Жарқыраулар
— 474 —

Жиырма сегізінші Леманың мазмұнынан бір бөлік

БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ; Хазреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ) өзінің "Әрджузе" қасидасында اَحْرُفُ عُجْمٍ سُطِّرَتْ تَسْط۪يرًا деп қазіргі таңдағы жазу реформасын яғни мұсылманға жат әріптерді меңзейді. Сөйлемдегі әріптердің "джифр уә әбжәд" сандары осы заманға ишара қылып, болып жатқан күпірлік ағымға ишара қылады. Сондай-ақ, "Әрджузесінде" сондай-ақ, оны растап, қуаттайтын "Джәлджулетия" жазбасында ашық деуге болатын дәрежеде

تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا بَيَانَةً ٭ تُقَادُ سِرَاجُ السُّرْجِ سِرًّا تَنَوَّرَتْ

сөйлемімен әлгі дінсіздік ағымның қарсыласын яғни болмысы нұрымен белгілі және зұлыматтың жойқын, қою қараңғылына және тұманды әрі жанды күйдіретін отынына қарсы сөнбеген, керісінше зұлымат қараңғылықты қақ жарып дүниені жарыққа бөлеуге тырысқан РисалейНұрға, оның авторына арнайы түрде ілтипат қойып

اَقِدْ كَوْكَب۪ى بِالْاِسْمِ نُورًا وَبَهْجَةً مَدَى الدَّهْرِ وَالْاَيَّامِ يَا نُورُ جَلْجَلَتْ

деп заманның соңына дейін Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде жарық беруін, лапылдап жана беруін сұрап дұға еткен, жалбарынған. Сондай-ақ, заманында Қасиетті Құранның маңызы зор шәкірті болған, Құрани ілімді жарыққа шығарып оны айналаға жаюшы хазреті Имам-ы Али, Исламның алғаш кезеңінде Құранға қарсы жасалған сұмдық соққылар мен түрлі теріс ағымдарға қарсы қасиетті «Исм-і Ағзамды» өзіне шапағатшы ретінде пайдаланып қаһарман түрде, ержүректікпен шариғаттың ақиқаттарын, Ислам негіздерін қаз-қалпында, аман сақтауға тырысқаны секілді, дәл соған ұқсас ақырзаманда да Құранға мүлдем қайшы, керағар дінсіздік ағымына қарсы дәл сол «Исм-і Ағзамды» өзіне шапағатшы, қорған қылған және бұлтартпас берік Құраннан шыққан, таңғажайып және мұғжиза Құранның ақырғы нүктесін көрсеткен Рисалей-Нұрдың сөнбейтін нұрымен, өткір тілімен батыр түрде дінсіздерге қарсы тұрып төтеп берген және жер жүзін өртеп көптеген гүл-шешектерді қуратқан күпірлік отын «Исм-і Ағзамның» ұлық та айбынды нұрымен өшірген сондай-ақ, Аллаһтың «Рахман»,

— 475 —

"Рахим" есімдерінің мейірімге толы нұр-сәулесінен бастау алғаг "абыл-хаят" суымен сөндірген сондай-ақ, өртеніп кеткен жерлердегі, тартылып қалған өзен мен бау-бақтардағы гүлдерді емес, оның орнына тау-тастарда, қырларда өсетін, жаңбырымен, рахыммен шығатын аптап ыстыққа шыдамды, суыққа төзімді гүлдер өсірген Рисалей-Нұрды алыстан көруі әрі мейірімді түрде, жұбаныш сыйлағандай кәрәмат көзбен қарауы; бұл әрине Хазреті Имам-ы Алиға жарасар қасиет, шоқтығы биік уәлаят мақамының талабы және солай болуы керек анық мәселе.

Һәм, «Джәлджулитие» қасидасының бір кәраматы болған فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ الَّذ۪ى جَلَّ قَدْرُهُ деп басталатын үш-төрт жолда қуатты нышан мен дәлелдерден فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ الَّذ۪ى جَلَّ قَدْرُهُ бірінші нышан:

فَقَاتِلْ وَلَا تَخْشَ وَحَارِبْ وَلَا تَخَفْ

"джифр уә әбжәд" есебі бойынша 1353 жылды көрсетеді. Ол, Рисалей-Нұр шәкірттерінің ең қараңғы, қиын кезеңі. Ол кезеңде «Сәкине» деп аталатын «Исм-і Ағзамды» жетпіс бір аятпен қосып жүз жетпіс бір рет тынбай қайталап, ауызынан тастамай дұға қылған Рисалей-Нұр авторының есімдеріне сәйкес, тәуәфук етіп меңзеп тұруы сол заманда «Исм-і Ағзамды» тасушы Рисалей-Нұр авторының ерекшеліктерін және оның қауіп-қатерден сау-саламат, аман қалатынын сүйіншілеп ишари хабар береді. Мұны Құдайға шүкір амандыққа қауышып осылайша Хазреті Алидың кәрәматы расталды.

Екінші нышан: فَقَاتِلْ وَلَا تَخْشَ وَحَارِبْ وَلَا تَخَفْ сөйлемі арқылы, бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысып ауыр жарақат алып, сұмдық үрейлі күй кешіп, ақырында Ресейге тұтқын түскен және сұмдық ақырзаманның соғыс майданына аттанып, маңызы зор міндет жүктеліп, жылыннан бетер улы шаяндары көп елді мекенде болатын және күні-түні жыландармен шайқасқан Рисалей-Нұрдың авторына

فَقَاتِلْ وَلَا تَخْشَ وَحَارِبْ وَلَا تَخَفْ

сөзімен ілтипат көрсетіп, оны қорғаштап, желеп-жебеп, медет беретінін хабарлайды.

Үшінші нышан; Үш жылдың күз мезгілінде болған жұбанышқа себеп үш кәрәмат.

Бірінші күзде болған бірінші кәрамат; Ғаус-ы Ағзам (радиаллаһу анһ)

— 476 —
يَا مُر۪يد۪ى كُنْ قَادِرِىَّ الْوَقْتِ لِلّٰهِ مُخْلِصًا تَع۪يشُ سَع۪يدًا

сөздерімен он бес ишари мәтін арқылы болды...

Екінші күздегі кәрамат; дәл сол уақытта Хазреті Али (радиаллаһу анһ) وَيَا مُدْرِكًا لِذٰلِكَ الزَّمَانِ сөзімен қуатты дәлелдер келтіре отырып...

Үшінші күзде, فَيَا حَامِلَ الْاِسْمِ الَّذ۪ى... اِلٰى اٰخِرِ жалғасы бар... сөздерімен тағы да Хазреті Али (радиаллаһу анһ) кәрамат түрде Рисалей-Нұрдың авторын меңзеп, сегіз, он сегіз, жиырма сегізінші Лемалар дейтін Рисалелердің қуатты және ғажап күйде жазылып, соның салдарынан қауіпті жағдайға түскен әрі жұбанышқа өте мұқтаж Рисалей-Нұр шәкірттерін алты-жеті мәрте لَا تَخْشَ сөздері арқылы үрейлерін басып, батылдық беруі; міне бұл Құран қызметшілеріне Аллаһтың икрам-сыйы екенін білдіреді. Сондай-ақ, وَاقْبِلْ وَلَا تَهْرَبْ сөзін тыңдаушысы тағы да сол әуелгіде айтылғандай Саид Нұрси болып, сондықтан мәтін: «Уа, Саид! Қарсы тұр, қашпа!» деп демеп, батылдық береді.

Сонымен сөз түйіні, тоғыз мәрте «Һәм, Һәм» сөздерінің білдірген тоғыз ақиқат, Рисалей-Нұрдың және авторының бойынан көрініс тапқандығы, іс жүзінде солай болғаны көзге көрініп тұр. Тіпті дұшпандарының өзі мойындағанындай, Хазреті Али (радиаллаһу анһ) өзінің «Әрджузе» және «Джәлджулитие» еңбектерінде қатты алаңдаушылық көрсетіп мұрат қылған «Нәби уарисы», "дінді қуаттаушы", "Исм-і Ағзамды тасушы" осы Рисалей-Нұр және авторы екені белгілі... (Өйткені, мәселе ортада көрініп тұр, нышандарын көріп, үндеулерін естіп отырмыз, барлық іс-әрекеттер белгілі) Хақ пен ақиқатқа келгенде жаңылмай, әсте бұрмаламай, Құранның құқығын сақтап, ақысын беріп, әмір етілгеніндей орындап, бұрысқа жорымай, қызғыштай қорғаған «Рисалей-Нұр» кітаптары екенін күмәнсіз, нақты түрде Хазреті Али хабарлап отыр және өзімен сөйлесуші Сол кісі екені анық, бұл соның дәлелі.

Хафыз Али (Рахметуллаһи алейһ)
— 477 —
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
يَا اَللّٰهُ يَا رَحْمٰنُ يَا رَح۪يمُ يَا فَرْدُ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ يَا حَكَمُ يَا عَدْلُ يَا قُدُّوسُ

Исм-і Ағзамның хаққы үшін және Қасиетті Құранның құрметі үшін және Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату уәссәләмның абыройы үшін осы Лемалар кітабын бастырған кісілерді, оған көмектескендерді және Рисалей-Нұр шәкірттерін Фәрдауси жәннатыңа кіргізіп мәңгі бақытқа бөлей гөр! Амин! Оларды Иман мен Құран қызметінде әрдайым табысқа жеткіз! Амин! Олардың амал дәптеріне осы Лемалар кітабының әрпіне сәйкес мың сауап жаздыра гөр! Амин! Нұрдың жайылуына адал қызмет етер, қажымас қайрат, ықылас, табандылық бере гөр! Амин! Уа, Әрхамәр-рахимин! Рисалей-Нұрдың барлық шәкірттерін екі дүнияда бақытты қыла гөр! Амин! Оларды адам мен жыншайтандарының бәлесінен сақта! Амин! Және мына әлсіз, шарасыз Саид құлыңның кемшіліктерін кеш! Амин!

Барлық Рисалей-Нұр
шәкірттерінің атынан
Саид Нұрси
— 478 —
Бұл кітап жайында ұсыныс-пікірлеріңіз болса, мына мекен жайға хабарласуларыңызға болады.
"Нур Фейз" ЖШС.
050009, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 84-үй.
Тел.: 8 (727) 374 71 10