Жарқыраулар
— 419 —

МІНӘЖАТ

О, Раббым! О, Иләһім! Иманның нұрымен, Құранның тәлімімен, сондай-ақ Расул-ы Әкрем Аләйссилату уәссәләмның дәрісімен және Хаким есімінің нұрымен мынаны көрдім. Аспанда керемет тәртіптілігімен сенің бар екеніңді білдірмейтін, меңземейтін ешбір қозғалыс әрекет жоқ. Және аспан денелерінің ішінде еш дыбыс шығармастан тым-тырыс күйде өзіне тиесілі міндетін атқарып, ешқандай тіреусіз тұруы арқылы сенің рубубиетіңді көрсетпейтін, саған куәлік етпейтін бірде-бір нәрсе жоқ. Және өзінің өлшемді жаратылысымен, тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздар өзара ұқсастық жағымен - Күн өз алдына бір дәлел әрі Сенің улухиетің мен уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік қылмайтын ешбір жұлдыз жоқ. Он екі ғаламшардың әрқайсысы жекежеке хикметті қозғалысымен, тәртібіңе бағыныштылығымен, жүйелі міндет атқаруымен, сондай-ақ, жылдам қозғалып жатқан өзге аспани денелер жаппай Сенің сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді әрі улухиет салтанатыңды мегзеп ишара қылады.

Рас, аспан әлемі өзінде орналасқан денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Аллаһтың құдіретіне куәлік ететіні секілді барлығы ұйымдасқан түрде де ап-анық. - О, жер мен көкті жаратқан жаратушы Жаббар! - Сенің сөзсіз бар екеніңе көрнекі түрде куәлік етеді. О, зәррелерді керемет өзара бірге жаратып, басқарып отырған және жұлдыздарды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар Сенің жалғыз екеніңе, бір екеніңе қуатты түрде куәлік етеді. Ол куәлігін көкте қанша жұлдыз болса, сонша нұрлы жарқын дәлелдер ретінде бекітіп растауда. Һәм, мына мөлдір де ашық әрі тап-таза, тамаша аспанға қарайық! Бейне бір ғаламат үлкен әрі өте шапшаң денелерімен бірге сақадай сай, тіл алғыш қалың әскер секілді әрі электр лампаларымен көмкерілген алып шаһар

— 420 —

сияқты көз тартар әсемдігімен Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңнің зор екеніне ап-ашық дәлел болып табылады. Сондайақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан әкімдігіңнің ұлықтығын, әрбір тірі жанды қамқорлығына алған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспан тұрғындарының барлық істері мен жағдайларын көріпбіліп отырған, құдірет қолында ұстап тұрған әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екенін және хикметіңнің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынын дәлелдеп куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анықтығы сонша, бейне бір жұлдыздар аспанның денеге айналған куәлік сөздері іспеттес, нұрлы айғақтар боп табылады.

Һәм, аспанның кең алаңында немесе теңіздей айдын көлінде жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті жауынгерлер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шамшырақтар іспеттес, Сенің улухиетіңнің салтанатын, оның асқан әдемілігін, патшалардың патшасы екеніңді көрсетуде.

Әлгі әскердің біреуі, яғни бір ғана аспан денесі Күнді алайық. Оның құжынаған ғаламшарлар арасында ғажайып орналасуы және жер шарының да өзіндік атқарар қызметі бізге мынаны мегзейді: Күн және оның жолдастары жұлдыздардың кейбірі ақырет әлемімен тығыз байланысты әрі босқа жымың қағып тұрған жоқ. Олар бақи әлемде Күннің қызметін атқарады.

О, Уажиб-ул Ужуд! О, Уахид-і Әхад! Мына керемет жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай Сенің иелігіңде, Сенің аспаныңда, Сенің әміріңмен, құдіреткүшіңмен, Сенің қалауыңмен, әмірлеріңе бағынып, заңдарыңа толық мойынсұнуда, әрқайсысы белгілі бір міндет атқаруда. Аспан денелері бірі қалмай жаппай өздерін жаратқан, шыр айналдырып басқарып тұрған бір ғана Халиқты, жалғыз Жаратушыны тәсбих, тәкбир қылады ұлықтайды. Хал тілдерімен «Субханаллаһ, Аллаһу Әкбар» дейді. Мен дағы

— 421 —

олардың осындай жаппай жасаған тәсбихтеріне қосылып сені ұлықтап пәктеймін.

О, өте жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадир-і Зүлжалал! О, Қадир-і Мұтлақ! Даналыққа толы Қасиетті Құранның дәрісімен және Расулуллаһ Аләйссилату уәссәләмның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар, жұлдыздар Сенің бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді, сол секілді көк аспан бұлттар арқылы, күннің күркүреуі арқылы және жел дауылдарымен де, жауын-шашындарымен де Сенің міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді.

