ҮШІНШІ МЕКТУБ
БЕСІНШІДЕН: Бір хатыңда менің осындағы сезімдеріме, үлестес болуды қалайтыныңды жазған едің. Сол сезімдерімнің мыңнан бірін жеткізейін.
Түнде жүз қабаттық биіктікте самырсын ағашының басындағы ұяшықтан жұлдыздармен безенген әсем аспан әлемін тамашаладым. Құран Хакімнің
ант еткен аятының өте жарқын мұғжизалық нұры мен шешендіктің керемет сырын көрдім. Иә, кейде көрініп, кейде жасырынып қалатын жұлдыздарға ишара қылатын осы аят, зер салған жанға өте жоғары санатты бейнелеу өнерін, аса ғибратты көріністі назарға ұсынады. Иә, бұл ғаламшарлар қолбасшылары болған күннің шеңберінен шығып қозғалмайтын жұлдыздардың шеңберіне кірген кезде, аспанда неше түрлі жаңа нақыштар өрнектер көрсетеді. Кейде өздері секілді жарық жұлдызбен иық тірестіріп қатар тұрады да тамаша көрініс береді. Кейде кішкентай жұлдыздардың арасына кіріп, өзі қолбасшы секілді көрінеді. Әсіресе осы айларда, ақшам уақытында көрінетін Есекқырған жұлдызы мен таң алдында туатын оның екінші бір жарық жолдасы Шолпан жұлдызы, көкжиекте өте әдемі де әсерлі бейнеде көрінеді. Содан кейін өздерінің бақылаушылық міндеттерін және осы тоқыма өнеріндегі адарғы қызметін атқарған соң, қайтадан кері қайтып, сұлтандары болған Күннің жарқыраған аясына кіріп, жасырынып қалады.
Осылайша «Хуннәс, Куннәс» деп аталған жұлдыздар мен жер шарымызды ғалам кеңістігінде бейне бір кеме немесе ұшақ түрінде кемел тәртіп бойынша жүргізіп, саяхат еткізіп тұрған Аллаһтың рубубиетінің ұлылығы мен улуһиет билігінің айбындылығын күндей жарқын бейнеде көрсетіп тұр. Бұл Иләһи биліктің ұлылығына қарашы! Кемелері мен ұшақтарының ішінде сондайлар бар ғой кейбіреулері жер шарынан мың есе үлкен және бір секундта сегіз сағаттық қашықтықты жүріп өтетіндей жылдам.
Міне, Иман етіп, құлшылық жасау арқылы сол Сұлтанмен қарым-қатынаста болу, бұл дүниеде Оның мейманы болу - қаншалықты үлкен бақыт, қандай асқақ абырой екендігін шамалай бер.
Сосын Айға қарадым:
аятының өте жарқын мұғжизалық нұрды баяндап жатқанын көрдім. Иә, айдың белгілі бір есеппен жүргізілуі, басқарылуы мен нұрландырылуы және жер мен күнге қатысты жағдайлары өте мұқият есеппен жүзеге асырылуы таңқалдырады. Өте ғажап. Оны солай үйлесімді қылып, есебін солай жасаған Қадир Аллаһқа еш нәрсе қиын емес. «Мұны осылай жасаған, барлық нәрсені жасай алады» деген пікір зер салып қараған әрбір ақыл иесіне дәріс береді. Һәм Күннің ізінен еріп отыратыны сондай, бір секундқа да жолынан шатаспайды, өз міндетін мүлтіксіз орындайды.
Мұқият қараған жанға дегізеді.
Әсіресе, мамырдың соңындағы Ай жіңішке, қияқтай болып, Үркер шоқ жұлдызының шеңберіне кірген шақта, құрма ағашының иілген ақшыл бұтағы секілді, ал Үркер бір шоқ жеміс бейнесінде көрінетіндіктен, аспан пердесінің арғы жағында бейне бір үлкен нұрлы ағаштың бар екеніндігін адамның қиялына елестетеді. Құдды сол ағаштың істік бір бұтағының ұшы, әлгі пердені тесіп шығып, жемісті шашағыменен қоса басын шығарып, Үркер мен Ай болып тұрғандай. Басқа жұлдыздар да сол көрінбейтін алып ағаштың жемістеріндей боп қиялға орнықтырады.
Міне, كَالْعُرْجُونِ الْقَد۪يمِ теңдеуінің әсемдігіне, шешен-дігіне қара!
Содан кейін,
аяты. Бұл аят, жер шары қызметші кеме, тасымалдаушы көлік екендігіне ишара етеді. Осы ишараттан өзімді ғарыш кеңістігінде аса жылдамдықпен саяхат етуші алып кеменің үстіңгі жағында, биік бір орында отырғандай сезіндім. Ат, кеме секілді көлікке мінгенде оқылуы сүннет болған
аятын оқыдым.
Және бір байқағаным, Жер шары осы әрекеті мен кино таспаларды көрсетіп тұрған аппаратқа ұқсайды. Бүкіл аспан көз алдымда қозғалып, барлық жұлдыздар әскери саппен жөңкіліп барады. Сондай асқақ көріністерді көрсететіні сонша, бұған ой жүгірткен адамды қайран қалдырады. Мен де "Сүбханаллаһ!" дедім, қаншалықты аз шығынмен көптеген алып істер, таңғаларлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы арада иманға қатысты екі терең мағына ойға оралды:
Біріншісі: Бірнеше күн бұрын бір қонағым менен сұраған еді. Оның ойындағы күмәнді сұрақтың мәнісі мынадай еді: "Жәннат пен Жәһаннам өте ұзақта ғой. Айталық, жәннаттықтар Аллаһтың кеңшілігімен найзағайдай жалт етіп, пырақ секілді заулап ұшып, хаширден өтіп, Жәннатқа жетеді делік. Ал, жәһаннамдықтар ше? Олар зілдей ауыр денелерімен таудай үлкен күнәларын арқалап, Жәһаннамға қалай жетеді? Немен барады?
Ойға келген жауап былай: Мәселен, бүкіл ұлттар Америкаға конгреске шақырылса, әр бір ұлт өкілі өзінің үлкен кемесіне мініп барады. Сол сияқты, кеңістік дейтін теңізде бір жылда, жиырма бес мың жылдық жолды жүруді әдет қылған Жер шары, өз тұрғындарын махшар алаңына апарып төгеді. Сондай-ақ, тереңдеген сайын, әрбір отыз үш метрде бір дәрежеге қызудың артатындығының дәлелі етумен, жердің ортасындағы температура, хадисте айтылған Жәһаннам отының қызу дәрежесіне сәйкес, екі жүз мың градус. Хадисте айтылғандай, дүниеде және берзахта үлкен Жәһаннамның
кейбір міндеттерін атқарушы отты, Жәһаннамға апарып төгеді. Кейін Аллаһтың бұйрығы бойынша мәңгілік бейнеге еніп, ақырет әлемінде мекенжайға айналады.
Ойға келген екінші мағна: Сан-и Қадир, Фатыр-ы Хаким, Уахид-і Ахад Аллаһ құдіретінің кемелдігін, хикметінің жамалын және Уахдетін дәлелдеу үшін, аз нәрсемен өте көп істерді жүзеге асыруда, өте кішкене нәрсе арқылы өте үлкен міндеттерді атқаруда. Кейбір Сөздерде айтқанмын: Егер бүкіл нәрсені бір Жаратушы жаратты десе, өте оңай, әрі жеңіл болар еді. Егер жаратылыс көптеген жаратушылар мен себептерге телінсе, олай болуы мүмкін емес екендігі ортаға шығып, қисапсыз, қисынсыз қиындықтар пайда болады. Өйткені, бір сардар көп сарбазды бір ғана бұйрықпен немесе бір ұста аз әрекетімен бірнеше тасты оп-оңай өзгерте отырып, нәтижеге қол жеткізе алады. Егер дәл сол нәтижеге қол жеткізу әлгі сарбаздар мен тірексіз күмбездегі әрбір тасқа тапсырылар болса, өте көп әрекет қажет болып, көп қиындықтар туғызып, көп шатасып іске асуы мүмкін.
Міне, егер осынау ғаламдағы қозғалыстар мен айналыстар, төрт мезгілдің ауысуы, күн мен түннің алмасуы сияқты істер Уахдетке берілсе онда жалғыз өзі, бір ғана бұйрықпен бір тек денені қозғалтумен мезгілдердің алмасуындағы ғажайып құбылыстарды және күн мен түннің өзгеруіндегі хикметті кереметтерді, Ай мен Күннің ғажайып көріністерін көрсетіп тиімді де керемет жемісті нәтижелерді береді.
Өйткені, бүкіл жаратылыс Сонікі. Қаласа, Жер шары дейтін бір сарбазын барлық жұлдыздарға қолбасшы етіп тағайындайды. Орасан алып Күнді бүкіл тұрғындарды жылытушы әрі жарық беруші лампа қылады. Құдырет нақыштарының көріністері болған төрт маусымд бір мекик, хикмет жазуларының парақтары болған күн мен түнді бір серпін жасайды. Күн сайын айды басқаша түрде өзгертіп, уақыттардың есептелуі үшін күнтізбелік міндетті атқартып қояды. Билеп жүрген періштелердің қолындағы жалтылдаған әдемі шырақ қылып, жерге қатысты көп хикметтерін көрсете алады. Егер бұл құбылыстар заңдары жалпыға ортақ, тәртібі қатаң, басқару тәсілі мен үкімі бүкіл жаратылысқа жүретін Құдайдың ісі деп қабылданбаса, онда бүкіл күндер, жұлдыздар көз ілеспес жылдамдықпен шексіз қашықтықты күн сайын жүріп өтулері керек болады.
Міне Уахдетте (бір басшыға бағынуда) оңайлық, кесіретте (бет-бетімен әрекет етуде) шексіз қиындық туындайтындықтан кәсіпкерлер мен саудагерлер басқару жеңіл әрі оңай болуы үшін көпшілікке бір Басшы тағайындайды, серіктестіктер құрады.
Қорытынды: Адасу жолында сансыз қиындықтар бар, ал тура жолда яғни уахдет жолында бәрі оңай, жеңіл.