ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБ
[Жиырма тоғызыншы Хат "Тоғыз бөлімнен" тұрады. Бірінші бөлімде "Тоғыз Тұжырым" бар.]
Құрметті, абзал бауырым, Құран қызметіне шынайы ықыласпен берілген жолдасым!
Осы жолғы хатыңда менің уақытым да, жағдайым да мүмкіндік бермейтін бір мәселеге қатысты жауап сұрапсың.
Бауырым, биыл рисалелерді көшіріп жазушылар әлхамдуиллаһ жақсы көбейіпті.. Екінші рет келгендерді тексерудемін. Таңертеңнен кешке дейін тынымсыз шұғылданудамын. Өте маңызды істерім де кейінге қалуда. Бұл міндетті олардан да маңызды деп білемін. Әсіресе, Шағбан мен Рамазан айында ақылдан гөрі көңілдің алатын үлесі көп, рух шабыттанып кетеді. Мәселені басқа уақытқа қалдыра тұрып, Хақ Тағаланың мейірімімен көңілге шабыт келген кезде, саған біртіндеп жауап жазылады. Әзірше, "Үш Түйінді" жаза тұрайын.
{ Сілтеме: Кейін Тоғыз Түйін болып бітті.}
Бірінші түйін: "Құран Хакимнің сырлары білінбейді, тәпсір жазушылар оның ақиқатын түсінбеген" дейтін пікірдің екі жағы бар. Оны айтушылар да екі топқа бөлінеді.
Біріншісі: Ақиқатшылдар мен ғалымдар тобының айтуы бойынша: "Құран таусылмас қазына, әрбір жаңа ғасыр, ашық мағыналарын қабылдай отырып, толықтырушы мағыналарынан да өз үлесін алады, басқалар үшін жасырын қалған үлесіне тимейді"-дейді. Бұл Құран Хакимнің уақыт өткен сайын, одан да көп мағыналары ашыла түседі деген сөз. Әйтпесе, астағфираллаһ, алдыңғы салихтердің баяндап кеткен ашық мағыналарына шүбә келтіру емес. Керісінше, оларға иман ету керек. Олардың бәрі Құрандағы нақты мағына, тұрақты негіз
және берік іргетас
аяты бойынша оның мағынасы анық әрі түсінікті екендігін білдіреді. Иләһи сөздер бастан аяқ сол мағыналардың төңірегінде өрбиді. Соларды бекіте түседі, дәрежесін арттыра түседі. Ондағы ашық мағыналарды қабыл етпеу, астағфираллаһ Хақ Тағалаға өтірікші деп жала жабу және Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түсінігін төменсіту болып шығады. Демек, ашық мағынаның бәрінің де бастау көзі Пайғамбарымыз (с.а.у.). Тіпті, Ибн Жәрир әт Табәри, Құранның бүкіл мағыналарын Пайғамбарымыз қалай жеткізген болса, соның бәрін тізбектей отырып зерттеген. Маңызы өте зор тәпсірін осылай жазып шыққан еді.
Екінші топ: Не ақылсыз дос, қас жөндеймін деп, көз шығарушы біреу. Не болмаса шайтани ақылды дұшпан, Ислами үкімдер мен имани ақиқаттарға қарсы келгісі келеді. Құран Хакимнің құрыш қамалы секілді сүрелердің ішінен өзінше жол тапқысы келеді. Ондайлар, Иман мен Құран ақиқаттарына күдік туғызу үшін сондай шайтани сөздерді таратуда.
Екінші түйін: Хақ Тағала Құранда көп нәрселермен ант етіп куәландырған. Ал Құранның мұндай анттарында көптеген сырлар бар.
Мәселен,
дағы ант, Он бірінші Сөздегі тамаша тәмсілдің негізіне ишара етеді. Ғаламды бір сарай,
шаһар бейнесінде көрсетеді және де, дағы ант арқылы Құранның мұғжизаларының киелілігін және оған ант етілетіндей құрметті дәрежеде екендігін ескертеді.
де уахиге күмән келтіртпеу үшін жұлдыздардың ағып түсуі арқылы жын шайтандардың ғайби хабарлардан тиылуларына ишара етумен қатар, жұлдыздарды кемел тәртіппен орналастыруындағы, ғаламшарларды таңғажайып түрде айналдыруындағы құдіретінің ұлылығы, хикметінің кемелдігі сол ант арқылы ескертілуде.
дағы антта, ауаның толқуы мен басқарылуындағы маңызды хикметтерді
ескерту үшін, желдерді қадағалауға тағайындалған періштелерге ант ету арқылы соларға мұқият назар аудартады да, сол арқылы кездейсоқтық деп саналатын элементтер өте нәзік хикметтер мен маңызды міндеттер атқаратынын ескертеді. Тағысын тағы...
Әрқайсысының жеке-жеке қызметі мен пайдасы бар.
Уақыт тығыз болғандықтан
антындағы көп мәселелердің біреуіне ғана тиянақты түрде ишара етеміз.
Хақ Тағала інжір және зәйтүнмен ант ету арқылы құдіретінің ұлылығы мен мейірімінің кемелдігін және үлкен нығметтерін ескертіп, әсфали саффилин жаққа бара жатқан адамның бетін бұрып, шүкір мен пікір, иман мен салих амал арқылы сонау алаи илинге дейінгі жоғарғы дәрежеге көтерілуге болатынына ишара етуде.
Нығметтердің ішінен інжір мен зәйтүннің ерекшелену себебі, бұл екі жемістің өте берекелі және де өте пайдалы болуында. Жаратылыстарында да мұқият назар тартатындай, нығмет болатындай көп нәрселердің болуында еді. Өйткені, қоғамдық тірішілік пен сауда үшін және шам жағуға қолдануы мен адамға ас болу үшін де зәйтүннің мол пайдасы болғанындай, інжірдің жаратылысы да ғажап. Зәрредей бір дәнекте, үлкен інжір ағашының бүкіл болмысы сақталып, сиып тұруы секілді таңғаларлық құдірет мұғжизасын көрсетеді. Тағамдық пайдасына, көптеген жемістерге қарағанда ұзақ уақыт сақтауға болатындығына және өзге де қасиеттеріне байланысты Иләһи нығметті ант ету арқылы еске түсіруде. Бұған қоса, адамның иманға келіп, салих амал жасауы қажет екенін, әсфали сафилинге түспеуі керектігін ескертетін сабақ беруде.
Үшінші түйін: Сүрелердің бастарындағы мұқатта әріптер Иләһи құпиялар, шифрлер. Хақ Тағала өзінің шынайы құлдарына сол арқылы ғайби ишара береді. Ол шифрдің кілті Ерекше Құлда (с.а.у.) және Соның ізбасарларында. Құран Хаким әрқашан әртүрлі қауымдарға тіл қатуда. Олай болса, әр ғасырдың әр тобының үлестерін қамтитын әртүрлі қырлары, мағыналары бар. Ал, ең мол үлес Селеф-і Салихиндікі, олар соны баяндаған болатын. Әулиелер мен зерттеушілер, рухани сәйір-сүліктерге қатысты көптеген ғайби мәмілелердің ишараттарын солардан тапқан еді. Ишарат-ул Иғжаз деп аталатын тәпсірде "Әл Бақара" сүресінің басында, Құранның шешендік мұғжизалары айтылған кезде, солардан біраз сөз қозғаған болатынбыз. Сол жерден қарауға болады.
Төртінші түйін: Құран Хакимнің толық аудармасын жасау мүмкін емес екендігін Жиырма бесінші сөз дәлелдеп берген болатын. Мұғжизалығындағы түсіндіру мәнерін аудару мүмкін емес. Бұл сырлардағы ләззат пен ақиқаттарды баяндау, түсіну, ойша қорытынды жасау өте қиын. Дегенмен жолын көрсету үшін бір-екі бағытқа ишара етеміз. Баяндауы мұғжиза болған Құран:
секілді аяттар арқылы таңғажайып түсіндіру мәнерімен түйіндей келе Аллаһтың Жаратушылық ақиқаттарын қиялға қонымды түрде жеткізеді.
Әлемнің Жаратушысы болған мына ғаламның Ұстасы, іс барысында Күн мен Айды қандай балғамен орындарына қаққан болса, дәл сол балғамен дәл сол мезетте зәррелерді де орындарына (мәселен, жәндіктердің көзінің қарашығында) орналастырады. Аспан әлемін қандай өлшеммен, қандай мағнауи құралмен ретке келтіріп, ашып жатса, дәл сол мезетте, дәл сол тәртіппен көздің де перделерін ашады, жасайды, реттейді, орналастырады. Жаратушы мағынауи құдіреттің қандай мағынауи балғасымен жұлдыздарды көктерге қаққан болса, дәл сол мағынауи балғамен адамзаттың бетіндегі сансыз айырмашылық белгі нүктелері мен сыртқы және ішкі сезім нүктелерін де өз орнындарына нақыштап қойған" деп түсіндіреді. Демек, Жаратушы Хақ іс атқару барысында оларды көзге көрсетіп, құлаққа естірту үшін, Құран аяттарымен балғаны зәрреге ұрады. Дәл
сол аяттың екінші сөзімен, ол балғаны Күнге ұрады, дәл ортасына қаққандай асқақ мәнерменен Уахданиетті Ахадиеттің ішінде және шексіз ұлылықты шексіз сұлулық ішінде және шексіз үлкендікті шексіз жасырындылық ішінде, шексіз кеңдікті шексіз мұқияттылық ішінде, шексіз айбындылықты шексіз мейірім ішінде, шексіз ұзақтықты өте жақындық ішінде көрсетеді. Адам ақылымен мүмкін емес деп ойлайтын қарама қайшылықтардың бірігіп кетуі, солай болуы шарт, уәжіп екенін түсіндіреді, тұжырымдап көрсетеді. Міне, осылай түсіндіруі мен мәнері, ең шешен әдебиетшілердің өзін, шешендігіне сәжде еткізуде.
Мәселен:
аятымен, сондай бір асқақ мәнер арқылы Рубубиет билігіндегі айбындылықты көрсетеді. "Көктер мен жер екі бағынышты әскери казарма секілді, екі әскери орталық түрінде бір ғана әмірмен немесе бір сырнайдың белгі беруімен сол екі казарма, жоқ болу жамылғысына оранып жатқан жаратылыстар керемет алдымызға әкеледі, сол секілді жылдамдықпен әлгі әмірге бағынып, "ләббайк" деп, махшар алаңына және емтихан алаңына шығады".
Міне, Құран хашир мен қияметті асқақ мұғжизалық мәнерде түсіндіреді және сол ақиқаттағы нақты көз жеткізетін бір дәлелге былайша ишара етеді: Көз алдымызда, топырақ астына жасырынған өлі есебіндегі тұқымдар, аспан кеңістігінде жоқтық пен ауада жайылған жасырын тамшылар, қандай кәміл ұқыптылық пен жылдамдықта жиналып, әр көктем сайын сынақ пен емтихан алаңына шығады. Жерде дақылдар, аспанда тамшылар әрқашан да үлкен жиынды көз алдымызға әкеледі, сол секілді ұлы хаширде де осылай оп - оңай жиналатын болады. Осыны анық көріп тұрсақ, хаширді де жоққа шығара алмайсың. Және тағысын тағы...
Осы аяттарға қарап, өзге аяттардағы шешендіктің дәрежесін шамалай алатын боларсың. Апырмай осындай аяттардың толық тәржімасын жасау мүмкін бе?! Әлбетте, мүмкін емес! Әрі кеткенде қысқа ғана мазмұнын болмаса, аяттың әрбір сөзіне бес алты жол тәпсір жазу керек болар.
Бесінші түйін: Мәселен, "Әлхамдулиллаһ" Құранның бір сөйлемі. Грамматика және шешендік ілімінің қағидалары бойынша мұның ең қысқа мағынасы мынандай болады.
Яғни, "Әзелден әбадқа дейін қанша мақтау мен мадақ бар болса, кімнен шығып, кімге арналған болса да, Заты Уажибул Ужудқа, яғни Аллаһқа тиесілі, Сол ғана лайық". Сонымен, "қанша мақтау бар болса" сөйлемі жалпылық мағынаны білдіреді. "Кімнен келсе де" бөлімі "хамд" етістік, іс иесі айтылғандықтан мұндайда жалпылықты білдіреді. Әрі іс иесінің айтылмауы және де сол сөз арнау мәселесінде жалпылық пен баршаға қатыстылықты білдіретіндіктен "кімге болса да" бөлімін түсіндіреді. "Әзелден әбадқа дейін" бөлімі болса, етістіктен есімдікке алмасу қағидасы, тұрақтылық пен жалғастыққа дәлел болғандықтан сол мағынаны білдіреді. "Тиісті және лайық" мағынасын "лиллаһ" тағы "ләми джер" білдіреді. Өйткені, ол "ләм" меншіктеу және лайықты ету үшін. "Заты Уажибул Ужуд" бөлімі болса, ужубы ужуд, Улухиетке, яғни Заты Зүлжәлалға қатысты бір түсінік атауы болғандықтан, "Аллаһ" сөзі өзге де есімдер мен сипаттарды қамтитын Исми Ағзам болғандықтан Уажибул Ужуд атауына да дәлел болады.
Сонымен, اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ сөзінің ең қысқа және араб тілінің ғалымдары бір ауыздан құптаған сыртқы мағын асы ғана осындай болатын болса, ол иғжаз бен шешендікті өзге бір тілге қалай тәржіма жасай алмақ?
Әлем тілдері ішінде "грамматикалық құрлымы" арабшаға жақын бір ғана тіл бар, ол да ешқашан араб тілінің жан жақтылығына жете алмайды. Сол жан-жақты және иғжазды тіл арқылы мұғжизалы бір түрде және әр тарапты тұтастай білетін, назарға алатын ауқымы шексіз ілім ішінде көрініс тапқан Құран сөздері, құрамалы, құбылмалы өзге тілдер арқылы зейіні тар, түйсігі келте, пікірі шатасқан, көңілі қараңғы кей адамдардың тәржіма сөздері, ол киелі сөздердің орнын қайтіп
баса алмақ? Тіпті, нақты айтамын және дәлелдеп беремін. Құранның әрбір әрпі ақиқаттар қазынасына айналады, кейде бір ғана әріп бір бет шамасындағы ақиқаттарды дәріс береді.
Алтыншы түйін: Бұл мағынаны аша түсу үшін өз басымнан өткерген нұрлы бір хал мен ақиқатты айтып өтейін:
Бір кездері көңілім
дегі көпше түрдегі "нун" ды ойлады Жекеше түрден көпше түрге ауысуының себебін іздеді. Бірден сол "нуннан" намаздағы жамағаттың артықшылығы мен сыры ашылды. Өзім намаз оқып тұрған Баязит мешітіндегі жамағатпен тығыз байланыста екендігімді, олардың әрқайсысы менің өзіндік шапағатшым екендігін әрі кітабымдағы негіздердің куәгерлері, қуаттаушылары екендігін көрдім.
Бұл жағдай кемшін құлшылығымды, сол жамағаттың үлкен де мол құлшылығына қосып, Иләһи құзырға ұсынуға батылдық берді. Бірден екінші бір көрініс ашылды. Яғни, Стамбулдың бүкіл мешіттерімен байланыс орнатты. Бүкіл қала, Баязит мешіті секілденіп кетті. Бірден олардың дұғаларынан және қолдауларынан рухани қуат алдым. Енді өзімді жер шары мешітінде, Қағбаның маңайында, шеңберлі саптардың ішінен көрдім.
дедім.
"Менің осыншама шапағатшыларым бар, менің намазда сөйлеген әрбір сөзімді қайталап жатыр, растап жатыр". Сонымен, қиялымда осындай сахна ашылды. Қасиетті Қағба михрабқа айналды.
Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, әлгі жамағатты куәға тартып, тахиятта айтатын
деген иманның тәржімашысын мүбәрак Хажарул Әсуадқа тапсырып, аманат қылудамын деп тұрғанымда бірден тағы бір көрініс ашылды. Мен арасында тұрған жамағаттың үш шеңберге бөлінгенін көрдім:
Бірінші шеңбер: Жер бетіндегі мүминдер мен муахидиндердің (монотеистер) ұлы жамағаты.
Екінші шеңбер: Байқасам, барлық жаратылыстар ұлы намазда үлкен тасбих тартуда екен. Әрбір тайпа өздеріне тиісті салауатпен, тасбихатпен шұғылданып жатқан жамағаттың ішіндемін. "Нәрселердің міндеттері" деп аталатын, көзге көрініп тұрған қызметтер, олардың құлшылықтарының атауы екен. Осындай жағдайда "Аллаһу Әкбар" деп, аса таңданыспен басымды идім, өзіме зер салдым.
Үшінші шеңбердің ішінде, таң-тамаша қалдыратын, сырт көрінісі мен бейнесі кішкене, ақиқаты мен міндеті және саны көп, тағы бір шағын әлемді көрдім. Яғни, денемдегі атомдардан бастап, сөйтіп сыртқы сезімдеріме дейін топ-тобымен құлшылық етіп, шүкіршілік міндеттерін атқарып жатқан бір жамағатты көрдім.
Бұл шеңберде жүрген Раббани ләтифам
ды, осы жамағаттың атынан айтуда. Әуелгі екі жамғатта да тілім, осы сөзді сол екі үлкен жамағаттың атынан айтқан еді.
Қорытынды: نَعْبُدُ -ның "нуны" осы үш жамағатқа ишара етеді. Осындай жағдайда, кенет Құран Хакимнің аудармашысы және жетекшісі Расул Әкрам Алейһиссалату Уәссәламның мағынауи тұлғасы Мәдина атты рухани мінберден айбынды түрде көрінді, Оның:
үндеуін, рухани тұрғыда естіп, әлгі үш жамағат та мен сияқты
деп, жауап беруде деп қиялдадым.
қағидасы бойынша, мынандай бір ақиқат көрінді.
Бүкіл әлемдердің Раббысы, адамдарды өзіне тыңдаушысы етіп, күллі жаратылыстармен сөйлесуде, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол асқақ үндеуді бүкіл адамзатқа, тіпті бүкіл рух және сана иелеріне жеткізуде. Міне бүкіл өткен шақ пен болашақ осы шаққа айналды. Бүкіл адамзат бір мәжілісте, саптары әртүрлі жамағат іспетті. Ол үндеу, соларға арналып айтылуда. Сол кезде әрбір Құран аятының өте айбынды, жоғарғы дәреже екенін, өте көп және түрлі маңызды тыңдаушылары бар екенін, шексіз айбынды және ұлы Мүтекеллим-і Әзелидің Сөзі екенін және ұлы Махбубиет мәртебесінің иесі Атақты тәржіманы жеткізіп жатқан ұлы күште асқан бір шешендік, өте жарқын иғжаз нұры бар екенін көрдім. Сол кезде, бүкіл Құран былай тұрсын, әрбір сүре, әрбір аят тіпті әрбір сөзі мұғжиза екендігі көрінді.
дедім. نَعْبُدُ -дың нунына қалай кірген болсам, сол ақиқат қиялдан да солай шықтым. Құранның аяттары ғана емес, сөздері тіпті, нағбудудың "нуны" секілді кейбір әріптері де маңызды ақиқаттардың нұрлы кілті екенін түсіндім.
Жүрек пен қиял, сол нағбудудың нунынан шыққаннан кейін, олардың алдарынан ақыл шықты: "Мен де үлес алғым келді. Сіз сияқты ұша алмаймын. Аяқтарым дәлел, айғақ. Дәл сол نَعْبُدُ мен نَسْتَع۪ينُ де, Мағбуд және Мустаған болған Жаратушыға алып баратын жолды маған көрсетіңдер сіздермен бірге барайын" деді.
Сол кезде, көңілге мынандай хабар келді: "Ол абдыраған ақылға былай де:
Ғаламдағы бүкіл жаратылысқа қара! Тірі болсын, өлі болсын бәрі де толық бағыныш пен тәртіп бойынша өз міндеттерін атқару арқылы құлшылық етуде. Бір бөлігі түйсіксіз, сезімсіз екеніне қарамастан, өте түйсікті секілді тәртіп сүйгіш кейіпте және құлшылық жасағандай міндет атқаруда. Демек, бір Мағбуды Билхақ, Әмір Мутлақ бар, бұларды құлшылыққа итермелеп қызмет еткізуде.
Жаратылысқа назар аудар, әсіресе, тіршілік иелеріне... әрқайсысының әр түрлі және көптеген қажеттіліктері бар. Болмысы мен тіршілігін сақтау үшін сан алуан мұқтаждықтары бар. Ең кішкенесінің өзіне қолдары да, өз күштері де жетпейді. Ал, енді осы қисапсыз мұқтаждықтары ойламаған жерден, қажет кезінде, жүйелі түрде жеткізіліп берілуде және бұл жағдай көз алдымызда болып жатыр.
Міне, осы жаратылыстардың шексіз пақырлықтары мен мұқтаждықтары және ғайыптан келіп жатқан көмектер мен Рахмани медеттер - Ғани Мұтлақ, Кәрим Мұтлақ, Қадир Мұтлақ болған қамқоршылары, азықтандырушылары бар екенін, бүкіл нәрсе, бүкіл тіршілік иелері соған ғана жалбарынып, содан ғана медет күтетінін көрсетеді. Рухани түрде اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ дейді. Сол кезде ақыл, "Әмәнна уә Саддақна" деді.
Жетінші түйін: Осындай жағдайда тұрып,
деген кезімде мынаны аңғардым. Өткен шаққа өтіп кеткен адамзат керуенінің ішінен аса нұрлы да жарқын Әнбиялар, Сыддықиндер, Әулиелер, Шәһидтер, Салихтер тобын көрдім. Олар болашақтың түнектерін ыдыратып, мәңгілік жолындағы тура да ұлы даңғылда кетіп барады. Бұл сөз менің сол керуенге қосылуым үшін жол көрсетуде, тіпті қосып та жатыр. Бірден "Фәсубханаллаһ" дедім. Болашақтың
түнектерін жарық еткен және саламатты жолда кетіп бара жатқан бұл нұрлы керуенге қосылмау қандай қасірет және құрдымға кету екенін титтей де болса түйсігі бар жан түсінуі керек қой. Апырмай бидғаттар шығару арқылы, сол ұлы керуеннен ажырап қалғандар нұрды қайдан табады. Қай жолмен жүре алады.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):
деп бұйырған нақты бұйрығына қарсы "бұзғыншы ғалымдар" деген атқа лайық кейбір бейбақтар қандай жол тауып, қандай пәтуа беру арқылы орынсыз жерде, зиянды екенін біле тұра, Ислами нышандардың ең анықтарына қарсы келуде. Олардың өзгертілуін қалай мақұл көруде. Бұл ғалымсымақтар бір мағынаның өткінші көрінісінен туындайтын уақытша нәрселерге алданып жатыр.
Мәселен бір жануардың терісі сыпырылса немесе бір жемістің қабығы аршылса, біршама уақыт жылтырап көрінеді. Бірақ аз уақыттың ішінде әлгі жылтыр ет немесе әдемі жеміс басқа түске еніп, қарайып, бұзылып кетеді. Сол сияқты, Ислами нышандардағы Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жеткен немесе Илаһи сөздер - жан беретін, сауап жаздыратын қабық, тері. Олар сыпырылып қалған кезде, мағыналарындағы нұр уақытша көрініс беруі мүмкін. Бірақ қабығы аршылып қалған жеміс секілді болып қалады. Аллаһпен байланыстырып тұрған қасиетті мағыналары, рухы ұшып кетеді. Қараңғы көкіректер мен топас бастарда адами қабықтары ғана қалды. Нұры кетіп, түтіні қалады.
Сегізінші түйін: Осыған қатысты бір ақиқат қағидасын айта кету қажет: "Жеке құқықтар" және өзіндік бір "Құқықуллаһ" болып саналатын "жалпының құқықтары" деп аталатын екі түрлі құқық бар. Сондай-ақ, шариғат мәселелерінде де, кейбір мәселелер, тұлғалардың жеке басына қатысты болады. Кейбіреуі жалпы бұқараға қатысты болады. Бұлар "Ислами нышандар" деп, аталады. Бұл нышандар жалпыға қатысты болғандықтан оларда жалпының үлестері болады. Жалпының ризашылығы болмаса, оларға тиісу, жалпының құқығына қол сұғу болып саналады.
Ол нышандардың ең кішкенесі (сүннеттің бір мәселесі) ең үлкен бір мәселе ретінде, маңызды болып қаралады. Тікелей, Ислам әлеміне қатысты болғанындай, сонау бақыт ғасырынан бастап
(пайғамбарымыздың с.а.у. кезеңі, ауд) осы күнге дейінгі Исламның барша ұлы тұлғалары байланған сол нұрлы шынжырларды үзуге, бұзуға және өзгертуге тырысушылар және ондайларға жақтас болушылар нендей сұмдық қателік жасауда екенін ойлансын. Зәрредей бір түйсіктері болса, бұл қылмыстары үшін жандары түршігуі керек.
Тоғызыншы түйін: Шариғат мәселелерінің бір бөлігін "Тағаббуди" деп атайды, бұлар ақылдың таразысына тәуелді емес. Бұйрық болған соң орындалады. Атқарылуына себеп - бұйрық.
Бір бөлігі, "Мақул ул мағына" деп аталады. Яғни, бір хикметі, игілігі бар. Сондықтан таңдау соған түседі. Бірақ, бұл себеп емес. Өйткені, бұған негіз болған, Иләһи әмір мен тыйым.
Шариғаттың тағаббуди бөлігін, хикметтер өзгерте алмайды, тағаббудилік жағы басым келеді, тисуге болмайды. Жүз мың игілік келсе де, оны өзгерте алмайды. Сондай-ақ, шариғаттың пайдасы тек, белгілі игіліктер деуге болмайды және олай деп білу қате. Негізінде ол игіліктер көптеген хикметтердің бір ғана пайдасы бола алады. Мәселен, біреу, "Азанның хикметі мұсылмандарды намазға шақыру, ендеше мылтық ату да жеткілікті ғой" десе. Азанның мыңдаған игіліктерінің ішіндегі біреуі ғана екенін әлгі, мылтық атуға болады, деп отырған диуана білмей тұр. Мылтық дауысы сол бір ғана күшті атқарса, адамзат атынан я, болмаса сол қала тұрғындары атынан, ғаламның жаратылуының ұлы нәтижесі және адамзаттың жаратылуының нәтижесі болған Таухидті жар салуға және Аллаһтың Рубубиетіне деген құлшылықты жариялауға құрал болған азанның орнын ол мылтық дауысы қалай толтыра алады.
Қорытынды: Жаһаннам қажетсіз емес, "жаһаннам жасасын!" дегізетін көптеген істер бар. Жаннат та арзан емес, қымбат баға сұрайды.
Екінші рисале атанған екінші бөлім
Бірінші бөлімнің соңында Ислам нышандары жайлы бір шама айтылды. Сол нышандардың ішіндегі ең жарқыны болған Қасиетті рамазанның химеттері жайлы айтылады.
Екінші бөлімде Қасиетті Рамазанның көптеген хикметтерінен тоғыз хикметі "Тоғыз тұжырым" арқылы баяндалмақ.