Иә, анау жаны жоқ, бейсана бұлттың тіршіліктің көзі саналатын жаңбырды әкеліп оны мұқтаж жанжануарларға медет қылып себелеуі, тек Сенің рахымыңмен, хикметің арқылы ғана жүзеге аспақ. Оған шым-шытырық кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес. Сондайақ, қуатты электр тоғы бар және оның жарықтандыру қабілетіне ишара етілген әрі оны тиімді пайдалануға Құранда белгі берілген, қызықтырып ынталандырылған жай отын алайық. Ол Сенің аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткендей сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді шулатып, жаңғыртатын найзағайды алайық. Ол да өзінің жарқылымен күркіреген дауысымен хал тілімен Сені пәктеп, рубубиетіңе куәлік етеді.

Һәм, тірі жандардың өміріне қажетті ризықтарды таситын және қолдануға оңай, әрі жан-жануарлардың тыныстап демалуына себеп болатын әрі жанды махлұқтарды рахаттандыратын, осы секілді көптеген маңызды міндеттер атқаратын желді алайық, ауа қабатына назар аударайық! Олар бір хикметке байланысты "ләух-ы махв уа исбат" сияқты, яғни "жазып-сызып, сосын өшіріп тастайтын тақтаға" ұқсайды. Осы құбылыс Сенің құдіретіңнің шексіз екеніне ишара әрі Сенің сөзсіз бар екеніңе шәһадат етіп қана

— 422 —

қоймай, Сенің шексіз қамқорлығыңды көрсетеді. Аспаннан жауатын жауын-шашын да, яғни бұлттардан сауылып тірі жандарға арнайы келетін Иләһи мейірімділіктің мөп-мөлдір әрі керемет өлшемді тамшылары да өзіне тән тілдерімен Сенің рахымыңның кең, мейірімің мол екеніне куәлік етеді.

О, Мутасаррыф-ы Фағал! О, Фәйяз-ы Мутағал!

Сенің сөзсіз бар екеніңе бұлт, жай, найзағай, жел, жаңбыр, әрқайсысы жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып тұтас бірдей құрамы жағынан әртүрлі, оналасу жағынан бір-бірінен алшақ болса да, өзара үйлесімді біркелкі түрде, араласа-құраласа отырып бір-бірінің міндетіне жәрдем беруі жағымен Сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте нақты ишара етеді.

Һәм, алып аспан кеңістігін бейне бір ғажап махшар алаңына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет құбылтып, бірде түнертіп, бірде жадыратып отырған рубубиетіңнің ұлықтығына шек жоқ. Олар соның куәлігі. Сондай-ақ, әлгі жазу-сызу тақтасы тәріздес алып кеңістіктегі бұлттарды сығып жер жүзі бау-бақшасын жаңбырмен суарады. Осылайша, құдіретінің ұлықтығын, оның барлық нәрсеге күші жететінін көрсетеді. Сондай-ақ, жер бетінде тіршілік ететін күллі жаратылысқа ауа қабатын қызметші қылып, басқарып отырған мол рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кәміл екенін дәлелдейді. Һәм ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқаруы, және бұлт пен жаңбырдың терең ілім талап ететін аса пайдалы істерге қолданылуы, әрине әрнәрсені қамтитын Иләһи ілім мен әрнәрсеге әсер ететін кәміл хикметті көрсетеді. Әйпесе мұндай көреген хикметке толы іс мүлдем жүзеге аспас еді.

Уа, Фағал-ун Лимә Юрийд! Ауа қабатында болып жатқан қызу жұмыстарыңмен бізге әрдайым хашир мен қияметтің болатынын, бұлар соның үлгісі екенін көрсете отырып, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға ауыстырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберу секілді істер атқарып жатқан

— 423 —

құдіретің әлбетте дүниені ақыретке ауыстыратыныңды және ақыретте мәңгі жалғасатын істер болатынын мегзейді.

О, Қадир-і Зүлжәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, жай мен найзағай секілді жаратылыс, Сенің иелігіңде, Сенің әміріңмен, Сенің ғана құдірет-күшіңе бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндетін толық атқаруда. Құрамы бір-бірінен алыс, табиғаты мүлдем ұқсамайтын әлгі жаратылыс, өздерін өте жылдам, бұлтартпай әміріне бағындырған, тез әрі жылдам бұйрықтарын орындатқызған Әміршісін, Әкімін, Раббысын пәктеп, оның шексіз рахымын мадақтап паш етеді.

О, жер мен көктің иесі Халиқ-ы Зүлжалал! Сенің хикмет толы Құраныңның тағылымымен және Расул-ы Әкрем Аләйһиссәләту уәссәләмның дәрісі арқылы мынаған көзім жетіп, иман еттім, Аспан, жұлдыздарымен бірге, кеңістік ішіндегілермен қоса Сенің сөзсіз болмысыңа, бір екеніңе, уахдетіңе куәлік еткені секілді "арз", яғни жер шары бүкіл мақұлықтарымен, хал-жағдайымен Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе өздерінде қанша болмыс болса, сонша куәлік етіп, қыруар ишаралармен мегзеп тұрады. Иә, жер жүзінде болып жатқан құбылыстарға, ағаштар мен хайуандардың жыл сайын бейне бір киім ауыстырғандай құлпыруына назар аударалық! Ол құбылыстардың жалқы немесе жалпы түрде өте жүйелі жүзеге асуы Сенің міндетті түрде бар әрі бір екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде-бір жаратылыс пен құбылыс жоқ.

Һәм, әрнәрсеге әлсіздігі мен мұқтаждығына орай, өзіне мейірімді қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі тұрғысынан Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде-біреуі жоқ.

Һәм, әрбір көктемде көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының ешбірі қалмай керемет өнерлі жаратылуы, нәзіктігі, әсемдігі, ерекшелігі, реттілігі, өлшемді жасалуы, бәрі-бәрі Сені таныстырады, Сен туралы хабар береді. Жер бетінде тіршілік ететін өсімдік пен хайуанатты, құдіретіңнің керемет өнерін, өнеріңнің

— 424 —

таңғажайып мұғжизаларын әрі шамасы шектеулі, құрамы ұқсас, тіпті, бірдей деуге боатын жұмыртқа мен кішкене жұмыртқаларды, ұрықтар мен дән-дәнектерді, тұқымдарды алайық. Олардың ішінен еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу, әрі бір-бірінен өзгеше түрде тіршілік иелерінің шығып, көркем жаратылуы Сани-ы Хаким Аллаһтың міндетті түрде бар әрі жалғыз, бір екенін көрсетеді. Әрі Оның хикметі мен құдіреті шексіз екеніне нақты куәлік ететіні сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда мықты әрі жарқын.

Һәм, су, нұр, от, топырақ секілді элементтер, өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет хикметпен міндет атқарады.

Олар, құрамы қарапайым, әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, бейсана басын қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте керемет нәтиже беруі, өнер туындысына айналып, саналуан пайда мен жеміс салуы, бізге рахымды ғайып қазынасынан азық-түлік, мол өнім әкеліп беруі бекер емес, ойланарлық жай. Олардың ішінде Сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ.

О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ! Қалайша жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен Жаратушысының уажиб-ул Ужуд, ешбір шартқа тәуелсіз бар екеніне куәлік етеді, дәл сол секілді

- О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі мөрлерімен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып жатуы, бірінебірі жәрдем етуі, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубиет есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде Сенің уахдетіңе, әхадиетіңе куәлік, тіпті, бір емес қанша жаратылыс болса, соншасы куәлік етеді.

Һәм, қалайша жер шары әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым орны болуы жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанаттың төрт жүз мың түрлі түрінен құралған әскердің саналуан құрал-жабдықтары рет-ретімен берілуі Сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге

— 425 —

жететін орасан зор екенін дәлелдейді. Сол секілді сансыз тірі жандардың саналуан ризықтары дәл уақытында құпқұрғақ қара топырақтан мейірімді түрде молынан берілуі және сол сансыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани әмір-заңдарына мүлтіксіз мойынсұнуы-рахымыңның барлық жерді қамтитындай кең екенін, әкімшілігіңнің күллі нәрсені бағындыратынын аңғартады. Һәм, жерде әрдайым өзгеріп отыратын жаратылыстың топ-тобымен белгілі бір мақсатқа айдалып, жүйелі түрде басқарылуы, өлуі-тірілуі және хайуандар мен өсімдіктердің құбылуы, олардың өмір сүру шарттарының толық қамтамасыз етілуі, міндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатын іс. Бұл әрине Сенің іліміңнің терең, хикметіңнің ауқымды екенін көрсетеді.

Һәм, дүниеде қысқа мерзім ішінде мойнына сансыз міндеттер жүктелген, мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-саймандармен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласына мына беретін тәлімі көп дүниеде, мына уақытша әскери бөлімше дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан сый-сияпат, әлбетте әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес, мына қайғы аралас тіршілік пен бәлесі көп, фәни дүние үшін емес, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол өзге мәңгі өмір үшін арналған, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Бұлар мәңгі әлемде болатын ақыреттік сый-сияпаттармен байланысты, тіпті, солардың белгі нышандары.

О, Халиқ-ы Күлли Шей! Жердегі күллі мақұлық Сенің иелігіңде, Сенің жеріңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдірет-қалауыңмен, Сенің ілімің және хикметіңмен басқарылып, мойынсұнуда. Сенің жер жүзінде қызу жұмыс жасап жатқан рубубиетіңнің ауқымы өте кең, көлемі болса шексіз және оның басқаруы мен іс-шаралары, тәрбиесі

— 426 —

кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ бір түрде атқарылуда. Демек, бөлінуі мүмкін емес рубубиетіңдегі тұтастық, бірі-бірінен ажырамайтын күлли түрде басқарып, әрнәрсені өз орны-орнымен реттеп басқаруда.

Һәм, жер шары бүкіл тұрғындарымен бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлжалалдарын мақтап мадақтап, шүкір етуде.

О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде Сені күлли тақдис, тәсбих еткендермен бірге мен де Сені кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ мақтау сөздерімен саған шүкір етіп, мадақ айтамын.

О, Рабб-ул Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расул-ы Әкремнің Аләйссилату уәссәләмның тағылымымен түсінгенім: қалайша аспандар мен кеңістік және жер шары Сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай теңіздер, өзен-көлдер, бұлақтар мен сарқырамалар Сенің уажиб-ул ужуд уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі бір екеніңе анық түрде куәлік етеді.

Иә, дүниенің ғажайып су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздердің ішінде өзінің табиғатымен, реттілігімен, пайдалылығымен, керемет жағдайымен Жаратушысын таныстырмайтын ешбіреуі, ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ. Қарапайым су мен қара топырақта өмір сүріп жатқан, ризықтары тамаша түрде беріліп тіршілік ететін ғажайып мақұлықтарды, жаратылысы таңқалдыратын керемет теңіз хайуандарын, әсіресе біреуінің өзі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтарды алайық. Олар жаратылыстарымен, белгілі бір міндет атқаруы жағымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі тұрғысынан жаратқан Иесіне ишара етеді, Ризық беруші қамқоршысының бар екеніне куәлік етеді.

— 427 —

Һәм, теңізге қарайық. Оның ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ. Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуы мен жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сонымен қатар жерді топырағымен бірге, үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерді тепе-теңдікте ұстап, кеңістікке іліп қою әрі суларын төкпей-шашпай Күнді айналдыра кездіру және көршілес топырақты шайып кетуіне жол бермеу һәм топырақ пен судан саналуан тіршілік иелерін, асыл тастарды жарату әрі олардың азық-түлігі мен өзге де қажеттіліктерін жаппай әрі толығымен беріп, қамтамасыз ету және жер бетіне үйіліп қалатындай сансыз өлексе жаназаларға кірлетуіне жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажибул-Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады.

Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық екеніне және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етіліп жатқан тым ұсақ балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның да, басқарып тұрған әкімшілігіңнің де ауқымы кең екеніне дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын мегзейді. Және Сенің мына мейманхана секілді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шаралар жасауың және оны кеме секілді жүздіріп адамзаттың саяхаттауына, қажетіне падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді.

Жолаушыларға арнап жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарайға, яғни уақытша қонақ үйіне мұнша теңіз байлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте,

— 428 —

мәңгілік әлемінде мәңгі рақым сый қазыналарын мол түрде жаратып тарту еткен болса керек. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көмескі көріністері болмақ. Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жер бетіне айнала керемет орналасуы, ал теңіз мақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, толық қамтамасыз етілуі тек қана Сенің құдіретіңмен, Сенің ерік қалауыңмен атқарылуда, олар Сенің иелігіңде, Сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен Жаратушы Иесін ұлықтап «Аллаһу Әкбар» деп пәктеп мадақтауда.

О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадир-і Зүлжәлал! Расул-ы Әкремнің (Аләйһиссалату уәссәләм) тағлымынан және Құран-ы Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстыруда, сол секілді таулар да зілзәланың әсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына, сондай-ақ, теңіздердің шайып кетуіне кедергі болуы, сонымен қатар ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, яғни осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені танып отыр әрі таныстыруда.

Иә, тау жыныстарының түрлерін немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикізаттардың түрлерін және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері саналуан жерасты қазыналардың жыныстарын, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің түрлерін алайық. Олардың ешбіреуі кездейсоқ, өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Себебі керемет хикметпен, өте жүйелі әрі әдемі де әсем, аса пайдалы түрде жаратылуда. Әсіресе, элементтерге, оның ішінен тұзқышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, өсімдіктердің қарапайым

— 429 —

топырақтан неше түрлі болып өсіп-өнуі, саналуан гүл ашып, жеміс беруі таңғажайып. Міне, осы құбылыстар, бізге өте қадир (құдретті), өте хаким (шексіз дана), өте рахим (аса мейірімді) және өте кәрим (аса жомарт) бір Аллаһтың шүбәсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздерінің біркелкі басқарылуы һәм бір әдіспен жүйеленуі әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, бірыңғай және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен, Шебер Аллаһтың уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Таулардың ішіндегі, сыртындағы элементтер дүнияның әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады, әрі бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласпай жасалады. Бұл құбылыс Сенің рубубиетіңнің айбындылығына және бәріне үстем құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.

Сондай-ақ, жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, неше түрлі ауруларын, тіпті, санқилы рахат зауықтарын, түрлі тәбеттерін өтейтіндей дәрежеде таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру, бұл да Сенің рахымыңның шексіз кеңдігін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондайақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, түк көрінбейтін болса да астындағы жаратылыстың бәрін біліп көріп, араластырмай, мұқияттылықпен, қажеттігіне орай барлығын орны-орнына қойып, дайын тұруы, Сенің әрнәрсені білетін іліміңнің терең екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитын күлли екенін және дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, міне осы аталған іс-шаралар рубубиетіңнің рахымды және жомарт әрі керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның нәзік әрі әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді.

— 430 —

Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап келген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың көзі етуі, міне, бұл да керемет кәрім, тым қонақжай, өте хаким және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, дәлел болып табылады. Олай болса, міндетті түрде әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады.

О, Қадир-ы Күллі Шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай сенің иелігіңде, олар сенің күш-құдіретіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып (дәріптеп), тәсбих етеді (ұлықтайды).

О, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим! Расул-ы Әкрем Аләйһиссәләту уәссәләмның тәлімімен және Құран-ы Хакимнің дәрісімен түсінгенім. Қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы Сені танып отыр әрі таныстырып жатыр, сол сияқты жердегі барлық ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері де Сені анық түрде таныстырады әрі өздері де сені таниды.

Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтарына және тамаша әдемілігімен Шебер Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектеріне қарайық! Және нәзік жаратылысымен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістеріне назар аударалық! Олардың кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Олар керемет Иләһи өнермен арнайы реттеліп безендірілген. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар.

— 431 —

Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштармен қоса тамаша саналуан хош иістер шығады. Ал хош иістердің ішінен жемістердің түрлітүрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз рахим және кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық көрсетеді.

Сонымен қатар, осылардың барлығын қосқанда бүкіл жер жүзінде өзара бірлік пен бір тұтастық, өзара ұқсастық және жаратуында сәйкестік, басқарылуында біркелкілік, өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған күш пен Раббани есімдердің үйлесімділігі, бір-біріне сәйкестігі және тек бір түрінің саны жүз мыңнан асып, сапырылысып жатса да шатастырылмай ретпен жаппай жүйелі басқарылуы, міне, бұлар бізге Уажиб-үл Уджуд, болуы шарт, міндетті түрде бар бір Аллаһтың анық біреу және бәрін бір өзі жасап отырғанын көрсетеді.

Һәм, олар жаппай Сенің уажиб-үл Уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді, жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған тіршілік иелері дейтін әскердің сансыз тұлғалары саналуан түрде қоректеніп, асыралуы, жүйелі түрде басқарылуы, яғни еш шатастырылмай керемет үйлесімді де тәртіппен ұйымдастырылуы, міне бұл да Сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарата алатын құдіретіңнің шексіздігіне, оның барлық нәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады.

Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз азықтардың саналуан түрлерін әзірлеп берген рахымыңның орасан кеңдігіне және сондай сансыз істер мен кәміл жарылқау жұмыстары, жүйелі басқару мен асырап, толық қамтамасыз ету іс-шаралары өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәррелер әлгі Иләһи әмір мен іс-шараларға толық мойынсұнуы, аса бағынышты болуы Сенің әкімшілігіңнің кінәратсыз, ауқымды

— 432 —

екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар сол ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырағы, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлшегінің әрнәрсесін, әрбір ісін алдынала біліп, көре отырып, соған қарай олардың пайдалары мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жаратылуы Сенің іліміңнің барлық нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп ишара қылады. Осылайша, Сенің орасан зор шеберлігіңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметтеріңнің кәмілдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.

Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуен сарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат ризық, құнды нығмет пен қыруар шығын, сый-кәденің берілуі тегін емес. Мұндай сый-сыяпат бізге мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді. Бұл жерде өзінің меймандарына осыншама сый-сыяпат дайындаған құдіреті күшті, жомарт Жаратушы Рахим Аллаһтың осы күллі шығындары мен тартулары өзін жақсы көргізу, таныстыру, риза қылдыру үшін бола тұра, өз ісіне, ұлы мақсатына қарама-қайшы әрекет қылып, яғни бүкіл мақұлықтар тарапынан: "Бізге дәмін татқызды, бірақ тойғызбай бізді жоқ қылды" демеуі әрі дегізбеуі үшін және де Улухият, Құдайылық сипатының мерейін, ұлық беделін түсірмеу үшін әрі шексіз мейірімін жоққа шығармауы, әрі шығартпауы үшін әрі өзіне құштар да қарыздар бүкіл достарын бәрінен құр қалдыру арқылы ашуландырып дұшпанына

айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгі әлемде, мәңгі мекенде, мәңгі тұрақтайтын құлдарына, мәңгі мейірім қазынасынан, мәңгі жәннаттарында мәңгі әрі жәннатқа лайық бір түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді жеміс-жидектер даярлап қойғаны анық. Бұл жердегі көргендеріміз бар болғаны сол жаққа назар

— 433 —

аудартып ынталандырып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана.

Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, бейне бір жазылған сөз секілді бір мағына білдіріп, Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері секілді, ол сөздердің әрқайсысы жеке-жеке Сені пәктеп мадақтайды. Әсіресе, жеміс-жидектерге назар салайық! Олардың ішкі құрылысы таңғажайып әрі сан алуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдардың керемет мұғжизалы жаратылуы, сосын оларды тағам салатын ыдыстарға толтырып, яғни жемісжидектерді ағаштар арқылы немесе өсімдіктердің қолына беріп өзінің сыйлы қонақтары жан-жануарларға ұсынуы, бұл олардың хал тілімен жасаған тәсбихтері, дәріптеулері боп саналады. Тәсбих етіп, дәріптейтіні соншалықты анық, ол кәдімгі тілмен ауызша айтылатын зікірден де ап-анық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің екеніне дау жоқ.

Уа, өте айқындығынан жасырын қалған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, Шексіз Дана, Шебер, Мейірімді Жаратушы! Бүкіл ағаштар мен өсімдіктер және олардың сансыз жапырақтары мен гүлдері, жемістері өздерінің тілдерімен Саған қанша тәсбих айтса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ, соңсыз шүкір айтамын.

Уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып, әрқайсысын жеке-жеке ерекше жаратушы Құдірет! Уа, бәрін хикметпен басқарушы Рабб! Уа, Мейірімді Тәрбиеші! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағылымымен және Құран Кәрімнің үйретуімен мынаны түсіндім әрі кәміл иман еттім. Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен әсем есімдеріңді дәріптеп басқаларға білдіреді, дәл сол секілді, жанды мақұлықтардың ішіндегі рух иесі адамзат пен хайуанат

— 434 —

та болмыстарындағы сағат секілді өте керемет, дәлме-дәл жұмыс жасап жатқан, яғни жасатқызылып жатқан ішкісыртқы ағзаларымен де, бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтары мен сезім-түйсіктері арқылы да, сондай-ақ, бойында өте күрделі жұмыс атқаратын, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен, өте мұқият әрі үйлесімді орналастырылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның хақ екеніне жұмыла куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен жасалған күрделі де нәзік өнерге, саналы да мақсатты түрде атқарылған іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімге әлбетте, соқыр күш пен меңіреу табиғаттың, сергелдең кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі солай құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік болар. Өйткені, егер солай болған болса, онда оның әрбір бөлшегі сол дененің барлық нәрсесін, болмыс-пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жасай алатын, құдды бір иләһ (тәңір) сияқты жан-жақты басқаратын терең ілімді, шексіз құдіретті болуы керек. Сонда ғана болмыс атаулының жаратылуы соларға тапсырылады немесе "өздігінен болып жатыр" делінеді.

Сондай-ақ, бүкіл болмыс, денелерде жалпы алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болу және жүздеріндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан ұқсас болуы, сондай ақ, жеке-жеке алғанда жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жаратылуында сәйкестіктің болуы әрі бірбірінің ішіне ретпен орналасуы, бұлардың бәрі Сенің біреу екеніңе нақты түрде куәлік етеді, куәлік етпейтін бірде-бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәулелері көрінуі, уахидиет ішіндегі әхадиетіңе ишара етеді, ишара етпейтін ешбірі жоқ.

— 435 —

Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрін алар болсақ, олардың сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім-тәрбие алуы, белгілі бір міндет жүктеліп, оны олардың адал атқаруы, заңға мүлтіксіз мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкентайынан бастап сонау ең үлкеніне шейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына куәлік етеді әрі олардың саны көп шексіз бола тұра барлығы бірге тым керемет әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жаралуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы Сенің құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа дейін жайылып жатқан, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене жәндіктен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін мейіріміңнің шексіз ауқымды екеніне және әрқайсысы тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы, жер жүзінің әр көктемде әскерге шақырылып, күзде әскери міндеттен босатылып, орнына басқа, жаңадан келетін қарулы жауынгерлерге әскери бөлімше сияқты болуы - Сенің рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз кеңдігін нақты дәлелдейді.

Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгінұсқасы және бір кішігірім мысалы тәрізді болғандықтан, олардың өте терең ілім, мұқияттылық, даналықты керек ететін түрде болуы және сапырылысқан бөлшектері бір-бірімен араласпай әрі бүкіл жануарлардың сан алуан түрлері өзара шатастырылмай, қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы - Сенің іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай қамтитынына олардың саны қанша болса, сонша рет ишара қылады. Сол секілді, олардың әрқайсысы өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы болып өнерлі де әсем жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кәміл көркемдігі мен шексіз дәрежедегі

— 436 —

сұлулығыңа ишара етеді және әрқайсысы әсіресе, күллі сәби мен нәрестелердің керемет еркелеп, мәпеленіп азықпен қамтамасыз етілуі әрі тәбеттері мен өтініштілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.

О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің Әміршісі, дін күнінің Иесі! Сенің Расулуллаһ Алейһиссәлату Уәссәләмыңның тағылымы және хикмет толы Құраныңның үйретуімен түсінгенім: Әлемнің қорытындысы, нәтижесі тіршілік. Ал, тіршіліктің қорытындысы рух. Және рухтың қорытындысы, рух иелерінің ең таңдаулысы сана мен саналылар. Және саналылардың ең жоғары кәмілі Адамзат. Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып, сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып, дүниеге солар үшін жіберіледі. Жан-жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде игілігіне қызмет етеді. Әрі адамзат жалпы өзінің табиғаты жағынан Жаратушысын шынайы жақсы көреді және Жаратушысы да оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісімен, жақсы көргізеді. Және адам баласының қабілеттілігі, оның рухани зор мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі әлеммен, соңсыз тіршілікпен тығыз байланысты. Адам, мәңгі болуды, бақилықты аңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, оны тілімен де дұға етіп Раббысынан, Жаратқан Иесінен жалбарына сұрайды. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушы Иесі қайта тірілместей етіп, мәңгіге жоқ қылып жібермейді. Оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жаратқан бола тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжітуі әсте мүмкін емес. Ақиқатында, адам баласы басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір сүріп, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысатын

— 437 —

Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндігін байқауға болады.

Иә, мәңгінің досы мәңгі болмақ. Бақидың саналы айнасы бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары мәңгі бақи боп қалатыны және Сүлеймен Пайғамбардың (ғ.с.) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (ғ.с.) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса денесі де мәңгі болып бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің кейде пайдалануы үшін бір ортақ денелері болатындығы нақты риуаяттардан түсінікті болуымен қатар, солай болуын Иләһи хикмет, ақиқат, рахым, рубубиет талап етеді.

О, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күш-қуат және құдіретіңмен, тек Сенің ғана игеріп, басшылық етуіңмен және Сенің шексіз мейірім және даналығың арқылы рубубиятыңның әмірлеріне мойынұсынып, жаратылысына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі, адамның күш-қуаттылығына орай немесе үстемдігіне байланысты бағынған жоқ, керісінше жаратылысынан адам баласы өте әлсіз, шарасыз болғандықтан Иләһи рахым тарапынан бағындырылған.

Сондай-ақ, олардың кейбірі хал тілдерімен, кейбірі кәдімгі тілдерімен барлығы жаппай Жаратушысын, Раббысын кем сипаттардан, қателесуден, өзіне серік ұстаудан пәктеп, берген нығметтеріне ризашылығын білдіріп мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасап дәріптеуде.

О, өте жарқын көрінетіндіктен білінбей құпия қалған! О, шексіз ұлықтығы себепті перделенген Киелі Жаратушы! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтеріне қосылып, мен дағы Сені пәктеп, ниет ете

سُبْحَانَكَ يَا مَنْ جَعَلَ مِنَ الْمَٓاءِ كُلَّ شَىْءٍ حَىٍّ

деймін.

— 438 —

О, әлемдердің Раббысы! О, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! О, көктер мен жерлердің Иесі! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағлымы мен Құран Хакимнің үйретуі арқылы мен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көктер, аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан, әрқайсысы жеке-жеке, әрбір бөлшегі, әрбір зәрресі арқылы Сені біліп, танып, әрі Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болатыны, ишара ететіні секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы болып табылатын адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулиелер, асфиялар, өздерінің асыл қасиеттерімен яғни таза жүректерімен, дұрыс ақылдарымен, және өздерінің көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, көкейге қонған аяндарына сүйене отырып, барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына негіздей отырып берген хабарларын үсті-үстіне дәлелдей түсуде.

