Сәулелер
— 205 —

Он бірінші Шуақ

(БҰЛ ЖАЗБА ДЕНИЗЛИ ҚАЛАСЫНДА АБАҚТЫДА ЖАЗЫЛҒАН, СОНЫҢ ЖЕМІСІ ДЕУГЕ БОЛАДЫ)

Бұл, діннен безгендер мен кәпірлерге қарсы Рисалей-Нұрдың өзін ақтап сөйлеген сөзі. Және осы қамалуымыздағы ақталу құжатымыз да осы. Өйткені, басқа нәрсемен шұғылданбай, тек осы кітапқа бар күшімізді жұмсап жатырмыз. Жоғарыда айтылғанындай бұл кітап Денизли абақтысының жемісі әрі одан бір естелік. Бұл кітапша екі жұмада жазылған-ды.

Саид Нұрси
— 206 —
Миуа рисалесі
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ فَلَبِثَ فِى السِّجْنِ بِضْعَ سِن۪ينَ ﴾

Мына аяттың хабарлағанындай және оның сырына сүйене отырып, Юсүф пайғамбар (ғаләйһиссалам) абақтыға қамалғандардың пірі және абақтыны белгілі бір мағынада Юсүфтің медресесі деп атауға болады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың шәкірттері осымен екінші мәрте топ-топ болып осы медресеге түсіп жатыр. Олай болса, міндетті түрде Рисалей-Нұрдың абақтымен қатысты және айқындап берген кейбір мәселелерінің қысқаша тұжырымын осы тәрбиелеу мақсатта ашылған дәрісханада оқу және оқыту қажет. Сөйтіп, бұл жерден жақсылап тәрбиеленіп шығуымыз керек. Енді, сол тұжырымдардың бес-алтауын баяндап берейін.

Бірінші мәселе

Төртінші Сөзде түсіндірілген болатын, Жаратқан Иеміз күн сайын бізге жиырма төрт сағат өмір дейтін байлық сыйлап, сол арқылы екі өмірге қажетті нәрселер алып, екі дүниенің қамын жасауымыз қажет. Біз, мына қып-қысқа дүниелік өмірге жиырма үш сағатты жұмсап, бес парыз намазға жеткілікті бір сағатын ұзақ әрі баянды ақыреттік өмірге жұмсамасақ, ақылға теріс әрекет, үлкен қателік жасаған болып саналамыз. Және сол қатенің жазасы ретінде көңіл қобалжып, рухани күйзеліске түсеміз. Рухани мазасыздықтың кесірінен мінез-құлық бұзылып, үмітсіз әрі селқос өмір кешеміз. Тәрбие алмақ былай тұрсын, нәтиже керісінше болады. Бұл қаншалықты зиян екені белгілі.

— 207 —

Егер бір сағатты бес парыз намазға арнасақ, мына абақтыдағы шеккен қиын кезеңнің әрбір сағаты кейде бір күн ғибадат саналып, пәни бір сағаты мәңгі бақи сағаттарға айналады және әлгіндей рухани мазасыздық пен үмітсіз күйден құтылып көңіл тыныштық табады. Сондай-ақ, қамалуға себеп болған қателіктердің кешірілуіне себеп болып, һәм қамаудағы мақсат орындалып тәрбиеленіп шығамыз. Міне, бұл өте тиімді емтихан әрі сабақ әрі өзі секілді тауқымет тартқан бауырларымен достасу, бірін-бірі жұбату, жанға жайлы тәтті сұхбат саналмақ.

Төртінші Сөзде айтылғанындай, мың адам қатысып жатқан, мың лира ұтысы бар құмар ойынға, жиырма төрт лирасының бес-он лирасын беру ал, еш таусылмайтын, өте құнды қазына ұтқызатын бір билетке жиырма төрттен бір лирасын бермеу ақылға қона ма? Өйткені, әлгі дүниелік ойыннан мың лира ұту мүмкіндігі мыңнан бір ғана ықтимал ғана, себебі мың үміткер тағы бар. Ал, ақыреттік "адамзат тағдыры" дейтін ойыннан ақыры қайырлы болған имандылар үшін ұту мүмкіндігі мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз ықтимал. Мұны, бізге жүз жиырма төрт мың әнбия және олардың хабарларын көзбен көріп, растаған сансыз әулие-асфиялар хабарлауда.

Мәселе осындай анық бола тұра, бірінші ойынға қатысып, екіншісінен қашу, түк пайдасыз да қисынсыз әрі оғаш әрекет екенін өздерің ақылға салыңдар.

Бұл мәселеге абақтының бастықтары мен бақылаушылары, күзетшілер, тіпті билік басындағылар, тәртіп сақшылары, қауіпсіздік органдары бей-жай қалмай, Рисалей-Нұрдың мұндай дәрістеріне дән риза болулары керек. Өйткені, мыңдаған діндар һәм әрдайым тозақты есіне алатын иманды адамдарды басқару, он шақты намазсыз, имансыз, тек дүниелік түрмеден ғана қорқатын және харам мен халалды айырып жатпайтын, азғындыққа салынған адамдармен жұмыс істеуден әлдеқайда жеңіл екені өмірде көптеген тәржірибелермен расталған.

* * * * *
— 208 —

Екінші мәселенің қорытындысы

Рисалей-Нұрдың «Жастар шырағы» атты кітабы жан-жақты түсіндіргеніндей, өлімнің анық әрі көзге көрініп тұрған ақиқат екені сонша, бүгіннің түні немесе күздің ақыры қыс болатыны секілді өлім хақ. Қалайша мына түрме әрдайым жазасын өтеп, босап шығатындарға арналған уақытша мекен жай болса, сол секілді мына жер жүзі дағы асығыс келіп, асығыс кететіндерге арналған жол бойындағы қысқа мерзімдік керуенсарай іспеттес. Әрбір қала тұрғындарын жүз мәрте қабірге апарып төгіп тұратын өлімнің әлбетте, өмірден де артық талаптілегі бар. Міне, осы өзекті ақиқаттың жұмбақ шешімін Рисалей-Нұр тауып, шешіп берген. Қысқаша тұжырымы былай:

Өлімнің өлмейтіні анық және қабірдің ауызы да жабылатын түрі жоқ. Олай болса, ажал дейтін жендеттің қолынан және жалғыз адамдық қапасқа ұқсас қабір зынданынан құтылудың шарасын табу адамзаттың ең басты мәселесі әрі ең үлкен уайымы болмақ. Иә, ол мәселенің шешімі бар және Рисалей-Нұр Құранның нұрымен оның шарасын тауып, басқаларға да анық-қанық дәлелдеген болатын.

Оның қорытындысы:

Өлім, я мәңгіге жоқ болу. Ол - адамның өзін һәм сүйіктілерін, туматуысқандарын жоқ қылатын дар ағашы секілді. Не болмаса өлім, өзге бақи әлемге бастайтын, егер иманды болса мәңгі бақытқа бөлейтін құрметті демалысқа шығу, пәни міндеттен босау болып табылады.

Ал, қабір болса, ол бір тастүнек, жалғыз адамдық зындан, түбі жоқ терең құдық немесе мына дүние зынданынан шығарып бақи, жарық бау-бақшаға апаратын есік. Бұл ақиқатты "Жастар шырағында" бір мысалмен дәлелдеген болатынбыз.

Мәселен, мына абақтының алдында дарға асу үшін дарағаштар құрылған дейік. Дарағаштар сүйенген жардың арғы жағында өте үлкен, дүние жүзілік құмар ойынының бір бөлімшесі бар. Бізді яғни, осы жерде отырған бес жүз кісіні ешбірін қалдырмай әрі қашып құтылу мүмкін емес, жеке-жеке манағы алаңға шақырғалы тұр. «Кел! Өлім жазасына кесілдің, дарағашына шық!» яки «тұтқынсың, жалғыз өзің мәңгі қамау, міне қағазы!» немесе «Сүйінші! Миллион алтын ұтатын билет шықты, бағың бар екен!» деген хабарландырулар

— 209 —

әртарапта жүріп жатыр. Жұрт бір-бірлеп әлгі дарағашына қарай бет алуда. Кейбіреуінің асылып жатқанын, ал баз біреулердің әлгі дарағашын пайдаланып арғы жағындағы ұтысты алуға өтіп кеткендерін көзбен көргендей анық. Мұны бізге сол жердің жауапты ірі тұлғалары мен қызметкерлері нақты түрде хабарлап жатыр. Мұны нақты түрде сеніп, біліп тұрғанда абақтыға екі топ келді. Біреуінің қолдарында гитара, арақ-шарап және тәтті де алдамшы халуа. Бізге жегізгісі келеді. Алайда, ол нәрселер улы, адам шайтандары ішіне у қосқан. Ал, екінші топ болса қолдарында тәрбиелік мәнісі бар жазбажазулар, халал тағамдар мен тәтті сусындар. Мұны кәде ретінде ұсынып бір ауыздан, еш күмәнсіз нақты былай дейді:

"Егер әлгі бірінші топтың сендерді сынау үшін әкелген кәделерін алып жесеңдер, мына көз алдарыңдағы дарағашына басқалардың асылғандары секілді сендер де дарға асыласыңдар. Ал, егер осы елдің әміршісінің бұйрығымен біз әкелген кәде-сыйлықтарды әлгі харам нәрселердің орнына қабыл алып, тәрбиенаманың ішіндегі дұға-жазбаларды оқысаңдар, дарға асылудан құтыласыңдар да ұтыс алаңына өтіп Аллаһ жарылқап әрбіріңе миллион алтын ұтыс билеті бұйыратынына көзбен көргендей анық сеніңдер. Егер манағы харам, күмәнді де улы тәтті тағамдарды жесеңдер, дарға асыласыңдар және дарағашына дейін де ол удың азабын тартасыңдар. Мұны қолымыздағы бұйрықнамалар мен біз, бір ауыздан нақты хабарлап отырмыз!".

Сонымен, осы тәмсілдегідей, өзіміз күнде көріп жүрген ажал дейтін дар ағашының арғы жағында "адамзаттың тағдыры" атты лотереясында иман келтіріп, мойынсұнғандарға - әрине, ақыры қайырлы болу шартымен - мәңгі қазынаның билеті бұйыратыны, ал азғындыққа түсіп, харам жасап, пасық күй кешкен имансызсыздар үшін - егер, тәубе етпеген болса - я мәңгіге жойылу (ақыретке сенбейтіндерге) немесе мәңгі бақи сорлап, қараңғы қапасқа жалғыз өзі қамалатыны (ақыретке сене тұра азғын жолда жүргендерге), осындай аяусыз ауыр азап шегетіндерін, бұл міндетті түрде болатынын ең баста көптеген мұғжиза көрсеткен жүз жиырма төрт мың пайғамбар хабар берген және олардың хабарларын көзбен көріп, қолымен ұстағандай жүз жиырма төрт миллионнан астам әулиелер (қаддәсаллаһү әсрарүһүм) анық та қанық растаған, сондай-ақ,

— 210 —

әлгі аталған адамзаттың асылдары болып табылатын екі топтың хабарларын ақылға қонымды, ғылыми түрде бұлтартпас дәлелдермен миллиардтан астам терең зерттеуші ғұламалар, муджтахиттер {(Сілтеме): Сол зерттеушілердің біреуі Рисалей-Нұр болып табылады. Жиырма жылдан асты, ең қырсық философтар мен бірбеткей дінсіздердің аузына құм құйып, үнін өшіріп келеді. Қалаған адам оқи алады, ешкім қарсы уәж айта алмайды, ел арасында кең тарауда.} және ұстанған жолдарына берік, тақуа адамдар бір ауыздан дәлелдеп, бекіткен. Расында, олар адамзаттың күн көсемдері, жарқыраған жұлдыздары. Осы аталған үш үлкен жамағаттың және ақиқатшыл үш топтың яғни алдамайтын, алданбайтын жандардың айтқан хабарларын тыңдамай, олардың көрсеткен мәңгі бақытқа бастайтын сара жолына түспегендердің жағдайы қиын да қауіпті. Олар, қауіптілігі жүзде тоқсан тоғыз ықтимал қатерге басын тіккен болып саналады. Мұндай қауіпті хабарды тіпті бір ғана адам хабарлаған болса, оған құлақ аспай сол жолды таңдаған адамның күйі әрине былай болмақ:

Екі жол жатыр. Бұл туралы сансыз хабаршылар нақты хабар берген, біреуі қысқа әрі жеңіл және жүзде жүз ықтимал жәннатқа апарады, мәңгі бақытқа бөлейді. Ал екіншісі болса қауіпті, тым ұзақ, дауыл соқпаққа толы һәм жүзден тоқсан тоғыз ықтимал тозақи. Міне, әлгі тиімді жолды тастап мәңгі бақи сорлататын екінші жолды таңдағанға не деуге болады? Дүниеде екі жолдың біреуі қысқа болса да ол жайлы бір адамның әрі жалған болуы мүмкін бір ғана хабарына бола қауіптілігі жүз де бір ғана және бір-ақ ай қамалуы мүмкін бола тұра әлігі қысқа жолды тастап еш пайдасы болмаса да тек қауіпсіздігі үшін ұзақ жолды таңдайды. Ал ақыреттік мәселеде осылай сақтанбаса, оны ақылды кісі деп айтуға бола ма? Ол, өте қорқынышты, алыстан қарасы көрініп, бас салуға келе жатқан дәу айдаһарға мән бермей, шыбын-шіркейден қорқып, сақтанып жүрген есалаңға ұқсайды. Оны ақылынан алжасқан, жүрегін қара басқан, рухы мен адамгершілігінен айырылған деуге болар.

Міне, жағдай осылай. Олай болса біз, қапастағылар мына абақты дейтін бәледен кегімізді толық алу үшін әлгі екінші мүбәрак топтың әкелген сый-кәдесін қабыл алуымыз керек. Қалайша, бір минөттік кек алудың ләззаты немесе бір-екі сағаттық пасық ләззаттың кесірінен бәлеге ұшырап, екі-үш жылға яки бес, он бес жылға бас бостандығымыздан айырылып түрмеде отырмыз. Өмірдің шырқы

— 211 —

кетіп, дүниеміз зынданға айналды емес пе? Ендеше біз, осы бәлеге ерегісіп бір-екі сағаттық абақты мерзімін бір-екі күн ғибадатқа және екі-үш жыл жазамызды әлгі мүбәрак топтың сыйлықтары арқылы жиырма-отыз жыл бақи жарқын өмірге айналдырып, он-жиырма жыл жаза өтеуді миллиондаған тозақи қапастан құтылуға себеп қылып, пәни дүниеміз қараң қалған болса да есесіне бақи, о дүниеміз гүл-гүл жайнауы үшін бұл бәледен кегімізді солай алуымыз керек. Түрмені тәрбиеханаға айналдырып, отанымызға, халқымызға пайдалы әрі сенімді ақтайтын азамат болуға тырысуымыз керек. Және абақты қызметкерлері мен басшылары ойлағандай түрмеде отырғандар қаныпезер, жауыз, есерсоқ, баукеспе, азғын, отанға, қоғамға зиянкес адамдар емес, керісінше берекелі дәрісханада дәріс алып, тәрбиеленіп жүрген тәлабалар екенін біліп, мақтан тұтып Құдайға шүкір етсін.

* * * * *
— 212 —

Үшінші мәселе

Жастар Шырағында баяндалған ғибратқа толы бір оқиғаның өзегі былай болатын:

Бір күні Ескішәһир түрмесінінің терезесінен мемлекеттік мейрамды тойлап жатқандарға қарап отырдым. Қарсы алдымызда орта мектептің бойжеткен қыздары аулада мәз-майрам, би билеп жүргенін көрдім. Кенет, мағынауи теледидар секілді олардың елу жылдан кейінгі жағдайлары көрсетілді. Әлгі елу-алпыс қыздардың қырық-елуі қабірде топыраққа айналып азап шегіп жатқанын, қалған он шақтысы жетпіс-сексен жасында әбден қартайып беттерін әжім басқан әрі жас кезінде ар-намысын сақтамағандықтан сүйеді деп ойлаған назарлардан жиіркеніш көргенін анық көрдім. Олардың мұндай аянышты халдеріне жылап жібердім. Абақтыдағы достарым жылағанымды естіп, қасыма келіп себебін сұрады. Мен оларға: «Бара тұрыңдаршы! Менің жеке қалғым келіп тұр!» дедім.

Рас, көргенім ақиқат, қиял емес. Мына жаз мезгілі күзге айналып ақырында қыс болатыны секілді жаз мезгіліндей жастық шақтың да ақыры қарттық дейтін күзге айналып ақыры қабір мен берзах қысы болмақ. Өткен тарихтың елу жыл бұрыңғы оқиғаларын қазірде теледидар арқылы көрсетіліп жатқаны секілді елу жылдан кейінгі болашақты көрсететін мүмкіндік болса мына адасқандар мен азғындарға, өздерінің алпыс жылдан кейін неге ұшырайтындарын көрсетсе, қазіргі істеп жүрген харам, күнә істеріне, бос күлкілеріне жиіркеніп, өкіне жылар еді.

Мен осы ақиқаттармен шұғылданып отырғанымда азғындық пен адасуды қоздырып, отқа май құйып отырған мағынауи тұлға, адам шайтаны секілді біреу алдыма кесе көлденең тұра қалып былай деді:

«Бізде шаруаң болмасын! Біз өмірдің түрлі қызықтарын, небір зауық, ләззаттарын татып, басқаларға да таттырғымыз келеді!» деді.

Менің оған былай жауап бердім:

Сен, ләззат үшін, қызық көремін деп өлімді ұмытып, адасушылық пен азғын жолда жүрсің. Олай болса, мынаны жақсылап біліп ал! Құдайдан безіп адасқан кезіңде өткен шақ мүлдем жойылып қайтып келмес құрдымға кеткен болып көрінеді. Іші толы жаназа,

— 213 —

қорқынышты мазарлық бейнеде. Адам болған соң, мұндайда басың ауырып, егер бар болса немесе өліп қалмаған болса жүрегің сыздап әлгі шексіз қоштасуларды, сансыз достардан мәңгіге айырылысуларды уайымдап қайғырасың. Бұл сенің масайрап алып жатқан бір сәттік ләззатыңның шырқын бұзады. Енді, келешек болса имансыз көзқараста ол да қараңғы, тып-тыйпыл, өлі әрі қорқынышты болып көрінеді. Ол жақтан келетін ұрпақтың да бейшара бастары "ажал" дейтін баскесердің қылышымен шабылып көздері жойылатындықтан әрдайым имансыз басың бәлеге қалып, уайымдайсың. Себебі сенде ақыл бар. Осылайша, азғындықтан алған бір сәттік ләззаттың шырқы бұзылады.

Егер адасудан бас тартып, азғындықтан тыйылып нағыз иманға келіп, тура жолға түссең әлгі өткен шақ, жым-жылас жоқ қылатын мазарлық емес, нақты түрде бар әрі нағыз болашақ кеткенін, ол бір нұрлы әлем, әруақтар болса болашақта мәңгі бақыт сарайларына кіру үшін кезекке тұрғанын көресің. Әрине, бұл иманның нұрымен жүзеге аспақ. Ол жақтан уайым емес, қайта иманның қуатына қарай жәннаттың белгілі бір мағынадағы ләззатын бұ дүниеде де татуға болады деген сөз. Ал, келешек болса, ол да қараңғы, қорқынышты әлем емес, әрбір көктемді ырысқа толы дастархандай жаратқан шексіз мейрімді, аса жомарт, Рахман-ы Рахим-і Зүлжәлал уәл Икрамның дайындаған қонақасы бейнесінде көрініп, біз де сол мәңгі бақыт сарайларына бара жатырмыз, деген сенім пайда болып, иманның көзімен қарағанда мұны әркім дәрежесіне қарай сезініп, бақи әлемнің ләззатымен зауықтана алады.

Демек, нағыз ләззат, уайымсыз рахат тек иманда және иман арқылы болмақ.

Иманның бұл дүниедегі мол пайдасы мен қыруар жемістерінен тақырыбымызға орай, тек бір ғана пайдасы мен ләззатын мына тәмсіл арқылы баяндап берейін. Бұл Жастар шырағы кітабының сілтемесінде жазылған болатын.

Мысалыға, сенің қатты жақсы көретін жалғыз балаң жантәсілім жағдайында жатыр. Сен де қайғыдан қан жұтып, мәңгіге көз жазып қалатындай қайғырып тұрғаныңда кенет Хазіреті Хызыр немесе Хакім Лұқман сықылды бір дәрігер келді де, бір дәрумен ішкізіп, жаныңдай жақсы көретін, сүйкімді балаң көзін ашып, өлімнен аман қалды. Бұған сенің қуанышыңда шек болмайтынын белгілі.

— 214 —

Міне, әлгі балаға ұқсас сенің сүйіктілерің, бауырларың, миллиондаған игі жандар өткен шақ мазарлығында - сенің ойыңша -шіріп, мүлдем жоқ болады-ау дегенде кенет, иман ақиқаты Хәкім Лұқман секілді үлгеріп, әлгі үлкен мазарлыққа қалб терезесі арқылы нұрын шашады. Сонда әлгі әруақтар жаппай тіріліп: "Біз өлгеніміз жоқ. Сендермен тағы да кездесеміз, мәңгі бірге боламыз!" дегені қиялыңда жанданатындықтан көңілге шаттық сыйлап, қалбты қуанышқа бөлейді. Демек, иман ақиқаты бейне бір дәнек секілді. Егер өсіп-өнсе әркімге өзіндік жәннат сыйлап, саябағына айналады.

Әлгі қырсық:

«Ең болмаса хайуанға ұқсап өмірді қызықты, рахат өткізу үшін харам ләззатпен көңіл көтереміз. Мұндай күрделі мәселелермен шұғылданбай өмір сүреміз!» деді. Оған былай дедім:

Хайуанға ұқсап сірә, рахат өмір сүре алмайсың. Өйткені хайуанға өткен шақ, болашақ деген нәрсе жоқ. Өткенге өкінбейд, келешекті де уайымдап мазаланбайды. Ләззатты дер кезінде толығымен алып Жаратқан Иесіне шүкір етеді. Тіпті, сою үшін жатқызылған мал ештеңе сезбейді. Тек, пышақ тиген сәтте сезгендей болады бірақ ол сезімді де Аллаһ жоқ қылып жібереді де еш нәрсе сезбейді. Демек, Аллаһтың рахымы оларға ғайыпты жауып білдірмей тастаған. Бұл әсіресе, бейкүнә мал-түлікте айқын көрінеді.

Сен болсаң уа, Адам! Ақылың болғандықтан өткен шақ пен болашақты ойлайсың, хайуан сияқты саған ғайып емес, екеуі де аян, мазаңды алады. Өткеннің өкініштері, қайғылы қоштасулар мен болашақтың уайымы сенің дәл қазіргі уақытша ләззатыңды бұзып, тас-талқан етеді. Ләззат алуға келгенде хайуаннан төменсің.

Бұл ақиқат! Олай болса я ақылыңды алып тастап хайуан бол! Мына бәледен құтыл! Не болмаса иманға кел, есіңді жи! Құранды тыңда! Сөйтіп, бұ дүниенің өзінде хайуаннан жүз есе артық нағыз ләззаттың дәмін татып, рахатқа бат!" деп оның үнін өшірдім.

Тағы да әлгі қырсық:

«Тым болмаса шет елдік, ғайры мұслим дінсіздерге ұқсап өмір сүрерміз!» деді.

Оған жауап ретінде былай дедім:

"Европалық дінсіздер сықылды бола алмайсың. Өйткені, олар бір пайғамбарға сенбесе басқасын қабылдауы мүмкін. Ешбір пайғамбарға сенбесе де Аллаһқа сенуі мүмкін. Егер одан да мақұрым

— 215 —

болса, кемелдікке ұйытқы болар кейбір қасиеттері сақталып қалар. Ал, мұсылман баласы ең соңғы және мәртебесі жоғары, діні мен шақыруы жалпыға ортақ ақырзаман пайғамбары Мұхаммед ғаләйһиссалатү уәссаламды жоққа шығарып, оның сара жолынан тайса, ешбір пайғамбарға тіпті Аллаһқа да сенбейді. Себебі, бүкіл Пайғамбарларды, Жаратқан Иесін, кемелдік атаулыны Сол Кісі арқылы таныған. Онсыз ізгі қасиеттерін жоғалтып әбден бұзылады. Сондықтан, бұрыннан бері басқа дін өкілдері Ислам дінін қабылдап, мұсылман болуда. Бірақ, ешбір мұсылман шынайы яһуди, таза христиан, я мәжәсу болған емес. Ондайлар адами қасиетін жоғалтып, отанына, халқына зиянкес атанады!" деп дәлелдеп бердім. Әлгі Құдайдан безген бірбеткейдің амалы таусылып, айтарға сөзі табылмай тайып тұрды, бәлкім Жәһаннамға кеткен шығар.

Уа, мына Юсүф медресесінде менің дәріс бауырларым! Бұл ақиқат. Мұны Рисалей-Нұр нақты айғақтармен жиырма жылдан астам уақыттан бері дәлелдеп келеді. Дінсіз көптеген қырсықтардың тәкаппарлық сағын сындырып иман айтқызып, тәубасына келтіруде. Олай болса біз, һәм дүниемізге, һәм болашағымызға, һәм ақыретімізге һәм отанымызға, һәм халқымызға пайдалы әрі оңай әрі саламатты иман мен истиқаметті (тура бағытты) ұстанып уақытымызды босқа өткізбей, қиялға берілмей Құраннан жаттаған сүрелерді оқып яки мағынасын білетіндерден сұрап және қазаға қалған парыз намаздарды өтеп және бір-біріміздің жақсы мінез-құлықтарымыздан үлгі алып, мына абақтыны тамаша гүл-көшет өсіретін бау-бақшаға айналдырайық, ізгі амалдар жасайық. Қылмескерлерді бақылаушы түрме қызметкерлерін жәһаннамдағы зәбани азап періштелері секілді емес, керісінше Юсүф Пайғамбардың медресесінде жәннатқа адам дайындайтын, олардың тәрбиешісі секілді міндет жүктелген қызметкер, әрқайсысы тура бағыттағы ұстаз, мейрімді жетекші, қамқоршы болуына жағдай жасайық.

* * * * *
— 216 —

Төртінші мәселе

Тағы сол Жастар шырағында баяндалған болатын;

Бірде маған көмектесіп жүрген бауырларым мұндай бір сауал қойды: «Дүниенің астан-кестенін шығарған және Исламның тағдырымен қатысы бар мына аласапыран екінші дүние жүзілік соғыс басталғанына елу күн болды, (қазір, 1946-жыл, жеті жылдан асты) мән беріп мүлдем назар аудармадыңыз, сұрамадыңыз. Алайда, кейбір діндар және ғалымдар жамағатты, мешітті тастап радионың басында отыр. Апырм-ай, бұл оқиғадан маңызды бір оқиға болып жатыр ма, әлде соғыс жәйімен алаңдаудың зияны бар ма?». Жауап ретінде былай дедім:

Өмір қымбат байлық, бірақ өте аз. Ал, атқарылар істер өте көп! Бірін-бірі қоршап жатқан шеңберлерге ұқсас, әр адамның жүрек, асқазан дейтін тар шеңберінен бастап, денесі, отбасы, тұратын ауданы, қаласы, елі дейтін үлкен шеңберіне, ары қарай жер шары мен адамзат шеңберіне, сонау бүкіл тіршілік иелері мен әлем дейтін бірбірінің ішіне орналасқан шеңберлер бар. Әрбір шеңберде әркімнің атқарар өзіндік міндеті болады. Дегенмен, ең тар шеңберде өте үлкен әрі маңызы зор және әрдайым бақылап отырылуы тиіс өзекті мәселе, уақыт күттірмейтін міндет болады. Ал, ең үлкен шеңберде ең кішкентай әрі уақытша һәм анда-санда қараса болатын ұсақ мәселелер, салыстырмалы түрде аса маңызды емес міндеттер болады. Демек, тар шеңберде үлкен, ал үлкен шеңберде кішкентай, ұсақ міндеттер болады. Бірақ, үлкен шеңбер қызықтырып өзіне тартып, кішкене шеңбердегі өте маңызды, аса қажетті міндетті ұмытқызып, адамды бос нәрселермен шұғылдандырып қояды. Өмір дейтін қымбат байлықты түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсатып зая етеді. Кейде, осы соғысты қатты алаңдап, олардың жасаған зұлымдықтарын хош көріп, жауыздығына ортақ болады.

Сұрақтың бірінші тарауына жауап: Иә, бұл дүние жүзілік соғыстан әлдеқайда маңызды және жер жүзіне үстемдік құрудан анағұрлым үлкен дау әркімнің басында бар. Әсіресе, мұсылманның алдында өте үлкен мәселе, дау-дамай ашылып отырғаны соншалық,

— 217 —

ол мәселені шешу үшін әркімнің жеке байлығы Алмания, Англия елдерінің қорындай көп болса, әлгі дауды ұтымды шешу үшін еш ойланбастан бере салар еді.

Ол неғылған дау дейсіз ғой. Әрбір адамға иманды болу шартымен мына жер шарындай үлкен бау-бақша, зәулім бақыт сарайлары бар кең қожалыққа ие болу немесе айырылып қалу мәселесі туып тұр. Бұл туралы кім айтты десеңіз, адамзаттың бетке тұтар жүз мыңдаған әнбия, күн көсемдері және жөн сілтеуші әулие-данышпан, даналар. Олар неге сүйеніп айтты десеңіз, ғаламның Иесі Аллаһтың мыңдаған уәдесіне сүйене отырып, тіпті кейбірі көздерімен көрген. Егер, иман құжаты дұрыс болмаса, әлгіндей зор мал-мүліктен айырылып қалары сөзсіз.

Қазіргі таңда, материализм індетінің кесірінен көбісі бұйырғалы тұрған сол жәннаттан айырылып қалуда. Тіпті, бір «әһл-і кәшф уә қубур» әулие, өлген қырық кісінің жалғыз біреуі ғана иманды кетіп табысқа жеткен, қалғандары айырылып қалғандарын көріпті. Апырмай, олардың айырылып қалған мәңгі жұмақтың орнына дүниенің уақытша бақ-дәулетін берсе әлгі мәңгі өкініштің орнын толтырар ма екен?

Міне, аса маңызды даулы мәселені ұтымды етіп шешіп беретін қызметтерді және жүз адамның тоқсанына тиімді де табысты берудің әлгі атқарылуы тиіс міндеттерін тастап, бұл дүниеде мәңгі қалатындай бос нәрселермен шұғылдануын ақылсыздық деп білетіндіктен біз, Рисалей-Нұр шәкірттері әрқайсымыздың ақылымыз тасып, данышпан болып кетсек те оны тек осы мәңгілік іске осы маңызды қызметке жұмсауымыз керек деп шештік, солай екеніне көзіміз әбден жетті.

Уа, түрменің ауыртпалығын бірге тартып жүрген жаңа достарым! Сендер, бұрыңғы бауырлар секілді Рисалей-Нұрды әлі көрген жоқсыңдар. Мен оларды және олар секілді мыңдаған шәкірттерді куә ретінде мынаны айтып дәлелдеймін һәм дәлелдеген болатынмын: Әлгі үлкен дауды жүзде тоқсан арызданушыға ұтымды етіп шешіп берген және жиырма жылдың ішінде жиырма мың адамға даудың тиімді шешімі, құжаты, ақталу куәлігі боп саналатын кәміл иманға қол жеткізген және Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы болып табылатын және бұл заманның нөмірі бірінші ақтаушысы (адвокат)

— 218 —

Рисалей-Нұр тәпсірі. Мұны мен толық сеніммен айта аламын. Он сегіз жыл болды, менің дұшпандарым, дінге жау кәпірлер мен материалистер маған қарсы небір сұмдық айла жасап үкіметтің кейбір беделді тұлғаларын алдап, айдап салып, көзімізді жою үшін осы сияқты түрмеге қанша рет жауып, зынданға тастаса да РисалейНұрдың болаттай берік қорғаны саналатын жүз отыз кітапшасының тек екі-үшеуіне ғана тиісе алды. Демек, кімге адвокат керек болса Рисалей-Нұрдан мықтап ұстасын. Қорықпаңыздар! Рисалей-Нұрға тыйым сала алмайды. Мемлекет басында отырған азаматтардың қолдарында маңызды рисалелер - екі-үші ғана одан тыс - емін еркін кезіп жүр. Иншаллаһ, түрмелерді толыққанды түзету, тәрбиелеу орны жасау үшін бақытты түрме бастықтары мен бақылаушылар осы нұр кітапшаларын абақтыда отырғандарға нан мен су секілді ұсынатын болады.

* * * * *
— 219 —

Бесінші мәселе

Жастар шырағы түсіндіргендей, жастық шақ өтеді де кетеді, оған шүбә жоқ. Жаздың күзге, күздің қысқа айналатыны, күндіз ақшамға, сосын түн болатыны секілді анық жастық шақ қарттыққа, ақыры өліммен аяқталады. Егер, осы өткінші, пәни жастықты ар-намыспен, истиқаметпен яғни дұрыс бағытта өткізсе, сол арқылы мәңгі бақи жастыққа ие болатынын аспани кітаптар түгел хабарлап, жүрекке мәңгі қуаныш сыйлауда.

Егер, азғындық жолда өткізсе, қалайша ашу қысып, бір минөтте адам өлтірсе, миллиондаған минөт абақтының азабын тартады, сол сияқты жастықтың буымен харам ләззат, орынсыз көңіл көтеру қабір азабын, ақыреттегі жазасын және бітіп қалғандағы өкініш пен қайғысын, күнә мен салар уайымын, дүниелік жауапкершілігін айтпағанның өзінде дәл сол алған ләззаттан әлдеқайда уайым мен қайғыға салатынын ақылы бар әрбір жас мойындайды, ол тәжірибелермен расталған ақиқат.

Мәселен, харамға құмарлық жанды азапқа салады. Себебі, қызғаныш араласып күйдіреді. Һәм, қоштасудың өкініші, сондай-ақ, қанағаттанарлық жауап ала алмау сықылды уайымы тағы бар. Осы себептерден әлгі азғантай ләззат у қосылған балға айналады. Және жастық шақты бұрысқа пайдаланудың кесірінен науқастанып ауруханаға түседі және бойдағы күш-қайратты қайда жұмсарын білмегендіктен түрмеге қамалады және жүрек пен рухтың аштығынан және міндетін атқармағандықтан мазасы кетіп ақырында ішімдікке үйір болып, азғындыққа салынатынын немесе өлім құшатынын білгің келсе ауруханаға, түрмеге, сырахана мен мазарлыққа барып сұра! Әлбетте, көптеген жастар жастықтың буымен жасаған бұрыс әрекеттері мен харам ләззаттарының жазасын тартып, өкіне жылап жатқанына куә боласың. Егер, тура жолды ұстанып, бағытынан таймай шариғатқа сай өмір сүрсе, жастық шақ Аллаһтың қымбат сыйы және игі амал жасауға оңтайлы кезең, сауап жинауға таптырмайтын мүмкіндік болып, ақыретте мәңгі бақи жарқын жастыққа айналатыны әу баста Құран және басқа да аспани кітаптар бекіткен ақиқат. Олар бір ауыздан сүйіншілеп қуанышты хабар беруде.

— 220 —

Бұл ақиқат. Оның үстіне Аллаһтың халал шеңбері кең, көңілді көншітуге толық жеткілікті. Һәм, харам шеңбердегі бір сағаттық ләззат кейде бір жыл, кейде он жыл қамауға алып сазайын тартқызатыны белгілі. Әлбетте, жастық шақты нығмет деп біліп, оған шүкір ретінде мұндай баға жетпес құнды сыйлықты ар-намыс жолында, тура жолда, дұрыс пайдалану міндет, тіпті, шарт.

* * * * *
— 221 —

Алтыншы мәселе

Рисалей-Нұрдың көптеген жерінде баяндалып, бұлтартпас айғақтармен дәлелденген Аллаһқа иман шартының ауқымы кең, жанжақты мыңдаған айғақтарының бір ғана айғағына қысқаша ишара.

Қастамону қаласында мектеп оқушылары: «Бізге Жаратқан Иемізді таныстырыңызшы! Мұғалімдер Аллаһ туралы айтпайды!» деді.

Мен оларға: «Сендердің оқып жатқан пәндеріңнің әрқайсысы әрдайым өз тілімен Аллаһ туралы айтып, Оны таныстыруда. Сендер мұғалімнің орнына соларды тыңдаңдар!»

Мәселен, керемет бір дәріхана. Әрбір құтыда дәл өлшеммен тірі әрі ғажайып қоймалжың дәрі салынған. Сөз жоқ, бұл бізге аса білікті химия маманы, дана дәрі жасаушыны көрсетеді! Сол сияқты жер шары үлкен бір дәріхана. Онда тіршілік ететін төрт жүз мың түрлі өсімдік пен жануарлар бейне бір дәрі салынған құты тәріздес немесе әрбірі тірі қоймалжың дәрмектер секілді. Бұл дәріханадан жер шары дәріханасы қаншалықты үлкен болса, сендер оқитын медицина ілімі де Жер шарындай ауқымды түрде дәрі дәрмек жасаушы Хаким-і Зүлжәлал Аллаһты тіпті соқырларға да көрсетеді.

Немесе, таңғажайып бір фабрика. Ол тігін фабрикасы маталардың мыңдаған түрін қарапайым бір шикізаттан өндіреді. Бұл бізге фабриканың шебер қожайыны, бесаспап ұстасы бар және оның хикмет иесі дана екенін анық білдіреді. Сол сияқты «Жер шары» дейтін жүз мыңдаған басы бар, әр басында жүз мыңдаған керемет фабрика орнатылған жылжымалы Раббани фабрикаға қарайық. Бұл, адамдар салған фабрикадан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендердің оқып жатқан механика пәні де соғұрлым «Жер шары» фабрикасының Шебер Иесі бар екенін анық білдіреді әрі таныстырады.

Тағы бір мысал. Өте керемет, әртарапынан сан-алуан түрлі азықтүлік келіп жатқан, іші небір затқа толы қойма, бір дүкен. Ол міндетті түрде өзінің бір иесі, өте бай қожайыны, бақылаушысы бар екенін білдіреді. Сол сияқты Жер шары, бір жылда жиырма төрт мың жылдық жолды жүйелі түрде жүріп өтеді. Жүз мыңдаған мұқтаждарды

— 222 —

үстіне тиеп алып саяхат барысында жыл мезгілдеоіне соғып, көктемде мыңдаған ризықтарды толтырып алады да қыс бойы жеп азығы таусылған бейшара жандарға жеткізіп, бейне бір ғажап жүк көлігі, Рахмани азық қоймасы, Субхани кеме, әртүрлі қажетті заттар мен консерві құтыларын таситын жүк мәшинасы, Раббани дүкен яғни мына Жер, кәдімгі қоймадан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, оқып жатқан немесе келешекте оқитын тағам өнеркәсіп саласы Жер шары қоймасының Иесін, Жаратушысын, басқарушы Құдіретті соғұрлым анық әрі нақты түрде бар екенін білдіреді, таныстырады, сүйсіндіреді.

Тағы бір мысал. Төрт жүз мың ұлттан құралған, әр ұлттың тамағы басқа, қолданатын қаруы басқа, киетін киімі басқа, тәлім-тәрбиесі, демалысқа шығу мерзімі басқа басқа. Осыншама көп әскерді таңғажайып бір қолбасшысы жалғыз өзі басқарады. Әлгі сан-алуан ұлтқа өзіндік тамақтарын, қару-жарақтарын, киім-кешектерін, құралсаймандарын ұмытпай, шатастырмай дер кезінде, ыңғайлы түрде үлгертіп беріп тұрса, әлгі ғажап әскер мен әскери бөлімше әлгі керемет қолбасшыны шүбәсіз анық түрде көрсетіп, ғажаптығына таңдандыра сүйсіндірмей ме? Дәл осы әскери бөлімшеге ұқсас жер жүзінде әр көктем сайын жаңадан қару-жарақпен жабдықталған, жаңа бір Субхани әскері секілді өсімдіктер мен жануарлар әлемі, сан-алуан ұлттан құралған әскердей төрт жүз мың түрден тұрады. Олардың сыртқы киім-пішіндері, азық-түлік, қару-жарақ, тәлім-тәрбие мен демалысқа шығу мерзімдері әртүрлі болғанымен өте жүйелі, мұқият тәртіпті, ешбірі ұмыт қалмай, шатастырылмай бір ғана Ұлы қолбасшы тарапынан қажеттіліктері өтеліп, қамтамасыз етіліп жатыр. Міне, Жер шарындағы "Көктем" атты әскери бөлімше жоғарыда аталған әскери бөлімшеден қаншалықты ауқымды, зор, керемет болса, сендердің келешекте оқитын әскери дайындық сабағы ұқыпты, ақылды балаларға Жер шарының Хаким Раббысы, басқарушы Ұлы қолбасшы Аллаһтың соғұрлым анық әрі таңғаларлық әрі мақтауға тұрарлық екендігін білдіреді. Шүкір етуге, оны мадақтауға лайық екенін көрсетіп, сүйсіндіреді.

Мәселен, ғажайып бір қала. Үстінде миллиондаған электр шамы бір орнында тұрмай жылжып отырады. Олардың жанар майлары да тоқ көздері де таусылар емес. Мұндай ғажап электр шамдар, өзін

— 223 —

жасап, басқарып отырған, электр станциясын салған, жанармаймен қамтамасыз етіп отырған таңғажайып шеберге, аса керемет құдіретті ғалымға риза боласың. Оның өнеріне тәнті болып, қошеметтеп, ісіне сүйсіне: "Жарайсың!" деп айқайлағың келеді.

Дәл сол сияқты мына «Әлем» атты қалада, «Дүние» дейтін сарайдың үсті аспанда шам тәріздес жалт-жұлт еткен жұлдыздар, астрономияның айтуынша, Жер шарынан мың есе үлкен, зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалса да әсте жүйені бұзбай, бір-біріне қақтығыспай, сөніп те қалмай, қуаты кемімей жанып тұр. Сендер келешекте оқитын астрономияның айтқанына сүйенетін болсақ, Жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жылдан астам бұрын жаратылған Рахмани қонақ үйде әрі шам әрі ошақ қызметін атқарып тұрған Күннің бір тәулік бойы жанып тұруы үшін жер жүзінің теңізіндей жанармай, тауларындай көмір немесе мыңдаған Жер шарының көлеміндей отын керек екен. Мұны және осы сияқты алып жұлдыздарды шексіз құдіретімен жанармайсыз, көмірсіз жандырып, сөндірмей тұрған және әрқайсын өте жылдам әрі бір-біріне соғыстырмай Иләһи құдірет пен билік жасап жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Әлем атты мына зәулім қаланың, дүние дейтін үлкен сарайдың электр шамдары және оны басқару істері қаншалықты зор әрі керемет, өте тамаша болса, сендер оқыған немесе келешекте оқитын физика пәні алып дүниенің Сұлтанын, Мүнәууирін, Мудеббирін, Шеберін аспандағы нұр шашқан жұлдыздарды куә ретінде көрсетіп, таныстырады. Тәсбих еткізіп, құрметпен сүйсіндіреді, Иесіне құштарлық оятады.

Мәселен, бір кітап. Оның жазу жолына ұсақ қаламмен бір кітап жазылған. Әрбір сөзіне үшкір қаламмен Құранның бір сүресі жазылған. Бұл ғажап кітаптың бірін-бірі қуаттайтын тақырыптары авторынын асқан шебер, құдіретті екенін көрсетеді. Мұндай кітап, міндетті түрде, өзінің жазушысы, құрастырушысы өте өнерлі әрі ерекше қасиетті екенін анық білдіреді, таныстырады. «Машаллаһ, Бәрекелді!» дегізіп, жоғары бағалатады.

Дәл сол сияқты мына «Әлем» атты ұлы кітаптың бір ғана парағы жер жүзінің бір ғана жолы болып табылатын көктемде үш жүз мың түрлі өсімдік пен жан-жануарды, барлығын бірге, аралас-құралас, бірбіріне шатастырмай, қатесіз, еш жаңылыспай, ауыстырып жібермей, керемет әрі тыянақты түрде өсіп өндіреді. Кейде "Ағаш" дейтін бір

— 224 —

сөзге бір өлеңді сыйғызып, дән дейтін бір нүктеге бір кітаптың толық мазмұнын жазып қояды. Мұндай құдіретті қаламның көз алдымызда ғажайып жазу жазып жатқанын көзбен көріп жүрміз. Мұндай шексіз әдемі, әрбір сөзі хикметке толы мына алып Құранға ұқсас Құран, аталған мысалдан қаншалықты үлкен әрі керемет болса, сендердің оқыған философия пәні мен мектептерде үйретіліп жатқан оқу мен жазу ілімі осы тұрғыдан мына "әлем" кіта бының жазушыс ын, суретшісін өнерімен бірге керемет таныстырады, «Аллаһу Әкбар» сөзімен жария етеді, «Сүбханаллаһ» сөзімен түсіндіреді, «Әлхамдүлиллаһ» сөзімен мадақтатады.

Міне, әрбір ілім өз саласында, жүздеген пәндер әрқайсысы өздерінің ауқымды өлшемімен, өзіндік айнасымен, дүрбі тәрізді көздерімен, ғибратты назарымен мына әлемнің Хаким-і Зүлжәлал Аллаһты есім-сипаттарымен бірге таныстырады. Әлемдегі заңғар да жарқын Уахданиеттің дәлелі болып табылатын ақиқаттарды бізге ұғындыру үшін, Құран-ы Мұғжиз-үл Баян бірнеше мәрте, әсіресе:

﴿ رَبُّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ ٭ خَلَقَ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضَ ﴾

деген аяттарымен әрдайым Жаратқан Иемізді таныстырып отырады!" деп, әлгі сауалға жауап бердім. Оқушылар дән риза болып, мақұлдап: «Раббымызға шексіз шүкір! Толық қанағаттанарлық, нағыз ақиқат жауап алдық. Аллаһ сізге разы болсын!» деді. Мен сөзімді былай түйіндедім:

Адам сан-алуан қайғы жеп қамығатын, сан-алуан ләззат алып шаттанатын таңғажайып тірі бір мәшине. Өзі өте әлсіз бола тұра, заттық әрі рухани дұшпандары көп. Тым пақыр бола тұра, көзге көрінетін-көрінбейтін, белгілі-белгісіз сансыз қажеттіліктері көп. Әрі қоштасу мен аяқталудың соққыларын әрдайым жейтін бейшара біреу. Міне, осындай күйдегі мұңлық жан, иман етіп, құлшылық қылып әлгіндей Падишах-ы Зүлжәлал Аллаһқа мойынсұнып, әміріне құлдық ұрса және Оны барлық дұшпандарынан сақтайтын пана, арқа сүйер тіреніш әрі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қамқоршы деп қабылдаса, әркім өзінің қожайынының абы-ройымен, атақ-даңқымен масаттанатыны сияқты, ол да осылайша иманы арқылы Қадир, Рахим бір Аллаһты танып, оның қол астына кіріп, қамқорлығына бөленсе, құлшылық етіп қызмет етсе, сондай-ақ өзіне сұқтанып тұрған

— 225 —

қорқынышты ажалдың, өзін жоқ қылатын бұйрық емес керісінше өмірлік міндетінен босату жарлығы екенін ұғынса қаншалықты қуанып, шүкір етіп шаттанарын, шексіз қарыздар болатынын, қаншалықты мақтанарын өздерің ойлап көріңдер!

Әлгі мектеп оқушыларына айтқанымды абақтыда отырғандарға да қайталап былай дедім: «Оны танып, мойынсұнған адам, зынданда жатса да бақытты. Оны ұмытқан адам, әсем сарайда тұрып жатса да сорлы, бейбақ!»

Баяғыда Раббысын таныған бақытты жан, дарға асылар сәтте залым бейбақтарға былай деген екен: "Негізінде көзі жойылғалы тұрған мен емес, сендерсіңдер! Бәріңнің мәңгіге жойылатындарыңа кәміл сенетіндіктен қазірден-ақ сендерден өшімді алып тұрмын...

لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ‌ ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛЛАҺ...!" деп күлімсірей жан тапсырған екен.

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
* * * * *
— 226 —

Жетінші мәселе

(Денизли қаласының түрмесінде бір жұма ішінде жазылған мәселе, яғни жұма күнінің жемісі)

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ ٭ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ٭ فَانْظُرْ اِلٰٓى اٰثَارِ رَحْمَتِ اللّٰهِ كَيْفَ يُحْيِى الْاَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا اِنَّ ذٰلِكَ لَمُحْيِى الْمَوْتٰى وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ ﴾

Бірде Қастамону қаласында «Бізге Жаратқан Иемізді таныстырыңыз» деп өтінген мектеп оқушыларына, осының алдындағы «Алтыншы Мәселеде» пәндердің тілімен берілген дәрісті «Денизли» түрмесінде менімен жолыға алатын кісілер оқып, имандары күшейіп ақыретке қызығушылық оянып: «Бізге ақырет жайлы айтып беріңіз. Бұдан былай нәпсі мен заманауи шайтандарға алданып, мұндай қапасқа қамалудан аман жүрейік!» деді. Сөйтіп, Денизли түрмесіндегі Рисалей-Нұр шәкірттерінің сондай-ақ, Алтыншы Мәселені оқығандардың сұрауы бойынша ақыретке иманның қорытындысын баяндауға тура келді. Мен де Рисалей-Нұрдан алып қысқаша былай дедім:

Қалайша біз, алтыншы Мәселеде Жаратушы Иемізді жерден, аспаннан сұрағанда олар пәндердің тілімен Айдай анық түрде Жаратқанды жақсылап таныстырды. Ендеше, сол Раббымыздан, сосын Пайғамбарымыздан, Құранымыздан, содан соң басқа да пайғамбарлар мен киелі кітаптардан, одан кейін періштелерден, ғаламнан ақырет жайлы сұрайық.

Әуелі ақырет жайлы Аллаһтан сұрайық. Ол, өзінің жіберген пайғамбарлары арқылы және пәрмен-аяттарымен, бүкіл есімсипаттарымен былай дейді: "Иә, ақырет бар. Сендерді сол жаққа

— 227 —

алып барамын!". "Оныншы Сөз" рисалесінде Он екі жарқын бұлтартпас ақиқаттармен Аллаһтың кейбір есім-сипаттарының ақыретпен қатысты тұстарын түсіндіріп дәлелдеген болатын. Қазір сол түсініктемеге сеніп қысқа ишаралармен жауап береміз.

Иә, дүниеде өзіне бағынып, мойынсұнғандарға сый-сияпат, ал бас көтеріп қарсы шыққандарға жаза бермейтін бірде-бір салтанат, билік болмайтыны белгілі. Олай болса, Иләһи патшалық, толық рубубиет, мүлтіксіз жаппай бағындыратын сәрмәди салтанат әлбетте өзіне иман келтіріп бет бұрған, өзімен тығыз байланысқан, мойынсұнып әміріне құлдық қылған жандарға сый-сияпаты немесе осыншама абыройы үстем салтанатқа күпірлік қылып, қырсығып қарсы шыққандарға тіпті, жоққа шығарғандарға ауыр жаза берілетіні хақ. Ондай жаза мен сый Оның шексіз рахымы мен жәмалына, һәм «иззәт» уа абыройына, һәм жалалына лайық түрде болмақ! деп біздің сұрағымызға Аллаһтың «Рабб-үл Аләмин» уа "Сұлтан-үд Дәийан" есімдері жауап беруде.

Һәм, жер жүзінде жалпыға ортақ рахым, барлығын қамтып жатқан қамқорлық һәм молшылық, жомарттық бар екені анық байқалады, оны көзбен көріп те жүрміз. Мәселен, әрбір көктемде жеміс ағаштарын жәннаттың хор қыздарына ұқсатып жеміс-жидектермен безендіріп, қолдарына яғни бұтақтарына сан-алуан миуаларды іліп жіберіп, бізге иіліп: «Қане, алыңыздар, жеңіздер!» дегізетін рахым ғой. Бізге улы жәндік арқылы шипалы да тәтті бал жегізетін һәм қолы жоқ құрттың қолымен жұп-жұмсақ нәзік жібектен киім кигізетін, сондай-ақ, бар болғаны бір уыс, кіп-кішкене дән-тұқымдардың ішіне мыңдаған тонна ризық, несібелерімізді - құдды ол дәнектер сақтық қоймасы секілді - біз үшін орналастырып сақтап қоятын сол рахым мен қамқорлық қой! Олай болса, әлбетте, мұншалықты еркелетіп, ризық несібесін беріп отырған рахым мен мейірім өзінің сүйкімді де қарыздар, риза әрі өзіне табынушы мүмин-мұсылмандарды мүлдем жоқ қылып жібермейді. Негізінде оларды бұдан да жарқын рахымына бөлеу үшін дүниелік тұрмыстан, жүктелген міндеттен босатып мәңгі демалысқа шығарады - деп, біздің сауалымызға Аллаһтың «Рахим» уа «Кәрим» есімдері жауап беруде. «Әл-джәннату хаққун» дейді.

Сондай-ақ, жаратылыста жалпы жер жүзінде керемет хикметпен істер атқарылып, адам ақылы жетпейтін дәрежеде әділ және дәл өлшеммен құбылыстар болып жатқанын көзімізбен көріп жүрміз. Мәселен, адамның мыңдаған ағзаларындағы керемет хикметті алайық. Соның бірі дәнектей кіп-кішкене есте сақтау қабілеті. Ол жерге

— 228 —

адамның бүкіл өмірбаяны, көріп-білген, бастан кешірген оқиғалары толығымен дерлік жазылып, бейне бір кітапхана секілді, ертең махшар күні пенденің есеп-сотында алдына жайылып салынатын амал дәптерінің шағын үлгісі ретінде әрқашан есіне түсіру мақсатымен әрбір адамға берілген. Оның мидың бір бұрышына орналастырғаны шексіз хикметтің көрінісі. Сондай-ақ, бүкіл жаратылыстың ағзаларын дәл өлшеммен орны-орнына орналастырған, сонау көзге көрінбейтін микробтан бастап мүйізтұмсыққа дейін, шыбыннан сонау қарақұсқа, бір ғана гүл ашатын өсімдіктен бастап сонау миллиард, триллиард гүл ашатын өсімдіктерге шейін, жаппай бәріне ысырапсыз өлшеммен реттілік пен тәртіп, керемет жүйе байқалады. Өте сұлу түрде шебер жаратқан және әрбір тіршілік иесінің өмір сүруі үшін қажетті шарттарды таразылап, өлшеп берген, һәм жақсы амалдарға жақсы нәтижелер, ал жаман қылықтарға жаман нәтижелер бергізген және Адам Ата заманынан бері залым қауымдарды апат-бәлелер арқылы жазалауымен өзінің бар екенін анық аңғартқан сәрмәди әділдік әлбетте оған еш шүбә болмасын, жарықсыз Күннің болмайтыны секілді мұндай Иләһи шексіз әділдік, толассыз хикмет ақыретсіз болмайды. Өйткені, ажалы жетіп өлген кезде залым мен бейшара байғұс бірдей болып, еш айырмашылығы жоқ, мәңгі бақи солай кете беруіне, ондай әділетсіздікке, жөнсіздікке, бассыздыққа, хикметсіздікке әсте жол берілмейді деп Жаратқанның «Хаким», "Хакем" және "Адл", уа «Адил» есімдері біздің сауалымызға толық жауап береді.

Барлық тірі жандардың қолы жетпейтін, әлі келмейтін бүкіл қажеттіліктері, белгілі бір мағынада дұға болып табылатын табиғи қабілеттерін, мұқтаждықтарын сезінген кезде, әлгі өмірге қажетті заттары оларға өте мейірімді, бәрін естуші, аса қамқор құдірет тарапынан беріліп жатады және еркімен жасалатын адами дұғаның әсіресе, ерекше тұлғалар мен пайғамбарлардың дұға-тілектерінің оннан алты-жетісі таңғажайып түрде, әдеттен тыс қабыл болады. Демек, дертті жандардың шағымын тыңдап, бейшара мұқтаждардың дұғасын еститін, Сәмиғ-і Мужиб яки бәрін естуші біреу перденің арғы жағында бар әрі Ол бәрін көріп отыр. Ол, ең ұсақ тірі жанның ең кішкентай қажеттілігін біледі, құпия қалауын естіп, қамқорлық жасайды. Мұнысын іс жүзінде дәлелдеп, пендесін риза қылады. Әлбетте, бұған еш шүбә болмауы керек. Олай болса жаратылғандардың ең жоғары мәртебелісі адамзаттың, оның да ең маңызды, ең ауқымы кең әрі жалпыға ортақ, әрі күллі ғаламмен, Аллаһтың барлық есімсипаттарымен

— 229 —

байланысты болған мәңгі бақи ақырет туралы дұғатілектерін қамтыған, сондай-ақ, адамзаттың күн көсемдері, жарық жұлдыздары, көшбасшысы болған пайғамбарларды артынан ертіп, оларды да өз дұғасына: «Әмин, Әмин» дегізген, және үмметінің ішіндегі діндарлары күн сайын ең азы бірнеше рет өзіне салауат айту арқылы, ол кісінің дұғасына тағы да «Әмин, Әмин!» дейтұғын, тіпті, жаратылыс атаулы түгел оның дұғасына қосылып "О, Раббымыз! Қалауын бере гөр! Оның тілегі біздің де тілегіміз!" дейтін, осындай жауапсыз қалуы мүмкін емес шарттармен жасалған ақыреттік бақи өмір мен мәңгі бақыт сұраған Мұхаммед аләйһиссалату уассаламның бір ғана дұғасы - басқа себептерді есептемегеннің өзінде - жәннаттың жаратылуына жеткілікті себеп. Оның құдіретіне ақыретті жарату көктемді жарату секілді оп-оңай. Оған ол түк те емес! - деп Аллаһтың «Мүжиб» (Жауап беруші), "Сәмиғ" (Естуші), "Рахим" (Аса мейірімді) есімдері біздің сұрағымызға жауап беруде.

һәм жарық, анық түрде Күнді көрсететіні секілді жер жүзінде, атап айтқанда маусымдардың ауысуына назар аударар болсақ, жаппай өлу мен тірілу құбылысынан перденің артында жасырын бір басқарушы бар екенін білеміз. Ол, жер шарын сан құбылтып, өте тәртіпті түрде бір бау-бақша, тіпті бір ағаш секілді жеңіл әрі жүйелі түрде басқарады. Алып көктемді бір тал гүл тәрізді оңай әрі өлшемді, әсем жаратады. Жер жүзі парағына үш жүз мың «хашир» мен "нәширдің" яғни өліп қайта тірілудің сансыз үлгі мысалдарын жазып көрсетеді, әрі ол параққа үш жүз мың кітапқа татитын өсімдіктер мен хайуанат түрлерін жайып салады. Олар барлығы бірге сырт көзге, аралас-құралас болса да араласпай, шатасып жатса да шатаспай, өзара ұқсас бола тұра ауысып кетпей, еш қатесіз, жаңылмай, керемет әрі тәртіппен мағыналы жаратылады. Оларды осылай керемет жазып, жаратып отырған құдіреті күшті бір қалам Иесі, осыншама алып істерді мол мейірім мен шексіз хикметпен жаратуда. Сонымен қатар, алып ғаламды баспана секілді адамзатқа бағындырып, безендіріп, жайлы төсек қылып, адам баласын жер жүзінің халифасы тағайындап және оған аспан мен жер, таудың өзі көтеруге қорыққан ұлы аманатты жүктеп, басқа тірі жандарға көшбасшы мәртебесіне көтеріп, абыройын үстем қылған. Сондай-ақ, Субхани үндеуіне, қасиетті сөзіне тыңдарман ету арқылы жоғары мақамға шығарып, аспани жарлық-пәрмендердің барлығында оған мәңгі бақытты, бақи өмірді нақтылап уәде берген. Олай болса шүбәсіз, міндетті түрде өзінің шексіз құдіреті толық жететін бақыт

— 230 —

әлемін осы бір абыройлы да жоғары мәртебелі пенделеріне арнап сыйға тартатын болады. Ақыреттің қақпасы айқара ашылып хашр, қиямет қайым болады! - деп бізге «Мухий», "Мумит", уа "Хай" уа "Қайюм" уа "Қадир" уа "Алим" есімдері Жаратушыдан сұраған сауалымызға жауап береді.

Иә, әрбір көктемде ағаштар мен өсімдіктердің тамырларын айнытпай қаз-қалпында тірілтіп және хайуанат пен өсімдіктер әлемін болса хаширдің үш жүз мың түріне мысал ретінде жарататын құдірет, Мұхаммед пен Мұса пайғамбарлардың (аләйһиссалатү уәссалам) әрқайсысының үмметінің сүріп кеткен мың жылдық заманды ойша бетпе-бет әкеліп қараса хашир мен нәширдің яғни өлген соң қайта тірілудің мың мысалына, мың дәлеліне екі мың көктем {(Сілтеме): Өтіп кеткен әрбір көктем мерзімі жетіп өліп қалған, қиямет қайым секілді ал одан кейінгі көктем болса оның хашрі яғни қайта тірілген түрі секілді.} арқылы куә боламыз.

Һәм, адамзаттың ең мәшһүр ірі тұлғалары жүз жиырма төрт мың пайғамбар бір ауыздан ақыреттегі мәңгі бақытты, бақи өмірді Аллаһ Тағаланың мыңдаған уәделеріне сүйене отырып хабарлап, оны мұғжизаларымен растап, бекіткен. Сондай-ақ, сансыз әулиелер өздерінің кәшиф уа кәраметтерімен дәл сол ақиқаттың рас екенін қуаттаған. Әлбетте, ақыреттің бар екені ақиқат, Айдай анық мәселе, оған шүбәланған адамның есі дұрыс емес!

Рас, бір ғылымда яки бір өнер саласында білікті екі маманның сол пән мен өнерге қатысты үкіміне қарсы ол саламен қатысы жоқ мың адамның - тіпті олар өз саласының ғалымы, білікті маманы болса да - пікірлерінің қуаты жоқ, есепке алынбайды. Сондай-ақ, бір нәрсені жоққа шығару, сенбеу немесе дәлелдеу мәселесінде де Мысалы, Рамазан айында шәк күні Айдың туғанын көрген екі адам немесе «сүт консервасына ұқсайтын ананас өсетін бау-бақша дүниеде бар!» деген екі дәлелдеуші адам, оны жоққа шығарушы мың адамнан үстем келіп жеңіп шығады. Өйткені, дәлелдеуші бір түйір ананасты немесе өсетін жерін көрсетсе оп-оңай жеңіп шығады. Ал, оны жоққа шығарып, сенбейтін адам бүкіл дүниені аралап, зерттеп ешбір жерде жоқ екенін көрсеткеннен кейін ғана сөзін дәлелдеген болады. Сол сияқты жұмақ туралы, бақыт әлемі жайлы хабар беріп, дәлелдеуші адам тек белгі-нышандарын яки бір ғана көрінісін, бір ғана сәулесін көрсетсе жетіп жатыр. Ал, жәннатқа сенбеушілер бүкіл ғаламды және ежелден болашаққа дейінгі заманды түгел қамтып,

— 231 —

көрсеткенде ғана өзінікінің дұрыс екенін дәлелдеген болады. Бұл өте маңызды сыр. Сондықтан "жеке, арнайы бір жермен қатысты емес және имани ақиқаттар секілді жалпы әлемге қатысты мәселені жоққа шығару, сенбеушілік (негізінде қисынсыз, мүлдем мүмкін емес болмау шартымен) дәлелденбейді!", деп зерттеуші ғұламалар бір ауыздан мақұлдап, оны бір қағида ретінде қабылдаған.

Сонымен, мұндай нақты ақиқатқа байланысты мыңдаған ақылгөй философтардың дінге қайшы пікірлері имани мәселеге келгенде бір ғана пайғамбардың хабары жайлы ешбір күмән, тіпті уәсуәсә туғызбауы керек еді. Өкінішке орай жүз жиырма төрт мың дәлелдеуші өз саласында маман, адал хабаршы және сансыз дәлелдеуші, зерттеуші бола тұра және жаппай барлығы бір ауыздан иман шарттарын дәлелдеп жатқанда ақылы көзінде, жүрегі қара, руханияттан жұрдай, көңілі соқыр бірнеше философтың жоққа шығарып сенбегеніне бола иман тұрғысында шүбәлану неткен ақымақтық, есалаңдық екенін ойла!

һәм, анық түрде өз бойымызда, һәм айналамызда жалпыға ортақ рақым, барлығын қамтыған хикмет һәм әрдайымғы "инает" (жәрдем) бар екені көзге көрінетіндей дәрежеде анық. Сондай-ақ, орасан зор Иләһи рубубиеттің салтанатын, жоғары дәрежеде мұқият әділдік пен абыройы үстем істердің ұшқын-сәулелерін байқап отырмыз. Бір ағаштың жемістері, гүл шешектері қанша болса сонша сол ағашты көп хикметтерге бөлеген шексіз хикмет және әрбір адамды оның қанша ағза-мүшелері, сезім-қабілеттері болса сонша жарылқап, нығметке бөлеген рақым және Нұх, Худ, Салих (аләйһиссалам) пайғамбарлардың қауымдарын Ад, Сәмуд, және Перғауын сықылды қасарысқан халықты жермен жексен еткен және өте ұсақ жәндіктің ақысын жегізбей, қамқорлыққа алған абыройы үстем, жәрдемге әрқашан дайын әділет, әлбетте ақыретті жаратпақ. Сонымен қатар

﴿ وَمِنْ اٰيَاتِه۪ٓ اَنْ تَقُومَ السَّمَٓاءُ وَالْاَرْضُ بِاَمْرِه۪ ثُمَّ اِذَا دَعَاكُمْ دَعْوَةً مِنَ الْاَرْضِ اِذَٓا اَنْتُمْ تَخْرُجُونَ ﴾

аяты қысқа да нұсқа түрде былай дейді:

Мәселен, екі казармада тұрып жатқан тілалғыш жауынгерлер бір қолбасшының бұйрығымен қаруларын асынып, сап түзеп қызметке дайын тұра қалады. Дәл сол сияқты, екі казарма іспеттес және бұйрықты орындауға келгенде олардан асып түсетін аспан мен жер шары, Әзәли Сұлтан Аллаһтың мойынсұнғыш жауынгерлеріне екі казарма тәрізді.