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Рамазан айында ораза ұстау - Исламның бес шартының алғашқыларына жатады. Сондай-ақ Исламның ұлы нышандарынің бірі.
Міне Рамазанда ораза ұстаудың сансыз хикметтері бар. Атап айтқанда, ораза ұстау, бүкіл әлем Аллаһ Тағаланың әміріне бағынышты екенін білдіреді және ораза, адамның тұрмыс-тіршілігіне, мінез-құлқына оң әсер ететін тәрбиелік мәнісі зор. Сондай-ақ, ол пенденің Құдай берген нығыметтерге шүкір етуіне түрткі болатын. Міне, оразаның осындай маңызы зор көптеген хикметтері бар.
Оразаның, бүкіл әлем Аллаһ Тағаланың құдірет қолында, әміріне бағынынышты екенін көрсететін көптеген хикметтерінің бірі:
Аллаһ, Жер бетін нығметке толы дастарқан тәрізді жаратқан. Оған сан-алуан нығмет түрлерін
түрінде яғни санап тауыса алмайтындай берекелі әрі таңғажайып түрде жаратып, өзінің толық үстемдігін, рақымы мол екенін ап-ашық түрде көрсетуде. Алайда, адамдар бейқамдыққа салынып, әртүрлі себептерді сылтау қылып ақиқатқа жете алмай, тіпті кейде Жаратқан Иесін ұмытып кетіп жатады.
Ал, ораза айында мұсылмандар жаппай бейне бір сап түзеген әскер сықылды, бүкіл әлемнің иесі бір Аллаһтың қонақтарындай, кешқұрым: "Қане, астан алып, ішіп-жеңдер!" деген әмірін күтеді. Осылайша аса қамқор, шексіз мейірімді Аллаһқа ауқымды да терең мағыналы және тәртіпті түрде құлшылық қылып, тағзым етеді. Апыр-ай, осындай ұлы құлшылықтан, осындай асқақ абыройдан құр қалған адамдар "адам" деуге лайық па?
ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Жаратушының бергендеріне шүкір етуге қасиетті Рамазан айының нендей қатысы бар, соған тоқталайық. Мәселен, "Бірінші Сөзде" айтылғандай, Патша Ағзамның асханасынан әкелінген тағамдардың өзіндік бағасы болады. Оларды көтеріп әкелген қызметшілерге тиесілі ақысын беріп, ал әкелінген құнды нығметтерді бағаламай, сол нығметтерді әдейі жіберіп отырған Патшаны елемеу, танымау барып тұрған ақымақтық емес пе? Дәл сол секілді Аллаһ тағала, жер жүзін адамзат үшін сан-алуан нығметтермен толтырып жайнатып қойған. Ол нығметтердің ақысына шүкір етуімізді сұрайды. Сыртқы себептер жай көзге әлгі нығметтердің иесі болып көрінгенімен, олар тасмалдаушылар. Сол тасмалдаушыларға баға беріп, оларға борышты боламыз. Тіпті лайық болмаса да оларға артық құрмет қыламыз рахмет айтамыз. Себептерге қарағанда Аллаһ Тағалаға сол берген нығметтері үшін шүкір етуге әлдеқайда лайық. Оған шүкір ету - нығметтерді тікелей Одан деп білу, сосын берілген нығметтердің қадірін білу, сосын өзіміздің соған қатты мұқтаж екенінімізді сезіну арқылы болады.
Міне, осы жағынан алғанда Рамазан айындағы ораза, шынайы да пәк, өте мәнді әрі жалпы түрде шүкір етудің кілті. Өйткені, аштық көрмеген адамдардың басым көпшілігі кейде қыруар нығметтердің қадірін біле бермейді. Бір үзім қатқан нан тоқ адамға, әсіресе бай болса, құнсыз көрінеді. Алайда, ауызашарда әлгі қатқан бір үзім нан мұсылман үшін Аллаһтың жарылқауы, аса құнды нығметі екеніне оның тілі де куәлік етеді. Бай-патшадан бастап пақыр кедейге дейінгі барша халықтың Рамазан айында нығметтердің қадіріне жетіп, ой жүгіртіп, шүкіршілік етулеріне мүмкіндік туады. Сондай-ақ, күндіз ішіп-жеуге тыйым салынғандықтан "бұл нығметтердің иесі мен емес, ішіп-жеу еркі де менің қолымда емес. Демек басқаның мүлкі, соның сыйлығы, соның әмірін күтіп отырмын" деп, нығметтің қадірін біліп, рухани
түрде шүкіршілік етеді. Осындай ораза - көптеген сырларымен бірге адам баласының басты міндеті болған Құдайға шүкір етудің кілтіне айналады.
ҮШІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Ораза ұстаудың қоғамдық өмірге қатысты көптеген хикметтерінің бір хикметі.
Адамдар әл-ауқаты жағынан әртүрлі жаратылған. Сондықтан Аллаһ осы кереғарлыққа байланысты. Тағала ауқаттылардың кедей-кепшіктерге көмектесіп қарайласуға шақырады. Алайда, ауқатты-бай кісілердің кедей-кепшіктердің қиын жағдайын ораза ұстамай толық сезінуі мүмкін емес. Егер ораза болмаса аштық пен кедейліктің қаншалықты қиын әрі ауыр екенін, кедейлердің мейірімге қаншалықты мұқтаж екенін аңғармайтын неше түрлі тоңмойын, нәпсіқұмар байлар шығар еді. Ораза, осы тұрғыдан алғанда адамдар арасындағы бір-біріне деген мейірімділік пен шынайы түрде шүкір етудің негізі.
Әркім, қандай да бір жағынан өзінен төмен, пақыр адамды таба алады. Оған жаны ашуы тиіс. Егер адам өмірінде бір рет болсын аш қалып көрмеген болса, өзара жаны ашып жәрдем ету міндетін орындай алмас еді. Орындаса да өз дәрежесінде болмайды. Себебі, ондай ауыр жағдайды басынан өткермеген ғой.
ТӨРТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Рамазан айындағы оразаның нәпсіні тәрбиелеуге қатысты көптеген хикметтерінің бір хикметі.
Нәпсі, ерік пен бостандықты қалап өзін би сезінеді. Тіпті, үстемдік жасап, өз бетінше жүріп-тұрғысы келеді. Бұл оның табиғатында бар. Сансыз нығметтердің арқасында тәрбиеленіп жатқанын қаперіне алғысы келмейді. Әсіресе, бұл дүниеде мал-мүлкі мен бақ-дәулеті тасып тұрса, оның үстіне немқұрайлы жан болса, Құдайдың берген нығметтерін ұрлап, тіпті тартып алғандай хайуанша жұта береді. Ал, Рамазан айында байдың да, кедейдің де нәпсісі өзінің қожайын емес, малай, ерікті емес, құл екенін, бұйрық болмаса өте қарапайым істің өзін атқара алмайтынын, тіпті қолын суға да соза алмайтынын аңғарып, әлгі ойша үстемдігі мен қияли билігі тас-талқан болады. Құл екендігін мойындап, өзінің негізгі міндеті болған шүкір етуге кіріседі.
БЕСІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Рамазан айындағы ораза, адамның мінез-құлқын жақсартатынына және бет-алды жүріс-тұрыстан тыятынына байланысты көптеген хикметтерінің бірі:
Нәпсі мен бейқамдықтың кесірінен адам өзінің кім екенін ұмытып кетеді. Өзінің тым әлсіз, өте пақыр екенін және кемшіліктері көп екенін көрмейді, көргісі де келмейді. Әрі қаншалықты бейшара, фәни, өмірде түрлі қиыншылықтарға душар болатынын, тез бұзылатын ет пен сүйектен тұратынын ойламайды. Болмысы болаттан жаратылып, мәңгі жасайтындай дүниеге ашкөздене құнығады. Бұ дүниеге жан-тәнімен беріліп кетеді. Қызығы мен пайдасы мол нәрселерге байланып қалады. Өзіне аса қамқор, жан-жақты қамтамасыз етіп отырған Жаратқан Иесін ұмытып кетеді. Өмірдің мақсатын, нәтижесін әрі ақыреттегі өмірін ойламай нашар мінездің құрсауынан шыға алмай қалады.
Ал, Рамазанның оразасы болса, шектен шыққан бейқамдар мен аса тәкаппарларға дейін өздерінің тым әлсіз, өте бейшара әрі пақыр екендігін сездіреді. Ашыққан соң, өзінің мұқтаждығын аңғарып, әлсіз тәнінің қаншалықты нәзік екендігін ұғады. Өзінің мол мейірімге, қамқорлыққа қаншалықты мұқтаж екенін түсінеді. Нәпсі перғауындық ойдан арылып, менмендікті тастап, әлсіз әрі пақыр екенін мойындап, Аллаһтың алдында жалбарыну керектігін сезінеді. Шүкіршілік ету арқылы Аллаһтың мейрімділік атты есігін жалбарына қағатын болады. Егер әрине, бейқамдықтан жүрегі қарайып кетпесе.
АЛТЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ: Рамазан айы Қасиетті Құранның түсу кезеңдерінің ең маңыздысы болғандығына байланысты көптеген хикметтердің бір хикметі.
Құран Кәрім Рамазан айында түсе бастаған. Олай болса мұсылман, сол бір көктен түскен Аллаһ сөзін құрметтеп дайындық жасауы керек. Қасиетті Рамазан айында бір мезгілге нәпсінің қажеттіліктерінен және қарапайым күйбең тірліктен қол үзгені абзал. Сонда, бейне бір ішіп-жеуді доғару арқылы періштедей күй кешеді. Құран Кәрімді жаңа түсіп жатқандай құлшына оқып, ықыласпен тыңдайды. Аллаһтың сөздерін нақ түсіп жатқанда тыңдап отырғандай, тіпті сол қасиетті сөздерді Расулуллаһ, Мұхаммед Пайғамбарымыздан (с.а.у.) немесе Хәзіреті Жәбрәйілден тыңдап отырғандай тіпті Мүтекеллим-і Әзәлиден яғни Аллаһ Тағаланың өзінен тыңдап отырғандай керемет күй кешеді. Сондай-ақ, өзі жеткізуші ретінде басқаларға тыңдатып, қолынан келгенінше Құранның түсу хикметтерін іс жүзінде көрсетуге тырысады. Иә, Ислам әлемі Рамазан айында бейне бір ұлы мешітке айналады. Мешіт болғанда қандай десеңізші! Миллиондаған қарилар сол зәулім
мешіттің ішінде Құранды, яғни Аллаһтың сөзін оқып жер жаһанға жар салып жатады. Әрбір Рамазан айы:
аятын жарқын түрде көрсетіп, Рамазан - Құран айы екенін паш етеді. Әлгі ұлы жамағаттың кейбіреуі әлгі қариларды тебірене тыңдаса, кейбіреуі өз бетімен оқуда. Осындай керемет бейнедегі ұлы мешіттің ішінде жүріп азғын нәпсінің жетегінен шыға алмай ішіп-жеп, манағы әсем де керемет күйден тыс қалу қандай оғаш қылық десеңізші! Бұл әлгі мешіттегі жамағаттың рухани жиіркенішін туғызатын әрекет емес пе? Қасиетті Рамазан айында ораза ұстамағандар да бүкіл Ислам әлемінің рухани жиіркенішін туғызатын жағымсыз түрде көрінеді.
ЖЕТІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Рамазан айынның оразасы дүниеде ақыреттің егінін егіп ақыреттік сауда жасауға келген адамзаттың тапқан табысы қатысты көптеген хикметтерінің бірі:
Рамазан айында салих амалға бір сауап емес, мың сауап жазылады. Хадиске сүйенер болсақ, Құран Кәрімнің әрбір әрпі басқа уақытта оқылғанда он сауап, он игілік және он түйір Жәннат жемісі бұйыратын болса ал, Қасиетті Рамазанда әрбір әрпі үшін он емес мың, ал "Аят-ул Күрси" секілді аяттардың әрбір әрпіне мыңдаған сауап жазылады. Рамазандағы жұма күндерінде одан да көп сауапқа қол жетеді. "Қадір" түнінде жасалған бір игілік отыз мың игілік жасағанмен пара-пар.
Иә, Рамазанда әрбір әрпі отыз мың бақи жеміс беретін Қасиетті Құран, Жәннатта жайқалған нұрлы Туба ағашы тәрізді, мүминдерге өзінің миллиондаған бақи жемістерін ұсынады.
Кел, мына қасиетті, мәңгі пайдалы саудаға назар аудар. Бұл әріптердің қадірін білмей жүрген жандар қаншалықты зиян шегіп, ұтылып жүргенін түсін.
Қасиетті Рамазан айы ақыреттік сауданың берекелі базары немесе жемісін ақыретте беретін өте құнарлы егістігі. Сауапты амалдардың өсіп-өнуіне оңтайлы кезең яғни көктемнің сәуір айы секілді немесе Құдіреті күшті Аллаһтың алдында адамзаттың жасаған құлшылықтары сап түзеп жүріп өтетін мерекелік шеру, ғажайып мейрам. Сондықтан ол кезде нәпсінің ішіп-жеу сияқты адамды бейқам қалдыратын, жануарға тән қажетіліктері мен мағынасыз, әуесқойлық нәрселермен шұғылданбағаны жөн. Сол үшін рамазан айында ораза ұстау мұсылман баласына парыз. Уақытша болса да хайуандықтан арылып, періштелік
мәртебеге көтеріліп немесе дүниелік шаруаларды қоя тұрып ақырет саудасына кіріскен тақуа кісі немесе денесі болғандықтан көрініс тапқан рух тәрізді болып, ұстаған оразасы арқылы белгілі бір мағынада Самедиетке айна яғни еш нәрсеге мұқтаж емес бір Аллаһқа айналық қызметін атқарады.
Қасиетті Рамазан айы мына баянсыз дүниенің қысқа өмірін баянды етіп, мәңгілік өмірге қол жеткізеді. Бір ғана Рамазан айы сексен жылдық өмірдің жемісін бере алады. Құранда Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екенін баяндайды. Бұл сыр жоғарыда айтылған мәселеге нақты дәлел болады.
Мәселен, бір патша билігі тұсында жыл сайын өзінің таққа отырған күнін атап өтеді немесе салтанатына жарасар кейбір күндерді мереке деп жариялайды. Сол күні қол астындағы адамдарға жалпыға ортақ заңның сыртында өз атынан арнайы сыйлық беріп, еркін түрде қабылдап, өзіндік ілтипат жасап, соған лайық, сенімді адамдарды ерекше құрметке бөлейді. Сол сияқты, он сегіз мың ғаламның Патшасы - бастауы мен соңы жоқ Аллаһ, бүкіл әлемге мейірім шапағатын төккен, өзінің ұлы әмірі болып табылатын Қасиетті Құранды берекелі Рамазан айында түсіре бастаған. Рамазан - ерекше мейрам. Рамазанның Раббани көрме, рухани мәжіліс болып саналуы өте хикметті. Рамазан айы ұлы мейрам. Олай болса, пенделер кейбір қарапайым және хайуанға тән тірліктерден аулақ болуы үшін ораза ұстау бұйырылған. Ораза өз дәрежесінде, кемелді болуы үшін тек асқазанға ғана емес, көз, құлақ, жүрек, қиял, тіл, ақыл секілді сезім мүшелеріне де өзіндік ораза тұтқызған абзал. Оларды әр түрлі күнә істерден және пайдасыз нәрселерден аулақ ұстап, әрқайсысын Аллаһ жолында қолданған тиімді.
Мысалға, тілді өтірік, ғайбат, бос сөздерден тыйып, оған да ораза ұстату. Оны, Құран Кәрімді оқуға, Аллаһты зікір етуге, Жаратушымызды дәріптеп мадақ сөздерін айтуға, салауат пен истиғфар етуге қолдану. Көзді харам нәрселерден аулақ ұстау, яғни шариғатта қарауға тыйым салынған жерлерге емес, ғибратқа, тәлім алатын нәрселерге пайдалану. Құлақты жаман сөздерден аулақ ұстап, Хақ сөзі - Құранды тыңдауға қолдану. Міне, осылайша қалған мүшелерге де өздеріне тән оразаларын тұтқызу керек. Онсыз да асқазан, ең бас фабрика болғандықтан ораза арқылы оған үзіліс берілсе, қалған "кіші кәсіпорындарды" бағындыру оңайға түседі.
СЕГІЗІНШІ ТҰЖЫРЫМ: Қасиетті Рамазанның жеке басқа, тұрмысқа қатысты көптеген пайдалары мен хикметтерінің бір хикметі:
Ораза ұстау денсаулыққа аса қажет, өте пайдалы, ол заттық және рухани сақтандырушы. Сондай-ақ, медициналық тұрғыдан алғанда "диета" тәрізді. Расында нәпсі ішіп-жеу тұрғысында қалай болса солай әрекет етіп, жегені адал ма, арам ба айырмай әр нәрсені аузына тыға берсе, бұл медицина тұрғысынан тек тәніне ғана емес рухани өміріне де қауіпті әрі зиянды. Ондай нәпсінің жүрек пен рухқа мойынсұнуы қиынға соғады. Тәкаппарлығы артып, тізгінді қолына алады. Сосын адам нәпсіге мінудің орнына нәпсі оған мініп алады.
Ал, Қасиетті Рамазанда ораза тұту арқылы диета сақтап, өзін-өзі тежеуге, қанағат етуге машықтанады. Сөйтіп адам бұйрық тыңдауды үйренеді. Бейшара асқазанның қорытуына мұрша бермей, үсті-үстіне жей беруден пайда болатын аурулардан сақтанады. Әлгіндей бұйрыққа бағынудың нәтижесінде адал нәрсенің өзін жемей, аузын бекітеді. Енді харам нәрселерден аулақ тұруға, ақыл мен шариғаттың әмірлерін тыңдауға бейімделеді. Рухани өмірін аман сақтап қалуға.
Сондай-ақ, адамдар аштыққа жиі ұшырайды. Осындай жағдайларға шыдап, сабыр сақтауды үйреніп, өзін-өзі тәрбиелеуі үшін аштыққа машығуы керек-ақ. Міне, Рамазан айындағы ораза он бес сағат, сәресі ішпеген болса, жиырма төрт сағат аш жүру, сабыр сақтау, төзімділік, шынығу, шыңдалу деген сөз. Демек, адамзаттың қайғы-қасіретін арттыратын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бірден-бір емі, таптырмас шипасы - Ораза ұстау.
Асқазан фабрикасына көптеген қызметшілер жұмыс істейді. Көптеген ағзалар онымен байланысты. Егер, бір ай күндіз дем алдырмаса, онда нәпсі, манағы фабрикадағы қызметшілер мен ағзаларға өздеріне тән құлшылықтарын ұмытқызып жібереді де оларды өзіне қаратып, үстемдік ете бастайды. Адам бойындағы нәзік ағзаларды манағы фабрикадан шыққан күл-қоқыс кірлетіп ластайды. Нәпсі олардың назарларын өзіне аударып, жауапты әрі маңызды міндеттерін уақытша ұмытқызады. Сондықтан, баяғыдан бері әулиелер өздерін кемелдендіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, яғни аз ішіп, аз жеуге дағдыланған.
Ал, Қасиетті Рамазандағы ораза саясында әлгі фабриканың қызметшілері тек сол үшін жаратылмағандарын аңғарады. Қасиетті Рамазанда басқа да ағзалар әлгі фабриканың аса маңызды емес,
бір сәттік ләззат алу жұмысын тастап, оның орнына періштелік, мерзімі ұзақ рухани ләззат алып, назарын маңызды істерге аударады. Сондықтан да Рамазан айында мүминдер қабілетіне қарай әртүрлі нұрға, берекетке, рухани қуаныш пен рахатқа бөленіп, кемелдене түседі. Бұл қасиетті айда, оразаның арқасында жүрек, рух және ақыл секілді адами сезімдер дамып мәртебесі биіктей түседі. Асқазанның жылап-сықтағанына қарамастан керісінше олар мәз-майрам күй кешеді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТҰЖЫРЫМ: Қасиетті Рамазан айының оразасы нәпсіні билеп төстеу ойынан бас тартқызып өзінің әлсіз екенін көрсетіп, құлдық міндетін еске салатын көптеген хикметтердің бір хикметі:
Нәпсі Жаратушы Раббысын танығысы келмейді. Перғауын сықылды өзінше билік құрғысы келеді. Қанша азап шексе де райынан қайтпайды. Алайда, аш қалған сәтте райынан тез қайтады екен. Міне, Қасиетті Рамазан айындағы ораза нәпсінің перғауындық белгісі бар тұсынан оңдырмай соққы беріп, сағын сындырады. Өзінің әлсіз, бейшара, мүлдем пақыр екендігін мойындатып, құл екенін көрсетеді.
Киелі Хадисте былай делінген: "Бірде Аллаһ Тағала нәпсіге: "Мен кіммін, сен кімсің?" деген екен, нәпсі: "Мен менмін, сен сенсің" депті. Азаптап, тозаққа салған деседі. Қайтадан сұраса, тағы да: "әнә әнә, әнтә әнтә" яғни "Мен менмін, сен сенсің" деп қанша азаптаса да, көкірек керіп қайтпапты. Содан соң, оны аштықпен азаптапты, яғни аш қалдырған екен. Сөйтіп: "Мән әнә, уа ма әнтә?" деп сұраса, сонда ғана нәпсі:
Яғни: "Сен менің рақымы мол Раббымсың, мен сенің бейшара құлыңмын" деген екен.
Үшінші рисале атанған үшінші бөлім
[Баяндауы мұғжиза болған Құранның екі жүз түрлі мұғжизаларының ішінен көркем жазудағы сәйкестік мұғжизаларын көрсете отырып, Хафиз Османның жазу үлгісі бойынша анықталған Мудаяна аяты өлшем тұтылған беттері мен Ықылас сүресі өлшем үлгісі етілген жолдарды солай сақтай отырып, көркем жазудағы мұғжизаларын көрсететін Құран жазуға деген шынайы ниетімді, Құран қызметіндегі бауырларыма ұсынып кеңесу, олардың да пікірлерінен алу үшін және мені де ескертіп отырулары үшін осы бөлімді жаздым. Оларға сол үшін айтып отырмын. Бұл үшінші бөлім "Тоғыз мәселеден" тұрады]
Бірінші мәселе: Ұлы Құранның қырық түрлі мұғжизасы бар екенін "Құран ғажайыптары" аталатын Жиырма бесінші сөз нақты айғақтармен дәлелдеген болатын. Кейбіреулерін жан-жақты түсіндірген. Кейбіреулерін жинақы түрде бірбеткей, қырсықтарға да көрсетіп берген еді. Құранның мұғжизалығы адамзаттың қырық түрлі дәреже деңгейдегілеріне жеке-жеке көрсетілгендігі Он тоғызыншы хаттың он сегізінші ишарасында баяндалған. Әр түрлі дәреже деңгейдегі адамдардың он түрін, олардың Құранның мұғжизаларынан алған әсерлерін дәлелдеп берген. Қалған отызын әулиелер әр түрлі ұстанымдағы жандарға, ғылымның әр саласындағыларға жеке-жеке дәлелдеп, Құранның Аллаһтың сөзі екендігіне "Илмеляқин", "Айнеляқин", "Хаққеляқин" дәрежеде шынайы имандары арқылы көз жеткізген. Демек, әрқайсысы әр түрлі жағдайда Құранның мұғжизаларын әр қырынан көрген. Ғалым бір әулие байқаған мұғжиза мен сопы әулие байқаған мұғжиза бірдей болмайды. Ұстанған жолдардың өзгеруіне қарай мұғжизалардың әсемдіктері де өзгереді. Дін негіздерін зерттеуші ғұлама мен қарапайым имамның немесе қарапайым қағидаларға пәтуа берушінің көрген мұғжизалары әр түрлі. Тағысын тағы....
Бұлардың бәрін жеке-жеке тәптіштеп, иғжази жақтарын көрсетіп беру қолымнан келмейді. Зейінім тар, бәрін қамти алмаймын. Назарым көмескі, көре алмаймын. Сондықтан тек он тобын ғана айтамын,
қалғандарына қысқаша ишара етіледі. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизалары жайлы рисаледе түсіндірмелі түрде айтылуы қажет бола тұра, қысқаша айтылған екі топ жайлы айта кетпекпін.
Біріншісі: Біз "Құлақты сынып" деп, атаған сауатсыз қауым, Құранды тек құлақпен тыңдайды, құлақ арқылы иғжазын түсінеді. Яғни, былай дейді: "Бұл Құран басқа кітаптарға ұқсамайды. Я, барлығынан төмен, немесе барлығынан жоғары. Барлығынан төмен деп ешкім айта алмайды, айтпаған да. Шайтан да айта алмайды. Ендеше, барлығынан жоғары!". Он Сегізінші Ишаратта осылай түйінделген . Кейін, осыны толығырақ түсіндіру үшін жазылған Жиырма Алтыншы Хаттың "Шайтанның Жолындағыларға қарсы, Құранның құжаты" деп аталатын Бірінші тақырыбы сол сыныптың иғжаздағы түсінігін суреттеп, дәлелдеп берді.
Екінші сынып: " Көзді сынып" яғни сауатсыз қауымға немесе ақылы көзіне түскен материалистер қауымына қарсы Құранның көзбен көрінетін мұғжазалық ишаралары бар екендігі, Он Сегізінші Ишарада айтылған. Бұл айтқандарымызды дәлелдеу үшін көп түсіндіру қажет бола тұра, өте шағын бірнеше бөлшектерніне ғана ишарат етілген еді. Енді түсінікті болған маңызды бір Раббани хикметке байланысты ол түсінік берілмейді. Ол хикметтін сыры да түсінікті болды және кейінге қалдырылғаны жақсы болғанына көзіміз жетті. Қазір сол сыныптың түсінуі, сезінуі үшін қырық жақты муғжизаның көзге көрінетін бір жағын көрсететін Құран жаздырдық.
Бұл үшінші бөлімнің қалған мәселелері мен Төртінші бөлім сәйкестікке қатысты болғандықтан, сәйкестіктерге қатысты. Мазмұн бөлімін жеткілікті деп біліп, бұл жерге жазбадық. Төртінші бөлімге тиісті ескерту мен үшінші нүкте жазылды.
ЕСКЕРТУ: Расул сөзіндегі ұлы сырдың баянында жүз алпыс аят жазылды.
Үшбу аяттардың қасиеті өте маңызды болумен қатар, мағына жағынан да бірін-бірі дәлелдеп толықтыратындықтан және мағыналы болғандықтан түрлі аяттарды жаттағысы немесе оқығысы келетіндерге Құрани хизб болуымен қатар, Құран сөзіндегі үлкен сырдың баянында алпыс тоғыз аяттың шешендік дәрежесі өте жоғары және тамаша
жеткізілуде. Бұны да екінші бір Құрани хизб ретінде бауырларымызға ұсынуға болады. Тек, Құран сөзі жеті Құран тізбегінде бар, екеуі тыс қалған. Ол екеуі қырағат мағынасында. "Расул" сөзіне келсек, ол сөзбен ең көп байланысты сүрелер Мұхаммед сүресі мен Фатх сүресі болғандықтан сол екі сүремен шектелдік. Олардан тыс қалған Расул сөзі әзірге енгізілмеді. Уақыт мүмкіндік берсе, мұндағы сырлар жазылатын болады, иншаллаһ.
Үшінші Түйін: Төрт Тұжырымнан тұрады:
Бірінші тұжырым: "Аллаһ" сөзі Құранда екі мың сегіз жүз алты рет айтылған. Бисмиллаһтағылармен қоса алғанда, "Рахман" сөзі жүз елу тоғыз рет, "Рахим" сөзі екі жүз жиырма, "Ғафур" сөзі алпыс бір, "Раб" сөзі сегіз жүз қырық алты, "Хаким" сөзі сексен алты, "Алим" сөзі жүз жиырма алты, "Қадир" сөзі отыз бір, "Лә Илаһа Илла һу" жиырма алты рет айтылған.
{ Сілтеме*: Құрандағы аяттардың жалпы саны алты мың алты жүз алпыс алты болуы және мына сексен тоғызыншы бетте айтылған Әсмаи Хүснаның саны алты санымен байланысты болуы маңызды бір сырға ишарат етеді}
"Аллаһ" сөзінің санында көп сырлар мен түйіндер бар. Мәселен, "Аллаһ" және "Раб" тан кейін ең көп айтылған "Рахман", "Рахим", "Ғафур" және "Хаким" сөздерімен бірге"Аллаһ" сөзі Құран аяттарының жартысына тең. "Аллаһ" сөзінің орнына қолданылған "Раб" сөзімен бірге тағы да жартысы болады. "Раб" сөзі сегіз жүз қырық алты рет айтылған, бірақ анықтап қараса, бес жүзден астамы "Аллаһ" сөзінің орнына айтылған, ал екі жүзден астамы олай емес.
"Аллаһ", "Рахман", "Рахим", "Алим" және "Лә иллаһа Илла Һу" дегі "һу" санымен бірге тағы да Құран аяттарының жартысына тең болады. Тоғыз айырмашылық, бар "Жәлал" сөзінің барлығында да көптеген сырлар бар. Әзірге осы жетер.
Екінші тұжырым: Сүрелер тұрғысында. Мұнда да көптеген сырлар бар. Арнайы жүйе мен арнайы түрде осылай болуын қалап сәйкестірілгені көрініп тұр. Бақара сүресіндегі аяттардың саны мен "Аллаһ" сөзінің саны бірдей. Төрт айырмашылық бар. "Аллаһ" сөзінің орнында төрт рет "һу" сөзі айтылады. Мәселен, "лә иллаһа илла һу" дағы "һу" секілді. Сонда толық сәйкеседі. Әл Имранда да аяттардың саны мен "Аллаһ" сөзінің саны тең келеді. Тек, "Аллаһ" сөзі екі жүз тоғыз, аят екі жүз. Айырмашылық тоғыз. Мұндай сөз көркемдігінде және шешендік өнерде азғантай айырмашылықтар зиян
бемейді. Шағын сәйкестіктер жеткілікті болады. Ниса, Маида, Әнғам сүрелерінің жиынтығындағы аяттардың саны, ондағы "Аллаһ" сөзінің санына сәйкес келеді. Аяттардың саны төрт жүз алпыс төрт, "Аллаһ" сөзінің саны төрт жүз алпыс бір. Бисмиллаһтағы "Аллаһ" сөзімен бірге толық сәйкес келеді.
Мәселен, бастағы бес сүредегі "Аллаһ" сөзінің саны Ағраф, Әнфал, Тәубе, Юнүс, Һуд сүрелеріндегі "Аллаһ" сөзінің санынан екі есе келеді. Демек, бұл соңғы бесеу, әуелгі бесеудің жартысы. Одан кейінгі Юсүф, Рағд, Ибраһим, Хижр, Нахл сүрелеріндегі "Аллаһ" сөзінің саны, сол жартының жартысы, одан кейінгі Исра, Кәһф, Мәриям, Таха, Әнбия, Хаж сүрелері әлгі жартының жартысы, одан кейін де бес-бестен өлшеммен кете береді. Кейбір аздаған артықшылықтар бар. Бұл деңгейдегі сөз өнеріне зиян бермейді. Мәселен, бір бөлігі жүз жиырма бір, бір бөлігі жүз жиырма бес, бір бөлігі жүз елу төрт, бір бөлігі жүз елу тоғыз. Зуһруф сүресінен басталған бес сүре, сол жарты, жартының жартысының жартысы болады. Нәжм сүресінен басталатын бесеуі әлгі жартының, жартысының, жартысының, жартысының жартысы. Аздаған айырмашылықтар зиян бермейді. Олардан кейінгі бестерде тек үш үштен "Аллаһ" сөзі бар. Сонымен бұл жағдай { Сілтеме. Осы бес бестен бөлуде бір сыр ашылған еді. Ешқайсымыздың хабарымыз жоқ, сол жердегі алты сүре тіркелмепті. Ықтиярымыздан тыс алтыншысы кіргеніне шүбәміз қалмады, осылайша бұл жартылардың маңызды сыры жоғалмады.)} мынаны көрсетеді: "Аллаһ" сөзінің санында кездейсоқтық жоқ, бұл сандар хикмет пен тәртіп бойынша шығып отыр.
Аллаһ сөзінің үшінші Түйіні: Беттердегі сәйкестіктерге байланысты. Бір беттегі "Аллаһ" сөзінің саны, сол беттің оң жағына және орта бетіне, кейде солдағы беттің арғы бетіне сәйкес шығатын. Мен өзімдегі Құран нұсқасынан бұл сәйкестікті тексердім. Көбіне өте әдемі өлшеммен берілген сәйкестік көрдім. Өзімдегі нұсқаға ишараттар да қойдым. Көп ретте тең келеді. Кейде жарты лай, кейде үштен бірге тең келеді. Хикметпен тәртіпті сездіретін бір жағдай бар.
Төртінші түйін: Бір беттегі сәйкестіктер. Бауырларыммен бірге үш, төрт бөлек-бөлек нұсқаларды салыстырдық. Барлығында сәйкестік барына көзіміз жетті. Тек, баспахана көшірмешілері басқа мақсаттарды көздегендіктен, біршама сәйкестік тәртібі бұзылған екен. Аздаған тәртіпке келтірілсе, бүкіл Құранда екі мың сегіз жүз алты
"Аллаһ" сөзінің санынша сәйкестіктер көрінетін болады. Мұнда бір мұғжизалық сәуле жарқырауда. Өйткені, адамзаттың миы мұндай ауқымды қамти алмайды. Ал кездейсоқтықтың қолы, бұл мағыналы, хикметті жағдайға жете алмайды.
Төртінші Түйінді біршама аша түсу үшін, жаңа бір Мұсхаф жаздырудамыз, Ол мұсхаф, ең көп сәйкестіктердің бетін, жолдарын дәл сол күйінде сақтауымен қоса, хаткерлердің мән бермеулері кесірінен тәртібі бұзылған тұстарды тәртіпке келтіріп, иншаллаһ сәйкестіктің шынайы жүйесін, көрсететін болады және көрсетілді
Бесінші Рисале атанған Бесінші Бөлім
Нұрларға толы аяттың бір нұрын Қасиетті Рамазанда рухани халде сезіндім, елесін де көрдім. Бұл былай:
мәшһүр мінәжатын бүкіл тіршілік иесі, жаратылыстар, Жанабы Хаққа дәл солай жасауда екендерін және он сегіз мың ғаламның әрқайсысының жарығы, Аллаһтың есімі екендігіне көзімді жеткізетін жүректен туған қияли оқиғаны көрдім. Ол былай:
Қауызын жаңа жарып келе жатқан раушан гүлінің бір - біріне оралған жапрақшалары секілді, мына ғаламда қабаттастыра керілген мыңдаған перде бар. Мына әлемнен бір - бірінің артында жасырынып тұрған мыңдаған әлем көрдім. Әрбір перде ашылған сайын жаңа әлемдерге куә болдым.
Ол әлемдер Нұр аятынан кейінгі:
аяты суреттегендей қорқынышты да қараңғы түнек ішінде көрінуде. Бірден Аллаһтың бір есімінің Шексіз Нұры ол жерді жарқыратып жіберді. Ақыл қай пердені ашса, қиялымда қараңғы түнек басқан жаңа әлем ашылатын. Сол жерде Аллаһтың бір есімі күндей шағылысып көрінеді де жарқын нұрымен әлгі әлемді бастан-аяқ нұрға толтырады.
Осылай жалғаса берді... Осы бір көңіл тамашасы мен қияли саяхат ұзақ жалғасты. Мысалға: Хайуанаттар әлеміне зер салған кезімде, олардың шексіз нәрселерге мұқтаж, аш, әлсіз күйде жүрулері ол әлемді маған өкініштерге толы түнек етіп көрсетті. Сол сәтте Аллаһтың Рахман есімі, Рәззақ есімінің мағынасында күндей жайнап көрінді. Ол әлемді бастан аяқ мейірім нұрына толтырды. Содан кейін хайуанаттар әлеміндегі төлдердің әлсіз жағдайлары, мұқтаж халдері, жұрттың аянышын оятып, уайымға салатын қара түнек әлем болып көрінді. Сол сәтте Рахим есімі мейірім мағынасында жарқ етті. Ол әлемді нұрға бөлегені сонша, мейірбандық пен аяныштан туындайтын көз жасын, қуаныш пен шүкірдің ләзаттынан шығатын жасқа айналдырды. Сонан соң синема экраны секілді тағы бір экран ашылды. Адамдар әлемі көрінді. Ол әлем де қараңғы да қорқынышты түнек болып көрінгені сонша, қорқыныштан жан ұшырып сұмдық - ай! - дедім. Өйткені көргендерім мынау еді.
Адамдарын мәңгі жасасам деген тілектері, армандары және бүкіл ғаламды қамти алатын қиялдары мен ой - пікірлері және мәңгілік бақыт пен Жұмақты шын пейілдерімен қалайтын қайраттары мен қабілеттері, сансыз мақсаттары мен талап - тілектеріне қарсы дәрменсіз, әлсіз жағдайда. Неше түрлі дұшпанның шабуылына нысана бола тұра, өте қысқа ғұмыр, аумалы - төкпелі өмір, тауқыметті тұрмыс кешуде. Жүрегі қан жылаған сұмдық жағдайда. Үнемі қоштасу, үнемі айырылып қалу. Парықсыз бейқамдардың назарында мәңгілік түнектің есігі болып көрінетін қабірге, мазарға бара жатыр. Сол бір қараңғы құрдымға жеке - жеке де топ - тобымен де құлап жатыр. Бұл әлемді осындай қараңғы түнек қылып көріп тұрғанымда, жүрегім де рухым да ақылым да бүкіл адами сезімдерім тіпті, денемнің бүкіл молекулалары зар еңіреп жылауға дайын еді. Бірден Жаратушы Хақтың Әділ есімі Хаким мағынасында, Рахман есімі Кәрим мағынасында, Рахим есімі Ғафур мағынасында, Баис есімі Варис мағынасында Мухи есімі Мухсин мағынасында, Раб есімі Малик мағынасында көрінді. Адамзат әлеміндегі көптеген әлемдерді нұрландырып, жарықтандырып жіберді.
Ақыреттің нұрлы әлемінен терезелер ашып, адамның әлгі қараңғы әлеміне нұр шашты. Содан кейін тағы да бір үлкен экран ашылды.Жер шары көрінді. Философияның көрсоқыр, ғылыми заңдылықтары қиялыма қорқынышты бір әлемді көрсетті. Зеңбірек оғынан жетпіс есе
жылдамдықпен зымырап, жиырма бес мың жылдық қашықтықты бір жылда айналып шығатын және кез келген уақытта бөлшек - бөлшек болып кетуге дайын, іші толы, әбден қартайған Жер Шарының үстінде, шексіз кеңістікте қаңғып жүрген адамзаттың жағдайы, маған қараңғы түнек болып көрінді. Басым айналып, көзім қарауытты. Сол сәтте Жер мен Көкті Жаратушы Хақтың Қадир, Алим, Раб, Аллаһ, Рабб-ус Самауати уәл Арз және Мусаххирул Шәмси уәл Қамар есімдері Рахмет, Азамет, Рабубиет мағынасында көрінді. Ол әлемді нұрға толтырғаны сонша, Жер шары маған өте тәртіпті, бағынышты, өте тамаша, өте ыңғайлы, сенімді, сайран салып, демалып, сауда жасау үшін жасалған саяхат кемесіндей болып көрінді.
Қорытынды: Жаратылыстар әлеміне қарап тұрған Аллаһтың мың бір есімінің әр қайсысы бір әлемді және сол әлемнің ішіндегі әлемдерді нұрландырып тұрған Күн секілді. Ахадиет сыры бойынша әр бір есімнің көрінісінен басқа да есімдердің көрністері бір шама көрінуде. Жүрек, қараңғы болып көрінген әр бір түнектің ар жағында, жеке - жеке нұр тұрғанын көргендіктен, саяхатты жалғастыра беруге құлшынды. Қиялға беріліп, көкке шыққысы келді.Сол сәтте тағы бір үлкен экран ашылды. Жүрек, аспан әлеміне кірді. Нұрға толы, жымыңдаған жұлдыздар Жер Шарынан да үлкен, одан да өткен жылдамдықпен шыр айналып жүр. Біреуі, бір минут жолдан тайса, екіншісіне соқтығысып, алапат жарылыс болады. Әлемнің зәресін ұшырып, тас-талқан етер еді. Нұр емес, от шашар еді. Жымыңдап тұрған жүзіне қарауға шошыр едім. Аспан әлеміндегі кеңістік бос, меңіреу, түсініксіз түнек болып көрінді. Келгеніме өкіндім.
Сол сәтте
ның Әсма-и Хуснасы
мағынасында көрінді. Сол мағынаның шексіз нұрынан қараңғылыққа батқан жұдыздар ұшқын алып, қанша жұлдыз болса, сонша шырақ жағылғандай аспан әлемін нұрға бөледі. Әлгі бос, меңіреу деп саналған аспан әлемі де періштелер мен руханилерге толып, жайнай түсті. Әзел, Әбед Сұлтанның сансыз әскерлерінің бір бөлігі секілді күндер мен жұлдыздар арнайы бұйрық бойынша шеру тартып жүргендей. Ұлы
Сұлтанның айбыны мен Рубубиетінің салтанатын көрсетіп жүргенін көрдім. Бар болмысыммен, тіпті денемдегі бүкіл молекулалардың тілімен, егер менің тілімді алса, бүкіл жаратылыстардың тілімен айтқым келген
аятын солардың барлығының атынан оқып, қайта оралдым, есімді жидым.
дедім.
Алтыншы рисале атанған алтыншы бөлім
[Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне ескерту ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған.]
Бұл алтыншы бөлім адам және жын шайтандарының "Алты айласын" ИншаАллаһ іске асырмай тастайды және шабуылға шығар жолдарының алтауына тосқауыл қояды.
Бірінші айласы: Адам шайтаны жын шайтанынан сабақ алып, Құран жолында жүрген жанкешті қызметшілерді атаққұмарлық сезімі арқылы алдап, осынау киелі қызметтен, қасиетті де ұлы күрестен (жихадтан) бас тартқызғысы келеді. Адамдардың көпшілігінде "Хуббы жаһ" деп аталатын атаққұмарлық, мақтаншақтық, даңқ деп аталатын жұрт алдында көзге түсу, елдің назарын өзіне бұру, беделді болу, мансапқа жету деген арман бүкіл пенденің басында азды-көпті бар. Тіпті сол арман оның бойындағы сол сезімді, атақ-даңқ жолында өмірін де қиып жіберердей етіп қоздырады. Ақыретін ойлайтын жандарға бұл сезім өте қауіпті. Әһлі дүние үшін де алмағайып жағдай. Жаман мінездер де осыдан бастау алады. Адамның ең осал тұсы да осы. Яғни, бір адамды өзіне тарту үшін оның сол сезімдерін қоздыру арқылы жығып кетеді. Бауырларымның осы осал жағын діннен безген оңбағандар пайдаланып кете ме деп қорқамын. Осы ой мені көп мазалайды. Шын дос бола алмаған кейбір бейшара достарымды өздеріне осылай тартып кетті. Оларды рухани жақтан қауіпті жағдайда қалдырды.
{ Сілтеме: Ол бишаралар "Жүрегіміз Ұстазбен бірге" деген оймен өздеріне қауіп төніп тұрғанын байқамайды. Ал, дінсіздік ұғымына күш қосатын солардың үгіттеріне еріп, өзі білмесе де, тыңшылық құралына айналып кету қаупі төніп тұрған адамның "Жүрегім таза, Ұстазымның ұстанымдарын құптаймын" деуі мынадай бір мысалға ұқсайды. Біреу намаз оқып тұрғанда, жел жіберіп қояды. Дәреті бұзылады. Оған "Намазың бұзылды" деген кезде, ол "Намазым неге бұзылады екен, жүрегім таза ғой" деген екен.}
Ей, бауырларым! Құран қызметіндегі достарым! Осы атаққұмарлықты қару етуші зымиян Әһлі дүнияның тыңшыларына және адасушы дінсіздердің үгітшілеріне және шайтанның шәкірттеріне былай деңдер: Бәрінен бұрын Аллаһтың ризашылығы, Оның Рахмани ілтипаты, қабыл алуы өте жоғарғы мәртебе. Оның жанында адамдар арасында мәртебелі болу, олардың сый-сыяпаты зәрредей ғана нәрсе. Егер Аллаһтың мейірімі түссе сол жетеді. Ал, адамдардың құрметі Аллаһтың мейірімінің көрінісі, соның сәулесі болуы жағымен жақсы. Әйтпесе қызығатын нәрсе емес. Өйткені, ол қабір аузына дейін ғана, бес тиындық құны жоқ. Егер бұл "Хуббы жах" сезімі ауыздықталмаса, тоқтатыла алмаса, оның бағытын басқа жаққа бұру керек. Ол былай: ақыреттік сауап үшін, халықтың қайыр дұғасын алу ниетімен және жасалған қызмет жағымды әсер етуі үшін, төмендегі мысалға сәйкес бұл сезімнің болымды жағы болуы мүмкін. Мысалға: Аясофия мешітінің іші игі жақсылар мен кәміл де аяулы жандарға толы. Босағада, аула ішінде бірен-саран тентек балалар мен арсыз қаңғыбастар, терезеден сығалап мешіттің айналасында жүрген сауыққұмар шетелдіктер бар.
Сол кезде бір адам мешіттің ішіне кіріп, жамағаттың ортасында, тамаша дауысымен құлаққа жағымды түрде Құран оқыса, мыңдаған мұсылмандардың, игі жақсылардың назары соған ауып, қошеметке бөленеді. Көпшіліктің дұғасы арқылы сауап алады. Тек, әлгі тентек балаларға, қаңғыбас, Құдайдан безген арсыздарға, кейбір шетелдіктерге ұнамай қалады.
Егер, әлгі мешітке, сол тамаша жамағатқа басқа бір адам келіп әдепсіз түрде, нәпсіні қоздыратын өлең айтып, бақырып шақырса, секіріп билесе, әлгі тентек балаларды күлдіреді. Ұятсыз қаңғыбастардың нәпсісін қоздырғандықтан оларға ұнайды. Мұсылмандардың кемшіліктерін көруден ләззат алатын шетелдіктердің мысқылдап күлуіне себеп болады. Бірақ, бүкіл игі жақсылар жамағаты оған жиіркенішпен қарайды. Олардың көзіне ең төменгі дәрежедегі азғын кейпінде көрінеді. Міне, осы мысалдағы сияқты Ислам әлемі мен Азия үлкен бір мешіт. Мұндағы имандылар мен тура жолдағылар әлгі мешіттің абыройлы жамағаты.
Әлгі тентек балалар болса, баланың ақылындай ақылы жоқ ақымақтар. Қаңғыбас арсыздар болса, батысқа еліктегіш, тексіз, дінсіз тобыр. Сырттан қызықтаушы шетелдіктер болса, шетелдіктердің
пікірін таратушы журналистер. Әрбір мұсылманның, әсіресе абыройлы да кәміл жандардың осы мешітте дәрежелеріне қарай орны болады, өзіне назар аудартып, көрініп тұрады.
Егер Ислам дінінің негізгі сыры болған ықылас пен Аллаһ ризасы үшін Құран Хакім жеткізген үкімдер мен киелі ақиқаттарға сай іс-әрекет жасалса, өзінің хал жағдайымен (хал тілімен) Құран аяттарын оқыса, әрбір мұсылман айтатын
дұғасына ортақтасып, барлығымен бауыр болып, байланыста жүреді.
Тек, зиянкес жәндіктер секілді кейбір адасқандар мен баланың ақылындай ақылы жоқ ақымақтардың алдында қадірі болмайды. Егер әлгі адам даңқты ата-бабасы мен мақтан тұтар тарихын, рухани жақтан арқа сүйер сахабалардың ұлы да нұрлы даңғылын тастап, әуестікке, мақтаншақтыққа, екі жүзділікке салынып, бидғат істерге бой алдырса, бүкіл ақиқатшылдар мен имандылардың назарында ең төменгі деңгейге құлдырап кетеді.
сырына орай иманды жан қанша қарапайым, сауатсыз болса да, ақылы жетпей жатса да, ондай мақтаншақ адамды көрсе жүрегі тіксінеді, салқын қарайды, рухани түрде жиіркенеді.
Міне, атағын шығаруға, даңққа бөленуге жаны құмар адам (екінші адам) сансыз жамағаттың назарында әсфәл-і сафилинге, яғни төменгілердің ең төменгі деңгейіне түседі. Түкке тұрғысыз, сайқымазақ, алаяқ қаңғыбастардың алдында уақытша, сасық бір орынға ие болады.
сырына орай дүниеде зиян шегеді. Берзақта азап тартады. Ақыретте дұшпан, өтірікші кейбір достар табады. Бірінші жағдайдағы адам, егер "Хуббы жахты" жүрегінен аластатпаса, бірақ ықылас пен Аллаһтың ризалығын негізге ала отырып, атақ даңқын шығаруды мақсат тұтпау шартымен, бір жағынан алғанда болымды, рухани дәреже, тамаша мәртебеге қол жеткізіп, атаққұмарлық сезімін толық қанағаттандыра алады. Бұл адам азғантай ғана құнсыз бір нәрсені жоғалтқанымен оның орнына көптеген құнды нәрсе табады. Бәлкім, бірнеше улы жылан оған жоламай кетер, есесіне көптеген жақсы жаратылыстар оның жанынан табылады, солармен дос болады. Тағы да айтсақ, жабайы улы аралар
одан теріс айналса, мейірім шәрбатын жинап беруші берекелі бал аралары соған үймелейтін болады. Солардың қолынан бал жегендей тамаша достар табады. Өз дұғалары арқылы кәусар бұлақтың берекелі суын әрбір мұсылманға ішкізеді. Амал дәптеріне сауап жазылады.
Бір кездері, дүниенің жоғары лауазымына шығып алған кішкентай бір адам даңқын шығару жолында үлкен күнә жасап Ислам әлемінің алдында масқара болған кезінде, оған жоғарыдағы мысалды айтып, соққы берген едім. Қатты шайқалды, бірақ даңқ құмарлықтан құтыла алмағандықтан, ол ескертуіме ояна қоймады.
Екінші айла: Адамның ең маңызды, ең негізгі сезімдерінің бірі - қорқыныш сезімі. Зымиян залымдар адамдардағы осы қорқыныш сезімін қатты пайдаланып кетеді. Сол арқылы қорқақтарды ноқталап алады. Әһлі дүниенің жасырын қызметшілері мен дінсіздердің үгітшілері, қарапайым халықтың, әсіресе ғалымдардың осы сезімін пайдаланып отыр. Қорқытады, уайымға салады. Мысалға, жар басындағы адамды қорқыту үшін бір қу адам, әлгі уайымшылға қорқынышты болып көрінетін бір нәрсені көрсетіп, зәресін алады. Қуалап жүріп жардан құлатады, мойыны үзіледі. Сол сияқты түкке тұрғысыз нәрселер арқылы уайымға салып, өте маңызды нәрселерді тастатады. Тіпті, ол шыбыннан қашып, жыланның аузына түседі. Баяғыда (иманды болсын) құрметті бір досым қайыққа мінуден қатты қорқатын. Кешқұрым Стамбулдағы көпірге келдік. Қайыққа мінуге тура келді. Басқа көлік жоқ. Әюб Сұлтанға баруымыз керек. Мінейік деп қанша өтінсем де, қорқамын мүмкін батып кетерміз деп тұрып алды.
- Мына шығанақта шамамен неше қайық бар? дедім.
- Шамамен мың шақты.
- Бір жылда неше қайық суға кетеді?
- Біреу, екеу, кей жылдары мүлдем батпайды.
- Бір жылда неше күн бар?
- Үш жүз алпыс.
- Сені уайымға салып қорқытып тұрған батып кету ықтималы үш жүз алпыс мың ықтималдан бір ғана ықтимал. Мұндай нәрседен қорыққан адам, адам түгілі хайуан да бола алмайды.
- Апырай, енді неше жыл өмір сүрем деп ойлайсың?
- Мен қартайдым, он жылдай өмір сүруім мүмкін.
- Ажал жасырын, табан астынан келеді. Сондықтан кез-келген
уақытта өліп кетуің мүмкін. Сондықтан үш мың алты жүз күннің кез-келгенінде өліп кетуің мүмкін. Қайық сияқты үш жүз мыңнан бір ықтимал емес, үш мыңнан бір ықтимал. Бүгін де өліп қалуың мүмкін. Ендеше, қалтырап, дірілдеп өсиетіңді айта бер дедім. Есін жыйды. Қалтырап, дірілдеп, қайыққа отырды. Қайықта оған: Бауырым, Аллаһу Тағала қорқыныш сезімін өмірдің шырқын бұзу үшін емес, өмірді сақтасын деп берген. Яғни, өмірді қиындатып, уайым мен қайғыға салынсын деп бермеген. Қауіп, екі, үш - төрт ықтималдан бір, тіпті бес - алты ықтималдан бір болса, сақтанып жүру, қорқу орынды болар еді. Ал жиырма, отыз, қырық ықтималдан қорқу бос уайым, өмірді азапқа айналдыру болмақ.
Ей, бауырым! Егер дінсіздерге жағымпазданушылар сендерді қорқыту арқылы ұлы күрестен бас тартқызу үшін тиісіп жатса, оларға былай деңдер: "Біз Құранның жолындамыз.
сыры бойынша Құран қорғанының ішіндеміз.
Ол біздің айналамызды қоршап тұрған берік қорған. Мыңдаған ықтималдан біреуі арқылы мына қысқа, фәни өмірге кішкене зиян тимесін деп, мәңгі өмірімізге жүзде-жүз қауіп тигізер бір жолға өз еркімізбен түсіре алмайсыңдар.
Тағы да былай деңдер: Апырым-ай, Құран қызметінде жүрген жолдасымыз және осы қасиетті қызметте кеңесшіміз, басшымыз болған Саид Нұрсидің кесірінен біз сияқты хақ жолында дос болған, турашылдардың қайсысына зиян тиіпті, оның адал шәкірттерінен кім бәлеге ұшырапты, біз де зиян көретіндей. Олай болса зияны тиюі мүмкін деп несіне қорқамыз. Бұл бауырымыздың мыңдаған ақыреттік достары мен бауырлары бар. Жиырма-отыз жыл бұрын қоғамдық өмірге белсене араласқан кезінде де оның кесірінен біреудің зиян шеккенін естігеніміз жоқ. Ол кезде оның қолында саясат шоқпары бар еді. Қазір ол шоқпардың орнында ақиқат нұры бар.
Баяғыда "Отыз бірінші март" оқиғасында оны да айыптады. Кейбір достары жапа шекті. Бірақ кейін белгілі болғанындай кінәлі басқалар екен. Достары оның кесірінен емес, дұшпандарының кесірінен жапа шегіпті. Сол кезде де, ол көптеген достарын құтқарып алды. Сондықтан
мың емес, мыңдаған ықтималдың бір ықтималымен қорқытып, мәңгі қазынадан құр қалдырамыз деген ой сендер сияқты шайтандардың ойына келмей-ақ қойсын. Дінсіздерге жағымпазданушылардың аузына құм құйыңдар. Ондай жағымпаздарға тағы да былай деңдер.
Жүз мың ықтималдан бір ғана емес, тіпті жүз пайыз бәле басымызға келер болса, шамалы ақылы бар адам оны тастап қашпайды. Өйткені, үлкен ағасын немесе ұстазын қауіпті кезде, қысылтаяң сәтте сатып кеткендер ең бірінші болып бәлеге ұшырайтыны көптеген тәжірибелерден өткен, әрі өтуде. Әрі қатаң жазаланып, қорлық көрген. Денесі ғана өліп қоймай, рухы да қор болып, рухани күйзеліске ұшыраған. Жазалаушылардың жүрегі оларды аямайды. Өйткені олар да біледі, бұлар өзіне адал әрі қамқор ұстазын сатқандықтан өте төмен азғындар, олар мейірімге емес, қорлануға лайық.
Міне, бұл рас. Әрі тым залым, арсыз біреу, біреуді жерге жатқызып, аяғымен басын езетіндей әрекет қылса, жатқан адам, әлгі залымның табанын сүйсе, осы қорлық арқылы басынан бұрын жүрегі езіліп, денесінен бұрын рухы өледі. Басы да, ар-намысы да кетеді. Айуан, арсыз залымға әлсіздік көрсету, өзі-өзін таптатуға апарады.
Ал, егер аяқ астындағы жәбірленуші, залымның бетіне түкірсе, жүрегі мен рухын аман сақтап қалады. Денесі рухани шейіт болады.
Залымдардың арсыз, қалың бетіне түкіріңдер.
Ағылшындар Стамбулды басып алған кезде, сол елдің ең жоғарғы діни басқармасы яғни, Англикан шіркеуінің дін басы, Ислам діни басқармасынан алты сұрақ сұрады. Ол кезде мен де сол жерде қызмет атқаратынмын. Маған: "Жауап қайтар, алты сұрағына, алты жүз сөзден тұратын жауап күтіп отыр" - деді. Мен: Алты жүз сөз емес, алты сөзбен де, тіпті бір ауыз сөзбен де емес, бір түкірікпен жауап беремін. Өйткені, аяғымен алқымымызды басып тұрған елдің дінбасы, тәкаппарланып сұрақ қойып тұр. Жауап орнына бетіне түкіру керек. Түкіріңдер залымдардың ұятсыз беттеріне - деген едім.
Қазір де былай деймін: Ей, бауырларым! Англия сияқты зорлықшыл бір елдің жаулап алған кезінде, жоғарыдағыдай жауапты баспа тілімен беру, жүз пайыз қауіпті бола тұра, Құранның қамқорлығы маған жеткілікті болды. Сендерді де залымдардың жүзде бір ықтимал, түкке тұрғысыз зиянынан қорғауға Құранның қамқорлығы жетеді. Сондай-ақ, көбіңіз әскерде болдыңыздар, болмағандар әрине естіген
шығар, естімегендер болса, менен естісін. Бекіністі тастап қашқандар көп жарақат алады. Ал ең аз жарақат алатындар бекіністе табан тіреп соғысқандар.
аяты мынаған ишара қылады. Қашқандар, қашуларымен өлімге қарай жүгіреді.
Шайтанның үшінші айласы: Ашкөздікті пайдаланып көп адамды тұзаққа түсіреді. Құран Кәрімнің ашық баяндауына сүйене отырып, көптеген рисалелерде адал ризық күш-қуатқа, ерік-қалауға қарамайтынын, ол әлсіздік пен пақырлыққа байланысты екендігін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеген болатынбыз. Бұл ақиқатты көрсететін көптеген ишараттар мен белгілер, дәлелдер бар. Мысалы, жаны бар, ризыққа мұқтаж ағаштар орнында тұрса да, ризықтары оларға жүгіріп келеді. Ал жануарлар болса, ашкөздене ризық ізіне түскендіктен ағаш сияқты керемет азықтана алмайды. Жануарлардың ішіндегі ең ақымағы балық, шамасы аз, батпақта, су ішінде өмір сүрсе де, керемет азықтануы, жалпы алғанда семіз болуы, ал маймыл, түлкі сияқты ақылды, қу әрі күшті жануарлар дұрыс азықтана алмай, арық, жүдеу болуы ризық табудың жолы, күш-қуат емес - пақырлық, әлсіздік.
Сондай-ақ адам баласының да, басқа төлдердің де тамаша тамақтануы, мейірім қазынасыан жеткен ең нәрлі тағам сүттің күтпеген жерден берілуі, олардың әлсіз, пақыр болуларынан. Ал жыртқыш аңдардың рызықтарын қиындықпен табуы - халал рызықтың себепкері қулық пен күш емес, әлсіздік пен мұқтаждық екенін көрсетеді.
Сондай-ақ әлем халықтары арасында ашкөздікпен аты шыққан Яхуди халқын алайық. Олар сияқты ризық қуған халық жоқ. Алайда қорлықпен, пақырлықпен жапа шегіп қинала күн көруде. Олардың байларының өзі кедейшілікпен өмір сүреді. Әрине риба арқылы (өсімқорлық) харам жолмен табылған мал, адал ризық болмағандықтан тақырыптан тыс. Көптеген әдебиетшілер мен ғұламалардың пақыр жағдайы, ал топастардың бай болуы, ризық табудың жолы қулық, күш еместігін, керісінше әлсіздік пен пақырлық, тәуекел мен тәсілім, яғни бір Аллаһқа тапсыру, сосын тілімен, хал-жағдайымен және іс-әрекетпен дұға қылу, сұрау екенін көрсетеді.
Міне осы ақиқатты білдіретін
аяты, бұл айтқанымызға сондай күшті әрі бұлтартпас айғақ. Бұл аятты бүкіл өсімдіктер мен жануарлар және олардың төлдері, балалары өзіне тән тілімен, тіпті ризыққа мұқтаж барлық нәрсе айтуда.
Ризықтың тағдырда жазулы екені және сыйланып жатқаны, әрі оны беретін Аллаһ екені рас. Ол Рахим және Кәрим, яғни аса мейірімді, әрі өте жомарт. Оның мейірімділігін айыптағандай, жомарттығын азсынғандай, харам жолмен, абыройын төгіп, ар-намысын, тіпті қасиетінен айырылып, сасық та берекетсіз харам дүние жинаған адам, қаншалықты орынсыз әрі ақымақтық жасағанын ойласын. Рас, Әһл-і дүние, әсіресе адасқандар, ақшасын арзанға бермейді. Өте қымбат баға сұрайды. Дүниелік бір жылдық өмірге ғана жететін ақша беріп, орнына мәңгі зияны тиетін нәрсе істетеді. Ондай адам ашкөздік жасап, адасқандардың ризашылығына бөленуге тырысады. Бірақ Аллаһтың қаһарын өзіне шақырады.
Ей, бауырларым! Егер Әһл-і дүниенің жағымпаздары және адасушылардың мунафықтары сендерді осы адамның әлсіз жағы ашкөздік арқылы ұстап алса, жоғарыда айтылған ақиқатты ойлап, мына бауырларыңды үлгі тұтыңдар. Сендерді бар күшіммен мынаған сендіргім келеді, қанағат пен үнемділік тұрмысыңызды еңбек ақыдан артық жалғастырып, ризықпен қамтамасыз етеді. Әсіресе, әлгі сендерге берілген харам-заңсыз ақша, сендерден мың есе көп баға сұрайды. Оның үстіне әрбір сағатты мәңгі қазынаның кілтіне айналдыратын Құран қызметіне кедергі болуы тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Ал ол ай сайын мыңдаған еңбек ақы берілсе де, орнын толтыра алмайтын шығын.
ЕСКЕРТУ: Адасушылар біздің Құран Кәрімнен алып, жайып жүрген иман және Құран ақиқаттарына қарсы тұра алмаған соң, мұнафықтық жасап, зымияндықпен алдап, қулық тұзағын құруда.
Достарымды хубб-ы жаһ, ашкөздік және қорқыту арқылы және маған жала жабу арқылы қолынан келгендерін істеп бағуда. Біз киелі қызметімізде әрдайым болымды түрде әрекет етеміз. Бірақ өкінішке орай әрбір қайырлы істе кедергілер болады, соларды тоқтату үшін бізді кейде болымсыз әрекетке
итермелейді. Сондықтан осындай арандатушылардың қулық, үгіт-насихаттарына қарсы бауырларыма үш тұжырым арқылы ескерту жасадым. Сөйтіп, жасалған шабуылдарын тойтаруға тырысып отырмын. Енді қазір ең күшті шабуыл менің жеке басыма жасалуда...
Олар былай дейді: Саидтың ұлты күрд. Неге соншалықты құрметтеп, соңына ересіңдер? Амал жоқ, қаламасам да осындай адамдардың үнін өшіру үшін шайтанның төртінші айласын Бұрынғы Саид тілімен айтып берейін.
Шайтанның төртінші айласы: Шайтанның сыбырлауына еріп және адасқандардың итермелеуімен маған қарсы үгіт жасап тиісіп жүрген, жоғары лауазымды орындарды иеленіп алған кейбір діннен безгендер, бауырларымды алдау және олардың ұлтшылдық сезімін ояту үшін былай дейді:
Сендер түріксіңдер. Машаллаһ! Түріктен шыққан неше түрлі ғұламалар мен әулиелер бар. Саид күрд. Өзге ұлттан шыққан біреумен бірігіп жұмыс істеу ұлттық сезімімізге қайшы.
Жауап: Ей, діннен безген бейбақтар! Құдайға шүкір, мен мұсылманмын. Сол қасиетті мұсылман халқымның саны үш жүз елу миллион. Осындай мәңгілік бауырларды және дұға етіп маған жәрдем ететін, күрдтердің көпшілігі соның ішінде болған үш жүз елу миллион бауырларымды жағымсыз ұлтшылдық пікір үшін пида қылу, сонымен қатар сол мүбарак бауырларымды тастап, оның орнына күрд деп аталатын және күрд ұлты саналатын бірнеше дінсіз және мазхабсыз адамдарға дос болудан Құдай сақтасын.
Ей, дінсіздер! Мажар кәпірлері және дінсіз Еуропаға еріп кеткен бірнеше түрікпен дүниелік, уақытша, пайдасыз достық құру үшін үш жүз елу миллион нұрлы да пайдалы жамағаттың бақи достығын тастауды, сен сияқты ақымақтар істейді.
Жиырма алтыншы мектубтың үшінші мәселесінде болымсыз ұлтшылдықтың не екенін, оның зияндарын дәлелдеп көрсеткендіктен сөзді соған қалдырып қазір тек сол үшінші мәселенің соңында қысқаша айтылған бір ақиқатқа шамалы түсініктеме жасайын.
Түрікшілдік атын жамылған, негізінде түрік дұшпаны ұлтшылсымақ дінсіздерге былай деймін: Ислам ұлтынан (миллетінен) болған соң мәңгілік бауырластық сезімімен түрік деп аталатын осы отанның
иманды халқымен тығыз байланыстамын және солардың қамын жеп алаңдаймын. Мың жылға жуық Құран туын әлемнің әр тарапына жеңіспен желбіреткен осы отанның халқы мен мақтана да жақтаса сүйсінемін.
Ей, өтірік ұлтшыл, алаяқ! Сенің бауырмалдығың нағыз ұлттық абыройды ұмыттыратындай жасанды әрі уақытша, өтірік. Сен мынаған жауап берші: Түрік халқы тек қана жиырма мен қырық жас аралығындағы бейқам, әуесқой жастардан ғана тұра ма? Оларға ұлтшылдар ұсынып отырған пайдалы қызмет, бейқамдығын арттыратын, мінез-құлқын бұзатын, тиым салынған харамдарға итеретін батыстың мәдениеті мен тәрбиесі ме? Қартайған шағында жылататын уақытша бос күлкілер ме? Егер ұлтжандылық дегенің осы болса, сен осындай түрікшіл, ұлтшыл болсаң мен ондай түрікшіліктен аулақпын, сен де менен аулақ тұруыңа болады.
Егер сенде титтей де ақыл мен сана, ынсап болса, төмендегі жіктеуге қара, сосын жауап бер. Түрік халқы деген бұл отанның ұл-қыздары алты топтан тұрады:
Біріншісі: Игі жақсылар мен тақуа діндарлар.
Екіншісі: Қиындыққа ұшырағандар мен ауру жандар.
Үшіншісі: Қариялар.
Төртіншісі: Балалар.
Бесіншісі: Кедейлер мен дәрменсіз пақырлар.
Алтыншысы: Жастар.
Апырым-ай, алдыңғы бесеуі түрік емес пе? Олардың ұлттық сезімнен сыбағасы жоқ па? Апырым-ай, алтыншы топты мастық ләззатқа батыру үшін қалған бес топты ренжіту, мазасын алу, үміттерін сөндіріп тас-талқан ету ұлтжандылық па? Әлде халыққа дұшпандық па? "Әлхукмулил әксер" (Үкім көпшілікке қарай беріледі) дегендей көпшілікке зияны тигендер дос емес, дұшпан.
Сенен сұрап отырмын, бірінші топ имандылар мен тақуалардың мол пайдасы батыстың бұзылған мәдениетінде ме? Әлде иман ақиқатының нұрларымен мәңгі бақытты ойлап, аса құмартқан хақ жолында жүру, көңілін жұбату ма? Сен сықылды адасқан әрі ұлтшылдығын саудалап жүргендердің жолы, тақуа, иманды жандардың рухани нұрларын сөндіріп, нағыз көңіл жұбаныштарын бұзып, өлімді мәңгіге жоқ болу, ал қабір - қайта оралмас қоштасудың есігі деп көрсетуде.
Ал, екінші топ, қиыншылыққа ұшырап жапа шеккендерге, науқастар мен өмірден түңілгендерге батыстың сасық, дінсіз, мәдени тәрбиесінен не пайда? Ол бейшаралар нұр іздейді. Қиналғандарына ақы сұрайды. Зұлымдық еткендерден кегін алғысы келеді және жақындап қалған қабірдің үрейін басқысы келеді. Сен сияқты алаяқ өтірік ат жамылған халықшылдар әлгі мейірім мен қамқорлыққа мұқтаж жапа шеккен байғұстардың жүректеріне ине шаншып, басын төпеп сабап жатыр. Қатыгездікпен үміттерін сөндіріп жатыр. Үмітсіздікке салып отыр. Осы ма ұлтжандылық? Осы ма халық қамын ойлау?
Үшінші топ халықтың үштен бірін құрайтын қариялар. Бұлар қабірге жақындап келеді, өлім таяп, дүниеден алыстап, ақыретке бет алуда. Хулагу мен Шыңғыс хан сияқты залымдардың қатыгез қанды оқиғаларын тыңдатудың оларға пайдасы тие ме? Ақыретті ұмытқызып, дүниеге батыратын нәтижесіз, рухани аздыру, бірақ аты өркениет деп аталған мына іс-әрекеттеріңнен не пайда? Ақыреттік нұр мен нағыз жұбанышты демеуді кинодан, театрдан таба ма? Әлгі бейшара қариялар өз ұлтынан құрмет күтіп тұрғанда, рухани пышақпен бауыздағандай мәңгіге құрып жоқ боласың деген ой туғызу, мейірімділік қақпасы деп үміттенген қабірді, айдаһардың апанына айналдыру, сен сонда барасың деп ойша құлағына сыбырлау ұлтжандылық болса, мұндай ұлтжандылықтан жүз мың рет "Әл иязу билләһ" Аллаһ сақтасын!
Төртінші топ, балалар. Бұлар ұлттық сезімнен мейірім, қамқорлық күтеді. Бұлар әлсіз, күшсіз, қуатсыз болған соң, мейірімді де құдіреті күшті бір Аллаһты тану арқылы жандары жадырап, рухтары көтеріледі, қабілеттері артады. Имани тәуекел, Ислами тәсілім арқылы мұсылманшылық тәрбие саясында өмірде кездесетін орасан зор мәселелерге, қиындықтарға қарсы тұра алатын болады. Сөйтіп өмірге ынтамен қарайды. Оларға онша қатысы жоқ мәдени даму дәрістері мен ынта жігерін жоятын, рухтарын сөндіретін нұрсыз, тек материалдық философия заңдарын үйреткеннен не пайда? Егер адам тек денеден ғана тұратын болса, ақылы болмаса, бәлкім осы бейкүнә балаларды уақытша жұбататын мәдени тәрбие деп жүрген, ұлттық тәрбие деп айдар таққан шетелдік дәстүрлер оларға ойыншық ретінде дүниелік пайдасы тиюі мүмкін. Алайда бұл жасөспірімдер келешекте қызу өмірге араласады. Адам болған соң кішкене ойларында биік мақсаттар тұр. Олай
болса, оларға қамқорлық жасап, тым пақыр, өте әлсіз табиғаттарына, жүректеріне Аллаһқа иман, Ақыретке иман арқылы мықты демеу, жұбаныш, сарқылмас күш-қуат беру керек. Оларға қамқорлық осылай болады. Әйтпесе, жын қаққан шешенің өз баласын бауыздағаны сияқты ұлтшылдық деген мастықпен әлгі бейшара бейкүнәларды рухани бауыздау, пышақтау болып табылады. Қарнын тойдыру үшін миы мен жүрегін алып жегізу сияқты жабайылық және зұлымдық.
Бесінші топ жарлы, жақыбайлар, әлсіз бейшаралар. Апырым-ай, қиын жағдайда өмір тауқыметін тартып жүрген пақырлардың және аласапыран өмірдің соққыларын жеп мұңайған әлсіздердің ұлтжандылықтан сыбағалары жоқ па? Бұл бейшаралардың үмітсіздігі мен уайымын арттыратын және кейбір азғын байлардың әуестігін қоздыратын және кейбір залым күштілердің атын шығаратын, бірақ кейін оларды сорлататын шетелдік тұрмыс, шектен шығу, перғауындық, бірақ мәдениет деп айдар таққан мына тірліктеріңнен не пайда? Бейшара, жарлы, жақыбайлардың жарасына ем болатын нәрсе ұлтшылдық идеядан емес, Ислам дінінің қасиетті қазынасынан шығады. Әлсіздерге қуат пен табандылық, қараңғы да кездейсоқтыққа шырмалған бейсана табиғат философиядан шықпайды. Ислами жанашырлық пен қасиетті Исламиеттен туындайды.
Алтыншы топ жастар. Жастардың жастық шағы мәңгі болатын болса, ұлтшылдықтың шарабы бәлкім уақытша пайдалы болар,. Алайда бұл жастық шақтың мастығынан қарттық келіп айыққанда қайғыға айналып, әлгі тәтті ұйқы ащы да өкінішті оянумен тынады. Әлгі шараптың құмары мен уайымы зар жылатып, тәтті ұйқының аяқталуынан пайда болған уайым, қатты өкіндіретін болады. Кейін "Қап әттеген-ай, жастық шақ та, өмір де өтті. Қабірге құр алақан баратын болдым-ау. Туһ, ақылға келіп есімді ертерек жиғанымда ғой" дейді.
Апырым-ай, бұлардың ұлттық қамқорлықтан алар ақылары, осылай уақытша көңіл көтеріп, сосын өмір бойы өкіне жылау ма? Әлде олардың дүниелік бақыттары мен өмір қызықтары сол керемет әрі тамаша жастық нығметіне шүкір ретінде ол нығметті азғындық жолға емес, керісінше тура жолға жұмсап, фәни, уақытша жастықты құлшылық арқылы мәңгіге айналдыру, әрі сол жастықтың арқасында бақыт әлемінде мәңгі жастықты ұтып алу ма? Ақылың болса сен айт!
Сонымен Түрік халқы тек алтыншы топтағы жастардан ғана тұратын болса, және жастық шақ өшпес бақи болатын болса, әрі дүниеден басқа жерге бармайтын болса, сендердің мына түрікшілдік пердесін киген батысқа еліктеу саясаттарың ұлтжандылық саналуы мүмкін. Сосын, мен сияқты дүниелік өмірге онша мән бермейтін ұлтшылдықты батыстан келген ауру деп санайтын және жастарды харам жолмен көңіл көтеруден, әуестікке салынудан тыюға тырысқан және басқа өңірде дүниеге келген адамды "Ол күрд, оған ермеңдер" деп айтуға ақыларың болар. Бірақ Түрік деген халық жоғарыда аталған алты топтан тұрады. Олай болса алтының бесеуіне зиян беріп мазасын алу, тек біреуіне ғана уақытша, дүниелік, соңы қауіпті ойын-сауықтармен мас қылу - түрік халқына достық емес, қастық.
Иә, менің ұлтым түрік емес екені рас, бірақ түріктердің тақуа діндарларына, қиыншылыққа ұшырағандарына, қарттарына, балаларына, әлсіздер мен кедей-кепшіктеріне бүкіл күш-қуатыммен, ынтаммен қамқорлық жасап, бауырмалдық етіп келдім, әлі ете бермекпін.
Алтыншы топ жастарды да дүниелік өмірлерінің шырқын бұзатын, ақыреттік өмірін тас-талқан ететін, әрі бір сағат күлдіріп орнына бір жыл жылататын харам іс-әрекеттен тиғым келеді. Тек соңғы алты-жеті жыл ғана емес, жиырма жылдан астам Құраннан дәріс алып, оның түсіндірмелерін түрік тілінде жазып, жайып жүрген кітаптарым көз алдарыңда.
Иә, Аллаһқа шүкір, Құран Хакимнен алынған нұр шығармалары арқылы қарт кісілерге өте қажет нұр көрсетілуде. Бәлеге ұшырағандар мен науақастарға ауадай қажет пайдалы демеу-дәрі - Құранның қасиетті қазынасынан алынып, көрсетіліп жатыр. Қарттарды қатты мазалайтын қабір мейірімділіктің бастамасы екені, жоқ қылудың апаны еместігі, әлгі Құран нұрлары арқылы көрсетілуде. Жас балалардың нәзік көңілдеріне, көптеген бәлелер мен зиянкес нәрселерге қарсы өте күшті демеу және шексіз арман-тілектеріне тіреу боларлық ақиқаттар Құран Кәрімнен алынды, көрсетілді және іс жүзінде пайдаға жарады. Кедей кепшіктер мен әлсіздерді, бейшара пақырларды езіп, өкіндірген өмірдің ауыр жүгі Құран Кәрімнің иман ақиқаттары арқылы жеңілдетілді.
Міне, Түрік халқының осы бес тобы пайдасын көруде. Алтыншы топ жастар. Олардың жақсыларына адал бауырмыз. Ал, сен сияқты діннен безгендерімен ешқандай достығымыз жоқ. Өйткені, діннен
безгендер мен Түрік халқының мақтанышы болған Ислам дінінен шыққысы келгендерді Түрік деп санамаймыз. Оларды түрік маскасын киген шетелдік, бөгде біреу деп білеміз. Неге десең, олар жүз мың рет Түрікпіз деп жар салса да, ақиқатшыларды алдай алмайды. Өйткені істеген істері, жүріс-тұрыстары олардың сөздерін өтірікке шығарып тұр.
Ей, шетелге еліктеп, солардың сойылын соғып, өз насихаттарымен менің адал бауырларымды тартқылап жүрген Құдайдан безгендер! Бұл халыққа тигізген пайдаларың не? Бірінші топ тақуалар мен діндарлардың нұрын сөндіріп отырсыңдар. Мейірімге мұқтаж, аялауға лайық екінші топтың жараларына у сеуіп жатсыңдар. Құрметке лайық үшінші топтың сағын сындырып үмітсіздікке түсіріп отырсыңдар. Қамқорлыққа мұқтаж төртінші топтың рухани күш-қуатын сарқып, адамгершілігіне зияндарың тиюде. Жәрдемге, жұбату мен демеуге аса мұқтаж бесінші топтың үмітін, тірегін қиратып өмірді өлімнен бетер үрейлі түрде көрсетіп отырсыңдар. Ескертуге, тәрбиеге өте мұқтаж алтыншы топқа жастықтың мастығын одан әрі қоздыратын шарап ішкізудесіңдер. Бірақ ол шараптың уы өте қорқынышты, аса сұмдық қайғылы. Апырым-ай осы ма ұлтжандылық? Осы үшін қасиетті дініңді сатасыңдар ма? Түрікшілдіктен түріктерге пайда осылай бола ма? Жүз мың есе Құдай сақтасын, беті аулақ!
Ей, Мырзалар! Шындыққа келгенде жеңіліп қалсаңдар, күшке салатындарыңды білемін. Күш ақиқатта, күштінікі ақиқат деуге болмайды. Сондықтан дүниемізді отқа орасаңдар да, Құран ақиқаттары жолында пида болуға дайын мына бас, сендерге иілмейді, мынаны да айтайын:
Сендер сияқты халық алдында жағымсыз, саны жағынан шектеулі адамдар ғана емес, тіпті сендер сияқты мыңдаған адам дұшпандық жасаса да, тапжылмаймын. Мен сендерге зиянкес хайуандардан артық мән бермеймін. Өйткені маған не істей аласыңдар. Қолдарыңнан келетіні өмірімді қию, не болмаса қызметіме зиян беру. Осы екі нәрседен басқа дүниемен байланысым жоқ. Ал, ажалымның өзгермейтіні анық. Оған көзбен көргендей кәміл иманым бар. Хақ жолында ақиқат үшін өлуден қашпаймын, қайта асыға күтемін. Оның үстіне мен қартайдым. Бір жыл өмірім бар ма, жоқ па белгісіз. Күмәнді бір жыл өмірді, шейіт болып, мәңгі өмірге айналдыру мен үшін биік мақсат, үлкен арман.
Ал, қызметке келер болсақ, Құдайға шүкір, Құран мен Иман қызметі үшін Аллаһу Тағала аса мейірімімен керемет бауырлар сыйлады. Опат болсам бұл қызмет одан әрі өршіп, мен барда бір орталықтан басқарылса, мен жоқта бірнеше жерден басқарылып қызу жүрмек. Мен өліп, тілім күрмелсе, өте күшті де өткір тілдер менің орныма сөйлеп, қызметті одан әрі жалғастыра бермек. Бір түйір тұқымдық дән жер астында шіріп, көктеп өсіп-өнеді де бір түйірдің орнына жүз түйір дән міндет атқара бастайды. Сол сияқты осы қызмет жолында өлімім өмірімнен артық қызметке ұйытқы болар деген үміттемін.
Шайтанның бесінші айласы: Хақ жолдан тайғандарды жақтаушылар менмендікті пайдаланып бауырларымды менен алыстатқысы келеді. Шынымен де адамға ең қауіпті сол менмендік сезім. Ең осал жағы да сол. Оны қоздыру арқылы көптеген жаман нәрселерді істетеді.
О, бауырларым! Байқаңдар, сендерді менмендік жақтан ұрып, тұзаққа түсірмесін. Естеріңде болсын, бүгінгі таңда адасқан топ, менмендікке мініп алып, теріс бағытта, шауып жүр. Сондықтан хақ жолындағылар менмендікті тастауға міндетті. Сонда ғана хақ пен ақиқатқа қызмет ете алады. Егер менмендікті дұрыс пайдаланғанның өзінде, бәрібір әлгі адасқандарға ұқсап қалатындықтан аналар да өздері сияқты нәпсіқұмар санайды. Хаққа деген қызметке құрметсіздік болады.
Сонымен қатар бізді біріктіріп отырған Құран қызметіміз "әнә" (мен) дегенді қабылдамайды. "Наһну"ды қалайды, "мен" демеңдер "біз" деңдер дейді. Өздерің білесіңдер, мына пақыр бауырларың "мен" деп ортаға шыққан жоқ, сендерді өзіне қызметші жасап жатқан жоқ. Ол "мен" жоқпын деп өзін Құранға қызметші ретінде ұсынады. Ұстанған жолы өзін-өзі ұнатпау, өзіне жақтаспау. Пайдалануға ұсынылып отырған шығарма, жалпыға ортақ Құран Кәрімнің сәуле, ұшқындары екенін анық айғақтармен дәлелдеп беріп отыр. Ешкім тәкаппарланып менікі дей алмайды.
Ал, фарз-ы мухал (болуы мүмкін емес) айталық, мен өзім жаздым деп иеленген күннің өзінде, менің кемшіліктеріме әрі қарапайымдылығыма қарамай (бір бауырымның айтқаны сияқты "Құранның ақиқат қазынасының есігі ашылды" дегеніндей) ғалымдар мен кәміл жандарға дейін ізіме еруден тартынбаулары, әрі өзімдікі өзіме жетеді демеулері керек.
Бұдан бұрын келіп кеткен әулиелер мен ақиқатшыл ғұламалардың шығармалары бүкіл дертке шипа әрі толық жететіні рас, олар алып қазына. Бірақ кейде мынадай да болады. Кілт қазынадан әлдеқайда қымбат. Неге десеңіз, қазына жабық, құлыптаулы. Бірақ бір кілт бәрін ашады. Менің ойымша, жарыққа шыққан"Сөздер" яғни "Рисалей Нұр" кітаптарының әрқайсысы Құран ақиқаттарының бір кілті екенін, ал оны жоққа шығарғысы келіп тіл тигізгендерге өткір алмас қылыш екенін іліміне сенетін менменшіл, тәкаппар жандар да түсінген сияқты. Сол әлгі кәміл де көзі ашық және ілімді тәкаппарлар біліп қойсын, олар маған емес Құран Кәрімге шәкірт. Мен олардың ілім жолындағы жолдасымын.
Фарз-ы мухал "мен ұстазбын" деп айталық. Міне, имандылар үшін қарапайым халықтан бастап зиялы қауымға дейін пайдасы тиіп, оларды уайым мен шүбәлардан құтқаратын шара таптық. Олай болса, ғұламалар бұдан оңай бір шара тапсын я болмаса осы шараны қолданып дәріс берсін, болыссын.
"Ғұлама-и суи" деп аталатын ілімін бұрыс жолға жұмсайтындар туралы қауіпті хабар бар. Сондықтан бүгінгі таңда ғұламалар байқаулары керек. Бұлай болуы мүмкін емес болса да, менің дұшпандарым айтқандай, мен де менмендік жасап, осындай қызмет жасап жүр"екенмін делік.
Апырым-ай, дүниелік, ұлттық мақсат үшін көп адамдар менмендігін тастап перғаундай тәкаппар бір адамның айналасына адал түрде, ықыласпен жиналып, өте күшті ауызбіршілік етіп жатқан кезде, мына бауырларың менмендігін тастап Құран мен Иман ақиқаттары жолында өзінің тәкаппарлығын қойып, әлгі ұйымдардың басшылары тәрізді сендерден де менмендікті қойып, Құран ақиқатының айналасына ауызбіршілікпен жиналуды сұрауға ақысы жоқ па? Сендердің ең үлкен ғұламаларың оған "Ләббәй" демесе, жөнсіздік болмай ма?
Бауырларым! Менмендіктің арамыздағы ең қауіпті жағы қызғану, көре алмау. Егер іс тек Құдай үшін атқарылмаса, қызғаныш араласады, бұзады. Мысалға, адамның бір қолы екінші қолын қызғанбайды, көз құлақты қызғанбайды. Жүрек ақылмен бәсекелеспейді. Сол сияқты бұл жамағатымыздың бірлескен бір ғана рухани тұлғасы бар. Әркім соның мүшелері ретінде. Бір-бірімізбен бәсекелесу былай тұрсын, керісінше, бір-біріміздің қасиеттерімізді мақтаныш тұтып, масаттануымыз керек. Бұл ар-ожданның міндеті.
Тағы бір мәселе бар. Ол да өте маңызды. Өздеріңнің немесе туыстарыңыздың арасындағы мына пақыр бауырларыңа деген қызғаныш, көре алмаушылық. Бұл өте қауіпті. Құдайға шүкір, сіздерде өте күшті ғұламалар бар. Ғұламалардың кейбіреуі іліміне сеніп менмендік жасайды. Өзі инабатты, кішіпейіл болғанымен ол жағынан алғанда менменшіл, тәкаппар келеді. Онысын оңайлықпен қоя алмайды. Жүрегі, ақылы қанша болысқанымен нәпсісі әлгі ілімімен менмендік жасап, ерекшеленіп, өзін пұлдағысы келіп тұрады. Тіпті жазылған рисалелерге қарсы шыққысы келеді. Жүрегі рисалелерді сүйіп, ақылы ұнатып, өте жоғары бағалап тұрса да, нәпсісі әлгі іліми менмендікке салынып, қызғаншақтық жағымен астыртын қастандық ойлағандай Рисале-и Нұрдың қадірін түсіргісі келеді. Сөйтіп, өз пікірінің өнімі де жоғары бағаланып, Нұр рисалелері сияқты жайылуын қалайды.
Бірақ, сендерге мынаны айтуға мәжбүрмін. Мына Құран дәрісінің аясына кіргендер, қанша ғұлама, мүджтаһид (Құраннан, Хадистен үкім шығарушы) болса да, атқарар міндеті: (Иман ілімі тұрғысында) тек осы рисалелерді түсіндіру, мағыналарын ашып жеткізу немесе реттеу. Өйткені көптеген оқиғалардан мынаны түсіндік: Иман ілімі тұрғысында пәтуа беру (шариғатқа сай үкім айту) міндеті бізге жүктелген. Егер кім де кім арамызда нәпсінің іліми менмендігіне салынып, түсіндіруден басқа бір нәрсе жазса, болымсыз қасарысу немесе кемшін бір көшірме болады. Себебі Рисале-и Нұр кітапшалары Құранның тамшылары екені көптеген айғақтармен және белгілі нышандармен дәлелденген. Біз істі бөлісу арқылы әрқайсымыз бір міндет арқалап, осы өмір суының тамшыларын мұқтаж жандарға жеткізушіміз.
Шайтанның алтыншы айласы: Адам бойындағы жалқаулық, тоғышарлық, яғни рахат құмарлық және іскерлік жағын пайдаланады. Адами шайтандар мен жын шайтандар жан-жақтан тиіседі. Достарымыздың адалдығын, қайсарлығын, ер жүректігін, ықыласты ниетін, жанашыр, еңбекқор екендігін көргенде басқа жақтардан шабуыл жасайды. Ісімізді тоқта5ту, қызметімізге зиян беру үшін олардың жалқаулығын, тоғышарлығын, дайын асқа ие болу сияқты немесе жұмысқа беріліп кету жағынан келіп тиіседі. Сөйтіп, оларды осындай қулықтармен Құран қызметінен алыстатып, уақыт таба алмайтын дәрежеге апарады. Ал, кейбіреуіне дүниенің
тартымды жақтарын көрсетеді. Әуестігін оятады, қызметті ұмыттырып, бейқамдыққа салады, тағысын тағы. Айта берек, мұндай шабуылдар көп. Сөзді қысқартып, қалған жақтарын мұқият та зерек, өткір ой мен қырағы назарларыңа тапсырдық.
Ей, бауырларым! Абай болыңдар! Жүктелген міндет қасиетті, атқарар қызмет құнды да маңызды. Маңыздылығы сондай әрбір сағатымызды бір күндік ғибадатқа айналдыратындай дәрежеде қымбат. Байқаңдар, уыстарыңнан шығып кетпесін!
Құран Хакимнің өте маңызды муғжизалық сырларының біреуі ашылған жылдың тарихы, Құран сөзінің өзінен белгілі болып тұр.
Құран сөзі әбжәд есебі бойынша үш жүз елу бір болады. Мұнда екі әліп бар.Жасырын Әліп Әлфун болып оқылса, мың деген мағынаны білдіреді. Демек мың үш жүз елу бірінші жылға Құран жылы деуге болады. Өйткені Құранның тәпсірі болған Рисалей Нұрдағы сәйкестіктердің ғажайып сырлары сол жылы байқалды. Құрандағы Аллаһ сөзінің мұғжиза дейтіндей сәйкестік сырлары да сол жылы белгілі болды. Құранның жазылу үлгісіндегі муғжизаларын көрсететін жаңа бір Құран үлгісі де, сол жылы жазылды. Құранға тән алфавиттің (араб алфавиті) өзгертілуіне қарсы Құран шәкірттерінің сол алфавитті сақтап қалуға тырысу әрекеттері де, сол жылы басталды. Құранның мұғжизаларына деген қызығушылық та, сол жылы байқалды. Дәл сол жылы Құранға қатысты маңызды оқиғалар болды. Жалғаса да беретін сияқты.
{ Сілтеме: Грамматикалық заңдарға сәйкес, фейлун, фелун деп оқылады. Кетифуның кетфун болып оқылатыны секілді. Осыған орай әлифун әлфун болып оқылады. Олай болса, мың үш жүз елу бір болады.}
Алтыншы рисале атанған
[Көпшілікке арналмаған бұл қосымша, Келешек ұрпақтың бізді жек көріп, жиіркенбеулері үшін жазылды, яғни: "Тфу, сол ғасырдың боркемік адамдарына" деген кезде, бетімізге түкірік шашырмауы, немесе соны тазалап алуымыз үшін жазылды.
Еуропаның гуманизм пердесін киген жабайы басшыларының саңырау құлақтарына жетсін! Сол ождансыз қатыгездерді бізге айдап салып отырған найсап залымдардың соқыр көздеріне кірсін! Қай жағынан алсаң да, "Жасасын Жәһәннам" деуге мәжбүр еткен мына ғасырдағы арсыздықтың ең сорақысын, мәдениет санайтындардың басына тоқпақ болып тисін деп жазылған]
Бүгінгі таңда дінсіздердің жасырын шабуылдары шектен шығып кетті. Көптеген мұсылмандарға жасалып жатқан зұлымдықтардың бірі ретінде маған да тиісіті. Өзім жөндеткен мешітте бір - екі бауырыммен ғана оңаша оқып жүрген намазымызға, жасырын оқып жүрген азан мен қаметке тиісті. Бұл әрекеттер заңсыз түрде бізге қарсы арнайы жасалды. Неге Арабша азан шақырып, қамет айтасыңдар дейді.Үндемеуге сабырым қалмады. Сөйлесуге тұрмайтын ұятсыз, сорлыларға емес, ойына келгенін істейтін, елдің тағдырымен ойнап отырған перғауын - пиғыл ұйымның басшыларына айтам. Ей, бидғаттарға бой алдырғандар мен діннен тайған имансыздар! Алты сұрағыма жауап берулеріңді талап етемін.
Біріншісі: Әлемдегі Үкімет құрып, ел болып отырған кез келген қауымда, тіпті адам жегіш жабайылардың, оны қойып жыртықыш аңдардың да басқарып жүрген топ басшыларының өзіндік заңдары, қағидалары бар. Сендер қандай заңға сүйеніп, мынадай сұмдық шабуылға шығасыңдар? Заңдарыңды көрсетіңдер. Әлде сендер, ана ұятсыз қызметкерлеріңнің бейбастық қылықтарын "заң" деп бекіттіңдер ме? Жеке бастың оңаша құлшылығына қарсы қалай заң шығарасыңдар? Ондай заң шығарылмайды.
Екіншісі: Адамдар арасында,әсіресе бостандықтар ғасырында, мәдениет шеңберінде, жұрттың бәріне ортақ Ар - Ождан бостандығын жою, менсінбеу, сол арқылы адамзатты қорлау, қарсылықтарын елемеу деген астамшылықтарыңды қандай күшке арқа сүйеп жасап отырсыңдар. Өздеріңе, діннен бөлекпіз деген айдар тағып, дінге де, дінсіздікке де араласпаймыз деп жар салғандарыңмен дінсіздікке көрсоқырлықпен жабысып алып, дінге де, діндарларға да қысым жасауларың, әрине елеусіз қалмайды! Жауап бересіңдер! Не дей аласыңдар? Жиырма үкіметтің ішіндегі ең кішкенесінің қарсылығына төтеп бере алмағандарыңа қарамай, солардың бәрінің ұстанымы болған ар - ождан бостандығын күштеп жоюға тырысып жатырсыңдар.
Үшіншісі: Ар - ожданын дүниеге сатқан бір топ бұзық ғалымсымақтардың Ханафи Мәзхабының жоғарғы деңгейіне, саф тазалығына қайшы келетін қате пәтуасын мен секілді Шафиғи мәзхабындағы адамдарға қандай қағида бойынша қабылда дейсіңдер. Бұл елдегі миллиондаған Шафиғи мәзхабын ұстанушылардың барлығын Ханафи мәзхабына кіргізгеннен кейін барып, мені сол пәтуаларды қабылдауға мәжбүрлесеңдер, мұндайды сендер сияқты дінсіздердің әрекеті дер едім. Ал бұларың бейбастықтың ең сорақысы. Ондайлардың айтқанына көніп, айдағанына жүруге болмайды.
Төртіншісі: Баяғыдан бері Исламиятпен біте қайнасып, бірігіп кеткен шынайы діндар, дініне берік түріктің ұлттық болмысына мүлдем кереғар түрдегі батысқа еліктеушілікке Түрікшілдік деген айдар тағып, бүлдіріп, бидғалар шығарудасыңдар. "Түрікше қамат айт" деп мен секілді басқа ұлттың адамдарына қысым жасау қандай заңға сияды. Нағыз Түріктермен шынайы доспын, бауырмын қарым-қатынасым да жақсы. Бірақ сендер сияқты түрікшілсымақ, батысшылдармен байланысым жоқ. Өз ойларыңды неге маған тықпалайсыңдар?
Заңдарың қайсы? Егер сендер Түріктермен бірге бір отанда өмір сүріп, баяғыдан бері ұлттық болмысын да, тілін де жоғалтпай келе жатқан миллиондған Күрттің ұлттық болмысын жойып, тілін ұмыттырып жібергеннен кейін барып, біз секілді басқа ұлттың өкілдеріне әлгіндей нәрсе айтсаңдар, бір шама болса да жабайылықтың қағидаларына жанасар еді. Ал мыналарың заңсыздық, Әркімнің ойына келген нәрселеріне мойынсұнуға болмайды. Мойынсұнбаймыз.
Бесіншісі: Қандай да бір үкімет өз азаматтарынан және өз азаматымыз деп қабылдаған адамдардан, сол елдің заңдарына бағынуын талап ете алады.Бірақ өз азаматымыз деп қабылдамаған адамдардан мұны талап ете алмайды. Өйткені ол адамдар "Егер біз сендердің азаматтарың болмасақ, Сендер де біздің үкіметіміз емессіңдер" дей алады.
Сондай-ақ ешқандай үкімет екі жазаны бірден қолданбайды. Адам өлтірген қанішерді не түрмеге қамайды немесе өлім жазасына кеседі. Бас бостандығынан айыру жазасы мен өлім жазасын қатар қолдануға болмайды. Басқа бір жақтан қаңғып келген қылмыскерге де жасалмайтын нәрсені жасап, сегіз жылдан бері қамап отырсыңдар. Қанішерлерге де рақымшылық жасап жатсыңдар. Ал мені бас бостандығымнан айырып, мәдени құқымды таптап отырсыңдар. Бұл да осы Отанның перзенті ғой демедіңдер. Мына бейшара халыққа да күштеп қолданып отырған зорлықшыл заңдарыңды мен секілді сендер үшін "бөтен" адамның алдына қалай тартасыңдар. Бұл заңсыздық. Дүниежүзілік соғыста, Бас Қолбасшының өзі куә болған ерліктер мен жанқиярлылықтарды, отан үшін арпалысқан ерліктерді қылмыс деп санадыңдар. Бейшара халықтың жақсы қасиеттерін сақтап қалуға, екі дүниелік бақытына септігі тиер еңбекті, қастандық деп санадыңдар. Зиянынан басқа пайдасы жоқ, қатерлі де бейбастық, күпірлікке толы батыстық қағидаларды қабылдамаған бір адамды сегіз жыл қамадыңдар. Қазір жиырма сегіз жыл болды. Бір ғана жаза қолданылады. Жазаның орындалуын қабыл етпедім. Еріксіз жаза тарттым. Екінші бір жазаны күштеп қолдану, қандай қағидаға сыяды ?
Алтыншысы: Сендердің сенімдерің бойынша және маған қарсы жасалған әрекеттеріңе қарағанда, арамызда бітіспес қайшылық бар. Сендер діндеріңді де, о дүниелеріңді де мына жалғанның жолында пида қылдыңдар. Әрине арамыздағы қарсыластық сыры бойынша біз
де сендерге керісінше, дініміз бен ақыретіміз жолында мына дүниені әрқашанда пида етуге дайынбыз. Сендердің, зұлымдық пен жабайылық жайлаған биліктеріңнің астында қорлықпен өтетін бір - екі жылдық өмірімізді. Шәйт болып кету жолында пида ету, кәусар бұлақтан су ішкендей болады. Бірақ Құран Хәкімнің нұры мен ишарасына сүйене отырып, сендердің зәрелеріңді ұшыратын нақты хабарды жеткізейін.
Мені өлтіргеннен кейін сендерге де күн жоқ. Қаһарлы бір қол Жұмақтай санап, өліп - өшіп жақсы көрген мына дүниеден жұлып алып, мәңгілік түнекке бір-ақ лақтырады. Менен кейін сендердің Нәмрудқа айналған басшыларың арам қатады. Мен де Аллаһтың құзырында жағаларыңа жармасам. Әділетті Аллаһ оларды Әсфали - Сафилінге тастап, кегімді қайтарады!
Ей, діні мен ақыретін дүниеге сатқан бейбақтар! Өмір сүргілерің келсе, маған тиіспеңдер! Тиісер болсаңдар, кегімді еселеп қайтаратынымды біліңдер. Қорқыныштан қалтыраған күйі жүріңдер. Мен Аллаһтың мейірімінен үміт етемін. Өлімім, тірі жүргенімнен артық дінге қызмет етеді және бомбадан да жаман болып жарылып, бастарыңды талқандайды. Қорықпасаңдар тиісе беріңдер. Қолдарыңмен істегенді, мойындарыңмен көтересіңдер! Сендердің қоқан - лоқыларыңа қарсы бар болмысыммен мына аятты оқимын.
Жетінші бөлім
[Үш сұрақтың жауабы ретіндегі "Жеті ишара" Бірінші сұрақ төрт ишарадан тұрады.]
Бірінші ишара: Исламның нышандарын өзгертуге тырысып жатқандардың келтірген айғақтары мен дәлелдері, әрбір жаман істің артында тұратын сол баяғы мұсылман еместерді көрсоқырлықпен үлгі тұтудан шығып жатыр.
Олар былай дейді: "Лондондағы тура жолға түсіп, иманға келіп жатқан шетелдіктер азан, қамет секілді көптеген нәрселерді өз тілдеріне аударуда." Ислам әлемі оларға наразылық білдіріп, қарсы шығып жатқан жоқ. Олардың үндемеулеріне қарағанда, бұған шариғатта рұқсат болғаны ғой.
Жауап: Мұндай салыстырманың айырмашылығы айдан анық. Есі дұрыс біреудің мұндай салыстыруларды үлгі тұтуының ешбір жөні жоқ. Өйткені, шариғат тілінде мұсылман емес өлкеге "Дарул Харб" дейді. Ондай жерде көптеген нәрселерге рұқсат берілуі мүмкін. Мұсылман елде оларға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ Европа елдері христиандық билік аясында. Ислами терминдер мен қасиетті сөздердің мағыналарын еске түсіріп, сездіріп тұратын орта болмағандықтан, қасиетті сөздердің орнына киелі мағыналарды білдіретін сөздерді таңдауға мәжбүр болған.
Яғни, мағыналар сөздердің орнын басқан. Жаманның жақсысын таңдау болған. Мұсылман елдегі ортаның өзі, өз болмысымен сол қасиетті сөздердің мазмұны арқылы мұсылмандарға сабақ беруде. Ислами ұрпақ жалғастығы, Ислам тарихы, бүкіл Ислами терминдер, мұсылмандардың Иман шарттарына қатысты әңгімелері сол қасиетті сөздердің мағыналарын үнемі мұсылмандардың есіне түсіріп отырады.
Тіпті, бұл елдің ғибадатханалары мен медреселерін былай қойғанда, қабірстандағы құлпытастардың әрқайсысы ескертуші, мұғалім секілді. Сол киелі мағыналарды еске салып тұр. Өзін мұсылманмын деген бір адам бұл дүниелік пайда үшін европаның елу сөзін бір күнде жаттап алады. Ал, күніне елу рет қайталанып тұратын "СұбханаллаҺ, Әлхамдулиллаһ, Лә иләһә Иллаллаһ, Аллаху Әкбар" секілді қасиетті сөздерді елу жылда үйрене алмаған біреу, хайуаннан елу есе төмен түспей ме? Ондай қасиетті сөздер мынадай хайуандар үшін тәржіма жасалмайды, өзгертілмейді. Тастауға да болмайды. Оларды өзгерту, бұзу құлпытастарды талқандаумен тең. Бұл қорлыққа шыдай алмай дөңбекшіген әруақтарды өздеріне қарсы қою болады.
Жолдан тайған дінсіздердің қармағына түскен пиғылы бұзық ғалымсымақтар: Өзге имамдар олай демесе де, Имам Ағзам "Арабша білмейтін алыс өлкелердегілердің қажет болған жағдайда Фатиханың парсыша аудармасын оқуына болады" деген. Олай болса, біз де мұқтажбыз ғой. Түрікше оқи берейік дейді.
Жауап: Имам Ағзамның бұл пәтуасына қатысты үлкен имамдардың ең мықтыларынан бастап, он екі мүджтаһид имам олай болмайтындығын айтып пәтуа берген. Исламның даңғылы сол көпшіліктің жолы. Үммет сол жолмен кетіп барады. Басқа жаққа бұра тартатындар адасушылыққа апарады.
Ал, Имам Ағзамның ол пәтуасы тар шеңберге, жекелеген адамдарға арналған. Мұны бес жақты түсіндіруге болады.
Біріншісі: Ислам орталығынан өте ұзақ елдерде тұрып жатқандарға қатысты.
Екіншісі: Шын мұқтаж болғандарға қатысты.
Үшіншісі: Бір риуаятта жаннаттағылардың бір тілі парсыша болатындығы айтылуына байланысты парсыша аудармасына ғана тиесілі.
Төртіншісі: Фатиханы білмейтіндер намазды тастап кетпеуі үшін Фатихаға ғана байланысты айтылған.
Бесіншісі: Иманның күштілігінен туындайтын Ислами патриоттық сезіммен, қасиетті мағыналарды қарапайым халық түсінуі үшін айтқан. Ал, иманның әлсіздігінен шығатын, әсіре қырсық, ұлтшылдық ниетпен араб тілін менсінбей, бұзғыншылық пиғылмен аударма жасап (арабша) түпнұсқасын тәрк ету дінді тәрк еттіру деген сөз.
Екінші ишара: Ислами нышандарды өзгертуші әһл-і бидғат әуелі пиғылы бұзық ғалымдардан пәтуа сұрады. Олар жоғарыдағы біздің жекелеген адамдар мен жағдайларға ғана қатысты екенін бес жақты түсіндіріп берген пәтуаны ғана көрсете алды.
Екіншіден бидғатшылар шетелдік төңкерісшілерден мынадай бір сұрқия кеңес алды. Яғни, Европа католик мәзһабын жақтырмай көтерілісшілдер, төңкерісшілдер, философтар бас болып (католик мәзһабы бойынша) бидғатшылар мен бұзғыншылар болып саналатын протестанттық мәзһабын жақтап, француздардың ұлы төңкерісін пайдалана отырып, католик мәзһабын біршама ығыстырып, протестанттық мәзһабын жариялады.
Енді көрсоқырлықпен еліктей беруге әдеттенген осындағы патриотсымақтар былай дейді: Христиан дінінде осындай бір өзгеріс болды. Әуелде төңкерісшілерді діннен шыққандар деп атады да, кейіннен олардың Христиан екенін мойындады. Ендеше Исламда да осындай өзгеріс жасауға болады ғой.
Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер Христиандық заңдар есебінде қалды. Өзгеше бейнелер берілді. Ал, бұл бейнелер сыртқы көріністер өзгертілсе де, Иса алейһиссаламнан қалған діни негіздер сақталып қала береді. Хазреті Иса алейһиссаламды жоққа шығармайды. Ал, Ислам діні мен сол шариғаттың Иесі, бүкіл әлемнің мақтанышы Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уассалам екі жиһанның сұлтаны болғандықтан, шығыс пен батыс, Андалус пен Үндістан (Оңтүстік Шығыс Азия) соның билігінде. Ислам дінінің негіздерін тікелей өзі көрсетті. Және діннің
ең кішкене мәселелері мен үкімдерін, тіпті ең қарапайым әдеттерін де тікелей өзі көрсетуде, бәрін өзі хабарлап бұйыруда. Демек, Исламның ең кішкентай үкімінің өзі өзгертуге болатын киім емес.
Яғни, олар өзгертілсе дін сол таза қалпы қала алмайды. Өйткені, олар діннің өзегі, негізі, ажырамас ағза, тері. Өзегінен ажыратуға келмейтіндей бітісіп, бүтін денеге айналған. Оларды өзгертем деу Ислам шариғатының Иесін жоққа шығару, мойындамау болып шығады.
Ал, мәзһабтар арасындағы айырмашылықтар, Шариғат Иесі көрсеткен теориялық заңдарды түсіндіруден туындаған "Діннің өзекті" қағидалары деп аталатын өзгертуге болмайтын қағидаларды, өзгертуге болмайды. Оларға Иждтиһад жүрмейді. Оларды өзгерткен адам діннен шығады.
қағидасына сай келеді.
Бидғатшылар дінсіздіктері мен бұзғыншылықтарын бүркемелеп, бір сылтау айтуда. Адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі саналатын Француз революциясы кезінде поптар мен дінбасыларға және солардың тірегі болған Католик мәзһабына қарсы көтеріліп, өзгеріске ұшырады. Көпшілік сол төнкерісті мақұлдады. Содан кейін Европа қарыштап дамыды.
Жауап: Бұл салыстырмаң алдыңғылардан да алшақ. Өйткені, христиан діні әсіресе, католиктік ағым, ақсүйектер мен билеуші таптың қолында үкім жүргізудің, диктатураның құралына айналды. Ақсүйектер халықты солай биледі. Өздері "Бетімен кеткендер" деп атаған төменгі таптың көзі ашық патриоттары мен үстем таптың залымдарына қарсы бас көтерген бостандық сүйгіш ойшылдардың бастарын көтертпеуге құрал болған. Бұл мәзһабқа жұрт төрт жүз жылға ұласқан Еуропадағы толқулардың себебі, халықтың шырқын бұзушы, қоғамдық өмірдің астан-кестеңін шығарушы ретінде қаралғандықтан, оған қарсы дінсіздік атынан емес, Христиандықтың екінші бір мәзһабы атынан бас көтерілді. Ал, Мұхаммед (с.а.у.) ның діні мен Ислам шариғатына қарсы шығуға ешбір ойшылдың, төменгі тап өкілінің шағымданатын жөні жоқ.
Өйткені, бұл дін оларды ренжітпейді, қайта қамқорлығына алады. Бұған Ислам тарихы куә. Мұсылмандар арасында бір-екі оқиғадан басқа өзара діни соғыс болған емес. Католик мәзһабы болса, төрт жүз жыл бойғы ішкі аласапыран төңкерістерге себеп болып келді.
Сондай-ақ Ислам діні жоғарғы топтың емес, қарапайым халықтың қорғаны болды. Зекеттің парыз болуы мен өсімқорлықтың харам болуы байларды қанаушы емес, қамқоршы етіп қойды.
бұның айғағы.
Сондай-ақ:
аяттары секілді киелі жолдаулар арқылы адамның ақылын алға тартады, ескертеді, ақылға сал, ақылыңды пайдалан дейді. Сол арқылы ғалымдар мен даналардың мәртебесін дін атынан көтереді, бағалайды. Католиктер секілді ақылды шетке қақпайды. Ойшылдардың аузын жаппайды. Көзжұмбайлықпен ере бер демейді.
Исламның негіздері нағыз Христиандық емес, қазіргі Христиан-дықтың негіздерінен маңызды бір нүктеде айырылғандықтан, жоғарыда айтылған айырмашылықтар сияқты көп нәрселерде бөлек кетіп бара жатыр. Ол маңызды нүкте мынау: Ислам тәухид діні. Сыртқы себептер мен құралдарға мән бермейді. Менмендікті басып, ықыласпен құлшылық етуді негізге алады. Нәпсінің билігінен бастап уақытша биліктердің ешқайсысын қабылдамайды. Осы сырға байланысты жоғарғы топтан бір адам шынайы діндар болса, менмендігін тастауға мәжбүр болады. Менмендігін қоймаса діндар бола алмайды. Көптеген діни қағидаларды тәрк етеді.
Ал, қазіргі Христиандық "Құдайдың ұлы" деген сенімді қабылдағандықтан сыртқы себептерді шын әсер етуші деп біледі. Менмендіктің бетін қайтармайды, қайта Хазіреті Иса алейһиссаламның киелі уәкілі деп сол менмендікті киелілікке балайды. Сондықтан бұл дүниеге ең жоғарғы мәртебеге ие Христиан билеушілері нағыз діндар бола алады. Тіпті Американың бұрыңғы президенті Вильсон және Ағылшынның бұрыңғы премьер министрі Лойд Джордж секілді көптеген адамдар дініне мейлінше берік, бір поп құрам діндар болған. Ал, мұсылмандар арасынан ондай мәртебеге жеткендердің шынайы діндар болып қалғаны өте сирек. Өйткені, тәкаппарлық пен менмендікті қоя алмайды. Тәкаппарлық пен менмендік жүрген жерде шынайы тақуалық болмайды.
Иә, Христиан билеушілерінің дініне беріктігі мен мұсылман билеушілерінің дініне әлсіздігі маңызды бір айырмашылықты көрсетеді. Сол сияқты христиандардан шыққан философтардың дініне деген немқұрайлығы немесе дінге қарсы болуы мен мұсылмандардан шыққан ойшылдардың басым көпшілігінің өз хикметтерін Ислами негіздерге сүйеуі тағы бір маңызды айырмашылықты көрсетеді.
Сондай-ақ, зындандарға түсіп, қиыншылықтарға тап болған қарапайым христиандардың көбі діннен медет күтпейді. Бұрындары олардың көбі дінсіз болатын. Тіпті, Француз революциясын шығарып "Бетімен кеткен дінсіздер" атанған атақты төңкерісшілер, сол қаналған қара халықтан шыққан еді. Ал, мұсылмандар арасындағы қапасқа қамалғандар мен қиындық шегушілердің басым көпшілігі діннен медет күтеді және діндар болады. Міне, бұл жағдайдың өзі маңызды бір айырмашылықты көрсетеді.
Үшінші ишара: Бидғатшылар былай дейді: "Дінге жабысып қалу, бізді кері қалдырды. Бүгінгі таңда тамаша тұрмысқа, жақсы өмірге дінге көп мән бермеу арқылы қол жеткізуге болады. Европа солай жасап барып дамыды."
Жауап: Қателесесің, алданып жүрсің! Немесе сен алдап тұрсың! Өйткені, Европа өз дініне берік. Бір болгарға немесе бір ағылшын солдатына, не болмаса қарапайым Французға: "Басыңа сәлде ора, әйтпесе түрмеге қамаласың" десе, дініне беріктігі сол, "Түрмеге қамамақ түгіл, өлтіріп жіберсең де дініме, ұлтыма мұндай сатқындық жасамаймын" дейді.
Сондай-ақ мұсылмандар қай уақытта өз дініне ден қойып, бет бұрған болса, сол кезде дами түскен. Мән бермей салғырттық жасаса құлдырап кеткен. Христиандарда бұл жағдай керісінше. Бұл да ең негізгі айырмашылықтардан туындап тұр.
Оның үстіне Исламды басқа діндермен салыстыруға болмайды. Бір мұсылман, Исламнан алыстап, дінінен шықса, басқа ешбір Пайғамбарды мойындай алмайды. Тіпті, киелі, қасиетті нәрселердің ешқайсысын танымайды. Кемелденіп, дамуына септігі тиер ар-ұждан да қалмайды, қасиеттен жұрдай болады. Сондықтан Исламиятта кәпір дұшпанның да өмір сүруге құқы бар. Сырттың адамы болса, бітім жасау арқылы, іштегі біреу болса, джизие төлесе, оның қауіпсіздігі
қамтамасыз етіледі. Бірақ, мүртеттің (мұсылман болып жүріп діннен шыққан адам) өмір сүруге құқы жоқ. Өйткені, адамгершілік қасиеттен жұрдай болған неме қоғамды улайды.
Ал, Христиандықтан безген бір дінсіздің қоғамға бір пайдасы тиіп қалуы мүмкін. Кейбір киелі нәрселерді мойындауы мүмкін. Кейбір Пайғамбарларға сенуі мүмкін. Жаратушы Хақтың бар екенін мойындауы мүмкін.
Япырау! Мына бидғатшылар, шынтуайтында діннен безген дінсіздер, дінсіздіктерінен не пайда табады. Ел басқару мен елдің қауіпсіздігін ойлап жүрсе, Аллаһты танымайтын бетімен кеткен он дінсізді басқарып, бәлесімен алысу, мың діндар адамды басқарудан да қиын. Егер дамуды ойлап жүрген болса, ондай дінсіздер басқаруға кедергі келтіргендерімен қоймай дамуға да кедергі болады. Даму мен экономиканың негізі болған қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зиян тигізеді. Анығын айтқанда, олардың жолы бұзғыншылық.
Мұндай бетімен кеткен дінсіздерден даму мен бақытты өмір күтіп жүргендер, дүниедегі ең ақымақ адамдар.
Лауазымды орынға шығып алған сондай бір ақымақ: "Біз Аллаһ, Аллаһ деп жүріп дамымай қалдық. Еуропа мылтық, зеңбірек деп жүріп дамып кетті" деген екен.
"Ақымаққа берілер жауап үндемеу" қағидасы бойынша ондайларға берілер жауап үндемеу. Алайда сол ақымақтарға ақылды бейбақтар да еріп бара жатқандықтан айтамыз: Ей, бейбақтар! Бұл дүние қонақ үй! Күн сайын отыз мың куәгер "Өлім хақ" деген үкімге өз жаназаларымен бармақ басып, куә болуда. Өлімді өлтіре аласың ба? Мына куәгерлерге сендердікі өтірік дей аласың ба? Олай дей алмайсың. Ал, өлім Аллаһ, Аллаһ деуге мәжбүр етеді. Жан алқымға келгенде Аллаһ, Аллаһ дегеннен басқа.
Қандай мылтық, қандай зеңбірек оның алдын жарық қылады. Қандай мылтық үмітсіздіктен құтқарып, үміт береді. Өлімнің бары рас. Көрден құтылу жоқ. Бұл өмір өтіп, мәңгі өмір басталады. Бір рет мылтық, зеңбірек десе, мың рет Аллаһ деу керек. Егер Аллаһ жолында болса, мылтық та Аллаһ дейді. Зеңбірек те Аллаһу Әкбар деп жар салады. Аллаһ деп жатып, Аллаһ деп тұрады.
Төртінші ишара: Бұзғыншы, бидғатшылар екі топқа бөлінеді. Бір тобы (Дін үшін, Исламға шын берілген сияқты сөйлеп) ұлтшылдық
арқылы дінді күшейту үшін: "Қурай бастаған діннің нұрлы ағашын ұлтшылдық топырағына егіп нәр бергіміз келеді" деп, дінге жақтас секілді көрінуде.
Екінші топ: Ұлт жолында, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке күш беру ниетімен Исламият арқылы ұлтты күшейткіміз келеді деп бидғалар шығаруда.
Бірінші топқа айтарымыз: Ей, "адал ақымақ" атына лайық бишара бұзық пиғыл ғалымдар, не істеп жүргенін білмейтін ақымақ, надан бұзғыншылар. Тамыры ғаламның ақиқаттарына жайылып тұрған Исламияттың Туба ағашын қияли, уақытша, кері әсері мол, негізсіз, нәрсіз, зұлымдық жайлаған ұлтшылдық топырағына еге алмайсың. Оны сол жерге егуге тырысу ақымақтық, бүлдіру, бүйректен сирақ шығаруға тырысу.
Екінші топтағы ұлтшылдарға айтарымыз: Ей, есалаң отаншылсымақ! Бір ғасыр бұрын ұлтшылдық әрекеттер жасауға болар еді.
Ал, мына ғасыр ұлтшылдық ғасыры емес. Большевизм, социализм идеялары жайлап барады, ұлтшылдық идеясын жоюда. Ұлтшылдықтың дәурені өтіп барады. Мәңгі де тұрақты Исламиет ұлтты құндылықтарының уақытша, құбылмалы нәсілшілдікпен ешбір байланысы жоқ, араласпайды. Егер араласатын болса мұсылмандарға зияны тиеді. Ана ұлтқа да пайда бермейді. Уақытша ләззат, уақытша күш берген сияқты болуы мүмкін. Соңы жақсы болмайды. Сондай-ақ түрік халқы өмірі бітіспестей болып екіге бөлінеді. Ұлттық күш екінші жақтың күшін әлсіретіп екеуінің де еңбегі еш болады.
Таразының екі басына екі тау қойылса, бір батпандық салмақ екі жақты да ойната алады. Қалағанын көтеріп, қалағанын түсіреді.
Екінші сұрақ: Екі ишарадан тұрады.
Бірінші ишара: "Бес ишарадан" тұрады. Өте маңызды сұрақтың қысқаша жауабы.
Сұрақ: Ақырзаманда Хазреті Мәһдидің келетініне және бұзғыншылыққа ұшыраған әлемді жөнге келтіретініне қатысты көптеген нақты риуаяттар бар. Ал, қазіргі кез, жамағат дәуірі, жеке тұлғаның уақыты емес! Жеке тұлға қанша жерден дана болып кетсе де, тіпті жүз данышпанның дәрежесінде болса да, егер бір жамағаттың өкілі болмаса, белгілі бір жамағаттың рухани болмысына ие болмаса,
қарсы топтың рухани тұлғасынан жеңіліс табатын болады. Бұл дәуірде (қандай күшті әулие болса да) сондай бір топтың алапат бұзғыншылықтарын қалай жөнге келтіреді. Егер Мәһдидің бүкіл істері ғажайып болса, онда Ол бұл дүниедегі Иләһи хикметтер мен Аллаһтың заңдарына қайшы келеді. Осы Мәһди мәселесінің сырын түсінгіміз келеді.
Жауап: Жаратушы Хақ Ислам шариғатының мәңгі жалғаса беруін қамтамасыз ету үшін Өзінің аса мейірімділігімен, үммет бұзылған кезде бір түзетушіні, жаңғыртушыны немесе бір атақты халифаны не болмаса Құтыб Ағзамды, кәміл ұстазды, Мәһдилік қызмет атқарар қасиетті тұлғаларды жіберіп отырған. Олар бұзғыншылықты тоқтатып халықты жөнге келтіріп отырған. Мұхаммед (с.а.у.) нің діні бұзылмай сақталған. Осылай жалғасып келе жатқан болса ақырзамандағы ең үлкен бұзғыншылық кезінде әрине ең үлкен мүджтеһидті, ең күшті түзетушіні, өзі Хакім, өзі Ұстаз, өзі Мәһди бір кісіні жібереді. Ол нұрлы жан да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұрпағынан болады. Хақ Тағала бір минуттың ішінде жер мен көктің арасын бұлттарға толтырып, қайта ашатыны іспетті, бір секунтта теңіздегі дауылды да басады. Көктемде, бір сағаттың ішінде жаз шыққандай жайнатса, жаз ортасында қыстағыдай боран соққызады. Ислам әлемін басқан қара түнекті де Мәһдидің қолымен ашады. "Сондай уәде берген болса, әрине уәдесінде тұрады. Бұл Аллаһтың құдіретіне оп-оңай. Себептер шеңберінде де Раббани хикметтер жағынан алынса да ақылға қонымды, солай болуға лайық. Пайғамбарымыздан ондай хабар жетпеген күннің өзінде солай болуы керек еді. Солай болады да" дейді ойшылдар. Аллаһқа шүкір.
дұғасы (бүкіл үммет, барлық намаздарында күніне бес рет осы дұғаны қайталайды) ашық қабыл болғаны сол Мұхаммед Алейһиссаламның ұрпағы да Ибраһим Алейһиссаламның ұрпағы секілді бір жағдайда. Қай кезеңде қай жерде болмасын бүкіл қасиетті ұрпақтардың басында солар тұр.
{ Сілтеме: Солардың бірі Сейіт Ахмед Сүнуси, миллиондаған мүридті басқаруда. Сейіт Идрис, жүз мыңнан астам мұсылманды басқаруда. Сейіт Яхия сынды бір тұлға да жүз мың мүридтің пірі. Осылай жалғаса береді. Бұл Сейіттер қауымының арасында қазіргі қаһармандардан басқа Сейіт Абдулқадір Гейлани, Сейіт Әбулхасан Шазели, Сейіт Ахмед Бәдәуи сынды рухани қаһармандардың көшбасшылары да бар.}
Олардың көптігі сонша, бұл батырлардың жиынтығы орасан зор әскер болады. Егер бұлар материялық бейне алып, иық тірестірер болса Ислам дінін қасиетті бір ұлт болып бірігуге және оянуға дәнекер етсе, онда ешқандай әскер оларға қарсы тұра алмайды.
Міне, сол өте күшті көп әскер Мұхаммед (с.а.у.) ның ұрпағы. Хазіреті Мәһдидің ең таңдаулы әскері.
Иә, дүние жүзі тарихында Пайғамбарымыздан (с.а.у.) тараған Сейіттердей шежіре арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті де маңызды ұрпақ жоқ. Баяғыдан бері әһли ақиқат жамағаттың басында отырған кәміл жандар сол ұрпақтан. Қазір де саны миллиондардан асатын берекелі нәсіп бар. Көзі ашық, жүректері иман мен Пайғамбарымызға деген махаббатқа толы асыл текті, абыройлы жандар да солар.
Осындай Ұлы жамағаттың бойындағы күшті толқытып оятатын ұлы оқиғалар басталуда. Әлбетте сол ғаламат күштегі асқақ жігер буырқанатын болады. Оларға Хазіреті Мәһди жетекші болып ақиқат пен хақ жолына бастайды. Бұлай болуы мына қыстан кейін көктемнің келуіндей анық. Солай болуын Аллаһтың мейірімі мен заңдылықтарынан күтеміз. Күтуге де хақымыз бар.
Екінші ишара, яғни алтыншы ишара: Хазіреті Мәһдидің нұрлы жамағаты Сүфиян ұйымының бұзғыншы бидғашыл режимін жөнге келтіреді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттерін қайта жаңғыртады. Яғни, Ислам әлемінде Мұхаммед (с.а.у.) ның пайғамбарлығын жоққа шығару ниетімен Мұхаммед (с.а.у.) жеткізген шариғатты бұзуға, бұрмалауға тырысқан Сүфиян ұйымы Хазіреті Мәһди жамағатының мұғжизалы, рухани қылышымен өлтіріліп, тас-талқан болады.
Сондай-ақ Хазіреті Иса алейһиссаламның таза дінін Ислам ақиқаттарымен біріктіруге тырысқан Исауилердің патриоттар жамағаты аталатын "Мұсылман Исауилер" атына лайық бір жамағат, Хазіреті Иса алейһиссаламның басшылығымен адамзатқа Аллаһты жоққа шығару ниетімен өркениет пен адамгершілік қасиеттердің тас-талқанын шығарған. Таджал ұйымын өлтіріп, таратып жібереді. Адамзатты Аллаһты жоққа шығару пікірінен құтқарады. Бұл сыр өте терең. Басқа жерлерде біршама айтылғандықтан осы қысқаша ишараларды жеткілікті деп білеміз.
Жетінші ишара: Яғни үшінші сұрақ: Сенің Ислам жолындағы қайрат күрестерің, қорғау баяндарың бұрындары қазіргіден басқаша болатын. Европаға қарсы Исламды қорғаушы ойшылдар сияқты емессің. Бұрыңғы Саидтің ұстанымдарын неге өзгерттің. Неге Ислам жолында рухани жихад жасаушылардың әдісі бойынша әрекет етпейсің?
Жауап: Бұрыңғы Саидтың ойшыл болмысы, философия мен Европалық ғылымның кейбір қағидаларын қабыл көріп, солардың қаруларымен өздеріне қарсы күресті. Оларды біршама мойындады. Кейбір қағидаларын пайдалы ғылым ретінде қаз-қалпында қабылдады. Мұндай жағдайда Исламның нағыз құндылықтарын көрсете алмады. Былайша айтқанда, тамырлары өте тереңде жатыр деп ойлаған пікірлердің бұтақтарымен Исламды көркейтуге, нығайтуға тырысты. Бұл әрекеттермен жеңіске жете алмайтындықтан және Исламның қадірін түсіру болатындықтан бұл жолды тастады. Ислам негіздерінің тамыры тереңде жатқандығы сонша, философияның ең терең мәселелері оларға жете алмайды. Тіпті, елеусіз қалатынын іс жүзінде көрсетіп бердім. Отызыншы сөз, Жиырма төртінші хат, Жиырма тоғызыншы сөз бұл ақиқаттарды айғақтармен дәлелдеп берді. Бұрыңғы ұстаным бойынша философия өте терең, ал Ислами үкімдер сыртқы жағдайлар, оларды философияның тармақтарымен нығайтып, сақтап тұруға болады деген түсінік бар еді. Шындығында философиялық қағидалардың Ислам ақиқаттарына жете алатын шамасы жоқ!
Сегізінші бөлім аталған сегіз рәміз
"Сегіз рәміз" яғни сегіз шағын рисале. Бұл рәміздердің негізі Жифр ілімінің маңызды қағидалары мен құпия ғылымдардың кілттерінің бірі және Құранның ғаиби сырларының бір кілті болған сәйкестіктер. Келешекте өз алдына жарияланатындықтан бұл жинаққа енбеді.
ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ
БІРІНШІ АНЫҚТАМА: "Тасаввуф", "тариқат", "әулиелік", "сәйр-сулук" деген нәрселердің киелі ақиқаттарын жариялап, сабақ беретін, түсіндіретін мыңдаған кітап жазған әһли кәшф, әһли зауқ жандардың осынша еңбектеріне қарағанда, оларда нұрлы да тәтті, рухани шаттық сыйлар қасиеттер болғаны ғой.
Бүкіл мұсылмандарға да, бізге де соны айтуда.
Бүгінгі күннің қажеттіліктеріне орай біз сол мұхиттың бірнеше тамшысының кішкене бөлшектерін көрсетіп береміз.
Сұрақ: Тариқат деген не?
Жауап: Тариқаттың түп мақсаты Аллаһты танып білу. Иман ақиқаттарының жан-жақты түсіндірілуі және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) ның миғражы саясында, қалб (жүрек) арқылы рухани самғаудың нәтижесінде Иман, Құран ақиқаттарын көзбен көргендей болып, көңіл шаттығына, ерекше сезімдерге бөлену. "Тариқат", "сопылық" деп аталатын асқақ имани сыр және адамның кемелденуі.
Адам мына ғаламның жиынтық мазмұны болғандықтан адамның жүрегі мыңдаған әлемдердің рухани картасы іспетті. Адамның басындағы ми - көптеген сымсыз телеграф, телефондардың түйіскен орталығы және ғаламның өзіндік бір рухани орталығы екенін адамзаттың ғылыми жетістіктері көрсетіп отыр. Адамның өн бойындағы қалб (жүрек) те, әлемнің көптеген ақиқаттарының айнасы, дәні, дәнекері екендігін сансыз әулиелер жазған миллиондаған нұрлы кітаптар көрсетіп беруде.
Сонымен, адамның жүрегі мен миы әлгіндей орталық. Олай болса, алып ағаштың бүкіл болмысын сақтап тұрған дән. Және мәңгілік, ақыреттік ғаламат құрылғының құрал жабдықтары, тетіктері соның ішіне орналастырылған. Әрине, сол жүректі осылай жаратқан Жаратушы, оның өн бойындағы қабілеттерінің ашыла түсуін, іс атқаруын қалайды. Сондай қалау болған соң, ол жүрек те ақыл сияқты іс атқаратын болады. Жүректің жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін ең мықты дәнекер, әулиелік дәрежелердегі зікір мен тариқат жолы арқылы Иман ақиқаттарына бет бұру.
ЕКІНШІ АНЫҚТАМА: Жүректің рухани самғауы мен рухани әрекеттердің кілттері мен дәнекері Иләһи зікір мен тәфәккүр. (Әлемге зер сала қарау, ой толғау). Мұндай зікір мен пікірдің игіліктерін санап бітіре алмайсың. Шексіз ақыреттік пайдалар мен адами кемелдіктерді айтпағанның өзінде, тек мына аумалы төкпелі бұл дүниелік тіршілікке қатысты кішкене бір пайдасы мынау: Кез келген адам тіршіліктің у-шуынан, тұрмыс тауқыметінен бір ауық құтылғысы келеді. Демалысты, жан тыныштығын іздейді. Уайымнан құтылып, көңіл көтергісі келеді. Мәдениеттің қол жеткізген ойын сауықтары он адамның бір екеуіне ғана мастық пен бейқамдыққа бой алдыру арқылы уақытша көңілін аулап, тыныш тапқызады. Ал, жүзде сексені тіршілік тауқыметін тартып, тыным таппай жан жақта жүр. Қоғамдық өмірден қол үзіп, тау таста жалғыз өмір сүріп жатқандар да бар. Қиыншылықтар мен қарттық секілді ақыретті еске салатын жағдайлар қоғамдық ойын сауықтардан мақұрым қалдырған. Бұл нәрселер оларға қызық емес. Жұбаныш бермейді.
Ондай жандардың шынайы жұбаныштары, нағыз жан рахаты, алар ләззаты зікір мен пікір арқылы жүректі іске қосу. Тау таста, оңаша жерлерде жан дүниесіне ден қойып, "Аллаһ" дейді. Жаны жай табады. Айналасындағы үрей туғызар нәрселерді бауырмал, күлімсіреген күйде көреді. "Зікір етіп жүрген Жаратушымның барлық жерде сансыз құлдары бар. Олар қорқынышты болып көрінген мына жерлерде де көп, мен жалғыз емеспін. Үрейленіп қорқудың мағынасы жоқ" деп, иманға толы жүрегі рахатқа бөленіп, өмірден толық ләззат алады. Өмірдегі бақыттың мағынасын түсініп, Аллаһқа шүкір етеді.
ҮШІНШІ АНЫҚТАМА: Әулиелік - Пайғамбарлықтың бір дәлелі. Шариғаттың растаушы бір дәлелі де Тариқат. Әулиелер
Пайғамбарлар жеткізіп жатқан Иман ақиқаттарын өзіндік бір көкірек көзімен, рухани сезімдерімен айнеляқин дәрежеде (көзбен көргендей) көреді, растайды. Бұл растаулар, Пайғамбарлық міндетті растаушы құжат болады. Шариғат үкімдерінің ақиқаттары Хақтан келген, Хақ екендігін соны пайдаланып, содан нәр алып отырған тариқаттағы кәшфтер мен рухани ләззаттар нақты дәлелдеп отыр. Әулиелік пен тариқат, Пайғамбарлық миссия мен Шариғаттың айғақтары, дәлелдері болғанындай Исламияттың кемелдік сыры, нұрларын таныстырар дәнекер.
Адамгершіліктің Исламият арқылы дамитын кені, нәр алар бұлағы.
Міне, осы ұлы сырлар осыншалықты маңызды бола тұра, кейбір адасушы топтар мұны жоққа шығаруда. Өздері мақұрым қалған ол нұрлардан, басқалардың да мақұрым қалуына себеп болуда. Одан да өкініштісі, Әһли сүннет уәл жамағаттың сырт көріністерге көп мән бергіш кейбір ғалымсымақтары және Әһли суннет уәл жамағат ішіндегі бір топ саясатшыл ғапыл адамдар, тариқатшылардан байқаған кейбір бұрыс әрекеттер мен біршама қателіктерді сылтау етіп, бұл қазынаны мүлдем жауып тастауға, тіпті, жойып жіберуге әрекет етуде. Өзіндік бір тіршілік нәрін беріп тұрған кәусар бұлақтың көзін бітеп тастауға тырысуда. Ал, ешқандай кемшіліксіз, қай жағынан болсын қайырлы бола беретін жолдар, ұстанымдар аз. Қандай да бір кемшілігі, бұрыс жақтары болады. Өйткені, әбден машықтанып, маманданбаған адамдар араласса, бұра тартып кетеді. Бірақ, Хақ Тағала ақыретте бүкіл амалдарды есепке ала отырып тартады. Жақсылықтар мен жамандықтарды тартқан кезде, Аллаһтың әділдігі көрінеді. Яғни, жақсылықтар ауыр басса, сыйлық алады. Жамандықтар ауыр басса, жазаланады. Жақсылық пен жамандықтың өлшемі санға емес, сапаға қарайды. Кейде, бір жақсылық, мың жамандықтан артық шығып, кешірілуіне себеп болады.
Демек, Аллаһтың әділдігі осындай. Ақиқат та осылай болуын қалайды. Яғни, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті аясындағы тариқаттың жақсылықтарының кемшіліктерінен басым болғанының дәлелі - Тариқатшылар адасушы кәпірлердің шабуылына ұшыраса да, имандарын сақтап қалуда. Тариқаттан алар шабыты мен әулиелерге деген махаббаты арқылы иманын қорғайды. Үлкен күнәларды жасап қоюы, пасық болуы мүмкін, бірақ кәпір болмайды. Оңайлықпен
діннен шығып, азғындыққа түспейді. Ешқандай күш оның "Құтып" деп сеніп, шынайы сүйіспеншілік танытып, соңынан ерген шейхтеріне деген сенімін әлсірете алмайды. Сондықтан Оларға деген сенімін үзе алмайды. Сенімі мықты болса діннен шықпайды.
Тариқатпен байланысы жоқ, жүректегі сезімдері оянбаған біреу, ақиқатшыл ғалым болса да, қазіргідей дінсіз азғындардың айлаларына қарсы тұрып, өзін қорғап қалуы өте қиын.
Тағы бір жағдай бар: Тақуалыққа жатпайтын, тіпті Исламның шеңберінен де шығып кететін, кейбір ағымдардың жөнсіз болса да, өздерін тариқатпыз дейтіндердің бұрыс әрекеттеріне бола тариқатты кінәлауға болмайды.
Тариқаттың діни, ақыреттік, рухани, маңызды да қымбат көптеген нәтижелерін былай қойғанның өзінде, мұсылмандар арасындағы киелі байланыс болған бауырластықтың дамуы мен нығаюына ең әсерлі, ең негізгі дәнекер сол тариқаттар. Сондай-ақ, кәпірлер мен христиандық саясаттың Ислам нұрын сөндіру үшін жасап жатқан сұмдық шабуылдарына қарсы тұрар маңызы зор, мызғымас үш Ислами қамалдың біреуі осы тариқат. Халифаттың орталығы болған Стамбулды бес жүз елу жыл бойы бүкіл христиан әлемінің шабуылынан қорғаған, Стамбулдағы бес жүз жерден жарқыраған тәухид нұрлары мен сол Ислам орталығындағы мұсылмандардың арқа сүйер маңызды күші - сол үлкен мешіттердің ауласындағы теккелердегі "Аллаһ, Аллаһ" дегендердің иман күші. Және Аллаһты танып білген сайын арта түсетін мұсылмандар арасындағы рухани махаббаттары мен жан тебіреністері.
Ей, ақылсыз патриотсымақтар мен өтіріктен ұлтжанды бола қалғандар! Тариқаттың қоғамдық өмірдегі осы игіліктерін жоққа шығаратындай не жамандықтары бар, айтыңдаршы.
ТӨРТІНШІ АНЫҚТАМА: Әулиелік жол, өте оңай болуымен бірге, өте мүшкіл. Өте қысқа болуымен бірге, өте ұзақ. Өте құнды болуымен бірге, өте қауіпті. Өте кең болуымен бірге, өте тар. Осы сырларға байланысты ол жолды ұстанғандар кейде батып кетеді. Кейде зиян шегеді. Кейде қиыс кетіп, басқаларды жолдан шығарады. Айталық: Тариқатта "сейр әнфуси" және "сейр афақи" деп аталатын екі ұстаным бар.
Бірінші "Әнфуси" ұстаным: нәпсіден бастайды, сыртқа қарамайды. Жүрегіне үңіледі, менмендіктен арылып, жүрегіне жол ашып, ақиқатқа
жетеді. Содан кейін барып сыртқы әлемге өтеді. Ол кезде сыртқы әлемді нұрлы етіп көреді. Тамашалауды тез тоқтатады. Өз әлемінде көрген ақиқаттарды ол жақта да үлкейтіп көреді. Хафии тариқаттардың көбі осы жолмен жүруде. Бұның да ең маңызды жері менмендіктен арылу, әуестікті тоқтату, нәпсіні өлтіру.
Екінші ұстаным. Сырттан бастайды. Осынау кең шеңбердегі Аллаһтың Есім, Сыфаттарын тамашалайды. Сонан соң өз әлеміне үңіледі. Кіші шеңберде, өз әлемінде сол нұрларды тамашалайды. Соған жеткізетін ең жақын жолды табады. Жүректің Аллаһтың айнасы екенін көреді. Іздеген мақсатына жетеді.
Бірінші ұстанымды ұстанған адамдар нәпсісін өлтіре алмаса, әуестікті қойып, менмендікті жоймаса, шүкір етуші дәрежесінен фахр (мақтаншақтық) деңгейіне түседі. Мақтангершілік, тәкаппарлыққа құлдыратады. Егер, мұндай тартымды нәрселерге масаттанып кететін болса, "Шатахат" деп аталатын транстық жағдайды сылтау етіп, өз шамасынан тыс нәрселерге кірісе бастайды. Өзі де зиян шегеді, басқаларға да зиян тигізеді. Мысалға бір төменгі шенді офицер өзіндегі командирлік сезімнің шабытымен мақтанып кетіп, өзін маршал орнына қояды. Өзінің аядай ғана бұйрық шеңберін үлкен шеңбермен шатастырады. Тағы бір мысал; Кішкентай ғана айнада көрініп тұрған Күнді, теңіз бетіне жарқырай түсіп тұрған Күннің бейнесімен шатастыру секілді. Осы мысалдарға ұқсайтын көптеген әулиелер бар. Тауыс құсының жанындағы шыбындай ғана болып көрінетін өзін, өзінен әлдеқайда жоғары дәрежеде тұрған әулиелерден артық көреді, өзінікін дұрыс санайды. Тіпті, мен мынаған куә болдым. Жүрегі ғана оянып, әулиеліктің сырларын енді ғана сезіне бастаған біреу, өзін құтыб ағзаммын деп ойлап, солай әрекет ете бастады. Мен оған былай дедім: Бауырым, патшалық биліктің бас уәзірден бастап, сонау ауыл әкіміне дейінгі әр түрлі деңгейлері болады. Сол сияқты әулиелік пен құтыптық мәртебелердің де деңгейлері, шеңберлері бар. Әрбір деңгейдің көптеген өзіндік, көлеңкелері, сұлбалары бар. Сен бас уәзір деңгейіндегі құтыптықтың ұлы көріністерін ауыл әкімі деңгейіндегі өз шеңберіңдегілермен бірдей етіп көрудесің. Алданып отырсың. Көргендерің дұрыс, бірақ тұжырымың қате. Шыбынға бір шелек су кішігірім теңіздей болып көрінеді. Ол кісі бұл әңгімеден кейін Иншаллаһ ақиқатты түсініп, әлгі қиын жағдайдан құтылды.
Мен мынадай адамдарды көп көрдім. Өздерін Мәһдимін деп ойлайды. "Мен Мәһди боламын" дейді. Бұл кісілер өтірік айтып жұртты алдап жүрген жоқ. Өздері алданып жүр. Көргендерінің бәрін ақиқат деп ойлайды. Мәселен: Иләһи есімдер сонау Ғарш Ағзамнан бастап, әрбір зәрреде көрініс беруде, заттардың ол есімдерге бөленуі де өз деңгейлерінде болады. Дәл солай да Иләһи есімдерге бөленуден туындайтын әулиелік дәрежелер де әр түрлі болады. Мұндай шатастырып алулардың ең негізгі себебі мынау: Әулиелік дәрежелердің кейбіреуінде Мәһдилік міндеттің ерекшеліктері мен Құтыб Ағзамға тиесілі жағдайлар және Хазіреті Хыдырдың да ерекше байланысы, және басқа да атақты кісілермен байланысатын дәрежелер бар. Ол дәрежелер: "Мақам-ы Хыдыр", "Мақам-ы Увеис", "Мәһдиет мақамы" деп аталады.
Міне, осы сырларға байланысты сол дәрежелерге жеткендер немесе сол дәрежелердің көлеңкесіне жақындағандар өздерін сол атақты жандармыз деп ойлайды. Өзін Хызырмын деп ойлайды немесе Мәһди екендігіне сенеді. Құтыб ағзаммын деп қиялдайды. Егер атақ сүйгіш менмендігі болмаса кінәлі болмайды. Оның өз шамасынан тыс әрекеттері транстық жағдайдағы тірлігі болып саналады. Бұл әрекеттері үшін жауап бермеуі де мүмкін. Егер атаққұмарлығы мен менмендігі жасырынып тұрған болса, онда ол менмендікке бой алдырады, шүкірді қойып, мақтангершілікке түседі. Барған сайын тәкаббарлығы арта береді. Я есі ауысып құрдымға құлайды немесе Хақ жолдан таяды. Өйткені, үлкен әулиелерді өзі сияқты көреді. Олар туралы жақсы ойлары қалмайды. Негізінде нәпсі қанша тәкаппар болса да өз кемшілігін біледі. Әлгі ұлы жандарды да өзімен салыстырып Оларға да мін тағады. Тіпті, Пайғамбарларға деген құрметі де азаяды. Мұндай жағдайға кіріптар болғандар Шариғат таразысын қолынан тастамай, діни ілімдерді зерттеуші ғұламалардың қағидаларын өлшем тұтып, Имам Ғазали, Имам Раббани сынды ақиқатшыл әулиелердің тәлімін үлгі тұтуы керек. Сондай-ақ, әрдайым нәпсісін кінәлау керек. Нәпсіні, кемшіліктер мен бишара, пақырлық шеңберінен шығармау керек. Бұл жолдардағы шатахат (транстық жағдайда өзін жоғары дәрежелерден көру) нәпсіні жақсы көруден туындайды. Өйткені, махаббаттың көзі кемшілікті көрмейді. Нәпсісін жақсы көргендіктен ақауы мол, түкке тұрғысыз әйнек сынықтары секілді нәпсісін аса құнды бриллиант
деп ойлайды. Бұлардың ішіндегі ең қауіпті қателік мынау: Жүрекке илһам (шабыт) болып білдірілген шағын мағыналарды "Аллаһтың сөзі" деп ойлап, аят санайды. Бұл әрекетімен Уахидің қасиетті де Ұлы мәртебесіне құрметсіздік жасайды.
Бал арасы мен бүкіл хайуандарға келетін илхамдардан бастап қарапайым адамдарға және таңдаулы жандарға берілетін илхамдар, қатардағы періштелерден бастап сонау Ұлы періштелерге берілетін бүкіл илхамдар өзіндік бір Кәламуллаһ (Аллаһтың сөздері) жетпіс мың перденің арғы жағынан жететін Раббани үндеулердің шағылыстары.
Ал, Уахи мен Кәламуллаһтың ерекше аты және оның ең жарқын, дара мысалы болған Құранның жұлдыздарына тиесілі арнайы атауы "Аят" деген атты әлгіндей илхамдарға беру өрескел қателік. Он екінші, Жиырма бесінші және Отыз бірінші сөздерде баяндалып дәлелденгеніндей, қолымыздағы бояулы айнада көрінген кішкентай, күңгірт, бүркеулі күннің бейнесі, аспандағы күнмен қаншалықты жақындығы болса, әлгіндей әңгімелерді айтып жүрген жандардың көңіліндегі илхамдардың, тікелей Кәламуллаһ болған Құран атты Күннің аяттарына жақындығы сондай-ақ. Егер, айна бетіне шағылысқан Күннің бейнесі аспандағы күндікі, "Сонымен байланысы бар" десе дұрыс айтады. Бірақ, бұл айнадағы кішкентай күндердің тартылыс күшіне жер шарын байлап қоя алмайсың.
БЕСІНШІ АНЫҚТАМА: тариқаттағы өте маңызды бір түсінік Вахдет ул Вужуд деп аталатын "Вахдет уш Шухуд". Яғни, Важибул Вужудты (Аллаһты) ғана ойлап, Онымен салыстырғанда басқа заттарды болмашы нәрселер етіп көреді. Дене, болмыс деп атауға да лайық емес деп тұжырымдайды. Қиял ғана деп біледі. Аллаһтан басқаны тәрк ету түсінігі арқылы олардың бәрін жоққа шығарады. Иләһи Есімдердің қияли айнасы ғана дейтіндей тереңдеп кетеді. Бұл түсініктің өте маңызды бір ақиқаты бар. Иман күшінің артатыны сондай ақиқаттарды хаққаляқин (қолмен ұстағандай) дәрежесінде тамашалап, Аллаһтан басқа болмыстарды түкке тұрғысыз етіп көретіні сондай олар қияли, бос нәрселер деп түсінеді. Аллаһ қана бар деу арқылы әлемді жоққа шығарады.
Бірақ, бұл түсініктің қауіпті жақтары бар. Ең біріншісі мынау: Иманның алты шарты бар. Аллаһқа иман келтіруден басқа Ақырет күніне сену сияқты шарттар бар. Бұл шарттар мүмкінаттың (Аллаһтан
басқа нәрселер) бар болуын қажет етеді. Иманның мызғымас шарттары қияли нәрселерге табан тіремейді. Сондықтан бұл жолды ұстанған адам транстық жағдайдан шығып қалыпты жағдайға келген кезде бұл түсініктерін тастауы керек, ондай түсінікпен әрекет етпеуі керек.
Сондай-ақ, жүрекке, көңілге, шабытқа тән бұл түсінікті сөзбен айтып жеткізуге ақылға қонымды етіп бейнелеуге ғылыми түрде дәлелдеуге тырспау керек. Өйткені, Кітап пен Сүннеттен бастау алатын ақыли қағидалар ғылыми заңдылықтар және Аллаһты таныстыру ілімі бұл түсінікті қабылдай алмайды. Олай болуы мүмкін емес. Сондықтан "Хулефе-и Рашидиннің" муджтехид имамдардың сахабалардың мұндай жолды ұстағандығы жайлы мәлімет жоқ. Демек, ең жоғарғы деңгей емес. Жоғары болуы мүмкін, бірақ, толық емес. Өте құнды, бірақ өте қауіпті. Ауыр жол бірақ қызығы мол. Сол қызық үшін ол жолға түскендер шыққысы келмейді. Өзімдікі дұрыс пікірі арқылы ең жоғарғы мәртебе деп ойлайды. Бұл ұстанымның негіздері мен мәнісін "Нүкте рисалесінде" және бірнеше Сөзде, сондай-ақ Мектубатта едәуір айтқандықтан солар жеткілікті деп біліп, бұл жерде сол ұстанымның аса қауіпті жағын айтамыз. Бұл ұстаным себептер шеңберінен шығып, Аллаһтан басқаны тәрк ету сыры бойынша Аллаһтан басқадан байланысын үзуші қастардың қасы ғана транстық жағдайда қол жеткізер салих ұстаным. Бұл ұстанымды себептердің ішінде тұншығып жүргендер мен дүниеге ғашықтарға және материалистік философия жолында табиғат батпағына батып жүргендерге ғылыми түрде түсіндіруге тырысу, оларды табиғат пен материяға батырып Исламның ақиқаттарынан алыстатып жібереді. Өйткені, дүниеге ғашық, себептердің шырмауына түскен бір көзқарас мына дүниенің мәңгі тұра беруін қалайды. Дүние деген сүйіктісінен айырылып қалғысы келмейді. Вахдетул Вужудты сылтау етіп дүниені мәңгілік болмыс деп ойлайды. Сүйікті дүниесін мәңгі, тұрақты деп сенгеннен кейін оны Мағбуд (Табынушы) дәрежесіне шығарады. Аллаһ сақтасын! Аллаһты жоққа шығару деген құрдымға жол ашады.
Бүгінгі таңда материалистік көзқарастың жайлап кеткені сонша барлық нәрсенің негізі материя деп біледі. Осындай бір кезеңде хас әһли Иман материяны жоққа шығарардай оларға мән бере бермегендіктен Вахдетул Вужуд ұғымын шығаратын болса, материалистер іліп әкетуі мүмкін. Біз де солай дейміз ғой дейтін болады.
Ал, шындығында дүниедегі ұстанымдардың ішінде материалистер мен табиғатперестердің ұстанымына ең қашық ұстаным Вахдетул Вужуд ұстанымы. Өйткені, Вахдетул Вужуд Аллаһтың бар екеніне иман етіп, соған ғана мән беретіндігі сонша басқа жаратылыстар мен ғаламды жоққа шығарады. Материалистер болса материя мен жаратылыстарға мән беретіні сонша Аллаһты жоққа шығаруда. Міне, ара қашықтықтары қайда жатыр.
АЛТЫНШЫ АНЫҚТАМА: Үш тоқтамнан тұрады.
Бірінші тоқтам: Әулиелік жолдардың ішіндегі ең әдемісі, ең дұрысы, ең жарқыны, ең берекелісі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетімен жүру. Яғни, амал әрекеттерінде үнемі сүннетті естен шығармай, соған мойынұсыну, сүннетті қайталап, іс-әрекеттерінің бәрінде Шариғат үкімдерін үлгі тұту. Міне, осы бойсұну мен үлгі тұту арқылы әдеттегі қарапайым жаратылысқа тән әрекеттері құлшылыққа айналумен қатар, Сүннет пен Шариғатты естен шығармағандықтан әрбір амалы Шариғатты еске түсіріп отырады. Шариғатты еске түсіру - сол Шариғат Иесін еске түсіру болады. Оның ар жағында Жаратушы Хақты еске алу тұр. Ал, Оны ойлау, әрдайым Соның құзырында екенін еске салады. Бұл жағдай өмірдің әрбір сәтін бақытқа бөлеп, әрбір сәтін құлшылыққа айналдыруы мүмкін. Міне, осы үлкен даңғыл, әулиелік жолдардың ең үлкені болған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ізбасарлары болған сахабалар мен салихтардың жолы.
Екінші тоқтам: Әулиелік жолдар мен тариқат тармақтарындағы ең маңызды ұстаным ықылас. Өйткені, адам ықылас арқылы жасырын ширктерден (Аллаһқа серік қосудан) құтылады. Ықыласқа қол жеткізе алмаған жан ол жолдармен жүре алмайды. Ол жолдардың ең негізгі күштерінің бірі де махаббат. Махаббат арқылы Мағрифетуллаһқа (Аллаһты тануға) бет бұрған адамдар күмәндар мен қарсылықтарға құлақ аспайды, оңай құтылады. Мыңдаған шайтан жиналып келсе де, олардың шын сүйіктісінің кемелдігіне ишара ететін бір белгіні шығарта алмайды. Егер махаббат болмаса, нәпсісі мен шайтанның және сыртқы шайтандардың қарсылықтарынан көп қиналатын болады. Ондай жағдайда өзін құтқарып қалу үшін қас батырдың қаттылығы мен Иман күші және мұқият назар керек. Осы сырға байланысты әулиелік мәртебелердің барлығындағы Мағрифетуллаһтан (Аллаһты танып білу) туындайтын махаббат ең маңызды ұйытқы, элексир. Бірақ,
махабаттың бір қатерлі жері бар. Құлшылықтың сыры өз кемшілігін түсініп жалбарыну, махаббат бұлардан аттап назданып, еркелеп кетеді. Өлшемсіз әрекеттер жасайды. Аллаһтан басқа нәрселерді ұнатып қалған кезде бұл нәрсенің Аллаһты таныстырушы айна қызметін атқарып тұрғанына қарамай, тікелей сол заттың өзін ұнату арқылы дауа бола тұра уға айналады. Яғни, Аллаһтан басқаға махаббат қылған кезде оны Аллаһ үшін, Аллаһтың есімдерін таныстырушы айна ретінде сүюі қажет бола тұра кейде сол заттың өз кемелдігін, сұлулығын ойлап тікелей соған ынтық болады. Аллаһты да, Пайғамбарды да еске алмай-ақ, тікелей соны жақсы көріп қалуы мүмкін. Мұндай махаббат Аллаһқа деген махаббатқа жол ашпайды, кедергі болады. Аллаһты таныстырушы құрал ретінде жақсы көрсе Аллаһқа деген махаббатқа жол ашады. Соны таныстырып тұр дейді.
Үшінші тоқтам: Бұл дүние хикмет орны, қызмет орны. Сыйақы алатын жер емес. Бұл жердегі амалдар мен қызметтердің ақысы Берзахта, ақыретте. Бұл жердегі амалдар Берзах пен ақыретте жеміс береді. Бұл ақиқат, ендеше ақыреттік амалдарға қатысты нәтижелерді бұл дүниеде сұрамау керек. Бұл дүниеде беріліп жатса қуанып емес, мұңайып қабылдау керек. Өйткені, Жаннаттағы жемістер жұлынған кезде орнына басқасы келе қалатыны секілді, ақыреттік амалдардың мәңгілік жемісін бұл дүниеде өткінші түрде жеп қою ақылдың ісі емес. Бұл жағдай мәңгі жанып тұратын бір лампаны, бір минут қана жанып сөніп қалатын лампаға айырбастау сияқты. Міне, осы сырларға байланысты, әулиелер қызмет пен машаққатты, бейнет пен қиыншылықты хош көреді. Назданбайды, шағымданбайды. "Әлхамдулиллаһи, ғала кулли хал" дейді. Кәшф, кереметтерге қол жеткізіп нұрларға бөленген кезде Иләһи илтифат деп қабылдап, жасыруға тырысады. Мақтанбайды, керісінше шүкір етіп, құлшылыққа одан сайын беріле түседі. Көпшілігі ондай жағдайлардың жасырын қалуын, тоқтатылуын қалаған. Осылайша амалдарындағы ықылас бұзылмасын деген. Мұндай адамдарға жалбарынудан наздануға, шүкірен көрі мақтанышқа беріліп кетпеулері үшін жасалар ең үлкен Иләһи жарылқау сол жарылқауларды сездірмеу.
Осы ақиқаттарға байланысты әулиелік пен тариқатты қалаушылар, егер әулиеліктің кейбір үлгілері болған рухани қызықтар мен кереметтерді қалайтын болса, соларға ден қойса, оларды ұнататын
болса, онда ақыреттік бақи жемістерді пәни дүниеде, пәни түрде жеу болуымен қоса, әулиеліктің ұйытқысы болған ықыласты жоғалтып, әулиеліктен алыстап кетуіне жол ашады.
ЖЕТІНШІ АНЫҚТАМА: Төрт тұжырымнан тұрады.
Бірінші тұжырым: Шариғат - Әхадиеттің сыры мен абсолюттік Рубубиет тұрғысынан, ешқандай бөгетсіз, пердесіз, тікелей Иләһи үндеудің нәтижесі. Тариқат пен ақиқаттың ең жоғарғы мәртебелері Шариғаттың кішкене бір бөлшектері есебінде. Әрдайым соның бастамасы ретінде, соған қызмет етеді. Нәтижелері Шариғаттың нақты үкімдері. Яғни, Шариғаттың ақиқаттарына қол жеткізу жолындағы қызмет. Тариқат пен ақиқат ағымдары қызметші баспалдақтар іспетті. Бара бара ең жоғарғы мәртебеде, Шариғаттың өзегінде бар болған ақиқат мағыналар мен тариқаттың сырына айналады. Сол кезде Шариғаттың бөлщектері болып шығады. Әйтпесе, кейбір сопылар ойлағандай Шариғат сыртқы бір қабық, ақиқат оның іші және нәтижесі, түпкі мақсаты деп суреттеу дұрыс емес. Адамдар өз деңгейлеріне қарап Шариғатты әртүрлі түсінеді. Қарапайым халық Шариғаттың сырт көріністерін Шариғаттың ішкі мәнісі деп ойлайды. Шариғатты оқымысты, білімділер түсінетін мәртебесіне "Ақиқат, Тариқат" деп ат қою қате. Шариғаттың барлық деңгейлеріне қарайтын мәртебелері бар. Осы сырларға байланысты, тариқатшылар мен ақиқатшылар тереңірек кеткен сайын Шариғаттағы ақиқаттарға көбірек мән беріп, құлшыныстары мен бойсұнулары арта түседі. Пайғамбарымыздың көркем сүннеттерінің ең қарапайым түрін ең негізгі мақсат секілді көріп, соған бойсұнып, соны орындауға тырысады. Өйткені, уәһи илхамнан қаншалықты жоғары болса, уәһидің жемісі болған шариғаттың әдептері илхамның жемістері болған тариқат әдеттеріне соншалықты жоғары және маңызды. Сондықтан, тариқаттың ең маңызды өзегі сүннетке мойынсұну.
Екінші тұжырым: Тариқат пен ақиқат Шариғатқа дәнекер болуда айнымауы керек. Егер, негізгі мақсат тариқаттың өзі болатын болса, онда шариғаттың нақты үкімдері мен амалдары сондай-ақ сүннетке мойынсұну ресми түрде ғана қалады. Жүрек (көзін ) келесі жаққа бет бұрады. Яғни, намаздан көрі алқа-қотан зікір салуды көбірек ойлайды. Парыздан көрі тариқаттың қағидаларын көбірек орындауға тырысады. Үлкен күнәлардан қашудан көрі тариқаттың әдеттеріне қайшы келуден көбірек қашады.
Ал, шынына келгенде тариқат қағидалары шариғаттың нақты үкімдері болған парыздардың біреуіне де тең келе алмайды. Олардың орнын толтыра алмайды. Тариқаттың әдептері мен сопылық қағидалары парыздардағы шынайы ләззатты арттыра түсуі керек. Шынайы ләззатқа негіз болмауы керек. Яғни, текие мешіттегі намаздың ләззаты мен дұрыс оқылуына дәнекер болуы тиіс. Әйтпесе, мешіттегі намазды тездетіп ресми түрде оқи салып, нағыз ләззат пен кемелдікті текиеден табуды ойлайтын жан ақиқаттан алыстайды.
Үшінші тұжырым: Сүннет пен Шариғат үкімдерінен тыс тариқат болуы мүмкін бе? - деп сұрақ қоюда.
Жауап: Бар деуге де, жоқ деуге де болады. Бар дейміз. Өйткені, кейбір кәміл әулиелер Шариғат қылышымен шабылды. Жоқ дейміз. Өйткені, ақиқатшыл әулиелер Сади Ширазидің мына:
қағидасын бірауыздан құптаған. Яғни, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) даңғыл жолынан тыс және соның ізімен жүрмеген жанның нағыз ақиқат нұрына қол жеткізуі мүмкін емес. Бұл мәселенің сыры мынада. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хатамул Әнбия (Ең соңғы Пайғамбар). Сондай-ақ Аллаһ бүкіл адамзатқа өз сөзін сол Кісі (с.а.у.)арқылы жеткізіп тұр. Ендеше, адамзат Оның даңғыл жолынан тыс кете алмайды. Және Соның байрағының астында болуы шарт. Сондай-ақ, транстық жағдайдағы бір адам өзінің қайшылықты әрекеттері мен сөздері үшін жауапты емес. Һәм адамда кейбір нәзік сезімдер бар, шектеуге келмейді. Сол сезім қозған кезде Шариғатқа қарсы келді деп жауапқа тартылмайды. Адамдағы ондай сезімдер шектеуге де келмей, ерікке бағынбай, тіпті ақылға да құлақ аспай кетеді. Жүректі де ақылды да тыңдамайды. Ондай сезім қозған кезде (сол уақытқа ғана тән) ол адам шариғатқа қайшы келуімен дүниелік дәрежеден түсіп қалмайды, үзірлі боп саналады. Бірақ, бір шарты бар. Шариғаттың ақиқаттары мен Иманның шарттарына қарсы шығып жоққа шығаруға, менсінбеуге, мазақ етуге болмайды. Үкімдерді орындамаса да оларды дұрыс деп мойындау керек. Әйтпесе, әлгі сезімдерге беріліп (Аллаһ сақтасын) Шариғаттың берік үкімдеріне қарсы келіп, оларды жоққа шығаруды меңзейтін жағдайда жүру, құлдыраудың белгісі.
Түйін: Шариғат шеңберінің сыртына шығып кететін тариқатшылар екі түрлі болады. Біріншісі: (Жоғарыда айтылғандай) транстық жағдайға, белгілі бір күйге бой алдырады не болмаса адамның еркі мен ықтиярын тыңдамай кететін нәзік сезімдердің жетегінде шариғат шеңберінен шығып кетеді. Бірақ, бұл шариғаттың үкімдерін жақтырмау, оларды қаламау емес. Бәлкім, ықтиярсыз жағдайда тәрк етуге мәжбүр қалады. Мұндай әулиелер бар. Кейбір атақты әулиелер де уақытша бұлардың арасында болған. Кейбір ақиқатшыл әулиелер мұндайларды тек қана Шариғат шеңберінен емес, тіпті Ислам шеңберінен шығып кетті деп үкім шығарған. Бірақ, бір шарты бар. Мұхаммед (с.а.у.) жеткізген үкімдердің ешқайсысын жоққа шығармауы керек. Оларды ойламай, қызықпай, біле алмай, білмей жүруі мүмкін. Біле тұра қабыл етпесе болмайды.
Екінші түрі. Тариқат пен ақиқаттың ләззатына беріліп, бұлардан әлдеқайда жоғары тұрған шариғи ақиқаттардың ләззатына қол жеткізе алмағандықтан , ләззаты жоқ ресми бір нәрсе деп ойлап оған селқос қарайды. Барған сайын шариғатты сыртқы бір қабық деп ойлайды. Қол жеткізген ақиқатын ең негізгі мақсат деп ойлайды. "Менің тапқаным осы, мен үшін осы жеткілікті" дейді. Шариғат үкімдеріне қайшы келетін әрекеттер жасайды. Бұлардың арасында ақылынан алжаспағандар жауапқа тартылады. Олар құрдымға кетіп барады. Тіпті, біразы шайтанға масқара болуда.
Төртінші тұжырым: Адасушылар мен бидғатшы топтардың ішінде кейбір адамдар бар. Мұсылман үмметі оларды қабыл көреді. Солар сияқты кейбір адамдар бар. Сырт қарағанда ешбір айырмашылықтары жоқ болғанымен үммет оларды қабыл көрмейді. Осыған таң қалатынмын. Мысалға: Мутезиле мазһабындағы Замахшери қиыс кеткеніне қарамай, өз көзқарасында табандап тұрған біреу болса да Әһли Сүннеттің ақиқатшылдары оның сол қарсылықтарына байланысты оны кәпір санап, сыртқа теппейді. Қайта құтқарып қалуға тырысады, Оған қарағанда әлдеқайда тәуірі Мутезиле имамы Али Хуббеин секілді кісілерді сыртқа қағып, діннен шыққан деп санауда. Ұзақ уақыт бойы бұл сырды түсіне алмай жүрдім. Аллаһтың жарылқауымен кейін түсіндім. Замашаридің Әһли Сүннетке деген қарсылығы өзі тура санаған жолындағы ақиқатқа деген махаббаттан туындауда екен. Яғни, мәселен Аллаһты шынайы пәктеу - оның ойынша
хайуандар өз істерін өздері жаратады деген түсінік арқылы болады. Әһли Сүннеттің амалдарды жарату мәселесіндегі қағидасын қабыл етпеуі, Оның Хақ Тағаланы пәктеуге деген махаббатынан туындайды екен. Мутезиле мазһабының басқа имамдарының Әһли сүннетке қарсы келулері ақиқатқа деген махаббаттан емес. Өздерінің қысқа ақылдары Әһли Суннеттің жоғары дәрежедегі қағидаларына жете алмағандықтан. Және Әһли Суннеттің кең ауқымды заңдары олардың тар ойларына сыймағандықтан. Сол заңдарды жоққа шығаратындықтан олар да сыртқа қағылған. Осы Келам іліміндегі Мутазила өкілдерінің Әһли Сүннет уәл Жамағатқа қарсылықтары сияқты, кейбір Сүннеттен тыс тариқат өкілдерінің қарсылықтары да екі нәрседен туындайды.
Біріншісі: Замахшари секілді өз жағдайына, өз ұстанымына қатты байлануы себепті әзірге өзі ләззатын ала алмаған Шариғат әдептеріне селқостық танытады.
Екіншісі болса: Астағфируллаһ! Шариғат әдептері тариқат қағидаларымен салыстырғанда маңызсыз деп қарайды. Өйткені, тар түсініктері ондай кең ауқымды жан рахатын қамти алмайды, оның аласа орны сондай жоғары әдептерге жете алмай жүр...
СЕГІЗІНШІ АНЫҚТАМА. "Сегіз қатерді" анықтап береді.
Біріншісі: Пайғамбарымыздың көркем сүннеттеріне мойынсұнуды жолға қоя алмаған кейбір Әһли Сулук әулиелікті Пайғамбарлықтан артық қою арқылы қатерге ұрынады. Жиырма төртінші және Отыз бірінші Сөздерде Пайғамбарлықтың қаншалықты жоғары екендігі ол әулиеліктің онымен салыстырғанда қаншалықты көмескі екендігі дәлелденген болатын.
Екіншісі: Тариқатшылардың кейбір асыра сілтеуші әулиелерін Сахабалардан артық көру, тіпті Әнбия дәрежесінде көру себепті қатерге ұрынады. Он екінші және Жиырма жетінші Сөзде Сахабалар жайлы қосымшада нақты дәлелденген. Пайғамбарымызбен (с.а.у.) сұхбаттасу нәсіп болған Сахабаларға әулиелік жолмен жету мүмкін емес. Олардың Сахабалардан асып кетуі мүмкін емес. Әулиелер ешқашан да Әнбияларға жете алмайды.
Үшіншісі: Тариқаттың қағидаларын берік ұстап асыра сілтеушілер, тариқаттағы әдептері мен қағидаларын Сүннеттен артық көріп, Сүннетке қайшы әрекеттерге барады. Сүннетті орындамаса да тариқат
әдептерін тастамайды. Осылайша, Шариғи әдептерге селқостық танытып қатерге ұрынады. Көптеген Сөздерде дәлелденгеніндей Имам Ғазали, Имам Раббани сынды ақиқатшыл әһли тариқат былай дейді: Бір ғана Сүннетке бойсұну арқылы қол жеткізер сауап жеке өзіндік әдептің жүзін орындағаннан артық. Бір парыздың мың сүннеттен артық болуы сынды бір Сүннет те мың сопылық әдеттен артық.
Төртіншісі: Кейбір асыра сілтеуші сопылар Илхамды (Шабыт) уахи секілді деп ойлайды. Илхам да уахидің бір түрі деп ойлап қатерге ұрынады. Уахидің дәрежесі қаншалықты жоғары және ауқымы кең, киелі, ал илхам (шабыт) онымен салыстырғанда қаншалықты тар, көмескі екендігі Он екінші Сөзде және Құранның мұғжизалығына қатысты Жиырма бесінші Сөзде және басқа да Рисалелерде нақты дәлелденген.
Бесіншісі: Тариқат сырын түсінбеген кейбір сопылар әлсіздерді қуаттау, салғырттарды құлшындыру және көп қызмет етуден туындайтын шаршау мен машақатты жеңілдету үшін сұрамай берілген ләззаттар мен нұрларды, кереметтерді хош көріп, ынтық болуда. Оларды құлшылықтан, қызметтен, зікірден артық көріп қатерге ұрынады. Осы рисаленің Алтыншы анықтамасының үшінші нүктесінде қорыта айтылған және өзге де Сөздерде нақты дәлелденгеніндей: Бұл дүние қызмет орны, ақы алатын жер емес! Бұл жерде ақы талап еткендер, бақи тұрақты жемістерді пәни, уақытша нәрселерге айналдырумен бірге дүниенің мәңгі тұра беруін қалайды. Ынтызарлықпен берзахқа көңілі аумайды. Дүниелік өмірді ұнатардай болады. Өйткені, өзіндік бір ақыретті осы жерден табады.
Алтыншысы: Әһли ақиқатқа жатпайтын кейбір әһли сулук, әулиелік дәрежелердің көріністері мен кейбір үлгілерін кең, ауқымды, негізгі дәрежелермен шатастырып қатерге ұрынады. Жиырма төртінші Сөздің екінші бұтағында және өзге де Сөздерде нақты дәлелденгеніндей; Мысалға Күн, көптеген айналар арқылы саны артып, мыңдаған мисали күндер кәдімгі күн сияқты жарық пен қызуға ие болады. Бірақ, сол мисали күндер нағыз күнмен салыстырғанда өте әлсіз. Сол сияқты Пайғамбарлық пен ұлы әулиелік мақамдардың (орындардың) мақамдар көлеңкелері бар. Әһли сулук соларға шығып, өзін сол ұлы әулиелерден де жоғары көреді, тіпті Пайғамбарлардан да жоғары кеттім деп ойлайды, қатерге ұрынады. Ал, енді бүкіл сол айтылған қауіптерден
зиян шектеудің жолы - Иманның шарттары мен Шариғаттың негіздерін әрдайым үлгі және негіз етіп, өзінің көргендері мен жан рахатының соларға қайшы келетін тұстарын айыптау болмақ.
Жетіншісі: Рухани самғаудан (сулук) жаны рахат тауып, ләззат алатын кейбір кісілер бұл ісіне мақтанып, назданып, адамдардың өзіне мән беруін, өзіне жебеу болуын өтінуді. Шүкір етіп жалбарынудан, пендешіліктен аулақ болудан артық көріп қатерге ұрынады. Ал, негізінде ең жоғарғы мәртебе Мұхаммедті (с.а.у.) үлгі тұтып құлшылық ету. Бұл "Махбубиет" деп аталады. Ал құлшылықтың ең негізгі мәні нияз ету, шүкір ету, жалбарыну, қорқыныш пен үміт ортасында өз әлсіздігін сезіну, халықтан бас тарту арқылы кәміл ақиқатқа қол жеткізеді. Кейбір, ұлы әулиелер рухани самғау кезіндегі көпшілікке түсініксіз әңгімелер мен мақтанышқа уақытша өз ықтиярынсыз кірген. Бірақ, мұндай іске өз еркімен барғандарға еруге болмайды. Олар өздері тура жолда болғанымен басқаларды тура жолға сала алмайды. Сондықтан, оларға еруге болмайды!
Сегізінші қатер: Өзінікін ғана дұрыс көретін кейбір қызба әһли сулук ақыретте үзіп жейтін әулиелік жемістерін осы дүниеде жегісі келеді. Рухани самғау кезінде соларды қалап қатерге ұрынады.
Ал,
сынды аяттар арқылы білдірілгеніндей және көптеген Сөздерде нақты дәлелденгендей мәңгілік әлемдегі бір ғана жеміс, пәни дүниенің мың бақшасынан артық. Сондықтан, ол берекелі жемісті бұл жерде жемеу керек. Егер, сұрамай-ақ беріліп жатса шүкір ету керек. Сыйлық үшін емес құлшындыру үшін берілген Аллаһтың жарылқауы деп қабылдауы керек.
ТОҒЫЗЫНШЫ АНЫҚТАМА: Тариқаттың көптеген жемістері мен пайдаларының тек "Тоғызы" ғана қорыта айтылмақ.
Біріншісі: Мәңгілік бақыттың, мәңгілік қазыналардың кілттері мен бұлақтары және кені болған Иман ақиқаттарының сыры тура бағыттағы тариқаттар арқылы ашылып, айнеляқин дәрежесінде көрінуі.
Екіншісі: Адам деген мәшиненің орталығы, қозғаушы күші болған жүректі (көңілді) тариқат арқылы іске қосып, сол әрекетпен басқа да адами сезімдерді қозғап, өз жаратылысына сай - нағыз адам болу.
Үшіншісі: Берзах пен Ақырет әлеміне сапар шегерде тариқат тізбектерінің біріне қосылып, сол нұрлы керуенмен мәңгілік жолында
жолдас болу, сондай-ақ жалғыздықтың үрейінен құтылып, уайымдар мен күмәндардың шабуылына қарсы сол топтың бірлігіне арқа сүйеп, барлық ұстаздарын күшті дәлел, қуатты айғақ ретінде көріп, ойға келген әлгіндей бұрыс пікір, күмәндарды сол айғақтар арқылы тойтару.
Төртіншісі: Имандағы Мағрифетуллаһ (Аллаһты танып білу) және сол Мағрифетуллаһтағы Махаббаттуллаһтың (Аллаға деген махаббат) ләззатын саф тариқат арқылы түсіну және сол түсінік арқылы дүниенің шексіз үрейінен және мына ғаламдағы адамның шынайы жалғыздығынан құтылу. Екі жиһанның бақыты мен қайғысыз ләззат, үрейсіз жұбаныш, шынайы жан рахаты нағыз бақыт Иман мен Ислам ақиқаттарында екендігін көптеген Сөздерде дәлелденгенбіз. Екінші Сөзде айтылғандай Иман өз бойында Жаннаттағы Туба ағашының дәнін сақтайды. Міне, тариқаттың тәрбиесі арқылы сол дән өсіп-өнеді, өркендейді.
Бесіншісі: Шариғат ұсынып отырған нәзік ақиқаттарды тариқат арқылы Аллаһты зікір ету арқылы туындайтын көкіректің оянуы арқылы сезіну, қадірін білу... Сол кезде құлшылыққа қиналмай, керісінше құлшыныспен ғибадат жасайды.
Алтыншысы: Нағыз жан рахаты мен тыныштыққа, уайымсыз ләззат пен үрейсіз жұбанышқа шынайы себеп және дәнекер болар тәуекелге, тәслім мен риза дәрежесіне қол жеткізу.
Жетіншісі: Тариқатқа кірудің ең маңызды шарты, ең қымбат нәтижесі болған ықылас арқылы жасырын ширктен (Аллаһқа серік қосу) және рия мен жасандылық сынды нашар қылықтардан арылу.
Және тариқат амалдарының мәні болған нәпсіні тазарту арқылы нәпсісі мен менмендіктің қауіптерінен құтылу.
Сегізіншісі: Тариқат - Жүрекпен зікір ету, ақылмен ой жүгірту арқылы қол жеткізілетін Аллаһқа жақындау және әрдайым Соның алдында тұрғанын сезіну. Ізгі ниеттердің арқасында қарапайым әдеттерін ғибадатқа айналдыру. Дүниелік істерді ақыреттік амалдар есебіне өткізіп, өмір байлығын дұрыс пайдалану. Өмірінің әр сәтін мәңгілік өмірдің өнімдерін беретін дәнге айналдыру.
Тоғызыншысы: Жүрекпен рухани самғау (сулук) және рухани күрес нәтижесінде рухани даму арқылы кәміл адам болуға тырысу. Яғни, нағыз мүмін, нағыз мұсылман болу. Яғни, тек сырт көрінісі
ғана емес, шынайы Иман мен Ислам ақиқаттарына қол жеткізу. Яғни, мына ғаламда бір жағынан ғаламның уәкілі ретінде тікелей Жаратушы Хаққа құл болу және сөзін тыңдаушы болу, дос болу және айна болу және өзінің ең тамаша жаратылыс екендігін көрсете білу арқылы адам баласының періштелерден артық екенін дәлелдеу. Және Шариғаттың Иман және амал қанаттарымен жоғары дәрежелерге самғау және бұл дүниеде мәңгілік бақытқа мән беру. Тіпті, сол бақытқа қауышу.
ҚОСЫМША
[Бұл кішкене қосымшаның үлкен маңыздылығы бар. Кімге де болсын пайдалы]
Хақ Тағалаға апаратын жолдар бек көп. Барлық хақ жолдар Құраннан бастау алады. Бірақ, хақ жолдар өзара бөлінеді. Кейбіреуі басқаларға қарағанда анағұрлым қысқа, өте сенімді әрі жалпыға ортақ болып келеді. Сондай жолдардың ішінде таяз ұғымыммен Құранды пайдалана отырып салған жолым бар. Ол "әлсіздік", "пақырлық", "мейірімділік" және "терең ой-толғаныс" жолы деп аталады.
Иә, әлсіздік деген ғашықтық секілді, тіпті ол, одан да саламатты. Құлшылық арқылы Аллаһтың сүйікті құлына айналдырады. Пақырлық, ол да Аллаһтың "Рахман" есіміне қол жеткізеді. Мейірімділік, ол да ғашықтық секілді, тіпті одан да өткен сара жол, даңғыл деуге болады. Ол, пендені Аллаһтың "Рахим" есіміне табыстырады. Тәфәккүр, яғни пікірлеу, толғану, ол да ғашықтық секілді, тіпті одан да бай, әлдеқайда жарқын, анағұрлым даңғыл, кең жол. Ол, пендені Аллаһтың "Хаким" есіміне бөлейді. Бұл жолымыз "Хафи" тариқаттары секілді "ләтайф-ы ғашара" секілді он адымнан тұрмайды. Немесе "Жаһри" тариқаттары секілді "нуфус-ы сәбға" деп аталатын жеті адымға негізделмеген. Бұл жол "төрт адымнан" тұрады. Яғни төрт аттаса мақсатқа жеткізеді. Мұны "тариқат" емес "шариғат", "ақиқат" деп атаған жөн болар. Қате түсініп қалмаңыз, бұл айтылып отырған "әлсіздік", "пақырлық", "кемшілік" жақтарын пенде Хақ Тағаланың алдында көріп, мойындау деген сөз. Әйтпесе жасандылыққа салынып, оларды жұрттың алдында жайып салып, халыққа көрсету деген емес.
Бұл қысқа жолдың ереже-шарты мынау: Сүннетті мықтап ұстану, парыздарды орындау, үлкен күнәларды тәркі қылу, және аса мән берілетін нәрсе, намазды "тағдил-үл әркәнмен" оқу яғни шарттарын толық орындап, байыппен оқу, намаздың соңында тәсбихат оқу.
аяты ишара қылады.
аяты ишара қылады.
аяты ишара қылады.
аяты ишара қылады.
Бірінші адымда:
аяты ишара еткеніндей пенде нәпсісін яғни өзін ешқашан ақтамауы керек. Өйткені, пенде жаратылысынан нәпсісін жақсы көреді. Адам бәрінен бұрын, тікелей өзін жақсы көреді, басқаларды өз нәпсісіне пида етеді. Алланы мадақтауға ғана жарасар әрекет пен нәпсісін мақтайды. Құдайға жарасатын пәктеу арқылы нәпсісін кемшілік атаулыдан ада көріп, нәпсісін барынша ақтауға тырысады. Қолынан келсе кемшілігін мойындамауға тырысады. Нәпсісіне бейне құлдық ұрғандай шамадан тыс ұлықтайды.
Тіпті, табиғатында Жаратушы Иемізді пәктеп, мадақтасын, ұлықтасын деп берілген қабілеттерді нәпсісіне жұмсап
аятының сырына ұрынады. Өзін ғана көріп, өзіне ғана сеніп, өзін ғана ұнататын болады.
Міне, бұл жағдайдан нәпсіні құтқарудың жолы, арашалап қалудың тәсілі; нәпсісін ақтамау, оның кемшіліктерін көру.
деп дәріс бергеніне сәйкес, нәпсі жалпы өзін әсте ұмытқан, өзінен хабары жоқ бейқам біреу. Егер оған өлім туралы айтса оны дереу басқаға сілтейді. Аяқталуды, айырылуды көрсе де көрмегендей сыңай танытады. Жұмыс кезінде, бір қиындық, бір бейнет шықса өзін жасырып, басын бұға қалады, ал бірақ ақы алатын, ләззат берілетін
кезде өзін әсте ұмытпай, тіпті алдына жан салмай бәрінен бұрын алға ұмтылыу, жүгенсіз нәпсінің қылығы. Бұл жағдайдан нәпсіні тазартып, оны тәрбиелеу үшін осыған қарама-қайшы әрекет ету керек. Яғни, нәпсісін ұмытар кезде ұмытпау керек. Яғни ләззат алып, рахаттанарда өзін ұмытып, ал өлімде және қызмет шыққанда ұмытпау, қызметті ойлау.
аяты үйреткеніндей нәпсі әрдайым жақсылықты өзінен деп біліп мақтанады, амалдарына арқа сүйейді. Бұл адымда нәпсінің тек қана кемшіліктерін, айыптарын, бейшара әлсіз, пақыр екенін көріп, ал барлық кемелдіктер мен жақсылықтар Фатыр-ы Зүлжәлал сыйға тартқан нығметтер деп біліп, мақтанудың орнына шүкіршілік ету, өзін дәріптеудің орнына хамд етуі керек. Бұл мәртебедегі нәпсіні тазартудың жолы
аятының сырымен,кемелділік кемелсіздіктен шығатынын білу, күшті әлсіздікте байлықты пақырлықта деп білу.
Төртінші адымда:
аяты дәріс бергеніндей, нәпсі өзін емін еркін, тәуелсіз, өздігінен бармын деп біледі. Сондықтан, белгілі бір мағынада Рубубиет даулайды. Табынуға лайық Жаратушысына қарсы қастық қылғандай бас көтеруге дайын тұрады.
Міне, нәпсі мына төмендегі ақиқатты терең пайымдаса ғана одан құтылады. Ақиқат мынау: Барлық нәрсе, өзі-өзімен қалар болса яғни "мағына-и исми" тұрғысында фәни, түкке тұрғысыз, тіпті жоқ, өткінші нәрсе. Ал, бірақ Жаратқан Иесіне, оның есім-сипаттарына айна болу жағымен қарағанда (мұны арапша "мағына-и харфи" дейді), және міндеткер ретінде қараса, ол көзге көрінетін, назарға ілінетін, болмысқа ие болады.
Нәпсінің бұл жағдайда тазаруы, жаманнан арылуы былай жүзеге аспақ: "Ужудында адем, адемінде ужуды бар". Яғни, ол өзін мойындап, "мен бармын" десе мүлдем жоқ болып кетеді. Басқаша айтар болсақ, ол өзінің жеке болмысына сеніп, оны бар ғып отырған Мүжид-і Хақиқисін ұмытса, өзінің болмашы жарығына сенген жарқырауық қоңыз секілді, ол да шексіз жоқтықтың, мәңгіге айырылысудың тұңиығына батып,
қараңғыда қалады. Ал, менмендігін тастап, негізінде еш екенін, өзінің түкке тұрғысыз екенін аңғарып, өзінің Жаратушы Аллаһтың айнасы, оның есімдерінің шағылысы екенін көрсе, міне сол кезде ол жалпы болмыс атаулыға ие болады және өзі де шексіз болмысқа қол жеткізеді. Өйткені, болмыс атаулы есімдерінің шағылысы, көрінісі ғана болып табылатын Зат-ы Уажиб-ул Ужудты (Аллаһ) тапқан жүрек барлық нәрсені табады.
Осы айтылған "әлсіздік", "мейірімділік", "пақырлық", "толғаныс" деп аталатын ұстаным-жолдың төрт адымы жайлы, оның мәнісін білгің келсе, ақиқатқа бастар ілім туралы, және шариғаттың мән-жайын талдап түсіндіретін, сондай-ақ, хикметке толы Құранның сырын шертетін, өзі жиырма алты Сөзде айтылған. Бұл жерде бір-екі нүктеге қысқаша ишара етеміз. Ол былай:
Иә, бұл жол әлдеқайда қысқа. Өйткені, төрт адымнан тұрады.
Нәпсі өзінің мүлдем әлсіз екенін қабылдаса дереу құдіреті күшті Хақ Тағалаға қолын созады. Алайда, ең өткір жол болған ғашықтық жолы болса, нәпсіден беті қайтқанымен жалған әдемілерді тастап, олардан бірден қол үзе алмайды. Олардың жоғалып, көзден таса болатынына көзі әбден жеткенде ғана Махбуб-ы Хақиқиді (нағыз Сүйікті Аллаһ) табады. Һәм, бұл жол өте саламатты, еш қаупі жоқ. Өйткені, бұл жолда нәпсінің рухани мастығы секілді шамасынан асып, қозушылық болмайды. Себебі, нәпсі өзінің бойында әлсіздік, пақырлық, кемшіліктен басқа ештеңе таппағандықтан шектен шықпайды. Һәм бұл жол жалпыға ортақ, үлкен даңғыл жол.
Өйткені, "әһл-і уахдәт-ул уджудшылар" секілді өзін Аллаһтың алдында әрдайым сезіну үшін: لَٓا مَوْجُودَ اِلَّا هُوَ (Аллаһтан басқа ешкім жоқ) деп, әлемді жоққа шығаруға немесе "әһл-і уахдәт-уш шуһудшылар" секілді لَٓا مَشْهُودَ اِلَّا هُوَ деп қоршаған ортадан алыстап, оларды естен шығарып ұмытуға мәжбүр болмайды.
Өйткені, Құран мына әлемді жоқ деуден, ұмытқызудан аулақ болғандықтан ол да назарын негізгі мәселеге аударып, "болмыс өздері үшін қызмет жасап жүрген жоқ" деп, олар Жаратқанның атынан жұмыс істеп, Оның көркем есімдерінің айнасы болып қызмет атқарады. Олар бөленуші мағынасында" деп, оларға әріп ретінде қарау арқылы бейқамдықтан құтылып, "хузур-ы дайымиға" қолы жетеді, яғни өзін әрдайым Жаратқанның алдында екенін сезініп көңілі хош, жаны жай табады. Барлық нәрседен Хақ Тағалаға апаратын бір жол табады.
Сонымен, бұл жолдың түйіні, болмыс атаулы өз-өзіне қызмет етуде, демеу оларға "мағына-и исмимен" қарамау, олар өздері үшін, өздігінен жүр дегеннен аулақ болу.