де ғажайып Иләһи өнер болып табылатын және хикметке толы мына өмірді кім сыйлаған болса, оны жалғастырып, қамтамасыз ететін де сол ғана. Басқа ешкімнің қолынан келмейді. Дәлел керек болса, өте әлсіз әрі түйсігі жоқ хайуандарға қара! Олар өте керемет қоректенеді. Мысалы, нәзік құрттар мен балықтар. Жаратылысы нәзік, бейшара болғандықтан өте керемет азықтанады. Бүкіл нәрестелер мен жан-жануарлардың төлдері де солай.

Демек, адал ризық табу күш пен ептілікке байланысты емес, керісінше әлсіздік пен шарасыздыққа байланысты.

Дәлел ретінде балықтарды түлкілермен, кішкене төлдерді үлкен жануарлармен, ағаштарды хайуандармен салыстыру жетіп жатыр. Демек, намаз оқымай тек күн көрістің қамын ойлайтын адам әлгі жауапкершілікті сезінбейтін жауынгерге ұқсайды. Ал, намазын оқып, Рәззақ-ы Кәрим, Жомарт Аллаһ жаратқан дәмханадан несібесін іздеу, біреуге масыл, жүк болмау үшін өзі барып алуы мәрттік әрі құлшылық болып есептеледі.

Иә, адамның жараімдысы, оның бойындағы қасиеттер құлшылық үшін жаратылғанын көрсетеді. Өйткені, адам тек бұл дүниелік өмірді ойлап, бар күшін соған жұмсаса тұрмыс жағдайы құс екеш торғайға

— 24 —

да жете алмайды. Алайда, рухани өмір сүріп, ақыреттің қамын ойлап, өзінің пақыр екенін мойындап, Жаратқан Раббысына жалбарынса бүкіл тіршілік иесінің сұлтаны, әміршісі деген жоғары мәртебеге ие болады.

Демек, ей, нәпсім! Егер басты мақсатың дүниелік өмір болып, тек соның қамын ойласаң, торғаймен деңгейлес болып қаласың.

Егер ақыреттік, рухани өмірді ойлап, сол жақта бақытты болуды мақсат қылсаң және мына фәни өмірді соған ұйытқы, оның егін алқабы деп қабылдап, о дүниеге қам жасасаң, барлық тіршілік иелерінің басшысы әрі Хақ Тағаланың бұл дүниедегі ерке құлы, қымбатты да қадірлі қонағы боласың.

Міне, саған екі жол. Қалағаныңды таңда. Тура жол мен таупықты Әрхам-ур Рахимин, Мейрімділердің ең мейірімдісі Аллаһтан сұра!

— 25 —

Алтыншы Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّ اللّٰهَ اشْتَرٰى مِنَ الْمُوءْمِن۪ينَ اَنْفُسَهُمْ وَاَمْوَالَهُمْ بِاَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ

Жанын және дүниесін жаратқан Аллаһқа сату және Оған құл, әскер болудың тиімді сауда, үлкен абырой, биік лауазым екенін білгің келсе, мына мысал ретіндегі қысқаша хикаяны тыңда!

Баяғыда бір патша қарамағындағы екі адамға аманат ретінде әрқайсысына бір-бір қожалық береді. Ол қожалықта фабрика, өндірістік мәшине, ат-көлік, құрал-сайман секілді тұрмысқа қажетті барлық жабдықтары сайма-сай екен. Бірақ, сұрапыл соғыс кезі болғандықтан бәрі баянсыз, бар нәрсе жоғалып немесе өзгеріске ұшырап жатқан заман екен. Мейірімді Патша әлгі екі адамға ілтипат жасап бір елшісін жібереді. Елші арқылы мейірімді жарлығымен былай дейді: "Сендерге берген аманатымды маған қайта сатыңдар. Оны өзім сақтаймын. Босқа зая болмасын. Соғыс біткен соң берекелі түрде өздеріңе қайтарып беремін. Аманатымды сендердің мүліктерің секілді қымбатқа, сатып аламын да байлыққа кенелтемін. Өндіріс мәшинелері мен фабрикадағы өзге де құрал-жабдықтар менің атымнан, менің жерімде жұмыс істейтін болады әрі табысы мың есеге артады. Ол пайданы да түгелдей сендерге беремін. Сендер әлсіз, әрі пақырсыңдар, ондай ауқымды ауыр жұмыстарды атқаруға, қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге шамаларың жетпесі анық. Барлық шығынды өзім көтеремін. Түскен пайда мен байлықты сендерге бөліп беремін. Әскери міндеттен босағанға дейін оларды сендердің қолдарыңда қалдырамын. Міне, бес есе пайда!

Егер маған сатпасаңдар, көріп отырсыңдар ешкім қолындағысына ие бола алмай, айрылып қалуда. Сендер де солардың кейпін киесіңдер. Зор шығынға ұшырап, берілгелі тұрған мол байлықтан құр қаласыңдар. Қымбат құрал-жабдықтар мен нәзік аспаптар қолданысына сай жұмыс істемегендіктен құнын жояды. Оларды

— 26 —

сақтау мен басқару жауапкершілігі және өзге де машақаты мойындарыңа мінеді. Аманатқа қиянат жасап, жазасын тартатын боласыңдар. Пайда көрудің орнына бес есе зиян шегесіңдер!

Ал, маған сату деген сөз, маған әскер болып менің атыммен әрекет ету. Құны жоқ тұтқын немесе бұзақы атанудың орнына лы патшаның нағыз ерікті жауынгері, адал сарбазы атанасыңдар".

Осы ілтипат толы жарлықпен танысқаннан кейін әлгі екі адамның біреуі: "Әлбетте, мен сатуға дайынмын. Қуана-қуана келісемін. Мың да бір шүкіршілік етемін" - деді. Бұл ақылды әрі тәрбиелісі болатын. Екіншісі тәкаппар, нәпсісі перғауынға айналған, өзімшіл, маскүнем болатын. Ол өзін әлгі қожалықта мәңгі қалатындай сезінетін. Сырттағы зілзәла мен апаттан бейхабар ол: "Жоқ! Патша кім, танымаймын. Мен мүлкімді сатпаймын, рахатымды бұзғым келмейді" - деп қарсылық білдірді.

Арада біраз уақыт өткен соң бірінші адамның мерейі өсіп, жоғары мәртебеге ие болды. Оны көргендердің барлығы қызыға қарайтын. Себебі, патшаның мейіріміне бөленіп, оның хан сарайында бақытты ғұмыр кешіп жатты. Анау бейбақ болса, өте ауыр жағдайға душар болды. Көргендердің барлығы оған жаны ашып, бір жағынан "өзіңе де сол керек" дейтін. Өйткені, жіберген қателігінің жазасы ретінде бақытынан да, мал-мүлкінен де айрылып, азабын тартуда.

Ей, дүниеқұмар нәпсім! Осы мысалды дүрбі етіп, ақиқатқа қара! Мысалда келтірілген Патша - Әзел, Әбәд Сұлтаны - раббың, Халиқың - Аллаһ. Қожалық, құрал-жабдықтар мен таразылар - сенің өмірде иелігіңе берілген нәрселер. Соның ішінде дене, рух, жүрек, көз, құлақ, тіл, ақыл, қиял сынды сыртқы және ішкі сезімдерің. Ал, елші деп отырғаны - расул-ы кәрим, яғни Ардақты Пайғамбарымыз. Ілтипатқа толы жарлық дегені - Құран Хаким. Біз сөз еткен үлкен сауда туралы Құран Кәрімнің

اِنَّ اللّٰهَ اشْتَرٰى مِنَ الْمُوءْمِن۪ينَ اَنْفُسَهُمْ وَاَمْوَالَهُمْ بِاَنَّ لَهُمُ الْجَنَّةَ

аяты баяндайды.

Ал, әлгі аласапыран соғыс майданы болса, бір орнында тұр- майтын, сан-құбылып өзгеретін, қауіп-қатерге толы баянсыз мына дүние. Расында, фәни дүниедегі құбылыстар адам баласының санасына: "Осылайша барлық нәрсе қолымыздан шығып кете бере ме? Бұларды мәңгілікке айналдырудың шарасы жоқ па?" - деген ой

— 27 —

туғызады. Адам осылай ойланған сәтте Аспани Құранның дауысы естіледі: "Иә, бар. Мұның бес есе пайдалы әрі тамаша, жеңіл шарасы бар," - дейді.

Сұрақ: Ол қандай шара?

Жауап: Аманатты нағыз иесіне сату. Мұндай сауданың еселеп беретін бес пайдасы бар.

Бірінші пайдасы: Фәни байлық мәңгілікке айналады. Себебі, Қаюм-ы Бақи, Зат-ы Зүлжәлал Аллаһқа арналған және Оның жолында жұмсалған өткінші өмір мәңгілікке айналып, бақи жеміс береді. Сөйтіп өмір сәттері сырт көзге шіріп, жоқ болып кеткен тұқым, дәнектер секілді аяқталып, фәни болғанымен бақи әлемде мәңгі бақыт гүлдерін ашып, өсіп-өнетін болады. Әрі Берзах әлемінде әрбір минут нұрлы да, жағымды түрде қайта оралатын болады.

Екінші пайдасы: Ерекше сый - Жәннат беріледі.

Үшінші пайдасы: Әрбір ағза мен сезім мүшелерінің құндылығы мың есеге артады. Мәселен, ақыл ол бір құрал. Оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсі жетегінде жұмсаса, жанды қинап, мазалайтын құралға айналады. Себебі, өткен күндердің өкініштері мен болашақтың уайымын жегізіп бейшара басты төпелеп, сабалаушы деңгейіне құлдырап кетеді. Сондықтан, пасық адамдар, ақылдың мазалауынан құтылу үшін маскүнемдікке салынады немесе бос ойын-күлкіге құмар келеді.

Егер ақыл, Мәлик-і Хақиқиге яғни нағыз Иесіне сатылса және Оның атымен қолданып, әміріне сай пайдаланса тамаша тылсым- сырларды ашатын кілтке айналады да әлемдегі шексіз рақым байлықтарын, хикмет қазыналарын ашып, иесін мәңгі бақытқа жетелеуші Мүршид, ұстаз мәртебесіне көтеріледі.

— 28 —

Мысалы, көз. Рух бұл әлемді сол көз терезесі арқылы көреді. Егер оны Хақ Тағалаға сатпай, нәпсі үшін пайдаланса, өтпелі суреттер мен жай көріністердің жалған қызығын тамашалап, нәпсіқұмарлық пен әуестіктің арсыз қызметшісіне айналады. Егер көзді өз иесі

- Сани-ы Басир, Хақ Тағалаға сатса, Оның атынан және Оның рұқсатымен жұмсаса, мына әлем атты үлкен кітаптың оқырманы және әлемдегі ғажап Раббани өнерді тамашалаушы көрермен, Жер шары бақшасындағы рақым гүлдерінен бал жинаушы мүбарак ара мәртебесіне көтеріледі.

Мысалы, тілдің дәм сезу қабілетін Фатыр-ы Хакім,Аллаһқа сатпай нәпсіге ноқталап беріп, тек асқазан үшін жұмсаса, онда ол қарын фабрикасының есігіндегі күзетші деңгейіне құлдырап кетеді. Егер оны Рәззақ-ы Кәрим яғни Аса Жомарт ризық берушіге сатса, онда ол Иләһи рақым қазынасының мұқият бақылаушысы және Самәдани Құдірет асханасының шәкір (шүкір етуші) зерттеушісі дәрежесіне көтеріледі.

Міне, ей, ақыл! Мұқият бол! Мазаны алушы құрал болу қайда жатыр? Әлемнің сырларын ашатын кілт болу қайда жатыр?

Ей, көз! Жақсылап қара! Арсыз қызметші атану қандай, Иләһи кітапхананың зерделі зерттеуші қандай?!

Ей, тіл! Дәмді айырарда байқа! Фабриканың есігін күзету қалай? Аллаһтың рақымына тән қазынаның бақылаушысы болу қалай? Осылайша, өзге де құрал-ағзаларды, сезімдерді салыстырсаң шын мәнінде иманды жандар Жәннатқа, ал кәпірлер Жәһаннамға лайық екенін білуге болады. Олардың осындай сипаттарға ие болуының басты себебі мүминдер иманы арқылы Жаратушысының аманатын Оның атымен, әмірімен, рұқсат берген жерлерге қолданса, ал кәпірлер берілген аманатқа қиянат жасап, ысырап қылып тек жамандыққа, ұрындырушы нәпсі үшін жұмсауында.

Төртінші пайдасы: Адам баласы өте әлсіз. Мұң-мұқтаждығы сансыз. Пәлелері өте көп, дәрменсіз, пақыр. Оның үстіне өмір тауқыметі ауыр. Егер Қадир-ы Зүлжәлалге сүйеніп, тәуекел етпесе, Оған сеніп, шын берілмесе, ар-ұжданы азап құрсауында қалып нәтижесіз тірілік, машақат пен уайым, өкініш пен қайғы еңсесін басып, ақырында не маскүнемге, не жыртқыш хайуанға айналады.

Бесінші пайдасы: Адамның сезім мүшелерімен жасаған бүкіл ғибадат, құлшылықтары мен зікірлерінің ақысы тым мұқтаж болған кезінде, яғни қараңғы да тар қабірге түсіп қиналғанда пайдасы тиіп, Жәннат жемісі тәрізді алдынан шығатынына әулиелер мен сенімді көрегендер бір ауыздан куәлік етуде.

Егер де осы айтылған бес пайдалы сауданы жасамасаң, онда мұндай табыстың бәрінен мақұрым қалып қана қоймай, бес бірдей зиянға ұшырайсың.

Бірінші зиян: Соншалықты жақсы көретін мал-мүлік, байлығыңнан, бала-шағаңнан, жастық шағыңнан, өміріңнен, жақсы

— 29 —

көретін нәпсіңнен тіпті бәрінен айрылып, құр қаласың. Саған бұйыратыны өкініш пен қайғы, мойныңа жүктелер ауыр күнәлар мен қателіктер болмақ.

Екінші зиян: Аманатқа қиянат жасаудың жазасын тартасың. Себебі, өзіңе аманат етілген қымбат сезім-құралдарды бос әрі құнсыз нәрселерге жұмсап, ысырап қылдың, нәпсіңе, яғни, өзіңе зұлымдық еттің.

Үшінші зиян: Адам баласына ғана берілген қымбат құндылықтарды хайуаннан бетер төменгі деңгейге түсіргенің үшін Иләһи хикметке қайшы әрекет қылдың. Онымен қоймай үлкен зұлымдық жасадың.

Төртінші зиян: Әлсіз пақыр бола тұра өмірдің ауыр жүгін қылдай мойныңа артып, аяқталу мен айрылу қайғысын жұтып, өмір бақи жылаумен өтесің.

Бесінші зиян: Мәңгілік өмірдің негізін қалайтын және ақырет бақытына жеткізетін игі амал жасасын деп берілген ақыл, көз, тіл секілді Рахманның құнды құрал-сезімдердің қадірін түсіріп, Жәһаннамға жетелейтін зиянкес, басыңа бәле қылдың.

Енді сату мәселесіне келейік! Бұл, адам қашатындай соншалықты қиын шаруа ма? Жоқ! Еш қиындығы жоқ. Өйткені, шариғаттың өрісі қашан да кең, халал, яғни, рұқсат етілген нәрселер ләззат алуға толық жеткілікті. Харамға, күнәға батудың ешқандай қажеті жоқ. Аллаһ бұйырған парыздар да жеңіл, әрі аз.

Аллаһқа құл әрі әскер болу ләззаты мол үлкен абырой. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Жүктелген міндет: Аллаһтың атымен бастау, Аллаһтың атымен істеу, Аллаһтың атымен беру, Аллаһтың атымен алу... Оның рұқсатымен, оның әміріне сай әрекет ету, жазғанына көну...

Жаңылса, тәубесіне түсіп, ғафу өтініп: "Раббым! Күнәларымызды кеш! Бізді өзіңе құл ретінде қабыл ал! Аманатыңды алатын уақытқа дейін бізді аманатқа адал қыла гөр! Әмин!" - деп, жалбарынуы керек.

— 30 —

Жетінші Сөз

Мына тылсымы терең ғаламның сырын ашатын اٰمَنْتُ بِاللّٰهِ وَ بِالْيَوْمِ الْاٰخِرِ яғни, Аллаһқа және Ақыретке иман адамды бақытқа жетелейтін қазына, тылсымы терең сырларды ашатын рухани байлық екенін сондай-ақ, сабыр сақтап, тәуекел ету, Жаратқан Аллаһқа жалбарыну, Құдайға шүкіршілік етіп, оған дұға етіп, тілену жанға жайлы шипа, дертке дауа екеніне білгің келсе, сондай-ақ, Қасиетті Құранды тыңдау, үкімдеріне мойынұсыну, намаз оқу, ауыр күнәлардан қашу мәңгілікке сапар шеккенде өте қажетті әрі маңызды, аса қажет билет екенін, сондай-ақ, ақыреттің азығы, қабірдің нұры болып табылатынын түсінгің келсе, мына мысалға құлақ түр!

Кім жеңіп, кімнің жеңілетіні белгісіз сұрапыл соғыста бір жауынгер қиын жағдайға тап болады. Екі иығы жаралы, артында бас салуға әзір азулы арыстан, алдында дар ағашы. Тума-туыстарын әлгі дарға асып жатыр. Бұған да кезек келері анық. Жауынгер осы күйінде ұзаққа сапар шегеді, қоныс аударылады.

Сөйтіп бейшара қайғыдан қан жұтып, мұңайып тұрғанда, оң жағынан Хызыр секілді нұрлы жүзді біреу пайда болып, оған былай деп тіл қатады: "Мұңайма! Саған екі нәрсе үйретемін. Оны дұрыс қолдансаң, мына арыстан сенің бағынышты жүйрік атыңа, дар ағашы да көңілді әткеншегіңе айналады. Және екі түйір дәрі беремін, оны ішкенде мына ауыр жараларың "Мұхаммед" (с.а.у) атты хош иісті әдемі гүлге айналады. Билет те беремін, ол билетпен әлгі сапардың бір жылдық жолын бір күнде жүріп өтесің. Күмәнің болса, тәжірибе жасап көр! Айтқаныма өзің де куә боласың!" Жауынгер байқап көріп еді, рас екеніне көзі жетті. Мен де, яғни, мына бейшара Саид та, мұны қуаттаймын. Өйткені, тәжірибем бар, рас екеніне көзім әбден жеткен.

Мұнан соң жауынгердің сол жағынан албастыдай әзәзіл біреу пайда болды. Өзі өтірікші, әлем-жәлем киініп алған, қолында арақ- шарап, көздің жауын алатын суреттер, қиял-ғажайып бірдемелер, кесе көлденең тұра қалып, былай деді:

— 31 —

- Ау, дос! Кел, отыр. Шараптан ішіп, көңіл көтерейік. Мына сұлу қыздардың суреттерін тамашалайық. Нәпсіге хош келетін музыка, әуендер бар. Балдай тәтті мына тағамдардан ал!

Сұрақ: - Ей, сен ернің жыбырлап не оқып тұрсың?

Жауап: - Тылсым-сыр.

- Қойшы сол, түсініксіз нәрселерді. Қазіргі көңілді күйімізді бұзбайық!

Сұрақ: - Мына қолыңдағы не?

Жауап: - Дәрі.

- Таста оларды. Денің сау. Көңіл көтеретін кез емес пе?

Сұрақ: - Ей, мына бес бірдей мөр басылған қағазың не?

Жауап: - Билет.

- Жыртып таста! Мына құлпырған көктем кезінде жолға шығып керегі не? - деді.

Осындай сан-алуан жолдармен азғыруға тырысты. Манағы бейшара сеніңкіреп, ойланып қалды. Иә, пенде болғасын алданады. Кезінде мен де осындай бір алаяққа алданған болатынмын. Сол мезетте оң жағынан күркіреген зор дауыс естілді:

-Байқа! Алданба! Ол алаяққа былай де: "Егер артымдағы азулы арыстанды өлтіріп, алдымдағы дар ағашын жоятын болсаң және екі иығымдағы жараны емдеп, мені айдаудан аман алып қалудың шарасын білсең, қане көрсет! Содан кейін кел, көңіл көтерейік! Егер қолыңнан келмейтін болса, сөзді қысқарт, есуас неме! Мына Хызыр секілді көктен түскен қайырымды жан айтарын айтсын, соны тыңдайық".

Ей, жастық шақта көп күліп, енді сол күлгеніне жылаған нәпсім! Жаңағы жаралы жауынгер сенсің, яғни, адам. Ал, арыстан - ажал. Дар ағашы - өлім. Күн өткен сайын жақын достарың қош айтысып, кете бермек. Екі жараның бірі - адами пақырлық. Екіншісі - әлсіздік. Қоныс аудару, сапар шегу болса, рухтар әлемінен келіп, ана құрсағына бітіп, одан дүниеге, сәбилікке, сәбиліктен жастыққа, одан қарттыққа, ол жерде де көп аялдамай қабірге, берзахқа, махшар алаңына саяхат. Одан әрі Сырат көпірінен өтетін адамзаттың сынақ сапары. Ал құпиялы екі тылсымның біреуі - Аллаһ Тағалаға Иман, екіншісі - ақыретке Иман.

Иә, осы қасиетті тылсым арқылы өлім - адам баласын мына зындан секілді тар дүниеден Жәннаттың кең де сұлу бақшасына,

— 32 —

Рахманның құзырына шығаратын сенімді көлік пен пыраққа айналады. Сондықтан, өлімнің мәнісін түсінген жандар өлімнен қорықпай, ажалы келмей тұрып өлімді қалаған. Сондай-ақ, қоштасу, аяқталу және дар ағашы секілді бәрін жоқ қылатын уақыттың өзі иманның саясында Сани-ы Зүлжәлалдың, (Аллаһтың) таңғажайып өнерін, мейірімге толы құбылыстарды рахаттана тамашалауға мүмкіндік боп табылады. Мәселен, Күн нұрының әсем бояуларын көрсетіп тұрған айналардың ауыстырылып, жаңаруы әдеттегісінен әлдеқайда әдемі, әсем көріністерге себеп болады емес пе?

Ал, әлгі екі дәрінің біреуі - сабыр мен тәуекел ету, Жаратқанның

Ал, әлгі екі дәрінің біреуі - сабыр мен тәуекел ету, Жаратқанның құдіретіне арқа сүйеп, хикметіне сену. Иә, كُنْ فَيَكُونُ әмірі бар яғни не десе сол бола қоятын бүкіл әлемнің Сұлтанының алдында өзінің әлсіз екенін мойындап, оған сенген адам неден қорықсын. Өйткені, ең қиын жағдайда: اِنَّٓا لِلّٰهِ وَاِنَّا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ -деп, шын жүректен Рабб-ы Рахимына сиынады. Аллаһты таныған жандар әлсіздіктен, Одан қорқудан ләззат алады.

Иә, Аллаһтан қорқу адамға ләззат береді. Егер бір жасар сәбиді ақылы толық, тілі де шыққан деп санап одан: «Өзіңнің ең қызық әрі тәтті күйің қашан?» - деп сұраса, ол: «Өзімнің әлсіз, дәрменсіз екенімді сезініп, анамның шипалы шапалағынан қорқып, оның мейірімді құшағына тығылған кезім» - деп жауап берер еді. ал, енді барлық ана біткеннің жүректеріндегі мейірбандық - Аллаһтың рақымының бір ғана сәулесінің көмескі шуағы. Сондықтан болар иманы кәміл, дана абыздар Аллаһтан қорқудан, өзінің әлсіз екенін сезінуден ғажайып рахат күй кешкен. Олар бойындағы күш-қуатынан бас тартып, Жаратқан Иесіне әлсіздігін алға тартып жалбарына сиынған. Әлсіздік пен қорқу сезімін өздеріне шапағатшы деп білген. Екінші дәрі болса, шүкіршілік және қанағат етіп, дұға арқылы талап- тілектерін сұрау, Рәззақ-ы Рақымның мейірімділігіне сенім арту.

Иә, жер жүзін ырысты дастархан тәрізді әрдайым құлпыртқан, көктемді гүл шоғы секілдендіріп әлгі дастарханның жанына қойған Жәууәд-і Кәрим, Аса Жомарт шексіз бай Аллаһтың қонағымын деген пенде пақырлыққа, мұқтаждыққа мұңаюшы ма еді..? Қайта пақырлық

— 33 —

пен мұқтаждық оны Раббысына сыйынуға себеп болады. Аштық адамның тәбетін ашатыны секілді пақырлық та пендені Раббысына одан сайын жақындатып, құзыр беретіндіктен ынталана түседі. Сол үшін де иманы кәміл жандар пақырлығын мақтан тұтқан. Дұрыс түсін, бұл Жаратқанның алдында пақыр екенін сезініп жалбарыну деген сөз. Әйтпесе, пақыр, бейшара екенін халыққа айтып, тіленші бол деген емес.

Мысалдағы билет болса, біріншіден намаз, парыздарды өтеу, ауыр күнәлардан қашу. Иә, Құранды зерттеуші ғұламалар, көреген әулиелер сонау ұзақ әрі қорқынышты бақилық сапарда, керек- жарақ, азық-түлік, киім-кешек, жарық нұр тек Құранның әмірлеріне мойынұсыну әрі тыйым салғандарынан аулақ болу секілді игі амалдар екенін бір ауыздан хабар беруде. Әйтпесе, пән мен пәлсәпәнің, өнер мен атақ-данқтың ол жақта бес тиын пайдасы жоқ. Олардың жарығы қабір басына дейін ғана.

Мінеки, ей, жалқау нәпсім! Бес уақыт намаз оқу, жеті ауыр күнәдан аулақ болу оңай әрі рахат. Нәтижесі мен пайдасы шаш етектен, әрі маңызды екенін ақылың болса түсінген боларсың. Сені пасықтық пен азғындыққа шақыратын шайтанға және әлгіндей әзәзіл адамдарға былай де: "Егер өлімді өлтіріп, аяқталу дегеннің көзін жойып, адамзаттың әлсіздігі мен пақырлығын жоятын күшің болса, қабірдің аузын тас бекітудің амалын тапсаң айт, тыңдайық. Әйтпесе, үніңді өшір...

алып мешіт тәріздес ғаламда Қасиетті Құран әлемді оқып, түсіндіруде. Құранды тыңдайық. Оның нұрымен нұрланып, Хақ жолы - Ислам жолымен жүрейік. Құранымыз - ұранымыз болсын. Иә, сөз деп соны айтады. Хақ болып, Хақтан келіп, хақ деген және ақиқатты көрсеткен, айналаға нұрлы хикмет шашқан кітап - Құран кәрім!"

— 34 —
اَللّٰهُمَّ نَوِّرْ قُلُوبَنَا بِنُورِ الْا۪يمَانِ وَ الْقُرْاٰنِ اَللّٰهُمَّ اَغْنِنَا بِالْاِفْتِقَارِ اِلَيْكَ وَ لَا تَفْقُرْنَا بِالْاِسْتِغْنَٓاءِ عَنْكَ تَبَرَّاْنَا اِلَيْكَ مِنْ حَوْلِنَا وَ قُوَّتِنَا وَ الْتَجَئْنَٓا اِلٰى حَوْلِكَ وَ قُوَّتِكَ فَاجْعَلْنَا مِنَ الْمُتَوَكِّل۪ينَ عَلَيْكَ وَ لَاتَكِلْنَا اِلٰى اَنْفُسِنَا وَاحْفَظْنَا بِحِفْظِكَ وَارْحَمْنَا وَ ارْحَمِ الْمُؤْمِن۪ينَ وَ الْمُؤْمِنَاتِ وَ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ وَ نَبِيِّكَ وَ صَفِيِّكَ وَ خَل۪يلِكَ وَ جَمَالِ مُلْكِكَ وَ مَل۪يكِ صُنْعِكَ وَ عَيْنِ عِنَايَتِكَ وَ شَمْسِ هِدَايَتِكَ وَ لِسَانِ حُجَّتِكَ وَ مِثَالِ رَحْمَتِكَ وَ نُورِ خَلْقِكَ وَ شَرَفِ مَوْجُودَاتِكَ وَ سِرَاجِ وَحْدَتِكَ ف۪ى كَثْرَةِ مَخْلُوقَاتِكَ وَ كَاشِفِ طِلْسِمِ كَٓائِنَاتِكَ وَ دَلَّالِ سَلْطَنَةِ رُبُوبِيَّتِكَ وَ مُبَلِّغِ مَرْضِيَّاتِكَ وَ مُعَرِّفِ كُنُوزِ اَسْمَٓائِكَ وَ مُعَلِّمِ عِبَادِكَ وَ تَرْجُمَانِ اٰيَاتِكَ وَمِرْاٰتِ جَمَالِ رُبُوبِيَّتِكَ وَ مَدَارِ شُهُودِكَ وَ اِشْهَادِكَ وَ حَب۪يبِكَ وَ رَسُولِكَ الَّذ۪ى اَرْسَلْتَهُ رَحْمَةً لِلْعَالَم۪ينَ وَ عَلٰى اٰلِهِ وَ صَحْبِهِ اَجْمَع۪ينَ وَ عَلٰى اِخْوَانِه۪ مِنَ النَّبِيِّنَ وَ الْمُرْسَل۪ينَ وَ عَلٰى مَلٰئِكَتِكَ الْمُقَرَّب۪ينَ وَ عَلٰى عِبَادِكَ الصَّالِح۪ينَ اٰم۪ين
— 35 —

Сегізінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ ٭ اِنَّ الدّ۪ينَ عِنْدَ اللّٰهِ الْاِسْلَامُ
Дүние дегеніміз не және дүниедегі адамның рухы туралы, сондай-ақ адам өміріндегі діннің маңыздылығын және егер хақ дін болмаса дүние - зындан, дінсіз адам - бақытсыз, сорлы екенін және ғаламның тылсымын ашатын әрі адамзат рухын қараңғылықтан құтқаратын يَٓا اَللّٰهُ және لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ яғни «Аллаһтан басқа тәңір жоқ» және «Уа, Аллаһ!» деген қасиетті сөздер екенін түсінгің келсе, мына мысал ретіндегі шағын хикаяға назар сал, тыңда!

Баяғыда екі жігіт ұзақ сапарға шығады. Әлдебір жерге келгенде жол екіге айырылады. Жол айырығында тұрған шынайы, адал біреуді көреді. Екеуі одан: "Қай жол тиімді?" - деп сұрайды. Ол адам: "Оң жақтағы жолға түссеңдер тәртіп пен заңға бағынуға мәжбүр боласыңдар. Бірақ, ол қиыншылық есендікке қауыштырып, бақытқа бөлейді. Ал, сол жақтағы жолда ешкімге бағынбай тәуелсіз, емін-еркін жүресіңдер. Бірақ ол еркіндік қауіп-қатерге ұшыратып, түбінде азапқа салады. Таңдау еркі өздеріңде," - дейді. Бұны естіген соң жайсаң мінездісі тәуекелге бел буып, заң мен тәртіпке көнуді жөн санап оң жолды қалайды. Ал, жанындағысы қыңыр мінезді, өз дегенімен ғана жүретін жан еді. Еркіндікке бола сол жақты таңдады. Сырт көзге жеңіл сияқтанғанымен рухани ауыр жолға түскен осы жолаушының ізінен қиялымызбен еріп көрелік.

Ол жүре-жүре бір шөл далаға тап болады. Кенет, үрейлі дауыс естіледі. Жалт қараса, ағаш арасынан айбарлы арыстан өзіне қарай тура ұмтылып келеді. Ол тұра қашады. Қашып келе жатып, тереңдігі алпыс метрге жуық құдыққа тап болады. Қорыққанынан әлгі құдықтың ішіне секіреді. Құлап келе жатып, қолына бір бұтақ ілігеді де содан

— 36 —

ұстап салбырап қалады. Құдықтың қабырғасына жабыса өскен бұл ағаштың екі тамыры бар екен. Екі тышқан оны кеміріп жатқанын көреді. Оның бірі ақ, екіншісі қара екен. Жоғарыға қараса, әлгі арыстан құдықтың аузын аңдып отыр. Төменге қараса түбінде алып айдаһар жатыр. Арандай ашылған аузы құдықтың аузымен бірдей екен. Екі орта шамамен отыз метрдей. Құдықтың қабырғасында өте улы жәндіктер өріп жүр екен. Дегенмен, таңғажайып түрде ерекше құдірет жаратқан інжір ағашының ұштарына қараса, жаңғақтан бастап анарға дейінгі барлық жеміс атаулының небір түрі самсап тұр. Бірақ, мұның мән-жайын толық түсінуге бейшараның ой-өрісі жетпеді. Бұл бір жай, әншейін іс емес, мұнда бір сыр жатқанын, бұлай кездейсоқ, өзінен-өзі болмайтынын, мұның бәрін реттеп тұрған аса құдіретті біреу бар екенін аңғара алмады. Оның санасы мен ары қиналып, жан дауысы шығып рухы азапталып жатса да жүгенсіз нәпсісі еш нәрсе болмағандай, өзін-өзі алдады. Жан дауысын естімеу үшін құлағын басып, өзін керемет бір бау-бақшада жүргендей қиялға беріліп әлгі жемістерден жұлып жей бастады. Ал, жемістердің бір бөлігі улы, зиянды болатын.

Пайғамбарымыздың құдси бір хадисінде Хақ Тағала былай бұйырған дейді: اَنَا عِنْدَ ظَنِّ عَبْد۪ى ب۪ى Яғни: «Құлым мені қалай таныса, мен де оған солай көрінемін!» Міне, бұл бейбақ ойы жаман әрі ақылы таяз болғандықтан көргенін ақиқат, осылай болуы тиіс деп жаңылды. Сол түсінігіне лайық күй кешті, күй кешіп жатыр, кеше де бермек. Не өліп құтыла алмайды, не тірі қалып өмір сүріп жарытпады. Ауыр азаптың шырмауында қалды.

Ал, енді екінші мүбарак, ақылды адам болса, сапарын ары қарай жалғастырды. Бірақ, бауыры сияқты қиналып, азып тозбады. Өйткені, мінезіне сай ойлаған ойы да, істеген ісі де жақсылыққа толы еді. Өзін-өзі жұбатып, әр нәрсенің жақсы жағына қарайтын. Сондықтан, ол манағы бауыры сияқты машақат тартып, мехнат көрмеді. Өйткені, тәртіпке бағынып, заңға көнді және оның жеңілдіктерінен пайдаланды. Көңілі жай тауып, өзін қауіпсіз сезініп есен-аман жүрді. Жолай түрлі жемістер мен әсем гүлдер қаулап өскен үлкен бақшаға кез болды. Күтімсіздіктен жемістің лас, шіріктері де кездесетін. Манағы бауыры да осындай бір бақшаға кез болған еді. Бірақ, ол бейшара

— 37 —

лас, шірік жемістерді жеп, жүрегі айнып, бел жазып, аяқ суытпастан шығып кеткен болатын. Бұл болса "әр нәрсенің жақсы жағына қара!" қағидасын ұстанып жағымсыз, лас нәрселерге көз қырын да салмады. Тазасын жеп, пайдалысын алды. Тамаша дем алып, бақшадан көңілді шықты.

Біраздан соң сахарада әлгі бауыры сияқты айбарлы арыстанның дауысын естіді. Бірақ, бауыры сияқты зәресі ұшып қорықпады. Өйткені, жақсы ой, ізгі пікірі: "Мына сахараның иесі, өзіндік Патшасы бар. Арыстан соның әмірімен жүрген қызметкер болуы мүмкін" деп, өзін жұбатты. Дегенмен, айбарлы арыстаннан бұл да қашты. Қашып келе жатып бұл да тереңдігі алпыс метр құдыққа тап болады. Қорыққанынан бұл да құдыққа тығылады. Бауыры сияқты құдықтың түбіне жетпей қолы бір бұтаққа ілінеді. Екі аяғы салбырап, бұтаққа жабысып, тұрып қалады. Тамырын кеміріп жатқан екі тышқанды көреді. Жоғарыға қараса арыстан, төменге қараса айдаһар. Бұл да қорықты, бірақ, бауырының қорқынышынан мың есе жеңіл болатын. Өйткені, жақсы мінезі оған жақсы ой, жақсы пікір берген-ді. Жақсы пікірі барлық нәрсені тек жақсы жағынан көрсететін. Сондықтан ол:

"Бұл ғажайып істер бір-бірімен байланысты әрі бір әмірмен болып жатқанға ұқсайды. Демек, мұнда бір тылсым, сыр жатыр. Иә, бұл жасырын бір Әміршінің әмірімен болып жатқанға ұқсайды. Олай болса мен жалғыз емеспін. Ол мені көріп, бақылап отыр әрі мені сынап белгілі бір мақсатпен өзіне шақырып тұр" - деп ойлайды. Осы тәтті қорқыныш пен тамаша пікірден мынадай бір қызығушылық пайда болды:

"О, ғажап! Мені сынап әрі өзін таныстырғысы келетін және ға- жайып түрде мені осында әкелген кім екен?".

Мұндай қызығушылықтан оның жүрегінде тылсым иесіне деген махаббат оянды. Махаббаттан тылсымды ашсам деген тілек пайда болды. Тілектен "тылсым сырдың иесін риза қылсам, оған ұнамды жағдайда болсам" деген пікір туды.

Енді ол ағаштың басына қарап еді, інжір ағашы екен. Бірақ, бұтақ- тарындағы жайнап тұрған сан-алуан жемістерді көргенде бойын билеген қорқыныш пен үрей сейіліп қоя берді. Ол енді мәселенің парқына барды. Иә, бұл інжір ағашы жеміс-жидектердің тізімі, үлгісі, жиынтық-көрмесі болса керек. Әлгі жасырын Патша өзінің мәңгі- бақи бау-бақшасындағы жемістердің үлгілерін тылсым сырмен,

— 38 —

ғажайып түрде мына ағашқа іліп қойған болуы керек. Сондай-ақ, мұны өз қонақтарына әзірлеген тағамдарға ишара ретінде безендірген болды ғой. Өйткені, бір ағаштың сан түрлі жеміс салмайтыны анық. Содан соң, мына тылсым-сыр ашылып, кілтінің табылуын өтініп, жалбарына былай дұға етті:

э"Уа, мына жерлерді билеп басқарушы! Сенің қолыңа түстім, Сені мойындап, Саған құлдық ұрып, қызметшің болайын. Маған Сен керексің, Сенің ризашылығың керек, Сені іздеп тұрмын!"

Осы жалбарынудан кейін, кенет, құдықтың қабырғасы қақ айрылып, керемет әсем бақшаға жол ашылды. Айдаһардың аузы қақпа болып. Тіпті, арыстан мен айдаһар қызметші кейпіне еніп, мұны ішке шақырды. Айбарлы арыстан сәйгүлік боп шыға келді.

Ей, жалқау нәпсім мен тыңдарман дос! Мына екі ағайынның бастан кешіргендерін ақылға салып, таразылайық! Жақсылықтың қалайша жақсылық, жамандықтың қалайша жамандық әкелетініне тағы да бір мәрте ой жүгіртейік.

Сол жақтағы жолға түскен жолаушы айдаһарға жем болуға әзір тұр, ал оң жақтың ақылды жолаушысы керемет бау-бақшаға шақырулы. Әрі жаман адамның үрейленгені сонша, жүрегі жарылғалы тұр. Ал, жақсы адам болса, хикмет толы ғибрат, тәтті де зиянсыз қорқыныш, қызықты ізденіс үстінде таңғажайып оқиғаларға куә. Жаман адам қорқыныш пен үрейден жалғызсырап, жан азабын тартып еді, ал жақсы адам көңілі шат, үмітке толы, қызыға рахатқа батты. Жаман адам жыртқыш хайуандарға жем әрі тұтқын болды, ал ақылды кісі құрметті қонақ ретінде сол жердің қожайыны Михмандар-ы Кәримнің ғажайып қызметшілерімен көңіл көтеріп, сұхбат құрды. Әлгі бейбақ сырты әдемі, іші ащы, улы жемістерді жеп, азапқа түсті. Себебі, әлгі жемістер үлгі ретінде дәмін татып, тәбеті ашылып, негіздеріне қол жеткізу үшін қойылған-ды. Әйтпесе, хайуан секілді тоюға рұқсат жоқ. Бақытты жан мұның мәнісін түсініп әрқайсысының дәмін татып, сабыр сақтады. Ал, анау бейбақ болса, өз-өзіне қастандық жасады. Ол өзінің тоңмойындығынан ақиқатты түсінбей, оңтайлы сәтті пайдалана алмай, ұтар жерде ұтылып қалды да тәтті күй ащы күйге айналды. Өзіне де обал жоқ, мейірімге де лайық емес. Әрі ешкімге шағым айтуға да ақысы жоқ.

— 39 —

Неге десең, мәселен, біреу құлпырған жаймашуақ жаздың күні бау-бақшада ағайын туыстарымен көңілді дастарханда отырып, бәріне мұрын шүйіріп, сол жағдайды менсінбей, арақ ішіп, мас болып, жазды қыс, ағайынды мал санап, ал өзін аш, жалаңаш деп ойласа, онымен қоймай ойбайын салып бақырса, оған кімнің жаны ашиды? Ондай адамға мейірім жасала ма? Өйткені, ол өзіне-өзі қастық жасап, жақын туыстарының намысына тиіп, абыройын төгеді. Міне, әлгі сорлының жағдайы да дәл сондай.

Ал, бақытты жан болса ақиқатты тапты. Ақиқат деген тамаша ғой! Адам ақиқаттың әсемдігін аңғарған кезде ақиқат иесінің кемелдігіне құрмет етеді, оның мейріміне бөленеді.

Міне, қасиетті Құранның "Жамандық - өзіңнен, жақсылық - аллаһтан" деген сөзі біршама түсінікті болды ғой деп ойлаймын. Осыған басқа жақтарын салыстыра отырып, әуелгі адамның нәпсісі оның рухын тозаққа салғанын, ал екінші адамның ізгі ниеті мен биязы мінезі, жақсы ойы мен тамаша пікірі рухын көтеріп, бақыт пен береке сыйлағанын ұққан шығарсың.

Ей, нәпсім және нәпсіммен бірге осы хикаяны тыңдаған жан! Мысалдағы бақытсыз адамдай болғың келмесе, яғни, бақытты болғың келсе, Құранды тыңда, оның үкімдеріне мойынсұн, одан берік ұстанып, айтқанымен жүр! Мысалдағы ақиқаттарды түсінген болсаң, Ислам дінінің, дүниенің, адамзаттың, Иманның негіздері мен мән-мағынасын мысалда айтылғандармен салыстыра отырып, ақиқатын аңғар, пайдаңа жарат! Негізгілерін мен айтайын, қалғандарын өзің тап!

Манағы екі адамның бірі жаны таза мүмин, екіншісі ниеті қара, пасық адам. Екі жолдың оң жақтағысы - Құран жолы, сол жақтағысы

- Құдайдан безу, күпірлік жолы. Жол бойындағы бау-бақша - қоғам мен өткінші мәдени тұрмыс. Өмірде жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, тазалық пен ластық сапырылысып бірге жүретін әдеті. Ақылы бар адам خُذْ مَا صَفَا دَعْ مَا كَدَرْ қағидасын ұстанып мұратына жетеді. Ал, шөл дала, сахара дегеніміз - дүние. Арыстан - ажал мен өлім, құдық болса - мына дене, болмысымыз.

Ал, оның алпыс метр терең дегені болса, орташа жас мөлшері, орташа өмір алпыс жыл. Ағаш болса - өмір мен тұрмыс. Ақ пен қара тышқан болса - күндіз бен түн. Айдаһар болса - ауызы апандай

— 40 —

қабір боп табылатын бәрзах әлемі, ақыретке бастар жол. Алайда, ол апандай ауыз имандылар үшін зынданнан бақшаға шығатын есік болып саналады. Улы жәндіктер - өмірдегі қиыншылықтар мен бәлелер. Олар мұсылмандар бейқамдыққа салынып, дүниеге қызығып, әзәзілге алданбауы үшін Иләһи ілтипат, Аллаһтың мейірімді ескертулері. Ағаштағы жемістер болса дүниедегі ырыс, нығметтер. Кәрим-і Мұтлақ оларды ақыретте берілетін нығметтердің үлгісі соларды еске түсіретін ұқсас-мысалдары ретінде және құлдарын жұмаққа қызықтыру үшін жаратқан.

Ал, бір ағаштың сан алуан жеміс салуы болса, Құдайдың құдіретінің шексіз, орасан зор екендігін көрсетеді. Қалай десеңіз, "бір ғана нәрседен әртүрлі нәрсе жасау," яғни, қарапайым топырақтан барлық өсімдік пен жеміс-жидекті және жан-жануарлардың барлық түрін бір тамшы судан жарату, сондай-ақ қарапайым тағамнан тірі жандардың дене-мүшелерін жасау керемет мұғжиза! Сонымен қатар, "барлық нәрседен бір ғана нәрсе жасау" яғни, жан-жануарлардың қоректенген түрлі тағамдарынан оларға тән ет пен тері жасау ғажап өнер, асқан шеберлік. Бұл тек Зат-ы Әхад-ы Самәд болған Сұлтан-ы Әзел уә Әбәдтің ғана қолынан келетін іс. Бұл оның ешкім ешқашан көшіре алмайтын, тек өзіне ғана тән таңбасы, аяты болып табылады. "Бір нәрседен көп нәрсе, көп нәрседен бір нәрсе жасау" өнері барлық нәрсенің Иесі, Жаратушысы - Қадир-ы Күллі Шей, құдіреті шексіз бір Аллаһқа ғана тән, өзіндік белгі, Оның аяты.

Тылсым дегені - Иман арқылы ғана ашылатын жаратылыстың хикмет сыры.

Ол сырды ашатын кілт:

اَللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ және يَٓا اَللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ

сөздері.

Айдаһардың аузы бақшаның есігіне айналуы мынаны білдіреді; қабір - Құдайдан безген азғындар үшін зындан сияқты тар түнек, айдаһардың ішіндей тар қапас. Ал, имандылар мен Құран жолында жүргендер үшін мына зындан секілді тар дүниеден әлдеқайда кең, мәңгі нұр бағына апаратын есік әрі сынақ алаңынан тынығатын пейіш-саябаққа бастайтын қақпа. Жыртқыш арыстанның жуас атқа айналып, сәйгүлік болуы; Құдайдан безгендер ажалды жақын тума-туысқаннан

— 41 —

мәңгіге айыратын сұм ажал деп, өздерін мына жалған дүние жасанды жұмақтан шығарып, өте қорқынышты қабір дейтін зынданға жападан-жалғыз қамап тастайтын қапас деп түсінеді. Ал, хақ жолындағы имандыларға өлім - бақилыққа аттанып кеткен достарына, ағайын-туыстарына қауыштыратын әрі мына тар дүниеден кең Жұмаққа кіргізетін нағыз отандарына оралу, мәңгі бақыт әлеміне көшу деп ұғады. Рахман-ы Рахимның мейірімділік қазынасынан, Оның фазылымен дүниеде атқарған еңбегінің ақысын алуға кезекке тұру, дүниенің ауыр міндетінен босатылу, құлшылықтан, емтиханнан, тәлім алудан азат болу деп түсінеді.

Сонымен, кімде-кім мына фәни дүниені, баянсыз өмірді басты мақсат қылса, сырт көзге Жәннатта жүргендей көрінгенімен негізінде рухы Тозақта жүргендей жаны мазасызданып қиын күй кешеді. Ал, кімде-кім мәңгі өмірді қалап, ақыретке шын ықыласымен дайындалса, екі дүниенің бақытын табады. Бұл өмірде азап көріп қиналса да фәни дүниені - Жұмақтың уақытша күту залы деп біліп, сабыр сақтап шүкіршілік етеді...

اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنَا مِنْ اَهْلِ السَّعَادَةِ وَ السَّلَامَةِ وَ الْقُرْاٰنِ وَ الْا۪يمَانِ اٰم۪ينْ
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَ عَلٰى اٰلِهِ وَ صَحْبِهِ بِعَدَدِ جَم۪يعِ الْحُرُوفَاتِ الْمُتَشَكِّلَةِ ف۪ى جَم۪يعِ الْكَلِمَاتِ الْمُتَمَثِّلَةِ بِاِذْنِ الرَّحْمٰنِ ف۪ى مَرَايَا تَمَوُّجَاتِ الْهَوَٓاءِ عِنْدَ قِرَٓائَةِ كُلِّ كَلِمَةٍ مِنَ الْقُرْاٰنِ مِنْ كُلِّ قَارِءٍ مِنْ اَوَّلِ النُّزُولِ اِلٰى اٰخِرِ الزَّمَانِ وَ ارْحَمْنَا وَ وَالِدَيْنَا وَارْحَمِ الْمُؤْمِن۪ينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِعَدَدِهَا بِرَحْمَتِكَ يَٓا اَرْحَمَ الرَّاحِم۪ينَ اٰم۪ينَ وَالْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
— 42 —

Он екінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَمَنْ يُؤْتَ الْحِكْمَةَ فَقَدْ اُوتِىَ خَيْرًا كَث۪يرًا

ЕКІНШІ НЕГІЗ: Хикмет толы Құранның даналығының жеке өмірге тигізер пайдасын және оның адамның ахлақына, мінез-құлқына, тәрбиесіне әсерін пәлсапаның тигізер ықпалымен салыстырып қарайық:

Пәлсәпәнің озат шәкірті расында бір перғауын. Бірақ, бас пайдасы үшін ең төмен нәрсеге құлшылық ететін жарамсақ перғауын. Пайдалы бір нәрсе көрсе өзіне Раббы етіп, соған табынуға дайын. Ол дінсіз шәкірт, былай қарағанда қырсық, бір беткей. Алайда, бір ләззат үшін ауыр қорлыққа көнуге әзір міскін бір қыңыр. Шайтан сықылдылардың кішкентай пайдасы үшін аяғын жалайтын дәрежеде жарамсақтық ететін өте жылпос алаяқтың өзі. Әрі ол дінсіз, қайырымсыз, залым әрі тәкаппар. Бірақ, көңілінде сенетін ешнәрсе болмаған соң негізінде өте әлсіз, дәрменсіз, жағымпаз, өркөкірек. Әрі ол шәкірт пайдакүнем, өзімшіл. Оның бүкіл талпынысы тойымсыз нәпсісін, қарнының қамын, басқа да сезім-мүшелерінің құмарын қандыру. Жеке басының пайдасын халықтың пайдасының арасынан іздейтін өзімшіл, нағыз қиянатшылдың өзі.

Ал, Құран хикметінің адал шәкірті болса, өзі бір құл. Бірақ, ең үлкен жаратылысқа құлшылық етпейтін құл. Жұмақ секілді мол пайданың өзін құлшылығына арқау етпейтін абыройы үстем құл. Құранның нағыз шәкірті кішіпейіл, жұмсақ мінезді, кешірімшіл. Бірақ, Жаратушысынан басқаға, Оның рұқсатынсыз өз еркімен жарамсақтанып, ешкімге мойын имейді. Өзі пақыр, дәрменсіз, әлсіз екенін мойындайды. Бірақ, өзінің Мәлик-і Кәримі (Аса жомарт қожайын) оған арнап, жинап қойған ақыреттік байлығына қанағат

— 43 —

етуші бай және Жаратушысының шексіз құдіретіне сүйенгендіктен өте күшті. Ол тек Аллаһ үшін, Аллаһтың ризалығы үшін адамгершілік амал жасайды, еңбек етеді. Міне, екі хикметтің беретін тәрбиесін шәкірттеріне қарап салыстырып білуге болады.

ҮШІНШІ НЕГІЗ: Пәлсапаның мәнісі мен Құранның хикметінің адамның қоғамдық өміріне ықпалы мен тәрбиелік мәні:

Пәлсапа, қоғамдық өмірдің тірегі - күш-қуат деп санайды. Мақсаты - пайда табу. Өмірлік қағидасы - күрес деп біледі. Жамағаттарды біріктіріп тұрған нәсілшілдік, жағымсыз ұлтшылдық деп түсінеді. Нәтижеде нәпсінің әуестігі қозып, адамзаттың қажеттілігі молая түседі. Алайда, күш-қуат жауыздыққа, өктемшілдікке апарады. Пайда табу болса, қанағат болмаған соң қырқысуға соқтырады. Күрес қағидасы болса, текетіресу, ал нәсілшілдік болса, басқаны жұтып күн көру болғандықтан ол да өктемшілдікке апарады. Міне, сондықтан осы пиғылдағы адамзаттың басынан бағы тайып, сорлап жүр.

Ал, Құран хикметіне келер болсақ, қоғамның тірегі күш-қуат емес "хақ" деп қабылдайды. Мақсаты - пайда табу емес, адамгершілік, Аллаһтың ризалығына бөлену. Өмірдегі қағидасы - күрес емес, өзара жәрдемдесу. Халықты байланыстыратын нәрсе нәсілшілдік, ұлтшылдық емес, діни бауырластық, отаншылдық. Мақсаты, нәпсінің әуестігін тиып, рухты биік белестерге, асу шыңдарға өрлетіп, ұлы сезімдерді орнымен пайдаландырып, адамды өз кемелдігіне көтеріп, адам ету. Қоғамда хақ, туралық үстем болса, ынтымақ болады. Адамгершілік болған жерде татулық, ауызбіршілік болады, ал өзара жәрдемдесу ұғымы бір-біріне көмектесуге ұмтылдырады. Дін, бауырластыққа, бірлікке баулиды. Ал, нәпсіні тиып, рухты кемелдікке бағыттай білу, еркіндікке, тәуелсіздікке қол жеткізіп, соңында екі дүниенің бақыты орнайды.

— 44 —

Он үшінші сөздің екінші бөлімі

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

[Заманақырдың фитна-бүліктерін көзбен көріп жүрген, байқамаса өзіне тартып әкететін пәлекет иірімінің ішінде жүріп, әлі де болса ақылынан адаспаған кейбір жастармен сұхбат.]

Бір топ жас, мына замандағы әзәзіл де құйтырқы, нәпсі қоздырар нәрселер мен әуестіктің шырмауынан сескеніп: «Ақыреттік жарқын өмірімізді қалай сақтап қалуға болады?» - деп, «Рисалей-Нұрдан» медет сұрады. Мен оларға, «Рисалей-Нұрдың» рухани тұлғасының атынан былай дедім:

Дүниеде қабірдің бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің оған баратынымыз анық. Оған барудың үш жолы бар, басқа жолы жоқ.

Бірінші жол: Әлгі қабір - иманды жандар үшін бұл дүниеден әлдеқайда керемет мәңгі әлемге ашылған есік.

Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол - барлық дос атаулыдан айыратын жалғыз адамдық абақты, мәңгіге қамалу. Пенде ақырет күніне сенгенімен, сол сезіміне сәйкес әрекет етпеген соң, тиісті жазасын осылай тартады.

Үшінші жол: Ақыретке сенбейтін кәпірлер мен хақ жолдан тайғандар үшін мәңгілікке жоқ болу қақпасы. Ол - өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көзін жою үшін жасалған дар ағашы тәрізді. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады. Соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ, көзбен көріп, қолмен ұстағандай анық.

Иә, ажал деген қашан да жасырын, табан астында келмек. Ол барлық жерде, әрқашан шап беруге әзір. Жас-кәрі деп те алалап жатпайтын, кірпік қақпастан сұқты көзін қадап тұрған нәрсе. Ол,

— 45 —

мәңгіге қош айтыстыратын құрдым. Міне, оны керісінше, мәңгілік әлеміне бастайтын, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналдыру - кеудесінде жаны бар әрбір пенденің ең басты мәселесі.

Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер - халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, - сондай-ақ олардың хабарларына куәгерлік етіп, қызу

Бұл ащы шындыққа яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың үш түрлі болатынын кім хабар берді десеңіздер, олар, жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер - халқына мойындату үшін мұғжиза көрсеткен пайғамбарлар, - сондай-ақ олардың хабарларына куәгерлік етіп, қызу қуаттап растаған жүз жиырма төрт миллион әулиелер мен ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Бұл ақиқатшылдар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабарларын дәлме-дәл, қисынды әрі ғылыми түрде растай отырып {(Сілтеме): Сондай тәпсірлердің біреуі Рисалей- Нұр} әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға қамалудан құтылып, оны мәңгі бақыт әлеміне бастау етудің жолы - жүзден тоқсан тоғыз ықтималдықпен, Имандылық пен Аллаһқа мойынсұну екендігін, бірауыздан бірлесе хабар беруде.

Қауіптілігі жүзден бір-ақ ықтимал болған жолға түскен адам, қауіпке мән бермеймін дегеннің өзінде "Бір нәрсеге ұшырап қалам ба?" деген ой үнемі мазалап,тәбетін қашыратыны мәлім. Олай болса жүз мыңдаған турашыл да адал елшілер, Құдайдан безу мен азғындық жолы - жүз де жүз ықтимал әлгі көзін жоюға қасқайып тұрған қабір дар ағашына асылуға немесе мәңгілікке жападан-жалғыз қамалуға себеп болатынын хабарлауда. Ал, имандылық пен құлшылық жолы болса, анық түрде әлгі көз алдындағы қабірдің дар ағашы мен жалғыздық зынданы емес екендігін және өлім мәңгілік мол қазынаға, сондай-ақ бақыт сарайына бастау екенін хабарлап, оның дәлелдері мен ишараларын көрсетіп береді. Осындай өте маңызды да өзекті мәселені шешуге мәжбүр адам баласы, әсіресе, мұсылман, егер иманы, құлшылығы болмаса, оған дүниенің байлығы мен салтанаты берілсе, апырым-ай, өзін бақыттымын деп санай алар ма екен? Қарсы алдында қасқайып дар ағашы секілді ажал тұрғанда көңіліндегі күдікті, жоқ болудан пайда болатын үрейді дүниелік байлық баса қояр ма? - деп сендерден сұрап отырмын.

— 46 —

Қарттық, ауру-сырқау, бәле-жала, айналамызда күнде болып жататын өлім-қаза секілді оқиғалар әлгі өзекті мәселені әрдайым еске түсіреді. Құдайдан безгендер мен азғындар сырттай қарағанға мол ләззат пен рахатқа батып жүргендей көрінгенімен, олардың көңілдерін рухани жаһаннам торлап, жаны күйзеле күн кешеді. Бірақ, бойын билеп алған бейқамдық масайтып, уақытша сездірер емес. Ал, имандылар мен құлшылық етушілер болса, иман арқылы қабірді сарқылмас қазынаға кенелтетін және мол бақытқа бастайтын жол деп біледі. «Мәңгі тағдыр» лотереясынан миллиардтаған алтын ділдә мен алмас, жақұт ұтқызатын билет те әлгі иман арқылы табылмақ. Өйткені, әрдайым «Кел, ұтыс билетіңді ал! Жұмаққа жүр!» деген хабарды күткендіктен, мол үміт, пәк ләззат, рухани рахат алып өмірі қызықты өтеді. Егер сол ләззаттар денеге айналса немесе дән болып ағашқа айналса, иесіне өзіндік бір жәннат болар еді. Осындай рахат пен пәк ләззаттан біле тұра бас тартып, жастықтың буымен әлгі уайым-қайғы аралас, улы бал тәріздес әуесқой, ойнақы да өткінші, тыйым салынған харам ләззат қуған адам өзінің хайуаннан жүз есе төмен екенін көрсетеді. Ол басқа халықтың дінсіздері секілді де бола алмайды. Өйткені, олар өз пайғамбарына сенбесе, басқа пайғамбарға сенеді. Пайғамбарларды танымаса да, Құдайын таниды. Құдайын ұмытса да, бойында кейбір мәдени жақсы қасиеттер қалуы мүмкін. Алайда, мұсылман баласы, барлық пайғамбарды және Жаратқанды сондай-ақ жақсы қасиет, ізгі амал, кемелдік атаулыны Мұхаммед Араби ғаләйһиссалату уәссәлам арқылы үйреніп, білді. Оның тәрбие жолынан бас тартып, Исламмен байланысын үзген тұста ешбір пайғамбарды танымайды, тіпті Құдайын да ұмытады. Бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқырға айналады. Өйткені, біздің пайғамбарымыз бүкіл пайғамбарлардың соңғысы, ең ұлысы әрі шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жасаған, сондай-ақ мұғжизалары жағынан бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа жетекшілік етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденіп, жалғасын табуда. Адамзат атаулының мақтанышы, бетке тұтар үлгісі. Пайғамбарымыздың осындай тәрбиелік негіздерін, діни заңдарын ұстанбаған адам кемелденуден мақұрым, нұрға бөленуден құр қалады. Әбден азғындап, ең төменгі деңгейге құлдырайды.

— 47 —

Уа, дүниенің қызығына құмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін жанталасқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар, Аллаһтың рұқсат беріп, кеңшілік еткен өлшеулі ләззатына қанағат етіңдер. Ол көңіл көншітуге толық жеткілікті. Оның сыртындағы заңсыз ләззаттардың мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығарсыңдар. Кино өнері, өткен шақтың оқиғаларын бүгін айнытпай көрсетіп жатқанындай, болашақтағы, мәселен, елу жылдан кейінгі жағдайларды да кино арқылы қазір көру мүмкін болса, Құдайдан безген азғындар қазіргі мәз-мәйрам өміріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте мәңгі бақытқа бөленгісі келгендер иман шарттарын орындап, Мұхаммедтің (с.а.у.) тәрбиесін алып, оны өзіне жетекші қылып қабылдап, ізінен ерсін.

— 48 —

Бір топ жастарға берілген дәріс яки нұсқау

Бірде маған жарқын жүзді жастардан бірнешеуі келді. Өмірде кездесетін қауіп-қатерден, жастықтың албырттығынан сақтану үшін әсерлі насихат сұраған оларға, ертеректе «Рисалей-Нұрдан» медет сұраған жастарға айтқанымды қайталап, былай дедім:

Жастық шақтың өтіп кететіні анық. Егер заңды да тура жолмен жүрмесеңдер мына жастық шақ босқа өтіп, тек мына дүниеде ғана емес қабірде, ақыретте дүниедегі ләззатынан мың есе көп уайым- қайғыға душар етеді. Егер жастық шақты нығмет деп шүкіршілік етіп, абыроймен тура жолда жүріп, Аллаһқа мойынсұнуға жұмсасаңдар, әлгі жастық шақ рухани түрде мәңгілікке айналып, бақи жастық шақты иеленуге себепші болады. Бұл өмірде, егер жүректе иман болмаса немесе қарсыласып, қырсығудың кесірінен иман әсер етпесе, өмірдің уақытша ләззаты сол ләззаты мен қызығынан көп уайым мен қайғыға салады. Өйткені, адам баласының хайуаннан айырмашылығы - оның саналылығы. Ол осы шақпен қатар өткен шақты және келешекті ойлап уайымдайды. ?Жырақта қалған шақтардың ләззатын аңсап, қайғысын жұтады. Хайуан олай емес, санасы болмаған соң, өткен күндердің өкініштері мен келешектің уайымдары оның қазір тататын ләззатына еш әсер етпейді, мазаламайды.

— 49 —

Егер адам азғындық пен бейқамдыққа салынса, өткен шақтың өкініштері мен келешектің уайым-қайғысы қазіргі алған ләззатын бұзып, мазасын қашырады. Әсіресе, ол ләззаттар заңсыз, харам болса, улы балдан бетер ішті өртейді. Демек, адам өмірдің қызығын көруге келгенде, хайуаннан жүз есе төмен. Құдайдан безгендер мен азғындардың, сондай-ақ бейқамдардың өмірі, тіпті болмысы сол күнгі сәттері ғана. Олардың ойынша, өткен шақ пен болмыс жоқ, енді қайтып келмейді. Саналы болғандықтан ол жақтан жоқтық пен қараңғылықтың лебі есіп мазасын алады. Келешек те сондай, не болары белгісіз, жым-жылас. Міне, осындай мәңгіге қоштасудан әрдайым оның өміріне үмітсіздіктің ызғары еседі.

Егер өмір иманмен жанданса, өткен шақ пен болашақ иманның нұрымен жарыққа толады. Имандылық осылайша оның рухы мен көңіліне нұр сыйлап, рахатқа бөлейді. Бұл ақиқат "Қарттар рисалесі" атты кітапшаның «Жетінші үмітінде» баяндалған-ды. Соған қараңыздар.

Міне, өмір деген осы! Өмірдің ләззаты мен рахатын қаласаңдар, оны иманмен жандандырыңдар, парыздарды орындау арқылы қызықты етіп, күнәлардан аулақ тұру арқылы сақтап қалыңдар. Әр жерде, әр уақытта, тіпті күн сайын болып жатқан қайғылы қазалар бізге нені меңзейді? Ол бізге өлімнің ақиқат екенін, одан қашып құтылу мүмкін еместігін білдіреді.

