Хаттар
— 21 —

ТӨРТІНШІ МЕКТУБ

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
سَلَامُ اللّٰهِ وَ رَحْمَتُهُ وَ بَرَكَاتُهُ عَلَيْكُمْ وَ عَلٰٓى اِخْوَانِكُمْ لَاسِيَّمَا...الخٓره

Қымбатты бауырларым!

Дәл қазір Шам тауында, биік бір төбенің басында, үлкен самырсын ағашының жоғарғы жағында, қолдан жасалған бір ұяшықта отырған жайым бар. Адамдардан оқшау, оңаша өмір сүруге үйреніп кетіппін. Біреумен әңгімелескім келсе, қиялыммен сіздерді дәл жанымнан табамын да, хал-жағдай сұрасамын. Сөйтіп өзімді жұбатамын. Егер, қандай да бір жәйт кедергі болмаса, бір-екі ай осында жалғыз бола тұруды жөн көріп отырмын. Өздеріңмен көзбе-көз сұхбаттасуға сіздерден бетер құштармын. Барлаға қайтсам оның да бір жөнін қарастырармыз. Енді, осы ұяшықта отырғанда ойға оралған бір-екі нәрсені айтайын.

Біріншісі: Бұл бір әркімге айтыла бермейтін сыр еді. Бірақ сенен жасырмаймын. Аллаһтың Уәдуд есіміне бөленген кейбір әулиелер өте жоғары мәртебеде сол есімнің тамаша көріністері арқылы әлемдегі жаратылыстың терезесінен Уажиб-ул-Ужудқа назар аударады. Сол секілді, түкке тұрмайтын бұл бауырыңызға тек өзін Құран қызметіне арнап, осынау сарқылмас қазынаның жаршысы болған кездері Аллаһтың Рахим, Хаким есімдерінің нұрына бөленуге себеп боларлық бір жағдай берілетін. Бүкіл Сөздер сол нұрлы, киелі есімдерге бөленудің көріністері.

Иншаллаһ ол Сөздер,

﴿ وَمَنْ يُؤْتَ الْحِكْمَةَ فَقَدْ اُ۫وتِىَ خَيْرًا كَث۪يرًا ﴾

сырына бөленген.

— 22 —

Екіншісі: Нақшибенди тариқатын ұстанғандар жайлы айтылған: "Дер тарийқы Нақшибенди, лазым амед чар терк: Теркі дүние, теркі уқба, теркі һестий, теркі терк" деген қанатты сөз бірден есіме түсті. Яғни Нақшибенди тариқатында төрт нәрсені тәрк ету керек: 1-Дүниені, 2-ахиретті, 3-нәпсіні, 4-осы тәрк еткендерін тәрк ету керек, яғни оларды ойламау керек. Сонымен қатар мына сөздер де бірден туындады:

"Дер тарийқы ажиз мендий, лазым амед чар чиз: Фақры мутлақ, ажзы мутлақ, шүкрі мутлақ, шәуқы мутлақ ей әзиз!" Яғни, менің әлсіздікке негізделген жолымда төрт нәрсе шарт: 1-мүлдем пақырлық, 2-әбден әлсіздік, 3-толық шүкіршілік, 4-барынша ынта-ықылас.

Содан кейін өзің жазған, "Реңдері мың құбылған ғалам кітабына қара!" деп басталатын көркем де мағыналы өлеңің ойыма келді. Соның әсерімен аспандағы жұлдыздарға зер салдым. "Әттең, шайыр болғанымда, мынаның бәрін кемеліне келтіре суреттесем ғой..." дедім. Өлең жазуға қабілетім болмаса да, мына жолдарды бастадым. Алайда, ұйқастыра алмадым. Өлең де шықпады.

Көңіліме қалай келген болса солай жаздым. Сен менің ізбасарымсың ғой, қаласаң ұйқастырып, ретке келтірерсің.

Сонымен ойға оралған шумақтар былай еді:

Тыңдап көр жұлдыздардың мынау шырын хұтбасын

Нұрани хикмет кітабы, қара, қалай баяндауда!

Бәрі бірдей үн қатып, хақ тілімен былай деуде:

Бір Қадыр-ы Зүлжәлалдың айбынды сұлтанына

Әрбіріміз жарық шашқан айғақпыз біз,

Сан-и Құдіретке және Уахдетке куәлерміз біз.

Сонау жердің жүзін жарқыратқан

Назды мұғжизалы секілді періштелер сайранына!

Мынау аспанның жерге қараған, Жәннәтке мән берген

Мыңдаған ден қою байқаған көздеріміз біз.

{ Сілтеме: Яғни Жәннат гүлдерінің көшет және егістігі болған жәрдің бетінде құдіреттің сансыз мұғжизалары көрсетілгендіктен, аспан әлеміндегі періштелер, ол мұғжизалар мен ғажайыптарды тамашалағаны сияқты, аспан денелерінің көздері үкімінде болған жұлдыздар да, бейне бір Періштелерге ұқсап жер бетіндегі нәзік әдемі жаратылыстарды көрген сайын Жәннәт әлеміне қарайды. Ол уаытша ғажайыптарды мәңгі бір суретте Жәннәтта да тамашалап жатқандай, бір де жерге, бір де Жәннәтқа қарайды. Яғни о екі әлемге бақылап қараулары бар деген сөз.}

— 23 —

Жаратылыс ағашынан аспан бөлігіне

Құс жолы, бүкіл бұтағына.

Бір Жәмил-ы Зүлжәлалдың хикметімен тағылған

Өте әсем жемістеріміз біз

Осынау аспан тұлғаларына ұшып жүрген мешітпіз

Әрбіріне айналып жүрген баспана, үлкен үйміз!

Және жарқыраған шам, зор кеме, әрі ұшақпыз біз.

Бір Қадыр-ы Зүлкәмалдың, Бір Хаким-і Зүлжәлалдың

Құдыретінің мұғжизасы, өнерінің ғажайыбы.

Хикметінің туындысы, жаратылыс кереметі.

Әрбіріміз Нұр әлеміміз біз.

Сөйтіп жүз мың тілмен жүз мың айғақ көрсетеміз,

Естіртеміз адам болған адамға.

Соқыр болғыр дінсіз көзі, көрмес біздің жүзімізді.

Әрі естімес сөзімізді, хақ сөйлеген айғақбыз біз.

Таңбамыз бір, мөріміз бір Раббымызға тәсбих қылып, құл болып зікір етушіміз.

Құс жолының үлкен аяқасына байланған

Әрбіріміз әсерлі әрекет қылушымыз біз.

اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси