ЖЕТІНШІ ШУАҚ
Бұл рисаленің бес жүз нұсқасын он жыл бұрын Денизли қаласының жоғары соты мен Анкара жоғары соты екі жыл бойы зерттеп ақырында айып тағарлық себеп табылмағандықтан кітаптарымызды қайтарып беру туралы шешім шығарған болатын. Ол шешім, бұл кітапшаның мына заманғы сұмдық пәлекеттердің бетін қайтаратын Құрани ақиқат, мықты қорған екенін көрсетеді. Сондықтан, осы рисалені мына мүбәрак қаланың әділет басқармасына, әкімшілігіне және қауіпсіздік органдарына ұсынғанды жөн көрдік. Қабыл алса жаңа әріппен бастырып таратпақ ойымыз бар. Осылайша елімізге сырттан келетін қауіп-қатерден отандастарымызды құтқарғамыз келеді.
Өткен жолы осы рисалені мұқият оқып шықтым. Шынымен-ақ, Хазіреті Алидің (р.һ.) және әулиелердің бұл туралы ғайби хабар беруіне тұрарлық мақбұл кітап екеніне көзім жетті. Олай болса біздің мына абақтыда азап шегіп қиналғанымыз оның қасында түк емес деп ұйғардым. Сол үшін бауырларым, түрмеге қамалғанына қиналып, уайымдап, шағымданбасын. Оның орнына сабыр сақтап көтеріңкі көңіл, шүкір етуіміз керек деп ойлаймын.
Бұл құнды рисалені әркім әрбір тақырыбын бірден түсіне қоймас. Дегенмен мүлдем құралақан қалмайды, бұйырған пайдасын көреді. Үлкен бау-бақшаға кірген адам бақтағы жемістерді түгел жинап ала алмасы анық. Бірақ қолы жеткенінше пайдаланады емес пе?! Өйткені, ол бау-бақша тек ол үшін емес, бойы ұзын, қабілеті жоғары кісілерге де арналған. Бұл рисалені түсіну қиын болуының себебі...
Біріншіден; Өзіме ашылған ақиқаттарды ой-өрісіме ыңғайлап, өзім үшін жаздым. Басқа кітаптар секілді басқаларды ойлап олар үшін жазбадым.
Екіншіден; Исм-і Ағзамның шуағымен "шынайы тәухид" ауқымды түрде көрініс тауып, жоғары мәртебеде жазылғандықтан мәселе өте терең әрі ауқымды да ұзақ. Сондықтан, әркім бірден қамтып түсіне қоюы қиындау.
Үшіншіден; Әрбір тақырып терең, ал ішіндегі ақиқат ауқымды. Оны бөліп-жарып мағынасын бұзбау үшін күрделі сөйлемдер құруға тура келді. Бір ғана дәлелдің өзінде көптеген алғы шарттар, сөз тіркестері, кіріспелер жазылды.
Төртіншіден; Мәселелердің әрбірінің көптеген айғақтары болғандықтан кейде он, кейде жиырма айғақты біріктіріп бір айғақ жасауға тура келеді. Сөйтіп, мәселе біраз ұзап кетті, қысқа түсінікпен тұжырымдау қиын.
Бесіншіден; Қасиетті Рамазанның берекетімен осы рисаленің нұрына бөленіп, сонымен қатар бірнеше себептен жағдайым мүшкіл әрі сырқаттанып қалғандықтан өзімді әлсіз сезініп, оның үстіне жылдам жазылды әрі алғаш шимай халінде кітап боп жарыққа шықты. Һәм, жазылып жатқанда еркімнен тыс болып жатқанын байқадым. Кейін, оны өзімнің ой-пікіріммен реттеп, қайта түзетуді жөн көрмедім. Сол үшін де түсіну қиындау болар. Әрі, жазбада арапша сөз тіркестері көп кездеседі. Тіпті, "Бірінші тарауы" толығымен арапша болғандықтан жазбадан алынып, өзінше бөлек жазылды. Мұндай кедергілері және түсінуді қиындатын осындай бес себебі бола тұра бұл рисале өте құнды әрі маңызды. Маңызды болғаны үшін Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) ғайби кәраматымен "Аят-ул Күбра" және "Аса-и Мұса" деп айдар тағып, Рисалей-Нұрдың кітаптарының ішінен осы рисалеге айрықша мән беріп назар аудартыпты {(Сілтеме): Иә, Хазіреті Алидің (р.һ.) "Аят-ул Кубра" жайындағы хабары тура Денизли оқиғасы арқылы расталды. Өйткені, бұл рисаленің жасырын бастырылуы біздің үстімізден іс қозғалып, қамалуымызға себеп болған-ды. Бірақ оның киелі де терең ақиқаттары өзінің үстемдігін көрсетіп біздің сотта ақталып, абақтыдан шығуымызға себеп болды. Осылайша Хазіреті Алидің (р.һ.) ғайби кәраматын соқырларға да көрсетті. Оның бізге де қатысты وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ деген дұғасының қабыл болғанын дәлелдеп тұрып көрсетті.} "Әл-аят-ул Күбраның" нағыз тәпсірі болған бұл "Аят-ул Күбра" рисалесі Хазіреті Алидің атауы бойынша "Аса-и Мұса" деп аталатын "Жетінші Шуақ" кітабы.
Бұл "Жетінші Шуақ" бір кіріспе, екі тараудан тұрады. Кіріспеде маңызды төрт мәселе қамтылған. Бірінші тарау "Аят-ул Күбраның" арапша бөлімі. Екінші тарауында сол арапшаның дәлелдері мен тәржімесі, қысқаша мағынасы баяндалады. Төмендегі кіріспе шамадан тыс ұзақтау жазылып, жан-жақты түсініктеме жасалған. Ол да еріксіз болды. Мұны кейбіреулер аз көріп, қысқа деуі мүмкін.
Кіріспе
Бұл ұлы аяттың сыры бойынша адам баласының бұл дүнияға жіберілуінің басты мақсаты, хикмет-сыры әлемді Жаратқан Аллаһты тану және Оған иман келтіру, ғибадат қылу. Жалпы адамның негізгі міндеті, мойнындағы борышы «Мағрифәтуллаһ» яғни Аллаһты тану және «Иман-ы биллаһ» яғни Жаратқанның міндетті түрде бар әрі бір екеніне сеніп иман келтіру, шын жүректен мойындау.
Иә, әу баста табиғатынан мәңгі өмір сүруді аңсайтын, армантілектері сансыз, түрлі уайым-қайғыға кіріптар бейшара адам баласына әлбетте әлгі мәңгі өмірдің іргетасы, бастамасы болып табылатын Иман-ы Биллаһ пен Мағрифатуллаһтан және оған ұйытқы болар себептерден басқа нәрселер, кемелдіктер әлгіндей бейшара адамға қажеті аз, тіпті көбісінің мән-мағынасы жоқ деуге болады. Рисалей-Нұрда бұл ақиқат нақты дәлелдермен баяндалғандықтан сол рисалелерге сілтеме жасап, қазір тек сол нақты иманды бұл ғасырда шайқап, күмән туғызатын қауіпті екі жәйтті қолға алып, төрт мәселеге тоқталамыз.
Бірінші қауіпті жәйт әрі одан құтылудың жолы. Бірақ, бұл да екі мәселеден тұрады.
Бірінші мәселе: Отыз бірінші Мектубтың он үшінші Лемасында егжей-тегжейлі түсіндірілгеніндей, жалпыға ортақ мәселеге келгенде дәлелдеуші адам жоққа шығарушы адамнан басым келеді. Мәселен, Қасиетті Рамазан айында жаңа туған Ай туралы екі қарапайым адам "көрдік!" деп, Айдың туғанын дәлелдесе, ал мыңдаған зиялы, ғалымғұламалар "көрмедік!" деп жоққа шығарса, олардың сөздері есепке алынбай әлгі екі куәгердің сөзіне тоқталады. Себебі, дәлелдеушілер бірін-бірі қуаттап, ұйымдаса алады. Ал, жоққа шығарушылар болса жеке, дара қалып, саны мың ба, біреу ме парқы болмай, жалқы түрде үкім берген болып есептеледі. Өйткені, дәлелдеушілердің көзқарасы
өзара түйісіп, ортақ нүктеде ұштасады. Берілген үкім басқалар тарапынан расталады. Мысалда айтылғанындай біреу шығып: "Аспанда Ай бар!" десе, қасындағы адам дәл сол жерді көрсетіп бір-бірін қуаттап, бірлеседі. Ал, жоққа шығарушылар болса оқиғаны нақты түрде көріп, жалпыға ортақ шешім шығара алмайды. «Себебі, белгілі бір жерге қатысты емес әрі жеке емес, жалпыға ортақ нәрсенің жоқ екені дәлелденбейді, дәлелденуі қиын!» деген қағида бар.
Мәселен, мен дүнияда бір нәрсенің бар екенін айтып дәлелдесем, сен қарсы шығып: "Жоқ!" десең, мен оп-оңай дәлелдейтін әлгі нәрсені сен жоқ екенін дәлелдеуің үшін бүкіл дүнияны шарлап, бәрін аралап көрсетуің керек болады. Тіпті өткен заманға, болашаққа барып, сонда ғана: «Жоқ екен, ондай нәрсе болмаған!» дей аласың.
Сонымен жоққа шығарушылар оқиғаның нақ өзіне (нәфс-ул әмр) қарай алмай, тек өз тұрғысынан, өз ақылына сүйеніп, өз көзімен көріп қана үкім бере алады. Әлбетте, олар бірін-бірі демеп, қуаттай алмайды. Себебі, көріп-білуіне кедергілер әртүрлі болмақ. Әрқайсысы жеке-дара: "Мен көре алмай тұрмын. Менің назарымда жоқ!" десе де: "Нәфс-ул әмрде жоқ, яғни ақиқатында жоқ!" деп айта алмайды. Айтса, әсіресе мұндай жалпыға ортақ, бүкіл әлемдік мәселені, яғни иман шарттарын жоққа шығарып, бекер десе дүниядай үлкен өтірік айтқан болады. Ондай кәпірлік ұғым расталып, әсте дәлелденбейді.
Қорытынды: Бір нәрсенің бар екенін дәлелдегенде шыққан қорытынды бір болады. Өзара ұйымдасып бір нәтиже береді. Ал, жоққа шығарғанда қорытынды біреу емес бірнеше болады. Олардың әрқайсысы: «Мен жақта жоқ, менің ойымша жоқ!» дейтіндіктен нәтиже әркімге қарай өзгеріп, қорытынды да көбейіп кетеді. Бірбірін қуаттап біріге алмаған соң ондай үкім әлсіз, жеке көзқарас боп есептеледі.
Енді, осы ақиқатқа байланысты, иманға қарсы шығатын кәпірлер мен Құдайға сенбеушілердің саны көп болып, сырттай басым көрінуі әсте уайымдайтындай қорқынышты мәселе емес әрі имандылардың наным-сеніміне еш шәк келтірмеуі керек еді. Өкінішке орай, қазіргі таңда Еуропа философтарының иман шарттарын жоққа шығаратын атейістік көзқарасы кейбір батысқұмар бейбақтардың назарында иманын зақымдап, күмәнға салып о дүниядағы мәңгі бақытынан
айыруда. Күн сайын отыз мың адамды алып кететін өлім мен ажалды тура мағынасынан ауытқытып яғни ол құрметті демалысқа шығару бола тұра мәңгіге жоқ болу, жойылу бейнесінде көрсетіп жұрттың зәресін алып, үрейін ұшыруда. Аузы бір жабылмайтын қабірдің де мәнісін мүлдем өзгертіп, дарағашы суретінде көрсетіп өмірдің шырқын бұзып уайым мен қайғыға салуда. Осыдан, имандылықтың қаншалықты қымбат әрі құнды нығмет, өмірдің мәні, үлкен сый екенін түсін!
Екінші мәселе: Қандай да бір ілім не бір өнер саласында бір мәселе туындаса сол саланың тысындағы, ол іліммен қатысы жоқ адамдардың тіпті, ғалым-ғұлама болса да үкімдері, айтқан сөздері есепке алынбайды. Өз саласындағы адамдардың ғана үкімі жүреді. Мысалы, білікті инженер, медицина саласында бір науқасты емдеу тұрғысында жәй бір ауыл дәрігері құрлы үкімі жүрмейді. Сол секілді, материяға әбден беріліп ішінде тұншыққан, руханияттан жұрдай, нұрдан алыс, ақылы көзіне түскен яғни тек көзбен көргеніне ғана сенетін білікті философтың атеиістік көзқарасы, дінге қайшы пікірі руханият саласында мүлдем назарға алынбауы тиіс, ешқашан онымен санаспауы керек-ті.
Апырмай! Өзі жерде тұрып ағзам ғарышты тамашалаған, зеректігіне шек жоқ, тоқсан жыл руханиятта кемелдікке жеткен және иман ақиқаттарын ғылыми түрде дәлелдеген, тіпті көзбен көргендей, тіпті «хаққ-аляқин» түрде меңгерген Шейх-і Гейлани (р.һ.) сынды жүз мыңдаған ақиқатшыл жандар бір ауыздан растаған «тәухид» ұғымы жайлы рухани мәселеге келгенде, әлгі материяның мәнсіз тұңғиық шұңқырына түсіп әбден тұншыққан, ең ұсақ бөлшегіне шейін сүңгіп балщыққа батқан, ақылынан адасқан философтардың атейстік ойлары мен Жаратушыны жоққа шығаратын дінсіз сөздері, жасынның жарқылының жанында шырпы шаққандай өте көмескі болуы керек еді...
Ислам ақиқаттарына қарсы шығатын күпірліктің мәнісіне келер болсақ, ол бір надандық, сенбеу, қабылдамау болып табылады. Сырттай қарағанда дәйекті, бір ілім секілді көрінгенімен ақиқатында қабылдамау, болымсыз нәрсе, ол бір надандық. Ал, иман болса, ол ілім, болымды және дәлелдеу, тоқтам, бір үкім, нақты қарар. Оның жоққа шығарған мәселесінің өзі дәйекті бір ақиқаттың шуағы болып есептеледі.
Егер, иманға қарсы дауласатын бір кәпір мәселені қиындатып, өзінің болымсыз көзқарасын қорғап былай десе: «Сендер айтып жүрген нәрсе жоқ, мен оны дәлелдеп беремін!» десе, мұндай күпірлік белгілі бір мағынада қате ілім, бұрыс үкім боп саналады. Егер: «Мен бұл айтқандарыңды қабылдамаймын, сенбеймін!» десе, мұндай кәпірлік оңай әрі ол надандық, ол бір қарарсыздық боп саналады. Сонымен күпірлік екі түрлі болады.
Біреуі: Ислам ақиқаттарына мүлдем үстірт қарап мән бермейді. Өзіне тән қалыптасқан қате бір түсінігі бар. Соны ғана мойындайды. Бұрысты қабылдап алған, енді одан бастартпайды, бұл залым бір көзқарас. Мұндай күпірлік біздің тақырыбымыздан тыс. Олардың бізбен шаруасы жоқ, біздің де олармен.
Екіншісі: Иман ақиқаттарына қарсы шығып дауласады. Мұндай пікірдегілер екі топқа бөлінеді:
Біреуі: Шындықты қабылдамайтындар. Дәлелдесең де мойындамайтындар. Бұл надандық әрі қарарсыздық. Мұндай кәпірлік оңай. Бұл да біздің тақырыбымыздан тыс.
Екіншісі: Жоқ екенін қабылдап, бұрыс екенін жүрекпен бекітеді. Күпірліктің бұл түрі үкім, әдейілеп берілген қарар, солай екеніне илану болғандықтан мұнысын дәлелдеуге мәжбүр. Жалпы жоққа шығару, сенбеу екіге бөлінеді.
Біреуі: белгілі бір жерге қатысты. Оған өз жағынан қарап, жоқ қа шығарады. Мұндай жоққа шығаруды өзінше дәлелдеуге болар, бірақ бұл да тақырыбымыздан тыс.
Екіншісі: Бүкіл әлеммен қатысты, жалпы дүнияға, уақытқа, ақыретке байланысты киелі имани, жалпыға ортақ күлли мәселелерді жоққа шығару. Міне, күпірліктің мұндай түрі -бірінші мәселеде баяндалғанындай - ешбір тұрғыдан дәлелденбейді, дәлелдеу мүмкін емес. Ол үшін бүкіл әлемді қамтитын, ақыретті көретін, шексіз уақыттың әртарапын ішіне алатын ауқымы кең назар қажет. Сонда ғана мұндай күпірлік дәлелденбек.
Екінші қауіпті жәйт және одан құтылудың жолы: Бұл да екі мәселеден тұрады.
Біріншісі: Мәселе шексіз ауқымды да терең ұлық болғандықтан ғапылдықтан немесе күнәға батудан немесе материяға әбден
берілгендіктен ақыл-парасаты таязданып, ауқымы кең мұндай шексіз ұлық мәселелерді қамтып, қорыта алмай, өзіндегі ілімнен пайда болатын менмендікке салынып сенбей, жоққа шығарады.
Иә, руханияттан жұрдай, су болып кеткен миларына, таяз ақылдарына, қараңғы жүректеріне мағынауи, ауқымы кең, имани мәселелерді сыйғыза алмай, жоққа шығарып тура жолдан адасып кәпір болады, ақырында өзін жоғалтады. Егер адам, өзінің кәпірлік ұғымына, оның астарына, адасудың не екеніне бір сәт үңіліп қараса имандылықтың ақылға өте қонымды, көңілге де жататынын аңғарып, керісінше күпірліктің мүлдем қисынсыз, ақылға қайшы екенін білер еді. Рисалей-Нұр жүздеген теңеу-тәмсілдермен салыстыра отырып бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай анық дәлелдеген болатын. Иә, Нұр рисалелері Аллаһ Тағаланың ешқандай шартсыз, себепсіз бар екенін, Оның жалғыз, дара әрі әзәли, мәңгі екенін, Оның ұлық есім-сипаттарын қабылдамаған адам, я барлық нәрсеге тіпті сансыз зәррелерге құдайылық киелі сипаттарды беруге мәжбүр болатынын немесе ақымақ "софестаий" ағымы секілді өздерінің болмысын һәм әлемнің болмысын жоққа шығаратындай дәрежеде ақылдан бас тартулары керектігін нақты түрде ортаға қояды.
Міне, Имани, Ислами ақиқаттар жүрегі таза, ақылы-есі түзу жандарға өзіне тән ұлықтығымен, толық әрі нақты түрде қонып, жүрекке орналасады. Әйтпесе адам ақылға сыймайтын аңызертегілерге иланып, қою қараңғы надандыққа салынады. Иә, азан, намаз секілді Ислам дінінің дәстүрлерінде жиі кездесетін
"Аллаһу Әкбар" сөзі Аллаһтың ұлықтығы мен шексіз алыптығын көңілге қондыру үшін әрқашан тәухидті жар салып, жиі қайталанады.
Сондай-ақ, اَلْعَظَمَةُ اِزَار۪ى وَ الْكِبْرِيَاءُ رِدَائ۪ى деген киелі хадистің бұйырғанындай һәм, "Жәушән-ул Кәбир" атты аса керемет Мұхаммеди (с.а.у) мінәжаттың сексен алтыншы тармағында:
деп Жаратқан Иемізді өте көреген ғажап түрде сипаттаған кезде Ағзамет (ұлықтық) пен Кибрия (шексіз алыптық) өте орынды перде екені байқалады.
Аят-ул Күбра
Жаратқан Иесін әлемнен сұраған бір жолаушының көріпбілгендері.
[Осы ұлы аят секілді көптеген Құран аяттары мына ғаламның Жаратушысын таныстыру тұрғысынан әрдайым және әркімнің таңғала қарап, қызықтайтын өте жарқын тәухидтың көрнекі парағы боп табылатын көк аспанға назар аудартады. Олай болса біз де әуелі содан бастағанымыз жөн болар].
Иә, бір мемлекетке яки бір мейманханаға ұқсайтын мына дүнияға келген әрбір қонақ, көзін ашып қарағанда көретіні:
Өте жомарт біреудің жайған дастарханы тәрізді немесе өте шебер біреудің көрмесі яки өте айбынды әскердің мекен-жайы, тәлімтәрбие жері немесе көрген жанды бейжай қалдырмай шабыт беретін таңғажайып серуен жай немесе мағынасы терең, хикметке толы зерттеу орны секілді. Енді, ол қонақ мына тамаша мейманхананың иесін және мына алып кітаптың жазушысын және мына алпауыт мемлекеттің Сұлтанын танып білгісі келіп тағатсыздана бастайды. Оған ең бірінші болып аспанның ашық та нұрлы жүзі күлім қағып былай дейді: "Бері қара! Танып білгің келіп жүргеніңді мен таныстырайын!" дейді. Қараса: Аспан денелерінің кейбірі жер шарынан мың есе үлкен және ол алып денелердің кейбірі зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалады әрі саны жүз мыңнан асады. Олардың ешбірін тіреусіз, бірбіріне соғыстырмай тым жылдам әрі бәрін бірге қозғап отырған және әлгі сансыз алып шамдарды әрдайым жанармайсыз жағып, сөндірмей тұрған, еш дыбысын шығармай, қақтығыстырмай басқарып отырған және оларға Ай мен Күн секілді белгілі бір міндет жүктеп, әсте қарсыластырмай бағындырып отырған, және ешбір өлшем бірлігіне
сыймайтын әлгі бір-бірінен қашық орналасқан шексіз алып денелерді бір уақытта, бір қуатпен, бір әдіспен барлығын бірге мұқият дәл реттеп, және мұндай алып әрі аса қауіпті, жойқын қуатты денелерді шамадан асырмай заңына мүлтіксіз бағындырған және ондай саны көп нәселерден пайда болатын күл-қоқысқа, қалдықтардың жиналып ғарыш кеңістігін кірлетуге әсте жол бермей мұқият қадағалап, аспанды көкпеңбек мөлдір қылып тазартқызып отырған және тәртіпті қалың әскердің жаттығуы секілді сан-құбылтып, жерді шыр айналдыру арқылы әлгі әскери жаттығуға ұқсас аспан құбылысын әртүрлі бейнеде, әрбір түн мен әрбір жылды бейне бір киноленталар тәрізді көрермен пенделеріне үздіксіз көрсетіп отырған Рубубиеттің көрінісі және сол рубубиеттің қызу жұмысы кезінде байқалатын «тәсхир» (бағындыру), "тәдбир" (іс-шара), "тәдуир" (айналдыру), "танзим" (реттеу), "танзиф" (тазарту), "таузиф" (міндет жүктеу) секілді істерді қамтитын ауқымды ақиқат, өзінің ұлықтығы мен алыптығы жағымен осы аспанның Жаратушысының міндетті түрде бар екенін және Ол жалғыз, әрі біреу екенін, Оның болмысы аспанның болмысынан әлдеқайда анық екенін көзге шұқып тұрып көрсеткендей куәлік етеді. Осы мағынаны білдіретін бірінші мақамның бірінші баспалдағында былай делінген болатын:
Сосын, дүниеге белгілі бір мақсатпен келген әлгі жолаушы қонаққа "джәуу-і сәма" деп аталатын, ғажайып махшарға ұқсайтын аспанның жұлдыздар орналасқан кеңістігі "фәза" күркіреген үнімен дауыстап былай дейді: «Маған қарашы! Сенің қызыға іздеп жүрген және сені осы жерге жіберген құдіретті мен арқылы танып, табуыңа болады!»
Әлгі қонақ оның сұсты дегенмен мейрімге толы жүзіне қарайды. Қорқытатыны рас, алайда сүйінші хабар әкелетіндей жыла шырай түрі бар. Құлақ асып тыңдап, көзін ашып қарап еді, қараса; жер мен аспанның ортасында қалықтап жүрген бұлттар өте хикметті түрде, жер
жүзіне мейрім жауғызғандай бау-бақшаларды суарып, тұрғындарына «абыл-хаят» жаңбырды әкеледі және ауа-райын реттейді яғни ыстықты басады. Сондай-ақ, қажетке орай әр жерге медет қылып көшіп жүреді. Осы секілді маңызды міндеттерді атқаруымен қоса, тәртіпті қалың әскердің бұйрықты бұлжытпай шұғыл орындап бірде жасырынып, бірде ортаға шыққаны секілді олар да яғни аспанның жүзін жауып тұрған әлгі алып бұлттар бір мезетте жасырынып бөлшектері тынығуға кеткендей, аспан шайдай ашылады. Кенет «Жаңбыр жау!» әмірі келгенде бір сағатта тіпті бірнеше минуттың ішінде бұлттар үйіріліп бейне бір қолбасшының бұйрығын күтіп тұрғандай күн бұлттанып аспан түнере қалады.
Енді, әлгі жолаушы желдер мен дауылдарға қарайды. Қараса олар, өздеріне жүктелген көптеген міндеттерді өте хикметті де берекелі түрде атқарады. Бейне бір ауа қабатын құрайтын бейсана зәррелердің әрбірі ғалам Иесінің әмірлерін тыңдап, оны білетін секілді. Тапсырманы толық орындап әлгі Құдіреті шексіз Ұлы қолбасшының құдіретімен атқарады, жүйелі түрде жүзеге асырады. Атап айтсақ, жер жүзіндегі жандыларға тыныс алуына жағдай жасайды, тірі жандарға қажетті жарық, жылу, электр тоғы секілді заттарды жеткізіп, дыбыстарды тасымалдайды, өсімдіктердің өзара тозаңдануына себеп болады. Міне, осы іспеттес көптеген күлли міндет пен қызметтерде ғайби құдірет тарапынан өте саналы да білікті әрі тірілікке ғашықтай тиімді түрде пайдаланылады.
Енді жаңбырға назар аударады. Қараса ол нәзік те мөлдір, тәтті әрі жоқтан жаратылатын, көзге көрінбейтін ғайып қазынасынан келетін тамшылардың атқарар маңызыды міндеттері, әкелер сыйлықтары көп. Жауын береке әкелетіндіктен «Аллаһтың рахымы денеге айналып тамшы түрінде Раббани қазынадан жауып жатыр» мағынасында жаңбырды "рахмет" деп те атайды.
Сосын, найзағай мен жасынға яғни күннің күркіреуіне құлағын түріп тыңдайды. Қараса олар да өте керемет әрі таңғажайып қызметтер атқаруда.
Сосын, көзін жұмып көргендерін ақылына салады да өзі-өзіне былай дейді: Түтілген жүнге ұқсас мына жансыз, бейсана бұлттар әлбетте бізді танымайды, бізге жаны ашып көмекке өздігінен жүйткіп келмейді. Олар әсте бұйрықсыз пайда болып, өздігінен жасырынып қалмайды. Олар міндетті түрде құдіреті шексіз, аса мейрімді бір Әміршінің бұйрығымен әрекет етеді. Өйткені, ешбір із қалдырмастан
тығылып қалады да, кенет ашық аспанға шыға келіп шаруасына кірісіп кетеді. Олар өте қызу жұмыс істегіш, жоғары дәрежелі, сан құбылтушы, айбынды Сұлтанның әмірімен, күш-құдіретімен уақыты келгенде аспанды бүтіндей торлап алады да кейде ашып, кейде жауып тастайды. Көк аспанды бір тынбастан хикметке толы жазып-сызып өшіріп отыратын жазу тақтасына яғни «ләух-ы махв уә исбатқа» айналдырады. Сондай-ақ, хашир мен қияметті еске түсіріп өте жарылқаушы, жомарт, әділ басқарушы Құдіретті ұлы Патшаның бұйрығымен желге мініп алады да өзімен бірге таудай алып жаңбыр қазыналарын жүктеп алып мұқтаж жерлерге жеткізеді. Құдды, шөліркеген жерді аяп көз жасын төгіп, гүл-шешекпен күлімсіретіп жайнатып жібергендей. Сонымен қатар, ауа-райының ыстықтығын реттеп салқындатады және су сепкіш сықылды бау-бақшаларға су себелеп жер жүзін жуып тазартып отырады.
Манағы ықыласты жолаушы өзінің ақылына салып былай деді: Мына жансыз, ақылы жоқ, әрдайым толқып тұратын, тұрақсыз, тоқындатып әрдайым қозғалыста болатын ауаны перде қылып, сыртқы себеп ретінде пайдаланып, хикметке толы, өте пайдалы, мейрімді де шебер жүз мыңдаған істерге, сый-сияпаттарға, медеттерге қарашы! Ол бізге мына іскер желдің яғни дамылсыз жұмыскердің өз бетімен әрекет етпейтінін дәлелдейді. Бұл, міндетті түрде Қадир (өте құдіреті күшті), Алим (бәрін білетін), Хаким (өте дана), Кәрим (аса жомарт) Әміршінің әмірімен әрекет ететініне дәлел. Бейне бір ауаның әрбір бөлшегі барлық жұмыстың көзін тауып, Әміршінің әр айтқанын түсінетін тілалғыш жауынгер сықылды ауа арқылы жүзеге асатын әрбір Раббани әмірді бұлжытпай орындайды. Сөйтіп, тірі жандардың тыныстауына, өмір сүруіне және өсімдіктердің тозаңдануына, өсіпөнуіне, тірілікке қажетті заттардың жеткізілуіне сондай-ақ, бұлттардың бір жерден екінші жерге көшіп, басқарылуына яғни жанармайсыз жүретін әлгі кемелердің саяхат етуіне әсіресе дыбыстардың, сымсыз телефон, телеграф, радио арқылы сөйлесушілердің дауыстарының тасымалдауына және осы тектес жалпыға ортақ күлли қызметтерінен басқа азот пен оттегі секілді қарапайым екі нәрседен тұратын ауаның зәррелері яғни ұсақ бөлшектері өзара қатты ұқсас бола тұра жер жүзінде жүз мыңдаған түрлі Раббани өнерлі істерде өте жүйелі түрде Иләһи хикмет тарапынан пайдаланып, іс-қызмет атқартылуда, деп түйді.
Демек, وَتَصْر۪يفِ الرِّيَاحِ وَالسَّحَابِ الْمُسَخَّرِ بَيْنَ السَّمَٓاءِ وَالْاَرْضِ аятының ашық түсіндіргеніндей және желдің есуімен шексіз Раббани қызметке қолданылады және бұлттардың бағынуы арқылы Рахмани сансыз істерде пайдаланылады. Демек ауаны осындай ғажап бейнеде жаратқан тек ғана Уажиб-ул Ужуд уә Қадир-і Күлли Шей, Рабб-ы Зүлжәлал-и уәл Икрам ғана деп, тоқтамға келді.
Енді, ол жаңбырға назар аударады. Қараса, жаңбырдың тамшысының санындай пайда бар екенін, түйіршіктерінің санына пара-пар Рахмани сәуле шуақтары бар екенін, ылғалдығы қанша болса сонша хикметтері бар екенін көрді. Әрі сол шырын әрі нәзік, берекелі тамшылардың жаратылысының кереметтігі сонша әсіресе, жаз кезінде жауатын ақ жауынның реттілігі мен тәртібі өте ғажап. Оларды жерге жібергенде өте жұмсақ түсетіні сонша жолда кездесетін жел, дауыл, үлкен құйындар олардың реттілігі мен тәртібін әсте бұзбайды. Жауын тамшыларын бір-біріне соқтырып, қосып зиянды түрге ендірмейді. Осы секілді көптеген хикметке толы істерге әсіресе, тіршілік иелеріне көп қызмет атқаратын қарапайым, жансыз, ақылсыз оттегі мен сутегі сықылды жай бір заттан жасалған мына су, жүз мыңдаған хикметті де ақылды әрі сан-алуан қызметтерге, өнерге жұмсалуда.
Демек, мына дене түріндегі рахымның дәл өзі болған жаңбыр, тек ғана Рахман-ы Рахимнің рахым толы ғайби қазынасында жасалады және жауып жатқанда
аятын көзге көрінетіндей бейнеде тәпсірлейді.
Сосын көктің жасын дауысын тыңдайды, найзағай жарқылына қарайды. Қараса ол екі ғажап аспан құбылысы толық түрде وَيُسَبِّحُ الرَّعْدُ بِحَمْدِه۪ және يَكَادُ سَنَا بَرْقِه۪ يَذْهَبُ بِالْاَبْصَارِ аяттарын заттық тұрғыдан тәпсірлеп ғана қоймай сонымен қатар жаңбыр жауатынын хабарлап мұқтаждарға сүйіншілейді.
Иә, жоқтан және кенеттен таңғажайып түрде күннің күркіреген дауысы аспанды сөйлеткендей және жап-жарық нұрымен қараңғы кеңістікті жарықтандырады. Және таудай, үлкен мақтадай жұмсақ, іші тола қар мен су, бұршақ болған бұлттарды шоқ түскендей тұтандырып жібереді де осындай хикметке толы, ғажап жағдайымен жердегі басы салбырап жүрген бейқам адамдардың басын тоқпақпен
ұрғандай былай дейді: «Көтер басты! Өзін таныстырғысы келетін іскер әрі құдіреті шексіз Жаббардың таңғажайып істеріне қара! Сені сандалтып бос қоймағаны секілді бұл құбылыстар да өз бетінше босқа болып жатқан жоқ. Олардың әрқайсысы көптеген хикметке толы міндет атқарып зыр жүгіруде. Оларды Мүдәббир-і Хаким белгілі бір мақсатқа жұмсап, қызмет еткізіп отыр!» деп ескерту жасайды.
{(Ескерту): Бірінші мақамда баяндалған тәухидтің отыз үш мәртебесіне біршама түсініктеме жасамақ боп оқталып едім, жағдайым көтермей тек қысқаша айғақтарын және меалының аудармасын жазуға тура келді. Рисалей-Нұрдың отыз тіпті жүз рисалелерінде осы отыз үш мәртебе дәйекті түрде, сан-алуан бейнеде жеке-жеке баяндалғандықтан жан-жақты баяндауды соларға сілтеп отырмыз.}
Сонымен, әлгі ынталы жолаушы аспаннан манағы айтылған бұлттың бағындырылуы, желдің айдалуы, жаңбырдың жаудырылуы, аспан құбылыстарының реттелуі секілді мағыналарды қамтитын ақиқаттың жарқын әрі керемет шәһәдат-куәлігін өз құлағымен естіп, көзімен көрді де: «Әмәнтү билләһ» (Аллаһқа иман келтірдім) деді. Бірінші мақамның екінші мәртебесінде айтылған мына сөз осы жолаушының аспанға қатысты көргендерін білдіреді:
Енді, әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген ойшыл жолаушыға жер шары хал тілімен яғни өзінің халымен былай дейді:
«Аспанда, ғарышта, ауа әлемінде не істеп жүрсің? Бері кел! Іздеп жүргеніңді мен тауып берейін. Сен менің атқарған міндеттеріме қара, мендегі жазылған парақтарды оқы!»
Сөзін тыңдап назарын салып қараса: Жер шары тартылыс күшіне тәуелді түрде шыр айналады. Оның екі түрлі әрекеті бар. Осылайша күн мен түннің, жыл он екі айдың ауысына себеп болатын шеңберді яғни ұлы махшар алаңының шекарасын сызып жүр. Ол, жүз мың түрлі тірі жандардың барлық ризық-несібелерін арқалап ғарыш теңізінде тепе-теңдігін сақтай отырып, жүйелі түрде жүзіп, Күнді айналып саяхаттап жүрген алып әрі бағынышты Раббани кеме тәрізді.
Енді, ол парақтарын аша бастайды. Қараса, әрбір беті мыңдаған аяттармен Раббысын таныстырады. Барлығын түгел оқуға уақыт
таба алмағандықтан бір ғана парағы саналатын тіршілік иелерінің көктемдегі жаратылуына, тіршілік етіп өзара үйлесімді басқарылуына назар аударды. Қараса, жүз мыңдаған түрдің сансыз тұлғаларының бейне, пішіндері қарапайым бір заттың ішінен өте керемет түрде рет-ретімен ашылуды және өте рахыммен өсіп-өнуде. Кейбір өсімдіктердің дәнектері ғажайып түрде қанат бітіп ұшу арқылы әр тарапқа тұқымын жаяды. Бәрі өте жүйелі түрде басқарылып, өте мейрімді қамқорлық жасалып, асыралып, сан-алуан, неше түрлі тәтті де дәмді ризықтармен қамтамасыз етілуде. Ол ризықтар жоқтан, құп-құрғақ топырақтан сондай-ақ, өзара өте ұқсас, айырмашылғы өте аз, сүйек секілді тұқым, тамырлар мен дән-дәнектерден және су тамшыларынан жасалады.
Әрбір көктем, алып вагон секілді ғайып қазынасынан жүз мың түрлі ризық, несібелер тиеліп, бүкіл жан-жануарларға жіберіледі. Әсіресе, ондай ризық салынған қапқа ұқсас кішкене төлдер мен нәрестелерге арналған, аналарының мейрім толы кеудесіне орналасқан, шекердей тәтті сүт торсықтарын жарату асқан мейрімділік пен қамқорлықты, шексіз даналық пен хикметті көрсетеді. Әрине, бұл Рахман-ы Рахимнің аса қамқор, тәрбиеші екенін, бұл оның жарылқауы мен рақымының бір ғана сәулесі.
Сонымен, осы тірі көктем парағы ұлы махшардың жүз мың үлгімысалдарын көрсету арқылы:
аятын заттық тұрғыдан жарқын түрде тәпсірлейді. Аят болса ол да осы парақтың мағыналарын ғажап түрде жеткізеді. Әлгі жолаушы жер шарының осылайша өзіндік парақтарымен жаппай, алып түрде, зор қуатпен لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ дейтінін түсінді.
Міне, әлгі жолаушы жер шарының жиырмадан астам алып парақтарының бір ғана парағының жиырма бөлігінен бір ғана бөлігінің қысқаша куәлігін көрді. Осы және басқа да парақ пен бөліктерінің куәліктерін қамтитын және сол көргендерін мегзейтін Бірінші мақамның үшінші мәртебесінде былай делінген екен болатын:
Сосын, әлгі ойшыл жолаушы жердің әрбір парағын оқыған сайын бақытқа бөлейтін иманы қуаттанып және рухани дамудың бірден бір себебі «мағрифаты» артып сондай-ақ, кемелдік атаулының негізі, ұйытқысы болып табылатын Аллаһқа иман ақиқаты бүршік жарып, ашыла бастады да мағынауи көптеген зауық пен ләззат берген сайын оның қызығушылығы одан әрі оянды. Ол, көк, аспан мен жердің керемет әрі нақты дәрістерін тыңдаса هَلْ مِنْ مَز۪يدٍ яғни «тағы да бар ма екен?» деп тұрғанда теңіздер мен дария, өзендердің тартымды түрде қызу құлшылық зікірлерін, олардың мұңлы сазға ұқсас құлаққа жағымды сарқыраған дауысын естиді. Олар хал тілдерімен яки үн шығарып былай деді: «Бізге де қара! Бізді де оқы!» Ол қарап еді, көргені:
Тіршілікке толы және әрдайым шайқалып, төгілуі және айналасын шайып кетуі немесе жерге сіңіп жоқ болып кетуі әбден мүмкін теңіздер, жер жүзін қамтып жатыр. Жер шарымен бірге өте жылдам түрде бір жылда жиырма бес мың жылдық қашықтықты шыр айналып жүрсе де әсте төгілмейді я шашылып кетпейді, тоғысып жатқан құмтопырақты жуып-шайып ағызып кетпейді. Демек, құдіреті күшті, ұлы біреудің әмірімен, оның күш-қуатымен орнығып тұр, әрі белгілі бағытта мөлшері сақталып әрекет етеді.
Енді, ол теңіздің ішіне үңіліп қарайды. Қараса, керемет әсем, көздің жауын алатындай жауһар тастарға толы. Одан басқа ішінде өмір сүретін мыңдаған түрлі тіршілік иелерінің қоректенуі мен басқарылуы сондай-ақ көбеюі мен өлуі жүйелі түрде жүзе асады. Шынымен де қарапайым құм мен ащы судан ризық, несібелерінің кереметтігі сонша бұл оқиға анық түрде Қадир-ы Зүлжәлал, Рахим-ы Зүлжәмал Аллаһтың басқаруы, Соның асырап жатқаны көрініп тұр.
Сосын, әлгі жолаушы өзендерге назар аударады. Қараса, олардың пайдасы мен атқарар міндеттері және кіріс-шығыстары өте хикметпен, мейрімді түрде жүзеге асатыны сонша, бүкіл көл мен бұлақтар, сарқырамалар мен үлкен өзендер Рахман-ы Зүлжәлал-і уәл Икрам Аллаһтың рақым қазынасынан бастау алып, ағып жатқаны анық түрде байқалады. Тіпті, керемет жинақы әрі ғажайып ағатыны сонша "Төрт өзеннің бастауы жұмақта!" деген риуаят бар. Яғни, олар сыртқы себептерден тыс, өте ғажап болғандықтан мағынауи жәннаттың қазынасынан алынып, тек ғайби әрі таусылмайтын бұлақтың нұрынан ағып жатыр деген мағынада айтылған.
Мысалы, Мысырдың шөлейт, сахарасын жер жәннатына айналдырған мүбәрак Ніл өзені, оңтүстік тарапындағы «Жәбәл-і Қамар» деп аталатын бір таудан шығып, шағын бір теңіз сықылды таусылмай тынбастан ағып жатыр. Алты айда аққан суын тау қылып жинаса және мұзға айналса әлгі таудан әлдеқайда үлкен болып асып кетер еді. Алайда, таудан оған арналған жер мен су қоймасы өте аз яғни алтыдан бір бөлігін де құрамайды. Ал, орнын толтыратын жауын-шашын болса әлгі ауа-райы ыстық жерде өте сирек болады және құрғап тұратын топырағы да жауған жаңбырды тез сіңіріп алатындықтан өте аз жиналатын жауын әлбетте, ондай кең көлемді тепе-теңдігін сақтай алмасы хақ. Сондықтан, әлгі Мүбәрак Ніл өзені әдеттен тыс ғайби жұмақтан бастау алады деген риуаят өте тамаша әрі терең мағыналы ақиқат.
Сонымен, жолаушы теңіз бен өзендердің терең ақиқаттарының және куәліктерінің мыңнан біреуін ғана көре алды. Барлығы жұмылып теңіздей зор қуатпен لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ дейтінін және осы куәліктеріне теңіздегі бүкіл жәндіктер санынша куәгерлер бар екенін аңғарды. Теңіздер мен өзендердің жаппай куәліктерін білдіру мағынасында бірінші мақамның төртінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Енді, әлгі пікірімен саяхат етіп жүрген жолаушыны таулар мен сахаралар шақырып: «Біздің де парақтарымызды оқы!» - дейді. Қараса, таулардың күлли яғни жалпыға ортақ қызметтері мен атқарар міндеттері таңғаларлық орасан әрі хикметке толы зор. Мәселен, Аллаһтың әмірімен таулардың жерден дүмпіп шығуы және жер асты құбылыстардың салдарынан пайда болатын қысымды, ашу-ызасын шығарып жіберіп тынышталдыруы сондай-ақ, жанар таулардың атқылауы нәтижесінде тыныс алып осылайша қауіпті сілкіністерден, зиянды зілзәладан құтылып тұрғындарының мазасын алмай жер өзінің шыр айналу міндетін толық атқаруы керемет құбылыс.
Демек, кемелерді ауып кетпей тепе-теңдігін сақтау мақсатында үстіне тіректер орнатылатыны секілді, таулар да жер атты кемеге осындай қазынаға толы тіректер қызметін атқаратынын Құран-ы Мұғжиз-ул Баян
деген аяттарымен бұйырады.
Әрі, таулардың іші тірі жандарға қажетті сан-алуан заттарға, пайдалы кендерге, минералдық суларға, зат қоймаларға, дәрідәрмектерге, шикі заттарға толы. «Бұлар аса хикметпен алдын ала ұйымдастырылып, мұқият жүйелі түрде жиналып қойылған. Әлбетте, олар құдіреті шексіз Қадирдің, хикметіне шек жоқ Хакимнің қазыналары, қойма-байлықтары және қызметкерлері екенін дәлелдейді» деп түсінді.
Иә, таулар мен сахаралардың атқарар асқардай алып міндеттері пен хикметтері шексіз. Осы аталған екі міндетінен басқа да хикметтеріне салыстырып таулар мен сахаралардың барлық хикметтерін бір тіл ретінде әсіресе, қажетті заттарды сақтайтын қойма болуы жағымен куәлік етіп хал тілдерімен айтқан لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ (лә иләһә илләһу) тәухид сөзі өте қуатты екенін, қуаттылығы мен беріктігі таудай, ал ауқымдылығы сахараның кеңдігіндей алып екенін көрді де: «Әмәнту Билләһ» деді.
Міне, осы мағынаны білдірмек мақсатында бірінші мақамның бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, әлгі жолаушы тауда, сахарада ойша кезіп жүргенде оған ағаштар мен өсімдіктер әлемі ашылып ішке кіруге шақырды. «Келіңіз, біздің ауылды да аралап, жазуларымызды да оқыңыз!» деді. Ол да ішке еніп қарап еді;
Олар өте керемет әрі көз тартар сұлу «тәухид», "тәхлил" мәжілісін жасап, өзара зікір мен шүкір алқасын құрғандай. Өсімдік пен ағаштардың барлық түрлері жиналып бір ауыздан: «Лә иләһә илләллаһ» дейтін халде. Өйткені, жеміс ағаштары мен өсімдіктер жаппай өлшемді жапырақтарының тілдерімен сондай-ақ, әдемі де көркем, ұйқасымды гүл шешектерінің сөздерімен және тәртіпті де өткір, шешен жемістерінің кәлималарымен, барлығы бірге Раббысын "тәсбих" қылып куәлік етеді және «Лә иләһә илләһу» дейді. Мұны дәлелдеп растайтын үш күлли, алып ақиқат бар екенін көрді.
Біріншісі: Олардың әрқайсысында өте анық түрде әдейілеп жасалатын «нығметке бөлеу», "сыйлық беру", "ерікті түрде жарылқау" және "өзіне қарыздар ету" мағынасы мен ақиқаты байқалады. Сонымен қатар бұл мағына барлығында жаппай күннің сәулесіндей жарқын түрде көрінеді.
Екіншісі: Кездейсоқтық әсте мүмкін емес, әдейілеп және хикметпен жасалған өзгешелік, бір-бірінен айырмашылық және ерікпен ғана болатын мейрімге толы әдемілеу, суреттеу мағынасы және ақиқаты әлгі шексіз түрлерде және жеке-жеке тұлғаларында ап-анық көрінеді. Бұл әрине, бір Сани-ы Хакимнің ісі, оның нақышы екені белгілі.
Үшіншісі: Әлгі сансыз жаратылыстың жүз мыңдаған түрлі, саналуан бейнедегі, шексіз пішіндегі суреттерінің өте тәртіпті де өлшемді әрі сұлу түрде шектеулі де санаулы әрі өзара тең және қарапайым да жансыз, бір-бірінен айнымайтын немесе азғана айырмасы бар, тым шатасып жататын дән-дәнектерден манағы екі жүз мың түрдің бірбірінен өзгеше, ретті де бөлек әрі өлшемді де тірі әрі хикметті де еш қатесіз түрде барлығының жеке-жеке сурет-пішіндерінің ашылуы таңғажайып ақиқат. Бұл аспандағы Күннен де жарқын ақиқат. Және
бұл ақиқатты дәлелдейтін көктемде қанша гүл, қанша жеміс және жапырақ болса тіпті болмыс қанша болса сонша куәгерлер, дәлелдер бар екенін білді. اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ «Әлхамдулилләһ» деді.
Міне, осы аталған ақиқаттар мен куәліктерді білдірмек мағынасында бірінші мақамның алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, пікірімен саяхат қылып жүрген әлгі іздемпаз және жетілген сайын зауқы мен ынтасы артқан манағы жолаушы, көктем баубақшасынан көктемдей үлкен мағрифат, Иман шоқ гүлін алып келе жатқанда оның ақиқатшыл ақылына, мағрифатқа құштар пікіріне хайуанат және құстар әлемінің есігі ашылды. Оны қиқулаған жүз мың түрлі дауыспен, сан-алуан тілдерімен ішке енуін өтініп, "төрлетіңіз!" деді. Ол да ішке кіріп сондағы көргені:
Бүкіл хайуанат пен құстардың барлық түрі мен топтары жұмыла өзіндік дыбыстарымен немесе хал тілдерімен: لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ деп жер жүзін бір зікірханаға, ұлы бір «тәхлил» [(Тәхлил): - Лә иләһә иллаллаһ сөзін қайта-қайта зікір ету.] мәжілісіне айналдырып жібергендей әрқайсысы Раббани «қасида-өлең» [(Қасида): - біреуді мақтап-мадақтап жазылатын өлең.] немесе әрбірі Сүбхани «кәлимә», мағынасы мол жекежеке Рахмани әріп іспеттес өз Жаратушысын сипаттап «хамд» пен мадақ айтып жатқан жағдайда көрінді. Құдды әлгі хайуандар мен құстардың сезім мүшелері, ағзалары, құрал-жабдықтары өзара ұйқас әрі үйлесімді «кәлимәлар», өте ретті де керемет жазылған сөздер секілді. Олар осылайша «Халлақ» (керемет күшті жаратушы), Рәззақ (барлығына ризық беруші) Жаратушысына шүкір етіп, оның Уахданиетіне (жалғыз, дара) шәһәдат етуде. Мұны бұлтартпас түрде дәлелдейтін үш ірі әрі ауқымды айғақ бар.
Біріншісі: Ешбір тұрғыдан кездейсоқтыққа, соқыр қуатқа және меңіреу табиғатқа тапсыруға келмейтін, жоқтан бар қылу, хикметпен, шебер түрде әдейілеп, таңғажайып бейнеде біле тұра жарату, сондайақ, жиырма жағымен ілім мен хикметті, "ирадені" (қалау-ерік) көрсететін "рух беру", "тірілту" ақиқаты. Бұл ақиқат әлемде қанша тірі жан болса сонша куәгері, растаушысы бар бұлтартпас айғақ ретінде Зат-ы Хаи-ы Қаюмның сөзсіз бар екеніне, оның жеті сипатына және жалғыз екеніне куәлік етеді.
Екіншісі: Әлгі сансыз жаратылыс бір-бірінен кескіндері әртүрлі, пішіндері сан-алуан, салмақ мөлшері түрлі-түрлі, түр ерекшеліктері тәртіп жағынан өзара өзгешеленген және бәрі әшекейлене суреттелген қалыпта. Міне, бұл қуатты да алып ақиқат. Бұл Қадир-ы Күлли Шей уә Алим-ы Күлли Шей Аллаһтан басқа ешбір себеп мұндай жан-жақты таңғажайып хикметке толы ауқымды іске әсте араласа алмайтынын, ешбір тұрғыдан әсер ете алмайтынын, мүлдем мүмкін еместігін көрсетеді.
Үшіншісі: Өзара тең және бір-бірінен айнымайтын немесе азғана айырмасы бар, өте ұқсас шектеулі де мәлім жұмыртқалардан, жұмыртқашықтардан, сондай-ақ "нүтфә" деп аталатын аталық су тамшыларынан әлгі шексіз жануарлардың сан-алуан бейнеде және әрбірін хикметке толы мұғжиза қылып керемет суреттерін өте ретті әрі тең жағдайда, еш қатесіз толық түрде ашу, бұл сондай жарқын ақиқат, мұны қанша хайуандар болса сонша дәлел ретінде оны растап, бекіте түседі әрі нұрландырады.
Сонымен аталған үш ақиқат бірігіп, хайуандардың барлық түрі жұмыла: لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ (Лә иләһә илләллаһ) деп шәһәдат келтіретінін, Жаратқанның бірлігіне куәлік ететінін, бейне бір жер шары алып адам секілді өзіне лайық зор даусымен لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ (Лә иләһә илләллаһ) деп, онысын аспан тұрғындарына естіртіп тұратынын көңілге тоқып түйді де қанағаттанарлық жақсы бір дәріс алды. Бірінші мақамның жетінші мәртебесінде осы аталған ақиқаттарды білдіру мақсатында былай делінген болатын:
Сосын, әлгі ойшыл жолаушы Мағрифатуллаһтың толып жатқан мәртебелерінен өтіп, әрі қарай даму үшін және шексіз зауық пен нұрларына терең шомуы үшін адамзат әлеміне енгісі келді. Сол кезде оны әнбиялар шақырды, ол ішке еніп, көргені:
Адамзаттың ең нұрлы да кәмілдері саналатын күллі пайғамбарлар (ғаләйһиссалам) бір ауыздан жаппай: لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ (Лә иләһә илләллаһ) деп зікір салып жатқанын және жарқын әрі расталған сансыз мұғжизаларының қуатымен "тәухидты" даулап, алға тартуда және адамзатты хайуандық деңгейінен періште дәрежесіне көтеру үшін оларды Аллаһқа иман етуге шақырып дәріс беріп жатқанын көрді. Ол да осы нұрлы медреседе тізе бүгіп дәріске қатысты.
Қараса, мәшһүр адамдардың ең абыройлы да атақтысы болған манағы ұзтаздардың әрқайсысы әлемдердің Иесі тарапынан берілетін және қабыл болғанына дәлел болып табылатын мұғжизалар көрсеткен. Соның саясында айтқан хабарларына сенім пайда болып халық арасынан үлкен жамағат, бір топ кісі оларға үммет болып мақұлдаған, иман келтірген. Енді ол сол жүз мыңдаған адал да ықыласты жандардың жұмыла әрі бір ауыздан қарар беріп, бекіткен ақиқат қаншалықты қуатты әрі шүбәсіз, нақты екенін аңғарды. Және осындай қуатты да шыншыл хабаршылардың сансыз мұғжизаларға сүйене отырып айтқан ақиқатын жоққа шығарып сенбеген кәпірлер қатты қателесіп, ауыр қылмыс жасап отырғандарын және соңында мәңгі азапқа лайық болатындығын түсінді. Ал оларға сеніп иман келтіргендер қаншалықты ақиқатшыл, жөні түзу адамдар екендігін
білді. Сөйтіп, оған қасиетті иманның тағы бір мәртебесі ашылды.
Иә, тарихта Әнбияны (ғаләйһиссалам) Аллаһ тарапынан іс жүзінде растау болып саналатын қыруар мұғжизалар болғаны рас. Олардың шыншыл екенін айғақтайтын тағы бір нәрсе, қарсы дұшпандары аспани апаттарға ұшыраған. Сондай-ақ, әнбияның хақ екендерін растайтын жеке басының кемелдіктері, сондай-ақ, ақиқатқа толы тәлім-тәрбиесі, тура екендерін көрсететін мықты имандары және толық ықыластары, жанкештіліктері және қолдарындағы киелі кітап пен парақтары және олардың хақ, тура жолда екендерін көрсететін тағы бір нәрсе олардың артынан еріп кемелденген, хақ пен ақиқатқа жеткен сансыз шәкірттері. Міне, мұны есептемегеннің өзінде олар өзара болымды мәселеге келгенде жұмылып, бір ауыздан бірін-бірі қуаттап, ынтымақ танытуы жойқын қуат, бұлтартпас айғақ болып табылады. Оған дүниеде ешбір күш қарсы төтеп бере алмайды. Ол туралы ешқандай күмән, күдік болмауы тиіс. Иман шарттарының ішінде барлық Пайғамбарларға (ғаләйһиссалам) сенудің болуы мұның артында орасан зор қуат жатқанын көрсететінін аңғартады. Олардың дәрістерінен иман фейізін алды. Міне, осы жолаушының аталмыш дәрісін білдіру мағынасында бірінші мақамның сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын иманның қуатымен ақиқаттың тәтті зауықын алған әлгі жолаушы-тәліп, пайғамбарлардың (ғаләйһиссалам) мәжілісінен келе жатып ғұламалардың дәрісханасына жолықты. Олар ғылыми түрде, бұлтартпас дәлелдерге сүйеніп әнбияның (ғаләйһиссалам) көтерген мәселелерінің хақ екенін дәлелдеген. «Асфия», "сыддық" деп аталатын олар, «мутәбаххир», "мужтахид", "мухаққиқ" яғни олар ілім дариясына терең бойлап, әдбен көз жеткізген жандар. Міне, енді олар өздерінің дәрісханасына шақырды. Оның дәрісханаға кіріп, сондағы көргені:
Мыңдаған зерек және жүз мыңдаған талғампаз әрі жоғары мәртебелі зерттеуші ғалым-ғұламалар шүбәсіз терең де күрделі зерттеудің нәтижесінде ең бірінші Аллаһтың сөзсіз бар екені және Оның жалғыздығы жайлы дәйекті имани мәселелерді көтеріп, оны айғақтап жатыр.
Иә, әртүрлі бейімділікте, ұстанған жолдары да бөлек бола тұра иманның шарттары мен негіздеріне келгенде барлығы бір тоқтамға келуі және әрқайсысының қуатты да нақты айғақтарға сүйенуі, бұл да өзіндік бір айғақ. Оларға қарсы шығып дауласу үшін олардың барлығы бас қосқанда ортаға шығатын зеректік пен ой-өрістеріне тең келерлік зеректік пен үстем түсетін пікір қажет және күллі айғақтарынан асып кететін бір айғақ керек. Әйтпесе, жоққа шығарушылар тек өздерінің надандығынан, сенбеуінен және дәлелденбейтін болымсыз нәрсеге қырсығып, көзін тарс жұму арқылы ғана дауласа алады. Ал, күндіз көзін жұмған адам тек өзіне ғана түн жасайды.
Бұл саяхатшы осы керемет әрі зәулім дәрісханада әлгіндей қадірлі де ғалым ұстаздардың шашқан нұрлары мың жылдан астам уақыт жер шарының жартысын жарықтандырып келгенін білді. Бойын рухани күш билеп, мағынауи қуаты тасығаны сонша дүниедегі бүкіл кәпірлер бірігіп тиіссе әсте жолдан тайдыра алмас еді. Міне, біздің жолаушымыздың осы дәрісханадан алған сабағына қысқа ишара ретінде бірінші мақамның тоғызыншы мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, иманы бүршік ашып одан әрі қуаттанған сайын және "ғылм-әл яқин" дәрежесінен «айн-әл яқин» дәрежесіне көтерілгенде болатын нұр мен зауыққа құштар әлгі ойшыл жолаушы медреседен келе жатып сансыз кішкене зікірханаларға және "завиялардың" саясында ауқымы кеңіп, өріс алған фәйізге толы нұрлы да алып зікірханаға, «иршадгахқа» яғни тәрбие орындарына ат басын бұрды. Ол жерде Мұхаммеди (с.а.у.) сара жолда жүрген және Ахмеди (с.а.у.) миғражды паналап ақиқатқа ұмтылған, хаққа қолы жеткен, "айнәляқин" дәрежесіне көтерілген мыңдаған, миллиондаған жоғары мәртебелі муршидтер, ірі тұлға ұстаздар мұны дергахтарына, мекен жайларына шақырды. Кіріп көріп еді;
Әлгі «әһл-и кәшф уә кәрамат» ұстаздар өздерінің көріпбілгендеріне және кәраматтарына сүйеніп бір ауыздан: (Лә иләһә илләһу) деп «уахдетті», Аллаһтың "вужуб-ы вужудын" яғни сөзсіз бар әрі біреу екенін әлемге паш етіп жар салып жатқанын сондайақ, Күнді өз сәулесіндегі жеті реңімен тану секілді, жетпіс реңімен
тіпті, көркем есімдерімен Шәмс-и Әзәлидің сәулесінен шашыраған сан-алуан нұрлы түстерге боялған, жалт-жұлт еткен сансыз түрлі реңгі бар және неше түрлі ақиқатқа бастар тариқаттар құрған, тура жолға апарар сан-алуан ережелер ұстанған әлгіндей қасиетті ұстаздар мен нұрлы ариф-әулиелердің жұмыла растаған ақиқаты өте анық та қанық және орасан зор маңызды екенін көрді. Әнбияның (ғаләйһиссалам) бір ауыздан, асфияның ортақтаса, әулиенің өзара сәйкес қаулы-шешімдері және осы үш топтың бәрі бірігіп ұйымдасуы Күнді көрсететін күндіздің жарығынан әлдеқайда жарқын екеніне көзі жетті. Сонымен, бұл қонақтың зікірханадан алған фейіз-нұрға қысқа ишара ретінде бірінші мақамның оныншы мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, кемелденудің басты себебі, қозғаушы күші тіпті барлық кемелдіктің көзі, бұлағы және Аллаһқа иманнан туындайтын және Оны танудан пайда болатын «Мухабетуллаһ» екенін яғни Жаратқанды жаннан жақсы көру екенін түсінген әлгі дүние жолаушысы жантәнімен, бүкіл сезімдерімен иманын қуаттауға, мағрифат дәрежесін одан әрі арттыруға ниеттеніп басын көтерді де аспанға қарады. Өзінің ақыл-ойына былай деді:
Әлемде ең қымбат нәрсе тіршілік екені рас. Болмыс атаулы тіршілікке қызмет етеді және тірі жандардың ішінде ең құндысы рух иелері. Ал, рух иелерінің ең маңыздысы сана иелері. Осы маңыздылығына орай жер шары тірі жандарды әрдайым көбейту үшін жыл сайын, ғасыр сайын бірде толып бірде босайды. Олай болса міндетті түрде мына керемет әрі әсем аспанның да өзіне тән тұрғындары, мекендейтін халқы, тірі жандары, рух иелері, саналы мақұлықтары болмақ. Бұрыңғы заманнан бері періштелерді көру, олармен сөйлесу уақиғалары болғаны анық, ол сенімді жолдармен бізге жеткен. Атап айтсақ, Хазіреті Жәбрейіл періште Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құзырына келіп сөйлескен, оған сахабалар да куә болған.
Сонда жолаушы: «Шіркін! Мен де аспан халқымен көріссем, олар не дейтінін білсем ғой! Өйткені, әлемнің Жаратушысы туралы тұщымды сөз солардан шықса керек!» деп, армандап
тұрғанда кенет аспани бір дауыс естілді: "Сен бізбен көрісіп, дәріс тыңдағың келетін рас болса, мынаны білген жөн! Ең бірінші, Хазіреті Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) және Қасиетті Құранға сондайақ, барлық пайғамбарларға біз арқылы келген имани мәселелерге әу баста біз иман келтірген едік. Адамдарға көрінген және біздің жынысымыздан болған күллі игі әруақтар, бәрі жұмыла Жаратқанның сөзсіз болмысына, Оның бір екеніне және көркем киелі сипаттарына куәлік етіп, бірін-бірі растайтындай үйлесімді түрде ақпарат берген біз болатынбыз. Ол сансыз ақпараттың өзара сәйкес болуы, үйлесімділігі саған Айдай анық дәлел және әрі қарай жөн сілтейді. Мұны естіген жолаушының иманының нұры одан бетер жарқырап сала берді. Дереу жерден көкке самғап ұшқысы келіп кетті. Бұл туралы, Бірінші мақамның он бірінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Енді, әлгі құмарпаз әрі ынталы жолаушы «шәһәдат» әлемін яғни көзге көрінетін мына заттық әлемнің және ондағы белгілі заттардың тілдерінен, олардың хал-жағдайларынан сабақ алғаннан кейін: "Ғайып әлемін, берзах яғни қабір әлемін, о дүниені де зерттеп шолу керек. Ол жақтан да ақиқат іздейін, не дейді екен?" деп ойлады. Сол кезде оған әрбір топ адамдарда болатын, әлемнің жемісі саналатын, адамзаттың дәнегі түріндегі және өзі кішкене бола тұра мағына жағынан ғалам секілді кеңейіп, қанаттары ашыла беретін «мұстақим әрі мүнәууәр» (тура жолдағы нұрланған) ақылдар мен "сәлим" (таза, аман) нұрлы жүректердің қақпасы ашылды. Қараса, Ол екеуі ғайып әлемі мен шәһәдат әлемінің ортасына орналасқан адами перделер болып табылады. Екі әлемнің өзара байланысы, қарымқатынастары адам үшін сол жерде жүзеге асады екен. Сондықтан, жолаушы ақылы мен жүрегіне былай деді: «Бері келіңдер! Сендердің қақпаларыңнан ақиқатқа апаратын жол әлдеқайда төте. Бұл жолы біз өткен жолдағылардың айтқанынан дәріс алғандай емес иман тұрғысынан ақыл мен жүректің қосындысынан, олардың хал-жағдайынан, түрлерінен ғибрат алып, ой жүгіртуге тырысамыз!» деді де ішіне үңілді.
Бейімділіктері әртүрлі, жолдары да бір-бірінен ұзақ, мүлдем ұқсамайтын барлық тура бағыттағы нұрлы ақыл иелері иман мен тәухид тұрғысында бір сап болып, тамыры терең нанымдары өзара ұштасып сәйкес келуі және ризашыл қанағаттары мен анық көзқарастары, берген қарарлары өзара үйлесіп бір арнаға тоғысуы, әсте өзгермейтін бір ақиқатқа тіреліп, тамырлары жұлынбайтындай мықты бір негізге сүйенгендіктен ғой. Олай болса бұлардың иман тұрғысынан және Аллаһтың болмысы мен "тәухид ұғымы жағынан осылай ұжымдасуы, бірлесуі міне бұл әсте үзілмейтін нұрлы шынжыр және ақиқатқа апарар даңғыл жол, сол әлемге ашылған қақпа болып табылады.
Әрі Ұстанған жолдары бөлек-бөлек, тұтынатын негіздері әрқалай, тіпті бір-бірінен алыс, мүлдем ұқсамайтын әлгі жаппай дерлік "сәлим" ақылдар мен нұрлы жүректердің иман шарттарына келгенде өзара бірігуі және қанағаттанған түрде, өзара жақындасып бірінбірі тартуы, ақиқатты көруі, тылсым сырларды ашуы әрі бір-біріне сәйкестігі, тәухид мәселесінде өзара үйлесімді ойлары, бір жерден шығуы әрине, ақиқатқа бағытталған және соған жеткізетін және өзара ұқсас мына кішкене Раббани «мағрифат ғаршы» саналатын ауқымы кең, аса күрделі және әрқайсысы жеке-жеке «Самедтің» айнасы болып табылатын жүректер, ақиқат күніне тура ашылған терезелер болып саналады. Ал олардың барлығын қоссаң Күнге айна болып шағылыстыратын үлкен теңіз сықылды алып айна қызметін атқарады. Міне, бұлардың яғни барлық ақылдар мен жүректердің Аллаһтың «уджудына», "уахдетіне" келгенде бірлесуі, топ болып ұжжымдасуы әлбетте, бізге әсте адаспайтын, адастырмайтын керемет жетекші, ұлы жетекші, бұлтарпас дәлел боп табылады. Өйткені, осыншама толассыз әрі тереңге бойлаған, мұнша алып әрі өткір назарлардың барлығын ақиқаттан өзге бос ой, шындыққа жанаспайтын құр бос пікір, негізі жоқ бір сипат жаппай алдатып, шатастыруы әсте мүмкін емес, оған сену ешбір ақылға қонбайды. Мұндайды мүмкін дейтін қисық ой мен шірік пікірге бүкіл әлемді жоққа шығаратын ақымақ софестаилар (скептиктер) да риза болмай, ондай ақылдан ала тонын ала қашар. Мұны түсінген жолаушымыз өз ақыл-ойы мен көңілін пайдаланып:
«Әмәнтү Биллаһ» (Аллаһқа сендім!) деді. Міне, бұл жолаушының «мұстақим» ақылдар мен «мүнәууәр» жүректерден алған имани мағрифат дәрісіне қысқаша ишара ретінде бірінші мақамның он үшінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, ғайып әлеміне жақыннан қарап, ақыл-ойымен саяхаттап жүрген әлгі жолаушы: «Апырым-ай, ғайып әлемі бұл туралы не дейді екен?» деп қызыға әлгі есікті пікірімен қақты. Яғни, мына заттық «шәһәдат» әлемінің өзінде мұншама сұлу әрі көркем, шебер жаратылған нәрселер арқылы өзін таныстырғысы келетін және мұншама тәтті де әсем толассыз нығметтермен өзін жақсы көргенді қалайтын және мұншама мұғжизалы да шебер істерімен өзінің құпия кемелдігін білдіргісі келетін және мұнысын сөзбен жеткізуден әлдеқайда ашық әрі түсінікті түрде іспен көрсеткен, халжағдаймен жеткізген Құдіреттің, ғайып пердесінің артында бар екені сөзсіз. Әлбетте, әрі оған еш күмән жоқ әлгі құдрет іс жүзінде әрі хал-жағдаймен мұратын білдіргені секілді сөзбен де сөйлемдермен де жеткізіп, өзін таныстырады, жақсы көргізеді. Олай болса ғайып әлемі тұрғысынан Оны, Оның нұр-сәулелері арқылы көріп тануға тырысалық! деді. Ойша ішке еніп, ақыл көзімен қарап еді:
Өте жойқын түрде өзінің бар екенін көрсететін уахилардың ақиқаты ғайып әлемінің әр тарапын жайлап өз үкімін жүргізіп тұрғанын көрді. Ғаламның, жалпы жаратылыстың шәһәдаттарынан әлдеқайда қуатты тәухид жайлы, Аллаһтың бір екені туралы хабар Аллам-үл Ғуюб тарапынан уахи мен илһам арқылы келіп, білдіріліп жатады. Аллаһ Тағала өзінің бар әрі жалғыз екенін тек жаратылыс арқылы білідіріп қана қоймайды яғни олардың куәліктерімен шектелмейді. Ол өзіне лайық әзәли, мәңгі таусылмайтын сөзімен де жеткізеді. Барлық жерде өзінің ілімі мен құдіреті әзір-назыр Жаббардың сөзі де шексіз болмақ. Сөздерінің мағынасы оның өзін таныстыратыны секілді сөйлеу арқылы да өзінің сипаттарын таныстырады.
Иә, жүз мың Пайғамбардың (ғаләйһиссалам) нақты хабарлары, олардың ақпараттары Иләһи уахиға сүйену тұрғысынан бәрі бір жерден шығып, үйлесім табуы сондай-ақ, адамзаттың басым көпшілігі мойындап оларға жетекші әрі өнеге әрі уахимен келген және уахи екені дәлелденген киелі кітаптар мен аспани парақтардың дәлелдеуімен, мұғжизалар арқылы расталған уахидың ақиқат екенін, анық болғандығын білді. Әрі уахидың ақиқаты, мән-мағынасы қасиетті бес ақиқатты білдіретінін аңғарды:
Біріншісі: اَلتَّنَزُّلَاتُ الْاِلٰهِيَّةُ اِلٰى عُقُولِ الْبَشَرِ дегендей адамзаттың ақыл деңгейіне, ой-өрісіне қарай сөйлеу, бұл бір «тәнәззүл-ү Иләһи». Иә, күллі рух иелерін сөйлеткізген және сөздерін білетін Аллаһ, әлбетте өзі де сол сөздерге араласып сөйлеуі Рубубиетінің талабы.
Екіншісі: Өзін таныстыру үшін ғаламды мұнша шексіз шығындар жұмсап, керемет таңғажайыптарға толы жаратқан және мыңдаған тілдермен өзінің кемелдігін паш еткен Құдрет, әлбетте өзінің сөздерімен де өзін таныстырмақ.
Үшіншісі: Жаратылыстың ең таңдаулысы және аса мұқтажы және өте нәзік әрі ең құштары болып табылатын нағыз адамдардың мінәжаттарына, риза болып жасаған шүкірлеріне іс жүзінде жауап бергені секілді сөзімен де жауап беруі жарату ісінің талабы.
Төртіншісі: Ілім мен тіршіліктің зор талабы және жарқын көрінісі болып табылатын "мукалеме" яғни сөйлеу сипаты, әлбетте ілімі шексіз, мәңгі тірі біреуде зор ауқымды әрі мәңгі бақи түрде болуы шарт.
Бесіншісі: Өте сүйкімді және жақсы көруге лайық әрі сүйенішке аса мұқтаж және өзін Жаратқан иесін табуға ынтық әрі жаратылысы пақыр әрі әлсіз пенделерін осылай әлжуаз, құштар, пақыр, мұқтаж және келешекті уайымдайтын әрі жүрегіне махаббат пен құштарлықты берген Құдірет, әлбетте өзінің бар екенін оларға сөйлеу арқылы хабарлауы білдіреді, бұл улухиетінің талабы.
Міне, жоғарыда аталған «тәнәззүл-ү Иләһи», "тағарруф-ы Раббани", "мукабеле-и Рахмани", "мукалеме-и Сүбхани" және «ишар-ы Самедани» ақиқаттарын қамтитын аспани уахилердің барлығы тоғысып, ұйымдаса Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың болмысын, Оның ужудын, уахдетін дәлелдеуі, міне бұл сондай қуатты айғақ ол, күндізгі Күннің жарығы қалай Күннің бар екеніне дәлел болса, тіпті одан да қуатты дәлел, деп түйді.
Енді ол «илһамдар» дейтін нәрсеге назарын аударды. Қараса, «садық илһамдар» яғни шын аяндар бір жағынан уахиге ұқсас әрі ол да Раббани мукәлеме яғни Аллаһтың сөйлеуі. Дегенмен, уахидан екі айырмашылығы бар.
Бірінші айырмашылығы: Илһамнан әлдеқайда жоғары уахидің көпшілігі делдал арқылы яғни періште арқылы, ал илһамның көбісі делдалсыз, тікелей келеді. Мәселен, бір падишаһтың екі түрлі сөйлеуі, халқына екі түрлі үндеуі, әмірлері болады.
Біреуі: Ұлы салтанаты мен жалпылай үстемдігі тұрғысынан өзіне жақын бір шабарман елшісін бір әкімге жолдайды. Үстем билігінің айбындылығын және әмірінің маңыздылығын көрсету үшін кейде әлгі елшімен бірге үлкен жиналыс жасап барып, сосын әмір-жолдауы оқылады, үндеу жеткізіледі.
Екіншісі: Патшалық атымен емес, ұлы сұлтандық жағымен емес, жеке өз атынан, жеке бір мәселе үшін, өзара бір мәміле қылып жеке бір қызметшісімен немесе қарапайым халқымен және арнайы телефонымен сөйлеседі.
Сол секілді, Әзәли Падишаһ, патшалардың патшасы Аллаһтың бүкіл әлемнің Раббысы атымен және ғаламның жаратушысы жағымен, уахи арқылы және уахидің қызметін атқаратын ауқымды илһамдар арқылы сөйлеуі бар. Сонымен қатар, әрбір тұлғаның, әрбір тірі жанның Раббысы, Халиқы (Жаратушысы) болу жағымен жекежеке бірақ перделердің артынан олардың қабілетіне қарай өзіндік сөйлеуі бар.
Екінші айырмашылғы: Уахи еш көлеңкесіз, сап, әрі ерекше тұлғаларға тән. Илһам болса көлеңке тұстарымен қатар реңдер араласады әрі жалпыға ортақ болады. Атап айтсақ, періште илһамы, адам илһамы, хайуан илһамы болып көп түрлерімен бірге теңіздердің тамшылары санындай Раббани сөздердің көбейіп арта беруіне ұйытқы болатындай сансыз. Жолаушы:
деген аяттың бір тұсын тәпсірлейтінін түсінді.
Сосын, илһамның мәнісіне, хикметіне, оның шәһәдатына яғни Жаратқанның бар екеніне қалай куәлік ететініне қарады. Қараса, мәнісі, хикметі және нәтижесі төрт нұрдан тұрады екен.
Біріншсі: "Тәуәддүд-і Иләһи" дейтін өзін пенделеріне іс жүзінде жақсы көргізгені секілді сөзбен, құзырмен және сұхбатпен де өзін жақсы көргізеді. Бұл "уәдудиеттің", "рахманиеттің" талабы.
Екіншісі: Құлдарының дұға-тілектеріне іспен жауап бергені секілді сөйлеу арқылы перделердің артынан жауап береді. Бұл оның "рахимиетінің" талабы.
Үшіншісі: Ауыр қиыншылықтарға, бәлелерге ұшыраған пенделерінің көмек сұраған дұғаларына, жылап-сықтаған өтініштілектеріне іс жүзінде медет бергені секілді белгілі мағынада сөйлеуі боп табылатын илһаммен яғни аян беру арқылы да жәрдем етуі Рубубиетінің талабы.
Төртіншісі: Өте әлсіз, тым әлжуаз, аса пақыр әрі мұқтаж және өзінің иесін, қамқоршысын, басқарушысын, сақтаушысын таныптабуға өте мұқтаж әрі құштар саналы пенделеріне өзінің болмысын, құзырын, сақтаушы екенін іс жүзінде сездіргені секілді белгілі бір мағынада сөйлеуі боп саналатын кейбір дұрыс илһамдар (аян) пердесінің артынан, әркімге бөлек-бөлек әрқайсысының қабілетіне қарай қалб телефоны арқылы сөйлесіп өзінің бар екенін сездіруі, құзырына алуы «Улухиет» мейрімінің, "Рубубиет" рахметінің сөзсіз, шартты талабы деп түсінді.
Сосын, илһамның қалай куәлік ететініне назар аударды. Мәселен, Күнді егер тірі әрі санасы бар деп ойлап, оның жеті түсті реңгі жеті сипаты десек, ол кезде жарығындағы сәулелерімен белгілі бір мағынада сөйлер еді. Осылайша, оның мысалы, шағылыс сәулесі жылтырақ нәрселерден табылары және әрбір айнамен, кезкелген жылтырақ нәрсемен және шыны сынықтарымен, су бетіндегі көпіршіктермен, тамшылармен тіпті мөлдір зерре бөлшектермен әрқайсының қабілетіне қарай белгілі мағынада сөйлесіп, олардың сұрағанына жауап берер еді. Және олардың барлығы Күннің бар екеніне куәлік етіп, бір іс бір іске кедергі болмай, біреуімен сөйлесуі басқасымен сөйлесуіне кедергі туғызбайды. Мұны көзбен де көруге болатыны секілді Әзәл мен Әбәдтің Зүлжәлал сұлтаны, жаратылыс атаулының Зүлжәмал жаратушысы Шәмс-і Сәрмәди Аллаһтың сөйлеуі де оның ілімі мен құдіреті секілді күлли, жалпыға ортақ, барлығын қамтиды. Осылайша әрбір нәрсенің қабілетіне қарай әсер етіп, мәміле жасайды. Бір сұрақ басқа сұраққа, бір іс басқа бір іске, бір үндеу басқа бір үндеуге кедергі болмай, әсте араласып мүлдем
шатаспас еді. Бұл түсінікті жәйт. Міне, осы барлық шағылыстар, сәуле-көріністер, сөйлеу мен илһамдар жеке-жеке және ұйымдасқан түрде әлгі Әзәли Шәмсі Аллаһтың құзырын көрсетіп, Оның сөзсіз бар екенін әрі жалғыз, дара Уахид, Әхад екенін дәлелдейді, куәлік етеді. Мұны жолаушы «айнәляқынге» жақын "ғылмәляқын" түрде яғни анық-қанық көрді. Сонымен, біздің құмарпаз қонағымыздың ғайып әлемінен алған мағрифат дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он төртінші және он бесінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, манағы жолаушы өзінің ақылына былай деді: Менің ғаламдағы жаратылыс арқылы Жаратқан Иемді іздеп жүргенім рас. Олай болса бәрінен бұрын осы жаратылыстың ең мәшһүры тіпті дұшпандарының өзі оның кәміл, ұлы қолбасшы, жоғары мәртебелі, тілге шешен, сөзі маржан, ақылды данышпан екенін мойындаған және он төрт ғасырды адамгершілігімен, қымбат қасиеттерімен, Құранымен нұрландырған араб Мұхаммедті (ғаләйһиссалату уәссалам) зиярат етіп, іздегенімді сол Кісіден (с.а.у.) сұрау үшін оның бақыт ғасырына бірге барайық деп, ақылымен бірге ол өмір сүрген ғасырға аттанды. Қараса, ол ғасыр шынымен де әлгі ардақты Кісінің (с.а.у.) саясында адамзаттың ең бақытты кезеңі болған екен. Өйткені, әкелген нұры арқылы өте жабайы, мүлдем сауатсыз надан халықты қысқа мерзімде дүниеге танымал, ел басқаратын білікті би, дипломат, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерді.
Әрі ақылына былай деді: «Біз бәрінен бұрын осы керемет Кісінің (с.а.у.) аз да болса қадір қасиетін, айтқан сөздерінің ақиқат екенін, берген ақпаратының рас екенін біліп алуымыз керек, сосын барып одан Жаратушы Иемізді сұрайық!» деп оны жақыннан тануға кірісті. Көзі жеткен көптеген анық дәлелдерден әзірге "тоғыз ауқымды айғаққа" жеке-жеке бірақ қысқа ишара етілмек.
Біріншісі: Бұл кісінің бойында көркем мінез, ізгі қасиетке тұнып тұр, мұны тіпті дұшпандарының өзі мойындаған.
Сондай-ақ, وَ لِلْاِحْسَاسَاتِ السُّبْحَانِيَّةِ لِوُجُودِه۪ لِمَصْنُوعَاتِه۪ аятының ишара еткеніндей бір саусағының ишарасымен көктегі Ай екіге бөлінген, лақтырған бір уыс топырағы жаудың әрқайсысына бір уыс топырақ болып көздерін аша алмай тым-тырақай қашқан. Шөлде қалған әскеріне бес саусағынан кәусардай аққан суды қанғанынша ішкізген. Осы секілді бізге жеткізілген кейбірі «тәуәтүр» дәрежесінде анық жүздеген мұғжизалар көрсеткен. Мұндай мұғжизалардың үш жүзден астамы «Он тоғызыншы Мәктуб» деп аталатын «Мұғжизат-ы Ахмедие» атты ғажап кітапта нақты дәлелдермен баяндалғандықтан соған сілтеп, өзі-өзіне былай деді: "Мұншама көркем мінез бен кемел сипаттарға ие және әлгіндей көптеген мұғжизаларға бөленген Кісі (с.а.у.), әлбетте шыншыл әрі айтқандарының бәрі дұрыс. Ол жаман мінезді кісілерге ұқсап жалған айтуға, өтірік алдауға, қулыққа барып өзін төмендетпесе керек. Олай істеуі әсте мүмкін емес.
Екіншісі: Қолында ғалам Иесінің жолдауы және ол жарлықжолдауды әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамдар оқып, қабылдап, растаған. Және ол жолдау яғни Қасиетті Құран жеті тұрғыдан таңғажайып. Сондай-ақ, Құранның қырық жақтан керемет, мұғжиза екендігі және ол ғалам Иесінің сөзі екені қуатты дәлелдермен «Жиырма бесінші Сөз» және "Мұғжизат-ы Құрания" атты Нұр Рисалесінің бір Күні боп саналатын мәшһүр бір рисаледе жан-жақты баяндалғандықтан оны соған сілтеп былай деді: "Мұндай нағыз хақ, іші толы ақиқат жолдаудың аудармашысы яғни оны бізге жеткізуші Кісінің (с.а.у) жолдауға қастандық әрі жолдау Иесіне қиянат болып табылатын алдаудан аулақ, өтірік айтуы әсте мүмкін емес.
Үшіншісі: Ол Кісі (с.а.у.) сондай теңдесіз шариғатпен, дін Исламмен және убудиетпен (құлшылық), дағуатпен (хаққа шақыру), иманмен ортаға шыққан, ондай құндылықтардың дүниеде теңі жоқ, болмайды да! Олардан асып түсер кемелдік болмаған, болмайды да! Неге десеңіз, "үмми кісінің" яғни я жазу, я оқу білмейтін адамның
(с.а.у.) әкелген шариғаты он бес ғасыр бойы адамзаттың бестен бірін өте әділ түрде, ақиқатқа бастар тура жолда, өте терең де мызғымас әрі шексіз заңдарымен басқаруы теңдесіз оқиға.
Сондай-ақ, үмми Кісінің (с.а.у.) іс-әрекетінен, айтқан сөздерінен және хал-ахуалынан пайда болған дін Ислам, әр ғасырда үш жүз миллион адамға жетекші, қайна бұлақ, ақылдарға мұғалім, ұстаз, жүректердің нұрландырушысы, тазартушысы және нәпсілердің тәрбиешісі, ағартушысы, рухтардың қанаттанып ашылуына бірденбір себеп, ұйытқы болуы тұрғысынан ешнәрсе еш нәрсе жете алмаған, жетпейді.
Сондай-ақ, дініндегі күллі ғибадаттың барлық түрлерінен озық, бәрінен жоғары, баршадан артық тақуа болуы және Аллаһтан ерекше қорқуы, әрдайым күрес пен аласапыран өмір кешсе де құлшылықтың бүге-шүкесіне дейін толыққанды орындауы әрі ешкімнен көшірген емес, толық мағынада, алғаш рет бірақ, ең кемел түрде, басы мен соңын біріктіре атқаруы, әлбетте теңдессіз, теңі болмайды да.
Әрі мыңдаған дұға-тілектері, мінәжаттары таңғажайып! Мәселен, «Жәушан-үл Кәбир» атты мінәжатында Раббани мағрифатпен Раббысын керемет, тамаша сипаттайтыны сонша, ықылым заманнан бері «мағрифат» иелері мен әулие-абыздар өзара пікір алысып жәрдемдесе мағрифат қылса да оның мәртебесіне, Раббысын сипаттау дәрежесіне жете алмауы дұға етуде де теңдесі жоқ екенін көрсетеді. «Мінәжат рисалесінің» басында «Жәушән-үл Кәбирдің» тоқсан тоғыз шумағынан бір шумағының қысқа мағынасы баяндалған жерді оқыған адам: «Дұғасының өзі теңі жоқ!» деп айтары сөзсіз.
Әрі, рисалетті жеткізуде яғни пайғамбарлық міндетін атқарып, халықты хаққа шақыру тұрғысында көрсеткен қайсарлығы, батырлығы, табандылық танытуы өзінше бөлек тақырып. Алпауыт мемлекеттер мен үлкен діндер, тіпті өзінің қауым мен руы, туысқан көкесі қас дұшпаны бола тұра титтей де болсын саспай, суық қандылық сақтауы, еш уайымға, үрейге берілмеуі әрі бір өзі бүкіл дүниеге атой салып ақырында табысқа жетіп дін Исламды дүниеге мойындатуы, бұл оның ақиқатты жеткізуде, дағуатта да теңі жоқ екенін, теңі болмайтынын көрсетеді.
