Хаттар
— 392 —

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ МЕКТУБ

Бұл Хат "Сегіз Мәселеден" тұрады

Бірінші Рисале атанған Бірінші мәселе

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
اِنْ كُنْتُمْ لِلرُّؤْيَا تَعْبُرُونَ

Екіншіден: Үш жыл бұрын менімен кездескеннен кейін, үш күн өткен соң, неге ондай түс көргенің белгілі болған түсіңнің жоруын енді сұрап отырсың. Қазір сол тамаша, берекелі, сүйіншілі, уақыттың өзі мағынасын ашып берген түске қатысты былай десем бола ма?

نَه شَبَمْ نَه شَبْ پَرَسْتَمْ مَنْ ٭ غُلَامِ شَمْسَمْ اَزْ شَمْسْ م۪ى گُويَمْ خَبَرْ
آنْ خَيَالَاتِى كِه دَامِ اَوْلِيَاسْتْ ٭ عَكْسِ مَهْرُويَانِ بُوسْتَانِ خُدَاسْتْ

Бауырым, сенімен бірге нағыз ақиқат дәрістерін талқылауға үйренгенбіз. Қиял араласып кете беретін түстерді ақиқат алаңында зерттеу, зерттеудің қағидаларына толық үйлеспейді. Ұйқыдағы кішкене құбылыс арқылы өлімнің інісі болған ұйқыға қатысты ақиқаттарды ғылыми заңдылықтарға сүйене отырып, Алты Ақиқат Тұжырым

— 393 —

түрінде Құран аяттары ишара еткен жақтарын негізге ала отырып баяндаймыз. Жетіншісінде, сенің түсіңе қысқаша, жору жасалады.

Біріншісі: Юсуф Сүресінің маңызды бір бөлімі, Юсуф (а.с.)-ның түсі. Сондай-ақ

﴿ وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتًا ﴾

аяты секілді көптеген аяттар түс арқылы астарлы түрде маңызды ақиқаттардың жеткізілетінін көрсетеді.

Екіншісі: Құран ашып, жорамал айтуды және түске арқа сүйеуді тура жолдағылар құптамайды. Өйткені, Құран Хаким кәпірлерге қайта-қайта қатаң соққы беруде. Кітап ашқан кезде, кәпірге қатысты қатаң сөздер шықса, адамның көңілін астан-кестең етеді, үмітсіздікке түсіреді. Сондай-ақ, түс негізінде жақсылық бола тұра, кей кезде шындыққа қайшы келетін бейнеде көрінетіндіктен жамандық деп қаралады, үмітсіздікке түсіреді, жаман ой береді. Көптеген түстердің көрінісі үрейлі, зиянды, лас болғанымен жоруы мен мағынасы өте жақсы болады. Түстің көрінісі мен мағынасының шындықпен байланысын әркім таба алмағандықтан босқа алаңдайды, уайымдайды, қайғырады.

Міне, тек осы үшін де, тура жолдағылар мен Имам Раббани секілді мен де о баста

نَه شَبَمْ نَه شَبْ پَرَسْتَمْ

дедім.

Үшіншісі: Сахих хадис бойынша, пайғамбарлықтың қырықтан бір бөлігі ұйқыдағы ақиқат түстері арқылы білдірілгені белгілі. Демек, аян берілетін шыншыл түстер ақиқат және пайғамбарлық міндетке де қатысы бар. Бұл Үшінші Мәселе, өте маңызды, ұзақ әңгіме және пайғамбарлықпен байланысты, терең мағыналы болғандықтан, басқа уақытқа қалдырамыз, әзірше, ол есікті ашпаймыз.

Төртіншісі: Түс үш түрлі болады. Екеуі Құран сөзімен айтқанда اَضْغَاثُ اَحْلَامٍ ге жатады, жоруға татымайды. Мағынасы бар болса да, маңызы жоқ. Я, жан мен тәндегі бір ақаудың салдарынан адамның науқастығына байланысты қиял күші көрініс, бейне түзеді. Күндіз не болмаса бұрынырақта, тіпті екі-үш жыл бұрын басынан өткен оқиғаларды есіне түсіріп, түсінде көргендей суреттейді, сан-саққа жүгіртеді.

Бұлардың екеуі де اَضْغَاثُ اَحْلَامٍ ға жатады, жоруға тұрмайды.

— 394 —

Үшінші түрі - аян берілетін ақиқат түс. Адамның болмысындағы Раббани жарылқаулардың материалдық әлемге байланған және сол әлемде жүрген сезімдердің жабылуы мен өз істерін тоқтатуы арқылы ғайып әлемімен байланыс орнатуы, саңылау ашуы. Сол саңылау арқылы жүзеге асуға дайындалып жатқан құбылыстарға қарайды және Левһул Махфуздың көріністері мен Тағдыр жазбаларының үлгілерінің біріне кезігеді, кейбір шындық оқиғаларды көреді. Қиял сол оқиғаларды иемденеді, бейне береді. Бұл жағдайлардың түрі де, дәрежелері де көп. Кейде дәл көрінгеніндей болып шығады, кейде жұқа перденің артынан бұлдырап көрінеді, кейде қалың пердемен жабылып қалады.

Хадис шәрифте: Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламның уахи келер алдында көрген түстері таңның атуы секілді анық, тура шығатын.

Бесіншісі: Ақиқатқа сай түс, алдын ала сезудің жетіле түсуі. Алдын ала сезу болса, барлық адамда да азды-көпті бар. Тіпті, хайуандарда да бар. Бір кездері мен осы алдын ала сезу сезімін сыртқы және ішкі белгілі сезімдерге қосып, адамда және хайуандардағы "есту" мен "көру" секілді "саиқа (итермелеуші)" және "шаиқа (тартушы)" атты тағы екі сезімді іліми түрде тапқан едім. Дінсіздер мен дінсіз философтар, бұл беймәлім сезімдерді "инстинкт" дейді. Астағфируллаһ, инстинкт емес, расында ол өзіндік бір "фытри илһам", адамдар мен хайуанатты Иләһи жазымышқа итермелейді. Мәселен, мысықтар көзі ауырып, көрмей қалғанда, сол Жазымыштың итермелеуі арқылы көзіне дәрі болатын шөпті тауып, көзіне жағады да жазылып кетеді.

Сондай-ақ жер бетінің санитарлары саналатын және жабайы аңдардың өліктерін тазалауға міндеттелген құзғын секілді жыртқыш құстарға, бір күндік жерде бір өлексенің жатқаны, сол жазмыштың итермелеуімен және алдын ала сезудің илһамымен және Иләһи саиқамен білдіріледі, адаспай барып тауып алады.

Сондай-ақ, дүниеге жаңа келген бір бал арасы өзі бір күндік қана бола тұра, бір күндік жерге ұшып кетеді, ауада ізін жоғалтпай ұшып, сол жазымыштың итермелеуі және сол илһам арқылы кері қайтады, ұясын дәл табады. Тіпті, көп қайталанатын бір жағдай бар. Біреу жайлы айтылып жатқан сәтте кенет есік ашылады да, ойламаған жерден дәл сол адам келеді. Күрдше мақалдардың бірінде:

نَافِ گُرْب۪ينَه پَالَانْدَارْ ل۪ى وَر۪ينَه
— 395 —

Яғни: "Қасқыр жайлы айта бастасаң, таяғыңды дайында, қасқыр келеді!" дейді. Демек, алдын ала сезу арқылы яки Раббани латифа бойынша әлгі адамның келетінін сезеді. Алайда, оны ақыл қамти алмаса да, еріксіз түрде сол жайлы айтуға итермелейді. Әулиелер мұндайдың кәрамат секілді келетінін айтады. Тіпті, бір уақыттарда менің өзімде де осындай сезімдер күшті болушы еді. Бұл жағдайды жүйелі түрге айналдырғым келді, бірақ жөн көрмедім және жасай алмадым. Әйтсе де салихтерде, әсіресе, әулиелерде алдын ала сезу қабілеті кемелденеді, кәрамат секілді нәтижелерін көрсетеді.

Жалпы, қарапайым адамдардың да өзіндік бір әулиелік жағдайға жету мүмкіндігі бар. Яғни ақиқатқа сай түстер арқылы ғайыпты және болашақ нәрселерді көреді. Ұйқы - қарапайым адамдарды ақиқатқа сай түс көру кезінде әулиелік мәртебеге шығарса, жалпы адамдар үшін өте тамаша Раббани фильмді тамашалайтын жағдай. Алайда, жақсы мінезді адам жақсы ойлайды. Жақсы ойлаған адам жақсы көріністер көреді. Жаман мінезді адам, жаман ойлағандықтан жаман көріністер көреді. Сондай-ақ кімге де болса, материялық әлемнен, ғайып әлеміне қаратылған терезе. Кедергілермен шектеулі және фәни адамдар үшін шетсіз-шексіз алаң және мәңгіліктің бір көрінісі болған өткен шақ пен болашақ осы шақ секілді көрінетін тамашалау орыны. Сондай-ақ, тіршілік тауқыметінің астында езілген, машақат шеккен рух иелерінің демалыс орыны.

Міне осындай сырларға байланысты Құран Хаким:

﴿ وَجَعَلْنَا نَوْمَكُمْ سُبَاتًا ﴾

секілді аяттар арқылы ұйқының мәнісі, маңыздылығы жайлы мағыналы дәріс береді.

Алтыншысы және ең маңыздысы: Ақиқатқа сай түс, мен үшін хаққаляқин дәрежесіндегі ақиқат және көптеген тәжірибелерім бойынша Иләһи жазмыштың бүкіл нәрсені қамтитынына нақты дәлел болады. Ондай түстер, бірнеше жыл ішінде сондай бір дәрежеге жетті. Ертең басыма келетін ең кішкене оқиғалар мен ең елеусіз істер, тіпті ең қарапайым әнгіме жазулы екендігі және әлі болмай тұрып-ақ, дайындалып қойғандығы, түнде соларды солай көруім тіліммен емес, көзіммен оқығандай анық еді. Бір емес, жүз емес, тіпті мың мәрте, түнде еш ойламаған жерден көрген кейбір адамдарым немесе айтқан мәселелерім, ертеңіне аз ғана жорулар арқылы дәл солай болып

— 396 —

шығады. Демек, ең кішкене құбылыстар жүзеге аспай тұрып-ақ тіркеуге алынып, жазылып қойылған. Демек кездейсоқтық деген нәрсе жоқ, құбылыстар еш жүйесіз өз-өзінен болмайды.

Жетіншісі: Сенің сүйіншілі, әдемі түсіңнің жоруы Құран үшін де, біз үшін де өте жақсы. Уақыттың өзі жорып берді және айтып та жатыр. Біздің жоруымызға қажеттілік қалдырмады. Жоруы да жақсы шыққан еді. Сен мұқият мән берсең түсінерсің. Тек бір-екі жеріне ишара етеміз яғни бір ақиқатты айта кетеміз. Сенің түсіңдегі оқиғалар, сол ақиқаттың көріністері. Бұл былай:

Әлгі өте ауқымды алаң - Ислам әлемі. Алаңның шетіндегі мешіт - Ыспарта уәлаяты. Айналасы лай балшықты су - қазіргі заманның сауықшылдық, жалқаулық және бидғатшылдық ұйығы. Сенің аман-есен былғанбай, тездетіп мешітке жетуің - бәрінен бұрын Құранның нұрына бөленіп, көңіліңді бұзбай сау қалғандығыңа ишара. Мешіттегі кішкене жамағат болса - Хаққи, Хулуси, Сабри, Сулейман, Руштү, Бекир, Мустафа, Али, Зуһдү, Лутфи, Хусрау, Рефет секілді "Рисалей Нұрды" жазуға жанын салып жүргендер. Кішкене мінбер болса - Барла сынды кішкене бір ауыл. Жарқын дауыс болса - Рисалей Нұрдағы күш және олардың жылдам жайылуына ишара. Бірінші саптағы саған арналған орын болса - Абдуррахманнан саған босап қалған орын. Әлгі жамағат сымсыз байланыс құралдарының қондырғылары қызметін атқаруда. Бүкіл дүниеге дәріс тыңдатуға тырысулары - Иншааллаһ кейін толық көрініс табатын болады. Әзірше, олар кішкене дәндер болғанымен, болашақта Иләһи таупиқ арқылы әрқайсысы жеке-жеке ағашқа айналады, әр қайсысы сымсыз телеграф орталықтары секілді болады. Және сәлделі жас жігіт - Хулусимен иық тіресіп, тіпті одан да асып түсетін біреу. Рисалелерді жайып, таратушы шәкірттердің ішіне кіруге даяр жас азамат. Кейбіреулері ойымда тұр, бірақ кесімді түрде тұжырым жасай алмаймын. Ол жас жігіт, әулиелік күшпен байқалатын бір адам. Өзге жақтарын сен менің орныма жорып көр.

Сендей достармен ұзақ сұхбаттасудың өзі жағымды әрі көңілге хош болғандықтан осы бір қысқа мәселеде ұзақ сөйледім, бәлкім ысрап та еткен шығармын. Әйтсе де, ұйқыға қатысты болған Құран аяттарының өзіндік бір тәпсіріне ишара ету ниетімен бастағаным үшін, иншаллаһ бұл ысрап кешірілер, ысрапқа да жатпайтын шығар...

— 397 —

Екінші Мәселе аталған Екінші Рисале

[Хазреті Мұса Алейһиссәлам, Хазреті Әзірейіл Алейһиссәламның көзіне жұдырық сілтеген (жалғасы бар)... деген мазмұндағы Хадиске байланысты туындаған, мән беруге тұрарлық тартысты тыю және шешімін айту үшін жазылған.]

Эгридирде болған бір іліми тартыс жайлы естідім. Ондай тартыстар, әсіресе, қазіргі кезде қателік болып саналады. Ондай тартыстың болғанын естімеген едім. Менен де сұрады. Сенімді бір кітапта, Имам Бұхари да, Имам Мүслім де мақұлдағандығына белгі болып табылатын

ишаратымен белгіленген бір хадис көрсетті, "Хадис пе, жоқ па?" деп сұрады.

Мен де былай дедім: "Мұндай сенімді бір кітапта, екі Шейхтің Хадис екендігіне қатысты бірдей тұжырымдарын көрсетіп отырған адамға сену керек, демек бұл хадис. Алайда, хадистің Құран аяттары секілді кейбір астарлары бар, тек таңдаулы ғалымдар ғана олардың мағыналарын таба алады. Бұл хадистің сыртқы мағынасының өзі терең, мағыналы хадистердің астарлы бөлімінен болу ықтималы бар", дедім. Егер тартысқа себеп боларын білсем, олай қысқаша емес, Былай жауап беретін едім:

Біріншіден: Мұндай мәселелерді пікірталас етудің бірінші шарты ынсаппен, хақты табу ниетімен, асықпай, жөн білетіндердің ортасында, бұрыс ой туындатпай әңгіме еткен жөн. Ол әңгіменің ақиқат үшін болғандығына дәлел мынау. Егер ақиқат қарсылас жақта болса, мұңаймауы керек, қайта қуануы қажет. Өйткені, білмейтін нәрсесін үйренді. Егер өзінікі дұрыс болса, онда жаңа бір нәрсе үйренбеген күйі қалады, әйтпесе, мақтаншақтыққа түсу ықтималы бар.

Екіншіден: Пікір таластың себебі хадис болса, хадистің мәртебелері мен мағнасы уахи болған хадистердің дәрежелерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөз саптау жағдайын білу керек. Қарапайым халық арасында түсінілуі қиын хадистерді пікірталас ету, өз артықшылығын көрсету ретінде адвокат секілді өз сөзін дұрыс етіп көрсету және менмендігін ақиқат пен ынсаптан артық көріп, дәлелдер іздеу дұрыс емес. Мұндай мәселелер қозғалып, пікірталасқа себеп

— 398 —

болса, бейшара қарапайым халықтың зейініне кері әсерін тигізеді. Өйткені, мұндай астарлы хадистерді ақылына сыйғыза алмағандықтан егер теріске шығарса, сұмдық бір есікті ашқан болады, яғни кішкене ақылына сыймаған нақты хадистерді де теріске шығаруға жол ашады. Егер хадистің сыртқы мазмұнын ұстанып, сол күйінде қабылдап жаятын болса, адасушылардың қарсылығына ұшырап, "сандырақ" деп айтуларына жол ашады. Енді, осы астарлы хадиске мән беріп, орынсыз жерде назар аударылған болса, әлбетте шүбәларды тойтаратын ақиқатты баяндау қажет. Бұл хадис нақты болсын, болмасын, бәрібір, ол ақиқатты айтуымыз керек.

Сонымен, рисалелердегі Жиырма Төртінші Сөздің Үшінші Бұтағында Он Екі Асыл арқылы және Төртінші Бұтағында, сондай-ақ Он Тоғызыншы Хаттың уахидің жіктелуіне қатысты кіріспесіндегі егжей-тегжейлі түсіндірмені жеткілікті деп біліп, бұл жерде сол ақиқаттың қорытындысына ишара етеміз.

Бұл былай: Періштелер, адам сияқты бір бейнемен шектеулі емес, жеке тұлға бола тұра, жалпы есебінде. Хазреті Әзрейіл Алейһиссәлам жан алуға міндетті періштелердің бақылаушысы.

«Әрбір өліктің рухын Хазреті Әзрейіл алейһиссәлам тікелей өзі ала ма? Әлде көмекшілері ала ма?»

Бұл жөнінде үш ұстаным бар:

Бірінші ұстаным: Әзірейіл Алейһиссәлам барлығының рухын өзі алады. Бір іс екіншісіне кедергі болмайды, өйткені ол нұрани. Нұрлы бір нәрсе, сансыз айналар арқылы сансыз жерлерде тікелей өзі бола алады және шағылысып көрінеді. Нұрлы заттың шағылысқан бейнесінде сол нұрлы заттың өзі де бар, оның дәл өзі болып саналады, одан өзге нәрсе емес. Күннің айналардағы шағылысы күннің жарығы мен қызуын көрсететіні секілді. Періште сынды руханилердің де, мисал әлемінің бөлек-бөлек айналарындағы бейнесі олардың дәл өздері болып табылады, олардың нақ қасиеттерін көрсетеді. Бірақ айналардың қабілеттеріне қарай көрінетін болады. Мәселен, Хазреті Жәбрейіл алейһиссәлам, Дихия бейнесінде сахабалардың арасында көрінген мезетте, мыңдаған жерлерде басқа бейнелерде және Арш Ағзамның алдында, шығыстан батысқа дейінгі кең, тамаша қанаттарымен сәжде етуде еді. Бүкіл жерде, сол жерлердің қабілетіне қарай шағылыстары көрінеді екен, бір мезгілде мыңдаған жерде бола алады екен.

— 399 —

Сонымен бұл ұстаным бойынша рухты алу кезінде, адамның айнасына шағылысқан өлім періштесінің адами, шағын бейнесі Хазреті Мұса Алейһиссәлам сынды табанды да айбынды бір тұлғаның соққысына ұшырауы және сол мисали өлім періштесінің киімі тәріздес бейнесінен көзінің шығарылуы - қисынсыз да, ақылға қайшы да емес.

Екінші ұстаным: Хазреті Жәбрейіл, Микаил, Әзірейіл сынды үлкен періштелер жалпы бақылаушы есебінде. Олардың өз тобынан өздеріне ұқсайтын кішкене көмекшілері бар. Ол көмекшілер де жаратылыстардың түрлеріне қарай бөлек-бөлек болады.

Салихтердің {Сілтеме*: Біздің жақта "Сейда" лақабымен әйгілі болған бір үлкен әулиенің жан тәсілім шағында, әулиелердің рухтарын алуға уәкіл етілген өлім періштесі келген екен. Сейда дауысын шығарып, "Мен ғылым жолындағыларды қатты жақсы көремін, рухымды солардың рухын алуға уәкіл етілген ерекше тайпа алсыншы!" деп Аллаһқа жалбарыныпты. Жанында отырғандар бұл оқиғаға куә болған екен.} рухтарын алатындар басқа, күнәһарлардың рухтарын алатындар бір бөлек...

﴿ وَالنَّازِعَاتِ غَرْقًا ٭ وَالنَّاشِطَاتِ نَشْطًا ﴾

аяты мынаған ишара етеді:

"Рухтарды алатындар тайпа-тайпа". Бұл ұстаным бойынша, Хазреті Мұса алейһиссәлам, нақ Хазреті Әзірейіл Алейһиссәламға емес, расында Азрейілдің бір көмекшісінің мисали денесіне өзінің болмысындағы айбыны мен мінезіндегі батылдығы арқылы және Хақ Тағаланың алдындағы наздарлығына сүйеніп, жұдырық сілтеуі ақылға өте қонымды.

{ Сілтеме**: Тіпті, біздің елде өмір сүрген өте батыл бір адам жан тәсілім етер кезінде, өлім періштесін көріп, "Менің жанымды төсекте алмақсың ба"? деп орнынан тұрып, атына мініпті. Қолына қылышын алып, періштеге қарсы майдан ашыпты. Ат үстінде батырларша опат болған екен дейді.}

Үшінші ұстаным: Жиырма тоғызыншы Сөздің Төртінші негізінде баяндалғандай және Хадис шәрифтердің куәлік етуі бойынша: "Кейбір періштелердің қырық мың басы бар. Әрбір басында қырық мың тілі бар. Демек сексен мың көзі де бар. Әрбір тілінде қырық мың тасбихат бар". Періштелер көзге көрініп тұрған әлемдегі нәрселердің әрбір түріне уәкіл болатын болса, ал, рухтар әлемінде солардың тасбихаттарын бейнелейтін болады. Әлбетте солай болулары керек. Өйткені, жер шары жаратылыс. Хақ Тағаланы тасбих етеді. Олай болса оның басы қырық мың емес, тіпті жүз мыңнан да көп болуы керек,

— 400 —

өйткені әрбір жанды түрдің жүз мыңдаған тіл есебіндегі тұлғалары бар. Тағысын тағы... Демек, жер шарына уәкілдік ететін періштенің қырық мың, тіпті жүз мыңдаған басы болуы керек. Әрбір басында жүз мыңдаған тіл болуы керек. Осылай жалғаса береді...

Сонымен бұл ұстаным бойынша, Хазреті Әзрейіл Алейһиссәламның, әр бір тұлғаға қатысты бір бейнесі, көзі бар. Хазреті Мұса Алейһиссәламның Хазреті Әзірейіл Алейһиссәламға жұдырық сілтеуі, Астағфируллаһ, Әзрейіл Алейһиссәламның шынайы мәнісіне және нағыз бейнесіне емес. Менсінбеушілікпен де емес. Қабыл етпеу де емес, негізінде пайғамбарлық міндеттің әрі қарай да жалғаса беруін және баяндылығын қалағандықтан өз ажалын бақылаушы және қызметіне тосқауыл болғысы келген бір көзге соққы сілтеген, сілтейді де !..

اَللّٰهُ اَعْلَمُ بِالصَّوَابِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ ٭ قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ
﴿ هُوَ الَّذ۪ى اَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ اٰيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ اُمُّ الْكِتَابِ وَاُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَاَمَّا الَّذ۪ينَ ف۪ى قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَٓاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَٓاءَ تَاْو۪يلِهِ وَمَا يَعْلَمُ تَاْو۪يلَهُ اِلَّا اللّٰهُ وَالرَّاسِخُونَ فِى الْعِلْمِ يَقُولُونَ اٰمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبّنِاَ وَمَا يَذَّكَّرُ اِلَّٓا اُولُوا الْاَلْبَابِ ﴾
* * * * *
— 401 —

Үшінші Мәселе атанған Үшінші Рисале

[Бұл мәселе, бүкіл бауырларымының ортақ жағдайлары арқылы да, тілдерімен де сұрап жүрген сұрақтарына арнайы және көпшілікке айта бермейтін жауап.]

Сұрақ: Сені зиярат етуге келгендердің бәріне: "Менің жеке басымнан жебеушілік күтпеңіз және жеке тұлғамды қасиетті деп танымаңыз. Мен мақам-мәртебе иесі емеспін. Қарапайым бір сарбаздың маршалдың бұйрықтарын жеткізуі секілді, мен де рухани маршалдық мәртебенің бұйрықтарын жеткізудемін. Кедей адамның өте құнды алмастар мен жәуһарлар дүкенінің жаршысы болғаны сияқты, мен де киелі Құран дүкенінің жаршысымын" дейсің. Ал бірақ ақылымыз ілімге мұқтаж болғанындай, рухымыз да нұр сұрайды. Тағысын тағы... Көп жақтан, көп нәрселерді қалаймыз Сені қажетімізге жарайтын адам деп ойлап, саған зияратқа келудеміз. Бізге ғалымнан гөрі медет беруші әулие керек, кемел жан қажет. Егер жағдай шынында да өзің айтқандай болса, зияратқа бекер келгеніміз бе?".

Жауап: Мына "Бес Тұжырымды" тыңдаңдар, зияраттарың босқа ма, жоқ әлде пайдалы ма, сосын барып ойланыңдар. Сол кезде қарар берерсіңдер.

Бірінші тұжырым: Мәселен, бір падишаһтың қарапайым бір қызметшісі, бейшара бір сарбазы падишаһтың атынан қолбасшыларға, әкімдерге патшаның сыйлықтары мен марапаттарын жеткізіп берсе, оларды борыштар қылады. Егер қолбасшылар мен маршалдар: "Неге мына елеусіз сарбазға мән беріп, қолынан сыйлықтар алып жатырмыз?" дейтін болса, онысы ессіздік болады. Егер әлгі сарбаз да, міндетінен тыс кезде, маршалға тік тұрмай, өзін одан жоғары санаса, ол да ессіздік болады. Егер сол қолбасшылардың біреуі алғыс білдіру үшін кішіпейілдік танытып, әлгі сарбаздың шағын үйіне қонаққа баратын болса, бұл жағдайды білетін падишаһ қара наннан басқа түгі жоқ сарбаз ұятты болып қалмасын деп, патшалық асханадан, адал қызметшісінің құрметті қонағына арнайы ас табақ жібереді.

— 402 —

Дәл осы секілді, Құран Хакимнің адал бір қызметкері, қаншалықты қарапайым болса бола берсін, Құранның атынан ең үлкен адамдарға бұйрықтарын тартынбай жеткізе алады және ең бай рухтыларға да жалынып, жасқанбай, қайта мақтанышпен көңілі шат күйде Құранның қымбат алмастарын сата алады. Олар қаншалықты жоғарғы мәртебелі болса да, әлгі қарапайым Құран қызметшісіне міндетін атқару барысында үлкендік жасай алмайды. Әрі ол қызметкер де, олардың өзіне бас ұрып келулерін, өзінің көкірек керуіне себеп ете алмайды. Егер ондай киелі Құран қазынасының тұтынушылары арасынан кейбіреулері, әлгі бейшара қызметкерге әулие деп қарайтын болса, және оны жоғары мәртебеде тұр деп білсе, әлбетте, ол қызметкерін ұятқа қалдырмау үшін Иләһи ерекше қазынадан сол қызметкердің хабары да, араласуыда болмай-ақ, оған медет беруі және желеп-жебеп мәртебелі етуі - Құран ақиқаттарының киелі мейірімінен...

Екінші тұжырым: Екінші Мың Жылдықтың Мужадиді Имам Раббани Ахмед Фаруқи р.а. «Иман ақиқаттарынан бір ғана мәселенің ашылуы және жан-жақты түсінілуі, мен үшін мыңдаған кәраматтардан артық. Әрі бүкіл тариқаттардың мақсаты мен нәтижесі - иман ақиқаттарының ашылуы мен жан-жақты түсінілуі» деген екен. Енді, осындай тариқат қаһарманы осылай тұжырымдаған болса, әлбетте, иман ақиқаттарын жан-жақты, кәміл түрде түсінікті етіп баяндаған және Құранның сырларын шашыраған Рисалей Нұр, әулиелер ұмтылған нәтижелерге қол жеткіздіре алады.

Үшінші тұжырым: Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы Саидтің бейқам басына қатты соққылар тиді, اَلْمَوْتُ حَقٌّ үкімін ойлады. Ол өзінің ұйыққа батқанын көрді. Медет сұрады, жол іздеді, құтқарушы қалады. Байқаса: Әртүрлі жолдар бар екен, абдырап қалды. Ғаусы Ағзам Шейх Гейлани радиаллаһу анһтың "Футух-ул-Ғайб" атты кітабын ашып, бағдар іздегенде

اَنْتَ فِى دَارِ الْحِكْمَةِ فَاطْلُبْ طَب۪يبًا يُدَاو۪ى قَلْبَكَ

шықты.

Бір ғажабы дәл сол кезде мен Ислами Хикметтер Орталығының мүшесі едім. Өзімше мұсылмандардың жараларын емдеуге тырысқан бір дәрігер едім. Ал шындығында, ең ауыр науқас өзім болатынмын. Науқас жан әуелі өзін емдеуі керек, сонан кейін өзге науқастарға қарауы керек қой.

— 403 —

Хазреті Шейх маған былай деді: "Сен өзің науқассың, өзіңе емші ізде!" Мен: "Сен емшім бол!" -дедім. Өзімді оның тыңдаушысы деп санап, ол кітапты маған арнап сөйлеп жатқандай оқыдым, алайда кітабы өте қатаң еді. Менмендігімді аяусыз соққылауда болатын. Нәпсіме адам төзгісіз бір ота жасады. Шыдай алмадым, жартысына дейін өзімді оның тыңдаушысы етіп оқыдым, бітіруге төзімім жетпеді. Ол кітапты сөреге қойдым. Дегенмен кейін, шипалы отадан туындайтын ауырсынулар кетті де, рахаттанып қалдым. Сол бірінші ұстазымның кітабын кейін толық оқып шықтым және көп пайдасы тиді. Оның зікірі мен мінәжатын тыңдадым, өте пайдалы рухани нәр алдым.

Кейін, Имам Раббанидің Мектубат кітабын көріп, қолыма алдым. Таза ниетпен аштым. Ғажабы сол, бүкіл Мектубатында тек екі жерде "Бәдиүззаман" сөзі бар. Сол екі хат маған бірден ашылды. Сол хаттардың басында "Мирза Бәдиүззаманға Хат" дегенды көрдім. Әкемнің аты Мирза. болғандықтан "Фәсубханаллаһ!" дедім, бұл маған айтып жатыр. Ол кезде Бұрынғы Саидтің бір лақабы "Бәдиүззаман" болатын. Ал һижраның үш жүзінші жылындағы Бәдиүззаман Һамаданиден басқа ондай лақаб атпен мәшһүр болған адамдарды білмеуші едім. Алайда, Имамның заманында да сондай бір адам болған екен де, әлгі екі хатты соған жазыпты. Ол кісінің халі, менің халіме ұқсайды екен. Әлгі екі хатты өз дертіме дауа деп білдім. Имам сол хаттарында және де басқа көптеген хаттарында қайта-қайта былай өсиет етеді: "Қыблаңды Таухид қыл!" яғни: "Біреуді ғана ұстаз тұт, соның артынан ер, басқалармен шұғылданба!". Осы ең маңызды өсиеті, менің қабілетім мен рухани ахуалыма үйлеспеді. "Мынаның артынан кетейін бе, жоқ әлде келесінің бе, болмаса келесі біреудің соңынан ерейін бе?" деп сан рет ойладым. Тығырыққа тірелдім. Әрқайсысының әр түрлі тартымды қасиеттері бар еді. Тек біреуіне қанағат ете алмадым. Тығырыққа тірелген кезімде, Хақ Тағаланың мейірімімен көңіліме "Бұл әртүрлі жолдардың басы және бұл жылғалардың көзі, мына ғаламшарлардың күні - Құран Хаким, нағыз қыбланы таухид қылу сол болады. Ендеше, ең үлкен мүршид, ең киелі ұстаз да Сол" деген ой келді. Соған жабыстым. Кемшіліктері көп және аясы тар қабілеттерім әлбетте лайықты түрде сол шынайы мүршидтің тіршілік суы іспетті фәйізін еміп ала алмай жатыр. Дегенмен көкірек көзі ашық жандардың өз дәрежелеріне қарай сол фәйізді, сол

— 404 —

абылхаят суын, тағы да сол Құранның фәйізі арқылы көрсете аламыз. Демек, Құраннан жеткен ол Сөздер мен Нұрлар, тек ақылға тән іліми мәселелер емес, расында олар көңілге, рухқа тікелей байланысты имани мәселелер. Сондай-ақ олар өте жоғары, аса құнды мағрифат-ы Иләһие есебінде.

Төртінші тұжырым: Сахабалардың, Табиғиндер мен Тәба Табиғиндердің арасынан ең жоғарғы әулиелік мәртебелерге көтерілген жандар Құранның нәрінен бүкіл сезімдерінің үлестерін алған. Сондай-ақ, Құран олар үшін толық жеткілікті мүршид болған. Құран Хаким, әрқашан ақиқаттарды жеткізуімен қатар, Ұлы әулиеліктің фәйізі де сонда.

Сырт көріністердің арғы жағындағы ақиқатқа өтудің екі жолы бар.

Біріншісі: Тариқатқа кіріп, сәйр-сүлік арқылы әр түрлі мәртебелерден асып барып, ақиқатқа жету.

Екіншісі: Тариқат жолына соқпай-ақ, тікелей Иләһи жарылқау арқылы ақиқатқа жету. Сахабалар мен Табиғиндерге тән болған жоғарғы және қысқа жол осы. Демек, Құран ақиқаттарынан түскен нұрлар және сол нұрларға тәржіман болған Сөздер, сол ерекшеліктерге ие бола алады және соларға ие.

Бесінші тұжырым: Сөздердің ақиқат сабақтарын беріп қана қоймай, мүршид міндетін де атқаратынын шағын бес мысал арқылы көрсетеміз.

Бірінші мысал: Өзім, он емес, жүз емес, мыңдаған мәрте тәжірибелерім арқылы көз жеткізгенмін: Сөздер және Құраннан келген нұрлар, ақылыма дәріс бергені іспетті, көңіліме де имани халді орнықтырады, рухыма да иман қуатын береді. Тағысын тағы... Тіпті, дүниелік істерімде, кәрамат иесі бір шейхтің мүриді шейхінен қажетіне қатысты медет күтетіні сияқты, мен де Құран Хакимнің кәраматты сырларынан сондай медет күткен кезімде, өзім үміт етпеген, ойламаған жерден қалауым орындалды. Солардың екі кішкене мысалы:

Біріншісі: Он Алтыншы Хатта егжей-тегжейі айтылып өткен, Сүлейман деген қонағым келгенде, қарағай ағашының басында үлкен бір нанның таңғажайып түрде ілініп тұруы еді. Екі күн бойы екеуміз сол ғайби сыйды жедік.

— 405 —

Екінші мысал: Осы күндерде орын алған шағын ғана бір мәселені айтып берейін. Бір адамның көңіліне күдік беретіндей сөздер айтқаным таң намазының алдында ғана есіме түсті. Әттең сол адамды көрсем, көңіліндегі күдікті кетірсем, дедім. Дәл сол мезетте Ниске жіберген біраз кітабым да маған қажет еді, шіркін сол кітаптар қолыма тисе ғой, дедім. Таң намазынан кейін жалғыз отыр едім. Бір кезде есікке қарасам, дәл сол адам, қолында кітаптар бар, ішке кірді. Оған: "Сенің қолыңдағы не?" дедім. "Білмеймін, есіктің алдында біреу маған Нистен келді деп берді, мен де сізге алып келдім" деді. "Фәсубханаллаһ!" дедім, мұндай уақытта бұл адамның үйінен шығып келуі және мына кітаптың Нистен келуі, кездейсоқтыққа еш ұқсамайды. Осындай бір адамға мынадай кітапты дәл сол мезетте қолына беріп, маған жіберуші, әлбетте Құран Хакимнің жебеуі ғой, "Әлхамдулиллаһ" дедім, менің ең кішкене, ең елеусіз, көңілімнің жасырын, қалауын білетін біреу, әлбетте маған мейірім етеді, маған қамқор болады, ендеше дүниенің қызықтарын бес тиынға да алмаймын дедім.

Екінші мысал: Ағамның ұлы, марқұм Абдуррахман, сегіз жылдан бері менен айырылып, дүние ісімен жүрсе де, маған деген ниеті өте жақсы еді. Ол менде жоқ, қолымнан да келмейтін желеп-жебеуді менен тілеп, медет күтуде еді. Құран Хакимнің медеті көмекке жетті. Хаширге қатысты Оныншы Сөзді қайтыс боларынан үш ай бұрын қолына жеткізді. Ол Сөз, оны рухани кірлерінен және бос әурешіліктерден тазалаумен қатар, кәдімгідей әулие мәртебесіне шығарғандай. Опат боларының алдында жазған хатында үш анық керемет көрсеткен болатын.

Олар, Жиырма Жетінші Хатта бар, сол жерден оқуға болады.

Үшінші мысал: Бурдурлық Хасан Әпенді атты көңілі ояу, сергек ақыреттік бауырым әрі шәкіртім бар еді. Мен жайлы шектен тыс жақсы көзқараста болғандықтан ол бейшара үлкен бір әулиеден жебеушілік күткендей, менен медет күтетін. Аяқ астынан, қажеті жоқ болса да, Отыз Екінші Сөзді Бурдурдың ауылдарындағы біреуге талқылауға бердім. Кейін Хасан Әпенді есіме түсті де: "Бурдурға бара қалсаң Хасан Әпендіге бер, бес-алты күн оқысын" дедім. Әлгі адам тікелей Хасан әпендіге апарып беріпті. Кейін есептесек, сол кезде Хасан Әпендінің ажалына отыз-қырық күн қалған екен. Қатты шөлдеген бір адамның кәусар бұлақ секілді тәтті суға кезіккенде, бас алмай жұтатыны сияқты ол да Отыз Екінші Сөзге жабысыпты, қайта-қайта, тоқтаусыз оқи-оқи, әсіресе Үшінші Бөлімдегі "Махаббатуллаһ тақырыбынан" дертіне

— 406 —

толығымен дауа тауыпты. Құтб ағзамнан күткен фәйзін содан тауыпты. Сап-сау күйінде мешітке барып, намаз оқып, сол жерде рухын Рахманға тәслім етіпті. (Рахметуллаһ алейһ)

Төртінші мысал: Хулуси Бейдің Жиырма Жетінші Хатта айтқандары куә Ең танымал және ең әсерлі тариқат саналатын Нақшибенди тариқатының рухани нәрі мен нұрынан да артық нұрды ол Құран сырларының тәржіманы болған нұрлы Сөздерден тапқан еді.

Бесінші мысал: Бауырым Абдулмәжид, ағамның ұлы Абдуррахманның (Рахматуллаһи алейһ) өлімі мен басқа да жағдайлардан туындаған күйзелісті халде еді. Менің қолымнан келмейтін рухани жебеу мен медет күтуде болатын. Мен онымен хабарласып жүрген жоқ едім. Аяқ астынан маңызды бірнеше Сөзді оған жібердім. Ол да оқығаннан кейін: "Әлхамдулиллаһ құтылдым! Бұл Сөздердің әрқайсысы маған мүршид болды. Рас, бір мүршидтен айрылдым, есесіне көптеген мүршид таптым, жаным жай тапты" деп хат жазды. Байқасам, расында Абдулмәжид жақсы бір ұстанымға келіп, алдыңғы жағдайынан құтылыпты.

Осы "Бес Мысал" секілді көптеген мысалдар бар. Құран Хакимнің сырларынан рухани дәрілер алынса, әсіресе тікелей қажеттілікке байланысты және рухани жараларына дауа ретінде алынған ол рухани дауалар мен Иман ілімдері өз мұқтаждығын анық сезінгендерге және шын ықласпен пайдаланғандарға жеткілікті шипа болады. Оларды сатушы және көрсетуші дәріханашы мен делдал қандай жағдайда болмасын, қарапайым болсын, кедей болсын, бай болсын, қызметкер болсын мейлі, бір бірінен көп айырмашылығы жоқ. Иә, Күн тұрғанда шырақтың жарығын пайдаланудың қажеті жоқ. Жарық іздегендерге Күнді көрсетудемін. Ендеше менен шырақ жарығын сұрау мағынасыз, қажеті жоқ. (Оның үстіне ол менде жоқ). Қайта олар маған дұға ету арқылы, тіпті желеп-жебеу арқылы көмектесулері керек. Менің олардан көмек алуыма және медет сұрауыма хақым бар. Олар, нұрлардан алған фәйізге қанағат етулері керек.

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ صَلَاةً تَكُونُ لَكَ رِضَٓاءً وَ لِحَقِّه۪ اَدَٓاءً وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ سَلِّمْ
* * * * *
— 407 —
[Жиырма Сегізінші мектубтың Үшінші Мәселесін Толықтыра түсетін бір хат]

Ақыреттік бауырларым, Еңбекқор Хусрев Әпенді мен Рефет Бей!

Сөздер атты Құранның нұрларындағы үш Құрани кәраматты сезетін едік. Сендер де, қайрат құлшыныстарың арқылы төртіншісін қостыңдар. Біз білетін үшеудің,

Біріншісі: Кітап жазылып жатқандағы әдеттен тыс оңайлық пен жылдамдық. Тіпті, бес бөліктен тұратын Он Тоғызыншы Хат, екі-үш күнде, күн сайын үш-төрт сағат жазылуы арқылы (барлығы он екі сағат ішінде) басқа кітаптарға қарамай-ақ тауда, бауда жазылып бітті. Отызыншы Сөз, науқастанып қалуыма қарамастан бес-алты сағатта жазылды. Жиырма Сегізінші Сөз атанған Жәннат тақырыбы бір екі сағатта, Сулейманның Сайдағы бақшасында жазылды. Тауфиқ, Сулейман үшеуіміз бұл жылдамдыққа қайран қалдық. Осылай жалғастыра беруге болады. Жазылуындағы Құрани кәраматтар секілді...

Екіншіден: Көшіріліп, көбейтілуінде де әдеттен тыс жеңілдік, құлшыныс болды, жалықтырмады. Бүгінгі таңда рухтарды да, ақылды да жалықтырып жіберетін көптеген себептердің қақ ортасындағы бұл Сөздер бірден көп жерлерде кәміл құштарлықпен жазыла бастады. Маңызды істер шығып жатса да, Рисалелердің жазылуы бірінші кезекте тұр.

Үшінші Құрани Кәрамат: Бұлардың оқылуы да жалықтырмайды. Әсіресе, мұқтаждық сезілсе, оқыған сайын құлшыныс пайда болады.

Міне, Сендер де төртінші Құрани Кәраматты дәлелдедіңдер. Хусрев секілді өзін жалқау санайтын және бес жылдан бері Сөздерді ести тұра, жазуға шынымен жалқауланған бауырымыздың бір айда он төрт кітапты өте әдемі және мұқият түрде жазуы, шүбәсіз Құран сырларының кәраматы. Әсіресе, Отыз Үшінші Хат атанған Отыз Үш Терезенің маңыздылығын толық бағалағаны сондай, өте мұқият және әдемі жазылған. Иә, ол рисале "Мағрифатуллаһ" және "Иман-ы Биллаһ" үшін ең күшті, ең жарқын рисале. Тек, бас жағындағы терезелер өте қысқа жазылған. Бірақ барған сайын ашыла түседі, одан сайын жарқырайды. Негізі өзге жазбаларға қарағанда, көптеген Сөздердің бас жағы жинақы басталады да, барған сайын кеңейеді, нұрлана түседі.

— 408 —

Төртінші Рисале атанған Төртінші Мәселе

بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

[Бауырларымның бейқам жүрмеуіне септігі тиер бір оқиғаға қатысты қойылған сұрақтың жауабы]

Қымбатты Бауырларым!

Сіздің мешітіңізге жұма күні түнде келген қонақты сылтау етіп, себепсіз түрде басқыншылық жасалыпты. Бұл оқиғаның мәнісі не? Неліктен сізге тиісуде? Деп сұрадыңыздар.

Жауап: "Төрт Тұжырымды" мәжбүрлі түрде Бұрынғы Саидтің тілімен баяндаймын. Бәлки достарымның сергек болуына септігі тиер, сендер де жауаптарыңды аларсыңдар.

Бірінші тұжырым: Ол оқиғаның мәнісі заңға қайшы түрде, өз білгенін істеу, дінсіздік әрекет. Жұма түнінде көңілімізді алаңдату, жамағатты қобалжыту, мені қонақтармен кездестірмеу үшін жасалған шәйтани айла-шарғы және мұнапықтық шабуыл. Қайран қаларлық нәрсе мынау болды, сол түннің алдындағы бейсенбі күні, дем алып қайту үшін бір жаққа кеткенмін. Қайтар жолда екі жыланды бір-біріне жалғағандай ұзын бір қарасұр жылан сол тарапымнан келді де, жанымдағы жолдасым екеуіміздің арамыздан өтті. Жолдасым "Мына жыланнан қорқып кеткен" екен деп,

- Көрдің бе? дедім.

- "Нені?" деді.

- "Әлгі қорқынышты жыланды!" дедім.

- "Жоқ, көрмедім...көріп те тұрғам жоқ" деді.

"Фәсубханаллаһ!" дедім. "Осындай үлкен жылан екеуіміздің ортамыздан өткенде қалай көрмедің?".

Ол кезде ойыма еш нәрсе келмеген еді. Бірақ, кейін көңіліме оралды: "Бұл, маған мұқият бол деген белгі екен!" Түнде көріп жүрген жыландар тобынан ғой деп ойлаған едім. Яғни, түнде қиянат жасау ниетімен келген қызметкерді жылан бейнесінде көретінмін. Тіпті, бір мәрте бастыққа: "Жаман ниетпен келген кезіңде сені жылан бейнесінде көремін, байқа!" деген едім. Негізі оның алдындағыларды көбіне солай

— 409 —

көретінмін. Демек, мына ашық түрде көрінген жылан, бұл жолғы қиянаттары тек ниетте қалмайды, іс жүзінде бір басқыншылық болады деген ишара болған секілді.

Бұл жолғы басқыншылық, сырттай қарағанда елеусіз оқиға сияқты етіп көрсеткілері келсе де, ұждансыз бір мұғалімнің ынталандыруымен және соның араласуымен әлгі бастықтың берген бұйрығы екен. Мешіттің ішінде, дәл намаз тасбихаты үстінде, "Сол жердегі қонақтарды алып келіңдер!" деп жандармаларға бұйрық беріпті. Мақсат - мені ашуландыру. Бұрынғы Саидтің мінезімен, мынадай заңға қайшы әрекеттерге қарсы қимыл жасайды деп күткен еді. Бірақ, ол сорлы біле алмады. Саидтің тілінде Құранның шеберханасынан шыққан алмас қылыш тұрғанда, қолындағы кеспелтекпен қорғанбайды ғой. Ол қылышты осылай қолданады. Дегенмен, жандармалардың ақылдары бар екен. Ешбір үкімет намазда, мешітте, діни міндет бітпей тұрып килікпейтіндіктен намаз бен тасбихат аяқталғанға дейін күтті. Бастық бұған ашуланып, "Жандармалар мені тыңдамай жатыр" деп, олардың артынан көмекшісін жіберіпті.

Алайда, Хақ Тағала мені ондай жыландармен алысуға мәжбүр етпеді. Достарыма да айтар кеңесім мынау: Мәжбүр қалмасаңдар бұлармен байланыспаңдар. "Ақымаққа берілетін жауап - үндемеу" дегендей, өздеріңді төменсітіп, олармен сөйлеспеңдер! Бірақ, мына жайға мән беріңдер, жыртқыш аңға қарсы өзін әлсіз етіп көрсету, оны шабуыл жасауға ынталандыратыны секілді, жыртқыш ұждансыздарға жалпақтау арқылы әлсіздік көрсету, оларды басқыншылық жасауға итермелейді. Олай болса, сергек болуларың керек, достардың селқостықтары мен бейқамдықтарын пасықтар пайдаланып кетпесін.

Екінші тұжырым:

﴿ وَلَا تَرْكَنُٓوا اِلَى الَّذ۪ينَ ظَلَمُوا فَتَمَسَّكُمُ النَّارُ ﴾

аятының бұйрығымен: Зұлымдыққа құрал және жақтас болғанды ғана емес, тіпті сәл-пәл ыңғай танытқанның өзін қатаң түрде ескертеді. Өйткені, күпірге ризашылық білдіру - күпір болатыны секілді, зұлымдыққа ризашылық білдіру де зұлымдық.

Бір кемел жан, кәміл түрде, осы аяттың көптеген жәуһарларының біреуін былай бейнелеген екен:

Залымдардың жәрдемшісі одан өткен жауыздар

Бейне, аңшыға қызмет еткен қанды ауыз тазылар!

— 410 —

Иә, кейбіреулері жыландай болады. Бәз біреулері иттік етеді... Сондай қасиетті түнде, құрметті қонақтардың дұға жасауы кезінде тыңшылық жасап, құдды біз бір қылмыс жасап жатқандай жеткізіп барған және басқыншылық жасаған адам, әлбетте жоғарыдағы шумақтың мазмұнына лайық қой.

Үшінші Тұжырым:

Сұрақ: Құран Хакимнің нұры арқылы ең бірбеткей қырсық дінсіздерді жөнге салып, жол көрсету жолында Құранның жебеуіне арқа сүйейді екенсің, іс жүзінде де солай жасап жатыр екенсің, ендеше, неге өзіңнің жаныңда жүрген бұл басқыншыларды шақырып алып, иршад етпейсің?

Жауап: Шариғат Негіздерінің маңызды қағидаларынан бірі:

اَلرَّاض۪ى بِالضَّرَرِ لَا يُنْظَرُ لَهُ

Яғни: «Зиян шегетінін біле тұра, соған разы болғандарға жанашырлық көрсетіп, жақтауға болмайды». Ақиқатында Құран Хакимнің қуатына сүйене отырып айтарым: «Өте арсыз болмау және жылан секілді дінсіздік уын шашудан ләззат алмау шартымен, ең қырсық дінсізді, бірнеше сағат ішінде көзін жеткізбесем де, бетін қайтаруға әзірмін». Бірақ, арсыздығы асқынған біреу, біле тұра, дінін дүниеге сатар және біле тұра, ақиқат алмастарын лас, зиянды шиша сынықтарына айырбастайтындай дәрежедегі мұнапыққа, адам суретіндегі жыландарға ақиқаттарды айту ақиқаттың өзіне құрметсіздік болады.

كَتَعْل۪يقِ الدُّرَرِ ف۪ى اَعْنَاقِ الْبَقَرِ

мақалы сынды болады.

Өйткені, бұл істерді жасаушылар қаншама рет Рисалей Нұрдан ақиқаттарды естіген еді. Біле тұра, арсыздардың алдында бұл ақиқаттарды құнсыз еткілері келеді. Ондайлар, жылан секілді уын төгуден ләззат алады.

Төртінші тұжырым: Жеті жылдан бергі маған қарсы жасалған әрекеттер заңғы қайшы, өзім білемдік. Өйткені, жер аударылғандардың және тұтқындардың, зындандағылардың құқықтары белгілі. Заң бойынша олардың жақындарымен кездесулеріне, қарым-қатынастарына тыйым салынбайды. Қай елде де құлшылық, ғибадат құқы қорғаулы. Мен секілділер қалаларда жақындарымен, достарымен бірге қала алды. Қарым-қатынастан да, хабарласудан да, жүріп-тұрудан да тыйылған жоқ. Маған тыйым салынды. Тіпті мешіттегі құлшылығыма

— 411 —

басқыншылық жасалды. Шәфи мәсхабы бойынша тасбихатта таухид кәлимасын қайталап оқу сүннет екендігіне қарамастан мені олай жасамауға мәжбүрледі. Тіпті, Бурдурға жер аударылған Шебаб деген сауатсыз бір адам анасымен бірге демалуға осында келіпті. Жерлес болған соң, ол менің жаныма келді. Сол сәтте үш қарулы жандарма мешіттен шығуын талап етті. Әлгі қызметкер заңға қайшы жасаған қателігін жабуға тырысып: "Ғафу етерсіз! Ренжімеңіз, міндетім солай" депті. Кейін, "Бара бер" деп рұқсат беріпті.

Бұл оқиғаға өзге әрекеттерін қоссақ, түсінікті болатыны: Маған қарсы өз беттерінше әрекет жасау үшін жыландарды, иттерді абалатып қойған. Мен де олармен алысып, өзімді төмендетпеймін. Ол зиянкестердің кесірлерін тойтаруды Хақ Тағалаға тапсырамын. Жер аударылуға себеп болған оқиғаны шығарғандар, қазір өз ауылдарында жүр. Күш-қуаттары бар рубасылары. Бәрі де елге қайтты. Менің бастарын жалмағыр дүниемен байланысым жоқ екеніне қарамастан менімен бірге тағы екі кісіні елден ерек қалдырды. Дегенмен, олардың біреуі бір жерге муфти болып тағайындалыпты, өз өлкесінен басқа барлық жаққа, тіпті Анкараға да бара алады. Екіншісі Ыстамбулда, қырық мың жерлесінің арасында, кез-келген кісімен кездесе алатын жағдайда. Бұл екеуі мен секілді жалғыз емес, үлкен әулеттері бар. Ал менің жалғыз өзімді бір ауылға тықты. Жиырма минуттық жердегі екінші ауылға алты жылда екі мәрте ғана бара алдым. Сол ауылға баруыма және бірнеше күн демалуыма рұқсат бермей, зұлымдық жасауда. Демек, менің еншіме тиген заң - заңсыздық. Бұл жердегі қызметкерлер үкіметтің беделін, жеке бастың араздығы жолында қолдануда.

Дегенмен, Әрхамуррахиминге жүз мың шүкір етемін және нығметті паш ету үшін айтамын. Олардың бүкіл қысымдары мен езгілері Құран нұрларын жарқыратушы қайрат пен жігер отына отын болып, сол отты лаулатуда. Сол қысымдарды көрген қайраттың қызыуымен жайыла түскен Құран нұрлары Барлаға ғана емес, осы уәлаятты, тіпті мемлекеттің басым бөлігін медресе жасады. Олар мені бір ауылда қамаулы деп ойлайды. Керісінше, Барла дәріс күрсісіне, Испарта сынды үлкен жерлер медресеге айналды.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى
* * * * *
— 412 —

Бесінші Рисале атанған бесінші мәселе

ШҮКІР РИСАЛЕСІ
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ وَ اِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪ ﴾

Баяндауы Мұғжиза болған Құранда:

اَفَلَا يَشْكُرُونَ ٭ اَفَلَا يَشْكُرُونَ ٭ وَسَنَجْزِى الشَّاكِر۪ينَ ٭ لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَاَز۪يدَنَّكُمْ ٭ بَلِ اللّٰهَ فَاعْبُدْ وَ كُنْ مِنَ الشَّاكِر۪ينَ

деген аяттар көп қайталанады. Олар, Халиқы-Рахманның құлдарынан сұрайтын ең маңызды талабы шүкір екенін көрсетеді. Қасиетті Құранда шүкір етуге аса мән беріп шүкіршілік қылуға шақырады. Шүкір етпеу, берілген нығметтерді жоққа шығару екендігін білдіріп, Рахман сүресінде:

﴿ فَبِاَىِّ اٰلَٓاءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ ﴾

әмірімен қаһарын шашып, отыз бір рет қатаң және қорқыныш бер ескерту жасайды. Шүкір етпеудің сенбеу, жоққа шығару екенін айтады.

Иә, хикметке толы Құран жаратылыстың нәтижесі шүкір екенін білдірсе, мына алып Құран тәріздес әлем де жаратылыстың маңызды нәтижесі шүкір екендігін көрсетеді. Өйткені, әлемге зер салып қарасақ, оның құрылысы шүкірмен тоғысып, шүкірмен нәтижеленеді. Бүкіл нәрсе белгілі бір мағынада шүкірмен ұштасып жатыр. Бейне бір мына жаратылыс ағашының ең маңызды жемісі Шүкір. Сондай-ақ, әлем атты фабриканың шығарар өнімінің де ең сапалысы Шүкір екенін көреміз. Себебі, жаратылысты бір шеңбер тәрізді десек, дәл ортасында тіршілік жаратылған. Болмыс атаулы тіршілікпен тығыз байланысты, соның игілігі үшін қажеттіліктерін өндіріп, соған қызмет етеді. Демек, әлемді жаратқан Аллаһ, оның ішіндегі тіршілікті таңдаған. Сосын тіршілік иелерін, жан-жануарларды бір шеңбер түрінде жаратып, оның ортасына

— 413 —

адамды қойған. Бейне бір тіршілік иелерінен талап етілген мақсаттар адамға кеп тіреліп, сонымен байланысып жатқандай, күллі тіршілік иелері адамзаттың айналасына шоғырланып, оған қызметші болып, бас иеді. Адамзат оларға үстемдік етеді. Демек, Халиқ-ы Зүлджәлал тіршілік иелерінің ішінен адамды таңдаған, оған ерік-иқтияр берген.

Енді адамзат әлеміне қарасақ, тіпті жануарлар әлемі де бір шеңбер құрайды. Шеңбердің нақ ортасында рызық орналасқан. Барлық адамдарды, тіпті жануарларды да рызыққа құмар қылып, бәрін рызыққа қызметші һәм тәуелді етіп қойған. Оларға үкім жүргізетін - рызық. Аллаһ тағала рызықты ауқымы кең, мол қазына қылып, ішін шексіз нығметтермен толтырған. Тіпті рызықтың сан-алуан түрлерінің тек бір ғана түрін тану үшін тілге дәм айыру қабілетін беріп, неше түрлі тағам болса, сонша нүкте, сонша таразы орнатқан. Демек, рызықтың ішінде әлемдегі ең ғажайып, өте бай және керемет ақиқат бар.

Әр нәрсе рызықтың айналасына жиналып, онымен тығыз байланысты дедік. Сол секілді рызықтың өзі де барлық түрлерімен рухани немесе заттық жағымен, хал-жағдаймен яки тілмен болсын, қай жағынан да шүкір арқылы болып, шүкірдің арқасында бар, шүкір еткізеді, шүкірді көрсетеді. Себебі рызыққа деген тәбет-зауықтың өзі фытри шүкір, яғни қоспасыз, таза шүкірдің бір түрі. Ләззат алу мен рахатқа бату да парқына бармай жасалатын шүкіршілік. Мұндай шүкіршілік хайуандарға тән. Олар осылай шүкір етеді. Тек адам баласы ғана адасушылық пен күпірліктің кесірінен әлгі фытри, табиғи шүкірдің өңін өзгертеді де шүкірден ширкке түседі яғни Аллаһқа серік қосады.

Сондай-ақ, нығметтің рызық болатын түрін алар болсақ, олардың өте әсем түрі мен тамаша пішіндері, жұпар иістері мен тіл үйірер дәмдері бар. Міне, бұлар шүкір етуге шақыратын себептер. Ол тіршілік иелерін құлшындырып, ынтасын арттырады, жақсы көргізіп, құрмет еткізеді. Бұл да рухани шүкір ету болып саналады. Саналы жандардың назарын өзіне аударып қызықтырады. Нығметтерді қадірлеу сезімін оятады. Осылайша я хал-жағдайымен я іс-әрекетімен шүкірге ынталандырады, шүкір еткізеді. Шүкірдің ішіндегі аса құнды, тәтті ләззат пен рахаттың дәмін татқызады. Яғни мына тәтті рызық пен нығметте, өзінің сырт қарағанда қысқа және өткінші ләззатынан басқа, мәңгі бітпейтін шынайы ләззат пен пәк рахат бар яғни, ол - Рахмани ілтипат. Оған тек шүкір ету арқылы жетуге болады. Яғни, рақымға толы қазыналардың

— 414 —

жомарт иесі Аллаһ тағаланың өте тәтті, баға жетпес ілтипатын еске салып, бұл дүниенің өзінде Жәннаттың ләззатын рухани түрде татқызады. Міне, рызық шүкір арқылы осындай құнды да мол қазына бола тұра, шүкір етпеудің кесірінен өте төмендеп, мән-мағынасын жояды.

"Алтыншы Сөзде" баяндалғандай: Тілдің дәм айыру қабілеті, Аллаһтың атымен яғни рухани шүкір міндетін атқара отырып рызықты алған кезде, Иләһи рақымға толы, аса бай асханалардың шүкір етуші тексеруші, қадірлі бақылаушы деген жоғары мәртебеге ие болады.

Егер нәпсі атымен яғни рызық берушіні ойламай, шүкірсіз түрде рызықты пайдаланса, тілдегі дәм айыру қабілеті әлгіндей жоғары дәрежелі, қадірлі бақылаушы мәртебесінен түсіп, асқазан фабрикасының қарауылы, қарын атты қораның күзетшісі деңгейіне құлдырап кетеді. Рызықтың қызметшісі болған тілдің шүкір етпеуі арқылы құлдырап кеткені секілді, рызықтың да мәнісі жоғалады, басқа қызметшілер де дәл солай азып-тозып кетеді. Өте жоғарғы мәртебесінен ең төменгі деңгейге түседі. Әлемді Жаратушының хикметіне қайшы әрекет еткен болады.

Шүкіршіліктің өлшемі: қанағат қылу, үнемді пайдалану және ризашылық.

Шүкірсіздіктің өлшемі: ашкөздік, шашып-төгу және құрметтемеу. Арам, адал деп талғамай жей беру.

Иә, ашкөздік деген Аллаһқа шүкір етпеу ғана емес, ол адамды құр қалдыратын, қор қылатын жаман нәрсе. Тіпті, топтасып тіршілік ететін мүбарак құмырысқа, бейне бір ашкөздіктің кесірінен аяқтың астында қалып, жаншылап жатады. Өйткені, бір түйір бидай оның бір жылдық азығы бола тұра, қанағат дегенді білмей, қолынан келсе, мыңдаған дәнді ұясына тасып алуға бар. Ал, мүбарак бал арасы болса, қанағатшыл болғандықтан төбемізде ұшып жүр. Қанағат еткендіктен жинаған балын Аллаһтың әмірімен адамдарға береді.

Иә, Зат-ы Ақдестің, яғни Аллаһтың өзіндік аты және ең ұлы есімі болған Лафзуллаһтан кейінгі аты Рахман есімі рызықпен байланысты. Ал, оған тек рызыққа шүкір ету арқылы жетуге болады. Һәм Рахманның бір мағынасы "Реззақ" (ризықтандырушы).

Шүкірдің түрі көп. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы және барлығын қамтитын мазмұндысы Намаз.

— 415 —

Һәм, шүкірдің ішінде таза иман бар және ол нағыз тәухидті білдіреді. Өйткені бір түйір алманы жеп "Әлхамдүлиллаһ" деген адам: "Бұл алма, тікелей құдірет қолы берген сыйлық. Рақымға толы қазынадан тікелей келген" деп, солай сенетіндіктен барлық нәрсені - (үлкенді-кішілі) бір Аллаһтың құдірет қолына тапсырады. Сондай-ақ, бүкіл нәрседен рақымның сәулесін көреді. Шүкір ету арқылы өзінің толық иманын және нағыз тәухид нанымын білдіреді.

Ғапыл адамның астамшылықтың кесірінен қаншалықты зиян шегетінін бір мысал арқылы баяндап берейін.

Мәселен, біреу тәтті бір нығметті жеп, оған шүкір етсе, әлгі желінген нығмет шүкір арқылы нұрға һәм ақыретте Жәннаттың бір миуасына айналады. Ләззатын алған кезде, бұл Аллаһтың ілтипаты, соның белгісі екенін ойласа өзін керемет сезініп, мәңгі бақи жалғасатын рахатқа бөленеді. Осындай рухани негіз-түйіндер мен нәрселерді жоғары мәртебелерге жөнелтеді. Ал заттық жақтары қалдық болып, қабықтары болса, яғни міндетін атқарған керексіз заттары, бос нәрселер болса бастапқы қалпына айналады.

Егер шүкір етпесе, ондай өткінші ләззат тез аяқталатындықтан өкініш пен қайғыға салады және өзі де қоқым-соқымға айналады. Алмастай қымбат нығмет көмірге айналды. Ал шүкір арқылы әлгі уақытша рызықтар мәңгі бақи жеміс береді. Шүкір етілмеген нығмет, керемет күйінен ұсқынсыз түрге енеді. Өйткені ол, ғапыл, дүмбілез адамның ойынша рызықтың пайдасы өткінші ләззаттан соң бос, түкке жарамайтын нәрсе.

Иә, рызықтың адамды өзіне ғашық қылатын жағы бар. Ол шүкір арқылы көрінеді. Әйтпесе, ғапыл, дүмбілез адамдар мен адасқандардың рызыққа деген құмарлықтары жай бір хайуандық. Осылай салыстырып қарасаң, әһл-и далалет (адасқандар) мен бейқамдардың қаншалықты зиян шегіп жүргенін түсінесің.

Тіршілік атаулының ішіндегі рызыққа аса мұқтажы адам баласы. Аллаһ Тағала адамзатты өзінің барлық есімдерін көрсететін ауқымы кең айна, рахымға толы қазынасындағы сансыз сыйлықтарды өлшеп, таразылап тартатын құралдарға ие, Құдіретінің мұғжизасы, бүкіл көркем есімдерінің көріністерін, шеберлігінің, құпия сырларын пайымдап сараптай алатын жер жәһанның халифасы түрінде жаратқан. Сондықтан ол сансыз қажеттіліктерге, заттық және рухани

— 416 —

азықтың көптеген түріне мұқтаж. Адамды осындай күрделі де бай жаратылысына байланысты ең жоғарғы дәрежеге көтеретін яғни ахсән-і тақуимге шығаратын бірден-бір себеп, шүкір. Шүкір етпесе әсфәл-і сафилинге түседі, яғни дәрежесі әбден төмендейді, әрі үлкен зұлымдық жасаған болады.

Сонымен, мәртебесі биік, дәрежесі жоғары жол, Аллаһқа құлшылық ету және Оның сүйіспеншілігіне бөлену жолы. Ал, оның төрт негізінің ең бастысы шүкір ету. Ол төрт негізді былай суреттеген екен:

"Дер тариқ-ы аджз-і мендий лазым амед чар чиз;

Аджз-ы Мутлақ, Фақр-ы Мутлақ, Шәуқ-і Мутлақ, Шүкр-ү-Мутлақ, ей, азиз!"

Яғни: Уа, ғазиз достым! Мен ұстанған "әлсіздік" атты жолда жүру үшін, төрт негізді ұстанған жөн.

Олар: Мүлдем әлсіздік, әбден пақырлық, қатты құлшыныс, шексіз шүкіршілік.

اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنَا مِنَ الشَّاكِر۪ينَ بِرَحْمَتِكَ يَٓا اَرْحَمَ الرَّاحِم۪ينَ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَللّٰهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ سَيِّدِ الشَّاكِر۪ينَ وَ الْحَامِد۪ينَ وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ اَجْمَع۪ينَ اٰم۪ينَ
﴿ وَ اٰخِرُ دَعْوٰيهُمْ اَنِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ رَبِّ الْعَالَم۪ينَ ﴾
* * * * *

Алтыншы Рисале атанған Алтыншы Мәселе

Османлыша Мектубат Жинағында жарияланғандықтан мұнда жазылмады.

* * * * *
— 417 —

Жетінші Рисале атанған Жетінші Мәселе

﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
﴿ قُلْ بِفَضْلِ اللّٰهِ وَبِرَحْمَتِهِ فَبِذٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا هُوَ خَيْرٌ مِمَّا يَجْمَعُونَ ﴾

Бұл мәселе "Жеті Ишарадан" тұрады.

Әуелі нығметті жариялау болып саналатын Аллаһтың жәрдемінің бірнеше сырын түсіндіретін "Жеті Себепті" баяндаймыз.

Бірінші себеп: Бірінші Дүние Жүзілік Соғыстан бұрын немесе соның бастапқы кездерінде түсімде бір анық оқиға көрдім: Арарат Тауы деп аталатын мәшһүр Ағры Тауының етегінде екем. Бірден ол тау сұмдық бір түрде жарылды. Таудай бөлшектерді дүниенің әр тарапына шашты.

Осындай сұмдық жағдайда жан-жағыма қарасам, марқұм анам жанымда екен: "Анашым, қорықпа! Бұл Аллаһтың әмірі. Ол Рахим және Хаким" дедім.

Осындай жағдайда ерекше бір адам маған әмір еткендей: "Құранның мұғжизалығын баян ет!" деді. Ояндым, түсінгенім мынау болды: Алапат үлкен оқиғалар болады. Сол алапаттан кейін үлкен қоғамдық өзгеріс болады. Сол үлкен өзгерістен кейін, Құранның айналасындағы қорғандар қирайды. Құран енді, тікелей өзін-өзі қорғайтын болады. Құранға шабуыл жасалады. Сол кезде Оның мұғжизалығы құрыштай болат сауытқа айналады. Сол мұғжизалардың бірінің, сол кезде ортаға шығуына, шамамнан тыс болса да, мен секілді бір адам тағайындалады және тағайындалғанымды да түсіндім.

Сонымен, Құранның мұғжизалығы Рисалей Нұр арқылы баяндалды. Олай болса, Соның тамшылары мен берекеттері секілді болған қызметіміздегі Аллаһтың жәрдемін айту да, сол мұғжизаларға қосалқы демеу, ендеше оларды айту керек.

Екінші себеп: Құран Хаким - мүршидіміз, ұстазымыз, имамымыз, жол басшымыз. Ол өзі өзін дәріптеуде. Ендеше біз де Одан сабақ алып, Оның тәпсірін мадақтаймыз.

— 418 —

Сондай-ақ, жазылған Сөздер оның өзіндік бір тәпсірі және сол рисалелер Құран ақиқаттарының меншігі және Құран Хаким көпшілік сүрелерде, الٓرٰ және حٰمٓ деп, өзін кәміл көркемдікпен көрсетуде, кемелдігін айтуда, лайық болған мақтауын жеткізуде. Ендеше Рисалей Нұрда көрініс тапқан Құран Хакимнің мұғжизалық сәулелерін және сол қызметтің қабыл екеніндігіне белгі ретіндегі Раббани инаяттардың көрсетілуіне міндеттіміз. Өйткені, Ұстазымыз солай жасауда және бізге солай сабақ беруде.

Үшінші себеп: Кішіпейілділіктен емес, бәлкім, Сөздер жайлы бір ақиқатты баян ету үшін былай деймін: Сөздердегі ақиқаттар мен кемелдік менікі емес, Құрандікі және олар Құраннан шығуда. Тіпті, Оныншы Сөздің өзі жүздеген Құран аяттарынан сүзілген нұрлы тамшылар. Өзге рисалелердің барлығы да сондай. Солай деп біледі екем, мен пәнимін, пенде ретінде бұл дүниеден кететінім анық. Әлбетте ондай бақи қалатын бір нәрсе, ондай кітап маған байланбаса керек әрі байланбауы тиіс. Сондай-ақ, дінсіздердің өз істеріне кедергі болатын кітапты жеңу мақсатында оның иесін жамандап, кітапқа зиян тигізетін әдеті бар, әлбетте Құран көгінің жұлдыздарына байланған рисалелер, мен секілді қарсылықтарға ұшырап, сынға ілігіп, құлап қала беретін әлсіз тірекке байланбауы керек. Сондай-ақ, адамдардың әдеттегі түсінігі бойынша бір кітаптағы ерекшеліктерді сол кітаптың қайнар көзі деп саналған жазушының жеке жағдайларынан іздейді. Олай болса, ол Құрани ақиқаттарды мен секілді бір кембағалдан шығып жатыр деп, тіпті олардың онда бірін иеленуім үлкен хақсыздық болатындықтан ол рисалелер менің меншігім емес, Құранның меншігі. Құранның ерекше тамшыларынан нәр алғандығын ашып айтуға мәжбүрмін. Иә, тәп-тәтті жүзім шоқтарының қасиетін оның құрғақ сабақтарынан іздемейді! Мен де сондай бір кеуіп қалған сабақтаймын.

Төртінші себеп: Кейде өте кішіпейілдік те нығметті елемеуге ұшыратады. Кейде нығметті жариялап білдіру де жеке мақтаныш болады. Екеуі де зиян. Бұның жалғыз шарасы сол, нығметті елемеу де, мақтаныш та болмауы керек. Әсемдіктер мен кемелдіктерді паш етіп, бірақ оны өзіне меншіктемей, Муним-і Хақиқидің нығметі екенін көрсету керек. Мәселен, қымбат тастармен безендірілген, мақтануға тұратын киімді біреу саған кигізсе және сол арқылы өте құлпырып

— 419 —

көрінсең, сонда халық саған: "Машаллаһ, сен құлпырып кетіпсің!" десе. Егер сен кішіпейілденіп: "Мүлдем олай емес! Бұл не тәйірі, қайдағы құлпырғандық?" десең, ол кезде нығметті елемеу болады. Ал қымбат киімді саған кигізген шеберге қатысты құрметсіздік болып шығады. Егер мақтанып: "Иә мен өте көріктімін, мендей сұлу қайда бар, мендей біреуді көрсетіңдерші қане!" десең, ол кезде асыра мақтаныш болады.

Мақтаныштан, елемеушіліктен құтылу үшін: "Иә мен құлпырып кеттім, алайда, әдемілендіріп тұрған киім ғой, ендеше бұл әсемдіктер менікі емес, сол киімді маған кигізгендікі" деу керек.

Сол сияқты, мен де даусым жетсе, бүкіл жер шарына жар салып: "Рисалей Нұр керемет, ақиқат, бірақ менікі емес, Құран Хакимнің ақиқаттарының сәулелері, соның шұғылалары!" деймін.

وَ مَا مَدَحْتُ مُحَمَّدًا بِمَقَالَت۪ى٭ وَ لٰكِنْ مَدَحْتُ مَقَالَت۪ى بِمُحَمَّدٍ

Қағидасы бойынша айтарым:

وَ مَا مَدَحْتُ الْقُرْاٰنَ بِكَلِمَات۪ى٭ وَ لٰكِنْ مَدَحْتُ كَلِمَات۪ى بِالْقُرْاٰنِ

Яғни: «Құранның мұғжизалық ақиқаттарын мен көркемдей алмадым, әдемі көрсете алмадым, қайта Құранның көркем ақиқаттары, менің сөздерімді көркем етті, асқақтатты» Шындық осы, олай болса Құран ақиқаттарының көркемдігі атынан, "Рисалей Нұр" деп аталған айналардың көркемдіктерін және сол айнаға түсіп тұрған Иләһи көмектерді паш ету құптарлық жағдай, нығметтерді паш ету болып саналады.

Бесінші себеп: Баяғыда бір әулиеден естіп едім, ол адам да бұрынғы әулиелердің ғайби ишараларынан шығарыпты. Өзі де көз жеткізіпті: "Шығыс жақтан бір нұр шығады, бидғалар қараңғылығын ыдырататын болады" деген. Мен сондай нұрдың шығуына өте ынтызар болдым. Бірақ, гүлдер көктемде шығады. Ондай қасиетті гүлдерге орын әзірлеу керек. Түсінгенім мынау, бұл қызметімізбен сол нұрлы заттарға орын дайындауда екенбіз. Сонымен, ол бізге тиісті емес екен, ендеше "Рисалей Нұр" атты нұрларға тиісті Иләһи жәрдемді баяндауымыз, жеке мақтаныш пен өркөкіректікке себеп болмайды, қайта ол шүкір айтуға және нығметті жария етуге себеп болады.

— 420 —

Алтыншы себеп: "Рисалей Нұрдың" жазылуы арқылы Құранға деген қызметімізге берілген шұғыл марапат пен құлшынысқа себеп болған Раббани инаяттар - табыс. Табысты паш етуге болады. Табыстан асып түссе, Иләһи сый болады. Иләһи сыйдың паш етілуі рухани шүкір болады. Одан әрмен асса, біздің еркіміз араласпаған Құрани керемет болғаны. Біз тек соған бөленушіміз. Мұндай қалаусыз, хабарсыз келген бір кереметтің паш етілуі де зиянсыз. Егер кәдімгі кереметтердің жоғарысына шыға қалса, онда Құранның рухани шешендігінің сәулелері болғаны. Осылайша, иғжаз шешендігі айқындалады. Әлбетте, иғжазға жәрдем еткеннің де айқындауы иғжаз болғаны, ешқандай мақтаныш пен астамшылыққа себеп болмайды, қайта хамд және шүкірге себеп болады.

Жетінші себеп: Ақиқатқа бойлап, ақиқатты ақиқат деп танып білетіндей адамзаттың жүзден сексені зеріттеушілер емес қой. Расында, олар ақиқаттарды сырт көрінісі мен жақсы пиғылдарына қарай, сөздері сенімді адамдардан есту, соларға еру арқылы қабылдайды. Тіпті, нақты ақиқатты елеусіз бір адамнан естісе, онша мән бермейді, ал маңызсыз бір мәселені, танымал бір адам айтса, маңызды деп ойлайды. Міне, осыған байланысты мендей бір әлсіз, елеусіз бейшараның қолындағы имани және Құрани ақиқаттардың маңызын, көпшілік адамдардың көзқарасы тұрғысында төмен түсірмеу үшін, былай деп жар салуға мәжбүрмін: "Ықтиярымыз, хабарымыз болмаса да, біреу бізге қызмет еткізуде, біз білмесек те, бізді маңызды істерге жұмсауда". Дәлеліміз мынау: Санамыз бен еркімізден тыс жағдайда жарылқауларға бөленіп, оңайлықтар тууда. Ендеше, ол жәрдем-инаяттарды дауыстап жар салуға мәжбүрміз.

Сонымен, жоғарыдағы «Жеті Себепке» сүйене отырып, бірнеше Раббани көмек-инаяттарға ишара етеміз.

Бірінші ишара: Жиырма Сегізінші Хаттың Сегізінші Мәселесінің Бірінші Тұжырымында баяндалған "сәйкестік" мәселесі. Сонымен, Муғжизат-ы Ахмедие Бөлімінің, Үшінші Ишаратынан бастап, сонау Он Сегізінші Ишаратына дейін көшіріліп жазылған алпыс бетте көшіруші әдейі жасамаса да, тіпті олай етуді ойламаса да, екі беттен өзге бүкіл беттерде керемет үйлесіммен, екі жүзден астам "Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам" сөзі бір-біріне дәлме-дәл келіп тұр. Кімде кім екі бетке ынсаппенен қараса, мұның мүлде

— 421 —

кездейсоқтық еместігін растайды. Ал кездейсоқтық, әрі кетсе бір бетте, өзара ұқсас сөздер көп болса, жартылай сәйкес келуі мүмкін, онда да бір-екі бетте ғана түгелдей сәйкес келуі мүмкін. Ендеше, бүкіл беттерде "Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам" сөзі екеу емес, үшеу емес, төртеу емес, сан мәрте бір өлшеммен үсті-үстіне үйлесіп, дәл келуі, әлбетте, кездейсоқ болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, бір-бірінен хабарсыз сегіз көшірмеші бұза алмаған сәйкестік, бұл жерде ғайби ишара бар екенін көрсетеді. Шешен әдебиетшілердің кітаптарында, шешендік сөз саптаудың дәрежелері болғанымен, Құран Хакимдегі шешендік, мұғжиза дәрежесінде, шешендікте оған жету ешкімнің де қолынан келмейтіні секілді, Пайғамбарлық мұғжизалардың айнасы болған Он Тоғызыншы Хат пен Құрани мұғжизалардың тәржіманы болған Жиырма Бесінші Сөз, және Құранның өзіндік бір тәпсірі болған Рисале-и Нұрдағы сәйкестік, барлық кітаптардан жоғары, даралық дәрежесін көрсетеді. Бұдан мынаны түсінуге болады: Құрани және Ахмеди мұғжизалардың өзіндік бір кәраматы сол айналарда көрінуде, шағылысуда.

Екінші ишара: Құран қызметіне қатысты Раббани инаяттардың екіншісі мынандай: Хақ Тағала мен секілді қаламсыз, жартылай сауатсыз, елден жырақ, қарым-қатынасқа тиым салынған адамға қуатты да шыншыл, қайсар да адал... қолдарындағы қаламдары алмас қылыш секілді болған жанкешті достарды көмекші етіп сыйлады. Әлсіз иығыма өте ауыр келетін Құрани міндеттерді, осындай жанкешті достарымның иығына артты. Осылайша, кеңшілігінің жарылқауы арқылы жүгімді жеңілдетті. Бұл берекелі жамағат, (Хулусидің айтуы бойынша) "сымсыз телеграф торабтары", (Сабридың айтуынша) "Нұр фабрикаларының тоғын өндіретін станция" секілді. Өз ерекшеліктері мен осындай асыл қасиеттеріне қоса (тағы да Сабридың айтуынша) ғайби сәйкестік жағдайында құлшыныс пен жанкештілікте, қайсарлық пен адалдықта бір біріне өнеге болды. Құранның сырлары мен Иманның нұрларын жан жаққа жаюлары, барлық жерге жеткізулері, дәл мынадай уақытта (яғни әріптер өзгерген, баспахана жоқ, жұрттың иман нұрына мұқтаж кезінде) кедергі болатын және құлшынысты бұзатын көп себептер бола тұра, бұлардың кәміл қайратпен іркілмей кіріскен бұл қызметтері расында Құрани керемет, анық Иләһи инаят. Иә, әулиеліктің кереметі болатыны сияқты, таза ниеттің де кереметі бар.

— 422 —

Шын көңілмен берілудің де кереметі бар. Әсіресе, Аллаһ жолындағы бауырластықтың аясында достардың шынайы ынтымағының көп кереметтері болады. Тіпті, осындай бір жамағаттың рухани тұлғасы кәміл әулие саналып, инаятқа бөленеді.

Міне, ей бауырларым! Ей, Құран қызметіндегі достарым! Бір қамалды алған әскери бөлімнің командиріне бүкіл бедел мен барлық олжаны беру қандай әділетсіздік, қателік болса, рухани тұлғаңыздың күшімен және қаламдарыңызбен қол жеткізген жеңістегі Аллаһтың жарылқауын мендей бір бейшараға тели алмайсыңдар! Әлбетте, мұндай бір берекелі жамағатта ғайби сәйкестіктерден де артық бір тылсым ишара бар. Мұны мен өз көзіммен көрудемін, бірақ оны әркімге және жұрттың бәріне көрсете алмаймын ғой.

Үшінші ишара: Рисалей Нұр кітапшаларының Иман мен Құранның маңызды ақиқаттарын тоңмойын дінсізге де анық түрде дәлелдеуі ғайби ишара, Иләһи инаят. Өйткені, Иман мен Құран ақиқаттарында сондай тылсым сырлар бар. Оларды түсіну жолында атақты ойшыл Ибн Сина өз әлсіздігін мойындаған еді: "Ақыл бұған жол таба алмас!" деген болатын. Оныншы Сөз рисалесі, сондай дана адам жете алмаған ақиқаттарды қарапайым халыққа да, балаға да түсіндіріп берді.

Мәселен, жазмыш сыры мен адамның өзіндік кішкентай ерік-қалау мәселесінің шешімін атақты Сағд Тафтазани сынды бір ғұлама әйгілі "Мұқаддамати Исна Ашер" атты түсіндірме кітабында қырық-елу бетте зорға жеткізген еді. Ал, оны тек қана оқымыстыларға арнаған болатын. Дәл сол мәселені Жиырма Алтыншы Сөздің Екінші бөлімінің екі бетінде толығымен және көпшілікке түсінікті етіп айтып өткен. Бұл Иләһи жарылқау емегенде не?

Сондай-ақ, бүкіл ақылдарды таңданыста қалдырған және ешбір философия шешімін таппаған, әлемнің жаратылыс сыры мен ғаламның тылсымы атанған және Ұлы Құранның мұғжизалығымен айқындалған сол аса қиын тылсым, таңғаларлық жұмбақ, Жиырма Төртінші хат пен Жиырма тоғызыншы Сөздің соңындағы рәмізді нүктеде және Отызыншы Сөздегі атомдардың құбылысына қатысты алты хикметте шешілген болатын. Ғаламдағы таңғажайып қозғалыстардың тылсымын және ғаламның жаратылысы мен нәтижесінің жұмбағын шешіп, атомдардың құбылысындағы әрекеттің хикмет сырын жайып салған еді. Ол кітаптар жарыққа шыққан, қарап көруге болады.

— 423 —

Және де, Ахадиет сыры мен серігі жоқ Рубубиет бірлігін және Аллаһтың бізге өте жақындығын, біздің Одан ұзақ екендігіміз жайлы таңғаларлық ақиқаттарды Он алтыншы Сөз бен Отыз екінші Сөз толық түсіндірген. Иләһи құдіретке салғанда атомдар мен планеталар бірдей екендігін және қайта тірілу болатын Ұлы Хаширде бүкіл рух иелерінің тірілуі, бір ғана нәрсе тірілгендей Жаратушының құдіретіне оңай екендігі және Аллаһтан басқа күштің ғаламның жаратылысына араласуы мүмкін еместігі, ондай ойдың ақылға сыйымсыз екендігін кәміл түсіндірген Жиырмасыншы Хаттағы

﴿ وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ ﴾

кәлимасының баянында және Үш тәмсілді қамтитын соның Қосымшасында Уахдат сыры ашылған болатын.

Және де, Иман мен Құран ақиқаттарының соншалықты ауқымы кең, оны ең жоғарғы адами түсінік қамти алмауына қарамастан, мен секілді зейіні нашарлаған, жағдайы төмен, қарайтын кітабы да жоқ, шимай жазумен қиналып жазатын адам арқылы сол ақиқаттардың басым көпшілігінің терең сырларының көрініс табуы, тікелей Құран Хакимнің рухани мұғжизалық ісі. Раббани инаяттың бір көрінісі және өте күшті ғайби ишара.

Төртінші ишара: Елу, алпыс рисаленің (Қазір жүз отыз) ихсан-сый етілгені сонша, мен секілді ойы таяз, шабытқа еретін, тәптіштеп тексеруге уақыт таба алмайтын бір адам былай тұрсын, тіпті өте ақылды зертеушілерден жиылған бір топтың да қайрат-жігерімен жасалмайтын нәрсенің жазылуы, тікелей Иләһи инаят екендігін көрсетеді. Өйткені, бүкіл рисалелердегі барлық терең ақиқаттар, тәмсілдер арқылы жеткізіліп, ілімі жоқ сауатсыздарға да дәріс беруде. Ал енді, ол ақиқаттардың көбін үлкен ғалымдар "түсіндіруге келмейді" деп, сауатсыздар былай тұрсын, тіпті ғалымдарға түсіндіре алмаушы еді. Сөйтіп, ең ұзақ ақиқаттарды мүлдем жақындатып, сауатсыз бір адамға сабақ берердей бір деңгейде, мен секілді түрікшесі нашар, сөздерінің көбі түсініксіз және бұрыннан бері қарапайым нәрселерді де қиындатып жіберетін адам ретінде аты шыққан және бұрынғы кітаптары сол жағымсыз атағын растайтын бір адамның, осындай таңғаларлық шешендікпен жеңіл баяндауы, әлбетте, еш шүбәсіз инаяттың белгісі. Ал бұлар оның өз өнері болуы мүмкін емес. Құран Кәрімнің рухани мұғжизаларының бір көрінісі және Құрани тәмсілдердің шағылысы.

— 424 —

Бесінші ишара: Рисалелер қанша көп таралса да, ең үлкен ғалымнан бастап, сонау ең сауатсыз адамға дейінгі және аса тақуа әулиеден бастап, сонау ең қыңыр, дінсіз философқа дейінгі әртүрлі деңгейдегі адамдар бұл рисалелерді көріп, оқып тіпті, бір тобы шапалақтарын жегеннің өзінде, сынап мінемеулері және әркім өз дәрежесіне қарай пайдасын көрулері, тікелей Раббани инаят және Құрани керемет. Сондай-ақ, көптеген зерттеулер мен тексерулер нәтижесінде ғана жазылатын мұндай шығармалар әдеттен тыс жылдамдықпен ой-пікірді шатастыратын қиын-қыстау уақытта жазылуы да инаят ісі. Раббани кәде-сый.

Иә, бауырларымның көпшілігі жанымдағы достарым мен көшірушілер біледі, Он тоғызыншы Хаттың бес бөлгі бірнеше күн ішінде, күніне екі үш сағат және бас-аяғы он екі сағатта ешбір кітап бетін ашпастан жазылды. Тіпті, ең маңызды бір бөлігі, сол бөлімдегі Расул Әкрем Алейһиссалату Уасалам сөзінен пайғамбарлықтың мөрін анық көрсетіп тұрған Төртінші бөлігі үш-төрт сағатта тау ішінде, жаңбырдың астында жадымнан жазылды. Отызыншы Сөз секілді маңызды әрі өте нәзік мәселелер қаралған рисале, алты сағаттың ішінде бақ ішінде жазылған. Жиырма Сегізінші Сөз Сүлайманның бақшасында, әрі кетсе екі сағат ішінде жазылды. Көптеген рисалелер осындай жағдайда жазылды. Менің бұрыннан бері қиналған немесе тығырыққа тірелген кезімде ең ашық ақиқаттарды өзім жеткізе алмайтынымды, тіпті, біле алмайтынымды жақын достарым білді. Әсіресе, ондай жағдайға ауру-сырқауым қосылса, одан сайын мені дәрістен, жазудан тыя түсетініне қарамастан, ең маңызды Сөздер мен рисалелер қатты қиналған және ауру кезімде өте шұғыл түрде жазылуы тікелей Иләһи инаят, Раббани сый, Құрани керемет болмағанда не!?

Қандай кітап болмасын, мұндай Иләһи және Имани ақиқаттар жайлы айтқан кезде, қалай болғанда да кейбір мәселелері, кейбір адамдарға зиян беретін болғандықтан бар мәселе әркімге айтыла бермеген. Ал, бұл рисалелердің осы уақытқа дейін ешкімге (көпшіліктен сұрадым) кері әсері, теріс қылық, зейінін бұзу секілді зиян бермеуі тікелей бір ғайби ишара, Раббани инаят екендігі анық нәрсе.

Алтыншы ишара: Қазір мынаған көзім анық жетіп отыр. Өмірімнің басым бөлігін өз қалауыммен, мүмкіншілігіммен, саналы түрдегі өз билігіммен өткізбеген екенмін. Өмірімнің арнасы Құран

— 425 —

Хакимге қызмет ететін рисалелермен нәтижеленетін неше түрлі иірімдерден өтіпті. Ғылым жолындағы бүкіл өмірім осыған дайындық болған сияқты. Сөздер арқылы ортаға шыққан Құранның мұғжизалары соның нәтижесі болған екен. Тіпті, осы жеті жылдан бергі елден жырақ айдалуым, себепсізден себепсіз жырақтағы бір ауылда жалғыз өмір кешуім бұрыннан бері үйреніскен қоғамдық өмірдің қағидаларынан жиіркеніп, оларды тәрк етуім Құран қызметін шынайы ықыласпен, таза ниетпен атқаруым үшін болғанына күмәнім қалмады. Тіпті маған қаншама рет жасалған қыспақтардың, қинаулардың, зұлымдықтардың артында зейінімді Құранның сырларына ғана бұру, басқа нәрселерге мойын бұрғызбау сынды көмек қолының тұрғаны күмәнсіз. Тіпті, бұрындары кітап оқып, оларды талқылауға құштар болып тұратын рухым ондай істен мүлдем бас тартты. Мұндай жалғыздықта, жұбаныш пен байыз табуға себеп болатын кітап оқуды маған тәрк еткізген, тек Құран аяттарының маған нағыз ұстаз болуы үшін екендігін ұқтым.

Сондай-ақ, жазылған еңбектер, рисалелер (басым көпшілігі) сырттан ешбір себеп болмаса да рухымнан туындаған қажетілікке байланысты кенеттен, бірден болатын. Кейін, кейбір достарыма көрсеткен кезімде, "Қазіргі заманның жараларына дауа" дейтін. Бұл рисалелер жан жаққа жайылғаннан кейін барып, көптеген достарымның жағдайларынан түсінікті болды, дәл сол уақыттағы қажеттілікке сәйкес дертке шипа дәрі болған екен. Міне, өз қалауым мен санамнан тыс жоғарыдағы айтылған жағдайлар мен өмірімдегі құбылыстар, әртүрлі ілімдерді әдеттен тыс тәпіштеп зерттеуім, осындай киелі нәтиже беруі үшін болғандығына, өте күшті Иләһи инаят, Раббани жарылқау екендігіне шүбәм қалмады.

Жетінші ишара: Бұл қызметтегі бес алты жыл ішінде, артық айтқандығым емес, жүздеген Иләһи сый, Раббани көмек пен Құран кереметтерін өз көзімізбен көрдік. Бір бөлігіне Он алтыншы Хатта ишарат еттік. Бір бөлігін Жиырма алтыншы Хаттың Төртінші тақырыбының мәселелерінде, бір бөлігін Жиырма сегізінші Хаттың Үшінші мәселесінде баяндап өттік. Менің жақын достарым оны біледі. Әрдайым жанымдағы досым Сүлейман Әпенді көбін біледі. Әсіресе, Сөздердің және рисалелердің жайылуы мен тексеріп түзетуінде, орын-орынына қойылуында және алғашқы жазылуы мен

— 426 —

түзетіліп жазылуында күткенімізден де артық кереметтей қолайлылық туындады. Құран кереметі екеніне күмәніміз қалмады. Мұндай мысалдар жүздеп кездеседі.

Сонымен қатар, күнкөріс жағынан да мейіріммен рызықтан-дырылудамыз, көңіліміздің сәл ғана қалауын қанағаттандыру үшін бізді бұл қызметке жұмсап отырған инаят Иесі күткенімізден де артығын беріп, жарылқап жатқандығын көрсетті. Тағысын, тағы... Міне, бұл жағдай аса қуатты ғайби ишара, яғни, біз бұл қызметке жұмсалудамыз. Ризашылығы шеңберінде және инаят аясында бізге Құран қызметі жасаттырылуда.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ هٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبّ۪ى
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ صَلَاةً تَكُونُ لَكَ رِضَٓاءً وَ لِحَقِّه۪ اَدَٓاءً وَ عَلٰٓى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ سَلِّمْ تَسْل۪يمًا كَث۪يرًا اٰم۪ينَ
* * * * *

Жеке қойылған бір сұраққа жауап

[Осы инаят сыры бұрынырақта жеке жазылған еді. Он төртінші Сөздің соңына тіркелген болатын. Қалай екенін қайдам, көшірмешілердің көбі ұмытып кетіп, жазылмай қалған еді. Демек, лайықты орны осы жер болса керек, сол үшін жасырын қалыпты.]

"Неліктен сенің Құраннан жазған Сөздеріңде жиі ұшырасатын қуат пен әсер, басқа тәпсіршілер мен ғалымдардың сөздерінде сирек кездеседі? Кейде бір жолда бір беттің, бір бетте бір кітаптың әсерін беруінің сыры не?" - деп сұрапсың.

Жауап: (Тамаша жауап) Ондай бедел, Құранның мұғжизалығына тиісті болғандықтан маған қатысы жоқ. Сондықтан тартынбастан айтарым, солай екені рас. Өйткені: Жазылған Сөздер суреттеу емес,

— 427 —

растау. Тәсілім емес, иман. Таным емес, куәлік ету, көз жеткізу. Еліктеу емес, зерттеу. Жақтасу емес, ұғыну. Сопылық емес, ақиқат. Дауласу емес, дәлел. Бұл сырдың хикметі мынау: Бұрынғы уақытта иман негіздері мызғымастай мығым және шабуылдардан аман еді, тәсілім күшті еді. Ішкі ұсақ мәселелерде ғалымдардың түсіндірулері дәлелсіз болса да оңай қабылданатын еді. Бірақ, бүгінгі таңда ғалымсымақтар туындатқан адасушылықтың қолы діни негіздер мен тіректерге жармасқандықтан әрбір дертке лайықты емді ихсан етуші Хаким-і Рахим болған Зат-ы Зүлжәлал, Құран Кәримнің ең ашық мұғжизасына мазһар болған тәмсілдерінің бір сәулесін, әлсіздігім мен пақырлығыма және мұқтаждығыма мейірім түрінде Құран қызметіне қатысты жазуларыма сыйға тартты. Сонымен, Аллаһқа хамд етемін, тәмсіл сырының дүрбісі арқылы ең ұзақ ақиқаттар өте жақыннан көрсетілді. Ең шашыраңқы мәселелер үйлесімін тауып бірікті. Және де, тәмсіл сырының баспалдағы арқылы ең биік ақиқаттарға оңай қол жеткізілді. Және де, тәмсіл сырының терезесі арқылы, ғайби ақиқаттарға көз жеткізіп, Ислами негіздерге көзбен көргендей имани яқин сенім қалыптасты. Ақылмен қоса, қияли, тіпті нәпсілік құмарлық та берілуге мәжбүр болды. Шайтан да өз қаруын тастауға мәжбүр болды.

Қорытынды: Жазбаларымда қанша әсемдіктермен әсерлілік болса, олардың бәрі тек қана Құрани тәмсілдердің сәулелерінен тарап жатыр. Менің үлесім, тек аса мұқтаждығым мен тілек тілеуім және өте әлсіздігім мен жалбарынуым. Дерт менікі, Дауа Құрандікі.

* * * * *

Жетінші мәселенің соңы

[Иләһи көмек түрінде жеткен сегіз ғайби ишараларға қатысты, немесе көкейге келуі мүмкін күмәндарды тойтару және өте үлкен Иләһи көмек сырын жеткізуге байланысты жазылды]

Бұл Қосымша тарау «Төрт түйіннен» тұрады:

Бірінші түйін: Жиырма Сегізінші Хаттың Жетінші мәселесіндегі жеті-сегіз жалпы және рухани Иләһи инаяттан сезінген ғайби ишараларды "Сегізінші Инаят" атанған "сәйкестіктер" жайлы айтқан кезде, сол ишараларды байқағанымызды алға тартқан едік. Тағы да соны алға тартамыз: Бұл жеті-сегіз жалпылама инаяттардың

— 428 —

қуаттылығы мен нақтылығы сонша, әрқайсысының өзі сол ғайби ишараларды дәлелдейді. Тіпті, бірнешеуі әлсіз болып көрінсе, тіпті теріске шығарылса да, ол ғайби ишаралардың нақтылығына кедергі келтірмейді. Ол сегіз инаятты жоққа шығара алмаған адам, ол ишараларды да жоққа шығара алмайды. Алайда, адамдардың деңгейі бір қалыпты болмағандықтан және қарапайым дәрежедегілер көбіне көзіне сенетіндіктен, сол сегіз инаяттың ішіндегі ең қуаттысы емес, бәлкім ең анығы сәйкестік болғандықтан (негізі басқалары бұдан да қуатты, бірақ бұл жалпыға ортақ болғандықтан) оған деген шүбәларды тойтару мақсатында салыстыра отырып бір ақиқатты баяндауға мәжбүр болдым. Көзге анық көрініп тұрған инаяттар жайлы былай дегенбіз: Жазған рисалелерімізде Құран сөзі мен Ардақты Расуллалаһ сөзінде сәйкестік көрінгені сонша, құдды бір әдейі жасалғандай тәртіп пен үйлесімнің болуы кездейсоқ емес екендігіне шүбә қалдырмайды. Бұл әдейі жасау мен солай болуын алдын-ала қалау дегеннің өзінде біздің тарапымыздан болмағандығына дәлеліміз, біз оны араға үш төрт жыл салып барып білгендігімізде.

Ендеше бұлай болуын әдейі қалап тұрған ғайби күш.

Құран мен Пайғамбарымыз (с.а.у.) ның мұғжизаларын нақтылай түсу үшін осы сөзді таңғажайып түрде сәйкестендірген. Бұл екі сөздің берекеті Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизалығының мөр таңбасы болумен қатар, басқа сөздердің басым көпшілігіндегі сәйкестікке нәр беріп тұр. Бірақ олар бір бетке ғана тән.

Бұл екі сөз бір-екі рисаленің басынан соңына дейін, ал басқа рисалелерде нақты байқалып тұр. Талай рет қайталағанымыздай бұл сәйкестік басқа да кітаптарда көп кездеседі. Бірақ, ғаиби күштің арнайы осындай болуын қалауы мұншалықты байқалмайды. Бұл айтқандарымызды теріске шығару мүмкін емес болса да, сырт көзге теріске шығарғандай болып көрінудің бір-екі жолы бар.

Біріншісі: Сендер келісіп алып әдейі солай сәйкестендіргенсіңдер. Мұндай нәрсені әдейілеп жасау оңай ғой деуі мүмкін. Бұған қарсы айтарымыз: Бір дауға екі шыншыл куәгер жеткілікті. Ал, бұл жерде арнайы мақсат та, қалау да болған жоқ. Екі-үш жылдан кейін барып байқадық. Бұған жүздеген шыншыл куәгерлер куә. Осыған байланысты бір нәрсе айта кетейін: Бұл мұғжизалық керемет Құран Хакімнің шешендігіндегі мұғжизалары секілді емес. Өйткені, ол дәрежеге

— 429 —

пенденің мүмкіндігі жете алмайды. Мына керемет мұғжизалар адамның қолынан келмейді. Құдіреті жетпейді. Араласса жасандылығы көрініп тұрады.

{ Сілтеме Он тоғызыншы Хаттың Он сегізінші ишараттындағы бір нұсқада бір бетте тоғыз "Құран" сөзі сәйкестікпен тұрған күйінде бір-біріне сызық жүргізу арқылы жалғағанда "Мұхаммед" сөзі шықты. Сол беттің екінші жағында сегіз "Құран" сөзінің бір-бірімен сәйкесінше үйлесуі нәтижесінде "Аллаһ" сөзі шықты. Сәйкестіктерде мұндай ерекше нәрселер көп. Осы сәйкестіктерді көзімізбен көрдік.

Сүлайман, Ғалиб, Бекир, Тауфих, Саид}

Үшінші түйін: Ерекше ишара мен жалпы ишараға байланысты Рубубиет пен Рахманиеттің нәзік бір сырына ишара етеміз. Бір бауырымның әдемі сөзі бар, сол сөзін осы мәселеге арқау етемін. Бұл әңгіме былай: Бір күні оған әдемі бір сәйкестікті көрсеттім. Ол: "Әдемі! Негізінде бүкіл ақиқаттар әдемі. Дегенмен бұл сөздердегі сәйкестік пен табыстылық тіпті тамаша" - деді. Мен де былай дедім: "Иә, әр нәрсенің я ақиқаты әдемі, я тікелей өзі әдемі. Я, болмаса нәтижесі әдемі". Бұл әдеміліктер Рубубиет пен мейірімнің ауқымдылығына, сол есімдердің жалпы көрінісіне қарайды. Айтқаныңдай бұл көріністегі ғайби ишара өте тамаша. Өйткені, мұнда ерекше мейірім, ерекше Рубубиет айқын көрініс тауып тұр". Осыны бір мысал арқылы ақылға жеткізіп берейік: Бір патшаның жалпыға қаратылған билігі мен заңы аясындағы ауқымды жанашырлығы, қол астындағы бүкіл тұлғаларға қатысты болады. Әрбір тұлға тікелей ол патшаның билігінде болып, илтипатына бөленеді. Ол жалпы жағдайда тұлғалардың көптеген жеке байланыстары да бар. Ал екінші жағы патшаның ерекше жарылқауы мен айырықша бұйрығы арқылы жалпыға ортақ заңнан тыс жеке бір тұлғаға жарылқау жасайды, ілтипат етеді, бұйрық береді.

Міне, осы мысал секілді, Зат-ы Уажиб-ул Ужуд, Халиқ-ы Хаким, Рахим Жаратушының жалпы Рубубиеті мен ауқымды рахметі тұрғысынан келгенде әрбір нәрсенің өз үлесі бар. Әрбір нәрсенің Онымен байланыста өз үлесі бар. Құдірет қалауы мен ауқымды ілімі арқылы әрбір нәрсені басқаруы, әрбір нәрсенің ең нәзік істеріне араласуы Оның шексіз Рубубиет билігін көрсетеді. Әрбір нәрсе, әрбір жағдайда Оған мұқтаж. Оның ілімі мен хикметі арқылы істер атқарылады, тәртіпке келтіріледі. Ол Рубубиеттің басқару аясынан табиғат жасырын қала алмайды, бүкіл жаратылыстың да Одан тыс қалуға мұршасы жоқ. Және де, ол нәзік хикметтің өлшем шеңберіндегі

— 430 —

істерге араласатындай кездейсоқтықтың да хақысы жоқ. Рисалелерде жиырма шақты жерде кесімді дәлелдермен кездейсоқтық деген түсінік пен табиғатшылдықты мүлдем теріске шығарғанбыз. Сөйтіп, ондай дінсіздік пиғылдарын Құран қылышымен шауып өлтіргенбіз, ондай түсініктің мүлде мүмкін еместігін көрсеткенбіз. Алайда Аллаһты ұмытып, Рубубиеттегі сыртқы себептер аясында қалып қойған адасқандардың көзқарасы бойынша хикметі мен себебі білінбейтін істерге кездейсоқтық деген ат таңылған. Хикметтерін түсіне алмай кейбір Иләһи істердегі заңдылықтарды (табиғат деген перденің артына жасырған) көре алмаған, сөйтіп табиғатқа бас ұрған.

Екіншісі, ерекше Рубубиеті, хас ілтипаты мен Рахмани демеуі. Бұл жалпы заңдардың ауырлығына төзе алмаған тұлғалардың жәрдеміне Рахман-ур Рахим есімдері көмекке келеді. Ерекше жәрдем көрсетеді, ол ауыртпалықтан құтқарады. Сол үшін әрбір тіршілік иесі, әсіресе адам, кез келген сәтте Одан жәрдем ала алады.

Міне, бұл ерекше Рубубиеттегі жарылқаулар, дінсіздер солай ойлады екен деп, кездейсоқтықтардың артында жасырын қала алмайды, табиғатқа тапсырылмайды.

Осы сырға байланысты: "Құран мен Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизаларындағы" ғайби ишараларды ерекше бір ишара ретінде қабылдағанбыз және солай сенгенбіз. Және аса ерекше жарылқау екендігіне көз жеткізгенбіз. Қасарысқан қырсықтардың көзінше біздерге жасалған ерекше көмек екендігіне көз жеткізгенбіз. Мұны тек, Аллаһ үшін жарияладық. Қате жасаған болсақ, Аллаһ кешірсін, амин!

﴿ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا ﴾

(Сөздердің таза қағаздарға жазылуында аса күшті еңбек сіңірген мұғалім Ахмед Ғалиб пен марқұм мыңбасы Асымның өлеңдері аударылмағанын ескертеміз. Аудармашылар).

* * * * *
— 431 —

Сегізінші Мәселе атанған Сегізінші Рисале

[Бұл мәселе, алты сұрақтың жауабы, Алты Түйіннен тұрады.]

Бірінші түйін: Иләһи көмек аясында Құран қызметіне жұмсалып жатқанымызға қатысты көптеген ғайби ишараларды сезіндік және кейбіреулерін көрсеттік. Енді, сол ишаралардың жаңа бір парасы мынау: Сөздердің көпшілігінде ғайби сәйкестік бар.

{ Сілтеме: Ал, сәйкестік болса, ынтымаққа ишара, ал ынтымақ бірліктің белгісі, Уахдеттің нышаны. Ал, Уахдет Таухидтті көрсетеді, Таухид болса, Құранның төрт негізінің ең маңыздысы.}

Мысалға, "Расул Әкрам" сөзі мен "Алейһиссалату Уәссалам" тіркесінде және қасиетті "Құран" сөзінде, өзіндік бір мұғжизаның шағылысып тұрғандығына ишара бар. Ғайби ишара қанша жерден жасырын әрі көмескі болса да, қызметтің қабыл болғандығына және мәселелердің ақиқат екендігіне дәлел болатындықтан, меніңше өте маңызды. Бұл менің тәкаппарлығымды сындырады және тек қана тәржімашы екенімді кесімді түрде көрсетті. Менің ешқандай да мақтанатын жөнім жоқ. Тек шүкір етуге себеп болар нәрселерді ғана көрсетуде. Барлық табыс Құранға тиесілі. Құранның мұғжизасы болғандықтан оған біз араласа алмаймыз. Бұл жағдай қызметте жалқаулық танытқандарды құлшындыра түседі. Рисалелердің хақ екендігіне көз жеткіздіреді. Бізге де бір Иләһи көмек, бұл нығметтерді жариялау ақылы нығметке шүкір ету және көз алдындағыдан басқаны көрмейтін қырсықтардың үнін өшіру болып тұр. Олай болса, әлбетте көрсетілуі, паш етілуі керек, иншаллаһ, еш зияны жоқ.

Сонымен, бұл ғайби ишаралардың біреуі мынау: Хақ Тағала Аса мейірімі мен жарылқауы арқылы Құран мен Иманға қызмет етумен шұғылданып жүрген біздерді құлшындыру және көңілімізді орнықтыру үшін Раббани сый, Иләһи жарылқау ретінде қызметіміздің қабыл болғандығына белгі және жазғанымыз ақиқат екендігіне ғайби ишара түрінде бүкіл рисалелерімізде, әсіресе, Мұғжизат-ы Ахмедие, Құранның мұғжизалары рисалелерінде ғайби сәйкестіктерді нәсіп қылған еді. Яғни, бір бетте бірдей сөздерді бір біріне сәйкестікпен

— 432 —

беттестірді. Мұнда, бір ғайби қалаумен тәртіпке келтірілгендігіне ғайби ишара берілуде. "Ықтиярыңызға және түйсігіңізге арқа сүйемеңіз. Ықтиярыңыздың хабары болмаса да, түйсігіңіз жетпесе де, ғажайып үйлесімді иірімдер мен жүйелер жасалуда..." Әсіресе, Мұғжизат-ы Ахмедие рисалесінде Расул Әкрам сөзі мен салауат сөздері айна секілді сол ғайби сәйкестік ишараларын анық көрсетуде. Енді, жаза бастаған тәжірибесіз көшірмешінің жазуындағы бес бетін есепке алмағанда, қалған екі жүзден астам салауат шәрифтер бір-біріне дәлме-дәл келіп тұр.

Мұндай сәйкестік, тек бір ғана сәйкестікке себеп бола алатын кездейсоқтықтың ісі емес. Жазуға шебер емес, тек мағынаға ғана назарын тігіп, бір екі сағатта отыз-қырық беттік жазбаны өте жылдам жеткізуші, өзі жазбай біреуге жаздырып отырған мендей бір бейшараның ойына да кіріп шыққан жоқ.

Сөйтіп, алты жылдан кейін, тағы да сол Құранның ишарасымен және Ишартул Иғжаз тәпсірінің тоғыз اِنَّا ның сәйкес келген иршады арқылы кейіннен барып білгенмін. Көшірмешілер мұны менен естіген кездерінде таң қалды. Расул Әкрам сөзі мен салауат тіркесі Он тоғызыншы хатта Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизаларының өзіндік бір кішкене айнасына айналды. Сондай-ақ, Құранның мұғжизаларын түсіндіретін Жиырма бесінші сөз бен Он тоғызыншы хаттың он сегізінші ишарасындағы Құран сөзі адамзаттың көзбен көргеніне ғана сенетін қырықтан бір бөлігіне Құранның қырық жақты мұғжизаларының біреуі де сәйкестік екенін және бүкіл рисалелерде осындай ғаиби сәйкестік бар екенін көрсетті.

Жиырма бесінші сөз бен Он тоғызыншы хаттың он сегізінші ишарасында Құран сөзі жүз рет қайталанған: Бір-екеуінен басқасының бәрі де бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Мысалға: екінші шұғаның қырық үшінші бетінде жеті рет қайталанған Құран сөзі бір-біріне сәйкес келіп тұр. Елу алтыншы бетте сегізі сәйкес келіп, тоғызыншысы ғана сәл ауытқып тұр. Ал мына (қазір көз алдымызда тұр) алпыс тоғызыншы беттегі Құран сөзінің бесеуі де сәйкес келіп тұр. Осылай жалғаса береді... Барлық беттердегі Құран сөзі бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Кейбіреулерінде ғана сәл ауытқу бар. Мына отыз үшінші бетте он бес жерде اَمْ сөзі бар. Соның он төрті сәйкес

— 433 —

келіп тұр. Сондай-ақ бұл бетте тоғыз "Иман" сөзі бар. Бәрі де сәйкес келіп тұр. Тек біреуі ғана көшірушінің үзіліс жасап барып, қайта бастауына байланысты сәл ауытқыған. Әрі осы көз алдымыздағы бетте екі "махбиб" бар; Бірі үшінші жолда, бірі он бесінші жолда дәлме-дәл өлшем мен бір-біріне қарайды. Солардың арасында төрт жерде кездесетін "Ашқ" сөзі де бір-бірімен сәйкесіп тұр. Қалған ғаиби сәйкестіктері осылармен салыстырып кете беруге болады.

Қандай көшіруші болсын, жазбалары қалай көп болмасын бәрібір сондай ғаиби сәйкестіктер бар. Мұның кездейсоқтық немесе көшірушінің әдейі істеген нәрсесі еместігіне күмән қалмады. Ал, кейбір жазу үлгілерінде мұндай сәйкестіктер өте көп. Демек, бұл рисалелердің өзіндік жазу үлгісі болғаны. Кейбіреулер соған жақын шығады. Таңқаларлығы сол, тәжірибелі көшірушілерге қарағанда, жаңа бастағандардың жазуында сәйкестіктер көбірек. Бұдан мынаны түсінуге болады. Құранның бір тәпсірі болған Рисалей Нұрдағы мұндай өнер, тамаша үлгілер, Құран ақиқаттарының керемет жүйелілігіне ғана жарасатын Құран Кәрімнің өз мәнері, өз стилі. Бұл біреудің ақылымен өз бетінше кесіп-пішуіне келмейді. Мүмкін, сол ақиқаттардың пішіні осылай болып, ғайби бір қол сол керемет пішіндерге жарасымды етіп кесіп-пішеді, кигізеді. Біз тек аудармашы қызметшілерміз.

Төртінші түйін: Бес алты сұрақты қамтыған бірінші сұрағыңда: "Махшар алаңында қайта тіріліп тұрған кезде, адамдардың жалаңаш тұруы қалай болады? Достарымызбен жүздесу үшін және шапағатшы ету үшін Ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) қалай табамыз? Соншама көп адамдармен бір Кісінің жүздесуі мүмкін бе? Жәннаттықтар мен Жәһаннамдықтардың киімі қандай болады? Бізге кім жол көрсетеді?" дейсің...

Жауап: Бұл сұрақтың толық жауабы хадис кітаптарында бар. Бұл жерде өз ұстанымызбен түсіндіру тәсіліміз бойынша бұл мәселелердің бірнеше қырын айтып өтеміз.

Біріншіден: Махшар алаңы, жер шарының бір жылда айналып шығатын шеңберінде екендігі және қазіргі кезде де жер шары рухани өнімдерін сол алаңның мұрағаттарына жіберіп жатқаны жайлы жазғанбыз. Яғни, жер шары бір жылдық орбитасында шеңбер сызып, сол шеңбердің өнімдерімен хашир алаңының жасалуына арқау болатындығы және жер шары деп аталатын осы Раббани кеменің

— 434 —

өзінің дәл ортасындағы кіші жәһаннамның отын Үлкен Жаһаннамға төгетіні және өз тұрғындарын да махшар алаңына апарып тастайтыны баяндалған болатын.

Екіншіден: Оныншы және Жиырма Тоғызыншы Сөздер бастаған көптеген рисалелерде хаширдың және хашир алаңының болмысы өте анық түрде суреттелген, дәлелденген болатын.

Үшіншіден: Жүздесу тақырыбы, Он алтыншы Сөзде, Отыз бірінші және Отыз екінші Сөзде нақты дәлелденген. Яғни, бір адам өзінің нұрлы болуы сырымен бір мезетте мыңдаған жерлерде болып, милиондаған адамдармен жүздесе алады.

Төртіншіден: Хақ Тағала, адамнан өзге бүкіл рух иелеріне өзіндік бір үйлесімді киім кигізгеніндей, махшар алаңында жасанды киімдері болмаса да, өзіндік бір киім кигізуі Хаким есімінің талабы. Дүниеде жасанды киімнің хикметі тек сән үшін, суық пен ыстықтан қорғауға және әурет жерлерін жасыруға ғана емес, расында оның маңызды бір хикметі адамның өзге жаратылыстарға ықпалы мен байланысына және басшылығына ишара, соның нышаны болса керек. Әйтпесе, оңай әрі арзан табиғи киім кигізе алар еді. Егер әлгі хикмет болмайтын болса, әр түрлі шүберектерді үстіне орап киген адам, саналы хайуанаттың назарында, олармен салыстырғанда масқара болып, олардың күлкісін келтірер еді. Ал, Махшар алаңында ол хикмет, ондай байланыс жоқ. Ондай ишара нышанның да қажеті жоқ.

Бесіншіден: Сен секілді Құран нұрының аясына кіргендерге Құранның өзі жол көрсетуші болады. Мына الٓمٓ , الٓرٰ , حٰمٓ дерге қарап, Құранның сондай сенімді шапағатшы және аса сенімді жол көрсетуші екенін түсін, айқын Нұр екенін көр.

Алтыншыдан: Жәннаттықтар мен жәһаннамдықтардың киіміне келер болсақ, Жиырма сегізінші Сөзде хор қыздарының жетпіс қабат көйлек киюіне қатысты айтылған қағида мұнда да жүреді. Бұл былай: Жәннаттық болған бір адам, Жұмақтың барлық дәрежелерінің қызығын көргісі келеді. Жұмақтың әртүрлі қызықтары бар. Әр қашан да Жұмақтың барлық дәрежелерімен байланыс бар. Олай болса, Жәннаттағы әсемдіктердің үлгілерінен кішкене-кішкене алып өзіне де, хор қыздарына да кигізеді. Өзі де хор қыздары да кішкентай бір Жұмаққа айналады. Мысалға: Бір адам елдегі барлық гүлдердің бір-бір үлгісін кішкентай бақшаға егіп, үлгі жасай алады. Бір дүкенші

— 435 —

де дүкендегі бүкіл заттардың үлгісін алып жинақ (каталог) жасай алады. Адам өзі бағып немесе басқарып отырған жаратылыстардың жиынтығынан өзіне киім жасап, қажетіне жарата алады. Сол секілді; Жаннаттық болған бір адам әсіресе, бүкіл сезімдері мен рухани сезімдері арқылы құлшылық жасаған және Жәннаттың ләззаттарын татуға қол жеткізген болса, Аллаһтың мейірімі оның әрбір сезімін қанағаттандыратын, әрбір ағзасын рахатқа бөлейтін, Жәннаттың әрбір дәрежесін көрсететін киімді оған да, хор қыздарына да кигізеді. Бұл киімдердің бір ғана түрден тұрмайтынына мына "Хор қыздары жетпіс түрлі киім кигеннің өзінде аяқтары көрініп тұрады, жабылып қалмайды" деген мағынадағы хадис дәлел. Демек, ең үстіңгі киімнен бастап, ең астыңғысына дейінгі киімдер әр түрлі сезімдерді рахатқа бөлеп, қуантатындай дәрежелері бар. Тозақтықтар болса, бұл дүниеде көзімен, құлағымен, жүрегімен, қолымен, ақылымен яғни, бүкіл ағзаларымен күнәлар жасағандықтан, әлбетте, тозақта соған лайық азап шегеді. Кішкентай тозақ секілді болатын әр түрлі нәрселерден жасалған киім кигізіледі, әрі бұл хикметке де, әділетке де қайшы келмейді.

Бесінші түйін. Фәтрет дәуірінде (Пайғамбарымыз (с.а.у) келмей тұрғанда) Пайғамбарымыздың аталары қандай дін ұстанды? - дейсің.

Жауап: Хазіреті Ибраһимнен қалған, бірақ ғапылдық пен рухани қараңғылықтың бүркемелері астында қалып, кейбір кісілердің ұстанымдары арқылы жалғасып келе жатқан дінді ұстанғандығы жайлы риуаят бар. Хазіреті Ибраһимнен (А.С) басталып, нәтижеде Пайғамбарымызға (С.А.У) тірелетін нұрлы тізбектің мүшелері, әлбетте Хақ діннің нұрынан тыс қалмаған, күпірліктің қараңғылығына жеңілмеген еді.

Ал,

﴿ وَمَا كُنَّا مُعَذِّب۪ينَ حَتّٰى نَبْعَثَ رَسُولًا ﴾

сыры бойынша ондай фәтрәт кезеңіндегілер тозақтан құтылады. Иман негіздерінен басқа қателіктерінен сұралмайды. Имам Шафи мен Имам Әшғари күпірге кірсе де, иман негіздерінен ауытқып кетсе де, тозақы болмайтынын айтады.

Өйткені, Аллаһтың бұйрықтары Пайғамбар жіберу арқылы жетеді. Сол арқылы нақтыланады. Ал, бұрыңғы Пайғамбарлардың діні уақыт өте келе көмескіленіп қалғандықтан, фәтрәт дәуіріндегілерге үкімі жүрмейді. Мойындаса сауап алады, мойындамаса азап шекпейді. Өйткені, ол дін көмескіленіп қалғандықтан үкімі жүрмейді.

— 436 —

Алтыншы түйін. Пайғамбарымыздың (С.А.У) аталарынан Пайғамбар шыққан ба? - дейсің.

Жауап: Хазіреті Исмаилден кейінгілері нақты айтылмаған. Пайғамбарымыздың аталары болмағанымен Халид Ибн Синан және Ханзала деген екі пайғамбар шыққан. Ал, Пайғамбарымыздың аталарынан Қаб Ибн Луейдің нақты зерттеп, дәлелді түрде айтқан атақты

عَلٰى غَفْلَةٍ يَاْتِى النَّبِىُّ مُحَمَّدٌ ٭ فَيُخْبِرُ اَخْبَارًا صَدُوقًا خَب۪يرُهَا

сөздері мұғжизаға, пайғамбарлық аянға ұқсайды. Имам Раббани дәлелдерге де, өзінің кәшфтеріне де сене отырып, былай деген: Үндістанға көптеген пайғамбарлар келген. Бірақ, кейбіреуінің үмметтері болмаған немесе шектеулі ғана болғандықтан танымал болмай қалған. Немесе Оны ешкім Пайғамбар деп білмеген. Міне, Имамның осы негіздеріне сүйене отырып айтарымыз: Пайғамбарымыздың аталарынан да осындай пайғамбарлар шыққан болуы мүмкін.

Жетінші түйін. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әке-шешесі мен атасы Абдулмутталибтің имандары жайлы хабарлардың қайсысы сенімді? - дейсің.

Жауап: Бүгінгі Саид он жылдан бері Құраннан басқа кітапқа қарамайды. Маған Құран жетеді дейді. Мұндай мәселелерді зерттеп, бүкіл хадис кітаптарын ақтара отырып ең сенімдісін жазуға уақыт жоқ. Тек айтарым мынау: Пайғамбарымыздың әке-шешесі Жәннаттық жандар. Иманды жандар. Хақ Тағала өзінің ең сүйікті адамының жүрегін және жүрегіндегі перзенттік мейірімін ренжітпейді. Олай болса, олар неге Пайғамбарымызға иман ететіндей жасқа жетпеді. Неге одан ерте кетті? - дейтін болсаң...

Жауап: Хақ Тағала Арадақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ата анасын өзінің кеңшілігімен Арадақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) перзенттік сезімін риза ету үшін оның ата-анасына ауыртпалық салмаған. Оларды ата-ана мәртебесінен рухани перзенттік мәртебесіне әкелмеу үшін оларды бақытқа бөлеген, Хабиб-і Әкрамын да риза ету Оның мейірімінің талабы. Әке шешесі мен туған атасын оған үммет етпеген. Бірақ, үмметінің ерекшелігін, артықшылығын, бақытын оларға сый етіп берген. Мысалы, үлкен бір әскери қолбасшының жүзбасы шеніндегі әкесінің баласының құзырына кіруі, бір-біріне қайшы келетін екі ұдай сезімде қалдырады ғой. Яғни, падишаһ әлгі қолбасшысына мейірім көрсетіп, әкесін оның қол астына қаратып, бағынышты етпейді.

— 437 —

Сегізінші түйін: "Пайғамбарымыздың көкесі Әбу Талибтің иманы жайлы жауаптардың қайсысы дұрыс?" дейсің.

Жауап: Шиалар оның иман келтіргеніне сенеді. Ал Әһли Сүннеттің көпшілігі оның иман келтіргеніне иланбайды. Алайда, менің жүрегіме жақыны мынау: Әбу Талиб, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көкесі ретінде Оның Пайғамбарлығын емес, жеке басын шынайы жақсы көретін еді. Оның осындай жеке басына деген шынайы жанашырлығы зая кетпейді. Хақ Тағаланың Сүйіктісін сонша жақсы көріп, қамқорлық көрсетіп, жақтас болған Әбу Талиб Пайғамбарымызды (с.а.у.) теріске шығарып, әдейі қырсықпаған. Ол, өзінің рушылдық сезіміне, жеке ар ұжданына қатысты мәселе. Сондықтан, шынайы иманға келмеуі себепті жәһаннамға кетсе де, Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген оның қамқорлығының сыйы ретінде жәһаннамның ішінде оған деген өзіндік бір жеке жәннатты жарата алады. Мысалы, кейбір өлкеде қыста да көктемді жарататыны және зындандағы кейбір адамға ұйқы арқылы зынданды сарайға айналдыратыны іспетті, Жаратушымыз жәһаннамды да өзіндік бір жәннатқа айналдыра алады.

وَالْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ ٭ لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ
﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