Хаттар
— 96 —

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБ

Бұл жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбар екенін дәлелдейтін үш жүзден астам мұғжиза баяндалып қана қоймай, өзі де сол мұғжизаның бір кереметі десе болады. Таңғажайып кереметі мынада:

Біріншіден: Нақыл мен риуаят түріндегі жүз парақтан астам шығарма болса да, ешқандай кітапқа қарамастан жатқа, әрі тауда, бақша ішінде үш-төрт күннің ішінде күнде екі-үш сағат шұғылданып, барлығы он екі сағатта жазылып бітуі таңғажайып оқиға.

Екіншісі: Бұл жазба көлемі жағынан үлкен болса да көшіріліп жазылуы еш жалықтырмады. Оқығанда да қызықтығы арта түседі. Жалқау хатшыларға да (көшірушілерге) күш-қайрат пен ынта бергендігі сонша, бұндай зеріктіретін, жалықтыратын мезгілде осы төңіректе бір жыл көлемінде жетпіске жуық нұсқасы қолмен жазылып көбейтілді. Бұл Пайғамбарымыздың мұғжизасының кереметі екендігіне шүбәміз қалмады.

Үшіншісі: Тәжірибесіз, теуафуқтан бейхабар әрі бізге де теуафуқ { Теуафуқ* - сәйкестік, үйлесімділік.} көрінбей тұрғанда, жазуға жаңа бастаған бір көшірушінің және одан басқа сегіз көшірушінің бір-бірінен хабарсыз жазған нұсқаларында Расулуллаһ (с.а.у.) сөзі барлық жерінде ал, "Құран" сөзі бесінші бөлімінде бір-біріне сәйкес келгені сондай, мысқалдай ынсабы бар жан мұны кездейсоқ дей алмас. Көрген жандардың бәрі мұнда бір құпия-сыр жатқандығын, бұл Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) мұғжизасының кереметі екендігін толық мойындады.

— 97 —

Кітаптің бас жағындағы негіздер өте маңызды. Сондай-ақ, баяндалған хадистер барлық хадис имамдары тарапынан "Сахих" (дұрыс) екендігі құпталған және Пайғамбарлықты нақты дәлелдейтін маңызды оқиғалар.

Бұл кітаптің құндылығын түсіндіру үшін ең кемі осы кітапшаның көлеміндей тағы бір кітап жазуға тура келеді. Сондықтан қызығушылар бір рет болса да оқып шыққаны жөн деп білеміз.

Саид Нұрси
— 98 —
Мұхаммед (с.а.у.)
Пайғамбардың мұғжизалары
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ هُوَ الَّذ۪ٓى اَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدٰى وَد۪ينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدّ۪ينِ كُلِّهِ وَ كَفٰى بِاللّٰهِ شَه۪يدًا مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ ﴾

[Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы жазылған Он тоғызыншы Сөз бен Отыз бірінші Сөзде, Оның (с.а.у.) нәби екендігі өте қуатты, нақты дәлелдермен көрсетілді. Дәлелдеу жағын сол жазбаларға қалдырып, мұнда тек қосымша ретінде "Мағынасы терең Он тоғыз ишара" арқылы осы ұлы ақиқаттың кейбір ұшқын, сәулелерін көрсетеміз.]

БІРІНШІ ИШАРА: Мына ғаламның Иесі, Әміршісі Аллаһ Тағала әлбетте бәрін біліп істейді, әр нәрсені хикметпен жасайды, барлық нәрсенің сырын, мақсаты мен пайдаларын көздеп бүкіл әлемді жан-жақты басқарып тұр. Иә жасаған жақсы біледі. Олай болса, әлбетте білгендіктен сөйлейді. Сөйлейтін болса, әлбетте саналы, сөзді түсінетін түйсігі бар жандармен сөйлеседі. Түйсігі барлармен сөйлесетін болса, әлбетте саналы жандар ішінде санасы жетік адамзатпен сөйлеседі. Адамзатпен сөйлесетін болса, адамзаттың ішінде де сөз ұғатын кәміл жандармен сөйлеседі. Егер кәміл, мінез-құлқы көркем, тәрбиесі жоғары, халқына сөзі өтімді жандармен сөйлесетін болса, әлбетте достары ғана емес, дұшпандарының өзі мойындаған және мінезі асқақ, тілі өткір, ойы ұшқыр, адамзаттың бестен бірін елтіп, жұмыр жердің жартысын рухани үкіміне мойынсұндырған, әкелген нұрымен бір мың үш жүз елу жылдан бері

— 99 —

әлемге жарық беріп, оған иман келтіргендер күніне бес рет уәдесіне беріктігін көрсететін, Оған рахым мен бақыт тілеп, дұға ететін адамзаттың мақтанышы, Хазреті Мұхаммедпен (с.а.у.) сөйлесер еді. Сөйлесті. Пайғамбар жасар еді, жасады. Бүкіл адамзатқа сол арқылы жол көрсетер еді, көрсетті.

ЕКІНШІ ИШАРА: Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) Қасиетті Құранның ұлы бұйрық екенін көрсетіп, өзінің Пайғамбарлығын жар салды. Ақиқатқа жаны құмар зерттеуші кісілердің айтуынша мыңдаған мұғжизалар көрсетті. Жалпы тарихта Пайғамбарлықтың болғаны рас, олай болса, оның мұғжизалары хақ. Құранның көптеген аяттарында айтылғанындай, өте қырсық, бір беткей кәпірлердің өзі оның мұғжизаларын жоққа шығара алмай тек өздерін алдап немесе өзіне ергендерден айырылып қалмауы үшін (Құдай сақтасын!) Мұхаммед (с.а.у.) сиқыр көрсетті деген.

Иә, Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжиза көрсеткені жүздеген нақты айғақтармен дәлелденген. Мұғжиза дегеніміз, бүкіл әлемді Жаратушы Аллаһ өзінің пайғамбарын صَدَقْتَ яғни сенікі дұрыс деп растауы, былайша айтқанда оның елші екенін растайтын мөр, таңба іспетті.

Мысалы, сен бір мәжілісте, патшаның алдында: "Патша мені пәлен қызметке тағайындады" десең, Патша: "Иә, рас!" десе, сөзің дәлелденген болады. Ал, егер сенің өтінішің бойынша Патша өзінің күнделікті әдетін өзгертіп, сен үшін әдеттегі жағдайдан тыс әмір берсе, онда сені ауызша растағаннан әлдеқайда бек растаған болады. Сол сияқты, Мұхаммед (с.а.у.) өзінің пайғамбарлығын жария қылып: "Мен, мына әлемді жаратқан Аллаһтың елшісімін. Дәлелім болса мынау, Жаратқан Ием әдеттегі жағдайды менің өтінішіме орай өзгертеді. Міне, саусақтарыма қараңдар! Бес шүмекті бұлақ сияқты су ағып жатыр. Айға қараңдар! Бір саусағыммен мегзеп едім екіге бөлінді. Мына ағашқа қараңдар! Маған куәлік ету үшін жаныма келіп пайғамбарлығымды растап тұр. Мына азғана тағамға қараңдар! Екі-үш адам әзер тоятындай аз бола тұра, екі жүз-үш жүз адам жеп, тойып кетті". Осы сияқты жүздеген мұғжизалар көрсетті.

Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлық дәлелдері тек мұғжизаларымен ғана шектелмейді. Мән беріп қараушыларға Оның барлық іс-әрекеттері мен сөздері, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы, көңіл күйі мен сырт көрінісі түгел, оның тура әрі рас айтып тұрғанын

— 100 —

дәлелдейді. Тіпті, Бәни Исраилдың атақты ғалымы Абдулла ибн Салам сынды жандар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тек бет әлпетін көріп: «Бұл дидарда айлакерлік жоқ! Алдауы мүмкін емес» деп, иманға келген екен.

Негізінде ақиқатшыл ғалымдар Пайғамбарымыздың мұғжизалары мыңға жуық деп айтқанымен, бәлкім мыңдаған тіпті жүз мыңдаған шығар. Олар жүз мың жолдармен келіп, көзқарасы мен пікірі әртүрлі жүз мыңдаған адамдар тарапынан расталып бізге жеткізілген. Тек Құран Кәрімнің өзінде қырық мұғжизасы нақты түрде баяндалып, мыңдаған дәлел табылады.

Адамзат әлеміне пайғамбарлар жіберілгені белгілі. Жүз мыңдаған кісі пайғамбарлық міндетін атқарып, Мұғжизалар көрсеткен өмірден өткен. Әлбетте Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы барлығынан да жоғары. Өйткені, Иса (а.с.) және Мұса (а.с.) сынды Пайғамбар дегізген, пайғамбар екендігіне негіз болған белгі-сипаттары мен үмметтіне деген қарым-қатынасы Хазреті Мұхаммедте (с.а.у.) әлдеқайда кәміл түрде, жан-жақты қамтыған түрде болған.

Олай болса, әлбетте, оның пайғамбарлығы мен киелі сипаттары басқа пайғамбарларға қарағанда әлдеқайда анық әрі өзі бәрінен үстем.

ҮШІНШІ ИШАРА: Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизалары сан-алуан. Пайғамбарлығы жалпыға ортақ болғандықтан жаратылыс атаулының әр түрінен мұғжизалар көрсеткен. Оны былай түсінген жөн болар.

Мысалы, атақты падишаның бір елшісі әр түрлі сыйлықтар алып, сан-алуан ұлттың өкілі өмір сүріп жатқан бір қалаға барса, әрбір ұлт өз өкілдерін жіберіп, өз тілдерінде «Қош келдіңіз!» деп қошеметтеп қарсы алады. Сол сияқты Әзел мен Әбед Сұлтаны Хақ Тағаланың ең ұлық Пайғамбары Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) жер шарының тұрғындарына елші болып, қуанышты хабар әкелді. Бүкіл жаратылыстың Иесі тарапынан әлемнің мән-мағынасын ашатын құнды да нұрлы ақиқаттар мен рухани кәде-сыйлықтар әкелді. Сол кезде тау-тас, су, ағаш, хайуанат, адамдардан бастап, сонау Ай мен Күн, жұлдыздарға дейін әрбір жаратылыс өз тілдерімен «Қош келдіңіз!», дегендей түрлі мұғжизаларға бөленді. Оның Пайғамбарлығын қолдап, қошаметтеп қарсы алды. Егер, бұл мұғжизаларды толықтай айта бастасақ, том-том кітап жазуға тура келеді.

— 101 —

Зерек зерттеушілер мен ақиқатқа жаны құмар кісілер пайғамбарлығының дәлелдері жайлы мол түсіндірме еңбектер қалдырған. Біз тек қана қысқаша ишара түрінде нақты және көпшілік тарапынан қабылданған мұғжизаларға тоқталамыз.

Хазреті Мұхамедтің (с.а.у.) дәлелдері (мұғжизалары) екі түрге бөлінеді:

Біріншісі: "Ирһасат" деп аталатын пайғамбарлық келмей тұрғанда және дүниеге келген кезінде болған таңғажайып оқиғалар.

Екіншісі: Пайғамбарлығына қатысты басқа да дәлелдер. Бұл да екі бөлімнен тұрады. Біріншісі: Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін оның пайғамбарлығына дәлел боларлық таң ғажайып оқиғалар. Екіншісі: Бақыт ғасырында, яғни, өзі өмір сүрген кезінде болған ғажайып оқиғалар. Бұл екінші бөлімді де екіге бөлуге болады. Біріншісі: Өз бойында, жан дүниесінде және сырт көрінісінде, мінез-құлқы мен кемелділігінде байқалған пайғамбарлық дәлелдер. Екіншісі: Әлемдегі, құбылыстарда көрінген мұғжизалар. Бұл екінші түрін де екіге бөліп қарастырамыз. Біріншісі: Мағынауи (рухани) және Құрани. Екіншісі: Мадди (материялық) және ғаламмен қатысты. Бұл екінші бөлімді де екі топқа бөліп талдаймыз. Біріншісі: Пайғамбарлығын дәлелдеу мақсатында, кәпірлердің қасарысуын тоқтату немесе иман етушілердің иманын қуаттау үшін көрсетілген ғажайып мұғжизалар. Мысалы, Айдың екіге бөлінуі, саусағынан су ағуы, азғана тағамға көп адамның тоюы, хайуанат пен ағаш, тастардың сөйлеуі секілді, мұның да жиырмаға жуық түрі бар. Бұлардың әрбірі тәуәтүр дәрежесінде, яғни, еш күмәнсіз анық түрде бірнеше рет қайталанған. Ал екінші түрі болса, келешекте болатын оқиғаларды хабарлауы. Расулуллаһқа Хақ Тағала білдіреді, ол да хабар береді. Біз осы соңғы бөлімінен бастап рет-ретімен баяндайық.

{ Сілтеме*: Өкінішке орай ниет еткендей жаза алмадым. Еріксіз түрде жүрекке қалай келсе солай жазылды. Айтқанымдай толық тәртіппен жаза алмадым.}

ТӨРТІНШІ ИШАРА: Ғайыпты білуші Аллаһтың білдіруімен Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) ғайби істер өткен замандарды және келешекті суреттеп берген. Ол жайлы хабар беретін хадистерді толық баяндап тауыса алмаспыз.

Құранның мұғжизаларына байланысты жазылған Жиырма бесінші Сөзде ол туралы біршама түсіндіріліп, дәлелденген болатын. Өткен

— 102 —

заманға, бұрынғы пайғамбарларға қатысты және Иләһи ақиқаттар мен дүниенің мәнісі, о дүниедегі жағдайларға байланысты мұндай ғайыптан келген хабарларды әлгі Жиырма бесінші Сөзге тапсырып, әзірге сөз қозғамаймыз. Тек өзінен кейін сахабалары, ұрпағы, үмметі ұшырасатын оқиғалардан азғана мысалдар келтіріп, ишара етеміз. Бұл тақырыпты толық түсінікті болуы үшін кіріспе ретінде "Алты негіз" баяндалады.

Бірінші негіз: Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әрбір ісі, әрбір жүріс-тұрысы пайғамбарлығына турашылдығына куәлік ете алады. Бірақ әрбір іс-қимылы жаппай таңғажайып болуы шарт емес. Өйткені, Аллаһ Тағала Оны (с.а.у.) адам баласы кейіпінде жіберген адамзатқа тұрмыс пен тіршілік жағдайын үйретсін, дүниелік және ақыреттік бақытқа қол жеткізетін іс-амалдарды көрсетсін, адамзатқа жол басшы, имам болсын және әрбірі Иләһи құдіреттің мұғжизасы болып табылатын қарапайым сияқты көрінген таңғажайып Раббани өнердің, Иләһи құбылыстың сырын ашсын деп жіберген. Егер барлық іс-әрекеті таңғажайып болып, мүлдем ерекше болса, толық қанды имам бола алмас еді. Іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұрмыс пен тіршілік қамында үлгі бола алмас еді. Ол тек қасарысқан кәпірлерге Пайғамбарлығын дәлелдеу үшін және қажет болған жағдайда ғана кейде ғажайып мұғжизалар көрсететін. Әрине мұғжизалар дүниедегі сынақ пен емтиханның талабына сай болатын. Ап-анық және еріксіз мойындауға мәжбүрлейтін түрде болмайтын. Өйткені, емтиханның сыры мен сынақтың талабы, ақылға жол сілтеп, бірақ адамның еркі өзінде қалуын керек етеді. Егер ашықтан ашық болатын болса, ақылдың қалау еркі болмас еді. Ол кезде Әбу Жәһил де Әбу Бәкір сияқты мойындап, емтиханның сыры мен сынақтың мәнісі жойылар еді. Бұл дегеніңіз көмір мен алмас бір деңгейде қалды деген сөз.

Таңқаларлық бір жәйт: Неше түрлі адамдар Расулуллаһтың (с.а.у.) бір ғана мұғжизасын, пайғамбар екендігінің бір ғана дәлелін көріп, немесе бір ғана сөзімен тәубәсіне келтірді. Тіпті, кейбір жандар Оның (с.а.у.) дидарын бір көргенде-ақ иманға келді. Апырм-ай, әлгі сан түрлі адамдарды, ойшыл ғалымдарды иманға келтірген мұғжизаларды, мыңдаған дәлелдерді естіп, анық біле тұра кейбір сорлы бейбақтар әлі күнге дейін адасып жүр.

— 103 —

Екінші негіз: Расулуллаһ (с.а.у.) һәм кәдімгі адам болатын. Адам болғасын соған сәйкес әрекет ететін. Һәм Пайғамбар еді. Ол тұрғыдан Хақ Тағаланың елшісі еді. Оның (с.а.у.) Пайғамбарлығы уахиға (аян) сүйенеді. Уахи екі түрлі болады.

Біріншісі: "Сарихи Уахи". Расулуллаһ мұнда тек қана жеткізуші, қосары жоқ. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады.

Екіншісі: " Зымни Уахи". Мұның да негізі мен өзегі уахи мен илһамға сүйенеді. Бірақ түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у.) байланысты. Уахимен келген қысқаша оқиғаны суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ (с.а.у.) тағы да илһамға немесе уахиге сүйене отырып парасаттылығымен жеткізеді. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен иләһи киелі, жоғары қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен баяндайды.

Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде қарау шарт емес. Адам болғасын болуы міндетті пікірі мен амалдарынан пайғамбарлықтың ұлы нышандарын іздеудің қажеті жоқ. Кейбір хадистер жалпы мағынада уахи арқылы келген. Пайғамбарымыз оны өз парасатымен көпшілік қауымға түсінікті тілде жеткізе білген. Мұндай қысқа-нұсқа сөзбен айтылған немесе теңеумен жеткізілген түсініксіздеу тұстарын тәпсірлеу, тіпті, жору қажет болады. Өйткені кейбір ақиқаттарды мысалдар арқылы жеткізу оңай болады. Мысалға, бір күні Пайғамбарымыздың құзырында "гүрс" еткен дауыс естілді. Сонда Пайғамбарымыз: "Бұл дауыс жетпіс жылдан бері домалап келіп, енді ғана Жаһаннамның түбіне түскен бір тастың дауысы" деді. Бір сағаттан кейін жетпіс жасқа келген аты шулы бір мұнапық өлді деген хабар келді. Жаһаннамға түсіпті. Пайғамбарымыздың (с.а.у) шешен түрде тәмсіл-теңеумен жеткізген оқиғаның осылайша жоруы түсінікті болды.

Үшінші негіз: Жеткізілген хабарлар тәуәтур { Тәуәтур** - жалған болуы мүмкін емес нақты хабар.} дәрежесінде болса ол нақты хабар. Тәуәтур екі түрлі болады. Біріншісі "Ашық тәуәтур", екіншісі "Мағынауи тәуәтур". Мағынауи тәуәтурдің де екі түрі бар.

Біріншісі: "Сукути", яғни, үндемеу арқылы қабылданған. Мысалға, бір адам, жамағаттың көзінше бір оқиға туралы айтса, жамағат оны жоққа шығармай үндемесе оны растап, мақұлдаған

— 104 —

болады. Әсіресе, хабарлап отырған оқиғаға жамағаттың да қатысы болып, оның үстіне жамағат шыншыл, жалғанды жек көретін жандар болса, әлбетте, әлгі кісінің сөзіне үнсіз қалуы оның сөзін растайтын күшті дәлел болып есептеледі.

Мағынауи тәуәтурдің екіншісі: Бір оқиғаны бірнеше адамның әр түрлі жеткізуі. Мысалы, "Бір кілә тағам екі жүз адамды тойғызыпты". Бірақ бұл оқиғаны хабар берушілер түрлі-түрлі сөзбен жеткізсе де, барлығы да оның шындығын растайды. Бұл оқиғаның болғаны мағынауи түрде расталған болады. Түрлі-түрлі айтылуының зияны жоқ. Кейбір жағдайда бір ғана хабар тәуәтур дәрежесінде ақиқат болып есептеледі. Кейде бір ғана хабар қосалқы белгілер арқылы да нақтылық дәрежесіне шығады.

Міне, Расулуллаһтан (с.а.у.) бізге жеткен мұғжизалар мен пайғамбарлық дәлелдердің көпшілігі тәуәтур, яғни, сарихи, мағынауи немесе сукути жолымен жеткен. Рас кейбірі бір ғана рауи арқылы, яғни, бір ғана адамның айтуымен жеткен. Бірақ, Хадис имамдары тарапынан қабылданғандықтан рас екендігі анық. Хадис имамдары мен ғалымдары «Мухаққиқ», "Әл Хафыз" деген атаққа ие болып, ең аз дегенде жүз мың хадисті жадында сақтаған. Осындай мыңдаған мухаққиқ хадисшілер және тақуа, яғни, елу жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған хадис ғалымдары және Бұхари, Муслим секілді «Кутуб-ы Ситте-и Хадисиені» жинақтаған хадис ілімінің ғұламалары мойындаған «уахид хадис», яғни, рауиі (жеткізуші) біреу болса да тәуәтур дәрежесінде деп есептеледі.

Хадис ілімінің мухаққиқ мамандары Расулуллаһтың (с.а.у.) керемет түсіндіру әдістерін, Оның (с.а.у.) сөз саптау қабілетін терең зерттеп, әбден меңгергені сонша жүз хадистің ішінен "мәузу хадис" көрсе, "Бұл хадис емес, Пайғамбарымыздың сөзіне ұқсамайды" деп дереу танитын болған. Олар сөздің зергері секілді хадистің құрылыс-құрамын танып, басқа сөздермен шатастырмайтын. Тек Ибн Жәузи секілді хадис мамандары сын айтуда артық кетіп, кейбір сахих хадистерді «мәузу хадис» деген. Бірақ «мәузу хадис» деген сөз мағынасы дұрыс емес дегені емес, «Бұл сөз хадис емес» деген сөз.

Сұрақ: Хадистердің ауыз екі тарауы, анаған анау айтты, ол анаған айтты деп жалғастыру әдісінің пайдасы бар ма?

— 105 —

Жауап: Пайдасы өте көп. Ауыздан ауызға жеткізілгенде сөздің сенімділігі артып, оны шыншыл хадис жинақтаушылардың қостағанын көрсетеді және бірінен-біріне жалғастырған хадисшілердің мақұлдайтынын білдіреді. Үзілмей жалғасын тауып келген хадис әрбір имам, әрбір ғұлама бұл хадисті растап, үкімінің дұрыс екенін мойындап мөр басқандай болады.

Сұрақ: Неліктен мұғжизалар шариғаттың үкімдері секілді тәуәтур түрінде, көптеген жолдармен тармақталып жеткізілмеген?

Жауап: Өйткені шариғаттың үкімдеріне халықтың көпшілігі әрқашан мұқтаж. Ол үкімдер фарз ғайн секілді әр кімге қатысты. Ал әр адам әрбір мұғжизаға мұқтаж емес. Бір рет естісе жетіп жатыр. Бұл фарз кифайе секілді. Бірнеше адам білсе жетеді. Міне, сондықтан кейде бір мұғжизаның анық болғандығы шариғи үкімнен он есе нақтырақ бола тұра оның жеткізушісі бір-екі адам ғана, ал үкімнің жеткізушілері он-жиырма болуы мүмкін.

Төртінші негіз: Расулуллаһтың (с.а.у.) келешектен хабар беретін мұғжизалары жәй, қарапайым хабар, оқиғалар емес. Олар өмірде жиі қайталанатын маңызды оқиғалар Пайғамбарымыз оларды қысқа да нұсқа баяндаған. Алайда олардың бірнеше қырлары бар. Әр кезеңде бір қырын баяндаған. Кейін хадисті жеткізуші рауи әлгі сан-алуан қырларын қосып жібереді. Сондаықтан ондай болуы мүмкін емес болып көрінеді. Мысалға, Хазреті Мәһдиге (Мәди) қатысты әртүрлі сүреттелген риуаяттар бар. Негізінде, Жиырма төртінші Сөздің бір тарауында дәлелденгеніндей, Расулуллаһ (с.а.у.) уахиге сүйене отырып әр ғасырда мұсылмандарға рухани қуат беру мақсатында әрі қорқынышты жағдайларда үмітсіздікке түспеуі үшін.һәм Ислам әлемінің нұрлы тізбегі болып табылатын Әли Бейтіне, яғни, өзінің ұрпағының айналасына иманды кісілерді шоғырландыру үшін Мәһди туралы хабар берген. Ақырзаманда келетін Мәһдиден басқа, тарихта Әли Бейттен тараған белгілі бір мағынада Мәһди, тіпті, Мәһдилер болған. Әли Бейттен шығатын Аббаси халифаларының ішінен ұлы Мәһдидің көптеген сипаттарына ие өзіндік Мәһдилер болған.

Міне, ұлы Мәһдиден бұрын келген Мәһди тәрізді халифалар мен Құтыбтардың сипаттары ұлы Мәһдидің қасиет, сипаттарымен шатасып кеткендіктен әр түрлі риуаяттар пайда болған.

— 106 —

Бесінші негіз: Расулуллаһ (с.а.у.) لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ сыры бойынша ғайыпты өздігінен білмейтін еді. Аллаһ Тағала оған білдіретін, Ол (с.а.у.) да адамдарға хабарлайтын. Аллаһ Тағала Хаким һәм Рахим. Сондықтан оның Хикметі мен Рахметі келешек оқиғалардың көбісі жасырын қалуын қалайды. Өйткені, мына дүниеде пендеге ұнамайтын жағымсыз нәрселер көп-ақ. Оларды алдын-ала білу адамға өте ауыр тиеді. Міне, сондықтан ажалдың келетін уақыты беймәлім, басқа келер пәлекеттер де көрсетпейтін пердемен жасырулы келеді. Аллаһтың хикметі мен Рақымы солай болуын қажет етеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметіне деген аса мейірімділігін ескеріп, Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін, үй-іші мен үмметі душар болатын қайғылы оқиғаларды оған ежгей-тегжейлі білдірмеген

{ Сілтеме*: Ардақты Пайғамбарымыздың Айша анамызға деген ыстық сезімін ренжітпеу үшін "Жәмәл" оқиғасында Айшаныңда (р.а.) қатысатынын анық білдірмеген. Оған дәлел, бір күні Пайғамбарымыз пәк ханымдарына "Қап, сол қанды оқиғада қайсың болатыныңды білсем ғой" - деп айтқан екен. Кейін астарлап қана білдірген болса керек, Хазреті Әлиге былай депті: "Айша екеуіңнің араңда бір нәрсе бола қалса فَارْفَقْ وَ بَلِّغْهَا مَاْمَنَهَا "яғни оны кешір, жұмсақ қара" деген екен"}

Бірақ кейбір маңызды оқиғаларды Аллаһ хикметке сай қорқынышты түрде емес бірақ білдіретін, Ол (с.а.у.) да хабар беретін. Сонымен қатар жақсы оқиғалардың кейбірін жасырын, кейбірін ашық білдірген, оны да үмметіне жеткізген. Сосын ол хабарларды тақуалығы жоғары дәрежедегі өте әділ, адал және

وَمَنْ كَذَبَ عَلَىَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّاْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ

деген хадисіне нысана болудан сескенетін, сондай-ақ,

﴿ فَمَنْ اَظْلَمُ مِمَّنْ كَذَبَ عَلَى اللّٰهِ ﴾

аятындағы қатаң ескертуге ұшыраудан қатты қорқатын Сахабалар кейінгі ұрпаққа нақыл еткен.

Міне, хадис ілімімен шұғылданушы кәміл жандар бізге олардың риуаяттарын қаз-қалпында жеткізіп кеткен.

Алтыншы негіз: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламның ахуалы мен сипаттары, «Сияры нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол кітаптардағы сипаттары мен хал-ахуалының көпшілігі адами жағына көп назар аудартады. Дегенмен осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у.) рухани жағына, Оның (с.а.у.) тап-таза жан дүниесі мен асқақ та нұрлы рухына баса назар аударған жөн.

— 107 —

Өмірбаяны мен тарих кітаптарында баяндалған сипаттары әлгіндей жоғарғы дәрежелі асқақ абыройын суреттеп, лайық бейнесін бере алмайды. Өйткені, اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ яғни, бір іске себеп болған адам ол істі атқарғанмен тең дегендей, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) амал дәптеріне әр сәтте барлық үмметінің ғибадаттарының мөлшеріндей ғибадат, сауап жазылуда. Аллаһтың шексіз мейіріміне ауқымды түрде бөленуде. Сонымен қатар, күн сайын сансыз үмметінің сансыз дұға-тілектерін алуда. Және Әлемнің нәтижесі, ең кәміл жемісі, Жаратушының аудармашысы, тілмашы және сүйіктісі болған осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у.) бүтіндей болмысы мен кемелдігінің дәрежесін тек өмірбаянын ғана оқып, адами хал-ахуалына қарап лайық бағасын беру мүмкін емес. Мысалға айталық, Бәдір соғысында, екі жағында екі періште Хазреті Жәбірейіл мен Микаил оққағар қызметін атқарған мүбәрәк Кісі (с.а.у.) бірде базарда бәдәуи бір арабпен ат саудасында келісе алмай қалды, куәгер іздеп, жалғыз Хузейфиені ғана табуы сырт көзге әлгіндей ұлықтығымен үйлеспейді. Сондықтан, осындай қате ой болмау үшін әрқашан адами болмысы туралы естіген сәтте қарапайым сипаттарынан назарды жоғары ұстап, нағыз болмысына, яғни, Пайғамбарлық мәртебесіндегі нұрлы да рухани кемел болмысына қараған дұрыс. Әйтпесе, құрметіне сызат түседі немесе күдік пайда болады. Бұл сырды түсіну үшін мына мысалға назарыңды сал!

Мысалға, бір құрма ағашының дәнегін алайық. Дән топыраққа егілгеннен кейін, өсіп-өніп ол үлкен жеміс ағашына айналады. Уақыт өте келе бұтақтары тарам-тарам болып жайқала өседі. Немесе тауыс құсының бір жұмыртқасын алайық. Жұмыртқаға жылу беріліп, одан тауыстың бір балапаны шықты. Енді тұла бойы құдіретпен сәнделген, әсем де кәміл бір тауыс құсы пайда болды. Әрі барған сайын көріктеніп, құлпыра түседі. Әлгі дәнектің немесе жұмыртқаның өзіне тән заттық сипаттары, күй-жағдайлары өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Бірақ одан шыққан ағаш пен құс, дәнек пен жұмыртқаның қарапайым сипаттарымен салыстырғанда әлдеқайда асқақ әрі құнды да ерекше. Сөйтіп, әлгі дәнек пен жұмыртқаның сипаттары ағаш пен құстың сипаттарымен аралас айтылған кезде тыңдарманның назары дәнекке емес ағашқа, жұмыртқаға емес құсқа ауып, солай бағалап мән берілуі қажет. Сонда ғана сипаттама орынды болып ақылға қонады.

— 108 —

Әйтпесе, «бір грамм дәнектен мың батпан құрма алдым» немесе «мына жұмыртқа құстардың ең әдемісі» десе, ақылға симай, сену қиын болар еді.

Міне, сол сияқты Расулуллаһтың (с.а.у.) адами болмысы оның өмірбаяны әлгі дәнекке немесе жұмыртқаға ұқсайды. Ал, атқарған Пайғамбарлық ұлы міндеті жағы мен жарқыраған нұрлы жан-дүниесі, рухани болмысы болса, Жаннаттағы Туба ағашы мен бақыт құсы тәрізді әрдайым кемелденіп, құлпыра түсуде. Сол үшін базарда бір арабпен айтысқан Кісіні (с.а.у.) ойлаған кезде, дереу, Ол - Пыраққа мініп, Жәбірейіл (а.с.) періштені артта қалдырып, Қабы Кәусейінге самғап ұшқан нұрлы Кісі (с.а.у.) деп, қиялды шарықтатып, назарды асқақтату қажет. Әйтпесе, құрметсіздік жасаған болады яки менмен нәпсі күмәнмен қарайды.

БЕСІНШІ ИШАРА: Ғайып туралы оқиғалар жайлы хадистердің бірнеше мысалы.

Сахих риуаяттардың тәуәтур дәрежеде бізге жеткені бойынша, Расулуллаһ (с.а.у.), мінбердің үстінде, бір топ сахабаларына былай деген екен:

اِبْن۪ى حَسَنٌ هٰذَا سَيِّدٌ سَيُصْلِحُ اللّٰهُ بِهِ بَيْنَ فِئَتَيْنِ عَظ۪يمَتَيْنِ

Яғни, «мынау менің ұлым Хасан, өзі сейіт (мырза). Аллаһ осы арқылы екі үлкен топты татуластырады». Иә, қырық жылдан кейін Исламның екі қалың әскері бетпе-бет келген кезде Хазреті Хасан (р.а.) Хазреті Муауиемен (радиаллаһу анһу) бітімгершілік жасап, үлкен атасының ғайыптан айтқан мұғжизасын растады.

Екіншісі: Тағы бір сахих риуаятта Хазреті Алиға былай деген екен:

سَتُقَاتِلُ النَّاكِث۪ينَ وَالْقَاسِط۪ينَ وَالْمَارِق۪ينَ

Сондай-ақ, Жәмәл, Сыффин, Хауаридж оқиғаларынан алдын ала хабар берген. Және Хазреті Али (р.а.) Хазреті Зүбейірмен құшақтасып бірін-бірі сүйген кезде: "Бұл саған соғыс ашады, бірақ оныкі дұрыс емес" деді. Һәм Әзуаж-ы Тахиратына (пәк жұбайлары) айтты: "Араларыңыздан біреу үлкен бүлік шығарады және айналасындағылар қырғынға ұшырайды".

وَتَنْبَحُ عَلَيْهَا كِلَابُ الْحَوْئَبِ
— 109 —

Міне, осы сахих, нақты хадистер отыз жылдан кейін Хазреті Алидің (р.а.), Хазреті Айша мен Зүбейір және Талхамен арасында болған "Жәмәл" оқиғасы және Муауиемен "Сыффинде", ал Хауариджге қарсы Харәурада және Неһриуанда шайқасуы әлгі ғайыптан берілген хабардың іс жүзінде расталуы еді. Һәм Хазреті Алиға: «Мынау, сенің сақалыңды басыңның қанымен жуатын кісі» - деп біреуді көрсетті. Хазреті Али ол адамды таниды екен, ол Әбдіррахман ибн Мүлжем ул-Харижи еді.

Һәм Харижилердің ішінде Зүсседие деген бір кісіні суреттеп, оның ерекше белгісін айтып, хабар берді. Кейін сол адам өлтірілген харижилердің ішінен табылды. Хазреті Али мұны өзінің дұрыстығына дәлел қылды, осылайша Нәбидің мұғжизасын жария қылды.

Расул-ы Әкрәм (с.а.у.), Үмму Сәлеменің және басқа да рауилердің жеткізген сахих риуаяты бойынша: «Хазреті Хусейн Таффта, яғни, Кербелада өлтіріледі» деген екен. Елу жылдан кейін, жан түршігерлік қайғылы оқиға дәл сол жерде болып, әлгі ғайыптан берілген хабар расталды.

Һәм көп мәрте былай деген екен: يَلْقَوْنَ قَتْلًا وَ تَشْر۪يدًا яғни, «Менің Әлі-Бейтім менен кейін қырғынға, бәлеге және қуғын-сүргінге ұшырайды». Ол туралы біршама түсіндіріп айтқан, дәл солай болып шықты.

Осы жерде мынадай маңызды бір сұрақ туады: " Хазреті Али халифа болуға әбден лайық еді әрі Расулуллаһқа (с.а.у.) жақын туысқандығы және таңқаларлық батырлығы мен білімі де бола тұра неліктен бірінші халифа болып тағайындалмады және неліктен халифалығы кезінде ұрыс-керіс көп болды?".

Жауабы: Әлі-Бейттен үлкен бір әулие былай деген екен: "Расулуллаһ (с.а.у.) Хазреті Алидің (р.а.) халифа болуын қатты қалаған екен, бірақ Оған (с.а.у.) ғайыптан хабар келіп Аллаһтың қалауы басқа екендігі білдіріліпті. Ол (с.а.у.) өзінің қалауын тастап, Аллаһтың қалауына көніпті" - дейді. Мұның Иләһи хикметтерінен біреуі былай болса керек:

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өткен соң сахабалар ауызбіршілікке, ынтымаққа мұқтаж күн туады. Егер Хазреті Али билік басына өтсе, Хазреті Алидің халифалығы кезінде орын алған

— 110 —

оқиғалар көрсеткендей, Хазреті Алидің қорқу дегенді білмейтін теңдессіз батырлығы мен аса тақуалығы, тым қанағатшылдығы мен қарапайымдылығы көпшіліктің және кейбір қауымдардың қызғаныш сезімін оятып, өзара бақталастық тудырып, ыдырап бөлінуіне себеп болуы әбден мүмкін еді.

Сонымен қатар Хазреті Алидің халифалығының кейінге қалуының тағы бір хикметі мынау болса керек: Түрлі қауымдардың бір-бірімен араласуынан пайда болған және Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай кейіннен пайда болған жетпіс үш көзқарас сан-алуан қауымдардың арасында бүлік туғызып, қанды оқиғалар басталғалы тұрғанда Хазреті Али сынды керемет батыр, ержүрек әрі парасатты, кез келген соққыға шыдай алатын, хашими руынан Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туысқаны және Әл-і Бейт, яғни, әулетінен бір ерекше тұлға, қуатты да ардақты бір күш қажет еді. Иә, ол төтеп береді... Расулуллаһтың Хазіреті Алиге (с.а.у.) хабар бергеніндей "Мен Құранның түсуі үшін соғыстым, ал сен болсаң оның дұрыс түсінілуі үшін соғысасың!" дегені растайды.

Сондай-ақ, егер Хазреті Али болмағанда дүниенің сән-салтанаты Әмеуилер мемлекетін әбден жолдан тайдырып адастыруы мүмкін еді. Бірақ қарсы алдында Хазреті Али (р.а.) мен Әли Бейт ұрпақтары тұрғандықтан, олармен санасуға тура келді. Мұсылмандардың алдында абыройын сақтап қалуы үшін қаласа да, қаламаса да Әмеуи патшаларының бәрі дерлік өздері істемесе де қолдау көрсетіп, қол астындағылары мен жақтастары бар ынтасымен Ислам ақиқаттарын, Иман негіздерін, Құран үкімдерін орындауға, оны сақтауға әрі жайылуына ат салысты. Жүз мыңдаған ақиқатшыл имамдар, кәміл хадисшілер, тақуа әулиелер мен асфиялар жетілдірді. Егер қарсы алдарында Әли Бейттің өте тақуа әулиелері, діндар-абыздары мен кәміл жандары болмағанда, Аббасилер мен Әмеуилердің соңғы кезеңі сияқты әу бастан-ақ адасып, жолдан таюлары әбден мүмкін еді.

Сұрақ: "Неліктен Ислам халифаты Нәбидің Әли Бейтінде, яғни, ұрпағында жалғаспады? Әйтсе де ең лайығы да, дұрысы да солар еді ғой"

Жауабы: Дүниенің салтанаты алдамшы. Әли Бейт болса Құранның үкімдері мен Исламның ақиқаттарын сақтап қалуға міндетті еді. Халифалыққа, салтанатқа, билікке өткендер Нәби сияқты бейкүнә

— 111 —

болуы керек немесе Хулефа-и Рашидин немесе Омар ибн Абдулазизи Әмеуи немесе Мәһди-и Аббаси сияқты жүрегі әрдайым Аллаһ деп соғатын ғажайып тақуа болуы керек. Өйткені, Мысырда Әли Бейт атынан құрылған Фатимие халифаты, Африкада Муаһһидин үкіметі және Иранда Сафәуилер мемлекеті болғаны мәлім. Олар сәтсіздікке ұшырап дүниенің салатанаты Әли Бейтке қол емес екендігін көрсетті. Басты міндеті болған Исламға қызмет қылу және дінді жаю таратуды оларға ұмыттырады. Ал биліктен бас тартқан кезде, Исламға, Құранға өте берекелі де жарқын түрде адал қызмет еткен.

Міне қараңыз! Хазреті Хасанның ұрпағынан тараған қутубтар әсіресе Ақтабы Әрбаа, яғни, төрт имам, атап айтқанда Гаус Ағзам Шейх Абдулқадир Гейлани және Хазреті Хусейіннің ұрпағынан тараған Имамдар, оның ішінде айрықша Зейнелабидин мен Жағфар Садық. Олардың әрқайсысы мағынауи мәһди секілді заманының рухани зұлымдығы пен қою қараңғылығын жойып, айналасына Иманның ақиқаттары мен Құранның нұрларын шашты. Әрқайсысы ұлы аталарының ізбасары екендігін іс жүзінде көрсете білді.

Сұрақ: Мүбарак Ислам дінінің басына түскен сонау бақыт ғасырындағы зобалаң қанды бүліктердің хикметі не? Оқиғаның мейірімді жағын көрсетсеңіз. Олар қырғынға ұшырауға лайық емес еді ғой?

Жауап: Нөсерлеп жауатын көктемгі жаңбыр, аласұра соғатын дауыл өсімдік атаулының тұқымдарын шашып, ағаштардың қабілетін ашып, оларды қозғалысқа түсіреді. Әрқайсысы өзіне лайықты гүл-шешек ашып, табиғатына сай өз міндетін атқарады. Сол сияқты, сахабалар және олардың шәкірттері Табииндердің басына келген фитнә (бүлік), олардың тұқым секілді сан-алуан қабілеттерін қоздырып қамшылады: «Дін Исламға қатер төнді, өрт шықты. Аттан!» деп әрбір мұсылман жамағаттарын қорқытып, Исламды қорғаштауға ұмтылдырды. Әрқайсысы қабілетіне қарай Исламның бірлігін сақтауға тырысып, сан-қилы қызметтерден бір қызметті мойнына алып, кәміл ықыласпен еңбек етті. Сөйтіп біреуі хадистердің, біреуі шариғаттың, енді біреуі иман ақиқаттарының сақталуына, басқалары Құранның сақталуына жанын салып, тер төкті. Топ-топ болып өзара қызметті бөлісті. Ислами киелі міндеттерді жұмыла атқаруға қызу кірісті. Қабілеттері бүршік жарып, түрлі-түсті гүлдер ашылды. Сол

— 112 —

дауылдың саясында Ислам кең байтақ әлемнің түпкір-түпкіріне жайылып, тұқым шашылды. Олар бүршік жарып жер жәһанның жартысын гүл бақшаға айналдырды. Бірақ, өкінішке орай сол гүл-шешектердің арасында дін бұзар топтар - тікендер де шықпай қалған жоқ. Бейне бір құдірет, сол ғасырды өзінің айбынды қолымен шайқап, қатты теңселтті де, қажырлы да қайратты жандарды шабыттандырып әрекетке келтірді. Сол әрекеттен пайда болған ортадан шыққан күш-қуат көптеген мүджтәхид имамдар мен ғұламаларды, хадис жинаушылар мен мүбәрак қариларды, асфия-әулиелерді дүниеге келтірді. Сөйтіп, олар Ислам әлемінің әр тарапына қоныс тепті. Шығыстан Батысқа дейінгі аймақты Исламның нұр толқыны тербеп, Құранның асыл қазынасынан сусындап пайдалану үшін халықтың көзін ашты. Енді тақырыбымызға оралайық.

Расулуллаһтың (с.а.у.) ғайыби оқиғалардан хабар беріп және айтқаны дәл келген оқиғалар мыңдап саналады, өте көп. Біз тек бірнеше мысалына ишара етеміз.

Біріншіден: Бұхари мен Мүсілім сияқты сенімділігімен әйгілі болған хадис имамдарды бастаған алты кітап және басқа да имамдар, төменде баяндамақшы болған хабарымызға бір ауыздан қосылады. Бұл хабарлардың көбісі мағынасы жағынан тәуәтур және тағы бір бөлімі де зерттеуші ғалымдар тарапынан дұрыстығына шүбә келтірілмеген. Сондықтан тәуәтур сияқты сенімді десе болады.

Сахих риуаят бойынша бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына: "Сендер дұшпандарыңды жаппай жеңесіңдер! Меккені, Хайберді, Шамды, Иракты, Бейтул Мақдисті алып, қолдарыңа қаратасыңдар. Сол заманның ең үлкен мемлекеттері Иран мен Рұм патшаларының қазыналарын өзара бөлісетін боласыңдар!" деп хабар берген. «Осылай ойлаймын яки болжаймын» демей, көріп тұрғандай кесіп айтқан. Айтқаны дәл келді. Алайда, ол сөзді айтқан кезінде, өздері пана іздеп көшуге мәжбүр болатын. Дос жарандары Сахабалар аз, Мәдина аумағы мен бүкіл жәһан оған жау еді.

Һәм, сахих риуаят бойынша бірнеше мәрте:
عَلَيْكُمْ بِس۪يرَةِ الَّذَيْنِ مِنْ بَعْد۪ى اَب۪ى بَكْرٍ وَ عُمَرَ

деп, Әбу Бәкір мен Омардың өзінен кейін халифа болатынын, сонымен қатар Олар Пайғамбарымыз (с.а.у.) қалағанындай және

— 113 —

Аллаһ риза болатындай өте тамаша қызмет ететінін, Әбу Бәкірдің қысқа, Омардың ұзақ халифа болатынын және өте көп жеңістерге жететінін хабарлаған. Һәм:

زُوِيَتْ لِىَ الْاَرْضُ فَاُر۪يتُ مَشَارِقَهَا وَمَغَارِبَهَا وَسَيَبْلُغُ مُلْكُ اُمَّت۪ى مَا زُوِىَ ل۪ى مِنْهَا

деген, «Шығыстан Батысқа дейінгі жерлер менің үмметімнің меншігінде болады. Еш бір үммет, мұнша жерді иеленбеген». Хабары дәл келді.

Сахих риуаятта айтылғандай, Бәдір соғысынан бұрын:

هٰذَا مَصْرَعُ اَب۪ى جَهْلٍ، هٰذَا مَصْرَعُ عُتْبَةَ، هٰذَا مَصْرَعُ اُمَيَّةَ، هٰذَا مَصْرَعُ فُلَانٍ وَ فُلَانٍ

деп, Аллаһқа серік қосушы Құрайыш тайпасының басшыларының қай жерде жер жастанатынын көрсетіп берген. «Мен өз қолыммен Үбей ибн Халефті өлтіремін» деген, дәл солай болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, бір айлық қашықтықтағы Шам төңірегінде, "Мута" деген жердегі әйгілі соғыста шайқасып жүрген сахабаларын көріп тұрғандай:

اَخَذَ الرَّايَةَ زَيْدٌ فَاُص۪يبَ، ثُمَّ اَخَذَهَا اِبْنُ رَوَاحَةَ فَاُص۪يبَ، ثُمَّ اَخَذَهَا جَعْفَرُ فَاُص۪يبَ، ثُمَّ اَخَذَهَا سَيْفٌ مِنْ سُيُوفِ اللّٰهِ

деп, болып жатқан оқиғаларды достарына хабарлаған. Екі-үш аптадан кейін Яғла ибн Мүнеббих деген сахаба алғы шептен келді. Ол әлі аузын ашпастан Мүхбир Садық, яғни, Расулуллаһ (с.а.у.) соғыстың жайын өзі баяндап берді. Яғла ант етіп: «Сіз айтқандай болды» деді.

Һәм, сахих риуаятта

اِنَّ الْخِلَافَةَ بَعْد۪ى ثَلَاثُونَ سَنَةً ثُمَّ تَكُونُ مُلْكًا عَضُوضًا وَاِنَّ هٰذَا الْاَمْرَ بَدَاَ نُبُوَّةً وَرَحْمَةً ثُمَّ
— 114 —
يَكُونُ رَحْمَةً وَخِلَافَةً ثُمَّ يَكُونُ مُلْكًا عَضُوضًا ثُمَّ يَكُونُ عُتُوًّا وَ جَبَرُوتًا

деп Хазреті Хасанның алты ай халифа болатынын және сенімді төрт шадияр (Хулефа Рашидин) халифа болатын кезеңдерін және олардан кейін халифалық жойылып, мұрагерлік басталып, патшалық орнап, кейін сол мұрагерлік биліктің әділ болмайтынынан және үмметінің бұзылатындығынан хабар берген. Хабар бергеніндей болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай,

يُقْتَلُ عُثْمَانُ وَهُوَ يَقْرَاُ الْمُصْحَفَ وَاِنَّ اللّٰهَ عَسٰى اَنْ يُلْبِسَهُ قَم۪يصًا وَاِنَّهُمْ يُر۪يدُونَ خَلْعَهُ

деп, Хазреті Османның халифа болатындығын және халифалық орынды босатуы талап етілетіндігін, Құран оқып отырған кезінде біреудің қолынан шәйіт болатынынан хабар берген. Хабар бергеніндей болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) қан алдырғанда, мүбәрак қанын Абдуллаһ ибн Зүбейір тәбәрік деп шербет сияқты ішкен кезінде, оған:

وَيْلٌ لِلنَّاسِ مِنْكَ وَ وَيْلٌ لَكَ مِنَ النَّاسِ

деп, оның керемет батырлықпен үмметті басқаратындығын және көп соққыға ұшырайтынын, адамдардың көбісі соның салдарынан қайғылы жағдайларға тап болатындығын хабар берген. Хабар бергеніндей болды. Абдуллаһ ибн Зүбейір Әмеуилер заманында, Меккеде халифалық жариялап, батырлықпен соғыс жүргізді. Ақырында залым Хаджаж көп әскерімен шабуыл жасап, қиян-кескі шайқастан кейін, атақты қаһарман шейіт болды.

Һәм, сахих риуаят бойынша, Әмеуилер мемлекетінің құрылатынын және патшаларының көбі залым болатынын, арасынан Езид пен Уәлидтің шығатынын, Хазреті Муауие үмметті басқаратынын және оған: وَاِذَا مَلَكْتَ فَاَسْجِحْ деп жұмсақ және әділ болуын өсиет еткен.

— 115 —

Ал,

يَخْرُجُ وَلَدُ الْعَبَّاسِ بِالرَّايَاتِ السُّودِ وَ يَمْلِكُونَ اَضْعَافَ مَا مَلَكُوا

деп, Әмеуилерден кейін Аббаси мемлекеті құрылып, ұзақ уақыт жалғасатындығынан хабар берген. Хабары дұрыс шықты.

Һәм, шүбәсіз, нақты хабар бойынша وَيْلٌ لِلْعَرَبِ مِنْ شَرٍّ قَدِاقْتَرَبَ деп, Шыңғысхан мен Хулагудың атой салып бүлік шығаратынын, Аббаси араб мемелекетін тас талқан ететінін хабар берді. Хабары дәл шықты.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Сағад ибн Әбу Уаққас, өте қатты ауырып жатқанда оған:

لَعَلَّكَ تُخَلَّفُ حَتّٰى يَنْتَفِعَ بِكَ اَقْوَامٌ وَيَسْتَضِرَّ بِكَ اٰخَرُونَ

деп, болашақта ұлы қолбасшы болатынын, көп жеңістерге жететінін, көп ұлттар мен қауымдар одан пайда көретіндігін, яғни Исламды қабылдайтындығын және көп кісілердің зиян шегетінін, яғни мемлекеттері соның қолымен құлайтындығын хабарлады. Хабары айтылғандай дәл шықты. Хазреті Сағад Ислам әскерін шебер басқарды. Иран мемлекетін талқандады. Көп қауымдардың Исламға кіріп, тура жолға түсуіне себеп болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, иманға келген Хабеш (Эфиопия) патшасы Неджаши, хижраның жетінші жылында қайтыс болады. Сол күні оның өлгені жайлы сахабаларға өзі хабар берген екен. Тіпті, жаназа намазын да оқыпты. Бір аптадан соң Неджашидің дәл сол күні дүниеден өткендігі жайлы хабар келді.

Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, таңдаулы достарымен бірге Ухуд әлде Хира тауының басына шыққанда тау дірілдеп, шайқалады.

Тауға:
اُثْبُتْ فَاِنَّمَا عَلَيْكَ نَبِىٌّ وَ صِدّ۪يقٌ وَ شَه۪يدٌ

деп, Хазреті Омар мен Османның және Әлидің шейіт болатындығын хабарлады. Айтқанындай болды.

Араб Мұхаммед (с.а.у.) ақылды бір адам еді деп, ақиқаттың осынау күн көсеміне көзін жұмған бейшара, бейбақ! Үлкен мұғжизаларының он бес түрінің бір ғана түрі болған ғайыптағы оқиғалар жайлы он бес, бәлкім жүз бөлімінен бір бөлімін естідің. Мағынасы тәуәтур дәрежесінде өте сенімді бір ғана бөлімін тыңдадың. Осы бөлімдегі

— 116 —

ғайыптан берілген хабарлардың жүзден бірін ақыл көзімен көріп, парасатымен парқына барып, болашақты болжай алған адамға «Ұлы дана» деп жатамыз. Енді осындай жүздеген ұлы данадан да жоғары қасиетті дананың жаңылысып қате көруі әсте мүмкін бе? Жалған хабар беруге батылы бара ма? Осындай жүз есе ұлы даналық иесінің екі дүниенің бақыты жайлы сөздерін тыңдамау, әлбетте, жүз есе ақымақтың белгісі емес пе?!

АЛТЫНШЫ ИШАРА: Сахих риуаятта айтылғанындай, Хазреті Фатимаға (р.а.)

اَنْتِ اَوَّلُ اَهْلِ بَيْتِى لُحُوقًا ب۪ى

яғни "Әли Бейтімнің ішінен бәрінен бұрын сен маған қауышасың" деген. Алты айдан кейін Фатима (р.а.) қайтыс болып хабар бергеніндей болды.

Һәм, Әбу Зәрге:
سَتُخْرَجُ مِنْ هُنَا وَتَع۪يشُ وَحْدَكَ وَتَمُوتُ وَحْدَكَ

деп, Мәдинадан жер аударылып, жалғыз өмір сүретінін, жалғыз өзі сахарада өлетіндігін хабар берген. Жиырма жылдан кейін хабар бергеніндей болды.

Һәм, бірде Әнәс ибн Мәліктің анасы Үмму Харамның үйінде ұйқыдан оянды да, күлімсіреп былай деді:

رَاَيْتُ اُمَّت۪ى يَغْزُونَ فِى الْبَحْرِ كَالْمُلُوكِ عَلَى الْاَسِرَّةِ

Умму Харам: "Дұға қылыңыз, мен де солармен бірге болайын" деп өтінді. Оған: «Бірге боласың!» - деді. Қырық жылдан кейін күйеуі Убаде ибн Самитке еріп Кипрдің алынуына қатысты. Сол жерде қайтыс болып, мазары зиярат орнына айналды. Хабар бергеніндей болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
يَخْرُجُ مِنْ ثَق۪يفَ كَذَّابٌ وَ مُب۪يرٌ

деген. Яғни, "Сакыф қауымынан біреу өзін пайғамбармын деп жариялайды және біреуі қанішер залым болады". Осылайша өзін пайғамбармын деп жариялаған мәшһүр Мұхтарды және жүз мың адам өлтірген залым Хаджажды айтқан екен.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
سَتُفْتَحُ الْقُسْطَنْط۪ينِيَّةُ فَنِعْمَ الْاَم۪يرُ اَم۪يرُهَا وَنِعْمَ الْجَيْشُ جَيْشُهَا
— 117 —

деп Стамбулды мұсылмандар жеңіп алатынын, Хазреті Сұлтан Мехмед Фатихтің жоғары мәртебеге ие болатынын хабар берген. Дәл хабар бергеніндей болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
اِنَّ الدّ۪ينَ لَوْ كَانَ مَنُوطًا بِالثُّرَيَّا لَنَا لَهُ رِجَالٌ مِنْ اَبْنَٓاءِ فَارِسَ

деп Әбу Ханифа секілді Ираннан шығатын теңдессіз кәміл ғалымдар мен әулиелерге ишара қылып хабарлаған.

Һәм:

عَالِمُ قُرَيْشٍ يَمْلَءُ طِبَاقَ الْاَرْضِ عِلْمًا

деп, Имам Шафиді меңзеп, келетінінен хабар берген екен.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:

سَتَفْتَرِقُ اُمَّت۪ى ثَلَاثًا وَسَبْع۪ينَ فِرْقَةً اَلنَّاجِيَةُ وَاحِدَةٌ مِنْهَا. ق۪يلَ مَنْهُمْ؟ قَالَ مَا اَنَا عَلَيْهِ وَ اَصْحَاب۪ى

деп, үмметінің жетпіс үш топқа бөлінетінін, тура да кәміл жолдағылардың Әһли сүннет уәл жамағат тобы екенін хабар берді.

Һәм: اَلْقَدَرِيَّةُ مَجُوسُ هٰذِهِ الْاُمَّةِ деп, көптеген бөлімдерге бөлінген және тағдырды жоққа шығарған Қадерие ағымын хабарлады. Сонымен қатар көптеген тармақтарға бөлінген Рафизилерді айтып кеткен.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Имам Алиға (р.а.): "Хазреті Иса (а.с.) сияқты сен үшін адамдардың екі тобы зиянға ұшырайды. Біреулері шектен тыс махаббат қылады, біреулері шектен тыс дұшпандық етеді. Христиандардың Хазреті Исаға деген махаббаты шариғаттың шегінен асып, Аллаһ сақтасын, «Аллаһтың баласы» деп ал, яһудилердің дұшпандығы шектен шығып, пайғамбарлығын, кемелдігін жоққа шығарды емес пе, саған деген сүйіспеншілігінен адамдардың бір бөлігі шариғаттың шегінен шығады. Мұндай махаббат зиянды!"

لَهُمْ نَبْزٌ يُقَالُ لَهُمُ الرَّافِضِيَّةُ

деп бір топ кісілердің

— 118 —

дұшпандықтары шектен шығатынын, олар Хариджилер мен Әмеуилердің Хазіреті Алиға қарсы "Насибе" деп аталатын топ екенін хабар берген.

Егер біреу сұраса: Әли Бейтті сүюді Құран бұйырады. Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссалам да оны көп айтқан. Осы махаббат, Шииттер үшін бәлкім бір кешірім, үзір болар. Өйткені махаббат қылғандар бір шама мас болады. Сезімге берілгіш келеді. Неге Шииттерге, әсіресе Рафизилерге осы махаббаттан пайда жоқ. Әлде, Нәби мегзеген әлгіндей шамадан тыс махаббатқа тұтылды ма?

Жауабы: Махаббат екі түрлі болады.

Біреуі: Әріптік мағынамен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам үшін, Хақ Тағаланың атынан, Хазреті Али мен Хасанды, Хусейнді және Әли Бейтті (ұрпағын) сүю. Бұл махаббат Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға деген махаббатты арттырып, адамды Иләһи махаббатқа себеп болады. Мұндай махаббат қанша артса да зияны жоқ, шектен шықпайды, өзгелердің қызғанышы мен дұшпандығын оятпайды.

Екіншісі: Есімдік мағынамен Өз үшін сүю. Хазреті Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламды ойламай, Хазреті Алидің қаһармандығын, кемелдігін және Хазреті Хасан мен Хусейіннің жоғары қасиеттілігін, ерекшеліктерін еске алып, жақсы көреді. Тіпті, Аллаһты білмесе де, Пайғамбарды танымаса да бәрібір оларды жақсы көреді. Мұндай сүйіспеншілік Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламның және Хақ Тағаланың махаббатына қатысы жоқ. Шамадан тыс артық кетуі арқылы басқаларды ренжітіп, дұшпандық қылады. Міне, Нәбидің (с.а.у) айтқанындай, Хазреті Алиға деген шамадан тыс махаббат, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық пен Хазреті Омардан сырт айналдырып, оларды кемсітуге себеп болды, зиянға ұшыратты.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:

اِذَا مَشَوُا الْمُطَيْطَٓاءَ وَخَدَمَتْهُمْ بَنَاتُ فَارِسَ وَالرُّومِ، رَدَّ اللّٰهُ بَاْسَهُمْ بَيْنَهُمْ وَ سَلَّطَ شِرَارَهُمْ عَلٰى خِيَارِهِمْ

"Қашан сендерге Парсы және Рұм қыздары қызмет қылады, сол кезде араларыңда бәле мен бүлік, алауыздық пайда болады. Өзара соғыс басталады. Жамандарың бастарыңа шығып, қайырлыларың мен игі жақсыларыңа тиісетін болады" деп хабар берді. Отыз жылдан кейін осы айтылғандар ортаға шықты.

— 119 —
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
وَتُفْتَحُ خَيْبَرُ عَلٰى يَدَىْ عَلِىٍّ

Алидің қолымен "Хайбер" қамалы алынатынын хабарлады. Расында, ертесіне Нәбидің бір мұғжизасы ретінде "Хайбер" қамалының қақпасын Хазреті Али жұлып алып, қалқан қылып пайдаланды да, жеңіске жеткен соң қақпаны лақтырып жіберді. Сегіз қуатты адам, әлгі есікті жерден көтере алмаған деседі. Басқа риуаятта қырық адам көтере алмапты.

Һәм: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتّٰى تَقْتَتِلَ فِئَتَانِ دَعْوَاهُمَا وَاحِدَةٌ деп Сыффин дейтін жерде Хазреті Али мен Муауиенің соғысатынынан хабар берген.

Һәм: اِنَّ عَمَّارًا تَقْتُلُهُ الْفِئَةُ الْبَاغِيَةُ «Аммарды залым бір тайпа өлтіреді» - деді. Кейін Сыффиндегі соғыста өлтірілді. Хазреті Али, оны Муауиенің жақтастары залым екендігіне дәлел қылып көрсетті. Бірақ, Муауие басқаша жорып өзінше түсінді. Амр Ибн-ул-Ас: "Залым бәріміз емес, тек оны өлтіргендер ғана" -деді.

Һәм: اِنَّ الْفِتَنَ لَا تَظْهَرُ مَا دَامَ عُمَرُ حَيًّا «Хазреті Омар сау тұрғанда іштеріңде бүлік шықпайды!», - деді. Дәл солай болды.

Сеһл ибн Амр әлі иманға келмей тұрып тұтқынға түсті. Хазреті Омар, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға айтты: «Рұқсат етіңіз, мұның тістерін қағып тастайын. Өйткені, ол тілінің өткірлігімен Құрайыштың кәпірлерін бізге айдап салатын». Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам:

وَعَسٰى اَنْ يَقُومَ مَقَامًا يَسُرُّكَ يَا عُمَرُ

деді. Шыныменен-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам дүниеден қош айтысып көз жұмған сәтінде Сахабалар арасында қайғылы сабырсыздық бас көрсеткен кезде, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық қалайша Мәдинада асқан ұстамдылық танытып, халыққа басу айтып, маңызды бір насихатпен сахабаларды тыныштандырып жұбатқан болса, Сеһл де сол сәтте қасиетті Меккеде дәл Әбу Бәкір Сыддық сияқты сахабаларға басу айтып, қапалы көңілдерін жұбатыпты. Өзінің мәлім шешендігімен Әбу Бәкір Сыддықтың насихатының мағынасында уағыз айтқан екен. Тіпті, екі уағыз-құтпаның сөздері бір-біріне өте ұқсас екен.

— 120 —

Һәм, Сүракаға:

كَيْفَ بِكَ اِذَا اُلْبِسْتَ سُوَارَىْ كِسْرٰى

"Кисраның екі білезігін тағасың!" депті. Хазреті Омардың уақытында Кисра өлтірілді. Байлықтары мен ерекше безендірілген білезіктері келді. Хазреті Омар білезіктерді Сүракаға тақты.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى سَلَبَهُمَا كِسْرٰى وَاَلْبَسَهُمَا سُرَاقَةَ

деп, Нәбидің (с.а.у) хабарын есіне алды.

Һәм:

اِذَا ذَهَبَ كِسْرٰى فَلَا كِسْرٰى بَعْدَهُ

"Парсының Кисрасы кеткеннен кейін, қайтып Кисра шықпайды!" деген, дәл солай болды.

Һәм, Кисраның елшісіне: " Дәл қазір, Кисраның ұлы Ширвие Первиз, Кисраны өлтірді" деді. Әлгі елші сұрастырды, айтылған уақытта дәл солай болыпты, ол да Исламды қабылдады. Кейбір хадистерде, ол елшінің есімі "Фируз" екен.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хатиб ибн Белтаның жасырын түрде Құрайышқа жіберген хатын біліп қойып, хабар берді. Хазіреті Али мен Микдадты аттандырып тұрып: «Пәлен жерде бір адамда бір хат бар. Алып келіңдер!» деді. Олар айтылған жерден дәл сол хатты алып келді. Хатибты шақырды. Неліктен былай істедің?" деді. Ол да үзірін айтты, үзірін қабыл етті.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Утбе ибн Әбу Ләһәб жайында:

يَاْكُلُهُ كَلْبُ اللّٰهِ

деп Утбенің жан түршігерлік өлімін хабарлады. Содан көп ұзамай Иемен жаққа бара жатқанда оны бір арыстан жеп қояды. Пайғамбар Алейһиссалату Уәссаламның теріс батасы қабыл болып, хабары шындыққа айналды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Меккені жеңіп алған уақытта Хазреті Биләл Хабеши, Қағбаның үстіне шығып азан шақырды. Сол кезде Құрайыштың басшылары Әбу Сүфиан, Аттаб ибн Әсид және Харис ибн Хишам үшеуі отыр еді. Аттаб: «Осы күнді көрмеген әкем Әсид бақытты екен-ау» деп еді, Харис: «Мұхаммед, мына қара қарғадан басқа азан шақыратын адам таппады ма екен?» деді. Осылайша Хазреті Биләл Хабешиді кекетіп мұқатты. Сонда Әбу Сүфиан тұрып: "Мен бір нәрсе айтуға қорқамын. Ешкім болмаса

— 121 —

да мына Батһаның тастары оған хабарлап біліп қояды". Расында біршама уақыттан кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам оларға бір әрпін де қалдырмай сөздерін қайталап берді. Сол уақытта Аттаб пен Харис шәһәдат келтіріп, мұсылман болды.

Міне ей, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламды танымайтын опасыз бейшара, дінсіз адам! Назарың сал! Құрайыштың қырсық екі көсемі, бір ғана ғайыптан айтқан хабарын естіп, иманға келді. Сенің ар-ұжданың қайда? Осы ғайыптан айтқан хабары сияқты кең тараған мыңдаған мұғжизаларын естіп отырып, сонда да толық сенгің келмейді! Жарайды тақырыбымыздан ауытқымай-ақ қояйық.

Һәм, сахих риуаят бойынша, Бәдірдегі соғыста Хазреті Аббас мұсылман болмай тұрғанда сахабалардың қолына тұтқынға түседі. Одан азаттығы үшін құн сұраған кезде: «Төлейтін ақшам жоқ» деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам: «Әйелің Үммү Фадл екеуің мұнша ақшаны пәлен жерге жасырдыңдар ғой!» деді. Хазреті Аббас таңқала мойындап, «Екеумізден өзге ешкім білмейтін құпия сыр еді» деп, сол жерде иман келтіріп мұсылман болды.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Лебид-і Яһуди деген зиянкес сиқыршы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам қиналсын деп адам айтқысыз әсерлі бір сиқыр жасады. Бір тараққа шаштарын орап, дуалап, сиқыр жасаған соң, бір құдыққа тастай салды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам, Хазреті Али мен сахабаларға айтты: "Барыңдар! пәлен жердегі құдықта осындай сиқырланған заттар бар. Тауып, алып келіңдер!" Барды да дәл сол айтылғандарды алып келді. Әрбір тал шашы тарқатылған сайын, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам ауыруынан айығып жеңілдей берді.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Әбу Хүрейре және Хүзейфе сынды үлкен тұлғалар қатысып отырған бір жиында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам:

ضِرْسُ اَحَدِكُمْ فِى النَّارِ اَعْظَمُ مِنْ اُحُدٍ

деді, яғни, «осы отырғандардан біреуің діннен безіп, ақыры жаман болады» Әбу Хүрейре айтады: Сол жиында болған бір адаммен екеуміз ғана қалған кезде мен қатты қорықтым. Кейін әлгі адам, Иемаме соғысында Мүсейлименің жағына шығып кетті де, сатқын ретінде өлтірілді. Нәбидің (с.а.у.) хабары ақиқатқа айналды.

— 122 —

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Умейір мен Сафуан мұсылман болмай тұрғанда, көп ақшаға жалданып, Хазреті Пайғамбарды (с.а.у.) өлтіруге бел буады. Умейір, Пайғамбарды (с.а.у.) өлтіруге дайындалып Мәдинаға келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Умейірді көрді де жанына шақырды. Оған: «Сафуанмен келіскендерің осы ма?» деп қолын Умейірдің кеудесіне қойды. Үмейір "иә" деді де мұсылман болды.

Осы сияқты басқа да көптеген оқиғалардың болатынын алдын ала хабарлап отырған. Бұлар хадис жайлы әйгілі алты кітапта дәлелдерімен бірге баяндалған. Бұл еңбекте баяндалған оқиғалардың басым көпшілігі, тәуәтур дәрежесінде сенімді де анық. Бұхари мен Мүсілімнің кітаптары, Құраннан кейінгі ең сенімді кітап екені зерттеуші ғалымдар тарапынан қабылданған. Ал өзге сахихи Тирмизи, Несаии, Әбу Дәуіт, Мүснед Хакім, Мүснеді Ахмед ибн Ханбел және Делаил Бейһаки сияқты кітаптарда аты жөндерімен баяндалған болатын.

Ей, дінсіз ақымақ! «Араби Мұхаммед (с.а.у.) ақылды адам еді» деп өте шықпа. Өйткені, осы ғайыптағы оқиғалар жайында Мұхаммед (с.а.у) тура хабарлап, дәл айтқан болса, мұның екі-ақ жолы бар, басқа жолы жоқ. Я ол Кісінің (с.а.у.) назары өткір, ақылы кәміл. Сондықтан өткен шақ пен болашақты және бүкіл дүниені түгел көреді, біледі. Дәлірек айтқанда әлемнің жан-жағын, шығысы пен батысын қамтитын көзі, өткен шақ пен болашақты білетін дария ақылы бар. Әрине бұндай жағдай жай адамда болмайды. Егер болса, әлемнің жаратушысы берген бір ғажайып сыйлық, керемет қасиет. Бұл, өз алдына таңғажайып бір мұғжиза. Я болмаса бұл мүбәрак Тұлға (с.а.у.), сондай Ұлық Хәкімнің қызметкері, шәкірті, барлық нәрсе Оның назарында және басқаруында. Барлық әлем, барлық уақыт Оның әмірімен қозғалады... Ұлы дәптері Ләухи Махфузда барлық нәрсе жазулы. Қалаған уақытында шәкіртіне білдіреді, көрсетеді. Демек, Мұхаммеди Араби Ғалейһиссалату Уәссәләм өзінің ұлы ұстазы «Мәлики иәумеддиннен», яғни, дін күнінің Иесінен дәріс алады, басқаларға дәріс береді...

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хазреті Халидті, Дүумет-ул Дженделдің Үкейдір деген басшысымен соғысуға жіберіп жатқан кезде:

— 123 —
اِنَّكَ تَجِدُهُ يَص۪يدُ الْبَقَرَ

дейді, яғни, ол оны қодасы аулап жүрген жерінен ұстап, қарсылықсыз тұтқындайтынын хабарлады. Хазреті Халид дәл солай тұтқындап алып келді.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Құрайыш тайпасының Хашими әулетін жамандап, жазған Қағбаға ілінген қағаз жайында, "құрттар жазулы қағаздарыңды жеп қойды, тек Аллаһтың есімдеріне тиіспеді!" деп хабарлады. Кейін (Каспи) қағазға қараса, дәл солай болып шықты.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, «Бейт-ул Мақдисті жеңіп алу кезінде оба ауруы шығады...» деп алдан ала хабар берді. Хазреті Омардың заманында Бейт-ул Мақдис жеңіп алынды. Оба ауруының күштілігі соншалық, үш күнде жетпіс мың адам өлді.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, ол кезде әлі салынбаған Басра мен Бағдад қалаларының пайда болатынын, Бағдатқа дүниенің бар байлығы жиылатындығын әрі сол кезде Түріктер мен Хазар теңізінің төңірегіндегі халықтар Арабтармен соғысатындығын, кейін олардың Ислам дінін қабылдап, арабтардың ішінде жүріп арабтарға үстемдік ететінін хабар берген.

يُوشِكُ اَنْ يَكْثُرَ ف۪يكُمُ الْعَجَمُ يَاْكُلُونَ فَيْئَكُمْ وَيَضْرِبُونَ رِقَابَكُمْ

деген екен.

Һәм былай депті: هَلَاكُ اُمَّت۪ى عَلٰى يَدِ اُغَيْلِمَةٍ مِنْ قُرَيْشٍ яғни, Әмеуие мемлекетінің Езид пен Уәлид сияқты бұзақы басшыларының кесірі тиетінін хабар берді. Һәм Иемаме сынды кейбір жерлерде, дінсіздік шығатындығын айтты.

Һәм, Хендектегі әйгілі соғыста:
اِنَّ قُرَيْشًا وَالْاَحْزَابَ لَا يَغْزُون۪ى اَبَدًا وَاَنَا اَغْزُوهُمْ

деген екен, яғни, «Бұдан кейін олар маған емес, керісінше мен оларға шабуыл жасаймын!» Дәл хабар бергеніндей шықты.

Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, қайтыс болуынан бір-екі ай

اِنَّ عَبْدًا خُيِّرَ فَاخْتَارَ مَا عِنْدَ اللّٰهِ

бұрын: деп, дүниеден өтетінін айтты.

— 124 —
Һәм, Зейід ибн Сувахан жайында мынаны айтыпты:
يَسْبِقُ عُضْوٌ مِنْهُ اِلَى الْجَنَّةِ

"өзінен бұрын Зейідтің бір мүшесі шейіт болады". Бір шама уақыттан кейін, Нихавендідегі соғыста бір қолы шабылды. Демек ең алдымен қолы шейіт болып, белгілі бір мағынада жәннатқа кетті.

Міне, барлық айтылған ғайыптағы оқиғалар, он бөлімнен тұратын түрлі мұғжизаларының бір ғана түрі. Ол түрінің де оннан бір бөлігін түгел айтпадық. Осы бөліммен қоса Құранның мұғжизалары жайлы жиырма бесінші Сөзде ауқымды түрде ғайыптан берген хабардың, төрт түрін қысқаша баяндағанбыз. Міне мұндағы түрімен бірге, Құран арқылы ғайыптан хабар берілген сол төрт үлкен түрін қоса қарастыр. Бұлар Пайғамбарлықтың қаншалық сенімді, шүбәсіз, көркем де қуатты, күшті дәлелі екеніне көзің көргендей сен! Ар-ұжданнан жұрдай болып, ақылы бұзылмаған біреу, әлбетте былай деп иман етер еді: Ол кісі, яғни, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм, Халиқ-ы Күлли Шей, Ғаллам-ул Ғуюб болған, яғни, барлық нәрсеге құдіреті жететін, ғайыпты толық білуші Аллаһтың елшісі әрі Одан хабар алып тұрады.

ЖЕТІНШІ ИШАРА: Енді Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизаларының тағамның берекеті жайындағы бөлімінен сенімді және мағынасы тәуәтур бірнеше мысалдарын ишара етеміз. Әуелі бір кіріспе баяндалғаны жөн.

Қазір баяндалатын береке туралы мұғжизалардың мысалдары, әрқайсысы әртүрлі жолдармен, тіпті кейбірі он алты жолмен, шүбәсіз дәлелдермен расталған. Көпшілігі жамағаттың көз алдында болған. Оларды бізге сол жамағаттың ішіндегі сенімді де шыншыл жандар жеткізген. Мысалы: "Төрт уыс Сағ деп аталатын тағамнан жетпіс адам жеді әрі тойды" деп айтылады. Әлгі жетпіс адам бұл сөзді естіп, қарсы шықпады. Демек үндемей растап отыр. Алайда сонау шындық пен ақиқат ғасырында, Хаққа ғана табынатын зерек, мұқият, турашыл сахабалар, кішкене жалған нәрсе көрсе болды дереу қарсы шығатын. Ал енді біз баяндағалы отырған оқиғаларды көпшілік риуаят еткен, өзгелері үндемей қостаған. Демек, әрбір оқиға мағынасында тәуәтур секілді сенімді. Һәм сахабалар, Құран және аяттарының сақталуынан кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің амалдары

— 125 —

мен сөздерінің сақталуына, әсіресе үкімдер мен мұғжизаға қатысты оқиғаларды сақтауға бар күштерін салып, дұрыстығына аса мән бергендігіне тарих пен өмір баяндары куә. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жасаған кішкене әрекетті, бір мінезді, жағдайды ұмыт қалдырмай жазып отырды. Мұқият жазып алғандықтарына хадис кітаптары дәлел. Сонау бақыт ғасырында, мұғжизалар мен үкім шығарылатын хадистерді сақтауды хатшы-жазушылар жұмыла қолға алды. Әсіресе Абадил Себға (жеті Абдуллаһ) жазбаша сақтады. Әсіресе Құранның аудармашысы Абдуллаһ ибн Аббас және Абдуллаһ ибн Әмір ибн Ас, әсіресе отыз-қырық жылдан кейін, Табииндердің мыңдаған мухаққиктері хадистер мен мұғжизаларды жазып мұқият сақтап бақты. Олардан кейін төрт Мүджтехид имам бастаған мыңдаған мухаққиқ хадис жазушылар баян етіп, жазбаша түрде сақтап отырды. Тіпті, хижрадан екі жүз жыл өткен соң Бұхари, Мүсілім бастаған ғұламалар дұрыстығы қабыл болған алты кітапқа ендіріп, сақтап қалу міндетін мойынына алды. Ибн Жәузи сияқты мыңдаған қатал сыншылар шығып, кейбір имансыздардың немесе ойсыз, ұмытшақ немесе надандардың қосып жіберген жалған хадистерінің ара-жігін ажыратып берді. Кейін әулиелердің растауымен, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен басқа әлемде жетпіс мәрте сұхбаттасқан Желаледдин Суюти сияқты ғұламалар мен мухаққиктер, алмаздай сахих хадистерді бөтен сөздерден, қыстырма ойлардан айырды. Міне, біз сөз етіп отырған оқиғалар мұғжизалар, осындай қолдан-қолға нақты, сенімді түрде өтіп, сау-саламат күйінде бізге жеткен.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى

Сондықтан, «Сонау заманнан бері қанша уақыт өтсе де бұл хадистерге еш нәрсе араласпай, таза жеткенін қайдан білеміз?» деген ой келмеуі керек.

Берекет жайлы сенімді мұғжизалардың бірінші мысалы: Әуелі Бұхари мен Мүсілім, дәлелімен сенімді алты кітап бір ауыздан мақұлдаған мына бір хабар: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің Хазреті Зейнеппен үйлену тойында Хазреті Әнәстің анасы Үмму Сүлейм, бір-екі уыс құрманы майға қуырып бір ыдысқа салды да Хазреті Әнәс арқылы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жіберді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнәске: "Пәленді, пәленді шақыр. Һәм,

— 126 —

кімге жолықсаң шақыра бер!" - деді. Әнәс те кімге жолықса, бәрін шақырды. Үш жүзге тарта сахаба келіп ауланы және берекелі бөлмесін толтырды. Сосын: تَحَلَّقُوا عَشَرَةً عَشَرَةً деді Яғни: «Он, оннан алқа құрып отырыңдар!». Кейін мүбәрак қолдарын әлгі азғантай тағам үстіне қойып, дұға қылды да «жеңіздер!» деді. Әлгі үш жүз адамның барлығы жеп, тоқ болып тарқасты. Әнәске: «Жинастыр!» деді. Әнәс айтады: " Тағамның ыдысын қойған уақытымда тағам көп болды ма, әлде жинастырған уақытта ма, біле алмадым".

Екінші мысал: Пайғамбарымызды (с.а.у.) қонақ еткенін күтіп алып, Әбу Әюб-ил Әнсаридің үйіне Нәби (с.а.у.) барған уақытта Әбу Әюб айтады: "Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм мен Әбу Бәкір Сыдыққа ғана жетерліктей екі кісілік тамақ әзірледім". Маған:

اُدْعُ ثَلَاث۪ينَ مِنْ اَشْرَافِ الْاَنْصَارِ

деді. Сосын отыз адам келді, жеді. Тағы да: اُدْعُ سِتّ۪ينَ деді. Алпыс кісі тағы шақырдым, келіп, жеп кетті. Тағы да: اُدْعُ سَبْع۪ينَ деді. Жетпісін тағы шақырдым, келіп, жеп кетті. Ыдыстарда әлі тамақ бар еді. Келгендердің барлығы осы мұғжизаға таң қалысып Ислам дінін қабылдап, хақ екенін мойындады. Сөйтіп әлгі екі кісілік тағамнан жүз сексен адам жеген екен.

Үшінші мысал: Хазреті Омар ибн Хаттаб пен Әбу Хүрейре және Сәләмә ибн Әкуа және Әбу Әмрат-әл Әнсари сынды кісілерден келген бір хабар: Бір соғыста әскер аш қалады. Олар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жүгінді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дорбаларыңда қалған ризықтарыңды түгел жинаңдар!» деді. Әрқайсысы бір-екі уыс құрма әкелді. Ең көп әкелгені төрт уыс болар. Бәрін бір тақыр кілемге салды. Сәләмә айтады: «Барлығын шамалағанымда, жатқан ешкідей ғана еді». Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм берекет үшін дұға қылды да: «Әркім ыдысын әкелсін» деді. Барлығы ыдыстарын алып келді. Бос ыдыс қалмады, барлығы толтырылды. Сонда да артылып жатты. Сахабалардан біреуі: «Әлгі берекеттің барысынан байқағаным, егер дүние жүзінің тұрғындары келсе, оларға да жетер еді» деген екен.

— 127 —

Төртінші мысал: Бұхари мен Мүсілім бастаған дәлелді кітаптар баяндауда: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір Сыддық айтады: Жүз отыз сахаба Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бір сапарда бірге едік. Төрт уыс шамасындай ұннан қамыр иленді. Бір ешкі сойылып, пісірілді. Өкпе-бауыры мен бүйректерінен кәуәп жасалды. Ант етемін, сол кәуаптан жүз отыз сахабаның әрбіреуі бір бөлік кесіп жеді. Кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, пісірілген етті екі табаққа салды. Бәріміз тойғанша жедік, бірақ бәрібір артылып қалды. Мен артылған тамақты түйеге арттым.

Бесінші мысал: Дәлелді кітаптар сенімді түрде былай баяндайды: Хазреті Жабир-ул Әнсари ант ішіп айтады: Мәдина маңындағы әйгілі Хендек соғысында, төрт уыс арпа ұнынан пісірілген нанмен, бір серкенің етінен мың адам жеп, сонда да бәз баяғы қалпында қалды. Хазреті Жабир айтады: "Сол күні тамақ менің үйімде пісірілген еді. Мың адам тамақтанып кеткен соң, қазанымыз толып тұрды, қамырымыздан әлі де нан жасалып жатты. Өйткені әлгі қамыр мен қазанға Расулуллаһ (с.а.у) мүбәрәк аузының суын тамызып, береке үшін дұға еткен болатын".

Мінеки, осы берекенің мұғжизасын, мың кісінің көз алдында, олардың да сол жерде болғанын көрсете отырып, Хазреті Жабир ант ішіп айтып отыр. Демек бұл оқиға, мың адам риуаят еткендей сенімді десе болады.

Алтыншы мысал: Шүбәсіз қуатты хабар бойынша Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәстің немере ағасы әйгілі Әбу Талха айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Әнәстің қолтығының астына қыстырып әкелген азғантай арпа нанынан жетпіс-сексен адамға тойғанша жегізді. "Мына азғантай нанды тураңыздар!" деп бұйырды және береке үшін дұға қылды. Отырған мекен тар болғандықтан, он-оннан келіп жеді, бәрі де тойды.

Жетінші мысал: Шүбәсіз нақты хабар бойынша, Шифай Шериф және Мүсілім сияқты дәлелді кітаптар баяндайды: Хазреті Жабир-ул Әнсари айтады: Бір кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан отбасы үшін тағам сұрады. Оған Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, жарты қап арпа берді. Ұзақ уақыт әлгі адамның отбасы және қонақтары да сол арпадан жеді. Қараса, таусылатын түрі жоқ. Шамасын байқау үшін өлшеп көрді. Содан кейін, берекесі де кетті,

— 128 —

азая бастады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келіп болған жайды баяндағанда, жауап ретінде былай деді:

لَوْ لَمْ تَكِلْهُ لَاَكَلْتُمْ مِنْهُ وَ لَقَامَ بِكُمْ

Яғни: "Егер өлшемегендеріңде сендерге өмір бойына жетер еді".

Сегізінші мысал: Тирмизи, Несаий, Бейһаки және Шифай Шериф сынды дәлелді кітаптар баяндайды: Хазреті Семуре тебн-и Жүндуб айтады: Біреулер Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға бір кесек ет беріп жіберіпті. Таңертеңнен кешке дейін әлгі етті адамдар топ-тобымен келіп жеп жатты.

Міне, кіріспеде баяндалған сырға байланысты, бұл береке оқиғасы тек қана Семуренің айтуымен ғана емес, ол сол тамақты жеген жамағаттың уәкілі сияқты, солардың атынан айтты, олар да растап отыр.

Тоғызыншы мысал: Шифа-й Шериф кітабының иесі және әйгілі ибн Әбу Шейбе және Таберани сынды сенімді де тура мухаққиктердің риуаятында, Хазреті Әбу Хүрейре айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм маған былай деп бұйырды: "Қасиетті мешіттің ауласын мекен еткен жүзден астам көшпенді дәруіштерді шақыр!". Мен оларды іздеп, жинап алып келдім. Бәрімізге бір табақ тағам ұсынды. Біз, қалағанымызша жедік. Ол табақ қойылған уақытта қандай болса, сол қалпында қалды. Тек тағамда саусақтардың іздері ғана көрініп жатты.

Мінеки, Хазреті Әбу Хүрейре, ауладағы барлық кәміл жандардың қолдауына сүйеніп, олардың атынан хабар берді. Демек, ауладағы тұрғындардың барлығы риуаят еткендей сенімді. Сонымен қатар, бұл хабар хақ және тура болмаса, әлгі сенімді де кәміл кісілердің үндемей қалып, қарсы шықпауы әсте мүмкін бе?

Оныншы мысал: Шүбәсіз нақты хабар бойынша, Хазреті Имам Али айтады: Бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Абдулмутталибтен тараған әулетті жинады. Олар қырық адам еді. Олардың кейбіреуі бір ботаның етін жеп, төрт шара сүт ішіп қоя алатын. Бірақ, оларға бір уыстай тамақ дайындалды. Барлығы жеп тойды. Тамақ бастапқы мөлшеріндей қалды. Сонан соң, ағаштан жасалған шарамен үш-төрт адамға жетерліктей ғана сүт әкелді. Бәрі де ішті, тойды. Сүт сол күйінде қалды. Міне, бұл берекет Хазреті Алидің батырлығы мен адалдығындай анық мұғжиза болатын.

— 129 —

Он бірінші мысал: Шүбәсіз хабар бойынша, Хазреті Али мен Фатима-т-уз Зәһраның үйлену тойында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Биләл Хабешиге былай деп бұйырды: "Төрт-бес уыс ұннан нан пісірілсін және бір тайлақ сойылсын." Хазреті Биләл айтады: Мен тағамды айтуы бойынша дайындап әкелдім. Расулуллаһ (с.а.у.) мүбәрәк қолдарын тамақтың үстіне қойып дұға етті. Сахабалар топ-тобымен келіп, жеп жатты. Әлгі тамақтың сарқытына тағы да береке үшін дұға қылды, барлық некелі әйелдерінің әрқайсысына бір бір кеседен сыбаға жіберді. Оларға: "Өздері жесін және келген қонақтарына жегізсін" деп бұйырды. Әрине, осындай қасиетті бір тойда, осындай бір берекенің болуы заңды еді. Солай болды да.

Он екінші мысал: Хазреті Имам Жафар Садық, әкесі Имам Мухаммед-ул Бакырдан, ол да әкесі Имам Алиден риуаят етуде: Бір күні Фатима-т-уз Зәһра жұбайы Хазіреті Али екеуіне жетерліктей тамақ пісірді. Сосын Алиді жіберіп Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді бірге тамақ жеуге шақыртты. Ол кісі келген соң әлгі тамақтан әрбір әйеліне бір кеседен жіберткізді. Сосын өзіне, Алиге, Фатимаға және балаларына бір- бір кеседен бөліп берді. Сонда, осы оқиға туралы Хазреті Фатима былай дейді: "Қазанды түсіріп қойғаннан кейін де толып тұрды. Аллаһтың қалауымен, әлгі тамақтан біраз уақыт жедік." Апырым-ай осынау анық риуаяттар жолымен жеткен осы берекенің мұғжизасына көзбен көргендей болып неге сенбейсің? Әрине, бұған қарсы шайтанның өзі де сылтау таппас.

Он үшінші мысал: Әбу Дәуіт және Ахмед ибн Ханбел, Имам Бейһаки сияқты турашыл имамдар, Дүкейн-ул-Ахмеси ибн Саид-ил Мүзениден және алты ағайынымен бірге Пайғамбардың сұхбатына бөленген сахабалардың бірі Нұғман ибн Муккарин-ил Ахмес-ил Мүзениден және Жерирден, сондай-ақ, Хазреті Омар ибн Хаттабтан риуаят етуде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Хазреті Омарға: "Ахмеси тайпасынан келген төрт жүз аттының жолына азық-түлік бер!" деді. Хазреті Омар: "Уа, Расулуллаһ! Қолдағы бар азықтың шамасы шөккен ботадай-ақ" депті. Пайғамбар (с.а.у): "Бер!" деп әмір етеді. Ол да, жарты жүк құрмадан, төрт жүз аттыға жетерліктей азық берді. Беріліп болған соң да ешкім тимегендей сол күйінде қалды дейді.

— 130 —

Міне осы берекенің мұғжизасы, төрт жүз адаммен, әсіресе, Хазреті Омармен байланысты болса шүбәсіз болғаны. Өйткені риуаяттардың артында солар тұр. Бұлардың үндемеуі, растағаны. Екі-үш хабар екен, жалғыз адам айтқан екен деп өте шықпа! Бұндай оқиғаларды бір адам риуаят етсе де мағынауи тәуәтур болып есептеледі.

Он төртінші мысал: Әуелі Бұхари және Мүсілім секілді сахих кітаптардың жеткізген хабарында былай дейді: Хазреті Жабирдің әкесі қайтыс болғанда, артында көп қарызы қалған екен. Қарыз иелері де яһудилер. Жабир әкесінен қалған дүние мүлікті соларға берейін деп еді, қабылдамады. Ал, бақшасынан түсер өнім бірнеше жылда қарызын өтеуге жетпес еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Бақшаңдағы жемістерді жинастыр!» деді. Айтқанын екі етпей орындады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жиналған жемістердің ортасына барып дұға қылды. Жабир, әкесінің барлық қарыздарын бергеннен кейін де бақшадан бір жылда түсетін өнім мөлшерінде жеміс қалыпты. Бір риуаятта, қарыз иелеріне берілген мөлшердей қалды дейді. Қарыз иелері яһудилер осы оқиғаға таң қалғандары сонша, абдырап естерінен тана жаздады.

Міне, осы айдай анық береке мұғжизасы, Хазреті Жабир сынды бірнеше риуаят етушілердің айтқандары ғана емес, бәлкім ел арасына кең таралғандықтан осы оқиғаға қатысты, көптеген адамдардың атынан риуаят етіліп отыр.

Он бесінші мысал: Әуелі Тирмизи мен Имам Бейһаки сынды мухаққиқтер, Хазреті Әбу Хүрейре айтқан сахих хабарларымен қоса былай деп риуаяттауда: Әбу Хүрейре былай дейді: Бір соғыста (өзге бір риуаятта Тебук соғысында) әскер аш қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:

هَلْ مِن شَيْءٍ؟

«Бір нәрсе қалды ма?» деді. Мен: "Дорбада біраз құрма бар" дедім. (Бір риуаятта он бес түйір). "Алып кел!" деді. Апарып едім, мүбәрак қолын салып, бір уысын алды да бір ыдысқа салып, береке сұрап дұға қылды. Сосын он-оннан әскерді шақырды, барлығына жегізді. Кейін

خُذْ مَا جِئْتَ بِهِ وَاقْبِضْ عَلَيْهِ وَلَا تَكُبَّهُ

деді. Мен дорбаны ашып ішіне қолымды салдым. Алғашқы алып келгендегідей мөлшерде қолыма ілінді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзі тірісінде, содан кейін де Әбу Бәкір мен Омар және Османның дәуірінде де әлгі құрмадан жеп жүрдім. (Басқа бір риуаятта былай

— 131 —

айтылады: Ол құрмалардың біршамасын, Аллаһ жолында сарп еттім. Кейін Хазреті Османға қастандық жасалып шәйіт болғанда, әлгі құрма қабымен бірге ұрланып кетті).

Мінеки, Әлемнің Мұғалімі, адамзаттың мақтанышы, Алейһиссалату Уәссәләмнің қасиетті медресесі және дәрісханасы болған Суффаның табанды, мықты шәкірті әрі мүриді, жадының мықтылығы үшін Нәбидің батасына бөленген Хазреті Әбу Хүрейре айтқан, Тебук соғысында көпшіліктің көз алдында болған осы береке туралы мұғжизасы мағынауи тұрғыдан көпшіліктің сөзіндей сенімді, қуатты болса керек...

Он алтыншы мысал: Әуелі Бұхари секілді сахих кітаптар жеткізген шүбәсіз риуаяттарда былай делінген: Бірде Хазреті Әбу Хүрейренің қарны ашады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің соңынан еріп, мүбәрак үйіне барады. Қараса бір тостақ сүт, біреуден сый ретінде келген екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Суффада тұратындарды шақыр!» дейді. Әбу Хурейре: «Мен ішімнен: Бұл сүттің барлығын өзім іше салар едім. Мен әлдеқайда мұқтажбын» дедім. Бірақ Нәби бұйырғасын оларды шақырып келдім. Барлығы жүзден асатын еді. «Оларға ішкіз!» деді. Мен де, әлгі тостақтағы сүтті әрқайсысына ұсындым. Біреуі тойғанда, екіншісіне апарып бердім. Осылайша бір бірлеп ішіп, Суффаның барлық тұрғындары әлгі сүттен ішті. Сосын

بَقِىَ اَنَا وَاَنْتَ فَاشْرَبْ

деді. Мен іше бастадым. Ішкен сайын «Іш!» деді.

Ақырында мен: «Сені шынымен елші қылып жіберген Құдіреттің Иесіне ант етемін, ішерге орын қалмады» дедім. Сосын өзі алып, «Бисмиллаһ» деп Аллаһқа мадақ айтты да қалғанын ішті. Ас болсын!

Міне, осы кіршіксіз, қоспасыз, сүт сияқты таза берекенің айдан анық мұғжизасын, бес жүз мың хадисті жадында сақтаған, Мұхаммедтің (с.а.у.) қасиетті медресесі "Суффаның" танымал, озат да адал әрі қари шәкірті Әбу Хүрейренің барлық суффалықтарды куә етіп, құдды барлығының атынан айтқан осы хабарын және баста Хазреті Бұхари, алты кітап хабарлап, көзбен көргендей сенімді бола тұра қабылдамаған жанның жүрегі қарайған немесе санасыз. Апырым-ай, Хазреті Әбу Хүрейре сияқты адал және бар өмірін хадис жаттауға, дінге арнаған және

— 132 —
وَمَنْ كَذَبَ عَلَىَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّاْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ

хадисін естіген және оны жұртқа жеткізген адам, өзінің жадындағы хадистердің құнын түсіріп, шынайылығына күмән келтіретін әрі суффалықтардың наразылығын тудыратын өтірік сөзді болмаған оқиғаны айтуы әсте мүмкін бе? Жоқ мүмкін емес!...

О, Раббым! Осы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің берекетінің құрметіне, өзің берген заттай және рухани ризықтар-ымызға береке бере гөр!

Маңызды бір тұжырым. Әлсіз нәрселер біріккен сайын күшейетіні баршаға мәлім. Жіңішке жіптер ширатылып өрілсе, мықты арқан болады. Мықты арқандар қабаттастыра есілсе, ешкім үзе алмайтындай ширағады. Міне, он бес түрлі мұғжизадан тек берекет жайындағы мұғжизаларды және оның да он бес бөлімінен тек бір бөлімін ғана он бес мысал арқылы көрсеттік. Әрбір мысалдың өзі Пайғамбарлықты дәлелдейтіндей дәрежеде қуатты. Тіпті, бұлардың бір бөлігін әлсіз деп санағанның өзінде бәрібір түгел күмәнді дей алмаймыз. Өйткені, қуаттымен біріккендер қуатты болады.

Осы он бес мысал бірігіп, шүбәсіз мағынауи тәуәтур қуатында, мызғымас үлкен мұғжизаны көрсетеді. Қазір осы жинақтағы үлкен мұғжизаға береке мұғжизаларынан айтылмай қалған он төрт бөлімі келіп қосылса, қуатты арқандарды ширату сияқты, үзілмес ұлы бір мұғжиза шығар еді. Кейін осы ұлы мұғжизаны, өзге он төрт түрлі мұғжизалардың қатарына қос та сосын қара, Мұхаммедтің пайғамбарлығына (с.а.у.) қандай мықты, бұлтартпас дәлел боларын көңіліңе түй!

Міне Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының тірегі, осы жинақтан тұратын таудай мықты бір тірек. Енді, ұсақ түйектен және бұрыс түсінуден туындаған шүбәлардың ықпалынан, әлгі мызғымас мықты тіректің жерге құлап түсуі мүмкін деп күмәндану деген ақылсыздық екенін түсінген шығарсың? Әрине, береке жайындағы әлгі мұғжизалар Араби Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің жаратылысқа жаппай ризық беруші және ризықтарды жаратушы Рахим әрі Кәрим Аллаһтың сүйікті қызметкері екенін әрі өте сыйлы құлы болғандығын, сондықтан Оған (с.а.у.) ризықтың әр түрінен, әдеттен тыс, жоқтан, ғайыптан несібелер жіберіліп тұратынын көрсетеді.

— 133 —

Арабстан түбегінің суы мен егіні аз аймақ екені мәлім. Сондықтан ол жердің тұрғындары, әсіресе, Исламның алғашқы дәуіріндегі сахабалар күнкөрістің тауқыметін көп тартқан. Үнемі шөлге кіріптар болушы еді. Міне осы хикметке байланысты, Мұхаммедтің (Алейһиссалату Уәссәләм) ап-анық мұғжизаларының маңыздылары тағам мен суға байланысты болатын. Бұл кәраматтар Пайғамбардың киелілігін дәлелдейді, мұғжиза болудан гөрі қажеттілікке орай Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға Аллаһтың бір сыйы, Раббани тарту, Рахманның көмегі деп түсінген жөн. Өйткені, бұл мұғжизаларды көрген жандар дереу пайғамбарлығын мойындады. Ал мұғжиза көрінген сайын, иман күшейеді, нұр үстіне нұр құйылады.

СЕГІЗІНШІ ИШАРА: Су жайындағы мұғжизалардың бір бөлігі баяндалады.

Кіріспе: Жамағат ішінде болған оқиға бір адам арқылы жетсе, өзгелерден қарсылық білдірілмеген жағдайда, рас екендігін дәлелденетіні мәлім. Өйткені, адамның жаратылысында өтірікті өтірік дейтін туа біткен қасиет бар. Ал сахабалар өтірікке қарсы шығуға келгенде алдарына жан салмайды. Оның үстіне оқиға, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмға қатысты болса және айтып жеткізуші де танымал сахаба болса, әлбетте, хабардың жеткізушісі, сол оқиғаны көрген жамағаттың атынан, солардың орнына риуаят еткен боп табылады. Ал, қазір біз баяндағалы отырған су жайындағы мұғжизалардың әрбір мысалы көп жолдармен, көптеген сахабалардың ауыздарынан, табииндердің мыңдаған мухаққиктері тарапынан жеткен. Олар сол күйінде өзгертпестен кейінгі ғасырдың мүджтехидтеріне тапсырған. Олар да, барынша ұқыптылықпен, құрметпен растай отырып, өздерінен кейінгі ғасырдың мухаққиктеріне аманат қылған. Дәрежесі әр түрлі, мыңдаған қуатты кісілерден өтіп, келе-келе осы ғасырымызға жеткен. Бақыт ғасырында жазылған хадис кітаптары сол күйінде Бұхари мен Мүсілім сынды хадис ілімінің дана имамдарының қолдарына тиді. Олар да ыждағаттылықпен жігін айырып, күмәнсіз анықтарын жинақтап, бізге дәріс беріп, ұсынып отыр.

جَزَاهُمُ اللّٰهُ خَيْرًا كَث۪يرًا

Міне, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак саусақтарынан судың ағуы, оны көп адамға ішкізуі баршаға мәлім оқиға. Бұны жеткізген жамағаттың ұйымдасқан түрде өтірік айтуы

— 134 —

мүмкін емес. Бұл мұғжиза өте сенімді. Һәм үш мәрте, үш үлкен жиында қайталанған. Әуелі Бұхари, Мүсілім, Имам Мәлік, Имам Шуайб, Имам Қатаде сынды көптеген адал да шыншыл жамағат, сахабалар, оның ішінде Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәс, Хазреті Жабир, Хазреті ибн Мәсуд сынды әйгілі сахабалар, пайғамбарымыздың саусақтарынан судың толассыз аққанын және қалың әскерге ішкізгенін шүбәсіз, сахих түрде жеткізген. Су жайындағы осындай көптеген мұғжизалардың, тоғызын баяндаймыз.

Бірінші мысал: Әуелі Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптардың Хазреті Әнәстен жеткізген шүбәсіз хабарларында былай делінген: "Зевра" деген жерде, үш жүзге жуық кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге болған. Намаздігер үшін дәрет алуды бұйырады. Су табылмайды. Азғантай ғана су әкелуін бұйырады. "Мүбәрак қолдарын ішіне батырды". "Қарасам саусақтарынан бұлақ сияқты су ағып жатыр. Сосын қарамағындағы үш жүз адам келіп дәрет алды және ішті".

Міне, Хазреті Әнес бұл мысалды үш жүз кісінің атынан уәкіл ретінде хабар беруде. Әлгі үш жүз кісінің осы хабарға іштей қосылмауы, ал қосылмаған жағдайда қарсы болмауы, әсте мүмкін бе?

Екінші мысал: Әуелі Бұхари, Мүсілімнің, сахих кітаптарында былай делінген: Хазреті Жабир ибн Абдуллаһ Әнсари баяндайды: Біз мың бес жүз кісі, Худейбиедегі соғыста шөлде қалып қойдық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, теріден жасалған ыдыстағы судан дәрет алды, сосын қолын ішіне батырды. Қарасам, саусақтарынан бұлақ сияқты су ағып жатыр. Мың бес жүз кісі ішіп, ыдыстарымызды толтырып алдық. Салим ибн Әбил-Жад Жабирден сұрады: "Қанша кісі едіңіздер?" Жабир: "Жүз мың кісі болса да, бәрібір жетер еді. Бірақ біз, онбес жүз (яғни мың бес жүз) едік" дейді.

Міне, осы анық мұғжизаны риуаят етушілер мың бес жүз шамасында. Өйткені адамның жаратылысында өтірікті өтірік деп айтатын қасиет бар. Сахабалар болса, шындық пен туралық үшін, жанын да малын да, тіпті, ата-анасын да, қауымы мен тайпасын да пида қылып, шындық пен хақ үшін жанкешті жандар. Сондай-ақ, "Менің атымнан біле тұра өтірік айтқан адам, тозақтан орнын дайындасын!" мағынадағы хадистің ескертуін біле тұра, өтірікке қарсы үндемеулері ақылға сыймайды. Үндемеген болса, ол хабарды қабыл етіп, іштей қосылып, қоштады деген сөз.

— 135 —

Үшінші мысал: Тағы да Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптарында былай баяндалады: Хазреті Жабир былай дейді: Буватдағы соғыста Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм:

نَادِ بِالْوُضُوءِ

деді. "Жамағатты шақыр, дәрет алсын!", "Су жоқ!" деген жауап келді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Аз да болса су табыңдар!" деді. Өте аз су алып келдік. Сосын әлгі аз судың үстіне қолын қойып, не екенін білмедім, бір нәрселер оқыды. Сосын: رِدْنَا بِجَفْنَةِ الرَّكْبِ деді. Яғни, "керуеннің су құятын үлкен ыдысын әкел!" деді. Оны маған әкелді. Мен де Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің алдына қойдым. Ол қолын ыдыстың ішіне салып саусақтарын ашты. Мен әлгі аз суды мүбәрак қолдарының үстіне құйдым. Қарасам мүбәрак саусақтарынан толассыз су ағып жатыр. Әлгі ыдыс әбден толды. Суға мұқтаж болғандарды шақырдым. Барлығы келіп әлгі судан ішті әрі дәрет алды. Мен: "Басқа ешкім қалмады" дедім. Қолын көтерді. Әлгі ыдыс суға лық толған қалпы қалды. Міне, Мұхаммедтің (с.а.у.) осы ап-анық мұғжизасы баршаға мәлім. Өйткені, Хазреті Жабир сол оқиғаның басы қасында болғандықтан, ең бірінші сөз соныкі. Ол барлығының атынан жариялады. Өйткені сол кезде қызмет еткен сол кісі еді, жариялау да ең алдымен соған тиесілі болатын.

Ибн Месудтың риуаятында айна қатесіз былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің саусақтарынан бұлақ сияқты су аққанын көрдім. Апырым-ай, әйгілі шыншыл сахабалар Әнәс, Жабир, ибн Месуд сынды кісілер: "Мен көрдім" десе, көргені өтірік бола ма? Енді осы үш мысалды біріктір, не деген қуатты да нақты мұғжиза екендігін көр және осы үш жол біріксе, нағыз тәуәтур ретінде саусақтарынан су аққандығын бұлтартпай дәлелдейді. Хазреті Мұса Ғалейһиссәләмнің, тастың он екі жерінен бұлақ сияқты су ағызуы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің он саусағынан шүмек секілді су аққанынан артық емес. Өйткені, тастан су ағуы мүмкін, әдетте мұндай оқиғалар кездесіп қалады. Бірақ ет пен сүйектен кәусәрдай судың үздіксіз ағуы әдеттен тыс оқиға.

Төртінші мысал: Ең алдымен Имам Мәлік, "Муватта" атты құнды кітабында, Муаз ибн Жәбәл сынды әйгілі сахабадан алып былай деп хабар беруде: Хазреті Муаз ибн Жәбәл былай дейді: Тебук

— 136 —

соғысында бір бұлаққа ұшырастық. Су жіптің жіңішкелігіндей ғана сызаттап ағып тұр еді. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм әмір етті: «Мына судан шамалы жинаңдар!». Алақандарымызбен аздап жинадық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, ол сумен беті-қолын жуды да, сол суды бұлаққа төкті. Кенет бұлақтың көзі ашылып, сарқырап аға бастады. Әскерге толық жетті. Тіпті, риуаят етуші Имам Ибн Исхақ былай дейді: Топырақ астындағы әлгі бұлақтың суы, күннің күркірегеніндей гүрілдеп тұрып аққаны сонша, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Хазреті Муазға:

يُوشِكُ يَا مُعَاذُ اِنْ طَالَتْ بِكَ حَيَاةٌ اَنْ تَرٰى مَا هٰهُنَا قَدْ مُلِئَ جِنَانًا

деді. Яғни «мұғжизаның әсерімен аққан мына мүбәрак су жалғасып, бұл төңіректі баққа айналдырады. Өмірің болса көресің әлі». Дәл солай болды.

Бесінші мысал: Баста Бұхари Хазреті Берадан, ал Мүсілім Хазреті Селеметебни Әкуадан және өзге сахих кітаптар, басқа да риуаят етушілерден бір ауыздан былай хабар беруде: Худейбиедегі соғыста бір құдыққа жолықтық. Біз төрт жүз кісі едік. Әлгі құдықтың суы елу кісіге ғана жетерліктей аз еді. Біз құдықтан су тартқанда, ішінде еш нәрсе қалмады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм келіп, құдықтың басына отырды да, бір шелек су сұратты. Алып келдік. Шелектің ішіне мүбәрак аузының суын құйды да дұға қылды. Сосын әлгі суды құдыққа төкті. Құдық бірден буырқанып тасыды. Аузына дейін толды. Бүкіл әскер мен мал-жан тойғанша ішті, ыдыстары да толды.

Алтыншы мысал: Мүсілім мен ибн Жерир Табери сынды хадистің дана имамдары, сахих кітаптары мен шүбәсіз хабарлары арқылы танымал Әбу Қатадеден мынаны жеткізеді: Әбу Қатаде былай деген: Мутада болған әйгілі соғыста қолбасшылары шейіт болып, жәрдемге бара жатқан едік. Менде бір торсық бар еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, маған:

اِحْفَظْ عَلَىَّ م۪يضَئَتَكَ فَسَيَكُونُ لَهَا نَبَاٌ عَظ۪يمٌ

деп әмір етті. Яғни, "Торсыққа ие бол, кейін оның көп пайдасын көресін". Дегендей кейін шөл қысты. Жетпіс екі кісі едік, (Таберидің айтуына қарағанда, үш жүз кісі) сусыз қалдық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Торсықты әкел!"

— 137 —

деді. Әкелдім. Алды да ауызын аузына тақап, ішіне үрледі ме, жоқ па білмеймін, кейін жетпіс екі кісі ішіп, ыдыстарын толтырды. Сосын алып қарағанымда, ішіндегі су сол қалпында еді. Міне, Мұхаммедтің (с.а.у.) осы ап-анық мұғжизасына қарап,

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَيْهِ وَ عَلٰى اٰلِهِ بِعَدَدِ قَطَرَاتِ الْمَٓاءِ

де.

Жетінші мысал: Мүсілім мен Бұхари бастаған сахих кітаптар, Хазреті Имран ибн Хусейіннен тарқатып мынаны хабарлайды: Имран айтқан екен: Бір сапарда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге шөлде қалдық. Али екеумізге: "Пәлен жерде бір әйел, көлікке екі мес су жүктеп кетіп барады, алып келіңдер" деді. Біз, дәл сол айтылған жерден су артқан әйелді тауып, алып келдік. Сосын: "Суынан бір ыдысқа аздап су құйып алыңдар" деді. Құйып алдық. Береке үшін дұға қылды. Сосын суды қайтадан, көлікке артылған меске құйдық. "Келіп, ыдыстарды толтырыңдар!". Барлық жолаушылар келіп ыдыстарын толтырды, ішті. Сосын: "Әйелге бір нәрсе жинап беріңдер!" деді. Әйелдің етегі толатындай сыйлық бердік. Меніңше, екі мес барған сайын толып, көбейе түсуде еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм былай деді:

اِذْهَب۪ى فَاِنَّا لَمْ نَاْخُذْ مِنْ مَٓائِكِ شَيْئًا وَلٰكِنَّ اللّٰهَ سَقٰينَا

яғни, «Біз сенің суыңды алғанымыз жоқ, Хақ Тағала бізге өз қазынасынан су берді».

Сегізінші мысал: Танымал ибн Хазмның баяндамасында, риуаят етушілер Хазреті Омардан мынаны жеткізуде: Тебуктегі соғыста сусыз қалдық. Тіпті кейбіреулер түйесін сойып, су қарнындағы суды ішуге дейін барды. Әбу Бәкір Сыддық Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға дұға етуі үшін өтініш жасады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолын жайды. Әлі қолын түсірместен бұлт жиналды да, нөсерлеп тұрып жаңбыр жауғаны сонша, барлық ыдыстарымызды толтырып алдық. Сосын жаңбыр тоқтап қалды. Тек біздің үстімізге ғана жауып, басқа жерге жаумапты. Демек кездейсоқтық емес, Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизасы.

Тоғызыншы мысал: Төрт имам сеніп хадис алған танымал Абдуллаһ ибн Әмір ибн Астың немересі Әмір ибн Шуайбтан, шүбәсіз хабарлармен мынаны білдіруде: Пайғамбарлық келместен бұрын, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талибпен

— 138 —

бірге түйеге мініп Арафат төңірегінде Зилһижаз дейтін жерге барған уақытта Әбу Талиб: «Мен шөлдедім» депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түйеден түсіп, аяғымен жерді теуіп қалғанда су шыққан екен. Әбу Талиб шөлін әбден қандырыпты. Мухаққиқин бір кісі былай деді: Бұл оқиға пайғамбарлықтың басталуынан бұрын болғандықтан, Ирһасат түрінде болуымен бірге, мың жылдан кейін дәл сол жерден Арафат бұлағының шығуы, сол оқиғаға байланысты Мұхаммедтің (с.а.у.) бір кереметі болып саналады.

Міне, осы тоғыз мысал сияқты тоқсан мысал болмаса да, тоқсан түрлі риуаяттар, су жайындағы мұғжизалардан хабар берген. Бастағы жеті мысал, мағынауи тәуәтур сияқты сенімді және қуатты. Ақырындағы екі мысалдың келу жолдары соншалықты күшті емес әрі риуаят етушілері де көп емес, бірақ сегізінші мысалда, Хазреті Омардан риуаят етілген бұлтқа қатысты бір мұғжиза былайша: Негізінде имам Бейһаки мен Хаким, сахих кітаптар, Хазреті Омардан мынаны хабар беруде: Хазреті Омар, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан жаңбыр дұғасын оқуын өтінеді. Өйткені әскер суға мұқтаж еді. Расул Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм қолын жаяды. Кенет бұлт жиналып, жаңбыр жауады. Бұлттар сарбаздарға жеткілікті мөлшерде су беріп, кетіп қалады. Құдды тек қана әскерге су беру үшін келгендей. Келді, керегінше су берді, кетті. Осы оқиға, сегізінші мысалды қуаттап, анық дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл оқиғаға әйгілі ғалым әрі зерттеуде өте ыждағат көрсеткен, тіпті, көптеген сахих хадистердің өзіне күмәнділікпен қараған ибн Жәузидің өзі былай деген екен: Бұл оқиға «Бәдірдегі» әйгілі соғыста болған.

﴿ وَيُنَزِّلُ عَلَيْكُمْ مِنَ السَّمَٓاءِ مَٓاءً لِيُطَهِّرَكُمْ بِهِ ﴾

деген қасиетті аят сол оқиғаны баяндап, түсіндіреді. Ал сол оқиғаны аят көрсеткен болса, сенімділігінде еш күмән жоқ. Сонымен қатар Нәбидің дұғасымен бірден және тез, тіпті, жаюлы қолын түсірместен жаңбырдың келуі көп қайталанғандықтан осының өзі баршаға мәлім бір мұғжиза. Кейбір кезде мешітте, мінберде қолын жайғанда әлі түсірместен жаңбыр жауды деген тәуәтур хабарлар бар.

ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының тағы бірі, оның әмірін ағаштардың адамдар сияқты тыңдауы және орындарынан қопарылып

— 139 —

жанына келуі. Мұндай ағаштар жайлы мұғжизалар, мүбәрак саусақтарынан су ағуы сияқты баршаға кеңінен мәлім. Әр түрлі көріністері бар және көптеген жолдармен жеткен. Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің әмірімен ағаштың орнынан суырылып жанына келгені баршаға мәлім, айдай анық деуге болады. Өйткені шыншыл әйгілі сахабалардан Хазреті Али, Хазреті ибн Аббас, Хазреті ибн Месуд, Хазреті Әнәс ибн Мәлік, Хазреті Бүрейде, Хазреті Усаме бин Зейд, Хазреті Жейлан ибн Селеме сияқты сахабалар, әрқайсысы бұлтартпас дәлелдермен, ағаштар жайлы мұғжизаларды жеткізген. Табииннің жүздеген имамдары, аты аталған сахабалардың әрқайсысынан айрықша бір жолмен, әлгі ағаштар жайлы мұғжизаны әңгімелеген. Екі есе тәуәтур түрінде бізге жеткізген.

Міне, ағаштарға қатысты осы мұғжиза, ешбір күмән келтірмейтін, бұлтартпас тәуәтур деуге болады. Қазір, сол үлкен мұғжизаның, өте сенімді көріністерін бірнеше мысалдар арқылы баяндаймыз.

Бірінші мысал: Имам Маже бастаған Дарими және Имам Бейһаки, шүбәсіз хабарлармен, Хазреті Әнес ибн Мәліктен және Хазреті Алиден, Беззаздан, Имам Бейһаки, Хазреті Омардан мынаны хабарлайды: Үш сахаба айтқан екен: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, кәпірлердің жала жапқанына қамығып былай деді:

يَا رَبِّ اَرِن۪ى اٰيَةً لَا اُبَال۪ى مَنْ كَذَّبَن۪ى بَعْدَهَا

Әнәстің риуаятында, Хазреті Жәбірейіл қасына жетіп келді. Жар басында өскен бір ағаш бар болатын. Хазреті Жәбірейілдің білдіруімен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі ағашты шақырды. Ағаш дәл жанына келді. Сосын оған «Орныңа бар!» деді. Қайта барып, орнына орналасты.

Екінші мысал: Мағриб ғұламасы Қады Ияз "Шифа Шериф" атты кітабында, нақты дәлелмен, тура және сенімді түрде Хазреті Абдуллаһ ибн Омардан мынаны хабар беруде: Бір сапарда Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің жанына бір бәдәуи келді. Оған: اَيْنَ تُر۪يدُ "Қайда барасың?" деді. Бәдәуи: "Үйіме!". Оған:

هَلْ لَكَ اِلٰى خَيْرٍ مِنْ ذٰلِكَ؟

"Саған одан әлдеқайда қайырлы нәрсе керек емес пе?" деді. Бәдәуи: "Ол не?" деді.

— 140 —
اَنْ تَشْهَدَ اَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَحْدَهُ لَا شَر۪يكَ لَهُ وَاَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ

деп бұйырды. Бәдәуи: "Бұл шәһәдатқа дәлелің бар ма?"

هٰذِهِ الشَّجَرَةُ السَّمُرَةُ

деді. "Анау жарқабақтағы ағаш куә болады" деді. Ибн Омар айтады: Әлгі ағаш орнынан шайқалып жерді жарды да, дәл Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі ағашты үш мәрте куәлікке тартты. Ағаш та, куәлік етті. Әмір беріп еді, орнына қайта барып орналасты.

Ибн Сахиб-ил-Әслемиден жеткен шүбәсіз хабар арқылы Бүрейде былай дейді: Бір сапарда біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Бір араб келді де бір аят, яғни, бір мұғжиза сұрады. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм:

قُلْ لِتِلْكَ الشَّجَرَةِ رَسُولُ اللّٰهِ يَدْعُوكِ

деді. Бір ағашқа ымдап еді, ағаш оңға, солға теңселіп, тамырларын қопарып алып, Нәбидің (с.а.у.) құзырына келді. Сөйтіп:

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деді. Сосын араб: "Орнына қайтып барсын!" деді. Әмір беріп еді, орнына кетті. Араб: "Саған сәжде қылуға рұқсат бер" деді. "Ешкімге рұқсат жоқ" деді. Араб: "Олай болса, сенің қолыңды, аяғыңды сүйейін" деді. Рұқсат берді.

Үшінші мысал: Әуелі сахих Мүсілім мен сахих кітаптардың білдіруі бойынша, Жабир былай дейді: Біз бір сапарда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін көзден тасалау бір жер іздеп еді, таба алмады. Болмағасын екі ағаштың жанына барды да ағаштың бұтағын ұстап тартты. Ағаш, бой ұсынып бірге кетті. Екінші ағаштың жанына алып келді. Жуас түйенің ботасын жетелегендей әлгі екі ағашты бір-біріне қосты. Сосын

اِلْتَئِمَا عَلَىَّ بِاِذْنِ اللّٰهِ

деді: Яғни: "Бүркеп жабыңдар!". Екі ағаш бірікті де жабық жер болды. Расулуллаһ әжетін өтеген соң оларға әмір етіп еді, орындарына кетті. Екінші бір риуаятта Хазреті Жабир былай дейді: Маған:

— 141 —
يَا جَابِرُ قُلْ لِهٰذِهِ الشَّجَرَةِ يَقُولُ لَكِ رَسُولُ اللّٰهِ: اِلْحَق۪ى بِصَاحِبَتِكِ حَتّٰى اَجْلِسَ خَلْفَكُمَا

деп бұйырды. Яғни, Ағаштарға айт: «Расулуллаһтың қажеті үшін біріксін!». Мен солай дедім. Олар қаз қатар тізіле қалды. Сосын мен күтіп тұр едім, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм шықты да басымен оңға-солға ымдап еді, әлгі екі ағаш орындарына кетті.

Төртінші мысал: Сахих риуаяттарда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің батыр сарбазы әрі қызметшісі Усаме бин Зейд былай дейді: Бір сапарда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін ыңғайлы, жабық бір жер ұшыраспады.

هَلْ تَرٰى مِنْ نَخْلٍ اَوْ حِجَارَةٍ

деді. "Иә, бар" - дедім.

اِنْطَلِقْ وَقُلْ لَهُنَّ اِنَّ رَسُولَ اللّٰهِ يَاْمُرُكُنَّ اَنْ تَاْت۪ينَ لِمَخْرَجِ رَسُولِ اللّٰهِ وَقُلْ لِلْحِجَارَةِ مِثْلَ ذٰلِكَ

деп әмір етті. Яғни ағаштарға: «Расулуллаһ әжетін өтеу үшін бірігіңдер және тастар дуал секілді жиналыңдар!» де. Барып не дегенін айттым. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм әжетін өтеген соң:

قُلْ لَهُنَّ يَفْتَرِقْنَ

деп әмір етіп еді, жаным Құдіретінің қолында болған Зат-ы Зүлжелалға ант етейін, ағаштар мен тастар орындарына кетті. Хазреті Жабир мен Усаме баяндаған осы екі оқиғаны Хунейін соғысында дәл айнымастай қайталанғандығын Ияла ибн Мурре және Гайлан ибн Селемет-ис-Сакафи, Хазіреті ибн Месуд сынды сахабалар дәлме дәл хабар береді.

Бесінші мысал: Білімділігімен және зор еңбегімен екінші Шәфи атанған ғасырының ғұламасы, Имам ибн Фаурек, сенімді түрде былай деп хабарлайды: Тайфтегі соғыста, қараңғы түнде, ат үстінде жолда кетіп бара жатқанда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді ұйқы қысты. Осылай кетіп бара жатып, қарсы алдында "сидре" деп аталатын бір ағаш өсіп тұрған. Ағаш атын үркітпеу үшін оған жол беріп, екіге бөлінді. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм астындағы атымен бірге ағаштың арасынан өтіп кетті. Әлгі ағаш қазірге дейін екіге жарылған күйі тұр.

— 142 —

Алтыншы мысал: Хазреті Иялә айтқан сахих риуаятта былай баяндалады: Бір сапарда Талха немесе Семуре деп аталатын бір ағаш Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің төңірегінде тәуап қылғандай айнала бастады. Сосын орнына қайтып оралды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:

اِنَّهَا اِسْتَاْذَنَتْ اَنْ تُسَلِّمَ عَلَىَّ

деді. Яғни: "Әлгі ағаш, сәлем беруге Хақ Тағаладан рұқсат сұрады".

Жетінші мысал: Хадис имамдары дәлелді хабарларға сүйеніп ибн Месудтан тарқатып былай дейді: Ибн Месуд айтқан екен: Батн Нахл деген жерде, Нусайбин жындары тура жолға түсу үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келгендерінде, әрбір ағаш олардың келгенін хабар берді. Сонымен қатар имам Мүджаһид, сол хадисте Ибн Месудтан мынаны хабарлайды: Әлгі жындар бір дәлел сұрады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір ағашқа бұйырып еді, ол орнынан жылжып қасына келді де, сосын орнына қайтып кетті.

Міне, жын тайпасына бір ғана мұғжиза жеткілікті болды. Апырым-ай, осы мұғжиза сияқты мың мұғжиза естіген бір адам иманға келмесе, жындардың

﴿ يَقُولُ سَف۪يهُنَا عَلَى اللّٰهِ شَطَطًا ﴾

деп сипаттаған шайтандардан бетер шайтан болғаны ғой?

Сегізінші мысал: Сахих Тирмизи нақты риуаятпен Хазреті ибн Аббастан мынаны жеткізуде: Ибн Аббас айтқан екен: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір арабқа былай деген:

اَرَاَيْتَ اِنْ دَعَوْتُ هٰذَا الْعِذْقَ مِنْ هٰذِهِ النَّخْلَةِ اَتَشْهَدُ اَنّ۪ى رَسُولُ اللّٰهِ؟

«Мен, мына ағаштың анау бұтағын шақырсам, ол да қасыма келсе, иман етер ме едің?», "Әрине" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм шақырды. Әлгі құрманың қураған бұтағы, орнынан жұлынып, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің жанына келді. Сосын әмір беріп еді, орнына қайтып барды.

Міне, осы сегіз мысал сияқты көптеген мысалдар бар. Олар да көптеген жолдармен жеткен. Жеті-сегіз жіп қосылса, мықты бір арқан болатыны мәлім. Сондықтан да, осы ең әйгілі, сенімді сахабалардан, осындай әр түрлі жолмен баяндалған ағашқа қатысты мұғжизалар, әлбетте мағынауи тәуәтур күшінде, тіпті нағыз тәуәтурдың өзі. Негізінде сахабалардан кейін Табииннің қолына тиген уақытта,

— 143 —

тәуәтур дәрежесіне шығады. Әсіресе Бұхари, Мүсілім, ибн Хиббан, Тирмизи сияқты сахих кітаптар, сонау сахабалар заманына дейінгі жолды таза ұстанғаны соншалық, Бұхариде көру, дәл сахабаның өзінен естігендей сенімді.

Апырым-ай, ағаштар Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмді танып (мысалдарда көрінгендей) пайғамбарлығын мойындап, Оған (с.а.у.) сәлем беріп иіліп жатса, Оның (с.а.у.) әмірлеріне мойынсұнып, бағынып тұрса, өздерін адаммын деп санаған кейбір жансыз, ақылсыз мақұлықтар, Оны (с.а.у.) танымаса, иман етпесе, қураған ағаштан да төмен, қу отындай құнсыз болып, отқа жануға лайық болмай ма?!

ОНЫНШЫ ИШАРА: Ағаштарға қатысты мұғжизаларды одан әрі қуаттап, растайтын баршаға кең тараған حَن۪ينُ الْجِذْعِ (ханин-ул джиз) мұғжизасы. Иә, Нәбидің қасиетті мешітінде, құрғақ бағананың қалың жамағаттың ортасында Мұхаммедтен (с.а.у.) уақытша ажырап қалғанына жылағаны, жоғарыда баяндалған ағаштарға қатысты мұғжизалардың мысалдарын растап, қуат береді. Өйткені, ол да ағаш, тегі-түбі бір. Бірақ бұның жеке басы баршаға мәлім. Әлгі ағаштар туралы мұғжизалардың жалпы мәлім болғанымен дәл қай ағаш екені нақты емес. Ал бұл анық.

Иә, қасиетті мешітте, құрма ағашынан жасалған құрғақ бағанаға Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құтпа оқығанда сүйеніп тұратын еді. Кейін мінбер жасалғасын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мінберге шығып құтпа оқи бастады. Құтпа оқылып жатқанда, бағана түйе сияқты боздап, бұны барлық жамағат естіді. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм жанына келіп, сипап, құшақтаған, онымен сөйлесіп, жұбатқанда ғана тоқтапты. Мұхаммед (с.а.у.) осы мұғжизасы өте көп жолдармен, тәуәтур дәрежесінде анық.

Иә, حَن۪ينُ الْجِذْعِ мұғжизасы кең тараған, әйгілі және нағыз тәуәтур дәрежесінде. Сахабалардың ұлы жамағатынан он бес жолмен келіп, табииннің жүздеген имамдары бұл мұғжизаны кейінгі ғасырларға жеткізді. Сахабаның әлгі жамағатынан ұлы сахаба атанған және хадис риуаят етушілердің озығы Хазреті Әнәс ибн Мәлік (Нәбидің қызметшісі), Хазреті Жабир бин Абдуллаһ-ил Әнсари (Нәбидің қызметкері), Хазреті Абдуллаһ ибн Омар, Хазреті Абдуллаһ бин

— 144 —

Аббас, Хазреті Сеһл бин Сад, Хазреті Әбу Саид-ил-Худри, Хазреті Үбей ибн Ка'б, Хазреті Бүрейде, Хазреті Үмм-үл Мүминин Үммү Селеме сынды әйгілі сахабалар, хадис риуаят етушілердің басшылары ретінде, әрбірі бір жолдың басында тұрып әлгі мұғжизаларды үмметке жеткізген. Әуелі Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптар, әлгі баршаға мәлім мұғжизаларды, кейінгі ғасырларға, сенімді жолдармен жеткізген.

Міне, Хазреті Жабир өз жолында былай дейді: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм қасиетті мешітте құтпа оқып тұрғанда, جِذْعُ النَّخْلِ деп аталатын ескі бағанаға сүйеніп оқушы еді. Жаңа мінбер жасалғаннан кейін, сонда көшкен болатын. Тірек қоштасуға шыдай алмай, буаз түйедей боздап жылады. Хазреті Әнәс өз риуаятында былай дейді: Қодас сияқты жылап мешітті шайқалтып жіберді. Сеһл ибн Са'д өз риуаятында былай дейді: Тіпті, оның жылағанына қосылып халықтың ішінде жылағандар көбейді. Хазреті Убей ибн-іл Кааб өз риуаятында былай дейді: Тіпті, жылағаны сонша, жарылып кетті. Өзге бір риуаятта Расулуллаһм Алейһиссалату Уәссәләм былай деген:

اِنَّ هٰذَا بَكٰى لِمَا فَقَدَ مِنَ الذِّكْرِ

Яғни: "Оның қасында оқылған зікір мен құтпадағы Иләһи мадақтаулардан айрылғандықтан жылап жатыр". Өзге бір риуаятта былай деген:

لَوْ لَمْ اَلْتَزِمْهُ لَمْ يَزَلْ هٰكَذَا اِلٰى يَوْمِ الْقِيَامَةِ تَحَزُّنًا عَلٰى رَسُولِ اللّٰهِ

Яғни: «Мен оны құшақтап жұбатпағанымда, Расулуллаһтан айырылғанына қайғырып қияметке дейін жылай берер еді». Хазреті Бүрейде былай дейді: Қураған тірек жылағаннан кейін, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, қолын үстіне қойып былай деді:

اِنْ شِئْتَ اَرُدُّكَ اِلَى الْحَائِطِ الَّذ۪ى كُنْتَ ف۪يهِ تَنْبُتُ لَكَ عُرُوقُكَ وَيَكْمُلُ خَلْقُكَ وَيُجَدَّدُ خُوصُكَ وَثَمَرُكَ وَاِنْ شِئْتَ اَغْرِسُكَ فِى الْجَنَّةِ يَاْكُلُ اَوْلِيَٓاءُ اللّٰهِ مِنْ ثَمَرِكَ

Сосын ол тіректің не айтып жатқанын тыңдады. Қураған тірекке тіл бітіп сөйледі. Оны сол жердегі адамдар да естіді.

اِغْرِسْن۪ى فِى الْجَنَّةِ يَاْكُلُ مِنّ۪ى اَوْلِيَٓاءُ اللّٰهِ فِى مَكَانٍ لَا يَبْلٰى
— 145 —

Яғни: "Мені Жәннатқа отырғыз, менің жемістерімнен Хақ Тағаланың сүйікті құлдары жесін. Ол бір мәңгілік мекен ғой шіркін, ол жерде, шіру деген жоқ".

Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм: قَدْ فَعَلْتُ деді.

Сосын тағы да:
اِخْتَارَ دَارَ الْبَقَٓاءِ عَلٰى دَارِ الْفَنَٓاءِ

бұйырды.

Ислам ғұламаларының үлкен имамдарының бірі әйгілі Әбу Исхақ Исферани былай дейді: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм тіректің жанына бармады, керісінше, тірек оның әмірімен, жанына келді. Сосын әмір етті, қайтып оралды. Хазреті Убей ибн Каб былай дейді: Осы керемет оқиғадан соң, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм «Тірек, мінбердің астына қойылсын» - деп әмір етті. Сонау мүбәрак мешіт жөнделуі үшін бұзылғанға дейін мінбердің астында тұрды. Кейін оны Хазреті Убей ибн Каб шірігенше сақтады.

Атақты Хасан Басри осы мұғжизаны шәкірттеріне айтқан сайын жылап, былай дейді екен: Қу ағаштың өзі Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға деген ыстық ықыласын білдірді. Сендер одан да көбірек ықылас, ынта көрсетуге тиіссіңдер. Біздің айтарымыз: Иә, Оған (с.а.у.) деген ықылас, махаббат, Оның (с.а.у.) баға жетпес ізгі сүннеттеріне және нұрға толы шариғатына мойынсұну болып табылады.

Маңызды да тұжырымды бір сұрақ: "Хендектегі соғыста төрт уыс тағаммен мың адамды тойдырған тағам мұғжизасы және мүбарак саусақтарынан аққан сумен бес мың бес жүз кісіні тойғанша ішкізген су мұғжизасы, неге осы жылаған қу тірек мұғжизасы сияқты өте көп жолдармен айтылмаған? Алайда ол екеуі, бұдан да көп жамағаттың ортасында болған емес пе?"

Жауабы: Мұғжизалар екі түрге бөлінеді. Бір бөлімі, жұртты хақ пайғамбар екенін қабылдату үшін, Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмнің қолымен жасалады. Қураған тіректің боздауы осы түрге жатады. Мүминдердің иманын қуаттап, ал мұнапықтарды ықыласқа шақырып, кәпірлерді иманға келтіру үшін, тек Пайғамбарлығын растау үшін ғана көрсетіледі. Сондықтан, қарапайым халық та, зиялы қауым да барлығы көреді және жайылуына көбірек мән беріледі. Ал, тағам мен суға қатысты мұғжизалар болса, мұғжизаға қарағанда кәрамат деуге болады. Кәраматтан гөрі де сыйлық, тіпті, сыйлықтан да көбірек қажеттілікке орай Рахманның тартуы десе болады. Дегенмен ол да Пайғамбарлығына дәлел әрі мұғжиза. Бірақ негізгі себеп, әскердің аш

— 146 —

қалуы. Хақ Тағала бір дәннен мың батпан құрма жаратқаны секілді жасырын қазынасындағы бір тостақ тағамнан мың адамға ас береді. Һәм сусыз қалған жауынгерлерге, ұлы қолбасшының саусақтарынан, Кәусәр суындай су ағызып шөлін қандырады. Міне, осы сырға сәйкес, тағам мен су мұғжизасының әр бір мысалы, қураған тіректің жылауы дәрежесіне жетпейді. Бірақ ол екі мұғжизаның бірнеше түрі жиналып, барлығы қураған тіректің жылағанындай тәуәтүр, яғни, нақты анық хабар. Һәм тағамның берекетін және саусақтарынан су аққанын бәрі бірдей көре алмайды, тек қана белгілерін көреді. Тіректің жылағанын бәрі естіді. Сол үшін көбірек жайылды.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің әрбір халі мен әрекетін сахабалар барынша ұқыптылықпен сақтап бізге жеткізіп отырды. Енді мұндай сұрақ туса: Осындай үлкен мұғжизалар, жүз жолмен жетуі керек еді, неліктен он - жиырма жолмен келді? Һәм неге Хазреті Әнәс, Жабир, Әбу Хүрейре көп хадис айтып, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят еткен?

Жауабы: Бірінші сұрақтың жауабы, төртінші ишараның үшінші негізінде баяндалған. Екінші сұрақтың жауабы: Мысалы, адамға дәрі керек болса, дәрігерге барады. Құрылыс үшін құрылысшы инженерге жүгінеді. Шариғат мәселесін мүфтиден сұрайды. Дәл сол сияқты сахабалар арасында, Нәбидің хадистерін келешек ғасырларға дәріс беріп жеткізу үшін ғалым сахабалардың бір бөлігі сонымен шұғылданды. Хазреті Әбу Хүрейре өмірін хадистердің жазылуына арнады. Хазреті Омар саясат, халифалық секілді мәселелермен шұғылданды. Сондықтан, хадистерді үмметке жеткізу ісі Әбу Хүрейре мен Әнәс және Жабир секілді кісілерге тапсырылып, Әбу Бәкір мен Омардан аз риуаят етілетін. Сонымен қатар сенімді, шыншыл, жанкешті және адалдығымен танылған әйгілі бір сахабаның бір ғана жолымен, бір оқиғаны хабарласа жеткілікті деп есептелетін. Басқа біреудің тағы да нақыл етіп баяндауы қажет емес-ті. Сол үшін де кейбір маңызды оқиғалар, екі-үш жолмен жетсе сенімді болатын.

ОН БІРІНШІ ИШАРА: Оныншы ишара, ағаш әлемінен Нәбидің (с.а.у.) мұғжизаларын көрсеткен болса, бұл ишара Нәбидің (с.а.у.) мұғжизаларын жансыз нәрселерден яғни, тау мен тастар қалай көрсеткендіктері жайлы айтады. Біз де оның көп мысалдарынан жеті-сегізін баяндаймыз.

— 147 —

Бірінші мысал: Мағриб ғалымы, Хазреті Қады-Ияз, Шифа Шериф атты әйгілі кітабында бұлтартпас дәлелмен және Бұхари сынды үлкен имамдардан, шүбәсіз нақыл етіп былай хабарлауда: Нәбидің қызметшісі Хазреті ибн Месуд айтады: Біз, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында тағам жеп отырғанда, тағамның тәсбихтерін естуші едік.

Екінші мысал: Сенімді жолдардан және Әнәс пен Әбу Зеррден тура кітаптар хабар беруде: Хазреті Әнәс (Нәбидің қызметшісі) айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Уысына майда тастарды алғанда, тастар Оның (с.а.у.) мүбәрак қолында тәсбих ете бастады. Кейін Әбу Бәкір Сыддықтың қолына қойып еді, тағы да тәсбих етті. Әбу Зерр Ғыффари айтады: Сосын Хазреті Омардың қолына қойып еді және тәсбих етті. Сосын алды да жерге қойғанда, үндемей қалды. Қайта алды да, Хазреті Османның алақанына салып еді және тәсбих етті. Хазреті Әнәс пен Әбу Зерр айтады: Сосын, біздің қолымызға қойып еді, үндемей қалды.

Үшінші мысал: Хазреті Али мен Хазреті Жабир және Хазреті Айша Сыдықа анамыздан алған хабарда дәлелденген: Тау, тас, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деуші еді. Хазреті Али айтады: Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінде, Мекке төңірегінде Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләммен бірге жүргенімде ағаштар мен тастар

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деуші еді. Хазреті Жабир айтады: Ағаштар мен тастар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға сәжде етуші еді, яғни, бойын иіп,

اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деуші еді. Жабирдің бір риуаятында, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм былай деп бұйырған:

اِنّ۪ى لَاَعْرِفُ حَجَرًا كَانَ يُسَلِّمُ عَلَىَّ

Кейбіреулер мұны Қағбадағы қара тасты мегзеп отыр дейді. Хазреті Айша анамыздың айтуы бойынша: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:

لَمَّا اسْتَقْبَلَن۪ى جَبْرَٓائ۪يلُ بِالرِّسَالَةِ جَعَلْتُ لَا اَمُرُّ بِحَجَرٍ وَلَا شَجَرٍ اِلَّا قَالَ اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деді.

— 148 —

Төртінші мысал: Шүбәсіз хабарлармен Хазреті Аббастан хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Аббасты және төрт ұлын (Абдуллаһ, Убейдуллаһ, Фазл, Қусем) бірге мүлает деп аталатын пердемен үстерін жапты да:

يَا رَبِّ هٰذَا عَمّ۪ى وَصِنْوُ اَب۪ى وَ هٰؤُلَٓاءِ بَنُوهُ فَاسْتُرْهُمْ مِنَ النَّارِ كَسَتْر۪ى اِيَّاهُمْ بِمُلَٓائَت۪ى

деп дұға оқыды. Бірден, үйдің шатыры мен есігі, қабырғалары "Әмин" деп дұғаға қосылды.

Бесінші мысал: Әу баста Бұхари, ибн Хиббан, Дәуіт, Тирмизи сынды сенімді Имамдар, бір ауыздан Хазреті Әнәстен, Әбу Хүрейреден, Осман Зиннурейннен, Ашерей Мүбәшшере Саид ибн Зейдтен хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық, Омар-ул Фаруқ және Осман Зиннурейнмен бірге Ухуд тауының басына шықты. Ухуд тауы, солардың құрметіне болса керек немесе қуанышы мен шаттығынан дірілдеп, қозғала бастады. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм:

اُثْبُتْ يَا اُحُدُ فَاِنَّمَا عَلَيْكَ نَبِىٌّ وَ صِدّ۪يقٌ وَ شَه۪يدَانِ

деп бұйырды. Бұл хадис, Хазреті Омар мен Османның шәйіт болатындарына ғайыптан берілген хабар еді. Осы мысалдың қосымшасы ретінде және бір оқиға: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Меккеден Мәдинаға хижрет еткенде, кәпірлер соңына түсіп, Себир тауын паналады. Себир тауы: "Уа, Расулуллаһ! Үстімнен түсіңіз! Сізді менің үстімде өлтіретін болса, Аллаһ мені азапқа сала ма деп қорқамын" - деді. Сонда Хира тауы:

يَا رَسُولَ اللّٰهِ اِلَىَّ

"Маған келіңіз!" депті. Осы сырға байланысты, көңілі ақ, жүрегі таза әһли қалб әулиелер, Себир тауына шыққанда бойында қорқыныш сезініп, ал Хирада сенімділік сезінеді екен. Бұл мысалдан түсінетіміз: Ол үлкен таулардың әрқайсысы өз-алдына қызметші. Олар Аллаһ Тағалаға тәсбих етіп, міндетін атқарады. Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмді таниды, жақсы көреді. Жөн-жосықсыз кездейсоқ, өз бетімен тұрған нәрселер емес.

Алтыншы мысал: Нақты дәлелдермен Абдуллаһ ибн Омардан былай деп хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мінбеде құтпа оқып тұрған кезде:

— 149 —
﴿ وَمَا قَدَرُوا اللّٰهَ حَقَّ قَدْرِه۪ وَالْاَرْضُ جَم۪يعًا قَبْضَتُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَالسَّمٰوَاتُ مَطْوِيَّاتٌ بِيَم۪ينِهِ ﴾

аятын оқыды және

اِنَّ الْجَبَّارَ يُعَظِّمُ نَفْسَهُ وَيَقُولُ اَنَا الْجَبَّارُ اَنَا الْجَبَّارُ اَنَا الْكَب۪يرُ الْمُتَعَالُ

деген уақытта астындағы мінбердің қатты шайқалып дірілдегені сондай, біз Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм құлап қала ма екен деп қорықтық.

Жетінші мысал: Нақты дәлелдер арқылы әйгілі ғалым, Құранның аудармашысы, Хазіреті ибн Аббас пен Нәбидің қызметкері, үлкен ғалым сахаба ибн Месудтан былай деп хабар беруде: Меккенің жеңісі күні болатын. Қағбада және төңірегінде тасқа қорғасынмен шегеленген үш жүз алпыс пұт бар болатын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолындағы садаққа ұқсайтын таяғын әрбір пұтқа қарай сілтеп:

﴿ جَٓاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ اِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا ﴾

деп қайсысына қарай сілтесе, сол жерге құлайды. Пұттың бетіне апарса, шалқасынан түседі, арқасынан түртсе, етпетінен түседі. Бәрі де жерде домалап жатты.

Сегізінші мысал: Әйгілі Буһейрай Раһибтің белгілі қиссасы. Пайғамбарлықтан бұрын, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талиб және бір топ құрайыштармен бірге Шам тарапына саудаға бара жатады. Буһейрай Раһибтің шіркеуінің тұсына келгенде дем алуға отырады. Адамдармен араласпай оқшау өмір сүретін Буһейрай Раһиб кенет жүгіріп шығады да, Хазіреті Мұхаммедті (с.ғ.с.) көріп, керуенге қарап былай дейді: "Мынау, әлемнің мырзасы, пайғамбар болады". Сонда құрайыштар: "Қайдан білдің?" деді. Мүбәрак Раһиб: "Сендер келе жатқанда үстеріңде бір шоқ бұлт бар еді. Сендер отырғанда, ол Мұхаммед-үл Әминнің (с.ғ.с.) үстіне қарай жылжып, көлеңке қылды. Һәм тастар мен ағаштар оған сәжде қылғандай бір жағдай көрдім. Бұл болса, Нәбилерге ғана жасалады" деп жауап берді.

— 150 —

Міне, осы сегіз мысал секілді сексен мысал бар. Бұлардың бәрі жинақталса үзілмейтін бір шынжырдай боп ешбір күмән оны үзе алмас... Осы іспеттес мұғжизалар, жалпы алғанда, яғни, жансыз нәрселердің Пайғамбарлыққа дәлел болып сөйлеуі мағынауи тәуәтур күшінде. Көзбен көріп, қолмен ұстағандай нақты. Әрбір мысал бір-біріне сүйеніп, өз күшінен әлдеқайда көбірек күш алады. Иә, әлсіз бір тірек, қуатты тіректермен иық тірескен уақытта нығая түседі. Әлсіз, қуаты жоқ бір адам, әскер қатарына алынса, күші тасып мың адамға қарсы тұра алады.

ОН ЕКІНШІ ИШАРА. Он бірінші ишарамен байланысы бар үш мысал, бірақ өте маңызды.

Бірінші мысал: Зерттеуші ғалымдар күллі тәпсіршілердің дәлелдеріне сүйеніп және барлық хадисшілердің хабарына сәйкес осы аят

﴿ وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ رَمٰى ﴾

Бәдірдегі соғыстан хабар беруде дейді.

Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм бір уыс топырақ пен майда тастарды алып, кәпірлердің бетіне:

شَاهَتِ الْوُجُوهُ

деп шашып жіберген екен.

شَاهَتِ الْوُجُوهُ

сөзі бір ғана сөз болғанымен әрбір тыңдаушының құлағына бірдей кіріп естіледі ғой. Дәл сол сияқты, бір уыс топырақ та әрбір кәпірдің көзіне тұтас сол қалпында кіріп кетіпті. Шабуылдап келе жатқан олар көздерімен әуре болып бірден кері қашады.

Һәм имам Мүсілім бастаған хадис имамдары хабар беруде: Хүнейіндегі соғыста Бәдірдегідей - кәпірлер, бар күшімен шабуыл жасады. Бұнда да бір уыс топырақ шашып شَاهَتِ الْوُجُوهُ дегенде, әрқайсысының құлағына әлгі شَاهَتِ الْوُجُوهُ сөз жеке-жеке естілгендей, Аллаһтың әмірімен әрбірінің бетіне бір уыс топырақ шашылды. Көздерімен әуре болып, кері қашты.

Мінеки, Бәдір мен Хүнейндегі таңқаларлық осы оқиға, әншейін себептер арқылы және адамның құдіретімен болмағандықтан, мағынасы мен сөзі мұғжиза болған Құранның тілімен:

﴿ وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ رَمٰى ﴾
— 151 —

деп баяндалады. Яғни, ол оқиға адами құдіреттің тысында. Адамның қолымен емес, керемет бір түрде, Аллаһтың құдіретімен болды.

Екінші мысал: Әу баста Бұхари, Мүсілім, тура кітаптар хабар беруде: Хайбер соғысында бір яһуди әйел, бір ешкінің етінен кәуәп жасап, оған өте әсерлі бір у қосып Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмның алдына қояды. Сахабалар жей бастады. Пайғамбарымыз бірден:

اِرْفَعُوا اَيْدِيَكُمْ اِنَّهَا اَخْبَرَتْن۪ى اَنَّهَا مَسْمُومَةٌ

деп бұйырды. Яғни, пісірілген ешкінің еті маған: "мен уланғанмын" деп хабар беріп тұр. Бәрі қолдарын тартып алды. Бірақ бір шайнам жеген Бишр ибн-ул Берра сол күшті удың әсерінен өліп кетті. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм әлгі Зейнеп атты әйелді шақыртып: "Неліктен былай істедің?" - деп сұрағанда әлгі бейбақ былай депті: "Егер Пайғамбар болсаң, зияны тимейтінін білдім, егер падишах болсаң адамдарды сенен құтқару үшін жасадым". Кейбір риуаятта оны өлтірткен. Кейбір риуаятта өлтірмеді деп айтылады. Әһли Тахқиқ жандар (зерттеушілер): өзі өлтіртпеген, бірақ өлген Бишрдің ағайындарына берген, солар өлтірген дейді. Осы ғажап оқиғаның таңғажайып жақтарын көрсететін екі-үш тұжырым бар.

Біріншісі: Бір риуаятта, әлгі ешкі хабар берген уақытта, кейбір сахабалар да естіген.

Екіншісі: Бір риуаятта: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, хабар бергеннен кейін: بِسْمِ اللّٰهِ деп жеңдер. У-дың әсері болмайды, деді. Дегенмен бұл риуаятты, ибн Хажери Аскалани қабылдамаған, бірақ басқалары қабылдап отыр.

Үшіншісі: Һәм айлакер яһудилер, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға және ең жақын деген сахабаларға кенеттен соққы бергісі келсе де, бірден ғайыптан хабар беріліп әшкерленеді де айлалары іске аспай қалатын. Осылайша айтқандарының дәл келіп, айтқан хабарларының барлығы дұрыс шығып отырған Мұхаммедтің (с.ғ.с.), "Маған мына ешкінің өзі айтып тұр" дегенін, әркім өз құлағымен ешкінің өзінен естігендей анық.

Үшінші мысал: Хазреті Мұса Алейһиссаламның "нұр шашқан қолы" және "аса таяқ" мұғжизасына ұқсас Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) үш мұғжизасы.

— 152 —

Біріншісі: Хазреті Имам Ахмед ибн Ханбел, Әби Самид-ил Худриден көшіріп алып былай жеткізеді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Қатаде ибн Нұғман деген кісіге қараңғы, жаңбырлы бір түнде бір таяқ беріп, былай деді:

"Бұл саған шам сияқты, он аршын жерге дейін жарық береді. Үйіңе барған кезде, бір қара тұлға көлеңке көресің. Ол - шайтан. Оны үйіңнен шығар, қуып жібер". Қатаде таяқты алып үйіне кетеді. Мұса Ғалейһиссаламның "нұр шашқан қолы" сияқты таяқ жарық береді. Үйіне барғанда қара тұлғаны көріп, қуып жіберген екен.

Екіншісі: Ғажайыптары көп болған Бәдір соғысында Уққашә ибн Михсан-ил Әседидің қылышы сынып қалады. Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссәләм оған қылышының орнына, жуандау бір таяқ беріп, "мынамен соғыс!" деді. Кенет әлгі таяқ Аллаһтың қалауымен ұзын, ақ түсті қылышқа айналып, сонымен соғысады. Өмір бойы, тіпті, сонау Иемаме соғысында шәйіт болғанға дейін оны бір сәт қасынан тастамады. Бұл оқиғаның растығына шүбә жоқ. Өйткені Уққашә өмір бойы оны мақтан тұтты және ол қылыш, "әл-аун", яғни, "жәрдемші" деген атпен әйгілі болды. Хазреті Уққашәнің мақтанышы және қылышының жәрдемші деген атпен әйгілі болуы, сол оқиғаның дәлелі.

Үшіншісі: Мына бір оқиға сол ғасырдың ғалымы және Әһли Тахқиқтің атақтыларының яғни зерттеуші ғалымдардың бірі ибн Абд-ил-Беррден риуаят етіліп, расталған екен. Ухуд соғысында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің нағашы апасының баласы Абдуллаһ ибн Жахштың шайқаста қылышы сынып қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оған бір таяқ береді. Ол таяқ қылышқа айналып, сонымен соғысады. Сол мұғжизаның әсерінен қылыш сол күйінде қалып қояды. Әйгілі ибн Сейид-иннас өз кітабында былай деп жазады: Біраз уақыт өткеннен кейін Абдуллаһ, ол қылышты "Бұғай түрки" дейтін адамға, екі жүз лираға сатып жіберді.

Міне, осы екі қылыш Мұса Пайғамбардың (ғ.с.) таяғы сияқты мұғжиза. Бірақ, Мұса (ғ.с.) өлгеннен кейін ол таяқтың мұғжизалығы қалмады. Ал бұлар сол қалпында қалды.

ОН ҮШІНШІ ИШАРА: Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің мұғжизалары һәм тәуәтүр, һәм мысалдары өте көп. Тағы бір түрі, ол Кісінің (с.а.у.) қасиетті демімен аурулар мен жаралылардың

— 153 —

жазылып шипа табуы. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) мұндай мұғжизалары мағынауи тәуәтүр болып есептеледі. Бұлардың кейбірі бір ғана адамнан риуаят етілсе де, хадис ілімінің білікті имамдары растап, куәлік еткендіктен ғылыми түрде қанағат береді. Біз де өте көп мысалдарынан бірнеше мысалын баян етеміз.

Бірінші мысал: Мағриб ғалымы Қады Ияз, Шифай Шериф кітабында нақты риуаяттар тізбегін келтіре отырып былай дейді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметшісі әрі қолбасшысы және Хазреті Омардың заманында Ислам әскерін басқарған, Иранды жеңіп алған Ашереи Мүбашшереден Хазреті Сағад ибн Әбу Уаққас айтады: Мен Ухуд соғысында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едім. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сол күні садағы сынғанға дейін кәпірлерге оқ боратты. Сонан соң оқтарын маған беріп, "Ат!" деді. Оқтардың қауырсыны жоқ болатын. Маған "Ат!" деп әмір береді, мен де атып жатырмын. Оқтар қанаты бардай зымырап, кәпірлерге дәл тиеді. Содан Қатаде ибн Нұғманның көзіне бір оқ тиіп, көзі ұясынан шығып сыртқа салбырап қалды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мүбәрак, шипалы қолымен, көзін ұясына салып берді. Көзіне ешнәрсе болмағандай, жазылып кетті. Осы оқиға көпке тарады. Тіпті, Қатаденің ұлы, Омар ибн Абдулғазиздің алдына келгенде, өзін өлеңі арқылы былай таныстырыпты: «Мен, шыққан көзін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм орнына салған кезде бірден жазылып кеткен кісінің ұлымын. Ең әдемі көз соның көзі еді» деп шумақтап айтыпты. Өзін осылай таныстырыпты.

{ Сілтеме*

اَنَاابْنُ الَّذ۪ى سَالَتْ عَلَى الْخَدِّ عَيْنُهُ ٭ فَرُدَّتْ بِكَفِّ الْمُصْطَفٰى اَحْسَنَ الرَّدِّ فَعَادَتْ كَمَا كَانَتْ لِاَوَّلِ اَمْرِهَا ٭ فَيَا حُسْنَ مَا عَيْنٍ وَيَا حُسْنَ مَا رَدٍّ

}

Һәм, шүбәсіз дәлелдермен былай деген хабар бар: Әйгілі Әбу Қатаденің Иәум-и Зикарад деп аталған соғыста, бір оқ мүбәрак жүзіне қадалды. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм, мүбәрак қолымен әлгі жерді сипап жіберген екен. Әбу Қатаде айтады: "Ауырғанын мүлдем сезген жоқпын".

Екінші мысал: Әу баста Бұхари мен Мүсілім, дәлелді кітаптар былай деп хабар беруде: Хайбер соғысында, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, қаһарман Алиді қолбасшы етіп сайлағанда, Алидің көздері қатты ауырып тұрған екен. Расулуллаһ Алейһиссалату

— 154 —

Уәссәләм, өзінің шипалы түкірігін көзіне жаққан сәтте, бірден жазылып кетіпті. Таңертең Хайбер қорғанының өте ауыр темір есігін жұлып алып, қолында қалқан сияқты ұстады. Хайбер қорғанын мұсылмандар жеңіп алды. Һәм сол оқиғада, Селеме ибн Әкуваның аяғына қылыш тиіп жарақаттайды. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм демін үрлегенде бірден аяғы жазылып кетіпті.

Үшінші мысал: Несаи бастаған сияр жазушылар, Осман ибн Хүнейфтен хабар беруде: Осман айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына бір соқыр келіп: "Көзімнің ашылуы үшін дұға қылшы!" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, оған

فَانْطَلِقْ وَتَوَضَّاْ ثُمَّ صَلِّ رَكْعَتَيْنِ وَقُلِ اللّٰهُمَّ اِنّ۪ى اَسْئَلُكَ وَاَتَوَجَّهُ اِلَيْكَ بِنَبِىِّ مُحَمَّدٍ نَبِىِّ الرَّحْمَةِ يَا مُحَمَّدُ اِنّ۪ى اَتَوَجَّهُ بِكَ اِلٰى رَبِّكَ اَنْ يَكْشِفَ عَنْ بَصَر۪ى اَللّٰهُمَّ شَفِّعْهُ فِىَّ

деп бұйырды. Ол да солай жасап келді... Қарасақ, көзі ашылған, жақсы көріп тұрды.

Төртінші мысал: Белгілі Имам ибн Уәһәб айтады: Бәдір соғысының он төрт шәйіттің біреуі Муаввиз ибн Аффа, Әбу Жәһилмен қылыштасып жатқанда, лағнет атқыр Әбу Жәһил, оның бір қолын шауып тастады. Ол екінші қолымен шабылған қолын ұстап Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм шабылған қолды орнына қайта жабыстырды да түкірігін жағып еді, бірден шипа тапты, қайтадан соғысқа кетті, шәйіт болғанша соғысты. Һәм Имам Жәлил ибн Уәһһәб айтады: Сол соғыста Хубейб ибн Иесафтың иығына қылыш тиіп, екіге бөлінгендей ауыр жарақат алды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, оның қолын иығына жабыстырып, дем үрлеп еді, жазылып кетті.

Міне, осы екі оқиға, расында бір кісінің айтуымен ғана жеткен хабар. Бірақ ибн Уәһәб сияқты бір Имам растап жазған болса, оның үстіне Бәдір соғысы сияқты мұғжизалар көп болған соғыста болса, һәм осы екі оқиғаны еске түсіретін мысалдар көп болса, әлбетте, бұл екі оқиға да сенімді деуге болады.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің киелі қолы шипалы екенін көрсететін мыңнан астам мұғжизалар, нақты хадистер дәлелдеп береді.

— 155 —
БҰЛ БӨЛІМ АЛТЫНМЕН ЯКИ АЛМАЗБЕН ЖАЗЫЛУҒА ЛАЙЫҚ

Иә, алдында айтылып өткендей, уысында кішкене тастардың зікір етіп, тәсбих қылуы және

﴿ وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ ﴾

беруі; сыры бойынша дәл сол уыстағы кішкене тастар мен топырақ зеңбірекпен оқ жаудырғандай дұшпанға күйрете соққы беруі;

وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ

сөзі арқылы дәл сол қолдың саусағымен айды екіге бөлуі және он саусағынан бұлақ сияқты су ағуы, бүкіл әскерге су ішкізуі және дәл осы қолдың ауруларға, жаралыларға шипа болуы, әлбетте, әлгі мүбәрак қолдың қаншалықты керемет, Аллаһтың алдында қабыл болған әрі құдіретінің мұғжизасы екенін анық көрсетеді.

Достардың арасында әлгі алақан құдды Аллаһтың кішігірім бір зікірханасы секілді. Кішкене тастар сол жерге түссе болды зікір мен тәсбих ете жөнеледі. Ал жауға қарсы кішігірім Раббани бір оқ-дәрі қоймасындай, тас пен топырақ ол жерде оқ-дәрі мен бомбаға айналады. Ал жаралылар мен ауруларға келгенде кішігірім Рахмани емхана болып, барлық дертке дауа болады. Ал қатуланып сұстана көтерілгенде, айды бөліп тастайды. Ал мейірлене түскен сәтте кәусәр суын ағызған он шүмекті рақым бұлағына айналады. Апырым ай осындай кісінің бір ғана қолы, керемет мұғжизаларға бөленіп, таңғажайыптарға себеп болып жатса, ол Кісі (с.а.у.) бүкіл әлемді жаратқан Аллаһқа қаншалықты жақын екендігі, айтқан хабары қаншалықты тура екендігі және сол кісінің қолынан ұстап соңына ергендердің қандай бақытты екендігі айдай анық емес пе?

— 156 —

Сұрақ: Сен көп оқиғаларды баршаға мәлім дейсің. Ал біз олардың көбін бірінші рет естіп отырмыз. Тәуәтур хабар бұлай жасырын болмауы керек?

Жауабы: Шариғат ғұламаларына айдай анық көптеген мәлім нәрселер, басқалар үшін беймәлім болуы мүмкін. Хадис ғалымдарынша баршаға мәлім деп есептеген көп хабарларды өзгелер тек көмескі түрде біледі. Әрбір пәннің маманы, сол пәнге қатысты мәлім нәрселерді, пікірлерді баяндайды. Жалпы халық болса, сол пәннің маманына сеніп мойынсұнады немесе өзі зерттеп көз жеткізеді. Осы айтылған баршаға мәлім немесе мағынауи тәуәтур дәрежесінде сенімді оқиғалар, хадис ілімімен шұғылданғандарға, һәм шариғаттанушыларға, һәм Ислам негіздерін зерттеуші білімді жандарға, тағы басқа көптеген ғалымдарға таныс. Ұйқыда жүрген адам немесе қараңғы надан білмесе, кінә оның өзінде.

Бесінші мысал: Имам Бағауидың дәлелдеп және растаған хабары бойынша: Хендектегі соғыста, кәпірлердің соққысынан Али-ибн Хакемнің аяғы сынады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолымен әлгі жерді сипап еді, сол сәтте-ақ жазылғаны сонша, атынан да түспепті.

Алтыншы мысал: Имам Бейһаки бастаған хадис мамандары арқылы жеткен хабарда: Имам Али қатты сырқат еді. Қиналғаннан, өзі-өзіне дұға қылып ыңырсып жатқанды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм келіп, اَللّٰهُمَّ اشْفِهِ деді. Сөйтіп аяғымен түртіп Хазреті Алиге: "тұр!" деді. Сонда бірден тәуір болып кеткен екен. Имам Али: "Одан кейін ол аурумен қайта ауырмадым" деген екен.

Жетінші мысал: Шуреһбил-әл-Жуфидің әйгілі қиссасы. Ол бірде алақанындағы бір ісіктің кесірінен қылышты да аттың тізгінін де ұстай алмай қалыпты. Расулуллаһ Ғалеһиссалату Уәссәләм ісікті сипалады да мүбәрак қолымен уқалады. Ісіктің ізі де қалмады.

Сегізінші мысал: Алты баланың Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизасына бөленгені жайында.

Біріншісі: Ибн Әбу Шейбе (кәміл мухаққиқ және әйгілі хадис ғалымы) былай деп хабар беруде: Бір әйел баласын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына алып келеді. Әлгі бала бір бәлеге ұшыраған, сөйлемейтін, мылқау еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, бір ұрттам сумен аузын шайып, қолын жуды да сол суды

— 157 —

әйелге берді де "балаға ішкіз!" деп бұйырды. Бала әлгі суды ішкеннен кейін, ауруынан айығып бәлесінен еш нәрсе қалмады. Ақылы кіріп жетілгені соншалық, ең ақылды деген адамдардан асып түсті.

Екіншісі: Бізге жеткен сахих риуаяттар бойынша, Хазреті ибн Аббас былай дейді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға есі ауысқан бір баланы алып келді. Мүбәрак қолын кеудесіне қойды. Бала бірден лоқсыды. Ішінен, кішкене қиярдай қара бір нәрсе шықты. Бала жазылып кетті.

Үшіншісі: Имам Бейһаки мен Несаиден жеткен сахих риуаяттар бойынша, Мұхаммед ибн Хатиб атты бір баланың қолына қайнаған қазан төгіліп, қолы қатты күйіп қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сипалап түкірігін жақты. Қолы сол сәтте-ақ жазылып кетеді.

Төртіншісі: Ересек, бірақ тілі жоқ бір бала Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның жанына келіпті. Балаға: "Мен кіммін?" - дегенде әлгі мүлдем сөйлемеген мылқау бала: اَنْتَ رَسُولُ اللّٰهِ (Сен Аллаһтың елшісісің!) деп сөйлеп кетіпті.

Бесінші бала: Яказа әлемінде, яғни, ояу кезінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірнеше мәрте жүздескен Желаледдин Суюти яғни өз дәуірінің танымал имамы, ілімі дариядай ғұлама айтады: Кейін Мүбәрек-ул Иемаме атымен әйгілі болатын бір кісіні дүниеге келген кезінде, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның жанына алып келіпті. Расулуллаһ Уәссәләм оған көңілі ауып қараған сәтте, нәресте күлімсіреп: اَشْهَدُ اَنَّكَ رَسُولُ اللّٰهِ депті.

Мұны естіген Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм "Барекаллаһ" депті. Нәресте содан үлкейгенге дейін сөйлемей жүріпті. Әлгі сәби, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы мұғжизасына және "Барекаллаһ" дұғасына бөленгендіктен "Мүбәрек-үл-Иемаме" есімімен елге танымал болыпты.

Алтыншы бала: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намаз оқып тұрғанда, қыңыр бір бала алдын кесіп өткені үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: депті. Бала тұрған жерінен

اَللّٰهُمَّ اقْطَعْ اَثَرَهُ

жүре алмай қалады. Осылайша, қыңырлықтың жазасын тартыпты.

Жетінші бала: Бала сияқты ұялуды білмейтін бір әйел Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм тағам жеп отырған жеріне келіп, бір асам тағам сұрайды. Пайғамбарымыз сұрағанын береді. Әлгі

— 158 —

әйел: "Жоқ, сенің аузыңдағы керек" дейді. Оны да береді. Сонда әлгі ұятсыз әйел оны жегеннен кейін, өте ұялшақ болып кеткен деседі. Мәдина әйелдерінен де ұялшақ болыпты.

Міне, осы сегіз мысал емес сексен, тіпті сегіз жүз мысал келтіруге болады. Басым көпшілігі әртүрлі кітаптар мен хадистерде баяндалған.

Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак қолы, Лұқпан Хакимнің емханасы тәрізді, ал түкірігі Хазіреті Қыдырдың өмір суының бұлағы сияқты және демі Хазреті Иса Алейһиссаламның демі сияқты ем, шипа. Ал адам баласы өмірде көп қиыншылықтар мен бәлелерге жиі душар болатыны белгілі. Әлбетте Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға шарасыздықтан науқастар толассыз келген деседі. Аурулар, жаралылар, есі ауысқандар топ-топ келіп, барлығына да жаппай шипа қонып жазылып кетіпті. Тіпті, қырық мәрте қажылыққа барған, қырық жыл бойы таң намазын құптан намазының дәретімен оқыған Табииннің ірі имамдарының бірі, көптеген сахабалармен жүздескен Таус деген атымен танымал Әбу Абудрахман-ул-Иеманидің айтқан бұлтартпас хабарында былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қаншама есі ауысқан кісілер келсе, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кеудесіне қолын қойса болды тәуір болған. Тәуір болмаған жан жоқ.

Міне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алтын ғасырын көзімен көрген бір Имам осылай бұлтартпас дәлелмен айтып тұрса, әлбетте, оған келген қандай да бір науқас жан міндетті түрде емделіп, тәуір болып кеткен. Олай болса, әлбетте, келушілер де мыңдаған болары хақ.

ОН ТӨРТІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының бірі және өте маңыздысы - дұғасы арқылы көрсеткен мұғжизалары. Иә бұл түрі, шүбәсіз әрі баршаға мәлім. Мысалдарының көптігі сонша, сан жетпейді. Баршаға мәлім, тіпті, әйгілі десе де болады. Бір бөлігін атақты имамдар жеткізгендіктен шүбәсіз сенесің. Біз қазір ел арасында кең тараған кейбіреуін мысал ретінде алып, бір шама тоқталып өтеміз.

Бірінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ел арасына кең тараған жаңбыр дұғасы. Ол көп мәрте қайталанып әрдайым және жылдам қабыл болған. Мұны Имам Бұхари мен Имам Мүсілім бастаған хадис имамдары риуаят еткен. Тіпті, кейде мінберде тұрып, жаңбыр дұғасына жайған қолы түсер-түспес жаңбыр жауған.

— 159 —

Алдында айтып өткеніміздей, бір екі мәрте Ислам әскері сусыз қалған уақытта бұлт келіп жаңбыр себелеген. Тіпті, Пайғамбарлықтан бұрын кішкентай кезінде Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің атасы Абдулмутталиб, Оның (с.а.у.) құрметі үшін Аллаһтан жаңбыр тілейтін еді. Оның (с.а.у.) құрметіне жаңбыр жауатынын Абдулмутталибтің бір өлең жолдарынан байқаймыз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Омар, Хазіреті Аббасты желеу етіп: "Я, Раб! Бұл сенің Хабибіңнің, яғни, сүйікті құлыңның бауыры! Соның құрметі үшін жаңбыр бере гөр". - дегенде, жаңбыр жауатын. Сондай-ақ, Имам Бұхари мен Муслим хабарлайды: Жаңбыр үшін дұға-тілек жасалды. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм қолын жайып, дұға қылды. Жаңбырдың жауғаны сонша, "Өтінеміз! Дұға қылыңыз, тоқтасын!" деуге мәжбүр болды. Дұға қылып еді, бірден тоқтады.

Екінші мысал: Ел арасында кең тараған оқиға: Сахабаларардың саны әлі қырыққа жетпеген кез. Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссәләм, жасырын құлшылық ететін. Бірде былай дұға қылды:

اَللّٰهُمَّ اَعِزَّ الْاِسْلَامَ بِعُمَرِ ابْنِ الْخَطَّابِ اَوْ بِعَمْرِو ابْنِ الْهِشَامِ

Бір-екі күннен кейін Хазреті Омар ибн Хаттаб иманға келді. Дін Исламды жария қылып, мұсылмандардың абыройы артып, дін үстемдік ете бастады. Хазіреті Омар "Фаруқ" деген ұлы есімге ие болды.

Үшінші мысал: Кейбір таңдаулы сахабаларға әр түрлі мақсаттары үшін дұға қылды. Дұғасы керемет түрде қабыл болғандықтан, әлгі дұғаларының кәраматы мұғжиза дәрежесіне жетті. Осыған байланысты Бұхари мен Муслимнен жеткен риуаяттарда: Ибн Аббасқа былайша дұға-тілек жасаған екен:

اَللّٰهُمَّ فَقِّهْهُ فِى الدّ۪ينِ وَعَلِّمْهُ التَّاْو۪يلَ

Дұғасының қабыл болғаны ғой, Ибн Аббас Құранның аудармашысы деген әйгілі атаққа ие болды және Хабр-үл Үмме, яғни, үмметтің ғұламасы деген ұлы дәрежеге бөленді. Тіпті, Хазреті Омар оны өте жас кезінде-ақ ғұламалар мен үлкен сахабалардың мәжілісіне қатыстырушы еді.

— 160 —

Сондай-ақ, Имам Бұхари бастаған болып сахих хадис кітаптарында былай делінген: Әнәстің анасы, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмға: "Сенің қызметшің болып жүрген мына Әнәстің балалары мен байлығы көп болсын деп дұға қылыңыз" - деп өтінген. Ол (с.а.у.) да:

اَللّٰهُمَّ اَكْثِرْ مَالَهُ وَوَلَدَهُ وَبَارِكْ لَهُ ف۪ى مَا اَعْطَيْتَهُ

деп дұға еткен. Өмірінің соңында Хазіреті Әнәс ант ете былай деген екен: "Мен өз қолыммен жүз баламды жерледім. Менің дүнием мен байлығым жағынан да ешкім мендей бақытты болмаған. Дүние-мүлкімді көріп отырсыздар өте көп. Бұлардың бәрі сол Нәбидің дұғасының берекеті".

Һәм Имам Бейһаки бастаған хадис мамандары мынаны жеткізуде: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, Ашере-и Мүбашшереден Абдурахман Бин Ауфқа байлығының мол және берекелі болуы үшін дұға еткен. Әлгі дұғаның берекесімен мол байлыққа кенелгені соншалық, бір мәрте жеті жүз түйені жүктерімен бірге "фисәбилиллаһ" - яғни, Құдай үшін садақа қылған деседі. Мінеки, Нәбидің дұғасының берекетіне қараңыз... "Бәрекаллаһ" деңіз...

Һәм Имам Бұхари секілді хадис риуаяттаушылар былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, Уруе ибн Әбу Жадеге саудада табысты болуы үшін береке тілеп дұға қылды. Уруе: Мен кейде Куфе базарында тұрып, үйге бір күнде қырық мың манат тауып оралушы едім - дейді. Имам Бұхари былай дейді: "Ол қолына топырақ алса, одан да бір табыс табатын еді".

Һәм Абдуллаһ ибн Жафарға, мол байлық пен береке үшін дұға етті. Хазреті Абдуллаһ ибн Жафар зор байлыққа кенелгені соншалық, сол ғасырда ең атақты бай болған. Нәбидің дұғасының берекетімен пайда болған байлығымен қоса, жомарттығымен де танылды. Осы секілді көптеген мысалдар бар. Үлгі ретінде осы төрт мысалға қанағат етейік.

Имам Тирмизидің риуаятында былай делінген: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Сағад ибн Әбу Уаққас үшін былай дұға қылды:

اَللّٰهُمَّ اَجِبْ دَعْوَتَهُ

Сағадтың дұғалары қабыл болуы үшін дұға қылды. Сол ғасырда жұрт Сағадтың қарғысынан қатты қорқады екен. Дұғасының қабыл болғыштығы ғой.

— 161 —
Һәм атақты Әбу Қатадеге жас күйінде қалуы үшін:
اَفْلَحَ اللّٰهُ وَجْهَكَ اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَهُ فِى شَعْرِه۪ وَ بَشَرِه۪

деп дұға етті. Әбу Қатаде жетпіс жасында қайтыс болыпты. Бірақ бет әлпеті он бес жастағы жігіттей шырайлы болған. Бұл туралы нақты хабарлар бар.

Әйгілі ақын Набиғаның мәшһүр қиссасы. Ол, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның жанында бір өлеңін оқып береді. Өлеңі былай боп келеді:

بَلَغْنَا السَّمَٓاءَ مَجْدُنَا وَسَنَٓائُنَا ٭ وَ اِنَّا نُر۪يدُ فَوْقَ ذٰلِكَ مَظْهَرًا

яғни, "Абыройымыз көкке жетті, біз болсақ одан да жоғары шыққымыз келеді!". Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әзілдеп:

اِلٰى اَيْنَ يَٓا اَبَا لَيْلَا؟

дейді. Ол: اِلَى الْجَنَّةِ يَا رَسُولَ اللّٰهِ деп жауап береді: Яғни: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қалжыңдап: "Көктен әрі асып қайда барғың келеді, өлеңіңде сол жаққа ниет қылыпсың?" Набиға: "Көктердің үстіндегі жәннатқа барғымыз келеді..." депті. Сосын тағы бір шумақ өлеңін оқиды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оған риза болып: لَا يَفْضُضِ اللّٰهُ فَاكَ деп дұға қылды. Яғни, "Сенің аузың бұзылмасын". Нәбидің сол дұғасының берекетімен, жүз жиырма жасындағы Набиғаның барлық тісі түгел көрінеді. Тіпті кейде тісі түссе, орнына қайта шыққан деседі.

Һәм, сахих риуаяттарда былай делінген: Имам Али үшін

اَللّٰهُمَّ اكْفِهِ الْحَرَّ وَالْقَرَّ

деп дұға қылды. Яғни: "О, Раббым! Оған суық пен ыстықтың қиындығын көрсетпе!".. Міне, осы дұғаның берекетімен Имам Али қыста жаздық киім киіп, жазда қыстық киім киіп жүре береді екен. Сол дұғаның берекетімен ешқашан тоңып немесе ыстықтап көрмедім дейді екен.

Хазреті Фатима اَللّٰهُمَّ لَا تُجِعْهَا үшін деп дұға қылыпты: Яғни: "Оған аштықтың азабын берме!". Хазреті Фатима: "Сол дұғадан соң аштық сезінбедім". деген екен.

Туфейл ибн Амр, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан өз қауымына апарып көрсету үшін бір мұғжиза сұрайды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм اَللّٰهُمَّ نَوِّرْ لَهُ деді. Екі көзінің ортасынан бір нұр көрінді. Сосын оны таяғының ұшына орнатып берді. Осы

— 162 —

оқиғаға байланысты ол зиннур (нұры бар адам) атанып кетті. Міне бұл оқиғалар, сахих хадистер қатарында болғандықтан, өте сенімді.

Бірде Әбу Хүрейре, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға "менде ұмытшақтық пайда бола бастады" деп шағымданған екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір орамал жайды. Содан соң мүбәрак алақанымен ғайыптан бір нәрсе жинағандай әлгі бет орамалдың үстіне төкті. Екі-үш мәрте осылай істеген соң Әбу Хүрейреге: "Енді орамалды жина!" - деді. Әбу Хүрейре орамалды жинастырды. Өзі айтады Нәбидің осы мағынауи дұғасының арқасында: "Ант етемін одан кейін ешнәрсені ұпытпадым".

Төртінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің теріс дұғасына ұшыраған бірнеше оқиғаны баяндаймыз.

Біріншісі: Парсының падишахы Первиз, Нәбидің жіберген хатын жыртып тастады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм хаттың жыртылғанын естігенде қапа болып теріс дұға қылды: اَللّٰهُمَّ مَزِّقْهُ "О, Раббым! Ол менің хатымды қалай жыртса, сен де оны және оның салтанатының астаң кестеңін шығар!". Осы теріс дұғадан кейін әлгі Кисра Первиздің ұлы Ширвие, әкесін қанжармен турап тастайды ал, Сағад ибн Әбу Уаққас болса оның патшалығын тас-талқан етті. Сасани мемлекеті әбден күйреді. Алайда Қайсар және өзге патшалар, Нәбидің хатына құрмет көрсеткені үшін көп зиян шекпеді.

Екіншісі: Бұл оқиға ел арасында кең тараған және оған Құранның аяттары да ишара етеді. Исламның алғашқы кезеңінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қасиетті Меккедегі Қағбада намаз оқып отырғанда құрайыштың басшылары жиналып, өте сұмдық нәрсе істеді. Сонда Пайғамбарымыз оларға теріс дұға қылды. Ибн Месуд айтады: Ант етемін, әлгі сұмдықты істеп, қарғысқа ұшырағандар Бәдірдегі соғыста жер жастанып, жиіркенішті түрдегі мүрделерін көрдім - дейді.

Үшіншісі: Мударие деп аталатын арабтың үлкен бір қауымы, Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәламды өтірікке шығарғаны үшін, оларға құрғақшылық келсін деп теріс дұға қылды. Жаңбыр жаумай ашаршылық, жұт басталды. Мударие қауымының Құрайыш тайпасы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан дұға сұрап жалбарынды. Дұға қылып еді, жаңбыр жауып, құрғақшылық кетті. Бұл оқиға тәуәтур дәрежесінде әйгілі.

— 163 —

Бесінші мысал: Жеке адамдарға берген теріс дұғаларының қорқынышты түрде қабыл болғандығы жайлы. Бұның көп мысалдары бар. Нақты үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.

Біріншісі: Утбе ибн Әбу Ләһабқа былайша теріс дұға оқыды:

اَللّٰهُمَّ سَلِّطْ عَلَيْهِ كَلْبًا مِنْ كِلَابِكَ

Яғни: "О, Раб! Оған бір итіңді жібер". Кейін Утбе бір сапарға шыққанда, оны бір арыстан керуеннің ішінен іздеп тауып, жеп қояды. Бұл оқиға әйгілі. Мұны хадис имамдары баяндап растаған.

Екіншісі: Мухаллим ибн Джусаме дейтін адам Әмір ибн Азбатты аяусыз түрде өлтірген-ді. Ал, Әмірді Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жихад үшін қолбасшы тағайындап, бір топ жасақпен бірге жіберген болатын. Мухаллим де солармен бірге болатын. Бұл суық хабар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жеткенде қатты ашуланды.

اَللّٰهُمَّ لَا تَغْفِرْ لِمُحَلِّمِ

деп теріс дұға оқыды. Жеті күннен кейін әлгі Мухаллим өліп қалды. Қабірге қойып еді, қабір сыртқа шығарып тастады. Қанша мәрте қойса да жер қабылдамады. Сосын екі тастың ортасынан мықтап бір дуал жасап, оның денесін осылайша жасыруға мәжбүр болды.

Үшіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, бір адамның сол қолымен тамақ жеп отырғанын көреді. Оған: كُلْ بِيَم۪ينِكَ "Оң қолымен же!" деді. Әлгі адам: لَا اَسْتَطِيعُ "Оң қолыммен жей алмаймын" деді. Сонда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: لَا اسْتَطَعْتَ "Көтере алмай қалғыр!" деп теріс батасын берді. Одан соң әлгі адам оң қолын әсте көтере алмаған деседі.

Алтыншы мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дұғасымен қатар, қолын тигізу арқылы көрсеткен кереметтерінің әйгілі бірнешеуін баяндаймыз.

Біріншісі: Хазреті Халид ибн Уалидке (Сәйфуллаһқа) шашының бірнеше талын беріп, жеңімпаз болуы үшін дұға қылды. Хазреті Халид әлгі шаш талдарын қалпағында сақтапты. Сол шаштар мен дұғаның кәраматы болса керек қандай соғысқа қатысса да міндетті түрде жеңіп шығатын болыпты.

— 164 —

Екіншісі: Салман Фариси (Парсылық Салман) о баста Яһудилердің құлы болатын. Оның қожайындары азаттығы үшін көп құн талап етті. "Үш жүз құрма көшетін егіп, жеміс бергеннен кейін, қырық окка яғни шамамен 4,800гр алтын беріп қана бостандық аласың" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келіп жағдайын айтты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өз қолымен Мәдинаның төңірегіне үш жүз көшет құрма отырғызды. Тек бір көшетті басқасы отырғызды. Сол жылы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің отырғызған барлық көшеттер жеміс беріп, тек басқа адам еккен көшет жеміс бермеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оны да қайтадан өзі тікті. Ол да жеміс берді. Сосын тауықтың жұмыртқасындай бір алтынға түкірігін жағып дұға етті де Салманға берді. "Мынаны яхудилерге бер!" деді. Салман әлгі алтыннан қырық окканы оларға берді. Ал тауықтың жұмыртқасындай алтын байырғы күйінде қалды. Бұл оқиға Хазіреті Салманның өміріндегі оқиғалардың ең маңыздысы. Өйткені мұғжизамен қатысты. Мұны сенімді де атақты имамдар хабар берген.

Үшіншісі: Үмм-у Мәлік деген бір әйел сахаба, "Укке" деп аталатын кішкене бір май торсығынан Расулуллаһ Уәссәләмға май сыйлаушы еді. Бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм торсыққа дұға қылды да: "Мұны қатты сықпаңдар!" деді. Үмм-у Мәлік бала-шағасы май сұраған сайын Нәбидің дұғасының берекетімен торсықтан май шығатын. Ұзақ уақыт жалғасты. Кейін торсықты сығып еді, берекеті кетті.

Жетінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дұғасымен және өзінің араласуымен сулар тәтті болып әдемі иіс бергені жайлы көптеген мысалдар бар. Екі-үшеуін үлгі ретінде баяндаймыз.

Біріншісі: Имам Бейһаки бастаған хадис мамандары былай деп хабар беруде: Биғри Куба деп аталатын құдықтың суы кейде тартылып таусылып қалатын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дәрет алған (жуынған) суын ішіне құйып дұға қылғаннан кейін соның берекетімен суы молайып еш тартылмады.

Екіншісі: Әбу Нуайм өзінің "Пайғамбарлық дәлелдер" атты кітабында және өзге де хадис кітабын жазушы кісілер былай деп

— 165 —

хабар беруде: Әнәстің үйіндегі құдыққа Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түкіріп дұға қылды. Содан кейін ол, Мәдинадағы суы тәтті құдық болды.

Үшіншісі: Ибн Маже былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға бір құмыра зәм-зәм суын алып келді. Бір ұрттам суды аузына алып құмыраға қайта төкті. Құмыра райхан гүлі сияқты хош иіс бере бастады.

Төртіншісі: Имам Ахмед ибн Ханбел былай деп хабарлайды: Құдықтан бір құмыра су тартылды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құмыраның ішіне аузының суын құйып құдыққа төккеннен кейін райхандай хош иіс шығара бастады.

Бесіншісі: Аллаһтың әулие құлдарынан Имам Мүсілім мен Мағриб ғұламаларының сенімді де атақтысы Хаммад ибн Селеме былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм теріден жасалған торсыққа су толтырып аузына үрледі де дұға қылды. Сосын оны бір топ сахабаларға берді. Оларға: "Аузын ашпаңдар! Тек дәрет алар уақытта ғана ашыңдар!" деп бұйырды. Дәрет алар уақыт болып аузын ашып қараса тап-таза сүт, беті толы қаймақ. Міне, осы бес мысалдың кейбірі әйгілі, ал кейбірін үлкен имамдар баяндаған. Бұл жерде айтылмағандарымен қосқанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде күмәнсіз болғандығын көрсетеді.

Сегізінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолын тигізуі мен дұғасы арқылы сүтсіз, қысыр ешкілердің сүт беруі және сүтті болуының мысалдары өте көп. Біз, тек мәлім әрі сенімді екі-үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.

Біріншісі: Мына оқиға Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны жазылған барлық сияр кітаптарда баяндалады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддықпен бірге көшкенде Атикет Бинт-ил Хүзайе атты Үмм-у Мабедтің үйіне келеді. Оның сүтсіз, көтерем, қысыр бір ешкісі бар еді. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Үмм-у Мабедтен: "Мынау сүт бере ме?" -деп сұрайды. Үмм-у Мабед: "Бұның бойында қан жоқ, сүт қайдан болсын" - дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм ешкінің арқасынан және желінінен сипап, дұға қылады. Сосын "Ыдыс әкеліп, сауыңдар!"-дейді. Сауылған сүтті Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық екеуі ішкеннен кейін сол үйдегілер де тойғанынша ішіпті. Ал ешкі әлденіп, күйлі болып кетіпті.

— 166 —

Екіншісі: Шат ибн Месудтің әйгілі қиссасы. Ибн Месуд мұсылман болмай тұрғанда жұрттың малын бағатын. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық пен бірге ибн Месудтің ешкі бағып жүрген жеріне келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм ибн Месудтан сүт сұрапты. Ол: "Ешкілер менікі емес, өзгенің малы" - деп жауап береді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Маған қысыр, сүті жоқ бір ешкіні алып кел!" - дейді. Ол екі жыл теке көрмеген бір ешкіні алып келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оның желінін сипап, дұға қылады. Сосын сауған кезде тап-таза сүт шығыпты. Бәрі тоя ішіпті. Ибн Месуд бұл мұғжизаны көргеннен кейін иманға келеді.

Үшіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мурдиасы, яғни, сүт анасы Халимей Садиенің ешкілеріне қатысты әйгілі қисса: Сол кездері құрғақшылықтың салдарынан малдар арық әрі сүтсіз болатын. Тойғанша қоректенетін шөп таба алмайтын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сүт анасының жанына келгеннен бастап, оның берекетімен Халиме Садиенің ешкілері ақшам уақытында басқаларынан ерекше тоқ әрі желіндері тырсиып келуші еді. Мұндай оқиғалар сияр кітаптарында көп кездеседі. Бірақ айтпақ болған мақсатымызға осы үлгілер, жеткілікті.

Тоғызыншы мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кейбір кісілердің басын, жүзін мүбәрак қолымен сипап дұға қылғанда көрінген кәраматтардың әйгілі бірнешеуін үлгі ретінде баяндаймыз.

Біріншісі: Омар ибн Садтың басын сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен сексен жасында қайтыс болған әлгі кісінің басында бір тал ақ шаш болмаған деседі.

Екіншісі: Қайс ибн Зейдтің басына қолын тигізіп, дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен жүз жасына келгенде шашының бәрі аппақ, тек Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолы тиген жер ғана қап-қара күйінде қалыпты.

Үшіншісі: Әбдуррахман ибн Зейд ибн Хаттабтың бойы аласа, түрі ұсқынсыз екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм басынан сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен бойы ұзарып, ең әдемі көрікке ие болады.

Төртіншісі: Хунейндегі соғыста Айз ибн Әмір бетінен жарақат алады. Бетіндегі қанды Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолымен сүрткен екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолы тиген жер

— 167 —

жарқырап нұрланғандықтан хадис жазушылар оны كَغُرَّةِ الْفَرَسِ деп суреттеген. Яғни торы аттың маңдайындағы төбел сияқты қолы тиген жер жарқырап тұратын.

Бесіншісі: Қатаде ибн Селманның бетінен сипап, дұға қылды. Қатаденің жүзі айна сияқты жарқырай бастапты.

Алтыншысы: Үмм-ү Селемнің қызы, яғни, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің өгей қызы Үмм-үл Мүминин Зейнептің кішкентай кезінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өзінің дәрет алған суын жүзіне шашып еркелеткен екен. Содан кейін Зейнеп таңғажайып сұлу, өте көрікті болып кетіпті. Бұған ұқсас көптеген мысалдар бар. Олардың көбін хадис имамдары баяндаған.

Бұл бөлімдердің бәрі бір ғана адамнан жеткен хабар, әлсіз шығар десек те, жалпы алғанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаләмның нақты мұғжизасын көрсетеді. Өйткені бір оқиға жеке жеке көптеген жолдармен әртүрлі баяндалса да, негізгі оқиғаның болғандығы анық болады. Айтылуы әртүрлі әрі әлсіз де болса, бәрі бір негізгі оқиғаны дәлелдейді.

Мысалға бір гүрсіл естілді дейік. Кейбіреулер пәленшенің үйі қирады деді. Өзгесі, басқа бір үй қирады деді. Тағы басқасы басқа бір үйді айтады. Айтылған әрбір хабар жеке дара әлсіз, болымсыз көрінуі немесе күмән туғызуы мүмкін. Бірақ негізінде бір үйдің қирағаны рас. Барлығы айналып келгенде соны айтып отыр. Ал жоғарыда айтылған алты хабар һәм тура, һәм кейбіреуі кең тараған. Бұлардың әр қайсысын әлсіз дегеннің өзінде барлығы қосылып, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің мұғжизасы шүбәсіз болғандығын нақты көрсетеді.

Міне, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ап-анық мұғжизалары әртүрлі жағдайда болған. Жекеленген түрдегісі әлгі жалпы нақты мұғжизаның көріністері немесе үлгілері ретінде. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қалайша қолы, саусақтары, түкірігі, демі, сөзі, яғни, дұғасы көптеген мұғжизаларға ұйытқы болса, дәл солай да Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің өзге сезімдері мен дене мүшелері көптеген ғажайып оқиғаларға себеп болған. Жазылған кітаптар мен тарих ол кәраматтарды баяндаған. Оның (с.а.у.) мінезі мен келбетінде және ішкі дүниесінде пайғамбарлықтың көптеген дәлелдері бар екендігін көрсеткен.

— 168 —

ОН БЕСІНШІ ИШАРА: Тас, ағаш, Ай мен Күн оны танып әрқайсысы жеке-жеке мұғжизаларын көрсету арқылы пайғамбарлығын растағаны сияқты жануарлар әлемі, өлілер, жындар әлемі, періштелер тайпасы сол бір мүбәрак Кісіні (с.а.у.) танып, пайғамбарлығын растаған. Оны (с.а.у.) танитындығын әрқайсысы кейбір мұғжизаларын көрсету арқылы көрсеткен. Сөйтіп, Пайғамбарлығының рас екендігін жариялап отыр. Осы он бесінші ишараттың үш бөлімі бар.

Бірінші бөлім жануарлар әлемі туралы: Олар да Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді таныған және мұғжизаларының көрінуіне себеп болған. Осы бөлімнің көптеген мысалдары бар. Біз тек бұл жерде әйгілі және мағынауи тәуәтур дәрежесінде нақты болған немесе мухаққиқин имамдар растаған немесе үммет мойындаған кейбір оқиғаларды үлгі ретінде баяндаймыз.

Бірінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесінде әйгілі, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық екеуі, кәпірлердің қуғынынан құтылу үшін жасырынған Хира үңгірінің аузына екі көгершін күзетші сияқты қонақтап отырған, ал өрмекші болса, тоқымашы сияқты керемет түрде өзінің қалың торымен үңгірдің аузын жауып тастаған. Тіпті, Құрайыштың басшыларының бірі, Бәдір соғысында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолымен өлтірілген Убеий ибн Халеф үңгірге үңілгенде серіктері оған: "Үңгірге кірейік!" депті. Сонда ол: "Кірудің қажеті жоқ. Мына өрмекшінің торын көрмейсің бе? Бұл Мұхаммед дүниеге келмей тұрғанда тоқылған тор. Және ішінде адам болса, мына екі көгершін отырар ма еді?" - депті. Сондай-ақ, мүбәрак көгершін тайпасы мұсылмандар Меккені жеңіп алған күні Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің төбесінде көлеңке жасап ұшып жүргенін Имамы Желил ибн Уәһһәб баяндайды. Сонымен қатар дәйекті түрде Хазреті Айша Сыддықа былай дейді: Үйімізде көгершінге ұқсас Дажин дейтін құс болатын. Үйде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм болғанда еш тыпыршымайтын, тыныш тұратын. Ал, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм үйден шықса болды, әлгі құс орнында тұра алмай тыпыршып кететін. Демек, ол құс Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танып, тыңдаушы еді, оның алдында тып-тыныш тұратын.

Екінші оқиға: Тәуәтур дәрежесінде бес-алты кісі риуаят еткен қасқырға қатысты оқиға. Таң қаларлық осы қисса көп жолдармен

— 169 —

әйгілі сахабалардан жеткен. Мысалы, Әбу Сәид-ил-Худри мен Сәлеме ибн Әкуа және ибн Әбу Уәһәб пен Әбу Хүрейре және сол оқиғаның куәсі, шопан Ухбан сынды бірнеше кісілер хабар беруде.

Бір қасқыр, ешкілердің біреуін ұстап алып жегелі жатқанда, шопан араша түсіп қасқырдың аузынан құтқарып қалады. Сонда қасқыр: "Аллаһтан қорықпай, менің ризығымды тартып алдың!" дейді. Сонда бұл жағдайға шопан аң-таң болып: "О, ғажап! Қасқыр сөйлейді екен-ау!" депті. Қасқыр болса: "Таңғаларлық сенің жағдайың ғой! Мына таудың арғы жағына бір кісі келді, сендерді жәннатқа шақырып жатыр. Өзі пайғамбар. Ал сен болсаң оны танымайсың?". Барлық риуаяттар бір ауыздан қасқырдың сөйлегенін растайды. Сонымен қатар, Әбу Хүрейре өз хабарында былай дейді: Шопан қасқырға: "Жарайды мен барамын-ау, бірақ, менің ешкілерімді кім бағады?" дейді. Сонда қасқыр: "Мен бағамын" депті. Шопан малын қасқырға тапсырып, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді көріп, иман келтіріп, қайтып оралады. Қараса, қасқыр ешкілерді бағып жүр. Ешқандай шығын жоқ. Оған бір ешкіні сойып беріпті. Өйткені ол оған ұстаздық етті.

Бір риуаятта, Құрайыштың басшыларынан Әбу Суфиян мен Сафван Харем Шерифке бір киіктің соңынан бір қасқырдың ілесіп келгенін көреді. Қасқыр кері қайтады. Олар аң-таң болады. Себебі қасқырға тіл бітіп, Мұхамедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін хабарлапты. Әбу Суфиян Сафуанға: "Бұл қиссаны ешкімге айтпайық. Меккенің халқы үдере көшіп соларға қосылып кетер" деген екен. Сонымен, қасқырдың қиссасы сенімді әрі мағынауи тәуәтур дәрежесінде екені анық болды.

Үшінші оқиға: Бес алты жолмен, атақты сахабалардан баяндалған түйеге қатысты оқиға. Әбу Хүрейре, Салебе ибн Мәлік, Жабир ибн Абдуллаһ, Абдуллаһ ибн Жафар мен Абдуллаһ ибн Әби Әуфа және солардың риуаяттарын бізге жеткізуші басқа да сахабалар, бір ауыздан хабар беруде: Бір түйе Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмды құрметтеп бас иіп сәлем берген соң, екеуі сөйлесіпті. Кейбір риуаяттарда былай айтылады: Ол түйе, ашу шақырып, құтырып, адамдарды жанына жолатпай қойған деседі. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм келген кезде түйе моп-момақан түрде, құрметпен сәжде еткендей алдына кеп шөгеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мойнына жіп байлайды. Түйе, Расулуллаһ

— 170 —

Алейһиссалату Уәссәләмға: "Мені машақаты мол, ауыр жұмыстарға салып, енді сойғалы жатыр. Сол үшін ашуландым" депті. Түйенің иесінен: "Солай ма?" деп сұрағанда "Иә" деп жауап береді. Сондай-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің Адба дейтін түйесі болатын, ол Нәби (с.а.у.) қайтыс болған соң, қайғысынан құса болып, еш нәрсе жемей, су да ішпей, ақыры сол күйінде өлді. Сол түйенің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен маңызды бір қиссаны сөйлескендігін Әбу Исхақ Исферани сынды кейбір атақты имамдар хабар берген. Нақты хабарда айтылғанындай: Бір сапарда Жабир ибн Абдуллаһтың түйесі қатты шаршапты. Тіпті, жүре алмай зорығып қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түйені жай ғана түрткенде, әлгі түйе, Ахмедтің (с.а.у.) мұндай ілтипатына қуанып, ширағаны соншалық бұйдасына ие болу қиынға соққан деседі. Ешкімге жеткізбепті. Мұны Хазреті Жабир айтады.

Төртінші оқиға: Имамы Бұхари бастаған хадис имамдары былай хабарлайды: Түннің бір уағында Мәдина шәһарының сыртынан жау шаппқандай дауыс естілді. Атты сарбаздар солай қарай шаба жөнелді. Қараса, бір кісі келе жатыр екен. Ол Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм болатын. Байыпты түрде: "Алаңдайтын ештеңе жоқ!" депті. Сөйтсе, батырлығының талабына сай Расулуллаһ Әбу Талханың әйгілі атына мініп, бәрінен бұрын барлап қайтыпты. Әбу Талхаға қарап:

وَجَدْتُ فَرَسَكَ بَحْرًا

Яғни: "Сенің атыңның жүрісі де шабысы жақсы екен"- депті. Ал негізінде, Әбу Талханың аты "катуф" дейтін, нағыз сылбыр аттың өзі еді. Бірақ сол түннен кейін, оған ешбір ат жете алмайтын жүйрік болып кетті. Һәм дәлелді хабар бойынша, бірде, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сапарда намаз оқу үшін, атына: "Тоқта!" дейді. Ат қаққан қазықтай тырып етпей сол қалпында тұра қалады. Намаз аяқталғанға дейін ешбір ағзасын қимылдатпапты.

Бесінші оқиға: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметшісі Сәфине Иеменнің әкімі Муаз ибн Жебелге бару үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан әмір алып жолға шығады. Жолда арыстанға тап болады. Сәфине, оған: "Мен, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметкерімін" дейді. Арыстан ақырғанымен тиіспей кете берген. Өзге бір риуаятта былай делінген: Сәфине қайтар жолда адасып кетіп, бір арыстанға жолығады. Арыстан оған тиіспей қайта жол көрсетіп жіберген.

— 171 —

Хазреті Омардан жеткен риуаятта былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына бір араб келеді. Оның қолында "Дабб" деп аталатын кесіртке бар еді. Әлгі араб: "Егер мына хайуан саған куәлік етсе, мен саған иман келтіремін, әйтпесе, иман келтірмеймін"- дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі хайуаннан сұрағанда, кесіртке анық бір тілмен пайғамбарлығына куәлік етіпті.

Үммүл-мүминин Үмму Сәлеме айтады: Бір киік Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен сөйлесіп, пайғамбарлығына куәлік етті.

Мұндай мысалдар көп. Біз тек сенімді әрі кең тараған бірнешеуін үлгі ретінде көрсеттік. Енді Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмді танымаған және мойынсұнбаған жандарға айтарымыз: Ей, адам! Ғибрат ал! Қасқыр, Арыстан Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмді танып, мойынсұнып жатыр. Ендеше сендер де хайуаннан, қасқырдан төмен болмауға тырысуларың керек.

Екінші бөлім: Жаназалардың, жындардың және періштелердің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танитыны жайлы. Бұның да көптеген мысалдары бар. Үлгі ретінде, әйгілі және сенімді Имамдар хабарлаған бірнешеуін баяндаймыз. Әуелі жаназалардан бастаймыз. Ал, жындар мен періштелерге қатысты оқиғалар толық тәуәтур, анық әрі сенімді. Олардың мысалдары бір емес, мыңдап саналады. Енді, өлі жандардың сөйлегені туралы айтайық.

Біріншісі: Табииндер заманының бетке тұтар ғұламасы, ғылымның сан алуан саласын меңгерген ұлы ұстаз әрі Имам Алидің озат шәкірті Хасан Басри былай дейді: Бір адам, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келіп, жылап сықтады. "Менің кішкентай бір қызым бар еді, мына сайдың ішінде өлді, сол жерге көміп кеттім" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оны аяп, "Жүр, сол жерге барайық" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өлген қызға: "Ей, пәленше!" деп атын атап шақырады. Өлген қыз кенет:

لَبَّيْكَ وَ سَعْدَيْكَ

"Ләббәйк!" дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Әкең мен шешеңнің жанына қайтқың келе ме?" дейді. Сонда ол қыз: "Жоқ, мен олардан да қайырлысын таптым"- деген екен.

— 172 —

Екіншісі: Имам Бейһаки және Имам ибн Адии сынды танымал Имамдар Хазіреті Әнәс ибн Мәліктен риуаят етуде: Бір кәрі әйелдің жалғыз ұлы бар еді. Кенеттен қайтыс болды. Әлгі діндар әйел қатты қайғырып, "Я, Раб! Бұл жерге Сенің ризалығың үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің елшілігі мен қызметі үшін көшіп келіп едім. Сол Расулдың (с.а.у.) құрметіне менің өмірдегі рахатымның кепілі жалғыз баламды кешіре гөр!" деп жылады. Әлгі өлген адам орнынан тұрып, бізбен бірге тамақ ішті.

Имам Бусиридің әйгілі өлеңі осы ғажап оқиғаға ишара әрі түсініктеме береді.

لَوْ نَاسَبَتْ قَدْرَهُ اٰيَاتُهُ عِظَمًا ٭ اَحْيَى اسْمُهُ ح۪ينَ يُدْعٰى دَارِسَ الرِّمَمِ

Яғни: Егер Оның (с.а.у.) белгі-нышандары Оның (с.а.у.) ұлылығы мен қаншалықты қабыл болғандығын көрсететін дәрежеде болса, Оның есімі аталғанда жаңа өлгендер ғана емес, шіріген сүйектер де тірілер еді.

Үшінші оқиға: Бірінші болып Имам Бейһаки бастаған риуаят етушілер Абдуллаһ ибн Убейдуллаһ-ил Әнсариден былай деп хабар беруде: Абдуллаһ айтады: Сабит ибн Кайс ибн Шеммас Иемаме соғысында шәйіт болып, қабірге қойған кезде мен жанында едім. Қабірге қойылып жатқанда, кенет оған тіл бітіп:

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ وَاَبُو بَكْرِ الصِّدّ۪يقُ وَعُمَرُ الشَّه۪يدُ وَعُثْمَانُ الْبَرُّ الرَّح۪يمُ

деді. Біз ашып қарадық. Денесі өлі, жансыз еді. Ол кезде Хазреті Омар әлі халифа болмаған кез. Демек, сол кездің өзінде Хазіреті Омардың шәйіт болатынын хабарлап отыр.

Төртінші оқиға: Имам Таберани мен Әбу Нуаши "Пайғамбарлық дәлелдер" кітабында Нұғман ибн Биширден риуаят етеді: Зейд ибн Хариже кенеттен базар ішінде құлап, жан тапсырды. Үйге алып келдік. Ақшам мен құптан арасы, әйелдер жылап отыр еді, кенет: اَنْصِتُوا اَنْصِتُوا "Тынышталыңдар, дыбыстарыңды шығармаңдар!" деп жаназаға тіл бітті. Сосын, анық түрде:

— 173 —
مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ اَلسَّلَامُ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деп бір сәт сөйледі. Қарасақ, жансыз, өлі.

Міне, жансыз жаназалар Оның (с.а.у) елшілігін растап жатса, кеудесінде жаны барлар мойындамаса, әлбетте, ондай "тірі өліктер" жансыз заттан бетер жансыз, өліктен де өткен өлі болғаны.

Ал, Періштелердің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қызмет көрсетуі және жындардың оған иман етіп мойынсұнуы тәуәтур дәрежесінде анық. Құранның көп аяттарымен дәлелденген "Бәдір" соғысында бес мың періште дос-жарандары сияқты қызғыштай қорғап, әскері болған. Тіпті, ол періштелер "Бәдір" соғысына қатысқан сахабалар секілді өз арасында зор беделге ие. Бұл мәселенің екі жағы бар.

Біріншіден: Жындар мен періштелердің тайпалары хайуанат пен адам тайпалары сияқты бар екендіктері шүбәсіз және бізбен байланыста. Мұны Жиырма тоғызыншы Сөзде екі жердегі екі төрт болатынындай анық дәлелдеген болатынбыз. Дәлелдеуді сол Сөзге қалдырамыз.

Екінші жағы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің саясында, оның мұғжизасы ретінде үмметінің де періштелерді көріп, сөйлесуі. Бұхари мен Имам Мүсілім сынды хадис Имамдары бір ауыздан былай деп хабарлайды. Бірде Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм сахабаларымен отырғанда, Періште, яғни, Хазреті Жәбірейіл ақ киімді адам бейнесінде жанына келіп:

مَا الْاِسْلَامُ وَمَا الْا۪يمَانُ وَمَا الْاِحْسَانُ

деді. Яғни, «Иман деген не? Ислам деген не? Ихсан деген не? Түсіндірші!» депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түсіндіріп берді. Сол жердегі сахабалар әрі дәріс алды әрі оны жақыннан көрді. Ол өзін жолаушы деп таныстырғанымен нақ жолаушыға ұқсамайтын. Орнынан тұрып біраз жүрген соң, бірден көзден таса болды. Сол кезде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Сендерге дәріс беру үшін Жәбірейіл періште әдейі осылай істеді» деді. Тәуәтур дәрежесінде нақты риуаяттар арқылы, хадис имамдары былай деп баяндайды: "Сахабалар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында Хазреті Жәбірейілді көп мәрте, келбетті де көркем Дыһие дейтін

— 174 —

сахабаның бейнесінде көруші еді. Мысалы, Хазреті Омар мен ибн Аббас, Үсаме ибн Зейд, Харис, Айша Сыддықа және Үмми Селеме сенімді риуаяттармен былай дейді: Біз Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің жанында Хазреті Жәбірейілді Дыһиенің бейнесінде көп көретінбіз. Бұл кісілердің көрмесе де, көрдім деуі әсте мүмкін бе? Ашара-и Мүбәшшереден Иран жеңімпазы Сағад ибн Әбу Уаққас баяндайды: «Ухуд соғысында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің екі жағында ақ киімді екі қорғаушы көрдік. Екеуінің де періште екені, олар Хазреті Жәбірейіл мен Микаил екені белгілі болды». Апырмай! Мұндай Исламның қаһарманы көрмеген нәрсесін көрдім деуі мүмкін бе?

Әбу Суфиан ибн Харис ибн Абдулмүтталиб (Нәбидің көкесінің баласы) баяндайды: «Бәдір соғысында, көк пен жердің арасында ақ киімді атты кісілерді көрдік».

Хазреті Хамза бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға: «Жәбірейілді көргім келеді» деп өтініш жасайды. Сонда оған Қағбада көрсеткен екен. Шыдай алмай, есінен танып құлап түседі. Періштелерді көру оқиғалары өте көп. Бұл оқиғалардың барлығы Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм мұғжизаларының бір ғана дәлелі. Періштелер Оның (с.а.у.) Пайғамбарлық нұрына көбелектей үймелейтін.

Енді, жындармен кездесу және көру оқиғалары сахабаларға ғана тән емес, тіпті, қарапайым үмметі де кездесіп, сөйлескендігі жайлы оқиғалар көп. Бірақ ең сенімді, ең тура хабарды хадис имамдары жеткізуде. Ибн Месуд: "Батны наһл деген жерде жындар Пайғамбарымызға иман еткен түні, мен жындарды көрдім. Оларды Судан қауымының Зут деп аталатын ұзын бойлы тайпасына ұқсаттым, соларға ұқсайтын сияқты дейді.

Белгілі, хадис имамдары дәлелдеп, бәрі бір ауыздан қабылдаған Хазреті Халид ибн Уәлид оқиғасы. Ол Узза деген пұтты қиратқан кезінде пұттың ішінен әйел бейнесінде қап-қара бір жын шыққан. Хазреті Халид қылышпен жынды екіге бөледі. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бұл оқиғаға байланысты былай деді: "Узза пұтының ішінде отырған жынға құлшылық қылынатын. Бұдан кейін оған ғибадат етілмейді".

— 175 —

Хазіреті Омардан жеткен риуаят: " Біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қасында отырғанда қолында аса таяғы бар шал тәрізді "хами" деген бір жын келіп, иман келтірді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оған бірнеше қысқа сүрелерден дәріс берді. Дәрісін алған соң кетті. Осы соңғы оқиғаға кейбір хадис имамдары қарсылық білдірген. Дегенмен маңызды имамдар дұрыс деп қабылдаған. Иә, мұғжизаның бұл түрі туралы ұзақ әңгімелеудің қажеті жоқ, мысалдары көп.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің нұры мен тәрбиесі арқылы және оған еру арқылы Шейх Гейлани сияқты мыңдаған ақтаб-асфиялар періштелермен, жындармен жүздескен, сөйлескен және мұндай оқиғалар жүз тәуәтур дәрежесінде нақты әрі саны өте көп.

Иә, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі періштелермен, жындармен кездесіп, сөйлесуі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің тәрбиесі өте керемет екенін, таңғажайып түрде тура жолға салғандығын көрсетеді.

Үшінші бөлім: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмді құдай сақтап, дін аман қалуы және Оның (с.а.у) бейкүнәлігі жайлы нақты мұғжизалар

﴿ وَاللّٰهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ ﴾

деген қасиетті аяттың ашық ақиқаты, көптеген мұғжизаларды қамтиды. Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір ғана тайпаға, бір қауымға, кейбір саясатшыларға немесе бір дінге ғана емес, барлық діндерге жалғыз өзі қарсы шықты. Сол кезде оған өзінің немере ағасы ең үлкен жауы еді. Өз тайпасы да, руы да дұшпан болатын. Сөйте тұра жиырма үш жыл бойы күзетшісіз, қорғаушысыз және көп мәрте дұшпанның зұлымдығына душар болса да, ең бақытты өмір сүріп, төсегінде жайбарақат жан тапсырып, періштелер әлеміне сапар шеккенге дейін аман сақталуы және бейкүнәлігі

﴿ وَاللّٰهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ ﴾

аятының қаншалықты қуатты да терең ақиқатты білдіргендігін, және бұл нендей мықты сүйеніш екендігін күндей жарқын етіп көрсетеді. Біз, тек үлгі ретінде, шүбәсіз белгілі болған бірнеше оқиғаны баяндаймыз.

Бірінші оқиға: Хадис және сияр кітаптары бір ауыздан былай деп хабарлайды: Құрайыш қауымы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді өлтіру үшін өзара ұйымдасып, тіпті, адам бейнесіне кіріп алған шайтанның жетекшілігімен, кейін Құрайыштардың ішіне

— 176 —

іріткі түспеуі үшін әр қауымнан кем дегенде бір адамнан алып, екі жүзге жуық адам Әбу Жәһил мен Әбу Ләһәбтың бұйрығымен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак үйін қоршауға алады. Расулуллаһ Уәссәләмнің жанында Хазреті Али бар болатын. Пайғамбарымыз оған: "Сен, бүгін түнде менің төсегіме жат" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құрайыштар келіп, үйді айнала қоршағанға дейін күтті. Содан кейін сыртқа шығып оларға бір уыс топырақ шашты. Араларынан қалай өтіп кеткенін ешкім байқамай қалды. Және Хира үңгірінде Оны (с.а.у.) екі көгершін мен бір өрмекші бүкіл Құрайыштан қорғап қалды.

Екінші оқиға: Үңгірден шығып Мәдинаға жол тартқан кезде, Құрайыштардың басшысы Сурака дейтін батырды өте көп ақшаға жалдап, ізіне салады. Қалай болғанда да оларды тауып, өлтіруді тапсырады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддықпен бірге үңгірден шығып кетіп бара жатқанда Сураканың келе жатқанын көреді. Әбу Бәкір Сыддық уайымдай бастайды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм үңгірде айтқанын қайталап: لَا تَحْزَنْ اِنَّ اللّٰهَ مَعَنَا яғни «Алаңдама! Аллаһ бізбен бірге!» деді. Суракаға бір қарап қалып еді, атының аяқтары жерге қадалып қалды. Қайтадан суырып алып, соңдарына түседі. Тағы да атының аяқтары жерге кіріп, енді, ол жерден түтін шыға бастайды. Сонда Расулуллаһқа (с.а.у.) қастандық жасау өзінің де, өзгенің де қолынан келмейтінін түсінген Сурака: «Құтқара гөр! Кеш мені!» деп жалынады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оны аяп, бас амандығын береді. Бірақ: «Сен бар да, басқалары келмейтіндей амал жаса!» дейді. Осы оқиғаға қоса, мына бір оқиғаны да айта кетейік. Бір қойшы оларды көріп қойып, Құрайыштарға хабар беру үшін Меккеге жетіп келеді. Меккеге келгенде, не үшін келгенін ұмытып қалады. Қаншама тырысса да, есіне түсіре алмай дал болып, кері қайтуға мәжбүр болады. Оған ұмыттырылғанын кейін түсінеді.

Үшінші оқиға: Әртүрлі жолдармен жеткен риуаяттар бойынша хадис ғалымдары былай деп хабарлайды: Әнмар мен Гатафандағы соғыста Гаврес деген ру басы әрі батыр жасырын келіп Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ту сыртынан қылышын көтеріп тұрып: "Сені менен кім құтқарады?" депті. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.)

— 177 —

"Аллаһ!" деп, артынша:

اَللّٰهُمَّ اكْفِن۪يهِ بِمَا شِئْتَ

деп дұға оқығанда, кенет Гаврес екі жауырынының ортасынан ғайыптан бір соққы жеп, қылышы қолынан түсіп кетеді де, оңбай құлайды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қылышын алып, "Енді сені кім құтқарады?" дейді. Дегенмен, оған кешірім жасапты. Ол өз тайпасына оралған кезде, сондай ержүрек, батыр адамға бәрі таңқалып: "Саған не болды, неге ешнәрсе істей алмадың?" дегенде: "Оқиға осылай болды. Мен қазір ең жақсы адамның қасынан келе жатырмын" - деген екен.

Осы оқиғаға ұқсас Бәдірдегі соғыста бір мүнапық, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмды тығылып келіп, қылышымен ту сыртынан шаппақ болады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жалт қарағанда әлгінің аяқ-қолы дірілдеп, қылышы жерге түсіп кетеді.

Төртінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесіне жақын және

﴿ اِنَّا جَعَلْنَا ف۪ى اَعْنَاقِهِمْ اَغْلَالًا فَهِىَ اِلَى الْاَذْقَانِ فَهُمْ مُقْمَحُونَ ٭ وَجَعَلْنَا مِنْ بَيْنِ اَيْد۪يهِمْ سَدًّا وَمِنْ خَلْفِهِمْ سَدًّا فَاَغْشَيْنَاهُمْ فَهُمْ لَا يُبْصِرُونَ ﴾

аятының түсу себебіне тәпсір жасаған көптеген ғұламалар мен хадис Имамдары былай хабарлайды: Бірде Әбу Жәһил: "Мен, Мұхаммедтің сәжде етіп жатқанын көрсем, мына таспен ұрамын" деп ант етеді. Сөйтіп, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сәжде етіп жатқанда үлкен бір таспен ұрмақшы болады. Кенет қолдары көтерілген күйі қатып қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намазын аяқтап орнынан тұрғаннан кейін барып Әбу Жәһилдің қолдары шешіледі. Яғни, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің рұқсатымен немесе қажет болмағасын қолдары босапты. Тағы сол Әбу Жәһилдің тайпасынан біреу, кейбір риуаяттарда Уәлид ибн Мүғире деседі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сәждеде жатқанда ұрмақ болып үлкен бір тас алып, Әл Харам Мешті не барады. Сол кезде көздері көрмей қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді таба алмай сандалып жүреді. Өзін жібергендерді де көре алмай, тек дауыстарын естіпті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намаздан шыққан соң ғана, көздері ашылыпты.

Әбу Бәкір Сыддықтан сахих риуаят:
﴿ تَبَّتْ يَدَا اَب۪ى لَهَبٍ ﴾

сүресі түскеннен кейін Әбу Ләһабтың әйелі Үмму Жәмил, яғни,

حَمَّالَةَ الْحَطَبِ

бір тас алып Әл Харам Мештіне келеді. Әбу Бәкір

— 178 —

мен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сол жерде отыр екен. Әбу Бәкір Сыддыққа қарап: "Әй, Әбу Бәкір! Сенің досың қайда? Естуімше, ол мені жамандапты. Оны (с.а.у.) көрсем, мына таспен аузынан ұрар едім" - дейді. Жанында тұрған Хазреті Пайғамбар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді көрмепті. Иә, көре алмапты. Аллаһтың тікелей өзі қорғайтын және күллі әлемнің Сұлтаны болған Расулулллаһтың аузынан (с.а.у.) мұндай жәһаннамға отын тасушы қатын ұрмақ түгілі Оның (с.а.у.) дәл қасында тұрып көре алатын ба еді?!

Бесінші оқиға: Дәлелді риуаяттар арқылы жеткен бір оқиға. Әмір ибн Туфейіл мен Әрбед ибн Қайс екеуі келісіп: "Мен оны алдандырып тұрғанда, сен ұрасың!" дейді. Сөйтіп, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келеді. Әрбед ешнәрсе істей алмайды. Былай шыққан соң жолдасы оған: "Неге ұрмадың?"- дейді. "Қалай ұрамын, қаншама ниет етсем де, екеуміздің ортамызға сен тұра қаласың. Сені қалай ұрамын?" - депті.

Алтыншы оқиға: Тура дәлелдермен жеткен хабар. Ухуд немесе Хүнейіндегі соғыста Шейбе ибн Осман Әл-Хажеби деген адам (Хазреті Хамза оның немере ағасын және әкесін өлтірген болатын) кегін алу үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дәл артынан жасырын келіп жалаңдаған қылышын шығарады. Кенет қылышы қолынан түсіп кетеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оның жүзіне тура қарап, қолын оның кеудесіне қойған екен. Ол оқиға туралы өзі былай дейді: "Сол сәтте дүниеде одан артық сүйікті адам жоқ еді". Сол жерде иманға келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған былай деп бұйырды: "Кәне, алға! Соғыс!" Шейбе айтады: "Мен Расулуллаһтың (с.а.у.) алдына түсіп алып, шайқастым. Егер алдымнан әкем шықса да, шауып тастар едім".

Жетінші оқиға: Нақты жеткен хабар бойынша, яһудилер қастандық ниетімен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм отырған жердің үстінен үлкен бір тасты тастамақшы болғанда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Аллаһтың сақтауымен орнынан тұрып кетіп қалады. Қастандықтары іске аспай қалады.

Осы жеті мысал сияқты көптеген оқиғалар бар. Тағы да Имам Бұхари мен имам Мүсілім бастаған хадис имамдары, Хазреті Айшадан

— 179 —

былай деп хабар береді: وَاللّٰهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ аяты түскеннен кейін, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді анда-санда қорғап жүрген кісілерге

يَٓا اَيُّهَا النَّاسُ انْصَرِفُوا فَقَدْ عَصَمَن۪ى رَبّ۪ى عَزَّ وَجَلَّ

деп бұйырды. Яғни: "Қорғаудың қажеті жоқ, Мені Раббым қорғайды".

Осы жерге дейін жаратылыс атаулының әрбір түрі, әрбір әлем Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танитындығы, алаңдайтындығы баяндалды. Әртүрлі жаратылыстан оның мұғжизасын көруге болатыны айтылды. Демек Ол (с.а.у.) бүкіл әлемнің Раббысы, Хақ Тағаланың әмірін орындаушы, әрі елшісі. Иә, патшаның жоғары мәртебелі бақылаушысын, қызметкерін барша жұрт біледі, таниды. Қандай да бір жерге барса, сол жермен байланыста болады. Өйткені, патша ағзамның атынан жүріп, атқарар міндеті бар. Егер, тек қана заңгерлердің бақылаушысы болса, онда заңгерлермен ғана байланыста болар еді. Өзгелер оны жақсы танымас болар. Егер, әскери орындардың бақылаушысы болса, әкімшіліктегілер оны білмес еді. Осыдан-ақ түсінікті, Оны (с.а.у.) Аллаһтың қол астындағылардың бәрі дерлік, періштеден бастап, шыбын мен өрмекшіге дейінгі әрбір мақұлық таниды, біледі, білдіреді. Демек, Ол (с.а.у.) Пайғамбарлардың ең соңғысы және бүкіл әлемнің Раббысының елшісі. Барлық әнбиялардан жоғары және Оның жалпыға ортақ Пайғамбарлық міндеті бар.

ОН АЛТЫНШЫ ИШАРА: Ирһасат деп аталатын, пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл да үш бөлімнен тұрады.

БІРІНШІ БӨЛІМ: Тәурат, Інжіл, Зәбур және кейбір әнбияларға түскен парақтардың Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы жайында берген хабарлары. Ол туралы Құранда айтылған. Ол кітаптардың Аллаһтан келгені рас. Әлбетте ол кітаптардың иелері пайғамбарлар екеніне шүбә жоқ. Олай болса олардың діндерін жаңартқан, әлемнің кейпін өзгерткен, жер шарының жартысын өзі әкелген нұрымен нұрландырған бір Кісі (с.а.у.) жайлы сөзсіз хабар беруі қажет әрі міндетті. Иә, қарапайым оқиғалардың

— 180 —

өзін хабарлаған әлгі кітаптар, адамзат тарихының ең үлкен оқиғасы Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығын хабардан тыс қалдыруы әсте мүмкін емес? Әрине олар хабар берген. Я өтірікке шығарып діндерін бұзылудан, кітаптарын жойылудан құтқарған болуы керек не болмаса туралығын растап сүйіншілеуі керек. Олар сол ақиқатшыл Кісі (с.а.у.) арқылы ғана өз діндерін адам нанғысыз аңыз-ертегілерден, өзгеріске ұшыраудан сақтап қалады. Алайда, дос түгілі дұшпанның өзі мақұлдаған Ол Кісінің (с.а.у.) пайғамбарлығын өтірікке шығаратын бірде-бір сөз еш бір кітапта жоқ. Олай болса, растау бар. Әлбетте растауды керек ететін себеп пен салдар жеткілікті. Біз қазір, сол растағандарын көрсететін үш бұлтартпас дәлел баяндаймыз.

Бірінші дәлел: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Құранның тілімен оларға: "Кітаптарыңызда, менің белгілерім мен сипаттарым бар. Мен айтқан хабарларды кітаптарыңыз да растауда" дейді.

﴿ قُلْ فَاْتُوا بِالتَّوْرٰيةِ فَاتْلُوهَٓا اِنْ كُنْتُمْ صَادِق۪ينَ ٭ قُلْ تَعَالَوْا نَدْعُ اَبْنَٓاءَنَا وَاَبْنَٓاءَكُمْ وَنِسَٓاءَنَا وَنِسَٓاءَكُمْ وَاَنْفُسَنَا وَاَنْفُسَكُمْ ثُمَّ نَبْتَهِلْ فَنَجْعَلْ لَعْنَةَ اللّٰهِ عَلَى الْكَاذِب۪ينَ ﴾

деген аяттармен оларға қарсы үндеу тастады. "Тәураттарыңды әкеліңдер, оқыңдар көрейік! Бәріміз бала-шағамызбен қоса Хақ Тағаланың алдында қол жайып, өтірікшілерге "Аллаһтың лағнеті жаусын!" деп дұға қылайық" деп әрдайым олардың есіне салып қанша ескертсе де ешқандай яһуди немесе христиан дінбасы, оның бірде бір қатесін тауып көрсете алмады. Егер көрсеткенде өздері өте қырсық, іші тар, қызғаншақ кәпірлер мен мұнапық яһудилер, тіпті бүкіл кәпірлер әр тарапқа жар салар еді. Һәм оларға былай деді: "Я қатемді табыңдар, я болмаса сендерді жеңгенге дейін жиһад қыламын!". Міне, олар қолына қылыш алып соғысуды таңдады бірақ масқара болды. ақырында көшіп тынды. Демек қатесін таба алмады. Бір қате тапқанда аман қалар ма еді?!.

Екінші дәлел: Тәурат, Інжіл және Зәбурдың ғибрат сөздері Құран сияқты мұғжиза болмағандықтан әрі қайта-қайта әр тілге аудар-ылғандықтан ішіне бөтен сөздер көп енген. Һәм тәпсір- етушілер-дің

— 181 —

сөздері мен қате түсініктері аяттардың орнын алмастырды. Сонымен қатар кейбір надандардың және кейбір қаскөйлердің бұрмалаулары да қосылды. Осылайша бұл кітаптарда бұрмалану, өзгерістер көп кездеседі. Тіпті әйгілі ғалым Шейх Раһметуллаһи Хинди аталған кітаптардың мыңдаған жерінен бұрмаланған сөздерді монахтарға, яһуди, христиан дінбасыларына дәлелдеп көрсетіп, көздерін жеткізді. Осыншама бұрмаланып өзгертілгеніне қарамастан, осы заманның өзінде, әйгілі Хүсейн Джисри (Раһметуллаһи ғалейһ) әлгі кітаптардан Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайында жүз он төрт дәлел тапқан. Ол бұл жөнінде "Рисале Хамидие" атты кітабында жазған-ды. Ол кітапты марқұм Манастырлық Исмайл Хаққы аударған. Ізденген кісі сол кітапты оқысын.

Сондай-ақ, көптеген яһуди және христиан дінбасылары, ашықтан-ашық: "Кітаптарымызда араб Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің сипаттары жазулы" деп мойындаған. Әйгілі Рим патшасы Хиракл мұсылман болмаса да мойындап, "Иә, Иса Ғалейһиссалам, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның келетінінен хабар берген"-деген.

Рим патшасы және Мукавкис есімді Мысыр әмірі және яһуди дінбасыларының ең танымалдыларынан болған ибн Суриа мен ибн Аһтаб және оның бауыры Каб бин Әсед пен Зубейір Бин Батиа сынды әйгілі дінбасылар мен патшалар мұсылман болмаса да, "Кітаптарымызда оның сипаттары бар, ол туралы айтылады" деп ашығын айтқан.

Яһудилердің әйгілі дінбасылары мен христиандардың танымал поптары, аталмыш кітаптардан Мұхаммедтің (с.а.у.) сипаттарын көргеннен кейін өз ұстанымдарын тастап, иманға келген. Пайғамбарымыздың сипаттарын Тәурат пен Інжілден көрсету арқылы өзге де яһуди және христиан дін басыларының ауыздарына құм құйды. Мысалы, әйгілі Абдуллаһ ибн Селам, Уаһһаб ибн Мүнеббиһ және Әбу Ясир мен Шамул. (Бұл кісілер Иемен патшасы Туббаның замандастары. Тубба Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрмей-ақ, пайғамбарлық келуінен бұрын иман келтірген. Шамул де солай...) Сонымен қатар Сайенің екі ұлы Әсид пен Салебе туралы мынадай бір оқиға бар. Ибн Хәйбан деген құдай жолында жүрген кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келуінен бұрын Бәнни Надир қауымына қонақ боп отырып:

قَر۪يبٌ ظُهُورُ نَبِىٍّ هٰذَا دَارُ هِجْرَتِهِ
— 182 —

дейді және сол жерде қайтыс болады. Кейін сол Бәнни Надир қауымы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қарсы соғысқан кезде Әсид пен Салебе ортаға шығып, әлгі қауымға былай деп айқайлайды:

وَاللّٰهِ هُوَ الَّذ۪ى عَهَدَ اِلَيْكُمْ ف۪يهِ ابْنُ هَيْبَان

яғни: "ибн Хәйбанның хабар бергені осы кісі, сендер онымен соғыспаңдар!". Бірақ олар айтқанды тыңдамады, бастары бәлеге қалды. Яһуди ғалымдарынан ибн Буниамин мен Мухайрық, Каб-үлі Аһбар, Нәбидің (с.а.у.) сипаттарын кітаптарында көргеннен кейін иманға келді. Иманға келмеген басқаларға да дәлелдеп берген. Сондай-ақ, христиан дінбасыларынан жоғарыда айтылып өткен танымал Бухейра Раһиб деген кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм он екі жасында Шам тарапына ағасымен бірге сапар шеккенде әлгі Бухейра Раһиб, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне Құрайыштықтарды үйіне шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) керуенді күзетіп қалып қояды. Қараса, керуенге көлеңке түсіріп келген шағын бұлт керуен тоқтаған жерде қалып қойыпты. "Демек іздеген адамым сол жерде қалған екен!" деп адам жібереді. Оны (с.а.у.) да шақыртады. Сосын Әбу Талибке: "Сен Меккеге кері қайт! Яһудилер өте қызғаншақ халық. Бұл Кісінің (с.а.у.) сипаттары Тәуратта жазулы. Егер олар көрсе қиянат жасайды" дейді.

Һәм Настур-ул Хабеше мен Хабеш патшасы Неджаши Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) сипаттарын, яғни, танытушы белгілерін киелі кітаптарында көргендіктен екеуі бірдей иман еткен. Һәм Дағатыр атты әйгілі бір христиан ғалымы да Пайғамбарымыздың сипаттарын көріп, иманға келген. Ол римдіктердің ішінде жария қылып, шәйіт болды. Сондай-ақ, христиан патшаларынан Харис ибн Әбу Шүмер-ул Гасани, Шамның ірі дінбасылары мен патшалары, яғни, Сахиб Илия мен Хиракл және ибн Натур мен Жаруд сынды әйгілі кісілер киелі кітаптарында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сипаттарын көріп, иман келтірген. Тек Хиракл дүниелік патшалығынан айрылып қалмау үшін иманын жария қылмаған.

Һәм осылар сияқты Салман Фариси (әлі иман келтірмеген кезі) о баста христиан еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көргеннен кейін ізденіп мұсылман болды. Темин дейтін танымал ғалым және әйгілі Хабеш патшасы Неджаши, Хабеш

— 183 —

христиандары, Нежран дінбасылары, бәрі бір ауыздан: "Біз, Нәбидің (с.а.у.) сипаттарын кітаптарымыздан көрдік, сол үшін иманға келдік" - деген.

Үшінші дәлел: Үлгі ретінде Тәурат, Інжіл, Зәбурдың Пайғамбарымыз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қатысты аяттарынан бірнешеуін көрсетеміз.

Біріншісі: Забурда мынадай бір аят бар:

اَللّٰهُمَّ ابْعَثْ لَنَا مُق۪يمَ السُّنَّةِ بَعْدَ الْفَتْرَةِ

"Мүқим-үс Сүнне" Мұхаммедтің (с.а.у.) бір есімі. Інжілдің аяты:

قَالَ الْمَس۪يحُ اِنّ۪ى ذَاهِبٌ اِلٰى اَب۪ى وَ اَب۪يكُمْ لِيَبْعَثَ لَكُمُ الْفَارَقْل۪يطَا

яғни: Мен сіздерге Фарақлиттің келуі үшін кетіп барамын, яғни, Ахмед келсін (Ахмед, Мұхаммед Пайғамбардың киелі кітаптағы бір аты ).

Інжілдің екінші бір аяты:
اِنّ۪ى اَطْلُبُ مِنْ رَبّ۪ى فَارَقْل۪يطًا يَكُونُ مَعَكُمْ اِلَى الْاَبَدِ

яғни: "Мен, Раббымнан сендермен мәңгі бірге болатын, шындықты өтіріктен айырушы бір пайғамбар сұрадым". Фарақлит: اَلْفَارِقُ بَيْنَ الْحَقِّ وَ الْبَاطِلِ яғни, дұрыс пен бұрысты ажырата алатын мағынасындағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сол кітаптардағы есімі.

Тәураттың аяты:
اِنَّ اللّٰهَ قَالَ لِاِبْرَاه۪يمَ اِنَّ هَاجَرَ تَلِدُ وَيَكُونُ مِنْ وَلَدِهَا مَنْ يَدُهُ فَوْقَ الْجَم۪يعِ وَيَدُ الْجَم۪يعِ مَبْسُوطَةٌ اِلَيْهِ بِالْخُشُوعِ

яғни: "Хазреті Исмаилдың анасы Хажар, көп баланың иесі болады және оның балаларынан біреуі шығады. Ол баланың (с.а.у.) қолы, барлығынан үстем келеді. Бәрі де оған қол қусырып, құшақ жаяды".

Тәураттың екінші бір аяты:
وَقَالَ يَا مُوسٰى اِنّ۪ى مُق۪يمٌ لَهُمْ نَبِيًّا مِنْ بَن۪ى اِخْوَتِهِمْ مِثْلَكَ وَاُجْر۪ى قَوْل۪ى ف۪ى فَمِهِ وَالرَّجُلُ الَّذ۪ى لَايَقْبَلُ قَوْلَ النَّبِىِّ الَّذ۪ى يَتَكَلَّمُ بِاِسْم۪ى فَاَنَا اَنْتَقِمُ مِنْهُ

яғни: "Исрайл қауымының бауыры болып табылатын Исмаил

— 184 —

қауымынан саған ұқсаған біреуді жіберемін. Мен сөзімді оның аузына саламын.Ол менің уахиыммен сөйлейді. Оны қабыл етпегендерге азап беремін".

Тәураттың үшінші аяты:
قَالَ مُوسٰى رَبِّ اِنّ۪ى اَجِدُ فِى التَّوْرٰيةِ اُمَّةً هُمْ خَيْرُ اُمَّةٍ اُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ يَاْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَيُؤْمِنُونَ بِاللّٰهِ فَاجْعَلْهُمْ اُمَّت۪ى قَالَ تِلْكَ اُمَّةُ مُحَمَّدٍ

ЕСКЕРТУ: Мұхаммед есімі, ол кітаптарда مُشَفَّحْ және اَلْمُنْحَمَنَّا және حِمْيَاطَا деген Ассириялық есімдер түрінде "Мұхаммед" мағынасындағы Ибрани (Иврит) есімдерімен аталған. Мұхаммед есімімен анық жазылғандарын қызғаншақ яһудилер өзгертіп жіберген.

Забурдың аяты:
يَا دَاوُدُ يَاْت۪ى بَعْدَكَ نَبِىٌّ يُسَمّٰى اَحْمَدَ وَمُحَمَّدًا صَادِقًا سَيِّدًا اُمَّتُهُ مَرْحُومَةٌ

Атақты жеті Абдуллаһтың бірі, Құраннан бұрыңғы кітаптарға көп зерттеу жасаған Абдуллаһ ибн Әмр ибн Ас және әйгілі яһуди ғалымдарының ішінен ең бірінші мұсылман болған Абдуллаһ ибн Селам мен Каб-уль-Аһбар атты Исраил қауымының ғұламалары сол заманда әлі де болса көп өзгеріске ұшырамаған Тәураттан төмендегі аятты жария қылып баршаға көрсетіпті.

Аяттың бір бөлімінде былай делінген: Аллаһ Тағала Хазреті Мұсамен (ғ.с.) сөйлескеннен кейін келешек пайғамбарға арнап былай деді.

يَٓا اَيُّهَا النَّبِىُّ اِنَّا اَرْسَلْنَاكَ شَاهِدًا وَمُبَشِّرًا وَنَذ۪يرًا وَحِرْزًا لِیلْاُمِّيّ۪ينَ اَنْتَ عَبْد۪ى سَمَّيْتُكَ الْمُتَوَكِّلَ لَيْسَ بِفَظٍّ وَلَا غَل۪يظٍ وَلَا صَخَّابٍ فِى الْاَسْوَاقِ وَلَا يَدْفَعُ بِالسَّيِّئَةِ السَّيِّئَةَ بَلْ يَعْفُو وَيَغْفِرُ وَلَنْ يَقْبِضَهُ اللّٰهُ حَتّٰى يُق۪يمَ بِهِ الْمِلَّةَ الْعَوْجَاءَ بِاَنْ يَقُولُوا لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ
— 185 —
Тәураттың тағы бір аятында:
مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ مَوْلِدُهُ بِمَكَّةَ وَهِجْرَتُهُ بِطَيْبَةَ وَمُلْكُهُ بِالشَّامِ وَاُمَّتُهُ الْحَمَّادُونَ

Міне осы аятта "Мұхаммед" сөзі, Мұхаммед мағынасында Ассириялық бір есіммен берілген.

Тәураттың тағы бір аяты:
اَنْتَ عَبْد۪ى وَرَسُول۪ى سَمَّيْتُكَ الْمُتَوَكِّلَ

Бұл аятта, Исхақ қауымының бауырлары болып табылатын Исмаил қауымынан және Хазреті Мұсадан соң келген пайғамбарға арнап айтылуда.

Тәураттың тағы бір аяты:
عَبْدِىَ الْمُخْتَارُ لَيْسَ بِفَظٍّ وَلَا غَل۪يظٍ

Міне "Мұхтар" сөзінің мағынасы "Мұстафа" ол Пайғамбарымыздың (с.а.у) есімі. Інжілде Исадан (ғ.с.) кейін келетін және Інжілдің бірнеше аятында "Әлемнің басшысы" атымен сүйіншіленген Нәбиді сипаттауға қатысты:

مَعَهُ قَض۪يبٌ مِنْ حَد۪يدٍ يُقَاتِلُ بِهِ وَاُمَّتُهُ كَذٰلِكَ

Міне осы аят "Қылыштың иесі және жиһад жасаушы бір Пайғамбар келеді деп тұр. Қадиб-і Хадид қылыш деген. Сонымен қатар үмметі де Өзі сияқты қылыштың иесі. Яғни жиһад жасайтындығын Фәтх сүресінің соңында".

﴿ وَ مَثَلُهُمْ فِى الْاِنْجِيلِ كَزَرْعٍ اَخْرَجَ شَطْاَهُ فَاٰزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوٰى عَلٰى سُوقِهِ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغ۪يظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ ﴾

аяты, Інжілдің осы аяты сияқты, басқа аяттарына да ишара етіп, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның қылышпен жиһад жасайтындығын Інжілмен бірге паш етуде.

Тәураттың бесінші бөлімінің Отыз үшінші бабында мынадай бір аят бар: "Хақ Тағала, Сина тауында бізге назары түсіп Сайрде (Шам тауынан) жарықпен шығып Фаран тауларында көрінді".

— 186 —

Міне осы аят, "Сина тауында Икбал-и Хақ" -- яғни Хақ жолына бағдар берді деген сөзімен Мұсаның (ғ.с.) пайғамбарлығын, ал Саирде шықты деу арқылы Шам тауларындағы Исаның (ғ.с.) пайғамбарлығын хабарлауда. Сондай-ақ, Хижаз тауларынан құралатын Фаран тауларында Хақ көрінді сөзімен Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабарлауда. Фәтх сүресінің соңындағы

﴿ ذٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ ﴾

үкімін растай отырып Тәуратта Фаран тауларынан шыққан Пайғамбардың сахабалары (достары) жайында мынадай аят бар: Ізгі жандардың жалаулары өздерімен бірге. Әрі Оның оң жағында. "Ізгілер" атымен сипаттап отыр. Яғни, Оның сахабалары ізгі, тақуа әулиелер.

Әшия пайғамбардың кітабында қырық екінші бабта мынадай аят бар: "Хақ Сүбханаһу ақыр заманда, өзінің ең таңдаулы көрнекті құлын жібереді және оған сенімді рух Хазреті Жәбірейілді жолдап, оған Иләһи дінді үйретеді. Содан кейін ол сенімді рухтың үйретуі бойынша адамдарға үйретеді және адамдардың арасында нағыз шындықпен үкім жүргізеді. Ол бір нұр, халықты қараңғылықтан алып шығады. Раббының маған алдын-ала білдірген нәрсесін мен де сендерге жеткіздім". Міне, осы аят өте анық түрде ақыр заман Пайғамбары Мұхаммед Мұстафа Ғалейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын баяндауда.

Мишайл яғни Михайл пайғамбардың кітабының төртінші бабында мынадай бір аят бар: "Ақыр заманда Аллаһтың мейіріміне бөленген бір үммет келіп, сол жерде Хаққа ғибадат ету үшін берекелі тауды паналайды. Ол жерге әр елден келген көптеген халық жиналып, бір Аллаһқа құлшылық қылады. Олар серік қоспайды:" Міне осы аят, ап-анық түрде дүниенің ең мүбәрак тауы болған Арафат тауын және сол жерге әр елдің қажылары Аллаһты ұлықтап қылған құлшылықтарын мегзеп, Аллаһтың мейіріміне бөленген сөзімен әйгілі Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметін айтып отыр.

Зәбурдың жетпіс екінші бабында мынадай аят бар:" Теңіздерді иеленіп, жылғалар мен сайларды, аралдар мен ой-қыраттарды жаппай қол астына алады. Өзіне Иемен мен Алжир патшалығы сыйлықтар әкеледі. Ал падишахтар Оған бас иіп, тізе бүгеді. Әр уақыт Оған алғыс айтып, күн сайын өзіне молынан дұғалар айтылады. Нұры Мәдинадан жарқырап, ал зікірі мәңгі бақи жалғасады. Оның есімі

— 187 —

Күннің жаралуынан бұрын болған. Оның аты көкте Күн тұрғанша жаңғырып атала бермек". Міне осы аят, өте ашық түрде әлемнің мақтанышын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді сипаттап тұр. Апырым-ай, Хазреті Дәуіт Алейһиссәләмнан кейін Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа қандай Нәби шығыстан батысқа дейін дінін жайып, патшалықтарға салық төлеткізіп еді. Патшаларды бас идіріп, әміріне бағындырған күн сайын адамзаттың бестен бірінің алғысы мен дұғаларына бөленген және нұры Мәдинадан жарқыраған кім бар? Кімді көрсетуге болады?

Һәм түрікше Юһанна Інжілінің он төртінші баб, отызыншы аятында былай делінген: "Енді сіздермен көп сөйлеспеймін. Өйткені бұл әлемнің басшысы келеді. Сөзсіз Оның қасиеті менде жоқ!", міне "Әлемнің басшысы" дегені "Фахры Әлем" яғни - "Әлемнің мақтанышы" деген сөз. Фахры Әлем атағы болса, Мұхаммед Араби Алейһиссәләту Уәссәләмның ең әйгілі лақабы. Тағы сол, Юһанна Інжілінде, он алтыншы баб, жетінші аяты: "Дегенмен Мен сендерге ақиқатты айтып отырмын. Менің кеткенім, сендерге пайдалы. Өйткені мен кетпейінше, сендерге жұбатушы келмейді". Мінеки қараңыз! Әлемнің басшысы және адамдарға нағыз жұбаныш, медеу болған Мұхаммед Араби Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім?

Иә "Әлемнің мақтанышы" сол кісі және пәни адамдарды мәңгілік жоғалудан құтқарып жұбатқан да Сол. Сондай-ақ, Юһанна Інжілінің он алтыншы баб, сегізінші аяты: "Ол данышпан келгенде жамандықпен жақсылық, күнә, тыйым мен әмір-бұйрық жайында нақты да орынды дәлелдермен әлемге түсіндіріп береді". Міне, дүниенің бұзақылығын жақсылыққа түзеткен, Аллаһқа серік қосудан, үлкен күнәлардан құтқарған, саяси ахуалды өзгертіп, дүниенің өңін түбегейлі өзгерткен Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім бар?

Һәм Юһанна Інжілінде он алтыншы баб, он бірінші аят: "Негізінде бұл әлемнің басшысының келетін уақыты жетті". Міне, "Әлемнің басшысы", { Сілтеме: Иә, ол Кісі (с.а.у) Ұлы басшы, керемет Сұлтан. Оның (с.а.у) қазіргі таңда және әрбір ғасырда ең азы үш жүз елу миллион ізбасар үмметі бар. Олар шын беріліп, мойынсұна әмірлеріне бағынады. Күн сайын Оған (с.а.у) салауат айтып, берген серттерін жаңалап отырады.} әлбетте, адамзаттың мырзасы Ахмед-і Мұхаммед Ғалейһиссәләту Уәссәләм.

Һәм Юһанна Інжілінде, он екінші баб, он үшінші аятта: "Дегенмен ол хақтың рухы келген уақытта, сендерді жаппай тура

— 188 —

жолға бастайды. Өйткені ол өздігінен сөйлемейді. Тек естігендерін айта отырып, сендерге болашақтан хабар береді". Міне бұл аяттың мағынасы ап-анық. Апырым-ай, бүкіл адамзатты жаппай ақиқатқа шақырған, әр бір хабарын уахиға сүйендіретін және Жәбірейлден естігендерін айтқан сондай-ақ, қиямет пен ақырет туралы жан-жақты мағлұмат берген, араб Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім бар? Кім болуы мүмкін?

Басқа Пайғамбарлардың кітаптарында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің Мұхаммед, Ахмед, Мұхтар мағынасында, Ассирияша және Ивритше есімдері бар. Мысалы Хазреті Шуайбтың (ғ.с.) парағындағы مُشَفَّحْ есімі Мұхаммед мағынасындағы, (Мушаффах).

Тәуратта Мұхаммед мағынасындағы مُنْحَمَنَّا және Нәби-ул Һарам мағынасында: حِمْيَاطَا Забурда Әл-Мұхтар есімімен аталады. Тағы да Тәуратта اَلْخَاتَمُ الْخَاتَمْ және Тәурат пен Забурда: مُق۪يمُ السُّنَّةِ Ибраһимның (ғ.с.) парағында және Тәуратта مازماز және Тәуратта: اَحْيَدْ делінген.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:
اِسْم۪ى فِى الْقُرْاٰنِ مُحَمَّدٌ وَ فِى الْاِنْج۪يلِ اَحْمَدُ وَ فِى التَّوْرٰيةِ اَحْيَدُ

деп бұйырған.

Інжілде Нәбидің есімдерінің

صَاحِبُ الْقَض۪يبِ وَ الْهِرَاوَةِ

Яғни: "Қылыш пен асаның Иесі". Иә, қылышқа ие пайғамбарлардың ішіндегі ең үлкені және үмметімен бірге жиһад жүктелген Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм. Інжілде: "Тәждің иесі" деген лақаб, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға тән. Тәж, "ымаме" яғни сәлде дегенді білдіреді. Бұрынғы заманда басқа халықтарға қарағанда ұлттық киім ретінде жаппай сәлде байлап оранып жүретін араб қауымы. Інжілдегі صَاحِبُ التَّاجْ еш күмәнсіз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм ғой.

Сондай-ақ, Інжілдегі اَلْبَارَقْل۪يطْ немесе اَلْفَارَقْل۪يطْ сөздеріне Інжіл тәпсірлерінде "Хақ пен жалғанды бір-бірінен айыратын шындық құмар, адал жан" мағынасы берілген. Бұл кейін келетін адамдарды Хақ жолға бастайтын кісінің есімі.

— 189 —

Інжілдің бір аятында, Иса Алейһиссалам айтыпты: "Мен кетемін, сонда Әлемнің басшысы келеді". Апырым-ай, Хазреті Иса Алейһиссаламнан кейін әлемнің басшысы болатындай, хақ пен жалғанды ажыратып беріп Хазреті Исаның (ғ.с.) орнына адамдарды тура жолға бастайтын Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнан басқа кім келіп еді? Демек Хазреті Иса Алейһиссәләм үмметіне "Біреу келеді, маған қажет қалмайды. Мен, оның кіріспесі, сүйіншілеушісімін" деп әрдайым сүйіншілеп, хабар беріп отырған.

Мына қасиетті аятты алайық:
﴿ وَاِذْ قَالَ ع۪يسَى ابْنُ مَرْيَمَ يَا بَن۪ٓى اِسْرَٓائ۪يلَ اِنّ۪ى رَسُولُ اللّٰهِ اِلَيْكُمْ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَىَّ مِنَ التَّوْرٰيةِ وَمُبَشِّرًا بِرَسُولٍ يَاْت۪ى مِنْ بَعْدِى اسْمُهُ اَحْمَدُ ﴾

{Сілтеме: اُمَّتُهُ الْحَمَّادُونَ Әйгілі саяхатшы әулие Челеби, Хазреті Шемун-у Сафаның мазарында киіктің терісіне жазылған киелі Інжілде, төмендегі аятты оқыған. Ол Расул-ы Әкрем Ғалейһиссалату Уәссәләм жайында түскен екен. Былайша: ايتون Бір бала ازربيون яғни, Ибраһимнің нәсілінен болады, پروفتون болашақ Пайғамбар, لوغسلين өтірік айтпайды. بنت Оны ң افزولات туылған жері Мекке болады كه كالوشير тақуа, салих болады, تونومنين оның ізгі аты مواميت *Ахмед Мұхаммед болады. اسفدوس Оған ергендер تاكرديس бұл жаһанның мырзасы болады. بيست بيث Тіпті өзі де жаһанның мырзасы болды.

* Бұл "Меуамит" сөзі "Мәмәдтен" ал "Мәмәд" "Мұхаммедтен" шыққан.}

Иә, Хазреті Иса Алейһиссәләм Інжілде бірнеше мәрте қайталап үмметін сүйіншілеуде. Адамзаттың өте маңызды басшысы келетіндігін айтады әрі ол кісінің кейбір есімдерін атайды. Ол есімдер, әлбетте Асирия және көне Иврит тілінде. Зерттеушілер ол есімдердің "Ахмед, Мұхаммед, Фариқ-ун Бейнәл Хаққы-уәл Батыл" - (өтірік пен шынның арасын айырушы) мағынасына келетінін айтады. Демек, Иса Алейһиссәләм көп мәрте Ахмед Алейһиссалату Уәссәләмнан сүйіншілеп хабар берген.

— 190 —

Сұрақ: " Неліктен Хазіреті Иса Алейһиссәләм басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді, ал басқа пайғамбарлардың сүйіншілеуі аз. Олар тек хабар берген".

Жауабы: Өйткені Ахмед Алейһиссалату Уәссәләм, Иса Алейһиссәләмды яһудилердің опасыз түрде өтірікке шығаруынан, аяусыз жала жабуынан және дінін әбден бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Алейһиссаламды танымайтын Исрайл қауымының ұстануға өте ауыр шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын ұлы шариғат әкелді. Міне сондықтан Иса Аләйһиссалам қайта-қайта "Әлемнің басшысы келе жатыр!" деп сүйіншілеген.

Тәурат, Інжіл, Забурда және кейбір пайғамбарға қатысты түскен парақтарда зор мән беріліп, ең соңынан келетін пайғамбардан көптеген әңгімелер мен аяттар бар. Бірнеше үлгісін көрсеттік. Сондай-ақ, әлгі кітаптарда көптеген есімдерімен аталады.

Апырым-ай, Әнбиялардың кітаптарында мұншама мән беріп, көп қайталанған аяттардың айтып кеткен, ақырзаман Пайғамбары Хазреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнан басқа кім болуы мүмкін?

ЕКІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат және Пайғамбарлықтың дәлелдері баяндалады. Мұны баяндаудағы мақсат мынау: Ахмедтің пайғамбар болатынын көріпкелдер мен сол заманның өзіндік әулиелері және Құдайды таныған жандар алдын ала хабар берген. Тіпті, жазбаша түрде өлең қылып кейінгі ғасырларға білдіріп кеткен. Ондай хабарлар өте көп. Біз қазір тарихшылар мен Нәбидің (с.а.у.) өмір баянын жазушылардың баяндаған және дұрыстығы расталған әйгілі бірнешеуін баяндаймыз.

Мысалы, Иемендік Тубба дейтін патша Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көне кітаптардан көріп, иман келтірген. Мынадай бір шумақ өлең жазған:

شَهِدْتُ عَلٰى اَحْمَدَ اَنَّهُ رَسُولٌ مِنَ اللّٰهِ بَارِى النَّسَمِ
فَلَوْ مُدَّ عُمْر۪ى اِلٰى عُمْرِهِ لَكُنْتُ وَز۪يرًا لَهُ وَابْنَ عَمٍّ

Яғни: "Мен Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын растаймын. Мен Оның заманына жетсем, Оған уәзір және көкесінің баласындай болар едім" (Яғни, Хазіреті Али сияқты оған жанқияр қызметші болар едім).

— 191 —

Екінші мысал: Әйгілі Қусс ибн Саиде, араб қауымының ең танымал, маңызды жазушысы және Аллаһ бір деп сенген ақиқатшыл бір кісі. Бұл кісі де Пайғамбарлық келмей тұрып Ахмедтің Пайғамбарлығын мына өлеңімен жариялады.

اَرْسَلَ ف۪ينَا اَحْمَدَ خَيْرَ نَبِىٍّ قَدْ بُعِثَ ٭ صَلّٰى عَلَيْهِ اللّٰهُ مَا عَجَّ لَهُ رَكْبٌ وَ حُثَّ

Үшіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның аталарынан Каб ибн Лүеий, Ахмедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығын илһам түрінде былайша жария қылды:

عَلٰى غَفْلَةٍ يَاْتِى النَّبِىُّ مُحَمَّدٌ فَيُخْبِرُ اَخْبَارًا صَدُوقًا خَب۪يرُهَا

Яғни: "Әп-сәтте Мұхаммед-үн Нәби келеді, тура хабарлар әкеледі".

Төртіншісі: Иемен патшасы Сейф ибн Зиезен көне кітаптардан Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көріп, иман келтірген әрі көруге ынтық болған. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның атасы Абдулмутталиб, Иеменге Құрайыш тайпасымен бірге бара жатқанда Сейф ибн Зиезен оларды шақырып былай деген:

اِذَا وُلِدَ بِتِهَامَةَ وَلَدٌ بَيْنَ كَتْفَيْهِ شَامَةٌ كَانَتْ لَهُ الْاِمَامَةُ وَاِنَّكَ يَا عَبْدَ الْمُطَّلِبِ لَجَدُّهُ

Яғни: "Хижазда бір бала дүниеге келеді. Оның екі иығының ортасында мөрге ұқсас бір белгісі болады. Сол бала бүкіл адамзатқа Имам болады!" Артынша, Абдулмүтталибті жеке шақырып алып: "Сол баланың атасы сен боласың" деп кәрамат түрде Пайғамбарымыздың (с.а.у) келетінінен хабар берген.

Бесіншісі: Уарақа ибн Неуфел (Хадиша анамыздың көкесінің баласы). Уахидің алғашқы кезеңінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қобалжыған көрінеді. Хадиша анамыз ол оқиғаны әлгі танымал Уарақа ибн Неуфелге айтқан. Уарақа: "Оны маған жібер" - депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Уарақаға барып уахи басталған сәттегі жағдайын айтқанда, Уарақа:

بَشِّرْ يَا مُحَمَّدُ اِنّ۪ى اَشْهَدُ اَنَّكَ اَنْتَ النَّبِىُّ الْمُنْتَظَرُ وَبَشَّرَ بِكَ ع۪يسٰى
— 192 —

Яғни: "Қобалжыма! бұл уахи. Сүйінші! Күткен Нәби (с.а.у.) сенсің! Иса (ғ.с.), Сені (с.а.у.) айтып сүйінші хабар берген-ді..."

Алтыншысы: Аскеланул Хымери есімді діндар кісі, Пайғамбарлықтан бұрын құрайыштарды көргенде: "Араларыңда Пайғамбар екендігін жариялаған кісі бар ма?" деуші еді. "Жоқ" дейтін олар. Кейін Пайғамбарлық келген кезінде тағы сұрады. "Иә, бір Кісі (с.а.у) Пайғамбар екенін айтып жүр" - дегенде: "Мінеки, бүкіл әлем Оны (с.а.у.) күтіп жүрді" деген.

Жетіншісі: Әйгілі христиан ғалымы Ибнул-Ағла Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келместен бұрын және Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрмей тұрып-ақ, хабар берген. Кейіннен Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмді көрген кезінде былай деген:

وَالَّذ۪ى بَعَثَكَ بِالْحَقِّ لَقَدْ وَجَدْتُ صِفَتَكَ فِى الْاِنْج۪يلِ وَبَشَّرَ بِكَ ابْنُ الْبَتُولِ

Яғни: "Мен сенің сипатыңды Інжілде көргенмін, иман келтірдім. Ибн Мәриям (Мәриям баласы Иса (ғ.с.)) Інжілде сенің келетініңді сүйіншілеген".

Сегізіншісі: Жоғарыда айтылған Хабеш (Эфиопия) патшасы Неджаши былай деген:

لَيْتَ ل۪ى خِدْمَتَهُ بَدَلًا عَنْ هٰذِهِ السَّلْطَنَةِ

Яғни: "Шіркін-ай осы патшалықтың орнына араб Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның қызметшісі болғанымда ғой. Оған қызметші болу, патшалықтан әлдеқайда артық".

Енді, Аллаһтың білдіруімен ғайыптан хабар берген осы діндарлардан кейін келешек туралы рухтар мен жындар арқылы хабар берген көріпкелдер де анық түрде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның келетіндігін, оның пайғамбарлығын хабарлаған. Олар өте көп. Біз олардың әйгілі және айдай анық, жалпыға мәлім әрі көптеген кітаптар мен тарихта баяндалған бірнешеуіне тоқталамыз. Олардың ұзақ қисса, әңгімелерін тарих кітаптарына сілтеп тек қысқаша ғана айтып өтеміз.

Біріншісі: Шыққы есіміндегі әйгілі бір көріпкелдің жалғыз көзі, бір қолы, бір аяғы бар екен. Құдды жарты адам. Ол атағы жалпыға

— 193 —

мәлім тарихта қалған кісі. Сол көріпкел Пайғамбарымыз Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм Пайғамбарлығынан хабар беріп, қайта-қайта айтқан екен.

Екіншісі: Шамның әйгілі көріпкелі Сатых. Сүйексіз, құдды ағзасыз бір дене. жүзі кеудесінің ішінде, таң қаларлық бір жаратылыс және ұзақ өмір сүрген көріпкел. Ғайыптан айтқан тура хабарлары, сол заманның адамдарына белгілі болған. Тіпті парсы патшасы Кисра, көрген ғажайып түсін және Ахмед Алейһиссалату Уәссәләм туылған түні сарайдың он төрт мұнарасының құлауының сырын Сатыхтан сұрау үшін Муйзан атты ғалым елшісін жұмсаған. Сатых былай деген екен: "Он төрт кісінің патшалығынан кейін патшалығыңыз құлайды. Сосын біреу бір дін әкеледі. Міне, сол кісі сіздің дініңіз бен мемлекетіңізді жоқ қылады!" деген мағынада Кисраға хабар жібереді. Сатых ап-ашық түрде ақырзаман Пайғамбарының (с.а.у.) келетіндігін хабарлаған.

Сондай-ақ, Сеуад ибн Қарибид-дәуси, Хунафир, Әфасие Нежран, Жизл ибн Жизл-Кинди, ибн Халасат-ед Дәуси, Фатыма Бинти Нуман Нежжарие - секілді әйгілі көріпкелдердің сияр және тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндағандарына қарасақ, ақырзаман пайғамбарының келетіндігін, ол пайғамбардың аты Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм екендігін білдірген.

Хазреті Османның туысқаны Сад ибн Бинт Курейз көріпкелдігінің арқасында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығы туралы ғайыптан хабар алған. Ол Исламның алғашқы кезеңінде Хазреті Осман Зиннурейнге: "Сен бар да иман келтір" - деген. Осман барып иман келтірген. Міне сол Сад ол оқиғаны мынадай өлең түрінде баяндаған:

هَدَى اللّٰهُ عُثْمَانًا بِقَوْل۪ى اِلَى الَّت۪ى بِهَا رُشْدُهُ وَ اللّٰهُ يَهْدِى اِلَى الْحَقِّ

Сондай-ақ, көріпкелдер секілді, "Хатиф" деп аталатын тұлғасы көрінбейтін, даусы естілетін жындар, Расул-ы Әкрем Алейһиссалату Уәссәләмның келетіндігін қайта-қайта хабарлаған. Мысалы, Зейяб Ибн үл Хариске хатиф жын

يَا ذَيَابُ يَا ذَيَابُ اِسْمَعِ الْعَجَبَ الْعُجَابَ
بُعِثَ مُحَمَّدٌ بِالْكِتَابِ يَدْعُو بِمَكَّةَ فَلَا يُجَابُ

деп айқайлап оның және басқаларының Исламға кіруіне себеп болған.

— 194 —

Бір хатиф жын Самиа ибн Каррет-ил Гатафаниге

جَاءَ الْحَقُّ فَسَطَعَ وَ دُمِّرَ بَاطِلٌ فَانْقَمَعَ

деп айқайлап, кейбіреулерді иманға келтірген.

Мұндай хатифтердің сүйіншілеп хабар берулері өте көп және кең тараған. Көріпкелдер мен хатифтер қалай хабар берген болса, пұттар мен пұттарға шалынған құрбандар да дәл солай Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығын хабарлаған. Мысалы, баршаға мәлім оқиға: Мазен деген тайпаның пұты айқайлап

هٰذَا النَّبِىُّ الْمُرْسَلُ جَٓاءَ بِالْحَقِّ الْمُنْزَلِ

деген. Хазреті Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм пайғамбарлығын хабарлаған.

Аббас ибн Мирдастың мұсылман болуына себеп болған мына бір әйгілі оқиға: Оның Дымар атты бір пұты болатын. Сол пұт бір күні былай деп сөйлепті:

اَوْدٰى ضِمَارُ وَكَانَ يُعْبَدُ مُدَّةً قَبْلَ الْبَيَانِ مِنَ النَّبِىِّ مُحَمَّدٍ

яғни: Мұхаммед келгенге дейін маған ғибадат етілуші еді. Қазір Мұхаммедтің (с.а.у.) хабары келді, бұдан кейін мұндай адасушылық болмайды. Хазреті Омар Исламияттан бұрын пұтқа шалынған бір құрбаннан мынаны естіген екен:

يَا اٰلَ الذَّب۪يحِ اَمْرٌ نَج۪يحٌ رَجُلٌ فَص۪يحٌ يَقُولُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ

Міне, осы мысалдағы сияқты көптеген оқиғаларды дәлелдерге сүйене отырып көне кітаптар баяндауда. Көріпкелдер, әулиелер, хатиф жындар, тіпті, пұттар мен оған шалынған құрбандар Хазреті Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабарлаған. Әрбір оқиға, бірнеше адамдардың иманға келуіне себеп болды. Сол сияқты кейбір тастар мен қабірлердегі құлпытастардың бетінде көне жазумен مُحَمَّدٌ مُصْلِحٌ اَم۪ينٌ сияқты жазбалар табылған. Сол арқылы бір топ адамдар иманға келген.

Иә, көне жазумен жазылған кейбір тастардан مُحَمَّدٌ مُصْلِحٌ اَم۪ينٌ деген жазбалар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм туралы. Өйткені, одан бұрын не болмаса сол кезеңге жақын өмір сүрген тек қана жеті Мұхаммед есімі бар, басқа жоқ. Ол жеті адамның еш бірі "Муслих-ун Әмин" (сенімді тәрбиеші) атына әсте лайық емес.

— 195 —

ҮШІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат деп аталады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм туылған кезінде орын алған Пайғамбарлыққа дәлел ретінде керемет оқиғалар. Бұл оқиғалар, Оның (с.а.у.) дүниеге келген кезіне жақын тарихта болған. Сондай-ақ, Пайғамбарлығы басталмай тұрғанда болған. Бұлар да Оның (с.а.у.) мұғжизасы болып саналады. Мұндай оқиғалар өте көп. Мысал ретінде әйгілі болған және хадис имамдары қабыл көрген, дұрыстығы дәлелденген бірнешеуін баяндаймыз.

Біріншісі: Нәбидің туылған түні, өз анасы және анасының қасында болған Осман ибн-ул Астың және Абдуррахман ибн Ауфтың анасы үлкен бір нұр көріпті. Үшеуі де: "Ол туылған сәтте біз сондай бір нұр көрдік, ол нұр Шығыс пен Батысты бізге жарық қылды"деген.

Екіншісі: Сол түні Қағбадағы пұттардың көбі қирап, құлап қалған.

Үшіншісі: Әйгілі Кисраның Әйуаны (яғни, атақты сарайы) сол түні шайқалып зақымдалған және он төрт мұнарасы құлап түскен.

Төртіншісі: Сауаның қасиетті деп есептелген шағын теңізінің сол түні жерге сіңіп құрғап қалуы, Истаһр-Абадта мың жыл бойы сөнбей лаулап, жанып тұрған және отқа табынушылардың құдайы ретінде табынып жүрген оты сөніп қалуы, міне, осы үш-төрт оқиға, жаңа ғана дүниеге келген кісінің отқа табынушылықты жоятынын, Парсы патшалығын қирататынын, Аллаһтың рұқсаты болмаған нәрселерге табынуды тыятынын мегзейді.

Бесіншісі: Дәл сол түні емес, бірақ сол күнге өте жақын болған мынадай оқиғалар да Хазреті Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Мәселен "Фил" сүресінде нақты дәлелдермен баяндалған "Піл туралы оқиғаны" алайық. Әбреһе деген Хабештің патшасы Қағбаны қирату үшін әскерінің алдына Фил Махмуди, яғни, алып пілдерді салып шабуыл жасамақ болады. Меккеге жақындаған уақыт піл аяғын баспай қояды. Шарасыздықтан кері қайтуға мәжбүр болған. Әбабил құстары сол кезде олардың төбесінен тас жаудырып, тоз-тозын шығарған. Осы ғажап оқиға тарих кітаптарында толығымен баяндалған. Бұл оқиға Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығының бір дәлелі. Өйткені оның туылуына өте жақын бір уақытта қыбласы және туған жері, сүйікті отаны болған қасиетті Қағба, осылайша, ғайыптан керемет бір түрде Әбреһенің шабуылынан аман қалды.

— 196 —

Алтыншысы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бала күнінде, Халиме Садиенің (сүт анасы) жанында болғанда, Халима мен күйеуі Оның Күн сәулесінен мазасызданбауы үшін төбесінде шоқымдай бір бұлттың әрдайым көлеңке болып жүретінін көп мәрте көрген. Оны халыққа да айтқан және бұл оқиғаның растығы шүбәсіз. Он екі жасында Шам тарапына бара жатқанда, Бухәйра Раһиб, Расул-ы Әкрем Алейһиссалату Уәссәләмның басына шөкімдей бір бұлттың көлеңке қылғанын көрді және көрсетті.

Пайғамбарлық келмей тұрғанда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бірде Хадиша-и Кубраның Мейсере атты қызметшісімен бірге саудадан оралғанда, Хадиша Кубра Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның төбе тұсында екі періштенің бұлт тәрізді көлеңке қылғанын көріпті. Қызметшісі Мейсереге айтқанда, Мейсере: "Мен де жол бойы бұларды көріп отырдым" деді.

Жетіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға әлі Пайғамбарлық келе қоймаған болатын. Бір ағаштың түбіне барып отырды. Ол қурап қалған жер болатын. Лезде көгеріп сала берді. Жайқалған жасыл желекке айналды. Ағаштың бұтақтары, үстіне иіліп көлеңке қылды. Бұл шүбәсіз дәлелді оқиға.

Сегізіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кішкентай кезінде, Әбу Талибтің үйінде тұратын. Әбу Талибтің, бала-шағасы Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге тамақтанса, қарындары тоятын. Ол (с.а.у.) дастархан басында болмаса, тоймай қалатын еді. Бұл оқиға әйгілі де сенімді. Сондай-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді бала күнінде бағып күткен Үмму Әймен айтады: "Расул-ы Әкрем Ғалейһиссалату Уәссәләм ешқашан қарны ашып, немесе шөлдеп қиналған емес. Бала күнінде де, үлкейгеннен соң да".

Тоғызыншысы: Сүт анасы Халиме Садиенің ешкілерінің сүті, басқалардың малына қарағанда өте берекелі және мол болған. Бұл оқиға әйгілі де шүбәсіз. Сондай-ақ, Пайғамбарымызды (с.а.у.) шыбын-шіркей мазаламаушы еді. Оның мүбәрак денесіне де киіміне де қонбайтын. Оның ұрпағы болған Сейіт Абдулқадир Гейланиға (к.с.) да ата-бабасынан мұра ретінде, шыбын-шіркей қонбайды екен.

Оныншысы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дүниеге келгеннен кейін, әсіресе туылған түні, жұлдыздардың ағуы арта

— 197 —

түскен. Бұл оқиға, Он бесінші Сөзде нақты деректермен дәлелденген болатын. Жұлдыздардың ағуы, шайтандар мен жындардың ғайыптан хабар ала алмай қалатынына белгі және ишара еді.

Рас, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дүниеге уахи алып келді. Әлбетте, көріпкелдердің және ғайыптан хабар берушілердің, жындардың шала-шарпы, өтірік аралас, хабарларына бөгет қою керек болды. Халықтың уахиға шүбә келтірмеуі және уахи мен шатастырмауы керек еді. Пайғамбарлық келмей тұрғанда көріпкелдер көп еді. Құран түскеннен кейін оларға тоқтау салынды. Тіпті, көптеген көріпкелдер иманға келді. Өйткені, хабар беруші жындарынан айырылып қалды. Демек, Құран тыйым салды. Байырғы дәуірдің көріпкелдері сияқты қазіргі заманғы медитация түріндегі көріпкелдік Еуропада спиритизм деген атпен әлі де жалғасып келеді. Жарайды осы да жетер.

Қорытынды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығынан бұрын Оның (с.а.у.) пайғамбар болып келетіндігін растап, мойындатқан көптеген оқиғалар, көптеген жандар болды. Иә, әлемге рухани басшы болатын, {1Сілтеме: Иә, ләуләкә ләуләк Сұлтанымыз (с.ғ.с.) керемет көш басшы екені сондай, мың үш жүз жылдан бері салтанаты жалғасып келеді. Алғашқы ғасырды санамағанда әрбір ғасырда ең азы үш жүз миллионнан астам халқы мен ізбасарлары бар. Олар жер дүниенің жартысын билеп, ізбасарлары оған күн сайын салауат айтып шын берілгендігіне айғақ ретінде имандарын жаңалап әміріне құлдық ұрады.} әлемнің өңін өзгертетін, дүниені ақыреттің егістігі ретінде көрсетіп және дүниедегі жаратылыстың қадірін білдіретін, жындар мен адам баласына мәңгілік бақыттың жолын ашатын, пәни жандарды мәңгі жоғалып кетуден құтқаратын, дүниенің жаратылу хикметін (сырын), оның тылсым сырларын, жасырын құпияларын және түсініксіз жақтарын ашып, әлемнің жаратушысы Аллаһтың мақсаттарын білетін, білдіретін әрі Жаратушыны танып, жалпыға таныстыратын Жан (с.а.у.), әлбетте, дүниеге келмей тұрып-ақ, әр нәрсе, әрбір жаратылыс, әрбір тайпа Оның (с.а.у.) келуін қалайды, асыға күтеді, қошеметтеп қарсы алады. Жаратушысы тарапынан білдірілген нәрселерді Ол (с.а.у.) да жалпыға жеткізеді. Айтылған ишара, мысалдарда көргеніміздей, жаратылыстың әрбір түрі оған қошамет көрсетіп ілтипатпен Оның (с.а.у.) мұғжизаларын көрсеткен. Олар мұғжиза тілімен пайғамбарлығына куәлік еткен.

— 198 —

ОН ЖЕТІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның Құраннан кейінгі ең үлкен мұғжизасы-өзі. Яғни, Оның ұлық мінез-құлқына зер салайық. Мінезінің ең жоғарғы дәрежеде болғандығына дос та, дұшпан да бір ауыздан куәлік етеді. Тіпті, ержүрек батыр, Исламның қаһарманы Хазреті Али, жиі-жиі былай депті: "Шайқас қызған уақытта біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның артына тығылып паналаушы едік". Ол барлық мақтауға лайық ең жоғарғы мінезді, қол жетпес дәрежеге ие еді.

Ол ұлы мұғжизаны таныстыруды Мағриб ғұламасы (Ислам елінің батыс өңірінен шыққан ғұлама) Қад-ы Ияздың Шифа Шериф кітабына сілтейміз. Шынымен де ол кісі, мақтауға лайық әлгі мұғжизаның мінез-құлығын өте әдемі баяндап дәлелдеп берген. Сонымен қатар, досты да дұшпанды да мойындатқан Хазреті Ахмедтің (с.а.у.) тағы бір мұғжизасы Оның ұлы шариғаты. Оған ұқсас шариғат еш уақытта келмеді және келмейді де. Осы ең үлкен мұғжизаның түсініктемесін жазылған барлық отыз үш Сөз бен отыз үш Мектубқа және отыз бір Лемаға, он үш Шуаққа, яғни, Рисале Нұрға сілтейміз.

Және Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның баршаға мәлім және шүбәсіз үлкен бір мұғжизасы "Шаққы Қамар", яғни, айдың екіге бөлінуі.Айдың екіге бөлінуі, көптеген жолдармен баршаға мәлім түрде Ибн Месуд, Ибн Аббас, Ибн Омар, Имам Али, Әнәс, Хүзейфе сынды көптеген ұлық сахабалар арқылы сенімді жолдармен жеткен. Сонымен қатар, Құранның

﴿ اِقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ ﴾

аяты дәлелдеп, әлгі ұлы мұғжизаны әлемге паш етті. Сонда сол заманғы қасарысқан құрайыш руының мүшриктері осы аяттың хабарын жоққа шығара алмай, тек "сиқыр" деумен шектелген. Демек, кәпірлердің назарында да айдың екіге бөлінгендігі рас болды ғой. Осы үлкен мұғжиза туралы білгісі келгендер, айдың екіге бөлінуі жайында баяндайтын отыз бірінші Сөзге қосымша Шаққы Қамар рисалесін оқысын.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жер шарының тұрғындарына Айды екіге бөліп мұғжиза көрсеткен болса. Аспан тұрғындарына да Миғраж атты ұлы мұғжизасын көрсетті. Ал осы ұлы Миғраж мұғжизасын, отыз бірінші Сөз деп аталатын Миғраж рисалесіне тапсырамыз. Өйткені, бұл рисале әлгі ұлы мұғжизаның қаншалықты нұрлы, ұлы және тура екендігін шүбәсіз дәлелдермен, тіпті,

— 199 —

имансыздардың өзіне де жан-жақты дәлелдеп берді. Бұл жерде тек Миғраж мұғжизасының кіріспесі болған Бейтул-мақдиске жасаған саяхатын және ертеңгісін Құрайыш қауымы, одан Бейтул-мақдистің түр-сипатын суреттеп беруін сұраған кезде болған бір шағын оқиғаны айтып өтеміз.

Миғраж түнінің таңында, Миғражға барғанын құрайыштарға хабарлады. Құрайыштар сенбеді. Олар: "Егер Бейтул-Мақдиске барғаның рас болса, Бейтул-Мақдистің қақпаларын, қабырғаларын жалпы жай-жапсарын бізге баяндап бер" - деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:

فَكَرَبْتُ كَرْبًا لَمْ اَكْرُبْ مِثْلَهُ قَطُّ فَجَلَّى اللّٰهُ ل۪ى بَيْتَ الْمَقْدِسِ وَكَشَفَ الْحُجُبَ بَيْن۪ى وَبَيْنَهُ حَتّٰى رَاَيْتُهُ فَنَعَتُّهُ وَ اَنَا اَنْظُرُ اِلَيْهِ

Яғни: "Олардың өтірікке шығарып сенбей қойған сұрақтарынан қатты қысылдым. Тіпті, ешқашан дәл осылай қиналып көрмеп едім. Кенет Хақ-тағала маған Бейтул-Мақдисті көрсетті. Мен Бейтул-Мақдиске қарап тұрып, жан-жағын, жеке-жеке суреттеп бердім" дейді. Құрайыштар оның Бейтул-Мақдистен дұрыс, дәл хабар беріп тұрғанына сонда барып көздері жетті.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құрайыштарға: "Жолда бір керуендеріңді көрдім. Керуендерің ертең пәлен уақытта келеді" - деді. Сол сағатта керуенді күтуге жиналды. Керуен бір сағатқа кешікті. Сонда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның хабары тура шығуы үшін Күн бір сағатқа тоқтап қалыпты. Мұны Әһли Тахқиқ растауда, яғни, Оны (с.а.у.) өтірікке шығармау үшін Жер шары өз міндетін, саяхатын бір сағатқа тоқтатқан. Бұл үзілісті Күннің тоқтауы арқылы көрсетті.

Міне, Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссәләмның бір ғана сөзін растау үшін, алып Жер шары өз міндетін кешіктіріп, алып Күн куәгер болуда. Осындай бір кісіні мойындамай, әмірін орындамаған адамның қаншалықты сорлы екендігін, Оны мойындап әміріне

سَمِعْنَا وَ اَطَعْنَا

яғни, естідік те мойынсұндық дегендердің қаншалықты бақытты екендігін түсін,

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلَى الْا۪يمَانِ وَ الْاِسْلَامِ

де!

— 200 —

ОН СЕГІЗІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның ең үлкен және мәңгілік әрі жүздеген пайғамбарлық дәлелдерді қамтыйтын, қырық жақты мұғжиза екені дәлелденген бір мұғжизасы да хикмет толы Құран.

Міне, осы ұлы мұғжизаның жай-жапсары жайында жазылған шамамен жүз елу парақтан тұратын Жиырма бесінші Сөз, Құранның қырық жақты мұғжизасын жинақтап баяндады және дәлелдеді. Олай болса, осы мұғжизалар қазынасы болған ұлы мұғжизаны сол сөзге тапсырып, тек екі-үш тұжырымын баяндаймыз.

Бірінші тұжырым: Құранның мұғжизасы шешендігінде. Құранның шешендігін түсінуге әркімнің қақы бар, бірақ мұны мыңнан бір Муһаққиқ ғалым ғана түсіне алады, мұның сыры неде? дегендерге.

Жауап: Даналыққа толы Құранның әр сынып оқырмандарына арналған бір жағы бар. Мұғжизасын Әркімге өзіне тән деңгейде көрсетеді. Мысалы, шешендер мен көсемдерге таң қаларлық шешендік мұғжизасын көрсетеді.

Ал ақындар мен жазушылар сатысына ғажап, әдемі, асқақ, аз сөзбен көп мағыналарды білдіру мұғжизасын көрсетеді. Осындай әдіс әркімге ұнап көңілдерінен шыққанымен ешбір адам теңін таба алмайды. Қанша уақыт өткенімен құнын жоғалтпай, әрдайым жаңарып отырады. Үйлесімді әрі ұйқасымды, қиыннан қиыстырылған сөз болғаны соншалық, мағынасы терең қол жетпестей биікте әрі құлақтың құрышын қандырады. Ал, көріпкелдер мен ғайыптан хабар берушілерге, ғайыптан хабар берудің таңқаларлық кереметін көрсетеді. Тарихшылар мен әлемдегі оқиғаларды зерттеуші ғалымдарға Құранда білдірілген хабарлар мен алдыңғы үмметтер мен оқиғалар жайлы және болашақ, берзах пен ақырет туралы білдіріп, мұғжизасымен таңқалдырды.

Қоғамдық өмірді зерттеуші ғалымдар мен саясатшыларға Құран өзінің қасиетті қағидаларындағы мұғжизаларды көрсетеді. Құраннан шыққан ұлы шариғат, мұғжизаның осы түріне дәлел. Иләһи мағлұматтар мен жаратылыстың ақиқаттарын зерттеумен шұғылданғандарға Құран Иләһи ақиқаттардағы мұғжизаны көрсетеді немесе сездіреді. Тариқатшылар мен әулиелерге Құран теңізінде әрдайым толқынданған аяттардың сырларындағы мұғжизаларды

— 201 —

білдіреді. Тағы сол сияқты... Қырық сатыда әрбір сатыға қарай өзіндік жол ашып, мұғжизасын көрсетеді. Тіпті тек қана құлақпен тыңдап, мағынасын бір шама түсінген қарапайым халық Құранның оқылуынан-ақ өзге кітаптарға ұқсамайтындығын растайды. Әлгі қарапайым тыңдарман: "Я, бұл Құран, мен тыңдаған барлық кітаптардан төмен. Бірақ мұны дұшпан да айта алмайды, Олай болуы мүмкін емес.

Ендеше, біз тыңдаған барлық кітаптардан жоғары. Онда, оның мұғжиза болғаны" дейді. Міне, осы қарапайым тыңдарман түсінген кереметті оған көмек болуы үшін біршама түсіндіреміз. Мұғжизаға толы Құран Кәрім дүниеге түскен уақытта бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп қызу айтысқа шақырды. Мұны естігендер арасында екі күшті сезім оянды:

Біріншісі: Достарының бойында еліктеу сезімі, яғни, сүйікті Құранның үлгісіне сай, соған ұқсау ниеті және сол сияқты сөз сөйлеу ойы.

Екіншісі: Дұшпандары болса, оны сынап-мінеу, бәсекелесу яғни Құранға қарсы шығып сол сияқты сөз саптау арқылы кереметтігін жою ойы.

Міне, дүниеде осы екі күшті сезіммен миллиондаған арабша кітаптар жазылды. Енді барлық осы кітаптардың ең көркемі, ең әдемі жазылғандары Құранмен қатар қойылып оқылса, кім тыңдаса да "сөзсіз Құран бұлардың ешбіріне ұқсамайды" дейді. Демек Құран, барлық кітаптардың дәрежесінде емес. Олай болса, Құран я барлығынан төмен болғаны. Бұл әрине жүз есе қисынсыз болумен бірге, ешкім, тіпті, шайтан да бұлай дей алмайды.

{ Сілтеме*: Жиырма алтыншы Мектубтың маңызды бірінші бөлімі, осы сөйлемнің сілтемесі және түсініктемесі.}

Олай болса, Құран Мұғжизул Баян, жазылған барлық кітаптардан жоғары. Тіпті, мағынасын түсінбейтін қарапайым бұқараға, Құран Хаким жалықтырмау жағымен мұғжизасын көрсетеді. Иә, әлгі надан адамның өзі: "Ең әдемі, ең әйгілі бір өлеңді екі-үш мәрте тыңдасам мені жалықтырады. Ал Құран болса, еш жалықтырған емес, қайта одан сайын тыңдағым келіп, жаныма жағып барады. Олай болса, бұл адамның сөзі емес" дейді. Сондай-ақ, жаттап алуға тырысқан балаларға да әсері керемет. Бір парақты жадына сақтай алмайтын балалардың нәзік, әлсіз, қарапайым, миларында Қасиетті Құран көп

— 202 —

жерлерінде шатастырып, ауыстырып алуға себеп боларлықтай бір-біріне ұқсаған аяттарының, сөйлемдерінің ұқсастығына қарамастан асқан жеңілдікпен барынша оңай, жеңіл түрде сақталуы мұғжиза емей не?

Айқай-шудан тіпті аз ғана сөздің өзінен мазасызданатын ауруларға және өлім аузында жатқан науқастарға Құранның әуені мен даусы, зәм-зәм суындай тәтті, жағымды естілуі, мұғжизасының тағы бір түрі, мұны олар жақсы біледі.

Сонымен, әртүрлі деңгейдегі адамдарға, қырық жағымен Құран Хаким өзінің мұғжизасын көрсетеді яки сездіреді. Ешкімді де құр қалдырмайды. Тіпті тек қана көзі бар

{Сілтеме**: Тек қана көзі бар, құлақсыз, сезіп білмейтіндер сатысына қараған мұғжиза жағы, бұл жерде өте аз, қысқа және жеткіліксіз қалды. Бірақ бұл мұғжиза жағы Жиырма тоғызыншы, Отызыншы Мектубтарда (кіші сілтеме) өте әсем, нұрлы, көрнекті және ашық көрсетілген. Тіпті көр адамның өзі де көре алады. Сол мұғжиза жағын көрсететін бір Құран жаздырдық. Иншааллаһ бастырылып шығады. Әркім әлгіндей әдемі жақтарын көре алатын болады.

Кіші сілтеме: Отызыншы Мектуб өте әдемі жоспарланып, ниет етілген болатын. Бірақ орнына, Ишарат-ул Ижаз кітабы шықты да, ол жарыққа шықпады.}

құлағы жоқ, сезімі шамалы, білімі төмендерге бағытталған Құранның мұғжизасының тағы бір түрі, Хафыз Османның қолжазуымен және баспадан шыққан Құран Мұғжиз-ул Баяндағы сөздер бір бірімен сәйкестене беттесіп тұр. Мысалы: Кәһф сүресінде وَثَامِنُهُمْ كَلْبُهُمْ сөзінің астындағы парақтар тесілсе, Фатыр сүресіндегі قِطْم۪يرٍ сөзі, азғантай ғана ауытқумен көрінеді. осылайша қиссадағы иттің аты шығады. Ал, "Ясин" сүресіндегі екі мәрте مُحْضَرُونَ сөзі бір бірінің үстінде, "Уәссаф" сүресіндегі مُحْضَر۪ينَ мен مُحْضَرُونَ бір бірімен және өзара беттесіп тұр. Үстінен біреуі тесілсе өзгелері аз бір ауытқумен дәлме-дәл көрінеді.

Мысалы, «Сәбә» сүресінің соңындағы және "Фатыр" сүресінің бас жағындағы екі مَثْنٰى сөзі бір бірімен беттесіп тұр. Бүкіл Құранда үш-ақ жерде кездесетін مَثْنٰى сөзінің екеуі бір бірімен дәл беттесуі кездейсоқ емес. Бұған ұқсас мысалдар өте көп. Тіпті бір сөйлем, бес-алты жерде парақтардың астында, азғантай ауытқумен бір-бірімен сәйкестеніп беттесіп жатады. Мен, қарама-қарсы екі парақта, бір бірімен сәйкес беттескен сөйлемдері қызыл түспен жазылған бір

— 203 —

Құран көрдім. "О, тоба мұның өзі мұғжизаның тағы бір түрі ғой" дедім. Кейін тағы да қарағанымда, Құранның әр парағында бір-біріне байланыса беттескен көп сөйлемдер бар екен. Мағыналы көріністер беріп бір-бірімен сәйкес келіп жатады. Міне, Құранның орналасу жүйесі Нәбидің көрсетуі арқылы болғандықтан және бастырылып таратылған Құрандар да Аллаһтың аянымен болғандықтан Құран Хакимнің нақышында, жазуларында мұғжизаның тағы бір түрін көрсететін ишаралар бар. Өйткені, әлгіндей жағдай кездейсоқтық немесе адам қолының ісі емес. Бірақ кейбір сәйкес келмеген жерлер бар, олар баспаның кемшілігінен. Мұнтаздай болғанда, сөйлемдер де дәл бір-бірінің үстіне түсер еді. Сонымен қатар, Құранның Мәдинада түсірілген орташа және ұзын сүрелерінің әрбір парағында "Лафзуллаһ" (Аллаһ есімі) өте ғажап бір тәрізде қайталанған. Көбіне бес, я алты, я жеті, я сегіз, я тоғыз, я он бір мәрте қайталанумен бірге, бір парақтың екі бетінде және қарама қарсы келген парақтарда сандардың әдемі және мағыналы бір сәйкестігін көрсетеді.

{ Сілтеме1: Аллаһты мадақтап, мінәжат етушілерге, Құранның әшекейлі, ұйқасымды сөздері мен шешендік шебер әдісі және назарды өзіне аударатын көсемдігінің ерекшеліктері көп. Сонымен берге болуымен бірге, асқақ шынайлығын, Аллаһтың барлығын және бірлігін еске салып, құзырдан айырмайды. Алайда әлгіндей шешендік ерекшелік пен шебер сөз жүйелілік пен ұйқастық сөздің шынайлығын азайтып жібереді. Әдемі ұйқастыққа көп мән берілгендіктен құзырды бұзады, көңілді алаңдатады. Тіпті мінәжаттың ең әдемісі, ең ұлы сөздермен тізбектелген, әрі Мысыр елінің жоқшылық пен қуаңшылықтан аман қалуына себеп болған Имам Шәфидің әйгілі мінәжатын көп оқушы едім, қарасам ұйқасымды, өлең сияқты болғаны үшін, мінәжаттың асқақ шынайылылығына зақым келген. Сегіз тоғыз жыл бойы жиі оқыған дұғам еді. Шынайы жалбарынған сезімді, ондағы ұйқас, өлең сөзге жарастыра алмадым. Кейін Құранның ерекше, өзіндік, айрықша ұйқастығында, жүйелілігі мен ерекшелігінде тағы бір мұғжиза көргендіктен Құранның шын жалбарынған сезімді де, құзырды да сақтап, бұзбайтынын түсіндім. Міне мінәжат оқып жалбарынушылар мен мадақтаушылар, осындай мұғжизаны ақылмен түсінбесе де жүрегімен сезеді.

Сілтеме2: Түсіндірмесі мұғжиза болған Құранның мағынауи мұғжизасының бір сыры мұнда жатқандай: Құран, Аллаһтың ұлы есімдеріне бөленген Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәсәләмның қуатты иманын, оның өте нұрлы дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, ақырет әлемі мен Аллаһтың ауқымды басқаруындағы әлемдердің ұлы ақиқаттарын қасиетті бір карта сияқты суреттеп баяндайды. Өте үлкен, жан-жақты және ең жоғарғы хақ дінінің ұлы мәртебесін өмірмен ұштастырып түсіндіреді, дәріс береді. Сонымен қатар әлемнің Жаратушысын барлық жаратылыстың Рабб (иесі) ретінде, оның соңсыз құдіретін, айбындылығын, сөзін түсіндіреді. Әлбетте Құранның мұндай түсіндіруіне, мұндай баяндамасына

﴿ قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْاِنْسُ وَالْجِنُّ عَلٰٓى اَنْ يَاْتُوا بِمِثْلِ هٰذَا الْقُرْاٰنِ لَا يَاْتُونَ بِمِثْلِه۪ ﴾

сыры бойынша бүкіл адамның ақылы бірігіп, бір ғана ақыл болса да қарсы шыға алмайды, айтыса алмайды. اَيْنَ الثَّرَا مِنَ الثُّرَيَّا Өйткені, мына үш негізгі көзқарас тұрғысында қайталау немесе ұқсату мүмкін емес.

Сілтеме3: Құран-ы Хакимнің барлық парақтарының соңында аят аяқталып отырады. Соңы әдемі бір ұйқастықпен бітеді. Бұның сыры мынада: Ең үлкен аят болған Мүдайене аяты (Бақара - 281) Құранның парақтары үшін, ал Кәусәр мен Ықылас сүресі жолдары үшін өзіндік өлшем ретінде қабылданғандықтан, Құран-ы Хакимнің осынау әсем ерекшелігі мен кереметтік белгісі таң қалдырады.

Сілтеме4: Бұл мақамның осы бөлімінде өте маңызды, айбынды және ұлы, сондай-ақ, Рисале-и Нұрдың жетістігі тұрғысынан өте әсем, сүйкімді, әрі ынталандыратын ғажайып кереметтің аз ғана және шағын, қысқаша үлгілеріне, жай ғана белгілеріне асығыстық деген бәленің кесірінен қанағат қылынды. Алайда әлгі ұлы ақиқат пен тәуафуқтың (сәйкестік) бес-алты түрін және Рисале-и Нұрдың жалғаса беретін бір кереметін, Сондай-ақ, Құранның көзге де көрінетін белгілі мағынадағы мұғжиза сәулелерін және ғайыптан хабар беретін белгілердің ишараларын қамтиды. Кейіннен, Құрандағы Аллаһ сөздерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан мұғжизасының бір сәулесін көрсететін Құран жаздырылды. Сонымен қатар Румузат-ы Семание атты сегіз кішкене рисале жазылды. Ол, Құран әріптерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан әсем байланыс пен ғайыптан білдірілген ишараларын баяндайды. Және де Рисале-и Нұрдың бір-бірімен сәйкес келу сырын қуаттап, жоғары бағалаған, мақтаған Керамет-і Гаусие және үш Керамет-і Алевие және Құранның ишаралары атты бес кітап жазылды. Демек, Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизаларының жазылуындада әлгі үлкен ақиқат жинақы түрде байқалады. Бірақ өкінішке орай автор бір жағын, бір ұшқынын көріп қана көрсеткен, ар жағына үңіліп қарамай, асығыс жүріп өткен.}

— 204 —

Екінші нүкте: Хазреті Мұса Ғалейһиссаламның заманында ең өтімді нәрсе сиқыр болған, мұғжизалардың басым түрі сол салада болатын. Ал, Хазреті Иса Алейһиссаламның заманында дәрігерлік ілімі алда болғандықтан мұғжизаларының көпшілігі сол түрден келген. Ал, Расулуллаһ Алейһисаллату Уәссаләмның заманында араб түбегінде төрт нәрсе жоғары бағаланып аса қадірлі еді.

Біріншісі: Шешендік, астарлап сөйлеу, ойын анық жеткізу.

Екіншісі: өлең шығару,көркем сөз сөйлеу өнері.

Үшіншісі: Көріпкелдік пен ғайыптан хабар беру.

Төртіншісі: Өткен шақтағы тарихты білу және дүние таным, жаратылысты білу.

Міне, баяны мұғжиза Құран түскен уақытта, осы төрт түрлі мағлұмат иелеріне қарсы майданға шықты. Ең алдымен суырып салма шешендерді бірден тізе бүктірді. Олар таңқала Құранды тыңдады. Сосын тілге шешен топты яғни ұйқастырып, мақал-мәтелмен сөйлейтін ақындарды қайран қалдырғаны сонша, ауыздарынан суы ағып аң-таң қалды. Алтынмен жазылып Қағбаның қабырғасына мақтан үшін іліп қойған әйгілі "Муаллекат Себаны" (Таңдаулы жеті өлеңді) орнынан алып тастатты. Өйткені ешкім оқымайтындай қадірсіз болып қалды.

— 205 —

Ғайыптан хабар беруші көріпкелдер мен сиқыршылардың үнін өшірді. Олардың ғайыптан алатын хабарларын өздерін ұмыттырды. Жын-перілерін қуып көріпкелдікті тастай тыйды. Сонымен қатар өткенді білетін тарихшылар және жаратылыс танушылардың жаңылысын тауып, бұрыс пікірден құтқарып, өткен шақтағы оқиғалардың ақиқатын және әлемнің нұрлы құбылыстарын оларға дәріс берді.

Міне, осы төрт топ Құранға барынша таңдана, құрметпен қарап оның алдына тізе бүгіп шәкірт болды. Ешкім, ешқашан бір сүренің өзіне қарсы келіп айтысқа шыға алмады.

Сұрақ: Ешкім қарсы шықпағанын және қарсыласу мүмкін емес екенін қалай білеміз?

Жауабы: Егер қарсыласу мүмкін болғанда, қайткенде де тырысып бағар еді. Өйткені қарсыласуға өте мұқтаж еді. Себебі діндері мен мал-мүлкіне, жандары мен бала-шағаларына қауіп төніп тұр еді. Қарсы келіп айтысса құтылар еді. Егер айтыс-тартыс мүмкін болса еді, айтыс-тартысқа шығатын еді. Айтыс-тартыс болса еді, жақтастары болған кәпірлер, мұнапықтар көп, тіпті өте көп болғандықтан, оларда қолдап шығар еді. Сөйтіп мұнысын әлемге жар салар еді. Кәпірлердің Ислам дінін жамандап айтқан сөздері жасырын қалушы ма еді? Егер қарсы тұрарлық бір сөз тапқанда қайткенде де тарих кітаптарына еніп жұртқа жария қылып, бадырайтып жазар еді. Тарих кітаптарына қараңыздар, ешқайсысында Мүсейлеме Кеззабтың бірнеше жазбасынан өзге айтысқан адам жоқ. Ал Құран Хаким, жиырма үш жыл бойы тынбастан намыстарына тиіп, сезімдерін қоздырып, оларды былай деп айтысқа шақырып келді: "Мұхаммед-ул Әмин сияқты оқу-жазу білмейтін біреулерің осы Құранға тең келетін кітап жазсын да көрсетсін көрейік. Жарайды, бұны жасай алмайды екенсіңдер, ол кісілерің оқымаған болмасын көп оқыған ғалым жазушы болсын. Жарайды, бұл да қолдарыңнан келмейді екен, онда бір ғана кісі емес, бүкіл ғалымдарың, сөзге шешен кісілер жиналып, бір-біріне көмектесіп тіпті табынып жүрген Тәңірлерің келіп демеуші болсын. Жарайды, бұлардан түк шықпайды екен. Ертеде жазылған сөзге бай кітаптарды да пайдаланып, тіпті енді келетіндерді де көмекке шақырып Құранға тең келер кітап жазыңдар. Әрине бұны да жасай алмайсыңдар. Құранның толық нұсқасындай болмай-ақ қойсын, тек он сүреге тең келер кітапша жазыңдаршы. Жарайды, он сүресіне тең

— 206 —

келер, ұқсас бір нәрсе жасай алмайды екенсіңдер, онда хикаялардан, негізі жоқ аңыз-қиссалардан құрастырыңдаршы. Тіпті тек қана ұйқасы мен шешендігіне ұқсаса жетер. Жарайды, бұны да жасай алмайды екенсіңдер, онда бір ғана сүресінің ұқсасын әкеліңдерші. Мақұл, сүре ұзын болмай-ақ қойсын, қысқа сүреден болса жетеді. Олай болмаған жағдайда, дінің, жаның, мал-мүлік, бала-шағаң дүниеде де, ақыретте де оңбайсыңдар!"

Міне, сегіз мәрте ауыздарына құм құйып Құран Хаким жиырма үш жыл емес, тіпті мың төрт жүз жылдан бері бүкіл адамдар мен жындарға осынау ұран тастап күні бүгінге дейін сөзін әлі жалғастырып келеді. Неліктен, әуелгі заманда кәпірлер мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп, ең қиын да мүшкіл жолды, яғни соғысуды таңдап, тым оңай, әрі қысқа жолды, яғни сөзбен айтысу жолын тәрк етті? Демек айтысу мүмкін емес-ті...

Ия, ақыл иесі, әсіресе арабия түбегіндегі сол кездің халқы, оның ішінде Құрайыштар сияқты ақылды адамдар, өз араларынан бір шешен ақынды шығарып, Құранның бір ғана сүресіне тең келер жазу жазып Құранның қаһарынан құтылып, қысқа және оңай жолды таңдамай, мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп, ең қиын жолды таңдады, неліктен деп ойлайсыз?

Сонымен, әйгілі Жахыздың айтқанындай: "Әріппен шайқасу яғни сөзбен айтысу қолдарынан келмеді. Өйткені мүмкін емес еді. Сосын қылышпен соғысуға мәжбүр болды..."

Егер мұндай сұрақ туса: Кейбір ақиқатшыл ғұламалар: "Құранның бір сүресіне емес, бір ғана аятына, тіпті бір ғана жолына, тіпті бір ғана сөзіне қарсы келе алмайды және келмеген" дейді. Бұл сөздер асыра сілтеп айтылған сияқты, ақылға сыймайды. Өйткені адам баласының сөздерінде Құранның сөздеріне ұқсас көптеген сөздер бар. Бұл сөздің сыры неде?

Жауабы: Құранның мұғжизалығы туралы екі көзқарас, екі пікір қалыптасқан. Басым көпшілік мойындаған көзқарас мынау: Құрандағы шешендіктің мөлдірлігі мен әдемілігі, оның мағыналарының тереңдігі сондай адам баласының қолынан келмейді. Тым жоғары.

Екінші көзқарас. Құранның бір сүресіне қарсы келіп, айтысуға адам баласының құдіреті жетеді. Бірақ Хақ Тағала, Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизасы қылып оған тиым салған. Мысалыға бір адам өз аяғымен жүріп-тұра алады, бірақ Пайғамбарымыз: "Сен тұра алмайсың"

— 207 —

дегенде, ол тұра алмай қалады. Бұл мұғжиза. Осы екінші көзқарасты Сарфе мәзхабы деп атайды. Яғни, Хақ Тағала Құранның бір сүресіне қарсы келуге жын мен адамзатқа тыйым салған. Егер тыйым салмағанда, жын мен адам баласы бір сүресіне қарсы келген болар еді. Міне осы мәзһаб бойынша, "Бір сөзіне де қарсы келе алмайды" деген ғалымдардың сөздері ақиқат. Өйткені, расында Хақ Тағала, мұғжиза ретінде оларға тыйым салған, сондықтан қарсы келіп, ауыздарын аша алмайды. Ауыздарын ашса да Аллаһ рұқсат етпесе сөйлей алмайды.

Алайда көпшілік таңдаған әуелгі мәзһаб бойынша, әлгі ғұламалардың баяндаған пікірінің мынадай астарлы жағы бар: Құран Хакимнің барлық жолдары, сөздері бір-бірімен тығыз байланысты. Кейде бір сөзінің он жермен қатысы бар. Ал оның ішінде, он шақты күрделі мағына жатады, он жақпен байланысы бар. Айталық «Ишарат-ул Ижаз» атты тәпсірімде, «Фатиханың» кейбір сөйлемдерінің ішінде және

﴿ الٓمٓ ٭ ذٰلِكَ الْكِتَابُ لَا رَيْبَ ف۪يه۪ ﴾

сөйлемдерінің ішінде, осындай көп мағыналы аяттардың кейбір үлгілерін көрсеткен болатынмын. Мысалға, бір әшекейленіп салынған сарайдың, алуан түрлі, сан қилы нақыштарының түйіні ретінде орналасқан бір түйір тасты, барлық ою-нақыштарымен байланыстырып дәл орнына қою үшін қабырғаны толық қамтып нақыштарымен бірге білуі керек. Және тағы бір мысал, көздің қарашығын өз орнына қою үшін бүкіл дененің өзара байланысын, күрделі ғажап міндетін әрі көздің сол міндеттерге қатысты қызметтерін білу қажет. Дәл сол сияқты, ақиқатшыл жандардың тым терең кеткен тобы, Құранның сөздеріндегі көптеген байланыстарды және басқа аяттармен қатысты жақтарын, өзара қатынастарын көріп көрсеткен. Әсіресе әріптерін зерттеуші ғұламалар одан да ілгері кетіп, Құранның бір әрпінде бір парақтай мағына жатқанын мамандарға баяндап дәлелдеп берген. Өйткені ол, бүкіл әлемнің Жаратушысының сөзі болғандықтан, әрбір сөзі, адам бойындағы жүрек немесе ағаштың дәні секілді. Яғни, айналасы құпия-сырдан құралған рухани бір дененің жүрегі немесе рухани бір ағаштың дәні іспеттес. Міне, адами сөздерде, Құрани аят сияқты сөздер, тіпті ұқсас сөйлемдер, аяттар кездесуі мүмкін. Дегенмен Құранның көптеген сырға толы өзара байланыстырылып арнайы орналастырылған сөздеріне тең сөз айту мүмкін емес. Ол үшін шексіз ілім, ауқымды назар қажет.

— 208 —

Үшінші тұжырым: Баяндауы мұғжиза болған Құран Кәрімнің не екенді жайлы түсіндірменің түйінін бір кездері Хақ Тағала жүрегіме арабша ой-толғау түрінде сыйлаған еді. Қазір дәл сол толғауды арабша жазамыз, соңынан мағынасын баяндаймыз;

سُبْحَانَ مَنْ شَهِدَ عَلٰى وَحْدَانِيَّتِه۪ وَصَرَّحَ بِاَوْصَافِ جَمَالِه۪ وَجَلَالِه۪ وَكَمَالِهِ اَلْقُرْاٰنُ الْحَك۪يمُ الْمُنَوَّرُ جِهَاتُهُ السِّتُّ اَلْحَاو۪ى لِسِرِّ اِجْمَاعِ كُلِّ كُتُبِ الْاَنْبِيَٓاءِ وَالْاَوْلِيَٓاءِ وَالْمُوَحِّد۪ينَ الْمُخْتَلِف۪ينَ فِى الْاَعْصَارِ وَالْمَشَارِبِ وَالْمَسَالِكِ الْمُتَّفِق۪ينَ بِقُلُوبِهِمْ وَعُقُولِهِمْ عَلٰى تَصْد۪يقِ اَسَاسَاتِ الْقُرْاٰنِ وَكُلِّيَّاتِ اَحْكَامِه۪ عَلٰى وَجْهِ الْاِجْمَالِ وَهُوَ مَحْضُ الْوَحْىِ بِاِجْمَاعِ الْمُنْزِلِ وَالْمُنْزَلِ وَالْمُنْزَلِ عَلَيْهِ وَعَيْنُ الْهِدَايَةِ بِالْبَدَاهَةِ وَمَعْدَنُ اَنْوَارِ الْا۪يمَانِ بِالضَّرُورَةِ وَمَجْمَعُ الْحَقَٓائِقِ بِالْيَق۪ينِ وَمُوصِلٌ اِلَى السَّعَادَةِ بِالْعَيَانِ وَذُو الْاَثْمَارِ الْكَامِل۪ينَ بِالْمُشَاهَدَةِ وَمَقْبُولُ الْمَلَكِ وَالْاِنْسِ وَالْجَانِّ بِالْحَدْسِ الصَّادِقِ مِنْ تَفَار۪يقِ الْاَمَارَاتِ وَالْمُؤَيَّدُ بِالدَّلَٓائِلِ الْعَقْلِيَّةِ بِاِتِّفَاقِ الْعُقَلَٓاءِ الْكَامِل۪ينَ وَالْمُصَدَّقُ مِنْ جِهَةِ الْفِطْرَةِ السَّل۪يمَةِ بِشَهَادَةِ اِطْمِئْنَانِ الْوِجْدَانِ وَالْمُعْجِزَةُ الْاَبَدِيَّةُ الْبَاق۪ى وَجْهُ اِعْجَازِه۪ عَلٰى مَرِّ الزَّمَانِ بِالْمُشَاهَدَةِ وَالْمُنْبَسِطُ دَائِرَةُ اِرْشَادِه۪ مِنَ الْمَیلَاِ الْاَعْلٰٓى اِلٰى مَكْتَبِ الصِّبْيَانِ يَسْتَف۪يدُ مِنْ عَيْنِ دَرْسٍ اَلْمَلٰٓئِكَةُ مَعَ الصَّبِيّ۪ينَ وَ كَذَا هُوَ ذُو الْبَصَرِ الْمُطْلَقِ يَرَى الْاَشْيَٓاءَ بِكَمَالِ الْوُضُوحِ وَالظُّهُورِ وَيُح۪يطُ بِهَا وَيُقَلِّبُ الْعَالَمَ فِى يَدِه۪ وَيُعَرِّفُهُ لَنَا كَمَا يُقَلِّبُ صَانِعُ السَّاعَةِ السَّاعَةَ ف۪ى كَفِّه۪ وَيُعَرِّفُهَا لِلنَّاسِ فَهٰذَا الْقُرْاٰنُ الْعَظ۪يمُ الشَّانِ هُوَ الَّذ۪ى يَقُولُ مُكَرَّرًا اَللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ فَاعْلَمْ اَنَّهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ
— 209 —

Енді сол, арабша толғаудың аудармасы мен мағынасы: Яғни: баяны мұғжиза Құранның алты жағы да жап-жарық, нұрлы. Оның ішінде күдік пен күмән кіре алмайды. Өйткені арқасы ғарышқа сүйеніп тұр. Ол жағында уахидің нұры бар. Алдында яғни мақсаты екі дүниенің бақыты. Мәңгілікке, ақыретке ұмтылдыруда, ол жақта Жаннат пен Бақыттың нұры бар. Үстінде мұғжизалық таңбалар бар жарқырап тұр. Астында дәлел мен айғақ тіректері бар. Іші тап-таза тура жол, хидает. Оң жағы اَفَلَا يَعْقِلُونَ дегендей ақыл иелеріне "Әлбетте дұрыс айттың" дегізеді. Сол жағы, көңілге рухани ләззат сыйлап, ар-ұжданды куәгер ретінде "Барекаллаһ" дегізеді. Осындай мұғжиза Құранға қай бұрышынан, қай жағынан бос ой мен күмәннің сұғанақтары кіре алады!...

Иә, мұғжизалы Құран, өмір сүрген ғасырлары бөлек, тәсіл-жолдары әртүрлі әнбиялардың, әулиелердің, бір Аллаһқа иман еткен жандардың кітаптарының сырлы мағынасын толығымен қамтиды. Яғни барлық әлгі әулиелер мен ақыл иелері, Құран-ы Хакимнің түйіндеп айтқан үкімдерін, негіздерін қоштағанын кітаптарынан табуға болады. Демек олар, Құран атты Иләһи ағаштың тамырлары үкімінде. Құран Хаким уахиге сүйенеді, өзі де уахи. Өйткені, Құранды жіберген Заты Зүлджелал (Аллаһ) Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизалары арқылы Құранның уахи екендігін көрсетті, дәлелдеді.

Сондай-ақ Құранның өзі де мұғжиза. Өзі, ғарыштан келгендігін көрсетіп тұр. Алғаш түскенде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның қобалжуы, есінен танып қалуы және басқалардан әлдеқайда артық Құранға деген ықыласы мен құрметі Құранның уахи болып, мәңгіліктен келіп, Оған сыйланған екенін көрсетеді. Құран, ап-ашық тура жолдың өзі. Өйткені онымен қарсыласқан кәпірлер адасып зиян шегуде.

Сондай-ақ, Құран сөзсіз иман нұрының қайнар көзі. Әлбетте иман нұрының қарама-қарсысы қараңғылық пен түнек. Көп Сөздерде бұны нақты түрде дәлелдегенбіз. Сондай-ақ, Құран шүбәсіз ақиқаттардың жинағы. Ішіне ойдан шығарылған сөздер мен жазулар әсте ене алмайды. Ғайып әлеміне қатысты және осы әлем жайында да ақиқаттың дәл өзі екендігін және ішінде ешбір қайшылық жоқ екендігін әкелген ақиқаты, Ислам әлемі, ұлы шариғаты және көрсеткен кемелдіктері куә.

— 210 —

Құран, анық және күмәнсіз түрде екі дүниенің бақытына бөлеп, адамзатты тура жолға бастайды. Кімнің күмәні болса, бір рет Құранды оқысын, не дейтінін ден қойып тыңдасын. Құранның берген жемістері тамаша және өміршең. Олай болса, Құран ағашының тамыры да, ақиқаты да тірі. Өйткені тірі жеміс ағаштың тірі екенін көрсетеді.

Міне, назарың сал! Әр ғасырға қаншама асфия, әулиелер, кәміл жандар, нұрлы жемістер сыйлаған.

Сондай-ақ, Адамның да жынның да періштелердің де ұнатқаны және көңілі ауып қабылдағаны Құран екенін көптеген оқиғалардан байқауға болады. Өйткені оқылған уақытта, олар бар ынтасымен көбелек сияқты маңына үймелей қалады. Құран уахи болумен бірге, ақылға қонымды дәлелдермен қуатталып дәлелденіп отырады. Иә, кәміл данышпандардың пікірлес болуы бұған дәлел. Көсем сөз шеберлері, ғұламалар және баста Ибн Сина, Ибн Рүшд сияқты философияның даналары бір ауыздан Құранның негіздерін барлық әдістерімен, айғақтарымен дәлелдеген.

Сондай-ақ, Құран, жаны таза кісілер тарапынан дұрыстығы дәлелденіп отыр. Егер біреудің кемістігі, я бір ауруы болмаса, әрбір есі дұрыс жан оны растайды. Өйткені ұжданның тазалығы мен жүректің рахаты Оның нұрымен ғана орнайды. Демек есі дұрыс, табиғаты таза жан өз ұжданының тазалығымен оны мойындайды. Иә, жаратылыс өзіне тән тілімен Құранға: "Жаратылысымыздың кемелденуі сенсіз бола алмайды!" - дейді. Осы ақиқатты көп жерлерде дәлелдегенбіз.

Құран айдай анық, мәңгі бітпес мұғжиза: Ол әрдайым мұғжизалығын көрсетіп отырады. Өзге мұғжизалар сияқты аяқталып қалмайды. Құранның тура жолға салу ауқымы кең болғаны соншалықты, бір ғана дәрісінде Хазреті Жәбірейіл (а.с.), жасөспірім бір баламен бірге тізе бүгіп дәріс тыңдайды, әрқайссысы өз үлесін алады. Ибн Сина сынды дана философ, қарапайым шәкіртпен қатарласа отырып дәрісін оқып, сабағын алады. Тіпті кейде әлгі қарапайым шәкірт иманының қуаттылығы әрі пәктігі тұрғысынан басым келіп Ибн Синадан да әлдеқайда көбірек пайдаланады.

Құраның назары ауқымды да кең. Ол бүкіл әлемді бір кітаптың парақтары сияқты көріп, қамтиды. Әлемнің сан-алуан қабаттарынан түрлі оқиғалардан хабар береді. Сағат ұстасы өзі жасаған сағатын айналдырып, ашып, көрсетіп, баян еткені сияқты, Құран да әлемді

— 211 —

қолына алып дәл солай баян етеді. Міне осындай қасиетті Құран

﴿ فَاعْلَمْ اَنَّهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ ﴾

деп, Аллаһтың бірлігін паш етуде.

اَللّٰهُمَّ اجْعَلِ الْقُرْاٰنَ لَنَا فِى الدُّنْيَا قَر۪ينًا وَ فِى الْقَبْرِ مُونِسًا وَ فِى الْقِيَامَةِ شَف۪يعًا وَ عَلَى الصِّرَاطِ نُورًا وَ مِنَ النَّارِ سِتْرًا وَ حِجَابًا وَ فِى الْجَنَّةِ رَف۪يقًا وَ اِلَى الْخَيْرَاتِ كُلِّهَا دَل۪يلًا وَ اِمَامًا ٭ اَللّٰهُمَّ نَوِّرْ قُلُوبَنَا وَ قُبُورَنَا بِنُورِ الْا۪يمَانِ وَ الْقُرْاٰنِ وَ نَوِّرْ بُرْهَانَ الْقُرْاٰنِ بِحَقِّ وَ بِحُرْمَةِ مَنْ اُنْزِلَ عَلَيْهِ الْقُرْاٰنُ عَلَيْهِ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ مِنَ الرَّحْمٰنِ الْحَنَّانِ اٰم۪ينَ

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕЛІ ИШАРА: Алдыңғы ишараларда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Хақ Тағаланың елшісі екендігі өте анық және шүбәсіз түрде дәлелденді. Міне, пайғамбарлығы мыңдаған анық дәлелдермен нақты болған Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссалам Аллаһтың Уахданиетінің (бірлігінің) сондай-ақ, Мәңгі Бақыттың ең жарқын айғағы нақты дәлелі. Біз бұл ишарада сол жарқын дәлелді және тура сөйлеуші айғақты қысқаша бір түйінмен танытамыз.

Иә, Расулуллаһ дәлелдеуші. Мақсаты, Аллаһтың бар екенін дәлелдеп таныстыру. Олай болса, дәлелдеушіні танып және қалай дәлелдейтінін білу керек. Біз өте қысқа нұсқа сол дәлелдеуші кісіні жан-жақты қарастырып, дұрыстығын баяндаймыз.

Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам мына әлемдегі жаратылыс секілді ол да Әлемнің Жаратушысының бар және бір екендігіне бұлтартпас дәлел. Сонымен қатар өзінің дәлелін бүкіл жаратылыстың дәлелімен ұштастырып жария еткен. Ал оның дәлел екені рас болса, біз сол дәлелдің растығы мен туралығына, шыншылдығы мен адалдығына "он бес" негізде ишара етеміз.

Бірінші негіз: Болмысымен, тілімен, іс-әрекетімен және сөзімен әлемнің Иесі Аллаһқа дәлел болған бұл айғақ әлемнің ақиқаттары арқылы да өзінің адалдығы расталған. Өйткені болмыс

— 212 —

атаулы жаппай Уахданиеттің (Аллаһтың бірлігіне) дәлелі болса әлбетте олар Уахданиеттің жаршысын растайды деген сөз. Демек, көтерген мәселесі бүкіл әлемнің куәлік етуімен ұштасып, қуатталып, расталуда. Және Аллаһтың кәміл Уахданиеті туралы айтқан сөздері сондай-ақ, нағыз жақсылық болып табылатын мәңгілік бақыт туралы хабары бүкіл әлемнің жақсылықтары мен кемелдігіне сәйкес келіп әсем үйлесім табуда. Осылайша оның растығы дәлелдене түседі. Демек, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Аллаһтың Уәхданиетін және мәңгілік бақытты сөзбен айтып жеткізуші айғақ, нақты дәлел.

Екінші негіз: Ол адал куәгер және нақты дәлел, барлық пайғамбардан жоғары, мыңдаған мұғжизалар көрсеткен теңдесі жоқ шариғат иесі және бүкіл жындар мен адамзатты жаппай шақырушы болғандықтан, әлбетте барлық пайғамбардың басшысы. Олай болса, барлық пайғамбардың мұғжизаларының сырларын қоса қамтиды. Демек, бүкіл пайғамбарлардың топтасқан қуаттары мен мұғжизаларының куәлігі Оның адалдығы мен растығын нықтай түседі. Ол, тәрбиесі мен көрсеткен тура жолы арқылы және шариғатының нұрымен кемелденген бүкіл әулиелер мен асфиялардың сұлтаны және ұстазы. Олай болса, олардың да яғни әулие, асфиялардың бүкіл кереметтерінің сырларын және бірауыздан растауларын, туралықтарын қоса қамтиды. Өйткені, олар ұстаздары салған және қақпасын ашық қалдырған жолмен жүріп ақиқатты тапқан. Олай болса, олардың бүкіл кереметтері мен ізденістері және бірліктері, әлгі кемшіліктен таза Ұстаздың адалдығы мен дұрыстығын көрсететін сенімді бір дәлел болып, Оның рас екенін анықтай түседі. Әрі ол Уахданиеттің дәлелі алдыңғы өткен ишараларда да баяндалғанындай, анық та айқын мұғжизалар мен таңғажайып оқиғалар арқылы пайғамбарлығы шүбәсіз дәлелденген тұлға, олай болса бүкіл әлем жиналса ол дәлелді жоққа шығара алмайды.

Үшінші негіз: Һәм, әлгі айқын мұғжизалардың иесі, Уахданиеттің делдалы және Мәңгілік Бақытты сүйіншілеген кісінің бойында өте жайсаң мінез, пайғамбарлық міндетке адалдық, жоғары қасиет, әкелген шариғаты мен дінінде керемет құндылықтар бар екенін ең қас жауы да жоққа шығара алмай отыр. Өн бойында және атқарған міндеті мен дінінде ең жоғары, аса көркем мінез, ең жақсы, кәміл әдеттер мен ең құнды сипаттар болғаны рас.

— 213 —

Әлбетте, Ол кісі жаратылыстағы кемелдік пен көркем мінездің үлгісі, өнегесі мен ұстазы. Олай болса, атқарған адал міндеті, дініндегі кемелдік оның растығына және шындығына қай жағынан болсын бұлтартпас, дәлел.

Төртінші негіз: Ол, кемелдіктің кені, көркем мінездің ұстазы, Уахданиет пен Бақыттың делдалы өздігінен айтып жатқан жоқ, оған айтқызып тұр. Иә, әлемнің Жаратушысы айтқызып тұр. Ол Әзәли Ұстазынан дәріс алып, сонан соң дәріс береді. Өйткені, жоғарыда аталған ишараларда біраз баяндалған мыңдаған пайғамбарлық дәлелдер және әлемнің Жаратушысы бүкіл мұғжизаларды Соның қолында жаратуы Ол, Оның (Аллаһтың) атынан сөйлеп, Оның сөздерін жеткізіп жатқандығын көрсетеді. Әрі, Оған түскен Құранның, ішкі-сыртқы қырыққа жуық қыр-сырлары, мұғжизалығы Оның Хақ Тағаланың елшісі, хабарын жеткізуші екендігін көрсетеді. Оның ықыластылығы, тақуалығы, салмақтылығы, сенімділігі және бүкіл іс-әрекеттері мен ахуалы Оның өз атынан, өз пікірімен айтып жатпағандығын, сөзсіз түрде Жаратушысы атынан сөйлеп жатқанын көрсетеді. Һәм Оны тыңдаған бүкіл ақиқат жолындағылар, көзбен көру, зерттеу нәтижесінде сөйлеп жатқан Оның өзі емес, әлемнің Жаратушысы Оны сөйлетіп жатқанын растап, илмеляқин (анық) иман келтірген. Сол арқылы дәріс беріліп жатыр. Олай болса, Оның адалдығы мен растығы осы төрт негіздің бекітуімен нығая түседі.

Бесінші негіз: Һәм, Ол Мәңгі Сөздің (Құранның) аудармашысы әруақтарды көріп, періштелермен сұхбаттасады, жындар мен адамдарға жол көрсетеді. Адамдар мен жындар әлемі ғана емес, рухтар әлемі, періштелер әлемі де дәріс алады. Оның сол әлемдермен байланысы бар, ол жақтан хабар әкеледі, көрсеткен мұғжизалары мен өткен өмірі осыны айғақтайды. Олай болса, көріпкелдер мен басқа да ғайыптан хабар беретіндер, кейде хабарға араласып кететін жындар да, әруақтар да, періштелер де оның хабарына, тіпті Жәбірейілден басқа үлкен періштелер де араласа алмайды. Тіпті, кейде ұзақ уақыт бойы Оның досы болған Хазіреті Жәбірейілді де араластырмайды.

Алтыншы негіз: Һәм, Ол - періштелердің, жындар мен адамзаттың мырзасы. Мына әлем ағашының ең нұрлы, кәміл жемісі, Иләһи мейірімнің үлгісі және Раббани махаббаттың көрінісі, Уахданиеттің ең нұрлы дәлелі, ақиқаттың ең жарқын сәулесі, әлем

— 214 —

тылсымының кілті, жарату сырын ашып беруші, әлем хикметінің мағынасын көрсетуші және Аллаһтың салтанатының делдалы, Раббани әдемі өнерді сипаттаушы және қабілеттілігі жағынан адами кемелдіктің ең ұлық үлгісі.

Ол кісінің осындай сипаттары мен рухани тұлғасына қарап, ол бүкіл әлемнің негізгі мақсаты яғни, бұл әлемнің Жаратушысы соған бола әлемді жаратқандығын, Егер Оны жаратпағанда әлемді де жаратпас еді деуге болады.

Иә, жындар мен адамдарға жеткізген Құран ақиқаттары мен Иман нұрлары және өз болмысындағы жақсы да кәміл мінез, бұл айтылғандарға нақты дәлел.

Жетінші негіз: Һәм, әлгі хақтың дәлелі, ақиқатың сәулесі, өзі әкелген діні мен шариғаты екі дүниенің бақытына қол жеткізетін ереже-заңдарға толы. Жан-жақты болуымен бірге әлемнің ақиқаты мен атқарар міндетін және әлемнің Жаратушысының есім-сипаттарын, аса кәміл ақиқаттарды жетік баяндаған. Ал, Ислам діні мен шариғаты жан-жақтылығы мен кемелдігі сондай, бүкіл әлемді және Жаратушысымен қоса керемет түрде түсіндіріп береді. Оған зер салған жан бұл діннің мына әсем әлемді Жаратушысымен қоса түсіндіріп, баяндап отырған бағдарлама екендігін түсінеді. Мысалға бір сарайдың ұстасы сол сарайға лайық бір түсіндірме жасайды. Өзін таныстыру үшін бір сипаттама жазады. Сол сияқты Ислам діні мен Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатында мына әлем құдіреті күшті біреудің қаламымен жазылғанын көрсететін ауқымды, кәміл, шындық толы баяндау бар. Ендеше бүкіл әлемді осындай толық жүйеге кім енгізген болса, бұл дінді жүйеге келтірген де сол. Иә, әлемдегі толық жүйе әлбетте осындай діндегі тамаша жүйе, тәртіпті қажет етеді.

Сегізінші негіз: Осы айтылған сипаттардың барлығын бойына сіңірген және қай жағынан алғанда да мызғымас негіздерге арқа сүйеген Мұхаммед Арабидің (с.а.у.) бұл дүниеде тұрып ғайып әлемінің атынан жындар мен адамдарға арнап айтқан сөздері әр тарапқа, барлық адамзат пен жындарға, бүкіл ғасырларға естіліп тұр. Иә, естіп тұрмыз!

Тоғызыншы негіз: Сондай зор қуатты дауыспен сөйлеп жатқандығы соншалық, бүкіл ғасыр оны тыңдап, жаңғырған даусын әрбір адам естуде.

— 215 —

Оныншы негіз: Ол кісінің жүріс-тұрысынан да байқалғандай өзі көріп барып хабар беруде. Өйткені, ең қауіпті уақыттарда қобалжымай, шүбәсіз, алаңсыз саспай сөйлейді. Жалғыз өзі әлемге атой салды.

Он бірінші негіз: Бүкіл жігері мен күшін салып дінге шақырды. Жер шарының жартысы, адамзаттың бестен бір бөлігін, "Ләббәйк" (Құп болады), سَمِعْنَا وَ اَطَعْنَا дегізді.

Он екінші негіз: Һәм, Ол өте байсалды түрде шақырып, жақсы өнеге боларлықтай тәрбиелеп, ереже заңдарын ғасырлар қатпарында, шартараптың тастарында нақыштап заманның беттерінде өшпес ою қалдырды.

Он үшінші негіз. Һәм, әкелген үкімдерінің рас екеніне сенімді түрде айтып шақырғаны сондай дүние жүзі жиналып оны айтқанынан бас тартқызып, өкіндіре алмады. Бүкіл өмір тарихы мен ізгі қасиеттері бұған куә.

Он төртінші негіз. Әрі өте сенімді түрде шақырып, мақсатын түсіндіргені сондай ешкімге қарыздар болмай, жалынбай, қандай да бір қиындыққа қарсы мойымай, шүбәсіз, суық қандылықпен және адал түрде, өзгеден бұрын өзі амал етіп, қабыл ете отырып, әкелген үкімдерін жария қылды. Жұрттың бәріне - дос пен дұшпандарына мәлім адал атқарған құлшылығы мен көңілінің тоқтығы және дүниенің фәни сұлулықтарына қызықпай көңілін алшақ ұстауы бұған куә.

Он бесінші негіз. Һәм өзі әкелген дінге бәрінен артық мойынсұнуы және Жаратушысына деген бәрінен де басым құлшылығы мен харам нәрселерден қашуға келгенде бәрінен артық тақуалылығы; Оның Мәңгіліктің Сұлтаны Аллаһтың Жаршысы, Елшісі екендігін анық көрсетеді.

Ол - Мағбуды Билхақтың ең адал құлы және Келам-ы Әзәлидің аудармашысы.

Осы он бес негіздің нәтижесі мен түйіні: Айтылған сипаттарға ие бұл Адам а.с. бүкіл қуатымен, бүкіл өмірінде қайталап, әрдайым:

﴿ فَاعْلَمْ اَنَّهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ ﴾

деді, Уахданиетті жария қылды.

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَيْهِ وَ عَلٰٓى اٰلِهِ عَدَدَ حَسَنَاتِ اُمَّتِهِ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
— 216 —

Аллаһтың сыйы және Раббани жәрдемінің белгісі

﴿ وَ اَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ ﴾

мағынасына сай болу үмітімен айтарым: Осы кітап жазылып жатқанда Аллаһ Тағаланың қалай жәрдем еткенін және Оның рахымы қалай көрінгенін баяндайын. Сонда бұл кітапты оқығандар одан сайын мән беріп қарайтын болады.

Негізінде, осы кітапшаны жазу ойымда да жоқ еді. Себебі, Отыз бірінші және Он тоғызыншы Сөздерде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елшілігі туралы баяндалған болатын. Кенет осы кітапшаны жазуға мәжбүрлейтін бір ой келді. Алайда денсаулығым айтарлықтай емес әрі ауыр қыспқтардың салдарынан ес қалмады деуге болады. Әрі әдетім бойынша бір нәрсе жазарда нақыл жолымен "қала, қила" - (айтыпты, депті) дегенді ұнатпаушы едім. Һәм қолымда хадис немесе сияр кітабы жоқ болатын. Сонда да тәуекел деп бастадым. Жазылуы сәтті болғаны сондай Бұрнғы Саидтың есте сақтау қабілетінен әлдеқайда қуатты жадымның күшін сезіндім. Бас-аяғы екі-үш сағаттың ішінде отыз-қырық бет жазылып жатты. Бір сағатта он бес бет жазылды. Басым көпшілігі Бұхари, Муслим, Бейхақи, Тирмизи, Шифай Шәриф, Әбу Нуайм, Табери сияқты кітаптардан нақыл етілді. Алайда мұндай риуаятта қате жіберілсе (хадис болғандықтан) күнә жазылуы мүмкін. Сондықтан жүрегім толқып, қорыққаным да рас. Бірақ, кейін Аллаһтың өзі жәрдем етіп тұрғаны байқалды. Һәм қажеттілік бар. Иншааллаһ сахих түрде жазылды деп ойлаймын. Егер кейбір хадистердің сөздерінде немесе риуаят қылушы адамның есімі қате жазылған болса жөндеп, кешіріммен қарауын бауырларымнан өтінемін.

Саид Нұрси
— 217 —

Иә, рас. Бұл жазбаны Ұстазымыз айтып жатқанда, біз шимай қағазға жазып отырушы едік. Қарап отырып жазатын қолында ешқандай да кітабы жоқ болатын. Бірден, өте жылдам түрде айтып отырады. Біз де жазып үлгіруге тырысатынбыз. Екі-үш сағатта отыз қырық, кейде одан да көп парақ жазылатын.

Бұл сәттіліктің Пайғамбарымыздың мұғжизасының бір кереметі екеніне біздің де еш күмәніміз қалмады.

Әрдайымғы қызметшісі: Абдуллаһ Чавуш.

Қызметшісі әрі алғаш хатшысы: Сүлеймен Сами.

Алғаш хатшысы әрі ақырет бауыры: Хафыз Халид.

Алғаш хатшысы әрі таза бетке көшіруші, хатшы: Хафыз Тәуфиқ.

— 218 —

Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизалары бөлімінің бірінші қосымшасы

[Он тоғызыншы сөз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елшілігі туралы болғандықтан орайы келіп осы жерге жазылды.]
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾

Он төрт тамшыдан тұратын он төртінші Леманың бірінші тамшысы.

Бізге Раббымызды таныстыратын үш үлкен таныстырушы бар.

Біріншісі: Алып кітап тәрізді мына ғалам. Оның қалай куәлік ететіндігін. Он үш Лема Нұр шығармаларының Он үшінші сабағында тыңдадық.

Екіншісі: Осы ұлы кітаптың ең ұлы аяты болып саналатын соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.).

Үшіншісі: Қасиетті Құран Кәрім.

Ендігі кезекте, Аллаһтың аяттарын тілмен жеткізуші ұлы куәгер, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (с.а.у.) танып, тыңдауымыз керек. Оның рухани тұлғасына назар аударайық. Оған жер жүзі - мешіт. Мекке - михраб. Мәдина - минбер. Бұлтартпас дәлел болып саналатын Пайғамбарымыз (с.а.у.) барлық имандыларға имам. Адамзаттың барлығына хабаршы. Пайғамбарлардың көсемі. Әулиелердің сұлтаны. Әнбиялар мен әулиелерден құралған зікір алқасының серзакирі яғни жетекшісі. Ол бейне бір нұрлы ағаш. Барлық әнбия оның өміршең тамырлары. Бүкіл әулиелер оның тамылжыған жемістері. Мұғжизаларына сүйенген барлық пайғамбарлар және керемет әулиелер, ол көтерген мәселелердің барлығын қолдап, растауда.

Өйткені, Ол: لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ деп жар салуда.

Оның оң және сол жағындағылары, яғни алдыңғы пайғамбарлар мен кейінгі әулиелер сап түзеген нұрлы зікіршілер оның сөзін қайталап, бір ауыздан "дұрыс, нағыз шындықты айттың" деуде. Осындай сансыз қолдау көрген мәселеге, қандай күдік қарсы келе алады.

— 219 —

Екінші тамшы: Әлгі тәухидтің нұрани дәлелі екі жақты қолдау тауып отыр. Тәурат пен Інжіл секілді қасиетті кітаптарда {Сілтеме*: Атақты ғалым Хусейн-і Джисри "Рисале-и Хамидие" атты кітабында сол семауи кітаптардың ішінен жүз он төрт ишара - белгі тапқандығын жазады. Өзгеріске ұшырағанның өзінде мұнша ишара болса әлбетте одан бұрын көптеген белгі хабарлар болған.} ол туралы жүздеген дәлелдер бар.

Пайғамбарымызға пайғамбарлық берілмей тұрғанда көрініс тапқан мыңдаған оқиғалар, ғайыптан хабар беруші жындардың сүйіншілері, шыншыл көріпкелдер мен сәуегейлердің бірдей куәліктері, сондай-ақ, Шаққы Қамар (Айдың екіге бөлінуі) сияқты мыңдаған мұғжизалардың дәлелдеуі, және шариғаттың туралығы бұл мәселені толық растайды. Сондай-ақ, мінез-құлқының кемелдігі, табиғатының әсемдігі, аса сенімділігі, қуатты иманы, берік сенімі, мұны дәлелдейтін аса тақуалығы, көп құлшылық етуі, мақсатына адалдығы, өз ісіне беріктігі, ықыласы, Оның хақ пайғамбар екендігін күн нұрындай етіп анық көрсетуде.

Үшінші тамшы: Қаласаң жүр! Оның өмір сүрген дәуіріне, Бақыт ғасырына, араб жазирасына барайық. Қиялмен болсын оны қызмет басында, өз орнында көріп зиярат қылайық. Міне, қарашы! Алдымызда жан сұлулығы мен тән сұлулығы жарасқан ерекше көркем бір тұлға. Қолында мұғжизалы кітап. Тілінде ақиқатқа толы маржан сөз. Күллі адамзатқа, тіпті жындар мен періштелерге, тіпті бүкіл жаратылыс атаулыға өзінің өміршең үндеуін оқып тұр. Әлемнің жаратылуына себеп болған ғажайып сырды түсіндіруде. Бүкіл жаратылыс атаулының құпия тылсымын ашып, анықтап беруде. Саналыларды сан ойландырып, ақылдыларды көп мазалаған үш қиын да ауыр "Кімсің? Қайдан келесің? Қайда барасың?" деген сұрақтарға, қанағаттанарлық жауап беруде.

Төртінші тамшы: Зер сал! Ол, ақиқат нұрын шашуда. Егер мына әлемге оның нұрлы да ақиқатты үйрететін назарымен қарамасаң, бүкіл әлемді жылап-сықтау орны деп түсінесің. Жаратылысты бір-біріне бейтаныс, тіпті жау деп білесің. Алып денелерді жаназа, рух иелерін де қоштасу мен көз жазып қалудан зар еңіреген жетімдер түрінде көресің. Солай көрінеді. Тағы да зер сал! Енді, Пайғамбарымыз жеткізген нұрдың сәулесімен әлгі жылап-сықтау орны қуаныш пен шаттыққа толы зікірханаға айналды. Бейтаныс, бір-біріне

— 220 —

жау жаратылыс, бір-бірінің досы, бауыры болып шықты. Жансыз, меңіреу, өлі денелер жағымды, өзіне лайық қызмет атқарушы екен. Жылап-сықтап, шағым айтқан жетімдер тәсбих айтып зікір салушы құлдар немесе өз міндетін адал атқарып, демалысқа шыққандар екен.

Бесінші тамшы: Сол нұрдың саясында әлемдегі қозғалыстар, өзгерістер мен құбылыстар мәнсіз, мағынасыз, кездейсоқтықтың тәлкегі болудан құтылып, Раббани хатқа, ұлы аяттардың парақтарына, Иләһи есімдердің айнасына айналды. Бүкіл әлем Аллаһтың даналық кітабы дейтін жоғары мәртебеге көтерілді.

Адамды хайуаннан бетер төменгі дәрежеге түсіретін сансыз қажеттіліктері мен әлсіздігі, пақырлығы мен бейшаралығы және уайым мен қайғыға салып, бүкіл хайуаннан сорлы қылатын ақыл-ой, пайғамбарымыз әкелген әлгі нұрмен нұрланған кезде, адамды бүкіл хайуаннан, тіпті жаратылыстан үстем қылып, ең жоғарғы дәрежеге шығаратын құралға айналады. Сол нұрлы ақылымен және әлсіздігі, пақырлығы арқылы, және жалбарынып жасаған дұғасының арқасында ерке сұлтанға және жер бетінің назды халифасына айналады. Демек ол нұр болмаса, бүкіл әлем де, адамзат та, тіпті болмыс атаулы түкке тұрғысыз болып, мәнін жоғалтар еді. Әлбетте, мұндай таңғажайып әлемге осындай ғажап бір кісі керек. Әйтпесе, бүкіл әлем де жер де ғарыш та болмас еді.

Алтыншы тамшы: Міне, ол кісі мәңгі бақыттың бар екенін хабарлап, сүйіншілеген. Мол мейірімге бөлейтін жол көрсетіп, оны жар салған. Аллаһтың салтанатындағы әсем өнердің делдалы, ойшыл да талғампаз көрермені. Аллаһтың есімдерінің қазынасын ашып көрсетуші. Осы тұрғыдан қарасаң, ол құлшылығы жағымен Аллаһтың киелі махаббатының көрінісі, мейірімділіктің үлгісі, адамзаттың абыройлысы, жаратылыс ағашының жемісі. Енді, пайғамбарлығы тұрғысынан қарасаң, Аллаһтың дәлелі, ақиқаттың шырағы, тура жолдың күн көсемі, бақыттылықтың себебі. Міне, оның жарқ еткен жарқын нұры шығыс пен батысқа жайылды. Жер шарының жартысы және адамзаттың бестен бір бөлігі ол сыйлаған тура жолды қабыл алып, асыл дінін бауырына басты. Осындай асыл жанның көтерген бүкіл мәселесінің өзегі болған لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ деген ақиқатты толық қабылдамайтын біздің нәпсіміз бен шайтанымызға не болған?

— 221 —

Жетінші тамшы: Назар аудар! Сонау алып түбекте өмір сүрген жабайы, әдет ғұрыптарына өте берік, саны көп, өздері қырсық қауымдарға тез арада жаман әдеттері мен жабайы мінездерін қойғызып, олардың бойына жақсы мінез-құлық сіңдірді. Оларды бүкіл әлемге мұғалім, мәдени қоғамдарға ұстаз қылды. Бұл сырттай, жай үстемдік емес-ті. Олардың ақылы мен рухына, жүрегі мен нәпсісіне дейін баурап алды. Ол күллі жүректердің сүйіктісі, ақыл атаулының ұстазы, барлық нәпсілердің тәрбиешісі, бүкіл рухтардың сұлтаны атанды.

Сегізінші тамшы: Саны аз қауымға мәртебесі жоғары бір патша темекі секілді жай бір әдетті өте көп күш жұмсап қана қойдыра алады. Ал, бұл кісі әдет ғұрыптарына берік, қырсық әрі көп қауымдарға көптеген әдет-ғұрыптарын былай қарағанда азғана күшпен, аз уақыт ішінде қойғызды. Ол әдет ғұрыптардың орнына асыл қасиет, биязы мінез, әдемі әдеп үйретті. Осындай көптеген керемет іс тындырды. Сол бақыт ғасырын көрмей Пайғамбарымызға сенбей жүрген бейбақтарға араб түбегін көздеріне шұқып тұрып айтарымыз: Жүздеген философтарды жинап сол жаққа барсыншы. Жүз жыл еңбек етсін. Ол кісінің сол кезеңдегі бір жылда атқарған еңбегінің жүзден бірін атқара алар ма екен?

Тоғызыншы тамшы: Беделі орташа қарапайым адам, кішкентай, бірақ кісіні ұятқа қалдыратын жалған мәселені қарсыластарының алдында қорықпай, айласын сездірмей, абыржымай айта алмайды. Ал, мына кісіге қара! Оның мойнына өте маңызды міндет, күрделі жауапкершілік жүктелген. Беделі өте жоғары. Сақтануға аса мұқтаж, әрі қауіпті жағдайда, қалың топқа, өте азулы жаудың алдында, өте маңызды мәселелерді, емін-еркін, қорықпай, еш алаңдамай бүкпесіз, абыржымай, шынайы түрде, ықыласпен, кейде қарсыластарының намысына тиетіндей өткір, жандарына батыра айтқан сөздері өтірік болуы мүмкін бе? Қандай да бір айла-қулықтың араласуы әсте мүмкін бе? Жоқ.

﴿ اِنْ هُوَ اِلَّا وَحْىٌ يُوحٰى ﴾

Иә, ақиқат алдамайды. Ақиқатшыл алданбайды. Оның ақиқатшыл жолы айладан ада. Ақиқатшылдың көзіне қиял, елестер ақиқат болып көрінуі әсте мүмкін емес. Жоқ алдай алмайды.

Оныншы тамшы: Неткен тартымды, аса маңызды, өте қызықты, таңғажайып ақиқатқа толы мәселелерді көтеріп әрі

— 222 —

дәлелдеген десеңші. Адам баласынының ынтасын арттырып әрекет еткізетін күш - қызығушылық екен. Тіпті, саған "өмірің мен дүниеңнің жартысын берсең Айдан, Есекқырғаннан (Юпитер) біреу келіп, Айда, Есекқырғанда не бар екенін айтып, ол жақтағы жағдайды түсіндіріп береді және сенің болашағыңды, қандай оқиғалар бастан кешетініңді айна қатесіз айтып береді" десе, қызығып, өмірің мен дүниеңнің жартысын беруге келісе кетесің. Ал бұл кісі Ғажап Ұлы Сұлтанның хабарын жеткізуде. Аспандағы ай Ол Сұлтанның қол астындағы, бір отты айналып жүрген шыбын секілді, жер шары болса шамды шыр айналған көбелектей. Ал сол шам тәріздес күн әлгі Сұлтанның мыңдаған шам-шырақтарының ішінде бір ғана шамы. Бұдан да басқа ғажайып әлемдер мен керемет ғажайып құбылыстар жайында хабар беруде. Егер мыңдаған жер шары бомба болып жарылса, оның әлгіндей ғажайып хабарындай болмас еді.

Оның аузынан шыққан:
اِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ ٭ اِذَا السَّمَٓاءُ انْفَطَرَتْ ٭ اَلْقَارِعَةُ

Құран сүрелерін тыңда! Бұл аяттар жарқын болашақтан хабар беруде. Ақыреттегі болашақтың жанында мына дүниеуи болашақ бір тамшыға да татымайды. Һәм нағыз бақыт жайлы хабар беруде, дүниенің бар бақыты ол бақыттың қасында түк емес, ол бейне бір мәңгі сөнбес күнді жарқ етіп сөніп қалатын найзағаймен салыстыр ғандай.

Он бірінші тамшы: Сапырылысқан мына құбылыстардың сыртында осындай ғажайып әлем бізді күтіп тұрғаны хақ. Мұндай ғажайып әлемнен хабар беру үшін осындай керемет, аса мұғжизалы бір кісі керек. Ол кісінің жүріс-тұрысынан байқайтынымыз, мұның бәрін өзі көрген және көріп отыр, көргендерін айтып тұр. Һәм, "бізді нығметтерімен азықтандырушы және аспан әлемі мен жер жүзінің Жаратушы Иесі бізден не сұрайды, не талап етеді?" Осының бәрін бізге нақтылап жеткізуде. Дәл осындай көптеген қажетті де қызығарлық маңызды ақиқаттар жайында хабарлаған осы кісіге бәрін тастап ден қойып тыңдаудың орнына, тіпті солай қарай жүгірудің орнына, селқос қарап мән бермейтін мына адамзатқа не болған? Адам танымас болғаны ма? Мына ақиқаттарды көрмейтіндей, естімейтіндей, түсіне алмайтындай мәңгүрт боп қалғаны ма?

— 223 —

Он екінші тамшы: Мына әлемді Жаратқан Аллаһтың жалғыз екендігі қаншалықты анық болса, соншалықты бұл Кісі де Аллаһтың бар және бір екенін хақ тілмен жеткізуші нақты дәлел болып саналады. Ол сонымен қатар қайта тірілу мен мәңгі бақыттың айқын және ұлы дәлелі. Ол кісі мәңгі бақыттың орнауына бірден бір себеп және оған қол жеткізуге ұйытқы. Сонымен қатар, дұғасымен әлгі мәңгі бақыттың орнауына, жаратылуына себеп. Қайта тірілу жайында айтылған мына сырды осы арада қайталаған орынды болар еді.

Назар сал! Оның намазы мен дұғасы сондай ұлық, Онымен бірге бүкіл Арабия, тіпті Жер шары намаз оқып, дұға етеді. Сондай-ақ, онымен бірге дұға ететін жамағаттың үлкендігі сонша Адам (а.с.) заманынан бері қарайғы бүкіл адамзат, оның ішінде де ең кәмілдері оның дұғасына қосылып, "әмин" деп қол жаюда. Һәм оның дұғасының қабыл болғанын тілейтіндердің көптігі сонша, Жер шарындағы жаратылыстың барлығы және аспан әлеміндегі барша болмыс атаулы "О, Раб! Тілеуін бере гөр! Біз де соны тілейміз" деп оның дұғасына қосыла жалбарынуда. Һәм пақыр, мұңлы халде, сүйкімді түрде өз қалау тілектерін кішіпейілдікпен өтінуде. Мұны естіген бүкіл жаратылыс атаулы көздеріне жас алып, оның дұғасына қосылып қол жаюда. Ол дұғаның мағынасына үңіліп көрдің бе?. Ол дұға адамзатты тіпті бүкіл әлемді, барлық жаратылыс атаулыны қадірі түсіп түкке аспай қалудан, үні өшіп жоқ болудан, қадір-қасиеттен жұрдай болып ең төменгі дәрежеге құлдыраудан құтқару үшін жасалған дұға. Ол баршаның қадір қасиетін арттырып, мәңгі жасауға, бастан ұлы міндет жүктелгендердің қатарына қосып, оларды ең биік дәрежеге шығаруын өтінуде. Оның медет сұрап жалбарынған тәтті үніне аспан, жер, ғарыштағы жаратылыс атаулы шабыттана ұйып, дұғасына қосылып, "Амин, Аллаһумма амин" дейді.

Һәм ол қажеттіліктерін Самиғ, Кәрім, Қадирдан, Басир, Рахим, Алим біреуден сұрайды. Ал, Ол көзге көрінбейтін ұсақ нәрсенің қажеттіліктерін көріп, естіп, қабыл алып қамқорлық жасайды. Хал тілімен сұраса да береді. Аса әділдікпен, көрегендікпен, мейірімділікпен міндетті түрде жауап береді. Демек өтінішті орындау Самиғ, Басир, Кәрім, Рахим Аллаһқа тән.

Он үшінші тамшы: Адамзат баласының таңдаулы тұлғаларын соңына ертіп, ғарышқа шығып, Ғарыш Ағзамға бет бұрып, қол жайған дұға қылушы, адамзаттың абыройлысы, ешқашан ешбір

— 224 —

теңдесі табылмаған жаратылыс атаулының мақтанышы болған осы асылзат не қалайды? Енді Соны тыңдайық! Мәңгі бақыт сұрайды. Мәңгілік қалайды. Бақиға қауышуды қалайды. Жұмақ керек дейді. Сол жұмақты барлық жаратылыс, атаулыға сәулесі түсіп, үкімі жүріп тұрған Аллаһтың киелі көркем есімдерімен бірге сұрайды. Рахмет, Инает, Даналық, Әділет секілді жұмақты талап ететін себептер болмағанның өзінде Пайғамбарымыздың бір ғана дұғасы әлгі өтініштің орындалуына жеткілікті себеп. Иә, Аллаһ Тағалаға жұмақты жарату көктемді жарату сияқты оңай. Оның пайғамбарлығы мына емтихан алаңының ашылуына себеп болғанындай, оның құлшылығы да ақырет әлемінің ашылуына себеп болған.

Даналар мен зерттеушілерге

لَيْسَ فِى الْاِمْكَانِ اَبْدَعُ مِمَّا كَانَ

дегізген мына ұлы керемет жүйе, мейірімділік толы тамаша өнер және теңдесі жоқ Рубубиеттің сұлулығы зұлымдық пен жүйесіздікпен, жағымсыздықпен, мейірімсіздікпен әсте үйлеспейді? Ондай келеңсіз жайттарды қабыл көрмейді. Ең қарапайым, онша маңызы жоқ тілектер мен дауыстарға аса мән бере қарап, талап-тілектерді орындап, ал өте маңызды, аса қажет талап-тілектерді естімеуі, оларға мән бермеуі мүмкін бе? Әсте мүмкін емес. Жоқ, жоқ мүлдем олай емес. Мұндай әсемдік, ондай жағымсыздыққа жол бермейді. Жағымсыз болмайды.

Ей, достым! Әзірге жетер, кері қайтайық. Әйтпесе бұл жерде жүз жыл қалсақ та ол кісінің тындырған ғажайып істері мен таң қаларлық қызметтерінің жүзден бірін толығымен қамтып, тамашасына тоя алмаспыз. Енді әр ғасырға жеке-жеке назар салайық. Әр ғасырдың, сол бір бақыт күнінің шуағымен қандай әсем гүлдер ашқанын көрейік. Әбу Ханифа, Шафи, Баязид Бистами, Шах Гейлани, Шах Нақшибенд, Имам Ғазали, Имам Раббани секілді миллиондаған рухани да нұрлы жемістер берген. Көргендерімізді жеке-жеке түсіндіруді басқа уақытқа қалдыра тұрып, сол бір таңғажайып бақыт сыйлаушыға, оның мұғжизаларына ишара ететін салауат айтайық!

عَلٰى مَنْ اُنْزِلَ عَلَيْهِ الْفُرْقَانُ الْحَك۪يمُ مِنَ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ٭ مِنَ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ اَلْفُ اَلْفِ سَلَامٍ بِعَدَدِ حَسَنَاتِ اُمَّتِه۪ عَلٰى مَنْ بَشَّرَ بِرِسَالَتِهِ التَّوْرٰيةُ وَ الْاِنْج۪يلُ وَ الزَّبُورُ ٭ وَ بَشَّرَ بِنُبُوَّتِهِ
— 225 —
الْاِرْهَاصَاتُ وَ هَوَاتِفُ الْجِنِّ وَ اَوْلِيَٓاءُ الْاِنْسِ وَ كَوَاهِنُ الْبَشَرِ ٭ وَ انْشَقَّ بِاِشَارَتِهِ الْقَمَرُ ٭ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ سَلَامٍ بِعَدَدِ اَنْفَاسِ اُمَّتِه۪ ٭ عَلٰى مَنْ جَٓائَتْ لِدَعْوَتِهِ الشَّجَرُ وَ نَزَلَ سُرْعَةً بِدُعَٓائِهِ الْمَطَرُ وَ اَظَلَّتْهُ الْغَمَامَةُ مِنَ الْحَرِّ ٭ وَ شَبَعَ مِنْ صَاعٍ مِنْ طَعَامِه۪ مِأَتٌ مِنَ الْبَشَرِ وَ نَبَعَ الْمَٓاءُ مِنْ بَيْنِ اَصَابِعِهِ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ كَالْكَوْثَرِ وَ اَنْطَقَ اللّٰهُ لَهُ الضَّبَّ وَ الظَّبْىَ وَ الْجِذْعَ وَ الذِّرَاعَ وَ الْجَمَلَ وَ الْجَبَلَ وَ الْحَجَرَ وَ الْمَدَرَ صَاحِبِ الْمِعْرَاجِ وَ مَازَاغَ الْبَصَرُ ٭ سَيِّدِنَا وَ شَف۪يعِنَا مُحَمَّدٍ اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ سَلَامٍ بِعَدَدِ كُلِّ الْحُرُوفِ الْمُتَشَكِّلَةِ فِى الْكَلِمَاتِ الْمُتَمَثِّلَةِ بِاِذْنِ الرَّحْمٰنِ فِى مَرَايَا تَمَوُّجَاتِ الْهَوَٓاءِ عِنْدَ قِرَائَةِ كُلِّ كَلِمَةٍ مِنَ الْقُرْاٰنِ مِنْ كُلِّ قَارِءٍ مِنْ اَوَّلِ النُّزُولِ اِلٰٓى اٰخِرِ الزَّمَانِ وَ اغْفِرْلَنَا وَ ارْحَمْنَا يَٓا اِلٰهَنَا بِكُلِّ صَلَاةٍ مِنْهَا اٰم۪ينَ

"Шуааты марифетун Нәби" атты түрікше шығармада және Он тоғызыншы хат пен осы Он тоғызыншы Сөзде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы жазылған.

Ол жерде Құран Хакимнің мұғжиза екендігі де қысқаша баяндалған-ды. "Лемаат" атты тағы бір түрікше шығармамда және Жиырма бесінші Сөзде Құранның қырық жағынан мұғжиза екендігі қысқаша баяндалды. Мұнда қырық түрлі мұғжизаларға ишара жасалды. Тек мұндағы өлең түріндегі көркем сөзді "Ишаратул ижаз" атты арабша тәпсірімде қырық бет етіп жазған едім. Қажет деп білгендер, сол үш кітапты оқысын.

Он төртінші тамшы. Мұғжизалар қазынасы және үлкен мұғжиза болған Құран Хаким Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы арқылы Аллаһтың бір екендігін нақты және бұлтартпас түрде дәлелдейді. Басқа дәлелге қажет жоқ. Біз қазір Құран Кәрімнің базбіреулер тарапынан сынға ұшыраған бір-екі түсіндіру әдісінің мұғжизалы

— 226 —

сәулесіне ишара жасаймыз. Міне, Раббымызды таныстырушы Құран Хаким, Әлем атты мына ұлы кітаптың ежелден бергі аудармасы, Жер мен Көктің парақтарында жасырын жатқан Иләһи есімдердің қазынасын ашып беретін кілт және көзге көрініп тұрған мына әлемнің сыртындағы ғайыптар әлемінен келетін Рахмани ілтипаттар мен ежелден бергі айтылып келе жатқан асыл сөздердің қазынасы. Исламның рухани әлемінің күні, іргетасы, ақыреттік әлемнің картасы, Аллаһтың сипаттары мен істерінің мағынасын түсіндіруші, тәпсірлеп, анықтап беруші, сөйлеуші дәлел, нұр шашқан аудармашы, адамзаттың тәрбиешісі, даналықтың қайнары, бақыт жолын көрсетуші ұстаз...

Һәм, даналық кітабы, шариғат кітабы, дұға мен құлшылық кітабы. Бұйрықтар мен шақыру кітабы. Ілім мен зікір кітабы. Адамзаттың барлық рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кітап. Әр түрлі тариқаттағы әулиелер мен сыддықтардың, асфиялар мен ақиқатқа қол жеткізгендердің әрқайсысына өз жолына лайық нұсқаушы тауып беретін "Киелі кітапхана".

Құран Кәрімнің кейбіреулерге кемшілік болып көрінген қайталануындағы мұғжизауи сәулелеріне назар аударалық. Құран - зікір кітабы, дұға кітабы, тура жолға шақыру кітабы болғандықтан, қайталау өте жарасымды, көркем және қажет. Кемшілік деп есептеушілердің ойлағанындай емес. Өйткені, қайталау арқылы зікірдің мәнісі артып нұрлана түседі. Дұғаның мәні - қайталау. Қайталау - әмір мен шақыруға күш береді. Оның үстіне жұрттың бәрі Құран Кәрімді толық оқи алмайды. Дегенмен бір сүрені оқуға толық мүмкіндігі бар. Сондықтан, Құранның ең маңызды мақсаттары көптеген ұзақ сүрелерге жинақталып, әрбір сүре қысқаша бір Құран тәрізді. Сондықтан ешкімді де мақұрым қалдырмау үшін Тәухид, Хашир, Мұсаның (а.с.) қиссалары секілді кейбір мәселелер қайталанып отырады. Оның үстіне заттық қажеттіліктердің әртүрлі болатынындай, рухани қажеттіліктер де әртүрлі болады. Адам олардың кейбіріне әрдайым мұқтаж. Мысалға, денеге ауа, рухқа Һуә арқашан қажет. Кейбіреуі, мысалға بِسْمِ اللّٰهِ деуге сағат сайын мұқтаж, тағысын тағы. Демек, аяттардың қайталануы қажеттіліктің қайталануынан туындайды. Сол қажеттілікті еске түсіріп, оятып, ынталандыру және сол талап-тілектерді қоздыра түсу үшін қайталану қажет.

— 227 —

Құран - негіз. Ол - іргетас. Тура жолды көрсетуші діннің өзегі. Ислам дінінің тірегі. Адамзаттың қоғамдық өміріне өзгерістер еңгізіп, әр түрлі топтың қайта-қайта қоятын сұрақтарына жауап. Бір нәрсенің іргетасын қалаушыға жан жақты анықтап бірнеше қайталау қажет. Нығайта түсу үшін, қайталау қажет. Дем беріп, күшейте түсу үшін тағы да қайталап, анықтап отыру керек. Сондай-ақ, Құран өте маңызды, өте терең ақиқаттарды түсіндіреді. Оларды баршаның жүрегіне орнықтыру үшін қайта-қайта қайталап, жан-жақты түсіндіріп отыру керек. Сонымен қатар, ол қайталанулардың жазылуы ғана бірдей. Алайда әр бір аяттың өзіндік орны, көп мағыналары, көп пайдалары, әр түрлі дәрежелері бар. Әр жерде әр түрлі мағына, әр түрлі пайда, әр түрлі мақсат үшін айтылады.

Құранның болмысқа қатысты кейбір мәселелерді ашық баяндамай, қысқаша айтуы, білімге жетелеудің мұғжизалы сәулесі. Сыныққа сылтау іздейтін хақ жолдан тайғандар мен дінсіздердің ойлағанындай ол кемшілік емес.

Егер: "Құран Хаким жаратылысты неге философияның түсіндіргеніндей етіп түсіндірмейді? Кейбір мәселелерді қысқа қайырады. Кейбіреулерін көпшіліктің көзқарасында жағымды, қарапайым бұқараның ой-санасын сан-саққа жүгіртпей сезімдерін шаршатпай, өте анық та қарапайым тілмен жеткізеді" десең, жауап ретінде былай дейміз: Себебі, философия ақиқаттың жолынан адасқан. Алдыңғы дәрістер мен Сөздерден әлбетте түсінген боларсың, Құран Кәрім Аллаһтың есімдері мен сипаттарын түсіндіру үшін жаратылыс атаулыны тілге тиек етеді. Яғни, мына жаратылыс кітабының мағыналарын түсіндіріп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзі үшін емес Жаратушысын таныстыру үшін қарайды. Сондай-ақ, сөзін баршаға арнайды. Философия болса болмысқа өзі үшін қарап өзінен шыға алмай шектеліп қалады әрі көбіне сөзін оқымыстыларға белгілі бір топқа арнайды. Құран Хаким, жаратылысты дәлел ретінде ұстайды. Көпшілікке түсіндіру оңай болуы үшін айғақ анық болуы керек. Құран - жөн сілтеуші, ағартушы, ұстаз. Олай болса сөзін адамзаттың барлық сыныпына арнайды. Негізгі топ - қарапайым бұқара. Әрине, оларға қажеті шамалы нәрселерді жалпылама түсіндіреді, кейде егжей-тегжейлі айтпайды, тұспалдап қана жеткізеді. Маңызды да күрделі

— 228 —

мәселелерді мысалдар арқылы түсіндіреді. Қарапайым халықты шатастырмау үшін сырт көзге айқын, көрініп тұрған нәрселерді өзгеріссіз, сол қалпында баяндайды. Мысалға: "Күн айналып тұрған шырақ" дейді. Күнің өзі үшін емес, әрі оның жаратылысы қандай екенін баяндамайды. Оның белгілі бір жүйенің мәйегі тәртіптің орталығы тәртіптің орталығы екендігін, ал жүйелілік және тәртіп Жаратушысын танытуда үлкен рол ойнайтын, айна екендігін баяндайды.

Иә, аятта:

وَ الشَّمْسُ تَجْر۪ى

дейді. "Күн айналады" сөзі арқылы қыс пен жаздың, түн мен күннің алмасуындағы керемет басқару жүйесін еске түсіріп Жаратушының ұлықтығын түсіндіреді. Мұндағы "айналу" сөзі қалай болғанда да баяндалуы қажет, көз алдымыздағы жүйенің тәртібіне нұқсан келтірмейді.

Тағы да

﴿ وَ جَعَلَ الشَّمْسَ سِرَاجًا ﴾

дейді. Мұндағы "сирадж" сөзі арқылы мына әлемді сарай сияқты суреттейді. Ішіндегі заттар болса, адамдар мен басқа да тіршілік иелеріне арналған әсем бұйымдар. Күн бағынышты шырағдан секілді екендігін еске түсіру арқылы Жаратушының рахметі мен жарылқауын аңғартады.

Ал енді тілі мен жағына сүйенген философия не дейді? Ол: "Күн лаулап тұрған алып от. Өзінен бөлініп шыққан планетеларды айналасында ұстап, айналдырып тұрады. Үлкендігі мұндай, жаратылысы мұндай"... дейді. Адам рухына қатты үрей мен қорқыныш ұялатып, таңдандырғаннан басқа еш нәрсе бермейді. Рухтың кемелдік ілімін алуына кедергі болады. Құран секілді баяндамайды. Бұдан сырты сұлу, іші бос, жылтыраған философияның құны қанша екенін түсін. Пәлсәпәнің сыртқы суретіне алданып, Құранның мұғжизалы баянына құрметсіздік қылма.

Ескерту: Арабша Рисалей-Нұрда Он төртінші тамшының алты бөлімі, оның ішінде төртінші бөлімінің алты тұжырымы Құран Хакимнің қырық түрлі мұғжизаларының он бесін баяндайды. Сол жерде толық айтылғандықтан қазір қысқаша баяндалды. Қаласаң соны оқы. Мүғжизалар қазынасын табасың.

اَللّٰهُمَّ اجْعَلِ الْقُرْاٰنَ شِفَٓاءً لَنَا مِنْ كُلِّ دَٓاءٍ وَ مُونِسًا لَنَا فِى حَيَاتِنَا وَ بَعْدَ مَمَاتِنَا وَ فِى الدُّنْيَا قَر۪ينًا وَ فِى الْقَبْرِ مُونِسًا وَ فِى الْقِيَامَةِ شَف۪يعًا
— 229 —
وَ عَلَى الصِّرَاطِ نُورًا وَ مِنَ النَّارِ سِتْرًا وَ حِجَابًا وَ فِى الْجَنَّةِ رَف۪يقًا وَ اِلَى الْخَيْرَاتِ كُلِّهَا دَل۪يلًا وَ اِمَامًا بِفَضْلِكَ وَ جُودِكَ وَ كَرَمِكَ وَ رَحْمَتِكَ يَا اَكْرَمَ الْاَكْرَم۪ينَ وَ يَا اَرْحَمَ الرَّاحِم۪ينَ اٰم۪ينَ ٭ اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى مَنْ اُنْزِلَ عَلَيْهِ الْفُرْقَانُ الْحَك۪يمُ وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ٓ اَجْمَع۪ينَ اٰم۪ينَ
اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси
— 230 —

ШАҚҚ-Ы ҚАМАР

МҰҒЖИЗАСЫ ЖАЙЛЫ
(Он тоғызыншы және Отыз бірінші Сөздерге қосымша)
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ اِقْتَرَبَتِ السَّاعَةُ وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ ٭ وَاِنْ يَرَوْ اٰيَةً يُعْرِضُوا وَ يَقُولُوا سِحْرٌ مُسْتَمِرٌّ ﴾

Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизасының айқын дәлелі болған Айдың екіге бөлінуін, ылаң салғыш пәлсапашылар және олардың бұзық ойларына ерген ессіз ермелер халықтың күмәнін туғызу үшін былай дейді: "Егер айдың екіге бөлінгені рас болса, онда бүкіл әлемге мәлім болар еді. Барлық адамзат тарихы мұны әлемге жар салып хабарламай ма?"

Жауабы: Айдың екіге бөлінуі Пайғамбардың сөзіне дәлел болу үшін, оның айтқан сөздерін естіген және соны жоққа шығарғысы келген құзырындағы бір топ адамға арналған түнде, ұйқы уақытында, кенеттен көрсетілгендіктен және күн шығатын мезгіл әр жерде әр түрлі болғандықтан, әрі тұман мен бұлт сияқты көруге кедергі әртүрлі себептердің болуымен бірге, ол заманда мәдениет өркен жаймағандықтан өзіндік түрде қалды. Және аспанды зерттеушілер өте аз болғандықтан әлемнің барлық өңіріне көрінуі, барлық тарихта қалуы әлбетте шарт емес-ті. Айдың бөлінуіне байланысты туындаған осы күмән бұлтын сейілтетін көп тұжырымның қазір бесеуін тыңда!

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Ол заманда, сол жердегі кәпірлердің шектен шыққан қырсық екендігі тарихтан мәлім және әйгілі. Құран Хакім وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ деп осы оқиғаны бүкіл әлемге хабарлағанда, Құранды жоққа шығарғысы келген сол кәпірлердің ешбірі осы аятты өтірік деуге, яғни хабар берілген осы оқиғаның болғандығына ауыздарын аша алмады. Егер сол заманда бұл оқиға, әлгі кәпірлердің алдында нақты болмаған болса, онда осы сөзді

— 231 —

сылтау етіп, Пайғамбарымыздың пайғамбарлығын жоққа шығару үшін бар күштерін салар еді. Алайда, кәпірлердің осы оқиғаны көрмегені жайлы ешбір дерек кітаптарда, тарихта тіркелмеген. Тек қана وَ يَقُولُوا سِحْرٌ مُسْتَمِرٌّ аятының баяндағанындай тарихта белгілі болғаны мынау ғана: Сол оқиғаны көрген кәпірлер бұл "көз бояушылық, бізге сиқыр көрсетті, егер басқа өлкедегі керуендер мен жолаушылар көрген болса сенеміз, әйтпесе біздің көзімізді байлады" деді. Таң атқан соң Иеменнен және басқа да өлкелерден келген жолаушылардан сұрау салғанда олар: "Осындай оқиғаны көрдік" деп растады. Сонда, кәпірлер, Расулуллаһ (с.а.у.), Пайғамбарымыз жайында, (Аллаһ сақтасын), "Әбутәліптің жетімінің сиқыры аспанға да әсер етті", - деді.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Сағд Тафтазани сияқты ұлы ғұламалардың көпшілігі былай деген: Айдың екіге бөлінуі, саусақтарынан су ағып, ол суды бүкіл әскерге ішкізуі сияқты немесе мешітте құтпа оқығанда сүйенген қу тіректің Ахмедтен (с.а.у.) айрылғанында дыбыс шығарып боздауы, мұны бүкіл мешіт жамағатының естуі. секілді тәуәтүр. Яғни, тізбектеліп келіп, бүкіл жамағат бір-біріне баяндап, жалғасып жататын хабар. Олардың ұйымдасып өтірік айтуы мүмкін емес. Қалың жамағат бір-біріне жеткізіп отырған. "Галилей" секілді үлкен құйрықты жұлдыздың мың жыл бұрын өткені сияқты баршаға мәлім. Біз көрмеген Серендиптің (Цейлон аралы) бар екеніндей, айдай анық мәселе", - деген екен.

Міне, осындай айдай анық, нақты мәселеге шек келтіріп күмәндану ақымақтық. Тек іс жүзінде болуы мүмкін екендігі жеткілікті. Ал, айдың екіге бөлінуі бір таудың вулкан әсерінен жарылғаны сияқты мүмкін құбылыс.

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Мұғжиза деген Пайғамбардың сөзін дәлелдеу үшін, дінсіздердің сағын сындыру үшін көрсетіледі, бірақ мойындауға мәжбүрлемейді. Олай болса пайғамбарлықты және оның айтқан сөздерін естігендер үшін және көзі жететіндей дәрежеде мұғжиза көрсетілуі қажет. Өзге тараптарға көрсету немесе мәжбүр қылатындай дәрежеде ап-айқын көрсету Хаким Зүлджалалдың хикметіне қайшы әрі емтиханның сырына кереғар. Өйткені, емтиханның сыры "ақылға жол көрсетіп ерікті қолынан алмауды" талап етеді. Егер, пәлсапашылардың ойлағанындай айдың

— 232 —

бөлінуін Жаратушы Хакім бір-екі сағат бойы бүкіл әлемге көрсетіп адамзат тарихында қалса, онда аспанның өзге құбылыстары сияқты пайғамбарға ғана қатысты болмай әрі сөзіне дәлел болмас еді. Немесе еріксіз түрде пайғамбарлықты мойындататын, ақылға ерік бермей, қабылдауға мәжбүрлейтін ап-анық мұғжиза болар еді. Ол кезде Әбужәһил сияқты рухы көмірдей қара адам, рухы алмастай Әбубәкір сияқты адамдармен тең дәрежеде қалып, емтихан сыры зая болар еді. Міне, осы сыр үшін кенет һәм түн һәм ұйқы уақыты, әрі күннің әртүрлі уақытта туылуы, тұман мен бұлт секілді өзге де кедергілер перде болып бүкіл әлемге көрсетілмеді немесе тарихта қалмады.

ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Осы оқиға беймезгіл уақытта барша жұрт ұйқы құшағында жатқанда, өте тез, жылдам көрсетілгендіктен әлемнің әр тарапына әлбетте көріне бермейді. Кейбір жандарға көрінсе де көзіне сенбейді. Сенсе де бір кісінің айтуымен ғана осындай маңызды бір оқиға тарихта мәңгі сақталмайды.

Кейбір кітаптарда "Ай екіге бөлінгеннен кейін жерге түсіпті" деген қаңқу сөзді зерттеуші ғұламалар қабылдамаған. "Осы ап-анық мұғжизаның құнын жою үшін, бәлкім бір мұнафық қосып жазған",- деген.

Сондай-ақ, ол уақытта надандықтың тұманы қаптаған Англияда, Испанияда күн бататын мезгіл болса, Америкада тал түс, Қытайда, Жапонияда таңертеңгілік уақыт болатын. Өзге жерлерде де кедергі болар себептерге байланысты әлбетте көрінбейді. Енді мына ақылсыз қырсыққа қара, ол: "Англия, Қытай, Жапония, Америка сияқты елдердің тарихтары бұл жайлы сөз қозғамаған. Олай болса бұл оқиға болмаған" дейді. Мұндай Еуропа жағымпаздарының ойы жиіркенішті-ақ.

БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Айдың бөлінуі өзі-өзінен, кейбір себептерге байланысты болған кездейсоқ, табиғи құбылыс емес, әрі табиғи заңдылықтарға бағынатын қарапайым нәрсе емес. Ол Күн мен Айдың Жаратушы Хакимі, елшісінің пайғамбарлығын растап, айтқан сөздерін нұрландыру үшін, таң қаларлық осы оқиғаны жаратты. Тәрбие, ұсыныс, емтихан және Пайғамбар жіберуінің талабына орай Рубубиетінің хикметіне сай лайық жандарға дәлел қажет болғандықтан көрсетілді. Осы хикмет сырына лайық емес әрі дәлел сұрамаған, Пайғамбарлықты әлі естімеген елді мекеннің әр

— 233 —

тарапындағы адамдарға көрсетпеу үшін тұман, бұлт және Күннің әр жерде әртүрлі уақытта шығуына байланысты кей жерлерде мұны көруге мүмкіндік болмады. Кейбір елде Айдың әлі туа қоймауы, кейбірінде Күннің шығуы, енді бірінде таң атуы, біреулерінде Күннің енді батуы бұл оқиғаны көруге кедергі болып, осындай себептерге байланысты көрсетілмеді. Егер олардың барлығына көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у.) сұрауына байланысты болып, Пайғамбардың мұғжизасы саналады да, пайғамбарлығы ап-анық болып жұрттың бәрі де қабылдауға мәжбүр болар еді. Ақылдың еркі қалмас еді. Ал, Иман дегеніміз ақылдың еркімен болады. Сөйтіп емтиханның сыры зая болар еді. Егер, тек аспан құбылысы ретінде көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығымен байланысы болмай, өзінің ерекшелігін жояр еді.

Сонымен, Айдың екіге бөлінуінің мүмкін екендігіне күмән қалмады, нақты дәлелденді. Енді мұны дәлелдейтін көптеген айғақтардан алтауына. { Сілтеме*: Яғни, алты рет бір ауыздан құпталған болғандығына қатысты алты дәлел бар. Бұл ауқымды түсіндірмеге лайық болғанымен өкінішке орай қысқа жазылды.} ишара қыламыз.

Өте әділ сахабалардың ай жарылғандығын бір ауыздан растауы. Сондай-ақ, зерттеуші ғалымдардың وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ аятын тәпсірлегенде оның рас, болғандығына бір ауыздан қосылуы; хадис риуает етуші ғұламалардың көптеген дәлелдермен, әр түрлі жолдармен оқиғаның болғандығын айтуы және илһам арқылы (Аллаһтың білдіруімен) жасырын сырларды ашқан барлық әулиелер мен сыддықтардың куәлік етуі; білім жолымен Ислам негіздерін танытушы, бір-бірінен алыста өмір сүрген имамдар мен ғұламалардың растауы және де адасушылыққа ұйымдасқан түрде бет алмағаны нақты дәлелдермен мәлім болған Мұхаммед (с.а.у.) үмметінің сол оқиғаны қабыл етіп мойындауы, Айдың екіге бөлінгендігін күндей анық дәлелдейді.

Қорытынды. Бұл жерге дейін анықтау, ақ-қарасын айыру және қарсы тұрушылардың үнін өшіру мақсатында еді. Иә, анықтаудың нәтижесі осылай болды. Бұдан кейін айтылатындар ақиқат атынан, Иман есебінен болады. Ия, зерттеу солай деді. Енді ақиқат былай дейді: Пайғамбарлық аспанының нұрлы айы, Пайғамбарлардың ең соңғысы Мұхаммедті (с.а.у.) Аллаһтың сүйіктісі деген дәрежеге жеткізген құлшылығындағы әулиеліктің кәраматы және ұлы

— 234 —

мұғжизасы болған миғраж арқылы яғни Аллаһ Тағала жердегі пендесін аспанды аралату арқылы аспан тұрғындарына, биік әлемдерге Оның маңыздылығы мен сүйікті құл екендігін көрсетті және әулиелігін дәлелді. Сол сияқты жерге таңулы, аспанға асулы тұрған Айды бір жер тұрғынының ишара қылуымен екіге бөліп жер тұрғындарына әлгі Тұлғаның (с.а.у.) пайғамбарлығын дәлелдейтін бір мұғжиза көрсетті. Ол мұғжиза арқылы, яғни жарылған айдан жасалған екі нұрлы қанат (Пайғамбарлық пен әулиелік секілді) Ахмед (с.а.у.) кемелдіктің ең биік көгіне самғады. Сонау Қабы қаусеинге дейін жетті, аспан мен жердің тұрғындарының мақтанышы атанды.

عَلَيْهِ وَعَلٰٓى اٰلِهِ الصَّلَاةُ وَالتَّسْل۪يمَاتُ مِیلْاَ الْاَرْضِ وَالسَّمٰوَاتِ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
— 235 —

"Ахмедтің мұғжизалары" (с.а.у.) атты рисалесінің қосымшасының бір бөлігі

[Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының дәлелдері жайында сөз қозғайтын Миғраж рисалесінің үшінші негізінің соңындағы үш маңызды да қиын мәселенің біріншісіне қатысты сұраққа қысқаша мазмұнды жауап]

Сұрақ: Ұлы миғраж неліктен Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссаламға ғана тән.

Жауап: Бұл бірінші сұрағыңызға Отыз үш Сөзден тұратын "Сөздер" жинағында толық жауап берілген. Бұл жерде тек қана Мұхаммедтің (с.а.у.) кемелдігіне, пайғамбарлық дәлелдеріне және ұлы миғражға ең лайықты сол кісі екендігіне ишара түрінде қысқаша мазмұндап береміз.

Біріншіден: Көптеген өзгерістерге ұшыраған Тәурат, Інжіл, Зәбур секілді киелі кітаптардың ішінен бүгінгі нұсқаларының өзінен Хусейн Джисри Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына қатысты жүз он төрт сүйіншілеуші ишара тауып, "Рисале Хамидие" атты кітабында көрсеткен.

Екіншіден: Шыққ және Сатих секілді атақты көріпкелдер пайғамбарымызға пайғамбарлық келуінен біраз бұрын оның ақырзаман пайғамбары болатындығын айтып кеткендігі тарихта белгілі.

Үшіншіден: Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) туылған түні Қағбадағы пұттардың қирап қалуы, парсы патшасы Кисраның атақты "Әйуан" сарайының қақ айырылуы секілді Ирхасат делінген таңғажайып оқиғалар тарихтан белгілі.

Төртіншіден: Саусағынан аққан сумен бүкіл әскердің сусынын қандыруы, Минбердің ауыстырылуына байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жырақта қалған мешіттегі тіреудің сол жердегі жамағаттың көз алдында алдында түйенің боздағанындай аңырап жылауы, وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ айғағымен Айдың екіге бөлінуі сияқты ақиқатшылдардың зерттеуінен өткен мыңнан астам мұғжизаларға бөленуі тарих және сияр кітаптарда көрсетілген.

— 236 —

Бесіншіден: Асыл қасиеттерге ие екеніне достары, тіпті дұшпандары да қанық. Мінез-құлқының кереметтігіне барлық іс-әрекеттері куә. Мінезінің жайсаңдығымен қоса, өзіне жүктелген міндет пен дін жаю ісін өте жоғарғы дәрежеде адал атқарған. Ислам дініндегі жақсы мінез-құлық, шариғатындағы ең жақсы ахлақ оның өте жоғары мәртебелі екенін дәлелдейтінін мән беріп қараған ынсапты жан түсінер.

Алтыншыдан: Оныншы Сөздің екінші ишарасында аталғандай, ғибадат етіп сыйынуға өте лайық Аллаһ, өзін көрсеткісі келуі Оның хикметінің талабы. Жоғары дәрежедегі Мұхаммедтің (с.а.у.) дініндегі ұлы құлшылық болса, сол талапты жарқын түрде көрсетеді. Сондай-ақ, бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ өзінің шексіз кемелділігін, есім сипаттарының әсемдігін бір себеп арқылы, хикметінің және ақиқаттың талабы ретінде көрсеткісі келген, ал, оны ең жақсы түрде көрсетуші, ең жақсы түсіндіруші Мұхаммед (с.а.у.) екендігі айдан анық. Және бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ өзінің шексіз сұлулығындағы кемел өнеріне назар аударуды қалайды, көрсеткісі келеді. Ал оны ең жарқын түрде жар салып көрсетіп, түсіндіруші тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, бүкіл әлемнің Раббысы өзінің жалғыз екендігін жаратылыс атаулыға жар салғысы келген. Ал, Тәухид мәртебелерін ең жоғарғы дәрежеде жар салып жеткізуші де Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, бүкіл әлемнің Иесі өзінің сансыз өнеріндегі әсемдіктерінің ишарасымен, шексіз көркемдігі мен сұлулығындағы әсемдіктерді өзіндік айналар арқылы хикметпен көргісі келеді әрі көрсетуді қалайды, ал ең әдемі түрде анық-қанық көрсеткен, әрі сол сұлулықты сүйіп, басқаның да сүюіне жол ашқан тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, мына әлем сарайының Иесі өте керемет мұғжизалармен, және аса құндылықтармен көмкерілген жасырын қазыналарын ортаға шығарып, оларды көрсетіп, сол арқылы кемелдігін таныстырып, білдіргісі келген. Ал оны өте көркем түрде көрсетіп, сипаттаушы, түсіндіріп жеткізуші тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, мына жаратылыс атаулының Иесі, бүкіл әлемді әр түрлі ғажайып нәрселермен безендіріп, әлгі заттарға қарап ғибрат алып, ойлану үшін саналы мақұлықтарды жаратқан, Әлгі тамашалаушылар мен ойланушыларға сол заттар мен нәрселердің мағыналары мен қадір-қасиетін білдіргісі келген. Ал, адамдар мен

— 237 —

жындарға, бәлкім рух иелері мен періштелерге де Құран Хаким арқылы мән-жайын түсіндіріп, жетекшілік етіп, өте әсерлі түрде түсіндірген тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, бүкіл әлемнің әміршісі, әлемдегі құбылыстардың мақсаты мен нәтижелеріндегі жасырын тылсымды және жаратылыстардың қайдан келіп, қайда баратындығы секілді келелі үш сұрақтың нақты жауабын бір елші арқылы саналы пенделерге түсіндіргісі келген, ал мұны өте анық түрде, жоғарғы дәрежеде Құран ақиқаттары арқылы әлгі тылсымның сырын ашқан, қиын сұрақтарға толық жауап берген тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, мына әлемнің Сани Зүлджәлалы күллі тамаша өнерімен өзін саналы пенделерге таныстырып, қымбат нығметтер арқылы өзін сүйсіндіріп, сол арқылы оларға Иләһи талап тілектерін бір елші арқылы білдіргісі келген, ал, өте кәміл түрде Құран арқылы Иләһи талап тілектерді баяндап жеткізген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, әлемдердің Раббысы, әлемнің жемісі болған адамға бүкіл әлемге татитын қабілет бергендіктен және ауқымды құлшылыққа дайындағандықтан және адам баласының сезімдері жан-жақты, әрі дүниеге құштар, жүзі материяға бұрылып қалғандықтан, бір жетекші арқылы олардың бетін көп тәңіршілдіктен Уахдетке (Бір Аллаһқа) табынуға, өткінші нәрселерден мәңгі, бақиға бұрғысы келген, ал бұл тұрғыда көркем тілмен Құран арқылы, ең жақсы жетекшілік еткен, пайғамбарлық қызметін кәміл түрде адал атқарған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.).

Иә, жаратылыс ішінде ең абыройлысы тіршілік иелері екені рас. Олардың ішіндегі абыройлысы саналылар. Саналылардың ең абыройлысы абзал адамдар. Абзал жандар ішінде өз міндетін ең ұлы дәрежеде, толық орындаған Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.). Олай болса, әлбетте, Ол ұлы миғраж арқылы Қабы Қаусейнге шыққанда, мәңгілік бақыт қақпасын ашып берген де, иманның ғайби ақиқаттарын көрсетіп берген де сол.

Жетіншіден: Көрініп тұрғандай-ақ, мына жаратылыста керемет әсемдік, шексіз сұлулық байқалады. Мұндай әсемдіктер мен безендіру болса олардың жаратушысы бұл әсемдікті қалайтыны, безендіруді арнайы жасағаны белгілі. Ал, мұндай қалау мен безендіргісі келу бұлардың Жаратушысы өз өнеріне деген сүйіспеншілікпен, киелі махаббаттың Иесі бар екендігін нақты көрсетеді. Ол

— 238 —

жаратылыстардың ішіндегі ең жақсы қасиеттерге ие, жаратушының өте нәзік өнер туындыларын өз бойынан көрсете білген, және оларды танып басқаларға да таныстырушы, әрі өзін жақсы көргізген, Иләһи өнерге "Машаллаһ" деп тамсанушы Мұхаммед (с.а.у.) екені хақ. Сондықтан Ол Жаратушының өнерін жақсы көруші әрі назарында ең сүйіктісі де сол. Міне, өнер туындыларын жарқыратып тұрған жақсылықтар мен әсемдіктерге және жаратылыстарды нұрландырып тұрған нәзік кемелділікке "Субханаллаһ", "Машаллаһ", "Аллаһу Акбар" деп аспан әлемін жаңғырықтарға және Құранның әуенімен ғаламды абыр-дабыр қылған ұнату мен бағалау арқылы, ой жүгірту мен түсіндіру арқылы, зікір етіп тәухидті жар салу арқылы құрлық пен теңізді шаттандырып, шайқалтып жіберген тағы сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.).

Міне, ол осындай жан. Ол

اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ

сырымен үмметінің жасаған жақсылықтарының дәл сондайы. Оның амал дәптеріне жазылып барлық үмметінің салауаты Оның рухани кемелдігіне үлес қосуда және Пайғамбарлық міндеттерінің нәтижелері мен рухани ақыларына қоса Иләһи махаббаттың шексіз нұрына бөленген бір кісі. Әлбетте Ол миғраж сатысымен жұмаққа, Сидрет-ул Мунтехаға, ғарышқа, Қаб-ы Қаусейнге дейін жетуі хақ, шындық. Шексіз Иләһи даналықтың дәл өзі.

{Сілтеме: 1927 жылы Еуропада Ислам әлеміне тікелей қатысы бар атақты саясатшылар мен әлеуметтік өмірді зерттеуші заңгерлердің мәслихатында атақты еуропалық философтар, Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатына байланысты жазылған мына арабша мақаланы өз тілдерінде айтқаны көпшілікке танымал Ислами газетте жарияланды. Арабша газетте жарияланған арабша жазбаны қаз қалпында беріп, астына аудармасын жазып отырмыз. "Нұр бұлағының" соңында жазылған қырық үш батыстық философтың баяндамасы және осы екі қаһарман философтың баяндамасымен қоса қырық бес сенімді куәгер болды.

اَلْفَضْلُ مَا شَهِدَتْ بِهِ الْاَعْدَٓاءُ

Жоғары мәртебелі кісіні дұшпандары да мойындайды.}

اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси
— 239 —

Арабша басылымға шыққан баяндамадан үзінді

وَقَدْ اِعْتَرَفَ حَتّٰى عُلَمَٓاءُ الْغَرْبِ بِسُمُوِّ مَبَادِى الْاِسْلَامِ وَصَلَاحِهَا لِلْعَالَمِ... قَالَ عَم۪يدُ كُلِّيَّةِ الْحُقُوقِ بِجَامِعَةِ ف۪ييَنَا اَلْاُسْتَاذُ شَبُولْ ف۪ى مُؤْتَمَرِ الْحُقُوقِيّ۪ينَ الْمُنْعَقَدِ ف۪ى سَنَةِ (١٩٢٧) اِنَّ الْبَشَرِيَّةَ لَتَفْتَخِرُ بِاِنْتِسَابِ رَجُلٍ كَمُحَمَّدٍ (ع ص م) اِلَيْهَا اِذْ اِنَّهُ رَغْمَ اُمِّيَّتِه۪ اِسْتَطَاعَ قَبْلَ بِضْعَةِ عَشَرَ قَرْنًا اَنْ يَاْت۪ى بِتَشْرِيعٍ سَنَكُونُ نَحْنُ الْاَوْرُوبَائِيّ۪ينَ اَسْعَدَ مَا نَكُونُ لَوْ وَصَلْنَا اِلٰى قِيْمَتِه۪ بَعْدَ اَلْفَىْ عَامٍ وَ قَالَ بَرْنَارْد شَوْ : لَقَدْ كَانَ د۪ينُ مُحَمَّدٍ (ع ص م) مَوْضِعَ التَّقْد۪يرِ السَّام۪ى دَٓائِمًا لِمَا يَنْطَو۪ى عَلَيْهِ مِنْ حَيَوِيَّةٍ مُدْهِشَةٍ لِاَنَّهُ عَلٰى مَا يَلُوحُ ل۪ى هُوَ الدّ۪ينُ الْوَح۪يدُ الَّذ۪ى لَهُ مَلَكَةُ الْهَضْمِ لِاَطْوَارِ الْحَيَاةِ الْمُخْتَلِفَةِ وَالَّذ۪ى يَسْتَط۪يعُ لِذٰلِكَ اَنْ يَجْذِبَ اِلَيْهِ كُلَّ جَيْلٍ مِنَ النَّاسِ وَ اَرٰى وَاجِبًا اَنْ يُدْعٰى مُحَمَّدٌ (ع ص م) مُنْقِذَ الْاِنْسَانِيَّةِ وَ اَعْتَقِدُ اَنَّ رَجُلًا مِثْلَهُ اِذَا تَوَلّٰى زَعَامَةَ الْعَالَمِ الْحَد۪يثِ نَجَحَ ف۪ى حَلِّ مُشْكِلَاتِه۪ وَاَحَلَّ فِى الْعَالَمِ السَّلَامَةَ وَالسَّعَادَةَ ﴿يَعْنِى الْمُسَالَمَةَ وَالصُّلْحَ الْعُمُومِىَّ﴾ وَمَا اَشَدَّ حَاجَةَ الْعَالَمِ اَلْيَوْمَ اِلَيْهَا
— 240 —
Қысқаша аудармасы:

Иә, Батыстың ғалым, философтары ашық мойындап, мынадай шешімге келген: "Ислам заңдары ең жоғарғы дәрежеде әлемнің, қоғамның түзелуіне толық жеткілікті". 1927 жылы құқықшылар бас қосқан "жалпы құқық" мәжілісінде философтардың төрағасы, профессор Шэбол былай деген екен: "Бүкіл адамзат баласы Мұхаммедті (с.а.у.) мақтан тұтады. Өйткені ол кісі оқу жазу білмесе де он үш ғасыр бұрын орнатқан шариғатының құндылықтарын біз - Еуропалықтар екі мың жылдан кейін түсініп, сол заңның ақиқаттарына қол жеткізе алсақ, қандай бақыт!

Ал, "нұр бұлағының" соңына қосымша ретінде жазылғандармен қоса есептегенде қырық бесінші болған Бернард Шоу былай деген екен: "Мұхаммед (с.а.у.) дінінің соншалықты жоғары мәртебеге көтерілуінің себебі, өте ғажап және берік әрі тұрақты өмір сүру жүйесін орнатуында. Менің түсінгенім, ол дін жалғыз әрі теңдесі жоқ ерекше дін. Сан түрлі жеке өмірлердің әр қилы жағдайлары бойынша сіңдіріп отырады. Һәм Мұхаммедтің (с.а.у.) діні әр түрлі халықтарды өзіне тартып кете алады. Егер адамзатқа құтқарушы керек болса, Мұхаммед (с.а.у.) бүкіл адамзаттың құтқарушысы. Құтқарушылық атағы соған ғана лайық, солай болуы керек. Мен мұны көріп тұрмын және сенемін". Тағы да былай дейді. "Егер Мұхаммед (с.а.у.) секілді бір кісі, яғни жан дүниесі мен іс-әрекеттері бірдей бір адам мына жаңа әлемге басшы болып, үкімін жүргізсе, әлемнің барлық түйіткілдерін шешіп, астан-кестен әлемді бақытқа бөлеп, бақытты өмірдің орнауына себепші болатындығына толық сенемін. Иә, мына жаңа әлемнің саламатты да бақытты өмірге қаншалықты мұқтаж екендігі баршаға мәлім.

— 241 —
Аят-ул кубра рисалесінің пайғамбарымыздың (с.а.у.)
Елшілігі жайлы баяндайтын
ОН АЛТЫНШЫ МӘРТЕБЕСІ
(Орайы келгесін осы жерге жазылып отыр)

Содан соң, әлгі дүниені кезген саяхатшы өз ақылына: "Мына әлемдегі болмыс арқылы жаратушы Иемді іздеп жүргенім рас, олай болса бәрінен бұрын болмыстың ең жарқын тұлғасы және дұшпандарының өзі мойындаған ең кәміл, ең үлкен сардары, ең беделді әкімі, ең шешені, ақылы жағынан ең асқағы, он төрт ғасырды кемелдігімен, Құраныменен нұрландырған Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссәләмді зиярат етіп, іздегенімді содан сұрау үшін оның өмір сүрген Бақыт ғасырына бірге кетуіміз керек" деп сол ғасырға барды. Қараса, ол ғасыр, шынымен-ақ сол Тұлғаның (с.а.у.) арқасында адамзаттың ең бақытты ғасыры болған екен. Өйткені, ең сауатсыз көшпенді бір қауымды әкелген нұры саясында тез арада әлемге ұстаз және әкім қылды. Саяхатшы өзі-өзіне былай деді: "Біз ең әуелі осы ерекше адамның қадірі мен сөзінің рас екенін және хабарларының дұрыстығын білуіміз керек. Сосын барып одан Жаратушымызды сұрауымыз керек" деп ізденіске бастады. Бұл жерде куә болған шексіз дәлелдерінің ішінен тек қана "тоғыз жинағына" қысқаша ишара етіледі.

Біріншісі: Бұл Тұлғада (с.а.у.) тіпті дұшпандарының өзі мойындаған бүкіл жақсы мінез бен қасиеттердің болуы,

﴿ وَ انْشَقَّ الْقَمَرُ ٭ وَمَا رَمَيْتَ اِذْ رَمَيْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ رَمٰى ﴾

аяттарының білдіргеніндей: Бір саусағының ишарасымен айдың екіге бөлінуі, дұшпан әскеріне лақтырған бір уыс топырақ бүкіл әскердің көздеріне кіріп, қаша жөнелулері, сусыз қалған әскеріне бес саусағынан аққан кәусәрдай суды қанғанша ішкізуі секілді, анық риуаяттар мен

— 242 —

бір бөлігі нақты хабарлар арқылы жеткен жүздеген мұғжизалар Соның қолы арқылы көрсетіледі. Бұл мұғжизалардың үш жүзден астам бір бөлігі Мұғжизат Ахмедие (с.а.у.) (Пайғамбарымыздың мұғжизалары) деп аталатын ғажайып әрі керемет Он тоғызыншы Мектубта нақты дәлелдерімен бірге баяндалғандықтан, оларды соған қалдырып былай деді: Мұншалықты жақсы мінез бен кемелдік, анық мұғжизалары болған Тұлға (с.а.у.) әлбетте ең дұрыс сөзді адам. Тәрбиесіздердің ісі болған алдау-арбау мен жалған нәрселерге бой алдыруы әсте мүмкін емес.

Екіншісі: Қолында мына Әлем иесінің бұйрығының болуы және сол бұйрықты әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамның қабыл етіп, растауы және сол бұйрық болған Құранның жеті жақты ғажайып болуы, сол Құранның қырық жақтан мұғжиза болуы, әлем Жаратушысының сөзі болуы, қуатты дәлелдермен бірге "Жиырма бесінші Сөз" және "Мұғжизаты Құрание" деп аталған Рисалей Нұрдың күн сияқты жарқын рисалесінде жан-жақты баяндалғандықтан оны соған қалдырып былай деді: Осындай нағыз хақ және ақиқат бір бұйрықтың аудармашысы мен жеткізушісінде бұйрыққа қастық және бұйрық Иесіне қиянат боп саналатын алдау, қулық пен өтірік болуы әсте мүмкін емес, болмайды да.

Үшіншісі: Ол (с.а.у.) керемет бір шариғат пен дін Ислам, әрі құлшылық пен дұға, шақыру мен имандылықты алып келгендігі соншалық оларға тең келері жоқ және болмайды да. Әрі олардан артығы, кәмілі табылмаған, табылмайды. Өйткені, оқу-жазу білмейтін біреу әкелген шариғат он төрт ғасырды және адамзаттың бестен бір бөлігін қамтып, әділдікпен, ақиқатпен және аса мұқият көптеген заңдарымен басқаруы жай нәрсеге ұқсамайды. Оқып жаза алмайтын адамның істері мен сөздерінен тұратын Ислам діні, әр ғасырда үш жүз миллион адамның жол көрсетушісі, ақиқаттың қайнар бұлағы, ақылдардың мұғалімі, ұстазы және жүректердің нұрландырушысы, нәпсілердің тәрбиешісі жөнге салушысы рухтардың кемелденуінің себебі, даму көзі болу тұрғысынан теңдесі бола алмайды. Бола алмаған да.

Әрі, дініндегі бүкіл құлшылықтың барлық түрлерінде ең алдыңғы қатарда болуы, бәрінен артық тақуалығы және Аллаһтан қорқуы, толассыз күрес пен аласапыран ішінде құлшылықтың ең кішкентай

— 243 —

жақтарына дейін қатаң сақтауы, ешкімді қайталамай (ешкімге еліктемей) өте кәміл түрде басы мен соңын бірлестіре отырып жасауында әлбетте теңдесі көрінбеген. Көрінбейді де.

Әрі мыңдаған дұға мен мінәжаттарынан тек қана Жәушән-үл-Кәбир арқылы, (Пайғамбарымызға уахи болған ең үлкен мінәжаттың аты) Раббысын танып білу арқылы сипаттағаны соншалық, ол уақыттан бері келіп кеткен Аллаһты танып-таныстырушы ғұламалар, әулиелер өзара, пікір алмаса отырып, барлығы Оның Аллаһты тану мәртебесіне де, сипаттау дәрежесіне де жете алмауы, дүниеде жалбарынып дұға жасауда оған тең келер жанның жоқтығын көрсетеді. Рисалей Мүнәжатының басында, Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз қиссасының қысқаша бір мағынасы баяндалған жеріне қараған адам "Мінәжәтта да теңі жоқ" дейді.

Әрі, пайғамбарлық қызметінде және адамдарды хаққа шақыруда табандылық, ұстамдылық және батылдық көрсеткені сонша ірі мемлекеттер мен діндер, тіпті қауымы мен халқы тіпті көкесінің өзі оған қатты қарсы болғанның өзінде зәредей де шүбә, үрей, қорқыныш сезбеуі әрі жалғыз өзі бүкіл дүниеге ұран салуы және Исламиеттің мерейін үстем қылуы, хабар әкеліп, шақыруда да теңдесі болмағанын және бола алмайтынын дәлелдейді.

Әрі иманда сондай жоғары бір қуат пен ғажайып шүбәсіздік және таңғажайып жетілу мен жер-жаһанды жарықтандырар бір жоғары сенімі бар. Сол кездегі бүкіл үстем пікірлер мен сенімдер, даналардың хикметтері мен дінбасылардың ілімдері, оған қарсы тұрған кезде оның көңілінде ешқандай күмән, үрей, ешқандай әлсіздік болмаған. Рухани тұрғыда иман мәртебесінде жоғарылаған сахабалар мен бүкіл әулиелер әрқашан Оның иман мәртебесінен нұр алуы және оны ең жоғары дәрежеде көруі, иманының да теңдесі жоқтығын анық көрсетеді. Міне, осындай теңдессіз шариғат пен теңдесі жоқ Исламиет және ғажайып бір құлшылық пен ерекше дұға, әлемге арнаған шақыру, таңғажайып иман иесі еш қашан алдамайтындығын түсінеді. Ақылы да соны растады.

Төртіншісі: Пайғамбарлардың (Алейһимуссаллам) бірауыздан Аллаһтың бар екеніне, оның уахданиетіне өте қуатты бір дәлел болғаны секілді, Оның (с.а.у.) дұрыстығына және пайғамбарлығына өте сенімді куәлік те болады. Өйткені, Пайғамбарлардың дұрыстығына

— 244 —

және Пайғамбар болуларына қаншалықты қасиеттер мен мұғжизалар және себептер болса, Мұхаммедте солардың ең (с.а.у.) жоғарғысы болғаны тарихи шындық. Демек, олар өз сөздерімен Таурат, Інжіл, Зәбур және кейбір пайғамбарларға түскен парақтарында Оның (с.а.у.) келетіндігінен хабар беріп, сүйіншілеген.

Қасиетті кітаптардың сол сүйіншілі ишарасынан жиырмадан астам бөлімі және өте көрнекі бір бөлімі Он тоғызыншы Мектубта жақсы баяндалып, дәлелденген. Өздеріне тән тілдерімен, яғни пайғамбарлықтарымен және мұғжизаларымен, өз жолдарында және міндеттерінде ең озық, ең кәміл болған осы Кісіні растап мәселесін құптап, іс-әрекеттерімен бұл Кісінің шыншылдығына куәлік етуде деп түсінді.

Бесіншісі: Ол Кісінің (с.а.у.) ұстанымдары мен тәрбиесі және соңынан еру арқылы Хаққа, ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, рухани сырларды ашуға, көрегендікке жеткен мыңдаған әулиелер Аллаһтың бірлігіне бірлесе дәлел болуымен қатар, ұстаздары болған осы Тұлғаның адалдығына және пайғамбарлығына бір ауыздан куәлік етуде. Ғайып әлемінен берген хабарларының бір бөлігін әулиелік нұрымен көрулері және барлығын иман нұрымен не ілім арқылы немесе көзбен көргендей не шынайы түрде сеніп растауы; ұстаздары болған бұл Тұлғаның (с.а.у.) хақ әрі дұрыс екендігін Күн сияқты көрсеткенін көрді.

Алтыншысы: Бұл Тұлға (с.а.у.) оқу-жазу білмесе де, әкелген ақиқаты мен жоғары ілімі, Аллаһты таныту сабағы мен тәлімі болып табылады. Сол тәрбие мен ілім арқылы ілімде ең жоғары дәрежеге жеткен миллиондаған ізденуші асфиялар мен әулиелер, асқан даналар ол кісінің күресінің негізгі мәселесі болған Уәхданиетті бұлтартпас дәлелдермен бір ауыздан дәлелдеп, растап, мақұлдады. Сонымен қатар, осы Ұлы Мұғалімнің, Ұлы Ұстаздың адалдығына және сөздерінің ақиқат екендігіне бір ауыздан куәлік етеді. Бұл пайғамбарлығына айдай анық дәлел. Мысалы, Рисалей Нұр жүзден астам кітапшасымен Оның Пайғамбар екендігінің бір ғана дәлелі.

Жетіншісі: Пайғамбарлардан кейін адам баласының арасында білімділігімен, зейінділігімен және кемелдігімен аты шыққан ең құрметті, нағыз діндар, өткір көзді Ұлы топ - Пайғамбарымыздың туыстары мен достары, яғни сахабалар. Олар асқан құштарлықпен,

— 245 —

байсалдылықпен осы Кісінің бүкіл жасырын және ашық тұрмыс-тіршілігін, ой-пікірін, жағдайларын өте мән беріп қадағалауы, талқылауы және зерттеуі нәтижесінде бір ауыздан бұл Кісінің дүниеде ең шыншыл, бәрінен жоғары ақиқатшыл екенін мақұлдауы мен қуатты имандары күндіз Күнді дәлелдегеніндей айқын дәлел деп түсінді.

Сегізіншісі: Мына Ғалам өзін жаратып, басқарып, тәртіпке салып, суреттеп, өлшеп, ұйымдастырып сарай сияқты, кітап сияқты, көрме сияқты жаратқан Иесіне, Ұстасына, Жазушысы мен Суретшісіне бұлтартпас дәлел, болуда. Сол сияқты, Әлемнің жаратылысындағы Аллаһтың мақсаттарын білетін, білдіретін және құбылыстардағы Раббани хикметтерді және белгілі бір міндет атқарып отырған қозғалыстардың нәтижелерін түсіндіретін, мазмұндарындағы болмыстың кемелдігін паш ететін және әлгі ұлы кітаптың мағыналарын баяндайтын бір делдалды, ақиқатты анықтап берер бір ұстазды, адал мұғалімді қалайды, қажет етеді және міндетті түрде болуын талап етеді. Енді бұл міндеттерді бәрінен де артық орындаған осы Кісі екенін Жаратушының ең жоғары, ең адал қызметкері сол екеніне күмән жоқ екенін білді, аңғарды.

Тоғызыншысы: Әлемдегі Хикметті, өнерлі туындылары арқылы асқан шеберлігінің кемелдігін көрсету; әдемі, безендірілген әшекейлі шексіз мақұлықтары арқылы өзін таныстыру және ұнатқызу және мына ләззаты мол есепсіз құнды нығметтер арқылы өзіне алғыс пен шүкір еткізу; мейірімді, аса қамқор, тәрбие мен асырау арқылы тіпті ауыздағы ең сезімтал тілді ләззаттар мен тәбеттердің әр түрін жаратып қанағаттандырған, дайындаған, ұсынған Раббани тағамдар мен қонақасы арқылы өзінің тәрбиесіне қарыздар етіп, шүкіршілікпен, сүйіспеншілікпен құлшылық еткізу; мезгілдердің өзгеруі, түн мен күннің ауысуы сияқты алып істерді атқарған басқару арқылы, асқан керемет хикметті әрекеттер мен жарату істері арқылы өзінің ұлылығын паш ете отырып, ұлылығына иман келтіртіп, бағындыру мен мойынсұндыру; әр уақыт жақсылық пен жақсыларды қорғау, жамандық пен жамандарды тыю; жіберген апаттары арқылы залымдар мен өтірікшілерді жойып, хақ пен әділеттілігін көрсеткісі келетін Бір Жаратушы бар.

— 246 —

Әлбетте, көзге көрінбейтін әлгі Жаратушының пенделерінің ішіндегі ең сүйікті әрі ең дұрыс құлы, осы айтылған мақсаттарына адал қызмет ете отырып, әлем жаратылысының сыры мен тылсымын ашқан және үнемі Жаратушысының атынан әрекет еткен, Одан жәрдем тілеп, табысқа жеткізуін сұраған және көксеген мақсатына жеткен, Мұхаммед Құрайши деген Кісі (с.а.у.) осы болады!

Һәм, ақылына былай деді: Сонымен осы тоғыз ақиқат бұл Кісінің (с.а.у.) Хақ және адалдығына куәлік етеді. Олай болса, бұл Кісі, адам баласының бетке тұтар, мақтанышы. Оған берілген "Фахр Әлем" (әлемнің мақтанышы) және "Шерефі Бени-Адем" (Адамзаттың абыройы) атағы өте орынды. Оның қолындағы Рахмани бұйрық Қасиетті Құранның рухани маңыздылығы сондай, Жер шарының жартысын жайлауы және жеке тұлғасының кемелдігі мен жоғары қасиеттері; мына әлемдегі ең қадірлі тұлға осы кісі екенін айғақтайды. Жаратушымыз жайында ең маңызды сөз - Сонікі.

Кел, назар аудар! Бұл ғажайып тұлғаның айдай анық, жүздеген мұғжизаларының қуатына және дініндегі мыңдаған ұлы негіз ақиқаттарға сүйеніп жеткізген бүкіл мәселелерінің негізі мен бүкіл өмірінің мақсаты, Уажиб-ул-Ужудтың болмысына және бірлігіне және сипатына және есімдеріне дәлел болып куәлік ету, Оның бар екенін дәлелдеу, жариялау, түсіндіру.

Демек, бұл әлемнің рухани Күні және Жаратушымыздың ең жарқын дәлелі Хабибуллаһ - Осы Кісі. Оның куәлігін қуаттап, растап, қабылдайтың және алданбайтын, алдамайтын үш үлкен айғақ бар.

Бірінші айғақ: "Егер ғайып пердесі ашылса сенімім күшеймейді" деген Имам Әли (Радиаллаһу анх) және жерде тұрып ғарыш пен Исрафилдің зор тұлғасын тамашалаған Ғаус Ағзам (Қуддуси сиррух) сияқты жанары өткір, ғайыпты көретін парасатты мыңдаған хақ жолға бастаушылар мен үлкен әулиелерден тұратын Әл-і Мұхаммед (Пайғамбарымыздың ұрпағы) деген атпен әлемге әйгілі нұрлы жамағат. Барлығы бірлесіп растап отыр.

Екіншісі: Көшпелі бір қауым, қараңғылық тұмшалаған кезеңде өмір сүріп, Қоғамдық өмірден және саяси ағымдардан бейхабар кітапсыз, надандықтың қою қараңғылығында жүріп, өте аз уақыттық ішінде мәдени болып, әрі ең сауатты, қоғамдық және саяси өмір жағынан ең озық ұлттармен, үкіметтерге ұстаз әрі жол көрсетуші,

— 247 —

дипломат, әрі әділ әкім болып шығыстан батысқа дейін адал басқарған, "Сахаба" атымен дүниеге әйгілі жамағаттың бір ауыздан, жаны мен малын әке-шеше, туыс, от басын пида еткізген қуатты бір иманменен растауы.

Үшіншісі: Әр ғасыр сайын мыңдаған мүшесі болған және әрқайсысы әр түрлі салада терең білім жиған ғұламалардан құралған үлкен жамағат. Олардың бірін-бірі қолдап, ғылыми түрде растауы.

Демек, бұл Кісінің (с.а.у.) Уахданиетке (Аллаһтың бірлігіне) куәлігі жеке жай нәрсе емес, өзімен шектелмейді. Ол - баршаға ортақ, күллі, шайқалмайтын әрі бүкіл шайтан атаулы біріксе ешбір тұрғыдан қарсы шыға алмайтын бір куәлік-айғақ.

Бақыт ғасырында ақылымен бірге саяхат жасаған әлгі дүние қонағы және өмірге сапар шеккен саяхатшы осындай шешімгі келді. Оның әлгі нұрлы медреседен алған дәрісіне қысқа бір ишара ретінде бірінші бөлімнің он алтыншы мәртебесінде былай делінген еді:

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ الْوَاجِبُ الْوُجُودِ الْوَاحِدُ الْاَحَدُ الَّذ۪ى دَلَّ عَلٰى وُجُوبِ وُجُودِهِ ف۪ى وَحْدَتِهِ فَخْرُ الْعَالَمِ وَ شَرَفُ نَوْعِ بَن۪ى اٰدَمَ بِعَظَمَةِ سَلْطَنَةِ قُرْاٰنِهِ وَ حِشْمَةِ وُسْعَةِ د۪ينِهِ وَ كَثْرَةِ كَمَالَاتِهِ وَ عُلْوِيَّةِ اَخْلَاقِهِ حَتّٰى بِتَصْد۪يقِ اَعْدَائِهِ وَ كَذَا شَهِدَ وَ بَرْهَنَ بِقُوَّةِ مِأٰتِ الْمُعْجِزَاتِ الظَّاهِرَاتِ الْبَاهِرَاتِ الْمُصَدِّقَةِ الْمُصَدَّقَةِ وَ بِقُوَّةِ اٰلَافِ حَقَائِقِ د۪ينِهِ السَّاطِعَةِ الْقَاطِعَةِ بِاِجْمَاعِ اٰلِهِ ذَوِى الْاَنْوَارِ وَ بِاِتِّفَاقِ اَصْحَابِهِ ذَوِى الْاَبْصَارِ وَ بِتَوَافُقِ مُحَقِّق۪ى اُمَّتِهِ ذَوِى الْبَرَاهِينِ وَ الْبَصَائِرِ النَّوَّارَةِ
اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси