БІРІНШІ ШУАҚ
Бірінші сауал: "Фатиха", "Ясин" немесе Құран хатым оқып кейде көптеген әруақтарға немесе сау адамдарға бағышталып жатады. Алайда мұндай, шағын әрі шектеулі нәрсенің бір сәтте саны шексіз адамдарға жетуі немесе әрқайсысына дәл сол сый-кәденің тұтас түрде жетуі ақылға сыйымсыз секілді?
Жауабы: Фатыр-и Хаким, теңдессіз жаратушы Аллаһ қалайша, ауа қабатын ауыздан шыққан сөздердің әп-сәтте жайылуына және көбеюіне қолайлы етіп бейнебір егіндік алқабы, соған бір ұйытқы ретінде жаратқан. Мешіттің мұнарасынан оқылған азан дауысы әуе толқыны арқылы барлық жерге, күллі жамағатқа бір мезетте жететіні секілді «Фатиха» сүресі оқылып барлық мүминдерге бағышталса, дәл сол мезетте толық жетуі үшін Құдайдың құдіреті, өзінің шексіз хикметімен рухани әлемде, мағынауи ауада көптеген мағынауи электр қуатын, мағынауи радиоларды әр жерге орнатып, жайып тастаған. Оларды табиғи сымсыз телефон ретінде қолданып, қызмет еткізуде. Һәм, қалайша бір ғана лампа жанса, маңайындағы мыңдаған айнаға шағылысып әрқайсысына толық түрде бір лампаның бейнесі түседі. Дәл сол секілді, бір ғана «Ясин» сүресі оқылып, миллиондаған әруаққа бағышталса әрқайсысына бір бүтін «Ясин» толығымен барады.
Екінші сауал: Қатаң талап етіп және әмір еткендей маған былай деді: "Сен Риселей-Нұрдың қабыл болғанына дәлел ретінде Хазіреті Али (р.а.) және Ғаус-ы Ағзам (р.а.) сынды ірі тұлғалардың қасидежазбаларын алға тартып сол кітапттарды, куәгер ретінде көрсетесің. Алайда, үкім-сөз сөйлейтін Құран Кәрім. Рисалей-Нұр Құранның нағыз тәпсірі және ақиқатын жеткізуші және ондағы мәселелердің айғағы болып табылады. Құран болса басқа сөздер секілді шала, қорытыла бермейтін тас түйірлері бар және ауқым-санасы шектеулі
шағын кітап емес. Керісінше, Құранның бүкіл ишара-белгілері жаппай саналы, толып тұрған хикмет ішінде бос ешнәрсе жоқ. Ол ғайб әлемінің тәржімешісі, аудармашысы. Олай болса, Рисалей-Нұр туралы үкім-сөз сөйлеу Оның ақысы, көрейік, ол не дейді екен?
Жауабы: Иә, Рисалей-Нұр тікелей Құранның бұлтартпас айғағы, Ол күшті тәпсір. Ол, Құранның мағынауи мұғжизасының нұр сәулесі, Ол, теңіздей Құранның тамшысы, Ол, Күндей Құранның шуағы, Ол, ақиқат ілімінен келген, нұрынан шашырап төгілген мағынауи тәржімесі. Сондықтан, Рисалей-Нұрдың қадір-қажетін қаншалықты маңызды екенін баяндау бұл дегенің Құранның абыройын асқақтату, оны дәріптеу, мақтау болып саналатындықтан, әлбетте РисалейНұрдың қадірін, маңыздылығын баяндау керек, мұны ақиқат талап етеді Құран рұқсат береді. Ал, мен секілді тәржімәшінің ол жердегі ақысы тек қана шүкір ету. Менің ешбір тұрғыдан мақтануға, масаттануға ақым жоқ, болуы да мүмкін емес. Төменде баяндалатын аяттардың ишара-белгілеріне осы назармен қарау керек. Егер мені мақтаншақ, өзі үшін істеп жүр деп ойлайтындар болса, оларды кешірмеймін.
Сонымен, жоғарыда аталған сұрақтың жауабы екі-үш сағаттың көлемінде Қасиетті Құранның мәшһүр аяттарынан сүзіліп, «Сөздердің» санындай Отыз үш тамшы ретінде һәм мағынасы жағымен һәм «джифр» есебімен дәлме-дәл сәйкес келіп РисалейНұрға ишара-белгілер алыстан түйін түрінде көрінді. Әрқайсысы әртүрде Отыз үш аят бірақ бәрі бір жерге тоғысып Рисалей-Нұрды меңзеп көрсетіп тұрғанын бұлыңғыр болса да ойша көрдім.
ЕСКЕРТУ: Ең біріншісі, Жиырма төртінші аяттың бас жағында жазылған ескертпе жазбаны мұқият оқу керек. Негізінде ол жазбаның орны басқа жерде болатын. Бірақ, сол жерде есіме түскен соң сонда жазылды.
ЕКІНШІ ЕСКЕРТУ: Егер, тәвафүкпен {(Сілтеме): Тәвафүк*- сәйкестік, өзара үйлесімділік, дәлме-дәл келуі} ишаралар яғни өзара сәйкес ишара-белгілер мағынасы жағынан үйлеспей жатса аса маңызды емес. Егер мағынасы жағынан да тікелей байланысты әрі дәл сәйкес келіп жатса, бұл оның бір бөлігі болып сол мағынаға бөленгені, қатысты саналып әрі ерекше сол жерге лайық болып жатса, онда "тәвафук" яғни өте маңызды сәйкестік деген сөз. Сөйтіп, ол сөздің
сол мағынаны меңзеп тұрғаны белгілі болады. Әлгі мағынаға арнайы түрде мән беріліп я рәмізді, я ишари, я белгі түрінде қамтығанын білеміз.
Сонымен, төменде келетін Құран аяттарының Рисалей-Нұрға ишаралары, сәйкестіктері басым көпшілігі өте қуатты түрде мағыналық тұрғыдан тығыз байланысты болып келеді. Иә, аталған мәшһүр аяттар барлығы жаппай Он үшінші ғасырдың соңын, Он төртінші ғасырдың басын «джифр» есебі бойынша меңзеп және Құран мен Иманға байланысты ишара қылып тұр. Және, сол кезеңде шығатын, жұбаныш сыйлайтын нұрдан хабар береді. Ол нұр сол заманның адасушылық, күпірлік дейтін бүлік-фитнесінен пайда болған күмән-күдіктерді жоқ қылатын Құранның айғағы екенін сүйіншілеуде.
Осы ишара-белгілер ол туралы болып және аталған міндеттерді толық атқарған Рисалей-Нұр деген Құрани тәпсір екені анық. Шынында, Рисалей-Нұр бұл тұрғыда, көш ілгері екендігі оны оқығандар тарапынан еш күмәні жоқ ақиқат. Олай болса, әлгі аяттар Рисалей-Нұрды бауырына басып, оны меңзеп тұр деп толық айта аламыз.
Нұр сүресіндегі Нұр аяты. Бұл аят Рисалей-Нұрдың кейде Ресаилин Нұр деп, кейде Рисале-ин Нұр деп, кейде Рисалет-ун Нұр деп аталуына себеп болғандықтан, әрине бұдан басқа Он алты себеп бар, әуелі осы аят жайлы баяндаған жөн болар. Нұр аяты:
Бұл Нұр аятының мағынасының көптеген сатылары бар және көптеген қырсырлары бар. Сол сатылардың және қырларының да ишари, рәмзи жақтары мағына жағымен және джифр есебімен нұрлы
тәпсір Рисалей-Нұрға, Рисалет-ун Нұрға төрт-бес сөйлем арқылы қарап он тұрғыдан қатысы бар. Яғни, сол сатылардан, қырларынан бір мәртебесі, бір қабаты таңғажайып түрде электр тоғы жайлыда хабар береді.
яғни, Иләһи нұрдың яки Құран нұрының немесе Мұхаммеди (с.а.у.) нұрдың үлгі-мысалы мына مِشْكٰوةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ сөйлемі болып табылады. Мұның джифри саны тоғыз жүз тоқсан сегіз, сондай-ақ, Рисалет-ун Нұр сөзі де шәддәлі нунды екі нун деп санар болсақ, дәлме-дәл өзара сәйкес келіп, оған ишара етеді.
Екінші сөйлемі: اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ Жиырма сегізінші Лемада егжей-тегжейлі түсіндірілгені секілді Хазіреті Али (р.а.) өзінің Джәлжәлутия қасидесінде ашық түрде Рисалей-Нұрға назар аударып әрі ишара қылып былай деген: اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا Менің ойымша, имам Алидың (р.а.) бұл ишарасы осы нұр туралы сөзден, оның рәмізінен туындаған болса керек. Әлгі, аяттың саны бес жүз қырық алты, ал Рисалей-Нұрдың болса бес жүз қырық сегіз. Демек, өте аз әрі сырлы айырмашылық бар. Осылайша, тәвәфук тұрғысынан ишара еткені сияқты рәмізді мағынасымен де дәл келіп тұр.
Үшінші Сөйлем: مِنْ شَجَرَةٍ сөзіндегі مِنْ شَجَرَةٍ тоқтаған-дағы секілді ة болып оқылса бес жүз тоқсан сегіз болып, дәлме-дәл Рисаил-ин Нұр және Риселе-и Нұр сөздерінің санына яғни бес жүз тоқсан сегізге тәвафук қылады. Сонымен қатар, هی болып оқылса бес жүз тоқсан сегіз болып, дәлме-дәл Рисаил-ин Нұр және Риселе-и Нұр сөздерінің санына яғни бес жүз тоқсан сегізге тәвафук қылады. Сонымен қатар, مِنْ فُرْقَانٍ حَك۪يمٍ сөзінің санына тағы да сырлы бір айырмашылықпен рәмізді түрде тәвафук қылады. Осылайша, Рисаил-и Нұрды өз қатарына алып һәм тағы да Рисале-и Нұр жемісінің мүбарак ағашы Қасиетті Құран екенін көрсетеді. Егер, مِنْ شَجَرَةٍ сөзіндегі ة , ت боп қалатын болса, ол кезде джифри есеп бойынша тоғыз жүз тоқсан үш шығады. Мұндай тәвафукке зияны жоқ азғантай және сырлы бес айырмашылықпен Риселей-Нұр санына яғни тоғыз жүз тоқсан сегіз тәвафук қылып мағынасы да сәйкес келетіндіктен оған ишара боп саналады.
Төртінші сөйлем: نُورٌ عَلٰى نُورٍ يَهْدِى اللّٰهُ لِنُورِه۪ бұл тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып сырлы бір ғана санның айырмашылығымен Рисалей-Нұрдың санына яғни тоғыз жүз тоқсан сегізге тәвафук қылып, яғни сәйкес дәл келіп мағынасының да тығыз байланыстылығына орай ишара дәрежесінде рәміз қылуда.
Бесінші Сөйлем: مَنْ يَشَٓاءُ сөйлемі өте азғантай айырмашылықпен Рисалет-ун Нұрдың авторының атына және мәшһүр лақабына тәвафук қылып, мағынасы да сәйкес келетін қатыстылғы байқалады. Егер, يَشَٓاءُ сөзіндегі муқаддер есімдік яғни жасырын жазылған есімдік көрсетілсе, مَنْ يَشَٓائُهُ болып шығады. Сонда толық тәвафук болады. Мына аят, қалайша Рисалей-Нұрдың атауымен байланысты болып тұр, дәл сол секілді жазылған уақытына, кемелденген шағына дәлме-дәл тәвафук қылып рәмізді түрде қатысы бар.
сөйлемі كَمِشْكٰوةٍ сөзіндегі тәнуин тұрақ жері болмағандықтан нун боп саналады және ف۪ى زُجَاجَةٍ тұрақ жері болғандықтан ة , هی жағымен мың үш жүз қырық тоғыз болып Ресаил-ин Нұрдың ең нұрлы кітаптарының жазылған кезі мен кемелденген шағына яғни мың үш жүз қырық тоғыз жылына дәлме-дәл тәвафук қылып ишара етеді.
Һәм اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ сөйлемі мың үш жүз қырық бес болып, Рисаил-ин Нұрдың кеңінен тарайтынын және жария түрде басылып және шарықтау кезеңінде дәлме-дәл тәвафук қылады. Себебі, ر екі ر шәдделі ن екі ن шәдделі ز асылы тұрғысынан бір ل бір ز және біріншісі زُجَاجَةٍ тоқтау болғандықтан هی екіншісінде тоқтау болмағандықтан ت боп саналады. Егер шәдделі ز екі ز саналар болса, ол кезде мың үш жүз жиырма екі болады. Егер шәддәлі екі саналар болса, ол кезде мың үш жүз жиырма екі болады. Бұл тағы да Рисале-и Нұрдың авторы Нұр қызметіне бастаған кезеңге дәлме-дәл тәвафук қылады.
Һәм مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ сөйлемі, бастапқы ت әрпі ت болып, ал екінші болса тоқтайтын жер болғандықтан هی болады. Және شَجَرَةٍ сөзіндегі
тәнуин ن боп саналады. Сонда, саны мың үш жүз он бір шығады. Ол кезде Рисалей-Нұрдың авторы Рисалет-ун Нұрдың жемісінің мүбәрак киелі ағашы боп табылатын Кұран Кәрімді түсінуге себеп арабша тәлім ала бастаған кезіне дөп келіп соны меңзейді. Міне, осынша мағыналы және бірнеше Құрани тәвафукпен бекітілгендіктен бұл жәй ғана меңзеу немесе ишара емес, негізінде қуатты дәлел. Шынында, электр тоғымен қоса, Рисале-Нұрға мағына тұрғысынан байланысты болып ашық белгі болып табылады.
Бұл аяттың мағына жағымен байланыстылығы ғажап сәйкестік. Өйткені, ғайби хабар беру түрінен керемет түрде электр тоғын және Рисалей-Нұрды меңзеп қана қоймай, сонымен қатар екеуінің жарыққа шығатынын және шыққан соң кемелдік шағына яғни шарықтау кезеңін, сондай-ақ, әдеттен тыс жағдайын тамаша түрде көрсетеді.
Мысалы, زَيْتُونَةٍ لَا شَرْقِيَّةٍ وَ لَا غَرْبِيَّةٍ сөйлемі былай дейді: Қалайша, электр тоғының құнды заты шығыстан да, батыстан да тартылып алынған емес, ол жоғарыдағы ауа қабатында Рахым қазынасынан, жоғарыдан түседі. Ол барлық жерден табылады, әр нәрседен өндіріледі. Оны белгілі бір жерден іздеудің қажеті жоқ деген мағына шығады. Дәл сол секілді, мағынауи электр тоғы секілді Рисалей-Нұр да шығыстың кітаптарынан, ілімінен немесе батыстың философиясынан, пәнінен алынбаған. Олардан шыққан бір нұр емес, расында ол батыс пен шығыстан да жоғары қасиетті Құранның ғарышынан асқақ биік мәртебесінен алынған дүние.
Сондай-ақ, мысалға يَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ وَ لَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌ сөйлемінің рәмзи мағынасы былай дейді: Он үшінші және он төртінші ғасырда аспани лампалар жанармайсыз жанады, ешқандай отын керек қылмайды. Оның уақыты жақын. Міне, бұл сөйлем қалайша электр тоғының әдеттен тыс қасиетін және қолданысқа енетінін рәмізді түрде баян қылды, дәл сол секілі мағынауи электрге ұқсас Рисаил-ун Нұр да өзі терең ілім, шоқтығы биік хикметке толы бола тұра тәлім алудың қиыншылығын, ілім жинаудың ауыртпалығын және ұстаздардан сабақ алудың машақатын шекпей-ақ, оған мұқтаж болмай-ақ әркім өз дәрежесіне қарай осы терең де құнды ілімді машақат отына күймей-ақ, игеріп өздігінен пайдаға жаратады. Сөйтіп, нағыз ғалым болады.
Әрі, астарлы түрде былай дейді: Рисалей-Нұрдың авторы де отынсыз жанады. Ол ілім іздену, дәріс алу машақатын шекпей өздігінен нұрланып ғалым болады.
Иә, бұл сөйлемнің мұғжиза тәрізді үш ишарасы яғни бірі электр тоғы жайлы, бірі Рисалей-Нұр жайлы мұның рас болғаны секілді, үшіншіден муәллифі яғни авторы туралы да хабары рас. Себебі, өмірбаянын оқығандар және жерлестері біледі, ол медреседе "Изхар" кітабынан кейін оқу ережесі бойынша он бес жыл сабақ оқуға, ілім алуға міндетті бола тұра, ол оқулықтарды Рисалей-Нұр муәллифі бар болғаны үш айда тәмамдаған. Сондай-ақ, бұл сөйлемнің мағына жағынан байланысы тығыз әрі керемет болғаны секілді джифри, әбжади тұрғыдан тәвафукы да керемет яғни һәм электр тоғының шығатын уақыты жақын екенін һәм Рисале-Нұрдың жарыққа шығатын кезеңін һәм муәллифінің дүниеге келетін кезін рәмізді түрде хабар беріп отыр.
Тағы да, таңғажайып бір тұсы мынау: يَكَادُ زَيْتُهَا يُض۪ٓيءُ сөзінің реттік саны мың екі жүз жетпіс тоғыз болып, وَلَوْ لَمْ تَمْسَسْهُ نَارٌ نُورٌ бөлігі болса екі тәнуин екі "нун" саналар болса, мың екі жүз сексен төрт болып, һәм электр жарығының жалпыға ортақ болатын кезеңі жақындағанын һәм Рисаил-ин Нұрдың жақында шығатынын һәм он төрт жылдан кейін, муәллифінің туылатынын يَكَادُ сөзімен мағына жағымен ишара қылады. Өздеріңе мәлім, әлсіз, жіңішке жіптерді иіріп қабаттаса қуатталып мықты, үзілмейтін арқан болады. Сол секілді, осы аяттың аталған ишара белгілері бірбірін қуаттап бекітеді. Тевафук дәлме-дәл келмесе де, сәйкес саналып, ишара белгілері дәлел дәрежесінде қабылданады.
ЕСКЕРТУ: Мен осы Нұр аятының ишара-белгілерін электрдің немесе Ресаил-ин Нұрдың құрметі үшін баян қылмадым. Мақсатым, бұл аяттың мағынауи таңғажайып мұғжизалығын, оның да бір бөлігінің бір сәулесін паш етіп көрсетпек. Сонымен, осы киелі аят ашық мағынасымен Иләһи Нұрды және Құрани нұрды әрі Мұхаммеди Нұрды (с.а.у.) дәріс бергені секілді, ишари мағынасымен де әрбір ғасырды қамтиды. Сондай-ақ, он үшінші ғасырдың соңын он төртінші ғасырдың басын меңзеп, назар аудартып отыр. Ал осы екі ғасырдың кезеңдерінде ең көп назар аударарлық жәйіт және мағынасы жағынан ең көп байланысты және осы аяттың барлық
сөйлемдеріне сәйкес әрі үйлесімді оқиға электр жарығы мен Ресаил-и Нұр болып табылатындықтан тікелей рәмізді мағынасымен қатысты екенін күмәнсіз түрде біліп, көзім әбден жеткендіктен батыл түрде өз ойымды жаздым. Қателескен болсам, Әрхамуррахимин Аллаһ өз мейірімімен ғафу етсін. Ресаил-ин Нұрдың осы аяттың ілтипатына бөленуге лайық екенін түсінгісі келген адам қандай да бір кітабын алып мұқият оқыса көзі жетеді, деп ойлаймын. Ең болмаса, Ескішәһир түрмесінде жазылған, сол абақтының жемісі деуге болатын Отызыншы Лемадағы Иләһи алты көркем есім туралы рисалені не болмаса сол Лемадан «Хай», "Қайюм" есімдері жайлы Бесінші, Алтыншы Тұжырымдарды мұқият зер салып оқыса, әлбетте мойындар еді.
РЕСАИЛ-ИН НҰРҒА ИШАРА ҚЫЛҒАН ЕКІНШІ АЯТ: فَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ бұл мәшһүр аят شَيَّبَتْن۪ى سُورَةُ هُودٍ хадисінің айтылуына себеп болған деседі. اسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ сөзінің ишарасын Сегізінші Лемада түсіндірілгеніндей «Худ» сүресіндегі فَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ деп келетін аят орналасқан бетке жақын өте танымал аят боп табылады. Мұның джифри есебі мың үш жүз үш болып һәм «Шура» сүресінің екі бетінде وَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ болса, мың үш жүз тоғыз болып сол кезеңде өзінің тыңдаушыларының ішінен біреуіне Құран үшін ерекше мән беріп ілтипат жасап, алған бағыттан таймай, тура жолда болуын бұйырады. Бірінші кезеңі болса, Рисаил-ин Нұрдың авторының Рисале-ин Нұрға себеп болатын ілім ала бастаған кезеңіне сәйкес келеді. Ал екінші аяттың кезеңі болса автордың таңғажайып түрде өте қысқа мерзімде ілім саласында кемелдікке жетіп ілім жинаудан ілім жаюға өткен кезеңіне сәйкес келеді. Және үш айда және бір қыс мезгілінде медреседе он бес жыл оқылатын жүз кітаптан аса көп кітап оқып және осы үш айда он бес жылдың ілімін алып өз заманының атақты ғалым-ғұламаларымен иық тіресетіндей дәрежеде екенін көптеген тәжірибелерімен дәлелдеп
{(Сілтеме): Бұл мақтау сөздер Саидтың өзі туралы емес. Бұл Қасиетті Құранның бір шәкіртін яғни қызметшісін Саид (р. а.) атымен атап оның халімен баяндап отыр. Мақсаты, оның қызметі адал, сенім артуға болатынын көрсету.}
ілімнің қай саласынан болсын сұраған барлық сұраққа дұрыс жауап беріп сенімге ие болған кезеңге дәлме-дәл тәвафук етіп рәмізді түрде Рисалей-Нұрдың бағыты тура екеніне ишара боп табылады.
ҮШІНШІ МӘШҺҮР АЯТ: وَالَّذ۪ينَ جَاهَدُوا ف۪ينَا لَنَهْدِيَنَّهُمْ سُبُلَنَا аяты мағына жағымен тығыз байланысты болып, сонымен қатар джифри есебі бойынша мың үш жүз қырық төрт шығады. Ол кезеңде Рисалей-Нұр шәкірттері секілді осы аяттың мағынасына анағұрлым бөленіп өзіне назар аударып тұрған топ сырттай көрінбейді. Демек, бұл аят өзінің мағынасының бірнеше қабаттарынан ишари бір қабатынан және рәмзи перденің артынан Қасиетті Құранның жарқын тәпсірі Рисалей-Нұрға қатысы бар. Құранның ең алғаш түскен "Алақ" сүресінде اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى аяты секілді мағынасымен және джифр есебімен былай дейді: Мың үш жүз қырық төртінші жылы адамзат тарихында перғауын тәрізді өмірде болмаған сұмдық тұғиян-бүлік, зұлымдық, дінсіздік шығып адамдар Құдайдан безеді.
وَالَّذ۪ينَ جَاهَدُوا ف۪ينَا аяты болса, сол бүлік-тұғиян яғни азғындыққа қарсы төтеп беріп, тойтарыс жасағандарды мақтап, мадақтайды.
Иә, дүние жүзілік соғыстың кесірінен адамзат оның ішінде Ислам әлемі қыруар зардап шекті. Адам баласы әсіресе, еуропаның тәкаппар, өктемшіл топтары оның ішінде ерекше біреуі күшіне, байлығына, ақшасына сеніп Перғауынға ұқсап діннен безіп азғындыққа салынғандықтан сол белгілі топтар адамзатты жаппай күнәға итеріп жауапты қылады деп, арабша "Инсан" (адам) яғни көпшілікті қамтитын сөз пайдаланған. Егер, لَنَهْدِيَنَّهُمْ сөзіндегі шәддалы ن бір ن саналса мың екі жүз тоқсан төрт болып РисалейНұрдың авторының өмірінің алғашқы кезеңіне және дүниеге келген кезеңнің бірінші жылына дәл келеді. Егер шәдделі ل екі ل және ن біреу боп саналса, ол кезде мың үш жүз жиырма төрт жылындағы егемендікті ресми түрде жариялау кезеңіне рухани күрес жүргізу арқылы танылған Рисалей-Нұрдың авторының ортаға шыққан кезі.
аяты. Бұл сөйлем Қасиетті Құранды және Фатиха сүресін мақтап таныстырғаны секілді, Құранның мақтауға тұрарлық екенін дәлелдейтін және Иманның алты шартын сонымен қатар Ислам ақиқатын яғни барлығы жеті негізді және Құранның қырсырын жарқын түрде дәлелдеген және سَبْعَ الْمَثَان۪ى нұрына бөленген және айнасы
болып табылатын Рисалей-Нұрды меңзеп джифр есебі бойынша ишара қылады. Өйткені, اٰتَيْنَاكَ سَبْعًا مِنَ الْمَثَان۪ى сөзінің әбжәди саны мың үш жүз отыз бес болады. Бұл кезең Рисалей-Нұрдың Фатихасы боп саналатын «Ишарат-ул Иғжаз» тәпсірінің бір бөлігі жарыққа шығып кеңінен таралған кезеңіне яғни мың үш жүз отыз бес немесе мың үш жүз отыз алты жылына тевафук етіп рәмзи түрде перденің артынан оған қарап тұрғаны байқалады.
бұл аяттың рәмізі өте керемет. Себебі, һәм мағына жағымен һәм джифр есебі бойынша арнайы түрде Рисалей-Нұрға және оның авторына қатысы бар. Қалай десеңіз مَيْتًا сөзі тәниун «нун» саналатын болса, бес жүз болып, «Саид-ун Нұрси» сөзінің санына яғни бес жүзге сәйкес келіп, былай ишари қылады: «Саид-ун Нұрси де мәйт секілді болатын. Ол Рисалат-ун Нұрмен тірілді, жан бітті.» Иә, اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا сөзіндегі екі тәнуин «нун» болып есептеледі. Сонда, мың үш жүз отыз төрт болып дәл сол кезеңге (араби жыл санау бойынша) Саид соғыс майданында шынымен өте қауіпті өлімнен таңғажайып түрде аман қалуы, сондай-ақ пәлсапа мен ғапылдықтан туындаған рухани сұмдық екінші өлімнен құтылуы, сөйтіп Құранның шарапатымен жаңа өмір бастауы кезеңіне дәл келеді. Бұл мағына тұрғысынан тәвафук пен джифри сәйкестік дәлел ретіндегі ишара боп табылады.
Сондай-ақ, сөзінде тәнуин "нун" шәддалы فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْش۪ى بِه۪ فِى النَّاسِ сөзінде тәнуин "нун" шәддалы ن екі ن және بِه۪ сөзіндегі оқылатын ى саналатын болса, мың екі жүз тоқсан төрт болады. Ал, бұл уақыт Саидтың дүниеге келуі не және өмірінің бір жасына сәйкес келеді. Демек, осы сөйлем арқылы заттық тәнге қатысты өмірін, ал алдыңғы сөйлеммен де мағынауи яғни рухани өмірін меңзеп ишара етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ: Бұл аят көптеген мағыналарының бір тармағымен ишари қабаттан Рисалет-үн Нұрға қатысты болып әрі оның авторына қарайды әрі Рисалет-үн Нұрдың бастапқы кезеңіне рәмізді түрде, тіпті ишари түрде, тіпті, дәлел ретінде қарайды.
Аятының қуатты ишарасын бір жағынан қуаттайтын әрі көркем қылатын үш жағымен байланыстылығы бар. Бұл рамазан айында ойыма келді. مَيْتًا сөзіне ең ыңғайлы адам Саид екенініне көзім әбден жетті. Бұл аят Рисалей-Нұр тәржімешісі Саидты مَيِّتْ деп атауының бір хикмет сыры мынау: Мәйіттің яғни өлімнің тылсым сырын Рисалей-Нұр арқылы сол кісі ашқан. Өлімнің сұм, қорқынышты жүзінің астарында иманды жандар үшін әдемі, сүйкімді, қуанышты, нұрлы ақиқат жатқанын ашып көрсеткен. Мына пәни, өткінші өмірге алданып оның ұйығына батып кеткен дінсіз кәпірлерге қарсы, негізінде бақи, тірі тек уақытша захири яғни сырт көрінісіндегі өлімді қолға алып, оларды сонымен жеңіп тізе бүктіреді.
كَمَنْ مَثَلُهُ فِى الظُّلُمَاتِ لَيْسَ بِخَارِجٍ مِنْهَا деген аят суреттегендей діннен безген кәпірлер, нәпсіге жағымды харам нәрселерді халыққа пайдалануға рұқсат беріп қызықтырады дейді. Оған қарсы рисалей-Нұр өлімді қолға алып, олардың алдамшы пәни өміріне қарсы қолданып, алып жатқан ләззат пен қызықтарын астаң-кестеңін шығарып, мазасын қашырып майдай шыжғырады. Және оларға былай дейді әрі дәлелдеп береді: «Өлім адасқан кәпірлер үшін мәңгіге жоқ болу. Ол бір дарағашы іспеттес. Ал сол сұмдық дарағашынан аман-сақтап құтқаратын және өлімді берекелі демалысқа шығару, рұқсатнама бейнесіне ендіретін тек қана Құран Кәрім және Иман». Міне, осы себептен бұл ақиқат яғни өлім дейтін үлкен ақиқат Рисалей-Нұрда өте маңызды тақырып, ауқымы кең мәселе. Тіпті, олардың көпшілік шабуылдарына қарсы өлімді қолға алып, адасушылардың басына тоқпақтай ұрғылап ақыл-есін жиғызу үшін тырысады.
Екіншісі, тариқатшылардың соның ішінде Нақшибәнди тариқатының ұстанған төрт негізінің бірі, «рабыта-и мәут» яғни өлімді ойлау Бұрынғы Саидты Жаңа Саидтқа өзгертіп жіберді және ол мәселені толғау кезінде Жаңа Саидтың әрдайым есте сақтап, әсте ұмытпаған жансерігі жолдасы болды. Атап айтсақ, «Қарттар Рисалесі» және
басқа кітаптарында әлгі мәселенің ақиқатын ашып өлім дегеніміз имандылар үшін нұрлы әрі тірі, әрі тамаша екендігін баяндап, оның ақиқатын көріп, басқаларға көрсетті.
Үшіншісі: Бұл аят джифр және әбжәд есебі бойынша Саидтың өмірінде әр тарапта ұшырасқан қауіп-қатерге яғни өлім қаупі төнген кезеңдерді жылын дәлме-дәл көрсетіп тұрып тәвафук етеді. Демек, аяттағы مَيِّتْ сөзінің көптеген мағынасынан біреуі және джифр есебі бойынша, Саид есімі مَيِّتْ сөзінің санына дәлме-дәл тәвафук ету арқылы арнайы түрде ишара қылынған тұлға «Саид-үн Нұрси» боп табылады.
Мен намаздан соң осы хатты жазып отырғанымда сыддық Сүлейменнің орынбасары Әмин бауырым Сабридың اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا аятына қатысты жазбасы қолына тигенін және Рамазанның берекетімен ол жазбаның түсініктемесін сұрап жатқанын білдік. Мен не жазғанымды Әминге көрсетіп едім, таңқалып: «Бұл Сабридың және Рисалей-Нұрдың керәмәті ғой!» деді. Мен осы аяттағы Құранның сырға толы теңеу-мысалдарын ойлап отырғанымда "Худ" сүресіндегі فَاَمَّا الَّذ۪ينَ شَقُوا аятына қатысты وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا فَفِى الْجَنَّةِ сөйлеміндегі теңеу ойға келді. Одан мұндай мағына шығардық:
Қалайша мына екінші аят пен бірінші аят Рисалей-Нұрдың ұстанған жолын, оның шәкірттерін меңзеп дәлме-дәл мағына жағымен, жифр есебімен сәйкес келіп тұр. Сол секілді
аяты да РисалейНұрдың қарсыластарын, оның дұшпандарын және қарсылас ағымдары қашан шыққанын, олардың астырытын әрекеттерін және қашанға дейін жалғасатынын, қашан аяқталатыныны джифр есебі бойынша тевафук етіп, ишара қылады. Қалай десеңіз,
сынды аяттар туралы баяндаған жазбада, Бірінші Шуақта жеті-сегіз аяттың баса назар аударып, көзге шұқып тұрып көрсеткен мың үш жүз он алтыншы, он жетінші кезеңдер. Ол кезең Құранға қарсы қастандық әрекет басталған кезең.
فَاَمَّا الَّذ۪ينَ شَقُوا аяты джифр есебі бойынша дәл сол тарихи кезеңді көрсетеді. Егер шәддәлі "мим" екі мим саналса, мың үш жүз елу жеті, егер шәддәлі "ләм" екі ләм саналса мың үш жүз қырық жетіні көрсетеді. Бұл осы ғасырдың діннен бездіру әрекетінің бастапқы кезеңі. Екі шәддәлі екеу болып саналса мың үш жүз сексен жеті болады. لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ Бұл кезең сұмдық дінсіздік ағымының аяқталу кезеңі болуы мүмкін.
сөзі болса, мың үш жүз алпыс бір. Егер, فَفِى النَّارِ сөзіндегі оқылмайтын "иә" саналмаса, мың үш жүз елу бір, егер шәддәлі ن (нун) негізгі әріп ретінде бір ل (ләм), бір ن саналатын болса, тағы сол мың үш жүз отыз бір кезеңін яғни жан дауыспен шыңғырған және бірінші дүние жүзілік соғыстың ала апат-қырғынының зар қақсатқан бәлесін көрсетіп жәһаннам отының ішінде күйіп, сорлы күнәһарлардың азабы туралы хабар беріп, иманды жандарды фитнә-бүлікке салған залым кәпірлердің һәм бұл дүниеде, һәм ақыретте жазаға тартылатынын меңзеп ишара қылады. Дәл сол секілді, бұл ғасырға сырттай қатысы бар сырға толы وَ السَّمَٓاءِ ذَاتِ الْبُرُوجِ сүресіндегі мына аяттың
дегеніндей, Стамбұлдың екі мәрте сұмдық өртенуі һәм дүниежүзілік соғыстың сұмдық өрті, екеуі жәһаннам азабы секілді әлгі фитнәбүліктің жазасы болып табылады деп, соны ишара қылады.
Қорытынды: Бұл аят әр ғасырды қамтып, қатысты болғаны секілді, осы ғасырға да мән беріп, назар аударту үшін джифр есебі бойынша осы ғасырдағы үш-төрт кезеңді меңзеп, айрықша оқиғаларына ишара қылады. Және мағынасымен екі ағымның қалай пайда болатынын меңзеп белгі береді. Сабридың жазған хаты әлі қолымызға тимей тұрып, оның рухани әсері болса керек, осы аятты және اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا аятымен бірге ойлап отырғанымда осы мағына шықты.
Рисалей-Нұр мұнша қуатты Құрани ишараларға бөленуінің себебі және мұның хикмет-сыры өмір сүрген заманының сұмдық болуынан. Сол үшін, ол ешбір кітап ие болмаған киелі мақтауға, мадаққа бөленген. Демек, мәселе оның ұлықтығында емес, мәселе кезеңіндегі бәле-сұмдықтың тым шектен шыққандығында болып, сол сұмдыққа, бұзықтыққа қарсы жүргізген күресі азғантай болғанымен маңызы өте зор. Соны білдіру мақсатымен Құранның ишарасы сүйіншілеп былай деді: "Рисалей-Нұр алаңына кіргендер қауіп төніп тұрған иманын сақтап қалады, әрі дүниядан иманмен өтеді, жәннатқа барады!" деп, сүйінші хабар беріп отыр. Иә, кейде сондай кезеңдер болады, бір жауынгердің атқарған қызметі мен ерлігі үшін маршалдың дәрежесінен асып түсіп, мәртебесі одан мың есе жоғарылап кетеді.
ЕСКЕРТУ: Өткен және енді баяндалатын аяттардың ишара белгілері тек тәвафукпен шектелмейді. Негізінде әрбір аяттың күлли мағынасындағы көптеген терең мағынасынан бір түйірі РисалейНұр жайлы екенін меңзеп, мағына жағымен сәйкес келіп джифри уә әбжәди есеппен дәл келіп әлгі байланысты одан әрі бекітіп, оны арнайы түрде меңзеп отыр десе болады.
АЛТЫНШЫ АЯТ
Хадид сүресінде: وَ يَجْعَلْ لَكُمْ نُورًا تَمْشُونَ بِه۪ яғни: «Қараң-ғылық басқан кезде сендерге нұр сыйлаймын. Сол арқылы тура жол да жүресіңдер!» дейді. Құдайға шүкір Рисалей-Нұр осы киелі де күлли мағынасының жарқын бір тұлғасы. Сонымен қатар نُورًا сөзіндегі ن саналар болса, мың үш жүз он сегіз санын көрсетеді. Бұл кезең Рисалей-Нұр авторы ілім үйренуден кітап жазуға кіріскен кезеңі және муджахид секілді сапарға бастаған кезеңінен бес жыл бұрынғы уақытты және көптеген аяттардың ишара қылғанындай мың үш жүз он алты кезеңіндегі өте маңызды пікіри өзгерістен екі жыл кейінгі уақытқа дәлме-дәл келеді. Міне, ол кезең нұрдың ортаға шығуына дайындық кезеңі болатын.
Сонымен, осы нұрлы аят һәм мағына жағымен һәм джифр есебімен сәйкес келуі, бұл әрине, барлық жағы ақыл мен хикметке толы Қасиетті Құранда кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес.
ЖЕТІНШІ АЯТ: وَ يُحِقُّ اللّٰهُ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِه۪ осы мәшһүр аяттың күлли мағынасының бұл замандағы ашық көрініп тұрған тұлғасы Рисалет-ун Нұр болғаны секілді, Лафзуллаһтағы яғни "Аллаһ"
сөзіндегі шәддәлі "ләм" бір ләм және بِكَلِمَاتِه۪ сөзіндегі оқылатын "иә" саналатын болса, тоғыз жүз тоқсан сегіз санына дәлме-дәл сәйкес келіп, мағынасы да байланысты болғандықтан рәмізді түрде қатысы бар. Осы рәмізді одан әрі керемет қылып, қуаттандыратын байланыстылықтың бірі мынау: Рисалет-ун Нұрдың кітаптары «Сөздер» деген атпен танымал. Ал сөздердің арабшасы «Кәлимат» деген. Сол кәлиматпен Құранның ақиқаттарын өте керемет түрде хақ әрі ақиқат екенін дәлелдейтіні сондай, бұл заманның дінсіз философтарының аузына құм құяды.
СЕГІЗІНШІ АЯТ: قُلْ اِنَّن۪ى هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ осы мәшһүр аяттың күлли мағынасының осы ғасырда ең сәйкес, ыңғайлы мағынасы Рисалет-ун Нұр болғаны секілді, джифр есебі бойынша صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі صِرَاطٍ сөзіндегі тәнуин "нун" саналар болса, Рисалет-ун Нұрдың саны болған тоғыз жүз тоқсан сегіз санына екі сырлы {(Сілтеме): Яғни, екі айырмашылық бар дегені мынау: Рисалей-Нұр уахи емес, ол илхам және истихраж} айырмашылықпен қатысты көрінеді. Сол секілді, هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөйлемінің әбжәд саны мың үш жүз он алты болып, Рисалей-Нұр авторының айналасына дәріс беріп, Нұрға дайындықта болған ең қызу кезеңіне яғни мың үш жүз он алты санына дәлме-дәл тәвафук етеді.
«Бақара» һәм «Луқман» сүресіндегі فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى сөйлемі, яғни: «Аллаһқа иман еткен адам еш үзілмейтін нұрлы шынжырдан мықтап ұстаған болады». Рисалей-Нұр болса, Аллаһқа иман шартының Құрани айғақтарының бұл замандағы ең нұрлысы, ең қуаттысы екені тәжірибелермен дәлелденгендіктен осы بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى сөзінің кең шеңберіне арнайы түрде кірген боп есептеледі. Мұны растап қуаттайтын нәрсе джифри саны мың үш жүз қырық жеті болып Рисалей-Нұрдың кеңінен тарап шарықтау дәуіріне дәлме-дәл тевафук қылады. Осы он төртінші ғасырда Құранның мағынауи мұғжижасынан туындаған «урует-үл-усқа» яғни мықты шынжыр, адамзатты зұлымат қараңғылықтан нұрға шығаратын нұрлы жол Риселей-Нұр екенін рәмізді түрде білдіреді.
ОНЫНШЫ АЯТ: يُؤْتِى الْحِكْمَةَ مَنْ يَشَٓاءُ
ОН БІРІНШІ АЯТ: وَ يُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَ الْحِكْمَةَ وَ يُزَكّ۪يهِمْ
ОН ЕКІНШІ АЯТ: وَ يُزَكّ۪يكُمْ وَ يُعَلِّمُكُمُ الْكِتَابَ وَ الْحِكْمَةَ
Бұл аяттардың қысқа мағынасы: «Сендерге Қасиетті Құран киелі хикмет дәрісін береді. Ол сендерді рухани кірлерден тазартады». Осы үш аяттың жалпыға ортақ, күлли мағыналарында Риселей-Нұрға әдейіліп назар аударылғанына екі қуатты белгі-нышан бар.
Біреуі: Рисалей-Нұрдың ерекше қасиеті ол, Аллаһтың «Хакем» және «Хаким» есіміне айна болып, парақ-беттерінде және тақырыптарында әлемдегі «низам» яғни тәртіпті жүйені көрсетіп Аллаһтың «Хакем», "Хаким" есімдерінің шағылыстары болып табылатын қудси киелі хикметті, Құрани даналықты сабақ береді, үйретеді. Құранның хикметі Рисалей-Нұрдың негізгі мәселесі әрі нәтижесі болып табылады.
Екінші белгі: Бірінші аят мың үш жүз жиырма екі әбжәд саны бойынша Рисалей-Нұрдың авторының тікелей "әлие" ілімінен "алия" іліміне яғни мақсатқа жеткізер құрал ілімінен шығып Құранның хикметіне ден қойып, Құранның қызметшісі міндетін атқаруға кіріскен кезі яғни бір жылдан соң Стамбұлға барып рухани салада, мағынауият әлемінде күрес жүргізген кезеңі.
Екінші аят болса, джифри есебі бойынша мың үш жүз екі болып Рисалей-Нұр авторының Құран дәрісін алған кезеңіне дәлмедәл тевафук қылып рәмізді түрде Құранның ашық айғағы болып табылатын Рисаил-ин Нұрға қатысты.
Үшінші аят, мың үш жүз отыз сегіз саны шығатындықтан Құранның хикметін Еуропаның философтарына қарсы дәлелдеп, оның таңғажайып екенін көрсеткен Риселей-Нұр авторы Ислам академиясында жүріп Құранның хикметін қызғыштай қорғап, тіпті Ағылшын дінбасының сұрағына алты сөзбен жауап беруін, кейін қоғамнан оқшауланып бүкіл уақытын Құраннан шыққан РисалейНұр мен оның имани мәселелерімен шұғылданған кезеңіне дәлмедәл тевафук етіп, рәмізді түрде қатысты.
"Ал-и Имран" сүресінде: وَمَا يَعْلَمُ تَاْو۪يلَهُٓ اِلَّا اللّٰهُ وَالرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ
Бұл екі аяттың осы ғасырға арнайы түрде қатысы бар. Бірінші аяттың мазмұны мынаны көрсетеді: Адасқандар Құрандағы "мүтешабих" аяттарды бұрысқа жорып бұрмалап ол туралы күмән-күдік туғызуға тырысқан кезеңде ілімді терең меңгерген бір топ мүминдер сол "мүтешабих" аяттардың түпкі тура жорымын баяндап және оған иман келтіре әлгі шәк-шүбәларды жоқ қылады.
Бұл ауқымды күлли мағынаны әр ғасырда иеленушілері, жарқын тұстары бар. Дүние жүзілік соғыс арқылы өзін көрсеткен, мың жылдан бері Құранға қарсы өшігіп, әбден бірігіп қалған Еуропаның наразылықтары, күмән-күдіктері Ислам әлеміне кіруге жол тауып, еркін еніп қоғамға жайылып кетті. Сондай шәк-шүбәлардың бір бөлігі пән мен ғылым түрінде кейпінде аятқа қарсы тиісе бастады. Мұндай шәк-шүбәларды, наразы-пікірлерді бұл заманда тоқтатып тойтарыс берген әуелі Риселей-Нұр және оның шәкірттері болғандықтан, бұл аят осы ғасырға қатысы бар. Сондықтан, Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне рәмізді түрде қарап қана қоймай, сонымен қатар соңғы кезеңнің ғалым-ғұламаларының көзқарасы бойынша اِلَّا اللّٰهُ сөзінде тоқтауға болмайды деп қарасақ «джифри» есеп бойынша اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى сөзінің саны секілді мың үш жүз қырық төртке сәйкес келіп, Ресаил-ун Нұр және шәкірттерінің рухани күрес майданына шыққан уақытына дәлме-дәл тевафук етіп, оларды да осы аяттың киелі құшағына алады.
Сондай-ақ, хашир мәселесін яғни өлген соң тірілуді өте қуатты дәлелдеп бұлтартпас айғағы болып табылатын Оныншы Сөздің жарыққа шығып кең таралу кезеңіне сәйкес келеді. Әрі Құранның қырық жағынан мұғжиза екенін баяндайтын Жиырма бесінші Сөздің кеңінен таралған кезеңіне, сондай-ақ اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى сөзінің санына дәлме-дәл тевафук етіп қамтып отыр.
Егер, алдыңғы кезеңнің ғұламалары секілді اِلَّا اللّٰهُ сөзінде тоқтауға болады десек, ол кезде اَلرَّاسِخُونَ сөзіндегі ر екі ر саналып, мың үш жүз алпыс санынан сәл асады да Рисалей-Нұр шәкірттерінің мұнан он
бес, жиырма жылдан кейін терең әрі зерттеп қол жеткізген ілімдерін, кәміл имандарын рәмізді түрде меңзеп, қамтығаны секілді шәдделі ر негізіне қарасақ бір ل бір ر саналатын болса мың екі жүз он екі болып осыдан бір жарым ғасыр бұрын Мәуләна Халид Зүлжәнаһәйннің Индиядан әкелген аса керемет ақиқат ілімі арқылы, оның тегеурінді күшімен сол заманда етек алған қисық жорымды, бұрыс көзқарасты, күмәнді пікірлерді жойып, сейілтіп жүз жылда елу миллионнан астам адамдарды тәрбиелеп, тура жолға салған, нұрландырған кезеңіне дәлме-дәл тевафук қылады.
Екінші аят اَلرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ مِنْهُمْ шәддәлі ر негізіне қарасақ, бір ل (ләм), бір ر (ра) саналады десек, әбжәд саны мың үш жүз қырық төрт болып әрбір ғасырды арнайы түрде рәмізбен меңзеп тұр. Және ақиқат іліміне терең бойлап, кәміл иман келтірген бір топты меңзейді. Көптеген аяттардың аса мән беріп көрсеткен осы мың үш жүз қырық төрт кезеңінде Рисалей-Нұр және шәкірттерінен артық осы міндетті ауыр шарттарда еш мойымай, тапжылмай атқарғандар сырттай көрінбейді. Демек, бұл аят оларды өзінің кең қанатының астына алып, ерекше ілтипат қылуда.
Бұл аят осы заманға да үндеу жасап отыр. Өйткені, сөйлемді толық алып مُبِينًا сөзі тыс қалса, мың үш жүз алпыстан асып кетеді.
Егер, قَدْ جَٓاءَكُمْ сөзінен кейін келсе, بُرْهَانٌ және نُورًا сөздеріндегі тәнуиндер "нун" боп саналса, мың үш жүз он болады. Демек, үндеу бұл ғасырды, да қамтиды.
Әрі, قَدْ جَٓاءَكُمْ بُرْهَانٌ сөйлемі тек төрт айырмашылықпен «Фурқан» сөзінің санына тевафук етіп, ашықтан-ашық байланысты болғаны секілді, сол киелі Иләһи бурһанның яғни Иләһи айғақ аяттың осы замандағы жарқын әрі қуатты бурһаны, бұлтартпас айғағы болған Рисаил-и Нұрға да екінші сөйлеммен яғни اَنْزَلْنَا اِلَيْكُمْ نُورًا مُب۪ينًا сөзінің санымен екі "тәнуин" тоқтаған кезде екі "әлиф" саналатындықтан бес жүз тоқсан сегіз болып дәлме-дәл Рәсаил-и Нұрға және Рисалей-Нұрдың
санына тәвафук қылады. Осылайша, әлгі аспани бурһанның яғни Иләһи аяттың жердегі бурһаны Ресаил-ин Нұр екенін рәмізді түрде хабар береді.
ЕСКЕРТУ: Сөздердің үш атауындағы яғни Рисалей-Нұр, Ресаилин Нұр және Рисалет-ин Нұр сөзіндегі шәдделі ن (нун) екі ن саналуы джифр ілімінде көп кездесетін қағида. Шәддәлі әріп кейде бір, кейде екеу боп санала берді.
لِلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا هُدًى وَ شِفَٓاءٌ бұл шипалы аят көп уақыттан бері менің дерттерімнің шипасы, дауасы болды. Сондай-ақ, Иләһи ұлы дәріхана іспеттес Құран Кәрімнің шипа болатын дәрілерінен және РисалейНұр бөлімдерінің құтыларынан алып, рухани мың дертіме мың шипа таптым. Және тек мен емес Ресаил-и Нұр шәкірттері де шипа тауып тәуір болуда.
Пән мен философияның, оның лас батпағынан жұғатын және емдеп тәуір болуы екіталай, тым мүшкіл дінсіздік дейтін ауруға шалдыққандардың көпшілігі Рисалей-Нұр арқылы емін тапты.
Сонымен, барлық дерттің дауасы Қасиетті Құранның бұл замандағы дәрілері салынған құтылары іспеттес Ресаил-ин Нұр кітаттары да осы шипалы аяттың назарына іліккеніне қуатты белгі мынау:
Аяттың джифри саны мың үш жүз қырық алты. Бұл Ресаил-ин Нұрдың мың үш жүз қырық алтыда рухани шипа ретінде шар-тарапқа кеңінен тараған кезіне сондай-ақ, «Мұғжизат-ы Ахмедия» (с.а.у.)деп аталатын құнды Рисаленің қағазға жазылған кезеңіне сәйкес келеді. Осы тевафук, мағына жағынан да байланысты болып расталып әрі рәміз дәрежесінен ишара дәрежесіне көтеріледі.
сөйлеміндегі
сөзінің джифри саны егер шәддәлі "ләмдер" біреу болып және шәддәлі "кәф" бір рет саналар болса мың үш жүз жиырма тоғыз шығады. Бұл кезең дүние жүзілік соғыстың басталған кезінде Ресаил-ин Нұр тәпсірінің алғашқы кітабы «Ишаратул Иғжаздың» параққа жазылу уақытына дәлме-дәл тәвафук қылумен қатар шәддәлі «кәф» екі "кәф" боп саналар болса мың үш жүз қырық
тоғыз болып соғыстың салдарынан пайда болған қиыншылық кезде Рисалей-Нұрдың حَسْبِىَ اللّٰهُ деп, дүниеқұмар жандардан бірде-бір көмек, қамқорлық көрмей керісінше шабуылына ұшырап сонда да табандылықпен жалғыз өзі қиын-қыстау кезеңде Құранның нұрларын жайған уақытқа дәлме-дәл тевафук етеді. Бұл әрине, барлық тұрғыдан сана мен ақылға толы Құран аяттарында орын алуы кездейсоқ емес, кесдейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Негізінде мұндай аяттар өте қиын кезең болып саналатын осы ғасырды арнайы түрде меңзейді. Және осы аяттарды өздеріне жетекші ретінде өнеге тұтқан бір топ шәкірттеріне арнайы түрде ілтипат қылып, олардың да ілтипат қылуы арқылы оларды қостап арқасынан қағады.
Бұл аяттың алдыңғы аяттар секілді мағына жағымен сырт көзге байланысы көрінбейтіні рас. Дегенмен, бір тұрғыдан алғанда Ресаилин Нұрмен белгілі бір мағынада байланысы бар. Былайша, он үш жылдан бері {(Сілтеме): Жазылған мезгілі бойынша} бұл аят Рисалет-ун Нұр авторының және оның хас шәкірттерінің ақшам намазынан кейін үзбей оқитын дұғасы болып табылады. Сондай-ақ, бұл аяттың мағынасына бұл заманда бөленген және жұрттың бәрі безіп кеткенде тапжылмай حَسْبِىَ اللّٰهُ (хасби Аллаһ) деп, тәуекел етіп, аласапыран заманда кезде иман нұрын, Құран ақиқатын жайған мүмин-мұсылмандарды үмітсіздіктен, сары уайымнан құтқарған әу баста, Рисален-ун Нұр және оның шәкірттері болып табылады.
ОН СЕГІЗІНШІ АЯТ: اِنَّ حِزْبَ اللّٰهِ هُمُ الْغَالِبُونَ бұл аят өзінің мағынасымен «хизбуллаһтың» сырттай жеңілісінен пайда болған үмітсіздікті, ауыр қайғыны жою үшін ерекше үмітке толы жұбаныш сыйлайды. Және, «хизбуллаһ» деп аталатын Құранға жақтас топтың негізінде және ақырында жеңіске жететінін хабарлайды. Және бұл ғасырда Құран жақтастарының көптеген топтарының ішінен Ресаилин Нұр шәкірттері көрінгендіктен бұл аяттың күлли мағынасын арнайы түрде жекеше ішіне енгеніне ишара-белгі ретінде джифри саны мың үш елу болып, Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің сырттай жеңіліске ұшырауы, деген мен бір жылдан кейін түрмеге қамалуы арқылы мағынауи жеңіске жетіп үстем келуі, олардың табандылықтары және олардың көздерін жою деген сұмдық қастандықты тойтарып жүзеге
асырмай тастаған ықыластары және мағынауи күш-қуаттары анық көрінген кезі яғни руми жыл санау бойынша мың үш жүз елу - мың үш жүз елу бір - Мың үш жүз елу екі сандарына дәлеме-дәл тевафукы әлбетте, мейірімге толы, жұбаныш сыйлайтын Құранның рәміз белгілері.
Осы аяттың жалпы мағынасындағы көптеген қабаттарының бір ишари қабаты осы ғасырды да қамтып тұр. Өйткені, يَقُولُونَ رَبَّنَٓا اَتْمِمْ لَنَا نُورَنَا сөзінің мағынасы осы ғасырмен тығыз байланысты һәм джифр есебі бойынша да яғни мың үш жүз жиырма алты болып, сол кезеңдегі демократияға ауысудан пайда болған аласапыран дәуірде бәрін жаппай қиратып жатқан сұмдық зұлыматтан құтылу үшін нұр іздеген мүминдердің арасында Ресаилин Нұр шәкірттері аз уақыттан кейін ортаға шыққандықтан осы аяттың көптеген мағыналарынан осы ғасырдағы бір мағынасын иеленушілер болғанына яғни Нұр шәкірттері екеніне белгі боп саналады. وَاغْفِرْلَنَا сөйлемі мың үш жүз алпыс санын меңзейді. Демек, осыдан бес-алты жылдан кейін истиғфар дәуірі яғни «кешірім тілеу» кезеңі басталады. Рисалей-Нұр шәкірттері сол кезеңде истиғфар дәрісін беретініне рәмізді бір белгі боп саналады.
