Жарқыраулар
— 132 —

Он жетінші Лема

(Зүхреден алынған "Он бес Нотадан" тұрады)
﴿ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ ﴾
КІРІСПЕ СӨЗ

Он екі жыл бұрын {(Сілтеме): Он екі жыл бұрын дегені Хижри 1340, милади 1921 жылдарға сәйкес келеді.} Раббани жәрдеммен Алланы тану тұрғысында, ақылдың ой жүгіртуі арқылы, жүрекпен саяхат жасау арқылы және рухымның ашылуы арқылы көрінген Тәухидтің кейбір жарық нұрларын арабша Ноталар түрінде «Зүхре», "Шуле", "Хубаб", "Шәмме", "Зәрре", "Катре" деген атпен өзім үшін қағазға түртіп қойып едім. Терең ақиқаттың шетін ғана, жарық бір нұрдың ұшқынын ғана көрсету үшін өзімнің ой қиялыма шақтап жазғандықтан басқалар пайдалана алмады. Тіпті, ең жақын достарымның өзі арабша білмейтін еді. Солардың өтініштері бойынша Ноталар мен Лемалардың бір бөлігінің мазмұнын Түрікше жазуға мәжбүр болдым.

Бұл Ноталар және араби рисалелер Бүгінгі Саидтің ақиқат ілімінен көрген алғашқы дәлелдері болғандықтан қалай көрінсе солай, еш өзгертусіз жазылды. Сондықтан, кейбір сөйлемдер басқа Сөздерде де, мұнда да жазылды. Кейбіреуі көп түсіндірілмей қысқаша жазылды. Мағынасын өзгертпеу үшін солай етілді.

БІРІНШІ НОТА. Мен өзіме былай деген едім. Ей, ғапыл Саид! Мына пәни әлемнен кейін саған серік болмайтын, дүние қирағаннан кейін сенен бөлініп кететін нәрселерге көңіл бөліп, уайымдау саған жараспайды. Әсіресе, сенің ғасырыңның аяқталған соң сені тастап кететін, әсіресе берзах сапарында бірге болмайтын, сені қабір ауызына дейін де жеткізуге жарамайтын, әсіресе бірнеше жыл бірге болып, содан соң мәңгілік сенен ажырап, күнәларды сенің мойыныңа артып кететін, әсіресе енді қолың жете бергенде сені тастап жүре беретін жалған дүниеге жүрекпен байлану ақылдының ісі емес.

— 133 —

Егер ақылың болса, дүние қирап, берзах пен ақыретке ауысып жатқанда аяқтың астында тапталып қалып қоятын, мәңгілік сапарда саған жолсерік болуға жарамайтын істердің бәрін таста. Оларға мән берме, олардың жойылып кетіп жатқанына күйінбе!

Сен өз болмысыңа жақсылап үңіл! Сенің ішкі сезімдеріңнің ішінде тамаша бір сезім бар. Ол мәңгіліктен өзге ештеңеге разы болмайды.

Ол Жаратушыдан басқа ешнәрсеге қанағаттанбайтын ерекше сезім. Одан басқаға бет бұрмайды. Одан басқаға разы болмайды.

Бүкіл дүниені меншік қып берсең де әлгі сезіміңді қанағаттандыра алмайды. Ол сезім сенің бүкіл жан дүниеңнің сұлтаны. Мәңгілік Иесі Фатыр-ы Хакимнің әміріне ғана бағынатын сол сезіміңді тыңда! Соның соңынан ер, құрдымнан құтыл!

ЕКІНШІ НОТА. Ақиқатқа жанасатын бір түсімде адамдарға былай деп жатыр екем:

«Уа, адам! Құранның бір ережесі. Хақ Тағаланың жаратқандарының ешқайсына табынба, өзіңнен үстем санама. Өзіңді де еш нәрседен биік ұстама! Өйткені, жаратылғандардың ешқайсысы құлшылық етуге лайық емес, бәрі де жаратылған. Жаратылуы жағынан алғанда бәрі бірдей, еш айырмашылығы жоқ».

ҮШІНШІ НОТА. Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезімге алданып өтпелі дүниені мәңгі, тұрақты деп ойлама! Айналаңа қараған кезде біршама тұрақты көрінгендіктен алданып, өзіңнің фәни екеніңді ұмытып, сол көзбен қарап, мәңгі жасайтындай сезінесің де тек қияметтің болуынан қорқасың. Бейне бір қияметке дейін өмір сүретін секілді қияметтен ғана сескенесің.

Есіңді жи! Сен де, сенің жеке әлемің де кез келген уақытта жойылып кетулерің мүмкін. Сенің бұл жаңсақ сезімдерің мына бір мысалға ұқсайды.

Бір адам қолындағы айнасын бір үйге не бір қалаға не бір бақшаға қарай бағыттаса одан әлгі нәрселердің көріністері көрінеді. Егер айна бір себептен сынып, беті шытынап кетсе әлгі айнадағы көріністер де қирап жоқ болады. Ондай жағдайда айнаның сыртындағы нағыз үй мен қаланың қаз қалпында тұра беруі ол адамға түк пайдасы жоқ. Өйткені, қолындағы айнада көрінген қала және саған тиесілі үй мен бақша айнаның көрсеткен көлеміне қарай болатын.

— 134 —

Сол секілді сенің өмірің айна. Сенің дүниеңнің тірегі, айнасы әрі орталығы сенің өмірің мен тіршлігің. Кез келген сәтте үйің де, қалаң да, бақшаң да қирап, қияметің орнауы мүмкін. Олай болса, сен бұл өмірің мен жалған дүниеңе олар көтере алмайтын жүк артпа!

ТӨРТІНШІ НОТА. Біліп қой! Маңызды да, қымбат нәрселерді дәл сол қалпында қайта жарату Фатыр-ы Хакимнің бір әдеті. Яғни, көптеген нәрселердің қайта жаңаруы жыл мезгілдері қайталанып, ғасырлар ауысқанда әлгі қымбат, маңызды нәрселер сол қалпында қайтадан жаратылады. Күннің, жылдың және ғасырдың қайта жаратылуында осы заңдылықтар бір қалыпты қайталануда.

Міне, осы тұрақты қайталану заңдылығына қарап, мынадай қорытынды шығаруға болады.

Пәндер мен ғылымдар куәлік етіп тұрғандай жаратылыс ағашының ең қымбатты да маңызды да жемісі адам. Жаратылғандардың ішіндегі ең маңыздысы да адам. Бүкіл әлемнің ең қымбаттысы да адам. Әрбір адам жан-жануарлардың бір түріне тең келетіндей қымбат. Бұдан түсінеріміз, қайта жаратылған кезде адамдардың әрқайсысы жеке-жеке, қаз-қалпында өз денесімен, өз аты-жөнімен, пішін болмысымен қайта жаратылады.

БЕСІНШІ НОТА. Бұл нотада Европаның пәні мен мәдениеті бұрынғы Саидтың санасында біршама қалыптасып қалғандықтан бүгінгі Саидтың пікірлері мен көзқарасына, жүрек қалауына осы пәндер мен мәдениет кесел боп жабысты. Мәселені қиындатып жіберді. мәжбүрліктен бүгінгі Саид ой-санасынан, ең алдымен батыстың бұрыс пәлсапасы мен азғын мәдениетін лақтырып тастауды көздеген кезде ішкі дүниесінде Европаға жақ нәпсани сезімдердің үнін өшіру үшін Европаның рухани тұлғасымен бір жағынан қысқа, бір жағынан ұзаққа созылған айтысуға мәжбүр болды.

Мұны дұрыс түсінген жөн. Европа дегенде екі түрлі Европа бар.

Бірінші Еворпаға, шынайы Исауилік дінінен және Исламнан алған ақиқаттар арқылы қоғамдық өмірге пайдалы өнерге баулитын және әділет пен ақиқатқа қызмет етіп, ғылымға ұмтылған Европаға айтып тұрған жоқпын.

Табиғатқа негізделген философияның кесірінен мәдениеттің жағымсыз жақтарын жағымды санап, адамзатты азғындық пен адасуға итерген бұзық екінші Европаға айтамын.

— 135 —

Көңілде осындай аласапыран орын алып жатқан кезде мәдениеттің жақсылықтары мен пәннің пайдаларын көріп отырған Европаға емес, екінші Европаның рухани тұлғасына былай деген едім.

Біліп қой ей, екінші Европа! Сен оң қолыңа ауру, адасқан философияны, сол қолыңа азғын зиянды мәдениетті ұстап алып, адамзаттың бақыты осы екеуінде деп, адамдарды өзіңе шақырасың.

Екі қолың қатар сынсын. Ал мынау лас екі «Сыйлығың» бейбақ жұтсын! Жұтады әлі.

Ей, күпірлікке батып, онысын айналаға таратқан бақытсыз рух! Япыр-ау, рухы да, ұжданы да, көңілі де қайғы-мұң кешіп, азапқа түскен адамның құр сұлбасы, сырттай сұлу алдамшы зейнет пен байлыққа кенелсе, бақытты болуы мүмкін бе? Оны бақытты деуге бола ма?

Адам бір істің оңға баспағанына бола қамығып мұңая қалады. Ойындағысы орындалмай қалса үміті үзіледі. Болмашы бір іске сағы сынады. Тәтті қиялы ащы болып кетеді. Жап-жақсы нәрселер оны азапқа салады. Кең дүние тар қапасқа ұқсап кетеді. Ал сенің кесіріңнен жүрегінің ең терең түкпірі мен рухын адасушылық жаулап, бар үміті үзілген мұңлық бейшара адамға қандай бақыт әкелмексің?

Япыр-ау, денесі жасанды уақытша бір Жәннатта бірақ, рухы мен жүрегі Жәһаннам азабын шеккен адамды жетісіп жүр, бақытты деп қалай айтасың? Сен адамды осындай қиын жағдайға түсірдің. Жалған, Жәннаттың ішінде Жәһаннам азабын шектіріп отырсың.

Ей, адамның жүгенсіз нәпсісі! Мына әңгімеге құлақ сал да, адамдарды қайда қаңғытып бара жатқаныңды біл!

Мысалы, біздің алдымызда екі жол бар дейік. Біреуімен келе жатырмыз. Байқасақ, қадам сайын әлсіз бейшара бір адам отыр. Залымдар оған тап беріп, қолындағы мал-мүлкін тартып алып, үйшігін бұзып тастауда. Кейде жарақаттап жібереді. Оның осындай аянышты жағдайына тіпті аспан да күңіреніп жылайтын секілді. Қайда қарасаң да бұдан басқа көрініс көрінбейді. Әлгі жолдағы залымдардың ақырған дауысы мен бейшаралардың еңіреген үні жоқтау тәрізді жолды түгел жаулап алған. Адам адамшылығы жағымен басқаның қайғы-қасіретіне ортақ болатындықтан, рухын шексіз қайғы-мұңның тұманы тұмшалауда. Алайда, адамның ар-ұжданы мұндай сұмдыққа төзе алмайтындықтан, ол жолда жүргендер екі нәрсенің бірін таңдауға

— 136 —

мәжбүр болады. Не адамгершіліктен жұрдай болып, жабайы жыртқыш секілді, тасжүрекке айналады. Өзі аман болса болды, басқаның басына келген апат оған түк те әсер етпейді. Не көңілін көр, ақылын жоқ етеді.

Ей, адасу жолында әбден бүлініп, Исауилік дінінен алыс қалған Европа! Бір көзді Дажжалға ұқсаған жалғыз көзді зеректігіңмен адамзаттың рухын Тозақи жағдайға душар еттің! Бірақ, бұл емі жоқ сырқат, адамды ең жоғарғы дәрежеден, ең төменгі құрдымға түсіретінін соңында байқадың. Яғни, хайуанаттың ең сорлысы деңгейіне түсіретінін білдің.

Бұған қарсы тапқан емің сезімдерді уақытша ұйықтатып, қызыққа батыратын ойыншықтар мен ақылды алжастыратын қияли ойынсауықтар ғана. Бұл емің сенің басыңды жұтсын, жұтады да.

Міне, адамзатқа дайындаған бақыт дегеніңнің түрі осы. Ал, Екінші жол болса, Құран Хакимнің адамзатқа сыйға тартқан бақыт жолы.

Байқасаңыз, ол жолдағы әр бекетте, әр бөлімшеде, әр қалада бір Әділ Сұлтанның тәртіпті әскерлері бақылап, күзетіп тұр. Белгілі уақыттарда олардың бір бөлігі сұлтанның әмірімен міндетінен босатылып жатады. Олардың қарулары мен қолданған заттары алынып, демалысқа шығарылады. Демалысқа шыққан әскерлер бауыр басып қалған аты мен қаруын қайтарып беруден сырттай қайғыратын секілді, ақиқатында Әділ Патшаның құзырына оралатынын білетіндіктен іштей зор қуанышқа бөленуде. Әскерилерді демалысқа шығаратын қызметкерлер кейде жаңадан келген "шикі" бір әскерге кездесіп қалады. Әскер оларды танымай «Қаруыңды тапсыр!» десе, әлгі әскер: "Мен патшаның сарбазымын, Оның қызметіндемін. Соңында оның алдына барамын. Сендер кімсіңдер?

Егер, Оның рұқсатымен келіп тұрсаңдар құба-құп, бұйрықты көрсетіңдер, болмаса жолымнан былай тұрыңдар!

Мен жалғыз, сендер мың болсаңдар да сендермен арпалысуға әзірмін. Өзім үшін емес, Сұлтаным үшін солай етемін. Өйткені, менің жаным өзімдікі емес, Сұлтанымдікі. Менің қолымдағының бәрі, өзім де сол Иемнің мүлкімін. Сұлтанымның аманатын, Оның абыройын сақтау үшін сенге бас имеймін!" - дейді.

Бұл, осы екінші жолда жүрген мыңдаған бақытты жандардың бір ғана мысалы деуге болады. Қалғанын өзің салыстыр.

— 137 —

Бүкіл осы екінші жолдағылар дүниеге келуді қуанышқа бөлену, әскери міндетін атқаруға жолдама деп түсінеді. Ал, ажал жетіп, қаза болу дегенді, өз міндетінен босау деп түсінеді. (Көңілді әуенмен қайтып жатады).

Құран Хаким адамзатқа осындай бақытты жол сыйлаған.

Бұл сыйлықты кім толық қабылдаса, екі дүниенің бақытына қол жеткізетін екінші жолмен жүреді, өткенге өкінбейді, болашақты уайымдап қайғырмайды.

Ей, бұзылған екінші Европа! Сенің шірік әрі еш негізі жоқ ұстанымдарыңның бірнешеуі мынау.

"Ең үлкен періштеден бастап ең кішкентай шыбынға дейін әрбір тіршілік иесі өз-өзіне қожайын, өзі үшін өмір сүреді, өз қызығы үшін жүгіреді. Оның өзіндік өмір сүру хақысы бар. Басты мақсаты өмір сүру, тұқымын жайып жалғастыру" дейсің. Халиқ-ы Кәрим Аллаһтың тіршіліктегі жомарт заңы бойынша, өсімдіктердің хайуандарға, хайуандардың адамдарға қызмет көрсетіп, бір-біріне жәрдем ету дейтін жалпыға ортақ сипаттағы мейірімді қамқорлығын бір-бірімен жауласу деп ойлап: "Өмір күрес" деп, ақымақтық жасап, өмірді солай қабылдайсың.

Япыр-ау, қамқорлықтың шуағымен зәрре-бөлшектердің бүкіл денеге құлшына азық тасып, зыр жүгіргенін қандай күрес деп ойлайсың? Бір-бірімен жауласу солай бола ма?! Негізінде ол Рахман, Кәрим Жаратушының әмірімен бір-біріне көмек, өзара жәрдем. Және бір шірік ұстанымың мынау. «Әрбір тіршілік иесі өз-өзіне қожайын!» дейсің. Ал, ешқандай жаратылыс өз-өзіне қожайын емес екеніне анық дәлел мынау - себептер ішінде ең еріктісі, қалау ираде жағынан ең еріктісі адам. Алайда ойлану, сөйлеу және ішіп-жеу секілді қарапайым, оңай, сыртқы іс-әрекеттерін алар болсаң оның өз ықтиярына берілгені жүзден бірі ғана, оның өзі де күмәнді. Сыртқы іс-әрекетінің жүзден біреуіне ғана ие болуы екіталай болған адам қалай, қайтіп өзіне-өзі қожайын болмақ?! Адамның өзі осындай өзін-өзі басқару мен нақты иелік етуге келгенде қолы соншалық қысқа болып жатса, басқа жандыларды «өз-өзіне қожайын» дегендердің хайуаннан өткен ақымақ, түйсіксіз екені белгілі. Сені осындай қате жолға итерген, әуреге салған бір көзді ақылың. Сол көзсіз ақылыңмен барлық нәрсенің Иесі болған Раббыңды, Жаратқан Иеңді ұмыттың. Иелікпен басқаруды меңіреу табиғатқа тапсырдың, әсерді себептерге бердің, Жаратқан Иенің

— 138 —

мүлкін жасанды пұттарға телідің. Мұндай көзқарас бойынша, әрбір тіршілік иесі мен адамдар қисапсыз жауларымен жалғыз өзі күресіп, таусылмайтын қажеттіліктері үшін жанталасуы керек болады. Ондай жағдайда, зәрредей ғана күш-қуатпен, мардымсыз ғана қалау еркімен, сағым секілді сезіммен, көбіктей көрініп қана өшетін тіршілікпен, бір сәтте ғана өтетін өмірмен ондай қаптаған жау мен таусылмайтын қажеттіліктерге қарсы төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда, ондай бейшара тіршілік иелерінің шама-шарқы осындай мыңдаған қажеттіліктердің тіпті, біреуін де өтеуге жарамайды. Қиыншылыққа тап келген кезде керең, соқыр себептерден өзге ешкімнен дертіне дәрмен болар нәрсе таба алмайды. وَمَا دُعَٓاءُ الْكَافِر۪ينَ اِلَّا ف۪ى ضَلَالٍ сырын растаушы болады.

Сенің қараңғы санаң адамдардың күндізін түнекке айналдырды. Сол қиыншылықтар мен зұлымдықтарға, қараңғы түнекке бой үйрету үшін жасанды жарықтарды жарқылдатып қойдың. Ол жарықтарың оларды қуанышқа бөлемейді, қайта жылайтын жағдайға ақымақша күлулеріне әлгі шырақтар мазақ еткендей күліп тұр.

Ал, әрбір тіршілік иесі сенің шәкірттеріңнің көзіне жауыздардың табанына жаншылған бейшаралар секілді көрінеді. Дүниеде барлығы жылап-сықтап жүр. Дүниедегі дыбыстар, өлімнен, қиыншылықтан туындайтын жан айқай.

Сенен сабақ алған шәкірт перғауынға айналады. Ең қасиетсіз нәрсеге табынатын, пайда үшін көрінген нәрсені Құдай көретін сорлы перғауын. Өзі өте тәкаппар. Бірақ, бір ләззат үшін ауыр жүкті көтеруге көнген міскін бейнесінде. Болмашы бір пайда үшін шайтанның аяғын сүюге дайын тұрған сорлы біреу. Өзі өте қатігез. Бірақ, көңілінде тірек болар ештеңесі жоқ бір қуыс кеуде болғандықтан күш қуаттан жұрдай, жағымпаз міскін.

Ол шәкіртіңнің бар мұраты, өзінің қу нәпсісін тойдыру. Қоғам үшін жан аямай еңбек еткен болып көрінгенімен өз пайдасы мен ашкөз менмендігін қанағаттандыру үшін жүрген алаяқ. Өзінен басқа еш нәрсені жақсы көрмейді. Не болса да өз нәпсісінің жолына құрбан қылуға дайын.

Ал, Құранның адал шәкірті болса Құдайдың шынайы құлы. Алайда, жаратылыстардың ешқайсысына құлшылық қылмайтын абыройы үстем құл. Жәннат секілді ең қымбат пайданы да құлшылығының

— 139 —

негізгі мақсаты деп санамайтын адал құл. Табанды да жайсаң мінезді. Ұлы Жаратушыдан басқаға Оның рұқсатынсыз еңкеймейтін мерейлі жан. Пақыр болса да, Жарылқаушы Иесінің келешекте уәде еткен нәрселеріне көңілі тоқ, қанағатшыл. Өзі әлсіз болса да, құдіреті шексіз Жаратушысының күш-қуатына сүйенген сенімді де қуатты. Мұндай пенде Құранның нағыз шәкірті болғандықтан мәңгі Жәннатты да басты мақсатым демегендіктен, мына өткінші дүниені басты мақсат етер ме ? Осылайша екі шәкірттің қандай айырмашылығы бар екендігін түсін!

Бұрыс философияның шәкірттері мен Құран Хакимнің шәкірттерінің адал құлшыныстары мен жанкештіліктерін де салыстыруыңа болады.

Философияның шәкірттері өз нәпсісі үшін бауырынан қашады, оған қарсы даугер болады.

Құран шәкірттері болса аспан әлемі мен жер бетіндегі барлық салих құлдарды өз бауырындай іш тартып, оларға әр уақыт қайыр дұға жасайды. Және олардың бақытына рахаттанады. Рухында оларға деген жақындық сезінеді. Ең үлкен нәрсе Ғарыш пен Күннің өзін, өзі секілді бір қызметші құл, жаратылған нәрсе деп біледі.

Екі шәкірттің маңызды жақтарын және рухани құндылығын былай салыстырып көруге болады: Құран өз шәкірттерінің рухына кеңшілік пен биік дәреже бергені сондай, тоқсан тоғыз тәсбих тасының орнына тоқсан тоғыз Иләһи көркем есімдердің шағылысын көрсетіп тұратын тоқсан тоғыз әлемнің зәрре бөлшектерін бір-бір тал тәсбих тастары секілді қолдарына беріп: «Дұғаларыңды осы бойынша оқы!» дейді.

Құраннан сабақ алған Шахы Гейлани, Руфаи, Шазели сынды шәкірттердің оқыған дұғасын тыңда! Жаратылыстың Зәрре бөлшектерінің саны қанша болса,солардың бәрін тәсбихтей санап, ұстап тұрып дұға оқуда. Хақ Тағаланы зікір етуде, тәсбих етуде.

Баяндауы мұғжиза болған Құран Кәрімнің мұғжизалы тәрбиесіне назар сал! Болмашы бір қиыншылыққа көңілі құлазып, көзге көрінбейтін бір микробтан жеңіліп қалатын мына кішкентай адам, Құранмен тәрбиеленген кезде сондай биікке көтеріліп, алып дүниені, бүкіл жаратылыстарды қолына алып тәсбих тартса да аз деп біледі. Ол Жәннаттың өзін дұға-тілегіне басты мақсат қылмайды. Өз нәпсісін Хақ Тағаланың жәй бір мақұлығынан жоғары қоймайды. Абыройлылық пен кішіпейілдікті қатар ұстайды. Ал, философияның шәкірттерін мұнымен салыстырсаң қаншалықты төмен, қаншалықты құлдырап кеткенін көресің.

— 140 —

Міне, Европалық бұрыс философияның кесірінен жалғыз көз болып қалған ақылдың қате тұжырымына қарсы, екі дүниені қатар көре алатын өткір көзімен, ғайып дүниені де қадағалайтын назарымен, адамзат үшін екі дүние бақытын екі қолымен ишара еткен Құран Хаким былай дейді:

Ей, адам! Сенің жаның мен қолыңдағы дүние сенің мүлкің емес, ол тек саған аманат етілген. Ол аманаттың иесі бәрінен Құдіретті, бәрін көретін, білетін Рахим-ы Кәрім! Ол сендегі мүлкін сенен сатып алғысы келеді. Сен үшін сақтап қояды, зая болмасын, дейді. Келешекте саған құндырақ етіп, бағасын еселеп қайтаратын болады. Сен болсаң міндетіңді атқарушы бір әскерсің. Жаратушының атымен жұмыс істеп, әрекет қыл! Ол сенің қажетіңді үнемі өтеп тұрады, сенің шамаң жетпейтіндерден қорғайды. Ал, сенің бұл дүниедегі бар міндетің, өміріңнің мақсаты, нәтижесі сол Жаратушы Иенің көркем есімдеріне айна болу, әлемге паш ету.

Басыңа бір қиыншылық келсе былай де:

﴿ اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ ﴾

яғни, "Мен жаратушы Иемнің қызметінде жүрген пендемін. Ей, пәлекет!

Егер Оның рұқсатымен, ризалығымен келген болсаң, кел! Хош келдің! Өйткені, әйтеуір уақыты келгенде Оның алдына баратынымыз рас. Оған құштармыз. Бір күні бізді мына өмірдің әуресінен азат ететін болады.

Қәне, ей пәлекет! Ондай азат ету, өзіне қайтару сенің қолыңда болса онда саған разымын. Егер менің қолымдағы аманатты сақтауымды, өз орынына қолдануымды тексеруге келген болсаң және менің саған тәсілім болуыма Оның ризасы болмаса, шамам келгенше күресіп Мәлик Иемнің аманатын саған тәсілім етпеймін!" дейді.

Міне, осындай мыңнан бір үлгі ретіндегі ақылға сүйенген философия мен Құдайдың сөзі Құранның берген дәрістерінің дәрежелеріне назар аудар!

Иә, екі жақтың ақиқат халі баяндалғандағыдай кетіп барады. Бірақ, тура жолдағылар мен адасу жолында жүрген адамдардың дәрежелері әртүрлі. Ғапылдықтың да дәрежелері әртүрлі. Әркім, әртүрлі дәрежеде болғандықтан бұл ақиқаттарды түгелдей сезіне алмайды.

— 141 —

Өйткені ғапылдық, сезінуге кедергі болады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ғапылдықтың сезімді жойып жібергендігі сондай, мына дүниедегі қайғы-қасіретті "мәдениетшілдер" тіпті сезбейтін болып кеткен. Бірақ, ілімнің дамуы және күн сайын жер қойнына қайтып жатқан отыз мың өліктің ескертуі, ғапылдық пердесін ашып, жыртуда. Жат жұртқа еліктеп, олардың тағуттары мен табиғатшыл пәндерінің кесірінен адасу жолына түсіп, соларға көпе көрнеу еріп жүргендерге обал-ақ!

Уа, отанымыздың жастары! Европалық кәпірлерге еліктеуді қойыңдар! Япыр-ау, Европаның сендерге жасаған зұлымдықтары аз болды ма? Олардың азғындықтары мен бұрыс ойларына қай ақылмен еліктеп езеурейсіңдер! Жо-жоқ, олай ету қате! Азғын түрде еліктегендер, оларға мойынсұнып қана қоймай, санасыз түрде солардың қатарына қосылып, өзін де, бауырларын да құрдымға итеруде! Ояныңдар! Сендер ұялмай соларға ерген сайын отаншыл екендіктеріңді жоққа шығарып жатырсыңдар. Өйткені, олай ере беру, өз халқын менсінбеу, өз ұлтын мазақ ету болып саналады!

هَدٰينَا اللّٰهُ وَ اِيَّاكُمْ اِلَى الصِّرَاطِ الْمُسْتَق۪يمِ

АЛТЫНШЫ НОТА. Кәпірлердің санының көптігінен және олардың ұйымдасқан түрде иман ақиқаттарын жоққа шығарғанынан күмәнға түсіп, сенімін бұзып алған, Ей, бейшара адам! Біліп қой!

Қасиет пен құндылық санның көптігінде емес. Өйткені, адам егер адам болмаса онда шайтан сияқты бір хайуанға айналар еді. Адам, кейбір батыстық мәдениетті өзіне үлгі етіп хайуани сезімге беріліп, хайуандық мәртебесін дамыта берсе құнсызданып, хайуандықтың шегіне жетер еді. Өзің де көріп тұрған жоқсың ба, хайуандардың саны мен түрі көп, олармен салыстырғанда адамның саны өте аз, сөйте тұра ол барша хайуаннан жоғары, Сұлтан, Халифа, Әкім.

Зиянкес кәпірлер мен олардың жолында жүрген азғындар Хақ Тағаланың хайуандарының бір түрі. Фатыр-ы Хаким оларды дүниенің кем-кетігін жөндеу үшін жаратқан. Әрі мүмин құлдарына арнаған нығметтерінің дәрежесін анықтау үшін яғни солар арқылы қадірі білінеді. Ақырында оларды өз орындарына, Жәһаннамға тастайды.

Кәпірлер мен адасушылардың иман ақиқаттарын жоққа шығарып, қарсы шығуында ешқандай мән-мағына, құндылық жоқ. Өйткені, жоққа шығару себептері, сөздері әртүрлі. Мың жоққа шығарушы, бір адам сияқты, еш айырмашылығы жоқ.

— 142 —

Мәселен, Рамазан айы туарда Стамбулдың халқы жаппай Ай туған жоқ десе, екі-ақ адам Айды көріп куәлік етсе, әлгі жоққа шығарушы бұқара халықтың пікірі есепке алынбайды. Сол сияқты кәпірлер мен адасушылардың ұғымының негізі жоққа шығару, қабылдамау надандық, иланбау қайшылыққа толы. Олай болса олардың көптігінің мәнісі жоқ.

Хақ жолдағылардың ұғымы хақ және нақты дәлелге сүйенген. Имани мәселеде екі мүминің көзбен көргендей үкімдері адасқандардың сансыз сандырағынан артық. Сондықтан, олардан әрдайым үстем тұрады. Мәселе мынада: Жоққа шығарушылардың айтқандары әртүрлі болып, бір-бірімен үйлеспейтіндіктен қуаты аз болады. Ал, дәлелдеушілердің пікірі бір болғандықтан өзара бірігіп, үлкен күшке ие болады. Өйткені, көктегі айды көрмей, оны жоққа шығарған адам былай дейді: "Мен айды көріп тұрғаным жоқ. Мен тұрған жерден көрінбейді", келесі біреу: «Бізге көрінбейді» дейді. Басқалары да осы секілді уәж айтады. Бәрі де «жоқ!» деген сөзді айтады. Олардың аспанға зер салу жағдайлары да көрулеріне кедергі болған нәрселер де әртүрлі болғандықтан бір-бірін қуаттай алмайды.

Ал, Айды көргендер былай дейді: «Маған Ай көрінді, Ай әне, көрініп тұр» дейді. Көргендер бәрі бірауыздан бір тұсты көрсетіп: «Көкте ай анық көрінді!» деп бір-бірін қуаттайды. Бәрінің сөзі бір ақиқатты меңзеп, бір жерде тоғысады. Ал, жоққа шығарушылар бірауыздан айтылған ақиқатқа қарсы келе алмайды. Себебі, жоққа шығару дәлелденбейді.

وَ الْعَدَمُ الْمُطْلَقُ لَا يُثْبِتُ اِلَّا بِمُشْكِلَاتٍ عَظ۪يمَةٍ

Бұл бір қағида.

Бір нәрсені көзге көрсетуің, дүниеде оның бар екендігінің дәлелі бола алады. Егер оны жоқ десең, онда бүкіл дүниені шарлап, барлық жерді көрсетіп, содан кейін ғана оның жоқ екендігін дәлелдей аласың.

Бұл қағидаға сүйене отырып, кәпірлердің ақиқатты жоққа шығаруы, бір тесіктен өту, не бір шұңқырдан аттап өтуге ұқсайды десек, мың да бір, бір де бір, ешқандай айырмашылығы жоқ. Өйткені, өзара бірігіп көмектесе алмайды. Ал дәлелдеушілер болса, ақиқатқа сүйенетіндіктен пікірлері тоғысып, бір жерден шығады. Бір-бірін демеп, ұйымдаса қалады. Ол бейне бір үлкен тасты көтеруге ұқсайды. Қанша қол көтерісуге жұмылса соншама жеңіл болады. Бір-біріне қуат береді.

— 143 —

ЖЕТІНШІ НОТА. Уа, мұсылмандарды дүнияға қызықтырып, өнер мен өркендеудің шетелдік үлгісіне күштеп итермелеуші отаншылсымақ! Байқа, бұл ұлттың кейбірінің дінмен байланысы үзіліп кетпесін!

Егер кейбіреулер соқыр сезімге беріліп, ақымақтық жасап, зорлықпен діннен шығып кетсе, қоғамдық өмірдің шырқын бұзады. Мұндай дінсіздер өлтіретін удан бетер зиянкес келеді. Өйткені, діннен безгендердің ар-ұжданы мүлдем бұзылатындықтан қоғамға тигізер зияны удан да жаман. Сондықтан, шариғатта: «Діннен безген мүртедтің өмір сүруге хақысы жоқ, ал кәпір зымми болса, келісімге отырса, өмір сүруге хақысы бар» деген. Бұл шариғаттың үкімі. Ал, Ханафи мәзхабы бойынша зымми кәпірдің куәгерлігі қабылданады. Алайда, пасықтың куәгерлігі қабылданбайды. Өйткені, ол қиянатшыл, опасыз.

Ей бақытсыз, пасық адам! Пасықтардың көптігіне қарап, алданба! "Көпшіліктің ойы менікімен бірдей" деме! Өйткені, пасық адам пасықтық жолға өз еркімен түспеген. Сондай жағдайға түсіп қалған, енді одан шыға алмай жүр. Осы пасықтардың ішінде жақсы болуды қаламайтын бір де бір жан жоқ. Бастығының діндар, адал болғанын қаламайтын жұмысшы болмайды. Тек, Құдай сақтасын, ар-ұжданы бұзылып, жыланға ұқсап, шаққанынан ләззат алатындар болмаса.

Ей, алжасқан бас пен бұзылған жүрек! Сен, мұсылмандар дүнияны жақсы көрмейді немесе оны ойламайды, сондықтан кедейліктің зарын тартуда... енді, олар дүниені мүлде ұмытып кетпеуі үшін оятуға, құлшындыруға мұқтаж деп ойлайсың ба? Бұл ойың қате! Керісінше оларда қанағатсыздық құмарлық сезімдері күшейгендіктен кедейлікке ұрынып отыр. Өйткені, хырс (ашкөздік) сезімі мүминді бәрінен құр қалдыратын, аздырып тоздыратын нәрсе. اَلْحَر۪يصُ خَائِبٌ خَاسِرٌ деген үкімге сай келеді.

Иә, адамды дүнияға шақыратын себептер көп-ақ. Әу баста нәпсі, одан қала берді қажеттілік, дүниенің сыртқы сұлулығы, ішкі-сыртқы сезімдер, шайтан және сен секілді жаман достар жетіп артылады. Алайда, ақырет әлемі мен мәңгі өмірге шақыратындар аз. Егер сенде өз халқыңа деген аз да болса жанашырлығың қалған болса, ұлтқа аяушылық танытқан болып кеудеңді соққаның өтірік болмаса, мәңгі

— 144 —

өмірін құтқарсын деп қол ұшын беріп жүрген азға көмек бергенің дұрыс. Егер сол азды тоқтатып, көптің жағына шығып кетсең онда шайтанның жолдасы болғаның.

Мүмкін, мына халықтың кедейлікке ұшырауы құлшылыққа қатты кірісіп, дүниеден безіп жалқаулыққа салынуынан деп ойлайтын шығарсың. Жоқ, бұл ойың да қате!

Қытай мен Үнді еліндегі мәжусилер мен брахмандар, Африкадағы зәңгілер, Европаның боданы болған елдер, бізден де кедей. Мұсылмандардың қолында ең зәру қажеттіліктен өзге ештеңе де қалдырмауын көрмейсің бе?

Иә, Европаның кәпір сұмдары не азиялық мұнапықтар, қолда бар байлығын қулық-сұмдықпен ұрлап әкетуде не тартып алуда.

Сенің имандыларды мәжбүрлеп болса да мәдениетке шақырудағы мақсатың, елдің тыныштығын сақтау, тәртіп орнату және жеңіл басқару болса, онда мынаны жақсылап біліп ал! Сен қатты қателестің және мүлдем адастырар жолға шақырып жатырсың. Өйткені, сенімі шайқалған, мінезі бүлінген ондай жүз пасықты басқару және қоғамның тыныштығын түзеу, мыңдаған салиқалы адамды басқарудан әлдеқайда қиын.

Міне, бұл қағидаларға сүйенер болсақ, иманды адамдар дүниеқоңыздық пен ашкөздікке итермелеуге де, ынталандыруға да мұқтаж емес. Өркендеу мен тыныштық бұлай болмайды. Ең абзалы, еңбек көздерін реттеп қалпына келтіру, өзара сенімнің болуы, қауіпсіздікті қалыптастыру, бір-біріне көмекке жүгіру, халық осындай ұстанымдарға мұқтаж. Ал, мұндай мәселелер тек қана хақ діннің қағидаларын ұстану мен шынайы тақуалық, діндарлық арқылы ғана іске аспақ.

СЕГІЗІНШІ НОТА. Ей, еңбек пен жұмыстағы рахат пен бақытты сезе алмай жүрген жалқау адам! Біліп қой! Хақ Тағала өзінің кемел жомарттығымен атқарған қызметтің ақысын дәл сол қызметтің ішіне орнатып қойған. Амалдың ақысын сол амалдың өзіне орналастырған. Міне, осы сырға орай болмыс атаулы, тіпті бір жағынан алғанда жансыз жаратылыс та жаратылыс заңдары деп аталатын Иләһи заңдылық бойынша өз міндеттерін шынайы түрде, сүйсіне де өзіндік ләззат ала отырып Раббани әмірлерді орындайды. Мәселен, бал арасынан бастап, шыбын, тауық, сонау, Ай, Күн секілді

— 145 —

алып ғаламшарлар өз міндеттерін кемел түрде, шынайы атқарады. Демек, өзіндік міндеттерінде ләззат болғаны ғой. Ақылдары болмаса да соңғы нәтижені ойламай-ақ өз міндеттерін толық, мінсіз атқаруда.

Жарайды, жанды нәрселерде ләззат бар дейік, ал жансыздарда қандай ләззат болуы мүмкін? - дейтін шығарсың?

Жауап. Жансыздар өз міндеттерін пайда үшін атқармайды. Өздерінде жарқын көрініп тұрған Иләһи есімдердің атынан өздерінде әсемдіктің, реттіліктің, кемелдіктің болуын қалайды. Осындай жаратылыстарына тән қызметтерінің арқасында бүкіл Нұрлы есімдердің үлгісі, айнасы секілді күйге бөленетіндіктен нұрланып, кемелдене түседі.

Мысалы, бір тамшы су яки бір түйір әйнек негізінде сәулесіз бола тұра, Күнге бетін бұрған сәтте Күннің кішкентай орталығы тәрізді сәуле шашып, құлпырып кетеді. Дәл осы мысалдағыдай, зәрре бөлшектер, қоршаған орта, жаратылыстар Жәмәл, Кәмәл Алланың көркем есімдеріне қызмет ету арқылы өздері өте қарапайым бола тұра, бір тамшы судың немесе әйнек сынығының жарқырағаны іспетті, өте жоғарғы дәрежеге жетеді. Өз міндеттерін атқару арқылы соншама нұрлы биікке көтеріліп жатса, ләззат алу мүмкін болса яғни жалпыға ортақ тірліктен үлесі болса өте күшті ләззат ала отырып, өз міндеттерін атқаруда деуге болады.

Міндет атқарған кезде өзіндік ләззат болатындығына ең анық дәлел мынау - Сен өз бойыңдағы ағза-мүшелерің мен сезімдеріңнің қызметтеріне назар аудар! Әрқайсысының өз болмысын және тіршілігін жалғастыру үшін жасаған қызметтерінде жеке-жеке өзіндік ләззаттары бар. Атқарған қызметі олардың рахаттануы болып саналады. Ал өз қызметін тоқтату ол ағзаны азапқа салады. Міндет атқарудың ләззат екендігінің тағы бір ашық дәлелін қораздың яки балапан ерткен тауықтардың жанкешті іс әрекетінен байқаймыз. Тапқан жемдерін өздері аш болса да жемей, балапандарын шақырады. Олай болса, міндет атқарған кезде ішіп-жеуден де артық ләззат бар. Әлгі тауықтар осы ләззат үшін балапандарын қорғап иттің аузына түсуден тайынбайды, өзі аш жүрсе де балапандарын тойдырады.

Демек, міндет атқарудағы ләззат аштықтан да, өлімнен де артық екендігін осы оқиғадан анық көруге болады. Сондықтан аналық хайуандар төлдері үлкейгенше осы қызметін сүйсіне атқарады.

— 146 —

Үлкейген соң ол қызметтен босайды. Яғни одан алатын ләззаты тоқтайды. Кейде баласына доқ көрсетіп жемін тартып алады. Бірақ, адамдарда мұндай ләззатты мол міндет ұзаққа жалғасады. Өйткені, адамдар әлсіздігі мен мұқтаждығы жағынан кішкентай бала секілді. Үнемі мейірімге мұқтаж.

Сонымен барлық хайуандардың бақташы секілді аталықтарына және әлгі тауықтар секілді аналықтарына қарасаң өз қамы үшін жүрмегендігін байқайсың. Өйткені қызмет үшін, қажет болса, өмірлерін қиып, пида етуге даяр. Олай болса, оларға белгілі бір міндет жүктелген. Сол міндеттің ішіне мол рахымымен ләззат жаратып қойған. Ол сол Муним-і Кәрімнің, Фатыр-ы Зүлжалалдың атымен қызмет етуде.

Дәл сол қызметіне ақы берілетініне бір дәлел мынау. Өсімдіктер мен ағаштардың Фатыр-ы Зүлжәлалдың бұйрықтарын құлшына, рахаттана орындап жатқанын көресің. Өйткені, өсімдіктердің айналасына тарататын хош иісі, көз жауын алатын әдемі түр-түсі және жемісі үшін сабақтары қурап өзін шірітіп жіберуі олардың Иләһи әмірді орындауда ләззат алатындығын көрсетеді. Болмысын сол ләззат үшін пида етіп, ақыр соңында қурап, шіріп кетеді.

Бұтақтарында сүт қапшықтарын көтеріп тұратын какос ағашы мен өте дәмді жеміске толы інжір ағашы хал тілдерімен Иләһи рахым қазынасынан ең дәмді сүт пен тәтті шырынды алып, адамдарға береді де, өздері батпақты суға қанағат етеді. Анар ағашы да дәмді шырынын адамдарға беріп, өзі лай суға қанағат етеді.

Тіпті, дәнектердің бүрін ашып өсуінің өзінен ерекше құштарлықты байқауға болады. Қап-қараңғы топырақтың, астына қамалған дәнек кеңістікке, жер бетіне шығуға ұмтылады. Олай болса, мұнда бір міндет, ерекше ләззат бар.

Міне, «Сүннетуллаһ» деп аталатын, жаратылыстағы осы ғажайып көріністен мынаны ұғамыз. Іс әрекетсіз отырғандармен, жалқаулық төсегінде жатқандар, тынымсыз еңбек етушілерге қарағанда әлдеқайда мазасыз өмір кешеді. Өйткені, іс әрекетсіз отырғандар өмірдің тез өтуін тілеп, үнемі шағым айтады. Ал тынымсыз еңбек еткендер, үнемі шүкір етеді, Аллаһқа мадақ айтып, рахат өмір сүреді. Өмірдің яғни уақыттың тез өтуін қаламайды!

اَلْمُسْتَر۪يحُ الْعَاطِلُ شَاكٍ مِنْ عُمْرِه۪ وَ السَّاعِىُ الْعَامِلُ شَاكِرٌ

Бұл ортақ ереже.

— 147 —

Осы сырға орай «Рахат машақатта, ал машақат рахатта» деген сөз ел аузында нақылға айналған қағида. Егер жансыз заттарға назар аударсақ, бейім бола тұра әрекет етпей қабілеті ашылмай қалғандар құлшына тырысып, өзіне жазылған бағдарламаны Иләһи заңдарға сәйкес іске асыруға бар ынтасын салатынын байқаймыз. Бұл жағдай бізге мынаны мегзейді. Әлгіндей жаратылысына сай қызметте өзіндік ынта мен ләззат бар. Егер ол жансыз заттың жалпыға ортақ тіршіліктен алар үлесі бар болса, ләззаты да өзінікі болар еді. Немесе сол жансыздың уәкілі, оны бақылап отырғанға тиесілі болғаны.

Тіпті, осы сырға байланысты былай деуге негіз бар. Сұп-сұйық су мұз болып қатуға әмір алған кезде, оның сол әмірді соншалықты ынта-шабытпен орындағанын көресің, өзі құйылған темір ыдысты да жарып жібереді. Демек, су аузы жабық темір ыдыста тұрса да нөл градустан төмен жағдайда, «Кеңеюге ұмтыл!» деген Раббани әмірдің күшімен темір ыдысты жарып жібереді. Өзі де мұзға айналады. Әрбір нәрсенің қозғалысын осыған қарап ойлансаң, сонау ғарыштағы сансыз ғаламшарлар мен көзге көрінбей шыр айналған зәрре бөлшектерге дейінгі бүкіл жаратылыстың іс-қимылы Иләһи тағдыр заңы бойынша тынымсыз қозғалып жүріп-тұрғанын ұғасың. Бәрі де, Иләһи құдіреттің күшімен, тек Соның ираде-қалауымен болуда. Тіпті, әрбір зәрре, ұсақ бөлшек, әрбір жаратылыс әскерге ұқсайды. Әскерде бір жауынгердің түрлі бөлімдермен байланысы, сол жерде атқарар қызметі болатыны секілді, әрбір зәрре, әрбір тірі жан бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалы, сенің көзіңдегі бір зәрренің көздегі тамырлармен, жасушалармен, жүйке және күре тамырлармен өзіндік байланысы бар. Соған қарай атқарар міндеті және сол міндетке келтірер пайдасы бар... Тағысын тағы... Кез келген нәрсені салыстыра беруге болады. Олай болса, әрбір нәрсе Қадир-ы Әзәлидің бар екендігіне екі тұрғыдан куәлік етеді.

Біріншісі. Өз шамасынан мыңдаған есе ауыр міндеттер атқарады. Демек, әлсіздігі арқылы Құдіреті күшті Қадир Аллаһтың бар екенін дәлелдейді.

Екіншісі. Жаратылыстардың барлыға да әлемнің күрделі тәртібі мен қатаң ережелеріне, сондай-ақ, тепе-теңдікті сақтап тұрған заңдарға сәйкес әрекет ету арқылы Алим, Қадир Аллаһтың бар екеніне куәлік етеді. Өйткені, зәрредей жансыз нәрсе мен бал арасы тәрізді өте

— 148 —

кішкентай жанды болмыс Кітаб-ы Мүбиннің ең маңызды заңы болған тәртіп пен реттілік жөнінде ештеңе де білмейді ғой. Жансыз зәрре мен кіп-кішкентай бал арасы қайда? Көктердің сансыз қабаттарын парақ секілді ашып-жауып тұрған Зат-ы Зүлжәлалдың құзырындағы Кітаб-ы Мүбиннің қаншама нәзік мәселелерін оқып білу қайда?

Егер сен, ақымақтық жасап бұл зәрре-бөлшекте сол кітаптың күрделі әріптерін көре алатын көз бар дейтін болсаң, онда ол зәрре-бөлшектің де куәлігін жоққа шығаруға тырысып бақ!

Фатыр-ы Хаким, Кітаб-ы Мүбиннің ережелерін тамаша түрде, шағын бейнеде, керемет ләззат пен арнайы қажеттілік арқылы жаратылыстың ішіне салып қойған. Ал, әрбір жаратылыс керемет ләззатпен, нақтылы бір қажеттілікпен әрекет етіп, әлгі Кітаб-ы Мүбинді білмей тұрып-ақ іске кірісе береді. Мысалы, маса дүниеге келісімен өз ұясынан ұшып шығады да адамның бетіне қонып, инесін қадап, қалағанынша қан сорады. Қашып, жалтаруға келгенде өте әккі әрі жылдам. Япыр-ау, ешқандай тәжірибесі жоқ бұл кіп-кішкене жәндікке мұндай сақтану өнерін кім үйреткен? Қайдан, қашан үйренген? Осыны көріп отырған мына мен, бейшара Саид, егер осы масаның әлгі өнерін үйренгім келсе ұзақ уақытта, қаншама дәрістер тыңдау арқылы әзер үйренер едім.

Енді, өз істерін илхам бойынша яғни аянмен жасайтын бал арасы, өрмекші және ұясын шұлық секілді тоқитын құрқылтай құсы да, осы масаға ұқсайтынын ойла!

Тіпті, өсімдіктерді де осы хайуандармен салыстырып қара! Жәууад-і Мутлақ Жаратушы Аллаһ, әрбір жандының жан дүниесіне ләззат пен шабытқа қоса қажеттілік деген «сиямен» жазылған дәптерге өзінің әмір-бұйрықтарының бағдарламасы мен ісәрекеттерінің, міндеттерінің мазмұнын жазып қойған. Міне, қарашы Хаким-ы Зүлжәлал Кітаб-ы Мүбиннің бүкіл ережелерінің ішінен бал арасының міндеттері мен қызметтерін бір тізімге сиғызып, оның басындағы титімдей жад сандықшасына салып қойған! Ал ол жад сандықшасын ашатын кілтке араға арналған ләззат берген. Сонымен жад сандықшасын ашып, оқып, Иләһи әмірді ұғып, іс-әрекетке кіріседі. وَ اَوْحٰى رَبُّكَ اِلَى النَّحْلِ аятының сырын ашады.

Егер осы Сегізінші нотаның мағынасын анық түсінген болсаң, имани сезім арқылы

﴿ وَسِعَتْ رَحْمَتُهُ كُلَّ شَىْءٍ ﴾

аятының сырын,

— 149 —
﴿ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪ ﴾

аятының ақиқатын,

﴿ اِنَّمَٓا اَمْرُهُٓ اِذَٓا اَرَادَ شَيْئًا اَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ ﴾

аятындағы қағидаларды және

﴿ فَسُبْحَانَ الَّذ۪ى بِيَدِه۪ مَلَكُوتُ كُلِّ شَىْءٍ وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ ﴾

бір мағынасын түсінесің.

ТОҒЫЗЫНШЫ НОТА. Біліп қой! Пайғамбарлық - қоғамдағы жақсылықтар мен кемелдіктің мазмұны және негізі. Ал Хақ дін, күллі бақыттың мазмұны. Иман - тазалық пен пәктіктің, әдеміліктің нақ өзі.

Иә, мына әлемде жарқыраған жақсылық, салқар да заңғар фейз, анық ақиқат, жоғарғы кемелдік бар екені рас. Олай болса, хақ пен ақиқат пайғамбарлықтан бастау алады, ол нәбилердің қолында. Ал барлық жамандық атаулы мен адасулар оларға қарсы бетте, қарсы шыққандарда.

Құлшылықтың мыңдаған әсем тұстарынан тек мына жағына көз сал! Нәби алейһиссалам құлшылық арқылы Тәухид иелерінің жүректерін айт, жұма және жамағат намаздарында біріктіріп жұмылдырады. Олардың тілдерін де бір сөзге біріктіреді. Адамзат, Әзәли Мағбудтың ұлы сөзіне сансыз жүрек пен тілдерден шыққан үндері мен дұғалары, зікірлері арқылы жауап беруде. Осынау үн мен дұғалар, зікірлер бір-бірімен астасып, бірін-бірі қоштап, ұлғайып Әзели Мағбудтың Улухиетіне бас иіп, құлшылық қылады. Жер шары жаппай сол зікірлерді айтып жатқандай, әлгі дұғаларды тілеп тұрғандай және толық болмысымен намаз оқып, кеңістіктің жоғары жағында жоғарғы абыроймен اَق۪يمُوا الصَّلٰوةَ әмірін орындап тұрғандай.

Осы бір тылсым жағдай арқылы, бүкіл жаратылыстардың арасында зәрредей болған адам, осындай ұлы құлшылық арқылы Көктер мен Жердің Жаратушысының ең сүйікті құлы және жер бетінің халифасы, бүкіл жан-жануарлардың басқарушысы сондай-ақ, бүкіл жаратылыс ағашының соңғы нәтижесі, жемісі деген жоғарғы дәрежеге ие болды.

Иә, егер жамағатпен оқыған намаздарда әсіресе айт намаздарында бір сәтте жүз миллион адамның АЛЛАҺУ АКБАР деген дауысы ғайып әлемінде үндескеніндей мына дүниеде де бір-бірімен қосылып үндессе, жер шары өзіне сай дауысы бар бір адам секілді ғажап бейнеге

— 150 —

еніп, ғажайып үнімен АЛЛАҺУ АКБАР дегендей, осынау Тәухид нанымындағылар бір сәтте АЛЛАҺУ АКБАР деулері, жер шарының жаңғырта айтқан АЛЛАҺУ АКБАРЫ іспетті.

Расында, айт намаздарында Ислам әлемінің зікірі мен тәсбихаты үндесіп АЛЛАҺУ АКБАРЫН айтып, құбыласы болған Қағбаны жүрек қылып, сонымен ниет етіп, Меккені ауыз, Арафа тауын тіл етіп АЛЛАҺУ АКБАР -ын қайталап, жер бетіндегі бүкіл мүминдердің дауыстары үндесе жаңғыруда.

АЛЛАҺУ АКБАР деген бір ауыз сөз, шексіз аспан әлемін де жаңғыртып, берзах әлеміне дейін ауаны толқындатып жаңғыртып тұр. Осылайша жерді өзіне сәжде етуші құлдарына мешіт, жанжануарларға бесік жасап, өзін дәріптетіп, пәктетуші Зат-ы Зүлжәлалға, жер шарындағы зәррелердің саны қанша болса сонша шүкір, тәсбих, тәкбір айтып, жаратылыстардың саны қанша болса сонша хамд етеміз. Бізге осылай құлшылық етуді үйреткен Мұхаммед Алейһиссалату уассаламға бізді үммет еткені үшін де осынша хамд, шүкір айтамыз.

ОНЫНШЫ НОТА. Біліп қой, Ей ғапыл Саид! Жаратушы Хақтың мағрифат нұрына бөленіп, куә болып, куәгер айналардағы нұрдың шағылыстарын тамашалағың келсе, сенің болмысың мен жүрегіңе және ақылыңа келген әрбір нұрды сынға алма, күдікпен қарап, мінеп-сынама! Өзіңе жарығы түскен бір нұрды ұстаймын деп, әуреленбе! Одан да ғапылдық жағдайдан бойыңды аулақ салып, нұрлы жаққа бет түзе! Өйткені, мен өзім куә болдым: Мағрифатуллаһтың дәлелдері үш түрлі.

Бір бөлігі. Су секілді, көзге көрінеді, сезіледі алайда, саусаққа ілікпейді. Бұл жағдайда бос қиялдан арылып, оның жалпы жағдайына бойлаған дұрыс. Күдік саусақтарымен түртуге болмайды. Өйтсең, ағып кетеді. Ол өмір суы, саусақты мекендеп қалғысы келмейді.

Екінші бөлігі. Ауа секілді, сезіледі алайда оны көре алмайсың, ұстау да мүмкін емес. Оған рухыңмен бет бұрсаң болды, өзіңді соған бағытта! Сын қолымен ұстаймын деп әуре болма! Ұстай алмайсың. Оны рухпен сезінесің, шәк келтіріп, қол созсаң болды, жылжып жоқ болады. Сенің қолыңда тұруға риза емес.

Үшінші бөлігі. Нұрға ұқсайды, көзге көрінгенімен, сезілмейді де, ұстауға да келмейді. Олай болса, жүрек көзіңмен, рухыңның назарымен өзіңді оған бағытта! Осылай күтсең, бәлкім ол өзі келер. Өйткені, ол нұр болғандықтан қолмен ұсталмайды. Тек көңілмен ғана оған қауыша

— 151 —

аласың. Егер ашкөз дене қолыңды созсаң не қарапайым өлшемдермен өлшеуге тырыссаң ол жоғалмаса да жасырынып қалады. Өйткені, ондай нұр заттық ортаға қамалуға, біреудің иелігіне көнбейді.

ОН БІРІНШІ НОТА. Баяны мұғжиза болған Құранның түсіндіруінде көптеген жанашырлық, мейірім, қамқорлық байқалады. Халықтың басым көпшілігі қарапайым, сана-түйсіктері терең емес. Сондықтан күрделі мәселелерді байқай бермейді. Олардың қарапайым түсініктеріне сай, аспан мен жерге қатысты үлкен әріптермен жазылған аяттарды қайталап көрсете береді. Ондай үлкен әріптерді оқу әлдеқайда оңай. Мысалы, көктер мен жердің жаратылысы және жаңбыр жауып, жердің жанданып, тірілуі секілді көзге анық көрініп тұрған аяттар арқылы дәріс береді. Миды шаршатпау үшін сол үлкен әріптердің арасында жазылған кішкене аяттарға жиі назар аудартпайды.

Құранның жазылу үлгісінде теңдессіз үйлесім, табиғилық бар. Бейне бір Құран құдірет қаламымен әлемнің парақтарына жазылған аяттарды өзі оқып тұрған хафиз секілді. Тіпті, Құран, Жаратылыс кітабын оқушы, қағидаларын үйретуші, Әзәли Жаратушының тылсымдарын ашып, құбылыс-істерін жазып тұрғандай.

Осы айтылғандарға көз жеткізгің келсе, Құранның «Амма» сүресі мен قُلِ اللّٰهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ аяттарын тыңда!

ОН ЕКІНШІ НОТА. Уа, бұл ноталарды тыңдап отырған достарым!

Сендерге мынаны ескерте кетейін. Менің Раббыма деген жүрегімнің құпия сырларын, өтініш, дұға-тілектерімді әдеттен тыс, параққа жазуымның себебі, өлім келіп, тілім күрмелген кезде осы кітабым менің орныма мінажат қылып сөйлесін деген ниет. Иләһи! Ниетімді қабыл ет!.

Иә, қысқа өмірде жасаған көп күнәларымның кешірілуі үшін тілмен жасаған тәубәларым жеткіліксіз. Біршама ұзақ ғұмыр кешетін әрі үнемі оқылатын бұл кітаптың тілі сол іске жарап қалар деген үміттемін. Бұдан он үш жыл бұрын рухымның алай-дүлей шайқалған шағында яғни Бұрынғы Саидың күлкісі Бүгінгі Саидтың жылауына алмасқан кезде, жастықтың ғапылет ұйқысынан қарттықтың таңы атуымен оянған шақта осы бір жалбарыну яғни мінажәт, ойға арабша келген еді. Соның бір бөлігінің мағынасы былай:

Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім!

Менің қартайған шағыма дейінгі өмірім түгел босқа кетті...

— 152 —

Жастық шақтағы өмірімнен қолымда қалғаны қайғыға батыратын күнәлар, қорлыққа түсіретін өкініштер, адастырушы күмәндар ғана.

Осындай қат-қабат ауыр жүкпен, ауру жүрекпен, ұяттан қызарған бетіммен қабірге де таяп қалыппын. Тіпті, бір сәт оңым мен солым мойын бұруға мұрша да бермейтін жылдамдықпен туыстарымның бәрі бір-бірлеп барып қойған қабірге жақындап келемін. Қабірдің есігі дегеніміз, мәңгілікке бағытталған әбед-үл әбад жолындағы алғашқы аялдама, бірінші қақпа екен. Ал, менің осынша бауыр басып, байланып, өліп-өшіп жүрген бұл тар дүнием, толық көз жеткізгенімдей жойылатын жаратылыс, өлетін уақытша нәрсе екен. Оның ішіндегі жаратылыс деп жүргеніміз де бірінен кейін бірі топ-тобымен көшіп, жоғалуда. Әсіресе, мен секілді өз нәпсісі жүгенсіз пенделерге бұл дүние нағыз қатігез әрі алдамшы қу екен. Бір ләззат берсе мың қайғы жұтқызады. Бір тәтті жегізсе, жүз жұдырықтың астына алады.

Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім! كُلُّ اٰتٍ قَر۪يبٌ дегеннің мәнін түсініп, мынаны көргендеймін, мен көп ұзамай кебінімді киіп, табытқа жатып, достарыммен қоштасқан екенмін.

Қабірге кетіп бара жатып, Сенің рахымды дергахыңда мүрдем мен рухымның хал тілімен бар дауыспен былай деп жатырмын.

Әл-аман, Әл-аман! Я, Ханнан! Я, Мәннан!

Мені күнәларымның кесапатынан құтқара гөр!

Міне, қабіріме де жеттім, кебініме оранған мүрдемнің басында тұрмын. Мейрімі мол дәргейіңе бас иіп, бар даусыммен еңіреп тұрып жалындым.

Әл-аман, Әл-аман! Ханнан! Я Мәннан!

Мені күнәларымның ауыр жүгінен құтқара гөр!

Міне, қабіріме кіріп қойдым, кебініме оранған мүрдеммен келдім! Мұнда әкелгендер мені тастап кетіп қалды. Енді Сенің ғана ғафу кешіріміңе зәрумін. Және енді анық көріп тұрмын, Сенен өзге маған пана болар ешкім жоқ екен. Күнәдан қызарған бетім, салбыраған бас, тар қапаста қысылып бар дауысыммен былай деймін.

Әл-аман, Әл-аман! Я, Ханнан! Я, Мәннан, Я Райян !

Мені күнәларымның ауыр салмағынан құтқара гөр! Жатқан жерімді кеңейте гөр! О, Жаратушым! Сенің рахымыңды пана тұтамын. Әлемдердің сүйіктісі Хабибің (с.а.у.) шапағатшы болып, саған жетуіме жол көрсетсін. Сенен шағымданып жатқаным жоқ, керісінше нәпсімді саған шағымданамын.

— 153 —

Уа, Халық-ы Кәрімім! Уа, Рабб-ы Рахимім!

Сенің алдыңа Саид есімді бір құлың қырсығып, қарсы шықты, бірақ өзі әлсіз, ғапыл, жаһил, пасық, сотқар, бүлікші, әрі қожайынан қашқан құл кейпінде, қырық жыл өткен соң істегендеріне өкініп, алдыңа келгісі келіп тұр. Сенің Рахымыңнан үміткер, күнәлары мен қателері көп екенін мойындап келіп тұр. Тұла бойы неше түрлі дертке ұшыраған. Енді саған жалбарынып өтінуде.

Егер мол рахымыңмен қабыл алып, оны кешірсең, әрине ол тек саған ғана жарасады. Өйткені, сен Әрхам-ур Рахиминсің. Мейірімділерден де мейірімдісің. Егер өтінішімді қабылдамасаң, Сенен басқа панам жоқ!

Өзіңнен өзге Құдай, Сенен басқа Рабб жоқ, қайда барам? Сенен басқа, пана болар да табынар да Жаратушы жоқ!

لَا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ وَحْدَكَ لَا شَر۪يكَ لَكَ اٰخِرُ الْكَلَامِ فِى الدُّنْيَا وَ اَوَّلُ الْكَلَامِ فِى الْاٰخِرَةِ وَ فِى الْقَبْرِ اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ صَلَّى اللّٰهُ تَعَالٰى عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ

ОН ҮШІНШІ НОТА. Адамдар жиі шатасатын жағдайларға қатысты бес мәселе.

Біріншісі, Хақ жолда қызмет етіп, сол жолда күресіп жүрген кісілер, өз міндетін ғана ойлауы тиіс бола тұра, Хақ Тағаланың ісіне араласып, әрекетін соған қарай реттеп қателеседі. «Дүние мен Дін әдебі» атты рисаледе мынадай бір риуаят бар:

Бірде шайтан Иса алейһиссаламға былай наразылық білдіріпті: «Ажал да басқа нәрселердің барлығы да Аллаһтың әмірімен болады, о баста тағдырда жазулы деп сенесің. Сен мына биіктен секіріп көрші, өлмегеніңді көрейік!».

Сонда, Хазіреті Иса алейһиссалам былай депті:

اِنَّ لِلّٰهِ اَنْ يَخْتَبِرَ عَبْدَهُ وَ لَيْسَ لِلْعَبْدِ اَنْ يَخْتَبِرَ رَبَّهُ

Яғни, «Хақ тағала өз құлын сынап, сен солай істесең мен былай істеймін, кәне не істейтініңді көрейін?» дейді. Бірақ, құлдың Жаратушы Иесін сынағандай: «Мен осылай істесем, сен бұлай істейсің бе?» деуге хақысы жоқ. Бұл әрине, Хақ Тағаланың Рубубиетіне қарсы әдепсіздік болады әрі құлшылыққа керағар.

— 154 —

Ақиқат осы, олай болса адам өз міндетін атқарып, Хақ Тағаланың ісіне араласпауы керек.

Өз заманында Шыңғыс ханның әскеріне бірнеше рет төтеп берген Исламның қаһарман батыры Жәлеладдин Хорезмшах, майданға аттанғалы тұрғанда уәзірлері: «Сіз жеңіске жетесіз. Хақ Тағала сізді жеңіске жеткізеді» - депті. Сонда ол: «Аллаһтың әмірімен маған жиһад парыз болды, жаумен соғысуға міндеттімін. Аллаһтың ісіне араласпаймын, жеңіске жеткізе ме? Жеңілдіре ме? Ол Өз қолында» депті. Міне, ол осы «тәсілім» сырын жақсы түсінгендіктен, таңғаларлық жағдайда, қаншама рет жеңіске жеткен екен.

Иә, адам баласы қалау-еркімен жасайтын іс-амалдарында Хақ Тағаланың қолындағы нәтижені ойламауы керек. Мысалы, біздің кейбір бауырларымыз Рисалей-Нұрға көпшіліктің ықыласы ауып, қызыға оқыса, ынталанып, құлшынып кетеді де, тыңдамай қойса ықыласы бәсеңдеп, тіпті жойылып кетеді. Алайда, Ардақты жетекші,

Нағыз өнеге, Ұлы ұстаз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلَّا الْبَلَاغُ деген Иләһи бұйрықты бұлжытпай орындап, адамдар тыңдамай, сырт айналса да одан әрі ықыластана түсіп, үгітнасихат қылады екен.

Өйткені, Ол (с.а.у.)

﴿ اِنَّكَ لَا تَهْد۪ى مَنْ اَحْبَبْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ يَهْد۪ى مَنْ يَشَٓاءُ ﴾

сыры бойынша мынаны түсінген еді.

Адамдарға насихатты тыңдату, оларды тура жолға салу тек Жаратушы Хақтың қолында. Расулуллаһ Хақ Тағаланың ісіне араласпайтын.

Олай болса, бауырларым! Сендерге қатысы жоқ міндеттерді ойлап, іс-әрекетеріңді соған қарай жасамаңдар. Жаратушыны сынағандай болмаңдар!

Екінші мәселе. Құлшылық міндеті Иләһи бұйрық болғандықтан Аллаһтың ризалығы үшін жасалады. Құлшылыққа итермелейтін себеп, Аллаһтың әмірі, ал нәтижесі Аллаһ Тағаланы риза қылу. Ал, оның пайда жемістері ақыретте көрінеді. Алайда, басты мақсат қылмай және тек сол үшін істемеу шарты бұзылмаса, дүниелік пайдалар өздігінен беріліп, сұрамай-ақ болып жатқан нәтижелердің құлшылыққа зияны жоқ. Қайта ол, әлсіздер мен жаңадан бастағандарды ынталандырып, құлшындырып жатса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ, дүниелік

— 155 —

пайдаларды құлшылық пен дұғаның немесе зікірдің басты себебі яки мақсаты етсе әлгі құлшылықтың мәнін бұзып жібереді. Тіпті, әлгіндей қасиетті дұғаның үкімін жойып, нәтижесіз қалдырады. Міне, бұл сырды білмегендер жүздеген қасиеті бар Шахы Нахшибендінің қасиетті дұғаларын немесе мың қасиеті бар Жәушан-ул Кәбирді әлдебір пайданы көздеп оқып жатады. Олар ондай пайданы көре алмайды, көруге де хақылары жоқ. Өйткені, ондай пайдалар әлгі дұғаларды оқуға басты себеп болмауы тиіс. Ол дұғадан пайда күтіп, одан сұрауға болмайды. Себебі, ондай пайдалар Аллаһтың қалауымен, оның мол мейрімімен әлгі дұғаның құрметіне талапсыз түрде беріледі. Пайда көздеп, соны ниет қылса, ықыласқа біршама зияны тиеді. Тіпті ол, құлшылық саналмай, қасиетін жоғалтып жіберуі мүмкін. Дегенмен, осындай қасиетті дұғаны оқушы әлсіз адамдар, ынталандыру ретінде әлгіндей пайдаларды ойлап оқыса зияны жоқ, олар соған мұқтаж десе болады. Мұндай пайдаларын ойлап, дұғаны ықыласпен және тек Аллаһ ризалығы үшін, ақырет үшін оқитын болса, оқасы жоқ. Әрі қабыл болады. Міне, осы хикмет-сырды түсінбегендердің көпшілігі қасиетіне шәк келтіріп, немесе жеткізуші кісілерден шүбәланып, тіпті, жоққа шығарып, қасиетті дұғалар бар екеніне сенбейді.

Үшінші мәселе. طُوبٰى لِمَنْ عَرَفَ حَدَّهُ وَلَمْ يَتَجَاوَزْ طَوْرَهُ яғни, «Бақытты адам деп, шамасын біліп, шектен шықпайтындарды айтады» Бір түйір әйнектен бастап, бір тамшы су, мөлдір қауыз, айдынды теңіз, аспандағы айға дейін жаппай Күннің сәулесін шағылыстырады. Әрқайсысы өз шамасынша Күннің жарығына айна болып, өз дәрежесінде оны көрсетеді. Бір тамшы су: «Менен Күннің бір сәулесі көрініп тұр» дейді. Бірақ, «Мен теңіз секілді үлкен айнамын» дей алмайды. Сол секілді, Иләһи көркем есімдердің шағылысында адамзат арасында әулиелік дәреженің түрлері бар. Иләһи көркем есімдердің әр қайсысы Күн секілді кішкене жүректен сонау ғарышқа дейінгі аралықта шағылыс сәулелері бар. Иә, жүрек те бір ғарыш. Бірақ: «Мен де ғарыш секілді айнамын» демейді. Міне, құлшылықтың негізі болған әлсіздік, пақырлық, мұқтаж екенін білу, сол арқылы Улухиеттің дәргаһына сәжде ету бола тұра, еркелеп, маңғазданатын пенделер, зәрредей жүрегін ғарышпен тең дәрежеде ұстап шатасады. Тамшыдай ғана дәрежесін теңіздей алып әулиелікпен теңеп шатасады. Мен де сол биік мәртебеге жеттім деп, сол жағдайда өзін сақтап қалам деп тыраштанып, босқа әуре-сарсаңға түседі.

— 156 —

Сонымен, киелі хадисте:

هَلَكَ النَّاسُ اِلَّا الْعَالِمُونَ وَهَلَكَ الْعَالِمُونَ اِلَّا الْعَامِلُونَ وَهَلَكَ الْعَامِلُونَ اِلَّا الْمُخْلِصُونَ وَالْمُخْلِصُونَ عَلٰى خَطَرٍ عَظ۪يمٍ

депті.

Яғни, құтылудың жалғыз жолы ықыласты болу. Ықыласты болу, оған қол жеткізу өте маңызды. Зәрредей ықыласты амал, ықылассыз жасалған батпандаған амалдардан артық. Ықыласқа қол жеткізу үшін амалды тек Аллаһтың әмірі деп орындап, нәтижесінде Оны риза қылуды ойлап, Аллаһтың ісіне араласпау керек. Барлық нәрседе бір ықылас бар. Тіпті, ықыласқа толы зәрредей махаббат, ықылассыз, ақы күтілген махаббаттан әлдеқайда қымбат.

Бір адам осы ықыласты махаббатты былайша суреттепті.

وَ مَا اَنَا بِالْبَاغ۪ى عَلَى الْحُبِّ رِشْوَةً ضَع۪يفٌ هَوًى يُبْغٰى عَلَيْهِ ثَوَابٌ

яғни, «Мен жақсы көріп сыйлағаным үшін сыйлық та ақы да марапат та сұрамаймын. Өйткені, қарымтасына ақы сұралған сыйластық әлсіз келеді, қысқа болады». Асылында, нағыз пәк махаббат адамның жаратылысында және аналардың жүрегінде бар. Міне, мұндай мөлдір махаббатқа тура мағынада аналардың шын мейірімі куә. Аналар осы шын мейірімін балаларына арнағанда сол үшін олардан қандай да бір сый-сияпат дәметпейді, керек болса бақилық бақытын да пида етуге әзір тұрады. Соның бір мысалы, тауық байғұс балапанын қорғау үшін өзін иттің аузына салуға дайын екенін шәкіртім Хусрев өз көзімен көрген еді.

Төртінші мәселе. Сыртқы себептердің салдарынан келген нығметтерді сол себептерден көруге болмайды. Егер ол себептердің ықтияр-еркі болмаса, мысалы хайуан яки ағаш болса, онда олар тікелей Хақ Тағаланың атынан береді. Олар өз хал тілдерімен «Бисмиллаһ» деп, саған беріп жатыр. Сен де, оны Аллаһтан деп «Бисмиллаһ» айтып ал! Егер себептің еркі-ықтияры болса ол «Бисмиллаһ» десін сонан соң ал, әйтпесе алма!

Өйткені, وَلَا تَاْكُلُوا مِمَّا لَمْ يُذْكَرِ اسْمُ اللّٰهِ عَلَيْهِ аятының мағына сын дағы тағы бір ишара мынау: «Хақты еске салмайтын, Аллаһтың атымен берілмеген нығметтерді жемеңдер!» дейді. Олай болса, алған да берген де «Бисмиллаһ» деуге тиіс. Егер, беруші «Бисмиллаһ» демесе, сен де алуға мұқтаж болсаң «Бисмиллаһ» деп,

— 157 —

берушінің артындағы Иләһи Рахымды сезіп, Аллаһ бергізіп тұр деп, шүкір етіп ал! Яғни, нығметтен оның арнайы берілетінін көріп, одан әрі нығмет беруші Хақ Тағаланы еске ал! Осылайша еске алудың өзі шүкір болып саналады, ал сыртқы себепкерге дұға жаса. Өйткені, келген нығмет соның қолымен жеткізілді ғой.

Сыртқы себептерге табынушыларды алдаған мына жағдай. Екі нәрсенің бірге келіп қабаттасуынан біріне-бірі себеп болатыны. Мұны арабша «Иқтиран» деп атайды. Яғни, бірін-бірі тудырып, пайда болуына басты себеп сол деп ойлайды. Өйткені, бір себептің жоқтығы сол нығметтің болмауына басты себеп болатындықтан, ол нәрсенің бар болуы да сол себепке тікелей байланысты деп, шатасады. Сосын, шүкірін де сол себепке арнайды. Бұл әрине, қате түсінік. Өйткені, бір нығметтің болуы үшін оның көптеген алғышарттары бар. Алайда, ол нығметтің болмай қалуы үшін бір шарттың болмай қалуы жеткілікті. Мысалы, бақшаны суаратын арықты ашпай қойған адам одан келетін нығметтердің болмай қалуына кінәлі яғни басты себеп болады. Алайда, ол бақшадағы нығметтердің бар болуы, әлгі адамның қызметінен басқа жүздеген шарттардың орындалуына байланысты. Бәрінен бұрын Раббани құдіреттің қалауы арқылы болады.

Міне, осындай шатасудың қаншалықты қате екенін түсін! Сонымен себепке көп мән беріп, табынып кетушілердің қаншалықты қателесетіні аян болды.

Иә, «Иқтиран» басқа басты себеп бір басқа.

Айталық, саған бір нығмет келе жатыр, оған бір адамның саған берсем деген ниеті себеп болды, оны арабша «Муқарин» дейді, сол нығметтің бір шарты ғана, бірақ басты мәселе ол емес. Басты мәселе Иләһи мейірім. Әлгі адам бұл нығметті саған сыйлау ниетінде болмаса, әрине ол саған келмес еді.

Яғни, нығметтің болмай қалуына бірден-бір себеп болар еді. Бірақ, жоғарыда айтылған заң бойынша, ол адамның ниеті сол нығметтің басты себебі бола алмайды. Ол нығметтің жүздеген шарттарының бірі ғана.

Мысалы, Нұр шәкірттерінің ішінде Хақ Тағаланың нығметіне бөленген кейбір адамдар (Хусрев, Рефет) "Иқтиранды" яғни себепті басты мәселемен шатастырғаны бар. Ұстазына айрықша ризашылық білдіріп, өздерін қарыздар сезінетін. Алайда, Жаратушы Хақ оларға

— 158 —

Құрани дәріс алу нығметін беруімен бірге, сый ретінде Ұстаздарының түсіндіріп беру нығметін де бірге берген, оларды бір-біріне себеп қылған. Олар: «Егер ұстазымыз бұл жерге келмегенде біз Құран дәрісін ала алмас едік дейді. Демек, Ұстаздың түсіндіруі біздің дәріс алуымызға негіз, басты себеп» дейді.

Мен оларға, "Бауырларым! Жаратушы Хақтың маған да, сендерге де берген нығметі қабаттаса, қатар келген. Екі нығметтің де негізі, басты мәселе, Аллаһтың Рахымы. Мен де бір кездері сендерге ұқсап себепті басты мәселемен шатастыратынмын. Қаламдары алмастай Рисалей-Нұрдың жүздеген шәкірттеріне өзімді қарыздар сезініп, «Осы шәкірттер болмағанда, мен секілді жазуы нашар адам дінге қалай қызмет етер еді?» дейтінмін. Соңында мынаны түсіндім, Сендерге қалам арқылы қызмет ету нығметі берілген, маған да осы қызметті жүргізуді нәсіп еткен, яғни бір-біріне себеп-сылтау қылғаны болмаса, ешқайсысы да негіз, басты себеп бола алмайды. Мен сендерге рахмет айтпаймын, құттықтаймын. Сендер маған қарыздар болудың орнына, дұға етіп, тілек тілеңдер.

Бұл төртінші мәселе ғапылдықтың қаншама дәрежелері болатынын айқындайды.

Бесінші мәселе. Егер бір жамағаттың табысы түгелдей бір адамға берілсе, бұл зұлымдық болар еді. Немесе, жамағатқа тиесілі қорды бір адам алып қойса, ол да зұлымдық болар еді. Сол сияқты жамағаттың бәріне ортақ нәтижені тек басшысына, яки ұстазына еншілеу, жамағатқа да, оның ұстаз басшысына да зұлымдық жасалған болады. Өйткені, ондай жағдай менмендікті қоздырып, мақтаншақтыққа итереді. Өзі қатардағы шаруа, есікші бола тұра, өзін Патша сезінеді. Аллаһқа серік қосуға жол ашуы ықтимал. Бір қамалды бұзып кіріп, жеңіске жеткен әскердің абыройлы жеңісін тек бір қолбасшы иемденуге хақысы жоқ. «Ұстазды немесе мүршидті, пірді қайнар бұлақ, яғни негіз деп түсінбеу керек. Олар негізгіні көрсетуші, шағылыстырушы деп білу керек».

Мысалы, жылу мен жарық саған бір айна арқылы түсіп тұр. Сен ол жарықтың көзі Күнге қарыздар болудың орнына айнаға риза болуың әрине дұрыс емес, есалаңдық. Иә, айнаны сақтау керек, оны мүлдем жоққа шығаруға болмайды, өйткені ол, жарықтың түсуіне себеп болуда. Мүршидтің, пірдің, ұстаздың жүрегі осы айна секілді. Олар Хақтан

— 159 —

келген фейз-нұрға себеп болады. Оларға осындай құрал, себеп ретінде қарап, одан артық мән беріп, нұр-фейздің бұлағы деу қате пікір. Тіпті, кейде қайнар көз саналып жүрген пір-ұстаздар бұлақ та емес, тіпті, нұрға бөленуші де емес болуы мүмкін. Мүридтің яки шәкіртінің ыстық ықыласының арқасында басқа бір жақтан берілген нұрды ол өз ұстазы арқылы келді деп жүруі бек мүмкін.

Мысалы, кейбір адамдар гипноз арқылы бір айнаға тесіліп қараса, оған мисал әлеміне терезе ашылып, әлгі айнадан ғажайып көріністерге куә болады. Алайда, көріністер айнадан емес, сол айнаға қадалған көзінің ішіндегі қиялдан ашылған терезеден бір нәрселер көреді. Сол секілді толық кемелденбеген, шала мүршидтің, не бір пірдің кәміл мүриді, ынталы шәкірті пірінен әлдеқайда биікке самғап, кемел болуы әбден мүмкін. Тіпті кейде, шейхіне сабақ беріп, шейхінің шейхі болуы ғажап емес.

ОН ТӨРТІНШІ НОТА. Тәухидке қатысты төрт шағын рәміз.

Бірінші рәміз. Ей, себептерге шырмалып қалған пенде!

Ғажайып жауһар тастардан жасалып жатқан бір сарайды көрсең. Оның құрылысына жұмсалып жатқан тастардың бір бөлігі тек Қытайда ғана бар. Ал бір бөлігі Испанияда, бірі Иеменде ғана, тағы бірі сонау Сібірде. Ал құрылыс басталған кезде батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстіктегі әлгі асыл тастардың оп-оңай жеткізіліп, қаланып жатқанын көрсең. Онда осы сарайды салғызушының бүкіл жер жүзіне билігі жүретін құдіреті күшті біреу екеніне еш шүбәң болмас еді.

Міне, ойлап көрсек, әрбір хайуанның өзі Иләһи бір сарайға ұқсайды. Ал адам, осы сарайлардың ішіндегі ең әсемі, ғажабы. Ал осы адам деп аталған ғажап сарайдың қажетті заттары, бір бөлігі ақырет әлемінен, бір бөлігі мисал әлемінен және Лаух-ы Махфуздан, тағы бір бөлігі ауа әлемінен, нұр әлемінен, эсир әлемінен келуде. Ал, адамның арманы мәңгілікке шарықтап, құлшылық амалдары көктер мен жердің арасын қамтиды. Байланысы мына қат-қабат дүние мен ақырет әлеміне дейін созылған, бір-біріне матасып байланған, ғажайып бір сарай.

Ей, өзін адам санап жүрген жан! Сенің жаратылысың міне, осындай. Олай болса, сені жаратқан Аллаһ Дүние мен Ақыретті екі бөлме іспетті, жер мен көкті кітаптың парақтары секілді, Әзәл мен әбәдті кешегі күн мен түндей оп-оңай басқаруда. Олай болса, адамның құлшылық жасап, табынар құтқарушысы да Сол. Жер мен көкке үкімі толық жүретін де, дүние мен ақыретті басқаратын да тек Сол ғана.

— 160 —

Екінші рәміз. Кейбір ақымақтар Күнді білмегендіктен айнада шағылысқан күнді көріп, сол айнаны өліп-өшіп жақсы көреді. Байғұс, айнадағы күн жоғалып кетпесін деп, айнаны қызғыштай қорғаштайды. Әлгі ақымақтың айнасы сынып, бірақ Күннің жоғалып кетпегенін көрген кезде енді ол бар ынтасын аспандағы Күнге бұрып, соған ынтық болады. Айнадағы Күннің айнаға тәуелсіз екенін түсініп, қайта айнаны жарқыратып тұрған Күн екенін сонда барып аңғарады.

Ей, адам! Сенің жүрегің мен болмысың айна тәрізді. Сенің бойыңдағы, жүрегіңдегі мәңгілікке деген шынайы махаббатың ол айна үшін емес. Ол сезім, айнаның қабілетіне қарай көрініп, шағылыс беріп тұрған Бақи Аллаһқа арналуы тиіс сүйіспеншілік еді, ақымақтықтың кесірінен басқа жаққа ауып кеткен... Олай болса, «Уа, Бақи Әнтәл Бақи!» де! Яғни, Уа, Аллаһ! Сен барсың әрі Бақисың! Олай болса, жоқ болу, пәнилік бізге ештеңе де істей алмайды!

Үшінші рәміз. Ей, Адам! Фатыр-ы Хаким, сені ғажайып түрде жаратқан. Кейде мына дүние тар келіп, сыймай кетесің. Зынданда тұншығып жатқан адамдай аһылап, уһілеп, бұл дүниеден әлдеқайда кең дүние іздеп шарқ ұрасың. Бірақ, кейде бір зәрредей нәрсеге, бір ауыз сөзге, әдемі бір нәрсеге беріліп кетесің. Кең дүниеге сыймаған көңілің мен ойың зәрредей нәрсеге сыйып кетеді. Аса ғажап, кең көлемді сезімдерің әлгі ойдан шыға алмай шырмалып қалады.

Сенің болмысыңа сондай ғажап рухани байлық пен сырлы сезімдер берілген. Солардың кейбіреуі дүниені түгел жұтып қоятындай қомағай. Ал, кейбіреуі бір зәрреге де сыймай қалады. Бастың бір батпан тасты көтеруге шамасы келсе де, көздің бір тал қылды көтеруге шамасы келмейтініндей, әлгі ғажап сезімдер өзіне қылдай ғана салмақ салатын кішкене ауыртпалықты, яғни адасу мен шатасудан туындайтын кішкентай бір жағдайға төтеп бере алмай, тас-талқан болады. Тіпті, кейбіреуі соған жаншылып өліп кетеді. Олай болса әр қадамыңа сақ бол, батып кетуден қорық. Бір үзім нан, бір ауыз сөз, бір ғана ишараға, бір сүюге беріліп, батып кетпе! Дүниені жұтып қоя алатын сезімдеріңді түкке тұрмайтын нәрсеге арнап құртып жіберме! Өйткені, өте үлкен нәрсені жұтып қоятын өте кішкентай нәрселер бар.

Мысалы, айнаның кішкентай сынығы аспанды жұлдыздарымен қоса жұтып қояды. Бұршақтың көлеміндей ғана жадыңда сенің бүкіл жасаған іс-әрекетің мен өмір өткелдерің түгел сақталып, сыйып тұр ғой. Осындай көптеген кішкентай нәрселер бар, олар үлкен нәрселердің өзін жұтып қоя алады.

— 161 —

Төртінші рәміз. Ей, дүниеге табынатын адам! Өте кең деп, ойлайтын мына дүние, қабір секілді тап-тар. Алайда, осы тар дүние, қабырғалары айнадан жасалғандықтан, бір-біріне шағылысып, көз жетер жерге дейін кең байтақ секілді көрінеді. Сондықтан қабірдей тар дүниені алып шахардай кең деп ойлайсың. Өйткені, осынау дүниенің оң қабырғасы тәрізді өткен шағы мен сол қабырғасы тәрізді болашағы екеуі де жоқ бола тұра, бір-бірімен беттескен сәтте қып-қысқа, өте шығатын қазіргі мезеттің қанаттары ашылып кеңейіп сала береді. Ақиқат қиялға араласып жоқ нәрсені бар секілді көресің. Бір жіпті шыр айналдырғанда дөңгеленіп, кең шеңбер болып көзді алдайтыны секілді, тек сенің ғапылдық пен қиялға берілген көңіліңде бұл дүние шексіз кең сияқты болып, сені алдайды.

Қандай да бір бәле келіп, басыңа соққы боп тигенде әлгі ұзақ деп жүрген дүниенің қабырғасына басыңды соғасың, ұйқыңнан оянасың.

Сол кезде әлгі кең деп жүрген дүниең қабірден де тар, қыл көпірден де жіңішке екеніне көзің жетеді. Сенің уақытың мен өмірің найзағайдан да жылдам, жалт етіп өте шығатынын, судан да тез сырғып, ағып кеткенін білесің.

Міне, дүние өмірі мен тіршілік дегеніміз осындай ғана. Олай болса, хайуани тіршілікті таста! Тек денемен өмір сүруді қой! Рухани әлемдерге ұмтыл! Сонда, кең деп ойлап жүрген пәни дүниеден әлдеқайда кең өмірді, нұрлы әлемді табасың. Ондай әлемнің кілті, Мағрифатуллаһ пен Уаһданиеттің сырларын ашатын қасиетті: لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ кәлимесін жүрекпен айту, рухты да сонымен нұрландыру болмақ.

ОН БЕСІНШІ НОТА. "Үш мәселеден" тұрады.

Бірінші мәселе. Аллаһтың Хафиз есімінің шағылысына ишара еткен

﴿ فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ ٭ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ ﴾

аяты жайлы.

Құран Хакимнің бұл ақиқатына дәлел іздесең, Китаб-ы Мүбиннің сызықтарына жазылған жаратылыс кітабының парақтарына назар аудар! Сонда, Аллаһтың Хафиз есімінің ауқымды шағылысы мен осы аяттың ұлы ақиқаттарының көптеген қырларын байқайсың. Олай болса, ағаштың, гүлдің және өсімдіктің түрлі дәнектерінен бір уыс ал! Осынау неше түрлі, бір-біріне ұқсамайтын әлгі гүлді өсімдіктер мен ағаштың

— 162 —

кішкентай сандықшалары секілді болған дән-дәнектерді қараңғы түнде, қап-қараңғы топыраққа апарып шаш! Содан кейін, заттарды танып, білмейтін қайда бұрсаң солай аға беретін қарапайым сумен суар.

Сосын жылдың қайта тірілетін хашір оқиғасы секілді көктем мезгілінде әлгі тұқым шашқан жеріңе келіп қара! Исрафил періштенің үніндей шатырлаған күннің күркіреуі, топырақтың астында ұйқыда жатқан тұқым, дәнектерді қалай оятқанын көр! Ғажайып көрініс!

Әлгі қап-қараңғы топырақтың астында бейпарық, шым-шытырық шашылған дәнектер Аллаһтың «Хафиз» есімінің көрініс беруінің саясында керемет тәртіппен, ретті де жүйелі, ешбір қатесіз, мүлтіксіз жағдайда Фатыр-ы Хакимнің әмірімен жер бетінде жайқалып өскен екен. Міне, олардың осындай бір әрекеттерінен даналық, көрегендік, қалау, ілім, кемелдік пен хикмет байқалады.

Өйткені, өзара өте ұқсас дәнектер еш шатаспай бір-бірінен ажыраған. Мысалы, мына дәнек інжір ағашына айналыпты. Ол Фатыр-ы Хакимнің нығметтерін дәл төбеңе, бұтақтарын созып біздің алдымызға әкеліп тұр. Ал, мына бір-біріне ұқсаған екі дәнектің бірінен күнбағыс, екіншісі кезбе гүл атты шешектер шығып, біз үшін құлпырып көздің жауын алады. Ал, тағы бір топ дәндер, түрлі-түрлі жидектерге айналып, иісі мұрын жара жайқалып тұр. Бұтақтары тарам-тарам көз тартады. Әдемі иісі мен тәп-тәтті дәмі, көз жауын алған түр-түсімен біздің тәбетімізді ашып, назарымызды өзіне аудартып қызықтыруда. Өздерін біз үшін пида етуге дайын. Өсімдіктің тіршілік дәрежесінен шығып, одан да жоғары жан иесі дәрежесіне шыққысы келеді. Осылай салыстыра бер. Әлгіндей топыраққа шаша салған бір уыс қана қарапайым дәнектерден осындай түрлі-түрлі жеміс ағаштары мен сан алуан гүлдерге толы бақша пайда болды. Бірі-біріне ұқсамайтын, ешбір кемшіліксіз, ғажап көрініске куә боласың.

Осылайша فَارْجِعِ الْبَصَرَ هَلْ تَرٰى مِنْ فُطُورٍ аятының сырын паш етеді. Әрбір дәнек Аллаһтың «Хафиз» есімінің әсері мен оның арнайы сыйының арқасында еш кемшіліксіз, өзінен бұрынғы жеткен мирасты шатастырмай сақтап жеткізуде. Мұндай ғажайып сақтау ісі оларды осылай жаратып жатқан Зат-ы Хафиздың қияметте, хаширде үлкен сотта сақтаушы екенін, амалдарды жайып салатындығын дәлел-ақ тұр. Мына өтпелі, өзгермелі, жалған, пәни дүниеде осынша ғажап, кемшіліксіз «хафизиеттің» яғни сақталу ісінің көрінісі нақты дәлел

— 163 —

болып жатса, мәңгіге жалғасатын, өте маңызды ақырет әлемінде Жер шарының аса құрметтісі болған адам баласының барлық жағдайы, ісәрекеттері, жақсы-жаман амалдары түгел сақталып, есепке тартылатын болады.

Япыр-ау, адам өзін бейпарық еш қараусызбын деп ойлай ма ? Олай болуы әсте мүмкін емес!

Ендеше, адам мәңгілік үшін жаратылған, мәңгі бақытты болуға, мәңгілік мейірімге бөленуге шақырылған. Әрбір адам азды-көпті, үлкенді-кішілі барлық іс-амалының есебін беретін болады. Соның нәтижесінде не сыйға бөленеді, не жазаға тартылады.

Міне, Хафизиеттің ұлы көріністерін анықтайтын, киелі аяттың ақиқатын ашып беретін дәлелдер шексіз. Бірақ, бұл жолғы алға тартқан дәлелдеріміз алып теңіздің бір тамшысындай, таудың бір түйіршігіндей ғана.

﴿ سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ ﴾