Жиырма тоғызыншы Лемадан екінші бап
[Бұл екінші баб "Әлхамдулиллаһ" жайында]
[Екінші баб деп аталған бұл шағын еңбекте адамдарға "әлхамдулиллаһ" дегізген иманның көптеген пайдалары мен нұрларының тек тоғыз түрі баяндалмақ.]
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Әуелі екі нәрсені ескерген жөн.
Біріншіден: Философия, әр нәрсені жағымсыз, қорқынышты түрде көрсететін қара көзілдірік. Ал, Иман болса - әр нәрсені жағымды тамаша жанға жақын шырайлы көрсететін мөлдір де пәк, нұрлы көзілдірік.
Екіншіден: Бүкіл жаратылыспен байланыста, әр нәрсемен қарым-қатынаста, өзін қоршаған ортамен ойша болсын сөйлесуге, жүздесуге, көрші болуға әу бастан мәжбүр адам баласының оң мен солы, алды мен арты, асты мен үсті дейтін алты жағы бар. Адам әлгі аталған көзілдіріктің біреуін киіп, манағы жақтардағы жаратылысты, хал-ахуалды көреді.
Оң жақ. Бұл өткен шақ. Философия көзілдірігімен бұл жаққа қараған адам, ол жақты астан-кестеңі шығып қирап қалған үрейлі мазар тәрізді көреді. Оның мұндай көріністен зәресі ұшып, жүрегі аузына тығылып үмітсіздікке түсері анық. Алайда, иман көзілдірігімен қараған кезде, бұл жақ астан-кестең күйде көрінсе де жан шығыны жоқ, қызметшілері мен тұрғындары әлдеқайда әсем, нұрлы әлемге көшіп кеткен. Ол жақтағы қабірлер мен шұңқырлар нұрлы әлемге бару үшін қазылған жер асты жолдары екені көрінеді. Демек, иманның адамға сыйлайтын рахаты мыңдаған "Әлхамдулиллаһ" дегізетін бір нығмет.
Сол жақ. Келер шақ. Философия көзілдірігімен қарасаң, болашақ бізді шірітіп, құрт-құмырсқаға жем қылып жанымызды алатын қорқынышты, үлкен бір қабір түрінде көрінеді. Алайда, иман көзілдірігімен қараған да, «Халиқ», "Рахман", "Рахимның" пенделеріне дайындаған түрлі-түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен сусындарға толы Рахман дастарқаны тәрізді көрінеді. Мыңдаған мәрте «әлхамдулиллаһ» сөзін қайта қайта айтқызады.
Үстіңгі жақ. Яғни, аспанға философия көзімен қараған адам сонау шексіз кеңістікте миллиардтаған жұлдыздар мен планеталардың ат жарысы тәрізді немесе соғыс тәсілі жаттығуы сияқты жылдам, санқилы қозғалыстарын көріп, үрейі ұшып бойын қорқыныш билейді. Алайда иманды кісі қараған да әлгі таңғажайып, керемет жаттығу, бір қолбасшының бұйрығымен, оның қол астында екенін, аспан әлемін безендіріп тұрған әлгі жұлдыздар бізге жарық беретін шам шырақтар екенін көреді. Манағы ат жарысындай топалаңға қорқынышпен емес сүйсіне, жағымды қарайтын болады. Аспан әлемін осылайша суреттеген иман нығметіне әлбетте сан мыңдаған «әлхамдулиллаһ» деу қажет.
Астыңғы жақ. Яғни, Жер шарына философия көзімен қарағанда, Жер беталды, жүгенсіз, Күннің айналасын жүйесіз кезген бір хайуан секілді немесе бағыт бағдары белгісіз капитаны жоқ қайық тәрізді көрініп, зәресін ұшырады. Алайда, иманмен қарағанда Жер шары Аллаһтың басқаруымен қажетті заттарға толы адамзатты серуендету үшін Күнді айналып жүрген, іші азық-түлік пен сусындарға толы Рахмани кеме түрінде көреді. Иманнан туындаған мұндай ұлы нығмет үшін қайта-қайта «әлхамдулиллаһ» айта бастайды.
Алдыңғы жақ. Философ адам бұл жаққа қараса, барлық тіршілік иелері - адам болсын, хайуан болсын топ-топ болып, керуендей тізіліп шапшаң түрде алға бет алып, көзден тез таса болуда. Яғни, жойылып, жоқ болуда. Өзі де сол жолдың жолаушысы екенін білген де жанын шығып кетердей өкінішті күй кешеді. Алайда, иман назарымен қараған мүмин, адамзаттың ол жаққа бет алуы, жасаған саяхаты жойылуға емес, көшпенділер тәрізді бір жайлаудан екінші бір жайлауға көшу, фәнилік елінен мәңгілік еліне, жұмыс жерінен еңбек ақы беретін жерге, қиындықтардан босап рахатқа бату үшін қоныс аудару; жоқ болуға емес мәңгі бар болуға сапар деп ол жаққа сүйсіне
қарайды. Алайда, жолда кездесетін өлім, қабір секілді машақаттар болса нәтижесінде бақыт болып табылады. Өйткені нұрлы әлемге бастайтын жол сол қабір арқылы өтеді және мол бақыт, бақ-дәулет болса үлкен әрі қиын пәлекеттердің нәтижесінде болатыны мәлім.
Мәселен, Хазіреті Жүсіп Пайғамбар Мысырдың құрметті лауазымына, бақ-дәулетке бауырларының құдыққа тастап қинауынан кейін және Зылиханың жала жауып, зынданға қаматуы салдарынан қолы жетті емес пе! Сондай-ақ, ана құрсағынан мына жарық дүниеге келген нәресте, әлгі қараңғы жерде көрген қиындықтары мен машақаттардың нәтижесінде қолы жетіп, дүние бақытына бөленеді ғой.
Артқы жақ. Яғни бізден кейін келетін ұрпаққа философия назарымен қараса, «Апырым-ай, мыналар қайдан келіп, қайда барады және дүниеге не үшін келеді?» деген сұраққа жауап таба алмай таңдану мен күдіктің азабын тартады. Алайда, иман нұрынан жасалған көзілдірікпен қараған да, адам зат мына әлем көрмесіндегі таңғажайып, керемет құдірет мұғжизаларын, әсем өнерін тамашалау және зерделеу үшін Сұлтан-ы Әзели тарапынан жіберілген зерттеуші көрермендер екенін түсінеді. Олар осы мұғжиза өнердің қадірін бағалап және Сұлтан-ы Әзәлидің ұлықтығын, Оны дәлелдейтін аятайғақтарды тауып, ізденгендеріне қарай сауап жинап қайтадан әлгі Сұлтан-ы Әзәлиге оралатынына сенеді. Осындай зор сенім нығметіне бөлейтін иман нығметіне «әлхамдулиллаһ» деуі керек.
Аталған қараңғылықтарды жоятын иман нығметіне «әлхамдулиллаһ» деп жасалған «хамд», "мадақ", ол да бір нығмет болғандықтан оған да бір «хамд», "мадақ" қажет. Бұл екінші "хамдқа" да үшінші бір «хамд», үшіншіге де төртінші бір «хамд» қажет. وَهَلُمَّ جَرًّا (Солай жалғаса бермек)
Демек, бір ғана «хамдтан» туындаған «хамдтар» жиналып ұшықиырсыз, ұзыннан-ұзақ "хамд" тізбегін құрайды.
ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Алты жақты нұрға бөлеген иман нығметіне "әлхамдулиллаһ" деуі керек. Өйткені, иман алты жақтың қараңғылығын жою арқылы пәленің бетін қайтарып қана қоймай әлгі алты жақты нұрға бөлеу арқылы пайда беретіндіктен екінші бір нығмет болып саналады.
Осыған орай, адам баласы жаратылысынан табиғый бір мәдениетке ие болғандықтан, алты жақтан қоршаған мақұлықтармен тығыз байланысы бар және иман нығметінің саясында әлгі жақтардан пайдалана алу мүмкіншілігі бар.
Сонымен اَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللّٰهِ аятының сырымен адам алты жақтың қайсысынан болсын нұрға бөленеді. Тіпті, мү'мин бір адамның дүниенің жаратылысынан соңына дейін жалғасатын ұзақ өмірі бар деуге болады. Адамның мұндай рухани өмірі, әзелден әбедке созылып жатқан шексіз тіршілік нұрынан медет алып, демеу табады. Тағысын тағы... Алты жақты нұрға бөлеген иманның саясында адамның мына қысқа ғұмыры, тар мекені кең әр рахат бір әлемге айналады. Ол кең әлем, оған бір үй сияқты болады. Өткен шақ пен болашақ оның жанына, көңіліне осы шақ тәрізді көрінеді. Арасындағы қашықтық жойылады деген сөз.
ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Иман адамзат үшін сүйеніш пен медет көзі болғандықтан, «әлхамдулиллаһ» деп шүкір етуі керек.
Иә, адамзат тым әлсіз әрі дұшпандары көп. Сондықтан арқа сүйер бір тіренішке мұқтаж. Сол арқылы дұшпандардың бетін қайтарады. Сондай-ақ қажеттіліктері де көп, пақырлық та, жанға бататындықтан, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жәрдемге мұқтаж.
Уа, адам! Сенің арқа сүйерің, жалғыз Аллаһқа иманың. Жаныңа қамқор, көңіліңе медет, тек қана ақыретке иманың.
Міне осы екі нәрседен бей хабар адамның жаны қиналып жүрегін үрей басады. Дүниесі астан-кестең азап шегеді. Ал, біреуінен сүйеніш тауып, екіншісінен жәрдем алған адамның рухы, жаны рахат тауып, көңілі жәй. Ішкі дүниесінде тыныштық орнап, жұбаныш табады.
ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Иман нұры заңды ләззаттар аяқталғанда болатын уайымдарды бұл ләззаттардың жалғасы болатынын, ұқсасы бар екенін көрсету арқылы жоқ қылады. Сондайақ, нығметтер жалғасын тауып, азаймайтынын, олардың бұлағы бар екенін көрсету арқылы жанды рахатқа бөлейді.
Сондай-ақ, қоштасудан пайда болатын өкініштерге қарсы мұның бір жаңару екенін, оның өзіндік бір ләззаты бар екенін көрсету арқылы қайғыны жойып жібереді. Яғни зәззат аяқталатынын ойлағанда бір ләззат көптеген қайғыға айналады. Иман болса оның жаңарып,
басқаша келетін соған ұқсас ләззаттар болатынын еске түсіріп, өкініштен сақтайды. Иә, ләззаттардың жаңаруында өзіндік ләззат бар. Бір түйір жемістің ағашы болмаса ләззат сол жеміспен шектеліп таусылғанда ләззаты да кетіп өкінішке себеп болады. Ал, жемістің ағашы болса жемістің аяқталуы өкіндірмейді, өйткені орнына келетін тағы басқасы бар.
Сондай-ақ, жаңарудың өзі бір ләззат. Адам жанын қинайтын нәрсе - қоштасулардан пайда болатын өкініштер. Иман нұры болса ұқсастарының қайта келуі, соларға қол жеткізу мүмкін деген үмітпен мұндай уайымдарды жоқ қылады.
БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Иман нұры әлемдегі адам баласына дұшпан және бөтен немесе өлі, жетім сияқты жансыз, меңіреу болып көрінген нәрселерді жағымды, бауыр ретінде көрсетеді. Яғни, бейқам адам, қоршаған әлемді, жалпы болмысты дұшпан түрде қауіпті көріп, зәресі ұшады, оларға бөтенсіп қарайды. Өйткені, хақ жолдан тайғандардың ойынша өткен шақ пен келешек арасында бауырластық, байланыс жоқ. Тек осы шақта аз ғана байланыс бар. Сондықтан әхли далалет яғни адасқандардың достығы бір-біріне бауырластығы бір сәттік, уақытша болады.
Ал, иманды көзбен қараған жан барлық нәрсені тірі, біріне-бірі бауыр, әр нәрсе өз тілімен жаратқан иесіне тәсбих еткенін көреді. Міне, осы тұрғыдан алғанда әр нәрсенің өздеріне тән тіршілік түрлері, жандары бар. Сондықтан имани көзқараста әлгі нәрселерден қорқу, үрейлену деген жоқ. Керісінше достық, жылы шырай, байланыс бар.
Хақ жолдан тайған көзқарас, адамдар талап-тілектеріне жету үшін дәрменсіз, босқа аласұрған, қамқоршысы жоқ, өкінішті, қайғылы, мұңды, тым әлсіз, жыламсыраған жетімдер деп ойлайды. Ал, иманды көзқарас, тіршілік атаулыға зар еңіреген жетімдер емес, белгілі бір міндет жүктелген қызметшілер, зікір етушілер (закир) және басы байлы құлдар деп қарайды.
АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Иман нұры дүние мен ақырет әлемдерін сан-алуан нығметтермен безендірілген екі түрлі дастарқан түрінде суреттейді. Мүмин адам иманы арқылы ішкі-сыртқы мүшелерімен, рухани сезімдерімен әлгі дастарханан пайдаланады.
Ал, адасушылық назарында тіршілік иелерінің пайдалану алаңы тарылып, материалдық ләззаттармен шектеледі. Иманды көзқараста Көк пен Жерді қамтитындай кең алаңға ие болады.
Иә, мүмин Күнді үйіндегі ілулі шырағдан, Айды жол көрсетуші шам деп санайды. Осылайша Күн мен Айды өзіне берілген нығмет деп біледі. Сондықтан мүмин адамның пайдалану алаңы, аспан әлемінен әлдеқайда кең болады. Иә, Қасиетті Құран
деген аяттардың шешендігімен иманнан туындаған осындай таңғажайып, баға жетпес жарылқауа, нығметтерге ишарат етеді.
ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Аллаһтың бар екендігі, бүкіл нығметтерден қымбат, құнды нығмет. Тіпті Ол, шексіз нығметтер, жарылқаулар мен сыйлықтардың барлық түрін қамтиды. Олардың қайнар көзі, болып табылады. Бұл әрин иман нұрының саясында білінеді. Сонымен, иман нығметіне әлемде қанша зәрре болса, сонша шүкір мен хамд ету борыш болып табылады. Рисалей-Нұрда олардың кейбіріне ишара етілген. Сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың Аллаһқа иман жайындағы бөлімдері бұл нығметті анық көрсеткен.
Әлхамдулиллаһ сөзіндегі «лам-ы истиғрақ» ишара етіп отырған барлық «хамдтар» арқылы шүкір етілуі қажет нығметтердің бірі де «Рахманиет» нығметі. Рас, «Рахманиет», тіршілік иелерінің рахмға бөленгендердің санынша нығметтерді қамтиды. Өйткені адам, тіршілік иелерінің әрқайсысымен байланыста. Бұл тұрғыдан, адам, олардың әрқайсысының бақытына ортақ болып қуанады, қайғысына мұңаяды. Олай болса, кез-келген тіршілік иесіне берілген нығмет, жолдастарына да нығмет болып есептеледі.
Сондай-ақ, аналардың мейірімімен нығметке бөленген нәрестелердің санынша нығметтерді қамтып, жасалған хамдтерге лайық нәрселердің бірі де «Рахимиет» ақиқаты. Иә, анасынан айрылған бір баланың жылағанын көріп көңілі босап, жаны ашыған адам, әлбетте аналардың балаға деген жанашырлықтарынан ләззат алып, көңілі шаттанады. Ендеше, осындай ләззаттар да нығмет. Бұл да шүкір мен хамдты қажет етеді.
Сондай-ақ, әлемдегі хикметтердің түрлері мен саны қанша болса сонша хамд пен шүкір қажет қылатынның біреуі де «Хакимиет». Өйткені, адамның жаны Рахманиеттің шуағымен, ал көңілі Рахимиеттің әсерімен нығметке бөленгені секілді, адамның ақылы
да «Хакимиеттің» нәзіктігі арқылы рахатқа батады, ләззат алады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда ауыз толтырып «әлхамдулиллаһ» деп арқылы хамд пен шүкір талап етеді.
Сондай-ақ, әсем есімдерден «Уарис» есімінің көрінісінің санындай әкелер мен ата-бабадан қалған нәсілдер қанша болса және ақырет әлемінің болмыстары санындай, сондай-ақ ақыреттік сый алуға себеп және жазылып тіркеліп қойылған адамзаттың амалдары санынша даусы жер жарардай «әлхамдулиллаһ» деу арқылы шүкіршілік етуді қажет ететін нәрсе, ол - «Хафизиет» нығметі.
Өйткені, нығметтің жалғасуы, нығметтің өзінен әлдеқайда қымбат. Ләззаттың баяндылығы ол ләззаттан әлдеқайда тәтті. Жәннатта мәңгі қалу, Жәннаттан әлдеқайда абзал, тағысын тағы.
Сондықтан, Аллаһ Тағаланың «Хафизиеті» және оның қамтыған нығметтері бүкіл әлемдегі нығметтерден әлдеқайда басым әрі қымбат. Бұл тұрғыдан дүниені толтыратындай бір "әлхамдулиллаһ" айту қажет. Жоғарыда аталған төрт есімге қалған көркем есімдерді салыстыр. Аллаһтың әр бір есімінде шексіз нығмет бар екендігін, олардың әрқайсысына «хамд» пен "шүкір" ету керек екенін көресің.
Сондай-ақ, шексіз нығмет толы қазыналарды ашып оған бастаушы және Иман нығметіне ұйытқы әрі дәнекер болған Хазіреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәлам да бір нығмет. Ол сондай бір нығмет, оны бүкіл адамзат мәңгі бақи мадақтауға борышты.
Сондай-ақ, заттық және рухани барлық нығметтердің түрлерінің мазмұны, қайнар көзі - Ислам діні және Құран нығметі де шексіз шүкір мен хамдтарды қажет етеді.
СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Әлем атты мына ұлы кітап және оның тәпсірі Құран Кәрім баяндағанындай бұл кітаптың бүкіл бабтары, бөлімдері, парақтары, жолдары, сөздері тіпті әріптері әлгі Зат-ы Ақдестің Жамал (Сұлу), Кемал (Нұқсансыз) сипаттарын көрсетіп, Оған хамд уа сена, яғни мадақтап шүкір етуде.
Яғни әлгі үлкен кітаптың әрбір нақышы, үлкені де кішісі де «Уахид», "Самад" шебер Аллаһтың жәлал сипаттарын көрсету арқылы «хамд» айтып мадақтайды. Сондай-ақ, ол кітаптың әрбір жазуы «Рахман», "Рахим" жазушысының әсем ерекше сипаттарын көрсету арқылы дәріптейді.
Сондай-ақ, әлгі кітаптың барлық жазулары, нүктелері, нақыштары-көркем есімдердің көріністері мен сәулелеріне айна әрі шағылыстырушы болу жағымен әлгі Зат-ы Ақдесті қадірлеу, мадақтау, дәріптеу арқылы мақтаушылар болып табылады. Сол сияқты әлгі кітаптың әрбір шумақ өлеңі, "Қадир", "Алим" иесін қастерлеп мадақтайды.
ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ.
{(*) Менде мұндай құпия сырлардың кілті жоқ. Сондықтан аша алмаймын. Оның үстіне аузы ораза адамның басы, мұндай сырларды аша, алмайды алмайды. Кешірім өтінемін. Мұның өзін, автордың рухани демеуімен және Қадір түнінің берекетімен, сондай-ақ, Мәулананың көршілестігін пайдалана отырып аударып жазу нәсіп болды. әйтпесе...
Аудармашы Абдулмәжид Нұрси}
Қираған бір мазарым тұр, ішінде
Саидтың жетпіс тоғыз {(**): Жыл сайын екі мәрте жаңаратындықтан екі Саид өлді деген сөз. Әрі биыл Саид жетпіс тоғыз жасында. Әр жылда бір Саид өлген болса онда осынша жыл Саид өмір сүреді деген.} мейіті бар
Күнәларымен бірге уайым, қайғы ішінде
Сексеніншісі сол мазарға болды құлпытас
Қосылып бірге жылайды {(***): Жиырма жылдан кейінгі осы жағдайды алдыг-ала сезіп хабар берген.} Исламның қайғы-қасіретіне
Құлпытас та, өліктер де мазарым да қосылып бірге
Кетіп барамын алдағы ақырет әлеміне
Үмітім зор, болашақ көк пен Азия жері барлығы бірге
Исламның қоластына кіретініне
Өйткені, Иманның қуатты да берекелі қолынан
Сау-саламат, амандық табады күллі жаратылыс
Исм-и Ағзамның және Қасиетті Құранның құрметіне және Ардақты Пайғамбарымыздың шарапатымен осы кітапты бастырғандарды және оған жәрдемі тиген асыл жандарды Фәрдәуси жәннат сая-бақтарда мәңгі бақытты қыла гөр! Амин.
Оларға киелі Иман мен Құран қызметінде әрдайым сәттілік пен табыс бере гөр! Амин.
Амал дәптерлеріне "Шұғалар" кітабының әрпі қанша болса әрбір әрпі үшін мың сауап жаздыра гөр! Амин.
Әрі осы кітаптың таралуына, жайылуына ықыласпен, табанды түрде атсалысуын нәсіп ете гөр!
Я, Әрхамаррахимин! Бүкіл Рисалей-Нұр шәкірттерін екі жаһанда бақытты қыла гөр! Амин. Оларды адам мен жын шайтандарының бәлесінен сақтай гөр! Және мына әлсіз де қауқары жоқ Саидтың кемшіліктерін ғафу ет! Амин.
Екінші Шуақ ........................................................................ 3
Екінші тарау ........................................................................ 19
Үшінші тарау ....................................................................... 30
Соңғы сөз ............................................................................. 38
Үшінші Шуақ(Мінәжат) ..................................................... 44
Төртінші Шуақ(Хасби аят Рисалесі) ................................. 65
Алтыншы Шуақ ................................................................... 98
Жетінші Шуақ (Аятул Күбра)............................................. 103
Аятул Күбра ......................................................................... 111
Екінші Баб ........................................................................... 159
Тоғызыншы Шуақ ............................................................... 192
Он бірінші Шуақ (Миуа рисалесі) .................................... 205
Бірінші мәселе ..................................................................... 206
Екінші мәселенің қорытындысы......................................... 208
Үшінші мәселе ..................................................................... 212
Төртінші мәселе ................................................................... 216
Бесінші мәселе ..................................................................... 217
Алтыншы мәселе ................................................................. 221
Жетінші мәселе .................................................................... 226
Сегізінші мәселенің қорытындысы .................................... 240
Тоғызыншы мәселе .............................................................. 256
Оныншы мәселе ................................................................... 263
Он бірінші мәселе ................................................................ 280
Он екінші Шуақ(Денізлі сотындағы уәжнамадан)............ 303
Он үшінші Шуақ................................................................... 319
Он төртінші Шуақ ............................................................... 377
Он алтыншы Мектуб ........................................................... 477
Бесінші Шуақ(Сәдд-і Зулқарнәйн, Яджуш-Мәджуш және қияметтің басқада белгілері туралы хабар беретін жиырма үш мәселе) ............................................................................ 598
Он бесінші Шуақ(Әл-Худжат-уз-Зехра) ............................ 620
Екінші тарау ......................................................................... 660
Рисалей-Нұр жайлы хаттар ................................................ 708
Бірінші Шуақ ....................................................................... 713
Сегізінші Шуақ(Хз. Алидің кәраматы) ............................. 755
Жиырма тоғызыншы Леманың екінші бабы .................... 782
Әд-Даий ................................................................................ 790
050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 84-үй.
* * *