Иә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни жалғыз әрі дара екеніңе, сондайақ, көркем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір илхам яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші біреуді көрсетпейтін бірде-бір сезім жоқ. Барлығы жаппай Сені еске түсіріп, Сенен хабар беріп тұрады және аян беруші біреуге қаратпайтын да бірдебір аян жоқ. Және киелі сипаттарың мен көркем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты сенім-наным да жоқ және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын, Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен

— 439 —

бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ. Яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекшісі, қорытындысы болып табылатын Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уәссәләм) әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондай-ақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын Баяны ғажап Қасиетті Құранның тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей Сенің міндетті түрде бар екеніңді көрсетіп, киелі сипаттарыңа, жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады.

Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап-дұғаларды білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің ұлық дәрежесін, сондай-ақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан ең үлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жарататын құдіретіңнің шексіздігін жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде. Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам баласына керемет ыңғайлап, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндіктің тыныс-тіршілігін де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның

— 440 —

кеңдігін, сондай-ақ, атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың бүкілін әміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондай-ақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын мұқияттап, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына, сондай-ақ, әрбір жаратылысты көптеген хикмет-пайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір пендесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әрнәрсені өз қарамағына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал яғни ұлы да сұлу есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге болатынына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді.

Сондай-ақ, әу баста жүздеген нақты мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (с.а.у.) және хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақыл сезімі нұрланған асфиялар, барлық киелі парақтар мен

— 441 —

кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің мейірімің мен құдіретің, хикметің мен қамқорлығың, жәмал мен жәлал секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді негіз қылып, көріп-білгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді.

О, Құдіреті Шексіз әрі Дана! О, Аса Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік әрі асқан Жомарт! О, Ұлылық пен Шексіздік және Айбат Иесі Қаһһар-ы Зүлжәлал! Мұншама адал достарыңды және мұншама уәделеріңді әрі мұншама киелі сипаттарың мен маңызды істеріңді бекерге шығарып, рубубиетіңнің бұлжымас талабы және Өзің сүйген олар да Сені мойындап бағыну арқылы өздерін Саған сүйсіндірген әлгі сансыз ізгі құлдарыңның сансыз дұға тілектерін қабыл етпей, дініңнен безген, тәкәппарлана бас көтеріп уәдеңді жоққа шығару арқылы Сенің шексіз ұлық мәртебеңе тіл тигізген әрі қаһарлы айбатыңа шек келтіріп және Иләһи абыройыңа кір келтірмекші болған әрі рубубиетіңе, толық тәрбиегерлігіңе, мол Мейіріміңе күйе жаққысы келген, қаһарға ұшыраған адасқан тобыр мен кәпірлерді растаудан, яғни олардың қайта тірілуді жоққа шығарған ойларын дұрыс қылып, растаудан қуаттаудан жүз мың дәреже адасың әрі шексіз дәрежеде пәксің, өте жоғары биіксің! Сенің шексіз әділетіңді, көркемдігіңді, мол мейіріміңді ондай шексіз зұлымдықтан, жағымсыз істен, тұрпайылықтан пәк деп білемін. سُبْحَانَهُ وَ تَعَالٰى عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوًّا كَب۪يرًا аятын денемдегі бөлшектердің санынша қайталағым келеді.

Сенің әлгі адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де қанық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде тек белгі-нышан берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетұғұн

— 442 —

көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері о дүнияда жалғасын табатынан куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзі болып табылатын Сенің "Хақ" есіміңнің ең үлкен шуағы, осы хашир, яғни қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.

О, Пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әмірің мен құдіретің арқылы, Сенің қалауың мен игеруің арқылы, Сенің ілімің мен хикметің арқылы Саған мойынсұнған жандар. Олар өте маңызды да жауапты міндет жүктелген қызметшілерің. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне бір зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген.

О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан Ием! О, бүкіл нәрселерді жоқтан бар еткен Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріңе толық мойынсұндырған құдіретің мен қалауыңның құрметіне және хикметің мен рубубиетің әрі мол мейіріміңнің ақысына нәпсімді тізгіндеп, өзіме мойынсұндыра гөр! Асқақ арман, биік мақсатқа жеткізе гөр! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың көңілін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман, ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға тау мен темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды және Хазіреті Мұхаммедке (Алейһиссәлату уәссәләм) Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап, ақылдарға оны мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста шат-шадыман, бақытты қыла гөр! Амин! Амин! Амин!

— 443 —
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
﴿ وَ اٰخِرُ دَعْوٰيهُمْ اَنِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ﴾

Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді пікірмен жасаған құлшылық деп есептеп, Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателескен болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын.