ТӨРТІНШІ ШУАҚ
[Мағына жағынан және дәреже жөнінен Бесінші Лема ал, көрінісі жағынан Отыз бірінші Мектубтың Отыз бірінші Лемасының өте мәнді Төртінші Шуақ пен Хасби аятының маңызды бір тұжырымы]
ЕСКЕРТУ: Рисалей-Нұр басқа кітаптар сияқты емес, әу баста тұйық болып, сосын барып ашыла түседі. Әсіресе, осы рисаленің "Бірінші Мәртебесі" өте керемет ақиқат болғанымен аса күрделі әрі мағынасы тым терең. Сонымен қатар, бұл бірінші мәртебе, негізінде өзімнің сезім таразыларыма тартылып жазылған және имани уа қалби түрде сан-алуан рухани дерттеріме шипа ретінде келген болатын. Сондықтан, менімен шамалас жандар толық сезіне алады деп ойлаймын. Әйтпесе, толық рухани ләззат ала алмас...
Бірде әһл-і дүния яғни тек дүнияны ғана ойлайтындар барлық нәрседен тыйып, әбден жалғыз қалдырғандықтан мені бір мұң басты. Өзім қарт болған соң көңіл құлазып бес түрлі дертке шалдықтым. Жан күйзелген соң ғапылдық басып Рисалей-Нұрдағы жанға жұбаныш, көңілге медет беретін нұрларын ұмытып, онымен санаспай тура көңіліме, көкейіме қарадым, рухымды іздедім. Қарасам, менде мәңгі болуға құштарлық, бар болуға құмарлық, өмір сүруге ынтық сезімдер бар. Бірақ, тым әлсіз, мүлдем пақырмын. Пәнилік дейтін қатаң заңдылық әлгі мәңгілікке деген сезімімді суытып сөндірмек. Сол кезде махаббаттың отына күйген бір ақынның дегеніндей мен де былай дедім:
Көңіл шіркін, мәңгілікке тым құштар-ақ!
Әттең, өмір Хақтан берген тым қысқа
Амалым жоқ дәл мұндай ауруға
Лұқпанның өзі ем таппаған бір нұсқа
Басым төмен салбырап үмітсіз мұңлы күй кештім.
Кенет, حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аяты көңілге медет сыйлады. Ол маған: "Мені оқы!" деп бұйырды. Мені оны күніне бес жүз рет оқыдым.
Оның маған сыйлаған өте қымбат нұрларының бірнешеуін, оның да тек тоғыз нұрын, оның да тоғыз мәртебесін қысқаша баяндап берейін. Бұрыңғыдай "айнәляқин" яғни ап-анық емес, "илмәляқин" түрде белгілі болған түсіндірмесін Рисалей-Нұрға сілтеуді жөн көрдім.
ХАСБИ АЯТЫНЫҢ НҰРЛЫ БІРІНШІ МӘРТЕБЕСІ: Менің мәңгілікке деген құштарлығым менің мәңгілігіме емес, негізінде еш себепсіз, нағыз жақсы көруге лайық, "мұтлақ кәміл" Зат-ы Зүлкәмал уа Зүлжәлал Аллаһтың бір есімінің сәулесінің ұшқыны бойымда болғандықтан соған деген яғни Кәміл-і Мұтлақтың бар екеніне, Оның кәмалына, мәңгі-бақилығына деген табиғи сүйіспеншілігім ғапылдықтың кесірінен жолынан адасып, оның әлгі ұшқынына құштарланып, Иләһи жәмалды көрсететін пәни айнаның мәңгі-бақи болғанын қалап, соған ғашық болып қалған екен.
حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аяты келді де бүркемелеп тұрған пердені ашып жіберді. Соны көріп, менің сезінгенім әрі керемет күй кешіп, мені рахаттандырған мынау болды: Менің өмір сүруімнің бақыты мен шаттығы Бақи-ы Зүлкәмал Аллаһтың мәңгі бақи екеніне және Ол менің Раббым, Жаратқан Ием екеніне шын жүректен нақты сеніп, кәміл иман иесі болуыма тікелей байланысты екен. Нағыз рахат, шынайы бақыт осы екенін түсінген кезде ғажайып күй кешіп, рахаттанып қалдым. Өйткені, Оның бақи болуы маған мәңгі өшпес бір ақиқаттың есігін ашты. Себебі, маған мұндай бір келді: "Енді, мен мүлдем жоқ болып кетпеймін. Менің бар болып, болмыс атануымның мәнісі; мен, Иләһи мәңгі-бақи есімнің айнасы болып, Оны бойымнан шағылыстыру екен. Мен сол үшін бармын, мен сол үшін жаратылғанмын. Бұл әрине, иманның беретін түйсігі, сана сезімі".
Сол иманның сана сезімімен адам, нағыз сүйікті Кәмал-ы Мұтлақ, Аллаһтың бар екенін түсінген кезде бойындағы жойқын сезім, табиғи махаббат, ыстық сүйіспеншілік сезімі қанып, қанағаттанады. Және Бақи-ы Сәрмәди Аллаһтың мәңгілігімен, Оның бар екенімен қатысты әлгі имани сана сезіммен әлемнің кемелдігі анықталып, әрі
адамзаттың кемелдігі көріне түседі. Сондай-ақ, адамның бойында табиғи ризашылық пайда болып, шексіз уайым-қайғылардан құтылып, жаны рахатқа батып, көңіл ләззат алады. Әрі сол имани сана арқылы Бақи-ы Сәрмәди Аллаһпен байланыс құрылады және сол байланыс арқылы жаратылыс атаулымен қарым-қатынас пайда болады және сол байланыс пен қарым-қатынастың саясында сансыз болмыстың белгілі бір мағынада иесі саналып, имани назармен қожайын ретінде рухани пайдаға кенеледі.
Һәм, имани сана мен әлгіндей байланыс, рухани қарым-қатынас арқылы болмыс атаулымен етене жақын болып, бір мағынада қосылғандай болады. Енді, екінші дәрежедегі өзінің жеке болмысынан басқа шексіз болмыс оның белгілі бір мағынада әлгі имани сана, имани байланыс, имани қарым-қатынас арқылы оның да болмысы саналады. Сол болмысымен бар болып, бар болуға деген табиғи құштарлық қанағаттанып өз межесіне жетіп көңілі көншіп, жаны тыныш табады.
Сондай-ақ, әлгі имани сана, байланыс пен қарым-қатынастың саясында бүкіл кәміл жандармен бауырластық сезініп, достық құрады. Сонда, Бақи-ы Сәрмәди Аллаһтың болмысымен, Оның мәңгі бақилығымен манағы сансыз кәміл жандар жоқ болып шіріп кетпегенін білген кезде өзінің қатты жақсы көріп, көңілі ауған сансыз достарының да бар әрі тірі және кемелденуі жалғаса беруі әлгі имани сана иесіне көңіл хоштығын сыйлап жанын рахатқа батырады.
Һәм, әлгі имани сана, тығыз байланыс, жақындық, қарымқатынас, бауырластықтың саясында менің де барлық достарымның - олардың бақыты үшін мен өмірімді, бақилығымды қуана пида етемін - бақытты болғанын білгенімде өзімді шексіз бақытты сезінемін. Өйткені, мейірімді дос өзінің адал досының бақытына ортақ болып, рахаттана қуанатыны секілді Бақи-ы Зүлжәлалдың бақи әрі бар болуы арқылы әу баста, Ардақты пайғамбарым Мұхаммед (алейһиссалату уассәлам) және оның әулеті мен асхабы, достары, барлық сейіттерім және әнбия, әулие, асфия секілді сүйікті жандар және басқа да сансыз дос-жарандарым мәңгіге жоқ болудан құтылып, мәңгі бақытқа бөленгендерін әлгі имани санамен сезіп білдім. Арамыздағы байланыс, қарым-қатынас, достық, бауырластықтың сырымен олардың түгел шат-шадыман болуы маған да әсер етіп мені де бақытты қылғанын сездім.
Һәм, адамзатқа, тума-туысқан, жақын-жуыққа деген жанашудан пайда болған уайым қайғыдан әлгі имани сананың арқасында құтылып рухани ғажап күй кештім. Қалай десеңіз, жанымды қиюға қуана-қуана дайын әу баста ата-анам мен келешек ұрпағымыз және рухани жақын жандарым Бақи-ы Хақиқидың мәңгі бар болуы саясында жоқ болудан, мәңгі құрып жоғалудан және шексіз қайғықасіреттен аман қалып мол рахымға бөленгендерін имани санамен ұғып сезіндім. Және үнемі уайым мен қайғыға салып қана қоятын азғана мейрімділігімнің орнына, енді шексіз рахымдылық манағы бейшараларға соңсыз қамқорлық жасап отырғанын сезіп рахаттандым. Ана байғұс өз баласының рахаттанып, көңіл көтергенінен ләззат алатыны секілді мен де манағы жаным ашып, қайғысына ортақ болған жандардың Иләһи рахымның қарауында екеніне, Оның сақтап, рахатқа бөлейтінін білген кезімде тым рахаттанып, көңілім тасып шын жүректен шүкір еттім.
