Хаттар
— 531 —

Ақиқат дәнектері

[Отыз бес жыл бұрын басылған "Ақиқат дәнектері" атты рисаледен алынған қанатты сөздер]

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ وَ الصَّلَاةُ وَ السَّلَامُ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ٓ اَجْمَع۪ينَ

1. Сырқат ғасырдың, дертке шалдыққан дененің, аупу ағзаның емі, Құранның әмірлеріне мойынсұну.

2. Алып та бақытсыз бір құрлықтың, даңқты болғанымен бағы жоқ бір мемлекеттің, құнды болғанымен елеусіз қалған бір қауымның емі, Ислам бірлігі.

3. Жер шары мен бүкіл жұлдыздарды, күндерді тәсбихатың тасындай шыр айналдыра алатын күшке ие болмаған біреудің Мен жаратушымын деуіне болмайды. Өйткені, кез келген нәрсе барлық нәрсемен байланысып жатыр.

4. Рух иелерін Хаширде қайта тірілту, Құдрет үшін, қыстың күні өліп қалғандай болып ұйқыға кететін шыбынды көктемде қайта жандандырудан ауыр емес. Өйткені, мәңгілік Құдрет өздігінен Құдіретті. Ол өзгермейді. Әлсіздік араласа алмайды. Кедергілер тумайды. Ол Құдіретте әр түрлі деңгей деген болмайды. Ол үш барлық нәрсе бірдей.

5. Масаның көзін кім жаратқан болса, Күнді де Сол жаратты.

6. Бүргенің асқазанын жүйеге келтірген кім болса, Күн жүйесін жүйеге келтіруші де Сол.

7. Ғаламның жаратылуы мұғжиза. Тіпті бүкіл табиғи себептер өз еріктерімен бір іс атқара алады дегеннің өзінде (олай болуы мүмкін

— 532 —

емес) әлгіндей мұғжизаның алдында өте әлсіз екендігін мойындап, сәждеге жығылып

سُبْحَانَكَ لَا قُدْرَةَ لَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ

дер еді.

8. Себептердің қолына шынайы әсер ете алу күші берілмеген. Аллаһтың бір және Ұлы екендігі соны талап етеді. Алайда әлгі себептер сырт көзге Аллаһтың құдретін көрсетпей тұр.

Бұл Ұлықтың талабы. Сондай, Құдрет сырт көзге жағымсыз істердің орындаушысы болып көрінбейді.

9. Барлық нәрселердің Құдіретпен байланысып тұрған ішкі жағы өте мөлдір, пәк, таза.

10. Өз орнына сай бір нүктені жарата алатын, шексіз құдірет керек. Өйткені мына жаратылыс атты алып кітаптың әр бір әрібінің, әсіресе тірі, жанды әр бір әрібінің, әр бір сөйлемге бағытталған бір жағы, қарайтын көзі бар.

12. Мәшһүр бір оқиға: Айттың алдында Айды іздейтін. Ешкім көре алмай тұрғанда бір қарт кісі ант-су ішіп, "Айды көрдім" деді. Ал оның көргені кірпігінен түскен бір тал ақ қыл еді. Әлгі қыл қайда? Ай қайда? Атомдардың қозғалысы қайда? Барлық жаратылыстарға пішін беруші (Құдірет) қайда?

13. Табиғат - Мысали бір баспахана. Бастырушы емес. Ол - өрнек. Өрнек салушы емес. Қабылдаушы, іс-атқарушы емес. Орындаушы құрал. Ол жүйе, жүйеге келтіруші емес. Заңдылықтар жүйесі, заңдарды қоюшы ақиқат емес.

14. Саналы болмыс болған ождандағы тебіреністер, тартымды ақиқаттың әсерімен болуда.

15. Болмыс өтірік айтпайды. Бір дәнектің өсіп жетілуге деген бейімділігі "Мен өсіп-жетілемін, бүр жарамын", дейді. Дұрыс айтады. Жұмыртқада өмірге деген бейімділік бар. "Балапан болғым келеді", дейді. Аллаһтың рұқсатымен болады да. Дұрыс айтады. Бір тостақ су ұлғаюға деген бейімділігімен "Көбірек орын алғым келді" дейді.

Қатты темір оны жоққа шығара алмайды. Сөзінің растығы сол, темірді қақ айырады. Бұл бейімділіктер жаратылыстарына орнатылған бұйрықтардың белгілері, көріністері.

— 533 —

16. Құмырсқаны көсемсіз, араны аталықсыз қалдырмаған мәңгілік Құдірет, әрине адамзатты Пайғамбарсыз қалдырмайды. Көзге көрініп тұрған мына әлемдегі адамдарға көрсетілген Айдың екіге бөлінуі мұғжизасы Мұхаммедттің (с.а.у.) адамдар үшін болса, миғражда мелекут әлеміндегі періштелер мен руханилерге көрсетілген Ұлы Мұхаммеди (с.а.у.) мұғжиза еді. Пайғамбарлық әулиелігі осы анық керемет арқылы дәлелденді. Ол Нұрлы Жан (с.а.у.) Найзағай мен Айдың сәуле шашқанындай мелекут әлеміне сәуле шашты.

17. Кәлима-и шәхадаттың екі сөйлемі бірін-бірі куәландырады. Біріншісі екіншісіне лимми дәлел, яғни себептің нәтижеге дәлел болатынындай. (Оттың түтінге дәлел болатыны сияқты). Екіншісі біріншісіне Инни дәлел. Яғни туындының өнерпазға дәлел болуы (түтіннің отқа дәлел болуы сияқты.)

18. Өмір, көп нәрселерден Аллаһтың бір екендігін көрсетеді. Сондықтан бірлікке шақырады. Өмір бір нәрсені барлық нәрсеге ие қылады.

19. Рух-сыртқы бейнесі көрінбейтін заңдылық. Саналы ережелер жиынтығы. Тұрақты және үздіксіз заңдылықтар сияқты рух та бұйрық әлемінен, Аллаһтың қалаған нәрсесін жасай алуы ерекшелігіне бастау алуда. Құдірет оған сезімтал дене кигізген. Салмағы, өлшемі, тығыздығы жоқ, өте жылдам болмысты сол жауһарға қабық еткен. Дене кигізген рух ақылға қонымды заңдылықтардың бауыры. Екеуі де тұрақты және бұйырқтар әлемінен келген. Егер мәңгілік Құдірет түрлі заңдылықтарға сыртқы дене берсе рух болады. Егер рух денені шешіп тастаса, басынан сананы шығарып тастаса мәңгілік заңдылыққа айналар еді.

20. Бар нәрселер жарық арқылы көрінеді. Өмір арқылы денелердің бар екендігі білінеді. Екеуі де көрсетіп, таныстырушы.

21. Христиан діні ие жоқ болады немесе сұрыпталады, Исламияттың алдында қауқарсыз қалады. Христиандық бірнеше рет бөлінді. Протестанттыққа келді. Протестанттық та бөлінді. Тәухидке жақындады. Тағы да бөлінуге дайындалуда. Не жоқ болып, сөніп қалды не шынайы Христиандықтың негіздерін қамтып тұрған Исламды көріп, соған мойынсұнатын болады.

— 534 —

Міне осы ұлы сырға Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) ишара еткен. "Хазрті Иса көктен түсіп, маған үмбет болады, шариғатым бойынша амал ететін болады", деген.

22. Қарапайым халық айғақтардан гөрі мәліметтердің қайнар бұлағындағы қасиеттерге көп ереді.

23. Шариғаттың жүзден тоқсаны (ақиқат екендігі анық діни шарттар). Әр қайсысы бір бір алмас тіректер. Әр түрлі ижтихад етілген мәселелер жүзде он. Тоқсан алмас тірек он алтынның қармағына берілмейді. Кітаптар мен иждихадтар Құранға дүрбі, айна болуы керек. Көлеңке немесе өкіл болмауы керек.

24. Кез келген қабілетті тұлға өзі үшін ижтихад ете алады. Жалпылық заң шығара алмайды.

25. Бір пікірді мақұл көруге шақыру, ғұламалардың қабылдауына байланысты. Әйтпесе бидғат болады. Қабылданбайды.

26. Адам жаратылысынан сыйға бөленгендіктен ақиқатты іздейді. Кейде ақиқаттан тыс нәрсе тиеді қолына, ақиқат деп ойлап, қойнына салады. Ақиқатты іздеп жүргенде, еркінен тыс жағдайда басына адасушылық келіп тиеді. Ақиқат деп ойлап, басына киеді.

