Сәулелер
— 3 —

Екінші Шуақ

Ескішәһир абақтысының соңғы жемісі
Отыз бірінші Леманың екінші Шуағы
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾

Он алты жыл бұрын Ескішәһир қаласындағы абақтыда, жолдастарым жаппай бостандыққа шығып кеткендіктен жалғыз қалдым. Осы жазбалар нақ сол кезде тым асығыс әрі жәйбасар қаламыммен қысылтаяң сәтте, мазасыз жағдайда жазылғанды. Сондықтан жүйесіз жазылды білемін. Дегенмен, қазір оқып, тексеріп отырсам иман мен тәухид тақырыбы өте керемет әрі қуатты баяндалған. Сол жағымен өте маңызды.

Саид Нұрси

اَللّٰهُ اَحَدٌ (Аллаһу Ахад) Исм-і Ағзамы жайлы терең сырдың және алты Исм-і Ағзамның алты тұжырымының жетіншісі.

Ескерту

Бұл рисале мен үшін өте маңызды. Өйткені, мұның ішінен аса маңызды да күрделі имани сырлар ашылмақ. Бұл рисалені түсініп оқыған адам иманын сақтап қалады, Иншаллаһ! Өкінішке орай бұл жерде мені ешкіммен жолықтырмайтындықтан өзіме арнап таза параққа көшіртіп жаздыра алмадым. Бұл рисаленің қадірін түсінгің келсе бас жағындағы тәухидтің "екінші", "үшінші" жемістерін, сосын соңындағы қорытындыны және қорытындыдан екі бет алдын әуелгі мәселені ден қойып мұқият оқығаннан кейін түгелдей асықпай, талқылап оқысын!

— 4 —

АЛТЫ ИСМ-И АҒЗАМ ЖАЙЛЫ АЛТЫ

ТҰЖЫРЫМДАҒЫ
اَللّٰهُ اَحَدٌ
СӨЗІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҒЫНАСЫ ТЕРЕҢ ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ
27030بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ بِه۪ نَسْتَع۪ينُ

فَاعْلَمْ اَنَّهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ аятының керемет тұжырым. Сондайақ, Ардақты Пайғамбарымыздың ант еткенде айтатын сөзінің ишарасымен, илһамымен сезгенім өте тамаша және шексіз дәреже нәзік те күрделі тәухидтің үш жемісі сондай-ақ, оны керек қылатын себептері мен олардың үш айғақ-дәлелі туралы қысқа бір тұжырым.

وَالَّذ۪ى نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِه۪ (Мұхаммедтің жаны қолында болған Аллаһтың атына ант етемін!) Иә, осы сөзді ардақты пайғамбарымыз Расулуллаһ (с.а.у) ант еткен кезде көп қолданады екен. Демек, бұл ант сөзі бізге мынаны білдіреді: "Әлем ағашының" ең кең шеңбері де, ең ақырғы шегі де, ең тар шеңбері де, қысқасы ұсақ-түйек, үлкенді-кіші бүкіл зат, жаппай Зат-ы Уахид-ы Әхадтың құдірет қолында, бәрі соның әмірімен болады, Оның қалауына ғана тәуелді. Өйткені, жаратылыстың ең таңдаулысы әрі дара тұлға Мұхаммед ғаләйһиссалату уәссаламның жаны өз қолында болмаса және оның әрбір іс-әрекеті, жүріс-тұрысы өзінің еркінде емес, басқа бір құдіреттің қалауында болса, әлбетте дүнияда ешбір нәрсе, ешбір әрекет, ешбір жағдай, ешбір хал-ахуал - мейлі, жалқы мейлі, жалпы болсын -шексіз құдіреттен тыс бола алмайды, ауқымы кең Иләһи қалауға тәуелді. Бәрі Соның басқаруымен болады.

Осы керемет Мұхаммеди ант (с.а.у.) бізге Аллаһ Тағаланың өте ұлық әрі шексіз Рубубиетін, тәухидтің сырын яғни барлығын бір Аллаһтың өзі басқаратынын анық көрсетеді. Тәухид ұғымын жанжақты дәлелдейтін жүздеген тіпті мыңдаған айғақтар "Сирадж-ун Нұр" деп аталатын Рисалей-Нұрда толық баяндалғандықтан бұл терең ақиқаттың түсіндірмесі мен дәлелін соған сілтеп қазір осы

— 5 —

"Екінші Шуақта" қысқаша үш тарау арқылы осы маңызы зор имани ақиқаттың керемет тұщымды, әрі күрделі, аса қымбат, тым нұрлы көптеген жемістерінен тек үш күлли жемісін бірінші тарауда қысқаша баяндаймыз. Сонымен қатар, менің көңілімді әлгі жемістерге құштар еткен сезімдерім мен зауықтарыма да ишара қыламыз.

Ал, екінші тарауда осы киелі ақиқаттың үш күлли шарты мен оны қажет ететін себептер баяндалмақ. Бірақ, бұл үш себептің өзі үш мың себептей өте қуатты. Және үшінші тарауда манағы тәухид ақиқатының үш белгісі жазылмақ. Ол үш белгі де үш жүз белгі мен нақты дәлелге татитындай өте қуатты.

Бірінші тараудағы Тәухидтің бірінші жемісі

Аллаһтың жәмалы мен Раббани кәмалы тек тәухид ұғымы арқылы білінбек, тек уахдеттің саясында ғана көрініс таппақ. Егер уахдет болмаса яғни "Аллаһ біреу, ол жалғыз, барлығын бір өзі басқарады" деген ұғым болмаса мұндай шексіз, әзәли қазына ашылмай, жасырын қалады.

Иә, Аллаһ Тағаланың шексіз жәмалы, теңдесіз кәмалы, оның шексіз әсемдігі мен Раббани көркемдігі сондай-ақ, сансыз жарылқауы мен керемет мол мейірімі, Сәмадани жәмалының кәмалы, тек уахдет айналарында, жалғыз уахдет ұғымы арқылы ғана жаратылыс ағашының ұштарындағы "жузилердің" жүзінде яғни ең ұсақ бөлшектерінде Иләһи көркем есімдердің тоғысқан сәулешуақтарынан байқалады.

Мысалға, бойында еш күш-қуаты жоқ, тым әлсіз, еркі де жетіле қоймаған жас төлге қамқорлық ретінде, мүлдем күтпеген жерден яғни қан мен нәжістің арасынан аппақ, тап-таза сүттің жіберілуіне тәухид ұғымымен, уахдет көзімен қарасақ, бірден жер бетіндегі жануарлардың бүкіл төлдері ғажайып, керемет, мейірімді түрде жаппай қорекпен қамтамасыз етілуде және аналарын төлдерін қызғыштай қорғайтын қамқоршы етіп қойған. Бұл оқиғадан Рахманның шексіз рахымы, теңдесіз мейірімі, соңсыз жәмалы жарқын түрде көрініп тұр емес пе!

Егер бұл оқиғаға тәухид көзімен қарамаса, әлгі керемет жәмал бұлыңғырланып көрінбей қалады. Осынау керемет қорекпен қамтамасыз ету ісін жәй себептер немесе кездейсоқтық я болмаса табиғат иемденіп ақырында құндылығын жоғалтады да жәй бір оқиға ретінде бағаланып, мәнісін жояды.

— 6 —

Мәселен, сұмдық қауіпті дертке шалдыққан адамның шипа тауып тәуір болғанына тәухид көзімен қарасақ, жер шары алып емхана, жер жүзіндегі күллі дертке шалдыққан науқастарға "әлем" дейтін алып дәріханада әрқайсына жеке-жеке өзіндік дәрі-дәрмектер жаратылып, одан шипа тауып ауруынан жазылып тәуір болуда. Бұл оқиғадан Мұтлақ Рахимның керемет қамқорлығы, рақымының көркемдігі ауқымды түрде жарқын көрінеді. Егер, оған тәухид көзімен қарамаса, осы қарапайым, жәй дегенмен шексіз ілім керек ететін, асқан көреген әрі саналы түрде жасалатын тәуір болу ісін жансыз, бейсана дәрідәрмектердің қасиеттері иемденіп немесе кездейсоқ себептер не болмаса меңіреу табиғат жасаған сияқты көрінеді. Сөйтіп мұндай ғажап қамқорлық өзінің мағынасын, құнын, шексіз хикметін жоғалтар еді.

Орайы келген соң мына:

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلٰى اٰلِ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ بِعَدَدِ كُلِّ دَاءٍ وَدَوَاءٍ وَبَارِكْ وَسَلِّمْ عَلَيْهِ وَعَلَيْهِمْ كَث۪يرًا كَث۪يرًا

деген мәшһүр бір салауаттың қысқа тұжырымын баяндай кетейін. Мұны намаз тәсбихатының соңында Шәфи мәзһабын ұстанушылар жиі айтады. Оның терең сыры бар:

Жалпы адамның жаратылу мақсаты мен хикметі, әрдайым және кез-келген сәт Раббысына жалбарынып, оны пана тұтып сыйыну және Оны мадақтап шүкір ету. Адам сол үшін жаратылған. Енді, сол мақсатқа итеретін, Аллаһ Тағаланың алдына қамшылап айдап апаратын шыбық, өткір де әсерлі себеп ауру-сырқаттар болғаны секілді, оны шын ықыласпен шүкір еткізетін, толық мағынада риза қылып мақтау айтқызатын ризық-несібе, нығметтер екені белігілі. Оның ішінде де әу баста ем-шипалар, дәрмен мен денсаулық екені анық. Міне, сондықтан осы киелі салауат зор маңызға ие, өте құнды әрі мағынасы терең болып отыр.

Мен, кейде بِعَدَدِ كُلِّ دَاءٍ وَ دَوَاءٍ деген кезімде маған жер шары бейне бір алып емхана ал, ондағы я жаны я тәні дертке ұшыраған жан-жануарларды түрлі ем-шипамен емдеп, жарылқап отырған Хақиқи Шәфидың болмысы яғни нағыз шипа беруші Аллаһтың бар екені, мол мейірімінің хақ екені, рахымының ауқымы кең, шексіз екені анық түрде сезілетін.

— 7 —

Мәселен, хақ жолдан адасып, рухани азап шегіп жүрген адамға, иман, һидаят бұйырса, бұған тәухид көзімен қарасақ, бірден кіпкішкене, пәни, бейшара адам, бүкіл әлемнің Сұлтаны, Мағбуд Аллаһпен сөйлесетін құл дейтін жоғары дәрежеге көтеріліп зор абыройға ие болады. Енді ол, сол иманы арқылы мәңгі бақытқа бөленіп, тамаша әсем, шексіз ұланғайыр, керемет бақи байлыққа кенеледі. Мәңгі жәннатқа ие болу дейтін үлкен сыйлыққа қолы жетеді. Бұл оқиғадан Кәрим, Мухсин Аллаһтың көркемдігі, мәңгі өшпес жәмалы айқын түрде көрінеді. Ол жәмалдың бір ғана сәулесінің өзі имандыларды өзіне баурап дос, ал кейбір хас құлдарын өзіне құштар тіпті, ғашық қылады.

Егер бұл оқиғаға тәухид көзімен қарамаса, әлгі иман мен хидаят, өктемшіл де озбыр әрі өзімшіл "мұғтәзилешілдердің" ойлағанындай, оны адамның өзі тауып алғандай немесе кейбір себептердің салдарынан болғандай мән-мағынасын жоғалтады. Әлгі жәннаттай қымбат, жақұттай әдемі Рахмани сый, әйнек сынығы секілді құнсызданып, айналық еткен киелі жәмалдың нұр-сәулесі бұлыңғыр тартып сөніп қалады.

Міне, осы үш мысалға салыстыра отырып, жаратылыстың ең ұсақ және олардың ең елеусіз хал-жағдайларына тәухид назарымен қарасақ Иләһи жәмалдың, Раббани кәмалдың мыңдаған әсем түрлері мен жүз мыңдаған нұр-сәулелері жалт-жұлт етіп шағылысып, тоғысатындықтан Иләһи жәмал мен Раббани кәмал анық көрініс тауып нақты білуге мүмкіндік туады, бәрі де орны-орнына тұрақтана түседі.

Міне, жүрекке Аллаһтың жәмалы мен кемалы тәухид саясында көрінетіндіктен және рух оны сонда ғана сезетіндіктен бүкіл әулиелер мен асфиялар өздеріне тәтті зауық пен рухани шырын азықты тәухид кәлимасы لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ "лә иләһә иллаллаһ" сөзінен, оны зікір етуден тауып, жиі қайталаған. Сондай-ақ, осы тәухид сөзінде Жаратқанның азаметі (ұлықтығы), Субханның жәлалы (айбындығы), Сәмадани Рубубиеттің мұтлақ салтанаты яғни мәңгі бақи билік-басқармасы айқын көрінетіндіктен Ардақты Расулуллаһ (с.а.у.) былай деген екен:

اَفْضَلُ مَا قُلْتُ اَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْل۪ى لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ
— 8 —

яғни: "Менің және менен бұрын келген пайғамбарлардың ең қымбат әрі қаиетті сөзі: لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ (Лә иләһә иллаллаһ).

Иә, бір түйір жеміс немесе бір тал гүл немесе бір жалт еткен кіпкішкене жарық өзінің азғантай Иләһи жарылқау, шағын нығмет, кішкентай рызық-несібе, көлемі аз шағын бір айна тәрізді тәухидтің сырымен бірден әлгі өзі сияқты айналармен бірігіп, үлкен де ауқымды айнаға айналып өзі тектес жаратылыстың жүздерінде шағылысқан Иләһи жәмалды шағылыстырып толық көрсетеді. Осылайша пәни, уақытша әдемілік белгілі бір мағынада мәңгі бақи көркем әдемілікті паш етіп алдымызға жайып салады. Мәулана Жәлаладдиннің:

اٰنْ خَيَالَات۪ى كِه دَامِ اَوْلِيَاسْتْ ٭ عَكْسِ مَهْرُويَانِ بُوسْتَانِ خُدَاسْتْ

деген сөзінің сыры бойынша, әрбір нәрсе Иләһи жәмалдың айнасы тәрізді. Егер тәухид болмаса әлгі кішкене жеміс өз бетінше, жеке қалып, манағы киелі Иләһи жәмалды, ұлық кәмалды көрсете алмайды. Бойындағы кішкене жарық сөніп, жоқ болады. Не екені түсініксіз болып алмас құндылығын жоғалтып жәй шыныға айналады.

Һәм, әлем ағашының жемістері болып саналатын жәндіктерге тәухидтің сырымен қараса, олардан терең Иләһи мағына, Әхадиет және киелі жеті сипат бойынша Рахманның мағынауи жәмалы көрініс тауып, көркем есімдері шағылысады, әрі ол нүктеде Иләһи көркем есімдер тоғысады және اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ (тек саған ғана құлшылық етіп, тек сенен жәрдем тілейміз) сөзіндегі арнаудың иесі Жаратқан Жаббар, біршама анықталып, аз да болса жүректен бір көрініс табады. Егер, тәухид болмаса әлгі Иләһи мағлұмат, осынау әхадиет ұғымы, жәмал мен әсемдіктің нұр-шуақтары шашырап, ғаламға жайылып ұлғайып көмескіліне көрінбей қалады. Оны көру үшін тым алып жүрек, күллі әлемді қамтитын рухани көз қажет. Себебі, көруге "азамет" (ұлықтық) пен "кибрия" (шексіз алыптық) кедергі болады.