Өлім дегеніміз не? Оның мәнісі не? Міне бұл туралы басқа жастарға да айтқан болатынмын. Тағы да қайталаудың реті келіп тұр.

Мәселен, әне бір жерде дар ағашы тұр дейік. Оның қасында ұтысы қымбат лотерея орталығы орналасқан. Осы отырған бәріміз қаласақ та, қаламасақ та жаппай әлгі жерге шақырыламыз. Шақыру уақыты белгісіз болғандықтан, кез келген уақытта бізге: "Кел! Сен өлім жазасына кесілдің, дар ағашына шық!" Не болмаса: "Кел! Саған ұтыс шықты, миллион алтын ділдәға ие болдың!" дейтін хабарын күтіп тұрғанда, кенет есіктен екі адам кіріп келеді. Бірінің киімі әлем-жәлем, жартылай жалаңаш сұлу әйел, қолында сырты тәтті, бірақ ішіне у қосылған тағамдар бар, соны бізге жегізгісі келеді. Екіншісі, салмақты да байсалды, әрі алдамайтын, алданбайтын адам. Ол манағы әйелдің ізін ала кіріп келді де, бізге бұрылып: «Сендерге бір тылсым, дәріс әкелдім. Оны оқысаңдар, әлгі тәтті халуаны жемесеңдер, көз алдарыңдағы дарға асылудан құтыласыңдар. Әрі оның арт жағына орналасқан, лотореяның құнды билетін иеленесіңдер. Әне, көз алдарыңда дар ағашы дайын тұр. Манағы халуа жегендерді көріп отырсыңдар, олар дар ағашына барып асылып жатыр. Тіпті, дар ағашына барғанша жеген халуасы асқазанын бүріп, жанын шырқыратуда. Ал, құнды ұтысты иеленгендердің де көзге көрінбейтіні рас. Олар да сырт көзге дарға асылғандай, бірақ олар дар ағашын баспалдақ етіп ұтыс беретін орталыққа өтіп жатқанын миллиондаған куәгерлер көріп хабар беруде. Сенбесеңдер, терезеден қараңдар». Жауапты қызметкерлер мен бұл іске тікелей қатысты ұлы тұлғалар ол жөнінде айналаға жар

— 50 —

салып хабарлауда. Хабарына құлақ түретін болсақ, былай дейді: «Әлгі тәтті халуаны жеп, дар ағашына бет алғандарды қалайша анық көздеріңмен көрдіңдер сол сияқты мына қымбат ұтысы бар билеттерді де мен әкелген тылсым сырды қабылдағандар, дәріс алғандар иеленгеніне күмәнсіз сеніңдер! Ол айдай анық, рас екеніне шүбәларың болмасын!»

Міне, осы теңеудегідей у қосылған балдай, тыйым салынған заңсыз әрекет пен орынсыз көңіл көтеру, харам нәрселер мәңгілік қазына әрі мол бақытқа бөленудің билеті және куәлігі болып табылатын иманды зақымдап, тіпті жоғалуына себеп болатындықтан, дар ағашы тәріздес өлімнің және тұңғиық қараңғы әлемнің есігі сияқты қабірдің азабына душар етеді. Ажал жасырын болғандықтан жас, кәрі деп қарамай, қылышын сүйретіп кез келген уақытта басын алуға жетіп келуі әбден мүмкін. Ал, манағы улы балдай, заңсыз әрекеттерден тиылып, Құранның тылсым сыры - иманға қол жеткізіп парыздарды орындағандар "тағдыр" атты керемет лотереядан мәңгілік бақыт билетін ұтатынына жүз жиырма төрт мың пайғамбар ғаләйһимүссәлам мен сансыз әулиелер куәлік етіп, бірауыздан хабар беруде және оның белгі-нышандарын көрсетіп беруде.

Сонымен, жастық шақтың өтетіні сөзсіз. Азғындық жолда жүрсе, дүниеде де ақыретте де ауыр қайғыға ұшырайды. Ондай жастар көбіне жат қылықтарға бой алдырудан және шамадан тыс ысыраптан болатын рухани ауруға шалдығып, ауруханаға, сондай-ақ бойын билеген албырттықтың кесірінен түрмеге түсетіндігіне немесе жаны күйзелгендіктен қызық қуып, көңіл көтеретін бұзық жерлерге және ішімдікке үйір болатынына көз жеткізгің келсе, түрмелерді, ауруханаларды, қабірлерді бір шолып шық! Әлбетте, ауруханадан өзіне тән тілінен, жастық шақтың қызбалықтары мен теріс әрекеттерінен туатын аурудан жаны қиналып, «Қап, әттеген-ай!» деген өкінішті, ащы дауыстар естіледі. Түрмеден де албырттыққа салынып, заңға қайшы әрекет етіп, тұщы етіне ащы таяқ тиген байғұс жастардың өкінішке толы күйініштерін естисің. Ал, қабірден, яғни есігі үздіксіз ашылып-жабылып тұрған берзах әлемінен, азапқа шыдай алмай шыңғырған дауыстар естіледі. Қабірде не болып жатқанын көре алатын әулиелер мен ақиқатқа көзі жеткендердің айтуынша, қабір азабына салатын бірден-бір

— 51 —
себеп жастықтың албырттығы мен теріс әрекеттер екен. Сондай-ақ, адамзаттың басым көпшілігін құрайтын қарттардың, ауру-сырқат кісілердің халін сұрасаң, әлбетте, олардың көпшілігі: «Қап, әттеген- ай, жастық шағымызды босқа өткіздік, тіпті, зиянды нәрселерге жұмсадық. Абай болыңдар! Біз сияқты болмаңдар!» деп мұңын шағады. Өйткені, бес-он жылдық жастық шақтағы заңсыз, харам ләззаттың кесірінен дүниеде көп жылдар бойы уайым мен қайғы жеп, берзахта азап пен зардап шегетін, ал ақыретте жаһаннам мен тозаққа тап болатын адам, اَلرَّاض۪ى بِالضَّرَرِ لَا يُنْظَرُ لَهُ үкімі бойынша қаншалықты аянышты халге түскенімен мейірімге лайық емес. Неге десең, өзінің қалауымен зиян шеккен адамға жанашырлық жасауға болмайды. Аллаһ Тағала сендерді және бізді мына алай-дүлей заманның фитнә-бүліктерінен, бәле-жаласынан сақтасын, әмин!
— 52 —

Он үшінші сөздің екінші бөлімінің түсіндірмесі

بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ

Қамауда отырғандар «Рисалей-Нұрдағы» нағыз демеуге, жұбанышқа мұқтаж тіпті зәру десе болады. Әсіресе, жастықтың албырттығынан соққы жеп, уылжыған жас өмірін түрмеде өткізгендер «Нұрларға» аса мұқтаж.

Рас, албырт жастық шақ көбінесе ақылды емес, сезімді тыңдайды. Ал, сезім мен әуестік болса, соқыр, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа алданып, кейін келетін мол ләззаттан құр қалуға әзір. Бір минуттық кек алудағы ләззатқа беріліп, адам өлтіреді де, сексен мың сағат түрме азабын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күн бойы абақтыға қамалып, әрі дұшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірінің берекесі кетеді. Бейшара жастардың өмірі осындай қауіп-қатерге толы. Уылжыған тәтті өмір әп-сәтте аянышты, ащы өмірге айналып кетіп жатады. Әсіресе, солтүстіктегі ірі бір мемлекет жастардың әлгіндей әуесқой сезімдерін қоздырып, ғасырымызға бейім апаттармен дүр сілкіндіруде. Бойын сезім билеген жастардың иелігіне ары таза жандардың бойжеткен қыздары мен жұбайларын еншілеп, «ештеңе етпейді» дегендей, көз жұмып қарауда. Тіпті, моншада әйел мен ердің бірге суға түсуіне рұқсат беріліп, жезөкшелікке ықпал етуде. Сондай-ақ байлардың дүние мүлкін талан-таражға салып, пақыр, әумесер қара табандарға таратып беруде. Бұрын-соңды болмаған мұндай сұмдыққа адамзаттың төбе шашы тік тұрып, зәрресі ұшуда.

Міне, бұл ғасырда Ислам және Түркі жастары батыл әрі жанкешті әрекет етіп, мұндай екі жақты соққыға Рисалей-Нұрдың «Миуа», "Жастар шырағы" секілді кітапшаларын өткір қылыш ретінде қолға алып, қарсы тұруы керек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан да, ةؤиедегі бақыты мен ақыреттегі бағынан да айрылып, о дүниедегі өмірінде азап пен қайғыға ұшырайды.
— 53 —

Бойындағы күш-жігерді орынсыз, босқа шығындап, азғындыққа салыну себепті ауруханаларға немесе қызу қандылықтың кесірінен түрмеге түседі. Қартайған шағында: «Қап, әттеген-ай!» - деп, сандарын соға өкінетін болады.

Егер, Құраннан тәрбие алып, «Рисалей Нұрдың» ақиқаттарымен аяғын нық басса, нағыз қаһарман әрі жақсы адам, бағы жанған бір мұсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сұлтан болу мәртебесіне көтерілер еді. Иә, түрмеде отырған адам жиырма төрт сағаттық бір күнінің тек бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, әрі түрме көп күнә жасауға кедергі болатынын ескеріп, мына азапқа душар еткен қателіктен тәубаға келіп, басқа да зиянды істер мен күнәлардан арылар еді және туыстарына да көп пайдасы тиер еді. Сондай-ақ өзінің бес-он жылдық фәни жастық шағы арқылы мәңгі жастық шаққа ие болатынын ең бірінші болып Құран Кәрім, содан соң аспаннан түскен бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабар беріп, сүйіншілеуде. Иә, мұндай жастық шақ сияқты тәтті нығметке дұрыс жолда жүру және Жаратушыға мойынсұну арқылы шүкір етсе, жастық шақ берекеттеніп, әрі мәңгілікке айналып, ләззаты арта түспек. Әйтпесе басқа пәле болып, зардап шектіреді. Туған-туыстарына, Отанына, халқына зиян келтіретін есерсоққа айналуы мүмкін.

Егер, тұтқын жала жабылып, нақақтан сотталған болса, намаз оқу шартымен, әрбір сағаты бір күн құлшылық саналып, түрме оның залымдардан сақтайтын панасы болып, бұрыңғы замандағы үңгірге тығылып құлшылық еткен адал да тақуа жандар секілді мол сауапқа кенелер еді. Егер ол, пақыр не болмаса қарт, не науқас не имани ақиқаттарға жаны құмар біреу болса, парыздарды орындау, тәубаға келу шартымен әрбір сағаты жиырма сағатқа жуық құлшылық саналып, әрі ол жерде өзіне мейірімін төге қараған достары болса, абақты оған демалыс пен сүйіспеншілік жері, сондай-ақ тәрбие орны - дәрісхана болып есептеледі. Мұндай адам сырттағы лас, әрі айналасын күнәлар қоршаған бостандықта емес, түрмеде отырғанына риза болуы мүмкін. Түрмеден тәрбие алып кейін бостандыққа шыққанда, қаскүнем қылмыскер емес, керісінше тәубәға келіп, тәжірибе жинаған тәртіпті де момақан, әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Тіпті «Денизли» түрмесіндегі қылмыскерлердің қысқа мерзім ішінде «Рисалей-Нұрдың» әдемі мінез-құлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, оларды

— 54 —

көрген кейбір абақты қызметшілері: «Қылмыскерді тәрбиелеу үшін он бес жыл қамаудың орнына, он бес апта » Рисалей-Нұрдың" дәрісін тыңдатса, жетіп жатыр" деген-ді.

Иә, өлімнің тоқтап-толастар түрі жоқ, әрі ол жасырын келеді. Әрқашан, кез келген жерде шап беруі мүмкін. Қабірдің жабылатын сыңайы жоқ, адамдар топ-топ болып сол жерге кіріп жатыр. Жоғарыда имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу дегенбіз. Бұл Құранның ақиқаты. Ал, Құдайдан безгендер үшін ол, сыртқы көрінісі сияқты суық әрі мәңгілікке айырылысу, сондай-ақ, барлық сүйікті жандарымен, тіпті болмыс атаулымен мәңгіге қоштасу болып табылады.

Ең бақытты жан кім десеңдер, әлбетте, ол - сабыр сақтап, шүкір еткен және қамаудағы күндерін тиімді пайдаланып, «Рисалей-Нұрдың» дәрісін шын көңілмен тыңдап, тура жолда жүрген, Иман мен Құранға қызмет еткен адам.

Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар жандар! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде басымнан өткен мыңдаған тәжірибе мен шындықтардың арқасында мынаған әбден көзім жетті: Нағыз рахат пен уайымсыз ләззат әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақыты тек қана имандылықта және иман ақиқаттарының маңынан табылады. Әйтпесе, дүниелік бір ләззат көптеген уайымға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соққандай өмірдің шырқын бұзады.

Уа, қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелік өмірлеріңнің мазасы кеткен екен, енді «Ақыреттік өмірім аман болсын, мәңгі өмірім жаздай жадырап, балдай тәтті болсын» десеңдер, қамаудағы уақыттарыңды тиімді пайдаланып, ақыретке қам жасаңдар! Мәселен, кейде қиян-кескі шайқаста, бораған оқтың астында бір сағаттық күзет бір жылдық құлшылықпен пара-пар саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда, қиын жерде жасаған құлшылықтарыңның әрбір сағаты көптеген сағаттарға пара-пар болып, көрген қиындықтарың мол сауапқа, мейірімге айналады.

— 55 —
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Аса қадірлі де адал бауырларым!

Абақтының қиын күндерін бастан кешіріп жатқандарға және оларға жанашырлық етіп адал түрде қызмет етіп, сырттан келген азық-түліктерге бақылау жасап қол ұшын берген жандарға арналған өте күшті бір демеуді «Үш тұжырым» арқылы баяндап берейін.

Бірінші тұжырым: Абақтыда өткен бір күнді он күндік ғибадатқа, фәни сағаттарды рухани да бақи сағаттарға айналдыруға болады. Әрі дүниеде бес-он жылдық жаза өтеп қамалу арқылы ақыретте миллиондаған жылдық қамалудан құтылуға болады. Міне, бұл - имандылар үшін қатты сын, біле білсе өте құнды әрі мол табыс көзі. Бұл табысқа қол жеткізудің шарты - парыз болған намазды оқу және қамалуға себеп болған күнәлардан тәуба ету, сабыр сақтап, шүкір ету. Онсыз да түрме күнә жасауға кедергі болып, ондайға жол бермейтін жер емес пе?

Екінші тұжырым: Ләззаттың аяқталуы өкініш болып, ал өкініштің аяқталуы да ләззат болатыны мәлім. Рас, әркім-ақ өткен күндердің шаттыққа толы кезеңдерін ойлағанда, өкіне де қамыға: «Қап, сол бір күндер-ай!» - дейді. Ал қайғылы ауыр күндерін еске алса, өтіп кеткеніне іштей қуанып: «Әлхамдүлиллаһ, Құдайға шүкір, сол бір қараңғы күндер өтті-кетті, орнына сауабы қалды», - деп көңілі жай тауып, терең тыныс алар еді. Демек, бір сағаттық уақытша қайғы өтіп кетеді де, ләззат береді. Ал, бір сағаттық ләззат аяқталғанда өкіндіріп, бітпейтін қайғының терең ізі қалады. Бұл солай. Олай болса, өтіп кеткен қиын сағаттар қайғысымен қоса жым-жылас болады. Ал, келешектегі қайғылы, қиын күндер болса, әзірге ауылы алыс, көрінбейді. Жоқ нәрсеге қайғыруға бола ма?

Мәселен, бірнеше күннен соң аш-жалаңаш әрі шөлдеп қаламын деп бүгіннен бастап өліп-өшіп нан жеп, су ішу, қалың киіну ақымақтық қой. Дәл сол сияқты әлі болмаған нәрселерден немесе болып кеткен қиыншылықтарды дәл қазір ойлап сабырсыздану, сондай-ақ кемшілігі көп қиқар нәпсісін ұмытып, Құдайға кінә

— 56 —

артқандай «уһілеп-аһылау» - ақымақтық. Егер, бойындағы Аллаһ берген сабырлылықты оңды-солды шашпай, яғни өткен шақ пен келешекке жұмсамай, дәл қазіргі уақытына, сол күніне арнаса, сабыр қуаты толық жетіп, мазасыздық азаяр еді.

Шағымданды демеңдер, мынаны айта кетейін: Мен, Жүсіптің медресесінде өткізген бірнеше күнде, өмірімде көрмеген дүниелік әрі рухани азап шегіп, бір жағынан ауру, бәрінен бұрын «Рисалей-Нұр» қызметінен мақұрым қалып, үмітсіздік пен рухани күйзелістер жанымды жегідей жегенде, Аллаһтан жәрдем келіп, әлгі ақиқаттар ойыма келді. Мен дағы жанымды күйзелткен ауруыма, тіпті қамауда жатқаныма риза болдым. Өйткені, «Мен сияқты қабір аузына таяп қалған бейшараның бейқамдықпен, босқа өтіп кетуі мүмкін өмірінің бір сағатын ондаған сағат құлшылыққа айналдыру кімге де болсын үлкен табыс» деп, Құдайға шүкір еттім.

Үшінші тұжырым: Абақтының қызметкерлері тұтқындарға мейірлене қызмет ету, қолғабыс ету, қажетті заттарын беру, жаралы жүректерін жұбанышпен емдеу секілді аз амалмен мол сауапқа, көп табысқа қол жеткізулеріне болады. Сырттан келген тамақты қабылдап алушы қызметкерлер мен түрме күзетшісінің амал дәптеріне, садақа ретінде дәл сол тамақтың мөлшеріндей сауап жазылады. Қиналған жан яғни тұтқын, кәрі немесе науқас, пақыр немесе кіріптар болса, бұл садақаның сауабы да арта түспек.

Міне, осы мол табыстың шарты - парыз болған намазды оқу. Сонда ғана Құдай үшін жасалған болады. Тағы бір шарты - міндетсінбей, Аллаһ ризасы үшін, сенімді дос ретінде жанашырлықпен, мейірлене, әрі адал түрде жәрдем ету.

{[Сілтеме]: Жүсіп пайғамбарға (А.С.) жала жауып, оны нақақтан нақақ түрмеге қамаған екен. Соған теңеу ретінде Иман мен Құранға қызмет жасағандарды ұстап, қамаған жерді де автор "Жүсіп медресесі" деп отыр. Ауд.}

— 57 —
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Уа, түрмедегі достарым мен діндес бауырларым!

«Дүние мен ақыреттің азабынан құтқаратын бір ақиқатты баянда!» деп көңіліме нұсқау келді. Ол ақиқат мынау:

Мәселен, біреу біреудің ағасын немесе туысын өлтірді делік. Кек алудағы бір минуттық ләззат миллиондаған минут жүректі сыздатып қана қоймай, түрменің де азабын тартқызып отыр. Әлгі өлген адамның туысқаны да дұшпанынан "қайтсем кек аламын" деп ойлай-ойлай өмірінің мәні кетіп, шырқы бұзылады. Бойын үрей билеп, көкірегін ашу-ыза кернеп, тірідей азапқа түседі. Бұдан құтылудың бір ғана жолы бар, ол - Құранның әмірін тыңдау және хақ пен ақиқат, игілік пен адамгершілік, сондай-ақ Ислам діні талап ететін келісімге келу, татуласу.

Иә, ақиқат пен игілік татулықта. Себебі, ажал біреу, өзгермейді. Әлгі өлген кісінің ажалы жетіп тұр екен, бәлкім одан артық өмір сүрмейтін де шығар. Өлтірген кісі Аллаһтың жазған тағдырына себепші болды. Егер келісімге келмесе екі жақты үрей билеп, кек алудың азабын шегеді. Сондықтан дін Ислам: «Мүминдер өзара ренжісіп, үш күннен артық сөйлеспей қоюға болмайды» деп бұйырады. Егер мұндай қылмыс қастықтан, не өш алудан емес, бір сұмпайы мұнапықтың шығарған бүлігі болса, тез арада татуласу керек. Әйтпесе, әлгі кішкене бәле одан әрі ұлғайып, жалғаса бермек. Егер татуласса, әрі өлтірген адам да тәубаға келіп, марқұмға әрдайым дұға етсе, екі жақ та ұтып, туысқандай болады. Жоғалтқан бір бауырының орнына бірнеше діндар бауыр табады. Құдайдың басқа салғанына көніп, дұшпанын кешіруі тиіс. Оның үстіне "Рисалей-Нұр" дәрісін тыңдаған болса, "Нұр" аясындағы бауырмалдық, сондай-ақ жеке бастың әрі көпшіліктің пайдасы араларында болған араздықты мүлдем ұмытуын талап етеді. Мәселен, "Денизли" түрмесінде бірі-біріне қас болған тұтқындар "Нұрдан" дәріс алғаннан кейін лезде

— 58 —

татуласып, достасып кетті. Сөйтіп, біздің ақталып шығуымызға себеп болды. Тіпті, мұны көрген дінсіз, есерсоқ, сотқарлардың өзі аң-таң болды. Тұтқындардың бойлары жазылып, рахаттанып қалды. Байқаймын, бұл жерде де бір адамның кесірінен жүз адам қиналып, сыртқа бірге шыға алмай жүр. Бұл деген зұлымдық. Мәрт, намысқой мүмин ешқашан өзінің бас пайдасына бола, иманды жандарға зиян тигізбейді. Егер қателесіп зияны тисе, дереу тәуба етеді.

— 59 —
بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Жаңадан түскен ғазиз бауырларым және бұрыннан жатқан тұтқындар!

Аллаһтың жарылқауы тұрғысынан алғанда Біздің бұл жерге қа- малуымыздың басты себебі сендер екеніне менің толық көзім жетті. Яғни "Нұрлар", өзінің жұбаныш беретін дәрістерімен, сондай- ақ имани ақиқаттарымен сендерді түрменің мына азабынан және көптеген дүниеуи қиындықтардан құтқарып, өкіндіре өте шығатын келте өмірді босқа өткізбей әрі бұ дүниеде азапталғанындай о дүниеде де азап шекпей, мәңгі өмірді аман сақтап қалу жолында сендерге нағыз демеу. Бұл рас. Әлбетте сендер Денизлидегі тұтқындар мен Нұр шәкірттері сияқты біріңе-бірің дос болуларың керек. Көрмейсіңдер ме, бірін-бірі пышақтап тастамасын, біріне- бірі қастандық жасамасын деп, тамақ болсын, нан болсын, сырттан келген заттарыңды мың байланса да ақтарып тексерген адал қызмет етіп жүрген күзетшілер әбігер. Сондай-ақ сендерді біріне бірі бас салып, жұлыса кетеді деп, дем алуға сыртқа шығармай отыр.

қаһарман

Тумысынан қаһарман, жаңадан түскен тұтқын достарым! Енді қа- һармандық жасап, батыл түрде түрме қызметшілеріне, "Қолымызға пышақ, маузер немесе револьвер берілсе, оның үстіне бұйрық та берілсе, біз мына өзіміз секілді қиналып жүрген бейшара бауыр- ларымызға қол жұмсамаймыз. Құранның әмірі бойынша, Иман мен Исламның бауырластығына орай, ізгі ниетпен, оның берген тәр- биесінің арқасында тіпті, бір-бірімізден бұрыннан бері ала алмаған кегіміз болса да кешіп, ренжітпеуге ант еттік!" деңдер. Осылайша абақтыны берекелі, құтты дәрісханаға айналдырыңдар.

— 60 —

Қадір түні ойыма келген маңызы зор мәселе

(Он үшінші Сөздің екінші бөлімінің қосымшасы)

Қадір түні ойыма келген терең ақиқаттың өте қысқаша баяны.

Адамзат екінші дүние жүзілік соғыстың зардабы мен орасан зұлымдығын бастан кешірді. Бір залымның кесірінен жүздеген жазықсыз жандар зомбылық көрді. Соғыстан жеңілгендер үмітсіздікке түсіп, жеңгендер болса, үстемдігінен айырылып қалмаумен әлек. Қираған қалаларды қалпына келтіру өзінше, бөлек бір мәселе. Сондай-ақ, дүниелік өмірдің расында баянсыз, мәдениет қиялының жалған әрі алдамшы екеніне әбден көздері жетіп, көңілі қалды. Адам баласының жоғары деңгейдегі қабілеті, оның ішкі дүниесі, армандары тас-талқан болды. Бейқамдық пен адасудың берік қорғаны саналып келген меңіреу табиғатшылдық ұғымы Құранның алмас қылышымен тас-талқан болды. Сондай-ақ адамды ғапыл қалдыратын, сананы адастыратын құйтырқы саясаттың бет пердесі ашылды.

Міне, соңғы кезде Солтүстікте, Батыста, Америкада байқалғанындай, адамзаттың нағыз арманы болған бақи өмірді бар күшімен іздейтін күн туады. Оған мына дүниелік өмірдің осындай жағымсыз да өткінші екені баршаға көрінуі зор ықпал етеді. Ал, бұл тұрғыда Кәламуллаһ, яғни бір мың үш жүз алпыс жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллионнан астам шәкірті бар және миллиондаған қарилардың жадында сақталып келе жатқан, басқа ешбір кітапта кездеспейтін ерекшеліктерге ие, адамзатқа бақи өмір мен мәңгі бақыттан дәйекті де ақылға қонымды түрде хабар беретін, оның рухани жарасына нағыз ем, дертіне шипа болар Қасиетті Құран таптыртпайтын қазына. Ол - қайта-қайта, қуатты да қатаң ескерте отырып, мыңдаған аяттарымен, бірде ашық, бірде құпия түрде әрі бұлтартпас айғақтарымен, бұл өмірден кейін мәңгі өмір басталатынын және мол бақытқа бөленудің шындық екенін сүйіншілеп, хабар береді. Әлбетте, адамзат ақылынан мүлдем адаспаса, заттық немесе

— 61 —

рухани қиямет қайым болмаса, Швеция, Норвегия, Финляндия және Англияның Құранды қабылдауға ұмтылған атақты ойшылдары, сондай-ақ Американың хақ дін іздеген белсенді ұйымдары, сондай-ақ Жер шарының ірі құрылықтары мен елдері баяндауы мұғжиза Қасиетті Құранды шарқ ұра іздейтіндей жағдайда. Мәнісін түсініп, ақиқатына көзі жеткен соң жан-тәнімен қабылдайтын болады. Себебі, бұл тұрғыда оған тең келер ешбір кітап жоқ әрі болмайды да. Ешбір кітап ең ұлы мұғжизаның яғни Қасиетті Құранның орнын баса алмайды.

Екіншіден: "Рисалей-Нұр" осы ұлы мұғжизаның қолындағы алмас қылыш қызметін атқарып, қасарысқан дін дұшпандарын тізе бүктіруде. "Рисалей-Нұр" Құраннан нәр ала отырып, жүрек, рух, тағы басқа сезімдерді нұрға бөлеп, Құран ақиқаттарын әр тарапқа жаюда. Құраннан басқа ұстазы, бұлағы болмаған "Рисалей-Нұр" делдалдық міндетін толық атқарып келеді. "Рисалей-Нұрға" қарсы үгіт жүргізушілердің еңбегі зая кетті. Құдайдан безген қырсықтардың жауырынын жерге тигізіп, дінсіздіктің алынбас қорғанындай болған "Табиғат жаратты" деген ұғымды "Табиғат рисалесі" кітапшасы тас-талқан етті. Мәңгүрттік ұйығына батқалы жүргендерге "Аса-и Мұса" кітабындағы Миуаның Алтыншы мәселесі және Бірінші, Екінші, Үшінші, Сегізінші айғақтары құтқарушы болып, иман шарттарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, тәухид нұрын көрсетті.

— 62 —

СОҢЫ

[Бейқам жанға бір тоқпақ немесе ғибрат болар бір сабақ]
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَمَا الْحَيٰوةُ الدُّنْيَا اِلَّا مَتَاعُ الْغُرُورِ

Уа, мына өмірдің қызығына тоймай, бейқамдықпен ақыретті ұмытқан, бейбақ нәпсім! Неге ұқсайтыныңды білесің бе? Түйеқұсқа. Ол - аңшыны көрген сәтте ұша алмай басын құмға сұға қояды. Бұл - Оның аңшыдан жасырынған түрі. Сорлының ірі денесі сыртта қалып, аңшыға нысана болады. Басы құмның астында, көзі жұмулы, көрмейтін тек өзі ғана. Ей, нәпсі! Мына мысалға құлағыңды түріп, назарыңды сал!

Жалған дүниеге жан-тәнімен құмарту, ләззаты мол тамаша нәрсенің өзін қайғы-мұңға айналдырып жібереді. Мысалға, осы ауылда яғни Барлада, екі адам бар дейік. Біреуінің ағайын-туыстарының жүзде тоқсан тоғызы Стамбұл шаһарына кетіп, сол жерде рахат өмір сүруде. Барлада бір-екеуі қалып, олар да жақында кететін көрінеді. Сондықтан бұл да Стамбұлға ынтызар. Құштарлана ағайын-туысқа қауышуды армандайды. Қашан оған: "Бар!" десе, ұша жөнелмек.

Екіншісінің тума-туысы, дос-жарандарының жүзде тоқсан то- ғызы бұл жерден көшіп кеткені рас. Бірақ қайда кеткендері белгісіз. «Бір сыпырасы із-түзсіз жоғалып кеткен, қалғандарын көрдім- білдім деген адам жоқ» деп ойлайды. Өзі де: «Тірі болса да азып- тозып жүрген шығар» деп қояды. Бейшара, жоғалған ағайындарының орнына манағы қонақ боп келген, бірақ жақында кететін жалғыз туысқанымен көңіл көтеріп, сол арқылы өзін жұбатқысы келеді.

Уа, нәпсі! Әу баста Хабибуллаһ, Аллаһтың сүйіктісі Мұхаммед Мұстафа (с.а.у), одан кейін Аллаһтың қалаулылары, барлық сүйікті жан, әулие-асфиялар қабірдің арғы жағында жүр. Бұл дүниеде бірен- сараңы болса да олар да кетіп барады. Өлімнен қорқып, қабірден қашпа! Ажалға жігіт сияқты тура қара! Жүзіне тура қарап, не керек екенін сұра! Байқа! Бейқам жүріп, мысалдағы екінші адамға ұқсап қалма!

— 63 —

Уа, нәпсім! «Заман өзгерді, ғасырымыз басқа. Жұрттың бәрі дүние қуып, қу тіршіліктің соңында, бәрі мас!» деме. Өйткені, ажал біреу, өзгермейді. Айырылысу, қоштасу деген нәрсе бар. Дүниеде мәңгі бірге болу жоқ. Адамзаттың әлсіздігі, мұң-мұқтаждығы азаяр емес, қайта көбейіп барады. Оның сапары да аяқталмады, керісінше жылдамдап барады.

«Жұртпен бірге көрерміз» деме! Өйткені олар саған тек қабіріңе дейін ғана серік болады. Жұртпен бірге болу дегенің, қабірдің арғы жағында түкке жарамайтын, бос әңгіме.

Сен өзіңді «Иесізбін, қалағанымды істеп, бейпарық жүре беремін» деме! Айналаңа қарашы! Мына «дүние» мейманханасынан жөнсіз, мақсатсыз бір нәрсе таба аласың ба? Жоқ. Олай болса, қалай сен ғана мақсатсыз, бейпарық жүрмексің? Жер сілкіну, топан тәрізді оқиғалар кездейсоқ емес. Аллаһ Тағала өсімдіктер мен жануарларды араластыра шебер тоқыған әдемі көйлегін жер шарына жыл сайын кигізіп, шешіп отыр. Оның өте хикметпен күрделі тоқылғанын өзің де көріп тұрсың. Сондай-ақ, мақсатты түрде, өте жүйелі тәртіппен шыр көбелек айналдыратынын да білесің. Олай болса, жер сілкінісі «Кездейсоқ, табиғи құбылыс» дегенге қалай сенесің? Құдайдан безген біреу, бұқаралық ақпаратта «жер сілкінісін кездейсоқ, табиғи апат» деп, зардап шеккендердің шығынын, босқа кеткен ысырап санап, олардың үмітіне су сепкендей өмірден түңілдіріп жатыр. Бұл, зардап шеккендерге үлкен зұлымдық, қиянат боп табылады. Расын- да мұндай оқиғалар {(Сілтеме): Түркияның Измир қаласында зілзала болып, мысал ретінде автор соны тілге тиек етіп отыр.} Хаким-і Рахымның әмірімен болатын, иманды жандардың мал-мүлкін садақаға айналдырып, фәни дүниесін мәңгі дүниеге айналдыратын уақиға немесе нығметтерге шүкір етпей астамшылық қылған тоғышар жандардың сазайын тартқызу, күнәсін шаю, жаза болып табылады. Иә, осылайша бір күні бізді көтеріп жүрген мына Жері шары, адамзаттың әбден масыққанын, шүкір етпей, тоғышар болып, жиіркенішті күйге түскенін көріп, Аллаһтың әмірімен жұлқынып қалады. Бұл жолы қатты сілкініп толық тазалық жасайды. Құдайдан безгендерді Тозаққа лақтырып, Аллаһқа шүкір еткендерге: "Қане, Жұмаққа кіріңдер!" дейтін болады.

— 64 —

Он жетінші Сөз

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّا جَعَلْنَا مَا عَلَى الْاَرْضِ ز۪ينَةً لَهَا لِنَبْلُوَهُمْ اَيُّهُمْ اَحْسَنُ عَمَلًا ٭ وَاِنَّا لَجَاعِلُونَ مَا عَلَيْهَا صَع۪يدًا جُرُزًا ٭ وَمَا الْحَيٰوةُ الدُّنْيَا اِلَّا لَعِبٌ وَلَهْوٌ
[Бұл Сөз, мағынасы терең екі бөлімнен және өте жарқын бір қосымшадан тұрады.]

Халиқ-ы Рахим (Мейірімі мол жаратушы) және Рәззақ-ы Кәрим (Аса жомарт ризық беруші), Сани-ы Хаким (Хикметпен жаратушы шебер) бұл дүниені Әлем-і Әруах пен Руханилер үшін бір мереке, шаттық орны ретінде жаратып, өзінің бүкіл есім-сипаттарының әсем нақыштарымен өрнектеп безендірген. Үлкенді-кіші, төменді-жоғары әр бір рухқа өзіне тән және әлгі шат-шадыман мейрамдағы сан-алуан сансыз әсемдіктер мен сый-сыяпаттан пайдалануға ыңғайлы сезімдер беріп, керемет жабдықталған бір дене кигізеді де бір мәрте әлгі тамаша орынға яғни дүниеге жібереді. Уақыт жағынан ұзақ, мекен жағынан ауқымды манағы ұлық мерекені ғасырларға, мезгілдерге тіпті күндерге бөліп, әрбір күнді әр түрлі рух иесі мақұлықтарына және өсімдік түрлерінің әрқайсысына арнап бөліп тастаған. Оларды шеруге шығарғандай керемет мереке-тойға ұластырады. Әсіресе, жер беті көктем мен жаз кезінде ұсақ жәндіктерге әсем сахна, тамаша мейрам болатыны сондай, аспандағы руханилер мен періштелердің назарын аударатын тартымды да сұлу ғажап күйге ендіреді. Зерек, терең ойланатындарға зерттеу орталығына айналатыны сондай ақыл аңғарып, тілмен жеткізу мүмкін емес.

Дегенмен, осы Иләһи рәсім, Раббани мереке-тойда Рахман (Аса мейрімді) және Мухий (Тірілтуші) есімдерінің көрінісімен қатар Қаһһар (Өте қаһарлы), Мумийт (Өлтіруші) есімі өз әсерін көрсетіп, әлгі мәз-майрам болып жатқандардың алдарынан қоштасу мен өлім кесе көлденең шығып бұл фәнимен қош айтысады. Ал, бұл болса

— 65 —
وَسِعَتْ رَحْمَت۪ى كُلَّ شَيْءٍ деген Аллаһтың мол мейіріміне, кең рахымына сырттай қарағанда үйлеспейді.

Бірақ, ол сырт көзге солай. Негізінде бірнеше жақтан үйлесіп-ақ тұр. Қалай десеңіз.

Сани-ы Кәрим (Аса жомарт шебер), Фатыр-ы Рахим (Мейірімді теңдессіз жаратушы) Аллаһ әрбір жан-жануардың салтанатты шеруі яғни өлшеп берген бұ дүниедегі өмірі аяқталған соң және мақсат орындалып, нәтиже алынғаннан кейін көбінесе оларды дүниеден өте мейірімді түрде суытып, жиіркендіреді, жалықтырады. Тынығып дем алуға ыңғай, басқа әлемге көшуге ынта сыйлайды. Сондай-ақ өмір сүру міндетінен босатылған кезінде рухтарында нағыз отанға, ақыретке көшуге құштарлық сезімін оятады.

Һәм міндетін атқару кезінде немесе майданда опат болған бір сарбазды шейіт мәртебесіне көтеру және құрбандыққа шалынған бір қойды, ақыретте өз денесімен тірілтіп, сырат көпірінде иесіне көлік болатын пырақ қылып оны жарылқауы Рахманның шексіз рахымдылығының талабы. Сол сияқты басқа да рух иелері мен хайуандар, өздеріне жүктелген Раббани міндеттерін атқару кезінде және Сүбхани әмірлерге мойынсұнып жүрген кезде опат болса немесе ауыр машақат, мехнат шексе сарқылмас мейрім қазынасынан өзде- рінелайық, қабілетіне қарай мағынауи сый ақы берілетініне үміт зор.

Оларды дүниеден кеткеніне ренжімей, қайта риза болатындай мол мейірімге бөлейді.

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ

Алайда, рух иелерінің ішінде жоғары мәртебелі, ең абыройлысы және осы мейрамда сан жағынан да сапа жағынан да ең көп пайда көрген адам баласы, дүниеге құштар, шаруа-істеріне шырмалып қалғандықтан, дүниеден бас тартқызып, тіпті жиірендіріп бақи әлемге көшуге Аллаһтың рахымымен бір құштарлық сезімі пайда болады. Адамгершіліктен айырылмай, адаспай жүрген жандар әлгі жағдайды сезініп, сол сәтті тиімді пайдаланады. Көңілі жайланып, бақи әлемге жеңіл кетеді.

Енді, сол жағдайды туғызатын себептерден үлгі ретінде бесеуін баян етейік.

— 66 —

Біріншісі: Қартайған шақта, дүниелік тамаша сұлу нәрселердің фәни екенін, тәттілердің ащыға айналатынын көрсетіп, адам баласын дүниеден үркітіп, уақытша нәрселердің орнына бақи нәрселерге қызықтырады.

Екіншісі: Адамға жақын болып, бауыр басып қалған бүкіл сүйікті жандарының жүзден тоқсан тоғызы дүниеден өтіп, басқа әлемге көшкендіктен, оларға деген шынайы махаббат сезімі олардың кеткен жағына баруға қызығушылық туғызып, өлім мен ажалға жылы қарап, қуана қарсы алады.

Үшіншісі: Адам жаратылысының тым әлсіз, дәрменсіз екенін кейбір жағдайлар арқылы сездіріп, өмір сүру қиын, жүк ауыр екенін аңғартады да демалысқа шығуға шынайы ықылас, басқа әлемге көшуге ниет-ынта береді.

Төртіншісі: Иманның нұры мүмин жанға өлімнің жоқ болу емес, көшіп-қону екенін көрсетеді. Қабір қап-қараңғы апанның аузы емес, ол - нұрлы әлемнің есігі екенін, ал бұл дүние бүкіл әсем жақтарымен ақыреттің қасында зындан сықылды екенін білдіреді. Әлбетте қараңғы зындандай дүниеден, Жәннат тәріздес бау-бақшаға шығу, материяның айқай-шулы тірілігінен рухтың тып-тыныш, рахат әлеміне бару және мақұлықтардың жанды мазалайтын тарсыл- гүрсілінен оқшауланып, Рахманның саялы құзырына бару, әрине аса қызығарлық, шын көңілмен армандайтын саяхат, тіпті бір бақыт.

Бесіншісі: Құранды тыңдайтын адамға, ол өзінің ғылыми ақиқатымен, сәуле шашқан нұрымен дүниенің не екенін білдіре отырып, дүниеге құмарлық, оны қатты уайымдау, мағынасыз екенін білдіреді. Яғни, адамзатқа дәлелдеп мынаны айтады:

Дүние - Самәдани кітап. Оның ішіндегі әріптері мен сөздері өзіне емес, Өзгенің зат пен сипатына, есімдеріне қызмет етеді яғни оны Жазушының қандай екенін дәлелдейді. Олай болса мағынасын түсін, көңілге тоқы, жазу- сызықтарына көп мән бермей, кете бер.

Сондай-ақ, дүние - егіс алқабы. Егініңді ек, өнімін ал, сақтап қой. Қалған қалдықтарын таста, уайымдама! Әрі, дүние кезекпенен келіп- кететін айналардың жиынтығы. Олай болса олардың ішінен көрінетін кім, соны таны! Оның нұрларын тамашала, көрінген көркем есімде- рінің шуақтарын қызықта! Ол есімдердің Иесін сүй! Ал, аяқталып немесе сынып қалатын әлгі әйнектермен шұғылданба! Құмартпа!

— 67 —

Дүние - сауда орны. Саудаңды жаса да кел! Соңында айырылысатын, сені сыйламайтын нәрселердің артынан босқа жүгірме! Әуре болып шаршама!

Әрі, уақытша серуенжай. Олай болса, ғибрат назарымен қара! Сырттай жағымсыз жақтарына емес, Жәмил-і Бақимен қатысты жасырын да тамаша, жағымды жақтарына қара! Хош әрі пайдалы серуен жасап қайт! Осы тамаша көріністерді көрсетіп тұрған сахна перделерінің жабылып қалғанына ақылсыз балаға ұқсап жылама, уайымдама!

Әрі бұл дүние - қонақ үй. Олай болса оны жасаған аса жомарт, қонақжай Жаратушының рұқсатымен ішіп-же, шүкір ет! Оның заңымен жүр, айтқанын істе! Сосын артыңа қарай бермей шығып кет! Қолыңнан түк келмейді, араласпа, бүлдірме! Соңында бәрібір қош айтысатын, тіпті саған қатысы жоқ нәрселермен босқа шұғылданба! Баянсыз істеріне байланып, батпағына батып кетпе!

Міне, осы секілді анық ақиқаттармен дүниенің мән-мағынасын, оның құпия сырларын ашып көрсетеді. Осылайша, соңында сөзсіз болатын қоштасуды жеңілдетіп, тіпті көзі ашық, көкірегі ояу жандарды өлімге құштар етіп қояды. Аллаһтың рахымы барлық жерде, барлық істе бар екенін байқатып, кез келген нәрседен жақсылықтың нышанын сездіреді.

эМіне, Қасиетті Құран осы бес бапқа ишара қылып қана қоймай басқа да жеке баптарға ишара қылады. Осы аталғандардан еш сыбағасы жоқ мақұрым жандардың жағдайы аянышты, обал-ақ.

— 68 —

Жүрекке парсыша келген бір мінәжат

هٰذِهِ الْمُنَاجَاةُ تَخَطَّرَتْ فِى الْقَلْبِ هٰكَذَا بِالْبَيَانِ الْفَارِس۪ى

[Яғни, бұл мінәжат ойға парсы тілінде келіп, қаз қалпында жазылды. Бұдан бұрын басылған "Хубаб рисалесіне" енгізілген-ді.]

يَارَبْ بَشَشْ جِهَتْ نَظَرْ م۪يكَرْدَمْ دَرْدِ خُودْرَا دَرْمَانْ نَم۪ى د۪يدَمْ

О, Раббым! Өз күшім мен қалау-еркіме сеніп, бейқамдықтың кесірінен тәуекел етпей, дертіме дәрмен іздеп "Алты жақ" деп аталатын айналама жалтақтап, медет іздедім. Өкінішке орай, дертіме дәрмен таба алмадым. "Дерттің өзі дәрмен емес пе еді" деген рухани нұсқау естідім.

دَرْرَاسْتْ م۪ى د۪يدَمْ كِه د۪ى رُوزْ مَزَارِ پَدَرِ مَنَسْتْ

Бейқамдықпен оң жағымнан, өткен шақтан жұбаныш табам ба деп оңға қарағанмын. Бірақ, кешегі күн әкемнің моласы, ал өткен шақ аталарымның алып мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш емес қорқыныш туғызды.

{(Сілтеме): Иман әлгі қорқынышты, алып мазарды қызықты, нұрлы мәжіліс, сүйіктілер жиналған жер түрінде көрсетеді.}

وَ دَرْ چَپْ د۪يدَمْ كِه فَرْدَا قَبْرِ مَنَسْتْ

Содан кейін сол жағыма, болашаққа қарап едім, дертіме дәрмен таба алмадым. Ертеңім, менің қабірім және мен секілділер мен келешек ұрпақтың үлкен мазары түрінде көрініп, жұбаныш орнына үрей туғызды.

{(Сілтеме): Иман мен иманнан туындаған құзыр, әлгі үрейлі үлкен мазарды сүйкімді бақыт сарайларына, мейірімді Рахманның шақыруы түрінде көрсетеді.}

وَ ا۪يمْرُوزْ تَابُوتِ جِسْمِ پُرْ اِضْطِرَابِ مَنَسْتْ

Сол жағымнан да қайыр болмаған соң, бүгініме қарадым. Бүгінім бейне бір табыт. Тұяқ серпуге де шамасын келтірмей денемді әкетіп бара жатыр.

{(Сілтеме): Иман ол табытты сауап жинайтын кең дала және әсем қонақ үй түрінде көрсетеді.}

بَرْ سَرِ عُمْرْ جَنَازَهءِ مَنْ ا۪يسْتَادَه اَسْتْ
— 69 —

Бұл жақтан да дертіме дәрмен таба алмадым. Содан басымды көтеріп өмір ағашының төбесіне қарап едім, бір ғана жемісі бар екен. Ол да менің мәйітім. Менен көз алмай, қасқайып тұр.

{(Сілтеме): Иман - әлгі "ағаштың" бір түйір жемісі мәйіт емес, мәңгі өмір сүру үшін жаратылған рухтың дене дейтін ұясынан ұшып, мәңгі бақыт жолында жұлдыздарға серуенге шыққанын көрсетеді.}

دَرْ قَدَمْ اٰبِ خَاكِ خِلْقَتِ مَنْ وَ خَاكِسْتَرِ عِظَامِ مَنَسْتْ

Бұл жақтан да көңілім құлазып, төменге назарымды салдым. Сүйектерім шіріп, әуелгі жаратылысымның бастауы, топырақпен араласып, аяқ асты болып жатыр. Дертіме дәрмен түгіл дерт қосып, үдетіп жіберді.

{(Сілтеме): Иман - топырақтың Иләһи мейірімділік қақпасы, Жәннат жайының пердесі екендігін көрсетеді.}

چُونْ دَرْ پَسْ م۪ينِگَرَمْ ب۪ينَمْ ا۪ينْ دُنْيَاءِ ب۪ى بُنْيَادْ ه۪يچْ دَرْ ه۪يچَسْتْ

Бұл жақтан да сырт айналып, артыма қарадым. Баянсыз, фәни дүние жойылудың қараңғы құрдымына қаңбақтай домалап барады. Жарама дәрі емес, қорқыныштың уын септі.

{(Сілтеме): Иман - жоқ болуға бет алған, құрдымға кеткелі тұрған дүниені, өз міндетін - атқарған, мағыналары түсінікті болып, нәтижелерін өзінен кейінге қалдырып бара жатқан Самәдани хат, Сүбхани нақыштардың парақтары екендігін көрсетеді.}

وَ دَرْ پ۪يشْ اَنْدَازَهءِ نَظَرْ م۪يكُنَمْ دَرِ قَبِرْ كُشَادَه اَسْتْ
وَ رَاهِ اَبَدْ بَدُورِ دِرَازْ بَد۪يدَارَسْتْ

Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым. Қабірімнің аузы арандай ашылып, мені күтіп тұр. Арғы жағында түбі жоқ сапар.

{(Сілтеме): Иман - әлгі қабірдің апанның аузы емес нұр әлемінің есігі, әлгі сапардың мәңгілік бақытқа бастайтын жол екендігін көрсетіп, жарама дәрі жағып, дертіме дәрмен болды}

مَرَا جُزْ جُزْءِ اِخْتِيَار۪ى چ۪يز۪ى ن۪يسْتْ دَرْ دَسْتْ

Алты жағымнан арбаған қорқыныш үрейге қарсы тұрар, арқа сүйер менің қолымда кішкентай ғана қалау-еркімнен басқа, еш нәрсе жоқ.

{(Сілтеме): Иман - әлгі кішкентай ғана қалау-еркімнің қолына шексіз құдіретке арқа сүйеуге куәлік берді. Тіпті иманның өзі бір куәлік екен.}

كِه اُو جُزْءْ هَمْ عَاجِزْ هَمْ كُوتَاه وَ هَمْ كَمْ عَيَارَسْتْ
— 70 —

Адамның қаруы саналатын кішкентай ғана қалау-ерік - негізінде өте әлсіз, шамасы шектеулі. Ешнәрсе жарата алмайды. Бір нәрсені кәсіп етуден басқа қолынан ешнәрсе келмейді.

{(Сілтеме): Бір жауынгер өзінің азғантай күш-қуатын, мемлекет атынан қолданған кезде, өз қуатынан мың есе артық іс атқаратыны секілді, Иман да манағы азғантай қалау-ерікті Аллаһ атымен әрекет еткізу арқылы не нәрсеге де жеткілікті етеді.}

نَه دَرْ مَاض۪ى مَجَالِ حُلُولْ نَه دَرْ مُسْتَقْبَلْ مَدَارِ نُفُوذْ اَسْتْ

Ол, өткен шаққа ене алмайды, болашаққа да сөзі өтпейді. Өткен шақ пен болашақтағы өкініштеріме, армандарыма түк те пайдасы жоқ.

{(Сілтеме): Иман - тізгінді дененің қолынан алып, жүрек пен рухқа тапсыратындықтан, өткен шаққа сөзі жүріп, болашаққа бойлай алады. Өйткені, жүрек пен рухтың тынысы кең, тірілік алаңы үлкен.}

مَيْدَانِ اُو ا۪ينْ زَمَانِ حَالْ و يَكْ اٰنِ سَيَّالَسْتْ

Сол аз ғана қалау-еріктіхақрекет алаңы тым тар. Осы шақ пен қас қағым сәт ғана.

بَا ا۪ينْ هَمَه فَقْرْهَا وَ ضَعْفْهَا قَلَمِ قُدْرَتِ تُو اٰشِكَارَه
نُوِشْتَه اَسْتْ دَرْ فِطْرَتِ مَا مَيْلِ اَبَدْ وَ اَمَلِ سَرْمَدْ

Міне, осыншама көп мұң-мұқтаждығым бола тұра өзім әлсіз, пақыр, бейшарамын. Сонымен бірге, алты жағымнан анталаған жау, үрейлі де қорқынышты жағдайдамын. Сондай-ақ құдірет қаламы, бойыма мәңгілікті аңсайтын, толассыз армандар мен шексіз қалау-тілектер жазыпты.

بَلْكِه هَرْ چِه هَسْتْ ، هَسْتْ

Дүниеде не болса, соның бәрінің үлгісі менде бар. Олардың барлығымен тығыз байланысып жатырмын. Солар үшін жұмыс істетіп һәм соларға жұмыс істеп жүрмін.

دَٓائِرَهءِ اِحْتِيَاجْ مَانَنْدِ دَٓائِرَهءِ مَدِّ نَظَرْ بُزُرْگ۪ى دَارَسْتْ

Алайда, маған керекті, менің қалайтындарым, мұң-мұқтаждығымның шеңбері, назарымның шеңберіндей ауқымды әрі кең.

خَيَالْ كُدَامْ رَسَدْ اِحْتِيَاجْ ن۪يزْ رَسَدْ
دَرْ دَسْتْ هَرْچِه ن۪يسْتْ دَرْ اِحْتِيَاجْ هَسْتْ
— 71 —

Тіпті, қиял қай жерге жетсе, қалау шамасы да сол жерге дейін жетеді. Ол жерде де қажеттілік туады. Қолымызда жоқты қалаймыз. Ал, қолда жоқ нәрселер тым көп, тіпті шегі жоқ.

دَٓائِرَهءِ اِقْتِدَارْ هَمْچُو دَٓائِرَهءِ دَسْتِ كُوتَاهْ كُوتَاهَسْتْ

Оларға қол жеткізуге шамамыз келмейтіні анық. Шамамыз қолымыз жеткен жерге дейін ғана жетеді. Ал, қолдың жетер жері қысқа әрі тар.

پَسْ فَقْر و حَاجَاتِ مَا بَقَدْرِ جِهَانَسْتْ

Демек, пақырлығым мен мұқтаждығым шексіз, бүкіл әлемді қамтиды.

وَ سَرْمَايَهءِ مَا هَمْ چُو جُزْءِ لَا يَتَجَزَّا اَسْتْ

Қолда бар байлығым яғни мүмкіндігім болса, тіпті бөлуге келмейтіндей ұсақ әрі кішкентай.

ا۪ينْ جُزْءْ كُدَامْ وَا۪ينْ كَٓائِنَاتِ حَاجَاتْ كُدَامَسْتْ

Міне, бүкіл әлемді қамтитын, миллиардтаған байлықпен әрең дегенде қол жеткізуге болатын мұң-мұқтаждығым, шексіз армандарым қай шамада? Бес тиынға татымайтын, құны жоқ, қолынан ешнәрсе келмейтін, азғантай қалау-еркім қандай? Мұнымен оларды сатып алу, қол жеткізу мүмкін емес. Олай болса басқа шарасын іздестіру керек.

پَسْ دَرْ رَاهِ تُو ازْ ا۪ينْ جُزْءْ ن۪يزْ بَازْم۪ى گُذَشْتَنْ چَارَهءِ مَنْ اَسْتْ

Шарасы мынау: Әлгі азғантай қалау-еріктен де бас тартып, Аллаһтың қалауына көну, Оның қалағанын қалау. Өз күшіне сенуді қойып, Хақ Тағаланың құдірет-күшіне сеніп, тәуекелдің ақиқатына жету. "О, Раббым! Бақытқа қол жеткізудің жалғыз шарасы осы. Сенің қалауың болсын! Мен өз қалауымнан бас тарттым, менмендікті тәрк еттім.

تَا عِنَايَتِ تُو دَسْتْگ۪يرِ مَنْ شَوَدْ رَحْمَتِ ب۪ى نِهَايَتِ تُوپَنَاهِ مَنْ اَسْتْ

Сөйтіп, Сенің шексіз инает-жарылқауың мені демеп, қамқор болсын! Өйткені мен өзімнің тым әлсіз, өте бейшара екенімді аңғардым. Әрі Сенің мол рахымың менің арқа сүйер сүйенішім болсын! Сенің шексіз мейрімің сая болып, өзінің кең қақпасын ашсыншы.

— 72 —
اٰنْ كَسْ كِه بَحْرِ ب۪ى نِهَايَتِ رَحْمَتْ يَافْتْ اَسْتْ تَكْيَه نَه كُنَدْ بَرْ ا۪ينْ جُزْءِ اِخْتِيَار۪ى كِه يَكْ قَطْرَه سَرَابَسْتْ

Иә, кім де кім Иләһи мол мейірімнің шексіз ұшан теңізін тапса, әлбетте одан сырт айналып өзінің бір тамшыдай қалау-еркіне сеніп, менмендікке салынбас болар.

اَيْوَاهْ ا۪ينْ زِنْدِگَان۪ى هَمْ چُو خَابَسْتْ
و۪ينْ عُمْر۪ ب۪ى بُنْيَادْ هَمْ چُو بَادَسْتْ

Әттеген-ай! Алдандық. Бұл өмірді мәңгі деп ойладық. Сөйтіп, өмірімізді босқа өткіздік. Ол болса, көрген түстей жалт етті. Дүниелік тірілік тұрлаусыз екен, ескен желдей зымырап өте шықты.

اِنْسَانْ بَزَوَالْ دُنْيَا بَفَنَا اَسْتْ اٰمَالْ ب۪ى بَقَا اٰلَامْ بَبَقَا اَسْتْ

Өзі-өзіне сеніп, мәңгімін деп ойлайтын тәкәппар адам, төгіле-таусыла, ақырында жоқ болады. Өмір зулап өтіп барады. Адамзаттың үйі болған мына дүние, жоқ болып қирауға кетіп барады. Қиял мен армандар бір сәттік өткінші екен, ал өкініш-қайғылары болса рухта мәңгі қала бермек.

بِيَا اَىْ نَفْسِ نَافَرْجَامْ وُجُودِ فَان۪ى خُودْرَا فَدَا كُنْ
خَالِقِ خُودْرَا كِه ا۪ينْ هَسْت۪ى وَد۪يعَه هَسْتْ

Бұл шындық. Ендеше ей, өмірге құштар, тірілікке құмар, дүниеге ғашық, шексіз арман жетегінде жүрген, қайғы-мұңнан жаны қиналған бейбақ нәпсім! Оян! Ақылға кел! Өз жарығына сенетін жалтырауық қоңыз, қараңғыда қаңғып қалады емес пе!.. Бал арасы болса, өз күшіне сенбегендіктен гүл-достарын тауып Күн сәулесімен жарқыраған жүзін көріп жарыққа қарқ болады. Сол сияқты, сен де өз күшіңе, болмысыңа сеніп, менмен болсаң, жарқырауық қоңыз сықылды боласың. Егер сен болмысыңды Жаратушысының жолына пайдалансаң, бал арасы секілді шексіз де жарқын болашаққа ие боласың. Әрі өзіңді сол жолға арна, пида ет! Өйткені, ол саған аманат.

وَ مُلْكِ اُو وَ اُو دَادَه فَنَا كُنْ تَا بَقَا يَابَدْ
اَزْ اٰنْ سِرِّى كِه ، نَفْىِ نَفْىْ اِثْبَاتْ اَسْتْ
— 73 —

Ол оның мүлкі. Оны саған Жаратушың сыйлады. Ендеше, міндетсінбей, тартынбай бер, Оған арна, пида ет! Сонда ғана болмысың мәңгі болмақ. Өйткені жоқтың жоқ болуы - бар болу. Яғни, жоқ - жоқ болса, бар болады.

خُدَاىِ پُرْكَرَمْ خُودْ مُلْكِ خُودْرَا م۪ى خَرَدْ اَزْ تُو
بَهَاىِ ب۪ى گِرَانْ دَادَه بَرَاىِ تُو نِگَاهْ دَارَسْتْ

Халиқ-ы Кәрим (Аса жомарт жаратушы) өз мүлкін сенен сатып алмақ. Орнына жұмақ дейтін қымбат баға бермек. Мүлікті сен үшін жақсылап сақтап, қадірін еселеп арттырмақ. Мәңгі әрі кемел түрде өзіңе қайтып бермек. Олай болса, ей нәпсім! Бекерге тұрма! Үсті-үстіне болатын бес есе пайдалы саудаға кіріс! Сонда сен бес есе зияннан құтылып, бірден бес есе пайдаға кенелесің.

— 74 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
فَلَمَّا اَفَلَ قَالَ لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ
لَقَدْ اَبْكَان۪ى نَعْىُ (لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ) مِنْ خَل۪يلِ اللّٰهِ
Ибраһим ғалейһиссаләмнің аузынан шыққан, әлемнің аяқталатынын, дүниенің өткінші, фәни екенін білдіретін суық хабар لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ мені жылатты.
فَصَبَّتْ عَيْنُ قَلْب۪ى قَطَرَاتٍ بَاكِيَاتٍ مِنْ شُئُونِ اللّٰهِ

Сондықтан, жүрек қатты қынжылып, көзінен мұңлы жас ақты. Жылаған жүректің әрбір тамшысы көргендерді жылататындай тым аянышты еді... Әрбір тамшының өзі жылап жатқандай. Ол тамшыларды төмендегі парсыша шумақтар суреттейді.

لِتَفْس۪يرِ كَلَامٍ مِنْ حَك۪يمٍ اَىْ نَبِىٍّ ف۪ى كَلَامِ اللّٰهِ

Міне, ол тамшылар, Нәби-и Пайғамбар, Иләһи дана Мұхаммедтің (с.а.у) Кәламуллаһтағы яғни Құран аятының бір тәпсірі деуге болады.

نَم۪ى ز۪يبَاسْتْ اُفُولْدَه گُمْ شُدَنْ مَحْبُوبْ

Соңында жоқ болатын сүйіктілер әдемі емес. Өйткені аяқталатын нәрселер нағыз әдемі бола алмайды. Мәңгілікке ғашықтық үшін жаратылған әрі Самадтың айнасы боп табылатын жүрекпен оларды сүюге болмайды, сүйілмеуі тиіс.

نَم۪ى اَرْزَدْ غُرُوبْدَه غَيْبْ شُدَنْ مَطْلُوبْ

Талап-тілектеріміз - соңында жоқ болып, ұмытылып кететін нәрселер. Олар уайымдауға әсте лайық емес. Кетіп қалса, артынан қайғыратын да нәрсе емес. Шын жүрекпен беріліп, өліп-өшуге тұрмайды.

نَم۪ى خَواهَمْ فَنَادَه مَحْوْ شُدَنْ مَقْصُودْ

Мақсат қылған нәрселеріміз фәни. Олар ақырында жоқ болады. Ондай мақсат керек емес, өйткені, өзім фәнимін. Фәни нәрсе керек емес, фәни оны не қылсын?

— 75 —
نَم۪ى خَوانَمْ زَوَالْدَه دَفْنْ شُدَنْ مَعْبُودْ

Өліп-өшіп құмартқан нәрселеріміз бізді тәрк етіп, көзден таса болуда. Олардан не қайыр, көмекке шақырмаймын, оларға жалынбаймын да. Өйткені, олар да мен сияқты бейшара, мұқтаж әрі әлсіз. Әлсіз нәрселер менің тым ауыр дерттеріме дәрмен болып, соңсыз жараларымды емдей алмайды. Өзін жоқ болудан құтқара алмаған нәрселер қалай Мағбуд (табындырушы) болушы еді?

عَقْلْ فَرْيَادْ م۪ى دَارَدْ نِدَٓاءِ (لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ) م۪ى زَنَدْ رُوحَمْ
Иә, әр нәрсенің сыртқы суретіне құмар ақыл, мына аласапыран дүниеде құмартқан нәрселерінің аяқталып жатқанын көріп, үмітсіздене зар еңірейді. Сондай-ақ, бақи бір Мағбуд іздеген рух لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ деп зарлайды.
نَم۪ى خَواهَمْ نَم۪ى خَوانَمْ نَم۪ى تَابَمْ فِرَاق۪ى

Қаламаймын, керек емес, қоштасуға шыдай алар емеспін.

نَم۪ى اَرْزَدْ مَرَاقَه ا۪ينْ زَوَالْ دَرْ پَسْ تَلَاق۪ى

Тез аяқталып, соңы ащы өкінішпен тынатын қауышуларды аңсап-армандауға болмайды. Құмартуға олар әсте лайық емес. Себебі, ләззаттың аяқталуы өкініш екені белгілі, тіпті оны ойлаудың өзі адамды мұңайтады. Бүкіл межази ғашықтардың, яғни Аллаһтан басқа нәрселерге ғашық болғандардың, ғашықнама өлеңдерінің мазмұны осындай аяқталумен тынған қоштасуларды ойлап қамығудан пайда болған өкініш пен зар. Атақты шайырлардың ғашықтық туралы өлеңдерін тыңдасаң, әрқайсысынан осындай мұң-зар естисің.

اَزْ اٰنْ دَرْدِى گِر۪ينِ (لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ) م۪ى زَنَدْ قَلْبَمْ
Міне, мұндай соңында аяқталумен тынатын қауышулардың және әлгіндей мұңды, орынсыз махаббаттың кесірінен дертке ұшыраған жүрегім Ибраһим Ғалейһиссаләм секілді لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ деп жыламсырап, зар еңіреді.
دَرْ ا۪ينْ فَان۪ى بَقَا خَاز۪ى بَقَا خ۪يزَدْ فَنَادَنْ
— 76 —

Егер, мына фәни дүниеде мәңгілікті қаласаң, мәңгіліктің өзі фәниліктен шығады. Нәпсіқұмарлық жағыңмен фәни бол яғни жоқ бол! Фәни болсаң, мәңгі бақи боласың.

فَنَا شُدْ هَمْ فَدَا كُنْ هَمْ عَدَمْ ب۪ينْ كِه اَزْ دُنْيَا بَقَايَه رَاهْ فَنَادَنْ

Астарында дүниеқұмарлық жататын жаман мінезден аулақ бол! Фәни бол! Меншіктенген дүниеңді Махбуб-ы Хақиқи (Нағыз сүйікті Аллаһ) жолына арна, пида ет! Соңында жоқ болатын жаратылыстың ақырын ойла, үңіліп қара! Дүниеде мәңгілікке апаратын жолдың фәнилер үстінен өтетінін көр!

فِكِرْ ف۪يزَارْ م۪ى دَارَدْ اَن۪ينِ ( لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ) م۪ى زَنَدْ وِجْدَانْ
Себептерге шырмалған адами ой, мына дүниенің ақырғы зілзаласынан қорқып, үмітсіздене жыламсырайды. Нағыз болмыс деуге лайық мәңгілікті армандаған көңіл, Ибраһим Ғалейһиссаләм секілді لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ деп қамығып, межази сүйіктілерден, яғни уақытша, тұрақсыз да алдамшы нәрселерден, ғұмыры қысқа нәрселерден байланысын үзіп, Хақиқи Мәуджүд, Сәрмәди Махбубқа яғни нағыз болмыстың иесі, мәңгі бақи, сүйікті Аллаһқа бетін бұрады.
بِدَانْ اَىْ نَفْسِ نَادَانَمْ كِه دَرْ هَرْ فَرْدْ اَزْ فَان۪ى دُو رَاهْ هَسْتْ
بَا بَاق۪ى دُو سِرِّ جَانِ جَانَان۪ى

Ей, надан нәпсім! Біліп қой! Дүние мен оның ішіндегілер фәни екені рас. Алайда, әрбір фәни нәрседен бақиға апаратын екі жол табуға болады. Сүйікті де әсем Махбуб-ы Ләязалдың Жамал көріністерінен екі сәулені, екі сырды мына фәнилер арқылы көруге болады. Бірақ, бір шарты бар. Ол - фәнилік қалыптан шығу және өз өзіңнен өту яғни "менмендік" шынжырларын үзіп "Ол" деп білу.

كِه دَرْ نِعْمَتْهَا اِنْعَامْ هَسْتْ وَ پَسْ اٰثَارْهَا اَسْمَا بِگ۪يرْ مَغْز۪ى وَ م۪يزَنْ دَرْ فَنَا اٰنْ قِشْرِ ب۪ى مَعْنَا

Иә, нығметтерге ой жүгіртіп қараған адам оның беріліп жатқанын байқайды. Олардан Рахманның ілтипаты сезіледі. Ал, нығметтің беріліп жатқанын түсінсең, нығмет берушіні табасың. Сондай-ақ

— 77 —

жаратылыстың әрқайсысы Самәдани бір хат тәрізді. Олар өзін жазған Сани-ы Зүлжәлалдың (Айбары зор шебер ұста) есім-сипаттарын көрсетеді. Жазудан мағына шығарсаң, Иләһи есімдер көрінеді. Сол арқылы есімдердің иесін табасың.

Ендеше, мына фәни болмыстың ішкі жағына, мән-мағынасына үңіл! Әлгі құпия қазыналарды табуға тырыс! Соған ұмтыл! Сыртқы суреттеріне, бос қабықтарына алданып қалма! Оларды аямай фәнилік дариясына лақтыра бер!

بَل۪ى اٰثَارْهَا گُويَنْدْ زِاَسْمَا لَفْظِ پُرْ مَعْنَا بِخَانْ مَعْنَا وَ م۪يزَنْ دَرْ هَوَا اٰنْ لَفْظِ ب۪ى سَوْدَا

Иә, бізді қоршаған орта, мына болмыс атаулы көп мағыналы сөздер тәрізді, тек олар зат-дене түрінде жазылған. Олар бізге Сани-ы Зүлжәлалдың көптеген есім-сипаттарын таныстырып, оқытып тұрады. Оны таныстырмайтын ешбір болмыс атаулы, ешбір өнер туындысы жоқ. Енді жаратылыс атаулының сөздер екені, олар құдіреттің кәлималары екені түсінікті болса, олардың мағыналарын оқы, терең бойлап, көңілге тоқы! Ал, мағынасы түсінікті болған, міндеті аяқталған сөздерді уайымдамай-ақ қой, олар кете берсін. Артынан телміре қарап жоқтама!

عَقْلْ فَرْيَادْ م۪ى دَارَدْ غِيَاثِ (لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ) م۪يزَنْ اَىْ نَفْسَمْ

Міне, әр нәрсенің сыртына ғашық және кең шеңбердегі мағлұматқа құмар дүниеуи ақылдың шұбатылған ойлары, осылайша жоқтыққа, құрдымға зымырағандықтан таңдану мен үрейден үмітсіз күйге түсіп зар жылайды. Ақиқатқа апарар тура жол іздейді.

Енді рух та, қарасы батып, көзден таса болатын, соңында аяқталып жоқ болатын нәрселерден бас тартты. Межази, жалған сүйіктілерден жүрек те қол үзіп өзін аулақ әкетті. Көңіл болса ол да фәнилерден бет бұрып, сырт айналды.

Олай болса сен де Уа, бейшара нәпсім! Ибраһимге (ғ.с.) ұқсап لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ деп, мына сөзді өзіңе медет қылып, бәлелерден құтыл!
چِه خُوشْ گُويَدْ اُو شَيْدَا جَام۪ى عِشْقْ خُوىْ
— 78 —

Болмысы бейне бір ғашықтықтан жаратылғандай, жүрегі махаббатқа толы, тіпті махаббатқа мас болған Мәулана Жәми, қарашы, назарды көпшіліктен жалғыз біреуге, яғни жаратылыстан Жаратушыға аудару үшін қандай тамаша сөз айтқан:

يَك۪ى خَواهْ يَك۪ى خَوانْ يَك۪ى جُوىْ يَك۪ى ب۪ينْ يَك۪ى دَانْ يَك۪ى گُوىْ

{[Сілтеме]: Тек осы сөздер Мәулана Жәмидің сөздері.

(1) Махбуб - сүйікті. Ауд.

(2) Матлуб - армандалған. Ауд.

(3) Мақсұт - мақсат қылуға лайық. Ауд.

(4) Мағбуд - ғибадат етілетін. Ауд.}

1. Яғни, жалғыз біреуді ізде! Одан басқалар іздеуге лайық емес.

2. Біреуді ғана шақыр! Өзгелер көмекке келмейді.

3. Біреуді ғана арманда! Басқалар лайық емес.

4. Біреуді ғана көр! Одан өзгелер әрдайым көрінбейді, көзден тасаланып, ғайып болады.

5. Біреуді ғана біл! Оны тануға септігі тимейтін ілім тегінде пайдасыз.

6. Біреу туралы айт! Онымен қатысы жоқ сөздер бос сөз саналады.

نَعَمْ صَدَقْتَ اَىْ جَام۪ى ٭ هُوَ الْمَطْلُوبُ ٭ هُوَ الْمَحْبُوبُ ٭ هُوَ الْمَقْصُودُ ٭ هُوَ الْمَعْبُودُ

Иә, Жәми! Өте дұрыс айттың. Нағыз Махбуб (1), нағыз Матлуб (2), нағыз Мақсұт (3), нағыз Мағбуд (4) жалғыз - Ол.

كِه لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُو بَرَابَرْ م۪يزَنَدْ عَالَمْ

Өйткені, бұл әлем бүкіл болмысымен, сан-алуан тілдерімен, түрлі дауыстарымен Оны зікір етіп, үлкен алқа болып түгелдей бәрі бірге "Лә иләһә илла Һу" (Одан басқа Құдай жоқ) деп, Аллаһтың біреу екеніне куәлік етеді.

لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ сөзі әлгіндей шексіз ауыр жараларға ем әрі манағыдай пайдасыз байланыстарды үзіп, фәни сүйіктілердің орнына соңсыз да бақи Махбуб-ы Ләязәлді (Мәңгі бақи сүйікті) көрсетеді.
— 79 —

[Бұдан жиырма бес жыл бұрын Стамбул бұғазындағы Юша төбесіне шығып, дүниені тәрк етуді ұйғарған кезімде кейбір жақын достарым менің дүниеге қайта оралуымды, бұрынғы жағдайда жүре беруімді өтініп қасыма келген-ді. Мен оларға: "ертеңге дейін қоя тұрыңыздар, мен ойланайын" дедім. Таңертең жүрегіме мынадай екі жапырақ суреттеме келді. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес. Сол бір мүбарак естеліктің құрметіне қалам жүгіртпей, тиіскенім жоқ. Қалай келсе солай жазылды. Жиырма үшінші Сөздің соңына қосылуы тиіс болатын. Орайы келгесін қайталанып отыр.]

БІРІНШІ ЖАПЫРАҚ
[Бейқам жандардың дүниесінің ақиқатын, мәнісін суреттейді.]

Мені дүниеге шақырма! Бәрі жалған әрі фәни.

Бейғамдық бір перде болды Хақтың нұрын жасырды.

Жаралғанның барлығын Жалған әрі зиян көрдім.

Дене кидім, бар болдым Өкінішті-ақ, аты бар да заты жоқ, бәлесі көп.

Тірілік десең оны да көрдім Азапқа түсіп, жапа шектім.

Ақыл дегенің мазамды алды Тіріліктің өзі бәле екен.

Өмір сүру бос әлек Кемелдік те бос әуре.

Іс-әрекет бәрі рия Арман-тілек бәрі қайғы.

Қауышу тез аяқталып Дауа нағыз дерт болды.

Мына нұрлар қараң қалып Сүйіктілер жетім қалды.

Дауыс біткен, жоқтау болып Мына жүрген тірілерді өлі көрдім.

Бүкіл ілім уайым болып Хикмет деген індет болды.

Ләззат болса уға айналып Болмысты жаппай жоқ көрдім.

Сүйіктім де болды менің "Қап!" қоштасу неткен жаман еді.

— 80 —

ЕКІНШІ ЖАПЫРАҚ

[Тура жолдағылар мен иманы кәміл жандардың дүниелерінің шын мәнісіне ишара етеді.]

Бейқамдық жоқ Хақтың нұры аян болды.

Болмыс - Аллаһтың аяттары екен Тірілік Хақтың айнасы.

Ақыл, қазынаның кілті екен Фәнилік болса бақилықтың қақпасы

Кемелдіктің сәулесі сөнгені рас бірақ, Жамалдың күні өшпес нұр.

Аяқталу қауышудың дәл өзі екен қайғы болса нағыз ләззат.

Өмір қызық, жүгіріс екен нағыз өмір ақыретте.

Қараңғылықтар әншейін жарықтың сырт қабығы мына өлімде өмір бар, нанбасаң көр.

Барлық затты дос, жар көрдім бүкіл дауыс зікір екен.

Бүкіл бөлшектер зікір етуші, тәсбих қылушы екен.

Түсінгенге пақырлық таусыл-май тын байлық екен әлсіздіктің өзі орасан зор күш-қуат.

Егер Аллаһты тапқан болсаң бүкіл болмыс сенікі.

Егер, Мәлик-ул Мүлікке құл болсаң Оның мүлкін өзіңдікіндей көр!

Егер де сен өзімшіл әрі жанымның иесімін десең басым бәлеге қалды дей бер.

Ол түсінік шексіз азапқа салып ол жүк өте ауыр екенін біл.

Егер нағыз құдайшыл, адал құл болсаң шексіз қуаныш, мол шаттық, байқап көр.

Саны шексіз мол сауап тап шексіз бақыт сонда деп біл!

О, нәпсім! Сен де жүрегім сияқты былай деп жыламсыра да жалын:

"Фәнилерді қаламаймын, өйткені өзім фәнимін, Әлсіздерді ұнатпаймын, өйткені өзім әлсізбін. Рухымды Рахманға тапсырдым, керек емес басқасы. Мүлдем емес, әрине керек, бірақ Бақи дос керек. Зәрредеймін, бірақ маған еш сөнбейтін Күн керек. Жоққа тәнмін, ештеңе де емеспін. Бірақ маған болмыс атаулы түгел керек"

— 81 —

Жиырма үшінші Сөз

[Бұл сөз екі бөлімнен тұрады]
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
لَقَدْ خَلَقْنَا الْاِنْسَانَ ف۪ٓى اَحْسَنِ تَقْو۪يمٍ ٭ ثُمَّ رَدَدْنَاهُ اَسْفَلَ سَافِل۪ينَ ٭ اِلَّا الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَ عَمِلُوا الصَّالِحَاتِ

Бірінші бөлім

Иманның мыңдаған әсемдіктерінің бесеуі ғана бес тұжырыммен баяндалмақ.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адам иман нұры арқылы Ала-и иллийнге, яғни, Жұмақтың жоғары дәрежесіне шығып, Жәннатқа лайық баға алады. Ал, күпірліктен пайда болатын көкірек қараңғылығы адамды құлдыратып, Жәһаннамға лайық күйге душар етеді. Себебі, шынайы иман адамды Сани-ы Зүлжәлалмен байланыстырады. Иман - қарым-қатынас, байланыс. Олай болса, адам Аллаһтың шеберлігімен оның көркем есімдерінің ою-өрнек, нақыштарын жүрегіндегі иманы арқылы бойына сіңіріп, қадір-қасиеті артады. Күпірлік болса байланысты үзіп жоқ етеді де, соның кесірінен Раббани шеберліктер көмескіленіп көрінбей қалады. Осыдан келіп, қадір-қасиет тек заттық тұрғыдан ғана бағаланатын болады. Зат болса уақытша әрі тұрақсыз, фәни және ақыл-ессіз жануарлардың өміріне тән. Сондықтан құны жоқ. Енді бұл сырды мысал арқылы түсіндірейік.

Мәселен, өнер саласында бұйымның заттық құны мен шеберлігінің құны әр түрлі болып келеді. Кейде екеуінің құны бірдей болса, кейде қолданылған заттың бағасы құндырақ болуы ғажап емес. Тағы бір жағдайда құны бес тиындық арзан заттан, бағасы қымбат, тіпті, миллион теңгелік бұйым жасалуы әбден мүмкін.

— 82 —

Міне, осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға шығарылып, сол жерде көне дәуірлік әлгі бұйымды жасаған хас шебердің өнері қоса мадақталса, сөзсіз ол туынды миллион есе қымбат бағаға сатылар еді. Ал, ол бұйым, ескі темір-терсек сататын дүкенге апарылса, құны өте төмен болары анық.

Міне, адам дегеніміз: Хақ Тағалатың таңғажайып жаратылысы әрі Оның шексіз құдіретінің тым нәзік үлгі мұғжизасы. Аллаһ Тағала адам баласын өзінің көркем есімдеріне бөлеп, нұрлы нақыштарымен әшекейлеп, оны бүкіл ғаламның кішкене бір үлгісі ретінде жаратқан. Егер де, жүрегіне иман нұры ұяласа, оның бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар әлгі нұрмен көрініп оқыла бастайды. Оны мүминнің өзі де сана-сезімімен оқи алады. "Мені Сани-ы Зүлжәлалдың құдіреті жаратты, мен оның өнерлі үлгісімін, жаратылған пендесімін. Ол мені рақымы мен мол мейіріміне бөледі" деген тұжырымдармен Аллаһтың шеберлігін өз бойынан табады. Демек, адам баласын Жаратушы Иесімен байланыстырып тұратын иман- адам бойындағы күллі шебер нақыштарды түгел айқындап береді. Осылайша, адамның құны Раббысының өнерімен бірге Самәдани айна болуы жағымен қоса бағаланатын болады. Сөйтіп, елеусіз адам, әлгіндей байланыстардың саясында барша мақұлықтардан биік мәртебеге көтеріліп, Аллаһтың әмірін тыңдаушы әрі Жәннатқа лайық Раббани қонақ атанады.

Егер, адам бойын осы байланысты үзетін күпірлік жайласа, Аллаһтың күллі көркем есімдерін көрсеткен нұрлы нақыштарды қараңғылық тұмшалап, оқылмайтындай күңгірт тартады. Расында, Жаратушысы ұмытылса, оған қатысты рухани жақтары түсініксіз болып, түрі бейне бір теріс айналғандай болады. Әлгі ғажайып көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың басым көпшілігі ашылмай қалады. Әлдебір жағдайда көзге көріне қалған тұстары болса, кездейсоқ немесе себептердің салдарынан болған нәрсе яки табиғи көрініс ретінде танылып құнын әбден жояды. Жалт-жұлт еткен алмас құнсызданып, шыныға айналғандай әрқайсысының мән-мағынасы тек "тірі зат" ретінде бағаланады да мақсаты мен пайдасы жоғарыда айтылғандай қысқа өмір сүретін жануарлардың ең бейшарасы әрі мұңы бітпес мақұлық, мұқтажы мол тіршілік иесі әрі соңында шіріп, жойылып кететін жаратылыстың бірі болып қалады.

— 83 —

Мінекей, күпірлік дәл осылай адам жаратылысын бұзып, қасиеттен жұрдай қылады. Бағалы алмасты, құнсыз көмірге айналдырады.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Иман - жарқыраған нұр. Ол адамды нұрландырып бойындағы барлық Самәдани нақыштарды оқытады. Сондай-ақ, бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен шақ пен болашақты қараңғы қапастан құтқарады. Мұның сырын түсіну үшін, Қасиетті Құранның:

اَللّٰهُ وَلِىُّ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا يُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ

деген аятының бір ғана мағынасына қатысты көрген салыстырмалы мысалды баяндап берейін. Ойға келген уақиға былай болатын:

Екі тау қатар тұр. Арасын қосып тұрған ұзына бойы көпір. Көпірдің асты терең құз. Мен үстінде тұрмын. Дүниені қараңғылық басыпты, айнала тас-түнек. Оң жағыма қарап едім, қою қараңғылықта қарауытып мазар көрінді. Сол жағыма қарап едім, тағы да тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұрды. Сәлден соң қаралы апат басталағалы тұрғандай бойымды үрей биледі. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Қараңғыда пайдаланатын қалта шамым болатын. Енді соның сығырайған, көмескі жарығымен айналама тағы бір көз жүгірте бастадым. Қауіп тіптен күшейді. Қарсы алдымдағы көпірдің басында өте үлкен айдаһарлар, айбынды арыстан тектес жабайы жыртқыштар жүр. "Шіркін, шамым болмағанда ғой, бұл қорқынышты бәлелерді көрмес пе едім!" деп іштей қынжылдым. Шамның жарығы түскен жақтың бәрінен түрлі қорқынышты көремін. "Қап, мына шам басыма бәле болды-ау!" деп шамның болғанына ашуландым. Болмаған соң қалта шамымды жерге бір ұрып сындырып тастадым. Сол-ақ екен, оның сынығы дүниені жарық қылатын алып электр шамының тетігіне тиіп кеткендей, қараңғы түнек сейіліп қоя берді. Айнала жарық нұрға бөленді. Айналамның шын мәнісін, ақиқатын көрдім.

Енді білдім, жаңағы үрейлі көпір дегенім жазық даладағы тегіс жол екен. Оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар болып, жарқын жүзді адамдар ұйымдастырған өзара сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық қылып, зікір ететін жайлы орын екенін аңғардым. Ал, сол жағымдағы дауылды шыңырау боп көрінген нәрсе көрікті, сұлу асқар таулар. Ал, дауыл-дүлей болып естілген дауыстар

— 84 —

сол таудың баурайында бас қосып, қонақасы беріп, көңіл көтерген қауымның сазды әуені екенін түсіндім. Менің айдаһар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі жуас түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен.

Дереу: «Әлхамдүлиллаһи ала нурил Иман» деп, Құраннан:

اَللّٰهُ وَلِىُّ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا يُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ

деген киелі аятты оқыдым. Көңілім жай тауып, үрейлі оқиға ғайып болды.

Уа, тыңдарман! Жаңағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни, бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жолы, оң жақ - өткен шақ, сол жақ - болашақ. Қалта шамы болса өзімшіл, білгеніне ғана жүгінетін адамның бойындағы менмендік. Жануарлар ретінде көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.

Менменшіл, өзіне сенген, көкірек қараңғылығында жүрген, тура жолдан адасқан адамның жағдайы да осы оқиғадағы менің бастапқы халімдей. Құдайдан безген адам қалта шамы тәрізді шала-пұла әрі адастыратын мағлұматтарымен өткен шақты мазар бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты дауылды, кездейсоқтыққа толы үрейлі әлем деп біледі. Хаким-і Рахимның тіл алғыш қызметшілерін әлемдегі құбылыстар мен жаратылыстарды қауіпті жыртқыш аңдар деп ойлайды. Сөйтіп, менменшілдік оны:

وَالَّذ۪ينَ كَفَرُٓوا اَوْلِيَٓاؤُهُمُ الطَّاغُوتُ يُخْرِجُونَهُمْ مِنَ النُّورِ اِلَى الظُّلُمَاتِ

дейтін үкімге әкеп соқтырады.

Егер, Аллаһтан һидает бұйырып, тура жолға түссе, көңіліне иман ұяласа, нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалып, Аллаһтың кітабына ден қойып, оқиғадағы жарқын халге келеді. Оның көзіне бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаһтың нұрына толады. Әлем: اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аятын оқытып тұрғандай ғажайып күй кешеді. Өткен шақты мазарлар бейнесінде емес, гүлденген бау-бақша қалпында, әр ғасырда пайғамбарлар мен әулиелердің
— 85 —

құзырында құлшылық еткен ниеті таза, мейірбан кісілердің өмірде өз міндеттерін адал атқарып: "Аллаһу Әкбар" деп, жоғары мәртебеге, көкке көтерілгендерін, болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен анық көретін болады. Сол жағына бұрылып қарап, онда берзах пен ақыреттің теңіздей буырқанған толқынының тасасында Жәннаттың бау-бақшалары мен Рахмани қонақасы әзірленген зәулім сарайлардың тұрғанын иманның нұрымен алыстан сезеді. Дауыл, зілзәлә, топан су сияқты қорқынышты құбылыстарды мақсатты да адал қызметшілер деп біледі. Көктемгі дауыл мен нөсер, сел секілді сыртқы көрінісі жағымсыз оқиғалар, шындығында өте нәзік әрі хикметке толы жағымды көрініс екендігін толық түсінеді. Тіпті, ажалдың өзін мәңгі өмірдің кіріспесі, қабірді мәңгі бақыттың есігі деп біледі.

Міне, тыңдаушым! Енді бұдан өзге айтылмай қалған жақтарын өзің салыстыр, ақиқатты санаға салып салмақта!

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Иман - нұр, иман - қуат. Иә, нағыз иманға қолы жеткен адам, жаратылыстың бәріне "тұрысатын жеріңді айт" дей алатын дәрежеге жетеді. Иманының қуатына қарай қырсық оқиғалардың қыспақтарына төтеп бере алады. Тәуекелге бел буып, бар ісін бір Аллаһқа тапсырады. Өмір кемесіне зор сеніммен мініп, тасқынды толқындарға қарсы жүзіп сайран құрады. Барлық ауыртпалықты Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне жүктеп, дүниеде көңілі хош, рахат өмір сүреді. Қабірде тынығып, содан соң мәңгі бақыт мекені, Жәннатқа самғайды. Егер тәуекел етпей қасарысса, ұшпақ былай тұрсын, дүниенің ауыртпалықтары Тозақтың түбіне батырып жібереді.

Демек, иманға тәухид, тәухидқа тәсілім, тәсілімге тәуекел керек. Яғни, Аллаһтың бір екеніне сенбей иман толық болмайды. Ал, Аллаһтың бірлігі болса толық мойынсұнуды қажет етеді. Мойынсұнып, көну болса, тәуекелсіз болмайды. Тәуекел деген адамға екі дүниенің бақытын әперетін құнды нәрсе. Алайда, тәуекел ету барлық шарттарды, себептерді мүлдем жоққа шығару емес. Әуелі шарттарды құдіреттің перделері деп танып, ал шарттарды орындау іс-қимылмен,әрекетпен жасалатын дұға деп түсіну қажет. Істің соңын тек қана Аллаһтан тілеу, нәтижелерді Жаратушымыз жасайтынын білу, әрі жалғыз Оған ғана қарыз болу керек.

— 86 —

Енді тәуекел ететіндер мен тәуекел етпейтіндердің мысалын бір хикая арқылы баяндап берейін:

Бірде екі адам ауыр, да үлкен қоржын арқалап, кемеге мінеді. Біреуі кемеге кірер-кірместен жүгін жерге қойып, үстіне отыра кетеді. Айналаны тамашалап, көңілі жәй. Келесісі ақымақ әрі тым тәкаппар болғандықтан жүгін жерге қоймай арқалап тұрады. Серігі оған: "Жүгің ауыр ғой, жерге қойып дем алсаңшы!" - деп еді, ол: "Жоқ, болмайды. Мұны көтере алмайтындай маған не болыпты. Әрі жоғалып кетуі мүмкін. Өз жүгімді өзім көтеретін күшім бар", - деп жауап береді. Оны көріп кемедегілердің жаны ашиды. "Мына бәрімізді көтеріп келе жатқан патшаның кемесі өте күшті әрі сенімді. Бүйте берсең басың айналып, жүгіңмен бірге теңізге құлап кетесің. Уақыт өткен сайын әлсіреп, мына бүкірейген белің мен ақымақ басың ауыр жүкке шыдай алмайды. Әрі кеменің қожайыны сенің мына түріңді көрсе: "Алжасқан есуас неме, кемемнің сенімді екеніне күмәнданып тұр-ау. Мазақ қылуын қарашы, өзінің" деп қамап тастауы мүмкін. Сөйтіп, баршаға күлкі боласың. Әлсіздігіңді көрсететін тәкаппарлығың, бейшаралығыңды білдіретін менмендігің, екіжүзділік пен міскіндігіңді көрсететін жасанды іс-әрекетіңді көрген жұрт әжуәләп күліп жатыр", - дегеннен кейін, әлгі бейшараның есі кірді. Жүгін жерге қойып үстіне отыра кетті: «Уһ, Құдай қалауыңды берсін! Машақаттан, қамаудан, масқара болудан құтқардың», - деп, серігіне алғысын білдірді.

Уа, тәуекелден бейхабар бейбақ! Ақылға кел, тәуекел ет! Сонда сен жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан қорқып үрейленуден, масқаралықтан, ақыреттік азаптан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адамды адам еткен - иман. Тіпті сұлтан қылатын да Иман. Олай болса адамның басты міндеті - иман келтіру, дұға ету. Күпірлік адамды нағыз құбыжыққа айналдырады.

Бұл айтылғанға қатысты мыңдаған дәлел бар. Мысалы, хайуан мен адамның дүниеге жаңа келгендегі жағдайлары анық дәлел бола алады.

Иә, адамзат жүректегі иман арқылы хайуаннан ерекшеленіп, адамзат атына лайық болғандығын олардың дүниеге келуіндегі айырмашылықтарына қарап білуге болады. Өйткені, хайуандар

— 87 —

дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде пісіп жетілгендей бейімділігіне орай кемелденген түрде келеді, яғни жіберіледі. Бар-жоғы екі сағат, екі күн немесе екі айдың ішінде дүниедегі өмір заңдарын, қоршаған ортамен болатын байланысын, тіршілік шарттарын тез меңгереді. Адамның жиырма жылда қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек, хайуандардың басты міндеті, іздене отырып даму, білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті тума бейімділігіне сай тіршілік ету, амал жасау, іс-әрекеттері арқылы құлшылық ету.

Адам баласы болса, олай емес. Дүниеге келгенде әр нәрсені үйренуге мұқтаж, өмір шарттарынан бейхабар, тіпті жиырма жасына дейін оны толық үйрене алмайды. Керек десеңіз өмірінің соңына дейін үйренуге мұқтаж. Һәм тым әлсіз, бейшара халде дүниеге келеді. Бір-екі жылда әзер дегенде аяққа тұрады. Он бес жасқа келгенде алғы шарт деңгейінде оңы мен солын танып, өмір сүрген ортасының ықпалымен жақсы мен жаманды айырады.

Демек, адам баласының негізгі міндеті - талпыну мен жетілу және дұға мен құлшылық. Яғни, «Кім екен маған жанашырлық жасап, хикметті түрде тәрбиелеп, басқарып отырған? Қайырымы мол, асыраушы, иелік етіп мәпелеуші кім болды екен?» деп ойлану, білу. Осылайша, қажеттіліктермен қамтамасыз етіп отырған Қади-ул-Хажатқа (Қажеттіліктерді қамтамасыз етуші) өзінің әлсіздігімен, бейшаралығымен жалбарыну, өтіну және дұға ету, яғни, әлсіздік пен бейшаралықты қанат етіп, оны өзіне шапағатшы жасап, құлшылықтың ең жоғарғы сатысына өрлеу болып табылады.

Демек, адам бұл әлемге білім алу және дұға ету, жалбарыну арқылы дамып жетілу үшін келген. Әр нәрсенің мәнісі мен бейімділігі ілімге тәуелді. Ал, ілімнің негізі, қайнар көзі, нұры мен рухы - Марифетуллаһ, ал оның іргетасы Иман-ы Биллаһ.

Сондай-ақ, адам баласы тым әлсіз, ол аздай басына үйілген бәлелері, көптеген дұшпандары бар. Олардан әрдайым соққы жейді. Өзі тым бейшара, кіріптар әрі шексіз арман-тілектері бар. Сондықтан, жаратылысына сай басты міндеті, негізгі жұмысы - Иман келтірген соң дұға ету болып табылады. Дұға дегеніміз - құлшылықтың негізі.

— 88 —

Мәселен, сәби өзінің қолы жетпеген нәрсесін алу үшін жылайды, я сұрайды, яғни, іс-әрекетімен немесе тілімен әлсіздігін білдіріп дұға етеді. Осылайша, мақсатына жетеді. Сол сияқты адам, бүкіл хайуандардың ішінде бейне бір нәзік, ерке сәби тәрізді. Ол, Рахман-үр рахимнің алдында өзінің әлсіз, бейшара екенін мойындап жылауы керек немесе пақыр, мұқтаж екенін сезіп дұға етуі тиіс. Оның бұлай дұға етуі мақсаттарына жеткізеді және жасалған қамқорлыққа шүкір еткен болып есептеледі. Әйтпесе, кішкентай шыбыннан зәрресі қалмайтын жылауық, ақымақ әрі тентек бала секілді: «Мен өз күшіммен менен мың есе күшті, таңғажайып алыптарды бағындырып отырмын. Оларды іліміммен көзін тауып, бас идіріп отырмын» дегендей, жасалып жатқан қамқорлықты жоққа шығарса, табиғатына қайшы әрекет қылып, ауыр жазаға тартылады.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Иман - дұғаны ұйытқы ретінде қажет етеді және адамның болмысы да оған мұқтаж. Тіпті, Хақ Тағаланың өзі: "Дұға етпейтін болсаңдар, қадірлерің жоқтың қасы" деген мағынада: قُلْ مَا يَعْبَؤُا بِكُمْ رَبّ۪ى لَوْلَا دُعَٓاؤُكُمْ деп бұйырады. Һәм
Оның: اُدْعُون۪ى اَسْتَجِبْ لَكُمْ деген әмірі тағы бар.

Егер: «Қайта-қайта дұға етіп жалбарынып жатқанда кейде қабыл болмайды. Алайда, аят жалпыға ортақ, әрі барлық дұғаға бірдей жауап беріледі, дейді. Сонда қалай?» - деп сұрар болсаң, оған айтылар жауап мынадай:

Жауап беру бір басқа, қабыл алу бір басқа. Барлық дұғаның жауабы беріледі. Бірақ, қабыл болуы және дәл сұрағанының берілуі Аллаһ Тағаланың хикметіне тәуелді.

Мәселен, науқас бала дәрігерге келіп: "Дәрігер!" - дейді. «Иә балақай, айта ғой», - деп жауап береді дәрігер. «Маған анау дәріні бересіз бе?» - дейді бала. Дәрігер болса, оның сұрағанын бұлжытпай орындайды, не оның жағдайына байланысты одан да жақсысын береді, не болмаса денсаулығына зиян екенін біліп ештеңе бермейді.

Сол сияқты Жанаб-ы Хаким-і Мұтлақ (Нағыз дана, хикмет иесі) бәрін көріп, білетін болғандықтан құлының дұғасын жауапсыз қалдырмайды. Оның жалғыздық пен үрейін басатын сабыр сыйлап,

— 89 —

жауап беру арқылы достық шыраймен көңілін жайлайды. Әрине, адамның әуесқой нәпсісінің қалауына қарай емес, Раббани хикметінің талабына сай тілегенін немесе одан да тәуірін береді. Болмаса мүлдем бермейді.

Сондай-ақ, дұға дегеніміз құлшылық. Құлшылық жемісін негізінде ақыретте береді. Дүниедегі мақсаттар болса, ондай дұға мен құлшылықтың өзіндік уақыты болып табылады. Ол мақсаттар әлдеқандай пайда көру үшін болмауы тиіс.

Мәселен, жаңбыр намазы мен дұғасы құлшылық болып саналады. Ал, құрғақшылық болса, сол құлшылықтың уақыты. Әйтпесе, ол дұға мен құлшылық жаңбырды жауғызу үшін емес. Егер тек сол үшін болса, ол дұға мен құлшылық шынайы болмағандықтан қабыл болуға лайық емес. Мәселен, Күннің батуы ақшам намазының уақыты болып саналады. Сондай-ақ, Ай мен Күннің тұтылуы күсүф және хүсүф дейтін намаздардың уақыттары, яғни, бұл аталған екі құлшылық сол уақыттарға ғана тән. Себебі, ол кезде Аллаһтың түнгі аяты Ай мен күндізгі жарқын аяты Күн перделенеді де, Иләһи құдіреттің орасан зор ұлықтығын жар салатын болғандықтан Хақ Тағала құлшылықтың осы бір түріне құлдарын дәл сол уақыттарда шақырады. Аталған намаз (аяқталуы әрі қанша уақытқа созылуы астрономиялық есеппен белгілі болған) тұтылған Ай мен Күнді ашу үшін емес.

Сол сияқты, құрғақшылық та жаңбыр намазының уақыты немесе басымызға келген бәле-жала яки қандай да бір қайғы, өзіне тән кейбір дұғалардың уақыты болып табылады. Сондай сәттерде адам өзінің әлсіздігін сезіп дұға етіп, Қадир-ы Мұтлақтың (Күш-құдіреті шексіз) алдына шарасыз жалбарынады. Егер, көп дұға еткеннің өзінде бәле-жалалар тыйылмаса "дұға қабыл болмады" демей, оның орнына "дұғаның уақыты толмапты" деп түсінген жөн. Егер, Хақ Тағала жарылқап қайғы-қасірет сейілсе, онда тіпті жақсы, дұғаның уақыты да аяқталған болып есептеледі. Демек, құлшылықтың сыры дұғада. Құлшылық шынайы ниетпен Құдай үшін жасалуы керек. Әрбір адам Аллаһ алдында өзінің әлсіздігін нақты көрсетіп, дұға арқылы жалбарынуы тиіс. Аллаһтың ісіне, оның Рубубиетіне араласпауы керек, істің сәтті болып-болмауын оның қолында деп, хикметіне сеніп, мейірімділігіне шүбә келтірмеуі керек.

— 90 —

Сонымен, күллі аяттардың баяндамасынан шығатын қорытынды мынау: Жаратылыс атаулының өзіне тән тәсбихтері, құлшылықтары, өздеріне тән сәжделері бар. Міне, бұл олардың Аллаһқа деген дұғалары. Дұғалардың да сан-алуан түрлері бар.

Біреуі бейімділік тілімен жасалатын дұға. Өсімдіктердің дұғаларын айтуға болады. Олардың әрқайсысы бейімділігіне қарай Фәйяз-ы Мұтлақтан (Нағыз нұрға бөлеуші) түр-түс талап етеді. Жаратушы Аллаһтың есімдеріне айна болып жарқырайды. Біреуі мұқтаждық тілімен жасалатын дұға. Жан-жануарлардың шамалары жетпейтін қажет-тілектеріне қол жеткізу үшін, мәжбүр болып жасаған дұғалары. Әрқайсысы мұқтаждық тілімен Джәууад-ы Мұтлақтан (Шексіз бай, молшылық иесі) тіршілік ету үшін азық секілді аса қажетті заттар сұрайды.

Енді бірі шарасыздық тілімен жасалатын дұға. Қиын-қыстау кезеңде әрбір мақұлық бір қамқоршыға жалбарынады, яғни, Рабб-ы Рахимін іздейді.

Осы үш түрлі дұға, қандай да бір кедергі болмаса, әрқашан қабыл болады.

Тағы бір дұғаның түрі, кәдімгі, яғни, адам баласының дұғасы. Бұл дұға да екі түрге бөлінеді.

Біріншісі, іс-қимыл, хал-жағдай арқылы.

Екіншісі, жүрек пен тіл арқылы.

Мәселен, шарасын іздеп, себептерге ұмтылу іс-қимыл арқылы жасалатын дұға. Нәтижені жиналған себептер жасамайды. Олар нәтижені Аллаһтан тілеу үшін өз халдері мен оны риза қылатын күйге енеді. Егін егу мейірімділік қазынасына жасалған өтініш, дұға-тілек. Мұндай іс-әрекетпен жасалған дұға, Джәууад-ы Мұтлақтың (Шексіз бай, молшылық иесі) есім сипатына бағышталғандықтан басым көпшілігі қабыл болады.

Екінші, жүрекпен, тілмен жасалатын дұға. Қол жетпеген кейбір өтініш-тілектерін Аллаһқа айтып, жалбарыну. Бұл дұғаның басты мақсаты мен балдай тәтті жемісі мынада: Дұға жасап, жалбарынған пенде өзін тыңдайтын біреу бар екенін, Ол мұның жүрегінің түкпіріндегіні естіп бәріне құдіреті жететініне, талап-тілектерін жаппай орындай алатынына, бейшаралығына қамқорлық жасап, медет беретініне сенеді.

— 91 —
Тыңда, ей әлсіз, бейшара пақыр адам! Мейірімділік қазынасын ашатын кілт, таусылмас қуат қайнары болып табылатын дұғаны уысыңнан шығарма. Дұға арқылы адамгершіліктің ең жоғары мәртебесіне шық. Сұлтан атан да бүкіл әлемнің дұғасын өзіңнің дұғаңа қос. Құлдардың ең абыройлысы атанып, көпшіліктің өкілі сияқты اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ де. Бүкіл әлемге тамаша үлгі бол!
— 92 —

Екінші бөлім

Бұл бөлімде адамды бақытқа жетелейтін себептер мен бақытсыздыққа душар ететін себептердің бес түрі баяндалмақ.

[Адам ахсән-і тақуим түрінде, яғни, аса қабілетті, керемет көркем түрде жаратылған. Әрі өзге жаратылыстардан артық, әртүрлі бейімділікке ие болғандықтан азғындықтың ең төменгі сатысынан кемелденудің ең жоғарғы сатысына дейін, «әсфәл-і сафилиннен» "ала-ы иллиінге", жерден көкке, зәрреден Күнге дейін созылып жатқан дәрежелерге, мәртебелерге өрлей немесе құлдырай алатын жолдары бар сынақ алаңына жіберілген. Оның алдында биікке өрлеудің немесе төменге құлдыраудың екі жолы жатыр.Міне, адам, Иләһи құдіреттің мүғжизасы, жаратылыстың нәтижесі ретінде өнерлі де шебер жаратылып бұл дүниеге жіберілген. Енді, сол адам баласының осындай керемет дамуы мен құлдырауының құпия сырларын қысқаша "бес тұжырым" арқылы баяндайық.]

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адам бүкіл әлеммен тығыз байланыста, әрі көптеген нәрселерге мұқтаж. Қажеттіліктері, арман-тілектері бастан асады. Қалауы мен аңсаған арманы таусылмайды. Жаны бір гүлді қалағаны сияқты, көктемнің келуін де аңсайды. Бау-бақшаны қалағаны сияқты, мәңгілік Жәннатты да аңсайды. Досын көруді аңсайтыны сияқты, Жәмил-і Зүлжәлалді (Айбынды да сұлу, өте көркем) де көруге құштар. Алыстағы сүйіктісін сағынып, бір көруге асығатыны секілді, қабір әлеміне кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйіктілерімен мәңгілікке қоштасқысы келмей, олармен қауышуды аңсағандықтан, мына дүниенің есігін жауып, баршаның баратын жері ақыреттің есігін ашады. Қадир-ы Мұтлақтың (Күш-құдіреті шексіз) мына дүниені бұзып, орнына ақыретті құратын құдірет күшінің алдында жалбарынуға тым мұқтаж-ақ. Міне, осындай әлсіз күйдегі адам баласының Мағбуды (табындырушы), әлбетте, барлық нәрсенің тізгіні қолында, әр нәрсенің қазынасы қасында, барлығын көруші, барлық жерде бола тұра тұрақты мекені жоқ, уақыт, мезгілге тәуелсіз, құдіреті күшті, еш кемшіліксіз, нұқсандығы жоқ біреу ғана бола алады. Мұндай толық сипаттарға ие жалғыз Қадир-ы Зүлжәлал (айбынды, құдіреті шексіз), Рахим-ы Зүлжамал (Өте сұлу мейірімді),

— 93 —

Хаким-і Зүлкамал (Кәміл хикмет иесі) ғана. Өйткені, адамзаттың шексіз қажеттілігін, мұң-мұқтажын өтеу тек шексіз құдірет пен шексіз ілім иесінің ғана қолынан келеді. Олай болса, адам баласының жалбарынуы мен табынуы да тек сол жалғыз құдірет иесіне арналуы тиіс.

Уа, адам! Сен тек соған ғана құл болсаң, бүкіл жаратылыстан жоғары мәртебеге ие боласың. Егер, Оған құл болудан бас тартсаң, мақұлықтарға қорланып әлсіз пақырларға құл боласың. Менмендікке салынып, күш-қуатыңа сеніп, тәуекел мен дұғаны тастап, тәкаппарлана, дауласатын болсаң, игілік жасау, бір нәрсе істеуге келгенде ара мен құмырсқадан да, өрмекші мен шыбыннан да дәрменсіз боласың. Ал, жамандық жасауға, бүлдіруге келгенде тау мен теңізден, Жер мен Көктен асып, олардың бас тартқан ауыр жүгін мойныңа аласың.

Уа, адам! Расында сенің екі жағың бар.

Біреуі: Әлденені жасау, жақсылық істеу, мойындау, іс-әрекет ету секілді жағымды жағың.

Екіншісі: Бұзу, жоқ қылу, бүлдіру, жамандық жасау, жоққа шығару, қасарысу, секілді жағымсыз жағың.

Бірінші жағыңмен қолыңнан еш нәрсе келмейді. Кәдуілгі арадан, торғайдан дәрменсіз, шыбыннан, өрмекшіден әлсізсің.

Екінші жағыңмен, көк пен жерден, таудан да асып түсесің. Олар, тартынған жауапкершілікті мойныңа алып, олардан әлдеқайда ауқымды алаңға үстемдік етесің. Себебі, сен әлдебір игі іс жасағанда, тек қолың жеткені мен шамаңның келгеніне, күшің жететіндей игілік істей аласың, ал жамандық жасауға, бұзып - бүлдіруге келгенде жамандығың артып, бұзықтығың жайылып, жан-жаққа тарап кетеді. Мәселен, Күпірлік - өте жаман нәрсе. Оның негізінде бүлдіру, мойындамай, қасарысу жатыр. Бір қарағанға кішкене жамандық сықылды болғанымен расында бүкіл әлемді қорлау, әрі Аллаһтың бүкіл есімдеріне тіл тигізу және адамзаттың абыройын төгу дейтін жағымсыз қылық. Өйткені, бізді қоршаған ортаның өзіндік жоғары мәртебелері, жүктелген маңызды міндеттері бар. Олар - Аллаһтың қызметшілері Раббани хаттар, әрі Сүбхани айналар. Күпірлік болса, оларды қызметтен аластатып, міндеті мен мағынасын жойып, оларды әбестік пен кездейсоқтықтың ойыншығына айналдырады.

— 94 —

Айна тәріздес жаратылыстағы Аллаһтың есімдерінің ою-өрнек нақыштарын, көріністерін, әсемдіктерін жоққа шығарып, мазақ қылады. Әрі Аллаһтың есімдерін тамаша түрде жариялайтын "адамзат" атты әсем өнерін, яғни, мәңгі жасайтын ағашты, нәтижесі дәніне сыйғызылған құдірет туындысын, сондай-ақ, үлкен аманат арқалап Жер мен Көкке үстемдік еткен, періштелерден де жоғары мәртебеге ие, жер жаһанның ханзадасы атанған адамзатты мүсәпір әрі фәни хайуаннан да бетер бейшара, тым әлсіз әрі пақыр санап, өмірден өте шығатын жануарға теңеп дәрежесін әбден төмендетіп жібереді. Сөйтіп, оны адами кейіптен шығарып, мән-мағынасы жоқ, өшіп, жоғалып кететін түкке тұрғысыз құр қауақ санап, абыройын төгіп, масқара қылады.

Сонымен, жүгенсіз нәпсі бүлдіру мен жамандық істеуге келгенде қылмыстың нелер бір сұмдық түрлерін жасай алады. Ал, жақсылық істеуге, бірдеңе жасауға келгенде алаңы тарылып кішкентай боп қалады. Иә, үй тұрғызу қиын, бірақ бұзу оңай. Жүз күн қалап тұрғызған үйді бір күнде бұзуға болады. Алайда, менмендіктен арылып тәкәпарлықты тастаса жақсылықты, болмысты аса қамқор Аллаһтың таупығынан тілесе және жамандықтан, бүлдіру мен қасарысудан бас тартып тәубаға келсе, يُبَدِّلُ اللّٰهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ сырына бөленеді. Бойындағы жамандыққа бастаушы шексіз қабілет жақсылыққа бастаушы қабілетке айналады. Ахсән-і тақуим құндылығына ие болып, аса қадірлі, жоғары мәртебеге ие болады.

Міне, Уа, бейқам адам! Хақ Тағалатың асқан мейірімділігіне көңіл бөл! Бір жамандық жасағанда мың есе жазып, бір жақсылық істегенде бір рет жазу немесе мүлдем жазбаса да әділдік бола тұра, бір жамандықты бір мәрте, бір жақсылықты он, кейде жеті жүз, тіпті кейде мың есе артық жазады. Осыдан түсін, анау жалын шашқан Жәһаннамға түсу, өзіңнің жасаған жамандығыңның нәтижесі, әрі әділ жаза екен де, Жәннатқа жету, Аллаһтың аса мейірімі мен жарылқауы екен.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адамның екі қыры бар: Біреуі, менмендік, онымен мына дүниеге қарайды. Екіншісі, құлдық, онымен ақыреттік мәңгі өмірге қарайды. Бірінші жағынан қарағанда, адам баласы тым бейшара мақұлық. Таянған бар сүйеніші еркіндік аталмақ, тырнақтай қалау және құдіреттен алар сыбағасы шағын бір

— 95 —

кәсіп, көзді ашып жұмғанша өте шығатын өмір, жалған болмыс. Жер бетіндегі өзге жаратылыстармен салыстырғанда, өте нәзік, әлсіз дара тұлға.

Екінші жағынан, әсіресе құлдыққа тән әлсіздік пен пақырлық тұрғысынан қарасаң оның алаңы кең, зор маңызға ие. Себебі Фатыр-ы Хаким (Әр нәрсені хикметпен теңдессіз жаратушы), адамның әлсіздігіне шек қоймай өте пақыр етіп жаратқан. Қадир-ы Рахим (Өте мейірімді, құдіреті шексіз), сарқылмас байлық, таусылмас қазынаның иесі Ғани-ы Кәримнің (Аса жомарт, өте бай) теңдесіз көркемдігін қамтитын жинақы айна кейпінде жаратқан.

Иә, адам баласы бейне бір дән секілді. Өсіп-өнуі үшін дәнге құдірет тарапынан рухани маңызды қабілет және тағдыр тарапынан шағын да құнды бағдарлама берілген. Мақсат - сол арқылы жер астынан тырбанып, тар әлемнен кең де жарық ауа әлеміне шығару. Жаратқан Иесінен ағаш болуды сұрап бейімділік тілімен дұға ету, яғни, сұрау. Осылайша өзіне лайық кемелді түрге ену. Егер әлгі дән, өзіне берілген рухани қабілетті, орынсыз жұмсап, жер астындағы зиянкес заттарды жинауға арнаса, әлгі тар қараңғы жерде түкке жарамай шіріп кетеді. Егер, дән өзінің рухани қабілетін فَالِقُ الْحَبِّ وَالنَّوٰى деген тәкуин әміріне, яғни, Аллаһтың жарату заңына сәйкес тиімді пайдаланса, топырақ астындағы қапастай тар әлемнен шығып, кең ауада бой түзеген зәулім ағашқа айналады. Осылайша, дәнінің шағын ақиқаты мен мағынауи рухы ауқымы кең ақиқатқа айналады.

Дәл сол сияқты, адам баласына, құдірет, маңызды қабілет, тағдыр, құнды бағдарлама сыйлаған. Егер адам, жер асты тәріздес мына қу дүниелік тұрмысқа бойындағы бүкіл қабілетін нәпсіқұмарланып орынсыз жұмсаса, дүниедегі өткінші ләззаттармен алдамшы күй кешіп, шіріген дән секілді тозғынға ұшырайды. Егер адам, дән тәріздес бейімділігін Ислам нәрімен суарып, иманмен жарық беріп, құлшылық атты топыраққа егіп рухани қабілетін Құранның әмірлеріне сәйкес, биік мақсаттарға пайдаланса, әлбетте әлем-і мысал мен берзахта яғни о дүниелік бақи әлемде өркен жаятұғын, Ақырет пен Жәннатта жеміс беретұғын мәңгілік ағаштың дәніндей өсіп-өніп, мәңгілік жиһаздардан жасалған таңғажайып жанды машинаға немесе әлем атты ағаштың мүбарак, нұрлы жемісіне айналады.

— 96 —

Расында, нағыз даму деп, адам баласына берілген жүрек, рух, ақыл-ес, ой-сана, көңіл һәм тағы басқа сезімдерді мәңгілік өмірге бағыштап, әрқайсысын өзіне тән құлшылықпен шұғылдандыруды айтады. Анау Хақ жолдан тайғандардың даму, өркениет деп жүрген, дүниелік өмірдің қызығын қуу, жалған рахатына батудың түрлерін тіпті ең жиіркеніштісін тату үшін барлық ақыл-ес, ой-сана, жүрек сияқты сезімдерін нәпсінің құлына айналдыруы даму емес, түпсіз құлдырау. Осы бір ақиқатты қиял оқиғада мынадай бір теңеу арқылы көріп едім. Теңеу былай болатын:

Көп қабатты зәулім сарайлары бар үлкен шаһарда жүр екенмін. Кейбір сарайлардың ауласы шамдары жалт-жұлт, жайнаған көркі сәнді театр секілді еріксіз көз тартады. Оған қоса баршаның көңілін сергітетін ойын-сауықтар ұйымдастырылған. Сондай үйлердің біріне көзім түсіп еді, иесі есігінің алдында итімен ойнап жүр екен. Ханымдары әлде бір бейтаныс жігіттермен әңгімелесіп, көңілді сұхбаттасып тұр. Бойжеткен қыздар кішкентай балалардың ойындарын қызықтап, оларды басқарып жүр. Үйдің күзетші малайы әкім киімін киініп, оларды басқарып жүргендей, бейне бір әртістің кейпінде көрінді. Сонда мен бұл зәулім сарайдың іші қаңырап бос қалғанын аңғардым. «Иә, негізгі шаруа, басты міндет атқарылмай қараусыз қалған екен. Түрлері мынау, шамасы ахлақтары бұзылған-ау», - дедім.

Бұлардан өтіп жүре бергенімде тағы бір зәулім сарайға тап болдым. Есік алдында міндетіне адал, сақ ит пен сұсты да салмақты күзетшінің тапжылмай тұрғандарын көрдім. Ауласының іші де тым-тырыс. «Бұл неге мұндай, анау неге ондай?» деген ой келіп, соны білмекке аулаға қарай беттедім. Сарайға кіріп едім, іші жайнап-ақ тұр. Әрбір қабатта үй тұрғындары аса күрделі өз міндеттерімен шұғылданған, қолы бос адам көрінбейді. Бірінші қабаттағылар сарайдың шаруашылығымен шұғылдануда, олардан жоғарыда ұл-қыздар сабақ оқуда. Олардың жоғарғы қабатында әйелдер ою-ойып, кесте тоқуда. Ең үстіңгі қабатта болса сарай иесі телефон арқылы патшамен байланысып, халқының қамын ойлап, әрі өз ілімін дамытып жетілдіру үшін жеке басына қатысты мәселелерді де тілге тиек етіп, өзекті де ортақ мәселелерге пікір алысып отыр. Оларға мен көрінбегендіктен ешкім ештеңе демеді. Кең сарайды емін-еркін араладым.

— 97 —

Содан соң, сыртқа шықтым. Айналама қарасам, шаһардағы сарайлар екі түрлі екен. Себебін сұрағанымда: «Ауласы жайнап, іші бос тұрған үйлер кәпірлер мен Хақ жолдан тайғандардікі, ал іші толы болғандары зиялы мұсылман ғұламаларының сарайлары», - деп жауап берді. Бұдан кейін бұрышта оңаша тұрған бір сарайға көзім түсті. Маңдайшасындағы «Саид» деген жазуды көріп, көңілім елтіп, үңіліп едім, өз бейнемді көргендей болдым. Сасқанымнан даусымның қалай шыққанын да білмей, айқайлап жіберіппін. Есімді әрең жидым. Аллаһ қайырын берсін!

Осы бір қиял оқиғаны енді сізге жорып берейін. Теңеудегі шаһар - қоғамдық өмір мен мәдени тұрмыс. Әрбір сарай - жеке бір адам. Сарай тұрғындары - адам бойындағы көз, құлақ, жүрек, рух, ақыл-ой, нәпсіқұмарлық пен әуестік секілді сезімдер. Ол сезімдердің атқарар өзіне тән түрлі құлшылық міндеттері, қызық-ләззаттары, өзіндік қайғы-қиыншылықтары болады. Бойымыздағы нәпсі мен әуестік, құмарлық пен ашу сезімдер әлгі ит пен күзетші тәрізді. Сол себепті, бойдағы құнды сезімдерді әуестік пен нәпсіқұмарлықтың жетегіне ноқталап беріп, оларды негізгі міндеттерінен босату, әрине даму емес - құлдырау, жетілу емес - азғындау. Енді, қалған жақтарын өзің жорып ал!

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адам қандай да бір іс-әрекет, амал жасауға және өзін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге келгенде өте әлсіз жануар секілді, бәрінен бейшара мақұлық тәрізді. Оның билік пен иелік алаңының тарлығы сонша, көлемін қолмен өлшеуге болады. Тіптен қолға үйретілген үй жануарлары адамның әлсіз, пақыр әрі жалқау сипаттарынан әсер алғандықтан жабайы тұқымдастарымен салыстырғанда үлкен айырмашылық байқалады. (Үй ешкісі мен жабайы ешкі және қолдағы сиыр мен қодас секілді).

Әйтседе адам баласын әсер алу, қабылдау, дұға ету, сұрау тұрғысынан пайымдар болсақ, онда оның мынау "дүние" атты қонақ үйде ең қадірлі қонақ, мәртебелі жолаушы екендігін аңғаруға болады. Оның жолаушылап түскен үй иесі асқан жомарт, мейірімді. Жомарттығы сондай, оған өзінің теңдесі жоқ жаратылыстары мен қызметшілерін бағындырып, сарқылмас қазынасын алдына жайып тастаған. Келген қонағының еркін дем алып, жайлы тынығуына,

— 98 —

айналасын қызықтап, қажетінше пайдалануына дайындаған алаңының үлкендігі сонша, адамның көзі жетер жерден асып, қиялы жетер шексіз кеңістікке қарай созылып жатыр.

Міне, сол себепті адам баласы менмендікке салынып дүниелік бәз өмірге күрмеліп, өткінші ләззатпен қызық қуса, өлшеулі ғұмыры тар алаңда булығумен өтіп, оған берілген күллі қабілет, құрал-жабдықтар, құнды сезімдер хашірде (ақыреттегі сотта) оның үстінен шағым айтып дауласатын куәгерлерге айналады. Ал, егер адам өзін Оның қонағымын деп білсе, қолда бар иелігін қонақжай иесі Зат-ы Кәримнің рұқсат еткен алаңында жұмсаса, иелік алаңы кеңіп, мәңгі өмір үшін адал еңбек еткен болады. Солайша, қабірде тынығып, содан соң ала-и иллийнге көңілді бет алады. Әрі оған берілген күллі қабілет құрал-жабдықтар оған ризашылықтарын білдіріп, ақыретте оны жақтайтын куәгерлерге айналады.

Күллі ғажайып қабілеттілік адам баласына мына түкке тұрғысыз дүниелік өмір үшін берілмеген. Өйткені, адамды өзге жануарлармен салыстырғанда, оған өте керемет қабілет, көптеген құрал-жабдықтар берілген. Хайуандарға қарағанда жүздеген есе көп сый көрсетілген. Бірақ, хайуан секілді өмір сүру, күн көріске келгенде жүздеген есе нашар тұрмыс бұйырған. Оның себебі, әрбір татқан ләззаты өзінен кейін мыңдаған қайғылы із қалдырады. Өткен күндердің өкініштері, келешектің қорқыныштары, тіпті әрбір ләззаттың аяқталу сәтіндегі күйік пен қайғы, көңілдегі қуанышты су сепкендей басады. Жүрегін сыздатып орнына дақ қалдырады. Ал, хайуандарда мұндай сезім болмайды. Олар мұңсыз ләззат алып, уайымсыз рахатқа батады. Өткеннің өкініші, келешектің қорқынышы олардың мазасын алмайтыны себепті маңғаздана, ішіп-жеп Халиқына, яғни, жаратушысына шүкір етеді.

Демек, өзгелерден ерекше ахсән-і тақуим түрінде жаратылған адам баласы фәни өмірді басты мақсат тұтса, әуелден берілген қабілеттер жағынан жүздеген есе бай бола тұра, нақтап келгенде құс екеш құс, торғайдан жүздеген есе төмен дәрежеге түседі. Бұл ақиқатты мұнан бұрын бір жерде теңеу арқылы айтқан болатынмын. Енді сол теңеуді қайталаудың реті келіп тұр.

Баяғыда бір мырза екі қызметшісін шақырып алып, біреуіне он алтын ұсынып: «Мынаған өзіңе лайықты бір киер киім тіктіріп ал!» деп, екіншісіне мың алтын беріп, жазу жазылған бір жапырақ қағазды

— 99 —

қалтасына қоса салып, екеуін базарға жіберіпті. Әуелгі қызметші он алтынға тәп-тәуір матадан өзіне шақ, әдемі киім сатып алады. Екінші қызметші ақымақтық жасайды. Қалтасындағы есеп-қисап қағазына қараудың орнына, қасындағы қызметшіге еліктеп, сатушыға бар алтынын беріп, бір киер киім сұрайды. Ынсапсыз саудагер оған матасы шірік бір киер киімді ұстата салады. Ақымақ қызметші шіріген киімге мәз болып қожайынына келеді. Ақымақ қызметшіні қожайын ауыр жазаға тартып, қамап тастапты.

Шын мәнінде әлгі қызметшіге берілген мың алтын тек бір киер киім үшін емес, әжептеуір үлкен сауда жасау үшін берілгендігін аз ғана ақылы бар адам аңғару керек-ті!

Дәл сол сияқты адам бойындағы қабілеттер мен құнды сезімдердің әрқайсысы хайуандардың сезімдерімен салыстырғанда жүз есе артық әрі бай. Мысалы, көзімен сұлулықтың барлық түрін айырып, тілі арқылы тағамдардың түрлі дәмдерін сезеді. Ақиқаттарды егжей-тегжейлі зерттеуге ақыл-ойын жұмсап, жақсылық атаулыны көңіл таразысымен өлшейміз. Міне, осындай толып жатқан қабілеттер мен сезімдер қаншалықты керемет десеңізші! Мұның қасында хайуандарда болатын тым қарапайым, бір-екі саты ғана жетілген сезімдері төмен екені түсінікті емес пе!? Арадағы бар айырмашылық әрбір жануардың өзіне тән іс-қимылында. Әлдебір жануардың белгілі бір мүшелері ғана ерекше дамитыны рас десек те, алайда ол даму тек сол жануардың өзіне ғана тән қасиет.

Адам баласының аса қабілетті болуының бір себебі ақыл мен сана болғандықтан, сол арқылы сезіну мен сезу қабілеттері жақсы дамыған. Қажеттіліктерінің көптігі де соған сай сан-алуан сезімдерді пайдалануға итермелейді. Сезімталдығы ерекше түрде дамыған. Әрі жаратылысы өте күрделі болуы себепті шексіз мақсаттарға жетелейтін талап-тілектері және мойнында о баста атқаруға тиіс міндеттері болғандықтан сезім мүшелері мен қабілеттері өте жақсы жетілген. Сондай-ақ, құлшылықтың барлық түріне икемді етіп жаратылғандықтан кемелденуге сай бейімділіктер қоса берілген. Міне, осыншама дүние, мол байлық, әрине мына түкке тұрғысыз, өткінші, жалған өмірді қызықтау үшін берілмеген. Қайта мұндай байлыққа ие, адам баласының басты міндеті - биік мұраттарға бағытталған қызметін адал атқарып, өзінің әлсіздігі мен бейшаралығын, ағаттық

— 100 —
пен кемшілігін мойындап, жар салу. Шын ықыласымен, және ауқымды назарым ّ۫ терең ойымен, қоршаған ортаның, жаратылыс атаулының тәсбих-зікірлерін тамашалай отырып куәгерлік ету, берілген нығметтерден, сыйланып жатқан рызықтардан Аллаһтың медетін сезіп шүкір ету, сондай-ақ, әлемге қарап ондағы Аллаһтың құдіретінің мүғжизаларын, көріп олардан ғибрат алып, толғану ой түю болмақ.

Уа, дүниелік өмірге ғашық, ахсән-і тақуим сырынан бейқам, дүниеге табынушы адам! Мына өмірдің шындығын бұрынғы Саид қиял оқиғадан көрген болатын. Енді сол бұрынғы Саидты жаңа Саидқа өзгерткен бір теңеу оқиғаны айтып берейін, тыңдап ал!

Мен жолаушылап сапарда жүр екенмін, яғни мені біреу арнайы тапсырмамен жіберген екен деймін. Тақсырымның маған бөлген алпыс динар алтынынан ауық-ауық белгілі мөлшерде алып отыратынмын. Бірде айқай-шулы, көңіл көтеретін қонақжайға бардым. Ол жерде өзгелерге мақтанам деп бір түнде он динар алтынымды құмар ойындары мен көңіл көтермекке жұмсап қойдым. Таң атқан соң қалтамды қарасам, көк тиын ақша қалмапты. Ішім удай ашыды. Баратын жерім ұзақ, дұрыстап сауда да жасай алмадым, жолға алатын зат та көп еді. Жөнсіз кеткен ақшаның орнына өкініштер мен күнәлар қалыпты. Көңіл көтермек түгілі қайғы-мұңға басылыппын. Осылайша мұңайып тұрғанымда кенет жаныма бір адам келді.

«Барыңнан айрылдың, жазаға тартса да обалың жоқ. Барар жеріңе құр алақан қайыршы кейіппен баратын болдың. Бірақ ақылың болса, тәуба есігі әрдайым ашық тұрады. Бұдан кейін берілетін он бес динар алтынды алған сайын жартысын ықтияттап сақтайтын бол. Жолға қажетті заттарыңды ал!» - деді. Әлгі адамның айтқан бұл сөзі нәпсіме ұнамады. "Олай болса үштен бірін сақта", - деді. Нәпсім бұған да көнбей қойды. Сонда әлгі адам: "Ендеше, төрттен бірін", - деп еді, нәпсім ескі әдетіне салып қиқарлығын қоймай, көнбей қойды. Сол-ақ екен, әлгі адамды ашу кернеп, сырт айналды да кенет көрініс өзгеріп қоя берді.

Мен бейбақ, жер асты туннеліьмен зымырап бара жатқан отарба ішінде екенмін. Мазасызданып, қобалжи бастадым. Әйтсе де, қашып құтылар жер жоқ. Таңғалатын жәйт - отарбаның терезесінен көздің жауын алатын әсем гүлдер мен жайқалған жеміс-жидектер көрінеді.

— 101 —

Мен болсам ақылы таяз, дым көрмеген жандай көзім қызығып, қолымды созамын кеп. Гүлді жұлып, жемістен жегім келіп-ақ тұр. Бірақ, ұстаған кезде олардың инедей тікендері, қолыма кіріп кетіп қанатып жатты. Әрі отарба зымырап келе жатқандықтан қолыма іліне бергенде сыпырылып түсіп кетеді. Сөйтіп жемісті жеу маған қымбатқа түсті. Дереу отарбаның жолсерігі жаныма жетіп келіп: "Егер бес тиын төлесең, әлгі гүлдер мен жемістерден қалағаныңша алып берейін. Бәрібір бес тиын орнына жүз теңгелік шығынға ұшырап жатырсың. Оның үстіне баққа рұқсатсыз қол сұққаның үшін жазаға тартыласың" деді. Менің тіптен мазам қашып мына үңгірден қашан шығамыз деп, терезеден басымды шығарып едім; О, Тоба! Шығар ауыз көрінбейді. Ауыздың орнына көптеген саңылауларды көрдім. Мына шұбатылған отарбаның жолаушылары әлгі саңылауларға секіріп жатыр. Менің де қарсы алдымнан бір саңылау көрінді. Саңылаудың екі жағына екі көк тас қойылыпты. Тастарға қызыға қарап едім, үлкен әріптермен жазылған "Саид" деген жазу көзіме түсті. Өкіне әрі таңдана "Қап, әттеген-ай" деп едім, бірден құлағыма манағы қонақжайда маған насихат айтқан адамның даусы естілді:

- Есің кірген болар?

- Иә, бірақ әлім таусылды, еш дәрменім жоқ, - дедім.

- Тәубаға кел, тәуекелге бел бу! - деді.

- Астағфируллаһ! Нартәуекел!

Есімді жинадым. Енді өзімді бұрыңғы Саид емес, жаңа Саид түрінде көрдім.

Аллаһ қайырын берсін, енді, осы қиял оқиғаның кейбір тұстарын жорып берейін. Қалғандарын өзің жорып аларсыңдар:

Иә, анау ұзақ сапар деген - рухтар әлемінен басталып, ананың құрсағына, сонан жастық шаққа, жастық шақтан қарттыққа, қарттық шақтан қабірге, берзахқа, хашірге, одан қыл көпір арқылы мәңгілік әлеміне бастайтын рухани жол еді.

Алпыс алтын болса, алпыс жылдық өмір. Осы оқиғаға куә болған кезде, қателеспесем қырық бес жаста болатынмын. Ары қарай өмір сүретініме ешбір кепілдік жоқ болса да қалған он бес жыл өмірімнің жартысын ақырет жолына арнауыма Құранның үздік бір шәкірті себепші болып жөнге салды. Әлгі қонақжай болса мен үшін Стамбул қаласы еді. Отарба - зымырап бара жатқан уақыт. Әр жыл бір-бір

— 102 —

вагон. Үңгір - мына тіршілік, дүние. Тікенді гүлдер мен жемістер - шариғатқа жат харам ләззаттар мен адамгершілікке қайшы қылықтар. Қолыңда тұрған кездің өзінде бұлардың лезде аяқталатынын ойласаң, көңіл мұңайып, жүрек сыздайды. Қоштасу мен айырылу жанды азапқа салып, опық жегізеді. Отарбадағы жол серіктің «бес тиын төлесең, мына гүлдер мен жемістерден қалағаныңша алып беремін!» деп отырғаны адамның адал еңбегімен шариғатқа сәйкес заңды ләззаттары. Заңды ләззат пен орынды көңіл көтеру Адам жанын толық қанағаттандырады. Азғындыққа жетелейтін тыйым салынған харам нәрселерді істеудің қажеті жоқ. Ендеше, қалған жерлерін өзің-ақ жорып аларсың.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Адам табиғаты әлсіз де нәзік сәби тәрізді. Бірақ, оның әлсіздігі мен дәрменсіздігінің астарында асқан құдірет пен орасан қуат жатыр. Өйткені, мына қоршаған әлем оның әлсіздігі мен бейшаралығына байланысты қызметші міндетін атқарады. Егер ол өзінің әлсіздігін толық сезініп, тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Жаратқан Иесіне дұға етсе, бейшаралығын мойындап, көмек сұраса, бұл істегені - Аллаһ тарапынан өзіне жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі. Және сол арқылы мақсат-тілектері орындалып, аңсаған арманына жетеді.

Егер пенде Аллаһты ұмытып, армандарына өз күшіммен жетемін десе, арманының мыңнан біреуіне де қолы жетпес еді. Адам кейде аянышты халімен жасаған дұғасы қабыл болса, қолы жеткен талап-тілектерін өз күшіммен таптым деп қателеседі.

Иә, тауық балапанының әлсіздігіндегі қуат - қорқақ тауықты айбарлы арыстанға айбат шеккізіп, қарсы тұрғызады. Дүниеге жаңа келген арыстанның күшігі әлсіздігі арқылы анасын аш қалдырып өзі тойып алады. Бұл әлсіздіктегі қуат, шексіз рақымдылықтың көрінісі. Қалайша, сәби жылау арқылы не болмаса аянышты халімен, не болмаса сұрауы арқылы қалаған нәрсесіне қолы жетеді. Өзінен мың есе күштілер оған қызмет етеді. Егер қажетті заттарына өзі ұмтылар болса, құдірет-күші мыңнан біріне жетпес еді. Демек, әлсіздік пен шарасыздық оған деген қамқорлық пен аяныш сезімді оятатындықтан ержүрек қаһармандарды өзіне қызмет қылдырады. Ал, енді мұндай бала әлгіндей қамқорлықты түсінбей, жасалған жақсылық пен

— 103 —

жанашырлықты білмей, көмектескендерді жазғырғандай көкірек керіп: «Бұларды бас идіріп қызмет еткізіп отырған өзімнің күш қуатым, мықтылығым» деп астамшылық етсе, әлбетте шапалақ жейді.

Міне, адам да Жаратқан Иесінің рақымдылығын мойындамай, жасалып жатқан қомқорлықты бекерге шығарып оның хикметіне яғни асқан даналығына кінә артқандай, өзіне берілген нығмет-ырыстың қадірін түсінбей Қарұнға ұқсап: اِنَّمَٓا اُوت۪يتُهُ عَلٰى عِلْمٍ яғни: «Мен өз іліміммен, өз еңбегіммен таптым» десе, өзін жан төзгісіз азапқа бағыттаған болар еді. Демек, осынау адамзаттың дамып көркеюі, өркениеті күрес, тартыстың күшімен келмеген. Барлығы оның әлсіздігі үшін бағындырылған, оның шарасыздығына көмекке жіберілген, әрі пақыр болғаны үшін сыйланған, надандығы үшін илхам етілген яғни сыбырлаған, мұқтаждығы үшін ұсынылған. Ол - құдіреттің сыйы. Адам баласының дүниенің сұлтаны болуы оның күш- қуаты, ғылым - білімі емес. Ол - Раббани қамқорлық пен мейірімділіктің көрінісі және Иләһи хикмет пен рақымның белгісі. Демек, басқаларға қызмет еткізіп отыр.

Иә, кіп-кішкене шаян мен аяғы жоқ жылан сияқты улы жәндіктерге қарсы дәрмені жоқ адам баласына кіп-кішкентай құрттан жібек кигізіп, улы шыбыннан бал жегізген, әрине оның өзінің күш-қуаттылығы емес, әлсіздігіне қарай жасалған Раббани бағындыру мен Рахмани қамқорлық.

Уа, адам! Ақиқат осылай болса, көкірек керіп, менменшіл болма! Аллаһтың алдында әлсіздігің мен бейшаралығыңды мойындап жалбарыну арқылы және пақырлығың мен мұқтаждығыңды дұға арқылы білдір. Өзіңнің шын құл екендігіңді көрсет. Әрі حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дей отырып, өрле, кемелден!

Бірақ: «Мен түкке тұрмайтын біреумін. Менен терең де ауқымды шүкір сұралатындай мен кіммін? Хаким-і Мұтлақ мына әлемді әдейілеп маған бағындыратындай қандай қадірім бар?» - деп айтпа!

Расында, нәпсің мен пішініңе қараса түкке тұрмайсың. Алайда, атқарар міндетің мен мәртебең жағынан бүкіл әлемнің зерделі көрермені, хикметке толы мына жаратылыстың ойшыл шешені,

— 104 —

"әлем" атты кітаптың зерттеушісі, зікір салған мақұлықтарға қайран қала тамашалайтын бақылаушы және ғибадат жасап жатқан жаратылыстың құрметті жетекшісі дейтін жоғары мәртебең бар.

Уа, адам! Сен заттық болмысың жағынан өсімдікке, нәпсің жағынан хайуанға ұқсас меңіреу бір зат, пақыр әрі әлсіз кеудесінде жаны бар біреусің. Мына алай-түлей алып құбылыстардың үрейлі толқынында шайқалып кетіп барасың. Бірақ, Аллаһтың махаббатының шұғыласынан тұратын Иманның нұрымен нұрланып, Ислам дінімен тәрбиеленер болсаң, адамгершілік шыңына шығып, құл бола тұра сұлтан болып, әлсіз бола тұра күшті болып, шағын болмысың өзінше бір әлемге айналады. Тіптен елеусіз көрінгеніңмен мәртебең биіктеп, билігі зор бақылаушы ретінде: "Менің Рабб-ы Рахимым, дүниені маған баспана етіп, Ай мен Күнді оның шам-шырағы жасады. Көктемді гүл шоғы, жазды ырысты дастархан, жан-жануар біткенді қызметшім етті. Баспанамды түрлі өсімдік атаулымен безендіріп, құлпыртып қойды!" дей аласың.

Сонымен сен, нәпсі мен шайтанға ерсең әсфәл-і сафилинге құлдырап төмендеп кетесің. Ал, Хақ пен Құран Кәрімді ұстасаң, ала-и иллииіне өрлеп, ғаламның ықшамдалған әсем үлгісі боласың.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Бұл дүниеге адам баласы мойнына міндет жүктелген пенде әрі қонақ ретінде жіберілген. Жаратылысы тым күрделі, бейімділігі өте зор. Соған орай маңызды міндеттер атқаруға тиіс. Оны сол бағытқа бұрып, әлгі міндеттерді орындату үшін бір жағынан дем беріп ынталандырса, келесі жағынан сол міндеттерді мұқият орындату үшін әрдайым қатаң ескертулер жасалады. Осы арада бұдан бұрын әңгімеленген адам баласының міндеті мен құлшылығының негіздері туралы қысқаша баяндаудың реті келіп тұр. Мұндағы мақсатымыз "Әхсән-і тақуимнің" сырын неғұрлым анығырақ ашу.

Иә, адам баласы бұл дүниеге келген соң, құлшылықтың екі түрін орындауға міндетті:

Біріншісі: Жаратушысын көрместен ғайып түрде, құлшылық жасайды, толғанады.

Екіншісі: Көріп тұрғандай немесе оның алдында тұрғандай тыңдаушы мақамында құлшылық етеді, мінәжат қылады.

— 105 —

Әуелгісінің сыры мынадай: Бүкіл әлемді басқарған Иләһи Рубубиеттің билік үстемдігін бас ие құптап, оның керемет әсемдігі мен сұлулығын таңдана тамашалайды. Сосын, Аллаһтың қасиетті есімдерінің нақыштары болып табылатын таңғажайып өнер мен шеберлікті бір-бірінің ғибрат алар назарларына ұсынып оған делдал жаршы, шақырушы болады.

Сонан соң, әрқайсысы мағынауи құпия қазына тәріздес Раббани есімдердің гауһарларын, оның қадір-қасиетін санасымен сараптап, көңіліне тоқып, шын жүректен бағалап қастерлейді.

Сонан кейін, Құдірет қаламымен жазылған хат тәріздес жаратылыстың жапырақ беттерін, аспан мен жердің парақтарын оқи отырып, қайран қала толғанады.

Сосын, қоршаған ортадағы әсемдікке, күрделі шеберлікке ой жүгіртіп, оны жасаған Фатыр-ы Зүлжамалдың теңдесіз өнеріне сүйсініп және бұлардың барлығын жасаған Сани-ы Зүлкамалдың құзырына шығуға, сондай-ақ оның ілтипатына бөленуге асығады.

Екіншісінің сыры: Құзыр мен үндеу тыңдаушы мақамы. Адам бұл мақамда жаратылғаннан Жаратушыға өтеді яғни, Сани-ы Зүлжәлал өнерінің мүғжизалары арқылы өзін таныстырып, білдіргісі келетінін сезіп, ол да иманы арқылы, мағрифет арқылы жауап қайырады.

Сосын, бір Рабб-ы Рахим өзінің асқан мейіріміне бөлеп, жарылқай отырып, тәтті нығметтер беріп тәбетін ашып, өзіне деген сүйіспеншілік махаббат талап ететініне көзі жетеді. Пендесі жан-тәнімен жақсы көріп, адал құлшылығымен жауап береді.

Содан соң, Мүним-і Кәрим (Аса жомарт жарылқаушы) заттық және рухани нығметтердің балдай тәтті ләззаттарын сыйлап, мәпелеп бағып отырғанын аңғарады. Оған да жауап ретінде амал жасап, хал-жағдайымен, сөзімен, тіпті қолынан келсе барлық сезімдерімен шүкір етіп, оны мадақтау арқылы шексіз алғысын білдіреді.

Сосын, Жәлил-і Жәмил бүкіл болмысты айна ретінде жаратып, өзінің шексіз ұлылығын керемет сұлулығын, Жәләл мен Жамалын көрсетіп, өзіне назар аудартып отырғанын көреді. Пендесі оған да, жауап ретінде «Аллаһу Әкбар, Субханаллаһ» деп инабатты түрде таңдана да сүйсіне сәжде жасайды.

— 106 —

Содан кейін, бір Ғани-ы Мұтлақ (Нағыз бай) мол қазынасы мен байлығын жайып көрсетіп отырғанын аңғарады. Бұған жауап ретінде тағзым етіп, мадақтап, шарасыз екенін мойындап жалбарына, өзінің өтініші мен тілегін айтады.

Сосын, бір Фатыр-ы Зүлжәлал (Айбынды, теңдессіз жаратушы) жер жүзін көрме ретінде барлық таңғажайып әсем өнерін тізіп жайып қойғанын байқайды. Бұған: "Машааллаһ" деп қадірлеп, "Бәрекаллаһ" деп қошеметтеп, "Сүбханаллаһ" деп таңғалып, "Аллаһу Әкбар" деп, сүйсіне жауап береді.

Содан соң, бір Уахид-ы Әхад, мына "әлем" деп аталатын керуен сарайдағы барлық нәрселерге, өзінің көшірілмейтін, теңдессіз өзіндік таңбалар басқандығын, тәухидтің аяттарын нақыштап жазғандығын және әлемнің әр тарапына Уахданиет белгілерін қойып толық Рубубиетін жариялап отырғанын көреді. Бұған ол растау арқылы, иман келтіру арқылы тәухидпен, мойынсұнумен, куәгерлік етіп, құлшылық жасап жауап береді.

Міне, адам баласы осы секілді құлшылық пен толғаныс, пікір жүргізу арқылы ғана нағыз адам бола алады. Сонда ғана, өзінің ахсән-і тақуим яғни керемет жаратылғанын көрсетеді. Иманның берекетімен аманат арқалауға лайық, жер бетінің сенімді халифасы екенін дәлелдейді.

Уа, "әхсән-і тақуим" түрінде жаратылған, бірақ жағымсыз қылықтарымен әсфәл-і сафилинге бет алған бейқам адам! Сөзіме құлақ сал! Мен де сен сияқты жасымда албырттыққа мас болып, дүниеге қызыққан шағымда қарттықтың кеші таяп, ол мастықтан айықтым. Көздің жауын алып тамаша сұлу көрінген дүниенің, яғни, ақыретке қатысы жоқ, қу дүниенің қаншалықты жағымсыз екендігін түсіндім. Ал ақыретпен қатысты дүниенің әлдеқайда тамаша әрі баянды екенін аңғардым. Бұл ақиқатты "Он жетінші Сөздің" екінші бөлімінде екі жапырақ түрінде жазған едім. Сен соған да назарыңды сал.

Бірінші жапырақ: Дүниені адасқандарға еліктеп, бірақ саналы түрде бейқамдық пердесінің артынан бұрынырақ көрген, бейқамдардың дүниесіндей суреттейді.

Екінші жапырақ: Дүниенің тура жолдағылар мен ақиқатты тапқандардың көзқарасына сәйкес шын мәнісін сипаттайды. Баста қалай жазылған болса сол күйінде қалды. Өлеңге ұқсайды, бірақ өлең емес.

— 107 —
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
رَبِّ اشْرَحْ ل۪ى صَدْر۪ى ٭ وَيَسِّرْ ل۪ى اَمْر۪ى ٭ وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَان۪ى٭ يَفْقَهُوا قَوْل۪ى ٭
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَى الذَّاتِ الْمُحَمَّدِيَّةِ اللَّط۪يفَةِ الْاَحَدِيَّةِ شَمْسِ سَمَٓاءِ الْاَسْرَارِ وَ مَظْهَرِ الْاَنْوَارِ وَ مَرْكَزِ مَدَارِ الْجَلَالِ وَ قُطْبِ فَلَكِ الْجَمَالِ اَللّٰهُمَّ بِسِرِّهِ لَدَيْكَ وَ بِسَيْرِهِ اِلَيْكَ اٰمِنْ خَوْف۪ى وَ اَقِلْ عُثْرَت۪ى وَ اَذْهِبْ حُزْن۪ى وَ حِرْص۪ى وَ كُنْ ل۪ى وَ خُذْن۪ى اِلَيْكَ مِنّ۪ى وَ ارْزُقْنِى الْفَنَٓاءَ عَنّ۪ى وَ لَا تَجْعَلْن۪ى مَفْتُونًا بِنَفْس۪ى مَحْجُوبًا بِحِسّ۪ى وَاكْشِفْ ل۪ى عَنْ كُلِّ سِرٍّ مَكْتُومٍ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ وَ ارْحَمْن۪ى وَارْحَمْ رُفَقَٓائ۪ى وَ ارْحَمْ اَهْلِ الْا۪يمَانِ وَ الْقُرْاٰنِ اٰم۪ينَ يَٓا اَرْحَمَ الرَّاحِم۪ينَ وَ يَٓا اَكْرَمَ الْاَكْرَم۪ينَ
وَ اٰخِرُ دَعْوٰيهُمْ اَنِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
— 108 —

Жиырма төртінші Сөзден

БЕСІНШІ Б ТАҚ

Бұл «Бұтақта» бес жеміс бар.

Бірінші жеміс: Уа, өзін қатты жақсы көретін нәпсім! Уа, дүние құмар достым! Махаббат деген мына әлемнің жаратылуына себеп әрі ғаламды байланыстырып тұрған күш. Ол мына әлемнің нұры һәм тірілігі болып табылады. Адам болса, ғаламның өзегін бойына сіңіріп тұрған жемісі болғандықтан ғаламды қамтитын махаббат сол жемістің дәнегі тәріздес қалбына орналастырылған. Енді сондай махаббатқа лайық еш нұқсандығы жоқ кәміл біреу керек. Ойлан Уа, нәпсім, Уа, достым! Сенің бойыңда екі сезім яғни қорқыныш пен махаббат бар. Бұл сезімдер қалай болса да жұмсалады. Яғни, я Жаратқанға я жаратылғанға арналады. Бірақ, өзің ойлашы, жаратылғандардан қорқу азапқа салатын бәле, оларға махаббат та адамды бәлеге қалдырады. Неге десең, қорыққан нәрсең сені аямайды немесе жалбарынғаныңды қабылдамайды. Олай болса бұл қорқыныш сезімі азапқа толы бәле. Енді махаббатқа келейік. Сенің жақсы көрген нәрсең сені танымайды, «қош бол!» деп те айтпай кетіп қалады (жастық шақ, мал-мүлік секілді), я болмаса сен оны жақсы көргенің үшін сені қорлап, азарлайды. Көрмеймісің, Жаратқаннан жат нәрселерге ғашық болғандардың жүзден тоқсан тоғызы сүйіктісінен шағымданып жатады. Өйткені, Самәдтің (ешнәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж Аллаһ) айнасы боп табылатын жүректің түкпірімен әлгі пұт секілді дүниеуи сұлуларға аса құрмет қылу олардың назарында да ыңғайсыз жағдай. Негізінде олар қымсынады, қабылдамайды. Себебі, табиғаты бұзылмағандар шамасынан артық, табиғи емес нәрселерді сыртқа тебеді, қабылдамайды. (Құмарлыққа тән сүюді айтып отырған жоқпыз, ол тақырыптан тыс мәселе).

Демек, жақсы көрген нәрселерің сені танымай қалады екен, немесе қорлап масқара қылады екен, я болмаса сені тастап кетіп қалады екен. Олай болса, бұл махаббат мен қорқыныш сезімді махаббат қылғанда еш қорламай қайта бақытқа бөлейтінге арна! Иә, Халиқ-ы Зүлжәлалдан қорқу оның рахым толы аясына тартады. Қорқу ол бір қамшы тәрізді мейрімге бөлетеді. Қалайша мейрімді ана сәбиін кейде қорқытып

— 109 —

құшағына тығады. Ал, ана біткеннің мейірімі Аллаһтың рахымының бір ғана сәулесі. Демек, Құдайдан қорыққанда рухани мол ләззат болады. Мұны «хауфуллаһ» дейді. Ал, енді "хауфуллаһта" мұндай күшті ләззат болатын болса "мухабетуллаһта" (Аллаһқа махаббат) қаншалықты шексіз ләззат болатынын түсін. Һәм Аллаһтан қорқатын адам басқалардың үрейлі, һәм бәлеге ұшырататын қорқынышынан аман болады. Һәм Аллаһ үшін болғандықтан дүниедегі нәрселерге қылған махаббаты да өкінішті, уайымға салатын, қоштасумен тынатын махаббат болмайды.

Рас, адам ең әуелі өзін жақсы көреді. Сосын тума-туыстарын, сосын халқын, жан-жануарларды, ғаламды, жалпы дүниені жақсы көреді. Олардың әрқайсымен тығыз байланыста. Олар қуанса бұл да қуанады, қайғырса бұл да қайғырады. Дегенмен, қатты жел, аласапыран дауыл соғып тұрғандай бұ дүниеде еш нәрседе тұрақ жоқ. Жүрек байғұс содан қатты жараланып мазасы кетеді. Енді қауыштым дегенде ол нәрсесі ғайып болып қайғы бір тынбайды немесе бұдан құтылам деп бейқамдықпен мастыққа ұшырайды.

Олай болса ей, нәпсім! Ақылың болса, барлық махаббаттарыңды жинап нағыз иесіне тапсыр! Ондай бәлелерден аман бол! Ол шексіз махаббаттар шексіз кемел, шексіз жәмал яғни еш нұқсандығы жоқ, көркем бір Аллаһқа тиесілі. Оны өзінің иесіне берген кезіңде барлық нәрсені Оның атымен, Оның айнасы ретінде еш қиналмай жақсы көруіңе болады. Демек махаббатты түгелімен жаратылғандарға беруге болмайды, әйтпесе махаббат өте тәтті нығмет бола тұра азаптайтын ауыр жазаға айналады.

Енді бір мәселе бар, ол өте маңызды. Ей, нәпсі! Сен ғой махабаттыңды өзіңе арнап отырсың. Өз өзіңді мағбуд (табындырушы), махбуб (сүйікті) қылып алыпсың. Нәпсің үшін бәрін пида етуге дайынсың. Құдды бір оны өзіңе Раббы яғни билеп, төстеушідей көріп отырсың. Алайда, бір нәрсеге махаббат қылу үшін белгілі бір себептер керек. Мәселен, кемелдік. Себебі, кемелдіктің өзі сүюге тұрарлық қасиет. Пайда, ләззат немесе жақсылық. Яки осы секілді себептермен махаббат қылуға болар.

Енді тыңда ей, нәпсі! Сенің табиғатың кемшілік, пақырлық, әлсіздіктен жаратылған. Қараңғылық қоюланған сайын нұрдың жарықтығы анық көрінетіні секілді, сен дағы бойыңдағы кем

— 110 —

сипаттармен Фатыр-ы Зүлжәлалдың Кәмал, Жәмал, Құдірет пен Рақым секілді кемел сипаттарына айналық қызметін атқаруға тиіссің. Мұны жақсы білуің керекті. Өйткені, саған бірнеше Сөзде дәлелдеп берген болатынмын. Демек, ей нәпсі! Өзіңе махаббат қылма! Керісінше оны жек көр, оған дұшпан бол! Немесе сорлыны ая немесе көнбіс халге келсе қамқор бол! Рас, сен нәпсіңді жақсы көресің. Өйткені ол, ләззат пен пайданың көзі ғой. Сен де пайда мен ләззатқа құмар біреусің. Бірақ байқа! Болар болмас, түкке арзымайтын ләззатқа, нәпсілік пайдаға бола шексіз тәтті ләззаттан, таусылмас байлықтан, мол пайдадан айырылып қалып жүрме! Жылтырауық қоңыз секілді болма! Ол не істейді? Ол, барлық сүйіктілерін һәм жақын достарын қою қараңғыға тастап өзінің бойындағы кішкене жарыққа мәз боп алданады. Сен де нәпсің беретін уақытша, болмашы ләззат пен кішкентай пайдаға бола орасан зор пайдадан құр қалма! Яғни қайғысы мен қуанышына ортақ, пайда көрсе шаттанатын сенің тума-туысқан бауырларыңды, жора-жолдастарыңды мәңгі бақытқа бөлейтін, һәм әлемдегі бүкіл пайдалар мен нығметтер қолында болған бір Махбуб-ы Әзәлиді жақсы көруің керек. Сонда олардың бақытына шаттанып, көңілің тасып мәз боласың. Һәм Аллаһты жақсы көрсең көңілін шат, шексіз ләззат пен мол рахатқа батасың.

Иә, негізінде саған берілген күшті махаббат сезімі Жаратқанның өзіне арналған махаббат болатын. Сен оны бұрыс пайдаланып өзіңе арнадың, өзіңді өлердей жақсы көресің. Енді сен, өзіңдегі "мен" дегенді қой да "Ол" де! Жан-жаққа шашылып жатқан әлгіндей махаббаттарыңды Оның көркем есім-сипаттарына арна! Өйткені нағыз иесі Сол. Сен өз мүддеңе пайдаландың. Біле білсең, жазасын тартып та жүрсің. Өйткені орынсыз жұмсалған, заңға қайшы махаббаттың жазасы аяусыз азап, өкініш пен кетпейтін бәле.

Апырым-ай, Рахман-ур Рахим (аса қамқор, мейірімді) атымен танымал және хор қыздарымен құлпырған Жәннат дейтін сенің бүкіл сезімдеріңді қанағаттандыратын мекен жайды сен үшін әзірлеген және өзге есімдерімен сенің рухыңды, жүрегіңді, ақылыңды, басқа да сезімдеріңді риза қылатын мәңгі бітпес сыйлықтармен жарылқайтын, һәм әрбір есімінде рухани мол сый-сыяпат табылатын Махбуб-ы Әзәлидің саған титімдей махаббаты бұйырып жатса, неткен ғанибет. Ол сен үшін үлкен бақыт. Ол бүкіл әлемнен артық сыйлық. Ғалам

— 111 —

Оның махаббатының жалт еткен бір ғана нұрына татымайды. Олай болса, ол Махбуб-ы Әзәлидің (мәңгі, еш өзгермейтін сүюге ең лайық) өз Хабибына яғни ең сүйікті құлы Мұхаммедке (с.а.у) айтқызған мына әмірін жақсылап тыңда да бойұсын

اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ

Екінші жеміс: Ей, нәпсі! Жасаған құлшылығыңды ақыретте берілетін сый-ақыға дайындық деп түсінбегін. Керісінше бізге өтіп кеткен нығметтердің ақысы деп түсін. Иә, біз ақымызды алып қойғанбыз, енді соған орай қызмет, құлшылық етуге міндеттіміз. Қалай десең, әуелі өте жақсы денені сыйлады яғни әу баста жоқ едің бар қылды. Сосын ол Халиқ-ы Зүлжәлал тәбеті күшті асқазан берді де өзі Рәззақ (ризықтандырушы) болғасын сенің алдыңа нығметке толы дастархан, ризық несібе жаратты. Сосын сезімтал өмір сыйлады. Ол да асқазан секілді азық сұрайды. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелер оның қолы ретінде жер жүзіндей кең ырысты дастарханнан пайдаланады. Сосын рухани ризық, нығмет қажетсінетін адамгершілікті берді. Ол да көзге көрінетін, көрінбейтін үлкен нығметке толы дастарханнан дәм татқысы келеді әрі ақыл-ойды қол қылып пайдаланады, татады. Сосын шексіз нығмет сұрайтын және рахымшылықпен азықтанатын ұлы адамгергершілік яғни дін Исламды, Иманды берді. Осылайша, бүкіл жаратылыспен бірге Әсма-і Хусна (Аллаһтың көркем есімдері) және киелі сипаттарын қамтитын кең дастархан жайып саған бақыт пен шаттық сыйлады. Сосын иманның бір нұры боп табылатын махаббат беру арқылы тағы да бақыт пен ләззат ұсынды. Яғни былай қарағанда болмысың кішкентай, әлсіз, дәрменсіз шектеулі біреусің, бірақ оның жарылқауымен шексіздікке, соңсыз нұрға бөлендің. Себебі, саған өмір сыйлау арқылы шексіздікке, адами қасиеттер беру арқылы нағыз шексіздікке, дін Исламды сыйлау арқылы тым жоғары нұрлы шексіздікке, мағрифат пен махаббат беру арқылы ұшы-қиыры жоқ нұрға бөледі, жарыққа шығарды.

Міне, ей нәпсі! Сен бұларды көрдің, алдың. Енді сен құлшылық дейтін тәтті, нығмет боп табылатын әрі рахат әрі жеңіл жұмысты істеуге міндеттісің. Алайда, жалқауланып бұған да ерінесің. Шала-шарпы құлшылық қыласың да бейне бір бұрынғы сый-ақы аздай ірі-ірі нәрселерді қатаң талап қоятындай сұрайсың. Тіпті кейде

— 112 —

"Неге дұғам қабыл болмады" деп еркелейсің. Иә, еркелеу сенің шаруаң емес, сенің шаруаң жалыну, жалбарыну. Мейрімі мол Аллаһ тағала жұмақты, мәңгі бақытты өзінің асқан мейрімімен, тым жомарттығымен сыйлайды. Сен әрдайым оның рахымшыл әрі жомарт екенін ұмытпай сиынып жүр! Оған сенім арт және мына аяты тыңда!

قُلْ بِفَضْلِ اللّٰهِ وَبِرَحْمَتِه۪ فَبِذٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا هُوَ خَيْرٌ مِمَّا يَجْمَعُونَ

Егер былай десең: "Мұншама шексіз, мол нығметтерді шектеулі де азғантай шүкірмен қалай қайтармақпыз?".

Жауабы: Шексіз ниетпен, зор сеніммен. Мәселен, бір байғұс қолында бес теңгелік сыйлығымен падишахтың құзырына кіреді. Қараса, ірі тұлғалар әрқайсысы миллион теңге тұратын сыйлық әкеп тапсырып жатыр екен. Бұл іштей «менің сыйлығым бұлардың қасында түк емес, не істесем екен?» деп қапаланады. Кенет басын көтеріп былай дейді: «О, патша ағзам! Егер менің қолымнан келсе, осы сыйлықтың бәрін өз атымнан сізге ұсынар едім. Себебі сіз, оған лайықсыз». Міне, ештеңеге мұқтаж емес, тек халқының адалдығына белгі боларлық және қаншалықты құрметтейтінін білу үшін сыйлықтарды қабылдап жатқан әлгі падишах манағы байғұстың шексіз алғысын, ыстық лебізін, риясыз ниетін, өзі туралы жақсы ойын ең қымбат сыйлық ретінде қабыл алады.

Дәл сол сияқты, дәрменсіз бір құл, намаз оқығанда «әттахияту лилләһ» яғни барша мақұлықтың тірі болып, өмір сүруі арқылы саған жасаған құлшылық-сыйлықтарын мен өз атымнан барлығын жаппай саған ұсынамын. Егер қолымнан келгенде сондай барлық құлшылықты өзім жасар едім. Сен оған тіпті одан да артығына "лайықсың" дейді. Мұндай ақ ниет, зор сенім шексіз шүкір боп саналады.

Өсімдіктердің тұқымдары, дәндері, олардың ниеттері боп табылады. Мәселен, қауын, ішіндегі дәндері арқылы мыңдаған ниетпен: "Уа, Жаратқан Ием! Сенің көркем есімдеріңнің өрнектерін көптеген жерден жар салғым келеді" дейді. Аллаһ тағала енді келетіндердің қалай келетінін білетіндіктен олардың ниеттерін іс жүзінде ғибадат жасағандай қабыл етеді. "Мүминнің ниеті жасайтын амалынан қайырлы" дегені осыған ишара. Һәм

— 113 —
سُبْحَانَكَ وَ بِحَمْدِكَ عَدَدَ خَلْقِكَ وَ رِضَٓاءَ نَفْسِكَ وَ زِنَةِ عَرْشِكَ وَ مِدَادِ كَلِمَاتِكَ وَ نُسَبِّحُكَ بِجَم۪يعِ تَسْب۪يحَاتِ اَنْبِيَٓائِكَ وَ اَوْلِيَٓائِكَ وَ مَلٰٓئِكَتِكَ

деп шексіз тәсбих етудің хикметі, осындай сырлар арқылы түсінікті болады. Сондай-ақ, мәселен бір қолбасшы бүкіл жауынгерлердің қызметтерінің жиынтығын өз атынан падишахқа ұсынады. Сол сияқты жаратылысқа басшылық ететін, хайуанат пен өсімдіктерге командир қызметін атқарушы, дүниенің халифасы болуға лайық және өзінің ішкі дүниесінде бәріне өзін уәкіл тағайындаған пенде

اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ

яғни тек саған ғана құлшылық етеміз, тек сенен ғана жәрдем сұраймыз дейді. Барлық жаратылыстың ғибадаттарын, жалбарынуын өз атынан Мағбуд-ы Зүлжәлалға ұсынып отырады.

Һәм,

سُبْحَانَكَ بِجَم۪يعِ تَسْب۪يحَاتِ جَم۪يعِ مَخْلُوقَاتِكَ وَ بِاَلْسِنَةِ جَم۪يعِ مَصْنُوعَاتِكَ

деп болмыс атаулыны өз атынан сөйлетеді. Тағы да

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى مُحَمَّدٍ بِعَدَدِ ذَرَّاتِ الْكَٓائِنَاتِ وَ مُرَكَّبَاتِهَا

деп баршаның атынан Ардақты Пайғамбарымызға салауат айтады. Солай болуы керек, себебі болмыс атаулы Мұхаммедтің (с.а.у) нұрымен тығыз байланысты. Міне, тәсбихат айтқанда, салауат қайырғанда саны шексіз болып айтылуының сыры осында.

Үшінші жемісі: Ей, нәпсі! Қысқа өміріңде ақыретке шексіз амал жасағың келсе және өтіп жатқан әрбір минутыңды бір өмірлік берекелі қылғың келсе, күнделікті әдетіңді ғибадатқа, бейқам сәттеріңді құзырға айналдырғың келсе, Расулуллаһтың сүннетін ұстан! Өйткені, бір істі шариғатқа сай қылғаныңда белгілі бір мағынада құзыр (пенденің Аллаһ алдында екенін сезінуі) береді. Бір жақтан құлшылық болады да о дүниеде мол жеміс береді. Мәселен, сен бір зат сатып алдың дейік. Шариғатша "ижаб уә қабул" яғни сен ұсынған бағаға ол да ризашылық білдірсе сол кезде сенің әлгі

— 114 —

жай саудаң ғибадат боп саналады. Манағы шариғат үкімін ойлау Аллаһтың әмірін, уахиді еске түсіреді. Сосын ол шариғаттың иесін еске түсіреді. Оның алдында екенін сезініп құзыр табады. Демек, біз амалдарымызды әсем сүннетке сәйкес жасасақ, қысқа өмір берекелі болып, мәңгі жемістер сыйлайтын, бақи өмірге ұйытқы болар пайдаларға қол жеткізеді.

فَاٰمِنُوا بِاللّٰهِ وَرَسُولِهِ النَّبِىِّ الْاُمِّىِّ الَّذ۪ى يُؤْمِنُ بِاللّٰهِ وَكَلِمَاتِه۪ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

аятын тыңда! Шариғат пен сүннеттің үкімдері арқылы көрінетін Әсма-і Хүснаның шағылыс сәулелерін тамашала. Әрбір есімнің шуағына бөленіп джами мазхар яғни мазмұнды айна болуға тырыс!

Төртінші жемісі: Ей, нәпсі! Әһл-и дүниеге, әсіресе азғындарға, оның ішінде кәпірлерге қарап, олардың жасанды да алдамшы, харам ләззаттарына қызығып еріп кетпе! Сен оларға қанша еліктегенмен олар сияқты бола алмайсың. Азып-тозып кетесің. Хайуан деңгейінде де қала алмайсың. Неге десең, басыңдағы ақыл азап құралына айналып, ұр тоқпақтай төбеңді төпелейді. Мәселен, көз алдымызға бір сарай елестетелік. Орталық залында үлкен электр шамы ілулі. Оған жалғаулы, одан бастау алатын кішкене шамдар басқа кішкене бөлмелерге тартылған. Енді біреу келіп, орталық зал яғни төргі бөлменің электр шамының түймесін басып, жарықты сөндірсе, сарайдың бүкіл бөлмелерін қараңғылық басып, үрей жайлайды. Ал екінші бір сарайда олай емес. Төргі бөлмедегі электр шамымен байланыспаған кішкене бөлмелердің шамдары жеке-жеке тартылған. Ол сарайдың иесі орталық залдың яғни төргі бөлменің шамын сөндірсе де басқа бөлмелердің шамдары жанып тұра берді. Жұмысын жалғастыра береді, заттар ұрланбайды.

Ей, нәпсім! Бірінші сарай мысалы мұсылман. Ардақты Пайғамбар аләйһиссалату уәссалам оның жүрегінің төрінде үлкен электр шамы секілді. Егер оны ұмытса Құдай сақтасын жүрегінен орын бермесе, ол ешбір пайғамбарды қабылдамайды, тіпті іліп аларлық қасиет қалмайды, тіпті Құдайын танымай кетеді. Бойындағы сезімдер қараң қалып, ішкі дүниесінде аласапыран, үрейлі қорқыныш орнайды. Апырм-ай, мұндай бұзылу мен үрейге немен қарсы тұрып,

— 115 —

төтеп бересің. Қандай пайда тауып әлгі зор шығын мен зиянды жаба аласың. Алайда ғайр-ы мүслимдер (мұсылман еместер) әлгі екінші сарайға ұқсайды. Олар Пайғамбарымыздың ғаләйһиссалату уәссалам нұрына жүректерінен орын бермесе де өздерінше кейбір нұрлар қалады яки қалуы мүмкін деп ойлайды. Оларға рухани кемелдік үшін Мұса немесе Иса аләйһиссаламға деген бір сенімдері, Жаратушыға деген имандары қалуы мүмкін.

Ей, нәпсі! Егер былай десең: "Мен ғайр-ы мүслим емес, хайуан болғым келеді". Саған қанша мәрте айтылды. Хайуан секілді бола алмайсың! Өйткені басыңда ақыл болғандықтан ол өткен шақтың уайым қайғысын, болашақтың үрейін әкеп жүзіңе, бет-ауызыңа ұрғылап, мазаңды алады. бір ләззат ішінен мың қайғы тауып береді. Хайуан олай емес. Уайымсыз рахаттанып, қызыққа батады. Олай болса, әуелі ақылыңды алып таста сосын хайуан бол! Һәм كَالْاَنْعَامِ بَلْ هُمْ اَضَلُّ деген сөгіс айтатын аятқа нысана боласың.

Бесінші жемісі: Ей, нәпсі! Адам мына жаратылыс ағашының жемісі екені көп мәрте баяндалған-ды. Сондықтан, жеміс сияқты өте биікте, мазмұнды, бүкілімен байланысты, барлығының ортақ жақтарын қамтитын жүрек-дәні бар, жүзі бірге емес көпке, бақиға емес фәниға, дүниеге қарап қалған бір мақұлық. Ғибадат болса, оның осы қисық жүзін түзейтін, фәниден бақиға, жаратылғаннан Жаратқанға, көптен біреуге, соңынан басына қарай тартылған арқан, яки бастауы мен аяқталуды қосатын торап.

Мәселен, тұқымын алуға лайық сапалы, керемет өнім беретін ақыл есі бар бір жеміс елестетелік. Ол, өзінен төмен, ағаштың түбінде жүрген жануарларға қарап көңілі ауса әрі әдемілігіне сеніп өзін олардың қолына тапсырса немесе байқамай түсіп кетсе олардың тұзағына түседі де тоз-тозы шығады. Енді ол тұқымдық емес қарапайым бір түйір жеміс ретінде жарамсыз боп қалады. Егер әлгі жеміс, неге сүйенерін білсе, ішіндегі дән ағашты толығымен қамтитындығын және ағаштың жалғасуына ұйытқы болатынын, түрін сақтауға себеп екенін аңғара алса, ол кезде әлгі бір түйір жемістің ішіндегі бір түйір дән шексіз ақиқатты жалғастырып, ұзақ өмір сүрер еді. Дәл сол сияқты пенде, егер көпке көңілі ауып, әлемге басы айналса, дүние махаббатымен мас болып фәнилердің күлгеніне

— 116 —

мәз болып өзін олардың құшағына тастаса әлбетте шексіз зиянға ұшырайды. Ол енді бұзылып, фәнилікке, жоқ болуға бет алады. һәм өзін өзі рухани тұрғыдан өлім жазасына кеседі. Ал егер, жүрек құлағымен Құран тілінен иман дәрісін тыңдап салбыраған басын көтерсе, көңілін көпке емес Біреуге бұрса, құлшылықты саты қылып кемелдіктің ғарышына самғай алар еді. Мәңгі өшпес бақи адам атанады.

Ей, нәпсім! Бұл айтылғандар ақиқат. Және сен Ибраһимнің (Алейһиссалам) миллетіненсің. Олай болса, لَٓا اُحِبُّ الْاٰفِل۪ينَ де! Нағыз сүюге лайық Махбуб-ы Бақиға бет бұр! Мен сияқты былай деп жыла:

э(Жазылуы тиіс парсыша өлеңдер он жетінші Сөздің екінші бөлімінде жазылғандықтан бұл жерге жазылмады).

— 117 —

Жиырма бесінші Сөзден

ЕКІНШІ ШАҒЫЛЫС

Құранның уылжыған балғындығы. Әр ғасыр сайын жаңадан түскендей Құран өзінің балауса балғындығын сақтап отырады. Иә, Құран әзәли (мәңгілік) оқылатын құтба ретінде барлық кезеңдердегі бүкіл халықтың барлық деңгейдегілеріне үндеу болғандықтан, оның сондай әрдайым балғын сипатта болуы керек-ақ. Һәм, ол солай көрінген және солай көрінуде. Тіпті ол, түсініктері әртүрлі, қабілеттері сан-алуан ғасырлар өтсе дағы, бейне бір әрбір ғасырды жеке-жеке қолға алып, қарастырып дәріс береді. Адамдардың істеген істері мен шығарған заңдары өздері сықылды қартаюда. Тіпті өзгеріп сан құбылады. Бірақ, Құранның үкімдері мен заңдары тамыры терең, өте мықты тұр. Қанша ғасыр өтсе де өзгермек түгілі, қуаты артып жандана түспек.

Иә, өзіне қатты сенетін, Құранның сөзіне құлақ аспайтын мына ғасыр және ондағы өмір сүріп жатқан кітап иелері, адамзат Қасиетті Құранның

يَٓا اَهْلَ الْكِتَابِ يَٓا اَهْلَ الْكِتَابِ
(Уа, өздеріне көктен кітап түскен қауым!) деген тәрбиелік мәні зор үндеуіне қаншалықты мұқтаж десеңізші! Бейне бір осы үндеу тікелей осы ғасырдың адамдарына арналғандай. Оның يَٓا اَهْلَ الْكِتَابِ (Уа, өздеріне кітап түскендер!) сөзі бейне бір يَٓا اَهْلَ الْمَكْتَبِ (Уа, мектеп оқығандар!) деген мағынаны да білдіріп тұрғандай. Ол бар даусымен, балғын түрде, жаңа ғана түскендей
يَٓا اَهْلَ الْكِتَابِ تَعَالَوْا اِلٰى كَلِمَةٍ سَوَٓاءٍ بَيْنَنَا وَ بَيْنَكُمْ

жарлығын әлемнің түкпір-түкпіріне жаюда.

Мәселен, Құранмен айтысуға жеке тұлғалар ғана емес топ болып, жамағат болып кіріссе де түк өнбеген. Бүкіл адамзаттың тіпті жындардың ой-пікірлерінің табысы болып табылатын осы кезеңдегі мәдениет Құранға қарсылас жағдайға енді. Олар Құранның мұғжизасына қарсы сиқыр пайдаланып тайталасқысы келеді. Соңғы

— 118 —
кезде пайда болған әлгіндей айтыс-шабуылдарына қарсы Құранның قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْاِنْسُ وَالْجِنُّ деген бір ғана аятының тойтарыс берген тегеурінді соққысын баяндап берейін. Ол үшін мәдениеттің негіздері мен ұстанымдарын Құранның негіздерімен салыстыра отырып баяндаймыз.

Біріншіден: Осы кітаптың бірінші Сөзінен бастап жиырма бесінші Сөзіне дейін баяндалған салыстырмалы теңеулер, ол Сөздердегі ақиқаттар, және кіріспесіндегі аяттар екі жердегі екі төрт болатындай анық түрде Құранның иғжазы мәдениеттен үстем екенін, мәдениет Құранның алдында дәрменсіз қалып, жеңіліс табатынын дәлелдеген-ді.

Екіншіден: Он екінші Сөзде дәлелденгеніндей, олардың ұстанымдарының жалпы негіздерін қорытындылар болсақ;

Қазіргі мәдениет пәлсапаға сүйеніп адамзаттың қоғамдық өмірінің тірегі "күш-қуат" деп ойлайды. Алға қойған мақсаты "пайда қуу" дейді. "Күресу, тартысу" өмірдің заңы дейді. Халықты өзара байланыстырып тұрған "нәсілшілдік, болымсыз ұлтшылдық" деп қарайды. Діттеген мәресі нәпсінің "әуестігін қандыру" және тұрмыстың шарттарын көбейтіп, қиындататын "ойын-күлкі, бос ермек". Алайда, күш қолданылған жерде өктемдік, зомбылық етек алады. Пайда қуу болса, толық қанағаттандырмайтындықтан нәтижесінде қақтығысқа апарады. Күресуді заң ретінде қабылдаса соғысқа дайындайды. Нәсілшілдік, өзгені жеп қоюға, біреуді қанауға итеретіндіктен жауыздық пайда болады. Міне, осы күнгі мәдениеттің аталмыш заңдарының кесірінен, жақсы жақтары бола тұра адамдардың жүзден жиырма пайызына ғана жасанды бақыт беріп, қалған сексенінің мазасын қашырып, азғындыққа итеруде.

Ал, хикметке толы Құранның даналығы болса, өмір-тұрмыстың тірегі ретінде "күш-қуатты" емес, "ақиқатты" қабылдайды. Мақсат "пайда қуу" емес, "ізгілік пен адамгершілік" һәм "Аллаһтың ризашылығы" деп біледі. Өмірлік ұстанымда "өзара ынтымақ пен көмектесуді" басшылыққа алады. Халықтың бірлігі нәсілшілдікпен, ұлтшылдықпен емес, "діни бірлестік пен отандастық, таптық байланыспен нығая түседі" дейді. Діттеген межесі, нәпсінің әуестігін тізгіндеп, харамнан тыйып, рухты биікке өрлеуге ынталандыру,

— 119 —

қасиетті сезімдерді қоздырып қанағаттандыру, адамды кемелдікке бастап, нағыз адам қылу. Ақиқат, шындық болған жерде ауызбіршілік болады. Ізгілік болса ынтымақ орнайды. Өзара көмектесу болса, бір-біріне қамқор болуға баулиды. Дін дегеніміз бауырластық, сүйіспеншілік. Жүгенсіз нәпсіні ноқталап, рухты кемелдікке қарай айдап, еркін қоя берудің нәтижесінде екі дүниенің бақыты орнайды. Міне, қазіргі мәдениет дәстүрлі діндердің алдында, әсіресе Құранның алдында, Құраннан жақсы нәрселер үйреніп, өнеге алғанның өзінде де қаншалықты пәс, дәрежесі өте төмен екенін түсінген шығарсың.

Үшіншіден: Қазір мыңдаған мысалдардан үлгі ретінде үш-төрт мәселені баяндаймыз. Шынымен, Құранның ереже-заңдары "әзәл" (бастауы жоқ, мәңгілік) тарапынан келгендіктен "әбәдке" (соңсыз, мәңгі-бақи) жалғаса бермек. Оның заңдары мәдениеттің заңдары секілді қартайып өлмейді. Ол әрдайым балғын әрі қуатты.

Мысалға, айталық мәдениеттің қоғамға тигізген жақсылықтарын түгелдей қоссаң және қоғамды қатаң бақылауға алып, тәртіп орнатса дағы, сондай-ақ, қаншама оқу орындарын ашып халықты тәрбиелеймін десе де Қасиетті Құранның екі мәселесіне қарсы тұра алмай ол тұрғыдан жеңілгенін мойындады.

Мәселен,

وَاَق۪يمُوا الصَّلٰوةَ وَاٰتُوا الزَّكٰوةَ ٭ وَاَحَلَّ اللّٰهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَوا

Құранның осы артықшылығын бір кіріспе арқылы баяндап берейін. "Ишарт-үл Иғжаз" атты кітабымда дәлелденгеніндей, тарих бойынша адамзат қоғамының билікке наразылық қылып, толқуының бірден бір себебін бір ауыз сөзбен түйіндеген. Әрі, бүкіл жаман мінез-құлықтың анасын, қайнар көзін де бір ауыз сөзбен жеткізген. Ол не сөз дейсіңдер ғой.

Бірінші сөз: "Менің қарным тойса болғаны. Басқалар аштан қырылып қалса да шаруам жоқ".

Екінші сөз: "Сен жұмыс істе, жемісін мен жейін".

Иә, қоғамдық өмірде жоғары топ пен қарапайым халық яғни бай мен кедей, өзара теңдестіктің саясында және таразының екі басын тең ұстау арқылы ғана тыныш өмір сүреді. Ал, мұндай теңдік орнауы үшін жоғарғы топ төменгі топқа жанашырлық жасап, мейірімділік қылуы және төменгі топтың да жоғары топқа құрмет көрсетіп,

— 120 —

бағынуы шарт. Енді, жоғарыда аталған бірінші сөз, жоғарғы топты зұлымдыққа, азғындыққа, мейірімсіздікке итерді. Ал, екінші сөз, қарапайым халықты өш алуға, қызғанып көре алмаушылыққа итеріп, наразылықтарын туғызды. Сөйтіп, бірнеше ғасырдан бері адамзат тұрмысының берекесін алғаны секілді, соңғы заманда еңбек пен капиталды соғыстырып, нәтижесінде Еуропада үлкен төңкеріс болды. Міне, мәдениет адамзаттың әлгі екі тобын келісімге шақырып, татуластыруға көптеген қоғамдық ұйымдар ашып, оқу орындарын салып тырысса да, оған қоса қатаң тәртіп орнатып, жіті қадағалап, жүйелі түрде жұмыс істесе де ол іс-шараларынан түк шықпады. Сондай-ақ, әлеуметтің әлгі екі жарасын яғни екі мәселесін шеше алмай дал болды. Ал, Қасиетті Құран болса, бірінші сөзді, зекетті парыз қылу арқылы түбегейлі шешіп, жараны емдейді. Екінші сөзді де өсімқорлықты харам қылу арқылы шешіп, шипа береді. Иә, Құранның аяттары бүкіл әлемге жар салып: «Өсімқорлыққа жол жоқ!» дейді. Адамзатқа: «Өзара қырқысу тоқтасын десеңдер банкі қызметін доғарыңдар!» деп бұйырады. Шәкірттеріне де «Банкіге жоламаңдар!» деп әмір береді.

Екінші негіз: Мәдениет бірнеше әйел алуды қабылдамайды. Құранның бұл үкімін өздерінше ақылға сыйымсыз, еш пайдасы жоқ деп ойлайды. Егер де, олардың ойлағанындай үйленудегі мақсат құмарлық қандыру болса, керісінше болуы керек еді. Алайда, үйленудің мақсаты мен хикметі ұрпақ жаю, нәсілді жалғастыру. Бұған тіпті жан-жануарлар, өсімдік әлемі куәлік етеді. Ал, ондағы құмарлықтың ләззаты болса, ол ауыр міндетті атқарту үшін рахым тарапынан берілетін аз ғана сый-ақы. Демек, ақиқатында және хикмет жағымен қараса үйлену, нәсілін көбейту, тұқымын сақтап қалу үшін болатын шаруа. Әлбетте, бір жылда бір-ақ рет бала туа алатын және айдың жартысында ғана ұрықтана алатын, содан кейін елу жасынан асқанда ол қабілетінен де айырылатын әйел заты, әрдайым ұрпақ жаюға қабілетті, жүз жасына дейін нәсілін көбейте алатын бір еркекке жеткіліксіз болатындықтан, мәдениет амалсыздықтан көптеген жезөкшелік орындар ашуды жөн көріп отыр.

Үшінші негіз: Әділ төрелік ете алмайтын мәдениеттің назарында Құран, әйел затына мұрагерлікті бөлісуде үштен бірін беруді бұйырғанына айыпты. Өздерінше бұл үкімін мінемек

— 121 —

болады. Алайда, қоғам өміріне қатысты үкімдер көпшілікке қарай берілетіндіктен, жалпы алғанда бір әйел өзіне қамқоршы біреуді табады. Ал, ер кісі болса өзіне жүк болатын, асырауға міндетті бір әйелмен отау құруға мәжбүр. Сонымен, әлгіндей жолмен бір әйел әкесінен қалған мұрадан үштен бірін алса, күйеуі қалған нұқсанын толықтырады. Ер адам әкесінен қалған мұрадан үштен екі бөлігін алса бір бөлігін алған жұбайының қажеттілігіне жұмсайды. Сөйтіп апа-қарындасымен тең бөліскен болады. Міне, Құрани әділдік осылай бұйырады. Осылай әділ төрелік етеді.

{(Сілтеме): Сотта өзін ақтау мақсатымен айтылған, және соттың ауызына құм құйған қорғау сөздерінен үзінді. Орайы келіп осы жерге түсініктеме ретінде жазылды.

Әділет басқармасының сотына айтарым: "Мың үш жүз елу жылдан бері, әр ғасырда үш жүз елу миллион адамның тұрмыс-тіршілігіне пайдалы, киелі де мызғымас Иләһи ережені үш жүз елу мың тәпсірдің растап, қолдауына сүйене отырып және мың үш жүз елу жыл бойы жалғасын тауып келген ата-бабамыздың діни нанымдарына сәйкес тәпсір жазған бір кісіні айыпты қылатын жөнсіз шешімді егер әрине дүниеде әділдік қалған болса ол үкімді терістеп, ондай шешімді жоққа шығарады!"}

Төртінші негіз: Құран, пұтқа табынуға қатаң тыйым салып қана қоймай, пұтқа табынушылықтың бір түрі, көшірмесі боп есептелетін суретке табынуға да яғни суретке көп мән беруге тыйым салады. Ал, мәдениет болса, сурет салуды өздерінің жетістіктері, жақсы нәрсе деп санап, Құранмен тайталасқысы келеді. Ал, негізінде сурет деген, оның көлеңкесі болсын, болмасын, денеге айналған рия (екі жүзділік, көрсетпешілік) немесе әуестіктің көрінісі, бет-пердесі болып табылады. Бұлар адамды зұлымдыққа, екі жүзділікке, әуестікке итеріп, бұрыс жолға тартады. Һәм, Құран Кәрім, мейірімін төгіп әйел затының құрметін сақтап қалу мақсатымен оларға "ар, ұят" пердесін жамылып жүруін бұйырады. Сонда ғана әлгі мейірбан жандар масқарашыл әуестіктің табанының астына түсіп жаншылмайды, абыройы сақталып қалады. Әйел заты әуестіктің құралы болып, құнсызданып, көрінген жерде жата беретін арзаншылыққа ұшырамасын деп жанашырлық танытады.

{(Сілтеме): Тәсәттүр яғни орамал тағып, шариғатқа сай киіну әйелдердің табиғатына өте сай. Ашық-шашық жүруді жаратылыстары қабылдамайтынын "отыз бірінші Мектуб" пен жиырма төртінші "Лема" анық түрде дәлелдеген болатын.}

Мәдениет болса, әйелдерді жылы ұясынан шығарып, арсыздыққа итеріп, адамзатты да жолдан тайдырды. Ал, негізінде отбасылық өмір бірқалыпты жалғасуы үшін әйел мен еркек арасында өзара құрмет, сыйластық, махаббат болуы керек. Ашық-шашық, әлем-жәлем киіну болса, әлгі шынайы құрмет пен махаббатқа

— 122 —

нұқсан келтіріп, ерлі зайыптылардың арасын суытады. Әсіресе манағы суретке көп мән берушілік адамның мінез-құлқын қатты зақымдап, түпкі тамырынан бұзып жіберетінін, рухтың төмендеп құлдырап кетуіне себеп болатынын мынадан білуге болады:

Мәселен, марқұм болған, рақымға аса мұқтаж сұлу бір әйелдің мәйітіне әуестене қарау, қызыға құмарту қаншалықты мінез құлыққа жағымсыз әсер етеді, сезімдерді бұзып жібереді. Сол сияқты, өліп қалған әйелдердің суретіне немесе тірі әйелдердің кішкене мәйітіне ұқсайтын суреттерге әуестене, құмарта қарау адамның нәзік те қымбат сезімдерін шайқап, астаң-кестенін шығарады. Сонымен аталмыш үш мысалдағыдай, Құранның мыңдаған мәселелерінің әрқайсысы адамзаттың дүниеде бақытты болуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, о дүниеде де мәңгі бақытқа қол жеткізуіне жағдай жасайды. Басқа тақырыптарды осы аталған тақырыппен салыстырып қара!

Қалайша, қазіргі мәдениет Құранның қоғам өміріне қатысты ереже-заңдарының алдында тізе бүгіп, оның рухани ғажаптығына қарсы тұра алмай тізе бүкті. Сол секілді мәдениеттің рухы болып саналатын батыс пәлсапасы мен адами даналық та Құранның хикметі мен даналығының қасында түкке тұрмайтынын жиырма бес Сөзде салыстырмалы түрде теңеу келтіре отырып дәлелдеген-ді. Ол Сөздерде Құранның мұғжиза екені, атап айтқанда он бірінші, он екінші Сөзде жан-жақты баяндалған болатын. Қаласаң сол жерге қара!

Һәм, жоғарыда айтылғанындай қазіргі мәдениет Құранның хикметінің кереметтігіне ғылыми тұрғыдан, тұрмыс жағынан жеңіліп қалды. Сол секілді мәдениет әдебиет пен шешендік тұрғыдан да жеңіліске ұшырайды. Екеуін салыстырғанда, біреуі тұл жетімнің қараң қалған өкініші мен үмітсіз жылап еңірегені сықылды болса, біреуі мәртебесі асқар таудай биік бір ғашық жанның уақытша қоштасудан әсер алып аңсағанын білдіретін, үміт отымен қамығуы секілді, немесе біреуі дәрежесі өте төмен маскүнемнің өлең айтамын деп бақырған дауысы сияқты болса, екіншісі жеңіске, шайқасқа бастар, жанкештілікке итеретін, құлшынысын арттыратын отан туралы өлең айту секілді. Себебі, әдебиет пен шешендіктің әсер ету тәсілі екі түрлі болмақ. Яғни я мұңайтады я қуантады. Мұңаю екі түрлі болмақ. Я сүйіктілерден мүлдем көз жазып қалудан, пана

— 123 —

болар ешкімі жоқтықтан пайда болатын қараң-қалған мұңаю; міне бұл, адастыратын, табиғатшылдық пен бейқамдыққа салатын мәдениеттің, әдебиетінің әсері. Ал, мұңаюдың екінші түрі болса, сүйіктілерден қоштасудан яғни сүйікті жандар бар, мүлдем жойылып кеткен жоқ, тек уақытша қоштасудан құтылып қауышуға асыққан мұңаю; міне бұл, тура жолға бастайтын, айналаға нұр шашқан Құранның мұңайтуы.

Ал енді, көңіл көтеру, қуану болса, ол да екі түрлі болмақ. Біреуі, нәпсіні қоздырып, әуестендіріп жібереді. Бұл театр, кино, роман арқылы әсер ететін мәдениеттің әдебиетінің кәсібі. Қуантудың, көңіл көтерудің екінші түрі болса, нәпсіні тыйып, рухты, жүректі (көңіл), ақыл мен сырды жоғары самғатып, нағыз отан жұмаққа, мәңгі әлемге, ақыреттік сүйікті жандарға жетелейтін, өте әдепті, бейкүнә түрде құлшыныс беріп, ынталандыру болып табылады. Бұл әрине адамзатты жәннатқа шақыратын, мәңгі бақытқа жетелейтін, "Рует-і Жамалуллаһқа" яғни, Аллаһтың жамалын көруге ынталандыратын Қасиетті Құранның ісі, соның сыйлайтын қуаныш-шаттығы. Сонымен:

قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْاِنْسُ وَالْجِنُّ عَلٰى اَنْ يَاْتُوا بِمِثْلِ هٰذَا الْقُرْاٰنِ لَا يَاْتُونَ بِمِثْلِه۪ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَه۪يرًا

аятының білдірген терең мағына мен ұлы ақиқатты ой-өрісі таяз, мәселеге атүсті қарайтындар тым ағат, асыра айтылған, мүмкін емес деп ойлайды. Жо-жоқ. Әсте олай емес. Керісінше, бұл нағыз ақиқатқа толы шешендік, ол әбден мүмкін әрі солай болған нәрсе.

Мұның бір мағынасы мынау: Құраннан алынбаған, Құранға еш қатысы жоқ адами һәм жынның маржан сөздері жаппай бір жерге жиналса Құранға тең келмейді деген сөз. Тең келетінін ешкім көрсете алмайды. Мұның екінші бір мағынасы мынау болса керек; Жындар мен адамдардың тіпті керек болса шайтандардың пікірлерінің жетістіктері, ойлап тапқандары, еңбектерінің жемістері болып табылатын мына мәдениет пен философия, батыстың әдеби жанрлары Қасиетті Құранның ұлық үкімдері мен терең хикметтерінің қасында, тіл өнері, шешендігінің алдында іліп алар жағы жоқ, түкке тұрғысыз нәрселер деген сөз. Оған дәлел болар үлгі-мысалдарды жоғарыда көрсеттік.

— 124 —

(Миуа рисалесінен)

Оныншы мәселеге қорытынды ретінде екі сілтеме

Біріншісі: Осыдан он екі жыл бұрын өте қауіпті, қырсық дінсіз біреу, Құранға қастандық жасағысы келіп, өзінің арам ойын Құранды тәржімелеу арқылы жүзеге асырмақшы боп былай депті: "Құранға тәржіме жасалсын. Сөйтіп Оның нендей нәрсе екенін жұрт білсін, яғни, іші тола орынсыз қайталау екенін жұрт көрсін. Бұдан кейін оның тәржімесі оқылсын!". Алайда, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақтары оған қарсы: "Құранның толыққанды тәржімесі мүмкін емес, сөз саптауы күрделі араб тілінде түскен Құранның құндылықтарын, керемет терең сырларын басқа тіл сақтап жеткізе алмайды. Әрбір әрпі он, мың, кейде одан да көп сауап беретін Құрани сөздер мен ғажайып сөйлемдердің орнына адамдардың жазған қарапайым, шектеулі, ауқымы тар, түсінігі саяз аудармасын қоюға болмайды. Оның орнына мешіттерде оқылмайды!" - деген Рисалей-Нұр әр тарапқа кеңінен тарап әлгі сұмдық жоспарды іске асырмай тастады. Бірақ, сол діннен безген кәпірден дәріс алған мұнафықтар бәрібір шайтанға еріп ақымаққа ұқсап Құрани Күнді үрлеп өшіруге тырысып бақты. Олардың осындай сұм айлалары маған өте шұғыл әрі қиын жағдайда осы Оныншы Мәселені жазуға мәжбүрледі. Басқа адамдармен кездесе алмағандықтан жағдайдың анық-қанығын білмеймін.

Қорытындының екінші сілтемесі: Денизлинің түрмесінен шыққанан кейінгі күндердің бірінде, мәшһүр «Шаһар» қонақ үйінің жоғарғы қабатында отыр едім. Қарсы алдымдағы сая-бақта көптеп өскен терек ағаштары зікір алқасы бейнесінде нәзік әрі сүйкімді түрде өздері де бұтақтары да жапырақтары да жел ескен сайын ғажайып күйде тербеле жайқалып тұр еді. Кенет, бауырларымнан көз жазып, жалғыздықтан мұңайған, дертті көңіліме бұл көрініс қатты әсер етті. Бірден, күз бен қыс мезгілдері еске түсіп мені ғапылдық басты.

— 125 —

Мен, әлгі шаттана зікір етіп, жайқалған теректер мен тірі жандарды ойлап, оларға жаным ашығаны сонша көздеріме жас үйілді. Әлемнің осындай тамаша әсем көріністерінің артында аяқталу, жоғалу, жоқ болу, айрылысу секілді жағымсыз жағдайлар еске түсіп мұндай әлемде толып жатқан қоштасу, айрылысу, жоғалу сынды қайғы-мұңдар мені әп-сәтте қоршап алды. Сол кезде Мұхаммеди (с.а.у.) ақиқаттың әкелген нұры көңілге медет сыйлап, қол ұшын берді. Манағы қайғы-мұң мен дерттер шаттыққа толы қуанышқа айналып сала берді. Тіпті ол нұрдың әркімге, әрбір иманды жанға тигізер пайдасы секілді менің де жеке басыма қатысты миллион фәйз-нұрының тек сол уақытта, тек сол жағдайда берген көмегі мен жұбанышы үшін Мұхаммедтің (с.а.у.) өзіне мәңгі қарыздар екенімді сезіндім. Қалай десеңіз:

Әлгі ғапыл ойға, манағы мүбарак зікір етуші сылқым ағаштар, тіпті күллі жаратылыс белгілі бір мақсат-міндеті жоқ, пайдасыз, бір мезгіл ғана көрініп соңында жоқ болатын, жайқала қозғалуы шаттықтан емес керісінше жойылудан зәресі ұшып қорқып, өлгісі келмей жанталасқан мұңлық боп көрінгендіктен (басқалар секілді) менің де бойымдағы мәңгілікке деген ғашықтық, сұлулыққа деген құштарлық, тірі-жандарға деген аяушылық сезімдеріме қатты әсер еткені сонша дүние қараң қалып мағынауи тозаққа, ақыл азаптайтын құралға айналған-ды. Міне, сол сәтте Мұхаммед Аләйһиссалату Уассаләмның адамзатқа тарту еткен нұры пердені ашып, манағы жойылу, жоқ болу, құрдым, бос әурешілік, міндеті жоқтық, әбестік, айырылсу деген нәрселердің орнына, әлгі ағаштардың жапырақтары қанша болса сонша атқарар міндеті, шексіз хикмет, терең мағыналары және (Рисалей-Нұрда дәлелденгені сияқты) үш топқа бөлінетін нәтижелері бар екенін көрсетті.

Біріншіден: олар Сани-ы Зүлжәләлдың есім-сипаттарымен байланысты. Мәселен, хас шебер ұста таңғажайып машина құрастырып шығарса, оны көргендер: «Машаалаһ, Барәкаллаһ» деп дән риза болып, қошеметтейді. Сондай-ақ, ол машинаның өзі де көзделген мақсат пен күтілген нәтижені толық орындау арқылы өзінің хал тілімен жасаған ұстасын дәріптеп, өзінше құттықтайды. Міне, әрбір тіршілік иесі, жан-жануар, күллі жаратылыс осындай ғажап машина секілді. Олар өз ұстасын дәріптеп зікір етеді.

— 126 —

Екіншіден: Тірі жандар мен саналы пенделердің назарымен байланысты. Оларға қызықты зерттеу орны, әрқайсысы Жаратқанды таныстыратын таным кітабы. Олар өздерінің мағыналарын саналы жандардың зейіндеріне, бейне-пішіндерін естеріне және ғайб әлемінің дәптерлеріне жазып қалдырады да содан соң мына шәһадат әлемінен көшіп, ғайыб әлеміне аттанады. Демек, көзге көрінетін болмысын жоғалтқанымен мағынауи әрі ғайби және іліми көптеген болмысқа ие болып мәңгі қала бермек.

Сонымен, Аллаһтың бар екені рас және Оның ілімі барлық нәрсені қамтитыны да рас. Олай болса, әлбетте, жоқ болу, құрдымға кету, жойылу, аяқталу, мүлдем жоғалу деген нәрсе ақиқатында имандылар үшін жоқ. Ал, кәпірлердің дүниесі қараңғы, ол жоқтыққа, айрылысуға, жоқ болуға толы, бәрі өткінші, фәни. Міне, осы ақиқат халық аузында мына мақал арқылы былай дәріс береді: «Аллаһ бар дегенге бәрі де бар. Кім Аллаһ жоқ десе, оған ештеңе жоқ!»

Сөздің түйіні; Иман, адам өлер кезде мәңгі жоқ болудан оны қалай сақтап, құтқарып қалатын болса, әркімнің ішкі жан дүниесін де жоқтық, бекершілік, қараңғылықтан құтқарады. Ал, күпірлік болса, әсіресе нағыз имансыздық болса, ол адамның өзін, һәм дүниесін жоқ қылып мағынауи тозақ зұлыматына тастайды. Өмірдің ләззатын, берекесін алып, ащы уға айналдырады. Дүниялық өмірді ақыреттен артық санайтындарға айтарым, бұған бір шара тапсын, болмаса иманға келсін. Сөйтіп әлгі сұмдық қараңғы зұлыматтан, күллі зияннан құтылсын!..

— 127 —

(Жиырма алтыншы сөзден)

Үшінші бөлімнің соңы және төртінші бөлім

Егер: "Тағдыр біздің қол аяғымызды осылай байлап тастаған. Еркімізді қолымыздан алып қойған. Әрқашан ашылып, жадырауға құштар, бір жерде, бір қалыпта тұра алмайтын жүрек пен рухымызға тағдырға иман ауырлық туғызып, қиындық бермей ме екен?" дейтін болсаң.

Жауабы: Әсте олай емес! Қиындық бермек түгілі керісінше керемет жеңілдік беріп, көңілдің хоштығын сыйлайды. Және жанды рахатқа бөлейтін, көңілді шаттандыратын шаттық сыйлап, сенімділік пен қуанышқа толы нұрға бөлейді. Өйткені адам, тағдырға сенбесе тар шеңберге қамалып, болар-болмас егемендік пен уақытша еркіндікке ие болғанымен дүниедей ауыр жүкті мойнына асынып, арқалауға мәжбүр болады. Себебі, адам баласы бүкіл әлеммен тығыз байланыста. Оның шексіз армандары мен толассыз мақсаттары, талап-тілектері бар. Бірақ күш-құдіреті, қалау-еркі олардың миллионнан біреуіне жетпегендіктен тартқан рухани азабы қаншалықты қорқынышты екенін айтпай-ақ түсінікті. Ал, тағдырға иман манағы барлық ауыр жүкті тағдырдың алып кемесіне артады да жан дүниесі рахаттанып, рухы мен жүрегі емін-еркін кемелділікке тура бет алуына мүмкіндік жасайды. Тағдырға сену, тек жамандыққа итермелейтін, жүгенсіз нәпсінің азғантай еркіндігін шектеп, перғауынға еліктейтін тәкаппарлығын, өзіндік ойша рубубиетін яғни "құдайлығын" сындырып, беталды лағуына жол бермейді. Тағдырға сенудің кереметтігі сонша тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Тек бір мысал арқылы оның берер ләззатына, бақытына қысқаша ишара қыламыз.

Екі адам бір патшаның ғажайыптар мекені болған ерекше зәулім сарайына барады. Олардың біреуі патшаны танымайды. Сондықтан ол жерде тұрақтап, ұрлық-қарлықпен өмір сүргісі келеді. Алайда, ол бау-бақша мен сарайдың өзіндік талаптары, басқарылуы,

— 128 —

іс-шаралары, кіріс-шығысы бар. Әрі ол жердегі түрлі тетіктердің жұмыс істеуі, һәм ол жердің хайуанатын асырау секілді ауыр жұмыстарды көріп, уайымдап әрдайым азап шегеді. Манағы жұмақтай әсем мекен, саябақ, бау-бақша басына бәле болады. Барлық нәрсеге жаны ашиды, бірақ қолынан еш нәрсе келмейді. Қайғырып, қамығып күн кешеді. Кейін бұл әдепсіз ұрыны тәрбиелеу мақсатында түрмеге қамап тастайды.

Ал екінші адам болса, патшаны таниды. Өзін патшаның қонағымын деп санайды. Бау-бақшадағы, зәулім сарайдағы барлық жұмыстар белгілі бір заңмен, қатаң тәртіппен жүзеге асатынын, барлық нәрсе жоспарлы түрде тым оңай атқарылып жатқандғына сенеді, солай деп біледі. Бейнет, қиыншылықтарды патшаның заңына жүктеп, алаңсыз әлгі жәннаттай бау-бақшаның барлық қызығына батып, һәм патшаның мейірімін ескеріп, әрі оның басқару заңдарының кереметтігіне қарап, осылайша барлық нәрсені жағымды санап хош көреді. Өмірін қызықты да ләззатқа толы бақытты өткізеді. Міне, сен مَنْ اٰمَنَ بِالْقَدَرِ اَمِنَ مِنَ الْكَدَرِ (Кімде-кім тағдырға иман келтірсе, сөзсіз ол уайым-қайғыдан аман болады) деген сөздің сырын түсін.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ: Егер былай десе: "Бірінші бөлімде, тағдырдың барлық жағы әдемі, жақсы деп дәлелдедіңіз. Тіпті, тағдырда жазылған жамандықты да жақсылық, жағымсыздық та жағымды дедіңіз. Алайда, мына жалған дүниедегі бәле-жала, қайғы-қасірет деген нәрселер сіз айтқан үкімді терістемей ме?".

Жауабы: Уа, шектен тыс мейірімділік қыламын деп басына бәле тілеп, қайғы жұтқан бейқам нәпсім, бейбақ достым! Тегінде, бар болу, жалпы болмысқа ие болу өте тамаша нәрсе, ол нағыз жақсылық. Ал, жоқ болу, жоғалу нағыз жамандық. Бұған, бүкіл әдемілік пен кемелдік атаулы бар болудың, болмыстың айналасында шоғырлануы, ал барлық күнәлар, бәле-жала, қайғы-қасірет, кемшілік атаулының тегі жоқтықпен ұштасып, жоқтың кесірінен болатыны дәлел. Демек, жоқ болу, жоқтық нағыз жаман екені расталды. Жоқтықпен тынатын яки жоқ қылатын, немесе соған түрткі болатын жағдайлар да өте жаман.Міне, сондықтан болмыстың ең жоғары дәрежелісі, жарқын нұры болып табылатын тірілік, яғни, өмір түрлі жағдайларға ұшырау арқылы күшейіп, шыңдала түспек. Өзара тым алыс жағдайлар оны

— 129 —

тазартады. Әр түрлі күйге еніп күткен нәтиже, жеміс алынады. Осылайша өмірді сыйлаған Уаһиб-ы Хаяттың көркем есімдерінің нақыштарын әдемі көрсетеді. Міне, осы ақиқатқа байланысты тірі жандарға бәле-жала, қайғы-қасірет, машақат жиі ұшырасады. Мұндай жағдайлардың саясында тірілікке болмыстың нұры төгіліп, жаңарады да жоқтықтың қараңғылығынан алыстап, тіріліктерінің көздері ашылады, тазара түседі. Себебі, тоқырау, тоқтау, әрекетсіздік, қолы бостық, демалыс, бір қалыптылық деген нәрселердің ақыры, негізі жоқтық, олар болмысты жойылуға апаратын нәрселер. Ол адамды жоқ болу дейтін қою қараңғы тұйыққа тірейді. Тіпті, ең үлкен ләззаттің өзі бір қалыпты жалғаса берсе қызығы қалмай, мәнісін жоғалтады емес пе?

Қорытынды: Демек, шындығында тірілік Аллаһтың көркем есімдерінің нақыштарын көрсетеді екен. Олай болса тіріліктің басына не түссе барлығы жақсы болып табылады. Мысалы, өте бай, он саусағынан өнер тамған шебер ұста, өзінің ғажайып өнерін һәм мол байлығын паш етуді қалап, өзі пішіп, өзі тіккен киімдерді киюі үшін бір міскін, пақырды келісімді бір ақыға, бір сағатқа жалдап алды. Өзінің өнерін салып тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізді. Оның үстінде жұмысын жүргізеді, ғажайып өнерінің сан-алуан қырын көрсеткісі келіп, көйлекті кесті, пішті, ауыстырды, ұзартты, қысқартты. Апырым-ай, әлгі жалданған пақыр, шеберге: "Мені әуреге салдың! Отырып-тұрудан, иіліп-еңкеюден шаршадым. Жарасып тұрған көйлекті кесіп, сәнімді бұздың" деуге ақысы бар ма? "Мені аямайсың" дей ала ма?

Міне, осы секілді Сани-ы Зүлжалал, Фатыр-ы Бимисал, аса шебер Аллаһ, тірі жандарға көз, құлақ, ақыл, жүрек секілді ішкі-сыртқы сезімдерге бай дене киімін кигізген. Ол денені өзінің көркем есімдерінің нақыштарын көрсету үшін түрлі жағдайларға ұшыратып, аударып-төңкереді, күйден-күйге салады. Сырттай қайғылы да өкінішті көрінген жағдайлардан кейбір Иләһи есімдердің үкімдері көрініс табатындықтан кез келген жағдайдың хикмет толы сәулелері, өзіндік мейірімділіктің шуақтары өте мөлдір шағылысып, гүл-гүл жайнайды.

— 130 —

Жиырма алтыншы сөзден

СОҢЫ

[Ескі Саидтің асау да тәкаппар, мақтаншақ, һәм құлшылығын санайтын, рияшыл нәпсісінің үнін өшірген, берілуге мәжбүр қалдырған бес пікір.]

Бірінші пікір: Болмыстың бар екені және өте шебер жасалғаны рас. Әлбетте олардың бір жасаушы ұстасы бар. Жиырма екінші Сөзде нақты дәлелденгені секілді, егер барлық нәрсе бір Аллаһтың өнері болмаса, онда әрбір нәрсенің жаратылуы, болмысқа ие болуы мүлдем қиынға түсіп, тіпті заттардың санынша әуре-сарсаңға салар еді. Ал, егер барлық нәрсенің жаратылуы бір ғана Шеберге берілсе, онда барлық нәрсенің жаратылуы бір нәрсенің жаратылуындай оңай болары хақ. Демек, мына жер мен көкті бір Шебер жасаған, Ол жаратқан. Әлбетте, Ол шексіз дана, өте өнерлі лы Шебер, жер мен көктің жемісі, нәтижесі, мақсаты болып саналатын тіршілік иелерінің болмысын өзгелерге беріп, істің жүйесін бұзбайды. Бастан аяқ даналыққа толы өнерін бөгде біреулерге тапсырып, әбес іс жасамайды, оған әсте жол бермейді. Олардың құнын түсіріп, жасаған шүкір, ғибадат алғыстарын басқаларға бермесе керек.

Екінші пікір: Уа, тәкаппар нәпсім! Сен жүзім ағашына ұқсайсың. Мақтанбағын, жүзім ағашы бойындағы малынып тұрған тәтті жүзім шоқтарын өзі іліп алды деймісің. Жоқ, оларды басқа біреу тақты емес пе!

Үшінші пікір: Уа, рияшыл нәпсім! "Сен дінге қызмет еттім" - деп паңданба!

اِنَّ اللّٰهَ لَيُؤَيِّدُ هٰذَا الدّ۪ينَ بِالرَّجُلِ الْفَاجِرِ

дегеніндей, сен сүттен ақ, судан таза емессің ғой. Олай болса сен өзіңді осы "раджул-ил фаджир" деп біл, яғни күнәһар екеніңді мойында. Атқарған қызметіңді, жасаған құлшылығыңды, өзіңе берілген нығметтердің шүкіршілігі, ол негізгі міндетім, мойнымның борышы, мен сол үшін жаратылғанмын деп біл! Біл де, құлшылығыңа сеніп, санасудан, риядан арыл!

— 131 —

Төртінші пікір: Ақиқатқа апарар ілім іздесең, нағыз даналық керек болса, Хақ Тағаланың мағрифатына қол жеткіз, Жаратқан Иеңді таны. Өйткені, болмыс атаулының ақиқаты, олардың мәнісі Аллаһтың Хақ есімінің шуақтары, көркем есімдерінің көрінісі, сипаттарының шағылыстары болып табылады. Әр нәрсенің, әрбір адамның ақиқаты, ол заттық тұрғыдан болсын, мағынауи болсын, негізгі яки жанама болсын жеке-жеке көркем есімнің нұрынан бастау алады, оның ақиқатына сүйенеді. Олай болмаған жағдайда ақиқатсыз, мән-мағынасыз, жәй бір сурет болып қалады. (Жиырмасыншы Сөздің соңында бұл туралы біршама баяндалғанды).

Ей, нәпсі! Егер мына дүниелік өмірге құштарланып, өлімнен қорқып қашсаң, сенің өмір деп санап жүрген мына хал-ахуал, біле білсең осы сәттегі минут қана. Осы минуттан бұрыңғы уақыттар және ондағы оқиғалар, дүниеуи заттар сол мезетте-ақ жоқ, өлді-кетті. Және сол минуттан кейінгілер болса, бүкіл уақытың және сол уақытыңның ішіндегілері де сол мезетте жоқ болып есептелінеді. Демек, қатты сеніп жүрген заттық өмір, дүниелік тірілік тек бір минуттық сәт қана. Тіпті, өте зерек кейбір ғұламалар былай деген екен: "Бұл өмір - минуттың миллионнан бір бөлігі немесе қас-қағым сәт".

Сонымен, осы сырға байланысты кейбір әулие кісілер дүниенің тұрлаусыз, фәни екенін көріп: "Өмірді бар деп айтуға тұрмайды" деген екен. Ендеше, сен нәпсіге тән заттық өмірді тәркі ет. Сөйтіп, жүрек, сыр, рухпен байланысты тұғыры биік ғұмыр кеш. Жоғары өрле, биікке көтеріл! Сонда сен оларға тән кең де жарық әлем бар екенін көресің. Саған жоқ болып, жансыз, өлі болып көрінген өткен шақ пен болашақ оларға бар, олар үшін бәрі тірі, жанды әрі болмыс екенін түсінесің. Уа, нәпсім! Ендеше сен де жүрегіме ұқсап еңіреп жылап, былай де:

Өзім фәни болсам дағы, фәнилерді қаламаймын,

Жаным пида Рахманға, мен өзгені қаламаймын.

Әлсізбін мен, ал бірақ та әлсіздерді қаламаймын,

Қаласам тек, мәңгі бақи "Досты" қалаймын.

Титтеймін мен, біраақ мәңгі күнді қалаймын,

Жоқ дерліктей кіп-кішкентай біреумін.

Ал бірақ та мына ғаламды түгелімен қалаймын.

— 132 —
[Ғаламның тылсым-сырларын ашқан және хикметке толы Құранның тылсымын тапқан]
Отызыншы сөзден
БІРІНШІ МАҚСАТ
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّا عَرَضْنَا الْاَمَانَةَ عَلَى السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ وَالْجِبَالِ فَاَبَيْنَ اَنْ يَحْمِلْنَهَا وَاَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْاِنْسَانُ اِنَّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا

Осы аяттағы мол қазынаның бір ғана жауһарына ишара етеміз:

Аспан мен Жер, Тау да мойнына алудан қорқып бас тартқан аманаттың көп жақтары бар. «Әнә» солардың біреуі ғана, бір жағы. Адам Ата заманынан бері осы күнге дейінгі адамзат әлемін түгелдей жайлап алған, бұтақтары тарам-тарам нұрлы Туба ағашының және сұмдық, үрейлі Заққум ағашының да дәні сол «Әнә». Осы терең ақиқатқа кіріспей тұрып, мұны түсінуді оңайлататын бір кіріспе жасайық.

Әнә, Иләһи есімдердің сырын ашатын яғни құпия қазыналардың кілті. Сонымен қатар әлемнің тылсым-жұмбақтарының да шешімі. Ол, шешімі қиын сырларды ғана ашып қоймай, өзі де таңқаларлық тылсым-сыр. Әнәнің мән-мағынасы түсінікті болған кезде әлгіндей құпия сырлар ашыла бастайды. Сөйтіп ғаламның тылсымы терең сырлары мен әлемдегі Иләһи қазыналар ашылады яғни Аллаһтың көркем есім-сипаттары да біршама көрінеді. Осы мәселеге байланысты «Шәммә» атты арабша шығармамда былай дегенмін:

Әлемнің кілті адамның қолында. Ол нәпсісінде ілулі тұр. Әлемнің мән-мағынасы сырттай қарағанда түсінікті, қақпалары ашық секілді көрінгенімен, олай емес. Хақ Тағала «әнә» дейтін кілтті аманат қылып берген. Онымен әлемнің бүкіл қақпаларын яғни сырларын ашуға болады. Сонымен бірге Жаратушының құпия қазыналарын табатын тылсымға толы «әнәниет» яғни менмендік берген.

— 133 —

Алайда, «әнәнің» өзі де құпия жұмбақ һәм ашылуы мүшкіл тылсым. Егер оның мән-мағынасы, терең сыры ашылса, өзінің ғана емес әлемнің де сыры ашылады. Былайша:

Сани-ы Хаким (әрнәрсені даналықпен шебер жарататын), Рубубиетінің сипаттары мен Улуһиетінің шуунаттарын {(Шуунат): - хал-жағдайлар, әмірлер, істер, талаптар.} және олардың ақиқаттарын көрсететін әрі оны таныстыратын ишаралар мен үлгі-мысалдарды толық қамтитын «әнәні» адамға аманат етіп берген. Әнә салыстыру құралының қызметін атқарады. Оған тек салыстырушы құрал ретінде қарау керек. Белгілі бір болмыс деуге келмейді. Оны геометриядағы шартты сызықтар сияқты қиялдағы зат яки жоқ нәрсені бар санау секілді салыстырушы құрал деп қана пайдалану керек. Оның ілім арқылы анықталатындай нақты болмысының болуы шарт емес.

Сұрақ: Хақ Тағаланың есім-сипаттарын тану неліктен "Әнәниетке" байланысты?

Жауап: Өйткені абсолюттік, ауқымы кең, шексіз бір нәрсенің шегі болмайтындықтан, оған бір пішін беру, елестету мүмкін емес. Оны суреттеуге, байқауға келмейді. Не екендігі білінбейді.

Мысалға, ешбір қараңғылық қалдырмайтын жарықтың бар-жоғы білінбейді де сезілмейді. Оған нағыз немесе ойша бір қараңғылық арқылы шек қойылған жағдайда ғана білінеді.

Хақ Тағаланың Ілім, Құдірет, Хаким және Рахим сияқты есім-сипаттары шексіз, ауқымы кең, серіксіз болғандықтан оларға бір тұжырым жасау, не екендіктерін білу, сезу мүмкін емес. Олай болса, шартты түрдегі, қиялмен ойша шектерді сызуға тура келеді. Міне, мұны әнәният қана яғни менмендік жасай алады. Ол өзінде бір рубубиет, құдірет, иелік, ілім бар деп ойлай алады. Сол арқылы шексіз сипаттарға ойша шекара сызады. «Бұл жерге дейін менікі, мұнан әрі қарай Оныкі» деп өзінше бөліседі. Өзіндегі болар-болмас өлшемдер арқылы олардың мәнісін ақырындап ұға бастайды. Мәселен, өзіндегі ойша рубубиет арқылы Жаратушысының әлемдегі абсолюттік рубубиетін, толық билігін түсінеді. Өзіндегі ойша рубубиетін, иелігін қиялдап Жаратушының толық иелігін пайымдайды. «Мен мына үйдің иесі болсам, Жаратушы да мына ғаламның иесі» дейді. Болмашы іліміне сүйеніп, Оның шексіз ілімін біршама аңғарады. Үйренген кішкене өнері арқылы Сани-ы Зүлжалалдың (айбынды, өте шебер)

— 134 —

теңдессіз өнерін бағалауға мүмкіндік туады. Мысалға, "Мен қалайша мына үйді салып, ретке келтірген болсам, мына үй тәріздес әлемді де біреу жаратып, тәртіпке келтірген ғой" дейді. Тағысын тағы...

Әнәнің бойына бүкіл Иләһи сипаттар мен шуунаттарды аңғартатын, көрсететін мыңдаған жұмбақ жайлар мен сипаттар, сезімдер берілген. Демек, әнә һәм айна сияқты һәм салыстырушы құрал. Ол өлшеу құралы секілді өзіне емес өзгеге қызмет етеді. Мұны әріптік мағына дейді. Адам болмысын жуан арқанға теңер болсақ ол соның түйсікті бір ғана жібі. Адамзат мәнісін бір көйлекке ұқсатар болсақ ол соның жіңішке бір жібі. Адам тұлғасын бір кітапқа балайтын болсақ ол соның бір әлібі. Бұл әліптің "екі жағы" бар. Бір жағы жақсылық пен болмысқа қаратылған. Бұл жағы тек нәр алуға ғана қабілетті. Берілгенді қабыл етіп, өз бетінше ештеңе жасай алмайды, қолынан түк келмейді. Әсте өздігінен іс атқарушы емес.

Екінші жағы болса, жамандыққа апаратын, жоқ қылатын жағы. Бұл жағымен ол, іс атқарушы боп табылады. Мәнісі әріптік яғни өзгеге қызмет етеді. Рубубиеті ойша ғана. Табиғаты дәрменсіз де әлсіз, еш нәрсеге жарамайды. Өз бетінше еш нәрсені көтере алмайды. Бір заттың дәрежесі мен түс-тұрпатын анықтау үшін қолданатын өлшеу құралдары, термометр, ауа қысымын өлшейтін барометр секілді аспап деуге болады. Уажиб-үл Ужудтың (Аллаһ) абсолюттік, шексіз сипаттарын білдіретін өлшеуіш. Өзіне осылай қарап, мәнісін солай біліп, тұжырым жасағандар әрі соған қарай әрекет еткендерге

Қасиетті Құран өзінің قَدْ اَفْلَحَ مَنْ زَكّٰيهَا деген аятымен сүйінші хабар береді. "Олар аманатқа қиянат жасамады яғни адал болды" дейді. Әнәнің дүрбісімен ғаламның не екендігін, нендей міндет атқаратындығын көре алады. Ондай нәпсіге сырттан мағлұматтар келсе "әнә" оларды растап, бекітеді де келген ілімдер нұрға, хикметке айналып, толыға түседі. Нұр қараң қалып сөніп қалмайды, хикмет әбестікке айналып өшпейді. Әнә өз міндетін осылай атқарған кезде, салыстырушы құрал ретіндегі ойша рубубиеті мен шартты түрдегі иелігінен бас тартады.
لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ لَهُ الْحُكْمُ وَ اِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

деп, нағыз құлшылық міндетіне кіріседі. Ахсән-і тақуим дәрежесіне көтеріледі.

— 135 —

Егер әнә, өзінің не үшін жаратылғанын ұмытып, табиғи міндетін тастап, «өзім осындаймын, қасиеттердің бәрі өзімдікі» деп сенетін болса, аманатқа қиянат жасағандардан болады.

وَ قَدْ خَابَ مَنْ دَسّٰيهَا

аятының қаһарына ұшырайды. Міне, Аспан мен Жер әнәнияттің осындай күллі жамандық пен ширктерді тудыратын, адасушылыққа апаратын жағы болғандықтан оны арқалаудан қорқып ат-тонын ала қашқан. Олар шартты түрдегі ширктен қорыққан. Негізінде әнә өте нәзік бір әліп, бір қыл, шартты түрдегі, негізі жоқ ойша бір сызық қана. Солай бола тұра мәнісі білінбей, ақиқаты ашылмаса топыраққа жасырынған дәндей өсіп-өніп бара-бара жуандай түседі. Адамның тұла бойын жайлап алып, үлкен әждаһадай жұтып қояды. Ондай адам бүкіл болмысымен, барлық сезімдерімен бірге құдды бір әнә боп шыға келеді. Содан кейін оның әнәниетін күллі адамзаттың әнәниеті яғни менмендігі нәсілшілдік, ұлтшылдық тұрғысынан қуат беріп қоздырады.

Енді әнәниет атаулыны артына алып алған «әнә» шайтанға ұқсап Сани-ы Зүлжалалдан тайсалмай әмірлеріне қарсы айтысуға бар. Содан соң жұрттың бәрін өзіндей көріп, тіпті барлық нәрсені өзімен салыстырып, Хақ Тағаланың жаратқандарын себептерге еншілеп, көрінгенге тарата бастайды. Ақырында үлкен бір ширкке бой алдырады, яғни Аллаһқа серік қосу дейтін үлкен күнәға батады.

اِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظ۪يمٌ

аятының бір мағынасын көрсетеді.

Мысалы, мемлекеттік қазынаға қол сұғып қырық лира ақша ұрлаған адам, жанындағылардың да түгелдей бір-бір лирадан алғанын қалайды. «Солай істесем ғана пайдаға жаратамын» деп ойлайды. Сол сияқты, «Өзіме өзім қожайынмын» деген адам, «Барлық нәрсе өзіне-өзі қожайын» деуге және солай сенуге мәжбүр. Міне, осы күйдегі қиянатшыл «әнә» надандыққа белшеден батты деген сөз. Ол мыңдаған пән оқып, қанша ғылым меңгерсе де надандықтың тас түнек қараңғылығынан құтыла алмайды. Өйткені, оның ішкі-сыртқы сезімдері, пікірлері әлемнен мағрифат нұрларын әкелген кезде, оны растайтын, бекітіп қуаттайтын, жарқыратып ары қарай жалғастырып әкететін өзінде бір қасиет табылмағандықтан сөніп қала береді. Келген мағлұматтар жаппай нәпсідегі бояуға малынып мүлдем басқаша түрге енеді. Тұнып тұрған керемет хикмет келсе дағы түк мағынасы жоқ әбестік секілді көрінеді. Өйткені мұндай жағдайдағы

— 136 —

әнәнің түрі - ширк пен атеизм, Аллаһты жоққа шығару. Бүкіл әлем жарқыраған аяттарға толып, барлығы Жаратқанды мегзеп тұрса да манағы әнә яғни мендігі қараңғы нүкте болып тұмшалап көрсетпей тастайды.

Он бірінші Сөзде, адамның мән-мағынасы мен сол мағынадағы әнәниеттің түрі баяндалған-ды. Ол Сөзде әріби мағынадағы яғни шынайы да нағыз әнәниеттің өте сезімтал таразы екендігі, әсте шатастырмайтын өлшем, ауқымды мазмұн, толық карта, жан-жақты көрсететін айна екені және әлемнің тамаша үлгісі, әсем жинақ екендігі нақты түсіндірілген болатын. Соны бір қараңыз. Ол жердегі түсіндірмені жеткілікті санағандықтан кіріспені аяқтайық. Егер кіріспені түсінген болсаңыз, ақиқатқа көшеміз.

Сонымен, адамзат тарихында Адам (а.с) заманынан бүгінге дейінгі қай қоғамда, қай тапта болмасын бұтақтары тарам-тарам екі алып ағаш секілді екі түрлі ағым, екі түрлі пікір тізбегі қалыптасқан.

Біріншісі: Пайғамбарлық тізбегі мен діндарлық.

Екіншісі: Философиялық ағым мен даналық тізбегі.

Бұл екі ағым бір арнаға тоғысқан кезде яғни философтар мен даналар дінге мойынсұнып, хаққа қызмет еткен кезде адамзат кемелденіп, өркениет дамыған. Қоғам өмірі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман кешкен. Ал, екеуі екі жаққа кеткен кезде күллі жақсылықтар мен нұрлар пайғамбарлық тізбегі мен діндарлардың айналасына жиналған. Ал, бүкіл адасушылық пен жамандықтар философтар мен ақылгөйлердің еншісіне қалған. Енді осы екі тізбектің қайдан басталатынын, қайнар көзін табуға тырысайық.

Сонымен, діндарлық жолына мойынсұнбаған пәлсәпа жүйесі құдды бір заққұм ағашы сияқтанып, айналасына ширк пен адасушылықтың қараңғылығын жайған. Ол ағаштың "ақыл-ой" дейтін бұтағынан шыққан улы жемістермен яғни атеисттер, материалисттер, табиғатшылдар яғни табиғатқа табынып, сол жаратты деушілермен (натуралисттер) адамзаттың ақылын улап жатыр. Ал, "ашу-ыза" дейтін бұтағынан шыққан жемістер, Немрудтар, Перғауындар, Шеддаттармен

{(Сілтеме): Иә, тарихта Нәмрудтар мен Перғауындарды тәрбиеліп шығарған көне Мысырдағы және Вавилондағы сиқыр дәрежесіне жеткен сол кездегі көне пәлсапа екені мәлім. Сол секілді аңыз-тәңірлерді (миф) ойлап тауып, көне гректердің миларына әбден сіңдірген және пұтқа табынушылыққа ұрындырған тағы да сол табиғатшылдық пәлсапасы.

Рас, көзі табиғатшылдық пердесімен жабылып, Аллаһтың нұрын көрмейтін адам, барлық нәрсені өзіне тәңір ретінде қабылдап, кейін олар басына бәле болады.}

адамзаттың басын әлекке салып келеді. Ал

— 137 —

"хайуани құмарлық" дейтін бұтағынан көптеген жалған тәңірлерді, пұттарды, өзін құдай санайтындарды жетілдіріп, жеміс берді. Осы заққұм ағашының тамыры да манағы туба ағашындай пайғамбарлық тізбегінің тамыры да әнәден бастау алып, оның екі жағынан шығып тұр.

Ал, жер беті деп аталатын баудағы құт дарыған Туба ағашының "ақыл-ой" бұтағынан әнбиялар, расулдар, әулиелер мен сыддықтар секілді тәтті жемістер жетілуде. Зияннан қорғану, жаманнан сақтану сезімінен яғни "ашу-ыза" бұтағынан әділ билер, бейкүнә бекзат, адал патшалар сынды мәуелер беруде. Құштарлық сезімінен яғни "құмарлық" бұтағынан көркем мінезді жайсаңдар мен игі жақсылар, абзал жандар өсіп келеді. Адамзат мына ғаламның ең құнды жемісі екендігін іс жүзінде көрсетуде. Енді осы екі түрлі ағаштың дәні, қайнар көзі, өзегі болып табылатын әнәнің екі жағын суреттейміз.

Әнәнің бір жағын Пайғамбарлық жетелеп кетіп бара жатса, екінші жағын философия ұстап келеді.

Пайғамбарлық жетелеген бірінші жағы, шынайы құлшылықтың қайнар көзі, соған итереді. Яғни әнә бұл тұрғыда өзін құлмын деп біледі. Міндеті өзгеге қызмет ету деп түсінеді. Мәнісі әріби мағына яғни өзгенің мағынасын білдіреді, оны қабылдайды. Болмысы - тәуелді яғни, өзге біреудің құдіретімен тұр, оның жаратуымен ғана бар, Оған сенеді. Иелігі ойша ғана. Өз Иесінің рұқсатымен ғана қожайын, уақытша ғана ие, мұны жақсы біледі. Ақиқаты біреудің көлеңкесі ғана яғни, хақ әрі міндетті түрдегі, шексіз ақиқаттың сәулесінің шағылысы болып, мүмкін әрі міскін бір көлеңке. Міндеті, Жаратушысының сипаттары мен шуунатына салыстырушы құрал әрі таразы болып, соған сәйкес саналы түрде қызмет ету. Міне, Пайғамбарлар мен пайғамбарлық тізбегіндегі асфиялар мен әулиелер "әнәға" осы жағынан қарап, солай көрген, ақиқатты түсінген. Бүкіл болмысты Малик-ул Мүлкке (бар нәрсенің нағыз иесі) тапсырған. Ол Малик-ул Зүлжалалдің мүлкінде, рубубиетінде, улуһиетінде ешбір серігі, ұқсасы жоқ. Ол, көмекшіге, уәзірге мұқтаж емес. Барлық нәрсенің кілті, барлық мәселенің шешімі Соның қолында. Ол бүкіліне құдіреті жететін Қадир-і Мутлақ. Себептер болса, жай ғана сыртқы перделер. Табиғат - жаратылысқа қойылған заңдылықтар, ол заңдардың жинағы, құдіретінің ережелері деп тұжырымдаған. Міне,

— 138 —

әнәге осы жарқыраған нұрлы да көркем жағымен қарағанда ол, тірі һәм мағыналы бір дәнге ұқсайды. лық Жаратушы "құлшылық" дейтін "Туба" ағашын осы дәннен жаратқан. Оның берекелі жуан бұтақтары адамзат әлемін түгел қамтып, барлық жағын өзінің нұрлы жемістерімен гүл-гүл жайнатып, әсем безендірген. Өткен заманның қараңғы перделерін түріп тастап, өткен шақ пәлсәпәнің суреттегеніндей үлкен мазар, жоқ қылатын құрдым өлкесі еместігін, керісінше көзден таса болған рухтардың болашаққа сапар шеккенін, олар мәңгілік қуанышқа, нұрға бөленіп, жарық әлемде сау-саламат жүргенін, сондай-ақ о дүние түрлі баспалдақты нұрлы миғраж яғни көке көтерілу һәм ауыр жүкті тастап еркіндікке қауышу әлемі, дүниеден көшкен рухтардың бас қосатын нұрстан, сая-бақ екенін көрсетеді.

Екінші жағы яғни пәлсапа ұстаған жағы. Пәлсәпә әнәға есіми мағынада қарайды. Яғни, өзінен өзі тұр деп ойлайды. Өзінің бір мағынасы бар деп қателеседі. Өз бетінше қимылдап, өзінше әрекет етеді деп сандалады. Болмысы - зати яғни түпкі, негізі өздігінен деп көкиді. Яғни болмысы өзгеге тәуелсіз деп қарастырады. Өмір сүруге міндетті түрде хақысы бар, ол билеп төстей алатын қожайын, шынайы меншік иесі деп қате ойлайды. Оны тұрақты ақиқат деп түсінеді. Атқарар міндеті - өзін-өзі жақсы көріп, өзін дамытып кемелдендіру деп біледі. Тағысын тағы. станымдары осындай көптеген негізсіз тіректерге сүйенеді. Олардың негіздері қаншалықты негізсіз, тіректері өте шірік екендігін өзге рисалелерімде, атап айтқанда Сөздерде, Он Екінші және Жиырма Бесінші Сөзде анық түрде дәлелдеген болатынмын.

Тіпті, философия тізбегінің бетке тұтар, ең таңдаулы тұлғалары және сол жолдың ірі даналары саналатын Платон, Аристотел, Ибн Сина мен Фараби сынды адамдар: "адамзаттың ең басты мақсаты "Тәшәббуһу бил Уажиб" яғни ешнәрсеге мұқтаж емес, болмысы шарт, уәжіб Жаратқанға ұқсау деп, перғауындық тұжырым жасаған". Олар әнәниетті қоздырып ширктің терең ұйығына итерген. Сөйтіп Әсбабпараст, пұтпараст, табиғатпараст, жұлдызпараст

Әсбабпараст - себептерге жалтақтайтындар.

Пұтпараст - пұтқа, суретке табынатындар.

Табиғатпараст - табиғат жаратты дейтіндер.

Жұлдызпараст - жұлдызға сенетіндер

секілді неше түрлі ширк қосатындарға жол ашып кетті. Адамзаттың бойындағы әлсіздік, дәрменсіздік, пақырлық, мұқтаждық, кемшілік

— 139 —

секілді құлшылыққа бастар жолдарды тарс жауып, "құлмын" деп айтуға кедергі болды. Милары "табиғат жаратады" пікірімен уланып, ширктен толық құтыла алмай шүкірдің кең қақпасын таба алмады.

Пайғамбарлық болса, Адамның басты мақсаты мен негізгі міндеті - Иләһи ахлақтармен мінездену, ізгі қасиеттермен безену, өзінің әлсіз екенін мойындап Аллаһтың шексіз құдіретіне жалбарыну, дәрменсіздігін біліп Аллаһтың күш-қуатына сену, пақырлығын көріп Аллаһтан рақым сұрау, мұқтаждығын сезіп Аллаһтың мол байлығынан үміттену, қателіктерін көріп тәубе ету, кемшіліктерін көріп Аллаһтың кемелдігіне риза болып, Оны тәсбих ету, құлдық ұру, құлшылық ету деп тұжырымдаған.

Міне, дінге мойынсұнбайтын философия осылайша тура жолдан тайғандықтан, әнә тізгінін қолына алып, адасушылықтың барлық жолына түсіп шаба берген, шаба берген. Мұндай әнәнің ішінен Заққұм ағашы өсіп шығып, адамзаттың жартысынан астамын өзіне шырмап алған. Оның әлгі "құмарлық", "хайуани әуестік" дейтін бұтағынан шығарып адамзат назарына ұсынған жемістері, берген нәтижелері не десеңіз, олар пұттар мен жалған тәңірлер. Өйткені, философияның ұстанымында күш-қуат негіз ретінде қабылданып, жоғары бағаланады. Тіпті, "Әл-хукму лил Ғалиб" яғни жеңгеннің үкімі жүреді" деген қағидалары бар. "Кім басым түсіп, күшті болса сонікі дұрыс", "Хақ күште жатыр" дейді.

{(Сілтеме): Пайғамбарлықтың қағидасы мынау: "Хақ күште емес, күш хақта" деп, зұлымдыққа жол бермей, әділдікті орнатады.}

Зұлымдықты іштей қолпаштап, жауыз, залымдарды өздерін "тәңірміз" деп айтуға итермелеген. Һәм өнер туындыларындағы әсемдікті затқа және нақыш, ою-өрнектегі сұлулықты өзінікі деп, Жаратушы шебер Аллаһтың теңдессіз, киелі сұлулығынан келетін көріністерді жоққа шығарып, ақиқатты қабылдамай "Қандай тамаша жаратылған" деудің орнына "Қандай тамаша!" деп, жаратылғандарды өзі табынатын пұтқа айналдырған. Һәм әркімге сатыла беретін көзбояушылыққа, рия яғни екі жүзділікке, жағымпаздыққа себеп сұлулықты дәріптеп, өлердей жақсы көргендіктен рияшыл, екі жүзділерді қошаметтеп, көкке көтереді де олардың пұтқа ұқсаған болмыс-пішіндерін табынушыларына пұт жасап берген.

{(Сілтеме): Яғни, әлгі пұт секілділер өзіне құштар, ынтық болғандардың әуестіктерін қоздырып, жақсы көріну, жағымпаздану үшін оларға екіжүздене, құлдық ұрғандай кейіп танытады.}

— 140 —

Енді әлгі ағаштың "ашу-ыза" дейтін бұтағынан шыққан жемістерге келер болсақ, олар адамзат тарихында үлкенді-кішілі Нәмрудтар, Перғауындар, Шәддаттар түрінде көрініс тапты. "Ақыл-ой" бұтағынан өсіп шыққан адамзат әлеміндегі Атеисттер, Материалисттер, Табиғатпарасттар. Олар улы жемістей адамзаттың миын ашытып, ойын он саққа, санасын сан саққа бөліп жіберді.

Енді, осы ақиқатты одан әрі айқындай түсу үшін, пәлсәпә жолының негізі жоқ, шірік қағидаларынан шыққан нәтижелерін пайғамбарлық тізбегінің негізі мықты қағидаларынан туындаған нәтижелерімен салыстыра келіп, мыңдаған мысалдарынан үлгі ретінде тек үш-төртеуін баяндаймыз.

Мәселен, Пайғамбарлықтың адамның жеке өміріне қатысты ереже-заңдарының нәтижесі ретіндегі تَخَلَّقُوا بِاَخْلَاقِ اللّٰهِ қағидасына сәйкес "Иләһи мінезбен мінезденіп, Хақ Тағаланың алдында өзін төмендете жалынып, болмысының әлсіз, пақыр екенін біліп, Оның дәргаһында құл болыңдар" деген ережесі қандай? Философияның адамның кемелденудегі басты мақсаты: «Тәшәббуху бил Уажиб» яғни адамзаттың кемелденуіндегі мақсат «Уажиб-ул Ужудқа (болмысы шарт, жаратушы Аллаһ) ұқсап бағу» деген астамшыл ережесі қайда жатыр? Иә, табиғаты мүлдем әлсіз, өте дәрменсіз, тым пақыр, аса мұқтаж адамзаттың мәнісі қайда? Құдіреті, қуаты, байлығы шексіз, ештеңеге мұқтаж емес Уажиб-ул-Ужудтің мәнісі қайда жатыр!

Екінші мысал: Пайғамбарлықтың қоғамдық өмірге қатысты ережелерінің нәтижелерінен тек біреуін мысал келтірейік. Бұл өзара жәрдемдесу ережесі. Оған сонау Күн мен Ай, өсімдіктер мен жануарлар әлемі толық мойынсұнады. Өсімдіктер жануарларға, жануарлар адамзатқа тіпті жеген тамағымыздың нәрі денеміздегі жасушаларға медет беріп, көмекке жүгіреді. Міне, өзара жәрдемдесу, бір-біріне көмектесу ережесі, жомарттық қағидасы, бір-бірін сыйлау заңдылығы қайда жатыр! Философияның қоғамдық өмірдегі ережесі боп табылатын және кейбір залымдар мен айуанға айналған адамдар істейтін, және жыртқыш хайуандардың жаратылыстарын бұрыс пайдалануынан туындайтын "соғыс" ережесі қайда жатыр? Иә, олар күрес ережесін мойындап, оны жалпыға ортақ деп қабылдағандықтан "өмір - соғыс" деп ақымақша тұжырым жасаған.

— 141 —
Үшінші мысал: Пайғамбарлықтың Аллаһты бір деп білуіне қатысты ұлық нәтижелері мен аса құнды қағидаларының бірі اَلْوَاحِدُ لَا يَصْدُرُ اِلَّا عَنِ الْوَاحِدِ яғни "қандай да бір нәрседе бірлік, тұтастық болса, ол тек біреудің өнері". Әлемдегі барлық жаратылыста жалпы немесе жалқы түрде бірлік бар екені рас. Олай болса, міндетті түрде тек біреу жаратқан". Міне, осылайша Жаратқанның бір екенін көрсететін керемет ережесі қайда жатыр! Ал, көне пәлсәпәнің наным қағидаларының бірі боп табылатын اَلْوَاحِدُ لَا يَصْدُرُ عَنْهُ اِلَّا الْوَاحِدُ "Біреуден біреу ғана шығады" яғни "Бірден тек бір ғана нәрсе шығады. Өзге нәрселер одан дәнекерлер арқылы көбейеді" деп сандалатын ережесі қайда жатыр! Олар Ғаний-і алә-л-Итлақ (еш нәрсеге мұқтаж емес, өзі бай, бәрі оған мұқтаж Аллаһ), Қадир-і Мутлақты (құдіреті шексіз Аллаһ) әлсіз, дәнекерлерге мұқтаж етіп көрсетіп, бүкіл себептерді Аллаһтың абсолюттік Рубубиетіне серік қосып және лық Жаратушыны "ең алғашқы ақыл" деп, Оны жаратылған нәрсе ретінде қарастырып, Оның жаратқандарын себептер мен табиғатқа бөліп берді. Осылайша ауызы апандай үлкен ширкке апарар жол салды. Міне, осындай ширк аралас, адастырып жіберуі мүмкін философияның ереже-заңдары қайда жатыр?! Өздерін хәкім, дана деп жоғары санайтын Ишрақийун тобы (иллюминаттар) осылай мүлт кетіп қателесіп жатса, олардың материялист, натуралист (табиғат жаратты деушілер) сияқты төменгі топтары қаншалық адасқандарын шамалау қиын емес.
Төртінші мысал: Пайғамбарлықтың даналыққа толы وَ اِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪ дейтін бір ғана ережесін алайық. «Әр нәрсенің болмыстағы мейлі ол тіршілік иесі болсын нәтижесі мен хикметі, өзіне тиесілі тарапы бір болса, Жаратқан Иесіне тиесілі нәтижелері мен хикметтері мыңдаған. Әрнәрсенің, тіпті бір түйір жемістің ағаштың жемістері қанша болса сонша хикметтері, нәтижелері бар» дейді. Міне ақиқаттың нақ өзі болып табылатын дана ережесі қайда жатыр! Пәлсәпәнің: «Әрбір жанды мақұлықтың нәтижесі өзіне ғана тиісті немесе адамның игілігіне пайдалануына байланысты» деп, таудай алып бір ағашқа тарыдай бір жеміс, бір нәтиже ілу сынды мүлдем мағынасыз әбестік жасайтын, тұрпайы да
— 142 —

надандыққа толы философияның сырты жылтырақ іші бос қағидасы қайда жатыр?! Бұл ақиқат Оныншы Сөздің оныншы ақиқатында біршама айтылғандықтан қысқа қайырдық. Міне, осы төрт мысалға салып мысалдарды өзің де көбейте беруіңе болады. «Лемағат» атты бір рисаледе кейбіріне ишара еткен болатынбыз.

Міне, пәлсәпәнің осындай болымсыз негіздері мен қауіпті салдарының кесірінен болса керек, дін Исламның дана-хәкімдері Ибн Сина мен Фараби сынды ірі тұлғалар оның жылтырақ, көзтартар суретіне құмартып, белгілі бір мағынада алданып, сол жолды ұстанғандықтан қарапайым бір мүмин дәрежесін ғана иеленген. Тіпті, Худжат-ул Ислам яғни Исламның ٰ۪ٓ екеніне дәлел болған Имам Ғазали, олар манағы дәрежеге де лайық еместігін айтқан.

Сондай-ақ, кәлам іліміне терең сүңгіп кеткен Муғтәзилә имамдары пәлсапәнің сыртқы көркіне құштарлана, сол жолмен жіті де терең шұғылданып, адамның ақылын толық басшылыққа алғандықтан, олар да енді ғана жолға түскен бір мүминнің дәрежесін әзер иеленген. Сондай-ақ, Ислам әдебиетшілерінен, мәшһүр, өзінің пессимизмімен аты әйгілі болған Әбу-л Ала-и Мааррий, сондай-ақ жетім баладай жылап-сықтауымен аты шыққан Омар Хаям сияқтылар манағы ұстанымның жүгенсіз нәпсіні (нәфс-і әммара) қоздырар ләззаттарымен рахаттана, зауық алғандықтан әһл-и хақиқат пен кәмілдерден яғни ақиқатшыл, кәміл жандардан сөгіс алып, қорлық пен тәкфир тоқпағын жеген. Олар «Әдепсіздік жасап жатырсыңдар! Діннен безіп, басқаларды да діннен бездіресіңдер! Сендер дінсіздіктің тұқымын жаясыңдар!» деген қатаң ескертулер алып, ұрыс естіген.

Пәлсәпә жолының болымсыз, бос негіздерінен бірі мынау: Әнәнің табиғаты ауа тәріздес нәзік, бос. Солай бола тұра, пәлсәпә оған қара көзілдірік тағып есіми назармен яғни өздігінен бар деп қарағандықтан бейне бір буға айналғандай ылғалданып, сосын үйреншікті назармен және дене ретінде яғни материалдық тұрғыдан бағаланудың салдарынан қоюлана-қоюлана құдды бір дене секілді көрінеді. Кейін бейқамдықпен, одан қала берді атеистік ұғымның кесірінен әлгі "әнәниет" мұзға айналғандай қата бастайды. Сосын қырсығудың, ерегісудің кесірінен ылайланып, өзінің әу бастағы мөлдірлігін жоғалтады. Бара-бара ұлғая түсіп, өзінің иесін жұтып қояды. Сосын бүкіл адамзаттың ой-пікірінен қолдау тауып семіріп,

— 143 —
ісінеді. Содан кейін, баста айтқанымыздай өзгелерді тіпті себептерді де өзіне теңеп, нәпсісіне балап, оларға да (олар қабыл етпесе де және бас тартқандарына қарамастан) бір-бір перғауындық сипатты бөліп береді. Міне сол кезде лы Жаратушының әмірлеріне қарсы келу, Онымен тайталасу басталады да: مَنْ يُحْيِى الْعِظَامَ وَ هِىَ رَم۪يمٌ «Шіріп кеткен сүйектерді кім тірілтуші еді?» деп, Қадир-і Мутлаққа яғни орасан зор құдірет Иесі Аллаһқа «әлің жетпейді» дегендей қарсы дау айтып тайталасады. Тіпті лы Жаратушының сипаттарын өзі иемденгісі келіп, оған ортақ болғысы келеді. Өзіне жақпағандарды және нәфс-і әммараның перғауындық мінезіне ұнамағандарды я кері қайтарып қабылдамайды, я жоққа шығарады, я болмаса өзгертуге, бұзуға тырысады. Мысалға:

Пәлсәпәшілердің бір тобы Хақ Тағалаға «Мужиб-і биззат» деген яғни «мүлдем мәжбүр біреу» санап, қалау-ерікін жоққа шығарған. Оның не қаласа соны істей алатын толық ерікті екенін дәлелдейтін әлемдегі шексіз куәгерлерді тыңдамай, жоққа шығарған. Субханаллаһ! Мына ғаламдағы күллі жаратылыс, атомнан бастап сонау Күнге дейін өздерінің болмыс-пішіндерімен, ерекше тәртіптіліктерімен, өлшемді әрі белгілі бір мөлшерде болуымен, хикметпен жаратылу арқылы Жаратушының толық қалау иесі екенін жар салып көрсетіп тұрса дағы, мына көр болғыр пәлсәпәның көзі көрмеген. Ол аздай тағы бір пәлсәпәшылар «Иләһи ілім ұсақ-түйек нәрселерді қамти алмайды» деп Аллаһтың шексіз іліміне шек келтіріп, барлығын білетінін жоққа шығарды. Осылайша тек шындықты айтатын бүкіл жаратылыстардың турашыл куәліктерін бекерге шығарды. Сондай-ақ, пәлсәпә, себептердің белгілі бір әсері бар деп, табиғаттың қолынан жарату келетінін айтты. Рисалей Нұрдың Жиырма Екінші Сөзінде нақты дәлелденгеніндей, әрбір нәрседегі Халиқ-ы Күлли Шейге тән яғни құдіреті шексіз бір Аллаһты көрсететін ап-анық дәлел-таңбаны ол надандар көрмей, әлсіз, жансыз, бейсана, соқыр мылқау, бір қолы кездейсоқтық ал бір қолы апат күшке тәуелді меңіреу табиғатты жаратушы деп қабылдады. Жаратылысында мыңдаған терең хикмет-сырлар жататын, әрқайсысы Самадани хаттар тәріздес болмыстың бір бөлігін оған меншіктеп берді.

һәм, Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей, Хақ Тағаланың күллі есімдері талап ететін, сондай-ақ әлем де барша ақиқаттарымен және Пайғамбарлықтың тізбегі де барлық анықтамаларымен һәм Сәмәуий

— 144 —

Кітаптар да күллі аяттарымен көрсетіп отырған ақыреттің, хашірдің (өлген соң қайта тірілу) есігін таба алмай, о дүниені жоққа шығарған. Олар рухтар әзәли деп сенген яғни бастауы мен соңы жоқ деп сандалған. Міне, олардың осындай сандырақтарына өзге мәселелерін де салыстыра бер. Иә, шайтандар әнәнің тұмсығы мен тырнағын пайдаланып дінсіз философтардың ақылдарын көкке көтеріп, өтірік мақтап, мәз қылып жоғарыға апарды да далалет құздарына, адасу шұқырларына лақтырып жіберді. Тар әлемде яғни ішкі дүниеде әнә болса, үлкен әлемде яғни сыртқы дүниеде табиғат. Екеуі де тағұт.

{[*] (Тағұт) - адамдарды Аллаһқа қарсы шығуға итеретін, бас көтеруші. Шайтан. Исламнан бұрын Қағбаның ішіндегі бір пұттың аты.}

فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِنْ بِاللّٰهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى لَا انْفِصَامَ لَهَا وَاللّٰهُ سَم۪يعٌ عَل۪يمٌ

Аталмыш ақиқатты одан әрі айқындайтын қиялмен жасалған бір саяхатта көрінген және өлең тектес «Лемағатта» жазылған бір мысали уақиғамның мазмұнын қазір қайталаудың орайы келген сияқты.

Ол, осы рисаленің жазылуынан сегіз жыл бұрын, Стамбұлда, қасиетті Рамазан айында болған еді. Ол, пәлсәпәмен шұғылданып жүрген ескі Саидтің жаңа Саидқа өзгеретін кезі болатын. Құран Кәрімнің киелі "Фатиха" сүресінің соңында

صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَ لَا الضَّٓالّ۪ينَ

аяты мегзеген үш жол жайлы ойлануым барысында, қиялмен болғаны рас, мысали бір оқиға деуге де болады әрі түске де ұқсас бір оқиғаға куә болдым. Былайша:

Мен үлкен сахарада жүр екенмін, солай көрдім. Бүкіл жер жүзін қараңғылық басыпты, бір жақтан қара бұлт қаптап, қысып барады. Бір леп соқпайды, жарық та су да, ештеңе жоқ. Әр тарапты жабайы жыртқыштар мен қауіпті мақұлықтар толып кеткен бе деп уайымдадым. Ішімнен «мына жердің арғы жағында самал жел есіп, суы да бар жап-жарық әлем болуы керек. Сол жаққа өту керек» деп шештім. Байқаймын, ол жаққа қарай еркімнен тыс мені біреу айдап бара жатқандай. Тунельге ұқсас үңгір-жолға түстім. Жүре-жүре, жер астында біраз саяхат жасадым. Қарасам, бұл жолмен

— 145 —

менен бұрын да көп кісілер жүрген екен. Олар ауа жетпей анда-мұнда қалып қойған сықылды. Олардың аяқ іздерін көріп келемін. Кейбіреулерінің дауыстары бір уақыт естілгендей болады, бірақ көп ұзамай үнсіз, қалады.

Ей, қиялымен менің ойша жасаған саяхатыма серік болған бауырым! Әлгі жер деп отырғаны табиғат және табиғат жаратады дейтін пәлсәпә. Жер асты тунел болса, пәлсәпәшылардың ой-пікір арқылы ақиқатқа барамын деген ұстанымдары. Мен көрген аяқ іздері - Платон, Аристотель сияқты мәшһүр тұлғалардың жолдары..

{(Сілтеме): Егер біреу былай десе: "Мұндай атақты ірі тұлғаларға қарсы сөз сөйлейтіндей сен кімсің? Сен бір шыбындай боп бүркіт секілді биікке самғағың келе ме?". Менің жауабым былай: "Қолымда әзәлий (мәңгі өшпес) ұстазым Құран тұрғанда, адасумен былғанған пәлсәпә мен уайымға салатын, күдікшіл ақылдың шәкірттері болған ол бүркіттерге ақиқат пен мағрифат тұрғысында шыбынның қанатындай да баға беруге мәжбүр емеспін. Мен олардан қаншалықты төмен болсам, олардың ұстазы менің ұстазымнан мың есе төмен. стазымның желеп-жебеуімен, олардың батқан ұйығы менің аяғымды да былғай алмады. Иә, ұлы бір Патшаның бұйрықтары мен заңдарын жеткізуші қарапайым бір сарбаз, кішкене бір шахтың үлкен лауазымды қызметкерінен әлдеқайда маңызды істер атқара алады."}

Естілген дауыстар болса - Ибн Сина, Фараби сынды даналардың дауысы. Иә, Ибн Синаның кейбір сөздерін, ереже-заңдарын кей жерлерде көргенім рас. Бірақ бара-бара мүлдем өні шықпай қалатын, онан әрі кете алмаса керек. Демек батып кеткен болды ғой. Жарайды, ақиқатты білгісі кеп, дегбірсізденіп отырған шығар деп қиялдың астарындағы ақиқаттың бір ғана ұшын көрсеттім. Енді саяхатыма оралайын.

Жүріп келемін. Біраздан соң қолыма екі нәрсе берілгенін көрдім. Бірі, электр жарығы. Онымен жер астындағы табиғаттың қараңғылығын жоюға болады. Екіншісі, ол да бір құрал. Онымен үлкен жартас, алып тастарды парша-парша етуге болады. Сөйтіп жолым ашылып, сенімді түрде келе жатыр едім, біреу құлағыма: «Мына электр жарығы мен бұл құрал, саған Құранның қазынасынан берілген» деді. Біраз уақыт солай жүрдім. Қарасам арғы жаққа өтіп кетіппін. Ол жақ, өте әсем, көктемгідей жайма шуақ, аспан шайдай ашық, рухқа жайлы самал есіп, жанды жадыратар күй, суы тәтті бұлақ, әртарап қуанышқа толы жарқын әлем. Әлхамдулилләһ дедім.

Байқаймын, өзімді-өзім басқаратындай, мен өзіме қожайын емеспін. Мені біреу «не істейді екен» дегендей сынап отыр. Олай дейтін себебім, қайтадан мені әуелгі жағдайыма, әлгі үлкен сахараға,

— 146 —

еңсені басатын қара бұлттың астына тағы да әкеліп тастады. Бір Құдірет күш, маған: «енді басқа жолмен жүр!» дегендей еріксіз бастапқы жерге қайта әкелді. Бұл жолы жер астымен емес, керісінше жер бетімен, айналаны тамашалай саяхаттап, арғы жаққа өту үшін кетіп барамын. Саяхат барысында көрген ғажайыптарды айтып жеткізу мүмкін емес. Теңіз буырқанып тасып, айбат шеккендей, дауыл болса мені "қайтсем қорқытамын" деп әлек. Барлық нәрсе қиындық туғызуда. Дегенмен бұл жолы да маған Құраннан арнайы берілген құралмен сапарымды әрмен қарай жалғастырып, белестерден асып, сәтті аяқтадым. Жолда, әр тарапта саяхатшылардың жаназаларын, мүрделерін көрдім. Бұл саяхатты соңына шейін бітіргендер тек мыңнан біреуі ғана екен. Сонымен... әлгі тұмшалаған қара бұлттан құтылып, жердің арғы жағына өтіп, жарқырап нұрын шашқан Күнге жолықтым. Жанға жайлы самалмен терең тыныстап Әлхамдулилләһ дедім. Әлгі жұмақтай әсем әлемді тамашалап, сайран құрдым.

Байқаймын біреу, мені тағы да манағы жерде қалдыра салғысы жоқ. Енді маған «басқа жолды көр дегендей» тағы да баяғы сол қорқынышты сахараға әкелді. Қарасам, жоғарыдан төмен салбырап тұрған бейне бір лифтілер секілді әртүрлі бейнеде, кейбірі ұшақ, кейбірі автомобиль, кейбірі зембіл секілді нәрселер. Әркім өзінің күш-қуатына, қабілетіне қарай әлгі жіптерге жабысса болды жоғарыға тарта жөнеледі. Мен де біреуінен мықтап ұстадым. Мені бір минутта ақша бұлттың арғы жағына шығарды. Әп-сәтте әсем сұлу, құлпырған жасыл таулардың үстіне шықтым. Бұлт қабаты таудың орта белінен де аспапты. Бір тараптан самал жел есіп, бір тараптан тәтті су ағып, жайма шуақ, айнала жап-жарық, тамаша көрініс. Қарасам, әлгі лифтіге ұқсас нұрлы жайлар әр тарапта кездеседі екен. Тіпті әуелгі екі саяхатымда да және жердің арғы бетінде де оларды көрген болатынмын. Ол кезде түсінбеген екенмін. Енді түсіндім, олар Құран Хакимнің аяттарының нұр-сәулелері екен.

