АЛТЫНШЫ ШУАҚ
(жалғасы бар) деген сөздердің екі нүктесіне қатысты екі сұрақтың жауабы. Тәшәһһүдтың басқа ақиқаттары жайлы баянды басқа уақытқа қалдырып осы "Алтыншы Шуақта" жүздеген тұжырымнан тек "Екі Тұжырым" қысқаша баяндалмақ.]
Бірінші сауал: Тәшәһһүдте яғни намазда отырған кезде оқылатын дұғаның сөздері миғражда Хақ Тағала мен Расулуллаһ арасындағы сұхбат бола тұра, оның намазда оқылуының хикметсырын ашып берсеңіз.
Жауабы: Әрбір мүминнің намазы оның бір мағынада миғражы боп есептеледі. Енді ол құзырға, сол жағдайға үйлесімді лайық сөздер әрине Мұхаммед алейһиссалату уәссәламның ұлы Миғражында айтқан сөздері болмақ. Оны айтқан кезде сонау құдси мағына, киелі сұхбат еске түседі. Еске түскенде ол мүбәрак сөздердің мағыналары тереңдеп күллі мағынаға ие болып манағы ауқымы кең, киелі терең мағыналар жанданып, ойға оралуы мүмкін. Осылайша жәй амалдың қадір-қасиеті артып, нұры жарқырай түспек.
Мәселен, Пайғамбарымыз Мұхаммед Алейһиссалату уәссалам, сол Миғраж түнінде Хақ Тағалаға сәлем сөзінің орнына اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ "Әттахияту" деді, яғни, "Барлық жандылардың тіршілік ету арқылы жасап жатқан "хаяти-тәсбихаттары" мен шебер Иесіне ұсынған табиғи сый-сияпаттары Уа, Раббым! Тек саған арналады. Мен дағы, соның бәрін қиялыммен әрі иманыммен өзіңе ұсынамын".
Иә, Ардақты Пайғамбарымыз اَلتَّحِيَّاتُ деген кезде бүкіл тіршілік иелерінің табиғи ғибадаттарын, олардың өздеріне тән төл құлшылықтарын ниет етіп Жаратқан Иесіне ұсынған-ды.
Сондай-ақ, "тахияттың" өзегі, оның мазмұны болып саналатын اَلْمُبَارَكَاتُ сөзі арқылы барлық берекеге себеп нәрселердің, құтты және "бәрекелді" дегізетін, мүбарак саналған және тіршіліктің және жанды мақұлықтардың мазмұны болған жаратылыстың әсіресе дәнтұқымдардың, жұмыртқалардың табиғи берекеттігін, олардың өзіне тән құлшылықтарын ниет етіп осындай терең мағынада айтқанды.
Және берекелі нәрселердің мазмұны болып есептелетін اَلصَّلَوَاتُ сөзімен де жандылардың қорытындысы болып саналатын барлық рух иелерінің өзіндік ғибадаттарын ойлап Аллаһтың дәргейіне әлгіндей терең мағынада ұсынған. Және اَلطَّيِّبَاتُ сөзі арқылы да рух иелерінің қорытындылары саналатын кәміл адамдардың және мұқарриб яғни Жаратқанға жақын періштелердің салауатының қорытындысы болып табылатын "таийбат" сөзі арқылы олардың нұрлы да құнды ғибадаттарын ниет етіп Мағбудына яғни табынатын Жаратқан Иесіне арнап ұсынған екен. Сондай-ақ, қалайша сол түні Аллаһ Тағала тарапынан деуінің сыры:
Болашақта жүздеген миллион адамдардың әрқайсысы күн сайын ең болмаса он рет: اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا اَيُّهَا النَّبِىُّ деп айтуын әмір еткендей мағына жатыр және әлгі Иләһи сәлем ол сөзге үлкен нұр сыйлап терең мағынаға ие қылады. Дәл сол секілді Расулуллаһтың (с.а.у.) ол сәлемге жауап ретінде اَلسَّلَامُ عَلَيْنَا وَعَلٰى عِبَادِ اللّٰهِ الصَّالِح۪ينَ деуі де тегін емес. Ол, болашақта саны көп үмметі және үмметінің ішіндегі салих, ізгі жандар Аллаһтың сәлемін тәмсіл ететін Исламиятты қабылдауын қалап және дін Исламның жалпы белгісі болған мүминдер арасында اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ وَ عَلَيْكَ السَّلَامُ сөзінің кең таралып үмметі оны әрдайым айтып жүруін өтіне сұрап Раббысынан соны қалағанын байқаймыз, бұл бізге соны білдіреді, соны еске түсіреді. Және сол сұхбатқа қатысқан хазіреті Жәбрайіл періште Аллаһтың әмірімен сол түні:
деуінің мәнісі, бүкіл үммет қияметке дейін осылай шәһәдат ететінін және осы сөзді айтып жүретінін сүйіншілеп хабар береді. Осы киелі сұқбатты еске алу арқылы айтылған сөздер жарқын да терең мағынаға ие болады.
Бірде, жалғыздықтың қараңғы қыспағында, қараңғы түнде, зұлыматты ғапылдық басқан кезде мына ғалам қиялыма жансыз, меңіреу, өлі, бос әрі қорқынышты боп бейне бір үрейлі мәйіт секілді көрінді. Өткен шақ та із-түзсіз жоқ болып, қирап, астан-кестен болғандай елестеді. әлгі сансыз мекен, шексіз заман қараңғы тас түнек қорқынышты еді. Мен бұл жағдайдан құтылу үшін намазға тұрдым. Тәшәһһүдте отырып: اَلتَّحِيَّاتُ деген кезімде кенет әлем жанданып тірі де нұрлы бейнеге енді. Сөйтіп Хаий-ы Қаюм Аллаһтың жарқын айнасына айналды. Барлық жанды бөлшектерімен бірге тіршіліктерінің алғыссыйлықтарын, кәделерін әрдайым Зат-ы Хаий-ы Қаюмға ұсынып жатқандарын ғылм-әл яқин тіпті хаққ-ал яқин білдім, көрдім.
Сосын: اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا اَيُّهَا النَّبِىُّ деген кезімде әлгі шексіз тұңғыйық бос заман әп-сәтте Пайғамбарымыз Мұхаммед Алейһиссалату уәссаламның қол астында, жан-жануарлар, рух иелерімен әлгіндей қорқынышты жағдайда емес, жанға жағымды бейнеге енді.
Екінші сұрақ:
Тәшәһһүдтің соңында:
дұғасындағы "тәшбиһ" яғни теңеу, теңеудің ережелеріне үйлеспейді. Себебі, Мұхаммед алаейһиссалату уәссалам Ибраһим алейһиссаламнан әлдеқайда Аллаһтың рахымына бөленген жан, мерейі үстем. Бірақ бұлай айтылуының сыры не?
Һәм, мұндай салауаттың тәшәһһүдте оқылуының хикметін айтып берсеңіз. Дәл осы дұғаның бұрыннан бері және барлық намазда қайталануы неліктен? Негізінде дұға бір рет қабыл болса жетпей ме? Оны миллиондаған есе ірі тұлғалар, мақбұл жандар қайта-қайта сұрап, дұға етеді әсіресе ол дұға Аллаһтың уәдесі болса.... мысалға, عَسٰى اَنْ يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَحْمُودًا дұғасын алайық. Мұнда сұралып жатқан нәрсені Аллаһ Тағала беретінін өзі уәде еткен. Бірақ, әрбір азан мен қаматтан кейін бізге жеткен дұғада:
وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًاۨ الَّذ۪ى وَعَدْتَهُ деп, бүкіл үммет Аллаһ тарапынан уәде етілген нәрсенің орындалуы үшін дұға етеді. Мұның хикметсырын ашып берсеңіз?
Жауабы: Бұл сұрақтың үш тармағы бар және үш сұрақ туындайды.
Бірінші тармағы: Хазіреті Ибраһим алейһиссаламның мәртебесі Мұхаммед алейһиссалату уәссаламға жете алмайтыны рас. Дегенмен, оның ұрпағы әнбия яғни пайғамбарлар. Ал, Мұхаммед алейһиссалату уәссаламның ұрпағы әулиелер. Әулие ешқашан әнбияға жете алмайды. Ал, оның әулетіне жасалған дұғаның жарқын түрде қабыл болғанына дәлел мынау:
Үш жүз елу миллионның ішінен Әл-і Мұхаммед алейһиссалату уәссалам яғни Ардақты пайғамбарымыздың ұрпағынан тек екі кісінің яғни Хазіреті Хасан мен Хусейіннен (р.һ.) тараған әулиелер - жалпы алғанда - ақиқат жолының және тариқаттың пірлері, мүршидтері солар болып, عُلَمَاءُ اُمَّت۪ى كَاَنْبِيَاءِ بَن۪ى اِسْرَائ۪يلَ "Менің үмметімнің ғалым-ғұламалары Исраил ұрпағынан шыққан нәбилер секілді!", (әу кәма қал) деген хадисті іс жүзінде растаған. Әу баста, Жағфар-ы Садық (р.һ.), Ғаус-ы Ағзам (р.һ.), Шаһ-ы Нақшибенд (р.һ.) сынды ірі тұлғалардың әрқайсысы үмметінің басым көпшілігіне хақ жолды көрсетіп, Ислам ақиқатын түсіндірген. Міне, олар арапша "Әл" яғни Пайғамбарымыздың ұрпағы жайлы жасалған дұғаның қабыл болғанына дәлел.
Екінші тармағы: Мұндай салауаттың намазда оқылуының хикметіне келер болсақ; Адамзаттың көшбасшылары және олардың да бетке тұтар нұрлы да кәміл, жетекшілері әнбия мен әулие бастаған ұлы керуеннің сара жолы еске түсіп, өзінің де сол хақ және адасуы мүмкін емес сара жолда екенін, үлкен көштің соңынан ергендігін, ұстанған бағыты дұрыс, тура жолда екенін еске алады. Мұндай ой, адамды шайтани шүбәлардан, жаман ойлардан құтқарады.
Иә, ол ұлы көш, әлемді жаратқан Аллаһтың достары, сенімді құлдары екенін ал, оларға қарсы шыққандар болса Аллаһтың дұшпандары әрі қабылданбайтын жаратылыс екенін дәлелдеу керек болса, сонау Адам атадан бері әлгі ұлы көшке әрдайым ғайби инает яғни тосыннан жәрдем келіп құтқарылғаны, ал қарсыластарына әрқашан аспани бәлелер келгені мәлім.
Иә, Нұх қауымы, Сәмуд пен Ад және Перғауын мен Нәмруд халқы секілді барлық қарсыластар Иләһи қаһарға ұшырап сазайын тартқаны белгілі және ұлы көштегі Нұх пайғамбар, Ибраһим алейһиссалам, Мұса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалату уәссалам сынды барлық киелі ержүрек ардақты жандардың таңғажайып, мұғжизалы, ғайби түрде Аллаһтың жарылқау-ихсанына бөленгеніне тарих куә.
Бір ғана шапалақ ашуланғанды, бір ғана сый-икрам сүйіспеншілікті білдіретін болса, мыңдаған ашулы ескертпелер, ал мыңдаған сыйсияпат, жәрдемдер хақ жолында жүргендерге берілуі күндізгідей ашық түрде олардың жолы хақ әрі тура екенін көрсетеді, дәлелдейді. "Фатиха" сүресіндегі صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ аяты сол топты мегзейді, ал غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَ لَا الضَّالّ۪ينَ аяты болса қарсыластарды суреттейді. Бұл жерде баяндалған тұжырым Фатиха сүресінің соңында әлдеқайда анық көрінеді.
Үшінші тармағы: Сөзсіз берілетін нәрсені мұнша қайталап, сұраудың хикмет-сыры болса: Сұралып отырған нәрсе "Мақам-ы Махмуд" яғни Ардақты Пайғамбарымызға уәде етілген шапағат шыңы. Оны бір ұш немесе өте үлкен әрі мыңдаған Мақам-ы Махмуд секілді ұлы ақиқаттарды қамтитын бір бұтақ немесе ғалам жаратылысының ең үлкен нәтижесінің бір жемісі деп қарайтын болсақ, сол соңғы ұшты, сол бұтақты, сол жемісті дұға етіп сұрау дегеніміз, жалпыға ортақ терең ақиқаттың жүзеге асуын, расталуын және әлем ағашының ең ірі бұтағы болған мәңгі әлемнің орнауын сұрау, ақиқатқа айналуын тілеу және ғаламның маңызды нәтижесі болған хашир мен қияметтің болуын, мәңгі бақи бақыттың орнауын қалау деген сөз. Осылайша, намазхан пенде сағадат мекені мәңгі жәннаттың басты себебі болып табылатын манағы ауқымды да күлли адами құлшылыққа, пендеуи киелі дұғаға өзі де қосылған болып есептеледі. Мұндай шексіз ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін мұнша шексіз дұғалар мен жалбарыну әрине аз болмаса артық болмайды.
Һәм, Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) "Махмуд мақамының" берілуі деген, оның барлық үмметті қамтитын ұлы шапағатының хақ екеніне ишара. Әрі Ол, жаппай үмметінің бақытты болғанын қалайтын, алаңдайтын мейірбан жан. Сондықтан, өзіне шексіз салауат пен Аллаһтан рахым сұрайтын дұғаларды үмметінен күтуі өте орынды, нағыз хикмет, толық даналық.