Хаттар
— 14 —

ЕКІНШІ МЕКТУБ

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
[Әуелде айтылған, шәкіртіне сыйлығына қатысты жауаптың бір бөлігі]

ҮШІНШІДЕН: Маған сыйлық жіберіпсің. Өте маңызды бір қағидамды бұзғың келеді. Мен саған: "бауырым Абдулмажидтен және ағамның ұлы Абдуррахманнан алмағаным секілді сенен де алмаймын" демеймін. Өйткені сен маған олардан да ыстық және рухыма жақынырақсың. Бәрінің сыйлығын кері қайтарсам да, сенікін бір жолға қайтармаймын. Дегенмен, реті келіп тұрған соң, сол қағидамның сырын айтып берейін:

Бұрынғы Саид біреудің міндетсінгенін көтере алмайтын. Одан да өлімді артық көретін. Көп қиыншылықтар мен неше түрлі машақат шексе де, ол қағидасын бұзбады. Сенің бұл бишара бауырыңа Бұрынғы Саидтан мирас боп қалған бұл қасиет жұртқа тақуа болып көрінушілік немесе жасанды тоқмейілсу емес. Шындығында төрт-бес негізгі себептерге байланысты.

Біріншісі: Хақ жолдан тайған азғындар, ілім адамдарын "ілімін пайдаланып мал табады" деп кінәлайды. "Ілім мен дінді өздеріне күнкөріс көзі етуде" деп, оларға ынсапсыз түрде тиіседі. Олай емес екенін оларға іс жүзінде дәлелдеу керек.

Екіншісі: Ақиқатты жаю жолында пайғамбарлардың ізінен еруге міндеттіміз. Қасиетті Құранда ақиқатты жаюшылар

﴿ اِنْ اَجْرِىَ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ ٭ اِنْ اَجْرِىَ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ ﴾

деп, адамдардың заттық көмегінен бас тартқан. Ясин сүресіндегі:

﴿ اِتَّبِعُوا مَنْ لَا يَسْئَلُكُمْ اَجْرًا وَهُمْ مُهْتَدُونَ ﴾

аяты, бұл мәселені өте анық түсіндіреді.

Үшіншісі: Бірінші сөзде айтылғандай бір зат берерде Аллаһ атымен беру, Аллаһ атымен алу керек. Өкінішке орай көбіне не беруші бейқам, өз атынан беріп, іштей міндетсінеді. Не болмаса алушы бейқам, Муним-і Хақиқиге айтылуы тиіс алғыс пен мадақты сыртқы себептерге беріп қателеседі.

— 15 —

Төртіншісі: Тәуекел ету, қанағат қылу және үнемділік жасау сондай - бір қазына, және байлық, қой ешбір нәрсе оларға жетпейді. Адамдардан бір нәрсе алып сол бір таусылмас қазына байлықтан айырылғым келмейді. Раззақ-ы Зүлжәлал, кішкентай кезімнен бері біреудің, міндетсінуіне жол бермепті. Оған мың шүкір етемін. Оның кеңшілігіне арқа сүйеп, қалған өмірімді де сол қағидамен бойынша өткізуімді оның рахметінен өтініп сұраймын.

Бесіншісі: Бір-екі жылдан бері, ишаралар мен тәжірибелер арқылы нақты көзім жеткені, халықтың малын, әсіресе байлар мен мемлекет қызметкерлерінің сыйлықтарын алуға рұқсат жоқ. Бұлардың кейбіреуі маған кері әсерін тигізеді... Тигіздіріледі, жегізбейді. Кейде маған зиянды нәрсеге айналады. Демек өзгенің дүние-мүлкін алмауға рухани бұйрық, алуға тыйым бар. Оның үстіне мен өзіммен өзім оқшау жүрген жанмын. Кез-келген уақытта, кез-келген адамды қабылдай алмаймын. Жұрттың сыйлығын алатын болсам, олардың көңіліне қарап, қабылдауға тура келеді. Мен ондайды жақтырмаймын. Жасандылық пен жалтақтаудан, жағымпаздықтан құтқаратын, бір үзім қатқан нан жеп, жүз жамаулы киім кигенім артық. Бұлай қылу маған өте ұнайды. Біреулердің ең тәтті тағамын жеп, ең әдемі киімін киіп алып, солардың көңіліне қарауға мәжбүр болуды жек көремін.

Алтыншысы: Бас тарту себебімнің ең бастысы, мазһабымыздағы ең сенімді тұлғалардың бірі Ибн Хажар былай дейді: "Сені игі жан, салих адам деп, сондай ниетпен берілген нәрсені қабыл алсаң, егер сен салих болмасаң, ол харам болады".

Міне, қазіргі заманның адамдары ашкөздік пен тойымсыздығы себепті кішкене сыйлығын өте қымбатқа сатады. Мен секілді күнәһар бейшараны, салих немесе әулие деп ойлап, бір үзім нан ұсынады. Аллаһ сақтасын, егер мен өзімді салих деп білсем, ол, көкіректіктің белгісі, демек салих еместігіме дәлел. Ал егер өзімді салих деп білмесем, онда ол затты қабыл алуыма болмайды. Сондай-ақ, ақыретке қатысты амалдардың ақысына садақа мен сыйлық алу, ақыреттің бақи жемістерін дүниенің өткінші жемістеріне айырбастау деген сөз.

اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси