МАЗМҰНЫ
БІРІНШІ ЛЕМА........................................................................5-7
Хазіреті Юнус алейһиссаламның мәшһүр мінәжаты болған
аятының маңызды бір сырын ашып, оның терең ақиқатын баяндай отырып әркім бұл дүнияда Хазіреті Юнус Пайғамбардың күйін кешетінін - бірақ одан анағұрлым қиын жағдайда екенін - баяндайды. Хазіреті Юнус алейһиссаламға балық, теңіз, түн қауіп төндірсе, әр адамның нәпсісі, дүниясы, болашағы да солай уайымдатып байқамаса қауіпті екені айтылады.
ЕКІНШІ ЛЕМА..........................................................................8-13
Хазіреті Әюб алейһиссаламның мәшһүр мінәжаты туралы айтады.
Осы аяттың маңызды бір сыры мен терең бір ақиқатын "бес нүкте" арқылы тәпсірлейтін, қандай да бір қиыншылыққа ұшыраған адамға рухани демеу, шипа болар ем деп айтуға тұратын рисале. Бұл рисале дүниялық қайғы-қасіреттің, басқа түскен қандай да бір бәленің иманды жанға бәле еместігін көз жеткізе дәлелдейді. Нағыз, қауіпті бәленің не екенін яғни жүрек пен рухтың адасуы нағыз қасірет екенін баяндайды. Сонымен қатар сабыр сақтап, шүкір етуші адам бәлеге ұшыраса оның бір минуты бір сағат ғибадат саналатынын айтып, түсінген адамға шағым айтудың орнына әрдайым шүкір еткізетін құнды рисале.
ҮШІНШІ ЛЕМА ....................................................................14 - 18
аятының маңызды екі ақиқатын
деген мәшһүр екі сөйлемнің ақиқат толы мағынасымен тәпсірлейді. Мәңгілік үшін жаратылған, бақи болуға құштар адами рух, өзінің Бақи-ы Зүлжалалмен байланысын сезінсе пәни өмірі мәңгі өмірге айналып, секундтары жыл болып берекет табатынын айтады.
Ал, Бақи-ы Зүлжалалды танымайтын адамның өмірі, жылдары секундтай зымырап босқа өте шығатынын дәйекті түрде баяндайтын құнды рисале. Уақытша нәрсенің уақытша екенін мойындап бақи болуды аңсайтын жандар бұл рисалені қызыға оқиды деп ойлаймын.
ТӨРТІНШІ ЛЕМА..................................................................19-26
«Минһәж-ус сунна» деп аталатын Пайғамбарымыздың сара жолын түсіндіретін маңызды рисале. Шийттер мен Сунниттердің арасындағы ғасырлар бойы шешімін таба алмай келе жатқан дау-дамайды, атап айтсақ Пайғамбарымыз дүниядан өткеннен кейін орнына кім халифа болуы керек еді деген тартыс туғызған мәселені жан-жақты қолға алып, нақты шешімін көрсететін өзі алдына бір құнды кітапша.
Осы ұлы аяттың терең ақиқаттарының екі үлкен мәселесін "төрт нүкте" арқылы тәпсірлейді. Бұл кітапша сунниттерге де,
шийттерге де өте пайдалы, таптыра бермейтін құнды еңбек. Нағыз "Минһаж-ус Суннет" яғни Пайғамбарымыздың сүннет жолын көрсетіп алауыздықты қоюға, татулыққа, ауызбіршілікке шақырады.
БЕСІНШІ ЛЕМА...................................................................27
Жазылмаған. 27-бетке қара!
АЛТЫНШЫ ЛЕМА..............................................................27
Жазылмаған. 27-бетке қара!
ЖЕТІНШІ ЛЕМА...........................................................28 - 39
«Фәтх» сүресінің:
дейтін соңғы үш аятын тәпсірлейді. Оның да керемет он шақты қырының тек ғана ғайыптан хабар беретін тұсының сегіз жағын баяндайды. Осы үш аяттың өзі керемет мұғжиза екенін дәлелдейді. Соңында,
Аятының маңызы зор, терең сырын ашып ғайби хабарларына ишара қылады. Қорытынды бөлімінде, Қасиетті Құранның "тәуафук" (Сәйкестік. Әріптерінің өзара дәлме-дәл келіп, ұйқастығы)
Тұрғысындағы таңғажайып жақтарын көрсетіп керемет, терең сырын баяндай отырып белгілі бір мағынада Құран Кәрім толығымен фатиха сүресінің ішіне, ал «Фатиха» сүресі "Бисмиллаһ" сөзінің ішіне, ал "Бисмиллаһ" болса «Әлиф, Ләм, Мим» яғни үш әріптің ішіне орналастырылғанын баяндайды.
СЕГІЗІНШІ ЛЕМА....................................................................39
Османлыша кітапта жарияланғандықтан бұл жерге енгізілмеді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА ............................................................39
Османлыша кітапта жарияланғандықтан бұл жерге енгізілмеді.
ОНЫНШЫ ЛЕМА...............................................................40-48
Аятының бір сырын, Құранға қызмет етіп жүрген жолдастарының адам болғасын қателесіп, жаңылғанда тартқан жазасын жаза отырып, оны жоғарыдағы аятпен ұштастырып, аяттың бір сырын осылай тәпсірлейді.
Иә, бұл рисале екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, Құранның адал да хас қызметшілерінің қателескен кезде ескертпе шапалақ жегені баяндалса, екінші бөлімінде, сырт көзге дос, іштей дұшпан кісілердің әдейілеп жасаған қастықтарына орай көрген зәбірлері жазылар еді. Бірақ, босқа кейбір кісілердің көңілін ренжітпеу үшін ондай жүздеген оқиғалар іріктеліп тек он бесі ғана жазылды. Екінші бөлімі жарыққа шықпады. Шапалақ жегендер өз ризашылығымен мойындап, астына қолын қойған. Мен де бес шапалақ жедім, өз қолыммен жазып бердім. Басқалар да өздері жазды, ал кейбірі жазылған соң, құптады. Үлгі ретінде бірнешеуін жазып соған қанағат еттік. Әйтпесе ондай оқиғалар баршылық. Бұдан біздің көзіміз жеткені: Бұл қызметте жәй, әншейін жүргеніміз жоқ. Бізді бір өткір назар жіті қадағалап, қорғаштап, мұқият желеп-жебеп отыр. Ол рисаленің соңында
اَلظُّلْمُ لَا يَدُومُ وَالْكُفْرُ يَدُومُ сырына қатысты бір ақиқат баяндалып, қызметімізге әдейілеп қастандық жасаған дінсіздер, бұл дүнияда жазасын тартатын болады, кейбіреуі тартып та жүр. Ал, діннен бездіру, адастыру үшін тиіскендер бірден жазаланбай кейінге қалуының себебін, хикмет-сырын түсіндіреді.
ОН БІРІНШІ ЛЕМА.............................................................49-61
Ардақты Пайғамбарымыздың көркем сүннетін әдемілеп алдыңа жайып салатын, сонымен қатар бидғат дейтін кеселден
қалай құтылудың жолын көрсететін құнды рисале.
Аяттарының өте маңызды екі ақиқатын "он бір нүкте" арқылы тәпсірлейді.
БІРІНШІ НҮКТЕ.
Киелі хадистің сырын ашады
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Имам-ы Раббанидің (р.һ.) "Пайғамбарымыздың көркем сүннетін ұстану ең ұлы да үлкен тариқат, өте сенімді жол" дегені туралы айтылады.
ҮШІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің маңыздылығы жайлы айтқан Имам-ы Раббанидің сөзі өте дұрыс екені туралы баяндайды.
ТӨРТІНШІ НҮКТЕ. اَلْمَوْتُ حَقٌّ ақиқаты ашқан есіктен кіріп, таңғажайып әлемге рухани саяхаты туралы айтылады.
БЕСІНШІ НҮКТЕ.
аяты нақты білдіргеніндей, Аллаһқа деген сүйіспеншілік, Оны жақсы көру Пайғамбарымыздың көркем сүннетін ұстануды талап ететіні туралы айтады.
АЛТЫНШЫ НҮКТЕ.
деген хадистің бір сырын ашады және
деген аяттың бір ақиқатын тәпсірлейді.
ЖЕТІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің қандай да бір мәселесін алсаң, адамға әдептілікті үйрететін жағы болатынын баяндайды. Әрі мына бір сұраққа тамаша жауап беріледі: "Бәрін білетін Аллам-ул Ғуюбтың алдында пенде қалай әдеп сақтайды? Одан жаман қылықты жасыру мүмкін емес қой?"
СЕГІЗІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің бір бөлігі Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мейірімінің сәуле шуағы екені, сондай-ақ, Пайғамбарымыздың өзі мейірім бұлағы екені баяндалады.
ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің барлық түрін толығымен орындап жүру, таңдаулы да ерекше тұлғаларға нәсіп болар, дегенмен оны ниет қылып, қолынан келгенше тырысып бағу, ең азы дұрыстығын қабылдау, жақтасу, емірену, қызығу әркімнің қолынан келетіні, оның өзі сауап екені айтылады. Және тариқатшылардың зікірлері, әурад яғни дұға-ережелері, ұстанымдары сүннеттің негізіне қайшы келмейтін болса бидғат саналмайтыны, саналған күнде хасен яғни жақсы, болымды екені баяндалады.
ОНЫНШЫ НҮКТЕ.
Аллаһқа деген сүйіспеншілік жайлы және соның нәтижесінде Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану қалай болмақ, міне осы туралы баяндайтын үш бөлімнен тұратын аса маңызды, қызықты тақырып.
ОН БІРІНШІ НҮКТЕ. Ардақты Пайғамбарымыздың көркем сүннетінің бұлағы үшеу екені, яғни Оның айтқан сөздері, хал-ахуалы және іс-әрекеті. Олар да өз арасында парыз, нәпіл және әдет болып бөлінетіні туралы айтады. және Құранда وَاِنَّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يمٍ дегендей Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамзаттың рухани тұрғыдан ең абзалы болғаны секілді, мінез-құлық, ақыл-ой, сезімдері жағынан да аса керемет, кемел тұлға болғаны дәйекті түрде баяндалады. Бұл рисале шынымен өте жанға пайдалы дәрі, рухани шипа.
ОН ЕКІНШІ ЛЕМА..........................................................62-69
аяттарының екі ақиқатын қолға алып, оған қазіргі заманның география, астрономия ғалымдарының сын тағуы орынсыз екені екі нүкте арқылы әшкереленеді.
БІРІНШІ НҮКТЕ. Барлық ризық, несібе тікелей Аллаһтың қолында екені, ол рахым қазынасынан шығатыны айтылып, аштан өлу жоқ екені дәлелденеді.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Құдайға сенбейтін географтар мен философтарға қарсы, Жер шарының жеті қабат екенін және аспанның да жеті қат екенін астрономия ғылымының ғалымсымақтарына жеті тұрғыдан дәлелдеп береді. Бұл рисале діннен безген оқымыстылардың аузына құм құяды.
ОН ҮШІНШІ ЛЕМА...........................................................70-89
"Хикмет-ул Истиязе" яғни шайтаннан Аллаһқа сыйынудың хикмет сырын баяндайтын өте қымбат әрі қуатты ақиқаттар жинағы.
сүресінің терең бір ақиқатын
аятының маңызды хикметін, اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ сөзінің терең сырын "он үш ишара" арқылы тәпсірлеп, оқырманының қолына он үш кілт беріп قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ аятының мықты қорғанына кіретін жол көрсетеді.
БІРІНШІ ИШАРА. Әлемде бір нәрсе жарату шайтанның қолынан келмесе де және қисық жол мен күпірліктің жағымсыз нәтижелері кәпірлердің өзін жиіркендіріп жатса да, сондайақ, хақ пен ақиқаттың жанға жайлы жағымды жақтары тура жолдағыларды құлшындырып тұрса да, неліктен көбіне шайтанның жақтастары хақты жақтаушыларды жеңіп кетіп жатады? деген сұраққа қанағаттандырарлық, нақты жауап беріледі.
ЕКІНШІ ИШАРА. Жамандыққа тұнып тұрған шайтандардың болмысы және олардың имандыларға тиісуі, соның кесірінен көптеген адамның кәпір болып тозаққа түсуі өте жағымсыз әрі үлкен қасірет. Рахим-ы Мұтлақ, Рахман-ы Билхақ, аса Мейірімді Аллаһтың рахымы мен жамалы мұндай сұмдыққа неге жол береді? деген сұраққа өте қуатты да қанағаттандырарлық жауап.
ҮШІНШІ ИШАРА. Хикмет толы Құранда адасқандардың үстінен шағым айтылып, қайта-қайта қатаң ескертулер жасалып, мәселеге жиі оралады. Бұл әрине сырт көзге оғаш секілді. Құранның әділдігіне, орынсыз сөйлемейтін шешендігіне, турашылдығына жараспайды. Бұл, бейне бір қолынан түк келмейтін бишара біреуден үрейленіп бір армияны дүрліктіру сияқты. Ешнәрсеге ие емес әлсіз адамды құдіреті күшті, қолынан бәрі келетін біреу сияқты шағымданудың хикмет сыры не? - деген сауалға маңызды да нақты жауап береді.
ТӨРТІНШІ ИШАРА. Жалпы жоқ болу өте жаман нәрсе, ал бар болу өте жақсы нәрсе болып табылатындықтан кемелдік пен әсемдік бар болу жақта, ал жамандықтар мен қиыншылықтар жоқтың жағында, соның кесірінен, жоқ нәрсенің салдарынан жамандықтар пайда болатыны айтылады.
БЕСІНШІ ИШАРА. "Хақ Тағала, көктен түскен кітаптарында адамзатқа жәннат дейтін орасан зор сый-ақы беремін, қарсыласқандарды жәһаннамға салып азаптаймын дейді, сонымен қатар жақсылыққа жөн сілтеп, ынталандырып, жамандықтан тыйып, қатаң ескерту жасап жатса да, иман келтіргендер шайтанның түкке тұрмайтын, жағымсыз да пайдасыз арбауына түсіп, Аллаһқа қарсы шығуының сыры не?" деген маңызды сұраққа нақты жауап береді.
АЛТЫНШЫ ИШАРА. Шайтанның өте қауіпті де жиі қолданатын қаруы мынау: күпірлікті жәй ғана ойласа, оны растап мойындағандай көрсету, тура жолдан адасуды пікірлесе оны қабылдағандай көрсету. Осылайша кірпияз, аңқау да көңілшек кісілерді қауіпті жағдайға салып қояды. Мұндай шайтани шабуылға ғылыми, қисынды да ақиқи жауап береді.
ЖЕТІНШІ ИШАРА. Мұғтәзилә ағымының имамдары жамандықты жарату жаман деп қабылдайтындықтан Аллаһ күпірлікті, адасуды жаратпайды дейді. Өздерінше Аллаһты осылай пәктеген болады. мұғтәзиләшілдердің осындай өзекті мәселелеріне, сондай-ақ, мәжусилердің нанымы бойынша жамандықты жарататын өзіндік бөлек Құдайы бар деген пікіріне нақты да қисынды толық жауап беріледі. һәм, "үлкен күнә істеген адам имансыз" дейтін Мұғтәзилә мен кейбір Хариджиттерге қарсы ақылға қонымды да көз жеткізетін жауап.
СЕГІЗІНШІ ИШАРА. "Кейбір кітаптарыңызда, күпірлік пен адасу жолының өте мүшкіл де қиын, ол жолға ешкім түспеуі керектігін, ол жолда жүру мүмкін еместігін, ал иман мен тура жолдың анық та жеңіл, сондықтан бәрі сол жолға түсу керектігін айтқан болатынсыз. Басқа бір кітабыңызда адасу оңай, ол адамды бұзу, ақысын жеу болғандықтан көпшілік сол жолды таңдайды дейсіз. Бұл қарама-қайшылық!" деген сұраққа қызық та қисынды жауап беріледі. Және: "Адам хақ жолдан адасқан кезде үрей мен қайғы басатыны сондай, өмірде қызық көрмек түгіл қорқыныштан жүрегі жарылып кетуі керек еді, бірақ кәпір өзін мұсылманнан да артық бақытты сезінуінің себебі не?" деген сұраққа өте тамаша бір тәмсіл арқылы қанағаттанарлық жауап беріледі.
ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА. "Хаққа жақ тура жолдағылар, атап айтсақ әнбия, оның басында әлемнің мақтанышы Ардақты Пайғамбарымыз алейһиссалату уәссәләм, Аллаһтың жәрдемі мен мол мейіріміне бөлене тұра шайтан жақтастарына кейде жеңіліп қалуының себебі не? Сондай-ақ, «ең соңғы Пайғамбардың күндей жарқын пайғамбарлығы келгенде Мәдинаның мүнапықтары Исламды қабылдамай, адасып қисық жолда жүре бергені несі? Мұның хикмет-сыры неде?» деген әркімді ойландыратын сұраққа тамаша да керемет нақты жауап.
ОНЫНШЫ ИШАРА. Ібіліс өзіне ергендерге өзін неге жоққа шығартады? Міне, бұл рисаледе оның бетпердесін ашып сұрқия да сұмпайы жүзін көрсетіп, оның бар екенін нақты дәлелдейді.
ОН БІРІНШІ ИШАРА. Адасқандардың қылықтарына бүкіл әлем ашуланатынын, табиғи апаттар солардың кесірінен пайда болатынын Қасиетті Құран ғажайып түрде хабар береді. Бұл рисале сол туралы сыр шертеді.
ОН ЕКІНШІ ИШАРА. Төрт сұрақтың жауабы. «Шектеулі өмірде жасаған белгілі бір күнәға шексіз азап шегу, мәңгі тозақта қалу әділдік пе?», "Шариғатта айтылады: Жәһәннам істелген амалдардың жазасы, ал Жәннат олай емес, ол Аллаһтың асқан мейірімі деп. Мұны қалай түсінеміз? "Жамандық айналаға жайылып кететіндіктен пенде бір жамандық жасаса мың есе жазылуы керек, ал жақсылық жасаса біреу деп жазылуы керек. Бірақ керісінше жамандықты біреу ғана, ал жақсылықты он есе жазуының хикметсыры не?" Һәм, "Қисық жолдағылардың табысқа жетуі, әрі қуатты болуы, апырым-ай, тура жолда жүргендің адасқанынан, кемшілігінен бе екен?" деген төрт сұрақтың қысқа да нұсқа жауабы.
ОН ҮШІНШІ ИШАРА. "Үш Нүкте"..................................87-89
БІРІНШІСІ: Сұм Шайтан, иман ақиқаттарының ауқымдылығын пайдаланып, пікірі таяз, ақылы саяз адамдарды сол жағынан азғырады. Бұл рисаледегі ақиқат, сондай әзәзіл адам мен жын шайтандарының аузына құм құяды.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Шайтан қателескен адамға қатесін мойындатпау арқылы Аллаһтан кешірім сұрап, Оған сыйынып, жалбарынуға жол бермейді. Сосын адам менмендігі қозып өзін барынша ақтауға тырысады. Құдды ешқашан қателеспейтін секілді. Бұл рисале сол туралы түсіндіріп, әркімді қанағаттандырады. Қателігін көрмеу жіберген қателіктен де үлкен қателік екенін, ал қателескенін білудің өзі дәреже екенін, тіпті ондай адамды қателесті деуге болмайтынын баяндайды.
ҮШІНШІ НҮКТЕ. Мүминнің бір жамандығына бола жасаған жақсылығын жоққа шығарып, оған дұшпан болу қоғам өмірін бұзатын шайтани қылық екені баяндалады. Әркім әсіресе мінезі қатал, кінаратшіл адамдар мұндай жағдайда ертең қияметте болатын Аллаһтың нағыз әділ таразысын пайдалану керектігі айтылады. Міне, бұл рисале он үш ишара арқылы адам мен жын-шайтандарының жолына тосқауыл болғаны секілді قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ сүресінің қорғанына тығылу үшін адамға он үш жол көрсетеді
Бұл рисалеге ұқсас екі маңызды рисале бар. Біреуі Жиырма тоғызыншы Мектубтың алтыншы рисалесі, ол да мұсылмандарға мықты қорған. Екінші қорған, Жиырма алтыншы Мектубтың «Хүджжәт-ул Құран алаш Шайтани уа хизбихи» деп аталатын рисале. Осы үш рисале бір-бірімен байланысты. Бұл заманда имандыларға аса қажет екенін айта кетейін. Бірақ, бұл рисалелерді Құранға адал, шын берілген кісілерге беру керек деп ойлаймын. Бидғатқа жақ, адасқан немесе саясатпен ауырған кісілерге бермеген дұрыс. Әсіресе, «Худжумат-ы Ситте» рисалесіне бұрыңғы Саидтың сөздері араласқандықтан хас шәкірттеріме, адал бауырларыма тиесілі деп ойлаймын. Әзірге хақты тыңдамайтын, ақиқатты қабылдамайтын кісілерге көрсетпеген жөн. Ол ең таңдаулы деген, ұстазға жақын кісілерге арналған.
ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМА.........................................................90-102
Екі бөлімнен тұрады
БІРІНШІ БӨЛІМ.................................................................90-95
Ардақты Пайғамбарымыздан: «Жер ненің үстінде тұр?» деп сұраған екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): عَلَى الثَّوْرِ وَالْحُوتِ деп жауап беріпті, яғни "Өгіз бен Балықтың үстінде". Осы хадис жайлы тартыс көп. Бұған география пәнінің мамандары сенбей, Құдай сақтасын, хадиске шәк келтіруде.
Міне, бұл рисаленің бірінші бөлімі әлгі хадистің мәнмағынасын жан-жақты қарастырып, тамаша қылып түсіндіргені сондай сенбеген адамның кішкене ұяты болса, әрі географияшы пенденің ақиқатқа ниеті болса, бұл хадистің мұғжиза екенін яғни таңғажайыптығын дереу мойындар еді. Себебі, жауаптар нақты әрі толық қанағаттандырарлық.
ЕКІНШІ БӨЛІМ................................................................96-102
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінің маңызы зор бес-алты сырын ашады. Және بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзі Құранның өзегі және мазмұны әрі кілт қызметін атқаратынын айтады. Ол - жерден сонау көкке дейін созылып жатқан нұрлы да киелі арқан секілді, сонымен қатар мәңгі бақыттың есігін ашатын кілт әрі әрбір іске береке-құт беретін нұр-бұлақ екенін баяндайды. Осы екінші бөлімі ең бірінші рисале болған Бірінші Сөзбен ұштасып жатыр. Бейне бір Рисалей-Нұр кітаптарын бір шеңбер ретінде қарастырсақ ең соңы басымен осы بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзімен жалғасып жатыр. Және бұл жерде «Алты сыр» емес отыз сыр жазылуы керек еді. Әзірге алтауымен шектелген. Қысқа екені рас, дегенмен ішінде ауқымды да терең ақиқат жатыр. Бұл тақырыпты мұқият оқығандар بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзінің неткен қымбат, киелі қазына екенін түсінеді.
ОН БЕСІНШІ ЛЕМА............................................................103
Рисалей-Нұр топтамасының Сөздер, Мектубат және он төртінші Лемаға дейінгі бөлігінің мазмұны. Әрбір рисаленің мазмұны өзінің соңғы жағына жазылғандықтан бұл Лема да жазылмай қалды.
ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМА................................................103-112
Маңызды мәселелер туралы сұраған кейбір сұрақтарға жауап. Мысалы, өте ойландыратын төрт сұрақтың жауабы.
БІРІНШІ САУАЛ. "Жақында әһл-і сүннет уәл жамағат үлкен жеңіске жетеді"-деп қуанышты хабар берген әулиелердің айтқаны болмай қалуының себебі не?
ЕКІНШІ САУАЛ. Рисалей-Нұрдың авторы өзін қыспаққа алған дүнияқұмарларға қарсы шығудың орнына оларға дүниялық тұрғыдан тиіспеуінің себебі айтылады.
ҮШІНШІ САУАЛ. Англия, Италия елдерінің Түркияға соғыс ашқысы келгенде ұстаз соғысқа қатты наразы болады. Негізінде ол, халықтың қайрат-жігерін оятып Ислами отан сүйгіштікті қоздырып діннің жандануына, бидғаттардың азаюына себеп болар еді. Міне, бұл рисале осы мәселенің себеп-салдарын түсіндіреді.
ТӨРТІНШІ САУАЛ. "Қолыңыздағы нұр кітаптарын әркімге көрсетпей, шәкірттеріңізге сақ болуына кеңес бересіз. Жұрт бұл нұрдың пайдасынан құр қалып жатқан жоқ па?" деген сауалға өте тамаша жауап. Соңында "Лихие-и сағадат" жайлы яғни Ардақты Пайғамбарымыздың шаш-сақалы туралы сұраққа еш күмән қалдырмайтын жауап беріледі. Одан кейін кәпірлердің бұрыннан бері тиісіп келген үш мәселеге тоқталып оны да нақты жауаптармен қанағаттандырады.
БІРІНШІ СҰРАҚ.
аятының бір мағынасы: "Зүлқарнайн Күннің ыстық та батпақ бір суға батқанын көрді" дейді. Мұны қалай түсінеміз?
ЕКІНШІ СҰРАҚ. Зүлқарнайнның салдырған қорғаны қай жерде? Яджуж Мәджуж деген кімдер?
ҮШІНШІ СҰРАҚ. Хазіреті Иса пайғамбар ақырзаманда келіп, Дажжалды өлтіретіні жайлы сұрақтарға керемет тұщымды жауап беріледі. Бұл рисале һәм имандылардың иманын нығайтады, һәм өзінің сөз саптау шешендігімен ақын-жазушыларды таңғалдырады, һәм діннен безгендердің үнін өшіріп, сазайын
тартқызады. Соңына таман "Муғаибат-ы Хамсе", яғни Пайғамбарымыз айтқан бес ғайыптың екеуі туралы сұралған маңызды сұраққа маңызды жауап беріледі.
ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМА.....................................................113-138
«Зүхре» атты еңбегінен алынған «Он бес тұжырым»
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Нәпсінің құмартқан уақытша, пайдасыз нәрселерінің ақиқатын ашып көрсетіп, жүзін ақыретке, мәңгілікке бұрады.
ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Құранның қағидасы бойынша, мұсылмандар кішіпейіл болып, тәкәппар болмауы керектігі баяндалады.
ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. كُلُّ اٰتٍ قَر۪يبٌ дегендей, өлімнің ақиқатын тамаша түрде бір тәмсілмен суреттеп ықыласқа зақым беретін арман-қиялдарды күл-талқанын шығарады. Сөйтіп әр істі Хаий-ы Қаюм, Бақи уә Дайым уә Биадиһ-ил Хайыр болған Аллаһқа тапсыру керектігі баяндалады.
ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Аллаһтың бекіткен заңы болған жыл мезгілдері ауысып, ғасырлар өткенмен көп нәрселер қазқалпында жаңаруы мына әлем ағашының кемел жемісі адам баласының да махшарда дәл солай, қаз-қалпында жаратылатынын дәлелдейді.
БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Мына пәлекеті көп, бүлінген ғасырдың ең сұмдық бәлесі және адамды діннен бездіретін нәрсе, жағымсыз мәдениет екенін айтып, сол мәдениеттің не екенін әшкерелеп, бетін жауып тұрған пердесін ашып тастап жәһаннамға ұқсайтын болмысын Құранның нұрымен жан-жақты көрсетеді. Имандылардың оған әуес болмауын ескертіп, тіпті жиіркендіріп, ол бір жұқпалы ауру екенін анықтап Құранның емханасына алып зәм-зәм дәрісін ішкізеді.
АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Нәпсі мен шайтан кәпірлердің сан жағынан көптігін және олардың кейбір иман ақиқаттарын жұмыла жоққа шығаруын көлденең тартып күмән туғызады. Бұл рисале сондай күмән, шүбәлардың, және дінге келгенде
немқұрайлықтан сақтап, күдік қалдырмайтын тамаша ақиқат бір мысал баяндайды. Шәк-шүбә тамырын шауып, орнына жәннаттың иман ағашын егеді.
ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Ислам қоғамына өте зиян, бірақ батыс өркениетінде бақыт саналатын, зұлымды да зұлымат дүнияқұмарлыққа имандыларды қызықтырып жүрген жылпос белсендісымақтарды Құранның алмас қылышымен бастарын шауып өлтіріп тастайды. Сонымен қатар діннен безейін деген немесе пасықтыққа бой алдырған имандыларды Қасиетті Құранның ауруханасына жатқызып емдеп жазады.
СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ. وَسِعَتْ رَحْمَتُهُ كُلَّ شَىْءٍ сөзінің бір сырын, وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪ сөзінің бір ақиқатын, اِنَّمَٓا اَمْرُهُٓ اِذَٓا اَرَادَ شَيْئًا اَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ аятының бір қағидасын,
аятының бір нүктесін тәпсірлеп, ғаламдағы барлық зат зәрреден бастап Күнге шейін белгілі бір міндет атқаратынын, әр нәрсенің іс-әрекеті тағдырдың жазуымен болатынын және Мейрімі мол Аллаһ әркімнің міндетінің ішіне сыйақы ретінде бір ләззат салып қоятынын дәйекті түрде түсіндіреді. Жаратылыстың ең абзалы, тірі-жандардың жоғары мәртебелісі, жердің халифасы адам, егер жалқауланып ғапыл өмір сүрсе тастан бетер жансыз, шыбыннан бетер қансыз болатынын қатаң ескертіп, адамдарды өз міндеттерін атқаруға шақырады. Және Аллаһтың мұтлақ улухиятын яғни барлығын бір өзі басқарып, бағындыратынын дәлелдейді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Аллаһ Тағала өзінің жомарттығымен әлемдегі жақсылық пен кемелдік атаулыны адамзаттың асылдары пайғамбарлар арқылы көрсеткен. Оларға мойынсұнғандар жақсылыққа, кемелдікке, нұрға қауышып бақытты болады. Және құлшылық тұрғысынан да кіп-кішкене адам мазмұндылығымен, және әлгі мойынсұнудың сырымен
аузынан шыққан бір ауыз "Аллаһу Акбар" сөзі жер шарының айтатын үлкен "Аллаһу Акбар" сөзіне айналатынын баяндайды. Осылайша діннің қасиеттілігін, иманның кереметтігін ашып көрсетіп, дінге қарсы болу ол адасу, бәле, күллі зиян екенін нақты дәлелдейді.
ОНЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ. Хақ Тағаланың мағрифат нұрын көрудің, оның аяттары мен куәгер айналарындағы дәлелдердің белгі нышандарын тамашалаудың үш түрі бар дейді. Бірі, су секілді, кейбірі ауа секілді, ал кейбіреуі нұр секілді. Оған қалай жақындау керектігін қайтсе алыстайтынын баяндайды.
ОН БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Қасиетті Құранның сөзінде мейірім мен қамқорлық болуының хикметін, және Құранның сөз саптауындағы үндестік, сөздерінің судай төгіліп тұруы шынайы екендігін айтады.
ОН ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Пайғамбарымыздың مُوتُوا قَبْلَ اَنْ تَمُوتُوا дегеніндей كُلُّ اٰتٍ قَر۪يبٌ сырымен өлім мен қабірдің мәнісін ашып жүгенсіз нәпісіні тоқтатады. Және мына сұмдық ғасырда қамшының сабындай келте өмірде адамды мәңгі бақытқа бөлейтін іс-амал, адал қызмет пен мол сауап, және иманды күшейтудің ең тиімді жолы Рисалей-Нұр шәкірттері секілді имандылыққа қызмет ету екенін айтады. Ол жерде ілім ізденушілер ескеретін құнды қағида баяндалады.
