Жарқыраулар
— 33 —

Бесінші Лема

{(1, 2): Хазіреті Ұстазымыз, Жиырма тоғызыншы арабша Леманың Алтыншы бабының түсіндірмесінде: "Бұл екі сөйлемнің мәртебелері ілімге қарағанда пікір әрі зікір болғандықтан арабша жазылды" дейді.

Бәдиүззаманның қызметшілері}

حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ бұл аяттың өте маңызды бір ақиқатын он бес мәртебе арқылы баяндайтын бір рисале болуы тиіс еді. Алайда, ақиқат пен ілімнен гөрі зікірге, ой-толғамға қатысы көп болғандықтан әзірге кейінге қалды. Расында, Он бірінші Лема яғни "Сүннет баспалдақтары және Бидғат дертінің емі" атты өте маңызды рисале Бесінші Лема болып шыққан-ды. Алайда, ол он бір тұжырымға бөлінгендіктен Он бірінші Леманың ішіне енгізілді. Бесінші Леманың орны осылайша бос қалды.