Хаттар
— 248 —

ЖИЫРМАСЫНШЫ

МЕКТУБ
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَحْدَهُ لَا شَر۪يكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ يُحْي۪ى وَ يُم۪يتُ وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ بِيَدِهِ الْخَيْرُ وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ

[Таң намазы мен ақшам намазынан кейін қайта-қайта оқылуы өте сауапты, және нақты хабарлар бойынша ішінде Исм-і Ағзам яғни Аллаһу Тағаланың ең ұлы есімі бар бұл тәухид сөйлемі, он бір кәлимадан (сөзден) тұрады. Әрбір кәлимасы сүйінші хабар жеткізіп, қуантады. Һәм Рубубиеттің тәухид мәртебесі, һәм Исм-і Ағзам тұрғысынан Уахдеттің ұлылығы мен Уахданиеттің кемелдігі бар. Осы терең және ұлы ақиқаттың түсініктемесі басқа "Сөздерде" баяндалғандықтан, бір кезде берілген уәдеге орай әзірше мұның мазмұнын қысқаша "Екі бөлім" және бір "Кіріспе" арқылы баяндаймыз.]

КІРІСПЕ

Жаратылыстың басты мақсаты және болмыс атаулының ұлы нәтижесі "Иман-ы Биллаһ" яғни Аллаһқа иман. Адамгершіліктің ең жоғарғы мәртебесі, соңғы сатысы - "Иман-ы Биллаһ" ішіндегі "Мағрифатуллаһ" яғни Аллаһты тану. Жындар мен адам баласының нағыз бақыты мен ең тұщымды нығметі сол Мағрифатуллаһ ішіндегі "Мухаббатуллаһ" яғни Аллаһқа деген махаббат. Адам рухының шынайы шаттығы мен жүрегінің қуанышы сол Мухабатулаһтан туындайтын рухани ләззатта.

Иә, шынайы шаттық пен зор қуаныш, нағыз бақыт, кіршіксіз ләззат, Мағрифәтуллаһта пен Мухаббәтуллаһта. Оларсыз болмайды. Жанаб-ы Хақты таныған және махаббат танытқан адам іс жүзінде, я

— 249 —

болмаса рухани түрде мол бақытқа, нығметке, сырға, нұрға бөленеді. Оны нақты танымаған, сүймеген адамның жаны да, тәні де азапқа түсіп, шексіз үрей мен қайғыға душар болады.

Иә, мына алай-дүлей дүниеде тіршіліктің қамын жеп, сеңдей соқтығысқан адамдардың арасында жемісі жоқ өмір кешкен, иесіз, қамқоршысыз, әлсіз бір адам пенде дүниені билеген сұлтан болса да, құны қанша? Міне, мұндай аласапыран тіршілікте, мұңлы да фәни қу дүниеде, адам баласы өзінің Иесін танымаса, Жаратушысын таппаса, неткен бейшара сергелдең күй кешетіні түсінікті. Ал, иесін тауып, оны таныса, Соның мейірімділігіне сеніп, құдіретіне арқа сүйейді. Ол кезде мына үрейлі дүние саябаққа және сауда-саттық орнына айналады.

Бірінші бөлім

Мына тәухид сөйлемінің әрбір кәлимасында қуанышты хабар бар. Әрбір хабарында шипа, әрбір шипасында рухани ләззат бар.

БІРІНШІ КӘЛИМА: لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ Бұл кәлиманың қуанышты хабары мынау: Бұл кәлима, мұң-мұқтажы басынан асатын және сансыз дұшпанның қыспағында қалған адам жанына медет береді. Оның бүкіл мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп, мейірімділік қазынасының есігін ашатын, сондай-ақ, оған демеу болып, сансыз дұшпанның қыспағынан құтқаратын шексіз құдірет иесі болған Мағбуды мен Жаратушысын тауып беріп, таныстырады, иесінің кім екенін көрсетеді. Сол арқылы жүректі үрейден, рухты уайым-қайғыдан тазартып, сарқылмас шаттық сыйлап, таусылмас қуанышқа бөлейді.

ЕКІНШІ КӘЛИМА: وَحْدَهُ Бұл кәлимада жанға шипа боларлық қуанышты хабар бар. Жаратылыстың сан-алуан түрлерімен біте қайнасып, байланысып жатуы себепті жабырқап, аласапыран күйзеліске түсетін адамзаттың рухы мен жан дүниесі (Арабша) кәлимасынан демеу табады. Осылайша, оны түңілуден, аласапыраннан құтқарады. Яғни وَحْدَهُ кәлимасы былай дейді: "Аллаһ біреу. Басқа нәрселерге тіленіп шаршама, оларға жалбарынып қарыздар болма, оларға жалтақтап басыңды име, олардың ізіне түсіп әуре болма,

— 250 —

олардан қорқып үрейленбе... Өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсенің кілті де, тізгіні де Соның қолында. Бәрі Соның әмірімен болады. Оны тапсаң, бүкіл арманың орындалып, әр нәрсеге қарыздар болудан құтылып, үрейден арыласың".

ҮШІНШІ КӘЛИМА: لَا شَر۪يكَ لَهُ Яғни, Оның Улухиеті мен үстемдігінде серігі жоқ, бір ғана Аллаһ бар. Бірнешеу болуы мүмкін емес. Сол сияқты Рубубиетінде, жаратуында, ісінде де серігі жоқ.

Мемлекеттің Сұлтаны біреу болады. Билік үстемдігінде серігі болмайды. Бірақ, билік басқармасындағы қызметшілері оның серіктері болып саналады. Қабылдау кезінде сұлтанның құзырына әркімді кіргізбейді. "Өтінішің болса, бізге айт" деп, кедергі болады.

Бірақ, соңы мен бастауы жоқ, мәңгіліктің сұлтаны - Аллаһу Тағаланың билігінде серік жоқ. Сол сияқты Рубубиетінде де жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның әмірі мен басқаруынсыз, құдірет-күшінен тыс, ешкім де ешнәрсеге араласа алмайды, ешнәрсе істей алмайды. Әркім оған өз өтінішін тікелей айта алады. Серігі, көмекшісі болмағандықтан, өтініш иесіне "болмайды, қабылдауға кіре алмайсың деп, ешкім кедергі жасай алмайды.

Міне, бұл кәлима адамзаттың рухына мынандай сүйінші хабар жеткізеді. Нағыз иманға қолы жеткен адамның рухы, қандай жағдайда болсын кедергісіз, емін-еркін, әртүрлі өтінішін, мұң-мұқтажын әрқашан, кез келген жерде мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, бақыт көмбелерінің иесі Жәмил-і Зүлджәләл, Қадир-ы Зүлкәмалға айта алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі.

ТӨРТІНШІ КӘЛИМА: لَهُ الْمُلْكُ яғни, барлық нәрсе - Соныкі. Сен де Соның жаратқан мүлкісің әрі құлысың, және Соның иелігінде жұмыс істейсің. Бұл сөздің шипалы да қуанышты хабары мынау: "Ей, адамзат! Сен өзіме-өзім қожайынмын деп ойлама. Себебі сен өзіңді алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. Өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, өзіңді қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліп, өзіңді азаптама. Барлық нәрсенің иесі Сол. Ол Мәлік, Қадир, һәм Рахим. Соның құдіретіне сен, мейірімділігіне шек келтірме. Мұңайма, еңсеңді көтер... Қиындықты таста, қызыққа бат, бақытқа бөлен.

— 251 —

Және былай дейді: Ынтығып және қайғысын жұтып жүргеніңмен, түзету қолыңнан келмейтін мына дүние, Қадир-ы Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәсілім ет, соған тапсыр... жапасын шегудің орнына рахатын көр. Ол Хаким, һәм Рахим. Өз мүлкін емін-еркін билеп, қалағанын істейді. Әлденеден қорыққан сәтіңде Ибраһим Хаққы сияқты: "Құдайдың жазғанын көреміздағы. Қайғының да бар жақсылық жағы деп, ұзақтан қара, араласпа".

БЕСІНШІ КӘЛИМА: وَ لَهُ الْحَمْدُ яғни, мадақтау мен дәріптеу, мақтау мен шүкір ету тек Соған арналады. Демек, нығметтер Соның қазынасынан келіп жатыр. Оның қазынасы сарқылмас қазына.

Міне, бұл кәлима былайша сүйінші хабар береді: Ей, адам! Ырысым таусылды, нығмет бітті деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болса, жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Нығметтердегі ләззаттан мың есе тәтті Илаһи мейірімділіктің ілтипатын шүкір ете ойлау арқылы бір ләззатты жүз есе арттыруға болады.

Мәселен, аты әлемге әйгілі патша саған алма сыйласа, ол алманың ләззаты басқа алмалардан жүз, бәлкім мың есе тәтті болады. Өйткені ол алма, саған деген патшаның сый-ілтипатының белгісі. Сол сияқты لَهُ الْحَمْدُ кәлимасы арқылы яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы, яғни нығметтен нығмет сыйлаушыны сезу, яғни Мүнимді тану арқылы, яғни нығмет берушіні ойлау арқылы, яғни оның рақымының ілтипатын, мейірімі түсіп тұрғандығын және жарылқауы тағы да жалғасатынын ойлау арқылы берілген нығметтен мың есе тәтті рухани ләззатқа жол ашады.

АЛТЫНШЫ КӘЛИМА: يُحْي۪ى яғни, өмірді берген - Сол. Азықпен қамтамасыз ететін де - Сол. Өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де - Сол. Өмірдің басты мақсаттары Соған тиесілі және маңызды нәтижелері мен жемістерінің жүзде тоқсан тоғызы - Сонікі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп қуантады:

Ей, адам! Өмірдің ауыр жүгін мойныңа артып әуре болма. Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. Тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмірге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тіршілігі Хаий-ы Қаюмның қолында.

— 252 —

Шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Өмірдің шексіз мақсаттары мен нәтижелері Соған тиесілі. Сен болсаң, ол кемеде штурвалда тұрған жауынгер сияқты, міндетіңді адал атқар, ақысын ал, көңіліңді жәйла. Ол "өмір" кемесінің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі кеменің иесі қаншалықты Кәрім, Рахим екенін ойла, қуан, шүкіршілік ет. Біліп қой! Міндетіңді адал атқарсаң, әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің амал дәптеріңе жазылады. Сені бақи өмірмен қамтамасыз етіп, мәңгі жасатады.

ЖЕТІНШІ КӘЛИМА: وَ يُم۪يتُ яғни, өлімді берген - Сол. Яғни, өмірдегі атқарар міндеттен демалысқа шығарады. Фәни дүниеден көшіреді. Машақаты көп қызметтен азат етіп, фәни өмірден бақи өмірге апарады. Міне, бұл кәлима, фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді:

"Сендерге сүйінші! Өлім - жоқ болу емес, жойылу емес, тым жағымсыз нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... Ол, Файл-ы Хаким-ы Рахимнің демалысқа шығаруы, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлеміне, нағыз отанға, атамекенге оралу, жақын әрі сүйікті жандардың жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне апаратын ескі".

СЕГІЗІНШІ КӘЛИМА:

وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ

яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көз тартатын сұлулықтар мен әсемдіктерден де асқан сұлу, әсем және барлық игіліктердің иесі және барлық сүйіктілер оның қасында құнсыз қалатын, Оның сұлулығының бір ғана көлеңкесі әлемге жетіп артылатын Мағбуд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәл мәңгі тірі. Оның бастауы мен соңы жоқ. Аяқталу, зақымдану деген кемшіліктерден ада, нұқсандық атаулыдан пәк.

Міне, бұл кәлима жын атаулыға, адамзатқа және барлық саналыларға және бүкіл ғашық атаулыға мынадай хабар жеткізеді:

Сүйінші! Сүйікті жаннан көз жазып, қоштасудан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақи бар. Ол бар және мәңгі. Олай болса басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйіктілердің бойындағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлгі Махбуб-ы Бақидың мәңгілік жамалынан тараған әсемдіктердің қабат-қабат пердеден өтіп келген сәулесінің өте көмескі іздерінің нышандары ғана. Олардың көзден таса болуы көңілге кірбің түсірмесін. Себебі, олар айна тәрізді.

— 253 —

Айналардың өзгеруі сұлудың әсем көріністерін бұрынғыдан да жаңартып, көркейте түседі. Оның бар екені ақиқат, ендеше бәрі де болады.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА:

بِيَدِهِ الْخَيْرُ

яғни, бүкіл жақсылық Соның қолында. Жасаған бүкіл жақсылықтарың, Соның дәптеріне жазылады. Атқарған әрбір игі істерің тіркеліп отырады. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді:

Ей, бейшаралар! Қабірге қарай көшкен кезде, "қап, әттеген-ай! Мал-жанымыз таланып, еңбегіміз еш болды. Мына жарық, кең дүниеден кетіп қараңғы, тар қабірге кірдік-ау" деп, жылап-сықтап қайғырмаңдар. Өйткені, сендердің бүкіл нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтерің тіркеулі. Еңбектеріңнің ақысын беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлджәмал, сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. Өйткені, сендер қызметтерің мен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар.

Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары мен атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дән, тұқымдарды сақтап отырған... келесі көктемде өте керемет, тіпті бұрынғысынан жүз есе берекелі түрде қайта өсіріп отырған Қадир-ы Зүлджәләл, әлбетте сендердің өмірдегі нәтижелеріңді сақтап, қызметтеріңе қарай мол сыйлық береді.

ОНЫНШЫ КӘЛИМА:

﴿ وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ ﴾

Ол - Уахид әрі Әхад, яғни барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Оған ауыр тиер нәрсе жоқ. Көктемді жарату - гүлді жаратумен бірдей. Жәннатты жарату, көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жаратылған шексіз, таңғажайып нәрселер Оның аса құдіретті екеніне сансыз тілдермен куәгерлік етеді. Міне, бұл кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:

Ей, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлшылығың босқа кеткен жоқ. Сыйлық берілетін жер және бақыт сарайы сен үшін әзірленіп қойылған. Сенің мына фәни дүниеңнің орнына мәңгі Жәннат беріледі.

— 254 —

Өзің құлшылық етіп, тануға тырысқан Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне сенім арт. Оның уәдеден таюы әсте мүмкін емес. Құдіреті шексіз, ешбір кемшілігі жоқ. Істеген ісінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Аулаңдағы шағын бақшаны жаратқаны сияқты, Жәннатты да саған арнап жарата алады және жаратқан әрі уәде берген. Уәде берген болса, әлбетте уәдесін орындайды.

Сондай-ақ, жыл сайын жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін өте жүйелі түрде, көз ілеспес жылдамдықпен оп-оңай, тым нәзік түрде ұйықтатып, содан соң оятып отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте мұндай Қадир-ы Зүлжәләлдың өз уәдесін орындауға шамасы жетеді.

Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл сайын хашир мен Жәннаттың үлгілерін сан алуан түрде көрсетіп отыр. Һәм, көктен келген бүкіл әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, Жәннатты сыйға тартатынын сүйіншілеуде. Һәм, оның атқарған барлық жұмыстары мен істері өте дұрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды. Һәм жаратқан жаратылысына қарап, олардағы кемелдіктерден Өзінің де шексіз кемелін, ешбір нұқсандығы жоқ екенін білуге болады. Ал, берілген уәдені орындамау, өтірік алдау - өте жағымсыз әрі нашар сипат әрі үлкен кемшілік. Әлбетте әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашады. Уа, иман келтіргендер, сендерді Адам аталарыңның отаны - атамекен Жәннатқа кіргізеді.

ОН БІРІНШІ КӘЛИМА:

وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ

яғни, адам баласы мына сынақ алаңы болған дүниеге сауда жасауға және қызмет етуге жіберілген. Олар саудасын жасап, қызметін бітіріп, міндетін аяқтаған соң, өздерін жіберген Халиқ-ы Зүлджәләліне қайта оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышады. Яғни, мына фәниден көшіп, мәңгі әлем - Аллаһтың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран кедергілерінен, қараңғы перделерінен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол жақта әркім тікелей өзінің Халиқы мен Мағбуды, Раббы мен Сәйіді және Мәлікі кім екенін білетін және табатын болады. Міне, бұл кәлима барлық сүйіншілерден артық мына сүйіншіні былай деп жеткізеді:

— 255 —

Ей, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда апара жатыр, ойландың ба? "Отыз екінші сөздің" соңында баяндалғанындай: Бір сағаттық өмірі дүниенің мың жылдық шат-шадыман өмірінен артық Жәннатқа, ал бір сағат Аллаһтың жәмалын, яғни, әсемдігін тамашалау, Жәннаттың мың жылдық рахат өмірін ұмыттырып жіберетін әлемге барасың. Осындай бір Жәмил-і Зүлджәләлдың мейірімге толы аяулы құзырына барасың.

Өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып күйіп жанған фәни, уақытша нәрселердегі сұлулықтар, сондай-ақ, айналамыздағы тамаша әсемдіктер, Аллаһтың жәмалының көрінісі, яғни, Оның әсем есімдерінің шуағының ұшқындары. Жәннат - өзінің бүкіл сұлулығымен бірге Оның рақымдылығының көркем сәулесі. Және барлық құштарлық, махаббат, сұлулық пен көрік, Оның махаббатының ұшқындары. Міне осындай бір Мағбуд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің құзырына бара жатырсың. Оның мәңгі бітпейтін қонақасына, Жәннатқа шақырулысың. Олай болса, қабірге кірерде жыламсырап емес, күлімсіреп кір!

Бұл кәлима сүйіншісінде тағы да былай дейді:

Ей, адам! "Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп, көрінбей қалуға, шіріп, ыдырап кетуге, себептерге жем болуға кетіп барамын" деп қайғырма! Сен құрып кетуге емес, мәңгілікке бара жатырсың. Жойылуға емес мәңгі жасауға, қараңғыға емес нұр әлеміне, Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқидің құзырына кетіп барасың. Сұлтан-ы Әзелидің орталығына ораласың. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдына және тынығуға барасың.

Демек, бұл қоштасу емес, қауышу, айырылысу емес, кездесу.

— 256 —

Екінші бөлім

(Тәухидтің дәлеліне, Исмі Ағзам тұрғысынан қысқаша ишара)

БІРІНШІ КӘЛИМА: لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ та Улухиет пен Мағбудиеттің бірлігі бар. Бұл мәртебенің өте күшті дәлеліне былай ишара етеміз: Мына ғаламда, әсіресе жер бетінде бүкіл істер аса жүйелі түрде жүргізілуде. Өте хикметті жаратушылыққа куә болудамыз. Өте жүйелі Фаттахиетті (Ашушы) яғни барлық нәрсеге өзіне лайық формалар беріліп, бейнелер ашылып жатқанын көрудеміз. Сондай-ақ, өте жанашыр, жомарт, мейірімді жарылқаушылық пен жақсылықтарды көрудеміз. Олай болса, сөзсіз түрде бұл жағдайлар Фаал (Іс атқарушы), Халлақ (Жаратушы), Фаттах (Ашушы), Уаһһаб (Жарылқаушы), Зат-ы Зулджалалдың Уажиб-ул Ужудының (Болмауы мүмкін емес) бар және бір екенін дәлелдейді, тіпті сездіреді. Жаратылыстардың үнемі жойылып отыруы, жаңарулары бұл жаратылыстардың Құдіретті Жаратушының Құдси есімдерінің көріністері... істерінің туындылары... Тағдыр және Құдірет қаламының нақыштары мен беттері... Кемелдігінің әсем айналары екендігін көрсетеді. Осы ұлы ақиқат пен Тәуһидтің жоғары мәртебесін бүкіл ғаламның Иесі, Өзі жіберген барлық қасиетті кітаптар мен парақтары арқылы Тәуһидті көрсеткеніндей, бүкіл Хақ жолдағылар мен адамзаттың барша кәмілдері өз зерттеулері мен кәшфиаттары арқылы Тәуһидтің сол мәртебелерін көрсетуде. Сондай-ақ, бүкіл ғалам да әлсіздігі, пақырлығымен бірге өздерінде орын алып жатқан үздіксіз мұғжиза өнерді, ғажайып басқаруды, молшылық қазыналары арқылы сол Тәуһид мәртебелеріне ишара етеді. Демек, Әзәли Бақылаушы Аллаһ, бүкіл кітаптары мен парақтары арқылы, ал Әһли Шуһуд бүкіл зерттеулері мен кәшфиаттары арқылы, ал көзге көрініп тұрған мына Әлем бүкіл жүйелі де тәртіпті жағдайлары арқылы Тәуһид мәртебелерін дәлелдеуде бірлік танытуда.

Міне, осындай Уахид-і Ахадқа сенбеген жан сансыз құдайларға сенетін болады немесе ақымақ скептиктер сияқты өзінің де, ғаламның да болмысын жоққа шығаратын болады.

— 257 —

ЕКІНШІ КӘЛИМА: وَحْدَهُ бұл сөз Тәуһидтің айқын мәртебесін көрсетуде. Бұл мәртебені жоғары деңгейде дәлелдеп берген өте күшті айғақтарға былайша ишара етеміз. Біз көзімізді ашып мына ғаламға қараған сайын ең бірінші көзге түсетіні баршаға қатысы бар кемел жүйе мен барлығына ортақ асқан дәлдіктегі өлшем. Барлық нәрсе өте нәзік таразымен жеке-жеке өлшеммен жасалған. Тағы да үңіле түскен сайын жап-жаңа жүйелер мен тәртіп пен өлшемдердің үйлесімін көреміз. Яғни, Біреу әлгі жүйелерді өлшеммен өзгертуде, таразылай отырып жаңартуда. Барлық нәрсе бір үлгі (модель) іспетті, әр түрлі жүйелі, өлшемді суреттер кигізілуде. Одан әрі үңіле түссек, әлгі жүйелер мен өлшемдердің астында хикмет пен әділет көрінуде. Әрбір әрекетте хикмет пен пайда көзделуде. Одан әрі мұқият қадағаланса, аса даналықпен (хикметпен) атқарылып жатқан істердің ішінен Құдірет көрінеді. Барлық нәрсенің бүкіл жағдайын қамтып тұрған шексіз ілімнің көріністері түйсік көзіміз арқылы санамызға сезіледі.

Демек, бүкіл жаратылыстардағы осынау жүйе мен өлшем, көзімізге баршаға ортақ жүйелілік пен өлшемді көрсетеді. Олар да баршаға ортақ хикмет пен әділеттілікті көрсетеді. Хикмет пен Әділет те құдірет пен ілімді көрсетеді. Демек, осындай перделердің арғы жағынан Бүкіл нәрселерге күші жететін Құдірет, Бүкіл нәрселерді білуші Алим ақылымызға көрінуде. Сондай-ақ барлық нәрселердің басы мен соңына қарасақ, әсіресе тіршілік иелеріне назар аударсақ, бұлардың басталуларының негіздерінен, тамырларынан, жемістерінен, нәтижелерінен мынаны байқауға болады. Тұқымдары мен негіздері бағдарлама, түсіндірме түрінде сол затқа қажетті нәрселерді өн бойында сақтап тұр. Ал, нәтижесі мен жемісінде, тағы да сол тіршілік иесінің бүкіл мағынасы сүзіліп, сонда жиналады, өмірбаянын сонда қалдырады. Сол заттың негізі болып саналатын дәні, оның жасалу заңдылықтарының жинағы. Ал жемістері мен өнімі жаратылысының мазмұны екенін көреміз. Сонан соң сол тіршілік иесінің сыртқы және ішкі жақтарына қараймыз. Аса хикметті Құдіреттің істері - сөзі өтетін ерік күштің бейнеленуі мен жүйеленуі екені көрінеді. Яғни, бір күш пен құдірет жаратады. Бұйрық пен ерік-қалау бейне береді.

Міне, осылай бүкіл нәрсенің бастауына назар аударылса ілімнің түсініктемесі... соңына назар аударылған сайын Жаратушының жоспары мен баяны... сыртына зер салынса, Өз қалауын орындайтын,

— 258 —

Басқарушының аса өнерлі және жарасымды көйлегі, ал ішіне үңілген сайын Құдіреттің өте жүйелі түрде іс атқарушы құрылғысы екеніне куә боламыз.

Сонымен, бұл жағдайлар мен бұл ахуал ешбір нәрсе, ешқандай мекен ешқашан Сани-ы Зулджелалдың иелігінен, игеруінен тыс болмайтынын анық жариялауда. Әрбір зат, бүкіл нәрсе, қандай жағдайда болмасын Басқарушы Құдіреттің (Аллаһтың) басқаруында және Рахман Рахимнің жүйелеуімен, жарылқауымен тамаша бейнеге енуде. Ханнан Маннан Аллаһтың әшекейлеуімен безендірілуде. Басында түйсігі, жүзінде көзі бар жанға мына ғалам мен жаратылыстардағы жүйе мен өлшем және жүйелеу мен өлшеу бір ғана Уахид, Ахад, Қадир, Мурид, Алим, Хаким бір Құдірет Иесін Уахданиет мәртебесінде көрсетеді. Ия, барлық нәрселерде бірлік бар. Бұл бірлік Бірді көрсетеді. Мәселен, Жер шарының шырағы болған Күн біреу. Олай болса, әлемнің Иесі де біреу. Жер бетіндегі тіршілік иелерінің қызметшілері болған ауа, от, су бір. Олай болса, оларды жұмсаушы да, біздерге бағындырып тұрған да Жалғыз біреу.

ҮШІНШІ КӘЛИМА: لَا شَر۪يكَ لَهُ бұл кәлиманы Отыз екінші сөздің бірінші бөлімі нақты да көркем түрде дәлелдеп бергендіктен соған тапсырамыз. Одан артық түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

ТӨРТІНШІ КӘЛИМА: لَهُ الْمُلْكُ яғни, Ферштен Ғарышқа дейінгі, Жер бетінен жұлдыздарға дейінгі, атомдардан ғаламшарларға дейінгі, Әзелден Әбедке дейінгі бүкіл нәрсе, Аспан мен Жер, Дүние мен Ақырет, барлық нәрсе Соның мүлкі. Ұлы Тәуһид түріндегі Маликиеттің (Ие болу) ұлы мәртебесі де Соныкі.

Сәтті бір күні терең толғаныс үстінде Маликиеттің ұлы мәртебесі мен Тәуһид ағзамның ұлылығын көрсететін дәлелдер мына әлсіз пақырдың ойына араб тілінде илһам боп келді. Сол терең толғаныстың құрметіне арабша мәтін сол қалпында қалып, соңынан мағынасы баяндалмақ.

لَهُ الْمُلْكُ لِاَنَّ ذَاكَ الْعَالَمَ الْكَب۪يرَ كَهٰذَا الْعَالَمِ الصَّغ۪يرِ ٭ مَصْنُوعَا قُدْرَتِهِ مَكْتُوبَا قَدَرِهِ ٭ اِبْدَاعُهُ لِذَاكَ صَيَّرَهُ مَسْجِدًا ٭ ا۪يجَادُهُ لِهٰذَا صَيَّرَهُ سَاجِدًا اِنْشَٓاؤُهُ لِذَاكَ صَيَّرَ ذَاكَ مِلْكًا ٭ ا۪يجَادُهُ لِهٰذَا صَيَّرَهُ مَمْلُوكًا ٭ صَنْعَتُهُ ف۪ى ذَاكَ تَظَاهَرَتْ كِتَابًا ٭ صِبْغَتُهُ ف۪ى هٰذَا تَزَاهَرَتْ خِطَابًا ٭ قُدْرَتُهُ ف۪ى ذَاكَ تُظْهِرُ حِشْمَتَهُ ٭ رَحْمَتُهُ ف۪ى هٰذَا تُنَظِّمُ نِعْمَتَهُ ٭ حِشْمَتُهُ ف۪ى ذَاكَ تَشْهَدُ
— 259 —
هُوَ الْوَاحِدُ ٭ نِعْمَتُهُ ف۪ى هٰذَا تُعْلِنُ هُوَ الْاَحَدُ ٭ سِكَّتُهُ ف۪ى ذَاكَ فِى الْكُلِّ وَالْاَجْزَٓاءِ ٭ خَاتَمُهُ فِى هٰذَا فِى الْجِسْمِ وَ الْاَعْضَٓاءِ
Бірінші сөйлем:
ذَاكَ الْعَالَمَ الْكَب۪يرَ...الخٓ

Яғни, мына ғалам деп аталған алып әлем мен адам деп аталатын соның шағын үлгісі, шағын әлем, Құдірет пен Тағдыр қаламы арқылы жазылған афақи (сыртқы әлемге қатысты) және әнфуси (адамның ішкі жан дүниесіне қатысты) түрдегі Уаһданиеттің дәлелдерін көрсетушілер. Иә, ғаламдағы өнер мен жүйелі шеберліктің шағын үлгісі адамның бойында да бар. Ол алып шеңбердегі шеберліктер өздерін жаратушы Сани-ы Уахидіне дәлел болғаны секілді, адам бойындағы дәл сондай кішірейтілген бейнедегі ғажап шеберліктер де, сол Жаратушыға ишара етеді. Оның Жалғыз екенін көрсетеді. Адам - өте мағыналы Раббани хат. Тағдырдың тамаша бір жыр жолдары.

Сондай-ақ, ғалам да дәл сол құдірет қаламымен жазылған кең көлемдегі ғажайып тағдыр дастаны. Бүкіл адамдардың бір-біріне ұқсамайтын бет жүздеріндегі уахдет таңбасы мен иық тіресіп, қол ұстасып, бас қосып тұрған бүкіл жаратылыс атаулының үстіндегі Уаһданиеттің мөріне Уаһид-ы Ахадтан басқа біреудің қатысы болуы мүмкін бе?

