Бір күні жаныма нұрлы жүзді бірнеше жас келіп, өмірде кездесетін әсіресе жастық шақта әуестікті қоздыратын қауіп-қатерден сақтану үшін не істеу керектігін, нені ескеру қажеттігін сұрады. Мен де бұдан бұрын Рисалей-Нұрдан медет сұрағандарға айтқанымды қайталап былай дедім:
Жастық шақ сөзсіз өтіп кетеді. Егер шариғатқа сай өмір сүрмесеңдер бұл жастық зая болып бұл дүнияда да қабірде де ақыретте де бастарыңа бәле болып, берген ләззатынан еселеп қайғы қасіретке ұшыратады. Ал, егер Ислам тәрбиесімен сол жастық дейтін нығметке шүкір ретінде абыройлы тұрмыс, салауатты өмір сүріп құлшылықпен өткізсеңдер мән-мағыналы, мәңгі жас болып қалуға себеп болады.
Өмір де иман болмаса яки күнәлардың кесірінен иман әсер етпесе өмір сырттай қызық, өткінші, зауық-ләззат бергенімен сол ләззаттан өкініш пен қайғысы, уайым мен мұңы мыңдаған есе көп болады. Өйткені адамда ақыл-ой болғандықтан хайуан сияқты емес, осы шақпен бірге өткен мен болашақты алаңдап уайымдайды. Ол шақтардан да өкініш пен қайғы немесе қуаныш пен ләззат ала алады. Хайуан болса ақыл-есі болмағандықтан сол кездегі ләззатына бұрыңғы өкініш пен қайғы, келешек үрей мен қорқыныш әсер етпейді. Егер адам адасқан, ғапыл болса алып жатқан ләззатын өткеннің өкініштері, болашақтың уайымы әсер етіп, әлгі шағын ләззат мәнісін жоғалтады. Әсіресе ол ләззат харам болса мүлдем бұзылып улы балға айналады. Демек, өмірден ләззат алуға келгенде хайуаннан жүз есе төмендеп артта қалады. Негізінде адасқандар мен ғапылдардың өмірі тіпті болмысы бір күндік. Оларға өткен шақ, құрдымға кеткен жым-жылас. Оны алаңдап ойлаған кезде ол жақ қараңғы, зұлымат болып көрінеді. Болашақ та солай, имансыз көзіне не болары белгісіз, бәрі ақырында жоқ болып, қоштасумен тынатын белгілі дүние. Осылайша өмірі қараң. Егер, иман өмірден өз орнын тапса ол кезде өткен шақ та болашақ та иманның нұрымен нұрланып, бар болып есептеледі. Өткен мен болашақ қазіргідей болып рух пен
жүрекке иман тұрғысынан керемет ләззатты болып нұрға бөлейді. Бұл ақиқат Қарттар рисалесіндегі Жетінші Үмітте түсіндірілген-ді, соны оқыңыз.
Сонымен өмір деген осы. Өмірдің қызықты да мәнді болуын қаласаңдар өмірді иманменен жандандырыңдар! Парыздарды орындау арқылы қызықты қылыңдар! Күнәлардан сақтанып, сол қызықты да мәнді өмірлеріңді сақтаңдар!
Күн сайын және барлық жерде болып жатқан өлім ұлы дейтін ақиқаттың мәнісі неде, соны сендерге басқа жастарға айтқанымдай бір тәмсілмен түсіндіріп берейін. Мысалы:
Осы жерде көз алдымызда бір дарағашы тұр дейік. Қасында бір ұтыс ойыны лотереяның, бірақ қымбат ұтысты, билет беретін бөлімшесі орналасқан. Бізді яғни осы жерде отырған он кісіні міндетті түрде қалай болғанда да еріксіз сол дарағашына шақырмақ. Шақыратын уақыты белгісіз болғандықтан кезкелген уақыт, я "Кел, өлім жазасына кесілдің, дарағашына шық!" я болмаса "Кел, миллиондаған алтын ұттың, ала ғой!" дейтінін күтіп отырғанда кенет есіктен екі түрлі топ адамдар келді.
Біреуі, жартылай жалаңаш, көзді алдайтын әйелдер, қолында тіл үйірер дәмді тағамдар, тәтті халуалар, бірақ улы. Оны бізге ұсынып жегенімізді қалайды. Екіншісі, алдамайтын, алданбайтын байсалды жандар. Олар әйелдердің артын ала бере кіріп былай дейді: "Сендерге құпия тылсым әрі дәріс әкелдік. Мұны оқып әлгі тәттіні жемесеңдер анау дарағашынан құтыласыңдар, әрі мына тылсыммен аса қымбат, теңдесі жоқ ұтыс билетіне ие боласыңдар!
Өздерің қараңдар! Әлгі тәттіні жегендер дарағашына асылып жатыр, әрі жолай сол халуаның уынан сұмдық асқазаны бүріп азап шегуде. Ал, манағы қымбат ұтысқа ие болғандар көрінбейтіні рас, сырт көзге олар да дарағашына асылғандай. Бірақ олар дарға асылмай керісінше ол жерден тікелей ұтыс беретін бөлімшеге бару үшін дарағашын баспалдақ қылып әрі қарай өтіп кеткендерін көрген миллондаған тіпті миллиардтаған куәгерлер бар. Олар бізге хабарлап жатыр. Иланбасаңдар, терезеден қараңдар. Лауазымды әрі осы қызметке жауапты кісілер зор дауыспен хабарлап былай дейді: "әлгі дарға асылғандарды көзбен көргендерің секілді анық түрде әлгі ұтысты тылсымды қабылдағандар алғанын, оған еш шәк, шүбә жоқ, бұған көзбен көргендей кәміл сеніңдер!".
Міне, осы тәмсілдегідей, улы болған ұқсас харам ләззаттар яғни тыйым салынған жастық шақтағы азғын нәпсінің ләззаттары мәңгі қазынаның кілті, бақи бақыттың билеті, құжаты болып табылатын иманнан айыратындықтан, дарағашына ұқсас өлімнің және түпсіз қараңғы зұлыматтың есігі іспеттес қабірдің азабына душар қылады. Әрі ажал жасырын, қашан келер белгісіз. Ол, жас-кәрі деп айырмай баскесер жендет секілді кезкелген уақыт келіп қалуы мүмкін.
Егер, әлгі улы балға ұқсайтын харам ләззаттардан тыйылып, Құрани тылсым сыр болған иманға келіп және парыздарды орындаса әлгі таңғажайып тағдыр лотереясынан мәңгі бақыт ұтып, шексіз байлыққа ие болатынына жүз жиырма төрт мың әнбия және олардың қасында сансыз әулие, абыз, ақиқат иелері, зерттеуші ғалым-ғұламалар бірауыздан куәлік етіп хабар беруде, әрі белгі-нышандарында көрсетуде.
Сонымен, жастық шақ өтеді де кетеді. Азғындық жолында өйткені болса һәм бұ дүнияда һәм о дүнияда қыруар қайғыға қасіретке ұшыратады. Ондай жастардың басым көпшілігі күш-қуатын бұрысқа пайдаланудың кесірінен, ысыраптың салдарынан уайымға салынып күдік ауруына шалдығып ауруханаларға немесе күші тасып тәртіп бұзып қапасханаға яки азғын ойын-сауыққа не болмаса рухани күйзелістің кесірінен сыраханаға, ішімдікке бойұратынын білгің келсе ауруханаларға, түрмелерге, мазарларға барып жағдай сұрас! Әлбетте, ауруханадағылар хал тілдерімен былай дейді: "Жастықтың буымен ысырап жасап және бұрысқа пайдаланудың кесірінен ауруға шалдығып енді міне, өкініп жатырмыз". Әрі түрмелерге барсаң жалпы жастықтың албырттығымен харам жолда жүрудің кесірінен опық жеп, бейбақ жастардың өкін ащы даусын естисің. Сондай-ақ, қабірдегі және ол жерге көмілетіндерге есігі әрдайым ашық берзах әлеміндегі азаптың басым көпшілігі жастықты дұрыс пайдаланбаудың кесірінен екенін білесің. Мұны "әһл-і кәшф уәл қубур" әулиелер көріп хабар беруде. Сондай-ақ, қоғамның басым көпшілігін құрайтын қарттар мен науқастардан жағдай сұрассаң, көпшілігі өкіне де мұңайып былай дейді: "Қап, әттеген-ай! Жастық шақты босқа өткіздік, тіпті зиянды түрде зая еттік. Сендер байқаңдаршы, біздің істегенімізді істемеңдер!".
Өйткені, бес-он жылдық жас кездегі харам ләззат үшін дүнияда бірнеше жыл уайым-қайғы жеп және қабірде азап пен зиян шегіп ал ақыретте болса жәһаннам мен тозаққа түсетін адам өте аянышты
жағдайда. Дейтұрғанмен олар اَلرَّاض۪ى بِالضَّرَرِ لَا يُنْظَرُ لَهُ сырымен еш аяуға лайық емес. Өйткені зиянды өз ризасымен қабылдаған адамға мейірім жасауға болмайды, лайық емес.
Хақ тағала бізді және сендерді мына заманның қауіпті фитнәсінен құтқарып, сақтап жүрсін, әмин.
Ғазиз, адал, бауырларым! Рисалей-Нұр шәкірттері!
Бір қарт кісі тарапынан Рисалей-Нұр шәкірттерінің әлсіздеріне зияны тиген, адамның ойына келмейтін бір наразылық келген екен. Енді сондай наразылықтардың түп тамырына балта шабатын бір ақиқатты айтуға мәжбүр болып тұрмын. Мұны бұдан бұрын да біреуге айтқан едім. Таңғаларлық әрі өкінішті мәселе мынау: әһл-і ақиқат яғни ақиқатты түсінген жандар ынтымақтағы жойқын күш-қуатан айырылып соның салдарынан жеңіліске ұшырап жатқанда әһл-і нифақ пен далалат яғни бүлікшілер мен адасқандар өздерінің ұстанған жолдарына қайшы болса да ынтымақтағы жойқын күшке ие болу үшін бірлесіп одақтасуда. Жүздің оны бола тұра тоқсан әһл-і ақиқатты жеңіп кетеді және таңғаларлығы: бізге ең көп көмектеседі, құлшыныс береді деп жүрген және өздері де жәрдемге дін Ислам үшін, ұстанған жолы үшін, қызметі үшін міндетті бола тұра бізге жәрдем етпек түгіл керісінше бізді қате түсініп Рисалей-Нұрдың қызметіне кедергі туғызатындай дәрежеде халық арасындағы беделіне сүйеніп отырып наразылық білдірген ол, бір ақиқат туралы айтқанымызға қарсы шығыпты.
Мен қай мәселе және қай аят туралы екенін білмей отырмын. Мүмкін біздің әркімге көрсетпеңдер деген Бірінші Шуа дейтін Құран ишарасы туралы бір мәселе болса керек. Мына байғұс бауырларың ол көне досқа сондай-ақ мұқиятты жандарға әрі сендерге айтарым:
Қасиетті де мұғжизаға толы Құранның нұрымен Жаңа Саид, иман ақиқаттары жайлы қисынды әрі ақиқатқа негізделген көптеген айғақ-дәлелдерді жазып баяндауда. Ол, бұлтартпас айғақтар мұсылман ғалымдарын ғана емес тіпті өте қырсық Еуропа философтарын да тізе бүктіріп мойындауға мәжбүр етеді, етуде.
Ал, Рисалей-Нұрдың қадір-қасиеті, маңыздылығы жайлы Хазіреті Али (р.һ) пен Ғаус-ы Ағзам (қ.с) тарапынан болған рәміздер мен ишараларға келер болсақ, ол Қасиетті Құранның бұл заманда мағынауи мұғжизасы Рисалей-Нұрға назар аудартуы ишари мағынасынан рәміздер, ималар деп аталады. Ол Қасиетті Құранға жарасады, солай болуы ғайып тілі мұғжиза әрі шешен Құран талап етеді.
Рас, Ескішәһир абақтысы қиын қыстау кез болатын. Киелі бір демеуге қатты мұқтаж болған кезімізде мағынауи ескертуге байланысты: "Рисалей-Нұрдың қабыл болғанын бұрыңғы әулиелерді алға тартып куәлік келтіресің. Алайда
дегендей бұл мәселе туралы сөз сөйлеуге ең лайық, ең бірінші Қасиетті Құран болып табылады. Енді Рисалей-Нұрды Құран қабылдай қояр ма, бұл туралы ол не дейді?" деді. Мұндай зор сұрақты күтпеген едім. Мен Қасиетті Құраннан медет сұрадым.
Кенет, отыз үш аяттың сарих яғни тура мағынасының астарлы қабатының ишари мағынасынан және ол ишари мағынасының жалпылама бір мағынасы Рисалей-Нұрға қатысты екені және солай екеніне қуатты "қарине" бар екенін бір сағат бойы сезіп көзім әбден жетті. Оның кейбірін түсінікті етіп кейбірін қысқа-нұсқа жаздым. Оған еш шәк, шүбә, жоқ күмәнсіз. Мен, әһл-і иманның иманын Рисалей-Нұр арқылы сақтап қалсам деген ниетпен әлгі нақты ойымды жаздым және оны хас шәкірттеріме құпия ұстау шартымен бергенім рас. Ол жерде біз, молда-имамдар тиісетіндей: және «ол өзінің ойы ғана» дейтіндей аяттың сарих (тура) мағынасы осы дегеніміз жоқ әрі біз "аяттың ишари мағынасы толығымен осыны білдіреді" дегеніміз жоқ. Біз былай деген болатынбыз:
Аяттың сарих мағынасының астарында бірнеше астарлы қабаттар бар. Бір қабаты ишари, рәмзи деп аталады. Ол да күлли яғни ауқымды әр ғасырды қамтиды, әрбір ғасырға қарайтын жақтары бар. Рисалей-Нұр қазіргі таңда сол ишари мағынаның қабаттарының жалпыға ортақ жақтарының біреуіне ие.
Рисалей-Нұрға арнайы назар аударылғаны және оның маңызды міндет атқаратынына джифри, риязи есеппен (негізінде мұндай есептеп мағына шығару бұрыннан бері ғалымдар арасында бар) "қаринелер" тіпті дәлелдер баяндалған-ды. Бұл Құранның аятын
немесе тура мағынасын кемсіту емес керісінше аяттың мұғжизасына, оның керемет шешендігіне қызмет боп саналады. Мұндай ғайби ишараларға наразылық жасауға болмайды. Әһл-і ақиқаттың сансыз Құрани ишаралары жайлы көптеген мағына шығарғандарын жоққа шығара алмайтын адам мұны да жоққа шығара алмауы тиіс, шығара алмайды деип ойлаймын.
Ал, мен секілді қарапайым, маңызы жоқ біреудің қолынан мұншалықты маңызы зор бір кітаптың шыққанына таңғалып, ақылына сыйдыра алмай наразы болған адам, егер тарыдай дәннен зәулім қарағайдың шығуы Аллаһтың ұлықтығы мен құдретіне дәлел екенін ойласа әлбетте мен секілді әлсіз, мүлдем пақыр біреудің қолынан мұндай зәрулік кезінде осындай бір кітаптың шығуына таңырқамай Аллаһтың шексіз рахымына дәлел деп айтар еді. Мен сендерге және наразы болғандарға Рисалей-Нұрдың абыройын ортаға қойып айтарым: Бұл ишара-белгілер және әулиелердің "има" арқылы берген хабарлары мен рәміздері мені әрқашан шүкір етуге, Раббымды мадақтауға және күнәларыма истиғфар жасауға итеретін. Ешқашан бір сәтке болсын нәпсім мұны пайдаланып мақтангершілікке, тәкаппарлық менмендікке салынған емес. Мұны көз алдарыңда өткен жиырма жылдан астам өмірім дәлел. Иә, бұл ақиқат. Дегенмен адам болған соң қатесіз болмайды, ұмытқан жерлерім болған шығар, байқамай қалған кемшіліктерім де жоқ емес, мүмкін ойым араласып, рисалелерде қателіктер кеткен шығар. Бірақ, дегенмін осы күндері Қасиетті Құранның киелі әріптерінің орнына адамдар жасаған әріптерді қойып өзгертіп нұқсан түрде бір жағынан бұзып әрі кәпірлердің қисық түсініктеріне қарай бұрмалап аяттардың тура мағыналарын бұрмалап жатқанда оған мән бермей мына бейшара әрі жәбір көрген байғұсқа бауырларының иманын қуаттайын деп мұғжиза Құранның бірғана аятының бір ғана тұжырымын баяндағанына бола оның иман қызметіне кедергі болатындай дәрежеде наразылық білдіру, бұл әрине парасатты жандарға жараспайды. Тіпті мұны кішкене ынсабы бар адам да істемес.
Менің жеке тұлғама қатысты да таңғаларлық жағы: Әлгі адам, менің тағылым жолындағы маңызды ұстазым Шәйх Фәһим тақсырдың (қ.с) шәкірті екен сондай-ақ, тығыз байланысым бар Имам-ы Раббанидың (қ.с) тәлабасы екен. Онда бәрінен бұрын менің кемшіліктеріме, бұрыңғы бейберекет өміріме, жастық шақтағы халдеріме қарамай бар күшімен көмектесудің орнына, өкінішке
орай оның тарапынан келген наразылық кейбір жаңадан бастаған әлжуаз бауырларымды күмәндандырып тастауы және адасқан топ дұшпандарыма дәлел болды. Мұны естігенде қатты өкіндік. Ол қарт кісі тез арада жұрттың бұрыс түсінуіне жол бермей қатесін жөндеп әрі дұғасымен және әсерлі насихатымен бізге жәрдем етуін күтеміз. Оған қоса мынаны да айта кетейін:
Мына заманда, өте қуатты әрі ақиқатқа негізделген және миллиондаған шәкірттері мен уәкілдері бар жамағаттар ұстанымдар, рухани жолдар қазіргі сұмдық шабуылға қарсы тұра алмай сырттай жеңіліп жатқанда мен секілді жартылай үмми яғни жаза алмайтын, ешкімі жоқ, әрдайым басқан ізін аңдушылары көп, полиция бөлімшесінің алында тұрып жатқан және бірнеше жақтан жұртқа жамандап жағымсыз көрсетілген және халықты менен бездіруге барынша тырысып баққан біреудің мына кәпірлерге қарсы төтеп беріп жеңісті де табысты қызмет атқарып жатқан және адасқандарға артынан ерушілер миллионнан асатын бар ұстанымдардан артық тегеурінді соққы берген Рисалей-Нұрдың авторы мүмкін емес. Ол анық. Ол оның өнері болуы мүмкін емес. Ол да мақтана алмайды. Ол, тура Қасиетті Құранның бұл замандағы мағынауи мұғжизасы, Иләһи рақым тарапынан сыйланған құнды тәпсір, рухани кәде. Ол кісі мыңдаған достарымен бірге ұмтылып әлгі Құран кәдесіне қолын созды. Әйтеуір бірінші аудармашы міндеті оған нәсіп болыпты. Оның пікірі, ілімі және ойынан шықпағанына дәлел, Рисалей-Нұрдың кітапшаларының ішінде кейбірі алты сағатта, кейбірі бір сағатта, тіпті кейбірі он минутта жазылған рисалелер бар. Мен ант етейін, бұрыңғы Саид бүкіл қабілетімен он минутта жазылған рисалені он сағатта бар ынта жігерім мен жаза алмайды. Бір сағатта жазылған рисалені екі күн отырып қанша тырысса дағы жаза алмайды. Және алты сағаттық рисалені яғни Отызыншы Сөзді мен де менен де зерек діндар ойшыл даналар алты күн отырып жаза алмас... тағысын тағы. Демек, бізде түк жоқ, құр алақан болсақ та өте бай зергерлік дүкенінің делдалы, қызметшісі боп тағайындалғанбыз. Хақ тағала өзінің мол мейірімімен осы киелі Құран қызметінде ықылас, шынайылық сыйлап бізді және барлық Рисалей-Нұр шәкірттерін әрдайым табысты қылсын, сәттілік сыйласын, әмин.