Әрнәрседе, әрбір қиыншылықта әсіресе адамдар тарапынан болған зұлымдықта, «Тағдыр» рисалесінде баяндалғанындай екі себеп бар.
Біріншісі: Көп адамдар ойлайтын сыртқы себебі.
Екіншісі: Аллаһтың жазуы, тағдыр.
Адамдар сыртқы себебіне қарап кейде жаңылады, зұлымдық жасайды. Бірақ, тағдыр, мәселенің басқа жағына қарап әділдік қылады. Сонымен, осы кешелі-бүгін қатты уайымдайтындай Рисалей-Нұр шеңберіне қатысты үш мәселе, тағдырдың әділдігі жағымен сарапталып әлгі үш мәселе мағынауи сұраққа жауап ретінде көкейге келді.
Бірінші сұрақ: Неліктен жанкешті, аса мейірбан ана, мына заманда баласының байлығынан үлес ала алмайтын жағдайға түсті. Бұған тағдыр қалай рұқсат берді?
Көкейге келген жауап былай еді: Ақ жаулықты аналар жат елдің ықпалымен бойындағы мейірімді бұрыс пайдалануда, яғни балам шен иесі қызметкер, жоғары мәртебелі болсын деп, бар күшін жұмсап балаларын дүнияға, мектепке, оқу орындарына тапсырады. Тіпті ата-анасы діндар бола тұра Құрани ілім алып жатқан жерінен шығарып алып дүнияға береді. Міне, бұл мейірімді бұрысқа пайдалану деген сөз. Мұның жазасы ретінде тағдыр осы күйге яғни баласының байлығынан мақұрым қалуға пәтуа берді.
Екінші сұрақ: Рисалей-Нұрмен байланысып жүрген кейбір кісілерге жаным ашыды. "Неге әкесінен мирас байлықтан үштен екісін алуға ақысы бола тұра бір мағынада құр қалып тең бөлісуіне тағдыр рұқсат берді?"
Мына ғасырда теріс бағыттағы ағымдардың ықпалымен әке-шешеге деген құрмет, ата-ананың мейіріміне жауап ретінде не айтса көну, міндетті түрде бағыну қажет бола тұра, көпшілік әлгіндей ата-анаға құрметті, мойынсұнуды білмейді. Сол үшін үштен екісін алу ақысынан айырылып зұлымдыққа ұшырады. Тағдыр балалардың осы қателігіне орай рұқсат берді. Ал, қыз балалар болса басқа жақтан кемшіліктері көп болғанымен, бірақ табиғаты әлсіз болуына байланысты өзіне қамқор, мейірбан жандарға аса мұқтаж болғандықтан бойындағы құрмет сезімдерін әке-шешесіне арнап, оларды қатты сыйлайтындықтан адамдардың залым қолымен аға-інілерінің біршама ақысын уақытша болса да өзіне берілуіне тағдырдан пәтуа алады.
Үшінші Сұрақ: Кейбір діндар кісілердің дүнияға жақын әйелдерінің кесірінен мазасы қашып, қиналуының себебі неліктен? Бұл аймақта осыған ұқсас оқиғалар көп-ақ.
Келген жауап былай еді: Діндар кісілер діни құндылықтардың қатаң талаптарын толық сақтамай "әйел еркіндігі" деген ұғым жайлаған мына заманда, сондай емін еркін жүріп-тұратын әйелмен неке қиып, соның кесірінен дүнияға белшеден батуы үлкен қателік болғандықтан дәл-сол әйелдердің қолымен жазалануына тағдыр рұқсат берді...Қалған бөлімін жазуға бір мүбарак әйел парқына бармай кедергі болғандықтан кейінге қалды.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден: Бұл мүбарак қасиетті Рамазан айындағы дұғалар, ықыласпен болу шартымен иншаллаһ қабыл болған шығар. Алайда өкінішке орай Рисалей-Нұр шәкірттерінің назарын дүнияға аудару үшін және қалб тыныштығын бұзу үшін жасалып жатқан кейбір кедергілер жоқ емес. Соның кесірінен әлгі ықылас, толық құзыр, көңіл хоштығы біршама зақымданғанға ұқсайды, бірақ уайымдамаңдар! Бәрін бір Аллаһқа тапсырып ондай тиісу, кедергілерге мән бермеңдер! Атыф бауырымызға жазыңдар: "алаңдап, уайымдамасын!" Ол да бір Құдайдың жазуы. Иншаллаһ Сауалық Хафыз Мехметтің оқиғасы сияқты ол оқиға да Рисалей-Нұрдың пайдасына шешіледі
деп ойлаймын.
{(Сілтеме): Атыфқа қарсы шығып, тиісіп жүрген тариқатшы имам және қырсық уағызшы және имам, сондай-ақ, сопылар мен ілімі терең кісілер, қарсыласу кезінде ең соңғы тығылар жері биліктің режимі. Олар режим атынан тиісіп, жоғары жаққа болысып, оларға жағымпазданып. Осылайша Атыфтың қорғаштап жүрген Пайғамбарымыздың көркем сүннет ұстанымына шүйлігіп, жауласуда. Бұл оқиға мынаны көрсетеді: Рисалей-Нұрға қарсы шығып тиісетіндер біліп-білмей діннен безгендерге көмектеседі. Оған дәлел осы жолы әділет органында менен былай деп сұрады:
"Күрд Атыф режимге қарсы әрекет жасаған ғой шамасы, оның қарсыластары режимге сүйеніп, соның атынан тиісіп жатыр?".
Мен былай деп жауап бердім: "Режимге қарсы шығу біздің міндетіміз емес әрі оған қарсы тұратын күшіміз де жоқ. Оны ойлап та жүргеніміз жоқ әрі Рисалей-Нұр оған рұқсат бермейді. Бірақ біз қабылдамаймыз, талаптарын орындамаймыз, қаламаймыз да. Қарсы шығу басқа, қабылдамау бір басқа, ал орындамау мүлдем басқа нәрсе. Хазіреті Омардың (р.һ) билік кезеңінде шариғаттың әділ заңдарына қарсы шықпайтын, онымен шаруасы жоқ яхудилер мен христиандар өмір сүрген. Халифа оларға тиіспеген. Демек қабылдамау, мойындамау билік тұрғысынан қылмыс боп есептелмейді. Сондықтан ондай қарсыластар, жоққа шығарушылар ең қуатты падишахтардың кезінде де қол астындағы елде өмір сүре берген. Міне, осы тұрғыдан алғанда Рисалей-Нұр шәкірттерінен біреуі режимге мүлдем қарсы болып, режимнің құрушысына лағынет айтса да билікке іс жүзінде араласпағандықтан жеке көзқарасы үшін айыпқа тартылмайды, заң бойынша қудаланбайды. Ар-ождан мен сөз еркіндігі солай болуын талап етеді.}
Мен, Атыфтың жарқын қызметі тоқырап, артқа кетіп қала ма деп және марқұм Мехмет Зүһдү Бәдәуидің атқарған жоғары, зор қызметі тұрақтап, жасырынып қала ма екен деп мұңайған сәтімде, қолыма бір хатты ұстатты. Ол мені уайым-қайғыдан құтқарды. Рисалей-Нұр қызметінде бір есік жабылса одан әлдеқайда маңызды есіктер ашылады" деген қағида өзін тағы да айқын көрсетті. Сабри бауырымыздай Рисалей-Нұрдың ықпалды да белсенді шәкіртінің үлкен ағасы, сондай-ақ Рисалей-Нұрдың қаһарман батыр шәкірті Тахиридың жездесі және Рисалей-Нұрдың озат және бір кездері нұр шәкірттерінің жетекшісі болған және қазіргі кезде де Рисалей-Нұр туралы жақсы көзқараста болып, көңілі суымаған Үлкен Хафыз Зүһдүнің адал, шынайы ниетпен, ыстық ықыласпен жазған хаттары екен.
Оқысам, кешегі әрі бүгінгі қайратты бауырымыз Үлкен Зүһдү, өкіметтің қатаң заңдарына қарамастан Рисалей-Нұрдың маңызды міндеттерінің бірі жастарға Құран оқуды үйрету міндетін атқарып жүр екен. Демек бұл Үлкен Зүһдү марқұм Зүһдү Бәдәуидің орнына
келген екен дедім. Сондай-ақ, Атыфтың қызметі біршама тоқырауына орай Аллаһ мына зерек әрі қайрат-жігері мол, сөзге шешен Үлкен Хафыз Зүһдүні беріп аянбай еңбек еткізуде. Құдайға шүкір! Бүгіннен бастап Рисалей-Нұрдың хас шәкірттері арасындағы нұрлы мағынауи серіктестіктен үлескер болатынын және аты аталып тұрып дұға етілетінін сәлеміммен бірге жеткізіңдер.
Рисалей-Нұрдың үзілмей жалғаса беретін көптеген кәраматынан бірі: Мұғжизат-ы Ахмедие рисалесінің және кәраматқа толы Жиырма Тоғызыншы Сөз бен Ишарат-үл Иғжаз кітабының мұғжизаға ұқсас кәраматынан біреуін айтар болсақ:
Қасиетті Рамазанның басталған кезі. Дәрігердің айтуы бойынша дене қызуым кенеттен қырыққа көтерілген-ді. Демек маған у берілген. Мұны айғақтайтын дәлелдер де баршылық. Дәл сол кезде билік басындағылар Атыф бауырымыздың түймедей мәселесін түйедей қылып шулап жатқан болатын. Мәселені үлкейтіп жергілікті құзырлы органдар мен тәртіп сақшылары уәлаяттарға телеграмма таратып үкіметті Рисалей-Нұрға қарсы айдап салып жатқан уақыт. Міне, сол кезде осыдан екі сағат бұрын Мұғжизат-ы Ахмедие рисалесі Ыстамбұлдан шығып шұғыл жәрдемге келгендей. Жиырма тоғызыншы Сөз және кәраматқа толы Ишарат-үл Иғжаз кітаптары столдың үстінде тұрған-ды. "Бұл баға жетпес құнды кітаптар тәркіленетін болды, саны елуден аса рисалелер намазсыз адамдардың қолына тиетін болды-ау" деп уайымдап әрі менің де қатты аурудан дауысым шықпай қалған еді. Дәл сол кезде Рисалей-Нұрдың әлгі кәрамат үш рисалесі таңғажайып түрде Аллаһтың қамқорлығына бөленуге, амандыққа қауышуға себеп болды. Әрі менің уланудан пайда болған ауруыма у қайтарғыш дәрі болды. Мұны көргенде біз де аң-таң боп таңғалдық әлі де таңымыз бар. Бейне бір ешқандай ауру болмағандай, тың, өзімді қуатты сезінудемін. Сондай-ақ, қарсыластар қатаң ескерту алғандай қатты опық жеп дұшпан емес дос болып шыға келді. Әділет органының лауазымды қызметкерлері мен тергеу органының қызметкерлері дым қалдырмай тексеру үшін келіп
тұрып елу, шақты тіпті одан да көп кітаптардың ешқайсына тиіспей, тек сол рисалелердің біршама кәраматтары туралы тыңдап шығып кетті. Осылайша рисалелер мағынауи қамқорлыққа алынғанына куә болдық. Оларға тек Мүдафат, он алтыншы Мектуб және Рамазан рисалесін талдап оқысын деп өзіміз бердік. Үшінші рет бұрынғыдан да бетер түгелдей тексеріп, жіті тінту үшін ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, тергеуші қызметкерлермен бірге келерден екі-үш сағат бұрын кәраматты үш рисалелер жетекшілік қылғандай басқа да барлық рисалелер жаппай тергеушілерге ұсталып қалмауы үшін ортадан жоғалып, көрінбей қалды. Олар келген соң екі сағат түгелдей тексеріп тек Анкарадан келген, және бізді Рамазанмен құттықтау қағазды ғана тауып алды. Оны зерттеп талқылаған соң әкеп береміз деп уәде беріп алып кетті. Бұл кәрамат жағдайлардың себебі сол сәтте жоғарыда тұрған Мұғжизалы Құран Кәрім мен иғжазға толы Хизб-і Құранның нұсқалары және Хизб-і Нұрияның рисалелері, яғни солардың кәраматы болса керек. Хақ тағалаға олардың қанша әрпі болса сонша және Рамазан айының қанша секөнті болса сонша мадақ пен мақтау болсын,
Ауру сырқаудан пайда болған мазасыздық, Атыфтың бастан кешірген оқиғасы, жүректің сыздауы әрі оларға жанашу және ол оқиғаның Спарта қаласына дейін әсер етеді-ау деген уайым, сондай-ақ осы қасиетті айда Рисалей-Нұрдың سِرًّا تَنَوَّرَتْ пердесіне орануы яғни жасырынып қалуы және үшінші мәрте әлгі екі рет тінтіп тексерген күні кешке дейін бізге келіп-кеткендерді жаппай аңдып тексеруі және Әминнің үйін еш нәрсе табылмаса да тінтіп тексеруі: міне осылардың бәрі мені уайымдатып, мұңайып отырғанымда аса мейірімді, ерекше қамқор Аллаһтың рахымы түсіп, осы күнге дейін жалғасып келген Иләһи инает яғни Құдайдың жәрдемі қамқорлығына алып тағдырға ризашылық, тәуекел, ықыластан пайда болған жұбаныш көңілімдегі әлгі мазасыздықтардың бәрін жойып, тосқауылдар ашылып керемет жеңілдеп қалдым. Көңілім жәй тауып, терең тыныстап: "Уа, Жаратқан Ием! Сен не істесең бәрі жақсы болады!" деп Құдайдың жазғанына көніп бір рахаттанып қалдық. Сендер де сондай болыңдар, тоқырауға жол бермеңдер! Барлық бауырларымызға жеке-жеке сәлем және дұға етудеміз. Ауруым әлі
кете қойған жоқ, бірақ көтере алмайтындай ауыр емес. Бұл шабуыл Рисалей-Нұрдың жарқын жайылып жатқанына қарсы кедергі жасау үшін болатын.