Һәм, жәндіктердің Жаратушысы оларды көріп, бәрін біліп, естіп, қалағанынша басқарады. Бір жәндік шебер түрде жаратылуы арқылы Жаратқан Иесі туралы мағлұмат береді яғни "Муқтәдир" (құдіретті), "Мұхтар" (ерікті), Естуші, Білуші, Көруші бір Аллаһтың мағынауи "тәшаххусы", "тағаюны" яғни Аллаһ туралы белгілі бір мағынадағы

— 9 —

мағлұматқа ие боламыз. Бұл тек имани назарларға ғана көрінеді. Әсіресе, тірі жандардың ішінде адам баласының жаратылысына тәухидтің сырымен, иман назарымен қараса, оның бойынан манағы Иләһи "тәшаххус", Раббани "тағаюн" анық байқалады. Өйткені, манағы әхадиеттің "тәшаххусының" негіздері яғни Аллаһ жалғыз және бар екені, әрі барлығын бір өзі басқарады деген Әхадиеттің белгілі бір мағынадағы анықтамасы және оның негіздері болып табылатын ілім, құдірет, хаят (тірілік), сәмиғ (есту), басар (көру) секілді сипаттардың үлгі-мысалдары адамның бойында анық бар. Адам сол үлгі-мысал сезімдер арқылы әлгі шексіз де киелі Иләһи сипаттарға айналық етіп ишара қылады және Оның міндетті түрде бар екенін бір мағынада мегзеп, дәйекті түрде білдіреді.

Өйткені мәселен, көзді берген Құдірет әлбетте көзді көреді және күрделі мағына болған көзге көрінетіндерді де көреді. Сонда ғана көзді бере алады. Иә, саған көзілдірік жасап берген көзілдірік ұстасы, көзілдіріктің көзіңе ыңғайлы әрі жарасып тұрғанын көріп, сосын барып береді. Сол сияқты саған құлақты берген Құдірет, әлбетте құлақтың еститін дыбыстарын естиді, сосын барып береді. Басқа да Иләһи сипаттарды осылай салыстыр!

Сондай-ақ, Иләһи есімдердің нақыш-істері, сәуле-нұрлары адамның бойында көптеп кездеседі. Сондай-ақ, адам баласы Иләһи сипаттарды керісінше жағымен де яғни өзінің әлсіздігімен, қауқарсыздығымен, пақырлығымен, надандығымен де көрсетіп, Аллаһқа айналық қызмет етеді, яғни өзінің әлсіздігіне, пақырлығына қамқорлық жасап, жарылқап, сақтап отырған Жаратқанның құдіретіне, іліміне, ирадесіне (қалау-еркіне) және басқа да киелі есім-сипаттарына куәлік етеді. Міне, саны өте көп жан-жануарлар мен құжынаған ұсақ жаратылысқа уахдет назарымен қарағанда Аллаһтың көркем мың бір есімі манағы жандылар әлемінде бірбірімен үйлесе ұштасып бейне бір мұнтаздай жазылған хаттай анық оқылатындықтан Сани-ы Хаким яғни әрнәрсені хикметпен жарататын шебер Аллаһ, жан-жануар, жәндіктерді сансыз көп жаратады. Әсіресе, жәндіктердің ішінде ең ұсақ түрлерін құжынатып тым көп жаратып, әртарапқа жаяды.

Тәухидтің осы аталған бірінші жемісінің ақиқатына көзімді жеткізген, мені соған қарай жетелеген бір сезім болатын. Бірде, жандыларға қарап отырып жанашырлық, аяу сезімім қозып, оның ішінде саналы жаратылыстың әсіресе адамдардың, олардың ішінен

— 10 —

де бәлеге ұшырап, қиналғандардың ауыр жағдайлары қатты әсер етті. Жүрегім сыздап, мейірімім қозып оларға қатты жаным ашыды. Көкейіме бір ой келді: "Мына әлсіз, әлжуаз бейшаралардың зәруқажеттіліктерін әлемдегі тұрақты заңдар, табиғи құбылыстар естімейтіні анық. Алдына келгеннің бәрін қиратып, бұзып кететін кездейсоқ себептер мен меңіреу табиғаттан да қайыр жоқ. Бұлардың мына қиын жағдайларына қамқорлық жасап, жеке дүниесіне араша болатын ешкімі жоқ па екен?" деп жаным сыздап, рухым қатты күйзелді.

Тағы да: "Мына әсем де сұлу жаратылыстың және осы аса қымбат нәрселердің және өмірге құштар, мәз мәйрам болғандардың істерін реттейтін, оларға иелік ететін, түрлі бәледен сақтайтын қожайындары, қамқоршы иелері, шынайы достары жоқ па екен?" деп жүрек аласұрып ауызыма тығылды. Жан дауысымды, жүрегімнің зарын басып, тыныштандыратын, көз жеткізіп, толық қанағаттандыратын жауап іздедім.

Көкейге келген жауап былай болды: Тәухидтің сырымен, Рахман әрі Рахим Зат-ы Зүлжәлал, өзінің жалпыға ортақ заңдарының қыспағына түсіп, қиын жағдайға душар болып, қамыққан сүйкімді құлдарын заңнан тыс арнайы түрде құтқарып отыратынын, әркімді жеке-жеке жарылқап, арнайы түрде қамқорлық жасайтынын, тікелей барлық нәрсені бір өзі басқаратынын, барлығын өзі жасап, бүкілін бір өзі жіті қадағалайтынын, әркімнің өтініш-тілектеріне ерекше мән беріп тыңдайтынын, болмыс атаулының нағыз иесі, нақты қожайыны, қамқоршысы тек өзі екенін Құранның сырымен, иманның нұрымен білдім. Әу баста, үмітсізденіп, уайымдап едім, енді бойымды шексіз қуаныш кернеп көңілім тасыды. Әрбір жанды осындай Малик-і Зүлжәлалмен байланысып, Оның құлы, Оның жаратқаны болғандықтан, менің назарымда мың дәреже құндыланып, әлдеқайда қымбатты көрінді. Өйткені, өздеріңе мәлім, әркім өзінің қожайынының атақ-даңқымен, жоғары мәртебесімен масаттанып, оны мақтан тұтады, өзіндік абыройға ие болады. Сол секілді иманның нұрымен әлгі Иләһи мансап, Аллаһқа құл болудың арқасында жәй бір құмырсқа мәшһүр перғауынды жер жастандырды. Мысыр елінің патшалығы мен ата-бабаларына сеніп, бейқамдыққа салынып, өзін ғана қожайын санап, осылайша өзін мәңгі жүре беретіндей есірген, алайда, бәрі де ажал құшып қабірдің аузында абыройынан айырылып қалған перғауынды кәдуілгі құмырсқа әлгіндей Иләһи мансап пен

— 11 —

байланыстың арқасында жермен жексен етіп, өзінің абыройы мың есе асып оныкін төмендетіп жіберді емес пе?!. Жаратқан жаббардың асқақ мансабымен кәдімгі қара шыбынның өзі, жаны алқымға келгенде азап шегіп, масқара болған Нәмруд патшаның шалқыптасыған абырой-мансабын айрандай төгіп, масқарасын шығармады ма?!.

Міне, اِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظ۪يمٌ аяты "ширк" яғни Аллаһқа серік қосу орасан зор зұлымдық, сұмдық күнә екенін білдіреді. Ширк ауыр қылмыс. Өйткені ол әрбір жаратылыстың ақысын жеу, абыройын төгу, намысын қорлау болып табылады. Оны тек жәһаннам оты ғана тазартады.

ТӘУХИДТІҢ ЕКІНШІ ЖЕМІСІ

Тәухидтің бірінші жемісі әлемнің Жаратушысы Зат-ы Ақдеске қатысты болса, екінші жемісі әлемнің өзіне, оның жаратылысына қатысты болмақ.

Иә, уахдеттің сырымен әлемнің кемелдігі анықталады және болмыстың маңызы зор міндеттері түсінікті болады және не үшін жаратылғандығы, нәтижесі белгілі болады. Әлемнің шебер жаратылғандығы анықталып, болмыс атаулы құндылыққа ие болады және әлемдегі Аллаһтың ұлы мақсаттары орындалған болады, сондай-ақ, жан мен сана иелерінің хикмет-сырлары, олардың не үшін жаратылғаны көрініс табады. Сонымен қатар, әлемдегі аласапыран құбылыстар мен дауыл-дүлей оқиғалардың қатулы, кейде үрейлі беттерінің астарынан рахым мен хикметтің күлімсіреген, жағымды, жайма-шуақ жүздері көрінеді. Фәни, уақытша, әп-сәтте көзден таса болып, жоғалып кететін болмыстың негізгі нәтижесі мен мәнмағынасы, тәсбих-зікірлері секілді көптеген құпия сырлары ашылып, белгілі бір мағынада болмыстары сақталып, бұл дүниеге қатысты жақтары жоғалса да әлгі жағымды, мағынауи жақтары мәңгібақи қалып, ғайып әлеміне кететіні белгілі болады. Жалпы әлем жаппай тартымды да мағынасы терең Сәмадани кітап, ал ішіндегі болмыс, жаппай мұғжизалы жаратылған Субхани мазмұнды хаттар жинағы, жалпы болмыс жаппай өте тәртіпті де орасан зор әскер секілді, жаратылыс болса ұсақ микробтан бастап, құмырсқаға шейін, мүйізтұмсықтан бастап сонау ғаламшарларға дейін Әзәли Сұлтан Аллаһтың құлдары және өз міндеттерін адал атқарушы қызметшілер екені түсінікті болады. Барлық нәрсе Иләһи көркем

— 12 —

есімдерге айна болып шағылыстыратыны және әрбірінің өзара тығыз байланысты екені анықталады. Осылайша, әр нәрсенің қадір-қасиеті бұрынғысынан әлдеқайда артып қымбаттана түседі.

«Мына бір тынбайтын болмыс, мына бір орнында тұрмайтын жаратылыс топ-топ болып қайдан келіп, қайда барады, неге келіп, неге кетіп барады?» секілді шешімі қиын сұрақтардың жауаптары тек ғана тәухидтің сырымен ғана жауаптанады. Әйтпесе, әлемнің жоғарыда аталған асқақ биік дәрежедегі кемелдіктері көрінбей, маңызы зор, киелі ақиқаттары терісіне айналып мәнісін әбден жоғалтады.

Міне, ширк пен күпірлік, әлемнің толық кемелдігіне, үстем мерейіне, киелі құқығына қол сұғу және терең ақиқаттарына шәк келтіру, аяққа таптау, ақысын жеу болғандықтан мүшриктерге яғни ширк қосушылар мен кәпірлерге бүкіл әлем қатты ашуланып, аспан мен жердің ызасы келеді. Олардың көзін жоймақ болып табиғаттың аясы тарылып аласұрады. Бұрыңғы заманда Нұх пайғамбардың (а.с) қауымы, Ад қауымы және Сәмуд қауымы, Перғауын халқы тәрізді мүшриктерге табиғаттың ашуланып, оларды жермен жексен қылғаны секілді күллі әлем әрдайым ызадан жарылып кете жаздайды.

تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ аяты: "жәһаннам, мүшриктер мен кәпірлерге қатты ашуланатыны сондай, ашу-ызадан жарылып кетуге сәл-ақ қалады!" дейді.

Иә, ширк - әлемді қорлау, оның ақысын жеу боп табылады. Ғаламның киелі де маңызды міндеттерін, хикметтерін жоққа шығару боп саналады. Мысал ретінде айтар болсақ;

Тәухид пен Уахдет назарында әлем, көптеген басы бар алып бір періште тәрізді яғни жаратылыстың қанша түрі болса сонша басы бар және әр басында көптеген аузы бар яғни қанша болмыс болса сонша аузы бар. Әр аузында көптеген тілдері бар яғни тірі жандардың ағза-мүшелері тіпті жасушалары қанша болса сонша тілі бар деген сөз. Сондай сансыз тілдерімен өз Жаратушысын дәріптеп тәсбих қылатын Исрафил періште секілді терең мағынада әрдайым құлшылықтағы мәртебесі жоғары тамаша жаратылыс.

Һәм тәухид ұғымы бойынша дүния, ақырет әлемдеріне көптеген өнім шығаратын өндіріс зауыты, өнімі мол егістік және мәңгі бақыт әлеміне пенделердің іс-амалдары жөнелтілетін кәсіпорын іспеттес немесе о дүниеде әсіресе жұмақта өз тұрғындарына дүниелік

— 13 —

оқиғаларды еске салып, мәңгі бақи көрсетуге арналған жүз мың камералы бейне аспап тәрізді көрінеді. Ал, ширк болса, осындай таңғажайып, тілалғыш, тірі, алып періштедей ғаламды жансыз, меңіреу, пәни, соңында түк қалмай құрып кететін, мағынасыз, кездейсоқ құбылыстарға толы, пайдасыз өзгере беретін, мүлде жоқтыққа бет алған, жағдайы өте қиын, тым аянышты, мұңлы етіп көрсетеді. Әлгіндей керемет жүйелі, тап-тыйнақтай, өте керемет, пайдасы мол зауытты өнім бермейтін, түк пайдасы жоқ, қаңырап босқа тұрған, алай-түлей кездейсоқтықтың тәлкегі ретінде көрсетеді. Дүние бейне бір алай-дүлей табиғат пен соқыр күштердің ойыншығы, саналы пенделердің уайымханасы, тіршілік иелерін өлтіріп көзін жоятын орын, жаппай қайғыдан жылап-сықтайтын мекен-жай қылып көрсетеді.

