Сәулелер
— 755 —

Сегізінші Шуақ

ХЗ. АЛИДІҢ ҮШІНШІ КӘРАМАТЫ
ТҮСІНІКТЕМЕ

[Өздеріңе мәлім, мен Рисалей-Нұрдың қадір-қасиетін, маңыздылығын баяндай Құранның ақиқаттарын және Иманның негіздерін паш еткім келеді. Сондай-ақ, иманы әлсіреген жандардың иманын қуаттап Иман ақиқаттарының хақ екендігін, беріктігін көрсеткім келеді. Әйтпесе, Құдай сақтасын, өзімді және еш ұнамайтын, іліп алар жағымды бір қылығы жоқ нәпсімнің атын шығару, қошаметке бөлену емес, әрине. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр сырт көзге менің кітабым болғаны үшін де мақтап отырғаным жоқ. Мақсатым, Рисалей-Нұр Құранның тәпсірі, ол Құраннан нәр алған, ол иманның бұлтартпас дәлелі, күшті айғағы екендігін көрсету. Сол үшін оның қадір-қасиеті жоғары екенін баяндап отырмын. Тіпті, кейбір рисалелерді еркімнен тыс жазғаным секілді Рисалей-Нұрдың маңыздылығын жазарда да өзімді еріксіз сезіндім.

Имам-ы Алидің (р.һ.) "Аят-ул Күбра" деп айдар таққан "Жетінші Шуа" рисалесін жазарда қатты қиналдым. Сол қиналысыма жылдам ақы әрі қабыл болғанына белгі және құлшындыру ретінде Құдай жарылқап осы "Джәлжәлутияның" кәрәмәті берілгеніне еш күмәнім жоқ. Аллаһ берген нығметтерді бағалап шүкір ету мақсатында мұны "Сегізінші Шуа" деп атап, ақ параққа түсірдім. Әйтпесе, мұның орнына хашир туралы маңызды бір аяттың мұғжизалы айғақ-дәлелдерін жазбақ едім]

* * * * *
— 756 —
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
[Имам-ы Алидің (р.һ.) Рисалей-Нұрға қатысты үшінші кәрәмәттері]

Иә, Он сегізінші және Жиырма сегізінші Лемаларда баяндалып, дәлелденген екі ашық кәрәмәтін Хз. Али өзі растап, қуаттай келе «Джәлжәлутия» қасидасында «Сираджин-Нұр» туралы ашықтан ашық хабар бергені секілді тағы да сол қасидасында «СираджинНұрдың» ең атақты рисалесін меңзеп көрсетіп, бейне бір мақтап тұрғандай, сондай-ақ сегіз рәмізбен атақты рисалелердің аттарын атап тұрып көрсетеді.

БІРІНШІСІ: Рисалей-Нұрдан ашық түрде хабар берген мына: تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً сөзінен кейін Суряни тілде Аллаһтың көркем есімдерін шапағатшы ретінде атап медет сұрайды және Құрандағы сүрелерді қосып мінажат қылады. Дәл Отыз үш сүрені пайдаланып керемет, өте тартымды түрде мінажат қылатыны сондай, кейбір сырларды ашып, ғайби хабарларды жеткізгісі келетіні байқалады. Мен бір күйзеліс кешіп, Хз. Алидың (р.һ.) «Аят-ул Күбра» деп атаған «Жетінші Шуаны» жазып тәмамдаған кезімде, менің ойымша сол еңбегіме жылдам ақы ретінде болса керек, сол түні Джәлжәлутияны оқыдым. Кенет, көкейіме ғайби ескерту келді. Онда, былай делінді: Имам-ы Али радиаллаһу анһ, Рисалей-Нұрға қатты алаңдаушылық танытқан. Нұрдың барлық кітаптарынан хабар бергені секілді, аса маңызды рисалелеріне де ишара деуге болатындай рәмізді түрде хабар берген. Егер ашық түрде ғайыптан хабар беру (әрине, мұның көптеген зияндары болатындықтан Аллаһтың хикметіне қайшы) Иләһи хикмет оған тиым салмағанында ашықтанашық бәрін жазар еді. Мысалы, сүрелерді санап келеді де Жиырма бесінші сүреге келгенде былай дейді:

بِحَقِّ تَبَارَكَ ثُمَّ نُونٍ وَ سَٓائِلٍ ٭ وَ بِسُورَةِ التَّهْم۪يزِ وَ الشَّمْسُ كُوِّرَتْ
وَ بِالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى ٭ وَ بِاِقْتَرَبَتْ لِىَ الْاُمُورُ تَقَرَّبَتْ
— 757 —
وَ بِسُوَرِ الْقُرْاٰنِ حِزْبًا وَ اٰيَةً ٭ عَدَدَ مَا قَرَاَ الْقَار۪ى وَمَا قَدْ تَنَزَّلَتْ
فَاَسْئَلُكَ يَا مَوْلَاىَ بِفَضْلِكَ الَّذ۪ى ٭ عَلٰى كُلِّ مَٓا اَنْزَلْتَ كُتْبًا تَفَضَّلَتْ

Міне, осы сөздерге қарап отырсақ, сонау Ескішәһир қаласында сотты таңқалдырған және үстінде көзге де көрінер кәрәмәті болған және қиямет пен хаширді дәйекті түрде бұлтартпас айғақтарымен баяндаған танымал «Жиырма Тоғызыншы Сөзге» Хазіреті Али радиаллаһу анһ сүрелерді атап келе жатып Жиырма Тоғызыншы мәртебеге келгенде وَالشَّمْسُ كُوِّرَتْ деп, оған ишара қылған. Өйткені, қиямет қайым туралы сұмдық хабар беретін اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ сүресіне сәйкес әлгі Жиырма Тоғызыншы Сөз, қияметтің болатынын, әлемнің қирайтынын, дүние опат болып ақырет түрінде қайта тірілетінін, өлгендерге қайта жан бітетінін нақты дәлелдермен баяндап жатқанда осы сүренің қияметті сұмдық суреттейтінін айтуы, һәм мағына жағымен, һәм Жиырма тоғызыншы мәртебеге сәйкес келуі әлгі ишараны нақтылап дәлелдей түседі.

Сондай-ақ, зәррелердің неліктен тынымсыз қозғалатынын түсінбей осы ұсақ бөлшектердің ішіне еніп жоғалып кеткен материалистердің аузына құм құйған және зәррелердің қозғалысының сан құбылуы белгілі бір мақсатпен жүйелі қызмет екенін дәлелдеген «Отызыншы Сөз» атты, "Зәррат риселесіне" Хазіреті Имам-ы Али радиаллаһу анһ Отызыншы мәртебесінде وَبِالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا деген ант сөзімен ишара қылған.

Иә, бұл ишарада сөз жағымен, сыртқы көрінісі жағымен وَالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا сүресі "Зәррат" рисалесімен өзара ұқсас болумен қатар мағына жағымен де байланысты. Өйткені, وَالذَّارِيَات яғни "Зәррият" сүресінің басында кездей соқ әрі жүйесіз секілді көрінген әуе толқыны туралы айтып оның хикметке толы қызметі бар екенін, олар Рубубияттың тәкуин әмірлерін, орындап жаратылыс заңдарын әртарапқа жеткізіп отыратындығын түсіндіргені секілді, «Зәррат рисалесі» де материалистердің ойынша кездейсоқ, жүйесіз көрінген ауа бөлшектерінің зәррелердің қозғалысы хикметке толы екенін, ол

— 758 —

зәррелер яғни ең ұсақ бөлшектер керемет тәртіпті, зор маңызды міндеттер жүктелген қызметшілер екенін өте қуатты да нақты айғақтармен дәлелдеген.

Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбарымыздың(с.а.у.) Миғраж оқиғасын ақыли дәлелдермен керемет дәлелдеген және «Отыз бірінші Сөз» деп аталатын және Отыз бірінші мәртебе болған «Миғраж» рисалесіне Хазіреті Али радиаллаһу анһ Отыз бірінші мәртебеде Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) Миғражы және Оның Қаб-ы Қаусейінде көргендері мен айтқан сөздерін анық жеткізген "Нәжим" وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى сүресінде басындағы وَ النَّجْمِ اِذَا هَوٰى сөйлемі арқылы ап-анық түрде әлгі рисалені мегзеп ишара қылады. Және, وَ الطُّورِ яғни, "Тур" сүресінен аттап өтіп, وَ الذَّارِيَات "Зәррят" сүресінен кейін وَ النَّجْمِ яғни "Нәжм" сүресін айтуы, әлгі ишара-белгіні қуаттай түседі.

Сондай-ақ, Айдың екіге бөліну оқиғасын Құдайға сенбейтін мүнкірлерге де дәйекті түрде түсіндірген "Миғраж" рисалесінің соңындағы "Шаққ-ы Қамар рисалесі" деп аталатын отыз бірінші мәртебенің соңында орналасқан әлгі рисалеге Хазіреті Али (радиаллаһ анһ) Құранның اِقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ деп басталатын сүресін пайдаланып Отыз бірінші мәртебенің соңында орын алған وَ بِاِقْتَرَبَتْ لِىَ الْاُمُورُ تَقَرَّبَتْ сөйлемі арқылы ашық түрде ишара қылады.

Өздеріңе мәлім, Рисалей-Нұр әу баста Отыз үш Сөзден тұрады және кейде тек Сөздер деп те аталады. Бірақ, Отыз үшінші Сөз жеке дара емес, ол Отыз үш Мектубтан тұрады және оны кейде Мектубат деп те атайды. Сосын, Отыз бірінші Мектуб та өзінше дара емес, ол Отыз бір Лемадан тұрады. Кейде, оны Лемалар деп те атайды. Сосын, Отыз бірінші Лема жеке дара емес, ол да иншаллаһ Отыз бір Шуалардан құралады. «Аят-ул Кубра» Жетінші Шуа, ал осы рисале «Сегізінші Шұға» болып саналады. Демек, Сөздердің соңғысы Отыз екінші Сөз боп табылады.

Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың кітаптары жұлдыз болса, ішінде Күндей жарқын деп шәкірттер айтып жүрген Отыз екінші Сөз яғни үш тараудан тұратын керемет әрі ауқымы кең және Сөздердің

— 759 —

бір тұрғыда қорытындысы, мазмұны, нәтижесі деуге болатын әлгі рисалені Хазіреті Али (радиаллаһ анһ) оның керемет маңыздылығын күрделі де маңызды екенін көрсету үшін Құранның көптеген сүрелерін айтып келіп кенет Отыз екінші мәртебеде وَ بِسُوَرِ الْقُرْاٰنِ حِزْبًا وَ اٰيَةً деп, ант сөзімен Отыз екінші мәртебедегі әлгі мазмұнды терең рисалені меңзеп ишара қылады. Рисалей-Нұрдың Отыз үшінші Сөзі болса, жоғарыда баяндағанымыздай, Отыз үш Мектуптан тұрады. Және Мектубат деп аталатын отыз үш кітап пен жүзден аса рисалелерді қамтиды.

Міне, Хазіреті Али радиаллаһу анһ, Отыз үшінші мәртебеде және ант сөзінде Отыз үшінші Сөзді құрайтын жүз он кітапты және Мектубатты бірден жаппай меңзеп ишара ету үшін жүз он аспани парақтар деп аталған жүз он мұқтасар кітаптардан және аспани үлкен киелі кітаптардан медет сұрап:

فَاَسْئَلُكَ يَا مَوْلَاىَ بِفَضْلِكَ الَّذ۪ى ى ٭ عَلٰى كُلِّ مَٓا اَنْزَلْتَ كُتْبًا تَفَضَّلَتْ

сөзімен ишара қылады. Өздеріңе мәлім, тіл өнерінде, шешен сөйлеу ілімінде алыстан орағыту үшін және құпия терең мағыналарды білдіру үшін "кәрина" деп аталатын белгі-нышандардан және байланыстардан біреуі болса болды, ашық мағынасы боп қабылданады. Міне, осы ережеге байланысты, осы ишари мағыналардың әрқайсысына бірнеше "кәриналар", белгі-нышандар табылатыны секілді, басқа да сөздері мұны құптап "кәрина" яғни белгі болып саналады. Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарынан жалпы хабар берген ашық сөйлемдердің әрқайсысы өзара бір-біріне қуатты "кәрина" болып саналады.

ЕКІНШІ РӘМІЗ: Құранның «Әл-аят-ул Кубрасы» саналатын

﴿ تُسَبِّحُ لَهُ السَّمٰوَاتُ السَّبْعُ وَالْاَرْضُ وَ مَنْ ف۪يهِنَّ وَ اِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪ ﴾

аятының ұлы ақиқатын және оның ең ұлы тәпсірін жасаған және Қасиетті Рамазанның илһами кәдесі боп табылатын «Жетінші Шуа» рисалесіне келгенде Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) Мектубат кітабына ишара еткеннен кейін «Лемалар» кітабына ишара қылып жатып, «Шуалар» кітабына назар аударып

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ

деп, шешендік тіл өнеріне сәйкес «мүстетбе-атүт-теракиб» және

— 760 —

"маариз-үл кәлам" деп аталатын сыртқы мағынаның астарында жасырын жатқан бірнеше кәрина-белгілердің дәрежесіне қарай ишара етеді.

Сондай-ақ, таңғажайып және мәртебесі биік тәухидтің ұлы айғағы және Құранның ұлы аятының дәлелі әрі керемет тәпсірі боп табылатын рисалеге Хазіреті Али "Аят-ул Күбра" деп, ат қойған. Солай ат қою арқылы осы рисаленің қайнар бұлағы әлгі аяттың ұлықтығын һәм осы "Жетінші Шуа" деп аталған Уахданияттың, Тәухидтің айғағы қаншалықты қуатты екенін жариялап хабар беруде.

{(Сілтеме): Хазіреті Имам Али осы сөз арқылы былай ишара етеді. Аят-ул Күбра рисалесі шәкірттердің қиналып қуғынға ұшырауына себеп болғаны секілді оның берекетімен, кәраматымен қайтадан амандыққа қауышып сау-сәламат түрде әлгі бәледен құтылаты болады. Иә, рас Хазіреті Алидің (радиаллаһу анһ) кәраматы дәлме-дәл солай болып шықты. Осы рисале үшін қамауға алынып, оның қуатты ақиқаттарының арқасында ақталып қамаудан босап шықтық.}

Ол рисале шыныменде Хазіреті Алидің (радиаллаһ анһ) үлкен ілтипатына, құрмет белгісіне бөленуге лайық екеніне кімде-кім күманданса «Аят-ул Күбра» рисалесін қолына алып бір мәрте оқысын. Егер, "шынымен де лайық екен!" демесе, мені балағаттап, сөксін!

Иә, дінсіздердің Құранға қарсы мың жылдан бері бірігіп жиналып қалған кек алуды күткен наразы ойларын және кәпір философтардың бұрыннан бері әбден бірігіп енді жол тауып жайыла бастаған шәкшүбаларын сондай-ақ, Құраннан сұмдық соққы жеп өш алғысы келген қырсық яхудилердің, сондай-ақ, тәкаппар кейбір христиандардың шабуылдарын жаппай тойтарып төтеп беретін әр ғасырда Құранның көптеген қаһарман батырлары, мағынауи бекініс-қорғандары болған.

Енді, қазіргі таңда сондай сақшы қорғаушыларға мұқтаждық тіпті көбейіп тұр. Бұрын бір-екеу болса, қазір де жүз есе артып отыр. Ал сақшылардың қатары бұрын жүз болса, қазір екі-үш есеге кем. Сондай-ақ, имани ақиқаттарды медреседен, "кәлам" ілімінен үйренуге көп уақыт кететіндіктен бұл заманда ол жол жабық, мүмкін емес. Олай болса, әрі тез, әрі баршаға түсінікті түрде өте терең ақиқаттарды үйретіп дәріс беретін Рисалей-Нұр, әлбетте Хазіреті Алидың (радиаллаһ анһ) мұндай ілтипатына және құрмет көрсетуіне лайық деп сенімді түрде айта аламыз.

Һәм, хазіреті Али (радиаллаһ анһ) тізбектей келе Оныншы мәртебеге келгенде Оныншы сүре ретінде және қиямет жайлы және

— 761 —

Барат түніне қатысты وَبِسُورَةِ الدُّخَانِ ف۪يهَا سِرًّا قَدْ اُحْكِمَتْ сөзін айтып, ишари түрде, Оныншы Сөз деп, аталатын және реттік нөмірі де Он болған «Хашир» рисалесіне ишара қылған. Сонымен қатар, ол кітаптың аса маңыздылығын, өте мықты әрі берік екенін және сол заманның тас қараңғы зұлыматын сейілтетін Барат түні секілді шамшырақ қызметін атқаратын және хашир мен қияметтің белгісі боп табылатын "Духан" яғни түтінге теңеу арқылы һәм Барат түнінде бір жылда болатын оқиғалардың тағайындалуы жағынан және басқа да кәриналар арқылы меңзеп рәзімді түрде хабар береді.

Рас, Оныншы Сөз өте қауіпті бір бәленің бетін қайтарды. Ойпікір бостандығы дегенді қолданып және дүние жүзілік соғыстың аласапыран кезеңін пайдаланып ақыретке сенбейтін мұнапықтар, сол кезеңдерде көптеген жерлерде өздерінің улы ойларын ортаға шығара бастаған кезде «Оныншы Сөз» рисалесі жазылып баспадан шықты. Мың нұсқасы әр тарапқа жайылып, көргендер қызыға оқып тез арада таралып кетті. Содан, дінсіздердің кәпір ойы іске аспай үндері өшті. Осылайша Рисалей-Нұр Хазіреті Алидың (радиаллаһ анһ) жоғарғы баға беруіне лайық екенін дәлелдеді. Бұған кім күмәнданса, сол рисалені мұқият оқысын. Сөйтіп, Хаширдің бұлтартпас дәлелі бар ақиқат екенін көрсін.

Һәм, Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһ анһ) Он тоғызыншы сүре ретінде Нұр сүресін

بِسِرِّ حَوَام۪يمِ الْكِتَابِ جَم۪يعِهَا ٭ عَلَيْكَ بِفَضْلِ النُّورِ يَا نُورُ اُقْسِمَتْ

сөзімен атап, өте мұқтасар түрде «Он Тоғызыншы Сөзге» және өте керемет шыққан «Он тоғызыншы Мектубқа» ишара ретінде «Нұр» сөзін қайталау арқылы Мектубтардың мәртебесі яғни "Он төртінші Мектуб" кем қалғандығын меңзеп "Нұр" сүресін он бесіншіде тағы да қайталау арқылы өте нәзік әрі мұқияттап хабар беруде. Және, сол екі рисалелер Рисалей-Нұрдың үлкен нұрлары екенін білдірген.

Иә, ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы «Он тоғызыншы Сөз» сондай-ақ, үш жағымен кәраматы көрінген таңғажайып «Он тоғызыншы Мектуб» расында Рисалей-Нұрдың жарқын нұры болып табылады. Және, адал жар Айша анамыздың ақталып, өзі туралы жаман ойлардан құтылуына байланысты "Нұр"

— 762 —

аятының مَثَلُ نُورِه۪ сөзіндегі есімдік үш тұрғыдан біреуі Мұхаммедпен (с.а.у.) қатысты болғандықтан "Нұр" сүресі Мұхаммедтің өзімен (с.а.у.) тығыз байланысты болғандықтан, ол сүре арқылы Мұхаммедтің пайғамбарлығын дәлелдейтін әлгі екі рисалені екі рет "Нұр" деген сөзбен тіпті, үш нұр мәрте сөздерімен тағы да дәлме-дәл Мұхаммедтің пайғамбарлығын дәлелдеген «Миғраж» рисалесінде оған ишара еткен. Мен, «Он төртінші Мектуб» жазылмай қалғанын ұмытып кеткенімді мойындаймын. Хазіреті Имам-ы Али радиаллаһу анһ дәл сол сүрені екі мәрте қайталағандықтан есіме түсті және ишара арқылы мән бергеніне таңқалдым. Бірақ, оның қайталануы тек «Он тоғызыншы Сөз» бен "Мектуб" үшін қатысты. Одан кейінгілерге байланыстылығы аз.

ҮШІНШІ РӘМІЗ: "Жиырма сегізінші Лемада" түсіндіріліп дәлелденген мына

تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً٭ تُقَادُ سِرَاجُ السُّرْجِ سِرًّا تَنَوَّرَتْ
بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ ٭ بِقُدُّوسِ بَرْكُوتٍ بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ

сөйлемдері арқылы Рисалей-Нұрдың маңызды үш жағдайынан хабар беруде.

Бұл сөйлемдердің ашық түрдегі һәм джифр һәм мағына жағымен Рисалей-Нұрға ишара ететіні «Он сегізінші Лема» атты рисаледе түсіндірілген болатын. Сондықтан, қазір сол жерде айтылмай қалған және Хазіреті Алидың радиаллаһ анһ назарын аударған тек үш сыр баяндалмақ.

Біріншісі: Мұсылмандар арасында және делдалдар мен уағызшылардың қолында ашықтан-ашық ұстап жүруге лайық РисалейНұр кітаптары өкінішке орай өте құпия түрде жасырын жайылып, сақтануға мәжбүр болатынын меңзеп Имам-ы Али (радиаллаһ анһ) екі мәрте سِرًّا بَيَانَةً және سِرًّا تَنَوَّرَتْ сөздері арқылы سِرًّا яғни, тек жасырын түрде ғана жайылады дейді. Мұны таңдана хабар береді.

Екіншісі: Рисалей-Нұр Исм-и Ағзам сәулесімен және «Рахман», "Хаким" есімдерінің саясында жарыққа шыққандықтан ерекше қасиеттілікті اَللّٰهُ اَكْبَرُ (Аллаһу Акбар) сөзінен алып, Жәлал мен

— 763 —

Кибрияға (Ұлықтық) негізделген және بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінен нұр алып, мейірім мен мәрхаметке бөленген сондай-ақ, وَ هُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ сөзінен күш-қуат алып, хикмет пен жүйе, тәртіпке негіздеген. Оның рухы да, жаны да осы негіздер. Басқа ұстаным және жолдардағы "ғашықтық", сезімі емес, оның орнына Рисале-Нұрдың жолында ынтық түрде мейірім және жанашыр түрде жақсы көру боп табылады.

Қалайша, Хазіреті Али (радиаллаһ анһ) ашық түрде Сирадж-ун Нұрдың жазылатын кезеңін және кемелденер шағын және мәшһүр атауын تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ сөзімен хабар берген. Дәл сол секілді بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ сөзімен де Сирадж-ун Нұрдың негіздерін баяндап хабар берген... Өйткені: جَلَالٍ بَازِخٍ деген сөз иззат (абырой) азамет, жәлал, кибрия яғни ұлықтық, айбындылық мағынасын білдіреді. Ал, شَرَنْطَخٍ сөзі Суряни тілінде Рауф (мейірім), ал بَرْكُوتٍ дегенді білдіреді. Демек, Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ) Сирадж-ун Нұрды меңзеп, сол туралы айтып отыр. Ол, нұрын, рухын Аллаһтың «Кибрия», "Азамет", "Рефет", "Рахимият" сыпаттарынан алады деп, Рисалей-Нұрдың ерекше қасиетін баяндап берген.

Үшіншісі: Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ)бұл сөйлемде сөзі арқылы بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ былай дейді: Мың үш жүз елу төрттен жылы Сирадж-ун Нұрдың саясында яғни Рисалей-Нұрдың нұрымен адасушылықтың жалын шашқан оты иншаллаһ, сөнетін болады яғни ол діни фитне-бүліктің отына қалқан болып бұзылуына жол бермейді немесе алға шабуылын тоқтатады. Егер, мұны хижри есептейтін болсақ, бұдан екі жыл бұрын дінді дүниеден бөлген кезде мұны кәпірлердің оңтайлы сәт ретінде пайдаланып дінге қарсы, Құранға қауіпті сұмдық, адам айтқысыз жобаларының жүзеге аспай тоқырып қалуы әлбетте, алдарынан қуатты тосқауылдың шыққанын көрсетеді.

Ол тосқауыл бұл заманда халық арасында кеңінен тараған РисалейНұрдың бұлтартпас дәлелдері, қуатты айғақтары екенін дәлелдейтін белгі-нышандар көп. Мына екінші жорымдағы Хазіреті Алидың ишаралары соны қуаттап бекіте түседі.

{(Сілтеме): Сондай-ақ, "инна ағтайна" сөзінің сыры біршама анықталып ортаға шықты. Себебі, Суфиянизмнің төрт құрушысының ең мықтысы, нағыз жауызы кері шегініп мүлдем құрыды, қазір қабірде азап шегіп жатыр. Ал, ең үлкені болса ол да байланысы үзіліп Масон комитетінің тұтқыны әрі құралына айналып азабымен әлек. Осы кезде оның тек сұлбасы қалды, үкім жүргізіп жатқан тек көлеңкесі. Енді шабуыл жасамақ түгіл біршама артқа шегінуде. Қалған екеуі болса қолынан келгенше бұзғандарын жөндеуге тырыспақ.}

Иә, джифр есебі бойынша بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ сөйлемін талдар болсақ; خ алты жүз, ت (тә) төрт жүз, ر (ра) екі жүз, шәдделі ن (нун) жүз, م (мим) қырық, د (дәл) және үш ا (әлиф) жеті, بِهِ сөзіндегі ب (бә) екі, هی (һә) бес, барлығы мың үш жүз елу төрт болады. Құдайға шүкір, Сирадж-ун Нұрдың "әл-Аят-ул Күбрасы" секілді көптеген рисалелері бар. Олардың әрқайсысы қуатты лампа тәрізді мұстақим жолды көрсетіп, осылайша Имам-ы Алидың хабарын растап отырады. Осы үшінші сырдың байланыстылығына орай дәл بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ секілді мың үш жүз елу төртте джифри есеп бойынша қатыстылығы және Саидтың (р.һ.) белгілі екі лақаб атына рәмізді түрде және атын атап меңзеп айтылған, сондай-ақ, «Өзіңді қорға!» деген әмір берген және сол кезеңде бәрінен де бетер бірнеше қауіп-қатерге душар болатынын меңзеп «Әрджузе» жазбасының соңында:

فَاسْئَلْ لِمَوْلَاكَ الْعَظ۪يمِ الشَّانِ يَا مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ
بِاَنْ يَق۪يكَ شَرَّ تِلْكَ الْفِتْنَةِ وَ شَرَّ كُلِّ كُرْبَةٍ وَ مِحْنَةٍ

сөйлемімен былай дейді: «Ей, Саид Курди! Мың үш жүз елу төрт жылына жетсең сол кездің фитне-бүлігінің бәлесінен Раббыңа сыйынып қорғауын сұра!»

Рас, Он сегізінші Лемада Хз. Алидың бірінші кәрәмәтын түсіндірген жерде «Әрджуза» қасидасының Рисалей-Нұр жайлы және авторы туралы ғайби ишара-белгілері баяндалған болатын.

— 765 —

Исм-і Ағзам және "Сәкина" деп аталған мәшһүр алты есімді әрдайым оқып, еш тастамай жүрген бір шәкіртімен Хазіреті Алидың сөйлесіп оны жұбатады. Ишара-белгілерге қарасақ, Ол шәкірт Саид екені анық көрінеді. Ол жерде әлгі шәкіртіне былай дейді:

اَحْرُفُ عُجْمٍ سُطِّرَتْ تَسْط۪يرًا بِتَّ بِهَا الْاَم۪يرُ وَالْفَق۪يرَا

яғни, Исламға жат әріптер мың үш жүз қырық сегізде жаппай қабылданады. Бала-шаға, бастық-жұмысшы, бай-кедей бәрі мәжбүр түрде түнде сабақ алып үйренуге тырысады.

Иә, سُطِّرَتْ تَسْطِيرًا сөйлемі дәлме-дәл екі ت (тә) сегіз жүз, екі س (син) жүз жиырма, екі ر (ра) төрт жүз, екі ط (та) он сегіз, бір ى (иә) он, барлығы мың үш жүз қырық сегіз болады. Дәл сол кезеңде латын әріптерін түнгі дәрістермен мәжбүрлеп үйретіледі дейді. Сосын, Имам-ы Али (р.һ.) "Сәкине" дұғасын әрдайым тастамай оқитын Саидқа (р.һ.) қарап онымен сөйлеседі. Сөзінің соңында, يَا مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ дейді. Екі-үш жерде қуатты ишара арқылы Саид (р.һ.) деп атаған шәкіртіне арнап былай дейді: «Сәкина» дұғасы арқылы өзіңді сақтануға тырыс! "Ия-і Нидай" яғни қаратпа сөзден кейін жасырын түрде «Саид» сөзі тұр.

Демек, يَا سَع۪يدُ مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ болады. Бұл сөйлем қалайша, مُدْرِكًا сөзі арқылы «Әл-курди» лақап атына әрі айтылуы жағынан әрі джифр жағынан қатысы бар екені белгілі. Өйткені, "мим" әрпі оқылмаса, دَرْكًا Күрд қалбы (яғни теріс оқылса, «дәркән» "күрд" болып оқылады.) Ал, "мим" болса, ل (ләм) және ى (иә) әріптеріне сәйкес келеді. Дәл сол секілді, басқа атына яғни Бәдиүззаман лақабына да «әззаман» сөзімен меңзеп, сонымен қатар мың үш жүз елу төрт немесе мың үш жүз елу бес болып джифри есебімен Саидтың (р.һ.) нағыз жағдайын, әдеттен тыс халдерін және сақтану үшін жиі оқитын дұғасын, жеке қалып жалғыз өмір сүруін толық суреттеп баяндағандықтан ап-анық түрде үстінен дөп басып тұрып өзінің қасида шығармасында жұбатып зор мән берген. Бұл жерде де بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ сырына бөленген Рисалей-Нұрды қошаметтеп отыр...

— 766 —

Мұны білген жөн, Джәлжәлутияның негізі және рухы

اَلْقَسَمُ الْجَامِعُ وَالدَّعْوَةُ الشَّر۪يفَةُ وَالْاِسْمُ الْاَعْظَمُ

Имам-ы Алидің (р.һ.) озат әрі зерек Увейси бір шәкірті және Дін Исламның ең мәшһүр әрі жарқын дәлелі Худжат-ул Ислам Имам-ы Ғазали(р.һ.) былай деген: Бұл Ардақты Пайғамбарымызға уахи түрінде келіп жатқанда Пайғамбарымыз Хазреті Алиға: "Жаз!" деп, бұйырды. Ол жазып, сосын ретке келтірді. Имам-ы Ғазали (р.һ.) айтады:

اِنَّ هٰذِهِ الدَّعْوَةَ الشَّر۪يفَةَ وَ الْوِفْقَ الْعَظ۪يمَ وَ الْقَسَمَ الْجَامِعَ وَ الْاِسْمَ الْاَعْظَمَ وَ السِّرَّ الْمَكْنُونَ الْمُعَظَّمَ بِلَا شَكٍّ كَنْزٌ مِنْ كُنُوزِ الدُّنْيَا وَ الْاٰخِرَةِ

Имам-ы Ғазали, Имам-ы Нұраддиннен дәріс ала отырып осы, Джәлжәлутияның Сурияни сөздерін һәм қадір-қасиетін ашықтап түсініктеме жасаған.

ТӨРТІНШІ РӘМІЗ: Имам-ы Али (р.һ.) Сирадж-ун Нұрдан хабар бергеннен кейін, тағы да Сурани тілінде Аллаһтың Отыз үш немесе Отыз екі есімдерін атап отырып, Рисалей-Нұрдың ең зор, аса маңызды кітабы "Мұғжизат-ы Құрания" рисалесін және Отыз Екінші Сөзді нақты түрде меңзеп, басқа да рисалелерді рәмізді түрде немесе ималы немесе телухті түрде хабар берген.

Рас, хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұрды меңзеп Сурани тілінде Аллаһтың есімдерін тізіп келіп былай дейді:

تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً ٭ تُقَادُ سِرَاجُ السُّرْجِ سِرًّا تَنَوَّرَتْ
بِنُورِ جَلَالٍ بَازِخٍ وَ شَرَنْطَخٍ ٭ بِقُدُّوسِ بَرْكُوتٍ بِهِ النَّارُ اُخْمِدَتْ
بِيَاهٍ وَيَا يُوهٍ نَمُوهٍ اَصَالِيًا ٭ بِطَمْطَامٍ مِهْرَاشٍ لِنَارِ الْعِدَاسَمَتْ
بِهَالٍ اَه۪يلٍ شَلْعٍ شَلْعُوبٍ شَالِعٍ ٭ طَهِىٍّ طَهُوبٍ طَيْطَهُوبٍ طَيَطَّهَتْ
اَنُوخٍ بِيَمْلُوخٍ وَ اَبْرُوخٍ اُقْسِمَتْ ٭ بِتَمْل۪يخِ اٰيَاتٍ شَمُوخٍ تَشَمَّخَتْ
— 767 —

{(Сілтеме): Хашир жайлы мәшһүр Жиырма Тоғызыншы Сөзді, сосын Миғраж және қосымшасы Шаққ-ы Қамар (Айдың бөлінуі) жайлы рисалені мегзеп отыр.}

اَبَاذ۪يخَ بَيْذُوخٍ وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا ٭ خَمَارُوخٍ يَشْرُوخٍ
بِشَرْخٍ تَشَمَّخَتْ ٭ بِبَلْخٍ وَ سِمْيَانٍ وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا
بِذَيْمُوخٍ اَشْمُوخٍ بِهِ الْكَوْنُ عُمِّرَتْ ٭ بِشَلْمَخَتٍ اِقْبَلْ دُعَٓائ۪ى

деп, дұға етіп аяқтайды. Хазіреті Имам-ы Али (р.а.) әу баста ашық түрде хабар берген Рисалей-Нұрды «Сирадж-ун Нұр» және "Сирадж-ус Сурдж" деген атпен бірінші мәртебеде ашық түрде анық көрсетіп санап келеді де, Жиырма бесінші мәртебеге келгенде بِتَمْلِيخِ اٰيَاتٍ شَمُوخٍ تَشَمَّخَتْ дейді.

Құран аяттарының ғажайыптығын баяндайтын және Құранның қырық жақтан мұғжиза екендігін жеті қырынан талдап дәлелдеген Рисалей-Нұрдың ең мәшһүр және керемет рисалесі болып саналатын Жиырма бесінші Сөзді яғни Мұғжизат-ы Құрания рисалесін меңзеп ишара қылады. Себебі, әу баста Сирадж-ин Нұрдың бірінші мәртебе аталуы әрі بِتَمْل۪يخِ اٰيَاتٍ сөйлемінде اٰيَاتٍ сөзінің болуы әрі Жиырма бесінші мәртебеде айтылуы бекер емес. Бұл қуатты белгі-нышан яғни осылайша көптеген аяттарды атап олардың мұғжизалығын, терең сырларын баяндаған Жиырма бесінші Сөзге астарлы түрде қатысы бар деген сөз. Сүрелерді тізіп жатқанда тағы да Жиырма бесінші мәртебеге келгенде сөз саптау мәнерін өзгертіп қайтадан басынан бастағандай بِحَقِّ تَبَارَكَ деп Рисалей-Нұрдың өте берекелі, мүбәрак Жиырма бесінші Сөзінің маңыздылығына айырықша мән беріп көрсетеді. Сонымен, Жиырма алты мен Жиырма жетіде اَبَاذ۪يخَ بَيْذُوخٍ وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا дейді. Сосын, Отыз бен Отыз біріншіде بِبَلْخٍ وَ سِمْيَانٍ وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا деп тағы да сөйлем құрауын өзгертіп بَعْدَهَا сөзін қолданады.

— 768 —

Өте ашық және қуатты карина-белгілерімен ижтихад туралы баяндайтын Жиырма жетінші Сөздің сахабалар туралы аса қымбат маңызы зор қосымшасын және Миғраж туралы Отыз бірінші Сөздің Айдың екіге бөлінуі жайлы бөлімін, сондай-ақ көпшілік аса мұқтаж өте құнды қорытындысын بَعْدَهَا сөзі арқылы көзге шұқып көрсеткендей қуатты ишара қылады.

Мен бұл қосымша жазбаларды ұмытып кеткенімді мойындаймын. Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) ескерткенінен кейін есіме түсті. Шаққ-ы Қамар яғни айдың екіге бөлінуі туралы бұдан бұрын жазған болатынмын. Дәл осы кезде сахабалар жайлы қосымша еске түсті.

Міне, әдебиетте баяндау пәні бойынша және шешендік ілімінде бір ғана ишарамен астарлы мағынаны білдірген болып есептеледі. Және бір ғана байланыс табылып бір ұғымға ишара болса, сол сөйлемде әлгі ұғым ишари мағына ретінде қабылданады. Әлбетте, ашық әрі көптеген ишари белгілерді есептемегеннің өзінде тек осы екі жерде дәл қосымшалардың жазылған тұсында дәл сол мәртебеде және қосымша мағынаны білдіретін بَعْدَهَا сөзін қайталап сөйлем құрауды өзгертуі мынаны меңзейді: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) тура мағынасынан басқа бір астарлы мағынаны білдіргісі келеді.

Кейін, Жиырма тоғызыншы мәртебеге келгенде айбынды түрде خَمَارُوخٍ يَشْرُوخٍ بِشَرْخٍ تَشَمَّخَتْ дейді. Жиырма бесінші мәртебеде баяндалған және сырларды ашу мағынасындағы تَشَمَّخَتْ сөзін қайталай отырып жоғарыда айтылған таңғажайып Жиырма тоғызыншы Сөзге қуатты түрде ишара қылады. Сосын, Отыз екінші мәртебеде сүрелерді санап келіп, назар аудартып, аса мән беруге тұрарлық Отыз екінші Сөзге тағы да баса назар аудару үшін ذَيْمُوخٍ اَشْمُوخٍ بِهِ الْكَوْنُ عُمِّرَتْ басқа бір нұсқада بِهِ الْكَوْنُ عُطِّرَتْ яғни, Аллаһтың Адл, Хакем есімдерінің құдіретімен және әділ заңымен, өлшемді де жүйелі түрде аса хикметпен дүния жөнделіп қалпына келеді. Бұзылып, қираудан құтылады.

Екінші нұсқа бойынша мынандай мағына шығады: Әлгі екі есімнің жағымды әсерімен, өте хош иісімен дүние хош иістеніп әтір дүкені секілді хош жағымды бейнеге енеді. Міне, Аллаһтың "Адл"

— 769 —

және "Хакем" есімдерінің жарқын айнасы тәрізді және тәпсірі саналатын Отыз екінші Сөзді меңзеп, астарлы түрде білдіріп тұр.

ذَيْمُوخٍ сөзін қайталау арқылы Сөздер Отыз үш бола тұра оның бір мәртебесі Мектубтардан тұратынын және Отыз екінші Сөз оның соңғы мәртебесі екенін меңзеп отыр. Мен Сурани (Ассирия) тіліндегі сөздердің мағынасын толық біле алмағандықтан Хазіреті Алидің (р.һ.) әлгі сөздер арқылы басқа рисалелерге қаншалықты ишара еткенін әзірге кейінге қалдырамын.

БЕСІНШІ РӘМІЗ: Джәлжәлутияның уахи болып Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) түскені рас. Ол Ғаллам-ул Ғуюб яғни ғайыпты білуші Аллаһтың ілімімен мағына білдіретіні де рас. Әрі, Джәлжәлутия اَقِدْ كَوْكَب۪ى және تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ сөздеріне қарасақ, астарлы мағына арқылы өзінің ақиқатын дәлелдеп берген Рисалей-Нұрды ашықтан ашық хабар беріп, оның он үш құнды кітаптарына ишари түрде хабарлап отыр. Сонымен қатар, فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ الَّذ۪ى جَلَّ قَدْرُهُ сөзінде де сол қасиданың негізі болып табылатын اَلْاِسْمُ الْمُعَظَّمُ яғни Исм-і Ағзамды әрдайым тастамай оқып, одан медет сұрап жүретін Рисалей-Нұрдың авторы жайлы және оның өміріндегі маңызды он үш оқиғаны рәмізді түрде, ишарамен, астарлы мағынамен хабар беруде. Сондай-ақ, астарлы мағына арқылы және ишари мағына мақсат болу үшін әлсіз кәрина яғни бұлыңғыр белгі, бір ғана байланыс жеткілікті саналады. Сондайақ, Рисалей-Нұрға, оның кітаптарына, авторына, хал-ахуалына ишарабелгілер өзара байланысып бірін-бірі меңзеп отыр. Тіпті, барлығы бір мәселенің төңірегінде шоғырланып, топтасқандықтан қуатты белгі, нақты ишара боп саналады. Олай болса, былай деп айтуға толық хақымыз бар: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) қалайша әу баста

بَدَئْتُ بِبِسْمِ اللّٰهِ رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

деп.

Яғни, "Көптеген сырлардың қазынасы болып табылатын بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзімен бастадым. Рухым бір қазына тапты" деп басқа да ишаралардың белгі-нышандарымен ишари мағына

— 770 —

түрінде Рисалей-Нұрдың بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләсі) болып саналатын және оның Фатихасы, бисмилләсі және بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләһ) сөзінің терең сырын ашып, ақиқатын баяндаған және өте қысқа да нұсқа бірақ өте қуатты «Бірінші Сөз» деп аталатын بِسْمِ اللّٰهِ рисалесіне има, бәлкім рәміз, тіпті ишара қылады.

Дәл сол секілді, басқа да ишаралардың кәрина және байланыстылығы жағымен және Құранның қасиетті әріптерінің сырлары жайлы баяндайтын және «Румузат-ы Сәмания» деп аталатын сегіз шағын рисаленің мән-жәйіна сәйкес сөз саптау түрін өзгертіп, әріптердің сырлары арқылы медет сұрай бастауы түсінген адамға бұл керемет жалбарыну, дұға мінәжат болып табылады. Мағынасы терең ауқымы кең медет сұраған ант сөздерінің соңында, және «Сөздер», "Мектубат" кітаптарына ишара еткеннен кейін сөзімен Жиырма тоғызыншы Мектубтың Құранның кейбір әріптерін баяндайтын «Румузат-ы Сәмания» атты сегіз шағын рисаленің ең маңыздыларын және Меккенің, Шамның, Құдустың, Стамбулдың азат етілуі секілді көптеген Ислами футухаттардан ғайби хабар берген "Наср" сүресінің сырларын баяндау арқылы Ислам азаттық қозғалысының баһадүр батыры хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) назарын аудартқан «Фәтх», "Наср" рисалесіне ишара бар. Һәм, "Фәтх" сүресінің өте маңызды және ең соңғы аятын бес тұрғыдан мұғжизалығын баяндаған әрі дәлелдеген, сөйтіп Исламның батыры хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) назарын өзіне тартқан аса құнды «Фәтх» аяты жайлы рисалені ишари түрде хабар берген. Бұл менің жеке көзқарасым. Мұндай жеке көзқарасқа ортақ болып қолдамаса да, қарсы шығуға болмайды.

АЛТЫНШЫ РӘМІЗ: Хазіреті Имам-ы Алидің(р.һ.) өзінің жоғарғы мәртебелі ұстазынан алған дәрісіне сүйене отырып Құранмен қатысты келешекте болар оқиғалардан хабар берген. Және, «Менен сұраңдар!» деп, бірнеше мәрте тура хабар беріп өзінің бүкіл әулиелердің пірі екендігін осындай кәраматтармен дәлелдеген. Сондай-ақ, бұл ғасырда еуропалық дінсіздер, адасқандар, мұнапықтар, кәпірлер Құранға сұмдық тиісіп, шабуылын үдетіп жатқанда Рисалей-Нұр сол апатқа қарсы төтеп беріп, Қасиетті Құранның тылсым сырларын ашып, ақиқаттарын қызғыштай қорғап, сақтап келеді. Және,

— 771 —
اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا وَ بَهْجَةً ٭ مَدَى الدَّهْرِ وَ الْاَيَّامِ يَا نُورُ جَلْجَلَتْ

сөзімен Жиырма сегізінші Лемада дәлелденгеніндей ашық түрде Рисалей-Нұрға ишара етумен қатар Нұр сүресіндегі Нұр аятында Рисалей-Нұрға ишарасына ишара етеді.

اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا сөзі мағына жағымен және джифр бойынша дәлме-дәл Рисалей-Нұрға тәвафук ететіні рас. Әлбетте, былай деуге негіз бар: Бұл жазбаның соңында:

بِاٰجٍ اَهُوجٍ جَلْمَهُوجٍ جَلَالَةٍ٭ جَل۪يلٍ جَلْجَلَيُّوتٍ جَمَاهٍ تَمَهْرَجَتْ
بِتَعْدَادِ اَبْرُومٍ وَ سِمْرَازِ اَبْرَمٍ ٭ وَ بَهْرَةِ تِبْر۪يزٍ وَ اُمٍّ تَبَرَّكَتْ

Жазбасы арқылы Рисалей-Нұрдың бастапқыда Он екі Сөз болып, сол атпен танылып, елге тараған он екі шағын рисалесіне اَقِدْ كَوْكَب۪ى ишарасымен осы жазбадағы он екі ассириялық сөздер оларға жеке-жеке ишара болып табылады. Рас, қолымдағы Джәлжәлутияның нұсқасы ең сахих әрі өте сенімдісі. Хазіреті Ғазали(р.һ.) сынды көптеген имамдар Джәлжәлутияны шарх қылған яғни ашықтап түсіндірген. Бірақ, мына Ассирия тіліндегі сөздердің мағынасын толық білмегендіктен және нұсқалары әртүрлі жазылғандықтан әрқайсысының ишара туыстарын, өзара байланысын әзірге білмегендіктен қысқа қайырдым.

Сонымен, Имам-ы Алидің (р.һ.) бір мәрте اَقِدْ كَوْكَب۪ى деген сөзбен ақырзаман да Рисалей-Нұрды сұрап Аллаһқа жалбарынады. Ол бастапқыда Он екі рисаледен тұратындықтан тек он екі рисалеге ғана ишара қылды. Екінші мәрте تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ жазбасы арқылы әлдеқайда ашық түрде Рисалей-Нұрды мақтап, мадақтап көрсетеді де оның кемелдену кезеңін меңзеп барлық Сөздерді, Мектубтарды, Лемаларды рәмізді түрде хабар береді. Сондай-ақ, Он екі Сөз деген атпен көп тараған әлгі шағын рисалелер осы жазбадағы сөздер секілді өзара атау жағымен де сырттай да сәйкес келеді. Сол секілді, "Бәди" мағынасындағы Джәлжәлутия сөзіне сай әрқайсысы өте бәди яғни таңғажайып түрде керемет мысалдармен Құрани терең ақиқаттарды тәпсірлеп, дәйекті түрде баяндайды.

— 772 —

Егер, қырсық біреу былай десе: Имам-ы Али (р.һ.) осы аталған барлық астарлы мағыналарды ниет етпеген болар?

Біз оған былай деп жауап береміз: Егер, Имам-ы Али (р.һ.) ниет етпеген болса да, бірақ сөз-сөйлемдері соны меңзеп білдіріп тұр. Белгі-нышандар бірігіп ишари түрде және астарлап дәлелдеп аталған мағыналарды қамтып тұр. Әрі, осы астарлы мағыналар, ишари ұғымдар хақ яғни дұрыс және ақиқатқа үйлесімді және мұндай ілтипатқа, құрметке лайық, сондай-ақ, ишари-белгілер қуатты екені рас. Әлбетте, Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) мұндай барлық ишари мағыналарды ниет ететіндей күлли яғни өте ауқымды назары болмағанның өзінде «Джәлжәлутия» уахи болғандықтан оның нағыз иесі Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) ұстазы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) назары күлли яғни ауқымды және Ұстазының ұстазы Хақ Тағаланың ұшы-қиыры жоқ шексіз ілімі оларды жаппай қамтиды, қалау еркі шеңберінен тыс қалдырмайды.

Бұл мәселеде менің жеке және нақты тоқтамға келуімнің бір себебі мынау: өте мүшкіл, қиын-қыстау жағдайда «Әл-аят-ул Күбраның» ұлы тәпсірін яғни Жетінші Шуаны жазарда қатты қиналғаным рас. Сол үшін киелі деме керек болып, құлшындыруға аса мұқтаждық сезіндім. Осы кезге шейін көптеген тәжірибелермен белгілі, мұндай қиын-қыстау кездерде Иләһи инает-жәрдем, Құдайдың жарылқауы медет болып құтқаратын-ды. Осы риселені жазып бітірген уақытта дәл сол сәтте күтпеген жерден кенет осы аталған Хазіреті Имам-ы Алидің(р.һ.) кәраматы ортаға шықты. Содан, бұл да маған демеу болған басқа инает-жәрдемдер секілді Рабб-ы Рахимнің қамқорлығы екеніне еш күмәнім қалмады.

Инает болса яғни ондай Иләһи жәрдем алдатпайды, жәй бекерге болуы мүмкін емес.

ЖЕТІНІШ РӘМІЗ: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) қалайша:

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ ٭ وَ بِحَقِّ فَقَجٍ مَعَ مَخْمَةٍ يَٓا اِلٰهَنَا
وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ ٭ حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ
وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ
— 773 —

деп, бірінші жазбасы арқылы Жетінші Шуаны меңзегенді, дәл сол секілді бұл жазбасымен де «Тәфаккурнама» әрі "Тәухидпен қатысты мағрифатнама" яғни пікірлеудің, Аллаһты танудың үздік үлгісі арабша Жиырма тоғызыншы Леманы да меңзеп ишара еткен.

Екінші жазбасымен Исм-і Ағзам және "сәкина" деп аталған Аллаһтың мәшһүр алты есімінің ақиқатын керемет баяндап дәлелдеген, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы Леманың ізін ала бере жазылған Отызыншы Лема деп аталатын Аллаһтың алты есімінің тұжырымды рисалесіне: بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ деген сөйлем арқылы ишара еткендіктен Отыз бірінші Леманың Бірінші Шуасы ретінде және бастан соңына дейін әріптер жайлы ілім деуге болатын, Құранның мұғжизасы боп саналатын рисалені حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ сөзімен ишара етіп, дереу, وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ сөзімен де сол әріптер жайлы сыр шертетін рисаледен, кейін «Әл-Аят-ул Күбра» рисалесінен тұратын және Аса-и Муса деп аталатын және шынымен де Мусаның (а.с.) таяғы тәрізді ширк пен адасудың сиқырларын тоқтатқан, әзірге Рисалей-Нұрдың ең соңғы рисалесіне «Аса-и Муса» деп айдар тағып, ишара етіп мағынауи қараңғылықтарды жоқ қылатынын меңзеп сүйінші хабар берген.

Иә, وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى сөзі арқылы Жетінші Шуаға ишаралары қуатты белгілермен дәлелденгені секілді дәл сол сөз, басқа мағына арқылы расында Рисалей-Нұрдың «Аят-ул Күбрасы» саналатын және көптеген рисалелердің мән-мағынасын қамтитын және арабша жазылған Жиырма Тоғызыншы Лемаға бұл сөз қағидасы бойынша меңзеп ішіне алады яғни қамтиды. Олай болса, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) бұл жазбадан осыны көріп ишара қылған деуге толық болады.

Һәм, басқа ишара-белгілермен Мектубаттан Лемаларға, оның ішінде ерекше түрде Лемалардың ең жарқынының сұмдық кезеңде жарыққа шығып, сол бір қараңғы күндерде қамаудан, өлім жазасынан құтылу үшін, қауіпсіздікке, сау-саламаттыққа қауышу үшін, астарлы мағынамен Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) өзіне қауіпті жағдайда тұрған рисаленің авторының атынан өзі сөйлеп,

— 774 —

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ яғни, «Уа, Раббым мені сақтай гөр! Аман-сау есендікке қауыштыр!» деп дұға етуі автордың дәл ауыр кезеңіне яғни Ескішәһир қаласындағы түрмеде өлім жазасына кесілуі мүмкін кезіне немесе ұзақ мерзімге сотталу қаупі төнгенде жазылған Жиырма тоғызыншы Леманың кезеңіне тевафук етуі арқылы ол сөз астарлы түрде, ишарамен білдіріп тұрғандықтан былай деуге толық құқымыз бар: Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) сөзінен ишара қылып отырғанын байқаймыз. Ол Отызыншы Лема деп аталатын Алты Тұжырым болған "Әсма" рисалесін көріп, وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى деп, басқа ишаралардың белгі-нышандарымен, Жиырма тоғызыншы Лемадан кейін басқа да сәйкестіктер арқылы және қиын жағдайға тап болған автор, кітаптың берекетінен жұбаныш тауып, астарлы түрде Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) тілімен өзіне дұға етіп яғни وَ بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ яғни, «Исм-і Ағзам» болған әлгі «Әсма» рисалесінің берекетімен: «Мені қиын-қыстаудан, қауіпқатерден сақта! Уа, Раббым!» деуі дәлме-дәл әлгі рисаленің және Автордың жағдайына тәвафук етуі астарлы түрде осыны білдіреді және Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) болса мұны ғайби түрде ишара еткен деуге негіз бар.

Жалпы, Джәжәлутияның негізі уахи екені рас және іші тола сыр. Әрі ол болашақты қамтып, ғайби яғни енді болатын оқиғалардан хабар беретіні рас.

Сондай-ақ, Құран назарында бұл ғасыр сұмдық ғасыр, әрі Құран үшін Рисалей-Нұр мына қараңғы заманда маңызы зор оқиға және ашық байқағанымдай, оған негіз болар белгі-нышандар жеткілікті. Рисалей-Нұр Джәлжәлутияның ішінен орын алған әрі өте маңызды жерінде айтылады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр мен оның кітаптары сол мақамға лайық әрі өзі туралы хабар беруіне тұрарлық қымбат тәпсір және Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сирадж-ун Нұр туралы ашық түрде хабар бергеннен кейін екінші кезекте, жасырын түрде Сөздерден, сосын Мектубаттан, сосын Лемалардан дәл рисалелердегі секілді бірдей рет-ретімен, дәл айнытпай мәртебе-сатысына қарай қуатты нышандармен белгі беріп, Хазіреті Алидің (р.һ.) ишара еткенін дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, жазбаның басында

— 775 —
بَدَئْتُ بِبِسْمِ اللّٰهِ رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

сөзі арқылы Рисалелердің бастамасы және Бірінші Сөз деп аталған بِسْمِ اللّٰهِ (бисмилләһ) рисалесін меңзеп хабар бергені секілді, "муаззам жами қасамының" соңында яғни ұлы да мазмұнды ант сөзі рисалелерінің соңғы бөлімдері болған Лемалар және Шуалар кітабын әсіресе, Тәухид аяты Жиырма тоғызыншы таңғажайып арапша Леманы, сондай-ақ Аллаһтың алты есімі жайлы және Құрани әріптердің ишаралары жайлы баяндайтын рисалелерді әсіресе, адасушылықтың барлық мағынауи сиқырларын тоқтататын өте құнды және белгілі мағынада «Аят-ул Күбра» атануға лайық әзірге ең соңғы Шуа саналатын Аса-и Муса секілді керемет рисалені меңзеп тұрғандай баяны өзгеше.

Сондай-ақ, бір мәселеге қатысты белгі-нышандар тақырып ортақ болғандықтан сол белгі-нышандар бір-бірін қуаттап, әлсіз де болса қайнар бұлағын көрсетіп бір жерге тоғысып жатады. Әлбетте, осы аталған жеті негізге сүйене отырып былай дейміз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сөздер кітабына рет-ретімен ишара еткені секілді және Мектубат кітабының кейбіріне, Лемалар кітабының маңызды бөлімдеріне ретімен хабар бергені секілді بِاَسْمَٓائِكَ الْحُسْنٰى اَجِرْن۪ى مِنَ الشَّتَتْ сөйлемімен Отызыншы Леманы яғни дара рисале Лемалардың ең соңғы бөлімі "Әсма-и Ситте" рисалесін жоғары бағалап ол туралы хабар береді. Және حُرُوفٌ لِبَهْرَامٍ عَلَتْ وَ تَشَامَخَتْ сөзімен де Отызыншы Лемадан кейін тұратын Құранның әріптерінің ишаралары туралы рисалені мақтап, ишараи түрде растаған.

Және وَ اسْمُ عَصَا مُوسٰى بِهِ الظُّلْمَتُ انْجَلَتْ сөзімен де әзірге соңғы рисале және Тәухид пен Иманның қолында Аса-и Муса секілді ғажайып қуат пен айғақтарға толы қалың рисалені жоғары бағалап рәмізді түрде меңзеп көрсетіп тұрғандай сөздер пайдаланған. Осыған байланысты, біз сенімді түрде былай айта аламыз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұр әрі оның маңызы зор рисалелері жайлы тура мағына жағымен, астарлы түрде, ишари, рәмзи, имали, тәлуиһи түрде хабар берген. Ол туралы кім күмәнданса ишара етілген рисалелерге мұқият бір қарасын! Егер, ынсапты біреу болса шүбәсі қалмайды деп ойлаймын.

— 776 —

Бұл жерде, ерекше мән берер жағы ишари мағыналардың, межази яғни астарлы белгі-нышандардың өзара реттілігін сақтай отырып атау-есімдердің тығыз байланысты болуы.

Мысалы, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі деп санап келеді Жиырма тоғыз, Отыз, Отыз бір, Отыз екінші сөздерге сай атаулармен сондай-ақ, әу баста Сөздер кітабының бастамасы Бірінші Сөзге дәлмедәл «бисмилләһтың» сырымен және соңында әзірге рисалелердің соңғысынына дәл сол рисаленің мән-мағынасын көрсететін өзіне лайық жеке-жеке есім тағып ишара етуі - рас құпия түрде болса да - өте тамаша әрі керемет.

Мен толық мойындаймын, мұндай мақбұл кітапты жарыққа шығаруға, ондай нұрға бөленуге мүлдем лайық емеспін. Бірақ, кіпкішкентай, түкке тұрғысыз бір дәнектен зәулім ағаш жарату Құдайдың құдіреті, оның әдеті және ол Аллаһтың ұлықтығын дәлелдейді. Менде ант ете отырып айтпағым:

Рисалей-Нұрды мақтаудағы мақсатым, ол Құранның ақиқаттарын, иманның шарттарын бекітіп, дәлелдеп, әр тарапқа жайғаны үшін.

Рахымы мол Жаратушыма сансыз шүкір етемін, мені өзін ұнатпайтын адам қылып жаратқан. Нәпсімнің айып-кемшіліктерін әрдайым өзіме көрсетіп отырады. Сол жүгенсіз нәпсімді біреуге жақсы көргізу, ұнамды болу секілді ойлар мүлдем аулақпын. Қабірдің аузына келіп кезегін күтіп тұрған адамның артына, пәни дүнияға қимастықпен қызыға қарауы тым аянышты әрі ақымақтық әрі орны толмас өкініш әрі күллі зиян.

Міне, осы ниетпен ғана иман ақиқаттарын жеткізуші РисалейНұрдың дұрыс хақ екеніне байланысты бір нәрсе айта кетейін:

«Джәлжәлутия» сөзі Ассирия тілінде «Бәдиғ» яғни «таңғажайып» деген мағынаны білдіреді. Расында, сөздері ғажайып бәдиғ болған Рисалей-Нұр. Ол, Джәлжәлутияның төрінен орын алып оның көптеген жерінде өзі жайлы хабар берілетіндіктен сол "Джәлжәлутия" қасидасының атауы да онымен қатысты көрінеді.

Мен, енді түсіндім, бұрыннан бері лайық болмасам да, маған тағылған «Бәдиүззаман» лақаб-атым менікі емес, ол, РисалейНұрдың мағынауи атауы еді. Сырт көзге аудармашы, тілмашына яғни маған аманат ретінде тағылған болатын.

— 777 —

Енді, сол аманат атау өз иесін тапты. Демек, Ассирия тіліндегі "бәдиғ" мағынасын білдіретін және қасидада көп қайталанатындықтын солай аталған Джәлжәлутия есімі, астарлы түрде мынаны білдіреді: Бидғат көбейген заманда шығатын «Бәди-ул Баян» және "Бәдиүззаман" дейтін Рисалей-Нұрдың таңғажайыптығын яғни сөздері де, мағынасы да ерекше бәди екенін білдіріп, осы атау біршама соны білдіреді. «Джәлжәлутияда» Рисалей-Нұр көп кездесетіндіктен солай болуы орынды деп ойлаймын.

﴿ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ﴾

СЕГІЗІНШІ РӘМІЗ: Бұл рәмізді баяндамас бұрын маңызды екі сұрақтың жауабын жазған жөн болар.

Бірінші сауал: Небір құнды кітаптардың арасынан РисалейНұрға Құранның ишара қылуы неліктен? Сондай-ақ, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) жоғары бағалап, мақтауына және Ғаус-ы Ағзамның (қ.с.) назарына ілігіп, сүйінші сұрауына себеп болатындай қандай қасиеті бар? Әлгі, екі атақты ірі тұлғаның кәрамат түрде Рисалей-Нұрға мұнша мән беріп қошаметтеуінің икметі не?

Жауабы: Өздеріңе мәлім, кейде бір минут бір сағатқа татиды тіпті бір күндік, тіпті бір-неше жылдық, ал кейде бір сағат бір жылдық тіпті өмірлік нәтиже беріп, маңызы зор болды. Мәселен, бір минуттың ішінде шәһид болған адам бір әулиенің дәрежесіне бір сәтте қол жеткізеді. Қатты суыққа үсігіп өлген адам немесе жау шауып, қысылтаяң сәтте бір сағат күзетте тұрған әскер бір жыл ғибадат еткенмен тең.

Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға көп мән берілуінің себебі, заманының өте қауіптілігі және ғасырының Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) шариғатына, Исламның құндылықтарына жасалған зұлымдықтар дың шектен шыққан сорақылығына орай және осы ақыр заманның фитна-бүлігінен бұрынғы заманнан бері мұсылмандар жаппай Аллаһқа сиынып қатты қорықуы әрі сол фитнаның қоғамды жаулап қаумалап оты өршіген кезі. Осындай аласапыран заманда мүминдердің иманын сақтап қалуы тұрғысынан Рисалей-Нұр зор маңызға не әрі үлкен міндет атқарды. Сол үшін де, Қасиетті Құран қуатты түрде ол туралы ишара қылған, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) үш кәраматпен сүйінші хабар берген және Ғаус-ы Ағзам (р.һ.) кәрамат көрсетіп, ол жайлы хабарлап авторын жігерлендіріп демеу берген.

— 778 —

Иә, бұл ғасырдың сұмдық дауылына «тақлиди иман» яғни көшіріліп алынған иман шыдай алмай өшіңкіреп сүйеніш-тіректері босап, алыстап, тұмшалануда. Мұндай кезде әрбір мүмин-мұсылман жалғыз өзі әлгі адастырушы топтардың ұйымдасқан шабуылына қарсы төтеп бере алатындай өте қуатты «тахқиқи» яғни әбден көз жеткізілген, көңілге орныққан шынайы иманы болуы шарт. Міне, Рисалей-Нұр осы қызметті өте қауіпті де қажетті кезде әрі өте күрделі кезеңде әркім оңай түсіне алатындай етіп, Құрани ақиқаттарды, Иманның терең сырларын бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп беруде. Оның, иманы кәміл, адал, ниеті таза шәкірттері өздері тұратын ауыл-аймақта, аудан-қалада, иманға қызмет етіп бейнебір әрбірі жасырын "кутуб" секілді мүминдерге рухани демеуші болып өздері білінбей, көрінбей, топтасып жиналмай-ақ, имандары болаттай берік, діні мықты бәһадүр батырдай мүминдердің рухани қуатын сақтап, мұсылмандарға сүйеніш болып сенімділік туғызуда, батырлық беруде.

Екінші сауал: Жалпы кәраматты ашық көрсетпеген абзал бола тұра, сіз мұны неліктен жұртқа жария қыласыз?

Жауабы: Бұл менің кәраматым емес, ол Қасиетті Құранның мағынауи қасиетінен туындаған хас тәпсірінен кәрамат түрде шыққан, сөйтіп бізге және имандыларға Раббани икрам, (сый) Иләһи нығмет. Әлбетте, Құранның қасиетімен оның нұр сәулелері көрсетілуі тиіс. Нығметті шүкір мақсатында жариялау, нығметті қадірлеу боп табылады. وَ اَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ аяты жария етуді бұйырады. Менің оған ешқандай мақтануға, масаттануға ақым жоқ, лайық та емеспін және бір ерекше қасиетім жоқ екеніне ант етемін. Мен бір дәнекке ұқсап, шіріп қурадым. Менің өмірім, абыройым, қадірқасиетім бәрі-бәрі сол дәнектен шыққан Рисалей-Нұр дейтін ағашқа өтті, Құранның мағынауи мұғжизасына арналған деп білемін. Соған кәміл сенгендіктен, мұны Құран атынан жазып, жариялап отырмын. Қадір-қасиет, құндылық, Құранның мұғжизасы Рисалей-Нұрда. Тіпті, керек десең, бұрыннан бері алып жүрген «Бәдиүззаман» лақабы да менікі емес, оныкі екен, ақырында қайтып өзіне тапсырылды.

Рисалей-Нұр Құранның мағынасы, Құраннан шыққан. Бұл ойымды растап бекітетін және өзіме тән белгі-нышандар бар. Бірақ, оны басқаларға дәлелдей алмайтындықтан жаза алмай отырмын. Тек, екіүшеуіне ишара еткен жөн болар.

— 779 —

Біріншісі: Мен, Джәлжәлутияны оқыған кезімде басқа дұға-мінажаттар сияқты емес, бүкіл сезіміммен өзім мінажат етіп жалбарынып жатқандай сезінетінмін. Басқа біреуге еліктеп жатқандай емес, шынайы болатын. Ол мен үшін, менің табиғатыма сай, дерттеріме сәйкес, тәфеккүріме, толғаныс, пікірлеу халіме ыңғайлы келетін. Жоғарыда аталған кәраматтың Рисалей-Нұрмен қатысты екенін мен кейін байқадым. Ол жағдай осы байланыстықтан туындайтынын сонда түсіндім.

Екіншісі: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) жазбаның басында:

رُوح۪ى بِهِ اهْتَدَتْ اِلٰى كَشْفِ اَسْرَارٍ بِبَاطِنِهِ انْطَوَتْ

деп және орта шенінде:

وَاَمْنِحْن۪ى يَا ذَا الْجَلَالِ كَرَامَةً ٭ بِاَسْرَارِ عِلْمٍ يَا حَل۪يمُ بِكَ انْجَلَتْ

деп және соңында:

مَقَالُ عَلِىٍّ وَ ابْنِ عَمِّ مُحَمَّدٍ ٭ وَ سِرُّ عُلُومٍ لِلْخَلَائِقِ جُمِّعَتْ

деп Джәлжәлутияның «хәзинә-і ілім» яғни ілім қазынасы екенін айтады. Алайда, бір қарағанда ол тек мінәжат, дегенмен Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) басқа да ақиқатқа толы қасида-өлеңдері, ілімимінәжаттары осы дәл мұндай байланыстылығы толық көрінбейді.

Менің ойымша, Джәлжәлутия Рисалей-Нұрды бауырына басып, оны мағынауи баласындай қабыл алған. Ол рас. Олай болса, әлбетте وَ سِرُّ عُلُومٍ لِلْخَلَائِقِ جُمِّعَتْ жазбасы арқылы, өзінің қазынасындағы кейбір жақұт-маржандарды ақырзаманда жарыққа шығарып оны айналасына шашқан Рисалей-Нұрды куәгер ретінде көрсетіп Джәлжәлутияның іліми қазына екенін, ол ілім толы көмбе байлық екенін айтып, лайықты түрде мақтап-мадақтауы әбден орынды.

Үшіншісі: Өздеріңе мәлім, кейде кішкене ишара, кейбір шарттарда өте қуатты дәлел боп саналады. Ол адамды сендіріп көзін жеткізіп, әбден қанағаттандырады. Мені, қанағаттандыратын көптеген мысалдарынан жоғарыда аталған бір ғана мысал мен үшін жеткілікті.

Мәселен, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ жазбасы арқылы Рисалей-Нұрдан хабар берген соң яғни оның атқарар қызметінен, мән-мағынасынан, жарыққа шығу кезеңінен,

— 780 —

негіздерінен хабар бергеннен кейін Ассирия тілінде есімдерді атап тұрып мінажат қылады. Отыз екі немесе Отыз үшінші есімдерге келгенде екі мәрте بَعْدَهَا сөзін қайталайды. Олардың бірі Жиырма жетіншіде وَ ذَيْمُوخٍ بَعْدَهَا екінішісі Отыз бірде وَ بَازُوخٍ بَعْدَهَا дейді.

Міне, Рисалей-Нұрдың Сөздері Отыз үш, бір жағынан алғанда Отыз екі... және Мектубат атты рисаленің де бір жағынан Отыз екі, бір жағынан Отыз үш болып осы мінәжатқа сәйкес келуі және тек рисале ретінде екі қосымшасы болуы және сол қосымшаның біреуі Жиырма жетінші Сөздің маңызды соңы ал, екіншісі Отыз бірініш Сөздің құнды қосымшасы және сол екі қосымша рисаленің өзіндік бөлек мәртебесі мен реттік нөмірі болмауы, сондай-ақ بَعْدَهَا сөзі де, дәл сол жерге, дәл сол мағынаға сәйкес келуі, менің мынаған көзімді анық жеткізеді:

Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) астарлы мағына арқылы және ишари ұғыммен Рисалей-Нұрдан, тіпті оның қосымша рисалесінен хабар беру үшін осылай істеген. Мұнан да көп белгі-нышандар және әрбір сөзге ишара қылатын байланысты жақтар бар. Бірақ, құпия әрі күрделі болғандықтан айтылмады.

{(Сілтеме): Мәселен, Жиырма сегізінші мәртебеде وَ بِسُورَةِ التَّهْم۪يزِ Жиырма сегізінші Сөздің соңы Жәһаннам мәселесінің өте қуатты айғағына ишара етіп, бас жағындағы Жәннат мәселесінің тек, екі-үш қана сұрақ пен жауабына қатысты тақырып болса ол басқа жерде ишара етілгендіктен байланыстылығы көрінбей жасырын қалған.

Һәм, мысалы, екінші мәртебеде يٰسٓ сөзімен, һәм Екінші Сөзді, һәм Екінші Мектубты, һәм Екіншісі Леманы, һәм Екінші Шұғаны мегзеп көрсеткендіктен байланысы терең болып құпия қалған.

Һәм, мысалы وَ كَافٍ وَ هَا يَاءٍ وَ عَيْنٍ وَ صَادِهَا яғни كٓهٰيٰعٓصٓ бесінші мәртебеде болып, Һәм Бесінші Сөзді, Бесінші Мектубты, Һәм Бесінші Леманы және Төртінші Шұғаға боп саналатын Хасби аят рисалесін һәм Үшінші Шұға боп саналатын Мінажат рисалесін меңзеп қатыстылығы көрінгендіктен байланыстылығы кеңейіп жасырын қалған. Осыған басқаларды салыстырған жөн.}

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ٭ وَاللّٰهُ اَعْلَمُ بِالصَّوَابِ ٭ اَستَغْفِرُ اللّٰهَ مِنْ خَطَٓائ۪ى وَخَط۪ٓيئَات۪ى وَ مِنْ سَهْو۪ى وَغَلَطَات۪ى وَالْحَمْدُ لِلّٰهِ
— 781 —
عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ وَ الْقُرْاٰنِ بِعَدَدِ حَاصِلِ ضَرْبِ حُرُوفِ رَسَائِلِ النُّورِ الْمَقْرُوئَةِ وَ الْمَكْتُوبَةِ وَ الْمُتَمَثِّلَةِ فِى الْهَوَاءِ فِى عَاشِرَاتِ دَقَائِقِ حَيَات۪ى فِى الدُّنْيَا وَ الْبَرْزَخِ وَ الْاٰخِرَةِ
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى مُحَمَّدٍ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ وَ اَصْحَابِهِ بِعَدَدِهَا وَارْحَمْنَا وَ ارْحَمْ طَلَبَةَ رَسَٓائِلِ النُّورِ بِعَدَدِهَا اٰم۪ينَ وَ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