Жарқыраулар
— 55 —

Он бірінші Лема

Сүннет баспалдақтары және Бидғат дертінің емі

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ لَقَدْ جَٓاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ اَنْفُسِكُمْ عَز۪يزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَر۪يصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِن۪ينَ رَؤُفٌ رَح۪يمٌ ﴾

Бұл аяттың бірінші бөлімі сүннетті ұстану жайлы, екінші бөлімі сүннеттің дәрежелері мен баспалдақтары туралы баяндайды.

﴿ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ ﴾

Бұл екі ұлы аяттың жүздеген тұжырымдарының қысқаша "Он бір тұжырымы" баяндалмақ.

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм:

﴿ قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ ﴾

яғни, «Үмметім бүлінген кезде кімде-кім менің сүннетімді ұстанса, жүз шейіттің сауабын алады» деген екен.

Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздіктер өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаһи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзінің Аллаһтың алдында екенін сезінеді. Тіпті, ішіп-жеу, жүріс-тұрыс сияқты күнделікті амалыңның өзін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сәйкес орындағанда әлгі жәй амал, күнделікті іс сауапты ғибадатқа айналып, шариғат

— 56 —

амалы болып есептеледі. Өйткені, ол әдеттегі әрекеті арқылы Пайғамбарымызға мойынсұнғандығын ойлап, бұл іс шариғаттың әдебі екенін біледі. Шариғат иесі - Сол екендігін тағы да еске алады. Осыдан барып нағыз шариғат иесі - Аллаһ Тағалаға көңілі ауады. Бұдан Аллаһтың құзырына шығады, амалдары құлшылық болып саналады.

Сондықтан сүннетке сәйкес өмір сүруді әдетке айналдырған кісі, тұрмысын, күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырып, бүкіл өмірін жемісті де сауапты өмірге айналдыра алады.

ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Имам Раббани Ахмед Фаруқи (р.а.) былай деген екен: "Мен рухани түрде самғап, әртүрлі мәртебелерді аралаған кезімде Әулиелердің ең жарқыны, ең айбындысы, ең әдемісі, ең сенімділері сүннетке мойынсұнуды басты негіз етіп ұстанғандар екенін көрдім. Тіпті, ол мәртебедегілердің қарапайым әулиесі басқа мәртебедегілердің тандаулы әулиелерінен әлдеқайда жарқын көрінетін".

Иә, Мүжеддид-і Әлф-і Сәни Имам Раббани (р.а.) дұрыс айтады. Сүннетті берік ұстанған адам Хабибуллаһтың саясында Аллаһтың сүйікті құлдарының қатарына қосылады.

ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Мына пақыр Саид, бұрынғы Саидты тәрк еткісі келген кезде жетекші таба алмағандықтан және нәпсінің тәкәппарлығынан рухани күйзеліс кешіп, ақылы мен жүрегі (қалб) қатты қиналып аласұрды. Біресе жоғары өрмелеп, біресе төмен құлдилап қатты мазасызданды. Сол кезде Сүннет амалдардың ең қарапайымының өзі зиянды да қараңғы жолдарда кемедегі бағыт көрсететін құбыланама сияқты тура бағытты көрсететіндігіне көзім жетті. Әлгіндей рухани сапарларда көптеген қыспақтарға түсіп, өте ауыр жүктердің астында қалған кезімде, көркем сүннеттердің сол мәселеге қатысты жақтарын өзіме үлгі тұтсам болды, жеңілдеп қалатынмын. Күмәндар мен күдіктер сейіліп, қоя беретін. Яғни, "бұл әрекетім дұрыс па, бұрыс па?" деген уайымдардан құтылатынмын. Ал, өз бетімше әрекет ете бастасам болды қыспақ күшейіп, қайда апаратыны белгісіз жолдар көбейіп кететін. Жүк ауыр, мен шарасыз, ойым таяз, жол қараңғы. Ал, сүннетке сүйенсем болды, жол айқындалып, сау-саламатты жол көріне бастайтын. Жүк жеңіл, қыспақ жоқ, жан рахат.

— 57 —

Сол кездері Имам Раббанидың айтқандарын өз басымнан өткеріп, көз жекіздім.

ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Бірде рабыта-и мәуттен (өлімді ойлау) және اَلْمَوْتُ حَقٌّ ақиқатын мойындаудан, дүнияның фәни екендігін қабылдаудан туындаған рухани сезімдер мені таңғажайып бір күйге салды.

Қарасам, мен жаназа екенмін. Үш үлкен де манызды жаназаның басында тұр екенмін.

Біріншісі. Менің өміріммен байланысы болып, "өткен шақ" атты мазарға көмілген тіршілік иелерінің рухани жаназаларының басында бейне бір құлпытас екенмін.

Екіншісі. Жер шары атты мазарстанда, ондағы адамзатпен байланысы бар күллі тіршілік иелерінің жиынтығы көмілген "өткен шақ" атты мазардың басында құлпытас болып тұрған мына ғасырдың бетінде тез өшіріліп қалатын бір нүкте, тез өліп қалатын құмырсқа секілдімін.

Үшіншісі. Мына әлем, қиямет-қайымда анық қирап, өлетіндіктен менің назарымда қиямет болғандай. Ондай үлкен жаназаның жан тәсілімінен үрейленіп, таң қалып тұрғанымда, келешекте анық келетін ажалым осы қазір келгендей көрінді. Сондай-ақ فَاِنْ تَوَلَّوْا... اِلٰى اٰخِرِ сырына орай, бүкіл болмыс атаулы менің қайтыс болуыма байланысты менен сырт айналып, мені тәрк етті, жалғыз қалдым. Ұшы-қиыры жоқ теңіз тәріздес мәңгілікке ұласатын болашаққа рухымды айдап бара жатқандай. Сол тенізге еріксіз түсуге тура келіп тұр еді.

Міне, осындай таңғажайып әрі өте қиын жағдайда тұрғанымда Иман мен Құраннан келген медет болып

﴿ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ ﴾

аяты көмекке келді. Сенімді де қауіпсіз кемеге айналады. Рухым сенімді түрде, қуана-қуана сол аяттың ішіне кірді. Шынымен де осы аяттың тура мағынасынан басқа астарлы бір мағынасы мені жұбатты. Жаным тынышталып, көңілім жай тапты.

— 58 —

Бұл аяттың тура мағынасы ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.): "Егер адасқан кәпірлер сырт айналып сенің шариғатың мен сүннетіңнен бас тартып, Құранды тыңдамаса, уайымдама! Оларға айт: Аллаһ тағала маған жетеді. Соған тәуекел еттім. Сендердің орындарыңа мені тыңдайтындарды жеткізеді. Оның билік алаңы өте ауқымды. Қарсы шыққандардың еш қайсысы одан қаша алмайды, көмек сұрағандардың да ешқайсысы қараусыз қалмайды". Енді аяттың астарлы мағынасы былай дейді:

Уа, адам! Уа, адамзаттың мүршиді, тәрбиешісі! Егер болмыс атаулы сені тастап фәнилікке бет бұрып, жоқ болуға кетіп жатса, егер жан-жануарлар сенен қол үзіп, өлім жолына жүгірсе, егер адамдар сені тәрк етіп қабірге кіріп жатса, егер әһл-и далалет пен бейқамдар сені тыңдамай қараң қалып жатса, уайымдама! Былай де: "Аллаһ Тағала маған жетеді. Аллаһ бар. Ендеше, бәрі де болады. Олай болса, әлгі кетіп қалғандар жоқ болған жоқ. Аллаһ оларды басқа бір әлемге жіберді. Олардың орнына өзінің сансыз әскерінен басқаларды жібереді. Қабірге кіргендер жоғалған жоқ, олар басқа әлемге кетіп жатыр. Олардың орнына міндетіне адал басқаларды жібереді. Адасушылардың орнына тура жолды ұстанатын, тілалғыш құлдарын жібере алады. Олай болса, Ол шынымен бәріне тұрарлық біреу. Бүкіл зат, барлық нәрсе Оның бір ғана ілтипатына тұрмайды".

Міне, осы ишари мағына саясында әлгі үрейлі болып көрінген қорқын ышты үш жаназа, басқа түрге енді. Хаким, Рахим, Адил, құдіреті күшті Қадир Зат-ы Зүлжелалдың басқаруымен, оның Рубубиетінде, оның билігі мен мейірімі арқылы болып жатқан ғибадатқа толы қозғалыс, хикметке бай құбылыс, міндет жүктелген сапар, демалысқа шығару (босату) міндет жүктеу екенін түсіндім. Осылайша әлем сан құбылып өзгереді, бірі кетеді, бірі келеді.

БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ.

﴿ قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ ﴾

Осы бір ұлы аят, сүннетке мойынсұну қаншалықты манызды әрі қажет екенін анық білдіріп тұр. Иә, киелі аят қисынды түрде салыстырма жасаған. Қисынға салар болсақ (ғылымда мұны "қияс-ы истиснаи мысалы" дейді), былай: Егер Күн шықса, күндіз болады. Болымды нәтиже үшін: Күн шықты, олай болса қазір күндіз. Ал

— 59 —

болымсыз нәтиже үшін, қазір күндіз емес, олай болса Күн шықпаған. Логика бойынша осы болымды, болымсыз нәтижелер күмән туғызбайды. Дәл сол сияқты, мына аят былай дейді: «Егер жүректе Аллаһқа деген махаббат болса, Хабибуллаһқа (с.а.у.) мойынсұну керек. Ал оған мойынсұнбаса онда Аллаһқа деген махаббаттың болмағаны». Аллаһты сүю Хабибуллаһтың сүннетін орындауға итереді. Аллаһ Тағалаға иман еткен адам, міндетті түрде оның айтқанын орындайды. Айтқанын орындау, бағыну жолдарының ең қабыл болғышы, ең турасы, ең қысқасы шүбәсіз Пайғамбарымыздың көрсеткен және жүрген жолы.

Мына әлемді осыншама нығметтерге толтырған Зат-ы Кәрім Зүлджәлал, саналы да ақылды жандардан, өзі берген нығметтеріне шүкір талап етуі шарт әрі шүбәсіз. Бұл әлемді мұнша өнер, мұғжизалармен безендірген Зат-ы Хаким Зүлджәлал, әлбетте саналы жандардың ішінен ерекше біреуін өзіне тыңдаушы, тілмәш, құлдарына имам және өнеге, сондай-ақ, әмірлерін жеткізуші етіп тағайындайтыны анық. Бұл әлемді сансыз Жамалы мен Камалы бөлеп тұрған Зат-ы Жәмил-і Зүлкәмал, әлбетте өзі жақсы көрген және көрсеткісі келген Жамалына, Камалына және Көркем есімдеріне айна болған кісіге міндетті түрде ең кемел құлшылық міндетін жүктейді. Оның керемет көрінісі, асыл қасиеті басқа жандарға да даруы үшін оны үлгі-өнеге етіп, оған мойынсұнуды бұйырады. Сонымен, Аллаһқа деген махаббат, Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді және соған апарады. Сүннет амалдарды көп орындап жүрген жандар қандай бақытты. Ал сүннетті бағаламай бидғаттарға бой алдырып жүргендерге обал-ақ.

АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм былай деген:

كُلُّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ وَكُلُّ ضَلَالَةٍ فِى النَّارِ

яғни

﴿ اَلْيَوْمَ اَكْمَلْتُ لَكُمْ د۪ينَكُمْ ﴾

сыры бойынша шариғаттың керемет қағидалары және сүннеттің ереже зандары толықтырылып, өз кемеліне жеткеннен кейін, жаңадан қосымша жасап, әлгі ережелерге көңілі толмағандай немесе "Құдай сақтасын" толықтырғандай болып, бидғаттар шығару, яғни Исламға жаңадан қосымша ендіру - адасу. Ал бұл тозақ.

— 60 —

Сүннеттің дәрежелері бар. Кейбіреуі уәжіп, орындау шарт. Ол туралы шариғат кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Ол анық бекітілген. Өзгертілуі әсте мүмкін емес. Кейбірі нәпіл (неуафил). (Нәпіл - парыз да уәжіп те емес) Бұның екі түрі бар. Біріншісі, ғибадатқа қатысты сүннеттер. Олар да шариғат кітаптарында баяндалған, оларды өзгерту бидғат болып есептеледі. Екіншісі, "адаб" деп аталады. Сияр кітаптарда яғни Пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы кітаптарда баяндалған. Оларды ұстанбау "бидғат" саналмайды. Дегенмен, Пайғамбарымыздың әдеп-қағидаларына қайшы келгендіктен, нұрынан және нағыз әдептіліктен пайдалана алмау болады. "Адаб" дегеніміз күнделікті, жаратылысқа тән әрекеттерді қаншама куәгерлері бар Пайғамбарымыздың ісәрекеттеріне сәйкестендіру. Мысалға, сөйлеу, тамақ ішу, жату сияқты әдеп қағидаларын баяндайтын және қарым-қатынас туралы көптеген сүннеттер бар. Мұндай сүннеттерді "адаб" яғни әдеп, ережелер деп атайды. Бұл адабтарды ұстанған адам өзінің күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырады. Ол адабтан күшті нұр алады. Жай бір "адабты" орындаған кезде Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм еске түседі, жүрекке нұр төгіледі.

Сүннеттің ішінде ең маңыздысы Ислам дінінің белгілері мен шариғаттың нышандары ретіндегі сүннеттер. Олар бейне бір жалпыға ортақ құқық тәрізді, қоғаммен байланысып жатқан құлшылық болып саналады. Қоғамда бір кісі ұстанса сол қоғам мүшелерінің бәріннің пайдасына жарайды. Керісінше оны ешкім орындамаса бүкіл қоғам жауапкер болады. Мұндай нышандарда рия (жасандылық) болмайды, ол жария түрде жасалады. Нәпіл болғанымен, жеке бастың парыз құлшылықтарынан әлдеқайда маңызды.

ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Сүннет - әдептілік. Сүннеттің әрбір мәселесі әдептілік пен нұрға толы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай бұйырған: اَدَّبَن۪ى رَبّ۪ى فَاَحْسَنَ تَاْد۪يب۪ى яғни "Раббым маған әдепті үйретті, өте тамаша әдеп сыйлады".

Иә, Пайғамбарымыздың өмір тарихына үңіліп қараған және сүннет-і сәниесін білетін адам Аллаһ Тағаланың өз Хабибына әдептіліктің неше түрін үйіп-төгіп бергендігін түсінеді. Оның сүннетін тәрк еткен адам, әдептілікті де тәрк етеді. ب۪ى اَدَبْ مَحْرُومْ بَاشَدْ اَزْ لُطْفِ رَبْ деп айтылғандай зиянға ұшырап, әдепсіз халге түседі.

— 61 —

СҰРАҚ. Барлық нәрсені білетін, көретін, еш нәрсені одан жасыру мүмкін емес Ғаллам-ул Ғуюбтың (Жасырынның бәрі оған аян Аллаһ) алдында қалай әдептілік сақталады? Әдептің бір мағынасы жасыру, бүркеу, жиіркендіретін жағдайларды көрсетпеу емес пе? Ғалламул Ғуюбқа яғни ғайыптың бәрін анық білуші Аллаһқа ондай нәрселерді көрсетпеу, білдірмеу мүмкін емес қой.

ЖАУАП. Біріншіден, Сани-ы Зүлджалал аса маңызды түрде өнерін жақсылап көрсеткісі келеді, жағымсыз нәрселерді көзден таса ұстап, нығметтеріне әсемдік сыйлап назар аудартады. Сол секілді өз жаратқандарын, басқа да саналы жандарға әсем, тамаша жағымен көрсеткісі келеді. Жағымсыз түрде, нашар күйде көріну бір жағынан Аллаһтың Жамил (Әсем), Мүзейін (Әсемдеуші), Латиф (Нәзік), Хаким (Дана) есімдеріне қарсы болу, бас көтеру болып, әдептілікке жатпайды.

Сүннетке сай әдептілік дегеніміз, Сани-ы Зүлджалалдың есімдерінің шеңберінде нағыз әдептілік қағидаларын ұстану.

Екіншіден. Мысалы бір дәрігер дәрігерлік міндетін атқару барысында адамның ең ұятты жеріне қарайды және шарасыз жағдайда көрсетіледі. Оны әдепсіздік деуге болмайды. Бұл медицинаның талабы. Алайда, әлгі дәрігер ер адам сипатымен немесе мешітте уағыз айтушы молда сипатымен әлгі намахремге (бөгде адамға) қарай алмайды. Оған әдептілік рұқсат бермейді. Бұл ұятсыздық. Сол сияқты, Сани-ы Зүлжалалдың көптеген есім-сипаттары бар. Әрбір есімнің өзінше көрінісі бар. Мысалы: "Ғаффар" есімі күнәлардың болуын, ал "Сәттар" есімі кемшіліктерді керек қылса, "Жәмил" есімі де жағымсыз күйлерді көргісі келмейді. Аллаһтың кемел де әсем "Латиф, Кәрим, Хаким, Рахим" есімдері жаратылыс атаулының тамаша бейнеде, мүмкіншіліктің ең жоғары сатысында болуын талап етеді. Әлгі әсем де кемел есімдер өз әсемдіктерін періштелердің, руханилардың, жындар мен адамдардың назарында болмыс атаулының әсем күйлері мен жақсы әдептері арқылы көрсеткісі келеді.

Сүннеттегі әдептілік - осындай тамаша әдептіліктің ишараты, ережелері, үлгілері.

— 62 —

СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ. فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ аятының алдындағы аяты, لَقَدْ جَٓاءَكُمْ رَسُولٌ... اِلٰى اٰخِرِ Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмметіне деген аса мейірімі мен қамқорлығын баяндай келіп فَاِنْ تَوَلَّوْا аятымен былай дейді: "Уа, адамдар! Уа, мұсылмандар!" Осыншама аса қамқорлық жасап, сендерді тура жолға салған, сендердің игіліктерің үшін бүкіл қайрат-күшін сарп еткен және өзі жеткізген үкімдері мен сүннеттері арқылы рухани жараларыңды емдеп жазған, өте мейірімді бір кісінің ап-анық мейірімін жоққа шығарғандай және көзге көрініп тұрған жанашырлығынан күмәнданғандай болып, Оның сүннетінен, жеткізген үкім заңдарынан бас тарту неткен ұятсыздық, неткен ақылсыздық, ақымақтық екенін біліңдер!

Уа, мейірімді Расул! Уа, жанашыр Нәби! Егер сенің мына аса мейіріміңді, керемет жанашырлығыңды танымай ақымақтық жасап, сенен сырт айналып, тыңдамай жатса, уайымдама! Аспан мен жер және оның арасындағылар қол астындағы әскері болған, шексіз ғарышқа үстемдік етіп тұрған Зат-ы Зүлжәлал саған жетеді. Ол, нағыз тілалғыш жандарды сенің айналаңа жинатқызады, оларға сені тыңдатқызады, оларға сенің үкімдеріңді қабылдатады.

Рас, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм әкелген шариғат пен сүннеттің бір мәселесінің өзінде көптеген хикметтер бар. Мен пақыр бұған бүкіл кемшіліктерім мен әлсіздігімді мойындай отырып, бәстесуге және дәлелдеп беруге дайынмын.

Һәм, осы кезге дейін жазылған жетпіс-сексен Рисалей-Нұр кітаптары, сүннет пен шариғаттың мәселелері қаншалықты хикметке толы ақиқат екеніне бұлтартпас айғақ болады. Егер күш-қуат болып жатса, бұл тұрғыда баяндауға жетпіс емес, тіпті, жеті мың кітап жазылса да оның хикметтерін, пайдаларын жазып тауыса алмас. Жеке басым да бұған куә. Мыңдаған тәжірибелерім мен көңілім мынаған көз жеткізді. Сүннеттің қағидалары, Шариғат мәселелері мен дәстүрлері рухани кеселге, ақыл мен жүректің жараларына, әсіресе қоғамға төнген қасіретке өте пайдалы дәрі. Олардың орнын басқа философия мен даналық ұғымдар ауыстыра алмайтынын өз көзіммен көргендігімді тәпсір-кітаптарымда жазған болатынмын. Бұл айтқаныма күмәнданатындар болса, Рисалей-Нұрға көңіл бөліп қарасын.

— 63 —

Міне, осындай бір жанның сүннетін орындауға қолдан келгенше тырысу қаншалықты сауапты және мәңгі өмірде бақытқа бөленіп, бұ дүниеде пайдаға кенелтетінін ақылға салып көріңіз.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Сүннеттің барлық түрін түгелдей орындау, оны іске асыру, ерекше тұлғалардың жоғары мәртебелілеріне ғана нәсіп болар. Ал, оларды іс жүзінде болмаса да шын ниетпен қолдау, қажетсіну, мойындау, жүрекпен берілу әркімнің қолынан келеді. Парыз бен уәжіп болған түрін онсыз да орындауға міндетті. Құлшылыққа қатысты мүстахаб болған сүннетті тәрк ету күнә болмағанымен мол сауаптан құр қалу қаупі бар. Ал, оларды өзгерту үлкен қате. Тұрмыстағы әдет-ғұрыпқа қатысты сүннеттерді орындаған сайын ол әдеттер ғибадат болып саналады. Орындамаса жаза жоқ. Бірақ Хабибуллаһтың тұрмыстық көркем әдеттерінің нұрынан пайдалану мүмкіндігі азаяды.

Құлшылыққа қатысты үкімдерге жаңадан қосымша жасау бидғат. Ал бидғаттар болса, اَلْيَوْمَ اَكْمَلْتُ لَكُمْ د۪ينَكُمْ аятының сырына қайшы келетіндіктен қабылданбайды. Дегенмен, тариқаттағы вирдтер, (дұғалар) зікірлер, өзіндік мешреб (жолдар) болса, негіздері Кітап пен Сүннеттен алыну шарты орындалса сыртқы көріністері әртүрлі бейнеде болғанымен бекітілген ережелер мен сүннеттің негізіне қайшы келмесе "бидғат" саналмайды. Алайда кейбір ғалымдар бұлардың кейбіреуін "бидғат" деп есептегенмен, "бидға-й хасене" яғни "болымды бидғат" деп теріс көрмеген. Имам Раббани Мужеддид-і Әлф-і Сани (р.а.) былай дейді: "Рухани самғау кезімде Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның аузынан шыққан сөздердің жалт-жұлт ететінін көретінмін. Оларды жарқыратып тұрған Сүннеттің шуағы. Ал оның аузынан шықпаған қанатты сөздер мен керемет дұғаларда әлгіндей нұр көрінбейтін. Бұлардың ең тамаша, ең нұрлы дегені әуелгінің ең көмескісіне тең келмейтін.

Демек, сүннеттің шуағы - элексир. Сондай-ақ, Сүннет, нұр іздегендерге толық жетеді. Басқа жақтан нұр іздеудің қажеті жоқ".

Міне, ақиқат пен шариғаттың осындай бір қаһарманының бұл үкімі, Сүннет - екі дүниелік бақыттың арқауы және кемелдіктің көзі екенін көрсетеді.

— 64 —
اَللّٰهُمَّ ارْزُقْنَا اِتِّبَاعَ السُّنَّةِ السَّنِيَّةِ
﴿ رَبَّنَٓا اٰمَنَّا بِمَٓا اَنْزَلْتَ وَاتَّبَعْنَا الرَّسُولَ فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِد۪ينَ ﴾

ОНЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ.

﴿ قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ ﴾

Бұл аятта таңғажайып иғжаз бар яғни Осы үш сөйлемнің ішіне көптеген мағыналар сыйып тұр. Аят былай дейді: "Аллаһ Тағалаға имандарың болса, әлбетте, Аллаһты жақсы көресіңдер. Ал Аллаһты жақсы көретіндерің рас болса, Аллаһ жақсы көрген нәрселерді істейсіңдер. Ал оған ұнайтын нәрсе, оның сүйіктісіне ұқсау. Ал оған ұқсау - соның соңына еру. Соның соңынан ерген кезде, Аллаһ та сендерді жақсы көреді. Аллаһ сендерді жақсы көруі үшін сендер де Аллаһты жақсы көрулерің керек".

Міне, бұл сөйлемдердің барлығы осы аяттың қысқаша ғана мағынасы. Демек, Адам баласы үшін өте маңызды да асқақ мақсат - Аллаһ Тағаланың сүйіспеншілігіне бөлену. Бұл аят, сол жоғарғы мақсатқа жетудің жолы - ардақты Пайғамбарымыз Хабибуллаһтың соңынан еру. Соның сүннетімен жүру екенін айтады. Қазір "Үш мәселе" анықталып дәлелденсе, ілгеріде аталған ақиқат анықталады.

Бірінші нүкте. Адам баласы бүкіл әлемді Жаратушы Аллаһқа шексіз сүйіспеншілік таныту үшін жаратылған. Өйткені оның бойында Жамалға (Әсемдікке) деген ынтызарлық, кемелдікке деген құштарлық және ихсанға, яғни жарылқануға, сыйлануға деген құмарлық бар. Жамалдың, Кемалдың Ихсанның дәрежесіне қарай әлгі сүйіспеншілік те арта бермек. Ол ғашықтықтың шыңына дейін барады. Мына кішкентай ғана адам баласының шағын жүрегіне аса үлкен ғашықтық сезімі берілген. Иә, жүректің тарыдай ғана сандықшасы тәрізді Қууа-и Хафыза (есте сақтау қабілеті) бейне бір кітапхана секілді мыңдаған кітапты қамтуы, адамның жүрегі бүкіл әлемді қамти алатын, соншалықты ынтызарлықпен сүйе алатын махаббатты сақтап тұра алатындығын көрсетеді.

Адамзаттың Ихсанды, Жамалды Кемалды шексіз ынтызарлықпен сүйе алатыны рас. Мына әлемді жаратқан Аллаһтың жарату істерінен

— 65 —

анық байқалатын шексіз де пәк жамалы бар. Болмыс атаулыда көрініп тұрған шексіз кемелдігі бар. Бүкіл тіршілік иелеріне беріліп жатқан неше түрлі ихсандар мен нығметке бөлеулер арқылы анық көрініп тұрған шексіз ихсан, жарылқауы бар. Олай болса, саналы жандардың ең күрделісі, аса мұқтажы, өте зерек, аса құштарлық берілген адамзаттан Аллаһу Тағаланың шексіз сүйіспеншілік талап етуі өте орынды.

Әрбір адам Халиқ-ы Зүлжелалға шексіз сүйіспеншілік етуге бейім. Сондай-ақ, Аллаһтың Жамалы, Камалы, Ихсаны да сүйіспеншілікке лайық. Тіпті, мүминнің өз өміріне, мәңгі жасауға, болмысына, дүниесіне, өзіне, қоршаған ортаға деген сан алуан сүйіспеншілігі және соларға алаңдауы сол Иләһи сүйіспеншіліктің ұшқындары. Тіпті, адам бойындағы әртүрлі сезімдер, сол сүйіспеншілікке бейімділігін көрсететін, бірақ өзгеріске ұшыраған, басқа түрге енген тамшылары. Адам өз бақытына қуанып қана қоймай, айналасындағы сүйіктілерінің бақытынан да ләззат алып қуанатындығы мәлім. Өзін бәледен құтқарғанды жақсы көрумен қатар, сүйген жандарын құтқарғанды да жақсы көреді.

Міне, осы рухани сезімдерге сүйене отырып, Адам баласы бүкіл адамзатқа беріліп жатқан жарылқаулардан тек осыны ғана ойласа, "Менің Жаратушы Ием, тас қараңғы жоқтан құтқарып, бар қылды. Мына дүниеде жарық өмір сыйлады. Ажалым жеткен кезде де мәңгі жоқ болудан құтқарып, бақи әлемде мәңгі, тамаша әлем сыйлайтын болады. Сол әлемнің түрлі ләззаттары мен әсемдіктерінен пайдалануым үшін ішкі, сыртқы сезімдер береді. Сонымен қатар менің өте жақсы көрген, өзара тығыз байланыста болған туғантуыстарымды, сүйікті жандарымды да сан алуан ихсандармен жарылқайды. Ал бұл жақсылық маған да жасалған болып есептеледі. Өйткені мен олардың бақыты мен қуанышына ортақпын. اَلْاِنْسَانُ عَب۪يدُ الْاِحْسَانِ "Адам сыйлағанның құлы" дегендей, әркім өзіне ілтипат қылғанды, сыйлағанды жақсы көретіні рас. Олай болса, бүкіл әлемдей жүрегім болса, әлбетте, маған жасалған мұнша шексіз де соңсыз жарылқауға қарыздар болып, махаббат қылып, мәңгі сүйіп өтер едім. Мен мұны іс жүзінде орындай алмасам да, ниетіммен, иманыммен, бейімділігіммен, соны қабылдау арқылы, оны жоғары бағалап, құштар болу түрінде жасаймын", дер еді.

— 66 —

Енді, Жамал мен Кемелдікке деген сүйіспеншіліктің қалай болатынын осы аталған ихсанға деген сүйіспеншілікпен салыстыр. Ал кәпір, имансыздығы арқылы бұларға қас дұшпан. Тіпті, бүкіл әлемге, болмыс атаулыға зұлымдарша, қорлау пиғылымен дұшпандық қылады.

Екінші нүкте. Аллаһқа деген сүйіспеншілік, Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді. Өйткені, Аллаһты жақсы көру - Оны риза қылу. Ал, Оны риза қылатын істерді Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.у.) толық орындаған. Оған ұқсаудың екі жағы бар.

Біріншіден. Аллаһ Тағаланы жақсы көріп, оның әмірлеріне мойынсұнып, Ол риза болатын амал істеу. Бұл - Пайғамбарымызға мойынсұнуды талап етеді. Өйткені бұл тұрғыда ең керемет имам, үлгі боларлық ұстаз - Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.)

Екіншіден. Аллаһтың адамдарды шексіз жарылқауына ең басты себепші Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.). Олай болса, Пайғамбарымыз, Аллаһ ризасы үшін жақсы көруге лайық. Адам баласы өзі жақсы көрген кісіге, егер ұқсау мүмкін болса ұқсағысы келеді. Хабибуллаһ(с.а.у.) жақсы көргендер оның сүннетіне мойынсұна отырып, соған ұқсап бағуы қажет.

Үшінші нүкте. Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімі болумен қатар, өзіндік шексіз махаббаты да бар. Әлемдегі жаратылыстардың әсем жаратылуы, әдемі безендірілуі арқылы Ол өзін шексіз сүйсіндіреді, жақсы көргізеді. Жаратқандарын, әсіресе, әлгіндей сүйсіндірер істеріне махаббатпен жауап берген саналы пенделерін әлдеқайда жақсы көреді. Ал, жұмақтағы бүкіл ләззаттар мен жарылқаулар, әсемдіктер мен нығметтер Оның бір ғана сәулесі, жәй бір ұшқыны. Осындай Аллаһтың махаббатын, ілтипат-назарын өзіне аударуға тырысу қаншалықты ғанибет, аса маңызды, өте биік мақсат екендігі түсінікті. Құранның анық хабарлауы бойынша оған тек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннетіне ұю, айтқанын істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннеті адамзат үшін ең ұлы мақсат, маңызы зор міндет екендігі анық.

ОН БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. "Үш мәселеден" тұрады.

Бірінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның сүннеті үш түрлі бұлақтан бастау алады. Олар: айтқан сөздері, істеген амалдары, хал-ахуалы.

— 67 —

Бұл үшеуі де үш түрге бөлінеді. Парыздар, нәпілдер, жақсы әдеттер. Парыз бен уәжіп түріне мойынсұну мұсылманға міндетті түрде шарт, орындамағандар жазаға тартылып, азап шегеді. Жұрт мойынсұнуға міндетті. Ал, нәпіл түрі болса қызықтыру, сүйсіндіру дәрежесінде болғанымен иман еткендер орындауға міндетті. Бірақ істемесе азап немесе жаза жоқ. Істесе, мойынсұнса мол сауап жазылады. Ал, оны өзгертсе, алмастырса бидғат, далалет (адасу) болып, үлкен қателік саналады. Ал, жақсы әрекеттері мен керемет игі амалдары болса, хикмет тұрғысынан болсын, пайда жағынан болсын жеке өмірге, не қоғамдық өмірде пайдасы зор, орындалса нұр үстіне нұр. Өйткені жәй бір әрекетінің өзінде өмірге пайдалы көптеген хикмет даналықтар бар. Сонымен қатар, оған сәйкес әрекет еткенде күнделікті жай әдеттер мен тұрмыс-тіршілік құлшылыққа айналады.

Достары да, тіпті, дұшпандары да Ардақты Пайғамбарымыздың көркем мінезі ең жоғарғы сатыда екендігін бір ауыздан құптаған. Оның адамзат әлемінде ең мәшһүр, ерекше тұлға екені рас. Ең кәміл жан, нағыз тәрбиеші екенін мыңдаған мұғжизалары, сондай-ақ, өзі құрған Ислам әлемі және аудармашысы болған Қасиетті Құран ақиқаттары бәрі-бәрі бірлесе растауда. Оның ізіне ерудің нәтижесінде миллиондаған кәміл, әулие адамдар кемелдіктің шыңына шығып, екі дүниеде мол бақытқа қол жеткізуі, әлбетте Оның сүннеті, іс-әрекеті үлгі тұтарлық тамаша өнеге екенін, адастырмайтын, берік жолбасшы екенін, ереже боларлық мықты заңдар екенін көрсетеді. Олай болса, осы аталған сүннетті орындау жолында көп амал жасап жүрген жандар бақытты.

Сүннетті орындамай жүргендер, егер жалқаулық басып, ерініп жүрсе, көп зиян шегіп жүр, ал менсінбей жүрсе, үлкен қылмыс жасап жүр, ал өтірікке шығарғандай мінеп-сынап жүрсе, қатты адасуда.

Екінші мәселе. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

﴿ وَاِنَّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يمٍ ﴾

деп бұйырады. Сахих риуаятта Хазіреті Айша (р.а.) сынды әсем сахабия, Ардақты Пайғамбарымыз жайлы, оның көркем мінезі туралы былай дейді: "Хулуқу-һул Құран". Яғни "Құранда баяндалған биязы да әсем мінез-құлықтың үлгісі Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм еді. Ол әсемдіктердің тамаша үлгісі, әсем жаратылған жан еді".

— 68 —

Міне, осындай бір кісінің әрекеттері, айтқан сөздері, халжағдайының әрқайсысы адамзатқа үлгі бола тұра иман келтіріп, оның үмметімін деп жүрген бейқам жандар егер сүннетке мән бермей жүрсе немесе өзгерткісі келсе қаншалықты бейбақ екенін ақымақтар да түсінер.

Үшінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның жаратылысы артық-кемі жоқ, ең керемет түрде жаратылған. Сондықтан, оның іс-әрекеті, жүріс-тұрысы барлық өлшемдерге сай тура бағытта. Әрбір әрекеті тура бағытта және ифрат пен тефриттен аулақ, яғни бір нәрседе кем не артық кетуден аулақ болғанын өмір тарихы анық көрсетуде.

Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм فَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ әміріне толық мойынсұнғандықтан бүкіл іс әрекеті мен сөзі, хал-жағдайы тура бағытта болғаны көзге ап-анық көрініп тұр. Мысалға, ақылдың бұзылуы мен сөніп қара басуы, яғни ифрат пен тефриттің кесірінен болатын топастық пен айлакерліктен аулақ, пәк болып, орта жол, тура бағыт ұстанып, ақылын даналықпен пайдаланған. Ал, ашу-ыза сезімінің ифрат пен тефритінен пайда болатын қорқақтық пен көзсіз батырлықтан аулақ болып, ашу сезімінің орта жолы, тура бағыты аса ержүрек, батыр болған.

Ал, ләззат пен ойын-сауық, құмарлық сезімінің бұзылған түріндегі "ифрат" пен "тефриттен", яғни селқостық, еш нәрсеге қызықпаушылық пен көрсеқызарлықтан ада пәк, ары таза намысты болған. Сондай-ақ, бүкіл іс-әрекеттерінде, хал-ахуалында шариғат үкімдеріне сай тура жолды ұстап, "ифрат" пен "тефриттен", яғни зұлымдық пен қараңғылықтан, ысырап пен бекерге мал шашпақтан аулақ болған. Тіпті, сөйлегенде, ішіп-жегенде үнемділік ережелерін қатаң сақтап, ысырап жасамаған. Бұл ақиқатты егжей-тегжейлі түсіндіретін мыңдаған кітаптар жазылған.

اَلْعَارِفُ تَكْف۪يهِ الْاِشَارَةُ дегендей мұны теңіздің бір ғана тамшысы деп біліп, осыған қанағат етіп, тақырыбымызды қысқа қайырамыз.

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى جَامِعِ مَكَارِمِ الْاَخْلَاقِ وَ مَظْهَرِ سِرِّ ﴿وَ اِنَّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يمٍ﴾ اَلَّذ۪ى قَالَ: مَنْ تَمَسَّكَ بِسُنَّت۪ى عِنْدَ فَسَادِ اُمَّت۪ى فَلَهُ اَجْرُ مِاَةِ شَه۪يدٍ
— 69 —
﴿ اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى هَدٰينَا لِهٰذَا وَ مَا كُنَّا لِنَهْتَدِىَ لَوْ لَٓا اَنْ هَدٰينَا اللّٰهُ لَقَدْ جَٓائَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ ﴾
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