ОН ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Адамдарды шатастырып жүрген "бес мәселе
Біріншісі.
сырымен хақ жолда жүріп, тура жолға шақырушылар өзінің міндетін атқарып Аллаһтың ісіне араласпауы керектігі айтылады. Ашкөздіктің кесірінен өзінің құл қызметші екенін ұмытып, өзін билеп-төстеуші секілді сезінуден сақтандырып, әркім әлін білу керектігін баяндайтын жалпыға қажет мәселе.
Екінші мәселе. Құлшылықтың себебі Аллаһтың әмірі, ал нәтижесі Аллаһтың ризашылығы, ал пайдасын болса ақыретте
көретінін айтады. Егер дүниялық пайдалар мен табыстар құлшылықтың басты себебі, немесе ұйытқысы болса сауабын кемітетінін баяндайтын ғибадаттың ақиқатын үйрететін маңызды да қажетті мәселе.
Үшіншісі.
Киелі хадистің керемет бір қағидасын тамаша тәмсілмен түсіндіре келе, құлшылықтың негізі, пенде өзінің әлсіз, пақыр кемшін екенін білу және Аллаһқа жалбарыну, одан рақым күту екенін айтады. Сондай-ақ, әр істе ықылас болатындықтан адам бір іс-амал жасарда Аллаһтың ризашылығын ойлап, нәтижеге араласпаса жоғары мәртебеге көтерілетінін баяндайтын маңызды мәселе.
Төртінші мәселе.
Аятының ишари мағынасы бойынша Аллаһты еске түсірмейтін, Оның атымен берілмеген нығметті алып жеу дұрыс еместігін, егер аса мұқтаж болса сыртқы себептердің артынан Аллаһтың рахымын көріп, "бисмиллаһ" деп алуға болатынын айтады. Сондай-ақ, "иқтиранды" яғни екі нәрсенің қосарланып келуін басты себеп деп қабылдамау керектігін түсіндіріп назарды Мүним-ы Хақиқи Аллаһқа аударады.
Бесінші мәселе. Көпшіліктің еңбегінің жемісін басшысы алса, ол қиянат әрі зұлымдық екені жайлы айтады. қандай да бір ұстаз немесе пірдің Иләһи нұрға себеп, айна, ұйытқы ғана екенін, бірақ қайнар көз, бұлақ деп ойламау керектігі тамаша бір мысалмен дәлелденіп ақиқатқа есік ашып жөн сілтейді.
ОН ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Тәухид туралы төрт кішкене рәміз.
Бірінші Рәміз. Ақылы таяз, дұрыс ойлай алмайтын себепке табынушы адамның назарын Иләһи уахданияттың дәлелдеріне аударады. Әдемі мысал келтіріп зіп Аллаһтың жалғыз екенін дәлелдейді.
Екінші Рәміз. يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى сөзінің бір сырын тәпсірлеп, дүнияға ғашық пендеге кімге ғашық болып, кімге табыну керектігін, нағыз ғашықтық қалай болатынын көрсетеді.
Үшінші Рәміз. Мәңгі өмірге үміткер, мерейі үстем, дәрежесі жоғары адамзаттың сезім-қабілеті кейде түкке тұрмайтын әуестік пен нәпсіге беріліп кетеді. Бұл рисале сондай жағдайдағы адамды ескертіп, қорқыту арқылы оятатын терең ақиқаттың бір ұшы.
Төртінші Рәміз. Адамды бітпейтін арман жетелеп, шұбатылып жатқан қиял шырмап алған кезде тамаша мысалымен құтқарып «Лә иләһа иллаллаһ» қасиетті сөзін айтқызып нұр қазынасына қарқ қылады.
ОН БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ. "Үш мәселе"
Біріншісі. Аллаһтың "Хафиз" есімінің сәулесіне ишара қылатын
Аятын тәпсірлейді. Қара жерге көмілген тұқымдардың қалайша қаз-қалпында сақталып келесі көктемде қайта тірілетіні секілді адам баласының да өліп жер қойнауына көмілгенмен махшар таңы атқанда қайта тірілетінін тілге тиек етеді.
ОН СЕГІЗІНШІ ЛЕМА.......................................................138
Келешекте басқа кітапқа енетіндіктен бұл жерге жазылмады.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА...........................................139-147
дейтін қасиетті Аятты "жеті нүкте" арқылы тәпсірлеп, үнемшіл болуды бұйыратын, ысырап пен бекерге мал шашпақтан тыятын, әсіресе бұл заманның адамдарына өте пайдалы хикмет дәрісін беретін құнды рисале.
БІРІНШІ НҮКТЕ. Аллаһ Тағала адамзатқа тарту еткен нығметтерінің орнына шүкір сұрайтынын, және үнемшіл болу нығметті құрметтеу, Құдайға шүкір ету әрі берекеге себеп болып табылатынын, ал ысырап болса Хақ Тағаланың нығметтерін қадірлемеу, олардың дәрежесін құнын түсіру болып саналатынын, ақырында жамандыққа апаратынын айтады.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Адамның денесі сарай іспеттес, асқазан сол сарайдың мырзасы, тіл болса ауызға түскендерге қызмет ететін есікші. Жеген тағамның ләззаты белгілі мөлшерден аспау қажеттігі, жалпы үнемді пайдалану денсаулыққа пайдалы екені, ал ысырап қылып, көп ішіп-жеу денсаулыққа зиян, ауру туғызатыны баяндалады.
ҮШІНШІ НҮКТЕ. Дәм сезу қабілеті денемен ғана шектелмей ақыл, рух, қалб секілді сезімдермен тығыз байланысты болғандықтан ысырап қылмаса, кедейленіп қаалмайтын болса және Құдайға шүкір ететін болса тәтті тағамдарды жеуге болатынын Хазіреті Шах-ы Гейланидің кераматын мысал келтіріп түсіндіреді. Шүкірдің шыңына шығу үшін денені рух, нәпсіні қалб, асқазанды ақыл басқару керектігін айтады.
ТӨРТІНШІ НҮКТЕ. Үнемділік береке әкелетіндіктен үнемшіл жандар рахат әрі абыройлы өмір сүретінін, ал ысырап кедейлендіріп тіпті тіленші қылып, ар-намыс бәрінен айырып тіпті діни парыздарды пида етуге дейін апаратынын айтады.
БЕСІНШІ НҮКТЕ. Өте қызықты бал оқиғасын айтып отырып үнемділіктегі абырой мен берекенің, ал ысырап көп нәрседен мақұрым қалдыратынының сырын тамаша түсіндіреді.
АЛТЫНШЫ НҮКТЕ. Қолы тар, сараңдық пен үнемшілдік бір-біріне мүлдем басқа екенін Хазіреті Омардың (р.һ.) ұлы Абдуллаһтың (р.һ.) бастан кешкен оқиғасымен түсіндіреді.
ЖЕТІНШІ НҮКТЕ. Ысырап адамды ашкөз қылатынын, ашкөздік болса қанағатсыз қылатынын, қанағатсыздық көп нәрседен құр қалдырып әрі ықыласты зақымдайтынын керемет түсіндіреді.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМА.........................................148-158
илә ахир... аяты және
Киелі хадистің талабы бойынша дін Исламда ықылас өте маңызды әрі зор маңызға ие екеніне тоқталып, оның көптеген мән-жайын ашып бір мағынасын "бес Нүкте" арқылы тәпсірлейді.
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Неліктен дүнияқұмар, ғапылдар, адасқан кәпірлер сүттей ұйып ынтымақтасып жатады, ал тура жолдағы хақ иелері алауыз күй кешеді? - деген сұмдық әрі ішіңді удай ашытатын сұрақтың жеті себебін атап тұрып тұшымды да шешімді жауап береді.
ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМА........................................159-167
Аятын тәпсірлейді. Ықыласты болу үшін не істеу керектігі, нендей ережелерді орындау қажеттігі және оған қол жеткен соң қалай сақтап қалуға болатыны жан-жақты керемет түсіндіріліп маңыздылығына орай он бес күнде қайталанып оқылып тұруын және төмендегі ережелердің қатаң сақталуын бұйырады.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ. Тек Аллаһтың ризашылығын мақсат қылу.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ. Бәсекелесуді қойып өзара ауызбіршілікті нығайту.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ. Ықыластың маңыздылығын білу және бұл қызметтің бақылаушылары бар екенін білу.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ. Бауырлар өзара тату, бір-біріне жанын беретіндей пәни болу керектігі және ықыласты болу үшін өлімді жиі ойлау керектігі және өзін Аллаһтың алдында тұрғанын сезіну
екені, сонымен қатар ықыласты бұзатын нәрсе дүнияуи арманқиялға беріліп мәңгі өмір сүретіндей сезіну екені айтылады.
КЕЙБІР БАУЫРЛАРЫМА ЖЕКЕ ЖАЗЫЛҒАН ХАТ......................................................167
Бидғаттар көбейген кезде Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте маңызды екені және Рисалей-Нұрды жазудың (оқудың) бес түрлі ғибадат саналатыны айтылады.
ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМА.......................................168 -175
Аяттарды негізге алып ишари түрде Рисалей-Нұрдың жазушысына және Рисалей-Нұрға көпшіліктің қойған: "Сен дүнияқұмарлардың дүниясына араласпасаң да әйтеуір бір сылтау тауып сенің ақыретіңе неліктен тиісе береді?" деген сұраққа тамаша жауап беріледі.
Бірінші Ишара. Рисалей-Нұрдың жазушысы және Рисалей-Нұр күллі имандылардың әсіресе Спарта уәлаятының рухани дамуына, имандарының өркен жаюына бірден-бір себеп болғандықтан, әлгі сұрақтың жауабын дін үшін солар беріп, мені ақтауға мәжбүр. Сондықтан дінсіздерден мені қорғаштау халықтың, әсіресе Спарта уәлаяты жұртының міндеті екенін нақтылап көрсетеді.
Екінші Ишара. "Сен бізге неге ренжисің? Жағдайыңды айтып өтініш білдірмейсің? Білесің ғой, біздің ұстанар қағидамыз бар. Заманауи қатаң ережелеріміз бар. Мына Республика заңына сәйкес өктемдік, үстемдік жасауға болмайды, оны түбірімен жоюға күресіп жатырмыз. Сен онымен санаспайсың, имандылар да мұны қабылдамайды дейсің. Сенің оқшаулануың, ерекшеленіп
жұрттың назарын аударуың және өкіметтің режиміне қарсы екенің белгілі. Бұл бай-шонжарларға тән әрекет. Бұқара халық оянды, социализм дәуірі басталды. Өктемшілдікке, үстемдік қылуға жол жоқ!" деген сауалға:
Ақиқатты зұлымдықпен жоқ қылу мүмкін емес
Онда жүректі жоқ қыл, қолыңнан келсе жоқ қылу, -
дегендей Аллаһ жарылқап маған имани уә Құрани ілім дарыған. Мұндай Иләһи жарылқауды жоқ қылуды тек адам бейнесіндегі шайтан ғана ойлайды. Егер бұл әрекеттерін үкімет білсе рұқсат бермейді дейді ұстаз. Ондай бассыздыққа тек Саид Нұрси емес, парқына барса күллі адамзат ашуланатынын, тіпті күллі әлем ренжитінін нақты түрде дәлелдейді.
Үшінші Ишара. Екі сұраққа толық жауап беріледі.
ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМА........................................176-194
Отыз бірінші Мектубтың Жиырма үшінші Лемасы яғни Табиғат рисалесі деп аталады. Табиғат жаратады, құбылыстар табиғи түрде болады, өздігінен, не себептердің салдарынан пайда болады деген кәпірлік ұғымды
Аятына сүйене отырып әшкерелеп, ақылға қонымды түрде, көзге шұқып тұрып мүмкін еместігін тоқсан айғаққа татитын тоғыз мысалмен дәйекті түрде дәлелдейді. "Табиғат рисалесі" жарыққа шыққаннан кейін ол кітапша туралы былай деген екен: "Атеизмнің, яғни құдайсыздық пікірінің бел омыртқасы сынды, енді қайтып тірілмейді".
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМА.....................................195-204
аяттарына сүйене отырып әйел заты орамал тартып, шариғатқа сай киінуі табиғи екені, солай жүруін олардың жаратылысы талап ететінін және діннен безгендердің айтқанындай ол бір қорлық, еркіндігін шектеу емес, керісінше оранған кезде өздерін емінеркін қауіпсіз сезінетінін, еркектердің арам ой, ала көздерден аман қалатынын, әйел затын қорлау емес үлкен құрмет екенін сондай-ақ от басында ерлі-зайыптылар тату-тәтті өмір сүру үшін де ықпалы зор екенін және ұрпақты көбейтуге болымды әсер ететінін нақты түрде, ақылға қонымды түрде өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
ИМАН ЖҮЗДІ АҚЫРЕТТІК ҚАРЫНДАСТАРЫММЕН СҰХБАТ 199-204
Рисалей-Нұрдың бір негізі мейірім болғандықтан және әйелдер мейірбан болғандықтан Рисалей-Нұрмен табиғи тығыз байланыста. Дегенмен теріс ағымдар сол мейірім қасиетіне ие жандарды адастырып мейірімін бұрысқа пайдаланып жатқанын, бақытты болудың жолы тек Ислам құндылықтарынан табылатынын баяндайтын мағынасы терең хат.
ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМА.......................................205-221
Бұл рисале:
аяттарын басшылыққа иманды кісіге дүниялық бәле, бәле еместігі, олардың кейбірі Иләһи ескерту, кейбірі Рахмани ілтипат, не болмаса күнәдан тазару екені айтылып, оны хадистермен
нақтылай түседі. Егер ауру-сырқау жағымсыз, жаман нәрсе болса Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру, бәле-жала, қиыншылық бермес еді дейді. Алайда дүнияда ең көп қиналып, жапа шеккендер пайғамбарлар мен әулиелер екен. Сонымен қатар
секілді шипа аяттарын тәпсірлеп, ауырып тұрған ағзаны меңіреу, естімейтін, көрмейтін дәрі-дәрмектер тәуір қылмайды, керісінше бәрін көретін, білетін аса мейірімді де қамқор бір Аллаһ шипа беріп, емдейтінін жиырма бес дәрі секілді жиырма бес тұжырыммен баяндайды
ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМА...................................222-267
Қарттарға арналған бұл рисаледе Құран мен иманның саясында қарттық шақ керемет суреттеліп, үміт сыйлайтыны сондай, қартайғанына өкініп жүрген бір қария оқып, түсінсе өкініштен арылып қартайғанына қуанар еді. Өйткені автор солай дейді. "Маған бір жыл қарттық өмірімді он жыл жастық шаққа айырбастайсың ба? - десе келіспес едім. Мен қартайғаныма ризамын. Қауіпті жастық шақтан құтылғаныма қуаныштымын".
ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ЛЕМА.............................................267
Болашақта басқа кітапқа енетіндіктен бұл жерге жазылмаған.
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМА...................................268-283
"Жиырма сегіз нүктеден" тұратын бұл рисаленің кейбірі осы жерге жазылып, кейбірі басқа кітапқа енгендіктен толық жазылмаған.
ЖИЫРМА ЕКІНШІ НҮКТЕНІҢ ЕКІНШІСІ...........268-269
Аятының терең мағыналарының үш жағын ғана алып Құранның керемет мұғжизалығына сай ғажайып түрде қысқаша баяндайды.
Бір шәкіртіне ұйқының түрлерін әрі сүннетке сай уақытын дұрыс пайдалану керектігін түсіндіретін құнды хат..........270
дейтін салауаттың керемет терең мағынасын қиялға ерік беріп, көркем түрде суреттейді................................................271
Хазіреті Мухиддиннің "Уахдет-ул Уджуд" жолын қазіргі адамдарға үйретудің қауіпті екенін, байқамаса діннен шығарып, иманға зиян беретінін ескертетін хат..................272
Тағы да Мухиддинге және "Уахдет-ул Уджуд" мәселесіне қатысты сұраққа берілген ғылыми қысқа да нұсқа жауап...............................................................................................273
Бір мереке күні мәз-мейрам болып, харам болса да құтырып билеп жатқан бейқам байғұстардың елу жылдан кейінгі халдерін суреттейді.....................................................................274
Жүгенсіз нәпсіге ерудің зияндарын санап тұрып көрсетіп, нәпсіні ауыздықтайтын әсерлі жазба......................................275
«Қысқа мерзімдік кәпірлікке ұзақ уақытқа созылатын жәһаннам азабы қалай әділдік?» деген сұраққа қанағаттандырарлық жауап...................................................276
Керемет бір сәйкестік...........................................................276
Рисалей-Нұрдың қабыл болғанын, Аллаһтың жәрдеміне бөленгенін мегзейтін сәйкестік белгілер.
Бейкүнә балаларға Нұрдың қалай әсер еткенін түсіндіретін нұрлы хат.......................................................................................277
Зекаи шәкіртінің көрген түсі...............................................278
Сүйінші хабар беретін, мағыналы да жақсы бір түс.
Рисалей-Нұрмен бақталасқандарға жауап.........................279
Рисалей-Нұрдың абыройын және қабыл болғандығын баяндайтын өлең.
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАНЫҢ ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ НҮКТЕСІ......................................................280-283
Аятын тәпсірлеп, қойылған үш тармақты сұраққа ғылыми, ақыли, қанағаттандыратын жауап.
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ
ЛЕМА (АРАБША) ...........................................................284-303
"Тәфәккүрнаме" деп аталатын бұл Леманың бір бөлігі бұл жерге үлгі ретінде жазылған. Қалғаны толығымен Османлыша Лемалар кітабына енген.
ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМА................................................304-356
"Сәкинә" деп аталатын және әрқайсысы Исм-і Ағзам дерлік немесе алтауы қосылып Исм-і Ағзам болған Аллаһтың көркем есімдері "Фәрд", "Хаий", "Қайюм", "Хакем", "Адл", "Қуддус" жайлы жеке-жеке тоқталып сол киелі есімдердің әлемдегі жарқын көріністерін баяндайтын құнды рисале.
МІНӘЖАТ......................................................................358-374
Бұл рисале Раббысына жалбарынған ұстаздың мінәжаты болуымен қатар Жаратқан Иеміздің есім сипаттарын атап, бір жағынан мағрифат дәрісін берсе, бір жағынан "тәфәккүр" яғни ой жүгіртіп, пікіри құлшылық саналатын құнды рисале. Соңында мына бір керемет дұға-тілекпен түйіндейді:
- О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан Ием! О, бүкіл нәрселерді Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен өз әміріне бағынышты еткен құдіретің мен қалауыңның, хикметің мен билігің әрі мол Мейіріміңнің құрметіне, нәпсімді өзіме бағынышты қыла гөр! Армандаған мақсаттарыма жеткіз! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың жүректерін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман және ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға таутасты, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды, ал Ардақты Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәләмға Күн мен Айды бағындырғаныңдай жүректерді Рисалей-Нұрға баурап, ақылдарды мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шайтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Фирдәус жәннатында шат-шадыман қыл! Амин! Амин! Амин!