Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым және Құран мен Иман қызметінде ықыласты да берік, қадірменді достарым!
Хақ тағалаға шексіз мадақ, сансыз шүкір етемін, сендер менің "Қарттар" рисалесіндегі үмітімді ақтап, сотта ақталу кезінде айтқан дағуамды растадыңдар.
Иә, ِلِلّٰهِ الْحَمْدُ بِعَدَدِ الذَّرَّاتِ مِنَ الْاَزَلِ اِلَى الْاَبَدِ Аллаһ Рисалей-Нұрға сендердегі отыз мыңға татитын отыз Абдрахманды, тіпті жүз отыз, тіпті мың отыз Абдрахманды сыйға тартты.
Есімнен кетпейтін, әрқашан қасымнан табылатын бауырларым! Рисалей-Нұрдың айналасына сендер секілді әрі қорғаушы, әрі ізбасар, әрі ақиқатшыл, әрі қадірін білетін ықыласты шәкірттерді жинап, олардың келешекте менің орнымды басып, менен де күшті әрі ықыласты түрде Құранға қызмет етіп, Имани міндет атқаратынын көріп қатты қуандым. Қазірде көңілім жәй, жүрегім тыныш. Осы күйде ажалым жетіп өлсем арманым жоқ. Өлім мен қабірімді күтіп отырған жайым бар. Мен сендердің жазуларыңа қарап және атқарған қызметтеріңді көріп, сол тұрғыда сендермен күнде бірнеше мәрте көрісіп отырамын. Осылайша сендерге деген сағынышымды басамын. Сендер де мына бейшара бауырларыңды рисалелердің ішінде көріп сұхбат етулеріңе болады. Ақиқатқа жеткен кісілердің өзара сұхбаттасуына мекен кедергі бола алмайды. Олар мағынауи телефон арқылы байланысқандай бірі шығыста, бірі батыста, бірі дүнияда бірі берзахта болса да Құранның, Иманның сымсыз телефонымен бір-бірімен хабарласа алады.
Машаллаһ, бәрекелді! Хазіреті Алидың Рисалей-Нұр туралы кәрамат хабарын мына заманда толық растап, бекіткен Али бауырымыздың қаламының кәраматы сондай-ақ Құранға адал қызмет еткен және Ардақты Пайғамбарымыздың (а.с.м) мұғжизаларының таңғажайып кәраматын көзге көрінетіндей етіп дәлелдеген және Құранның алтын кілті деуге болатын Хусрев бауырымыздың қаламы, тек бізді ғана емес руханилер мен періштелерді де қуантты десе болады.
Жақында қаламы алмастай Мүбарактар тарапынан бір сауал қойылыпты. Әзірге оның жауабы жоқ, табылса сендерге жолдармыз. Күнде есімнен кетпейтін Рүштү, Рэфэт, Сүлеймен, Б.М. және Х.К. және Абдуллаһ сондай-ақ, аттары аталмаған қадірлі дос-жарандармен жеке-жеке сөйлеспегеніме ренжімесін. Солай болуын қызметтеріңнің маңыздылығы, ауқымдылығы және дұшпандардың сұмдық қуаттылығы, олардың шайтандығы талап етіп, біздің өте сақ әрі мұқият болуымызды керек етіп тұр.
Хафыз Али мен Хусревтің өзара ықыласты достығы, бір-біріне деген жанкештілігі олардың Ықылас рисалесін толық түсініп, мәнісін аңғарғандығын көрсетеді. Олар менің болашаққа деген зор үмітімді ақтап, жандандырды. Мен тағы да жазғалы жатыр едім, дәл қазір біреу поштаға бармақ екен, асықтырып қысқа қайыруға тура келді.
Ғазиз, адал бауырларым және Құран қызметінде қуатты, көкірегі ояу достарым!
Бұл заман жамағат заманы. Мәселе мағынауи тұлғада. Ол қаншалықты мықты болса соншалықты жамағат қуатты болмақ. Фәни, материалдық, жеке тұлғалар көп мән беруге болмайды. Әсіресе мен секілді бейшараға шамасынан мың есе ауыр салмақ салып, көп мән берілсе, бір батпан жүкті көтере алмайтын әлсіз адамға мыңдаған батпан жүктелгені сияқты астында езіліп қалар.
Құдайға шүкір, Рисалет-үн Нұр осы ғасырды тіпті болашақты нұрландыра алатын Құрани мұғжиза екені көптеген тәжірибелермен, қыруар оқиғалармен дәлелденуде, оны соқырлар да жоққа шығара алмас. Сондықтан оған қатысты мақтау жазбаларың өте орынды. Бірақ маған арнап жазған жерлеріне айтарым, оның мыңнан біріне лайық емеспін. Мен мұндай мол нығметке, үлкен табысқа сендер секілді ықыласты тәлабалардың ортақтасып еңбек етуінің арқасында бөлендім, сол үшін Рисалей-Нұр атынан сендерге өмір бойы қарыздармын.
Нұр айлағының қызметшісі Сабри бауырым! Сен, Сүлеймен және Хусрев үшеуіңнің сұхбатыңа менің де екі тұрғыдан, тіпті үш тұрғыдан қатысым бар.
Нұр фабрикасының иесі Хафыз Али бауырым! Керемет хат жазған екенсің, түк қадірі жоқ жеке басыма қатысты жерлерін алып тастаса хатың ғажайып керемет екені көрініп тұр. Мен ішімнен: "Міне, көптеген Абдрахмандарға татитын Али!" дедім. Мұстафалар, кіші Али және мубарак та нұрлы бауырларым! Сендер жазған хат үлкен Алидың хаты секілді терең бір ақиқатты мегзеп отыр. Ол ақиқат Рисалей-Нұр жайлы өте орынды әрі рас. Бірақ, оған менің ортақ болуға ақым жоқ.
Иә, хадисте: عُلَمَٓاءُ اُمَّت۪ى كَاَنْبِيَٓاءِ بَن۪ٓى اِسْرَٓائيِلَ делінген. Ғаус-ы Ағзам Шах-ы Гәйлани, Имам-ы Ғазали, Имам-ы Раббани сынды жекемен және атқарған қызметі орасан зор ірі тұлғалар бұл хадисті тәрбиелік зор қызметтерімен, құнды кітаптарымен іс жүзінде дәлелдеген. Олардың заманы белгілі бір мағынада "фәрдият", яғни жеке тұлғалар кезеңі болғандықтан Аллаһтың хикметі, олар секілді жеке тұлғаларды, ерекше данышпандарды мұсылман үмметіне нәсіп етіп, сыйға тартқан. Ал қазір дәл сол қызметке, бірақ мүшкіл жағдайда, сұмдық шарттарда мағынауи тұлға ретіндегі Рисалет-үн Нұрды және ауызбіршілігі мықты "фәрд-і фәрид" деуге болатын шәкірттерін мына жамағат заманында әлгі маңызды қызметке жұмсауда. Осы сырға орай мен секілді қатардағы жауынгердің міндеті, жауапкершілігі зор әрі қиын маршал мәртебесіндегі тек тұйықтаушы қызметін тек адал атқару.
Рэфэт бауырым! Сенімен ең азы төрт күн сайын сұқбаттасуға мұқтажбын әрі солай болғанын қаласам да төрт жылдан кейін оңаша жүздесе алдық. Сен секілді маңызы зор, әсері күшті, тілі өткір, жазуы тамаша, Рисалей-Нұрға орасан зор қызмет еткен кісілер әрқашан жадымда, олармен ойша сөйлесіп, қиялмен бірге отырғандай сезінемін. Рисалей-Нұр керемет түрде жайылып, кеңінен тарап халықтың назарын аудартқандықтан әзірге сақтық қажет. Маған "Иқтисад" яғни, үнемділік рисалесі мен "чожук тазианамесі" яғни баласы қайтқанда ата-анаға көңіл айту жайлы рисалені жіберсеңіздер жақсы болар еді.
Барлық бауырларыма, әсіресе хас шәкірттеріме жеке-жеке сәлем жолдап, дұға етемін. Сол мубарак, аса қымбат бауырларымның өтініші бойынша олардың тума-туысқандарын, сондай-ақ елді-мекендерін өзімнің тумаларыммен бірге және ауылыма қосып, солай дұға етіп мағынауи табыстарыма ортақ қылып жүрмін.
Ғазиз, адал, жанқияр әрі сенімді бауырларым!
Сендермен хабарласа алмауымның себебі мені жіті бақылап, қыспаққа алып, оқшаулап жалғыз қалдырды. Халиқ-ы Рахимге сансыз шүкір етемін, маған мықты сабыр, шыдамдылық сыйлап олардың қастандықтарын жүзеге асырмай тастады. Осы жерде жалғыз өткізген әрбір айы бір жыл камерада отырғандай жанды қинап, тым ауыр болса да сендердің дұғаларыңның берекетімен, Құдай жарылқап әр
күніміз бір айдай бақытты өмірге айналуда. Менің жағдайымды ойлап уайымдамаңдар! Аллаһтың рахым, ілтипаты жалғасуда.
Сабри бауырым! Сабырлы бол! Түкке тұрмайтын әрі еш зияны жоқ кірпияз талғампаздық, күмәншілдік дертіңе көп мән берме! Шипа табуыңа дұға етілумен қатар еш зияны жоқ, қауіпті дерт емес. Олай дейтінім, егер көңілге келген ойлар жағымсыз болса, қалайша айнада көрінген нәжіс нәжіс болып есептелмейді немесе айнадағы жылан шақпайды және оттың шағылысы күйдірмейді. Сол сияқты қалб, қиял дейтін айнаңа еріксіз түрде келген әрі сен разы болмаған жаман, жағымсыз, күпірлік ойлардың зияны жоқ. Себебі, шариғатта, "үсул" ілімінде күпірлікті қиялдау күпірлік саналмайды, жаман сөзді қиялдау оны айтқан боп есептелмейді. Ал жағымды, жақсы нәрселер болса нұрлы болғандықтан оны ойлау, қиялдау жақсы амал боп есептеледі. Өйткені, айнада нұрлы нәрсенің шағылысы жарық беріп, өзіндік қасиеттерін сақтап қалады емес пе?. Ал құрамы тығыз, қалың нәрселердің суреті жансыз, тіршілік жоқ, әсер етпейді.
Шамлы Тәуфиқ бауырымыздың сақтануы өте дұрыс дей отырып бұрынғы атқарған қызметтерінің сауабы оның амал дәптеріне әрдайым жазылып тұруы үшін өзі де әрдайым қызмет етуі керек. Құдайға шүкір алмастай қаламымен рисалелерді жазуға қайтадан бастауы жаныма үміт сыйлап, ынта-жігерімді оятып көңілді бір демеп тастады. Барлада өткен күндерді сағынышпен еске салды.
Сабри бауырым! Имамдық қызметің Рисалей-Нұр тұрғысынан зияны жоқ, пәтуәмен амал жасау ниетімен әзірге жұмыстан шықпа!
Хусрев бауырым! Бесінші Шұғаның маңыздылығын баяндап, жоғары баға бергеніңе қатты қуандым. Жалт-жұлт еткен Құран Кәрімді екінші мәрте жазып шыққаныңды естіп мәз болдым. Әрі
берекелі қаламыңмен
{(Сілтеме): Таңғажайып берекенің жарқын бір көрінісі. Рисалей-Нұрға қызмет етіп жүрген Гүл фабрикасының жазушысы Хусрев, екі жарым жыл бұрын бір кішкене құтыға құйылған әтір жіберген болатын. Мен оны әрдайым пайдаланғанның өзінде әлі таусылар емес. Бауырым Әмин қасымда отыр, оның берекелі болғанына соң куә әрі сендерге сәлем жолдауда.}
маған арнап тағы жаңа рисалелерді көшіріп жазуың мені дән риза етіп, қуанғаннан көзге жас келді. Рүшту мен Рэфэттің дендерінің саулығы және адал түрде, табандылық танытуы менің уайымымды жоқ қылып көңілім бір жадырап қалды. Мен, Спарта тәлабаларының құрметіне Спарта қаласын өз ауылым Нұрспен бірге қойып дұға етемін. Спарта маған өз отанымдай ыстық көрінеді.
Қол машинкасы қуатты Али бауырым! Сендердің ықыласты қызметтеріңнің арқасында Рисалей-Нұр шеңберіне өздерің секілді табанды да қайсар шәкірттер кіріп қызметті әрі қарай қызу түрде жалғастыратынына үмітім зор. Мен танитын Абдуллаһқа және танымайтын барлық бауырларыма сәлемімді және оларды мағынауи табыстарыма ортақ қылғанымды айтарсыз. Хатымда аттары әдейі жазылмай, бірақ жадымда жазылған қымбатты бауырларыммен тығыз байланыстамын.
Бауырларым! Өте сақ болыңыздар, айналамызда мүнафықтар өріп жүр. Мүмкін болғанынша Рисалей-Нұрлардың бұл жерден жөнелтіліп жатқанын айтпаңыздар. Әйтпесе қызметке зиян келеді. Өкінішке орай, мені бұл жерде жападан-жалғыз қалдырғандықтан өте маңызды көптеген ақиқаттар жазылмай, қағазға түспей келіп кетіп жатыр. Күлеөнүлік ықыласты, адал әрі мүбарак еңбеккештерге және Исламкөйден шынайы да қайрат-жігері тасыған саны көп тәлабаларға сондай-ақ, Барладағы сенімді де қымбатты дос-жарандарға әсіресе Әғірдірдегі жанкешті, адал Хаққы мен Мехмет сынды бауырларыма басқа да ағайындарға мыңдаған сәлем айтып, дұға етемін.
Ғазиз, адал әрі жанкешті, сенімді бауырларым және Құран мен Иман қызметінде мықты, еңбеккеш, қуатты достарым!
Бұл дүниядағы жұбанышым сендерсіңдер. Сендерге көп үміт артып едім, үмітімді толық ақтадыңдар. Аллаһ тағала сендерге өмір бақи разы болсын, әмин. Жіберген рисалелердің әсіресе оныншы Сөз осы аймаққа көп пайдалы болды. Әрбір парағы үшін қолымнан келсе үлкен сыйлық берер едім. Көптен бері көрмегендіктен қайсы бір рисалені оқысам: "осы ең маңызды!" дейтінмін. Сосын басқасын алып: "осы маңызды!", кейін қолыма басқасын алғанымда таңғалып көзімнің жеткені мынау: Рисалей-Нұрдың кітаптарын мынау маңыздырақ, анау маңыздырақ деуге келмейді екен. Әрқайсының өзіндік орны, өзіндік мәртебесі бар. Иә, ол осы заманды нұрландыратын Құранның мағынауи мұғжизасы ғой.
Рас, осы ғасырдың маңызды әрі рухани әрі ғылыми муршид-ұстазы боп табылатын Рисалет-үн Нұрдың Куллияты, яғни толық жинағы басқа ірі тұлғалар секілді өзіне тән, іліми ақиқатына үйлесімді бірнеше тұрғыдан, әсіресе иман ақиқаттарын ашып көрсету мәселесінде және кеңінен тарауында ғажайып кәраматтары болғаны секілді үш ашық кәраматын айтар болсақ, "Мұғжизат-ы Ахмадия", "Оныншы Сөз" және "Жиырма тоғызыншы Сөз", "Аят-үл Күбра" сынды көптеген кітаптары, әрқайсының өзіндік кәраматтары бар екені қыруар оқиғалармен дәлелденген, оған еш шәк, шүбә жоқ. Тіпті жан алқымға келіп, ақтық демі шығарда шәкірттеріне иманын сақтап қалу үшін келетін пір секілді көмекке келіп, медет бергеніне бірнеше оқиғалар куәлік етеді, ол шүбәсіз шындық.
{(Сілтеме): Аят-үл Күбраның үшінші мәнзилінің бас жағында айтылғандай, Ахмед-і Фаруқи Рисалей-Нұр туралы былай деген екен: "Мүтекәллим біреу келіп иманның ақиқаттарын жаппай толық түрде баяндап, дәлелдеп береді". Бірақ уақыт көрсетті, ол адам емес, негізінде Рисалей-Нұр кітаптары екен. Әһл-і кәшф әулиелер Рисалей-Нұр кітаптарын түкке тұрмайтын аудармашысы бейнесінде көріп, "бір адам келеді!" деген.}
Бір сағат тәфәккүр яғни ой жүгіртіп пікірлеу бір жылдық нәпіл ғибадатпен пара-пар. Оған мысал, "Хизб-үл Әкбар" жинағы,
оны өзім көріп, көзім әбден жетті. Сендерге Рисалет-үн Нұрдың "Хизб-үл Әкбарын" және Құранның "Хизб-и Ағзамын" жібергім келеді. Бірақ, "Хизб-и Ағзам" өте ұзақ болғандықтан әлі жаздыра алмадым. "Хизб-и Әкбар" болса оған аударма жасатқым келді, әзірге бастарттым. Сендер секілді бауырларым аудармаға мұқтаж еместігін ойлап, тек арапшасын ғана жіберсем деймін, иншаллаһ.
Сендерге алдында "Аят-үл Күбраның" бірінші бөлімінің қорытындысы деп аталатын тарау сол хизбтің негізі боп табылады. Еріксіз түрде оған кішкене қосымша пікірлер, түсіндірмелер жазылып еді құлпырып мүлдем басқа түрге еніп шыға келді. Қанаттарын жайып, ауқымы кеңейіп Аят-үл Күбраның шағын үлгісіне ұқсап тәухидқа куәлігі жарқын көрініп, мағынасы нұрланып қоя берді. Жанымның, жүрегімнің, пікірімнің арнасы кеңейіп, тынысы кеңейді. Мен де қатты шаршап, жалыққан кезімде оны қолыма алып пікір ете оқысам болды рахаттанып, ынта-жігерім оянады.
Бір сұраққа жауап ретінде жазған пікір жазбамды сендерге де пайдасы болар деген ниетпен баяндап берейін. Әулиелер мен ғалым-ғұламалардың кітаптарын көп оқып, зерттеген кейбір кісілер былай деп сұрады: "Рисалей-Нұрдың өз оқырманына беретін зауық, рахат, және иман мен "изан" басқалардан әлдеқайда қуатты болуының себебі не?"
Жауабы: Бұрынғы заманның ғалымдары жазған кітаптар, рисале-диуандары иманның, мағрифаттың нәтижелері туралы, жеміс-миуалары мен нұр-фәйіздері жайлы баяндайды. Олардың заманында иман негіздері аман, шарттарына ешкім тиіспейтін. Сондықтан иман шарттары аман-сау болатын. Қазіргі таңда иман негіздеріне тиісіп, тамырына балта шабуға сұмдық әрекет жасалуда әрі жұмылып жамағат боп шабуыл жасауда. Әлгі диуанлар мен рисалелердің басым көпшілігі хас мүміндерге, жеке тұлғаларға арналып жазылғандықтан бұл заманның сұмдық шабуылдарына төтеп бере алмауда. Рисалей-Нұр болса Құранның мағынауи мұғжизасы ретінде иман негіздерін сақтап қаладаы. Ол, жүректегі дайын иманға негізделмей, қайта күшті дәлелдермен, көптеген бұлтартпас айғақтармен иманды тұрақтандырып дәлелдеуге, мықтап бекітуге, сақтап қалуға, күдіктерді жоюға тырысатындықтан мына заманда әркім оған нан секілді, дәрі сияқты мұқтаж екенін үңіліп қарағандар мойындауда.
"Әулие бол, көр! Дәрежеңді көтер! Қара! Нұр-фәйіздерді ал!". Рисалей-Нұр болса, былай дейді: "Кім болсаң да кел, тек көзіңді ашып қара! Ақиқатты көр, мәңгі бақыттың кілті болып табылатын иманыңды сақтап қал! Әрі Рисалет-үн Нұр ең бірінші боп аудармашының нәпсісін қанағаттандырады, сосын тыңдаушыға әсеретеді. Әлбетте әммара нәпсіні толық қанағаттандырған және ешқандай уәсуәсә-күдік қалдырмайтын дәрістің әсері қуатты әрі ықыласты болады. Ол мына заманғы жамағат түріндегі адасқан топ сұмдық рухани тұлғаға қарсы жалғыз өзі төтеп беріп үстем келеді. Әрі Рисалей-Нұр басқа ғұламалардың кітаптары секілді тек ақыл мен ойға негізделіп дәріс бермейді, сондай-ақ, әулиелер тәрізді тек жүректің ашылуына, зауқына қарай әрекет етпейді. Ол, ақыл мен жүректі біріктіріп, рух және басқа да сезімдерді іске қосып ұйымдасқан түр шыңға биікке самғайды. Тиіспек болған пәлсәпәнің аяғы түгіл тіпті көзі жетпейтін белес шыңдарға шығып иман ақиқаттарын көр соқыр жандарға да көрсетіп береді.
