Сәулелер
— 598 —

Бесінші Шуақ

[Отыз жыл бұрын жазылып баспадан шыққан "Мухакемат-ы Бәдия" атты кітапта "Сәдд-і Зүлқарнәйн", "Яжуж Мәжуж" және "Әшрат-ы Қиямет" секілді тақырыптармен қатысты жиырма мәселе әлгі кітапқа қосымша ретінде он үш жыл бұрын - кейбірі шимай қағаздағы хәлінде - енгізілген болатын. Ғазиз бір бауырымның өтініші бойынша таза параққа көшіріліп "Бесінші Шұға" деген айдар тағылды]

{(Сілтеме): Қазір қырық жылдан асты.}

[Отыз бірінші Мектубтан Отыз бірінші Леманың Бесінші Шуағы]

ЕСКЕРТУ! Бірінші болып кіріспені, содан соң мәселелерді оқыған жөн. Сонда кіріспеде баяндалған мақсат түсінікті болады.

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾

فَقَدْ جَٓاءَ اَشْرَاطُهَا аятының қысқа бір тұжырымын жазудағы мақсатым көпшілік халық, мүмин ағайынның ақидасын, иманын шүбәлардан сақтау. Ақырзаманда болатын оқиғалар жайлы хадистердің кейбірі «мүтешабих аяттар» секілді терең мағыналы болып келеді. Оларды «мүхкемат аяттар» секілді тәпсірлеуге болмайды және әркім мағынасын біле бермейді. Оны тәпсірлеудің орнына "тәуил" яғни жору қажет.

وَمَا يَعْلَمُ تَاْو۪يلَهُٓ اِلَّا اللّٰهُ وَ الرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ дегендей, оқиға болған соң жорыған мағына ашылып, мұрат-мақсаты түсінікті болады. Сонда ілімі терең кісілер اٰمَنَّا بِه۪ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبِّنَا деп әлгі құпия ақиқаттарды жарыққа шығарады.

Бұл Бесінші Шұға бір кіріспеден және жиырма үш мәселеден тұрады. Кіріспесінде бес тұжырым бар.

— 599 —

Бірінші тұжырым: "Иман" мен "тәклиф" яғни Иләһи жауапкершілік дегеніміз, адамды еркіне қалдырып, емтиханнан өткізу, сынақ және өзара жарыс болғандықтан, жасырын, әрі терең зерттелуі қажет, тәжірибе керек ететін назари мәселелер әлбетте апанық, бірден түсінікті болмауы тиіс. Әрі, әркім қаласа да қаламаса да құптайтындай дәрежеде мәжбүрлік болмайуы керек. Сонда, Әбу Бәкір сынды асыл жандар жоғары мәртебеге шығып, ал Әбу Жәһил сықылды адамдар төменгі дәрежеге түседі. Егер, ерік берілмесе "тәклифтің" мағынасы жойылады. Осы сырға байланысты

Пайғамбарларға мұғжизалар сирек әрі ара-тұра берілетін. Сондайақ, сынақ алаңы мына дүнияда көзге көрінетін ақырзаман оқиғалары, қияметтің белгілері кейбір «мүтешабих» аяттар тәрізді үсті жабық, жоруға мұқтаж түрде баяндаған. Тек қана, Күннің батыстан шығуы анық болып әркімді қабылдауға мәжбүр ететін болғандықтан тәубенің есігі жабылады, одан соң тәубе де, иман да қабыл болмайды. Әйтпесе, Әбу Жәһилдер, Әбу Бәкірлер секілді сеніп, растайтын болады. Тіпті, Иса пайғамбардың өзі жерге түскенде, оның Иса аләйһиссалам екені үңіліп қарағандар үшін иманның нұрымен білінеді, әркім біле бермейді. Тіпті, «Тажал», "Суфиян" сықылды сұмдық қауіпті тұлғалар да өздерінің кім екенін әу баста білмейді.

Екінші тұжырым: Пайғамбарға аян арқылы, білдірілген ғайби хабарларға келсек, олардың кейбіреуі егжей-тегжейлі түрде білдірілген. Ардақты пайғамбар оған еш араласпай, қаз-қалпында жеткізген. Құран немесе киелі хадистердің «мүхкемат» түрі секілді.

Енді біреулері қысқа-нұсқа білдірілген. Оны ашып, суреттеп жеткізу пайғамбарымыздың «иджтихадына» байланысты яғни мәселенің өзегін алып, тұжырымдап береді. Бұған, иман шарттарына кірмейтін ғаламдық құбылыстар мен келешекте болатын оқиғаларды жатқызуға болады. Аянның мұндай түрінде Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің шешендігімен, тәмсіл келтіріп, «тәклиф» сырына сай ашықтап, суреттеп берген.

Мысалы, Ардақты Пайғамбарымыз сахабаларымен сұхбат қылып отырғанда «дүңк» еткен ұзақтан бір дыбыс естіледі. Сонда, Расулуллаһ: «Бұл дыбыс жетпіс жылдан бері жәһаннамға қарай домалап енді ғана түбіне түскен тастың дыбысы!» деген екен. Осы бір таңғаларлық хабардан бес-алты минут өткен соң біреу

— 600 —

келіп былай деді: "О, Аллаһтың елшісі! Жетпіс жасқа келген пәленше дейтін мұнафық жаңа әзірде өлді, жаны жәһаннамға кетті!". Осылайша, Ардақты Пайғамбарымыздың сөзге шешен, өткір тілінің шеберлігін, қалай керемет жорығанын көрсетті.

ЕСКЕРТУ! Иман ақиқаттарымен қатысы жоқ болашаққа қатысты кішкене оқиғалар Пайғамбарлар үшін маңызды емес.

Үшінші тұжырым: Екі нүкте.

Біріншісі: Теңеулер арқылы немесе тәмсілдер мен баяндалған кейбір хадистерді заман өте көпшілік халық тіке түсініп, қалай болса солай қабылдағандықтан жүзеге асқан кезде дәл олай болмай шығады да күмән пайда болады. Негізінде, ақиқат бола тұра, күткенімдей болмай жатады. Мәселен, ғарышқа жауапты, оны тасушы секілді жер шарына да жауапты «Сәуір» мен "Хұт" атты екі періштені алып өгіз бен дәу жәйін балық деп түсінген, кітаптарда солай суреттеген.

Екіншісі; Кейбір хадистер мұсылмандар көп шоғырланған немесе Ислам мемлекеті болған яки халифат орталығы болған жерді назарға ұсынған бола тұра оқиғаны жалпы дүние жүзілік дәрежеде деп түсінген, сондай-ақ, жеке-арнайы бола тұра жалпыға ортақ деп қабылдаған. Мәселен, мұндай риуаят бар: Ақырзаманда, «Аллаһ, Аллаһ!» дейтіндер қалмайды! яғни Аллаһты дәріптеп зікір ететін орындар жабылады, азанды, қаматты түрікше шақыратын болады! деген сөз.

Төртінші тұжырым: Ажал, өлім секілді ғайби нәрселердің көптеген хикметтері, маслахат-пайдалары болғандықтан құпия болып, анық білдірілмегеніндей дүнияның ажалы, адамзаттың өлімі, жалпы жан иелерінің опаты болып табылатын қиямет қайым да көптеген хикметтер үшін белгісіз, болып жасырын қалған. Иә, егер адамның ажалы белгілі болғанда өмірінің жартысын мүлдем бейқам өткізіп, ал қалған өмірін дарға асылуға бара жатқан адамдай уайыммен өткізіп үрей мен үмітті тепе-тең ұстау қағидасы бұзылар еді.

Сол секілді дүнияның ажалы, жанталас сәті болған қиямет қайым қашан болары белгілі болса алғашқы дәуір мен орта ғасыр ақырет жайлы аз ойланып, әсері айтарлықтай болмас еді.

Ал, соңғы заманда өмір сүрген адамдардың үрейі ұшып, дүниялық өмірдің шырқы бұзылып, мән-мағынасы жоғалар еді. Сондай-ақ, үміт пен үрей ортасында болып ерік-қалауымен құлшылық етудің

— 601 —

маңыздылығы жойылып, хикметі қалмас еді. Егер баршаға аян болса кейбір иман ақиқаттары ап-анық болып барша жұрт қабылдауға мәжбүр болар еді. Онда ерік-қалаумен болатын «тәклиф», "иманның хикметі" мәнісін жояр еді. Міне, осындай көптеген хикметтер үшін ғайби оқиғалар яғни келешекте болатын істер құпия, белгісіз түрде баяндалған. Сонда әркім әрдайым һәм өлімін һәм өмірін ойлап дүнияға да, ақыретке де қам жасайды. Сол секілді әр ғасырда һәм қиямет қайымды ойлап, бір жағынан дүнияның жалғаса беретінін ойлап, осылайша дүнияның пәнилігін ұмытпай бақи өмірге дайындық жасайды әрі бір жағынан өлмейтін адамдай дүнияның шаруаларын да атқарады.

Сондай-ақ, басқа келетін бәлелердің қашан келетіні белгілі болса адам оны уайымдап ол бәледен он есе рухани азап шегіп қиналар еді. Сол үшін, хикмет пен Иләһи рахым жасырын қалдырған. Болашаққа қатысты көптеген ғайби оқиғалардың осындай хикметтері болғандықтан шариғатта ғайыптан хабар беру, келешек туралы айтуға тыйым салынған. Бұл әміріне қарсылық, құрметтемеу болып саналатындықтан «Иләһи тәклиф» пен Имани ақиқаттардан тыс ғайби оқиғалар жайлы Аллаһтың рұқсатымен хабар бергендер тек ишар түрде, меңзеп қана қоя салған, атын атап хабар бермеген.

Тіпті, Тәурат, Інжіл, Зәбүр секілді киелі кітаптарда Пайғамбарымыз жайлы сүйінші хабарлардың өзі анық емес біршама астарлы, үсті жабық айтылғандықтан ол кітаптардың кейбір иелері "тәуил" жасап иман келтірмеді.

Дегенмен, Ислам мен иманға қатысты мәселелерді ашық әрі нақты және толық жеткізу керек болғандықтан Қасиетті Құран және оның тәржімешісі ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақыреттік істерді егжейтегжейлі, ал болашақта болатын дүниялық оқиғалардан қысқаша хабар берген.

Бесінші Тұжырым: Екі тажалдың өмір сүрген заманындағы таңғажайып оқиғаларды, олардың өздерімен байланыстырылып риуаят етілгендіктен әлгі таңғажайып оқиғаларды әлгі тажалдың өздері жасайтындай түсініп, солай қабылдағандықтан ондай риуаяттар «мүтешабих» болып мағына ашылмай түсініксіз болып қалған. Мәселен, тажалдың ұшақпен немесе поезбен саяхаттауын айтуға болады...

— 602 —

Тағы мысал, және кеңінен тараған ғайби оқиға; Исламның тажалы өлген кезде оған қызмет етіп жүрген шайтан Стамбулдағы тастан жасалған тіректен «Пәленше өлді!» деп, бүкіл дүнияға жар салады және оны дүйім жұрт естиді деген яғни таңғажайып түрде шайтандарды да таңқалдыратын радиомен айқайлап хабарлайды, деген сөз.

Һәм, Тажалдың режимінің, оның құрған ұйым-комитетінің және өкіметінің жойқын халдері, сұмдық істері оның жеке тұлғасымен байланыстырылып риуаят етілгендіктен мағынасы ашылмай түсініксіз қалған.

Мәселен, риуаятта былай делінген: «Тажалдың орасан зор қуаты бар әрі шаруасы жалғаса береді. Оны тек Хазіреті Иса пайғамбар ғана өлтіре алады, басқаша мүмкін емес!» яғни оның салған жолы мен аяусыз айуан режимін құлатып, өлтіретін тек ғана аспани және мәртебесі биік, пәк дін Христиандар арасынан шығады. Ол дін (Исауилік) Құран ақиқаттарына ұйып, біріккен Исауи діні яғни христиан діні. Сол кезде Хазіреті Иса алейһиссалам көктен түсіп әлгі дінсіздік жол режимді құлатқанын шығарып, күйретіп жібереді. Егер хадисті осылай түсінбесек, тажалдың жеке тұлғасы әлсіз, ғой оны бір микроб немесе тұмаумен-ақ өлтіре салуға болады.

Сонымен қатар, кейбір риуаят қылушылардың қате болуы бек мүмкін көзқарастары, «ижтихаттары» болып саналатын тәпсірлері, шығарған үкімдері хадистің сөздерімен араласып тәпсіршінің сөздері хадис ретінде қабылданғандықтан мағына бұлыңғыр тартып, жабылып қалған. Дәл айтылғандай жүзеге аспауы әбден мүмкін, сөйтіп «мүтешабих хадистер» санатына кірген.

Сондай-ақ, бұрыңғы заман мына замандай емес еді, ол кезде жамағат болып ұйымдасу қазіргідей емес-ті. Бәрі ұйымдасып арасынан мағынауи тұлға шығаруды білмейтіндіктен яғни жеке тұлғалық көсем ұғымы үстем болғандықтан жамағаттың яғни белгілі бір топтың сипаты, олардың ортақ орасан зор еңбегі сол топтың басшысына еншілене суреттелген. Сол себепті, әлгі тұлғалар зор сипаттарға ие және соған лайық болуы үшін өз болмысынан, өз күшінен жүз есе алып, ірі тұлға, аса құдіретті көрінуі керек болатындықтан солай суреттелген. Әрине, ондай сипаттар ақиқатқа сыймайды. Сөйтіп ол риуаяттар «мүтәшәбих» боп саналады.

— 603 —

Һәм, екі тажалдың сипаттары мен хәлдері әртүрлі бола тұра бәріне жалпы ортақ айтылған риуаят өзара араласып, шатасып кеткен. Әрі «Ұлы Мәһдидің» хәлдері алдын келіп кеткен Мәһдилер туралы риуаяттарға сәйкес келе бермейді. Ол «мүтәшәбих хадистер» сыныпына жатады. Дегенмен Хазіреті Али (р.һ.) тек Ислам ішінен шығатын Тажал туралы хабар берген.

Осымен кіріспе бітті. Енді мәселелерге кірісеміз.

* * * * * *

[Әзірге әлгі ғайби оқиғалардың жүздеген мысалдарынан тек көпшілік халықтың ақидасын бұзу мақсатымен дінсіздердің даурықтырып жатқан жиырма үш мәселесі Құдай жарылқап мұхтасар түрде баяндалмақ. Хадистегі ол мәселелер діннен безгендердің ойлағанындай халыққа зияны тимейді керісінше әрбір хадистің астарында Пайғамбарымыздың сөзге шешендігі, тапқырлығы, орақ ауыз, өткір тілділігі көрінеді. Сондай-ақ, хадистердің нағыз "тәуилі" яғни жорымы дәлелденіп, айқындалса халықтың ақидасы, иманы қуатталуына үлкен себеп болады деген ізгі ниетпен Раббыма жалбарынып, дұға етемін. Жіберген қателіктерім болса Аллаһтың рахымынан ғафу өтініп, мағфират қылсын, Әмин].

* * *
— 604 —

Бесінші Шұғаның екінші тарауы және мәселелері

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінеді: "Ақырзаманда келетін және маңызды рөл ойнайтын тұлғалардың біреуі Суфиянның алақаны тесік!".

Аллаһ ең дұрысын біледі, меніңше мұның "тәуилі" былай болса керек: Суфиян яғни мұсылмандардың арасынан шығатын тажал, азғындық, нәпсіқұмарлық жолда ысырап жасап алақанында ақша тұрмайды, бекерге мал шашады. Халық аузында мынадай сөз бар: «Пәленшенің алақаны тесік!» яғни өте ысырапшыл дегені.

Ендеше, хадис бізге былай дейді: «Суфиян, адамдарды ысырапқа үйретіп, құмарлық сезімін қоздырып, ашкөздік, тойымсыздыққа итереді. Сол сезім арқылы өзіне бағындырып алады!». "Ысырап қылғандар оның тұтқыны болып, тұзағына түседі!" деп, ескертіп отыр.

ТАҒЫ, МҰНДАЙ РИУАЯТ БАР: Ақырзаманда сұмдық біреу шығып, таңертең тұрғанда маңдайында: «Хәзә кәфир!» яғни "мынау кәпір!" деген жазу болады.

Аллаһ ең дұрысын білуші, мұның тәуилі былай болса керек: Әлгі Суфиян өзінің басына батыс еуропаның «серпушын» яғни дөңгелек пішінді, биік шляпа киіп өзгелерге де жаппай кигізеді. Бірақ, мұны мәжбүрлеп, заң бойынша істегендіктен әлгі серпуш та сәждеге барады. Сөйтіп иншаллаһ тәубәға келіп, һидаят бұйырады. Енді, оны кигендер әрине, еріксіз кигендер, кәпір болмайды.

ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ: Тағы мұндай бір риуаят бар: «Ақырзаманның өктемшіл озбыр басшыларының әсіресе Тажалдың жалған жұмағы мен тозағы болмақ!» Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек:

Ол тажал билік құрған елде бір-біріне қарама-қарсы әрі өзара жақын орналасқан қапасхана мен лицей яғни абақты мен мектептер

— 605 —

болады. Оның бірі жәннаттағы хор қыздары мен жәннат жігіттерінің тақылеттес көшірмесі болса, екіншісі азап орны, зындан түріндегі түрмеге ишара.

ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: Ақырзаманда «Аллаһ, Аллаһ!» дейтін болмайды. Ғайыпты тек Аллаһ біледі, дегенмен мұның бір тәуилі былай болса керек:

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ «Аллаһ! Аллаһ! Аллаһ!» деп зікір салатын мешіттер, медреселер, зікірханалар мен забиялар жабылады, азан, қамат сынды Ислами әдеттерді тастап, «Аллаһ» сөзінің орнына басқа есім айтылатын болады!" деген сөз. Әйтпесе, барлық адам жаппай кәпір болып, діннен безеді деген емес. Өйткені, Құдайды жоққа шығару әлемді жоққа шығару секілді ақылға сыйымсыз нәрсе. Олай болса бәрі емес тіпті басым көпшіліктің Аллаһқа сенбей кетуі ақылға қонбайды. Кәпірлер Аллаһты жоққа шығармайды, олар Аллаһтың сипатынан қателеседі.

Тағы басқаша тәуилі болуы мүмкін, мәселен Қияметтің сұмдығын көрмеу үшін мүміндердің жандарын Әзірейіл періште біраз бұрын жинап алады да, қияметтің сұмдығын тек кәпірлер көреді.

БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: "Ақырзаманда Тажал сынды кейбір адамдар өзін ұлықтап, «Құдаймын» дейді. Халықты өзіне сәжде еткізеді.

Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Мысалы, Патшаны мойындамай қарсы шыққан бәдәуи қолбасшы, өзін және басқа қолбасшыларды билік иесі ретінде қарап, әрқайсына жеке-жеке патшалық береді. Дәл сол секілді табиғатшыл, материалис адамдар күш-қуатына қарай өздерін Раб яғни Құдай, билеп-төстеуші санап, халықты күштеп, өзінің сурет, тас мүсіндеріне құлшылық еткізгендей жұртты тік тұрғызады, бас игізіп, еңкейтіп рукуға апарғандай бүгілдіріп қояды!" деген сөз.

АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: «Ақырзаманның фитне-бүлігі сұмдық болатыны сондай ешкім нәпсісіне ие бола алмайды!».

Міне, сондықтан мың үш жүз жылдан бері Пайғамбарымыздың әмірімен күллі мұсылман сол фитне-апаттан Аллаһқа сыйынып, сақтанып келген. Қабір азабынан кейін

— 606 —

مِنْ فِتْنَةِ الدَّجَّالِ وَ مِنْ فِتْنَةِ اٰخِرِ الزَّمَانِ деген дұғаны яғни «тажалдың фитнесінен және ақырзаман апатынан сақта!» деп күні-түні жалбарынған.

Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Ол фитне-бүліктер нәпсілерді қоздырып өзіне тартып байлап алады. Адамдар өз еркімен тіпті қызыға, құлшына бүлік шығарады. Мәселен, Ресейде тырдай жалаңаш еркек-әйел бірге суға түседі екен. Жалпы әйел заты жаратылысынан өзінің сұлулығын көрсетуге құмар келетіндіктен әлгі фитне-бүлік ұнап, ішіне қуана-қуана түседі. Олар бетімен кетіп азғындыққа бой алдырады. Ал, табиғаты сұлулыққа құмар еркектер болса, нәпсіге жеңіліп мас адамдай мәз болып, әлгі отқа жүгіріп жанатын болады.

Иә, сол заманның нәпсі қоздыратын нәрселері яғни дискотека, театр сықылды ойын-сауық пен үлкен күнәлар және бидғаттар адамдарды өзіне тартып нәпсіқұмар пенделерді көбелектей шыр айналдырып естен тандырады. Егер, олай болмаса яғни мәжбүрлеп, зорлап істеткізетін болса, еріксіз болғандықтан күнә да саналмайды.

ЖЕТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай риуаят бар: «Суфиян үлкен ғалым болады. Ол іліммен адасады. Және көптеген ғалымдар ізінен еріп, оған тәуелді болады!»

Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Тажал жоғары билікке басқа патшалар секілді құдрет-күшімен немесе ру-тайпасының арқасында яки батырлығымен немесе байлығымен жетпейді. Әлгіндей себептердің бірде-бірі жоқ бола тұра ол мәртебеге қулық жасап зеректігімен, ілімділігімен, саяси біліктігімен жетеді. Көп ғалымдардың ақылын өзіне бағындырып оларды айналасына жинап пәтуа беретін, кеңесші ретінде пайдаланады. Әрі көптеген мұғалімдерді өзіне жақтас қылады, діннен тыс білімді негіз етіп қабылдап жаппай елді теріс оқытады!" деген сөз.

СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттар Тажалдың сұмдық фитне-бүлігі Ислам әлемінде болатынын көрсетеді. Сондықтан, бүкіл үммет қорқып Аллаһқа сыйынған.

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ мұның бір жорымы мынандай: Ислам әлемінен шығатын Тажал бөлек. Тіпті, ол туралы кейбір зерттеушілер

— 607 —

Хазіреті Алидің (р.һ) дегеніндей былай деген: "Олардың Тажалы Суфиян. Ол мұсылмандардың ішінен шығады. Ол өте қу, әккі адамдарды алдап соғады. Ал, кәпірлердің Тажалы бөлек. Ол дәу Тажал. Оның өктемшіл зорлық-зомбылығына көнбей қарсы шығып өліп кеткендер шәһид болады және еріксіз мойынсұнған адамдар кәпір саналмайды, тіпті күнәһар да болмайды.

ТОҒЫЗЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда Суфиянның қай жерден шығатыны және сұмдық лаңкес әрекеттері Шамның айналасы деп және Арабстан деп суреттелген.

Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Баяғы заманда халифат орталығы Ирак немесе Шам немесе Мәдинә болғандықтан хадисті риуаят қылушылар өз жағынан қарап бейне бір Ислам орталығы мәңгі өзгермейтіндей мағына шығарып Ислам салтанатының орталығына жақын аймақта болады деп топшылаған. Сөйтіп Алеппо, Шам яғни Сирия Дамаск деген. Хадистің қысқа-нұсқа хабарын өз пікіріне салып ашықтап түсіндірген.

ОНЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда, Ақырзаманда үлкен рөл ойнайтын тұлғалар ерекше қабілетті, құдреті күшті біреу секілді суреттелген.

Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның тәуилі былай болса керек: Хадистің меңзеп отырғаны әлгі сұмдық тұлғалардың уәкілдік қылған ұйымы немесе рухани тұлғасы болса керек, яғни олардың жамағатының жойқын қара тобыры. Баяғыда орыс әскеріне күйрете соққы берген Жапон қолбасшысының суреті бір аяғы Тынық Мұхитта бір аяғы Порт Артур қаласында тұрған бейнеде салынған еді, яғни оның айбынды әскерінің рухани алып тұлғасы өзінің кішкене бойлы бейнесінде суреттелген. Ал, тажалдың жойқын сұмдық күш-құдретіне келер болсақ, олардың жалпы іс-әрекеті бұзып қирату, нәпсіқұмарлық болғандықтан сырттай жойқын күшті көрінеді. Себебі, бұзу әрқашан оңай. Бір тал сіріңкемен бір ауылды өртеп жіберуге болады. Жалпы азғындыққа нәпсі тараптар болатындықтан дүниенің әртарапына тез жайылады.

ОН БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінген: «Ақырзаманда бір еркек қырық қатынға бақташы болады», яғни бір еркектің қырық қатыны болады!

Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның екі тәуилі бар:

— 608 —

Біріншісі; Ол заманда шариғатқа сай неке азаяды немесе Ресейдегідей күшін жояды. Еркетер бір әйелге байланып, тәуелді болудан қашып басы бос бейбақ қырық әйелдің көңілін тауып болады.

Екінші тәуилі: Сол бір бүлік көбйіп, ақырзаманда болғанда соғыс жиілеп майданда еркектер өлетіндіктен әрі бір хикметке байланысты қыз бала көп туылатындықтан әлгіндей болуы әбден ықтимал. Мүмкін, әйелді заң қолдап емін-еркін жүріп бетімен кетіп шәхуаты, құмарлығы артып, күшейетіндіктен табиғаты еркектен басым болып баланы өз жынысына тартуы әбден мүмкін. Аллаһтың әмірімен қыз бала көп болады.

ОН ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта: "Тажалдың бірінші күні бір жылға тең, екінші күні бір ай, үшінші күні бір аптаға пара-пар, төртінші күні кәдімгідей!". Ғайыпты бір Аллаһ біледі, мұның екі тәуилі бар: لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ

Біріншісі: Бұл хадис тажалдың солтүстік жақтан шығатынын меңзеп, соны ишара қылуда. Себебі, солтүстік полюс аймағында бір жыл бір күн секілді яғни алты ай күндіз алты түн болып тұрады. Енді, поезбен берімен қарай бір күн жүрсе жаз уақытында бір ай бойы күн батпай күндіз болып тұрады. Тағы бері қарай автокөлікпен бір күн жүрсе бір апта бойы күн ұясына батпайды көрініп тұрады. Мен Ресейде тұтқында болғанымда осы аймаққа жақын орналасқан лагерде болдым. Демек, дәу Тажал солтүстіктен шығып бері қарай шабуыл жасайтынын Ардақты Пайғамбарымыз бірнеше ғасыр бұрын хабар берген.

Екінші тәуилі былай болса керек: Дәу Тажалдың да Ислам Тажалының да диктаторлық кезеңі үш күнге созылатынын айтса керек. "Бірінші күні яғни алғашқы кезеңінде орасан зор жұмыстар атқарылады. Мұны басқа уақытта жасау үшін үш жүз жыл керек болар. Екінші күні яғни екінші кезеңінде бір жылда отыз жыл еңбектеніп игере алмайтын қыруар жұмыстар жасайды. Үшінші күні яғни соңғы кезеңінде баяулап тұрақтап қалады, қолынан түк келмейді, тек сақтанумен әуре болады". Осылайша Пайғамбарымыз өте шешен әрі шебер түрде үмметіне хабар беріп кеткен.

ОН ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ: Нақты, сахих риуаятта былай делінген: «Иса алейһиссалам дәу Тажалды өлтіреді!».

— 609 —

Аллаһ ең дұрысын біледі, мұны да екі түрлі жоруға болады:

Біріншіден: Сиқыр, гипноз және спиритизма сықылды "истидрадж" деп аталатын таңқаларлық күй кешіп, өзін солай сақтап жүретін және дүйім жұртты өзіне қаратып байлап алған әлгі сұмдық Тажалды өлтіріп, оның салған қисық жолын бұзу әрине тек ғана таңғажайып әрі керемет әрі көпшіліктің қалаулысы болған біреудің ғана қолынан келеді. Ол - ерекше тұлға, бәріне танымал, бәрімен байланысты, басым көпшіліктің Пайғамбары Иса алейһиссалам.

Екінші бір мағыналық тұсы: Иса Пайғамбардың (а.с.) қылышымен өлетін Тажалдың қалыптастырған материализм ұғымын яғни дінсіздікті және оның уәкілін яғни алып тұлғасын өлтіріп, құдайсыздық пікіріне тосқауыл болып, көзін құртатын тек ғана Иса пайғамбардың дінін ұстанушы рухани тұлғалар ғана. Ол рухани тұлғалар христиандық дінінің ақиқатын Ислам дінінің ақиқатымен біріктіріп жойқын күшке ие болады. Сосын әлгі күшпен күпірлікті тоқтатады яғни рухани түрде өлтіреді. Тіпті, "Хазіреті Иса алейһиссалам келеді, Хазіреті Мәхдимен қосылып намаз оқиды. Мәхди имам болып, Иса алейһиссалам оған жамағат болып ұйыйды" деген риуаят осы бірлік пен ынтымақты және Құран ақиқатына мойынсұнатынын және Құранның үстем болатынын білдірсе керек.

ОН ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай риуаят бар: "Тажалдың арқа сүйер қуаты яхудилер болмақ. Яхудилер тажалды жақсы көріп ізінен ереді!".

Аллаһ ең дұрысын білуші, бұл риуаяттың белгілі бір мағынасы яғни тәуилі Ресейде көрініс тапты. Өйткені, біраз елден жәбір көріп зұлымдыққа ұшыраған яхудилердің басым көпшілігі Германияға жиналып, бұрынғы өш кектерін қайтару үшін Коммунистік комитетінде ықпалы күшті болған Тройцкий деген тегі яхуди залым біреуді Ресейдің басқолбасшысы әрі көсемі саналған атышулы Лениннен кейін Ресейдің билік басына шығарып, елдің игі жақсыларын зар қақсатып қырғынға ұшырады. Мың жылдық мәдени жетістіктерін күлталқан етіп жермен жексен етеді.

ОН БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ: Яжуж-Мәжуж оқиғасын Қасиетті Құранда қысқа-нұсқа баяндалған. Дегенмен, риуаяттарда біршама түсініктемелер жасалған. Ол түсініктемелер Құранның «мухкемат»

— 610 —

аяттары секілді мазмұнды «мухкем» емес, біршама «мутешабих» аяттар секілді тәуил қажет етеді. Тіпті, риуаят қылушылардың иджтихаттары араласып кеткендіктен жору керек болады.

Иә, لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ мұның бір тәуилі былай болса керек: Құранның тілінде «Яжуж-Мәжуж» деп аталатын Манчурия және Моңғол тайпалары, Шын-Машындағы кейбір тайпаларды өзіне қаратып, біріге отырып бірнеше мәрте Азия мен Еуропаны күлталқанын шығарғаны тарихта белгілі. Сол секілді, келешекте де дәл сол тайпалар дүнияның астан-кестеңін шығарып қирататынын ишара етіп, соны меңзесе керек. Қазірдің өзінде коммунизм, анархия жайлаған елдердің бірі сол аймақтар.

Иә, тарихқа үңілер болсақ, Француз революциясында бостандықты аңсап, демократия ұғымының іргетасы қаланып социализм пайда болды. Социализм кейбір діни қағидаларды сақтамай бұзғандықтан ақырында большевизмге айналды. Және большевизм де көптеген ахлақи қағидалармен, рухани, адами ұстанымдармен санаспағандықтан әлбетте нәтижесі сұмдық болып ешбір ереже қағидаға бағынбайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет дегенді білмейтін анархияға апарып соқтырады.

Өйткені, адамның жүрегінде құрмет пен мейірім болмаса ақыл мен зеректік адамды жыртқыш хайуанға, сұмдық айуанға айналдырады. Ондай адамдарды саясатпен басқару мүмкін болмайды. Жалпы анархия ұғымының орнығып өркен жаюына ең ыңғайлы жер көп жәбір көрген әрі халқы тығыз орналасқан әрі мәдениетте артта қалған, басқару қиын тағы, жабайы тайпалар қоныстанған елді-мекендер болмақ. Ал шарттары ең қолайлы халық Шын-Машындағы анау басынан мынау басына шейін қырық күн жүретін және әлемнің жеті ғажайыбы саналатын Қытай қорғанының салынуына себеп болған Манчурия мен Моңғол және кейбір Қырғыз тайпалары. Ол туралы Қасиетті Құранның қысқа қайырған хабарын ашықтап тәпсірлеуші Мұхаммед алейһиссалату уассалам таңғажайып түрде әрі терең талдап хабар берген.

ОН АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Иса алейһиссалам Тажалды өлтіретіні жайлы риуаятта, Тажалдың бойы сұмдық үлкен, мұнарадан да биік болмысы бар екені және Хазіреті Иса алейһиссалам оның қасында кіп-кішкене, аласа екені баяндалады.

— 611 —

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ бұл сөздің мұндай бір тәуилі болса керек; Иса алейһиссаламды иманның нұрымен танып, артынан ерген муджаһит рухани жамағатты егер суреттеп, бір бейне-пішін берер болсақ, сосын Тажалдың ашқан мектептері мен әскерін, білім орындарын топтап қарастырар болсаң Иса алейһиссаламның ізбасарлары азғантай кішкене болатынына ишара деп түсінеміз.

ОН ЖЕТІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінген: "Тажал шыққан күні оны бүкіл дүния естиді және ол қырық күнде дүнияны аралап шығады және сұмдық бір есегі бар!".

Аллаһ біледі, бұл риуаяттар сахих болу шартымен тәуилі былай болса керек: Дегенмен риуаяттар сұмдық үлкен хабарды жеткізуде. Былайша: "Тажалдың заманында байланыс құралдары, тасымалдау көліктері дамып жетіледі яғни бір оқиға бір күнде бүкіл дүнияға тарайды. Радио арқылы хабарланып шығыс пен батыс естиді және барлық бұқаралық ақпарат көздерінде жарияланады. Ардақты Пайғамбарымыз он ғасыр бұрын телеграф, телефон, радио, поезд, ұшақты меңзеп: «...адамдар қырық күнде дүнияны айналып шығатын болады, жеті құрлықты және жетпіс елді көріп, саяхат қылады!» деген. Сондай-ақ, Тажал тажалдық сипатымен емес өте озбыр диктатор, патша сипатымен аты шығады. Ал дүнияны кезеді дегені жаулап, басып алады деген емес, барған жерінде бүлік шығарып іріткі салады, халықты адастырып жолдан тайдырады деген сөз. Ал, астындағы көлігі яки есегі болса поезд болуы мүмкін. Оның бір құлағы және бір басы саналатын тозаққа ұқсас от жағатын жері, ал екінші құлағы болса жалған жұмаққа ұқсас тамаша безендірілген вагон болса керек. Өзінің дұшпандарын от шашқан басына, ал достарын сый-сияпат әзір жағына жібереді, не болмаса оның есегі яки көлігі сұмдық автокөлік немесе ұшақ болуы мүмкін я болмаса... (үндемеген дұрыс...)

ОН СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінген: "Үмметім егер тура бағыттан таймаса бір күн өмір сүреді!" яғни ف۪ى يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُٓ اَلْفَ سَنَةٍ аятының сыры бойынша мың жыл бойы үстемдік етіп, керемет тұрмыс кешеді. «Егер тура бағыттан тайса жарты күн яғни, тек бес жүз жылға жуық үстемдік құрып, салтанаты жалғасады».

— 612 —

Аллаһ біледі, бұл риуаят қиямет қайымның қашан болатынын емес, дін Исламның үстемдік құрып билік жүргізетін кезеңін, халифаттың салтанаты қашанға дейін жалғасатынын хабарлап отыр. Расында, Расулуллаһтың хабары таңғажайып түрде тура шықты. Қалай десеңіз, Аббаситтер халифат құрып, ақырында билік басындағылар тура бағыттан айырылып салтанаты бес жүз жылдан кейін тәмам болды. Алайда, жалпы Пайғамбарымыздың үмметі тура жолдан таймай бағыты дұрыс болғандықтан Османлы халифаты көмекке келді. Сөйтіп халифат мың үш жүз жыл салтанат құрып жалғасын тапты. Кейін Османлы саясаткерлері де тура бағытты сақтай алмағандықтан олар да (халифалықты) бес жүз жыл аяқта ұстап тұра алды. Бұл хадистің таңғажайып хабары Османлы халифаты құлдырауы арқылы расталды. Бұл хадис басқа рисалелерде де баяндалғандықтан қысқа қайырдық.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда ақырзаманның белгісі ретінде және Пайғамбарымыздың ұрпағынан шығатын Хазіреті Мәхди (р.һ.) туралы әртүрлі хабарлар бар. Тіпті, риуаятар сан-алуан болғандықтан кей ғалымдар мен әулиелер Мәхди келіпкетті деген.

Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұндай түрлі риуаяттардың бір тәуилі былай болса керек; ең үлкен Мәхдидің атқарар көптеген міндеттері бар. Атап айтқанда, саясат әлемінде, діни салада, билік пен салтанат әлемінде, жихад әлемінде қызметі болады. Сондай-ақ, үмітсіздік жайлаған заманда әрбір ғасыр рухани демеу беріп қуаттайтын белгілі мағынада Мәхдиге немесе Мәхди келіп құтқарады деген үмітке мұқтаж болғандықтан Аллаһтың рахымы түсіп әрбір дәуірде тіпті әрбір ғасырда белгілі бір мағынада Пайғамбарымыздың ұрпағынан Мәхди келіп медет беріп отырған. Сөйтіп, атасының әкелген шариғатын сақтап, сүннетін жаңғыртқан.

Мәселен, Аббаситтерден шыққан Мәһдилер саясат әлемінде қызымет еткен болса, дін саласында Ғаус-ы Ағзам, Шах-ы Нақшибенди, төрт «ақтаб» және он екі имам сынды тұлғалар үлкен Мәһдидің кейбір міндеттерін атқарған. Міне, бұл тұлғалар Ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) назарында болғандықтан риуаяттар әртүрлі кері, қайшылықтар пайда болған. Соңында ақиқат іздеушілер:

«Мәхди келіп кетті!» деген екен. Жарайды, бұл мәселе РисалейНұрда баяндалғандықтан оны соған сілтеп қысқаша былай демекпіз:

— 613 —

Дүнияда Әһл-і Бәйт әулеті секілді ауызбіршілігі мықты өте тату жамағат жоқ яғни Ардақты Пайғамбарымыздың ұрпағына, оның жамағатына, ұйымына тең келер бірде-бір топ, ешқандай ұйым жоқ.

Иә, Пайғамбарымыздан тараған әулет өмірге жоғары мәртебелі жүздеген қаһарман имам әкеліп, мыңдаған рухани көсемдер жетілдіріп оларды үмметке жетекші ретінде тарту еткен. Мұндай Құран ақиқаттарымен сусындап, иманның нұрымен нұрланып, Дін Исламның абыройымен мерейі тасыған, кемелдіктің жоғары сатысына жеткен Әһл-і бәйт яғни Ардақты пайғамбарымыздың ұрпағы әлбетте, тағыда яғни ақырзаманда Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатын, Құранның ақиқатын, Ахмедтің сүннетін (с.а.у.) жандандырып, дүнияға жар салып, жүзеге асыратын болады. Сөйтіп, күллі мүмінмұсылмандардың бас қолбасшысы «Ұлы Мәхдидің» асқан әділдігін, ақиқатшыл екенін әлемге паш етіп, растайтын болады әрі солай болуы ақылға қонымды, бәлкім қажет тіпті зәрулік және адамзаттың қоғамдық өмірін ретте қалыптастыратын ереже-заңдардың талабы десе болады.

Жетінші мәселе: Күннің батыстан шығуы және жер астынан «даббет-үл арз» дейтін мақұлықтың шығуы.

Енді, Күннің батыстан шығуына келсек, ол қиямет басталғанның анық белгісі. Еш күмәнсіз, нақты болғандықтан адамның еркімен болатын тәубә есігі жабылады. Сондықтан мағынасы, тәпсірі белгілі, оны тәуил қылудың қажеті жоқ. Тек былай демекпіз:

Аллаһ ең дұрысын біледі, ол құбылыстың сыртқы себебі мынау болса керек: Егер жер шарын бас десек, оның ақылы Құран. Егер, жер жүзі Құраннан айырылса, ақылын жоғалтқан бас секілді диуана болып Құдайдың құдретімен басын басқа планетаға соғып жүйелі қозғалысы бұзылады. Енді ол батыстан шығысқа бет алған саяхатын Аллаһтың әмірімен шығыстан батысқа қарай теріс айналып Күн батыстан шығады.

Иә, жер шарын Күнмен және дүнияны ғарышпен мықтап байланыстырып тұрған мықты арқан тәрізді Құранның қуатты тартылыс күші болмаса, Жер шарын ұстап тұрған арқан үзіледі де Жер өз белдігінен шығып лағып кетеді. Сол кезде Күн батыстан шығады. Бағытын жоғалтып алған жер Аллаһтың әмірімен бір денемен соқтығысып нәтижесінде Қиямет қайым болады деген тәуил жасауға болар.

— 614 —

Ал, енді «даббет-үл арз» мәселесіне келер болсақ, ол туралы Құранда қысқа-нұсқа, ишара түрде баяндалған. Оның хал тілімен не айтқаны, не сөйлегені жазылған. Егжей-тегжейлі баяндайтын болсақ, мен әзірге басқа мәселелердей нақты біле алмай отырмын, дегенмен қысқаша былай дер едім:

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ қалайша Перғауын қауымына шегіртке, бит бәлесіне ұшырады және Қасиетті Қағбаны қиратамын деген Әбрәһа әскеріне «Әбәбил құстары» тас төбесінен шабуыл жасады. Дәл сол секілді Суфиян мен Тажалдың шығарған фитне-бүлігіне мәз болып алданған, қасарысқан, діннен безген, кезде оның үстіне «Яжуж пен Мәжужтың» анархиясы қосылып қоғам іріп-шіри бастаған сәтте, мұндай діннен безген, күпірлікке әбден батқан қоғамды тәубаға келтіріп, есін жиғызу үшін жерден жыртқыш хайуан шығып қырғидай тиісіп, қойша қырады. Аллаһ ең дұрысын біледі, ол «даббе» яғни бір түр мақұлықтар болса керек. Өйткені, өте алып бір ғана тұлға болса барлық жерге әркімге үлгере алмайды. Демек, сұмдық бір топ тірі жәндік болуы мүмкін.

Тіпті, اِلَّا دَٓابَّةُ الْاَرْضِ تَاْكُلُ مِنْسَاَتَهُ аяты ишара еткеніндей, әлгі хайуан «даббет-үл арз» деп аталатын ағаш құрты тәрізді. Олар адамның сүйектерін ағаш кеміргендей кеміреді. Денені жайлап адамның тісінен бастап тырнағына дейін ұялап қаптап кетеді. Мүміндер иманның берекетімен, соның саясында және азғындықтан, қисық жолдан, жаман әдеттен тиылу арқылы әлгі бәледен аман қалады. Осыны меңзеп аят, иман тұрғысында әлгі хайуанды сөйлеткізген.

﴿ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ﴾
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
* * * * * *
— 615 —

Жоғарыда аталған жиырма алты мәселеге қосымша ретінде үш қысқа тұжырым.

БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда Хазіреті Иса алейһиссаламды «Мәсих» лақабымен суреттелген секілді екі Тажалға да «Мәсих» деп атаған. Барлық риуаяттарда:

مِنْ فِتْنَةِ الْمَس۪يحِ الدَّجَّالِ مِنْ فِتْنَةِ الْمَس۪يحِ الدَّجَّالِ деп айтылады. Мұның хикметін және тәуилін баяндап берсеңіз.

Жауабы: Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір хикметі былай болса керек: Қалайша, Иса пайғамбар Аллаһтың әмірімен Мұса пайғамбардың шариғатындағы кейбір ауыр үкімдердің күшін жойып, шарап секілді кейбір құмар заттарды халал қылды яғни рұқсат берді. Дәл сол секілді дәу Тажал да шайтанның арбауымен, ібіліске еріп Иса пайғамбардың шариғатын бұзып, христиандардың қоғамдық өмірін жалғастырып тұрған ереже-заңдарды жойып анархияға және «Яжуж пен Мәжужтің» келуіне қолайлы жағдай жасайды. Сондайақ, Ислам тажалы Суфиян да Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шариғатының өміршең, заңдарын мәңгі бақи жалғасатын үкімін нәпсі мен шайтанның азғыруымен жоюға тырысады. Тұрмыс-тіршіліктің заттық-рухани берекесін алып, құмарпаз, есерсоқ әрі мас нәпсілерді қаңғытып бетімен жібереді. Ел арасына іріткі салып, құрмет, мейірім секілді рухани құндылықтарды, өзара байланыстарды жойып, адамзатты әуестікпен нәпсінің батпағына итереді. Аты еркіндік, ал негізінде диктатура озбырлық орнатып және іші өктемдік, сырттан бостандық көрінетін сұмдық анархияға жер дайындайды. Ол кезде адамдарды темірдей тәртіппен тізгіндеп ұстамаса яғни диктаторлықтан басқа басқару жүйесі қалмайды.

ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда екі Тажалдың да жойқын істері, құдреттілігі, орасан зор күшті болатыны баяндалады. Тіпті, кейбір бейбақтар оларға Құдайдай сеніп, тәңірдей табынады. Мұның сырын ашып берсеңіз.

Жауабы: وَالْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ Олардың атқарған істері орасан зор, таңғажайып көрінуінің себебі, жалпы іс-әрекеттері бұзу, қиратуға, нәпсіқұмарлыққа, әуестікке негізделгендіктен орасан зор жұмыстарды

— 616 —

жеңіл түрде атқарады. Бір риуаятта «олардың бір күні бір жыл» деген, яғни үш жүз жылда атқарылатын істерді бір жылда атқарады делінген. Ал асқан құдретті көрінуінің себептеріне келер болсақ, оның төрт жағы, төрт қыры бар.

Біріншіден; "Истидраж" халге түсіп яғни әдеттен тыс, ерекше жағдай көрсетіп, диктаторлық режим, орнатып қол астындағы алып үкіметтерінде ержүрек батыр әскерлерінің және еңбеккеш халықтың күшімен болған өркениетті, игі істерді орынсыз түрде, әлгі диктатор көсемдер иеленіп, өздеріне телінгендіктен олар мыңдаған адамның күш-құдіретіне ие секілді көрінеді. Ал, негізінде және заң бойынша бір жамағаттың яғни көпшіліктің еңбегімен болған оң нәтижелер мен жетістіктер, табыс пен абырой халыққа, беріліп, абыройға солар бөленуі керек. Ал, жіберілген қателіктер мен кемшіліктер, ағаттықтар мен жамандықтар болса басшының ұйымдастыра алмауына, олақтығына.

Мысалға, бір топ жауынгер жаудың шебін бұзып, бекіністі алса олжа мен абырой жауынгерлерге беріліп, солардың еңбегі деп есептеледі. Ал қате шешімдер, бұрыс іс-шаралар қолбасшының кінәсі болып саналады.

Міне, хақ пен ақиқат осындай әділ ережені, хақ ұстанымды бұйыра тұра, бұл қағидаға мүлдем кереғар түрде болымды жетістіктер мен табыс әлгі сұмдық тұлғаларға, басшыларға беріледі, ал болымсыз істер, кемшіліктер мен келеңсіз оқиғалар бейшара халыққа еншіленеді де, негізінде халықтың лағынетіне лайық әлгі тұлғалар - истидраж күйге түсіп - ғапыл адамдарға сүйкімді көрініп, көпшіліктің қалауы саналады.

Екінші жағы әрі себебі; Екі Тажал да сұмдық тиран, озбыр болады. Олар шектен шыққан залым әрі қатыгез, аяу дегенді білмейтін, өктемшіл келеді. Сол үшін де құдретті көрінеді. Иә, Тажал сұмдық диктатура орнататыны сондай, ол заңдар шығарып, заң жүзінде әркімнің ар-ожданына, дініне, тіпті киім-киісіне дейін тиіседі. Менің ойымша, соңғы заманда Ислам мен Түркі халқының бостандықты қалайтын демократ тобы мұндай сұмдық диктатура орнайтынын алдын ала сезіп қам жасап қарсылық көрсетті. Дегенмен, қатты қателесіп басқа жақты нысанаға алып қате шабуыл жасады. Тажалдың зұлымдығы мен халыққа жәбірі адам айтқысыз сұмдық. Ол бір адамға бола жүз ауылды өртеп, жүздеген бейкүнә жандарды қырып жазаға тартады, яғни ойран салады.

— 617 —

Үшінші жағы және себебі: Екі Тажалға да Яхудилер көмектеседі. Оларға, Ислам мен Христиан дініне қарсы әрдайым өш алуға дайын астыртын ұйымдар демеуші болады және "әйел теңдігі" дейтін атты жамылған сұмдық тағы бір комитет те қарап қалмай ол да көмектесетін болады. Тіпті, Ислам Тажалы масондардың комитетін алдатып оларға мықтап арқа сүйегендіктен сұмдық құдретті, орасан зор күшті көрінеді. Сондай-ақ, кейбір әулиелердің сөзін тыңдасақ, Ислам мемлекеттерінің билігін қолға алған Суфияни Тажал, айналасына өте күшті әрі зерек, ақылды әрі еңбеккеш әрі мақтануды жек көретін, атақ пен даңққа әсте қызықпайтын уәзір, яғни министрлер тауып және ержүрек батыр, іскер әрі табанды әрі епті, қарапайым, өзін мансап үшін төмендетпейтін бір қолбасшы тауып оларды өзіне байлап қызметші қылады. Олардың керемет істерін, тыңғылықты жұмыстарын, адал ниеттерін пайдаланып, оны өзінікі сияқты иеленіп, сол арқылы алып армияның жеңісін және үкіметтің жаңаруға, өзгеруге деген құлшынысын сондай-ақ, соғыстан кейінгі қиын кезеңді оңтайлы пайдаланып, халықтың ынта-жігерін, қайраткүшін өзі иемденіп жеке басы таңқаларлық тұлға, ерекше дарынды екенін айналасындағы жылпос, жағымпаз тобыр арқылы елге жайып атағы шығады.

Төртінші жағы мен себебі: Дәу Тажалдың спиритизма, экстрасенс секілді сиқырлап алатын қасиеті болады. Ислам ішінен шыққан Тажалдың да бір көзі адамды арбап алатын гипноз секілді қасиеті болады. Тіпті риуаяттарда, «Тажалдың бір көзі соқыр!» деп Ардақты Пайғамбарымыз назарды оның көзіне аудартып дәу Тажалдың бір көзі соқыр ал, екінші Тажалдың бір көзі екінші көзіне қарағанда салыстырмалы түрде соқыр деуге болады. Ардақты Пайғамбарымыз мұны хадисінде баяндау арқылы олардың мүлдем сенбейтін абъсолюттік кәпір, сондықтан олар тек бұл дүнияны көретін жалғыз көзді екенін яғни ақыретті көретін көзі жоқ екенін меңзеген.

Мен, мағынауи әлемде Ислам Тажалын көрдім. Бір көзінде адамды сиқырлап, арбап алатын гипноз бар екеніне куә болдым. Және ол мүлдем сенбейтін толыққанды кәпір еді. Міне, осы абъсолюттік күпірліктен пайда болатын соқыр батырлыққа салынып, қорықпастан діни әдет-ғұрыптарға, шариғаттың үкімдеріне шүйліге тиіседі. Қарапайым халық ақиқатты білмегендіктен мұнысын оның күштілігі, ержүрек батырлығы деп ойлайды.

— 618 —

Сондай-ақ, абырой мен даңқы үстем қаһарман халық, өздері соғыстан жеңіліп, аласапыран болып жатқанда мұндай көзбояушы, атақты, жолы болғыш, қу әрі әккі қолбасшыны тапқанына мәз болып, оның жасырын, сұмдық пиғылына қарамай бойларындағы ержүрек батыр сезімге беріліп оған аса құрмет көрсетіп төбесіне көтереді. Жасаған жамандықтарын бүркеп көрмеуге тырысады. Бірақ, тумысынан қаһарман әрі жауынгер әскердің рухындағы парасат және діндар халықтың бойындағы имандылық, Құрани нұр соңында жағдайды түсініп ақиқатты аңғарады. Сөйтіп халық әлгі қолбасшының сұмдық зұлымдықтарын шашқан күл-қоқыстарын тазартып, қиратқан жерлерін жөндеуге тырысады - дейді риуаяттарда.

ҮШІНШІ ШАҒЫН МӘСЕЛЕ: Ғибрат боларлық үш оқиға.

Бірінші оқиға: Бірде Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Омарға (р.һ.) яхуди балаларының арасынан біреуін көрсетіп: «Оның түрі осындай!» депті. Сонда Хазіреті Омар (р.һ.): «Олай болса мен қазір оны өлтіремін!» дегенде Ардақты Пайғамбарымыз: "Егер, ол шынымен Суфиян, Ислам Тажалы болса сен оны өлтіре алмайсың! Ал егер ол болмаса оған ұқсағаны үшін, тек түріне бола өлтіруге болмайды!" деген екен.

Бұл риуаят бізге мынаны мегзейді: Оның суреті өз заманында яғни билік құрған кезінде көп жерлерде көрініс табады. Сол секілді өзі яхудилердің арасынан шығады. Таңғаларлық жәйт: бір баланың түрі тажалдың түріне ұқсағаны үшін өлтіргісі келіп ашуға булыққан Хазіреті Омар (р.һ.), Суфиянның қатты ұнатып, өзіне үлгі тұтары (күмир) әрі жоғары баға беріп, әңгімесінде ол туралы көп мақтайтын адамы болуы қызық оқиға.

Екінші оқиға: "Әлгі Ислам Тажалы қызығып Құрандағы وَ التّ۪ينِ وَ الزَّيْتُونِ сүресінің мағынасын сұрайды екен" деген сөз көп тараған. Мұның таң-қаларлығы мынау:

Бұл сүренің астында орналасқан اِقْرَاْ بِاسْمِ رَبِّكَ сүресіндегі اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى сөйлемі оның тап уақытын, жеке тұлғасын - джифр есебімен және мағынасымен - дәлме-дәл көрсетіп ишара еткен. Сондай-ақ, оның намазхандарға, және құлшылық орындарға тағылық жасап жауыздық ететінін көрсетіп тұр. Демек, әлгі алдап арбаушы қу, Құранның кішкене сүресінде өзі туралы айтылғанын сезеді. Алайда жаңылысып көршінің есігін қағады.

— 619 —

Үшінші оқиға: Бір риуаятта: «Ислам Тажалы Хорасан тарапынан шығады» делінген. لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ ғайыпты Аллаһ біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Шығыс халықтарының ішінде тым ержүрек, батыр әрі күшті және сан жағынан көп және дін Исламның батыр әскері Түркі халқы әлгі риуаят айтылған кезде Хорасан аймағын мекендеп әлі Анадолуға яғни қазіргі Түркияға қоныс теппегендіктен сол заманғы мекен көрсетіліп Суфияни Тажал солардың ішінен шығады деп жорыған.

Таң қаларлық жәйт! Сұм тажал жеті жүз жыл бойы Дін Исламға қызмет еткен және Қасиетті Құранның мерейін көкке көтеріп, Исламның туын желбіретіп және оның алмас қылышы болып жаудан қорғаған Түркі халқына олардың ұлтшылдық сезімін пайдаланып уақытша болса да Исламның кейбір әдеттерін бұзуға әрекет жасады. Бірақ, сәтсіздікке ұшырап қолын кері тартады. «Ержүрек, қаһарман әскер Тажалдың қолынан тізгінін алып, өзін әлгі бәледен құтқарады!» деген мағынаны риуаяттан түсінуге болады.

وَاللّٰهُ اَعْلَمُ بِالصَّوَابِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