Екінші сөйлем:
اِبْدَاعُهُ لِذَاكَ...الخ

мағынасы былай: Жаратушы Хакім (Аллаһ) алып әлемді ғажайып бір түрде жаратып, үстіне ұлы аяттарымен өрнек салып қойған. Ғаламды үлкен бір мешітке айналдырған. Адамға ақыл беруі арқылы өз өнерінің мұғжизалары мен ғажайып құдіретіне таңданыспен сәжде еткізген. Ұлы аяттарын оқытқызып, құлшылыққа дайын күйге әкелген. Сол ұлы мешітте сәжде етуші құл түрінде жаратқан. Осы ұлы мешіттің ішіндегі сәжде етушілердің, құлшылық етушілердің табынуларына ең лайығы Уахид-і Ахад Жаратушыдан басқа кім болуы мүмкін.

— 260 —
Үшінші сөйлем:
اِنْشَٓائُهُ لِذَاكَ...الخ

мазмұны былай: Малик-ул Мулк (Аллаһ) алып әлемді, әсіресе жер бетін ғажайып түрде жаратқан. Бір-бірі ішінде сансыз шеңберлер, әрбір шеңбердің әр қайсысы егіс алқабы, кезең-кезеңімен, мезгіл-мезгіл ғасыр сайын егеді, орады, өнім алады. Мүлкіне тоқтаусыз жұмыс істетеді, басқарады. Ең үлкен шеңбер болған зәррелер (атомдар) әлемін егістік алқабы етіп, әрдайым ғаламның көлеміндей өкімдерді құдіретімен, хикметімен сол алқапқа егеді, орады, жинайды. Шәһадат (материялық) әлемінен ғайып әлеміне, құдірет шеңберінен ілім шеңберіне жөнелтеді. Сонан соң орташа бір шеңбер болған жер бетін, дәл сондай бір егістік алқабы етіп, мезгіл сайын әлемдерді, түрлерді соның ішіне егеді, орады, жинайды. Рухани өнімдерін де ғаиби, ақыреттік мисали және мағнауи әлемдеріне жөнелтеді. Одан да кішкене бір шеңбер болған бір бақшаны өз құдіретімен жүз рет, мың рет толтырып, хикметпен босатады. Одан да кішкене бір шеңбер болған тіршілік иесінен, мәселен: бір ағаштан, бір адамнан, оның өзінен жүз есе көп өнім алады. Демек, Ол Малик-ул Мулк үлкен-кіші, жалқы-жалпы, барлық нәрселердің әрқайсысын модель жасап, жүз түрлі жаңа өрнектер мен безендірілген өнерлі киімдерді кигізеді, есімдерінің көріністері мен құдіретінің мұғжизаларын көрсетеді. Өз мүлкінің әрқайсысын парақ түрінде жаратқан, әр параққа жүз түрлі мағыналы хаттар жазып, хикметтерінің дәлелдерін паш етеді, саналыларға оқытқызады.

Мына алып әлемді мүлік түрінде жасаумен қатар адамды да әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, сезімдер берген. Әсіресе, нәпсі, қалау, қажетсіну, тәбет, тойымсыздық және мақсат-талап беріп, ауқымы кең иелігіндегі барлық нәрсеге мұқтаж құл түрінде жаратқан. Өте ауқымды атомдар әлемінен бастап, сөйтіп бір шыбынға дейінгі бүкіл нәрсені егіс алқабы етіп, кішкентай ғана адамды сол алып иелігіне бақылаушы, тексеруші, бағбан, саудагер, делдал және өзіне құл, құрметті қонақ, сүйікті тыңдарман қылған Маликул Мулк Аллаһтан басқа біреу осы иелікті басқарып, әлгі қызметші құлға қожайын бола ала ма? Солай болуы мүмкін бе?

Төртінші сөйлем:
صَنْعَتُهُ فِى ذَاكَ...الخ

сөйлемі. Мағынасы былай: Жаратушы Хақтың алып әлемдегі өнерінің мағыналылығы сонша, сол өнер бір кітап түрінде ортаға шығып, ғаламды алып бір

— 261 —

кітап түріне келтіргендіктен, адамбаласының ақылы шынайы хикмет кітапханасын содан алды және соған қарап жазды. Және сол хикмет кітабының ақиқатпен байланыс дәрежесінің жоғарылығы және ақиқаттан медет алып тұрғандығы сонша Ұлы Кітаб-ы Мубиннің бір нұсқасы болған Құран Хакім түрінде жария етілді. Сондай-ақ, ғаламдағы өнері жүйелілігінің кемелдігінен кітап бейнесіне енді. Адамдағы реңдері мен хикмет өрнектері де сөйлеу түрінде шешек ашты. Яғни, ол өнер туындысының мағыналылығы, ерекшелігі, көркемдігі сондай, сол тірі машинадағы жабдықтар фонограф секілді тілге келді, сөйлеттірді. Және осы тамаша жағдайда тұрған оған Раббани рең берілгендігі сонша, материялық денеден тұратын жансыз бастан рухани, ғаиби, жаны бар тірі баяндау, сөйлеу гүлі ашылды. Және сол адамның басындағы сөйлеу және баяндау қабілетіне жоғары дәрежедегі жабдықтар мен мүмкіндіктер берілгені сонша Әзәли Сұлтанмен сөйлеуші бола алатындай дәрежеге шарықтатты, дамытты. Яғни, адамның болмысындағы Раббани бояу Аллаһтың оған тіл қатуы деген гүлді ашты. Бүкіл жаратылыстардағы кітап дәрежесіне келген өнерге және адам бойындағы сөйлесу мақамына жеткен реңктерге Уахид Ахад, Аллаһтан басқа біреудің араласуы мүмкін бе? Әсте мүмкін емес.

Бесінші сөйлем:
قُدْرَتُهُ ف۪ى ذَاكَ...الخ

сөйлемі: мағынасы былай: Иләһи Құдірет, алып әлемде Рубубиетінің айбынын көрсетуде. Ал, Раббани мейірім шағын әлем түріндегі адамда нығметтерді жүйеге келтіруде. Яғни, Жаратушының Құдіреті -Кибрия және Ұлылық тұрғысынан, ғаламды айбынды бір сарай секілді жаратуда. Күнді алып электр лампасы, Айды шам, жұлдыздарды шырақтардай жайнатып қойған, электрлендірген. Жер бетін дастархан, егіс алқабы, бақша кілем етіп қойған. Таулардың да әрқайсысын қойма, жеке-жеке тіреу қамал жасаған, тағысын тағы.....

Бүкіл нәрселерді кең көлемде сол үлкен сарайдың қажетті жабдықтары түріне келтіріп, Рубубиетінің айбынын салтанатты түрде көрсеткені секілді, Жамал тұрғысынан алғанда Мейірімін де, ең кішкене тіршілік иесіне дейінгі әр бір рух иесіне нығметтің неше түрін беріп, сол арқылы жүйеге келтіреді. Басынан аяғына дейін нығметтерге сәндеп, мейірімімен, жомарттығымен безендіреді. Сол ұлылық айбынына қарсы мейірімнің жамалын, үлкен тілдерге қарсы

— 262 —

кішкене тілдерді ортаға қояды. Яғни, Күн мен Ғарыш секілді алып денелер айбындылық тілімен Иа, Жалил! Иа, Кәбир! Иа, Азим! деген уақытта шыбын-шіркейлер мен балықтар секілді ұсақ жәндіктер мейірім тілімен Иа, Жамил! Иа, Рахим! Иа, Кәрим! деп, сол бір ұлы әуенге нәзік әуездерін қосады, тәтті күйге айналдырады. Ол Жәмил, Жәлил Аллаһтан басқа біреудің осы бір алып және шағын әлемдерді жарату тұрғысынан өз бетінше араласа алуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес.

Алтыншы сөйлем:
حِشْمَتُهُ فِى ذَاكَ...الخ

мағынасы былай: ғаламның түгелінде көрініп тұрған Рубубиеттің айбындылығы, Аллаһтың Уахданиетін дәлелдеп тұрғанындай, тіршілік иелерінің ең ұсақ бөлшектеріне де жүйелі түрде ризық беріп тұрған Раббани нығмет те Аллаһтың Ахадиетін дәлелдеп тұр. Уаһданиет дегеніміз - Бүкіл жаратылыстар тек қана Аллаһтікі, бір өзіне ғана бағынады, бір Аллаһтың жаратқандары дегенді білдіреді. Ал, Ахадиет болса, бүкіл нәрседе Халиқ-ы Күлли Шейдің (Барлық нәрсені жаратушы) көптеген есімдері көрініп тұр дегенді білдіреді. Мәселен, Күн сәулесінің бүкіл жер бетін қамту қасиеті Уахидиеттің мысалын көрсетеді. Ал әрбір мөлдір нәрселерде және су тамшыларында Күннің жарығы мен жылуы, ал жарығындағы жеті түс пен өзіндік сәулесінің болуы Ахадиеттің мысалын көрсетеді. Сондай-ақ, бүкіл нәрселердегі, әсіресе тіршілік иесінде, оның ішінде әр бір адамда Жаратушысының көптеген есімдерінің көрінуі, Ахадиетті көрсетеді.

Сонымен, бұл сөйлем мынаған ишара етеді: Ғаламды басқарып тұрған Рубубиеттің айбындылығы, анау алып Күнді жер бетіндегі тіршілік иелеріне қызметші, шамшырақ, пеш ал мына Жер бетін бесік, мекен, сауда орны жасаған, ал отты барлық жерде дайын тұрған аспаз, дос, ал бұлтты сүзгіш және нәрге толы желін еткен, тауларды қазынамен қойма, ауаны дем беруші, желпуіш жасаған, суды өмірге жаңа келгендерге сүтін берген сүт ана және хайуанатқа өмір суын берген шәрбатшы етіп қойған Иләһи Рубубиет, Аллаһтың Уахидиетін өте анық түрде көрсетеді. Иә, Күнді Жалғыз Жаратушыдан басқа кім жер бетіндегілерге бағынышты қызметкер ете алады. Ол Уахид Ахад Аллаһтан басқа кім ауаны қолына ұстап, көптеген міндет жүктеп, шаруалар атқартады, жер бетінде шалт-ширақ қимылдайтын қызметші ете алады. Уахиді Ахадтан басқа отты аспаз жасап, шидің

— 263 —

ұшындай ғана жалынға мың батпан затты жұтқызып жіберуге кімнің шамасы келеді... тағысын тағы... Рубубиеттің айбындылығы тұрғысынан алғанда Бүкіл нәрсе, әр бір элемент, әр бір аспан денесі Уахид-ы Зулжәлалды көрсетеді.

Сонымен, Жәлал (Ұлылық) және Хашмет (айбындылық) тұрғысынан Уахидиет көрінетіні сияқты, Жамал мен Рахмет (мейірімділік) тұрғысынан да нығмет пен ихсан (жарылқау) Ахадиет-і Иләһиені жария етеді. Өйткені, тіршілік иелерінде әсіресе адамда, бүкіл осы өнерлердің ішінен сан түрлі нығметтерді түсінетін, қабыл алатын, қажет ететін жабдықтар мен құралдар бар. Аллаһтың бүкіл әлемде көрініп тұрған барлық есімдерінің шұғыласына бөленуде. Былайша айтқанда, лупаның орталық нүктесі іспетті. Өзінің болмыс айнасы арқылы бүкіл Әсма-и Хуснаны бірден көрсетіп, Сол арқылы Аллаһтың Ахадиетін жария етеді.

Жетінші сөйлем:
سِكَّتُهُ ف۪ى ذَاكَ فِى الْكُلِّ وَالْاَجْزَٓاءِ خَاتَمُهُ فِى هٰذَا فِى الْجِسْمِ وَالْاَعْضَٓاءِ

Қысқаша мазмұны былай. Сани-ы Зулжалал мына әлемді тұтастай алғанда үлкен таңбасын, ал жеке-жеке бөлшектерінің әрқайсысына да уахдет таңбасын қойған. Әлемнің кішірейтілген нұсқасы - адамның денесіне және бетіне Уахданиет таңбасын басқанындай, әрбір ағзасында да Уахдет мөрі бар. Иә, Қадир-ы Зулджелал барлық нәрсеге, жалпыға да, жалқыға да, жұлдыздарға да, атомдарға да Уахдет мөрін басқан. Олар соған дәлел болады.

Осы бір ұлы ақиқат, Жиырма екінші Сөзде, Отыз екінші Сөзде және Отыз үшінші Мектубтың Отыз үш терезесінде өте анық және кесімді түрде дәлелденгендіктен, сөзді соларға қалдырып осы жерден тоқтатамыз.

БЕСІНШІ КӘЛИМА: لَهُ الْحَمْدُ Бүкіл нәрседегі мақтап-мадақтауға себеп боларлық кемелдіктер Соныкі. Олай болса, Хамд (шүкір) де Оған тиесілі. Әзелден Әбадқа дейінгі біреудің біреуді мадақ пен дәріптеуі келешекте болатыны, бәрі де Соған тиесілі. Өйткені, мақтауға себеп боларлық нығмет пен жарылқау, кемелдік пен сұлулық және хамдқа (шүкірге) дәнекер боларлық нәрселердің бәрі де Соныкі, Соған тиесілі. Құран аяттарының ишараты бойынша, бүкіл жаратылыстардан Алланың дәргейіне үздіксіз кетіп жатқан нәрсе - құлшылық, тәсбих, сәжде, дұға, шүкір мен мадақтау. Тәуһидтың осы ақиқатын дәлелдейтін ұлы айғаққа былайша ишара етеміз.

— 264 —

Мына ғаламға қарасақ, бау-бақша секілді. Төбесі биіктегі жұлдыздармен көмкерілген, жер беті әсем жаратылыстармен безендірілген.

Осы бақтың аспанында мұнтаздай тізілген нұрлы жұлдыздар мен жердегі хикметті, зинетті жаратылыстардың әр қайсысы өздеріне тән тілдерімен: "Біз, Бір Қадир-ы Зулджалалдың құдіретінің мұғжизаларымыз. Хаким Жаратушының, Қадир Шебердің жалғыз екендігіне куәлік етеміз" дейді.

Енді осы бақ әлемнің ішіндегі жер шарына қараймыз. Бақша секілді, неше түрлі (жүз мыңдаған) әсем гүлді өсімдіктер тайпасын сол жерге төсеп тастағандай. Неше түрлі (жүз мыңдаған) хайуандар өріп жүр. Міне, осы бақшадағы бүкіл көркем өсімдіктер мен зинетті хайуанаттың жүйелі дене бітімдері мен дәл өлшемді бейнелері "Біздің әр қайсымыз Бір ғана Хаким Шебердің мұғжизалы өнеріміз, ғажайыбымыз және Уахданиеттің жаршысымыз, куәсіміз" деп жар салуда. Енді сол бақшадағы ағаштардың бастарына қарасақ, өте жоғарғы іліммен, хикметпен, жомарттықпен өте нәзік түрде, сұлу түрде жасалған әр түрлі жемістерді, гүлдерді көреміз. Ал, бұлардың барлығы бір тілмен "Біз, Бір Зулджалал Рахманның, Зулкемал Рахимнің мұғжизалы сыйлықтарымыз, ғажайып жарылқауымыз" деп жар салуда.