Бұл ұлы аят ашық түрде бақыт ғасырында Құранның түскенін хабар беруімен қатар басқа ғасырларды да ишари мағынасымен қамтиды. Және Құрани аспаннан илхами түрде келген шипалы нұрларды меңзейді. Иә, жүректердің емшісі Қасиетті Құранның нұрынан тікелей нәр алған Рисалет-ун Нұр - оған көзім әбден жеткен - барлық рухани дерттеріме шипа болып емдеп жазғаны секілді Рисаил-ин Нұр шәкірттері де өз тәжірибелерімен менің айтқанымды растайды. Демек, Ресаил-ин Нұр осы аяттың ишари бір мағынасын өзіне аударып иеленуде. Олай деуге негіз ретінде مَا هُوَ شِفَٓاءٌ وَ رَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِن۪ينَ
аяттының джифри саны мың үш жүз отыз тоғыз болып дәл сол кезеңде Құраннан нәр алған, оның илхамымен жазылған Ресаил-ин Нұр өз ғасырының рухани және сұмдық ауыр дерттеріне шипа болып ортаға шыға бастағандықтан бұл аят соны арнайы түрде рәмізбен хабар бергеніне сенімдімін, толық қанағатым бар. Мен өз ойымды жаздым. Әркімнің өз ойы болады, оған ешкім қарсылық білдірмейді деп ойлаймын.
осындай сегіз, тоғыз аяттар назарды «Сырат-ы Мұстақимге» аударады. Және нұрлы тура жол табу үшін Құранның нұрынан әрдайым әр ғасырда сол кезеңнің қараңғы зұлыматын сейілтіп тура бағыт көрсететін, нұрландыратын Құраннан шыққан нұрлар болған. Сондай-ақ, мына сұмдық әрі аласапыран ғасырда сол тура жолды еш ауытқымай тура көрсететін әу баста, әзірге Рисалет-ун Нұр көрініп тұрғандықтан һәм осы «Сырат-ы Мұстақим» сөзінің джифри саны тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып, тек бір немесе екі айырмашылықпен Рисалет-ун Нұр санына {(Сілтеме): Яғни, Рисалет-ин Нұр саны екінші және үшінші орында екеніне ишара. Ол уахи емес,болуы да мүмкін емес. Бәлки, ол илхам және истихраж} яғни тоғыз жүз тоқсан сегіз санына сәйкес келу арқылы сегізінші, тоғызыншы аяттарда «Сырат-ы Мұстақим» сөздері осы аталған екі аят секілді Рисалет-ун Нұрды «Сырат-ы Мұстақимның» ішіне арнайы түрде кіргізіп рәмізді түрде оған назар аударады және бағыты тура екенін анық білдіреді. Егер, صِرَاطٍ сөзіндегі «тәнуин» саналмаса, اَلنُّورِ сөзіндегі шәддәлі «нун» бір "нун" саналады, онда да тәвафук болады. Һәм, қалайша осы аят Рисале-и Нұрдың атын атап тұрып меңзеген, дәл сол секілді оның әзірленіп жатқан кезеңін де назардан тыс қалдырмаған. Өйткені, هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзінің джифри саны мың үш жүз он алты болып Рисалет-ун Нұр авторын Нұрды жазуға еріксіз түрде дайындаған кезеңін және бар білгенін Құранды түсіндіруге арнаған ең қызу да қызықты кезеңіне яғни мың үш жүз он алты санына дәлмедәл тевафук етуі әлбетте, жоғарыда айтылған ишараларды растап өзі де сол арқылы бекітіп Рисалет-ун Нұрды рәмізді түрде тіпті ишари түрде бауырына басады.
Мән берерлік мәселе және маңызы зор тевафук: Рисалет-ун Нұр авторының мың үш жүз он алтыншы жылдарда дүние танымы күрт өзгеріп көзқарасы мүлдем басқаша қалыптасады. Сол кезге дейін ол түрлі ілімдерді оқып, оқытатын. Оның ойынша адам ілім арқылы нұрланады деп қызыға ілім іздейтін. Бірақ, бір күні қала әкімі марқұм Тахир пашаның аузынан Еуропаның Құранға сұмдық қастандық жасау жоспары бар екенін естиді. Тіпті, бір газетте Ағылшын Отарлау Істерінің жауапты хатшысы: «Мына Құран мұсылмандардың қолында тұрғанда біз оларды толық қанды үстем, болып бағындыра алмаймыз!» дегенін естіп одан әрі жігерлене түсті. Ол джифри есеп бойынша мың үш жүз он алты санына сәйкес, فَاَعْرِضْ عَنْهُمْ әміріне мағыналық тұрғыдан ұйып ой-пікірінде үлкен өзгеріс болады. Назарын, бағыт-бағдарын күрт өзгертіп, осы күнге дейінгі жинаған түрлі ілімін Қасиетті Құранды түсінуге, оның ақиқаттарына терең бойлап, оны дәлелдеуге арнайды: «Менің бар мақсатым және жиған ілімімнің нәтижесі, ұлы арманым тек қасиетті Құранды түсіну!» деп, шешеді. Құранның мағынауи мұғжизасы және киелі қасиеті оған жөн сілтеп, жетекші ұстаз болады. Өкінішке орай, сол кездегі жастық шақ, алдамшы себептердің салдарынан әлгі арманын жүзеге асыруға, талап-шарттарын орындауға дереу кірісіп кете алмайды. Кейін уақыт өте дүние жүзілік соғыстың аласапыранынан толық оянып әлгі ойы қайта жанданып мақсатын жүзеге асыруға кіріседі.
Міне, һәм өзіне һәм Рисалет-ун Нұрға қатысты осы тарихи оқиға мың үш жүз он алты кезеңіне дәл келіп көптеген аяттар оған сілтеме жасап, ишара қылады. Мысалы, қалайша هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ дәлме-дәл тевафук қылып ол туралы белгі береді дәл сол секілді мәшһүр аят та яғни اِنَّ رَبّ۪ى عَلٰى صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ аятының джифри саны, шәддәлі "нун" біреу боп саналса, тәнуин саналмаса мың үш жүз он алты болып дәл сол тарихты меңзеп ишара қылады. Һәм, қалайша жеті-сегіз сүрелердегі аяттан және ол аяттардағы кездесетін «Сырат-ы Мұстақим» сөздері Рисалет-ун Нұрдың атауына тевафук етумен қатар осы аталған екі аят секілді кейбірі Рисалет-ун Нұрдың жазылып жарыққа шыққан кезін меңзеп көрсетеді. Сондай-ақ, жеті сүренің бас жағындағы жеті рет تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ сөйлемі өзінің джифри санымен яғни мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз
он жеті болып дәл әлгі мың үш жүз он алты тарихына тәвафук етіп ишара қылуымен қатар طٰسٓ تِلْكَ اٰيَاتُ الْقُرْاٰنِ аяты да дәл мың үш жүз он алты болып әлгі мың үш жүз он алты тарихына тәвафук қылып ишара етеді.
Бейне бір, бақыт ғасырында Құрандағы иман ақиқаттарына белгілер мен дәлелдерді және ол мубин кітаптың айтқан мәселелеріне бұлтартпас айғақ-дәлелдері көздерге де көрсету мағынасында қайтақайта.
секілді аяттарымен Құран Кәрім әлемге паш етіп, жарнамалады дәл сол секілді мына сұмдық ғасырда да ишари мағына арқылы сол Фурқани аяттардың айғақ-дәлелдері және оның растығын куәландыратын және Құран Хақ Кәламуллаһ екенін көрсететін Рисаил-ун Нұрды ишари мағынасымен меңзеп белгі беріп, айғақ ретінде дәлел мағынасында, ол (Рисалей-Нур) аяттары деп қайта-қайта تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ деп бұйырып, назарды Құранның атынан осы ғасырға және осы заманғы Рисаил-ин Нұрға аударуда деп, ойлаймын.
Иә, барлық тұрғыдан саналы боп табылатын Құрани аяттардың осылай жиырма тұрғыдан, жиырма ишарасы бір мағынаны білдіруі менің көзімді жеткізіп толық сендірді. Менің осы ойыма қосылмайтын адам қандай уәж айтар екен, осы сәйкестіктерді жоққа шығара ала ма, екен?!
Құранның ишара-белгілері Рисаил-ин Нұрды арнайы түрде меңзеп, назарына іліккен екендігіне кімде-кім күмәнданса Құранның қырық жақтан мұғжиза екенін дәлелдейтін «Мұғжизат-ы Құрания» атты Жиырма бесінші Сөзді немесе Жиырмасыншы Сөздің екінші тарауын немесе өлген соң қайта тірілу жайлы баяндайтын Оныншы Сөзді немесе Жиырма тоғызыншы Сөзді алып оқысын. Егер, сонда да күмәні кетпесе көзімді шұқып алсын.
Юнус, Юсүф, Рад, Хижр, Шуғара, Қасас, Луқман сүрелерінің басында келетін تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ киелі аяты. Бұған қатысты Жиырма бірінші аяттың соңғы бөлімі жайлы жазбада біршама айтылған болатын. Джифри есеп бойынша, бұл аяттағы үш ت "тә"
мың екі жүз болады. Және екі ك "кәф", екі ل "ләм" жүз болады. Барлығы мың үш жүз болады. Бір ى "иә" бір, ب "бә" төрт немесе бес ا барлығы мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз он жеті болып Рисаил-ин Нұрдың авторы ой-пікірін өзгертіп бар білген ілімін Құранның ақиқаттарын түсінуге себеп қылған кезеңге дәлме-дәл тәвафук етіп сәйкес келеді әрі мағына жағынан да тығыз байланыс бар. Сондықтан, біздің айтарымыз: Бұл тәвафук мынаны меңзейді: бұл ғасырда Рисаил-ин Нұр деп аталатын Отыз үш Сөз және Отыз Үш Мектуб, Отыз бір Лемалар осы заманның Китаб-ы Мүбиндегі аяттардың белгі-нышандары және Құран аяттарының ақиқат екенін дәлелдейтін айғақтар. Және сол аяттардағы имани ақиқаттардың өте қуатты дәлелдері болып табылады.
تِلْكَ киелі сөзі өзіндік ишари мағынасы арқылы былай дейді: Көзге көрінетін дәрежеде ап-анық екендігін білдіретін мұндай ишараға лайық дәлелі ретінде, рәмізді түрде Рисаил-ин Нұрды өзінің ишари мағынасының кең шеңберіне арнайы түрде кіргізіп негізінде назар аударылатын мәселе осы дегендей белгі береді.
Сонымен, қалайша бұл аяттағы ишари мағына жеті сүреде жеті ишара болып дәлел, тіпті анық айғақ дәрежесінде деуге болады. Дәл сол секілді صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзіндегі рәміз де жеті-сегіз сүрелерде кездесетіндіктен жеті-сегіз рәміз түрінде әлгі рәмізді ишара дәрежесінде, тіпті дәлел, тіпті «сарахат» яғни ап-анық дәрежесіне шығарады.
ЕСКЕРТУ: Еш қиналмастан бірден ойға келген ишари-белгілер қаз-қалпында жазылды. Өзімізді әуреге салмау үшін ишарасы көп Отыз Үш аяттың көптеген ишара белгілері жазылмады.
ЖИЫРМА ҮШІНШІ АЯТ: عَسٰى رَبُّنَٓا اَنْ يُبْدِلَنَا خَيْرًا бұл аят әр ғасырды қамтығаны секілді, осы ғасырды да қамтыйды. Бұл ғасырда түрі жаман түске ұқсас пәлекеттерге ұшыраған және оның ақырын қайырлы болуын тілеген пенделердің арасында Ресаил-ин Нұр шәкірттеріне ерекше мән беріп рәмізді түрде хабар бергенінің белгісі мынау: Бұл аяттың джифри саны мың үш жүз қырық бес болып, сол жылдары маңызды Рисалелер жазылумен қатар, әдеттен тыс тосын оқиғалар белең ала бастады. Сондай-ақ, Рисаил-ин Нұрдың таралу орталығына яғни Барла ауылына әсіресе, Рисалей-ин Нұр авторына
тиісіп қудалай бастады. Әсіресе, кішкене мешітіне тиіскен кезде Рисаил-ин Нұр шәкірттері көз жастарын көл қылып, Раббысына: «О, Аллаһ! Мына сұмдық қорқынышты түсті жақсылыққа ауыстыра гөр!» деп жалбарынды. Халық жаппай үмітсіздікке түскен кезі. Бірақ, олар зор үмітпен мұсылмандардың рухани күш-жігерін қайрап демеуші болды.
Бұл, осы аяттың еш қиындықсыз бірден ойға келген мағынасы ғана. Әйтпесе, басқа сырлары көп. Өзімізді қинамайық деп қысқа қайырдық.
Һәм Зүмер сүресінде, һәм Джасия сүресінде һәм Аһқаф сүресінің бас жағындағы تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَز۪يزِ الْحَك۪يمِ ұлы аяты туралы. Бұл аяттар Жиырма екінші сүредегі аяттар секілді Рисалетун Нұрдың атауына және өзіне һәм жазылуына, жайылуына рәмізді мағынамен қатысты болып, қамтуда.
Бірінші Тұжырым: Хадисте былай делінген: Әрбір аяттың терең мағынасы болады және оның мәртебелері, сатылары болады. Әрбір сатының «захири», "батини", "хадди", "муттала-и" деген дәрежелері және бар. Яғни, сыртқы, астарлы, ішкі, шеткі, жалпыға ортақ түрлері бар. Бұл аталған түрлерінің де әрқайсының хадис бойынша تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ дегендей тал-бұтақтары, шыбықтары, ишари белгілері болады. Осы хадистің үкімі бойынша Құран жайлы баяндайтын осы киелі аят, өзінің жіңішке бір талымен, ишари мағынасымен Қасиетті Құранмен тығыз байланысты бір нұрлы тәпсір жайлы меңзеп, ол туралы хабар береді. Бұл оның абыройын түсірмейді, керісінше Құранның қасиеті солай болуын талап етеді.
Екінші Тұжырым: Аяттың бір мәртебесінің өзінде ишари мағына болады және оның да күлли мағыналары бар. Соның бұл ғасырда көрініс тапқан және мағынасы өте сәйкес тым жақын бір нұсқасы Рисалет-ун Нұр екенін оны оқып танысқан әркім мойындайды. Иә, мен өзім Рисалет-ун Нұрдың хас шәкірттерін куәгер ретінде айтарым:
Рисалет-ун Нұр басқа кітаптар секілді ілімдерден, пәндерден және басқа еңбектерден алынбаған. Оның Құраннан басқа қайнар бұлағы жоқ, Құраннан басқа ұстазы жоқ. Ол жазылған кезде авторының қолында ешбір кітап болмаған. Ол тікелей Құранның фейізінен илхам алған, ол Құрани көктен, аяттар дейтін жұлдыздардан түскен.
Үшінші Тұжырым: Рисаил-ин Нұр басынан соңына дейін Аллаһтың «Хаким» және "Рахим" есімдеріне бөленгендіктен осы үш аяттың соңы «Хаким» есіміне ұштасып, және келесі жиырма бесінші аятта Аллаһтың «Рахман» және "Рахим" есімдерімен байланысып жатады. Бұл әлгі мағынауи қатыстылықты одан әрі бекітіп қуаттай түседі. Осы қуатты мағынауи байланысқа сүйене отырып, айтарым:
تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ сөйлемінің ашық мағынасы сонау бақыт дәуірінде уахи болған Қасиетті Құранның көктен түсуі жайлы болғаны секілді, ишари мағынасымен де әрбір ғасырда Қасиетті Құранның ғарыштық мәртебесінен, оның мағынауи мұғжизасынан нұр-фейіз алған, илхаммен келген, оның құпия сырларын, терең ақиқаттарын, дәлелдерін баяндап бейне бір жоғарыдан келіп түсіп жатқандай суреттеп осы заманғы бір шәкіртін яғни бір ғана нұр сәулесін бауырына басып ерекше түрде өз қамқорлығына алып ілтипат қылады.
Төртінші тұжырым: Бұл рисаледе жоғарыда аталған мәшһүр аяттардың бәрі бірдей сәйкес түрде еш қиындықсыз мағына жағымен, әрі джифри есеп бойынша Рисаил-ин Нұрды мегзеп, көрсетуі және ең бірінші болып Нұр аяты он ишарамен Рисалей-Нұрды көрсетуі бұл ежелден келе жатқан ғұламалар мен әдебиетшілер арасында мәшһүр дәстүр. Тіпті, жеке тарих кітаптарда, мазар тастарында, құлпы тастарда әдебиетшілердің пайдаланып келген белгілі де іліми заңдылық, қағида. Егер ондай қағидаға жасандылық араласпай қаз-қалпында сақталса ғайби ишара боп саналады. Егер, әдейілеп жасандылық араласса тек қана безендіру, шешендік боп саналады.
Иә, әдебиетшілер жеке мәселеге келгенде сол жылды немесе күнді джифр есебімен бекітіп, Құранға еліктеп өзінің сөздерін әрлеп, безендіргені белгілі. Һәм, джифр есебінің негізгі ережесі және маңызды кілті әбжад санымен ишара қылуға келер болсақ,
Құрани аяттар яғни кез-келген тұсы санаға толы, тұнып тұрған ілім және нағыз ираде, ешбір кездейсоқ тарапы жоқ әрі ешнәрсесі босқа емес Құранның осынша аяттары жаппай бірігіп, ұйымдасқан түрде Рисалей-Нұрға ишара қылуы және оған дәлме-дәл сәйкес келуі әрине ап-ашық түрде оның қабыл болған кітап екеніне куәлік етеді. Және оның хақ, рас екенін дәлелдейді әрі шәкірттеріне қуанышты хабар боп табылады.
Бесінші Тұжырым: Осы әбжәд есебі көпшілік тарапынан қабылданған ереже, жалпыға ортақ іліми қағида және әдебиет саласында ереже-заң екеніне дәлелдер өте көп. Қазір тек төрт-бес үлгісін ғана баяндаймыз:
Біріншісі: Исрайл ұлдарының ғалымдары Ардақты пайғамбар-ымыз дың құзырына келіп, сүрелердің басындағы الٓمٓ ٭ كٓهٰيٰعٓصٓ секілді «муқатта» әріптерді естіп джифри есебі не салып: «Әй, Мұхаммед! Сенің үмметіңнің өмірі аз екен!» депті. Сонда ардақты пайғамбарымыз оларға: «Аз емес!» деп, басқа сүрелердің басындағы муқатта әріптерді де оқып: «Тағы бар!» дегенде олар үндемей қалды деседі.
Екіншісі: Хазіреті Алидың (р.һ.) ең мәшһүр "Джәлджәлутия" атты қасидасы басынан аяғына дейін белгілі мағынада әбжәд есебі және джифрмен жазылып солай баспаларда басылған.
Үшіншісі: Жағфар-и Сыддық (р.һ.) және Мұхиддин-і Араби (р.һ.) сынды ғайби сырлармен шұғылданған тұлғалар, сондай-ақ әріптің құпия тылсым сырларын ашқан ғалымдар осы ғайби әбжәд есебін бір ереже-заң, ретінде көп сырлардың есігін ашатын кілт ретінде қараған.
Төртіншісі: Жоғарғы дәрежелі әдебиетшілер осы есептеу тәсілін әдебиеттің керемет ереже-заңы деп қабылдап бұрыннан бері осы тәсілді қолданып келген. Тіпті, кереметтігіне беріліп әдейілеп істемеу керек бола тұра және жасандылықтан аулақ және еліктемеу керек бола тұра, жасандылық араласып әдейілеп әлгі ғайби кілтті көшірме жасап қатты еліктеген.
Бесіншісі: Есеп-қисап ілімі, математика ғалымдары сандардың өзара сәйкес әрі байланыстылығын зерттегенде ең керемет ережелерді және көпшілік халыққа таңғажайып көрінетін заңдарды осы тевафук
есебінің санатына жатқызады. Тіпті, Аллаһ Тағала жаратылыста осы сандық сәйкестік жүйенің өзгермейтін ережесі ретінде әрнәрсені бірліктің заңы, үйлесімділіктің қағидасы, реттілік пен тәртіптің ережесі бойынша жаратқан.
Мысалы, қалайша екі қолдың, екі аяқтың бармақтары, жүйке тамырлары, сүйектері тіпті, жасушалар сан жағынан бір-біріне сәйкес келеді. Дәл сол секілді, мына ағаштың бойындағы биылғы және өткен көктемгі гүл-шешектері, жеміс-жапырақтары азғана айырмашылықпен өзара сәйкес болып ұқсас келеді және келешек көктемдерде өткен көктемдермен салыстырғанда азғана айырмашылықпен үйлесім табады. Бұл да Сани-ы Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың жалғыз екенін көрсететін қуатты дәлел, бұлтартпас айғақ. Сонымен осы джифри уә әбжәди сәйкестік іліми заңдылық екені рас. Және ол математика саласында қуатты ереже және жаратылыстағы қағида сондай-ақ, әдебиетте де өзіндік ереже және ғайыптың кілті боп саналады. Олай болса, әлбетте, бүкіл ілімнің бұлағы, барлық сырдың сандығы, жаратылыс заңдарының тәржімешісі, әдебиеттің ұлы мұғжизасы, ғайып әлемінің кілті болып табылатын Қасиетті Құран осы тәвафук заңын пайдалана отырып оны ишари-белгі ретінде қолдануы мұғжизалығының талабы десек болады. Ескерту бітті, енді тақырыбымызға ораламыз:
«Зүмәр», "Джасия", "Аһқаф" сүрелерінің басында
деп басталатын аяттардың тек джифри рәміздерін баяндаймыз. Себебі, жоғарыда мағыналық жағымен байланыстылығы айтылған болатын. Былайша, ت (тә) сегіз жүз, екі ن (нун) жүз, م (мим) сексен, екі ك (кәф) қырық, үш ز (зәл) жиырма бір, үш ى (иә) отыз, бір ب (бә) бір, ح (хы) он, (Аллаһ) сөзі алпыс жеті, бір ع (айн) жетпіс, төрт ل (ләм) төрт, ا (әлиф) жиырма төрт болып, барлығы мың үш жүз қырық екі болып, осы ғасырдағы оқиғаларға назар аудартып қана қоймай, Құранның көктен түсуіне қатысты бір нұртуралы меңзеп хабар береді. Және сол көрсетілген маңызы зор кезеңнен аз уақыт өткен соң Мұғжизат-ы Ахмедия (с.а.у.) Риселесі, сондай-ақ, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші Мектуб секілді Рисалет-ун Нұрдың ең құнды да нұрлы кітаптары жарыққа шықты.
Сондай-ақ, Құранның қырық қырынан талдау жасап мұғжиза екенін дәлелдеген «Мұғжизат-ы Құрания» Рисалесі және өлгеннен кейін тірілу жайлы баяндайтын Оныншы Сөз рисалесінің қырық екіде кеңінен таралуы, сосын қырық алтыда орталықты шулатып, аты шығуы дәл сол кезеңде болуы, міне осы оқиғалардың бәрі мына аяттың оған жеке түрде ілтипат қылғанын көрсетеді. һәм, қалайша осы аят Ресаил-ин Нұрдың жарыққа шығуын, айналаға кеңінен таралуын хабарлап ишара қылып жатыр, дәл сол секілді бір ғана تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ сөзі, Рисалет-ун Нұрдың атына шәддәлі "нун" бір "нун" саналар болса, өте азғантай айырмашылықпен тәвафук қылып рәмізді түрде қатысты болып бауырына басады. Өйткені, تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ сөзінің саны тоғыз жүз елу бір болып, Рисалет-ун Нұрдың санына яғни тоғыз жүз қырық сегіз болып бір сырға байланысты үш айырмашылықпен қатысты боп саналады. Кенет көкейге мұндай ой келді: Осы үш санды айырмашылықтың сыры мынау болса керек: Рисалет-ун Нұрдың мәртебесі үшінші орында. Яғни, ол уахи емес, болуы да мүмкін емес. Һәм жалпы алғанда илхам да емес. Ол жалпы Құранның нұр-фейізінен, оның медетімен жүрекке келген «сунухат», {Сунухат - шабыт секілді көкейге келетін мағыналар} Құраннан шыққан Құрани ақиқаттар.
Таңғаларлық жәйт, бірінші حٰمٓ деп аталатын «Мүмин» сүресіндегі تَنْز۪يلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَز۪يزِ الْعَل۪يمِ сөзінің джифри саны кейбір маңызды аяттар секілді мың үш жүз жетпісті көрсетіп тұр. Апырмай, он бес-жиырма жылдан кейін Құранның тағы басқа нұрлары шығар ма екен немесе Ресаил-ин Нұр қанатын кең жайып үлкен жеңісі бола ма екен? Ол жағын білмегендіктен ол жайлы ой жүгіртпедім.
киелі аяты жайлы. Бұл аяттың ишари мағынасы Ресаил-ин Нұрмен тығыз байланысты. Бір жағын айтар болсам, Рисалет-ун Нұрдың және шәкірттерінің ұстанған жолы төрт негізге құрылған.
Біріншісі: Тәфәккүр яғни пікірлеу. Бұл Аллаһтың «Хаким» есімімен қатысты.
Екіншісі: Шәфқат яғни мейірім. Адам, өзінің тым пақыр, мұқтаж екенін сезіну. Бұл Аллаһтың «Рахман» және "Рахим" есімдерімен қатысты. Һәм, бұл аят қалайша, Рисаил-ин Нұрдың жазылуы және кемелденуі кезеңін нұсқап, меңзеп отыр, солай да تَنْز۪يلٌ сөзі арқылы - оқылғанда тоқтауға болмайтындықтан - тәнуин «нун» саналады десек, саны бес жүз қырық жеті болып, Сөздердің екінші және үшінші аты болып табылатын Ресаил-ин Нұрдың реттік саны яғни бес жүз қырық сегіз немесе бес жүз қырық тоғызға, шәддәлі "нун" бір рет саналар болса, азғана және сырлы бір немесе екі сан айырмашылықпен тәвафук етіп рәмізді түрде қатыстылығы көрініп бауырына басады.
Һәм, حٰمٓ ٭ تَنْز۪يلٌ مِنَ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінің джифри сандық мәртебесі егер, тәнуин ن (нун) болып саналса, шәддәлі екі ر "ра" әрпіндегі "ләм-і асли" саналса, حٰمٓ , حَام۪يمْ , деп оқылғаны сияқты болса мың үш жүз елу төрт немесе мың үш жүз елу бес болады. Ал есептемегенде яғни тәнуин саналмаса мың үш жүз төрт болады. Басқа қырынан қараса яғни оқылғанда түсіп қалатын екі ل "ләм" есептелмесе мың екі жүз тоқсан төрт болады.
Алғашқы есеп бойынша, дәлме-дәл Ресаил-ин Нұрдың жазылып бір шама кемелденген кезіне және өте маңызға ие болған кезеңіне және әр түрлі соқпақтарға ұшырауына және шәкірттері өте күшті, киелі демеуге мұқтаж болған кезі Арабша жыл санау бойынша осы мың үш жүз елу бес және мың үш жүз елу төрт санына сәйкес келуі, сондай-ақ, Отыз бір Лемалардан тұратын Отыз бірінші Мектубтың жазылған кезеңіне әрі сол Мектубтың Отыз бірінші Лема бөлімінің жарыққа шыққан кезеңіне және сол Лемалардың Бірінші Шуа бөлімінің жазылған уақытына және сол Шуалардың Жиырма тоғыз мақамында Отыз үш аяттың Рисалей-Нұрға ишара белгілері табылған кезге және Жиырма бесінші аяттың Рисалей-Нұрға сілтемелері бар екені белгілі болған уақытқа және Жиырма бесінші аяттың РисалейНұрға белгілері жазылған кезге яғни осы заманға, осы сәтке, осы жағдайға дәлме-дәл тевафук қылуы Құранның мағынауи мұғжизасы және оған жарасар қасиет. Бұл өте керемет әрі сүйінші хабары бар тәвафук.
Ал, екінші жақтан алғанда, яғни мың үш жүз төрт санымен РисалейНұрдың тәржімешісінің Нұрдың баспалдақтары тәріздес алғашқы ілімге «Бисмилләһ» деп бастаған кезеңіне және ілім сарайына еніп, بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзін оқыған кезі болып, дәлме-дәл тевафукпен меңзеп, арқасынан қағып «Қане! Есен-аман қызмет қыл!» деген мағына шығады.
Үшінші тұрғыдан яғни мың екі жүз тоқсан үш немесе мың екі жүз тоқсан төрт джифри есебі бойынша Нұрдың тәржімешісінің өмірге алғаш қадам басқан кезіне дәлме-дәл тевафук етіп мұндай мағына білдіреді: Оның өмірі сұмдық аласапыранға, дауылды да боранды соқпаққа толы бола тұра ол әрдайым Аллаһтың Рахман және Рахим есімдеріне бөленіп Иләһи рахыммен сақталып, мейіріммен мәпеленіп өмір сүрді. Мұны рәмізді түрде хабар береді. Осылайша Құранның мағынауи мұғжизасы болып табылатын ғайби хабарының бір шуағын көрсеткен болады.
Худ сүресіндегі فَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ аятынан екі жол төмен орналасқан وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا فَفِى الْجَنَّةِ
Бұл аяттың джифри саны яғни шәдделі م "мим" және шәдделі ل "ләм" және шәдделі ن "нун" екі мәрте саналса және اَلْجَنَّةِ сөзіндегія ة "тә" тоқтайтын жерде болғандықтан ه "һә" боп оқылатындықтан, джифри саны мың үш жүз елу екі болып дәлме-дәл Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің ең қараңғы, үмітсіз кезіне яғни мың үш жүз елу екі жылына дәл сәйкес келіп сол бір аянышты халде жүргенде оларға киелі де аспани жұбаныш сыйлап қуанышты хабар береді. Бұл аяттың мағынауи байланыстылығын бірекі рисаледе, атап айтсақ «Кәрамат-ы Аләуия» мен «Кәрамат-ы Ғаусия» рисалесінде баяндалған болатын.
وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا сөзіндегі سُعِدُوا сөзі, فَمِنْهُمْ شَقِىٌّ وَ سَع۪يدٌ сөзіндегі سَع۪يدٌ сөзіне дәлме-дәл келуі яғни Құран бетінде үйлесім тауып де сәйкес келуі осы тевафукты яғни сәйкестікті одан әрі құлпыртып, асқақтатып жібереді. Бұл аяттың ауқымды да күлли киелі мағынасынан көптеген қырынан біреуі бұл ғасырда яғни мың үш жүз елу екіде демеуге аса мұқтаж Рисалей-Нұр шәкірттеріне дәлме-дәл тевафук етіп ишара
қылып, сол уақытты меңзеп отыр. Егер, فَفِى الْجَنَّةِ сөзіне келгенде тоқталмаса және خَالِد۪ينَ сөзімен қосып оқылса, ол кезде ة "тә" هی "һә" болмайды. Бірақ, әлдеқайда керемет жұбаныш боларлық тевафук шығады. Өйткені, وَاَمَّا الَّذ۪ينَ سُعِدُوا сөзі араб тілі қағидасы бойынша бастауыш, ал فَفِى الْجَنَّةِ خَالِد۪ينَ сөзі оның баяндауышы. Бұл баяндауыш сөзінің джифри саны, мың үш жүз қырық тоғыз санын көрсетіп мың үш жүз қырық тоғызыншы жылы болатын жақсы оқиғаны рәмізді түрде хабар береді. Сол кезеңде өмір сүрген Құран қызметшілерінің арасынан бір топ жамағаттың Жәннат иелері, бақытқа бөленгендер болатынын ишари мағынамен джифри тевафукпен хабар беруде және сол жылдары Рисалей-Нұр шәкірттері Құран үшін ерен еңбек етіп нұрланып, нұрландырып жатқан кездері, сондай-ақ, маңызды рисалелердің жазылып жатқан жылы және бастарына туған осы күнгі қиын кезеңдер, дұшпандары тарапынан ор қазып қастандық жоспары жасалған кез болғандықтан әлбетте, осы кезге қарап меңзеп отыр және имани жұбанышқа толы Құрани сүйінші хабар ең баста солар жайлы екені байқалады.
Иә, فَفِى الْجَنَّةِ خَالِد۪ينَ сөзінде шәдделі ن "нун" бір ن саналғанда, ت "тә" төрт жүз, خ "хы" алты жүз, барлығын қосқанда мың болады. Екі ن "нун" жүз, бір ى "иә" екі ف "фә" бір ل "ләм" екі жүз; енді ل басқа "ләм" отыз, екінші ى "иә" он, екі ا "әлиф" екі, бір ج "джим" үш, бір د "дәл" төрт, қосқанда қырық тоғыз болады. Барлығы мың үш жүз қырық тоғыз болады. Осы бір Қасиетті Құранның сүйінші хабарының мыңнан бір бөлігі, бір ғана қыры бізге қатыстылығы жағымен мың қазынадан да қымбат. Бұл сүйінші хабардың ең алғашқы белгісі бір жыл бұрын көрінген садық рух яғни шынайы түс болатын. Ол қандай түс десеңдер Спарта қаласында басымызға түскен осы оқиғадан бір ай бұрын бір кісіге түсінде былай деп айтылады:
«Ресаил-ин Нұр шәкірттері иманды болады, олар дүниеден имансыз кетпейді»
Біз бұл түсті естігенде қатты қуандық. Демек, ол жақсы хабар Құранның осы сүйінші хабарын жеткізуші екен.
{(Сілтеме): Бұл бетте жаһандағы салтанаттан әлдеқайда маңызды Құрани сүйінші, аспани жақсы хабар жазылды десек болады.}
"Саф" сүресіндегі:
аят. Бұл аяттағы نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ وَاللّٰهُ مُتِمُّ نُورِه۪ сөйлемінің Джифри саны мың үш жүз он алты немесе мың үш жүз он жеті. Бұл кезең жоғарыда айтылғандай Еуропаның Отарлау комитетінің хатшысы Құранның нұрын сөндіруге тырысқан кезеңге және Ресаил-ин Нұрдың авторы әлгі сұмдық арам ниетке қарсы бұрыңғы ұстанымын, көзқарасын өзгертіп ол нұрды яғни Құранды көкке көтеріп оның үстем екенін әлемге дәлелдеуге тырысқан кезеңге һәм, жеті сүреде жеті рет تِلْكَ اٰيَاتُ الْكِتَابِ сөзі дәл сол жылға һәм, طٰسٓ تِلْكَ اٰيَاتُ الْقُرْاٰنِ сөзі де дәл сол кезеңге, һәм هَدٰين۪ى رَبّ۪ٓى اِلٰى صِرَاطٍٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі де дәл сол уақытқа, һәм اِنَّ رَبّ۪ى عَلٰى صِرَاطٍ مُسْتَق۪يمٍ сөзі де шәдделі "нун" бір "нун" саналып; тәнуин саналмайтын болса дәлме дәл сол дәуірге һәм فَاَعْرِضْ عَنْهُمْ үкімі де дәл сол мезгілге, һәм نُورَ اللّٰهِ بِاَفْوَاهِهِمْ وَاللّٰهُ مُتِمُّ نُورِه۪ сөзі де сол тарихқа топтасып дәлмедәл сәйкес келуі әлбетте рәмізден де, дәлелден де басым болып «сарахат» дәрежесінде яғни ап-анық түрде көрсетіп тұр. Бұдан түсінетініміз Рисалей-Нұр Иләһи нұрдың бір сәулесі, ол дұшпандар тарапынан келетін шүбәлардың қара бұлтын сейілтетін бір нұр екенін аят ишари мағынасымен сүйіншілейді. Һәм, осы джифри және әртүрлі кәрәмәт тәвафуктар, қуаты зор мағынауи бір байланысқа сүйеніп сүйіншілеп хабарлайды.
Иә, Ресаил-ин Нұрдың жүз жиырма тоғыз рисалелері бейне бір жүз жиырма тоғыз электр шам-шырақтары секілді, ол Құранның ұлы да алып нұрынан бастау алып, жалғасып жатқан сымдардың ұштарына орнатылып, Құрани нұрды әр тарапқа жайып жатқаны белгілі. Рисалей-Нұрдың жарты аты екі мәрте осы аяттың ішінде кездесуі аталған байланысты қуаттандырып одан әрі бекіте түседі.
"Тәуба" сүресіндегі:
деген аятта نُورَ اللّٰهِ ِباَفْوَاهِهِمْ وَيَاْبَى اللّٰهُ اِلَّٓا اَنْ يُتِمَّ نُورَهُ сөзінің мәселемен тығыз байланыстылығы өте қуатты әрі кереметтігімен қоса шәдделі ل "ләм" әріптері жеке бір "ләм" және шәдделі م "мим" сөздің түбірі болғандықтан екі م "мим" боп саналатындықтан мың үш жүз жиырма төрт болып Еуропа залымдары Ислам жұртының нұрын сөндіру мақсатымен сұмдық жоспар құрған кезеңі. Оған қарсы Түркия отан сүйгіш патриоттары мың үш жүз жиырма төртінші жылы демократия жариялап олардың қаскөй жоспарын іске асырмауға барынша тырысса да өкінішке орай алты-жеті жылдан кейін дүние жүзілік соғыстың салдарынан әлгі қастандық оймен «Сәур» келісімшартына қол қояды. Ол келісілген шартта Құранға зиянды ауыр шарттарды және кәпірлік ой-пікірлерін жүзеге асыру үшін жоспарын қайта қолға алғанда олардың арам пиғылдарын бұзу үшін Түрік ұлтшылдары республикалық жүйе жариялап қарсы тұрмақ болған кезеңге яғни мың үш жүз жиырма төртке, сосын мың үш жүз отыз төртке дәлме-дәл сәйкес келіп, сол бір аласапыран заманда Құранның нұрын сақтап қалуға тырысқандардың ішінде Ресаил-ин Нұрдың авторы мың үш жүз жиырма төртінші жылы және Ресаил-ин Нұрдың алғашқы жазбалары мың үш жүз отыз төртінші жылы және Ресаил-ин Нұрдың нұрлы кітаптары мен жанкешті шәкірттері мың үш жүз елу төртінші әлгі сұмдыққа қарсы тойтарыс беруге әрекет қылғандары белгілі. Тіпті, мәселені аңғарып болып жатқан жағдайды түсіне алмаған кейбір саяси топтар мән-жәйді білмей үрейленіп нұрларға тиісуіне себеп болды және олардың мұндай өрт сөндіру әрекеті әлгі қастандыққа қарсы тұрып жол бермей нұрландыру, ағарту міндетін толық атқарғандықтан осы аяттың ишари мағынасын өзіне аудартып тұрғанын байқауға болады.
Қазіргі мұсылман әлемінде Құранның нұрына кереғар хал-ахуалдардың басым көпшілігі сол сұм жоспардың және қастандықтардың салдары және Сәур келісім-шарты секілді қаскөй келісім-шарттардың жан түршігерлік нәтижелері.
Егер, шәдделі م "мим" де шәдделі "ләм" әріптері секілді бір рет саналса мың екі жүз сексен төрт болады. Ол кезеңде Еуропа кәпірлері Ислам әлемінің нұрын сөндіруді көздеп он жылдан кейін орыстарды айдап салып, тоқсан үште орыспен болған қиян-кескі шайқас Исламның жарқын нұрын көрсетпейтіндей уақытша қара бұлт торлатып перде болды. Алайда, сол кездері Ресаил-ин Нұр шәкірттерінің орнына Мәулана Халидтің (қуддус-ы сиррух) шәкірттері шығып әлгі Исламның көк аспанын тұмшалаған қара бұлтты сейілткендіктен бұл аят осы тұрғыдан оларды меңзеп рәмізді түрде хабар береді.
Дәл осы кезде мұндай бір ой келді: Егер шәдделі "ләм" әріптері және م "мим" екі рет саналса осыдан бір ғасыр өткен соң тас түнек зұлыматты жойып нұрландыратын жандар, Хазіреті Мәһдидің шәкірттері болуы мүмкін. Жарайды, осы жетер. Бұл нұрлы аяттың көптеген сырлы тұжырымдары бар. اَلْقَطْرَةُ تَدُلُّ عَلَى الْبَحْرِ яғни, бір тамшы су да теңізден хабар береді дегендей қысқа қайырдық.
"Ибраһим" сүресінің басындағы
аяты. Бұл аяттың төрт-бес сөйлемінде төрт-бес астарлы белгінышандар бар. Барлығын қосса ишара боп есептеледі.
Біріншісі: اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ сөйлемі мынаны меңзейді «Китаб-ы Мубин арқылы он төртінші ғасырдың қараңғылығынан адамдар, Құдай қаласа Құраннан шыққан бір Нұрға бөленеді!» Бұл мағына және әсіресе «Нұр» сөзі Ресаил-ин Нұрға сәйкес келгені секілді джифри саны шәдделі ن "нун" екі ن "нун" саналар болса, мың үш жүз отыз сегіз немесе мың үш жүз отыз тоғыз болып бірінші дүние жүзілік соғыстың аласапыран заманында жазылған Ресаил-ин Нұрдың алғашқы кітабы «Ишарат-ул Иғжаз» тәпсірі әлгі қараңғы кезеңде жарыққа шыққанына дәлме-дәл сәйкес келуде және аяттағы "Нұр" сөзі Ресаил-ин Нұрдағы "нұр" сөзін меңзеп қатыстылығы байқалады.
Екіншісі: اِلٰى صِرَاطِ الْعَز۪يزِ الْحَم۪يدِ сөйлемі, мұның алдыңғы сөйлеміндегі "нұр" сөзіне түсіндірме жасап, былай дейді: Ол Нұр - Аллаһ Тағаланың Иззат пен Махмудиятын яғни үстем абыройы мен дәріптеуге лайық мадақталуын көрсететін жол. Бұл сөздің әбжад саны бес жүз қырық сегіз немесе бес жүз елу болып Ресаил-ин Нұрдың шәдделі ن "нун" екі ن "нун" болғандағы саны бес жүз қырық сегізге дәлме-дәл тевафук етеді. Егер оқылмай қалатын екі "Әлиф" саналса, Рисалей-Нұрдың сандық мәртебесіне екі сан парықпен ишара қылып, тағы да дәлме-дәл тевафук қылады. Осы айтылғандарды қуаттап әрі кереметтігін арттыратын бір байланыстылықты айта кетейін.