Һәм, әлгі имани сана арқылы, өмір сүрудегі мақсатым және бақытты болуыма себеп, сондай-ақ, басты міндетім болған Рисалей-Нұрдың зая болудан, жоғалып құрып кетуден, пайдасы жоқ жарамсыз қалудан құтылып, жемісті де бақи, мәңгі жасайтынын әлгі имани байланыс арқылы сезіп білдім әрі көзім жетті. Бұл мен үшін өзімнің мәңгі болуымнан да әлдеқайда рахат, жаныма рухани ләззат сыйлады. Өйткені, мен мынаған сенемін: Бақи-ы Зүлкәмалдың бақилығымен, Оның бар болуымен Рисалей-Нұр тек қана адамдардың естерінде сақталып, көңілдеріне ғана тоқылмай, сонымен қатар сансыз саналы пенделердің, руханилардың арасына тарап, талқылануы және егер, Аллаһтың ризашылығына бөленсе "ләух-ы махфузда", басқа да сақтайтын таспаларға жазылып сауапты жемістерімен безеніп құлпыра түседі. Әсіресе, Құранмен байланыстығы және Ардақты Пайғамбардың (с.а.у) қабыл алуы және - Құдай қаласа - Жаратқанның разылығы жағынан қарағанда оның бір сәт бар болуы, Раббани назарды өзіне аударуы жеткілікті, ол бүкіл дүния тұрғындарының жоғары бағалауынан әлдеқайда қымбат әрі маңызды. Міне, Иман туралы ақиқаттарды жан-жақты әрі нақты дәлелдеген РисалейНұрдың әрбір кітабының жарыққа шығып, жалғасын тауып, жұртқа түсінікті, мақбұл болуы үшін өмірімді қиюға, жанымды пида етуге әрқашан дайын екенімді сезіндім. Менің бақытты болуым тікелей сол кітаптарымның Құранға қызмет етуіне байланысты екенін түсіндім. Сол кезде Аллаһтың мәңгі бақилығы, Рисалей-Нұрды адамдардың
қабыл алып жоғары бағалауынан әлдеқайда қымбат екенін әлгі имани сана арқылы білдім, жан дүниеммен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.
Һәм, сол имани сана арқылы жаратылысқа мәңгі тіршілік, бақи өмір сыйлаған Бақи-ы Зүлжәлалдың мәңгі және бар екеніне иман келтіру және иманның ізгі амал секілді нәтижелері мына пәни өмірдің бақи жемістері, құнды нәтижелері, мәңгі болудың ұйытқысы, соның себеп-салдары екенін білдім. Дән, жеміс ағашына айналу үшін сыртқы қабығын тастап кететіні тәрізді мен дағы әлгіндей жемістер беру үшін, мына дүниядағы болмысымның уақытша қабығын тастаудың қажеттігін нәпсіме мойындаттым. Нәпсіммен бірге былай дедім: حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ "Оның мәңгі болуы бізге жетеді!".
Һәм, имани сана арқылы және құлшылықтың саясында қара топырақтың асты жарық екенін және ол ауыр топырақ қабатының өлген кісілердің үстінен алынып тасталатынын және қабір арқылы кірілетін жер асты қап-қараңғы, тас-түнек емес екенін анық білдім. Бар пәрменіммен: سْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.
Һәм, өте нақты түрде сезгенім және имани сана арқылы анық біліп, көңілге түйгенім: Менің бойымдағы мәңгілікке деген жойқын сезім Бақи-ы Зүлкәмалдың мәңгі бақи екеніне, Оның сөзсіз бар екеніне қатысты бола тұра, мендегі менмендік кедергі болып, жолын жауып тастағандықтан нағыз сүйіктіден қол үзіп, Оның көркем есімдерін шағылыстыратын айналарды дәріптеп, жарнамалап тұрған жаратылысқа жабысып, соған ғашық болып есеңгіреп қалған екен. Расында, әлгі жойқын да күшті сезім яғни мәңгілікке деген құштарлық, себепсіз жақсы көруге лайық, нағыз көркем, әу баста тамаша, әсемдігімен еріксіз өзіне табындыратын, табынуға лайық "мұтлақ кәміл" Аллаһтың бір есімінің шуағына арналған ғашықтық сезімі ғой... солай бола тұра жоғарыда айтқанымдай адасып басқа жаққа ауып, есеңгіреп кеткенін сездім. Қолымнан келсе бойымдағы бар зәррелермен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дегім келді және сол ниетпен айттым. Бақилыққа зар, Аллаһтың бақи екенін білген әлгі имани сана сезімдерім - мен оларға "Һәм...Һәм...Һәм" деген сөздермен ишара қылдым - маған керемет ләззат сыйлап, қызыққа батырғаны сонша - жан даусыммен, бар күшіммен, шын жүректен нәпсіммен
бірге: حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ - дедім.
ХАСБИ АЯТЫНЫҢ НҰРЛЫ ЕКІНШІ МӘРТЕБЕСІ:
Өзім әлсіз, оның үстіне қарттық пен жалғыздық, ол аздай елден жырақ айдауда жүру және дүнияқұмарлардың сұм айлалары, аңдып, қыр соңымнан қалмайтын тыңшылары мені әбден титықтатып мезі қылған кезде көңілге мынадай бір ой келді: "Қолы кісендеулі әрі науқас жалғыз адамға мыналар құмырсқадай жабылып жатыр. Ол байғұсқа (яғни маған) сүйеніш болар бір нәрсе жоқ па?!" деп
حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аятына жүгіндім. Маған былай деді: Имани байланыс куәлігі арқылы Қадир-ы Мұтлақ, құдреті шексіз Сұлтан Аллаһқа сеніп-сүйенуіңе болады. Ол сондай біреу: Көктем сайын жер жүзіндегі төрт жүз мың ұлттан құралғандай өсімдік пен хайуанат әскерінің барлық керек-жарақтарын өте жүйелі де ретті түрде қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге жыл сайын ағаштар мен құстар дейтін екі үлкен әскердің киім-кешектерін жаңартып, әскери шеру киімдерін өзгертіп отырады. Тауық, құс секілді хайуандардың жамылғыларын жаңартқаны секілді тау мен жазық даланың да жапқышын жаңартып ауыстырып отырады.
Сонау адамзаттан бастап, хайуанат дейтін алып әскери бөлімшенің барлық азық-түлігін, соңғы заманда технология қолдана бастаған ет пен қант және басқа да тағамдарындай қорытындысындай сан түрлі етіп, бәлкім ол мәдени тағамдардан жүз есе артық өте сапалы түрдегі ризықтардың небірін тұқым мен дәнек деп аталатын рахмани өзек-сандықшаларға салып, орналастырып және ол өзектердің де жетіліп пісіп әрі таратылуы үшін тағдыр-бағдарламасын ішіне жазып, қорғалып тұрсын деп кішкене құтыларға сақтап қояды. Ол сандықшалардың жаратылуы كَافْ نُونْ дейтін зауыттан жылдам әрі жеңіл әрі көп мөлшерде жаратылатыны сондай ол туралы Қасиетті Құран былай дейді: "Жаратқан Ие "Бол!" дегенде бәрі бола қалады".
Һәм, әлгі қоректігі мол өзекті азық-түлік бір қаланың көлеміндей болмаса да және өзара ұқсас, шикізаттары бірдей бола тұра Рәззақ-ы Кәрим Аллаһ, олардан бір жазда дайындаған түрлі тәтті азық-түліктер жер жүзіндегі бүкіл халыққа жетіп, ағыл-тегіл төгіліп жатады.
Міне, сен, осылай имани байланыс арқылы сүйеніш табатындықтан мұндай шексіз құдретке, күш-қуатқа сеніп, сүйенуіңе болады. Мен дағы аяттан осы дәрісті алған соң бойыма қуат бітіп маған тиісіп
жатқан қазіргі мына дұшпандарыма ғана емес тіпті, керек болса бүкіл дүнияға қарсы тұра алатын имани қуат сезініп жан-тәніммен:
حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.
Тағы бірде, өзімді мүлдем пақыр әрі тым мұқтаж сезінгендіктен медет сұрап тағы да әлгі аятқа жүгіндім.
Маған былай деді: "Сен, мәмлүк әрі құл болғандықтан, құлдығың арқылы Мәлик-і Кәримге сен! Және сен Оның азықтандыру дәптеріне тіркелгенсің. Ол сондай құдретті, әр көктем мен жазда ғайыптан, жоқтан және күтпеген жерден, құр топырақтан мол рызық-несібе жаратады. Бейне бір жиналмай әрдайым жаюлы жатқан дастарқан тәрізді жер жүзін жүз мәрте түрлі тағамдармен жайнатып безендіріп қояды. Тіпті, жылдар бойы және күнде үнемі ағылып келіп жатқан жеміс-жидектер рахымның тағамдары салынған ыдыстары секілді. Рәззақ-ы Рахимның үлкенді-кіші жарылқауларын көрсететін әрқайсысы бір көрме тәрізді. Міне, сен сондай бір Ғани-ы Мұтлақ, шексіз бай Аллаһтың құлысың. Кімге құл екеніңді білсең сенің ащы пақырлығың тәтті тәбетке айналады!". Мен де дәрісімді алған соң нәпсіммен бірге: "Иә, иә, дұрыс, дәл солай!" дедім.
ХАСБИ АЯТЫНЫҢ НҰРЛЫ ҮШІНШІ МӘРТЕБЕСІ. Мен әлгі жалғыздық, ауру-сырқау, зұлымдықтардың қыспақ кесірінен дүниядан күдерімді үзіп, мені бақи әлемде, о дүнияда мәңгі бақыт күтіп тұрғанын иман арқылы білген кезімде «Қап, әттеген-ай!» дегенді қойып, «Шіркін, рахатын-ай!» дедім. Дегенмен, бұл табиғи арманым мен рухи мақсатымның және болмысымның нәтижесінің орындалуы үшін "міндетті түрде күллі жаратылыстың жүріс-тұрысы мен хал-ахуалынан хабардар, бәрін білетін, оларды тіркеп қоятын және мына кіп-кішкене тым әлсіз адамзатты өзіне дос әрі онымен сөйлесетін сондай-ақ, оған күллі жаратылыстан жоғары мәртебе сыйлаған бір Қадир-ы Мұтлақ Аллаһтың шексіз құдретімен ғана жүзеге аспақ әрі адам баласын аса жарылқауы мен мән беруі арқылы болады ғой" деп ойға шомдым. Осы екі тұрғыдағы түсініктеме яғни мұны орындайтын құдрет-күштің қаншалықты орасан зор екенін және мына сырттай қарағанда түкке тұрмайтын адам баласының аса маңыздылығы туралы иманның ашылып, айқындалуын, жүректің қанағаттануын тілеп түсініктеме сұрадым. Тағы сол аятқа жүгініп едім былай деді: " حَسْبُنَا сөзіндегі نَا жалғауына назар аудар! Сенімен бірге ол сөзді "хал" тілдерімен, "қал" тілдерімен кімдер айтатынына
қара!" деп бұйырды. Қарасам, ол сөзді тек адамдар ғана емес сансыз құстар мен құс тәрізді бүкіл ұшатындар, шыбындар мен жанжануарлар, сансыз өсімдіктер мен қыруар шөптер, саны бір Аллаһқа аян ағаштар мен миллиондаған көшет-талдар, мен секілді хал тілдерімен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ сөзінің мағынасын білдіреді екен. Демек, олардың тіршілік етуіне толық жағдай жасап отырған бір қамқоршысы бар. Олар соны мақтап-мадақтап әрдайым дәріптейді. Ол сондай біреу; Бір-біріне ұқсас, құрамы бірдей жұмыртқалардан және өзара сәйкес сұйық тамшылардан және бір-бірінен айнымайтын дән-дәнектерден құстардың небір түрін, жануарлардың жүз мың сыныпын, өсімдіктердің жүз мың тұқымын, ағаштардың жүз мың жынысын жаңылыспай, ақаусыз, шатастырмай, ауыстырып жібермей, әдемі әрі өлшеммен, жүйелі әрі көркем түрде бір-бірінен өзгеше көз алдымызда әсіресе, көктем кезінде жылдам әрі жеңіл, көп мөлшерде ауқымды түрде жаратуда. Осылайша, өзінің құдреті мен ұлықтығын көрсетсе, енді бір жағынан өзара ұқсас әрі бәрін бірге, аралас-құралас болса да бір заңмен жарату арқылы өзінің уахдетін (жалғыздығын), әхадиятын (даралығын) көрсетуде. Мұндай керемет сансыз мұғжиза көрсеткен Рубубиятқа, басқарып жарату ісіне әрине бөтен біреудің араласуы, ортақ болуы мүмкін еместігін аңғардым. Сосын حَسْبُنَا сөзіндегі نَا жалғауының ішіндегі "әнә"-ға яғни өзіме қарадым. Қарасам, тірі жандармен бірге мені де бір тамшы судан жаратқан құдрет жаратыпты. Таңғажап түрде жасап, еститін құлақ беріп, көретін көз тағыпты. Басыма ми, кеудеме жүрек, аузыма тіл беріпті. Миыма, жүрек пен тіліме рақымның қазынасындағы бүкіл рахмани сыйлықтарды таразылап, баға беретін жүздеген сезімтал нүкте-түйсіктер орналастырған екен. Бойыма, Аллаһтың көркем есім-сипаттарының шексіз сәуле-шуақтарын ашатын, аңғаратын мыңдаған құрал-жабдықтар жаратқан, жасаған, жазған. Олар заттардың дәмін, түсін, иісін айырып толық ажырата алады.
Һәм, керемет ретпен мұнша нәзік сезім-мүшелерді, өте тамаша мағынауи сезімдер мен ішкі-сыртқы ағзаларды мына денеме орны-орнына жерлестірумен қатар мына шебер жаратылған мүше-құралдарды, тым қымбатты сезімдерді, өмірге аса қажетті, керемет мұнша қабілеттерді мына шағын денеме шексіз хикметпен орналастырған. Осылайша, нығметтердің небір түрін маған сездіріп,
қадірін білдіргісі келеді. Өзінің есімдерінің сансыз сәуле-шуақтарының түрлі көріністерін әлгі сезім-мүшелермен сезініп, рахаттана парқына баруымды қалайды. Мына түкке тұрғысыз көрінген кішкене, пақыр болмысымды - әрбір мүминнің болмысы секілді - бүкіл әлемнің үлгісі, ғаламның мұхтасар нұрлы нұсқасы, дүнияның шағын мысалы, жаратқандарының мұғжизасы, нығметтерінің барлық түріне қызығушы әрі өзек және рубубият заңдарының түйісетін орталығы, хикмет пен рахымының сыйлықтарын алушы, ырыс-несібелердің мазмұны, Субханның сөзін түсінетін саналы пенде қылып жаратқан. Сондай-ақ, ең үлкен нығмет саналатын болмысты мына денемде ұлғайтып, оны көбейту үшін "хаят" сыйлаған яғни тірілік берген. Сол хаят арқылы әлгі болмыс дейтін нығмет шәһадат әлемін толық қамтитындай ауқымы кеңейе түседі.
Һәм, адами қасиеттер берді. Сол адамгершілік арқылы әлгі болмыс нығметі мадди һәм мағынауи яғни жан мен тәнге қатысты әлемдерде қанат жайып ашылып, адами сезімдері арқылы манағы кең рухани дастарқаннан пайдалануға мүмкіндік берді. Һәм, Ислам дінімен жарылқады. Ол діннің саясында әлгі болмысым ғайып пен шәһадат әлемін қамтитындай арнасы кеңейді. Һәм, "тахқиқи" иман, шынайы сенім тарту етті. Ол иман арқылы әлгі болмысым дүния мен ақыретті қамтитындай ұлғайып кетті. Һәм, иманның ішіндегі "мағрифат", "мухаббат" сезімдерін берді. Сол мағрифат, мухаббат арқылы болмысым биіктеп өзі "мүмкинат" әлемінде тұрып "уджуд" әлеміне, Иләһи есімдер әлеміне шүкір мен мадақ айта отырып қолын созатын, сұрап тілейтін жоғары мәртебеге шығады.
Һәм, жекеше, маған арнайы түрде Құрани ілім мен Имани хикмет, даналық сыйлады. Сол арқылы көптеген жаратылыстан артық, күрделі де мазмұнды қылды. Осылайша өзінің "әхадиятына", "самәдиятына" толық айна және күлли әрі киелі рубубиятына ауқымы кең, күлли құлшылықпен жауап бере алатын зор қабілет сыйлады. Сондай-ақ, әнбиялар арқылы адамзатқа жіберілген киелі кітаптар мен парақтардың барлығы бірдей және бүкіл пайғамбарлар, әулие-асфиялар бәрі бірауыздан: Мына мендегі аманатты, өзі берген сый-кәдені яғни болмысымды, өмірімді, жанымды - ол, Құранның аятымен расталған - менен сатып аламын, дейді. Қолымда қалса босқа, пайдасыз зая болатындықтан қайтарып беру үшін сақтап өзі
сатып алғысы келеді, осы сауданың ақысына мәңгі бақыт, жәннатты тарту ететінін нақты әрі қайта-қайта уәде бергендігіне көзім әбден жетті, толық иман келтіріп түсіндім.
Осыншама сансыз хайуанат пен өсімдіктердің жүз мыңдаған түрлерін, суреттерін өзінің "Фәттах" есімімен, шектеулі де өзара ұқсас жұмыртқа мен тамшылардан, дән-тұқымдардан өте жеңіл әрі тез, керемет түрде ашатын және адам баласына жоғарыда баяндалғанындай, таңғажайып мән берген және оны өзінің рубубият істеріне негіз қылған Зат-ы Зүлжәлал уәл Икрам деген Раббым бар екенін және Ол, келесі көктемнің жаратылуы секілді оңай әрі анық түрде хаширді (қайта тірілуді) жарататынын, сөйтіп жәннатты сыйлап, мәңгі бақытқа бөлейтінін осы хасби аяттан естіп, дәріс алдым. Қолымнан келсе іспен, келмеген соң ниетпен, ойша күллі жаратылыстың атынан, олардың тілімен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім және оны өмір бақи қайталап өткім келеді.
НҰРЛЫ ХАСБИ АЯТТЫҢ ТӨРТІНШІ МӘРТЕБЕСІ:
Бірде қарттық, жалғыздық, ауру-сырқау, жеңіліс секілді жаныма бататын нәрселер ғапылдық сәтіме дәл келіп, құмартып өліп-өшкен болмысымның, тіпті болмыс атаулының жоқ болып, құрып бара жатқанын еске түсіріп уайымға салды. Сол кезде тағы да "хасби" аятқа жүгіндім. Аят былай деді: "Мағынама үңіл! Иман дүрбісімен қара!". Мен де қарап едім көргенім: Мына зәрредей болмысым сансыз болмыстың айнасы және шексіз кеңейіп қыруар болмыстарға ие болуға мүмкіндік береді және өзінен әлдеқайда қымбат, бақи, көптеген жеміс беретін хикмет сөз секілді екенін және Иләһи байланыстың арқасында бір сәт өмір сүруі мәңгі жасағандай маңызды екенін анық білдім.
Өйткені, имани сана-сезіммен мына болмысым Уажиб-ул Ужуд, Аллаһ Тағаланың пендесі, Оның өнері екенін түсінген кезде қорқынышты уайымнан, түпсіз қараңғылықтан, түрлі қоштасулардан және одан пайда болатын өкініш-қайғылардан құтылып, жаратылысқа әсіресе тіршілік иелеріне қарап және оларды жаратып жатқан істерден Аллаһтың есім-сипаттары қанша болса сонша бауырластық байланыстарды сезіп, бүкіл жақсы көрген нәрселерден уақытша айырылу болғанымен ақиқатында қауышу екенін білдім. Қалайша ауылы бір, қаласы бір немесе елі бір адамдар немесе әскери
бөлімшедегілер қызметкерлер әскербасы бір я болмаса ұстаздары бір адамдар өзара байланыс құрып өздерін бауыр, дос-жаран санайды. Мұндай байланыстары жоқ адамдар ешкімді танымаған соң жалғызсырап, қайғырып қамығатыны рас. Һәм, бір ағаштың жемістері егер санасы бар деп ойласақ, бір-бірімен бауыр, өзара дос, тығыз байланыста екенін сезінеді. Егер ағаш болмаса немесе одан үзіп алса әрбірі ағашта жеміс қанша болса сонша қоштасулар сезінер еді.
Міне, иман арқылы, сол иманның байланыс бауымен әрбір мүмин секілді менің де болмысым сансыз болмысқа ие, әрі ол қоштасу дегенді білмейді. Өзі кетсе де артында олар қалатындықтан өзі бар секілді дән риза. Сонымен қатар, - Жиырма төртінші Мектубта жан-жақты нақты дәлелденгені секілді - әрбір жандының әсіресе рух иесінің болмысы бір сөз секілді. Ол айтылады, жазылады, сосын сақталып қалады. Бірақ өзінің орнына екінші дәрежелі болмысы саналатын мәнмағынасын, түр-сипатын, бейнесін, нәтижелерін және егер ол мүбарак болған болса сауабын, ақиқатын, осы секілді көптеген болмыстарын өз орнына тастап, сосын перденің артына кіріп жасырынады. Сол секілді менің мына болмысым және әрбір жандының болмысы сыртқы болмысынан айырылғанымен, рух иесі болса рухын, әрі мағынасын әрі "ақиқатын" әрі "мысалын" әрі тұлғалық мәнісінің дүниялық нәтижелерін, ақыреттік пайда-жемістерін, сондай-ақ, түр-сипатын ес-жады секілді сақтағыш таспаларда және мәңгі бола беретін, еш бітпейтін құтыларда және әзәли ілімнің көрмелерінде және өзін тәмсіл еткен, өшпейтін қылған табиғи тәсбихаттарын амал дәптерінде, сондай-ақ, Иләһи есімдердің сәуле-шуақтары мен олардың талаптарына сәйкес қайырым-жауаптарын, айналық еткен қызметтерін Иләһи есім шеңберіне жүктеп, тағы сол секілді көзге көрінер сыртқы болмысынан әлдеқайда маңызды көптеген мағынауи болмыстарын өзі кетсе де орнына тастап, сосын барып кетеді. Мұны мен ғылмәляқин білдім.
Міне, осылайша яғни иман арқылы, иманның беретін сана-сезімі және байланыс арқылы жоғарыда аталған мәңгі бақи, мағынауи болмыстарға ие болуға болады. Егер иман болмаса әлгі барлық болмыстардан құр қалып қана қоймай өзінің сыртқы болмысы да жоқ болуға бейім құрдымға кетеді.
Бірде, көктемгі гүл-шешектердің азғана өмір сүріп лезде жоқ болатынын аяп, тіпті мұндай нәзік жаратылысқа жаным ашитын. Жоғарыда аталған имани ақиқат ол гүл-шешектердің "мағына әлемінде" дән, дәнектер екенін көрсетті. Жоғарыда баяндалғанындай, рухтан басқа осы болмыстарды жаппай нәтиже берген әрқайсысы ағаш, әрбірі бүршік тәріздес нұрлы болмысы бар деп қараған кезде жоғалтқанынан тапқаны көп, бір ғана нәрсе жоғалтса мың нәрсе табатынын білдім. Сыртқы болмыстары мүлдем құрып, жоқ болып кетпейді, тек көзден таса болады екен. Һәм, жалғаса беретін тұқымының ақиқатының жаңарған түрі, соның суреттері болып табылады. Былтыр көктемдегі жапырақ, гүл, жеміс секілді болмыстары биылғы көктемдегіге қатты ұқсайды, көшірмесі, тек салыстырмалы түрде бір айырмашылық бар. Ол айырмашылық не үшін десеңіз, осы хикмет сөздеріне, рахым сөздеріне, құдрет әріптеріне әртүрлі мағына жүктеу үшін екенін білдім. Сөйтіп «Обал-ай!» деудің орнына «Мәшаллаһ! Барекаллаһ!» дедім.
Міне, иманның сана-сезімімен, әлгі киелі байланыс арқылы "арз уә сәмауаттың" яғни жер мен көктің шебер Иесін танып, байланыстығымды біліп сезінген кезімде, көктерді жұлдыздармен, жер бетін гүл-шешектермен, тамаша жаратылыспен безендірген, осылайша әрбір өнерінде жүздеген мұғжиза көрсететін шебер Аллаһтың ғажап өнер туындысы болу, түсінген адамға қаншалықты керемет абырой, үстем мерей, қымбатты жоғары шен екенін сәл де болса сезіндім. Әсіресе, шексіз мұғжизашы Шебер Аллаһ, алып аспан мен жер дейтін қалың кітапты адам дейтін кіп-кішкене параққа сыйғызып жазса, тіпті адамды сол кітаптың тамаша мазмұны қылса, адамның мерейі тасып, абырой даңқы артып қадірлі болатынын және иманы арқылы осындай биік мәртебеге жететіні жайлы осы аяттан сабақ алдым да шын көңілден ниет етіп күллі болмыс атаулының тілдерімен, солардың атынан: حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.
НҰРЛЫ ХАСБИ АЯТТЫҢ БЕСІНШІ МӘРТЕБЕСІ: Тағы бірде өмір қиындап тұрмыс шарттары ауырлап кетті. Тіршілік пен тұрмыс назарды өзіне аударды. Қарасам, өмірім зымырап, аяқталып барады. Тұрмыс-тіршілік те қыспаққа түсе-түсе ол да өше бастапты. Алайда, Аллаһтың "Хаий" есімі туралы баяндалған жерде "тіршіліктің маңызды уазипалары, атқарар ұлы міндеттері, зор қасиеттері мен үлкен пайдалары былай тез өшіп қалу үшін емес, керісінше бек
ұзақ жасауға лайық еді ғой!" деп, өкіне ойға беріліп, тағы да сол ұстазым болған حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аятына жүгіндім. Аят маған былай деді: «Саған осы тіршілікті сыйлаған Зат-ы Хаий-ы Қаюмды ойлап, өмірге солай қара!» Қарасам, тіріліктің маған қатысты бір жағы болса, Зат-ы Хаий уа Мухий Аллаһқа қатысты жағы жүз екен. Маған тиесілі нәтижесі бір болса Жаратушы Иеме тиесілісі мың. Ол тұрғыдан алғанда ұзақ уақыт керек емес. Тіпті ол кезде уақыт ұғымы жоғалып, бір сәттік өмір жетіп жатыр. Бұл ақиқат Рисалей-Нұрдың көптеген жазбаларында айғақтармен дәйекті түрде түсіндірілгендіктен төменде төрт мәселе арқылы қысқаша қорытындысы баяндалмақ.
Бірінші мәселе. Тіріліктің мәнісі мен ақиқатына Хаий-ы Қайюммен қатысты жағына қарадым. Сонда көргенім; Өмірімнің мәнісі Аллаһтың есімдері дейтін құпия қазынаны ашатұғын кілттердің жинағы екенін және Иләһи есімдердің нақыштарын көрсететін жоба, карта және нұр-сәулелердің мазмұны, әлемнің терең де алып ақиқаттарына нәзік өлшем, таразы және Хаий-ы Қаюм Аллаһтың мағыналы да киелі есімдерін біліп, білдіретін, түсініп, түсіндіретін жазу, хикметке толы сөз екенін аңғардым. Тіріліктің мұндай бейнедегі ақиқаты анағұрлым қымбатты және оның бір сағаты бір өмірдей мәнді. Уақытқа тәуелсіз Зат-ы Әзәлимен байланысты жағымен оның ұзақ немесе қысқа болуы ештеңені өзгермейді.
Екінші мәселе. Тіршіліктің нағыз құқығын білгім келіп қарап едім, тіршілік етуімнің өзі Раббани бір хат екен. Ол өзін бауырларыма яғни саналы пенделерге оқытатын, Жаратқан Иесін таныстыратын кітап іспеттес. Сондай-ақ, Жаратқан Халиқтың кемелдігін жеткізіп жар салатын жарнамалық. Һәм, тіршілікті жаратып, сол арқылы Жаратушының тарту еткен көрнекі сый-кәделерді, белгі-нышандарды тағып саналы түрде безеніп, мұны күн сайын жаңартып бейне бір парадқа шыққандай саналы түрде, имандылықпен, шүкірлікпен әрі ризашылықпен Падишах-ы Бимисал, Жаратқан Аллаһтың назарына ұсыну екен. Сондай-ақ, Жаратушысына сансыз тіршілік иелерінің әдейілеп жасаған "тәхия", сыйлықтарының, шүкір ете ұсынған тәсбихат-кәделерінің мән-мағынасын түсіну, куә болу әрі куәгерлік ету екен. Сондай-ақ, хал тілдерімен немесе дыбыстап, сөзбенен немесе ғибадат арқылы Хаий-ы Қаюмның керемет рубубиятын жар салу.
Міне, тіршіліктің осындай киелі құқұқтары бар. Сол үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Бұл, өмірдің қадірін мың есе арттырып, дәрежесін көтереді. Ол, дүниялық тіршілік құқұғынан жүз есе қастерлі екенін анық білдім. Өзіме өзім: «Сүбханаллаһ! Иман неткен қасиетті! Ол жанды нәрсе! Ол қандай нәрсені болсын тірілтіп, жандандырып жібереді екен. Оның бір сәулесінің өзі пәни тіршілікті бақиға айналдырып, жан бітіреді де үстіндегі » уақытша" деген жазуды өшіріп тастайды".
Үшінші мәселе: Тіршілік етуімнің Жаратушыма қатысты атқарар міндеттерін, мағынауи пайдаларын ойладым. Қарасам, тірішілік етуім Жаратушыма үш тұрғыдан айналық қызмет атқарады екен:
Біріншіден; Тіршілігім, өзінің әлсіз, күшсіз, пақыр әрі мұқтаждық жағымен Халиқ-ы Хаят, Аллаһтың құдрет-күшіне, Оның шексіз байлығы мен рахымына айналық қызметін атқарады.
Иә, қалай аштықтың шамасына қарай тамақтың ләззаты немесе қараңғылықтың мөлшеріне қарай жарықтың дәрежесі яки суықтың артуына қарай жылудың деңгейі анықталады. Сол секілді хаятымның яғни тіршіліктегі әлсіздігім, пақыр-мұқтаждығым арқылы әрі сол мұң-мұқтаждығымды қамтамасыз ететін және сансыз дұшпандарымды жоқ қылатын Жаратушы Иемнің шексіз құдреті мен мол рахымын тауып, дұға етіп, жалбарыну керектігін, кішірейіп, құлшылық міндетін атқару қажеттігін түсіндім.
Екіншіден; Хаятымдағы яғни тіршіліктегі азғантай ілім, ираде (қалау), сәмиғ (есту), басар (көру) секілді сезімдер арқылы Жаратушымның "күлли", шексіз сипаттарына, "шуунатына" айналық қызметін атқару екен. Иә, мен тірілімде және саналы ісәрекеттерімде білу, есту, көру, сөйлеу, қалау-ерік секілді көптеген мағыналар арқылы мынаны түсіндім: бұл ғалам менен қанша есе үлкен болса сонша дәреже Жаратушымның шексіз ілімін, "ирадесін" (қалау-еркін), сәмғ (есту), басар (көру), құдрет, хаят (тірі) секілді сын-сипаттарын және сүйіспеншілік, аяу, мейірім секілді Аллаһтың "шууынатын" түсіндім. Оған иман етіп шын жүректен растадым және мойындап өзіме тағы бір мағрифат есігін таптым.
Үшіншіден; Тіршілікте ою-нақыштары мен сәуле-шуақтары көрінетін Иләһи есімдерге айналық қызмет ету екен. Иә, мен тірілігіме, болмысыма қарағанымда одан жүздеген түрлі мұғжизалар,
таңғажайып құбылыстар, Иләһи нақыштар мен өнерге толы шеберліктер байқаймын. Сонымен қатар өзімнің аса мейірімді түрде асыралып, азықтандырылып отырғанымды көремін. Сондықтан мені жаратып, тірілік сыйлап отырған Құдрет неткен жомарт, неткен мейірімді, керемет шебер әрі аса жарылқаушы екенін әрі құдретінің шексіз екендігін иман нұрымен білдім. Және жаратылғандағы міндетім, бар болудағы мақсатым, өмір сүрудегі нәтижем не екенін яғни Аллаһты «тәсбих», "тақдис", "хамд", "шүкір", "тәкбир", "тәһлил" екенін түсіндім. Және әлемде ең қымбат нәрсе неліктен "хаят" яғни тірілік екенін және барлық нәрсе не үшін тірілікке қызмет ететінін және әркімнің өмірге, тірілікке табиғи құмарлығының хикмет-сырын және хаяттың хаяты тек иман яғни өмірдің мәнісі иман екенін анық түрде түсіндім.
Төртінші мәселе: Дүниялық өмірімнің саф ләззаты, шынайы бақыты қайда деп тағы да осы: حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аятына жүгіндім. Қарасам, тіріліктегі кіршіксіз саф ләззат, шынайы бақыт Иманда екен яғни, мені жаратқан, өмір сыйлаған Рабб-ы Рахимның жаратқаны екенімді, Оның өнері, Оның құлы, Оның тәрбиесі мен қарауындағы пендесі екенімді және Оған әрдайым мұқтаж екенімді, ал Ол болса менің Раббым, Иләһым, әрі маған өте мейірімді, аса қамқор екенін нақты иман келтіруде екен. Нағыз бақыт осы. Бұл сондай рахат, уайымсыз ләззат, шынайы да мол бақыт, оны айтып жеткізу мүмкін емес. Және اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ (Иман нығметіне Аллаһқа сансыз шүкір!) сөзі өте орынды екенін аяттан аңғардым.
Міне, сонымен хаяттың яғни тіріліктің ақиқатын, оның құқұғын, мағынауи ләззатын баяндайтын осы төрт мәселе маған мынаны анық көрсетті: хаят яғни тірілік Зат-ы Бақи-ы Хаий-ы Қаюм Аллаһпен байланысы нығайған сайын және иман хаятқа хаят, яғни өмірдің мәнісі, оның рухы болған сайын, өмір мәңгілікке ие болып бақи жемістер бере бастайды. Әрі мерейі өсіп, мәртебесі жоғарылайтыны сонша "сәрмәдият" сәулесіне бөленеді яғни өшпес, мәңгі болмақ. Сонда өмірдің ұзақ-қысқалығының парқы болмай қалады. Мен соны түсіндім. Іштей, ойша, қиялыммен барлық хаят үшін және барлық тіршілік иелерінің атынан: حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.
НҰРЛЫ ХАСБИ АЯТЫНЫҢ АЛТЫНШЫ МӘРТЕБЕСІ:
Баршаның бір-бірімен қош айтысатын сәті қияметтен хабар беретін ақырзаман оқиғаларының арасында жүрген маған дүниядан қоштасатынымды еске салған қарттық келіп құлағыма: «Сен де бір күні дүниядан өтесің!» дегенде бойымдағы әдемілікке, сұлулыққа құштарлық сезімім мұңайып, әрдайым алдына келгеннің бәрін жалмап, тауысатын аяқталу, өлім, жоқтық дейтін нәрселерге қарсы ашуланып наразылық білдірді. Әлгі "межази" құштарлық мына өкінішті де келеңсіз жағдайға қарсы өзіне жұбаныш іздеген соң мен тағы сол манағы хасби аятқа жүгіндім.
Маған былай деді: "Мені оқы! Мағынама зер сал!". Мен де сол нұрлы аяттың расатханасына кіріп, иман дүрбісімен хасби аятының тым биік шыңдарына және имани сана дейтін микроскоппен ең ұсақ терең сырларына үңіліп қарадым. Қарасам, қалайша айналар, шыны әйнектер, жалпы бүкіл жылтырауық мөлдір нәрселер тіпті көпіршіктер көктегі Күннің сәулесін шағылыстырып, оның тым нәзік те ұсақ сан-алуан түрлі жәмалын, нұр сәулелерін "әлуан-ы сәбға" деп аталатын жеті түсінің түрлі-түрлі әсем бояуын көрсетеді және олар жаңару, құбылу, өзгеру арқылы өздерінің түрлі-түрлі қабілеттерімен әлгі жәмалды, сұлулықты әртүрлі шағылыстырады. Сан құбылып Күннің жарығын және жарықтың жеті бояуының көзге көрінбейтін нәзік әсемдіктерін көрсетеді.
Дәл сол секілді Шәмс-і Әзәл уа Әбәд Жәмил-ы Зүлжәлалдың киелі жәмалы мен шексіз көркем есімдерінің соңсыз әсемдігіне айналық етіп, оның сәуле-шуақтарын әрдайым жаңартып көрсету үшін мына дүния, тамаша жаратылыс, сүйкімді болмыс, керемет нәрселер бір тынбастан жұмыс істеп үздіксіз келіп-кетуде. Бойларындағы әсемдіктер мен жамал-сұлулықтар өздерінікі емес. Ол, көрінгісі келетін мәңгі де киелі Иләһи жәмалдың, пәк және әрдайымғы көрінуші және тамашалауға әбден лайық бір көркем сұлудың ишаралары мен белгі-нышандары, нұр-сәулелері. Бұл ақиқат қуатты дәлелдермен Рисалей-Нұрда жан-жақты баяндалған-ды. Қазір, сол айғақтардың үшеуіне қысқаша тоқталып өтеміз.
Бірінші айғақ: Мысалға, жасалған бір бұйымның әдемілігі жасау ісінің тыянақтылығын, әдемілігін көрсетеді. Ал, тыянақты істің әдемілігі болса шебердің сол өнерге қатысты қасиетінің
тамашалығын, ал қасиетінің тамашалығы болса әлгі өнерге қатысты сипатының тамаша екенін, ал сипатының тамашалығы болса қабілетінің тамашалығын, ал қабілетінің тамашалығы болса өзінің яғни рухының тамашалығын анық әрі нақты түрде көрсетеді.
Дәл сол секілді, мына әлемдегі әсем табиғат, тамаша жаратылыс, керемет болмыс, олардағы әсемдік, жәмал, сұлулық, керемет әдемілік жаппай Шебер Аллаһтың істерінің өте тамаша, аса тыянақты, көркем екенін көрсетіп, куәлік етеді. Ал, ісінің керемет тамаша болуы сол істердің қайнар көзі Иләһи есімдердің әсемдігін, жәмалын көрсетіп шәксіз куәлік етеді. Ал, есімдердің әсемдігі болса сол есімдердің бұлағы болып табылатын киелі сипаттарының әсемдігіне, жәмалына нақты куәлік етеді. Ал, сипаттардың әсем, жәмалы болса сол сипаттардың бұлағы «шуунат-ы затияның» әсем-жәмал екенін көрсетіп, соған бұлтартпас куәлік етеді. Ал, «шуунат-ы затияның» әсемдігі болса "фаил" яғни жасаушы, "мүсемма" яғни есімнің иесі, "мәусуф" яғни сипатталушы Аллаһтың әсемдігін, жәмалын, киелі кемелдігін және ақиқатының шексіз кереметтігін анық көрсетіп, нақты түрде куәлік етеді. Демек, Сани-ы Зүлжәмалдың Зат-ы Ақдесіне яғни шексіз киелілігіне лайық шексіз әсем көркемдігі, өзіне тән тамаша жәмалы бар. Оның кереметтігі сонша, бір ғана ұшқын сәулесі болмыс атаулыны жаппай безендіріп құлпыртып жібереді. Және сондай мұқаддас, киелі де құрметті әсемдікке ие, оның бір ұшқыны ғаламды бастан аяқ көркейтіп, нұрландырып жібереді. Иә, жасалған нәрсе іс-қимылсыз болмайтыны секілді, іс-қимылдың да "файлсыз" яғни іскерсіз, жасаушысыз болуы мүмкін емес. Есімдер "мүсеммасыз" яғни иесіз әсте болмайтыны секілді сипаттар да "мәусуфсыз" яғни сол сипаттың иесінің болмауы әсте мүмкін емес.
Сонымен, бір өнердің не бір заттың болмысы міндетті түрде сол затты жасаған істі көрсетеді. Ал, іс болса "фаилының" яғни істегеннің лақабын және оны нәтиже берген есім-сипатын көрсетеді. Олай болса, міндетті түрде бір заттың кемелдігі, жәмал-әсемдігі істің кемелдігін, жәмалын, ал істің жәмалы, кемелдігі болса есімінің тамашалығын, ол да сипатының және ұстасының және ақиқатының кемелдігін, жәмалын анық әрі нақты көрсетеді.
Дәл сол секілді мына жаратылыс пердесінің артында әрдайым болып жатқан құбылыс пен қызу істің "фаилсыз" яғни өздігінен, ешбір жасаушысыз болуы әсте мүмкін емес. Сол секілді мына жаратылыстың үстінде жалт-жұлт етіп сәуле-нақыштары көзге
көрініп тұрған есімдердің де "мүсеммасыз" яғни сол есімнің иесісіз болуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Көзбен көргендей апанық сезіліп тұрған құдрет, ираде (қалау) секілді сипаттардың да "мәусуфсыз" яғни сол сипаттардың иесінің болмауы мүмкін емес. Сондықтан мына әлемдегі болмыс атаулы, күллі жаратылыс Иләһи өнер туындылары, шебер жасалған нәрселер өздерінің сансыз болмыстары арқылы өздерін жаратқан Халиқ, Фаил, Сани Аллаһтың істері екенін, Оның рас және есімдерінің хақ екенін, сипаттарының көркемдігін, "зати шуунатының" әсемдігін, Зат-ы Ақдестің сөзсіз бар екенін нақты түрде бұлтартпай дәлелдейді. Сонымен қатар, ол жаратылыстың бәрінде байқалатын сан-алуан кемелдік, түрлі жәмал және сан-түрлі әсемдіктер Сани-ы Зүлжәлалдың өзіне ғана тән әрі лайық, Оның "уажиб уа қудси" сипаттарына сәйкес шексіз кемелдігі, шексіз жәмалы, ақыл жетпейтін сұлу, көркемдігі бар екенін анық көрсетіп, нақты куәлік етеді.
Бірінші Нүкте: Мешрептері, меслектері әртүрлі яғни ұстанған жолдары бір-бірінен өзгеше, мүлдем ұқсамайтын әһл-і ақиқаттың көсемдері, сезіп және көрген-білгендеріне сүйене отырып бір ауыздан, ұйымдаса иман келтіріп былай деп шешкен: "Күллі болмыстағы әсемдік пен жәмал, керемет сұлулық Зат-ы Уажиб-ул Ужуд Аллаһтың "мұқаддес", киелі әсемдігі мен жәмалының көмескі ұшқындары, оның сәуле-шуақтары және көп перделерден өтіп келген шұғылалары!".
Екінші Нүкте: Мына әсем әлемдегі жаратылыс топ-топ болып, аялдамай келіп-кетуде, көзден таса болуда. Дегенмен, ол айна тәрізді болмыстардың үстінде жалт-жұлт етіп өзін жарқын түрде көрсетіп тұрған киелі де еш өзгермейтін әсемдік бар. Ол әсерін әрдайым жалғастыруда. Демек, бұл оқиға нақты түрде жаратылыстағы әсемдіктер әлгі сұлулардың меншігі, заты емес. Олар айна, олар сұлулықтардың иесі әсте бола алмайды. Негізінде ол, Күннің әсем нұр-шуақтары су бетіндегі көпіршіктерден шағылысып көрінетіні секілді, олар да бір "сәрмәди" жәмалдың, мәңгі өшпес бір сұлудың нұр-сәулелері.
Үшінші Нүкте: Нұр әлбетте нұрдан келеді; болмыс міндетті түрде бар біреудің ісі; жарылқау болса ол да жомарттықтан шығады; жомарттық та молшылықтан пайда болады; тәлім беру ілімнен келеді.
Бұл ақиқат. Сол сияқты әсем жаратылыс бір әсемнен, сұлулық бір сұлудан, жәмал жәмил біреудің ісі; басқаша болуы әсте мүмкін емес. Енді, осы ақиқатқа сүйене отырып мынаған сену керек:
Мына әлемдегі көзге көрініп тұрған әсемдік пен сұлулықтар шексіз сұлудан келуде. Мына құбылмалы, әрдайым жаңарып отыратын ғалам, жаппай айналық қызметін атқарады. Олар өз тілдерімен сол киелі әсем-сұлудың жәмалын сипаттап, "тағриф" қылады, оның көркемдігінен хабар беріп таныстырады.
Төртінші Нүкте: Қалайша, дене рухтың арқасында тұр, тіршілігі соған байланысты. Сөз мағынаға сүйеніп, соның арқасында сөз болып, соған қарай тереңдеп нұрланбақ. Бейне-суреттер ақиқатқа негізделіп, сол арқылы маңызды болмақ. Дәл солай, көзге көрінетін мына заттық әлем, мына обьетивтік дүние, жалпы денелер сөздер немесе бейне-суреттер секілді. Олар, ғайып әлемінің пердесінің артындағы Иләһи есімдерге негізделген, солар арқылы тірі, соның саясында бар, сол үшін өмір сүреді, сол үшін тамаша. Барлық заттық пішіндегі көзге көрінетін сұлулықтар мен әсемдіктер өздеріндегі ақиқаттардың, мағыналардың мағынауи әсемдіктен бастау алады. Олардағы ақиқат болса Аллаһтың көркем есім-сипаттарынан нұр-фейз алады, олардың белгілі бір мағынадағы ұшқындары, нұр-сәулелері. Бұл ақиқат Рисалей-Нұрда нақты айғақтармен дәлелденген. Демек, мына әлемдегі әсемдіктердің барлық түрі жаппай ғайып әлемінің артында шағылысып, барлығын бар қылып тұрған, кемшіліктен пәк, материядан ада Иләһи бір жәмалдың есім сипаттары арқылы болатын шағылыс сәулелері, соның ишара-белгілері. Бірақ қалайша, Уажибул Ужудтың Зат-ы Ақдесі яғни болмысы өзгеге еш ұқсамайды, сипаттары да жаратылғандардың сипаттарынан мүлдем басқа, шексіз дәреже асқақ. Дәл солай да, Оның "құдси" жәмалы, көркем сұлулығы да "мүмкинат" пен жаратылғандардың сұлулықтарына еш ұқсамайды, шексіз дәреже жоғары, әлдеқайда асқақ.
Иә, ұлан-ғайыр жәннаттың бүкіл әсем-сұлулығы Оның бір ғана сәулесі болып табылатын және өзінің "сәрмәди" жәмалын бір сағат тамашалау жәннатта жүрген жандарға тіпті, жәннатты ұмытқызып жіберетін дәрежеде Иләһи мәңгі әсемдіктің әлбетте ұқсасы, теңі, серігі болуы мүмкін емес. Өздеріңе мәлім, әрнәрсенің әсем-сұлулығы өзіне тән әрі мыңдаған түрі болмақ. Түрлерінің көп болатыны секілді
әсем-сұлулығы да сан-алуан әртүрлі болмақ. Мысалға, көзге тамаша әсемдік, құлаққа естілген әсемдіктен басқа болмақ. Ақылға хош ақиқаттың әсемдігі тілмен сезінетін тағамның әдемілігінен өзгеше болмақ. Сол секілді қалб (көңіл), рух тағы сол секілді ішкі-сыртқы сезімдерге ұнайтын әсемдіктердің өзгеше болуы сияқты әртүрлі болмақ.
Мәселен, иманның кемелдігі, ақиқаттың көркемдігі, нұрдың кереметі, гүлдің әдемілігі, рухтың сұлулығы, мейірімнің тамашалығы, суреттің көркемдігі, қамқорлықтың әсемдігі, әділдіктің тамашалығы, хикметтің әдемілігі түрлі-түрлі болатыны секілді Жәмил-і Зүлжәлалдың шексіз тамаша көркем есімдерінің әсемдігі де әртүрлі болатындықтан болмыстағы әсемдіктер де әртүрлі болып келеді.
Егер сен, Жәмил-і Зүлжәлалдың көркем есімдерінің әсемдіктерін болмыс атаулы айналардан бір ғана сәулесін көргің келсе жер жүзін кішкене бау-бақша секілді елестетіп, ауқымды назармен, қалб көзімен қара! Әрі біліп қой! "Рахманият", "Рахимият", "Хакимият", "Адилият" сынды ұғымдар Аллаһ Тағаланың есім-сипаттарын толық суреттемейді. Олар тек ұлық есімдерін, істерін меңзеп, сипат пен "шуунатына" ишара қылады.
Енді сен, әу баста адамзаттың сосын жан-жануарлардың өте жүйелі түрде ғайып пердесінің артынан беріліп жатқан ризықнесібелерін ойла! Сонда, Иләһи "Рахманияттың" жәмалын біршама көресің. Сондай-ақ, барлық төл-нәрестелердің таңғажайып түрде тлоық қамтамасыз етіліп, қоректенуіне, олардың дәл мұрнының ұшына, анасының кеудесіне орналастырылған іші тәтті, таптаза абыл-кәусар сүтке толы екі торсықты ойла! Сонда, Раббани "Рахимияттың" керемет жәмалына куә боласың. Енді, бүкіл әлемді барлық түрлерімен бірге хикмет толы қалың кітапқа ұқсатқан және әрбір әрпі жүз сөзге татитын, әрбір сөзі жүздеген жол мағына беретін, әрбір жолы мыңдаған бабқа тең, әрбір бабы мыңдаған кішкене кітапқа пара-пар құнды кітап тәрізді ғажайып бейнеде жаратқан Иләһи "хакимяттың" әсемдігіне яғни Аллаһтың шексіз хикметіне, теңдесіз жәмалына назар аудар!
Сондай-ақ, күллі ғаламды ішіндегілермен бірге барлығын таразыға тартқандай дәл өлшеммен және үлкенді-кіші денелерді өзара тепетеңдігін сақтай отырып басқарып отырған және әсемдіктің ең негізі саналатын үйлесімділік сыйлап, әрнәрсені ең сұлу түрде жаратқан
және әрбір жандының тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, құқығын сақтап отырған және залымдарға жол бермей, жазалап тізгіндеп тұрған әділеттің айбынды әсемдігіне қара! Зерделе!
Һәм, адамның өткен өмірбаяны бидайдай кіп-кішкене жадында сақталатынына және әрбір өсімдік пен ағаштың енді болатын екінші тіршілігінің бағдарламасы оның дәнегіне жазылып қойылатынына және әрбір жандының қауіпсіздігіне қажетті сезім-мүшелеріне, ағзақұралдарына - мысалға - бал арасының қанатына, улы инесіне, тікенді шөптердің кішкене найзаларына, дәндердің қатты қабықтарына қара! Сонда, Раббани «хафийзият» пен "хаафизияттың" әдемі жәмалын көресің!
Һәм, жер жүзіндегі берекелі дастарқанда "мұтлақ Кәрім" Рахман-ы Рахимның өз қонақтарына рахымымен дайындаған шексіз небір тағамдардың түрлі-түрлі хош иістеріне, сан-алуан түстеріне және әртүрлі дәмдеріне және әрбір жандының зауқы мен көңілін көншітіп, риза қылатын, әрі қолдануға ыңғайлы ағза мүшелеріне назар сал! Сонда Раббани "икрам" мен "кәрімнің" яғни асқан жомарттықтың тамаша үлгісін, шырын жәмалын, керемет хош әсемдігін көресің. Һәм, Аллаһ Тағаланың «Фәттах», "Мусаууир" есімдерінің әсерімен әу баста адамзат болып бүкіл хайуандардың бір судан яғни аталық ұрықтан ашылған сүйкімді бейне-суреттеріне және көктемгі гүлшешектердің дән-тұқымдардан ашылатын тартымды әсем түрлеріне қара! Сонда Аллаһтың «фәттахиятын», "мусаууирлігін" яғни әрнәсені ашып, бейне сыйлаушы, әрнәрсеге сурет беріп пішіндеуші екенін көріп таңғажайып жәмалына тағы да куә бір бол!..
Сонымен, жоғарыда аталған мысалдарға салыстырса, Аллаһтың көркем есімдерінің әрқайсысының өзіне тән "құдси" жәмалы, киелі әсемдігі бар. Оның бір ғана сәулесі бүкіл әлемді, сансыз түрлерді безендіріп құлпыртып жібереді. Бір тал гүлдің бойынан Иләһи есімнің жәмалын, нұр сәулесін көргенің секілді көктем де бір гүл секілді... жәннат ол да көзге көріне қоймаған бір гүл іспеттес. Көктемді толығымен, жан-жақты қарай алсаң және жәннатты да иман көзімен көре алсаң "Сәрмәди" жәмалдың қаншалықты ұлық екенін білесің. Мұндай әсем жәмалға иманның әсемдігімен, құлшылықтың жәмалымен жауап берсең өте тамаша жаратылыс болғаның. Егер, ол жәмалға адасушылық, күпірлік дейтін болымсыз қылықпен және
қасарысу, бас көтеру дейтін жағымсыз қылықпен жауап берсең ең жаман жаратылыс болып бүкіл әсем жаратылыстың мағынауи жиіркенішін оятқан боласың.
Бесінші Нүкте. Мысалға, айталық жүздеген өнерді меңгеріп, он саусағынан өнер тамған шебер әрі кәміл әрі жәмал иесі біреу бар. Әрбір көркем өнерші өзін көрсеткісі келетіні, әр шебер өзін қадірлегенді қалайтыны, әрбір кемелдік өзін жарнамалағысы келетіні, әрбір жәмал (сұлу) өзін көрсеткісі келетіні секілді, Ол дағы әлгі қағидаға байланысты бүкіл өнерін паш етіп, шеберлігін, кемелдігін, құпия қасиеттерін ортаға шығаратын, әлемге жария ететін, жанжақты жарнамалайтын таңғажайып бір сарай салыпты. Әлгі зәулім сарайды кім көрсе дереу оның ұстасының, иесінің өнеріне тәнті болып, кемеңгер кемел екенін аңғарып, оның қасиеттілігіне көзбен көргендей иланып еріксіз мойындайды екен. Көрермендер іштей былай дейді екен: «Ұста жан-жақты көркем әрі шебер болмаса мұндай барлық тұрғыдан тамаша ғимараттың иесі, теңдессіз сәулетшісі бола алмайды. Мына сарай бейне бір оның мағынауи көркем қасиеттері мен кемелдіктерінің заттық көрінісі!». Дәл сол секілді, мына әлем дейтін ғажап көрменің, керемет зәулім сарайдың әсем сұлулығын көрген жан, егер ақыл есі дұрыс, жүрегі таза болса, әлбетте мына әлем сарайының бір айна екенін, бұл біреудің жәмалын, кәмалын көрсету үшін безендірілгенін аңғарады. Иә, мына керемет әлем-сарайға тең келер ұқсас әлем жоқ, сол әлемнен көшіріп алынған дейтіндей. Әлбетте, ол шебер Ұстаның өзіне тән, басқа да жоқ әсемсұлу көркем сипаттары бар. Әлем сол әсемдіктен туындаған, соған сәйкес жасалған, Соның киелі көркем әдемілігін көрсету үшін жаралған, Оның керемет әсемдіктерін білдіру үшін жазылған бір кітап.
Бірінші Нүкте: "Отыз екінші Сөздің Үшінші тарауында" өте тамаша баяндалып, қуатты дәлелдермен анықталған ақиқат. Егжейтегжейлі жақтарын сол жерге сілтеп қазір қысқа ишарамен көрсетуге тырысамыз.
Мына әсем жаратылысқа әсіресе хайуанат пен өсімдік әлеміне қарасақ, көретініміз; ерік пен қалауды көрсететін және ілім мен хикметті білдіретін әрдайымғы безендіру, көркемдеу және кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес реттеу, әдемілеу ісі үкім жүргізіп тұр. Сондайақ,
өз өнерін ұнатқызу, оған назар аударту және жаратқандарын, көрермендерін риза қылу үшін барлық нәрседе өте нәзік те күрделі өнер, терең хикмет, керемет әсемдік, мейірімді түрде реттеу, әдемі жағдай көрініп тұр. Біз бұдан анық түрде өзін саналы пенделеріне білдіргісі, таныстырғысы келетін ғайып пердесінің артында шебер Біреудің бар екенін түсінеміз. Ол әрбір өнері арқылы өзінің шексіз шеберлігін, теңдесіз кемелдігін паш етіп осылайша өзін сүюіп жақсы көруді, мақтап-мадақтауды қалайды. Һәм, саналы пенделерін өзіне дән риза, қарыздар әрі бақытты әрі өзіне адал дос қылу үшін кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес және күтпеген жерден тәтті нығметтердің сан-алуан түрін тарту етіп, жарылқап отыр.
Һәм, аса қамқорлық пен мол мейірімді сездіретін мағынауи әрі жомарттықпен мәміле жасап отырғаны байқалады және өзін таныстыру, хал тілімен және достық құрғандай сұқбат, сөйлесу және дұғаларға рахымшылықпен жауап беру ісі көрінеді. Демек, бұл күндей анық "өзін таныстыру", "өзін жақсы көргізу" құбылысы артында көрініп, байқалып тұрған рахаттандыру, ләззат беру, нығметке бөлеу дейтін жарылқау ісі болса өте күшті "мейірімділік жасасам", қуатты түрдегі "қамқорлық қылсам" деген қалаудан туындаған. Ал, мұндай мейірімділік пен қамқорлық жасасам деген күшті қалау болса ешбір тұрғыда ешнәрсеге мұқтаж емес Мустағни-ы Мұтлақта болуы заңдылық. Өйткені Сол ғана лайық, әлбетте оған шүбә жоқ.
Бұл, өзін айналардан көруді, көрсетуді қалайтын және өзі де көрінгісі, білінгісі келетін және бұл оның зор талабы, мұны қалау оның ақиқатының шарты. Бұл бізге шексіз әрі теңдессіз жәмалдың және әзәли, әсте аяқталмайтын әсемдіктің, көркемнің бар екендігінің дәлелі. Ондай жәмал өзін сан-алуан айналардан көруді, көрсетуді қалағандықтан өзі мейірім мен қамқорлыққа бүрінген, сосын саналылар айнасына "инғам", "ихсан" боп көрінеді яғни нығмет беру, жарылқау боп көрініс табады, сосын "тахаббуб уә тағарруф" яғни өзін таныстыру, білдіру жағдайына енеді. Сосын өнерін безендіру, құлпыртып әдемі қылу дейтін нұрын шашқан.
Екінші Нүкте: Адам бойында, әсіресе жоғарғы мәртебелі ерекше тұлғаларда, ұстанған жолдары әртүрлі болса дағы жаппай бәрінде жойқын сезім яғни "ләһути ғашықтық", Раббани махаббат, Руханиятқа деген ерекше сүйіспеншілік, қуатты сезімдер бар. Бұл, анық түрде теңдесіз жәмалдың бар екенін білдіріп, оған куәлік етеді.
Иә, ондай жойқын сезім сондай жәмалға тән болмақ және ондай жәмалдың болуын керек етеді және ондай ғашықтық сондай әсемдікті, сұлулықты қажет етеді. Тіпті, болмыс атаулыдағы хал тілдерімен я кәдуілгі тілдерімен жасалған барлық мадақ-мақтаулар әлгі әзәли жәмалмен байланысты, соған арналады, ақырында солай қарай кетеді. Тіпті, Шәмс-і Тәбризи сынды кейбір ғашықтардың назарында әлемдегі барлық «инджизап», "джазбә", "джазибе" деп аталатын адамды өзіне еріксіз тартып әкететін ақиқаттар, құштарлық сезімдер және өзіне ынтық қылатын нәрселер, "әзәли уә әбәди" тартымды бір ақиқатты меңзеп, соны ишара қылып, соның белгі-нышандары. Алып денелерді, жалпы болмыс атаулыны шыр көбелек айналдырып жоғары көтеріп, би билеткендей тартымды әрекет еткізген және айнала қозғалысқа ендірген тартымды ақиқаттың киелі жәмалының жойқын көрінісі ғой, жаратылыс оның алдында ғашық жандардай және белгілі бір міндет жүктелгендей әсер алып, мойынсұна жауап беруде.
Үшінші Нүкте: Ақиқатты терең зерттеушілердің барлығы бір ауыздан мойындағанындай, «Ужуд - хаир-ы махз; адем - шерр-і махз» болып табылады, яғни болмыс, бар болу өте тамаша әрі нағыз жақсы нәрсе, ол бір нұр. Ал, жоқ болу ең жаман нәрсе, ол бір қараңғылық. Күллі қайырлы істер, жақсылықтар, әсемдіктер, ләззаттар - зерттеу нәтижесінде - бір әрекеттен, бар нәрседен, бір іс жасалған соң пайда болатыны, ал барлық жамандықтар, шер-бәлелер, қиыншылықтар - тіпті күнәлар да - адемнен яғни әрекетсіздіктен, болымсыздықтан, бір істің болмай қалуынан, жоқтықтан пайда болатыны ақыл иелері мен жүрегі таза жандардың ірі тұлғалары тарапынан бірлесе расталған мәселе.
Егер мұндай бір сауал болса: Барлық әсемдіктің бұлағы "ужуд" яғни болмыс, бір әрекет, бір іс дедіңіз. Алайда "ужудтан" күпірлік те шығады емес пе, әрі нәпсінің менмендігі сол "ужуд" арқылы болмай ма?
Жауабы: Жалпы күпірлік дегеніміз, иман ақиқаттарын қабылдамау жоққа шығару, сенбеу болғандықтан оның да негізінде "адем" жатыр яғни тегінде әрекетсіздік, болымсыздық, жоқтық жатады. Менмендіктің болмысына келсек, ол да орынсыз иеленуден, өзінің айна екенін білмеуден және қиялдағыны анық ақиқат деп ойлаудан туындайды. Олай болса, ол (менмендік) "ужуд" (болмыс, бар болу) жамылғысын киіп алған "адем" яғни жоқтық.
Сонымен барлық жақсылық пен әсемдіктің бұлағы "ужуд" екен, ал күллі жамандықтардың бұлағы "адем" екен. Олай болса әлбетте "ужудтың" ең қуаттысы, дәрежесі ең жоғарысы және ең жарқыны және "адемнен" яғни жоқтықтан, жоқ болудан ең алысы "уәжіп" болмыс, "әзәли уә әбәди" яғни бастауы мен соңы жоқ болмыс. Мұндай болмыс, ондай бар болу өте қуатты, дәрежесі жоғары, тым жарқын, еш кемшіліксіз жәмал талап етеді, тіпті сондай жәмалды білдіреді, тіпті сондай жәмалдың өзі болмақ. Күнге ауқымы кең, барлық жақты қамтитын жарық керек болғаны секілді Уажиб-ул Ужудқа да яғни болмысы шарт, уәжіб болған Аллаһқада мәңгі бақи жәмал керек, сол арқылы әлемге жарық беріп тұр.
ЕСКЕРТУ: Нұрлы хасби аяттың мертебелерінің тоғызы жазылу керек еді, бірақ кейбір себептерге байланысты әзірге үш мәртебесі кейінге қалдырылды.
ТҮСІНІКТЕМЕ: Рисалей-Нұр Құрани әрі Құраннан шыққан айғақтарға толы тәпсір болғандықтан Құранның өте күрделі, хикмет толы, әрі аса қажетті әрі жалықтырмайтын қасиеті Рисалей-Нұрға жұқса керек және солай болуы қажет, хикметті тіпті бір мағынада шарт деуге болар. Сондықтан, пайдасы мол қайталанулар жиі кездеседі. Һәм, Рисалей-Нұр тілді жалықтырмайтын, керісінше қайталанған сайын ләззат пен зауық беретін тәухид сөзі «Лә иләһә иллаллаһтың» дәлелдері, айғақтары болғандықтан мәжбүри қайталануы кемшілік боп саналмайды, ол адамды жалықтырмайды, жалықтырмауы тиіс.