27. Құдіреттің бір бірінен өткен мөлдір, нәзік көптеген айналары бар. Судан ауаға, ауада эсирге (ең кіші элемент) эсирден мисал әлеміне, мисал әлемінен Рухтар әлеміне, тіпті заманға, пікірге өтіп түрленеді. Бір сөз ауа айнасында миллиондаған сөзге айналады. Осы көбейту сырын Құдірет қаламы ғажайып пайдаланады, (көбейтеді). Осындай шағылысу не форманы немесе сол форма арқылы мән-мағынаны ұстап тұрады. Тығыз нәрселердің бейнелері қимылдап жүрген жансыз нәрселер. Нұрлы рухтың айнадағы бейнелері бір бірімен байланысып жатқан тірі нәрселер. Дәл соның өзі болмаса да өзге емес.

28. Күн өзі әрекет етіп жүрген орбитасында сілкінсе, жемістері шашылып кетпейді. Сілкінбесе жемістері болған планеталар шашылып кетеді.

29. Пікірдің нұры жүректің сәулесімен жарқырап араласып кетпесе қараңғылық орнайды. Зұлымдық шашады. Көздің таңдай әппақ ағы, түндей қара қарашығымен бірге болмаса көре алмайтындығы секілді, ақ пікір мен жүректің қара нүктесі (көкрек көзі) бірікпесе көр-соқыр болғаны.

— 535 —

30. Ілім жолында жүректің қалауы болмаса, ол надандық. Қажетсіну басқа. Сену басқа.

31. Бұрыс нәрселерді жақсылап суреттеу, кіршіксіз зейіндерді адастырады.

32. Мүршид Ғалым қой сияқты болуы керек. Құс сияқты емес. Қой қозысына сүт береді. Құс балапанына құсығын береді.

33. Бір нәрсенің бар болып тұруы, барлық дене мүшелерінің түгел болуына тәуелді. Жоқ болуы бір мүшесінің жойылуына байланысты болғандықтан әлсіз адам өз күшін көрсету үшін бүлдіруге бет бұрады. Болымды әрекет етудің орнына, болымсыз әрекет етеді.

34. Даналықтың қағидалары мен Үкіметтік заңдар, Хақ заңдар мен күштік құрлымдар бірікпесе қоғамда жеміс бермейді.

35. Зұлымдық, әділдіктің қалпағын киіп алған қиянат. Қамқоршының киімін киіп алған. Жихадқа зұлымдық деген ат қойылған. Құлдыққа еркіндік деген ат қойылған!.. Қарама-қайшы нәрселер орын ауыстырып алған.

36. Пайда көздеген саясат, жыртқышпен тең.

37. Аш жыртқышқа сүйіспеншілік таныту, оның сүйіспеншілігін оятпайды, тәбетін ашады. (Тістеп алған соң) Тісі мен тырнағының ақысын қоса сұрайды.

38. Уақыт Жұмақ арзан емес, Тозақ қажетсіз емес екенін көрсетті.

39. Элита ретінде танылған ауқатты адамдардың жағдайы кішіпейілділікке себеп болуы керек еді. Тәкәпбарлық пен басынушылыққа себеп болды. Кедейлердің әлсіздігі мейріммен көмекке себеп болуы керек еді. Құлдық пен кіріптарлыққа алып барады.

40. Жақсы нәрселер жасалса элитаға меншіктеп, жамандықтар жасалса қарапайым халыққа жаба салады.

41. Мақсат болмаса немесе ұмтылып, естен шықса, зейін мен ой-пікір менмендікке айналады.

42. Барлық төңкерістер мен бұзғыншылықтардың шикізаты, барлық әдепсіздіктердің қоздырғышы және қайнар бұлағы екі-ақ сөз. Бірінші сөз: "Мен тоқ болсам, басқаның аштан өлгенінде шаруам жоқ!" Екінші сөз: "Сен жұмыс істе, еңбек ет, қызығын мен көрейін!"

Бірінші сөздің тамырын кесіп, дауа болар бір-ақ нәрсе бар. Ол, зекеттің парыз болуы.

— 536 —

Екінші сөздің емі, өсімқорлықтың харам болуы. Құранның әділдігі әлемнің есігіне тұрып алып, өсімқорлықтың "Сенің мұнда кіруге қақың жоқ" дейді. Адам бұл бұйрықты тыңдамады. Қатты таяқ жеді. Бұдан да ауыр таяқ жемей тұрғанда, әлгі әмірге құлақ асуы керек.

43. Мемлекеттер мен ұлттар арасындағы соғыс, таптар арасындағы соғысқа айналады. Өйткені адам құл болғысы да жалшы болғысы да келмейді.

44. Шариғатқа үйлеспейтін жолмен жүріп, өз мақсатына жеткісі келген адам, көбіне мақсаттарына қарама қайшы жағдайда жазаланады. Европаға шариғатқа үйлеспейтін жағдайда, сүйіспеншілік танытудың соңы сүйіктісінің аяусыз дұшпандығы.

45. Өткен нәрселерге, қиыншылықтарға тағдыр деп қарау керек. Келешекке күнәларға сынақ ретінде қарау керек. Жебр және Мутезиле ұстанымдары осы жерде тіл табысады.

46. Шарасы бар нәрседе әлсіздікке, шарасыз нәрседе де сабырсыздыққа жүгінуге болмайды.

47. Тән жарасы жазылар. Ислами абырой мен намыстың және ұлттық абыройдың жаралары өте ауыр болады.

48. Сондай бір заман болады: Бір ауыз сөз бүкіл әскердің соңына жетеді. Бір оқ отыз миллионның өліміне себеп болады.

{ Сілтеме*: Бір сербтің Австрияның тақ мұрагеріне атқан бір оғы, бірінші дүниежүзілік соғысты тұтатты. Отыз миллион халықтың қырылуына себеп болды.}

Сондай бір жағдай орын алады: Азғантай бір әрекет адамды жоғарғылардың ең жоғарысына шығарады. Енді бір жағдайда, кішкентай бір амал адамды, төменгілердің ең төменініне түсіреді.

49. Бір ғана шындық бәлен мың өтірікті жоққа шығарады. Бір ғана ақиқат мың қиялдан артық.

لَا يَلْزَمُ مِنْ لُزُومِ صِدْقِ كُلِّ قَوْلٍ قَوْلُ كُلِّ صِدْقٍ

Әрбір сөзің дұрыс болу керек. Дұрыс нәрсенің бәрін айта беру де дұрыс емес.

50. Көзқарасы жақсы адам жақсы ойлайды. Жақсы ойлаған адам өмірден ләззат алады.

51. Адамға құлшыныс беретін үміт. Өлтіретін үмітсіздік.

52. Баяғыдан бері Аллаһтың әмірлерін түсіндіру, жаю және

— 537 —

мұсылмандардың бостандығын қорғау жолында парыз болған жиһадтың маңызын түсініп, бір тұтас Ислам Әлемін қорғау жолында өз жанын пида етуге дайын және соған өзін борыштар санайтын және Халифаттың ту ұстанушысы болған мына Ислам мемлекетінің күйреуінің орнын Ислам Әлемінің бақыты мен бостандығы ғана толтыра алады. Бұл пәлекеттер өміріміздің өзегі болған Ислам бауырластығының арта түсуін тездетті.

53. Христиандыққа қатысы жоқ мәдени игіліктерді соған еншілеу, Исламның жауы болған құлдырауды соған дос етіп көрсету, дүниенің теріс айналғаны.

54. Баға жетпес асыл алмас қанша шаң басса да, жылтыраған шыныдан артық.

55. Барлық нәрсені материядан іздеушілердің ақылары көздерінде. Ал көз рухани нәрселерді көре алмайды.

56. Мысали теңеулер ғылыми ортадан шығып, надандықтың қолына тиер болса, ақиқат ретінде қабылданады. Қисынсыздықтарға жол ашады.

57. Аллаһтың жарылқауынан артық жақсылық жасауға тырысу-жақсылық емес.

Әр нәрсенің өз орны бар.

58. Даңқ, бір адамда жоқ нәрсені де соған еншілеп береді.

59. Хадистер өмірдің кені, ақиқаттың бұлағы.

60. Хақ діннің өркен жаюы - халықтың дамуы. Діннің жалғасуы өмірдің нұры.

61. Адамзатқа мейрім төккен Құран, баршаның, олай болмаса да көпшіліктің бақытына негізделген мәдениетті қабылдай алады. Қазіргі мәдениет бес түрлі болымсыз негіздерге орнатылған.

1. Арқа сүйері қара күш. Оның ісі зорлық-зомбылық.

2. Көздегені пайда. Оның ісі басқаны зиянға ұшырату.

3. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс.

4. Қоғамдық байланыстары, басқаны жұтып қоректенетін нәсілшілдік, болымсыз ұлтшылдық. Оның ісі соғыс.

5.Көрсетер қызметі сезімдерді қоздыру, құмар қандыру. Ондай желігулер, адамның рухани құлдырауына себеп болады.

— 538 —

Ал Мұхаммедттің (с.а.у.) шариғаты орнатқан, әмір еткен мәдениеттің арқа сүйер күші қара күш емес, ақиқат. Оның ісі әділдік пен теңдік. Көздегені пайда емес, рухани даму. Оның ісі сүйіспеншілік пен бір біріне демеу болу.

Қоғамдық байланысы нәсілшілік пен ұлтшылдық емес, діни бауырластық, отан сүйгіштік, әлеуметтік байланыс. Оның ісі шынайы бауырластық, татулық, сыртқы шабуылдарға қарсы қорғану. Өмірлік қағидасы күрес емес, өз ара көмек. Оның ісі бірлік пен бір біріне арқа сүйеу. Желігу емес, ақиқатқа көз жеткізу. Оның ісі адами даму, рухани кемелдік. Бізге қамқор болып тұрған Исламнан айырылма, қос қолдап жабыс. Әйтпес құрисың.

62. Жалпылық сипаттағы бәлелер, көпшіліктің қателігінен келеді. Бәле қылмыстың нәтижесі немесе сыйлықтың бастамасы.

63. Шәһид өзін тірімін деп біледі. Жаны шығар алдында қиналмағандықтан, өмірінің үзілгенін сезбейді. Бұрынғыдан да жақсы болып кетті деп біледі.

64. Құранның нағыз әділдігі, бір бейкүнә жанның өмірін, қанын бүкіл адамзаттың жолында бір болғандай, әділеттің алдында да бердей. Өзімшілдікке түскен кейбір адамдар, жанының рахатына кедергі болар барлық нәрсені, тіпті қолынан келсе бүкіл әлемді тас-талқан етіп, адамзатты жойып жіберуге бар.

65. Қорқыныш пен әлсіздік сыртқы әсерлерге күш береді.

66. Анық пайданы, зиянды нәрселердің жолына пида етуге болмайды.

67. Қазіргі Стамбул саясаты, Ислам тұмауы сияқты бір дерт.

68. Есерсоқ адамға "жақсысың, жақсысың" дей берсе жақсарып жақсы адамға "жамансың, жамансың" дей берсе жаманға айналуы сирек емес.

69. Жаудың дұшпаны жаулығын қойғанша (саған) дос. Жаудың досы достығын қойғанша (саған) жау.

70. Қырсығу мынаған апарады. Біреуге шайтан көмектесіп тұрса, ол "Періште" деп алғыс айтады. Қарсыласына періште көмектесіп тұрса. Киімін ауыстырып алған "шайтан" деп қарғыс айтады.

71.Бір дерттің дауасы, басқа бір дертке у болуы мүмкін. Бір дауа шектен шықса дерт әкелуі мүмкін.

— 539 —

72.

اَلْجَمْعِيَّةُ الَّت۪ى ف۪يهَا التَّسَانُدُ اٰلَةٌ خُلِقَتْ لِتَحْر۪يكِ السَّكَنَاتِ وَالْجَمَاعَةُ الَّت۪ى ف۪يهَا التَّحَاسُدُ اٰلَةٌ خُلِقَتْ لِتَسْك۪ينِ الْحَرَكَاتِ

73. Жамағатта бірлік болмаса, бөлшек сандарды көбейткен сайын нәтиже азая беретіні сияқты азая береді.

{ Сілтеме: Есептік заңдар бойынша көбейту және қосу нәтижені көбейтеді. Төртті төртке көбейтсе он алты болады. Бірақ бөлшек сандарды көбейту нәтижені азайтады. Үштен бірді, үштен бірге көбейтсе тоғыздан бір болады. Сол сияқты адамдар арасында ауызбіршілік, бір бағыт, бірлік болмаса, азайып, бытырап кетеді, құнсыз болып қалады.}

74. Қабыл көрмеу, жоққа шығару болып көрінеді. Бір нәрсенің бар екендігіне дәлел табылмау қабыл көрмеуге дәлел болады. Жоққа шығару, жоқ екендігіне дәлел талап етеді. Біреуі күмән, екіншісі жоққа шығару.

75. Имани мәселелерде шүбә, бір дәлел тіпті жүз дәлел айтса да дәлеле болушыларға зиян келтіре алмайды. Өйткені мыңдаған дәлел бар.

76. Басым көпшілікке ерген жөн. Немқұрайлы әмәуилік көпшілікке ергендіктен әһли Сүннет жамағатқа кірді. Азшылықта қалған қатаң Алевиліктің бір бөлігі Рафизилікке бет бұрады.

77. Дұрыс нәрселерге бірлік ең дұрысында алауыздық тудырады. Кейде дұрыс нәрсе ең дұрыстан да дұрыс болады. Жақсылық ең жақсыдан да жақсырақ болады. Әр кім өз ұстанымына "Осы дұрыс" деуі керек. "Осы ғана дұрыс" деуіне болмайды немесе "Осы жақсы" десін. "Жақсысы осыған" демесін.

78. Жұмақ болмаса, Тозақтың азабы сезілмес еді.

79. Заман қартайған сайын Құран жасаруда. Ишара, белгілері анық көрінуде. Нұрдың от болып көрінетініндей кеде аса шешендік те асыра суреттеу болып көрінеді.

80. Ыстықтың дәрежелері суық арқылы білінеді. Сұлулықтың дәрежесі де ұсқынсыздық арқылы көрінеді. Мәңгілік Құдрет Аллаһтың өзіне тән. Солай болуы шарт. Оған әлсіздік араласа алмайды. Мәртебелер де жоқ. Ол құдіреттің алдында барлық нәрсе бірдей.

81. Күннің бейнесі теңіздің бетінде де тамшысында да бірдей көрінеді.

— 540 —

82. Өмір, Аллаһтың бір екендігін көрсетеді, соңы да соны көрсетеді.

83. Адамдар арсында әулиелердің, Жұмада дұғалар қабыл болар сәттің, Рамазанда Қадір Түнінің, Аллаһтың көркем есімдерінен Исм-і Ағзамның, өмірде ажалдың жасырын болуы басқа нәрселердің құнын арттырады. Мән бергіздіреді. Алда не болары белгісіз жиырма жылдық өмір, соңында не болары белгілі мың жылдық өмірден артық.

84. Бұл дүниедегі күнәлардың соңы, Ақыреттегі азаптың дәлелі.

85. Құдіреттің алдында Рызық, өмір секілді маңызды. Құдірет шығарады тағдыр кигізеді. Инаят асырайды. Өмір нәтиже ретінде көрінеді. Ризық аз аздан беріледі, ойландырады. Аштан өлу жоқ. Өйткені денеде іш май түрінде, тағы да басқа жиналып тұрған азық қоры бар. Олар таусылмай тұрып та өледі. Демек, қалыпты әдеттен ауытқудан туатын ауру өлімге себеп болады. Рызық жетіспеуден емес.

86. Жыртқыш аңдардың адал рызықтары өлекселер. Олар жер бетін тазалап тұрады әрі рызықтарын табады.

87. Бір асам тамақ қырық тиын, екіншісі он теңге ... Бұл ауызға жеткенше. Өңештен өткен соң екеуі бірдей. Тек ауызда бір секунттық айырмашылық болады. Тексеруші және қарауыл болған дәмтату сезімін еркелету үшін бірден онға аттау ысыраптың ең сорақысы.

88. Ләззатты нәрселер шақырған кезде "бұларды жеп алғам" дей салу керек. Жеп алдым деп ойлауды әдетке айналдырған адам, "Жеп алдым деп ойла" деп аталатын мешітті жеп қояр еді ғой. Ал ол жемеді.

89. Бұрын мұсылмандардың көпшілігі аш емес еді. Тоқшылықта өмір сүруге мүмкіндікттері бар еді. Қазір аш. Рахат өмір сүрер жағдай жоқ.

90. Уақытша ләззатқа емес, уақытша қиындықтарға қуану керек. Қош келдің деу керек. Уақытша ләззат әттеген-ай дегізеді. "Әттеген-ай" деу жасырын өкініштің жаршысы. Өтіп кеткен қиындықтар "Ой шіркін" дегізеді. Ол да жасырын бір ләззат пен нығыметтің жаршысы.

91. Ұмыту да бір нығымет. Бір күннің ғана қайғысын тартқызады. Бұрынғыларды ұмыттырады.

92. Ыстықтың дәрежелері сияқты, әрбір қиыншылықтың ішінде нығыметтің де өзіндік дәрежелері бар. Одан да зор бар екенін ойлап,

— 541 —

кішкентайлардағы нығыметтеің дәрежелерін көріп, Аллаһқа шүкір ету керек. Әйтпесе үлкейтіп көру арқылы үрлей түссек ұлғая береді. Уайымдаған сайын қос көрінеді. Жүректегі қияли, мысали бейнесі ақиқатқа айналады. Жүрекке соққы береді.

93. Әрбір адамның қоғамға зер салатын, өзі көрінетін мәртебе деп аталатын терезесі бар. Сол терезе оның өз деңгей дәрежесінен жоғары болса, тәкәббарлықпен мойнын созады. Егер өз деңгейінен төмен болса, сол терезеден зер салу, өзі де көрінуі үшін кішіпейілділікпен иіледі. Адамдағы ұлылықтың өлшемі кішік бола білуде. Яғни кішіпейілділік. Төмендіктің өлшемі көкірек керу яғни тәкапбарлық.

94. Әлсіздің күштіге қарсы тұруы, өз намысын қорғау. Күштінің әлсізге қарсы тұруы, тәкәпбарлық. Күштінің әлсізге кішіпейілділік танытуы орынды. Әлсіздің күштінің алдында кішіпейілділік танытуы қор болу. Мұсылман бір басшының жұмыс орнында кеудесін тік ұстауы орынды. Әлсіздік танытуы қор болу. Үйінде кеуде керуі тәкәпбарлық. Өзін төмен ұстауы кішіпейілділік. Бір адам өз атынан әрекет етіп тұрса, кешірімшілдігі, кішіпейілділігі жақсы амал. Көпшіліктің атынан әрекет етіп тұрса, ондай әрекеті қиянат болады, пайдасыз іс болады. Бір адамның өз атынан шыдамдылық танытуы орынды. Мақтангершілікке бармауы керек. Халықтың атынан мақтана алады. Шыдамдылық танытуына болмайды.

95. Бір істің басында-ақ сол істі басқаға "тапсыру" жалқаулық. Қолдан келгеннің бәрін жасап, нәтижені күту-тәуекел. Еңбектің жемісі мен нәсібіне риза болу-қанағатшылдық. Ол, жұмысқа деген құлшынысты арттырады. Қолда бармен тоқтап қалу - жігерсіздік.

96. Шариғаттың әмірлеріне мойынсұну да, қарсы келу де бар. Сол сияқты жаратылысқа тән әмірлерге де мойынсұну мен қарсы келу бар. Біріншісінде, жарылқаудың да жазалаудың да көбі ақыретте болады. Екіншісінде, көбіне бұл дүниеде болады. Мысалы: Сабырдың сыйы жеңіс. Жалқаулықтың жазасы кедейлік. Еңбектің сауабы байлық. Табандылықтың сыйы табысқа жету. Тең қаралмаған қазылық, әділдікке жатпайды.

97. Ұқсастық, өзгешеліктерге себеп болады. Түсінісу, өзара көмектің негізі. Қорлық көру-тәкіпбарлықтың бастауы. Әлсіздік - мақтаншақтылықтың шикізаты. Дәрменсіздік - қасарсудың бұлағы. Қызығушылық - ғылымның ұстазы.

— 542 —

98. Аллаһтың Құдіреті мұқтаждық арқылы, әсіресе, аштық арқылы адамдарды да хайуанаттарды да тежеп, жүйеге келтіріп қойған. Әлемді де астан-кестең болудан сақтап, қажеттіліктерді мәдениетке мұғалім еткен. Дамудың негіздерін орнатқан.

99. Іш пысу - азғындықтың мұғалімі. Үмітсіздік - зейіннің адасуы. Жүректің қараюы - рухтың күйзеліс бұлағы.

100.

اِذَا تَاَنَّثَ الرِّجَالُ بِالتَّهَوُّسِ ٭ تَرَجَّلَ النِّسَٓاءُ بِالتَّوَقُّحِ

Бауырлар арасындағы жиынға бір көрікті әйел кірсе, рия, бақталасу, жауласу деген мінсіздер оянады. Демек әйелдердің қоғамдағы белсенділігінен мәдени қоғамда жаман мінездер арта түседі.

101. Қазіргі адамзаттың жамандықтар жайлаған тентек рухында, күлімсіреп тұрған шағын өлі жандар секілді суреттердің рөлі зор.

102. Шариғатқа үйлеспейтін мүсін-не тасқа айналған зұлымдық немесе денеге айналған әуестік не бейне киген рияшылдық.

103. Исламияттың ақиқаттарына толық мойынсұнып, сол шеңберге бар болмысымен кірген адамдағы ашыла түссем деген талпыныс, кемелденуге деген талпыныс болғаны. Немқұрайлылықтың кесірінен бұл шеңберден сырт қалған адамдағы ашыла түссем деген пиғыл бүлінуге деген бет бұрысқа айналады. (Рухани) дауыл соғып, зіл зала болып жатқанда иджтихадтың есігі түгіл терезесін де жауып тастаған жөн. Шариғаттың рұқсаттарын алға тартып, немқұрайлылық танытпау керек. Мұны нақты әмірлер қатаң ескертеді.

104. Қадірсіз қолдарға тиген бейшара ақиқаттардың қадірі болмайды.

105. Жер шары жануарға ұқсайды. Тіршіліктің нышаны байқалады. Егер жұмыртқадай болып кішірейсе, өзіндік бір жануар болып қалмай ма екен. Ал бір микроб жер шарындай болып үлкейсе осы ғаламшарға ұқсап қалмай ма? Тірі болса рухы да бар. Ғалам адамдай ғана болып кішірейсе, жұлдыздар атомдардай болып қалса, ол да бір саналы жануар болып қалмай ма? Аллаһ жаратқан мұндай жануарлар көп.

106. Екі шариғат бар:

Біріншісі: Шағын ғалам түріндегі адманың әрекеттері мен хал-ахуалын жүйеге келтіретін, Аллаһтан жеткен кәдімгі хақ шариғат.

— 543 —

Екіншісі: Алып адам секілді ғаламның әрекетін жүйеге келтіріп, Аллаһтың басқару сипатынан бастау алып тұрған жаратылыстардың болмысына тән алып шариғат. Бұған кейде "Табиғат" деген қате айдар тағылады. Періштелер - үлкен жамағат. Бұлар - Аллаһтың басқару сипатынан бастау алатын жаратылыстардың болмысына тән шариғаттың әмірлерін орындаушылар және солардың уәкілдері.

107.

اِذَا وَازَنْتَ بَيْنَ حَوَاسِّ حُوَيْنَةٍ خُرْدَب۪ينِيَّةٍ وَحَوَاسِّ الْاِنْسَانِ تَرٰى سِرًّا عَج۪يبًا اِنَّ الْاِنْسَانَ كَصُورَةِ يٰسٓ كُتِبَ ف۪يهَا سُورَةُ يٰسٓ

108. Метериалистік рухани түрдегі жұқпалы ауру. Адамзатты осындай сұмдық безгекке душар етті. Аллаһтың қаһарына ұшыратты. Иммунитет пен сын қабілеті күшейген сайын ол дерт те өрши түсуде.

109. Ең бақытсыз, ең қатты қиналатын адам, қолы бос адам. Өйткені жалқаулық жоққа жақын нәрсе, соның туысқаны. Еңбек бар болу, соны жандандыратын, өмірді оятушы күш.

110. Өсімқорлықтың ұясы мен қақпасы болған банктер адамзаттың ең оңбағандары болған кәпірлердің және солардың ең залымдарының, олардың да ең азғындарының пайдасына қызмет етеді. Бұл Ислам әлеміне өте зиян. Адамзаттың игілігіне мәне берілмей қалады.

Егер кәпір бітімге келмеген, шабуылын тоқтатпаған болса, кінәсіз емес, құрметтеуге болмайды.

111. Жұмадағы құтба аса қажетті (шарт) және нақты нәрселерді еске салды. Көзқарастарды (үйретпейді) айтпайды. Арабша айтылғандары да өте жоғары ақиқаттарды жеткізеді. Хадис пен аятты салыстырар болса, адамзаттың ең шешенінің сөзі де аяттың шешендігіне жете алмайтындығы, оған ұқсамайтындығы көрінеді.

Саид Нұрси