Ғазиз, тым адал бауырларым!
Менің бұл дүниядағы жұбанышым да қуанышым да сендерсіңдер. Егер сендер болмағанда соңғы төрт жылдағы азапқа шыдай алмас едім. Сендердің табандылықтарың мен қайсарлықтарың маған күшті сабыр сыйлап, шыдамдылыққа себеп болды. Кенеттен ойға келген төрт тұжырым баяндап берейін.
Біріншісі; Бауырларым, осы соңғы болған зілзәла менің назарымда Айдың екіге бөлінуі секілді Құранның мұғжизасы деуге болады. Ең қырсық, тоңмойындарды да мойындауға мәжбүр ететіндей дәрежеде әсерлі болады.
Екіншісі; Осы кезге дейін ешқандай жамағат Рисалей-Нұр шәкірттеріндей хақ пен ақиқат жолында көп қызмет етіп, бірақ аз машақат шекпеген. Олар біз атқарған қызметтің оннан бір бөлігін атқарып біз шеккен қиыншылықтың он есесін тартқан. Демек, біз әрдайым Құдайға шүкір етіп, әлхамдулиллаһ дейтін жағдайдамыз.
Үшіншісі; Мен, келген Рисалелерді жіті тексеріп шықтым. Кейбір ақиқаттардың қайталанғанын көрдім. Орны келген соң қайталанған болар. Дегенмен менің қалауымнан тыс, еріксіз түрде неге бұлай болды екен деп, есімнен шығып ұмытып кеткеніме өкіндім. Кенет мұндай бір ой келді: "Он тоғызыншы Сөздің соңғы бөліміне қара!". Қарасам, Рисалей-Нұрда, атап айтқанда Құранның ғажап қасиеттері жайлы баяндайтын Рисалет-і Ахмәдия (а.с.м) атты кітапта аяттардың қайталануының керемет хикметтері баяндалыпты. Демек, қайталану әлгі хикметтер үшін өте орынды, солай болуы керек, үйлесіп-ақ тұр.
Лүтфү, Абдурахман әрі Хафыз Алиды жоқтатпайтын Кіші Али бауырымыз сендердің аттарыңнан Жиырма Тоғызыншы арапша Леманың тәпсірін және аудармасын сұрап жатыр. Менің дәл қазір онымен шұғылданар уақытым да, жағдайым да жоқ. Иншаллаһ, келешекте Рисалет-үн Нұрдың басқа бір шәкірті ол міндетті атқарар. Жалпы, жиырмасыншы Мектуп пен Отыз екінші Сөз ол Леманың біршама түсініктемесі деуге болады.
Хазіреті Али (р.һ) екі мәрте تُقَادُ سِرَاجُ النُّورِ سِرًّا деп айтуы нұрлардың перденің астынан жасырын жайылып, нұрлардыруын мегзеуі бізді сақ болуға итеріп, солай жүруімізді бұйырады.
Бір мәселе жайлы өте қысқа бір ишара баяндаймын, зеректік танытып мәнін мәнін өздерің түсініп аларсыңдар.
Сұрақ: Жердің қорқып сілкінуі және ашулануы осы Орысқа келмейді де тек кімдерге ғана.....?
Жауабы: Өйткені, үкімі жойылған, өзгеріске ұшыраған дінге опасыздық, одан безу басқа, ал үкімі мәңгі бақи хақ дінге опасыздық басқа. Ол әрине жерді сілкіп, ашу-ызасын шақыратын жағдай.
Хашр мәселесінің кіріспесінің таруларын сұрап жатыр екенсің. Қазіргі жағдайым еш мүмкіндік бермей тұр. Сонымен қатар хашр туралы яғни өлген соң қайта тірілу жайлы жазылған ақиқаттар, айғақ-дәлелдер жалпыны қанағаттандырарлық болғандықтан тез жауап жазуға мағынауи түрде мәжбүр етпеді. Біршама кейінге қалды, асықтырмады. Әрі маған бұл жерде көп шектеулер қойып тастаған.
Ғазиз, табанды, жанкешті, адал бауырларым!
Біріншіден; Келе жатқан мейрамдарың құтты болсын. وَالْفَجْرِ ٭ وَ لَيَالٍ عَشْرٍ деп Құран ант ету арқылы құнды да қасиетті екені дәлелденген осы мүбарак түндерде және таң сәрілерде мүбарак бауырларымның мүбарак дұға-тілектері маған да мүмін-мұсымандарға да өте берекелі әрі нұрлы болуын Рахманның рахымынан күтіп үміттенеміз.
Екіншіден; Сендерге кішкене бір қатенің үлкен ғайби нүктесін және қарсы беттегі сілтемені өз орнына жазсын деп жіберіп отырмын.
Үшіншіден; Хулусидің бір дерті барын сезіп жүрмін. Уайымдамасын. Рисалей-Нұрдың шәкірттеріне инает, рахмет яғни Аллаһтың жәрдемі мен рахымы түсіп әрдайым сақтап, жебеп жүреді. Дүнияның машақаттары сауап жазылуына себеп болатыны әрі уақытша екені рас. Олай болса ондай қиыншылықтарға сабыр сақтап шүкір ету және табандылық таныту керек. Ол және сендер менің барлық дұға-тілектеріме және рухани табыстарыма ортақсыңдар.
Төртіншіден; Рисалей-Нұр, тікелей Құранның қанатының астында және Раббани қамқорлықпен жайылып жатыр. Имам-ы Али (р.һ) екі мәрте "сырран, сырран" деуі мынаны меңзейді: нұрлар перденің астында болса әлдеқайда әсерлі айналаға-фәйіз шашып нұрландырады. Сендердей бауырларым заманның мына алай-түлей қарамай, қарсы - осы кезге дейін болғанындай - тағы да мойымай бұрынғыдай төтеп береді деген үміттемін. مَنْ اٰمَنَ بِالْقَدَرِ اَمِنَ مِنَ الْكَدَرِ деген қағиданы мықтап ұстануымыз керек.
Ғазиз бауырларым!
