Хаттар
— 320 —

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ МЕКТУБ

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
يَفْعَلُ اللّٰهُ مَا يَشَٓاءُ وَ يَحْكُمُ مَا يُر۪يدُ

Сұрақ: Иләһи Есімдердің ең үлкендерінен болған Рахим, Хаким және Уәдуд есімдерінің талабы болған мейірімді түрдегі тәрбиелеу, мақсатты түрде дайындау және махаббатпен көңілін табу - қорқынышты, мейірімсіз болған өліммен, жойылумен, өмірдің аяқталуымен, айырылысумен, ауыр тиер соққылармен, машақаттармен қалай және қай жағынан үйлесе алады? Жарайды, адамзат мәңгілік бақытқа өлім арқылы өтетіндіктен мақұл дейік. Бірақ мына нәзік те сүйкімді тіршілік иелері ағаштар мен өсімдіктерді, гүлдерді және тірі болуға лайық, өмірге ғашық, хайуанат тайпаларын, үздіксіз түрде, еш қайсысын қалдырмай жоқ етуде, оларды дем алдырмастан машақатпен жұмыс істетуде, еш қайсысын рахат қалдырмай пәлекеттермен өзгерістерге ұшыратуда, еш бірін тыс қалдырмай өлтіруде, толассыз жоюда қандай мейірім мен жанашырлық бар? Қандай хикмет пен пайда бар? Қандай мейірім, қандай аяныш бар?

Жауап: Қажеттілік пен соған сай талапты көрсететін Бес Рәміз арқылы және мақсаттар мен пайдаларды көрсететін Бес Ишара арқылы осы сұрақтың жауабын шешетін, арнасы кең, өте терең, аса жоғары, ұлы ақиқатқа өте ұзақтан қаратуға тырысамыз.

БІРІНШІ ТАРАУ: Бес Рәмізден тұрады.

Бірінші Рәміз: Жиырма Алтыншы Сөздің соңында айтылғанындай, өте өнерлі бір шебер, қымбат бағалы бір киімді нақыштап тігу үшін, бір міскін адамды лайықты ақыға жалдап алып, сол киімді әлгі міскін адамның үстінде пішу үшін әлгі адамды

— 321 —

отырғызып, тұрғызып түрлі жағдайларға түсіреді. Егер әлгі міскін адам шеберге: "Маған жарасып тұрған мына киімге неге тиісесің? Өзгертіп, бүлдірудесің. Мені отырғызып, тұрғызып, мазамды алудасың..." деуге хақы бар ма? Сол сияқты Жаратушы Шебер, жаратылыстың әрбір түрін бір бір үлгі етіп, көркем есімдерінің нақыштары арқылы өнерінің кемелділігін көрсету үшін әрбір нәрсеге, әсіресе тіршілік иелеріне, сезімдермен көмкерілген дене киімін кигізіп, соның үстінде қаза және жазмыш қаламымен өрнек салады. Есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Әрбір болмысқа өзіне лайық түрде, ақы есебінде кемелділік пен ләззат береді. Олай болса,

مَالِكُ الْمُلْكِ يَتَصَرَّفُ ف۪ى مُلْكِه۪ كَيْفَ يَشَٓاءُ

сырына ие болған Жаратушы Шеберге "Мені қинап жатырсың. Менің мазамды алып жатырсың" деуге қай нәрсенің хақы бар?

Мүлдем хақы жоқ! Иә, ешбір жаратылыстың Уажиб-ул-Ужудтың алдында ешқандай хақы жоқ және ондай талап та қоя алмайды. Қайта олардың борышы - Жаратушы Шеберге әрдайым алғыс айту мен мадақтау, сол арқылы берілген болмыс мәртебелерінің ақысын өтеу ғана. Өйткені, оларға берілген бүкіл болмыс мәртебелері жүзеге асқан нәрселер, белгілі бір себептерді талап етеді. Ал әзірге берілмеген мәртебелер болса, ықтималды жағдай ғана. Ықтималдылық болса, жоқ нәрсе және оның шегі жоқ. Жоқ нәрсе себеп талап етпейді. Шексізге себеп жоқ. Мәселен, тас-топырақтар "Неліктен өсімдік болмадық" дей алмайды. Шағым ете алмайды, қайта элементтік болмысқа ие болғандығы үшін Жаратушыға алғыс айтуы тиіс. Өсімдіктер: "Неліктен хайуан болмадым" деп шағым ете алмайды, қайта олар өз денелеріне қоса, өмір сыйланғандықтан олардың құқы - алғыс білдіру ғана. Хайуан болса: "Неліктен адам болмадым" деп шағымдана алмайды... қайта, болмыс және өмірмен қоса, құнды рух жәуһары берілгендіктен оның міндеті, тек қана алғыс білдіру. Тағысын тағы... салыстыра беруге болады.

Ей, шағымшыл адам! Сен жоқ боп қалмадың, болмыс нығыметін кидің, өмірдің дәмін таттың, жансыз қалмадың, хайуан болмадың. Ислам нығыметін таптың, адасқандардың арасында қалмадың, денсаулық амандық, есендік деген нығыметке бөлендің тағысын тағы...

— 322 —

Ей, жақсылықты түсінбейтін жан! Сен не бетіңмен хақ талап етудесің? Жаратушы Хақтың саған берген нағыз нығметі болған болмыс мәртебелеріне жауап ретінде алғыс білдірудің орнына, ықтималдық шеңберіндегі сенің қолыңа түспеген және сен оларға лайықты да болмаған асыл нығметтердің саған берілмегендігі үшін орынсыз жерде ашкөзденіп, Жаратушы Хақтан шағымданасың, берілген нығметтерді менсінбейсің... Мәселен, бір адам мұнара басына шығу секілді жоғары дәрежеге жетіп, әр баспалдақ сайын үлкен нығыметтерге бөленсе, сосын сол дәрежеге көтерушіге алғыс айтудың орнына: "Неге бұл мұнарадан да биік мұнараға, шықпадым!" деп шағым айтып, жыласа, қаншалықты хақсыздық жасаған болады. Нығыметтерді менсінбеген болады. Қандай ессіздік жасағанын ақымақтар да түсінер...

Ей, қанағатсыз ашкөз, үнемсіз ысырапшыл, шағымдануға хақы жоқ ғапыл пенде! Мынаны жақсылап біліп ал! Қанағат - пайданың көзі, шүкір ету. Ашкөздік - зиян шегу, нығыметті менсінбеу. Ал үнемшілдік, нығметке құрмет көрсету, пайдалы. Ысырап болса, нығметті менсінбеушілік, ұсқынсыз, зиянды нәрсе. Егер ақылың бар болса, қанағатқа дағдылан, ризашылық білдіруге тырыс. Тіпті, төзбей бара жатсаң "Я, Сабур!" де, сабыр сұра. Өз үлесіңе риза бол, шағымданба. Кімді кімге шағымданып жатқаныңды біл, аузыңды жап. Шағымданғың келіп бара жатса, өз нәпсіңді, Жаратушы Хаққа шағым ет, өйткені кемшілік нәпсіңде.

Екінші Рәміз: Он Сегізінші Хаттың соңғы мәселесінің аяқ жағында айтылғанындай, Зүлжәлал Шебердің таңқалдыратын, тіпті қорқыныш тудыратын Рубубиет істері арқылы, жаратылыстарды тоқтаусыз түрде өзгеріске ұшыратып жаңартуының бір хикметі мынада: Мәселен, жаратылыстардың әрекеттері құштарлықтан, ләззаттан және махаббаттан туындайды. Тіпті, әрбір істе бір ләззат бар, тіпті әр бір іс атқарудың өзі бір түр ләззат десе де болады. Ал, сол ләззат болса - кемелділікке бағытталған, тіпті ләззаттың өзі бір кемелдік. Сонымен, іс-әрекет дегеніміз кемелділікке ләззатқа, сұлулыққа ишара етеді. Шексіз Кемел, Камил-і Зүлжәлал, Уажиб-ул-Ужуд, затында, сипаты мен істерінде кемелдіктің барлық түрін қамтуда. Олай болса әлбетте, ол Заты Ужиб-ул-Ужудтың болмысы мен шексіздігіне лайық түрде және Затының еш нәрсеге мұқтаж

— 323 —

еместігі мен шексіз байлығына үйлесімді түрде және шексіз кемелдігі мен затына тән пәктігіне сай келетін шексіз жанашырлығы, махаббаты бар. Және сол киелі жанашырлық пен таза махаббаттан туындайтын шексіз киелі бір құштарлық бар. Және сол киелі құштарлықтан туындайтын шексіз киелі бір қуаныш бар. Және сол киелі қуаныштан туындайтын шексіз киелі бір ләззат бар. Және сол киелі ләззатпен қоса, Оның шексіз мейірімділігі тұрғысынан, құдіретінің істері ішінде, мақлұқаттың қабілеттері және кемелденуінен туындайтын, солардың қуаныштары мен толысуларынан келетін, Заты Рахман әрі Рахимге тән шексіз киелі қуаныш пен шексіз киелі мақтаныш бар. Бұл жағдай үздіксіз іс атқаруды тудырады. Және сол шексіз іс атқарушылық та, өз кезегінде үздіксіз өзгерту, құбылту, айналдыру, қозғалтуды тудырады. Міне осы шексіз өзгерту мен құбылту да, өлім мен жоқ қылуды аяқталу мен айырлысуды талап етеді.

Бірде, философияның жаратылыстың мақсаттарына қатысты қосқан үлестері менің назарымда өте құнсыз боп көрінді. Сөйтсем, ондай пәлсапалық ойлар мағынасыздыққа қарай бет алады екен. Сондықтан философтардың өз ойына терең сүңгігендері, табиғатшылдық батпағына түседі немесе скептикке айналады. Я болмаса Жаратушының ықтияры мен ілімін жоққа шығарады, немесе Жаратушыны "Жаратуға мәжбүр болмыс" дейді.