— 232 —

Қашан Исрафил періштенің сұры үрленіп әлгі казармаларда өлі күйде жатқандар шақырылса, дереу дене дейтін киімдерін кие сала сапқа тұра қалатынын дәлелдейтін әрбір көктемде, жер шары казармасында жатқандар Рағд (найзағай) періштесінің сұрымен дәл қияметтегі жағдайды еске түсіруі арқылы шексіз ұлықтығы байқалатын Рубубиеттің салтанаты яғни Аллаһтың билік пен толық басқармасы, әлбетте, оған сөз жоқ, күмәнсіз әрі Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей, әлгі аталмыш рақым мен хикмет, инает (жәрдем), әділет, Сәрмеди салтанат ақырет әлемінің жаратылуын, хашир мен нәшир болып, махшар алаңының ашылуын керек етеді. Егер ақырет болмайтын болса, әлгі шексіз әсем рақым жағымсыз мейірімсіздікке және әлгі кәміл мол хикмет өте нұқсан әбестікке, пайдасыз ысырапқа ауысып және әлгі шырын, тәтті инает тым ащы қиянатқа айналып және әлгі дәлмедәл өлшемді де мұқият әділдік сұмдық зұлымдыққа жол беріп және манағы ұлық та абыройы үстем Сәрмеди салтанат құлдырап, күйреп тоз-тозы шығып, рубубиетіне шек келіп, нұқсандыққа түседі деген сөз. Бұл әрине әсте мүмкін емес жағдай, оған ешбір ақыл сенбейді, мүлдем болмайды, ақылға сыйымсыз, тым қисынсыз, жалған. Себебі, нәзік, ерке, аяулы ақыл мен жүрек секілді қымбат сезімдерді және мәңгі бақытқа, ақыреттегі бақилыққа деген арманды бере тұра оны мәңгіге жоқ қылу, барып тұрған қатыгездік. Адамның тек миының өзін жүздеген хикметтерге ұйытқы, мол пайдаға жарайтын құрал қыла тұра адамды қайта тірілітпей бүкіл сезім мүшелерін, мыңдаған пайда беретін қабілеттерін өлімнен кейін жоқ қылу, барлығын пайдасыз, нәтижесіз, хикметсіз, ысырап ету әрине мүлдем әбестік. Сондай-ақ, мыңдаған уәдесін, берген сөзін орындамай - Астағфируллаһ - өзінің әлсіздігі мен надандығын көрсетуі әлгіндей ұлық салтанатқа, кәміл рубубиетке керағар, мұны ақылы бар әркім түсінуге тиіс. Енді бұған инает (жәрдем) пен әділетті қойып салыстыр!

Міне, Жаратушымыздан сұраған ақырет жайлы сауалымызға «Рахман», "Адил", "Кәрим", "Хаким" есімдері аталмыш ақиқатпен жауап беріп Айдан анық түрде ақыретті дәлелдейді. Жан-жақты қамтып жатқан, құдіреті күшті "хафизиет" яғни барлық нәрсе мұқият сақтау ісі қызу жүріп жатқанын көзімізбен көріп отырмыз. Барлық тірі жанның іс әрекетін, әрбір оқиғаны көптеген көріністерді, суреттерді, атқарған міндеттерінің дәптерлерін, Иләһи есімдерге хал тілімен қалай тәсбих қылғаны туралы амал парақтарын мысали таспаларда, дән-тұқымдарда және Ләух-ы Махфуздың үлгісі ретіндегі "қува-и

— 233 —

хафызаларында" жадыда әсіресе, адамзаттың миындағы көлемі зор бірақ, өзі кіп-кішкене есінде және басқа да заттық, мағынауи таспаларда жазып, жаздырады, мұқият тіркеп сақтап қояды. Сосын, уақыты келгенде әлгі мағынауи жазуларды түгелдей заттық тұрғыға айналдырып көзімізге көрсетіп, осылайша миллиондаған мысалдар мен дәлелдер көрсетеді. Жойқын түрде وَ اِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ аятындағы ғажайып хашир ақиқатын әрбір көктем яғни құдіреттің бір тал гүлі тәріздес әрбір көктем, өзіндегі алып бір ғана гүл арқылы миллиардтаған тілдерде әлемге жар салады. Әу баста адамзат, барлық зат, бүкіл жандылар уақытша жоқ болып кету, құрып, із түссіз жоғалу үшін жаратылмағанын, олар бақилыққа, мәңгілікке ие болу үшін тазарып, маңызды да соңсыз міндет атқаруға қабілеттерін пайдалану үшін жаратылғандарын қуатты түрде дәлелдейді.

Иә, әрбір көктемде мынадай көрініске куә боламыз: Қиямет қайымға ұқсайтын күз мезгілі болғанда опат болған өсімдік атаулы, махшар күні секілді көктемде әрбір ағаш, әрбір тамыр, әрбір дән, барлық тұқым وَ اِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ аятын өз тілімен оқып бір мағынасын, бір ғана тұсын өткен жылдарда мысалдарын көрсету арқылы тәпсірлеп манағы ұлық та жойқын "хафизиет" ақиқатына куәлік етеді. Олар:

هُوَ الْاَوَّلُ وَالْاٰخِرُ وَالظَّاهِرُ وَالْبَاطِنُ (хуәл Әууәлу, уәл-Ахиру, уәз-Захиру, уәл-Батину) аятындағы мағынасы терең, ұлы төрт ақиқат барлық жерде кездесетінін көрсетіп "хафизиетті" ауқымды түрде дәлелдеп, хаширді көктем секілді оңай әрі анық екенін бізге дәріс береді.

Рас, осы көркем төрт есімнің сәуле, шуақтары ең ұсақ, шектеулі нәрседен бастап ауқымды, шексіз нәрселерге дейін жайылып жатыр.

Мәселен, мына ағаштың бастауы болып табылатын дәні Аллаһтың اَلْاَوَّلُ (Әл-Әууәл) есіміне бөленгендіктен ол ағаштың керемет бағдарламасын, жаратылысына қажетті керек жарақтарын, тіршілік шарттарын, толық қамтитын мазмұны жазылған құты болып табылады. Ол Хафизиеттің қаншалықты ұлық ақиқат екеніне дәлел.

وَالْاٰخِرُ (Уәл-Ахир) есімінін шағылыстыратын оның жемісі болса, дәнектері арқылы ол ағаштың атқарған міндеттерінің мазмұнын, жасаған амалдарының тізімін және бұдан кейінгі екінші тіршілігінің ереже-заңдарын қамтып тұрғандықтан ол да "хафизиетке" анық түрде куәлік етеді.

— 234 —

وَالظَّاهِرُ (Уәз-Захир) есіміне бөленген манағы ағаштың заттық бейне пішіні болса, ғажайып үйлесімді де шебер, өте керемет әдемі киімге оранған. Үсті сан-алуан нақыш, ою-өрнекпен безендірілген, бейне бір жетпіс түрлі хури көйлегін киіп алғандай. Ол да һәм хафизиетті сонымен қатар шексіз құдіретті, мол хикметті және әсем мейірім шапағатты көзге ұрып тұрып көрсетеді.

وَالْبَاطِنُ (Уәл-Батин) есіміне айналық ететін, ағаштың ішіндегі механизмі болса ғажайып өндіріс, керемет кәсіпорын, күрделі химиялық зертхана, бүкіл бұтақ пен жемісін, жапырағына дейін қорексіз қалдырмайтын өлшемді ризық толы қазан тәрізді. Ол тек хафизиетті ғана емес, сонымен қатар асқан құдіретті, орасан зор әділдікті, мол мейірімді, шексіз хикметті анық көрсетеді.

Дәл сол секілді жер шары да жылдық маусымдар жағымен бір ағаш тәрізді. Ол, Аллаһтың اَلْاَوَّلُ (Әл-Әууәл) есімінің құдіретімен күз мезгілінде, сақтау үшін аманат қылып тапсырылған барлық тұқымдар мен дәнектер жағымен, одан шыққан өсімдіктермен жасыл-желекке оранған көктем дейтін құлпырған көйлек киген кезде жер жүзі миллиардтаған тал-бұтақ, жеміс, гүл-шешек атқан зәулім ағашқа ұқсап кетеді. Бүкіл дән-тұқымдар ағаштың жаратылысына қатысты Иләһи әмірлердің жинағы, тағдырдың ереже-заңдарының тізімі және өткен жаз мезгілінің атқарған міндеттері жазулы шағын амал дәптері, жасаған қызметтерінің кітапшасы тәрізді. Міне, бұл құбылыс анық түрде бір Хафиз-і Зүлжәлал-і уәл Икрам Аллаһ өзінің шексіз құдіретімен, өте әділдігімен, мол хикметімен, кең рахымымен жұмыс жасап жатқанын көрсетеді.

Енді, жыл мезгілдері жағымен ағаш тәрізді жер шарының ақырғы мезгілін алар болсақ, екінші күзде әлгі ағаштың атқарған барлық міндеттерін және Иләһи есім-сипаттарға айна болып жасаған тәсбихтерін және келесі көктем хаширінде қайта тірілетіндердің амал парақтарын кіп-кішкене құтышалардың ішіне жинақтап Хафиз-і

Зүлжәлалдың хикмет қолына тапсырады. Сөйтіп, هُوَ الْاٰخِرُ (Һуәл-Ахиру) есімін сансыз тілде әлемге жар салады.

Ал, ол ағаштың сыртқы бейнесі болса, хаширдің үш жүз мың мысалдары мен белгі-нышандарын көрсететін үш жүз мың түрлі гүлдер ашып шексіз рахманиет (мол мейірім), рәззақиет (толық қамтамасыз ету), рахимиет (рақымшылық) және кәримиет (шексіз

— 235 —

жомарттық) дейтін дастархандарды жайып жан-жануарларға сый-сияпат беру арқылы Аллаһ тағаланың هُوَ الظَّاهِرُ (Һуәз-Захиру) есімін өзінің қанша жемістері, гүл-шешектері, тағамдары болса сонша тілмен зікір етіп, мақтап-мадақтайды. Айдан анық түрде وَ اِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ ақиқатын көрсетеді.

Бұл зәулім ағаштың ішкі жағы болса, сансыз керемет механизмдер мен тап-тұйнақтай зауыт-фабрикаларды мұқият әрі жүйелі түрде жұмыс істетіп тұрған кәсіпорынға, қайнап жатқан бір қазанға ұқсайды. Қазан болғанда қандай, бір грамнан мың батпан тағамдарды пісіреді де аш-мұқтаж жандарға үлестіреді. Дәл өлшеммен, мұқият жүйелі жұмыс істейтіні сондай азғантай кездейсоқтыққа әсте жол бермейді. Аллаһтың هُوَ الْبَاطِنُ есімін жер шарының ішкі жағымен жүз мың тілмен тәсбих қылатын кейбір періштелер секілді жүз мың түрде жария етіп дәлелдейді.

Һәм, жер өзінің жылдық мезгілдері жағымен бір ағаш секілді және әлгі төрт есімнің саясында «хафизиетті» көрсетіп сол арқылы хаширға есік ашқаны секілді дәл сол дәуір мен дүние тіршілігі тұрғысынан алғанда тағы да жемістері ақыреттік базарға жөнелтілетін мұқият, ретті ағашқа ұқсайды. Әлгі төрт есімге бөленіп жалт-жұлт еткен айнадай және ақыретке апарар даңғыл жол ашады. Ол жолдың кеңдігін қамти алмаймыз әрі суреттеуге ақылымыз жетпейді. Тек, былай деумен шектелеміз;

Мысалы, бір сағаттың секөнтті, минөнтті, сағатты, күнді санайтын тілдері өзара ұқсас әрі бір-бірін дәлелдейді. Секөнт тілінің қозғалысын көрген адам басқа тілдерінің жүріп тұрғанына сенуге мәжбүр болады. Дәл сол сияқты, аспан мен жердің Жаратушысы Халиқ-ы Зүлжәлалдың алып сағаты тәріздес мына дүниенің секөнттарын санайтын тәуліктер, минөттарын санайтын жылдар, сағаттарын көрсетететін ғасырлар және күндерін санайтын дәуірлер өзара ұқсайды, бірін-бірі дәлелдейді. Және бүгінгі түннің таңы және осы қыстың көктемі болатынына анық болғанындай пәни дүниенің де қараңғы қысының мәңгі бақи көктемі мен жазы келетінінен, мәңгі бақыт таңы ататынынан сансыз белгі-нышандармен хабар береді - деп Аллаһтың "Хафиз" есімі мен هُوَ الْاَوَّلُ وَالْاٰخِرُ وَالظَّاهِرُ وَالْبَاطِنُ есімдері біздің Жаратушымыздан сұраған хашир мәселесіне жоғарыда аталған ақиқатпен нақты жауап береді.

— 236 —

Көзімізбен көріп, ақылымызбен мынаны түсінеміз: Адам баласы мына ғалам ағашының ең соңғы, өте мазмұнды жемісі және Мұхаммедтің (аләйһиссалату уәссалам) ақиқаты жағымен адамзат, ғаламның асыл дәнегі. Ғалам бейне бір алып Құран десек адамзат оның «аят-ул Күбрасы» немесе исм-і Ағзамды қамтитын «аят-ул Күрсисі», ғалам сарайының сыйлы қонағы әрі сол сарайдың басқа тұрғындарын басқаруға лайық құзырлы қызметкері және ғалам шаһарының жер шары ауданының бау-бақшасында, егін алқабында кіріс-шығысына жауапты, өнімін қадағалаушы, сондай-ақ, жүздеген пән мен мыңдаған өнер үйретілген, жүрген жері айқай-шу, жауапты бақылаушы қызметкері. Ғалам елінің жер шары өңірінде Әзәл мен Әбәд Патшасы Аллаһтың жіті бақылауындағы тексеруші дейтін лауазымды жоғары мәртебелі жердің халифасы, аз-көп бүкіл амалынан сұраққа тартылатын билеуші және аспан мен жер, таудың өзі арқалауға тартынған ұлы аманатты мойнына алған, алдында екі ғажайып жол жатқан, біреуімен жүрсе тіршілік иелерінің ең сорлысы, ал екіншісімен кетсе ең бақыттысы болатын және мағынасы терең құлшылыққа міндетті «абд-ы күлли», һәм ғалам Иесінің исм-і Ағзамына яғни ең ұлы есіміне бөленген және Оның бүкіл есімдерін қамти алатын мазмұнды айна, Субханның сөзі мен үндеуін ұғатын ерекше тұлға және жандылардың ең мұқтажы, өте пақыр әрі әлсіз бола тұра шексіз арман, тілектері бар, сонымен бірге сансыз дұшпандары мен үнемі тиісіп, аяқтан шалатын жаулары көп бейшара пенде, өте қабілетті, сөйте тұра өмірдің ләззатына келгенде ең мұңлығы, ләззаттары өкінішке айналатын сорлы, әрі мәңілікке құштар әрі оған аса мұқтаж әрі нағыз лайық, бақилықты, соңсыз бақытты жанжақты шексіз дұғаларымен сұрайтын, жалынып жалбарынатын, тіпті оған бүкіл дүние қызығы берілсе оның әлгі мәңгілікке деген арманына жетпейтін және өзіне жақсылық жасап жарылқаған Иесін табынатындай қатты жақсы көретін, сүйкімді де сүйікті өте таңғажайып Сәмедани Құдіреттің мұғжизасы, керемет жаратылыс иесі және сезімдері ғаламды жұтып қоятындай жойқын, сұлулыққа құштар, мәңгілік үшін жаратылғанына бүкіл сезім-мүшелері куәлік ететін...

Міне, осылай жиырмаға жуық күлли ақиқаттармен Аллаһ тағаланың "Хақ" есіміне тәуелді және ең ұсақ тіршілік иесінің ең қарапайым қажеттілігін көріп-білетін, не сұрайтынын естіп, іс жүзінде жауап беріп отырған Хафиз-ы Зүлжәлал Аллаһтың «Хафиз» (сақтаушы)

— 237 —

есімімен әрдайым істеген амалдары әлгі есімнің абыройлы жазушылары періштелер тарапынан жазылып отырған және бәрінен де бұрын сол есімнің назарын өзіне аударған мына адамзат; әлбетте, оған шүбә жоқ сөзсіз осы аталған жиырма ақиқаттың талабына сай адамзат үшін бір хашр мен нәшр, бір қиямет қайым болмақ. Хақ есімінің талабы бойынша адам баласы атқарған қызметінің сыйақысын, жіберген кемшіліктерінің жазасын тартатын болады. Хафиз есімінің күшімен тіркеуге алынған үлкен-кіші әрбір амалынан есеп беріп, сұраққа тартылмақ. Бақи әлемде мәңгі бақыт саябағы ашылып, сонымен қатар соңсыз азаптайтын зынданның қақпалары да ашылмақ. Мына дүниеде көптеген жаратылысқа жетекшілік еткен, істеріне араласып кейде шырқын бұзған әлгі көшбасшы адам әлбетте топырақтың астына кіріп алып істеген істеріне жауап бермей, қайта тірілмей мүлде, тығылып жатып алмайды.

Әйтпесе, шыбынның ызыңын естіп, оның тіршілігіне қажетті бүкіл жағдайды жасап ал, найзағайдай күркіреген бақи өмірге қатысты дұғаны естімеуі, теңдессіз адамдық құқықты таптап, жоғарыда аталған жиырма ақиқатты әрі жер мен көкті шулатқан дұға-тілектерді естімеу және аталған шексіз құқықтарды аяқ асты ету, бұл әрине шыбынның қанатындай ысырапқа жол бермейтін хикметке қайшы. Сондай-ақ, әлгіндей ақиқаттарға негізделген адами қабілеттерді және мәңгілікке негізделген іс-амалдар мен арман-мақсаттарды, қабілет пен өтініш-тілектерді және мұны қуаттайтын ақиқаттарды түгелдей ысырап қылып бекерге шығару, бұл деген әділетсіздік, жөнсіздік, ақылға сыймайтын зұлымдық. Ондай зұлымдыққа Аллаһтың «ХАҚ», "ХАФИЗ", "ХАКИМ", "ЖӘМИЛ", "РАХИМ" есімдеріне куәлік ететін жаратылыс жаппай қарсы шығады. Бұлай болуы, жүз мәрте мүмкін емес, мың есе жалған.

Сонымен, біздің Жаратушымыздан хаширге қатысты сұраған сауалымызға Оның «Хақ», "Хафиз", "Хаким", "Жамил", "Рахим" есімдері жауап беріп былай дейді: Біздің хақ әрі ақиқат болғанымыздай және бізге куәлік ететін жаратылыстың ақиқат болғанындай хашир де хақ, ол сөзсіз болады!"

Иә, әлі де жаза беруге болатындай еді, бірақ мәселе Күндей анық болған соң осымен аяқтадық.

Міне, жоғарыда келтірілген мысалдарға және «һәм» деп басталған мәселелерге қарап отырып, Аллаһ тағаланың жүз тіпті, мың есімдерінің әлемге қарайтын әрқайсысы болмысты өзіне айна қылып

— 238 —

шағылыстыратынына куә боламыз. Оның шағылыс сәулелері сол есімдердің иесін анық түрде көрсетіп, дәлелдегені секілді хаширді, ақыретті де көрсетіп һәм нақты дәлелдейді.

Һәм, Жаратушымыздан сұраған сұрағымызға, Раббымыз бүкіл үндеу сөздерімен, түсірген кітаптарымен, өзінің есім-сипаттарымен анық та қанық жауап берді, дәл солай періштелер арқылы, олардың тілімен де басқа тұрғыдан былай дейді:

"Адам заманынан бері сендердің руханилермен, һәм бізбен кездесіп, көріскендерің жайлы нақты хабарлар бар. Һәм біздің бар екенімізге және рухани болмыстардың нақты екеніне және құлшылықтарының хақ екеніне белгілер мен дәлелдер жеткілікті. Сондай-ақ, біз ақырет әлемдерінде, кейбір кеңістіктерде кезіп, аралағанымызды өзара сәйкес түрде сендердің басшыларыңмен жүздескен кезде айттық әрдайым айтып та жүрміз.

Міндетті түрде біз кезген бақи әрі әсем әлемдер және олардың арғы жағындағы гүл-гүл жайнаған саябақтар мен зәулім сарайлар, шүбә жоқ аса қадірлі қонақтарына мәңгі мекен болу үшін күтіп тұр. Мұны сендерге анық түрде хабарлаймыз!".

Һәм, Раббымыз бізге ұлы мәртебелі мұғалім, керемет ұстаз, алданбайтын, алдамайтын турашыл жетекші ретінде араб Мұхаммедті (аләйһиссалату уәссалам) тағайындағаны және Оны ең соңғы елші етіп жібергені рас. Олай болса, бұл мәселені ғылыми тұрғыда ғана емес, көзбен көргендей, қолмен ұстағандай анық түрде ең бірінші сол ұстазға манағы Жаратушыдан сұраған сұрақты сұрап иманымызды қуаттауымыз керек. Себебі, Аллаһ тарапынан ол Кісіні (с.а.у.) растау боп табылатын мыңдаған мұғжизалар көрсетіп Құранның хақ Кәламуллаһ екенін дәлелдеді. Сол сияқты, Құран да таңғажайып қырықтан астам қыр-сырларымен Оның бір мұғжизасы болып Оның турашыл әрі Расулуллаһ екенін дәлелдеді. Екеуі бірін-бірі қуаттайды. Біреуі; шәһадат әлемінің яғни мына көзге көрінетін әлемнің жаршысы, оны өмір бойы дәлелдеді, һәм өзінен бұрынғы әнбиялар, һәм өзінен кейінгі әулиелер растады. Екіншісі; ғайыб әлемінің яғни көзге көрінбейтін әлемнің жаршысы ретінде мыңдаған аяттарымен дәлелдеген - мұнысын көктен түскен кітаптар мен жаратылыс заңдары растап бекітіп отыр - хашир ақиқаты Айдай анық, күндізгідей жарық нақты мәселе.

— 239 —

Иә, хашр секілді ғажайып, орасан зор және ақыл-ойдың тысындағы үлкен мәселе тек ғана осындай таңғажайып екі ұстаздың дәріс беріп жетекшілік етуімен ғана шешіліп, түсінікті болмақ. Бұрыңғы заман пайғамбарлары үмметтеріне Құран секілді ақыретті егжей-тегжейлі түсіндірмеуінің себебі, ол заман адамзаттың бәдәуи, алғашқы кезеңі, бала секілді енді аяқ басып келе жатқан дәуірі болатын. Бастауыш мектептің сабағында түсініктеме аз болатыны белгілі. Сонымен, Аллаһ Тағаланың көптеген есімдері ақыретті талап ететіні рас, әлбетте ол есімдерді растайтын барлық дәлелдер бір тұрғыдан алғанда ақыреттің болатынына да дәлел боп табылады. Һәм, періштелер мен рухтардың болмысы мен құлшылықтарына куәлік ететін айғақтар, айналып келгенде ақыреттің болмысына да дәлел болып саналады.

Һәм, Мұхаммед аләйһиссалату уәссаламның өмір бойғы көтерген мәселесі, алға қойған мақсат-мүддесі «Уахданиет» болса, одан кейін ақырет болатын. Олай болса, әлбетте Оның пайғамбар екеніне, адал нәби екеніне дәлел болатын барлық мұғжизалары мен айғақ-дәлелдері белгілі бір мағынада, айналып келгенде ақыреттің жүзеге асатынына, сөзсіз болатынына куәлік етеді.

Һәм, Қасиетті Құранның төрттен бір бөлігі «хашр» мен ақырет жайлы екені белгілі. Құран мыңдаған аятымен оны дәлелдеуге тырысып, одан хабар береді. Олай болса, әлбетте Құранның рас екенін дәлелдейтін айғақтар мен дәлелдер айналып келгенде ақыреттің бар екенін, оның сөзсіз орнайтынын, қиямет қайым болатынын дәлелдеп, куәлік етеді. Міне, Иманның бұл шарты қаншалықты қуатты да анық, шүбәсіз екенін біл!

* * * * *
— 240 —

Сегізінші мәселенің қорытындысы

Жетінші мәселеде хашрді көптеген мақамдардан сұрап, дәлелдемек болғанбыз. Алайда, Жаратушымыздың есімдері берген жауап қанағаттанарлық әрі қуатты болғандықтан басқа сұрақтарға қажет қалмады, біз де қысқа қайырдық. Енді осы мәселеде ақыретке иман келтірудің о дүниелік һәм бұ дүниелік бақыт пен пайдаларын, нәтижелерін қысқаша тұжырымдап баяндамақпыз. Ақыреттік бақыты жайлы Қасиетті Құран толық түсіндіргендіктен тағы түсіндіру артық болар. Оны Құранға сілтеме жасасақ дейміз, ал дүниелік бақытына қатысты пайдаларын баяндауды Рисалей-Нұрға сілтейміз. Әзірге қысқаша ғана ақыретке иманның адамның жеке өміріне, оның қоғамдық өміріне қатысты жүздеген нәтижелерінен үш-төртеуін баяндамақпыз.

Біріншісі: Адамзат басқа жаратылыс сияқты емес, оны отбасы алаңдаьқаны секілді айналасы, дүние алаңдатады. Туғантуыстарымен қарым-қатынаста болатыны секілді бүкіл адамзатпен де табиғатынан байланысты. Және дүниеде уақытша болса да ұзақ өмір сүргісі келетіні секілді бақи өмірде мәңгі жасауды қалайды. Және асқазаны тағам сұрап ашыққанда оны қамтамасыз етуге міндетті болғаны секілді дүниедей кең, тіпті шексіз дастарханнан рухани азық сұрайтын ақыл, қалб, рух, адамгершілік дейтін асқазанын қамтамасыз етуге әу бастан мәжбүр, сол үшін жұмыс істейді. Оның осындай толассыз арман-тілектерін тек мәңгі өмірдегі бақыттан басқа ешнәрсе қанағаттандырмайды. Оныншы Сөзде айтылғанындай, бала кезімде өзімнің қиял сезімімнен сұрадым: «Саған миллион жыл өмір және дүниенің билік-салтанаты керек пе? Бірақ, соңында мүлдем із-түзсіз жоғалып кетесің! Әлде, мәңгі өмір, бірақ қарапайым әрі машақаты кө. Қайсысын таңдар едің?» Қиялым: «Ох! Жәһаннам болса да бақи болғанға не жетсін!» деп жауап берді. Адам табиғатының бір ғана қызметшісі қиял сезімін дүниелік өмірдің ләззатары қанағаттандырмайды екен. Олай болса міндетті түрде табиғаты күрделі, сезімге бай адамзат мәңгілікпен әу баста, кіндіктес, тығыз байланысты. Адамның осындай шексіз арман-тілектері бола тұра, қолда бары азғана қалау-ерік, ол тым

— 241 —

пақыр, қолынан түк келмейтін бейшара. Енді оған ақыретке иман қаншалықты қажетті де мол қазына, ол бақыттың кілті, ләззаттың бұлағы, медет пен қуаныштың қайнар көзі және дүниенің бітпейтін уайым-қайғысына қарсы күшті демеу, таптырмайтын жұбаныш екені айтпай-ақ түсінікті. Мұндай үлкен қазына байлықты иелену үшін дүниелік өмірін пида етсе де түк емес.

Ақыретке иманның екінші жемісі және жеке өміріне қатысты бір пайдасы:

Үшінші мәселеде түсіндірілген және Жастар шырағындағы бір сілтемеде жазылған маңызы зор нәтиже. Әр адамның әрқашанғы уайымы, көптеген достары мен тумаларын жұтып қойған қорқынышты, суық, барса келмес мазар, ерте ме кеш бәріміз баратын қабір, жоқ қылып жіберетін мола екені белгілі. Бір досы үшін жанын беруге әзір бейшара адам, мыңдаған тіпті миллиондаған, миллиардтаған достары мәңгіге қоштасып, мүлдем жоқ болатынын ойлағанда тозақтан бетер азап шегері белгілі. Енді, ақыретке иман келіп пенденің көзін ашады. Тұмшалаған пердені ысырып тастап: "Қара!" дейді. Пенде иманмен қарағанда жәннаттағы рахаттан хабар беретін рухани ләззаттың дәмін татады яғни әлгі достары мәңгі жоқ болудан, шіріп жоқ болудан құтылып көңілді де нұрлы әлемде жүр, мұны да күтіп отырғандарын көріп мәз болады. Рисалей-Нұрда мұндай нәтижелер дәйекті түрде түсіндірілгендіктен қысқа қайырдық.

Жеке өмірге қатысты үшінші бір пайдасы: Адамның басқа тіршілік иелерінен жоғары мәртебелі, мерейі үстем болуының себебі, оның жоғары қасиеттілігі мен күрделі қабілеттілігі және ауқымы кең құлшылық ете алатынында әрі көптеген болмыс мәртебелеріне ие болуында. Алайда, әлгіндей адам һәм жоқ һәм өлі һәм қараңғы өткен мен болашақтың ортасындағы тап-тар уақытпен шектеліп, соның өлшемімен әлгіндей қасиеттерге яғни жанашырлық, сүйіспеншілік, бауырластық, адамгершілік секілді қасиеттерге ие болады. Мысалы, бұрын-соңды көрмеген, айырылған соң да көрмейтін әкесін, бауырын, жұбайын, халқын, отанын жақсы көреді, қызмет етеді. Бірақ, адал әрі ықыласты болуы екі талай. Міне, уақытшалық ұғымымен кемелдігі мен қасиеті осылайша сарқылып азая түседі. Енді, тіршілік иелерінің ең жоғарғысы емес, тіпті ең сорлысы секілді түсініксіз халге ұшырап, ақылы оны ең мұңлық, бейшара жағдайға түсіреді. Сол кезде оған ақыретке иман көмекке келеді. Қабірдей тар осы шақты кеңейтіп

— 242 —

өткен мен болашақты қамтитынтай кең заманға айналдырады. Дүниедей кең тіпті, әзәлден әбәдке созылып жататын ұлан-ғайыр болмыс мәртебелеріне ие болады. Әкесін мәңгі бақыт әлемінде, рухтар әлемінде де әке деп сыйлайды. Бауырына да мәңгі жалғаса беретін бауырым деп қарайды. Жұбайына жәннатта да бірге болатын сұлу өмірлік жар деп қарап жақсы көреді, құрметтейді, жанашыр болып жәрдем етеді. Әлгіндей мәңгі де кең әлемдегі өмір үшін адал қызмет етіп дүниелік уақытша тұрмыста ренжіспейді. Ықыласпен адал түрде сыйласып кемелдігі, қасиеттері әлгіндей кең өлшеммен - дәрежесіне қарай - арта түседі. Дүниелік тұрмыс жағынан торғайдан төмен манағы пенде енді бүкіл жандылардан жоғарылап, ғаламның таңдаулысы, бақтияр қонағы, әлемнің Иесінің сүйіктісі және адал құлы деген атаққа ие болады. Бұл нәтиже де Рисалей-Нұрда айғақтармен түсіндірілгендіктен қанағат етіп қысқа қайырғанды жөн көрдік.

Адамзаттың қоғамдық өміріне қатысты пайдасы, бұл төртінші пайдасы:
Рисалей-Нұрдың Тоғызыншы Шуағында баяндалған нәтиже, бұл соның қорытындысы:

Адамзаттың төрттен бір бөлігін құрайтын балалар, ақыретке иман келтірсе адам сияқты өмір сүреді әрі адами қасиеттерін сақтап қалады. Әйтпесе, қатты уайымға беріліп өздерін ұйықтату, ұмыту үшін ойыншықтармен ойнап, еркелікке салынып кетеді. Өйткені, әрдайым айналасында өзі секілді балалардың өлгенін естігенде нәзік ойы жарақаттанып, түрлі арманға толы жұдырықтай жүректері сыздайды, дәрменсіз рухтары болса ондай соққыға шыдай алмай өмір сүру азапқа айналып, ақыл-ойы мазалап өмірдің шырқы бұзылады. Ал, ақыретке иман болса әлгі көрмеуі үшін ойыншықтармен жасырылған уайымның орнын қуаныш пен шаттық иеленіп, еңсесін көтеріп былай дейді: «Менің бауырым яки достым өлгені рас. Бірақ ол Жәннаттың құсы болып, бізден әлдеқайда рахат өмір сүруде, әртарапты аралап жүр!» Немесе «Анам қайтыс болды. Алайда Аллаһтың рахымына бөленді. Мені Жәннатта тағы да құшағына қысып аймалап өбеді. Түбінде аяулы анашыма қауышамын!» Осылайша сеніммен адам секілді өмір сүреді.

Һәм, адамзаттың төрттен бірін құрайтын қарттар. Олар өмірінің жақында өшетінін, топыраққа көмілетінін, үйреншікті дүниенің есігі жабылатынын жақсы біледі. Олар жұбанышты тек ақыретке иманнан табады. Әйтпесе, әлгі құрметке лайық аталар мен аяулы аналардың

— 243 —

жаны күйзеліп, көңілдері құлазып қатты қиналар еді. Дүние қараң қалып құдды зындан, өмір болса адам төзгісіз азап болар еді. Бірақ ақыретке иман оларды былай деп жұбатады:

«Уайымдамаңдар! Сендерді мәңгі жастық, жарқын өмір күтіп тұр. Жоғалтқан балаларың немесе тумаларыңмен қуана қайта қауышатын боласыңдар. Жасаған жақсылықтарың босқа кеткен жоқ, ақысын еселеп аласыңдар!» Міне, ақыретке иман көңілдерін жайлап, жұбататыны сонша әрбір қарт жүз есе қартайып кетсе де үмітсіздікке түсіп қамықпайды.

Қоғамның үштен бірін құрайтын жастар. Бойларын әуестік билеп, сезімге берілгіш әрі батыл бірақ, ақылын әрқашан тыңдай бермейтін олар, ақыретке иманды жоғалтса яғни тозақтың бар екенін ескермесе қоғам өміріне қауіп төнеді, ар-намыс тапталып, әлсіздерге қиын болады. Кейде бір сәттік ләззатқа бола бақытты отбасы ойран болып, осылай түрмеде төрт-бес жыл азап шегеді. Жыртқыш жануарға ұқсап жауыздық жасайды.

Егер ақыретке иман көмекке келіп үлгерсе, тез есін жинап тоқтамға келер еді. «Үкімет сақшылары мені көрмеуі мүмкін, олардан жасырына алармын-ау, бірақ жәһаннам дейтін зынданы бар Падишах-ы Зүлжәлал Аллаһтың періштелері мені көріп отыр. Қылмыстарымды жазып қоюда. Беталды жүргізбейді, атқарар белгілі бір міндетім бар, мен жолаушымын. Мен де бір күн қартайып күш-қуаттан таямын ғой» деп, жауыздық жасағалы тұрған кісілерге аяныш сезімі оянып оларға құрмет көрсете бастайды. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда дәлелдермен баяндалғандықтан соған сілтеп қысқа қайырдық.

Һәм, адамзаттың маңызды бір бөлігі ауру-сырқат адамдар мен жәбір көргендер және біз секілді бәлеге ұшырағандар, пақырлар, ауыр жазаға кесілгендер. Егер оларға ақыретке иман медет бермесе жағдай қиын. Ауру-сырқау әрдайым өлімді еске түсіріп бір мазаласа енді, намысын таптаған залымнан өшін ала алмай тоңмойынның тәкаппарлығы бір жағынан және пәлекеттен зардап шеккен малмүлкі, опат болған бала-шағасы уайымға салып үмітін үзеді және бір-екі минөттік яки бір-екі сағаттық зауықтың кесірінен бес-он жыл мұндай абақты азабын тарту жанын жегідей жейді. Ал, ақыретке иман жанына медет болса терең тыныстап рахаттанып қалады. Ауыр азаптар мен үмітсіздік, уайым мен қайғы, кек алудың оты иманның дәрежесіне қарай сөніп кейде мүлдем жоқ болады.

— 244 —

Тіпті, мен былай дер едім, "егер менің және кейбір бауырларымның мына нахақтан нахақ қамалып қиналған кезімізде ақыретке иман жәрдем етпегенде бұл жердегі бір күнге шыдатпайтын азап, өлімнен бетер әсер етіп бізді өмірден қош айтысуға итерер еді. Бірақ, Құдайға шүкір, өзімнің қайғыммен қоса жанымдай жақсы көретін бауырларымның қайғысын тартсам да және көзімнің қарасындай қымбат мыңдаған Рисалей-Нұр кітапшаларымды бермей, оларды тәркілеп қинағанда қатты өкінсем де және бұрын аз өктемдікке шыдай алмайтын мінезім болса да енді, сендерге ант ете отырып айтайын, ақыретке иманның нұры, оның сыйлайтын қуаты маған күшті сабыр, төзімділік, жұбаныш пен қайсарлық сыйлады. Тіпті ұлы күресте, сынақ дәрісінде жоғары баға, мол сауап алу үшін қуатты күш-жігер сыйлады. Кітаптың басында айтқан болатынмын, мен өзімді Юсүф медресесінде жүргендей сезінемін. Анда-санда, ауру-сырқау және қарттықтың кірпияздығы болмаса керемет түрде, шынайы ықыласпен дәрістеріме одан бетер дайындалар едім. Қойшы әйтеуір, орайы келіп тақырыптан тыс нәрселер жазылды айыпқа бұйырмаңыздар.

Һәм, әркімнің шағын дүниесі тіпті, кішкене жәннаты өз үйі, отбасы. Егер, ақыретке иман үй-ішіне әсер етпесе отбасының мүшелері өзара мейірім мен сүйіспеншілігі дәрежесіне қарай уайым мен қайғы шегеді. Әлгі жұмақтай өмір тозақи тұрмысқа айналады не болмаса өткінші көңіл көтеру, арзан күлкі, азғындыққа салынып ақыл-ойды мас қылып түк сезбеуге тырысады. Аңшыны көріп, я қаша алмай, я ұша алмай тығылған болып, басын құмға сұққан түйе құсы секілді бейқамдыққа салынады. Солай етсе, өлім мен аяқталу, қоштасу, оны айналып өтетіндей ақымақтық қылып уақытша сезінбейді. Өзінше шарасын тапқан сымақ.

Мысалға, ардақты ана, жанындай жақсы көретін баласын әрдайымғы қауіп-қатерде көргенде жанын қоярға жер таппайды. Сол секілді әкесінің немесе бауырының басына төнген бәлелерден оларды құтқара алмаған балалар, әрдайым мұңайып, қорқақ боп өседі. Осылайша, мына аласапыран фәни өмірде сырт көзге бақытты отбасының бағы тайып шырқы бұзылады. Оның үстіне қысқа мерзімдік уақытша байланыс адал, толық ықыласты болмайды. Өзара сыйластық пен махаббатқа шәк келіп аралары суый бастайды. Мінезқұлық нашарлап, тіпті мүлдем жойылып кетуі ықтимал.

Ал енді, отбасы мүшелері ақыретке иман келтірген болса, шаңырақтары нұрға бөленіп өзара қарым-қатынас, туыстық пен

— 245 —

махаббат қысқа ғұмырдың өлшемімен емес, бақи ақыретте мәңгі қарым-қатынас жалғаса береді деп білгендіктен, соған қарай өлшенеді. Адал құрмет, шынайы махаббат, мейірімге толы қамқорлық, араларындағы ағаттықтарына қарамау, кемшіліктерін кешіру секілді жақсы мінез қалыптасып, ол шаңырақта нағыз адамгершілік бақыты орнайды. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда баяндалғандықтан қысқа қайырдық.

Һәм, әрбір қала өз тұрғындарына белгілі бір мағынада үлкен үй, ауқымды баспана болып табылады. Егер ақыретке иман сол үлкен үйдің тұрғындарына әсер етпесе яғни қала тұрғындары иман етпесе жақсы мінездің негіздері болып табылатын ықылас, адалдық, адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық, жанкештілік, Аллаһ ризашылығы, обалсауап дейтін ұғымдар жоғалып, орнына ашушаңдық, өштесі, бас пайдасын көздеу, екі жүзділік, алдау-арбау, өзімшілдік, рия, жасандылық, парақорлық секілді келеңсіз жайттар етек алады. Сырттай тыныштық, бейбіт өмір кешіп жатқандай көрінгенмен шынтуайтында анайылық, өктемдік, шектен шығу, анархия орнайды. Қала өмірінің шырқы кетеді. Балалары ерке, жастары мас, күштілері залым болып, қарттары болса зар еңіреп мұңлы күй кешеді.

Осылай салыстыра берсек, мемлекеттің өзі бір отбасы, отан да бір халықтың үлкен отбасы. Егер осы кең қанатты үлкен үйлерге ақыретке иман ықпалын тигізер болса, бірден өзара сыйластық, шынайы жанашырлық, мейірім, еш ақысыз құрмет, бір-біріне көмектесу, адал қызмет, татулық, риясыз жәрдем, адамгершілік, менмендіксіз үлкендік яғни кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттер пайда болады.

Құран дәрісі балаларға былай дейді: «Еркелікті қой! Жұмақ бар емес пе?!»

Жастарға: «Мастыққа салынба! Жәһаннам бар, абайла!» деп есін жиғызады.

Залымдарға: «Жан төзгісіз тозақи азап бар, жазаға тартыласыңдар!» деп әділдікке бас игізеді.

Қарттарға: «Айырылып қалған бақ-дәулетті ойлап уайымдама! Алдарыңда одан да артық һәм ақыреттік мәңгі жастық шақ бар. Соны ұтып алудың қамын жаса!» деп мұңын қуанышқа айналдырады. Қарап отырсаң, ақыретке иман әрбір буынға жағымды әсерін тигізіп, қараңғылықты сейілтеді. Ендеше, «қоғам өмірін дінсіз-ақ жөнге саламын, бір қалыпқа келтіремін!» деп даурыққан қоғам қайраткерлері мен психологтардың құлақтарына алтын сырға!

— 246 —

Міне, ақыретке иманның мыңдаған пайдаларынан бес-алтауына ғана ишара етіп, сілтеме жасадық. Басқа тұстарын өзің салыстыр. Екі дүниенің, екі өмірдің бақыт көзі тек иман екенін түсін!

Рисалей-Нұрда атап айтсақ Жиырма сегізінші Сөзде және басқа рисалелерімде хашрдің денемен болатыны яғни денеміз қайта жаратылатыны жайлы және ол туралы шаң-тозаң секілді күдіктерді сыпырып жоқ қылатын қуатты жауаптарына сілтеп қазір қысқа ишарамен шектелеміз. Былайша:

Аллаһтың көркем есімдерін шағылыстыратын ең ауқымды айна қайда десеңіздер ол дене. Әлемнің жаратылысындағы Иләһи мақсаттардың ең ұлысы, ең ауқымдысы және қызу орталығы сол денеден табылады. Раббани жарылқаулардың ең көп түрі, сан-алуаны сол дене арқылы болмақ. Адамзаттың мұқтаждық сезініп Жаратқанға дұға етуін, шүкір етуін қамтитын саны көп мазмұндар тағы сол денеге тікелей байланысты. Мағынауият пен руханият әлемінің алуан түрлі дәнектері тағы сол тәнге орналасқан. Осы секілді жүздеген күлли ақиқаттар тәнде, денеде тоғысатындықтан Халиқ-ы Хаким Аллаһ жер жүзінде денелердің санын көбейту үшін және аталған ақиқаттарға айна болу үшін қызу түрде, тым жылдам жойқын түрде топ-топ бірінен соң бірін болмысқа дене кигізіп мына көрме тәрізді дүниеге жіберіп жатыр. Ақырында демалысқа шығарып орнына басқасын жібереді. Осылайша, бір тынбастан "әлем" атты өндіріс орны қызу жұмыс істеуде. Дене дейтін өнімді тоқып жер бетін ақыретке, жәннатқа көшет дайындайтын мекен, бау-бақшаға айналдырған. Тіпті, адам денесіндегі асқазанды қанағаттандыру үшін оның хал тілімен жасаған дұға-тілегіне аса мән беріп тыңдап, қабыл алып іс жүзінде қамтамасыз ету үшін, дүниеде сан-алуан тағамдарды керемет шебер әрі дәмді етіп жаратуы, баға жетпес құнды нығметтерді денеге бола дайындауы бекерге емес. Бұл бізге анық түрде ақырет әлемінде жәннаттың ең көп әрі сан-алуан ләззаттары мен қызықтары денемен қатысты екенін, сондай-ақ мәңгі бақыттың маңызды және әркімнің қалауы және үйреніп қалған ырыс-нығметі дене арқылы болатынын нақты түрде көрсетеді.

Апырм-ай, мына қарапайым асқазанның хал тілімен тіршілігі үшін сұраған дұғасын қабыл алып, таңғажайып шексіз тағамдармен оны риза қылған және әрдайым әдейілеп іс жүзінде жауап беретін Қадир-ы Рахим, Алим-ы Кәрим Аллаһ, ғаламның маңызы зор

— 247 —

нәтижесі, жер шарының халифасы, өзінің сүйіктісі, әрі Оны сүюшісі болып табылатын адамзаттың аса мұқтаж әрі әрқашан аңсайтын арманы, үйреніп қалған әрі табиғаты талап ететін тән ләззаттарының бақи әлемде қайта берілуін сұраған сансыз дұға-тілектерінің қабыл болмауы, денемен қайта тірілу арқылы қайтып берілмеуі әсте мүмкін бе!?. Ешбір тұрғыда мұндай жағымсыздыққа жол бере ма?! Әрине, бермейді! Бұл дегенің, шыбынның ызыңын естіп күннің күркірегенін естімеу секілді немесе қатардағы бір жауынгердің қажеттілігіне аса мән беріп орындап, ал қалың әскерге мүлдем мән бермеу сықылды жүз есе қисынсыз жағдай, әрі мүмкін емес!

Иә,

﴿ وَ ف۪يهَا مَا تَشْتَه۪يهِ الْاَنْفُسُ وَ تَلَذُّ الْاَعْيُنُ ﴾

аятының ашық бұлтартпас хабарында, «жәннатта адам өзі әбден үйреніп қалған және дүниеде үлгісін көріп дәмін татқан тән ләззаттарын лайықты түрде көріп, зауық алатын болады», дейді. Көз, құлақ, тіл секілді ағзалардың жасаған шынайы шүкірлері мен өзіндік құлшылықтарының сыйақысы ретінде сол ағзаларға лайық дене түрінде ләззаттар берілетін болады. Қасиетті Құран тән ләззаттары жайлы анық баяндағаны сонша басқаша жору, ап-ашық мағынасын қабылдамау мүмкін емес.

Міне, ақыретке иманның пайдалары мен нәтижелеріне қысқаша шолу жасадық. Қалайша, адамда асқазанның болуы және оның асқа деген мұқтаждығы тағамның бар екенін нақты дәлелдейді. Дәл солайша, адамның ақиқаты, оның кемелдігі және табиғи қажеттіктері де сондай-ақ, мәңгілікке деген арман-тілектері және жоғарыда аталған ақыретке иманның нәтижелері мен пайдаларын талап ететін ақиқаттар анық әрі нақты түрде ақыреттің, жәннаттың және денеге қатысты бақи өмірде мәңгі ләззаттар болатынын дәлелдеп куәлік етеді.

Сондай-ақ, ғаламның кемелдігі, керемет жаратылыс заңдары әрі адамзаттың аталған ақиқаттарымен тығыз байланысты күллі ақиқаттары жаппай ақырет әлемінің болатынына, оның хақ екеніне, хашр яғни өлген соң қайта тірілу рас екеніне, жәннат пен жәһаннам жүзеге асатынына куәлік етеді, растайды. Бұлар Рисалей-Нұр кітапшаларында әсіресе Оныншы Сөзде, Жиырма сегізінші Сөзде, Жиырма тоғызыншы Сөз және Тоғызыншы Шуақ сондай-ақ, Мінәжат рисалесінде бұлтартпас айғақтармен ешқандай шүбә қалмайтындай етіп дәлелдеген-ді. Тақырыбымызды соларға сілтеп бұл ұзақ мәселені қысқа қайыруды жөн көрдік.

— 248 —

Жәһаннам туралы Құранның аяттары керемет түсінікті баяндағандықтан тағы ол туралы айтудың қажеті жоқ. Тек, бір-екі болмашы шүбәні жоқ қылатын екі-үш тұжырымды - егжей-тегжейлі түсіндірмені Рисалей-Нұрға сілтеп - өте қысқа қорытындысын баяндаймыз.

Бірінші Тұжырым: Жәһаннамның бар екені жоғарыда аталған иман жемістерінің ләззаттарын қорқыту арқылы жоймайды. Себебі, Раббани рақым тозақтан қорыққан кісіге: "Маған тәуба есігімен кір! Сонда, үрей билемейді. Қайта, жәннаттың ләззатын толық сезініп рахаттанасың. Һәм, сенің және ақысы желінген шексіз жәбірленушілердің өші алынатынын ойла! Егер, сен адасып қисық жолдан шыға алмай жүрсең, бәрібір сен үшін жәһаннамның болмысы мүлдем жоқ болып кетуден абзал. Ол, кәпірлерге белгілі бір мағынада мейірім боп табылады. Өйткені, адам тіпті баласы бар хайуан да жақындарының, жақсы көргендерінің яки баласының рахаттанғанынан, бақытты болуынан ләззат алып, рахаттанады. Бұл тұрғыдан өзін бақытты сезінеді. Олай болса, уа діннен безген пенде! Сен адасып жүрген болсаң я мәңгіге жоқ боласың, я болмаса жәһаннамға барасың. Өте жаман нәрсе болып табылатын жоқ болу деген сөз, сенің бүкіл сүйіктілеріңнің және қуанышыңа ортақ барлық тума-туыстарыңның және ұрпағыңның жаппай сенімен бірге жоқ болып, мәңгіге жойылып кетуін қабылдау, солай болатынына сену деген сөз. Бұл, жәһаннамнан бетер азап. Сенің жаныңды жегідей жеп, рухыңды азаптап, қасиеттен жұрдай қылады. Өйткені, жәһаннам болмаса жәннат та болмайды. Барлығы сенің имансыз назарыңда жаппай жоқ болып, құрдымға кетеді. Бұған сену тымауыр. Айталық, сен жәһаннамға баратын болдың, әйтеуір жоқ болып кетпей болмыста қалсаң, сенің жақындарың, тума-туыс, бауырларың я жәннатта бақытты өмір сүреді я болмаса жоқ болып кетпей бір мағынада мейірімге бөленеді. Демек, сенің қалай болғанда да жәһаннамның бар болуын қалауың керек-ті. Өйткені, жәһаннамға қарсы болу, мүлдем жоқ болуды қалау деген сөз. Бұл әрине, әлгіндей қыруар досжарандарыңның бақытты болуын қаламау, оларға не болса ол болсын дегендей қолын бір-ақ сілтеу деген.

Иә, жәһаннам деген нағыз жақсылық болып табылатын болмыс әлеміндегі Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың хикмет пен әділдігін көрсететін өте қорқынышты «Жалал» есімі шағылысатын мекен. Ол зындан қызметін атқаруымен қатар басқа да көптеген міндеттері

— 249 —

және оның біз біле бермейтін көптеген хикметтері мен бақи әлемге қатысты атқарар қызметтері бар және "зәбани" деп аталатын саны көп тіршілік иелерінің жалалды мекен-жайлары.

Екінші Тұжырым: Жәһаннамның болмысы, оның ауыр азабы Аллаһтың шексіз рахымына, нағыз әділдігіне, ысырапсыз дәл өлшемді хикметіне ешқандай керағарлығы жоқ. Қайта рахым, әділдік пен хикмет оның болғанын қалайды. Өйткені, қалайша мыңдаған жазықсыз жанның ақысын жеген бір залымды жазаға тарту және бейшара жүздеген малды өлімші қылған бір жыртқышты өлтіру һәм әділдік һәм әлгі жәбір көргендерге жасалған мейірім боп табылады. Ал, ондай залым, қанішерді кешіру, еркіне қоя беру орынсыз жасалған мейірім әрі зәбір көрген жүздеген бейшараларға жасалған зұлымдық болар еді.

Дәл сол сияқты жәһаннам зынданына қамалған нағыз кәпір, өзінің имансыздығымен һәм Иләһи есімдерді жоққа шығару арқылы бас көтерген боп саналады һәм ол есімдерге куәлік ететін болмыстың куәліктерін бекерге шығаруымен құқығын таптаған болады һәм жаратылыстың әлгі есімдерді пәктеп, ұлықтап жасаған маңызды міндеттеріне сенбей ақысын жеген болады, һәм ғаламның жаратылыс мақсаты, бар болуының бірден-бір себебі және болмысын жалғастыруға негіз болып отырған «Иләһи рубубиет», өзін паш еткенде жауап ретінде құлшылықпен мойынсұну, нұр-сәулелерін шағылыстыратын айна болу секілді маңызды міндетті жоққа шығарып, сенбеу арқылы ақыларын жеу болып есептеледі. Сол үшін ауыр қылмыс, үлкен жауыздық, кешірілмес күнә. Ол туралы аят та қаһарын шашып былай дейді: اِنَّ اللّٰهَ لَا يَغْفِرُ اَنْ يُشْرَكَ بِه۪

Мұндай оңбаған залымды жәһаннамға тастамау орынсыз мейірімділік һәм ақысы желінген сансыз жәбірленуші, даугер бейшараларға жасалған жауыздық болып табылады.

Міне, осындай даугерлер жәһаннамның болмысын талап ететіні секілді Аллаһтың «жалалды абыройы», "кәміл ұлықтығы" да тозақты қатаң талап етеді. Иә, халықтың құқығына қол сұққан бір есалаң, сол жердің абыройы үстем әкіміне қарсы былай десе: «Маған түк істей алмайсың, қолыңнан келсе қамап көрші!» Әлбетте, ол қалада абақты болмаса да әлгі әдепсіз есерсоққа арнап қапас салдырады да қамап тастайды. Дәл сол секілді, иманнан жұрдай кәпір

— 250 —

күпірлігімен Аллаһтың жалалды абыройына шек келтіреді, оның асқан құдретін жоққа шығарып шектен шығады, кәміл рубубиетіне сенбес қырсығады. Әлбетте, жәһаннамның көптеген міндеттері мен себептерін, болмыс хикметтерін санамағанның өзінде манағыдай кәпірлер үшін жәһаннамды жарату, ондай опасыздарды ішіне қамау Иләһи абырой мен жәлалдың талабы.

Һәм, күпірліктік өзі де жәһаннамның бар екенін білдіреді. Иә, иманның мән-мағынасы егер денеге айналып, бір бейнеге енсе, өзіндік ләззаттарымен белгілі бір мағынада жәннатқа айналуы ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда жәннаттан жасырын хабар береді. Дәл сол сияқты, күпірлік әсіресе нағыз имансыздық, іріткі салу, діннен безудің мән-мағынасы уайым-қайғыға, қараңғылық пен рухани азапқа толы. Егер денеге айналса әлгі діннен безген кәпірге өзіндік тозақ болуы ғажап емес. Осы тұрғыдан алғанда астарлы түрде нағыз, шынайы үлкен тозақтан хабар береді. Бұл да бұлтартпас дәлелдермен РисалейНұрда баяндалған-ды. Мына көшет өсіретін дүние егінжайындағы кішігірім ақиқаттар ақыретте өсіп-өнеді дейтін болсақ әлгі улы дәнек сонау жемісі ащы "заққум" ағашын еске түсіреді. «Мен оның өзегімін. Мені жүрегіне еккен залымдарға обал-ақ! Тозақтағы » заққум" ағашының шағын үлгісі, менің жемісім!" деп тұрғандай.

Жалпы күпірлік, сансыз құқықтарды таптау, сұмдық ақы жеу болып саналады. Олай болса әлбетте ауыр қылмыс және жазасы сұмдық зор болмақ. Иә, адам өлтіру бір минуттық қылмыс болғанымен он-бес жыл қапас жазасын (сегіз миллион минут) тартқызады. Мұны адамзат құқығы, әділет органдары қабыл көрген. Енді, бір күпір мың адам өлтірумен пара-пар, ауыр қылмыс дейтін болсақ бір минуттық нағыз кәпірлік әлгі әділет заңы бойынша сегіз миллиардқа жуық минут азап шегуді керек қылады. Енді, бір жыл кәпірлік үшін екі триллион сегіз жүз сескен миллиардқа жақын азап шегуге лайық екен, олай болса خَالِد۪ينَ ف۪يهَٓا اَبَدًا аятының дегеніндей мәңгі бақи азап шегеді деген сөз. Тағысын тағы...

Қасиетті Құранның жәннат пен жәһаннам туралы керемет баяны және Құранның тәпсірі және одан бастау алған Рисалей-Нұр, жәннат пен жәһаннамның бар екені жайлы нақты дәлелдері тағы үстеме түсініктеме жасауға қажеттілік қалдырмаған.

﴿ وَيَتَفَكَّرُونَ ف۪ى خَلْقِ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ رَبَّنَا مَا خَلَقْتَ هٰذَا بَاطِلًا ﴾
— 251 —
﴿ سُبْحَانَكَ فَقِنَا عَذَابَ النَّارِ ٭ ﴾
﴿ رَبَّنَا اصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَ اِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا ٭ اِنَّهَا سَٓاءَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا ﴾

секілді көптеген аяттардың және әу баста Ардақты Расул-ы Әкрем (с.а.у.) сондай-ақ бүкіл пайғамбарлар, ақиқатшылдар әрдайым дұғасында жиі-жиі:

اَجِرْنَا مِنَ النَّارِ ٭ نَجِّنَا مِنَ النَّارِ ٭ خَلِّصْنَا مِنَ النَّارِ

деп айтулары және уахимен расталған, көзбен көрінген және бар екені нақты әлгі жәһаннамнан «бізді сақтай гөр!» дегендеріне қарағанда адамзаттың ең басты мәселесі жәһаннамнан құтылу болып отыр. Әлемдегі ең маңызды, өзекті үлкен мәселе, ұлы ақиқат жәһаннам болғаны ғой, парасатты ірі тұлғалар, әулие-асфиялар оған куә болып, кейбіреулер оның белгі-нышандарын, ұшқындарын көріп тым қорқынышты болғандықтан зәресі қалмай қорқып жылаған екен. «Бізді одан сақтай гөр!» деп жалынып жалбарынған екен.

Рас, әлемде жамандық пен жақсылық, жарық пен қараңғылық, жылу мен суық, жағымды-жағымсыз, адасу мен тура жол қарамақарсы келіп, араласып сапырылысып жатуының көптеген хикметсырлары бар. Өйткені, жамандық болмаса жақсылықтың қадірі болмайды. Азап болмаса, рахаттың не екенін білмес едік. Қараңғысыз жарықтың мәнісі жоқ. Суық болған соң жылудың дәрежелері анық. Жағымсыздық арқылы жағымды нәрселердің, әсемдіктің бір ақиқаты бірнеше ақиқат болып, мыңдаған әсемдіктің түрлері пайда болған. Жәһаннамсыз жәннаттың көптеген әсем сұлулықтар жасырын қалар еді. Жалпы барлық зат бір жағынан алғанда қарама-қайшы нәрсесімен білінеді, бір ғана ақиқаты көбейіп көптеген ақиқаттар нәтиже береді.

Мына сапырылысқан дүние фәни әлемнен бақи әлемге зымырап, ағып жатырғаны рас. Олай болса әлбетте жақсылық, ләззат, жарық, әсемдік, иман секілді жағымды нәрселер жәннатқа қарай ал, жамандық, бәле, уайым, қараңғылық, жағымсыздық пен имансыздық секілді зиянды нәрселер жәһаннамға қарай ағып барады деп толық айта аламыз. Осылайша, тынбай шайқалып ағып жатқан әлемнің арналары ақырында әлгі екі әуізге құйылып, тоқтамақ. Керемет, ерекше сырлы жиырма тоғызыншы Сөздің соңындағы ишаралы, астарлы мағынаға бай тұжырымдарда бұл тақырып біршама қозғалған болатын, сол үшін қысқа қайырдық.

— 252 —

Уа, Юсүф медресесінде менің дәріс бауырларым! Әлгі, мәңгіге қамалудан құтылудың тиімді жолы мына дүниелік қапасты пайдаланып, күнә жасауға мүмкіндік бермейтін осы абақты күндерінде бұрыңғы жасаған күнәлардан тәуба етіп, парыздарды орындап, осылайша жаза өтеудің әрбір сағатын бір күн ғибадатқа пара-пар етіп, анау мәңгі қапастан аман қалуымызға себеп қылып, сөйтіп нұрлы жәннатқа кіруге зор мүмкіндік деп білейік. Бұл мүмкіндікті пайдалана алмасақ дүниеде қиналғанымыз аздай ақыретте де сорлап, ауыр азапқа түсеміз. خَسِرَ الدُّنْيَا وَ الْاٰخِرَةَ аяты біз туралы болып жүрмесін.

Осы жеріне келгенде Құрбан айт басталды.

Қасиетті Құран: اَللّٰهُ اَكْبَرُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ деген тәкбир сөздерімен адамзаттың бестен бір бөлігіне яғни үш жүз елу миллион адамға «Аллаһу Әкбар» деп айтқызып алып жер шары өзіне тән зор дауыспен اَللّٰهُ اَكْبَرُ киелі сөзін өзінің серіктері ғаламшарларға естіртіп жатқандай жиырма мыңнан астам қажылардың Арафат тауында және айтта барлығы бірге қосылып бір сәтте: اَللّٰهُ اَكْبَرُ «Аллаһу Әкбар!» деуі, бұдан мың үш жүз жыл бұрын ардақты Пайғамбарымыз өзінің жақын дос-жарандарымен бірге айтқан және бізге бұйырған «Аллаһу Әкбар» сөзінің белгілі бір мағынада жаңғырған дауысы ретінде Иләһи рубубиетке رَبُّ الْاَرْضِ وَ رَبُّ الْعَالَم۪ينَ яғни аспан мен жердің Раббысы деген Иләһи зор билікке ауқымды, күлли құлшылықпен жауап беру болып табылады. Менің бұған қиялыммен, сезімдеріммен көзім әбден жетті.

Сосын «апырм-ай, бұл киелі сөздің біздің мәселемізбен байланысы бар ма?» деп ойландым. Кенет мынандай бір ой келді: Әу баста осы сөз өзінің басқа да "бақият-ы салихат" яғни لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ (Лә иләһә иллаллаһ), ‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ (Әлхамдулиллаһ), سُبْحَانَ اللّٰهِ (Субханаллаһ) секілді көптеген шариғи сөздері жалпы яки жалқы түрде мәселемізге қатысы бар, мұның шындық екеніне, жүзеге асатынына ишара етеді.

Мысалыға; اَللّٰهُ اَكْبَرُ сөзінің бір мағынасы, Аллаһ Тағаланың құдреті мен ілімі бәрінен үстем. Оның ілім шеңберінен ешнәрсе тыс қала алмайды. Құдретті басқаруынан ешкім қаша алмайды, әсте құтылу мүмкін емес. Сенің қатты қорыққан нәрсеңнен ол әлдеқайда

— 253 —

ұлық. Демек, хашрді жарату, бізді жоқ болудан сақтап қалу, мәңгі бақытқа бөлеу оның құдретіне түк емес. Ол бәрінен алып. Таңғалған, ақылыңа сыймай қиналған не нәрсені болсы Ол (Аллаһ) одан да шексіз үлкен.

Иә, مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ аятының ашық түрде дегеніндей адамзаттың хашрі яғни өлген соң тірілуі бір адамның қайта тірілуі секілді құдретіне оңай. Сондықтан болар пенде, бір үлкен бәлеге ұшырағанда немесе алдына биік мақсат қойғандар: «Аллаһ Әкбар! Аллаһ ұлық!» деп өзін жұбатады. Оны өзіне қуат көзі, сүйеніш қылады.

Тоғызыншы Сөзде осы киелі сөзі, екі серігімен үшеуі бүкіл ғибадаттың мазмұны болып табылатын намаздың дәнегі, өзегі екені және намаз ішінде және соңында тәсбихатта жиі айтылып мағынасы қуатталады яғни سُبْحَانَ اللّٰهِ ٭ ‌‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ ٭ اَللّٰهُ اَكْبَرُ сөздері үш үлкен ақиқаттарға ишара әрі жауап екені, сондай-ақ адамды таңғалдыратын ұлықтықтан немесе дән ризашылықтан, тәтті ләззаттардан туындайтын сұрақтарға қуатты жауап екені баяндалған болатын. Сонымен қатар он алтыншы Сөздің соңында түсіндірілгеніндей, қалайша бір жауынгер басқа уақыттарда қолы жетпейтін немесе өзінен бір саты жоғары командирі арқылы ғана көрісе алатын лауазымды бас қолбасшыны немесе падишахты ерекше күндері көріп, алдына шыға алады.

Дәл сол секілді, әркім қажылықта шамасына қарай әулие секілді Аллаһ Тағаланы رَبُّ الْاَرَضِ وَ رَبُّ الْعَالَم۪ينَ атымен яғни аспан мен жердің Раббысы атымен таниды. Жүрегіне кибрия мәртебелері яғни ұлықтықтың дәрежелері ашылған сайын жаны жадырап, рухы биіктеп, таңғалыстан туған сұрақтарға сол اَللّٰهُ اَكْبَرُ сөзін қайталағанда бәріне жауап тауып, жаны жай табады. Һәм он үшінші Леманың соңында түсіндірілгеніндей, шайтанның сұм арбауынан сақтап, тамырына балта шабатын жауап та осы اَللّٰهُ اَكْبَرُ сөзі. Бұл біздің ақырет жайлы сұрақтарымызға да қуатты әрі қысқа-нұсқа жауап болмақ. Енді ‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ сөзі де ақыретті еске салып, хашрдің болуын талап етеді. Ол бізге былай дейді: "Ақырет болмаса мағынам жоқ. Себебі, әзәлден әбәдке дейінгі яғни ежелден келешекке дейінгі

— 254 —

және кім, кімге арнап айтса да бүкіл мадақ пен шүкір Аллаһ Тағалаға ғана тиесілі, Сол ғана лайық! Барлық нығметтердің бұлағы, нығметті нығмет қылатын және күллі сана иелерін жоқ болудың уайым қайғысынан құтқаратын нәрсе тек қана мәңгі бақыт, әбәди сағадат болып табылады. Менің әлгі ауқымды, күлли мағынама тек бақи өмір, мәңгі бақыт ғана жауап болып, қанағаттандырады".

Рас, әрбір мүмин намаздан кейін күнде шариғат бойынша ең азы жүз елуден аса ‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ ‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ айтуы және мағынасы әзәл мен әбедті яғни ауқымды түрде шексіз мадақ пен шүкірді қамтуы тек ғана мәңгі бақыт пен жәннаттың шұғыл берілетін өтемі, сол сәттегі төлемі, бағасы болмақ. Ол сөз, дүниенің уақытша әрі пәни, уайым аралас нығметтерімен шектелмейді, тек соған арналған емес. Демек, олардың мәңгі нығметтерге себеп болатыны тұрсына айтылады, шүкірді білдіреді.

سُبْحَانَ اللّٰهِ (Субханаллаһ) киелі сөзі, Аллаһ Тағаланы ширктен, кемшіліктен, нұқсандықтан, зұлымдықтан, әлсіздіктен, мейрімсіздіктен, мұқтаждықтан, алдаудан қысқасы өзінің «кемел», "жамал", "жалал" сипаттарына қайшы бүкіл нұқсандық атаулыдан пәк, ада мағынасын білдіріп осы тұрғыдан мәңгі бақытты меңзеп сондай-ақ, ұлы салтанатының «жалал», "жамал" әрі кемелдігіне ұйытқы болатын ақырет әлемін, ол жақтағы жәннатты еске түсіріп, ишара қылады. Әйтпесе, жоғарыда дәлелденгені секілді мәңгі бақыт болмаса Иләһи салатанатқа, оның кемелдігіне, жалал мен жәмал сипаттарына, рахымына нұқсандық болып үстем мерейіне шәк келеді.

Міне, осы аталған үш сөз секілді لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ және بِسْمِ اللّٰهِжәне басқа да мүбарак сөздердің әрбірі иман негіздерінің өзегі, мазмұны, тұжырымы һәм Иман мен Құран ақиқаттарының қорытындысы және манағы үшеуі намаздың дәнегі, сонымен қатар Құранның дәнегі және кейбір жарқын сүрелердің басында тұрған жақұт секілді жалт-жұлт етуі сондай-ақ, мағыналары тәсбихатта келген Рисалей-Нұрдың да қайнар бұлағы, негізі және ақиқаттарының дәнектері болып табылады.

Сондай-ақ, қатар, «Ахмеди әулиелік» пен "Мұхаммеди убудиет" жағымен яғни Пайғамбарымыздың (аләйһиссалатү уәссалам) ауқымы кең құлшылығы тұрғысынан алғанда зікір алқасында, намаздан кейін

— 255 —

айтылатын тәсбихатта Мұхаммед (с.а.у.) салған сара жолдың ережешарттары, дұға-уирдтері болып саналады. Оны жүз миллионнан астам мүминдер намаз уақытында орасан зор зікір мәжілісінде отырып қолдарына тәсбих سُبْحَانَ اللّٰهِ (Субханаллаһ) сөзін отыз үш рет, ‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ (Әлхамдулиллаһ) сөзін отыз үш рет, اَللّٰهُ اَكْبَرُ (Аллаһу әкбар) сөзін отыз үш рет қайталайды.

Міне, осындай ауқымы кең зікір алқасында жоғарыда аталғанындай һәм Құранның һәм Иманның һәм намаздың өзегі, дән-дәнегі саналатын осы қасиетті, берекелі үш сөзді намаздан кейін отыз үш рет қайталау қаншалықты маңызды, сауабы мол екені әлбетте, түсінікті болар. Осы рисаленің басындағы Бірінші Мәселе намаз туралы тамаша бір дәріс болып басталып еді, ойламаған жерден еріксіз түрде соңғы жағы да намаз тәсбихаты жайлы маңызды бір дәріс болып шықты.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى اِنْعَامِه۪
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
* * * * *
— 256 —

Тоғызыншы мәселе

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ اٰمَنَ الرَّسُولُ بِمَٓا اُنْزِلَ اِلَيْهِ مِنْ رَبِّه۪ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ اٰمَنَ بِاللّٰهِ وَمَلٰٓئِكَتِه۪ وَكُتُبِه۪ وَرُسُلِه۪ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ اَحَدٍ مِنْ رُسُلِه۪ ... اِلٰى اٰخِرِ الْاٰيَة ﴾

Илә ахир-ы аят...

Осы қасиетті де ұлық аяттың ауқымды да терең бір тұжырымын баяндауға өте маңызды мағынауи бір сұрақ және орасан зор Иләһи нығметке бөленуден пайда болатын бір хал себеп болды. Былайша:

"Неліктен иман ақиқаттарынан біреуін жоққа шығарған адам кәпір болады және оны қабылдамаған мұсылман емес? Алайда, Аллаһқа, Ақыретке иман Күндей жарық нұр шашып ондай қараңғы күпірлікті жойып жіберуі керек қой? Һәм, неліктен Иманның бір ақиқатын не бір шартына сенбеген адам діннен безген имансыз болады, ал мойындамағандар Дін Исламнан шығады? Бірақ олар, иманның басқа шарттарына сенеді ғой. Ондай иман адамды нағыз кәпір болудан құтқаруы керек еді ғой?" деген сауал қойылды.

Жауабы: Иман - алты шарттан құралған «уахдани» ақиқат. Оны бөліп-жару мүмкін емес. Ол - тұтас нәрсе, бөлінбеді. Кең ауқымды, шексіз әсте бөлінбейді. Өйткені иманның әрбір шарты өзін дәлелдейтін айғақтары арқылы басқа шарттарды да дәлелдейді, бір-біріне қуат беріп өзара бұлтартпас дәлел боп табылады. Олай болса бүкіл шарттарды толық дәлелдерімен бірге бекерге шығара алмайтын қарсы пікір, ақиқатында бір түйір шартты тіпті, иманның бір ақиқатын жоққа шығара алмайды. Бірақ кейде, «қабылдамау» дейтін пердені жамылып, қырсығып сенбеуі мүмкін. Ол да барабара иман шарттарын толығымен жоққа шығаруға апарып нағыз кәпір қылып адами құндылықтан айырады. Ол басқа мәселе. Сөйтіп, рухымен һәм денесімен жәһаннамға тура бет алады. Сонымен қазір біз, қысқа ишаралармен және Миуа Рисалесінде хашрді дәлелдеген кезде басқа да иман шарттарын дәлелдейтін қортындылары секілді осы тұста өзекті пікірлермен, қысқа тұжырымдармен - Аллаһ қаласа - осы мағынасы терең тұжырымды алты тоқтаммен баяндамақпыз.

— 257 —

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Иман-ы Биллаһ яғни Аллаһқа иман өзінің айғақ-дәлелдерімен иманның басқа шарттарын, мәселен ақыретке иманды нықтап бекітеді.

Иә, мына ғаламды бір сарай, бір шаһар, бір мемлекет секілді бүкіл қажеттіліктерімен бірге толық басқарып, барлығын өлшеммен, жүйелі түрде реттеп шыр айналдырып отырған сондай-ақ, хикметпен өзгертіп, зәррелерді, жұлдыздар мен шыбындарды әрқайсысын жекежеке жаппай жабдықтап, қозғалысқа келтіріп отырған және өзінің әмір, қалауымен әрдайым әскери жаттығу секілді оларға тәлімтәрбие беріп, белгілі бір міндет жүктеп әрекетке ендірген сондай-ақ, өзіне мойынсұндырып құлшылық еткізген және барлығын ресми шеруге шығарғандай саяхат еткізген Әзәли уә Бақи Рубубиеттің, жаппай басқару салтанатының, Әбәди уә Даими Улухиеттің мәңгі бақи мекені, әрдайымғы орталығы, Сәрмәди мекен-жайы ақырет тұрағының болмауы әсте мүмкін бе? Ешбір ақыл мұны қабылдай ма!? Оны мүмкін деп ақылы бар ешкім айта алмас! Әсте мүмкін емес! Демек, Аллаһ Тағаланың Рубубиетінің салтанаты - Жетінші Мәселеде баяндалғанындай - Оның көптеген көркем есімдері және бар екенін дәлелейтін айғақтардың барлығы ақыреттің хақ екенін растап әрі талап етеді. Міне, Иман шарттары әсіресе, осы шартының сүйенер тірегі өте мықты екенін ойла, біліп қой, көзбен көргендей иман ет!

Һәм, қалайша Иман-ы Биллаһты ақыретсіз ойлау мүмкін емес, сол сияқты - Оныншы Сөзде қысқа ишаралармен баяндалғанындай - өзінің Улухиеті мен Мағбудиетін яғни Жаратушы екенін, барлығы бір өзіне бағынатынын көрсету үшін ғаламды бейне бір алып Сәмедани кітап, әрбір беті бір кітапқа татитындай, әрбір жолы бір параққа парапар терең мағыналы үлкен Сүбхани Құран секілді. Оның тәкуани аяты, әрбір сөзі, тіпті әрбір нүктесі, әрбір әрпі жеке-жеке мұғжиза.

Һәм іші аятқа толы, сан-алуан нақыштармен безендірілген Рахмани зәулім мешіт тәрізді. Әр бұрышында бір жамағат өзіне тән табиғи құлшылықтарымен шұғылданады. Міне, ғаламды осындай керемет жаратқан, табынуға лайық Мағбуд-ы бил Хақ Аллаһтың осындай ұлы Кітабының мағынасын ашып дәріс беретін ұстаздарды жібермеуі, осы Сәмедани Құранның аяттарын тәпсірлеп беретін елшілерді жолдамауы һәм сол алып мешітте түрлі құлшылық етушілерге имамдарды тағайындамауы әсте мүмкін бе? Ол ұстаздар мен тәпсіршілерге, имамдарға өзінің бұйрық-әмірі жазылған кітабын түсірмеуі мүмкін бе? Жоқ әсте, мүмкін емес!

— 258 —

Һәм, рахымының жәмалын, қамқорлығының кереметтігін, рубубиетінің кемелдігін саналы жандарға көрсету үшін және оларға мадақ айтқызып шүкір еткізу үшін мына ғаламды не керектің бәрі бар, бейне бір бай дастархан, қызықты көрме, көңілді серуенжай түрінде жаратып ішін сан-алуан дәмді нығметтер мен ғажайып өнерге толтырған. Енді ғаламды осындай керемет түрде жаратқан Рахымды Сани, аса жомарт шебер Аллаһтың әлгі саналы қонақтармен сөйлеспеуі және оларға берілген нығметтерге елшілер арқылы шүкіршілік міндетін атқару керектігін, сондай-ақ жасалған қамқорлық пен көрсетілген рахымға құлшылық қызметін өтеу қажеттігін үйретпеуі мүмкін бе, оны ақыл қабылдай қояр ма? Әсте, мүмкін емес.

Һәм, өзің ойлашы, өте шебер әрі өнерін өте жақсы көреді әрі оны жұрттың ұнатқанын қалайды. Тіпті, ол тілдің небір дәм сезгіш қабілеттерін де ескереді. Қысқасы өзінің өнерінің жоғары бағалануын, жұрттың сүйсінуін, риза болуын қалайды және өнерінің әрбір туындысымен өзін таныстырғысы, жақсы көрінгісі келеді. Һәм белгілі мағынада өзінің мағынауи жәмалын көрсетуді қалағандықтан мына ғаламды ғажап өнерімен безендіріп құлпыртып қойған. Осылай бола тұра Ол Аллаһ, әлемдегі жандылардың ең жоғары дәрежелісі боп табылатын адамзатпен, оның ішінде ұлық тұлғалардың кейбірімен сөйлесіп оларды елші тағайындап адамзатқа жібермеуі мүмкін бе? Әлгі ғажап көркем өнерін елеусіз, еш бағалаусыз, және көркем есімдерін еш қошаметсіз және өзін таныстырып жақсы көргізу істеріне жауапсыз қалуына әсте жол бере ме? Жо-жоқ олай болуы әсте мүмкін емес!

Һәм, барлық жандылардың тіршілік үшін жасаған дұғаларын, тіпті, хал тілімен сұраған болса да бүкіл өтініш-тілектерін дәл уақытында өз қалауымен қамқорлық жасап, мол мейрімге бөлеп жарылқап тұрған, осылайша іспен де хал-жағдаймен де анық-қанық сөйлейтін Мүтәкәллим-і Алим Аллаһ, өзің ойлашы, өте ұсақ жандылармен іс жүзінде және хал тілімен де сөйлесіп, дертін тыңдап дәрмен беріп, қажеттілігін қамтамасыз етіп, жай-жапсарды түгел біле тұрса, күллі ғаламның таңдаулы жемісі, жердің халифасы, көптеген жаратылысқа жетекшілік ететін адамдармен және олардың рухани басшыларымен көріспеуі мүмкін бе? Олармен жеке-жеке іс жүзінде һәм хал тілімен сөйлескені секілді адамзаттың ірі тұлғаларымен сөз арқылы, кәламымен сөйлеспеуі, оларға өз әмірін, парақтар мен кітаптарды түсірмеуі әсте мүмкін бе, бұл ақылға сыя ма? Әрине олай етуі әсте

— 259 —

мүмкін емес. Демек, иман-ы Биллаһ анық түрде өзінің шексіз дәледерімен яғни пайғамбарларға және киелі кітаптарға иманды дәлелдейді.

Бүкіл өнерімен өзін таныстырып, жақсы көргізіп жатқан әрі өзіне шүкір етуді іс жүзінде һәм хал-ахуалмен болсын талап ететін Жаратушыға жауап ретінде әлемді әйгілі Құран ақиқаттарымен шулатқан және әлгі абыройы асқақ шебер Зүлжәлал Аллаөқа кәміл сеніп, өзгелерді де сендірген, танып, таныстырған, шүкір етіп, шүкір еткізген және سُبْحَانَ اللّٰهِ ٭ ‌‌اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ ٭ اَللّٰهُ اَكْبَرُ (Субханаллаһ, Әлхәмдулилләһ, Аллаһу Әкбар) сөздерімен аспан әлемі еститіндей зор дауыспен жер шарын тілге келтірген және теңіз бен құрылықты аяққа тік тұрғызғандай мың үш жүз жыл бойы адамзаттың сан жағынан бестен бір бөлігін, сапа мен адами қасиет жағынан жартысын өзіне баурап, ерітіп-елітіп әкеткен әлгі Жаратушының рубубиетінің алдында ауқымды түрдегі құлшылық арқылы жауап берген, сондайақ, Аллаһтың мақсат-мұратын Құран сүрелерімен әлемге жар салып жеткізген, әрбір ғасырға түсінікті етіп бар даусымен дәріс берген, делдал қызметін атқарған және адамзаттың нақ қадір-қасиетін білдіріп, абыройын көтерген және қандай міндеті бар, не істеуі керектігін үйреткен және өзін мыңдаған мұғжизаларымен растатқан Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссаламның бүкіл әлем Иесі Аллаһтың таңдаулы пендесі, ерекше елшісі, мәртебесі жоғары пайғамбары болмауы әсте мүмкін бе!? Әрине жоқ, жүз мың мәрте мүмкін емес!

Демек, اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ «әшһәду әл-ләиләһә иллаллаһ» ақиқаты өзінің барлық дәлелдерімен اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ «әшһәду әннә Мұхаммад расулуллаһ» ақиқатын растап, қуаттайды.

Тағы да мүмкін бе, мына ғаламның Иесі жаратқандарына жүз мың тіл беріп өзара сөйлескізіп және олардың сөздерін естіп, біліп бірақ өзі сөйлемейді. Жоқ әрине!

— 260 —

Һәм, әлемдегі өзінің киелі мақсатын кітап түсіру арқылы білдірмеуі әсте мүмкін бе? Тылсымы терең сырларды ашып, «Жаратылыс қайдан келіп, қайда барады, не үшін бұлай топ-топ болып келіп, азғана аялдап қайта кетеді?» деген мәнісі терең мүшкіл бірақ маңызды сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауап беретін Құрандай қасиетті кітап түсірмеуі мүмкін бе?! Жоқ, әсте мүмкін емес!

Һәм, он үш ғасырды нұрға бөлеген және сағат сайын жүз миллион тілде аса құрметпен оқылып жатқан және миллиондаған қари-хафыздардың миына құндылығын сақтай отырып жазылатын және адамзаттың сапа тұрғысынан жартысынан көбін әділ заңымен басқарып келе жатқан, нәпсі, рух, қалб, ақыл, көңіл секілді сезімдерді тәрбиелеп, тазартып тәлім берген, сондай-ақ, Рисалей-Нұрда таңғажайып қырық сыры баяндалған және қырық түрлі адамға қырық түрлі мұғжизалығын көрсететіні Он тоғызыншы Мәктуб атты кітапшада айтылған, сондай-ақ, Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссалам мың мұғжизасымен Оның бір мұғжизасы болып табылатын, осылайша өзінің хақ кәламуллаһ яғни Аллаһтың сөзі екені нақты дәледенген Қасиетті Құран Кәрім әлбетте, Мүтәкәллим-і Әзәли, Сани-ы Сәрмәди Аллаһтың сөзі, Оның бұйрығы, әмірнамасы болмақ. Олай болмауы ешбір тұрғыдан мүмкін емес!

Демек, Аллаһқа иман өзінің барлық дәлел, айғақтарымен Құранның кәламуллаһ екенін дәлелдейді.

Һәм, жер жүзін әрдайым тірі жандармен толтырып, бірде босатып тұрған және өзін таныстыру әрі жаратқандарына өзіне құлшылық еткізу, пәктеу үшін мына дүниемізді саналы жандармен безендіріп қойған Сұлтан-ы Зүлжәлал Аллаһ, аспан мен жұлдыздарды ешкім тұрмайтын бос яғни оған лайық тұрғындарды жаратпауы әрі оларды сонау аспани зәулім сарайларға қоныстандырмауы мүмкін бе?! Мұндай алып әлемін Өзінің Рубубиетінің салтанатына қызметші әрі мойынсұнғыш әрі елші әрі жақын дос, әрі бақылаушы әрі тамашалаушы әрі құлдық ұратын ғабит әрі бағынышты халық болып табылатын періштелерді жаратпай көктерді бос қалдыруы мүмкін бе?! Әлбетте, періштелер қанша болса сонша мәрте мүмкін емес!

һәм, ғаламды керемет кітапқа ұқсатып ғажап түрде жаратқан және әрбір ағаштың өмірбаянын, жасаған амалдарын толығымен оның кіп-кішкене дәнінің ішіне жазып қойған және әрбір өсімдік пен гүлшешектің дүниде атқарған міндеттерін толық түрде тұқымдарына мұқият жазып қоятын және әрбір саналы жанның өмір баяндарын ешбірін қалдырмай тырнақтай ес-жадысына керемет мұқият сақтайтын және өзінің иелігінде болып жатқан кез келген амал мен барлық оқиғаларды жаппай әртүрлі жолдармен сақтап, тіркеп қоятын және рубубиетінің маңызды негізі боп табылатын "әділет", "хикмет", "рақым" секілді ақиқаттардың ашылып толығымен ортаға шығуы үшін ауқымды жәннат пен жәһаннамды, сырат көпірі мен дәу

— 261 —

таразыны жаратқан Хәкім-і Хаким, Алим-ы Рахим Аллаһ, өзің ойлашы адамдардың әлемге қатысты іс-амалдарын жазбауы, жазғызбауы және жазаға тарту я сый-сияпатқа бөлеу үшін іс-қимылдарын тіркемеуі сондай-ақ, жамандық пен жақсылықтарын тағдыр таспаларына тізіп қоймауы мүмкін бе? Жоқ, олай болуы мүмкін емес! Ләух-ы махфузда қанша әріп болса сонша мәрте мүмкін емес!

Демек, Иман-ы Биллаһ ақиқаты өзінің дәлелдерімен періштелерге иманның да тағдырға иманның да ақиқаттарын анық түрде растап дәлелдейді. Көктегі Күн күндізді ал, күндіз Күнді көрсеткені секілді иманның шарттары да бірін-бірі дәлелдеп, қуаттайды.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Әу баста Құран Кәрім мен аспаннан түскен барлық сәмауи кітаптар мен парақтар және біріншісі болып Мұхаммед ғаләйһиссалату уәссалам мен барлық пайғамбарлар көтерген өзекті мәселелері осы аталған бес-алты иман негіздерін қуаттап соның төңірегінде өрбиді. Әрдайым сол тақырыпта дәріс беріліп, соларды дәлелдеуге тырысады. Олардың турашыл, пайғамбар екеніне дәлел болатын бүкіл айғақтар әлгі негіздерге негізделіп, соған тікелей байланысты, әрі сол негіздерді бекіте түседі. Ол негіздер манағы иман-ы Биллаһ пен иман-ы Бил- ахирет және иманның басқа шарттары. Демек, иманның алты шарты бір-бірінен ажырауы мүмкін емес. Әрқайсысы бір-бірін толығымен дәлелдеп, талап етеді. Ол алтауы бір тұтас әрі ауқымы кең арна, әсте бөлінбейді, ажырату мүмкін емес. Ол бейне бір тамыры жоғарыда өзі төмен салбырап тұратын жәннаттағы Туба ағашы тәрізді. Әрбір бұтағы, әрбір жемісі, әрбір жапырағы әлгі алып ағаштың еш қурамайтын мәңгі бақи тыныс-тіршілігінен бастау алып, содан нәр алады. Оның көзге көрініп тұрған қуатты, анық тірі екенін жоққа шығара алмаған адам ағаштың бір түйір жапырағының да тірі екенін жоққа шығара алмайды. Егер жоққа шығарса әлгі ағаш өзінің бүкіл бұтақтарымен, жемістерімен, жапырақтарымен әлгі ақымаққа қарсы шығып өтірігін бетіне басады. Дәл сол секілді иман да алты шартымен сондай қуатты.

Осы тақырыпты бастарда алты «тұжырым» және әрбір тұжырым бес тараудан, осылай иман шарттарын отыз алты тұжырыммен баяндауға ниет еткен болатынмын. Және ең басындағы маңызды сұраққа жан-жақты жауап берсем деген ойым болған. Бірақ, кейбір кедергілер мүмкіндік бермей қолды байлады. Менің ойымша бірінші тұжырым жеткілікті болғандықтан одан әрі түйсігі мол жандарға қажеттілік қалмаған секілді. Сонымен, мұсылман адам иманның бір

— 262 —

ақиқатына сенбей жоққа шығарса нағыз кәпір болады. Себебі, басқа діндер қысқа қайырған негізгі мәселелерді хақ дін Ислам толық түрде, егжей-тегжейлі түсіндірген. Иманның негіздері өзара шынжырмен матаса байланған. Мұхаммед ғәлейһиссалату уәссаламды қабылдамай, сенбеген мұсылман Аллаһты да (сипаттарымен) қабылдамайды, ақыретке сенбейді деген сөз. Ендеше Мұсылманның иманы қуатты, бұлтартпас шексіз айғақтарға сүйенетіні сондай, сенбеуіне ешқандай сылтау, қандай да бір себеп жоқ. Бейне бір ақылы қабылдауға мәжбүр секілді анық мәселе.

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Бірде «Әлхамдүлиллаһ» дедім. Мұның шексіз ауқымды, терең мағынасына тең келер бір нығмет іздедім. Кенет мына сөз ойыма келді:

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلَى الْا۪يمَانِ بِاللّٰهِ وَعَلٰى وَحْدَانِيَّتِه۪ وَعَلٰى وُجُوبِ وُجُودِه۪ وَعَلٰى صِفَاتِه۪ وَاَسْمَائِه۪ حَمْدًا بِعَدَدِ تَجَلِّيَاتِ اَسْمَائِه۪ مِنَ الْاَزَلِ اِلَى الْاَبَدِ

Қарасам өте үйлесіп тұр. Былайша: ................

* * * * *
— 263 —

Оныншы Мәселе

(Әмирдағы қаласының бір гүлі)

Құран аяттарының қайталануын сынап, қарсылық білдіргендерге қуатты жауап.

Азиз, адал бауырларым!

Иә, бұл мәселе мүшкіл жағдайда жазылғандықтан бәлкім түсіну қиын болар. Бірақ, түсіну қиын күрделі сөйлемдердің астарында өте қымбат, ғажап сырлар жатқанын нақты білдім. Өкінішке орай, түсінік беруге шамам жетпейді. Дегенмен, сырт көзге сөз тіркестері түсініксіз көрінгенімен Құранға қатысты болғандықтан "тәфәккүри ғибадат" яғни пікірмен жасалатын құлшылық, жалт-жұлт еткен киелі жақұт жәуһардың құтысы десе болады. Сондықтан жыртық сырт киіміне емес, ішіндегі алмас-жауһарға қараңыздар! Егер лайық болса Оныншы Мәселе деп атаңдар, болмаса сендердің хаттарың сияқты бір хат деп қабылдарсыңдар.

Һәм, мұны ауыр науқас әрі мүшкіл жағдайда, азықсыз, бір-екі күнде Рамазанда мәжбүр түрде қысқа-нұсқа түрде әрбір сөйлеміне көптеген ақиқаттар мен түрлі айғақтарды сыйғызып жаздым. Айыпқа бұйырмаңдар!

{(Сілтеме): Бұл, Денизли түрмесінің жемісіне Оныншы мәселе ретінде Әмирдағы қаласының және осы қасиетті Рамазанның нұрлы шағын бір гүл-шешегі болсын. Құран аяттарының қайталануының бір хикмет-сырын баяндайды. Сөйтіп адасқандардың сасық әрі улы негізсіз ойларын теріске шығарады.}

Азиз, адал Бауырларым!

Қасиетті Рамазан айында Қасиетті Құран-ы Мұғжиз-ул-Баянды оқып отырғанымда - Бірінші Шұғада Рисалей-Нұрға ишаралары баян етілген жерде - отыз үш аяттың қайсы бірі келсе, сол аяттың парағы мен беті және қиссасы да Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне - қиссадан үлес алу түрінде - бір шама сәйкес әрі қатысты боп шығады. Әсіресе, "Нұр" сүресіндегі Нұр аяттары онға жуық белгінышандарымен Рисалей-Нұрмен қатысты екендігі, сондай-ақ өзінен кейінгі зұлымат жайлы аяттары да оның қас жауларына дәлме-дәл сәйкес келіп, қатыстылығы байқалады. Тіпті ашықтан-ашық хабар береді десе де болады. Бейне бір сол мақамның арнасы кеңейіп жаппай барлығын қамтып жатқандай әлгі жалпылық ішінде жалқы түрде осы ғасырда оның бір тұлғасы ретінде Рисалей-Нұр және оның шәкірттері екені байқалады.

— 264 —

Иә, Құранның үндеуі, оның биік мәртебесі әрі жалпыға ортақ болып барлығын қамтитыны сөзсіз. Ол ең бірінші Мүтәкәллим-і Әзәли Аллаһтың жалпыға ортақ «рубубиеті» дейтін ұлық та ауымы шексіз жоғары мәртебесінен бастау алады. Һәм, барша адамзаттың - тіпті бүкіл әлемнің - атынан сол сөзді қабыл етуші ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) биік мәртебесінен сондай-ақ, барша адамзаттың бүкіл замандардағы тура жолға түсушілердің кең алаңын, дүние мен ақыреттің, жер мен көктердің, әзәл мен әбәдтің және бүкіл әлемді Жаратушының билігі мен бүкіл жаратылысты игеруге қатысты Иләһи заңдардың жан-жақты шексіз баянының дәрежесін қамтып кеңдігі мен ұлықтығы жағынан сөз қозғайды. Осылайша шоқтығы биіктеп, өзінің таңғажайып және жан-жақты жаппай барлығын толық қамтитынын көрсетеді. Құран дәрістерін тыңдаушылардың көпшілігі қарапайым, ауам халық. Олардың ішінде де деңгейі төмен топтар. Олардың ой-түсініктерін назардан тыс қалдырмай жаппай жарылқайтын сыртқы және жәй мәртебесінің өзі ең жоғары дәрежедегі зерек дана-данышпандарды да толық қанағаттандырады. Бейне бір қиссадан бір үлес немесе тарихи хикаядан бір бөлік беріп қана қоймай, жалпы ереженің бір ұшы ретінде әр ғасырдағы әр деңгейдегі адамдардың деңгейіне қарай сөйлеп, осылайша жаңа түсіп жатқандай әсер қалдырады. Әсіресе көп рет қайталанатын اَلظَّالِم۪ينَ اَلظَّالِم۪ينَ дейтін қорқыта айтылған зұлымдықтардың жазасы ретінде аспаннан, жерден келетін табиғи апаттарды ескертіп осы ғасырдағы сұмдық зұлымдықтарға тарихта Ад, Самуд, Перғауын қауымдарының бастарына келген азаптарды ескерту арқылы назар аудартады. Және бейкүнә имандыларға Ибраһим мен Мұса (Аләйһимассалам) сынды пайғамбарларды есендікке қалай қауышқандарын айтып жұбаныш сыйлайды.

Рас, бейқам, дінсіз назармен қарағанда қорқынышты, үрейлі және барлық нәрсенің көзін жоятын, өте қайғылы және барса келмес мазарлық боп көрінетін өткен шақ, бұрынғы замандар, өліп-өшкен дәуірлер, жоғалған ғасырлар; міне бұлар негізінде әрқайсысы ғибратқа толы тірі парақтар, бастан-аяқ жанды ғажап әлем екенін және шынымен де бар және бізбен байланысты Раббани әлемдер түрінде өткен шақ, тарих киноленталар, сахыналар тәрізді біресе бізді сол замандарға, біресе ол замандарды біздің алдымызға әкеліп, әр ғасырға, әр қауымға көрсетіп осылайша керемет дәріс беретін Қасиетті Құран

— 265 —

өте шешен түрде дінсіздік назардағы меңіреу, жансыз, түсініксіз, өлі, үлкен үрейхана тәріздес дүниені, айрылысуға толы, жоғалуға бет алып бара жатқан мына әлемді Сәмадани кітап, Рахмани шәһар, Раббани өнер көрмесі ретінде көрсетеді. Әлгі өлі, жансыздарды жандандырып, әрқайсысының белгілі бір міндеті бар қызметкерлер бейнесінде бірбірімен сөйлестіріп, бір-бірінің жәрдеміне жүгіртіп, адамзат пен жын және періштелерге нағыз, нұрлы, қызықты да зауықты хикмет дәрісін береді. Міне осындай Қасиетті Құран-ы Азиймуш-шан Құранның әлбетте, әрбір әрпінде он кейде жүз, кейде мың және мыңдаған сауап жазылуы және бүкіл жын мен адам жиналса оның теңін таба алмауы және аяттар бүкіл адамзатпен және әлеммен орынды сөйлесуі және әрқашан миллиондаған қарилардың көкейлеріне ләззатпен жазылуы және көп қайталанса, қайта-қайта оқылса еш зеріктірмеуі және бір-біріне ұқсас көптеген жерлері мен сөйлемдері бола тұра балалардың нәзік, қарапайым миларына тез қонып жеңіл жатталуы және науқастарға, аз сөзден мазасызданатын хәл үстінде жатқан науқастардың құлағына зәмзам суындай хош естілуі; міне, бұл өзінше киелі ерекшелік. Сондай-ақ, екі дүниенің де бақытын шәкірттеріне ұсынуы әрі тәржімеші Кісінің (а.с.м) қарапайымдылық мәртебесін толық сақтай отырып мәжбүрлік, жасандылық, рия секілді ешбір нәрсеге жол бермей аққан судай өзіндік сарынмен; осылайша өзінің тікелей көктен келгенін және - адамзаттың басым көпшілігі болған - қарапайым халықтың қарапайым түсініктерімен санаса отырып сөз саптауы; сөйтіп халықты жарылқау хикметімен көбінесе аспан мен жер туралы оқылуы оңай, ашық әрі түсінікті парақтарды ашып, белгілі әрі үйреншікті нәрселердің астынан құдіреттің таңғажайып сырлары мен мағынасы терең хикмет жазуларын дәріс беру арқылы тура жолға тартуы өзінше бір ғажап қасиет, теңдесіз мұғжиза.

Қасиетті Құран өзінің қайталауды талап ететін дұға мен дағуат, зікір мен тәухид кітабы екенін білдіре отырып әсем әрі тәтті қайталау арқылы бір қиссада бөлек-бөлек көптеген мағыналарды әртүрлі топтағы тыңдаушыларға шебер түсіндіреді. Шағын, сырт көзге әншейін, қарапайым бір құбылыстағы ең ұсақ, бізге маңызсыз нәрселер де мейірім назарында, тәртіппен басқару шеңберінде екендігін білдіреді. Дін Исламның негіздерін орнықтыру, шариғаттың өзекті мәселелерін бекіту тұрғысынан сахабалардың кіп-кішкене уақиғаларына аса маңыз беріп назарға алуында терең сыр жатыр. Себебі, ол жерде жалпыға ортақ өмірлік ережелердің сондай-ақ,

— 266 —

әркімге тиесілі дін Исламның, шариғаттың орнығуы үшін әлгі кішкене уақиғалар үлкен рөл ойнайтын бейне бір дәнектер сияқты маңызы зор көптеген жемістер береді. Осы тұрғыдан алғанда ерекше ғажап екені көрінеді.

Иә, қажеттіліктің қайталануына орай қайталау керектігіне байланысты, жиырма жыл бойы көптеген сұрақтарға жауап ретінде бөлек-бөлек дәріс берген және алып әлемді парша-парша етіп, қияметте бет-бейнесін өзгертіп, дүниені төңкеріп орнына мәңгі бақи ақыретті құратын және атомдардан жұлдыздарға дейінгі жаппай және жеке-жеке барлық нәрсе бір ғана Құдреттің қолында, Оның билігінде екендігін дәлелдейтін және бүкіл әлемді, жер мен көктерді, тіпті элементтерді ашуландырған адамзаттың зұлымдықтарына - әлемнің жаратылу нәтижесі жағынан - Иләһи ашу мен Раббани қаһарды көрсететін сансыз және қорқынышты және ұлы төңкеріс болып табылатын қиямет-қайымды түсіндіру үшін мыңдаған айғақтай қуатты кейбір сөйлемдерді және шексіз дәлелдерді қамтитын кейбір аяттарды қайталау кемшілік емес, керісінше керемет шешендік, теңдесіз сөз саптау өнері және жағдайдың талабына сай сөз сөйлеу, ол өзінше шешендік.

Мәселен, өзі бір ғана аят болып Құранда жүз он төрт рет қайталанатын بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ‌ (бисмилләһир Рахманир Рахим) сөзі, Рисалей-Нұрдың Он төртінші Лемасында баян етілгеніндей, бұл киелі сөз Ғарышты Фәршке яғни ғаламды жермен байланыстырып тұрған және әлемді жарық қылатын, сондай-ақ, әркім оған минут сайын мұқтаж ұлы ақиқат. Ол миллион рет қайталанса бәрібір қажеттілік туады. Тек нан сияқты күн сайын емес, тіпті ауа мен жарық сияқты әр минут қажеттілік бар.

Мәселен, тағы: طٰسٓمٓ сүресінде сегіз рет қайталанатын اِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَز۪يزُ الرَّح۪يمُ аяты, сүреде хикая етілген пайғамбарлардың есендікке қауышып бәледен құтылғандарына және қауымдарының азапқа ұшырағанына әлемнің жаратылу нәтижесі тұрғысынан және жалпыға ортақ рубубиеттің атынан қарап миллиондаған ақиқатқа татитын мұндай қуатты аяттарды қайталау, осылайша Раббани асқақ абыройды айқындап және сол Иләһи абырой әлгі залым қауымдардың азабын сондай-ақ, Иләһи рахым

— 267 —

да пайғамбарлардың амандығын талап ететінін дәріс беретіндіктен мыңдаған мәрте қайталанса бәрібір қажеттілік туады. Мұндай қайталау ғажап әрі ұлық шешендік, керемет сөз саптау өнері.

Тағы да «Рахман» сүресінде жиі қайталанған:

﴿ فَبِاَىِّ اٰلَٓاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ ﴾

аяты мен «Мурсалат» сүресіндегі وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّب۪ينَ аяты, жын мен адамзаттың әлемді, жер мен көкті ашуландыратын және ғаламның жаратылу нәтижесін бұзып Аллаһтың шексіз ұлық билігін мойындамай ерегесіп жасаған күпірлігін, дінсіздігін, зұлымдықтарын және бүкіл жаратылыстың ақысын жеп, хұқықына қол сұққандарын ғасырларға, жер мен көктерге қорқыта айқайлаған осы екі аят, осындай мыңдаған ақиқаттарды қамтып мыңдаған мәселедей маңызды, жалпыға ортақ дәрістерін мыңдаған рет қайталаса бәрібір қажеттілік бар әрі ол ұлық та ғажап қасиет, керемет шешендіктің соңғы үлгісі боп табылады.

Тағы бір мысал, Құранның нағыз және белгілі бір мағынада толыққанды мінәжаты, іші сырға толы Құраннан шыққан «Жәушанүл Кәбир» атты Пайғамбарымыздың мінәжатында (с.а.у.) жүз рет

سُبْحَانَكَ يَا لَا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ الْاَمَانُ الْاَمَانُ خَلِّصْنَا وَ اَجِرْنَا وَ نَجِّنَا مِنَ النَّارِ

сөйлемінің қайталануында тәухид дейтін әлем бойынша ең ұлық ақиқат және жаратылғандардың Рубубиетті «тәсбих етуі» (пәктеу), "тахмид қылуы" (шүкір) және "тақдис жасауы" (ұлықтау) секілді үлкен үш міндетінің ең маңыздысы және мәңгі бақытсыздықтан құтылу сынды адамзаттың өте өзекті мәселесі және құлшылық, сосын адамзаттың әлсіздігінің ең маңызды нәтижесі болғандықтан мұны мыңдаған рет қайталанса да аздық қылады.

Міне, Құранда жиі қайталанатын аяттар осы секілді негіздерге байланысты тіпті, кейде тіпті бір парақта жағдайдың талабы мен түсіндіру тәсілінің қажеттілігіне орай және баяндаудың шешендігі тұрғысынан жиырма рет ашық яки жасырын тәухид ақиқаттарын түсіндіреді. Зеріктіру былай тұрсын, керісінше қуат беріп ынталандыра түседі. Рисалей-Нұрда Құрандағы қайталанудың қаншалықты орынды және лайықты әрі шешендік тұрғыдан өте керемет екендігі дәлелдермен баян етілген болатын.

— 268 —

Құран-ы Мұғжиз-ул Баянның Мекке сүрелері мен Мәдина сүрелері шешендік жағынан және иғжаз бен ашып түсіндіру және жинақылық жағынан бір-бірінен өзгеше болуының сыры мен хикметі мынада: Меккеде тыңдарман немесе қарсы келушілердің алдыңғы сапында Құрайш мүшриктері мен үммийлер яғни сауатсыздар болғандықтан, шешендікке сай ерекше тәсіл және қысқа-нұсқа түсіндіру, толық қанағаттандырарлық иғжазбен, жинақы түрде және санаға сіңдіру үшін «текрар» яғни қайталау керек болғандықтан, жалпы Мекке сүрелері иман шарттарын, тәухидтың мәртебелерін өте қуатты және керемет әрі таңғажайып қысқа-нұсқа қайталап түсіндіреді. Әлемнің басы мен соңы туралы және Аллаһ пен Ақырет жайлы мәселелерді бір бетте емес, тіпті бір аятта, бір сөйлемде, бір сөзде де емес кейде бір әріпте сондай-ақ, «тақдим», "тағриф", "тә'хир", "тәнкир", "хазф", "зікір" (еске түсіру) секілді тіркестерде қуатты түрде дәлелдейді. Оған тіл өнерінің сөзге шешен имамдары таңдана таңдай қаққан. Рисалей-Нұр, әсіресе Құранның қырық жақты мұғжизалығын жинақы түрде дәлелдеген «Жиырма Бесінші Сөз» қосымшаларымен бірге сондай-ақ, Құранның ұйқастығындағы ғажап сәйкестікті керемет дәлелдеген арапша Рисалей-Нұрдың «Ишарат-үл Иғжаз» тәпсірі Меккелік сүрелер мен аяттарда таңғажайып тәсіл, керемет жоғары әдіс қолданылғанын іс жүзінде көрсеткен.

Ал, Мәдиналық сүрелер мен аяттарда бірінші сапта тыңдаушы немесе қарсы шығушы Аллаһты мойындайтын яхуди және насара яғни христиан сынды «әһл-и кітап» болғандықтан, шешендік пен тәрбиелеу, жөнге салудың талабына сай және деңгей мен жағдаятқа байланысты қарапайым, ашық түрде, егжей-тегжейлі түсіндіру тәсілін пайдаланып әһл-и кітапқа діннің киелі негіздері мен иман шарттарын емес, керісінше қайшылық туғызған шариғат пен үкім-заңдарға қатысты және ұсақ-түйек мәселелердің сондай-ақ, жалпыға ортақ заңдардың түпкі бұлақтары мен себептері болған ұсақ нәрселерді баяндау қажет болғандықтан әлгі Мәдиналық сүрелер мен аяттарда көбінесе ашықтамалар, анықтамалар, түсіндірмелер жасалған және қарапайым түрдегі баяндаулар кездеседі. Осылайша Құранға тән теңдессіз әдістеме байқалады. Осылай келе жатып бірден әлгі кішкене уақиғаның ішінен тым терең, маңызы зор қорытынды, бір тұжырым, айғақ табылады. Сөйтіп әлгі шариғатқа қатысты кішкене уақиғаны

— 269 —

ауқымды қылатын және мойынсұнуды Аллаһқа иманмен қамтамасыз ететін тәухид сөйлемін, иман және ақырет жайлы сөзді зікір етеді. Бұл әдіс сол мақамды нұрландырып, биікке көтереді.

Рисалей-Нұр, аяттардың соңдарында жиі келетін

﴿ اِنَّ اللّٰهَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ ٭ اِنَّ اللّٰهَ بِكُلِّ شَىْءٍ عَل۪يمٌ ٭ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الرَّح۪يمُ ٭ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ ﴾

сынды тәухид пен ақыретті түсіндіретін нәтижелер мен қортындыларда керемет шешендіктер, көркемдіктер, ерекше қасиеттер және судай ағатын ерекшеліктер, терең тұжырымдар жатқанын Жиырма Бесінші Сөздің Екінші Шұғасының Екінші Нұрында сол түйін-тұжырымдардың көптеген ерекшеліктері мен қаасиеттерінің он данасы баяндалған. Осылайша мұндай тұжырымдарда ғажайып ұлы қасиет бар екендігін бір беткей қырсықтарға да дәлелдеген.

Иә, Құран осындай шариғаттың кішкене мәселелері мен қоғамға қатысты заңдарды баяндай отырып кенет оқырманның назарын биікке, күлли ақиқаттарға аударып, қарапайым әдісті керемет әдіске өзгертеді, шариғат дәрісін тәухид дәрісіне ауыстырады. Осылайша Құранның шариғат кітабы және үкімдер жинағы һәм хикметке толы екенін һәм кітаб-ы ақида уа иман уа зікір уа фікір уа дұға уа дағуат кітабы екендігін көрсетіп, әрбір мәртебеде көптеген тәрбиелік мәні зор ережелерді үйретеді. Бұл тұрғыдан алғанда Меккелік аяттардың шешендік әдісі бөлек, ерекше ғажап, оқылуы аққан судай оңай.

Кейде екі ауыз сөзбен, мәселен رَبُّ الْعَالَم۪ينَ және رَبُّكَ да رَبُّكَ сөзі арқылы Әхадиятты және رَبُّ الْعَالَم۪ينَ сөзімен Уахидиятты білдіреді. Әхадият ішінде Уахидиятты білдіреді. Тіпті, бір сөйлемде, бір зәррені көздің қарашығында көріп, орналастырғандай Күнді дәл сол аятпен, дәл сол балғамен көктің көз қарашығына орналастырады, көк жүзіне көз жасайды.

Мәселен: خَلَقَ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضَ аятынан кейін

يُولِجُ الَّيْلَ فِى النَّهَارِ وَ يُولِجُ النَّهَارَ فِى الَّيْلِ аяты аяқталысымен

وَ هُوَ عَل۪يمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ дейді. "Жер мен көктердің ғаламат алып жаратылысымен қатар Ол, көкейге түйген ойларды да біледі,

— 270 —

басқарады!" дейді. Осыған ұқсас баяндау тәсілі жағымен әлгі қарапайым, оқымаған адамның деңгейін және ауам халықтың түсінік деңгейін ескере отырған қарапайым және қысқа диалог осылайша ұлық, тартымды және жалпыға ортақ әрі тура жолға салар тәрбиелік мәні бар сөзге айналып шыға келеді.

Сауал: Кейде маңызды ақиқат атүсті назарларға көрінбейді және кей жерлерде кішігірім және қарапайым бір уақиғадан орасан зор «тәухиди тұжырымға» немесе күлли, «жалпылама ережеге» өткенде арасындағы байланыс білінбейді. Сол үшін мұны бір кемшілік деп ойлайды.

Мәселен, Юсүф Аләйһиссаламның бір айла жасап бауырын қасына алып қауы мәселесіндегі деп, тамыры терең үлкен бір ереже туралы айтуын алсақ, мұнда шешендік жағынан байланыстығы көрінбейді. Бұның сыры мен хикметін ашып берсеңіз?"

Жауап: Әрқайсысы жеке-жеке, шағын өзіндік Құран саналатын көптеген үлкен және орташа сүрелерде, сондай-ақ көптеген парақтар мен жерлерде тек екі-үш мақсат баяндалып қоймайды. Негізінде, Құранның мән-мағынасы, оның бір кітаб-ы зікір уа иман уа фікір, һәм бір кітаб-ы шариғат уа хикмат уа иршад яғни зікір кітабы (Аллаһты еске салатын), һәм иман мен пікір кітабы, һәм шариғат пен хикметке толы кітап һәм, тәрбиелеуші кітап сынды көптеген кітаптар мен небір дәрістерді қамти отырып Аллаһтың рубубиеті барлығын қамтитынын әрі айбынды құдреті шексіз екенін баяндайды. Бұл тұрғыдан алғанда "әлем" атты алып кітаптың қырағаты яғни оқылуы болып табылатын Құран, әлбетте әр мақамда, тіпті кейде бір парақта көптеген мақсаттарды көздеп, «мағрифатуллаһ», "тәухид" мәртебелері туралы дәріс, иман ақиқаттарынан сабақ беретіндіктен - бір жағынан - мәселен сырт көзге әлсіз бір байланыс арқылы басқа, тың дәріс ашады. Әлгі әлсіз байланысқа қуатты байланыстарды қосып жібереді. Сөйтіп, сол мақамға өте ыңғайлы мағына шығарады. Шешендіктің дәрежесі биіктен көрінеді.

Екінші бір сауал: Құранда ашық кейде жасырын түрде және ишара арқылы Ақырет туралы, Аллаһтың бірлігі жайлы және адамзаттың сый-сияпатқа бөленуі немесе жаза тартылуы хақында мыңдаған аяттар кездеседі. Олар әлгі тақырыптарды қайта-қайта дәлелдеп, назарға ұсынады және әрбір сүреде, әрбір парақта, әрбір мақамда ол туралы дәріс береді. Мұның хикмет-сыры не?

— 271 —

Жауап: Мына дүниенің және ғаламға қатысты оқиғалар мен түбегейлі өзгерістер жайлы және мойнына үлкен аманат жүктеліп жердің халифасы атанған адамзатты бақытсыздыққа немесе мәңгі зор бақытқа бөленуіне себеп маңызды міндеттерінің ішінде ең маңызды, ең басты, ең өзекті мәселелерін үйрету, дәріс беру сондай-ақ, ол туралы небір күдік пен сансыз күмәндарды жою әрі сұмдық қасарысу мен бірбеткейліктен қайтару, міне осы тұрғыда әлбетте мұндай үлкен өзгерістер болатынын мойындату үшін және адамзатқа орасан зор, аса қажетті зәру мәселелерді қабылдату үшін Құран Кәрім, мыңдаған мәрте емес, бәлкім миллиондаған рет ол мәселелерге назар аудартса, ешқандай ысырап емес, болмайды да. Сондықтан ол жайлы миллиондаған рет оқылады, жалықтырмайды, қажеттілік те таусылар емес. Мәселен,

﴿ اِنَّ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتٌ تَجْر۪ى مِنْ تَحْتِهَا الْاَنْهَارُ ٭ ... خَالِد۪ينَ ف۪يهَٓا اَبَدًا ﴾

Аятында баяндалған мәңгі бақыт туралы сүйіншінің ақиқатына үңілер болсақ, бейшара адамзатқа минөт сайын кездесетін өлімнің мәнісі жайлы, «ол, адамды һәм дүниесін тас-талқан етіп, бүкіл тума-туыстарынан мәңгіге қоштасу еместігін ол, мәңгі бақи салтанатқа ие қылады» дегендіктен миллиард рет қайталанса және оған әлемдей мән берілсе ысырап болмайды, маңызын жоғалтпайды.

Міне, осы тектес өзекті де маңызды мәселелерді дәріс беретін және әлемді бір үй, зәулім сарай сияқты сан-құбылтып, ақырында мүлдем өңін өзгертіп жіберетін орасан зор құбылыстарды баяндағанда толық қанағаттандырып, сендіруге, дәлелдеуге тырысатын баяны мұғжиза Қасиетті Құран, әлбетте, ашық яки астарлы түрде және ишараларменен мыңдаған рет ол мәселелерге назар аударса еш те ысырап емес, бәлкім нан, дәрі, ауа, жарық секілді аса қажетті нәрсе әрі үлкен жарылқау боп саналады.

Һәм, мәселен:

اِنَّ الْكَافِر۪ينَ ف۪ى نَارِ جَهَنَّمَ
﴿ 29690اَلظَّالِم۪ينَ لَهُمْ عَذَابٌ اَل۪يمٌ ﴾

секілді қатаң ескерту жасайтын аяттарды Құран, өте қатты, ашулы және қуатты түрде қайталауының хикмет-сыры - Рисалей-Нұрда нақты дәлелденгеніндей - адамзаттың күпірлігі әлемнің және жаратылыстың

— 272 —

басым көпшілігінің құқықтарына қол сұғу болғандықтан көктер мен жерді ашуландырып бүкіл болмысты ызаландырады. Сондықтан, топан су арқылы апаттармен залымдарды жазаға тартады.

﴿ اِذَٓا اُلْقُوا ف۪يهَا سَمِعُوا لَهَا شَه۪يقًا وَهِىَ تَفُورُ ٭ تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ ﴾

аяты ашық түрде әлгі залым мүңкірлерге жәһәннамның қатты ызаланатыны сонша - ашудан булығып, жарылып кете жаздайды, дейді. Міне, мұндай жауыздық пен шектен шыққан астамшылыққа қарсы адамзаттың ұсақ болмысына, оның түкке тұрғысыз заттық тұрғысына қарап емес, зұлымдығының орасан зорлығы мен кәпірлік кердеңдігіне қарсы бүкіл әлемнің Сұлтаны, өзіне бағынышты пенделерінің ақылары өзіне өте маңызды екенін және мүңкір кәпірлердің күпір уа зұлымдықтары шектен шыққан жауыздық екенін көрсету үшін өзінің хикмет толы кітабында қатты ашулана, аса қаталдықпенен әлгі жауыздықтың және шегетін жазасын мың рет емес, бәлкім миллиондап, тіптен миллиардтап қайталаса, ешқандай ысырап, кемшілік болып саналмайды. Сондықтан, ықылым заманнан бері жүз миллиондаған адамдар жалықпастан, ықыласпен ынтық түрде әрі қажетсіне оқуда.

Иә, күнде, әрқашан, әркімнің әлемі кетіп орнына жаңа бір әлемнің есігі ашылады. Осыған байланысты әрбір әлемді жаңадан нұрландырып отыру қажет. Сол үшін ынта-ықыласпен ‌لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ сөйлемін мың рет қайталап, әлгі құбылып, сан өзгерген әлемдердің әр қайсысына жаңа бір ‌لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ‌ сөзін шам ретінде жағып, қыруар өткінші перделерді, жаңарып жатқан әлемдерді қараңғы қалдырмау үшін және пенденің өмір айнасына шағылысатын суреттерді жағымсыз бейнеге ендірмеу үшін әрі ертең өзіне куәгерлер болатын әлгі қонақ құбылыстарды қарсы даулайтын куәгерлерге айналдырмау үшін әлгіндей қылмыс-жауыздықтардың жазаларын оқу және Падишах-ы Әзәли Аллаһтың сұмдық, сақ сындыратын үрей беретін аяттарын Құран оқу арқылы жоғары бағалап қадірлеу сондай-ақ, нәпсінің қырсықтығынан құтылуға тырысу хикметіне орай Құран әлгіндей аяттарды жиі қайталайды. Міне, осындай хикметке байланысты қайталанатын Құранның қатаң ескертулерін бекер деп ойлаудан тіпті шәйтанның өзі қашса керек. Мұндай аяттарға құлақ аспаған мүңкір кәпірлерге жәһәннам азабы нағыз әділет.

— 273 —

Мысалы, Мұса-и Муса секілді көптеген сырлары мен пайдалары бар Мұсаның (а.с.) қиссасын және өзге әнбиялардың (а.с.) қиссаларын жиі қайталауында терең сыр жатыр. Құран, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарлығының хақ екеніне барша әнбияның елшіліктерін дәлел ретінде көрсетіп, оларды жаппай жоққа шығара алмаған адам, Оның да елшілігін негізінде жоққа шығара алмайды секілді хикметпен және әркім әрқашан Құранды толық оқуға мүмкіндігі бола бермейтіндіктен әрбір ұзын және орта көлемдегі сүре кішкене Құран қасиетіне ие болғандықтан маңызы зор иман шарттары жайлы баяндайтын әлгі қиссаларды жиі қайталау ешқандай ысырап емес, қайта шешендіктің талабы, өнер және Мұхаммедтің (с.а.у.) уақиғасы адамзат тарихында ең ұлы оқиға, әлемнің ең үлкен мәселесі екенін дәріс беру боп табылады.

Иә, Құранда Ардақты Пайғамбарымызға ең жоғарғы мәртебе беру және иман шарттарының төртеуін толық қамтып ‌لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ‌ (Лә иләһә илләллаһ) шартына тең тұтылған ‌مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ‌ (Мухаммәд-ар Расуллаһ) Мұхаммед пайғамбардың елшісі әлемдегі ең үлкен мәселе екендігін және Мұхаммед (с.а.у.) бүкіл жаратылыстың ең құрметтісі екендігін және Оның ақиқаты яғни шексіз мағынауи келбеті, киелі жоғары дәрежесі екі жаһаның Күні болғандығын және Ол Кісі мұндай жоғары мәртебеге лайық екенін дәлелдейтін көптеген айғақтар Рисалей-Нұрда нақты түрде баяндалған болатын. Мыңнан біреуін айтар болсақ:

اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ ережесі бойынша күллі мұсылмандардың бүкіл кезеңдерде жасаған ізгі амал, жақсылықтарының бір бөлігі Расулуллаһтың амал дәптеріне жазылуы және әлемнің мәнмағынасын, ақиқатын әкелген нұры арқылы ашып, нұрландыруы және тек жындар мен адамдарды, періштелер мен жандыларды ғана емес, бүкіл әлемді, көктер пен жерді риза қылып, өзіне қарыздар етуі және қабілет тілімен жасалып жатқан өсімдіктердің дұғасы мен қажеттілік тілімен жасалып жатқан хайуанаттың дұғаларын көз алдымызда қабыл алып жатқан Құдретке миллиондаған, тіпті миллиардтаған салих жандар күн сайын ол Тұлғаға (с.а.у.) салат уа сәлем айтып, рахым дұғаларын жаудырып, сауаптарын ең бірінші кезекте Оған бағыштауы және бүкіл үммәт бойынша оқылып жатқан Құранның үш жүз мың әрпінің әрқайсынан он, жүз, мың сауаптан түсіп ақыреттік

— 274 —

жеміс беруі, тек осы Құран оқу жағынан амал дәптеріне сансыз нұрлардың жазылуынан бастап, сонау мағынауи келбеті Мұхаммеди ақиқат (с.а.у.) болашақта Жәннаттың Туба ағашындай көркем болатынын Аллам-ул-Ғуюб, бәрін біліуші Аллаһ білген, көрген және сол дәрежесіне қарай Құранында өте ұлық мәртебе, жоғары дәреже берген және өзінің бұйрық пәрманында Оның ізінен еріп сәния сүннетіне бой ұсыну арқылы шапағатына бөлену адамның ең басты адами міндеті, маңызды мәселе екені анық. Міне, сондықтан мұндай алып Туба ағашының бір дәні болған адами тұлғасы мен әуел бастағы адамдық хәлдеріне назарды сирек аударады. Құранның жиі қайталануының осындай маңызы зор себептері болғандықтан аяттардың қайталануы аса қажетті әрі маңызды әрі тамыры терең мағынауи мұғжиза. Бұған фытрат-ы сәлима яғни табиғаты таза жандар куәлік етеді. Алайда, материализмнің оба індетінен көкірегі, ар-ұжданы кеселге ұшыраған болса амал нешік...

قَدْ يُنْكِرُ الْمَرْءُ ضَوْءَ الشَّمْسِ مِنْ رَمَدٍ ٭ وَ يُنْكِرُ الْفَمُ طَعْمَ الْمَاءِ مِنْ سَقَمٍ

Деген қағида бар.

* * * * *
— 275 —
Осы оныншы мәселеге қорытынды ретінде екі сілтеме

Біріншісі: Осыдан {(Сілтеме): Осы рисаленің жазылуынан он екі жыл бұрын.} он екі жыл, өте сұмдық әрі тоңмойын бір дінсіз, Құранға тәржіме жасату арқылы қастандық істеуді ұйғарып, оны жүзеге асырмақшы боп: «Құранға тәржіме жасалсын! Сөйтіп, оның не екенін әркім білсін!» Яғни, «ішіндегі жөнсіз қайталануларды әркім көрсін. Сосын Құранның өзі емес тәржімесі оқылсын!» деген сұмдық жоспар құрғанын естідім. Бірақ, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас ақиқаттары кеңінен тарап: «Құранның нағыз тәржімесі мүмкін емес және » лисан-ы нахви" болған Араб тілінде түскен Құранның қасиеттерін, шешендігін, теңдесіз өнері мен күрделі тұжырымдарын басқа тіл сақтай алмайды. Және әрбір әрпі оннан мыңға дейін сауап беретін Құранның таңғажайып, жан-жақты ауқымды сөздеріне адамдардың қарапайым, саяз өресінің аудармасы тең келе алмайды. Оның орнына аудармасы мешіттерде оқылмайды!" деп, Рисалей-Нұр әр тарапта жайылуымен әлгі сұмдық жоспарды жүзеге асырмай тастады. Бірақ, әлгі дінсізден дәріс алған мұнапық екіжүзділер, тағы да - шәйтанға еріп - Құранның жарық Күнін үрлеп өшірмек болған ақымақ балаларға құсап еліріп, тырысып жатқандықтан маған қысылтаяң әрі ыңғайсыз жағдайда осы Оныншы Мәселе жаздырылды десе болады. Басқалармен жолығып, жүздеспегендіктен соңғы жағдайдың анық қанығын білмеймін.

Қорытындының екінші сілтемесі: Денизлі түрмесінен босап шыққан соң атақты «Шәһир» Отелінің үстіңгі қабатында отыр едім. Көз алдымдағы әсем бақта жайқала өскен теректер зікір алқасы секілді әрбірі нәзік әрі сүйкімді түрде бұтақтары, жапырақтары самал желмен теңселіп көз тартар бейнеде тербеле билегенде бауырларымнан ажырап жалғыздық шеккен мұңлы көңілім құлазып қоя берді. Сол мезетте күз-қыс мезгілдері еске түсіп мені бір ғапылдық басты. Мұндай бейқам шаттықпен еркелей билеп, бұраңдаған теректерге және жалпы тіршілік иелеріне жанымның ашығаны сонша көзіме жас келді. Өмірдегі әдеміліктердің астарындағы осылай құрып жоқ болу,

— 276 —

хоштасу деген жағымсыз нәрселерді ойлағанымда көзім қарауытып, басым айналды. Кенет, Мұхаммеди ақиқаттың (с.а.у.) әкелген нұры келіп жәрдем етті. Әлгі қайғы қасірет қуаныштарға айналды. Тіпті, ол нұрдың - әр кімге, әрбір әһл-и иманға - миллион фәйзінен тек сол уақытта менің жағдайымда берген көмегі мен жұбанышы үшін Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) өзімді мәңгі қарыздар сезіндім. Өйткені, менің ғапыл назарымда әлгі мүбәрак болмыстардың атқарар міндеті жоқ, нәтижесіз, бос. Олар жылдың бір ғана мезгілінде көрініп жоқ болатындықтан әлгі билегендей жарасымды әрекеттері шаттықтан емес керісінше мүлдем жоғалудан, айырылысудан қорқып, қалтырап дірілдегендей, мәңгіге құрып кететіндей көрінгендіктен, - әркімде болатыны сияқты - мендегі мәңгілікке деген ғашықтық, сұлулыққа деген құштарлық, тіршілікке деген жанашырлық сезімдеріме қатты әсер етті. Дүние мағынауи тозаққа, ақыл азаптаушы құралға айналды.

Міне, осы сәтте Мұхаммед аләйһиссалату уәссаләмның адамзатқа әкелген сыйы, нұры қараңғы пердені ашып ақиқатты көрсетті. Жойылу, жоқтық, құрдым, еш міндеті жоқ, әбес, қоштасу емес, керісінше әрнәрсенің жаратылу мақсаты мен хикметі теректердің жапырақтары қанша болса сонша көп екенін білдім. Рисалей-Нұрда үш түрлі нәтижелері мен міндеттері дәлелденген болатын.

Біріншіден: Сани-ы Зүлжәлалдың есімдерімен қатысты. Мәселен, шебер біреу ғажайып бір мәшине жасаса, оны көргендер: "Машаллаһ, Барәкаллаһ!" деп, құттықтап, қошамет көрсетеді. Әрі әлгі мәшиненің өзі де мақсұт нәтижені толық орындауы арқылы өзінің хал тілімен шебер ұстасын дәріптеп құттықтайды. Міне, сол сияқты әрбір тіршілік иесі, әрнәрсе әлгіндей мәшине тәрізді. Өзінің жаратушы Иесін мақтап мадақтайды.

Екіншіден: Тіршілік иелеріне, саналы пенделерге қатысты. Оларға маңызды зерттеу алаңы, талқылау, танытым кітабы. Мағыналарын сана иелерінің зейіндерінде, суреттерін ес-жадылары мен мысали таспаларда және ғайып әлемінің дәптерлерінде жазылып, болмыста қалып, соңында шәһадат әлемін тастап, ғайб әлеміне көшеді. Демек, көзге көрінетін жасанды болмысын тастап, мына көзге көрінбейтін мағынауи, ғайби, іліми көптеген болмыстарға ие болады.

— 277 —

Иә, Аллаһтың бар екені хақ және Оның ілімі барлығын жаппай қамтитыны рас. Олай болса, ақиқатында жоқ болу, құрдым, жойылу, аяқталу, мүлдем жоғалу деген нәрсе әлбетте имандылардың дүниесінде жоқ. Ал, кәпірлердің дүниесі өткінші, ол жоқтыққа, айрылысуға, қоштасуға толы. Міне, бұл ақиқатты халық ауызында жүрген мына мақал дәріс беріп былай дейді: «Кім Аллаһқа сенсе оған бәрі бар. Сенбегенге ешнәрсе жоқ!»

Сөздің түйіні. Иман, адамның ажалы жетіп өлер кезде мәңгіге жоқ болудан құтқаратыны секілді адамның ішкі дүниесін жоқтықтан, қараңғылықтан құтқарып тұрады. Ал, күпірлік болса, әсіресе нағыз күпірлік болса, адамның өзін, оның ішкі дүниесін жоқтыққа салып, тозақи қараңғылыққа түсіреді. Өмірдің шырқын бұзып, ләззатын ащы уға айналдырады. Дүниялық өмірді ақыреттік өмірден артық көретіндердің құлақтары шуласын! Келсін, бұған я бір шара тапсын, я болмаса иманға келсін! Сөйтіп, мына сұмдық қасіреттен құтылсын!...

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
Дұғаларыңа аса мұқтаж,
сендерді көруге ынтық бауырыңыз
Саид Нұрси
* * * * *
— 278 —
Оныншы мәселеге байланысты Хусревтің ұстазына жазған хаты

Аса қадірменді де сүйікті ұстаз!

Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір, Рисалей-Нұрдың керемет ақталуы боп табылатын «Денизлинің жемісі Оныншы Мәселе» деп аталатын «Әмірдағының гүл-шешегі» атты хатыңызды алдық. Бұл хат екі ай бойы жалғасқан бәле-жаланы, жан азабын сейілтіп, көңілге демеу, рухқа һидаят самалын сыйлайтын Құранның жалалды да абыройлы, рахымды да қамқор аяттарының қайталану сырын, оның әдемілігін, қажеттігін, хикметі мен маңыздылығын тамаша түсіндіріп берді. Шынымен де жоғары бағалауға, мақтауға лайық осы бір гүлшешекті құшырлана иіскеген сайын рухымыздың ынта ықыласымыз артты. Тоғыз айлық қамау азабынан «Миуа» рисалесінің тоғыз мәселесі қалайша құтылуымызға үлкен себеп болып, өзінің керемет екенін көрсеткені секілді «Оныншы мәселе» дейтін гүл-шешек те Құранның таңғажайып мазмұндылығының кереметтерін көрсету арқылы қайталаудың кереметтігін көрсетіп тұр десем артық айтқан болмаймын.

Қадірлі ұстазым! Гүлдің әсемдігі, нәзіктігі оның бұтағындағы тікенді назардан тыс қалдырып, ұмыттырып жіберетіні секілді, осы жолғы жіберген нұрлы гүл-шешек те бізге тоғыз ай бойы қамалудың қиыншылығын ұмыттырғандай көңілде ешбір қаяу қалмады. Талдап талқылауына адам тоймайтын, ақылдарды таңқалдырған осы нұрлы гүл-шешектің құнды қасиеттері көп-ақ. Әсіресе, аударма жасау арқылы Құранды халық алдында төмендетпек болған қара ниетті жауыз арамзаларға қарсы Құран аяттарының қайталануының маңыздылығын толық түсіндірген жеріне дән риза болдық. Құранның баға жетпес ұлылығын осылайша әлемге паш еттіңіз.

Ізінен ерушілер әр ғасырда жан тәнімен мойынсұнып мықтап ұстанатын және бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтанатын, бейне бір жаңадан түскендей әрдайым балғын болатыны дәлелденген Қасиетті Құранның ғасырлар бойы залымдарға қарсы жиі қайталанатын ызғарлы да қатаң ескертуі, сонымен қатар жәбір көрген

— 279 —

бейшараларға мейрімін шашып, қамқорлығын қайта-қайта айтып еркелетуі, әсіресе осы ғасырдағы залымдардың тарихта болмаған зұлымдықтарына қарсы құдды тозақтан хабар беретін қорқынышты пәлекеттермен соңғы алты-жеті жылдан бері тынбастан оларды зар еңіретуі, ал зұлымдыққа ұшыраған құлдарының осы ғасырдағы көптеген тұлғаларынан әуелі баста, Рисалей-Нұр талабаларының, расында да бұл ілім талапкерлері бұрыңғы заман қауымдарының пайғамбарлары құтылғаны, есендікке қауышқаны секілді олар да жалпы немесе жалқы түрде есендікке қауышуы, ал қарсыластарының яғни дінсіздердің тозақи азаппен жазаланғандығын көрсетуі ғажап сәйкестік.

Һәм, тамаша әрі нәзік сілтемемен аяқталуы, сөйтіп гүл-шешектің қорытындылануы мына пақыр шәкіртіңіз Хүсревті шексіз қуанышқа бөлеп, жан тәнімен шүкір еткізді. Осы әдемі гүлдің сыйлаған қуанышы мен шаттығын өмірімде бірінші рет сезіндім. Мұны жасыра алмай әуелі сізге сосын бауырларыма айтқан болатынмын. Өзі әлсіз, тым қауқарсыз бола тұра мойнына өте ауыр жүк, маңызды міндет жүктелген сіз, сүйікті ұстаздан Аллаһ тағала мәңгі бақи риза болсын!

Жүгіңізді жеңілдетіп әрдайым жүзіңіз гүл-гүл жайнасын!

Иә, сүйікті ұстаз! Біз Аллаһтан, Құраннан, Расулуллаһтан, РисалейНұрдан және Құранның делдалы сізден мәңгі бақи ризамыз. Танысып, жақын болғанымызға әсте өкінбейміз. Көңіліміз кіршіксіз ақ, сізге қарсы титтей де болсын жаман ниетіміз жоқ. Бізге тек қана Аллаһ және оның ризашылығы керек. Аллаһты разы етіп оған қауышсақ, оны көрсек деген құштарлық жүрегімізде күннен күнге артып күшеюде. Бізге жамандық жасағандарды жаппай бір Аллаһқа тапсырып, оларды кешіру, керісінше бізге зұлымдық еткендерді де қосып жалпыға бірдей жақсылық жасау; міне бұл Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегінде мықтап орныққан Исламның белгісі, мұсылманшылық қасиет. Біз мұны жария қылуды қаламасақ та әлемге паш еткен Аллаһқа шексіз шүкір.

Кемшілігі көп шәкіртіңіз Хүсрев
* * * * *
— 280 —

Он бірінші мәселе

[Миуаның он бірінші Мәселесінің басында, қасиетті иман ағашының сансыз, жалпы-жалқы жемістері туралы баяндалады. Атап айтсақ, үлкен жемістерінің бірі жәннат, мәңгі бақыт және ең тәттісі де "руетуллаһ" яғни Жаратқанның дидарын көру. Иманның жемістерінің жүздеген үлгі-мысалдары Рисалей-Нұрда баяндалып, айғақтармен дәлелденгендіктен оны "Сирадж-үн Нұрға" сілтеп жалпы негіздерін емес жалқы әрі оның да шағын әрі жекеше жемістерінің бірнешеуін баяндамақпыз.]

БІРЕУІ: Бір күні: «Уа, Раббым! Жәбрайыл, Микайыл, Исрафил, Әзрейіл періштелердің құрметіне және шапағатына бөлеп мені жын мен адамдардың бәлесінен сақтай гөр!» деген мағынадағы дұғаны айтқан кезімде жұрттың бәрін елең еткізетін, тіпті қорқытатын Әзірейілдың аты аталған кезде мені хош, тәтті сезім билеп, жұбанышқа толы ғажайып күй кештім. «Құдайға шүкір!» дедім. Әзірейілды шын жүректен жақсы көріп кеттім.

Періштелерге иманның осы секілді көптеген жемістерінен біреуіне қысқа ишара қыламыз.

Адамның ең қымбат және жоғалтып аламын ба, деп қатты қорқатын заты оның жаны, рухы болып табылады. Оны әсте жоғалтпай, еш зиян тигізбей сақтайтын қуатты әрі сенімді біреуге тапсыру шынымен де зор қуаныш екені белгілі, мен мұны бүкіл болмысыммен сездім.

Ойыма адамдардың іс-амалын жазып отыратын періштелер келді. Қарасам дәл манағы жеміс секілді тәп-тәтті.

Атап айтсақ, әркім өзінің тауып айтқан сөзін немесе жасаған игі амалының мәңгі болғанын қалап бар ынтасымен өлең жазады яки таспаға түсіріп сақтап қоюға тырысады. Әсіресе, жасаған амалы жәннатта жеміс беріп алдынан шығатын болса одан бетер ықыласы артады. Енді, «Кирамин Катибин» періштелері адамның екі иығында отырып ізгі амалдарын мәңгі көрмеде көрсету үшін және иесіне мол сауап, әрдайымғы сый-сияпат бергізу үшін үзбей жазып отыратынын ойлаған кезде ғажап күйге түскенімді айтып жеткізе алмаспын.

Содан, кәпірлердің мені қоғамнан аластатып, көп нәрседен тыйым салғаны, оның ішінде кітаптарымды бермей қинап, жоражолдастарыммен, қызметші бауырларыммен жолықтырмай және

— 281 —

көңілімді жұбататын істерден тыйып, оның үстіне жалғыздық, бөтен жер секілді жәйттардан мазам қашып, қараң қалған дүние құдды төбеме құлап келе жатқандай көңілім құлазыған сәтте періштеге иманның көптеген жеміс-пайдаларынан бір түйірі көңілге медет берді. Қоршаған орта, дүнием жарыққа бөленіп, періштелер мен руханилерге толды. Әлемім гүл-гүл жайнап көңілім көтерілді. Ал, бейшара адасқан кәпірлердің дүниесі қараңғы, үрей мен қорқынышқа толы, өздері іштей қапа болып, қамығып жүретіндерін көрдім.

Қиялым осы жемістің ләззатына шаттанғанда бүкіл пайғамбарларға иманның көптеген жемістерінен осы тектес бір түйірінің дәмін татып рахатқа батты. Бейнебір сол заманғы пайғамбарлармен бірге өмір сүргендей оларға деген иманым, оларды мойындауым о замандарды да нұрландырып жіберді. Иманым қанаттарын жайып кеңейе түсті. Ақырзаман пайғамбары Расулуллаһтың иман жайлы айтқан сөздеріне көзім жетіп, олар мені бейне бір растаушы ретінде көрініп, шайтандар тым-тырақай қашты.

Кенет ойыма «Хикмет-үл Истиазе» кітабымда жауабы толық берілген сұрақ келді. Сұрақ мұндай болатын:

"Иманның осындай тәтті жемістері мен пайдалары бола тұра һәм игі амалдардың болымды нәтижелері мен тиімді жақтары көп бола тұра һәм, бәрінен де мейрімді Әрхам-үр Рахимнің аса қамқор таупық, жәрдемі жар бола тұра, тура жолда жүрген имандылар неліктен діннен безген кәпірлерге көбінесе жеңіліп қалады? Кейде жиырма кәпір жүз имандыны қыспаққа алып, қиын жағдайға ұшыратады. Бұл сұраққа толғаныстан шайтанның түкке тұрғысыз алдап-арбауына қарсы Құранның қайта-қайта ескертуі, періштелерді көмекке жіберуі және Аллаһтың жәрдемін ұмытпау керектігі, оны әрдайым еске салатыны секілді ақиқаттар ашыла бастады. Рисалей-Нұр оның хикмет-сырын анық түрде дәлелдеп жан-жақты түсіндіргендіктен бұл сұрақтың жауабын қысқа қайтарамыз.

Иә, кейде есерсоқ, аса қауіпті әрі жасырын келетін адамның бір үйге өрт қою пиғылынан жүздеген адам үдеріп, зәресі ұшады. Әлгі үйді жүздеген адам күзетіп, тіпті мемлекетке, патшаға шағымдануға тура келеді. Сонда ғана үйді аман сақтап қалады. Өйткені, үйдің болуы үшін бүкіл себептердің болуы шарт. Ал, оның қирап жоқ болуы үшін бір ғана шарттың болмауы жеткілікті. Бір есалаң зәулім сарайды бір тал сіріңкемен өртеп, күлін көкке шығарады. Дәл сол секілді жын мен адам шайтандары азғантай әрекетпен қыруар қырғынға ұшыратып,

— 282 —

қауіпті жағдайға түсіреді. Жалпы, жамандық, күнә мен бәлелердің негізі, өзегі жоқтық яғни себептердің кем болуы, сонымен қатар бұзу болып табылады. Сырттай бәрі толық, бәрі жасалған секілді көрінгенмен астарында жоқтық пен бұзу жатыр.

Міне, жын мен адам шайтандары, жалпы болымсыздар осы сырға сүйеніп өздері әлсіз бола тұра, зор қуатқа қарсы төтеп беріп, хақ пен ақиқат жолында жүргендерді әрдайым Аллаһ Тағалаға сыйынуға, Оны паналауға итеретіндіктен Құран Кәрім оларды сақтау үшін аяттарын шоғырландырып қарша боратады. Аллаһтың тоқсан тоғыз есімін ұсынып әлгі дұшпандарға қарсы табандылық танытуға шақырып, қатаң бұйрықтар береді.

Осы жауаптың артынан дереу үлкен бір ақиқаттың ұшы мен орасан зор мәселенің негізі көрінді.

Қалайша, жәннат бүкіл болмыс әлемдерінің өнімдерін бойына жинақтайды, дүниенің өсірген тұқымдарын мәңгі түрде әрі қарай дамытып көктеп көгертеді. Дәл сол сияқты, жәһаннам да шексіз "адем" яғни болымсыз нәрселердің кесірінен пайда болған күналарды, рухани жағымсыз өнімдерді, атқарылмай қалған істердің болымсыз нәтижелерін көрсету үшін әлгі болымсыздарды өртейді. Ол өте қорқынышты жәһаннам өндірісі басқа да қызметтерімен қоса болымды әлемді ластап тұрған болымсыздықтардан тазартады. Бұл өте күрделі мәселе. Әзірге кіріспей, Құдай қаласа кейін түсіндіреміз.

Періштелерге иманның жемісінен біреуі және Мүнкәр мен Нәкірге қатысты шағын бір мысалы.

«Жұрт секілді мен де сөзсіз барамын ғой» деп ойша қабіріме кірдім. Қабірдің іші қараңғы, суық әрі тар, мен де жалғызбын. Жалғыздықтан, тарлықтан қысылып, үрейленіп, бір тараптан үмітсіздік зәремді ұшырды. Кенет Мүнкәр Нәкір дейтін сұрақ періштелері шыға келді. Арамызда сұрақ-жауап болды. Көңіліммен бірге қабірім де кеңейіп, бір жақтан жарық, жылу келді. Рухтар әлеміне терезелер ашылды. Мен қазір ойша болып жатқан ал, келешекте іс жүзінде болатын бұл жағдайға жан тәніммен риза болып, қатты қуандым әрі шүкір еттім.

Араб тілі емлесі «сарф уә нахив» ережелерін үйреніп жүрген бір медресе шәкірті кенет қайтыс болып, қабірінде Мүнкәр, Нәкір келіп: «Мән Раббука?» (Раббың кім?) деп сұрапты. Сонда шәкірт, өзін медреседе жүргендей араб тілінің емлесімен: «Мән» бастауыш, «Раббука»

— 283 —

баяндауыш. Бұл оңай, маған қиындау сұрақ қойыңыз!" деп, әлгі періштелерді һәм сол жердегі әруақтарды һәм сол уақиғаға куә болған «әһл-і кәшф уәл қубур» әулиені күлдіріпті және Аллаһтың рахымын өзіне аударып азаптан құтылыпты, деседі. Сол сияқты, Рисалей-Нұрдың шәһид қаһарманы, марқұм Хафыз Али бауырымыз түрмеде «Миуа» рисалесіні бар ынтасымен жазып әрі оқып жүргенде қайтыс болып қабірінде сұрақ періштелеріне өзін соттағыдай сезініп Рисалей-Нұрдың ақиқаттарымен жауап бергені секілді, мен және Нұр шәкірттері де Рисалей-Нұрдың жарқын әрі бұлтартпас дәлелдерімен келешекте іс жүзінде, әзірге ойша жауап береді, иншаллаһ! Періштелерге: «Дұрыс! Бәрекелді! Машаллаһ!» дегізетін болады.

Һәм, періштелерге иманның бұ дүниенің бақытына себеп болтынына бір мысал:

Ғылымхалдан иман сабағын алып жүрген бейкүнә бір бала, қасында інісі қайтыс болып жылап тұрған бейкүнә бір балаға: " Жылама! Шүкір ет! Сенің інің періштелермен бірге Жәннатқа кетті. Ол жер рахат, періштедей ұшып барлық жерді кезіп аралайды, жағдайы бізден жақсы!" дегенде әлгі бала жылағанын қойып, күлімсірепті.

Мен де сол жылаған бала секілді биыл қыста, қиналып жүрген кезімде өте қайғылы екі хабар алдым. Біреуі жоғары оқу орнының үздік шәкірті, Рисалей-Нұр ақиқаттарының жайылуына ат салысқан және бауырымның баласы Фуад сондай-ақ, қажылыққа барып тауап жасап жүргенде опат болған өте сауатты марқұм Ханым әпкем.

Осы екі бауырымның өлімін естіген кезімде марқұм Абдурахманның өлімі секілді жаныма қатты батты. Сонда мен иманның нұрымен әлгі марқұм Фуад пен салиқалы әпкем Ханымның енді адамдардың орнына періштелермен, хурилермен жүргенін, дүниенің қауіпқатерінен, күнәлардан құтылғанын жүрек көзімен көрдім. Менің уайым-қайғым бір сәтте қуанышқа айналып һәм оларды һәм Фуадтың әкесі бауырым Абдүлмәжидті һәм өзімді құттықтап, мейрімі мол Аллаһқа шүкір еттім. Мұның бұл жерге жазылуының себебі сол екі марқұмға рақымшылық дұғасы оқылса деген ой.

Рисалей-Нұрдағы таразы-теңеулер мен мысалдар иманның бұл дүниеде һәм о дүниеде мәңгі бақытқа ұйытқы болар жемістерін баяндайды. Ондай үлкен әрі күлли жемістер адамды бұ дүниеде

— 284 —

бақытқа бөлеп, өмірдің рахатын сездіреді. Сол тұрғыдан алғанда әр мүминнің иманы оны мәңгі бақытқа бөлейтін және бүршік ашып ақырында жұмаққа айналатын дәнек секілді. Манағы күлли әрі сансыз жемістерінен бесеуі миғраж жемісі ретінде Отыз бірінші Сөздің соңында және тағы бес жемісі Жиырма төртінші Сөздің бесінші тармағында мысал ретінде жазылған болатын.

Иман шарттарының әрқайсысының жеке-жеке, көптеген тіпті сансыз деуге болатын жеміс-пайдалары бар. Олардың барлығын қосып жинақтаса көптеген жемістер алуға болады. Мәселен, олардың біреуі алып жәннат, біреуі мәңгі бақыт және біреуі әрі ең тәттісі «руәт-і Иләһия» яғни Аллаһтың дидарын көру деп әуел баста айтқан болатынбыз. Және Отыз екінші Сөздің соңындағы теңеу-мысалда иманның екі дүниенің бақытына себеп кейбір жемістері тамаша түсіндірілген болатын.

«Иман-ы бил Қадер» яғни тағдырға иманның құнды жемістерін бұл дүниеде де дәмін татуға болатынына дәлел, халық арасында кең тараған مَنْ اٰمَنَ بِالْقَدَرِ اَمِنَ مِنَ الْكَدَرِ (Тағдырға сенген адам уайым қайғыдан аман болады!) дейтін сөз бар. Тағдыр туралы рисаленің соңында екі адамның патша сарайының бау-бақшасына қалай кіріп шыққаны арқылы керемет мысалмен күлли жемісі баяндалған болатын. Тіпті, менің өзім өмірде қаншама тәжірибемен әбден көзім жеткені, адам тағдырға сенбесе дүниелік өмірдің бақыты түгіл мәні қашады. Мен, қандай да бір бәлеге ұшырағанымда "тағдырда бар екен!", деп иманмен қараған сәтте бәленің салмағы азайып бір жеңілдеп қалатынмын. «Тағдырға сенбейтіндер қалай өмір сүріп жүр екен» деп, таңқалатынмын.

Періштелерге иманның күлли жемістерінің біреуіне Жиырма екінші Сөздің екінші бөлімінде былайша ишара етілген болатын: Әзірейіл періште Аллаһ тағалаға мінәжат ретінде былай деген екен: Жан алу міндетін атқарарда құлдарың маған ренжіп, үстімнен шағым айтатын болды!" Оған жауап ретінде былай делінген екен: «Сенің атқаратын міндетіңді ауру, бәле секілді себеп-перделермен жасырып қоямын. Құлдарым саған емес әлгі себептерге наразы болады!». Осы себеп-перделер секілді Әзірейіл аләйһиссәламның міндеті де бір перде. Ол орынсыз шағымдардың Аллаһ тағалаға бағытталуына жол бермейді. Иә, өлімнің хикмет-пайдасын, оның рақымшылық екенін әркім көре алмайды. Үстірт қарап наразылық

— 285 —

білдіреді, шағым айтады. Сондықтан, осы тектес арыз-шағымдар аса мейрімді Рахим-ы Мұтлаққа бағытталмауы үшін Әзірейіл періште перде қызметін атқарады. Сол секілді барлық періштелер тіпті, барлық сыртқы себептердің міндеттері Иләһи Рубубиетке перде болып сырт көзге әдемілігі көрінбейтін, хикметтері белгісіз оқиғаларда Иләһи құдіреттің абыройын, пәктігін, рахымының кеңдігін сақтау. Наразылық, жаман ой тумасын деп және құдреттің болымсыз істермен, мейрімсіз нәрселермен қатысы жоқ - сырттай - екенін көрсету. Ал, шынтуайтында ешбір себептің әсері, ешқандай да жарату қабілеті жоқ, қолдарынан түк келмейтіні, барлығын бір Аллаһтың өзі жасайтыны Рисалей-Нұрда сансыз айғақтармен дәлелденген-ді. Жарату, жоқтан бар ету тек Оған тән. Себептер бүркемелеп жауып тұрған жай ғана перделер. Періштелер секілді саналы мақұлықтардың азғана ықтияры, шағын қалау-еркі ғана бар және олар еш нәрсе жарата алмайды. Олардың қолынан "кәсіб" дейтін белгілі бір мағынада өзіндік міндетінен және құлшылығынан басқа ештеңе келмейді.

Иә, Аллаһтың үстем абыройы мен ұлықтығы себептердің перде болып Иләһи пәк құдретті ақылдың назарында жауып тұруын талап етеді. Ал, тәухид пен әхадиет болса себептердің шынайы әсер ете алмайтынын, барлық нәрсе бір Аллаһтың қолында екенін білдіреді.

Сонымен, періштелер сондай-ақ, игі істерге, болмысқа негізделген шаруаларға пайдаланылатын сыртқы себептер, өмірде әдемі жақтары көрінбейтін, білінбейтін, сырт көзге жағымсыз көрінген істерде Раббани құдіретті кемшіліктен, зұлымдықтан қорғап, оны мадақтауға, тәсбих қылуға себеп болатыны секілді, жын мен адам шайтандары сондай-ақ, зиянкес заттардың жағымсыз әрі жоқ қылуға негізделген істерде пайдаланылуы тағы да сол Субхани құдіретті зұлымдықтан, жөнсіз наразылықтан, шағымнан қорғаштайды. Сонымен қатар Раббыны мадақтап, тәсбих қылуға және әлемдегі кемшілік атаулыдан Құдайдың құдіреті пәк, таза екенін көрсетуге қызмет етеді. Себебі, кемшіліктер жалпы болымсыз әрекеттерден, жоқтан, қабілетсіздіктен, бұзудан, міндетін атқармаудан - бұлар жеке-жеке жоқтан, амал етпеуден, ешнәрсе істемеуден пайда болатын болымсыздықтар. Мұндай шайтани, жағымсыз перделер әлгі кемшіліктерге көз болып наразылық пен шағымдарды орынды түрде өзіне аударады. Аллаһ тағаланың пәк құдретін паш етіп дәріптеуге қызмет етеді.

— 286 —

Расында жаман, болымсыз, бұзуға негізделген істерге күшқуат керек емес. Азғантай іс, кішкене қуат жеткілікті, тіпті, кейде өз міндетін атқармаудың салдарынан сұмдық бұзықтықтар мен болымсыз нәтижелер пайда болады. Сондай кезде әлгі жамандықты істеушілер күшті боп көрінеді. Алайда, болымсыз әрекет пен жоққа себеп болудан басқа түк әсері жоқ. «Кәсіб» дейтін нәрседен басқа қолдарынан еш нәрсе келмейді. Бірақ, жамандықтар болымсыз істерден пайда болатындықтан әлгі жамандар расында кінәлі, жасаған солар, бұзушы да солар. Орынды түрде егер саналы себеп болса жазасын да тартатын болады.

Демек, жамандыққа келгенде әлгі жамандар жасаушы, істеуші болып табылады. Бірақ жақсылыққа, игі амалдарға келгенде оған болмыс, күш-құдірет керек болатындықтан себеп болған жақсылар нағыз жасаушы, істеуші, әсер етуші емес, бола да алмайды. Олар тек қабылдаушы, олар жалғыз Аллаһ берген нұр-фейізді қабылдайды. Сондықтан берілетін сый-сияпаттар бір Аллаһтың мол мейрімінен, асқан фазылынан болмақ. Міне, бұл ақиқатты Құран мына аятымен білдіреді:

﴿ مَٓا اَصَابَكَ مِنْ حَسَنَةٍ فَمِنَ اللّٰهِ وَمَٓا اَصَابَكَ مِنْ سَيِّئَةٍ فَمِنْ نَفْسِكَ ﴾

Қорытынды. Болмыс бір әлем болып, жоқтық та шексіз өзінше бір әлем болып бір-бірімен соқтығысып және нәтижесінде жәннат пен жәһаннам секілді жемістер беріп жатқанда және барлық болмыс әлемі «Әлхамдулилләһ, Әлхамдулилләһ» деп ал, жоқтық әлемі «Сүбханаллаһ, Сүбханаллаһ» деп жатқанда және жалпыға ортақ күрес заңы бойынша періштелер шайтандармен, жақсылықтар жамандықтармен арпалысып тіпті, сонау жүректің айналасындағы илхам (аян) мен уәсуәсә (күдік) бір-бірімен шайқасып жатқанда кенет жоғарыда аталған періштелерге иман жеміс беріп мәселені шешіп қараңғы әлемді жарыққа бөлейді. اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ аятының көптеген нұрынан бір нұрын көрсетеді және иманның жемісі керемет тәтті екенін білдіріп дәмін татқызады.

Енді екінші күлли (ауқымы кең) жемісіне «Жиырма төртінші Сөз» бен «әлиф» әрпінің кереметін көрсеткен «Жиырма тоғызыншы Сөз» ишара етіп өте жарқын түрде періштелердің бар екенін, не қызмет атқаратынын дәлелдеген болатын.

— 287 —

Иә, ғаламның қай жағына қарасаң жалпы я жалқы нәрселерде өзін таныстыра, жақсы көргізе аса қамқор жойқын ұлық Рубубиет яғни Құдай тағала барлығын бір өзі жіті басқарып отыр. Мұндай билік, басқарма әлбетте өзіндегі айбындылыққа, қамқорлыққа, таныстыру ісіне жауап ретінде шүкір, пәктеу мағынасында күлли, ауқымды да саналы бір құлшылықты яғни бағынуды, мойынсұнуды керек етеді, тіпті шарт. Мұндай маңызды міндетті бүкіл жансыз жаратылыс пен алып болмыстың атынан тек саны шексіз періштелер ғана атқара алады. Манағы рубубиеттің барлық тұсын, жан-жақты атап айтсақ шыбыннан жұлдыздарға дейін бүкіл әлемдегі, ірге тасынан бастап сыртында болып жатқан хикмет толы жойқын Иләһи істерге олар уәкілдік қылады яғни періштелер болмақ.

Мысалы, философияның меңіреу заңдары тым қорқынышты, қараңғы түрде көрсеткен жердің жаратылысын, оның табиғи жағдайын осы имани жеміс арқылы нұрлы, жанға жайлы бейнеде «Сәуір» мен «Худ» дейтін періштелердің арқаларында яғни бақылауында екенін көресің. Жұмақтан әкелінген пәни жер шарына бақи тірек болмақ үшін яғни келешекте дүниенің бір бөлігін мәңгі жәннатқа тапсырылатынына ишара ретінде «Сахрет» деп аталатын ақыреттік бір зат, бір ақиқат жіберілген деседі. Ол әлгі Сәуір мен Хут дейтін періштелерге сүйеніш екен. Ол туралы Бән-и Исраилдың бұрыңғы пайғамбарларынан риуаят бар әрі оны Ибн-і Аббас та риуаят қылған. Өкінішке орай, осы киелі мағына заман өте мәнісін жоғалтып, әлгі тәшбих яғни теңеу ауам халық назарында ақиқат деп қабылданып ақылға сыйымсыз түрде тараған. Негізінде періштелер ауада емінеркін кезетіні секілді топырақта, тас пен жер астында да еркін жүре береді. Олай болса, әлбетте періштелер мен жер шары үстіне мініп тұратындай заттық бір тасқа немесе балыққа, өгізге қажеттілік жоқ.

Мәселен жер шары, үстінде қанша түр жаратылыс болса сонша басымен және ол түрлердің қанша тұлғалары болса сонша тілімен және олардың қанша ағзалары, жапырақ пен жемістері болса сонша тәсбих қылып зікір салады. Енді, мұндай ауқымды зор, бірақ бейсана фытри құлшылықтың парқына барып, сезіне білетін уәкіл ретінде Аллаһтың алдына ұсыну үшін қырық мың басы бар, әрқайсында қырық мың тіл бар, әр тілі қырық мың тәсбих қылатын бір уәкіл періштенің болуы керек қой. Ал ол туралы дәлме-дәл ақиқат ретінде Мухбир-і Садық Әз-Мұхаммед (с.а.у.) айтып кеткен.

— 288 —

Сондай-ақ, ғаламның маңызды нәтижесі боп табылатын адамдарға Раббысымен қандай мәміледе болу керектігін, талап-тілегін жеткізетін, көрсететін Жәбірейіл (а.с.) періште бар. Сосын жануарлар әлемінде өте маңызды оқиға, олардың тіріліп жан бітуі және өліп қызметтен босауы секілді жалғыз бір Аллаһтың қолынан келетін Иләһи іске тек уәкіл болып құлшылығы ретінде бақылап отыратын Исрафил ғаләйһиссалам мен Әзірейіл ғаләйһиссалам бар. Сондайақ, өмірде үлкен рөл ойнайтын, рахымның мазмұнды да ауқымы кең әрі қымбат ризық секілді Аллаһтың сый-жарылқауын бақылап отыратын, сонымен қатар бейсана жасалған шүкірлерді саналы түрде жеткізіп отыратын Микаил періште бар.

Міне, осындай табиғаты ғажап періштелердің және олардың болмыстарын сондай-ақ, рухтардың бақилығын Иләһи салтанат, рубубиет қатаң талап етеді. Неше түрге бөлінетін мұндай жаратылыстың бар екені әлемде Күндей анық көрініп тұрған Иләһи салтанат пен биліктің анықтығындай күмәнсіз, ақиқат. Періштелерге қатысты мәселелер осы айтылғанға салыстырып қаралсын.

Иә, жер шарында төрт жүз мың түрлі мақұлықтарды тіршілік иесінен жаратқан, тіпті өте қарапайым және сасық заттардан да тірі жандарды мол түрде жаратып жатқан және әртарапты солар арқылы безендірген және өзінің теңдесіз өнеріне олардың тілімен «Машаллаһ! Бәрекаллаһ! Субханаллаһ!» дегізген, сондай-ақ, әліг жан-жануарларға рахымын түсіріп мол сыйлыққа бөлеп оларға «Әлхамдулиллаһ! Әш-шүкр-ү Лиллаһ, Аллаһу Әкбар!» дегізген Қадир-і Зүлжалал-и уәл Жамал, әлбетте, оған еш шәк жоқ алып аспанға лайық, әсте қарсыласпайтын, өте мойынсұнғыш, әрдайым құлшылық ететін тұрғындарды, руханиларды жаратқан. Көк аспанды солармен безендіріп, бос жер қалдырмаған. Олардың кейбірі кіп-кішкентай боп жаңбыр мен қар түйіршіктеріне мініп, Иләһи өнер мен рахымшылықты өз тілдерімен қошаметтейді. Кейбірі жеке-жеке алып жұлдыздарға мініп ғаламды шарлап, Аллаһтың ағзаметін (ұлықтығын), ғиззатын (үстем абыройын), Рубубиетінің хашметін тамашалап «Аллаһу Әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!» деп құлшылықтарын әлемге паш етеді.

Иә, Адам Атадан бері аспаннан түскен сәмауи кітаптар мен діндер жаппай періштелердің бар екеніне, олар әрдайым құлшылықта болатынын бірлесе хабар берген. Және әрбір ғасырда адамдардың

— 289 —

періштелермен сөйлескендігі, олармен жүздескендігі күмән тудырмайтындай түрде кеңінен тарап айтылып жүр. Қалайша Америка құрылығын мекендейтін адамдарды көзбен көрмесек те хабарға сеніп күмәнданбайтынымыз секілді періштелердің де бар екені, олар бізбен байланыста екені анық, оған сенімдіміз.

Сонымен, кел! Осы екінші күлли жеміске иман нұрымен қарап, дәмін тат! Әлемді құлпыртып, оны ұлы мешітке яки үлкен ғибадатханаға айналдырып жібергенін көр! Пән мен философия, жаратылысты сұсты, өлі, қараңғы қорқынышты түрде көрсететін болса иман, нәрсені тірі, саналы, жарық әрі жылы шырайлы етіп көрсетіп мәңгі өмірдің ләззатын бір шама иманды жандарға дәрежесіне қарай дүниенің өзінде татқызады.

Қосымша. Қалайша, «уахдет» пен "әхадиет" сырымен ғаламның әр тарапында бірдей құдірет, бірдей есім, бірдей хикмет пен бір өнер байқалады. Бұл бізге жаратушысының бір екенін, бәрін бір өзі басқарып тұрғанын, өзі ғана жасап өзі ғана билеп төстейтінін, істері керемет, пәк әрі киелі екенін жалпы әрі жалқы түрде, тұтас немесе жекеше әрбір жаратылыстың хал тілімен жария етіліп жатыр. Дәл солайша, әр тарапта періштелер жаратып әрбір мақұлықтың хал тілімен бейсана түрде жасаған тәсбих-құлшылықтарын періштелердің ғибадат тілдерімен жасатып қойған. Періштелер ешбір тұрғыдан әмірге қарсы әрекет етпейді. Таза құлшылықтан басқа ешбір іске, жаратуға әмірсіз әсте араласпайды. Тіпті, рұқсатсыз періштенің шапағаты да болмайды. Толық мағынада عِبَادٌ مُكْرَمُونَ ٭ يَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ аяттың дегеніндей өте мойынсұнғыш мақұлықтар.

— 290 —

Соңы

[Құранның таңғажап екеніне қатысты өте маңызды бір тұжырым. Бұл ақшам намазынан кейін еріксіз түрде келген ишара және قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ яғни "Фалақ" сүресінің болашақтан хабар беретін ашық мұғжизасын көрсететін үлкен ақиқатқа кішкене ғана белгі]

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ ٭ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ ٭ وَمِنْ شَرِّ غَاسِقٍ اِذَا وَقَبَ ٭ وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِى الْعُقَدِ ٭ وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ اِذَا حَسَدَ ﴾

Осы таңғажайып сүренің тек ишари мағынасына қысқаша шолу. Бұл аят: «Әлемдегі болмысты жоқ қылуға, бұзуға бағытталған пәлекеттерден, адам мен жын шайтандарынан өздеріңді сақтаңдар!» деп, Ардақты Пайғамбарымызға және үмметіне бұйырады. Аят әрбір ғасырды қамтитыны секілді ишари мағынасымен мына сұмдық ғасырымызға анағұрлым тіпті, ашықтан ашық қарап, Құранның қызметшілерін Аллаһқа сыйынуға шақырады. Бұл ғайби мұғжизаны яғни келешектен хабар беретін керемет аятты бес ишарамен қысқаша мағынасын баяндауға тырысамыз.

Әрбір аяттың мағыналары өте терең. Біз жалғыз ишари мағынасын қарастырып, бес сөйлемінде төрт мәрте кездесетін شَرِّ (шерри) сөзі неліктен қайталанғандығын және мағына тұрғысынан тығыз байланыстылығын айта келе, төрт жақтан осы ғасырдың тарихта болмаған төрт маңызы зор сұмдық әрі қауіпті, рухани һәм заттық бәлелерді, сондай-ақ, аласапыран төңкерістер мен қан төгістерді дәл уақытымен бірге көрсетіп тұрып хабар бергенін әрі «одан сақ болыңдар!» деп бұйырғанын айтпақпыз. Әрине, бұл Құранның мұғжизалығына жарасатын тәрбиелік мәнісі зор хабар.

Мәселен, сүренің басындағы قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ сөзі, мың үш жүз елу екі немесе төрт (1352-1354 жж) тарихына әбжәд пен джифри есебі бойынша сәйкес келіп ашкөздіктен, қызғаныштан пайда болған және бірінші дүние жүзілік соғыстың салдары деуге болатын екінші

— 291 —

дүние жүзілік соғыс болатынын хабар береді. Әрі Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне: «Бұл соғысқа қатыспаңдар! Раббыларыңа сыйыныңдар!» деген мағынаны білдіреді. Енді, рәмізді мағынасы, Құранға қызмет етіп жүрген Рисалей-Нұр шәкірттеріне арнайы ілтипат көрсетіп олардың Ескішәхир түрмесінен яғни сұмдық бір бәледен аман-есен құтылатындарын және «көздерін жою керек» деген ауыр үкімнің іске аспай қалатынын тарихын көрсетіп тұрып, оларға бейне бір: «Бір Аллаһқа сыйыныңдар!» дегендей рәмізді мағына жатыр.

Һәм, мысалыға: مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ сөзі - шәддесін санамаймыз - мың үш жүз алпыс бір (1361) болып адам айтқысыз қатігез, зұлымдыққа толы алапат соғыстың дүниені астан-кестеңін шығарып кететінін руми және һижри жыл санауымен дөп басып хабар берген. Дәл сол кезеңдерде бар ынта-жігерімен Құранға қызмет етуге тырысқан Нұр шәкірттерінің көзін жою үшін жасалған ауқымды сұмдық жоспардан және қайғылы да үрейлі бәледен сондай-ақ, Денизли түрмесінен аман-сау құтылатынына сәйкес келіп рәмізді мағынасымен оларды да қамтып: «Халықтың шерінен, бәле-жаласынан өздеріңді сақтаңдар!» дегендей құпия хабар береді.

Һәм, мәселен: اَلنَّفَّاثَاتِ فِى الْعُقَدِ сөйлемі - тағы да шәдделерді санамаймыз - мың үш жүз жиырма сегіз (1328), ал егер шәддедегі (ләм) саналса мың үш жүз елу сегіз (1358) болып мына дүние жүзілік соғысты ұйымдастырған шетелдік қанішер залымдардың тоюды білмейтін ашкөздік, қызғаныш дейтін бәлесінен сондайақ, бізде болған егемендікке деген ұмтылыстың Құранға пайдалы нәтижелерін көре алмай бұзып, оның жүзеге асып өркендеуіне жол бермеу мақсатта билік-салтанаттың өзгеретінін және Балкан және Италян соғысы болатынынан хабар береді. Сондай-ақ, бірінші дүние жүзілік соғыс басталғанда өздерінің рухани һәм материалдық зымиян жоспарларын саясаткерлердің, дипломанттардың аузымен және радио арқылы жұрттың құлағына үрлеп, оларды сиқырлап, у бергендей миларын ашытып, адамзаттың тағдырымен ойнап, өздерінің астыртын жоспарларын жүзеге асыру арқылы мың жылдық тарихы бар мәдени өркениетті астан-кестеңін шығаратын бәлелердің қара бұлты жайлаған тарихына сәйкес келіп اَلنَّفَّاثَاتِ فِى الْعُقَدِ сөзінің мағынасына дәл тура келеді.

— 292 —

Һәм, мәселен, وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ اِذَا حَسَدَ сөйлемі - шәдде мен тәнуин саналмайды - тағы да мың үш жүз қырық жеті - (1347) дәл сол жылы шетелдіктердің келісім шарттарына мәжбүр түрде көніп қол қойылудың кесірінен болатын осы елдегі алапат қилы кезеңдерді және пәлсәпәнің екпінді ықпалымен мына діндар халықта үлкен өзгерістер болатынын сондай-ақ, дәл сол тарихта мемлекеттер арасында екінші дүние жүзілік соғыстың алғы шарттары яғни қызғаныш, бақталастық болатынын, ақыры соғысып тынатынын хабарлап, ишари мағынасымен дәлме-дәл сәйкес келуі, тура шығуы, әлбетте, осы киелі сүренің жарқын ғайби хабарының бір сәулесі болып табылады.

Ескере кететін жәйіт; Әрбір аяттың бірнеше мағынасы болады, Һәм әрбір мағына күлли яғни ауқымы кең әр ғасырға қарайтын жағы болады. Біз айтып отырған ишари мағына тек осы ғасырға қарайтын жағы. Һәм әлгі күлли мағынаның ішінде біздің ғасыр бір тұлғасы ғана. Дегенмен, өзіне баса назар аудартқан болуы керек, себебі дәл тарихын көрсетіп тұр. Мен төрт жылдан бері бұл соғыстың жай-жапсарын, не болып жатқанын, ымыраға келіп-келмегенін білмеймін, сұраған да емеспін. Сондықтан, бұл киелі сүренің ішінде тағы нендей ғасырымызға, соғысқа қатысты ишари жақтары бар екен деп үңілмедім. Әйтпесе, бұл қазынада көптеген құнды сырлар жатқанын Рисалей-Нұрдың кітапшаларында, атап айтсақ «Румузат-ы Сәмание» рисалелерінде баяндалып һәм дәлелденгендіктен соларға сілтеп қысқа қайырдым.

Ойға келуі мүмкін сұрақтың жауабы:

Осы ғажап хабарда, ең баындағы مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ сөзінде, һәм مِنْ һәм شَرِّ сөздерінің есепке алынуы, ал соңындағы وَمِنْ شَرِّ حَاسِدٍ اِذَا حَسَدَ сөйлемінің тек ғана شَرِّ сөзі саналы وَمِنْ сөзі саналмауы сондай-ақ, وَمِنْ شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِى الْعُقَدِ сөйлемінің екеуі де саналмай қалуында өте нәзік, күрделі байланыс бар. Сондықтан рәмізді түрде бір мағынаны мегзеп отыр. Жалпы, жаратылған нәрселерде жамандықпен бірге жақсылықтар да болады. һәм, барлық жамандық жаппай әркімге келе бермейді. Міне, осыны мегзеп "кейбірі" деген мағынаны білдіретін مِنْ (-дан, -тен) және

— 293 —

شَرِّ сөздері саналып, есепке алынып отыр. Ал, қызғаншақ қызғанған кезде оның істері жаппай жамандық, бәле болады. Ол кезде "кейбірі" мағынасына қажет жоқ. Және اَلنَّفَّاثَاتِ فِى الْعُقَدِ сөйлемі рәміз арқылы былай дейді: Қара бастарының пайдасы үшін жер жүзін отқа ораған қара ниетті, түйінге үрлеуші, сиқыршы әлгі дипломаттардың бұзақы сұм істері жаппай тұнып тұрған жамандық. Сол үшін тағы شَرِّ сөзіне қажет қалмады.

* * * * *
— 294 —
БҰЛ СҮРЕГЕ ҚАТЫСТЫ МҰҒЖИЗАЛЫ
ТҰЖЫРЫМНЫҢ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕСІ:

Қалайша, сүре өзінің бес сөйлемінің төртеуімен ғасырымызда болған төрт үлкен қауіпті өзгерістер мен пәлекеттерге ұшырататын дауыл соқпақтардан ишари мағынада хабар берген. Дәл солайда, төрт мәрте қайта-қайта مِنْ شَرِّ -шәдде саналмайды - сөзі арқылы Ислам әлемі бойынша алапат күлли зиян келтірген Шыңғысхан мен Хулагу фитне-бүлігін және Аббаситтер мемлекетінің құлдырау ғасырына төрт мәрте ишари мағынамен және джифри мақаммен нұсқап, сілтеме жасаған.

Иә, шәддені есептемегенде شَرِّ бес жүз (500) ал, مِنْ тоқсан (90) болады. Болашаққа қатысты көптеген аяттар һәм бұл ғасырға һәм өткен ғасырларға ишара еткен. Сол тұрғыдан алғанда болашақтан хабар берген Имам-ы Али (радиаллаһу анһ) пен Ғаус-ы Ағзам (қуддусу сыррух) да дәл сол секілді һәм бұл ғасырға һәм сонау өткен ғасырларға қарап хабар берген. غَاسِقٍ اِذَا وَقَبَ сөздері бұл заманымызға емес, анық түрде غَاسِقٍ мың бір жүз алпыс бір (1161) және اِذَا وَقَبَ сегіз жүз он (810) болып өткен замандардағы орасан зор рухани, заттық пәлекетерді меңзеп хабар береді. Егер қосып қарайтын болсақ, Милади бойынша мың тоғыз жүз жетпіс бір (1971) шығады. Сөйтіп сол заманда болатын жойқын бәледен хабар береді. Жиырма жылдан кейін егер қазіргі егіліп жатқан тұқымдардың өнімі тазартылып, тәрбиеленбесе міндетті түрде соққының түрі жаман болып, азабы қатты болмақ!

* * * * *
— 295 —
Он бірінші мәселенің түсініктемесінің қосымшасы
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾

Аят-үл Күрсидің қосымшасы боп саналатын

﴿ لَٓا اِكْرَاهَ فِى ﴿الدّ۪ينِ قَدْ تَبَيَّنَ الرُّشْدُ﴾ مِنَ الْغَىِّ ﴾

мың үш жүз елу (1350);

﴿ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ ﴾

мың тоғыз жүз жиырма тоғыз (1929) немесе (1928),

﴿ وَيُؤْمِنْ بِاللّٰهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ ﴾

тоғыз жүз қырық алты (946) "Рисалет-үн Нұр" есіміне сәйкес келеді.

﴿ ﴿بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى﴾ ﴾

Мың үш жүз қырық жеті (1347);

﴿ لَا انْفِصَامَ لَهَا وَاللّٰهُ سَم۪يعٌ عَل۪يمٌ ٭ ﴿اَللّٰهُ﴾ ﴿وَلِىُّ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا﴾ ﴾

егер бірге қойсақ мың он екі (1012); егер бірге болмаса, тоғыз жүз қырық бес (945) (бір шәдде саналмайды);

﴿ يُخْرِجُهُمْ مِنَ ﴿الظُّلُمَاتِ﴾ اِلَى النُّورِ ﴾

мың үш жүз жетпіс екі - шәддесіз -

وَالَّذ۪ينَ كَفَیرُٓوا اَوْلِيَٓاؤُهُمُ ﴿الطَّاغُوتُ﴾

мың төрт жүз он жеті (1417)

﴿ ﴿يُخْرِجُونَهُمْ مِنَ النُّورِ اِلَى﴾ الظُّلُمَاتِ ﴾

Мың үш жүз отыз сегіз (1338) - шәдде саналмайды.

﴿ اُولٰٓئِكَ اَصْحَابُ النَّارِ هُمْ ف۪يهَا خَالِدُونَ ﴾

Мың екі жүз тоқсан бес (1295) - шәдде саналады

Рисалет-үн Нұрдың екі мәрте атына һәм күрес тәсіліне һәм жүзеге асатынына және жазылып, пісіп жетілетін заманына дәлме-дәл сәйкес келіп тұр. Сонымен қатар, кәпірлердің мың екі жүз тоқсан үште (1293) соғыс отын тұтатып Ислам әлемінің нұрын сөндіруге әрекеттенген заманына және бірінші дүние жүзілік соғысты пайдаланып мың үш жүз отыз сегізде (1338) адамзатты іс жүзінде нұрдан қараңғылыққа түсіру ниетімен жасалған сорақы келісім шарттардың тарихына дәлмедәл келеді. Және аятта нұр мен қараңғылық сөзі жиі кездесуі және

— 296 —

сол рухани соғыста Құраннан шыққан бір Нұр имандыларға демеу болатынын ишари мағынасымен хабар береді деп, көкейіме бір ой келді. Мен де жазуға мәжбүр болдым. Қарасам, мағына жағымен осы ғасырмен тығыз байланысты. Тіпті, сәйкестік тұсы мүлдем болмаса да аяттар әрбір ғасырды қамтитындықтан ишари мағынасымен де бізбен сөйлесіп тұрғанына күмәнім қалмады.

Иә, біріншіден, ең басында тұрған

﴿ لَٓا اِكْرَاهَ فِى الدّ۪ينِ قَدْ تَبَيَّنَ الرُّشْدُ ﴾

сөйлемі джифри уә әбжәди есеп бойынша мың үш жүз елу (1350) тарихын меңзеп ишари мағынасымен былай дейді: "Ол заманда дінді дүниеден бөліп, діндегі мәжбүрлікке, шарттарға қарсы және діни күресті қабылдамайтын, дін үшін шайқасуға қарсы пікір қалыптасып "ар-ұждан бостандығы" деген желеумен тіпті мұны мемлекет өзіне заң ретінде қабылдап саяси қағида, қатаң ереже болып бекітіледі. Өкімет "Зайырлы елге" айналады. Оған қарсылық ретінде мағынауи шайқас, діни күрес "тахқиқи иман" яғни әбден зерттеліп, көз жеткізілген шынайы иман қылышымен жүзеге аспақ. Өйткені, діннің тура жол екенін, тәлімтәрбиесін, оның хақ пен ақиқат екенін көзге шұқып тұрып анық көрсететін қуатты, бұлтартпас айғақтармен айқындап беретін бір Нұр, Құраннан шығады. Осылайша өзінің мұғжиза, ғажап тылсымының бір шуағын көрсетеді.

Һәм сонау خَالِدُونَ сөзіне дейін Рисалей-Нұрдағы теңеулердің бұлағы ретінде, дәл солай теңеулермен қайта-қайта нұр мен зұлыматты, иман мен күпірлікті қатар баяндау арқылы астарлы түрде бір мағынаны рәмізбен хабар береді. Яғни, ол заманда болатын мағынауи күрес майданында үлкен рөл ойнайтын, қаһарман, аты Нұр, "Рисалей-Нұр" тәпсірі. Ол, діндегі жүздеген тылсым-сырларды ашып бейне бір мағынауи алмас қылыш тәрізді. Енді ол, заттық кәдуілгі қылышқа қажеттілік туғызбайды!" дейді.

Иә, Құдайға шүкір, Рисалей-Нұр жиырма жылдан бері әлгі ғайби хабарды растап, аяттың мұғжизалық бір сәулесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Міне, осы сырға байланысты Рисалей-Нұр шәкірттері дүниелік саясатқа, саяси ағым, партияларға және заттық күрестерге араласпайды, мән бермейді, өздерін төмен түсірмейді. Оның нағыз, хас шәкірттері қас дұшпан жауының жауыздығына қарсы былай жауап береді:

— 297 —

"Ей, бейбақ! Мен сені мәңгі жоқ болудан құтқарып, фәни хайуандықтың төмен деңгейіне түсіп кетпей мәңгі бақи адами бақытқа қолы жетсін деп жүгіріп жүрмін. Сен болсаң мені өлтіріп, көзімді жойғың келеді.

Біліп қой! Сенің бұл дүниеде алар ләззатың, көрер қызығың өте қысқа! Ал ақыретте тартатын азабың мен жаза өте ауыр әрі ұзаққа созылмақ. Ал, мен үшін өлім құрметті демалысқа шығу. Жолымнан былай тұр! Сенімен шұғылдануға уақытым жоқ, не істесең оны істе!" деп, әлгі залым дұшпанына кек сақтап ашуланудың орнына оны мүсіркеп аяйды. Жаны ашып: «Шіркін құтылса ғой, аман болсыншы!» деп тура жолға түсіруге тырысады.

Екіншіден: ﴿وَيُؤْمِنْ بِاللّٰهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ﴾ ﴿بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقٰى﴾ мына екі киелі сөйлем мағына жағымен тақырыбымызға тығыз байланысты болуымен қатар, «джифр уә әбжад» есебі бойынша, біріншісі Рисалей-Нұрдың атына, екіншісі болса оның жарыққа шығатынына, кемеліне жетіп үлкен табыстарға бөлетініне мағына жағымен және джифр есебімен дәлме-дәл сәйкес келіп мынаны меңзейді:

«Рисалей-Нұр бұд ғасырда және өз кезеңінде » уруәт-үл усқа" яғни еш үзілмейтін мықты арқан, "Хаблуллаһ". Оған қолын созып, мықтап ұстағандар құтылады!" деп рәмізді хабар береді.

Үшіншіден: اَللّٰهُ وَلِىُّ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا сөйлемі һәм мағынасымен һәм джифр есебі бойынша Рисалей-Нұрдан рәмізді түрде хабар береді. Былайша...

(Осы жерге келгенде перде жабылып қалды. Демек жазуға рұқсат жоқ. Кейінге шегерілді)

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾

Түсініктеме: Бұл тұжырымның қалған бөлігінің әзірге жаздырылмауының себебі аз да болса дүниемен, саясатқа байланысты болғандықтан болар. Бізге араласуға болмайды. Иә, اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى бұл "тағутты" айтып отыр, оны меңзейді...

Саид Нұрси
* * * * *
— 298 —
[Рисалей-Нұрдың қаһарманы Хусревтің "Миуаның он бірінші Мәселесіне" байланысты жазған хатынан үзінді]
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَ اِنْمِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Аса құрметті де қадірменді және жанымдай жақсы көретін, сүйікті ұстазым!

Ел үшін, халық үшін баға жетпес құндылықтарға толы "Миуа" атты кітап өзінің «Тоғыз Мәселесімен» өте қауіпті кезеңде, бұзақы, тентектердің ішінде, азулы дұшпандардың арасында жазылып жарыққа шықты. Ол таңғажайып түрде шәкірттерінің сотта ақталып аман-есен шығуына себеп болды. Сонымен қатар оныншы, он бірінші Мәселелері арқылы атын атап тұрып Нұр шәкірттерінің ұстанған жолы ақиқат екенін растап, қошамет көрсеткен екен. Сондай-ақ, сөзсіз баратын жеріміз қабірдегі ахуалдың қалай болатынын және әркімнің зәресін алып, әсіресе бейғамдарды қатты қорқытатын, қараңғы да үрейлі көрінген топырақтың асты жылы, жарық әрі ол жерде жолығатын, сөйлесетін періштелермен сұхбатты жағымды баяндап, осылайша қорқынышты қабірге деген үрейімізді басып терең тыныс алдырды. Әсіресе, о дүниенің нұрлы өмірін мен секілді көре алмайтын жандарға жарығы жүз мыңдаған жылдарға жететіндей электр шамын сыйлады. Һәм, «Миуа рисалесі» әрдайым иіскеп отыратын гүл бақшасы секілді. Иә, біз сүйікті ұстазымызға күн сайын сабағын мұғаліміне тапсыратын шәкірт сияқты әрқашан сүйікті ұстазға айтып отырғымыз келеді. Алайда, сүйікті ұстаз әзірге сөйлесуге үзіліс жариялапты.

Уа, ғазиз ұстаз! Рисалей-Нұрдың ақиқаты және Миуаның әсемдігі сондай-ақ, гүлінің нұр-сәулесі маған қатты әсер етсе керек, ризашылығымнан аз да болса көпшіліктің атынан сөз сөйлеуге батылдық пайда болды. Ол мен сияқты жандардың жүрегін тірілтіп жан бергендей. Қазіргі таңда өлкемізде Рисалей-Нұрға қызығушылық оянып, сұраушылар көбейіп Миуаның он бірінші гүлін иіскеген соң одан бетер қайсарлық, табандылық танытуда. Әлеміміз нұрға толып, ақиқаттар ашылып, қызу әрекет басталып кетті.

Деңгейі төмен нашар шәкіртіңіз Хусрев
— 299 —

[Спарта қаласындағы барлық Нұр шәкірттері атынан Рамазанды құттықтап жазылған және он үш жеріне түзету енгізілген хат]

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَ اِنْمِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Уа, мұсылмандардың дүние мен ақыретте аман-саулығын тілеп, сол үшін Құранның фәйзімен, Рисалей-Нұрдың ақиқатымен және адал шәкірттерінің ынта-жігерімен көзінен жас емес қан ағызған жан! Уа, ақырзаманның фитне-бүліктері мен аласапыран уақытында Хәзіреті Әюб ғаләйһиссаламнан бетер дертке душар бейшараларға Құранның нұрын, Рисалей-Нұрдың дәлелдерін көрсетіп, шәкірттерінің ынтаықыласын оятқан, Ислам әлемінің заттық-рухани дерттерін дөп басып Хәкім Лұқпан секілді емдеуге тырысып баққан жан! Уа, мүбарак қолындағы Нұр кітапшаларының хақ әрі ақиқат екенін Құранның отыз үш аятымен дәлелдеген және Хәзіреті Али мен Ғаус-ы Ағзамның кәрәматымен растаған жан!

Уа, өзі науқас, қарт, әлсіз әрі тым аянышты халде бола тұра Ислам үшін бәрімізден артық жанын пида етуге дайын жанашыр және өзіне зұлымдық жасағысы келгендерге Құранның ақиқатымен және Рисалей-Нұрдың айғақтарымен, Нұр шәкірттерінің адалдығымен жауап берген және оларға қайыр дұға тілеп, жақсылық жасаған және жазған құнды еңбектерінің ішінен «Аят-үл Күбра» кітабының бастырылуына байланысты шәкірттерімен бірге түрмеге түсіп, сол зындан, қапастарды Құранның нұрымен, Рисалей-Нұрдың дәрістерімен және шәкірттерінің ықылас, ынтасымен Юсүфтің (а.с.) медресесіне айналдырған және оны дәрісхана жасап арамыздағы надан кісілерге түгелдей Құран оқуды үйретіп, оны басынан соңына шейін оқытып хатым шығартқан және сондай қиын күндерде Құранның тылсым қуатымен, Рисалей-Нұрдың жұбаныш беретін ақиқаттарымен, бауырлардың сабырлығымен және өзі жүдеу һәм әлсіз бола тұра баршаның ауыр жүктерін арқалап, сондай-ақ өзі жазған «Миуа», "Мудафанаме" рисалелерімен және Құранның қасиетімен, Рисалей-Нұрдың бұлтартпас айғақтарымен және шәкірттерінің шынайы ықыласымен Құдай қалап қамаудың құлыптарын аштырып,

— 300 —

өздерін ақтап бостандыққа шығуға себеп болған, сөйтіп сол күнді бізге және Ислам әлеміне мейрам қылған, осылайша шынымен Рисалей-Нұр «нұр үстіне нұр» екенін дәлелдеп оның қияметке дейін еркін оқылып, дербес жазылуына жол ашқан жан!

Уа, Қасиетті Құранның киелі азығымен, Нұрдың ақыреттік нәрімен және шәкірттерінің адал құлшылығымен бұл Нұрларға Ислам әлемінің ауа мен су секілді мұқтаж екенін және осы Нұрларды оқып әрі жазған кісілердің ішінен мыңдаған жан қабірге иманмен кететінін дәлелдеген сондай-ақ, өзіне әбден берілген тәлабаларын ешқашан, ешбір жерде ұятқа қалдырмай, жеңілдірмей желеп-жебейтін және күні бүгінге дейін Құранның сәмауи дәрістерімен, Рисалей-Нұрдың негіздерімен әрі шәкірттерінің зеректігімен және Миуаның оныншы, он бірінші мәселе, гүл-шешектерімен бір-бірімізден айырылысудан пайда болған, қанжылаған жүрегімізді абылхаятпен, кәусар шарабымен яғни осы мүбарак «Мәселелермен», "гүл-шешектермен" жүрегіміздің жарасын емдеп, қуанышқа кенелткен және жұрттың қатты қорқатын өлімнің имандылар үшін мүлде жоқ болу еместігін, керісінше ол құрметті демалысқа шығу екенін көрсеткен (мұны Құран Кәрім анық уәде берген және қатаң ескерткен және марқұм шәкірттерінің көргеніндей «кәшф-үл қубур» дейтін әулиелердің дегеніндей), ол - нұр әлеміне саяхат екенін дәлелдеген ал, діннен безген кәпір, екі жүзді мұнапықтар үшін мәңгі зұлымат құрдым екенін баяндаған Қасиетті Құранмен, Ардақты пайғамбарымыздың хадистерімен дәлелдеген және сырттай үрейлі де қараңғы әрі суық та тар қабірді иманды жандарға жәннаттың бір бақшасы, жұмаққа айқара ашылған есік екенін дәлелдеген, ал кәпір мен мұнапық, дінсіздерге ол жәһаннам үңгірі, іші жылан мен шаянға толы шұңқыр болатынын дәлелдеген және ол жерге келетін Мүнкер мен Нәкир періштелері болса тура жол бұйырып, ақиқатты ұстанғандар үшін дос-жаран болатынын және Рисалей-Нұр шәкірттерін «талабе-и улум» қатарына қосып әлгі Мүнкер мен Нәкирдің сұрақтарына Рисалей-Нұрмен жауап беретіндігін марқұм, қаһарман, шәһид Хафыз Алидің опат болуымен анықтап білдірген және тірі жүргендерімізді де сол сияқты РисалейНұрмен жауап беруімізді Аллаһтың рахымынан сұрап, жалбарынған және қасиетті Құранды жоғары дәрежеде өзіне лайық түрде суреттеп, оқырманға оның қырық түрлі қырын, мағынауи ғажайыптығын

— 301 —

көрсету арқылы ол бүкіл әлемді қамтитындығын, ол Кәлам-ы Әзәли екенін Рисалей-Нұр тәпсірімен дәлелдеген, атап айтқанда «Румузат-ы Сәмание» рисалесімен және бақыт ғасырынан бері ешкімнен қолынан келмеген тәсілде Рисалей-Нұрдың қаһарман жазушысы Хусревке "Жаз!" деп бұйырғанда Құран Ләух-ы Махфуздағыдай жазылып таңғажайыптығын көзге де көрсеткен, осылайша Құран Аллаһтың сөзі екенін тағы да растаған және ол Құран, аспани кітаптардың ең ұлығы, ең абзалы екенін және бір "Фатиха" сүресінің ішінде мыңдаған "Фатиха", бір "Ықылас" сүресінде мыңдаған "Ықылас" сүресі бар екенін, әріптері болса он, жүз яки мыңдаған сауап беретінін теңдесіз түрде, ешкім естіп, ешкім көрмеген тәсілде түсіндірген және Қасиетті Құран мың үш жүз жылдан бері өзінің иғжазын көрсетіп жатқанын, ол өзінің жауларына тойтарыс беріп, нұрын көзге көрсеткендей нақты дәлелдерімен әлемге атой салғанын, мұны ең қырсық адамның өзіне мақұлдатқан Жиырма бесінші Сөз және басқа еңбектері арқылы дәлелдеген сондай-ақ, Хәзіреті Пайғамбар ғаләйһиссалату уәссаламнық хақ пайғамбар, әрі ол жүз жиырма төрт мың пайғамбардан үстем әрі олардың имамы екеніне байланысты мыңдаған мұғжизаларын «Мұғжизат-ы Ахмәдие» (с.а.у.) атты кітапшасымен шебер дәлелдеген және Қасиетті Құранның Ардақты Пайғамбарымызды әлемдерге рахым түрінде жібергенін айғақтармен баяндаған және Оның (с.а.у.) іс-әрекеті, хал-жағдайы әлемге үлгі, толыққанды өнеге, жетекші екенін соқырларға да көрсеткен, сондайақ, Анадолу басқа да өңірлерде Нұрдың жайылуы бәлелердің алдын алып кері қайтарғанын, ал тыйым салынып қудаланғанда бәлелердің көбейіп кетуінің сырын ашқан және Нұр шәкірттерінің өте қиын шарттарда табандылықпен қызмет етіп, өзара тығыз байланысу арқылы ол Кісінің (с.а.у) сүннетіне мойынсұну өте пайдалы екенін және бұ заманда бір сүннетті орындау жүз шәһидтің сауабына қол жеткізетінін және садақа қалайша қаза мен бәленің бетін қайтаратын болса дәл солай Рисалей-Нұр да Түркияны қауіп-қатерден, бәлежаладан жиырма жылдан бері сақтап келгенін анық түрде дәлелдеген аса қадірменді Ұстаз!

Сонымен, мына Рисалей-Нұрдың ақталуы әуелі сіз, сүйікті ұстазымызды, сосын біз секілді кемшілігі көп шәкірттеріңізді, сосын Ислам әлемін қуанышқа бөлеп мейрамның үстіне мейрам

— 302 —

жасағаныңыз үшін сізді шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар болып отырған Рамазан мерекеңізді, Қадір түніңізді де құтты болсын демекпіз! Мұндай мейрамдар көп болып мерейіңіз үстем бола берсін! Біз секілді кемтар пенделер кемшіліктерін кешірілуін тілей отырып, жаппай сізге сәлем айтуда, қолдарыңыздан сүйіп дұға-тілектеріңізді күтеміз.

Спарта қаласы және төңірегіндегі
Нұр шәкірттері
* * * *

(Мені асыра бағалап, көп мақтап жазылған бұл хаттың мазмұнын кішіпейілділік танытып кері қайтару, нығметтің қадірін білмеу әрі барлық Нұр шәкірттерінің жақсы ойларын сыйламау, ал дәл солай қабылдау тәкәппарлық, менмендік болатындықтан, барша жамағаттың атынан Рисалей-Нұрдың қаламгері жазған бұл ұзақ хатты, қасына басқа он үш пікірлерді қосып, бір жағынан шүкір мақсатында һәм мақтанудан һәм тоңмойындықтан құтылу үшін сендерге бір нұсқасын жіберіп отырмын. Мұны он бірінші мәселенің соңына "Рисалей-Нұрдың Спарта және айналасындағы тәлабаларының бір хаты" деп тіркеп қоярсыңдар).

Мен осы хаттың кейбір тұстарын алып, қысқартып отырғанымда бір көгершін екі мәрте қасымыздағы терезеге келіп қонды. Ішке кірейін деп еді Джәйланды көріп кірмеді. Бірнеше минуттан кейін басқасы дәл солай келді де тағы да жазып отырған шәкіртті көріп кірмей қойды. Мен былай ойладым: "Бұл да алдыңғы құстар секілді сүйінші хабар әкелген болар немесе осы хат секілді бірнеше хат жазылғандықтан берекеге бөленгенін құттықтап келіп тұрған шығар!".

САИД НҰРСИ
* * * *