Сендерді де мейрамдарыңмен құттықтаймын. Денсаулығымды сұрап, уайымдап жатқанға ұқсайсыңдар. Осы жердің қысы қатты болуы және тұрып жатқан бөлмемнің суықтығы және үш есе жалғыздықтың әсері сондай-ақ, үш түрлі жүйке ауруының мазамды алуы және мүлдем жалғыз қалып шыдау мүмкін емес азапқа ұшырауым, міне жағдай осылай бола тұра Жаратқан Иеме сансыз шүкір етемін, кез-келген дерттің ең киелі емі болып табылатын иман нығметін сыйлады және тағдырға иманның ішінен қазаға риза болу, жазмышқа көну дейтін дәрі тарту етті. Сөйтіп сабыр сақтауды нәсіп етіп, шүкір еткізді.
Ғазиз, адал және ақпейіл бауырларым!
Сендер секілді жандарды Рисалет-үн Нұрға ие және жаюшы және сақтаушы қылғанына Рабб-ы Рахимыма сансыз шүкір етемін. Сөйтіп мен сияқты әлсіз бейшараның қылдай беліне түсер ауыр жүкті жеңілдетті.
Бауырларым! Бұл жолғы жазған үш хаттарыңнан бір тұтас үш Хулуси, үш Сабри, үш Хаққы сынды аса қымбатты тоғыз бауыр көрдім. Абақтыда Абдрахманның әкесінің міндетін атқарған, яғни киімдерімнің жыртықтарын жамап берген Хаққы бауырымның ықыласты да шынайы достығы мен ойлағаннан әлдеқайда артып шарықтап кеткенін білдім, риза болдым.
Сабри бауырым! Мені қоршап, тұсаулап тастаған ауыр шарттарға көп мән бермейсің. Алайда, осы жердің күдікшіл дүнияқұмарлары маған шүйлігіп, жіті бақылап қатты тиісуде. Тіпті.... тіпті.... жарайды.
Сондай-ақ, мен туралы шамамнан мың есе артық бағалап жоғары мақам, биік мәртебе беру тек қана Рисалей-Нұр үшін, оның қызметі үшін және Құранның алмастарын сатушы, делдал ретінде болсам ғана қабылдаймын. Әйтпесе түкке тұрмайтын жеке тұлғам жағынан ондай мақтауларды қабылдауға ақым жоқ. Жалт-жұлт еткен ұшқыр қаламымен Рисалей-Нұрға еңбегі сіңген және біздің ойымыздан кетпейтін мәртебесі биік Хафыз Тәуфиктің жазған Аят-үл Күбра рисалесін бір уақыт реті келгенде жіберерсіңдер. Оның тоғыз жыл бойы қол жазбасымен көзімді қуантқан жазуларын тағы да көргім келеді.
Аса қымбатты Хулуси және Хаққы сынды бауырларым!
Хаққының дегеніндей, Сабридың жазған хаттары дәл олардың хаты секілді қабыл болды. Ол тұрғыдан алғанда Хулусимен хабарласу жалғасып жатыр. Рисалей-Нұр күннен-күнге жарқырап иман саласында жаңа белестер асуда. Ол өзінен өзі иншаллаһ, көрген адамдардың көңілінен шығып, баурап алуда, ал қырсыққандардың аузына құм құюда. Оны ғайби бір қол сақтап, дұшпандарын тығырыққа тіреуде. Кәпірлердің соқыр көздері оның өзін көрмейді, ізін де таба алмайды, бірақ жарқын да қызу қызметтерінің жемістерін көріп аң-таң. Осы күндері бізге өте сақ болуымыз қажет.
Ғазиз, адал, қымбатты бауырларым және Құран қызметінде табанды да ықыласты, еңбеккеш достарым!
Жаңа бір кәраматқа ұйытқы және инает пен қуанышқа себеп хаттарыңды алдым. Ол, Рисалет-үн Нұрға қатысты Иләһи икрам мен инаетті, яғни Құдайдың сыйы мен жарылқауын көрсетті. Қалай десеңдер, осыдан төрт-бес күн бұрын толық тексеруден өткіземіз деп мен отырған абақтыны тінтіп шықты. Бәрін астан-кестең қылып ақтарса да Құдайдың құдреті, бізді өкіндіретін ешнәрсе таба алмады. Тек, Үнемділік рисалесі, Дерт пен Дауа және он үшінші Лема секілді алты-жеті кітаптарымызды көріп "зияны жоқ!" деді. Сосын Хусрев бауырымыздың азан туралы жазған мәселесіне ұқсас жазбаны заңға қайшы болса да бірін қалдырмай түгел қайтарып берді. Мен сол оқиғадан қатты әсер алып, уайымдап - таудан қайтып келе жатқанда - Абдүлмәжид, Сабри, Хусрев, Хафыз Алимен сөйлесіп, апырм-ай сендерге де тиісіп жатыр ма деп білгім келді. Тіпті тауда дауыстап айқайладым. Келгенімде есікті кенет Әмин ашты. Қолыма төртеуіңнің жазған мубарак хаттарыңды ұстатты. Екеуміз бұл икрамдағы және тінту кезіндегі Құдайдың сақтағанын және Хусревтің күтпеген жерден арыз жазып нәтижесі жағымды болып шығуы яғни Раббани қамқорлық дәл уақытында болғанына көзіміз жетті. Рисалет-үн Нұр әрдайым Аллаһтың қамқорлығында деп шүкір еттік.
Ғазиз бауырларым! Фихристенің яғни Рисалелердің толық мазмұнының қалғанын жазу сендерге тапсырылған болатын. Оны өзара бөлісіп жазсаңдар жақсы болады.
Машаллаһ, бәрекелді, қаламдарың қызу жұмыс істеп жатумен қатар санының артуы және Сау ауылында бірден көбейіп кетуі қуанарлық жәйіт. Хажы Хафыз бен оның ауылына мың мәрте Бәрекелді, бізді шаттыққа бөледі. Және Хусревтің тәуафукты жазбасы әсіресе жарқын Мұғжизат-ы Ахмедия (с.а.у) кітабының нұсқасы және үлкен, кіші Алилердің жазған рисалелері бұл өлкеде қызыға оқылып, тез тарауда. Иншаллаһ, ол берекелі қаламдардың әлі талай жеңістері болады, тірі болсақ көрерміз.
Ғазиз, қымбатты, адал әрі табанды бауырларым!
Фихристені өзара бөлісіп ынтымағы жарасқан тобыңыздың мағынауи тұлғасына тапсырғандарың өте жақсы болған. Енді толыққанды және әрқашан қастарыңнан табылатын ұстаз таптыңдар. Ол мағынауи ұстаздың мәртебесі мына әлсіз бауырларыңнан әлдеқайда жоғары. Енді менің қажетім бола қоймас.
Сабри бауырым! Сенің көрген түсің мүбарак әрі мағынасы терең. Иншаллаһ уақыт өз орнына қойып тәпсірлейді.
Бауырларым!
Сендердің көңілдерің үшін және әскерге бару мәселесіне орай қазіргі болып жатқан оқиғаларға шолу жасадым. Жүрекке мынадай ой келді: Болымсыз нәрселерге негізделген және Қарұнға ұқсап деп яғни ризық несібемді мен өзім таптым деп Раббани сый-сияпат екенін білмей шүкір етпейтін және материализм ұғымын қабылдап ширк қосатын және жағымсыз жағы жағымды жағынан асып түскен мына батыстық мәдениет әлбетте аспани шапалақ жеп жазасын тартты. Сөйтіп жүздеген жылдар бойы жинаған өркениет өнімдерін өртеп, бәрінен айырылып тынды. Еуропаның залым өкіметтері зұлымдық жасап және "Сәур" келісім шарты арқылы Ислам әлеміне және халифаттың орталығына жасаған опасыздықтары үшін жеңіліске ұшырап шапалақ жеді. Олар дүнияның өзінде тозаққа түсіп шыға алмай, азап шегіп шыр-пыр болуда.
Иә, бұл жеңілістері дәл зілзәла секілді опасыздықтарының жазасы. Көпшіліктің айтуы бойынша, Рисалет-үн Нұрдың екі орталығы боп саналатын Спарта және Кастамону аймақтары басқа жерлерге қарағанда аспани апаттардан аман қалуда оның себебі, Рисалей-Нұр арқылы алынған шынайы иман, тақуа, діндарлық. Өйткені, мұндай бәле мен апаттар иманның әлсіздігінен пайда болатын күнәлардың жазасы, соның нәтижесі боп табылады. Хадис бойынша садақа бәлені қайтарып жіберетіні секілді әлгі имани күш-қуат әлгіндей апаттарға қарсы тұрып дәрежесіне қарай төтеп беріп кері қайтарады.
Ғазиз, адал және шынайы да жанкешті, сенімді бауырларым!
Сендердің бұл жолғы мағынауи, нұрлы кәделерің мен үшін фердәус жәннатынан бір шоқ гүл, бақи әлемнен келген абыл-кәусар секілді көңілімді шаттандырып, бүкіл сезімдерім қуанышқа бөленіп шүкір еттім. Сендерге жауап ретінде ұзақ хат жазғым келеді, дегенмен уақытым да жағдайым да мұрша бермей, қысыл таяң болғандықтан қысқа қайыруға мәжбүр болдым. Енді тек сол сый-кәделердің иелеріне жеке-жеке Машаллаһ, Барекәллаһ, Уаффакәкүмуллаһ, Әсғадәкүмуллаһ деймін. Әсіресе, өзіндік бір медресе тәрізді жиырма жетінші Мектубтты қолыма алып сол жерде өткен шаққа кетіп сағынған бауырларыммен ойша жүздестім және қайта-қайта және жеке-жеке кездесіп, көрісіп жүрмін.
Отыз бірінші аяттың бірінші кіріспесі болған وَ اِنْ كُنْتُمْ مَرْضٰٓى сөйлемі мың бес жүзден асатын джифри санымен мына кәпірлер тарапынан жұқтырылған аурулардың басым көпшілігі Рисалей-Нұрдағы Құрани дәрілермен емдеуге болатынын меңзеп, сонымен қатар өкінішке орай, егер дүнияның екі жүз жылдай өмірі қалған болса бір адасқан топтың да қабаттасып жалғаса беретінін ишарамен білдіріп тұр. فَتَيَمَّمُوا صَع۪يدًا сөйлемі ишари мағынасында, екінші белгінің бірінші нүктесінде «син» әрпі «сад» әрпінің артына жасырынуының және «сад» әрпінің көрінбей қалуының екі себебі бар.
Біріншіден; Саид дәл топырақ сияқты қарапайым, көнгіш әрі менмендікті тастаған, толық кішіпейіл болуы шарт. Сонда Рисалет-үн Нұрға көлеңке түсірмей, әсері күшті болмақ.
Екіншіден; Қазіргі таңда батпаққа батуымыздың, рухани апатқа ұшырауымыздың бір себебі өзімізше дамып, өркениетті боламыз деген ойдан туындағандықтан, олардың қатесін бетіне басып, мұсылманның дамуы мен өркениеті тек дін Исламмен, Имандылықпен болады, дегендей ишара қылады.
Бауырларым! Жақында көкейіме екі мәселе келді. Біреуі Рисалей-Нұр тәлабаларына, ал екіншісі маған қатысты. Маңызды болғандықтан сендермен бөлісіп отырмын.
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Бірінші Шұғада екі-үш аяттың ишарасы баяндалған жерде Рисалет-үн Нұрдың шынайы тәлабалары дүниядан иманды кететіні, әһл-і жәннат болатыны жайлы киелі сүйінші, қуатты да қуанышты хабар баяндалған болатын. Алайда мұндай маңызды да өзекті мәселені, яғни өте құнды ишараны қуаттайтын күшті дәлел керек деп күтіп жүр едім. Күткеніме көп болды. Құдайға шүкір екі белгі-нышан көкейге келді.
Бірінші белгі: Тахқиқи Иман, яғни зерттеліп, әбден көз жеткізілген иман илмәл-яқин дәрежесінен хаққал-яқин дәрежесіне көтерілген сайын тұрақтанып беки түсетініне әһл-і кәшф уә тахқиқ әулиелер бір ауыздан қарар берген және былай деген екен: "Жан алқымға келіп, адам өлер кезде әзәзіл шайтан уәсуәсә-күдікті тек ақылға салып күмәндандырып қояды екен. Әлгіндей тахқиқи иман болса ақылда тұрмай әрмен қарай еніп қалбке, рухқа, сырға және басқа сезімдерге сіңіп, бойға тарап кетеді. Ал ол жақтарға шайтанның қолы жетпейді. Сөйтіп иманы аман қалады".
Мұндай тахқиқи иманға қол жеткізудің жолы "уәлаят-ы кәмилә" арқылы кәшф уә шуһуд қылып, яғни көзбен көргендей, қолмен ұстағандай анық қанық түрде ақиқатқа жету. Бұл жол әхасса-ы хауасқа тән, яғни таңдаулы тұлғалардың ішінен тақуа, ерекше жандарға тән, олардың иманын шухуди деп атайды, яғни олар көзбен көргендей сенеді.
Екінші белгі: Рисалет-үн Нұрдың шынайы шәкірттері, өздерінің ақыры қайыр болып кәміл иманға қол жеткізулері үшін қыруар әрі мақбұл, шынайы дұғалар жасайды. Олардың ешбіреуі қабыл болмауы
ақылға сыймайды. Атап айтсақ, Рисалей-Нұрдың бір қызметшісі және бір шәкірті жиырма төрт сағат бойы Нұр шәкірттерінің ақыры қайыр болып, мәңгі бақытқа бөленулері үшін жүз мәрте дұға етеді. оның жасаған дұғаларының кемінде жиырма-отызы Рисалей-Нұр тәлабаларының имандары саламат болуы үшін, және әрқайсының ақыры қайырлы, дүниядан иманды кетуін тілеп, дұғаны қабыл болатын дәрежеде, шарттарын орындап тұрып қайта-қайта жасауда. Сондай-ақ, Рисалет-үн Нұрдың тәлабалары жамағат болып бұл заманда жан-жақтан қауіп төнген, шабуылға ұшыраған имандарын сақтап сау-саламат болсын деп адал әрі бейкүнә тілдерімен өзара жасаған дұғаларының саны қыруар көптігі сонша Аллаһтың рахымы мен хикметі кері қайтаруға рұқсат ете қоймас. Тіпті барлығы жаппай қабыл болмаса да ішінен бір түйірі қабыл болса барлығының иманы саламат болып дүниядан иманды кетуіне жеткілікті. Өйткені әрбір дұға жалпыға ортақ болып бәрін қамтиды.
ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ: Жиырма жыл бұрын бастырылған "Сунухат" рисалесінде, ақиқатқа сәйкес түсімде Ислам әлемінің тағдыры жайлы кеңес құрған рухани мәжілісте осы ғасырдың атынан барғандықтан менен, яғни Ескі Саидтан сұралған сұрақтың жауабының нышан-белгілері дәл қазір көріне бастады. Сол кезде әлгі мағынауи мәжіліс менен былай деп сұраған болатын:
"Осы Алман өкіметінің жеңілісімен тынған соғыста Османлы мемлекетінің жеңіліске ұшырауының хикметі сыры неде?"
Жауап ретінде Ескі Саид былай деген еді: Егер біз жеңгенімізде мәдениет деп діни құндылықтарымыздан бас тартар едік. Жеті жылдан кейін солай болды. Мәдениет дегенді желеу етіп Ислам әлеміне әсіресе Мекке, Мәдинә секілді қасиетті жерлерге Анадолуға жасалғанындай режим, орнап батыстық мәдениет жаулап мәжбүрлі, түрде бәріне ортақ жаппай жүзеге асырылар еді. Аллаһтың рахымымен ол жерлерді аман сақтау үшін тағдыр біздің жеңілуімізге пәтуа берді.
Дәл осы жауаптан жиырма жыл өткен соң тағы бір түні маған былай деп сауал қойылды: "Бейтарап қалғанда, айырылып қалған иелігін кері қайтарып алатын еді әрі Мысыр мен Үндістанды да құтқарып одақтас табар еді. Осындай әлемдік саясатта үлкен жеңіске қол жеткізуге мүмкіндік бола тұра күмәнді, әрі сенімсіз,
пайдасы жоқ дұшпан бір елге (Англия) жақтасып осылайша мүлдем зиянды жолды таңдаған болды. Әлгіндей тиімді жолды өте зерек тіпті саяси данышпан адамдардың байқамай олардың назарынан жасырын қалуының хикметі не?" Мағынауи жақтан келген жауап былай болатын: "Сен жиырма жыл бұрын мағынауи сұраққа берген жауабың осы сауалдың да толық жауабы, яғни егер жеңіске жеткен елді қолдап, солармен одақ болғанда тағы да "мимсіз мәдениет", яғни азғындыққа апаратын батыстық тұрмыс салты үстем келіп режим ешқандай кедергісіз Ислам әлеміне, қасиетті жерлерге жаппай орнап басқаша болар еді. Үш жүз елу миллион мұсылмандардың сау-саламаты үшін әлгі көрініп тұрған ап-ашық қатені байқамай, соқыр адамдай әрекет қылды.
Ғазиз, адал, мүбарак бауырларым!
Сендердің мына мейрамда жіберген сый-кәделерің мені мейрамыммен құттықтап көңілімдегі жабырқаудың бәрін жойып жіберді. Мың мәрте бәрекелді. Мұндай заманда мұндай шынайы ықылас, адалдық, Құдай үшін достық, Аллаһ жолында ынтымақ тек қана қайрат-жігері мол, ынталы да адал жандарда болады. Сендер секілді жандарды Қасиетті Құранға қызметші, Рисалей-Нұрға шәкірт қылған Халиқ-ы Зүлжәлалға шүкір сансыз мадақ.
Хусрев бауырым! Сенің, барлық бауырлардың атынан мейрамды құттықтау ниетімен жіберген әу баста Құранның өте тамаша, керемет параларын сосын Мектубат кітабының басым бөлігін тарту етуің бізді дән риза қылып мейрамды құттықтау ретінде қабыл алдық, мыңдаған бәрекелді.
Кіші Али бауырым! Сенің мағынауи үлкен сыйлығың мені шынымен таңқалдырды. Мына әдемі жазу Үлкен Алидыкы ма әлде Кіші Алидыкы деп біле алмай абдырып қалдым. Бейне бір дүнияға
жаңа бір Абдрахман, бір Лүтфу келгендей және Үлкен Хафыз Алидың әдісіне ұқсас қаһарман қолқанат жетіскен екен деп қуандым және екі мүбарак әрі ықыласты әрі қымбатты Мұстафалардың қолына алмас қылыш сыйланыпты ол қылыш осы аймақты азат етуге септігі тиер және қызмет тұрғысында мен секілді әлсіз байғұсқа демеуші болар. Машаллаһ, Үлкен Хафыз Алидың нұрлы да алып фабрикасы Күлеөнүн де қамтып алғаны ғой дәл соның қаламы, дәл сондай әдіс, дәл сондай жігер танытыпсың. Рисалей-Нұрдың болмысына жарасатын нақыштармен безенген көйлек кигізіпсің.
Ғазиз, адал бауырларым!
Мейрамдарыңды құттықтап, қызметтеріңді жоғары бағалап, табысты болуларыңа дұға ете отырып Халиқ-ы Рахимге сансыз шүкір етемін. Аллаһ, сендердей қайсар жанкешті бауырларды Рисалет-үн Нұрдың иесі және оны жаюшы қылғанына шүкір. Сендер есіме түскенде рухым жадырап, көңілім көтеріліп бір жасап қаламын. Дүниемен қош айтысу мен үшін түк емес, өкінбеймін. Өйткені сендер болсаңдар өзімді тірі сезініп, өлімнен қорықпай, ажалымды қуана күтемін. Аллаһ сендерге разы болсын, әмин, әмин, әмин.
Бауырларым!
Сендерге бір қызықты хикая айтып берейін: Бір кездері маған Барладан бір кісі ағаштан жасалған құтыда жаңғақ аралас тәтті жіберген болатын. Құнын төлеп алған әлгі бір жарым келі тәттіден күнде алты данадан өзім жеп кейде дәл сол шамада, кейде көптеу басқаларға тәбәрік ретінде сыйлайтын едім. Бұл оқиға бәлкім Сыддық Сүлейменнің есінде болар. Кейін оны марқұм Галип бэй екеуміз есептедік. Өз шамасынан бес-алты есе артып берекет тапқанынына көзіміз жетті. Мен сонда айтқан едім: Мына кісінің ықыласы күшті, қолы үлкен берекелі екен". Енді есіме түсті, ол Хажы Хафыз болатын. Сол ғажап берекенің қазірде сыры ашылғандай.
Нұр фабрикасының иесі Хафыз Алидың сондай-ақ, мүбарактардың ауылына дұға етілген кезде Сау ауылына да дұға етілетін болды. Толық бір жыл болды тірі адамдардың саясында марқұмдар да үлескер. Рисалет-үн Нұрдың қызметінде жүргенде көптеген шәкірттер жеке-жеке әртүрлі кәраматқа бөленіп, Иләһи икрам-сыйлық алғанын сезінгені секілді мына әлсіз бауырларың аса мұқтаж болғандықтан неше түрін сезіп, көріп жүр. Осы күндері осы аймақтағы шәкірттер ант ете отырып мынаны мойындауда:
Біз нұрға қызмет еткен сайын тұрмысымыз жеңілдеп, көңіліміз көтеріңкі болса, жүректің тынысы кеңейіп жан рахатын ашық түрде сезудеміз. Менің көп сезінгенім сонша нәпсі мен шайтаным да ол аныққа таңғалып үні шықпай қалды. Біліп қойыңыздар, бір жылдан асты, мен дұға еткен кезімде Рисалет-үн Нұрдың шәкірттерінің ішінде Рисалелерге қызмет ететін әйел заттарын сондай-ақ, балаларды, әрі ата-аналарын да қосатын болдым. Себебі, әу баста Сабри болып ол жақта да бұл жақта да кейбір кісілер, бала-шағасымен нұр шеңберіне кіріп қызмет етуде. Аллаһтың әділдігі ғой, дін Исламға опасыздық жасаған азғын мәдениетшілдер мағынауи азапқа түсіп, бәдәуи, жабайылардан да бетер төмендеп, тоз-тозы шығуда. Еуропаның және Британияның жүз жылдық мәдени тұрмысын, қызықты өмірін, өркениетін, басқаларға, үстемдік рахаты астан-кестең боп, оларды бір үрей билеп және бастарына сұмдық уайым мен қауіп төнді, төбесінен бомба жауып жатыр. Міне, осындай аласапыран заманда ең қажетті де аса маңызды, ең бірінші атқарылар міндет иманды сақтап қалу. Сондықтан дәл осы жылды меңзейтін Құранның қуанышты хабары және فَضْلًا كَب۪يرًا ٭ فَضْلُ اللّٰهِ يُؤْت۪يهِ مَنْ يَشَٓاءُ
деген аяттардың сүйінші хабарын тыңдар болсақ, ең үлкен жеңіс ретінде Рисалей-Нұрдың мағынауи иман тұрғысындағы жеңісі екені белгілі.
Рас, әр адамның иманы мәңгі және дүниядай алып бақи жұмақтың кілті әрі нұры болып табылады. Олай болса, иманы қауіпті жағдайда тұрған адамға бүкіл дүнияны билеп салтанат құрудан да пайдалы бақ-дәулетке, табысқа қол жеткізетін Рисалет-үн Нұр, әлбетте әлгі аяттардың назарында және осы ғасырға қатысты аяттардың сүйінші
хабарларының арнайы түрдегі ұйытқысы, назар аударарлық мәселе. Нұр мен Гүл фабрикасының қызметшілері мен иелері бейне бір адамның екі көзі тәрізді. Сырт көзге екеу боп көрінгенімен біреу қылып көреді. Ал, қитар адам екеу қылып көреді. Құдайға шүкір, екі фабриканың, яғни екі топ жамағаттың ауызбіршілігі мықты, ынтымағы зор.
Ғазиз, мүбарак, өте адал, шынайы әрі жаным деуге лайық бауырларым!
Сендердің мені қатты қуантқан соңғы хаттарыңа Спарта арқылы жауап бермеуімнің себебі, менің Спартаның орталығымен байланысқаныма бұл жерде күдіктеніп, жіті бақылауға алған. Бір жағынан солай болғаны дұрыс шығар, себебі осылай айналып келсе сендерге жеткенше жолда Рисалей-Нұрдың бірнеше орталықтары пайдаланып, қажетіне жаратады.
Хусрев бауырым! Соңғы хатымда былай деген болатынмын: "Хусревтердің аналары бір жылдан асты барлық шәкірттерімнің әке-шешелеріне дұға етілуіне себеп болды". Мұны дұрыс түсін, сенің анаң секілді он жылдан бері Рисалет-үн Нұрдың хас шәкірттерінің дәрежесіне жеткен ол жерде көп ахиреттік апа-қарындастарым бар. Олар жаңадан басқалардың да дұға шеңберіне кіруге себеп болды деген сөз. Сендерге Рисалет-үн Нұрдың бұл өңірде көрінген кәраматтарынан сәуле-шуақтары деуге болатын бір-екі оқиға баяндап берейін.
Біреуі: Хатиб Мехмет (рахмәтуллаһ алейһ) дейтін ықыласты бір қарт тәлаба, "Ихтиярлар рисалесін" жазып жатып, он бірінші Риджаның (үміттің) соңғы бөліміне келгенде және марқұм Абдрахманның қайтыс болатын жерін жазып жатқанда қаламы: لَا اِلٰهَ اِلَّاهُوَ деп жазып, тілі де: لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ деп ақыры қайыр болып, өмірінің соңғы сәтінде иманын айтып кетіпті. Осылайша Рисалет-үн Нұр тәлабалары дүниеден иманды кететіні жайлы ишари түрде хабар берген Құранның сүйіншісін қайтыс болу арқылы растаған екен (рахмәтуллаһи алейһи рахмәтан уасиа).
Екіншісі: Сендер жазған "Фихристені" тексеріп жатқанымда көшіруші кісінің қалдырып кеткен парағын Тахсин бауырыма "жаз!" дедім. Ол жаза бастады. Қап-қара сия және таза қалам, кенет сендер жазған фихристенің екінші бөліміне келгенде қабыл болғанына дәлел
болса керек, керемет қызыл түске айналып қоя берді. Осылайша жарты бет құлпырып шыға келді. Біз таңқала қарап тұрғанымызда сия бұрынғы түсіне айналды. Беттің қалған жартысы дәл сол қалам, сол сия бірақ, қап-қара түспен жазыла берді. Мұндай оқиға Барлада да болған. Бау-бақшада Шамлы, Мәсуд сосын Сүлеймен куә. Маған қара сия ұнамайтын болғандықтан бір шамасын төктім. Кенет сияның қалған бөлігі маған қатты ұнайтын қызыл түске ауысып кетті. Мұны көрген Рисалей-Нұрдың көшіруші шәкірттері ынта-жігері артып, ықыластанып кеткен болатын.