Міне, сол кезде Аллаһтың мейрімі маған Хаким есімін жәрдемге жіберді, жаратылыстағы үлкен мақсаттарды көрсетті. Яғни, әрбір жаратылыс Раббани жазба екендігі сол - бүкіл түйсік иелері оны оқиды, зерттейді. Осы мақсат маған бір жылға жеткілікті болды. Содан соң, жаратылыстағы өнердің ғажайыптары ашылды, әлгі мақсат енді, жеткіліксіз бола бастады. Онан да үлкен екінші бір мақсат көрсетілді. Яғни, әрбір жаратылыстың ең үлкен мақсаттары Жаратушысына тиісті екен. Соның өнерінің кемелдігі мен есімдерінің нақыштарын және хикметінің әшекейлері мен мейірімінің сыйларын Жаратушының Өз назарына ұсыну және Оның жамалы мен кәмалына айна болу екенін білдім. Осы мақсат та көпке дейін маған жеткілікті болды. Содан соң, жаратылыстардың жаратылуы мен өнеріндегі таңқалдыратын істермен қоса, соншалықты жылдам түрде өзгеріске ұшыраулары мен құбылуларындағы Құдіреттің мұғжизалары және Рубубиеттің істері көрінді. Сол кезде бұл мақсат та жеткіліксіз

— 324 —

бола бастады. Расында, осы мақсаттың үлкендігіндей қажеттілік пен себеп те болуы керек екенін білдім. Міне, сол уақытта, осы Екінші Рәміздегі қажеттіліктер мен алдағы ишаралардағы мақсаттар көрсетілді. Және анық түрде білдірілді. Ғаламдағы құдіреттің істері мен жаратылыстардың қозғалыс және айналыстары мағыналарға толы екені сонша, сол істер арқылы Хаким Жаратушы ғаламның әр түрлі бөліктерін түгел өз тілімен сөйлетуде екен. Құдды аспан әлемі мен жердің қозғалушы жаратылыстары олардың сол сөйлесуіндегі сөздер сияқты, ал әрекетке келтіріп қозғалту болса, мағыналы сөйлем сияқты екен. Демек, іс атқарудан туындайтын қозғалыстар - тәсбих сөздерін сөйлету. Және ғаламдағы қозғалыс та, сол ғаламның және оның әр түрлі бөліктерінің үнсіз ғана сөйлеуі және сөйлеттіруі.

Үшінші Рәміз: Нәрселер жойылып кетпейді. Расында құдірет аясынан ілім шеңберіне өтеді. Көрінетін материялдық әлемнен көрінбейтін ғайып әлеміне кетіп жатыр. Құбылмалы, өткінші әлемнен нұр әлеміне, мәңгілікке қарай бет алуда. Ақиқат тұрғысынан қарағанда нәрселердегі әсемдіктер пен кемелдіктер Иләһи есімдерге тиесілі, солардың нақыштары мен көріністері. Ол есімдер бақи, олардың көріністері де әрдайым тұрақты. Олай болса, әлбетте, нақыштары да жаңарады, тазарады, әдемілене түседі. Жоқ болып, жойылуға кетпейді. Шындығында, тек сырттай, салыстырмалы бейнелері ғана өзгеріп, тамаша әсемдіктер мен кәміл фәйздің көрініс табар жері болған негіздері бақи күйінде қала береді. Рух иесі болмағандардың әсемдіктері мен көркемдіктері, тікелей Иләһи есімдерге тиесілі. Мақтаулар да соларға тиесілі әсемдіктер де солардікі, махаббат та соларға бағытталады. Сол айналардың өзгеруі, есімдерге зиян тигізбейді. Егер рух иесі болғанмен, ақыл иесі болмаса, олардың ақыры мен болмыстан ажырауы мүлде жоғалу емес, шындығында материялдық болмыстан шығып, тіршілік міндетінің күйбеңінен құтылып, атқарған міндеттерінің жемістерін бақи рухтарына тапсырады. Олардың сол бақи рухтары да бір Иләһи есімге сүйеніп, болмысын жалғастыра береді. Егер ол рух иелері түйсіктілерден болса, онсыз да мәңгілікке және материялдық әрі рухани кемелділікке негіз болып табылатын бақи әлемге және Хаким Жаратушының пәни дүниеден әлеқайда әсем, нұрлы бәрзах әлемі, рухтар әлемі секілді өзге орындарына, басқа өлкелеріне көшудегі сапары - өліп жоқ болу, зауал орнап, лағып кету емес, кемелділікке жету.

— 325 —

Қорытынды: Сонымен Жартушы Хақ бар. Ол Бақи және сипаттары мен есімдері тұрақты әрі мәңгілік. Ендеше ол есімдердің көріністері мен нақыштары, мәңгі жаңарып тұрады. Бұзылу мен жоғалу, жойылу мен зауал деген болмайды. Адам, адамдық жағымен көпшілік жаратылыстармен тығыз байланыста. Солардың бар болуынан ләззат алады, жойылуларынан қайғы шегеді. Әсіресе, тіршілік иелерінен, әсіресе адамдардың, соның ішінде өзі жақсы көрген жақындарының дүниеден өтуінен қайғырады. Солармен бірге болудан көбірек ләззат алады. Тіпті, бір мейірімді анадай болып, өзінің рахатын солардың бақыты үшін пида етеді.

Міне, әр мүмин дәрежесіне қарай, Құранның нұры мен иманның сыры арқылы бүкіл жаратылыстардың бақытынан ләззат алады. Олардың жойылып кетпейтіндігінен, олардың құнды бір Раббани хат екендігіне шаттанады. Және дүниенің үлкендігіндей нұрға ие бола алады. Әркім дәрежесіне қарай бұл нұрдан пайдалана алады.

Егер, адасқан жан болса, өзінің қайғысымен қоса, бүкіл жаратылыстардың жойылуынан, жоғалуынан және сырт қарағандағы жоқ етілулерінен, (егер ол жаратылыстар рух иелері болса) олардың қайғыларымен қоса қайғырады. Яғни оның күпірлігі, оның дүниесін жоқ болып жойылулармен толтырады, оның басына қараңғылықты үйіп-төгеді. Жәһәннамға жетпей-ақ, Жәһаннамның азабын тартады.

Төртінші Рәміз: Көптеген жерлерде айтқанымыздай, бір падишаһтың сұлтан, халифа, хакім, қолбасы сынды түрлі аттары мен сипаттарынан туындайтын әр түрлі құрылым, басқару шеңберлері болатыны сияқты, Жаратушы Хақтың әсем есімдерінің шектеуге де, санауға да келмейтін неше түрлі көріністері бар. Жаратылыстардың түрленулері және әр қилылығы, сол көріністердің әр түрлілігінен келеді. Әр бір кемел мен жамал иесі, жамалы мен кемалын көруді және көрсетуді қалау сыры бойынша, сол түрлі есімдер де, тұрақты және мәңгі болғандықтан Жаратушысының атынан тоқтаусыз түрде көрінуді қалайды. Яғни нақыштарын көргісі келеді. Яғни, Жаратушы өз нақыштарының айналарында жамалының көріністері мен кемелінің шағылыстарын көруді және көрсетуді қалайды.

— 326 —

Яғни ғаламның ұлы кітабын және жаратылыстың әр түрлі жазбаларын сәт-сәт жаңартуды яғни, қайта-қайта жаңартып, мағыналы етіп жазуды қалайды.

Яғни бір беттің өзіне мыңдаған жеке-жеке жазбаларды жазуды және әрбір жазбаны сол есімдердің Иесінің бақылау назарына ашып көрсетумен қоса, бүкіл түйсік иелерінің талқылай отырып, оқыуын қалайды. Осы ақиқатқа ишара ететін мына өлеңге қара:

Әлем кітабының парақтары түрлі, түрлі қисапсыз,

Әріптері мен сөздері де оқып таусылмас - сансыз.

Жазылғаны ақиқаттың Лауһул Махфуз тақтасы

Сөздер - дене, мағынасы мың құбылған қозғалыс.

تَاَمَّلْ سُطُورَ الْكَائِنَاتِ فَاِنَّهَا ٭ مِنَ الْمَیلَاِ الْاَعْلٰى اِلَيْكَ رَسَٓائِلُ

Бесінші Рәміз: Екі тұжырымнан тұрады:

Бірінші тұжырым: Сонымен, Жаратушы Хақ бар. Ендеше барлық нәрсе бар. Уажиб-ул-Ужудпен байланыс бар. Олай болса, барлық нәрсе үшін, бүкіл нәрсе бар. Өйткені, Уажиб-ул-Ужудқа байланыс арқылы әрбір болмыс, бүкіл болмыстарға уахдет сыры арқылы байланысады. Демек, Уажиб-ул-Ужудқа байланысын білген немесе білінген әрбір болмыс, уахдет сыры бойынша Уажиб-ул-Ужудқа байланысы болған бүкіл жаратылыстармен байланысты болады. Демек, әрбір нәрсе, сол байланыс арқылы шексіз бір болмыс нұрларына бөлене алады. Бұл тұрғыда, бұл жағынан айырылысу, жойылу жоқ. Бір мезет қана тіршілік жасаудың өзі, соңсыз болмыс нұрларына себеп бола алады. Егер ол байланыс болмайтын болса және білінбейтін болса, соңсыз айырылысуларға, жойылуға душар болар еді. Өйткені, ол жағдайда әрбір болмысқа қатысты бір айырылысу бар. Демек, өзінің жеке болмысына шексіз айырылысулар жүктеледі. Егер, сондай байланыссыз жағдайда миллион жыл болмыста қалса да, бір мезет қана тіршілік жасау құрлы болмайды. Сондықтан әһли хақиқат: "Бір мезеттік нұрлы болмыс, миллион жылдық баянсыз болмыстан артық" деген. Яғни: "Уажибпен байланыста болған бір мезеттік болмыс, байланыссыз миллион жылдық болмыстан артық". Осы сырға байланысты, ғұламалар: "Болмыс нұрлары дегеніміз - Уажиб-ул-Ужудты тану". Яғни, ол жағдайда мына ғалам, болмыс нұрлары ішінде болып періштелерге, руханилерге, түйсік иелеріне толы болады. Егер онсыз болса, жоқ болу деген қараңғылықтар әрбір болмысты қамтитын болады. Ол адамның назарында бүкіл дүние бос, қаңыраған үрейлі қуыс түрінде көрінеді.

— 327 —

Жеміс ағашының әрбір жемісінің бүкіл жемістермен байланысы бар. Олай болса, сол ағаштың басындағы бүкіл жемістер бір-біріне бауыр болады. Әлгі жемістердің біреуі ағаштан үзілсе, бұл айырылысудың әрбір жеміске қатысы болады. Әрбір жеміс ол үзілген жеміс үшін жойылады. Сол сияқты Ахад, Самад Аллаһтың Құдіретімен байланысы бар, әрбір нәрсе үшін бүкіл нәрселер бар болады. Егер байланыс болмаса, қанша нәрсе болса соншама жойылу орын алар еді. Сонымен осы, рәміз арқылы иман нұрларының алыптығын және адасудың қараңғылығына көз жеткіз. Демек иман, осы рәмізде баяндалған ұлы ақиқаттың бір атауы. Ол ақиқаттан иман арқылы пайда көруге болады. Егер иман болмаса, соқыр, керең, тілсіз, ақылсыз адамға бүкіл нәрсенің жоқ болғанындай, имансыз жанға да бүкіл нәрсе жоқ есебінде, ол да қараңғылықта қала бермек.

Екінші Тұжырым: Дүниенің және әр нәрсенің үш жағы бар.

Бірінші жағы: Иләһи есімдерге қарайды, солардың айналары. Бұл жақта жойылу, айырылысу және жоқ болу деген нәрсе жоқ. Онда тек, жаңалану, жаңару бар.

Екінші жағы: Ақыретке қатысты, мәңгілік әлемге қарайды, соның егістік алқабы есебінде. Бұл жақта мәңгілік жемістерді жетілдіру бар. Мәңгілікке қызмет етеді, өткінші нәрселерді мәңгілікке айналдырады. Бұл жақта да, өлім мен зауал емес, қайта өмір мен мәңгілік көріністері бар.

Үшінші жағы: Пәнилерге, яғни біздерге қарайды. Өткіншілер мен қызыққұмар әуесқойлардың сүйікті жағы, сана иелерінің сауда орны, рухани міндет атқарушылардың емтихан алаңы. Осы үшінші жақтағы өткіншілік пен өлімнің, жоқтықтың ащы жараларына дәрумен болу үшін бұл үшінші жақтың ішкі мәнісінде мәңгі өмірдің де көріністері бар.

Қорытынды: Мына тоқтаусыз қозғалып, шыр айналған жаратылыстар, болмыстар, Уажиб-ул-Ужудтың жарату нұрлары мен жаңа болмыс беру жолындағы өзгеріп тұрған айналар мен көріністер.

ЕКІНШІ ТАРАУ: Бір кіріспе, Бес Ишарадан тұрады. Кіріспенің өзі, екі Тақырыптан тұрады:

Бірінші Тақырып: Алда келетін бес ишарада Рубубиеттің істеріне жақсылап зер салу үшін, кішкене, дүрбі қызметін атқаратын тәмсілдер жазылатын болады. Бұл тәмсілдер, Рубубиет істерінің

— 328 —

шынайы мәнісін түгел қамти алмаса да, байқай алады. Алда келетін тәмсілдердегі және өткен Рәміздердегі Заты Ақдестің киелі сипатына үйлесімсіз болған анықтамалық сөздер тек қана тәмсілдің кемшіліктері.

Мәселен: Ләззаттың, шаттық пен қуаныштың бізге белгілі мағыналары, (Заты Ақдестің) киелі сипаттарын түсіндіре алмайды. Бірақ, олар мұқият зерттеулердің бастамасы, әр қайсысы жеке-жеке микроскоп.

Сондай-ақ бұл тәмсілдер, Рубубиеттің орасан зор заңдылықтарының ұшын көрсетіп, заңдылықтардың ақиқатын дәлелдейді. Мәселен, өсіп тұрған бір гүл көз алдымыздан кетпестен бұрын артына мыңдаған болмыстарды тастап барып кетеді делінген. Осы арқылы орасан зор Рубубиет заңдылығын көрсетеді. Яғни бүкіл бір көктемде, тіпті бүкіл дүниедегі жаратылыстарда, сол Рубубиет заңдылығы өз үкімін жүргізетінін көрсетеді.

Жаратушы Рахим, бір құстың қауырсындардан тұратын киімін қандай заңдылықпен өзгертетін, жаңартатын болса, Сол Хаким Шебер, дәл сол заңдылық бойынша жыл сайын жер шарының бүкіл киімін жаңартады. Дәл сол заңдылық бойынша әр ғасырда дүниенің келбетін де өзгертеді. Тағы да дәл сол заңдылық бойынша, қиямет кезінде, ғаламның бейнесін бұзып, өзгертеді.

Сондай-ақ, атомды қандай заңдылықпен зыр айналдыратын болса, дәл сол заңдылық бойынша жер шарын да шыр айналдырады. Дәл сол заңдылық бойынша әлемдерді де дөңгелетеді... Күн жүйесін айналдырып тұр.

Сондай-ақ қандай заңдылық бойынша сенің денеңдегі жасушалардың атомдарын жаңартып, жөндеп, бір-бірінен айыратын болса, дәл сол заңдылық бойынша сенің бау бақшаңды жыл сайын жаңартады және әр мезгіл сайын бірнеше рет өзгертіп отырады. Тағы да, дәл сол заңдылық бойынша жер бетін әр көктем мезгілінде жаңартады, тап-таза жаңа бір жапқыш жабады.

Сол Қадир Жаратушы, қандай хикмет заңдылығы бойынша бір шыбынды тірілтетін болса, дәл сол заңдылық бойынша мына алдымыздағы шынар ағашын әр көктем сайын тірілтеді. Және сол заңдылық бойынша жер бетін әр көктем сайын тірілтеді, тағы да дәл сол заңдылық бойынша Хаширде жаратылыстарды да тірілтеді. Осы

— 329 —

сырға ишара етіп, Құран,

﴿ مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ﴾

деп бұйырады. Солай... жалғаса береді. Ендігісін өзің салыстыра бер.

Рубубиеттің осындай көптеген заңдылықтары бар. Атомдардан бастап, сонау тұтас әлемге дейін үкімдерін жүргізеді. Міне, Рубубиет істері ішіндегі осы заңдылықтардың алыптығына қара және ауқымына мұқият назар сал, ішіндегі уахдет (бірлік) сырын көр. Әр бір заңдылық уахдеттің дәлелі екендігін біл. Иә, осы өте көп, әрі өте үлкен заңдылықтар Жаратушының бір екенін, ілімі мен ирадасын өте анық түрде дәлелдейді. Рисалей Нұрдың көптеген жерлеріндегі қаншама тәмсілдер осы заңдылықтардың ұштарын көрсетеді. Сол заңдылықтардың бар екеніне ишара етеді. Тәмсіл арқылы заңдылықтар нақты көрініс табуда, олай болса қисынды дәлел ретінде мүддені де оңай дәлелдейді. Демек, Сөздердегі тәмсілдердің көпшілігі өз алдына анық дәлел, нақты құжат үкімінде.

Екінші Тақырып: Оныншы Сөздің Оныншы ақиқатында айтылғанындай, бір ағаштың қанша жемістері мен гүлдері болса, әр бір жемістің, әр бір гүлдің соншама мақсаттары, хикметтері бар. Ал сол хикметтер үш түрлі болады.

Бір бөлегі Жаратушыға қатысты, Соның есмідерінің нақыштарын көрсетеді.

Бір бөлегі сана иелеріне қатысты, олардың назарында бұл хикметтер құнды жазбалар мен мағыналы сөздер.

Бір бөлігі өзіне, тіршілігі мен болмысының сақталуына қарайды. Адамға пайдалы болса, адамның пайдалануына қарай хикметтері бар.

Осылайша әр бір болмыстың көптеген мақсаттары бар екенін бір сәт ой елегінен өткізгенімде, көңіліме Араб тілінде алда келетін "Бес Ишараның" негіздеріне ескерту ретінде, жалпы мақсаттарға ишара етуші мына сөйлемдер келген болатын:

وَهٰذِهِ الْمَوْجُودَاتُ الْجَلِيَّةُ مَظَاهِرُ سَيَّالَةٌ وَمَرَايَا جَوَّالَةٌ لِتَجَدُّدِ تَجَلِّيَاتِ اَنْوَارِ ا۪يجَادِهِ سُبْحَانَهُ بِتَبَدُّلِ التَّعَيُّنَاتِ الْاِعْتِبَارِيَّةِ ٭ اَوَّلًا : مَعَ اِسْتِحْفَاظِ
— 330 —
الْمَعَانِى الْجَم۪يلَةِ وَالْهُوِيَّاتِ الْمِثَالِيَّةِ ٭ وَثَانِيًا : مَعَ اِنْتَاجِ الْحَقَائِقِ الْغَيْبِيَّةِ وَالنُّسُوجِ اللَّوْحِيَّةِ ٭ وَثَالِثًا : مَعَ نَشْرِ الثَّمَرَاتِ الْاُخْرَوِيَّةِ وَالْمَنَاظِرِ السَّرْمَدِيَّةِ
وَرَابِعًا : مَعَ اِعْلَانِ التَّسْب۪يحَاتِ الرَّبَّانِيَّةِ وَ اِظْهَارِ الْمُقْتَضَيَاتِ الْاَسْمَٓائِيَّةِ ٭ وَخَامِسًا : لِظُهُورِ الشُّؤُنَاتِ السُّبْحَانِيَّةِ وَالْمَشَاهِدِ الْعِلْمِيَّةِ

Міне осы бес сөйлемде, келешекте айтылатын ишаралардың негіздері бар. Иә, әр бір болмыстың, әсіресе тіршілік иелерінің бес мәртебе бөлек-бөлек хикметтері мен мақсаттары бар. Бір жеміс ағашының бірінің үстінде бірі қабаттасқан бұтақтары жемістер беретіні секілді әр бір тіршілік иесінің, бес мәртебеде түрлі мақсаттары мен хикметтері бар.

Ей, фәни адам! Сенің кішкене бір дән түріндегі өз мәнісіңнің мәңгілік бір жеміс ағашына айналуын... және бес ишарада көрсетілген он мәртебе жемістері мен он түрлі мақсатқа қол жеткізуді қаласаң, шынайы иманға қол жеткізуің керек. Әйтпесе, бәрінен мақрұм қалумен қоса, сол дәннің ішінде буынып шіріп кетесің.

Бірінші Ишара:

فَاَوَّلًا: بِتَبَدُّلِ التَّعَيُّنَاتِ الْاِعْتِبَارِيَّةِ مَعَ اِسْتِحْفَاظِ الْمَعَانِى الْجَم۪يلَةِ وَالْهُوِيَّاتِ الْمِثَالِيَّةِ

сөйлемі мынаны білдіреді: Бір жаратылыс, денеден айырылғаннан кейін, сырт қарағанда жойылып кетеді, жойылады, бірақ білдірген мағыналары қала береді, сақталады. Мисали негізі мен суреті мисал әлемінің үлгілері болып табылатын Әлуаһ-ы махфузада және оның кішентай үлгісі ретіндегі есте сақтау қабілеттерінде қалады. Демек, сырттай бір болмысты жоғалтып, жүздеген рухани және іліми болмыстарды иеленеді. Мәселен, баспаханада бір беттің басылуына негіз болатын әріптерге бір тәртіп беріледі де, бүкіл беттің басылуына себеп болады, және ол бет те, суреті мен мәнісін басылып шыққан

— 331 —

көп парақтарға беріп, мағыналарын көп ақылдарға жайғаннан соң, ол баспа әріптерінің тәртібі де өзгертіледі. Өйткені, оған енді қажеттілік қалмайды, басқа беттердің де басылуы керек қой... Міне дәл осы сияқты, мына жер беті жаратылыстарына әсіресе, өсімдіктерге Иләһи жазмыш қаламы оларды бір тәртіпке келтіріп, белгілі бір жағдай береді, құдірет оларды көктем парағында болмысқа келтіреді, сөйтіп, жаз бойы көркем мағыналарын білдіріп болған соң, суреттері мен негіздері мисал әлемі сынды көрінбейтін ғайып әлемінің дәптеріне өтіп кетеді, хикметтің талабы осы. Осылайша жаңадан келетін басқа бір көктемнің беті жазылып, олар да өз мағыналарын жеткізіп, жалғаса береді.

Екінші Ишара:

وَثَانِيًا : مَعَ اِنْتَاجِ الْحَقَائِقِ الْغَيْبِيَّةِ وَالنُّسُوجِ اللَّوْحِيَّةِ

Бұл сөйлем мынаны ишара етеді: Әр бір нәрсе, (жалқы болсын жалпы болсын) денеден айырылғаннан кейін, (әсіресе тіршілік иесі болса) көптеген ғайби ақиқаттарды нәтиже етіп берген соң, мисал әлемінің дәптерлеріндегі мысал беттерінде өзінің өмірлік жағдайларының санындай суреттерді қалдырады, сол суреттерден тағдыр деп аталатын өмірбаяндары жазылады, сөйтіп руханилердің талқылау орынына айналады. Мәселен, бір гүл қурайды, бірақ жүздеген тұқымдарын және сол тұқымдарда өз мәнісін қалдырумен қоса, кішкентай лауһы махфуздарда және лауһы махфуздардың кішкене үлгілері болған жадыларда мыңдаған суретін қалдырып, сана иелеріне өзіндегі Иләһи есімдердің нақыштарын оқытады, сосын барып кетеді. Міне, жер бетінде әсем жаратылыстармен безенген көктем мезгілі де бір гүл. Мезгіл өте келе сырттай жоқтыққа кетеді, бірақ ол дәнектердің саны қанша болса, сонша ғайби ақиқаттарды паш етіп, гүлдердің санынша мисали мән-мағыналарды жайып, жаратылыстары арқылы өздері көрсеткен Раббани хикметтерді өз орнына қалдырып барып, көздерден таса болып, жасырынады. Әрі сол кеткен көктемнің бауырлары болған өзге көктемдерге орын босатады, сөйтіп олар да келіп өз міндетін атқаратын болады. Демек, ол көктем, көзге көрінетін сыртқы бір болмысын шешіп кетеді, мағына жағынан мың болмыс киеді.

— 332 —

Үшінші Ишара:

وَثَالِثًا : مَعَ نَشْرِ الثَّمَرَاتِ الْاُخْرَوِيَّةِ وَالْمَنَاظِرِ السَّرْمَدِيَّةِ

сөйлемі мынаны білдіреді: Мына дүние - шеберхана және егіс алқабы. Ақырет базарына үйлесімді өнімдерді жетілдіреді. Көптеген Сөздерде мұны дәлелдегенбіз: Адамдар мен жындардың амалдары ақырет базарына жөнелтіліп жатқаны секілді дүниенің өзге жаратылыстары да, ақырет үшін көптеген міндеттер атқаруда және көптеген рухани өнімдер жөнелтуде. Расында, жер шары, солар үшін қызмет етуде. Тіпті, тек "Сол қызмет үшін" деп те айтуға болады. Бұл Раббани кеме, жиырма төрт мың жылдық қашықтықты бір жылда жүріп өтіп, хашир алаңын айналып жүр. Мәселен жәннаттықтар, дүниеде болған оқиғаларды еске түсіріп, бір-біріне айтып отыруды қалайды. Сол оқиғаларды кинолентадан көргендей етіп тамашалауға қызығады. Әрине солай тамашалаудан ләззат алады. Ендеше, ләззат мекені болған жәннатта عَلٰى سُرُرٍ مُتَقَابِل۪ينَ ишараты бойынша, мәңгілік көрмелерде, дүниеуи оқиғалар мен құбылыстарды тамашалайтын жерлер болады Жәннатта. Міне, бұл көркем жаратылыстардың бір мезет көрініп қайта жоғалулары және бірінен соң бірі келіп кетуі мәңгілік көрме жайларды жасайтын фабрика қондырғылары іспетті. Мәселен, өркениет өкілдері өткінші жағдайларға өзіндік бір тұрақтылық беру және болашаққа жәдігер етіп қалдыру үшін, көркем немесе сирек жағдайлардың суреттерін алып, киноленталар арқылы болашаққа сыйлық етіп қалдырып жатырмыз дейді. Өзінше өткен шақты қазіргі уақытта және болашақта көрсетпекші... Сол сияқты, мына көктемгі және дүниеуй жаратылыстарда аз ғана тіршілік кешіргеннен соң, олардың Хаким Жаратушысының, бақи әлемге тиісті нәтижелерін сол әлемге тіркеумен бірге, мәңгілік әлемде, мәңгілік көрме жайларда олардың тіршілікте атқарған өмірлік міндеттері мен Субхани муғжизаларын мәңгілік көрмелерге орналастыруы - Хаким, Рахим, Уәдуд есімдерінің талабы.

Төртінші Ишара:

وَرَابِعًا : مَعَ اِعْلَانِ التَّسْب۪يحَاتِ الرَّبَّانِيَّةِ وَ اِظْهَارِ الْمُقْتَضَيَاتِ الْاَسْمَائِيَّةِ
— 333 —

сөйлемі мынаны білдіреді: Жаратылыстар өмірлік жағдайлары арқылы Раббани тасбихаттың көптеген түрлерін жасайды. Және де, Иләһи есімдердің сол жерге қажет болған жағдайларын көрсетеді. Мәселен, Рахим есімі, мейрім етуді қалайды: Раззақ есімі, ризық бергісі келеді; Латиф есімі, жарылқағысы келеді... тағысын тағы... Бүкіл есімдердің өзіндік талаптары бар. Міне, әрбір тіршілік иесі, тіршілігі мен болмысы арқылы ол есімдердің талаптарын көрсетумен бірге, өздеріндегі сезім құралдары санынша Хаким Жаратушыға тасбихат жасайды. Мәселен, бір адам әдемі жемістерді жейді. Ол жемістер асқазанында ыдырап, қорытылып, сырттай жойылады. Бірақ аузы мен асқазанынан басқа да дененің бүкіл жасушаларына іс атқарта отырып, ләззат беруімен қоса, дененнің әр бұрышындағы болмыстар мен тіршілікті азықтандыру, өмірді жалғастыру сынды көптеген хикметтерге негіз болады... Ол тағамның өзі де, жай өсімдік болмысынан өтіп, адамдық тіршілік мәртебесіне шығады, мәртебесі көтеріледі. Дәл осы секілді мына жаратылыстар, жоғалу пердесінің артына жасырынған кезде олардың орнында әрқайсысының көптеген тасбихаты қалуымен бірге, олар паш еткен көптеген Иләһи есімдердің де нақыштары сол есімдерге тапсырылады. Яғни, бәрі де мағынасын бір тұрақты болмысқа тапсырып барып кетеді. Өткінші, уақытша бір болмыстың кетуімен оның орнына өзіндік бір тұрақтылыққа бөленген мыңдаған рухани болмыстар қалса, қандай өкініш бар? Оларға обал болды немесе мағынасыз болды, я болмаса мына сүйкімді жаратылыс неліктен жоғалды деп шағым айтуға бола ма? Қайта, ол жаратылысқа деген мейірім, хикмет, махаббат солай болуын талап етуде және солай болуы да керек. Әйтпесе, бір ғана зияннан қашып, мыңдаған пайданы тәрк ету керек болады. Мұндай жағдайда мыңдаған нәрсе зая болады. Демек, Рахим, Хаким, Уәдуд есімдері аяқталып, ажырап, айырылысуға қарсы емес, қайта соның болғанын талап етеді

Бесінші Ишара:

وَخَامِسًا : لِظُهُورِ الشُّؤُنَاتِ السُّبْحَانِيَّةِ وَالْمَشَاهِدِ الْعِلْمِيَّةِ

сөйлемі мынаны білдіреді: Жаратылыстар, (әсіресе тіршілік иелері) көзге көрінетін сыртқы болмыстан кеткен соң, көптеген бақи нәрселер қалдырып барып кетеді... Екінші Рәмізде баяндалғандай Заты Уажиб-ул-Ужудтың пәктігі мен ешбір нәрсеге мұқтаж болмаған

— 334 —

кемеліне үйлесімді және лайық түрдегі шексіз махаббаты, шексіз жанашырлығы, шексіз мақтанышы (айтуға мүмкін болса), шексіз киелі бір қуанышы, шаттығы (теңеуде қате болмасын), шексіз пәк ләззаты, киелі сүйсінуі бар. Бұлардың әсерлері көз алдымызда. Міне, осы жағдайлардың талап еткен таңғажайып істерінде бүкіл жаратылыс өзгертілу мен бұзылу арқылы зауал мен жойылу секілді көрініп, көз алдымызда соншама жылдамдықпен жөнелтілуде. Көзге көрінетін әлемнен үздіксіз түрде көрінбейтін ғайып әлеміне жіберілуде. Және ол жағдайлардың көріністерінде мақлұқат әрдайым бір ағыс пен қозғалыс ішінде шайқалтылуда. Дінсіз, адасқандардың құлақтарына айырылысу мен зауал зарларын, ал хақ жолындағылардың құлақтарына зікір мен тасбих әуендерін жаюда. Осы сырға байланысты әрбір жаратылыс Уажиб-ул-Ужудтың тұрақты жағдайларының көрініс табуына себеп болатындай мағыналарды, күйлерді, халдерді болмыста қалдырып барып кетуде. Және де, ол жаратылыс бүкіл өмірі бойынша басынан өткерген бүкіл ахуалдарын, Әзәли ілімнің арнайы атаулар болып табылатын Имамы Мубин, Китабы Мубин, Лауһ-ул-Махфуз сынды іліми болмыс шеңберлерінде, өзінің сыртқы болмысын бейнелендіретін бөлек-бөлек бір болмысты да қалдырады, сөйтіп барып кетеді. Демек, әрбір өткінші жаратылыс бір болмысты тәрк етсе де, мыңдаған тұрақты болмыстарға қол жеткізеді, ие болады.

Мәселен, өте керемет бір фабриканың қондырғысына кейбір қарапайым нәрселер салынады да, соның ішінде жанып, тозып жойылып кетеді, бірақ ол фабриканың сүзгілерінде өте құнды химиялық заттар мен тыңайтқыштар шөгіндісі қалыптасады. Әрі олардың жануы барысындағы қуатпен және бумен сол фабриканың шарықтарын айналысқа түсіреді. Сөйтіп, бір жағынан мата тоқуға, бір жағынан кітап басып шығаруға, бір жағынан да шекер сынды өзге де құнды нәрселерді өндіруге себеп болады. Тағысын тағы... Демек ол қарапайым нәрселердің жануы мен сырттай жойылуы арқылы, мыңдаған нәрселер болмысқа келеді. Ендеше, қарапайым бір болмыс кетсе де, көптеген сапалы болмыстарды мирас етіп қалдырады. Ал енді, осындай жағдайда әлгі қарапайым нәрсеге обал болды деуге бола ма? Фабрика иесі неліктен оны аямады, жағып жіберді, сүйкімді нәрселерді жойды деп шағым етудің жөні бар ма?

— 335 —

Дәл солай да وَلِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى Хаким, Рахим, Уадуд болған Жаратушы Рахметінің, хикметінің және уадудиетінің талабы бойынша, ғалам фабрикасын үздіксіз әрекетке келтіруде. Әрбір өткінші болмысты, көптеген бақи болмыстарға тұқым етуде, раббани мақсаттарына негіз етуде, сүбхани жағдайларына бөлендіруде, жазмыш қаламына сия ретінде қолданып, құдіреттің тоқымасына ілгек етуде және де біз білмейтін көптеген аса жоғары жарылқаулар мен өте биік мақсаттар үшін өзінің құдірет істерімен Ғаламды қозғалысқа келтіруде. Атомдарды айналысқа, жаратылыстарды қозғалысқа келтіруде, хайуанатты өмірдің ағымына салып, ғаламшарларды шыр айналдыруда. Осылайша, бүкіл ғаламды сөйлетуде. Барлық аяттарын оған үнсіз оқытып, жазғызуда. Және жердегі жаратылыстарды, (Рубубиеті тұрғысынан) ауаны әмірі мен ирадасына өзіндік бір ғарыш, нұрды ілімі мен хикіметіне айрықша бір ғарыш, суды жарылқауы мен мейіріміне басқаша бір ғарыш, топырақты сақтау мен тірілту жолында өзгеше бір ғарыш еткен. Сол ғарыштардың үшеуін жер бетіндегі жаратылыстардың үстіне жүргізіп қойған.

Нақты біліп қой, осы Бес Рәмізде және Бес Ишарада көрсетілген асқақ ақиқат Құран нұры арқылы көрінеді және иманның қуатымен көңіл көзіне көрінеді. Әйтпесе, ол бақи ақиқаттың орнын, өте сұмдық бір зұлмат басып қалады. Дінсіз адасушылар үшін дүние айырылысулар, жоқтықтар мен зауалдарға толы. Ғалам, олар үшін рухани жәһаннамға айналады. Олар үшін бүкіл нәрсе қас-қағымдық бір болмыста, мәңгілік жоқ болудың құрдымында... Бүкіл өткен шақтар мен болашақ жоқтық қараңғылығына тұнып тұр. Тек қысқа ғана осы шақта, мұңлы бір болмыс нұрын таба алуы мүмкін. Бірақ, Құран сыры мен иман нұры арқылы ғана әзелден (бастауы жоқ) әбедке (соңы жоқ) дейінгі болмыс нұры көрінеді. Тек Сонымен байланыс арқылы ғана мәңгілік бақытын қамтамасыз етеді.

Қорытынды: Мысырлық бір шайыр айтқанындай

Дария болғанша дем,

Паршаланғанша денем,

Шықпай қалғанша үнім,

Шақырудамын:

— 336 —

Я, Хақ! Я, Мәужуд! Я, Хаий! Я, Мағбуд!

Я, Хакийм! Я, Мақсуд! Я, Рахим! Я, Уадуд!

Бар даусыммен:

لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ الْمُب۪ينُ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ صَادِقُ الْوَعْدِ الْاَم۪ينُ

деймін. Және иман етіп, дәлелдеп беремін:

اِنَّ الْبَعْثَ بَعْدَ الْمَوْتِ حَقٌّ وَ الْجَنَّةَ حَقٌّ وَ النَّارَ حَقٌّ وَ اِنَّ السَّعَادَةَ الْاَبَدِيَّةَ حَقٌّ وَ اِنَّ اللّٰهَ رَح۪يمٌ حَك۪يمٌ وَدُودٌ وَ اِنَّ الرَّحْمَةَ وَ الْحِكْمَةَ وَ الْمَحَبَّةَ مُح۪يطَةٌ بِجَم۪يعِ الْاَشْيَٓاءِ وَ شُؤُنَاتِهَا اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى هَدٰينَا لِهٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِىَ لَوْلَٓا اَنْ هَدٰينَا اللّٰهُ لَقَدْ جَٓاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ ٭ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ٭ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ٭ اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ صَلَاةً تَكُونُ لَكَ رِضَٓاءً وَ لِحَقِّه۪ اَدَٓاءً وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ سَلِّمْ اٰم۪ينَ ٭ وَ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ٭ سُبْحَانَ مَنْ جَعَلَ حَد۪يقَةَ اَرْضِه۪ ٭ مَشْهَرَ صَنْعَتِه۪ ٭ مَحْشَرَ خِلْقَتِه۪ ٭ مَظْهَرَ قُدْرَتِه۪ ٭ مَدَارَ حِكْمَتِه۪ ٭ مَزْهَرَ رَحْمَتِه۪ ٭ مَزْرَعَ جَنَّتِه۪ ٭ مَمَرَّ الْمَخْلُوقَاتِ ٭ مَس۪يلَ الْمَوْجُودَاتِ ٭ مَك۪يلَ الْمَصْنُوعَاتِ ٭ فَمُزَيَّنُ الْحَيْوَانَاتِ ٭ مُنَقَّشُ الطُّيُورَاتِ ٭ مُثَمَّرُ الشَّجَرَاتِ ٭ مُزَهَّرُ النَّبَاتَاتِ ٭ مُعْجِزَاتُ عِلْمِه۪ خَوَارِقُ صُنْعِه۪ ٭ هَدَايَٓاءُ جُودِه۪ ٭ بَرَاهِينُ لُطْفِه۪ ٭ دَلَٓائِلُ الْوَحْدَةِ ٭ لَطَٓائِفُ الْحِكْمَةِ ٭ شَوَاهِدُ الرَّحْمَةِ ٭ تَبَسُّمُ الْاَزْهَارِ مِنْ ز۪ينَةِ
— 337 —
الْاَثْمَارِ ٭ تَسَجُّعُ الْاَطْيَارِ ف۪ى نَسْمَةِ الْاَسْحَارِ ٭ تَهَزُّجُ الْاَمْطَارِ عَلٰى خُدُودِ الْاَزْهَارِ ٭ تَزَيُّنُ الْاَزْهَارِ ٭ تَبَرُّجُ الْاَثْمَارِ ف۪ى هٰذِهِ الْجِنَانِ ٭ تَرَحُّمُ الْوَالِدَاتِ عَلَى الْاَطْفَالِ الصِّغَارِ ف۪ى كُلِّ الْحَيْوَانَاتِ وَ الْاِنْسَانِ ٭ تَعَرُّفُ وَدُودٍ ٭ تَوَدُّدُ رَحْمَانٍ ٭ تَرَحُّمُ حَنَّانٍ تَحَنُّنُ مَنَّانٍ لِلْجِنِّ وَ الْاِنْسَانِ وَ الرُّوحِ وَ الْحَيْوَانِ وَ الْمَلَكِ وَ الْجَانِّ
— 338 —

Жиырма төртінші мектубтың

бірінші қосымшасы
بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ قُلْ مَا يَعْبَؤُ۬ا بِكُمْ رَبّ۪ى لَوْلَا دُعَٓاؤُ۬كُمْ ﴾

Яғни, «Ей, адамдар! Дұғаларың болмаса, қадірің бола ма?» мағынасындағы аяттың бес тұжырымын тыңда.

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Дұға - терең сырлы құлшылық. Тіпті, құлшылықтың рухы десе де болады. Көптеген жерлерде айтқанымыздай дұғаның үш түрі болады.

Дұғаның бірінші түрі: Бүкіл өсімдіктің тұқымдары мен дәндерінің қабілет тілімен Фатыр-ы Хакиміне: "Сенің есімдеріңнің нақыштарын көрсету үшін бізді өсір, жетілдір, аз ғана ақиқаттарымызды өркендет және ағаштың үлкен ақиқатына айналдыр" деп қабілет тілімен жасайтын дұғасы. Осы қабілет тілімен жасалған дұғаның бір түрі: Себептердің бірігуі, шарттардың әзір болуы Аллаһтың жаратуына дұға болып саналады. Яғни, себептер көктеу халіне айналатын бір жағдайға енеді. Мысалы: Судың, жылудың, топырақтың, жарықтың бір дәнектің жан-жағына жиналуы - дұға тіліне айналып: "Ей, Жаратушымыз! Мына дәнекті ағаш қыла гөр" дейді. Өйткені, ол құдіреттің таңғажайып өнері болып табылатын ағашты әлгі санасыз, жансыз, қарапайым заттар жасай алмасы анық. Солар жаратты деу әбестік. Демек, себептердің бірігуі дұғаның бір түрі.

Дұғаның екінші түрі: Жаратылысқа тән мұқтаждық тілімен жасалатын дұға. Бүкіл тіршілік иелерінің қалаулары мен күштері жетпейтін қажеттіліктері, талап тілектері күтпеген жерден, керек уақытында жеткізілуі үшін Халиқ-ы Рахимнен (Мейірімді Жаратушы) сұраған дұғалары.

— 339 —

Өйткені, қалауы мен күштерінен тыс, хабары жоқ, күтпеген жерден, керек уақытында оларға бір Хаким-ы Рахим (Дана әрі Мейірімді Аллаһ) жібереді. Қолдары жетпейтін мүмкін емес жағдайда келіп жатқан сыйлық - дұғаның нәтижесі. Қорыта айтқанда, бүкіл ғаламнан Аллаһтың құзырына шығып жатқан нәрсе - дұға. Себеп болғандар, себептерден шығатын нәтижені Аллаһтан сұрайды.

Дұғаның үшінші түрі: Саналылардың мұқтаждық тілімен жасайтын дұғасы. Мұның да екі түрі бар.

Біріншісі: Егер шарасыздық деңгейіне жетсе немесе жаратылысқа тән мұқтаждық болып тұрса, я болмаса қабілетімен жақындаған болса немесе таза, кіршіксіз жүрекпен жасалған болса көптеген жағдайда мұндай дұға қабыл болады. Адамзат дамуының жетістіктері және ашқан жаңалықтары дұғаның осы түрінің нәтижесі. Мәдениет жетістіктері, өркениет деп жүргендері және "жаңалық аштық" деп мақтан тұтатындарың бәрі әлгіндей дұғаның нәтижесі. Қабілетімен сұралған соң, берілген. Қабілетімен және жаратылысқа тән мұқтаждығымен болған дұғалар, егер бір кедергі болмаса және шарттары орындалған болса, әрдайым қабыл болады.

Екіншісі: Көпшілікке мәлім дұға. Оның өзі екі түрлі: Біреуі іс-әрекет арқылы, екіншісі тіл арқылы жасалады. Мысалы, егін егу - әрекетпен жасалатын дұға. Рызықты топырақ бермейді. Топырақ - мейірімге толы қазынаның бір есігі. Пенде сол есікті соқамен қағады. Басқа бөлімдерінің түсініктемесін қоя тұрып, тілімен жасалатын дұғаның бір-екі сырын екі-үш тұжырым арқылы айтып өтеміз.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Дұғаның әсері зор. Әсіресе дұға жалпыға ортақ болып, жалғаса берсе, босқа кетпесі анық. Мүмкін әрдайым қабыл болар. Тіпті, әлемнің жаратылу себебінің бірі де "дұға" деуге болады. Яғни, әлем жаратылғаннан кейін әуелі адамзаттың және оның басында Ислам әлемінің және оның басшысы Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссаламның киелі дұғасы, әлемнің жаратылуына бір себеп. Яғни, әлемнің Жаратушысы болашақта ол кісінің адамзат үшін тіпті жаратылыс атаулының барлығы үшін мәңгі бақыт пен Есімдерінің көрінісін сұрайтынын білген; келешектегі сол дұғаны қабыл етіп, әлемді жаратқан.

Дұғаның осыншама мәнісі зор, ауқымы кең екені рас. Олай болса, бір мың үш жүз елу жылдан бері әрдайым адамзаттың үш жүз миллионы және жындар мен періштелердің, руханилердің сан жетпес тұлғалары

— 340 —

бірігіп, Аллаһтың сарқылмас мейірімінен Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаламның мәңгілік бақытқа бөленуі үшін жасаған дұғаларының қабыл болмауы әсте мүмкін бе? Ол дұғалардың кері қайтарылуы мүмкін бе?

Әсіресе дұға, мұншалықты ауқымды және жалпыға ортақ, үздіксіз түрде қабілет тілімен жаратылысқа тән аса қажеттілік дәрежесіне келген болса, сол дұғалардың арқасында Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссаламның дәрежесінің биіктегені соншалық - бүкіл ақыл жиналып бір ақыл болса дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін түсіне алмас еді.

Міне, уа, Мұсылман! Махшар күнінде осындай бір Шапағатшың бар. Бұл Шапағатшының өзіңе шапағат етуін тілесең, сүннетіне мойынсұн.

Егер, "Оның өзі Хабибуллах (Аллаһтың сүйіктісі) бола тұра мұншалықты салауат пен дұғаға қандай мұқтаждығы бар?" десең:

Жауап: Ол кісі (с.а.у.) бүкіл үмметінің бақытына алаңдайды және үмметтің әрбір тұлғасының бақытты болуына үлескер және барлық жағдайын уайымдайды. Міне ол, өзінің бақыты мен мәртебесі, кемелдігі ұшан-теңіз бола тұра, әрқашан әрбір мұсылманның мол бақытын тілеген және солардың әр түрлі қиыншылықтарын уайымдаған жан әлбетте сансыз салауат пен дұғаларға, рахметке лайық әрі мұқтаж.

Егер былай десең: " Кейде анық болатын істер үшін дұға етіледі. Мысалы, Хусуф және Кусуф намазындағы дұға. (Ай мен Күн тұтылғанда оқылатын намаз) Кейде мүлдем болмайтын нәрселер үшін дұға етіледі?"

Жауап: Басқа Сөздерде түсіндірілгеніндей дұға ету - құлшылық. Құл өз әлсіздігі мен пақырлығын дұғаменен жариялайды. Сыртқы мақсаттары болса, ол дұғаның және сол дұға ғибадатының уақыттары ғана, негізгі пайдалары емес. Құлшылықтың пайдасы Ақыретте тиеді. Дүниелік мақсаттарда нәтиже көрінбесе, "Ол дұға қабыл болмады деуге болмайды", "Дұғаның уақыты әлі бітпеді" деу керек.

Бүкіл имандылардың, әрдайым, шынайы ықыласпен, шын жүректен жасаған дұғалары арқылы сұраған мәңгі бақыттың оларға берілмеуі және бүкіл әлемнің куәгерлік етуімен Шексіз Жомарт, Шексіз Мейірімді Аллаһ олардың бүкіл дұғаларын толық қабыл алмауы, мәңгі бақыттың жаратылмауы әсте мүмкін бе?

— 341 —

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Тілмен жасалған дұғаның қабыл болуы екі түрлі. Не дәл сол талап еткен нәрсесі қабыл болады немесе одан да жақсысы беріледі. Мысалы, біреу, ұл бала сұрайды. Жанаб-ы Хақ Хазіреті Мәриям анамыздай бір қыз бала береді. "Дұғасы қабыл болмады" дей алмайсың, одан да жақсы бір түрде қабыл болды.

Кейде дүниеде бақытты болу үшін дұға етіледі. Дұғасы Ақырет үшін қабыл болады. "Дұғасы қабыл болмады" деуге болмайды, "Одан да жақсы түрде қабыл болды" деген жөн. Солай жалғаса береді...

Жанаб-ы Хақ өте Дана. Біз Одан сұраймыз, Ол бізге жауап береді. Бірақ, бізге даналықпен қарым-қатынас жасайды. Ауру адам дәрігердің хикметін, яғни ілім мен даналығына күмәнданбауы және кінәламауы керек. Ауру адам бал сұрауы мүмкін. Білікті дәрігер (ауруына байланысты) ащы дәрі береді. "Дәрігер мені тыңдамады" деуге болмайды. Қайта "Зарыма құлақ асты, жауап берді". Тілеген нәрсемнің ең жақсысын орындады деу керек

ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Дұғаның ең жақсы, ең керемет, ең тәтті дайын жемісі, яғни нәтижесі мынау: Дұға етуші адам өзінің тілегін еститін, дертіне дәрмен беретін, мейірімі мол, құдіреті барлық нәрсеге жететін Біреу бар екенін білуі. "Мына үлкен дүние сарайында ол жалғыз емес, Жомарт біреу бар, оған қарайлап, жұбаныш сыйлайды. Оның сансыз қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын, сансыз дұшпандарынан сақтайтын Біреудің құзырындамын" деп ойлағандықтан құлшыныс танытып, дүниедей ауыр жүкті үстінен сыпырып тастап

﴿ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ﴾

дейді.

БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Дұға - құлшылықтың рухы және таза иманның нәтижесі. Өйткені, дұға еткен адам дұғасы арқылы ең елеусіз істерін білетін, ең биік мақсаттарын орындай алатын, оның әрбір жағдайын көретін, сөзін еститін, бүкіл әлемге үкімі жүретін Біреу бар екенін жария етеді.

"Ол, бүкіл болмыс атаулының дауысын естігеніндей менің де дауысымды естиді. Барлық нәрсені Сол жаратуда, ең қарапайым істерімді де Содан сұраймын" дейді. Міне, дұға арқылы қол жететін тәухидтің кеңдігі мен иман нұрының тартымдылығына және пәктігіне қара.

﴿ قُلْ مَا يَعْبَؤُ۬ا بِكُمْ رَبّ۪ى لَوْلَا دُعَٓاؤُ۬كُمْ ﴾

сырын

— 342 —

түсін және

﴿ وَ قَالَ رَبُّكُمُ ادْعُون۪ٓى اَسْتَجِبْ لَكُمْ ﴾

бұйрығын тыңда

اَگَرْ نَه خَواه۪ى دَادْ ، نَه دَاد۪ى خَواهْ

дегендей: «Егер бергісі келмесе, қалау беріп сұратпас еді».

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ مِنَ الْاَزَلِ اِلَى الْاَبَدِ عَدَدَ مَا فِى عِلْمِ اللّٰهِ وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ سَلِّمْ سَلِّمْنَا وَ سَلِّمْ د۪ينَنَا اٰم۪ينَ. وَ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ
— 343 —

Жиырма төртінші мектубтың

Екінші қосымшасы
(Пайғамбарымыздың Миғражы жайлы)
بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ وَلَقَدْ رَاٰهُ نَزْلَةً اُخْرٰى ٭ عِنْدَ سِدْرَةِ الْمُنْتَهٰى ٭ عِنْدَهَا جَنَّةُ الْمَاْوٰى ٭ اِذْ يَغْشَى السِّدْرَةَ مَا يَغْشٰى ٭ مَا زَاغَ الْبَصَرُ وَمَا طَغٰى ٭ لَقَدْ رَاٰى مِنْ اٰيَاتِ رَبِّهِ الْكُبْرٰى ﴾

[Пайғамбарымызға арнап жазылған мәуліт-арнаудың Миғражға қатысты бөлімін "Бес Тұжырым арқылы баяндаймыз.]

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Жәннаттан жеткізілген Пыраққа қатысты. Бұл мәуліттің авторы Сүлейман Әфенді мұңға толы ғашықтық оқиғасын баяндауда. Ол өзі әулие болғасын және жазғандары риуаятқа негізделгендіктен, әлбетте бір ақиқатты солай суреттеуде.

Ақиқат былай болса керек: Бақи әлемдегі жаратылыстар Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уассаламнің нұрымен тығыз байланысты. Өйткені, сол кісі жеткізген нұр арқылы жәннат пен ақырет әлемі жындар мен адамдарға толып, сәні кіреді. Егер ол болмаса, мәңгілік бақыт та болмас еді. Жәннаттағы әр түрлі жаратылыстарды пайдалануға қабілетті жындар мен адамзат жәннаттың сәнін кіргізе алмас еді. Былайша айтқанда иесіз, қаңырап қалар еді. Жиырма төртінші сөздің төртінші бұтағында айтылғандай: Бұлбұлдың гүлге деген ғашықтық жыры - Хайуанаттың өсімдіктерге деген ғашықтық

— 344 —

жыры. Хайуанаттың өсімдіктерге деген сүйіспеншілігінің ғашықтық дәрежесіне жетуі - Аллаһтың Мейірім қазынасынан шығып, хайуанаттарға ризық болатын өсімдіктерге деген сүйіспеншілікті жар салудың бір көрінісі.

Әрбір топтың өз бұлбұлы, өз гүлі, яғни Раббани Жаршылары бар. Олардың салған әндері - өсімдіктерді қол соғып қарсы алу, соларға деген қошемет.

Сол секілді, Әлемдердің жаратылу себебі және екі жиһанның бақытына дәнекер Әлемдердің Раббы Аллаһтың сүйіктісі болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға періштелер арасынан Хазреті Жәбрейіл Алейһиссәлам кемел махаббатпенен қызметкер болуы - Періштелердің Хазреті Адам Алейһиссәламға бойұсынуы мен итағат қылуының және сәжде етулерінің сырын көрсетеді. Сондай-ақ, жәннәттықтардың, тіпті Жәннаттағы хайуанаттардың да, Ол кісіге деген құштарлықтары өзі мінген Пырағының ғашықтық сезімі арқылы білдірілген.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Пайғамбарымыздың Миғраждағы оқиғалардың бірі; Жаратушы Хақтың, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламға деген киелі махаббаты "Саған ғашық болдым" сөзімен білдірілген. Бұл сөз, Уажиб-ул-ужудтың пәктігі мен сипатына әдеттегі мағына жағынан үйлеспейді. Ал, Сүлеймен Әпендінің мәуліті бұқараның қызығушылығына бөленді. Ол кісінің өзі әулие және әһли ақиқат. Айтқысы келген мағына да дұрыс. Ал ол мағына былай:

Заты Уажиб-ул-Ужудтың шексіз жамалы мен камалы бар. Өйткені, бүкіл ғаламның барлық жақтарында көрініп тұрған әсемдіктер мен кемелдіктер Соның жамалы мен кәмалының нышандары, ишараттары, дәлелдері. Сонымен, жамал мен кәмал иесі өз жамалы мен кәмалын сүйетіні сияқты, Заты Зүлжәлал да, өз жамалын сүйеді. Өзіне лайық бір махаббатпен сүйеді. Сондай-ақ, жамалының сәулелері болған есімдерін де сүйеді. Есімдерін сүйсе - есімдерінің әсемдігін көрсететін өнерін де сүйеді. Олай болса, жамалы мен камалына айна болатын жаратылыстарын да сүйеді. Жамалы мен камалын көрсететіндерді сүйетін болса, Есімдерінің жамалы мен камалына ишара ететін жаратылыстардың әсемдіктерін де сүйеді. Осы бес түрлі махаббатқа Құран Хакимнің аяттары ишара етеді.

Сонымен, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам, Аллаһтың өнерінің ішіндегі ең кемелі және жаратылыстардың ішіндегі ең ерекше тұлға...

— 345 —

Жаңғырта салған зікір мен тасбих арқылы Иләһи өнерді жариялап мақтауда.

Һәм, Иләһи есімдердегі жамал мен камал қазыналарын Құран тілімен ашуда.

Һәм, жаратылыстардағы дәлелдердің, Жаратушының камалына айғақ екендігін жарқын да нақты түрде Құран тілімен баяндауда.

Һәм, жан-жақты құлшылығы арқылы, Иләһи Рубубиетке айна болуда.

Һәм, мәнісінің кемелдігі арқылы Аллаһтың бүкіл есімдеріне толықтай бөленді.

Сондықтан, әлбетте былай деуге болады: Жәмил-і Зүлжәлал өзінің жамалын сүйгендіктен, ол жамалдың ең кемел, саналы айнасы болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді.

Сондай-ақ, өзінің есімдерін сүйгендіктен, ол есімдердің ең жарық айнасы болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді және дәрежелеріне қарай Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға ұқсағандарды да сүйеді.

Сондай-ақ, өз өнерін сүйгендіктен, әлбетте сол өнерді ең жоғарғы дауыспен бүкіл ғаламға жария еткен және аспан әлемінің құлағын жаңғыртып, құрлықтар мен теңіздері шабытқа келтіріп, жаңғырта салған зікір-тасбихымен жар салған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді. Және оған ергендерді де жақсы көреді.

Һәм өз өнерін сүйгендіктен сол өнердің ішіндегі ең кемелі болған тіршілік иелерін және тіршілік атаулының ішіндегі саналыларды, ал, саналылардың ең озығы адамзатты, ал адамдардың ең кемелі Мұхаммед Арабиді (с.а.у.) әлбетте артығырақ сүйеді.

Сондай-ақ, өз Жаратқандарының тамаша мінездерін сүйгендіктен, бір ауыздан тамаша мінез құлықтың ең биік мәртебесінде тұрған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді және дәрежелеріне қарай, Оған ұқсағандарды да сүйеді. Демек, Жаратушы Хақтың мейірімі секілді Оның махаббаты да ғаламды қамтып тұр.

Міне, осы сансыз сүйіктілердің, айтылған бес нәрсенің ішіндегі ең биік мәртебе Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға тиесілі. "Хабибуллаһ" яғни "Аллаһтың сүйіктісі" лақабы сол кісіге берілген.

Сонымен, осы ең жоғарғы дәрежедегі Аллаһтың сүйіктісі деген мәртебені Сүлеймен Әпенді "Мен саған ғашық болдым" сөзімен баяндаған. Бұл сөз, өзіндік бір пікір дүрбісі және ақиқатқа өте ұзақтан

— 346 —

жасалған ишара еді. Әйтсе де, бұл сөз Рубубиетке үйлеспейтін мағынаны ойға салуда. Ең дұрысы, бұл сөздің орнына: "Мен саған разы болдым" деу керек.

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Мәуліттегі оқиғалар, бізге мәлім мағыналар мен сол бір киелі де нәзік ақиқаттарды жеткізе алмайды. Бұл әңгімелер тереңірек үңіліп, зерттеу жүргізуге тұрарлық тақырыптар. Терең мағыналы ұлы ақиқаттарға ишара, иманның кейбір ақиқаттарын еске түсіру. Айтып жеткізуге келмейтін кейбір мағыналар, астарлы теңеу. Әйтпесе, көпшілікке белгілі мағыналарға қатысты оқиғалар емес. Бұл әңгімелерге қиял жүргізе отырып, ақиқатқа қол жеткізе алмаймыз. Жүректегі тебіреністер арқылы имани ләззат, рухани нұрлы шабыт алуымыз мүмкін.

Өйткені, Жаратушы Хақтың заты мен сипатында теңдесі, ұқсасы, мисалы жоқ. Сондай-ақ Рубубиет істерінде де ұқсасы жоқ. Сипаты жаратылыстардың сипатына ұқсамайды. Махаббаты да оларға ұқсамайды. Ендеше, бұл сөздерге астарлы сөздер ретінде қарап, былай дейміз: Заты Уажиб-ул-Ужудтың уажиб болмысына, пәктігіне үйлесімді және шексіз кемелділігіне лайық махаббаты және өзіне ғана тән кейбір істері бар. Бұл шығармадағы оқиғалар соны ескертуде. Пайғамбарымыздың Миғражына қатысты Отыз Бірінші Сөз Миғраждың ақиқатын иман аясында түсіндіріп берген болатын. Соны жеткілікті деп біліп, сөзді қысқа қайырамыз.

ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: "Жетпіс мың перденің арғы жағынан Жаратушы Хақты көрген" сөзі, мекеннің ұзақтығын көрсетеді. Ал Уажиб-ул-Ужуд мекенге тәуелді емес. Әр нәрсеге, әлдеқайда жақын емес пе? Бұны қалай түсінеміз?

Жауап: Бұл ақиқат Отыз Бірінші Сөзде дәлелдерімен қоса, егжей-тегжейлі, түсіндірілген болатын. Бұл жерде айтарымыз:

Жаратушы Хақ бізге өте жақын. Біз Одан өте ұзақпыз. Көктегі күн қолымыздағы айна арқылы бізге өте жақын бола алады және жердегі әрбір мөлдір нәрсе, күнге өзіндік бір аспан бола алады. Егер күннің санасы болғанда, қолымыздығы айнамыз арқылы бізбен сөйлесер еді. Бірақ біз одан төрт мың жылдық ұзақтықтамыз. Міне, теңдесі жоқ Шәмсі Әзәли, бүкіл нәрсеге бәрінен де жақын. Өйткені, ол Уажиб-ул-Ужуд. Ол мекенге тәуелді емес. Ешбір нәрсе Оған перде бола алмайды. Алайда бүкіл нәрсе Одан өте ұзақ.

— 347 —

Міне, Миғраждың ұзақтығы мен

﴿ وَ نَحْنُ اَقْرَبُ اِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَر۪يدِ ﴾

жеткізген арақашықтықтың болмауы, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам Миғражға көтерілгенде өте ұзақ арақашықтықты аттап өтіп жетуі мен бір мезетте қайта оралуы осы сырға байланысты. Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламның Миғражы Оның сәйір-і сүлігі, Оның әулиелік даңқы.

Әулиелер рухани сәйір-і-сүлік арқылы қырық күннен бастап, қырық жыл бойы кемелденіп, көтерілу арқылы иман дәрежелерінің хаққаляқин дәрежесіне шығады. Сол секілді, бүкіл әулиелердің Сұлтаны Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам, тек рухымен ғана емес, денесімен, сезімдерімен де қырық жылда емес, қырық минутта әулиеліктің ұлы кереметі болған миғраж арқылы даңғыл жол ашып, иман ақиқаттарының ең биік мәртебелеріне бара алған. Миғраж сатысымен Аршқа шыққан, "Қабы Қаусәйн" мақамында иман ақиқаттарының ең үлкені болған Иманы Биллаһ пен Иманы Билақыретті айнеляқийн өз көзімен көрген. Жәннәтқа кірген, мәңгілік бақытты көрген. Сол Миғраж қақпасы арқылы ашқан даңғыл жолды ашық күйінде қалдырған, үмметінің бүкіл әулиелері сәйір-і сүлік арқылы дәрежелеріне қарай, рухани түрде сол Миғраждың аясында өрлеуде.

БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәуліті мен Миғражға арнаудың оқылуы өте пайдалы және тамаша бір әдет, әдемі бір Ислами үрдіс. Тіпті, Ислами қоғамдық өмірдегі өте жағымды, тәтті сұхбаттарға дәнекер. Расында, иман ақиқаттарын еске салу үшін ең жақсы дәріс. Тіпті, иман нұрлары мен махаббатуллаһты және Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті нығайтуға өте әсерлі дәнекер. Жаратушы Хақ, бұл әдетті мәңгілік қылсын және Сүлеймен Әпенді секілді мәуліт жазушыларға Аллаһтың мейірімі жаусын. Мекендерін Жәннәт-ул-Фирдаус қылсын, амин!...

— 348 —

СОҢЫ

Сонымен, ғаламның Жаратушысы, жаратылыстың әрбір түрінен бір ерекше, кәміл тұлға жаратып, оны сол түрдің мақтанышы мен кемелдігіне негіз етеді. Бүкіл есімдерінің ішінен Исмі Ағзамның көрінісі арқылы бүкіл ғаламмен салыстырғанда ерекше, дара бір тұлғаны жаратады. Есімдерінде бір Исмі Ағзам болғаны іспетті, жаратқандарының ішінде де ең кәміл бір тұлға болады. Бүкіл ғаламға жайылған кемелдігін сол тұлғада жинап, оны өзінің назарына тұрарлықтай етеді. Ол тұлға әрине тіршілік иелерінен болады. Өйткені, ғаламдағы жаратылыстардың ең кемелі - тіршілік иелері. Тіршілік иелері ішіндегі ол тұлға, саналылардан болады. Өйткені, тіршілік иелерінің ішіндегі ең кемелі - саналылар. Ол дара тұлға, әрине адамдардан болады. Өйткені саналылар ішіндегі шексіз биіктіктерге көтеріле алатыны - адам. Әлбетте адамдардың ішіндегі ол тұлға, Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәлам болады. Өйткені, Адам Ата заманынан осы күнге дейін ешбір тарих, Ондай бір тұлғаны көрсете алмады, көрсете де алмайды. Себебі, Ол Тұлға, жер шарының жартысын және адамзаттың бестен бір бөлігін рухани билігіне алып, ғасырлар бойы кемел ұлылықпен рухани билігін жүргізіп, бүкіл ақиқаттардың "Кәміл Ұстазы" болған. Дос түгіл, дұшпанның да бір ауыздан мақұлдауы бойынша әсем мінездердің ең биік дәрежесіне ие болған. Пайғамбарлығының бас кезеңінде, жалғыз өзі бүкіл әлемге рухани майдан ашқан. Минут сайын жүз миллионнан астам адамдардың тұрақты зікірі болған Құран-ы Муғжизул-Баянды жеткізген Тұлға, әлбетте сол дара тұлға еді. Одан басқаның болуы мүмкін емес. Бұл әлемнің дәні де, жемісі де - Сол.

عَلَيْهِ وَعَلٰٓى اٰلِهِ وَصَحْبِهِ اَلصَّلَاةُ وَالسَّلَامُ بِعَدَدِ اَنْوَاعِ الْكَائِنَاتِ وَمَوْجُودَاتِهَا

Міне осындай бір Тұлғаның Мәуліті мен Миғражы жайлы шығарманы тыңдау, өмірбаянын білу, яғни мәртебесінің жеткен жерін есту, Ол кісіні өздеріне басшы, Имам және шапағатшы деп қарайтын Мүминдерге қаншалықты мақтанышқа толы, нұрлы, жан тебірентер, қайырлы бір діни жетістік екендігін түсін...

— 349 —

Я Раб! Хабиб Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам құрметіне және Исмі Ағзам хаққы үшін, осы рисалені жазғандардың, жайғандардың және жолдастарының жүрегін иманның нұрларына бөле, қаламдарын Құран сырларын жайушы ет! Және оларды, сираты мустақимнен айырма! Амин!...

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси