Сәулелер
— 620 —

Он бесінші Шуақ

Әл-хүджжат-үз Зәхра
ЕКІ ТАРАУДАН ТҰРАДЫ

[Бұл дәріс сырттай шағын көрінгенімен, негізінде үлкен әрі өте қуатты және мағынасы терең бір рисале. Менің тәфәккүрлік яғни толғанысқа толы өмірімнің сондайақ, Нұрдың нағыз мағынауи өмірінің "илмәляқин", "айнәляқин" қосындысынан шыққан имани жеміс, фәрдәуси миуа, Құрани мәуе.]

БІРІНШІ ТАРАУ ҮШ БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ

[Жиырмасыншы Мектубтың қорытындысының қорытындысы. Бұл үшінші Юсүф медресесінде болған кезде оқылған дәрістің бірінші бөлімі]

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
وَ بِه۪ نَسْتَع۪ينُ

Афион қаласындағы түрмеде он бір ай бір баракта жалғыз жатқанымды сотқа арызданып едім, ерегісіп мені адамы көп бесінші баракқа мәжбүрлеп көшірді және бауырларымның қасыма келуіне тыйым салды. Ал, мен отыз бес жыл жападан жалғыз қалып, әсіресе түнде дүнияны ұмытып, ақыретке дайындық жасайтын адаммын және жиырма үш жылдан бері басқан ізімді аңдып әбден мезі қылғандықтан көпшілік жерде өзімді ыңғайсыз сезініп жалғыз болғанды ұнатамын. Маған көмектесетін адамнан басқа және Нұр дәрісін тыңдауға құмар жаннан басқа біреумен бірге бір сағат отырсам мазам қашады. Міне, осындай жағдайыммен көпшіліктің ішінде өмір сүре алмаспын деп уайымдаған кезде Иләһи қаһар мен ашудың белгісі болса керек ауарайы күрт өзгеріп, күн суытып аяз болды. Егер мен бұрыңғы орнымда тұра бергенімде әсте шыдай алмас едім. Олардың қиянаты мен үшін рахымшылыққа айналды.

— 621 —

Көкейге мынадай бір ой келді: "Рас, Нұр шәкірттері өз атынан болсын, сенің атыңнан болсын әрқайсысы сен секілді жатқан жерінде, барақтарда Нұрға қызмет қылып, дәріс беруде. Дегенмен, мына бесінші барақ өзгеше. Бұл жерді «изолятор» деп атайды. Мұнда келгендер әрдайым ауысып, жаңарып отыратындықтан Нұр дәрісіне әлдеқайда мұқтаж. Әрі мұнда Орыстың сұмдық атейстік ұғым, социализімді дәріптеп, Құдайсыздық пікірін жаюшы газеттердің жазғандарын оқыған жастар мен қарттар, әлбетте Иман-ы Биллаһ тұрғысындағы Аллаһтың барлығы мен бірлігі туралы нақты дәлелдерге, қуатты дәрістерге аса мұқтаж!".

Мен таң намазынан кейін бұрыңғы әдетім бойынша он рет үзбей оқитын және Жиырмасыншы Мектубтағы он бір кәлимада баяндалған Аллаһтың бірлігін дәлелдейтін он бір айғақты және Исм-і Ағзамды көрсететін, тәухид ұғымын білдіретін мына:

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَحْدَهُ لَٓا شَر۪يكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ يُحْي۪ى وَ يُم۪يتُ وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ بِيَدِهِ الْخَيْرُ وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ

сөзін толғана қайталап отыр едім, кенет көкейге мұндай бір ой келді:

«Осы қысқа қорытынды ақиқатты Нәдір хожаға және осындағы жастарға үйрет!». Мен де: «бисмиллаһ!» деп бастадым. Былайша:

Бұл тәухид сөзінде он бір сүйінші хабар, он бір имани айғақ бар. Әзірге сол айғақтарға тек қысқа ишара жасап жан-жақты түсіндіруді және сүйінші хабарларын «Жиырмасыншы Мектубқа» және Нұр кітаптарына сілтеме жасамақпын. Дегенмен, ол дәрісті жазып параққа түсірген кезімде оларға айтылмай қалған кейбір сөздерді, тұжырымдарды да жазуға тура келді. Енді сол он бір тәухид кәлимасынан:

БІРІНШІ КӘЛИМА: لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ Мұның дәлелі баспадан шыққан «Аят-үл Күбра» кітабы. Ол теңдесіз айғақ, таңғажайып болғандығы үшін Хазіреті Али (р.һ.) Рисалей-Нұрдан хабар берген кезде

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ

деп тоқталып, «Аят-үл Күбра» кітабын шапағатшы ретінде қолданған екен. Содан болар Нұр шәкірттерін Денизли қаласында тұтқындаған кезде әлгі рисале Анкараның және Денизлинің сотында жеңіске жетіп өзін-өзі ақтап

— 622 —

шықты, және ол жасырын және әсерлі түрде жайылу арқылы өз шәкірттерінің қамаудан құтылуына себеп болғаны секілді өзінің жасырын бастырылуы да шәкірттерінің тоғыз ай қамалуына себеп болған еді. Осылайша Хазіреті Алидің (р.һ.) ғайби кәраматын және Нұр шәкірттерінің атынан жасаған дұғасын ашықтан ашық растап дәлелдеді.

Иә, «Аят-үл Күбра» кітабы Аллаһтың бір екеніне бүкіл әлемнен отыз үш айғақ көрсетеді және әрбір айғағы шексіз дәлелдерді қамтиды. Ол, аспандар, жұлдыздар, жер шары, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін сөйлетіп, ақырында бүкіл әлемді оның ішіндегі болмыс атаулыны, болған және болатын, болуы мүмкін нәрселердің ақиқаттарына тіл біткендей сөйлетіп Уажиб-үл Уджуд Аллаһтың бар екенін, біреу екенін Күндей анық, күндізгідей жарық түрде көрсетеді. Кәміл иман, мықты сенім керек деген адам және діннен безген анархисттерге қарсы өткір алмас қылыш іздегендер осы «Аят-үл Күбра» рисалесін алып оқысын.

ЕКІНШІ КӘЛИМА: وَحْدَهُ Мұндағы айғаққа қысқа ишара былай болмақ:

Мына әлемде қай жағынан қарасаң бірлік, "уахдет" көрінеді. Мысалға, бүкіл ғалам керемет жүйелі тұрғызылған қала немесе керемет зәулім сарай яки мағынасы терең алып, кітап немесе әрбір аяты, әрбір әрпі тіпті, әрбір нүктесі ғажайып заттық Құран іспеттес. Осы тұрғыдан қарағанда бірлік көрінеді, уахдет байқалады. Сонымен қатар бұл сарайдың лампасы бір, шамы бір, тамақ пісіретін оты, аспазшысы бір, су себелегіші бір, суарушысы бір, осылайша бір, бір, бір... деп мыңға дейін бірлік көрсетеді. Бұл бізге бұл сарайдың ұстасы, қаланың қожайыны, кітаптың авторы, алып Құранның иесі міндетті түрде бар және Ол біреу, уахид, жалғыз екенін нақты түрде көрсетіп әрі дәлелдейді.

ҮШІНШІ КӘЛИМА: لَٓا شَر۪يكَ لَهُ Бұл сөздің айғағына өте қысқа ишара қылар болсақ, «Аят-үл Күбра» кітапшасының бұлағы, ұстазы, негізі және «Аят-үл Күбра» деуге болатын мына ұлы аят:

﴿ قُلْ لَوْ كَانَ مَعَهُٓ اٰلِهَةٌ كَمَا يَقُولُونَ اِذًا لَابْتَغَوْا اِلٰى ذِى الْعَرْشِ سَب۪يلًا ﴾
— 623 —

яғни, егер Аллаһтың серігі болса және бөтен біреулер ісіне араласып, рубубиятына ортақ болса әлемдегі тәртіп-жүйе бұзылар еді. Алайда, кіп-кішкене шыбынның қанаты мен көзіндегі жасушадан бастап сонау аспандағының ұшақтары сансыз құстарға дейін, тіпті анау күн системасына дейін үлкенді-кіші, ұсақ-ірі барша жаратылыста керемет жүйе, күшті тәртіптің болуы анық әрі сөзсіз түрде Аллаһтың серігі жоқ екенін, және болуы мүмкін еместігін дәлелдейтіні секілді, болуы шарт Уаджиб-үл Уджуд Аллаһтың бар екенін, оның уахдетін яғни Жалғыз екеніне ашық түрде куәлік етеді.

ТӨРТІНШІ КӘЛИМА: لَهُ الْمُلْكُ Мұның тамыры әрі терең бұлтартпас айғағына қысқаша ишара:

Көзбен көріп жүрміз, дегеніміздей жер жүзі егістік ретінде көктем сайын ол жерге жүз мың түрлі өсімдіктердің тұқымдары араласқұралас, шашылып ауқымды түрде егілуде. Шыққан өнімдері бөлекбөлек, әсте араластырмай керемет жүйемен жинап теріп, оған мұқтаж екі жүз мың түрлі жан-жануарларға одан ризық несібе тарататын шексіз құдрет пен зор ілім иесі басқарушы біреу перденің артында бар. Ол мына ауқымы кең, әрі шексіз бай иелігінде әсіресе, жер жүзі егістігінде осындай қыруар істер атқаруда. Мұндай басқарушы Мутасаррыф-ы Хакимді, Малик-і Рахимді танымаған адам, ақымақ «софестаи» сияқты, мына жер дүниенің бар екенін жоққа шығаруы керек.

БЕСІНШІ КӘЛИМА: وَ لَهُ الْحَمْدُ Мұның ауқымы кең айғағын қысқа ишарамен баяндаймыз.

Мына «әлем» атты қаланы, «жер» дейтін ауданды, «адамзат пен хайуанат» дейтін бөлімшені Рәззақ-ы Рахим, Мухсин-і Кәрим Аллаһ өзі басқарып, жетілдіріп, бақылап отырғанын көзбен көріп, ақылмен түсініп отырмыз. Ол (Аллаһ), өзі берген нығметтеріне мадақ айтып, шүкір еткізу үшін жер шарын сауда кемесі тәріздес яки азық-түлік таситын поезд, көктемді бір вагон түрінде жаратып, небір тағамның түрімен және нәрестелерге сүтке толы торсық тәріздес аналарының емшектерін қорекке толтырып қойған және қыс мезгілі бітіп азығы таусылған мұқтаж жан-жануарларға қамқорлық жасалады. Бұл әрине, Рәззақ-ы Рахим Аллаһтың ісі екеніне титтей де миы бар адам күмәнданбаса керек. Ал оған күмәнданып сенбегендер жер жүзі толы мол нығметтерді, белгілі де арнайы жасалған ризық несібелерді жоққа шығаруға мәжбүр ақымақ хайуан болғаны.

— 624 —

АЛТЫНШЫ КӘЛИМА: يُحْي۪ى сөзінің айғағына қысқаша ишара.

Иә, «Оныншы Сөзде» және Нұр кітаптарында айғақтармен дәлелденген мына мәселе: Әрбір көктемде тірішілік иелерінің үш жүз мың түрі әртүрлі бейнеде сансыз бола тұра құжынаған әскердей жер бетінде қайта тіріліп, жан бітеді. Олардың өміріне қажетті нәрселер жүйелі түрде реттеліп отырады.

Осылайша қиямет қайымдағы ұлы хашрдің жүз мың үлгі-мысалдарын көрсетіп әлгі сан-алуан тіршілік иелерін бәрін бірге, араласып жатса дағы шатыстырмай, қатесіз, кемшіліксіз, ауысып жатса да ауыстырмай, ешбірін ұмытпай дәл өлшеммен, жүйелі түрде тірілтіп, жан сыйлайтын және ұрық суы дейтін өзара ұқсас сұйық заттан, топырақтан, бір-бірінен айнымайтын тұқымдардан, азғана айырмашылығы бар дәнектерден сондай-ақ, жәндіктердің өте ұқсас жұмыртқашықтарынан, сонымен қатар құстарды да дәл солай бірегей шикізаттардан, жұмыртқалардан саны шексіз түрлерін жаратқан және жалпы түрлері әртүрлі, қореқтенуі де айырықша тіріжандарды тіріліткен және жер жүзіне, көктем парағына жүз мың түрлі өзара ұқсамайтын кітаптарды бірге, бірінің қасына бірін, аралас-құралас, еш қатесіз, тыянақты жазған және әрнәрсені мұқият, шексіз хикметпен жоқтан бар қылған Зат-ы Хаий-ы Қаюм, Мухий әрі Халлақ-ы Алим екеніне сенбей, күмәнданған адам әлбетте, өзін де және бүкіл жер жүзіндегі тіршілік ететін барлық жан-жануарды, жәндік атаулыны жоққа шығарып, бар екеніне сенбеуге мәжбүр болып өзінің барып тұрған ақымақ, тіріжандардың ең бейбағы екенін көрсеткен болады.

ЖЕТІНШІ КӘЛИМА: وَ يُم۪يتُ Бұл сөздің айғағына қысқаша ишара былайша:

Күз мезгілінде үш жүз мың түрлі тіршілік иелері опат болғанда яғни өз міндеттерін атқарып демалысқа шығарда әрбір түрдің, әрқайсысының амал дәптері кішкене құтыларға сақталып, істеген істері мазмұндалып, келесі көктемде атқарар қызметтері жазылып, осы амал дәптерлерін белгілі бір мағынада рухтары деуге болатын дән-тұқымдарына жүктеліп яғни Хафиз-ы Зүлжәлалдың хикметті құдіретімен аманат қылып тапсырылатынын көзімізбен көріп жүрміз.

Иә, Інжір ағашының кіп-кішкене тұқымдары мәңгі жасайтын бір рух секілді інжір ағашының толық мағлұматтарын, өмірлік заңдарын, тіршілік шарттарын толық қамтиды. Міне, бір кітаптай мағлұматтарды

— 625 —

яғни ағаштың өмір тарихын әлгі тұқымға тағдыр қаламымен жазылып, оны уақыты келгенде қалың кітаптай үлкен ақиқатқа айналдырған Халиқ-ы Хакимге сенбей, оны жоққа шығарып, мәңгі тірі Хаий-ы Ләямуттың бар екеніне нанбай жүрген адам, әлбетте тек ақымақ қана емес, жын ұрған хайуан ғана емес, ол тозақ отын көсеп жүрген әзәзіл шайтаннан бетер сорлы, мәңгі құрдымға кетуші бейбақ.

Жоғарыда аталған құбылыс, яғни әлгі кәлиманың айғағын меңзейтін күлли, таңғажайып, керемет, мұғжизалы хикметке толы ауқымды, іс өздігінен болуы әсте мүмкін емес. Сол секілді оны соқыр мылқау, қолынан түк келмейтін әлсіз, жансыз, меңіреу, араласқұралас жатқан, белгілі бір бағыты жоқ себептерге телу, солардың салдарынан болады деп сену мың есе «мухал» яғни мүмкін емес, еш негізі жоқ құр сандырақ. Егер олай болатын болса, топырақтың әр бөлшегінде шексіз құдірет, мол хикмет және бүкіл өсімдік пен гүлдің қалай жасалатынын білетін терең ілімі, ғажап өнер болуы керек. Бұл жайлы ауа бөлшектері жайлы сыр шертетін «Жастар шырағы» атты кітаптың «Хуә нүктесінде» баяндалғанындай әрбір ауа бөлшегі әуе толқынын пайдаланушылардың, телефон мен радиода сөйлесушілердің айтқан сөздерін толық меңгеріп білуі керек, әрі басқа бөлшектерге дәріс беретін зор қабылетке ие болуы шарт. Әрине, мұндай қисынсыз ойды шайтан да ешкімге айтып сендіре алмас. Күпірлік деген осындай ақылға сыйымсыз, ақиқатқа теріс, бүкіл жаратылыс атаулыға жабылған жала болғандықтан, оның жазасы тек сұмдық жәһаннам ғана және ол әділдік! Ондай сұмырай кәпірлерге "жасасын жәһаннам!" деу өте орынды.

СЕГІЗІНШІ КӘЛИМА: وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ Мұның білдіріп тұрған айғағына қысқаша ишара қылар болсақ: Мысалға, күндізде толқып жатқан теңіздің жүзінде және ағып жатқан өзеннің бетінде көпіршіктер пайда болып, ол көпіршіктерде көрінген күн сәулелері сәлден соң көзден таса болып, артынан келген жаңа көпіршіктер де дәл солай әлгі келіп-кеткендер секілді күн сәулесін шағлыстырып көктегі Күнді меңзеп оған куәлік етеді. Және олардың осылайша аяқталып бітуі, төбеде сөнбейтін Күннің бар екенін көрсетеді. Дәл сол секілді, әрқашан өзгеріп, құбылып отыратын "әлем" теңізінің жүзінде және жаңарып отыратын сансыз көк аспандарда, сондай-ақ ең ұсақ бөлшек зәррелер әлемінде және түрлі оқиғалар мен өткінші болмыстың

— 626 —

сахнасы болған мына уақыт өзенінде өмір сүріп жатқан жаратылыс бір тынбастан жылдам ағып кетіп жатыр. Олар сыртқы себептерімен бірге көзден таса болып, опат болуда. Жыл сайын, күн сайын бір ғалам өліп яғни кетіп орнына жаңасы келеді. Және зәррелердейтін егін алқабында әрдайым өзгеретін дүниялар, жылжымалы әлемдер өнім беріп, нәтижелері алынатындықтан, әлбетте көпіршіктер мен Күн сәулесінің шағылыстары қалайша аяқталу арқылы әрдайымғы бір Күнді көрсеткені секілді әлгі сансыз жаратылыс, тіршілік иелерінің опат болуы және өзінің сыртқы себептерімен бірге жүйелі түрде қызметінен босатылуы, бізге айдан анық еш күмәнсіз нақты түрде Хаий-ы Ләямут, Шәмси-і Сәрмәди, Халлақ-ы Бақи, Кумандан-ы Ақдес Аллаһтың міндетті түрде бар екенін, сөзсіз жалғыз екенін және болмысы әлемнің болмысынан сан есе анық та қанық екенін көрсетеді. Оны бүкіл жаратылыс әр түрлі бейнеде бірлесе отырып куәлік етеді. Сонымен, осындай әлемді шулатып тұрған зор дауысты, мызғымас нақты куәліктерді естімей, құлағын жауып мән бермеген адамдар неткен саңырау, мүлдем ақымақ әрі күнәһар екенін әлбетте, түсінген шығарсың.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА: بِيَدِهِ الْخَيْرُ Мұның айғағын қысқаша былай баяндаймыз: Қарап отырсақ, әлемдегі әр жаратылыстың, әр түрдің, әр топтың тіпті, әрбір тұлғаның, әр ағзаның, денедегі әрбір жасушаның өзіндік сақтық ризық-несібесі жиналған арнайы қоры, өзіндік қоймасы болады және әрқайсысының қажетті нәрселері сақтаулы қазынасы, егіс алқабы бар. Ол қазына өте жүйелі түрде, дәл өлшеммен, шексіз хикметпен аса қамқор түрде, дәл уақытында және сол мұқтаждың күші жетпейтін еркінен тыс түрде ғайыптан беріліп жатыр. Мәселен, тауларда жан-жанураларға, тіршілік иелеріне, адамзатқа қажетті шикізаттарды, дәрі-дәрмектерді, өмірге қажетті нәрселер сақтаулы. Таулар біреудің әмірімен, ұйымдастыруымен өте қажет қазына, өте бай қор секілді. Сондайақ, жер шары бүкіл тіршілік иелерінің ризық-несібелерін Құдайдың құдіретімен өндіріп беретін өте жүйелі жасалған егістік, бір қырман немесе асхана тәрізді. Тіпті, әрбір адамның денесіндегі әрбір ағзаның өзіндік қоймасы тіпті, бір жасушаның да ықтияттап сақталған өзіндік қоймасы бар. Осылайша, әр әлемнің сонау ақырет әлемінің де өзіндік қоймасы бар. Ол мына дүния. Жұмақтың да егіс алқабы,

— 627 —

қоймасы бар, ол мына дүниядағы әсемдіктер, әдеміліктер және жақсылықтарды тудыратын, нұр шашқан дін Ислам, мұсылман әлемі және нағыз адамгершілік. Ал жәһаннамның да өзіндік қоймасы бар. Ол жамандықтар мен болымсыз нәтижелер берген және күпірлікке апаратын және жоқтықтың кесірінен болатын жаман нәрселер мен бәлелер, сондай-ақ болмысты кірлететін лас заттар, нашар топ тайпалар, жағымсыз әрекеттер. Жұлдыздардың да ыстықпен қамтамасыз ететін өзіндік қоймасы болады. Ол жәһаннам яғни тозақ. Ал оған жарық, нұр беретін қайнар көз жәннат болып табылады.

Міне, «Биәдиһилхайр» осы айтқан барлық қазына, қоймаларды меңзеп, соның бәрі бір Аллаһтың қолында екенін дәлелдейтін айғақ болып табылады. Иә, осы сөз арқылы және بِيَدِه۪ مَقَال۪يدُ كُلِّ شَيْءٍ сөйлемі мен яғни «барлық нәрсенің кілті Оның қолында, бәрінің түйінін ашатын сол» мағынасын білдіреді. Бұл ауқымы кең әрі сансыз ғажап Рубубияттың айғағы, уахдеттің дәлелі болып мүлдем соқыр емес адам көретіндей дәрежеде анық мәселе.

Мысалға, аталған әлгіндей сансыз қазына қоймалардың біреуін үлгі ретінде айтар болсақ, әр қайсысы зәулім ағаштың немесе тамаша гүлдің бөлшектері мен тағдырының жоспары жазылған кіп-кішене қойма тәріздес дән-дәнектерді, тұқымдарды алайық. Олардың кілті қолында болған Мутасаррыф-ы Хаким Аллаһ, бір түйір дәннің ауызын «Оян!» әмірімен, өзінің қалау кілтімен жүйелі түрде өлшеммен ашады. Сол секілді жер шары дейтін қазынаны да жаңбыр дейтін кілтімен ашып, ондағы шағын қойма тәріздес сансыз дәндерді, шексіз тұқымдарды сондай-ақ хайуандар мен қуаттардың бастау бұлағы жұмыртқаларды, барлық қойма қазыналарды барлығын бірге, еш қатесіз ашатынын, осылайша бүкіл әлемдегі үлкен-кіші, көзге көрінетін барлық қойма-байлықтарды өзінің шексіз хикметімен, ираде қалауымен, рахымымен, еркімен әрқайсысын өзіне тән кілттерімен ашатынын біліп, көзбен көргің келсе өзіңнің белгілі бір мағынада қоймаң болған қалб (көңіл) түкпіріңе, миыңа, денеңе, асқазаныңа, бау-бақшаңа және жердің көркі болған көктемге, ондағы гүлдерге, жеміс жидектерге қара! Осының бәрін өте жүйелі түрде дәл өлшеммен, таразымен, рахымымен, хикметке толы құдіретімен жасап жатқанын және «Күн фая күн!» әмірінен келген түрлі-түрлі кілттермен ашып жатқанын көресің.

— 628 —

Кіп-кішкене құтыдан бір батпан тіпті кейде жүз батпан ризықнесібелерді өте жүйелі түрде шығарып жандыларға сый-сияпат жасап тарту етеді. Япырай, осындай жүйелі де тәртіпті және көреген, және білікті, және шексіз ауқымды іске сондай-ақ, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес өнерге, әсте қателеспейтін өлшемді зор билікке, және әсте зұлымдық жасамайтын әділ басқаруға соқыр қуаттың араласуы, меңіреу табиғаттың үлесі болуы және қолынан түк келмейтін, дым білмейтін себептердің ықпал етуі мүмкін бе!? Барлық затты бір сәтте көре алмайтын, бәрін бірге басқара алмайтын біреу мұндай керемет, жан-жақты хикмет пен өлшемге толы, ғажап іске, орасан басқармаға араласуы мүмкін бе? Әсте, сонымен, барлық жақсылық қолында, барлық нәрсенің кілті өзінде болған Мутасарфф-ы Рахим, Рабб-ы Хаким Аллаһты танымайтын әрі жоққа шығаратын жандарға әлбетте, تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ аятының дегеніндей жәһаннам қатты ашуланып, хал тілімен былай дейді: «олар шексіз ауыр азабыма лайық, оларды еш аяудың қажеті жоқ!».

ОНЫНШЫ КӘЛИМА: وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ Мұның айғағына қысқа ишара: Мына дүние қонақүйіне келген ақылы бар әрбір адам көзін ашып қараса, мынаны көреді: Бір құдірет бүкіл ғаламды басқарып тұр, және Оның шексіз, еш қателеспейтін әзәли мұхит ілімі бар және өте мұқият, ешқашан өлшемсіз, пайдасыз іс жасамайтын сәрмәди хикмет пен инает-жәрдемі бар. Міне, осы хикмет, инает, ілімді қамтитын құдірет сансыз зәррелердің әрбірін шыр айналдырып, көптеген қызмет атқартқаны секілді жер шарын бір сәтте, бір заңмен және бір жылда жиырма төрт мың қашықтықты шыр айналдыра жүргізеді. Жыл мезгілінің өнімдерін жан-жануарлар мен адамдарға қандай заңмен әкелетін болса, дәл сол заңмен, дәл сол уақытта Күнді өз орнына қойып тартылыс күш беріп жұлдыз, ғаламшарларды жүйелі түрде жұмысқа жегіп өзіндік міндет жүктейді. Дәл сол құдірет бір мезетте өзінің хикмет заңымен жер бетіне жүз мың кітапқа ұқсайтын түрлі жандыларды аралас-құралас шатастырмай, қатесіз жазады. Осылайша, ұлы хаширдың мыңдаған үлгі мысалдарын көрсетеді. Дәл сол құдірет, бір уақытта ауа парағын жазып және өшіретін тақта тәрізді сан құбылтады. Зәрре бөлшектерді яғни ұсақ бөлшектердің әрқайсысын қалам ұштары тәріздес әлгі

— 629 —

кітаптың нүктелері тәрізді белгілі бір міндет жүктеп жұмыс істеді. Зәррелерге керемет қабілет бергені сондай, бейне бір дүниедегі бүкіл сөздерді білетіндей, сөйлесушілерді танитындай дыбыстарды алып-беріп, жеткізіп-тасып отырады, әсте шатаспайды. Өздері кішкене құлақ, кішкене тіл секілді қызмет етіп, ауа әлемі Аллаһтың әмірі мен қалау еркінің тақтасы екенін дәлелдейді. Міне, осы қысқа тұжырымға салыстыра отырып Жаратқан Жаббар ғаламды керемет бір қала, зәулім сарай, ғажап қонақүй, таңғажайып кітап, мұғжизалы Құран іспетті жаратып, сонау алып ғаламшарлардан, кішкене зәрреге дейін бүкіл жаратылысты, шексіз әлемдерді, күллі болмысты өзінің соңсыз ілімінің ережелеріне сай, хикметіне сәйкес толық басқарып отырғанын және өзінің шексіз құдіретінің ішінен мол хикмет пен зор рахымын көрсетеді. Сондай-ақ, рубубиетінің ішінен өзінің сөзсіз бар әрі жалғыз екенін Айдай анық, Күндей жарық түрде көрсетіп, таныстырады. Оған жауап ретінде адам заттық иманға келуін қалап және өзін оған жақсы көргізуді мақсат етіп, соның нәтижесінде құлшылық етулерін міндеттеген. Өзінің жарылқауымен шүкір етуді, мадақтауды қалайтын осындай аса Мейірімді Рахман-ы Рахимді танымайтын, құлшылық етіп Раббысын жақсы көруге тырыспайтын адам бейнесіндегі шайтандар да бар. Міне, мұндай кішкене Нәмруд, Перғауын секілді мақұлықтар әлбетте, түгелдей ауыр әрі шексіз болатын азапқа душар болмақ.

ОН БІРІНШІ КӘЛИМА: وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ яғни Аллаһтың мәңгі құзырына, бақи әлеміне, соңсыз бақыт мекеніне түбінде сапар шегетін болмыз. Әлемдегі күллі жаратылыстың қайтар жері Сол. Барлық себептердің ұшы Оның қолында және Оның құдіретімен болады. Себептер басқару ісіне құрал ретінде пайдаланылатын жәй бір перде. Олар киелі Құдіреттің асқақ абыройына, ұлықтығына шек келтірмей сақтап қалу үшін қызмет етеді. Себептердің ешбірінің қолынан жарату келмейді, әсте әсері жоқ. Аллаһтың әмірі мен қалауы болмаса ешбір нәрсе тіпті, ешбір зәрре қозғала алмайды, деген мағынаны білдіреді. Бұл кәлимадағы айғаққа өте қысқа ишара мынау:

Біріншіден; Бұл кәлиманың мағынасындағы хашир, ақырет, мәңгі өмір туралы және оның келесі көктем секілді нақты әрі анық жүзеге асатынына сену, иман ету, дәлелдеу мәселесін «Оныншы Сөз» және оның қосымша жазбаларында сондай-ақ, "Жиырма

— 630 —

тоғызыншы Сөз" бен "Миуа рисалесінің" Жетінші мәселесіне және «мінәжат» кітапшасы секілді бір қатар Иман жайлы жазылған рисалелерге сілтеме жасадық. Шынымен әлгі сілтемелер де иманның осы шарты керемет түрде сансыз айғақтармен дәлелденген. Ол сілтемелерде дүнияның бар екені қалай анық болса, дәл солай анық түрде ақыреттің де рас екені ең қырсық кәпірге де дәлелдеп мойындатуға мәжбүр ететіндей дәрежеде күшті баяндалған.

Екіншіден; Қасиетті Құран Кәрімнің үштен бір бөлігі хашир мен ақырет жайлы. Әрбір мәселені соған әкеліп тірейді. Олай болса, Құранның ақиқат екенін дәлелдейтін барлық мұғжизалар мен айғақтар ақыретті растап дәлелдейді деген сөз. Сол секілді Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар екенін дәлелдейтін барлық мұғжизалар да, бүкіл дәлелдерімен хашир мен ақыретті дәлелдеп, рас екеніне куәлік етеді. Өйткені, Ол кісінің өмір бойғы басты мүддесі ақыретке сендіру болғаны секілді барлық пайғамбарлар да мәңгі өмір мен соңсыз бақытты көлденең алға тартып адамзатқа сүйінші берген еді. Оны сансыз мұғжизамен нақты айғақтармен дәлелдеген. Олай болса, олардың пайғамбар екендігін, адалдығын дәлелдейтін барлық мұғжизалар, айғақтар олардың ең үлкен мәселесі және әрдайымғы тақырыбы болған ақыреттің де хақ екенін және мәңгі бақи өмір бар екенін дәлелдейді. Осыған салыстыра отырып, басқа да шарттарын дәлелдейтін бүкіл айғақтар хаширді яғни өлген соң қайта тірілудің хақ екенін, мәңгі бақыт бар екенін білдіреді.

Үшіншіден, Өзінің толық кемелдігін, шексіз құдіретін, теңдесіз рубубиетін көрсету үшін әлемді керемет түрде, таң ғажайып жаратып, асқан хикметін көрсету үшін жаратылғандардың әрқайсысына белгілі бір міндет жүктеп, тіпті көптеген қызметтер тағайындап тынбай жұмыс істеткізген, сондай-ақ, соңсыз көркем есімдерінің сәуле шуақтарын көрсету үшін, топ-топ қылып, бірінің артынан бірін әлемдерді жаңартып болмыс атаулыны мына қонақүй әлемге, мына дүния дейтін емтихан алаңына жіберіп, мысал әлеміне құрылған ақыреттік фотоаспаптармен олардың суретттерін, жүріс-тұрысын, істеген амалдарын тіркуге алып ақырында, өздерін демалысқа шығарады. Содан соң, басқа топ, жылжымалы өзге дүниялар әлгі сахнаға өзіндік басқа міндетпен, Иләһи түрлі есімдерге айналық қызмет атқару үшін келеді яғни оларды Сани-і Зүлжәлал, Халиқ-ы Зүлкәмал бір Аллаһ жіберіп отырады.

— 631 —

Ендіше, мына пәни дүниеде өзінің ақыл-ойымен өзінің Жаратушы Иесінің бүкіл мақсаттарына жауап бере алатын әрі бүкіл қабілетімен Оны жақсы көріп, көргізген, танып, басқаға таныстырған және дұға етіп жалбарына ақыреттегі мәңгі бақытты сұраған және ақылы болғандықтан түрлі уайым мен қайғы шеккен, сөйтіп жан-тәнімен, бүкіл қабілетімен нағыз рахат, бақи өмір жәннатты сұраған мына адамзат үшін сый-ақы бететін жердің және жаза тартатын орынның болмауы әсте мүмкін бе?! Жоқ, болмауы әсте мүмкін емес! Міне, осы қысқа ишараның анықтамасы жан-жақты түсіндірмесі дәйекті түрде Рисалей-Нұрда нақты баяндалғандықтан соған сілтеме жасап осы терең де үлкен мәселені қысқа қайырамыз.

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
* * * * * *
— 632 —

Қасиетті Фатиха сүресінің мұхтасар өзегі, қорытындысы

[Үшінші Юсүф медресесінде жалғыз адамдық камерада аз уақыт ұстап, кейін босатқан кезде көрісуге келген кісілерге бір дәріс берген едім. Бұл соның бір бөлімі]

Түрмедегі нұр шәкірттеріне қысқаша дәрістен үзінді. Фатиха сүресі теңіз болса, бұл соның бір тамшысы және ол Күн болса оның жеті түсті жарығының бір сәулесі ғана. Мұны баяндауды намаздағы Фатиха бұйырды. Негізінде осы киелі қазына жайлы Жиырма Тоғызыншы Мектубтың бөлімі әсіресе, «Нағбуду» жайлы тақырыпта, сондай-ақ «Румуз-ата Семания», "Ишарат-ул Иғжаз" тәпсірі және басқа да Нұр кітаптарында бұл жайлы айтылған болатын. Демек, сол керемет хош тақырыпты иман шарттарымен байланыстыра отырып, айғақ-дәлелдерге ишара түрінде намаз кезіндегі тәфәккүрімді қағазға түсіруге мәжбүр болдым. Енді, бастардағы بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ кәлимасын Рисалей-Нұрдың екі-үш кітабына сілтеме жасап, اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ сөзінен бастаймыз.

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ٭ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ...الخ ﴾

БІРІНШІ КӘЛИМА: اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ мұның иманды қуаттайтын айғағына қысқаша ишара ретінде былай демекпіз: Иә, пенденің шүкір етіп, мадақ айтуға себеп болатын арнайы түрде нығмет беру, ырыс-несібе өте көп-ақ. Әсіресе, қан мен нәжістің арасынан таптаза, қоректігі мол сүтті әлжуаз төлдерге арнайы жіберу таңғаларлық құбылыс. Сондай-ақ, әдейілеп жарылқау, сый-кәде беру, мейірімге толы сыйлықтар тарату, сый-сияпат жер жүзінде тіпті, әлемнің әр тарапында болып жатыр. Олардың ақысы, басында «бисмиллаһ» деп айту, ақырында «әлхамдулилләһ» деу, ортасында нығметтен «инғамды» сезу яғни нығметтің арнайы беріліп жатқанын білу, сол арқылы Раббысын тану.

Сен өзіңе ішкі құрылыстарыңа, асқазаныңа қарашы! Олар көп нәрсеге мұқтаж және олар шүкір етіп мадақтап өзіне қажетті ризық

— 633 —

несібелерін сұрап алады да, рахаттанады. Енді, әрбір тіршілік иесін өзіңе салыстыр. Міне, осы жалпыға ортақ игілік, «инғамдарға» орай, хал тілімен және өзіндік төл тілдерімен сансыз мақтаулардың айтылуы, анық түрде бір Мағбуд-ы Махмуд, бір Мүним-і Рахим Аллаһтың бар екенін, Оның жалпылама толық рубубиятын Күндей жарық анық көрсетеді.

Екінші кәлима: رَبِّ الْعَالَم۪ينَ Мұның айғақ-дәлеліне қысқа ишара жасар болсақ: Өзіміз көріп жүргендей. Мына әлемде мың емес, миллиондаған әлемдер, ғаламшарлар өзара бір-бірімен араласқұралас орналасқан. Олардың әрқайсысының басқарылуы әр түрлі, жүйесі өзгеше, шарттары бөлек-бөлек. Солай бола тұра, керемет басқарылып ұйымдастырылып жүйелі түрде қозғалуда. Жүйенің кереметтігі сонша, бүкіл әлем бір парақ секілді бір сәтте Раббысының назарында. Бүкіл әлем бір кітаптың жазылған жолдары секілді, оларды құдірет пен тағдыр қаламы жазып, өшіріп қайта жазуда. Теңдессіз рубубиет, Иләһи басқарудағы шексіз ілім, мол хикмет, бәрін қамтып жатқан рахым және өте мұқияттылық байқалады. Бұл құбылыстан миллиондаған әлемдерді реттеп және шыр айналып бір тынбайтын қозғалыстағы жаратылысты басқарып отырған РАББҮЛ АЛӘМИН- нің сөзсіз бар екеніне оның міндетті түрде жалғыз екеніне куәлік етіп, жалқы-жалпы әлемдер анық түрде дәлелдейді. Олардың саны зәррелердің шамасындай және зәррелерден құралған заттардың санындай сансыз әрі әрдайым, әрқашан куәлік етеді. Осындай кең алаңда яғни зәррелерден бастап сонау Күн жүйесіне дейін, денедегі жасушадан бастап жер жүзінде және ғаламның түкпіртүкпірінде болып жатқан осындай құбылыстарды бір заңмен, бір рубубиетпен, бір хикметпен бәрін бірге басқарып отырған құдіретті мойындамай жүрген, сезбейтін, білмейтін, көрмейтін адам әлбетте шексіз азапты өзіне тілеп алады. Ондай жандар аяуға, мейірімділік көрсетуге ешқандай да лайық емес.

ҮШІНШІ КӘЛИМА: اَلرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ Мұның айғағына өте қысқа ишара:

Иә, әлемде шексіз рахымның бар екені, ақиқат екені дәл Күннің жарығы секілді көзге көрініп тұр. Жарық Күнді анық көрсететіні секілді мына көз алдымыздағы рахымшылдық та перденің артында бір Рахман-ир Рахым Аллаһтың бар екенін көрсетіп, куәлік етеді.

— 634 —

Иә, Рахымның маңызды бір бөлігі ризық болып табылады. Кейде, Рахманның мағынасы «Раззақ» яғни ризық беруші дегенді білдіреді. Ал, ризық болса ап-анық түрде Раззақ-ы Рахим Аллаһты көрсететіні сондай, тіпті кішкене ақылы бар адам мойындауға мәжбүр.

Мысалы, бүкіл тіршілік иелерінің ризықтары әсіресе, әлсіздердің, әсіресе төлдердің мейлі олар жерде-ауада болсын күш қуатынан, ерік қалауынан тыс таңғажайып түрде жоқтан және өзара өте ұқсас дәндәнектерден, су тамшыларынан, топырақ бөлшектерінен өндірілуде. Тіпті, ағаштың басындағы ұяда қанаты қатпаған әлжуаз балапандарға анасын тілалғыш әскер секілді қызмет еткізіп, ризық несібелерін тасып әкеліп бергізеді. Және, аналық аш арыстанды күшігіне бағындырып қояды, тапқан жемтігін өзі жемей күшігіне бергізеді. Басқа да жануарлар мен адам баласының әлсіз нәрестелеріне емшектен каусар бұлақ тәрізді өте дәмді, қорегі мол, аппақ сүтті қызыл қан мен қарындағы нәжістің ортасынан тап-таза түрде ағызып көмекке жібереді. Ата-енелерін де төлдеріне мейірімді қамқоршы қылған. Сондай-ақ, белгілі бір мағынада тіршілігіне қажетті су, ризық сұрайтын ағаштарға да өздеріне тән ризық-несібелерін оп-оңай ғажап түрде жүгіртіп қойған. Және, заттық қана емес, рухани да ризық сұрайтын адами сезімдер рух, көңіл, ақыл-ой, қиял... оларға да тиесілі ризық несібе мол түрде жаратылуда. Бейне бір, күллі ғалам раушан гүлінің жапырақтары немесе жүгері собығының сыртқы қабықтары, көйлектері тәрізді қабат-қабат ораулы жүз мыңдаған түрлі-түрлі саналуан дастарханға ұқсайды. Енді, дүниеде осындай қанша дастархан, қанша дәмді тағамдар, нығметтер болса, сонша тілде бөлек-бөлек, күлли-жүзи тілдермен бір Рахман-ы Раззақ, Рахим-ы Кәрим бір Аллаһты мүлдем соқыр емес жандарға көрсетеді.

Егер, біреу былай десе, бұл дүниедегі мусибат яғни бәле-жала, қиыншылықтар, жамандықтар мұндай мол мейірімге шәк келтіреді, үйлеспейтін секілді.

Жауабы: "Тағдыр Рисалесі" секілді Нұр кітапшаларында мұндай тым өзекті де қиын сұрақтардың жауабы берілген болатын. Соған сілтеме жасап, мұнда қысқаша ишара қыламыз.

Әрбір себептің, әрбір түрдің, әрбір заттың күлли - жүзи, жалпыға қатысты және жеке, жалпы-жалқы түрлі атқарар міндеттері болады. Және ол атқарар әрбір міндеттердің де көптеген нәтижелері, берер

— 635 —

жемістері болады. Ол нәтижелердің басым көпшілігі пайдалы әрі жағымды, керемет әрі қайырлы, жалпы, рахымшылық боп табылады. Тек, аз бөлігі ғана қабілетсіздерге және бұрыс әрекет еткендерге және жазалануы керек, тәрбиеленуге лайық болғандарға, сондай-ақ, көптеген игі жақсылықтар беретіндерге тап болады. Бұл әрине, сырт көзге азғана жамандық, бір бәле болып жағымсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен, сол кішкене жамандық азғантай бәле болмасын деп, Рахым тарапынан әлгі себеп яки жан-жақты оқиға өзінің әлгіндегі міндетінен босатылса яғни болмаса ол кезде бүкіл қайырлы істер, тиімді керемет нәтижелер жүзеге аспай қалады. Ал, бір жақсылықтың болмай қалуы, жамандық және бір керемет нәрсенің бұзылуы жағымсыз боп табылатындықтан әлгі болмай қалған нәтижелер қанша болса сонша, жағымсыз болымсыз нәрселер, мейірімсіздіктер орын алады деген сөз. Демек, бір ғана жамандық яки жағымсыз оқиға болмасын деп, ақырында жүздеген бәлелер, мейірімсіз нәтижелер пайда болады. Бұл әрине, хикметке мүлдем қайшы, пайдалы іске керағар және Аллаһтың Рубубиятындағы рахымға қайшы құбылыс.

Мысалы, қар, суық, от, сел жаңбырдың әрқайсысында жүздеген хикмет, көптеген пайдаларлар бар екені рас. Енді, кейбір жалқау, олақ жандар бұрыс әрекет ету арқылы өздеріне зияны тисе яғни айталық қолын отқа күйдіріп алса, сөйтіп оттың жаратылысында ешқандай пайда, рахым жоқ десе ол кезде оттың сансыз қайырлы да хикметке толы жақтары оның өтірігін бетіне басып, аузына құм құяды.

Әрі, адамның өзімшіл әуестігі және істің соңын көрмейтін соқыр сезімдері мына әлемді басқарып тұрған «рахымият», "хакимият", "рубубият" дейтін Иләһи заңдарға өлшем, таразы бола алмайды. Әркім өз айнасымен, өз жағымен қарайды.

Мейірімсіз тас жүрек адам әлемді мұңлы, қараңғы, жабырқап тұрған, зұлымдыққа толы көреді. Ал, әлемге иман көзімен қараса, жетпіс түрлі әсем көйлек киген жұмақтың хор қызы тәрізді құлпырып түрлі рахым мен хикмет, қайырларға толы, әрдайым күлімсіреп тұратын, рахымды алып адам бейнесінде көрінеді. Сөйтіп, адамзатты кіші бір әлем, ал әрбір адамды кішкене өзіндік бір әлем бейнесінде көрсетеді. Мұны көргенде адам жан тәнімен

﴿ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ٭ اَلرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ٭ مَالِكِ يَوْمِ الدّ۪ينِ ﴾

дейді.

— 636 —

ТӨРТІНШІ КӘЛИМА: مَالِكِ يَوْمِ الدّ۪ينِ Мұндағы айғаққа қысқаша ишара:

Біріншіден, бұл дәрістің соңында وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ айғағы жайлы және хашир мен ақыретті дәлелдейтін айғақтар дәл осы مَالِكِ يَوْمِ الدّ۪ينِ сөзінің ишара еткен имани терең ақиқаттарын дәлелдеп, куәлік етеді.

Екіншіден, "Оныншы Сөздің" ақырында баяндалғандай мына әлемнің Жаратушысы Аллаһтың мәңгі рубубияты, шексіз рахымы, мол хикметі, әзәли уә әбәди жәмалы, жәлалы, кәмалы, шексіз сипаттары, жүздеген есімдері ақыретті нақты түрде талап ететіні секілді, Қасиетті Құран мыңдаған аят-айғақтарымен және Мұхаммед (с.а.у.) жүздеген мұғжизат, дәлелдерімен сондай-ақ, бүкіл әнбиялар және аспани кітаптар мен парақтар сансыз дәлелдерімен куәлік ететін ақырет әлеміндегі мәңгі өмірге сенбеген адам, мына дүнияның өзінде өзін өзі күпірліктен туындайтын рухани тозаққа тастаған болып, әрдайым жан азабын шегеді. «Рәһбер» (Жастар шырағы) атты кітаптың түсіндіргені секілді, кәпір үшін өткен мен болашақ және ондағы болмыс әрдайым аяқталып, жоғалып қоштасатындықтан адамның рухы мен жаны шексіз уайым мен қайғы жеп, жәһаннамға бармай тұрып-ақ, жәһаннам азабын тартатын болады.

Үшіншіден, يَوْمِ الدّ۪ينِ рәмізді түрде үлкен әрі қуатты айғаққа яғни өлген соң қайта тірілуге ишара қылады.

Бірақ, осы жерге келгенде, кенет бір жағдай осы айғақты баяндауды басқа уақытқа шегеруге себеп болды. Мүмкін, қажеттілік те қалмаған болар. Өйткені, Нұр рисалелері түннен кейін күндіздің, қыстан соң көктемнің келетіні қаншалықты анық болса, дәл солай жүздеген бұлтартпас айғақтармен хаширдің таңы ататынын, қайта тірілудің көктемі келетінін дәлелдеген-ді.

БЕСІНШІ КӘЛИМА: اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ Мұның айғағына ишара қылмай тұрып ақиқатқа сәйкес қиялмен жасалған саяхатты баяндап беремін. Ол Жиырма Тоғызыншы Мектубта түсіндірілгендіктен қысқаша тоқтап өтеміз.

Бірде, Қасиетті Құранның мұғжизалық туыстарын іздестіріп отырғанымда Рисалей-Нұрда әсіресе, Ишарат-ул Иғжаз тәпсірінде баяндалғанындай «Фәтх» сүресінің соңындағы аятта төрт-бес

— 637 —

мұғжизаны сондай-ақ, болашақтан хабар беретін, тіпті тарихи мұғжиза болып табылатын мына: اَلْيَوْمَ نُنَجّ۪يكَ بِبَدَنِكَ аятынан керемет мағына көрдім. Тіпті, әрбір сөзінде бірнеше иғжаз сәулелері бар екенін, тіпті әріптерінің өзінде мұғжиза тәрізді тұжырымдар таптым. Сосын, намазда Фатиха сүресін оқып тұрғанымда نَعْبُدُ نَسْتَع۪ينُ сөзіндегі «нун» әрпінің таңғажайып сырын білдіру үшін көкейге бір сұрақ келді. «Неге, اَعْبُدُ اَسْتَع۪ينُ яғни » Мен ғибадат қыламын және мен көмек сұраймын!" демей «нун» әрпімен «мүтәкәллим-і маалғайыр» яғни «Біз саған ғибадат етеміз әрі сыйынамыз» деді?

Кенет, осы "нун" әрпі қиялыма қақпа болып бір саяхат жасауға мүмкіндік туды. Сонда, намазды жамағатпен оқудың мол пайдасы мен терең сырлары ашылды. Сондай-ақ, Құранның бір әрпінің мұғжиза екеніне көзім жетті. Қалай десеңіздер, мен сол уақытта Стамбулдағы үлкен Баязит мешітінде намаз оқып тұрғанмын. Намазда اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ дедім. Қарасам, осы мешіттегі жамағат мен секілді اِهْدِنَا деп, менің айтқаныма толық қосылып اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ сөзіндегі дұғамды растап отыр. Енді, тағыбір мағына ашылды. Былайша, Стамбул қаласындағы бүкіл мешіттер бірігіп үлкен де алып Баязит мешіті тәрізді көрінді. Олар да дәл мен секілді اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ اِهْدِنَا деп, менің айтқаныма «Әмин!» деп, растап қоштауда және маған бір мағынада менің шапағатшыларым тәрізді. Сонда, қиялымда тағы бір перде ашылып мұндай мағына шықты:

Ислам әлемі үлкен мешіт тәрізді. Меккедегі Қағба сол мешіттің михрабы, ал бүкіл намазхан мұсылмандар сап түзеп әлгі киелі михрабаты айнала жүздерін қаратып мен сияқты деп әрбірі баршаның атынан дұға тілеп, сенімді түрде өздерінің ниеттерін білдіріп әрі бірінбірі растап, бір-біріне шапағатшы болуда. " Ендеше ұлы да үлкен жамағаттың ұстанған жолы қисық болуы, қойған мақсаты бұрыс болуы мүмкін емес және дұғалары жауапсыз кері қайтарылуы әсте мүмкін емес. Шайтани уәсуәсаларға жол жоқ!". Міне, мен осыны ойлап әрі намазды жамағатпен оқудың қыруар пайдасын көзбен көргендей растап отырғанымда тағы бір перде ашылды.

— 638 —

Бүкіл әлем заңғар алып мешіт тәрізді, ондағы жаратылыс жаппай ұлы намаз оқып жатқандай. Әрқайсы өзіне тән ғибадатпен шұғылданып хал-жағдаймен белгілі бір мағынада намаз оқып Мағбуд-ы Зүлжәлалдың рубубиятына яғни жойқын билік пен басқаруына мойынұсынып ауқымды түрде құлшылық арқылы жауап беру үшін әрбірі жалпының куәліктерін, тәухид, ұғымын, шынайы имандарын бекітіп өзара куәлік етуде. Мен осыған куә болып отырғанда кенет тағы да бір перде ашылды.

Қалайша, мына алып адамға ұқсас ғалам өзінің хал тілімен және бөлшектері қабілет тілімен және мұқтаждық тілімен және саналы жаратылыс болса сөзбен اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ яғни «тек Саған ғана құлшылық етеміз және тек Саған ғана сиынамыз» дейді және Жаратушысының қамқор рубубиятына бас иіп толық бағынады дәл сол секілді, менің денемдегі зәррелер мен сезімдер де Жаратушы Иесінің рубубиятына мойұнсынып сөзсіз бағынады. Өзінің мұқтаждығын білдіріп اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ деп, Аллаһтың әмірі мен қалауына қарай әрекет етеді. Олар әр сәт Жаратқан Иесінің инаетжәрдеміне, рахымына, қамқорлығына мұқтаж екендерін көрсетеді. Осылайша, намаздың жамағатпен оқылуының киелі сырын әрі «нун» әрпінің таңғажайып мұғжизалығын таңдана қызықтап, «нун» әрпінің есігінен кіргенім секілді қайта шықтым. «Әлхамдулиллаһ!» дедім. اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ сөзін әлгі үш жамағаттың атынан және сол үлкенді-кіші серіктерімнің атынан айтуды әдет қылдым. Сонымен, кіріспе бітті. Енді, тақырыбымызға ораламыз. اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَاِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ ишара қылып тұрған айғаққа өте қысқа ишара жасаймыз.

Біріншіден; көзбен көріп жүргеніміздей әлемде оның ішінде жер жүзінде жойқын және бір тынбастан өте жүйелі түрде қызу қозғалыс, қарқынды әрекет жүріп жатыр. Мұны өте мейірімді және бәрін алдын ала дәлме-дәл ұйымдастыратын «Мұтлақ Рубубият» жасауда. Ол рубубият сансыз тіршілік иелерінің жалбарынуына, жалынып көмек сұрауына, дұғаларына аса хикметпен қамқор түрде, әрқайсысына жеке-жеке іс жүзінде жауап беруде. Сонымен қатар, «Мұтлақ Улухият» байқалуда. Ол, барлық болмыс атаулыны әсіресе, жандыларды әсіресе, адамзатты болмыс табиғатына сай әрі

— 639 —

өз еріктерімен мыңдаған түрде өзіне құлшылық еткізуде. Мұны ақылесі бүтін иманды жандар нақты түрде байқйды. Әрі ол туралы аспани кітаптар, әнбиялар хабар беруде.

Екіншісі, نَعْبُدُ сөзінің "нун" әрпінің білдіргеніндей жоғарыда аталған үш жамағаттың әрқайсысы жалпы барлығы бірге түрлітүрлі табиғатына сай болмысы мен өз қалауларымен ғибадат қылып шүкіршілік етіп, құлшылық жасап жатқанынан анық түрде Мағбуд Аллаһтың бар екенін білеміз. Және نَسْتَع۪ينُ сөзінің "нун" әрпінің білдіргеніндей жоғарыда аталған үш жамғаттың яғни ғаламнан бастап, сонау ағзалардағы зәррелерден құралған жамағаттың әрқайсысы жеке-жеке хәл тілдерімен, іс-әрекеттерімен жалбарынып дұға етеді. Олардың дұға тілектеріне жауап беретін, көмектесетін, дұғаларын қабыл алып, қамқорлық жасайтын аса мейірімді Құдіреттің бар екендігіне шәксіз-шүбәсіз куәлік етеді.

Мәселе, «Жиыра Үшінші Сөздің» баяндағанындай жер бетіндегі күллі жаратылыстың үш түрлі дұғалары керемет түрде, таңғажайып және күтпеген жерден қабыл болуы Рабб-ы Рахым, Мужиб Аллаһтың бар екенін анық көрсетеді.

Иә, дән-дәнектер тұқымдар, қабілет тілдерімен әрқайсысы көктеп-көгеріп ағаш болуы үшін, Жаратқан Иесіне дұға етіп сұраған кезде көз алдымызда қабыл болуда. Сол секілді, жанжануарлардың қажеттіктері мұқтаждық тілімен сұрағанда өздерінің қолы жетпейтін жерден ризық несібелері, тіршілікке қажетті заттары күш-құдіретінен тыс талап-тілектері, дұғалары көз алдымызда қабыл болуы және оларды демеп, көмектесіп оларға бейсана жаратылысты дәл уақытында хикметпен жәрдем етуі Халиқ-ы Кәрим Аллаһтың бар екеніне ашық түрде куәлік етеді. Міне, дұғаның осы екі түріне салыстыра отырып сөзбен, тілмен жасалған дұғалардың барлық түрі әсіресе, пайғамбарлардың (әлейһиассалам) және ерекше тұлғалардың дұға-тілектері таңғажайып түрде қабыл болуы اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ сөзінің уахданият айғағын растап бекіте түседі.

АЛТЫНШЫ КӘЛИМА: اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَق۪يمَ Мұның айғағына қысқаша ишара былай болмақ: Иә, бір жерден екінші бір жерге апаратын жолдың және бір нүктені алыс бір нүктемен

— 640 —

қосатын сызықтардың ең қысқасы, ең дұрысы болмақ. Мұны арабша «мұстақим» деп атайды. Дәл сол секілді, руханиятта, рухани жолдарда, қалби ұстанымдарда ең дұрысы, ең мұстақимы оның, ең қысқасы және ең оңайы болып табылады.

Мысалы, Рисалей-Нұрдағы барлық теңеулер, сондай-ақ күпірлік пен иман жолдарының салыстырмалы мысалдары бәрі бір ауыздан иман мен тәухид ұғымы өте қысқа әрі дұрыс, мұстақим әрі оңай екенін көрсетеді. Мына ғалам, әр нәрсесі дұрыс, хикметке толы, ең қысқа жолмен әрі ең оңай түрде орны-орнына қойылған. Демек, мына әлемде әлбетте, күпірлікке, ширкке жол жоқ, және болуы әсте мүмкін емес. Олай болса, иман мен тәухид ұғымы мына ғаламға Күндей қажет тіпті, солай болуы уәжіп. Сондай-ақ, адамның мінез-құлқы тұрғысынан алғанда "сырат-ы мұстақим" яғни Ислам, өте оңай әрі тиімді, тым қысқа әрі есендік жолы.

Мәселен, адамның ақыл-сезімі "сыратал мұстақимнен" тайса яғни орта жол болған хикметтен айрылса және өте оңай, пайдалы, тиімді тура жолдан шықса, сөйтіп «ифрат» (асыра сілтеу) не "тәфрит" (мардымсыз, кемшін) жолға түсіп адасса өте зиянды "жәрбәзәге" яғни қисықты түзу, түзуді қисық көрсететіндей ақылгөйлікке ұшырайды және басқа бәле болатын есуастыққа ұрынады. Жолды ұзатып қауіп-қатерге душар болады. Сондай-ақ, ашу-ыза сезімі де егер "мұстақимнен" яғни тура жол саналатын батырлықты, ер жүректілікті жоғалтса "ифрат" дәрежеде өте зиянды, зұлымдыққа толы тиран, озбырлыққа, тасжүректікке ұшырайды. Ал "тәфрит" деңгейіне түсіп кетсе қор болып тым ауыр сужүрек, қорқақтыққа ұшырайды. Сөйтіп, тура жолдан таюдың жазасы ретінде әрдайым үрей билеп, ар-ожданы азап шегеді. Сондай-ақ, адам бойындағы хайуани сезім, құмарлық та сау-саламат, дұрыс бағыт "сыратал мұстақимды", жоғалтса ар-намыстан айырылып "ифраттың" кесірінен яғни асыра сілтеу дәрежесінде масқаралыққа, пасықтыққа, нәпсіқұмарлыққа салынады. Ал, "тәфрит" қылса яғни кемшін, өте төмен деңгейге түсіріп жіберсе кетсе, "Һумудқа" душар болады яғни нығметтің ләззатын сезбейтіндей деңгейде рахаттан мақұрым қалады. Міне, бұлар, рухани кеселдің азабы.

Осылай салыстырып қарасақ, жеке өмірде болсын, қоғам өмірінде болсын барлық мәселеде «сыратал мұстақим» жолы ең тиімдісі және ең оңайы әрі ең қысқасы. Егер «сыратал мұстақим» яғни тура жолдан

— 641 —

тайса жол ұзақ әрі қауіпті, бәлесі көп болмақ. اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَق۪يمَ Демек, дұғасы өте мазмұнды, ауқымы кең әрі керемет құлшылық болып табылады. Сонымен қатар, тәухидтың айғағын меңзеп, хикмет дәрісін беріп ахлақ тәлімін, мінез-құлық сабағын береді.

ЖЕТІНШІ КӘЛИМА: صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ Мұның айғағына қысқаша ишара:

Біріншіден, عَلَيْهِمْ кімдер деген

مِنَ النَّبِيّ۪ينَ وَالصِّدّ۪يق۪ينَ وَالشُّهَدَٓاءِ وَالصَّالِح۪ينَ

сауалға аяты жауап беріп адамзат әлемінде «мұстақим» иелерін яғни тура жол нығметіне бөленген төрт топты баяндай келе, олардың басшыларына, мысалы اَلنَّبيّ۪ينَ сөзімен Мұхаммед Алейһиссалату уассаламға, وَالصِّدّ۪يق۪ينَ сөзімен Әбу Бәкір Сыддыққа (р.а.), وَالشُّهَدَٓاءِ сөзімен Омар (р.а.), Осман (р.а.) және Алилерге, радиаллаһу анһум ишара етіп ардақты пайғамбардан (с.а.у.) кейін Сыддық (р.а.), одан соң Омар (р.а.), Осман (р.а.) және Али (р.а.) үшеуі шәһид әрі халифа болатынын алдын ала ғайби хабар беру арқылы өзінің мұғжизалығын яғни таңғажайып екенін көрсетеді.

Екіншіден, Адамзаттың ең жоғарғы мәртебелісі, ең мұстақимдерге яғни тура жолдағы ең адалы осы төрт топ, ежелден бері көптеген дәлелдермен, сансыз кәраматтармен, таңғажайып мұғжизалармен бар күшін салып, көпшілікке мойындатқан мәселесі тәухид яғни Аллаһтың бір екендігі. Әлбетте ол Күндей жарық, Айдай анық мәселе. Мұндай сансыз күн көсемдер жүз мыңдаған мұғжизалар арқылы, шексіз айғақтар келтіріп нақтылығы ақиқат екені дәлелденген «тәухид» және «Ужуб-у Ужуд» секілді анық мәселелерде, барлығы бірлесе ұжымдасуы бұлтартпас дәлел, үлкен айғақ болып табылады. Апырм-ай, әлемнің жаратылуына басты себеп, және оның нәтижесі, жер жүзінің халифасы, күллі тірі жандардан артық жаратылған, өте қабілеттісі адамзат дейтін болсақ, сол адамзаттың ең мұстақимдері, ең адалдары, сенімді ұстаздары, жетекшілері, кемелдіктің шыңына

— 642 —

жеткен әлгі аталмыш төрт топ бір ауыздан растап хабарлаған ақиқатқа сондай-ақ, оған бүкіл әлемді дәлел көрсетіп «хаққаляқин», "айнеляқин", "илмеляқин" дәрежеде анық ұлы шындыққа сенбей, жоққа шығарған бейбақтар орасан зор қылмыс, ауыр күнә жасаған болып шексіз азапқа, ауыр жазаға лайық болмай ма!

СЕГІЗІНШІ КӘЛИМӘ:
﴿ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّٓالّ۪ينَ ﴾

Мұның айғағына қысқаша ишара: адамзат тарихы және Киелі кітаптар небір оқиғаларды алға тартып, түрлі мәліметтер мен санқилы көріністер арқылы бізге былай дейді: «Сыратал мұстақим» жолындағы пайғамбарларға (алеһиссалату ассалам) мыңдаған медет келіп, дұға-тілектері дәл сұрағанындай қабыл болған және қарсыластарына яғни кәпірлерге жүздеген мәрте дер кезінде бәле келген, аспани апатқа ұшырап соққы жеген. Міне, бұл оқиғалар бізге нақты түрде мына әлемнің және күллі адамзат пен болмыстың «Әділ», "Мұхсин", "Кәрим", "Азиз", "Қаһһар" басқарушысы, Раббысы бар екенін көрсетеді. Ол Жаббар Аллаһ, Нұх, Ибраһим, Мұса, Худ, Салих сынды пайғамбар құлдарын таңғажайып түрде жеңіске жеткізіп, сәттілік бұйырып бәлелерден құтқарып отырған. Ал, олардың дұшпандары Самуд, Ад, Перғауын сықылды залым, кәпір қауымдар пайғамбарларға қарсы шыққаны үшін дүнияда жаза ретінде бастарына небір сұмдық, аспани бәлелер келіп жермен жексен болған.

Рас, Адамзат тарихында екі жойқын ағым өзара қақтығысып қатар келеді. Олардың бірі "мұстақим" жолды ұстап, Аллаһтың нығметіне бөленген және екі дүниенің бақытын иеленген пайғамбарлар, және олардың артынан еріп, салих, ізгі амал жасағандар, иман келтірген абзал жандар. Олар әлемдегі хақиқи әсем-әдемілікке, керемет тәртіпке, ғажап кемелдікке сай әрекет етіп тура жолда дұрыс бағытта жүргендіктен, мына әлем Иесі Аллаһтың жарылқауына бөленгендер және екі дүнияның жақсылығына ие болып, артынан ерген адамзатты періште дәрежесіне тіпті, одан да жоғары өрлеуіне себеп болып, дүнияда иман ақиқаттары арқылы рухани жұмақ кешіп, ақыретте мәңгі бақытқа бөлену дейтін зор нығметке бөленгендер.

Екінші ағым болса, «мұстақим» жолды тастап, «ифрат» пен «тәфритке» ұшырап яғни асыра сілтеп не кем қалдырып ақырында ақыл, сезімін азаптаушы, уайым мен қайғыға салушы құралға

— 643 —

айналдырғандықтан табиғаттары бұзылып, бейшара хайуаннан бетер деңгейге түскен және үлкен зұлымдық жасағаны үшін дүнияда Аллаһтың қаһарына ұшырап, бәлеге душар болғандар. Сондай-ақ олар адасудың кесірінен - ақылы болғандықтан-қоршаған ортасын, айналасын қайғылы, жаппай жылап-сықтаған, өкінішті, мұңлы бейнесінде көрген. Жан-жануарлар жаппай өмірден қош айтысатын байғұстар, дүнияны қасапхана секілді бүкіл жан-жануарларды өлтіріп азаптайтын жер, аласапыран бейнеден көріп жаны бұл дүнияның өзінде мағынауи жәһаннамға түсіп, рухани азап шеккен. Ал, ақыретте болса өздерін соңсыз азапқа душар еткен.

Міне, Фатиха сүресінің соңында

﴿ اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ ٭ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّٓالّ۪ينَ ﴾

аяты адасқан екі топты меңзеп күшті дәріс беруде. Негізінде бұл аят Рисалей-Нұрдағы бүкіл теңеулердің қайнар көзі, ұстазы, бұлағы болып табылады. Ендеше, Рисале Нұр жүздеген теңеу, мысалдармен осы аятты тәпсірлеген екен, біз де соған сілтеме жасап ишараға қанағат еттік.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА: اٰم۪ينَ Бұған қысқа ишара. Сонымен, نَعْبُدُ نَسْتَع۪ينُ сөзінде «нун» әрпі үш үлкен жамағатты, Оның ішінде Ислам әлеміндегі муаһһидин жамағатын, яғни бір Құдайға сенушілерді әсіресе сол сәтте намазда тұрған миллиондаған жамағатты нұсқап, көрсетіп бізді сол жамағаттың ішіне енгізеді және, жасаған дұға-тілектерін, айтқан сөздерін қайталатып нықтап бекітуге, белгілі бір мағынада шапағатына ортақ болуға мүмкіндік туғызады екен, олай болса, біз дағы осы «Әмин» сөзі арқылы әлгі муаһһидин жамағаттың, намазхан жандардың дұғасына қосылып айтқандарын растап, көмек сұрап жалбарынған тілектері қабыл болсын деген мағынада «Әмин» сөзімен біз де қолдап жалбарынамыз. Осылайша, біздің шектеулі құлшылығымыз, азғантай дұға-тілектеріміз шексіз болып, ауқымы кең құлшылыққа айналады. Сөйтіп, Аллаһтың күлли яғни жалпылама, шексіз Рубубиятына біз де күллй жауап қатқан боламыз.

Демек, имани бауырластықтың, Ислами бірліктің саясында әрбір намаз кезінде Ислам әлемі бейне бір алып мешіт тәрізді, ішінде милиондаған намазхандар, үлкен жамағат болып ынтымақ құрып

— 644 —

мағынауи радиолар арқылы Фатиха сүресіндегі «Әмин» сөзі ауқымы кең шексіздікке ие болады. Бірғана «Әмин» сөзі миллиондаған "Әмин" сөздері секілді саны артып көбейіп кетеді.

{(Сілтеме): Міне, әрбір адам дәрежесіне қарай құрманың бір дәні, тұқымы құрма ағашын қамтып тұжырымдайтыны секілді. Ол да осы киелі терең ақиқаттан өз үлесін алады және рухани кемелденген кәміл адам да құрма ағашы тәрізді өз үлесін алады. Бірақ, әзірге әлі рухани дамымаған адам Фатиханы оқып тұрғанда бұл мағынаны әдейілеп еске алып, ойламауы керек. Себебі, құзырға зияны тиеді. Егер, ол дәрежеге жеткен болса, онсыз да бұл мағыналар өздігінен келеді.

Түсініктеме: Осы сілтемеде, ұстаздан "әдейілеп" деген сөзді қалай түсінеміз деп, сұрап едік, ұстаздың берген жауабы былай болды:

Үшінші Юсүф медресесіндегі

Рисалей Нұр шәкірттерінің атынан Джәйлан. Сілтеме: Намазда тәшәһудке отырғанда және Фатиха сүресіндегі сөздерінің терең мағыналарын әдейілеп емес, астарлы түрде ойласа, яғни құзырды сақтай отырып егжей-тегжейлі емес, қысқа мағынсын білсе, ғапылдықтан сақтап, құлшылықты жандандырып, мінәжатты күшейтетіні рас. Намаздың және Фатиха сүресінің және тәшәһудтің маңыздылығы арта түспек. Менің әдейілеп шұғылданбауы керек дегендегі мақсатым аятқа терең үңіліп мағынасымен шұғылданып кетсе, адам намазын ұмытып құзыр жайына қалады. Әйтпесе, астарлы түрде қысқа тұжырымын білудің көптеген пайдасын көріп жүрмін.}

﴿ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ﴾
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
— 645 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ بِه۪ نَسْتَع۪ينُ

[Үшінші Юсүф медресесінің бір ғана дәрісінің үшінші бөлімі:]

КІРІСПЕ

Намаздағы Фатиханың мағынауи әмірімен және اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ сөзінің фейізімен екінші бөлімі жазылғаны секілді, намаздағы тәшәһудте де وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ сөйлемінің тілімен, оның мағынауи ескертуі бойынша және "Фәтх" сүресінің соңында

﴿ هُوَ الَّذ۪ٓى اَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدٰى وَد۪ينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدّ۪ينِ كُلِّه۪ وَ كَفٰى بِاللّٰهِ شَه۪يدًا ٭ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ وَالَّذ۪ينَ مَعَهُٓ اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ ...الخ ﴾

бес түрлі ғайби мұғжиза көрсеткен ұлы аяттың нұрымен осы үшінші бөлімді жазуға мәжбүр болдым. Солай болуының үш себебі бар. Бірақ, қазір оны айта аалмаймын. Мұның түсініктемесін, дәлелдерін және нақты айғақтарын Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайлы рисале Зүлфикар кітабына және арабша Хизб-ун Нұрияға тапсырып қазір өте қысқа да нұсқа үш ишара арқылы арабша Хизб-ун Нұрияның қорытындысының қорытындысы жазылмақ. Сондай-ақ, тәсбихатта әрдайым қайталанатын тәухид кәлималары, сосын үзбей оқып жүрген арабша тәфәккурді және осы жерде жазылған шағын рисаленің مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ (Мұхаммед-ур Расулаллаһ) куәлік сөйлеміне қатысты мәтіннің бір аудармасы Екінші,Үшінші ишарада жазылмақ.

БІРІНШІ ИШАРА: Мына әлемнің Иесінің Рубубиятына, Улухиятына, шексіз жарылқауына, толық билік пен басқармасына күлли құлшылық ету арқылы жауап берген және оны таныстырған Мұхаммед (с.а.у.) мына әлемге Күннің қажеттігі секілді аса қажет. Ол барлық адамзаттың ұстазы, ең ұлы пайғамбар және әлемнің

— 646 —

мақтанышы сондайы-ақ, لَوْلَاكَ لَوْلَاكَ لَمَا خَلَقْتُ الْاَفْلَاكَ мақтау сөзіне бөленген кісі. Негізінде Мұхаммеди ақиқат (с.а.у.) әлемнің жаратылуына бірден-бір себеп және ол, әрі әлемнің нәтижесі, құнды жемісі болып табылады. Сол секілді, мына әлемнің нағыз кемелдігі және Жаратылыс Жәмал-і Зүлжәлалдың бақи айналары екені және есім сипаттарының сәуле шуақтары, хикметке толы белгілі бір міндеті бар өнер туындылары екені және мағынасы терең жазба хаттар, сондайақ, мәңгі әлемді қамтитын және бүкіл саналы пенделердің аңсаған арманы болған бақыт мекені ақыретте жемісті нәтиже беретіні, міне осы секілді ақиқаттар Мұхаммеди (с.а.у.) ақиқатқа тікелей байланысты және оның пайғамбарлығының арқасында жүзеге аспақ. Сондықтан, мына әлем оның пайғамбар екенін дәлелдеп куәлік ететіні секілді, әу баста, Ислам әлемі, бүкіл адамзат, саналы пенделер тозақтан бетер қорқынышты мәңгі жоқ болудан, жойылып кетуден аман қалу үшін бар болмысынан, қабілетімен дұға етіп жалбарына сұраған мәңгі өмірді сүйіншілеп хабар берген Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын және Оның ақиқатына куәлік етеді, Ол - адамзаттың абыройы, жаратылыс атаулының ең асылы екенін растайды. Сондай-ақ, әрдайым үш жүз елу миллион мұсылман اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ сыры бойынша жасаған игі амал, жақсылықтарының бір бөлігін Мұхаммедтің (с.а.у.) амал дәптеріне сыйға тартады. Осылайша, жеке тұлға ретінде миллиондаған игі жандардың күлли құлшылықтарына, нұр-фейздеріне бөленіп мәртебесі биіктей береді. Бұл да, Ол кісінің (с.а.у.) хақ пайғамбар екеніне бұлтартпас дәлел, қуатты айғақ болып табылады.

ЕКІНШІ ИШАРА: Менің күнделікті өзіндік дұғамда әрдайым тәфәккүрмен толғана оқитын және жиырмадан астам куәліктерге ишара қылатын мына:

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ صَادِقُ الْوَعْدِ الْاَم۪ينُ بِشَهَادَةِ ظُهُورِهِ دَفْعَةً مَعَ اُمِّيَّتِهِ بِاَكْمَلِ د۪ينٍ وَ اِسْلَامِيَّةٍ وَ شَر۪يعَةٍ وَ بِاَقْوٰى ا۪يمَانٍ وَ اِعْتِقَادٍ وَ عِبَادَةٍ وَ بِاَعْلٰى دَعْوَةٍ وَ مُنَاجَاةٍ وَ دَعَوَاتٍ وَ بِاَعَمِّ تَبْل۪يغٍ وَ اَتَمِّ مَتَانَةٍ خَارِقَاتٍ مُثْمِرَاتٍ لَا مِثْلَ لَهَا
— 647 —

деген сөздің қысқа ғана тәржімәсі, мәнісі мынау деуге болады яғни Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар екеніне куәліктердің:

Біріншісі: Расулаллаһтың он бір қасиетінен құралған пайғамбарлық айғағы: Иә, оқу-жазу білмейтін үмми бола тұра, он төрт ғасырдың ақылды ғалымдары мен философтарын таңқалдырған және өзге аспани діндерден үстем бір дінді, өзі тәжірибесіз бола тұра, жарқ еткізіп әлемге танытуы теңдессіз қасиет. Сол сияқты сөзінен, іс-әрекетінен, хал-жағдайынан бастау алған Исламият әрқашан үш жүз елу миллион адамдардың рухтарын, нәпсілерін, ақылдарын тәрбиелеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруі және рухани кемелдікке жетелеуі бұл да теңдесіз қасиет.

Сондай-ақ, әкелген шариғаты он төрт ғасыр бойы әділ заңдарымен адамзаттың бестен бір бөлігін рухани кемелдендіре басқаруы теңдессіз қасиет. Сол секілді, Ол Кісі (с.а.у.) иманының күштілігі, сенімінің беріктігі сондай, ақиқатшыл жандар әрқашан оның жоғары иманынан қуат алып, иманы таудай берік екенін бір ауыздан растаған және, сол кездері қыруар қарсыластары бола тұра, титтей де болсын сескеніп, күдіктеніп, шәк келтірмеуі иманының қуатты екенін, ондай иман басқа да жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ,, ол кісінің құлшылығы, Жаратқанға мойынсұнуы өзінше ерекше бір қасиет. Ол, алғашқысы мен соңғысын біріктіріп, ешкімге еліктемей ғибадаттың ең күрделі тұстарына шейін мән беріп, өте қауіпті, қиын-қыстау сәттерде де, толық түрде құлшылық етуі теңдесі жоқ қасиет. Сол секілді, Жаратқан Иесіне дұға етіп, мінәжат қылғаны сонша, біздің заманымызға дейінгі өзара пікірлесе келіп жасалған мағрифатуллаһ мінәжаті оның дәрежесіне жете алмайды.

Мысалы, «Жәушан-ул Кәбир» атты мінәжатта Аллаһтың мың бір есімін шапағатшы ретінде атап, Жаратқан иесін керемет сипаттап, жетік таныстырады. Мұндай мінәжат әлемде жоқ. Міне, бұл тұрғыда оған ешкімнің жете алмауы теңдессіз ғажап қасиет. Әрі, табанды түрде адамдарды дінге шақырып табжылмастан, батырлықпен пайғамбарлық міндетін атқарғаны сонша, өз қауымы, туысқан көкесі және басқа ірі мемлекеттер мен өзге діннің өкілдері үзілдікесілді қарсы болып, дұшпан болса да титтей де болсын қорықпай, қамықпай, тартынбай түгел хаққа шақырып, соңында дін исламды дүнияға мойындатуы теңдессіз қасиет.

— 648 —

Сонымен, Оның өте әрі хақ пайғамбар екеніне осы аталған сегіз қасиет бірлесе отырып өте қуатты да бұлтартпас айғақ болып табылады. Бұл оның өте адал әрі ықыласты және ісіне тым тыянақты өзіне сенімді екенін көрсетеді. Ислам әлемі күн сайын әр намазда тәшәһүдте миллиондаған тілмен:

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

деп айтады. Осылайша, Оның Аллаһтың әмірімен келгендігін және Аллаһтың әміріне мойынсұнып, мәңгі бақыт жайлы сүйіншісін шын жүректен қабылдап және адамзаттың аса мұқтаж әрі табиғатынан құмар, қабілетімен ынтызар арманы болған мәңгі өмірге қарай тура жол ашқандығына Ислам әлемі жаппай риза болып, өзін қарыздар сезініп اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ сөзімен оны мағынауи түрде зияраттап, көріскендей болады. Және оны үш жүз елу миллион тіпті, миллиардтаған жандардың атынан қуаттап алғысын білдіреді.

Жиырма күлли айғақтармен көптеген куәліктерді қамтитын Екінші куәлік:
وَ بِشَهَادَةِ جَم۪يعِ حَقَٓائِقِ الْا۪يمَانِ عَلٰى تَصْد۪يقِهِ

Яғни, Иманның алты шартының ақиқаттары және оның іске асуы, растығы Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, әрі адал, шынайы екеніне куәлік етеді. Өйткені, Оның пайғамбарлық кезіндегі жеке рухани өмірі және алдына қойған мақсат-мүддесінен бастап, жалпы пайғамбарлықтың мән-мағынасы осы алты тақырыпты қамтиды. Олай болса, осы иман негіздерінің жүзеге асатындығын растайтын бүкіл дәлелдер айналып келгенде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының хақ екенін, оның адал, айтқаны рас екенін дәлелдейді.

Енді, иманның бір шарты болып табылатын ақыреттің шындыққа айналатынына басқа имани шарттардың қалай дәлел болатынын «Миуа рисалесінде», "Оныншы Сөздің" қосымша бөлімдерінде баяндалған болатын. Сол секілді, иманның әрбір шарты өзінің дәлелдерімен бірге Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне қалай айғақ болып табылады.

Мыңдаған куәліктерді қамтитын Үшінші күлли куәлік:
وَ بِشَهَادَةِ ذَاتِهِ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ بِاٰلَافِ مُعْجِزَاتِهِ وَ كَمَالَاتِهِ وَ عُلُوِّ اَخْلَاقِهِ
— 649 —

Яғни, Ол Кісі (с.а.у.) Күн секілді өзін өзі дәлелдейді. Оның кемел қасиеттері, керемет мінез-құлқы, мыңдаған мұғжизалары хақ пайғамбар екеніне және адал, әсте өтірік айтпайтынына бұлтартпас дәлел болып табылады. Иә, "Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың мұғжизалары" атты таңғажайып кітапта үш жүзден астам сахих хадистермен дәлелденгені секілді, Ол кісі (с.а.у.) وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ аяты мен وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ رَمٰى аяттары ашық айтқаны секілді, бір саусағымен Айды екіге бөлген және нақты хабар бойынша бес саусағынан шүмек секілді су аққан және шөлде қалған әскері әлгі судан шөлдері қанғанша ішкен әрі олардың өздері де куә болған, осы тектес оқиға екі рет қайталанған және әлі қолымен бір уыс топырақ алып шабуылдап келе жатқан жау әскеріне қарай шашқанда әрбір дұшпанның көзіне бір-бір уыс топырақ бұйырып шегініп кері қашқан және әлгі қолының уысында ұсақ тастар адам секілді тәсбих қылып «Сүбханаллаһ» деп, зікір салған.

Міне, осы тектес сахих, нақты жолдармен келген тарихи оқиғаларға, мыңға жуық мұғжизаларға бөленгендігін достары, тіпті дұшпандары да мойындап растаған. Енді жоғарыда аталған қасиеттердің жиынтығы, биязы мінез-құлық үлгісі және артынан {(Сілтеме): Тіпті, ержүрек батыр Хазіреті Али (р.а.) айтады: "Соғыс қызған шақта біз Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) артына тығылушы едік!". Пайғамбарымыздың тек батырлығы ғана емес, басқа да ізгі қасиеттері жоғары болғандығын дұшпандары да растап, мойындағаны тарихи кітаптарда жазулы.} еріп кемелдікке, ақиқатқа жеткен ақиқатшылар жаппай бір ауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) ең жоғарғы дәрежеде екенін нақты түрде растайды. Және Оның әкелген діні саясында пайда болған Ислам әлемі керемет әсем болуы тіпті Исламның ақиқаттары да ол кісінің таңғажайып кемелдігін дәлелдеп куәлік етеді. Олай болса, әлбетте Ол Кісінің (с.а.у.) өзі, өзінің пайғамбар екенін жан-жақты дәлелдейтін, жарқын айғақ, бұлтартпас дәлел болып табылады.

Көптеген қуатты куәліктерді қамтитын Төртінші Куәлік:
وَ بِشَهَادَةِ الْقُرْاٰنِ بِمَا لَا يُحَدُّ مِنْ حَقَٓائِقِهِ وَ بَرَاه۪ينِهِ

Яғни, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар әрі адал жан екеніне Қасиетті Құран өзінің сансыз ақиқаттарымен, бұлтартпас дәлелдерімен куәлік етеді.

— 650 —

Иә, қырық тұрғыдан мұғжиза екені «Зулфикар» кітабында дәлелденген және он төрт ғасырды нұрландырған және адамзаттың бестен бір бөлігін мызғымас әділ заңдарымен басқарып келе жатқан және өзі түскеннен бастап күні бүгінге дейін барлық қарсыластарын айтысқа шақырса да, ешкім бір сүренің өзіне тең келер жазу жазуға жүрексінген және «Аят-ул Күбра» кітапшасында дәлелденгені секілді алты жағы нұрлы ешқашан күмән кіре алмайтындай бүтін, асты мықты, үсті берік және әрқашан жүз миллион адамдар тарапынан оқылып және минут сайын хафыз-қарилардың жүректеріне тасқа жазылғандай жазылып жатталатын және Ислам әлемінің барлық куәліктері, имандары оның куәліктерінен, аяттарынан нәр алған және бүкіл Имани ілімдер мен Ислами ғылымдар одан бастау алған және өзінен бұрын түскен аспани кітаптарды растап бекіткені секілді барлық ескі кітап және парақтары да оны растап бекіткен Қасиетті Құран өзінің ақиқаттарымен, дәлел-айғақтарымен Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаламның шынайы пайғамбар екеніне куәлік етеді.

Бесінші, Алтынышы, Жетінші, Сегізінші күлли куәліктері:
وَ بِشَهَادَةِ الْجَوْشَنِ بِقُدْسِيَّةِ اِشَارَاتِهِ وَ رَسَٓائِلِ النُّورِ بِقُوَّةِ دَلَٓائِلِهِ وَ الْمَاض۪ى بِتَوَاتُرِ اِرْهَاصَاتِهِ وَ الْاِسْتِقْبَالِ بِتَصْد۪يقِ اٰلَافِ حَادِثَاتِهِ

яғни Аллаһтың мың бір есімін ашық не ишараи, астарлы түрде қамтыған және белгілі бір мағынада Қасиетті Құраннан шыққан таңғажайып мінәжат, сондай-ақ мағрифатуллаһ тұрғысынан кемелденген арифтердің мінәжатынан асып түсетін және бір соғыста: «Сауытыңды шеш! Оның орнына мынаны оқы!» деп Жәбрәйіл періштенің уахи арқылы әкелген «Дәушан-ул Кәбир» мінәжатындағы ақиқаттар сондай-ақ, Раббысын керемет сипаттайтын сөздер Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын, адалдығын дәлелдеп куәлік ететіні секілді Құраннан және бір жағынан Джәушаннан нұр алған, одан туындаған Рисаил-ин Нұрия жүз отыз кітапшасымен Мұхаммедтің пайғамбарлығына(с.а.у.) бір ғана айғақ ретінде пайғамбарлығының бүкіл ақиқаттарын ақылға қонымды түрде дәлелдеп, тіпті философия назарында ақылға сыйымсыз көрінген терең мәселелерді көз алдыңа әкеп өте оңай әрі түсінікті етіп дәріс беруі арқылы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) адалдығына және пайғамбар екеніне күлли яғни ауқымды куәлік етеді.

— 651 —

Сондай-ақ, өткен заман да Мұхаммедтің пайғамбар екеніне күлли куәлік етеді. Тарих кітаптарында баяндалғанындай «ирхасат» яғни пайғамбарлық келмей тұрғанда болған және Ардақты Пайғамбарымыздың мұғжизасы боп саналатын таңғажайып оқиғалардың көптеген түрі бар. Кейбірі төменде баяндалмақ, кейбірі «Зүлфикар» кітабында және тарихи кітаптарда сахих түрде жеткізілген.

Мысалы, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі қарсаңында Қасиетті Қағбаны қирату ниетімен жолға шыққан Әбраха әскерінің төбесінен әбәбил құстары тас жаудырып оларды күйрете жермен жексен еткен. Сондай-ақ, дүниеге келген сәтте Қағбаның ішіндегі пұттар өздігінен жерге құлап қирап қалған және Парсы еліндегі Кисра сарайының бағаналары тас-талқан болып құлаған сондай-ақ, отқа табынушы мәжусилердің мың жылғы жанып тұрған оты дәл сол түні сөніп қалған және монах Бухайра мен Садия Халиманың көргеніндей Ол кісінің төбесіне бұлттар көлеңке болып күн түсірмеген. Міне, осы секілді көптеген оқиғалар пайғамбарлық келмей тұрып оның пайғамбар болатынынан хабар берген.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешек туралы яғни өзінен кейін болатын оқиғалар жайлы хабары дәлме-дәл шыққан.

Мәселен, «Зүлфикар» кітабында сахих түрде сексен оқиғаны хабарлағаны және дәл солай болғаны жазылған-ды. Мысалы, Әһли бәйті туралы және дос-жарандар, сахабалар туралы және Ислам дінінің жеңісі туралы нақты хабар берген. Әрі хазіреті Османның (р.а.) Құран оқып отырғанда шәһид болатыны туралы, Хазіреті Хусейннің Кербалада шәһид болатыны және Шам, Иран, Стамбулдың азат етілетіні; Аббаси мемлекеті пайда болатыны, кейін оны Шыңғысхан, Хулагу күйрететіні секілді сексенге жуық ғайби хабарлар анық түрде тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Сонымен қатар басқа да хабарлары және Оның (с.а.у.) рас пайғамбар екенін дәлелдейтін келешекте болатын және болған оқиғалар қуатты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның адал елші екенін растап куәлік етеді.

— 652 —
Тоғызыншы, Оныншы, Он бірінші, Он екінші куәлікттерге ишара:
وَ بِشَهَادَةِ الْاٰلِ بِقُوَّةِ يَق۪ينِيَّاتِهِمْ فِى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ حَقِّ الْيَق۪ينِ وَ الْاَصْحَابِ بِكَمَالِ ا۪يمَانِهِمْ ف۪ى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ عَيْنِ الْيَق۪ينِ وَ الْاَصْفِيَٓاءِ بِقُوَّةِ تَحْق۪يقَاتِهِمْ ف۪ى تَصْد۪يقِهِ بِدَرَجَةِ عِلْمِ الْيَق۪ينِ وَ الْاَقْطَابِ بِتَطَابُقِهِمْ عَلٰى رِسَالَتِهِ بِالْكَشْفِ وَ الْمُشَاهَدَاتِ بِالْيَق۪ينِ

яғни Мұхаммедтің (с.а.у.) адал әрі пайғамбар екенін көрсететін тоғызыншы куәлік: عُلَمَٓاءُ اُمَّت۪ى كَاَنْبِيَٓاءِ بَن۪ٓى اِسْرَٓائ۪يلَ Сырына бөленген және әрдайым салауаттарда Әл-і Ибраһим Алеһиссаламмен бірге яғни Ибраһим пайғамбардың ұрпақтарына терезесі тең келетіндей Әл-і Мұхаммед яғни Мұхаммед пайғамбардың ұрпағынан тараған ұлы әулет, сондай-ақ Хазіреті Али (р.а.), Хазіреті Хасан (р.а.), Хазіреті Хусейн (р.а.) және Әһл-и Бәйттің Он екі имамы және Ғаус-ы Ағзам (қуддуси сыррухи), Ахмед-і Руфаийн (қуддуси сыррухи), Ахмед-и Бәдәуи (қуддуси сыррухи), Ибраһим-і Дәсуки (қуддуси сыррухи), Әбул Хасан-и Шәзали (қуддуси сыррухи) сынды «қутуб», имамдар бір ауыздан, анық түрде өздерінң «мушахәдәт», "кәрамат", "кәшфияттарына" сүйеніп яғни көрген-білгендеріне негіздеп және үмметке тура жол көрсете отырып Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) хақ елші, адал екеніне иман келтіру арқылы растап куәлік етеді.

ОНЫНШЫСЫ: Әнбиядан кейін ең құрметті де жоғарғы мәртебелі және оқымаған әрі бәдәуи бола тұра, лезде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың нұрымен шығыстан сонау батысқа дейін ұлан байтақ елді өте әділ басқарған және атақты қолбасшыларды тізе бүктіріп ірі мемлекеттерді өзіне бағындырған және өркениетте алда, ғылымды терең меңгерген, мәдениет пен саясатты жетік білетін өзге халыққа ілім үйретіп, олардың ұстазы әрі саясаткер, әділ би қызметін атқарып, өз кезеңін бақытты дәуірге айналдырған сахабалар. Олар Мұхаммедтің (с.а.у.) хал-ахуалын зерттеп әбден көздері жеткен және көптеген мұғжизаларға куә болған. Олар, бұрыңғы дұшпандықтарын тастап, Халид бин Уалид, Икрима бин Әбу Жахил сынды сахабалар

— 653 —

әкесі мен ру тайпаларының өшпенділігін тастап жан-тәндерімен жанкештілік танытып Дін Исламды қабылдап адал түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) хақ екеніне, шынымен пайғамбар екеніне иман етуі күлли куәлік боп табылады.

ОН БІРІНШІСІ: "Асфия уа сыддықтар" деп аталатын мужахид имамдар, ғұламалар және Ибн Сина, Ибн Рушд секілді ойшыл ерекше тұлғалар, мыңдаған дана кемеңгерлер ақылға қонымды, қисынды түрде әрқайсысы әртүрлі ұстанымда бола тұра бұлтартпас айғақтарға сүйене отырып, іліми түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, хақ елші екеніне иман келтірген. Міне, олардың имандары күлли куәлік болып саналады. Оларға қарсы шығу үшін, олардың бәрінен ақылды, алып данышпан болуы керек, әйтпесе бос әурешілік.

Осындай қуатты да көптеген куәгерлердің бірі бұл заманда Рисалей-Нұр болып табылады. Мункир кәпірлер оған қарсы тұра алмағандықтан әділет органдарын, қауіпсіздік комитетті мемлекеттік қызметкерлерді алдап, айдап салып сот арқылы Нұрға тосқауыл болғысы келеді.

ОН ЕКІНШІСІ: Ислам әлемінде әрбірі үмметтің басым көпшілігіне болымды ықпалын тигізіп, оларды тура жолға салып тәрбиелеп, кәраматтарымен кемелдікке жетелеген, айғақ ретінде өздерінің көріп білгендерін ұсынған «ақтаб» деп аталатын терең зерттеуші ақиқатшылдар. Олар рухани саяхаттарында Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның өз ісіне адал және ең жоғарғы мәртебеде екенін көріп, сезіп бір ауыздан куәлік еткен. Бұл сондай қуатты дәлел, оның үкімін жою үшін олардың барлығын қосқанда болатын дәреженің ең биік шыңына шыққан біреу болу керек. Бұл әрине, мүмкін емес.

ОН ҮШІНШІ КУӘЛІК: Мұнда төрт күлли ауқымды да, нақты айғақтар қамтылған

وَ بِشَهَادَةِ الْاَزْمِنَةِ الْمَاضِيَّةِ بِتَوَاتُرِ بَشَارَاتِ الْكَوَاهِنِ وَ الْهَوَاتِفِ وَ الْعُرَفَٓاءِ فِى الْاَدْوَارِ السَّالِف۪ينَ وَ بِمُشَاهَدَةِ بَشَارَاتِ الرُّسُلِ وَ الْاَنْبِيَٓاءِ وَ بِشَهَادَتِهِمْ وَ بَشَارَتِهِمْ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ بِرِسَالَةِ مُحَمَّدٍ عَلَيْهِ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ فِى الْكُتُبِ الْمُقَدَّسَةِ
— 654 —

Бұл арабша мәтінің қысқаша тұжырымы төменде баяндалмақ, ал түсіндірмесі, дәлелдері «Зүльфикар» кітабында «Мұғжизат-ы Ахмедия» бөлімінің соңында керемет түсіндірілген. Яғни өткен замандағы адамзаттың ірі тұлғалары, әу баста «әнбия», "әулиелер", "ариф", "каһин", "кашиф" яғни білгірлер, көріпкелдер, жындар барлығы бірауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын және Оның келетінін алдын ала біліп, кейбірі сезіп, көріп "ирхасат" түрінде нақты хабар берген. Ол жайлы көптеген тарихи кітаптарда, хадистерде жан-жақты баяндалғандықтан түсініктемені тереңдетпей өте қысқа ишарамен шектегенді жөн көрдік.

Әнбиялар аспани киелі кітаптарда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы Тәурат, Инжил, Зәбурдің жүздеген аяттары арқылы ашықтан ашық хабар берген. Олардың жиырмаға жуығы "Он Тоғызыншы Мектуб" рисалесінде жазылған-ды. Ол киелі аспани кітаптарды христиандар мен яхудилер көп өзгеріске ұшыратып бұрмаланғанның өзінде Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңғы елші екендігін хабарлайтын жүздеген аят сақталып, оны Хусейн-и Джисри дейтін ғалым тауып өз кітабында жазған болатын.

Ал, көріпкелдерге келер болсақ, әу баста мәшһүр Шық пен Сатих дейтін руханилер және жындармен байланысып ғайыптан хабар беретін кісілер сахих түрде соңғы пайғамбар келетінін және Ол Парсы елін құлататынын нақты хабар берген. Және еш күмәнсіз жақында Хижаз өңіріне бір пайғамбар келетінін қайта-қайта ескерткен. Сол секілді, Ардақты пайғамбарымыздың аталары болып келетін әрі атақты білгір Қаб ибн Луей және Иемен, Хабаш патшасы Сәйф ибн Зиязән, Тубба сынды арифтер мен өз заманының әулиелері ашық түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы хабар беріп, ол туралы өлең жырларында жазған. Сөйтіп, ол жайлы алдын ала әлемге паш еткен. Бұл «Он Тоғызыншы Мектубта» баяндалған болатын. Тіпті, сол патшалардың біреуі былай деген екен: «Мұхаммедке қызметші болу мына ел билеп, салтанат құрудан әлдеқайда артық!» Біреуі былай депті: «Шіркін! Мен оны көрсем ғой! Көкесінің баласы сияқты болар едім! Яғни, хазіреті Али секілді жанкешті қызметшісі әрі уәзірі болар едім!»

Сонымен, бұл жайлы тарих, сияр кітаптарында толық мағлұмат болғандықтан осы аталған арифтер, білгір, парасатты жандар Мұхаммедтің пайғамбарлығын қуаттап, күлли куәлік етіп

— 655 —

растаған. Осы ариф білгір, көріпкел жандар секілді Мұхаммедтің пайғамбарлығын (с.а.у.) ғайби түрде, өздерінің болмыстары көрінбейтін, тек дауыстары естілетін "хатиф" деп аталатын руханилер де нақты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабар берген. Сол секілді, көптеген хабаршылар тіпті, пұтқа шалынған құрбан малдар да, тіпті керек болса пұттардың өздері де және қабір басындағы құлпы тастар да Ардақты пайғамбарымыздың елшілігін айтып ғайби хабарларды растаған. Оған тарих куә.

ОН ТӨРТІНШІ КУӘЛІК: Әлемнің қуатты куәлігіне ишара қылған мына арабша куәлік:

﴿ وَ بِشَهَادَةِ الْكَٓائِنَاتِ بِغَايَاتِهَا وَ بِالْمَقَاصِدِ الْاِلٰهِيَّةِ ف۪يهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ الْجَامِعَةِ بِسَبَبِ تَوَقُّفِ حُصُولِ غَايَاتِ الْكَٓائِنَاتِ وَ الْمَقَاصِدِ الْاِلٰهِيَّةِ مِنْهَا وَ تَقَرُّرِ قِيْمَتِهَا وَ وَظَٓائِفِهَا وَ تَبَارُزِ حُسْنِهَا وَ كَمَالِهَا وَ تَحَقُّقِ حِكَمِ حَقَٓائِقِهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْاِنْسَانِيَّةِ لَاسِيَّمَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ اِذْ هِىَ الْمُظْهِرَةُ وَ الْمَدَارُ الْاَتَمُّ لَهَا وَ لَوْلَاهَا لَصَارَتْ هٰذِهِ الْكَٓائِنَاتُ الْمُكَمَّلَةُ وَ الْكِتَابُ الْكَب۪يرُ ذُو الْمَعَانِى السَّرْمَدِيَّةِ هَبَٓاءً مَنْثُورًا مُتَطَايِرَةَ الْمَعَانِى مُتَسَاقِطَةَ الْكَمَالَاتِ وَ هُوَ مُحَالٌ مِنْ وُجُوهٍ وَ جِهَاتٍ ﴾

Аят-ул Кубра кітабы осы арабша мәтіннің тұжырымы туралы былай деген: Мына әлем, қалайша өзін жарату, басқару, реттеу, суреттеу, өлшемдерін белгілеу, ұйымдастыру тұрғысынан алғанда зәулім сарай немесе алып бір кітап, не заңғар көрме секілді өзін басқарып отырған Иесін, Жаратушысын, Жазушысын, Суретшісін көрсетеді. Дәл сол секілді, әлемнің жаратылу мақсатын білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметті үйрететін және олар белгілі бір міндет атқаратынын, нәтижелерін сабақ беретін, әлемнің мәнісін, оның қадірін және ішіндегі болмыс атаулының кемелдігін әлемге паш ететін, сондай-ақ, «Қайдан келесің? Қайда барасың? Бұл дүниеге не үшін келдің? Болмыс неге көп аялдамай тездетіп қайда кетеді?» деген мәнді сұрақтарға жауап беретін және әлем атты ұлы

— 656 —

кітаптың мағыналарын ашып, Иләһи жаратылыс заңдардың хикмет сырын тәпсірлеп түсіндіретін керемет бір делдалдың болуын, керек етеді және ерекше ұстаздың шығуын, адал да сенімді мұғалімнің келуін талап етеді, сұрайды және міндетті түрде солай болу керектігін көрсетеді. Олай болса, әлбетте, осы аталған міндеттерді өте адал атқарған, бәрінен жоғарғы дәрежеде орындаған Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссалам болғандықтан, аталмыш ақиқаттар Оның хақ пайғамбар екенін және ол мына әлемнің Жаратушысының жоғарғы мәртебелі, тым адал қызметкері екенін дәлелдеп, куәлік етеді де, اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ «Әшһәду әннә Мұхаммәдан расулаллаһ!» дейді.

Иә, Мұхаммедтің (с.а.у.) әкелген нұрының саясында әлемнің мәнісі, түр-түсі, қадір-қасиеті, кемелдігі және ішіндегі болмыс атаулының атқарар міндеті анықталды әрі жүзеге асты. Сөйтіп, әлем тұнып тұрған әсем хаттар жиынтығы, мағыналы Иләһи жазулар хаттамасы және заттық бейнедегі Раббани Құран, Сүбхани өнердің көрмесі екені, әлемге айдай анық болады. Әйтпесе, мүлде жоқ болуға, құрып құрдымға бет алған, не екені белгісіз мәнмағынасыз, қайғы мұң қаптаған қараңғы түнекке айналар еді. Осы ақиқатқа байланысты әлемнің кемелдігі және хикметке толы құбылыстары, сондай-ақ терең де өшпес мәңгі мағыналары аса зор дауыспен نَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ «Әшһәду әннә Мұхаммәдан расулаллаһ!» деп, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді.

ОН БЕСІНШІ КУӘЛІК: Көптеген киелі шәһадаттарды қамтитын бұл шәһадат әлемдегі құбылыс жайлы. Иә, әлемдегі атомнан бастап сонау жұлдыздарға дейінгі қозғалыс, жүріс-тұрыс, өлім мен өмір Зат-ы Уәжиб-Ул Ужуб Аллаһтың рубубиеті, істері боп табылады яғни оның әмірімен, қалауымен, күш-құдіретімен болуда. Осы тұрғыдан алғанда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Енді, осы куәлікке ишара ететін арабша мәтін:

وَ بِشَهَادَةِ صَاحِبِ الْكَٓائِنَاتِ وَ خَلَّاقِهَا وَ مُتَصَرِّفِهَا عَلَى الرِّسَالَةِ الْمُحَمَّدِيَّةِ بِاَفْعَالِ رَحْمَانِيَّتِهِ وَ بِاِجْرَٓااٰتِ رُبُوبِيَّتِهِ كَفِعْلِ الرَّحْمَانِيَّةِ بِاِنْزَالِ الْقُرْاٰنِ الْمُعْجِزِ الْبَيَانِ عَلَيْهِ وَ بِاِظْهَارِ اَنْوَاعِ الْمُعْجِزَاتِ عَلٰى يَدَيْهِ
— 657 —
وَ بِتَوْفِيقِهِ وَ حِمَايَتِهِ فِى كُلِّ حَالَاتِهِ وَ بِاِدَامَةِ د۪ينِهِ بِكُلِّ حَقَٓائِقِهِ وَ بِاِعْلَٓاءِ مَقَامِ حُرْمَتِهِ وَ شَرَفِهِ وَ اِكْرَامِهِ عَلٰى جَم۪يعِ الْمَخْلُوقَاتِ بِالْمُشَاهَدَةِ وَ الْعَياَنِ وَ كَفِعْلِ رُبُوبِيَّتِهِ بِجَعْلِ رِسَالَتِهِ شَمْسًا مَعْنَوِيَّةً لِكَٓائِنَاتِهِ وَ بِجَعْلِ د۪ينِهِ فِهْرِسْتَةَ كَمَالَاتِ عِبَادِهِ وَ بِجَعْلِ حَق۪يقَتِهِ مِرْاٰةً جَامِعَةً لِتَجَلِّيَاتِ اُلُوهِيَّتِهِ وَ بِتَوْظ۪يفِهِ بِوَظَٓائِفَ ضَرُورِيَّةٍ لَازِمَةٍ لِوُجُودِ الْمَخْلُوقَاتِ فِى هٰذِهِ الْكَٓائِنَاتِ كَلُزُومِ الرَّحْمَةِ وَ الْحِكْمَةِ وَ الْعَدَالَةِ وَ كَضَرُورَةِ لُزُومِ الْغِذَٓاءِ وَ الْمَٓاءِ وَ الْهَوَٓاءِ وَ الضِّيَٓاءِ

Бұл нақты әрі ауқымы кең, киелі шәһадаттың яғни куәліктің жанжақты түсіндіруді Рисале-Нұрға сілтеме жасап өте қысқа ишарамен тұжырымдаймыз.

Иә, мына әлемге назар салып қарасақ, керемет әрі әділ де хикметпен әрі рахымды да қамқорлықпен басқарылуда. Әрдайым жақсыларды қорғаштап, ал жаман, өтірікші суайттарды жазалау жиі қайталанатын әдет. Сондықтан Рахманның талабына сай Қасиетті Құран Кәрімді Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қолына беріп оны мыңға жуық түрлі мұғжизалармен жарылқаған және қандай жағдай болсын аса қауіпті кезеңдерде мейірімді түрде қамқорлық жасалған. Тіпті көгершін мен өрмекші арқылы қорғалған және жауапкершілігі мол ауыр міндетінде сәттілікке, табысқа жеткізген асыл дінін ақиқаттарымен бірге толық сақтап жалғасып келеді. Исламиятты жер жүзіне, адамзатқа қабылдатып дүниеге жайған және бүкіл жаратылыстан жоғары мәртебеге жеткізіп бәрінен абыройлы, атақты қылған. Сондай-ақ, дос түгіл дұшпаны да оның жоғары мәртебелі екенін мойындап, адамзаттың бестен бір бөлігі Оның үмметі болған. Міне осы аталған ерекшеліктер Оның адалдығын, хақ пайғамбар екенін анық көрсетіп куәлік етеді.

Енді, мәселеге Иләһи Рубубият жағынан қарасақ, мына әлемнің Иесі, басқарушысы Аллаһ, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын әлемнің рухани Күні секілді жоғары мәртебеге көтеріп Рисалей-Нұрда дәлелдегеніндей, сол арқылы күллі қараңғылықты жойып, нұрлы ақиқаттарды көрсетіп, бүкіл саналы пенделерді тіпті, күллі әлемге

— 658 —

мәңгі өмірді хабарлап, сүйіншілеу арқылы қуанышқа бөлеген. Асыл дінін және құлшылық етуші мақбұл құлдарын шаттық пен кемелдікке бастаушы және құлшылық етуді үмметіне үйретуші үлгі өнеге, жетекші етіп тағайындалған Мұхаммедтің (с.а.у.) рухани тұлғасы боп табылатын ақиқатын Улухиятына айна қызметін атқаратындай кемел етіп жаратқан. Мұны Құран мен Жәушан растайды және он төрт ғасыр бойы күн сайын үмметінің жасаған жақсылығының бір шамасы Оның амал дәптеріне жазылып тұрады және Ол іс әрекетімен адамзатқа көсем, ұстаз, өнеге екенін көрсете білген және Оған киелі міндет жүктеліп халықтың мұң-мұқтаждығын өтейтін ұстаз болған. Адамдар оның дініне және иләһи рахымға, хикметке, әділдікке, азыққа, ауаға, суға, жарыққа мұқтаж болатыны секілді, оның әкелген дініне, шариғатына Ислами ақиқатқа мұқтаж түрде жаратылған.

{(Сілтеме): Мен қазір қартайып мүшкіл жағдайда жүргенімде Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сыйлаған рухани азығынан миллионнан бір бөлігін ғана сезіне білдім. Сол үшін қолымнан келсе, миллиондаған тілмен ол кісіге салауат айтып, шексіз алғысымды білдірер едім. Қалай десеңіз, жалпы маған қоштасу, аяқталу, қатты әсер етеді. Бірақ, дүниеде жақсы көрген жандарым қош айтысып мені тастап кетіп барады. Өзімнің де бір күні кететінімді білемін. Осындай жанды азаптайтын қайғылы үмітсіздікке қарсы тұрар мәңгі бақыт, бақи өмір бар екені жайлы сүйінші хабарды пайғамбарымыздан (с.а.у.) естіген кезімде уайым қайғыдан құтылып, көңілім жәй тауып рахаттанып қаламын. Тіпті, намаздағы отырыста اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ деген кезімде Оған (с.а.у.) бият ету, пайғамбар екенін мойындап, әміріне бойұсынып әрі мойнына жүктелген міндетін құттықтап әрі бір мағынада рахмет айтып және бізге мәңгі бақыт туралы сүйінші хабарына ризашылық білдірген болып, осылай өзімді қарыздар сезінемін. Тек, мен емес күллі мұсылман баласы күнде бес мәрте осы сәлемді жолдайды.}

Осы аталған он екі күлли де нақты айғақтар Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Апыр-ай, шыбынның қанатына немесе гүл жапырақтарына аса мұқият мән беріп жіті қадағалап отырған мына әлем Иесінің осындай күлли куәліктерге бөленген Мұхаммедтің (с.а.у.) рисалеті яғни пайғамбарлығы ғаламның мағынауи Күні болмауы мүмкін бе?!

Сонымен аталған он бес күлли шәһадаттардың яғни куәліктердің әрқайсысы көптеген шәһадаттарды қамтиды. Тіпті, Үшінші шәһадат мұғжизаларды баяндау арқылы мың шәһадатты қамтитындай дәрежеде қуатты түрде «әшһәду әнна Мұхаммадар расулуллаһ!» дейтін шәһадат кәлимасын дәлелдеп, оның рас әрі маңызды екенін

— 659 —

дәлелдейді. Сондықтан, Ислам әлемі күн сайын бес мәрте осы мәселені жүз миллиондаған тілмен дүниеге жар салады. Сол секілді осы шәһадат сөзінің негізі боп табылатын Мұхаммедтің (с.а.у.) ақиқаты бүкіл әлемнің түпкі өзегі, жаратылу себебі, ең қымбат кемел жемісі екенін растап, миллиондаған мұсылмандар шын жүректен растап бекітеді.

Сондай-ақ, әлемнің Иесі Аллаһ (жәллә жәлалуһ) Мұхаммедтің (с.а.у.) мағынауи тұлғасын өзінің рубубиетіне, салтанатына жоғарғы мәртебелі делдал және мына әлемнің сырларын ашатын, құпиясын табатын кілт тәрізді және рахымының үлгі мысалы ретінде мейірім мен сүйіспеншіліктің нышаны, бақи әлемдегі мәңгі өмірдегі соңсыз бақытты хабарлаушы және елшілердің ең соңғысы, ең ұлысы бейнесінде жаратқан.

Міне, осындай керемет маңызы зор ақиқатқа қанағат қылмай және мән бермей жүрген адамдар қаншалықты қыруар зиянға ұшырап жүр десеңізші! Әрі, үлкен қателік жасауда, әрі ақымақтық әрі ауыр күнә істеген болып есептеледі.

Сонымен, намаздағы Фатиха сүресі қалайша екінші бөлімде ишара еткеніндей намаздағы отырыста оқылатын

اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ

сөзіндегі тәухид ақиқатына нақты дәлелдер көрсетті. Осы үшінші бөлімде де тағы сол тәшәһудте яғни намаздағы отырыста

وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ

сөзі де Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы ақиқат екендігіне қуатты дәлелдерді көрсетіп, көптеген жақтан мықтап бекітті.

Уа, Әрхамар - Рахимин! Бізді осы Расул-і Әкрамның (с.а.у.) шапағатына бөлей гөр! Оның сүннетін мықтап ұстануды және бақыт әлемінде Оның отбасымен, дос жарандарымен бірге көрші болуды нәсіп ете гөр! Әмин, әмин, әмин!

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَيْهِ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ وَ صَحْبِهِ بِعَدَدِ حُرُوفِ الْقُرْاٰنِ الْمَقْرُوئَةِ وَ الْمَكْتُوبَةِ اٰم۪ينَ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
— 660 —

Әл-Хүджәт-үз-Зәһраның

Екінші тарауы
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ بِه۪ نَسْتَع۪ينُ

[Фатиха сүресінің соңында һидаят бұйырғандар және хақ жолдағылар мен адасқан, бас көтеруші азғындардың өзара айырмашылығын меңзейтін және Рисалей-Нұрдағы барлық теңеулердің бұлағы болып табылатын аяттың бір ақиқатын Нұр сүресіндегі мына:

﴿ اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ مَثَلُ نُورِه۪ كَمِشْكَاةٍ ف۪يهَا مِصْبَاحٌ اَلْمِصْبَاحُ ف۪ى زُجَاجَةٍ اَلزُّجَاجَةُ كَاَنَّهَا كَوْكَبٌ دُرِّىٌّ يُوقَدُ مِنْ شَجَرَةٍ مُبَارَكَةٍ ﴾

аяты және өзінен кейінгі

﴿ اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ يَغْشٰيهُ مَوْجٌ مِنْ فَوْقِه۪ مَوْجٌ ﴾

аяты бірлесе отырып керемет түрде ол жердегі теңеуді таңғажайып түрде баяндайды.]

Бірінші Нұр аяты «Бірінші Шуақта» дәлелденгендей он ишарамен Рисалей-Нұрға қатысты екені байқалады және Құранның сол тәпсірінен мұғжизалы түрде ғайби хабар беруде. Бұл, Рисале-Нұрға "Нұр" деп ат қойылуына бірінші себеп болғандықтан, жиырма Тоғызыншы Мектубтың бір бетінде қиялмен жасалған саяхат баяндалған болатын. Ол жерде тәмсіл арқылы осы керемет аяттың "Нұр" сөзіндегі "нун" әрпінің мұғжизаға ұқсас, мағынауи мұғжиза айтылғанына байланысты "Аят-ул Күбра" рисалесінде дүниені саяхаттаған кісінің Жаратушы Иесін іздеп тауып, тану мақсатымен бүкіл әлемнен сұраған болатын және Отыз үш жолмен нақты әрі дәйекті түрде өзінің Раббысы кім

— 661 —

екенін білген-ді. Сол сияқты, дәл сол жолаушы, ғасырларды кезіп, аспан мен жер қабаттарын ақылымен, жүрегімен, қиял сезімімен құлшына аралап, барған сайын ынтасы артып ғаламды бір қала секілді жан-жақты зерттеп, әсіресе, Құранның хикметіне жүгініп, біресе ақылмен философия хикметіне сүйеніп, салыстыра өз қиялын үлкен дүрбі жасап, тым алыс қабаттарға саяхаттап ақиқаттарды қазқалпында көріп, оны бізге «Аят-ул Кубра» кітабында баяндаған-ды.

Қазір біз, сол нағыз ақиқат әрі тәмсіл ретінде ойша жасаған саяхаттағы әлемдердің тек мысал ретінде үшеуін, Фатиха сүресінің соңғы жағындағы теңеудің үлгісін қысқаша баяндаймыз. Басқа көрген-білгендерін, теңеулерін Рисалей-Нұрдың мысалдарына тапсырамыз.

Бірінші үлгі мысал: Дүнияға тек Жаратушысын танып, табу үшін келген әлгі, жолаушы ақылына салып былай деді: "Біз барлық нәрседен Жаратушы Иемізді сұрап, қанағаттанарлық жауап алғанымыз рас. Енді, Күнді табу үшін Күннің өзіне жүгін демекші, біз де Жаратқан Иемізді Оның «Ілім», "Ирада", "Құдірет" сынды киелі сипаттарына олардың саясында сондай-ақ, көзге көрініп тұрған істерінің және есімдерінің сәуле-шуақтары арқылы өзін тануға тырысамыз. Сол үшін, тағы бір саяхат жасайық!" деп, дүнияға кірді. Және жат ағым әһл-і далалет сықылды яғни адасқандар секілді, Жер шары атты кемеге мінді. Мінді де, Құранның хикметін қабылдамайтын пән мен пәлсапа көзілдірігімен және Құран оқымайтын жағрафия пәнінің заңережелері мен қарады. Қараса, жер шары шексіз алып кеңістікте бір жылда жиырма төрт мың жылдық шеңберді зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып зымырап барады. Үстінде жүз мың түрлі бейшара, әлсіз жан-жануарларды, байғұс пенделерді мінгізіп алған. Егер бір минөтке сәл жолдан тайса немесе бір жұлдызбен соқтығысса күл-талқаны шығып, шексіз кеңістікте дымы қалмай қирап, үстіндегі жан-жануарлары жоқ болып, құрдымға кетер еді.

Фатиха сүресіндегі غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّٓالّ۪ينَ деген адасқан топтың рухани азабын және اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ сөзінің қаһар шашқан және адамды тұншытыратындай қою қараңғылығын сезіп "Ойбай! Енді қайттік! Мына қауіпті сұмдық кемеге қайдан міне қойдық!? Енді, қалай құтыламыз!?" деп, әлгі көрсоқыр философияның

— 662 —

көзілдірігін жерге бір ұрып сындырды да, اَلَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ жолына түсті. Сонда, Құранның хикметі медет болып, әр нәрсенің ақиқатын көрсететін дүрбі сыйлады. Оған: «Ақылыңды пайдаланып, дұрыстап қара!» деді. Сонда: رَبُّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ есімі,

﴿ هُوَ الَّذ۪ى جَعَلَ لَكُمُ الْاَرْضَ ذَلُولًا فَامْشُوا ف۪ى مَنَاكِبِهَا وَ كُلُوا مِنْ رِزْقِه۪ ﴾

көкжиегінде Күндей жарқ етіп жарық берді. Жер шары өте сенімді әрі жүйелі керемет бір кеме түрінде, бүкіл тірі жандарды ризық несібелерімен бірге арқалап, әлем теңізінде хикметке толы, пайдалы қозғалысымен Күнді айнала кезіп әлгі ризыққа мұқтаж жандарға жыл мезгілдерінің өнімдерін тасуда.

Жаратқан Жаббар, «Сәур», "Хут" атты екі періштені әлгі кеменің бақылаушы капитаны етіп тағайындаған. Ол кеме керемет Раббани елді мекен кеңістікті аралап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың жаратқан пенде-қонақтарының көңілін көтеріп серуен құрады. Осылайша, ол اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ ақиқатын көрсетіп жаратқан Иесін осы есімнің сәулесі арқылы таныстырады. Жолаушы осыны түсінді де, шын жүректен اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ деді де الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін сыратал мұстақим иелері тура жолдағыларға қосылды.

Жолаушының саяхатында көрген ақиқаттардан екінші үлгі мысал: Әлгі жолаушы жер шары кемесінен түсіп, хайуанат әлеміне, адамзат дүниясына келді. Ол, өзіне дінмен санаспайтын табиғатшыл ұғымды көзілдірік жасап қарап еді, сансыз тіршілік иелерінің шексіз қажеттіліктері және оларға қауіпті ренжітетін, тиісетін көптеген зиянкес дұшпандар бар екенін және әртүрлі қатерлі оқиғалар айнала қоршап алған, бірақ бұған қарсы тұрар күш-қуаты жоқ екенін білді. Өзінің күш-құдреті әлгі қауіпті дұшпандарды тойтаруға миллионнан бір бөлігіне де жетпейтінін сезеді. Осындай сұмдық, тым аянышты жағдайды көргенде оның мейірім сезімі оянып және ақылы да қатты қиналып мұңая қайғырды тозаққа түскендей ауыр күй кешті. Мұндай аянышты да қорқынышты әлемге келгеніне қатты өкінді. Кенет Құранның хикметі медет беріп, көмекке келді.

— 663 —

الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ деген дүрбі сыйлады да, «Енді, қара!» деді. Қараса, اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты нұр шашып, Рахман, Рахим, Рәззақ, Муним, Кәрим, Хафиз сынды Иләһи көркем есімдердің әрбірі Күндей жарқырап,

﴿ مَا مِنْ دَٓابَّةٍ اِلَّا هُوَ اٰخِذٌ بِنَاصِيَتِهَا ٭ وَكَاَيِّنْ مِنْ دَٓابَّةٍ لَا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اَللّٰهُ يَرْزُقُهَا وَاِيَّاكُمْ ٭ وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَن۪ٓى اٰدَمَ ٭ اِنَّ الْاَبْرَارَ لَف۪ى نَع۪يمٍ ﴾

дейтін аяттардың көкжиегінен көріне бастады. Әлгі адамзат пен жануарлар әлемін рахымға бөлеп, ихсан қылды. Белгілі мағынада уақытша жәннатқа айналдырды. Әлем тамаша ғибратқа толы, қонақүй тәрізді көрініп жомарт Иесі Аллаһты толық таныстырып, одан хабар беретінінін білді. Қайта-қайта اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ деді.

Саяхатындағы жүздеген көргендерінің үшінші мысалы:

Жаратқан Иесін есім-сипаттарының саясында, олардың нұрсәулесінен танығысы келген әлгі дүниеге қонақ жолаушы ақылы мен ойына былай деді:

Қанекей, біз де рухтар, періштелер секілді денені тастап көкке көтерілейік. Жаратқан Иемізді аспандағылардан сұрайық. Рух қиялға мініп, ақыл пікірге еріп аспанға көтерілді. Астрономия пәнін сөйтті де жетекші етіп соған жүгінді. Дінді қабылдамайтын философия көзімен مَغْضُوبِ، الضَّٓالّ۪ينَ дейтін жат ағымы сияқты қарады. Қараса, жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жүз есе жылдам қозғалып бара жатқан денелер, от шашқан жұлдыздар араласа-құраласа тым жылдам әрекет етеді. Біреуі кездейсоқтық бір минөт өз жолынан тайса, ұшы-қиырсыз кеңістікте өзі секілді меңіреу бір денеге соқтығысып қиямет-қайым болғандай астан-кестеңі шығары сөзсіз.

Әлгі, жолаушы қай жаққа қараса да осындай сұмдық пен үрейді көріп зәресі ұшты. Аспанға шыққанына пұшайман болып қатты өкінді. Ақыл-ой, басқа да сезімідері аласұрып, «біздің міндетіміз мұндай емес-ті. Керемет ақиқаттарды көріп, басқаларға көрсету болатын. Кәдімгі тозаққа ұқсас мұндай жағымсыз, азапты мағыналарды ұғу, көру бізге ауыр тиеді. Біз бұл қызметтен бас тартамыз, қаламаймыз!» деп зар қақты.

— 664 —

Сол кезде кенет: اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ аяты нұрын шашып «Халиқус-Сәмауати уәл ард» және «Мусаххируш-Шәмси уәл Қамар» және «Раббул-Аламийн» және және секілді көркем есімдердің әрқайсысы Күндей жарқырып, وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ және

﴿ اَفَلَمْ يَنْظُرُٓوا اِلَى السَّمَٓاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَزَيَّنَّاهَا ﴾

және

﴿ ثُمَّ اسْتَوٰٓى اِلَى السَّمَٓاءِ فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ ﴾

секілді аяттардың көкжиегінен көріне бастады. Күллі аспанды нұрға бөлеп, періштелерге толтырды. Сөйтті де, аспан алып мешітке және әскери бөлімшеге айналды. Енді, жолаушы الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ дейтін тура жолға түсті. Әлгі адасқандардан, اَوْ كَظُلُمَاتٍ ف۪ى بَحْرٍ لُجِّىٍّ -ден құтылды. Бірден аспан жұмақтай жайнап, керемет бейнеде жүйелі мемлекетке айналды. Әр тарапында Халиқ-ы Зүлжәлалды дәріптеп, таныстырып жатқанын көріп, ақылының, ой-санасының қадір-қасиеті жоғарылап атқарар міндетінің маңыздылығы артты.

Міне, әлгі жолаушының әлемге жасаған саяхатының жүздеген түрін осы үш мысалға салыстырып, басқа да көрген-білгендерін және Аллаһтың есім-сипаттарының сәуле, шуақтары арқылы Уәжибул Ужуд Аллаһтың мағрифаты жайлы баянды Рисалей-Нұрға сілтеп, терең де ұзақ қиссаны қысқа қайырғанды жөн көрдік. Осы шағын тұжырымдарға қанағат етеміз де Жаратушы Иемізді таныстыратын, Оның киелі сипаттарынан және жеті сипатынан тек қана "Ілім", "Құдрет", "Ираде" секілді үш сипаттың көрініс, әсерлері арқылы және рас екенін дәлелдейтін айғақтарына сүйене отырып, шексіз әлемді Жаратқан Халиқты тануға әлгі дүния жолаушысы секілді біз де қысқа ишарамен таныстыруға тырысамыз. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға сілтейміз.

Міне, Араби «Хизб-і Нуридің» қортындысының қортындысынан әрдайым оқитын тәфәккури дұғаның және «Аллаһу Акбар» сөзінің отыз үш мәртебесінен үш мәртебесін баяндайтын осы арабша мәтіннің белгілі мағынада тәржімесі болумен қатар, қысқа ишаралар арқылы Кәлам ілімінің ғұламаларын, сондай-ақ, ақида ілімінің ғалымдарының

— 665 —

назарын аудартып шұғылдандырған тақырып Аллаһтың ілімі, ирадесі яғни ерік-қалауы және құдіреті жайлы, олардың әлемдегі әсері мен көріністері арқылы әлгі Иләһи сипаттарға нақты иман келтіру арқылы растап және солар арқылы Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың сөзсіз бар екенін, жалғыз екенін ғылыми түрде мойындап, иман келтіруге септігі тиетін арабша мәтін:

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ وَ قُلِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى لَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ شَر۪يكٌ فِى الْمُلْكِ وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ وَلِىٌّ مِنَ الذُّلِّ وَ كَبِّرْهُ تَكْب۪يرًا ﴾
اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًَا اِذْ هُوَ الْعَل۪يمُ بِكُلِّ شَيْءٍ بِعِلْمٍ مُح۪يطٍ لَازِمٍ ذَاتِىٍّ
وَ لِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى ﴿كَلُزُومِ الضِّيَاءِ الْمُحِيطِ للِشَّمْسِ﴾

للِذَّاتِ يَلْزُمُ الْاَشْيَٓاءَ لَا يُمْكِنُ اَنْ يَنْفَكَّ عَنْهُ شَيْءٌ بِسِرِّ الْحُضُورِ وَ الشُّهُودِ وَ الْاِحَاطَةِ النُّورَانِيَّةِ وَ بِسِرِّ اِسْتِلْزَامِ الْوُجُودِ لِلْعُمُومِيَّةِ وَ اِحَاطَةِ نُورِ الْعِلْمِ بِعَالَمِ الْوُجُودِ ٭ نَعَمْ فَالْاِنْتِظَامَاتُ الْمَوْزُونَةُ وَ الْاِتِّزَانَاتُ الْمَنْظُومَةُ وَ الْحِكَمُ الْقَصْدِيَّةُ الْعَامَّةُ وَ الْعِنَايَاتُ الْمَخْصُوصَةُ الشَّامِلَةُ وَ الْاَقْضِيَّةُ الْمُنْتَظَمَةُ وَ الْاَقْدَارُ الْمُثْمِرَةُ وَ الْاٰجَالُ الْمُعَيَّنَةُ وَ الْاَرْزَاقُ الْمُقَنَّنَةُ وَ الْاِتِّقَانَاتُ الْمُفَنَّنَةُ وَ الْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ وَ غَايَةُ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِنْسِجَامِ الْاِتِّسَاقِ الْاِتِّقَانِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقَاتِ فِى كَمَالِ السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ دَٓالَّاتٌ عَلٰى اِحَاطَةِ عِلْمِ عَلَّامِ الْغُيُوبِ بِكُلِّ شَيْءٍ ٭ اَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَ هُوَ اللَّط۪يفُ الْخَب۪يرُ ٭
— 666 —
فَنِسْبَةُ دَلَالَةِ حُسْنِ صَنْعَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى شُعُورِ الْاِنْسَانِ اِلٰى نِسْبَةِ دَلَالَةِ حُسْنِ خِلْقَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى عِلْمِ خَالِقِ الْاِنْسَانِ كَنِسْبَةِ لُمَيْعَةِ زُجَيْجَةِ الذُّبَيْبَةِ فِى اللَّيْلَةِ الدَّهْمَٓاءِ اِلٰى شَعْشَعَةِ الشَّمْسِ ف۪ى رَابِعَةِ النَّهَارِ

Бұл жазба өте қысқаша тәржімесі болумен қатар, Иләһи ілімді дәлелдей отырып аса маңызды иман ақиқаттарына ишара қылады. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырамыз.

{(Сілтеме): Енді, бұдан кейінгі жазбаларым өмірімде көрмеген сұмдық ауру мен дерт денемді меңдеп ауыр жағдайда жазылды. Ақау кемшіліктерге кешіріммен қарауды өтінемін. Хусрев шәкіртім жөндеу жүргізіп, кейбір жерлерін алып, орын ауыстырып, реттеуіне болады.}

Иә, қалайша Рахымият, керемет ризық беру арқылы өзінің бар екенін Күндей анық көрсетіп, ғайып пердесінің артында Рахман-ы Рахимды нақты түрде дәлелдейді. Дәл солай, Құранның жүздеген аятында кездесетін және Иләһи киелі жеті сипаттың біріншісі деуге болатын «Ілім» сипаты да, өлшем арқылы жүйелі хикметтер арқылы өзін Күннің жарығы секілді анық көрсетіп бір Алим-і Күлл-і Шей Аллаһтың сөзсіз бар екенін нақты түрде білдіреді.

Иә, біреудің ілімді, саналы екенін оның түзу, өлшемді де тиянақты іс-әрекеті, өнері көрсететін болса. Адам баласының өз Жаратушысына, Оның іліміне, хикметіне дәлел болатын таңғажайып табиғаты, туыстары ап-ашық яғни дәл көмескі май шамның жарығы мен күндізгі Күннің ауқымды жарығы сияқты салыстыруға келмейді.

Қазір, Иләһи ілімнің дәлелдерін баяндамай тұрып, сол киелі сипаттың әлемдегі әсерлері арқылы құбылыстардан көріп, сол арқылы Зат-ы Ақдесті анық-қанық көрсетіп берген нақты дәлел Ардақты пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.). Миғраж түні Аллаһтың құзырына шығып сөзін есту нығметіне бөленген кезде сәлемнің орнына

اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ

еп, өзі бүкіл жандылар мен жаратылыс атынан елші болғандықтан, олардың барлығы Аллаһтың ілім сипатымен Раббыларын таныстыруына байланысты сәлемнің орнына барлық саналылар атынан жаратқан Иесіне тіршілік иелерінің сый-кәделерін ұсынды. Яғни,

اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ
— 667 —

деген төрт сөз арқылы барлық тіршілік иелерінің төрт тобының Аллаһтың әзәли, әбәди ілімінің саясында өздерінің Раббысы Аллам-ул Ғуюбқа деген сыйлықтарын, ризашылығын, керемет мадақтауларын көрсеткендіктен осы киелі Миғражда айтылған сөздерді терең мағыналарымен оқу, намаздың отырысында барлық мұсылманның парызы, сөзсіз міндет болған. Ол киелі төрт сөзді түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырып, өте қысқа төрт ишарамен бір мағынасын баяндаймыз

БІРІНШІ СӨЗ: اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ Қысқа тұжырымы былай: қалайша бір шебер таңғажайып бір машинаны өзінің терең ілімімен, ерекше зеректігімен жасаса, ол ғажап машинаны көргендер жаппай әлгі шеберді құттықтап, қошаметтейді, құрметтеп мақтайды. Оған риза болып, мадди-мағынауи яғни рухани-заттық сыйлық береді. Және әлгі машина да, шебердің ойындағыдай шығып, керемет түрде жасаған ұстаның мақсатын, таңғажайып шеберлігін, іліми біліктілігін көрсету арқылы өзін жасаған шеберді хал тілімен қошаметтеп құттықтайды, мағынауи сыйлық-кәделер тарту етеді. Дәл сол секілді, әлемдегі әрбір жанды, әрбір тіршілік иесі әрқайсысы жеке-жеке, жан-жақты мұғжиза, таңғажайып мәшина секілді, олар өзін жасаған Шебердің кемелдігін яғни әр нәрсенің жан-жақты байланысын білетін, өміріне қажетті барлық нәрсені көретін, дер кезінде толық қамтамасыз ететін шексіз ілім иесі екенін, ол нұр сәулелері арқылы өзін таныстырып тұрғанын білдіреді Сани-і Зүлжәлалға тіршілік ету хал тілдерімен өзіндік сыйлықтар тарту етіп, қошаметтеп дәріптейді. Яғни, اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ дейді. Олар өздерінің өмірін қиып, тіршіліктерін тікелей Жаратушы Иелеріне құлшылық ету арқылы ұсынады. Міне, миғраж түні Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) бүкіл жандылар атынан Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың құзырында сәлем ретінде اَلتَّحِيَّاتُ لِلّٰهِ деп, барлық жан иелерінің сыйлық кәделерін, мағынауи сәлемдерін ұсынған.

Иә, жүйелі жасалған қарапайым мәшине, өзінің тәртіпті де жүйелі болмысымен шәксіз түрде өте шебер әрі мұқият ұстасын көрсететіні секілді, әлемдегі толып жатқан сансыз мәшина тәрізді тірі жандар да, әрқайсысы Аллаһтың ілімінің мың бір мұғжизасын көрсетеді. Әлбетте, қалта фонарының көмескі жарығын көктегі Күннің жарығымен салыстыруға келмейтіні секілді, өте көмескі

— 668 —

түрде дәрежеде дүниедегі жан-жануарлар, күллі тіршілік иелері бойындағы Иләһи ілімнің жарығы арқылы өздерін жаратқан, мәңгі бақи шебер Аллаһтың сөзсіз болмысын, міндетті түрде бар екенін әрі табындырушы екенін көрсетіп жарқын түрде куәлік етеді.

МИҒРАЖДАҒЫ ЕКІНШІ КИЕЛІ СӨЗ اَلْمُبَارَكَاتُ жалпы хадис бойынша, намаз мүминнің миғражы және намаз Ұлы Миғраждың нұр сәулесіне бөленген, деседі. Біздің әлгі дүниеге қонақ кейіпкеріміз әрбір әлемде Ілім сипаты арқылы Аллам-ул Ғуюб Жаратқан Аллаһты танып, тапты ғой. Олай болса, біз де сол кейіпкермен бірге мүбәрак нәрселердің және қарағанда "Бәрекелді!" деп айтқызатындардың және اَلْمُبَارَكَاتُ сөзінің ұланғайыр әлеміне саяхат жасап, бүкіл жандылардың мүбәрак төлдерін, нәрестелерін және барлық жан-жануарлардың бағдарламасының құтысы боп табылатын дән-тұқымдарын әу баста әлгі мубаракат әлемін тамашалап әрі зерттеп, сол арқылы киелі ілім сипатының таңғажайып нәзік күрделі сәулелерімен Жаратқан Иемізді ғылыми түрде тануға әлгі жолаушыға ұқсап тырысып бағамыз.

Иә, мынаны көзбен көріп отырмыз: Бәйкүнә нәрестелер, мүбәрак яғни берекелі сандықшаға ұқсас дән-тұқымдар, Алим-ы Хаким Аллаһтың ілімімен әрқайсысы жалпы және жалқы түрде өсіп-өнер кезде, көктеп-көгерер сәтінде өздеріне тән мақсаттарына қарай тура қозғалысқа енеді. Ақиқат назарымен қарағандарға «Бәрекелді! Сансыз Машаллаһ!» дегізеді.

Мәселен, аталық ұрық, дән-дәнек, тұқымдардың әрқайсысында нақты іліммен болатын күрделі жүйеде, ол жүйе өте шеберлікпен болатын дәл өлшем, ал ол өлшемде жаңару, реттеу болуда. Ал, бұл болса, жаңарып өлшем мен қалыпқа келтіру арқылы және өзара ұқсас тек өзара әдейілеп өзгеше қылатын белгілері бар. Бұл өзгешелікпен бірге шебер түрде безендіру, көркемдеу байқалады. Оның ішінде хикметпен жасаған ағзаларды орналастыру, пішін сурет беру, сонымен қатар өте жомарт түрде зауықтарын қанағаттандыру үшін әлгі жеміс жидектердің ішкі құрылысы шатасып жатса да өте білгір, мұғжизалы түрлі нақыштармен безендіріп, реттеп, керемет жаратылуда. Тек, сурет әдемі емес, сонымен қатар хош иістер мен тәтті дәмдері де керемет. Өте тәртіпті де жүйелі жаратылып қоймай,

— 669 —

бір-бірінен өзгеше, сан-алуан бола тұра саны тым көп, әрі жылдам әрі кең көлемде еш қатесіз барлығының сурет пішіндері айқындалып белгіленуде. Әрбір көктемде осы аталнған құбылыстар жалғасып әлгі мүбәрак нәрселердің яғни берекелі заттардың әрбірі бірге, жоғарыда аталған он бес тілмен Жаратқан Шебер Иесінің таңғажайып өнерін, керемет шексіз ілімін көзге көрсетіп Аллам-үл Ғуюб, Ужуб-ул Ужуд, Сани бір Аллаһты Күндей анық қып көрсетіп, таныстыруда. Сонымен, осы ауқымы кең тым жарқын түрде куәлік етіп, Жаратқан Иесін мақтап-мадақтап дәріптейтіндіктен Миғраж түні Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) бүкіл жаратылыстың атынан шығып сөзінің орнына اَلْمُبَارَكَاتُ сөзін өте орынды айтқан.

ҮШІНШІ КӘЛИМА: اَلصَّلَوَاتُ сөзі; Бұл сөзді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Ұлы Миғражда айтқан және миллиондаған имандылар өзіндік миғражы болып саналатын намазында осы киелі сөзді ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұйып Аллаһтың құзырына шығып күнде ең азы он рет айтады. Бұл сөз осылайша әлемге паш етіледі.

Миғраж жайлы жазылған "Отыз бірінші Сөз" Миғраж оқиғасының бүкіл ақиқаттарын қамтып өзіне тыңдарман ретіндегі бір діннен безгенді және бір кәпірді алып оған нақты әрі өте қуатты түрде дәлелдеген болатын. Сондықтан, егжей-тегжейлі баяндауды сол рисалеге сілтеме жасап, өте қысқаша түрде ишаралармен Миғраждағы айтылған осы Үшінші сөздің терең мағынасын көрсететін тіршілік иелері мен саналы пенделердің ғажап әлеміне назар салып әзәли ілімнің нұрымен Жаратқан Иеміздің жалғыз әрі сөзсіз бар екенін біліп қана қоймай Оның шексіз рахымын, аса қамқор мейірімділігін және шексіз құдіретін, орасан зор "ирадесін" яғни жойқын қалауеркін тануға тырысамыз.

Иә, мына әлемге қарасақ, жан-жануарлар санасымен және ақылымен болмаса да сезіммен, болмысымен мынаны сезеді: Әрқайсысы өте әлсіз әрі дәрменсіз бола тұра, бәрінің қыруар дұшпандары мен қауіпқатері бар. Сондай-ақ, тым пақыр әрі мұқтаж бола тұра толассыз мұңмұқтаждығы, бітпейтін талап-тілектері бар.

Оған бұлардың күш-қуаты жетпейтіндіктен жан даусымен шыңғырып, жан қиналады. Сезімдерімен және жаратылысына сай

— 670 —

фытри түрде жалбарынады, өзіне тән тілмен, дауыспен дұға етеді, жалынады, белгілі бір мағынада намаз оқиды, салауат айтады. Осылайша, бәрін білуші, құдіреті шексіз Алим-ы Қадир Аллаһтың құзырына сыйынады. Сол мезетте әлгі шыңғырып қиналғандардың әр бір ісін, барлық мұң-мұқтаждықтарын біліп, әрбір мәселесін көріп, жалбарынғандардың төл-тумысына сай фытри дұға-тілектерін ескеретін Алим-ы Мутлақ, Қадир-и Хаким Аллаһ оларды құтқарып, дегендеріне жеткізгенін және алдыңғы қайғырып жылаулары енді күлімсіреуге, шыңғырулары ризашылыққа шаттықа айналып жатқанын көреміз.

Міне, осы хикметке толы, өте көреген, білімді де мейірімді қамқорлық өте жарқын түрде ілім мен рахымның нұр-сәулелері болып Мужиб-і Муғис, Рахим-і Кәрім бір Аллаһты көрсетіп, әлгі жан иелерінің әлемінде болып жатқан құлшылықтар мен салауаттарды Раббысына жеткізу, арнау мақсатымен Ұлы Миғражда Мұхаммед

Пайғамбар (с.а.у.) және кіші миғражда яғни намазда оның үмметі اَلصَّلَوَاتُ اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ дейді, деген екен.

ТӨРТІНШІ КИЕЛІ СӨЗ: اَلطَّيِّبَاتُ لِلّٰهِ Рисалей-Нұрдың ақиқаты көкейге көбінесе намаздың тәсбихаты кезінде келетін хикметіне орай, һәм Фатиха сүресінің және тәшәһһүдте оқылатын дұғаның ақиқаттарын қысқа ишаралармен баяндауға бейнебір еріксіз түрде мәжбүр болдым.

Міне, Мұхаммедтің (с.а.у.) миғражда айтқан اَلطَّيِّبَاتُ киелі сөзінің мағынасы терең. Яғни мағрифат иелері, имандылар және күлли сана иелері адамзат, жын, періштелер және руханилер өздерінің құлшылықтары арқылы және игі амалдарымен, жақсы сөздерімен әлемді безендіріп тұрған Жәмал-і Мутлақ Аллаһтың шексіз жамал, әсем көркемдігін , сондай-ақ, кәміл иман, ауқымды мағрифаттарымен мақтап-мадақтап соның өздеріндегі хош иістерімен, ізгіліктерді қамтитын мағынасымен бірге тәшәһһүдте яғни намаздың отырысында бүкіл үммет күн сайын әсте, жалықпастан осы киелі де көркем сөзді қайта-қайта айтады.

Иә, мына әлем шексіз әсемдігімен орасан зор мәңгі жамалдың айнасы, сәуле шуақтары. Әлемдегі барлық жамал, кәмал, сұлулық біткен көркем нәрселер сол мәңгі сұлулықтан бастау алады, соның

— 671 —

саясында, сонымен байланысты болғаны үшін әсем болып, қадірқасиеті жоғары. Әйтпесе, әлем түсініксіз, қайғы мұңға толы бір нәрсе.

Әлгіндей байланыс болса, яғни Улухияттың салтанатының делдалдары, жарнамалаушысы болған азамзат, періште және руханилердің мағрифатының арқасында ақиқаты айқындалып, олардың растауымен түсінікті болады. Тіпті, әлгі делдал, жарнама жасаушылардың керемет мадақ-мақтауларын, Раббысына деген шүкір сөздерін әр тарапқа жайып арш-ы ағзам тарапына жөнелту үшін ауаның бөлшектері әмірді бұлжытпай орындайтын жауынгердей қызметкерлер және кішкене тіл, құлақ секілді әлгі көркем сөздерді Аллаһтың дәргахына тасу үшін ауа қабатына осындай таңғажайып қасиет берілген. Бұл менің көкейіме келген ой еді.

Сонымен, адамзат пен періштелер қалайша, иман және құлшылықтары арқылы Мағбуд-ы Зүлжәлалды таныстырып, оның сөзсіз бар екенін білдір еді. Сонымен қатар Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың өзі де осы жарнамалаушы делдалдарға күрделі қабілет беріп қажетті құралдармен жабдықтау арқылы және терең ілім беру арқылы әрқайсысын бүкіл әлеммен байланыстырып оларды шағын әлем тәрізді жаратып, осылайша өзін өте жарқын түрде таныстыруда.

Мысалға, адамның басына орналасқан кіп-кішкене жаңғақ көлеміндей жердегі ес, жады, қиял пікірлеу секілді бірнеше, таңғажайып сезім-құралдар жарату және жадыны яғни есте сақтау қабілетін алып кітапхана тәрізді жасау бұл Әзәли ілімінің талабы. Сол ілімнің сәуле-шуақтарының саясында Жаратқан Иеміз өзін Күндей анық көрсетіп отыр {(Сілтеме): Науқас ауыр халім мұрша бермей отыр. Бұл тек шәкіртім Хусревтің аударма міндетіне жәрдем, қайнаркөз болсын деген ниет}

Енді, жоғарыда аталған және шексіз ілімнің күллі айғақ-дәлелдеріне ишара ететін және көптеген дәлелдерді қамтитын және он бес дәлел арқылы шексіз ілімді көрсететін арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымына, белгілі бір мағынада аудармасына ишара қыламыз.

ОН БЕС ДӘЛЕЛДІҢ БІРІНШІСІ: فَالْاِنْتِظَامَاتُ الْمَوْزُونَةُ яғни бүкіл жаратылыста байқалатын өлшемді тәртіп пен жүйе, белгілі мөлшердегі реттілік, бұл әрине бәрін қамтып жатқан ілімді көрсетеді, соның дәлелі.

— 672 —

Иә, сәулетті де зәулім сарайға ұқсас мына әлемде оның ішінде Күн системасы және сөздерді, дыбыстарды тасымалдайтын зәрребөлшектер ғажайып реттілікпен қозғалатын ауа қабаты және үш жүз мың түрлі өсімдіктер әр көктемде жүйелі түрде өсіп-өнетін жер жүзінде, сонау әрбір жандының денесіндегі ағза мен сезім мүшелері, жасуша мен зәррелеріндегі терең де ауқымды әрі әсте шатаспайтын іліммен ғана болатын белгілі мөлшердегі реттілік, толық жүйе: Міне, осы аталғандар өте анық түрде бәрін қамтып жатқан ілімнің бар екенін дәлелдеп, растығына куәлік етеді.

Екінші дәлел: وَالْاِتِّزَانَاتُ الْمَنْظُومَةُ яғни, бүкіл ғаламдағы жаратылысқа назар аударалық. Ол мейлі, үлкен-кіші, ұсақ-ірі болсын. Мәселен жұлдыздардан бастап қандағы ақ-қызыл түйіршіктерге дейін барлығы сондай керемет дәл мөлшерде, үйлесімді әрі белгілі бір өлшемді болуы шексіз ілімнің бар екенін дәлелдеп, нақты түрде куәлік етеді.

Иә, бір шыбының немесе адамның ағза-мүшелері тіпті, денесіндегі жасушалары және қанындағы ақ-қызыл түйіршіктері керемет дәл мөлшерден, күрделі өлшеммен орналастырылған. Өзара үйлесімді, әрі сәйкес және денедегі басқа ағзалармен ыңғайлы әрі сай. Бұл іске шексіз ілімі жоқ біреудің араласып осылай жасауы әсте мүмкін емес. Міне, дәл осылай барлық жандылар, түрлі жаратылыс зәррелерден бастап Күн системасындағы жұлдыздарға дейін жаппай керемет үйлесімді, жүйелі, әсте ауытқымайтын түзу өлшемді. Бұл шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді. Оған бұлтартпас куәлік етеді. Демек, ілімнің бар екенін көрсететін әрбір дәлел Зат-ы Алим Аллаһтың бар екенінің де дәлелі болып табылады. Өйткені, сипаттың мәвсуфсыз болуы, мүмкін емес, яғни, сипаттың өзі болып, сипаттың иесі болмауы мүмкін емес. Сондықтан, жоғарыда аталған дәлел-айғақтар Алим-и Әзәли Аллаһтың сөзсіз бар екеніне қуатты да бұлтартпас нақты дәлел болып табылады.

Үшінші дәлел: وَالْحِكَمُ الْقَصْدِيَّةُ الْعَٓامَّةُ сөзі, яғни бүкіл әлемде болып жатқан жарату құбылыстарына, өзгеріс, тірілту, белгілі бір міндет жүктеу және міндеттен босату істеріне назар аударсақ әрнәрседе кездейсоқ болуы мүмкін емес әдейілеп, біле тұра жасалған хикметтер, пайдалар, атқарар белгілі бір міндеттер бар екені байқалады. Бұл іске шексіз ілімі жоқ біреудің араласуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес.

— 673 —

Мысалы, сансыз тірі жандылардан бір ғана адамның жүз деген сезім мүшесінен тек бір ғана мүшесі тіл ағзасы кәдуілгі еттен жасалған бола тұра, өте маңызды екі үлкен міндет атқару арқылы жүздеген хикметтерге, нәтижелерге, пайдаларға себеп болуда. Саналуан тағамдардың түрлі дәмін айырып оларды денеге, асқазанға хабар береді. Иләһи рахым қазынасындағы ризық-несібелерді мұқият талдаушы қызметін атқарады. Сонымен қатар, сөйлеу міндетін де атқарады. Яғни, жүректің, рухтың толық тілмәші, тәржімеші қызметін атқарады. Бұл әрине, керемет жарқын әрі нақты түрде шексіз ілімді көрсетеді, соның дәлелі.

Енді, ойлап қара! Бір тілдің өзі қыруар хикметке ұйытқы, түрлі пайда көзі болса, әлемдегі сансыз тілдер, сансыз жанды мақұлықтар, есеп-қисабы жоқ жаратылыс Күндей жарық түрде, Айдай анық дәрежеде шексіз бір ілімнің бар екенін көрсетеді және барлық нәрсе Аллам-ул Ғуюб бір Аллаһтың ілімімен, хикметімен, болатынын, ешнәрсе қалауынан тыс болмайтынын білдіреді.

Төртінші дәлел: وَالْعِنَايَاتُ الْمَخْصُوصَةُ الشَّامِلَةُ яғни, бүкіл тіршілік иелеріне, жалпы саналылар әлеміне әрқайсысына, әр бір түріне жеке жеке арнайы түрде және өзіне ыңғайлы жалқы және жалпы инает-жәрдем жасалып қамқорлық қылынуда, барлығы мейірімділікпен сақталып, қорғалуда. Бұл әрине, анық түрде бәрін қамтып жатқан ілімді көрсетеді және сол қамқорлық жасалғандарды білетін және неге мұқтаж екенін көретін Алим-і Инаеткар Аллаһтың міндетті түрде бар екеніне сансыз куәлік етеді.

ЕСКЕРТУ: Рисалей-Нұрдың қорытыныдысының өзегі болып табылатын арабша мәтіндегі сөздердің түсініктемесіне келер болсақ, олар Құраннан нәр алған Рисалей-Нұрдағы Құрани аяттардың шуақтарынан туындаған ақиқаттарға ишара. Әсіресе, "Ілім", "Ираде", "Құдірет" сипаттарының айғақтарына ишара боп табылады. Ол іліми дәлелдер өте керемет тәпсірленіп жан-жақты түсіндіріледі. Демек, әрқайсысы көптеген аяттардың ишари мағыналарын, нәзік нүктелерін баяндайды. Әйтпесе, бұл жазба әлгі арабша кәлимәлардың тәпсірі және тәржімасы деуге келмейді.

— 674 —

Иә, тақырыбымызға оралайық: Бізді және барлық жан- жануарларды білетін әрі бәрін біле отырып мейірімді түрде қорғап және қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, әркімнің дертін білетін, біле отырып қамқорлық жасап көмектесетін Алим-і Рахим Аллаһ бар екенін көзбен көріп отырмыз. Оның мысалдары көп. Мысалы, Адамның ризығын, дәрі-дәрмегін жалпы қажетті заттарын жалпыжалқы түрде беріп жатқан қамқорлық, бізге анық түрде шексіз ілімді көрсетеді және Рахман-і Рахимнің бар екеніне қанша ризық, қанша дәрі-дәрмек, шикізаттар болса сонша куәлік етеді.

Иә, адамның әсіресе, әлсіздер мен нәресте төлдердің қоректенуі әсіресе асқазанның қазанынан денедегі ризыққа мұқтаж ағзаларға, тіпті жасушаларға, олардың әрқайсысына өзіндік ризық-несібелердің дер кезінде жеткізілуі. Сондай-ақ, таулар дәріхана тәрізді адамға қажетті барлық заттардың қоймасы болуы. Мұндай хикметке толы істер, ауқымды да шексіз ілім арқылы болмақ. Мұндай көрегенді де мейірімді, хикметке толы қамқорлыққа кездейсоқтық, соқыр қуат, меңіреу табиғат, жансыз бейсана себептер және қарапайым, бейпарық қозғалыстағы элементтер әсте, ешбір тұрғыдан араласа алмайды. Сыртқы себептер, әншейін перде ғана. Олар Алим-і Мутлақ Аллаһтың әмірімен, рұқсатымен, ілімімен, хикметіне сай Иләһи құдіреттің асқақ абыройын сақтау үшін перде қызмет атқарып, белгілі бір мақсатқа қолданылуда.

Бесінші және Алтыншы дәлел:
وَالْاَقْضِيَّةُ الْمُنْتَظَمَةُ وَالْاَقْدَارُ الْمُثْمِرَةُ

яғни, әрнәрсенің әсіресе, өсімдіктер мен ағаштардың, хайуанат пен адамдардың пішін-өлшемдері Аллаһтың әзәли ілімінің екі түрі боп саналатын Қаза мен Қадердың яғни тағдырдың ережелеріне сай шебер түрде пішіліп, сосын әрбірі болмысына қарай ыңғайлы жаратылып, керемет киім кидірілген еді, яғни өте тамаша хикметпен сурет-пішіндер беріледі.

Олардың әрқайсысы жеке-жеке және бірлесіп шексіз ілімнің бар екенін көрсетуді және өздері қанша болса, сонша Сани-ы Алим Аллаһқа куәлік етеді.

Иә, мысалы, сансыз мысалдарынан бір тал ағаш пен жеке бір адамды алайық. Әлгі жеміс ағашы және сезімге бай адам баласының болмыс-пішіні ешбір суретші сала алмайтындай дәрежеде, оның

— 675 —

ішкі-сыртқы құрылыстары көзге көрінбейтін құрал-жабдықтармен, өте күрделі ілім дейтін қаламмен шет-шекаралары анықталып, өте жүйелі түрде әрбір ағза-мүшелердің мөлшері белгіліеніп әр нәрсе орны-орнына орналастырылған. Осылай тиімді нәтиже беретіндей әрнәрсе өз қызметін толық атқаруға ыңғайлы жаратылған.

Бұл құбылыс сөзсіз, шексіз іліммен болатындықтан әр нәрсенің әрнәрсемен өзара байланысын біліп, көріп отырған және мына ағаштың немесе адамның бүкіл тегін, ұрпағын, түрін білетін және оны өзінің қаза-қадер сызғыш-қаламымен ішкі-сыртқы өлшемдерін, сурет-пішіндерін хикметпен қалай істелетінін білетін, бәрін әдейілеп жасайтын Сани-і Мусаууир, Алим-і Муқаддир Аллаһтың шексіз ілімі болады, бұл соны көрсетеді және болмысы Уәжиб, міндетті түрде бар бір Аллаһ жаратқанын өсімдік пен хайуандар санына пара-пар сансыз жақпен куәлік етіп дәлелдейді.

Жетінші, Сегізінші дәлел: وَالْاٰجَالُ الْمُعَيَّنَةُ وَالْاَرْزَاقُ الْمُقَنَّنَةُ

Яғни, маңызы зор хикметке байланысты сырт көзге жасырын, белгісіз боп көрінген ажал, негізінде ғайып пердесінің астында Әзәли тағдырдың дәптерінде жазулы, белгілі. Ол ешқашан алғаартқа жылжып өзгермейді. Сондай-ақ, әрбір жандының ризықнесібесі тағдыр таспаларында белгіленіп, жазылып қойылған. Мұны растайтын дәлелдер көп-ақ.

Мысалы, зәулім ағаштың қартайып өлуі және өзінің белгілі мағынада жаны іспеттес дәнегін өз орнына міндетін жалғастыру үшін тастап кетуі Алим-і Хафиз Аллаһтың хикметке толы заңымен жүзеге асады.

Сондай-ақ, нәрестенің ризығы яғни ана сүтінің емшектен келуі, қан мен нәжістің арасынан еш былғанбай, тап-таза аппақ күйінде нәресте төлдердің аузына құйылуы, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Бұл әрине, Рәззақ-ы Алим-і Рахим бір Аллаһтың мейрімге толы ереже-заңымен болып жатқанын нақты көрсетеді. Осы екі шағын мысалға, барлық жандылар мен рух иелерін салыстырып қара!

Демек, ақиқатында әркімнің ажалы да, ризық-несібесі де белгіленіп тағдыр-таспасында жазылып қойылған. Бірақ, маңызды хикмет үшін ажал да, ризық-несібе де белгісіз боп ғайып перделермен жабылып, белгісіз сырт көзге кездейсоқ секілді көрінеді. Егер, ажал белгілі болса, айталық Күннің батуы секілді анық анық, онда адам өмірінің

— 676 —

алғашқы жартысын мүлдем бейқам, ғапыл түрде өткізіп ақыретті ойламай өмірін зая қылар еді. Ал, өмірінің екінші жартысын күн сайын өлім дарағашына қарай жақындап бара жатқан соң үрей басып ажалдың азабы жүз есе артып мазасы қашар еді. Сондықтан, Аллаһтың мейірімімен пенденің өмірде ұшырасатын бәлелер, қиыншылықтар тіпті, дүнияның ажалы қиямет қайым да ғайып пердесімен жабылып, қашан болатыны белгісіз. Ол да Аллаһтың рахымы.

Ал, ризық-несібе болса, ол өмір дейтін нығметтен кейінгі ең қымбат қазына-байлық, ол Аллаһқа шүкір мен мадақтың ұйтқысы, құлшылық пен дұғаның, Жаратқанға жалбарынудың көзі болғандықтан сырт көзге белгісіз, кездейсоқ, себептерге байланысты секілді көрінеді. Оның хикметі, пенде әрдайым Рәззақ-і Кәрім Аллаһқа сыйынып жалынуы және мадақ айтып шүкір ету арқылы ризық-несібесін сұрауы үшін болып табылады. Егер, анық белгілі болса, онда мәнісі жойылуы. Құдайға шүкір етіп, оған қарыздар болу, жалыныпжалбарыну, дұға тілеу, кішірейіп мүләйім түрде құлшылық ету деген нәрселер болмас еді.

Тоғызыншы, Оныншы дәлел:
وَالْاِتِّقَانَاتُ الْمُفَنَّنَةُ وَالْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ

Яғни, әрбір жаратылыс, әсіресе көктем кезіндегі жер жүзін құлпыртып тұрған Аллаһтың жәмалының шуақтарын шағылыстыратын әдемі табиғат, атап айтсақ, гүл-шешектер, жеміс-жидектер әсіресе, жалт-жұлт еткен кішкене құсқа ұқсайтын шыбын-шіркейлер, ұсақ жәндіктердің табиғаты, сурет-пішіні, құрал-жабдықтары таңғажайып шеберлікпен, аса мұқият түрде ғажап өнермен аса мән беріліп, керемет әрі сан-алуан, түрлі-түрлі пішіндерімен, тірі мәшине тәрізді өзінің ұста шеберін көрсетуі еді. Ол бізге шексіз ілімнің бар екенін, егер айтуға болса, өте епті, білгір ілім иесін нақты түрде көрсетеді. Мұндай шеберлік пен өнерге кездейсоқтық пен меңіреу табиғаттың, бейсана себептердің араласуы әсте мүмкін еместігіне куәлік етеді.

وَالْاِهْتِمَامَاتُ الْمُزَيَّنَةُ сөз білдіргеніндей әлгі сұлу жаратылыста керемет безендіру ісі байқалады және әсемдік, тартымдылық, ғажайып өнер көрінеді. Оны Құдірет өзінің шексіз ілімімен жаратады және әр нәрсенің ең әдемі түрін біледі және өнерінің асқан кемелдігін, керемет сұлулығын саналы жандарға көрсеткісі келеді. Себебі, кішкене бір

— 677 —

гүлді және өте ұсақ бір жәндікті тым шебер, аса мән беріп өнермен әшекейлеп көркем жаратады. Осы аса мән беру, керемет безендіру ап-анық түрде барлығын қамтып жатқан шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және әлемде қанша сұлу болса, сонша Сани-і Зүлжәлал Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрде бар екеніне куәлік етеді.

Бес күлли дәлел мен айғақтарды қамтитын он бірінші дәлел:
وَغَايَةُ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقَاتِ فِى السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ وَخَلْقُ الْاَشْيَٓاءِ فِى الْكَثْرَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقِ وَفِى السُّرْعَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّزَانِ الْمُطْلَقِ وَفِى الْوُسْعَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ كَمَالِ حُسْنِ الصَّنْعَةِ وَفِى الْبُعْدَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِتِّفَاقِ الْمُطْلَقِ وَفِى الْخِلْطَةِ الْمُطْلَقَةِ مَعَ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقِ

Бұл дәлел жоғарыда аталған арабша мәтіннің соңындағы дәлелдің өзгеше және әлдеқайда тамаша түрі. Қатты науқастанып тұрғандығымнан, өте қысқа ишарамен баяндалмақ, сонымен қатар бес-алты дәлел қоса түсіндірілмек.

Біріншіден; Жер жүзінде мына оқиғаға куә боламыз; Шеберліктен және толық білуден пайда болатын жеңілдік ақиқаты. Бұл жеңілдік оңайлық ақиқаты толық ілімнен, асқан шеберліктен пайда болады. Мұндай жеңіл әрі оңай түрде пайда болатын ғажайып жанды мақұлықтар жаратылар кезде тіпті, кейбірі бір сәтте дәл өлшеммен, керемет көркем, өзге түрден ерекшеленіп жаратылуда. Бұл әрине, шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және сол шексіз терең ілімнің шеберлігімен жеңіл әрі оңай жаратылуда екенін айғақтайды. Демек, жаратылудағы жеңілдік қанша дәрежеде болса, ілімнің де соншалық кемел болғаны.

Екіншіден: Саны өте көптік. Тіпті сансыз десе болады. Жаратылыс бір-бірімен шатаспай, өте шебер керемет жаратылуда. Бұл шексіз құдіретті көрсетуімен қатар, шексіз ілім бар екенін дәлелдеп Алим уа Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.

— 678 —

Үшіншіден: Жаратылыс өте жылдам әрі тым тез жаратылуымен қатар дәл өлшемді болуы шексіз ілімді дәлелдеп саны қанша болса сонша, Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.

Төртіншіден: Мына ұланғайыр жер жүзіндегі құжынаған жандылардың көлемі ауқымды болуымен қатар әдемі, сұлу, керемет өнермен жаратылуы әлбетте, әсте шатаспайтын, барлығын бірге, бір сәтте көретін әрі бір-біріне кедергі бола алмайтын, бәрін жаппай білетін шексіз ілімді дәлелдеп, өздері Алим-і күллі Шей, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың жаратқандары екендерін әрқайсысы және барлығы жұмыла куәлік етеді.

Бесіншіден: Жаратылыс өзара алыс, бір-бірінен ұзақ бола тұра, мысалы бірі шығыста, бірі батыста, бірі солтүстікте, бірі оңтүстікте бола тұра, бірақ бір уақытта, бір заңмен, бір тәсілмен, өзара ұқсас, дегенмен бір-бірінен өзгеше жаратылуы Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың бүкіл әлемді басқарып тұрған шексіз құдіретімен және барлық нәрсені бүкіл жағдайымен білетін шексіз ілімімен болатындығын көрсете отырып Аллам-ул Ғюубқа яғни барлығын білетін бір Аллаһқа сансыз куәлік етеді.

Алтыншыдан: Жаратылыс өзара аралас-құралас бола тұра ешбірін шатастырмай, араластырмай, әрқайсысын жеке-жеке ерекше және бір-бірінен бөлек өзгеше әрі бір-біріне өте ұқсас әрі шатасып жатса да, мәселен топырақтың астында неше түрлі дәнектерді, сол сияқты құжынаған жандылардың әрбірінің ағзаларын кем не артық қылмай мұғжизалы түрде Қадир-і Мутлақ, Алим-і Мутлақ Аллаһтың жаратуы, оның рубубиятын яғни толық өзі басқарып отырғандығын көрсетеді.

Бұл тақырыбымыз Рисалей-Нұрда жан-жақты баяндалғандықтан соған сілтеме жасап қысқа қайырдық.

Енді, «Хуласат-ул Хуласа» яғни қортындыны қорытындылап «Ираде» сипатына тоқталамыз:

اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَعِلْمًا اِذْ هُوَ الْمُر۪يدُ لِكُلِّ شَيْءٍ مَاشَٓاءَ اللّٰهُ كَانَ وَمَا لَمْ يَشَاْ لَمْ يَكُنْ اِذْ تَنْظ۪يمُ اِيجَادِ الْمَصْنُوعَاتِ ذَاتًا وَصِفَةً وَمَاهِيَّةً وَهُوِيَّةً مِنْ بَيْنِ الْاِمْكَانَاتِ الْغَيْرِ الْمَحْدُودَةِ وَالطُّرُقِ
— 679 —
الْعَق۪يمَةِ وَالْاِحْتِمَالَاتِ الْمُشَوَّشَةِ وَسُيُولِ الْعَنَاصِرِ الْمُتَشَاكِسَةِ وَالْاَمْثَالِ الْمُتَشَابِهَةِ بِهٰذَا النِّظَامِ الْاَدَقِّ الْاَرَقِّ وَتَوْز۪ينُهَا بِهٰذَا الْم۪يزَانِ الْحَسَّاسِ الْجَسَّاسِ وَتَمْي۪يزُهَا بِهٰذِهِ التَّعَيُّنَاتِ الْمُزَيَّنَةِ الْمُنْتَظَمَةِ وَخَلْقُ الْمُخْتَلِفَاتِ الْمُنْتَظَمَاتِ الْحَيَوِيَّةِ مِنَ الْبَس۪يطِ الْجَامِدِ الْمَيِّتِ كَالْاِنْسَانِ بِجِهَازَاتِهِ مِنَ النُّطْفَةِ وَالطَّيْرِ بِجَوَارِحِهِ مِنَ الْبَيْضَةِ وَالشَّجَرَةِ بِاَعْضَائِهَا مِنَ النُّوَاةِ وَالْحَبَّةِ تَدُلُّ عَلٰى اَنَّ كُلَّ شَيْءٍ بِاِرَادَتِهِ تَعَالٰى وَاِخْتِيَارِهِ وَقَصْدِهِ وَمَش۪يئَتِهِ سُبْحَانَهُ كَمَا اَنَّ تَوَافُقَ الْاَشْيَٓاءِ فِى اَسَاسَاتِ الْاَعْضَاءِ النَّوْعِيَّةِ وَالْجِنْسِيَّةِ يَدُلُّ عَلٰى اَنَّ صَانِعَ تِلْكَ الْاَفْرَادِ وَاحِدٌ اَحَدٌ كَذٰلِكَ اَنَّ تَمَايُزَهَا بِالتَّشَخُّصَاتِ الْمُتَمَايِزَاتِ وَالتَّعَيُّنَاتِ الْمُنْتَظَمَةِ يَدُلُّ عَلٰى اَنَّ ذٰلِكَ الصَّانِعَ الْوَاحِدَ الْاَحَدَ فَاعِلٌ مُخْتَارٌ يَفْعَلُ مَا يَشَٓاءُ وَيَحْكُمُ مَا يُر۪يدُ

Бұл мәтін Аллаһтың «Ирадесінің» яғни қалау-еркінің көптеген дәлел-айғақтарын қамтитын күлли яғни жан-жақты әрі үлкен дәлел. Қысқаша тұжырымын ғана тәржімелеп Аллаһтың «ираде», "иқтияр", яғни қалау-еркін нақты дәлелдейтін айғақты баяндаймыз. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған Аллаһтың ілімі жайлы бүкіл дәлелдер айналып келгенде "Ираде" сипатының да дәлелдері болып табылады. Өйткені, әрбір жаратылыста «ілім» мен "ираденің" сәуле-шуақтары қатар көрінеді. Осы арабша мәтіннің қысқаша тұжырымы яғни барлық нәрсе Оның ираде-қалауымен болады, қалаған нәрсесі болады, қаламағаны болмайды. Не қаласа соны жасайды, қаламаса ешнәрсе болмайды. Оған дәлел: Көзімізбен көріп жүрген болмыстың әрқайсысының белгілі өзіндік заты, сипаты, ерекше табиғаты, керемет өзгеше сурет-пішіні бар. Алайда, олардың басқаша болуы мүмкін, сан-алуан ықтимал жолдары бола тұра және шатастырып басқа жаққа бұрып жіберетін көптеген себептері бола тұра, сөйтіп нәтижесіз, түкке жарамсыз боп қалуы мүмкін бола тұра, өзара қарама-қарсы

— 680 —

күштердің арасында және қателестіріп, шатастыратын себептер сондай-ақ, өзара қатты ұқсас хал-жағдайлар бола тұра, болмыс атаулы яғни шебер жаратылған мына нәрселер өте күрделі әрі толық, өте жүйелі әрі тәртіппен дәлме-дәл өлшеммен, керемет реттілікпен әрбір ағзасы, сезім мүшелері орны-орнына орналасуы. Сондай-ақ, ал сыртқы пішіне сұлу бейне беру, ерекше етіп жарату және өзара қарама-қайшы құрал жабдықтарын түгелдей қарапайым, жансыз, меңіреу, өлі заттардан жаратып, өзін тірі жан етіп шебер жарату керемет құбылыс!

Мәселен, адам болмысын сан түрлі мүше ағзаларымен қоса бір тамшы судан және құсты көптеген ағзалармен сан-алуан құрал жабдықтарымен бірге қарапайым жұмыртқадан жаратуы, таңғажайып пішін беруі және сондай-ақ, ағашты бұтақ талдарымен, түрлі ағза-бөлшектерімен бірге, кәдуілгі жансыз көміртегі, азот, сутегі, оттегінен тұратын кіп-кішкене дәнектің ішінен шығаруы, таптұйнақтай әрі тиімді де пайдалы түр-пішін кигізуі әлбетте бұл бізгеоған еш күмән жоқ, шүбәсіз анық түрде-шексіз Ираденің бар екенін дәлелдейді. Әрбір жаратылысқа, ұсақ бөлшектерден өзіндік сурет, арнайы пішін, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың қалау-еркімен әлгіндей өзіндік бейне, керемет жағдай берілуде. Бұл құбылыс жаппай бізге барлығын қамтып жатқан Ираде сипатының үкімі екенін көрсетеді. Осы бір ғана болмыстың осындай шүбәсіз нақты түрдегі көрінісі Аллаһтың ирадесін яғни қалау еркінің хақ екенін дәлелдейді және бізге мынаны көрсетеді:

Бүкіл жаратылыс жан-жақты, сансыз тілде Күндей жарық, Айдай анық түрде барлық нәрсені қамтып жатқан Иләһи Ирадені, яғни Аллаһтың қалау еркін көрсетеді. Саны қанша болса, сонша куәлік етіп Қадир-і Мурид бір Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрдегі болмысына нақты айғақ, бұлтартпас дәлел боп табылады. Сондай-ақ, Аллаһтың шексіз ілімін дәлелдейтін жоғарыда аталған барлық айғақтар айналып келгенде Аллаһтың ирадесін де дәлелдейтін айғақтар болып табылады. Өйткені, екеуі де құдіретпен бірге іс атқарады. Бір-бірінсіз бола алмайды. Әрбір жаратылыстың түрлі тұқымдастары өзара табиғаты, негізгі ағзалары жағынан ұқсас болуы, олардың Жаратушысы біреу, жалғыз, уахид, әхад екенін көрсеткені секілді бет-әлпеттеріндегі, жүздеріндегі хикметпен болған

— 681 —

айырмашылық және өзара өзгешелік, олардың Сани-і Уахид-ә Әхад, Раббысы Файл-ы Мұхтар яғни толық ерікті ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес екенін, әрнәрсені өзінің ирадесімен, қалау-еркімен әдейілеп жарататынын көрсетеді.

Міне, осымен Аллаһтың ирадесі туралы бір ғана күлли дәлелді баяндайтын жоғарыда аталған арабша мәтіннің қысқаша мағынасының тәржімесі тәмам болды. Жалпы, Аллаһтың "ираде" сипаты туралы көптеген маңызды тұжырымдарды жазсам деп ниет еткен едім. Бірақ, бір дерттің кесірінен ойлау қабілетім әлсіреп, шамам қалмағандықтан басқа уақытқа шегерілді.

ҚҰДІРЕТ ТУРАЛЫ АРАБША МӘТІН

اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْقَد۪يرُ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ بِقُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ مُح۪يطَةٍ ضَرُورِيَّةٍ نَاشِئَةٍ لَازِمَةٍ ذَاتِيَّةٍ لِلذَّاتِ الْاَقْدَسِيَّةِ فَمُحَالٌ تَدَاخُلُ ضِدِّهَا فَلَا مَرَاتِبَ ف۪يهَا فَتَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلَيْهَا الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْجُزْءُ وَ الْكُلُّ وَ الْجُزْئِىُّ وَ الْكُلِّىُّ وَ النُّوَاةُ وَ الشَّجَرُ وَ الْعَالَمُ وَ الْاِنْسَانُ بِسِرِّ مُشَاهَدَةِ غَايَةِ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقَاتِ مَعَ السُّهُولَةِ فِى الْكَثْرَةِ وَ السُّرْعَةِ وَ الْخِلْطَةِ الْمُطْلَقَةِ وَ بِسِرِّ النُّورَانِيَّةِ وَ الشَّفَّافِيَّةِ وَ الْمُقَابَلَةِ وَ الْمُوَازَنَةِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِمْتِثَالِ وَ بِسِرِّ اِمْدَادِ الْوَاحِدِيَّةِ وَ يُسْرِ الْوَحْدَةِ وَ تَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ وَ بِسِرِّ الْوُجُوبِ وَ التَّجَرُّدِ وَ مُبَايَنَةِ الْمَاهِيَّةِ وَ بِسِرِّ عَدَمِ التَّقَيُّدِ وَ عَدَمِ التَّحَيُّزِ وَ عَدَمِ التَّجَزّ۪ى وَ بِسِرِّ اِنْقِلَابِ الْعَوَائِقِ وَ الْمَوَانِعِ اِلٰى حُكْمِ الْوَسَٓائِلِ الْمُسَهِّلَاتِ وَ بِسِرِّ اَنَّ الذَّرَّةَ وَ الْجُزْءَ وَ الْجُزْئِىَّ وَ النُّوَاةَ وَ الْاِنْسَانَ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ صَنْعَةً وَ جَزَالَةً مِنَ النَّجْمِ وَ الْكُلِّ
— 682 —
وَ الْكُلِّىِّ وَ الشَّجَرِ وَ الْعَالَمِ فَخَالِقُهَا هُوَ خَالِقُ هٰذِهِ بِالْحَدْسِ الشُّهُودِىِّ وَ بِسِرِّ اَنَّ الْمُحَاطَ وَ الْجُزْئِيَّاتِ كَالْاَمْثِلَةِ الْمَكْتُوبَةِ الْمُصَغَّرَةِ اَوْ كَالنُّقَطِ الْمَحْلُوبَةِ الْمُعَصَّرَةِ فَلَا بُدَّ اَنْ يَكُونَ الْمُح۪يطُ وَ الْكُلِّيَّاتُ ف۪ى قَبْضَةِ خَالِقِ الْمُحَاطِ وَ الْجُزْئِيَّاتِ لِيُدْرِجَ مِثَالَهَا ف۪يهَا بِمَوَاز۪ينِ عِلْمِه۪ اَوْ يُعَصِّرَهَا مِنْهَا بِدَسَات۪يرِ حِكْمَتِه۪ وَ بِسِرِّ كَمَا اَنَّ قُرْاٰنَ الْعِزَّةَ الْمَكْتُوبَ عَلَى الذَّرَّةِ الْمُسَمَّاةِ بِالْجَوْهَرِ الْفَرْدِ بِذَرَّاتِ الْاَث۪يرِ لَيْسَ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ خَارِقِيَّةَ صَنْعَةٍ مِنْ قُرْاٰنِ الْعَظَمَةِ الْمَكْتُوبِ عَلٰى صَح۪يفَةِ السَّمَٓاءِ بِمِدَادِ النُّجُومِ وَ الشُّمُوسِ كَذٰلِكَ اَنَّ وَرْدَ الزُّهْرَةِ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ صَنْعَةً مِنْ دُرِّىِّ نَجْمِ الزُّهْرَةِ وَ لَا النَّمْلَةُ مِنَ الْف۪يلَةِ وَ لَا الْمِكْرُوبُ مِنَ الْكَرْكَدَانِ وَ لَا النَّحْلَةُ مِنَ النَّخْلَةِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ فَكَمَٓا اَنَّ غَايَةَ كَمَالِ السُّرْعَةِ وَ السُّهُولَةِ ف۪ى ا۪يجَادِ الْاَشْيَٓاءِ اَوْقَعَتْ اَهْلَ الضَّلَالَةِ ف۪ى اِلْتِبَاسِ التَّشْك۪يلِ بِالتَّشَكُّلِ الْمُسْتَلْزِمِ لِمُحَالَاتٍ غَيْرِ مَحْدُودَةٍ تَمُجُّهَا الْاَوْهَامُ كَذٰلِكَ اَثْبَتَتْ لِاَهْلِ الْهِدَايَةِ تَسَاوِىَ النُّجُومِ مَعَ الذَّرَّاتِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ جَلَّ جَلَالُهُ وَ لَٓا اِلٰهَ ِالَّا هُوَ اللّٰهُ اَكْبَرُ

Енді, Ұлы құдірет туралы мына арабша мәтіннің қысқаша тұжырымдамасының белгілі бір мағынада тәржімесі жазылмақ. Бірақ, бұдан бұрын көкейге келген бір ақиқатты баяндауды жөн көрдім. Ақиқат мынау: Бір құдіреттің бар екені, әлемнің бар екенінен әлдеқайда анық әрі нақты. Тіпті, күллі жаратылыс әрқайсысы жеке, жалпы түрде сол құдіреттің жаратқандары. Олар сөйлейтін дене түріндегі кәлима-сөздер ретінде құдіреттің бар екенін айнеляқин көрсетеді.

— 683 —

Құдірет сипатының иеленушісін яғни сол сипатпен сипатталушы Қадир-і Мутлақ Аллаһтың, бар екеніне жаратылыстың бәрі сансыз тілмен куәлік етеді. Ендеше, тағы айғақтар келтіріп сол құдіреттің бар екенін дәлелдеуге қажеттілік жоқ. Олай болса, иманның тұғыры және қайта тірілудің мықты негізі және көптеген имани уә Құрани ақиқаттардың қайнар бұлағы болған

﴿ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ﴾

аяты білдірген және бүкіл ақылдар ойланып өресі жетпеген, таңқала да таңдана, тіпті кейбірі миы жетпеген соң жоққа шығаруға дейін барған осы Құдірет сипатына қатысты терең ақиқатты дәлелдеген дұрыс болар.

Ол негіз, ол қайнар бұлақ, ол мәселе, ол ақиқат не десеңіздер, ол жоғарыдағы аяттың тұжырымы. Яғни, «Уа, жындар мен адамдар! Сендерді жаппай қайта жарату, махшар күні бір жерге жинау бір түйір жанның жаратылуы секілді құдіретіме оңай!» Көктемді, бір тал гүл тәрізді оңай жаратамын. Ол құдіреттің алдында, «джүзикүлли», аз-көп, үлкен-кіші бәрі бірдей ешқандай айырмашылығы жоқ. Жұлдыздарды ең ұсақ бөлшектер тәрізді жеп-жеңіл шыр айналдырады.

Міне, арабша мәтін, осы орасан зор терең мәселені «тоғыз баспалдақ» арқылы бұлтартпас бірғана айғағын баяндайды. Біз қазір оның қысқаша бір ғана тұжырымын айтып, мәселенің негізіне ишара қыламыз:

اِذْ هُوَ الْقَد۪يرُ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ بِقُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ مُح۪يطَةٍ ضَرُورِيَّةٍ نَاشِئَةٍ لَازِمَةٍ ذَاتِيَّةٍ لِلذَّاتِ الْاَقْدَسِيَّةِ فَمُحَالٌ تَدَاخُلُ ضِدِّهَا فَلَا مَرَاتِبَ ف۪يهَا فَتَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلَيْهَا الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْجُزْءُ وَ الْكُلُّ وَ الْجُزْئِىُّ وَ الْكُلِّىُّ وَ النُّوَاةُ وَ الشَّجَرُ وَ الْعَالَمُ وَ الْاِنْسَانُ

Яғни, барлығынан үстем бір құдірет бар. Ол құдірет барлық нәрсені қамтып жатыр. Ол, (Құдірет) Зат-ы Ужуб-ул Ужуд Аллаһқа «лузум-ы зати» және мантық (логика) ілімнің тілімен айтар болсақ ләзім, уәжіп яғни шарт. Ол сипаттың яғни құдіреттің өзінен ажырауы, бөлінуі

— 684 —

мүмкін емес. Мұндай, ажырауы мүмкін емес тұтас бір құдіреттің бар екені рас, олай болса әлбетте, оның терісі болған әлсіздік ешбір тұрғыдан Оған жақындай алмайды, жанаса алмайды, Зат-и Қадир Аллаһқа жолай алмайды.

Бір нәрсенің дәрежесі болуының себебі, оған өзіне теріс нәрсенің кері әсерінен пайда болады. Мәселен, жылудың дәрежесінің болу себебі ішіне суықтың кіруі, оның әсерінен болады. Сұлулықтың да әртүрлі деңгейде болуы ұсқынсыз, нашар нәрселердің жанасуынан болады. Ал, Зат-ы Құдіретке өзіне теріс кері нәрсенің, яғни әлсіздіктің жанасуы әсте мүмкін емес. Олай болса, сөзсіз түрде Мутлақ Иләһи Құдіреттің дәрежесі болмайды. Сонымен, Иләһи құдіреттің дәрежесі болмайтыны белгілі болды, әлбетте ол құдіреттің алдында жұлдыздар, молекула, атомдар бірдей, «джүзі-күллі», жалқы-жалпы, аз-көп әлгіндей құдірет үшін парқы жоқ. Бір түйір дәнді, немесе бір ағашты, бүкіл әлемді, адамзатты, немесе бір жанды махшар күні жарату және барлық тіршілік иесін қайта тірілту, ол құдіретке еш айырмашылығы жоқ. Бұл ақиқат. Оған нақты дәлел - жаратылыста көзбен көріп жүрген мына керемет өнер, тәртіп, жүйе, өлшем, ерекшелік, өзгешелік, саны көптік әрі өте жылдам жаратылу және тез жаратылып жатса да өте жеңіл әрі тым оңай болуы. Бірінші баспалдақ болған мына мәтіннің:

بِسِرِّ مُشَاهَدَةِ غَايَةِ كَمَالِ الْاِنْتِظَامِ الْاِتِّزَانِ الْاِمْتِيَازِ الْاِتِّقَانِ الْمُطْلَقَاتِ مَعَ السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ فِى الْكَثْرَةِ وَ السُّرْعَةِ وَ الْخِلْطَةِ

қысқаша тұжырымы жоғарыда айтылған ақиқат.

Екінші баспалдақ болған мына мәтіннің.

وَ بِسِرِّ النُّورَانِيَّةِ وَ الشَّفَّافِيَّةِ وَ الْمُقَابَلَةِ وَ الْمُوَازَنَةِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِمْتِثَالِ

түсініктемесі мен баянын Оныншы Сөздің соңына және Жиырма Тоғызыншы Сөзге және Жиырмасыншы Мектубқа сілтеп қысқаша ишара етеміз:

Иә, қалайша, «Нұраният» сырымен Күн сәулесі, яғни оның шағылысы Құдайдың құдіретімен теңіз бетіне, жалпы барлық мөлдір нәрселерге түсуі бір түйір шыны сынығына түсу секілді бірдей, ешқандай айырмашылығы жоқ, оп-оңай. Дәл сол секілді, Зат-ы Нұр-ул Әнуар Аллаһтың нұрани құдіретіне аспандарды, жұлдыздарды жарату

— 685 —

және оларды қозғалысқа келтіріп шыр айналдыру, шыбындарды, зәрре бөлшектер мен атом-молекулаларды жарату, шыр айналдыру тәрізді оңай, еш қиындығы жоқ.

Енді, мөлдірлік те сондай. Кіп-кішкене айнада және көздің қарашығында Құдайдың құдіретімен Күннің сәулесі, жарығы, суреті түгел сиып көрінеді. Сондай-ақ, барлық жылтырақ, мөлдір нәрселерге, тамшыларға, жылтырақ бөлшектерге, теңіздің жүзіне Күннің шағылысы, жарық-сәулесі оп-оңай түсіп анық көрінеді. Дәл сол секілді, жаратылыстың "мәләкутият", "махият" деп аталатын ішкі жағы, мәнісі мөлдір, жарқын, пәк болғандықтан Аллаһтың Мутлақ құдіретінің әсері, оның шағын сәулесі бір түйір жанның жаратылуында қалай өзін көрсетсе, дәл солай жеңіл түрде бүкіл тірі жанды жаратып толық көрінеді. Оған аз-көп, үлкен-кіші еш айырмасы жоқ.

Сондай-ақ, алып тауларды тартатын үлкен, өте дәл өлшейтін нәзік бір таразының екі басына екеуі бірдей жаңғақ қойса, сосын тепе-теңдігін бұзатын бір басына кіп-кішкене бір түйір дән қойылса таразының бір басы таудың төбесіне қарай, бір басы терең сайға қарай дереу түсіп кететіні қаншалықты оңай болса, дәл сондай оңайлықта, екі жаңғақтың орнына екі бірдей тауды таразының екі басына қойылса, сосын бір жағына бір түйір жаңғақ қойылса, бір тауды солайымен көкке көтеріп, бір тауды сайға төмен түсіріп жібереді.

Дәл сол секілді, «Кәлам» ілімінің термині бойынша, «Имкан мүсауи-үт тарафәйн» боп табылады яғни болмысы уәжиб емес, яғни болуы шарт емес мүмкін нәрселер және болып. Болмауы егер бір себеп болмаса, бірдей еш айырмасы жоқ. Нәрселердің әлгі мәселеде аз бен көптің, үлкен мен кішінің еш айырмашылығы жоқ, барлығы бірдей. Міне, жаратылыс (дүние) болып-болмауы мүмкін топқа жатады. Мұны «имкан» дейді. Имкан шеңберінде заттардың болуы екі талай яки болмауы бірдей, өзара тең, еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, Ужуб-ул Ужуд Аллаһтың шексіз әзәли құдіреті бір түйір мүмкін нәрсені жаратуы қаншалықты оңай болса, бүкіл мүмкін нәрселерді жоқтан бар қылуы, жаратуы, болмысқа ие қылуы дәл солай оңай. Ол құдірет, әр затқа өзіне лайық болмыс кигізеді. Сосын, әлгі зат өз міндетін атқарып болған соң болмыс киімін шешеді де, кейін салыстырмалы түрдегі жоқтыққа, негізінде өзінің ілім шеңбердегі

— 686 —

мағынауи болмысқа ие болады яғни, болмысын сақтап қалады. Демек, жаратылысты Қадир-и Мутлақ Аллаһ жаратты деген кезде көктемнің жаратылуы бір тал гүл секілді, бүкіл адамдардың махшарда қайта тірілуі бір тұлғаның жаратылуы секілді оңай. Ал, себептерге телінсе, бір тал гүл көктемнің жаратылуы секілді, бір түйір шыбын бүкіл хайуандардың тірілуі секілді мүшкіл, қиын болады.

Енді, «интизам» сыры. Алып кеме немесе бір үлкен ұшақты бір түймені басу арқылы қозғалысқа ендіру, бір сағатты кілтпен бұрап жұмыс істеу оңай әрі жеңіл. Дәл сол секілді, Әзәли ілімнің ереже заңдары бойынша, және Сәрмади хикметтің заңдарына сәйкес, сондайақ Раббани ираденің яғни қалаудың күлли талаптары бойынша әрбір нәрсеге жалпы болсын жалқы болсын, үлкенді-кіші, азғантай яки көп, көзге көрінбейтін аз-көп мағынауи қалып, пішін өзіндік мөлшер, белгілі бір шек қойылған. Сондықтан, олар толық тәртіп пен жүйеге яғни Аллаһтың ілім мен «ираде» заңына толық бағынады. Ендеше, әлбетте Қадир-и Мутлақ өзінің шексіз құдіретімен Күн системасын айналдыруы денедегі қанды, ондағы ақ, қызыл түйіршіктерді, ондағы зәрре бөлшектерді жүйелі де хикметпен айналдыруы секілді оңай әрі жеңіл болмақ. Ол құдірет, бір адамды әлемдегі жүйелі де керемет бейнеде, таңғажайып құрал-жабдықтарымен бірге бір тамшы судан әп-сәтте еш қиындықсыз оңай жаратады. Демек, болмыс атаулыны Әзәли, шексіз құдірет жаратты деген кезде, ол Құдретке бүкіл әлемді жарату бір адамды жарату секілді оңай әрі жеңіл болады. Егер, Оның жаратқанын жоққа шығарып қабылдамаса, бір адамды бүкіл ғажап сезім мүшелерімен, құрал-жабдықтармен жарату бүкіл ғалам жарату секілді мүшкіл, зор қиын.

Енді, «итағат» сырын, «имтисал» яғни мойынсұну, бағыну, әмір тыңдау мәселесі. Бір қолбасшы "Алға!" әмірімен бір жауынгерді шабуылға айдағаны секілді, дәл сол әмірмен үлкен бір армияны опоңай шабуылға айдайды. Дәл сол секілді, Аллаһтың "ираде" заңына мүлтіксіз бағынатын және Раббани жаратылыс заңдарына тіпті, ұшқындарына тілалғыш тәртіпті әскер, құл секілді тіпті, олардан мың есе бағынышты болмыс атаулы әсіресе, жандылардың біреуіне «Қане! Жоқтықтан шық! Бар бол, белгілі өз міндетіңді атқар!» деген Раббани әмірді алғанда және Иләһи ілім жазған және «ираде» белгілеген және құдірет, өзіндік дене жаратып болмысқа шығаруы қаншалықты оңай жүзеге асып жатыр десеңізші! Көктемде жандылар

— 687 —

армиясын дәл солай құдірет жаратып, әрқайсысына өзіндік міндет береді. Демек, барлық нәрсе Иләһи құдіретпен болады деген кезде, бүкіл зәррелер, молекула атомдар армиясы, жұлдыздар тобы, бір түйір зәрренің жаратылуы секілді оңай жүзеге асады. Егер бұл іс себептерге жүктелсе, бір жәндіктің көзіндегі және миындағы бір зәрренің таңғажайып қызметтер атқаратындай өте қабілетті жаратылуы бүкіл жандылар армиясын жарату секілді мүшкіл, тым қиын болар еді.

Үшінші баспалдақ:
وَبِسِرِّ اِمْدَادِ الْوَاحِدِيَّةِ وَ يُسْرِ الْوَحْدَةِ وَ تَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ

Мұның қысқа тұжырымына алыстан ишарамен қарауға тырысайық. Яғни, қалайша, бір патша немесе ұлы қолбасшы билігінің тұтастығы жағымен және бүкіл халқы тек өзіне бағынып әрекет ететіндіктен әлгі патша алып мемлекетті, құжынаған халқын бір ауылды басқарғандай оңай басқарады. Өйткені, үкімет біреу болғандықтан халықтың ішіндегілер дәл әскердің жауынгерлері секілді жағдайды жеңілдетіп әмірді орындату, басқару оңайға соғады.

Ал егер әртүрлі үкіметтерге жүктелсе ел, аласапыран, астан-кестең болып қана қоймай бір ауылды тіпті, бір үйді басқару бір елді басқару секілді өте мүшкіл қиын болар еді. Сондай-ақ, әлгі тіл алғыш халық бірдей болғандықтан әрбір азамат жауынгер секілді қолбасшысының күш-қуатына және қару-жарақ, дәрі-дәрмек қоймасына сеніп зор күшке ие болып, бір шахты жеке өзі тұтқындай алады. Өзінің қуатынан мың есе артық іс атқаратын болады. Егер, мұндай байланыс болмаса, әлгіндей күш-қуаттан айырылады. Енді, тек білегіндегі азғана қуатпен, беліндегі қару-жарақ шамасындай, асынған мылтығының дәрежесіне қарай іс атқарады. Егер, әлгі патшаға сенетін жауынгердің ісін одан талап етсе, онда білегінде бір армияның күш қуаты, белінде патшаның қару-жарақ қоймасы болуы керек.

Дәл сол секілді, Әзәл мен Әбәд Сұлтаны Сани-ы Қадир өзінің Иләһи билік-салтанаты ерекше дара, әкімшілігі толық, әрі кемел болғандықтан ғаламды бір қала секілді оңай басқарады. Көктемді бір бау-бақшадай жеңіл жаратады. Махшар күні барлық өлгендерді тірілту бау-бақшалардағы ағаштардың жапырақтарын, гүл-шешектеріне, жемістерін келесі көктемде қайта жаратқаны секілді оңай тіріледі. Бір түйір шыбынды оп-оңай самұрық құсы секілді күрделі түрде жаратады. Бір түйір адамды оп-оңай кішкене әлем бейнесінде жарата алады.

— 688 —

Егер, себептерге жүктелсе, бір түйір микроб мың мүйіз тұмсық секілді, қиын және бір түйір жеміс үлкен ағаштай қиындық туғызады. Тіпті, тірі организмдегі керемет қызмет ететін әрбір ұсақ бөлшектің барлық нәрсені көретін көзі, барлығын білетін ілімі болуы керек болады. Сонда ғана мына аса күрделі керемет тіршілік жалғасын тауып, тірі организм өз міндетін атқармақ, бұл әрине ақылға сыйымсыз.

Сондай-ақ, Уахдетте яғни бірлікте, барлығын бір жерден басқаруда жеңілдік, оңайлық өте керемет дәрежеде болады. Мысалға, бір армияны қамтамасыз ету бір жерден жүргізілсе яки бір мекемеге жүктелсе бір жауынгердің қамтамасыз етілуі секілі оңай болмақ. Егер әр жерге, әр түрлі мекемелерге, әр түрлі фабрикаға жүктеліп бөлекбөлек тапсырылса бір жауынгердің қамтамасыз етілуі сан жағынан да көбейіп мың есе қиындық туғызар еді. Әрі, ол іске бірнеше бастық, бірнеше қолбасшы араласқандықтан мың қамтамасыз ету секілді мүшкіл қиын болар еді.

Әрі мың жауынгерді басқару, оларды тәртіпке келтіру бір офицерге тапсырылса, бір мағынада бір солдатты басқару секілді оңай ал, оларды он қолбасшыға немесе өздері секілді жауынгерлерге тапсырса тәртіп астан-кестең, бұзылып шым-шытырық қиындық туар еді.

Дәл осы мысалдар секілді, барлық нәрсе, Уахид-і Әхад бір Аллаһқа тапсырылса бір зат секілді оңай, егер себептерге жүктелсе бір жәндіктің басқарылуы бүкіл дүнияны басқару секілді мүшкіл, қиын болар еді. Сонымен, Уахданиет болғанда яғни бәрін біреу басқаратын болса жеңілдік ең жоғарғы деңгейде, тіпті міндетті түрде шарт дәрежесіне жетеді. Ал егер көп күштер араласса қиындық көбейіп, мүмкін еместік абсурд деңгейге жетеді. Рисалей-Нұрдың "Мектубат" кітабында айтылғандай, егер Күн мен Түннің ауысуын яки жұлдыздардың қозғалысын, жыл мезгілдері күз, қыс, көктем мен жаз секілді құбылыстарды бір басқарушыға, бір құдіретке тапсырса, Ұлы ағзам Басшы, Ұлы Құдірет бір жауынгер секілді жер шарына: «Тұр! Айнал! Жүр!» деп, әмір бергенде жер сол ілтипатты әмірді қабыл алысымен қуанғаннан құлшынып шыр айнала жөнеледі де екі түрлі қозғалысымен тәулік пен жылдық құбылыстарға, аспандағы түрлі қозғалыстарға оңай ұйтқы, болып, осылайша «уахдетте» жеңілдік болатынын көрсетеді. Ал, бір басқарушыға емес, себептерге

— 689 —

не жұлдыздардың өздері не жүктеліп өздері жасап жатыр десе, сөйтіп жер шарына: «Сен тоқта! Тұр!» десе, ол кезде жер шарынан мыңдаған есе үлкен, мыңдаған алып жұлдыздар, күндер, аспан денелері әр түні, әр жылда миллиондаған, миллиярдтаған жылдық қашықты жүріп жыл мезгілі, күн мен түннің ауысуы секілді алып құбылыстарды өздері жасауы керек болады. Бұл әрине, мүмкін емес, мүлдем қисынсыз, абсурд, өте мүшкіл ұғым.

ҮШІНШІ БАСПАЛДАҚТАҒЫ: وَتَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ Бұл сөз өте терең де зор, әрі күрделі де ауқымды ақиқатты меңзейді. Оны түсіндіріп, дәлелдеуді Риселей-Нұрға сілтеп, өте қысқа бір тәмсілмен, бір ғана нүктемен баяндауға тырысамыз. Иә, қалайша, көктегі Күн өзінің жарығымен жер бетін түгелдей жарықтандыруы «Уахидяттың» үлгісі ретінде сондай-ақ, айна іспеттес жылтырақ нәрселер де Күнге жеке-жеке шағылысып, оның жеті түсін, пішінін, сәулесін, затының суретін көрсетуі, «Әхадияттың» үлгі-мысалы деуге болады.

Егер, Күннің ілімі, құдіреті, еркі болса және оны шағылыстырып тұрған шыны әйнектердің, көпіршіктердің, су тамшыларының өзіндік бір қабілеті бар деп қарайтын болсақ онда "Иләһи ираденің" заңы бойынша әрбір айнашықтың ішінен Күн өзінің суретімен, сипаттарымен табылып, бір сәтте басқа барлық жерлерде болып және жан-жақта өзінің толық өзінің әсерімен Раббани құдіреттің қалауы бойынша үлкен ауқымды құбылысарға ие болып, осылайша әхадияттағы керемет жеңілдікті, оңайлықты көрсетер еді. Дәл сол секілді, Сани-ы Зүлжәлал Аллаһ «уахидият» сырымен, болмыс атаулыны жаппай өзінің «ілім», "ираде", "құдірет" сипаттарымен қамтып, барлық жерде әзір, нәзір екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Әхадият сырымен әрбір нәрсенің жанында, әсіресе, тірі жандылардың қасынан өзінің есім-сипаттарымен бірге табылады. Сөйтіп, оп-оңай бір сәтте шыбынды самұрық құсы тәрізді күрделі табиғатымен бірге немесе бір адамды шағын бір әлем бейнесінде жаратады. Тіріжанның барлығын керемет шебер жарататыны сонша, егер бүкіл себептер жиналса барлығы бірігіп бір бұлбұлды, бір шыбынды жасай алмас еді. Бір бұлбұлды жаратқан құдірет бүкіл құстарды жаратқан болуы керек. Бір адамды жаратқанның, бүкіл әлемді жаратқан құдірет болуы тиіс.

— 690 —
ТӨРТІНШІ ЖӘНЕ БЕСІНШІ БАСПАЛДАҚ:
وَ بِسِرِّ الْوُجُوبِ وَ التَّجَرُّدِ وَ مُبَايَنَةِ الْمَاهِيَّةِ وَ بِسِرِّ عَدَمِ التَّقَيُّدِ وَ عَدَمِ التَّحَيُّزِ وَ عَدَمِ التَّجَزّ۪ى

Осы екі баспалдақтың ақиқатын жалпыға түсіндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, тек бір-екі нүктесін қысқаша баяндап, жәй шолып өтеміз. Жалпы болмыстың көптеген дәрежелері бар. Соның ең қуаттысы, ең мықтысы «ужуб» дәрежесіндегідей болмас. Енді, өзі ужуб және болмысы әзәли уә әбәди иесі және материядан аулақ және пәк, болмысы ешнәрсеге ұқсамайтын, муқаддес Қадир-и Мутлақ Аллаһтың құдіретіне алып жұлдыздар ең ұсақ бөлшек зәррелер секілді жеңіл, ал хашир яғни қайта тірілу, бір көктем секілді оңай, Оған махшар күні бүкіл адамзатты тірілту бір адамды тірілту сияқты оңай. Өйткені, болмыстың ең қуаттысы ол мейлі кішкентай болса да, өзінен төмен дәрежедегі болмыстың таудай үлкенін көтеріп ойнатып жібереді.

Мәселен, қуатты сыртқы денесі бар кішкене болмыс яғни кәдуілгі айна немесе есте сақтау қабілеті өзінен төмен айна немесе жеңіл болмысты жады, ол әлсіз яғни мысали әрі мағынауи жүз тауды және мың кітапты жұтып қояды, толық қамтиды орнынан ойната алады.

Міне, болмысы мысали болған нәрселер, болмысы "хариджи" яғни сыртқы заттық денесі бар болмыстан қаншалықты төмен болса да, жаратылыстың яғни мүмкинат әлеміндегі болуы да болмауы да мүмкін әрі кейін пайда болған болмыс, әзәли және мәңгі, әрі уәжіп болмыстың алдында мың есе әлсіз шексіз дәреже жеңіл болмақ. Мұндай муқаддес болмыс аз ғана әсер ету арқылы мүмкинат әлемінің бір әлемін толығымен қозғалысқа ендіріп, шыр айналдырады деген сөз.

Өкінішке орай, маған у ішкізгендіктен науқастанып және басқа себептерге байланысты осы терең ақиқатты тұжырымдауды РисалейНұрға сілтеп, басқа уақытқа қалды.

АЛТЫНЫШЫ БАСПАЛДАҚ:
وَ بِسِرِّ اِنْقِلَابِ الْعَوَائِقِ وَ الْمَوَانِعِ اِلٰى حُكْمِ الْوَسَٓائِلِ الْمُسَهِّلَاتِ
— 691 —

Яғни, қалайша, пәннің атауы бойынша уқдей-і хаят деп аталатын, Аллаһтың қалау-еркі, күш-құдіретінің бір сәулесі, жарату заңдары үлкен ағаштың бейсана тал бұтақтары оның жемісіне, жапырағына, гүлдеріне баруы тиіс қажетті заттарды, ризықтарын тасуға келгенде еш кедергі, тосқауылтуғызбайды керісінше олар тез әрі оңай таралуына себеп болады. Дәл сол секілді, әлем жалпы жаратылыстағы барлық кедергі секілді себептер, Аллаһтың қалауымен Оның Раббани әмірі келгенде кедергі болмақ түгілі, жеңілдікке, оңай жүзеге асуына ұйтқы, себеп болатындықтан Құдайдың құдіреті әлемді және жердегі түрлі жаратылысты бір түп ағашты жаратқандай жеңіл, тым оңай жаратады. Оған ешнәрсе ауыр емес әсте кедергі туғызбайды, еш қиын емес. Ал, егер жарату істерін Иләһи құдіреттен деп білмесе, бір түп ағаштың жаратылып, басқарылуы бүкіл ағаштардың тіпті, жер шарының жаратылып, басқарылуы секілді мүшкіл, мүлдем қиын. Өйткені, әрбір нәрсе кедергі туғызып, бәрі тосқауыл болар еді. Ол кезде, бүкіл себептер жиналып, ағаштың «уқдей-і хаятынан» яғни Аллаһтың әмір мен қалауының орталығы, қозғалтқыш нүктесінен жүйелі түрде, жемісіне, жапырағына, сабағына жөнелтіліп жатқан қажетті азықтар, қоректік заттар жөнелтілмей тоқтап қалар еді. Әлгі қоректік заттардың тоқтамай жөнелтілуі үшін ағаштағы әрбір бөлшектің тіпті, әрбір зәрренің жаппай көретін көзі, бәрін білетін ілімі, шексіз құдіреті болуы керек. Бұл мүмкін емес. Сонымен, осы аталған бес баспалдақты басып жоғары шық! Күпірлік пен ширкте қаншалықты мүшкіл, түсініксіз нәрселер, тіпті ақылға сиымсыз мүмкін емес жәйттар болатынын, ал иманда, Құран жолында керемет жеңіл әрі ақылға қонымды, әрі солай болуы қажетті ақиқат бар екенін көр, түсін! اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نِعْمَةِ الْا۪يمَانِ деп айт!

Мендегі мазасыздық, қиналыс осы аса маңызды баспалдақтың кейбір тұстарын баяндауды кейінгі қалдырды.

ЖЕТІНШІ БАСПАЛДАҚ:
وَ بِسِرِّ اَنَّ الذَّرَّةَ وَ الْجُزْءَ وَ الْجُزْئِىَّ وَ النُّوَاةَ وَ الْاِنْسَانَ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ صَنْعَةً وَ جَزَالَةً مِنَ النَّجْمِ وَ الْكُلِّ وَ الْكُلِّىِّ وَ الشَّجَرِ وَ الْعَالَمِ

Ескерту: Бұл тоғыз баспалдақтың ақиқаттарының негізі, қайнар бұлағы және жарық қылып тұрған Күні, Ықылас сүресіндегі

— 692 —

قُلْ هُوَ اللّٰهُ اَحَدٌ ٭ اَللّٰهُ الصَّمَدُ аяттары болып табылады. Бұл ақиқаттар Әхадият пен Сәмадият сырларының шуақтарынан төгілген нұрлар болып саналады, сол туралы баяндайды, соларға ишара. Осы Жетінші баспалдақтың қысқаша мағынасына бір-екі тұжырым арқылы қысқаша шолу жасап, егжей-тежейлі баяндауды Рисалей-Нұрға тапсырамыз.

Яғни, көздегі немесе мидағы керемет қызмет атқаратын бір зәрре жұлдыздан кем емес. Қандай да бір заттың бөлшегі сол заттың тұтас өзінен асып түспесе кем түспейді. Мысалы, ми мен көз жалпы адамның болмысынан немесе кішкене бөлшек сол өзі орналасқан нәрседен өнер жағынан, керемет таңғажайып, ол жаратылысы тұрғысынан алғанда кем түспейді. Бір адам ғажайып сезім мүшелері тұрғысынан барлық хайуан жынысынан асып түспесе кем емес. Және бір кітаптың мазмұны немесе бағдарламасы немесе ес-жады іспеттес дән керемет шебер жаратылысы тұрығысынан және көп нәрсені қамту жағынан зәулім ағаштан кем емес. Бір өзі шағын әлемге ұқсайтын бір адам, кәміл табиғатымен, күрделі сезім мүшелері мен бай құралжабдықтарымен мыңдаған ғажайып міндет атқару тұрғысынан бүкіл әлемнен кем емес.

Демек, бір түйір зәррені жаратқан Құдіретке жұлдызды жарату түк емес. Бір ғана ағзаны яғни тілді жаратқанға әлбетте, адамды жарату оп-оңай. Бір ғана адамды осындай кәміл етіп жаратқан Құдірет, сөзсіз бүкіл жан-жануарларды оп-оңай жарата алады, әрі көз алдымызда жаратуда. Дән, тұқымдарды мазмұнды түрде немесе тіршіліктің өзегі және заңдардың жиынтығы ретінде жаратқан құдірет, әлбетте, бүкіл ағаштарды жарата алады. Сондай-ақ, әлемнің белгілі мағынада мағынауи тұқымы әрі аса күрделі де мазмұнды жемісі болып табылатын адамды жаратып, барлық Иләһи көркем есімдерге айна әрі оны бүкіл әлеммен байланысты етіп, жер шарының халифасы бейнесінде Жаратқан, құдірет әлбетте оған еш күмән жоқ шексіз құдірет Иесі. Ол құдірет алып ғаламды бір адамның жаратылуы секілді жеңіл, әрі оңай жаратып, реттеп, жүйеге келтіреді. Олай болса, бір зәрренің немесе бір бөлшектің немесе дән тұқымның немесе бір түйір адамның жаратушысы, Раббысы, шебер Ұстасы кім болса, әлбетте оған шәк жоқ, жұлдыздардың Раббысы, адамзаттың, бүкіл ағаштардың, күллі әлемнің жаратушысы, Шебер Иесі де дәл Сол. Басқа біреуі болуы әсте мүмкін емес!

— 693 —
СЕГІЗІНШІ БАСПАЛДАҚ:
وَبِسِرِّ اَنَّ الْمُحَاطَ وَ الْجُزْئِيَّاتِ كَالْاَمْثِلَةِ الْمَكْتُوبَةِ الْمُصَغَّرَةِ اَوْ كَالنُّقَطِ الْمَحْلُوبَةِ الْمُعَصَّرَةِ فَلَا بُدَّ اَنْ يَكُونَ الْمُح۪يطُ وَ الْكُلِّيَّاتُ ف۪ى قَبْضَةِ خَالِقِ الْمُحَاطِ وَ الْجُزْئِيَّاتِ لِيُدْرِجَ مِثَالَهَا ف۪يهَا بِمَوَاز۪ينِ عِلْمِه۪ٓ اَوْ يُعَصِّرَهَا مِنْهَا بِدَسَات۪يرِ حِكْمَتِهِ

Яғни, ортада орналасқан «жүзият» яғни жан-жақты қамтылған ұсақ бөлшектер сондай-ақ «күлл» мен "күллияттың" ішіне орналасқан яғни тұтас нәрселердің ішіндегі жеке өзіндік заттар, дән-тұқымдар, өздерін қоршап, қамтып тұрған үлкен нәрселермен салыстырғанда олар әлгі үлкен нәрселердің үлгі-мысалдары тәрізді, өте ұсақ әріппен кішкене тар жерге жазылған бірақ, дәл күлл, "күллият" сияқты яғни өзі шектеулі, ұсақ бөлшек секілді көрінгенімен негізінде шексіз әрі тұтас бір зат болып саналады. Олай болса, барлығын қамтып жатқан «күллият» яғни шексіз әлгі «жүзияттың» яғни шектеулі бір бөлшектің Жаратушысының қолында, оның толық иелігінде. Демек, ол құдірет өз ілімінің ережесімен, көзге көрінбейтін қаламымен әлгі үлкен мазмұнды кітапты анау кіп-кішкене ұсақ жерлерге, тақталарға сиғызып жазып, қойған.

Сондай-ақ, қамтылған бөлшектер, ұсақ нәрселер өздерін қамтып тұрған нәрселермен өзара тығыз байланыста, бейне бір айналасынан сауылып алынған сүт тамшылары секілді немесе сүзбе яки біреу барлығын сығып осы нәрселерді жаратқандай. Мысалы, қауынның дәндері барлық қауындардан сауылып алынған бір тамшы немесе ол бір кітапты толық қамтитын мазмұны тәрізді. Олай болса, әлбетте әлгі «жүзият», яғни дән-дәнектер тамшылар, нүктелер, жеке тұлғалар, ұсақ бөлшектер де және оларды қамтып жатқан «күлли», "күллият" тұтас нәрселер бәрі бәрі Жаратушы құдіреттің қолында болғаны. Ол аса хикметпен, өзінің күрделі ереже заңдарымен жеке тұлғаларды, тамшыларды, нүктелерді, дәнектерді әлгі «күлли» нәрселерден яғни бәрін қамтып жатқан тұтас заттардан сығып, сауып сүзіп алған. Демек, бір түйір тұқымды не бір тұлғаны жаратқан құдірет, әлбетте үлкен «күлл» яғни шексіз тұтастарды, «күллиятты» және оларды да қамтып жатқан және олардан да үлкен басқа «күллияттарды»

— 694 —

жаратқан құдірет болғаны. Басқаша болуы мүмкін емес. Олай болса, бір түйір жанды жаратқан құдірет бүкіл адамзатты жарата алады. Және, бір түйір мәйітті тірілткен құдірет хаширде яғни махшар күні бүкіл жын мен адамзатты тірілте алады, тірілтеді де! Сонымен,

﴿ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ﴾

аятының үкімі, алға тартқан мәселесі нақты да жарқын түрде хақ екені, нағыз ақиқат екені белгілі болды.

ТОҒЫЗЫНШЫ БАСПАЛДАҚ:
وَ بِسِرِّ كَمَا اَنَّ قُرْاٰنَ الْعِزَّةِ الْمَكْتُوبَ عَلَى الذَّرَّةِ الْمُسَمَّاةِ بِالْجَوْهَرِ الْفَرْدِ بِذَرَّاتِ الْاَث۪يرِ لَيْسَ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ خَارِقِيَّةَ صَنْعَةٍ مِنْ قُرْاٰنِ الْعَظَمَةِ الْمَكْتُوبِ عَلٰى صَح۪يفَةِ السَّمَٓاءِ بِمِدَادِ النُّجُومِ وَ الشُّمُوسِ كَذٰلِكَ اِنَّ وَرْدَ الزُّهْرَةِ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً وَ صَنْعَةً مِنْ دُرِّىِّ نَجْمِ الزُّهْرَةِ وَ لَا النَّمْلَةُ مِنَ الْف۪يلَةِ وَ لَا الْمِكْرُوبُ مِنَ الْكَرْكَدَانِ وَ لَا النَّحْلَةُ مِنَ النَّخْلَةِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَٓائِنَاتِ فَكَمَا اَنَّ غَايَةَ كَمَالِ السُّرْعَةِ وَ السُّهُولَةِ ف۪ى ا۪يجَادِ الْاَشْيَٓاءِ اَوْقَعَتْ اَهْلَ الضَّلَالَةِ ف۪ى اِلْتِبَاسِ التَّشْك۪يلِ بِالتَّشَكُّلِ الْمُسْتَلْزِمِ لِمُحَالَاتٍ غَيْرِ مَحْدُودَةٍ تَمُجُّهَا الْاَوْهَامُ كَذٰلِكَ اَثْبَتَتْ لِاَهْلِ الْهِدَايَةِ تَسَاوِىَ النُّجُومِ مَعَ الذَّرَّاتِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَائِنَاتِ جَلَّ جَلَالُهُ وَ لَٓا اِلٰهَ ِالَّا هُوَ اللّٰهُ اَكْبَرُ

[Бұл соңғы баспалдақтың ақиқатын ұзақ түрде баяндап бергім-ақ келеді. Бірақ, өкінішке орай, маған залымдардың ұймдастырған зұлымдық жоспары, қыспаққа алып азаптауы және у беріп әлсіретуі және денемді меңдеткен аурудың кесірінен тек қысқа ишарамен шектелуге мәжбүр болдым.]

— 695 —

Яғни, қалайша, бір түйір зәрреге яғни бөлінбейтін және кәлам ілімі бойынша, жалпы философияда да «жәуһар» деп аталатын бір зәрренің ішіне одан да ұсақ «әсир» деген нәрсенің бөлшектерімен бір Құран Кәрім жазылса және Аспанға яғни Көктегі параққа жұлдыздармен, Күндермен тағы бір өзгеше Құран Кәрім жазылып, сөйтіп екеуін салыстырса, әлбетте, «Жәуһар» зәррелермен жазылған кішкентай, шағын Құран, анау көктегі жалт-жұлт еткен үлкен Құраннан өнер жағынан, таңғажайыптығы тұрғысынан кереметтігі кем емес, тіпті белгілі бір мағынада кейбір тұстары асып түсуі мүмкін. Дәл сол секілді, әлемді жаратқан Аллаһтың құдіретіне қарай салыстыратын болсақ, өнер жағынан, шеберлік тұрғысынан «Зухра» гүлі "Зухра" жұлдызынан кем емес. Дәл сол сияқты кішкене құмырсқа да алып пілден кем емес. Көзге түспейтін микроб, үлкен мүйізтұмсықтан жаратылысы тұрғысынан әлдеқайда таңғажайып және бал арасы құрма ағашымен салыстырғанда табиғаты жағынан анағұрлым жоғары. Демек, бір түйір араны жаратқан Құдірет бүкіл хайуандарды, тіршілік иелерін жарата алады. Бір жандыны тірілткен хаширде бүкіл адамзатты тірілтіп махшар алаңына жинай алады, жинайды. Ешнәрсе оған қиын емес. Өйткені, ол әрбір көктемде көз алдымызда өте жылдам әрі оңай хаширдің яғни қайта тірілудің жүз мың үлгімысалдарын жаратып көрсетуде.

Соңғы арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымы былай: Яғни, адасқандар жоғарыда аталған баспалдақтардың терең де мықты ақиқаттарынан бейхабар болғандықтан және жаратылыс өте тез әрі тым оңай жаратылып жатқандықтан, жаратылыстың осылай белгілі бір бейнеге еніп, Құдайдың шексіз құдіретімен жаратылуын өздігінен болып, өзіне-өзі пайда болып жатыр деген жаңсақ пікірге сенеді. Сөйтіп, дүнияда ешбір ақыл, тіпті қиял қабылдамайтын мүлдем "мухал" мүмкін емес сандырақ пікір ойды қабылдайды.

Олардың ойынша, егер Құдайдың құдіреті жаратпаса, әрбір тірі организмнің, әрбір зәрренің шексіз құдіреті, шексіз ілімі, барлығын көретін өткір көзі, қолынан бәрі келетін асқан күш-құдіреті болуы керек. Сонда олар, бір Құдайды қабылдамаймын деп, зәррелер қанша болса сонша тәңір, иләһтарды қабылдауға мәжбүр болып жәһаннамның түбіне түсуге лайық болғаны.

— 696 —

Ал, тура жолдағылар болса, жоғарыда аталған қуатты ақиқаттар мен бұлтартпас айғақтар арқылы олардың сау-сәламат жүректері, түзу ақылдары толық қанағаттанып, иманына қуат беріп, нанымдары одан әрі мықтап бекіте түседі. Құдайдың құдіретіне жұлдыздар мен зәррелер, ең кішкентай нәрсе мен ең алып нәрселер бәрі бірдей, еш айырмасы жоқ. Мұндай таңғажайып құбылыстар көз алдымызда болып жатыр. Әрбір оқиға, табиғаттағы әрбір Иләһи өнер

﴿ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ﴾

аяты айтқан мәселені, оның нақты үкімін хақ, ақиқат екенін растап, куәлік етеді. Хал тілдерімен «Аллаһу акбар!» дейді. Біз де, олар қанша болса сонша мәрте, оларға еріп «Аллаһу акбар» дейміз. Осы аяттың үкімінің хақ әрі ақиқат екенін бар күшімізбен растап, сансыз дәлелдермен куәлік етеміз.

— 697 —

[Рисалей-Нұр нендей кітап? Рисалей-Нұрдың мәнмағынасы нендей және оның тәржімешісі кім?]

Әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы хадисте сүйіншілеп хабар берген. Олар, «мубтеди» емес, "муттәбилер" яғни өз ойларынан жаңа бір нәрсе қоспайды, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстанып, дінді қуаттап, мықтап бекітіп, діннің ақиқатын, асылын жарыққа шығарып және дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына жағдай жасап, шариғаттың үстемдігін халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухын сақтап, тек түсіндіруге келгенде жаңа әдіс қолданып, заманның түсінігіне сай түсініктеме жасап өз міндеттерін адал атқарады. Мұндай Раббани қызметшілер іс-амалдарымен өздерінің қызметкер екендерін дәлелдейді. Олардың имандары берік, ықыластары зор, нұрға толық айна қызметін атқарады. Иманы таудай мықты екенін, іс жүзінде көрсетеді. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін өнеге тұтып, оның көркем мінез-құлқын барынша көрсетуге тырысады. Қысқасы, іс-әрекеттері және сүннетке мойынсұну жағынан Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне үлгі болып, жетекшілік етеді. Олар Аллаһтың кәламын тәпсірлеп жазған кітаптары, діни үкімдерді түсіндіруі және заманауи ұғымға сай және ілім деңгейіне сәйкес еңбектері өз зейінінен, ойынан шыққан деуге болмайды. Олардың тәпсір кітаптары тікелей уахидың бұлағы болған Ардақты Пайғамабарымыздың (с.а.у.) мағынауи илхамымен яғни нұсқауымен жазылған. Атап айтсақ, «Джәлжәлутия», "Мәснәу-и Шәриф", "Футух-ул Ғайб" т.с.с. кітаптар сынды. Мұндай киелі еңбектердің жарыққа шығуына оның авторлары тек тәржімеші қызметін атқарады. Әрине, бұл ерекше тұлғалар, әлгі ерекше кітаптарды реттеуде, баяндау тәсілінде өз үлестері жоқ емес, яғни олар әлгі мағынаның мазхары, айнасы, шағылыстырушылары ғана.

Рисалей-Нұр және оның тәржімешісіне келер болсақ, бұл ерекше еңбекте осы кезге дейін теңдесі жоқ, керемет нұр, айырықша кемелдік байқалады. Сондықтан болар, ешбір кітаптардың бөленбеген абыройға ие болып, һидаят нұрын шашқан, бақыттың жолын ашқан

— 698 —

Қасиетті Құранның нұр-фейізіне бөленгені көрініп тұр. Сол үшін сенімді түрде, бұл еңбекті Құранның нұры деп айта аламыз. Бұл кітапты әулиелердің еңбегі дегеннен гөрі Мұхаммедтің (с.а.у.) нұрфейізіне бөленген тәпсір деген дұрыс. Сондай-ақ, Ардақты Зат-ы Пәк-і Рисалеттің ықпалы, алаңдаушылығы және қудси басқаруы әулиелердің кітабынан басымырақ әрі тәржімешісі болып табылатын мағынауи тұлғаның үлесі, кемелдігі соншалықты мол әрі жоғары әрі теңдессіз екені Айдан анық, жарқын ақиқат.

Иә, ол кісі сонау жас кезінде әлі еш ілім жинамай тұрып, рухани жағдайды сақтап қалу үшін үш айлық ілім жинаумен-ақ бұрынғы заманның, кейінгі жаңа заманның ілімін меңгеріп, діни, руханият, хикмет, астрономия, Иләһи ілім бәрін-бәрін жетік біліп, ілімнің шырқау биігіне көтерілген. Ондай дәрежеге сірә, ешкім жете қоймаған болар. Осы нұрды жеткізуші кісі, осындай ерекше жағдайда бола тұра, абыройы асқақ, ержүрек батыр, көңілі тоқ, керемет мінез құлық иесі. Яғни, мұсылман үмметіне Аллаһтың мұғжизасы, көзге көрінетін Иләһи заттық рахымы, баға жетпес сыйкәдесі. Бұл таңғажайып кісі, бәлиғатқа толмай жатып толыққанды ғұлама аталып, бүкіл ілім дүниесін дүр сілкіндірді. Қандай да бір ілім адамымен тартысқанда үстем келіп жеңіп отыратын. Қандай да бір тақырыпта сұрақ қойылса, толық қанағаттанарлық, еш күмәнсіз жауап берген. Ол он төрт жасынан бастап ұстаз атанған. Айналасына ілім мен хикмет нұрын шашқан. Ерекше түсіндіру тәсілі, мәселені жан-жақты қолға алып, керемет парасаттылық, көрегенділік танытып зиялы қауымды таңғалдырған. Осылайша, "Бәдиүззаман" лақабын иеленген. Жоғарғы қасиеттерге ие, ілімі терең құнды қырларымен танылып Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін жаюда, оны дәріптеуде өнеге болған бұл кісі әлбетте, Сәйид-үл Мүрсәлиннің (с.а.у.) қошаметіне бөленген, Оның желеп-жебеуіне ие болған тұлға деуге болады. Ол, Нәби-і Ақдестің (с.а.у.) әмірімен, оның нұсқауымен жүрген, оны өзі қадағалап, Оның нұрына мұрагер әрі айналық қызметін адал атқарған ерекше тұлға. Ол кісінің Мұхаммеди (с.а.у.) нұрларды, Ахмеди ілімді, Иләһи фейізді өте жарқын көрсетуі және Құрани әрі хадиси ишаралардың сол кісіге келіп түйісуі және Пайғамбарымыздың(с.а.у) атына бағытталған жәлил аяттардың баяндары сол кісіге тоғысуы кездейсоқ емес.

— 699 —

Ол мынаны мегзейді: Ол кісі иманға қызмет тұрғысында Рисалеттің (пайғамбарлықтың) жарқын айнасы, Рисалет ағашының соңғы нұрлы жемісі. Рисалеттің мұрагер ақиқаты, Иләһи нұр-сәуленің имани қызмет тұрығысынан соңғы жүкті тасушысы екені еш күмән жоқ ақиқат.

Үшінші Юсүф медресесінің Әл-худжат-уз Зәхра
және Зухрет-ун Нұр деп аталған бір ғана дәрісін
тыңдаған Нұр шәкірттерінің атынан
Ахмед Фейзи, Ахмед Назиф, Салахаддин,
Зубәйр, Джәйлан, Сунгур, Табанжали.

Бұл хатта менің үлесімді жүз есе көбейтіп асыра сілтегені көрініп тұр, дегенмен хатқа қол қойған бауырларымның көңілін қалдыруға батылым жетпеді. Үндемей қоя салдым да мадақты Рисалей-Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасы атынан қабылдауды жөн көрдім.

Саид Нұрси.
* * * * * *
— 700 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ اَبَدًا دَائِمًا

Аса сүйікті, өте мүбарак, тым қымбатты Ұстазымыз!

Уа, өз қалауынан бас тартып бүкіл шаруасын Аллаһтың қалауына тапсырған жан! Сырттай бәле болып көрінген нәрселерде тағдырдың мейірім-шуағын, хикмет-сырын көріп толық тәуекел еткен, бәріне көніп Раббани шұғаның нәтижелерін сабыр сақтап күте білген қадірменді Ұстаз!

Кейбір аймақтарда иманды жандардың сүйенетін тірегі қисайып, кейбір бұқаралық ақпараттар шектен шығып иман шарттарына қарсы шабуылын үдетіп, Аллаһқа сенбейтін адамдар ашықтан ашық, тіпті, мақтанышпен талтаң басып жүрген кезде және Қасиетті Құранның әмірлеріне қайшы әрекет ету, руханиятқа сенбеу және жарату ісін соқыр мылқау табиғатқа телу мәдениеттіліктің белгісі, зиялылық саналып, төбе шашты тік тұрғызатын сұмдық заманда Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы Рисалей-Нұр тәпсірін жарыққа шығарып, осылайша рухани қиыншылыққа ұшырап Иманға шөліркеген бейшара жандарға абылхаят тәрізді дәрмен жеткізген, мәңгі бақыт жайлы сүйінші хабар берген және айтқан сөзін нақты айғақтармен дәлелдеп ақиқатқа апарар даңғыл жол көрсеткен бастаушымыз және اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ яғни, кім неге себеп болса соны істеген болып есептеледі дегендей Рисалей-Нұр арқылы иманын сақтап қалған жүз мыңдаған Нұр шәкірттерінің әжір, сауаптарының бір бөлімі амал дәптеріне жазылып жатқан ардақты да Азиз ұстазымыз!

Аллаһ Тағала Денизлі түрмесіндегі қиыншылықтарды ұмытқызатын, жанға шипа, дертке дәрмен «Миуа Рисалесін» дәл сол түрмеде нәсіп етіп, гүлдің хош иісі тікенінің ащылығын сездірмейтіні секілді уақытша көрген азаптарымызды ұмытқызып жіберді. Дәл сол секілді, тағы да сол Кәрим Аллаһ Рахим-і Зүлжәлал Денизлі түрмесінің бір айлық азабын бір күнде тартқызған мына Афион түрмесінде сіз арқылы у қайтарғыш, секілді шипалық қасиеті бар «тәухид», "тахмид", "истиана" тақырыптарын яғни Аллаһты бірлеу, мақтау, көмек

— 701 —

сұрау және Мұхаммеди Рисалетті мойындататын ұлы айғақтарды нәсіп етті. Оқып жазуды Рисалей- Нұрдың саясында үйренген мына кемшілігі көп шәкіртіңіз қолымыздағы үш шағын Рисалені, құдды дән тұқымдар зәулім ағаштың бағдарламасын қамтып тұратыны секілді оларды да Рисалей-Нұрдың ақиқаттарының нақты дәлелі әрі белгілі мағынада қорытындысы, өзегі деп қабылдаудың.

Әрине, толық сипаттау қолдан келмесі анық, дегенмен оқығанда рухымыз шарықтап, көңіліміз тасып, уайым қайғымыз қуанышқа айналып, имани баудан түрлі жемістер әкеліп сыйлаған осы үш шағын рисаленің әрқайсысы қазіргі таңдағы күпірлікті, адасушылықты, табиғат жаратты дейтін қараңғы пікірді тас-талқан ететін Он Бір тәухид айғағы десек, екіншісі Рисалей-Нұрдағы барлық теңеу мысалдардың бұлағы, ұстазы «Фатиха» сүресі болса, бұл соның имани, киелі айғақтарын қамтыған құнды тәпсір, ал үшіншісі болса Афион абақтысында сіздің мүбәрак көкейіңізге келген Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы толық қанағаттанарлық керемет рисале. Біз ешбір құрметке әсте лайық емес болсақ та осындай қымбат рисалелеріңізді алдық. Бар күшімізбен аянбай қызмет етуге дайынбыз. Аллаһқа сансыз шүкір ете ұстазымызға былай дұға еттік: «Уа, Әрхам-ур Рахимин! Ұстазымыз Саид Нұрсидан мәңгі бақи риза бол!»

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى
Рисалей-Нұр таләбалары атынан
Зүбәйір, Джәйлан, Сунгур, Ибраһим
* * * * * *
— 702 —

"ӘЛ-ХУТБӘТ-ҮС ШАМИЯ" атты арабша дәрістің аудармасының кіріспесі

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ اَبَدًا دَائِمًا

Азиз, адал бауырларым!

[Қырық жыл бұрын Шам қаласындағы Әмәуи мешітінде Шам ғұламаларының өтініші бойынша он мың адамға жуық көпшілік жиылған, ішінде жүздеген ілім иелері бар дүйім жамағатқа арабша берілген дәріс те яғни осы рисаледе айтылған ақиқаттарды бұрынғы Саид алдын ала сезіп, нақты болатындай сүйінші хабар беріп, жақында ол ақиқаттар жүзеге асады деп ойлаған. Алайда, ол жақсы хабарды дүниежүзілік екі соғыс және жиырма бес жылға созылған өктемшіл режим қырық жылға кейінге шегеріп кешіктірді. Енді, қазір сол кездегі сүйінші хабар қаз-қалпында Ислам әлемінде көріне бастады. Демек, бұл маңызы зор дәріс бұрынғы уақыты өтіп кеткен 1327 жылғы құтба емес, керісінше тікелей 1371 жылда болатын және Әмәуи мешіттің орнына Ислам әлемі мешіт ретінде, үш жүз жетпіс миллиондық жамағатқа арналған ақиқатқа толы, өміршең Ислами жаңа қоғам өміріне қатысты дәріс деп қабылдап, аударма жасап кітапша ретінде шығару егер дұрыс деп ұйғарсаңдар бастыруға болар.]

Өте маңызды сұрақтың өте маңызды жауабы осы жерге жазылуы керек болды. Өйткені, қырық жыл бұрын, бұрынғы Саид өзінің дәрісінде алдын ала сезгендей Рисалей-Нұрдың ғажап дәрістерін және керемет қызметін көргендей хабар берген. Сондықтан, сол сұрақ пен жауапты жазғанды жөн көрдік.

Көпшілік тарапынан мұндай бір сұрақ қойылып сұрап жатыр: "Мұнша қыруар дұшпандарға және қырсық философтар мен адасқандарға қарсы Рисалей-Нұр қарсы тұрып, төтеп беруі

— 703 —

таңғаларлық оқиға. Иман жайлы миллиондаған құнды кітаптар мен Ислам туралы шығармалардың жайылуына тосқауыл болып, азғындық және дүниялық өмірдің ләззаттарын көрсету арқылы көптеген бейшара жастарды, жалпы халықты иман ақиқаттарынан мақұрым қалдырып жатырған мына заманда және Рисалей-Нұрға сұмдық шүйлігіп небір азғырынды үгіт жүргізсе де және жала жауып халықты үркітіп бастартқызуға тырысып жатса дағы басқа кітаптармен салыстырғанда Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде кеңінен тарауы, тіпті басым көпшілігі қолжазбамен көбейтіліп алты жүз мың нұсқа оқырмандар арасынада қызыға оқылып, жасырын жайылып ел арасына, тіпті ел асып шетелдерге өзін қызығушылықпен оқытуы таңғаларлық жәйт. Мұның хикмет сырын ашып берсеңіз!" деген мағынада көптеген сұрақтарға жауап ретінде былай демекпін:

Хикметке толы Құранның кереметімен оның ақиқи тәпсірі боп табылатын Рисалей-Нұр бұл дүниенің өзінде мағынауи жәһаннам бар екенін, адасушылықтың өзі тозақ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, имандылықтың ішінде бұл дүнияның өзінде рухани жәннат бар екенін дәлелдейді. Және, күнә, жамандық, харам нәрселердің ішінде рухани азапты көрсетіп, ал жақсы қасиеттерде, шариғаттың ақиқатарында, ізгі амалдарда жұмақтың рахатына ұқсас рухани ләззат бар екенін көрсетеді. Осылайша, азғын жолда адасып жүрген жандарды осы тұсынан келіп, егер ақиқатты тыңдарлық ақылы болса құтқарып қалады. Себебі, мына заманда екі сұмдық жағдай бар.

Біріншісі: Істің соңын ойламайтын және кейін болатын үлкен ләззатты дайын тұрған кішкентай ләззатқа айырбастап жіберетін бір сезім, ақыл мен ой-пікірді билеп алған. Сондықтан азғын жолда жүргендерді қайтарудың бір ғана шарасы бар. Ол, дәл сол ләззаттының ішінде азапты көрсетіп әлгі, соқыр құмарлық сезімді басу.

Және يَسْتَحِبُّونَ الْحَيٰوةَ الدُّنْيَا аятының ишара еткеніндей, бұл заманда адамдар ақыреттегі алмастай қымбат нығметтерді , мол ләззаттарды біле тұра тез сынғыш әйнек секілді дүниелік ләззатарды таңдайды. Осы тұрғыдан алғанда дүниеқұмарлыққа салынып қауіпке бас тігеді. Бұдан құтқарудың бір ғана шарасы бар. Ол, дүнияның өзінде жәһаннам азабына ұқсас азаптар бар екенін көрсету. Міне, Рисалей-Нұр осы әдісті қолданады. Әйтпесе, адамдар күпірліктің кесірінен азғындықтың ықпалынан құтыла алмайды. Оларға Аллаһ

— 704 —

Тағаланы таныстырып, жәһаннамның бар екенін дәлелдеп, тозақ отымен қорқытып, "қисық жолдан, қайт, харамнан тиыл!" десең, он адамның тіпті жиырманың бірі ғана құлақ асып, сабақ алады. Сабақ алған соң, «Аллаһ Тағала аса мейірімді әрі кешірімшіл ғой және тозақтың ауылы алыс!» деп, қайтадан бұрынғы азғын жолын жалғастыра береді. Жанмен, жүрегін сезім билеп алған.

Міне, Риселей-Нұр көптеген теңеулер арқылы күпірлік пен адасушылықтың дүниядағы салдарын, сұмдық нәтижелерін көрсету арқылы ең қырсық, тым нәпсіқұмар адамдардың өздерін әлгі сасық та пасық харам ләззаттардан, азғындықтардан жиіркендіріп, ақылы бар жандарды бастартқызып тәубаға келтіреді. Ондай теңеулер, атап айтсақ, Жетінші, Сегізінші Сөздердегі қысқа мысалдар және Отыз Екінші Сөздің Үшінші тарауындағы ұзақ теңеу. Олар тым азғын, адасып жүрген бейбақты қорқытып дәрісін мойындатқызады.

Мысалы, Нұр аятында қиялмен саяхат жасаған кезімде ақиқат түрде көрген жәйтті қысқаша ишара түрінде баяндап берейін.

Егжей-тегжейлі білгісі келгендер болса, «Сикке-й Ғайбия» кітабының соңына қарасын.

Сол саяхатта көргенім: Ризыққа мұқтаж хайуанат әлеміне материалистік философия көзімен қарадым. Қарасам, олардың мұңмұқтажы бастан асады. Өздері аш әрі тым әлсіз, тым бейшара. Маған жан-жануарлар әлемі тым аянышты, ауыр халде көрінді. Осылай адасқандар мен бейқамдардың назарымен қарағаныма қатты өкіндім. Енді, Құран хикметімен, имани назармен қарадым. Сонда, "Рахман" есімі «Рәззақ» мағынасында жарық еткен Күндей шыға келді. Әлгі аш, бейшара тірі жандар рахымның сәулесіне бөленді. Сосын, хайуанат әлеміндегі төлдер мен нәзік нәрестелерге назарым ауды. Олар жаппай әлсіз, өте әлжуаз, тым мұқтаж, ауыр да мұңлы халде екендігі сонша айналасын аяныштан жылатқандай, қараңғы қалған бір әлемді көрдім. Оларға, адасқандар секілді қарағаныма: «Қап, әттеген-ай!» деп өкіндім. Дереу, иман маған бір көзілдірік сыйлады. Қарасам, «Рахым» есімі шәпқат мағынасында жарқ етті. Әлгі, аянышты әлемді керемет сұлу, шырын да әсем бейнеге ауыстырды. Жарқыратып жібергені сонша, қайғы-мұңнан, өкініш пен аяныштан аққан жасты, рахат пен шүкірдің шаттық сезімінен аққан қуаныш жасына айналдырды.

— 705 —

Енді, адамзат әлеміне назар аудардым. Оған да адасқандар секілді назармен қарағанымда ол әлем өте қараңғы, сұмдық қорқынышты көрінді. Жүрегім, аузыма тығылып: «Қап!» деп өкіндім. Өйткені, адам бойында толассыз армандар, шексіз-талап тілектер, неше түрлі ой-мақсаттар, мәңгі болмысты аңсайтын қалау - ниеттер, жәннатты аңсайтын талпыныс-қабылеттер және шек қойылмаған түрлі сезімдер мен сансыз мұң-мұқтаждықтар бар. Сонымен қатар, басына небір бәлелер үйір. Дүниеде сан-алуан қиыншылықтар мен қауіпті дұшпандар қоршап, өмірі тым қысқа және күн сайын, сағат сайын өлім қаупі төніп тұрады. Аласапыран тірлік, ауыр тұрмыс. Бұл әрине жүректі жаралап, рухты азапқа салатын жәйт. Бір жағынан, өмірдің аяқталуы мен айырылысып қоштасулар, бір жағынан қараңғы қапастай көрінген қабір, адамдар болса топ-топ болып сол қараңғы шұңқырға түсіп жоқ болуда. Міне, адамзат әлемін осындай қараңғы да мұңлы түрде көргенімде жүрегім де рухым да, ақылым да тіпті бүкіл сезімдерім зар еңіреп жылауға дайын еді. Кенет, Құраның Нұры, қуатты иман әлгі адасушылық назарды жойып, имани назар ұсынды.

Қарасам, Аллаһтың «Әділ» есімі «Хаким» көкжиегінде, «Рахман» есімі «Кәрим» көкжиегінде, «Рахим» есімі «Ғафур» көкжиегінде яғни мағынасында, Баис есімі «Уарис» көкжиегінде, «Мухий» есімі «Мухсин» көкжиегінде, «Раб» есімі «Малик» көкжиегінде әрқайсысы Күндей жарқырап, әлгі қараңғы және ішінде небір әлемдері бар адамзат әлемін жаппай жарыққа бөлеп, құлпыртып жіберді. Жәһаннамға ұқсас жағдайдан құтқарып, нұрлы ақырет әлеміне қарай тура терезе ашып, әлгі қайғылы адамзат дүниесін нұрландырып жіберді. Мен бұған дән риза болып, «Әлхамдулләһ, Әшшукрулиллаһ» дедім. Сонда, бұл дүнияның өзінде Иманның ішінде мағынауи жұмақ, ал күпірлікте мағынауи тозақ бар екеніне көзім жетті.

Енді, жер шары бір әлем болып көрінді. Қиялмен саяхат еткен кезімде дінді қабылдамайтын философияның қараң қалған табиғат заңдары бойынша қарағандықтан сұмдық қорқынышты боп көрінді. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып барады. Жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді. Мұндай жылдамдықпен әрсәтте быт-шыт болуы мүмкін, ішкі

— 706 —

жағы дүмпіп жатқан, әбден қартайған жер шары сұмдық алып кеме тәрізді ұланғайыр кеңістікте саяхат жасап барады, үстінде шарасыз жағдайдағы адамзат бар. Бұл жағдай маған тым ауыр, қорқынышты болып көрінді. Көзім қарауытып, басым айналды. Философияның көзілдірігін жерге бір ұрып сындырдым. Кенет, Құранның хикметі, иманның даналығы арқылы нұрлы көзбен қарадым. «Қарасам», Аспан мен жерді жаратқан «Қадир», "Алим", "Раб" Аллаһтың, "Рабб-ус сәмәуат-и уәл ард", "Мусаххир-үш Шәмси уәл қамар" есімдері, рахым, азамет, рубубият көкжиегінде Күндей жарқырап нұрға бөледі. Әлгі, қараңғы, үрейлі, сұмдық боп көрінген әлем жапжарық боп кетті. Сол кезде менің иманды көзіме жер шары керемет, өте бағынышты, еш қауіпсіз, сенімді және әркімнің ризық несібесі ішінде жүктелген сенімді саяхат кемесі тәрізді көрінді және көңіл көтеру үшін, әрі сауда үшін тіршілік иелерін мінгізіп алып, Күнді айналып кезіп жүрген және жаз, көктем, күз мезгілдерінің өнімдерін тұтынушыларға таситын ұшақ яки поезд тәрізді көрдім. Жер шарының зәррелері санынша «Әлхамдуилләһ ала ниғмәт-ил Иман!» дедім.

Міне, осындай көптеген теңеулермен Рисалей-Нұр адасқандар мен азғындардың бұл дүнияның өзінде жәһаннам азабын шегіп жүргендерін, ал имандылар мен ізгі амал жасаушылар дүнияның өзінде рухани жәннатта рахаттанып жүргенін нақты дәлелдеп берген. Әрине, әркім оны иманның дәрежесіне қарай сезінеді. Бірақ, мына аласапыран заманда сезімді әлсіретіп ақылды шатастыратын, адамның назарын басқа жаққа аударып, ойды шашыраңқы қылатын ағымдар ақыл-ойды тұсаулап, есеңгіретіп тастағандықтан адасқандар рухани азапты әзірше нақты сезбей жүр. Һидаят бұйырған имандылар да ғапылдыққа салынып нағыз рухани ләззаттың дәмін ала алмай, қадірін білмей жүр.

Бұл ғасырдағы екінші қауіпті жағдай: Бұл заманда мутлақ күпірлік және пән-пәлсападан туындаған адасу сондайақ, күпірліктен пайда болатын қырсықтық, тәкаппарлық бұрынғы уақытпен салыстырғанда өте көп. Ескі заманда Ислам ғалымдарының дәрістері, айтқан дәлелдері адамдарды толық қанағаттандыратын. Көкейдегі күмән-күдікті тез арада жойып жіберетін. Ол кезде жұрт жаппай Аллаһқа сенетіндіктен Аллаһ туралы айтып, жәһаннам азабын еске түсіргенде көпшілік қисық жолдан қайтып, тәубаға келетін.

— 707 —

Бұрын бір елде бір түйір кәпір болса, қазіргі заманда бір ауылда жүз кәпір бар. Бұрын пәнмен, іліммен адасып қырсығып иман ақиқаттарына қарсы шығатындардан қазіргілердің саны жүз есе көп. Бұл тоңмойын қырсықтар перғауынға ұқсап тәкаппарлана, қыңырланып иман ақиқаттарына қарсы шығады. Сондықтан, оларға қарсы атом бомбасы секілді қуатты, олардың наным-сенімдерін парам-парша қылатын киелі ақиқат ләзім. Сонда ғана олардың шабуылы тоқтап, кейбірі иманға келеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, осы заманның мағынауи дерттеріне нағыз шипа боларлық Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы, нұр сәулесі Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдармен ең қырсық, тоңмойындарды да Құранның алмас қылышымен шауып, тас-талқан етуде. Әлемде қанша зәрре болса, сонша уахданиятқа дәлел көрсетеді яғни Аллаһтың бір екенін, иманның ақиқаттары рас екенін нақты түрде көзге шұқып тұрып көрсетеді. Жиырма бес жылдан бері небір шабуылдарға төтеп беріп, жеңіске жетуде.

Иә, Рисалей-Нұр иман мен күпірді салыстыра отырып, адасу мен тура жол қалай болмақ екенін көзбен көргендей дәлелдейді.

Атап айтар болсақ, Жиырма Екінші Сөздің екі тарауы, ондағы айғақтар, Лемалар, Отыз Екінші Сөздің бірінші бөлімі, Отыз Үш Мектубтың терезелер бөлімі және Аса-и Мұса, оның Он бір айғақтары. Міне осы аталған рисалелерді мұқият оқыса, қазіргі заманғы толық күпірліктің, қырсық дінсіздіктің сағын сындыратын, күлін көкке ұшыратын ақиқаттар Рисалей-Нұрда көрініс тапқан Құрани ақиқаттар екені белгілі болады.

Иншаллаһ, Тылсымдар топтамасы кітабында, діннің маңызы зор терең сырлары мен әлемнің жаратылу себептері қалай баяндалған болса, осы аталған жинақтарда солай топтастырылған. Дәл солай, адасқандар дүнияның өзінде тозақи өмір кешуде, ал тура жолдағылар дүниеде де жұмақи рахатта жүргенін көзге көрсетіп және иманда жәннаттың мағынауи тұқымы бар екенін, ал күпірлікте Жәһаннамдағы заққұм ағашының тұқымы болатынын дәлелдеген Рисалей-Нұрдың сол сияқты үзінділері қысқа да нұсқа бір кітапшаға топтастырылып жақында жарыққа шығады, деген үміттемін, иншаллаһ.

Саид Нұрси
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Ғазиз, адал, табанды да қайсар, жанкешті де сенімді бауырларым!

Өздеріңе мәлім, Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрға қатысты кәрәмәттер мен ғайби ишараларды жоққа шығара алмаған. Тек, бұрыс түсініп ол кәрәмәттарды менікі деп ойлап, «мұндай нәрселер кітапқа жазылмауы керек. Өйткені, кәрәмәтты паш етіп, айтуға болмайды!» деп, наразылық білдіріпті. Мұндай жеңіл мінеулерге жауап ретінде уәжнанамаларымда былай дегенмін:

Олар менікі емес және ондай кәрәмәттардің иесі болу менің қолымнан келмейді. Олар Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизаларынан шашыраған нұр сәулелер Құранның нағыз тәпсірі болып табылатын Рисалей-Нұрдың бойыннан көрініс тапқан Иләһи илхам және шәкірттердің күш-қуатын арттыру үшін Аллаһтың сыйы.

Ал, икрамды яғни Аллаһтың сыйын көрсету, жұртқа айту шүкір болып табылады. Оған рұқсат бар және қабыл болатын амал. Енді қазір өте маңызды себепке байланысты, бұл туралы біраз түсініктеме жасайын.

Өйткені, «Бұл мәселені неге ашып айтып жатырсың, неліктен бұл мәселеге көп мән бересің, не үшін бірнеше айдан бері бұл тақырыпқа жиі тоқталып, кітаптарыңыздың көбі сол керемет жайлы болуда?» деген сауал қойылуда.

Жауабы: Бұл заманда мыңдаған бұзушыларға қарсы жүз мыңдаған жөндеуші керек бола тұра және Рисалей-Нұрдың имани қызметіне және маған жәрдемші әрі айтқанымды жазып отыратын жүздеген кісі керек бола тұра, қашқақтап жақындамау түгіл керісінше халық болып және билік басындағылар жоғары бағалап, құлшындыра демеу беріп, қолтығымнан сүйеу әрі бұл қызмет мәңгі өмірге қатысты болғандықтан, уақытша дүниелік өмірдің жұмыстарынан, пайда-табыстарынан жоғары қою иманды кісілерге уәжіп бола тұра, бұған мені мысалға алар болсақ, барлық нәрседен, жәрдемшілерден қол үздіріп, тиым салды. Сонымен қатар, олар бар күшімен бізге қарсы әрекет қылып, достарымның ынта-жігерін азайтып, оларды

— 709 —

менен, Рисалей-Нұрдан алыстатып, мен секілді қарт, науқас, әлсіз, жалғыз басты, ешкімді танымайтын шарасыз адамға мыңдаған адамның атқарар қызметін мойынына артып, оның үстіне әр түрлі қыспаққа алып, адамдарды қасына жолатпай, жұртты бездіруге, менің күш-жігерімді, ынтамды жоюға тырысқандықтан, міне осындай тосқауылдарға қарсы Рисалей-Нұр шәкірттерінің ынтажігерін арттыру мақсатында, соған ұйытқы болар деген оймен Иләһи икрамды, Аллаһтың сый-демеулерін жазып, осылайша РисалейНұрға мағынауи қолдау, назар аударту тұрғысында әрі Рисалей-Нұр жалғыз өзі-ақ (басқаларға мұқтаж болмай) әскери қол, бір армияның қуатындай жойқын күшті екенін көрсету үшін әлгіндей кәрәмәттар жаздырылды.

Әйтпесе, өзімізді құрметке бөлеу, жағымпаздану, атаққа ие болу деген нәрселерден аулақпыз. Одан Құдай сақтасын, ол РисалейНұрдың негізі саналатын ықыласты бұзу деген сөз. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр өзін-өзі ешкімнің көмегінсіз қорғаштап, сақтағаны секілді және өзінің қадір-қасиетін көрсеткені секілді бізді де мағынауи түрде қорғаштап, кемшіліктеріміздің кешірілуіне себеп болар деген үміттеміз. Мен, барлық бауырларымнан, жәрдемшілерімнен әсіресе, дұға-тілектері қабыл болатын мүбарак бәйкүнә жандардан, қадірменді қарттар жамағатынан өтінерім, маған дұға етсін, мен де оларға дұға етіп әрқайсысына мыңдаған сәлем жолдап Қасиетті Рамазан айы құтты болсын демекпін.

Науқас халдегі бауырыңыз:
Саид Нұрси
* * * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Мына әлсіз бауырыңыз, анау наразылық білдірген ескі досқа һәм зерек жандарға және сендерге айтарым: Қасиетті Құранның нұр фейізімен Жаңа Саид, иман ақиқаттарын ақылға сиымды, көңілге қонымды етіп, ақиқатқа толы дәлелдермен бұлтартпас айғақтарға сүйеніп баяндап жатыр. Ол айғақтар мұсылман ғұламаларын түгіл өте қырсық батыс философтарын да қабылдауға мәжбүрлеп шарасыз қалдыруда. Ал енді, Рисалей Нұрдың қадір-қасиеті, оның

— 710 —

маңыздылығы туралы ишари немесе рәмзи түрде Хазіреті Али (р.а.) және Ғауси Ағзамның (р.а.) хабар бергені секілді Құран-и Муғжиз-ул Баян да осы заманғы Құранның мағынауи мұғжизасы болған РисалейНұрға назар аудартуы, ишари мағыналар түрінен рәміз, белгі беруі бұл оған жарасар іс, мұғжизасының талабы болса керек.

Иә, Ескішәһар түрмесіндегі қиын-қыстау күндері киелі де мықты жұбанышқа мұқтаж болған кезімде маған мағынауи ескерту жасалды. "Рисалей Нұр қабыл болған кітап екеніне бұрынғы өткен әулиелерді куәгер, дәлел ретінде көрсетіп жүрсің. Алайда,

﴿ وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍٍ اِلَّا ف۪ى كِتَابٍ مُب۪ينٍٍ ﴾

сыры бойынша, ең бірінші сөз Құрандікі. Апырмай, Рисалей-Нұрды Құран қабылдай ма? Ол не дейді?" ден ой келді. Осы төтенше сұрақтың жауабын іздеп Қасиетті Құранға жүгіндім. Сол мезетте Отыз Үш аяттың ашық мағынасының астарлы түрдегі мәртебесінен ишари мағынасының бір тармағы Рисалей-Нұр екенін және ол солардың ішінен орын тауып, ерекше назар аудартып тұрғанына көмескі болса да белгі бар екенін бір сағаттың ішінде сезіп білдім. Олардың кейбірі біршама ашық, кейбірі қысқа-нұсқа түрінде. Бұл менің ойымды қуаттап, ешқандай шәк-шүбә қалдырмады. Мен де имандылардың иманын РисалейНұр арқылы қуаттау ниетімен ойымды қағазға түсірдім. Содан оны тек хас шәкірттеріме ғана көрсету шартымен бауырларыма бердім. Имам, молдалар ف۪يهِ نَظَرٌ деп, күдіктеніп қарайтындай ол Рисаледе біз: «Аяттың ашық мағынасы осы!» дегеніміз жоқ. Һәм, ишари мағынасының ауқымы осы ғана деген жоқпыз. Біздің айтпағымыз, аяттардың ашық мағынасының астарында көптеген мәртебелері бар. Оның бір мәртебесі ишари және рәмзи мағына деп аталады. Аяттың ишари мағынасының өзі күлли яғни өте ауқымды. Оның әр ғасырды қамтитын жағы бар. Рисалей-Нұр бұл ғасырда әлгі ишари мағынаның мәртебесінің күлли мағынасынан бір мағынасын иеленіп отыр. Оның әдейілеп, өзіне назар аудартып тұрғанын және маңызды міндет атқарғанын дәлелдейтін «джифри есеп», "риязи карине" белгілер тіпті, айғақтар бар. Жалпы джифримен есептеп мағына шығару көне заманнан бері ғұламалар арасында қалыптасқан дәстүр. Бұл, Құрани аятты немесе оның ашық мағынасын төмендету емес, қайта Аяттың таңғажайыптығын, шешендігін көрсету, дәріптеу, оған қызмет ету болып табылады. Мұндай ғайби ишараларға наразы болып, қарсы

— 711 —

шығу жөнсіздік. Бұрынғы ақиқатшыл кісілердің Құраннан көптеген мағына шығарып ишари рәміздерінен ақиқат тауып жазған еңбектерін жоққа шығармайтын адам, мұны да жоққа шығармауы керек, шығара алмас.

Ал, мұндай құнды тәпсірдің мен секілді құны жоқ қарапайым адамның қолынан шыққанына таңғалып, миына сиғыза алмай қарсы шыққан адамға айтарым: егер қарағайдың бидайдай кіп-кішкентай тұқымынан зәулім қарағай ағашын шығару Құдайдың құдіретін, Оның ұлықтығын көрсететін анық дәлел екенін ойласа, әлбетте біз секілді тым әлсіз, өте пақыр, әрі аса қажет кезде мұндай тәпсірдің біз арқылы жарыққа шығуы Аллаһтың шексіз рахымының дәлелі деп айтуға мәжбүр болар еді.

Мен, Рисалей-Нұрдың абыройы мен қасиетін ортаға қойып, сендерге және қарсы шығушыларға нақты түрде айтпағым:

Бұл ишаралар және әулиелердің рәмізбен айтқан хабарлары, ишари белгілер мені әрдайым Аллаһқа шүкір етуге, Оны дәріптеуге және өзімнің кемшіліктерімді мойындап «истиғфар» айтуға итермелейді. Бұл мені ешқашан жүгенсіз нәпсімді қоздырып мақтануға, тәкаппарлануға, менмендікке себеп болған емес. Оны соңғы жиырма жылдық өмірімде дәлел ретінде ұсынамын. Бұл ақиқат. Дегенмен, адам болған соң кемшіліктен, ұмытудан аман болдым деп айта алмаймын. Менің өзім байқамайтын кемшіліктерім көп. Мүмкін, пікірім араласқан болар, кейбір қате жіберген жерлерім болған шығар. Дегенмен, Қасиетті Құранның киелі де сауабы мол әріптеріне тиым салынып, бөтен әріптермен Құранды өзгеріске ұшыратып осылайша адасқандар тобыр небір сұмдық әрекеттер жасап, аяттың тікелей ашық мағынасын бұзып, бұрмалап жатқан мына заманда осындай сұмдық сорақылықты көрмей, бейшара байғұс біреу бауырларының иманын қуаттап, сақтап қалуы үшін аяттың таңғажайып бір сүредегі нүктесін, бір тұжырымын тәпсірлеп жазды деп, сол үшін оның имани қызметіне тосқауыл боларлық қарсылық білдіру, әлбетте орынсыз әрекет. Мұны ақиқатты түсінген жандар түгіл, кішкене ынсабы бар адам білсе керек. Қосымша ретінде мұны да айта кетейін:

Мына заманда қуатты және тура жолдағы және миллиондаған жанкешті шәкірттері бар тариқаттар, небір рухани топтар мен ұстанымдар, мына сұмдық дінсіздіктің шабуылына қарсы төтеп бере алмай, сырт қарағанда жеңіліп жатқанда, мен құсаған жазусызу

— 712 —

білмейтін, ешкімі жоқ жалғызілік, бірнеше жақтан бақылауда, басқан ізі аңдулы әрі әдейілеп полиция бөліміне жақын үйге орналастырылған және ол туралы небір жалған ақпарат таратып одан жұртты үркітіп, халықты бездірген осындай бір адам әлбетте, әлгі жол-ұстанымдардан әлдеқайда табысты, көш ілгері, мықты тойтарыс берген Риселей-Нұрдың иесі емес екені анық. Ол кітаптар оның шығармасы емес және ол рисалелер менікі деп, мақтана алмайды. Бұл Рисалелер тікелей хикметке толы Құранның заманауи тәпсірі, мағынауи мұғжизасы болып Аллаһтың рахымымен тарту етілген. Ол кісі мыңдаған достарымен жұмыла сол Құрани сыйға ұмтылып талаптанып еді, қалай болғанын өзі де білмейді, бірінші болып тәржімеші болу міндеті оған нәсіп болыпты. Рисалелер оның ойпікірінен, ілімінен, зеректігінен шыққан дүние емес екендігіне дәлел, Рисалей-Нұрда кездесетін кейбір тақырыптарды алты сағатта, кейбірі небәрі екі сағатта, кейбірі тіпті бір сағатта, қайсыбірі он минөтте жазылған.

Мен, ант етемін, Бұрынғы Саид {(Сілтеме): Шағын сілтеме. Кітабымды көшіріп жазушылардың кейбірі мына бейшара Саидтың атын жазғанда қасына (р.һ.) деген тіркесті дұға ниетімен жазып қойыпты. Мен алып тастағым келді. Кенет көкейге мұндай бір ой келді: "Ол Аллаһ разы болсын деген мағынада дұға-тілек, тиіспе!". Мен ойымнан бас тарттым.} жинаған ілімін, бұрынсоңды зор қабілетін пайдаланып әлгі он минөтте жазылған Рисалені он сағатта ойланып, толғанып жаза алмайды. Әлгі бір сағатта жазылған Рисалені екі күн бар күшімді жұмсап жаза алмас. Бір күнде бар жоғы алты сағатта жазылған Отызыншы Сөз Рисалесін өзім және ең зерек діндар ғалым ойланып алты күнде жаза алмасы анық...

Бұдан шығатын қорытынды, демек, біз міскін, құралақан, бейшара болсақ та, бізді өте бай, зергерлік дүкенінің сатушысы, ретінде жарнамалаушысы етіп біреу тағайындаған. Хақ Тағала өзінің пазыл кәрімімен, аса жомарттығымен бізге және Рисалей-Нұр шәкірттеріне осы қызметті ықыласпен, шынайы түрде атқаруды нәсіп етсін! Өзі жарылқап, ұзағынан сүйіндіріп, сәттілік пен табыс сыйласын! Әмин, бихурмәти Сәийділ мурсалин.

Саид Нұрси