Сегізінші Леманың мазмұнынан бір бөлік
Ғайби ишара туралы бір жазба, бір пікір.
аяттарының ғайби нүктесін Ғаус-ы Ағзам Сәийд Абдул Қадир Гәйланидің бір ғайби кәрәматымен тәпсірлейді. Нақты әрі ғажайып кәрәматтарға бөленген бұл Сұлтан-үл Әулия яғни Шәйх Гәйлани, өзі өлгеннен кейін де тірі кезіндегідей мүридтерін алаңдап, олармен байланыста болғандығын «Әһл-і кәшф уә әһл-і уәлаят» мойындаған яғни әулиелер мұның рас екенін дәлелдеген. Сонымен, бұл Кісі сегіз жүз жыл бұрын Құдайдың құдретімен осы заманды көрген яғни оған көрсетілген. Мына аласапыран, бүлік-шірік көп заманымызда өзінің ізін басып, артынан ерген Құран қызметшілерін жұбатып, демеу беріп, құлшындырарлық өзінің мәшһүр қасидасының соңғы бес жол жазбасында он бес тұрғыдан сол хабарды жеткізген.
Һәм, джифр іліміне сәйкес әлгі бес жолдың мағынасы, һәм сөздері, һәм әріптерінің саны бір-бірін қуаттап дәл сол оқиғаны хабар бергендіктен нақты түрде мұқият қарағандарды қанағаттандырарлық дәрежеде. Өздеріңе мәлім, болашақ туралы хабар беретін әнбия, әулиелер لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ тыйымына ұйып, құрметтеп, әдеп сақтағандықтан олар ишари түрде, рәміздермен, белгі-нышандармен шектелген, соған қанағат еткен. Кейде бір ишарамен, кейде екі ишарамен, ал ең көбі бес-алты ишарамен дәл бір оқиғадан хабар берген. Негізінде, Ғаус-ы Ағзам осы замандағы Құран қызметшілерінің тобын меңзеп, ішінен бір қызметшісін ашық түрде көрсетіп отыр. Осы Рисале ішіндегі қолтаңбалардан байқалғанындай, Құран қызметіндегі достарыма қосыламын. Кейбірі менің қолтаңбаммен, кейбірі олардың мақұлдауымен және мағына шығаруымен болғандықтан, маған қатысты жерлердегі тым артық кеткен үлесімді олардың көңілі үшін қабылдадым. Әйтпесе ол рисаленің басында айтқанымдай ол жерде ондай үлкен абыройға үлескер болуға ақым жоқ. Он жыл бұрын осы ғайби қасиданы көрген едім. Сонда маған мағынауи ескерту жасалып: "Мән беріп қара!" дегендей көкейге бір ой келді. Ол ескертуге екі себепке байланысты құлақ аспадым.
Біріншіден; Өмірімнің маңызды бөлігі атақ-даңқтың соңында, мансап қууып соның кесірінен зая болып босқа кеткендіктен тағы да соны қайталап «нәпс-і әммарама» алданбайын, тағы да атаққұмарлық тұзағына түсіп қалмайын дедім.
Екіншіден; Мына қырсықтық өршіп тұрған заманда адамдар анық мәселелерді, нақты айғақтарды қабылдамай жүргенде мұндай ғайби ишара түріндегі олардың ойынша "мақтангершілік" саналатын нәрселерді паш еткі келмеді. Ақыры, тұтқындық кезеңімнің сегізінші жылында және ең азапты, ең қиын күндерде жаным бір демеуге, бір құлшындырысқа қатты мұқтаж болғандықтан көкейіме мұндай бір ой келді: «Мұны Иләһи нығметті қадірлеу мақсатты әрі мағынауи шүкір ретінде жарыққа шығар, паш ет! Һәм, қорықпа! Қанағаттандырарлық дәрежеде қуатты!»
Мен, әлгі рисаленің басында айтқанымдай, мұны паш еткендегі мақсатым, Құранның сырларын ашатын Рисалелердің мақбұл яғни қабыл болғанына Ғаус-ы Ағзам қол қойып растағанын; екіншіден, ол қадірменді Ұстазымның кәрәматын жарыққа шығару арқылы кейбір, әулиелердің кәраматына сенбейтін діннен безгендердің үнін өшіру және Құран қызметінде жүріп тосқауылдарға жолыққан, көптеген кедергілермен күресуіне тура келетін достарымның ынта-жігерін арттыру, құлшындыру, тосқауылдарын ашу болатын. Мен үшін бұл «мақтангешілік» саналатындықтан әрине күллі зиян, дегенмен ол зиянды ұстазым үшін, жолдастарым үшін қабылдадым.
Бұл Ғаус-ы Ағзамның кәраматы жайлы рисале, біртіндеп, үзік-үзік болыа шығарылғандықтан бірнеше бөлімнен, қосымшалардан тұрады. Соңына қарай бірін-бірі қуаттап, нұрландырып, жарқын бейнеге енеді. Ишаралардың басы күңгірттеу болғанымен жолдастарының қолдауымен қуатталып анықтала береді. Тіпті, таңғаларлығы, әлгі бес жолдың соңында (шәкірттердің) әрқайсының қызметтегі мәртебесін, өзіндік ерекше сипатын меңзеп, осылайша он бестен артық Құран қызметіндегі қымбат бауырларымды анықтап көрсетіп қойған. Бұл рисаледе Ғаус-ы Ағзамның кәрәматы арқылы бірнеше маңызды мәселелер, біршама өзекті ақиқаттар баяндалған.
Бұл рисалені әркімнің оқығанын қаламаймын, рұқсат та бермеймін. Мұны ниеті таза, ұяты бар, ықыласты және ерекше бауырларымның оқуына рұқсат беремін. Әрі бас жағында жазылған мақсаттарымды ескере отырып оқысын. Мені кәрәмат-құмар адам деп ойламасын.