Міне, اِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظ۪يمٌ дегеніндей ширк яғни Аллаһқа серік қосу сырттай қарағанда жағымсыз бір қылық болып көрінгенімен негізінде сұмдық ауыр қылмыс, үлкен күнә. Ол адамды жәһаннамда мәңгі ауыр азапқа салады. "Сираджун-Нур" кітабында осы екінші тәухид жемісі дәлелдермен түсіндірілгендіктен қысқа қайырдық. Мені тәухидтің осы екінші жемісін жазуға итермелеген мына бір сезім;

Бірде, көктем маусымы болатын, табиғатты тамашалап, жер жүзіндегі хашір мен нәшірдің яғни бүкіл жандылардың қайта тірілетінінің жүз мыңдаған үлгі-мысалы болып саналатын табиғи құбылыстағы топ-топ боп келіп-кетіп жататын болмыстың әсіресе тірі жандардың оның ішінде ұсақ жәндіктердің бір сәт көрініп әпсәтте жоғалуы және осындай тынбастан болып жатқан жойқын құбылыстағы өлім мен аяқталу секілді жағымсыз оқиғалар көңілімді құлазытып, маған қатты әсер етіп мені жылататын-ды. Әлгі, сүйкімді жәндіктердің опат болғандарын көріп: «Қап, әттеген-ай! Түһ, обал болды-ау!» деп жаным сыздап, рухым қатты қиналатын. Ақыр соңы осылай, бос әурешілікпен тынатын тіршілік мен үшін өлімнен бетер азап боп көрінетін-ді. Сондай-ақ, өсімдік пен хайуанат әлеміндегі тамаша, көркем де сүйкімді әрі өте ғажап жаратылған жандылар дүниеге бір сәтке келіп, көзін ашып үлгерместен мына көрме тәрізді жарық дүнияға бір жалт етіп қарап, сосын жоқ болады. Мұны көргенде жүрегім сыздап көзіме жас келетін: «Неге келіп, неге тез кетеді?» деп тағдырларына қарсы көкейімде сұмдық сұрақтар пайда

— 14 —

болатын. Түк пайдаға жарамай, мақсатсыз, нәтижесіз әрі әп-сәтте жоғалып жатқан мына әдемі жаратылыс, мұқият үңіліп қараған адамға өте мән беріліп, мұқият әрі шебер әрі толық жабдықталып, жан-жақты қамтамасыз етіліп, өте қымбатты түрде жаратылады. Алайда, соңында түкке тұрмайтын зат сияқты парам-парша болып, құрып зая болуда. Мұны көрген сайын кемелдікке құштар, сұлулыққа құмар, қымбат та құнды нәрселерге ғашық сезімдерім зар еңіреп: «Неліктен бұларды қатігез түрде, аямай қиратып жатыр? Обал емес пе?» дейтін. «Осы бір көзді қарауытып, басты айналдыратын құбылыстардағы аяқталу, ақыры тынып, жоқ болу қайдан ғана келіп, мына бейшараларға тап болады, олардың жазығы не?!» деп өмірдегі қалыпты заңдардың сырттайғы қайғылы көріністеріне, тағдырына налып, наразылық туатын. Міне, сол кезеңде кенет Құранның нұры, иманның сыры, Рахманның жарылқауы "тәухид ұғымы" маған көмекке келді. Келді де әлгі қараңғы перделерді ашып ол әлемдерді жарыққа бөледі. Менің өкініш-қайғыларымды, жылап-еңіреген зарымды шаттық пен қуанышқа айналдырды. "Қап, әттеген-ай!" деген сөздерімді «Машаллаһ, Бәрекаллаһ!» дейтін таңданыс сөздеріне ауыстырды да маған: «Әлхамдулиллаһ ала нұрил Иман» дегізді.

Өйткені, уахдет ұғымымен қарағанымда: Әрбір жаратылыс әсіресе, әрбір жан тәухидтің сырымен көптеген тиімді де пайдалы нәтижелер береді, жалпыға ортақ жемістер сыйлайды екен.

Атап айтсақ, әрбір жанды мәселен мына тамаша гүл немесе анау бал тасушы ара, мағынасы терең, мінсіз және ұйқасты өлең тәрізді Жаратқан Иесін дәріптеп, мақтап тұр. Оны сансыз саналылар қызыға оқып, терең зерттейді. Олар Иләһи құдіреттің қымбат мұғжизалары, Раббани хикметтің жаршылары, барлығы жаппай Шебер Аллаһтың өнерін көрсетіп, қадірлеуші сансыз саналыларды қызықтыра шеберлігін жар салуда.

— 15 —

Һәм, өзінің өнерін өзі тамашалағысы келетін және өзінің керемет жәмалын өзі көруді қалайтын, сондай-ақ, өзінің көркем есімдерінің сәуле-шуақтарын, оның әсемдіктерін кішкене айналардан көргісі келетін Фатыр-ы Зүлжәлалдың назарына ілігіп мерейі үстем, жоғары абыройға бөленеді. Бұл, әрине жаратылыс үшін өте құнды нәтиже, асқақ абырой.

Һәм, ғаламдағы қызу қозғалысты реттеп, солай болуын талап ететін Аллаһтың «Рубубияты» болса, сол "Рубубияттың" көрініс табуына және Иләһи кемелдіктің айқындалуына (Жиырма төртінші Мектубта баяндалғанындай) бес тұрғыдан қызмет ету, әлбетте керемет абырой, киелі қызмет, мерейі үстем міндет. Және осы аталған пайдалар мен нәтижелерді білдірумен қатар, мына әлемге егер рух иесі болса өзінің орнына рухын, не болмаса сақтап қалатын көптеген заттарға, таспаларға немесе тұқым мен жұмыртқаларға болмысын тастап кетеді. Осылайша, жаратылу ереже-заңдарын сондай-ақ, белгілі бір мағынада келешек тіршілігін және ғайып әлемінде және "әлем-і әсмада" яғни есімдер әлемінде айна болып көрсеткен кемелдіктер мен әсемдіктерді қалдырып, ризашылықпен қызметтен босатылуы мағынасында, тек аты ғана "өлім" деп аталатын, ал негізінде өз міндеттерін аяқтап көзден таса болу деген сөз. Осылайша, тек дүниялық көздерден ғана жасырынып қалатынына куә болдым, «Әлхамдулиллаһ» деп шүкір еттім.

Иә, әлемнің бүкіл қабатында және барлық жаратылыстың түрлерінде байқалатын және әр тарапта кездесетін негізі мықты, өте қуатты да жоғары дәрежеде жарқын мына Иләһи жәмалсұлулықтар мен әсемдіктер, әлбетте, ширктің кесірінен туындайтын тым жағымсыз, нашар, мұңлы да жиіркенішті, болымсыз жағдайға айналып, сырт көзге көзге көрінгеніндей болуы мүмкін еместігін, ол бір қиял, құр сандырақ екендігін көрсетеді. Өйткені, мұндай негізі мықты болымды Иләһи жәмалдың астарында әлгіндей сұмдық жағымсыздықтың, зұлымдықтың сақталуы әсте мүмкін емес. Егер болса, әлгі шынайы жәмалдың ақиқатсыз, негізсіз, бос, әншейін, қиял болғаны. Демек, ширк құр қиял ғана, оның ақиқаты жоқ, негізсіз, әсте мүмкін емес, ол бір бұрыс ұғым. Ол, дұрыс ойды, түзу сананы ұйыққа сүйрейтін негізі жоқ, қарарсыз, мүлдем қисынсыз пікір.

Сезімге қатысты осы аталған имани ақиқаттар егжей-тегжейлі әрі нақты айғақтарымен «Сираджун-Нұр» тәпсірінің бірнеше кітапшаларында баяндалғандықтан әзірге қысқа қайырып ишарамен шектелгенді жөн көрдік.

ТӘУХИДТІҢ ҮШІНШІ ЖЕМІСІ

Бұл, саналы жандарға, оның ішінде адамға қатысты. Иә, шынайы уахдеттің саясында адамзат кемелдіктің шыңына жетіп, әлемнің құнды жемісі, жаратылыстың ең еркесі, ең кәмілі, тіршілік иелерінің

— 16 —

ең бақыттысы және әлемді жаратқан Аллаһпен сөйлесе алатын және Оның досы деген ұлы мәртебеге көтеріледі. Тіпті, бүкіл кемелдік атаулы және адамзаттың барлық ұлы мақсаттары тәухидпен тікелей қатысты, соған тәуелді, шынайы уахдеттің арқасында жүзеге аспақ.

Егер, уахдет болмаса, адамзат жаратылыстың ең бейбағы, болмыстың ең төмені, жандылардың ең бейшарасы, сана иелерінің ең мұңлығы, уайым мен қайғысы көп біреу. Себебі, адам табиғаты өте әлсіз бола тұра дұшпандары көп, өте пақыр әрі мұң-мұқтаждығы бастан асады. Солай бола тұра күрделі болмысқа ие, неше түрлі сезімдермен жабдықталған, сан-алуан қабілетпен қаруланған және тым көп, түрлі-түрлі қайғы жеп қамығатын әрі мыңдаған түрлі ләззат алып қызыққа бата алатын біреу. Оның аңсаған арман-тілектерін тек бүкіл әлемді басқарып тұрған құдірет Иесі ғана орындай алмақ.

Мысалы, адамның бойында мәңгі өмір сүруге қатты құштар. Оның бұл арманын орындау үшін бүкіл әлемді зәулім сарай секілді басқаратын және бір бөлменің есігін жауып екінші бөлменің есігін ашатындай оп-оңай түрде дүниенің есігін жауып ақыреттің есігін ашатын құдірет Иесі болуы керек.

Һәм, көңілінің тыныш, жанының рахат болғанын қалайды. Оның құпия да нәзік сан-алуан сезімдері мен таудай талап-тілектері және рухының бақи, ал, өзінің бақытты болуын қалайтын жойқын талап-тілектері мен шексіз биік мақсаттары бар. Бұларды тек қана, көңілге түйгеннің бәрін білетін, құпия-сырларды жаппай көретін, барлық нәрседен хабардар, бәрін жіті қадағалап отырған, алыс яки баяу күллі дыбыстың бәрін еститін, жауапсыз қалдырмайтын Біреу ғана орындай алады. Һәм, аспан мен жерді бұйрығын екі етпейтін тілалғыш сарбаздай әміріне бағындырып, оларды сансыз қызметке жүгіртетіндей құдіреті шексіз болуы керек.

Һәм, уахдет ұғымының арқасында адамның барлық сезім мүшелері мен ағзаларының қадір-қасиеті артып құндылыққа ие болады. Ал, ширк пен күпірліктің салдарынан сезімдер құнсызданып, азыптозып кетеді. Мысалға, адамның ең қымбат қасиеті ақыл. Егер, тәухид назарымен қараса, ақыл, Иләһи киелі қазына-байлықтарды, әлемнің мыңдаған сырларын ашатын өте қымбат кілт. Егер, адам ширк пен күпірлікке түссе, ақылы өткен шақтың уайым-қайғысы мен болашақтың үрей-қорқынышын басына үйіп-төгіп жинап, азаптайтын құралға айналады.

— 17 —

Сондай-ақ, адамның ең нәзік әрі шырын да тәтті сезімі, жоғары қасиеті оның мейрімділігі. Егер тәухид ұғымы болмаса мейірім сезімі, адамды өкіндіріп, күйдіріп-жандырып басына бәле болады. Жалғыз баласынан айырылған ғапыл ана мұндай ащы күйінішті толық сезінеді.

Һәм, мысалға, адамның тәтті де қызық әрі қымбат сезімі махаббат. Егер адам оны тәухидтің сырымен пайдаланса, ол мына кіп-кішкене пендені бүкіл әлемдей өрісін кеңейтіп, тыныс-тіршілігін, ауқымын ұлғайтып күллі жаратылыстың сұлтаны қылады. Егер адам, ширк пен күпірлікке түссе - Құдай сақтасын! - ол сезім басына бәле болады. Әрдайым аяқталып, жоқ болып кете беретін көптеген сүйіктілерін қимай, мәңгіге қош айтысатынын ойлағанда, бейшара көңілі мен жүрегі әр сәт қайғының уын ішеді. Дегенмен, бұ дүнияда пендені қапы қалдыратын алдамшы қызықтар оны уақытша сездірмегендіктен сырты бүтін іші түтін болып жүре береді.

Міне, осы үш мысал арқылы адамзат бойындағы жүздеген ағза мен сезімдерді салыстырсақ, "уахдет" пен "тәухид" адамның кемелденуінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын түсінесің. Бұл үшінші жеміс "Сираджун-Нұр" тәпсіріндегі жиырма кітапшада өте тамаша дәйектермен жан-жақты түсіндірілгендіктен әзірге ишарамен шектелуді жөн көрдік.

Иманның осы үшінші жемісін жазуға себеп және оған көз жеткізген менде бір сезім болды; Бірде таудың биік шыңына шықтым. Менде ғапылдықты жоятын рухани ізденіс пайда болды. Рухани ояу хәлімде қабір әлемі толық мағынада, өлім де ашық түрде және аяқталу мен пәнилік деген нәрселер мұңлы да қараңғы тұстарымен көріне бастады. Әркімде болатыны секілді менің де бойымдағы мәңгілікке деген құштарлық сезімім кенет дүниядағы мұндай аяқталу дегенге разы болмай қарсылық білдіреді. Өте жақсы көріп, жоғары бағалап риза болған, қоян қолтық аралас-құралас болған қимас кәміл жандар мен әнбия-әулиелердің осылай жоқ болып кетуіне келіспей бойымдағы мейірім сезімі қабірге қарсы ашуланып наразылық білдірді.

Мен өзіме бір медет іздеген боп айналама, алты жағыма қарадым. Өкінішке орай ешбір медет, бірде-бір жұбаныш таба алмадым. Өйткені, өткен шақтың өзі ауқымды мазар, қорқынышты қабір бейнесінде, ал, болашақ болса бар жоғы белгісіз қап-қараңғы түнек, ал жоғарысы болса үрейлі, үстіме төңкеріліп кетердей, ал төменгі жақ пен оң мен солым болса қайғылы да қауіпті халде, зиянкес пәлелерге

— 18 —

толы, бәрі шабуыл жасағалы тұрғандай көрінді. Бірден уахдеттің нұрымен тәухидтің сыры ашылып, көңілге медет келді. Қараңғы пердені ашып жағдаяттың ақиқатын көрсетті.

Маған: "Қара!" деді. Ең әуелі, менің зәремді ұшырып қатты қорқытқан өлімнің жүзіне қарадым. Сондағы көргенім; Өлім дегеніміз, иманды жандарды демалысқа шығаратын, ал ажал болса оның шақыру билеті, құжат екенін көрдім. Ол, мекен-жай ауыстыру, бақи өмірдің кіріспесі, мәңгіліктің қақпасы, мына зынданға ұқсас дүниядан құтылып жәннат бауларына сапар шегу және бұл дүниеде атқарған қызметінің ақысын алуға Рахманның алдына барып кезекке тұру, мәңгі бақыт әлеміне шақыру екені анықталғанда өлім мен ажалға оң көзбен қарап ұната бастадым.

Сосын, "аяқталу, пәни яғни уақытшалық деген не?" деп ойландым. Қарасам, ол кино ленталары секілді немесе күннің шуағын шағылыстыратын көпіршіктер тәрізді әрдайым өзгеріп отыратын қызықты құбылыс, жаңару... Аллаһтың көркем есімдерінің керемет нұр-сәулелерін басқаша көрсету үшін ғайып әлемінен шығып шәһадат әлеміне келу, белгілі бір міндет атқару, арнайы жасалатын құбылыс, мақсатты жаңару екенін көрдім. Ол, Рубубиеттің жәмалының хикметке толы көрінісі, жаратылыс болса мәңгі бақи Аллаһтың көркем есімдерін шағылыстыратын айна екеніне көзім әбден жетті.

Сосын, мені қоршаған алты жаққа қарадым. Қоршаған ортам тәухидтің сырымен нұрланып көздің жауын алатындай керемет көркем екеніне куә болдым. Яғни өткен шақ үлкен мазарлық емес, анығында басқосу, болашаққа сапар шеккен мыңдаған жандардың мәжілісі, тамаша жиналыс екенін көрдім. Тағысын тағы...

Осылайша мыңдаған жаратылыстың мән-мағынасын, ақиқатын, шынайы жүзін көрдім. Көрдім де олардың бәрі адамды қуантып, шүкір еткізетін жағымды әсерге толы екенін білдім. Мен, осы үшінші тарауға қатысты сезімдерім мен алған әсерімді РисалейНұрдың бәлкім қырық жерінде жалқы немесе жалпы түрде дәлелдермен баяндаған болатынмын. Әсіресе "Жиырма алтыншы Лема" "Қарттар рисалесінің" он үш үміт атты бөлімінде нақты түрде тамаша түсіндірілген-ді. Меніңше, одан артық баяндау мүмкін емес. Сондықтан, мұндай терең де күрделі мәселені бұл жолы өте қысқа қайырдық.

* * * * *
— 19 —

ЕКІНШІ МАҚАМ

[Тәухидті талап ететін, "уахданиет" пен "уахдетті" яғни Жаратқанның жалғыз және барлығын бір өзі жасайтынын және оны сөзсіз керек ететінін сондай-ақ, "ширк" яғни басқаның ортақ болуын қабылдамайтынын, оған әсте жол бермейтінін көрсететін айғақ, дәлелдер жеткілікті, сансыз. Оның жүз тіпті мыңдаған дәлелі Рисалей-Нұрда жан-жақты баяндалғандықтан қазір талап, шарттарының үшеуіне қысқаша тоқталып өтеміз.]

БІРІНШІСІ: Әлемде көзге көрініп тұрған хикметке толы құбылыс-әрекеттер, көрегендікпен басқарылу ісі, бізге мынаны мегзейді, жаратылыс бір Хакийм-і Хакимның, бір Кәбир-і Кәмилдің шексіз ілімімен, кемел сипаттарымен, теңдессіз құдретімен болуда, яғни жаратылуда.

Иә, осындай құбылыстардан мұны жасаушының толық "рубубият" дәрежесінде әкімгершілігі, билік-басқармасы бар екенін тез ұғып, нақты тоқтам жасауға болады. Және оның толық "жәбарутият" дәрежесінде "кибриясы" мен "азаметі", толық "улухият" дәрежесінде кемел сипаттары, "истиғнасы" яғни ешнәрсеге мұқтаж еместігі, кемелдігі және ешқандай да бір шартқа тәуелсіз, ережезаңға бағынбайтын "фағалияты" мен "салтанаты" яғни қызу жұмыс атқаруы мен үстем билігі бар екенін түсінуге, тіпті көруге болады. Ал, "әкімгершілік", "кибрия" яғни шексіз, кемелдік, "истиғна", "ытлақ", "ихата" яғни барлық жерді қамту, шексіздік секілді сипаттар болса "уахдетті" жалғыздықты, дара болуды талап етеді, басқаның ортақ болуын әсте қабылдамайды. "Әкімгершілік", "әмірлік" уахдетке қалай куәлік ететіні жайлы Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде нақты түрде дәлелдеген болатын. Қорытындысының қорытындысы мынандай:

Әкімгершілік тәуелсіздікті, даралықты талап етеді. Ол өз ісіне басқаны араластырмайды, бұл оның қатаң талабы. Тіпті, әлсіздігіне орай көмекке мұқтаж адамдардың арасында да, әлгі Иләһи әкімгершіліктің алыстан шағылысы, көмескі сәулесі өз ісіне басқаның араласуына жол бермей, тәуелсіздігін сақтау үшін бір елде

— 20 —

екі патша, бір уәлаятта екі болыс, бір ауылда екі әкім болмаған. Болса, соғыс басталып, қан төгіс, бүлік шыққан. Енді, әкімгершіліктің ең көмескі сәулесі әлсіз де көмекке мұқтаж адамзат әлемінде осындай пәрменді түрде басқаны араластырмай, ортақ болуды қабылдамай жатса әлбетте, әлсіздіктен ада, құдреті шексіз Қадир-ы Мұтлақтың "рубубияты", әкімгершілігі ешбір тұрғыдан ортақтықты, басқаның араласуын әсте қабылдамайды, үзілді-кесілді жол жоқ және Аллаһтың ортағы бар деп, соған сенгендерді қаһарлана құзырынан қуып тентіретіп тозағына тастайды.

Міне, Қасиетті Құранның Аллаһқа серік қосушылар туралы қаһарын шашып, ашуын көрсететін аяттары осы аталған ақиқатқа байланысты.

Енді, Аллаһтың "кибрия" (алыптығы), азамет (ұлықтығы), жәлал (айбындылығы) сипаттары уахдетті қалай дәлелдейтіні жайлы, ол да Рисалей-Нұрда бұлтартпас айғақтармен баяндалған-ды. Қазір өте қысқа да нұсқа мағынасына ишара етілмек.

Мысалы, Күн нұрының қуаттылығы, жойқын жарығы егер перде болмаса және жақын болса басқа көмескі жарықтарға ешқандай да қажеттілік қалдырмайды, оларға әсер ету мүмкіндігін бермейді. Дәл сол секілді Иләһи құдреттің ұлықтығы мен зор алыптығы басқа бір күш-қуатқа, өзге бір құдретке қажеттілік қалдырмайтыны секілді оларға ешқандай да жарату, тура әсер ету мүмкіндігін бермейді. Әсіресе, ғаламдағы Раббани мақсаттардың шоғырланған, түйіскен нүктесі болып табылатын тірі жандар мен сана иелерін басқа біреулерге беруі әсте мүмкін емес.

Һәм, адамның жаратылысындағы мақсаттар мен шексіз түрлі нығметтердің жаратылысындағы мұраттардың көрініс табатын жерлерін, өзегі болып табылатын тірі жандардың ұсақ түрлеріндегі хал-ахуалын, жемістерін және нәтижелерін бөтен біреулердің иеленуіне әсте жол бермейді, мүмкін емес.

Мысалы, бір тірі жан сәл ауырып сосын шипа тапқаны үшін немесе рызықы үшін немесе һидаяты үшін Аллаһтан басқа біреуге шынайы түрде қарыздар болып, табынатындай дәрежеде өзгеге риза болып Раббысынан басқаны мақтап-мадақтауы Иләһи рубубиятқа, Аллаһтың ұлықтығына шәк келтіретін жайт. Бұл Улухияттың "кибриясына" жараспайтын қылық, Аллаһтың "мұтлақ мағбудиятына", үстем мерейіне кір келтіретін жәйт, "жәлалы" мен "қаһарын" шақыратын оқиға.

— 21 —

Енді, кемелдіктің уахдетке қалай ишара қылатынына келер болсақ, ол да Рисалей-Нұрда көптеген нақты айғақтармен баяндалған-ды. Өте қысқа тұжырымы былай:

Аспан мен Жердің жаратылуы анық түрде өте кемел абсолюттік бір құдретті қажет етеді. Тіпті, әрбір тірі жанның ғажайып табиғаты, ағзалары да толық абсолюттік құдретті керек етеді. Және әлсіздік дегенді мүлдем білмейтін, ешқандай бір шартқа тәуелсіз мұтлақ құдреттің кемелдігі болса, ол да "уахдетті" талап етеді. Әйтпесе кемелдігіне нұқсан келіп, барлығын қамтитын толық сипатына шектеу қойылған болады. Шексіздігіне шек беруге, асқан құдретіне тосқауыл болып, шексіз бола тұра шектеулі деп қабылдауға тура келеді. Бұл әрине, бес есе қисынсыз әсте мүмкін емес болжам.

Енді, "ытлақ", "ихатаның" яғни шексіздік пен барлығын толық қамту деген нәрсенің және шексіздіктің уахдетті қалай дәлелдейтініне келейік. Бұл да "Сирадж-ун Нұрда" егжей-тегжейлі түсіндірілген болатын. Қысқаша тұжырымы;

Ғаламдағы іс-әрекеттердің әрқайсысы өзінің салдар-нәтижесімен әртарапты басып алғандай жайылып, жан-жақты толық қамтуы, бұл бізге әрбір іс-әрекеттің "мұхит" екенін яғни барлығын толық қамтитынын, шексіз екенін, шекарасы жоқ екенін көрсетеді. Ал, "ширк" яғни басқаның ортақ болуы болса, бұл "мұхит" сипатты шектеп, барлығын қамту дегенді тойтарып, шексіздікті шектеп мәнісін жояды. Олай болса әлбетте, әлемдегі "мұтлақ" және "мұхит" істерден өзге, Аллаһқа ортақ басқа бір іс-әрекеттің болуы әсте мүмкін емес.

Иә, "ытлақтың" яғни бәрін жаппай қамту дегеннің мәнісі ортақтыққа қарама-қайшы нәрсе. Өйткені "ытлақтың" мағынасы тіпті, ол, аяқталатын, заттық және шектеулі бір нәрседе болса да барлық жерге жайылып, дара түрде әртарапқа, әр жерге тарап, жаулап алады деген сөз. Мәселен ауа немесе жарық яки нұр немесе жылу, тіпті су, бұлар "ытлақ" болған кезде яғни айналасын қамтитын жағдай болған кезде әртарапқа жайылып, айналаны басып алады. Сонымен "ытлақ" сипаты шағын, шектеулі нәрсенің өзінде әрі заттық, шектеулі заттың өзін шексіздікке ие қылып, барлығын қамтып етіп жатса, әлбетте "күлли" әрі "хақиқи ытлақ" мұндай шексіз, һәм заттық емес, материядан ада, кемшілік атаулыдан пәк сипаттарға осындай шексіздік, барлығын қамту дейтін ерекшелік береді. Сөйтіп ширкке, басқаның ортақ болуын, жалпы ортақтықты ешбір тұрғыдан қабылдамайды, әсте жол бермейді.

— 22 —

Сонымен, ғаламдағы болып жатқан мыңдаған жалпыға ортақ, бәрін қамтып тұрған іс-әрекеттердің, сондай-ақ, сәуле-шуақтары көрінетін жүздеген Иләһи есімдердің әрқайсысының һәм "әкімдігі", һәм "кибриясы" һәм "кемелдігі" һәм бәрін қамтуы һәм шексіздігі, бәрі-бәрі "уахдет" пен "тәухидтің" бұлтартпас айғағы, қуатты да мықты дәлелі болып табылады.

Һәм, мысалы жойқын күш-қуат бір іс жасарда әртарапты жаулап, толық қамтып алуға дайын, өзге қуаттардың күшін жойып, бейтарап күйге түсіреді. Сол секілді әрбір "Рубубияттың іс-әрекетінің", әрбір "Улухияттың есім-сипаттарының жойқын қуаттары істерінде анық көрінеді. Егер барлығын қамтитын жалпылама "хикмет", толық "әділдік" болмаса, оларды тоқтатып тізгінін тартпаса, әрқайсысы барлық болмыс атаулыны қоршап, барлығын қамтып алар еді.

Мысалы, жер бетінде бүкіл терек ағашын жаратқан, оны өсіріп, жан-жақты қамтамасыз еткен күш-қуат, ағаштың жанындағы аралас өскен жаңғақ, алма, шие секілді жеміс ағаштарының қасында матасып өскен өсімдіктерді, өзі тектес теректерді жаппай әсер еткен күлли қуатты бағындырып, өзіне қаратып алмауы, үкімін жүргізіп басқармауы, толық қамтымауы мүмкін бе? Оларды басқа күшқуаттардың қолына беріп қоюы мүмкін бе?! Әсте!

Иә, әрбір түрді тіпті, әрбір тұлғаны жеке жеке басқарып отырған құдрет-күштің бар екені анық сезіледі. Ол құдрет бүкіл ғаламды қамтитындай, барлық затты тізгіндейтіндей, күллі жаратылысқа үкімі жүретіндей дәрежеде орасан зор, тым жойқын. Әлбетте, мұндай күш-құдрет ортақтықты, өзгенің іске араласуын әсте қабылдамайды, оған жол бермейді.

Сондай-ақ, бір жеміс ағашының иесі ол ағашқа аса мән беріп, оның алаңдататын нәрсе, ол ағаштың жемісі мен бұтақтарының басындағы нәтижелері және тұқым боларлық сол жемістің ішіндегі дән-дәнектері ғой. Оның иесі ақылы болса тал-бұтақтарындағы жеміс-жидектерді мәңгі түрде, мүлдем өзгелерге толық еншілеп, өз иелігін бостан-босқа бұза салмайды.

Дәл сол секілді, мына ғалам дейтін ағаштың тал-бұтақтары іспеттес ұсақ бөлшектер яғни элементтер мен олардың ұшындағы гүл немесе жапырақ тәрізді өсімдіктер мен жан-жануарларды, сондай-ақ, әлгі жапырақ пен гүлдерден әлдеқайда жоғары орналасқан жемістерді яғни адамдарды және ол жемістердің тәтті жемісі яғни нәтижелерінің

— 23 —

нәтижесі болып табылатын ғибадат, шүкірлерін әсіресе ол жемістердің күрделі дәнегі іспеттес қалбтерін (жүрек, көңіл) және "захр-ы қалб" деп аталатын ес, жады дейтін сезімдерін басқа күш-қуаттарға еншілеп, беріп қоймайды. Өйтіп, рубубиятының салтанатын, мерейі үстем билігін, патшалығын күйреуіне жол бермейді. Күйретіп өзіне табындыру ісін тоқтатып, үстемдігін бұзбайды.

Һәм, "мүмкинат" әлемінің және "кесреттің" ең ұштарындағы ұсақ жаратылыста тіпті, ол ұсақтардың да ең болмашы хал-ахуалында және ең қарапайым жағдайларында рубубияттың ұлы мақсаттары тоғысып ұштасатындықтан әрі Иләһи мағбудиятқа яғни табындырға қатысты және сол табындыруға арналған ризашылық пен алғыстардың, қарыздар болудың бұлағы әлгі хал-жағдайлар болғандықтан әлбетте, оларды бөтен себептерге еншілеп бере салмайды, өйтіп өзінің хикметін бұзбайды, улухиятына шәк келтіртпейді. Өйткені, болмыстың жаратылуындағы Иләһи ұлы мақсат, өзін ақыл мен сана иелеріне таныстыру, жақсы көргізу, мадақтатып дәріптету, өзіне қарыздар етіп, шексіз ризашылығын алу, құлшылық еткізу болып табылады.

Осы күрделі де терең сыр үшін, шүкір мен табынуды, қарыздар болу мен махаббатты, мадақ пен құлшылықты нәтиже беретін "ризық", "шипа" әсіресе "һидаят" пен "иман" секілді "кесрет" алаңының яғни жаратылғандардың арасында жиі кездесетін мұндай ұсақ бірақ ауқымды, күллі істер, жарылқаулар анық түрде тікелей әлемнің Жаратушысы Аллаһтың ісі, бүкіл жаратылыстың иесі Құдайдың рахымы, Оның жарылқауы мен өнері, Оның сый-сияпаты екенін білдіру үшін қасиетті Құран

{(Сілтеме): Мысалыға: اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ }

қайта-қайта "ризық беру, тура жолға салу, шипа беру тек бір Уажиб-ул Ужуд, Аллаһтың қолында, оларды беру тек Оның ғана қолынан келеді" дейді және басқа бөтен біреудің бұл іске араласпайтынын қатаң ескертеді.

Иә, адамзатқа мәңгі бақыт мекенін еншілеп, ие қылатын "ИМАН" дейтін нығмет әлбетте сол мәңгі мекенді жаратқан және Иманды оның кілті қылған Зат-ы Зүлжәлалдың жарылқауы, соның ғана нығметі екені сөзсіз. Одан басқа біреу, осыншама үлкен нығметтің иесі, сыйлаушысы болып, құлшылықтың алып арнасын жауып, ең маңыздысын өзіне қаратып иеленуі әсте мүмкін емес.

— 24 —

ҚОРЫТЫНДЫ. Әлемді бір ағашқа теңесек, оның ең ұшындағы ең ұсақ хал-ахуал мен жеміс-нәтижелер екі тұрғыдан "тәухидке", "уахдетке" ишара қылады, куәлік етеді.

БІРІНШІДЕН. Ғаламдағы Рубубияттың бүкіл мақсаттары сол жерде тоғысады, және көптеген Иләһи көркем есімдердің сәулешуақтары, анық белгілері мен жаратылыстың нәтижелері, пайдалары сол нүктеде қосылып, ұштасады. Сондықтан олардың әрқайсысы осы тұрғыдан былай дейді: "Мен бүкіл әлемді жаратқан Құдреттің ісімін, оның өнерімін!".

ЕКІНШІДЕН. Әлгі кішкене бірақ маңызды жемістің қалбы һәм хадистің сөзімен айтсақ "захр-ы қалб" деп аталатын адамның есі (жады), көп нәрселерді сақтайтын мазмұн, шағын үлгі-мысал және әлем ағашының мағынауи дәнегі, көптеген Иләһи есімдердің нәзік айнасы болып табылады. Сондай-ақ, әлгі қалб пен есте сақтау қабілетіне ұқсас қалбтар мен естердің (дән, тұқым, жұмыртқа..) секілді нәрселердің әлемнің барлық жеріне тарап, жайылуы әлбетте, бүкіл әлемді билеп басқарып отырған бір Құдайдың ісі. Олар өзіне тән тілдерімен былай дейді: «Біз тек бір Аллаһтың өнеріміз, жалғыз Соның ісіміз!»

Қортып айтсақ, қалайша бір жеміс өзінің пайдасы жағымен толығымен сол ағаштың иесіне тиесілі, сонікі болып есептеледі. Ал, дәнегі жағынан, түгелдей сол ағаштың бөлшектері мен құрамына, сапасына тәуелді болады. Ал, өзі секілді ұқсас жемістер жағымен, жүзіндегі біркелкі таңбасы тұрғысынан, сол ағаштан шыққан бүкіл жемістерімен байланысты болып, олардың атынан: "Біз бәріміз бірміз және бір қолдан шықтық. Біреудің ғана мүлкіміз және біреуімізді жасаған әлбетте, бәрімізді сол жасаған!" дейді. Дәл солай, кесрет әлеміндегі яғни кең ауқымдағы көпшіліктің яғни бүкіл жан-жануарлардың әсіресе, адамның жүзіндегі таңба мен оның көкейінде сақталған мазмұндар, болмысындағы нәтижелер және жемісі жағымен тікелей, тұп-тура бүкіл әлемді Рубубиетімен, билікбасқармасымен қамтитын бір Құдретке тиесілі екенін көрсетіп, Оның уахдетіне куәлік етеді.

УАХДАНИЯТТЫ КЕРЕК ЕТЕТІН ЕКІНШІ СЕБЕП:

Уахдетте керемет жеңілдік, өте оңайлықтың болуы, ал ширкте тым қиындық, мүшкілдің болуы. Бұл ақиқат, Имам Алидың (р.һ.) сөзімен айтсақ, "Сирадж-ун Нұр" атты кітапта, әсіресе

— 25 —

"Жиырмасыншы Мектубта" және "Отызыншы Леманың" төртінші тұжырымдамасында мұхтасар түрде нақты әрі жарқын дәлелденген болатын. Және бүкіл жаратылысты бір Аллаһқа тапсырса, бүкіл әлемнің жаратылысы мен басқарылуы бір ағаштың жаратылуы сияқты оңай және бір ағаштың жаратылуы бір түйір жемістей жеңіл, бір көктемді жарату мен ауыстыру бір түйір гүлді жарату секілді оңай және саны шексіз түрлі жаратылысты басқару біреуін басқару секілді оңай, еш қиындығы жоқ екені дәлелденген-ді.

Егер ширк қосып жаратылысты себептер мен табиғатқа тапсырса бір түйір нәрсенің жаратылуы бір түрдің немесе бірнеше түрдің жаратылуы секілді қиын болады. Бір түйір дәннің жаратылуы бір ағаштай, тіпті жүз ағаштай, ал бір ағаштың жаратылуы, оның өсіпөнуі, басқарылуы бүкіл ғаламдай тіпті, одан да қиын болар еді.

Сонымен "Сирадж-ун Нұрда" бұл ақиқат осылай дәлелденген еді. Сондай-ақ, жаратылыстың өте шебер әрі күрделі әрі мол жаратылып жатқанын көзбен көріп отырмыз. Әрбір жандыны керемет ағзаларымен сансыз түрде көп әрі өте жылдам түрде әрі жеңіл, еш қиындықсыз жаратуда. Олай болса әлбетте, бұл молшылық, бұл жеңілдік уахдеттен туындап, бір ғана Құдреттің ісі екені анық. Әйтпесе, мұндай арзаншылық, молшылық, жылдамдық, маңыздылық болмас еді, тіпті қазір бес параға алып жүрген жемісті бес жүз лираға ала алмас едік. Мүмкін табылмайтын дәрежеде қиын болар. Қазіргі таңда, түймесін бассаң болды жұмыс істеп кете беретін машиналар секілді тез әрі оңай жаратылып жатқан тіршілік иелері ол кезде жаратылуы қиындап, дүниеге келуі мүшкіл болар еді. Бар болғаны бір күнде, бір сағатта, бір минутта толық ағзаларымен жаратылып жатқан кейбір жәндіктер бір жылда, тіпті жүз жылда жаратылуы қиын, тіпті мүмкін болмас еді.

Бұл ақиқат "Сирадж-ун Нұрдың" жүз жерінде ең қырсық дінсіздің өзін аузына құм құятындай дәрежеде нақты дәлелденген болатын. Барлық затты бір Аллаһқа тапсырса барлығы бір зат секілді оңай әрі тез жаратылып әрі арзанға түсер еді. Егер, жаратылысқа табиғат пен себептердің үлесі бар десе, бір заттың жаратылуы бүкіл нәрсенің жаратылуы секілд мүшкіл, қиын, әрі кеш әрі маңызсыз әрі қымбатқа түсер еді. Бұл ақиқаттың дәлелдерін көргің келсе, Жиырмасыншы, Отыз үшінші Мектубқа және Жиырма екінші, Отыз екінші Сөздерге, сондай-ақ, табиғат жайлы Жиырма үшінші Лема мен исм-і Ағзам туралы Отызыншы Лемаларға, әсіресе Отызыншы Леманың "Ферд",

— 26 —

"Қайюм" есімдеріне қатысты төртінші, алтыншы тұжырымдарға қарасаң, бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай дәрежеде анық дәлелденгенін көресің. Қазір сол дәлелдердің біреуіне ғана ишара етіледі.

Бір нәрсенің жаратылуы я жоқтан, я да дайын бөлшектерден құрастырылып жасалатыны мәлім. Егер, бәрін бір Аллаһ жаратады десе Жаратқанның барлығын білетін шексіз ілімі мен бәріне жететін құдреті болса болды, жетіп жатыр. Барлық нәрсенің пішіні, іліми болмысы алдын ала Оның шексіз ілімінде дайындалып құдреті оны нақты денеге айналдырады яғни сырт көзге жоқтан бар қылады, яғни жаратады. Ол, бейне бір, күкірттің лап етіп тұтануы немесе көзге көрінбейтін сиямен жазылған жазуды көрсету үшін арнайы дәріні үстіне төгу немесе фото суретті жарыққа шығару үшін негатив таспаның арнайы дәріленетіні секілді әрнәрсе өте оңай түрде Шебер Аллаһтың ілімінде жоспары, пішіні, бағдарламасы, мөлшері дайын тұрады да әр нәрсені "Күн фая күн!" әмірімен сырттай жоқтан жаратып кәдімгі дене, материя кигізеді.

Егер, құрастырып, заттардан реттейтін болса яғни жоқтан жаратпай дайын бөлшектерден жинастыратын болса да бәрібір оңай. Бейне бір әскери бөлімшенің тынығуға жіберілген жауынгерлерін бір кернейдің даусымен жинап, сап түзейтін секілді және мұны өте жеңіл атқаратыны және сол жағдайды сақтай отырып әрі қарай жалғастыруда бүкіл әскер жаппай қолбасшының қол астында саналып, оның қуатымен, заңымен жүзеге асатынындай оп-оңай.

Сонымен, ғаламның Сұлтаны Аллаһтың қол астындағы зәррелер Аллаһтың ілімімен, Оның жазуымен, тағдырының ережелеріне сәйкес және шексіз құдретімен және сол зәррелерден құрастырылған болмыс та Аллаһтың құдретімен, Оның заңына бағынып, қызметшілері секілді жеңіл түрде жаратылып әлгі зәррелерге жол ашады. Бір тіршілік иесінің болмысын жасау үшін іліммен, тағдырмен жасалған мағынауи қалып тәріздес белгілі бір мөлшерге, пішінге шақталып кіреді де сосын өз орнына жетіп тоқтайды. Егер, болмысты түрлі күштер мен себептер немесе тосын табиғат сықылды нәрселер жаратады десе, мүлдем қисынсыз, ол тығырыққа тіреледі. Себебі ешбір себептің ешбір тұрғыдан жоқтан жарата алмайтыны бүкіл ақыл иелері тарапынан расталған. Өйткені, себептердің ауқымды ілімі, шексіз құдреті болмағандықтан жоқтан жарату қолынан келмесі анық. Себебі, ол жоқтық сырттай, жәй бір жоқтық емес, "мұтлақ

— 27 —

жоқтық" еш яғни мүлдем жоқтық. Одан бір нәрсе жарату мүмкін емес. Өйткені іліп-алар ешнәрсе жоқ. Олай болса, міндетті түрде құрастырмақ. Егер құрастыратын болса, мәселен, мынау тіршлік иесі шыбынның яки гүлдің болмысын яғни оның бөлшектерін жер жүзінен жинап, құрастыру керек және майда електен өткізуге тура келеді. Содан кейін ғана өте қиын әлгі өзіне тән зәррелер іріктеліп таңдалып алынады. Кейін олар әлгі болмыстың бойынан ыдырап, шашылып кетпей сол қалпын сақтауы үшін - мағынауи және іліми қалып болмағандықтан - материалдық, кәдімгі заттық қалып, тіпті қанша ағзасы болса сонша қалыптар қажет болады. Сонда ғана, әлгі іріктелген зәррелер манағы тіршілік иесінің денесін құрастырып тұра алмақ.

Сонымен, барлық нәрсені бір ғана Құдретке тапсыру міндетті түрде оңай әрі солай болмақ шарт. Ал, көптеген себептерге тапсыру мүлдем мүмкін емес, "мухал" яғни абсурд, тығырыққа тірелу, мүшкіл болады. Ал, бәрін бір ғана Зат-ы Уахид-і Әхадқа берсе, өте арзанға түсуімен қатар өте қымбатты әрі өнермен жаратылып, өте шебер жасалмақ. Егер ширк ұғымын қабылдап себептерге, табиғатқа еншілесе өте қисынсыз мүшкіл жолға түскен болады және жаратылыс түкке тұрғысыз, жәй қарапйым, әншейін ешқандай өнерсіз, құнсыз болар еді. Өйткені, бір адам әскерге тіркеліп үлкен қолбасшының атынан әрекет қылып, соған сүйенер болса, қалың әскер оның артында демеуші болып, қажет болса рухани демеу жасап, әлгі жауынгерге қолбасшының өзі де әскерінің күш-қуаты да тіреніш болады. Ол енді өз күшінен әлдеқайда мол күш-қуатқа ие болып, қажетті заттар мен қару-жарақты өзі тасуға мәжбүр болмайтындықтан орасан зор қызмет атқарып, құдрет-күші тасып жаудың қолбасшысын тұтқындап, бір қаланы солайымен көшіріп, қорғанды тас-талқан етіп басып ала алады. Оның істеген істері осындай таңғажайып әрі керемет болмақ.

Егер, әскерлікті тастап өз бетінше әрекет қылса, әлгіндей ғажап демеу мен күш-қуаттан айырылып, күш-құдретін дереу жоғалтады. Жәй қарапайым деңгейге түсіп жеке басының өзіндік қуатына сай шамалы, азғантай, түкке тұрмайтын, болмашы істер атқарып, еңбегінің нәтижесі де соғұрлым азайып кетер еді.

Дәл сол секілді, тәухид назарында барлық нәрсе Қадир-і Зүлжәлалмен байланысып, Оның атымен орындалатындықтан бір құмырсқа Перғауынды, бір шыбын Нәмрудты, бір микроб өктемшіл залымды жер жастандырады. Сол секілді, тырнақтай бір дәнек таудай

— 28 —

зәулім ағашты биікке көтеріп, оған қажетті бүкіл заттардың бұлағы, кәсіпорны ретіндегі күрделі жаратылысқа ие болады. Сонымен қатар, әрбір зәрре жүз мыңдаған Иләһи өнерге айна болып, сан-алуан түрлі болмыстардың пішіндерін жасауда қолданылып, қызмет етеді. Міне, олар осындай сан-алуан шексіз қызметтерді әлгі байланыс пен демеудің арқасында жасайды. Әлгі кіп-кішкене қызметшілер мен ерекше әскерлер арқылы жасалған нәрселер өте керемет, шебер әрі аса құнды. Өйткені, ол нәрселерді жасайтын Қадир-і Зүлжәлал сол қызметшілер арқылы, оларды бір перде ретінде пайдаланады. Егер, ширк ұғымымен осы себептер жаратады десе, ол кезде құмырсқаның ісі өзіндей болмашы, ал зәрредегі өнер зәрредей түкке тұрғысыз, бірдеме болып қалар еді. Осылайша барлығы мән-мағынасынан айырылатыны секілді заттық тұрғыдан да құлдырап кететіні сонша, бүкіл дүнияның бес тиындық құны қалмас еді. Бұның ақиқат екені апайқын. Дегенмен барлық нәрсе өте құнды әрі аса шебер жаратылуда және болмысы мәнді де, қуатты. Оны көзімізбен көріп жүрміз. Олай болса, әлбетте тәухид жолынан басқа жол жоқ, болуы да мүмкін емес. Егер болса, жаратылыстың ақиқатын жаппай өзгертуге тура келеді, дүнияны жоқ қылып қайтадан түкке жарамайтын, жәй, бос нәрселерге толтырып жаратуы керек. Сонда ғана ширкке мүмкіндік туады. Міне, Хазіреті Алидің (р.һ.) "Сиражин-Нұр", "СиражисСұрж" деп атаған Рисалей-Нұр кітабында тәухидке қатысты мұндай терең ақиқаттар жан-жақты түсіндіріліп, баяндалған-ды. Жүздеген айғақтардың біреуінің қысқаша мазмұнымен таныстың, қалғанын өзің салыстырып көр!

ТӘУХИДТІҢ ҮШІНШІ ТАЛАБЫ. Әрнәрсенің әсіресе тірі жандардың жаратылысы ерекше шебер түрде өнермен жасалады. Бір дән бір жемісті, бір жеміс бір ағашты, бір ағаш өзімен тұқымдас түрді көрсетеді. Ағаштың бір түрі, бір тұқымы дүниенің кішкене үлгісі, шағын бейнесі, тіпті ғаламның мазмұны, жинақы нұсқасы, картасы, мағынауи бір дәнегі, сүзіліп алынған өзегі тәрізді. Сондықтан олардың біреуін ғана жасаған құдрет міндетті түрде бүкіл ғаламды жаратқан құдрет болуы тиіс. Бір қауынның дәнегін кім жаратқан болса әлбетте қауынды да сол жаратқан. Одан басқа біреу болуы әсте мүмкін емес, мүлдем қисынсыз.

Иә, байқап қарасаңыз, қанның әрбір зәрресі керемет жүйелі әрі көптеген маңызды қызмет атқарады. Оның жүйелілігі аспандағы жұлдыздан асып түспесе кем емес. Қандағы қызыл, ақ түйіршектердің

— 29 —

әрбірі бүкіл денені сақтау, азықтандыру тұрғысынан өте саналы түрде күрделі қызмет атқаратыны сондай азық-түлік сататын саудагерлерден әлдеқайда керемет, тәртіп сақшысы әскерлерінен анағұрлым тәртіпті. Денедегі әрбір жасуша өзара қарым-қатынас кезінде, кіріс пен шығыс тұрғысында керемет қызмет ететіні сондай ең тамаша дене мүшесінен де тамаша, керемет ғимарат-сарайдан да керемет жүйелі басқарылуда.

Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір түрінің сыртқы жағында ерекше белгі-нышандар, ал ішкі жағында қызу жұмыс істеп жатқан айрықша завод, фабрикалар бар. Демек, бүкіл жануарларды, барлық өсімдіктерді жаратқан бір Құдірет қана әлгі белгі-нышанды жасап, әлгіндей механизмді орналастыра алады. Тіршілік иесінің әрбір түрі жер бетіне керемет жүйелі түрде кеңінен тараған және басқа тұқымдастарымен үйлесімді де аралас-құралас өмір сүреді. Олай болса ол тұқымдас түрлерді жаппай түгелімен жарата алмайтын, басқарып, өсіріп-өндіре алмайтын және жер жүзін түгел жауып жатқан, төрт жүз мың түрлі өсімдік пен жануарлардан жасалған жанды жіптермен шебер тоқылған тірі кілемді жасай алмайтын біреу әлгі бір ғана тұқымдас түрді жаратып, басқара алмайды.

Басқа жаратылысты осылай салыстырса, әлемнің бір тұтас екені, жарату тұрғысынан еш бөлінбейтін "күлл" (тұтас), басқару жағынан бөлшектенуі мүмкін емес "күлли" (ауқымы кең, шексіз) екені анықталады. Осы аталған үшінші талап "Сирадж-ин Нұрдың" көптеген рисалелерінде баяндалған. Атап айтсақ, "Отыз екінші Сөздің" бірінші тарауында нақты, жарқын түрде түсіндіріліп, дәлелденгені сонша күннің жарқ-жұрқ еткен сәулелері секілді әр нәрсе айна тәрізді жеке-жеке уахдеттің айғақтарын, тәухидтің дәлелдерін шағылыстырып көрсетеді. Біз сол түсіндірмеге сілтеп ұзақ мәселені қысқа қайырдық.

* * * * *
— 30 —

ҮШІНШІ МАҚАМ

[Бұл тарауда тәухидтің үш "күлли" белгілері қысқаша баяндалмақ]

Уахдеттің рас әрі хақ екенін дәлелдейтін дәлелдер, белгінышандар, айғақтар сансыз көп. Ондай мыңдаған айғақтар "Сираджин-Нұрда" жан-жақты баяндалғандықтан осы "үшінші тарауда" тек үш "күлли" айғағын қысқаша ғана баяндауды жөн көрдік.

Бірінші белгі, бірінші айғақ: وَحْدَهُ сөзі соның нәтижесі болмақ. Әр нәрседен уахдетті байқауға болады. Ал, уахдет болса бір Уахидті яғни бір құдретті дәлелдейді, соны мегзейді. Иә, бірлігі бар, тұтас бір зат нақты түрде бір шебердің қолынан шыққандығын көрсетеді. Бірлік болса әлбетте, ол біреудің ісі. Барлық нәрседе бірлік байқалады, олай болса міндетті түрде біреудің, жалғыз бір құдреттің ісі, соның ғана өнері екені сөзсіз.

Иә, мына ғаламды мыңдаған бірліктер қабаттар секілді қаптап орап алған, бейне бір ашылып жатқан күлте жапырақтар тәрізді. Тіпті, Аллаһтың есімдері мен жалпыға ортақ істері қанша болса сонша уахдет киімдерін оранып киінген алып адам десе болады. Тіпті, жаратылыстың қанша түрі болса сонша тал, бұтақтарына уахдеттер, бірліктер ілінген "жаратылыс ағашы" деуге болады. Себебі, ғаламның басқарылу заң-тәсілі бір, ұйымдастырылуы бір, салтанаты бір, таңбасы бір, осылай санай берсе мыңға дейін бірліктер шығады. Һәм, ғаламды шыр айналдырып басқарып тұрған Иләһи есімдер мен істер де бір бола тұра әрқайсысы ғаламды немесе көп нәрсені қамтып жатыр яғни ішінде қызу жұмыс істеп жатқан хикмет бір, өзара жәрдем бір, реттеу тәсілі бір, асырау әдісі бір, мұқтаждарға жәрдем етіп жатқан рахымшылық бір, ол рахымшылықтың көрінісі яғни тәтті сумен суарушысы жаңбыр да бір, тағысын тағы, осылайша бір, бір мыңға жуық бірліктер табылады. Сондай-ақ, әлемнің ошағы болған Күн де бір, шамы болған Ай да бір, аспазшысы болған от та бір, қажетті заттар сақтайтын қоймасы тау да бір, бау-бақшаны суаратын суарушысы бір, осылай жалғаса беретін бірліктер мыңға жуық.

— 31 —

Сонымен, әлемнің мұнша уахдеттер яғни бірліктер Күндей ашық түрде бір Уахид-і Әхадты яғни бір Аллаһты меңзеп, Оны көрсететін нақты айғақ болып саналады. Һәм, әлемдегі элементтердің, саналуан түрлердің әрқайсысы ұқсас, бірегей болуымен қатар жер жүзін қамтуы, бірінің ішіне бірі кіріп араласуы, матаса байланысуы, тіпті бір-біріне жәрдемдесе топтасуы; әлбетте олардың қожайыны, иесі, шебер ұстасы бір екенін көрсетеді.

Екінші белгі және айғақ. Бұл لَا شَر۪يكَ لَهُ сөзін нәтиже береді. Бүкіл әлемде зәрреден бастап жұлдыздарға дейін әрнәрсенің кемшіліксіз толық жүйелі, өте ретті, дәл өлшемді әділетпен жаратылуы.

Иә, керемет реттілік, дәлме-дәл өлшем тек уахдет арқылы болмақ, уахдет болғанда ғана жүзеге аспақ. Бір іске бірнеше қол араласса тәртіп бұзылып, іс жүзе аспай жұмыс өнбей әбден шатасады. Ғаламда жүйе мен тәртіптің қаншалықты керемет екеніне бір қара! Ол, мына әлемді тамаша зәулім сарайға айналдырып жіберген. Бір кірпішінің өзі бір сарай секілді шебер, күшті өнермен жасалған. Жүйе мен тәртіп әлемді бір қалаға ұқсатып, оның кірісі мен шығысы және қымбат байлықтары мен азық-түлігі ғайып пердесінің артынан өте жүйелі түрде дәл уақтылы әрі күтпеген жерден берілуде. Жүйе, әлемді тамаша, таңғажайып бір кітапқа айналдырғаны сондай, әрбір әрпі жүз жол мағына білдіреді, ал әрбір жолы жүз беттік, әрбір беті бір кітап, бір кітабы жүз кітаптық мағынаны қамтиды. Әрбір кітабы, парағы, жолы, сөзі, әріпі өзара тығыз байланысты, бір-бірін меңзейтіндей бір тұтас. Һәм, мына таңғажайып жүйелі реттіліктің кемелдігіне қара! Алып әлемді тап-таза, мәдени өркениетті қала, тіпті тазалығына мұқият қаралатын тамаша сарай, тіпті жетпіс түрлі көйлекті қабат киген құралай қыз, жетпіс пердеге оранған гүл шешегі секілді пәк, таза. Енді керемет жүйе мен пәк тазалықпен қоса дәл өлшемді, шексіз әділетке қара! Мың есе үлкейткен кезде ғана көрінетін кіп-кішкене жәндіктерді сондай-ақ, мың есе жер шарынан үлкен жұлдыздар мен Күндерді әлгі дәл өлшеммен мөлшерін нақты тағайындап, оларға қажетті барлық нәрсесін толық қамтамасыз етілуде. Әлгі кіп-кішкене жаратылыс жаңағы алып болмыстармен бірге осы әділет таразысының алдында бірдей, еш айырмасы жоқ, тепе-тең. Алайда, аспандағы алып денелердің кейбірі бір сәтке тепетеңдікті жоғалтса әлемнің жүйесін бұзып, қиямет қайым болғандай астан-кестен болар еді.

— 32 —

Һәм, мына керемет жүйе мен тазалыққа, дәл өлшеммен жасалған жаратылыстың керемет көзтартар әсем де әдемілігіне қара! Сол арқылы мына алып әлем өте тамаша мейрам, керемет көрме және енді ғана гүлдер ашылып жатқан жаңа көктемге ұқсайды. Жалпы көктемді гүл шоғы іспеттес жаратып әрбір көктемді маусымына қарай ашылып жабылатын әсем безендірілген гүлдей сұлу жаратады. Көктем кезінде әрбір гүлді сан-алуан түрде құлпыртып қояды. Иә, әсемдігі мен көркемдігіне шек жоқ Иләһи есімдердің құдретімен әлемдегі әрбір тұқымдас түр, әрбір жеке тұлға өз қабілетіне қарай әсемдікке бөленгені сонша, Худжат-ул Ислам Имам Ғазали ол туралы былай деген екен:

لَيْسَ فِى الْاِمْكَانِ اَبْدَعُ مِمَّا كَانَ

яғни «Әлемде мына жаратылыстан артық, бұдан да керемет нәрсе кездестіру мүмкін емес!».

Міне, осы ауқымды да тартымды әсемдік, жаппай таңғажайып тазалық және дәлме-дәл өлшем, сондай-ақ, барлық жақты қамтып жатқан жүйе мен тәртіп уахдет пен тәухидтің бұлтартпас дәлелі, соның нақты айғағы. Бұл, тал түсте жарық қалайша көктегі Күнді көрсетеді. Дәл сол секілді тіпті, одан да жарқын түрде айғақ болып саналады.

[Тақырыпқа қатысты өте маңызды екі тармақты сұраққа өте қысқа да нұсқа, күшті жауап.]

Сұрақтың бірінші тармағы: Жаңа былай дедіңіз: «Әлемнің барлық жерін әсемдік, әдемілік, сұлулық, әділдік жайлаған». Алайда, көз алдымызда болып жатқан мұнша пәлекеттерге, аурусырқау, қиыншылықтарға, өлім-жітімге не дейсіз?

Жауабы: Көптеген әдеміліктердің айқындалуына яки нәтиже беруіне себеп болатын жамандық айналып келгенде жақсылық саналады, ол да әдемі.

Ал, көптеген әдеміліктің көрінбеуіне не жасырынып қалуына себеп болатын іс-шара яғни жамандықтың алдын алып, жоқ қылу бір ғана жамандық емес, бәлкім қанша жақсылық болуы мүмкін болса, сонша жамандық болып саналады.

Мысалы, салыстырмалы түрдегі бір жамандық, егер болмаса жақсылықтың ақиқаты ашылмай бір жақты болып, жақсылықтың көптеген дәрежелері көрінбей қалады. Ал, бір жамандықтың болуы арқылы жақсылықтың көптеген мәртебелері көрініс табады. Қалай,

— 33 —

суық арқылы жылудың дәрежелері және қараңғылықпен жарықтың түрлері анықталады, дәл солай да азғантай жамандық пен кішкене зиян, бәлелер мен қиыншылықтар арқылы күллі жақсылықтар, мол пайдалар, үлкен нығметтер, тамаша әсемдіктер көрініс табады. Демек, жамандықтың жаратылуы шер (жаман) емес, қайыр (жақсы). Өйткені, нәтижелерінің басым көпшілігі жақсы, тиімді болуда. Иә, жауын-шашыннан зиян шеккен ақымақ, Аллаһтың жарылқауы болған жаңбырдың қыруар пайдаларын жоққа шығарып, жауыншашынды жаман деуге ақысы жоқ.

Енді, өмірде кездесетін аяқталу, біту, өлімді алайық. Жиырма Төртінші Мектубта олардың бәрі де, жалпыға ортақ рахым және бәрін қамтып жатқан жарылқау және жақсылыққа ешқандай қайшылығы жоқ екендігі, тіпті солай болуын талап ететіні өте қуатты да нақты айғақтармен дәлелденген болатын. Тіпті, шайтан да адамзаттың дамуына түрткі болып, бәсекеге қабілетті арттырып күреске себеп болатындықтан оның да жаратылуы қайырлы, осы тұрғыдан пайдалы. Және де, күпірлігімен бүкіл жаратылыстың құқығына қол сұғатындықтан, ар-намысын қорлайтындықтан шайтанды жәһаннамға тастап азаптау да орынды. Басқа кітаптарымда бұл тақырып жан-жақты толық түсіндірілгендіктен қазір қысқа қайырдық.

Сұрақтың екінші тармағы. {(Сілтеме): Бұл екінші тармақтың жауабы өте маңызды. Көптеген күдіккүмәндарды жояды.} Жарайды, шайтанға, кәпірге қатысты айтқан бұл жауабыңызды жалпы алғанда дұрыс деп қабылдайық. Бірақ, Жәмил-і Мұтлақ, Рахим-ы Мұтлақ, Хайр-ы Мұтлақ Зат-ы Ғани-ы Аләл-Ытлақ Аллаһ Тағала неліктен бейшара жеке тұлғаларды бәлеге ұшыратып, қиындыққа, қасіретке салып қояды?

Жауабы: Әлемде қанша жақсылық, әсемдік, нығмет болса бәрі тікелей Жәмил уа Рахим Аллаһтың рахым қазынасынан шығады, Оның қалауымен, арнайы жарылқауымен болады. Ал, бәлелер мен қасірет, жамандықтар болса, Рубубияттың салтанатының "адетуллаһ" деп аталатын және "күлли ираденің" уәкілдері болған жалпыға ортақ, күлли заңдардың көптеген нәтижелерінен бірең-сараң нәтижесі болғандықтан және бізге жағымсыз көрінген ол нәрселер әлгі күлли заңдардың азғантай талабы болғандықтан, әлбетте ондай жалпыға ортақ күлли жақсылықтарға ұйытқы болатын заңдылқтардың

— 34 —

болуы, сақталуы және оған мойынсұнылуы қажет. Сол үшін мұндай азғантай жаман нәрселердің де жаратылуы заңды құбылыс. Бірақ, әлгі азғантай, қасіретті, жағымсыз нәтижелерге байланысты Аллаһ Тағаланың арнайы көмегі, жекеше жарылқауы болатыны хақ. Әлгі, зиянға ұшырап, қасірет шеккен құлдарының дұғасына, бәлеге ұшыраған пенделерінің мінәжаттарына дәл уақытында үлгеріп әрдайым құтқарып отырады. Осылайша, өзінің "Фаил-ы Мұхтар" яғни не қаласа соны істейтін, ерікті екенін, ешкімге тәуелсіз, әрнәрсе өзінің қалауына байланысты екенін және барлық заңдылықтар да әрдайым оның ерік пен қалауына тәуелді екенін, сондай-ақ сол заңдардың қыспағында қалып қиналған жандарға өзінің "Рабб-ы Рахим" атымен медет беріп, мейірімімен қамқор болып өзінің көркем есімдерінің шексіз сәуле-шуақтарын көрсететінін және сол үшін шексіз алаң ашып әлгі "күлли адетуллаһ" заңдарына мүмкіндік жасайтынын, сонымен қатар әлгі жалпыға ортақ заңдардың кейбір ерекше жағдайларына байланысты, һәм жағымсыз азғантай нәтижесалдарға қатысты ерекше қамқорлық, жеке ілтипат жасап яғни өзін жақсы көргізу үшін әрқайсысына мейірім қақпаларын ашық қалдырады. Тәухидтің екінші осындай белгі-нышандары туралы "Сирадж-ун Нұрдың" жүздеген жерінде баяндалғандықтан әзірге жәй бір меңзеп қоя салдық.

Үшінші айғақ пен белгі: Қазір لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ сөзімен ишара етілген сансыз тәухид таңбалары туралы баяндалмақ.

Иә, әрнәрседен яғни үлкенді-кішілі, жалқы-жалпы, зәрреден бастап сонау жұлдыздарға дейін барлық нәрседен Әзәл мен Әбәд Сұлтаны Аллаһтың бар екенін, біреу екенін көрсететін белгінышандар байқалады. Бұл, айналардан Күннің сәулесі көрінетіні секілді құбылыс. Мұндай таңба-белгілер туралы "Сирадж-ун Нұр" кітабында көптеп баяндалғандықтан әзірге қысқа ишарамен меңзеп қана қоямыз.

Былайша: Бүкіл әлемдегі болмыстың өз-өзіне немесе жалпы түрлердің өзара бір-біріне көмектесуі, үйлесе ұжымдасуы, өзара ұқсастығы, аралас-құралас орналасуы, бәрі-бәрі жиналып үлкен көлемде алып уахдеттің таңбасы болып саналады. Сондай-ақ, жер жүзінде тіршілік ететін хайуандар мен өсімдіктердің төрт жүз мың түрінен құралған Субхани армияның сан түрлі тамақтары, қару-жарақтары, киім-кешектері, тағылым мен демалысқа шығу мерзімдері өте жүйелі түрде жүзеге асуда. Ешқайсысын ұмытпай,

— 35 —

бірде-бірін шатастырмай бәрінің дәл уақытында берілуі ол да өзіндік тәухидтің таңбасы. Сондай-ақ, әрбір адамның жүзіне, бет әлпетіне басқалардан бөлек өзгеше етіп ерекше таңба қойылуы, ол да өзінше бір уахданияттың таңбасы. Сол секілді әрбір жаратылыстан ол мейлі шағын, мейлі жалпы болсын жеке-жеке тәухидтің таңбасын байқауға болады. Әрбір болмыстың бойынан үлкен яки кіші, аз не көп жеке-жеке әхадияттың мөр-таңбасын көруге болады. Әсіресе, тіршілік иелерінің бойындағы Иләһи таңбалар тым жарқын көрінеді. Тіпті, әрбір жандының өзі бүкіл болмысымен тәухидтің таңбасы, әрқайсысы уахдеттің мөрі, жеке-жеке "Самадияттың" белгі-нышаны болып табылады.

Иә, әрбір гүл, әрбір жеміс, әрбір жапырақ, әрбір өсімдік, әрбір жануар "Әхадияттың" таңбасы, "Самадияттың" мөрі саналады. Әрбір ағаш жеке-жеке Раббани хат, әрбір жаратылыс жеке-жеке Рахмани кітап, әрбір бау-бақша жеке-жеке Субхани жарлық секілді. Ол ағаш дейтін хатқа гүлдердің санынша мөр басылған, жемістері санынша белгі, жапырақтары қанша болса сонша таңбалар жазылған. Жаратылыстың әрбір түрін бір кітап десек ол түрдің қанша саны болса сонша таныстыратын мөр-таңбалар қойылған. Әлгі баубақша дейтін жарлыққа өзінің сұлтанын таныстыратын, ол туралы мағлұмат беретін бауда қанша өсімдік, ағаш, хайуандар болса сонша белгі-нышандар қойылған.

Тіпті, әрбір ағаштың алғашқы жағдайы мен соңғы халіне, сыртқы пішіне мен ішкі құрылысына Жаратқан Ие өзінің

﴿ هُوَ الْاَوَّلُ وَالْاٰخِرُ وَالظَّاهِرُ وَالْبَاطِنُ ﴾

яғни "ӘУУӘЛ", "АХИР", "ЗАХИР", "БАТЫН" есімдерін меңзейтін тәухидтің төрт мөрін басқан.

Енді, «Әууәл» есімі арқылы ишара етілгеніндей, әрбір жеміс ағашының алғаш негізі саналатын дәнегін алайық {(Сілтеме): Бұрыннан бері халық ауызында келе жатқан мұндай бір сөз бар: "Дәнектен өсіп шыққан!". Бұл сөз осы рисаленің авторына ғайби ишара деуге болар. Өйткені, Рисалей-Нұрдың қызметші саналатын кісі Құранның нұрфәйзімен дән-дәнектерден, гүл-шешектерден тәухидке апарар екі мағрифат миғражын тауып табиғат жаратты деушілердің батып кеткен жерінен абылхаят (өмір суын) тапқан. Ол дәннен ақиқатқа, мағрифат нұрына қолы жеткен. Осы екі нәрсенің яғни дән мен гүл-шешектің көптеп кездесуінің хикмет-сыры осы болса керек.} Ол бір сандықша іспеттес, онда ағаштың бағдарламасы, мазмұны,

— 36 —

жоспары сақтаулы немесе кәсіпорын сықылды, ағаштың қажетті заттары өндіріледі, яки машина секілді өте күрделі алғы шарттары мен кіріс-шығысы сол жерде реттеледі.

Енді «Ахир» есімімен ишара етілгеніндей, әрбір ағаштың нәтижесі, жемісі оның анықтамасы секілді, сол ағаштың жағдайын, түр-сипатын, бейне-пішінін, тұқымын қамтиды немесе баяндама сықылды ағаштың атқарар міндетін, ерекшеліктері мен қасиетін, нендей пайдасы бар екенін баяндайды немесе түйін секілді ағаштың өзі тектес тұқымдастарын, жалғасын әлгі жемістің ішіндегі дәнектер арқылы баяндайды, хабар береді.

Енді, «Захир» есімі арқылы ишара етілгеніндей, әрбір ағаштың бейне-пішіні тамаша тігілген көйлек тәрізді. Ол, ағаштың тал, бұтақтарына дәл өлшеп, бойына шақтап пішілген. Оның керемет, өлшемді жасалғаны сондай әлгі ағашты кітапқа немесе бір хатқа, бір өлеңге ұқсатып жіберген.

Енді, «Батын» есімімен ишара етілгеніндей, әрбір ағаштың ішінде керемет зауыт, өндіріс жұмыс істеп тұрғандай, ол ағаштың барлық бөлшектерін, ағзаларын құрастырып, басқарып, ұйымдастырып, нәзік таразымен өлшегендей барлық бөлшектерге жеке-жеке қажетті заттарды үлестіріп, ризық несібелерін жүйелі түрде бөліп қамтамасыз етумен қатар, ең таңғаларлығы осы іс-әрекеттер найзағайдай жылдам жүзеге асуда және сағаттың жүрісіндей жүйелі де жеңіл және алып армияның бұйрық алғанда шұғыл түрде жаппай қозғалатыны секілді әлгі таңғажайып өндіріс ақаусыз қызу жұмыс істейді.

Сонымен, әрбір ағаштың бастамасы сандықша, бағдарлама жазылған құты, ал соңы баяндама, жаратушысы туралы хабар беретін анықтама, ал сырты болса әдемі көйлек, ұстасын дәріптейтін тамаша тігілген киім, ал іші болса өндіріс секілді жасаған Иесін жарнамалайды, бейне бір зауыт, фабрика. Осы аталған төрт жағы бір-бірімен тығыз байланыста және төртеуін қосса үлкен мөр-таңба, тіпті исм-і Ағзам көрінеді. Соған қарап, бүкіл әлемді басқарып тұрған Сани-ы Уахид-і Әхаддан басқасы бұл істерді жасай алмайды. Және осы ағаш мысалы секілді әрбір жан-жануардың да алғаш бастамасын, соңын, сыртқы бейнесін және ішкі құрылысын алар болсақ, олардың әрқайсысынан тәухидтің таңбасы, уахдеттің мөрі, әхадияттың белгісі, уахданияттың нышаны байқалады.

— 37 —

Міне, осы үш мысалдағы ағашқа салыстыра отырып, ой жүгіртер болсақ көктем мезгілі де көптеген гүл ашқан бір ағаш деуге болады. Күз мезгіліне аманат ретінде тапсырылған тұқымдар, дәнектер, тамырлар манағы айтқан "Әууәл" есімінің таңбасын көрсетсе, енді жаз мезгілінде ағыл-тегіл төгіліп жатқан жеміс-жидектер мен көкөністер "Ахир" есімінің мөрін, ал көктем мезгілі болса құлпырған қабат-қабат киінген көйлектер "Захир" есімінің таңбасын көрсетсе, көктем кезінде, жердің ішінде қызу жұмыс істеп жатқан "Самадани" өндірістер, фабрикалар, бұрқылдап қайнап жатқан Рахмани қазандар және тамақтар әзірленіп жатқан Раббани асханалар; Міне бұлар Аллаһ Тағаланың "Батын" есімінің мөрін көрсетеді. Тіпті, әрбір жаратылыстың түрі, мәселен адамзат ол да бір ағаш тәрізді. Тамыры мен тұқымы өткен заманда, жемістері мен нәтижелері болашаққа қарай жайылған. Оның да өзіндік тұрмыс тіршілігі, тұқымын яғни ұрпағын жалғастыратын өте күрделі жүйесі, ереже-заңдылықтары бар. Сонымен қатар, осы кездегі жағдайының өзінде өзіндік тіршілігі мен жалпыға ортақ тіршілік заңдары бар. Сол заңдардың үкімімен тәухидтің мөрін көрсетеді. Сырттай бей-берекет секілді көрінгенмен негізінде "Уахдеттің" таңбасы байқалады. Адамдардың шымшытырық хал-ахуалдарының астарында "тағдыр" деген қаза мен қадердің заң-ережелеріне сай "Уахданияттың" мөр-таңбалары көрінеді.

— 38 —

СӨЗДІҢ СОҢЫ

[Тәухидтің сырымен Иманның басқа да шарттарына жеке-жеке арнайы сөздермен қысқа ишара қыламыз.]

Уа, ғапыл адам! Көзіңді аш, ойлан! Бұл рисаленің үш тарауында баяндалған "тәухидтің" үш жемісі, үш талабы, үш айғағы деген мағыналарды ой елегінен өткіз! Мына әлемді басқарып тұрған және ең болмашы ем-шипаның өзін, оған азғана шүкіршіліктің өзін назардан тыс қалдырмайтын және шыбынның қанаты секілді жәй бір өнердің өзін басқаларға бермейтін және еш нәрсеге бейжәй қалмайтын және өте қарапайым дәнекке бүтін ағаштай уазипа-міндет пен хикметтер жүктеген және өзінің "рахман", "рахым" және хикмет иесі екенін әрбір өнерімен сездіріп отырған және өзін әрбір себеппен таныстырған және әртүрлі нығметтермен өзін жақсы көргізетін бір Сани-ы Қадир, Хаким уа Алим Аллаһ, әлемді рухани түрде жайлап, қамтып жатқан "Мұхаммедия" дейтін ақиқаттың (с.а.у.) әсем көркемдігіне, Ахмеди (с.а.у.) тәсбихатқа, дін Исламның нұрына бейжай, немқұрайлы қалуы әсте мүмкін бе?

Сондай-ақ, өзінің бүкіл жаратқандарын сұлу безендіріп, күллі жаратылысты жаппай сүйсіндіріп, әлемді жарық қылған және аспан мен жерді қозғалысқа келтіріп "Рисалет-і Ахмедия" яғни жер шарының жартысын, адамзаттың бестен бір бөлігін он төрт ғасыр бойы үздіксіз басқарып, салатанаты жалғасып жатқан және рухани үстемдігі Халиқ-ы Кайнат атынан яғни ғаламды жаратқан Аллаһтың атымен жалғасып жатқан "Рисалет-і Ахмедия" яғни Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы әлгі Шебер Аллаһтың ең маңызды мақсаты, жарқын нұры, ауқымды айнасы болмауы әсте мүмкін бе? Сондайақ, Мұхаммед (с.а.у.) секілді дәл сол ақиқатқа қызмет еткен басқа да әнбиялар сол Сани (Шебер) Аллаһтың жіберген елшілері, достары, қызметшілері болмауы әсте мүмкін бе? Жоқ! Әнбиялардың мұғжизалары қанша болса сонша жоқ, мүмкін емес!

Тағы да ақылға салып көрейік! Тал, бұтақ секілді ең ұсақ нәрселерді жүздеген хикметпен, жеміс-пайда беретіндей етіп жаратқан және өзінің рубубиятын керемет хикметтермен, жалпыға ортақ рахымшылықпен таныстырып, жақсы көргізген Халиқ-ы

— 39 —

Хаким-ы Рахим, құдретіне оп-оңай тіпті көктемді жарату секілді жеңіл хаширді яғни ақыретті жаратпай, бақыт әлемін ашпай, өзінің мол хикметін, шексіз рахымын, тіпті ұлық рубубиятын, кемелдігін жоққа шығарып, шығартуы әсте мүмкін бе? Өзінің өте жақсы көрген сүйікті пенделерін мәңгіге жоқ қылып, жойып жіберуі мүмкін бе? Жоқ! Әсте мүмкін емес! Ондай мұтлақ Жәмал иесі көркем Құдрет мұндай мұтлақ жамандық жасаудан шексіз пәк, мүлде ада.

Ұзақтау бір түсіндірме:

Хаширге байланысты бір сұрақ:

Қасиетті Құранда көп қайталанатын:

﴿ اِنْ كَانَتْ اِلَّا صَيْحَةً وَاحِدَةً ﴾

Һәм,

﴿ وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ ﴾

аяттары былай дейді: Ұлы хашир яғни қайта тірілу бір сәтте жүзеге асады. Таяз ақыл болса мұндай шексіз таңғажайып, теңдесі жоқ мәселені толық қабылдауға ұйытқы болар көрнекі бір мысал сұрайды.

Жауабы: Мұнда үш мәселе бар. Хаширде рухтардың денеге оралуы, сосын денелердің тірілуі, сосын денелердің қайта жаратылуы бар.

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Рухтардың денеге оралуына мысал; Өте тәртіпті армияның жауынгерлері тынығу үшін жан-жаққа тарап кетті делік. Жаңғырған кернейдің зор дауысымен әп-сәтте орындарына келіп сап түзеп тұра қалмай ма! Иә, Исрафил періштенің сүрі әскери кернейден зор болғаны секілді, "әбәд" әлемінде, зәррелер хәлінде "әзәл" тарапынан: اَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ (Мен сендердің Раббың емеспін ба?" деген әмірді естіген және оған: قَالُوا بَلٰى "Қалу бәлә!" (Әрине, солай!) деп жауап берген рухтар, әлбетте армияның жауынгерлерінен әлдеқайда тілалғыш, анағұрлым тәртіпті, мүлдем мойынсұнғыш. Сонымен қатар тек рухтар ғана емес барлық зәррелер Субхан Аллаһтың армиясы, оның тілалғыш жауынгерлері саналатыны нақты айғақтармен "Отызыншы Сөзде" дәлелденген.

ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ: Денелердің тірілуіне мысал. Бір үлкен қалада мерекелік кеште бір орталықтан жүз мыңдаған электр шамын әп-сәтте, жарықтандыруға болады. Тіпті, жер бетіндегі барлық лампаларды бір орталықтан, бір қосқышпен жарықтандыруға мүмкіндік бар. Сонда Аллаһ Тағаланың электр дейтін мақұлығы және дүния қонақүйінде қызметшісі өзінің Жаратушы Иесінің

— 40 —

әмірімен белгілі бір жүйеге сүйеніп осындай таңғажайып құбылысқа ие болып жатса, әлбетте электр тәрізді мыңдаған қызметшілердің мойынсұнып отырған Иләһи хикметтің жүйелі заңдарымен ұлы хашир көзді ашып жұмғанша әп-сәтте жүзеге аспақ.

ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ: Денелердің әп-сәтте жаратылуының мысалы; Көктемде бірнеше күннің ішінде адамзаттың санынан мың есе көп ағаштардың жаппай жапырақтарымен бірге алдыңғы көктемдегідей лезде, керемет жылдам жаратылады емес пе?! Сондай-ақ, ағаштардың гүл-шешектері, жемістері, жапырақтары былтырғы көктемдегідей өте жылдам жаратылуы соынң дәлелі. Әрі сол құбылыстың бастамасы ретінде дәнек пен тұқымдардың, тамырлардың кенеттен әп-сәтте, жаппай барлығы бірге көктепкөгеруі, жан бітіп тірілуі, қу сүйегі ғана қалып аяқта тұрған мүрде секілді бүкіл ағаш-талдардың жаназалары бір ғана әмірмен лезде, өлген соң тірілу рас екенін білдіретін мына:

وَ الْبَعْثُ بَعْدَ الْمَوْتِ

сөзінің сырына бөленуі, сондай-ақ, сансыз ұсақ жәндіктердің өте шебер түрде лезде жан бітіп тірілуі, һәм оның ішінде шыбындардың хашир болуы, әсіресе тынбастан бет-аузын, қанатын тазартып осылайша бізге дәрет алуды, тазалықты ескертіп отыратын, бетімізді сипап көз алдымызда ұшып жүрген қара шыбынның бір жылдағы саны алғаш адамнан бастап қияметке дейін жаратылатын адамның санынан көп бола тұра әрбір жазда басқа жәндіктермен қоса бірнеше күн ішінде жаратылып, жан берілуі, қайта тірілуі, міне бұл құбылыстар міндетті түрде қияметте адам өз денесімен қайта тірілетініне бір ғана дәлел емес, шыбынның санына пара-пар келетіндей сансыз дәлелдер боп табылады.

Иә, дүния Аллаһтың хикмет алаңы, ал ақырет Оның құдрет алаңы. Сондықтан, дүнияда Аллаһтың "Хаким", "Мүрәттиб", "Мүрәбби" сынды есімдерінің талабы бойынша дүнияда жаратылыс біршама уақытпен, кезеңдермен, өзіндік ретпен жүзеге асады. Бұлай болуын Раббани хикмет керек етеді. Ал, Ақыретте болса хикметтен қарағанда "құдрет" пен "рахым" айқын көрінетіндіктен уақытқа, материяға, кезеңге, күтуге қажеттілік болмайды, дене әп-сәтте бірден жаратылады. Бұл дүнияда бір күнде немесе бір жылда жасалатын істер ақыретте бір сәтте, көзді ашып жұмғанша дайын болатынына

Қасиетті Құран: وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ деген

— 41 —

аятымен ишара қылады. Егер хашир болатынына яғни тіршілік иелері өлген соң қайта тірілетінін келесі көктемнің болатыны секілді анық түсінгің келсе хашир туралы жазылған "Оныншы Сөз" бен "Жиырма тоғызыншы Сөзді" мұқият оқы! Егер, көктемнің келетіні секілді ақыретке сенбесең, кел де көзімді ойып ал!..

ЕНДІ ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ; бұл дүнияның қирап қиямет қайымның болуы. Жер шарымызға яғни қонақ үйімізге Аллаһтың әмірімен бір сәтте басқа бір планета немесе құйрықты жұлдыздың соғып кетуі жетіп жатыр. Иә, он жылда салынған бір ғимаратты біреу бір минутта бұзып, астаң-кестеңін шығарады емес пе?

Осы хашир жайлы төрт мәселенің қысқаша баяны әзірге жетерлік. Сонымен бастапқы тақырыбымызға оралайық.

Өзің ойлашы! Әлемнің хақиқи барлық терең ақиқаттарын озық түрде жеткізуші және Жаратушының бүкіл кемел сипаттарын таныстырушы және күллі ұлы мақсаттардың толық топтамасы болған Қасиетті Құран, әлгі Жаратқан Жаббардың сөзі болмауы мүмкін бе? Әсте, мүмкін емес! Аяттардың қанша терең сыры болса сонша мәрте мүмкін емес!

Һәм, Сани-ы Хаким, өзі жаратқан барлық жандыларды, саналы пенделерін өзара сөйлестіріп және оларға сөйлейтін мыңдаған тіл жаратып бір-бірімен тілдестіріп және олардың сөздерін, дауыстарын естіп, оған іс жүзінде араласып, оларды жарылқап көрнекі түрде жауап бере тұра өзі сөйлемеуі, сөйлеспеуі мүмкін бе? Мұндай болуы әсте ақылға сыя ма? Әрине, жоқ! Сонымен, Жаратушы Иенің сөйлеп, сөйлесетіні анық және Оның сөзін түсініп, өзімен сөйлесетін ең бірінші адам екені рас. Олай болса, әлбетте әу баста, Құраннан бастап, басқа киелі кітаптар түгелімен жаппай Оның сөздері болмақ.

Шексіз алып әлемді түр сипат, негіздерімен қоса жанды атаулыға бағынышты қызметші әрі мекен жәй әрі көрме әрі дәмхана жасап, осылайша өзін таныстырып, сүйсіндіріп, мадақтатып, неше түрлі нығметтерімен жан-жануарларды риза қылып қуантып, осылайша өзіне қарыздар қылып, шүкір етуді "рубубиятына" негіз ету үшін алып ғаламды ішіндегілерімен бірге жан-жануарларға бағынышты қызметші, әрі баспана, әрі көрме, әрі асхана жасағаннан кейін жандылардың сан-алуан түрлерін көбейтіп, сандарының артқанын қалайтыны ғой, қауақ, қара ағаш секілді жеміс бермейтін ағаштардың кейбіреуінің жапырақтарын шыбынның белгілі бір тобына яғни ұшып жүріп зікір салатын жәндіктерге бесік әрі құрсақ әрі ризықнесібелерінің

— 42 —

қоймасы етіп қойған. Солай бола тұра мына тамаша көк аспандарды, сонау жалт-жұлт еткен әсем де нұрлы жұлдыздарды бос, иесіз, тіршіліксіз, бірде-бір тірі жаны жоқ, тұрғынсыз яғни періштелерсіз, рухани пенделері жоқ қаңыратып бос қоюы мүмкін бе? Жоқ! Әсте мүмкін емес! Әлемде қанша руханилер мен періштелер болса сонша мәрте мүмкін емес!

Тағы да ақылға салып қарашы! Сани-ы Хаким-і Мүдәббир, өте қарапайым, түкке тұрмайтын бір өсімдіктің немесе жәй бір ағаштың әу бастағы өсуі мен аяқталып қурап өшуінің жоспарын толығымен өте жүйелі түрде реттеп оны дәнінде, не болмаса жемісінде өзінің тағдыр қаламымен жазып қоюда. Сонымен қатар, ғажап алып көктемді бір ағаш секілді оның кіріспесі мен нәтижелерін ерекше түрде сақтап тәртіппен жазып қоюда. Тіпті, болмашы нәрселерге де немқұрайлы емес, аса мән беріп жіті жаратуда. Осылай бола тұра, бүкіл әлемнің нәтижесі, жер жүзінің халифасы, күллі жаратылыстың бақылаушысы, әрі басшысы болған адам баласының маңызы зор іс-әрекеттерін тіркеп жазбауы, оның тағдырына мән бермеуі, оған немқұрайлы қарап қадағаламауы әсте мүмкін бе?! Жоқ, еш мүмкін емес! Махшарда адамдардың таразыға тартылатын амалдары қанша болса сонша мәрте мүмкін емес!

Сонымен, ғалам өзінің барлық ақиқаттарымен дауыстап былай дейді:

اٰمَنْتُ بِاللّٰهِ وَ مَلٰئِكَتِه۪ وَ كُتُبِه۪ وَ رُسُلِه۪ وَ بِالْيَوْمِ الْاٰخِرِ وَ بِالْقَدَرِ خَيْرِه۪ وَ شَرِّه۪ مِنَ اللّٰهِ تَعَالٰى وَ الْبَعْثُ بَعْدَ الْمَوْتِ حَقٌّ اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ صَلَّى اللّٰهُ عَلَيْهِ وَ عَلٰى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ اِخْوَانِه۪ وَ سَلَّمَ اٰم۪ينَ
— 43 —

ТӘУХИДКЕ ТОЛЫ БІР МІНӘЖАТ ЖӘНЕ КІРІСПЕ

Хазіреті Имам Али (радиаллаһу анһ) өзінің "Джәлжәлутия" атты қасидасында болашақтан хабар беретін ғайби кәрамат түрінде Рисалей-Нұр туралы айтқан жерінде, оны "Сирадж-ин Нұр", "Сирадж-ис Сүрдж" деген айдармен атап Рисалей-Нұрдың үш атауына екі атау тағы қосуына және осы рисаледе "Сирадж-ин Нұр" атауы қайталануына байланысты Хазіреті Алидің (р.һ) мағынасы терең, маңызы зор қымбат бір мінәжатын екі есе арттырып оны өзінің қасиетті тілімен және тілімізді оның тілі секілді пайдаланып, оның атымен төмендегі мінәжатты Уахид әрі Әхад Аллаһтың дәргахына ұсынып отырмыз.

МІНӘЖАТ
اَللّٰهُمَّ اِنَّهُ لَيْسَ فِى السَّمٰوَاتِ دَوَرَاتٌ وَ نُجُومٌ مُحَرَّكَاتٌ سَيَّارَاتٌ وَ لَا فِى الْجَوِّ سَحَابَاتٌ وَ بُرُوقٌ مُسَبِّحَاتٌ وَ رَعَدَاتٌ وَ لَا فىِ الْاَرْضِ غَمَرَاتٌ وَ حَيَوَانَاتٌ وَ عَجَائِبُ مَصْنُوعَاتٍ. وَ لَا فِى الْبِحَارِ قَطَرَاتٌ وَ سَمَكَاتٌ وَ غَرَائِبُ مَخْلُوقَاتٍ. وَ لَا فِى الْجِبَالِ حَجَرَاتٌ وَ نَبَاتَاتٌ وَ مُدَّخَرَاتُ مَعْدَنِيَّاتٍ. وَ لَا فِى الْاَشْجَارِ وَرَقَاتٌ وَ زَهَرَاتٌ مُزَيَّنَاتٌ وَ ثَمَرَاتٌ. وَ لَا فِى الْاَجْسَامِ حَرَكَاتٌ وَ اٰلَاتٌ وَ مُنَظَّمَاتُ جِهَازَاتٍ. وَ لَا فِى الْقُلُوبِ خَطَرَاتٌ وَ اِلْهَامَاتٌ وَ مُنَوَّرَاتُ اِعْتِقَادَاتٍ اِلَّا وَ هِىَ كُلُّهَا عَلٰى وُجُوبِ وُجُودِكَ شَاهِدَاتٌ وَ عَلٰى وَحْدَانِيَّتِكَ دَالَّاتٌ وَ ف۪ى مُلْكِكَ مُسَخَّرَاتٌ فَبِالْقُدْرَةِ الَّت۪ى سَخَّرْتَ بِهَا الْاَرَض۪ينَ وَ السَّمٰوَاتِ سَخِّرْل۪ى نَفْس۪ى وَ سَخِّرْل۪ى مَطْلُوب۪ى وَ سَخِّرْ لِرَسَائِلِ النُّورِ لِخِدْمَةِ الْقُرْاٰنِ وَ الْا۪يمَانِ قُلُوبَ عِبَادِكَ وَ قُلُوبَ الْمَخْلُوقَاتِ الرُّوحَانِيَّاتِ مِنَ الْعُلْوِيَّاتِ وَ السُّفْلِيَّاتِ يَا سَم۪يعُ يَا قَر۪يبُ يَا مُج۪يبَ الدَّعَوَاتِ وَ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