ЖИЫРМА ҮШІНШІ МЕКТУБ
Құрметті, жігерлі, ұстамды, ақиқатшыл, ықыласты, түсінігі мол бауырым!
Біз секілді шынайы, ақыреттік бауырлардың достығы мен сұхбаттарына уақыттың айырмашылығы мен ара қашықтықтың шалғайлығы кедергі бола алмайды. Біреуі шығыста, біреуі батыста, біреуі өткен шақта, екіншісі болашақта, біреуі дүниеде, екіншісі ақыретте болса да, олар бірге жүргендей болып саналады және бір-бірімен сұхбаттаса алады. Әсіресе, бір ғана мақсат үшін бір жұмысты атқарып жүргендер, бір тұлға болып есептеледі. Сендерді күнде қасымда жүр деп ойлап, сауаптарымның бір бөлігін, үштен бірін (Аллаһ қабыл етсін) сендерге беремін. Саған Абдулмәжид, Абдуррахмандармен қатар дұға етемін. Иншаллаһ әрқашан өз үлесіңді аларсың...
Сенің кейбір дүниелік қиындықтарың, сенің орныңа мені де біраз уайымдатты. Дегенмен, дүние пәни, тұрақты емес, сондай-ақ, пәлекеттеріңде де өзіндік бір қайыр бар. Сондықтан, сенің орныңа көңіліме "Бұл да өтер, кетер" деген ой келді.
дегенді ойладым,
аятын оқыдым.
дедім. Сенің орныңа жұбаныш таптым. Жаратушы Хақ бір құлын жақсы көрсе, дүниені одан сырт айналдырады, жаман етіп көрсетеді.
Иншаллаһ сен де сондай сүйіктілердің қатарындасың. "Сөздердің" жайылуына кедергілердің көбейуі сені алаңдатпасын. Иншаллаһ, Аллаһтың мейірімі жарылқаған шақта осы нұрлы дәндердің өзі, өте берекелі түрде көптеген гүлдер ашатын болады.
Бірнеше сұрақ қойып отырсың: Құрметті бауырым, жазылған Сөздер мен Хаттардың басым көпшілігі ықтиярсыз, аяқ астынан, қас-қағым сәтте көңілге келуші еді, тамаша шығатын. Егер өз еркіммен Бұрынғы Саид құсап, ғылыми қабілеттерім арқылы ойланып жауап беретін болсам, солғын түсер, жеткіліксіз боп қалар. Біраздан бері көңіл шабыты тұрақтаған, жад қамшысы сынық жағдайдамын. Дегенмен, жауапсыз қалдырмау үшін қысқа-қысқа ғана жауап жазамын.
Бірінші сұрағың: Мүминнің мүминге арнаған ең жақсы дұғасы қалай болуы керек?
Жауап: Қабыл болатын себептердің аясында болуы керек. Өйткені, кейбір шарттар орындалғанда дұға қабыл болады. Қабыл болу шарттары көбейген сайын, қабыл болу ықтималы да артады. Мысалға, дұға етер кезде, әуелі тәуба, истиғфар арқылы рухани түрде тазару керек. Содан соң, қабыл болған дұға - Салауат шәрифті шапағатшы ретінде оқу керек және дұғадан кейін тағы да салауат айту керек. Өйткені, екі қабыл болғыш дұғаның ортасындағы дұға қабыл болады. Және яғни, بِظَهْرِ الْغَيْبِ "сыртынан, оған білдірмей дұға ету" керек. Сондай-ақ Хадистер мен Құранда кездесетін сенімді дұғалармен дұға ету керек. Мәселен:
секілді ауқымды дұғалармен дұға ету, ықыласпен және шын көңілмен дұға ету, намаздан кейін, әсіресе таң намазынан соң, қасиетті жерлерде, әсіресе мешіттерде, Жұма күні, әсіресе ижаба сағатында, қасиетті үш айда, әсіресе сол айлардағы мәшһүр түндерде, рамазанда, әсіресе Қадір Түнінде дұға жасаса қабыл болу ықтималы жоғары. Аллаһтың мейірімінен соны үміт етеміз. Сол қабыл болғыш дұғаның
әсері не бұ дүниеде сезіледі немесе дұға етілген жанның ақыретіне және мәңгілік өміріне әсерлі болып, қабыл болады. Демек, көзделген мақсат орындалмаса, дұға қабыл болмады деуге болмайды, қайта одан да жақсы түрде қабыл болды деу керек.
Екінші Сұрағың: Сахаба-и Кирам Хазіреттеріне "Радиаллаһу Анһ" деп айтылады, басқаларға да осылай деуге бола ма?
Жауап: Иә, айтуға болады. Өйткені, Пайғамбарымыз Расул Әкрамның (с.а.у.) бір нышаны болған "Алейһиссәлату Уәссәлам" сөйлемі секілді "Радиаллаһу Анһ" тіркесі, Сахабаға ғана тиісті нышан емес; Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұрагерлері деген атқа лайық үлкен әулиелер мен ризалық мәртебесіне жеткен әйгілі Төрт Имам мен Шейх Гейлани, Имам Раббани, Имам Ғазали сынды адамдарға айтылуы керек. Дегенмен ғалымдар арасындағы әдет бойынша Сахабаға "Радиаллаһу Анһ", Табиғин мен Тәбә-и Табиғинге "Рахимаһуллаһ", олардан кейінгілерге "Ғафараһуллаһ", және Әулияға "Қуддусы Сирруһу" дейді.
Үшінші Сұрағың: Дәреже жағынан Үлкен мужтаһид имамдар жоғары ма? Әлде хақ тариқаттардың пірлері, құтыбтары жоғары ма?
Жауап: Барлық мужтаһидтер емес, Әбу Ханифа, Малик, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбалдар, пірлерден, құтыбтардан жоғары. Алайда, кейбір қасиеттері бойынша, Шаһ Гейлани сынды кейбір теңдессіз құтыбтар, бір жағынан алғанда жоғары дәрежеге ие. Дегенмен, жалпы құндылық бойынша имамдар алда. Сондай-ақ, кейбір шейхтердің өздері де мужтаһид. Сондықтан барлық мужтаһидтер құтыбтардан жоғарырақ деуге болмайды. Бірақ, Төрт Имам мен Сахабалар және Меһдиден кейінгі ең абзал жандар деуге болады.
Төртінші Сұрағың: اِنَّ اللّٰهَ مَعَ الصَّابِر۪ينَ дегі хикмет пен мақсат не?
Жауап: Жаратушы Хақ, Хаким есімінің талабы бойынша жаратылыстардың болмысына сатының баспалдақтары сияқты тәртіп қойған. Сабырсыз адам байыппен, абайлап әрекет етпегені үшін баспалдақтарды аттап кетіп, құлап түседі немесе жетпей қалып, мақсат еткен биіктікке шыға алмайды. Сондықтан ашкөздік мақұрым қалуға себеп болады. Ал сабыр, қиын жағдайларды шешуші кілт.
сөздері мақалға айналған. Демек, Жаратушы Хақтың жәрдемі мен тауфиғы, сабырлы адамдарға беріледі. Үш түрлі сабыр бар.
Біріншісі: Аллаһқа қарсы келуден (күнәлардан) бас тартып сабыр қылу. Бұл сабыр - тақуалық. اِنَّ اللّٰهَ مَعَ الْمُتَّق۪ينَ сырына бөленеді.
Екіншісі: Қиындықтарға мойымай, сабырлылық таныту. Бұл, тәуекел мен тәслім болу
аяттарының құрметіне бөлендіреді. Ал сабырсыздық - Аллаһтың атына шағым айтуға алып келеді және одан Аллаһтың істерін мінеу, мейірімін жазғыру мен хикметін сынау келіп шығады. Иә, қиыншылықтың соққыларынан әлсіз, күшсіз адам шағымдану түрінде жылайды. Бірақ Аллаһқа шағымыңды айтып жалбарыну керек, Аллаһтың атына шағым айтпау керек. Хазреті Яқуб Алейһиссәламның
дегеніндей болу керек.
Яғни, қиыншылықты Аллаһқа шағым ету керек, әйтпесе Аллаһты адамдарға шағым еткендей болып; "Ойбай!" салып, "Мына нәрсе басыма келетіндей, соншалық мен не жаздым!" деумен әлсіз адамдардың аянышын ояту зиян, мағынасы да жоқ.
Үшіншісі: Ғибадаттағы сабыр. Бұл сабыр адамды сүйіктілер дәрежесіне дейін шығарады. Ең жоғарғы орын болған кәміл құлшылық дәрежесіне көтереді.
Бесінші Сұрағың: Кәмелеттік жас, он бес жас деп саналады. Хазіреті Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәлам, Пайғамбарлықтан бұрын қалай ғибадат етуші еді?
Жауап: Араб сахарасында көптеген перделердің астында көмескіленіп қалған Хазреті Ибраһим Алейһиссәламның дінінің ұстыны бойынша құлшылық ететін. Бірақ, парыз немесе мәжбүрлі түрде емес, негізінен өз еркімен ғибадат ететін еді. Бұл ақиқат ұзақ әңгіме, әзірге қысқа қайырдық.
Алтыншы Сұрағың: Кемелдік жасы деп саналатын қырық жасында Пайғамбарлықтың келуі мен өмірінің алпыс үш жас болуындағы хикмет не?
Жауап: Хикметтері көп. Біреуі мынау: Пайғамбарлық, өте ауыр және үлкен жауапкершілік. Ақылдың толысуы мен қабілеттердің ашылуы және кемеліне келуі арқылы ғана сол ауыр жауапкершілікті көтере алуға болады. Ал ондай кемелдену кезеңі - қырық жас. Ал нәпсани әуестіктердің қозып тұрған уақыты мен тән қызуының жалынды шағы және дүниеуи қызығушылықтардың буырқанған кезі болған жастық шақ пен жігіттік кезең тек қана Аллаһ жолындағы, ақырет жолындағы киелі жүк болған пайғамбарлық міндетке үйлеспейді. Қырық жасқа дейін қанша жерден салмақты және таза адам болса да, даңққұмарлардың ойына "бәлкім дүниелік атақ-даңқ үшін тырысуда" деген күдік келеді. Олардың жазғыруынан оңай құтыла алмайды. Ал, бірақ қырықтан кейінгі бір адам қабір жаққа қарай құлдилай бастайды. Енді оған дүниеден гөрі, ақыреттің шеті көріне бастайды. Әрекеттері мен ақыреттік амалдарына қатысты ондай жазғырулардан тез құтылады және табысқа қол жеткізеді. Адамдар да жаман ойлаудан арылып, пиғылдары түзеледі.
Ал енді, өмірінің алпыс үш жас болуына келсек, мұның көптеген хикметтерінің біреуі мынадай: Шариғат бойынша әһли иман, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламды шексіз дәрежеде сүюге және құрмет етуге, еш қандай нәрсесінен тіксінбеуге және әр бір халін жақсы көруге міндетті. Аллаһ өзінің Хабиб-і Әкрамын алпыс жастан кейінгі машақатты, бейнетті қарттық кезеңге қалдырмаған. Өзі имам болған үмметінің басым көпшілігінің жас шамасы болған алпыс үш жасында ең жоғарғы әлемге көтеріп, өз жанына алды. Барлық жағынан имам екендігін көрсетті...
Жетінші сұрағың:
Мына сөз хадис пе? Мұраты не?
Жауап: Хадис деп естідім. Ондағы мақсаты мынау: «Ең хайырлы жас» - қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап жастық шақтың желігіне тұтқын болып бейқамдыққа түспеген жан. Қарттардың ең жаманы - жастарға еліктеп, немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала сияқты нәпсінің айтқанынан шыға алмаған адам.
Сен менің бас жағыма "Хикметті сөз" деп іліп қойған тақтаны көрген шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны әрдайым оқып, дәріс аламын.
«Дос іздесең, Аллаһ бар». Иә, Аллаһ дос болса, барлығы дос.
«Жолдас тапқың келсе, Құран бар». Құрандағы пайғамбарлармен, періштелермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап, достық құруға болады.
«Байлық тілесең, қанағат ет.» Қанағат еткен жан үнемшіл болады. Үнемшіл адам береке табады.
«Жау іздесең, нәпсі бар» Иә, нәпсісін жақсы көрген адам басына бәле тілеп алады. Азап шегеді. Өз нәпсісін ұнатпаған адамның көңілі жай, мейірімге бөленеді.
«Насихат сұрасаң, өлім жетер». Өлімді ойлаған адам дүниеге деген махаббаттан құтылады. Ақыретіне ықыласпен қам жасайтын болады.
Жетінші Мәселеге Сегізіншісін мен қосайын:
Ол былай: Бір-екі күн бұрын бір қари, Юсуф Сүресінен бір бөлімді
ге дейін оқыды.
Бірден, ойламаған жерден көңілге бір мағына келді. Құранға және иманға қатысты әрбір нәрсе маңызды. Сырттай елеусіз болып көрінгенімен маңызы зор. Иә, мәңгі бақытқа жетуге көмек беретін кез келген нәрсе елеусіз болып саналмайды. Ендеше, "Мына бір кішкене тұжырым, осыншама түсіндірулер мен назар аударуға тұрмайды" деуге болмайды. Осындай мәселелерде ең бірінші шәкірт болған, тыңдаушы және Құран терең мағыналарынан қадірін түсінген Ибраһим Хулуси, осы мәселені естігісі келеді екен. Олай болса тыңда:
Ең әдемі қиссаның тамаша бір көрінісі, қиссалардың ең әдемісі Юсуф Алейһиссәламның қайтыс болатынын білдіретін
аятының өте жоғары, аса нәзік және сүйіншілеуші мұғжиза секілді бір мағынасы мынадай: Яғни, өзге тартымды қиссалардың соңындағы зауал мен айрылысу хабарларының ащылығы мен қайғысы, қиссадан алынған қияли ләззатты бұзып тынады ... Әсіресе рахатқа батып, бақытқа кенелгенін айтып тұрып, өлімі мен хош айтысуын хабарлау онан сайын қайғылы болады,
тыңдаушыларға "Қап! Әттеген-ай!" дегізеді. Ал бұл аят, Юсуф қиссасының ең жарқын бөлімінде яғни Мысырда Құрметті Лауазымға ие болып, ата-анасымен қауышқан, бауырларымен мауқын басып, табысқан кезінде, дүниедегі ең бақытты және өмірінің ең тамаша сәтінде Хазреті Юсуфтың өлімін осылай хабарлайды және былай дейді: Мына тамаша жағдайдан әлдеқайда жоғары салтанатқа бөлену үшін, Хазреті Юсуфтың өзі Жаратушы Хақтан өлімін сұрады және өлді, осылайша, әлгі бақытқа бөленді. Демек, қабірдің арғы жағында әлгіндей дүниелік ләззаттан да рахат бір жағдай бар. Хазреті Юсуф Алейһиссәлам сынды ақиқатты білетін жан, ләззаты мол дүниелік салтанаттың ортасында тұрса да, арғы жақтағы бақытқа қол жеткізу үшін ащы өлімді сұрады.
Міне, Құран Хакимнің осынау керемет шешендігіне қараңыз, Юсуф қиссасының аяқталуын нендей ғажап күйде хабарлауда. Ол хабар тыңдарманына қайғы мен өкініш бермейді, қайта сүйінші хабар жеткізіп, қуаныш сыйлауда.
Сондай-ақ: "Қабірдің арғы жағы үшін әрекет қыл, қам жаса. Шынайы бақыт пен ләззат сол жақта деп, сабақ беруде. Хазреті Юсуфтың жоғары дәрежелі адалдығын көрсетуде және дүниенің ең салтанатты, ең қуанышты жағдайы да оған бейқамдық беріп, алдай алған жоқ. Ол сонда да ақыретті қалады" дейді...