(Қазіргі мәдениет пен шариғатты сондай-ақ ғылым мен техника саласында жетістік пен шариғат парасаттылығын өзара таразылау)
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, бейбіт келісімге келген кезең. Жұма күні садық түс көрдім. Түсімде рухани әлемде үлкен бір мәжіліс болып сол жерде маған мынадай бірақ сұрақ қойылды:
"Мына жеңілісте кейін Ислам әлемінің жағдайы не болмақ?
Осы ғасырдың өкілі ретінде сөз бастадым, басқалар сөзіме құлақ түрді.
Бұрыннан бері мұсылмандардың тәуелсіздігіне және Аллаһтың сөзі Құранның үкімдерін асқақтату үшін "фарз-ы кифайе" болған дін үшін соғыс жиһадты қасиетті дінімнің талабы деп, бүкіл мұсылмандармен бірлесе қол ұстасып, бір дене болып, жанын дін Ислам үшін пида етуге өзін міндетті санаған, Халифаттың ту ұстаушысы болған мына мұсылман елдің басына түскен мына нәубет пен пәлекеттер, Құдай қаласа Ислам әлемінің азаттығы мен бақытқа ұйытқы болады.
Шеккен жапа, көрген азап, қиыншылықтар артта қалып, келешекте орны еселеп толмақ. Үш беріп, үш жүз алған әрине ұтылмас, зиян шекпес. Талаптанып күш қайратын жұмсағандар бүгін қиналғанымен ертең жеңіске жетпек. Өйткені бұл пәлекет пен қиыншылықтар өмірдің мәнісі болған өзара мейірімділікті, бауырластықты, ынтымақ пен сенімді арттырып, достығын нығайтып, жіберді жылдамдық артты. Азғын мәдениеттің бет пердесі ашылып бүгінгідей азғындар құлдиға кетуде. Жағдай өзгеріп, Ислам мәдениеті төрге шығады. Сонда мұсылмандар өз еріктерімен ең бірінші боп ұмтылады. Шариғат көрсеткен мәдениет пен қазіргі азғын батыс мәдениетін салыстырғың келсе, олардың мына негіздеріне көңіл бөл, назар аудар!
Қазіргі мәдениеттің негіздері болымсыз бес нәрсенің үстіне құрылған және ол, олар үшін маңызды. Азғын мәдениетті алға тартып сүйреп бара жатқан сол негіздер. Олар:
Мәселе ақиқатта емес, мәселе күште. Ал, күш қолданған кезде озбырлық, агрессия пайда болады, қиянат содан шығады.
Алға қойған мақсаттары, адами жоғары құндылықтар емес, ұсақ-түйек жеке бастың пайдасы. Бас пайдасын көздеген жерде біреуге зиян тигізу, өшігу, жауласу пайда болады. Қылмыс содан шығады.
Өмірдегі ұстанар заңдары: Өзара көмектің орнына күрес, талас-тартыс. Таластың нәтижесінде шабыс, текетірес, төбелес. Жоқшылық міне содан шығады.
Халықтар арасын байланыстыратын нәрселер: нәсілшілдік, ұлтшылдық. Нәсілшілдік болса, басқаларды жұтып, күш жинайды. Ұлтшылдық да ұрыс-керіске, қақтығысқа итереді. Құлдырау, күйреу міне осыдан пайда болады.
Бесіншісі; әрі ең ұнамдысы әуестік сезімдерді қоздыру, жеңіл, оңай жол іздеу, құмар қандыру. Міне, азғындық осыдан шығады. Мұндай әуестік пен құмарлық адам баласын азғындыққа салып, мінез-құлқын бұзады. Адамгершіліктен аластатады.
Қазіргі мәдени-сымақ жандардың ішін сыртына айналдырып қарасаң басым көпшілігі маймыл не түлкі, я жылан я аю, я доңыз. Ішіндегі пиғылы көрініс берсе терісі мен жүнін қиялыңмен көресің. Олардың не істейтіні белгілі.
Ал, негізінде дүниедегі өлшем мен таразы Шариғат болмақ керек. Шариғаттағы мол мейірім Құраннан бастау алған. Құрани мәдениеттің негіздері һәм мықты һәм болымды, һәм дәйекті. Бұл мәдениеттің бақытқа бастар жолы болымды бес негізге құрылған.
Сүйенері күш емес, хақ пен ақиқат. Хақ болса әділет пен теңдік орнайды. Сау-саламатты өмір осыдан туады. Пәлекет, нәубет жоқ болады.
Көздеген мақсаттары бас пайда емес, адами жоғары құндылық. Адами құндылықтан сүйіспеншілік, махаббат, жақын тарту, ынтымақ пайда болады. Осыдан барып бақыт пенен бақ қонып, жауласу жөніне кетеді.
Өмірдегі ұстанымы: басым түсу, жою емес, өзара жәрдем. Бұл ұстаным бірлікке, бірін-бірі демеуге шақырады. Халықтың еңсесі көтеріліп, кеудесіне жан бітеді.
Халыққа қызметі болса, әуестікті қоздыру, сезімдерді желіктіру емес, Құранның тура жолына бастау, соған шақыру. Бұл тура жол адамгершілікке лайық өркениетке, кемелдікке, береке-бірлікке,
рахат өмірге бастайды. Адамның жан дүниесін нұрландырып, рухани байлыққа кенейді. Ал, болымсыз ұлтшылдық болса, қоғамның шырқын бұзып, ауызбіршілікті жояды. Оның орнына діни, имани бауырластық, болса отанға деген сүйіспеншілік, әлеуметтік топтар арасындағы ынтымақ, бірлік болады. Мұндай байланыс орнаған кезде шынайы бауырластық, өзара құрмет пайда болады. Сөйтіп жаппай бақыт орнайды. Сырттан қауіп төнсе оған қарсы іштен қорғанысқа көшеді. Мұсылмандар қазіргі мәдениетті неге қабылдамағанын түсінген боларсың? Осы уақытқа дейін мұсылмандар қазіргі батыс мәдениетін өз еркімен қабылдаған жоқ. Әрі оларға жараспайды да. Бірақ оларды тұтқындап, мойнына бұғау салынды. Мәдениет адамзаттың дертіне дауа берудің орнына у берді. Халықтың жүзден сексенін машақатқа, қиыншылыққа салып, әуре қылуда. Тек жүзден он бөлігіне былыққа батыратын алдамшы бақыт сыйлады. Қалған он бөлігінің мазасын алып қиын жағдайға, әуре-сарсаңға салды. Сауда-саттықтан түскен пайда аз ғана залым топтың еншісіне тиді. Ал, негізінде нағыз бақыт деп баршаға ортақ болған бақытты айтады. Ең болмаса көпшілікке пайдасы тиіп, бақыт сыйлауы керек еді. Ал, адамзатқа мейірім болып түскен Құран, күллі адамзатқа немесе басым көпшілігінің игілігіне жарайтын мәдениетті ғана қабылдайды. Ал қазіргі мәдениет әуестікті қоздырып, нәпсі құмарлыққа негізделгендіктен хайуанға тән еркіндік орнап, әуестіктің үкімі жүріп тұр. Қызылкөздене, көзін сүзе құмарту өршіп тұр. Қажетсіз нәрселерді, аса қажет зәру нәрсе секілдендіріп, ол болмаса болмайтындай хәлге жеткізді. Бұл мазаны әбден алып тұр. Бұрыңғы кезде адамдар төрт нәрсеге мұқтаж еді. Қазіргі мәдениет жүз нәрсеге мұқтаж қылып, тақыр кедейге айналдырды. Адал еңбектің табысы шығындарды жаба алмай жатыр. Соның салдарынан адамдар көлденең табысқа үйір боп, харам жолға түсуде.
Белгілі бір топтарды, жеке ұйымдарды байытып, тым асқақтатып жіберді. Халықты арсыз, жарлы-жақыбайға айналдырды. Мұның дәлелдері көп. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі жабайылықтың, қатігез қылмыс, қиянаттың небір түрін мына былыққа батқан мәдениет
бір дегенде-ақ құстырды. Әлі де жүрегі айнып тұр. {(Сілтеме): Демек бұдан да жаман түрде тағы да құсатын болады. Иә, екі дүниежүзілік соғыс арқылы екі рет құсты. Аспан да, су да, жер де қанға боялып, жер беті әбден былғанды.} Ислам әлемі қазіргі мәдениеттен аулақ тұруында үлкен мән-мағына жатыр. Ондай мәдениетті қабылдауға шынымен-ақ қиналды, жолағысы келмеді. Ислам Шариғатында Иләһи нұр, ең жоғарғы қасиет, Аллаһтан басқа ешкімге тіленіп, қол жаймау, тәуелсіздік болатын. Сол қасиет пен ақиқат нұры, мына мәдениеттің өзегі боп табылатын Римдік ойлау жүйесінің Ислам әлеміне еніп мұсылмандарды билеп-төстеуіне жол бермеді. Мұсылманның бойындағы имани қасиет пен ақиқат өзіне жат философиямен араласып, бітіспейді. Олардан еш нәрсе алып, өзіне жұқтырмайды, іздерінен ермейді. Дін Исламдағы мейірім, иман арқылы болатын асқақ абырой тек қасиетті әрі мұғжиза Құраннан шығатын шариғи ақиқаттардан ғана табылады. Ол ақиқаттар бейне бір Мұса пайғамбардың (а.с.) қолындағы аса таяқ тәрізді. Мына көз бояушы, сиқыршы мәдениет болашақта шариғатқа жүгініп, жалына қол жаятын болады.
Енді мынаған назар аударайық: Ежелгі Рим мен Гректің екі түрлі пікірі, даналығы бар еді. Екеуі бірге туған, егіз деуге болатын. Біреуі қиялға, екіншісі материяға негізделген яғни табынатын пұттары еді. Суға құйылған май секілденіп, бір біріне қосылып арласа алмады. Қаншама уақыт өтсе де, мәдениет қаншама тырысса да, Христиан діні қаншама ықпал етсе де босқа әуре болды. Екеуі бөлектеніп сол күйінде қалып қойды. Әлі күнге дейін екі рух секілді. Енді сол екі рух неміс және француз боп екі денеге айналғандай. Бейне рухтары ұлттарға ауысып көшіп жүрген тәрізді.
Уа, менің мысалымды түсініп отырған бауырым! Уақыт әлгі екі пікірдің өзара араласып, біте қайнасуын қабыл көрмеді. Келісімге келе алмайды. Бірге туған бауырлар, даму жолында жолдас болса да төбелесін қоймады, келісімге келмеді. Ендеше тегі бөлек, өзегі өзге, шыққан жері басқа Құраннан шыққан шариғат қалай ғана мына мәдениеттің өзегімен яғни Римдік пікір-даналықпен бейбіт келісімге келіп, одақтасып кетеді?!.
Ол ақылгөй даналық пен мына Ислам ақиқатының шыққан тегі әр түрлі, мүлдем бөтен. Тура жол Ислам, аспаннан түскен, ал ақылгөй философия жерден шыққан. Ақиқат пен Ислам жүрекке әсер етеді,
ақылды да жұмыс істетеді. Ақылгөй даналық философия болса тек миды жұмыс істетеді. Жүректі мазалап, алаңдатып қояды. Ақиқат, тура жол болса рухты нұрландырып, бейімділік дәндеріне бүршік жарғызып қабілет жапырақтарын жайғызады. Қараңғы табиғат осылайша жарыққа бөленеді. Қабілеттер ашылып бірден кемелденеді. Денеге тәуелді нәпсі-сезімдерді тіл алғыш қызметшіге айналдырады. Жақсылыққа жаны құмар, еңбеккеш адамға періштедей абырой әперіп бақ-дәулет қонады.
Ақылгөй, даналық, әуелі нәпсі мен денеге мән береді, табиғатқа батады. Нәпсі егін алқабына ұқсап қабілеттері ашылып қуатты күш алады. Рухты өзіне қызметші қылып, бейімділік дәндері қурап шіри бастайды. Адамдарды шайтани бейнеге ендіреді.
Ал, ақиқат, тура жол болса екі дүниенің бақытына жетелейді. Екі дүниені нұрландырып, адамды жоғары дәрежеге көтереді.
Жалғыз көзді Тажалға ұқсаған ақылгөй даналық тек дүниені және бір өмірді ғана көреді. Материяға табынып, құмартады дүниеге. Ақырында адамды жыртқыш хайуанға айналдырады. Иә, ақылгөй даналық меңіреу табиғатқа сыйынады, соқыр күшке бағынады.
Ал, ақиқат, тура жол болса құпия әрі саналы түрде жасалған өнерді түсініп, хикметке толы құдіретті көреді. Ақылгөй даналық, жердің жүзін күпірлікпен көмкеріп ақиқатты көрсетпейді. Ал, ақиқат-Ислам шүкірдің нұрын шашады. Ақылгөй, даналық соқыр, мылқау, тас керең. Ал ақиқат-Ислам һәм көреді, һәм естиді. Ақылгөй даналықтың назарында жер бетіндегі нығметтер босқа жатыр, иесіз, бәрі олжа бекерге. Шүкір етудің орнына оны тона, бар ұрла дейді. Табиғаттан қопарып жыртқышқа тән сезімдерді оятады. Ал ақиқат-Ислам көзқарасы бойынша жер бетіне, бүкіл әлемге жайылып жатқан нығметтер, мейірімнің жемістері. Әрбір нығметтің артында жарылқаушы құдрет қолын көреді, шүкір етіп сүйеді.
Мәдениеттің көптеген жақсы жақтары бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ ол не Христиандықтың не Еуропаның заты емес. Мына ғасырдың деп те айта алмаймын. Ол баршаға ортақ нәрсе, ой-сананың қосындысынан, Аллаһтан келген шариғаттан, табиғи қажеттіліктен, әсіресе, Әз. Мұхаммедтің (с.а.у) шариғатынан, Ислам құндылықтарынан алынған нәрсе дер едім, ешкім менікі деп иелене алмайды.
Мысал әлеміндегі мәжілісте, сол мәжілістің төрағасы қайта сауал сұрады және былай деді: Адамның басына келетін пәлекеттер жасаған қиянатының жазасы және келешекте берілер сыйлықтарға себеп дейді. Олай болса, әй, мына ғасырдың адамы! Тағдырдан соққы жедіңдер, бұл сендерге шапалақ. Тағдырға мұндай пәтуа бергізетіндей не істеп қойдыңдар? Көпшіліктің қатесі, жалпыға ортақ бәлеге себеп болатыны рас...
Мен былай дедім: Адамдардың қисық пікірі, Нәмруд сынды қырсықтық, Перғауын пиғыл тәкаппарлық ұлғая-ұлғая тау болды. Жаратылыстағы нәзік сырларға қайшы әрекет жасалды. Сосын жерді топан су басып, оба індеті келгендей мына соғыс-аласапыран басталды. Кәпірлерге аспаннан бәле келді, ол бір шапалақ. Демек бұл пәлекеттер бүкіл адамзатқа келген ортақ мәселе, қатысы бар баршаға. Тағы бір ортақ мәселе: материализмнен туындаған адасушылық, кәпірлік, хайуанға тән еркіндік, әуестік пен нәпсіқұмарлықтың қозуы.
Бізге де сыбаға бұйыруының себебі, Исламның талап-шарттарын орындамадық. Жаратушы Иеміз, жиырма төрт сағаттың бір сағатын бес уақыт намазға арнауды бұйырды. Жалқаулыққа салынып оқымадық намазды, бейқамдықпен уақытты өткіздік бекерге. Жазасы былай болды: Бес жыл бойы жиырма төрт сағат жаттығу жасап, машақат шектік, белгілі бір мағынада зорлап намаз оқытты. Жылына бір ай ораза ұстауымызды бұйырды. Нәпсімізге жан ашып, оразасын тұтпадық. Соның өтеуі ретінде бес жыл бойы мәжбүрлеп оразасын тұтқызды. Өзі берген мүліктен қырықтан бір бөлігін немесе оннан бірін зекет бер деп сұрады. Сараңдық жасап, һәм зұлымдық харамға баттық белшеден. Ерікті түрде бермедік. Жиналып қалған зекетті бізден алды мәжбүрлеп. Осылайша харамнан да құтқарды. Бұлар бізге берілген жаза. {(Сілтеме): Османлының бірінші дүйежүзілік соғысқа қатысуын мегзеп отыр.} Жалпы жаза, жасалған қылмыстың түріне қарай беріледі, ұқсас келеді жынысы.
Ізгі амал екі түрлі болады. Біреуі болымды әрі ерікті. Екіншісі болымсыз, әрі еріксіз, мысалы - бәлекеттер мен қиыншылықтар. Басқа түскен пәлекеттер мен қиыншылықтар ізгі-салих амал болып саналады. Бұл әрине болымсыз түрі, деген мағынада хадис бар, сол көңілге жұбаныш. Мына күнәһар халық қанымен дәрет алды.
Іс жүзінде тәубә етті. Тез берілер сыйлықты, бұл халықтың төрт миллионы әулиелік дәрежеге, шәйіт дәрежесіне, ғазилік дәрежеге шығу арқылы алды. Сөйтіп күнәлардан арылды. Мысал әлеміндегі ұлы мәжіліс бұл сөзімді құптады.
Мен де бірден ояндым, мүмкін ояу жатқанмын. Меніңше өңі адамның түс сияқты, түс те өңнің бір түрі. Ол жердегі мына ғасырдың уәкілі, бұл жерде Саид Нұрси...