Қастамону қосымшасы
— 27 —
ЕКІ МӘСЕЛЕДЕН ТҰРАДЫ.

Біріншісі: Рисалей-Нұрмен байланысқан адамның маңызды міндеті, оны жазу немесе жаздыру және жайылуына жәрдем ету. Оны жазған немесе жаздырған адам Рисалей-Нұр тәлабасы атанып, әрбір жиырма төрт сағатта менің тіліммен жүз мәрте тіпті одан да көп қайырлы дұға тілектерге, мағынауи табыстарға ортақ болады. Сонымен қатар мен секілді дұға ететін қадірменді мыңдаған бауырлардың және Рисалей-Нұр тәлабаларының дұғаларына, тапқан табыстарына ортақ болады. Әрі, төрт тұрғыда төрт түрлі мақбұл ғибадат саналатын рисалені көшіріп жазудың пайдасын көреді. Атап айтсақ, иманын қуаттайды, сосын басқалардың иманын қауіпті жағдайдан құтқаруға көмектеседі, әрі хадис бойынша бір сағат пікірлеу кейде бір жылға жуық ғибадат дегендей имани тәфәккүр жасаған болады және оған себеп болады, сондай-ақ, жазуы нашар, қиын жағдайда жүрген ұстазына жәрдем еткен болады. Міне осындай мол пайдаға кенеледі. Ант етейін, кімде кім бір түйір рисалені өзі үшін түсініп жазса маған үлкен сыйлық жасаған болады. Тіпті әрбір парағы мен үшін бал шекердей қымбат, мені риза қылады.

Екіншісі: Өкінішке орай, Рисалей-Нұрдың имансыз әрі қауіпті жын мен адамдар арасындағы дұшпандары оның болаттай мықты қорғанысына, алмас қылыштай қуатты айғақ-дәлелдеріне қарсы тұруға шамасы келмегендіктен небір айла, жасырын арандату пиғылымен рисалелерді жазып, көбейтетіндердің ынта-жігерін жою,

— 28 —

тоқтату, жазудан бас тартқызу үшін жымысқы әрекет етіп шайтанға ұқсап соққы беруде. Әсіресе осы аймақта мұқтаждық басым, жазушылар саны өте аз, дұшпандар болса тым әккі және шәкірттер қарсы тұра алмайтын болғандықтан жергілікті халықты нұрдан бір шама құр қалдыруда.

Ақиқат жолында менімен сұхбат етіп, кездескісі келетіндер қолына қандай да бір Рисалені алса менімен емес Құран қызметшісі деген ұстазымен жолығып, имани ақиқаттардан қызықты дәріс алған болады.