Сәулелер
— 319 —

Он үшінші Шуақ

[Ұстаздың шәкірттеріне жіберген өте қымбат әрі нұрлы хаттар жинағы. Рисалей-Нұрдың қайсар табандылығын, кәпірлерге қарсы тегеуірінді күресін осы шынайы хаттар анық-қанық көрсетеді.]

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым! Өткен қасиетті Қадір түндеріңді және келе жатқан мейрамдарыңды шын жүректен құттықтаймын! Сендерді Әрхамур-Рахиминнің бірлігіне, шексіз рахымына аманат қылып тапсырдым.

مَنْ اٰمَنَ بِالْقَدَرِ اَمِنَ مِنَ الْكَدَرِ сыры бойынша сендерді жұбатып, көңілдеріңді аулаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оған сендер мұқтаж емессіңдер. Дегенмен, وَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ فَاِنَّكَ بِاَعْيُنِنَا وَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ аятының ишари мағынасы беретін жұбанышқа толық куә болдым. Қалай десеңдер, дүнияны ұмытып, Қасиетті Рамазанды көңіл тыныштымен өткіземін деп жүргенде, ойда жоқта, тосыннан болған мына сұмдық оқиға бір жағынан мен үшін және Рисалей-Нұр үшін, сондай-ақ, сендерге, Рамазанымызға тиімді әрі өзара бауырластыққа өте пайдалы болғанына және бұл Аллаһтың жарылқауы екеніне көзім әбден жетті. Маған қалай пайдалы болғанын және оның көптеген қырларынан тек екі-үшеуін айтайын.

Біріншіден; Бұл оқиғаның саясында Рамазан айы ықыласпен, құлшыныспен, ояу түрде және үзбей Аллаһқа жалбарыну, сыйыну арқылы өтті. Тіпті, ауырғанымды ұмытқызып, аянбай еңбек еткізді.

Екіншіден; Мен әдеттегідей биыл да сендермен көрісіп, бірге болуды аңсаған едім. Тек, біреуіңді көру үшін сонау Спартаға барып жол азабын тартуға дайын едім.

Үшіншіден; Қастамону қаласында да жолда келе жатқанда да, һәм осы жерде болсын кенет шұғыл түрде барлық уайым-қайғыларым бірден өңі өзгеріп қоя береді. Күтпеген жерден, ойламаған жағдайда Аллаһтың жәрдемі келіп еріксіз (Қайыр-жақсылық Аллаһтың қалауында!) дегізеді.

— 320 —

Иә, менің қашанда уайымым Рисалей-Нұр екенін білесіңдер. Енді оның ең ғапыл, дүниялық тұрғыдан жоғары мәртебені иеленген бейқам жандарға дейін мұқият оқылуына себеп болды. Осылайша басқа тұрғыдан азаттыққа қауыштыратын қызмет жүріп жатыр. Маған қатты әсер ететіні сендердің қиналыстарың. Әрбіріңді ойлап мұңаятыным рас. Сол кезде Рамазан айы келіп бір сағаты жүз сағатқа пара-пар болғандықтан басымызға келген мұндай қайғы мұң жүз есе сауапты ғибадат саналып бір ай мың айға татитындықтан сендер секілді Рисалей-Нұрдан дәріс алған және дүнияның фәни екенін, ақыреттік сауда орны екенін білген және барлық нәрсесін иманына, ақыретіне пида ететін және Юсүфи дәрісханадағы уақытша қиыншылықтардың мәңгі ләззат сыйлап, мол пайдаға бөлейтінін білген ықыласты жандарды аяп, өкінудің орнына бұл жағдайды тиімді пайдаланып, жағымды бейнеге енді, тіпті құттықтауға лайықты әдемі жағдайға айналды. Мен де: اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى كُلِّ حَالٍ سِوَى الْكُفْرِ وَ الضَّلَالِ дедім.

Маған қатысты пайдалары болғаны секілді біздің бауырластығымызға қатысты және Рисалей-Нұрға, Рамазанға және сендерге қатысты сондай көп пайдалары бар. Егер, ақиқат ортаға шығып перде ашылса: «Уа, Раббым! Мың да бір шүкір! Бұл тағдырдың жазуы біз үшін Құдайдың жарылқауы екен!» деп, айтар едіңдер. Оқиғаға кінәлі кісілерді жазғырмаңдар! Бұл бәленің ауқымды да сұмдық жоспары бұрыннан жасалып, дайындалып қойған-ды. Дегенмен мағына жағынан өте жеңіл өтті. Иншаллаһ тез өтіп кетеді. сыры бойынша өткенге өкінбеңдер!

Саид Нұрси
* * * * *

Ғазиз бауырларым!

Сендердің қастарыңда болудың өзі мен үшін ғанибет. Сендердің қиял-ойларыңмен анда-санда сөйлесіп, жұбаныш табамын. Әттең, қолымнан келсе сендердің бүкіл қиналыстарыңды қуана-қуана өзім шегер едім. Сендердің арқаларыңда Спарта қаласын, жалпы сол аймақты тас-топырағымен бірге жаппай жақсы көремін. Тіпті, былай деп ойлаймын әрі мұны ашық айта аламын: Спарта үкіметі мені айыптап, жазаға тартса, басқа аймақтар ақтап бостандыққа шығарар болса мен бәрібір осы жерді таңдар едім.

— 321 —

Иә, мен өзімді үш тұрғыдан Спарталықпын деп ойлаймын. Мұны әрине, тарихи деректермен дәлелдей алмаймын. Дегенмен "Спарит" ауданында дүнияға келген Саидтың тегі осы жерден кеткеніне көзім жетті. Оның үстіне Спарта облысы маған нағыз дос-бауырлар сыйлады. Олар үшін мен Абдүлмәжитті, Абдурахманды ғана емес тіпті керек болса Саидты да әрбіріңе еш ойланбастан пида етуге дайынмын.

Менің ойымша, қазіргі болып жатқан дүрбелең дүнияда Рисалей-Нұр шәкірттеріндей ақыл-ойы, жүрегі, жаны тыныш адамдар кемдекем. Өйткені, олардың жүрек пен жаны, ақылы хақиқи иманның нұрымен рухани азап шекпейді. Ал, материалдық қиыншылықтар болса, Рисалей-Нұрдың түсіндіргеніндей олар уақытша һәм сауап жаздырады әрі түкке тұрмайтын елеусіз сондай-ақ, иман қызметінің басқа алаңда жайылуына себеп болатындықтан шүкір етіп, сабыр сақтау керек. Олар (шәкірттер) хал тілдерімен былай дейді әрі дәлелдеген: «Тахқиқи иман бұл дүнияның өзінде бақытқа бөлейді!» Иә, «Уа, Аллаһ! Сен не істесең де жақсылық екеніне сенемін!» деп табандылық танытады. Мұндай уақытша қиыншылықтарды бақи рахымшылыққа айналдыруға тырысады.

Аса мейрімді, ерекше қамқор Аллаһ мұндай азаматтардың санын көбейтсін! Оларды отанымыздың мақтанышы, жарқын болашақтың кепілі қылсын! Өздерін де фәрдаус жәннатында мәңгі бақытқа бөлесін, Әмин!

Саид Нұрси
* * * *

Азиз, адал бауырларым!

Бұл оқиғаға Иләһи қаза, тағдырдың жазуы деп қараған жөн. Арамызға жаңа қосылған кейбір кісілердің ықылас сырына қайшы дүниялық нәрселерді Рисалей-Нұр арқылы сұрауы, ниет етуі әрине бұрыс болғандықтан бағзы пайдакүнем, бақталас адамдардың қызғаныш сезімін оятып оларды бізге қарсы шығарды деп ойлаймын. Сөйтіп, түп нұсқасы осыдан жиырма бес жыл бұрын жазылып соңғы сегіз жылда екі-ақ рет қолыма түскен, кейін қайтадан жоғалып кеткен «Бесінші Шуақ» рисалесі, бізден ұзақ бір жерден табылса да әлгі көре алмаушылықпен соны сылтау қылып әділет басқармасы бізден күдіктенуде. Дәл сол уақытта менің ойымша «Мифтах-ул Иман» кітабымды жаңа әріппен бастыру керек еді, бірақ орнына

— 322 —

менің рұқсатымсыз «Аят-ул Күбра» рисалесі бастырылып, бізге де бірнеше нұсқасын жіберген-ді. Оны өкімет естіп осы екі мәселе бір-біріне шатасып кеткендіктен бейне бір бұл әрекетіміз мәдениет заңдарына қайшы саналатын «Бесінші Шуақ» кітапшасын бастырды деп күдіктеніп, дереу дұшпандарымыз түймедейді түйедей қылып қастық ниетпен бізді мына абақтыға қамады. Дегенмен, Иләһи тағдыр, бізге пайдалы жағымен осында айдап алып келді. Бұрыңғы заманда кейбір кісілер өз еркімен қамалып нәпсісін тәрбиелеген болса, одан да сауаптырақ әрі ықылас сабағын беретін әрі расында түкке тұрмайтын дүниялық бос өмірден қол үздіру үшін бұл жолы тағы Юсуфтың медресесі мына абақтыға шақырды.

Дүнияқұмарлар үрейленіп жатса оларға айтарымыз: «Жетінші Шуақ» яғни "Аят-үл Күбра" рисалесі басынан соңына дейін имандылық туралы баяндайды, сендер қателестіңдер. Ал, өзіміз де таралуына тыйым салған және түп нұсқасы жиырма жыл бұрын жазылған «Бесінші Шуақ» болса, ол мүлдем басқа рисале. Оны бастырмақ түгіл біреуге көрсетуді де қаламайтынбыз. Бірақ, ол жерде жазылған нәрселердің бәрі дұрыс, ол біреумен ерегісіп дауласып жатқан жоқ.

* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Мейрамдарыңды тағы да құттықтай отырып, жүздеспегенімізге ренжімеңіздер. Біз шындығында әрдайым біргеміз. Әбәд жолында, мәңгілік сапарда да иншаллаһ достығымыз жалғаса бермек. Иманға қызмет кезінде тапқан мәңгі сауап, рухани кемелдік, адами қасиет пен қуаныш мына қазіргі шеккен уақытша азап пен уайым-қайғыны ұмыттырып жібереді деп ойлаймын. Бұ заманға дейін Рисалей-Нұр шәкірттеріндей қасиетті қызметті адал атқарып, бірақ аз қиналғандар болмаған.

Иә, жәннат арзан емес. Адамды, екі өмірдің шырқын бұзатын нағыз күпірден құтқару, мына заманда маңызы зор міндет. Аздап қиналғанға қарамастан ықыласты жоғалтпай, ынта жігермен, шүкір етіп, сабыр сақтауымыз керек. Бізді осы қызметке жұмсап жатқан Жаратушы Иеміз өте рахымды да хикмет иесі. Олай болса басымызға не келсе риза болып Аллаһтың мейріміне, хикметіне сеніп, шыдап бағуымыз керек.

— 323 —

Ержүрек бір бауырымыз "Аят-ул Күбра" кітабына қатысты мәселеде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алып, "Хизб-і Құран" мен "Хизб-і Нұрдан" және кітапты қолменен жазудан түскен мол сауапқа, ақыреттік абыройға өзінің толық лайық екенін дәлелдепті. Оның бұл батыл әрекеті мені қатты қуантып, көзіме жас келді. "Жетінші Шуақ" деп аталатын "Аят-үл Күбра" рисалесі келешекте бүкіл назарды аударып өзінің басымдығын, жеңісін әлі-ақ көрсетеді. Сондықтан, әлгі бауырымыздың уақытша қиналуы ақыры жақсылыққа айналып өзінің және отбасының жасаған қызметі еселеніп, шығын-төлемі қайтып, орнын толтырады деп ойлаймын, иншаллаһ. Бұдан да жарқын жеңіске қол жеткізеді, көресіңдер әлі. Солай болуын Аллаһтың рахымынан күтеміз.

Сендерді барлық дұға-тілектерімде اَجِرْنَا وَارْحَمْنَا وَاحْفَظْنَا деп, яғни "бізді" деген мағынада ешбіріңді қалдырмай көпше түрде айтып қосып отырамын. Көп дене, бірақ рух біреу секілді бәріңді бір адамдай көріп, ортақтасу ережесі бойынша бәрі үлескер саналатыны секілді біз де мағынауи ортақтасудың арқасында рухани мекеменің жұмысшылары ортақ табыстан үлескер екенімізді ұмытпайық. Сендердің қиналғандарыңды көріп сендерді қатты уайымдайтын, сондай-ақ мағынауи тұлғадан медет, табандылық, шапағат күтетін

Бауырыңыз
Саид Нұрси
* * * * *

Соңғы оқиға маған қатты әсер етті. Сендер үшін жанымды пида қылуға шын жүректен дайынмын. Бүгін соның шарасын қарастырып отырғанымда «Жәлжәлутия» дұғасын оқыдым. Қарасам, ол жерде Хазіреті Имам-ы Али (радиаллаһу анһ): "О, Аллаһ! Бізді аман сақта!" деп дұға етіпті. Иншаллаһ, сол дұғаның құрметіне аман-есен бұл бәледен құтыласыңдар.

Иә, Хазіреті Али (радиаллаһу анһ) өзінің «Жәлжәлутия» қасидасында екі түрлі жолмен Рисалей-Нұрдан хабар бергені секілді «Аят-ул Күбра» рисалесіне ишара ретінде:

وَ بِالْاٰيَةِ الْكُبْرٰى اَمِنّ۪ى مِنَ الْفَجَتْ деген. Бұл ишарада мұндай бір мағына жатыр: «Аят-үл Күбра» рисалесі себеп болып Нұр шәкірттеріне үлкен бір бәле келеді. «Аят-үл Күбра» рисалесінің

— 324 —

құрметі үшін Хазіреті Али: сөзімен сол бәледен шәкірттерді құтқара гөр, оларды аман қыл!" деп, жалбарынады. Әлгі рисалені және оның қайнар бұлағын шапағатшы ретінде атын атаған. Иә, «Аят-үл Күбра» рисалесінің бастырылуымен болған пәлекет әлгі ғайби ишараны растап дәлме-дәл солай болды.

Һәм, сол қасидада Рисалей-Нұрдың маңызды кітаптарына ретретімен ишара етіп келеді де соңында бір парақта былай дейді:

وَ تِلْكَ حُرُوفُ النُّورِ فَاجْمَعْ خَوَاصَّهَا ٭ وَ حَقِّقْ مَعَان۪يهَا بِهَا الْخَيْرُ تُمِّمَتْ

Яғни: "Міне, Рисалей-Нұрдың ішіндегі сөздер мен әріптер. Біз оларға ишара қылдық. Сен сол әріп пен сөздердің ерекшеліктерін сана, сосын мағыналарына талдау жаса! Барлық қайыр мен сағадат, бақыт пен жақсылық сол арқылы тәмам болады!" дейді. Ол жерде «Әріптердің мағыналарына талдау жаса!» дегені, мағына білдірмейтін әріптерді емес, сөздерді яғни «Сөздер» атты рисале болуы ықтимал.

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ
﴿ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ﴾
Саид Нұрси
* * * * *

Азиз, адал бауырым Рәфет мырза!

Сенің ғалымға жарасатын сұрақтарың Рисалей-Нұрдың «Мектубат» атты кітаптың маңызы зор терең ақиқаттарының ашылуына себеп болғандықтан, сенің сауалдарыңа немқұрайлы қала алмаймын. Оның қысқа жауабы былай:

Қасиетті Құран әзәли, яғни мәңгі құтпа. Ол - бүкіл адамзатқа арнау, құлшылық ететіндердің барлық сыныпына үндеу екені рас. Олай болса әлбетте, олардың сан-алуан деңгейіне сай мағыналары және сол күлли мағыналардың да көптеген мәртебелері болуы тиіс. Кейбір тәпсіршілер тек жалпыға ортақ немесе уәжіп немесе "мүәккәд" сүннетті анықтайтын мағынасын ғана алады. Мәселен, мына: وَمِنَ الَّيْلِ فَسَبِّحْهُ деген аяттан маңызды сүннет болып табылатын екі рәкағат тәхажуд намазына ишара бар екенін, ал, اِدْبَارَ النُّجُومِ деген аяттан "мүәккәд" сүннет болған таңғы "фәджр" сүннетін түсінген. Бірақ, әуелгі аяттың мағынасы тек сол екен деу қате, оның көптеген ишари мағыналары бар. Бауырым, сенімен әлі талай сұхбат қыламыз.

— 325 —

Ғазиз, адал бауырларым!

Жаңа бесін намазын оқыдым. Тәсбихат оқып жатқанда сендерді еске алдым. «Әркім өзін сондай-ақ, үйіндегі бала-шағасын ойлап қиналып жүр-ау!» дедім. Кенет мынадай бір ой келді: Бұрыңғы заманда ақыретін дүниясынан жоғары санайтындар қоғамдағы лас өмірден құтылу үшін және ақыретіне ықыласпен қам жасау үшін үңгірлерге кіріп, өзін қинап, осылайша нәпсісін тәрбиелеп, оқшау өмір сүрген деседі. Олар бұ заманда болса Рисалей-Нұр шәкірттері болар еді. Олай болса, әлбетте қазіргідей қысыл-таяң заманда ақыретін ойлайтындар мұндай тәрбиге он есе мұқтаж және он есе жоғары қасиетке ие болуға мүмкіндік бар және он есе жеңіл әрі рахат.

* * * *

Азиз, мүбәрак бауырларым!

Көп-көп сәлем. Біздің елде ескіде арапа күні Ықылас сүресін мың рет оқитын әдет бар еді. Мен, қазір әуелі бес жүз, сосын арапа күні бес жүз оқимын. Қолынан келген адам бәрін бір күнде оқиды. Иә, мен сендермен көрісе алмайтыным және әрбіріңмен жеке-жеке сөйлесе алмайтыным рас. Дегенмен, жиі-жиі дұға еткен кезімде әрбіріңмен жеке атын атап тұрып сұхбат қыламын.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Мен, осы кезге дейін «Нұр» фабрикасы тобының ықыласты жандарынан екі хас шәкірт қамаудан босап еркіндікте жүр деп білуші едім. Шынымен де ол топ, алты-жеті жылдың ішінде табысты еңбек етіп, жүйрік қаламдарымен жазған кітаптары секілді өздерінің де қызметтері ешқашан тоқтамай қызмет етуде. Олардың орнына еңбек етіп амал дәптерлеріне сауаптар жаздыруда. Тіпті, «Хизб-у Нұрияның» жойқын күресі жалғасуда және ол маңызды жерлерге барып, өзін оқытуда. Демек, оны бастырған кісілер тынбастан жұмыс істеп, қызу еңбек етіп жатқан болып есептеледі. Мен, көп еңбек еткен, еңбекқор Хафыз Мұстафаны манағы кісі сияқты сыртта жүр, қамалған жоқ деп білетінмін, біреу: «ол да осында» деді. Мүмкін басқа Мұстафа болар деп өзімді жұбаттым.

* * * *
— 326 —

Ғазиз бауырларым!

Мен бүгін таңертең тәсбихатта Хафыз Тәуфиқты ойлап жаным ашыды. Осымен екі рет үстінен іс қозғалып қиналып жатыр. Кенет мұндай бір ой келді: "Оны құттықта! Ол, өзіне пайдасы жоқ сақтық жасаймын деп, Рисалей-Нұрдағы жоғары мәртебесінен, үлкен үлесінен құр қалуы мүмкін еді. Бірақ, қызметінің киелілігі, ұлылығы оны тағы да осы зор табысы зор үлкен үлеске қосып, мол сауапқа бөледі. Азғана әрі уақытша қиналғанға бола мұндай рухани абырой мен табыстан айырылмағаны жөн.

Иә, бауырларым! Бәрі де өтіп кетеді. Өткен соң егер ол нәпсіге жағымды, ләззат болса босқа өтіп өкіндіреді. Ал, егер қиыншылық мен азапты болса, дүния жағынан һәм ақырет жағынан пайдалы һәм, мұндай киелі қызмет үшін болса тәтті пайдалары бар. Ол пайда үшін әлгіндей қиыншылықтар түк емес. Араларыңда бір адамнан басқа ең қарт, жасы үлкені және көп қиыншылық шеккен мен шығармын. Ант етейін, сабыр сақтап, шыдап шүкір етіп келемін, халіме ризамын. Жалпы, қиыншылыққа сабыр сақтап шүкір ету ондағы сауап үшін, ақырет пен дүниялық пайдасы үшін емес пе?!

* * * *

Азиз бауырларым!

"Миуа" рисалесіндегі мәселелердің кемелденіп, пісіп жетілуіне жол бермеген кедергілер азаюда, иншаллаһ, ол мәселелер қайта жалғасып, толықтырылады деп ойлаймын. Ол кедергілер не десеңдер, біреуі ауа-райының қолайсыз күрт суып кетуі. Екінші кедергі оның қуаттылығын білген масондар, үрейленіп қорқуы яғни оған қарсы шара қолдануы. Мен, осы басымызға келген қиыншылыққа тағдыр жағынан қараймын. Сонда қиыншылық рахымшылыққа айналып кетеді. Рас, Рисалей-Нұрдың "Тағдыр" рисалесінде баяндалғанындай, әр оқиғаның екі себебі болады, біреуі сыртқы, біреуі негізгі. Сыртқы себепке қарап адамдар алданады, көбіне қателесіп зұлымдық жасайды.

Екінші негізгі себебі, ол ақиқат. Тағдыр соған қарай үкім береді. Бір оқиғада адамдар зұлымдық етсе де Аллаһ әділдік жасайды. Мысалы, біреу ұрлық істемесе де жала жабылып абақтыға қамалады. Бірақ, оның құпия, жұрт білмейтін қылмысы болатын, тағдыр соған қарап қамауға үкім берді. Сол секілді осы мәселеде де солай. Алмаздарды

— 327 —

шыны-әйнектерден айырып, адал да жанкешті азаматтарды күдікшіл, солқылдақ, тұрақсыздардан және ықыласты таза жандарды тәкаппар, менменшілдікті тастамаған кісілерден ажырату үшін бұл емтиханға кірдік, мұның екі себебі бар:

Біріншісі; Ықыласты түрде мықты ауызбіршілікпен дінге зор қызмет етілді. Әрине дүнияқұмарларға, саясатшылдарға бұл жақпады. Адами зұлымдық осыны көрді де тиісті.

Екіншіден; Әрқайсымыз жеке-жеке осы киелі қызметке шынайы ықыласпен ынтымақ құрып соған лайық болуымыз керек еді. Өкінішке орай олай болмады, Иләһи тағдыр соған қарап жазаға тартты. Енді, Иләһи тағдыр өте әділ түрде бізге мол мейірімін төгіп отыр. Ол не десеңдер, бір-біріне ынтық, қатты жақсы көретін бауырларды бір жерге жинады. Олардың шеккен қиыншылықтарын ғибадатқа, шығындарын садақаға айналдырды. Жазған рисалелеріне көпшіліктің назарын аударды және дүниялық мал-мүлік, бала-шаға, рахаттың бәрі уақытша әрі баянсыз екенін, бір күні бәрін тастап қабірге кіретіндіктен соларға бола ақыретін бұзбау керектігін және бізді сабырға, төзімділікке үйрету үшін әрі келешек иманды ұрпаққа ерлік тұрғысынан үлгі, тіпті олардың имамы қылу секілді, көптеген жақтан Аллаһтың мейірімділігі боп саналады. Алайда, бір нәрсе мені ойландырады. Қалайша, адамның бір саусағы жарақат алса, көз, ақыл, жүрек секілді сезімдер міндеттерін тастап әлгі ағзамен шұғылданып кетеді. Дәл сол секілді мұншалықты ауыр, қиындыққа ұшыраған өміріміз жарақат алғандықтан жүрек пен рухты өзіне аударатыны белгілі. Тіпті, дүнияны ұмыту, тәркі ету керек болған бір уақытта әлгі сезім мені масондардың жиналатын жеріне апарып оларды мықтап тұрып сыбағаным бар. Аллаһ Тағала сол ғапылдық халімді кәпірлермен пікіри күрес деп қабылдар деп өзімді жұбатып қоямын.

Рисалей-Нұрдың аса қадірменді мұғалім шәкірті Хафыз Мехметтің бауыры Али Гүл сәлем жолдаған екен, алейкумассалам. Мен оған және барлық жерлестеріме және Сауа ауылының тұрғындарына және өлі әруақтарына мыңдаған дұғай-сәлем жолдадым.

* * * * *
— 328 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Азиз, адал бауырларым!

Сендердің табандылықтарың мен мәрттіктерің масондар мен мұнапықтардың жоспарын тас-талқан қылды.

Иә, бауырларым жасыратыны жоқ, әлгі діннен безгендер РисалейНұрды, оның шәкірттерін тариқатпен шатастырды білем. Әсіресе, Нақшибәнди тариқатына ұқсатып оларға жасаған айла-қулықтарын бізге де пайдаланып, арамызға іріткі тастап, жамағатты таратып, жоқ қылу ойымен осы соңғы шабуылын жасаған еді.

Олар не істеді дейсіздер ғой; әуелі жамағаттағы адамдарды қорқытады, үрей беріп сосын, ұстанған жолдың кемшіліктерін, бұрыс жақтарын көрсетеді.

Екіншіден; Сол жолдың белсенді жандардың, ортасында жүрген кісілердің айыптарын ашып жұртқа паш етеді.

Үшіншіден; Материализм философиясының және мәдениеттің нәпсі қоздырар азғындықтарымен, басты айналдыратын улы тәтті ләззаттарымен жамағаттың шырқын бұзады. Сөйтіп өзара ауызбіршілік пен ынтымақты азайту және ұстаздарына қиянат жасап оны төмендету, әшкерелеу және ұстанған жолдарын пән мен ғылым арқылы, философияның кейбір заңдарымен теріске шығару, міне осы секілді жымысқы әрекеттерімен Нақшибәнди, басқа да тариқатшыларға қолданған қару-тәсілмен бізге де шабуыл жасады. Бірақ алданды. Өйткені, Рисалей-Нұрдың негізі, оның мызғымас ұстаным-ережелері былай: Шынайы ықыласқа қол жеткізу, менмендікті тастау және қиыншылықтың ішінен рахымшылықты табу, қайғыдан бақи ләззат сезініп, соны іздеу және фәни харам ләззаттың өзінен ащы өкініш пен қайғыны көру және иманның бұл дүнияның өзінде шексіз ләззат пен рахатқа бөлейтін құнды нәрсе екенін, сондай-ақ, нұр рисалелері ешбір философияның қолы жетпеген мағыналарды, терең ақиқаттарды дәріс беріп үйрету, міне сондықтан, олардың сұм жоспарлары жүзеге аспай қалды, иншаллаһ. Және «Рисалей-Нұрды» тариқатпен салыстыруға болмайды, ол мүлдем басқа!" деп олардың үнін өшіреді.

Қызық оқиға: Бүгін таңертең жанымдағы жандарма бөлмесінен біреуі шақырады. Терезеге шығып қарасам: «Біздің есігіміз өздігінен құлыптанып қалды, аша алмай әуре болып жатырмыз!» дейді. Мен оларға: "Бұл сендерге ишара-белгі! Сендердің күзетіп, қамап ұстап отырған адамдардың ішінде өздерің секілді жазықсыз жандар бар!".

— 329 —

Тіпті бұлар, он жыл бойы көріспеген бауырыммен бір минут сөйлесе қойып едім, соған бола маған қиянат жасап, басқа сылтаумен сыртқы есігіміздің екіншісін де жауып тастады. Мен де оларға соны ескертіп: «Соның жазасы ретінде сендердің де есіктерің жабылып қалды!» дедім.

Саид Нұрси
* * * * *

Азиз, адал бауырларым!

Сендерге кешегі жазған қызық оқиғаның үш нәзіктігін баяндап берейін.

Біріншісі; Болашақта келетін мүбәрак жамағаттың мағынауи тұлғасының бір уәкілі болатындықтан және сол, мағынауи тұлғаның арқасында, соның берекетімен деуге болады жабық есік өздігінен ашылып кеткені еді. Сондай-ақ, әлгі жүзеге асып құралып қойған мүбәрак топтың бір уәкілі он жылдан соң менімен жарты минут сөйлескені үшін тиісіп, менің ашуымды келтірді. Мен ашуланып: "Есіктері жабылып қалғыр!" деп қайта-қайта айтқан болатынмын. Дәл сол күннің ертеңіне - әдеттен тыс - күзетшілердің есігі өздігінен жабылып, құлыптанып қалды. Сөйтіп екі сағат бойы әуре сарсаңға түсті.

Екіншісі: Мен бір қағазға былай деп жазып прокурорға жібердім: «Мені жалғыз адамдық камераға қамап тастады. Ешкіммен сөйлестірмейді. Сөйлестірсе де мен мына қалада ешкімді танымаймын. Бұл жердің әкімдігі...тағысын тағы..» Оны оқыған айыптаушы: «Ол шынымен жалғыз адамдық камерада ма?» деп сұрапты. Түрме бастығы: «Жоқ!» дегесін, екеуі әлгі жазбама наразылық білдіріпті. Дәл сол күні, сәл қияли, алыстан туыс бір кісі келіп менімен жарты минут сөйлескен болатын, соған бола «ешқандай да жалғыз емес!» деп, жалған ақпарат беріпті. Маған жасаған наразылықтары осылайша әшкере болды.

Үшіншісі: Көрші камерадағы тентек бозбалалардың айқайшулары есік жақтан менің мазамды алатын еді. Дегенмен қатты мазаламайтын. Сол күні дәл сол есікті бір сылтаумен бекітіп тастады. Бір жағынан жағымсыз иіс басымды ауыртса, бір жағынан тентектердің есік жақтан дауыстары жағымсыз әсер етіп, зияны тиген болатын. Мен тағы да: «Есіктері жабылып қалғыр! Неге бұлай істеді екен!» дедім. Дәл сол күні таңертең манағы оқиға болды.

— 330 —

Бауырларым! Сендердің жаңа әріппен жазған екі мәселе шынымен жақсы әсер етті. Енді бірінші, екінші, үшінші мәселелер де жазылса жақсы болар еді. Бірақ, Хүсрев, Тахири сынды қаламы Құран жазуға, Құран әріптеріне арналған кісілердің ол іске араласуы қалай болады екен деп ойладым. Басқалар жазса дұрысырақ болар еді.

* * * *

Ғазиз бауырларым!

Бір жылдан бері біршама яғни бір дорба макарон мен күрішті пайдаланып жүргенмін. Оның зор берекеті болғанына шүбәм қалмады. Тағы да пісіріп пайдаланайын десем сендер маған тамақ істетпейсіңдер. Олай болса оны сендерге тәбәрік ретінде, әрі берекелі кәде ретінде тарту еттім. Бірде сол макаронның таңғажайып берекетін көрдім. Пісіріп алып кептіріп қойғанымда бір түйірі бастапқысынан он есе ұлғайып кететін. Мұны мен де, басқалар да көрген-ді.

* * * *

Ғазиз бауырларым!

Кеше түнде дұға кітаптарымды оқып отырғанымда даусым кезекші күзетшілерге де, басқаларға да естіліп жатты. Мұндай ой келді: «Апырм-ай, бұлай дауыстап оқу сауабына зиян келтірмей ме екен?» Мұны уайымдаған кезімде Хүжжат-ул Ислам, Имам-ы Ғазалидың мәшһүр сөзі есіме түсті. Ол былай деген екен: «Кейде дауыстап жария оқу іштей, құпия оқудан абзалырақ!» Яғни, дауыстап оқыса басқалар да пайдаланады не болмаса еліктейді немесе ғапылдықтан оянады. Егер, адасып жүрген, азғын пасық болса қарсы алдында Ислам дінінің мұндай белгі-нышанын көргенде діннің үстемдігін сезіп, сөзсіз жағымды әсер етеді. Әсіресе, мына заманда ықылас дәрісін алғандарда рия, мақтангершілік, жасандылық болмайды деп ойлаймын. Шарттары орындалып жатса жамағат сауабы артып, көбеюі бек мүмкін деп көңілім орнына түсті.

* * * *

Екі күн бұрын соттағы Қазы шақырып жатқанда, мен бауырларымды қалай ақтап аламын деп ойлаған сәтте Имам-ы Ғазалидің «Хизб-үл Мағсун» кітабын ашып едім мына аяттар шықты:

— 331 —
﴿ اِنَّ اللّٰهَ يُدَافِعُ عَنِ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا ٭ يَسْعٰى نُورُهُمْ بَيْنَ اَيْد۪يهِمْ وَبِاَيْمَانِهِمْ ﴾
اَللّٰهُ حَف۪يظٌ عَلَيْهِمْ ٭ طُوبٰى لَهُمْ

Мұқият үңіліп едім, бірінші аят шәдделері саналып, мәдделері есептелмесе اٰمَنُوا сөзіндегі "уау" әрпі негізінде мәдде болып - жифри мен әбжәд саны мың үш жүз алпыс екі (1362) болады -дәлме-дәл осы жылдың тарихына және біздің мүмин бауырларымызды ақтауға кіріскен кезімізге һәм мағына жағымен һәм мақам жағымен сәйкес келіп тұр. «Әлхамдүлиллаһ» дедім. Менің ақтап, әуре болуыма қажет қалмайды екен. Сосын мұндай бір ой келді: «Апырм-ай, ақыры немен тынады екен!» деп қарап едім:

اَللّٰهُ حَف۪يظٌ عَلَيْهِمْ ٭ طُوبٰى لَهُمْ аятындағы екі сөз, егер тәнуин саналса жифри есеп бойынша мың үш жүз алпыс екі болады, егер бір мәд саналмаса екі, ал егер саналса үш болады. Бұл, дәлме-дәл Аллаһтың қамқорына аса мұқтаж кезіміздің осы жылына және келер жылдың дәл сол уақытына сәйкес келіп, былтырдан бері мемлекеттік жоғарғы орындарда, биік мақамдарда отырғандар бізге қарсы дайындаған сұмдық құрық-пландары жайлы және одан аманесен құтылатынымызды нақты түрде хабарлап көңілге жұбаныш сыйлайды. Осы оқиғада Рисалей-Нұр жеңіске жетіп, үкімін жоғары органдарға қабылдататындықтан қазіргі мына уақытша қиындықты уайымдап, үмітсіз болуға болмайды, күдер үзбеуіміз керек. «Аят-үл Күбра» рисалесі рұқсатсыз бастырылып үстімізден қылмыстық іс қозғалғанда ол өзінің лайық әрі жарқын мәртебесіне жұрттың назар аудартуы жарнама ретінде болды емес пе?!

﴿ رَبَّنَٓا اَتْمِمْ لَنَا نُورَنَا وَاغْفِرْلَنَا ﴾

аятын жаңа ғана оқыдым. اِغْفِرْلَنَا сөйлемін есептеп едім дәл мың үш жүз алпыс екі шықты. Бұл осы жылға сәйкес келеді. Бұл бізді истиғфар қылуға, тәубе етуге шақырады және әмір беріп былай дейді: «Нұрларың толық болсын, Рисалей-Нұр аяқталмай кемшін қалмасын!» дейді.

* * * * *
— 332 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

Мен, осының алдындағы және соңғы Юсуф медресесінде қатты қыспаққа түсіп ауыр емтихан болған кезімізде табынды да қайсар және аузы күйсе дағы шәкірттіктен бас тартпаған және мұнша соққыларда рухани күшінен айырылмаған жандарды «әһл-і ақиқат» яғни көзі ашық, көкірегі ояу жандар жоғары бағалап түсінеді, болашақ ұрпақ дән риза болып қадірлейтін болады. Сонымен қатар көктегі періштелер де, руханилер де риза болып қошеметтейтін болады, деп ойлаймын. Дегенмен, араларыңда науқас, осал әрі жағдайы төмен пақыркедейлер болғандықтан материалдық қыспақ та жоқ емес, баршылық. Мұндайда, әрқайсымыз бір-бірімізге жұбаныш сыйлап, жақсы мінезқұлық пен сабырда үлгі көрсетіп, өзара ауызбіршілік сақтап, бірбірімізді еркелетіп қамқор болуымыз керек. Дәрістерімізді пысықтап, талқылап және ұшқыр ойлы тыңдарман әрі елгезек болып, білмегенін сұрап, осылайша жақсы қасиеттердің бір-бірімізге жұғуына жағдай жасайық, иншаллаһ. Сонда мұндай тәнге қатысты қиыншылықтар кетіп қалады, деп ойлаймын. Осыны ойлағанда, жанымнан да жақсы көретін сендер жайлы жұбаныш табамын.

Жүз жиырма жасқа толған Мәуләна Халидтің (қуддусу сиррух) шапанын сендерге бір күні жібермек ойым бар. Ол кісі маған шапанын жапқаны секілді мен де оны сол кісінің атынан сендердің әрқайсыңа тәбәрік ретінде кигізгім келеді. Қалаған уақыттарыңда сендерге жіберемін.

Абақтыға жаңа келгенімде шешек ауруынан сақтандыру деп маған ине еккен болатын. Содан қолым ісініп, ол бойымды жайлап жатқызбайды, дәрет алуға қиындық туғызуда. Апырм-ай, тек менің денем егуге келмей ме, әлде басқа мағынасы бар ма, оны біле алмадым. Бұдан жиырма жыл бұрын да Анкарада еккен болатын, сол жер әлі күнге дейін анда-санда сыздап мазамды алады. Бұл жолғысы да солай болмасын деп қорықтым, сендерде қалай?

Саид Нұрси
* * * * *
— 333 —

Ғазиз, адал бауырларым!

Иләһи тағдырдың әділдігі ғой, бізді Денизлинің Юсуф медресесіне әкеп тапсырды. Мұның хикметі, Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне барлық жер сондай-ақ, қамаудағылар, жалпы халық, тіпті мемлекеттік қызметкерлер, әділет басқармасы өте мұқтаж болғаны ғой. Сондықтан, біз осы иман міндетін атқару және ақыреттік қызмет ету үшін мына қиындау емтиханға кірдік. Иә, біз келгенде жиырма-отыз адамның бір-екеуі ғана намазын толық оқитын болса, Рисалей-Нұр шәкірттерінен кейін қырық-елу адам жаппай намазын толық оқи бастады. Бұл шәкірттердің я халімен яки ісімен берілген дәрістің нәтижесі, тәрбиесі. Сол үшін біздің қиналысымыз, шеккен азабымыз түк те емес, тіпті қуанарлық жағдай. Нұр шәкірттері ісәрекетімен мұндай дәріс бергені секілді, жүректеріндегі қуатты ақиқи имандарымен де бұл жердегі мүмин жандарды құтқарып, кәпірлердің күдік-күмәндарынан сақтап және қиыншылыққа шыдауды үйретуде. Олардың болаттай мықты қорған болуын Аллаһтың рахымы мен инаетінен үміттене тілейміз.

Бұл жерде мына адасқандардың бізді сөйлетпей, басқалармен араластырмай қоюы түк емес, еш зияны жоқ. «Хал тілі қал тілінен әлдеқайда әсерлі» яғни хал-жағдай кейде сөзбен айтқаннан анағұрлым жақсы әсер етеді дейді. Жалпы абақтыға қамау тәрбие үшін емес пе?! Олай болса олар халықты жақсы көретіні рас болса қамауда отырғандарды Рисалей-Нұрдың шәкірттерімен кездестірсін. Сонда бір айда тіпті бір күнде бір жылдық тәрбие алып шығады. Осылайша қылмыскерлер халыққа, отанға әрі өзіне, ақыретіне пайдалы жан болып, түрмеден шыққанда жақсы азамат болып оралады. РисалейНұрдың «Жастар шырағы» кітабы болғанда көп пайдасы болар еді. Иншаллаһ бір күні келер!..

Саид Нұрси
* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Бүгін, менің үлкен ағам, марқұм Молла Абдуллаһ пен Хазіреті Зияддин туралы өздерің білетін арамызда болған әңгімені еске алдым. Сосын сендер еске түстіңдер. Көкейіме мұндай бір ой келді: Егер ғайып пердесі ашылса мына аласапыран заманда табандылық танытып, мұндай күйдіргі күйге төзімді, қажымайтын қайратты, ыстық ықыласты мына діндар, шынайы мұсылмандардың

— 334 —

әрқайсысы әулие тіпті "құтұб" болып шықса менің оларға деген қазіргі көзқарасым, құрметім арта қоймас. Ал егер олардың әрбірі жәй қарапайым болып шықса да құрметім азайып, өзгере қоймас. Өйткені, мұндай қысыл-таяң кезеңде иман құтқару қызметі бәрінен де жоғары. Жеке адамдық артықшылығына мән беріп, әсірелеп тым қасиетті санау мына аласапыран заманда, мұндай аумалы-төкпелі кезеңде құрметке зияны тиіп сыйластығы, сүйіспеншілігі азаяды. Әлгі, құрметті адам да олардың назарында өзінің мәртебесін, беделін сақтау үшін жасанды әрекет етіп, көтере алмайтын жүкті мойнына алуға, ықыласты болуға өзін мәжбүр сезінеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, біз ондай болымсыз "тәкәллуфтерге" яғни қолынан келмейтін істі мойнына алып өзін-өзі қинауға мәжбүр болып жатқанымыз жоқ.

Саид Нұрси
* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Сендерді қасиетті он күн басталуына байланысты шын жүректен құттықтаймын. Біздің мағынауи серіктестік үлкен табыстарға жететініне дұға етіп, Аллаһтың рахымынан үмітіміз зор. Бүгін түсімде сендердің қастарыңа барып, имам болып намаз оқытайын деп жатқанда оянып кеттім. Менің тәжірибем бойынша түсті жорып, мәнісі ашылар кезде "Сауа" және "Хома" ауылынан батыр екі жігіт баршаңыздың атынан жорылған түстің мәнісін растау үшін қасыма келді. Мен де оны баршаңыздың атына қабылдап, сендерді көргендей қуанып қалдым.

Бауырларым! Бұл жағдай жақтастарға да мемлекеттік қызметкерлерге де болымсыз әсер етіп, Рисалей-Нұрдан шегіншектеуіне, қашуына себеп болғаны рас. Бірақ, бізге қарсылас жандардың және діндар кісілердің сондай-ақ, бізді тексеруші ресми қызметкерлердің назарын аударып, қызығушылық оятуда. Уайымдамаңдар! Бұл Нұрлар әлі-ақ жарқылдап, нұрын шашатын болады.

{(Сілтеме): Уа, бауырым! Назар аударыңыз! Денизли соты болған кезде бүкіл ел сырттай ұстазға қарсы және сот нұршылар өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарған-ды. Соның өзінде ұстаз: "Уайымдамаңдар! Бауырларым, осы нұрлар әлі-ақ Күндей жарқырап жайылатын болады!" - деген.тМіне, бұл сөзі қалай жүзеге асты. Неткен көрегендік десейші!

Шәкірттері}

* * * *
— 335 —

Сабридің айтқанындай және оның мағына шығарып жорығанындай және "Аср" сүресінің меңзегеніндей «Рисалей-Нұр Анадолу елінің » Джуди" тауына тоқтаған Нұхтың кемесі секілді пәлекеттен аман болуына және Спарта мен Қастамону қалаларының аспани, табиғи апаттардан құтылуына себеп болады" депті. РисалейНұрға тиіспесін! Әйтпесе, төніп тұрған апаттар келетінін ескеріп есін жисын! Осы апаттан біраз ғана бұрын осы сөздерді мен қайталап жатыр едім және сендерге сол хатты жіберген болатынмын. Енді міне, суыт хабар келді. Қастамону қаласы мен жақын аймақтарда Рисалей-Нұрды аза тұтқандай сұмдық зілзәлә болыпты. Иншаллаһ, мұқтаждар қайтадан Рисалей-Нұрға қауышар. Қауышар де күлім қағып, бұрыңғыдай шүкір етер.

Сендерге екі күн бұрын тапқан аса қымбат табысымызды жазған болатынмын. Хаттың екінші бөлімінде "жүздеген тілмен дұға етіп, сондай-ақ тәсбихат..." тағысын тағы деген едім. Қарасам кейбір сөздер нұқсан қалыпты. Дұрысы былай: "Әрқайсымыз дәрежесіне қарай жүздеген тілмен...." деп әрмен қарай жалғаса бермек.

* * * * *

Ғазиз бауырларым!

وَخَسِرَ هُنَالِكَ الْكَافِرُونَ бұл аят та وَ الْعَصْرِ ٭ اِنَّ الْاِنْسَانَ لَف۪ى خُسْرٍ деген аяттың ишарасына ишара қылады. «Яғни кәпірлердің дүнияның астан-кестеңін шығарып, көздері қызара жасаған қырғын соғыстары өздеріне түк пайдасы болмайды, олар күллі зиянға ұшырайды!» ишарасында Рисалей-Нұрға білінбейтіндей дәрежеде нәзік рәмзі, кішкене белгі бар. Бұл аяттың меңзегеніндей рәмізді түрде мың үш жүз алпыста яғни Руми жыл санау бойынша "биыл мұнапықтар мен күпірлікті қабылдағандар Рисалей-Нұрға тиісетін болады. Бірақ өздері зиянға ұшырайды. Нұрдың тоқтап тежелуі бәлелерді шақырады!" деп, мұнда да бір құпия рәміз-белгі бар деп ойлаймын.

Саид Нұрси
* * * * *

Ғазиз бауырларым!

Менің ойымша, нағыз және ең соңғы ақталуымыз осы Денизли түрмесінде жазылған түрменің жемісі деуге болатын "Миуа" рисалесі болса керек. Олай дейтінім, бос уайымға беріліп, бізден

— 336 —

үрейленіп бір жылдан бері бізге қарсы құрған жоспарлары мынау болатын: «Тариқатшылық, астыртын ұйым, сыртқы ағымдармен байланыс, солардың қол шоқпары, діни сезімді пайдаланып оны саясатқа құрал қылу, республика болуға қарсы әрекет, билікті құлату, елдің тыныштығын алып, қауіп төндіру»; міне осы секілді негізі жоқ сылтаулармен бізге тиіскен болатын.

Хақ Тағалаға сансыз шүкір, олардың жоспарын іске асырмай тастады. Олар ауқымды түрде, жүздеген шәкірттерді тұтқындап, жүздеген рисалелерді тексеріп он сегіз жыл бойғы хаттар мен кітаптарды зерттеп еді, ақырында имани уа Құрани ақиқаттардан басқа ештеңе таба алмады. Сұм жоспарларын жасыру үшін түкке тұрмайтын болмашы сылтау-себептер іздей бастады. Дегенмен, үкіметте істейтін кейбір шенеуліктерді алдатып бізге қарсы қойып, сондай сұмдық, астыртын діннен безген ұйым соңғы кезде тікелей кәпірлік үшін, Құдайдан бездіру мақсатымен бізге қастандық жасауы мүмкін. Соған қарсы қолымызда Күндей жарқын, еш күмән қалдырмайтын, таудай берік, мызғымас "Миуа" рисалесі бар. Иншаллаһ, оларға тегеурінді тосқауыл болып біздің ақтаушымыз болар. Бұл, олардың аузына құм құятын кітап деп ойлаймын.

Саид Нұрси
* * * * *

Бауырларым!

Тұрып жатқан мекендерің тар екені рас, бірақ көңілдерің кең болғандықтан мазаланатындай әсер ете қоймас. Һәм, біздің жайымыздан қарағанда әлдеқайда дербес, еркінсіңдер.

Біліп жүріңдер, біздің негізгі қуатымыз, тірегіміз ауызбіршілік, ынтымақ. Байқаңдар, мазасыз кезде адам ашушаң келеді. Бір-бірлеріңді кінәламаңдар! Тағдырға, Аллаһтың бұйырғанына наразылық болып табылатын шағымдану және «Олай болмағанда бұлай болмас еді!» деп өзара ренжіспеңдер. Менің түсінгенім, бұлардың бәлесінен құтылу мүмкін емес еді, біз не істесек те олар бәрібір тиісетін еді. Енді, сабыр сақтап, шүкір етіп, болған нәрсеге болаттай бол демекші, қазаға риза, тағдырға тәсілім керек. Сөйтіп, Аллаһтан инает-медет келгенше аз уақытта, аз ғана амалмен қыруар сауап жинап, игі амал жасаған болуымыз керек. Ол жердегі бауырларымыздың амансаулығына дұға етеміз.

Саид Нұрси
* * * *
— 337 —

Ғазиз, адал бауырларым!

Бұл дүнияның өмірі тез өтетіндіктен әрі өкіндіріп кететіндіктен, фәни, кейде бос, түкке тұрмайтын қызықтарына және аяқталу, қоштасу соқпақтарына күшті демеу, мықты жұбаныш беретін нәрсе адал достармен жолығып жүздесу. Иә, кейде бір түйір досын бірекі сағатқа көру үшін жиырма күндік сапар шегіп, жүз лирасын жұмсайды. Ендеше, мына аласапыран, доссыз заманда ақ ниетті адал қырық-елу доспен бір жерде бір-екі ай бойы бірге болу және Құдай үшін сұхбат қылып толыққанды жұбаныш тауып әрі оларды жұбату мүмкіндігі туып отыр. Сол үшін басқа түскен мұндай машақат пен шығын әлбетте түк емес, мәнісі жоқ деп ойлаймын. Мен, сендерді он жылдан бері көрмегендіктен бұл жердегі бауырларымның тек біреуін көру үшін осы қиыншылыққа көнер едім. Шағым айту, тағдырды мінеу, ал шүкір ету болса тағдырға көну боп табылады.

* * * *

Ант етейін, дәл қазір ажалым келіп өліп кетсем еш уайымдамай, рахат, алаңсыз кете беремін. Неге десеңіздер, араларыңда қуатты, табанды әрі жас көптеген Саидтарды көріп отырмын. Олар мына байғұс, қарт, ауру, әлжуаз Саидтан анағұрлым Рисалей-Нұрға ие болып, орынбасар, ізбасар болатынына сенімдімін. Назиф бауырымның хатында есімдері жазулы және рухани қуат беріп жүретін жігіттерге дән риза болып, көңілім бір жасап қалды. Негізінде мен олардың солай болатынын сезген едім. Хақ тағала оларға сәттілік және басқа бауырларға үлгі болуын нәсіп етсін, әмин!

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Сендер Рисалей-Нұрға ақырет үшін, ғибадат ниетімен, сауап және иман үшін жақын болдыңдар. Олай болса, әлбетте мұндай қиын шарттарда әрбір сағаты жиырма сағат ғибадатқа пара-пар және ол жиырма сағат болса Құран мен Иман қызметінде рухани күреске жұмсалған болып есептелетіндіктен жүз сағатқа пара-пар, ал жүз сағат болса осындай әрбірі жүз адамға татитын нағыз мұжахит, ержүрек қаһарман бауырлармен бірге өткізу, олармен серттесіп достасу, оларды қуаттап және олардан қуат алу, сондай-ақ, жұбатып әрі өзі жұбану, қол ұстасып киелі қызметте аяқты нық басып табанды

— 338 —

түрде күресті жалғастыру және бір-бірінің жақсы мінездерінен пайдалану, осылайша «Зәхра» медресесіне шәкірттікке лайық болу үшін ұйымдастырылған емтиханда яғни мына Юсүф медресесі деп аталатын абақтыда өзінің несібесін, тағдырда жазылған ризығын жеу және сөйтіп сауап жинау; міне осындай хикметтер үшін біз осы жерге келдік, оған шүкір етуіміз керек. Барлық қиыншылықтарға жоғарыда аталған пайдаларды ойлап, сабыр сақтап, шыдап бағуымыз керек.

Саид Нұрси
* * * *

Бауырларым!

Мен, темірдей мықты, болаттай берік Спартаның және сол аймақтың жігіттері сияқты жау жүрек қаһармандар (Хусрев, Хафыз Али сынды) Қастамону жақтан да шығуын шын жүректен қалап, армандаушы едім. Құдайға сансыз шүкір, Қастамону аумағы менің үмітімді толық ақтады. Бізге көмекке бірнеше батыр жігіттер келді. Жадымда әрдайым сақтаулы бірақ, аттарын атай алмайтын қастарыңдағы бауырларыма жеке-жеке сәлем, аман-саулықтарына дұға етемін.

* * * *

Ғазиз, адал, табанды да қайсар бауырларым!

Сендерді мұңайту немесе бір шара іздеу үшін емес, тек дұғаларыңды және ортақ сауап қазаннан көптеу үлес алуым үшін және сендердің де суыққандылық сақтап, сақ әрі сабырлы болуларың үшін әрі ынтымақбірліктерің бұзылмай қарай қарқынды түрде жалғастыра беру үшін бір халімді баяндап берейін:

Бұл жерде бір күндегі шеккен азабымды Ескішәһирде бір айда шекпеген шығармын. Сұмдық, ойы арам масондар ынсапсыз бір масонды маған айдап салып басыма бәле болды. Мақсаттары мені қатты ашуландырып шамадан тыс азаптауына: «Жетер, енді!» деп төзімімді тауысу. Сосын, соны сылтау қылып өздерінің зұлымдықтарына желеу етіп айла-сұмдықтарын сонымен жасырғысы келеді. Таңғажайыбы, Аллаһтың жарылқауымен мен соның бәріне шүкір әрі сабыр етіп келемін және солай жалғастыруға бел будым. Біз тағдырға көнген жандармыз.

— 339 —

Мұндай азапты оқиғаларға: خَيْرُ الْاُمُورِ اَحْمَزُهَا сырымен көп сауап жинау жағымен оны үлкен рухани нығмет деп білеміз. Оның үстіне мұндай жағдаят өткінші. Жалпы дүниялық бәлелердің соңы көбінесе көңіл хоштығымен, қайырлы болатыны белгілі. Әрі біздің анық-қанық, еш күмәнсіз көзіміз жеткені мынау: Біз сондай ақиқатқа жанымызды пида етуге дайынбыз, ол ақиқат Күннен де жарық, жұмақ тәрізді тамаша, мәңгі бақыт секілді керемет. Әлбетте, біз мұндай қиын жағдайларға мақтана да масаттана шүкір етіп «мағынауи күресіп жатырмыз!» деп ешқашан шағымданбауымыз керек.

Ғазиз бауырларым!

Әуелі және соңғы айтар кеңесіміз: Өзара ынтымақ пен ауызбіршілікті сақтаңдар! Менмендік, тәкаппарлық, бақталастық, бәсекеден аулақ болыңдар! Суыққандылық, күйіп-піспеу сонымен қатар сақтық керек.

Саид Нұрси
* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Прокурордың соңғы айыптамасынан түсінгенім; кейбір министрлерді алдатып бізге қарсы айдап салушы діннен безгендердің жоспары іске аспай, жала екені әшкере болды. Енді, онысын жасыру үшін сылтау ретінде бізді «астыртын ұйым» деп қаралағысы келеді. Сондықтан болар, мені ешкіммен кездестірмей отыр. Олардың ойынша менімен жолықса дереу бізге жақтасып кететіндей. Тіпті, үлкен қызметкерлер де үркіп аулақ жүретін болыпты. Кейбірі бастыққа жағыну үшін маған қиындық туғызуға тырысады. Мен, өзімнің шағымнамамның соңғы бетіне төмендегі жазбаны оқып берейін дедім, бірақ бір ой кедергі болды.

Иә, біздің ұйым екеніміз рас! Біздің ұйымның мүшелері кім десеңдер, олардың саны әрбір ғасырда үш жүз миллионнан асатын, күнде бес рет сол киелі ұйымның ережелерін қатаң сақтап толық мойынсұна өздерінің адалдығын, өмірінің соңына шейін қызмет ететінін дәлелдейтін және деген қасиетті жарлыққа сай бір-біріне жәрдем етіп, дұға-тілектерімен, тапқан сауаптарын бөлісіп отыратын ұйым.

— 340 —

Міне, біз осындай киелі де алып ұйымның мүшесіміз. Біздің өзіндік міндетіміз бар. Ол - Құранның имани ақиқаттарын тұщымды етіп иманды жандарға жеткізу, түсіндіру. Оларды және өзімізді мәңгі жоқ болу, өмір бақи қамалу дейтін бәледен құтқару. Одан өзге дүниялық, саяси және іріткі салатын ұйымдармен еш байланысымыз жоқ, ешбірін танымаймыз олай өзімізді төмендетпейміз.

* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Бүгін таңертең бәріңді ойлап жаным ашыды. Кенет, есіме «Дерт пен Дауа» рисалесі түсіп көңілім жәй тапты.

Иә, мына басымызға келген бәле қоғамдық ауру-сырқат тәрізді. Әлгі рисаледегі имани дауаларды мұның да ем-шарасы. Әсіресе, Ерзурумдағы мүбарак науқасқа айтылғанындай, осы сәттен алдында болған бүкіл бәлелер мен қиыншылықтардың уайымы кетіп сауабы, жақсылығы қалды, һәм дүниялық һәм, ақыреттік һәм имани уә Құрани пайдаларын тастап өте шықты. Демек, өткінші бір пәлекет мәңгі және көптеген нығметтерге, жақсылықтарға айналды деген сөз. Келешек болса әзірге болған жоқ. Сондықтан ол кезде болатын бәле де қазір жоқ деген сөз. Оны уайымдап, жоқ бәлеге қиналу, әрине Аллаһтың рахымына шәк келтіру, тағдырға көнбеу болып саналады.

Екіншіден; Қазіргі таңда жер жүзінде адамзаттың басым көпшілігі я рухымен я тәнімен қиналып жүргені рас. Біздің душар болған бәлеміз оларға қарағанда өте жеңіл әрі табысты. Біздің қиыншылықтың көңілге, рухқа қатысты жақтары бар. Ол имани ләззат береді, аманшылыққа, ден-саулыққа қауыштыратын ләззаттары бар.

Үшіншіден; Мына аласапыран заманда осылай бір абақтыға қамалмағанымызда күдікшіл тыңшылар ізімізді аңдып бұл жағдайдан да бетер ауыр жағдайға салар еді және оларға жағымпаздану, жасанды әрекеттер жасау секілді бәлелерге ұшырар едік.

Төртіншіден; Мұндай қыс кезінде яғни я жұмыс жоқ әрі аяз әрі рухани жүдеу кезде «Медресет-үз Зәхраның» дәрісханасы боп саналатын мына Юсуфи медреседе ет бауырынан жақын, мейірімді, адал дос, ұстаз яки жетекші ақыреттік бауырлар табу, олармен аз шығынға жолығу, өзара танысып олардың жеке қасиеттерінен пайдалану және жылтырақ нәрселердің өзара шағылысуы секілді олардың нұрлы ерекшеліктерінен, рухани күштерінен, көтеріңкі көңілдерінен, жұбаныш беретін артықшылықтарынан қуат алу;

— 341 —

міне осы тұрғыдан алғанда бұл бәле бәле емес. Бұл жағдай тек инаеттің бет пердесі, Иләһи жарылқау екені байқалады. Иә, осы құпия Иләһи жарылқаудың бір шуағы ғой, бұл жерге түскен РисалейНұр шәкірттеріне жаппай «Хожалар» деп ат қойыпты. Бұлай атаудың астарында нәзік мағына жатыр. Демек, бұл абақты медресеге айналғаны секілді Рисалей-Нұр шәкірттері де әрбірі ұстаз, мұғалім және басқа жердегі түрмелер де мұндай "хожалардың" саясында иншаллаһ әрқайсысы мектеп, медресеге айналмақ.

* * * * *

Бауырларым!

Осыған ұқсас бұрынырақ жазылған шағын хаттар кейде оқылса және "Миуа" кітабының әсіресе, соңғы жақтары бірге талқыланып отырса және Рисалей-Нұрдан еске түскен мәселелерге өзара пікір жүргізіп тұрса иншаллаһ хадистегі "Тәлаба-и улум" деген абыройға ие болады деп ойлаймын. Имам Шәфи (қуддусы сыррухи) сықылды ірі тұлғалар: "Тәлаба-и улумның" ұйқысы да құлшылық!" деп, мұндай жандарға көп мән берген. Қазіргідей медресесіз заманда, осындай азапты жерлерде, мұндай абыройлы тәлаба атану үшін жүз есе қиыншылық болса да мойымау керек. خَيْرُ الْاُمُورِ اَحْمَزُهَا дегеніндей мұндай қиыншылықтардың арқасында сауап жинағанымызға дән риза болып жайдары жүрген жөн. Ал, пақыр кедей достарымыздың балашаға, тұрмыс жағдайы болса, олар өздерінен әлдеқайда ауыр бәлеге ұшырағандарға қарауы керек. Сондай-ақ, нығмет пен жақсылықта өздерінен анағұрлым төмендерге қарау керектігі Құран мен Иманның және Нұрдың ереже-қағидалары болғандықтан салыстырмалы түрде жүзде сексен адамнан әлдеқайда рахат өмір сүрудеміз. Ешкімнің шағымдануға хақысы жоқ әрі сексен есе шүкір етуге міндетті. Сондайақ, осы жердегі ризық-несібемізді жеуді тағдырда жазған екен. Аллаһтың әділдігі ғой, бізді осы жерге жинады. Бала-шағаны нағыз асыраушы, ризық беруші бір Аллаһқа аманат қылып тапсырылды. Сөйтіп, уақытша от басына қарау міндетінен босатылды. Қалайша, бір күні ол міндеттен мүлдем босатылатынымыз хақ. Бұл ақиқат, олай болса حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ деп, жазғанға көніп шүкір етуіміз қажет.

* * * *
— 342 —

Ғазиз, адал бауырларым!

Мен сендермен жүздесіп, көрісе алмай жүргенім рас. Бірақ, сендерге жақын, бір ғимаратта болғаныма қуаныштымын, Құдайға шүкір. Кейде еріксіз түрде жасалуы қажет шараларды сендерге ескертіп отырамын. Атап айтсам, көрші камераға масондар бір суайт, өтірікші әрі тыңшы бір адам жіберіпті. Жалпы бұзу оңай болғандықтан - әсіресе, мұндай жастарды - әлгі оңбаған менің мазамды алды әрі осы жердегі жастарды бұзақылыққа үйретті. Бұдан түсінгенім, сендердің қылмыскерлерді тәрбиелеп, жөнге салып жүргендеріңді біліп, енді әлгі, діннен безгендер кедергі болып, жолдан тайдыруға тырысады. Олай болса сендер өте сақ әрі мүмкін болғанынша бұрыннан отырған жігіттермен ренжіспей, ренжітпей, екіге бөлініп жік-жік болуға жол бермеңдер! Суыққандылық танытып, шыдап бағыңдар! Қолдан келгенше біздің бауырлар өзара ынтымақты сақтап, ауызбіршілікті кішіпейілділікпен нығайтып, менмендікті тастау қажет тіпті, шарт. Менің мұндай дүниялық істермен шұғылдануым мазамды алатынын білесіңдер. Сендердің парасаттарыңа сенемін. Мен мәжбүр болмасам мұндай нәрселермен шұғылданбасам деп едім.

Саид Нұрси
* * * *

Бауырларым!

Не болары белгісіз болғандықтан бүгін таңертең көкейге келген бір мәселені баяндауға тура келіп тұр. Біздің Құраннан алған ақиқаттарымыз Күн секілді айқын, күндізгідей жап-жарық әрі ешқандай күмән туғызбайтын анық екеніне дәлел, жиырма жылдан бері: «Апырм-ай, дінсіз философтар бұған қарсы не дер екен, оларды бұл ақиқатқа қарсы шығуға итерген не нәрсе екен!» деп нәпсім мен шайтаным тіміскілеп, шарқ ұрып барынша ізденіп бақты. Соңында ешбір ақау, кем-кетік, бірде-бір тесік таба алмай әуре болды. Өте сезгіш әрі істің басында, дәл ортасында жүрген нәпсі мен шайтанымды қанағаттандырған ақиқат әрине, ең қырсық кәпірлерді де қанағаттандырады деп ойлаймын. Олай болса, біздің қолымызда осындай мықты әрі аса құнды, бәрінен жоғары, маңызы зор, баға жетпес қымбат, тіпті бүкіл дүния-мүлікті, керек болса жанымызды берсек те ақысы өтелмейтін ақиқат бар, біз сол үшін жүрміз. Әлбетте кез-келген қиыншылыққа, азапқа, қандай да дұшпанға табандылықпен шыдап, қарсы тұруымыз керек. Бәлкім, алданған немесе біреудің

— 343 —

алдағанына еріп бізге қарсы шығатын кейбір молдалар, шейх-пірлер және сырт қарағанда тақуа жандар әлі талай кездеседі. Олар тиіскенде сендер ауызбіршіліктеріңді сақтап олармен шұғылданбаңдар, айтыстартыстың керегі жоқ.

Саид Нұрси
* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Бізге тиісіп, соңғы жасалған ауқымды да сұмдық жауыздықтың негізгі себебі «Бесінші Шуақ» еместігін, негізгі себебі "Хизб-і Нури" және «Мифтах-ул Иман», "Хужжат-ул Балиға" екенін осы таңда мағынауи ескертпеден түсіндім. Сосын мұқият зер салып «Хизб-і Нуриді» біршама оқыдым, сосын «Мифтахты» да ойладым. Көзімнің жеткені, діннен безгендердің нағыз күпірлік, құдайсыздық ұғымы осы екі өткір алмас қылыштың соққысына төтеп бере алмайтынын біліп, қасақана түрде саясатты біршама жанамалап қысқа баяндайтын "Бесінші Шуақты" сылтау қылып, соны себеп қып көрсетті. Сөйтіп, үкіметті азғырып бізге қарсы айдап салды.

Әлгі ескертпеден кейін маған мұндай бір ой келді: «Кейбір әлсіз бауырларым уақытша болса да бұл қызметтен бастартса, бәлкім мына бәледен құтылар, оларға рұқсат берейін» деп ойладым. Кенет мұндай ой келді: "Осынша уақыт бізбен қоян-қолтық байланысып, екі рет ауыр емтиханда бірге болып, көп қиыншылық көргеннен кейін еш пайдасы жоқ, тіпті зияны тиетін шын жүрекпен бастарту дұрыс емес. Бәлкім, оларды алдату үшін тек сырттай аулақ тұруына болар. Әйтпесе, өзіне де бізге де һәм мына киелі қызметімізге күллі зиян. оның тартар жазасы бар яғни көздеген мақсатына жете алмай нәтиже керісінше болады.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Басқа жерлермен салыстырғанда ең қиыны, ең суығы болған осы абақтының азабын тартқандар, әлбетте қамалуына себеп болған нәрседен аулақ тұрып бастартқысы келетін шығар. Дегенмен, бұл оқиғаның сыртқы себебі болған Рисалей-Нұрдың әлгі қиналған жандарға беретін шынайы имандылықты ойласа және сол иман арқылы ақыры қайыр, жақсы болатынын сондай-ақ, мағынауи

— 344 —

серіктестіктің арқасында игі амалы жүздеген есе артып мол сауапқа ие болатынын, соңында бұл машақаттар рахымшылыққа айналатынын білсе еш өкінбейді, деп ойлаймын. Енді, осы Нұрдың беретін екі зор пайдасының ақысы не десеңіздер, біреуі адалдық, екіншісі табандылық. Сондықтан, өткен іске өкіну, бастарту үлкен зиян. Шәкірттерімнің ішінде дүниямен байланысы жоқ немесе байланысы аз болғандар үшін бұл абақты әлдеқайда қайырлы, бір тұрғыдан "еркіндік" деп айтар едім. Ал, дүниемен тығыз байланысты, жағдайы да жақсы кісілердің шығындары садақа саналады әрі абақтыда өткен сағаттары еселеніп ғибадатқа айналады. Сондықтан шағымданудың орнына шүкір ету керек.

Енді, пақыр және әлсіздерге келер болсақ, олар абақтыға қамалмай сыртта жүргенде пайдасы жоқ сауаптар жинап және жауапкершілігі бар машақат шегер еді. Сондықтан мұндай қайырлы, сауабы мол, жауапкершілігі жоқ және жанашыр достармен жеңіл болатын машақат, олар үшін де шүкір ететін жағдай.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Қастамону қаласында бір тақуа кісі шағымданғандай былай деді: «Мен құлжырап, азып барамын. Бұрыңғы халім басқа еді. Қазір түк қызық емес, ешнәрсеге зауқым жоқ, нұрлардан жұрдай болып барамын».

Мен оған дедім: "Бауырым, сен керісінше рухани дамып барасың. Себебі, нәпсіні қоздыратын, ақырет жемістерін бұл дүниеде жегізетін және менмендікті оятатын сезімдерді, әрекеттерді тастап, одан да биік дәрежелерге көтеріліп, өзімшілдікті қойып, уақытша ләззатқа құмартпау секілді қасиеттерге ие болып мәртебең көтеріліпті!". Рас, Аллаһ өзінің жарылқағанын менменшіл құлдарына сездірмеуі Оның үлкен сыйы болып табылады. Мүмкін құлы тәкаппарланып кетпесін дейтін шығар.

Бауырларым! Осыған байланысты айтарым, әлгі адам секілді ойлайтын немесе әсірелеп біреуді қатты көтермелеп, жоғары мәртебе, ерекше қасиеттерге назар аударатын кісілер, сендерге қарап сендердің кішіпейіл, инабатты әрі қызметші бейнеде міндет атқарып жүргендеріңді көріп "бұлар қарапайым, жәй кәдімгі адамдар ғой! Ақиқаттың қаһармандары, дүнияны шулатып, дүр сілкіндіреді

— 345 —

дегені осылар ма! Ондай азаматтар қайда, бұлар қайда! Қане, бұ заманда әулиелерден асып түсетін киелі қызметтің күрескерлері?!" деп, егер дос болса үміті сөніп, егер дұшпан болса "айттым ғой, әне!" деп, өзінің қарсы пікірі дұрыс деп ойлайды.

Саид Нұрси
* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Сендердің абақтыдан жинаған жемістерің яғни көңілге түйген мағыналы хаттарың мен үшін фәрдаус бағының жемістері секілді хош әрі қымбат. Ол хаттар сендерге деген зор үмітімді ақтап, үлкен сенімімді нығайта түсті. Араңыздағы ауызбіршіліктің мықты екеніне көзім жетті. Сендердің жазу қаламдарың біріккен сайын - бейне бір төрт әліптің қатарласа орналасқаны секілді - мен сендерді мына қысыл-таяң кезеңде үш жүз, төрт жүз адамдай көремін. Иә, мына қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілікті сақтап жүргендіктерің кешегі сөзімді растағандай болды.

Иә, тәмсілдің қатесі болмас, қалайша үлкен әулие дін Исламға қызмет тұрғысында кішкене бір сахабаға жете алмайтыны әһл-і сүннет уәл жамағат тарапынан мақұлданған мәселе. Сол секілді мына заманда Иманға қызмет үшін нәпсінің қалауын тастап кішіпейіл түрде ынтымақ пен ауызбіршілікті сақтап жүрген адал бауырым мен үшін әлдебір әулиеден артық. Оған көзім жеткен-ді. Менің осы ойымды сендер әрдайым растап отырасыңдар. Хақ Тағала сендерге әрдайым разы болсын, әмин!

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

"Миуа" рисалесі өте маңызды, ішінде құнды ақиқаттар бар. Күні туып, оның үлкен азаттық күресі жеңіске жететініне үмітім зор. Сендер оның қадір-қасиетін түсінгендіктен мына дәрісхананы дәріссіз қалдырмадыңдар. Менің айтарым; Осынша қиындық пен зиянның жемісі мен пайдасы тек осы рисале және "Мүдафа" яғни соттағы ақталу рисалесі болса және сендермен бірге болу болса, әлгі зиян мен қиыншылық түк те емес, ондай қиыншылықтың он есе сорақысын көрсем дағы мен үшін ештеңе емес.

— 346 —

Көптеген тәжірибемен және мына қиын әрі азапты абақтыда көзімнің жеткені; Рисалей-Нұрды оқу немесе жазу қиыншылықты азайтып, мазасыздықты жояды, күпті болған көңілді бір көтеріп тастайды. Ал, нұрлармен шұғылданбағаг кезде қиыншылық артып түк пайдасы жоқ, бос нәрселермен шұғылданып мазам кетеді. Кейбір себептерге байланысты Хүсрев, Хафыз Али сосын Тахириді (рахметуллаһи алейһим) қиналып жүр-ау деп ойлаушы едім. Жоқ, ең рахат, көңілі тыныш солар екен және солардың қасында жүргендер екен. "Неге олай?" деп сұрастырсам, олар өздерінің басты міндетін атқарып, бос нәрселермен шұғылданбайды екен және тағдырдың ісіне араласпайды екен. Менмендіктен пайда болатын өзімшілдік, біреуді мінеп-сынау, уайымдау оларда жоқ. Олар, табандылық танытып, шынайы түрде қанағат етіп Рисалей-Нұр шәкірттерінің абыройын көтерді. Діннен безген кәпірлерге Рисалей-Нұрдың мағынауи күшқуатын көрсетті. Хақ Тағала олардың бойындағы кішіпейілділік, инабаттылық, ізет пен абырой, батырлық секілді қасиеттерін басқа бауырларымызға да жұғып, сондай болуын нәсіп етсін! Әмин.

* * * *

Бауырларым!

Ғапылдықтан және дүнияқұмарлықтан пайда болған менмендік мына заманда өршіп тұр. Сондықтан әһл-і хақ, тура жолдағылар - тіпті орынды болса да - менмендікті, өзімшілдікті мүлдем қоюы керек. Сол үшін Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері бір мағынауи тұлға үшін, яғни үлкен дарияны иелену үшін мұздың түйіріндей менмендігін тастап, ерітетіндіктен иншаллаһ, осы соңғы оқиғада да берік болып, табандылық көрсетеді деп ойлаймын.

Иә, мұнапықтардың ең қауіпті де сұм айласы былай еді: әрқайсысы қолбасшы немесе би-төре секілді ірі тұлғаларды бір ортақ мәселеде бір-бірімен шағыстырып, бірін-бірі мінеп-сынауға итеретін осындай тар, қиын жерлерге жинап, өзара қырқыстырып, рухани күштерін жойып, әбден әлсірету. Сосын күш-қуаттан айырылған соң оларды оп-оңай тымақпен ұрып, шыбынды шықпыртқандай көздерін жою. Рисалей-Нұр шәкірттері өзара бауырластық, жанкешті жолдас, адал достық жолын ұстанатындықтан иншаллаһ мұндай жымысқы да әккі, мұнапықтардың жоспарларын жүзеге асырмай тастайды.

* * * *
— 347 —

Ғазиз, адал бауырларым!

Бұрыңғы заманда бір шәйхтің мүридтері тым көбейіп кеткендіктен үкімет үрейленіп, оның жамағатын таратпақ болыпты-мыс. Сонда, әлгі шәйх үкіметке былай депті: «Менің бар болғаны бір жарым мүридім бар. Сенбесеңдер сынақтан өткізейік!»

Шәйх бір жерге шатыр құрып өзін пір санайтын мыңдаған мүридтерін жинап, былай деп бұйырыпты: "Мен сендерді сынақтан өткізбекшімін. Кімде-кім маған мүрид-шәкірт болып, менің айтқанымды қабылдайтын болса оны дереу жұмаққа жіберемін!"

Сөйтіп, мүридтерін жеке-жеке шатырға шақырыпты. Шатырға алдын ала жасырын бір қой әкеп қойған екен, соны бауыздап сойыпты. Халық шатырға кірген шәкіртті бауыздап, жанын жәннатқа жіберді деп ойлап аққан қанды көрген мыңдаған мүрид тым-тырақай қашып, пірдің әулиелігін жоққа шығарыпты. Содан мыңдаған халықтан бір ғана адам: «Жаным құрбан!» деп қасына барыпты және бір әйел заты қалыпты-мыс. Қалғанының бәрі тарап кетіпті. Сонда әлгі ұстаз үкімет адамдарына: «Міне, көрдіңіздер ғой, менің бір жарым ғана мүридім бар!» депті.

Хақ Тағалаға сансыз шүкір! Рисалей-Нұр Ескішәһир қаласында болған емтиханнан яғни соттан аман-есен түгел өтті. Ол өзінің мыңдаған шәкірттерінен тек бір жарымын ғана жоғалтты. Әлгі пір туралы әңгімеге керісінше болды. Спарта қаласы мен айналасындағы бауырлардың қайрат-жігерімен әлгі бастартып, тастап қашқан бір жарым шәкірттің орнына жаңадан он мың шәкірт қосылды. Иншаллаһ, осы емтиханда да батыс пен шығыстың батыр жігіттерінің арқасында көп шығынымыз бола қоймас, біреуі кетсе орнына он кісі келер.

* * * *

Бірде мұсылман емес біреу, тариқаттан халифалық алу үшін бір жолын тауып, тариқат құрып алыпты. Содан тәрбиесіндегі мүридшәкірттері дамып, рухани кемелдене бастапты. Содан біреуі "кәшф" қылып парасатымен муршидінің яғни ұстазының дәрежесі тым төмен екенін байқап қойыпты. Әлгі ұстазы да оның жағдайды білгенін парасатымен біліп әлгі шәкіртіне былай депті: «Мен осындай адаммын! Қайтейін енді?» Сонда мүрид: «Осы дәрежеге жетуіме сіз себеп болдыңыз. Олай болса, бұдан кейін сізді одан да бетер құрметтеймін!» деп Хақ Тағалаға дұға етіп, жалбарынып әлгі байғұс пірін құтқарып қалыпты дейді. Содан манағы ұстазында рухани даму

— 348 —

болып бүкіл мүридтерінен озып қайтадан оларға нағыз мүршид, ақиқи ұстаз болыпты. Демек, кейде мүрид шәйхінің шәйхі, ұстазының ұстазы болуы әбден мүмкін.

Иә, нағыз адамшылық деп, бауырының жаман қылығын көрген кезде оны тастап кету емес, қайта одан әрі жылы қабақ, бауырластық танытып оны жөнге салу, міне нағыз өнер осы. Мұны адал достар істейді. Мұнапықтар дәл сол кезде бауырлардың ынтымағын, өзара жақсы пікірін бұзу үшін: "Сол ма, сенің сонша мән беріп жүрген адамың. Ол жәй, әншейін біреу ғой!" дейді... қойшы әйтеуір, соңғы қиыншылыққа ұшырағанда көп зиян шеккеніміз рас. Бірақ, бұл күллі мұсылман баласына, Ислам әлеміне қатысты болғандықтан оқасы жоқ, арзыйды деп ойлаймын. Осы тектес бірақ басқа оқиғалар мейлі, ол діни әлде саяси болсын мұндай дәрежеде яғни Ислам әлеміне ықпал ететіндей дәрежеде бола алмады.

* * * *

Бұрыңғы Саидтың бастырған "Лемағат" атты қолжазбасының басында таңғажайып қолтаңбасы бар. Оны сәл өзгертсе дәл қазіргі халіме және өмірімнің жетпісінші жылына сәйкес келетіндіктен қайта жазып отырмын.

اَلدَّاع۪ى

Қираған мазарым, Саидтың жетпіс тоғыз мәйіті жатыр ішінде күнәларымен бірге, қайғырып.

Сексенінші болып тағы бір мазар тасы қойылды.

Ол да Исламның қайғы қасіретіне қосылып жылайды.

Құлпы тас та өлілер де қайғырады қиналып

Алған бағытым жақында болатын ақырет әлеміне қарай.

Анық білетінім Азия халқын жарқын болашақ күтіп тұр.

Барлығы жаппай Исламды қабылдап, қоластына кірмек. Өйткені, берекет пен бақыт тек имандылықта Иман халыққа есендік пен саулық сыйлайды.

* * * *
— 349 —

Азиз, адал бауырларым!

Сендердің ауызбіршіліктеріңе менің көп мән беруімнің себебі тек өзіміз үшін немесе Рисалей-Нұр үшін, оның пайдасы үшін ғана емес. Оның нақты себебі мынау; хақиқи иман аясында әлі кіре қоймаған, мықты демеуге және табанды жамағаттың тапқан ақиқатына арқа сүйеуге тым мұқтаж мұсылман халық өздерін адасушылықтан, қисық жолдан сақтайтын, қайтпас қайсар, болаттай мықты, әсте алдамайтын ұстаз, бұлтартпас айғақ іздейді. Сонда олар сендердің ауызбіршіліктеріңді көріп бір ақиқаттың бар екенін, ол ешбір нәрсеге құрал болмайтынын әрі ол адасқандарға ешқашан бас имейтінін, әсте жеңілмейтінін біліп, көзі әбден жетеді. Міне, сонда олардың рухани күші тасып, иманы қуаттанып кетеді де дүнияқұмарларға, азғындарға еліктеп, оларға еріп кетуден сақтанады.

* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

Абайлаңдар! Өзара дауласпаңдар! Тыңшылар сол сәтті пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Дұрыс болсын, бұрыс болсын осы жағдайда айтысып, дауласқан адамыкы дұрыс емес. Бір түйір тарыдай ақысы болса, сол үшін айтысып, дауласқан адам бізге бір қап зиян келтіреді. Баяғы заманда Ескішәһир абақтысында отырғанымда тым талғампаз бауырыма айтқан әңгімені қайталайын деп отырмын:

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары Ресейдің шығыс аумағында тоқсан офицермен бірге тұтқында болып, бәрімізді үлкен бір баракқа қамап тастады.

Әлгі офицерлер мені қатты құрметтейтіндіктен оларға үгітнасихат айтып араздыққа жол бермейтін едім. Бірақ, жағдай күрт өзгеріп, сарбаздардың мазасы кетіп, дегбірсізденіп кетті. Содан айқай-шу, айтыс-тартыс көбейді. Мен, сол кезде үш-төрт адамды тағайындап оларға былай дедім: «Сендер қай жерде шу шықса, біліп алып кімдікі дұрыс емес, соған болысыңдар!» дедім. Олар менің дегенімді орындап еді айтыс-тартыс азайып тыныштық орады.

"Неліктен мұндай бұрыс іс-шара қолдандың?" деп сұрағандарға: "Дұрыс адам жалпы қашанда ынсапты, ұятты келеді. Ол өзінің тарының түйіріндей ақысын көпшіліктің жүз түйір ақысына пида ете

— 350 —

алады, қоя салады. Ал, бұрыс адамдар көбінесе тәкаппар, менменшіл келеді. Ол ақысын пида ету дегенді білмейді, одан сайын үдеріп айқайлай береді! Сол үшін солай істедім!" дедім.

Бауырларым!

Сендер өзара қысқа хаттардағы жұбаныш туралы, сабыр сақтау жайлы, шыдамдылық хақындағы жазбаларды мұқият мән беріп, қайта-қайта оқи беріңдер! Мен сендермен салыстырғанда ең әлсізі әрі зор бәлеге ең көп ұшырағаныммен, Құдайға шүкір шыдап сабыр сақтап келемін. Және бар кінәні маған жапқандарға да ренжімедім. Жалпығы ортақ мәселе бола тұра тек өзін ғана ақтап, астыртын ұйым деген жаланы бізге жаба салғандарға да өкпелегенім жоқ. Біздің бауыр екеніміз рас, олай болса менен осы сабырлылық тұрғысынан өнеге алуларыңды өтінемін.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым және мына дүния мейманханасындағы достарым!

Мені, кеше түнде бұрыңғы Саидтың сезімдері билеп, әнеу күнгі қолымызды кісендеп, күзетшілер мылтық кезеніп сотқа апарғаны есіме түскенде бойымды ашу кернеп қатты ызаландым. Кенет мынадай бір ой келді: Сен ашуланба! Керісінше мақтан! Біле білсең бұл шүкір етіп, қуанатын жағдай. Өйткені, сендерді қаншама саналы пенделер, сансыз періштелер, руханилар сондай-ақ, ақиқатты түсінген жандар мен ар-ожданы таза, иманы кәміл кісілер көріп тұр ғой. Сендер олардың алдынан бұл ғасырда хақ пен ақиқат және Құран мен Иман үшін күрескен, жанкешті қаһармандар тобы ретінде сап түзеп өттіңдер. Олардың қошеметтеуі Аллаһтың рахымы түсіп жоғары бағалануға себеп әрі қабыл болғанын көрсетеді. Оның қасында, саусақпен санарлықтай бірнеше азғын, алаяқтардың қаскөйлігі түк емес.

Тіпті, бірде науқас болғандықтан мені көлікпен апарғанда мазасызданып, өзімді ыңғайсыз сезіндім. Ал, кейін бәрімізді сендер сияқты қолымыз байлаулы, кісендеп апарғанда көңілім хош, рухани шаттық сезіндім. Демек, ол жағдай әлгі мағынадан пайда болғаны ғой.

— 351 —

Мұны көп қайталағаным секілді қазір де айтқым келіп отыр: Тарихта Рисалей-Нұр шәкірттеріндей хақ жолда көп қызмет қылып, мол сауап жинап, бірақ аз жапа шеккендер болмаған. Біз қанша қиналсақ та бәрібір арзан.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Ғазиз, адал бауырларым!

Бұл бәледен құтылу екі тұрғыдан мүмкін емес-ті.

Біріншіден; Аллаһтың жазған тағдыры дәм-тұзымызды осы жерден бұйырғандықтан қалай болғанда да қамалатын едік. Осы ең қайырлысы болар.

Екіншіден; Құрған тұзақтарынан құтылудың шарасын таба алмадық. Мен осылай боларын сезген едім, бірақ амал нешік. Байғұс марқұм Шәйх Абдүлхаким де Шәйх Абдүлбақи да құтыла алмады емес пе? Демек, бұл бәлеге ұшырағанымызға шағымданбауымыз керек әрі мағынасыз әрі зиянды. Бұл бір мағынада Рисалей-Нұрға ренжіп, ашулану болып саналады.

Абай болыңдар! Хас шәкірттердің қарқынды қызметін, шұғыл әрекеті осы бәленің келуіне себеп болды, деп оларға ренжу, РисалейНұрдан ұзақтау және иман ақиқаттарын үйренбей тұрып өзіне өкіну деген сөз. Ал, бұл материалдық бәледен де сорақы рухани бәле. Мен сендерге ант етейін, сендерден жиырма-отыз есе бәлеге ұшырап жүрсем дағы, әлгі ниеті таза шұғыл әрекет еткендердің мұқиятсыздығынан болған бұл бәле он есе сұмдық болса да оларға еш ренжімеймін. Әрі оның үстіне өткенге өкінудің мағынасы жоқ.

Себебі, оны жөндеу мүмкін емес.

Бауырларым!

Уайымдау бәлені күшейтіп жібереді. Материалдық бәле руханиға айналып жүректен орын алады. Оның үстіне уайымдау тағдырға наразылық, маңдайға жазғанды менсінбеу болып саналады. сондайақ, Аллаһтың рахымына шәк келтіргендей мағына шығады. Әр нәрсенің бір жақсы жағы бар және рахымның міндетті түрде бір шуағы болатыны рас. Сондай-ақ, тағдырдың әділ, ол бәрін хикметпен жасайтыны мәлім. Олай болса әлбетте, мына заманда күллі Ислам әлеміне қатысты мұндай зор іс-шараның нәтижесінде азғантай қиналғанға уайымдап мән бермеуіміз керек.

— 352 —

(Болмашы, жәй бір халімді сендерге баяндауды жөн көрдім.) Бауырларым!

Маған назар қатты әсер етеді, ауырып қаламын, оған көзім әбден жеткен. Оған бірнеше тәжірибе жасап көрдім.

Мен сендермен барлық жерде бірге болғым келеді. Дегенмен اَلنَّظَرُ يُدْخِلُ الْجَمَلَ الْقِدْرَ وَ الرَّجُلَ الْقَبْرَ мәшһүр қағида бойынша назар яғни көз маған әсер етеді. Өйткені, маған қараған адам я қатты ашумен кектеніп қарайды, я қызығып тамсана қарайды. Мұндай екі көзқарас кейбір кісілерге әсер ететіні рас. Сондықтан, мүмкін болғанша, егер мені мәжбүрлемесе сендермен бірге сотқа әрдайым бармауға ниет еттім.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

Ғазиз бауырларым!

Бүгін таңсәріде шұғыл бір ой келді. Иә, мен де Хүсревтің зілзалаға қатысты жазған егжей-тегжейлі Нұрдың кәраматын растаймын, оған шәк жоқ солай. Олай дейтінім, кәпірлер Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне төрт мәрте тиіскен кезде дәл сол уақытта төрт рет сұмдық жер сілкініп, зілзәлә болды. Бұл сәйкестік кездейсоқ болуы мүмкін емес. Сол секілді Рисалей-Нұрдың жайылуы жағынан екі орталығы саналатын Спарта мен Қастамону қалаларының басқа аймақтармен салыстырғанда ондай апаттардан аман болуы және Құрандағы "Аср" сүресінің ишарасымен ақырзаманның ең үлкен қайғы-қасіреті саналатын мына екінші дүния жүзілік соғыстан құтылудың жолы тек иман және игі амал болып табылады. Сондықтан дәл осы аласапыран уақытта Рисалей-Нұр Анадолы елінің әртарапына ақиқи иманды жайып, соның саясында Анадолы таңғажайып түрде әлгі сұм соғыстың қасіретінен аман қалды деп толық түрде айта аламыз. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың қызметіне зиян келтіргендер немесе қызметке кедергі болғандар дәл сол уақытта шапалақ жеп бәлеге ұшырайды. Мұндай көптеген оқиғалардың өзара сәйкестігі әсте кездейсоқ болмайтынын, ал Рисалей-Нұрға адал қызмет еткен жандардың бәрі дерлік тұрмыста береке, күн көрісі жеңіл, көңілі көтереңкі, жаны тыныш, рахат өмір сүруі секілді мыңдаған оқиғалар дүниеде кездейсоқтық жоқ екенін көрсетеді.

— 353 —

Ғазиз, адал бауырларым!

اَلْخَيْرُ ف۪ى مَا اخْتَارَهُ اللّٰهُ және عَسٰٓى اَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ дегеніндей Рисалей-Нұрдың көрсетуге болмайтын ең құпия бөлімдері көрмеуі тиіс адамдардың қолына тиіпті және ең тәкаппарлардың өзін нұқып, жоғарыдағы адамдардың қателігін көрсету үшін "сырран тәнаууарат" пердесінен шығып кетті яғни жасырын жайылуын қойып, ашықтан ашық кетті. Олар күні бүгінге дейін мәселені ұсақ маңызсыз етіп көрсеткісі келді. Енді мәселе зор және аса маңызды екені байқалды. Тиісіп, назар аударылған сайын, Рисалей-Нұр кеңінен тарап, дұшпандарының өзі оны қызыға оқылатын болды. Тіпті, Ескішәһир қалалық сотындағы өте қырсық тоңмойындар және екі ортада жүргендер солқылдақтар әрі нұрға мұқтаж жандарды нұрландырып үрейден құтқарды. Осылайша, біздің шеккен қиыншылық Аллаһтың рахымы болып шыға келді.

Иншаллаһ, бұл жолғы қиыншылық әлдеқайда кең алаңда, анағұрлым сот орындары мен қала, орталықтарда имани қызметке жол ашады деп ойлаймын. Иә, Рисалей-Нұрдың түсіндіру әдісі ерекше, ол өз оқырманын бейжай қалдырмасы анық. Басқа кітаптар секілді тек ақыл мен жүректі ғана емес, нәпсіні де, сезімдерді де баурап алады. Сендердің ақталып шығуларың бұл ақиқатқа зияны тие қоймас, дегенмен менің ақталып шығуым зиян. Мен күллі Ислам әлеміне қатысты ақиқат үшін тек дүниелік өмірімді ғана емес, керек болса ақыреттік өмірімді, мәңгі бақытымды да имандылар үшін, олардың Рисалей-Нұр арқылы бақдәулеті үшін пида етуге нәпсім де дайын.

* * * * *

Бұл жерде бас тарапы жазылмаған зілзәлә оқиғасының соңғы жағын баяндайтын Хусрев бауырымыздың хатынан үзінді.

"Одан кейін басқа газетте әлгі оқиғаны тәмамдайтын, әркімді таңқалдыратын мына жазуларды көрдім:

Зілзәлә болмай тұрып ит, мысықтар үш-үштен, бес-бестен жиналып тым-тырыс, еш үн шығармастан құдды бір нәрсе ойланып отырғандай абыржулы кейіпте бір-біріне қарап бір сәт отырған соң жан-жаққа тарап кетіпті. Олар зілзәлә болып жатқанда да тіпті, кейін де ешқайсысы болмаған деседі. Ауылдан ұзап қырға кетсе

— 354 —

керек. Таңғаларлығы, біздің күнәміздің кесірінен болатын мұндай пәлекеттерді олар алдын ала бізге хабар беретін көрінеді, бірақ біз олардың "ымдарын" түсінбейміз! Міне, Саид Нұрсидың пәленбай жылдан бері "діннен безгендер Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиіспесін! Егер тиіссе төбесіне төніп тұрған пәлекеттер еселеп сазайын тартқызады, істегендеріне өкінеді әлі!" деп, Рисалей-Нұр арқылы хабар берген болатын. Бұл соның жүздеген оқиғасының біреуі ғана. Хақ Тағала бізге және Рисалей-Нұрға тиіскендердің жүректеріне иман, бастарына ақиқатты көретін ақыл берсін! Бізді мынау зынданнан құтқарсын, оларды да пәлекеттерден сақтасын! Әмин!

Хусрев
* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым және қиыншылықта ортақ достарым!

Сендердің араларыңда мүбарак ғалымдар, кең пейілді ағалар мен жүрегі таза жанкешті шәкірттер болғандықтан, сендерге зор сенім артып, сұмдық қу әрі саны көп қасқөй дұшпандарға қарсы ауызбіршіліктерін сақтап, ынтымақ, бірліктерін бұзбайды деп ойлап көңілім тыныш, жаным рахат күйде, сендерді уайымдамаушы едім. Сонда да бірнеше мәселені баяндаудың реті келіп тұр.

Біріншіден: Ақталып бостандыққа шығуымыз ұзаққа созылып кетпеуі үшін мен, Анкараға өтініш жіберіп құзырлы органдарға жүгінбей қоя салайын деген едім. Бірақ, сот біздің жасырын және ашық рисалелерімізді сондай-ақ, бұрыңғы мен қазіргі хаттарымызды аралас түрде Анкараға жібергендіктен бұл жердің сарапшылары секілді ол жақтың да сарапшылары әркімге көрсетпей жүрген рисалелерді негізге алып бізді айыптауы мүмкін. Сол үшін, "Бесінші Шуақтағы" Суфиян мен Ислам Тажалы туралы мәселеге қанағаттанарлық жауап беретін "Мүдафа" рисалесін және "табиғат жаратады" дейтін философиядан туындаған тәкаппар күпірлікті әшкерелейтін, сондайақ, шектен шыққан дінсіз жауыздықты тоқтататын "Миуа" рисалесін әлгі мақамға яғни Анкараға жіберуді жөн санадым, тіпті міндетті түрде жіберу керек, шарт деп шештім.

Екіншіден: Ғазиз бауырларым! Сендердің осы маңызы зор хаттарыңа жауап жазып отырғанымда қолыма дәл сол хатты әкеп ұстатты. Екінші тұжырымына келгенімде жаза алмай тоқтап қалып едім, енді соны тәмамдайын. Назар аударып, мұқият оқыңыздар.

— 355 —

Егер, бұл жазбаның адвокатыңызға пайдасыз болса да қызықты болып жатса демек, бізді қамағысы келетіндердің жоспары болғаны. Онда, бұл жердің сарапшылары дәл Анкараның сарапшылары секілді жарыққа шықпаған құпия рисалелерді, әсіресе "Бесінші Шуақты" негізге алып, оны "Рисалей-Нұрдың барлығы осылай" деп жала жауып және "Бесінші Шуақтағы" мәселелер бейне бір барлық Нұр тәлабаларының дәрісі секілді көрсетіп, шәкірттерді маған тағылған айыпқа ортақ қылып бәрін соттауға бағытталған сұмдық жоспар.

Мені сөйлетпеуі және жазбаларыма тиісіп оны Анкараға жібермеу үшін сот төрағасы мен оның жәрдемшісінің қарсылық білдіруі осыны меңзейді яғни сот, біздің дәйекті әрі нақты ақталу жазбаларымыз Анкараға жетпей тұрып бізді айыптайтын үкім шығарғысы келеді.

Үшіншіден: Негізінде мәселені созатындай үлкен кітаптарды, құжаттарды және ақталу хаттарымызды түгелдей Анкараға жіберетінін соттың төрағасы сол күні айтқан еді. Әлбетте, ол жазбалар барып та қойған шығар. Мүмкін, мен жазған жүйелі әрі толық түсініктеме беретін екі ақталу хат әлгі жоғарғы мақамға жетсе, бәлкім мәселені тез шешіп, сот үкімі ұзаққа созылмай жылдам шешімін тауып, бала-шағалы кісілер құтылып кетер. Бірақ, мен және мен секілді дүниямен байланысы жоқ кісілердің құтылуға емес, керісінше иман ақиқаттарын "мүлхидтерге", "мүртәжилерге" яғни діннен безгендер мен кері тартпаларға да көрсетіп, оны қорғаудың ең ыңғайлы жері осы абақты болғандықтан біздің мұнда бола беруіміз керек.

Төртіншіден: Рисалей-Нұр ақталып, бостандыққа шықпаса және менің ақталу жазбаларыма назар аударылмаса сендердің құр босқа, сырттай қарсылықтарыңның түк пайдасы жоқ. Өйтіп құтыла алмайсыңдар. Мәселеміз ортақ болғандықтан біз бір-бірімізбен тығыз байланыстымыз. Тек бізден алыс, байланысы нашар бірнеше кісілер құтылуы мүмкін. Мұны Ескішәһир соты іс жүзінде дәлелдеді. Бір жылдан бері ізімізді аңдып, арамызға тыңшы салып және аңқау да батыр шәкірттердің айтқандарын жазып, тіркеп сондай-ақ, бізге өштесіп, бізді азапқа салып, ұстанған жолымыздан өкіндіріп бастартқызу үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп баққан, тіпті бізге қарсы Шәйх Абдүлхакимді айдап салған және Шәйх Абдүлбақиді, сосын маған анда-санда наразы болатын Шәйх Сүлейменді біз сияқты қиын жағдайға ұшыратқандардың алдында бізді теріске шығарып, бізден алшақтап қашқандарың олар үшін ешқандай рөл ойнамайды. Ескішәһир қаласында дәл солай болды ғой.

— 356 —

Бесіншіден: Біздің бұл жерде де, Ескішәһирде де тәжірибелермен көзіміздің жеткені; біздің мәселеміз ортақ болғандықтан өзара ауызбіршілікке, ынтымаққа мұқтажбыз. Қиналыстан туындайтын өзара ренжісу, кірпияздық, орынсыз наразылық жағдайды ушықтырып қиындатып жібереді. Мен сендерге арқа сүйеп сенемін. Кейде жаман ойлар келгенде Стамбулдық кәміл де адал молдалар мен Қастамону қаласының ықыласты жандарын еске алып әлгі жаман ойды қуып жіберемін. Абай болыңдар! Күпірліктің отына май құйып өршітіп жүрген астыртын ұйым араларыңа іріткі салмасын! Өкінішке орай, менімен көрші баракқа іріткі салып, мазамызды алып, азапқа салды. Қазіргі таңда еш айтыс-тартыссыз, өзара ақылдасып кеңес құрыңдар! Шығарған шешімдеріңе мен де келісемін. Бірақ, менің ақталу хатым Анкараға жіберілсе, сөйтіп оған назар аударылса бұл жердің соты, құтылуы мүмкін кісілер туралы шешім қабылдап, оң қорытынды беруі бек мүмкін. Сонымен қатар, қазір бізге тиісіп жатқан және Абдүлбақиді, Абдүлхакимді және Хажы Сүлейменді жер аударған, сондай-ақ, Иәшил Шәмсиді ақталып шықса да бұл жерден жібермей ұстап отырғандар, әрине Хафыз Мехмет, Сәид Шәфик секілді діні мықты жандарды және адасқандардың өліп қалған көсемдеріне, оның суретіне бас имеген, осылайша өздерінің бидғатшыларды қолдамайтынын көрсеткен осындай адамдарға бас бостандығын бермей қиянат жасауы әбден мүмкін. Сондықтан, Рисалей-Нұр жасырын пердесін ашып тастап маңызы зор, әркімге қатысты мәселеде өзінен-өзі шайқасқа шыққан кезінде шәкірттері оны қолдап артында сапта тұруы керек. Оның әсте жеңілмейтін ақиқатқа негізделгендігін күдікшіл, екіойлы, мұсылмандарға көрсетілуі керек-ті. Міне, сендер мұны назардан тыс қалдырмай, ақылдасқан кезде осыны ескеріңдер! Өте сақ болыңдар! Бір-бірлеріңе ренжімеңдер! Ашуланудың орнына құрмет көрсетіп, наразы болудың орнына жәрдем етіңдер!

* * * *

Ғазиз, адал, шынайы достарым!

Мен, бірнеше күн болды бір дұғама өзгеріс ендірдім. Осы кезге дейін күніне жүзден аса وَاغْفِرْ деп немесе وَفِّقْ секілді дұғаны жиі қайталап, طَلَبَةَ رَسَٓائِلِ النُّورِ الصَّادِق۪ينَ деген болсам, енді бұдан

— 357 —

кейін الصَّادِق۪ينَ сөзін алып тастап оқитын болдым. Себебі, рұқсатпен әрекет қылуға өзін мәжбүр санайтын және мазасы кетіп үрейленген және үмітсіздіктен жаны қиналғандар қызметтен алшақтап, сырттай теріске шығарып, адалдықтың ережесіне қайшы әрекет етсе де дұғатілектерден құр қалмасын дегенім ғой.

* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз бауырым Хафыз Али!

Ауруыңды уайымдама! Хақ Тағала шипа берсін! Әмин. Абақтыда өткен әрбір сағат басқа уақыттың он екі сағат ғибадатымен пара-пар болатындықтан, сенің табысың зор. Дәрі-дәрмек керек болса менде бар, салып жіберейін. Жалпы осы кезде жеңіл түрде бір жұқпалы ауру бар. Мен сотқа барғанымда міндетті түрде ауырып қаламын. Мүмкін сен маған көмектесу үшін болар, бұрыңғы заманның адамдары бірінің орнына бірі ауырады екен немесе жан тапсырады екен. Сен де сол жанкештілер секілді менің ауруымның біршамасын алғанға ұқсайсың.

* * * *
(Өте керемет әрі өте орынды көңіл айту) Ғазиз, адал бауырларым!
لِكُلِّ مُص۪يبَةٍ اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ

Мен өзіме әрі сендерге әрі Рисалей-Нұрға көңіл айтып, марқұм Хафыз Алиды және Денизли қаласының мазарлығын құттықтағым келеді. Неге десеңіз, "Миуа" рисалесінің ақиқатын терең түсінген ержүрек, батыр бір бауырымыз, "Миуа" рисалесінің ақиқатын анығырақ, "айнәляқин", "хаққаляқин" дәрежесінде көзбен көріп, жүрекпен бекіту үшін қабірге тәнін тастап періштелер секілді жұлдыздарға, рухтар әлеміне сапар шекті. Ол өзіне тиесілі міндетті толық атқарып құрметті демалысқа шықты. Аса мейрімді Аллаһ оның амал дәптеріне Рисалей-Нұрдың әріптері, жазулары және қанша рет оқылса сонша сауаптар жазсын, әмин. Қабірінде Құран мен Рисалей-Нұр жанына жолдас, серік болсын, әмин. Нұр фабрикасына Аллаһ, оның орнына дәл сондай он батыр шәкірт сыйлап ерен еңбек еткізсін, әмин, әмин, әмин. Сендер де мен

— 358 —

секілді оны дұғаларыңа қосыңдар. Оның тілі енді бір емес мың болып, ол жоғалтқан бір өмір рухани мың өмірге айналып, "мәңгі жасасын!" деп Аллаһтың рахымынан сұрап, үміт етейік.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Мына сұмдық заманда және мына жапа шектіріп жалғызсырататын жерде ілім жолындағы тәлаба деген абыройға бөленуді сондай-ақ, аса маңызды қызмет етуді сендер арқылы бізге де нәсіп еткен Рахымы мол Хақ Тағалаға шексіз шүкір етемін. «Әһл-і кәшф уәл қубур» дейтін көзі ашық көкірегі ояу жандардың айтуы бойынша кейбір ықыласты, ыждағатты тәлабалар ілім үйреніп жүріп қайтыс болса шәһид секілді өзін тірі әрі күнделікті өз сабағымен шұғылданып жүргендей болады екен. Тіпті, атақты бір әулие көріпті, опат болған бір шәкірт араб тілінің грамматикасын үйреніп жатқанда қайтыс болып қабірге қойғанда мүнкер-нәкір періште келіп, сұраққа тартайын деп مَنْ رَبُّكَ «Раббың кім?» деп сұраса, әлгі шәкірт өзін медреседе жүргендей сезініп: مَنْ сөзі бастауыш, رَبُّكَ сөзі баяндауыш" деп сөйлемді талдап, арап тілінің грамматикасымен жауап берген дейді.

Міне, осы оқиғаға орай мен де марқұм Хафыз Али бауырымызды дәл тірі кезіндегідей Рисалей-Нұрмен шұғылданып жоғары ілім алып жүрген "тәлаба-и улум" атағына лайық әрі нағыз шәһидтер арасында жү деп білемін. Сол оймен оған және сол сияқты Мехмет Зүхдү және Хафыз Мехметке дұға еткенде кейде былай деп айтамын: «О, Раббым! Оларды қиямет қайымға дейін Рисалей-Нұр шәкірті атына лайық иман ақиқаттарымен, Құран сырларымен шұғылдандырып көңілдері көтеріңкі, риза қыла гөр, әмин!»

* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

Мен, марқұм Хафыз Алиды ұмыта алар емеспін. Оның қайғысы жаныма қатты батты. Бұрыңғы заманда жанкешті жандар досының орнына өмірін пида етіп өледі деуші еді, меніңше ол да менің орныма өлген секілді. Оның ерен еңбегін, атқарған адал қызметін сендер секілді жандар дәл сол сияқты атқармағанда Құранға, дін Исламға күллі зиян, қызметке үлкен нұқсандық келер еді. Оның ізбасарлары

— 359 —

сендер еске түскенде әлгі өкініш кетіп, көңіл көтеріліп бір масайрап қаламын. Бір қызығы, соңғы кездері оның мағынауи тіпті мадди тіршілігі жалғасып жатқан берзах әлеміне менің де барғым келіп, сол жаққа құштарлық сезім пайда болыпты. Қалайша, осы жерде тұрып Спарта қаласындағы бауырларыма сәлем жолдап, хабарласып, сұхбат етеміз, дәл сол секілді Хафыз Алидың кеткен әлемі мен үшін Спарта, Қастамону қаласы сияқты көрінеді. Тіпті, бүгін түнде естуімше осы абақтыдан біреуді сол жаққа аттандырыпты. «Қап, әттеген-ай, сол марқұм арқылы Хафыз Алиға сәлем жолдағанымда ғой!» деп, біраз өкініп қапа болдым. Содан көкейге мұндай бір ой келді: «Оған сәлем жолдау үшін делдалдың қажеті жоқ, оның қуатты байланысы кәдімгі телефон секілді әрі ол өзі келіп алып кетеді!»

Иә, ол шынымен шәһид болды. Мен оның саясында Денизли қаласын жақсы көріп, ұнаттым, бұл жерден кеткім жоқ. Ол және Мехмет Зүхду және Хафыз Мехмет көздері тірі кезіндегі атқарған иман мен Нұр қызметін өлген соң да жалғастырып жатыр. Олар бізді өте жақыннан тамашалап тіпті, жәрдем етіп жүр. Олар киелі қызметтері үшін үлкен әулиелердің арасына кіріп, жоғары мәртебеге ие болғандықтан мен ол екеуін Хафыз Мехметпен бірге аттарын атап тұрып, ақтаб-асфиялардың есімдерін айтқанда оларға да сауапкәделерді бағыштап отырамын.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Сендердің ықыластарың, адалдық пен табандылықтарың мына қазіргі қиын-қыстау кезде бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңе қарамай, айыптарыңызды кешіруге жеткілікті себеп. Бізді бірбірімізге байланыстырып тұрған Рисалей-Нұрдың шынжыры, өзара бауырластық. Ол үлкен сауапты іс. Сол үшін көптеген күналарды кешіртеді. Хаширде яғни ақыретте Аллаһтың әділдігі былай болады екен, кімнің жақсылығы жамандығынан артық болса соған қарай мәміле жасалып, ғафу етеді дейді. Сол секілді сендер де бауырларымыздың жасаған жақсылығына қарап сыйлап, кешіріммен қараңдар. Әйтпесе, бір жамандығына бола ызаланып қиналған сәттегі кірпияздық сезіммен, ашуға бой алдырып өзімізге зияны тиетін ренжісу екі тұрғыдан да зұлымдық болады. Иншаллаһ, сендер бірбірлеріңді қуантуға, жұбатуға келгенде аянбай атсалысып, түрменің азабын жеңілдетіп жібересіңдер деп ойлаймын.

— 360 —

Ғазиз, адал да мүбарак бауырларым!

Осы күнге дейін бұлай ауырып көрмеппін. Жойқын зәрлі сырқаттың кесірінен, бірнеше күннен бері сендермен хабарласа алмай қалдым. Мен, Рисалей-Нұр атынан рухани Нұр мен Гүл фабрикасындағы табанды да адал, ержүрек қайсар бауырларыммен және Қастамону қаласындағы жанкешті шәкірттеріммен Құдайға шүкір ете мақтанамын. Оларды ойлаған кезде залымдардың жан төзгісіз азабына демеу болар сүйеніш тауып, көңілім жәй табады. "Дәл қазір өлсем ізбасарларым бар!" деп жүрегім тынышталып ажалыма "хош келдің!" демекпін. Тек, дүнияқұмарлар маған өздеріне қарсылас ретінде қарап мені негізсіз, бос күдікпен абақтыға жапты. Ал, Иләһи тағдыр, мені олармен сөйлеспей, оларды тура жолға шақырып, түзетпегенім үшін қамауға алды. Мен абақтыда бірнеше ғана достарыммен қалсам дағы Анкара жоғары құзырлы органдарынан Ислам әлемін алаңдатындай ашық сот болуын талап етемін. Олармен дауласып және "Миуа" рисалесін, сондай-ақ, "Мүдафат" яғни өзімізді ақтап жазған жазбахаттарды жаңа әріппен жаздырып, көбейтіп әлгі жоғары органдарға жібермек ойым бар, иншаллаһ!

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Сенің білгің кеп сұраған хадистер "мүтәшәбих" деп аталады яғни мағынасы астарлы келеді. Олар жеке бір мәселеге қатысты емес және барлық жерге қолдануға болмайды. Олоардың кейбірі мұсылмандардың басына төнген діни фитне-бүліктерден хабар беріп, тек сол замандағы кезеңді меңзеп, хабар береді. Ол Хижаз немесе Иракты мысал ретінде айтқан. Иә, Аббаситтер дәуірінде «Мүғтәзилә», "Рафизи", "Жәбри" сондай-ақ, жасырын түрде діннен безген "мүлхид" топтар, зындықтар және дін Исламға залалы тиген көптеген адасқан ағымдар пайда болды. Осындай шариғат пен ақидаға қауіп төнген аласапыран заманда Бұхари, Муслим, Имам Ағзам, Имам Шәфи, Имам Мәлик, Имам Ахмед ибн Ханбал, Имам Ғазали, Ғаус Ағзам және Жүнейд-і Бағдади секілді көптеген Ислам ғұламалары көмекке келіп әлгі діни фитне-бүлікті өшіріп Исламның туын көкке көтерді.

Сол заманнан бастап үш жүз жылға дейін әлгі жеңіс жалғасын тапты. Дегенмен, астыртын түрде әлгі адасқан ағымдар саяси тұрғыдан жол тауып Хулагу, Шыңғысхан бүлігін ұйымдастырып мұсылмандарды қырғынға ұшыратты. Ол бүліктің қашан болатынын алдын ала

— 361 —

Ардақты Пайғамбарымыз және Хазіреті Али дәл басып айтып, меңзеп хабар берген. Сондай-ақ, бұл заманғы фитне-бүлік бәрінен де сорақы, сұмдық болғандықтан бірнеше хадис және Құранның көптеген ишаралары дәл уақытын көрсетіп тұрып хабар берген. Сондықтан, хадистер үмметтің бастан кешетін тарихи кезеңдерді жалпы түрде баяндаған кезде кейде әлгі жалпылама оқиғалардың тек біреуін ғана мысал ретінде баяндап, болатын уақытын көрсетеді. Мұндай "мүтешәбих" және мағынасы толық ашылмаған хадистердің мәнмағынасын Рисалей-Нұр жақсылап түсіндірген. Мысалға, Жиырма төртінші Сөз бен Бесінші Шуақ, бұл ақиқаттарды шариғат ережесіне сай баяндаған.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

(Бір-бірлеріңді менменшіл немесе адал емес деп айыптамау үшін бір ақиқатты баяндауға тура келді.)

Мен, бірде менмендікті тастаған, жүгенсіз нәпсісін тыйған үлкен бір әулиенің асау нәпсі туралы айтып қатты шағымданғанын көріп, таңқалғаным бар. Содан анық білгенім, адамның асау нәпсісі өлгенімен оған сауап жаздыру үшін оның орнына сезімдер қозып, сол жұмысты жалғастырып өмірінің соңына дейін нәпсімен күрес жалғаса береді екен.

Міне, әлгі үлкен әулиелер осы екінші дұшпаннан және нәпсінің орынбасары туралы айтып шағымданған екен. Һәм, адамның қадір қасиеті, оның мәртебесі өзіне білінбейді, оны сезбеуі мүмкін. Және адамның қадір-қасиетін тек дүниялық тұрғыдан бағалауға болмайды. Тіпті, мәртебесі тым жоғары кейбір ірі тұлғалар өздеріне Аллаһ берген ерекше қасиетті сезбегендіктен, өздерін жұрттың бәрінен төмен, бейшара, пақыр деп білген. Демек, халықтың ойынша біреудің кемел екенін анықтайтын «кәшф уә кәраматтар», рухани зауық пен нұрлар емес, олар адамның дәрежесін, мәртебесін көрсететін өлшем бола алмайды. Сахабалардың бір сағаты әулиелердің бір күніне, тіпті әулиенің бір «чиллесіне» {(Сілтеме): Машақат, өзін-өзі қинап азап шегуі.} пара-пар бола тұра оларда әулиелер секілді «кәшф уә кәраматтар» яғни таңғажайып жағдайлар сирек болған. Сахабалардың барлығы жаппай ғажаптар, кәрамәттар көрсетпеген. Бұл айтылған нәрсе осы ақиқатты дәлелдейді. Міне, бауырларым!

— 362 —

Абай болыңдар! Сендердің жүгенсіз нәпсілерің басқаны өзімен салыстырып «су-ы зан» яғни жаманға жорып сендерді алдамасын, «Рисалей-Нұр тәрбиелемейді!», деп көңілге күдік салмасын.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

(Рисалей-Нұрдың "Жастар шырағы" мен "Миуа" рисалесіндегі бес мәселенің тентектік жасаған жастарға тоғыз май-шапалағы баяндалады. Бұл Рисалей-Нұрдың тамаша керәматы екенін олардың өздері мойындаған).

Біріншісі; Маған қызмет еткен Фәйзи дейтін жігіт. Мен оған әу баста айттым: Сен "Миуаның" бір дәрісін болсын тыңдадың, енді тентектік жасама! Ол тыңдамады. Дереу шапалақ жеді, яғни бір апта бойы қолы байлаулы жүрді.

Иә, дұрыс айтады
Фәйзи

Екіншісі; Маған қызмет еткен және «Миуа» кітапшасын көшіріп жазған Али Риза. Бір күні оған өзінің жазғанынан дәріс берейін десем, тентектік қылып тамақ пісіру керек деп сылтауратты. Ол да майшапалақ жеді. Не болды дейсіздер ғой, қазаны бүтін, әдемі бола тұра түбі түсіп қалды, әрине тамағымен қоса...

Иә, дұрыс, солай болды
Али Риза

Үшіншісі; Зия дейтін жігіт. Ол «Миуа» кітапшасының ішінен жастарға қатысты және намаз туралы жерлерін өзіне көшіріп жазып, намазға бастады. Содан тентектік қылып намазын және рисалені жазуын тастап кетті. Кенет шапалақ жеді. Әдеттен тыс, ешқандай себепсіз дәл бас жағындағы ілулі қоржыны мен киім-кешегі тұтанып өртеніп кетті. Көпшіліктің ішінде заттарының жанып кеткенше ешкімнің байқамауы таңғажайып. Демек, әдейілеп келген майшапалақ екеніне көзіміз жетті.

Иә, солай болды
Зия

Төртіншісі; Махмуд дейтін жігіт. Оған «Миуа» кітабынан жастарға және намазға қатысты мәселені оқып бердім. Оған: «Құмар ойын ойнама, намазыңды оқып жүр!» дедім, ол да қабылдады.

— 363 —

Бірақ, тентектікке салынды. Намазын тастап, құмар ойын ойнай бастады. Дереу ащы шапалақ жеді яғни құмар ойынында қайта-қайта ұтылып өзі пақыр бола тұра қырық лирасын, шапанын, шалбарын тігіп ұтылып қалды. Әлі есін жиған емес.

Иә, дұрыс айтады
Махмуд

Бесіншісі; Он төрт жасар Сүлеймен. Ол өте тентек болатын әрі басқалардың ызасын келтіріп ашуландыратын. Оған: «Дұрыс жүр! Намазыңды оқы! Өзіңнен үлкен жігіттердің арасында бұл жүрісің жақсы емес, байқа!» дедім. Ол намазға бастап еді, бірақ кейін тастап тентектік жасап жүрді. Содан шапалақ жеді. Не болды дейсіз ғой, қышыма дертіне шалдығып жиырма күндей төсек тартып ауырды.

Иә, солай болды
Сүлеймен

Алтыншысы; Маған бастапқыда қызмет еткен Омар дейтін жігіт. Ол да намазға бастап, ән айтуын қойды. Бірақ, кешқұрым есігіме жақын жерден әннің дауысы естіліп дұға-кітап оқуыма кедергі келтірді. Ашуланып сыртқа шықсам әдеттен тыс Омар екен. Мен де әдеттен тыс оған бір шапалақ бердім. Ертеңіне әдеттен тыс Омарды басқа түрмеге алып кетті.

Дұрыс айтады
Омар

Жетіншісі; Он алты жасар Хамза. Оның дауысы жағымды болғандықтан ән айтып басқалардың нәпсісін қоздырып тентектік қылатын. Мен оған: «Бұлай етпе! Шапалақ жейсің!» дедім. Кенет келесі күні бір қолының шынтағы шығып екі апта қиналды.

Иә, дұрыс айтады
Хамза

Айта берсе мұндай май-шапалақтар көп. Бірақ, қағаз таусылды мағына да бітті.

* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Білім министрі бет пердесін ашып, өзінің кім екенін және Құдайдан безген күпірлігін енді басқа жағынан көрсете бастады. Біздің жазған ақталу хатымызды алмай тұрып, басқа бір себеппен әлгі баяндаманы жазса керек. Шынымды айтсам, мұндай жоғарғы мақамға хатты

— 364 —

жібергім келмеген-ді. Бірақ, бауырларым солай шешкен соң жіберіп едік дұрыс болған әрі қажет екен, оны бұл жағдай көрсетіп отыр. Өйткені, діннен безу шараларына келгенде алдына жан салмайтын ол, міндетті түрде Анкараға жіберілген құжаттар мен рисалелерге немқұрайлы қарамасы анық. Енді біздің жіберген бұлтарпас ақталу хаттарымыз оның тас төбесінен ұрды білем, жақсы болды. Құдай қаласа, ол жерде де Рисалей-Нұрға жақтастар табылып, жылы леп есіп қалар, иншаллаһ!

Бауырларым! Министрлердің кейбірі осындай екені белгілі болды. Олай болса ондай кісілерге сеніп қызметтен бас тарту, берілу секілді жәйт белгілі бір мағынада өзін-өзі өлтіру деген сөз. Бұл, Ислам дінін қабылдағанына өкіну, діннен шығу дегенді білдіреді. Себебі, олар діннен безгендіктен біз секілді жандардың оларға сеніп, беріле салғанына риза емес. Олар: «Жүрегіңнен, ар-ожданыңнан бас тарт! Тек дүнияға жұмыс істе!» дейді. Ендеше, бұл жағдайда Раббымыздың жәрдеміне сеніп табандылық танытып, сабыр және тәуекел етіп, төрт сандық Рисалей-Нұр кітаптарының сол мақамдарға жетіп, өзінің қуатты бұлтартпас айғақтарымен оларға үстем келіп жеңуіне дұға тілеуден басқа амал жоқ.

Біз, бір-бірімізден қашып, ренжіскеннен және Рисалей-Нұрдан бас тартып, оларға беріліп тіпті, оларға жақтасып қолдағанмен еш пайдасы жоқ екеніне қазірге дейін тәжірибелерден көзіміз жетті. Бірақ, сендер еш уайымдамаңдар! Әлгі министрдің даңғара салып айқай-шу шығаруы олардың әлсіздігін, қатты қорыққанын көрсетеді. Енді, олар тиіспек түгіл, өздерін қорғаштаудан басқа шаралары жоқ.

* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Хома қаласынан бауырымыз Али дейтін шәкірт, Хафыз Али қайтыс болған кезде ол да қайтыс болған екен. Мұны маған Сами мырза айтты. Сондай-ақ, Хомалық қаһарман Мехмет Али де мұны хатында жазғанды. Мен ол Алиды әлгі нағыз шәһид Алимен қосып екеуіне бірдей дұға етіп жатырмын. Жақында ғана бізбен байланысы бар бір ханым, үш бауырымыздың қайтыс болғанын түсінде көргенін айтқан-ды. Ол түстің жоруы былай болды: Бұл екі Али және абақтыда Рисалей-Нұр шеңберіне кіргісі келген, кейін дарға асылған Мұстафа секілді кісілер біздің атымыздан ақыретке кетті және біздің аман-есендігіміз үшін құрбан болды.

— 365 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал, табанды және тәуекелдің мәнісін түсініп, қадірін білген бауырларым!

Жиырма жылдан бері ешбір газетті оқуға, тыңдауға әсте қызықпасам дағы, өкінішке орай тек солқылдақ кейбір бауырларым үшін бүгін бір газеттің мақаласына қарадым. Сонда білгенім; астыртын және ашықтан ашық сұмдық ағымдар қызу жұмыс жасап жатыр екен. Ортада біз көрінгендіктен сол ағымдармен бізді байланысты деп ойлайтындар бар. Иншаллаһ, Рисалей-Нұрдың төрт сандық қуатты да бұлтартпас кітаптары және нақты баяндалған ақталу хаттары өзіміз үшін де, имандылық үшін де, Құран мен Дін Ислам үшін де қайырлы нәтижелер, оң қорытындылар тудырады. Біз олардың дүниясына араласпадық және араласпақ та ойымыз жоқ, оны өздері де дәлелдей алмады. Енді, бүкіл Рисалей-Нұр кітаптарын Анкараға сараптама жүргізу үшін алдырып жатыр.

Мұның ақиқат екені рас және бұл кезге дейін Рисалей-Нұр қызметі барысында Раббымыздың жәрдемін анық көрдік, оны жоққа шығару мүмкін емес. Оған әркім азды-көпті куә болған да шығар. Сондайақ, қазіргі таңда саясатта да, дүнияда да өзара қарама-қайшылықтар туындап жатқаны рас. Және болған іске риза болып, тағдырға көнуден және Иман мен Құранға қызмет етуден және Нұрдың сыйлайтын зор жұбанышын көріп тамашалаудан басқа қолымыздан ешнәрсе келмейді. Олай болса, біздің істейтініміз және міндетті түрде істеуіміз керек нәрсе уайымдамау, үмітсіздікке түспеу және рухани күшімізді жоғалтпау, бір-бірімізді демеу, қорықпау және мұндай бәлеге қарсы тәуекел етіп қарсы тұру, түймедейді түйедей қылатын даурықпа журналистердің хабарына мән бермеу. Бұл дүниялық өмір әсіресе, мына заманда, мұндай шарттарда еш құны жоқ. Басқа түскеннің бәріне хош келдің деп, қабылдау керек.

* * * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Екі-үш бауырымыз өздерін жұбататын тамаша бір демеу тауып алыпты. Олар былай дейді: "Мына түрмеде кейбір жігіттер бір-екі сағаттық харам қылықтың кесірінен бір-екі тіпті, кейбірі он жылға сотталып түрменің азабына сабыр сақтап, шыдап жүр. Тіпті, кейбіреуі шүкір етіп басқа күнә жасаудан құтылдық дейді.

— 366 —

Ендеше, біз Рисалей-Нұр арқылы өте орынды әрі адал қылығымыз үшін және иманға қызмет еткендіктен алты-жеті айға қамалып қиналудамыз. Оған неге шағымданамыз?". Мен мұны естіп: "мың мәрте бәрекаллаһ!" дедім.

Иә, бес яки он жыл иманға қызмет үшін және басқалардың иманын құтқару мақсатымен қызықты да тәтті, киелі де қайырлы міндет атқарып және пікіри құлшылық үшін азап шегу, негізінде шүкір етерлік жағдай, мақтануға тұрарлық қылық. Ардақты Пайғамбарымыз былай деген екен: "Бір адам сен арқылы Исламды қабылдаса ол сен үшін сахараға толы қызыл қой-ешкілерден абзал!".

Міне, осы жерде, сотта және Анкарада сендердің жазған жазбаларың мен қызметтеріңнің саясында көптеген адамдар иманын қауіп-қатерден сақтап қалуда әлі талайы сақтап қалатын болады!" Сол үшін сабыр сақтап, риза болып шүкір етіңдер!

Егер Анкарада билік басындағы Халық Партиясы ол жаққа кеткен Рисалей-Нұрдың қуатты кітаптарын қабылдамай, ерегесіп терістесе, біз үшін ең тыныш жер абақты болмақ. Және ол, дінсіздердің болшевизмді атеизммен қосып, екеуін біріктіргенін көрсетеді. Ол кезде Үкімет болса оларды тыңдауға мәжбүр болады. Сонда РисалейНұр ортадан шегінеді де тоқтап қалады, сосын мадди-мағынауи пәлекеттер келе бастайды яғни апат, зілзәлә, бәлелер көбейеді деген сөз.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالْاِنْسِ اَلَمْ يَاْتِكُمْ رُسُلٌ مِنْكُمْ ﴾

Қасиетті аятының білдіргеніндей жындардан да пайғамбар келген. Дегенмен, бұл тұрғыдағы сұрақтың жауабын ұстаздың өзінен тыңдайық.

Ғазиз бауырым!

Рас, сенің сұрағың өте маңызды. Алайда, Рисалей-Нұрдың басты міндеті адамдарды адасушылықтан, сұмдық күпірліктен құтқару болғандықтан мұндай мәселелерге уақыттың реті келмейді әрі ол туралы тақырып қозғалмайды. Салих сәләфтер яғни Аллаһтың игі құлдары да оған көп тоқталмаған. Себебі, ондай ғайби әрі көзге

— 367 —

көрінбейтін істерге келгенде бұрысқа пайдаланушылық етек алуы мүмкін. һәм, шарлатандар өздерінің жеке бас пайдасына пайдаланып кетеді.

Қазірдің өзінде, экстрасенс, көріпкел бақсы-балгерлер «жындармен хабарласу» деп алаяқтық жасап жүр емес пе? Бұрыңғының адамдары дінге зияны тиеді деп ол туралы көп айтпаған. Сондай-ақ, «Хатемүл Әнбия» Мұхаммед Пайғамбардан кейін жындардан пайғамбар шықпаған. Һәм, Рисалей-Нұр бұл заманда адамзаттың басына түскен пәлекет материалистік ұғымды тойтару үшін жындар мен руханилардың болмысын нақты түрде айғақтармен дәлелдеп берген. Мұндай мәселелерге үшінші кезекте қараған, жан-жақты түсіндіруді басқа кітаптарға қалдырған. Бәлкім, Рисалей-Нұрдың бір шәкірті Рахман сүресін тәпсірлеп бұл мәселелені де қолға алар.

* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

لِكُلِّ مُص۪يبَةٍ اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ

Расында Хафыз Али, Хафыз Мехмет пен Мехмет Зүхдудің дүниеден озғаны тек бізге және Спартаға ғана емес, тіпті елге тіпті, Ислам әлеміне үлкен нұқсандық келтіреді. Бірақ, бұл кезге дейін Аллаһтың инает-жәрдемі былай боп келді; Рисалей-Нұр бір шәкіртін жоғалтса дереу орнына екі-үшеуі дәл сол шеңберде ортаға шығатын. Сондықтан, басқа тұрғыдан әлгіндей қаһарман бауырымыздың қызметін атқаратын орынбасар, ықыласты шәкірттер шығатынына үмітіміз зор. Иә, ол үшеуі аз уақыттың ішінде жүз жылдық иман қызметін атқарды десе болады.

Аса мейрімді Рахман-ур Рахим олар жазған және жайған және оқыған Нұр кітаптарының әрпі қанша болса сонша жарылқауға бөленсін. Әмин!

Менің атымнан Хафыз Мехметтің тума-туыстарына, туған ауылына көңіл айтыңыздар! Мен оны Хафыз Али мен Мехмет Зүхдүге жолдас қылып өзімнің «ақтаб» ұстаздарымның тізіміне қосып қойдым. Хафыз Акифты да Асым мен Лүтфия бауырларыма жолдас қылып бірге жаздым.

* * * * *
— 368 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Азиз, адал бауырларым!

اَلْخَيْرُ ف۪ى مَا اخْتَارَهُ اللّٰهُ дегендей, мәселеміздің кешігуінің хикметібар. Өйткені, барлық мектептерде, ресми орындарда әлгі өлген сұмдық адамды дәріптеп, оған сүйіспеншілік оятуда. Бұл, Ислам әлеміне, жалпы болашақта қасірет әкелетін қайғылы оқиға. Ендеше, қазір еріксіз түрде "оның" кім екені әу баста оның достарына және оны шын сүйетіндерге бұлтартпас айғақтармен дәлелдейтін РисалейНұр, олардың қолына тиіп, өзін қызыға да мұқият оқытқызуы маңызы зор оқиға. Ол үшін біз секілді мыңдаған адам қамалып тіпті, сол үшін өліп кетсе де Дін Исламның сау-саламаты үшін түк емес. Ең болмаса, халықты сөзсіз күпірліктен сақтап, діннен безгендерді қатты қырсығудан біршама құтқарады. Оны оқып, өз күпірлігіне күмәнмен қарайды, Құдайдан қорықпай дінге тиісуден бастартатын болады. Сотта олардың жүзіне айтқан соңғы сөзім былай болды:

"Миллиондаған қаһармандар бастарын тігіп пида еткен бұл киелі ақиқатқа біздің де басымыз пида болсын!". Бұл біздің соңғы демімізге дейін табандылық танытатынымызды көрсетеді. Мұндай ұлы істен, биік мақсаттан бас тартуға болмайды. Араларыңда бас тартатын жоқ деп ойлаймын.

Осы кезге дейін сабыр сақтап келдіңдер. Бұдан кейін де: «дәмтұзымыз, атқарар міндетіміз бітпеген екен!» деп шыдап, сабыр сақтайық. Бұдан кейін сөзсіз, "Миуа" рисалесінде айғақтармен дәлелденген әрі жоққа шығару мүмкін емес мәселені яғни мүлдем жоқ болу және мәңгі бақи жалғыздық зынданына қамалу деген пікірді жақтап Рисалей-Нұрға қарсы қырсығып теріс әрекет етпейді. Мүмкін келісімге немесе бітімгершілік жолын қарастырады.

اَلصَّبْرُ مِفْتَاحُ الْفَرَجِ وَالسُّرُورِ
* * * * *
— 369 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Азиз, адал бауырларым!

﴿ اَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَاَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْش۪ى بِه۪ فِى النَّاسِ ﴾

аяты Рисалей-Нұрға һәм مَيْتًا сөзімен үш қуатты да тығыз байланысты белгі-ишарамен Рисалей-Нұрдың байғұс бір шәкіртіне қалай ишара еткенін "Бірінші Шуақта" түсіндірілген болатын. Қазір осы оқиғада сол ишаралардың біреуі толық көрініп тұр. Өйткені, бізге зұлымдық жасағандар қолына өмірді, мәдениетті, дүниялық ләззатарды алып алған. Ал, біз ондай нәрселерге мән бермейтіндіктен ашуланып бізді айыптап жауапқа тартқысы келеді. Тіпті, сол үшін жанымызды алып, ең ауыр түрімен жазалап абақтыға жапқысы келеді. Бірақ, оған лайықты заң таба алмай әлек.

Біз болсақ, қолымызға бақи өмірдің кіріспесі, мәңгі тіріліктің жәй бір пердесі болған өлімді ұстап алып, олардың басынан ұрып оятпақ боламыз. Сөйтіп оларды ауыр жауапкершіліктен, мәңгі қапастан, қараңғы құрдымнан, жалғыздық зынданынан құтқаруға бар күшімізбен тырысамыз.

Тіпті, Анкараға жіберілген қуатты рисалелерді сылтау қылып мені ең ауыр жазаға тартса, бірақ сол адамдар Рисалей-Нұр арқылы өлімнің мәңгі жоқ болу түрінен құтылса көңілім жәй, жүрегім риза болар еді. Демек, біз олардың екі дүнияда өмір сүргендерін қалаймыз, оның жолын қарастырамыз. Ал олар болса, бізді өлтіруге сылтау іздеп жүр. Дегенмен, Айдай анық, көзге көрініп тұрған "өлім" дейтін ақиқат және күн сайын адамдардың отыз мыңын алып кетіп жатқан "жаназа" адасқандарға мәңгі жоқ болу, жалғыздық зынданына қамалу болып көрінгендіктен біз олардан жеңілген болып есептелмейміз. Қолдарынан келгенін істесін. اِنَّ حِزْبَ اللّٰهِ هُمُ الْغَالِبُونَ аяты он екі жылдан бері өте аянышты жеңіліс кезеңімізде де «джифр уә әбжәд» есебімен жеңіске жететінімізді уақытын атап тұрып сүйінші беруде. Бұл ақиқат! Олай болса біз енді, сотқа да жұртқа да айтарымыз:

Біз, мына көз алдымызда қасқайып күтіп тұрған өлімнің мәңгі жоқ болу түрінен және жолымызда кесе көлденең жатқан және бізді мәжбүрлеп өзіне шақыратын қабірдің қараңғы қапасынан аман-есен құтылғымыз келеді. Әрі, сендерге сол сұмдық әрі шарасы жоқ бәледен құтылуларыңа көмектесіп, қол ұшын созамыз. Сендердің ең үлкен

— 370 —

дүниялық және саяси мәселе біз үшін және ақиқатында құны шамалы. Тіпті, оған жауапты емес жандарға бос әрі түкке тұрғысыз. Ал біздің шұғылданып жүрген мәселеміз күллі адамзатқа тікелей қатысты және әркімнің білуі қажет, орындауы шарт. Біздің қызметімізді мінеп, ұнатпайтындар әрі тосқауыл болатындар өлім дегенді жоқ қылып, қабірдің есігін жауып ешкімді кірмейтін қылсын!...

Екінші және үшінші «тұжырымдар» әзірге кейінге қалды.

* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Рисалей-Нұрдың кәраматы болса керек: Ұстаз он жылдан бері қайта-қайта былай дейтұғын: "Әй, діннен безгендер, Құдайсыздар! Рисалей-Нұрға тиіспеңдер! Рисалей-Нұр садақа тәрізді, ол келе жатқан апаттың кері қайтуына себеп болатындықтан оған тиісу, оның тоқтауы қауіп-қатерді қайтаратын күштің әлсіреуі деген сөз. Егер тиісе берсеңдер жақында төніп тұрған апат-бәлелер үстеріңе селдей жауады!". Иә, өзіміз куә болған ондай пәлекеттер көп болды.

Төрт жылдың ішінде Рисалей-Нұрға немесе шәкірттеріне тиіскен кезде дереу бір пәлекет, не бір бәле келеді. Бұл, Рисалей-Нұрдың маңызы зор тәпсір әрі апатты қайтаруға себеп екеніне дәлел. Міне, Ұстаз Саид Нұрсидың Рисалей-Нұр арқылы хабар берген жүздеген оқиғалар, оның ішінде пәлекет-зілзәлә секілді соңғы апаттар шынымен де Рисалей-Нұр бәлені қайтаратынын көрсетеді. Аллаһ Тағала бізге және Рисалей-Нұрға тиіскендердің жүрегіне иман, басына ақиқатты түсінетін ақыл, көретін көз нәсіп етсін! Бізді мына зынданнан, оларды да мына пәлекеттен сақтасын, әмин!

Хусрев
* * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

Иләһи инаеттің бір сәулесі яғни Раббымыздың қамқорлығының бұл жолғы көрінісі былай болды: Біздің ақталу уәжнамамызды және хаттар мен кітаптарымызды көрмей тұрып, тек сезіктеніп Білім министрі ашу шақырып ызаланыпты және «Бесінші Шуақ» пен «Хүжумат-ы Ситтенің қосымшасы» сынды өткір жазылған, жасырын рисалелерді

— 371 —

ең жоғарғы лауазымды орындар тиісу мақсатында тексеріп оқыпты және уәжнамаларымыздың ішінде сөзсіз күпірлікке қарсы ауыр сөздер де бар, міне, осының бәрі Анкараның бізге аяусыз қатаң қарап, ауыр жазаға тартуын керек қылатын себептер бола тұра, өте жеңіл қарап, бітімгершілік жолын таңдаған. Бұл, Идәһи инает-жәрдемнің бір хикмет-сыры мынау: Рисалей-Нұр бүкіл елге қатысты және жалпыға ортақ дәрісханада және жоғарғы орындарда оқылып, өзіне назар аударып, қызығушылық оятуда.

Иә, бұл заманда мұндай жоғары деңгеде дәріс әлбетте, осындай ұйымдасқан түрдегі, күлли, жалпыға ортақ орындарда оқылып жатса бұл Иләһи зор инает-жәрдем. Әрі ол, сөзсіз күпірліктің бел омыртқасын сындырғанына анық белгі.

Бауырларым! Менің ойымша, қатты қиналып, көп зиян шеккен кейбір әлжуаз әрі бала-шағалы жандар бұл азапты біршама РисалейНұрдан, бізден тартқыншақтауға тіпті, бастарту үшін үзір санап, кейін ақталып шыққанда құбылып шыға келуі мүмкін. Соған байланысты айтайын дегенім:

Мұндай аса қымбат, құнды нәрсеге мұншама мадди-мағынауи, рухани-заттық ақы төлеп, азабын тартып ақырында оның жемісінен бастарту орны толмас өкініш, күллі зиян. Сондай-ақ, кімде-кім Рисалей-Нұрдың кітаптарын және онымен байланысы бар кісілерді және бізді қорғаштауды, бізге жәрдем етуді, қызметті мүлдем доғарса өзіне де бізге де зиян, бос әурешілік. Сондықтан, сақтық шараларын сақтай отырып адалдықты, өзара байланысты, қызметті тоқтатпай жалғастыра беру керек.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Бұл бір Раббани инает-жәрдемнің сәулесі, Иләһи сақтаудың қамқорлығы болса керек; Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрдың ақиқатына қарсы тұра алмай тәсілім болып, наразылық пен сын айтуға себептер көп бола тұра бейне бір біздің ақталуымызға шешім қабылдағандарын естідім. Алайда, оқымауы тиіс кісілердің оқып ашулануы және біздің ақталу кезіндегі қатты айтқан сөздеріміз, Оқу министрінің бізге өшігуі және сараптамашылардың ішінде екі материалист философтың болуы және бидғатты жақтаушы ірі ғалымның болуы сондай-ақ, бір жылдан бері діннен безген жасырын ұйым бізге қарсы Халық партиясын айдап салуы және Білім министрін қарсы қоюы, тағы осы секілді көптеген болымсыз себептер біздің

— 372 —

жазалануымызды керек ететін бірақ Рахманның қамқорлығы мен сақтауы көмекке келіп, әлгілерге Рисалей-Нұрдың биік мәртебесін, жоғары дәрежесін көрсетіп қатты тиісуден бастартқызыпты. Тіпті, бізді жазаға тартылудан құтқару мақсатта және Ескішәһир мәселесімен немесе қанды «Отыз бір Март» саяси оқиғасымен қатысым жоқ екенін, мен тек дін уә иман үшін жүргенімді, ешбір саяси пікір ұстанбайтынымды көрсету мақсатымен былай депті: "Саид Нұрси бұрыннан бері өзін кейде пайғамбардың ізбасарымын деп айтады. Құран уә Иман қызметін атқарып өзін «мүжәддит» санайды яғни экстаз хәлге түседі, «есерлене желігеді» депті.

Міне, осы жазба арқылы философтардың дінсіз терминдерін пайдаланып кім дінге жақ,болып қызу әрекет етсе олар жайлы: "Бұлар өздерінше міндетіміз дін жаю, біз ізбасарымізді" дейді және кейбір бауырларымның мені асыра сілтеп мақтағанын сынға алыпты және мені экстаз халіне түседі деп, қатты айтқан сөздерімді саясатқа қатысы жоқ деп, ақтауға тырысыпты және бізге қарсы және дұшпан болғандарды да ренжітпей сондай-ақ, Құранның ишараларының және хәзреті Алидің кәраматының және Ғаус-ы Ағзамның хабарының ақиқаттары қуатты екенін көрсету мақсатта және жұртпен салыстырып менде де болуы өз ойларынша анық, атаққұмарлық, менмендік сезімдерімді өшіру үшін әлгі дінсіз термин сөздерді пайдаланғанға ұқсайды.

Бірақ, ол сөздерге Рисалей-Нұр басынан соңына дейін нақты жауап боп табылады. Біздің жолымыз, менмендікті тастау, бауырластық. Сондықтан, бізде ондай атақ құмарлық болмағандықтан Жаңа Саидтың Рисалей-Нұрды жаза бастағаннан бері кішіпейілділікке толы өмірі, сосын адал шәкірттерінің асыра сілтеген мақтау сөздерін қайта-қайта дәрістер арқылы түзету бұл мағынаны толығымен жоққа шығарады, бекер екенін көрсетеді.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым!

Бізге хабар берген кісіге және жазған адамға зиян келмеуі үшін әзірге сарапшылардың қорытындысын сендерге жібермеуді жөн көрдім. Осы соңғы сарапшылар бар күшін салып қолынан келгенше бізді құтқаруға және адасқандар мен бидғатшылардың бәлесінен сақтауға тырысып-ақ жатыр. Бізге жапқан жаланың бәрін жоққа шығарып ақтап отыр. Олар Рисалей-Нұрдан толық дәріс алғандары байқалып

— 373 —

тұр. Өйткені, Рисалей-Нұр кітаптарының ғылыми екенін біліп, имани тақырыптары жалпы алғанда өте сауатты, терең ілімге сүйеніп жазылғанын, Саид Нұрси өте адал әрі ықыласты түрде мағыналарды қағазға түсіріп, өзінің күш-жігерін тариқат құруға жұмсамағандығын және бір ұйым не де үкіметке қарсы шығу мақсаты жоқ екенін, оның ниеті тек Құранның ақиқаттарын мұқтаж жандарға жеткізу, бар талпыныс қайраты сол ғана екенін түсініп солай қорытынды жасаған.

Ал, енді ғылыммен қатысы жоқ деп шешкен кітаптарымыз жайлы былай депті: "Ол кейде экстазға түседі, кейде санасы шамадан тыс жұмыс істеп, рухы аласұрып кетеді. Сондықтан, жазған кітабы үшін қылмыстық іс қозғап, айыптауға болмайды!". Және өзімді "Бұрыңғы Саид", "Жаңа Саид" деп атағаныма екі тұлға ретінде қарап, екіншісін иманы қуатты, Құран ақиқаттары жайлы ілімді терең меңгерген деудің орнына, философтарды ренжітпей "Экстазға түседі, ақыл-ойына ие бола алмай қалады" деп бізді ауыр сөздеріміз үшін жауапқа татылудан құтқарғысы келеді, бір жағынан дұшпандарымызды да риза қылып менде "галлюцинация" яғни көзіне бір нәрселер елестейтін болса керек, оны да ескерген жөн депті. Олардың мұндай "мүмкін" деген сөздерін түбірімен жоққа шығаратын, қазірде қолдарында болған, күллі ақылдыларды таңқалдырған Нұр рисалелері, сондай-ақ, барлық қорғаушыадвокаттарды тамсандырған "Мүдафа" мен "Миуа" рисалелері оларға толыққанды жауап боп табылады. Мен осындай бір ықтимал ойдың себебімен мұндай киелі хадистің мағынасына бөленгеніме Құдайға шексіз шүкір етемін. Әлгі сарапшылар менің бауырларымды жаппай және мені толық ақтап былай депті: "Олар Саидтың іліми әрі бәрін біліп тұрғандай жазған кітаптарына өздерінің имандары үшін, ақыреттері үшін беріліп айналасына жиналған. Олардың өзара әңгімесінде, кітаптарында, рисале-хаттарында үкіметке қарсы ешқандай да қастандық, болымсыз пиғылдары бар екенін дәлелдейтін бір ишара, белгі таба алмадық!" деп әлгі сарапшылардың ортақ қорытындысына біреуі философ Нәжати, біреуі Юсүф Зия, біреуі де философ Юсүф деген кісілер қол қойған екен.

Тамаша бір сәйкестік: Біз, өзіміз арамызда бұл абақтыны Юсүф Пайғамбардың медресесі және осы жерде жазылған "Миуа" рисалесіні оның жемісі деп атайтынбыз. Сол секілді манағы екі Юсуф та құпия түрде "Біз де сол медреседегі дәрістен үлескерміз" деп хал тілдерімен айтқандай.

— 374 —

Олар мені галлюцинация халде, елес көреді дегендеріне өздерінше келтірген дәлелдері мыналар: «Отызыншы Сөз», "Отыз үш Терезесі бар Отыз үшінші Мектуб", сосын «өз мысығынан » Я, Рахим! Я, Рахим!" деп тәсбих сөздерін естиді және ол өзін қабір басындағы көктас ретінде көреді".

Саид Нұрси
* * * * *
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Ғазиз, адал бауырларым!

Біздің Иләһи қамқорлыққа алынғанымызды білдіретін белгінышандар көп-ақ. Атап айтсақ, саны көп ынсапсыз дұшпандарға қарсы Рисалей-Нұр төтеп беріп жеңілмей жүр. Және Білім министріне, Халық партиясына біршама тойтарыс беріп үндерін өшірді. Әрі мұншама ауқымды түрде, мәселемізді барынша үлкейтіп үкіметтің үрейін ұшырғандар енді, сол жапқан жаласын, өтірігін бүркеп жасырғысы келеді. Олай болса біз не істеуіміз керек? Біз жазмышқа көніп барынша сабыр етіп, көңіл хоштығын сақтап және әсте үмітсіздікке түспей, тіпті күтпеген тосын оқиғаларға мойымай, табандылық танытып ондай уақытша дауылдарға қарсы аяқты нық басу керек.

Иә, үміт орындалмай қалғанда дүнияқұмар адамдардың рухани күші сарқылып, ықыласы азаятыны рас. Бірақ, машақат пен күрестің және қиыншылықтың артында инает-жәрдем, Иләһи рахымның ілтипатын көре алатын Рисалей-Нұр шәкірттері үшін ондай тосын оқиғалар қайрат жігерін арттырып алға ұмтылуға, ықыластарын жаңартуға себеп болуы керек.

Қырық жыл бұрын саясаткерлер мені уақытша есінен адасқан деп жындаханаға жатқызды. Сонда мен оларға: "Сендердің ақылдылық деп жүрген нәрселеріңнің көбісін мен ақылсыздық деп білемін. Ондай ақылдылық маған керек емес, бас тарттым!"

وَ كُلُّ النَّاسِ مَجْنُونٌ وَ لٰكِنْ عَلٰى قَدَرِ الْهَوٰى اِخْتَلَفَ الْجُنُونُ

деген сөздің мағынасын сендерден көріп тұрмын!" деген едім. Қазір де мені және бауырларымды ауыр жауапқа тартудан құтқару ойымен менің жасырын кітаптарымды оқып түсінбей маған "кейде

— 375 —

галлюцинация, көзіне бір нәрселер елестеп, уақытша ақыл-есінен айырылып қалады" дейтін қайталана беретін сөздеріне екі тұрғыдан қарап риза боламын.

Біріншіден; Сахих хадисте Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген екен: «Бір кісі иманы кемелденген кезде тобыр халық оның хәлін түсінуге ақылдары жетпей жынды, диуана, есі ауысқан» дейді. Бұл оның иманы толық, сенімі берік болғанын көрсетеді!".

Екіншіден; Мен мына түрмедегі бауырларымның аман-саулығы мен мына бәледен, мына қараңғы жерден құтылуы үшін тек жынды деген жаланы ғана емес қуана-қуана ақылымды тіпті, жанымды пида етуге дайынмын. Егер, сендер жөн көрсеңдер, мені жынды деген үш кісіге менің атымнан алғыс айтып, оларды рухани табыс-сауаптарыма ортақ қылғанымды жеткізіп сәлем жолдасам деймін.

* * * *

Ғазиз, адал бауырларым және Құран мен Иман қызметінде ақниетті достарым және Хақ пен ақиқат жолында, берзах пен ақырет сапарында айырылмас серіктерім!

Біздің бір-бірімізден айырыласатын уақыт жақындаған секілді. Олай болса мазасыз кезде өзара ренжіскен, ағаттық жіберген болсақ ол да "Ықылас рисалесінің" ережелерін сақтамағандықтан болса керек. Бір-бірімізбен бақұлдасып, кешірім сұрасып, кешіріскен жөн, тіпті аса қажетті. Сендер бір-біріңе өте жанкешті туған бауырдан да жақын бауырсыңдар. Дос деген бауырының ағаттығын жасырып, ұмытып кетеді, ғапу етеді. Мен, сендердің күтпеген өзара айтыстарың мен менмендіктеріңді жүгенсіз нәпсілерің деп айыптаудан аулақпын, олай ойлау Рисалей-Нұр шәкірттеріне жараспайтынын білемін. Мен оны нәпсісін тыйған әулиелердің өзінде болатын белгілі бір мағынада уақытша болатын менмендік деп қабылдаймын. Сендер менің осы жақсы ойымды қырсығып теріске шығармай, татуласыңдар!

* * * *

Бауырларым!

Сарапшылар берген қорытындыға қарайтын болсақ, Рисалей-Нұр бізге қарсы болған барлық дұшпандарды тізе бүктіргенге ұқсайды. «Худжат-ул Балиға», "Ихтиярлар", "Ықылас" рисалелері олардың назарын өздеріне қайта-қайта аудартуда, Сондай-ақ, тым

— 376 —

атүсті, жауаптары да белгілі және тақуа молдасымақ сын айтулары және ешқандай да қатысы жоқ әрі өте үйлесімді мәселелерді түк түсінбей тұрып «қарама қайшылық бар» деуі және рисалелердің жүзде тоқсанын бүтіндей еш қарсылықсыз мақұлдап, маңыз беруі, мойындауы және «Хүжумат-ы Ситтенің Қосымшасының» өте қатаң түрде бидғаттарға пәтуа берушілерді сөзбен жерден алып жерге салуына қарсы ешқандай шара қолданбаулары және Ақырзаманда дінсіздердің қолынан өлген бейшара, діндар христиандар белгілі мағынада шәһид саналатын шығар, деген сөзімді тілге тиек етуі, жалаң бас намаз оқуға, түрікше азан шақыруға менің қарсы болуымды түсінбей мұны қайшылық санауы, міне бұл олардың Рисалей-Нұрдың алдында тізе бүгіп, жеңілгенін көрсетеді.

Саид Нұрси