Ислам әлемі үшін ең сұмдық кезең, хижри алтыншы ғасыр және Хулагу фитне-бүлігі сондай-ақ, он үшінші ғасырдың соңы мен он төртінші ғасыр және дүние жүзілік соғыстың фитне-бүліктерінің салдары болғандықтан соған байланысты бұл сөйлем әбжад саны бойынша алтыншы ғасырды және әуелгі сөйлем секілді اَلْعَز۪يزِ الْحَم۪يدِ сөздері арқылы осы ғасырды, Сұлтан Абдул Азиз бен Сұлтан Абдулхамид дәуірлерін меңзейді.
Һәм жоғарыдағы аяттарда болса, Ресаил-ин Нұрдың екінші атауына тәвафук етіп ишара қылатын әлгі аяттар жаппай тарихта сұмдық ғасыр боп есептелетін Хулагу және Шыңғысханның ғасырын меңзеп хабар береді. Тіпті, ол аяттар сол ғасырды һәм бұл ғасырды меңзеп хабар бергендіктен Хазіреті Али (р.һ.) "Әрджүзе" атты еңбегінде және Ғаус-ы Ағзам өзінің қасида-өлеңінде Ресаил-ин Нұрға керемет түрде ишара еткен кезде, сол ғасырға да қарап ашулы түрде ишара қылған.
Үшіншісі: مِنَ الظُّلُمَاتِ сөзіндегі الظُّلُمَاتِ сөзіндегі сөзінің саны мың үш жүз жетпіс екі болып, осы ғасырдағы зұлымдықтар мен зұлыматтар қашанға дейін жалғасатынын және сол зұлымат қараңғылықта бір Нұр шығып әрқашан нұрландыруға тырысатынын меңзеп Рисалей-Нұрдың нұрландыру қызметін рәмізді түрде хабарлайды.
Төртіншісі: لِتُخْرِجَ النَّاسَ сөйлемі былай дейді: «Мың үш жүз қырық бесте Құраннан шыққан Нұрдың саясында адамдар қараңғылықтан жарыққа шығады!» Бұл айтылған сөз мың
үш жүз қырық бесінші жылы керемет түрде нұрландыра бастаған Ресаил-ин Нұрға дәлме-дәл джифр есебі бойынша әрі мағыналық тұрғыдан сәйкес келу арқылы Рисалей-Нұрдың мақбул бір кітап екенін меңзеп отыр.
Бесіншісі: الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ اِلَيْكَ дегі اِلَيْكَ сөзі Құранға арнайы түрде назар аударғандықтан оны есепке қоспай, الٓرٰ كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ сөйлемінің жалпы саны Рисалет-ун Нұрдың бірінші атауына дәлмедәл тевафук етуі бізге мынаны білдіреді: Рисалей-Нұр, Китаб-ы Мүнзелдің толыққанды тәпсірі және оның мағынасы және оған бөтен емес екенін рәмізді түрде білдіреді. Себебі, الٓرٰ үш жүз сексен екі, ал كِتَابٌ төрт жүз жиырма үш, ал اَنْزَلْنَاهُ жүз қырық төрт, барлығы тоғыз жүз қырық тоғыз. Егер, тәнуин "нун" саналса, тоғыз жүз тоқсан тоғыз болып, Рисалет-ун Нұрдың, егер шәдделі ن "нун" бір ن "нун" саналса, тоғыз жүз қырық сегізге сәйкес, ал егер шәдделі ن "нун" екі ن "нун" болып саналса, тоғыз жүз тоқсан сегіз санына, сәйкес бір сырға байланысты яғни уахи еместігін білдіру үшін, бір ғана айырмашылықпен тевафук қылып оны меңзейді.
Қорытынды: Осы бір ғана аятта аталған бес сөйлемнің мағыналық тұрғыдан байланыстылығын көрсете отырып бес мәрте меңзеу жасауы қуатты ишара болып табылады, тіпті дәлел десе болады.
Менің ойымша солай, сол үшін жазуыма тура келді. Егер, қателескен болсам Китаб-ы Мубинді шапағатшы қылып ӘрхамурРахимин Аллаһтан қателігімнің кешірілуін сұраймын.
Кішкене қате жібердік, бірақ оның астарында ғайби ишара жатқанын көрдім. Демек, ол қателесу осы үшін екен.
Бірінші Шуақ боп аталатын Құрани ишараның жиырма тоғызыншы аяты болған «Ибраһим» сүресінің басындағы
сөйлеміндегі اِلَى النُّورِ بِاِذْنِ رَبِّهِمْ сөйлемін есептегенде қателесіп джифри сандық мәртебесі мың үш жүз отыз төрт, демек РисалейНұрдың кіріспесі "Ишарт-ул Иғжаз" тәпсірінің жарыққа шығуы және баспада бастырылуы кезеңіне тевафук етіп, қатысы бар деп жазылған еді. Ал, негізінде оқылған әріптердің сандық мәртебесі мың үш жүз отыз тоғыз болып Нұр тәпсірінің керемет түрде әр тарапқа жайылған кезіне және Ислам академиясы тарапынан көптеген өкіл имамдардың қолына тапсырылып сол кездегі болып жатқан ауытқулар мен төңкерістерге, рухани өзгерістерге төтеп беру мақсатында - ол жайлы мүфти, имамдардың өздері де айтқан болатын - әлгі соққыларға қорған боп, көптеген өкіл имам, молдалар оны алмас қылыштай пайдаланып орасан зор қызмет атқарған жылдарға дәлме-дәл сәйкес келіп жоғарғы бағаға ие болғанын хабарлайды.
Ал, оқылмай қалған екі "Әлиф" саналар болса, мың үш жүз қырық бір болады. Бұл кезең Рисалей-Нұрдың алғаш жарыққа шыққан кезіне дәлме-дәл тевафук қылып қатыстылығы байқалады. Осы бір азғантай қателік маған мынандай бір ой салды: "Ибраһим" сүресінің басындағы аяттың Рисалей-Нұрға рәмізді қатыстылығы тек жоғарыда аталған төрт сөйлемде ғана емес. Бірінші бет басынан соңына дейін, мағыналық тұрғыдан рәмізді түрде көптеген қырлары болғаны секілді Рисалей-Нұрға астарлы түрде арнайы меңзеп қатыстылығы байқалады. Мен әзірге осы бір рәмізді ақиқатты сіздерге баяндай алмаймын. Тек, қысқа ишарамен шектелмекпін.
Иә, Рисалей-Нұрдың негізгі ұстанған жолы «тәфәккур», "шәфқат" яғни ой жүгіртіп пікірлеу, сосын мейірім болғандықтан Ибраһим Пайғамбардың (алейһиссалам) өзіндік жолы болған тәфәккур мен шәфқат тұрғысынан алғанда дәлме-дәл сәйкес келетіндіктен осы сүре анағұрлым Рисалей-Нұрды бауырына басып, қанатының астына алады. Алғашқы аят төрт сөйлемімен өте қараңғы ғасырдың қараңғы кезеңінде қараңғыда қалған адамдарды нұрға шығаратындар туралы Құраннан шыққан бір нұрды меңзеп тұр. Сонымен қатар, қою қараңғыға батып және Рисалей-Нұрдың қызметіне қарсы әрекет еткендерді суреттеп олар туралы хабар береді.
Бұл аят та үш сөйлемі арқылы мағына жағымен және сәйкестік жағымен Рисалей-Нұрдың жолына һәм діннен безгендердің жолына рәмізді түрде қатысты. Бірінші сөйлем арқылы былай дейді:
«Анау бейбақтар кейбір имандылардың (иманы бола тұра кәпірлерге ергендер) және кейбір ғалымдардың (ақыретті біле тұра сенбейтіндер секілді жүретіндер) өздеріне ергеніне мәз болып, ақыретті біле тұра дүниелік өмірге алданып, қуана-қуана діннен безеді, о дүниясын сатады. Яғни, алмасты біле тұра оны бес тиынға тұрмайтын шыныға айырбастап жібереді. Осылайша, азғын өмір үшін, діни сезімдерді тізгіндеп дінсіздігімен мақтанады.»
Бұл сөйлем осы ғасырға ерекше назар аударуда. Себебі, мұндай сұмдық тарихта болмаған. Басқа замандарда адасқан топ ақыретке сенбейді, тіпті жоққа шығарады, яғни алмастың алмас екенін білмей дүнияны ақыреттен жоғары қойған.
Екінші сөйлем وَ يَصُدُّونَ عَنْ سَب۪يلِ اللّٰهِ сөзі арқылы былай дейді: "Әлгі, бейбақтардың хақ жолдан таю себебі өмірге деген құмарлықтан және қырсықтықтан. Сондықтан, олар тыныш тұрмай, әр тарапқа шүйлігіп, жолындағыларды жалмап шабуыл жасайды. Өздері білетін және ата-бабалары сол жолды ұстанған дінге тиісіп жауыздық жасайды. Діннің қайнар көзін құртып, негіздерін қиратып, жолдарын жапқысы келеді!"
Ал, үшінші сөйлемде وَ يَبْغُونَهَا عِوَجًا сөздері арқылы былай дейді: "Олар пән мен пәлсапаның салдарынан адасқандықтан сұмдық тәкәппар және түрі жаман перғауын, адам айытқысыз менменшіл адамдар. Соның кесірінен нәпсілері құтырғаны сонша бүкіл әлемді басқарып тұрған Иләһи заңдарды, оның нұр-сәулелерін сондай-ақ, адамзат әлеміндегі салт-дәстүрлерді өздерінің нәпсіқұмар сезімдеріне, азғын әуестіктеріне керітартпа ыңғайсыз көріп (Құдай сақтасын!) бұрыс, қисық, қате, әрі кемшін санап өзгерткісі келеді.
Сонымен бұл аят үш сөйлемімен мағына жағымен осы ғасырдағы сұмдық адасқан бір топты ерекше айырып меңзегені секілді джифри есеп бойынша да дәл үстінен басып хабар беруде.
Иә, алдыңғы сөйлемнің яғни, الَّذ۪ينَ يَسْتَحِبُّونَ сөзінің сандық мәртебесі мың үш жүз жиырма жеті, егер шәдделі ل "ләм" және ب "бә" екі мәрте саналса арабша жыл санауымен мың үш жүз елу тоғыз болып, әлгі діннен безген топтың шектен шыққан кезеңін көрсетіп дәлмедәл тевафук қылады. وَ يَبْغُونَهَا عِوَجًا сөзінің сандық мәртебесі, тәнуин "нун" болса мың екі жүз тоғыз болып, сол жылдары Ислам шариғатына опасыздық жасап арам ниетпен құқық саласына шетелдік заңдарды ендіру жоспары және оны жүзеге асыру кезеңіне дәлме-дәл тевафук қылып қатыстылығы көрінеді. Осы ишара-белгілер секілді көптеген белгі-нышандар бастапқы аяттың қуатты ишара еткен Рисалей-Нұрдың дұшпандары туралыда анық түрде хабар беріп кері мағынасымен оларды меңзеп Рисалей-Нұрға дәлме-дәл қатысты екені байқалады.
Тіпті, төртінші аятта Рисалей-Нұрдың түрікше болуын хош көріп, ал бесінші аятта арапша және түрікше толық білмейтін сондай-ақ, ұстаздары мен ғалым-ғұламалары аз немесе жағдайы қиын шығыс аймағындағы мұсылман қауымына Рисалей-Нұр медет беріп, қол ұшын созғанын және олар әр қауымнан бетер қайғылы оқиғаларды бастан кешкенін естеріне салу арқылы нұсқау жасап, тура жолға салғанын ишари әрі рәмзи мағыналар арқылы білдіреді. Бұл соңғы маңызды ишараны баяндауға әзірге рұқсат болмағандықтан тек әрқайсысының бір ғана рәмізі өте қысқа баяндалмақ. Былайша:
деген сөзі джифри сандық мәртебесімен сондай-ақ, бастағы аяттың ишари нышан-белгілері арқылы былай дейді: Рисаләт пен Нубуваттың яғни пайғамбарлықтың. Әр ғасырда ізбасар найбтары, уәкілдері болатынына байланысты мұрагерлік міндетті мойнына алған РисалейНұрды көптеген кітаптардың ішінен мән беріп ерекше ілтипатпен баурына басып, рисаленің Құрани тіл араб тілінде емес, түрік тілінде жазылуын жоғары бағалайды. Иә, бұның мәртебесі رَسُولٍ сөзіндегі тәнуин ن "нун" саналып, шәдделі ل "ләм" екі рет саналып, шәдделі ى "иә" бір боп саналар болса, мың үш жүз елу сегіз шығады, ал егер екеуі де бір рет саналса, мың үш жүз жиырма сегіз шығады. Егер шәдделі әріптер екі рет саналып, тәнуин саналмаса мың үш жүз он сегіз шығады һәм тәнуин һәм шәдделілер саналса мың үш жүз алпыс сегіз болып Рисалей-Нұрдың бес кезеңіне және бес жағдайына рәмізді түрде меңзеп хабар береді.
اِلَى النُّورِ وَذَكِّرْهُمْ بِاَيَّامِ اللّٰهِ сөйлемінде джифри сандық мәртебесі шәдделілер біреу болып саналар болса мың үш жүз елу бір болып Рисалей-Нұрдың өте маңызды бірақ, әзірге оны баяндауға рұқсаты жоқ міндетінің және ол Құранның әмірлерін мойынсұндыратын кезеңіне дәлме-дәл джифри есебі бойынша әрі мағына жағымен рәмізді түрде Рисалей-Нұрға қатысты екені көрінеді. Тағы да жазылатын көптеген ғайби ишара-белгілер бар. Бірақ, рұқсат берілмеді, кейінге қалды.