ҮШІНШІ ШУАҚ
Осы Иманның сегізінші айғағы атты бөлімнің әрбір тарауында Аллаһтың "ужуб-ы ужуды", "уахданияты" яғни міндетті түрде бар әрі жалғыз екені дәлелденеді. Сонымен қатар, "мұтлақ рубубияты" бәрін қамтып жатқаны және құдретінің шексіз екендігі нақтылана түседі. Сондайақ, "әкімиятының" яғни барлығын толық басқарып, үкім жүргізуінің ауқымдылығы және рахымының мол, жан-жақты екені расталып дәлелденеді. Әрі шексіз хикметі мен ілімі әлемді қамтып барлық ұсақ бөлшектерге шейін жайылып жатқаны дәлелденеді.
Сонымен, осы Иманның сегізінші айғағының әрбір тарауы сегіз тақырыпқа тоқталады. Әрбір тарау сегіз тақырыпты дәйектермен жеке-жеке дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда бұл Иманның сегізінші айғағы маңызы зор, қасиеті мол.
[Иманның бұл сегізінші айғағы Аллаһтың міндетті түрдегі болмысын және Оның жалғыз екенін дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар, нақты дәлелдермен рубубиятының шексіз ауқымды екенін және құдіретінің шексіз екенін көрсетеді. Сондай-ақ, әкімдігі барлығын қамтитынын дәлелдеп, растайды. Һәм, хикметі ғаламның барлық бөлшектерін ішіне алып, ілімі де шексіз екенін, барлығын толық қамтып жатқанын көрсетеді.
Сонымен бұл сегізінші айғақтың сегіз бөлімінің әрбірі сегіз нәтижені дәлелдермен бекітіп отырады. Сондықтан, осы иманның сегізінші айғағы өте маңызды әрі қасиетті.]
О, Раббым! О, Иләһым! Менің, иманның нұрымен, Құранның тәлімімен, сондай-ақ, Расулы-Әкрәм ғаләйссилату уәссаламның дәрісімен және Аллаһтың Хаким есімінің сәулесімен түсінгенім: Аспанда керемет тәртіптілігімен сенің бар екеніңді білдірмейтін, меңземейтін ешбір қозғалыс, әрекет жоқ. Аспан денелері ешбір дыбыс шығармастан тым-тырыс және өзіне тән міндетін толық атқарып, ешқандай да тіреусіз тұруы арқылы Сенің рубубиетіңді көрсетпейтін, Саған куәлік етпейтін ешбір әрекет жоқ. Олар өлшемді жаратылысымен, түрлі тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздарға тән ұқсастық жағымен - Күн өз алдына бір аят яғни таңба - Сенің Улухиетің мен Уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік етпейтін бірде-бір жұлдыз жоқ. Және он екі ғаламшардың ешбірі хикметті қозғалысымен, мойынсұна заңға бағынуымен, жүйелі міндет атқаруы арқылы, сондай-ақ, шыр
айналған аспани денелердің ешқайсысы сенің міндетті түрде бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ әрі Улухиет салтанатыңды меңзеп ишара қылмайтын бір де бірі жоқ.
Иә, аспан әлемі өзіндегі орналасқан алып денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Сенің құдіретіңе куәлік ететіні секілді барлығы ұжымдасқан түрде де ап-анық - Уа, жер мен көкті жаратқан жаратушы Жаббар! - Сенің сөзсіз бар екеніңе көрнекі түрде куәлік етуде. Уа, зәррелерді керемет әрі күрделі қосындыларымен бірге жаратып, басқарып отырған және әлгі жұлдыздарды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар Сенің жалғыздығыңа, бір екеніңе қуатты түрде куәлік ететіні соншалық, көкте қанша жұлдыз болса сонша нұрлы жарқын дәлелдер ретінде өзара куәліктерін бекітіп растайды.
Һәм, мына мөлдір де ашық, тап-таза көк аспанға қарашы! Бейне бір ғаламат үлкен әрі өте жылдам түрде алып денелер барлығы сақадай сай жауынгер, тіл алғыш қалың әскер яки электр шамдарымен безендірілген өте тартымды да әсем. Бұл құбылыс, Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңе ап-ашық дәлел. Сондай-ақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан әкімдігіңді және әрбір тірі жанды қамқорлығына алған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспандағы барлық құбылысты, жағдаятты көріп-біліп отырған және уысында ұстап әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екеніне және хикметің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынына куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анықтығы сонша, бейне бір аспандағы жұлдыздар әлгі куәгер аспанның куәлік сөздері тәрізді яки денеге айналған нұрлы аят-айғақтары десе болады.
Һәм, аспанды кең майдан немесе теңіз дейтін болсақ, ондағы жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті әскер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шам-шырақтар секілді, Сенің улухиетіңнің салтанатын, оның ғажап әдемілігін паш етеді. Әлгі әскердің бір ғана жауынгері, яғни Күннің ғаламшарлар арасындағы орны және жер шарының атқарар қызметі бізге мынаны көрсетеді: Күн және оның серіктері жұлдыздардың кейбірі ақырет әлемімен байланысты әрі олар босқа тұрған жоқ, олардың атқарар маңызды міндеттері бар. Тіпті, олар бақи әлемде Күн қызметін атқарар.
О, Уажиб-ул Уджуд! О, Уахид-і Әхад! Мына әсем жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай Сенің иелігіңде, Сенің аспаныңда, Сенің әміріңмен, Сенің құдірет-күшіңмен және Сенің қалау заңыңа бағынып, басқарылуда. Олар Сенің әміріңе толық мойынсұнады, әрқайсысының белгілі бір міндеті бар. Аспан денелері бірі қалмай барлығы өздерін жаратқан, шыр айналдырып тұрған, басқарушы бір ғана Халиқты "тәсбих", "тәкбир" етеді. Хал тілдерімен "Субханаллаһ, Аллаһу Әкбар" дейді. Мен дағы олардың жаппай тәсбихтеріне қосылып Сені пәктеймін.
О, көрінуі тым жойқын болғандықтан көрінбей жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадир-і Зүлжәлал! О, Қадир-і Мұтлақ! Хикметке толы Құранның дәрісімен және Расулуллаһ ғаләйссалату уәссаламның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар, жұлдыздар Сенің бар екеніңе, жалғыздығыңа куәлік етеді, дәл сол секілді көк аспан бұлттар арқылы, Күннің күркүреуі арқылы және жел-дауылдарымен, жауын-шашындарымен Сенің сөзсіз болмысыңа, жалғыз екеніңе куәлік етеді.
Иә, жаны жоқ, бейсана бұлт, тірішілік көзі жаңбырды мұқтаж жандарға медет қылып себелеуі тек Сенің рахымыңмен, хикметің арқылы ғана болмақ. Оған бейсана кездейсоқтық араласуы мүмкін емес. Сондай-ақ, ең үлкен электр тоғы саналатын және оның жарықтандыру қабілетіне Құранда ишара етіліп, одан тиімді пайдалануға ынталандыратын жай, аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткізіп, сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді жаңғыртатын найзағай мен күннің күркіреуі де өздерінің "хал" тілдерімен Сені пәктеп, рубубиетіңе куәлік етеді.
Һәм, тірі жандардың өмір сүруіне аса қажетті рызық несібелерді тасымалдайтын және пайдалануға өте қолай және тыныс алуға оңтайлы және тірі жандарды рахаттандыру секілді көптеген міндеттер жүктелген жел мен ауа, бейне бір хикметке толы «ләух-ы махыв уа исбат» яғни «жазып-сызып, түсіндіріп, сосын өшіріп тастайтын тақта» секілді, Сенің құдіретіңнің өте іскер әрі шебер екеніне ишара және Сенің сөзсіз болмысыңа шәһадат етеді.
Сонымен қатар, Сенің шексіз қамқорлығыңмен бұлттардан сауылып тірі жандарға көмекке жүгіретін мейірімділіктің бұлағы мөп-мөлдір әрі керемет өлшемді тамшылар да өз тілдерімен Сенің рахымыңның кең, мейіріміңнің мол екеніне куәлік етеді.
О, Мутасаррыфы-Фағал! О, Фәйязы-Мутағал! Сенің сөзсіз болмысыңа бұлт, жай, найзағай, жел, жаңбыр әрқайсысы жеке-жеке куәлік еткендері секілді барлығы қосылып жаппай құрамы әртүрлі, табиғаты бір-бірінен алшақ бола тұра, өзара үйлесімді, біркелкі, аралас-құралас болса дағы бір-бірінің міндетін толықтырып жәрдем беру жағымен Сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте қуатты ишара етеді.
Һәм, алып кеңістікті бейне бір ғажап махшар алаңына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет түнертіп, бірнеше рет жадыратып рубубиетіңнің ұлықтығына куәлік еткізеді. Әлгі шексіз кеңістікті жазу-сызу тақтасы тәрізді бұлттарды сығып жердегі бау-бақшаларды суарады. Осылайша, құдіретіңнің ұлықтығын, барлық нәрсеге үстем екеніңді дәлелдейді. Сондай-ақ, жер бетін жаппай қамтып, күллі жаратылысты ауамен қамтамасыз етіп отырған рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кемел екенін дәлелдейді.
Һәм кеңістіктегі ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқарып, ал бұлт пен жаңбыр болса тек іліммен болатын пайдалы істерге жұмсалуда. Бұл құбылыс әрине, әрнәрсені қамтитын ілімді, әр нәрсеге қатысты кәміл хикметті қажет етеді. Әйпесе болуы мүлдем мүмкін емес.
Уа, Фағал-ун Лимә Юрийд! Ауа қабатында қызу жұмыс істеп әрдайым хашир мен қияметтің үлгі-мысалын көрсетіп, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға айналдырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберіп жатқан құдіретің, әлбетте, дүниені ақыретке ауыстырмақ және ақыретте мәңгі бітпейтін істері болмақ. Бұл соның белгі-нышандары.
О, Қадир-і Зүлджәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, жай мен найзағай секілді жаратылыс, Сенің иелігіңде, Сенің әміріңмен, Сенің ғана құдірет-күшіңмен бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндеттерін адал атқаруда. Құрамы бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әлгі кеңістіктегі жаратылыс, өздерін өте жылдам әрі шапшаң әміріне бағындырған әрі бұйрықтарын тез орындатқан Әміршісін, Әкімін пәктеп, Сенің шексіз рахымыңды мадақтап паш етуде.
О, жер мен көктің Халиқ-ы Зүлжәлалы! Сенің хикмет толы Құраныңның тағылымымен және Расулы-Әкрәм ғаләйһиссалату уәссаламның дәрісі арқылы көзім жетіп, мынаған иман еттім: Аспан жұлдыздарымен бірге, кеңістік өз ішіндегілермен Сенің сөзсіз
болмысыңа, бір екеніңе, уахдетіңе куәлік еткені секілді, "арз" яғни жер шары бүкіл мақұлықтарымен, хал-жағдайымен Сенің бар екеніңе, бір екеніңе өзінде қанша жаратылыс болса сонша куәлік етіп, қыруар ишаралармен әрдайым меңзеп отырады.
Иә, жер жүзінде болып жатқан құбылыстарға, ағаштар мен хайуандардың жыл сайын бейне бір киім ауыстырғандай құлпыруы кезінде құбылыстардың жалқы немесе жалпы түрде өте жүйелі жүзеге асуы Сенің міндетті түрде бар әрі бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде бір құбылыс жоқ!
Һәм, әрнәрсенің әлсіздігі мен мұқтаждығына орай, мейірімге толы қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі Сенің бар екеніңе, бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде біреуі жоқ!
Һәм, әрбір көктемде көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының ешбірі қалмай керемет өнерлі жаратылуы және табиғатында нәзік әсемдік, ерекшелік, реттілік, өлшем, барлығы Сені таныстырып, Сен туралы хабар береді. Жер бетінде көптеп кездесетін өсімдік пен хайуанат Сенің құдіретіңнің керемет өнерін, өнеріңнің мұғжизаларын сондай-ақ, өздері шектеулі, құрамы өзара ұқсас, тіпті бірдей деуге болатындай жұмыртқа мен жұмыртқашықтардан, ұрықтар мен дән-тұқымдардан еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу және бір-бірінен өзгеше түрде небір жандылар шығып, көркем жаратылуы Сенің бар әрі жалғыз, бір екеніңе және хикметің мен құдіретің шексіз екеніне куәліктерінің күштілігі сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда жоғары.
Һәм, ауа, су, нұр, от, топырақ секілді заттар өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет күрделі міндет атқарып және құрамы қарапайым әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, бағытын қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте тәртіпті де пайдалы нәтиже беруі, ақырында сан-алуан пайда мен жемісті нәтиже беруі әрі ғайып қазынасынан ризық, өнімдерді әкеліп беруі кездейсоқ, бекерге емес. Олардың ішінде Сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ!
О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ! Қалайша жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен Сенің Уажиб-ул Уджуд, ешбір шартқа тәуелсіз, сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл сол секілді - О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі
мөр-таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі белгі-нышандарымен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып, бір-біріне жәрдем етуі арқылы, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубият есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде Сенің уахдетіңе, әхадиетіңе куәлік, тіпті, бір емес қанша жаратылыс болса, сонша куәлік етеді.
Һәм, қалайша жер шары әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым жеріне ұқсас болу жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанат тобындағы төрт жүз мың түрден құралған болмыстың сан түрлі құрал-жабдықтары рет-ретімен берілуі арқылы Сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге жететінін көрсетеді, кемелдігін дәлелдейді. Дәл сол секілді саны шексіз тірі жандардың түрлі ағза-мүшелері жүйелі түрде орналасуы Сенің рубубиетіңтің айбындылығын, құдіретіңнің шексіздігін дәлелдейді. Сондай-ақ, сансыз тірі жандардың сан-алуан рызықтары дәл уақытында құпқұрғақ, қара топырақтан қамқор түрде берілуі және сол санасыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани заңдарға, әмірлерге мойынсұнуы рахымыңның барлық жерді қамтитын ауқымы кең екенін, әкімдігің болса күллі нәрсе үкім жүргізетінін көрсетеді.
Һәм, жер жүзінде әрдайым өзгеріп отыратын жаратылыстың топтобымен белгілі бір бағытқа бет алып, басқарылуы, өліп-тірілулері және хайуандар мен өсімдіктердің жүйелі түрде басқарылуы, алдын ала жасалған іс-шаралар; міндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатындықтан, әрине Сенің іліміңнің шексіз, хикметіңнің орасан зор екенін көрсетеді.
Һәм, дүниеде қысқа мерзімде мойнына сансыз міндеттер жүктелген және мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-сезімдермен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласына, мына тәлім алар дүниеде, мына уақытша әскери бөлімшеге ұқсас дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша аса мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс-әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан-сый-сыяпат, әлбетте, әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес және мына қайғы аралас тіршілік үшін емес және мына бәлесі көп фәни дүние үшін беріліп, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол өзге мәңгі өмір үшін, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Олар мәңгі әлемдегі ақыреттік сыйсыяпаттармен байланысты, тіпті, солардың үлгі мысалдары ретінде. Ол жақта жалғасын табатын болады.
О, Халиқ-ы Күлли Шей! Жердегі күллі мақұлық Сенің иелігіңде, Сенің жеріңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдірет және қалауыңмен, Сенің ілім және хикметіңмен басқарылып, жүзеге асады. Жер жүзінде қызу жұмыс атқарып жатқан Рубубиетіңнің ауқымы кең, көлемі шексіз және басқаруы, іс-шаралары, тәрбиесі кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ, бір және бірдей атқарылуда. Олардың бөлінуі мүмкін емес біртұтас, бірібірінен ажырамайтын күлли. Демек, жаппай басқарып, әрнәрсені орны-орнымен рубубиет қылуда яғни ретпен үстем түрде басқаруда.
Һәм, жер шары барлық тұрғындарымен бірге бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз өз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлджәлал Сені мақтап-мадақтап, шүкір етуде.
О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде Сені күллі тақдис, тәсбих еткендермен бірге Сенің кемшілік атаулыдан пәк, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ, мақтау сөздерімен Саған шүкір етіп, мадақ айтамын.
О, Раббул-Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расул-ы Әкрем (ғаләйһиссалату уәссаламның) тағылымымен түсінгенім: Қалайша көк аспандар мен кеңістік және жер шары Сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай да бахирлер яғни теңіздер, өзенкөлдер, бұлақтар, сарқырамалар Сенің Уажиб-ул Ужуд уә Уахдетіңе, яғни, сөзсіз бар әрі бір екеніңе анық куәлік етеді.
Иә, дүниеміздің ғажап су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздердің ішінде табиғаты жағынан, реттілігі мен пайдалылығы және керемет жағдайымен Жаратушысын таныстырмайтын ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ! Қарапайым суда, жәй топырақта өмір сүріп, рызықтары тамаша түрде беріліп жатқан ғажайып мақұлықтар және жаратылысы таңқалдыратын тәртіпті теңіз хайуандары, әсіресе, біреуі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтар әсем жаратылыстарымен, кемел міндет атқаруымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі арқылы жаратқан Иесі Саған ишара етеді, Рызық беруші қамқоршысы Сенің бар екеніне куәлік етеді.
Һәм, теңіздің ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен Сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ! Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні
секілді барлығы жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуымен және жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сондай-ақ, жер шары топырағымен бірге, үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерімен қоса тепе-теңдікті сақтай отырып кеңістікте шыр айнала қозғалса да төгіліп-шашылмай Күнді айнала кезуі және сулар, өзендер іргелес жатқан топырақты шайып кетуіне жол берілмей һәм жәй топырақ пен судан сан-алуан тіршілік иелерін асырап және асыл тастарды жарату әрі олардың азықтүлігі мен өзге де қажеттіліктерін жаппай толық түрде қамтамасыз етілуі және жер бетін басып қалуы тиіс сансыз өлексе жаназалардың ластауына жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажиб-ул Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады.
Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді көк аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етілетін тым ұсақ балдыр-балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның және басқарып тұрған әкімдігіңнің ауқымдылығына дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын білдіреді. Және Сенің мына мейманхана тәрізді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шараларыңның болуы және олардың адамзаттың саяхаттауына, кемемен жүзуіне, падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді:
Жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарайға яғни мына дүнияға уақытша келіп-кетушілерге мұнша теңіз сыйлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте, мәңгі әлемде мәңгі рақым сый-қазыналарын мол түрде жаратып сыйға тартпақ. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көріністері ғана! Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жердің айналасына керемет орналасуы, ал теңіз мақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, қамтамасыз етілуі тек қана Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен болады. Олар Сенің иелігіңде, Сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен ұлықтап "Аллаһу Әкбар" деп пәктеп, мадақ айтуда.
О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадирі-Зүлжәлал! Расулы-Әкрәм (ғаләйһиссалату уәссаламның) тағылымынан және Құраны-Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстырады. Дәл сол секілді таулар да зілзәланың әсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына сондай-ақ, теңіздердің шайып кетпеуіне себеп болып, сондай-ақ ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені таниды, таныстырады.
Иә, тау жыныстарының түрлері немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикі заттардың түрлері және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері сан-алуан жер асты қазыналардың жыныстары, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің сыныптарының ешбіреуі кездейсоқ болуы мүмкін емес! Себебі керемет хикметпен, өте тәртіпті әрі әдемі де әсем, аса пайдалы етіп жаратылған. Әсіресе, шикі заттардың ішінен тұз қышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, қарапайым топырақтан өсімдіктердің неше түрлі болып өсуі, сан-алуан гүл шешек, жеміс беруі секілді таңғажайып құбылыстар бізге шексіз Қадир, шексіз Хаким, шексіз Рахим және Кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздеріндегі біркелкі басқарылу һәм бір тәрізде жүйеленуі арқылы әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, біркелкі және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен Оның уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Қалайша таулардың ішіндегі, сыртындағы жаратылыс жердің әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады және бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласып кетпей керемет жаратылады. Міне, бұл құбылыс Сенің рубубиетіңнің айбындылығына және ешнәрсеге қиналмайтын құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.
Сол сияқты жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, сан-алуан ауруларын, тіпті, сан-қилы зауықтарын, неше түрлі тәбеттерін қандыратындай дәрежеде
таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік-ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру Сенің рахымыңның шексіз кең екенін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондай-ақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, құралас, тығыз болса да бәрін біліп, көріп тұрғандай әсте араластырмай, өте тәртіппен, қажеттігіне қарай барлығы орны-орнына дайын тұруы Сенің әрнәрсені білетін іліміңнің шексіз екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитынын сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, Рубубиетіңнің рахымды, жомарт әрі керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның шексіз әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді.
Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап жүрген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың бұлағы етуі; міне, бұл керемет Кәрим (жомарт), тым қонақжай, өте Хаким (хикмет иесі) және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, тіпті дәлел. Олай болса, міндетті түрде Оның әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады.
О, Қадир-ы Күллі Шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай Сенің иелігіңде, олар Сенің құдірет-күшіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып дәріптейді, тәсбих етіп ұлықтайды.
О, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим! Расул-ы Әкрәм (ғаләйһиссалату уассаламның) тәлімімен және Құран-ы Хакимнің дәрісімен түсінгенім: қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы Сені танып әрі таныстырып жатады, сол сияқты жердегі күллі ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері Сені анық түрде таныстырады, өздері де Сені таниды.
Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтары және тамаша әдемілігімен Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектері және нәзіктігімен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістері кездейсоқ болуы әсте
мүмкін емес, олар керемет Иләһи өнермен безендіріліп жасалған. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар. Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштардан тамаша әрі сан-алуан иістер шығады. Ал, хош иістердің ішінен жемістердің түрлі-түрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз Рахим және Кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, барлығын қосып қарағанда бүкіл жер жүзінде бірлік пен тұтастық, өзара ұқсастық және жаратыларда сәйкестік, басқарылуында өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған істер мен Раббани есімдердің сәйкестігі және тек бір түрінің өзі жүз мыңнан асатын сансыз мақұлықтары сапырылысып жатса да жаппай басқарылуы Уажиб-ул Уджуд Аллаһтың анық бір және бәрін бір өзі істеп отырғанына куәлік етеді.
Һәм, олар жаппай Сенің Уажиб-ул Уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни болмысың міндетті әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған әскердей тіршілік иелері керемет жүйелі түрде қамтамасыз етілуі, азықтануы, басқарылуы яғни еш араласып кетпей, шатастырылмай керемет үйлесімді өмір сүрулері Сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарататын құдіретіңнің шексіз екеніне, барлық нәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады.
Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз тағамдардың сан-алуан түрлерін әзірлеп қойған рахымыңның орасан зор кеңдігіне және сол сансыз істер мен жарылқаулар, басқарулар мен асыраулар, іс-шаралар өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәрелер сол әмір мен ісшараларға мойынсұнуы, бағынышты түрде зыр жүгіруі әкімдігіңнің ауқымды екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырақ, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлігінің әрбір нәрсесін, әрбір ісін алдын-ала біліп, көре отырып, соған қарай пайда мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жасалуы Сенің іліміңнің әр нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп ишара етеді. Осылайша, Сенің орасан зор өнеріңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметіңнің кемелдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.
Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуен сарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат ризық-несібелер, құнды нығмет пен қыруар шығын, сый-кәденің берілуі мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді: Бұл жерде меймандарына осыншама сый-сыяпат берген құдіретті де жомарт Рахим Аллаһтың жасаған бүкіл шығындары мен тартулары өзін жақсы көргізу үшін, таныстыру үшін бола тұра, өз ісіне қарама қайшы әрекет қылып, яғни, бүкіл мақұлықтар тарапынан: "Бізге дәмін татқызды, бірақ жегізбестен бізді жоқ қылды!" демеуі және дегізбеуі үшін және өзінің Иләһи үстем билігінің беделін түсірмеуі үшін әрі соңсыз Мейірімін жоққа шығармауы, шығартпауы үшін әрі өзіне ынтық болған бүкіл достарын ренжітіп, мақұрым қалдыру арқылы дұшпанына айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгілік әлемде, мәңгілік өлкеде мәңгі тұрақтайтын құлдарына, мәңгілік мейірім қазыналарынан, мәңгілік жәннаттарында мәңгі және жәннатқа лайық түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді өсімдіктер даярлағаны анық. Бұл жердегілер бар болғаны сол жаққа назар аудартып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана!..
Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, яғни, олар бейне бір сөз секілді мағына білдіріп Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері сияқты, сөздерінің әрқайсысы өзінше Сені пәктеп мадақ айтады. Әсіресе, жемісжидектердің іші таңғажайып әрі саналуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдардың керемет мұғжизалы жаратылып бейне бір тамақ салынған ыдыстар тәрізді жеміс ағаштарының қолымен немесе өсімдіктердің төбесіне қойып өзінің сыйлы қонақтары жанжануарларға қарай тасымалдауы олардың хал тілдерімен жасаған тәсбихаттары болып табылады. Тәсбихтерінің анықтығы сонша, кәдімгі тілмен айтылған зікірдей апанық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күшқуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің!..
Уа, өте айқындығынан жасырын болған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, Шебер, Мейірімді Жаратушым! Бүкіл ағаштар мен өсімдіктердің, бүкіл жапырақ пен гүл-шешектердің,
жемістердің тілдерімен қанша тәсбих айтылса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ пен шүкір айтамын.
Уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып әр қайсысын ерекше жаратушы Құдірет! Уа, барлығын хикметпен Игеруші! Уа, Мейірімді Тәрбиеші! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағлымымен және Құрані Кәрімнің үйретуі арқылы түсінгенім және кәміл иман еткенім: Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен көркем есімдеріңді білдіреді, дәл сол секілді, бүкіл жандылардың ішіндегі рух иесі адамзат пен хайуанаттың қайсыбірін алсақ та дене бітімі сағат секілді дәлме-дәл, мұқият жұмыс жасап жатқан ішкісыртқы ағзаларымен де, бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтарымен де, сана сезімдері арқылы да, сондайақ, өн бойында өте күрделі жұмыстар атқарып жатқан, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен өте мұқият түрде үйлесімді орнатылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның хақ екеніне куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен болған нәзік өнерге және саналы түрде атқарылған күрделі іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімділікке, әлбетте, соқыр күш, меңіреу табиғат, сергелдең кездейсоқтық араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік. Өйткені, олай болатын болса, онда әрбір бөлшек ол дененің барлық нәрсесін, болымысының пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жағдай жасай алатын, құдды бір Құдай сияқты жан-жақты әрі шексіз ілімі, орасан зор құдіретті болуы керек. Сонда ғана болмыстың жаратылуы оларға тапсырылуы немесе сонда ғана "өздігінен болып жатыр" делінуі мүмкін.
Сондай-ақ, бүкіл денелерде жалпылай алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болуы және жүздерінде көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан өзара ұқсас болуы, сондайақ, жекежеке алғанда да жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жасалуы өзара сәйкес болуы әрі бір-бірінің ішіне орналасуы секілді құрылымына қарасақ
Сенің бір екеніңе нақты түрде куәлік етпейтін бірде бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәуле-шуақтары көрінуінен - уахидиет ішінде әхадиетіңе ишара етпейтін ешқайсысы жоқ!
Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрі сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім алуы, белгілі бір міндет жүктеліп оны адал атқаруы, мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкенесінен сонау ең үлкеніне дейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни, билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына әрі олардың сансыз көп болуымен бірге тым құнды әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жасалуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы - құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа, теріскейден күнгейге дейін жайылған, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене тіршілік иесінен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін -мейіріміңнің шексіз ауқымдылығына және әрбірі тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы; жер беті әр көктемде әскерге шақырылып, күзде әскери міндетінен босатылып, олардың орнына басқа, жаңадан келетін қарулы әскер, жауынгерлерге әскери жай болуы - рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз кең екенін нақты дәлелдейді. Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгінұсқасы және бір кішігірім мысалы ретінде өте терең ілім, мұқиятты хикмет керек ететін сипатта, сапырылысқан бөлшектері араласпай әрі бүкіл жануарлардың саналуан түрлері шатастырылмай қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы - іліміңнің әр нәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай ішіне алатындығына, олардың саны қанша болса, сонша ишаралар жасайтыны секілді, олардың әрбірі өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы ретінде өнерлі де әсем түрде жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кемел көркемдігі мен шексіз дәрежедегі сұлулығыңа ишара етеді және әрбірі, әсіресе, сәбилердің керемет еркелетіліп, мәпеленіп тамақтандырылуы әрі тәбеттері мен өтініш-тілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.
Уа, Мейірімді де Рахымды! Уа, уәдесіне берік, өте Сенімді! Уа, қияметтің Әміршісі, дін күнінің Иесі! Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағылымы және хикмет толы Құранның сілтемесінен түсінгенім: Әлемнің ең таңдаулы нәтижесі "хаят" (тіршілік) екені рас. Ал, хаяттың ең таңдаулысы, мәнісі рух болып табылады. Енді рух иелерінің де ең таңдаулысы саналы жандар. Және сол саналы жандардың толыққанды, кәмілі Адамзат. Күллі әлем, бүкіл болмыс хаятқа бағынып, тіршілікке қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіруде. Ал, тіршілік иелері рух иелеріне қызмет етіп, дүниеге солар үшін жіберілуде. Жанжануарлар адамдарға қызмет етіп соларға тәуелді түрде пайдасына жарайды. Әрі адамзат табиғаты жағымен өзінің Жаратушысын шынайы түрде жақсы көреді және Жаратушы Иесі де оларды жақсы көреді. Және өзін оларға әртүрлі себептермен жақсы көргізеді. Сондай-ақ, адамзаттың қабілеттері мен рухани мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі әлеммен, соңсыз тіршілікпен тығыз байланысты екені байқалады. Адам бақилықты аңсайды. Оның жүрегі, санасы мәңгілікке құштар, тілі де сансыз дұғалармен Жаратушысынан мәңгілік сұрап жалбарынады. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді адам баласын Жаратушысы Иесі қайта тірілместей өлтіріп, мәңгіге жоқ қылып, оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жарата тұра өзіне мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжітпейді. Олай істеуі әсте мүмкін емес! Ақиқатында, адамзат басқа мәңгі әлемде бақытты өмір кешуге және осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойынан көрінетін Иләһи көркем есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі сәуле-шуақтарына мұқият қарасаң о дүниеде Иләһи көркем есімсипаттарға айна болған адамзаттың мәңгі нұрға бөленетіндерін байқауға болады.
Иә, мәңгілік Иесінің адал досы да мәңгі болмақ! Бақидың саналы айнасы да бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары бақи қалатынын және Сүлеймен Пайғамбардың (Ғ.С.) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (Ғ.С.) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса тәні де бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің аракідік қолданыс үшін бір денелері болатындығы нақты риуаяттардан белгілі. Сонымен қатар «хикмет», "ақиқат", "рахым" мен "рубубиет" сипаттарының қатаң талабы болып табылады.
Уа, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күшқұдіретіңмен, тек Сенің ғана әмір мен басшылығың арқылы және мейірім мен хикметің арқылы Сенің толық билігіңнің әмірлеріне мойынұсынып, табиғатына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі адамның күшқуаттылығына орай немесе үстемдігімен бағынған жоқ! Қайта жаратылысынан күшсіз, әлсіз болғандықтан Иләһи мол мейірім тарапынан бағындырылған.
Сондай-ақ, олардың барлығы хал тілдеріменен және кәдуілгі тілдеріменен де Жаратушысын, Табындырушысын қателіктен, өзіне серік ұстаудан пәктеп, нығметтеріне шүкір етіп, мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасауда.
Уа, аса әшкерелігі себепті жасырын қалған және шексіз ұлықтығы себепті перделеніп көрінбей қалған Ұлық Жаратушым! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтерімен мен дағы Сені пәктеп, ниет ете سُبْحَانَكَ يَا مَنْ جَعَلَ مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَىْءٍ حَىٍّ деймін.
Уа, әлемдердің Раббысы! Уа, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! Уа, көктер мен жерлердің Иесі! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағылымымен және Құраны Хакимнің үйретуімен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көктер мен аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан; әрбірі жекежеке, әрбір бөлшегімен Сені біліп, танып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болып, ишара ететіндері секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулие, асфиялар, өздерінің асыл заттарымен яғни сау жүректерімен, дұрыс ақылдарымен көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, жүрекке қонған аяндарына сүйене отырып барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мүғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына негіздеп, хабарларын дәйекті түрде жеткізуде.
Иә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни, жалғыз әрі дара екеніңе, сондайақ, әсем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір "илхам" жоқ яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші бар екенін көрсетпейтін бірде-бір "ғайби сезім" жоқ. Бәрі жаппай
Сені ескертіп тұрады. Және аян беруші біреуге қаратпайтын да бірде бір аян жоқ. Және киелі сипаттарың мен, әсем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты наным да жоқ. Және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын бір Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ, яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар жаппай Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып меңзеп, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекшісі, басшысы, қорытындысы болып табылатын Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уәссаламның әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондайақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын баяны ғажап Қасиетті Құранның нақты тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей, жаппай Сенің міндетті түрдегі болмысың мен киелі сипаттарыңа және Сенің бірлігің мен жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады.
Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы Ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап, дұғатілектерді білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің, ұлық дәрежесін, сондайақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан еңүлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жасайтын құдіретіңнің шексіз алыптығын жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде.
Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам баласына керемет қылып, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндікті де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның кеңдігін, сондайақ,
атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың бүкілін әміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондайақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын тәртіпті түрде, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әр нәрсені қамтитындығына, сондайақ, әрбір жаратылысты көптеген хикметпайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір жан иесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әр нәрсені өз ауқымына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал, яғни, ұлылық пен сұлулық есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге жасайтындықтарына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді. Сондай-ақ, әу баста жүздеген ашық мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (с.а.у.) мен хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақылы нұрлы асфиялар, барлық киелі парақтар мен кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің Мейірімің мен Құдіретің, Хикметің мен Қамқорлығың, Жәмал мен Жәлал, яғни, әсемдігің мен ұлылығың секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді тұғыр қылып, көріпбілгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді.
О, Құдіреті Шексіз әрі Хикмет Иесі! О, Аса Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік әрі асқан Жомарт! О,Ұлылық пен Шексіздік және Айбат Иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал! Мұншама адал достарыңды және мұншама уәделеріңді әрі мұншама киелі сипаттарың мен маңызды істеріңді бекерге шығарып, рубубиетіңнің қойған талабын және Өзің сүйген және олар да Сені мойындап, бағыну арқылы өздерін Саған жақсы көргізген әлгі сансыз ізгі құлдарыңның сансыз дұғатілектерін қабыл етпей, керісінше дініңнен безген, тәкәппарлана бас көтеріп уәдеңді жоққа шығарып Сенің шексіз ұлықтығыңа шәк келтіріп, қаһарлы айбыныңа тіл тигізген және Иләһи абыройыңды кірлетмекші болған және рубубиетіңе, толық тәрбиеңе, мол мейіріміңе күйе жаққысы келген, қаһарға ұшыраған адасқан топ кәпірлерді растаудан яғни олардың қайта тірілуді жоққа шығарған ойларын дұрыс қылып, қуаттаудан жүз мың дәреже адасың, шексіз дәрежеде пәксің, тым жоғары биіксің! Ондай шексіз зұлымдыққа, жағымсыз іске, тұрпайылыққа Сенің шексіз әділетің, әсем көркемдігің, мол мейірімің әсте жол бермейді, деп білеміз.
аятын денемдегі бүкіл ұсақ бөлшектердің санынша қайталағым келеді. Сенің адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де анық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде белгі берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетін көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері онда жалғаса беретініне куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзіндей Сенің "Хақ" есіміңнің ең үлкен шуағы осы хашир, яғни, қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.
Уа, Пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әміріңмен, құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен, басқаруыңмен, Сенің іліміңмен, хикметіңмен Саған мойынсұнған, аса маңызды да жауапты міндет жүктелген жандар. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген.
Уа, Раббым! Уа, көктер мен жерлердің Қожайыны! Уа, Жаратқан Ием! Уа, бүкіл нәрселерді Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріне бағынышты еткен
Құдіретің мен Қалауыңның, Хикметің мен билігіңнің және мол Мейіріміңнің құрметіне нәпсімді өзіме бағынышты қыла гөр! Армандаған мақсаттарыма жеткіз! Құранға және Иманға қызмет ету үшін жүректерді Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман, ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға тау мен темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамдарды және Хазіреті Мұхаммед ғалейһиссәлату Уәссәламға Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап, ақылдарға мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақтай гөр! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста бақытты шатшадыман қыла гөр! Әмин! Әмин! Әмин!
Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты болып табылатын Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді тәфәккүри ғибадат яғни пікірмен жасалған құлшылық ретінде Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателіктер жіберген болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып, Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын!