Ғайби ишаралар жайлы
Имам Әлидың (р.а.) Рисалей-Нұр жайлы ғайби хабарының бір бөлімі болған бұл жазбаны Сикке-и Тасдиқ-ы ғайби жинағына енген "Құрандағы ишаралар" мен Хазыреті Әлидің үш кереметі және Ғаус Ағзамның кереметі атты рисалелермен бірге сарапшылардың мақтаулы сараптамаларынан өткендіктен сот иелеріне қайтарып берген еді.
Имам Әлидің (р.а.) Жәлжәлутиеде Рисалей-Нұр жайлы айтқан үш кереметінен сегіз рәмізден тұратын бір кереметінің жетінші және сегізінші рәміздерінің бір бөлімі Сикке-и Тасдиқ-ы ғайби жинағының жүз жиырма бесінші бетінен, жүз отызыншы бетіне дейінгі бөліміне енгізілген.
ЖЕТІНІШ РӘМІЗ: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) қалайша:
деп, бірінші жазбасы арқылы Жетінші Шуақты мегзеген еді, дәл сол секілді осы жазбасымен де Тәфаккурнама әрі Тәухидпен қатысты мағрифатнама яғни пікірлеу, Аллаһты танудың үздік үлгісі Жиырма тоғызыншы арабша Леманы да меңзеп ишара еткен.
Екінші жазбасымен Исм-і Ағзам және "сәкина" деп аталған Аллаһтың мәшһүр алты есімінің ақиқатын керемет баяндап дәлелдеген, сондай-ақ, Жиырма тоғызыншы Леманың ізін ала бере жазылған Отызыншы Лема деп аталатын Аллаһтың алты есімінің тұжырымды рисалесіне:
деген сөйлем арқылы ишара еткендіктен Отыз бірінші Леманың Бірінші Шуағы ретінде және бастан соңына дейін әріптер жайлы ілім деуге болатын, Құранның мұғжизасы боп саналатын рисалені
сөзімен ишара етіп, дереу,
сөзімен де сол әріптер жайлы сыр шертетін рисаледен, кейін Әл-Аят-ул Күбра рисалесінен тұратын және Аса-и Муса деп аталатын және шынымен де Мұсаның (а.с.) таяғы тәрізді ширк пен адасудың сиқырларын тоқтатқан, Рисалей-Нұрдың әзірге ең соңғы рисалесіне "Аса-и Муса" деп айдар тағып, ишара етіп мағынауи қараңғылықтарды жоқ қылатынын мегзеп сүйіншілеп хабар беруде.
Иә,
сөзі арқылы Жетінші Шуаққа ишаралары қуатты белгілермен дәлелденгені секілді дәл сол сөз, басқа мағына арқылы расында Рисалей-Нұрдың Аят-ул Күбрасы саналатын және көптеген рисалелердің мән-мағынасын қамтитын және арабша жазылған Жиырма Тоғызыншы Лемаға осы сөз "Мүстәт би-атут тәракиб" қағидасы бойынша қатысты болып аясына алады. Олай болса, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) бұл жазбадан осыны көріп ишара қылған деуге болады.
Һәм, басқа ишара-белгілермен Мектубаттан Лемаларға, оның ішінде ерекше түрде Лемалардың ең жарқынының сұмдық кезеңде жарыққа шығып, сол бір қараңғы күндерде қамаудан, өлім жазасынан құтылу үшін, қауіпсіздікке, сау-сәламаттыққа қауышу үшін, астарлы мағынамен Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) өзіне қауіпті жағдайда тұрған рисаленің авторының атынан өзі сөйлеп,
яғни, "О, Раббым мені сақтай гөр! Аман-сау есендікке қауыштыр!" деп дұға етуі дәл автордың ауыр кезеңіне яғни Ескішәһир қаласындағы түрмеде өлім жазасына кесілуі мүмкін кезіне немесе ұзақ мерзімге сотталу қаупі төнгенде жазылған Жиырма тоғызыншы Леманың кезеңіне теуафук етуі арқылы ол сөз астарлы түрде, ишарамен білдіріп тұрғандықтан былай деуге толық құқымыз бар: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) да осы сөзімен әлгі мағынаны меңзеп ишара қылып отыр. Сондай-ақ Отызыншы Лема деп аталатын Алты Тұжырым болған "Әсма" рисалесін көріп,
деп, басқа ишаралардың белгі-нышандарымен, Жиырма тоғызыншы Лемадан кейін басқа да сәйкестіктер арқылы және қиын жағдайға тап болған автор, кітаптың берекетінен жұбаныш тауып, астарлы түрде Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) тілімен өзіне дұға етіп яғни
яғни, "Исм-і Ағзам болған әлгі "Әсма" рисалесінің берекетімен мені қиын-қыстаудан, қауіп-қатерден сақта! О, Раббым!" деуі дәлме-дәл әлгі рисаленің және автордың жағдайына тәуафук етуі астарлы түрде осыны білдіріп отыр және Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) болса мұны ғайыптан түрде ишара еткен деуге негіз болады.
Жалпы, Джәжәлутияның негізі уахи екені рас және іші тола сыр. Әрі ол болашақты қамтып, ғайыптан яғни келешекте болатын оқиғалардан хабар беретіні рас. Сондай-ақ, Құран назарында бұл ғасыр сұмдық ғасыр боп саналады және, Құран үшін Рисалей-Нұр мына қараңғы заманда маңызы зор оқиға және анық байқағанымдай, оған негіз болар белгі-нышандар жеткілікті. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр Джәлжәлутияның ішінен орын алған әрі өте маңызды жерінде айтылады. Сондай-ақ, Рисалей-Нұр мен оның кітаптары сол мақамға лайық әрі өзі туралы хабар беруіне тұрарлық құнды тәпсір әрі Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сирадж-ун Нұр туралы ашық түрде хабар бергеннен кейін екінші кезекте, жасырын түрде Сөздерден, сосын Мектубаттан, сосын Лемалардан дәл рисалелердегі секілді бірдей тәртіппен, дәл айнытпай мәртебесіне қарай қуатты нышандармен белгі беріп, Хазіреті Алидің (р.һ.) ишара еткенін дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, жазбаның басында
сөзі арқылы Рисалелердің бастамасы және Бірінші Сөз деп аталған بِسْمِ اللّٰهِ рисалесін мегзеп хабар бергені секілді, "муаззам жами қасамының" соңында яғни ұлы да мазмұнды ант сөзінің рисалелердің соңғы бөлімдері болған Лемалар және Шұғалар кітабын әсіресе, Тәухид аяты Жиырма тоғызыншы арапша таңғажайып Леманы, сондай-ақ Аллаһтың алты есімі жайлы және Құрани әріптердің ишаралары жайлы баяндайтын рисалелерді әсіресе, адасушылықтың барлық мағынауи сиқырларын тоқтататын өте құнды және белгілі мағынада "Аят-ул Күбра" атануға лайық әзірге ең соңғы Шуақ боп саналатын Аса-и Муса секілді керемет рисалені мегзеп тұрғандай баяны өзгеше.
Сондай-ақ, бір мәселеге қатысты белгі-нышандар тақырып ортақ болғандықтан сол белгі-нышандар бір-бірін қуаттап, әлсіз де болса қайнар бұлағын көрсетіп бір жерге тоғысып жатады. Әлбетте, осы аталған жеті негізге сүйене отырып былай дейміз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Сөздер кітабына рет-ретімен ишара еткені секілді және Мектубат кітабының кейбіріне, Лемалар кітабының маңызды бөлімдеріне ретімен хабар бергені секілді
сөйлемімен Отызыншы Леманы яғни дара рисале Лемалардың ең соңғы бөлімі "Әсма-и Ситте" рисалесін жоғары бағалап ол туралы хабар береді. Және
сөзімен де Отызыншы Лемадан кейін тұратын Құранның әріптерінің ишаралары туралы рисалені мақтап, ишарамен растап отыр.
Және
сөзімен де әзірге соңғы рисале және Тәухид пен Иманның қолында Аса-и Муса секілді таңғажайып қуат пен айғақтарға толы қалың рисалені жоғары бағалап рәмізді түрде мегзеп көрсетіп тұрғандай сөздер пайдаланған. Осыған байланысты, біз сенімді түрде былай айта аламыз: Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) Рисалей-Нұр әрі оның маңызы зор рисале кітаптары жайлы хақиқи мағына жағымен, астарлы түрде, ишари, рәмзи, имали, тәлуиһи түрде хабар берген. Ол туралы кім күмәнданса ишара етілген рисалелерге мұқият бір қарасын! Егер, ынсапты біреу болса шүбәсі қалмайды деп ойлаймын.
Бұл жерде, ерекше мән берер жағы ишари мағыналардың, межази яғни астарлы белгі-нышандардың өзара реттілігін сақтай отырып атау-есімдердің тығыз байланысты болуы.
Мысалы, жиырма тоғыз, отыз, отыз бір, отыз екі деп санап жатқанда Жиырма тоғыз, Отыз, Отыз бір, Отыз екінші сөздерге сай атаулармен сондай-ақ, әу баста Сөздер кітабының бастамасы Бірінші Сөзге дәлме-дәл "бисмилләһтың" сырымен және соңында әзірге рисалелердің соңғысынына дәл сол рисаленің мән-мағынасын көрсететін өзіне лайық жеке-жеке есім-атау беріп ишара етуі - рас құпия түрде болса да - өте тамаша әрі керемет.
Мен толық мойындаймын, мұндай мақбұл кітапты жарыққа шығаруға, ондай нұрға бөленуге мүлдем лайық емеспін. Бірақ, кіп-кішкене
және түкке тұрғысыз бір дәнектен зәулім ағаш жарату Құдайдың құдіреті, оның әдеті әрі ол Оның ұлықтығын дәлелдейді. Менің ант ете отырып айтпағым:
Рисалей-Нұрды мақтаудағы мақсатым, ол Құранның ақиқаттарын, иманның шарттарын мықтап бекітіп, дәлелдеп, әр тарапқа жайғаны үшін.
Рахымы мол Жаратушыма сансыз шүкір етемін, мені өзін ұнатпайтын адам ғып жаратқан. Нәпсімнің айып-кемшіліктерін әрдайым өзіме көрсетіп отырады. Сол жүгенсіз нәпсімді біреулерге жақсы көргізу, ұнамды болу секілді ойлар мүлдем менде жоқ. Қабірдің аузында кезегін күтіп тұрған адамның артына, пәни дүнияға қызығып, қимастықпен қарауы тым аянышты әрі ақымақтық әрі орны толмас өкініш, күллі зиян. Міне, осы ниетпен ғана иман ақиқаттарын жеткізуші Рисалей-Нұрдың дұрыс әрі хақ екеніне байланысты бір нәрсе айта кетейін:
Джәлжәлутия сөзі Ассирия тілінде "Бәди" яғни "таңғажайып" деген мағынаны білдіреді. Расында, сөздері ғажайып бәди болған Рисалей-Нұр. Джәлжәлутияның төрінен орын алып оның көптеген жерінде өзі жайлы хабар берілетіндіктен сол "Джәлжәлутия" қасидасының атауы да онымен қатысты көрінеді.
Мен, енді түсіндім, бұрыннан бері лайық болмасам да, маған тағылған "Бәдиүззаман" лақаб-аты менікі емес екен. Ол Рисалей-Нұрдың мағынауи атауы еді. Сырт көзге аудармашы, тілмашына яғни маған аманат ретінде тағылған болатын. Енді, сол аманат атау өз иесін тапты. Демек, Ассирия тілінде "бәди" мағынасын білдіретін және қасидада көп қайталанатындықтан солай аталған Джәлжәлутия есімі, астарлы түрде мынаны білдіреді: Ақырзаман орнап бидғат көбейген кезде жарыққа шығатын "Бәди-ул Баян", "Бәдиүззаман" болған Рисалей-Нұр таңғажайып кітап яғни оның сөздері де, мағынасы да ерекше бәди. Міне, атауының өзі біршама соны білдіреді. Джәлжәлутияда Рисалей-Нұр сөзі көп кездесетіндіктен солай болуы орынды деп ойлаймын.
СЕГІЗІНШІ РӘМІЗ: Бұл рәмізді баяндамас бұрын маңызды екі сұрақтың жауабын жазған жөн болар.
Бірінші сауал: Небір құнды кітаптардың арасынан Рисалей-Нұрға Құранның ишара қылуына не себеп? Сондай-ақ, Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) жоғары бағалап, мақтауына және Ғаус-ы Ағзам (қ.с.) назарына ілігіп, сүйінші сұрауына нендей себеп, не қасиеті бар? Әлгі, атақты екі ірі тұлғаның кәрамат түрде Рисалей-Нұрға мұнша мән беріп қошаметтеуінің хикметі не?
Жауабы: Өздеріңе мәлім, кейде бір минут бір сағатқа татитындай маңызды болып, тіпті бір күндей, тіпті бірнеше жылдай маңызды көрінеді. Кейде бір сағат бір жылдық тіпті өмірлік нәтиже беріп, маңызы зор болмақ. Мәселен, бір минутта шәһид болған адам бір әулиенің дәрежесіне бір сәтте қол жеткізеді. Қатты суыққа үсігіп өлген адам немесе жау шауып, қысылтаяң сәтте бір сағат күзетте тұрған әскер бір жыл ғибадат еткенмен тең. Дәл сол секілді Рисалей-Нұрға көп мән берілуінің себебі, заманының қауіптілігі және сол ғасырдың Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) шариғатына, Исламның құндылықтарына жасалған жауыздықтардың шектен шыққан сорақылығы және осы ақыр заманның фитна-бүлігінен бұрынғы заманнан бері мұсылмандар жаппай Аллаһқа сиынып қатты қорықуы әрі сол фитненің қоғамды жаппай қаумалап оты өршіген кезі болғаны үшін деп ойлаймын. Осындай аласапыран заманда мүминдердің иманын сақтап қалуы тұрғысынан Рисалей-Нұр өте маңызды рөл ойнап үлкен міндет атқарды. Сол үшін де, Қасиетті Құран қуатты түрде ол туралы ишара қылған, Хазіреті Имам-ы Али (р.һ.) үш кәраматпен сүйінші хабар берген және Ғаус-ы Ағзам (р.һ.) кәрамат көрсетіп, ол жайлы хабарлап авторын жігерлендіріп демеу берген.
Иә, бұл ғасырдың сұмдық дауылынан тақлиди иман яғни көшіріліп алынған иман шыдай алмай тіректері босап және алыстап әрі тұмшалануда. Мұндай кезеңде адастырушы топтардың ұйымдасқан шабуылына әрбір мүмин-мұсылмандар жеке өзі қарсы тұрып, төтеп беру үшін өте қуатты тахқиқи иман қажет яғни сенімі берік, әбден көз жеткізілген, көңіліне орныққан саналы түрде иманды болуы керек. Міне, Рисалей-Нұр осы қызметті өте қауіпті де қажетті кезінде әрі өте күрделі кезеңде және әркім оңай түсіне алатындай етіп Құрани ақиқаттарды, Иманның терең сырларын бұлтартпас айғақтармен ашып дәлелдеп беруде. Оның иманы кәміл, адал әрі таза шәкірттері өздері
тұратын ауыл-аймақта, аудан-қалада, иманға қызмет етіп бейнебір әрбірі жасырын "Құтұб" секілді мүминдерге рухани демеу болып өздері білінбесе де, көрінбесе де, топтасып бір жерге жиналмаса да имандары болаттай берік, діні қатты бәһадүр батырдай мүминдердің руханиятын қуаттап мұсылмандарға демеу болып үміт, сенімділік туғызуда.
Егер, қырсық біреу былай десе: Имам-ы Али (р.һ.) осы аталған барлық астарлы мағыналарды ниет етпеген болар?
Біз оған былай деп жауап береміз: Егер, Имам-ы Али (р.һ.) ниет етпеген болса да, бірақ сөз-сөйлемдері соны мегзеп білдіріп тұр. Белгі-нышандар бірігіп ишари және астарлы түрде дәлелдеп аталған мағыналарды қамтып тұр. Әрі, осы астарлы мағыналар, ишари ұғымдар хақ яғни дұрыс және ақиқатқа үйлесімді және мұндай ілтипатқа, құрметке лайық, сондай-ақ, ишари-белгілер қуатты екені рас. Әлбетте, Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) мұндай барлық ишари мағыналарды ниет ететіндей күлли яғни өте ауқымды назары болмағанның өзінде Джәлжәлутия уахи болғандықтан оның нағыз иесі Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) ұстазы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) назары күлли яғни ауқымды және Ұстазының ұстазы Хақ Тағаланың ұшы-қиырсыз ілімі оларды жаппай қамтиды, қалау шеңберінен тыс қалдырмайды.
Бұл мәселеде менің жекеше нақты әрі анық тоқтамға келуімнің себебі мынау: Әбден қалжырап машақатпен Әл-аят-ул Күбраның құнды тәпсірін яғни Жетінші Шуақты жазып жатқанымды қатты қиналғаным рас. Сол үшін киелі демеуге, құлшындыруға шынымен аса мұқтаждық сезіндім. Осы кезге шейін көптеген тәжірибелермен белгілі, мұндай қиын-қыстау кездерде Иләһи инает-жәрдем, Құдайдың жарылқауы медет болып құтқаратын-ды. Осы риселені жазып бітірген уақытта дәл сол сәтте күтпеген жерден кенет осы аталған Хазіреті Имам-ы Алидің (р.һ.) кәраматы ортаға шықты. Сонда, бұл кезге дейін маған демеу болған басқа инает-жәрдемдер секілді бұл да Рабб-ы Рахимнің мейірім-қамқорлығы екеніне еш күмәнім қалмады.
Жалпы Инает яғни мұндай Иләһи жәрдем ешқашан алдатпайды, жәй әншейін болуы мүмкін емес.