Әрі иманы таудай асқар және әбден көзі жеткен, сенімді түрде әрі нанымы мызғымастай мықты. Өйткені, сол заманда үкімі жүріп тұрған діни нанымдар, көзқарастар мен ой-пікірлер, данагөйлердің хикметтері, рухани басшылардың ілімдері түгелдей қарсы әрі қарамақайшы,
тіпті жоққа шығаратын дәрежеде бола тұра, нанымына, көзқарасына, сеніміне әсте бір күдік, бірде-бір шүбә, әлсірету, кері шегіну, ешқандай уәсуәсә туғызбаған. Руханиятта және иман мәртебесіне өрлеу үстінде болған әу баста сахабалар, сосын күллі әулие-асфиялар оның иманынан нұр-фейіз алуы және оны әрдайым жоғары дәрежеде көруі анық түрде иманының да теңдесіз екенін көрсетеді.
Сонымен, мұндай теңдесіз шариғат, ерекше қасиетті дін Исламның иесінің және керемет құлшылық етуші әрі ғажап дұға қылушының сондай-ақ, әлемге шулы дағуат пен таңғажайып иман иесінің әлбетте өтірік алдауы мүмкін емес, сөзі жалған болуы ақылға сыйымсыз деп түсінді, мұнысын ақылы да қоштады.
Төртіншісі: Қалайша, әнбиялар тобы (аләйһиссалам) Аллаһтың "ужуд" пен уахданиетіне яғни бар және бір екеніне қуатты дәлел болып табылады, сол сияқты олар бұл Кісінің (с.а.у.) пайғамбар екеніне де мықты айғақ ретінде куәлік етеді. Өйткені, әнбия аләйһиссаламның рас әрі пайғамбар екенін дәлелдейтін қанша киелі сипаттар мен мұғжизалар, атқарылған міндеттер болса бұл Кісіде (с.а.у.) өте жоғары дәрежеде болғаны тарихи шындық. Демек олар, қалайша сөзбен яғни Тәурат, Інжіл, Зәбүр және басқа да көктен түскен парақтарда ол Кісінің (с.а.у.) келетінін хабар беріп адамзатқа сүйіншілегені секілді - мұндай көктен түскен кітаптардың қуанышты ишари хабарларынан жиырмадан астамы және өте анық кейбір түрлері Он тоғызыншы Мәктубта жақсылап дәйекті түрде баяндалған болатын - дәл солай да олар хал тілдерімен де яғни пайғамбарлық арқылы және мұғжизаларымен де жолдасы әрі серіктес досы болған осы озат кемел адамды растап мүддесін қолдаған болып табылады.
Бесіншісі: Бұл Кісінің ережесін сақтап, тәрбиесіне көніп, ізінен еру арқылы хақ пен ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, «кәшфиятқа», "мүшәхәдатқа" қолы жеткен мыңдаған әулиелер уахданиетке куәлік еткендері секілді, ұстаздары болған осы Кісінің растығына, пайғамбар екеніне барлығы бір ауыздан, ұйымдасқан түрде куәлік етеді. Оның ғайып әлемі туралы ақпаратының кейбірін олар әулиеліктің нұрымен көрген. Барлық айтқан хабарларын иман нұрымен, я «ғылым-и яқын» немесе «айнәл-яқын» не болмаса «хаққал-яқын» түрде растаған.
Міне, бұл да ұстаздары болған бұл Кісінің (с.а.у.) қаншалықты ақиқатшыл, турашыл екенін көрсетеді. Жолаушы осыны түсінді.
Алтыншысы: Бұл кісі үмми бола тұра әкелген ұлы ақиқаттарының және терең ілімінің және жаңадан ашқан Иләһи мағрифат дәрісінің саясында ілімнің биік мәртебесіне жеткен миллиондаған «мудаққиқ» асфия мен "мухаққиқ" сыддықтар және дана, абыз, зерек хәкім мүминдер бұл кісінің басты мүддесінің негізі болып табылатын уахданиетті қуатты айғақтармен бір ауыздан дәлелдеп, растаған. Олар осылайша әлгі ұлы тұлға мұғалімдерінің, жоғары мәртебелі ұстаздарының ақиқатшыл екеніне, айтқан сөздерінің рас екеніне жұмыла куәлік етеді. Бұл куәліктері оның пайғамбар екеніне, рас шынайы екеніне айдан анық дәлел болып саналады. Мәселен, Рисалей-Нұр жүз кітапшасымен осы Кісінің хақ, шынайы, адал екенінің бұлтартпас дәлелі болып табылады.
Жетіншісі: "Әль" уә "асхаб" деп аталатын және адамзаттың әнбиядан кейін еңн парасатты, көрегенділігімен, кемелдігімен танымал және аса құрметті, атақты әрі діндар жәгн назары өткір үлкен топ. Олар жіті бақылап, қызыға, өте ыждағатпен мұқият түрде, бұл Кісінің құпия яки ашық барлық ахуалын, ой-пікірлерін, жүрістұрысын зерттеп, зерделеудің нәтижесінде бұл Кісінң дүниеде ең адал, шыншыл және мәртебесі өте жоғары әрі өте дұрыс, ақиқатшыл адам екеніне көздері әбден жетіп, бір ауыздан растап бекіткен әрі толық иман келтірген. Міне, бұл да күннің жарығын дәлелдейтін күндіз секілді бұлтарптас дәлел. Жолаушы осыны ұқты.
Сегізіншісі: Мына әлем өзінің жаратылуы, басқарылуы, реттелуі, суреттелуі, өлшемді болуы жағымен бір сарайға яки бір кітапқа немесе бір жаймаға, бір көрмеге ұқсап, өзін салған ұстаны, жазушыны, суретшіні көрсетеді. Сол секілді әлем өзінің жаратылысындағы Иләһи мақсаттарды білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметтерді үйрететін және белгілі бір міндет атқаратын қозғалыстардағы нәтиже мен пайдалар жайлы дәріс беретін, оның мән-мағынасын ашып, қадір-қасиетін, кемелдігін паш ететін және әлгі алып кітаптың мәнін қортындылайтын жоғары мәртебелі делдал, тылсым сырларды ашатын турашыл тұлға, сенімді ұстаз, адал мұғалім керек етеді әрі міндетті түрде болуын талап етеді. Міне, осы тұрғыдан алғанда мұндай міндеттерді бәрінен артық әрі толық түрде, адал атқарған осы Кісі. Олай болса, бұл да ол Кісінің пайғамбар екеніне және Ол мына ғалам иесінің жоғары мәртебелі, шын берілген қызметшісі екеніне куәлік етеді. Жолаушы осыны аңғарды.
Тоғызыншысы: Мына өте шебер әрі хикметпен жаратылған болмыс арқылы өзінің өнерін, шеберлігінің кемелдігін жария қылғысы келетін және мына әсем сұлу сансыз жаратылыс арқылы өзін таныстырғысы, жақсы көргізгісі келетін және мына тәтті де қымбат нығметтерімен өзіне алғыс пен шүкір, хамд етуді қалайтын Бір Құдіреттің бар екені рас. Және мына мейрімді де қамқоршыл жалпыға ортақ тәрбие мен асырау арқылы, тіпті тілдің өзін саналуан дәм сезіп, ләззат алатындай, тәбеттің небір түріне ие етіп жаратқан, қанағаттандырған және Раббани нығметтер мен ас-дәмдер арқылы өзінің рубубиетіне ризашылықпен, шүкір ете, табынатындай құлшылық еткізгісі келетін сондай-ақ, маусымдарды, түн мен күнді ауыстыру секілді алып істер мен басқару, хикмет толы құбылту, жоқтан бар ету арқылы өзінің "улухиетін" яғни Аллаһ екенін көрсеткісі келетін Біреу бар. Және оған иман етіп мойынсұнуды талап ететін және әрдайым жақсылыққа ынталандырып, жақсыларды қорғаштап ал, жаманшылықтан тиып, жамандарды тойтарып, залымдарды аспани апаттармен ауыздықтап, суайт, өтірікшілерді әшкерелеп өзінің хақ әділдігін көрсеткісі келетін перденің артында Біреу бар, оған еш күмән жоқ!. Олай болса, әлгі ғайби Құдіреттің ең сүйікті пендесі және өте адал құлы және жоғарыда аталған мақсаттарына аянбай қызмет етіп, әлемнің жаратылысындағы тылсым-сырды ашқан және әрдайым Жаратушының атымен әрекет еткен, Одан жәрдем мен сәттілік сұраған және әрдайым медет алып, таупыққа бөленген Мұхаммед-і Құрайши деп аталатын кісі, осы болса керек. Жолаушы, ақылына деді: "Осы аталған тоғыз ақиқаттар Оның адалдығына толық куәлік етеді. Олай болса әлбетте, бұл адам адамзаттың мақтанышы, күллі әлемнің абыройы және оны «Фахр-ы Әлем», "Шәрәф-і Бән-и Адам" деуге әбден лайық. Сондай-ақ, қолындағы ұлы жарлық, күллі жаратылысқа жолдау Қасиетті Құранның рухани салтанатының үстемдігі жер шарының жартысын басып, баурап алуы және жеке тұлға ретінде кемел әрі жоғары қасиеттерге ие болуы бізге мынаны көрсетеді: Бұл әлемде ең маңызды тұлға осы Кісі және Жаратушымыз жайлы тура сөз Оның ақысы.
Міне, кел, қара! Осы керемет тұлғаның жүздеген анық әрі нақты мұғжизаларының қуатына, дініндегі мыңдаған тамыры терең ақиқаттарына сүйене отырып айтарымыз: Оның алға қойған мақсаттарының ең бастысы және өмір бойы арпалысқан арманы Уажиб-ул Ужуд болған Аллаһтың бар екенін дәлелдеу және Оның
жалғыз, дара екенін және есім-сипаттары кемел көркем екенін көрсету, Оған куәлік ету және сол Уажиб-ул Ужудқа халықтың көзін жеткізу, әлемге жария ету және анық білдіру болып табылады. Демек, мынау ғаламның рухани Күні және Жаратушымыздың өте жарқын айғағы осы Хабибуллаһ деген кісі екені сөзсіз, оған дау жоқ. Оның куәлігін растайтын, қуаттап, бекітетін әсте алданбайтын, алдамайтын үш үлкен «иджма» яғни жұмыла келіскен пікір бар.
Біріншісі: "Егер ғайып пердесі ашылса "яқиным" еш өзгермейді яғни сеніміме еш нұқсан келмейді" деген Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) секілді және өзі жерде тұрып ұлы ғарышты, сондайақ Исрафилдің алып бейнесін көрген Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) тәрізді назары өткір, ғайыпты көре алатын мыңдаған "қутуб" пен ұлық әулиелерден құралған және "Әл-і Мұхаммед" деп аталатын әлемге танымал нұрлы жамағаттың бір ауыздан келіскен "иджмасы" яғни ұжымдық шешімі.
Екіншісі: Әу баста бәдәуи, оқу-жазу білмейтін, қоғамдық өмірдің ережелерінен бейхабар, саяси сауатсыз, кітапсыз және надандық жайлаған қараңғы заманда өмір сүрген...алайда тез арада мәдени, сауатты, саяси қайраткер, қоғамдық өмірді әбден меңгерген, өзге жұртқа ұстаздық еткен және мемлекеттерге үстемдік етіп, оларға жетекші, білікті дипломат, әділ басқарушы би болып шығыстан батысқа дейін ұлан ғайыр құрылықты басқарған, өздерін «Сахаба» деген атпен танытқан мәшһүр жамағаттың бір ауыздан ұжымдаса, мал-жандарын, керек болса әке-шешесін, руын пида еткізетіндей дәрежеде қуатты иман келтіріп жаппай растауы.
Үшіншісі: Әр ғасырда мыңдаған өкілдері бар және әртүрлі пән мен ғылым саласында табысқа жеткен өте зерек, сан-алуан салада еңбек еткен, үмметтің ішінен шыққан сансыз кәміл ғұламалар мен ілімі терең ғалымдардан құралған үлкен жамағаттың өзара сәйкес ғылыми түрде растауы. Демек, бұл Кісінің «уахданиетке» куәлігі жеке дара, тек өзімен шектелмей, жалпыға ортақ, ауқымы кең «күлли», әсте мызғымас берік, бүкіл шайтандар біріксе ешбір тұрғыдан қарсы шыға алмайтын «шәһәдат» (куәлік) екенін түсінді.
Міне, пайғамбарымыздың бақытты дәуіріне ақылымен саяхат еткен жолаушы және өмірге қонақ кісі манағы нұрлы медреседен алған дәрісіне қысқаша ишара ретінде бірінші мақамның он алтыншы мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, бұл дүниеде өмірдің ұлы мақсаты және өмірді өмір қылып тұрған иман екенін түсінген әлгі шаршамайтын, тыным таппайтын жолаушы өзіне былай деді: «Мен іздеп жүрген Құдіреттің » кәламы", сөзі деп аталатын дүниеде танымал және үкімі жарқын түрде жүріп тұрған және өзіне қарсы шығып ерегіскендерді жаппай айтысқа шақыратын Құран-ы Мұғжиз-үл Баян, Жаратқан Иеміз туралы не дейді, соны тыңдап көрейік. Алайда, ең әуелі бұл кітап бізді жаратқан Иеміздің сөзі екенін дәлелдеу керек болар" деп іздестіре бастады.
Жолаушы осы заманда болғандықтан бірінші болып Құранның мағынауи ғажап тәпсірі болған Рисалей-Нұрға жүгінді. Оның жүз отыз кітапшалары Құран аяттарының тұжырым-нүктелері, нұрсәулелері, терең түсініктемесі екенін аңғарды. Және Рисалей-Нұр тым қырсық әрі тәкәппар әрі дінсіз ғасырда жарыққа шығып әртарапқа Құран ақиқаттарын батыл әрі қайсар түрде жайса дағы қарсы алдына ешкімнің шыға алмауы, оның ұстазы, қайнар көзі, бастауы, бұлағы, Күні Құран Кәрім әлбетте аспани, оның адам сөзі емес екені белгілі.
Тіпті, Рисалей-Нұрдың жүздеген кітапшаларынан бір ғана рисалесі, Құранның айғағы, Жиырма бесінші Сөз бен Он тоғызыншы Мәктубтың ақыры Құранды қырық тұрғыдан мұғжиза екенін дәлелдеген. Оны көрген жандар мінемек түгіл таңғала қайран қалып, жоғары бағалап мақтаған. Дәл қазір Құранның таңғажайып тұстарын
және оның хақ Кәламуллаһ екенін дәлелдеуді Рисалей-Нұрға сілтеп тек қысқа ишаралармен оның ұлықтығын көрсететін бірнеше тұжырымға назар аударайық.
Бірінші тұжырым. Қалайша Құран Кәрім, күллі мұғжизаларымен және хақ екенін дәлелдейтін ақиқаттарымен Мұхамед Пайғамбардың (с.а.у.) бір мұғжизасы болып табылады. Сол секілді Мұхаммед (с.а.у.) да бүкіл мұғжизаларымен, пайғамбарлық сипаттарымен және іліми кемелдігімен Құранның бір мұғжизасы әрі Құран «кәламуллаһ» екеніне бұлтартпас дәлел боп есептеледі.
Екінші тұжырым. Құран дүниеде нұрлы да жарқын, бақытты әрі шынайы түрде қоғамдық өмірге түбегейлі өзгеріс ендірген. Сонымен қатар адамдардың нәпсілерінде әрі рухтарында әрі ақылдарында әрі жеке бастың және қоғамдық өмірлерінде әрі саяси ахуалға ықпал етіп үлкен өзгеріс әкелген әрі ықпалын жалғастырып, күні бүгінге дейін басшылық етіп келеді. Он төрт ғасыр бойы минут сайын алты мың алты жүз алпыс алты аяты жоғары бағаланып құрметпен ең азы жүз миллионнан астам адамдар тарапынан оқылуда. Ол адамдарды тәрбиелеп, нәпсілерін жөнге салып, көңілдерді тазартып, рухтарға қанат беріп, биіктетуде. Ақылдарға тура бағыт пен нұр, өмірге нәр сыйлап бақытқа бөлеуде. Әлбетте, мұндай кітаптың теңі табылмас, ол таңғажайып әрі бәрінен жоғары, мұғжиза.
Үшінші тұжырым. Құран сонау ғасырдан қазірге дейін «бәләғат» өнерін яғни шешендікті, тіл өнерін шебер пайдаланғаны сонша, Қағбаның дуалына алтынмен жазылып іліп қойған аты шулы ақындардың «Муаллақат-ы Сәбға» деп аталған танымал мәшһүр өлеңдерін төмен түсіріп құрмет тақтасынан алып тастауға мәжбүр қылған. Ләбидтің қызы әкесінің әлгіндей өлеңі жазылған тақтайшаны түсіріп жатқанда былай деген екен: «Мұның Аятқа қарсы тұрарлық құны қалмады!».
Сондай-ақ, бәдәуи бір араб шешені: فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ аятын ести сала сәжде қылған екен. Оған: «Сен мұсылман болдың ба?» деп сұрағанда: «Жоқ, бірақ, мен мына аяттың бәлағатына яғни шешендігіне қайран қалып сәжде жасадым!» деген екен.
Әрі, «бәләғат» ілімінің дана, кемеңгер ұстаздарының бірі Абдүлқадир-і Джуржани, Сәккаки және Зәмахшари сынды мыңдаған кемеңгер имамдар мен әдебиет қайраткерлері «иджма» түрде бір ауыздан, "Құранның бәлағатына адамның тағаты жетпейді, бұлай
сөз саптау ешкімнің қолынан келмейді!", деп ұйғарым жасаған. Әрі, Құран сол заманнан бері әрдайым қарсыластарын айтысқа шақырып өркөкірек, тәуаппар ақындар мен шешендердің намысына тиіп, абыройын төккендей былай дейді: «Сендер бір ғана сүреге тең келер жазу әкеліңдер! Әйтпесе дүниеде де ақыретте де оңбай, қор боласыңдар!». Сонда сол заманның өркөкірек, қырсық тілге шешен ақындары бір түйір сүреге ұқсас жазу жазып жеңіске жету дейтін қыпқысқа жол тұрғанда ұзақ әрі мал-жанға қауіпті соғысуды таңдағанына қарағанда ондай айтыс жолымен мәселені шешу мүмкін емес.
Тіпті, біреу: سَبَّحَ لِلّٰهِ مَا فِى السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аятын оқып: «Мұның таңғажайып шешендігін көре алмай тұрмын!» депті. Сонда, оған: «Сен де манағы жолаушы секілді өзіңді сол заманда елестетіп сол жерде тыңда!» деді. Ол да өзін Құраннан бұрынғы заманда жүргендей қиялдап қарап еді, болмыс атаулы аласапыран, әлемді қайғының қара бұлты басып, меңіреу әрі бейсана табиғаттың құрсауында, ұшы қиыры жоқ, алай-түлей баянсыз бір дүние. Енді, Құранның тілінен осы аятты тыңдап еді, бұл аят ғаламды тұмшалаған пердені ашып нұрландырғаны сонша, бейне бір әр ғасырда саналы жандарға жаппай дәріс беріп, көздерін ашқанын көрді. Мына ғалам үлкен мешіт тәрізді, әу баста, аспан мен жер, барлық жаратылыс жан біткендей зікір салып, тәсбих етіп, әрбірі өзінің міндетін құлшына атқаруда және өздерін бақытты сезініп, дән риза. Мұны көрген соң, аяттың шешендігіне біршама көзі жетіп, басқа аяттарды осыған салыстырып, Құран өзінің зор шешендігімен жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бірін қалай баурап алғанын, үстемдігі мәңгі екенін, құрметпен он төрт ғасыр бойы үздіксіз жалғасып келгенінің мыңдаған хикметтерінен бір хикметін аңғарғандай болды.
Төртінші тұжырым: Құранның ақиқатқа толы мазмұнында өзіндік бір ләззат бар. Ең тәтті нәрсе қайталана берсе, жалықтырып жіберетіні рас. Алайда, Құранды қайта-қайта оқу жалықтырмақ түгілі жүрегі қараймаған, зауқы бұзылмаған адамдардың қызығушылығын арттырып, тәттілігін үдете түсетіні бұрыннан бері көпшілікке аян, халыққа мәлім. Құранның балғын жастығы, ғажаптығы сонша сан ғасыр өтсе де және оны қолға түсіру оңай бола тұра, жаңа түскендей өзінің балғындығын сақтап келеді. Әрбір ғасыр тап өзіне айтылып, жаңа түсіп жатқандай оқып яки тыңдайды. Түрлі ғылым саласындағы ғалымдар қолынан тастамай оны әрдайым пайдаланып жүрсе де және
оның сөз саптауына еліктеп, соған ұқсастырып сансыз еңбек жазылса да, Құранның түсіндірудегі ғажап әдісі мен баяндау тәсілін ешкім меңгере алмаған.
Бесінші тұжырым: Құранның бір қанаты өткен шақта, бір қанаты болашақта, ал тамыры мен бұтағы болса, бұрынғы пайғамбарлардың бір ауыздан растаған ақиқаттары деуге болады. Құран олардың үкімдерін растап, бекіткен. Олар да өзара ұқсастығымен мұны растауда. Сол секілді, әулие мен асфиялар да одан нәр алып, өсіп шыққан жемістері тәрізді. Олар өздерінің рухани кемелденуі арқылы әлгі «қасиетті ағаштың» яғни Құранның тірі және нәрлі ақиқаттардың қайнар көзі екеніне дәлел болып табылады. Ал, екінші бұтағынан өсіп-өнген әулиеліктің тура жолдағы бүкіл тариқаттар, дін Исламның бүкіл шынайы ілімдері бірлесе келіп, Құранның нағыз хақ, ақиқаттардың жиынтығы және мазмұны, яғни, шексіз күрделі мәселелерді қамтуы тұрғысынан таңғажайып екенін көрсетеді.
Алтыншы тұжырым: Құранның алты жағы да нұрлы. Бұл оның хақ әрі ақиқат екенін көрсетеді. Иә, астында бұлтартпас айғақ пен дәлелдер, үстінде «иғжаздың» нұрлы сәулелері, алдында, яғни, ұстаған бағытында екі дүниенің бақытының сый-сыяпаттары, артында болса сүйенер тірегі көктен түскен уахидың ақиқаттары, оң жағында сансыз дұрыс ойлайтын ақылдардың дәйекті құптаулары, сол жағында болса таза жүректер мен ар-ождандардың толық сенімдері мен шынайы берілуі; Осы аталғанд қасиеттер Құранның бәрінен үстем, таңғажайып, мызғымас ақиқат әрі ол жер бетіндегі еш соққы тимейтін, оқ өтпейтін аспани бекем қорған екенін дәлелдейді. Осы алты мақамнан көрініп тұрғанындай, оның хақ әрі рас екенін, адамның сөзі еместігін, ішінде бірде-бір қате жоқ екенін растаушы, әу баста әлемнің Иесі, әрдайым жақсылықты қолдаушы, хаққа жақ, өтірікшілдерді, жала жабушыларды масқаралаушы, барлығын билеп басқарушы Аллаһ. Ол - Құранға әлемде ең жоғарғы орын, мақбұл да үстем әрі биік мәртебе берген.
Екіншіден, дін Исламның бұлағы, Құранның аудармашысы ардақты тұлға Расулулаһ (с.а.у.). Ол, бәрінен де артық сеніп, Құранға құрмет етуі және уахи түсіп жатқанда ұйқы басқандай маужырап қалуы әрі өзге аян-хабарлар, басқа маржан сөздер Оның әкелген уахиының дәрежесіне жете алмауы, ұқсамауы және оқу-жазуды білмесе де, өткен тарих пен болашақты көрместен, Құран арқылы еш күмәнсіз нақты
түрде дұрыс хабарлауы және өзіне мұқият қадағалап қарайтындардың алдында ешбір қулығы, ешбір қатесі байқалмауы және бар күшімен Құранның әрбір үкіміне беріле иман етіп, мойынсұнуы, ешнәрседен тайсалмай әрдайым алға ұмтылуы, Құранның аспани ақиқат екенін, ішінде әсте жалған жоқ, бәрі рас, хақ екенін, Мейрімі мол Жаратқанның қасиетті сөзі екенін растап нақтылай түседі.
Әрі адамзаттың бестен бірі, бәлкім одан да көп бөлігі мына Құранға жан тәнімен беріліп, оның ақиқатарына құлшына ден қойып тыңдауы және көптеген оқиғалар мен белгі-ишаралардан анықталғанындай, оқылған кезінде жындар мен періштелер, руханилер көбелектей айналасына үймелеп, хақ сөз тыңдауға жинала қалуы, Құранның ғалам бойынша ең жоғары мәртебелі екенін тағы да растайды.
Сондай-ақ, адамзаттың барлық буындары сонау сауатсыз наданынан бастап ең ақылды, зерек ғалымына дейін әрқайсысы Құраннан толық қанағаттанарлық дәріс алуы, өте терең ақиқаттардың байыбына барып, мәселені түсінуі, ғылым мен пән және Ислами жүздеген ілім саласының және ұлы шариғаттың ғұлама-ғалымдары, сондай-ақ, «Усул-уд Дин», "Илм-і Кәлам" саласының дана ғалым ғұламалары өзіне қатысты әрі қажетті мағлұматты, керекті жауапты Құраннан табуы, бұл да Құранның хақ пен ақиқаттың бұлағы екенін растайды.
Және әдебиетте алғы сапта тұратын араб ақын-жазушылары (күні бүгінге шейін мұсылман болмағандары да) айтысуға өте мұқтаж бола тұра, Құранның "иғжазының" негізгі жеті түрінің бір ғана түрі шешендігіне қарсы, тіпті, бір ғана аятына тең келер жазба жаза алмай қашқақтауы және айтысып атын шығарғысы келетін әйгілі ақындар мен дана ғұламалардың өзі ешбір тұрғыдан, ешбір қасиетіне қарсылық көрсете алмауы, ауыздарын аша алмай үндемей қалуы, бұл да Құранның мұғжиза екенін, адамның қолынан келер шаруа еместігін дәлелдейді. Иә, сөздің қадірі, оның жоғарылығы мен шешендігі, оны «кім айтқан, кімге айтқан, неге айтқан» деген жақтарымен анықталады дейтін болсақ, Құранның теңі жоқ, оған жету мүмкін емес. Себебі, Құран Кәрім, күллі әлемнің Раббысы, бүкіл ғаламды Жаратқан Аллаһтың үндеуі, Оның киелі сөзі және ешбір тұрғыдан көшіру, ұйқастыру мүмкін емес бұйрық-пәрмені, ол бүкіл адамзаттың, тіпті, болмыс атаулының уәкілі, жоғары мәртебелі кісіге түскен кітап. Ардақты Пайғамбарымыз адамзаттың мақтанышы, ең абыройлысы, аты әлемге әйгілі ерекше тұлға. Оның иманы берік, талғамы зор
екені сонша, алып Ислам дінін қамтитындай көңілі кең, ауқымды әрі оны Қаб-ы Қаусәйін мақамына көтеретіндей дәрежеде киелі. Және Құран «не туралы айтады?» десе, ол - екі дүниенің бақыты жайлы баян қылады. Ғалам не үшін жаратылғаны, оның нәтижесі, оны Жаратқанның мақсаты туралы сыр шертеді және әлгі Ардақты дәнекердің бүкіл Ислам ақиқаттарын қамтитын, орасан зор, алып иманын суреттейді және мына үлкен ғаламды да географиялық карта, яки сағат, яки сарай секілді жан-жағын түгелдей көрсете отырып, оны жасаған ұлы Шебер Иесін сипаттап, тұщымды түрде жан-жақты таныстырады.
Міне, осындай баяны мұғжиза Құранның, әлбетте, теңін табу мүмкін емес, оның «иғжазына» жету ешкімнің қолынан келмесі хақ. Құран Кәрімге түсініктеме жасап, тәпсір жазған, кейбірі отыз-қырық, тіпті, жетпіс томдық еңбек жазған зерек, ілімі терең көзі қарақты мыңдаған ғалым-ғұламалардың дәлелге сүйене баяндаған Құранның шексіз қасиеттері, терең мағыналары мен тұжырымдары, сондай-ақ, әртүрлі көптеген ғайби хабарларды көрсетуі, дәлелдеуі, атап айтқанда, Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітабы, оның әрбір рисалесі Құранның қасиетін, тұжырымдылғын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеуі, әсіресе, Құранның мұғжизалығы туралы сыр шертетін «Мұғжизат-ы Құрание» кітабы, пойыз, ұшақ секілді ғылым жетістіктерінің көптеген жаңалықтарын Құраннан тауып шығарған Жиырмасыншы Сөздің екінші мақамы, сондай-ақ, Рисалей-Нұрға, сонымен қатар электр тоғына ишара қылатын аяттардың белгі-нышандары жазылған «Ишарат-ы Құрание» атты "Бірінші Шуақ" және Құранның әріптері өте тәртіппен, жүйелі орналасқанын, олар сырға толы, терең мағыналы екенін көрсеткен «Румузат-ы Сәмание» атты сегіз кітапша және «Фәтих » сүресінің соңындағы аяты бес тұрғыдан ғайби хабар беретінін, оның өз алдына бір мұғжиза екенін дәлелдеген көптеген Рисалей-Нұрдың әрбір кітапшасы Құранның ақиқатын, нұрын паш етіп дүниеге көрсетуі, міне, бұлар Құранның теңдессіз мұғжиза, таңғажайып екенін білдіреді және барлығы жұмыла Құран Кәрім ғайып әлемінің мына әлемдегі тілі және ғайыптың бәрін білетін Ғаллам-үл Ғуюб Аллаһтың сөзі екенін дәлелдейді.
Сонымен, алты тұжырыммен, алты жақтан, алты мақамда ишара етуге тырысқан Құранның жоғарыда аталған киелі қасиеттері бар. Сол үшін оның орасан зор нұрлы үстемдігі, ұшантеңіз киелі биліксалтанаты күллі ғасырларды қамтып, нұрға бөлеп, жер жүзіне
түскеннен бері жарықтандырып, аса құрметпен ықпалы жалғасып келеді. Әрі сол қасиеті үшін Құранның әрбір әрпі ең аз он сауап, он жақсылық жасағандай қымбат, және он түйір жұмақ жемісін береді. Тіпті, кейбір аяттардың, сүрелердің әрбір әрпі жүз, мың кейде одан да көп пайда береді. Кейбір ерекше берекелі уақыттарда әрбір әрпінің нұры мен сауабы оннан жүзге артып кететін ерекше қасиеттерге ие!". Міне, осыны әлгі дүние жолаушысы аңғарды да, өз-өзіне былай деді:
«Иә, осындай қай жағынан болсын мұғжиза, таңғажайып мынау Құран Кәрім, өзіндегі сүрелері, аяттары үндесе, сырлары мен нұрлары өзара сәйкес түрде және жемістері мен нәтижелері бір жерден шығуы арқылы бәрі бір ауыздан Аллаһ Тағаланың бар екенін, Оның жалғыздығын көркем есім-сипаттарымен бірге дәлелдейді, куәлік етеді. Бүкіл имандылардың сансыз имандары, куәліктері оның куәлігінен, нұрынан нәр алған».
Міне, біздің жолаушымыздың Құраннан алған тәухид дәрісі мен иман сабағына қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он жетінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, пақыр адамға пәни, уақытша бір алқап я болмаса бір үй, баспана емес, оны үлкен әлемге, дүниеге тең келер алып та мәңгі бақи мүлікке ие қылатын және пәни адамды мәңгі өмірге дайындайтын сондай-ақ, ажал дарағашы күтіп тұрған бейшара адамды мәңгі жоқ болу қауіпінен құтқаратын және мәңгі бақыттың қазынасын ашатын, адамзаттың баға жетпес өте қымбат нәрсесі иман екенін түсінген әлгі жолаушы яки өмірге мейман өз-өзіне былай деді:
- «Қане, алға!». Иманның шексіз мәртебелерінен тағы бір мәртебесіне көтерілу үшін ғаламға, жалпы жаратылысқа назар аударып: «Ол не дейді екен, тыңдап көрейік. Ғаламның ішіндегі болмыстан алған дәрісімізді толықтырып, одан әрі нұрландыра түсейік!» деп Құраннан алған үлкен әрі ауқымы кең дүрбімен қарады. Қараса:
Бұл әлем керемет тартымды да тәртіпті жаратылғаны сонша бейне Сүбхани алып кітап немесе дене түріндегі үлкен Раббани Құран яки сұлу да зәулім Сәмадани сарай немесе жүйелі құрылған Рахмани шәһар тәрізді. Бұл кітаптың барлық сүре, аяттары, кәлима, сөздері тіпті әріптеріне, баптарына, бөлімдеріне, бет, парақтарына, жолдарына дейін жаппай ретті түрде орналасқан әрі өзгертіліп, хикметпен ауыстырлып отырады. Бұл бізге барлығы бірлесіп, ұйымдасқан түрде бір Алим-ы Күлли Шей, бір Қадир-і Күлли Шей және барлық нәрсенің барлық жағын көретін, ненің немен байланысатынын білетін, соған қарай мәміле жасайтын Наққаш-ы Зүлжәлал, Катиб-ы Зүлкәмал бір Аллаһтың бар екенін, Оның болмысы хақ екенін аңғартады. Сол секілді өзінің негіздерімен, жаратылыстың түрлерімен және бөлшектерімен, мекендейтін тұрғындарымен, ішіндегі болмыстарымен, кірісшығыстарымен сондай-ақ, өзінде болып жатқан пайдалы құбылыстарымен, хикмет толы жаңаруларымен, барлығы бірге осы істерді өзінің шексіз құдіретімен, орасан зор хикметімен істеп жатқан Шебердің, теңдесі жоқ бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін және Оның уахдетін білдіреді.
Бірінші ақиқат: "Усулуд-дин уә илм-і Кәлам" дейтін ғылым саласының зерек ғалымдары мен Исламның дана ойшылдары көрген әрі сансыз айғақтармен дәлелдеп берген "худус" пен "имкан" ақиқаты. Олар былай деген:
"Әлемде, жалпы барлық нәрседе өзгеру, алмасу бар екені рас. Олай болса, жаратылыс міндетті түрде пәни, уақытша және кейіннен пайда болған. Оны бастауы жоқ "қадим" дей алмаймыз. Кейіннен болған.
Олай болса, әлбетте оны бар қылған бір Жаратушы бар. Сондайақ, барлық нәрсе негізінде, түптеп келгенде болып-болмауына бір себеп керек етеді. Әйтпесе болуы екі талай, болып-болмауында айырмашылық жоқ. Әлбетте, болмыс абъсолюттік және әзәли яғни бастауы мен соңы жоқ деп айта алмаймыз. Сондай-ақ, тығырыққа тірелетін, ақылға сыйымсыз «дәуір» мен "тәсәлсүл" ұғымы яғни анау мынаны, мынау ананы жасады деп, шынжырлама түрінде бірінбірі жарату мүмкін еместігі бұлтартпас айғақтармен дәлелденген.
Олай болса, әлбетте, Уажиб-ул Ужуд бір Аллаһтың болмысы шарт. Оның теңі жоқ, Ол ешнәрсеге ұқсамайды, Одан басқалар мүмкін әрі Оның мақұлығы яғни жаратқандары болмақ.
Иә, "худус" ақиқатын әлемнің барлық жерінен кездестіруге болады. Басым көпшілігі көзге көрінсе, қалғанын ақыл көреді. Рас, көз алдымызда жыл сайын күз мезгілінде бір әлем ғайып болады. Сонымен қатар, саны шексіз, әрбірі тірі ғалам сықылды жүз мың түрлі өсімдіктер мен ұсақ жәндіктер әлгі әлеммен бірге опат болады. Опат болу құбылысы да өте жүйелі түрде жүзеге асады, яғни олардың қайта тірілуіне ұйытқы болатын және Аллаһтың рахымы мен хикметінің мұғжизалары әрі құдіреті мен ілімінің өнері болып табылатын дән-дәнектер мен тұқымдарды, жұмыртқаларды өз орындарына тастап, атқарған амал дәптерлері мен жасаған қызмет жоспарын оларға тапсырып Хафиз-ы Зүлжәлалдың әмірімен оның хикметіне аманат қылып сосын барып опат болады. Келесі көктемде ұлы хаширдің жүз мыңдаған үлгі-мысалдары мен дәлелі ретінде әлгі опат болған ағаштар мен тамырлар және кейбір тірі жандар қаз- қалпында тіріліп, жан бітеді. Кейбірінің өзі болмаса да орнына өзіне қатты ұқсас теңдері жаратылып, қайта тіріледі. Және былтыр көктемдегі жаратылыс жасаған амалдарының, атқарған міндеттерінің парақтарын жариялағандай Құранның: وَاِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ деген аяттың бір үлгі-мысалын көрсетеді.
Ішіндегі болмысымен қоса жалпы алғанда әрбір күзде, үлкен бір әлем опат болып орнына әрбір көктемде жаңа әлем келіп жатады. Осы опат болу мен қайта жаратылу құбылысы жүйелі түрде, белгілі бір тәртіппен жүзеге асады әрі керемет өлшеммен, ретті түрде әрбір түрлі жаратылыс қирап қайта жаратылатыны сондай бейне бір дүние ғажайып мейманхана секілді. Оған тірі жандар топ-топ болып қонаққа
келеді, неше түрлі әлемдер жолай соғыпі, тұрақсыз дүниелер келіп кетіп жатады. Әрбірі өз міндетін атқарып болған соң көзден таса болады.
Міне, дүниеде осындай сансыз жанды заттарды, белгілі бір міндеті бар әлемдерді аса көрегендікпен, білікті түрде, асқан хикметпен, дәл өлшеммен, тепе-тең әрі тәртіппен жаратып, өз орындарына қойып, Раббани мақсаттарға, Иләһи межеге қарай бағыттап, қызу түрде Рахмани қызметке пайдаланып, рахымды түрде жұмсап отырған Зат-ы Зүлжәлалдың бар екені сөзсіз және Оның шексіз құдіреті, асқан хикметі бар екені ақылға анық көрініп тұр.
Ал, "имкан" ақиқатына келер болсақ, ол да барлық жерде кездесіп, әлемді қамтып жатыр десе болады. Өйткені, барлық нәрсе, ол мейлі үлкен я кіші болсын ғарыштан жерге дейін, зәрреден жұлдыздарға шейін барлық зат, бүкіл жаратылыс өзіне тән болмысқа, белгілі бір суретке, пішінге, ерекше бітім мен өзіндік сипаттарға ие түрде әрі хикметке толы жағдайда, пайдалы да тиімді жабдықталып дүниеге жіберілуде. Алайда, әлгі белгілі түрде жаратылған зат, шексіз мүмкіндіктердің ішінен әлгіндей белгілі түрде, арнайы бір түрге енуі, ерекшелікке ие болуы... әрі сансыз суреттер бола тұра, шексіз ықтималдардың ішінен осындай әдемі де ерекше, өзіне жарасымды белгілі бір пішінге орануы және өзі тектес тұқымдастары қанша болса сонша мүмкіндіктер бола тұра ол затқа өзіне тән, лайық болмыс-бітімде, ерекше түрде сондай-ақ, сипаттардың түрлері мен мәртебелері қанша болса сонша мүмкіндіктер мен ықтималдар көп әрі манағы зат о баста солардың арасында еш қандай түр-түсі жоқ, қалай болары белгісіз бола тұра кенет өзіндік ыңғайлы да пайдалы сипаттарға ие болуы, әрі сансыз ықтималдар ішінде белгісіз, не боларын білмейтін, белгілі бір мақсаты жоқ, бағыт-бағдарсыз әлгі жаратылысқа әлгіндей хикметке толы тиімді хал-жағдай жасап, өте пайдалы құралдармен жабдықталуы, қамтамасыз етілуі, бізге мынаны мегзейді: Болмыстың жалпы немесе жалқы түрде қалай жаратылуы тұрғысында мүмкіндіктер қанша болса сонша және әрбір жаратылыстың жоғарыда аталған болмысы, оның бітімі, сурет-пішіні, сипат пен хал-жағдайының болу мүмкіндігі қанша болса сонша, әр нәрсені жеке-жеке айырып талдаушы, таңдаушы, тағайындаушы, лайықты орнына қоюшы бір Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың сөзсіз бар екеніне, оның құдіреті мен хикметі шексіз екеніне, еш нәрсе, ешбір іс одан жасырына алмайтынына, ешбір зат оған қиын еместігіне,
ең үлкен нәрсе оған өте кішкентай нәрсе сияқты оңай болатынына, көктемді бір ағаштай, ал бір ағашты бір дәндей жеңіл жарататынына дәлелдер, ишаралар бар екенін көрсетеді. Бұл, "имкан" (мүмкіндік) дейтін ақиқаттан шығып, нақты түрде ғаламның осынау үлкен куәлігінің бір қанатын ашып берді.
Ғаламның осылай куәлік ететінін және оның екі қанаты мен екі үлкен ақиқаты бар екенін Рисалей-Нұр кітапшалары, атап айтсақ Жиырма екінші, Отыз екінші Сөздер мен Жиырмасыншы және Отыз үшінші Мәктубтар толығымен дәлелдеп, жан-жақты түсіндіргендіктен соларға сілтеп осы ұзақ мәселені қысқа қайырдық. Ғаламның алып, күлли куәлігінің екінші қанатын ашып дәлелдейтін дәлелі жалпы алғанда мынау:
Екінші ақиқат: Мына әрдайым болып жататын өзгерістер мен құбылыстардың ішінде өзінің болмысын, атқарар қызметін, егер тірі жан болса тірілігін сақтап қалуға және жүктелген міндетін атқаруға тырысқан махлұқтарға яғни жаратылыс өзінің күш-құдіретінің шамасынан тыс өзара жәрдемдесу ақиқаты байқалады. Мысалы, элементтер тірі организмге көмектеседі, бұлттар өсімдіктерді суғарып медет береді, ал өсімдіктер болса хайуанатқа азық боп қол ұшын береді, хайуандар да адамзаттың игілігіне қызмет етеді сондай-ақ, кәусар бұлағындай аналардың сүттері нәресте, төлдерді тамақтандыруға асығады. Және тірі жандардың әлі келмейтін көптеген қажеттіліктері мен ризықтары күтпеген жерден нәсіп болып жатады. Тіпті, жеген тамағымыздың бөлшектері денедегі жасушалардың қалыптасуына қызмет етеді. Осындай Раббани бағындыру, Рахмани қызмет еткізу дейтін "тәғауын" дәстүріне яғни бір-біріне жәрдемдесу заңдылығына көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол мысалдар тұп-тура, анық түрде бүкіл әлемді бір сарайдай басқарып отырған бір Рабб-ул Аләминнің жалпыға ортақ, мейірімге толы рубубиетін көрсетеді. Жансыз, ақылы мен мейірімі жоқ бөлшектер бір-біріне қамқор әрі бейне бір ақылды сияқты әрекет ететін мына өзара жәрдем етушілер, әлбетте өте Рахим, Хаким бір Рабб-ы Зүлжәлалдың құдіретімен, рахымымен, әмірімен бір-біріне көмектеседі.
Міне, ғаламда болып жатқан осындай жаппай жәрдемдесу ісі, жұлдыздардан бастап тірі жандардың ағза мен сезім мүшелеріне, ең ұсақ бөлшектеріне дейін жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Өзара тепе-теңдік және қауіп-қатерден сақтау және аспан мен жердің құлпырған әсем жүзінен бастап сонау гүл-шешектердің күлімдеген
жүзіне дейін болып жатырған «безендіру ақиқаты» сондай-ақ, Күн системасынан бастап сонау жүгері, анар секілді жеміс-жидектерге дейін үкімін жүргізіп тұрған «жүйелі реттеу» ақиқаты және Күн мен Ай, элементтер мен бұлттардан бастап сонау бал арасына дейін белгілі бір міндет жүктеу секілді алып та ауқымды ақиқаттардың өздеріндей үлкен куәліктері, ғаламның куәлігінің екінші қанатын яғни бөлігін құрайды, дәлелдейді. Рисалей-Нұр осы үлкен куәлікті дәлелдеп, жан-жақты түсіндіргені рас. Олай болса біз қазір осы қысқа ишараға қнағат қыламыз.
Сонымен дүниеге мейман кісінің ғаламнан алған иман дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші мақамның он сегізінші мәртебесінде былай делінген болатын:
Сосын, дүниеге келіп Жаратушысын шарқ ұрып іздеп жүрген және он сегіз мәртебеден өтіп, ақиқат ғарышына қолы жеткен және имани миғраж арқылы ғайып түрдегі мағрифаттан өтіп «һәзіране», "мүхатабане" яғни өзін Раббысының алдында тұрғандай, Онымен сөйлесіп отырғандай сезініп, жоғарғы мақамға қолы жеткен іздемпаз әрі құштар жолаушы өзінің рухына былай деді: Киелі «Фатиха» сүресінің басынан бастап: اِيَّاكَ «ияка» сөзіне дейін ғайып түрде мадақтап келеді де сосын құзыр тауып: اِيَّاكَ «ияка» яғни «Сенен ғана..!» үндеуіне шығатыны секілді біз де ғайып түрдегі іздеуді қойып, тұп-тура іздегенімізді сол іздеп жүргеніміздің өзінен сұрайық. Болмыс атаулыны көрсетіп тұрған Күнді Күннің өзінен сұраған жөн болар. Рас, барлық нәрсені көрсетіп тұрған нәрсе өзін бәрінен жақсы көрсетеді емес пе!? Олай болса Күннің шуағы арқылы Күнді танып, көретіні секілді біз де Жаратушы Халиқымызды өзінің көркем есімдерімен, киелі сипаттарымен бірге қабілетімізге қарай тануға тырысалық! Біз бұл рисаледе оның көптеген жолдарынан екі жолын және ол екі жолдың да шексіз мәртебелерінен екі мәртебесін және ол екі мәртебенің де сансыз ақиқаттары мен терең де ұзақ түсіндірмесінен тек екі ақиқатты қысқа-нұсқа баяндамақпыз.
Бірінші ақиқат: Көзге ап-ашық көрініп тұрған және шексіз әрі әрдайымғы, өте жүйелі де ұлық және аспан мен жердегі жаратылысты шыр айналдырып, әрқашан орындарын өзгертіп әрі жаңартып тұрған, ғаламды толық құшағына алған «фағалиет-і мүстәулие» ақиқатын яғни барлық нәрсені қамтып, барлық жерден байқалатын қызу жұмысты және әлгі жан-жақты хикметке толы «фағалиет» ақиқатының ішінен «тәзахур-ы Рубубиет» ақиқатын яғни бәрі толық басқарылып, бағындырылғанын көреміз. Және осы жан-жақты рахымды басқарудың ішінен «тәбаруз-ы улухиет» яғни ашықтан ашық өзіне табындыру ақиқаты нақты түрде байқалады.
Міне, осы билікке жарасар іс пен хакимге тән әрдайымғы «фағалиеттен», "қызу жұмыстан" перде артында бір Файыл-ы Қадир уә Алим Аллаһтың істері көзге анық байқалады. Және осы тәрбиелеуші, әрнәрсенің алдын алушы, жан-жақты ұйымдастырушы Раббани істен, ол бір перде десек оның арғы жағынан барлық жерде сәуле-шуақтары кездесетін Иләһи есімдерді сезгендей анық білуге болады. Ал енді, осы «жәлалын» шашқандай айбынды әрі жәмалы қызықтырғандай нәзік көркем есімдерден, яғни перделердің
артынан «құдси сифат-ы сәбға» яғни Аллаһтың киелі жеті сипатының бар әрі рас екенін «илмәл-яқин», "айнал-яқин" тіпті "хаққал-яқин" дәрежеде білуге болады. Ал, осы жеті құдси сипаттың тіріге тән, құдіреттіге лайық, біліктідей, естігендей, көріп тұрғандай және өз қалауымен істеушіге жарасатындай, сөйлеушіге тән, осылайша жанжақты шексіз түрде әсер етуіне қарап анық әрі еш күмәнсіз, нақты түрде осы сипаттардың иесі Уажиб-ул Ужуд Аллаһтың, әлгі есімдердің иесі Уахид-ы Әхадтың, Файыл-ы Фәрд-і Сәмадтың болмысын Күннен де анық және жарқын түрде жүректегі имани назарға көзбен көргендей нақты білінеді, білуге болады. Өйткені, керемет әрі қызықты кітап немесе тамаша бір үй, анық түрде жазу, жасау деген істі меңзейді. Ал әдемі жазу мен епті іс-қимыл болса анық түрде жазушы, ұста деген атты, ал жазушы, ұста деген аттар анық түрде жазушылық, ұсталық дейтін өнерді, сипатты, ал өнер мен сипат болса шүбәсіз өзін яғни әлгі сипаттар мен есімдердің иесін, жасаушыны, шебердің нақ өзін көрсетеді. «Файылсыз бір фийл» яғни іскерсіз бір іс, «мүсәммасыз» бір «исим» яғни иесі жоқ бір есім болмайтыны секілді, «мәусуфсыз» бір сипаттың яғни сипатталушы жоқ сипаттың және шеберсіз бір өнердің болуы әсте мүмкін емес.
Міне, осы ақиқат пен қағидаға байланысты мына ғалам, бүкіл болмысымен тағдыр қаламымен жазылған, құдрет құралымен жасалған бір емес бірнеше қызғылықты кітаптарға, хаттарға, саналуан сарайлар мен ғимараттарға ұқсайды. Әрбірі мыңдаған тұрғыдан және бәрі қосылып жан-жақты Раббани уә Рахмани шексіз істерді және ол істердің бұлағы Иләһи мың бір есімді, ал олардың қайнар көзі болған Сүбхани киелі жеті сипатты, ал ол шексіз әрі құдси сипаттар болса олардың иесі, бұлағы Әзәли уә Әбәди бір Зат-ы Зүлжәлалдың сөзсіз болмысын, анық бар екенін, әрі жалғыз екенін көрсетіп, шексіз тілдермен куәлік етеді. Сондай-ақ, барлық болмыстағы күллі сұлулықтар, әсемдіктер, құндылықтар мен кемелдіктер Раббани істің, Иләһи есім-сипаттардың, Сүбхани «шуынаттың» өзіне тән, еш теңдесі жоқ құдси сұлу-жәмалына, кемеліне және барлығы жұмылып бір Зат-ы Ақдестің құдси жәмалына, киелі кемеліне анық түрде куәлік қылады. Сонымен, «фағалиет» ақиқатының ішінен көрініс тапқан Рубубиет ақиқаты, ілім және хикметпен жарату, жоқтан бар ету, жасау және тәртіппен, өлшеммен тағайындау, суреттеу, алдын алу, алмастыру сондай-ақ, қалау-ерікпен өзгерту, орын ауыстыру, түсіру, көтеру, кемелдендіру және мейіріммен азықтандыру, нығметке бөлеу,
жарылқау, сыйлық беру секілді шуынатпен яғни Иләһи істермен, керемет толық басқару арқылы өзін көрсетеді әрі таныстырады. Рубубиеттің көрінісі дейтін ақиқаттың ішінен анық сезіліп тұрған Улухиеттің көрінісі дейтін ақиқат та көркем есімдердің мейірімді де жомарт түрде шағылысуы арқылы және «Субути жеті сипат» деп аталатын «хаят», "ілім", "құдірет", "ираде", "сәмиғ", "басар", "кәлам" сипаттарының жәлалли уә жәмалли көріністері арқылы өзін таныстырады, бар екенін білдіреді.
Иә, қалай Аллаһтың «кәлам» сипаты уахилер мен илһамдар арқылы Зат-ы Ақдесті таныстырады, дәл солай да «құдірет» сипаты да дене түріндегі сөздер болып табылатын шебер жасалған өнер туындылары, қоршаған орта арқылы ол Зат-ы Ақдесті білдіреді. Ғаламды жаппай материалдық үлкен Құран кейпінде көрсетіп бір Қадир-і Зүлжәлалды сипаттап, таныстырады да ол туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ, ілім сипаты да хикметке толы және тәртіпті де өлшемді жаратылыс қанша болса сонша және ілім мен қалау арқылы безендіру, бірбірінен ажырату, ерекшелендіру арқылы жаратылған қанша зат болса, сонша сол сипаттардың иесі бір ғана Зат-ы Ақдесті білдіреді. Хаят яғни тіршілік сипатына келер болсақ, құдретті көрсететін бүкіл жаратылыс және ілімнің бар екенін білдіретін бүкіл тәртіпті де хикметті, өлшемді де әдемі суреттер, хал-жағдайлар сондай-ақ, басқа да сипаттарды көрсететін күллі дәлелдер, осылайша хаят яғни тірі дейтін сипатының дәлелдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар хаят сипатының хақ екенін білдіреді. Сол сияқты хаят та әлгі дәлелдермен мына айна тәріздес бүкіл тірі жандарды куәгер ретінде Зат-ы Хай-ы Қаюм Аллаһты көрсетеді. Осылайша ғаламды бастан аяқ әрдайым жаңадан-жаңа әрі түрлі-түрлі шағылыс-сәулелерімен нақыштарын көрсету үшін әрқашан өзгеріп, жаңарып отыратын шексіз айналардан құралған алып, үлкен бір айна бейнесінде көрсетеді.
Осылай салыстырып қараса, «көру», "есту", "қалау", "сөйлеу" сипаттары да әрқайсысы жеке-жеке анық түрде Зат-ы Ақдесті білдіреді, таныстырады. Әрі, бұл сипаттар Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына дәлел болғаны секілді «хаят» дейтін ақиқаттың бар екенін, рас екенін және Ол (Аллаһ) хаят иесі, тірі екенін ап-анық түрде дәлелдейді. Себебі, «білу» хаятқа тән яғни тіріге тән сипат; «есту» де хаятты көрсетеді; «көру» де тірілерге тән сипат; «қалау-ерік», ол да тірінің ісі; «ықтиярымен күш-құдіретін көрсету» ол да тірілік иесіне лайық; «сөйлеу» болса ол да білетін әрі тірінің жұмысы. Міне,
осы тұжырымдардан түсінгеніміз, «хаят» сипатының жеті мәрте әлемдей ұлық дәлелдері бар және өзінің және осы сипаттардың иесі бар екенін көрсететін айғақтар жеткілікті. Сондықтан «хаят» бүкіл сипаттардың негізі, қайнар көзі және Исм-ы Ағзамның бұлағы, ұйытқысы. Рисалей-Нұр осы бірінші ақиқатты қуатты айғақтармен дәлелдеп, біршама түсіндіргендіктен ол теңіздей мағрифаттан осы аталған тамшыдай мағлұматпен әзірге қанағат қылып шектелдік.
Екінші ақиқат: "Кәлам" (сөйлеу) сипатынан шығатын "тәкәллүм-і Иләһи" (Аллаһтың сөйлеуі) жайлы.
аятының сырымен, Иләһи кәлам яғни Аллаһтың сөзі шексіз көп. Біреудің бар екенін білдіретін анық белгі оның сөйлеуі болып табылады. Демек, бұл ақиқат шексіз дәреже Әзәли Мүтәкәллим Аллаһтың бар екеніне, біреу екеніне куәлік етеді. Бұл ақиқаттың қуатты екі куәлігі осы кітапшаның он төртінші және он бесінші мәртебелерінде баяндалған «уахилар мен илһам» (аян) тақырыбында қозғалған-ды. Ауқымы кең тағы бір куәлік оныншы мәртебесінде ишара етілген аспани кітаптар жайлы жерде айтылған болатын. Тым жарқын әрі күрделі куәлікті де он жетінші мәртебесінде Қасиетті Құран жайлы тақырыпта тоқталған болатынбыз. Сондықтан, бұл ақиқаттың баяндалуы қалай куәлік ететінін әлгі мәртебелерге сілтеп ол ақиқатты таңғажайып түрде білдірген және куәлігін басқа ақиқаттардың куәлігімен қоса баяндаған мына ұлы аяттың
әнуары мен әсрары яғни нұрлары мен сырлары біздің жолаушымызға жеткілікті болса керек әрі қарай бара алмаған екен.
Сонымен, жолаушының осы құдси мақамнан алған дәрісінің қысқа түсіндірмесіне бір ишара ретінде бірінші мақамның он тоғызыншы мәртебесінде былай делінген екен:
Жоғарыда аталған Екінші мәртебенің бірінші бабындағы он тоғыз мәртебенің куәлік еткен ақиқаттарының әрқайсысы өзінің растығымен, болмысымен Аллаһтың ужуд-ы ужудын яғни сөзсіз бар екенін дәлелдегені секілді ауқымдылығымен де уахдетті, әхадиетті яғни Жаратқанның жалғызығын дәлелдейді. Дегенмен басында Аллаһтың бар екенін анық дәлелдегендіктен ужуд-ы ужудтың айғақтары саналған-ды. Ал, екінші мәртебенің екінші бабы болса, басында және анық түрде уахдетті сонымен қатар ужудты дәлелделдегендіктен тәухидтің дәлелдері деп те аталады. Әйтсе де әрбірі екеуін де дәлелдейді. Тек, айырмашылығын білдіру үшін бірінші бабта:
деп, ал екінші бабта уахдет көзге көрінгендей анық болғандықтан соны
деген сөзбен басталатын шумақтармен қайталанып отырады. Енді жазылатын екінші бабтың мәртебелерін бірінші баб секілді түсіндіргім келген еді. Бірақ, кейбір хал-жағдайлар кедергі болып қысқа әрі нұсқа жазуға тура келді. Жан-жақты баяндауды Рисалей-Нұрға сілтеме жасадық.
Екінші Баб
[Дүнияға иман ету үшін жіберілген және бүкіл әлемді пікірімен саяхаттап, барлық нәрседен Жаратқан Иесін сұрап, әр жерден Раббысын іздеп шарқ ұрған және ап-анық түрде өзінің Жаратушысын, Оның ужуд-ы ужудын тапқан дүния мейманы ақылына: "Кел! Тағы да болмысы шарт, міндетті түрде бар Жаратқан Иеміздің уахдет айғақтарын тамашалап, куә болу үшін бірге саяхатқа шығайық!"деді.
Бірге сапар шеккенінде, бірінші мензилде яғни бірінші түскен жерінде мынаған куә болды: Әлемді қамтып жатқан төрт үлкен ақиқат "уахдетті" яғни Аллаһтың бір екенін ап-анық түрде көрсетеді әрі қатаң талап етеді әрі солай болуын керек етеді.]
БІРІНШІ АҚИҚАТ: "Улухият-ы Мұтлақа" яғни өзіне толық мойынсұндырып, құлшылық еткізу ақиқаты.
Рас, адамзаттың әрбір тобы белгілі бір мағынада ғибадатпен табиғи түрде шұғылдануда және басқа да жан иелері тіпті жансыз нәрселердің өзіне тән табиғи қызметтері олардың өзіндік ғибадаттары боп саналулары және әлемдегі мадди-мағынауи, заттық-рухани рызық-несібелердің, нығмет-ихсандардың әрқайсысы Мағбудият тарапынан яғни өзіне құлшылық еткізуші құдрет тарапынан мақтап-мадақтауға, ғибадат қылуға міндеттейтін ризашылыққа, шүкірге жеке-жеке себеп болуы сондай-ақ, уахи мен илхамдар секілді ғайби «тәрәшшухаттар» мен мағынауи «тәзахураттардың» жалғыз бір Иләһтың мағбудиятын жар салуы, әлбетте және сөзсіз түрде мұтлақ бір Улухияттың рас әрі үстемдік етіп тұрғанын көрсетеді. Сонымен, мұндай улухияттың ақиқат екені рас, олай болса әлбетте басқаның іске араласып, ортақ болуы мүмкін емес, оған әсте жол бермейді. Өйткені, улухиятқа яғни мағбудиятқа шүкір етіп, ғибадат қылушылар ғалам ағашының ең ұшындағы саналы жемістері болып табылады және сол саналы пенделерді риза қылып, қарыздар етіп назарын бөтен біреулер иеленіп, өзіне қаратуы және көзге көрінбейтіндіктен тез ұмытылатын нағыз мағбудтарын оларға мүлдем ұмытқызып жіберуі, бұл әрине,
улухияттық сипатқа жараспайды, оның ұлы да киелі мақсаттарына қайшы болып табылатын жәйт. Әрине, оған ешбір тұрғыдан жол берілмейді. Қасиетті Құранның қайта-қайта, қатаң түрде ширкті жоққа шығарып, терістеуі және мүшриктерді жәһаннаммен қорқытып зәресін алуы осы тұрғыдан болса керек.
ЕКІНШІ АҚИҚАТ: "Мұтлақ Рубубият".
Бүкіл әлемде әсіресе, жан-жануарлар әлемінде әсіресе, олардың тәрбиесі мен асыралуына назар аударар болсақ, әртарапта біркелкі түрде, күтпеген жағдайда, барлығын бірге, аралас-құралас түрде хикметпен, мейіріммен бір ғайби құдрет тарапынан болып жатқан бірін қалдырмай түгел басқару, бұл әрине мұтлақ Рубубияттың сәулесі, соның ұшқын сәулесі және оның хақ екеніне нақты дәлел. Сонымен мұтлақ Рубубияттың бар екені рас, олай болса әлбетте ширкке, басқаның ортақтасуына әсте жол берілмейді. Себебі, ол Рубубияттың талаптары яғни өзінің жәмалын көрсету, кемелдігін жар салу, құнды да құпия өнерін паш ету секілді ұлы мақсаттары ең ұсақ нәрселерде, тіршілік иелерінің бойында тоғысып, түйісетіндіктен ең ұсақ затқа, кішкентай бір жәндікке өз бетінше араласып, қол сұғатын "ширк", аталмыш мақсаттарға қайшы келіп, мәнісін бұзады. Саналы пенделердің назарын әлгіндей биік мақсаттан ауытқызып, өзге себептерге аударып жіберетіндіктен және бұл жағдай Рубубияттың мәнісіне мүлдем керағар әрі дұшпандық болғандықтан әлбетте, мұндай мұтлақ Рубубият ешбір тұрғыдан ширкке рұқсат бермейді. Қасиетті Құранның көп мәрте Аллаһты пәктеуі, тәсбих қылуы, мұны жиі қайталанатын аят-сөздері, тіпті әріптері әрдайым тәухидке шақыруы, сол жолға салуы осы аталған терең сырға байланысты.
ҮШІНШІ АҚИҚАТ: "Кемалат" (кемелдіктер).
Мына әлемдегі ұлы хикметтер, таңғажайып сұлулықтар, әділетті заңдар, хикметке толы мақсаттар кемелдік дейтін ақиқаттың бар екенін ап-анық дәлелдейді. Әсіресе, мына әлемді жоқтан жаратып жанжақты мұғжиза, сұлу қылып, керемет басқарып отырған Халиқының яғни жаратушысының кемелдігіне және ол Халиқ, Аллаһтың саналы айнасы болып табылатын адамзаттың кемелдігіне куәлігі өте анық та қанық.
Сонымен кемелдіктің бар екені рас. Және әлемді кемел жаратқан Аллаһтың кемелдігі хақ. Және әлем ағашының қымбат жемісі, жер шарының халифасы және Халиқ Аллаһтың маңызы зор шебер
жаратқаны, сүйіктісі болып саналатын адамзаттың кемелдігі хақ, рас әрі шындық. Әлбетте, мына көзбен көріп отырған кемел де хикмет толы ғаламды, пәни, уақытша, нәтижесіз, бос, текке, кездейсоқтың тәлкегі, табиғаттың ойыншығы, тіршілік иелерінің өлімханасы, саналы пенделердің қайғы-мұңға оранған орны секілді жағымсыз түрге айналдыратын және істеген ізгі амалымен кемелдігі расталған адамды ең бейшара, мүлдем мұңлық, жағдайы нашар, дәрежесі төмен хайуанға айналдыратын және Жаратқанның кемелдігін көрсететін бүкіл жаратылыстың куәлігімен расталған шексіз киелі кемелдік иесі Халиқ Аллаһтың кемелдігін бүркеп перде болып іс-шараның нәтижесін жоққа шығарып, керемет жаратушы екеніне күмән туғызатын ширк әлбетте, болуы мүмкін емес, дұрыс емес бұрыс, ақиқаттан алыс. Ширк қосу деген нәрсе Иләһи кемелдікке мүлдем қайшы әрі адами кемелдікке керағар және ғаламның кемелдігіне мүлдем үйлеспейтін ұғым және әлгіндей кемелдіктерді бұзып бүлдіретіні «Екінші Шуақ» рисалесінің тәухид жайлы үш миуасына қатысты «Бірінші мақамында» қуатты әрі нақты айғақтармен дәлелденіп, жан-жақты түсіндірілгендіктен соған сілтеме жасап әзірге қысқа қайырғанды жөн көрдік.
ТӨРТІНШІ АҚИҚАТ: "Хакимият".
Мына әлемге ауқымды назармен мұқият қарған адам сөзсіз, әлемді өте жойқын, қызу қайнап жатқан мемлекет, тіпті хикметпен басқарылып тұрған, әкімшілігі мықты, жүйелі бір қала түрінде көреді. Оның әр нәрсесі, әрбір түрі жеке-жеке өзіндік міндетпен шұғылданып тәртіп пен заңға әбден мойынсұнғыш екені ақиқат.
аятының әскерлік мағынасын меңзейтін тәмсіліне байланысты: Зәррелер яғни ең ұсақ бөлшектер дейтін жауынгерлерден бастап, өсімдіктер дивизисынан сонау хайуанат батальонынан, сонау жұлдыздар армиясына дейін осындай орасан зор Раббани әскердің барлық бөліміне үстемдік құрған тәкуини әмірлердің, әмірі өтімді үкімдердің, керемет ереже-заңдардың мүлтіксіз орындалып, үстемдік етіп тұрғанын көресің. Демек, анық түрде мұтлақ әкімдік, күлли әмірлік бар. Бұл соның дәлелі.
Енді, мұтлақ әкімдіктің ақиқат екені рас, олай болса, әлбетте ширкке орын жоқ, ол ақиқат емес. Өйткені, لَوْ كَانَ ف۪يهِمَٓا اٰلِهَةٌ اِلَّا اللّٰهُ لَفَسَدَتَا аятының нақты үкімі бойынша, бірнеше адам үстем түрде бір іске араласса шырқын бұзатыны белгілі. Бір елде екі патша, тіпті бір ауылда екі басшы болса тәртіп кетіп, басқару жүйесі бұзылып, тоқырап қалады. Алайда, шыбынның қанатынан бастап сонау жұлдыздарға дейін, денедегі жасушалардан бастап сонау ғаламшарларға дейін керемет тәртіп пен жүйе бар. Олай болса, ширктің зәрредей болсын іске араласуы мүмкін емес.
Һәм, мұтлақ әкімдік деген абырой мен ғиззат мақамы. Ал, оның бәсекелесі болуы әкімдіктің ғиззат-абыройына шәк келтіріп нұқсандық түсіреді.
Иә, әлсіз болғандықтан көп көмекшілерге мұқтаж адам баласы, өзінің шағын, әрі уақытша сырттай әкімдігі үшін бауырын, тіпті баласын аяусыз өлтіргені тарихта болған. Демек, әкімдік, билік пен үстемдік бәсекені, ортақтықты қабылдамайды. Енді, мұншалықты әлсіз, бейшара адамзат өзінің шағын үстемдігі мен әкімдігі үшін осынша қарсылық білдіріп, ортақтықты қабылдамайтын болса әлбетте бүкіл әлемнің Иесі Қадир-ы Мұтлақ өзінің ақиқат әрі шексіз де күлли рубубиятына, улухиятына негіз болып табылатын құдси әкімдігіне, шексіз де киелі үстем билік-басқармасына басқаны ортақ қылуы, ширкке жол беруі ешбір тұрғыдан мүмкін емес, ақылға мүлдем сыйымсыз. Бұл ақиқат екінші Шуақтың Екінші тарауында және Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде дәйекті түрде айғақтармен дәлелденгендіктен соларға сілтегенді жөн көрдік.
Міне, жолаушы осы төрт ақиқатқа куә болып Иләһи уахданиятты көзбен көргендей анық білді де иманы тасыды. Ол бар ынтасымен
деді. Бұл мақамнан алған дәрісіне қысқа ишара ретінде бірінші Мақамның екінші бабында былай делінген болатын:
Сосын әлгі тыным таппай ізденетін жолаушы жүрегіне былай деді: Иманды жандардың әсіресе әһл-і тариқаттың әрдайым (Лә иләһә иллаллаһ) сөзін қайталап тәухидті жария қылуы тәухидтің көптеген мәртебелері болатынын көрсетеді. Жалпы тәухид, өте маңызды әрі тым жағымды да тәтті және асқақ уазипа, киелі міндет, төл парыз әрі имани ғибадат болып табылады. Олай болса кел, тағы бір мәртебесіне көтерілу үшін мына ғибратхананың басқа да мәртебелерінің есігін қағайық. Өйткені, біз іздеген нағыз тәухид тек «тасаууырдан» тұратын мағрифат емес, яғни тек ой-пікірмен болатын ілім емес. Негізінде, «мантық» яғни логика, қисын ілімінде «тасаууырдың» яғни субьективті ойлап, қиялмен елестетудің орнына және «тасаууыри мағрифаттан» яғни теориялық білімнен әлдеқайда маңыздырақ, дәлелдің нәтижесі болып табылатын, іліми түрде растау, жүрекпен бекіту боп табылады.
Хақиқи тәухид яғни Аллаһтың жалғыздығы туралы ұғым ол үкім, нақты шешім, растау, шын жүректен бекіту, көңілмен шынайы қабылдау деген сөз. Ондай ұғым иесі әр нәрсе арқылы Раббысын тауып, әр нәрседен Жаратушысына апаратын жол табады. Ешнәрсе құзырына кедергі бола алмайды. Өйтпесе, Раббысын табу үшін әрдайым әлемдегі перделерді жыртып немесе ашып отыруына тура келеді.
«Олай болса, қане, алға!» деп Аллаһтың «кибрия» (ұлылық), "азамет" (шексіз) дейтін Иләһи қақпаға қарай жол тартты. Ол, "әфғал", "асар" мензиліне және "ижад" пен "ибда" әлеміне енді, яғни Жаратқанның істеріне, Оның өнеріне сосын жоқтан бар қылу, керемет түрде жарату істеріне назар аударды. Қараса, ғаламды қамтып жатқан шексіз "бес ақиқат" үстемдік етуде. Олар тәухидті дәлелдейді.
БІРІНШІСІ: Кибрия мен Азамет ақиқаты. Бұл ақиқат екінші Шуақтың екінші тарауында және Рисалей-Нұрдың көптеген жерінде дәйекті түрде түсіндірілгендіктен бұл жерде қысқаша былай демекпіз: Ара қашықтығы мыңдаған жылға созылып жатқан өзара алыс жұлдыздарды бір мезетте, бір әдіспен жаратып, басқарып отырған және жер жүзіндегі батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстікте өсетін бір гүлдің дәлме-дәл сансыз түрін бір уақытта, бір бейнеде жаратып, пішін берген, сондай-ақ, هُوَ الَّذ۪ى خَلَقَ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضَ ف۪ى سِتَّةِ اَيَّامٍ яғни, көктер мен жерді алты күнде жарату секілді бұрыңғы заманда
болған және ғайби әрі таңғажайып оқиғаны дәл қазіргідей, көз алдымызда бір оқиғамен дәлелдеу және сол секілді, соған ұқсас жер бетінде көктем кезінде ұлы хашрдің жүз мыңнан астам үлгі-мысалын көрсеткендей, екі жүз мыңнан астам өсімдік пен хайуанатты бесалты аптаның ішінде жаратып өте жүйелі де өлшемді түрде еш шатастырмай, кем-кетіксіз, жаңылыспай, барлығын бірге, араласқұралас түрде басқарып, тәрбиелеп, асырап, реттеп, ерекшелендіріп, құлпыртып безендіріп отырған
Һәм, يُولِجُ الَّيْلَ فِى النَّهَارِ وَ يُولِجُ النَّهَارَ فِى الَّيْلِ аяты ашық түрде білдіргеніндей, жер шарын шыр айналдырып, түн мен күнді ауыстырған және күндік оқиғаларды жаратып отырған Құдрет, сонымен қатар дәл сол уақытта жасырын, құпия ойларды, адамның көңілге түйген сырларын бәрін біледі, қалауынша басқарады. Жоғарыда аталған істердің әрбірі жиналып бір іс саналатындықтан міндетті түрде олардың файылы яғни істеп жатқан бір ғана Уахид, әрі Қадир, Фаил-ы Зүлжәлал, кибрия мен азамет иесі, ұлы да шексіз Аллаһ. Оның құдреті шексіз, Ол еш жерде, еш нәрсеге, ешбір тұрғыдан, ешқандай да ширкке жол бермейді. Түп тамырымен кесіп тыйым салады. Сонымен, мұндай ұлы кибрия мен алып «азамет» сипаты және шексіз құдреті бар екені рас, әрі ол кибрия шексіз кемел дәрежеде, бәрін қамтып тұр. Әлбетте, мұндай құдретке әлсіздік немесе мұқтаждық және ол кибрияға шәк келтіретін нұқсандыққа, әлгі шексіздікке шек қоятын ширкке жол беруі, рұқсат беруі ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Табиғаты бұзылмаған ешбір ақыл мұны қабылдамайды.
Міне, ширк яғни Аллаһтан басқа құдрет бар деп ойлау, Аллаһтың ұлық кибриясына шәк келтіретін, Иләһи Жалалға көлеңке түсіретін, "азамет" сипатына нұқсандық беретін ауыр қылмыс, үлкен күнә. Сондықтан, ол әсте кешірілмейтіндігін Қасиетті Құран мына қаһарлы аятымен шебер жеткізген:
ЕКІНШІ АҚИҚАТ: Әлемді басқарып тұрған Раббани істердің «ытлақ», "ихата" етуі яғни барлық жерді қамтып, жайылып жатқандығы, оның шексіз, кең байтақ түрде көрінуі жайлы. Осы
істерді яғни, бәрін қамтып, шексіз жайылып жататын істерге тосқауыл болып шектеп, реттеп отыру үшін міндетті түрде хикмет, ерік пен қалау қажет және мазхарлардың яғни істелген заттардың, қозғалысқа енген, жасалған нәрселердің қабілеті. Бет алды лағатын кездейсоқтық, меңіреу табиғат, соқыр күш, жансыз себептер және ешқандай ережені танымайтын, бағытын қайда бұрса сонда кете беретін, жан-жаққа шашырап, тәртіпті бұзатын факторлар, себептер осы өте өлшемді де хикметті, көреген әрі тірі, жүйелі де нақты істерге араласа алмасы анық. Оларды Файыл-ы Зүлжәлал өз әмірімен, өз қалауымен, өз құдрет-күшімен сыртқы, жәй бір перде ретінде пайдаланылуда. Мұның көптеген үлгі-мысалдарынан үш мысал келтірейік. Құрандағы "Нахл" сүресінің бір ғана бетінде қатар орналасқан үш аяттың ишара қылған үш іске, оның да сансыз мағыналарынан үшеуіне қысқаша тоқталып өтейік.
Иә, бал арасы табиғаты мен атқарар қызметі жағынан Құдреттің керемет мұғжизасы. Неге десеңіз, Құранның үлкен сүресінің аты соның атымен аталады. Шынымен, кіп-кішкене «бал фабрикасының» титімдей басында оның маңызды міндетінің мүкәммал күрделі бағдарламасының жазылулы және оның кішкене қарнында тағамдардың ең тәттісі жасалып, сақталуы, ал инесінде тірі жәндіктерді жансыздандырып, тіпті өлтіріп тастайтын удың, ағзаларына зақым бермейтіндей етіп мұқият орналастырылуы таңғажайып оқиға. Бұған аса мұқияттылық, терең ілім, зор хикмет, күшті ерік, дәлме-дәл өлшем мен реттілік қажет. Демек, бейсана, ретсіз, өлшемді білмейтін меңіреу табиғат, кездейсоқтық деген нәрселердің әлбетте ешбір үлесі жоқ, әсте араласа алмайды. Сонымен, осы үш тұрғыдан мұғжиза Иләһи өнердің, Раббани істің жер жүзіндегі сансыз араларда бірдей хикметпен, бірдей мұқияттылықпен, дәл бірдей өлшеммен, бір сәтте, бір үлгіде болуы және барлық жақты қамтып жатуы, анық түрде уахдетті, Жаратқанның жалғыздығын дәлелдейді.
Бұл аят таңғажайып ғибратқа толы жарлық. Иә, әу баста сиыр, қой, ешкі мен түйе сынды сүт зауыттарына ұқсас жануарлардың аналықтарының желінінде, қан мен нәжістің арасынан оларға мүлдем қарама-қайшы және еш былғанбай, араласпай, тап-таза қоспасыз, қоректігі мол, құнарлы, дәмі хош, аппақ сүттің шығуы және жануарлардың бойына ол сүттен әлдеқайда маңызды төлдеріне деген жанкешті мейірімнің берілуі әлбетте, мол рахымды, терең хикметті, шексіз ілімді, асқан құдретті, зор қалау-ерікті, аса мұқияттылықты талап етеді. Мұндай күрделі құбылыс есерсоқ кездейсоқтықтың, шатастыратын себептердің және соқыр күш-қуаттың ісі болуы әсте мүмкін емес.
Міне, осындай тым мұғжизалы, хикметке толы Раббани өнердің және мұндай керемет Иләһи істің жер жүзінде жаппай болуы және жүз мыңдаған жануарлардың барлық түрлерінің сансыз енелерінің жүрегі мен желінінде осы құбылыстың дәл қайталануы және бірдей хикмет, бірегей тәсіл, жалпыға ортақ, бірыңғай мұқияттылықтың болуы анық түрде уахдетті дәлелдейді.
Бұл аят назарды құрма мен жүзімге аударуды бұйырып, былай дейді: «Ақылы бар жандарға осы екі жемісте тәухидті дәлелдейтін үлкен аят, мықты дәлел, бұлтартпас айғақ бар!».
Иә, осы екі жеміс һәм, қорек пен құт, һәм жеміс, һәм тәтті тағамдардың бұлағы болумен қатар сусыз, құрғақ жерде өседі. Олар Аллаһтың құдреті, мұғжизасы, хикметінің ғажабы, халуадай тәтті шекер зауыты және бал фабрикасы және дәл өлшеммен, өте ретті әрі хикметпен, тым шебер жасалғандығы сонша, көрген адам, егер кішкене ақылы болса былай дер еді: «Бұларды мұндай ғажайып түрде жаратқан құдрет, әлбетте мына күллі әлемді де жаратқан болуы керек!» Өйткені, мысалға, мына көз алдымыздағы жуандығы бармақтай жүзімнің сабағында жиырма салқым жүзім бар. Әр салқымда балдай тәтті түйірлер жүзден асады. Әр данасының беті жұқа, әсем, нәзік, реңгі бар қабықпен қапталған. Нәзік те жұмсақ дәл
ортасында сақтау сандықшасы, бағдарламасы, өмірбаяны жазулы қатты қабықты, жаңғақ тәрізді дәні орналастырылған. Мұндай «жәннат халуасына» ұқсас тәтті шырын, абыл-каусар секілді балды жарату және бүкіл жер жүзінде сансыз өзі секілді жемістерде ұқсас мұқияттылық, бірегей хикмет, бірдей ғажап өнер, бір уақытта, бір әдіспен жарату; әлбетте, анық түрде бұл істі жасаушы бүкіл әлемнің Жаратушысы болмақ. Мұндай шексіз құдрет пен асқан хикмет керек ететін іс, тек Жалғыз Жаратушының ісі болмақ. Иә, мұндай өте дәл өлшем мен аса шебер өнерге, мұндай хикметке толы жүйеге соқыр мылқау, ретсіз, бейсана, бейберекет, мақсатсыз, бәрін жайпап кететін, алдынан шыққанды бұзып, қирататын дүлей күш-қуаттар мен меңіреу табиғаттың яки кездейсоқ себептердің араласып, қол сұғуы, ортақ болуы әсте мүмкін емес. Олар тек, «мәфғул уә қабул» ретінде, яғни тек жасалушы, қабылдаушы ретінде бір перде қызметін атқару үшін Аллаһтың әмірімен белгілі бір мақсатқа пайдаланылуда.
Міне, осы үш аяттың меңзеген үш ақиқаттың тәухид ұғымын дәлелдейтін үш тұжырымы секілді шексіз Раббани істердің сансыз сәуле-шуақтары, билік-басқармалары барлығы бірлесе бір ғана Уахид-ы Әхад, жалғыз Зат-ы Зүлжәлалдың уахдетіне куәлік етеді.
ҮШІНШІ АҚИҚАТ: Болмыстың әсіресе, өсімдіктер мен хайуанаттың тым жылдам әрі көп мөлшерде әрі өте жүйелі түрде, сондай-ақ, тым жеңіл бірақ шебер, өнерлі жасалуы әрі араласқұралас бола тұра тым күрделі де ерекше жаратылуы жайлы.
Иә, саны өте көп әрі тез, һәм табиғаты аса шебер тым күрделі заттарды жіті мұқияттылықпен реттеп өте оңай әрі жеңіл һәм мол әрі аралас, шым-шытырық бола тұра өте құнды, өзара айырмашылықтары бар қылып, бір-бірімен араластырмай, бір-біріне қосып жібермей жарату, бұл әрине, міндетті түрде бір ғана Уахидтің асқан құдретімен болмақ. Ондай құдретке ешнәрсе қиын емес, бәрі оңай. Ол құдреттің алдында жұлдыздар зәррелермен бірдей, ең үлкен нәрсе ең кішкене зат секілді жеңіл, саны көп түрлер, бір түйір секілді оңай, алып әрі ауқымы шексіз "күлл" жеке бір "жүз", аз нәрседей ал, алып жер шарының жанданып, тірілуі бір түп ағаш сықылды, ал таудай зәулім бір ағаштың жаратылуы тырнақтай дәннің жаратылуы секілді жеңіл. Солай болуы керек. Сонда ғана мына көз алдымыздағы болып жатқан істерді жасай алады.
Міне, осы аталған тәухидтің дәрежесін және осы үшінші ақиқат пен тәухид кәлимасының аталған терең сырын яғни ең үлкен бір "күлл" ең кішкене "жүз" секілді болатынын, саны өте көп нәрсе саны аз нәрсемен бірдей екенін, олардың еш парқы жоқ екенін, сондайақ, әлемнің таңғажайып хикметін, терең тылсымын және ақылға сыймайтын алып ақиқатын, дін Исламның маңызды негіздерін, иманның берік тірегін, тәухидтің ірге тасын баяндап, оның мәнмағынасын түсіндіріп, дәлелдегенде ғана Құранның тылсым сыры ашылады және әлемнің құпия сырлары мен өте күрделі, тіпті әлемдік философия аша алмаған, олардың милары жетпей өздерінің әлсіз, шарасыз екенін мойындаған Құрани тылсым-сырлар ашылмақ.
Рахымы мол Жаратқанға жүз мың есе Рисалей-Нұрдың әріптері санынша шүкір уә хамд етемін, Рисалет-үн Нұр осы ғажайып тылсымсырды ашып, шешімі қиын жұмбақты шешіп, дәлелдеген. Әсіресе, Жиырмасыншы Мектубтың соңындағы وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ туралы жерінде, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы арапша Леманың اَللّٰهُ اَكْبَرُ сөзінің мәртебелерін баяндап Аллаһтың шексіз құдретін дәлелдеу барысында бұлтартпас айғақтармен екі жердегі екі төрт болатынындай нақты түсіндірген-ді.
Сондықтан түсіндіруді сол жерлерге сілтей отырып бір мазмұндама ретінде бұл сырды ашатын негіздер мен дәлелдерді қысқаша баяндап, он үш баспалдақ тәрізді «он үш сырға» ишара түрінде жазуды ниет еттім. Бірінші мен екінші сырларын жаздым. Бірақ, өкінішке орай әрі мадди әрі мағынауи екі үлкен кедергі шығып, қалғанын жазуға мүмкіндік бермеді.
Бірінші Сыр: Бір нәрсе зати болса, оның қарама қайшысы оған жолай алмайды яғни өзіндік, кейіннен пайда болмаған сипатына қайшы сипат ол нәрседе болмайды деген сөз. Өйткені, ол кезде «иджтима-үз зыддәйін» болады, яғни қарама-қайшылықтар туындайды. Олай болуы әрине мүмкін емес. Міне, осы сырға орай, Аллаһтың құдреті Оның өзіндік сипаты, ол «зати» және ол Зат-ы Ақдестің «зарури лазымы», яғни әсте бөлінбейтін негіздерінен бірі. Олай болса әлбетте, оған қарама-қайшы сипат яғни әлсіздік ол Зат-ы Қадирде болуы мүмкін емес. Және бір нәрсенің дәрежелері болуының себебі, оған қарама-қайшы нәрселердің болуынан туындайды.
Мәселен, жарықтың әлсіз не қуатты болып дәрежелерге бөлінуінің себебі оған қараңғылықтың араласуынан пайда болады. Жылудың да ыстық не қатты ыстық болуы, оған суықтың араласуынан туындайды. Күш-қуаттың да дәрежесі, оған қарсы күштің болмысымен, кедергі етуімен болады. Олай болса, Аллаһтың зати құдретінің дәрежесі болмайды. Ол барлық нәрсені бір нәрсе сияқты жарата алады. Оның зати құдретінің дәрежесі болмайды, әлсіздік, нұқсандық атауымен жоқ. Әлбетте, оған қарсы тұрарлық кері күш, еш кедергі жоқ, кез келген нәрсені оңай жарата алады.
Сонымен, Оған ешнәрсе қиын емес екені рас, әлбетте Оның ұлы хашрді жаратып, күллі әлемді қайта тірілтуі бір көктемді жарату сияқты оңай, бір көктемді бір тал ағаш тәрізді жеңіл, бір ағашты бір тал гүл секілді еш қиындықсыз жарататыны іспеттес, бір түйір гүлді бір ағаштай күрделі де шебер жаратады, бір ағашты бір көктем секілді мұғжизалы, ал бір көктемді хашр тәрізді күрделі әрі таңғажайып бейнеде жаратады, көз алдымызда жаратып жатыр.
Рисалей-Нұрда нақты әрі қуатты айғақтармен дәлелденгеніндей; Егер уахдет, тәухид яғни Аллаһ бір деген ұғым болмаса бір түйір гүлдің пайда болуы бір ағаштай, тіпті одан да қиын, мүшкіл болар еді. Бір ағаш бір көктемдей, одан да бетер қиындық туғызар еді әрі еш құны қалмай, өнер мен шеберліктен мүлдем мақұрым, жәй, әншейін бір зат болып қалар еді. Қазір бір минутта жаратылып жатқан жәндік, ол кезде бір жылда әзер дегенде, бәлкім еш жаратылмас па еді?!. Міне, осы аталған сырға орай, жаратылыс саны шексіз көп бола тұра өте құнды да маңызға ие және тез әрі жеңіл жаратылады әрі өте шебер, түрлі-түсті мына жеміс-жидектер, гүл-шешектер, ағаштар мен жан-жануарлар өте жүйелі де ретті түрде жаратылып, белгілі бір міндет атқарады. Өзіне тән ғибадат-тәсбихтерін жасап, аяқтап, өз орындарына тұқымдарын уәкіл ретінде тастап кетеді.
Екінші Сыр: Қалайша «нұраният» (нұрлылық), "шәффәфият" (мөлдірлік), "итағат" (бағыну, мойынсұну) деген сырлардың арқасында және зати құдреттің бір ғана ұшқын-сәулесімен көктегі Күн, бір түйір айнаға өзінің сәуле-шуағын шашып, шағылысатыны секілді сансыз айналарға, жылтырақ заттарға, мөлдір тамшыларға да өзінің зор құдретінің ауқымды құбылысы болған жарықтың жылуын, сәуле-шуағын Аллаһтың әмірімен оңай түрде шағылыстырып, түсіре
алады. Оған қарсы алдындағы нәрселер аз ба, көп пе парқы жоқ бәрі бірдей. Сондай-ақ, бір ауыз сөз айтылса, Аллаһтың ауқымы кең, шексіз құдретімен әлгі бір сөз бір адамның құлағына еш қиындықсыз кіріп естілетіні секілді бір миллион адамның да құлағына Аллаһтың әмірімен оп-оңай естіледі. Тыңдаушылар саны бір немесе мың болса да еш айырмашылығы жоқ. Һәм, көз секілді бір ғана нұр немесе Жәбрайыл сынды нұрлы бір ғана рухани тұлға; Аллаһтың рахымымен, Раббани ауқымы кең іс атқарар кезде бір жерге оп-оңай қарап, лезде ол жерге барып, әп-сәтте сол жерде болатыны секілді, мыңдаған жерде әп-сәтте әрі оп-оңай Құдайдың құдретімен болып, көріп, барып келеді. Оған аз бен көптің, алыс пен жақынның парқы жоқ. Дәл сол секілді, Әзәли уә Зати Құдрет, тым қуатты да өтімді, ерекше нұр және бүкіл нұрлардың нұры, бәрінен үстем болғандықтан және заттардың ішкі жағы, мәнісі мен ақиқаттары, рухани тұстары айнадай мөлдір де жылтырақ болатындықтан және зәрреден бастап сонау өсімдік, жан иелерінен сонау жұлдыздарға, Күндерге, Айларға дейін барлық зат әлгі зати Құдреттің үкіміне толық мойынсұнғыш, бағынғыш және әлгі Әзәли құдреттің алдында тым тілалғыш, қызметші болғандықтан әлбетте, сансыз жаратылысты бір зат сықылды оңай жаратады, дәл қастарынан табылады. Бір ісіне бір ісі кедергі болмайды. Үлкен мен кіші, аз бен көп, «жүзи» мен "күлли" бәрі бірдей. Ешбірінің қиындығы жоқ.
Һәм, қалайша, Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздерде айтылғанындай, «интизам» (реттілік пен жүйе), "мувазене" (тепетеңдік) және "итағат" яғни әмірге бағыну заңдарына байланысты таудай алып бір кемені, баланың ойыншығы секілді бір саусақпен орнынан қозғап, керек болса шыр айналдыруға болады және бір қолбасшы Әмір, өзінің бір ғана "Алға!" әмірімен бір сарбазды жүгірткеніндей, тәртіпті де жүйелі қалың әскерді, бүкіл армияны бір әмірмен жауға шабуыл жасатқызады. Һәм, өте үлкен әрі күрделі дәл өлшейтін таразының екі басына екі тау тепе-тең орналастырылса және екінші таразының екі басына өзара бірдей екі жұмыртқа қойылса, тепе-тең тұрғанда бір түйір жаңғақпен біреуін жоғары біреуін төмен түсіріп жіберуге болатыны секілді, дәл сондай жаңғақтың салмағымен хикмет заңына сүйене отырып анау үлкен таудай таразының бір басын тауымен бірге жоғарыға, екінші басын төмен басып жіберуге болады.
Дәл сол сияқты, шексіз, нұрлы да зати әрі бастауы мен соңы жоқ Раббани құдретте және оның қасында бүкіл жүйе мен өлшемнің, тепе-теңдіктің бұлағы, көзі, қайнар өзегі болған терең хикмет, өте дәлдікпен сараптап өлшейтін Иләһи әділдік болғандықтан сондайақ, «жүзи», "күлли" және үлкен-кіші барлық нәрсе, бүкіл зат оның құдретіне толық бағынып мойынсұнатындықтан, әлбетте зәррелерді оп-оңай айналдырып, жеңіл қозғағаны секілді жұлдыздарды хикметінің жүйесімен оп-оңай шыр айналдырады, қозғалысқа ендіреді. Ол, көктемде бір әмірмен жеңіл түрде бір түйір шыбынды тірілткені секілді бүкіл шыбындар тобын, барлық өсімдіктер мен жануарларды, жәндіктерді құдретіндегі хикметпен таразыға салып дәл сол әмірмен, дәл сол жеңілдікпен тірілтіп тіршілік сыйлайды. Бір түп ағашты көктемде лезде тірілтіп, сүйектей талбұтақтарымен жан бергені секілді әлгі хикмет толы және әділ әрі мұтлақ құдретімен алып жер шарын, дүния жаназасын көктемде бір ағаштай оп-оңай тірілтіп хашрдің жүз мың үлгі-мысалын жаратып жатады. Өзінің "тәкуәни" әмірімен жерді жандандырғаны секілді
әмірімен де яғни «барлық адам мен жын атаулы бір ғана дауыстың күшімен, бір ғана бұйрықпен құзырымызда қайта тіріліп дайын тұрады!» дейді аят.
Һәм, وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ деп бұйыру арқылы яғни «Қиямет пен хашр оқиғасы, оның жүзеге асуы көзді ашып-жұмандай-ақ, тіпті одан да шапшаң жүзеге аспақ!» дейді.
Һәм, مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ аятымен яғни, «Уа, адамдар! Сендердің қайта тірілулерің, алаңға жиналуларың бір ғана жандының тірілуі секілді оп-оңай. Ол құдретіме түк емес!» мағынасын білдіретін осы үш аяттың сыры бойынша бір әмірмен, бәрін бірдей оңай түрде адам мен жын атаулыны жаппай және хайуандар мен руханилерді, періштелерді махшар майданына, ұлы таразының қасына алып келеді. Бір ісі бір ісіне кедергі болмайды.
Уа, оқырман! Үшінші және төртіншіден бастап он үшінші сырға дейінгі жазуды қаласам да еріксіз басқа уақытқа қалдырылды.
ТӨРТІНШІ АҚИҚАТ: Болмыстың жаратылысына, олардың көзге көрінуіне назар аударар болсақ олар "жиһет-ул уахдет" жақтарымен яғни өзара ұқсас, біркелкі, бірінің ішіне бірі еніп, бір-бірінің үлгімысалы, мазмұны және кейбірі "күлл", "күлли", тағы бірі оның "жүз", "жүзи" яғни бөлшектері саналады. Жаратылыстары сәйкес, шебер жасалуы да ұқсас, табиғаты бір-біріне үйлесімді, біріне-бірі көмектеседі, атқарар міндетін өзара толықтырып отырады. Бұл анық түрде тәухидті білдіріп, Саниының яғни шебер Ұстасының бір, жалғыз екенін дәлелдейді. Әлем рубубият тұрғысынан бөліп-жаруға келмейтін бір "күлл" тұтас әрі күлли яғни шексіз екенін көрсетеді.
Иә, мысалы, әрбір көктемде өсімдік пен хайуандардың төрт жүз мың түрінің әрбірін жеке-жеке, жаппай, аралас-құралас түрде, бір сәтте, бір әдіспен, жаңылыспай, қатесіз, асқан хикметпен, көркем әрі шебер жарату, басқару, асырау, сондай-ақ, құстардың шағын үлгімысалы тәріздес шыбын-шіркейден бастап сонау үлкен үлгісі қыранбүркітке дейін шексіз санын жарату, сондай-ақ, оларға ауада тіршілік етіп, ұшуға ыңғайлы ағза-мүшелер беріп саяхат еткізу және солар арқылы ауа кеңістігін безендіреді, сонымен бірге олардың үстеріне мұғжизалы жеке-жеке өнермен жасалған мөр-таңба басу және денесін басқарып тұрған хикмет толы Иләһи нышан мен әхадияттың белгісін қою; һәм, желінген тағамның зәррелерін дененің жасушаларына көмекке жіберу; өсімдікті хайуандарға медет, хайуандарды адамдарға қызметші қылу; барлық аналарды әлжуаз нәрестелерге жәрдемші ретінде хикметпен, рахымды түрде жүгірту... сондай-ақ, құс жолы дейтін жұлдыздар шоғырынан, Күн системасынан, элементтерден бастап сонау көздің қарашығын сақтап тұрған қабақ пен гүл шешектің жапырықтарына дейін, жүгері масағының көйлегіне дейін және қауынның дәнегіне дейін бір-бірін ішіне алып жатқан шеңберлер секілді «жүзи», "күлли" бәрінде бірдей жүйе мен тәртіп, әсем шеберлік, бірдей іс, химетпен басқару байқалады. Бұл әрине, анық түрде осы істерді жасап жатқан Құдреттің Уахид, Бір екенін көрсетеді. Әр нәрседе Оның құдрет қолының ізі бар және Оның ешбір тұрақты мекені жоқ, әйтседе әрбір мекенде бар, барлық жерден табылады. Қалай, көктегі Күннен барлық нәрсе ұзақ, бірақ өзі бәріне жақын, Ол да солай.
Һәм, шоқ жұлдыздар мен Күн системасы секілді алып денелерді басқару Оған еш қиындығы жоқ. Сол сияқты қанның құрамындағы түйіршіктер, көңілге түйген құпия сырлар Одан жасырын қала
алмайды. Ешнәрсе Оның басқару шеңберінің тысына шыға алмайды. Әрнәрсе неғұрлым үлкен әрі саны көп болса дағы кішкене әрі саны аз зат секілді Оған оп-оңай. Шыбынды қыран құс тәрізді, дәнекті ағаштай күрделі етіп, бір тал ағашты бау-бақша сияқты, бір бау-бақшаны көктемдей шебер, ал бір көктемді орасан зор ұлы хашрға ұқсатып оп-оңай жаратады. Шебер жасалған аса қымбат нәрселерді бізге өте арзанға береді, яғни сыйға тартады. Сондағы сұраған бағасы бар болғаны «Бисмилләһ», сосын "Әлхамдулиллаһ" сөзі яғни ол тым қажет, өте қымбат нығметтердің өзіндік бағасы әу баста «Бисмилләһир Рахмән-ир Рахим» және ақырында «Әлхамдулиллаһ» деп айту.
Бұл «төртінші ақиқат» Рисалей-Нұрда түсіндіріліп, дәлелденгендіктен осы қысқа ишарамен қанағат етуді жөн көрдік.
Біздің жолаушының екінші мензилде көрген.
БЕСІНШІ АҚИҚАТ: Ғаламның бүкіл жерінде, негізгі бөлігінде, ұсақ бөлшегінде, барлық жағында өте керемет жүйенің бар екені рас, сондай-ақ, сол ұланғайыр мемлекетті басқаруға ұйытқы және жалпыға ортақ нәрселер мен белгілі бір қызмет атқарушылардың әрқайсысы бір болуы және сол алып қала мен ұлы көрмені басқарып, үкім жүргізіп тұрған есімдер мен істер бір-бірінің ішіне кіріп және бірегей, бірдей, біркелкі және барлық жерде дәл сол есім, дәл сол іс болуымен қатар олардың барлық нәрсені немесе басым көпшілігін қамтуы және сол әсем сұлу зәулім сарайдың құрастырылуы мен безендіруіне сондайақ құрылысына қолданылған шикізаттар мен негізгі нәрселер бірбірінің ішіне орналасқан, біркелкі әрі бірегей, бірдей және барлық жерде бір заттар, бір элементтер болуымен қатар жердің жүзін және басым көпшілігін қамтып, жайылып жатуы; әлбетте, анық әрі қанық түрде мына әлемнің иесі, басқарушысы, мына мемлекеттің Патшасы, ұйымдастырушысы, сарайды салған ұстасы, қожайыны біреу, уахид, әхад, жалғыз екенін көрсетеді, куәлік етеді, дәлелдейді, солай болуын керек етеді. Оған ұқсас, тең келер ешкім жоқ, Оның уәзірі, көмекшісі жоқ. Серігі, қарсыласы болуы мүмкін емес, әлсіздік, кемшілік атауымен жоқ. Иә, жүйе толыққанды бір тұтастық, бірлікті көрсетеді, бір ғана реттеуші талап етеді. Айтыс-тартысқа себеп болатын ширкті қабылдамайды.
Сонымен мына әлемнің жалпы құрылымынан және жердің күндік немесе жылдық айналуынан, сонау адамның бет-әлпетінен, басындағы сезімдер тізбегінен бастап қандағы ақ-қызыл түйіршіктердің орын
ауыстырып, қозғалысына дейінгі тұтас яки жеке-дара барлық нәрседе хикметке толы тәртіп, күрделі де мұқиятты жүйе бар екені рас. Әлбетте бір Қадир-ы Мұтлақ, бір Хаким-ы Мұтлақтан басқа ешнәрсе әдейілеп, өз еркімен еш нәрсеге қол сұға алмайды, әсте араласа алмайды. Олар тек қабылдаушы қызметін атқарып, бөленушілер, жасалған нәрселер ғана яғни «мазхар», "мүнфайл" деп аталады.
Және бір нәрсені реттеу, әсіресе белгілі бір мақсатпен, одан түсетін пайданы ойлап жүйеге келтіру тек ілім арқылы, хикметпен болмақ, оған ерік пен қалау керек. Олай болса әлбетте, сөзсіз әрі міндетті түрде мына хикметке толы жүйе мен тәртіп, мына көз алдымыздағы пайдасы мол сансыз жаратылыстың сан-алуан түрлері анық түрде бұл болмыстың Халиқы, Басқарушысы жалғыз, дара, біреу әрі толық қалау-ерік иесі екенін көрсетеді. Әрнәрсе Оның құдретімен болмақ, Оның қалауымен белгілі бір жағдайға енеді, Оның әмірімен өзіндік бейнеде жаратылады.
Сондай-ақ, мына дүния мейманханасына жылу беретін Шамы біреу және Күндерді, уақытты білдіретін шырағы біреу, мейірімге толы суарғыш құманы біреу, тамақ пісіріп, ысытатын аспазшысы біреу, тіршілік көзі кәусар шербеті біреу, аналық ететін егіндік алқабы біреу, осылай санай берсең бір, бір мыңға жуық бірлік. Әлбетте, бұл бірліктер анық түрде осы қонақүйдің Иесі, Жасаған Ұстасы біреу екенін көрсетіп, Оның Хақ екеніне куәлік етеді. Ол өте жомарт әрі қонақжайлы. Ол, өзінің алып та үлкен қызметшілерін тіршілік иелеріне, жолаушы қонақтарының тынығып демалуы үшін жұмсап, қызмет еткізуде.
Әрі дүнияның әртарапында қызу жұмыс істеп, басқарып тұрған, сәуле-шуақтары, нақыш-өнері көрінген «Хаким, Рахим, Мусаууир, Мүбәббир, Мухий, Мүрәббии» сынды Иләһи есімдер бір және «хикмет, рахмет, инает» секілді істер мен «тәсуир, тәдбир, тәрбие» сияқты жұмыстар да бір екені рас. Барлық жерде бір есім, бір іс бірбірінің ішіне еніп әрі шексіз дәрежеде әрі барлығын толық қамтуда. Әрі өзара көмектесіп бірінің ісін бірі толықтырып отырады. Бейне бір әлгі есімдер мен істер бірігіп кеткені сонша, құдрет бір жағынан хикмет пен рахметке айналып кеткендей, ал хикмет болса нағыз «инает» пен "хаят" яғни жәрдем пен тіршілік болып кеткендей. Мысалға, Аллаһтың хаят беруші яғни бүкіл жандыларға жан беретін
есімі бір нәрсеге әсер етіп, меңгере бастағанда жаратушы, суретші, рызық беруші секілді есімдер де дәл сол мезетте, жаппай барлық жерде бір жүйемен билеп-төстейтіні көрінеді. Бұл құбылыс міндетті түрде әлгі ауқымы кең есімдердің иесі барлық жерде бірдей болып және бәрін қамтып жатқан істердің иесі біреу екенін, Ол жалғыз, «уахид» әрі "әхад" екенін көрсетеді. Әмәнна уә садақна! Әрине солай!
Һәм, жаратылыстың құрамы әрі өзегі болған элементтер жер шарының барлығын қамтып жатқаны рас және жаратылыстың түрлері, олардың әрқайсысы бірдей болғанымен жер жүзіне жайылып әлемді қамтып жатқаны да рас. Әлбетте олай болса, бұл элементтер, барлық қоспа-бөлшектер, олардың түрлері, бәрі-бәрі жалпы әрі жалқы түрде бізге мынаны білдіреді әрі дәлелдейді: Олар бір ғана Құдреттің заты, бәрі Соның жаратқандары. Олар бір Уахид-і Қадирдің мүлкі, Оның қызметшілері, Ол, әлгі барлық жақты қамтып, әр жерден табылады, Ол құжынаған элементтерді өзіне әбден мойынсұнатын қызметші қылған және жердің әр тарапында кездесетін түрлерді де бір жауынгер іспеттес тізгіндеп басқарып отыр. Бұл ақиқат Рисалет-ун Нұрда дәйекті түрде түсіндірілгендіктен бұл жерде қысқа ишарамен шектелгенді жөн көрдік. Біздің жолаушымыз осы бес ақиқаттан алған имани фейз-шуақ пен тәухиди зауыққа көңілі тасып, шаттана көргенбілгендерін қорытындылай келе және өзінің сезімдерін сөзбен суреттеп, жүрегіне былай деді:
Қарашы әлем кітабының тамаша парақтарына!
Құдіреттің алтын қаламы небір жазу жазыпты!
Қараңғы, түсініксіз бірде-бір нүкте қалмаған...
Көкірегі ояу, көзі ашық жүрекпен қараған жандарға
Жаратушы Аллаһ, өзінің аяттарын нұрмен жазған ба!
Һәм, білген жөн:
Әлем кітабының парақтары шексіз, ұлан-ғайыр,
Дәуірдің құбылыс-оқиғалары оның жазу жолдары,
Әлемдегі әр болмыс "ләух-ы махфуздан" келген
Мағынасы терең сөздер ғой, жазылған ақиқатта.
Һәм, тыңда!
деп, қалыбпен (жүрек) бірге нәпсінің өзі мойындап «Иә, рас, солай!» деді.
Сонымен дүния жолаушысы яғни ғалам саяхатшысы екінші мәнзилде көрген бес тәухиди ақиқатқа қысқа бір ишара ретінде бірінші тараудың екінші бабында екінші мәнзил туралы былай делінген болатын:
Сосын, әлгі әлемге саяхатшы әрбір ғасырды шолып жүргенде мүджеддид-і әлфі Сани, Имам-ы Раббани, Ахмед-і Фаруқидың медресесін көреді. Ішіне еніп оның дәрісін тыңдаса былай деп жатыр екен:
«Бүкіл тариқаттың беретін ең маңызды жемісі, нәтижесі иман ақиқаттарының ашылып түсінікті болуы!», «Бір ғана имани мәселеленің нақты түрде анықталуы мен үшін мың кәрәматтан, рухани зауықтан әлдеқайда артық, маңыздырақ! Бұрыңғы заманда ірі тұлғалар айтушы еді: » Мүтәкәллимнен және кәлам ілімін толық меңгерген бір ғалым шығады. Ол Иман мен Исламның барлық ақиқаттарын ақыли айғақтармен жан-жақты түсіндіріп, дәлелдеп береді!". Менің арманым сондай кісі болу. Бәлкім мен сол кісі шығармын!".
Міне, Имам-ы Раббани да иман мен тәухид ұғымы адамзаттың кемелденуінің басты шарты, негізі, өзегі, нұры екенін растап отыр. Және (Бір сағат пікір жүргізу бір жыл ғибадаттан абзал!) деген ереже-дәстүрі имани пікірлеу тұрғысында екенін және Нақшибәнди тариқатында құпия зікір салудың маңыздылығы осы маңызы зор тәфәккүр ету екенін яғни пікір жүргізе толғаныстың бір түрін жасау екендігін бізге дәріс беруде.
Саяхатшы мұны ден қойып тыңдады да өзіне-өзі былай деді: "Апырм-ай, мұндай ерекше тұлға, кәміл жан, имам осылай десе және иман қуатының сәл артуы көптеген мағрифат пен кемелдіктерден анағұрлым маңызды және рухани жүз зауықтан тәтті екен.
Сондай-ақ, мың жылдан бері иманға, Құранға қарсы әбден қасарысып, кек сақтап өш алғысы келген Европалық батыс философтарының наразы ойлары мен күмән-күдіктері енді жол тауып имандыларға шабуыл жасап жатқаны рас. Және олар мәңгі бақыттың, бақи өмірдің, жәннаттің кілті, басты шарты болып табылатын Иман негіздерін бұзғысы келеді. Олай болса әлбетте біз бәрінен бұрын иманымызды «тақлидтен» "тахқиқке" айналдыруымыз керек яғни көшіріп, еліктеп ере салған иманымызды көз жеткізіп, анық-қанығына жеткен, қуатталған дәрежеге көтеруіміз қажет тіпті шарт.
Олай болса қане, алға! Осы кезге дейін тапқан әрқайсысы таудай заңғар иманның жиырма тоғыз мәртебесін намаздың мүбәрак тәсбихының саны отыз үшке жеткізейік! Ол үшін мына ғибратхананың енді үшінші мәнзилін көру үшін بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ (бисмиллаһ) деп, оны кілт жасап жануарлар әлеміне еніп, олардың жүйелі басқарылуына, азықтанып асыралуына назар салайық! Сөйтіп,
ғажайып махшарға ұқсас, үлкен жиналыс тәріздес осы үшінші мәнзилдің қақпасын құрметпен қағып بِسْمِ اللّٰهِ الْفَتَّاحْ (бисмилләһил Фәттах) яғни жасырын, құпияның бәрін ашушы Аллаһтың атымен деп әлгі есікті ашты. Оған үшін мәнзил көрінді. Ішіне еніп сонда көргені: "Үлкен төрт терең ақиқат ол мәнзилге жарық беріп тұр екен әрі күндей жарқырап тәухидті көрсетеді екен.
БІРІНШІ АҚИҚАТ: "Фәттахият" ақиқаты. Яғни, Аллаһтың "Фәттах" есімінің құдретімен жәй, қарапайым заттардан саналуан, түрлі-түсті, шексіз тамаша сурет-бейнелердің барлығы бірге, әр тарапта бірдей және бір сәтте, бір іспен ашылуда. Иә, қалайша, ғалам бау-бақшасындағы сан-алуан шексіз жаратылысты - мысалы гүл-шешектерді - Фәттах есімімен әрқайсына өзіндік ыңғайлы түр, ерекше пішін, өте тәртіпті бейне беріп, Фатыр Аллаһтың құдреті жаратуда. Дәл солай, бірақ одан әлдеқайда таңғажайып түрде жер жүзі бақшасында төрт жүз мың түрлі жан-жануардың әрбіріне өте шебер әрі хикметпен жасалған бейне-пішін, дәл өлшемді де әсем сұлу түр берілуде.
аяттарының білдіргеніндей, тәухидтің бұлтартпас дәлелі, құдреттің таңғажайып мұғжизасы әлгі сурет-пішіндердің ашылуы боп табылады. Осы хикметке орай суреттердің ашылып, көрініс табу ақиқаты әртүрлі дәрежеде, көптеген жерде Рисалей-Нұрда әсіресе осы рисаленің «Екінші тарауының бірінші бабында, алтыншы, жетінші мәртебелерінде» дәйекті түрде баяндалғандықтан сол жаққа сілтеп, мұнда тек былай десек жетер:
Бейне-суреттердің ашылу үрдісінің ауқымы кең, барлық жержі қамтып жатыр әрі шебер түрде жүзеге асатынына биология мен зоология пәндері терең зерттеу нәтижесінде куәлік етеді. Демек, мұндай құбылысқа бір ғана Уахид-і Әхадтан және әрнәрсені көретін,
бәрін білетін құдіреті шексіз Қадир-і Мұтлақ Аллаһтан басқа ешбір себеп мұндай күрделі де ауқымды іске араласа алмайды. Өйткені, бұл суреттердің ашылуы дейтін іс барлық жерде, әрқашан болатын, шексіз құдретті, сонымен қатар терең хикметті, аса мұқияттылықты, барлық нәрсені қамтуды талап ететін теңдессіз құбылыс. Мұндай құдрет, тек бүкіл әлемді жаратып, басқарып отырған Әхадта ғана болады.
Иә, мысалы, жоғарыда аталған аяттардың бұйырғанындай үш қараңғыда бүкіл аналардың құрсағында адам баласының суретбейнесін әртүрлі етіп, өлшемді де ерекше, бір-бірінен өзгеше, керемет әдемі бейнеде, жүйелі түрде әрі шатастырмай, қатесіз, ауыстырып жібермей қарапайым, жәй бір ұрық суынан ашып, жарататын "фәттахият" ақиқаты және бүкіл жер жүзінде бірдей құдрет, бірдей хикмет, бірдей өнермен істелетін күллі адамзат пен өсімдіктерді, хайуандарды түгел қамтыған осы суреттердің ашылуы деген ақиқатты алайық. Бұл уахданияттың мықты дәлелі, бұлтартпас айғағы. Себебі, бәрін қамту ол уахдет деген сөз, ол ширкке жол бермейді. Бірінші бабтағы Аллаһтың міндетті түрде бар екенін дәлелдейтін он тоғыз ақиқат Жаратқанның бар екенін дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар бәрін қамтуы арқылы да уахдетке яғни Аллаһтың жалғыздығына куәлік етеді.
Біздің жолаушымыздың үшінші мәнзилде көрген
ЕКІНШІ АҚИҚАТЫ: "Рахманият" ақиқаты яғни ғайби біреу бізге жер жүзін рахымшылықтың мыңдаған сый-кәделерімен толтырып, жәйнатып қойған. Дүния сый-сияпатқа толы қойма тәрізді. Рахымшылығы, бейне бір дастархан бейнесінде көрініп, жүз мыңдаған түрлі дәмді тағамдар тарту етілген. Жердің қойнауын рахым мен хикметтің мыңдаған қазба байлық, кен орындары қазыналармен толтырып қоймадай жаратқан. Жер шарын сауда кемесі тәрізді жыл сайын ғайып әлемінен адамдардың тұрмыс тіршілігіне қажетті жүз мың түрлі заттардың ең тамашалары тиеліп әкелінетін құдды бір жүк кемесі немесе жүк пойызы тәрізді, әрбір көктем маусымын іші толы азық-түлік пен киім-кешек таситын вагон сияқты бізге сыға тартуда. Тұрғындарына өте мейірімді де ерекше қамқорлық жасалуда. Және сол барлық сый-кәделер мен мол нығметтерді пайдалансын деп бізге жүздеген, мыңдаған тәбет пен қажеттілік, сезім мүшелері, ағзалар берілген.
Иә, хасби аят туралы баяндаған төртінші Шуақта түсіндіріліп, дәлелденгеніндей, сансыз тағамдардан ләззат алатындай бізге сондай бір асқазан берген және, түрлі сезім мүшелері арқылы мына дастархан тәрізді алып әлемде небір ырыс-несібелердің қызығын көретіндей етіп, хаят яғни тіршілік сыйлаған. Және адамгершілік дейтін қасиет тарту еткен, ақыл мен көңіл секілді көптеген сезімдер арқылы, мадди-мағынауи, заттық-рухани әлемнің сансыз есіктерін ашып сый-кәделерден зауық аламыз. Әрі сондай керемет Ислам дінін жіберген, ол арқылы ғайып әлемі мен мына шәһадат әлемінің шексіз қазыналарынан пайдаланып нұр аламыз. Әрі сондай иман мен һидаят берген, сол арқылы дүния мен ақырет әлемдерінің ұлан-ғайыр нұрларынан, сый-кәделерінен нұрланып, пайда табамыз. Бейне бір рахым тарапынан мына әлем сансыз таңғажайып қымбат заттармен безендірілген зәулім сарай және ол сарайдағы сандықтарды, бөлмелерді ашатын кілттер адамға берілген және олардан жаппай пайдаландыратын қажеттіліктер мен сезімдер адамның табиғатына сыйланған.
Міне, осылайша дүнияны, ақыретті және әрнәрсені ішіне алып, қамтып жатқан Рахимият ақиқаты яғни рахымшылық әлбетте ол уахидияттың ішінен көрініс табатын әхадияттың сәулесі. Яғни, қалайша, Күннің сәулесі алдындағы нәрселерді жаппай қамтуы уахидияттың яғни Аллаһтың жалғыз екенінің бір мысалы саналады, дәл солай жылтырақ, мөлдір әрбір нәрсенің де әрқайсысы қабілетіне қарай Күннің жарығын, һәм жылуын, һәм жарығындағы жеті түсті, сондай-ақ, күннің сурет-шағылысын көрсету арқылы әхадияттың бір мысалы болатындықтан, әлбетте ол ауқымды жарықты көрген адам: «Жер шарының Күні уахид, жалғыз!» деген шешімге келеді және әрбір жылтырақ нәрседе, тіпті су тамшыларында Күннің жалт-жұлт еткен, жылу шуағын көрген адам Күннің әхадиятын яғни кәдімгі Күнді барлық сипаттарымен: «Күн әрнәрсенің жанында, әрбір заттың көз айнасында» деп айта алады.
Дәл сол секілді Рахман-ы Зүлжәмалдың кең рахымы жарық секілді барлық нәрсені қамтиды, Ол Рахманның уахидиятын яғни жалғыз, еш бір тұрғыдан серігі жоқ екенін көрсетеді. Сонымен қатар, әрнәрседе әсіресе әрбір жандының бойында әсіресе, адамның болмысында әлгі ауқымды рахымшылықтың пердесінің артында ол Рахманның
көптеген есім-сипаттарының нұр-сәулелері және белгілі бір мағынада өзіндік шағылысы болып әрбір адамға, бүкіл әлемге қатысты әрі тығыз байланыстырып тұратын күрделі хаят яғни тіршілік сыйлауы сол Рахманның әхадиятын және Ол әрнәрсенің жанында әзір-нәзір яғни әрбір заттың әрбір нәрсесін жасаған өзі екенін дәлелдейді.
Иә, қалайша, Ол Рахман, өзінің рахымының уахидиятымен және барлығын толық қамтуы арқылы күллі ғаламда, жер жүзінде жалал сипатының ұлықтығын көрсетеді, дәл солайша әхадиятының сәулесі арқылы әрбір жанды нәрсе арқылы әсіресе адамның бойында бүкіл нығметтердің үлгісін жинап, оны сезім-мүшелері арқылы сездіріп, реттеп бүкіл әлемді тұтасымен әлгі бір тұлғаға, белгілі мағынада оның үйі, баспанасы түрінде беруі арқылы да әркімге жеке-жеке, арнайы болатын мейрімін жар салып көрсетеді және адамның бойында Иләһи жарылқау болған сан-алуан нығметтер тоғысып, ұштасып жататынын білдіреді.
Һәм, қалайша, бір түйір қауынның әрбір дәнегінде сол қауынның өзегі жинақталып, оның бойында түйісіп-тоғысатындықтан ол дәнді жаратқан құдрет әлбетте, сол қауынды жаратқан және ілімінің өзіндік таразысымен, хикметінің арнайы ереже-заңымен әлгі дәнді сол қауыннан сүзіп, жинап заттық күйге ендіріп, денеге айналдырған. Және әлгі бір түйір қауынның уахид, жалғыз бір ғана жаратушысынан басқа ешнәрсе әлгі дәнді жасай алмайды, жасауы мүмкін емес.
Дәл солайша, рахманияттың саясында ғалам бейне бір ағаш, баубақша мен жер жүзі бір жеміс яки бір қауын сияқты, ал жандылар мен адамзат болса бір дән секілді болғандықтан әлбетте, ең ұсақ бір жандының жаратушысы, Раббысы бүкіл жер шарының, күллі ғаламның Иесі болмақ.
Сонымен, қалайша ауқымы кең, барлығын қамтып жатқан «Фәттәхият» ұғымы өзінің ақиқаттығымен күллі жаратылыстың жүйелі бейне-суреттері қарапайым бір заттан жасалып, ашылуы апанық түрде уахдетті дәлелдейді. Дәл солайша, барлық нәрсені қамтып жатқан «рахманият» ақиқаты да әлемде пайда болған және дүнияға енді келіп, өмірдің есігін жаңа ашқан барлық жандыларды, оның ішінде жаңа туғандарды керемет жүйелі түрде асырап, қажеттіліктерін қамтамасыз етуі және ешқайсысын ұмытпауы және барлығына бір рахымның, барлық жерге бір сәтте және әрбір жандының түріне
үлгеріп, толық қамтуы анық түрде уахдетті, сондай-ақ, уахдеттің ішінен әхадиятты көрсетеді. Рисалей-Нұр Аллаһтың Хаким, Рахим есімдерінің шуағына бөленгендіктен оның көптеген жерлерінде осы рахымның ақиқаты, мән-мағынасы, сәуле-шуақтары түсіндіріліп, дәлелденгендіктен әзірге осы бір тамшы судай ақиқатпен ол теңізге ишара ретінде ондай терең ақиқатты қысқа қайырғанды жөн көрдік. Жолаушымыздың үшінші мәнзилде көрген.
ҮШІНШІ АҚИҚАТ: "Мүдәббирият уә идаре" (жан-жақты басқару мен ұйымдастыру ақиқаты).
Яғни, орасан зор және тым жылдам қозғалатын алып аспан денелерін, сондай-ақ, жолындағыны жайпап, тас-талқанын шығаратын себептерді және жер жүзін мекендеген мұқтаж әрі әлжуаз жан-жануарларды керемет жүйелі де тәртіппен басқару, оларды бірбіріне жәрдем еткізу және олар аралас-құралас болса да белгілі бір бағытта және керемет ұйымдастыру, осылайша әлемді мұнтазам мемлекет, керемет шәһар, жүйелі сарай тәрізді жарату ақиқаты.
Міне, осындай үстемшіл әрі мейрімге толы басқару ісінің алып тұстарын емес, тек көктем кезіндегі жер жүзінде болып жатқан әлгі "идаренің" яғни басқару ісінің бір ғана жағын, бір ғана парағын Рисалей-Нұрдың Оныншы Сөз секілді кітаптарында түсіндіріліп, дәлелденгендіктен қысқа нұсқасын бір тәмсіл арқылы көрсетуге тырысамыз.
Мысалы, таңғажайып әрі жиһангер бір әмірші төрт жүз мың ұлттан бір армия құрап, жинаса және әр ұлттың өзіндік киімін, һәм қаруын, һәм тамағын және тәлімін, қызмет мерзімін, атқарар міндетін, әрбіріне өзгеше және сан-алуан қажеттіліктерін ақаусыз, кемшіліксіз, жаңылыспай, қателеспей, дәл уақытында, кешіктірмей, шатастырмай жүйелі түрде, мүкәммәл-мұнтазам түрде әлгі ғажап қолбасшы бір өзі басқарып, толық қамтамасыз етіп тұрса, әлбетте ондай ауқымды да аралас, күрделі де жүйелі әрі құжынаған көп, бірақ әділ басқарма ісіне әлбетте, әлгі қолбасшының таңғажайып қабілетінен басқа ешбір себеп араласа алмайды деп, тұжырым жасар едік. Егер араласса жүйе бұзылып, тәртіп болмас еді.
Дәл сол сияқты, өзіміздің көзбен көріп жүрген, ғайби қол яғни бір құдрет, әрбір көктемде төрт жүз мың түрден құралған ұлан-ғайыр қалың әскердей тіршілік иелері дейтін армиясын жаратып, жүйелі
түрде басқарып отыр. Қияметтің үлгісі тәріздес күз мезгілінде сол төрт жүз мыңның үш жүз мың өсімдік пен хайуанат түрін өлтіріп, жанын алады да жүктелген міндеттерінен босатады. Хашр мен нәшрге ұқсас яғни тарап, ыдырап кеткен соң қайта жиналуға ұқсас, көктемде ұлы махшардың үш жүз мың мысалын - бірнеше күннің ішінде - өте жүйелі тәртіппен қайта жасап, тіпті бір тал ағаштан төрт кішкене хашр түрін яғни адамзат қайта тірілетінін, атап айтсақ, ағаштың өзін, жапырақтарын, гүл-шешектерін және жемістерін, былтырғы көктемдегіден айнытпай көктеп-көгерткенін көзімізге көрсеткеннен кейін, әлгі түрінің өзі төрт жүз мыңға жетіп жығылатын Субхани армияның әрбір түріне, әрбір тобына, өздеріне сай түрлі ризықнесібелерін, сан-алуан қорғаныс құралдарын, қару-жарақтарын, түрлі киім-кешектерін, бөлек-бөлек тәлім-тәрбиелерін, қызметтен босатылу мезгілін әртүрлі етіп және өмірге қажетті заттарын жүйелі түрде реттеп, айна қатесіз, шатастырмай, ешқайсысын ұмытпай, күтпеген жерден дәл уақытында жеткізіп отыруы арқылы өзінің кемел рубубиятын, шексіз құдретін, мол рахымын, өзінің әхад уә фәрд екенін, құдреті күшті, ерекше айбынды, мейрімі мол екенін дәлелдей отырып осы тәухид жайлы аятын жер жүзіне, әрбір көктем парағына тағдыр қаламымен жазуда.
Біздің кейіпкер жолаушымыз, бұл әмір-аяттың бір ғана көктемгі және бір ғана парағын оқыды да өзі өзіне былай деді: Осылайша әрбір көктемде ұлы хашрден анағұрлым ғажайып мыңдаған хашрды жаратқан және жазалауға не болмаса марапаттауға арналған хашрді яғни барша жандыны қайта жарататынын, сондай-ақ қиямет болып барлық пайғамбарлары арқылы мыңнан астам уәде берген және Қасиетті Құранда хашр болатынын мыңдаған ишаралармен мегзеген, сондай-ақ, мыңға жуық аятымен ашық түрде ескерткен, бірде қатаң бірде жұмсақ уәде берген Қадир-і Жаббар, Қаһһар-ы Зүлжәлал Аллаһ өзінің әлгіндей уәделерін орындамауы құдретіне шәк келтіртуі мүмкін емес. Және «өлген соң қайта тірілмейді» деп, мүлдем қисық ойлайтын пенделерді тозаққа тастауы, жәһаннамда күйдіруі нағыз әділдік" деп әлгі біздің жолаушы тоқтамға келді. Нәпсісі де «Әмәнна, әрине, қайта тірілу рас!» деп шын жүректен құптады.
Дүния жолаушысының үшінші мәнзилде көрген
ТӨРТІНШІ АҚИҚАТ. Бұл отыз үшінші мәртебе «Рахимият» пен «Рәззақият» ақиқаты. Яғни, жаппай жер жүзінде және ішінде, үстінде, құрылықта, суда бүкіл тіршілік иелерінің, әсіресе жандылардың оның ішінде әлжуаз, оның ішінде де нәресте-төлдердің қорегі, заттық-рухани азықтарын өте мейірімді түрде құрғақ әрі қарапайым топырақтан, жансыз әрі сүйек сияқты ағаштың бұтақтарынан, әсіресе азықтың ең кереметі ақ сүтті қан мен нәжістің арасынан шығарып және сүйектей кішкене бір түйір дәннен мыңдаған келі тағамдарды жасап әрі ол ризықтарды белгілі бір уақытта бәріне үлестіріп, ешқайсысын ұмытпай, шатастырмай көз алдымызда бір құдреттің беріп жатқаны туралы баяндалмақ.
Иә, اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ аяты бізге, жалпы асырау, нәпақа беру, қоректендіру бір Аллаһтың қолында екенін,
аяты да бүкіл адамзаттың, жан-жануарлардың азық-түлігі, ризықнесібесі кепілдікке алынғанын, Хақ Тағала оны тікелей өзі жауап беретінін білдіреді, сондай-ақ,
аяты да ризығын табуға қауқары жоқ әлжуаз, күшсіз бейшара пенделерінің ризық-несібесін күтпеген жерден, тіпті ғайыптан, тіпті жоқтан, мысалға айтар болсақ, судың астында өмір сүретін тіршілік иелеріне және барлық төл-нәрестелерге тосыннан және барлық жандыларға көктем сайын бейне бір ғайыптан қамтамасыз етіліп жатқанын, өзі кепіл екенін көзге шұқып тұрып көрсете отырып сыртқы себептерге әбден шырмалған адамдарға былай деп дәлелдеп, жар салады: «Сендердің ризық-несібелеріңді себептер арқылы перденің артынан Ол (Аллаһ) беріп жатыр!».
Сол секілді Құранның көптеген аяттары және әлемдегі оқиғақұбылыстар бәрі бірлесе отырып әрбір тірі жанды бір ғана Рәззақ-ы Зүлжәлал өзінің мол рахымымен асырап, толық қамтамасыз жатқанын көрсетеді.
Иә, белгілі мағынада азық сұрайтын ағаштар күшсіз, әлжуаз, еріксіз болғандықтан тәуекел еткендей бір орында тұрса дағы ризық несібелері өздері жүгіріп келуі, әлсіз нәрестелердің сүт азығы таңғажайып тұлым-меске құйылып ауыздарына ағып жатуы және олардың бойына күш бітіп, ерік-қалауы жетіле бастағанда сүттің тартылып қалуы, әсіресе адам баласына ана мейрімін қамқоршы етуі, бізге мынаны дәлелдейді: Адал ризық адамның күш-қуатымен, ептілігінен табылмайды. Керісінше, адамды тәуекел еткізетін әлсіздік пен шарасыздықтың арқасында келеді. Жалпы адамды зиянға ұшырататын "хырс" сезімін яғни ашкөздік, құмарлық сезімін қоздыратын күш пен ерік және қулық пен ақылдылық кейбір атақты әдебиет қайраткерлерін бір мағынада тіленшілікке дейін апарғаны ал, аңқау, зерек емес, дөрекілеу, қарапайым адамдардың тәуекелшіл әлсіздіктері олардың мол байлыққа кенелуіне себеп болғаны және
сөзі ел аузында кең тарағаны бізге, тағы да адал ризық адамның еріккүшімен табылмайтынын, керісінше оның еңбегін ескеріп, жұмысталпынысын дұға деп қабылдаған бір мейірім тарапынан берілетінін, оның мұң-мұқтаждығын көріп аяйтын аса қамқор біреу сыйлайтынын көрсетеді. Дегенмен, ризықтың екі түрі бар.
Біреуі; Өмір сүру үшін аса қажетті, хақиқи, фытри, онсыз тіршілік тоқтап қалатын ризық. Бұл, Раббани кепілдікке алынған, яғни оған Аллаһтың өзі кепіл. Оның жүйелі түрде берілетіні тіпті, бойымызға жиналып қалатыны сонша ішмайы, басқа да қосалқы қоректік заттар түрінде жинақталған фытри ризық ең болмағанда жиырма күннен астам ешнәрсе жемесе де жеткілікті. Сонымен өмір жалғаса бермек. Демек, жиырма яки отыз күннен бұрын әлгі денедегі жинақталған ризық қоры таусылмай сырт көзге аштан өлгендер ақиқатында аштықтан, ризық жетпегендіктен емес, ол жат әдеттен яки әбден әдеттеніп қалған мүбтелә нәрсесін бірден тастағаннан пайда болатын аурудан кесірінен өлген боп табылады.
Ризықтың екінші түрі: Үйреншікті, әдет, ысырап және бұрыс пайдаланудың кесірінен әбден бой алдырып, дағдыланып, мәжбүрлік дәрежесіне жеткен "мәжази ризық" яғни жемесе де болатын, шарт емес, жасанды ризық. Бұл ризық Раббани кепілдікке алынбаған. Ол Аллаһтың ихсан-жарылқауына байланысты. Қаласа береді, қаламаса бермейді.
186
Осы екінші ризық тұрғысында, бақыт пен рахатқа бөлейтін үнемділік пен қанағат ережелерін сақтаған жан және адал еңбекті белгілі мағынада ғибадат деп біліп, оны іс-әрекетпен жасалатын дұға ретінде қабылдап, Аллаһқа шүкір етіп, Оған қарыздар болып, ризық-несібені сый-жарылқау деп, өмірін қызықты өткізген адам ең бақытты адам.
Ал, бейбақ, сорлы адам, бақытсыздық пен зиянға ұшырататын, уайым мен машақаттың көзі болып саналатын ысырап жасап, ашкөздікке салынып, адал еңбекті тастап не болса соған жүгіріп, жалқаулана әрі зұлымдық істеп, сондай-ақ, шағымдана өмірін өкінішпен өткізеді, бәлкім босқа өмір сүреді.
Мысалы, асқазан тамақ сұрайтыны секілді, қалб (көңіл), рух, ақыл, көз, құлақ, тіл сезімдер де Рәззақ-ы Рахим Аллаһтан ризық несібелерін сұрайды және риза болып алады да шүкір етеді. Әрқайсысына бөлек-бөлек, өздеріне лайық, әрі риза боларлық әрі қанағаттанарлық ризықтары рахым қазынасынан тарту етіледі. Рәззақ-ы Рахим оларға анағұрлым мол ризық алсын деп көз, құлақ, қалб, қиял, ақыл тәрізді сезімдердің әрқайсысын өзінің рахым қазынасының есігін ашатын кілт ретінде жаратқан.
Мәселен, көз ғаламдағы жәмал, әсемдік секілді қымбат гауһар қазынаның кілті болып табылады. Сол секілді басқа сезімдердің де әрбірі өзіндік бір әлемнің кілті болып, пенде иман арқылы пайдаланады. Енді, тақырыбымызға оралайық.
Бүкіл әлемді жаратқан Зат-ы Қадир-і Хаким Аллаһ, хаятты яғни тіршілікті әрнәрсенің мазмұны боларлық өте күрделі түрде жаратып, өзінің шексіз киелі мақсаттарын, көркем есімдерінің сәуле-шуақтарын сол хаятта тоғыстырып, соған ұштастырып қойған. Сондай-ақ, хаятта да ризықты өте мазмұнды орталық, бүкіл істердің тоғысар торабы ретінде жаратқан. Тіріжандарға тәбет, мұқтаждық беріп, сондайақ, ризыққа ләззат беріп, сол арқылы әлемнің жаратылысындағы ең ұлы мақсат, зор хикмет болған әрдайым ауқымды түрде шүкір ету, риза болу, өзін қарыздар сезіну, табыну тәрізінде құлшылық еткізіп, осылайша өзінің рубубиятын мойындатып және жақсы көргізгеніне жауап бергізеді.
Мысалы, ауқымы кең, шексіз Раббани мемлекетке ұқсас мына ғаламның әртарапын, әсіресе аспанды періштелермен, әруақпен яғни ғайып әлемін рухтармен толтырып безендіргені секілді, мына материалдық, көзге көрінетін шәһадат әлемін әсіресе ауа мен жердің
әртарапын, әрдайым рух иелерімен, атап айтсақ құстармен толтырып безіндірген. Және тіршілік иелерін ризыққа мұқтаж етіп, ризыққа да ләззат жаратып, оны қозғаушы күш, қамшы ретінде, адамзатты жалпы жан-жануарларды ризықтың соңынан жүгіртіп қойған, осылайша жалқаулықтан, жатып-ішер еріншектіктен сақтап әрекетке, дамылсыз қозғалысқа келтіруде. Бұл рубубияттың талабы, Иләһи шексіз хикметтің көрінісі. Егер, мұндай Иләһи хикмет, зор талап болмаса, ағаштардың ризықтары өздері жүгіріп келетіні секілді Аллаһ Тағала, жан-жануарлардың да әу баста тағайындалған ризық-несібелерін, зәру қажетті заттарын еш қиындықсыз өздері келетін қылып қояр еді.
Аллаһтың Рахим уә Рәззақ есімдерінің жәмалын және уахданиятының қаншама куәгерлері бар екенін толық көруі үшін жер жүзін жаппай қамтып, жан-жақты көретін алып бір көз болса, қыс мезгілі аяқталар шағында ризықтары таусылғалы тұрған жан-жануарларға ғайби жәрдем, рахмани медет, ихсан ретінде өсімдіктердің қолымен, ағаштардың бұтақтарына ілінген және аналардың төсінен рахымның ғайби қазынасынан өте тәтті де дәмді, сан-алуан нығмет-тағамдарды жіберген Рәззақ-ы Рахимның мұнша мол мейрімінің сәуле-шуақтарын көріп, мейірімі неткен керемет, неткен әсем, жамал екеніне куә болар еді. Сонда пенде түсінер еді, бір түйір алманы бір адамға хақиқи ризық қылып мейірімді түрде жіберу үшін жыл мезгілдерін, күн мен түнді ауыстыратын шексіз құдрет қажет және жер шарын сауда кемесі тәрізді кеңістікте кездіріп жыл маусымдарынан түскен өнімдерді жерді мекендейтін өзінің мұқтаж қонақтарына тарту ететін құдрет иесі болуы шарт. Өйткені, ол алманың бойындағы хикмет басқан мөр-таңба, Иләһи рахымның белгісі, Ол бүкіл тіршілік иелеріне, жеміс-жидектің бәрінде, өсімдіктер мен жанжануарларда жаппай кездесетіндіктен әлгі бір түйір алманың нағыз иесі, жасаушысы әлбетте, алма тектес, тұқымдастары болған жер жүзіндегі бүкіл жеміс жидектердің және оның бау-бақшасы болған алып дүнияның және оның өндірушісі болған ағаштың және оның кәсіпорны болған жыл мезгілдерінің және оны жетілдірген көктем мен жаздың иесі яғни Малик-і Зүлжәлалы, Халиқ-ы Зүлжәмалы болуы керек, басқаша болуы мүмкін емес.
Демек, бір түйір жемісте уахдеттің таңбасы бар. Өйткені ол, өзінің ағашы болған жер шарының және оның бау-бақшасы болған ғалам кітабының жазушысын, шебер ұстасын білдіреді және оның жалғыз, бір екенін көрсетеді, сондай-ақ, әлемде қанша жеміс болса
сонша уахданияттың белгі-нышандары бар. Рисалей-Нұр, Рахим және Хаким есімдерінің айнасы болғандықтан, осы рахымшылық ақиқатының көптеген нұр-сәулелерін, терең сырларын "Рисалет-үн Нұр" кітапшаларында баяндап, дәлелдегендіктен оған сілтеме жасап бұл алып үлкен қазынаны түгел баяндауға жағдайым көтермегендіктен осы қысқа ишара, белгілермен меңзегенге қанағат еттік.
Міне, біздің жолаушы былай дейді: Әлхамдулиллаһ, барлық жерден өзімнің іздегенім, әрбір нәрседен өзімнің сұрағаным Жаратушы Иемнің «ужуб-ы ужуды» мен "уахдетін" яғни сөзсіз болмысы мен жалғыз дара екенін дәлелдейтін «отыз үш» ақиқатқа куә болдым әрі тыңдадым. Әрбір ақиқат күндей жарқын, ешқандай қараңғылық қалдырмайды. Таудай берік мызғымас. Әрбір ақиқат өзінің анық-қанығымен Аллаһтың ужудына нақты куәлік етеді және барлық жақты қамтуымен де Оның уахдетін анық түрде дәлелдейді. Иманның басқа да шарттарын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп, барлық ақиқаттар жиналып, тұтас түрде иманымызды «тақлиттен» "тахқиққа" яғни көшірме иманымызды шынайы, көз жеткен, әбден қанағаттанған жағдайға шығарады әрі «тахқиқтан» "илмәляқинға" көтереді яғни қанағаттанған дәрежеден ақылға қонымды етіп бекітеді. «Илмәляқин» дәрежесінен «айнәляқинға» жетелейді яғни ақылмен түсінікті жағдайдан көзге көрсеткендей нақтылай түседі. «Айнәляқин» дәрежесінен «хаққаляқинға» яғни бүкіл сезімдермен сезініп, еш күмәнсіз, жүрекпен әбден сеніп, шынайы иланған дәрежеге жеткізеді.
Сонымен, терең білгісі келіп, одан әрі қызыға беретін жолаушының мына үшінші мәнзилде көрген үлкен төрт терең ақиқаттардан алған имани нұрларға өте қысқа ишара ретінде бірінші мақамның екінші бабында үшінші мәнзилдің ақиқаты жайлы былай делінген болатын:
Бұл рисаленің жарыққа шыққан жері осы аймақта Рисалет-үн Нұрдың басқа рисалелері табылмағандықтан және бұл жазба еріктен тыс жазылғандықтан Аят-ул Күбра сынды рисалелерде сырт көзге қайталанған сияқты көрінетін Сөздер, Лемалар кітабындағы тақырыптар кездесетінін айта кетейін және бұл кітапша осы жердегі шәкірттерге әрқайсысы кішкене Рисале секілді ретінде қызмет етер, бәлкім сол үшін жаздырылған болар.
Осы шимай қағаздың бірінші көшірмесін мүбәрак бір кісі жазған болатын. Ол тәуафуктан бейхабар. Бірақ жазған нұсқасында ережеге сай нәзік, мән-мағыналы тәуафук [(Тәуафук): - өзара сәйкестік. Үйлесімділік. Бір нәрсенің рет-ретімен орналасуы.] көрдік.
Бұл нұсқаның жолдарына қарасақ, бастапқы әлиф әрпінің саны 666. Бұл сан Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) осы кітапқа арнайы таққан айдарының яғни "Аят-үл Күбра" деген атына жифри және әбжәди саны болған 666 санына дәлме-дәл сәйкес келуі тегін емес. Бұл осы рисаленің сол атқа лайық екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, Құран аяттарының саны 6666 болғандықтан, оның төрт мәртебесіне емес үш мәртебесіне тәуафукы яғни сәйкестігі де бұл рисале Құрани аяттардың сәуле-шуақтары екенін білдіреді деп, көңілге түйдік.
Осы күндерде мағынауи диалогты яғни "сұрақ-жауапты" тыңдадым. Сендерге бір қысқаша қорытындысын баяндап берейін.
Біреу былай деді: Рисалей-Нұрдың иман мен тәухид жайлы үстемелетіп жаза беруі және күлли толықтыру барған сайын артып, көбейіп барады. Ең қырсық деген дінсізді тоқтату үшін жазылған рисалелердің жүзден бірі жеткілікті бола тұра неліктен сол тақырыпта мұнша қызу түрде тағы үстемелетіп жазылуда?
Бұған жауап ретінде былай деді: Рисалей-Нұр кішігірім қираған бір жерді, шағын бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, жан-жақты қирап, қатты бүлінген және дін Исламды қамтитын және кірпіштері таудай үлкен қорғанға жөндеу жұмыстарын жасауда. Ол, жеке бір қалбты немесе бір ар-ожданды ғана тәрбиелеп жатқан жоқ. Ол, мың жылдан бері жиналып, әбден бірігіп алған, сұмдық жарақат алған көпшіліктің қалбын яғни көңілін, ниетін, ойпікірін, жалпы халықтың әсіресе мүмин жұрттың сүйеніші болып табылатын Ислам негіздерінің шайқалып, белгінышандарының азайып, құлдыраған заманында жалпы халықтың ар-ожданын, көңілін Қасиетті Құранның уә Иманның дәрі-дәрмектерімен емдеуге тырысуда. Әлбетте, мұндай жалпылама уә сұмдық бұзғыншылыққа және ауыр жарақат-жараларға қарсы хаққаляқин, нақты да анық және таудай заңғар, мызғымас берік айғақтар мен қаружабдықтар қажет және мың дәріге татитын дәрі-дәрмектер керек.
Міне, бұл заманда баяны мұғжиза Қасиетті Құран Кәрімнің мағынауи иғжазынан туындаған Рисалей-Нұр мұндай жауапкершілігі мол, маңызды міндетті адал атқарып қана қоймай иманның шексіз дәрежелерін көрсетіп, мәртебесін көтеріп, қанатын жайып өркендеуіне ұйытқы болуда!" деген мағынада ұзақ бір әңгіме өрбіді. Мен де бастан аяқ тыңдап шексіз шүкір еттім. Қысқа қайырдым.