Міне, وَ لَا الضَّٓالّ۪ينَ сөзі ишара ететін әуелгі жол, табиғат ұйығына батып, табиғат жаратады деген пікірді ұстанушылардың жолы. Ол жолда ақиқатқа һәм нұрға өту қаншалықты қиын екенін сезген шығарсың.
— 147 —
غَيْرِ الْمَغْضُوبِ сөзімен ишара етілген екінші жол болса, Әсбабпарасттардың және ортадағы делдалдарға «жаратады, әсер ете алады» деп қарайтындардың Мәшаийун көсемдері секілді яғни пайғамбарларға емес өз ақылдарына сенетіндер (Перипатетиктер) сықылды нағыз ақиқатқа, шындыққа һәм Уажиб-ул-Ужудті (Аллаһ Тағала) танып, мағрифатқа «Тек ақылдың күшімен шығамыз, пікір арқылы жетеміз» деп даурығатындардың ұстанымы яғни адасқандардың жолы.
اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ сөзімен ишара етілген үшінші жол болса, Сират-ы мустақимдегілер боп табылатын әһл-и Құранның (Құран жамағаты) нұрлы да сара жолы. Ол жол - ең қысқа, ең тегіс, еш қауіпі жоқ және кез келген адмаға ашық, сәмәуи, Рахмани, нұрани жол.
— 148 —

Отыз екінші сөзден

ЕКІНШІ НҮКТЕНІҢ ЕКІНШІ БӨЛІМІ

Хақ жолдан адасқан, азғындар тобының өкілі азғындығын неге сүйерін білмей сасқалақтап, былай деді: «Менің ойымша, дүниедегі бақытқа, өмірдің рахаты мен өркениетке, техника мен ғылым жетістіктеріне жетудің жолы - ақыретті естен шығарып, Құдайды ұмытып, дүниеге беріліп, емін-еркін болып, әркім өзіне сену керек. Сол үшін мен көпшілікті шайтанның қолдауымен осы жолға түсірдім, түсіріп те жатырмын».

ЖАУАП: Біз де жауап ретінде Құран атынан былай дейміз: "Ей, бейшара адам! Ақылға кел! Әһл-и далалеттің айтқанына құлақ аспа! Егер тыңдайтын болсаң, зиян шегетінің сондай, ойлаудың өзі төбе шашты тік тұрғызады. Рух та ақыл да жүрек те шошиды. Сенің алдыңда екі жол бар Біріншісі: Әһл-и далалеттің өкілі айтқан қауіпті жол".

Екіншісі: Қасиетті Құран сілтеген бақытты жол. Бұл жолдардың теңеулерін "Сөздер" атты, әсіресе, "Қысқа Сөздер" атты еңбектерімнен көріп әрі түсінген шығарсың. Енді орайы келген соң, мыңдаған теңеуден біреуін баяндап берейін. Назарыңды сал, құлақ түр:

Ширк пен далалеттің, пасықтық пен азғындықтың жолы адам баласын әбден аздырып жібереді. Шексіз мұңға салып, өте ауыр жүкті әлсіз де қылдай мойынына жүктейді. Неге десеңіз, егер адам Аллаһ Тағаланы танымаса әрі оған сеніп тәуекел етпесе, өте әлсіз бейшара, шексіз қажеттіліктерге мұқтаж пақыр, толассыз қайғыға душар, өкінішті де мұңлық фәни хайуан тәріздес болып, барлық сүйікті жандармен қатынаста болған қоршаған орта оны тастап, қош айтысқандықтан, күйзелген қалпы өзінен кейін қалған сүйіктілерімен өкіне қоштасып, қабір түнегіне жалғыз өзі кете барады. Һәм өмірінің

— 149 —

соңына дейін қолда бар аз ерікпен, аз ғана қуат, қысқа өмір, шамалы тіршілігі және шектеулі санасымен қыруар өкініштерге, қайғы-мұңдарға қарсы тұрып, аңсаған арманына жетуге бостан-бос шапқылайды. Мақсатыма жетем деп, нәтижесіз жанталасады. Өз болмысын алып жүре алмағанымен тұрмай, дүниенің алапат жүгін арқалап, Жәһаннам азабын шегеді.

Рас, осы бір ауыр мұң мен қорқынышты, рухани күйзелісті сезбеу үшін, әһл-и далалет, яғни, Құдайдан безгендер сезімдерін өлтіріп, бейқамдық мастығымен уақытша ғана сезбейді. Бірақ уақыты келгенде, яғни, қабірге кірер кезде ұйқыдан шошып оянғандай қорқыныштан селк етіп, мастығы сейіліп, сергіген күйде есі кетіп бір-ақ сезінеді. Өйткені, адам Аллаһ Тағалаға нағыз құл болмаса, өзі-өзіне қожайынмын деп ойлайды. Алайда, оның азғантай еркі, шектеулі қуаты мына алай-дүлей дүниеде еш нәрсеге жарамайды. Өміріне қауіпті нәрселер, зарарлы микробтан бастап, сонау зілзалаға дейін, мыңдаған тобыр дұшпандары оның нәзік өміріне қауіп төндіруде. Жаны қиналып, үрей басып, әрдайым өңі суық, сұсты қабірін күйзеле ойлайды.

Оның үстіне адам болған соң, адамзатты, дүниені де алаңдайды. Бірақ дүние де ондағы адамдар да, Хаким, Алим, Қадир, Кәрим біреудің қарауында екеніне сенбегендіктен, яғни, кездейсоқтық, табиғи құбылыс дегендіктен, дүние мен адамдардың хал-ахуалы оны қорқытып, жанын жегідей жейді. Өз басының қайғысымен бірге адамзаттың қайғысын жұтып жаны қиналады. Дүниенің зілзала, аштық, топан су, індет, жойылу мен жоқ болу сияқты құбылыстары оған тым жәбірлеуші, азаптаушы, тас қараңғы әрі қасірет беруші түрінде көрініп, жанын азаптайды. Алайда, мұндай күй кешкен адамға жан ашып, мейірімділік етуге болмайды, оған ол лайық емес. Өйткені, ол мұндай күйді өзі тілеп алды. Сегізінші сөзде екі ағайынды жігіттің кешкен күйлерін теңеуде былай делінген болатын. Мәселен, бір адам миуалы сұлу бауда керемет бай дастархан үстінде, сүйікті ағайындар ортасында орынды да тәтті әсем, тамаша ләззат пен көңіл көтеруді місе тұтпай, орынсыз әрі жағымсыз ләззат үшін нашар нәжіс бір шарапты ішіп алып, мас болса, сөйтіп, өзін ызғарлы қыс ортасында, тіпті, орманда хайуандармен бірге жүрмін деп, қызыл кеңірдек боп айқайлап шуласа, әрине, өзінің мейірімге

— 150 —

лайық еместігін көрсетеді. Себебі, абыройлы да қадірлі жолдастарын жануарға теңеп, олардың намысына тиеді һәм дастархандағы тәтті тағамдарды, таза ыдыстарды лас тастарға теңеп, сындыра бастайды. Отырыстағы құнды кітаптарды, тартымды да терең мағыналы хаттарды қарапайым, түкке тұрғысыз шимай-шатпақ деп жыртып, аяғымен таптай бастайды. Мұндай адам мейірімге бөленуге емес, жазалануға лайық. Сол сияқты жағымсыз іс-әрекеттен туындайтын күпірлік мастығымен және далалет бассыздығымен Сани-ы Хакимнің мына "дүние" атты қонақжайын кездейсоқтық пен табиғат туындысы деп, ал ондағы заман ағысымен үнемі ескіріп, міндеттерін аяқтап, жаңарып отырған Иләһи туындыларды, яғни, Аллаһтың есімдерінің шағылыстарын жойылып, құрдымға кетті деп, ал олардың тәсбих еткен дыбыстарын қоштасу мен мәңгіге айырылысудың жоқтауы деп ойлағандықтан, сондай-ақ, Самедани хаттар болып табылатын мына болмыс атаулыны мағынасыз, астаң-кестеңі шыққан түкке тұрғысыз бір нәрсе деп түсініп әрі мейірімділік толы әлемге бастайтын қабір есігін - жойылу түнегінің есігі деп, ал нақты сүйіктілерге қауышу болып табылатын ажалды, қоштасу сәті деп есептегендіктен, һәм өзін, һәм болмыс атаулыны қайғылы күйде көреді. Аллаһ Тағаланың есімдерінің һәм хаттарының қадірін түсіріп қорлағандықтан, мейірім мен жанашырлықтан тыс қалып қана қоймай, жан төзгісіз азап шегуге лайық атанады. Ондай адамға ешқандай де қайырымдылық жасауға болмайды.

Ей, байғұс әһл-и далалет пен азғындар! Мына аталған қорқынышты құлдырау мен жанды күйзелтетін үмітсіздікті қайсыбір өркениеттеріңмен, қайсыбір ғылымдарыңмен, қайсыбір жетістіктеріңмен, қайсыбір мәдениеттеріңмен, қайсыбір табыстарыңмен өтейсіңдер немесе тоқтатасыңдар? Адам жанының өте құмар, аса мұқтаж, шынайы демеушісін басқа қай жерден табамын дейсіңдер? Арқа сүйеп сеніп жүрген, тіпті, Иләһи туындыларды, Раббани жарылқауларды еншілеп берген қайсыбір табиғатың, қайсыбір себептерің, қайсыбір ширктерің, қайсыбір жаңалықтарың, қайсыбір зат пен қайсыбір жалған жаратушыларың өздерің мәңгілік жоқ болу деп ойлайтын ажалдан аман алып қала ала ма? Өлген соң қабірден, берзахтан, махшардан, қыл көпірден емін-еркін өткізіп, аман-сау мәңгі бақыт әлеміне жетектеп, бақытқа бөлей ала ма? Алайда, сендер қабірден

— 151 —

қашып құтыла алмағандарың үшін де бұл жолдың күмәнсіз жолаушысы болып табыласыңдар. Әрине, мұндай күйдегі бір жолаушы әлгі ұшы-қиырсыз аудандар мен шексіз жайылып жатқан шекараларды қол астында ұстап, билеп тұрған біреуге арқа сүйеуі керек.

Ей, сорлы әһл-и далалет пен қаперсіз бейқамдар! «Орынсыз қолданған махаббаттың ақыры аяусыз азап шегу» қағидасы бойынша сендер бойларыңдағы Аллаһ Тағаланың өзіне, оның көркем есім-сипаттарына арналған махаббат пен құштарлықты және шүкір мен құлшылық етуге арналған сезім мүшелеріңді нәпсілеріңе, дүниеге заңсыз түрде жұмсағандықтарыңнан, өте орынды түрде жазасын тартасыңдар. Себебі, Аллаһ Тағалаға тиесілі махаббатты нәпсілеріңе арнадыңдар. Сөйтіп, өліп-өшкен нәпсілеріңнің толассыз қайғысын жұтасыңдар. Неге десеңіз, ынтық болған ол нәпсілеріңді толық қанағаттандыра алмайсыңдар. Сондай-ақ оны шын сүюге лайық Қадыр-ы Мутлаққа тәуекел деп, тәсілім етпей отырсындар. Осылайша, әрдайым жандарың қиналады. Һәм Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарына арналған махаббатты қу дүниеге арнадыңдар, өнер туындыларын әлемдегі себептерге бөліп бердіңдер, бастарыңа бәле тілеп алдыңдар. Өйткені, ондай толып жатқан көптеген сүйіктілерің, ынтық болған ғашықтарыңның кейбіреуі сендерге «қош бол» деп те айтпастан, сырт айналып, тастап кетіп барады. Кейбіреуі сендерді мүлдем танымайды. Таныған күнде де сендерді ұнатпайды, ұнатса да, олардан қайыр жоқ. Толассыз қоштасулар мен келмеске кету, үмітсіз айырылулардан пайда болған осыншалық азап жандарыңды жегідей жейді. Міне, әһл-и-далалеттің «Өмірдің бақыты - адамның өркендеуі, мәдениет жетістіктері, бостандық, еркіндіктің ләззаты» деп жүргендерінің шын мәнісі осы. Азғындық пен мастық бір перде, ол адамға уақытша сездірмейтін болар. «Тфу, олардың ақылдарына болайын» деп жиіркен.

Алайда, Қасиетті Құранның нұрлы да кең жолына келетін болсақ, жоғарыда айтылған әһл-и далалеттің бойындағы жараларды имандылықтың ақиқаттарымен емдеп жазады. Бастапқы жолдағы барлық қараңғылықты жойып, жарқыратады, далалет пен құрдымға кету қауіп-қатерінің алдын алып, амандыққа қауыштырады. Ол, Адам баласының әлсіздік пен пақырлық, мұқтаждық жақтарын

— 152 —

Қадир-ы Рахимге тәуекел еткізіп, емдей бастайды. Өмір тауқыметін, тұрмыс тынысын Оның құдіретіне, Рақымына тапсырады. Ол ауыр жүкті мойнына артпай, керісінше, оны өмірге, нәпсісіне жүктегендей рахаттық сыйлайды. Өзінің «Сөйлейтін хайуан» емес, қайта нағыз адам, Рахманның сүйкімді қонағы екендігін білдіреді. Дүние Рахманның қонақжайы екендігін көрсете отырып, дүниедегі болмыс атаулы Илаһи есімдердің айналары екендігін, жаратылғандар болса әрдайым жаңарып отырған Сәмадани хаттар екендігін білдіру арқылы адам баласының дүниенің фәнилігінен, нәрселердің көзден таса болуларынан, фәни нәрселерге ынтық болудан туындайтын жараларын жақсылап емдеп, күдікті қайғылардан құтқарады. Сондай-ақ өлім мен ажал - берзах әлеміне бастайтын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кездесудің жолы екендігін көрсетеді. Әһл-и далалеттің ойынша, барлық сүйікті жандардан мәңгіге қоштасу болып табылатын өлім жараларын, осылайша, оп-оңай емдей салады. Ондай қоштасу қоштасу емес, нағыз табысу, қауышу екендігін дәлелдеп береді. Һәм қабір дегеніміз - қайырымдылық әлеміне, бақыт сарайына, жәннат бау-бақшасына, Рахманның нұрстанына айқара ашылған есік екендігін дәлелдей отырып, адамзаттың ең үрейлі қорқынышын сейілтіп, қайғы-қасірет, өкініш толы берзах саяхатының өте тартымды, үйреншікті де көңілді бір саяхат екендігін көрсетеді. Қабір арқылы айдаһар аузын бітеп, әсем бауға есік ашады. Яғни, қабірдің айдаһар еместігін, керісінше қайырымдылық бағына бастайтын есік, баспалдақ екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, мүминге былай деп тіл қатады: «Ерік жігерің шамалы болса, ісіңді Жаратқан Иеңнің шексіз әмірі мен қалауына тапсыр. Әлсіз болсаң, Қадир-ы Мұтлақтың құдіретіне сен! Өмірің қысқа болса, мәңгі өмірің бар. Қам жеме! Пікірің таяз келсе, Құранның нұрын панала. Сөйтіп, иман нұрымен қарасаң, әлгі көмескі пікірің Құран аяттары болып, жарқыраған жұлдыздай сәуле шашады. Уайым мен талап-тілектерің көп болса, алдыңда сені күтіп тұрған аяқталмайтын сауап, шексіз қайырымдылық бар. Мақсат пен арманың көп болса, оларды уайымдап қайғырма, мұңайма! Олар бұл дүниеге сыймайды. Оларға бұл дүние тар келеді. Олардың орны басқа жерде. Оларды орындап беретін де басқа біреу».

— 153 —

Сөзін жалғап, былай дейді: Ей, адам, Сен өзіңе өзің қожайын емессің. Сен құдіреті шексіз Қадирдың, Аса қамқор Рахим Зүлжалалдың иелігіндесің. Олай болса, өмір тауқыметін иығыңа арқалап қиналма, өйткені, өмірді сыйлаған - Аллаһ. Билеп басқаратын да Аллаһ. Һәм дүние иесіз жатқан, басы бос нәрсе емес. Қылдай мойныңа дүниенің ауыртпалығын артып, үрейленіп мұңайма. Себебі, оның иесі - әрі Хаким, әрі Алим. Сен болсаң қонақсың, босқа шатаспа, өзгені де шатастырма! Һәм мына адамдар, хайуандар, барлық болмыс атаулы басы бос емес. Олар - міндет жүктелген қызметшілер. Олар бір Хаким-і Рахимның қол астында. Олардың уайым-қайғысын, шеккен қиыншылықтарын ойлап, жаныңды қинама. Оларға Халиқ-ы Рахимнің қамқорлығынан артық қамқорлық жасаймын деп езеуреме. Һәм саған дұшпан көрінген микробтан бастап, сонау оба, топан, аштық, зілзала сияқты қорқыныштардың тізгіні әлгі Рахим-ы Хакимнің қолында. Ол Хаким ғой, әбестік жасамайды. Ол Рахим ғой, қайырымдылығында шек жоқ. Істеген әр бір ісінде жарылқаудың, ізгіліктің нышаны бар.

Мына әлем, шынында, фәни. Бірақ, мәңгі әлемге қажетті нәрселер дайындайды. Негізінде, өткінші, баянсыз екені рас, бірақ мәңгі бітпес миуалар береді. Бақи біреудің бақи есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Шындығында да қуанышы аз, қайғысы көп; бірақ, Рахман-ы Рахимнің ілтипаты бітпейді. Нағыз ләззат деп соны айт. Қайғылар болса, сауап жағынан алып қарағанда, мағынауи ләззат сыйлайды. Шариғатқа сәйкес тұрмыс жүрек, рух, нәпсінің ләззат алуына, шаттануына, масайрауына толық қанағаттанарлықтай жеткілікті. Оның сыртына шықпа. Өйткені, оның сыртындағы бір ғана ләззат кейде мың қайғыға душар етеді, һәм ондай жат іс-әрекет Рахмани ілтипаттан мақұрым қалдырады. Һәм жоғарыда баяндалғандай, далалет жолы адамды әсфәли-сәфилин шұңқырына құлатып жіберетіні сондай, оны одан ешбір мәдениет, ешбір философия шығарудан шарасыз қалғанда, Қасиетті Құран мен иман және салих амалдар арқылы әлгі әсфәли-сәфилин құрдымынан алай-ы иллииінге шығарады. Шығаратынына бұлтартпас айғақтар беріп, анық дәлелдейді. Әлгі терең шыңырауды мағынауи жетістіктердің сатыларымен, рухани байлықтармен көміп, толтырып тастайды.

— 154 —

Һәм адамзат баласының мәңгілікке қарай бастайтын ұзақ, дауылды да қиыншылыққа толы сапарын жеңілдетіп, оңайлатады. Мың жылдық, тіпті, елу мың жылдық қашықтықты, бір күнде жүріп өтетін жолдарды көрсетеді.

Һәм Әзел мен Әбед Сұлтаны, Зат-ы Зүлжалалды таныстыру арқылы адамға қызметші құл, міндет жүктелген қонақ деген атақ береді, һәм «дүние» атты қонақжайда, һәм Бәрзах пен ақырет өткелдерінде жақсылап саяхаттауына жағдай жасайды. Мәселен, бір патшаның тілалғыш қызметшісі патшаның елді мекендерін, билік құрған жерлерін ұшақ, кеме, отарба сияқты жедел тасымалдау құралдарын рахат пайдалана отырып аралайтыны сияқты, Әзели-Сұлтанға иман ету арқылы қол астына кіріп, салих амал арқылы мойынсұнған адам, мына дүние қонақжайындағы қилы өткелдерден және берзах пен мақшар әлемінің асуларынан, сол сияқты қабірден, сондай-ақ барлық әлемдердің кең байтақ ой-қыратынан найзағай жылдамдығымен өте шығады. Сөйтіп, мәңгі бақытын табады. Аталған ақиқатты толық дәлелдеп береді және асфия мен әулиелерге көрсетеді.

Һәм Құрани ақиқат былай дейді: "Ей, мүмин! Бойыңдағы шексіз сүйіспеншілік қабілетіңді жаман әрі нұқсан келтіретін шерлі де зиянкес жүгенсіз нәпсіңе берме! Оған ынтығып, айтқанын істеп, табынушы болма! Әуестікке салынба! Оны Құдайдай көрме! Қайта сол шексіз махаббат қабілетіңді, шексіз махаббатқа лайық, шексіз жарылқай алатын, болашақта сені бақытқа жеткізетін, сенімен жақсы қарым-қатынаста болып, қайғы мен қуанышыңа ортақ болған адамдарды жарылқауымен шаттыққа бөлейтін, сондай-ақ шексіз кемелдік иесі, тым қасиетті де киелі, нұқсандық атаулыдан ада, кемшіліксіз, мінсіз, шексіз жәмал иесі және барлық есімдері аса керемет сұлу, сондай-ақ әр есімі көріктіліктің нұрына толы, көріктілердің көріктісі, теңдесі жоқ сұлу, Жәннат барлық жақсы жақтарымен, нығметтерімен оның мейірімділігі мен аса қамқор әсемдігін көрсететін және бүкіл әлемдегі көз тартар сұлулықтар мен әсемдіктер, көріктер мен қиялдар Оның жамалына, камалына, сымбаты мен әдемілігіне ишара және дәлелдері болып табылатын біреуді өзіңе Махбуб және Мағбуд, ретінде қабылда".

Ей, адам! Оның есім-сипаттарына тиесілі махаббатыңды басқа фәни болмыстарға берме! Пайдасы жоқ мақұлықтарға шашпа! Себебі: туындылар мен мақұлықтар фәни. Алайда, сол туындылар

— 155 —

мен мақұлықтар үстінде нақыштары, сәулелері көрініп тұрған Есма-и Хусна, яғни, әсем есімдер, мәңгілік әрі шексіз. Сол есімдер мен сипаттардың әрқайсысында мыңдаған жарылқау түрлері, сұлулық пен әсемдік, кемелдік түрлері мен сүйіспеншілік бар. Сен тек Рахман есіміне назар сал! Жәннат оның бір ғана шағылысы, мәңгі бақыт оның бір ғана сәулесі, ал дүниедегі барлық ризықтар мен нығметтер оның бір ғана ұшқыны.

Осы аталған теңеу және әхли-далалет пен әхли-иманның өмір салтын, тұрмысын, атқарар міндеті жағынан мәнісіне ишарат ететін

لَقَدْ خَلَقْنَا الْاِنْسَانَ ف۪ٓى اَحْسَنِ تَقْو۪يمٍ ٭ ثُمَّ رَدَدْنَاهُ اَسْفَلَ سَافِل۪ينَ ٭ اِلَّا الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَ عَمِلُوا الصَّالِحَاتِ

Сондай-ақ, олардың нәтижелері мен ақыры немен тынатынына ишарат ететін:

فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَٓاءُ وَ الْاَرْضُ

Қасиетті Құран аяттарына зер салайық. Айтылған теңеуді қаншалықты маңызды түрде баяндайды десеңізші! Бірінші аят: Он бірінші Сөзде бұл аяттың шешендік әрі ижаздық жақтары егжей-тегжейлі баяндалғандықтан, бұны соған жүктеп отырмыз. Екінші аят: бұл аят қаншалықты маңызды да мәнді ақиқатты білдіретініне қысқаша ишарат етеміз.

Аталған аятты тура мағынасымен алып қарайтын болсақ, былай деп бұйырады: «Әһл-и далалет, яғни, азғындар өлген сәтте, жер мен аспан олар үшін жыламайды». Керісінше, алып қарайтын болсақ, былай шығады: "Имандылар дүниеден қайтқан кезде, жер мен аспан оларға қарап, жылайтын болады", яғни, әһл-и-далалет жер мен көктің атқарған міндеттерін бекерге шығарып, мән-мағынасын түсінбей, олардың қадірін түсіреді әрі ұсталарын танымайды. Сөйтіп, олардың намысына тиіп жауыздық жасайды, Сондықтан, әлбетте, жер мен көк оларға жылау былай тұрсын, керісінше, жиіркенетін болады. Олар арам қатқан кезінде көңілдері көншіп, рахаттанып қалады. Ал керісінше алатын болсақ: "Аспан мен Жер әһл-и-иман қайтыс болған сәтте жыламсырайды". Себебі, Әһл-и иман олардың атқарған міндеттерін бағалай біледі. Шын мәнісін мойындап,

— 156 —

білдірген мағыналарын иман арқылы аңғарады. «Қалай керемет жаратылған, қандай тамаша қызмет атқаруда», -дейді. Өздеріне лайық бағасын береді. Оларға Аллаһ Тағала атымен, оның есімдерінің айнасы деп қарап, махаббат етеді, сүйсінеді. Міне, сондықтан Әһл-и-иман дүниеден көшкенде аспан мен жер бейне бір жылап тұрғандай жабырқау күй кешеді.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
فَنَادٰى فِى الظُّلُمَاتِ اَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ ٭ اِذْ نَادٰى رَبَّهُ اَنّ۪ى مَسَّنِىَ الضُّرُّ وَاَنْتَ اَرْحَمُ الرَّاحِم۪ينَ ٭ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ ٭ حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ ٭ لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ اِلَّا بِاللّٰهِ الْعَلِىِّ الْعَظ۪يمِ ٭ يَا بَاق۪ٓى اَنْتَ الْبَاق۪ى ٭ يَا بَاق۪ٓى اَنْتَ الْبَاق۪ى ٭ لِلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا هُدًى وَ شِفَٓاءٌ
— 157 —
Бірінші Лема

Хазіреті Юнус ибн Метта пайғамбардың (а.с.) және Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мінәжаты ең ұлы мінәжат және дұғаның қабыл болуына бірден-бір себеп. Хазіреті Юнустың (а.с.) әйгілі қиссасының мазмұны: "Оны кемеден теңізге лақтырып жіберген, үлкен бір балық жұтып қойған. Теңіз толқып аласұруда, түн де қою қараңғы. Ешбір тұрғыдан құтылу мүмкін емес қиын бір жағдай. Міне сол мезетте Юнус Пайғамбардың айтқан:

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

Мінәжат-дұғасы әлгі қиын жағдайдан тез арада құтылуына себеп болыпты.

Енді сол мінәжаттың мәнісін, сырын ашайық. Дәл сол кезде себептердің ешқандай әсері жоқ екеніне Юнус алейһиссаламның көзі әбден жеткен-ді. Өйткені оны құтқаратын Құдреттің үкімі балыққа да, теңізге де, түнге де, жер мен көкке де жүретін болуы керек-ті.

— 158 —

Себебі, теңіз, түн және балық оған қарсы бірігіп алған болатын. Осы үшеуін бірдей бағындыра алатын біреу ғана оны құтқарып, аман-есен жағаға шығара алатын. Егер барлық халық көмекке жүгірсе де түк пайдасы болмас еді. Демек, себептерден қайыр жоқ. Бүкіл себепті жаратқан бір Аллаһтан басқа құтқарушы жоқ екеніне көзі әбден жеткендіктен Әхадиеттің сыры, тәухидтің нұры көрінді яғни, Аллаһтың жалғыз екені, барлық нәрсені бір өзі басқаратыны айқын түрде белгілі болды. Сондықтан, осы мінәжат қабыл болып, түнді де, теңізді де, балықты да оған қызметші қылды. Тәухидтің нұрымен балықтың қарны теңіз асты кемесіне айналды, толқыны таудай асау теңіз қауіпсіз сайрандайтын кең далаға айналды. Әлгі нұр көктегі бұлттарды сейілтіп, Айды шамшырақ қылып қойды. Оны қаумалай қоршаған, қауіпті себептер енді оған барлық жағынан достық шырай танытты. Сау-сәлемет "Яктин" ағашының көлеңкесінде жатқан күйі есін жиып, Раббани жарылқауға бөленген екен.

Енді біз, өзімізге қарайық. Негізінде біздің жағдайымыз Хазіреті Юнустың (а.с.) алғашқы күйінен жүз есе қауіпті. Оның түні, біз үшін болашақ. Бейқам назармен болашағымызды ойласақ, Хазіреті Юнустың (а.с.) түнінен жүз есе қараңғы да қауіпті. Біздің теңізіміз, мына сергелдең жер шары. Бұл теңіздің әрбір толқынынан мыңдаған адам опат болып жаназасы шығып жатыр. Демек, Хазіреті Юнустың (а.с.) теңізінен мың есе қауіпті. Біздің балығымыз - нәпсіміз. Бұл балық, мәңгі өмірімізге қауіп төндіріп, құрдымға тартады. Олай болса біздің балығымыз оның балығынан мың есе қауіпті. Өйткені, оның балығы көп болса жүз жылдық өміріне зияны тиер еді, ал біздің балығымыз болса, миллиондаған жылдық өмірімізді өшіріп, тас-талқан еткісі келеді. Жағдай осылай. Олай болса, біз де себептерге сеніп, шырмалып қалған ой-пікірімізді түзетіп, бүкіл себептерді жаратушы Раббымызға бет бұрып Хазіреті Юнус (а.с.) сияқты

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

деп, тікелей тек соған сыйынуымыз керек.

Иә, бейқамдық пен адасудың кесірінен қараңғы да қауіпті болашақтан, сұм дүниядан кім құтқарады, кім бізді нәпсінің зиянынан сақтайды? Әрине, болашақты өзі жаратып әміріне толық бағындыратын, дүнияға үстемдік ететін, нәпсімізді құрықтап жарқын

— 159 —

болашаққа бастайтын, дүниенің тұңғиыққа батырар жүз мыңдаған асау толқыны тәріздес апаттарынан құтқаратын, Жер мен Көкті жаратушы бір Аллаһ қана. Одан басқа ешкім бізді сақтай алмайды. Уажиб-ул Ужуд яғни міндетті түрде бар бір Аллаһтан басқа ешкім де, ешқашан Оның рұқсаты мен қалауынсыз әсте көмектесе алмайды. Бұл ақиқат. Қалайша Хазіреті Юнус (а.с.) мінәжат қылғаннан кейін балық көлікке айналды, яғни су асты кемесіне, теңіз жазық кең далаға айналды. Қараңғы түн, жарық Айлы түнге ауысты.

Олай болса біз де сол мінәжаттың сырын түсініп

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ деуіміз керек
لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ Сөйлемін айтқанда болашағымызға, سُبْحَانَكَ сөйлемімен дүниямызға, اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ сөйлемі арқылы

нәпсімізге Аллаһтың мейірім назарын аударуымыз керек. Сонда, Иманның нұрымен, Құранның шарапатымен болашағымыз жарқын болып, әлгі қараңғы түннің үрейі кетіп, орнына рахат пен қуаныш келеді. Әрдайым өлім мен өмір арпалысып жатқан және ғасырлар мен жылдар оның толқынындай тулап, әрбір ұрпақты ысырып тастап ақырдың құрдымына кетіп бара жатқан дүния мен жер жүзінде Құран Хакимнің ұстаханасында жасалған кеме тәріздес Ислам ақиқаттарының аясында, әлгі теңізде серуен құрып, сау-сәлеметпен жағаға шығып, өмірдегі міндетті адал атқарған боламыз. Сол теңіздің толқындарының шайқалысы мен тербелістері бөтенсіп, үрей туғызбай, керісінше бейне кадрлар тәрізді тамаша көріністерді жаңартып ғибратқа толы оқиғалар ұсынып, қызық ой жүгіртуге себеп болады. Көңілді көтеріп шаттық сыйлайды. Хикметке толы Құранның сабағымен нәпсімізді құрықтап,оны мойнымызға мінгізбей, керісінше ол біз мінетін көлікке айналады. Сөйтіп мәңгі бақытқа жетуімізге себепші болады.

Қорытынды. Адам баласы жан-жақты сезімтал, жаратылысы тым нәзік. Безгек ауруынан жаны қиналатыны секілді, дүнияның зілзала секілді апаттарынан да қиямет қайым алдындағы үлкен зілзаладан да жаны қиналады. Көзге көрінбейтін микробтан қорқып, қауіптенетіні секілді, алып құйрықты жұлдыздан да зәресі қалмай

— 160 —

қорқады. Үй ішін, от басын жақсы көргеніндей бүкіл дүниені де жақсы көреді. Ауласындағы кішкентай бақшасына сүйсініп жақсы көргеніндей мәңгі жұмақты құштарлана аңсап жақсы көреді.

Олай болса, бүкіл жаратылысты бағындырып тұрған, кішкентай молекуладан бастап, сонау алып ғаламшарларға дейін басқарып, үкімі толық жүретін біреу ғана адам баласының Раббысы, Қожайын Иесі, құлшылық етуіне лайық табындырушысы, құтқарушысы бола алады. Ендеше адамзат міндетті түрде, әрқашан Юнус пайғамбар

секілді

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

деуге мұқтаж.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 161 —

(Он жетінші лемадан)

БЕСІНШІ НОТА

Бұл нотада Еуропаның пәні мен мәдениеті Бұрынғы Саидтың санасында біршама қалыптасып қалғандықтан Бүгінгі Саидтың пікірлері мен көзқарасына, жүрек қалауына осы пәндер мен мәдениет кесел боп жабысты. Мәселені қиындатып жіберді. Сондықтан Бүгінгі Саид санасынан, ең алдымен батыстың бұрыс пәлсапасы мен жасанды мәдениетін лақтырып тастауды көздеген кезде ішкі дүниесінде Еуропаға жақ нәпсани сезімдердің үнін өшіру үшін Еуропаның рухани тұлғасымен бір жағынан қысқа, бір жағынан ұзаққа созылған айтысуға мәжбүр болды.

Мұны дұрыс түсінген жөн. Еуропа дегенде екі түрлі еуропа бар. Біріеуі, Исауилік яғни христиандық дінінен ақиқат ілімін алған, шынайы өнер мен әділетті қоғамы бар Еуропа. Екіншісі, жалған пәлсапа мен жасанды мәдениеттің кесірінен адамдары адасу мен алжасуға бет бұрғызған шірік Еуропа қоғамы.

Көңілде осындай аласапыран орын алып жатқан кезде мәдениеттің жақсылықтары мен пәннің пайдаларын көріп отырған Еуропа емес, екінші Еуропаның рухани тұлғасына былай деген едім:

Біліп қой ей, екінші Еуропа! Сен оң қолыңа адасқан пәлсапаны, сол қолыңа жасанды, жиіркенішті мәдениетті ұстап, бақыт осыларда деп адамдарды бақытқа шақырасың. Олай болса, сенің осы екі қолың қатар сынсын. Ал мынау лас екі сыйлығың басыңды жұтсын! Солай болады да.

Ей, күпірлікке батып, онысын айналаға таратқан ұятсыз рух! Япыр-ау, рухы да, ұжданы да, көңілі де қайғы-мұң кешіп азапқа түскен адамның құр сұлбасы, алдамшы бір қуаныш пен қызыққа малданып бақытты болуы мүмкін бе? Оны шат-шадыман бақытты деуге бола ма? Бір адам, бір істің оңға баспағанына бола қамығып қайғырады яки қате бір амалдан үміті үзіледі. Оның тәтті қиялдары ащы уға айналады емес пе? Кең дүние тар қапасқа ұқсап кетпей ме! Адасушылық тұманы жүрегінің ең терең түкпірі мен рухын әбден жаулап алған, барлық қасірет тек осының кесірінен келіп жатқан бейшара адамға қандай бақыт туралы әңгіме айтарсың? Япыр-ау,

— 162 —

денесі жасанды бір Жәннатта болғанымен, рухы мен жүрегі Жәһаннам азабын шеккен адамды жетісіп жүр, бақытты деп қалай айтасың? Міне, сен адамдарды осындай қиын жағдайға түсірдің. Жалған, жасанды Жәннат ішіне қамап қойып Жәһаннам азабына салудасың.

Әй, адамның жүгенсіз нәпсісі! Мына әңгімеге құлақ сал да, адамдарды қайда қаңғытып бара жатқаныңды біл!

Мысалы, біздің алдымызда екі жол бар дейік. Біреуімен келе жатырмыз. Байқасақ, басқан әр қадамымызда бір әлсіз бейшара адамға залымдар тап беріп, қолындағы мал-мүлкін тартып алады. Кейде жарақаттап жібереді. Оның осындай аянышты жағдайына тіпті аспан да күңіреніп жылайтын секілді. Қайда қарасаң да осыдан басқа ештеңе көзге шалынбайды. Әлгі жолдағы залымдардың ақырған дауысы мен бейшаралардың еңіреген үні жоқтау тәрізді жолды түгел жаулап алған. Адам, адамшылығы жағымен басқаның қайғы-қасіретіне ортақ болатындықтан шексіз қайғының тұманы тұмшалауда. Алайда, адамның ар ұжданы мұндай сұмдыққа төзе алмайтындықтан ол жолдағылар екі нәрсенің бірін таңдауға мәжбүр болады. Не адамгершіліктен жұрдай болып, шексіз жабайылық жолын таңдап, қара жүрекке айналатыны сондай, өзі аман болса болды, басқаның басына келген апат оған түк те әсер етпеуі керек. Не көңілін көр, ақылын жоқ етуі керек.

Ей, адасу жолында әбден бүлініп, Исауилік дінінен алыс қалған Еуропа! Жалғыз көзді Дажжалға ұқсаған жалғыз көзді зеректігіңмен адамзат рухын Жәһаннамдық жағдайға душар еттің! Бірақ, бұл емі жоқ сырқат, адамды ең жоғарғы дәрежеден, ең төменгі құрдымға түсіретінін соңында байқадың. Яғни, хайуанаттың ең сорлысы дәрежесіне түсіреді. Ал бұған тапқан емің болса, сезімдерді уақытша ұйықтатып, қызыққа батыратын ойыншықтар мен ақылды алжастыратын қияли ғажап ойын-сауықтар ғана. Бұдан түк те шықпайды, түбінде өз басыңды жұтасың. Міне, адамзатқа дайындаған бақыт дегеніңнің түрі осы.

Екінші жол, Құран Хаким адамзатқа сыйға тартқан сара жол. Байқасаңыз ол жолда әр бекетте, әр бөлімшеде, әр қалада бір Әділ Сұлтанның тәртіпті әскерлері бақылап, күзетіп тұр. Белгілі уақыттарда олардың бір бөлігі сұлтанның әмірімен міндетінен босатылып жатады. Олардың қарулары мен қолданған заттары алынып, демалысқа шығуда. Босатылған әскерлер үйреніп қалған аты

— 163 —

мен қаруын қайтарып беруден сырттай қарағанда біраз қайғыратын секілді, ақиқатында Әділ Патшаның құзырына оралатынын білетіндіктен іштей үлкен қуанышқа бөленуде. Кейде, әскерилерді босатушы қызметкерлер жаңадан келген бір әскермен де қарсыласып қалатын кезі бар. Әскер оларды танымайды. "Қаруыңды бер!" десе, әлгі әскер: «Мен патшаның сарбазымын, соның қызметіндемін ең соңында соған барамын. Егер маған Оның рұқсаты бойынша келіп тұрсаңыз құба-құп, бұйрығыңызды көрсетіңіз, болмаса жолымнан аулақ тұрыңыз! Мен жалғыз болсам да, сендер мың болсаңдар да сендермен қарсыласуға шамам жетеді. Өзім үшін емес, Сұлтаным үшін солай етемін. Өйткені, менің жаным өзімдікі емес, Сұлтанымдікі. Менің қолымдағының бәрі, өзім де сол Иемнің аманатымын. Сол үшін мен сендердің алдарыңда бас имеймін!» дейді.

Міне, осы екінші жолда жүрген мыңдаған бақытты жандардың бұл бір ғана мысалы деуге болады. Қалғанын өзің салыстыр. Бүкіл осы екінші жолдағылар туылған кезде қуанышқа бөленеді, әскери міндетін атқарып жүргендері де өз ісі мен жүрісіне дән риза, қуанышты күйде жүр. Ал, ажал жетіп, қаза болу деген атпен міндетінен кетіп жатқандар да қуанышты әуенмен қайтып жатыр. Міне, Құран Хаким адамзатқа осындай бақыт жолын сыйлаған. Бұл сыйлықты кім нақты қабыл алса, екі дүние бақытына қол жеткізе алады. Не өткені үшін қайғырмайды, не болашағын да уайымдамайтын сенімді жол.

Ей, бұзылған Еуропа! Сенің шірік әрі түк те негізі жоқ ұстанымдарыңның бір бөлігі мынандай: «Ең үлкен періштеден бастап ең кішкентай шыбынға дейін әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын, өзі үшін өмір сүреді, өз қызығы үшін жүгіреді. Оның өзіндік өмір сүру хақысы бар. Басты мақсатының өзі өмір сүру, тұқымын жалғастыру» дейсің. Және, Халиқ-ы Кәримнің дүние тіршілігіндегі ғажайып заңдылығы бойынша, өсімдіктердің хайуандарға, хайуандардың адамдарға қызмет көрсетіп, бір-біріне жәрдем етіп жатқан Рахымды қамқорлықтарын бір-бірімен жауласып жатқандай көресің де "Өмір күрес" деген жасанды заң шығарып алжасасың. Япырау, қамқорлықтың шуағы бойынша зәрре бөлшектердің бар ынтасымен бүкіл дене мүшелеріне азық тасып зымырап жүргенін қандай қарсы күрес деп ойлайсың? Бір-бірімен жауласу сондай бола ма?! Асылында, ол Рахман әрі Кәрим Жаратушының әмірімен бір-біріне көмек, өзара жәрдем.

— 164 —

Және бір шірік ұстанымың мынау: "Әрбір тіршілік иесі өзіне-өзі қожайын", дейсің. Ал, ешқандай да жаратылыс өз-өзіне қожайын емес екеніне анық дәлел мынау: Себептер ішінде ең еріктісі, қалау ираде жағынан ең еріктісі адам. Алайда, ойлану, сөйлеу және ішіп-жеу секілді қарапайым, оңай, сыртқы іс-әрекеттерінен оның өз ықтиярына берілгені жүзден бірі ғана, оның өзі де күмәнді. Міне, сыртқы іс-әрекетінің біреуіне ғана ие болуы екіталай болған адам қалай, қайтіп өзіне-өзі қожайын болмақ?! Адамның өзі осындай өзін-өзі басқару мен нақты иелік етуге келгенде қолы соншалық қысқа болып жатса, басқа жандыларды "өз-өзіне қожайын" дегендер хайуаннан өткен ақымақ, түйсігі жоқ топастар. Иә, сені осындай қате жолға итерген, әуреге салған көр көзді ақылың. Сол көзсіз ақылыңмен әрбір нәрсенің Иесі болған Раббыңды, Жаратқан Иеңді ұмыттың. Иелікті меңіреу табиғатқа тапсырдың, әсерді себептерге бердің, нақты Иенің мүлкін жасанды пұттарға телідің. Мұндай көзқарас бойынша, әрбір тіршілік иесі мен адамдар қисапсыз жауларымен жалғыз өзі күресіп, таусылмайтын қажеттілік үшін жанталасуы керек болады. Ондай жағдайда, зәрредей ғана күш-қуатпен, мардымсыз ғана қалау еркімен, сағым секілді сезіммен, көбіктей көрініп қана өшетін тіршілікпен, бір сәтте ғана өтетін өмірмен ондай қаптаған жауға қарсы тұрып, таусылмайтын қажетін қайтіп өтейді? Алайда, ондай бейшара тіршілік иелерінің шама-шарқы осындай мыңдаған қажеттіліктердің тіпті, біреуін де өтеуге жарамайды. Қиыншылыққа тап келген кезде сансыз меңіреу себептерден өзге тірек етер түгі де жоқ.

وَمَا دُعَٓاءُ الْكَافِر۪ينَ اِلَّا ف۪ى ضَلَالٍ

сырын растаушы болады.

Сенің қараңғы санаң адамдардың күндізін түнекке айналдырды. Сол қиыншылықтар мен зұлымдықтарға, қараңғы түнекке бой үйрету үшін жасанды жарықтарды жарқылдатып қойдың. Ол жарықтарың оларды қуанышқа бөлемейді, қайта жылаған көз жастарын көрсететін бір жылтырақ қана болып тұр. Ал, әрбір тіршілік иесі болса сенің шәкірттеріңнің көзіне жауыздардың табанына жаншылған бейшаралар секілді көрінеді. Дүние барлық нәрселердің жылап-сықтау орыны. Дүниедегі дыбыстар, өлімнен, қиыншылықтан туындайтын жан айқай. Сенен сабақ алған шәкіртің перғауынға айналады. Ең қасиетсіз нәрсеге табынатын, пайда үшін көрінген нәрсені Құдай көретін сорлы перғауын. Өзі өте тәкаппар. Бірақ, бір ләззат үшін ауыр жүкті көтеруге

— 165 —

көнген міскін бейнесінде. Болмашы бір пайда үшін шайтанның аяғын сүюге дайын тұрған сорлы біреу. Бірақ, көңілінде тірек болар ештеңесі жоқ бір қуыскеуде болғандықтан, күш қуаттан жұрдай бір жағымпаз міскін. Ол шәкірттің барлық арман мұраты, өзінің қу нәпсісін тойдыру. Сол үшін неше түрлі қулық-сұмдықтан тартынбайтын болып алған бір сұмырай. Өз пайдасынан өзге ештеңеге де алаң болмайды. Не болса да өз нәпсісінің жолына шалып жіберуге дайын тұрады.

Ал, Құранның адал шәкірті - Құдайдың шынайы құлы. Алайда, жаратылыстардың ешқайсысына құлшылық қылмайтын абыройлы құл. Жәннат секілді ең қымбат пайда үшін де құлшылығын сатпайтын адал құл. Бірақ, Фатыр-ы Зүлжәлалдан басқа ештеңенің алдында еңкеймейтін мерейлі жан. Өзі пақыр болса да, Мәлик-і Иесі оған уәде еткен нәрселерге көңілі тоқ, кешірімшіл де қанағатшыл құл. Өзі әлсіз болса да, құдіреті шексіз Жаратаушысының күш-қуатына сүйенген сенімді жан. Мұндай пенде Құранның нағыз шәкірті болғандықтан мәңгі Жәннатты да басты мақсатым демегендіктен мынау алдамшы қу дүниеге әсте алданар ма?! Міне, осылайша екі шәкірттің қандай айырмашылығы бар екендігін салыстырып көр!

Әрі бұрыс пәлсәпаның шәкірттері мен Құран Хакимнің шәкірттерінің адал құлшыныстары мен жанкештіліктерін де салыстырып байқа!

Пәлсәпаның шәкірттері өз нәпсісі үшін бауырларынан қашып кете барады, бас пайдасы үшін әркез өзара дауға түседі. Құран шәкірттері болса жер жүзіндегі жандыны түгел өз бауыры секілді іш тартып, оларға әр уақыт қайыр дұға жасайды. Және олардың бақыттылығына рахаттанады. Және рухында олармен бір жақындық сезініп тұрады. Ғарыш пен Күннің өзін, өзі секілді бір қызметші құл, жаратылған нәрсе деп біледі.

Әрі, екі шәкірттің маңызды жақтарын және рухани құндылығын былай салыстырып көруге болады: Хаким Құран өз шәкірттерінің рухына кеңшілік пен биік дәреже бергені сондай, тоқсан тоғыз тәсбих тасының орнына Тоқсан тоғыз Иләһи көркем есімдердің шағылысын көрсетіп тұратын тоқсан тоғыз әлемдердің зәрре бөлшектерін бір-бір тал тәсбих тастары секілді қолдарына беріп қойған. «Дұғаларыңды осы бойынша оқы!» дейді. Міне, Құраннан сабақ алған Шах-ы Гейлани, Руфаи, Шазели сынды шәкірттердің оқыған дұғасын тыңда!

— 166 —

Қолдарында тізбектелген зәрре бөлшектері жаратылыстың саны қанша болса,солардың бәрін тәсбихтей санап, ұстап тұрып дұға оқуда. Хақ Тағаланы зікір етіп, жаратылыс тілдерімен дәріптеп тәсбих етуде.

Міне, баяны мұғжиза болған Құран Кәрімнің мұғжизалы тәрбиесіне назар сал! Болмашы бір қиыншылыққа көңілі құлазып, көзге көрінбейтін бір микробтан жеңіліп қалатын мына кішкентай адам, Құранмен тәрбиеленген кезде сондай биікке көтеріліп, көңілі шалқып жадырап қалады. Алып дүниені қолына алып тәсбих тарса да еш ауырлығы жоқтай. Ол жәннаттың өзін дұға-тілегіне басты мақсат қылмайды. Өз нәпсісін Хақ Тағаланың жәй бір мақұлығынан жоғары қоймай инабатты келеді. Өркөкіректік пен кішіпейілдікті қатар ұстайды. Ал, пәлсәпа шәкірттерін бұған салыстырсаң қаншалықты төмен, тіпті салыстыруға келмейді. Оның қаншалықты құлдырап кеткенін көресің.

Міне, пәлсәпә түнегіне батып, ақыл есі тұманданған Еуропаның қате ой тұжырымын, екі дүниені қатар көре алатын өткір көзімен, ғайып дүниені де қадағалайтын назарымен, адамзат үшін екі дүние бақытын екі қолымен ишара еткен Құран Хаким былай дейді:

Уа, адам! Сенің нәпсің мен қолыңдағы дүние сенің мүлкің емес, тек саған аманат етілген Біреудің мүлкі. Ол аманаттың иесі бәрінен Құдіретті, бәрін көретін, білетін Рахим Кәрім! Ол сенің қолыңдағы мүлкіңді өзіңнен сатып алғысы келеді. Тек сен үшін сақтап қояды, шығын болмасын, дейді. Келешекте саған өте маңызды етіп, бағасын еселеп қайтаратын болады. Сен болсаң міндетіңді атқарушы бір әскерсің. Жаратушының атымен жұмыс істеп, әрекет қыл! Ол сенің қажетіңді үнемі өтеп тұрады, сенің шамаң жетпейтіндерден қорғайды. Ал, сенің бұл дүниедегі бар міндетің, өміріңнің мақсаты, нәтижесі сол Жаратушы Иенің көркем есімдеріне айна болу ғана. Өзіңе бір қиыншылық келсе былай де:

اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ

яғни, "Мен өз Иемнің қызметінде жүрген біреумін. Ей, пәлекет! Егер Оның рұқсатымен, ризашылығымен келген болсаң, келе бер! Хош келдің! Өйткені, әйтеуір уақыты келгенде Оның алдына баратынымыз рас, Оған құштармыз. Сондықтан, ол бір күндері бізді мына тіршілік әуресінен азат ететін болады. Кәне, ей пәлекет! Ондай азат ету

— 167 —

мен қайтару сенің қолыңда болса онда саған разымын. Егер менің қолымдағы аманаттарымды тәжірибе еткелі келген болсаң және менің саған тәсілім болуыма Оның ризашылығы болмаса, шамам келгенше Мәлик Иемнің аманатын саған тәсілім ете алмаймын!" дейді.

Міне, осындай мыңнан бір үлгі етіп баяндаған, ақылға сүйенген пәлсәпә мен Құдайдың сөзі Құранның берген дәрістерінің дәрежелерін байқап көр! Иә, екі жақтың да ақиқат халі баяндалғандағыдай кетіп барады. Бірақ, тура жолдағылар мен адасу жолында жүрген адамдардың дәрежелері әртүрлі. Ғапылеттегілердің де дәрежелері әр түрлі. Әркім, әр дәрежеде болғандықтан бұл ақиқаттарды түгелдей сезіне алмайды. Өйткені, ғапылеттің өзі сезінуді жойып жібереді. Және бұл заманда ғапылеттің сезімді жойып жібергендігі сондай, мына дүниедегі қайғы қасіретті "мәдениетшілдер" тіпті, сезбейтін болып кеткен. Бірақ, ілімнің артуымен және күн сайын жер қойнына қайтып жатқан отыз мың өліктің ескертулері ғапылдықтың пердесін жыртуда. Жатжұрттардың тағуттары мен табиғатшыл пәндерінің кесірінен адасу жолына түсіп, соларға көпе көрнеу еліктеп еріп жүргендерге обал-ақ!

Уа, отанмыздың жастары! Еуропалық кәпірлерге еліктеуді қойыңдар! Япыр-ау, Еуропаның сендерге жасаған зұлымдықтары аз болды ма? Олардың арамдықтарын көре тұра, олардың бұрыс қылықтары мен оңбағандықтарына қандай ақылмен еліктеп өзеурейсіңдер! Жо-жоқ, олай ету қате! Азғын түрде еліктегендер, оларға мойынсұнып қана қоймай, өздері парқына бармай солардың қатарына қосылып өзін де, бауырларын да құрдымға құлатады! Ояныңдар! Сендер олардың жаман мінез, азғын мәдениетін мойындаған сайын отаншыл екендерің бекер екенін көрсетесіңдер. Олар не айтса болды, бас-көз жоқ соны істей беру өз халқын менсінбеу, ұлттық намысын таптау боп саналады!

هَدٰينَا اللّٰهُ وَ اِيَّاكُمْ اِلَى الصِّرَاطِ الْمُسْتَق۪يمِ
— 168 —

Жиырма төртінші Лема

Тәсәттүр жайлы
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
يَٓا اَيُّهَا النَّبِىُّ قُلْ لِاَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَٓاءِ الْمُؤْمِن۪ينَ يُدْن۪ينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَاب۪يبِهِنَّ

Жоғарыда аталған аят тәсәттүрді әмір етеді. Азғын мәдениет болса Қасиетті Құранның бұл үкіміне қарсы келіп тәсәттүрді жөн көрмей, оны әйел затын кемсіту, құқығын шектеу деп санайды.

{(Сілтеме): Соттың үкіміне қарсы, және олардың үнін өшірген ақталу сөздерінен бір үзінді. "Менің әділет басқармасына айтарым: Мың үш жүз жылдан бері және әр ғасырда үш жүз миллион адамның қоғамдық өміріне оң ықпал етіп, киелі де үлкен маңызға ие болып келген, қасиетті де нағыз ұстанатын өміршең ереже боп табылатын Иләһи заңды жан-жақты баяндаған әрі оны үш жүз елу мың тәпсір растап, бір ауыздан бекіткеніне сүйене отырып тәпсірлеген сондай-ақ мың үш жыл бойы бабаларымыз ұстанып келген діни нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын соттың бұрыс үкімін егер дүниеде әділдік қалған болса сөзсіз түрде сот шешімін жойып, үкімді бұздырады деп ойлаймын.}

Жауабы: Құран Хакимнің бұл үкімі әйел табиғатына сай, ал керағар пікірдің жаратылысқа қайшы екенін дәлелдейтін көптеген хикметтерінен тек төрт хикметі баяндалмақ.

БІРІНШІ ХИКМЕТ: Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алтау-жетеуінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, не болмаса қызғаныш сезімімен өзінен асқан сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, не болмаса намысын бөтен біреуге таптатпай сақтану үшін, немесе күйеуінің алдында қиянатшыл ретінде айыпталмауы үшін, оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді қатаң талап етеді. Тіпті,

— 169 —

байқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайды.

Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған жеті-сегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты, салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан іс жүзінде, әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады.

Естуімше, әлем-жәлем киіну кең тараған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, "мына азғын немелер бізді көзбен атып, қайда барсақ та сығалап мазамызды алып болды" деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды. Мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсеттүр арқылы азғындаудан, намысының тапталуынан, рухани қаналудан сақтайды. Әйелдің бойында бөтен ер кісілерден қорқу, үрей сезімі бар. Қорқу табиғи түрде тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минуттык зауықты, ауыр азапқа айналдыратын, сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, әкесіз бала туып, оның тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы айналысу әлгі сегіз-тоғыз минуттық заңсыз зауықтың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсеттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң түрде ескертіп отырады. Сақтану жолдарының бірі, бекініс қамалы тәсеттүр екенін көрсетеді.

Естуімше, астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапа-тал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып "шапқыншылық" жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек.

ЕКІНШІ ХИКМЕТ: Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат, терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Иә, әйелі күйеуіне тек дүниелік өмірде

— 170 —

ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға міндетті. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы тиіс.

Демек, иман саясында мүминдердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Жануарға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббатқа негізделмейді, мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббатқа, адалдық пен сыйластыққа негізделеді. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін, махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады.

Шариғат бойынша, ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы - діни тұрғыдағы теңдік.

Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады.

Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп өзі де тақуа болған әйелді айтады.

Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады.

Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылатын әйелді айтады.

Бір-бірінің пасық әрі азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан екі сорлы ерлі-зайыптылардың өмірі өкінішті әрі аянышты. Олар бір-бірінің лаулаған отқа түсуіне жәрдем етеді.

ҮШІНШІ ХИКМЕТ: Отбасының бақытты өмір сүруі үшін әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрмет пен махаббатын кемітеді. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдің тек біреуі ғана күйеуінен әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды. Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді.

— 171 —

Мұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп оған мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді.

Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал, мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі.

ТӨРТІНШІ ХИКМЕТ: рпақ жаю әркімнің қалауы. рпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәламнің өзі

تَنَاكَحُوا تَكَاثَرُوا فَاِنّ۪ى اُبَاه۪ى بِكُمُ الْاُمَمَ

яғни "Үйленіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын" - деген. Алайда, тәсәттүрді тастау яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейітпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал, әйел заты олай емес. Өйтіп, күйеуіне талап, шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, сақтау қызметін атқарады. Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті, адалдық пен сенімділік. Ал, ашық-шашық киіну, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел, күйеуінің алдында сенімді жоғалтып, оның ар-ожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті

— 172 —

мал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғау, жанашырлық ету, құрметтеу. Сондықтан ер адам шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді де некелей алады.

Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады. Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты да ауа-райы сияқты салқын. Ал, Азия яғни мұсылман елдері оған қарағанда ыстық. Географиялық аймақ адам мінезіне әсері ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суық қанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас. Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу, тез әсер алғыш, ауа-райы ыстық елдің адамдарын, қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне, сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи) қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен аластауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін.

Қалалық әйелдер, ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсеттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс, шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда өзіне көп назар аударта бермейтін біршама тұрпайылау бейкүнә шаруа әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Ауылдық жерде сандалып бос жүретін, азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.

— 173 —

Бірінші мектубтың

Төртінші сұрағы

Сүйіктілерге деген уақытша махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналатыны секілді, көп адамдарда болатын дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа ұласуы мүмкін бе?

Жауап: Мүмкін, егер дүниенің өткінші жағына ғашық адам, дүниенің тұрақсыз, тез аяқталып қалатын жағының жағымсыздықтарын көріп, одан теріс айналар болса, мәңгі, бақи сүйіктіні іздесе, дүниенің Иләһи есімдердің айнасы және ахиреттің егістік алқабы болған өте әдемі өзге де қырларына қарай алса, міне сол кезде, шариғатқа қайшы келетін өткінші ғашықтық, шынайы ғашықтыққа айнала бастайды. Бірақ бір шарты бар: Өзінің өткінші және жеке өміріне тікелей байланысты тұрақсыз дүниесін, сыртқы дүниемен шатастырмауы керек. Егер адасқандар мен ғафылдарға ұқсап, өзінің кім екенін ұмытып, өзіне қатысы шамалы сыртқы, ортақ әлемге өз әлемім деп қарап, соған ғашық болса, онда материализмнің ұйығына батып кетеді. Әрине, егер ғажайып түрде құтылмаса...

Бұл ақиқатты түсіну үшін мына тәмсілге қара: Мәселен, мына әдемі безендірілген бөлменің төрт қабырғасында, төртеумізге тиісті төрт үлкен айна болса, бес бөлме пайда болады. Біреуі шын және бәрімізге ортақ, төртеуі мисали және әр қайсымызға тиесілі жеке бөлме. Біз өз айнамыз арқылы өзімізге тиісті бөлмеміздің түр-түсін өзгерте аламыз. Қызыл бояу жақсақ қызыл, жасыл бояу жақсақ жасыл етіп көрсетеді. Айнаға әсер ету арқылы көп нәрселерді өзгерте аламыз. Көріксіз қылып, немесе әдемі етіп көрсетуге, неше түрлі етіп қоюға болады. Бірақ, шын және ортақ бөлмеге оңайлықпен әсер етіп, өзгерте алмаймыз. Айнадағы жеке бөлме мен бәрімізге ортақ бөлме шындығында бір-ақ бөлме болғанымен, жағдаят мүлдем басқа. Сен өз бөлмеңді оп-оңай қирата аласың, бірақ екіншісінің бір тасын да, қимылдата алмайсың.

— 174 —

Мына дүниені тамаша бір бөлме десек, әрбіріміздің өміріміз үлкен айна іспеттес. Бұл дүниеде әрқайсымызға тиесілі жеке дүниямыз, жеке әлеміміз бар. Бірақ оның керегесі, іргетасы, есігі әркімнің өз өмірі. Осы жеке әлеміміз парақ болса, өміріміз қалам.... Сол қаламмен амал дәптерімізге көп нәрселер жазылуда. Енді осынша ынтық болған әлемімізге қарасақ, бұл әлеміміз өз өміріміздің үстіне тұрғызылғандықтан ол да сол өміріміз секілді баянсыз, фәни екенін сезіп білсек, енді, оған деген махаббатымыз, сол өміріміздің өзі айна болып көрсетіп тұрған Иләһи есімдердің тамаша нақыш-өрнектеріне бет бұрады. Одан сол есімдердің көріністеріне ауады. Енді сол жеке өміріміз ақырет пен жұмақтың уақытша көшет өсіретін жері екенін түсініп, сол жеке дүниемізге деген шектен тыс ынтызарлығымыз бен махаббатымызды өмірдің нәтижесі, өнімі, жемісі болған ақыреттік пайдаларына қарай бұрған кезде ғана, дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналады.

Әйтпесе,

نَسُوا اللّٰهَ فَاَنْسٰيهُمْ اَنْفُسَهُمْ اُولٰٓئِكَ هُمُ الْفَاسِقُونَ

сырына нысана болып, ақиқатында өздерінің кім екенін ұмытып, өмірдің өткінші екенін ойламай, өзінің тұрақсыз жеке әлеміне баршаға ортақ әлем сияқты тұрақты деп қарап, өзін өлмейтіндей көріп, дүниеге ынтықса, соған жан-тәнімен берілсе, дүниеге тұншығып батып кетеді. Ондай махаббат, адамды шексіз азапқа салып, бәлеге ұшыратады. Өйткені ондай махаббаттан, қолынан түк келмейтін шарасыз жанашырлық, үмітсіз аяныш туындайды. Бүкіл тіршілік иелерін аяп, жаны ашиды. Тіпті жойылып кететін бүкіл әдемі жаратылыстарды аяп, налиды, қолынан еш нәрсе келмей үмітсіз қайғыға түседі. Ал бейқамдықтан құтылған әуелгі адам, ондай қатты аяныштан туындаған қайғыны басатын қасиетті дәрі табады. Яғни, жаны ашыған бүкіл тіршілік иелерінің өлуі мен жойылуынан Зат-ы Бақидың бақи есімдерінің тоқтаусыз көріністерін көрсететін айналарының бақи екенін, яғни рухтарының мәңгі екенін көреді, аянышы қуанышқа айналады. Бұл жерде уақытша ғана өмір сүріп, жойылып кетіп жатқан бүкіл әдемі жаратылыстардың арғы жағында шынайы сұлулық пен киелі есім-сипаттардың тұрғанын сезіп, бұл Соның әдемі ою-өрнегі, тамаша нақышы, жарылқауы,

— 175 —

үздіксіз нұрландыруы деп көреді. Уақытша нәрселердің құбылуы, әсемдікті одан әрі арттыру, ләззатты жаңалау, өнерді көрсету үшін жасалып жатқан жаңартулар екенін көріп, ләззаты мен құштарлығы, таңданысы арта түседі.

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى
Саид Нұрси
— 176 —

(Тоғызыншы мектубтан)

Үшіншіден: Мына дүниені әскери қонақ үй деп түсініп, солай ойлап, соған қарай әрекет еткен жан - бұл дүниеде ең бақытты адам. Солай ойлаған адам ең жоғарғы мәртебеге яғни, Жаратушыны риза ету мәртебесіне оңай көтеріле алады. Тез сынып қалатын әйнекке алмастың құнын төлемейді. Тура жолда уайымсыз өмір сүреді. Иә, өткінші дүниеге қатысты істердін бәрі де тез сынатын әйнек секілді баянсыз. Ал, ақырет үшін жасалған қызметтер алмас секілді асыл, әрі баянды. Негізінде, адамның болмысындағы құмарлық, махаббат, қарымды қайрат, тегеурінді талап... басқа да көптеген ерекше сезімдер осы ақыреттік мақсатқа жету үшін берілген. Осындай ерекше сезімдерді тек өткінші өмір үшін сарп ету, әлгі асыл алмастарды құнсыз әйнек сынықтарына алмастырумен тең.

Осыған байланысты бір нәрсе есіме түскендіктен соны айта кетудің жөні келіп тұр: Ғашықтық сезім дегенің өзі ессіз махаббат болғандықтан өткінші нәрселерге арналса, иесін қайғы мен азапқа салады. Немесе, ондай тұрақсыз сүйіктілер әлгі жалынды махаббатқа сай келмегендіктен, басқа мәңгі сүйіктіні іздетеді. Сөйтіп, өткінші нәрселерге деген сүйіспеншілік, бақиға деген сүйіспеншілікке айналады.

Адам бойында осындай алуан түрлі сезімдер бар. Бәрінің де екі мәртебесі бар. Біреуі өткінші, екіншісі тұрақты. Мысалы, жұрттың бәрінде болашақты уайымдау бар. Алайда, сол болашақты қанша уайымдаса да, сол болашаққа жететіні жайлы қолында ешқандай кепілдік жоқ. Сондай-ақ, Рызықтандырылатынына кепілдік берілген жақын болашақ, ондай қатты уайымға салынуға тұрмайды. Сондықтан, мұндай алдамшы болашақтан бас тартып, қабірден кейінгі шынайы да ұзақ, адасқандардың ойынша болып-болмауы неғайбыл болашаққа бет бұрады. Және мал мен мансапқа да ашкөздікпен ұмтылады. Қараса... Бұның қарауына уақытша берілген әлгі мал мүлік пен алдамшы атақ дәрежелер рия мен қауіп-қатерге толы. Осы бір мансап, осыншама ашкөздене ұмтылуға тұрмайды. Содан кейін,

— 177 —

ең жоғарғы атақ болған рухани мәртебеге, тақуалыққа, құлшылыққа, нағыз байлық болған салих амалдарға көңіл бұратын болады. Сөйтіп, әлгі нашар мінез болған дүниеге деген тойымсыздық, тамаша қасиет болған мәңгі дүниеге деген шынайы қайратқа айналады.

Тағы бір мысал, қырсық мінезді адам әлгі ғажайып сезімдерін өтпелі, маңызсыз істерге босқа сарп етеді. Сөйтіп, бір сәт назар аударуға татымайтын нәрсеге бір жыл қырсығады. Әлгі зиянды әрі сананы улайтын нәрсеге бүкіл төзімін жұмсайды. Ақыры, осыншалық қуатты сезімдердің ондай нәрселерге арналмағанын байқайды. Соншалықты асыл сезімдердің ондай нәрсеге босқа жұмсаудың ақиқат пен хикметке қайшы екенін ұғады. Осындай асыл сезімдерін, нақты сенімдерін әлгі түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсамай, баянды да бақи Иман ақиқаттарына Ислам негіздеріне, ақыреттік амалдарға арнайтын болады. Оның бірбеткей қырсықтығы әдемі де мәнді ақиқат жолындағы тұрақтылыққа, табандылыққа айналады.

Осы үш мысалдағыдай, егер адам өзіне берілген жойқын рухани қасиеттерді өз нәпсісінің қалауымен өткінші дүниенің қызығына арнап бұл өмірде мәңгі қалатындай, ойланбай жүре берсе, ұяттан жұрдай болып, күш қайратын бос нәрселерге жұмсайды. Егер, осы асыл қасиеттердің аз мөлшерін дүниеге, ал негізгі бөлігін ақыреттік және рухани міндеттерге арнайтын болса, көркем мінезге қол жеткізіп, даналық пен ақиқатқа сай түрде екі дүниенің бақытына бөленеді.

Осыған байланысты, мынандай бір ой келеді. Қазіргі заманның насихат айтушыларының сөзінің әсер етпеу себебі мынау болса керек: Мінезі нашар адамдарға: «Қызғаншақ болма, қырсықпа, ашкөз болма, қастық ойлама, дүниеге қызықпа», яғни болмысыңды өзгерт деп, олардың қолынан келмейтін нәрселерді айтады. Ал, "бұл сезімдерді жақсы нәрселерге қолданыңыз, олардың бағытын өзгертіңіз!" десе, айтқан сөздері әсерлі болып, тыңдаушыға да жеңіл болар еді.

Төртіншіден: Ислам ғалымдарының арасында «Ислам» мен «Иман» ұғымының айырмашылығы жайлы көп сөз болады. Бір тобы «екеуі бір нәрсе» десе, келесі топ, «екеуі екі нәрсе, алайда бір-бірінсіз бола алмайды» деп, әртүрлі пікір өрбітеді. Мен мынадай бір айырмашылықтың барын түсіндім.

— 178 —

Ислам - құптау, қалтқысыз берілу. Иман - мойындау, растау. Яғни, Ислам - ақиқатты жақтау, тәсілім, бойсұну. Иман - Хақты жүрекпен қабыл ету, көңілмен бекіту. Бұрындары, Құранның бұйрықтарына қызу қолдау көрсететін дінсіздерді кездестіретінмін. Демек, бір жағынан алғанда ол дінсіздер Аллаһтың қалауымен Исламияттың ішінде жүргендіктен оларға "дінсіз мұсылман" десек, Құранның бұйрықтарына еш қолдау көрсетпейтін, қажет санамайтын мүміндерді де көрдім. Олар "мұсылман емес мүмін" деген атқа лайық болар еді.

Япырау, сонда Исламиятсыз иман тозақтан құтқара ала ма?

Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын анық түрде көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді.

Ондайлар мұсылман болмаса да, иман етеді. Яғни, ақиқатты мойындайды. Сөздер жинағында жазылған ақиқаттар Жәннаттағы Туба ағашының жемістері секілді болған Иман мен Исламның жемістерін және екі дүниенің бақытын көрсетіп бергендігі сонша, бұған көз жеткізгендердің қолдау көрсету, қабыл алу, мойынсұну сезімдерін оятады. Жаратылыстардың өзара байланыстары секілді мықты және зәрре бөлшектердің санындай көп дәлелдермен Иман мен Исламның айғақтарын көрсетіп бергендігі сонша, қалтқысыз мойынсұндырып, күшті иман береді. Тіпті, кейде Нахшибенди тариқатында оқылуы әдетке айналған дұғалардың ішінен

عَلٰى ذٰلِكَ نَحْيٰى وَ عَلَيْهِ نَمُوتُ وَ عَلَيْهِ نُبْعَثُ غَدًا

дегенімде Иман ақиқаттарын жақтау сезімі артып кететін. Егер маған бүкіл дүниені берсе де, Иман ақиқаттарының біреуін де пида етпес едім. Бір ғана ақиқатты бір сәт жоққа шығару, мен үшін аса ауыр қасірет. Бүкіл дүние менікі болса да, оларды бір ғана Иман ақиқатының көрініс табуы жолында ойланбастан қиюға дайынмын.

— 179 —
وَ اٰمَنَّا بِمَا اَرْسَلْتَ مِنْ رَسُولٍ وَ اٰمَنَّا بِمَا اَنْزَلْتَ مِنْ كِتَابٍ وَ صَدَّقْنَا

деген кезімде, шексіз Иман күшін сеземін. Иман ақиқаттарының қай қайсысының да керісінше болуы ақылға сиымсыз. Адасып жүрген дінсіздерді есуас, ақымақтар деп білемін.

Бауырым, ата-анаңа көптен-көп құрмет пен сәлем жолдаймын. Ол кісілер де маған дұға жасасын. Сен менің бауырым болғандықтан, олар менің де ата-анам секілді. Ауылыңа да сәлем айт, әсіресе сенен Сөздерді тыңдап жүргендерге айрықша сәлем жолдаймын.

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى
Саид Нұрси
— 180 —

(Жиырма тоғызыншы мектубтан)

Бесінші Рисале атанған
Бесінші Бөлім
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ

Нұрларға толы аяттың бір нұрын Қасиетті Рамазанда рухани халде сезіндім, елесін де көрдім. Бұл былай:

Уәйіс-Әл Қаранидың:
اِلٰه۪ى اَنْتَ رَبّ۪ى وَ اَنَا الْعَبْدُ ٭ وَ اَنْتَ الْخَالِقُ وَ اَنَا الْمَخْلُوقُ ٭ وَ اَنْتَ الرَّزَّاقُ وَ اَنَا الْمَرْزُوقُ ٭ الخ

мәшһүр мінәжатын бүкіл тіршілік иесі, жаратылыстар, Жанабы Хаққа дәл солай жасауда екендерін және он сегіз мың ғаламның әрқайсысының жарығы, Аллаһтың есімі екендігіне көзімді жеткізетін жүректен туған қияли оқиғаны көрдім. Ол былай:

Қауызын жаңа жарып келе жатқан раушан гүлінің бір - біріне оралған жапрақшалары секілді, мына ғаламда қабаттастыра керілген мыңдаған перде бар. Мына әлемнен бір - бірінің артында жасырынып тұрған мыңдаған әлем көрдім. Әрбір перде ашылған сайын жаңа әлемдерге куә болдым.

Ол әлемдер Нұр аятынан кейінгі:

اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ يَغْشٰيهُ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِه۪ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِه۪ سَحَابٌ ظُلُمَاتٌ بَعْضُهَا فَوْقَ بَعْضٍ اِذَا اَخْرَجَ يَدَهُ لَمْ يَكَدْ يَرٰيهَا وَ مَنْ لَمْ يَجْعَلِ اللّٰهُ لَهُ نُورًا فَمَا لَهُ مِنْ نُورٍ

аяты суреттегендей қорқынышты да қараңғы түнек ішінде көрінуде. Бірден Аллаһтың бір есімінің Шексіз Нұры ол жерді жарқыратып жіберді. Ақыл қай пердені ашса, қиялымда қараңғы түнек басқан жаңа әлем ашылатын. Сол жерде Аллаһтың бір есімі күндей шағылысып көрінеді де жарқын нұрымен әлгі әлемді бастан-аяқ нұрға толтырады.

— 181 —

Осылай жалғаса берді... Осы бір көңіл тамашасы мен қияли саяхат ұзақ жалғасты. Мысалға: Хайуанаттар әлеміне зер салған кезімде, олардың шексіз нәрселерге мұқтаж, аш, әлсіз күйде жүрулері ол әлемді маған өкініштерге толып түнек етіп көрсетті. Сол сәтте Аллаһтың Рахман есімі, Рәззақ есімінің мағынасында күндей жайнап көрінді. Ол әлемді бастан аяқ мейірім нұрына толтырды. Содан кейін хайуанаттар әлеміндегі төлдердің әлсіз жағдайлары, мұқтаж халдері, жұрттың аянышын оятып, уайымға салатын қара түнек әлем болып көрінді. Сол сәтте Рахман есімі мейірім мағынасында жарқ етті. Ол әлемді нұрға бөлегені сонша, мейірбандық пен аяныштан туындайтын көз жасын, қуаныш пен шүкірдің ләзаттынан шығатын жасқа айналдырды.

Сонан соң синема экраны секілді тағы бір экран ашылды. Адамдар әлемі көрінді. Ол әлем де қараңғы да қорқынышты түнек болып көрінгені сонша, қорқыныштан жан ұшырып сұмдық - ай! - дедім. Өйткені көргендерім мынау еді.

Адамдардың мәңгі жасасам деген тілектері, армандары және бүкіл ғаламды қамти алатын қиялдары мен ой - пікірлері және мәңгілік бақыт пен Жұмақты шын пейілдерімен қалайтын қайраттары мен қабілеттері, сансыз мақсаттары мен талап - тілектеріне қарсы дәрменсіз, әлсіз жағдайда. Неше түрлі дұшпанның шабуылына нысана бола тұра, өте қысқа ғұмыр, аумалы - төкпелі өмір, тауқыметті тұрмыс кешуде. Жүрегі қан жылаған сұмдық жағдайда. Үнемі қоштасу, үнемі айырылып қалу. Парықсыз бейқамдардың назарында мәңгілік түнектің есігі болып көрінетін қабірге, мазарға бара жатыр. Сол бір қараңғы құрдымға жеке - жеке де топ - тобымен де құлап жатыр. Бұл әлемді осындай қараңғы түнек қылып көріп тұрғанымда, жүрегім де рухым да ақылым да бүкіл адами сезімдерім тіпті, денемнің бүкіл молекулалары зар еңіреп жылауға дайын еді. Бірден Жаратушы Хақтың Әділ есімі Хаким мағынасында, Рахман есімі Кәрим мағынасында, Рахим есімі Ғафур мағынасында, Баис есімі Варис мағынасында Мухи есімі Мухсин мағынасында, Раб есімі Малик мағынасында көрінді. Адамзат әлеміндегі көптеген әлемдерді нұрландырып, жарықтандырып жіберді.

Ақыреттің нұрлы әлемінен терезелер ашып, адамның әлгі қараңғы әлеміне нұр шашты. Содан кейін тағы да бір үлкен экран ашылды. Жер шары көрінді. Философияның көрсоқыр, ғылыми заңдылықтары қиялыма қорқынышты бір әлемді көрсетті. Зеңбірек оғынан жетпіс есе

— 182 —

жылдамдықпен зымырап,жиырма бес мың жылдық қашықтықты бір жылда айналып шығатын және кез келген уақытта бөлшек - бөлшек болып кетуге дайын, іші толы, әбден қартайған Жер Шарының үстінде, шексіз кеңістікте қаңғып жүрген адамзаттың жағдайы, маған қараңғы түнек болып көрінді. Басым айналып, көзім қарауытты. Сол сәтте Жер мен Көкті Жаратушы Хақтың Қадир, Алим, Раб, Аллаһ, Рабб-ус Самауати уәл Арз және Мусаххирул Шәмси уәл Қамар есімдері Рахмет, Азамет, Рабубиет мағынасында көрінді. Ол әлемді нұрға толтырғаны сонша, Жер шары маған өте тәртіпті, бағынышты, өте тамаша, өте ыңғайлы, сенімді, сайран салып, демалып, сауда жасау үшін жасалған саяхат кемесіндей болып көрінді.

Қорытынды: Есімдерінен Жаратылыстар әлеміне қарап тұрған Аллаһтың мың бір есімінің қайсысы бір әлемді және сол әлемнің ішіндегі әлемдерді нұрландырып тұрған Күн секілді. Ахадиет сыры бойынша әр бір есімнің көрінісінен басқа да есімдердің көрністері бір шама көрінуде. Жүрек, қараңғы болып көрінген әр бір түнектің ар жағында, жеке - жеке нұр тұрғанын көргендіктен, саяхатты жалғастыра беруге құлшынды. Қиялға беріліп, көкке шыққысы келді.Сол сәтте тағы бір үлкен экран ашылды. Жүрек, аспан әлеміне кірді. Нұрға толы, жымыңдаған жұлдыздар Жер Шарынан да үлкен, одан да өткен жылдамдықпен шыр айналып жүр. Біреуі, бір минут жолдан тайса, екіншісіне соқтығысып, алапат жарылыс болады. Әлемнің зәресін ұшырып, тас-талқан етер еді. Нұр емес, от шашар еді. Жымыңдап тұрған жүзіне қарауға шошыр едім. Аспан әлеміндегі кеңістік бос, меңреу, түсініксіз түнек болып көрінді. Келгеніме өкіндім. Сол сәтте

رَبُّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ ٭ رَبُّ الْمَلٰٓئِكَةِ وَ الرُّوحِ

тың Әсма-и Хуснасы

وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَٓاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ ٭ وَ سَخَّرَ الشَّمْسَ وَ الْقَمَرَ

мағынасында көрінді. Сол мағынаның шексіз нұрынан қараңғылыққа батқан жұдыздар ұшқын алып, қанша жұлдыз болса, сонша шырақ жағылғандай аспан әлемін нұрға бөледі. Әлгі бос, меңреу деп саналған аспан әлемі де періштелер мен руханилерге толып, жайнай түсті. Әзел, Әбед Сұлтанның сансыз әскерлерінің бір бөлігі секілді күндер мен жұлдыздар арнайы бұйрық бойынша шеру тартып жүргендей. лы

— 183 —

Сұлтанның айбыны мен Рубубиетінің салтанатын көрсетіп жүргенін көрдім. Бар болмысыммен, тіпті денемдегі бүкіл молекулалардың тілімен, егер менің тілімді алса, бүкіл жаратылыстардың тілімен айтқым келген

اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكَاةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَلَا غَرْبِيَّةٍ يَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌ عَلٰى نُورٍ يَهْدِى اللّٰهُ لِنُورِه۪ مَنْ يَشَٓاءُ

аятын солардың барлығының атынан оқып, қайта оралдым, есімді жидым.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نُورِ الْا۪يمَانِ وَالْقُرْاٰنِ

дедім.

— 184 —

(Жастар шырағынан)

Бір күні Ескішехирдің абақтысында терезе алдында отыр едім...

Қарсы алдымдағы лицейдің ауласында, ересек қыздар билеп жүр екен. Оларды бұл дүние жәннатында жүрген жәһаннам хор қыздары түрінде көрдім. Сол сәт олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары бейнебір теледидарға шыққандай көз алдыма келе берді. Әлгі мәз-мейрам алпыс қыздың елуі қабірде азап шегіп жатыр. Қалған онының жастары жетпісте, қартайған, беттерін әжім басқаны сондай жұрт оларға аяушылықпен қарайды. Олардың болашағын ойлап жыладым. Ақырзаман пәлекеттерінің шын мағынасын көргендей болдым. Пәлекеттің ең қорқыныштысы намыссыз әйелдердің ұятсыздығынан өрбитіндігін көрдім. Олар жұртты өзіне еріксіз тартып, нәпсіқұмарлықтың отына көбелектей түсіреді. Ақыреттегі мәңгі өмірлерін жалған, өткінші дүниенің бір минуттық ләззатына айырбастатады.

Бір күні көшеге қарап отырғанымда, бұл пәлекеттің нақты, өте әсерлі бір мысалын көрдім. Жастарға қатты жаным ашыды. «Магниттей тартып кететін бұл пәлекеттен мына бейшаралардың құтылу қиын» деп ойланып отырғанымда, көз алдыма бұл пәлекеттердің отын лаулатып, дінсіздікті жаюшылардың рухани тұлғасы келді. Оған және одан дәріс алушы имансыз кәпірлерге былай дедім:

-Ей, жәһаннамның хор қыздарымен көңіл көтеру үшін дінін сатып, азғындық жолда нәпсінің құлы болған дінсіз! Дүние қызығын қимай, өлімнен қорқып, қабірді ұмытқысы келген, дінін сатушы бейшара бейбақ! Есіңде болсын! Имансыз көзқарастағы сенің бұл дүниең, өмір сүріп отырған сағаттарың, минуттарың ғана. Дінсіздігің мен имансыздығыңнан бұрынғы адамдар мен жан-жануарлар өліп, жоқ болып, топыраққа айналған, келешекті көре алмағандықтан сен үшін олар да өлі, жоқ. Сондай-ақ, имансыз көзқарас тек қана ақыл мен дүниелік жағына қарағандықтан, әлемдегі ғаламшар мен барлық жаратылыстың дамылсыз қозғалысын жүйесіз, кездейсоқ деп біліп, олардың қақтығысып қалуынан қорқасың. Өлім қорқынышы жанды

— 185 —

өртеп, ақылды қайғыға салады. Бір сағаттық мастық пен жиіркенішті ләззат манағы қорқыныш пен қайғыны баса алатын болса, солай жалғастыра бер. Болмаса, ақылға кел. Тірі кезіңде жаныңды жегідей жеп, өміріңді тозаққа айналдыратын ойлардан құтылып, жаның рахат тапсын десең, әрі өмірдің ләззатын татқың келсе, Құранның дәрісін тыңда. Өткінші, жалған, бір сәттік ләззатты шексіз, мәңгі имандылық ләззатына айырбаста.

{(Сілтеме): Иә, иман бұл дүниеде де жәннаттың ләззатын ойша татқыза алады. Иманның жүздеген пайдасынан мына бір ғана пайдасына назарыңды сал: Жаныңдай жақсы көретін жалғыз ұлың әл үстінде көз жұмғалы жатқанда, Лұқпан мен Қызырдай бір дәрігер келді де, балаң бірден тәуір болып кетсе. Қаншалықты, қуанасың. Иман да сенің бұрынғы дүниеден өткен жақындарың мен сүйіктілерің қанша болса, сонша қуаныш сыйлайды. Сенің мазарда жатқан миллиондаған сүйіктілерің иман нұрымен көз алдыңда қайта тіріледі. Олардың: "Біз өлген жоқпыз, өлмейміз де" деп, тіріліктерін жалғастырғандарын иман нұрымен көре аласың. Айырылып, көз жазып қалу қайғысын олардың тіріліп, қайта табысу сүйініші басады. Демек, иман бұл дүниенің өзінде жәннат ләззаттын татқызады, татқызып жатыр.}

«Мен хайуан секілді өмір сүремін» деме. Себебі, олар үшін болашақ та, өткен шақ та жоқ. Жанаб-ы Хаким-и Рахим жануарларға ақыл мен ойлау қабілетін бермеу арқылы оларды шексіз қайғылардан құтқарған. Тіпті, сойылу үшін жатқызылған тауық, сойылар алдында да ешқандай уайым-қайғы сезбейді. Пышақ кескен кезде ғана сезгісі келеді, алайда ол кезде сезім кетеді де, ол уайымнан құтылады. Жанаб-ы Хақтың оларға деген өте жоғары дәрежедегі рақымдылығы, рахметі мен мейірімі ғайыпты білдірмеуінде. Бұл, әсіресе, жуас үй жануарларында анық байқалады. Демек, еш нәрсе ойламай, хайуанша өмір сүріп, ойнап-күлу жағынан сен хайуанға жете алмайсың. Одан мыңдаған дәреже төменсің. Себебі хайуанмен салыстырғанда, сенің өткен шақ пен болашақты ойлау қабілетің, ақылың бар. Мұңсыз емес, мұңдысың.

Достық, бауырластық, сыйластық, ар-ұят отансүйгіштік тәрізді сенің мақтан тұтқан қасиеттерің тірілікті фәни өткінші деп ойлаған-дықтан сарқылып осынау иен даладан тырнақтай ғана жер алғанмен бірдей. Болмысың шексіз заманмен салыстырғанда, осы шаққа ғана тәуелді болғандықтан сенің адамгершілігің мен кемелдіктерің жасанды, жалған, негізсіз, түкке тұрғысыз болып әлгіндей азайып мүлдем жойылып кетеді.

Ал, иманды жандардың достық, бауырластық, құрмет, адалдық секілді қасиеттері иман саясында өткен шақ пен болашақты да қамтығандықтан, оның адамгершілік пен кемелдік дәрежесі жоғары

— 186 —

болады. Сенің бұл дүниедегі табысың шыны сынықтарын алмас бағасына сатып алған диуана яхудидің әрекетіне ұқсайды. Яғни сен де өткінші өміріңнің өтеуіне шексіз өміріңнің құнын берудесің. Әлбетте ол тұрғыда жеңіске де жетесің. Бар күшіңді бұл дүние үшін жұмсағандықтан, дүниеде белгілі бір жеңістерге жетуің де мүмкін.

Сенің ақыл, рух, жүрек сынды сезімдерің негізгі міндеттерін тастап, нәпсінің жиіркенішті істеріне жәрдем берсе, дүниелік табыстарға жетуің әбден мүмкін. Бір сәтке бір жылдық жойқын құмарлық, махаббат, кек сияқты сезімдеріңді пайдаланғандықтан, діндар қауымға уақытша үстемдік те етесің, әрі сырттай сұлу көрінесің, себебі сенің ақыл, рух, жүрек сезімдерің қасиетті міндеттерін былай тастап, азғын нәпсіңнің құлы болып, хайуандық дәрежеге құлдыраған. Олар өте азғындап, құлдырап кеткені сондай, нас әуестік пен нәпсіге айналып кеткен. Бұл саған Жәһаннамды, бейшара имандыларға Жәннатты алып беретін уақытша ғана жеңісің болады..

— 187 —

Ойға кенеттен келген маңызды мәселе

Ақырзаманның пәлекеті кезінде үлкен рөл ойнайтын әйелдер қауымы және олардың азғын қылықтары екені хадистерден белгілі. Бұрынғы заманда Амазондар дейтін жауынгер, өжет әйел тайпалары таңғаларлық шайқастар жүргізгендігі тарихтан белгілі. Сол сияқты қазіргі заманда дінсіздердің Исламға қарсы жүргізген соғыстарында олардың жойқын әскері, әрі ең қауіптісі, жүгенсіз нәпсі мен шайтанның қоластына берілген - жартылай жалаңаш әйелдер болып отыр. Олардың ашық-шашық балтырлары пышақтан бетер. Олар иманды мұсылмандарға тұтқиылдан шабуыл жасап, некеге тұруды азайтып, жезөкшеліктің етек алуына ықпал етуде. Көпшіліктің сезімін тұтқындап, рух пен жүректі ауыр күнәлармен жаралап жатыр. Тіпті кейбіреулерді өлтіріп те жатыр. Әлгі пышақтай балтырлар бірнеше жыл бөтен көздерге көрсетудің жазасы ретінде жәһаннамның отыны болып алдымен солар жанады. Және сенім мен адалдықты жоғалтқандықтан, бұл өмірде де арманда кетіп, өзіне қажетті жар таба алмайды. Тапса да, басына пәле болады. Осындай келеңсіз жәйттардың салдарынан ақырзаманда некеге талап азайып, кей жерлерде қырық әйелге бір еркек қожалық ететіндей пәсі кетіп, құнсызданатыны хадистерден белгілі. Рас, әр бір әйел заты сұлу болуды қалайды, әрі оны қолынан келгенінше сақтап қалуға тырысады. Сұлулық деген нығмет. Егер сол нығметке шүкір етсе, ол арта түспек. Егер шүкір етпесе, нығмет азайып көркі таяды. Ақылы бар сұлу өзінің көріктігі басына пәле болуын қаламайды, басқаларды, күнәға итеруден, және нығметтің қадірін білмей оны өзін азапқа салатын себеп жасаудан жанын сала қашады. Керісінше бес-он жылдық өткінші сұлулықты мәңгілік ету үшін оны шариғатқа сәйкес дұрыс қолданып, берілген нығметке шүкір етеді. Әйтпесе, қартайған шағында қиын жағдайға түсіп, үмітсіз көз жасын төгуден басқа амалы қалмайды. Ислам тәрбиесінің аясында Құранның ережесін сақтап әлгі сұлулық береке тапса, өткінші әдемілігі мәңгілікке айналып, жәннатта хор қыздарынан да сұлу түрге енетіндігі хадистерде баяндалған. Сұлуда титтей ақыл болса, осы тамаша да жарқын әрі мәңгі нығметті уысынан шығарып алмауға тырысады.

— 188 —

(Миуа рисалесінен)

ЕКІНШІ МӘСЕЛЕНІҢ Т ЖЫРЫМЫ
Рисалей-Нұрдың «Жастар шырағы» атты кітабы анық түсіндіргеніндей, өлімнің анық әрі ақиқат екендігі соншалық бүгіннің түні немесе осы күздің ақыры қыс болатыны секілді анық. Мына абақты әрдайым жазасын өтеп, босап шығатындарға арналған уақытша қонақ үй секілді болса, мына жер жүзі дағы асығыс келіп, асығыс кететіндерге қысқа мерз"ْژік жол бойындағы керуен-сарай іспеттес. Кез келген қаланы тұрғындарымен бірге жүз мәрте қабірге жөнелтіп жатқан өлім, міндетті түрде өмірден де көп талабы бар. Міне, осы өзекті де терең ақиқаттың шешімін Рисалей-Нұр тауып, жай-жапсарын баяндап берген. Қысқаша тұжырымы мынадай:

Өлім өміршең яғни ол өлмейді, қабірдің де ауызы жабылар емес. Олай болса, әлгі қауіпті өлімнен құтылу, яғни жалғыз өзін қамап тастайтын суық қабірден аман қалу әр адамның ең үлкен әрі өзекті де уақыт күттірмейтін мәселесі болмақ. Иә, ол мәселенің шешімі бар. Рисалей-Нұр Құранның нұрымен оның шарасын тауып, басқаларға анық та қанық түрде дәлелдеген болатын. Қысқаша өзегі былай болмақ:

Өлім дегеніміз я мәңгіге жоқ болу. Ол - адамның өзін һәм сүйіктілерін, тумаларын көзін жоятын дар ағашы. Я болмаса ол - өзге бақи әлемге көшу (әрине егер иманды кетсе) мәңгі бақытқа бөленудің кіріспесі, құрметті демалысқа шығу, ауыр міндеттен босатылу. Ал, қабір болса, ол - тастүнек жалғыз адамдық абақты, түбі жоқ терең құдық, немесе мына зынданға ұқсас дүниеден бақи әрі жарық сая-баққа, сыяпатқа апаратын есік. Бұл ақиқатты «Жастар шырағында» бір тәмсілмен дәлелдеген болатынбыз.

Мәселен, мына абақтының алдына дарға асу үшін дар ағаштары құрылыпты делік. Дар ағаштар жарға сүйеніп орналасқан. Жардың арғы жағында өте үлкен, тіпті, бүкіл дүние қатысатын лоторея ойыны ұйымдастырылған. Бізді, яғни, осы жерде отырған бес жүз кісіні ешбірін қалдырмай әрі қашып құтылу мүмкін емес, жеке-жеке манағы алаңға шақырғалы тұр. Ол жақтан: "Кел, өлім жазасына кесілдің,

— 189 —

дар ағашына шық!" не болмаса «тұтқынсың, жалғыз өзің мәңгі қамауға алынасың!» немесе «Сүйінші! Саған миллион алтын ұтатын билет шықты, бағың бар екен!» деген үкім-хабарлар келіп әркім алаңдап отыр. Біз, әлгі дар ағашына адамдардың бір-бірлеп барып кейбіреуінің асылып жатқанын, ал енді біреулері дар ағашын пайдаланып оның арғы жағындағы ұтысты алуға өтіп кеткендерін, солай болып жатқанын бізге сол жердің жауапты ірі тұлғалары мен қызметкерлері анық түрде хабарлап әрі мұны өзіміз де көзбен көргендей нақты біліп тұрғанда абақтыға екі топ кіріп келді. Біреуінің қолдарына музыка аспаптары, арақ-шарап және тәттілігі алдамшы халуа, бәліш. Оларын бізге жегізгісі келеді. Алайда олардың ұсынып отырғандары улы, зиянды. Адам шайтандары ішіне у қосқан.

Ал, екінші топ пен жамағат болса қолдарында тәрбиелік маңызы зор жазбалар, халал тағамдар және тәтті сусындар. Оны сый ретінде ұсынып тұрып бір ауыздан, еш күмәнсіз нақты түрде былай дейді:

«Егер әлгі бірінші топтың сендерді сынау үшін әкелген кәделерін алып жесеңдер, мына көз алдымыздағы дар ағашына басқалардың асылғаны секілді сендер де асыласыңдар, оны өздерің көріп отырсыңдар. Ал, егер осы елдің әміршісінің бұйрығымен біз әкелген кәде-сыйлықтарды анау харам нәрселердің орнына қабыл алып, тәрбиенаманың ішіндегі дұға, жазбаларды оқысаңдар дарға асылудан құтыласыңдар. Сонымен қатар, ұтыс алаңына өтіп Аллаһ жарылқап әрқайсыңа миллион алтын ұтқызатын билет бұйыратынына көзбен көргендей, айдан анық сеніңдер. Егер манағы харам, күмәнді де улы тәтті тағамдарды жесеңдер, дарға асылғанға шейін де ол удың шаншу азабын тартасыңдар. Мұны қолымыздағы бұйрықнамалар және біз бір ауыздан нақты хабарлап отырмыз!».

Сонымен, осы тәмсілдегідей, өзіміз күнде көріп жүрген ажал дейтін дар ағашының арғы жағында "адамзаттың тағдыры" лотереясынан иман келтіріп, мойынсұнғандарға (әрине ақыры қайыр болу шартымен) мәңгі бітпес қазынаның билеті бұйыратынын, ал азғындыққа түсіп, харам жасап және имансыз, пасық болғандар болса (тәубесіне келмейтін болса) я мәңгіге жойылатынын (ақыретке сенбейтіндері) немесе мәңгі бақи сорлап, қараңғы қапасқа жалғыз өзі қамалатынын, (ақыретке сене тұра азғын жолда жүргендері) яғни,

— 190 —

осындай аяусыз ауыр жаза шегетіндерін әрі ол міндетті түрде солай болатынын хабар берген әу баста көптеген мұғжиза көрсеткен жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен олардың әкелген хабарларының нышандарын көзбен көріп, қолымен ұстағандай растаған жүз жиырма төрт миллионнан астам әулиелер, (қаддәсаллаһү әсрарүһүм) сондай-ақ, әлгі адамзаттың асылдары болып табылатын екі топтың хабарларын ақылға сыйымды түрде, бұлтартпас ғылыми дәлелдермен нақты дәлелдеп, құптаған миллиардтаған терең зерттеуші ғұламалар, муджтахиттер және ұстанған жолдарына берік, адал жандар бір ауыздан растап бекіткен. Расында олар адамзаттың бетке тұтар азаматтары, күн көсемдері, жарқыраған жұлдыздары боп табылады.

Міне, осы аталған үш үлкен жамағаттың, яғни ақиқатшыл, алдамайтын, алданбайтын үш топтың айтқан хабарларын тыңдамай, олардың көрсеткен мәңгі бақытқа бастайтын сара жолына түспегендердің жағдайы не болмақ?! Олар, қауіптілігі жүзде тоқсан тоғыз ықтимал қатерге басын тіккендер. Тіпті, мұны бір ғана адам хабарлаған болса да құлақ аспай сол жолды таңдау ақылдының ісі емес.

Мысалы, алдымызда екі жол жатыр. Біреуі өте қысқа әрі тым жеңіл әрі жүзде жүз ықтимал жәннатқа апарады, мәңгі бақытқа бөлейді. Осындай сәтті де тиімді жолды тастап, аса қауіпті, тым ұзақ соқпаққа толы һәм жүзден тоқсан тоғыз ықтимал жәһаннам қапасына қамап, мәңгі бақи сорлататын екінші жолды таңдау ақымақтық. Адамдар дүниеде екі жол кездескенде біреуі қысқа болса да ол жайлы бір-ақ адамның әрі жалған болуы мүмкін бір ғана хабарына сеніп, оның қауіптілік ықтималы жүзден бір ғана және бір-ақ айға қамалуы мүмкін болса да сондай қысқа жолды тастап, еш пайдасы жоқ болса да, тек қана қауіпсіздігіне бола ұзақ жолды таңдайды. Ал, адам ақыреттік іске келгенде сақтанбаса не болғаны? Онда ол алыстан қарасы көрініп, бас салуға келе жатқан өте қорқынышты айдаһарға назар аудармай, шыбын-шіркеймен шұғылданып кеткен ақымаққа ұқсайды. Ол ақылынан алжасқан, жүрегін қара басқан, рухы төмен, адамгершілігінен айырылған адам болғаны ғой.

Жағдай осылай. Олай болса біз, қапастағылар мына абақты дейтін бәледен өшімізді толық алу үшін әлгі екінші мүбарак топтың әкелген сыйлық-кәдесін қабылдауымыз керек. Адам кейде бір минуттық өш алудың қызығына алданып немесе бір-екі сағат пасық ләззатқа бола

— 191 —

бәлеге ұшырап, он бес жылға, бес яки екі-үш жылға бас бостандығынан айырылып түрмеде отырады. Өмірдің шырқын бұзып, дүниесін зынданға айналдырады. Ендеше біз, осы бәлеге ерегісіп, бір-екі сағаттық абақты мерзімін - бір-екі күндік ғибадатқа және екі-үш жылдық жазамызды әлгі мүбарак топтың сыйлықтары арқылы - жиырма-отыз жылдық бақи жарқын өмірге айналдырып, ал он-жиырма жыл жазасын өтеуді - миллиондаған тозақтық қапастан құтылуға себеп қылып, фәни дүниеміз қараң қалған болса да, оның орнына бақилық о дүниемізді гүл-гүл жайнатып, мына басқа түскен бәледен өшімізді толық алуымыз керек. Абақтыны тәрбиеханаға айналдырып, өзімізді отанымызға, халқымызға пайдалы, сенімді ақтайтын азамат болуға тәрбиелеуіміз керек. Және абақты қызметкерлері мен басшылары ойлағанындай торда отырғандар қаныпезер, жауыз, есерсоқ, баукеспе, азғын, отанға, қоғамға зиянкес адамдар емес, керісінше, берекелі дәрісханада дәріс алып, тәрбие көріп жүрген шәкірттер екеніне көздері жетіп. Мақтанышпен да шүкір етсін.

— 192 —

(Миуа рисалесінен)

ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ

«Жастар шырағы» кітабында баяндалған ғибратқа толы бір оқиғаның өзегі былай болатын:

Бір күні Ескішәһир қаласындағы түрменің терезесінен Республика Күнін тойлап жатқандарға қарап отыр едім. Қарсы алдымызда орта мектеп болатын, соның бойжеткен, үлкен қыздары аулада шулап, мәз-майрам, би билеп жатқанын көрдім. Кенет, маған мағынауи экраннан олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары көрсетілді. Сонда, әлгі елу-алпыс шақты оқушы қыздың қырық-елуі қабірде топыраққа айналып азап шегіп жатқанын, ал он шақтысы жетпіс-сексен жасына келіп әбден қартайған әрі жас кезінде ар-намысын сақтамағандықтан кезінде жақсы көрінуге тырысқан кісілердің керісінше жиіркенішін туғызып жүргенін көзбен көрдім. Олардың мұндай аянышты халдеріне шыдай алмай жылап жібердім. Абақтыдағы достарым жылағанымды есітіп, қасыма келіп себебін сұрады. Мен оларға: «Бара тұрыңдаршы, жеке қалғым келіп тұр!» дедім.

Рас, көргенім ақиқат. Мұны қиял демегін. Мына жаз мезгілі күзге айналып, ақырында қыс болмай ма? Дәл сол секілді жастық кез жаз мезгілі секілді, ал қарттық болса күзге ұқсайды. Оның ақыры қабір мен берзах қысы болмақ. Өткен тарихтың елу жыл бұрыңғы оқиғаларын теледидардан қазірде көрсетіп жатқаны секілді осыдан елу жылдан кейінгі жағдайды көрсететін теледидар шықса, сөйтіп мына адасқандар мен азғындар өздерінің алпыс жылдан кейін нендей халге ұшырайтындарын көрсе, қазіргі істеп жүргендеріне жиіркеніп, қатты өкінер еді.

Мен осы ақиқатқа ойша шомып отырғанымда отқа май құйғандай азғындық пен адасуды қоздыратын рухани тұлға, адам бейнесіндегі шайтан секілді біреу алдыма кесе көлденең тұра қалып былай деді:

«Бізде шаруаң болмасын! Біз, өмірдің небір қызықтарын, зауық, ләззаттарын татып, басқаларға да таттырғымыз келеді!» деді. Менің оған жауабым былай болды:

— 193 —

Сен, ләззатқа бола өлімді ойламай адасып, азғын жолды таңдап отырсың. Олай болса мынаны жақсылап біліп ал! Адам адасқан кезде өткен шақ жаппай жоқ болып, құрдымға кеткендей қараңғы болып көрінеді де іші толы жаназа, қорқынышты мазарлық боп елестейді. Сен адамсың ғой. Ендеше адасушылық сенің анау басыңды және егер бар болса, өліп қалмаған болса жүрегіңді ауыртады және көптеген қоштасу мен сансыз достардан мәңгіге айырылысу салдарынан уайым-қайғыға салып жаныңды жегідей жейді. Бұл сенің мына масайрап алып жатқан бір сәттік ләззатыңның күлін көкке ұшырады. Ал, келешек болса, ол да имансыз назармен қарағанда қараңғы, тып-тыйпыл, өлі әрі қорқынышты өлке болып көрінеді. Келер ұрпақтың бейшара бастары "ажал" дейтін бас кесердің қылышымен шабылып, көздері жойылатындықтан әрдайым имансыз басың бәлеге қалып, уайымдайсың. Осылайша, азғындықтан алған бір сәттік ләззатыңның шырқы бұзылады.

Егер тәубәңа келіп, адасудан бас тартып, азғындықтан тыйылып нағыз иманға келіп, тура жолға түссең әлгі өткен шақ тып-тыйпыл жоқ қылатын, барлығын жұтып қоятын мазар емес, керісінше ол әлем бар, тым жарқын әрі келешекке айналып кеткенін, ол бір нұрлы әлем екенін, бақи рухтар болса болашақта мәңгі бақыт сарайларына кіру үшін кезекте тұрғанын көресің. Әрине бұл иманның нұрымен жүзеге асады. Ол кезде өткен шақтан уайым емес, қайта иманның қуатына қарай белгілі бір мағынада жәннаттың ләззатын сезініп рахаттанасың. Ал, келешек болса, ол да қараңғы, қорқынышты әлем емес, иманның көзімен қарағанда мәңгі бақыт сарайларында шексіз Мейірімді, аса жомарт, әрбір көктемді ырыс толы дастарқандай жарататын Рахман-ы Рахим-і Зүлжәлал уәл Икрамның қонақасы дайындалған әрі бізді күтіп тұр, біз де сол жаққа бара жатырмыз деген үміт пайда болады. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезініп, бақи әлемнің ләззатынан зауық алады.

Демек, алаңсыз нағыз ләззат тек иманда және иман арқылы жүзеге аспақ.

Иманның бұл дүниеде мол пайда көзі, қыруар жемістері бар екенінен тақырыбымызға орай жалғыз бір ғана пайдасы мен ләззатын бір тәмсіл арқылы баяндап берейін. Бұл «Жастар шырағы» кітабының сілтемесінде жазылған болатын.

— 194 —

Мысалға, сенің өте жақсы көретін жалғыз балаң науқастанып секаратта яғни жан тапсырғалы жатыр. Сен де қайғыдан қан жұтып, мәңгіге көз жазып қалатыныңды уайымдап тұрғаныңда, кенет Хазіреті Хызыр немесе Хәкім Лұқман секілді бір дәрігер келді де, емдеп әлгі жаныңдай жақсы көретін сүйкімді балаң көзін ашып, өлімнен құтылса қаншалықты қуанып, бір марқайып қаласың, солай емес пе?

Міне, сенің әлгі баладай қатты жақсы көрген сүйіктілерің, кіндіктес бауырларың, миллиондаған игі жандар манағы өткен шақ мазарында (сенің ойыңша) шіріп, жоқ болғалы тұрғанда кенет кәміл Иман, Хәкім Лұқман секілді әлгі алып мазар секілді көрінген өткен шаққа қалб (адамның ішкі жан дүниесі) терезесінен нұрын шашады. Сөйтіп, қайтыс болғандардың бірі қалмай тіріліп: "Біз өлгеніміз жоқ. Сендермен тағы да кездесеміз, мәңгі бірге боламыз!" дегендей қиялыңда жанданатындықтан көңілге шаттық сыйлап, жүректі қуанышқа бөлейді. Демек иман ақиқаты бейне бір дәнек секілді. Егер өсіп-өнсе әркімнің жеке-жеке жәннатына, саябағына айналады.

Әлгі қырсық былай деді:

«Ең құрығанда хайуан секілді өмірді қызықты, рахат өткізу үшін сен айтқан терең мәселелерді ойламай, күліп-ойнап жүре бермейміз бе?»

Оған жауап былай болды:

Хайуанға ұқсап сірә рахат өмір сүре алмассың. Неге десең, хайуанда өткен шақ, болашақ ұғымы жоқ. Өткенге өкініп, я келешекті уайымдап мазаланбайды. Ләззатты толығымен алады да Жаратқан Иесіне шүкір етеді. Тіпті бауыздау үшін жатқызылған мал, ештеңе сезбейді. Тек пышақ тиген сәтте сезгендей болғанымен ол сезімді де Аллаһ жоқ қылып жібереді. Еш уайым-қайғы шекпейді. Демек Аллаһтың рахымы, мол мейірімі ғайыпты оларға жауып, білдірмей тастайды. Бұл әсіресе еті желінетін мал-жануарда айқын көрінеді.

О, Адам! Сенің ақылың болғандықтан өткен шақ пен болашақтың бар екенін білесің. Әлгіндей хайуанға тән беймәлім емес, демек мазаңды алады. Өткен күндердің өкініштері, қайғылы қоштасулар және болашақтың үрей мен уайымы сенің манағы азғантай ләззатыңды тас-талқан етеді. Ләззат алуға келгенде хайуаннан бетер артта қаласың. Иә, бұл айтылып жатқан ақиқат. Олай болса я ақылыңды

— 195 —

алып таста да хайуан бол! Мына бәледен құтыл! Не болмаса иманға кел, есіңді жи! Құранды тыңда! Сөйтіп, бұл дүниенің өзінде хайуаннан жүз есе артық мөлдір ләззаттың дәмін татып, рахатқа бат!" деп оның үнін өшірдім.

Тағы да әлгі қырсық былай деді:

«Тым болмаса шет елдік, мұсылман емес дінсіздерге ұқсап өмір сүрерміз».

Оған жауап ретінде былай дедім:

"Батыстың дінсіздері секілді бола алмайсыңдар. Өйткені, олар бір пайғамбарға сенбесе басқасын қабылдауы мүмкін. Ешбір пайғамбарға сенбесе Аллаһқа сенуі мүмкін. Егер одан да мақұрым болса кемелдікке ұйытқы болар кейбір қасиеттер сақталып қалуы әбден мүмкін. Ал, бір мұсылман, ең соңғы және мәртебесі жоғары, діні мен шақыруы жалпыға ортақ ақырзаман пайғамбары Мұхаммед аләйһиссалатү уәссаламды жоққа шығарып, оған сенбесе, оның сара жолынан тайса, енді ол ешбір пайғамбарды тіпті жаратқан Аллаһты да жоққа шығарады. Себебі, ол бүкіл Пайғамбарларды да Жаратқан Аллаһты да, бүкіл кемелдік атаулыны Сол Кісі арқылы таниды. Ол болмаса әлгі ізгі қасиеттерден жұрдай болады. Сондықтан да бұрыннан бері өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдап, мұсылман болуда. Бірақ ешбір мұсылман шынайы яһуди, таза христиан, я мәжәсу болған емес. Керісінше адами қасиеттен айрылып, отанына, халқына зиянкес болып, діннен безген атанады" деп дәлелдеп бердім. Құдайдан безген әлгі бірбет қырсықтың амалы таусылып, айтарға сөзі табылмай тайып тұрды, бәлкім Жәһаннамға жол тартты.

Уа, мына Жүсіп медресесінде сабақ алып жүрген бауырларым! Бұл айтылғандар, ақиқат. Мұны Рисалей-Нұр нақты айғақтармен жиырма жылдан астам уақыттан бері дәлелдеп келеді. Көптеген дінсіз қырсық жандардың қырсықтығын сындырып, иман айтқызып, тәубасына келтірді. Олай болса біз, һәм дүниемізге, һәм болашағымызға, һәм ақыретімізге, һәм отанымызға, һәм халқымызға өте пайдалы әрі оңай, әрі саламатты болған иман мен истиқаметті (тура бағытты) ұстанып, бос уақытымызды мазаны алатын бос қиял-ойлармен өткізбей, Құраннан жаттаған сүрелерді оқып, яки мағынасын білетіндер болса сұрап және қаза болған парыз намаздарды өтеп, бір

— 196 —

бірімізді өнеге тұтып, жақсы мінез-құлықтарымыздан пайдаланып, мына абақтыны тамаша гүл-көшет өсіретін бау-бақшаға айналдыру секілді салих амалдар жасайық. Қылмыскерлерді бақылаушы түрме қызметкерлерін жәһаннамдағы зәбани, азап періштелері секілді емес, керісінше Жүсіп Пайғамбардың медресесінде жұмыс істейтін, жәннатқа адам дайындайтын тәрбиешісі секілді міндет жүктелген қызметкер, дұрыс бағыттағы ұстаз, мейірімді жетекші, жанашыр қомқоршы болуына жағдай жасайық.

— 197 —

(Миуа рисалесінен)

ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ

«Жастар шырағы» атты кітапта баяндалған болатын;

Бірде маған көмектесіп жүрген бауырларым мынандай сұрақ қойды: "Дүниенің астан-кестеңін шығарып жатқан және Исламның тағдырымен де қатысы бар мына аласапыран екінші дүние жүзілік соғыс басталғанына елу күн болды (қазір 1946 жыл яғни жеті жылдан асты) бірде-бір рет алаңдап сұрамадыңыз. Алайда кейбір діндар һәм ғалым кісілер жамағатты, мешітті тастап радионың басында отыр. Апырым-ай, бұл оқиғадан әлдеқайда маңызды оқиға болып жатыр ма, әлде онымен шұғылдану зиян ба?".

Жауап ретінде былай дедім:

Өмір дейтін байлық өте аз. Атқарылуы тиіс маңызды шаруалар өте көп. Бір-бірінің ішіне кіріп жатқан шеңберлер секілді әрбір адамды алаңдататын мәселелер бар. Шеңберлердің ең тар, кішкенесі қалб (жүрек) пен асқазан шеңбері. Сосын денесі, үй іші, отбасы, тұратын қаласы мен туған өлкесі, мемлекеті, жер шары, адамзат әлемі, сонау тіршілік иелері мен дүние дейтін шеңберлер, бірінің ішіне бірі орналасқан олар адамды ортаға алып ойландырады. Әрбір шеңберде әркімнің өзіндік атқарар міндеті, борышы болады. Дегенмен ең кіші шеңберде өте үлкен әрі маңызды және әрдайым бақылап отырылуы тиіс өзекті мәселе, уақыт күттірмейтін міндеті бар. Ал, ең үлкен шеңберде өте кішкентай әрі уақытша һәм ара-тұра мәселелер мен міндеттер болады. Олар салыстырмалы түрде аса маңызды емес. Алайда үлкен шеңбер қызықтырып, өзіне тартып әкетеді де тар шеңбердегі аса қажетті де маңызды қызметті тастатып пайдасыз, бос, өзімен қатысы жоқ істермен шұғылдандырады. Сөйтіп өмір дейтін қымбат байлықты түкке тұрғысыз жерге жұмсатып зая еткізеді. Кейде осы соғыс жайын бақылаймын деп, бір жағына жақтасып кетеді. Сосын олардың жасаған зұлымдықтарын хош көріп, жауыздығына ортақ болады.

— 198 —

Сұрақтың бірінші бөліміне жауап: Иә, біле білгенге мына дүние жүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды оқиға және осы жер шарына үстемдік ету мәселесінен де үлкен мәселе әрбір адамның басына туып тұр. Әсіресе, мұсылманға үлкен мәселе, зор дау-дамай ашылып отыр. Бұл дау-дамайдың ауқымдылығы мен маңыздылығы соншалық, ол мәселені шешу үшін әрбір адамның жеке байлығы Германия, Англия елдерінің қорындай көп болса, әлгі дау-дамайды ұтымды шешу үшін барлығын еш ойланбастан бере салар еді.

Ол неғылған даулы мәселе дейсіз ғой. Мәселе мынау: Әрбір жанға иман келтіргені үшін мына жер шарындай алып бірақ мәңгі-бақи бау-бақша, зәулім бақыт сарайлары, кең дала, жазиралы жасыл желекке ие болу немесе айырылып қалу мәселесі туындап отыр. Мұндай мәселе бар екенін кім айтты десеңіз, адамзаттың бетке тұтар жүз мыңдаған күн көсемдері мен жөн сілтеуші мүршидтері айтқан. Олар неге сүйеніп айтты десеңіз, ғалам Иесінің мыңдаған уәдесіне сүйеніп хабар берген, тіпті, кейбірі мұны көзбен көрген. Егер иман құжаты дұрыс болмаса сол даудан ұтылып, әлгі мал-мүліктен айырылып қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда оба індеті секілді материализм деген бәленің кесірінен әлгі дауды шеше алмай көбісі ұтылып қалуда. Тіпті, бір "әһл-і кәшф уә тахкик" яғни ақиқаттарды көре алатын әулиелер, өлген қырық кісінің бір-екеуі ғана иманды кетіп әлгі дауды ұтқанын, қалғаны айырылып қалғанын көріпті. Апырм-ай, әлгі даулы мәселенің, яғни, олардың уысынан шығарып алған жұмақтың орнына оларға дүниенің салтанаты берілсе манағы өкініштің орны тола ма екен?

Міне, осы дауды ұтқызатын қызметтерге және жүз адамның тоқсанына тиімді қылып шешетін би-төреге жүгінбей, әлгі атқарылуы тиіс міндеттерді тастап, дүниеде мәңгі қалатындай бос нәрселермен шұғылдану ақылсыздық деп білетіндіктен біз, Рисалей-Нұр шәкірттері әрқайсымыздың ақылымыз тасып, данышпан болып кетсек те оны тек осы іске, жалғыз осы қызметке жұмсауымыз керек деп шештік және солай екеніне көзіміз әбден жеткен.

Уа, түрменің ауыртпалығын бірге тартып жүрген жаңа достарым! Сендер, менімен бірге түскен бауырларым секілді Рисалей-Нұрды әлі көрген жоқсыңдар. Мен оларды және олар секілді мыңдаған шәкірттерді куәгер ретінде пайдаланып мынаны айтып дәлелдеймін һәм дәлелдеген болатынмын:

— 199 —

Әлгі маңызды мәселені жүзде тоқсан арызданушыға ұтымды етіп шешіп берген және жиырма жылдың ішінде жиырма мың адамға тиімді шешімі, құжаты, ақталу куәлігі боп табылатын кәміл иман сыйлаған және Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы және бұл заманның үздік қорғаушысы Рисалей-Нұр тәпсірі. Мұны мен толық сеніммен айта аламын. Он сегіз жыл болды, менің дұшпандарым, дінге жау кәпірлер мен материалистер бізге қарсы небір сұмдық айла жасап үкіметтің кейбір ірі тұлғаларын алдап, бізге айдап салып, көзімізді жою үшін дәл қазіргідей қанша рет түрмеге жауып, зынданға тастаса да Рисалей-Нұрға түк істей алмай, оның болаттай берік қорғаны жүз отыз кітапшасының тек екі-үшеуіне ғана өздерінше тиіскен болды. Демек кімге адвокат керек болса Рисалей-Нұрдан мықтап ұстасын.

Қорықпаңыздар! Рисалей-Нұрға тыйым сала алмайды. Мемлекет басында отырған азаматтардың қолдарында маңызды рисалелер (екі-үшеуінен басқасы) емін еркін кезіп жүр. Иншаллаһ, түрмелерді толыққанды түзету орны жасау үшін бақытты түрме бастықтары мен бақылаушылар осы нұр кітапшаларын абақтыда отырғандарға нан мен су секілді ұсынатын болады. Ол күн де алыс емес, көресіңдер әлі.

— 200 —

(Миуа рисалесінен)

Сегізінші мәселенің қорытындысы

Жетінші мәселеде хашірді көптеген мақамдардан сұрап, дәлелдемек болғанбыз, алайда Жаратушымыз өз есімдерімен берген жауап өте қанағаттанарлық әрі қуатты болғандықтан басқа сұрақтарға қажет қалмады, біз де қысқа қайырдық. Енді, осы мәселеде ақыретке иман келтірудің о дүниелік һәм бұ дүниелік бақыт пен пайдаларын, нәтижелерін қысқаша тұжырымдап баяндамақпыз. Ақыреттік бақыт жайлы Қасиетті Құран толық түсіндіргендіктен қайталап жату артық болар. Оны Құранға сілтеме жасасақ дейміз. Ал дүниелік бақытқа қатысты пайдаларын баяндауды Рисалей-Нұрға сілтейміз. Әзірге қысқаша ғана ақыретке иманның адамның жеке өміріне және қоғамдық өміріне қатысты жүздеген нәтижелерінен үш-төртеуін баяндамақпыз.

БІРІНШІСІ: Адам басқа жаратылыс секілді емес үй-ішіне алаңдайды, әрі бүкіл дүниемен де тығыз байланыста. Тума-туыстарымен қарым-қатынаста болатыны секілді адамзатпен де тығыз байланыста. Және дүниеде уақытша болса да ұзақ өмір сүргісі келетіні секілді о дүнияда мәңгі-бақи болуды армандайды. Және асқазанын тағаммен қамтамасыз етуге міндетті болғаны секілді дүниедей кең, тіпті, еш бітпейтін мәңгі дастархан мен рухани азық сұрайтын ақыл, қалб, рух, адамгершілік дейтін асқазанды қамтамасыз етуге әу бастан мәжбүр, сол үшін зыр жүгіреді. Оның толассыз арман-тілектерін тек мәңгі бақыттан басқа ешнәрсе қанағаттандырмайды. Оныншы Сөзде айтылғанындай, кішкентай кезімде өзімнің қиял сезімімнен былай деп сұрағаным бар: «Саған бір миллион жыл рахат өмір мен дүниенің билік-салтанаты берілсе, бірақ соңында мүлдем жоқ болып, із-түзсіз жоғалып кетесің. Жоқ әлде мәңгі бақи, бірақ қарапайым әрі машақаты көп өмір сүргің келе ме?» дедім. Жауап ретінде «Еһ! Жәһаннам болса да бақи болғанға не жетсін!» деді.

Міне, адам болмысының бір қызметшісі саналатын қиял сезімін дүниелік өмірдің ләззаттары қанағаттандырмайды екен, олай болса міндетті түрде табиғаты күрделі, сезімге бай адам жаратылысы

— 201 —

мәңгілікпен әу бастан-ақ байланысты, өзара кіндіктес. Адамзаттың осындай шексіз арман-тілектері бола тұра қолда бары азғана қалау-ерік, ол тым пақыр, қолынан түк келмейтін бейшара. Енді оған ақыретке иман қаншалықты қуатты әрі жеткілікті мол қазына, ол - бақыттың кілті, ләззаттың бұлағы, медет пен қуаныш көзі және дүниенің бітпейтін уайым-қайғысына төтеп берер демеу, таптырмайтын жұбаныш екені айтпаса да түсінікті шығар. Ондай үлкен пайданы иелену үшін дүниелік өмірін пида етсе де түк емес.

Ақыретке иманның екінші жемісі және жеке өміріне қатысты бір пайдасы:

Үшінші мәселеде түсіндірілген және Жастар шырағындағы бір сілтемеде жазылған маңызы зор нәтиже;

Иә, әр адамның әрқашанғы уайымы көптеген достары мен тума- туыстарын жұтып қойған қорқынышты да суық, барса келмес мазар яғни ерте ме, кеш пе бәріміз баратын қабірстан, абайламасаң жоқ қылып жіберетін құрдым. Бір ғана досы үшін жанын беруге әзір бейшара адам, мыңдаған, тіпті, миллиондаған, миллиардтаған достарынан мәңгіге қоштасып, мүлдем жоқ болатынын уайымдағанда тозақтан бетер қайғы мұң кешеді. Сол сәтте, жарқ етіп ақыретке иман келіп көзін ашады. Тұмшалаған пердені ысырып тастап "Қара!" дейді. Ол да иманмен қарағанда, жәннаттың рахат самалы ескендей рухани ләззат алады, яғни, әлгі достары мәңгі жоқ болудан, шіріп жойылудан аман қалып көңілді де нұрлы әлемде мұны күтіп отырғандарын көріп мәз болады. Рисалей-Нұрда мұндай нәтижелер дәйекті түрде түсіндірілгендіктен қысқа қайырдық.

Жеке өмірге қатысты үшінші бір пайдасы: Адамның басқа тіршілік иелерінен жоғары мәртебелі, мерейі үстем болуының бір себебі, оның жоғары қасиеттілігі мен күрделі қабілеттілігі және ауқымы кең құлшылық ете алатынында әрі болмыстың көптеген мәртебелеріне ие болуында. Алайда, мұндай адам һәм жоқ һәм өлі һәм қараңғы өткен шақ пен болашақтың ортасындағы аз уақытпен, яғни осы шақпен шектеліп, соның өлшемімен әлгіндей қасиеттерге, яғни, жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырластық, адамгершілік секілді қасиеттерге ие болады.

Мысалға, бұрын-соңды көрмеген, айырылған соң да көрмейтін әкесін, бауырын, жұбайын, халқын, отанын жақсы көреді, қызмет етеді. Бірақ, адал әрі ықыласты болуы екі талай. Міне, бәрі өткінші деген

— 202 —

ұғымның кесірінен кемелдігі мен адами қасиеті сарқылады. Енді тіршілік иелерінің ең жоғарғысы емес, керісінше, құлдырап, түсініксіз халге түсіп, ақылы болғандықтан ең мұңлық, бейшара тірі бір жан. Дәл осы кезде оған ақыретке иман көмекке келсе, қабірдей тар осы шақ бірден қанаттарын жайып өткен мен болашақты қамтитындай кең заманға айналады. Дүниедей, тіпті, әзәлден әбәдке созылып жататын яғни мәңгі бірге боламыз деген ой пайда болады. Әкесін мәңгі бақыт әлемінде де, бұдан бұрын рухтар әлемінде де әкем еді деп сыйлайды. Бауырына да мәңгі бірге болатын бауырым деп қарайды, жұбайына да жәннатта өте сұлу өмірлік жар деп қарап, жақсы көреді, құрметтейді, жанашыр болып жәрдем етеді. Әлгіндей ұзақ та мәңгі өмір үшін адал қызмет етіп, дүниелік, уақытша кикілжіңдерге ренжіп кек сақтамайды. Ықыласы артып кемелдігі, адами ізгі қасиеттері әлгіндей ұзақ мерзіммен өлшеніп - дәрежесіне қарай - кемелдене түседі. Дүниелік тұрмыс жағынан боз торғайдан төмен манағы пенде, енді бүкіл жандылардан жоғарылап, ғаламның таңдаулысы, бақтияр қонағы, әлемнің Иесінің сүйіктісі және мақбұл құлы атанады. Бұл нәтиже де Рисалей-Нұрда айғақтармен түсіндірілгендіктен қанағат етіп қысқа қайырғанды жөн көрдік.

Адамзаттың қоғамдық өміріне қатысты төртінші пайдасы:
Рисалей-Нұрдың Тоғызыншы Шуағында баяндалған нәтиже, бұл соның қорытындысы:

Адамзаттың төрттен бір бөлігін құрайтын жас-өспірімдер, ақыретке иман келтірсе адамға лайықты өмір сүреді әрі адами қасиеттерін сақтап қалады. Әйтпесе, уайым мен үрей билеп өздерін ұйықтату немесе үрейді ұмыту үшін ойыншықтармен ойнап еркелікке салынып бетімен кетеді. Себебі, әрдайым айналасында өзі секілді балалардың қайтыс болғанын естігенде нәзік болмысы, сезімтал табиғаты зақым көріп, азап шегеді. Сан-түрлі арманға толы жұдырықтай жүрегі сыздап, дәрменсіз рухы ондай соққыға шыдай алмай қиын өмір кешеді, әрі ақыл-ойы мазалап тұрмысының шырқы бұзылады. Ал, ақыретке иманы болса әлгі көрмеуі үшін ойыншықтармен жасырынған уайымның орнына қуаныш пен үміт пайда болып, еңсесін көтеріп былай дейді: «Менің бауырым яки достым өлгені рас. Бірақ ол Жәннаттың құсы болып бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде, әртарапты аралап кезіп жүр». Немесе,

— 203 —

"Анам қайтыс болды, ол Аллаһтың рахымына бөленді. Мені Жәннатта тағы да құшағына қысып аймалап өбеді. Түбінде аяулы анашыма қайта қауышамын!". Осылайша, адам секілді өмір сүреді.

Енді, адамзаттың төрттен бірін құрайтын қарттарды алайық. Олар өмірі жақында өшетінін, топыраққа кіретінін, үйреншікті дүниенің есігі жабылатынын жақсы біледі. Бұған жұбанышты тек ақыретке иманнан табады. Әйтпесе, әлгі құрметке лайық аталар мен аяулы аналардың жаны күйзеліп, жүректері аласұрып қатты қиналары сөзсіз. Дүние қараң қалып, оларға зындан, ал өмір сүру адам төзгісіз азап болар еді. Бірақ ақыретке иман оларды былай деп жұбатады:

«Уайымдамаңдар! Сіздерді мәңгі жастық шақ, жарқын өмір күтіп тұр. Айырылып қалған бала-шағаң, тума-туысқан, мал-мүлкіңмен қуана қайта қауышатын боласыңдар. Жасаған жақсылықтарың босқа кеткен жоқ, ақысын еселеп аласыңдар!». Міне, ақыретке иман көңілдерін жайлап, жұбататыны сонша әрбір қарт жүз есе қартайып кетсе дағы үмітсіздікке түсіп қайғырмас еді.

Адамзаттың үштен бірін құрайтын жастарға келейік. Бойларын әуестік билеп, сезімге берілгіш әрі батыл, ақылын әрқашан тыңдай бермейтін олар ақыретке имандарын жоғалтып алса, яғни, тозақ бар екенін ескермесе, қоғам өміріне қауіп төнеді, ар-намыс тапталып, әлсіздерге қиын болады. Кейде бір сәттік ләззатқа бола бақытты отбасының шаңырағы шайқалып, осы секілді түрмеде төрт-бес жыл азап шегеді. Хайуанға ұқсап, жауыздық жасайды.

Егер оған ақыретке иман көмекке үлгерсе, тез есін жинап былай тоқтамға келер еді: «Тәртіп сақшылары көрмеуі мүмкін, олардан жасырына алармын-ау, бірақ, жәһаннам дейтін зынданы бар Падишах-ы Зүлжалалдың періштелері көріп отыр ғой, жаман амалдарымды жазып қоюда. Өз бетімше жүргізбейді, атқарар міндетім бар жолаушымын. Мен де бір күн қартайып күш-қуаттан айырыламын ғой» деп жауыздық жасағалы тұрған кісілерге аяныш сезімі оянып, оларды құрметтейтін болады. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда дәлелдермен баяндалғандықтан соған сілтеп қысқа қайырдық.

Һәм, адамзаттың маңызды бір бөлігі ауру жандар мен жәбір көргендер және біз секілді бәлеге ұшырағандар мен пақырлар, ауыр жазаға кесілгендер. Егер оларға ақыретке иман медет бермесе, жағдай қиын. Ауру әрдайым өлімді еске түсіріп бір мазаласа, енді өшін ала

— 204 —

алмаған, намысын таптаған залымның тоңмойын тәкаппарлығы бір жағынан және пәлекеттен зардап шеккен мал-мүлкі, бала-шағасы уайымға салып үмітін үзеді және бір-екі минуттық яки бір-екі сағаттық зауықтың кесірінен бес-он жыл мұндай абақты азабын тарту жанын жегідей жейді. Ал ақыретке иман болса терең тыныстап рахаттанып қалар еді. Қиыншылықтар мен үмітсіздік, уайым мен кек оты иманның дәрежесіне қарай сөніп кейде мүлдем жоқ болып кетеді.

Тіпті, мен былай дер едім, егер менің және кейбір бауырларымның мына нақақтан нақақ қамалып қиналған кезде, ауыр пәлекет кезінде ақыретке иман жәрдем етпегенде бұл жердегі бір күн шыдатпайтын азап өлім секілді әсер етіп, бізді өмірмен қош айтысуға итерер ме еді. Бірақ Құдайға шүкір, өзімнің қайғыммен қоса, жанымдай жақсы көрген бауырларымның қайғысын тартсам да және көзімнің қарасындай қымбат, мыңдаған Рисалей-Нұр кітапшаларымды бермей, оларды тәркілеп қинағандарынан қатты өкінсем де және бұрын аз өктемдікке шыдай алмайтын мінезім болса да, сізге ант етейін ақыретке иманның нұры, оның сыйлайтын қуаты маған сабыр, төзімділік, жұбаныш пен табандылық берді. Тіпті, ұлы күресте, тиімді сынақ дәрісінде жоғары мәртебе, мол сауап алу үшін күшті ынта-жігер берді десе болады. Кітаптың басында айтқан болатынмын, мен өзімді Жүсіп пайғамбардың (а.с.) медресесі деп атауға лайық, тамаша да қайырлы медреседе жүргендей сезінемін. Анда-санда сыр беретін ауру мен қарттықтан пайда болатын кірпияздық болмаса, рахат түрде шынайы ықыласпен дәрістеріме алаңсыз кірісер едім. Жарайды, орайы келіп тақырыптан тыс нәрселер жазылды, айыпқа бұйырмаңдар.

Һәм, әр адамның кішкене дүниесі, тіпті, шағын жұмағы - өз үйі, от басы. Егер ақыретке иман ол үйден орын таппаса, отбасының мүшелері әрбірі өзара мейірім мен сүйіспеншілігі қаншалықты болса, соншалықты уайым мен қайғы шегіп, азапқа түсер еді. Әлгі жұмақ өмір тозақи тұрмысқа айналады не болмаса үйдегілер өткінші көңіл көтеруге, ойын-сауыққа үйір болып, азғындыққа салынып, ақылды ұйықтатуға тырысады. Аңшыны көріп, я қаша алмай, я ұша алмай, қатты сасқанынан көрінбеуі үшін басын құмға сұққан түйеқұс секілді әлгі бейшаралар да бейқамдыққа әбден бойұрады. Өзінше, солай істесе, өлім мен аяқталу, қоштасу оларды сырт айналып өтетіндей, ақымақтық қылып, сезімді уақытша сөндірмек болады.

— 205 —

Мысалға, ана өзінің, қатты жақсы көретін, тіпті, ол үшін жанын беруге дайын баласын әрдайымғы қауіп-қатер ішінде көргенде мазасы кетеді. Немесе балаларды алайық. Олар әкесін яки бауырларын уайымдап, оларды қоршаған бәлелерден сақтай алмайтындықтан әрдайым уайымдап, қорқақ болып өседі. Осылайша тұрлауы жоқ мына өмірде әлгі отбасының бағы тайып, берекеті кетеді. Оның үстіне қысқа өмірлік, уақытша туысқандық байланыс шынайы да адал, толық ықыласты болмайды. Өзара сыйластық пен махаббатқа зақым келіп аралары суый бастайды. Мінез-құлық нашарлап, тіпті, келеңсіз жағдай болуы әбден мүмкін.

Ал, отбасы мүшелері ақыретке иман келтірген болса, шаңырақтары нұрға бөленіп, өзара қарым-қатынас, туыстық пен махаббат қысқа ғұмырдың өлшемімен емес, мәңгі бақыт, ақыретте де ол қатынас жалғаса беретіндіктен, соған қарай өлшенеді. Адал құрмет, шынайы махаббат, мейірімге толы қамқорлық, бір-бірінің ағаттықтарына қарамау, кемшіліктерін кешіру секілді жақсы қасиеттер қалыптасып, ол шаңырақта нағыз бақыт орнайды. Бұл мағына Рисалей-Нұрда баяндалғандықтан қысқа қайырдық.

Һәм, әрбір қала өз тұрғындарына белгілі бір мағынада үлкен үй, баспана. Егер ақыретке иман ол үлкен үйдің тұрғындарына әсер етпесе, яғни, иманнан нәсібі жоқ болса, жақсы мінездің негіздері болып табылатын ықылас, адалдық, адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық, жанкештілік, Аллаһ ризашылығы, обал-сауап жоғалып оның орнын ашу-кек, бас пайдасын көздеу, екі жүзділік, алдау-арбау, өзімшілдік, рия, жасандылық, парақорлық секілді келеңсіз жайттар етек алады. Сырттай тыныштық, бейбіт өмір кешіп жатқандай көрінгенімен шынтуайтында анайылық, шектен шығу, анархия үкім сүреді. Қала өмірінің шырқы бұзылады. Балалары ерке, жастары мас, күштілері залым келіп, қарттары зар еңіреп, мұңлы күй кешеді.

Осылай салыстыра берсек, мемлекеттің өзі бір үй, отан да бір халықтың үлкен отбасы деуге болады. Егер осы кең қанатты отау үйге ақыретке иман ықпал ететін болса, бірден өзара сыйластық, шынайы жанашырлық, мейірім, еш ақысыз сыйластық, бір-біріне көмектесу, адал қызмет, татулық, риясыз құрмет, адамгершілік, менмендіксіз үлкендік, кішіпейілділік секілді игі қасиеттер жаңғырып, жандана бастайды.

— 206 —

Құран дәрісімен балаларға былай дейді: "Еркелікті қой, жәннат бар!".

Жастарға: "Мастыққа салынба! Жәһаннам бар, байқа!" деп есін жиғызады.

Залымдарға: "Жан төзгісіз азап бар, ауыр жазаға тартыласың!" деп әділдікке бас игізеді.

Қарттарға: "Уысыңнан шығып кеткен бақ-дәулетті уайымдама! Алдарыңда одан да артық һәм мәңгі ақыреттік бақ, бақи жастық шақ бар. Соны иемденудің қамын ойла!" деп уайымын қуанышқа айналдырады.

Қарап отырсаң ақыретке иман әрбір буынға жағымды әсерін тигізіп, қараңғылықты сейілтіп болымды із қалдырады екен. Ендеше қоғам өмірін дінсіз жөнге саламын, бір қалыпқа келтіремін деп даурығатын қоғам қайраткерлері мен психологтардың құлақтарына алтын сырға!

Міне, ақыретке иманның мыңдаған пайдаларынан бес-алтауына ғана ишара етіп, сілтеме жасадық. Басқа тұстарын салыстырса, екі дүниенің, екі өмірдің бақыт көзі тек иман екені түсінікті болар.

— 207 —

ӘЛ-ХҮДЖӘТ-ҮЗ-ЗӘҺРАНЫҢ

ЕКІНШІ ТАРАУЫ
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَ بِهِ نَسْتَع۪ينُ

Фатиха сүресінің соңында һидаят бұйырғандар және хақ жолдағылар мен адасқандар және Хаққа қарсы келуші азғындардың өзара айырмашылығын мегзейтін сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың барлық теңеулерінің бұлағы болып табылатын аяттың бір ақиқатын Нұр сүресіндегі мына:

اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكَاةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ

аяты және өзінен кейінгі

اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ يَغْشٰيهُ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِه۪ مَوْجٌ

Аятымен бірлесе отырып, ол жердегі теңеуді таңғажайып түрде баяндайды.

Бірінші Нұр аяты «Бірінші Шуақта» дәлелденгендей он ишара арқылы Рисалей-Нұрға ишара ететіндігі байқалады және мұғжизалы түрде Құранның сол тәпсірінен ғайби хабар беруде. Бұл, Рисале-Нұрға «Нұр» деп ат қойылуына бірінші себеп болғандықтан, жиырма Тоғызыншы Мектубтың бір бетінде қиялмен саяхат жасалғаны баяндалған болатын. Ол жерде тәмсіл арқылы осы керемет аяттың «Нұр» сөзіндегі «нун» әрпінің мұғжизасына ұқсас мағынауи мұғжиза айтылғанына байланысты «Аят-ул Күбра» рисалесінде дүниеге саяхат жасаған адамның Жаратушы Иесін қалай іздеп тапқаны, оны тану үшін бүкіл әлемнен сұрағаны және Отыз үш жолмен, нақты дәлелдермен өзінің Раббысы кім екенін білгені жайлы баяндалған

— 208 —

болатын. Сол сияқты, дәл сол жолаушы, ғасырларды кезіп, аспан мен жер қабаттарында ақылымен, жүрегімен, қиял сезімімен құлшына аралап, барған сайын ынтасы артып ғаламды бір қала секілді жан-жақты зерттеп, әсіресе, Құранның хикметіне жүгініп, біресе философия хикметіне ақылмен сүйеніп, салыстыра өз қиялын үлкен дүрбі жасап, тым алыс қабаттарға саяхаттап ақиқаттарды қаз-қалпында көріп, олар жайлы бізге "Аят-ул Кубра" кітабында баяндаған-ды.

Қазір біз, сол нағыз ақиқат әрі тәмсіл ретіне ойша жасаған саяхаттағы әлемдердің тек мысал ретінде үшеуін, Фатиха сүресінің соңғы жағындағы теңеудің үлгісін қысқаша баяндаймыз. Басқа көрген-білгендерін, теңеулерін Рисалей-Нұрдың мысалдарына тапсырамыз.

Бірінші үлгі мысал: Әлгі, дүнияға тек қана Жаратушысын танып, табу үшін келген жолаушы ақылға салып былай деді: «Біз барлық нәрседен Жаратушы Иемізді сұрап, қанағаттанарлық жауап алдық. Енді, Күнді табу үшін Күннің өзіне жүгін демекші, біз де Жаратқан Иемізді Оның Ілім, Ирада, Құдірет сынды киелі сипаттарының әсері арқылы, сондай-ақ, көзге көрініп тұрған істерінің және есімдерінің сәуле-шуақтары арқылы тануға тырысамыз. Сол үшін, тағы бір саяхат жасайық» деп, дүнияға кірді. Және жат ағым әһл-і далалет яғни адасқандар секілді, Жер шары атты кемеге мінді. Мінді де, Құранның хикметін қабылдамайтын пән мен пәлсапа көзілдірігімен және Құран оқымайтын жағрафия пәнінің ережелері бойынша қарады. Қараса, жер шары шексіз кеңістікте бір жылда жиырма төрт мың жылдық шеңберді зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып зымырап барады. Үстінде жүз мың түрлі бейшара, әлсіз жанды пенделерді мінгізіп алған. Егер бір минутқа жолдан тайса, не бір жұлдызбен соқтығысса күл-талқаны шығып, шексіз кеңістікте дымы қалмай қирап, үстіндегі жан-жануарлар жоқ болып, құрдымға кететінін түсінді.

غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّٓالّ۪ينَ
деген қисық жолдағы топтың рухани азабын және اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ сөзінің адамды тұнжырататындай қараңғылығын сезіп "Қап, әттеген-ай! Мына сұмдық қауіпті
— 209 —
кемеге қайдан міне қойдық!? Енді, қалай құтыламыз!?" деп, әлгі көрсоқыр философияның көзілдірігін бір ұрып сындырды да, اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ жолына түсті. Сонда, Құранның хикметі медет болып, әр нәрсенің ақиқатын көрсететін дүрбі сыйлады. Ақылыңды пайдаланып енді, "Қара!" деп еді: رَبُّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ есімі,
هُوَ الَّذ۪ى جَعَلَ لَكُمُ الْاَرْضَ ذَلُولًا فَامْشُوا ف۪ى مَنَاكِبِهَا وَ كُلُوا مِنْ رِزْقِهِ

Көкжиегінде Күндей жарқ етті. Жер шары өте сенімді әрі жүйелі керемет кеме болып, бүкіл тірі жандарды өз ризық несібелерімен бірге көтеріп, әлем теңізінде хикметке толы, пайдалы қозғалысымен Күнді айнала кезіп ризыққа мұқтаж жандарға жыл мезгілдерінің өнімдерін жеткізуде.

Хақ Тағала «Сәур», "Хут" атты екі періштені әлгі кеменің бақылаушы капитаны етіп тағайындаған. Ол кеме керемет Раббани елді мекен кеңістікті аралап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың жаратқан пенде-қонақтарының көңілін көтеру үшін серуендеп жүр. Осылайша,

اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ
ақиқатын көрсетіп, жаратқан Иесін осы есімнің сәулесі арқылы таныстырады. Жолаушы осыны түсінді де, шын көңілімен اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ деді де, الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін сыратал мұстақим иелері тура жолдағыларға қосылды.

Жолаушы саяхат барысында көрген ақиқаттардан екінші үлгі мысал: Әлгі жолаушы жер шары кемесінен түсіп, хайуанат әлеміне, адамзат дүниясына келді. Ол, өзіне дінмен санаспайтын табиғатшыл ұғымды көзілдірік жасап қарады. Қараса, сансыз тіршілік иелерінің шексіз қажеттіліктері және оларды ренжітетін, тиісетін көптеген зиянкес дұшпандары бар және әр түрлі қатерлі оқиғалар айнала қоршап алған, бірақ олардың бұған қарсы тұрар күш-қуаты жоқтың қасы. Қауіпті дұшпандарының миллионнан бір бөлігін тойтаруға да жетпейді. Осындай сұмдық әрі аянышты жағдайды көргенде мейірім сезімі және ақылы қатты әсер алып, өкініш пен қайғыдан тозаққа түскендей ауыр күй кешті. Мұндай аянышты әлемге келгеніне қатты өкініп тұр еді, кенет Құранның хикметі медет беріп, көмекке келді.

— 210 —
الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ деген дүрбі сыйлады да, «Енді, қара!» деді.
Қараса, اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты нұр шашып, Рахман, Рахим, Рәззақ, Муним, Кәрим, Хафиз сынды Иләһи көркем есімдердің әр қайсысы Күндей жарқырап,
مَا مِنْ دَٓابَّةٍ اِلَّا هُوَ اٰخِذٌ بِنَاصِيَتِهَا ٭ وَكَاَيِّنْ مِنْ دَٓابَّةٍ لَا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اَللّٰهُ يَرْزُقُهَا وَاِيَّاكُمْ ٭ وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَن۪ى اٰدَمَ ٭ اِنَّ الْاَبْرَارَ لَف۪ى نَع۪يمٍ
секілді аяттардың көкжиегінде көріне бастады. Әлгі адамзат пен жануарлар әлемін рахымға, ихсанға бөлеп, белгілі мағынада уақытша жәннатқа айналдырды. Сөйтіп, әлем тамаша ғибратқа толы, қонақүй тәрізді жомарт Иесі Аллаһты толық таныстырып, одан хабар беретінін білді. Қайта-қайта اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ деді.
Саяхатында көрген жүздеген мысалдардың үшінші мысалы:

Жаратқан Иесін есім-сипаттарының әсерінен, сәулесінен танығысы келген әлгі дүниеге қонақ жолаушы ақылы мен ойына былай деді:

Қанекей, біз де рухтар мен періштелер секілді денені тастап көкке көтеріліп, жаратқан Иемізді аспандағылардан сұрайық. Сөйтті де рух қиялға мініп, ақыл пікірге еріп аспанға көтерілді. Астрономия пәнін жетекші етіп соған жүгінді. Дінді қабылдамайтын философия көзімен الْمَغْضُوبِ الضَّٓالّ۪ينَ дейтін жат ағым секілді қарады. Қараса, жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жүз есе жылдам қозғалып бара жатқан денелер, от шашқан жұлдыздар араласа-құраласа тым жылдам қозғалуда. Кездейсоқ, біреуі бір минут өз жолынан тайса, ұшы-қиырсыз кеңістікке өзі секілді меңіреу бір денеге соқтығысып қиямет-қайым болғандай астан-кестеңі шығары сөзсіз.

Әлгі, жолаушы қай жаққа қараса да осындай сұмдық пен үрейді көріп зәресі ұшты. Аспанға шыққанына пұшайман болып қатты өкінді. Ақыл-ой, басқа барлық сезімдері аласұрып, "біздің міндетіміз мұндай емес. Керемет ақиқаттарды көріп, басқаларға көрсету болатын. Кәдімгідей тозақ іспетті жағымсыз да азапты мағыналарды ұғыну, көру бізге ауыр тиюде. Мұндай қызметтен бас тартамыз, қаламаймыз!" деп зар қақты.

— 211 —
Сол кезде кенет: اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты әсерімен «Халиқус-Сәмауати уәл ард» және "Мусаххируш-Шәмси уәл Қамар" және "Раббул-Аламийн" секілді көркем есімдердің әрқайсысы Күндей жарқырып,
وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَٓاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ және
اَفَلَمْ يَنْظُرُوا اِلَى السَّمَٓاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَزَيَّنَّاهَا

және

ثُمَّ اسْتَوٰى اِلَى السَّمَٓاءِ فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ
секілді аяттардың көкжиегінде көріне бастады. Күллі аспанды нұрға бөлеп, періштелерге толтырды. Сөйтті де, аспан алып мешітке және әскери бөлімшеге айналды. Енді, жолаушы الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін тура жолға түсті. Әлгі адасқандардан, اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ -ден құтылды. Бірден аспан жұмақтай

құлпырып, тамаша, керемет бейнеде жүйелі мемлекетке айналды. Жаратылыстардың бәрі де Халиқ-ы Зүлжәлал Аллаһты дәріптеп, таныстыруда екенін көріп, ақылының, ой-санасының қадір-қасиеті жоғарылап атқарар міндетінің маңыздылығы артты.

Міне, әлгі жолаушының әлемге жасаған саяхатының жүздеген түрін осы үш мысалға салыстырып, басқа да көрген-білгендерін және есім-сипаттарының сәуле, шуақтары арқылы Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың мағрифаты жайлы баянды Рисалей-Нұрға сілтеп, терең де ұзақ қиссаны қысқа қайырғанды жөн көрдік. Осы шағын тұжырымдарға қанағат етеміз де Жаратушы Иемізді таныстыратын, Оның киелі сипаттарынан және жеті сипатынан тек қана "Ілім", "Құдрет", "Ираде" секілді үш сипаттың көрініс, әсерлері арқылы және рас екенін дәлелдейтін айғақтарына сүйене отырып, шексіз әлемді Жаратқан Халиқты тануға әлгі дүния жолаушысы секілді біз де қысқа ишарамен таныстыруға тырысамыз. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға сілтейміз.

— 212 —

(Жиырма тоғызыншы Лемадан)

ЕКІНШІ БАП
(Бұл екінші баб "Әлхамдулиллаһ" жайында)

Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға «Әлхамдулиллаһ» дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Әуелі екі нәрсені есте сақтаған жөн.

Біріншіден: Философия - не нәрсені де жаман қылып, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Иман - не нәрсені де тамаша қылып, жанға жақын жылы шырайлы бейнеде көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.

Екіншіден: Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болса да сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы, алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды, жағдайларды көреді.

Оң жақ. Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен оң жаққа қараған кезде, ол жақ астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көрінеді. Адам мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, әлгі жақ астан-кестең күйде көрінсе де бірақ жан шығыны жоқ. қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткені байқалады. Ондағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге ену үшін қазылған жер асты жолдары түрінде көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын шаттық пен рахаты мыңдаған «Әлхамдулиллаһ» дегізетін бір нығмет.

— 213 —

Сол жақ. Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын үрейлі де қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, Халиқ, Рахман, Рахимның яғни, Аллаһ Тағаланың адам баласына дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. Мыңдаған рет "Әлхамдулиллаһ" дегізіп, қайталатқызады.

Үстіңгі жақ. Яғни, аспанға философияға сүйеніп қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың, ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі сияқты жылдам әрі сан-қилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған кезде сол таңғажайып, керемет тәсіл, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп, тұрған әлгі жұлдыздардың бізге жарық беретін шырақтар екенін көреді. Манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен үрейлене емес сүйсіне, үйреншікті түрде қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған "Әлхамдулиллаһ" деу қажет.

Астыңғы жақ. Яғни, Жер планетасына философия көзімен қараған сәтте, Жер шары беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе штурвалы сынық, капитансыз кеме тәрізді көрініп, зәресі ұшады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруындағы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани бір кеме түрінде көреді. Иманнан туындаған осы бір ұлы нығмет үшін үлкен-үлкен "Әлхамдулиллаһ" тарды айта бастайды.

Алдыңғы жақ. Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері - адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп солай қарай шапшаң бет алуда, және көзден тез таса болуда. Яғни, жойылуда, жоқ болуда. Өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білгендіктен жанын жегідей жеген өкініштен жын ұрғандай күй кешеді... Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алысы, жасаған саяхаттары жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару, жоқ болуға емес, мәңгі бар

— 214 —

болуға бара жатырмын деп бұл жаққа сүйсіне қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болады.

Мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар Мысырдың құрметті адамы дәрежесіне, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауы, және Зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы арқылы қолы жетті емес пе! Сондай-ақ, ана құрсағынан дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен әуре сарсаңның нәтижесінде дүние бақытына бөленеді.

Артқы жақ. Яғни бізден кейін келетіндерге философия назарымен қараса, "Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?" деген сұраққа жауап таба алмағандықтан таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған кезде, адам баласы әлем көрмесінде жайылған таңғажайып, керемет құдіреттің мұғжизаларын, оның өнерін тамашалау әрі зерделеу үшін Сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші екенін түсінеді. Олар әлгі мұғжизаның қадірін, бағасын және Сұлтан-ы Әзәлидің алыптығын, оны дәлелдейтін айғақтарды тауып, іздестіргендеріне қарай сауап жинаған соң, қайтадан әлгі Сұлтан-ы Әзәлиге оралатындықтарына сенеді. Осындай сенім нығметіне қол жеткізген иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деуі керек.

Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деп жасалған хамд, мадақ, ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір хамд қажет. Бұл екінші хамдқа да үшінші бір хамд, үшіншіге де төртінші хамд қажет. وَهَلُمَّ جَرًّا

Демек, бір ғана хамдтан туған хамдтар жиналып ұшы-қиырсыз, ұзыннан-ұзақ тізбектелген хамд тізбегін құрайды.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне "Әлхамдулиллаһ" деуі керек. өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу тұрғысынан алып қарағанда да пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.

— 215 —

Осыған орай, адам баласы жаратылысынан фытри бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен байланысы бар және иман нығметінің саясында осы алты жақтан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.

Сонымен اَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللّٰهِ аятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан бастап соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан тіршілік нұрынан медет, демеу алады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа уақыты мен тар мекені кең де рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, бір адамның үйі сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ адам жанына, көңіліне осы шақ тәрізді келеді. Арасындағы қашықтық жойылады.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Имандылық адамзат үшін сүйеніш пен медет болғандықтан, "Әлхамдулиллаһ" деп шүкір етуі керек.

Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп болғандықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж-ақ. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық болса шыдатпай бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.

Ей, адам! Сенің арқа сүйерің - жалғыз ғана Аллаһқа деген иманың. Жаныңа, көңіліңе жәрдемші медетің - тек қана ақыретке деген иманың.

Міне осы екі нәрседен хабарсыз адамның жаны мен жүрегін үрей басады. Жан дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуіне сүйеніп, екіншісінен жәрдем алған адамның, жүрегі рухы, көңілі, рахат тауып, көңілі жұбанады. Осылайша ішкі дүниесіне тыныштық орнап, жұбаныш табады.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Иман нұры Заңды ләззаттар аяқталғанда пайда болатын уайымдарды ол ләззаттардың жалғасы, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондай-ақ, нығметтер жалғасып, азаймайтынын және олардың қайнар көзі бар екенін көрсету арқылы көңілді тыныштандырады.

— 216 —

Сонымен қатар, қоштасу мен айырылысудың қайғыларын, ұқсастарының жаңаруы, оның ләззаты бар екенін көрсету арқылы жойып жібереді. Яғни аяқталатынын ойлағанда бір ләззаттан көптеген қайғылар пайда болады. Иман болса жаңарып келетін бастапқыға ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, қайғыны сейілтеді. Сонымен қатар, ләззаттардың жаңаруында да өзіндік ләззаттар бар.Рас, бір түйір жемістің ағашы болмаса сол жеміспен шектеулі ләззат, оны жеп бітіргенде ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы белгілі болса ондай жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін басқасы бар.

Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын көп қинайтын нәрсе - қоштасулардан пайда болған уайымдар. Иман нұры ұқсастарының келуі, соларға қол жеткізу деген үмітпен ондай уайымдарды жоқ қылады.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Иман нұры мына әлемде адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді сүйкімді және бауыр етіп көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемдегі болмысты дұшпан сияқты қауіпті көріп, үрейі ұшады. Оларға бөтенсіп қарайды. өйткені, хақ жолдан тайғандардың (далалет) көзқарасы бойынша өткен шақ пен келешектегі нәрселер арасында бауырластық, жақындық байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана бір байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың бір-біріне деген бауырластығы бір сәттік, уақытша ғана.

Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, әрі біріне-бірі бауыр екендігін, әр нәрсе өз тілімен Халиқына тәсбихат еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда заттардың өздеріне тән тіршілік түрлері, рухтары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден ен,қу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, жақындық бар.

Хақ жолдан адасқан көзқарас, адамдарды талап-тілектеріне жету жолында дәрменсіз қылып, босқа аласұрған, қамқоршы иесі жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер сияқты деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік атаулыға зар еңіреген жетімдер деп емес, міндет жүктелген қызметшілер зікір етушілер (закир) және құлдар деп қарайды.

— 217 —

АЛТЫНШЫ Т ЖЫРЫМ: Иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. Мүмин, иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарқанан пайдаланады.

Ал, далалет назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеліп қалады. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай алаңы ұлғая түседі.

Иә, бір мүмин Күнді үйінде ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Ай өзіне берілген бір нығмет болады. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран

وَ سَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَ الْقَمَرَ ٭ وَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِى الْبَرِّ وَالْبَحْرِ

деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған мына таңғажайып, баға жетпес жарылқауларға, нығметтерге ишарат етуде.

ЖЕТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың түрлерін қамтиды. Олардың қайнар көзі. Бұл Иман нұрының саясында білінеді. Сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұр шығармаларында олардың кейбіріне ишара етілген болатын. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.

Әлхамдулиллаһ сөзіндегі "лам-ы истиғрақ" ишара етіп отырған барлық хамдтар арқылы шүкір ету қажет нығметтердің бірі де Рахманиет нығметі. Рас, Рахманиет, тіршілік иелерінің рахметке бөленгендерінің есебінше нығметтерді қамтиды. Өйткені, адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген бір тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.

Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің есебінше нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де Рахимиет. Иә, анасынан айрылған бір баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам,

— 218 —

әлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алады, шаттанады, көңілі толады. Міне, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.

Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатындардың біреуі де Хакимиет. Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені сияқты, адамның ақылы да Хакимиеттің нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы хамд пен шүкір талап етеді.

Сондай-ақ, әсем есімдерден «Уарис» есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдердің санындай және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп, жазылып алынған адамзаттың амалдары есебінше, даусы жер жарардай «Әлхамдулиллаһ» деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе Хафизиет нығметі.

Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы, ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда жақсы, тағысын тағы.

Сондықтан, Аллаһ Тағаланың Хафизиеті, оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан алып қарағанда дүниені толтыратындай бір "Әлхамдулиллаһ" қажет. Жоғарыда аталған төрт есіммен қалған әсем есімдерді салыстыр. Әр бір есімде шексіз нығметтер бар екендігін, олардың әрқайсысына хамд пен шүкір керек екенін көресің.

Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.

Сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі - Ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.

СЕГІЗІНШІ Т ЖЫРЫМ: Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі Зат-ы Ақдестің Жамал (Сұлу), Кемал (Нұқсансыз) сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.

— 219 —

Яғни әлгі үлкен кітаптың әр бір нақышы, үлкені де кішісі де Уахид, Самед шеберінің жәлал сипаттарын көрсету арқылы хамд айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы Рахман, Рахим жазушысының әсем ерекшеліктерін көрсету арқылы дәріптейді.

Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-әсем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, Қадир, Алим ақынын қастерлеп мадақтайды.

ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ.

Саид Нұрси

{(Сілтеме): Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды аша да, алмайды шешеде алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани жәрдемімен ғана және Қадір түнінің берекеті арқылы, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып аудару нәсіп болды. әйтпесе...

Аудармашы Абдулмәжид Нұрси}

— 220 —

Лемааттан

РУХАНИ ӘЛЕМДЕГІ ЖИНАЛЫСТА
(Қазіргі мәдениет пен шариғатты, ғылыми ойлар мен шариғаттағы ақиқаттарды таразылау)

Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, бейбіт келісімге келген кезең. Жұма күні көрген садық түсте, рухани әлемдегі үлкен бір жиында, маған мынадай сұрақ қойылды.

"Мына жеңілістерден кейін Ислам әлемінде қандай жағдайлар болады? Осы ғасырдың өкілі ретінде сөз бастадым, басқалар сөзіме құлақ түрді. Баяғыдан бері мұсылмандардың тәуелсіздігі мен Аллаһтың сөзін асқақтату үшін фарз-ы кифайе болған жиһад жолында дінімнің талабы осы деп, бүкіл мұсылмандармен бір денеге айналғандай, өз жанымды Ислам жолында пида етуге міндеттімін деп санап, Халифаттың ту ұстаушысы болған бұл мемлекеттің, мұсылман халықтарының басынан өткізген пәлекеттер, Ислам әлеміне бостандық пен бақыт әкелетін болады. Ауыртпалықтар артта қалып, келешекте орны толатын болады. Үш беріп, үш жүз алған, ешқандай зиян шекпейді. Қайрат қылып, күш жұмсағандар бүгін қиналғанмен келешекте ұтатын болады. Өйткені мына қиыншылықтар, өмірдің ұйытқысы болған мейірімді, бауырластықты, мұсылмандардың бір-біріне деген сенімін арттырып жіберді, бауырластық сезімін күшейтті. Осындай жағдайларды тездетті. Мәдениеттің бұзылған түрі - бүгінгі қоғамның азғындауы. Мұндай жағдай өзгеріп, бұлардың жүйесі өзгеретін болады. Сол кезде Ислам мәдениеті ортаға шығады. Әлбетте мұсылмандар оған өз еріктерімен ұмтылады. Шариғаттағы мәдениет пен қазіргі мәдениетті салыстырғың келсе, мына негіздер-ге көңіл бөл. Ишараларға назар аудар.

Қазіргі мәдениеттің негіздері, бес болымсыз нәрсенің үстіне орнатылған және оған солар қымбат. Ол мәдениеттің механизмдерін айналдырып тұрған да солар. Олардың сеніп отырғандары мыналар: Ақиқат емес, күш.

Күштің істейтін нәрсесі шабуыл мен басыну - қиянат содан шығады.

— 221 —

Межелеген мақсаттары: Жоғары құндылықтар емес, түкке тұрғысыз бас пайда. Бас пайданың істер амалы - біреуге зиян тигізу, өшігу, жауласу. Қылмыс содан шығады.

Өмірлік заңдары: Өзара көмек емес, күресудің тәсілдері. Күрестің амалы - текетірес, төбелес, талас-тартыс. Жоқшылық содан шығады.

Халықтың ойындағы нәрселер: нәсілшілдік, ұлтшылдық.

Мұндай нәрсе басқаларды жұтып қою арқылы күш жинайды.

Болымсыз ұлтшылдықтың жасайтын амалы - ұрыс, ерегіс.

Құлдырау, күйреу осындайдан шығады.

Бесіншісі де мынау: Жақсы көрер шаруасы - әуестік, әуестікті қоздыру, жеңіл жол іздеу, құмарын қандыру. Азғындық осындайдан шығады.

Ондай әуестік пен құмарлық адамды азғындыққа салып, мінез-құлқын бұзады. Адамгершіліктен шығып кетеді. Қазіргі мәдениетті сымақ жандардың ішін сыртына айналдырсаң, басым көпшілігінің ішінен маймылды да, түлкіні де, жыланды да, аю мен доңызды да көресің. Ішіндегілер көрініс береді. Терісін де, жүнін де қиялыңмен көре аласың. Олардың не істеп жүргендігі белгілі болады.

Жер бетіндегі өлшемдердің таразысы - Шариғат. Шариғаттағы мейірім Құраннан сәуле алуда. Құрани мәдениеттің негіздері болымды екендігіне дәлел көп. Ол мәдениеттің бақытқа апарар механизмдері бес түрлі болымды негіздерге сүйенеді. Сүйенер нәрсесі күш емес, хақ (ақиқат). Хақтың атқарар ісі әділет, теңдік. Сәлемет осылардан туады, пәлекет болмайды.

Көздеген мақсаттары бас пайда емес, жоғарғы құндылықтар. Ондай құндылықтардан махаббат пен жақсы көріп, жақын тарту туындайды. Бақыт осыдан шығады. Жауласу тоқтайды. Өмірлік ұстанымы: жеңу, жою емес, өзара көмек. Бұл ұстаным бірігу мен бір біріне сүйеу болуға апарады. Жамағаттың болмысына жан бітеді.

Халыққа қызмет ету жолы, әуестікті қоздырып, желіктіру емес, Құранның тура жолына бастау, соған шақыру. Ол тура жолдың апарар жері, адамгершілікке лайық түрде даму, өрлеу, молшылық, рахат өмір. Адамның жан дүниесін нұрландырып, кемелдендіру. Болымсыз ұлтшылдық қоғамның ауызбіршілігін жояды.

— 222 —

Болымсыз ұлтшылдықтың орнында діни, имани бауырластық, отанға деген сүйіспеншілік, әлеуметтік топтар арасындағы ауызбіршілік болуы керек. Мұндай байланыстардың апарар жері шынайы бауырластық. Ор-тақ бақыт. Сырттан шабуыл басталса, іштегі де қорғанысқа көшеді. Мұсылмандардың қазіргі мәдениетті неге қабылдамағанын енді түсіндің бе?

Осы уақытқа дейін мұсылмандар қазіргі мәдениетті өз еркімен қабылдаған жоқ.

Бұл оларға жараспайды. Бірақ олар тұтқынға айналып, мойнына бұғау салынды.

Адамзаттың дертіне дауа нәрселердің орнына у берілді. Жүздің сек-сенін машақатқа, қиыншылыққа салып қойды. Жүзден онның қолына былыққа әбден батқан алдамшы бақыт берді. Қалған он адамды да маза таппас, дамыл таппас жағдайда қалдырды. Саудадан түскен пайда аз ғана залым топтың қолында қалды. Нағыз бақыт - баршаға ортақ бақыт қой. Ең болмаса көпшілікке бақыт сыйласа. Адамзатқа мейірім болып түскен Құран, адамзаттың бәріне немесе басым көпшілігінің игілігіне себеп болар мәдениетті ғана қабылдайды. Ал қазіргі жағдайда әуестік артып, құмарлық жүгенсіз кетті. Хайуанға тән бостандық орнап, әуестіктің үкімі жүріп тұр. Қызылкөздене, көзін сүзе құмарту дегенін жасатып тұр. Қажетсіз нәрселерді, аса қажет заттардың арасына әкеліп орналастырды. Мазаны әбден қашырды.

Бұрындары адам төрт нәрсеге мұқтаж еді. Қазіргі мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж қылып, тақыр кедейге айналдырды. Адал еңбектің шамасы шығындарға жетпей қалды. Осылайша адамзатты харам жолға, айлалы жолға бағыттауда.

Адамның мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынас негіздерін былай бұзды:

йымдар мен белгілі бір топтарды байытып, асқақтатып жіберді.

Жеке адамдарды арсыз, жарлыға айналдырды. Мұның куәгерлері көп. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жабайылықтардың бәрі де аяусыз қылмыс, қиянат еді. Мына былыққа батқан мәдениет бір рет құсты. Әлі де жүрегі айнып тұр.

{(Сілтеме): Демек бұдан да жаман етіп тағы да құсатын болады. Иә, екі дүниежүзілік соғыс арқылы екі рет құсты. Аспан да, су да, жер де бет аузын әбден былғады. Қанға бояды.}

Ислам әлемінің бұған килікпеуінде аса мән берерлік үлкен мағына жатыр. Ондай мәдениетті

— 223 —

қабылдауға қиналды, жолағысы келген жоқ. Ислам Шариғатындағы Иләһи нұрдан туған ең жоғарғы ерекшелік: Аллаһтан басқа ешкімге қол жаймау, тәуелді болмау. Сол ерекшелік пен ақиқаттың нұры, мына мәдениеттің рухы саналар Римдік ойлау жүйесінің мұсылман адамды билеп кетуіне жол бермейді. Мұсылманның бойындағы имани ақиқаттар, аналардың философиясымен араласып кетпейді. Олардан еш нәрсе жұқтырмайды, соңдарынан да ермейді. Исламияттың рухындағы мейірім, иман арқылы көтерілер асқақ деңгей, баяндауы мұғжиза болған Құраннан шығып жатқан шариғи ақиқаттарда.

Ол ақиқаттардың әрқайсысы Мұсаның (А.С.) қолындағы Аса таяқ іспетті.

Мына көз бояушы, сиқыршы мәдениет келешекте оған (шариғатқа) бас ұратын болады. Енді мынаған назар аудар: Ежелгі Рим мен Гректің екі түрлі пікірі (даналығы) бар еді. Екеуі бірге туған, егіз еді. Біреуі қиял аралас, екіншісі материяға табынушы. Суға құйылған май секілденіп, бір бірімен араласып кетпеді. Қаншама уақыт өтсе де, мәдениет қаншама әрекет етсе де, Христиан діні де қаншама әуре болды, екеуінің де қолынан келмеді. Екеуі де бөлек-бөлек күйінде сақталып қалды. Әлі күнге дейін сол екі рух бар. Енді сол екі рух неміс және француз болып екі денеге айналғандай.

Ей, мысал әлеміндегі бауырым! Уақыт сол екі пікірдің де бір-бірімен араласып, біте қайнасуын қабыл көрмеді. Келісімге де келе алмады. Бірге туған екі бауыр, даму жолындағы жолдастар төбелеске шықты. Келісімге келмеді. Қалай екенін қайдам, тегі де, өзегі де, өскен жері де басқа Құраннан нұр алған шариғат жолы мен мына мәдениеттің өзегі болған Римдік пікір (ақыл) бейбіт келісімге келіп, одақтасып кетеді.

Ол ақыл мен мына Ақиқат жолдың шыққан тегі әр түрлі. Тура жол аспаннан түсті. Ақыл жерден шықты. Ақиқат жүрекке әсер етеді, миды да жұмыс істетеді. Ақыл миды жұмсайды. Жүректің мазасын алады. Ақиқат рухты нұрландырады, дәндерге жапырақ жайғызады. Қараңғы табиғатқа осылайша жарық береді.

Қабілеттері бірден кемелденеді. Денедегі сезімдерді тіл алғыш қызметші етіп қояды. Жақсылыққа жаны құмар, еңбекқор адамға періштедей бейне береді.

— 224 —

Ақыл болса, әуелі нәпсі мен денеге көңіл бөледі. Табиғатқа назар аударады. Егінді нәпсіге егеді. Нәпсінің қабілеттерін арттырады. Рухты қызметші қылып қояды. Дәндер қурап қалады. Адамдарға шайтани бейне береді. Ақиқат (тура жол) екі дүниеде бақытқа жетелейді. Екі дүниені нұрландырып, адамды жоғары дәрежеге көтереді.

Жалғыз көзді Тажалға ұқсаған ақыл өмірдің бір жағын ғана көреді. Материяға табынып, дүниені ғана жақсы көреді. Адамды жыртқышқа айналдырады.

Иә, ақыл меңіреу табиғатқа табынады. Соқыр күшке бағынады.

Ал Ақиқат (тура жол) жасырын жатқан өнерді саналы түрде таниды, хикметке толы құдіретті көреді. Ақыл жер бетіне күпірліктің жабуын жабады. Ақиқат шүкірдің нұрын шашады. Ақыл - соқыр, керең. Ақиқат - көреді де, естиді де. Ақылдың назарында жер бетіндегі нығметтер иесіз олжалар.

Шүкір етудің орнына тонау, ұрлау. Табиғаттан қорқу жыртқышқа тән сезім береді. Ақиқаттың көзқарасы бойынша жер бетіне, бүкіл әлемге жайылып жатқан нығметтер, мейірімнің жемістері. Әрбір нығметтің артында жарылқаушының қолын көреді. Шүкір еткендер сүйе алады. Мұны да жоққа шығармаймын. Мәдениетте көптеген жақсы нәрселер бар... Бірақ бұлар Христиандықтан шығып жатқан жоқ. Еуропаның жасап шығарғаны емес. Мына ғасырдың да өнері емес. Баршаға ортақ нәрсе. Ойға ой қосудан, Аллаһтан жеткен шариғаттан, жаратылысқа тән қажеттіліктерден, әсіресе, Мұхаммед (с.а.у.)-ның шариғатынан, Ислам жеткізген өзгерістерден туындаған нәрсе. Ешкім бұлар менікі дей алмайды.

Мысал әлеміндегі мәжілісте, сол мәжілістің төрағасы қайта сұрады: және былай деді: Адамның басына келетін бәлекеттер, жасалған қиянаттардың нәтижесі немесе берілер сыйлықтарға бір себеп. Ей, мына ғасырдың адамы! Тағдыр бір шапалақ ұрды, күтпеген соққы берді. Тағдырға мұндай пәтуа бергізетіндей, Аллаһ бастарыңа бәле беретіндей не істеп қойдыңдар?

Көпшіліктің қатесі, ортақ бәлелерге себеп болады. Мен былай дедім: Адамзаттың адасушылық пікірі, Нәмруд пиғыл қырсықтығы, Перғауын пиғыл тәкаппарлығы ұлғая, ұлғая аспанға жетті. Жаратылыстағы нәзік сырларға барып тиді. Аспаннан топан су, оба

— 225 —

түсіргендей мына соғыстың аласапыраны басталды. Кәпірлерге аспаннан шапалақ ұрды. Демек бұл пәлекеттер бүкіл адамзатқа келген бәлекеттер. Баршаны қамтып тұр. Тағы бір баршаға ортақ себеп: материализмнен туындаған адасушылық, хайуанға тән еркіндік, әуестік пен нәпсіқұмарлықтың жетегінде кету.

Біздің (мұсылмандардың) пайымыз да Исламның талаптарын орындамау. Жаратушы Аллаһ жиырма төрт сағаттың бір сағатын бес уақыт намаз оқуымыз үшін бөлуді сұрады. Жалқаулық жасадық, орындамадық, бейқамдықпен өткіздік. Жазасы былай болды: Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жаттығу жасап, машақат шектік, белгілі бір дәрежеде намаз оқытты. Жылына бір ай ораза ұстауымызды қалады. Нәпсімізге жанымыз ашып, ораза тұтпадық. Соның өтеуі ретінде бес жыл бойы күштеп ораза тұтқызды.

Өзі берген мүліктен қырықтан бір немесе оннан бір зекет сұрады. Сараңдық жасап, һәм зұлымдық жасадық, харамға да былықтық. Өз еркімізбен бермедік. Жиналып қалған зекетті бізден алып қойды. Харам-нан да құтқарды. Бұлар бізге берілген жаза. Жаза - жасалған іске беріледі.

Салих амал екі түрлі болады. Біріншісі болымды және ерікті. Екіншісі болымсыз - бәлекеттер мен қиыншылықтар. Басқа түскен бәлекеттер мен қиыншылықтар салих амал болып саналады, бұл болымсыз түрі, деген мағынадағы хадис жұбаныш берді.

Мына күнәһар халық қанымен дәрет алды. Іс жүзінде (амалымен) тәубә етті. Тез берілер сыйлықты бұл халықтың төрт миллионы әулиелік дәрежеге, шәйіт дәрежесіне, ғазилік дәрежеге шығу арқылы алды. Күнәларын жуды. Мысал әлеміндегі ұлы мәжіліс бұл сөзді жақсы қабыл-дады.

Мен де бірден ояндым, мүмкін ояу жатқан шығармын. Меніңше өң де түс сияқты, түс те өңнің бір түрі. Ол жердегі мына ғасырдың уәкілі, бұл жерде Саид Нұрси...

— 226 —

НАҒЫЗ ҚАЙҒЫ ИМАНСЫЗДЫҚТА, НАҒЫЗ БАҚЫТ ИМАНДА. ҚИЯЛДЫҢ КИІМІН КИГЕН ЛЫ АҚИҚАТ

Ей, ақылды жолдасым! Сырат-ы мүстақимның (тура жол) қаншалықты нұрлы, Аллаһтың қаһарына ұшырған адасу жолының қаншалықты қараңғы түнек екенін көргің келсе, бері кел.

Қиялға мініп, бос кеңістікке, тірі жан жоқ өлкелерге барайық. Мәңгілік бір Құдірет сол тас-түнек өлкеден бізді алып шықты. Мына денеге мінгізіп, мына әлемге жіберді. Түк те қызығы жоқ мына қалаға әкелді. Жоқтан бар болдық, бар болу әлеміне келдік. Қорқынышты ортаға кірдік. Көзімізді ашып, көмек, мейірім күткендей алдымызға қарадық. Бірақ алдымыздан бәлелер мен қайғылар, жаудай болып шабуылға шықты. Қорқып артқа шегіндік. Оң-солымызға қарап, табиғаттағы негізгі нәрсе-лерден медет, жәрдем күттік. Бірақ олардың тасжүрек, мейірімсіз екендігін көрдік. Тістерін қайрап, ашулана қарауда, жалынып, жалба-рынғаныңа қарайтын түрлері жоқ. Шарасыз қалған адамдай үмітсіздене жоғарыға қарадық. Көмек күткендей аспандағы алып жұлдыздарға қа-радық. Бізге қауіп төндіріп тұрғандай, түрлері сұсты екен. Зеңбіректен атылған оқтай бүкіл аспан әлемінде зуылдап жүргенімен, бір бірімен соқтығысып жатқан жоқ. Беті аулақ, егер біреуі жолынан шығып кетер болса, қорқыныштан мына әлемнің жүрегі жарылып кетер. Кездейсоқ солай болса... бұлардан да пайда жоқ екен. Үмітсіз бір жағдайда ол жақтан да теріс айналдық. Өкінішті жағдайда қалдық. Мойнымыз салбы-рап, өзімізге қарадық. Өзімізді зерттей бастадық. Мыңдаған қажеттілік-тердің дауыстары шығып жатқанын естідік. Мыңдаған нәрселерге мұқтаж екенбіз. Жұбаныш күтіп тұрғанда қорқып, шошып кеттік.

Одан да қайыр келмеді. Содан пана іздегендей болып, ар-ожданымызға үңілдік. Зер сала қарап, бір шарасы табылар деп күттік. Өкінішті! Тағы ешнәрсе таппадық. Біз көмек беруіміз керек шығар, өйт-кені оның мыңдаған арман тілектері, асып-тасқан армандары, алып ұшқан сезімдері бүкіл әлемге созылып жатыр. Олардың қайсысынан болса да шошындық. Ешқандай көмек бере алмайды екенбіз. Ол арман-тілектердің бәрі де бар мен жоқтың арасындағы нәрселер. Бір жағы Әзелге, екінші жағы Әбедке (бастауы мен соңы

— 227 —

жоқ шексіздік) ұзап кетіп барады. Сондай үлкен апандар бар, дүниені жұтып қойса да ол ар-ождан тоймас еді. Осы бір қиын жолда қай жаққа бас сауғаласақ та, сол жақтан бір бәле көрдік. Өйткені, Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы осындай болады. Кездейсоқтық деп қарайды айналаға. Ондай назар біздікі еді. Сондықтан сондай күйге түстік. Қазіргідей жағдайда қайдан келіп, қайда баратынымызды, Жаратушы мен о дүниені ұмытып кетіппіз. Мұндай жағдай тозақтан бетер рухымызды өртеуде. Әлгі алты жағымызға бас ұрғаннан осылай болды. Мұндай жағдай - қорқыныш пен қауіптен, қолдан түк келмей қалтыраудан, шарасыздық пен қараушысыз қалудан, үмітсіздіктен туындап отырған жан азабы.

Енді алты жақтың әрқайсысына қарсы күреске шығайық. Күшімізге сенім артып қарасақ, қолынан түк келмейтін әлсіз екен.

Екіншіден: Біздегі қажеттіліктердің аузын жабуға тырысудамыз. Шарасызбыз, тоқтаусыз шығып жатқан жан дауыстарын естиміз.

Үшіншіден: Біреуден көмек күткендей, құтқарушы іздеп жан дауысымыз шығуда. Естіп тұрған да, жауап беріп жатқан да ешкім жоқ. Барлық нәрсе бізге жау, барлық нәрсе бізге бөтен деп ойлаймыз. Жүрегімізге жұбаныш берер ешкім жоқ. Ешқандай сенім ұялатпайды, шынайы жұбаныш та бермейді.

Төртіншіден: Біз аспан денелеріне қараған сайын олар бізге қорқынышты болып көрінуде.

Сонымен қатар, жан дүниеміздің зәресін алып, ақылдың өзегін өртеп, өкінішке салуда, уайымға түсіруде.

Міне, ей, бауырым! Бұл адасу жолы, мұның ішкі жағдайы осы. Күпірліктегі қараңғылықтың бәрін де осы жолда көрдік. Ал енді қайтадан басынан бастайық. Бұл жолы жүрер жолымыз тура жол, (Сырат-ы мүстақим) иман жолы.

Дәлелдеріміз бен имамымыз Аллаһтың қолдауы мен үкімі жүре беретін Құран. Мәңгілік Сұлтанның мейірімі мен инаяты біздің бар болуымызды қалады. Құдірет бізді ортаға шығарды (жаратты). Әртүрлі жағдайларды реттеп тұрған Аллаһтың заңдарының үстіне ақырын ғана мінгізіп қойды. Бізді мұнда әкеліп, бар болу деп аталатын киімді кигізіп қойды. Иман деген шен берді. Оның белгілері намаз бен дұға. Бұл жер мына әртүрлі жағдайлар мен кезеңдер өтіп жатқан жолымыздағы дұға жасап, құлшылық қылатын жер екен.

— 228 —

Сапарымыз оңай болуы үшін бұйрықнама берілген екен. Қай жерге барсақ та, қай тайпаға қонақ болсақ та жақсы қарсы алуда. Қолда бар затымызды беріп, олардан зат аламыз, саудамыз жарасуда, олар бізді күтіп баптап, сыйлықтар беріп, шығарып салуда.

Жүре жүре дүниенің де есігіне таяндық. Дауыстар естілуде. Жер бетіне, шәһадет әлеміне келіп кірдік. Шексіз мейірімді Аллаһтың мере-келік алаңына, адамзаттың у-шуына келіп кірдік. Дәлеліміз бен имамы-мыз Аллаһтың қалауы. Жол сілтеуші уәкіліміз көзіміз. Көзімізді ашып әлемге қарадық. Алдыңғы келуіміз есіңе түсті ме?

Қараусыз, ғаріп күйде қалған едік. Жауларымыз көп еді. Қорғаушы-мызды білмеген едік. Енді иманның нұры арқылы, жауға қарсы тұра-тындығымызға сеніміміз мол. Сенім артқан қорғаушымыз жауларымызды жеңіп береді. Аллаһқа деген иманымыз рухымызға сәуле шашып, өмірімізді нұрландыруда. Жүрегіміз тыныш, жаудан қорықпаймыз. Тіпті бізге қарсы тұрар жау да жоқ.

Алдыңғы ретте ар-ожданымызды тыңдап көргенбіз. Зар еңіреп жы-лаған даусын естігенбіз. Содан бәлеге қалдық. Арман, тілек, қабілет, сезім дегендер әрқашан да мәңгілікті аңсайды. Оның жолын таппаған едік. Біз жол таппаған соң олар зар еңірейді.

Ал енді, Әлхамдуллиллаһ, жарылқаушымызды таптық. Қабілеттеріміз бен арман тілектерімізге жан бітіріп оларды мәңгілікке қарай самғатуда. Оларға жол көрсетуде, қабілеттерді арттыруда.

Демек, көмек беріп, өмір суын беруде. Қабілеттер кемелдену үшін ынта жігер, дұға құлшылық арқылы алға ұмтылуда. Иман шарттарының екіншісі: Қайта тірілуге сену. Мәңгілік бақыттың асыл қазынасы - Иман, Дәлелі - Құран. Ождан - адами бір сыр.

Енді басыңды көтеріп, мына әлемге қара, онымен сөйлес. Алдыңғы жолы өте қорқынышты болып көрінді. Ал қазір күлімдеп қарап тұр. Құлшылық пен қуаныштан туындаған әсем әуен шартарапқа тарауда.

Көрмейсің бе? Көзіміздің назары бал жинаған арадай әсемдіктерге қарай ұшуда. Әлем - бау-бақша. Айнала гүлге толы, әрбір гүл оған шырын ұсынуда.

Дос көңілмен жұбаныш, махаббат сыйлауда. Ол да шырыннан шәһадат балын жасайды. Балдың ішіндегі ең тамаша балды жасайды.

Аспан денелерінен жұлдыздарға немесе күндерге қарасақ, Жаратушының хикметтерін көрсетуде. Ғибраттың негіздері мен мейірімділіктің көріністеріне қанат бітіруде. Күн біздерге мынаны

— 229 —

айтып тұрғандай: «Ей, бауырлар! Қорқыныштан жандарыңды қинамаңдар. Қош келдіңдер! Бұл жер сіздерге арналған, мен де сендерге жарық берушімін. Мен де сендер сияқтымын, бірақ әмірлерге бағынамын, оған қарсы келмеймін. Ахад, Самад жаратушы өз мейірімімен мені сендерге нұр шашушы қызметші етіп қойды. Менен жылу мен жарық, сендерден намаз бен дұға». Немесе айға қараңдар! Жұлдыздардың әр қайсысы өзіне тән тілдерімен «Қош келдіңдер!» - дейді. "Қош келдіңдер бізді танымайсыңдар ма" дейді.

Өзара көмек сырына назар аудар. Әлемдегі жүйелілікке зер сал, тыңда. Кез келгені былай дейді: «Біз де қызметшіміз. Аллаһтың мейіріміне айна болудамыз. Еш өкінбеңдер, бізден де қорықпаңдар». Зілзаладан шыққан дауыстардан, құбылыстардағы дыбыстардан қорықпаңдар, уайымға салмасын. Ол дыбыстар, әлгі құбылыстар салған зікірдің, тартқан тәсбихтың, жасаған дұғаның дыбыстары. Бұл нәрселердің барлығының да тізгіні сізді бұл жаққа жіберген Аллаһтың қолында. Иман көзімен қараған, жүздеген мейірім аяттарын оқи алады. Бұлардың әр қайсысы жеке бір ән.

Ей, көкірек көзі оянған мүмин! Енді көзіміз бір ауық дем алсын, олар-дың орнына құлағымызды иманның мүбәрак қолына тапсырып, жер бетіне жіберейік. Тамаша бір әуен тыңдасын.

Алдыңғы жолы жаппай зар-еңіреу, жаназа басындағы жоқтау болып естілген дауыстар қазір, дұға мен намаздан, құлшылық пен тәсбих тарту-дан шығып жатқан дыбыстар екендігі белгілі болуда.

Тыңда, желдің гуілі, құстың сайрауы, жаңбырдың шыпылы, теңіздің шуылы, күннің күркіреуі, тастардың тықыры бәрі де өте мағыналы. Желдің әуезді үні, көктің күркүрі, толқындардың әуені өздерінше бір зікір. Жаңбырдың сытыры, құстардың сайрауы Аллаһтың мейірімін ұлықтап, тәсбих тарту, аз сөзбен (дыбыспен) көп мағынаны жеткізу.

Заттардағы дыбыстар бар болудың белгісі. Мен де бармын дейді. Үнсіз тұрған жаратылыс «Бізді жансыз деп ойлама, ей, зар жақ адам» деп, жар салып тұрғандай.

Құстарды сөйлететін нығметтердің ләззаты немесе мейірімнің төгілуі. Неше түрлі дыбыстар арқылы Аллаһтың мейірімін мадақтауда. Нығметтердің арқасында, шүкір арқылы самғап ұшар.

— 230 —

Олар мынадай белгі беруде. Ей, жаратылған бауырлар! Халіміз қандай тамаша. Мейіріммен бағылып жатырмыз, жағдайымыз қуанарлық жағдай деп, үшкір тұмсықтарымен аспан әлеміне ән шашуда.

Бүкіл әлем ұлы музыкалық шығарма тәрізді. Зікірлер мен тәсбихтың дыбысын иман нұрымен естиді. Өйткені, даналықпен жасалып жатқан істер кездейсоқтықты жоққа шығарады. лы жүйе уайым туғызар нәрселерді аулаққа қуып жібереді.

Ей, жолдас! Енді мына мысал әлемінен шығайық, қиялды қойып, ақыл алаңына тұрайық. Екі жолды таразыға салып, салмакта.

Алдыңғы реткі ауыр жолымыз Аллаһтың қаһарына ұшырағандар мен адасқандардың жолы. Ол жол жан дүниені азапқа салып, бүкіл сезімдерге ауыр соққы береді. Сана бұны көрсетіп береді. Санаға қарсы әрекет жасап жүр екенбіз.

Бұлардан құтылуға да мұқтажбыз. Не ол сезімдерді сабасына түсіру керек немесе сезбеу керек, әйтпесе, шыдай алмаймыз. Зар-еңіреулерге құлақ шыдамайды. Ал хидаят жолы, тура жол болса, ол - шипа.

Әуестік, сезімді билеп алады. Сезімдерге жұбаныш керек. Ол да уақытша ұмытуды (ғапылдықты) талап етеді. Бір нәрселермен ай-налысқысы келеді. Ол да көңіл көтеруді қалайды. Әуестік пен құмарлық - сиқырлап тастайды. Мақсаты қайғыларды сезбесін деп, ар-ожданды ал-дау, рухты ұйықтатып тастау. Әйтпесе, ауыр қайғыдан жан дүниесі өр-теніп кетер. Ащы зарға шыдау мүмкін емес. Демек, тура жолдан қаншалықты ұзақтай түссе, осындай ауыр жағдай арта береді, ар-ожданның жан дауысын шығарады.

Әрбір ләззаттың ішінде біршама қайғы-зар бар. Демек, әуестік, қызыққұмарлық, қазіргі мәдениеттен туындап жатқан ойын-күлкі, мына адасушылықтан шығып жатқан қорқынышты қайғыларға уақытша өтірік ем, естен тандырушы у.

Ей, ғазиз бауырым! Екінші жолда, сол бір нұрлы жолда басқа бір сезімге бөлендік. Сол сезім арқылы өмір сол ләззаттардың бұлағына айналуда. Қайғылар қуанышқа айналады. Екеуінің дәрежесі екі түрлі екенін білдік. Иманның беріктігіне қарай рухқа да ләззат береді. Дене рух арқылы ләззат алады. Рух ар-ождан арқылы ләззат алады.

— 231 —

Ар-ожданның ішінде тез берілер бақыт, қуаныш бар. Жүрегіңде рухани жұмақ бар. Ойлану - тереңдерге жеткізеді. Сана - жасырын сырлардың белгісі.

Ендігі жерде, көкірек көзі ашылған сайын, ар-ождан әрекет жасаған сайын, рух оны сезген сайын ләззат арта түседі. Оты нұрға, қысы жазға айналады. Ар-ожданда пейіштердің есігі ашылып, әлем жұмаққа айналады. Рухымыз ішінде сұңқардай самғап ұшатын болады. Көтерер жел - намаз бен дұға.

Ей, ғазиз жолдас! Бірге дұға етейік. Енді Аллаһқа аманат.

اَللّٰهُمَّ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَق۪يمَ اٰم۪ينَ
— 232 —

МАЗМ НЫ

-Маңызды бір сұраққа жауап .................................................... 5

-Бірінші Сөз ............................................................................... 11

-Екінші Сөз ................................................................................ 14

-Үшінші Сөз .............................................................................. 17

-Төртінші Сөз ............................................................................ 20

-Бесінші Сөз ............................................................................... 22

-Алтыншы Сөз ........................................................................... 25

-Жетінші Сөз .............................................................................. 30

-Сегізінші Сөз ............................................................................ 35

-Он екінші Сөз ........................................................................... 42

-Он үшінші Сөздің он екінші бөлімі ....................................... 44

-Бір топ жастарға берілген дәріс яки нұсқау .......................... 48

-Он үшінші Сөздің екінші бөлімінің түсіндірмесі.................. 52

-Қадір түні ойыма келген маңызы зор мәселе ........................ 60

-Бейқам жанға бір тоқпақ немесе ғибрат болар бір сабақ ..... 62

-Он жетінші Сөз ......................................................................... 64

-Жүрекке парсыша келген бір мінәжат .................................... 68

-Бірінші жапырақ ....................................................................... 79

-Екінші жапырақ ........................................................................ 80

-Жиырма үшінші Сөз ................................................................ 81

-Жиырма үшінші Сөз Екінші бөлім.......................................... 92

-Жиырма төртінші сөзден. Бесінші бұтақ ............................... 108

-Жиырма бесінші Сөзден. Екінші шағылыс ........................... 117

-Оныншы мәселенің қорытындысы ........................................ 124

-Жиырма алтыншы Сөзден ...................................................... 127

-Отызыншы Сөзден .................................................................. 132

-Отыз екінші Сөзден ................................................................. 148

-Бірінші Лема ............................................................................ 157

-Он жетінші Лемадан ............................................................... 161

-Жиырма төртінші Лема ........................................................... 168

-Бірінші Мектубтың төртінші сұрағы...................................... 173

-Тоғызыншы Мектуб ................................................................. 176

-Жиырма тоғызыншы мектубтан ............................................. 180

-Жастар шырағынан .................................................................. 184

-Ойға кенеттен келген маңызды мәселе .................................. 187

-Миуа рисалесі .......................................................................... 188

-Үшінші мәселе ......................................................................... 192

-Төртінші мәселе ....................................................................... 197

-Сегізінші мәселенің қорытындысы ....................................... 200

-Әл-Хүджәт-үз-Зеһраның екінші тарауы ................................ 207

-Жиырма тоғызыншы Лемадан ............................................... 212

-Лематтан Рухани әлемдегі жиналыста .................................. 220

-Нағыз қайғы имансыздықта, нағыз бақыт иманда............... 226