Сонымен ғалам бағындағы жұлдыздар мен жаратылыстар және жер шары бақшасындағы өсімдіктер мен хайуанаттар және ағаштар мен өсімдіктердің басындағы гүлдер мен жемістер. Шексіз дәрежедегі жоғарғы дауыспен жар салып куә болуда.

Біздің Жаратушымыз әрі Мусаувириміз (Бейнелеушіміз) және бізді сыйға тартқан Қадир-і Зулджалал, Хаким-і Бимисал, Кәрим-і Пүрнауал бүкіл нәрсеге құдіреті жетеді. Еш нәрсе оған ауыр келмейді. Еш нәрсе Оның құдірет аясынан тыс қалмайды. Оның Құдіретіне зәррелер мен жұлдыздар бірдей. Жалпы да, жалқы да бірдей, оңай. Жалқы нәрсе жалпыдай маңызды. Оның Құдіретіне ең үлкен нәрсе ең кішкене нәрседей жеңіл келеді. Кішкене нәрсе үлкен нәрседей өнерлі, тіпті өнер жағынан кішкене нәрсе үлкеннен де күрделі. Бүкіл өткен шақтағы жүзеге асырылған Құдірет ғажайыптары, Қадир-ы Мутлақтың (Шексіз Құдіретті Аллаһ) болашақта болуы мүмкін бүкіл ғажайыптарға құдіреті жететініне куәлік етеді. Кешегі

— 265 —

күнді жаратқан ертеңгі күнді де жарататыны секілді, өткен шақты жасаған Зат-ы Қадир, болашақты да жаратады. Дүниені жаратқан Хаким Шебер ақыретті де жаратады. Мағбуд-ы Билхақ тек қана сол Қадир-і Зулджалал. Махмуд-ы Билытлақ та жалғыз Сол. Соған ғана құлшылық етіледі. Мақтау мен мадақ та, шүкір де соған тиесілі. Аспан мен Жерді жаратқан Хаким Шебер, аспан мен жердің ең маңызды нәтижесі, ғаламның ең тамаша жемісі болған адамды бостан-босқа тастауы, себептер мен кездейсоқтыққа тапсырып хикметін әбестікке айналдыруы мүмкін бе? Мүмкін емес. Хаким, Алим біреудің бір ағашқа өте мән беріп, күтіп-баптап, аса хикметпен ретке келтіре тұра, сол ағаштың нәтижесі, пайдасы болған жемістеріне қарамауы, елемеуі мүмкін бе? Сұғанақ қолдарға беріп, босқа шашуы зая кетіруі мүмкін бе? Әлбетте, қарамауы, елемеуі мүмкін емес.

Ағашқа жемістері үшін мән беріледі. Міне, бұл ғаламдағы түйсік иесі және ең кемел жемісі, нәтижесі, мақсаты - адам. Ғаламның Хаким шебері бұл түйсікті жемістердің жемісі болған шүкір мен құлшылықты, алғыс пен махаббатты басқаларға беріп, анық көрініп тұрған хикметін еш қылуы немесе шексіз құдіретін дәрменсіздікке айналдыруы немесе шексіз ілімін надандыққа айналдыруы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес.

Мына ғалам сарайының жасалуындағы Раббани мақсаттардың себебі болған түйсік иелерінің және түйсік иелерінің үлкені болған адамзаттың, өзі бөленген нығметтерге жауап ретінде жасаған шүкірлері мен құлшылықтары, сол сарайдың Шебер Иесінен басқаға кетуі мүмкін бе? Негізгі мақсат болған шүкір мен құлшылықтың басқаларға жасалуына Сол Сани-ы Зулджалалдың мүмкіндік беруі мүмкін бе?

Сансыз нығметтермен түйсік иелерін өзіне ғашық етіп, сансыз мұғжизалы өнерлермен өзін соларға таныстырсын да, олардың шүкірі мен құлшылықтарын, хамдтары мен махаббаттарын, танымдары мен қарыздарлықтарын себептер мен табиғатқа қалдырып, өзінің мән бермеуі, шексіз хикметін жоққа шығаруы Рубубиет билігін еш қылуы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес!

Көктемді жарата алмаған және бүкіл жемістерді жасай алмаған, барлығының таңбалары бірдей болған жер бетіндегі бүкіл алмаларды жарата алмаған біреудің, олардың кішкене нұсқасы болған бір

— 266 —

түйір алманы жаратып, сол алманы біреуге нығмет қылып жегізуі, алғысын алуы, шүкір еткізуге келгенде Махмуд-ы Биитлаққа ортақ болуы мүмкін бе? Еш мүмкін емес! Өйткені бір алманы кім жаратқан болса, дүниедегі бүкіл алмаларды да жаратқан Сол. Өйткені, бәрінің таңбалары бір. Алмаларды кім жаратқан болса, бүкіл дүниедегі ризық көзі болған дақылдар мен жемістерді де жаратқан Сол. Демек, ең кішкене бір тіршілік иесіне, ең кішкене нығметті бүкіл ғаламның Жаратушысы, Реззақ-ы Зулджелалдың өзі тікелей беріп тұр. Ендеше, алғыс пен хамд тікелей соған тиесілі. Сондықтан ғаламдағы ақиқаттар тоқтаусыз түрде хақ тілімен

لَهُ الْحَمْدُ مِنْ كُلِّ اَحَدٍ مِنَ الْاَزَلِ اِلَى الْاَبَدِ

дейді.

АЛТЫНШЫ КӘЛИМА: يُحْي۪ى Яғни, Өмір беруші тек Сол ғана. Олай болса бүкіл нәрсенің Жаратушысы да Сол ғана. Өйткені, ғаламның рухы, нұры, ұйытқысы, негізі, нәтижесі, қорытындысы - Өмір. Кім Өмір берген болса бүкіл ғаламның Жаратушысы да Сол. Өмір беруші Сол, демек Хаии Қаюм да Сол.

Сонымен, осы тәуһид мәртебесінің ұлы айғағына былайша ишара етеміз. Басқа бір Сөзде түсіндіріліп дәлелденгеніндей жер бетінде жаратылыстардың шатырлары тігулі, өте айбынды әскерін көріп тұрмыз. Хаий-ы Қаиюмның сансыз әскерінің қатарынан әр көктем сайын жаңадан қару-жарағын асынып, ғайыптан келетін жаңа әскердің майданға шыққанын көреміз. Бұл әскерлерге де зер салсақ, өсімдіктер сыныбының екі жүз мыңнан, хайуанаттардың жүз мыңнан астам түрлі қауымдарын көрудеміз. Әр ұлттың, әр тайпаның киімі бөлек, азығы бөлек, тәлімі бөлек, әскерден босатылу мерзімі бөлек, қару-жарағы бөлек, әскери мерзімдері бөлек болуына қарамай, бір Ұлы қолбасшы шексіз құдіретімен, хикметімен, шексіз ілімімен басқарып, сарқылмас мейірімімен, таусылмас қазынасымен еш қайсысын ұмытпай, жаңылмай, шатастырмай, кешіктірмей үш жүз мыңнан астам ұлттар мен тайпалардың барлығын жарылқап, кемел ұқыптылықпен, толық өлшеммен, өз уақытында азықтарын жеке-жеке жеткізіп, бөлек-бөлек тәлім жасатып, жеке-жеке міндеттен босатып жатқанын көзі бар жан анық көреді, жүрегі бар жан айнеляқин куә болады.

— 267 —

Енді, осы тірілту мен басқаруға, тәрбие мен баптауға сол әскерлерді бүкіл жағдайлармен қамтамасыз етуші ілім мен сол әскерді қажетті жабдықтармен қоса басқарып тұрған шексіз құдірет Иесінен басқа біреудің бұл іске араласа алуы, киліге алуы, сол істе үлесі болуы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес!

Бір полкта он ұлт болса, бөлек-бөлек жабдықталуы он әскердей ауыр келетіндіктен, қауқарсыз адам баласы қаласа да, қаламаса да бәрін бірдей жабдықтауға мәжбүр болғаны белгілі. Ал, Хаий-ы Қаюм (Аллаһ) мына айбынды әскеріндегі үш жүз мыңнан астам ұлттарға бөлек-бөлек тіршілік жабдықтарын беруде. Қиындықсыз, оңай түрде, аса хикметпен, жүйелі түрде беруде. Осылайша ғаламат көп әскерге бір ғана тілмен هُوَ الَّذ۪ى يُحْي۪ى дегізіп, сол ұлы жамағатқа мына ғалам мешітінде

﴿ اَللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ لَا تَاْخُذُهُ سِنَةٌ وَ لَانَوْمٌ ﴾

аятын оқытқызуда.

ЖЕТІНШІ КӘЛИМА: وَ يُم۪يتُ Яғни, Өлтіретін Сол. Яғни, Өмір беруші де Сол, Өмірді алып, өлтіретін де Сол. Себептерге меншіктеп, табиғатқа тапсыра салатындай өлім тек бұзылып кету, сөніп қалу емес. Мысалға, Бір тұқым сырт қарағанда өліп, шіриді. Бірақ, бір жайқалған тіршілік пен дамуға ...... яғни, кішкене тұқымдық өмірден, ауқымы кең жайқалған өмірге айналады. Сол секілді адамның өлімі де сырт көзге ыдырау, жойылу болып көрінгенімен, ақиқатында адам үшін бақи өмірдің кіріспесі, бастамасы. Ендеше, өмірді беріп, қадағалап тұрған Қадир-і Мутлақ, өлімді де Сол жаратады. Осы кәлимадағы тәухидтің ұлы мәртебесінің ағзам бір айғағына былайша ишара етеміз. Отыз үшінші хаттың жиырма төртінші терезесінде баяндалғандай: Бұл болмыс атаулы Алаһтың қалауымен жүруде. Мына ғалам Раббани әмірімен кезуде. Бүкіл жаратылыс атаулы Аллаһтың рұқсаты мен уақыт теңізінде тоқтаусыз ағуда. Ғайып әлемінен жіберіліп, мына әлемде сыртқы дене кигізілуде. Содан соң қайтадан ғайып әлеміне құйылуда. Раббани әмір бойынша тоқтаусыз түрде болашақтан келіп, осы шаққа соғып, тыныс алып өткен шаққа ағып кетеді. Жаратылыстардың бұл айналысы өте хикметті мейірім мен жарылқау аясында. Қозғалыстар шексіз ілім арқылы іске асып,

— 268 —

хикмет пен тәртіп шеңберінде шексіз мейірім арқылы атқарылуда. Бастан аяқ хикметтермен, пайдалармен, нәтижелермен, мақсаттармен жасалуда.

Демек, Бір Қадир-ы Зулджалал, Хаким-і Зулкемал жаратылыс тайпаларына және әрбір тайпадағы майда бөлшектер мен сол тайпалардан құрылған әлемдерге өз құдіретімен тоқтаусыз түрде өмір беріп, іс атқартуда. Сонан соң, өз хикметімен міндетінен босатып, өлтіреді, ғайып әлеміне жөнелтеді. Құдірет шеңберінен алып, ілім шеңберіне жібереді. Сонымен, мына ғаламды тұтастай айналдыруға құдіреті жетпейтін, бүкіл уақыттарға үкімі жүрмейтін және барлық әлемдерді бір ғана тұлға құсатып өлтіріп, тірілтуге құдіреті жетпейтін, көктемдерге бір ғана гүл секілді тіршілік беріп, жер бетіне тағып, кейін өлім арқылы ол жерден үзіп ала алмайтын біреу, өлім мен өлтірудің Иесі бола алуы мүмкін бе?

Әлбетте, ең кішкене бір тіршілік иесінің өлімі де, өмірі секілді өмірдің бүкіл ақиқаттары мен өлімнің бүкіл түрлерін қолында ұстаушы Зат-ы Зулджалалдың заңы арқылы, рұқсаты арқылы, әмірі, қуаты, ілімі арқылы ғана болатыны хақ.

СЕГІЗІНШІ КӘЛИМА: وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ Мәңгі тірі. Әзәли және Әбәди. Өлім мен жойылудың, жоқ болу мен аяқталудың Оған қатысы жоқ. Өйткені, тірілік Оның Затында. Зати болған нәрсе жоғалмайды. Әзәли болған әлбетте, Әбәди болады. Қадим болған әлбетте, Бақи болады. Уажиб-ул Ужуд болған әлбетте, мәңгілік болады. Ол мәңгі тірі, онымен салыстырғанда бүкіл болмыс атаулы, бүкіл нұрларымен қоса алғанда Соның көлеңкесі сияқты. Жоқ болудың оған қатысы жоқ. Ол мәңгі тірі, Оның бар болуы еш нәрсеге тәуелді емес. Ендеше Ол ешқашан жоқ болмайды, жойылмайды. Ол мәңгі тірі. Бүкіл тіршілік Соның сәулесі арқылы тоқтаусыз түрде көрініс табуда. Ғаламдағы бүкіл тұрақты ақиқаттар соған сүйенеді. Сол арқылы тұр. Әлбетте жойылу мен аяқталудың еш бір жөнінен Оған қатысы бола алмайды. Ол мәңгі тірі. Оның бір ғана сәулесі жойылу мен аяқталуға душар болған көптеген заттарға мәңгілік қасиет береді. Жойылудан құтқарып, болмысын сақтап, өзіндік бір мәңгілік болмысқа бөлейді. Яғни, Хаят (тірілік) көп нәрселерді біріктіреді, тұрақты етеді. Өмір (Хаят) болмаса, ыдырап, жойылып кетеді. Осыншама сансыз тіршілік көріністері Оның бір ғана сәулесі болған Мәңгі Тірі Аллаһқа, уақытша

— 269 —

тұра тұру, жойылып кету деген нәрселер тән емес. Бұл ақиқатқа нақты дәлел - мына ғаламның уақытша екендігі және жойылып кететіндігі. Яғни, Бүкіл жаратылыстар өздерінің болмыстары арқылы, тірі екендіктері арқылы Мәңгі Тірі болмыстың бар және Тірі екеніне, Ал Оның болуы ешбір нәрсеге тәуелді емес екеніне дәлел болып, куәлік етуде.

{Сілтеме*: Өлтіру мен тірілту мәселесінде Хазіреті Ибрахим Алейхиссаламның Нәмрудқа қарсы, күннің шығуы мен батуынан сөз қозғауы - жеке түрдегі өлтіру мен тірілтуден жалпы өлтіру мен тірілтуге ауысу. Терең ақиқаттарға өту. Ең жарқын, кең ауқымды дәлелді көрсету. Әйтпесе, кейбір тәпсіршілер айтқандай көзге анық байқалмайтын дәлелдерді қойып, анық көрініп тұрған дәлелді айту емес.}

Сол сияқты өлулері, жойылулары арқылы да Оның Мәңгі тірі тұрақты екеніне дәлел болып, куәлік етеді. Өйткені, жаратылыстар жойылып кеткеннен кейін артында қалған өздері сияқтылардың тірі тұруы, тұрақты бір өмір иесі бар екенін, тоқтаусыз түрде тірілік көріністерін жаңартуда екенін көрсетеді. Мысалға, Күнге қарсы ағып жатқан өзеннің бетіндегі көпіршік жылтырап өтеді. Кейінгілер де дәл солай бірінен соң бірі жылтырап сонан соң сөніп қалғандай болып кете барады. Бұл жылтырау мен сөну биіктегі тұрақты бір күннің тұрақтылығына дәлел болады. Сол сияқты мына қозғалып жүрген жаратылыстардағы өмір мен өлімнің алмасып тұрулары Хаий-ы Бақидың мәңгі де тұрақты екендігіне куәлік етеді.

Ия, бүкіл жаратылыс атаулы - айна. Бірақ, қараңғылықтың нұрға айна болатыны секілді. Қараңғылық қаншалықты қою болса соншалықты анық көрсетеді. Сол сияқты көп жағдайда қарама-қайшылық тұрғысынан айна болуда. Мәселен, жаратылыстар әлсіздіктері арқылы Жаратушы Шебердің құдіретіне айна болуда. Пақырлықтары арқылы байлығына айна болуда. Жойылулары арқылы да тұрақтылығына айна болуда. Жер беті мен ондағы ағаштардың қыстағы жұпыны жағдайлары мен көктемдегі жайнаған қазына байлығы бір Қадир-ы Мутлақтың, Ғани-ы Алелытлақтың құдіреті мен мейірімін анық көрсетерлік айна болуда. Ия, бүкіл жаратылыстар хал-жағдай тілдерімен Уәйс-әл Қарани (Ойсылқара) секілді мынадай бір мінәжат етуде:

"Я, Иләһана! Раббымыз Сенсің! Өйткені, біз құлмыз! Өзімізді тәрбиелеуге шамамыз жетпейді. Демек, бізді тәрбиелеуші Сенсің!

— 270 —

Сенсің Халиқ (Жаратушы) Өйткені, біз жаратылыспыз, жасалудамыз. Рәззақ Сенсің! Өйткені, біз ризыққа мұқтажбыз. Қолымыз жетпейді. Демек бізді жасаған және ризығымызды берген Сенсің! Сенсің Малик (Ие) Өйткені, біз мәмлүкпіз (құлмыз) Бізден басқа біреу бізді басқаруда. Демек, Иеміз Сенсің! Сен Ғазизсің! Ғиззет пен ұлылық Иесісің! Өзіміздің бишара халімізге қарасақ, үстімізде ғиззаттың көріністері бар. Демек, Сенің Ғиззатыңның айналарымыз. Сенсің Ғани-ы Мутлақ (Шексіз бай) Өйткені, біз пақырмыз. Пақырлығымыздың қолы жетпейтін байлық берілуде. Демек, Ғани Сенсің, беруші Сенсің! Сен Хаии Бақисың (Мәңгі тірі)! Өйткені, біз өлудеміз. Өлуіміз бен тірілуімізде тұрақты өмір берушінің сәулелерін көрудеміз. Сен Бақисың! Өйткені, біз жойылып, бітіп жатырмыз. Сенің тұрақтылығың мен мәңгі екеніңді көрудеміз. Жауап беруші, Жарылқаушы Сенсің! Өйткені, біз бүкіл жаратылыстар сөйлеу арқылы және хал тілімізбен әрдайым зар илеп сұраудамыз. Өзіңнен ғана тілеп, жалбарынудамыз. Тілектеріміз орындалып мақсатымызға жетудеміз. Демек, бізге жауап беруші Сенсің!"

Бүкіл жаратылыстар тұтастай да, жеке-жеке алғанда да әрқайсысы Уәйс-әл Қарани секілді рухани мінәжат жасаушы айналар. Әлсіздіктерімен, пақырлықтарымен, кемшіліктерімен, Аллаһтың құдіреті мен кемелдігін жария етуде.

ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА: بِيَدِهِ الْخَيْرُ Яғни, барлық қайырлы нәрселер Соның қолында, бүкіл жақсылықтар Соның дәптерінде. Бүкіл сыйлықтар Соның қазынасында. Ендеше, қайыр іздеген жан Содан сұрауы керек. Жақсылық қалаған жан Соған жалбарынуы керек. Осы кәлиманың ақиқатын анық көрсету үшін Аллаһтың ілімінің сансыз дәлелдерінен ауқымды бір дәлелдің нышандарына, сәулелеріне мынандай ишара ете отырып айтарымыз: Мына ғаламда көрініп тұрған істер мен соларды басқарушы, жаратушы Шебердің Мухит (Баршаны қамтушы) ілімі бар. Және ол ілім, міндетті түрде Оның Затында (Өзінде) бар қасиет. Ол ілімнің одан ажырауы мүмкін емес. Мысалға, Күннің Заты (Өзі) бар болып, жарығы болмауы мүмкін емес. Сол сияқты мына өте жүйелі жаратылыстарды жаратқан Заттың ілімі одан ажырап қалуы мысалдағыдан мың есе мүмкін емес жағдай. Осы Мухит - ілім Ол Заттың ажырамас болмысы. Сондай-ақ,

— 271 —

онымен байланысу арқылы бүкіл нәрселерге шағылысуда. Яғни, еш нәрсе Одан жасырын қалуы мүмкін емес. Ашық жерде Күнге қарсы тұрған жер бетіндегі нәрселердің Күнді көрмеулері мүмкін емес болғанындай, Алим-і Зулджалалдың ілім нұрынан бір нәрсенің жасырын қалуы, әлгі мысалдан мың есе қисынсыз. Сандырақ. Өйткені, құзыр бар. Яғни, бүкіл нәрсе Оның бақылау шеңберінде. Ол бәрін көріп, бәрін қамтып тұр. Мына жансыз Күн, мына әлсіз адам, мына рентген сәулелері секілді нұрлы нәрселер, өздері кейіннен пайда болған, кемшілігі мол, бойларындағы қасиет кейіннен берілген болса да, олардың нұрлары қарсы алдындағы бүкіл нәрселерді көріп, ішіне ене алатын болса, әлбетте Уәжиб (Міндетті түрде бар болған) Мухит, Зати (өн бойындағы өздігінен бар болған) болған Әзәли ілімнің нұрынан еш нәрсе жасырына алмайды. Одан тыс қала алмайды. Ғаламда осы ақиқатқа ишара ететін сан жетпес нышандар, белгілер бар. Айталық: Бүкіл жаратылыстарда көрініп тұрған бүкіл хикметтер сол ілімге ишара етеді. Өйткені, хикметті түрде іс атқару ілім арқылы болады.

Сондай-ақ, бүкіл көмектер, көркемдіктер сол Ілімге ишара етеді. Көмектесіп, демеп, отырған күш, әлбетте біледі және біліп жасайды. Сондай-ақ, әрқайсысы жеке-жеке өлшеммен жүйелі түрде жасалып жатқан жаратылыстар және әрқайсысы өзіндік тәртіпке, жүйеге бағынып тұрған барлық көріністер, тағы да сол Мухит ілімге ишара етеді. Өйткені, жүйелі түрде іс атқару ілім арқылы болады. Өлшем бойынша өнерлі етіп жасаушы әлбетте терең ілімге сүйеніп жасайды. Сондай-ақ, бүкіл жаратылыстарда көрініп тұрған ұқыпты пішіндер, хикмет пен пайдаларға сай пішілген бейнелер, жазмыштың қағидаларымен және тағдырдың сызғышымен жүйеге келтірілген жемісті жағдайлар мен көріністер, Мухит ілімді көрсетеді.

Иә, заттардың әрқайсысына жеке-жеке жүйелі бейнелер беру, әр нәрсенің тіршілігіне пайдалы және болмысына лайық келетін ерекше бір пішін беру - Мухит ілім арқылы болады. Басқаша бола алмайды. Сондай-ақ, бүкіл тіршілік иелерінің әр қайсысына лайық түрде, үйлесімді уақытта, ойламаған жерден ризықтарын беру - Мухит ілім арқылы болады. Өйткені, ризықты жіберуші - ризыққа мұқтаж болғандарды біледі, таниды, уақытын біледі, қажетін түсінеді. Содан кейін ризығын лайық түрде береді.

— 272 —

і көрсетеді. Өйткені, ешқандай тайпаның, жеке тұлғалардың ажал уақыты сырт көзге көрінбейді. Бірақ ол тайпалардың өмірі шектеулі, өлетін уақыттары белгілі. Олардан бұрын ол нәрсенің міндетін әрі қарай жалғастыратын, нәтижесін, жемісін тұқымын сақтап қалуы жаңа өмірге алмастыруы да Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді.

Және де бүкіл жаратылыстарды қамтып тұрған, әрбір жаратылысқа өзіне лайық түрде беріліп тұрған мейірімнің ілтипаттары, өте ауқымды мейірім арқылы Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді. Мәселен, жануарлардың төлдерін сүтпен тойдырған, жер бетіндегі өсімдіктерді жаңбыр суымен қандырған біреу, әлбетте, сол төлдерді таниды, мұқтаждығын біледі, шөлдеген өсімдіктерді көреді. Оларға жаңбыр керек екенін түсініп, сонан соң жаңбыр жібереді.... Тағысын тағы... Бүкіл хикметті мейірімдердің, көмектердің сансыз көріністері Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді.

Және де әрбір жаратылыстың өнерлі де көркем түрде безендірілуі Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді. Өйткені, мыңдаған ықтималдардың ішінен ең жүйелісін, көркемін, өнерлі, хикметке сай түрін таңдап алу өте терең Мухит іліммен болады. Бүкіл нәрселердегі осындай таңдаулар Мухит ілімге дәлел болады. Және де заттарды жаратудағы, ортаға шығарудағы нұқсансыз кемелдік пен оңай түрде жасау Кемел ілімді көрсетеді. Өйткені, бір нәрсені өте оңай да ыңғайлы түрде жасау ілімнің дәрежесіне, қолдан келе алуға байланысты. Қаншалықты жақсы білсе, соншалықты оңай болады. Міне, осы сырларға байланысты әр қайсысы бір бір өнер мұғжизасы болған жаратылыстарға қарасақ, бәрі де таңқаларлық дәрежеде өте оңай, өте жеңіл, еш қиындықсыз, еш шатастырмай аз уақыт ішінде жасалса да, асқан шеберлікпен өте оңай түрде жасалуда. Демек, шексіз бір ілім бар өте оңай жасалып жатыр. Және осы аталғандар секілді сансыз мысалдарды атауға болады. Олай болса, Ол бүкіл нәрсені көреді, бүкіл жағдайын біледі, содан кейін ғана жасайды. Сонымен бұл ғаламның Иесінің осындай ілімі бар. Әлбетте адамдарды және адамдардың амалдарын көреді және адамдардың нендей нәрсеге лайық екенін біледі, олармен хикметі мен мейірімінің талабына сай мәміле жасайды.

— 273 —

Ей, адам! Ақылға кел! Абай бол! Сені білетін, сені бақылап тұрған Біреу бар екенін түсін! Есіңді жи!

Егер біреу былай десе: Тек қана ілім жеткіліксіз. Қалау Ираде де қажет. Қалау Ираде болмаса ілім жеткіліксіз болады.

Жауап: Бүкіл жаратылыстар Мухит ілімге дәлел болып, куәлік етіп тұрса, сол Мухит ілім Иесінің қалау ирадесіне де дәлел болады. Былайша айтқанда, әр бір тіршілік иесіне сапырылысып жатқан көптеген ықтималдардың арасынан ең жақсы мүмкіндікті таңдау, көптеген нәтижесіз жолдардың ішінен ең дұрысын дөп басу, сансыз шытырманның ішінен ең жүйелі болмыстың берілуі тек қана Күлли (Барлығын қамтушы) Ирадені (Қалау) көрсетеді. Өйткені, барлық нәрсенің болмысын жан-жағынан анталаған сансыз мүмкіндіктер мен ықтималдар арасынан, нәтижесіз тығырық жолдардың ортасынан, селдей болып өлшемсіз аққан өлі элементтердің арасынан өте нәзік өлшеммен, аса дәлдік таразысымен, өте қатаң тәртіппен, еш жаққа ауытқымайтын заңдылықпен жүйеленген болмыс, тұлға тек қана ақаусыз ираде қалаудың ісі екенін анық көрсетеді. Өйткені, сансыз жағдайлардың ішінен ең ерекшесін, ең қажеттісін таңдау Ираде қалау арқылы болады. Таңдау, таңдаушыны қажет етеді. Ал, таңдаушы дегеннің өзі - Ираде қалау. Мәселен, мыңдаған ғажап құралдар мен аспаптардың иесі - тірі мәшине болған адамның бір тамшы судан... Алуан түрлі ағзасы бар құстың қарапайым жұмыртқадан... Жүздеген бұтақтарға тарамдалып кететін ағаштың тырнақтай дәннен өніп шығуы Құдірет пен Ілімге куәлік етеді. Және олардың Жаратушысында кең ауқымды Ираде қалаудың бар екеніне анық дәлел болады. Тек сол Ираде арқылы әлгі нәрселердің ағзаларын бір-бірінен ерекшелендіреді. Және тек сол Ираде қалау арқылы әр дененің, әр мүшенің міндетіне қарай түр береді. Пішін кигізеді.

Қорытынды: Барлық нәрселердің, мәселен, хайуанаттардың маңызды ағзаларының негізі, бір-біріне өте ұқсас болуы олардың ортақ таңбасы бар екенін көрсетеді. Сол арқылы олардың Жаратушысы да Жалғыз Уахид, Ахад екенін дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, осы хайуанаттардың бір-бірінен ерекшеленуі мен түр, пішіндеріндегі айырмашылықтар да олардың Жаратушысының әр істі ерік-қалауымен жасайтынын, қалағанын жасап, қаламағанын жасамайтынын дәлелдейді.

— 274 —

Аллаһтың ілімі мен Раббани ирадеге, жаратылыстардың саны қанша болса, сонша куәлар мен дәлелдер бар. Кейбір философтардың Иләһи ирадені жоққа шығаруы және бір топ бидғатшылардың тағдырды жоққа шығаруы, кейбір адасқан жандардың ұсақ бөлшектерді Жаратушының білмейтінін айтулары және табиғатшылдардың кейбір жаратылыстарды табиғат жаратты деулері, жаратылыстардың саны қанша болса, сонша өтірік, қисынсыздық, ақымақтық. Өйткені, осыншама куәгерлерге сенбеген жан, соншама рет өтірік айтқан болады. Міне, Аллаһтың қалауымен болып жатқан істерге қатысты «ИншаАллаһ! ИншаАллаһ!» деудің орнына, біле тұра, «Табиғи, табиғи» деу қандай өрескел қателік, ақиқатқа қаншалықты қайшы екенін салыстыра бер.

ОНЫНШЫ КӘЛИМА: وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ яғни, Оған еш нәрсе ауыр келмейді. "Жаратылыстар" шеңберінде қанша нәрсе болса солардың бәріне оп-оңай болмыс бере алады. Ол іс Оған сондай жеңіл, өте оңай.

﴿ اِنَّمَٓا اَمْرُهُٓ اِذَٓا اَرَادَ شَيْئًا ﴾

сыры бойынша әмір етсе болды орындалады. Мысалы, өте өнерлі бір Шебер қолын іске тигізер тигізбес мәшине секілді жұмысқа кірісіп кетсе, сол оңай да жылдам, шебер атқарылып жатқан істі сипаттау үшін "Бұл іс пен өнердің оған бағыныштылығы сондай, әмір беріп қолын тигізіп қалса болды, істер атқарыла береді, өнер туындылары шыға береді" деуге болады.

Сол секілді Қадир-і Зулджелалдың құдіретінің алдында, бүкіл жаратылыстардың шексіз дәрежеде бағынышты болып, мойынсұнатындығына, ол Құдіреттің ең жоғарғы дәрежеде оңай іс атқаратынына ишара ететін

﴿ اِنَّمَٓا اَمْرُهُٓ اِذَٓا اَرَادَ شَيْئًا اَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ ﴾

бұйрығы бар. Осы ақиқаттың сан жетпес сырларынан бесеуін ғана "Бес тұжырыммен" жеткіземіз.

Біріншісі: Иләһи құдіретке салған кезде ең үлкен нәрсе, ең кішкене нәрсе секілді оңай болады. Бір сыныптың бүкіл тұлғаларымен қоса жаратылуы, бір ғана тұлғаны жаратқандай қиындығы жоқ, оңай болады. Жұмақты жарату - бір көктемді жаратудай оңай. Бір көктемді жарату - бір тал гүлді жасағандай жеңіл. Бұл сырды түсіндіріп, дәлелдеп берген хаширге қатысты Оныншы Сөздің соңында және

— 275 —

Жиырма тоғызыншы Сөздегі Хашир мәселесінде, екінші негізде «Нұрлылық сыры», "Мөлдірлік сыры", "Қарама-қайшылық сыры", "Тепе-теңдік сыры", "Тәртіп сыры", "Бағыныштылық сыры" секілді алты тәмсіл арқылы дәлелденіп көрсетілген.

Иләһи Құдіретке салғанда жұлдыздарды жарату зәррелерді жарату секілді оңай. Сансыз тұлғаларды жарату - бір ғана тұлғаны жаратқандай жеңіл. Әлгі екі Сөзде осы алты сырды толық дәлелдегендіктен бұл жерде қысқа қайырдық.

Екіншісі: Иләһи Құдіретке салғанда бүкіл нәрседе тепе-теңдік бар екендігіне мынадай нақты дәлелдер бар. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жаратуда шексіз молшылық бола тұра, теңдессіз ұқыптылық, ғажап өнер бар екенін көреміз. Және де өте күрделі түрде бір-біріне сапырылып жатса да, таң қаларлық дәрежедегі айырмашылықтар бар. Және де осыншама молшылық, өте арзанға түсуде. Солай бола тұра, өнер жағынан аса құндылық, әсемдік бар. Осыншама өнерлі, көптеген жабдықтарға және ұзақ уақытқа қажеттілік туындауына қарамастан өте жылдам және оңай жасалуда. Былайша айтқанда, әлгі өнерлі жаратылыстар мұғжизалы түрде бірден жоқтан бар болуда.

Міне, әр мезгіл сайын жер бетіндегі көз алдымызда болып жатқан Құдірет амалдары - бұл істердің қайнар көзі болған Құдіретке салғанда ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе сияқты оңай екенін анық дәлелдейді. Және осыншама тұлғалардың жаратылуы бір ғана тұлғаның жаратылуындай өте жеңіл жаратылып басқарылуда екенін көреміз.

Үшіншісі: ғаламда жасалып жатқан істер мен оларды басқару Қадир Шебердің құдіретіне салғанда ең алып, күлли нәрселер ең кішкене нәрселер секілді оңай жасалады. Саны көп, алып нәрселер бір ғана кішкентай заттың жаратылуындай оңай. Ең елеусіз бір бөлшекте ең жоғарғы өнер көрініп тұр.

Осы ақиқаттың хикмет сыры мына үш негізден шығады:

Біріншісі: Имдад-ы Уахидиет - Уахидиеттің медеті

Екіншісі: Юсүр-ы Уахдет - Уахдеттің жеңілдігі

Үшіншісі: Тежелли-и Ахадиет - Ахадиеттің көрінісі

Бірінші негіз болған Уахидиеттің медеті: яғни, барлық нәрсе және бүкіл болмыстар бір ғана Аллаһтың мүлкі болса, ол кезде бәрі бір ғана Қожайынның мүлкі болғандықтан бір нәрсеге бүкіл

— 276 —

нәрселердің күшін жұмылдыра алады. Бүкіл нәрселер бір ғана нәрсе секілді оңай басқарылады. Бұл сырды мынадай бір тәмсіл арқылы жеңіл түсіндіруге болады: Мысалы, бір елдің бір ғана Патшасы болса, ол Патша сол жалғыз басқару заңы бойынша әрбір сарбазға бүкіл әскердің рухани күшін жұмылдыра алады. Сондықтан да әлгі жалғыз сарбаз бір Шахты (Әкімді) тұтқындай алады және Патшаның атынан, Шахқа қатысты үкім айта алады. Сондай-ақ ол Патша жалғыз басқару сыры арқылы бір сарбазы мен қызметкерін жұмсап, басқара алатыны секілді бүкіл әскерді де, барлық қызметкерлерін де басқара алады. Жалғыз өзі басқару сыры бойынша барлық адамдарды, бүкіл нәрсені бір адамды құтқаруға жібере алады. Бір адам барлық адамның күшіне арқа сүйей алады. Яғни, олардан көмек ала алады. Егер бір ғана биліктің жібі үзілсе, әркім бетімен кетсе, ол кезде әрбір сарбаз шексіз күшті бірден жоғалтып, пәс түсіп қалады. Жалғыз, әлсіз адам болып қалады. Оларды жеке-жеке басқару олардың саны қанша болса, сонша есе қиындап кетеді. Сол сияқты وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Ғаламның Ұстасы Уахид (Жалғыз) болғандықтан бүкіл нәрселерге қаратылған есімдерін, әрбір нәрсеге жұмылдырады. Олардың әр қайсысын шексіз өнермен құнды етіп жаратады. Қажет болса бүкіл нәрселерді бір ғана нәрсеге қаратады, қарайды, медет береді, күшейтеді.

Және сол Уахидиет сыры арқылы бүкіл нәрселерді, бір ғана нәрсе сияқты жаратады, басқарады, игереді. Міне, осы Уахидиеттік медеттің сыры бойынша ғаламда өте арзанға түсіп жатқан шексіз өнер мен құндылық, өте жоғарғы сапа бар.

Екінші негіз болған Уахдет жеңілдігі: Яғни, бірлік қағидасы бойынша бір орталықтан, бір қолдан, бір заңмен болған істер өте оңай болады. Әр түрлі орталықтарға, әр түрлі заңдарға, әр түрлі қолдарға шашыраса қиындық пайда болады. Мәселен, бір әскери қосынның жабдықтары бір орталықтан, бір заңмен, бір қолбасының бұйрығымен жасалса, оларды басқару бір ғана әскерді жабдықтағандай оңай болады. Ал, егер олардың қажеттіліктері әр түрлі фабрикаларда, әр түрлі орталықтарда жасалса, барлық әскердің жабдығына қажет болған бүкіл әскери фабрикалар бір ғана сарбазды жабдықтау үшін жұмсалады. Демек, егер Уахдетке тапсырылса, бүкіл әскердің қосынын жабдықтау - бір ғана сарбазды жабдықтау секілді оңай болады. Ал, Уахдет болмаса, бір сарбазды жабдықтау - бүкіл әскери қосындарды

— 277 —

жабдықтау секілді қиындық тудырады. Сол секілді, бір ағаштың жемістеріне тіршілік қоректері бір орталықтан, бір заңдылықпен бір тамырдан берілетін болса - мыңдаған жемістер бір ғана жемістей өте оңай пісіп жетіледі. Егер әрбір жеміс жеке-жеке орталықтарға бағындырылса - бір жемісті қоректендіру барлық жемістерді түгел қоректендіру секілді аса қиындық тудырады. Өйткені, бүкіл жеміс ағаштарына қажет болған азықтар әр бір жеміске де қажет.

Міне, осы екі мысал секілді وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Ғаламның Ұстасы Уахид-і Ахад болғандықтан Уахдетпен іс атқарады. Сондықтан да бүкіл нәрселер бір ғана нәрсе сияқты оңай болады. Және өнер тұрғысынан алғанда бір ғана нәрсені бүкіл нәрселер деңгейінде құнды етіп жасайды. Және сансыз көп тұлғаларды өте құнды түрде жаратып, көз алдымыздағы қисапсыз молшылықты өте арзанға жасау арқылы өзінің абсолюттік жомарттығын көрсетеді, шексіз Жаратушылығын паш етеді.

Үшінші негіз болған Тежелли-и Ахадиет (Ахадиет көрінісі) яғни, Жаратушы Шебер (Аллаһ) денелік болмыстан тыс болғандықтан уақыт пен мекен оны шектей алмайды. Жаратылыстар мен мекен, Оның бүкіл нәрсені көруі мен құзырында ұстауына кедергі бола алмайды. Себептер мен денелер оның істеріне перде тұта алмайды. Оның бүкіл нәрсемен байланысуында бөліну, бөлшектену жоқ. Бір нәрсе екінші нәрсеге кедергі болмайды. Сансыз көп істерді бір сәтте бір жұмыс секілді орындайды. Сондықтан да бір дәнекке үлкен бір ағаштың мағынасы сыйып кетеді. Бір тұлғаға бүтіндей бір әлемді орналастыра алады. Оның құдірет қолында бүкіл әлем бір ғана тұлға секілді айналады. Бұл сырды басқа да Сөздерде түсіндіргеніміздей, былай дейміз: Мысалға, нұрлылығы тұрғысынан біршама шектеусіз болған Күннің сәулесі, әрбір жылтырақ нәрсеге шағылысады. Мыңдаған, миллиондаған айналар оның нұрына бетпе-бет келсе, бөлініп бөлшектенбей-ақ, сол айналардың бәрінен бір-бір Күн сол қалпында көріне алады. Шағылысқан айнаның қабылеті қанша болса оған түскен Күннің бейнесі өзінің қабілетін соншалықты көрсете алады. Мұнда бір нәрсе екінші нәрсеге кедергі болмайды. Мыңдаған нәрсе бір нәрсе сияқты және мыңдаған жерлерге бір орын сияқты оңай түседі. Әрбір орын мыңдаған орындар сияқты күннің көрініс табатын

— 278 —

жеріне айналады. Міне,

﴿ وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى ﴾

ғаламның Шебер Ұстасының нұр болған бүкіл сипаты мен нұрани болған бүкіл есімдері арқылы Ахадиет байланысының сыры бойынша Ол ешбір мекенге тәуелді болмаса да, барлық жерді қамтиды, бақылайды және барлық жерден көрініс табады. Байланысында бөлшектену болмайды. Бір мезетте бүкіл жерде, қиындықсыз, кедергісіз, бүкіл істі атқарады.

Міне, осы Уахидиет медетінің, Уахдет жеңілдігінің және Ахадиет көрінісінің сыры бойынша бүкіл жаратылыстар бір ғана дене сияқты оңай әрі жеңіл жасалады. Әр бір жаратылыс бойындағы өнерінің көркемдігі жөнінен бүкіл жаратылыстардың деңгейінде құнды бола алады. Жаратылыстар қисапсыз мол бола тұра, әр қайсысында шексіз өнердің болуы осы ақиқатты көрсетеді. Егер ол жаратылысты тікелей бір ғана Ұста жаратты демесек, онда әрбір жаратылыстың жасалуы, бүкіл жаратылыстарды жаратқандай қиынға соғады. Және бүкіл жаратылыстар бір ғана болмыстың құнындай-ақ болып қалады. Мұндай жағдайда ешбір нәрсе болмысқа ие бола алмайды, бола қалған күннің өзінде түкке тұрғысыз, құнсыз болады.

Міне, осы сырға байланысты философтардың ең сорақылары болған скептиктер хақ жолдан шығып кеткеннен кейін, күпір мен адасу жолына қараған, ширк жолының хақ жолдан, таухид жолынан жүз мың есе мүшкіл, шексіз дәрежеде ақылға сыйымсыз екенін көрген. Сондықтан да өз ақылдарынан өздері безіп, бүкіл нәрселердің болмысын жоққа шығаруға мәжбүр болды.

Төртіншісі: Ғаламдағы көрініп тұрған істерді басқарып тұрған Зат-ы Қадирдің құдіретіне салғанда Жәннаттың жаратылуы - бір көктемнің жаратылуындай оңай, ал көктемнің жаратылуы - бір гүлдің жаратылуындай жеңіл. Ал, бір гүлдің бойындағы әсемдігі мен нәзіктігі көктемдей ғажап, әдемі, баға жетпес құнды. Бұл ақиқаттың сыры үш нәрсе:

Біріншісі: Жаратушыдағы Ужуб (Міндетті түрде бар) пен Тежерруд (бүкіл жаратылыстардың сипаттарынан пәк екендігі).

Екіншісі: Ешбір жаратылысқа ұқсамайтын болған соң, оның болмысы шектеуге алынбайтындығы

Үшіншісі: Мекенге тәуелді болмауы мен бөлшектенбеуі.

— 279 —

Бірінші сыр: Ужуб пен Тежеррудтың (бүкіл жаратылыстарға тән сипаттардан пәк болу) оңай және жеңіл жаратылуына себеп болуы өте терең сыр. Оны түсіну жеңіл болуы үшін мынадай тәмсіл қолданамыз. Болмыс мәртебелері әр түрлі. Болмыстың әлемі де бөлек бөлек. Әр түрлі болғандықтан болмысында беріктігі бар бір болмыстың бір зәрресі ол мәртебеге жете алмаған бір болмыстың тауындай болады және ол тауды қоршап алады. Мәселен, материалдық әлемнен болған бастың ішіндегі тарының үлкендігіндей ғана есте сақтау қабілеті, рухани әлемдегі кітапхана көлеміндей болмысты қамтиды. Және де көзге көрінетін әлемнен болған болмысыңның айнасы мисал әлемінің үлкен бір қаласын ішіне сыйғызып жібереді. Міне, осы сыртқы әлемнен болған сол айна мен есте сақтау сезімінің түйсіктері мен жарата алу қасиеттері болғанда, онда зәрредей ғана сыртқы болмыстарының күшімен әлгі рухани , мисали болмыстарда сансыз істер мен өзгерістер жасай алар еді. Демек, болмыс берік те тұрақты болған сайын күші артады, аз нәрсе көп қызмет атқарады. Әсіресе, болмыс нағыз беріктік қасиет алған соң, материядан да ада болса, шексіз болса, ол кезде оның кішкене бір көрінісінің өзі басқа жеңіл болмыстардың көптеген әлемдерін айналдыра алады.

Міне, وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Ғаламның Ұстасы Уажибул Ужуд. Яғни, Оның болмысы затына (өзіне) тән, бастауы жоқ Әзәли, соңы жоқ Әбәди. Оның жойылуы мүмкін емес. Аяқталып қалу ықтималы жоқ. Болмыстардың ең мықтысы, ең негізгісі, ең күштісі, ең кемелі. Басқа болмыстар Оның болмысымен салыстырғанда өте әлсіз, көлеңкелер сияқты. Ол Уажибул Ужудтың болмысы берік, ақиқатты, ал "Жаратылыстың" болмыстары бос, әлсіз болғандықтан Мухиддин Араби сынды көптеген зерттеуші ғалымдар, өзге болмыстарды негізі жоқ, қияли болмыстардың деңгейіне түсіріп тастаған.

لَا مَوْجُودَ اِلَّا هُوَ

деген. Яғни, "Уажиб болмыспен салыстырғанда басқа нәрселерге болмыс демеу керек. Олар болмыс атануға лайық емес" деген шешім шығарған.

Міне, Уажибул Ужудтың Уажиб әрі Затына тән құдіретіне, кейіннен пайда болған, затына тән емес, қарарсыз, әлсіз жаратылыстардың болмыстарын жарату әлбетте өте оңай, жеңіл болады. Бүкіл рухтарды

— 280 —

Ұлы Хашир алаңында тірілтіп есепке тарту бір көктемді, тіпті бір бақшаны, тіпті бір ағашты қайта тірілтіп, гүл ашқызғандай, жеміс бергізгендей өте оңай.

Екінші сыр: Жаратылыстардың ешқайсысына ұқсамауы мен шектеуге алынбауының, оңай жаратуға себеп болатыны былай: Ғаламның Ұстасы әлбетте, ғаламдағы жаратылыстардан емес. Оның негізі (болмысы) ешбір болмысқа ұқсамайды. Олай болса, Ғаламдағы кедергілер, шектеулер оның құдіретіне қарсы келе алмайды. Оның істерін шектей алмайды. Ол бүкіл ғаламды бір уақытта басқарып, шыр айналдырады. Егер ғаламда көрініп тұрған басқарулар мен іс қимылдар жаратылыстың өзіне тапсырылар болса, қиындықтар мен шиеленісулерге себеп болады. Ешбір тәртіп қалмайды. Ешбір нәрсе болмысын сақтап қала алмайды. Тіпті болмыс та, бола алмас еді. Мысалға: Кемерлі күмбездегі ұстаның өнері күмбездегі тастардың өзіне тапсырылса немесе бір полктың командирге тиесілі басшылығы сарбаздарға қалдырылса, онда еш нәрсе де шықпайды немесе жүйесіз, шатасулар мен аласапыранға айналып кетеді.

Ал енді, сол күмбездегі тастарды жөнге келтіру ісі тасқа емес бір ұстаға берілсе немесе полктағы сарбаздардың басшылығы, деңгейі командирдің қасиетіне сай басшыға тапсырылса, өнер де оңай жасалады, басшылық та жеңіл болар еді. Өйткені, тастар да, сарбаздар да бір біріне кедергі болады. Ал, ұста мен командир кедергі келтірмейтіндей етіп басқарады.

Міне, وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Уажибул Ужудтың киелі болмысы "Мумкинат" әлеміне жатпайды. Ғаламның бүкіл ақиқаттары сол болмыстың әсем есімдерінің бірі болған Хақ есімінің сәулесі. Болмысы киелі Уажибул Ужуд материядан пәк, ешқандай нәрсеге ұқсамайды. Ұқсасы, мысалы, теңдесі жоқ. Олай болса әлбетте, сол Зат-ы Зулджалалдың Әзәли құдіретіне бүкіл ғаламның тәрбиесі мен басшылығы бір көктемдей, тіпті бір ағаштай оңай. Ұлы Хашир (Қайта тірілу) мен ақырет әлемін, Жаннат пен Жәһаннамды жарату - күзді күні өлген ағаштардың көктемде қайта жанданып тірілуі секілді оңай.

Үшінші сыр: Адем-і Тахаюз яғни Мекенінің болмауы мен бөлшектенбеуінің, оңай жаратуына себеп болуының сыры мынада: Қадир Аллаһ мекенге тәуелді емес. Әлбетте, Ол бүкіл жерде құдіреті-мен

— 281 —

бар. Бөлшектену мен бөліну болмағасын әрине бүкіл нәрселерге бүкіл есімдерімен қарайды. Және бүкіл жерде бар болғандықтан бүкіл нәрсеге қарай алатын болған соң, бүкіл жаратылыстар, денелер, себептер Оның істеріне еш кедергі болмайды, бөгет жасамайды, тіпті қажет те емес. Қажет деп қиялдағанның өзінде, олар электр тоғының сымдары, ағаштың бұтақтары, адамның тамырлары сияқты, оңай орындалуға, тіршіліктің жалғасуына, әрекеттің жылдамдығына себеп болады. Тосқауыл болу, шектеу, кедергі болу немесе іске араласу былай тұрсын, тек қана жеңілдетуге, жылдамдатуға, ұластыруға себеп болады. Демек, Қадир-ы Зулджалалдың басқару құдіретіне барлық нәрсе мойынсұнатындықтан себептердің дәнекерлігіне қажеттілік жоқ. Бола қалған күннің өзінде, жеңілдетуге ғана себеп болады.

Қорытынды: Құдіретті Жаратушы бүкіл ісін қиындықсыз, көп шұғылданбастан, жылдам, оңай жасайды. Бүкіл нәрсені сол нәрсенің өзіне лайық пішінде жаратады. Кішкентай нәрсені үлкен нәрсе секілді оңай, өнерлі етіп жаратады. Бүкіл нәрселерді, аспан мен жерді кім жаратқан болса, аспан мен жердегі ұсақ нәрселерді де, тіршілік иелерінің барлығын жаратқан да Сол. Одан басқа ешкім емес. Өйткені, әлгі кішкентай нәрселер үлкен нәрселердің жемістері, дәндері, кішкентай үлгілері. Сондай-ақ сол кішкентай нәрселерді кім жаратқан болса, оларды қоршап тұрған нәрселерді, аспан мен жерді де жаратқан Сол. Өйткені, байқап тұрғанымыздай жалқы нәрселер, жалпы нәрселермен салыстырғанда солардың дәндері, кішкентай үлгілері іспетті. Олай болса, жалқы нәрселерді Жаратушы Біреудің қолында жалпы нәрселердің де, аспанның да, жердің де элементтері бар.

Осылайша, Хикмет қағидалары, ілімнің өлшемдері арқылы өте ауқымды үлкен нәрселердің өзегін, мағынасын, үлгілерін кішкентай нәрселерге орналастырады. Иә, ғажайып өнерлілік, тамаша жаратылу жағынан кішкентай нәрселер үлкен нәрселерден кері қалмайды. Гүлдер жұлдыздардан төмен емес. Дәндер ағаштардан қалыспайды. Дәндегі ағаштың тағдыр өрнегіндей болған рухани ағаш - Құдірет тоқымасындай болған баудағы алып ағаштан да ғажайып. Адамның жаратылуы - әлемнің жаратылуынан да ғажап. Мысалға, бір ғана гауһардың үстіне эсир атомдарымен Қасиетті Құран жазылса,

— 282 —

аспандағы жұлдыздармен жазылған Үлкен Құраннан құндырақ болуы мүмкін. Сол сияқты, мұғжизалық өнері жағынан алып нәрселерден асып кететін өте кішкентай нәрселер бар.

Бесіншісі: Жоғарыдағы баяндауларымызда жаратылыстардың жаратылуындағы оңайлықты, жылдамықты, істердің атқарылуын, жасалуының сырлары мен хикметтерін біраз көрсеттік.

Міне, нәрселердің осылайша жылдам, оңай жаратылуы, тура жолдағыларды мынадай бір тоқтамға келтіреді. Жаратылыстарды жаратушы Заттың (Аллаһ) құдіретіне Жаннаттар көктемдердей, көктемдер бақшалардай, бақшалар гүлдердей оңай

﴿ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ﴾

сыры бойынша, адамзаттың қайта тіріліп Махшар алаңына жиылуы - бір ғана нәрсенің өлтірілуі мен тірілуіндей оңай.

﴿ اِنْ كَانَتْ اِلَّا صَيْحَةً وَاحِدَةً فَاِذَاهُمْ جَم۪يعٌ لَدَيْنَا مُحْضَرُونَ ﴾

деп ашық білдіруі бойынша бүкіл адамдарды Хаширде қайта тірілту - уақытша тынығу үшін тарқаған әскери қосынды бір кернейдің даусымен жинап алудай оңай.

Міне, осы шексіз жылдамдық пен оңай жаратылу - Жаратушы Құдіреттің кемелділігіне және бүкіл нәрсе Оған оңай екеніне нақты дәлел, анық айғақ бола тұра, адасушы дінсіздердің назарында өзінен өзі пайда болуда деген шатасушылыққа себеп болған. Яғни, кейбір қарапайым нәрсенің болмысқа келуі өте оңай болып жатқанын көріп, олардың жасалуын, өзінен-өзі пайда болуда деп ойлайды. Яғни, біреу жасап жатқан жоқ, өзінен өзі пайда болуда деп шатасады. Міне, ақымақтықтың осыншама шектен шығуына қарашы. Шексіз бір Құдіреттің дәлелін Оның жоқ екеніне қалай дәлел қылуда. Қисынсыздықтың сансыз есігін ашуда. Ондай жағдайда, әлемнің Ұстасына лайық болған Шексіз Құдірет пен Мухит Ілім секілді кәміл сипаттарды әрбір жаратылыстың әрбір зәрресіне беру керек болады. Сонда ғана өз-өзінен пайда болуы мүмкін.

ОН БІРІНШІ КӘЛИМА: وَ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ Уақытша мекеннен бақи орынға қайтасыңдар. Қадим-ы Бақидың мәңгілік салтанат тұрағына барасыңдар. Себептер шеңберінен шығып, Уахид-ы Зулджалалдың

— 283 —

Құдірет шеңберіне барасыңдар. Дүниеден ақыретке өтесіңдер. Бас ұрар жерің Соның дәргейі. Сүйенішіңіз Соның мейірімі ... тағысын тағы

Бұл сөздің осы айтылғандар сияқты көптеген ақиқаттары бар. Ол ақиқаттардың ішінде мәңгілік бақыт пен Жаннатқа қайтатындарыңды білдіретін ақиқаттар Оныншы Сөздің Он екі нақты айғағы мен Жиырма тоғызыншы Сөздің көптеген нақты дәлелдерін қамтыған алты негізі арқылы түбегейлі дәлелденгендіктен бұл мәселеде басқа әңгімеге қажет қалдырмайды.

Бұл екі сөз, батқан күннің ертесі күні қайта шығатынындай нақты дәлелдеген болатын. Мына дүниенің рухани күні болып табылатын тіршілік те, дүниенің қирауы арқылы батқаннан кейін, Хаширдің қайта атар таңында мәңгілік бір бейнеде, қайтадан тіріліп шығады. Және жындар мен адамдардың бір бөлігі мәңгілік бақытқа жетіп, бір бөлігі мәңгілік бақытсыздыққа душар болады. Сонымен, Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздер бұл ақиқатты кәміл дәлелдеген. Ендеше сөзді соларға тапсырып, тек мынаны айтамыз. Жоғарыдағы баяндауларда нақты дәлелденгеніндей Шексіз, Мухит ілім, Шексіз Күлли (Барлығын қамтитын) Ираде, абсолютті Құдірет иесі болған ғаламның Хаким Ұстасы, адамдардың Рахим Жаратушысы бүкіл сәмәуи (аспани) кітаптар мен өзінің бұйрықтары арқылы Жәннат пен мәңгілік бақытты адамзаттың имандыларына уәде еткен. Уәде еткен болса, оны орындайтыны күмәнсіз. Өйткені, Оның уәдесінен таюы мүмкін емес. Өйткені, уәдесін орындамау өте жаман кемшілік. Ал, Кәміл Жаратушы - кемшілік атаулыдан пәк, таза. Уәдесін орындамау, не ілімсіздігінен яки әлсіздігінен болады. Ал, осындай шексіз құдіретті және бүкіл нәрсені білуші Алимге ілімсіздік пен әлсіздіктің еш қатысы болмағандықтан уәдесінен таюы мүмкін емес. Әлемнің мақтанышы Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссаламнан бастап бүкіл әнбиялар мен әулиелер, әсфиялар мен тақуа имандылар әрдайым сол Рахим-ы Кәрімнен өзі уәде еткен мәңгілік бақытты үміт етіп сұрауда, жалбарынып тілеуде. Аллаһтың бүкіл көркем есімдерімен қоса сұрауда. Өйткені, мейірімі, әділеті, хикметі және Рахман, Рахим, Адил, Хаким есімдерінен бастап Рубубиет билігі мен Рабб, Аллаһ есімдері сияқты көптеген көркем есімдері ақырет пен мәңгілік бақытты талап етіп, қажет қылады, шындыққа айналатынына

— 284 —

куәлік етіп, дәлел болады. Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей, бүкіл жаратылыстар бүкіл ақиқаттары арқылы ақыретке ишара етеді. Және де Ұлы бұйрығы болған Құран Хаким, мыңдаған аят, баянаты арқылы, нақты дәлелдері арқылы сол ақиқатты түсіндіреді, көрсетеді. Және де адамзаттың мақтанышы болған Хабибуллаһ (с.а.у.) мыңдаған анық мұғжизаларына сүйене отырып, өмір бойы, бар күшімен сол ақиқат жайлы сабақ берген, дәлелдеген, жар салған, өз көзімен көрген және көрсеткен еді.

اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَسَلِّمْ وَ بَارِكْ عَلَيْهِ وَعَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ بِعَدَدِ اَنْفَاسِ اَهْلِ الْجَنَّةِ فِى الْجَنَّةِ وَ احْشُرْنَا وَ نَاشِرَهُ وَ رُفَقَائَهُ وَ صَاحِبَهُ سَع۪يدًا وَ وَالِد۪ينَا وَ اِخْوَانَنَا وَ اَخَوَاتِنَا تَحْتَ لِوَٓائِه۪ وَارْزُقْنَا شَفَاعَتَهُ وَ اَدْخِلْنَا الْجَنَّةَ مَعَ اٰلِه۪ وَ اَصْحَابِه۪ بِرَحْمَتِكَ يَٓا اَرْحَمَ الرَّاحِم۪ينَ اٰم۪ينَ اٰم۪ينَ
﴿ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ٭ رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ اِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً اِنَّكَ اَنْتَ الْوَهَّابُ ﴾
﴿ رَبِّ اشْرَحْ ل۪ى صَدْر۪ى ٭ وَيَسِّرْ ل۪ى اَمْر۪ى ٭ وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَان۪ى ٭ يَفْقَهُوا قَوْل۪ى ٭ رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا اِنَّكَ اَنْتَ السَّم۪يعُ الْعَل۪يمُ ٭ وَ تُبْ عَلَيْنَا اِنَّكَ اَنْتَ التَّوَّابُ الرَّح۪يمُ ﴾
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
— 285 —

Жиырмасыншы мектубтың

оныншы кәлимасының қосымшасы
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ اَلَا بِذِكْرِ اللّٰهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ ٭ ضَرَبَ اللّٰهُ مَثَلًا رَجُلًا ف۪يهِ شُرَكَٓاءُ مُتَشَاكِسُونَ ﴾

Сұрақ: Сен көп жерлерде "Бір ғана Аллаһ жаратты дер болсақ, өте оңай болады. Көпқұдайшылық пен ширк қиындық туғызады. Бір құдайшылық жолы оңай, ширк жолы қисынға келмес қиындық туғызады" дейсің. Ал, сен айтқан қиындықтар мен қисынсыздықтар Уаһдет (Бір ғана Құдай жаратты) деген кезде де болып жатыр. Мысалға: "Егер атомдар қызметші болмаса, онда әрбір атомда я бір мухит ілім, я шексіз құдірет, я болмаса сансыз рухани құрылғылар, баспалар болуы керек. Ал, бұл жүз дәреже қисынсыз" дейсің. Алайда ол атомдар Иләһи қызметшілер болғанның өзінде де, өз міндеттерін жүйелі түрде атқара алуы үшін бәрібір сондай жағдайлары болуы керек емес пе? Осының шешімін айт.

Жауап: Көптеген Сөздерде түсіндіріп дәлелдегенбіз. Бүкіл жаратылыстарды Бір ғана Ұста жаратар болса, бір ғана жаратылыс сияқты оңай әрі жеңіл болады. Егер көптеген себептер мен табиғат жаратты десек, бір ғана шыбынның жаратылуы аспан әлемінің жаратылуындай, бір гүлдің жасалуы бүкіл көктемдердің жаратылуындай, бір түйір жемістің жасалуы бір бақшаны жаратқандай қиын да ауыр болады. Бұл мәселе басқа Сөздерде түсіндіріліп, дәлелденгендіктен сөзді соларға тапсырып, бұл жерде үш ишара арқылы осы ақиқатқа қатысты нәпсіні тыныштандыратындай үш тәмсіл береміз.

— 286 —

Бірінші тәмсіл: Мәселен, мөлдір, жылтырақ, кішкене бір нәрсенің өзінің жеке басына, сіріңкенің басындай да нұр орналаса алмайды. Оған ие де бола алмайды. Өзінің көлеміндей, тұрпатындай, зәрредей ғана нұры болуы мүмкін. Бірақ, осы кішкене нәрсе, Күнмен байланысқа түсіп, оған көзін ашып қарайтын болса, сол орасан зор Күнді жарығымен, жеті түрлі сәулесімен, қызуымен, тіпті қашықтығымен қоса өз бойына енгізіп, өзіндік бір ұлық көрініске бөленеді. Демек, ол түйіршік өзімен өзі қалса, бір түйіршіктей ғана іс атқара алады. Егер Күнге қызметші болып, байланыс құрса, айна болса, Күн секілді, Күннің атқарып тұрған істерінің кейбір кішкене үлгілерін көрсете алады. Міне, وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى әрбір болмыс, тіпті әрбір атом, егер көп құдайшылыққа, ширкке, себептерге, табиғатқа еншіленіп, немесе өзінен өзі пайда болуда десе, әрбір болмыс, әрбір атом я бір мухит ілім мен шексіз Құдірет иесі болуы керек, я болмаса іштерінде сансыз рухани құрылғылар мен баспалар болуы керек. Сонда ғана өздеріне жүктелген ғажайып міндеттерді атқара алады. Егер атомдар Уахид-і Ахадқа тапсырылар болса (Сол жаратты десек) ол кезде әрбір атом, әрбір жаратылыс Онымен байланыста болады. Оның қызметшісіне айналады. Осы байланыс арқылы Оның айнасы болу мәртебесіне көтеріледі. Осы байланыс пен көтерілу арқылы шексіз ілім мен құдіретке арқа сүйейді. Сол байланыс пен сүйеніш арқылы Жаратушысының күшімен өз қуатынан миллиондаған есе артық істерді, міндеттерді атқаратын болады.

Екінші тәмсіл: Екі ағайынды болыпты. Біреуі батыр өз күшіне сенеді. Екіншісі халықшыл, патриот екен. Соғыс кезінде өз күшіне сенген адам мемлекетпен байланыс құрмайды, өз бетінше іс атқарғысы келеді, өз қуат күшінің қайнарын арқалап жүруге мәжбүр болады. Жабдықтарын, қару жарақтарын өз күшіне қарай алып жүруден басқа шарасы жоқ. Сол жеке және азғантай күшінің шамасында, дұшпан әскерінің онбасысымен ғана шайқаса алады. Басқа нәрсе қолынан келмейді. Екіншісі болса, өз күшіне арқа сүйемейді және өзін әлсіз, күшсізбін деп біледі. Патшамен байланыс орнатып, әскер қатарына тіркелді. Сол байланыс арқылы үлкен бір қолдың күшіне арқа сүйейді. Сол арқа сүйеу арқылы патшаның қамқорлығы мен бүкіл әскердің рухани күшіне ортақ болды. Рухы көтеріліп, ұрысқа кірісті. Сөйтіп, дұшпанның жеңілген қолының ішіндегі маршалды тауып алып, өз

— 287 —

патшасының атынан: "Сені тұтқынға аламын" деп, тұтқындап алып келді. Ал, бұл жағдайдың сыры мынада: әуелгі өз бетінше жүрген адам, өзінің қуат көздері мен жабдықтарын өзі алып жүруге мәжбүр болғандықтан аз ғана іс атқара алады. Мына қызметші болса, өзінің қуат көзін өзі алып жүруге мәжбүр емес. Ол қызметті әскери қосын мен патша атқарады. Мәселен, телефон, телеграф сымын телефон аппаратына жалғау арқылы өзін орталықпен байланыстырып қою сияқты. Бұл адам да өзін сондай орталықтың күшіне байлайды.

Міне, وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Егер әрбір жаратылыс, әрбір атом тікелей Уахид-і Ахадқа тапсырылса және Онымен байланыс құрса, сол байланыс күші арқылы және Иесінің күшімен, бұйрығымен құмырсқа Перғауынның сарайын құлата алады. Кішкентай бір шіркей Нәмрудтың басын жарып Жаһаннамға жібере алады. Бір микроп ең зорлықшыл залымды көрге тығады. Бидайдың дәніндей-ақ қарағайдың дәні, таудай алып ағаштың қондырғысына, құрылғысына айналады. Ауаның зәрре бөлшегі, бүкіл гүлдердің, жемістердің әртүрлі істерінде, құрылып қалыптасуында жүйелі түрде тамаша іс атқара алады. Бүкіл осы оңайлықтар Оның (Аллаһтың) қызметшісі болудан бастау алады. Егер әр бір іс, әр нәрсенің өз бетінше атқаруына себептерге тапсырылар болса, онда әр бір нәрсе өз көлемі мен санасындай ғана іс атқаруға шамасы келеді.

Үшінші тәмсіл: Екі дос болыпты. Өздері ешқашан көрмеген бір мемлекеттің жағдайына қатысты статистикалық география жазуды қалайды. Біреуі сол мемлекеттің патшасымен байланыс орнатып, телеграф және телефон басқармасына кіреді. Он теңгелік сыммен өзінің телефон аппаратын мемлекеттің байланыс торабына қосады. Барлық жермен сөйлесіп, байланыс құрады, хабар алады. Осының арқасында ол ең дұрыс мәліметі бар статистикалық география жазып шығады. Ал, екінші досы болса, әлгі статистикалық мәліметті жинау үшін елу жыл ел аралауы, қиыншылықтарды жеңіп, барлық нәрселерді көріп, естуі керек. Не болмаса бәлен миллион ақша жұмсап, мемлекеттің телефон орталығы сияқты орталық салуы керек. Сонда ғана досы жазған еңбектей шығарма жаза алады. Сол сияқты وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Егер сансыз заттар, жаратылыстар Уахид-і Ахадқа берілсе, яғни Сол жаратты десек, ол кезде әрбір нәрсе Уахид-і

— 288 —

Ахадтың істері көрінетін орын болады. Сол Әзәли Күннің сәулесіне бөлену арқылы Оның ілім негіздеріне және хикмет пен құдірет қағидалары мен заңдылықтарына байланады. Сол кезде Иләһи күш-қуат арқылы бүкіл нәрсені көретін көзі, жан-жаққа қарай алатын жүзі, әр істе өтімді сөзі болатын Аллаһтың есімдері көрінетін болады.

Егер ол байланыс үзілсе, ол зат бүкіл нәрселерден де ажырайды, өз денесіндей ғана болып кішірейеді. Бұл кезде, әуелгі жағдайда атқарған істерін атқара алуы үшін нағыз құдайлық құдіретке ие болуы керек.

Қорытынды: Уахдет пен Иман жолы жеңіл де оңай екені анық. Ширк пен себептер жолы шексіз дәрежеде мүшкіл де қиын. Өйткені, бір ғана күш еш қиындықсыз көптеген нәрселерді белгілі бір жағдайға келтіріп, нәтиже шығарады. Егер сол жағдайға келтіру мен сол нәтижеге қол жеткізуді әлгі көптеген нәрселерге тапсырар болса, өте көп қиындықтар мен көптеген әрекеттерден кейін ғана сол жағдайға сол нәтижеге қол жеткізілуі мүмкін. Мысалға, Үшінші хатта айтылғандай аспандағы Күн мен Айдың басшылығын да, жұлдыздардан құралған әскерді де қозғалысқа келтіріп, әр түнде, әр жылы салтанатты түрде тасбих тартқандай сайран салдыру - аспан әлемінің осы тартымды, салтанатты жағдайы мен мезгілдердің алмасуы сынды үлкен істердің орындалуы, жер шарына тән аса хикметті нәтиже егер бір күшке тапсырылса, Сол Әзәли Сұлтан, осындай жағдай мен нәтиже үшін жер шары сынды бір сарбазды оп-оңай бүкіл ғаламшарларға қолбасшы етіп тағайындайды. Сол кезде, осындай бұйрық алған жер шары, қызметші болу қуанышымен шыр айналып зікір салады. Азғантай ғана шығынмен сол тамаша жағдай ортаға шығып, өте маңызды нәтиже береді. Егер жер шарына "Сен тоқта, араласпа" десе сол нәтиже мен сол жағдайдың орындалуы аспан әлеміне тапсырылса, яғни бір орталыққа емес көпшілікке жүктелсе, онда әр күн сайын, әр жыл сайын жер шарынан мың есе үлкен, миллиондаған жұлдыздардың әрекет етуі, миллиардтаған жылдық қашықтықты жиырма төрт сағатта және бір жылда жүріп өтуі қажет болады.

Нәтиже: Құран да, имандылар да сансыз жаратылыстарды бір ғана Жаратушы (Аллаһ) жаратты дейді. Бүкіл істерді тікелей сонымен байланыстырады. Оңай болуға міндетті жолға түседі. Басқаларға да сол жолды көрсетеді. Ал, ширк қосушылар мен адасушылар бір ғана

— 289 —

жаратылысты сансыз себептермен байланыстырып қырсығады, қиын, қисық жолға түседі. Ендеше Құран жолындағылар бүкіл нәрсені жарату бір нәрсені жаратудай оңай болатындығына көз жеткізеді. Ал, адасушылар бір нәрсені жарату бүкіл нәрсені жаратудай қиын деп біледі.

Бүкіл нәрсенің бір жерден шығуы - бір нәрсенің сансыз көп нәрселерден шығуынан жеңіл, оңай. Мысалға, бір сардар, мың сарбаздың басшылығын бір ғана сарбаз секілді оңай атқарады. Бір сарбазды басқару мың сардарға жүктелсе, мың сарбаз басқарғандай қиынға түседі. Былығып кетуге себеп болады.

Міне, мына ұлы аят осы ақиқатты ширк қосушылардың басына тоқпақ етіп, талқандауда.

﴿ ضَرَبَ اللّٰهُ مَثَلًا رَجُلًا ف۪يهِ شُرَكَٓاءُ مُتَشَاكِسُونَ وَرَجُلًا سَلَمًا لِرَجُلٍ هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًا اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ بَلْ اَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ ﴾
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ بِعَدَدِ ذَرَّاتِ الْكَائِنَاتِ وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ اَجْمَع۪ينَ اٰم۪ينَ وَالْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
اَللّٰهُمَّ يَٓا اَحَدُ يَا وَاحِدُ يَا صَمَدُ يَا مَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ وَحْدَهُ لَا شَر۪يكَ لَهُ يَا مَنْ لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ يَا مَنْ يُحْي۪ى وَ يُم۪يتُ يَا مَنْ بِيَدِهِ الْخَيْرُ يَا مَنْ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْئٍ قَد۪يرٌ ٭ يَا مَنْ اِلَيْهِ الْمَص۪يرُ بِحَقِّ اَسْرَارِ هٰذِهِ الْكَلِمَاتِ اِجْعَلْ نَاشِرَ هٰذِهِ الرِّسَالَةِ وَ رُفَقَائَهُ وَ صَاحِبَهَا سَع۪يدًا مِنَ الْمُوَحِّد۪ينَ الْكَامِل۪ينَ وَ مِنَ الصِّدّ۪يق۪ينَ الْمُحَقِّق۪ينَ وَ مِنَ الْمُؤْمِن۪ينَ الْمُتَّق۪ينَ اٰم۪ينَ
— 290 —
اَللّٰهُمَّ بِحَقِّ سِرِّ اَحَدِيَّتِكَ اِجْعَلْ نَاشِرَ هٰذَا الْكِتَابِ نَاشِرًا لِاَسْرَارِ التَّوْح۪يدِ وَ قَلْبَهُ مَظْهَرًا لِاَنْوَارِ الْا۪يمَانِ وَ لِسَانَهُ نَاطِقًا بِحَقَائِقِ الْقُرْاٰنِ اٰم۪ينَ ٭ اٰم۪ينَ ٭ اٰم۪ينَ