керек. Таңғаларлығы, біздің күнәміздің кесірінен болатын мұндай пәлекеттерді олар алдын ала бізге хабар беретін көрінеді, бірақ біз олардың "ымдарын" түсінбейміз! Міне, Саид Нұрсидың пәленбай жылдан бері "діннен безгендер Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиіспесін! Егер тиіссе төбесіне төніп тұрған пәлекеттер еселеп сазайын тартқызады, істегендеріне өкінеді әлі!" деп, Рисалей-Нұр арқылы хабар берген болатын. Бұл соның жүздеген оқиғасының біреуі ғана. Хақ Тағала бізге және Рисалей-Нұрға тиіскендердің жүректеріне иман, бастарына ақиқатты көретін ақыл берсін! Бізді мынау зынданнан құтқарсын, оларды да пәлекеттерден сақтасын! Әмин!
Ғазиз, адал бауырларым және қиыншылықта ортақ достарым!
Сендердің араларыңда мүбарак ғалымдар, кең пейілді ағалар мен жүрегі таза жанкешті шәкірттер болғандықтан, сендерге зор сенім артып, сұмдық қу әрі саны көп қасқөй дұшпандарға қарсы ауызбіршіліктерін сақтап, ынтымақ, бірліктерін бұзбайды деп ойлап көңілім тыныш, жаным рахат күйде, сендерді уайымдамаушы едім. Сонда да бірнеше мәселені баяндаудың реті келіп тұр.
Біріншіден: Ақталып бостандыққа шығуымыз ұзаққа созылып кетпеуі үшін мен, Анкараға өтініш жіберіп құзырлы органдарға жүгінбей қоя салайын деген едім. Бірақ, сот біздің жасырын және ашық рисалелерімізді сондай-ақ, бұрыңғы мен қазіргі хаттарымызды аралас түрде Анкараға жібергендіктен бұл жердің сарапшылары секілді ол жақтың да сарапшылары әркімге көрсетпей жүрген рисалелерді негізге алып бізді айыптауы мүмкін. Сол үшін, "Бесінші Шуақтағы" Суфиян мен Ислам Тажалы туралы мәселеге қанағаттанарлық жауап беретін "Мүдафа" рисалесін және "табиғат жаратады" дейтін философиядан туындаған тәкаппар күпірлікті әшкерелейтін, сондайақ, шектен шыққан дінсіз жауыздықты тоқтататын "Миуа" рисалесін әлгі мақамға яғни Анкараға жіберуді жөн санадым, тіпті міндетті түрде жіберу керек, шарт деп шештім.
Екіншіден: Ғазиз бауырларым! Сендердің осы маңызы зор хаттарыңа жауап жазып отырғанымда қолыма дәл сол хатты әкеп ұстатты. Екінші тұжырымына келгенімде жаза алмай тоқтап қалып едім, енді соны тәмамдайын. Назар аударып, мұқият оқыңыздар.
Егер, бұл жазбаның адвокатыңызға пайдасыз болса да қызықты болып жатса демек, бізді қамағысы келетіндердің жоспары болғаны. Онда, бұл жердің сарапшылары дәл Анкараның сарапшылары секілді жарыққа шықпаған құпия рисалелерді, әсіресе "Бесінші Шуақты" негізге алып, оны "Рисалей-Нұрдың барлығы осылай" деп жала жауып және "Бесінші Шуақтағы" мәселелер бейне бір барлық Нұр тәлабаларының дәрісі секілді көрсетіп, шәкірттерді маған тағылған айыпқа ортақ қылып бәрін соттауға бағытталған сұмдық жоспар.
Мені сөйлетпеуі және жазбаларыма тиісіп оны Анкараға жібермеу үшін сот төрағасы мен оның жәрдемшісінің қарсылық білдіруі осыны меңзейді яғни сот, біздің дәйекті әрі нақты ақталу жазбаларымыз Анкараға жетпей тұрып бізді айыптайтын үкім шығарғысы келеді.
Үшіншіден: Негізінде мәселені созатындай үлкен кітаптарды, құжаттарды және ақталу хаттарымызды түгелдей Анкараға жіберетінін соттың төрағасы сол күні айтқан еді. Әлбетте, ол жазбалар барып та қойған шығар. Мүмкін, мен жазған жүйелі әрі толық түсініктеме беретін екі ақталу хат әлгі жоғарғы мақамға жетсе, бәлкім мәселені тез шешіп, сот үкімі ұзаққа созылмай жылдам шешімін тауып, бала-шағалы кісілер құтылып кетер. Бірақ, мен және мен секілді дүниямен байланысы жоқ кісілердің құтылуға емес, керісінше иман ақиқаттарын "мүлхидтерге", "мүртәжилерге" яғни діннен безгендер мен кері тартпаларға да көрсетіп, оны қорғаудың ең ыңғайлы жері осы абақты болғандықтан біздің мұнда бола беруіміз керек.
Төртіншіден: Рисалей-Нұр ақталып, бостандыққа шықпаса және менің ақталу жазбаларыма назар аударылмаса сендердің құр босқа, сырттай қарсылықтарыңның түк пайдасы жоқ. Өйтіп құтыла алмайсыңдар. Мәселеміз ортақ болғандықтан біз бір-бірімізбен тығыз байланыстымыз. Тек бізден алыс, байланысы нашар бірнеше кісілер құтылуы мүмкін. Мұны Ескішәһир соты іс жүзінде дәлелдеді. Бір жылдан бері ізімізді аңдып, арамызға тыңшы салып және аңқау да батыр шәкірттердің айтқандарын жазып, тіркеп сондай-ақ, бізге өштесіп, бізді азапқа салып, ұстанған жолымыздан өкіндіріп бастартқызу үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп баққан, тіпті бізге қарсы Шәйх Абдүлхакимді айдап салған және Шәйх Абдүлбақиді, сосын маған анда-санда наразы болатын Шәйх Сүлейменді біз сияқты қиын жағдайға ұшыратқандардың алдында бізді теріске шығарып, бізден алшақтап қашқандарың олар үшін ешқандай рөл ойнамайды. Ескішәһир қаласында дәл солай болды ғой.
Бесіншіден: Біздің бұл жерде де, Ескішәһирде де тәжірибелермен көзіміздің жеткені; біздің мәселеміз ортақ болғандықтан өзара ауызбіршілікке, ынтымаққа мұқтажбыз. Қиналыстан туындайтын өзара ренжісу, кірпияздық, орынсыз наразылық жағдайды ушықтырып қиындатып жібереді. Мен сендерге арқа сүйеп сенемін. Кейде жаман ойлар келгенде Стамбулдық кәміл де адал молдалар мен Қастамону қаласының ықыласты жандарын еске алып әлгі жаман ойды қуып жіберемін. Абай болыңдар! Күпірліктің отына май құйып өршітіп жүрген астыртын ұйым араларыңа іріткі салмасын! Өкінішке орай, менімен көрші баракқа іріткі салып, мазамызды алып, азапқа салды. Қазіргі таңда еш айтыс-тартыссыз, өзара ақылдасып кеңес құрыңдар! Шығарған шешімдеріңе мен де келісемін. Бірақ, менің ақталу хатым Анкараға жіберілсе, сөйтіп оған назар аударылса бұл жердің соты, құтылуы мүмкін кісілер туралы шешім қабылдап, оң қорытынды беруі бек мүмкін. Сонымен қатар, қазір бізге тиісіп жатқан және Абдүлбақиді, Абдүлхакимді және Хажы Сүлейменді жер аударған, сондай-ақ, Иәшил Шәмсиді ақталып шықса да бұл жерден жібермей ұстап отырғандар, әрине Хафыз Мехмет, Сәид Шәфик секілді діні мықты жандарды және адасқандардың өліп қалған көсемдеріне, оның суретіне бас имеген, осылайша өздерінің бидғатшыларды қолдамайтынын көрсеткен осындай адамдарға бас бостандығын бермей қиянат жасауы әбден мүмкін. Сондықтан, Рисалей-Нұр жасырын пердесін ашып тастап маңызы зор, әркімге қатысты мәселеде өзінен-өзі шайқасқа шыққан кезінде шәкірттері оны қолдап артында сапта тұруы керек. Оның әсте жеңілмейтін ақиқатқа негізделгендігін күдікшіл, екіойлы, мұсылмандарға көрсетілуі керек-ті. Міне, сендер мұны назардан тыс қалдырмай, ақылдасқан кезде осыны ескеріңдер! Өте сақ болыңдар! Бір-бірлеріңе ренжімеңдер! Ашуланудың орнына құрмет көрсетіп, наразы болудың орнына жәрдем етіңдер!
Ғазиз, адал, шынайы достарым!
Ғазиз бауырым Хафыз Али!
Ауруыңды уайымдама! Хақ Тағала шипа берсін! Әмин. Абақтыда өткен әрбір сағат басқа уақыттың он екі сағат ғибадатымен пара-пар болатындықтан, сенің табысың зор. Дәрі-дәрмек керек болса менде бар, салып жіберейін. Жалпы осы кезде жеңіл түрде бір жұқпалы ауру бар. Мен сотқа барғанымда міндетті түрде ауырып қаламын. Мүмкін сен маған көмектесу үшін болар, бұрыңғы заманның адамдары бірінің орнына бірі ауырады екен немесе жан тапсырады екен. Сен де сол жанкештілер секілді менің ауруымның біршамасын алғанға ұқсайсың.
Мен өзіме әрі сендерге әрі Рисалей-Нұрға көңіл айтып, марқұм Хафыз Алиды және Денизли қаласының мазарлығын құттықтағым келеді. Неге десеңіз, "Миуа" рисалесінің ақиқатын терең түсінген ержүрек, батыр бір бауырымыз, "Миуа" рисалесінің ақиқатын анығырақ, "айнәляқин", "хаққаляқин" дәрежесінде көзбен көріп, жүрекпен бекіту үшін қабірге тәнін тастап періштелер секілді жұлдыздарға, рухтар әлеміне сапар шекті. Ол өзіне тиесілі міндетті толық атқарып құрметті демалысқа шықты. Аса мейрімді Аллаһ оның амал дәптеріне Рисалей-Нұрдың әріптері, жазулары және қанша рет оқылса сонша сауаптар жазсын, әмин. Қабірінде Құран мен Рисалей-Нұр жанына жолдас, серік болсын, әмин. Нұр фабрикасына Аллаһ, оның орнына дәл сондай он батыр шәкірт сыйлап ерен еңбек еткізсін, әмин, әмин, әмин. Сендер де мен
секілді оны дұғаларыңа қосыңдар. Оның тілі енді бір емес мың болып, ол жоғалтқан бір өмір рухани мың өмірге айналып, "мәңгі жасасын!" деп Аллаһтың рахымынан сұрап, үміт етейік.
Ғазиз, адал бауырларым!
Міне, осы оқиғаға орай мен де марқұм Хафыз Али бауырымызды дәл тірі кезіндегідей Рисалей-Нұрмен шұғылданып жоғары ілім алып жүрген "тәлаба-и улум" атағына лайық әрі нағыз шәһидтер арасында жү деп білемін. Сол оймен оған және сол сияқты Мехмет Зүхдү және Хафыз Мехметке дұға еткенде кейде былай деп айтамын: «О, Раббым! Оларды қиямет қайымға дейін Рисалей-Нұр шәкірті атына лайық иман ақиқаттарымен, Құран сырларымен шұғылдандырып көңілдері көтеріңкі, риза қыла гөр, әмин!»
Ғазиз, адал бауырларым!
Мен, марқұм Хафыз Алиды ұмыта алар емеспін. Оның қайғысы жаныма қатты батты. Бұрыңғы заманда жанкешті жандар досының орнына өмірін пида етіп өледі деуші еді, меніңше ол да менің орныма өлген секілді. Оның ерен еңбегін, атқарған адал қызметін сендер секілді жандар дәл сол сияқты атқармағанда Құранға, дін Исламға күллі зиян, қызметке үлкен нұқсандық келер еді. Оның ізбасарлары
сендер еске түскенде әлгі өкініш кетіп, көңіл көтеріліп бір масайрап қаламын. Бір қызығы, соңғы кездері оның мағынауи тіпті мадди тіршілігі жалғасып жатқан берзах әлеміне менің де барғым келіп, сол жаққа құштарлық сезім пайда болыпты. Қалайша, осы жерде тұрып Спарта қаласындағы бауырларыма сәлем жолдап, хабарласып, сұхбат етеміз, дәл сол секілді Хафыз Алидың кеткен әлемі мен үшін Спарта, Қастамону қаласы сияқты көрінеді. Тіпті, бүгін түнде естуімше осы абақтыдан біреуді сол жаққа аттандырыпты. «Қап, әттеген-ай, сол марқұм арқылы Хафыз Алиға сәлем жолдағанымда ғой!» деп, біраз өкініп қапа болдым. Содан көкейге мұндай бір ой келді: «Оған сәлем жолдау үшін делдалдың қажеті жоқ, оның қуатты байланысы кәдімгі телефон секілді әрі ол өзі келіп алып кетеді!»
Иә, ол шынымен шәһид болды. Мен оның саясында Денизли қаласын жақсы көріп, ұнаттым, бұл жерден кеткім жоқ. Ол және Мехмет Зүхду және Хафыз Мехмет көздері тірі кезіндегі атқарған иман мен Нұр қызметін өлген соң да жалғастырып жатыр. Олар бізді өте жақыннан тамашалап тіпті, жәрдем етіп жүр. Олар киелі қызметтері үшін үлкен әулиелердің арасына кіріп, жоғары мәртебеге ие болғандықтан мен ол екеуін Хафыз Мехметпен бірге аттарын атап тұрып, ақтаб-асфиялардың есімдерін айтқанда оларға да сауапкәделерді бағыштап отырамын.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендердің ықыластарың, адалдық пен табандылықтарың мына қазіргі қиын-қыстау кезде бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңе қарамай, айыптарыңызды кешіруге жеткілікті себеп. Бізді бірбірімізге байланыстырып тұрған Рисалей-Нұрдың шынжыры, өзара бауырластық. Ол үлкен сауапты іс. Сол үшін көптеген күналарды кешіртеді. Хаширде яғни ақыретте Аллаһтың әділдігі былай болады екен, кімнің жақсылығы жамандығынан артық болса соған қарай мәміле жасалып, ғафу етеді дейді. Сол секілді сендер де бауырларымыздың жасаған жақсылығына қарап сыйлап, кешіріммен қараңдар. Әйтпесе, бір жамандығына бола ызаланып қиналған сәттегі кірпияздық сезіммен, ашуға бой алдырып өзімізге зияны тиетін ренжісу екі тұрғыдан да зұлымдық болады. Иншаллаһ, сендер бірбірлеріңді қуантуға, жұбатуға келгенде аянбай атсалысып, түрменің азабын жеңілдетіп жібересіңдер деп ойлаймын.
Ғазиз, адал да мүбарак бауырларым!
Осы күнге дейін бұлай ауырып көрмеппін. Жойқын зәрлі сырқаттың кесірінен, бірнеше күннен бері сендермен хабарласа алмай қалдым. Мен, Рисалей-Нұр атынан рухани Нұр мен Гүл фабрикасындағы табанды да адал, ержүрек қайсар бауырларыммен және Қастамону қаласындағы жанкешті шәкірттеріммен Құдайға шүкір ете мақтанамын. Оларды ойлаған кезде залымдардың жан төзгісіз азабына демеу болар сүйеніш тауып, көңілім жәй табады. "Дәл қазір өлсем ізбасарларым бар!" деп жүрегім тынышталып ажалыма "хош келдің!" демекпін. Тек, дүнияқұмарлар маған өздеріне қарсылас ретінде қарап мені негізсіз, бос күдікпен абақтыға жапты. Ал, Иләһи тағдыр, мені олармен сөйлеспей, оларды тура жолға шақырып, түзетпегенім үшін қамауға алды. Мен абақтыда бірнеше ғана достарыммен қалсам дағы Анкара жоғары құзырлы органдарынан Ислам әлемін алаңдатындай ашық сот болуын талап етемін. Олармен дауласып және "Миуа" рисалесін, сондай-ақ, "Мүдафат" яғни өзімізді ақтап жазған жазбахаттарды жаңа әріппен жаздырып, көбейтіп әлгі жоғары органдарға жібермек ойым бар, иншаллаһ!
Ғазиз, адал бауырларым!
Сенің білгің кеп сұраған хадистер "мүтәшәбих" деп аталады яғни мағынасы астарлы келеді. Олар жеке бір мәселеге қатысты емес және барлық жерге қолдануға болмайды. Олоардың кейбірі мұсылмандардың басына төнген діни фитне-бүліктерден хабар беріп, тек сол замандағы кезеңді меңзеп, хабар береді. Ол Хижаз немесе Иракты мысал ретінде айтқан. Иә, Аббаситтер дәуірінде «Мүғтәзилә», "Рафизи", "Жәбри" сондай-ақ, жасырын түрде діннен безген "мүлхид" топтар, зындықтар және дін Исламға залалы тиген көптеген адасқан ағымдар пайда болды. Осындай шариғат пен ақидаға қауіп төнген аласапыран заманда Бұхари, Муслим, Имам Ағзам, Имам Шәфи, Имам Мәлик, Имам Ахмед ибн Ханбал, Имам Ғазали, Ғаус Ағзам және Жүнейд-і Бағдади секілді көптеген Ислам ғұламалары көмекке келіп әлгі діни фитне-бүлікті өшіріп Исламның туын көкке көтерді.
Сол заманнан бастап үш жүз жылға дейін әлгі жеңіс жалғасын тапты. Дегенмен, астыртын түрде әлгі адасқан ағымдар саяси тұрғыдан жол тауып Хулагу, Шыңғысхан бүлігін ұйымдастырып мұсылмандарды қырғынға ұшыратты. Ол бүліктің қашан болатынын алдын ала
Ардақты Пайғамбарымыз және Хазіреті Али дәл басып айтып, меңзеп хабар берген. Сондай-ақ, бұл заманғы фитне-бүлік бәрінен де сорақы, сұмдық болғандықтан бірнеше хадис және Құранның көптеген ишаралары дәл уақытын көрсетіп тұрып хабар берген. Сондықтан, хадистер үмметтің бастан кешетін тарихи кезеңдерді жалпы түрде баяндаған кезде кейде әлгі жалпылама оқиғалардың тек біреуін ғана мысал ретінде баяндап, болатын уақытын көрсетеді. Мұндай "мүтешәбих" және мағынасы толық ашылмаған хадистердің мәнмағынасын Рисалей-Нұр жақсылап түсіндірген. Мысалға, Жиырма төртінші Сөз бен Бесінші Шуақ, бұл ақиқаттарды шариғат ережесіне сай баяндаған.
Ғазиз, адал бауырларым!
(Бір-бірлеріңді менменшіл немесе адал емес деп айыптамау үшін бір ақиқатты баяндауға тура келді.)
Мен, бірде менмендікті тастаған, жүгенсіз нәпсісін тыйған үлкен бір әулиенің асау нәпсі туралы айтып қатты шағымданғанын көріп, таңқалғаным бар. Содан анық білгенім, адамның асау нәпсісі өлгенімен оған сауап жаздыру үшін оның орнына сезімдер қозып, сол жұмысты жалғастырып өмірінің соңына дейін нәпсімен күрес жалғаса береді екен.
Міне, әлгі үлкен әулиелер осы екінші дұшпаннан және нәпсінің орынбасары туралы айтып шағымданған екен. Һәм, адамның қадір қасиеті, оның мәртебесі өзіне білінбейді, оны сезбеуі мүмкін. Және адамның қадір-қасиетін тек дүниялық тұрғыдан бағалауға болмайды. Тіпті, мәртебесі тым жоғары кейбір ірі тұлғалар өздеріне Аллаһ берген ерекше қасиетті сезбегендіктен, өздерін жұрттың бәрінен төмен, бейшара, пақыр деп білген. Демек, халықтың ойынша біреудің кемел екенін анықтайтын «кәшф уә кәраматтар», рухани зауық пен нұрлар емес, олар адамның дәрежесін, мәртебесін көрсететін өлшем бола алмайды. Сахабалардың бір сағаты әулиелердің бір күніне, тіпті әулиенің бір «чиллесіне» {(Сілтеме): Машақат, өзін-өзі қинап азап шегуі.} пара-пар бола тұра оларда әулиелер секілді «кәшф уә кәраматтар» яғни таңғажайып жағдайлар сирек болған. Сахабалардың барлығы жаппай ғажаптар, кәрамәттар көрсетпеген. Бұл айтылған нәрсе осы ақиқатты дәлелдейді. Міне, бауырларым!
Абай болыңдар! Сендердің жүгенсіз нәпсілерің басқаны өзімен салыстырып «су-ы зан» яғни жаманға жорып сендерді алдамасын, «Рисалей-Нұр тәрбиелемейді!», деп көңілге күдік салмасын.
(Рисалей-Нұрдың "Жастар шырағы" мен "Миуа" рисалесіндегі бес мәселенің тентектік жасаған жастарға тоғыз май-шапалағы баяндалады. Бұл Рисалей-Нұрдың тамаша керәматы екенін олардың өздері мойындаған).
Біріншісі; Маған қызмет еткен Фәйзи дейтін жігіт. Мен оған әу баста айттым: Сен "Миуаның" бір дәрісін болсын тыңдадың, енді тентектік жасама! Ол тыңдамады. Дереу шапалақ жеді, яғни бір апта бойы қолы байлаулы жүрді.
Екіншісі; Маған қызмет еткен және «Миуа» кітапшасын көшіріп жазған Али Риза. Бір күні оған өзінің жазғанынан дәріс берейін десем, тентектік қылып тамақ пісіру керек деп сылтауратты. Ол да майшапалақ жеді. Не болды дейсіздер ғой, қазаны бүтін, әдемі бола тұра түбі түсіп қалды, әрине тамағымен қоса...
Үшіншісі; Зия дейтін жігіт. Ол «Миуа» кітапшасының ішінен жастарға қатысты және намаз туралы жерлерін өзіне көшіріп жазып, намазға бастады. Содан тентектік қылып намазын және рисалені жазуын тастап кетті. Кенет шапалақ жеді. Әдеттен тыс, ешқандай себепсіз дәл бас жағындағы ілулі қоржыны мен киім-кешегі тұтанып өртеніп кетті. Көпшіліктің ішінде заттарының жанып кеткенше ешкімнің байқамауы таңғажайып. Демек, әдейілеп келген майшапалақ екеніне көзіміз жетті.
Төртіншісі; Махмуд дейтін жігіт. Оған «Миуа» кітабынан жастарға және намазға қатысты мәселені оқып бердім. Оған: «Құмар ойын ойнама, намазыңды оқып жүр!» дедім, ол да қабылдады.
Бірақ, тентектікке салынды. Намазын тастап, құмар ойын ойнай бастады. Дереу ащы шапалақ жеді яғни құмар ойынында қайта-қайта ұтылып өзі пақыр бола тұра қырық лирасын, шапанын, шалбарын тігіп ұтылып қалды. Әлі есін жиған емес.
Бесіншісі; Он төрт жасар Сүлеймен. Ол өте тентек болатын әрі басқалардың ызасын келтіріп ашуландыратын. Оған: «Дұрыс жүр! Намазыңды оқы! Өзіңнен үлкен жігіттердің арасында бұл жүрісің жақсы емес, байқа!» дедім. Ол намазға бастап еді, бірақ кейін тастап тентектік жасап жүрді. Содан шапалақ жеді. Не болды дейсіз ғой, қышыма дертіне шалдығып жиырма күндей төсек тартып ауырды.
Алтыншысы; Маған бастапқыда қызмет еткен Омар дейтін жігіт. Ол да намазға бастап, ән айтуын қойды. Бірақ, кешқұрым есігіме жақын жерден әннің дауысы естіліп дұға-кітап оқуыма кедергі келтірді. Ашуланып сыртқа шықсам әдеттен тыс Омар екен. Мен де әдеттен тыс оған бір шапалақ бердім. Ертеңіне әдеттен тыс Омарды басқа түрмеге алып кетті.
Жетіншісі; Он алты жасар Хамза. Оның дауысы жағымды болғандықтан ән айтып басқалардың нәпсісін қоздырып тентектік қылатын. Мен оған: «Бұлай етпе! Шапалақ жейсің!» дедім. Кенет келесі күні бір қолының шынтағы шығып екі апта қиналды.
Айта берсе мұндай май-шапалақтар көп. Бірақ, қағаз таусылды мағына да бітті.
Ғазиз, адал бауырларым!
Білім министрі бет пердесін ашып, өзінің кім екенін және Құдайдан безген күпірлігін енді басқа жағынан көрсете бастады. Біздің жазған ақталу хатымызды алмай тұрып, басқа бір себеппен әлгі баяндаманы жазса керек. Шынымды айтсам, мұндай жоғарғы мақамға хатты
жібергім келмеген-ді. Бірақ, бауырларым солай шешкен соң жіберіп едік дұрыс болған әрі қажет екен, оны бұл жағдай көрсетіп отыр. Өйткені, діннен безу шараларына келгенде алдына жан салмайтын ол, міндетті түрде Анкараға жіберілген құжаттар мен рисалелерге немқұрайлы қарамасы анық. Енді біздің жіберген бұлтарпас ақталу хаттарымыз оның тас төбесінен ұрды білем, жақсы болды. Құдай қаласа, ол жерде де Рисалей-Нұрға жақтастар табылып, жылы леп есіп қалар, иншаллаһ!
Бауырларым! Министрлердің кейбірі осындай екені белгілі болды. Олай болса ондай кісілерге сеніп қызметтен бас тарту, берілу секілді жәйт белгілі бір мағынада өзін-өзі өлтіру деген сөз. Бұл, Ислам дінін қабылдағанына өкіну, діннен шығу дегенді білдіреді. Себебі, олар діннен безгендіктен біз секілді жандардың оларға сеніп, беріле салғанына риза емес. Олар: «Жүрегіңнен, ар-ожданыңнан бас тарт! Тек дүнияға жұмыс істе!» дейді. Ендеше, бұл жағдайда Раббымыздың жәрдеміне сеніп табандылық танытып, сабыр және тәуекел етіп, төрт сандық Рисалей-Нұр кітаптарының сол мақамдарға жетіп, өзінің қуатты бұлтартпас айғақтарымен оларға үстем келіп жеңуіне дұға тілеуден басқа амал жоқ.
Біз, бір-бірімізден қашып, ренжіскеннен және Рисалей-Нұрдан бас тартып, оларға беріліп тіпті, оларға жақтасып қолдағанмен еш пайдасы жоқ екеніне қазірге дейін тәжірибелерден көзіміз жетті. Бірақ, сендер еш уайымдамаңдар! Әлгі министрдің даңғара салып айқай-шу шығаруы олардың әлсіздігін, қатты қорыққанын көрсетеді. Енді, олар тиіспек түгіл, өздерін қорғаштаудан басқа шаралары жоқ.
Ғазиз, адал бауырларым!
Хома қаласынан бауырымыз Али дейтін шәкірт, Хафыз Али қайтыс болған кезде ол да қайтыс болған екен. Мұны маған Сами мырза айтты. Сондай-ақ, Хомалық қаһарман Мехмет Али де мұны хатында жазғанды. Мен ол Алиды әлгі нағыз шәһид Алимен қосып екеуіне бірдей дұға етіп жатырмын. Жақында ғана бізбен байланысы бар бір ханым, үш бауырымыздың қайтыс болғанын түсінде көргенін айтқан-ды. Ол түстің жоруы былай болды: Бұл екі Али және абақтыда Рисалей-Нұр шеңберіне кіргісі келген, кейін дарға асылған Мұстафа секілді кісілер біздің атымыздан ақыретке кетті және біздің аман-есендігіміз үшін құрбан болды.
Ғазиз, адал, табанды және тәуекелдің мәнісін түсініп, қадірін білген бауырларым!
Жиырма жылдан бері ешбір газетті оқуға, тыңдауға әсте қызықпасам дағы, өкінішке орай тек солқылдақ кейбір бауырларым үшін бүгін бір газеттің мақаласына қарадым. Сонда білгенім; астыртын және ашықтан ашық сұмдық ағымдар қызу жұмыс жасап жатыр екен. Ортада біз көрінгендіктен сол ағымдармен бізді байланысты деп ойлайтындар бар. Иншаллаһ, Рисалей-Нұрдың төрт сандық қуатты да бұлтартпас кітаптары және нақты баяндалған ақталу хаттары өзіміз үшін де, имандылық үшін де, Құран мен Дін Ислам үшін де қайырлы нәтижелер, оң қорытындылар тудырады. Біз олардың дүниясына араласпадық және араласпақ та ойымыз жоқ, оны өздері де дәлелдей алмады. Енді, бүкіл Рисалей-Нұр кітаптарын Анкараға сараптама жүргізу үшін алдырып жатыр.
Мұның ақиқат екені рас және бұл кезге дейін Рисалей-Нұр қызметі барысында Раббымыздың жәрдемін анық көрдік, оны жоққа шығару мүмкін емес. Оған әркім азды-көпті куә болған да шығар. Сондайақ, қазіргі таңда саясатта да, дүнияда да өзара қарама-қайшылықтар туындап жатқаны рас. Және болған іске риза болып, тағдырға көнуден және Иман мен Құранға қызмет етуден және Нұрдың сыйлайтын зор жұбанышын көріп тамашалаудан басқа қолымыздан ешнәрсе келмейді. Олай болса, біздің істейтініміз және міндетті түрде істеуіміз керек нәрсе уайымдамау, үмітсіздікке түспеу және рухани күшімізді жоғалтпау, бір-бірімізді демеу, қорықпау және мұндай бәлеге қарсы тәуекел етіп қарсы тұру, түймедейді түйедей қылатын даурықпа журналистердің хабарына мән бермеу. Бұл дүниялық өмір әсіресе, мына заманда, мұндай шарттарда еш құны жоқ. Басқа түскеннің бәріне хош келдің деп, қабылдау керек.
Ғазиз, адал бауырларым!
Екі-үш бауырымыз өздерін жұбататын тамаша бір демеу тауып алыпты. Олар былай дейді: "Мына түрмеде кейбір жігіттер бір-екі сағаттық харам қылықтың кесірінен бір-екі тіпті, кейбірі он жылға сотталып түрменің азабына сабыр сақтап, шыдап жүр. Тіпті, кейбіреуі шүкір етіп басқа күнә жасаудан құтылдық дейді.
Ендеше, біз Рисалей-Нұр арқылы өте орынды әрі адал қылығымыз үшін және иманға қызмет еткендіктен алты-жеті айға қамалып қиналудамыз. Оған неге шағымданамыз?". Мен мұны естіп: "мың мәрте бәрекаллаһ!" дедім.
Иә, бес яки он жыл иманға қызмет үшін және басқалардың иманын құтқару мақсатымен қызықты да тәтті, киелі де қайырлы міндет атқарып және пікіри құлшылық үшін азап шегу, негізінде шүкір етерлік жағдай, мақтануға тұрарлық қылық. Ардақты Пайғамбарымыз былай деген екен: "Бір адам сен арқылы Исламды қабылдаса ол сен үшін сахараға толы қызыл қой-ешкілерден абзал!".
Міне, осы жерде, сотта және Анкарада сендердің жазған жазбаларың мен қызметтеріңнің саясында көптеген адамдар иманын қауіп-қатерден сақтап қалуда әлі талайы сақтап қалатын болады!" Сол үшін сабыр сақтап, риза болып шүкір етіңдер!
Егер Анкарада билік басындағы Халық Партиясы ол жаққа кеткен Рисалей-Нұрдың қуатты кітаптарын қабылдамай, ерегесіп терістесе, біз үшін ең тыныш жер абақты болмақ. Және ол, дінсіздердің болшевизмді атеизммен қосып, екеуін біріктіргенін көрсетеді. Ол кезде Үкімет болса оларды тыңдауға мәжбүр болады. Сонда РисалейНұр ортадан шегінеді де тоқтап қалады, сосын мадди-мағынауи пәлекеттер келе бастайды яғни апат, зілзәлә, бәлелер көбейеді деген сөз.
Қасиетті аятының білдіргеніндей жындардан да пайғамбар келген. Дегенмен, бұл тұрғыдағы сұрақтың жауабын ұстаздың өзінен тыңдайық.
Ғазиз бауырым!
Рас, сенің сұрағың өте маңызды. Алайда, Рисалей-Нұрдың басты міндеті адамдарды адасушылықтан, сұмдық күпірліктен құтқару болғандықтан мұндай мәселелерге уақыттың реті келмейді әрі ол туралы тақырып қозғалмайды. Салих сәләфтер яғни Аллаһтың игі құлдары да оған көп тоқталмаған. Себебі, ондай ғайби әрі көзге
көрінбейтін істерге келгенде бұрысқа пайдаланушылық етек алуы мүмкін. һәм, шарлатандар өздерінің жеке бас пайдасына пайдаланып кетеді.
Қазірдің өзінде, экстрасенс, көріпкел бақсы-балгерлер «жындармен хабарласу» деп алаяқтық жасап жүр емес пе? Бұрыңғының адамдары дінге зияны тиеді деп ол туралы көп айтпаған. Сондай-ақ, «Хатемүл Әнбия» Мұхаммед Пайғамбардан кейін жындардан пайғамбар шықпаған. Һәм, Рисалей-Нұр бұл заманда адамзаттың басына түскен пәлекет материалистік ұғымды тойтару үшін жындар мен руханилардың болмысын нақты түрде айғақтармен дәлелдеп берген. Мұндай мәселелерге үшінші кезекте қараған, жан-жақты түсіндіруді басқа кітаптарға қалдырған. Бәлкім, Рисалей-Нұрдың бір шәкірті Рахман сүресін тәпсірлеп бұл мәселелені де қолға алар.
Ғазиз, адал бауырларым!
Расында Хафыз Али, Хафыз Мехмет пен Мехмет Зүхдудің дүниеден озғаны тек бізге және Спартаға ғана емес, тіпті елге тіпті, Ислам әлеміне үлкен нұқсандық келтіреді. Бірақ, бұл кезге дейін Аллаһтың инает-жәрдемі былай боп келді; Рисалей-Нұр бір шәкіртін жоғалтса дереу орнына екі-үшеуі дәл сол шеңберде ортаға шығатын. Сондықтан, басқа тұрғыдан әлгіндей қаһарман бауырымыздың қызметін атқаратын орынбасар, ықыласты шәкірттер шығатынына үмітіміз зор. Иә, ол үшеуі аз уақыттың ішінде жүз жылдық иман қызметін атқарды десе болады.
Аса мейрімді Рахман-ур Рахим олар жазған және жайған және оқыған Нұр кітаптарының әрпі қанша болса сонша жарылқауға бөленсін. Әмин!
Менің атымнан Хафыз Мехметтің тума-туыстарына, туған ауылына көңіл айтыңыздар! Мен оны Хафыз Али мен Мехмет Зүхдүге жолдас қылып өзімнің «ақтаб» ұстаздарымның тізіміне қосып қойдым. Хафыз Акифты да Асым мен Лүтфия бауырларыма жолдас қылып бірге жаздым.
Азиз, адал бауырларым!
"Миллиондаған қаһармандар бастарын тігіп пида еткен бұл киелі ақиқатқа біздің де басымыз пида болсын!". Бұл біздің соңғы демімізге дейін табандылық танытатынымызды көрсетеді. Мұндай ұлы істен, биік мақсаттан бас тартуға болмайды. Араларыңда бас тартатын жоқ деп ойлаймын.
Осы кезге дейін сабыр сақтап келдіңдер. Бұдан кейін де: «дәмтұзымыз, атқарар міндетіміз бітпеген екен!» деп шыдап, сабыр сақтайық. Бұдан кейін сөзсіз, "Миуа" рисалесінде айғақтармен дәлелденген әрі жоққа шығару мүмкін емес мәселені яғни мүлдем жоқ болу және мәңгі бақи жалғыздық зынданына қамалу деген пікірді жақтап Рисалей-Нұрға қарсы қырсығып теріс әрекет етпейді. Мүмкін келісімге немесе бітімгершілік жолын қарастырады.
Азиз, адал бауырларым!
Біз болсақ, қолымызға бақи өмірдің кіріспесі, мәңгі тіріліктің жәй бір пердесі болған өлімді ұстап алып, олардың басынан ұрып оятпақ боламыз. Сөйтіп оларды ауыр жауапкершіліктен, мәңгі қапастан, қараңғы құрдымнан, жалғыздық зынданынан құтқаруға бар күшімізбен тырысамыз.
Біз, мына көз алдымызда қасқайып күтіп тұрған өлімнің мәңгі жоқ болу түрінен және жолымызда кесе көлденең жатқан және бізді мәжбүрлеп өзіне шақыратын қабірдің қараңғы қапасынан аман-есен құтылғымыз келеді. Әрі, сендерге сол сұмдық әрі шарасы жоқ бәледен құтылуларыңа көмектесіп, қол ұшын созамыз. Сендердің ең үлкен
дүниялық және саяси мәселе біз үшін және ақиқатында құны шамалы. Тіпті, оған жауапты емес жандарға бос әрі түкке тұрғысыз. Ал біздің шұғылданып жүрген мәселеміз күллі адамзатқа тікелей қатысты және әркімнің білуі қажет, орындауы шарт. Біздің қызметімізді мінеп, ұнатпайтындар әрі тосқауыл болатындар өлім дегенді жоқ қылып, қабірдің есігін жауып ешкімді кірмейтін қылсын!...
Екінші және үшінші «тұжырымдар» әзірге кейінге қалды.
Рисалей-Нұрдың кәраматы болса керек: стаз он жылдан бері қайта-қайта былай дейтұғын: "Әй, діннен безгендер, Құдайсыздар! Рисалей-Нұрға тиіспеңдер! Рисалей-Нұр садақа тәрізді, ол келе жатқан апаттың кері қайтуына себеп болатындықтан оған тиісу, оның тоқтауы қауіп-қатерді қайтаратын күштің әлсіреуі деген сөз. Егер тиісе берсеңдер жақында төніп тұрған апат-бәлелер үстеріңе селдей жауады!". Иә, өзіміз куә болған ондай пәлекеттер көп болды.
Төрт жылдың ішінде Рисалей-Нұрға немесе шәкірттеріне тиіскен кезде дереу бір пәлекет, не бір бәле келеді. Бұл, Рисалей-Нұрдың маңызы зор тәпсір әрі апатты қайтаруға себеп екеніне дәлел. Міне, стаз Саид Нұрсидың Рисалей-Нұр арқылы хабар берген жүздеген оқиғалар, оның ішінде пәлекет-зілзәлә секілді соңғы апаттар шынымен де Рисалей-Нұр бәлені қайтаратынын көрсетеді. Аллаһ Тағала бізге және Рисалей-Нұрға тиіскендердің жүрегіне иман, басына ақиқатты түсінетін ақыл, көретін көз нәсіп етсін! Бізді мына зынданнан, оларды да мына пәлекеттен сақтасын, әмин!
Ғазиз, адал бауырларым!
Иләһи инаеттің бір сәулесі яғни Раббымыздың қамқорлығының бұл жолғы көрінісі былай болды: Біздің ақталу уәжнамамызды және хаттар мен кітаптарымызды көрмей тұрып, тек сезіктеніп Білім министрі ашу шақырып ызаланыпты және «Бесінші Шуақ» пен «Хүжумат-ы Ситтенің қосымшасы» сынды өткір жазылған, жасырын рисалелерді
ең жоғарғы лауазымды орындар тиісу мақсатында тексеріп оқыпты және уәжнамаларымыздың ішінде сөзсіз күпірлікке қарсы ауыр сөздер де бар, міне, осының бәрі Анкараның бізге аяусыз қатаң қарап, ауыр жазаға тартуын керек қылатын себептер бола тұра, өте жеңіл қарап, бітімгершілік жолын таңдаған. Бұл, Идәһи инает-жәрдемнің бір хикмет-сыры мынау: Рисалей-Нұр бүкіл елге қатысты және жалпыға ортақ дәрісханада және жоғарғы орындарда оқылып, өзіне назар аударып, қызығушылық оятуда.
Иә, бұл заманда мұндай жоғары деңгеде дәріс әлбетте, осындай ұйымдасқан түрдегі, күлли, жалпыға ортақ орындарда оқылып жатса бұл Иләһи зор инает-жәрдем. Әрі ол, сөзсіз күпірліктің бел омыртқасын сындырғанына анық белгі.
Бауырларым! Менің ойымша, қатты қиналып, көп зиян шеккен кейбір әлжуаз әрі бала-шағалы жандар бұл азапты біршама РисалейНұрдан, бізден тартқыншақтауға тіпті, бастарту үшін үзір санап, кейін ақталып шыққанда құбылып шыға келуі мүмкін. Соған байланысты айтайын дегенім:
Мұндай аса қымбат, құнды нәрсеге мұншама мадди-мағынауи, рухани-заттық ақы төлеп, азабын тартып ақырында оның жемісінен бастарту орны толмас өкініш, күллі зиян. Сондай-ақ, кімде-кім Рисалей-Нұрдың кітаптарын және онымен байланысы бар кісілерді және бізді қорғаштауды, бізге жәрдем етуді, қызметті мүлдем доғарса өзіне де бізге де зиян, бос әурешілік. Сондықтан, сақтық шараларын сақтай отырып адалдықты, өзара байланысты, қызметті тоқтатпай жалғастыра беру керек.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл бір Раббани инает-жәрдемнің сәулесі, Иләһи сақтаудың қамқорлығы болса керек; Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрдың ақиқатына қарсы тұра алмай тәсілім болып, наразылық пен сын айтуға себептер көп бола тұра бейне бір біздің ақталуымызға шешім қабылдағандарын естідім. Алайда, оқымауы тиіс кісілердің оқып ашулануы және біздің ақталу кезіндегі қатты айтқан сөздеріміз, Оқу министрінің бізге өшігуі және сараптамашылардың ішінде екі материалист философтың болуы және бидғатты жақтаушы ірі ғалымның болуы сондай-ақ, бір жылдан бері діннен безген жасырын ұйым бізге қарсы Халық партиясын айдап салуы және Білім министрін қарсы қоюы, тағы осы секілді көптеген болымсыз себептер біздің
жазалануымызды керек ететін бірақ Рахманның қамқорлығы мен сақтауы көмекке келіп, әлгілерге Рисалей-Нұрдың биік мәртебесін, жоғары дәрежесін көрсетіп қатты тиісуден бастартқызыпты. Тіпті, бізді жазаға тартылудан құтқару мақсатта және Ескішәһир мәселесімен немесе қанды «Отыз бір Март» саяси оқиғасымен қатысым жоқ екенін, мен тек дін уә иман үшін жүргенімді, ешбір саяси пікір ұстанбайтынымды көрсету мақсатымен былай депті: "Саид Нұрси бұрыннан бері өзін кейде пайғамбардың ізбасарымын деп айтады. Құран уә Иман қызметін атқарып өзін «мүжәддит» санайды яғни экстаз хәлге түседі, «есерлене желігеді» депті.
Міне, осы жазба арқылы философтардың дінсіз терминдерін пайдаланып кім дінге жақ,болып қызу әрекет етсе олар жайлы: "Бұлар өздерінше міндетіміз дін жаю, біз ізбасарымізді" дейді және кейбір бауырларымның мені асыра сілтеп мақтағанын сынға алыпты және мені экстаз халіне түседі деп, қатты айтқан сөздерімді саясатқа қатысы жоқ деп, ақтауға тырысыпты және бізге қарсы және дұшпан болғандарды да ренжітпей сондай-ақ, Құранның ишараларының және хәзреті Алидің кәраматының және Ғаус-ы Ағзамның хабарының ақиқаттары қуатты екенін көрсету мақсатта және жұртпен салыстырып менде де болуы өз ойларынша анық, атаққұмарлық, менмендік сезімдерімді өшіру үшін әлгі дінсіз термин сөздерді пайдаланғанға ұқсайды.
Бірақ, ол сөздерге Рисалей-Нұр басынан соңына дейін нақты жауап боп табылады. Біздің жолымыз, менмендікті тастау, бауырластық. Сондықтан, бізде ондай атақ құмарлық болмағандықтан Жаңа Саидтың Рисалей-Нұрды жаза бастағаннан бері кішіпейілділікке толы өмірі, сосын адал шәкірттерінің асыра сілтеген мақтау сөздерін қайта-қайта дәрістер арқылы түзету бұл мағынаны толығымен жоққа шығарады, бекер екенін көрсетеді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Бізге хабар берген кісіге және жазған адамға зиян келмеуі үшін әзірге сарапшылардың қорытындысын сендерге жібермеуді жөн көрдім. Осы соңғы сарапшылар бар күшін салып қолынан келгенше бізді құтқаруға және адасқандар мен бидғатшылардың бәлесінен сақтауға тырысып-ақ жатыр. Бізге жапқан жаланың бәрін жоққа шығарып ақтап отыр. Олар Рисалей-Нұрдан толық дәріс алғандары байқалып
тұр. Өйткені, Рисалей-Нұр кітаптарының ғылыми екенін біліп, имани тақырыптары жалпы алғанда өте сауатты, терең ілімге сүйеніп жазылғанын, Саид Нұрси өте адал әрі ықыласты түрде мағыналарды қағазға түсіріп, өзінің күш-жігерін тариқат құруға жұмсамағандығын және бір ұйым не де үкіметке қарсы шығу мақсаты жоқ екенін, оның ниеті тек Құранның ақиқаттарын мұқтаж жандарға жеткізу, бар талпыныс қайраты сол ғана екенін түсініп солай қорытынды жасаған.
Ал, енді ғылыммен қатысы жоқ деп шешкен кітаптарымыз жайлы былай депті: "Ол кейде экстазға түседі, кейде санасы шамадан тыс жұмыс істеп, рухы аласұрып кетеді. Сондықтан, жазған кітабы үшін қылмыстық іс қозғап, айыптауға болмайды!". Және өзімді "Бұрыңғы Саид", "Жаңа Саид" деп атағаныма екі тұлға ретінде қарап, екіншісін иманы қуатты, Құран ақиқаттары жайлы ілімді терең меңгерген деудің орнына, философтарды ренжітпей "Экстазға түседі, ақыл-ойына ие бола алмай қалады" деп бізді ауыр сөздеріміз үшін жауапқа татылудан құтқарғысы келеді, бір жағынан дұшпандарымызды да риза қылып менде "галлюцинация" яғни көзіне бір нәрселер елестейтін болса керек, оны да ескерген жөн депті. Олардың мұндай "мүмкін" деген сөздерін түбірімен жоққа шығаратын, қазірде қолдарында болған, күллі ақылдыларды таңқалдырған Нұр рисалелері, сондай-ақ, барлық қорғаушыадвокаттарды тамсандырған "Мүдафа" мен "Миуа" рисалелері оларға толыққанды жауап боп табылады. Мен осындай бір ықтимал ойдың себебімен мұндай киелі хадистің мағынасына бөленгеніме Құдайға шексіз шүкір етемін. Әлгі сарапшылар менің бауырларымды жаппай және мені толық ақтап былай депті: "Олар Саидтың іліми әрі бәрін біліп тұрғандай жазған кітаптарына өздерінің имандары үшін, ақыреттері үшін беріліп айналасына жиналған. Олардың өзара әңгімесінде, кітаптарында, рисале-хаттарында үкіметке қарсы ешқандай да қастандық, болымсыз пиғылдары бар екенін дәлелдейтін бір ишара, белгі таба алмадық!" деп әлгі сарапшылардың ортақ қорытындысына біреуі философ Нәжати, біреуі Юсүф Зия, біреуі де философ Юсүф деген кісілер қол қойған екен.
Тамаша бір сәйкестік: Біз, өзіміз арамызда бұл абақтыны Юсүф Пайғамбардың медресесі және осы жерде жазылған "Миуа" рисалесіні оның жемісі деп атайтынбыз. Сол секілді манағы екі Юсуф та құпия түрде "Біз де сол медреседегі дәрістен үлескерміз" деп хал тілдерімен айтқандай.
Олар мені галлюцинация халде, елес көреді дегендеріне өздерінше келтірген дәлелдері мыналар: «Отызыншы Сөз», "Отыз үш Терезесі бар Отыз үшінші Мектуб", сосын «өз мысығынан » Я, Рахим! Я, Рахим!" деп тәсбих сөздерін естиді және ол өзін қабір басындағы көктас ретінде көреді".
Ғазиз, адал бауырларым!
Біздің Иләһи қамқорлыққа алынғанымызды білдіретін белгінышандар көп-ақ. Атап айтсақ, саны көп ынсапсыз дұшпандарға қарсы Рисалей-Нұр төтеп беріп жеңілмей жүр. Және Білім министріне, Халық партиясына біршама тойтарыс беріп үндерін өшірді. Әрі мұншама ауқымды түрде, мәселемізді барынша үлкейтіп үкіметтің үрейін ұшырғандар енді, сол жапқан жаласын, өтірігін бүркеп жасырғысы келеді. Олай болса біз не істеуіміз керек? Біз жазмышқа көніп барынша сабыр етіп, көңіл хоштығын сақтап және әсте үмітсіздікке түспей, тіпті күтпеген тосын оқиғаларға мойымай, табандылық танытып ондай уақытша дауылдарға қарсы аяқты нық басу керек.
Иә, үміт орындалмай қалғанда дүнияқұмар адамдардың рухани күші сарқылып, ықыласы азаятыны рас. Бірақ, машақат пен күрестің және қиыншылықтың артында инает-жәрдем, Иләһи рахымның ілтипатын көре алатын Рисалей-Нұр шәкірттері үшін ондай тосын оқиғалар қайрат жігерін арттырып алға ұмтылуға, ықыластарын жаңартуға себеп болуы керек.
Қырық жыл бұрын саясаткерлер мені уақытша есінен адасқан деп жындаханаға жатқызды. Сонда мен оларға: "Сендердің ақылдылық деп жүрген нәрселеріңнің көбісін мен ақылсыздық деп білемін. Ондай ақылдылық маған керек емес, бас тарттым!"
деген сөздің мағынасын сендерден көріп тұрмын!" деген едім. Қазір де мені және бауырларымды ауыр жауапқа тартудан құтқару ойымен менің жасырын кітаптарымды оқып түсінбей маған "кейде
галлюцинация, көзіне бір нәрселер елестеп, уақытша ақыл-есінен айырылып қалады" дейтін қайталана беретін сөздеріне екі тұрғыдан қарап риза боламын.
Біріншіден; Сахих хадисте Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген екен: «Бір кісі иманы кемелденген кезде тобыр халық оның хәлін түсінуге ақылдары жетпей жынды, диуана, есі ауысқан» дейді. Бұл оның иманы толық, сенімі берік болғанын көрсетеді!".
Екіншіден; Мен мына түрмедегі бауырларымның аман-саулығы мен мына бәледен, мына қараңғы жерден құтылуы үшін тек жынды деген жаланы ғана емес қуана-қуана ақылымды тіпті, жанымды пида етуге дайынмын. Егер, сендер жөн көрсеңдер, мені жынды деген үш кісіге менің атымнан алғыс айтып, оларды рухани табыс-сауаптарыма ортақ қылғанымды жеткізіп сәлем жолдасам деймін.
Ғазиз, адал бауырларым және Құран мен Иман қызметінде ақниетті достарым және Хақ пен ақиқат жолында, берзах пен ақырет сапарында айырылмас серіктерім!
Біздің бір-бірімізден айырыласатын уақыт жақындаған секілді. Олай болса мазасыз кезде өзара ренжіскен, ағаттық жіберген болсақ ол да "Ықылас рисалесінің" ережелерін сақтамағандықтан болса керек. Бір-бірімізбен бақұлдасып, кешірім сұрасып, кешіріскен жөн, тіпті аса қажетті. Сендер бір-біріңе өте жанкешті туған бауырдан да жақын бауырсыңдар. Дос деген бауырының ағаттығын жасырып, ұмытып кетеді, ғапу етеді. Мен, сендердің күтпеген өзара айтыстарың мен менмендіктеріңді жүгенсіз нәпсілерің деп айыптаудан аулақпын, олай ойлау Рисалей-Нұр шәкірттеріне жараспайтынын білемін. Мен оны нәпсісін тыйған әулиелердің өзінде болатын белгілі бір мағынада уақытша болатын менмендік деп қабылдаймын. Сендер менің осы жақсы ойымды қырсығып теріске шығармай, татуласыңдар!
Бауырларым!
Сарапшылар берген қорытындыға қарайтын болсақ, Рисалей-Нұр бізге қарсы болған барлық дұшпандарды тізе бүктіргенге ұқсайды. «Худжат-ул Балиға», "Ихтиярлар", "Ықылас" рисалелері олардың назарын өздеріне қайта-қайта аудартуда, Сондай-ақ, тым
атүсті, жауаптары да белгілі және тақуа молдасымақ сын айтулары және ешқандай да қатысы жоқ әрі өте үйлесімді мәселелерді түк түсінбей тұрып «қарама қайшылық бар» деуі және рисалелердің жүзде тоқсанын бүтіндей еш қарсылықсыз мақұлдап, маңыз беруі, мойындауы және «Хүжумат-ы Ситтенің Қосымшасының» өте қатаң түрде бидғаттарға пәтуа берушілерді сөзбен жерден алып жерге салуына қарсы ешқандай шара қолданбаулары және Ақырзаманда дінсіздердің қолынан өлген бейшара, діндар христиандар белгілі мағынада шәһид саналатын шығар, деген сөзімді тілге тиек етуі, жалаң бас намаз оқуға, түрікше азан шақыруға менің қарсы болуымды түсінбей мұны қайшылық санауы, міне бұл олардың Рисалей-Нұрдың алдында тізе бүгіп, жеңілгенін көрсетеді.
ОН ТӨРТІНШІ ШУАҚ
ТҮСІНІКТЕМЕМЕ ҚЫСҚА ҚОСЫМША
Сөзімді Афион қаласының сотына арнаймын.
Назар аударылуын сұраймын және заңның әділетіне ұсынылған түсініктемемде, үш тұрғыза маған заңсыз мәміле жасалғанын айтқанмын. Яғни, тұрып жатқан үйіме баса көктеп кірді және жауап алды әрі қамап тастады. Бұл деген, осының алдында болған сотты құрметтемеу, олардың абыройын төгу, сондай-ақ, әділдігіне шәк келтіру тіпті олардың үкімімен санаспау болып табылады. Өйткені, үш сот және үш сараптаушы орган екі жыл жиырма жылдық хаткітаптарыма әбден зерттеу жүргізіп бірауыздан қайтарып берген-ді. Ақталып шыққан соң жалғыздық жағдайында, оның үстіне қатаң бақылауда отырып аптасына кейбір достарыма бір ғана хат жаза алатынмын. Дүниямен байланысым үзілгендей еді. Содан ақталып шықсам дағы өз еліме бармадым. Ал қазір, тағы да сол мәселе бойынша шығарған бұрыңғы үш соттың әділ үкімдерін теріске шығарғандай баяғы мәселені қайтадан көтеріп олардың абыройын төгуде. Мен үшін әділ шешім шығарған әлгі соттардың абыройын сақтау үшін соттан мынаны өтінбекшімін:
Сол баяғы бір мәселе, «Рисалей-Нұр саяси ұйым», "тариқатшылық" және "Ел арасында іріткі салып, тыныштықты бұзу", "қауіпсіздікке нұқсандық келтіру" секілді бос күдіктер. Мұндай күдіктен басқа бір сылтау немесе жаңа кінә тауып, сол арқылы жауапқа тартыңдаршы. Менің кінәларым көп, бастан асады. Тіпті, керек болса өзім мені жауапқа тартқызатын бір кінә табуға көмектессем деймін. Олай дейтінім, абақтының сыртында абақтыдан да бетер қиналатыным рас. Осы кезде маған ең тыныш жер, я қабір, я да абақты болып тұр. Шынымды айтсам, өмірден жалықтым. Жиырма жыл бойғы жалғыздық, қамау, азап, жанға бататын аңдулар, жасалған қиянаттар, жетер енді! Әйтпесе, «ғайратуллаһқа» тиіп, Аллаһтың қаһарына себеп болуы мүмкін, елге обал болады, мұны да ескертіп қояйын.
Біздің мықты қорғанымыз, болаттай бекінісіміз мынау аят болмақ:
(Он сегіз жыл үндемей келіп енді мәжбүр болған соң мына өтінішім сотқа жолданып, ал бір көшірмесі Анкараға, құзырлы жоғарғы органдарға жіберілген болатын. Енді, соны қайта жіберуге тура келгендіктен айыптау қорытындысына жазылған шағым хат).
Мұны да білгендерің дұрыс: Осы, Қастамону қаласында орынжайымды үш рет тінту үшін келген екі прокурор мен тергеуші екі комиссарға және одан кейін келген полиция бастығына, қасындағы алты-жеті комиссар мен полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ, Спарта қаласының прокурорының сұрақтарына және Денизли мен Афион сотында айтылған сол ақиқат уәж сөзімнің қорытындысы былай болатын:
Мен оларға Жиырма жылдан бері жалғыз өзім өмір сүріп келемін. Әрі Қастамону қаласында сегіз жыл болды милиция бөлімшесінің дәл қарсы алдындағы үйде, басқа қалаларда да солай, жиырма жылдан бері үздіксіз аңду, жіті қадағалау және беймезгіл бірнеше рет бөлмеме тінту жасағанмен дүниямен я саясатпен қатысты бірде-бір белгі-нышан таба алмады. Егер шынында саясатпен қатысым болса, әділет басқармасы, полиция білмеді немесе біле тұра көз жұмды. Олай болса, міндетті түрде менен қарағанда өздері жауапқа тартылуға тиіс. Ал, егер байланысым жоқ болса, барлық мемлекеттерде өзінің ақыреттік өмірі үшін қам жасайтын жалғыз басты адамдарға ешқашан тиіспейтін бола тұра неліктен мені осылай босқа әуре қылып, елге де, халыққа да зиян келтіріп маған тиісе бересіңдер!
Біз, Рисалей-Нұр шәкірттері, Рисалей-Нұрды дүниялық ағымдарға түгіл бүкіл әлемге пайдалануға болмайтынын жақсы білеміз. Оның үстіне Қасиетті Құран бізді саясатқа араласуға қатаң тыйым салғанды.
Иә, Рисалей-Нұрдың міндеті о дүниелік мәңгі өмірдің шырқын бұзатын және бұ дүниялық өмірдің де астан-кестеңін шығаратын сұмдық күпірлікке қарсы имани ақиқаттармен, бұлтартпас, нақты дәлелдермен ең қырсық кәпір философтардың өзін иманға келтіретін деп қуатты айғақтармен Құранға қызмет ету болып табылады. Сондықтан, Рисалей-Нұрды ешбір нәрсеге құрал ретінде пайдалануға болмайды.
Ең әуелі; Қасиетті Құранның алмастай Құнды ақиқаттарын ғапыл адамдардың назарында саяси үгіт-насихат секілді жылтырақ шыны деңгейіне төмендетіп құнын түсірмеу және ондай қымбат ақиқаттарға қиянат жасамау керек.
Екіншіден; Рисалей-Нұрдың негізгі жолы мейірім, хақ пен ақиқат, ар-ождан, аяу. Міне осы нәрселер бізді саясатқа, билікке араласудан тыяды. Өйткені, жазалануға, азапқа лайық, иманнан безіп әбден кәпір болып кеткен бір яки екі дінсіздің кесірінен жеті-сегіз бала-шаға, науқас, қарт бейкүнә жандар зардап шегеді. Бәле келсе әлгі байғұстар да босқа күйіп кетеді. Сол үшін нәтижесі белгісіз, бейбіт тұрмысқа қауіп төндіретін жағдайда тыныштықты бұзып саяси жолмен билікке, қоғам өміріне араласуға бізге болмайды, Құран рұқсат етпейді.
Үшіншіден; Осы елдің және мына халықтың қоғамдық өмірі анархиядан құтылуы үшін бес нәрсе шарт. Олар: Құрмет, мейірім, харамнан тыйылу, қауіпсіздік, беті-алды лағуды қойып бағыну, мойынсұну. Рисалей-Нұрдың қоғамдық өмірге қарайтын жағы осы. Ол осы бес негізді мықтап бекітіп, қауіпсіздіктің шарттарын орындалуына жағдай жасайды. Бұған дәлел, осы жиырма жылдың ішінде Рисалей-Нұр жүз мың адамды отанға пайдалы, халқына жанашыр азамат етіп тәрбиелеп шығарды. Мұның көрсеткіші ретінде Спарта мен Қастомону уәлаяттарын айтуға болады. Демек, Рисалей-Нұрдың кітаптарына тиісетіндер сөзсіз түрде, біліп-білмей анархияға болысып, отанға, халыққа және Ислам құндылықтарына қиянат жасаған боп есептеледі. Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітабының тигізген мол пайдасын, жасаған жақсылығын әлгі ғапылдардың ойынша екі-үш кітапшасындағы зиянды деп жорамалдаған бос ойларына бола жоққа шығарып, қырын қарауға болмайды. Оны осындай бос ойларға бола бекерге шығару ынсапсыздық, зұлымдық. Ал, менің жеке басымның кемшіліктеріне келер болсақ, оны
қаламасам да айтуға мәжбүрмін, былайша: Жиырма екі жылдан бері жалғыз өмір сүрген, әрі сол ұзақ мерзім ішінде өз еркімен бірде бір базарға, халық көп жиналатын жерлерге, мешітке бармаған, сондай-ақ, қанша азап шегіп қиналса да, бір рет болсын үкіметке шағымданбаған және жиырма жыл ішінде бірде бір газет оқымаған, тіпті тыңдап я сұрамаған және екі жыл Қастамону қаласында достары куә, дүниядағы болып жатқан соғыстардан бейхабар, кім жеңіп әлі кімдер соғысып жатқанын білмейтін, қызықпайтын, әсте сұрамайтын және үш жыл бойы қасында сөйлеп тұрған радионы үш мәртеден артық тыңдамаған және мәңгі өмірдің шырқын бұзып, дүниялық өмірді де зақымдайтын дінсіздікке қарсы табысты түрде РисалейНұр арқылы күресіп жүрген оған куәлік ететін жүз мың куәгері бар және Құраннан туындаған Рисалей-Нұрдың нұры арқылы өлімді құрдымға кету дейтін бейнесінен демалысқа шығу түріне енгізген; міне, осындай бір адамға мұншалықты шүйлігу, үмітін үзіп, қиянат жасау сөйтіп, оның бейкүнә жүз мыңдаған достарын зар еңіретуге бола ма? Бұл заңға қайшы емес пе? Нендей пайдасы бар? Әділеттің атын жамылған зұлымдық емес пе? Заң атынан жасалған заңсыздық емес пе?
Егер, сендер де айыптаушы қызметкерлер секілді былай десеңдер: «Сен және сенің бір-екі рисалең режимге, біздің қағидаларымызға қайшы!»
Біріншіден, жаңадан шыққан ереже-қағидаларыңды дүнияны тастап, жалғыз өзі өмір сүріп жатқан кісінің мекен-жайына ендіруге ешбір ақыларың жоқ.
Екіншіден, айтылған нәрсені теріске шығару басқа, жүрекпен қабылдамау басқа және онымен амал жамамау мүлдем басқа. Үкімет басындағылар іс әрекетті қадағалайды. Жүректі тексеруге ақысы жоқ. Билікке араласпаған, тәртіпті бұзбаған, бірақ қатты оппозициялық топтар әр елде болады. Тіпті, Хазіреті Омардың (р.һ.) билік құрған заманында христиан дінінің өкілдері Ислам шариғатының заңдарын, Құранның үкімдерін жоққа шығарып қабылдамаса да оларға тиіспеген. Ой-пікірге шектеу қойылмайтын, демократия, ар-ождан бостандығы дейтін ережеге сай Рисалей-Нұрдың кейбір шәкірттері билік басқармаға тиіспесе болды, қазіргі режим мен
қағида-принциптерді ойша қабылдамаса, қарсы әрекет жасаса, тіпті режимді енгізген адамды жек көрсе, сол үшін оларды заң бойынша қудалаудың жөні жоқ. Біз, Рисалей-Нұрдың ондай тақырыптарын әркімге қажеті жоқ деп, жарыққа шығып жария болуына тыйым салған едік. Тіпті, бұл жолы осы қамалуға себеп болған рисале, Қастамону қаласында сегіз жылда бір немесе екі рет бір ғана нұсқасы табылды. Дереу, жасырып тығып тастадық. Енді міне, өздерің мәжбүрлеп жарыққа шығарғандықтан халыққа жайылып та үлгерді. Өздеріңе мәлім, бір кітапта қате болса тек, сол жердегі сөздер алынып тасталады да қалған жеріне рұқсат етіледі. Ескішәһар сотында төрт ай тексеріліп Нұр рисаленің айыптауға қатысты болған он бес сөзі табылған-ды және осы соңғы төрт жүз беттен тұратын "Зүлфиқар" атты кітаптың екі парағында мұрагерлік пен әйел затының орануына қатысты аяттардың отыз жыл бұрын жазылған тәпсірі және оның қазіргі мәдениет заңдарына сәйкес келмеуі міне, бұл оның мақсаты дүния емес ақырет әрі оған бәрі мұқтаж екенін көрсетеді. Әлгі төрт жүз беттік әркімге пайдасы зор "Зүлфиқар" кітабының екі парағына бола, оған бүтіндей тыйым салуға болмайды. Әлгі екі бетті ғана алып тастап, кітап толығымен бізге қайтарылып берілуі тиіс, бұл біздің ақымыз.
Егер діннен безу дегенді, белгілі бір мағынада саясат деп ойлап, бізге былай десеңдер:
«Бұл рисалелерің арқылы қазіргі мәдениетімізге кедергі келтіріп, мазамызды аласыз!»
Менің жауабым: "Халық дінсіз өмір сүре алмайды!". Бұл дүния бойынша жалпыға ортақ ереже. Әсіресе, сұмдық күпірлік, атеизм болса, ол осы дүнияның өзінде тозақтан бетер ауыр азапқа салатындығын Рисалей-Нұр кітабынан «Жастар шырағы» нақты түрде дәлелдеп көрсеткен-ді. Ол рисале бүгінде ресми түрде бастырылды. Мұсылман адам - Құдай сақтасын! - егер діннен безсе күпірлікке түседі, ол өмір сүруге болатындай «мәшкук» яғни күмәнді күпірлікте жүре алмайды. Батыстық дінсіздер секілді бола алмайды. Дүнияда рахат өмір сүретін, өткен шақ мен болашақты уайымдамайтын хайуаннан да бетер жүз дәреже төмендеп кетеді. Себебі, өткен мен болашақтың жоқ болуы, мәңгіге қоштасуы оның адасқан назарына ілігіп, мазалап әрдайым айырылысу қайғысын еселеп шеккізді.
Егер иман жүрекке ұяласа әлгі сансыз достарға жан бітіп хал тілдерімен: «Біз өлгеніміз жоқ, әлі кездесеміз!» дейтіндіктен манағы тозақи жағдай жұмақи ләззатқа айналады. Бұл ақиқат! Олай болса, мен сендерге айтарым: "Құранға арқасын сүйеген РисалейНұрмен тартыспаңдар! Оны жеңе алмайсыңдар! Отанмызға обал болады. {(Сілтеме): Рисалей-Нұрмен дауласып, тиісіп жатқан кезде төрт мәрте сұмдық жер сілкінісі, зілзәла болуы, "Обал болады!" деген үкімді дәлелдейді.} Жиырма жылдан бері жалғыз өмір сүріп жатқан адамның сөздерінде кемшілік болса да кешіріммен қарау керек. Мені Рисалей-Нұрды ақтағандықтан тақырыптан тыс әңгіме айтты деп айыптамаңдар! Ескішәһир соты жасырын және ашық жүз рисалелерді төрт ай тексеріп тек бір немесе екі рисаледе жеңіл жазаға тартқызатын бір-екі жерден басқа ешнәрсе таба алмады және жүз жиырма адам ұсталған болса соның он бесіне ғана алты ай жаза берді, біз де соның ішінде едік. Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын Спарта үкіметі РисалейНұрдың барлық кітаптарын қолға түсірген болатын. Олар бірнеше ай тексерген соң кітапты өз иелеріне қайтарып берген. Жазасын тартқан соң Қастамону қаласында сегіз жыл ішінде қанша аңдып, із кессе де қылмыстық іс қозғайтын бірде бір белгі я бір күдік таба алмады. Және Қастамонудағы соңғы тексеру кезінде кейбір рисалелердің ортадан ғайып, еш жарияланбайтындай дәрежеде отынның астында көмулі жатқаны белгілі болды, мұны полиция қызметкерлері де растайды. Әлгі жасырулы кітаптарымды Қастамону қаласының полиция бастығы, әділет басқармасы қайтарып беретініне уәде беріп, ертеңіне мені Спарта қаласының түрмесіне жөнелткендіктен ол аманаттарымды ала алмай кеттім. Әрі, Денизли, Анкара қаласының соттары бізді ақтап, барлық кітаптарымызды түгелдей қайтарып берген болатын. Олай болса, әлбетте, осы аталған ақиқаттарға байланысты Афион әділет басқармасы Денизли соты және ол жердің прокуроры әлгіндей құқымды ескеріп, оған мән беріп қарауға міндетті. Жалпы халықтың құқығын сақтауға міндетті прокурор, Рисалей-Нұрға байланысты бұл да жалпы халықтың құқығы саналатындықтан жеке басымның құқын да ақтап арашалайды деген үміттемін. Жиырма екі жылдан бері қоғамдық өмірден қолүзіп, қазіргі заңнан бейхабар және өзін қалай қорғау керек екенін де білмейтін және Ескішәһир және Денизли сотында айтылған дәйекті түрдегі жүз беттік ақталу уәжнамасын да осы соңғы сотқа қаз-қалпында тапсырған және бұл уақытқа дейін
айыптарының жазасын өтеген, одан кейін де Қастамону, Әмірдағы қаласында әрдайым бақылауда болған, жалғыздық камерасында өмір сүріп жатқан Жаңа Саид үндемей, сөзді бұрыңғы Саидқа беріп еді.
Ол былай дейді: Жаңа Саид дүниядан қол үзгендіктен дүниялық адамдармен сөйлескісі келмейді, өзін ақтауға мәжбүр болмаса ақтамайды да, қажет деп те санамайды. Алайда, егінші шаруа, дүкенші, жеке кәсіпкер кісілер бізбен азғана байланысқаны үшін оларды да тұтқындап, шаруа кезінде бала-шағасы үшін еңбек ете алмай қалғаны жаныма қатты батты. Жүрегім сыздап, көзіме жас келді.
Ант етейін, егер мүмкін болса олардың қиналыс, азаптарын өзім шегуге дайынмын. Расында, ағаттық кеткен болса менің кінәм. Олардың жазығы жоқ. Міне, осы қайғылы жағдайға байланысты Жаңа Саид үндемей отыр, оның орнына мен былай деймін: Спарта, Денизли, Афион қалаларының прокурорларының жүздеген мағынасыз сұрақтарына шарасыз Саид жауап беруде. Олай болса менің де он үш жыл бұрын, Қая Шүкір дейтін азаматтан бастап Ішкі істер қызметкерлерінен құқымызды қорғау ниетімен "үш сауал" сұрауға хақым бар.
Бірінші сұрағым: Рисалей-Нұрдың шәкірті емес, тек қолында біздің жазған бір хатымызды ұстап жүрген Әғрідір қаласында тұратын бір адамның, әскери шені бар біреумен жәй ғана айтысып қалғанына бола, менімен қоса жүз жиырма адамның үстінен іс қозғап төрт ай тергеген соң, жазықсыз он бес адамды қамап, қалғандарын ақтап, кінәсі жоқ екені дәлелденді. Осылай жүздеген адамды мың лира көлемінде шығынға ұшыратуға бола ма? Бұл заңға қайшы әрекет. Болуы мүмкін нәрсені болған сияқты көрсету қандай заңда бар? Денизли қаласында тоғыз ай тергеп, ақырында ақталып шыққан жетпіс жазықсыз жанға мыңдаған лира зиян келтіру әділдікке жата ма?
қолынан табылуына байланысты әрі оған қате мағына беріп, сондайақ, Күтахя, Балыкесир қалаларында ауыр сөздермен жазылған тағы бір хат табылды деп, бізді Рамазан айы кезінде айыптап және де мына қақаған суықта көптеген жазықсыз диқаншылар мен іскерлерді сотқа тарту, тіпті қарапайым бір адамның қалтасынан бұрын жазылған әлдебір хатымызды тауып алып, ол мені өз автокөлігімен қыдыртқаны үшін, бізбен достасқанына бола немесе бір кітабымды оқығаны үшін тұтқындап оны заттық, моральдық тұрғыда зиянға ұшырату, халыққа, отанға мыңдаған лира шығын келтіретіндей әуреге салу әділдікке жанаспаса керек. Әділет басқармасында мұндай заң бар ма? Бар болса келесі жолы қателеспеу үшін білгіміз келеді.
Иә, Денизлиде, һәм Афионда тұтқындалуымыздың тағы бір себеп, мәнісі мынандай: Кейбір хадистердің мағынасы, жорымы білінбегендіктен ақылға сыймайды деп халық жоққа шығаруы мүмкін. Міне, көпшілік халықтың иманын сақтау мақсатымен бұдан бұрын «Дар-үл Хикмет-і Исламияда» жұмыс істеп жүргенімде жазылған «Бесінші Шуақ» атты жазбам. Ол жазба дүниямен, саясатпен қатысы жоқ болса да тіпті, осы кезде жазылған болса да, оның жасырын болғаны және іздегенде табылмағаны рас және ғайыптан берген хабарлары шындық және имани күдіктерді жоқ қылатыны да рас, сондай-ақ, ол жазба елдің тыныштығына зиян келтірмейді әрі өкіметпен де дауласпайды және ол тек хабарлап білдіргені болмаса, жеке тұлғалардың атын атап көрсетпейді және ғылыми ақиқатты күлли түрде баяндайды яғни жалпылама түсіндіреді. Әлбетте, ол хадистің ақиқаты бұл заманда жазылып кейбір тұлғаларға дөп тиіп жатқан күннің өзінде, біз оны дау-дамай тудырмау үшін құпия ұстаған болатынбыз, бірақ соттың өзі оны жұртқа жария қылды. Қысқасы, мұндай жазба тіпті де айыпталмауы тиіс. Һәм бір нәрсені теріске шығару басқа және оны ақылмен қабылдамау, құптамау мүлде басқа немесе оны орындамау мүлдем басқа. Ол рисале жақын келешекте болатын бір режимді ақылмен қабылдамайды деп айыптауға болмайды. Дүнияда ондай әділет заңы жоқ деп ойлаймын.
Қорытынды: Мәңгі өмірдің шырқын бұзатын және қоғам өмірін астан-кестеңін шығаратын және халықтың берекесін алатын атеизмді отыз жылдан бері әшкерелеп күл-талқанын шығарып тамырына балта шапқан және табиғат жаратты деушілердің кәпір ойын бытшыт
қылған және екі дүнияның бақыты қайда екенін бұлтартпас айғақтармен дәлелдеп көрсеткен және арқасын Құранның ғарыштық ақиқатына сүйеген Рисалей-Нұр, мұндай шағын бір рисалесінің бірекі тақырыбы түгіл мың кемшілігі болса да ішіндегі мыңдаған терең ақиқаттары үшін кешіріммен қаралуы тиіс деп ойлаймыз әрі оны дәлелдеп беруге дайынбыз.
Үшінші сұрақ: Бір хаттың жиырма сөзінің бесеуінде қате болса сол сөздер цензура етіледі де қалғанына рұқсат беріледі. Бұл ережеге қайшы түрде, Ескішәһир соты төрт ай тексергеннен кейін жүз мың сөздің ішінен сырт көзге зиянды көрінген тек он бес сөзге бола және сарапшылар төрт жүз беттік Зүлфикар кітабының тек екі бетінде (қазіргі заңға сәйкес келмегендіктен) отыз жыл бұрын жазылған екі аяттың тәпсірінен басқа тақырыптарына тиіспеген және күні бүгінге шейін жүз мыңдаған адамдардың түзелуіне себеп болып отанға, халыққа көп пайдасы тиген Рисалей-Нұрға азғана қызмет еткен немесе өз иманын құтқарғаны үшін оны көшіріп жазған және Әмірдағында жалғыз өзі әрі қарт болған соң жаны ашып достасқан Чалышкан әулеті секілді Құдай үшін маған жәрдем еткен жазықсыз жандарды жұмыс қызып жатқан нағыз науқан кезінде қамап, кейін қатты суық мезгілдерде де тұтқындауға бола ма? Бұл республиканың қағида-заңдарына сәйкес келе ме? Бұған заң рұқсат бере ме? Республиканың заңдары ар-ождан бостандығына сәйкес діннен безгендерге тиіспейтінін білеміз. Олай болса мүмкін болғанша дүнияға араласпайтын, дүнияқұмарлармен шұғылданбайтын және ақыретіне, иманына және отанына пайдалы болуға тырысатын діндар кісілерге тиіспеуі керек қой, тіпті міндетті. Мың жылдан бері осы елдің азығы, шипасы секілді аса қажетті тақуалыққа, діндарлыққа мына әнбиялар мекені болған Азияда үкім жүргізгісі келген саясаткерлер тыйым салмауы керек әрі сала алмайды деп білеміз. Жиырма жылдан бері жалғыз өзі өмір сүріп жатқан және сұраған сұрақтарға жиырма жыл бұрыңғы Саидтың ойымен жауап бергенде егер осы заманның ережесіне сәйкес келмей жатса кешірерсіздер. Бұл адамгершіліктің талабы. Отанға, халыққа және елдің тыныштығына пайдасы болғандықтан мұны сіздерге ескерту отан алдындағы борышым деп біліп, айтарым мынау: Бұлай бізге және Рисалей-Нұрға азғана байланысы бар деп, жұртты тұтқындай беру, осылайша халықтың ызасына тию және отанның қауіпсіздігіне,
тыныштығына пайда келтіріп жүрген діндар кісілерді билікке қарсы шығып тыныштықты бұзуға себеп болуы әбден мүмкін. Иә, РисалейНұр арқылы имандарын сақтап, халыққа пайдалы жағдайға келген адамдардың саны жүз мыңнан асады. Олар өкіметтің тіпті, жоғары билік органдарында, халық арасында, әрбір жерде бар, ондай турашыл жаны таза кісілер көп-ақ. Оларды ренжітпей керісінше, қорғаштап сақтау керек. Қазір, жазған шағымымызға құлақ аспай және бізге сөз бермесеңдер түрлі сылтаумен отанға қауіпті анархияға жол ашып жатыр деп уайымдайтынымыз рас.
Өкіметтің пайдасы үшін айтарым: "Бесінші Шуақ" атты жазбаны Денизли мен Анкара соты зерттеп тиіспей әрі оны бізге қайтып берген-ді. Әлбетте, оны қайтадан ресми түрде күн тәртібіне әкеліп даурықтырудың қажеті жоқ, билік басындағылар мұны ойлансын. Біз ол рисалені соттың қолына түспей тұрып халық арасына жаймай жасырып келдік. Сондай-ақ, Афион соты да оны сұрап күн тәртібіне келтірмегені жөн. Неге десеңіз, ішіндегі ақиқаттар өте қуатты әрі ешкім жоққа шығара алмайтындай дәрежеде дәйекті. Оқиғалар болмай тұрып хабар берілген еді, кейін дәлме-дәл шықты. Әрі мақсаты бұ дүниялық өмір емес. Болған күннің өзінде, өліп бұл дүниядан көшкен біреуге қатысты хадистің көптеген мағыналарының бір мағынасы ғана сәйкес келуде. Ол адам үшін әлгі ғайби хабарды, ондағы мағынаны ресми халыққа жария қылмау керек. Және сол үшін бізді айыптап ол кітаптың кеңінен тарауына жол ашпаған жөн. Мұны мен сіздерге отан үшін, халық үшін, елдің тыныштығы мен басқарма үшін шын жүректен ескертуге міндеттімін.
АФИОН ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ МЕН СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫНА ЖӘНЕ МҮШЕЛЕРІНЕ
(Денизли қалалық Әділет басқармасына құқымды сақтау үшін "Тоғыз негізді" қалай жазған болсам сол қалпында ұсынып отырмын).
Мен жиырма жылдан бері қоғамдық өмірге әсіресе, мұндай ресми, күрделі және саяси өмірге арласпағандықтан олармен қалай мәміле жасалатынын білмеймін және ойлап та жүргенім жоқ, ойласам басым ауырады. Бірақ, мәжбүр түрде басқа бір соттың ынсапсыз қызметкері әрі ретсіз әрі қайта-қайта қойған мағынасыз көп сұрақтарына берген жауаптарымның түсініктемесі болған мына жүйесіз ақталу жазбамда және өтінішімде бәлкім тақырыптан тыс, бәлкім керексіз қайталанған сөздер мен өзіме зиянды сөйлемдер де және мен білмейтін жаңа заңға қайшы сөздер болуы мүмкін. Алайда, ақиқат солай болуын керек қылса, сол ақиқат үшін қате-кемшіліктерге кешіріммен қаралуы тиіс. Бұл ақталу мен қорғану сөздерім тоғыз негізден тұрады.
Біріншісі; Қазіргі өкімет, өздері қабылдаған ар-ождан бостандығы деген заңға байланысты діннен безгендерге, азғын пасықтарға тиіспейді екен, олай болса, әлбетте діндарларға, тақуа жандарға да тиіспеуі керек. Әрі дінсіз ұлт өзінің болмысын сақтай алмайды және Азияны дін тұрғысынан Еуропамен салыстыруға келмейді және Ислам діні адамның жеке өміріне, ақырет өміріне әсері жағынан христиан дінінен мүлдем өзгеше. Сондай-ақ, мұсылман егер дінінен безетін болса басқа дінсіздерге ұқсамайды. Және мына мың жылдан бері дүнияны діндарлығымен нұрландырып келген, сырттан қаншама соққыларға тосқауыл болып діндарлығын сақтап қаһармандық танытқан осы отанның азаматтарының айырылмас бөлшегі, аса қажетілігі саналатын діндарлық, ізгі амал әсіресе иман ақиқаттары үйретіліп оқытылуы шарт. Егер, ол құндылықтарды тастап орнына батыстық мәдениет үйретілсе пайдасынан зияны көп болмақ. Халықтың қажеттігін өтемеген боласыңдар. Олай болса мына отанды, онда өмір сүретін халықты басқаратын өкімет РисалейНұрға әділет тұрғысынан, заң жағынан және тыныштық үшін тиісе алмайды және тиістірмеуі керек.
Екінші негіз: Бір нәрсені қабылдамау басқа онымен амал жасамау яғни орындамау мүлдем басқа. Әрбір өкіметте сол өкіметтің саясатын мүлдем қабылдамайтындар болады. Мысалға, мәжуси билігінде яғни отқа табынушылардың елінде мұсылмандар және Хазіреті Омардың халифатында яхудилер мен христиандар өмір сүрген. Олар тәртіпті бұзып, билікке қарсы шықпағандықтан жеке басының мүддесі сақталып, құқығы қорғалған болатын. Жалпы өкімет адамның қолына яғни іс-әрекетіне қарайды, жүрекке қол сұғып араласа алмайды оған жүрекке әмір етуге хақысы жоқ.
Сондай-ақ, ішкі тәртіпке, билікке, саясатқа араласқысы келгендер міндетті түрде газет-журнал оқып, күндік оқиғаларды қадағалап отырады. Сөйтіп, өзіне жәрдем ететін ағымдар мен оқиғаларды біліп, оңтайлы сәт күтеді. Ал Рисалей-Нұр болса өзінің шәкірттерін ондай нәрселерден тыйып аулақ ұстайды. Мұны менің жақын достарым жақсы біледі. Жиырма бес жыл бойы газет оқымақ түгілі ол жайында сұрауды, қызығуды, тіпті ойлаудың өзін ұмытқызып жіберді. Қазір он жыл болды үзілді-кесілді дүниялық ағымдардан, саяси халахуалдардан және Германияның жеңілгенінен, большевиктердің басып алуынан басқа ешбір хабар алмайтындай дәрежеде қоғам өмірінен оқшаумын. Олай болса сөзсіз өкіметтің хикметі, оның даналығы және саясаттың заң мен талабы, сондай-ақ, әділет ережесі бойынша маған және мен секілді мүмин бауырларға тиіспеуі керек. Тиіссе я негізсіз күдіктен я да ыза-кектен я қырсығып тиіседі.
Үшінші Негіз: Өткен сотымызда бір прокурордың бұрыс түсініп «Бесінші Шуақ» жайлы қойған сұрақтарына қарасам, заң атынан емес әлдеқашан өліп қалған бір адамға деген өзінің достығы үшін, бізге қарсы шығып еш пайдасы жоқ, мағынасыз наразылық танытып отыр. Соған жауап ретінде ұзақ түсініктеме жасауыма тура келді.
Әуелі, ол «Бесінші Шуақ» атты жазбаны өкімет қолға түсірмей тұрып біз өзіміз де оны құпия сақтап жасырып жүргенбіз. Расында, қаншама тексеру жүргізілгенмен табылмады. Ол жазбаның мақсаты тек халықтың иманын шүбәдан құтқару және мүтәшәбих яғни мағынасы терең, теңеумен баяндалған хадистерге сенбей жоққа шығарудан сақтау еді. Дүниялық мәселелерге үшінші, төртінші кезекте астарлы тоқталады және, айтқан хабары тура ол, саясаткерлермен, дүнияқұмарлармен айтыспайды, тек хабар береді.
Әрі жеке тұлғалардың атын атап анықтамай, жалпылай түрде бір хадистің мәнісін баяндайды. Бірақ, сол күлли, жалпыға ортақ ақиқатты осы ғасырдың сұмдық бір адамына сәйкес келгені рас, ол басқа мәселе. Сондықтан болар, ол жазбаны биыл жазылған деп ойлап наразылық білдірген. Әрі, ол рисаленің түп нұсқасы «Дарул Хикмет» академиясы құрылмай тұрып жазылған-ды. Тек, кейін реттеліп Рисалей-Нұрға енді. Ол былай болатын:
Бұдан қырық жыл бұрын, ол кез егемендіктің алғаш жылдары болатын мен, Стамбұл шаһарына келдім. Дәл сол кезде Жапонияның бас қолбасшысы Ислам ғұламаларынан молда-имамдардан діни сұрақтар сұрады. Стамбұл имамдары оларға менің жауап беруімді өтінді. Ол кісі, орайы келген соң көп сұрақтар қойды. Атап айтсақ, бір хадисте: «Ақырзаманда сұмдық бір адам таңертең тұрады, маңдайында » Хәзә Кәфир!" (Мынау Кәпір!) деген жазуы болады!" деген. Оның мәнісі не?" деді.
Мен былай дедім: Бұл халықты сұмдық біреу басқаратын болады, таңертең тұрып басына шапка киеді әрі басқаларға да кидіреді. Бұл жауаптан мұндай сұрақ туды: «Апырм-ай, сол кезде оны кигендер кәпір болмай ма?» Оған дедім: халық Шапка киеді, ол сәжде жасауға кедергі болады, бірақ бастағы иман ол шапканы да сәждеге апарады, иншаллаһ, мұсылман қылады!" Сосын былай деп сұрады: «Дәл сол адам бір су ішеді екен, сөйтіп алақаны тесіледіміс. Сол арқылы оның Сүфиян екені анықталады-мыс». Жауап ретінде былай дедім: «Мұндай мәтел бар; Ысырапшыл адамды алақаны тесік адам дейді яғни қолында мал тұрмай ағып кете береді, зая болады дейді. Міне, әлгі сұмдық адам су секілді араққа құмар болады, сонымен ауырады. Өзі көп ысырап жасайды, басқаларды да соған үйретеді».
Және біреу былай деп сұрады: Ол өлген кезде Стамбұлдағы бағаналардан шайтан: «Пәленше өлді!» деп дүнияға жар салады. Мен былай деп жауап бердім: Телеграф арқылы хабарланады. Алайда, кейін радио шыққанын естідім. Менің бұрыңғы жауабым толық емес екенін білдім. Сегіз жылдан кейін «Дар-ул Хикметте» қызмет атқарып жүргенімде жауабымды толықтырып айттым: «Шайтан секілді радиомен дүнияға жар салады!» деп.
Содан соң, Зүлқарнайынның қорғаны туралы сұрады. Сосын, Яжуж уә Мәжуж, Даббат-үл арз, Дәжжал, Иса пайғамбардың көктен түсуі жайлы сұрақтар сұрады. Мен де бәріне жауап берген едім. Тіпті, ол туралы бұрыңғы рисалелерімде біршама жазылған-ды.
Біраз уақыт өте, Мұстафа Кемал екі мәрте телеграф жіберіп, ортаға Ван уәлаятының болысы мен Тахсин Бей досымды салып, солар арқылы мені «Хутуват-ы Ситте» атты кітапша бастырғаным үшін риза болып алғыс білдірмек ниетімен Анкараға шақырды. Бардым. Шәйх Синуси Күрд тілін білмейтіндіктен мені оның орнына үш жүз лира айлық беретін болып шығыс уәлаяттарының жалпы уағызшысы етіп тағайындағысы келді. Және депутат әрі діни басқарманың ішінде «Дар-үл Хикмет» мүшелерімен бірге бұрыңғы қызметімді әрі қарай жалғастыра беруді және бұрын өзімнің Ван қаласында іргетасын салған «медресе-туз Зехра» және "шығыс университетін" ашуыма Сұлтан Решаттың берген он тоғыз мың алтын лирасын - ол қаулыға екі жүз депутаттың жүз алпыс үші қол қойып қабылдағанды - жүз елу банкнотқа дейін көтеріп қабылдағанын айтты. Сонда, мен «Бесінші Шуақтың» негізі меңзеген хабардың бір ұшын дәл сол жерде бір адамда көрдім. Сол үшін, әлгі аса маңызды қызметті тастауға мәжбүр болдым. Іштей, мына адамның көзін жеткізу оңай болмас деп, дүнияны, саясатты және қоғамдық өмірді тастап тек иманды сақтап қалуға бар күшімді жұмсадым. Бірақ, кейбір залым ынсапсыз қызметкерлер дүнияға қатысты екі-үш рисале жазуыма себеп болды. Сосын, кейбір бауырларым ақырзаманның оқиғалары жайлы баяндайтын мүтәшәбих хадистерді сұрағандықтан әлгі көне рисаленің түп нұсқасын реттеп жөнге келтірдім. Сөйтіп, ол жазба Рисалей-Нұрдың «Бесінші Шуағы» деп аталды.
Рисалей-Нұрдың реттік нөмірлері жазылу тарихына сәйкес келмейді. Мәселен, Отыз үшінші Мектуб бірінші Мектубтан әлдеқайда бұрынырақ жазылды. Сол секілді мына «Бесінші Шуақтың» негізі және Рисалей-Нұрдың кейбір жазбалары Рисалей-Нұрдан ертеректе жазылған-ды. Қойшы әйтеуір, осы жерге тақырыптан тыс нәрселердің жазылуына бір прокурордың Мұстафа Кемалға достығы үшін, соған жағымпазданып заңсыз әрі керексіз әрі қате түрде наразылығы мен сауалдары себеп болды. Мен оның әділет заңы атынан барынша жеке басқа қатысты және заңға үйлеспейтін сөзін тілге тиек етейін.
Маған былай деді: «Бесінші Шуақ» кітабыңда оны арақ-шарапты іше-іше су құйылған мес секілді..." деген сөздермен суреттеп әшкерелепсің. Олай деуге аузың қалай барды? Мен әлгі прокурордың мүлдем мағынасыз, қате және тек достығы үшін айтқан сөзіне былай дедім: Қаһарман әскердің жеңісі мен үстем мерейін жалғыз бір қолбасшының өзіне беруге болмайды. Оның бір үлесі болуы мүмкін. Қалайша, бір армия жаппай бір елді азат етсе түскен мал-мүлік, олжатабысты тек жалғыз қолбасшы иеленсе, бұл зұлымдық саналады, ол барып тұрған қиянат, сол секілді.
махаббат қысқа ғұмырдың өлшемімен емес, бақи ақыретте мәңгі қарым-қатынас жалғаса береді деп білгендіктен, соған қарай өлшенеді. Адал құрмет, шынайы махаббат, мейірімге толы қамқорлық, араларындағы ағаттықтарына қарамау, кемшіліктерін кешіру секілді жақсы мінез қалыптасып, ол шаңырақта нағыз адамгершілік бақыты орнайды. Бұл мағына да Рисалей-Нұрда баяндалғандықтан қысқа қайырдық.
Һәм, әрбір қала өз тұрғындарына белгілі бір мағынада үлкен үй, ауқымды баспана болып табылады. Егер ақыретке иман сол үлкен үйдің тұрғындарына әсер етпесе яғни қала тұрғындары иман етпесе жақсы мінездің негіздері болып табылатын ықылас, адалдық, адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық, жанкештілік, Аллаһ ризашылығы, обалсауап дейтін ұғымдар жоғалып, орнына ашушаңдық, өштесі, бас пайдасын көздеу, екі жүзділік, алдау-арбау, өзімшілдік, рия, жасандылық, парақорлық секілді келеңсіз жайттар етек алады. Сырттай тыныштық, бейбіт өмір кешіп жатқандай көрінгенмен шынтуайтында анайылық, өктемдік, шектен шығу, анархия орнайды. Қала өмірінің шырқы кетеді. Балалары ерке, жастары мас, күштілері залым болып, қарттары болса зар еңіреп мұңлы күй кешеді.
Осылай салыстыра берсек, мемлекеттің өзі бір отбасы, отан да бір халықтың үлкен отбасы. Егер осы кең қанатты үлкен үйлерге ақыретке иман ықпалын тигізер болса, бірден өзара сыйластық, шынайы жанашырлық, мейірім, еш ақысыз құрмет, бір-біріне көмектесу, адал қызмет, татулық, риясыз жәрдем, адамгершілік, менмендіксіз үлкендік яғни кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттер пайда болады.
Құран дәрісі балаларға былай дейді: «Еркелікті қой! Жұмақ бар емес пе?!»
Жастарға: «Мастыққа салынба! Жәһаннам бар, абайла!» деп есін жиғызады.
Залымдарға: «Жан төзгісіз тозақи азап бар, жазаға тартыласыңдар!» деп әділдікке бас игізеді.
Қарттарға: «Айырылып қалған бақ-дәулетті ойлап уайымдама! Алдарыңда одан да артық һәм ақыреттік мәңгі жастық шақ бар. Соны ұтып алудың қамын жаса!» деп мұңын қуанышқа айналдырады. Қарап отырсаң, ақыретке иман әрбір буынға жағымды әсерін тигізіп, қараңғылықты сейілтеді. Ендеше, «қоғам өмірін дінсіз-ақ жөнге саламын, бір қалыпқа келтіремін!» деп даурыққан қоғам қайраткерлері мен психологтардың құлақтарына алтын сырға!
кеттер, ақаулар басшыға беріледі. Өйткені, бір іс болуы үшін оның бүкіл шарттары, негіздері толық болуы керек. Қолбасшы яғни командир соның бір ғана шарты болып табылады. Ал, бір нәрсенің жоқ болуы, орындалмай немесе қирап қалуы үшін бір шартының орындалмауы не бір негіздің болмауы жеткілікті. Міне, кемшіліктер ұйымдастырушыға, басшыға берілетіні сондықтан. Ал, жақсылықтар мен игіліктер жалпы алғанда нақты іс әрі болмыс болғандықтан оны ұйымдастырушылар мен басшылар иеленіп "мен істедім" дей алмайды. Жамандықпен кемшіліктер жалпы болымсыз әрі бұзу боп есептелетіндіктен оған басшылар жауапты. Ақиқат пен хақ осылай бола тұра, бір ру жеңіске жетсе оны ру басы көсемінен көріп, егер жеңіліске ұшыраса «бүкіл ру нашар екен!» деп руды төмендету ақиқатқа мүлдем қайшы болатыны секілді дәл солай, мені айыптаған әлгі прокурор, хақ пен ақиқатқа мүлдем керағар түрде өзінше әділеттік қылғандай заң атынан сөйледі. Осыған ұқсас бір оқиға болды, бірінші дүния жүзілік соғыстан бұрынырақ, мен ол кезде Ван қаласында болатынмын, қасыма кейбір діндар, тақуа жандар келіп: «Кейбір қолбасшылар дінсіз әрекет қылуда. Сен бізге болыс! Оларға қарсы бас көтереміз!» деді.
Мен оларға: «Мұндай жамандықтар мен дінсіз әрекеттер сол басшылардың еншісінде қалсын. Армияны жаппай кіналап айыптауға болмайды. Бұл Османлы армиясында бәлкім жүз мың әулие бар шығар. Өз басым бұл армияға қылыш көтермеймін, сендергеде ермеймін!» дедім. Олар маған көнбей, қылыш көтеріп, ақыры Ван көтерілісі деген болымсыз нәтиже берді. Біраз уақыт өткен соң, бірінші дүния жүзілік соғыс басталды да Османлы армиясы дін үшін майданға аттанды. Сол соғыста жүз мың шәйіт әулие мәртебесіне көтеріліп менің айтқан сөзімді қандарымен растады. Жә, жарар енді. Әңгімені ұзаттым білем. Себебі, ешбір сезімге берілмей, ешбір сырттың әсерінде қалмай өте нәзік әрі мөлдір болудың талап ететін әділет ақиқаты, баз біреудің жалған сезіміне, қате түсінігіне қарай және біреуге жақтасуға жол берілмеуі тиіс бола тұра бізді және Рисалей-Нұрды қыспаққа алған прокурордың жағымсыз әрекеті мені осылайша, көп сөйлетсе керек.
Төртінші Негіз: Ескішәһир соты жүздеген рисалелер мен хаттарды төрт ай бойы тексеріп тек жүз жиырма адамның он бесіне ғана алты ай жаза беруге қарар берді. Ал маған болса, жүз кітабымнан бір-екі кітабымның ішіндегі он бес сөзіне бола тиісіп бір жылдық жазаға тартты. Одан кейін Қастамону қаласында бірнеше тексеру жүргізсе де бірде-бір айып таба алмады. Және бірнеше жыл бұрын Спарта қаласында жасырын, жасырын емес Рисалей-Нұрдың түгел дерлік кітапшаларын үкімет қолға түсірді.
Үш ай тексерген соң жаппай иелеріне қайтарып берген-ді. Бірнеше жылдан соң Денизли және Анкара қалалық соттарында барлық рисалелер екі жыл тұрды. Кейін бірін қалдырмай қайтып берді. Бұл рас. Олай болса мені және Рисалей-Нұрды айыптағандар және әлгіндей заңды жамылып заңсыз түрде, кектеніп әрі сезімге беріліп бізді кінәлағандар әлбетте, бізден бұрын өздерінің әріптестері Денизли сотын, һәм Анкараның Жоғары сотын айыптап оларды біздің кінәмызға - егер болса - ортақ қылуда. Олай дейтінім, егер біздің кінәмыз болса әлгі сот органдары дәл қасында тұрып бақылау жүргізсе де оны көрмеді немесе көрмегенсіп жүрді және екі сот органдары екі ай бойы егжей-тегжейлі зерттеп білмеді немесе білмегенсіп жүрді. Олай болса, олар бізден де бетер кінәлі. Алайда,
біздің дүнияға араласуға ниетіміз болса мұндай шыбынның ызылы секілді емес, зеңбіректің гүрсілі секілді дыбыс шығарып, үлкен оқиға болар еді.
Иә, отыз бірінші март оқиғасында әскери трубуналда және Мұстафа Кемалдың қатты ашуланған кезінде де, оның намысына тиіп, оған ауыр сөздер айтып еш қорықпай, әсте қамықпай өзін қорғап сөйлеген адам, енді он сегіз жыл бойы ешкімге сездірмей дүниялық арандату істерімен шұғылданады деп айыптау әлбетте, әдейі бір ыза кектен туындаған. Біз, Денизли қаласының прокурорынан күткеніміз секілді Афион қаласының прокурорынан да үмітіміз зор. Олар бізді әлгіндей айыптаулардан және ашу-ызадан сақтасын, нағыз әділетті көрсетсін.
Бесінші Негіз: Рисалей-Нұр шәкірттерінің ұстанымы мынау: саясатқа, биліктің ісіне және өкіметтің шаруасына мүмкін болғанынша араласпау. Өйткені, Нұр шәкірттері таза, пәк Құрани қызметті бәрінен артық, бәрінен жоғары қойып, оған толық қанағаттанады. Сондай-ақ, қоғамда өз үкімін жүргізуге тырысатын қуатты ағымдар болғандықтан саясатқа кірген адамның ешбірі тәуелсіздігін, ықыласын сақтай алмайды. Міндетті түрде бір ағымның ықпалында қалып соның мүддесіне қызмететеді. Қызметінің қадірін түсіреді. Әрі материалдық тұрғыда қарсылық берілетін болса, бұл заманда мұндай залым әрі диктаторлық режимге байланысты, бір адамның кінәсі үшін оның бейкүнә жақтастарын аяусыз жазалауға тура келеді. Әйтпесе, жеңіліске ұшырайды. Сондай-ақ, дүния үшін дінінен безген немесе оны құрал қылғандардың назарында Қасиетті Құранның теңдессіз және ешбір пайдаға сатылмайтын киелі ақиқаттары саясаттың үгітнасихат құралы секілді көрініп теріс пікір, жаман ой қалыптасады. Ал, халықтың әрбір буыны, билікке жақтасы да қарсыласы да, қызметкері де, жеке кәсіпкері де, бәрі-бәрі Құрани ақиқаттарға мұқтаж, олардың да ақысы бар. Сол үшін Рисалей-Нұр шәкірттері ешбір жаққа жақтаспай толық бейтарап болу үшін саясатты, материалдық қарсыласуды мүлдем қоюға тиіс, әсте араласпаулары керек.
Алтыншы Негіз: Бұл мәселеде менің жеке басымның кемшілігіне немесе кейбір бауырларымның қатесіне бола РисалейНұрға тиісуге, оны жазалауға болмайды. Ол тікелей Құранмен кіндіктес, ал Құран болса Арш-ы Ағзамға байланған. Ол жаққа қол сұғуға, ондай мықты шынжырларды үзуге кімнің ақысы бар, кімнің қолынан келеді. Һәм, бұл елде материалдық, мағынауи берекет көзі
және ерен қызмет еткен және Құранның отыз үш аятының ишарасына бөленген, сондай-ақ, Хазіреті Али ғайби үш мәрте және Ғаус-ы Ағзам нақты түрде хабар берген және хабары расталған Рисалей-Нұр, біздің жәй, жеке басқа қатысты кінә кемшіліктерімізге бола айыпталмайды және айыпталмауы тиіс. Егер айыпталса бұл елге материалдық, рухани әрі орны толмас зиян келеді.
Рисалей-Нұрға дұшпандарымыздың ішінен кейбір діннен безгендер шайтаннан дәріс алып жоспарлы түрде жасаған шабуылдары иншаллаһ іске аспай қалады. Оның шәкірттері басқаларға ұқсамайды, ыдырату мүмкін емес, олар әсте, өз ісінен бастартпайды, Құдайдың құдіретімен жеңілмейді. Егер материалдық түрде қарсыласуды Құран тыйым салмағанда, бұл халықтың жанындай жақсы көретін әрі қошаметіне бөленген әрі саны өте көп және елдің түпкір-түпкіріне жайылған Нұр шәкірттері Шәйх Сайд немесе Менемен көтерілісі секілді шағын, нәтижесіз емес әлдеқайда зор үлкен оқиға шығарар еді. Құдай сақтасын, оларды мәжбүрлейтіндей зұлымдық жасалса және Рисалей-Нұрға тиіссе әлбетте өкіметті алдап отырған дінсіздер мен мұнапықтар бәрінен бетер қиналып қатты өкінеді.
Сонымен, біз тек дүнияны ойлайтын кәпірлердің дүниясына араласып жатқанымыз жоқ. Олай болса, олар да біздің ақыретімізге, имани қызметімізге араласпасын!
(Ескішәһир сотында оқылмай қалған және ресми тіркеуге өтпеген және ақтау қағазыма да түспеген жазбамды әрі өте тұщымды ақталу сөзімді баяндап берейін).
Бірде менен былай деп сұрады: "Республика туралы нендей пікірдесің?". Мен былай жауап бердім: Соттың қарт төрағасынан басқаларың дүнияға келмей тұрып мен өте діндар республикашыл екенімді қолдарыңдағы өміртарихым дәлелдесе керек. Қысқаша айтар болсам, ол кездері мен қазіргідей ешкім жоқ ескі кесененің күмбезін паналап жалғыз өмір сүретінмін. Артымнан тамақ әкелетін. Мен тамақтың түйірлерін құмырысқаларға беретінмін. Қалған суына нан турап жейтінмін. Себебін сұрағандарға былай дейтінмін: "Мына құмырсқалар мен аралар қауымы республикашыл яғни ұжымдасып тіршілік етеді. Сол ұйымдастықтарын құрметтеп тамақтың түйірлерін тарту етемін.
Біреу былай сұрақ қойды: "Сен салих сәләфтерге яғни Пайғамбардың ізінен ерушілерге қарсы әрекет етесің бе?".
Жауап ретінде дедім: Хуләфа-и Рашидин, төрт халифа һәм халифа һәм республиканы яғни елді басқарған-ды. Сыддық-ы Әкбәр (р.һ.) саңлақ сахабаларға әлбетте, көшбасшы болатын. Бірақ, мағынасыз аты бар заты жоқ басшы емес, толық мағынада нағыз әділ, шариғаттың тәуелсіздігін сақтап әлемге паш еткен діндар республика басшылары еді.
Міне, ей, прокурор мен соттың мүшелері! Елу жылдан бері менің көзқарасыма мүлдем керағар оймен кінәлап келсіңдер. Егер зайырлы республика десеңдер, менің білетінім зайырлы демек еш жаққа жақтаспай тарапсыз болу яғни ар-ождан бостандығы бойынша діннен безген, азғындарға тиіспейтіні секілді діндарларға, тақуа жандарға да тиіспейтін өкіметті атайды. Менің саяси-қоғамдық өмірден қол үзгеніме жиырма бес жыл болды.
Республикалық өкімет қандай жағдайға жеткенін білмеймін. Құдай сақтасын, егер дінсіздік үшін иманға, ақыретке қызмет еткендерді жауапқа тартатын заңдар шығарып, соны қабылдайтын сұмдық жағдайға жеткен болса, онда менің сендерге тайынбастан айтарым: Мың жаным болса иманым, ақыретім үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Қолдарыңнан келгенін істеңдер! Соңғы сөзім:
деп, мені дарға асасыңдар ма, жоқ ең ауыр жазаға тартасыңдар ма, мұндай зұлымдықтарыңа қарсы айтар сөзім:
Рисалей-Нұрдың нақты хабары бойынша мен өлсем жоқ болып кетпеймін. Керісінше демалысқа шығып нұрлы да бақытты әлемге сапар шегемін. Ал сендерді, ей жасырын жауларымыз және жұртты адастыру үшін бізді азаптап жатқан бейбақтар! Сендер мәңгіге құрып, жалғыз адамдық зынданға қамалатындықтан, мен солай сеніп, солай көргендіктен кегімді толық қанды алып рахат түрде жан тапсыруға дайынмын!" деген едім.
Жетінші Негіз: Афион соты басқа өлкелердің атүсті тергеу қорытындысына сүйеніп бізге саяси ұйым ретінде қарапты. Оған жауабымыз:
Біріншіден; Он тоғыз жылдан бері ешбір газет оқымаған, тыңдамаған, қызығып сұрамаған және міне, он жыл бес болыпты дүние жүзілік соғыстан, Алманияның жеңілгенінен басқа және дүниеге жайылған коммунизмнің сұмдық бәлесінен басқа ешбір
хабар білмеген, әсте қызықпайтын, бейхабар (оған менімен жақын араласатындар жаппай куәлік етеді.) адам саясатпен ешқандай қатысы жоқ, саяси ұйымдармен ешбір байналысы жоқ.
Екіншіден; Рисалей-Нұрдың жүз отыз кітапшасы алдарыңызда. Ішінде имани ақиқаттардан басқа бір мүдде, дүниялық мақсат жоқ екенін түсінген Ескішәһир соты тек бір-екі рисалесінен басқаларына тиіспеді және Денизли соты ешқайсысына наразы болмады және үлкен қала Қастамонуның сақшылары сегіз жыл бойы аңдып екі қызметшім және үш-ақ адамнан басқа әлденені сылтауратып айыптайтын ешкімді таба алмады. Демек, бұл оқиғалар нақты түрде Рисалей-Нұр шәкірттерінің ешбір тұрғыдан саяси ұйым еместігін дәлелдейді.
Егер айыптауда көрсетілген ұйым дегендері имани, ақыреттік жамағат болса оған жауап ретінде былай деймін:
Егер бір университетте оқитын шәкірттерді немесе жеке кәсіпкерлерді ұйым деп қарайтын болсаңдар бізді де сондай ұйым деп атауға болар. Егер діни сезімдерді пайдаланып елдің қауіпсіздігін бұзатын жамағат деп қарасаңдар, былай дер едім: жиырма жылдың ішінде аласапыран заманда Нұр шәкірттері туралы ешбір жерде ешбір оқиға ішкі істер басқармасына тіркелмеді, ол бабпен ешқайсысы айыпталмады. Бұл әрине, әлгі жаланы жоққа шығарады.
Ал, егер діни сезімдерді қуаттап, қоздырып болашақта елдің тыныштығын бұзуы мүмкін саяси ұйым ретінде қараса оған жауап былай:
Біріншіден: Әу баста, Діни Басқарма бүкіл уағыз айтушылар дәл осы қызметті атқаруда.
Екіншіден: Рисалей-Нұр шәкірттері елдің тыныштығын бұзбақ, қауіпсіздікке зиян келтірмек түгіл бар күштерімен, батыл түрде халықты анархиядан сақтауға, елдің тыныштығын, қауіпсіздігін күшейтуге тырысады. Оған дәлел бірінші негізде баяндалған болатын.
Иә, біздің жамағат екеніміз рас. Алға қойған мақсатымыз, бағытбағдарымыз бірінші өзімізді, сосын халқымызды мәңгі жоқ болудан, өмір бақи жалғыздық қапастан құтқару және отандастарымызды анархиядан, қаңғыбастықтан сақтау және екі дүниямызды қараң қалдыратын дінсіздікке қарсы Рисалей-Нұрдың болаттай берік ақиқаттарымен өзімізді қорғау.
Сегізінші Негіз: Рисалей-Нұрда кейбір ауыр сөздер бар деп айып таққан басқа аймақтық соттардың атүсті, толық емес қорытындыларына сүйеніп бізді кінәлауда. Оған жауап былай:
Біздің мақсатымыз иман және ақырет екені белгілі. Біз дүнияны ғана ойлайтындармен шұғылданбаймыз. Әрі біз азғантай және бір-екі рисаледе ғана және әдейілеп емес, өз мақсатымызға қарай кетіп бара жатып кей біреулерге тиіп кеткен шығармыз. Әлбетте, ол саяси өшпенділік мағынада емес. Әрі "имкан" басқа "уқуат" басқа, яғни болуы мүмкін мен болды деу екі басқа. Біз туралы елдің тыныштығына қауіп төндірді емес "қауіп төндіруі мүмкін" депті. Әрине бұл мағынасыз айыптау. Онда "әркім адам өлтіруі мүмкін" деп бәріне күдікпен қарау керек болар. Әрі жиырма жылдың ішінде жиырма мың адам мен мыңдаған хаттарды тексеріп Ескішәһар, Қастомону, Спарта және Денизли қаласының соттары мұқият зерттеп айыптауға тұрарлық нақты дәлел таба алмады. Ескішәһир соты кінә таба алмағандықтан мәжбүр болып созыла беретін заңның бір бабымен бір ғана шағын рисалеге бола бізге айып таққаны секілді, дін дәрісін бергендердің бәрін жаппай жауапқа тартқызатын заңмен жүз адамның тек он бесіне алты ай жазаға тарту қолдарынан келді.
Апырм-ай, сендердің бір адамдарыңның біз секілді бір жылғы жиырмаға жуық хаттары тексерілсе оны жауапқа тартып, ұятқа қалдыратын жиырма шақты сөйлем табылар еді. Ал, біздің жиырма мың адамның жиырма мың рисале, хаттары тексеріліп нақты жауапқа тартатын жиырма сөйлем таба алмауы Рисалей-Нұрдың мақсаты тікелей ақырет екенін, дүниямен алашақ-берешегі жоқтығын көрсетеді.
Тоғызыншы Негіз: Денизли сотының ынсапты прокуроры басқа қалалардың ынсапсыз және мәселеге атүсті қарайтын сот шешімдеріне сүйене отырып айыптау қағазына жазған нәрселер секілді Афион соты да бізге қарсы дәл сол нәрселерді және қашан жазылғаны белгісіз хаттарды сылтау қылуда. Және кейбіріне жиырма, он бес, он жыл болған және нақты жауаптанған әрі жазасы өтелген, кейін ақталған хаттар мен рисалелерді айыптауға негіз қылуда.
Апырм-ай, Отыз бірінші Март оқиғасында әскери қорғаныс министрлікте шәйх-ул Исламды, ірі ғұламаларды тыңдамаған сегіз батальонды үндеу арқылы тәртіпке келтірген адам, сегіз жыл ішінде - прокурордың дегеніндей - үгіттеп тек жиырма-отыз адам жинауы мәселен, үлкен қала Қастамонуда осылай бес адамды өзіне қаратуы мүмкін бе? Иә, Қастомону қаласында және Денизлиде жасырын, ашық барлық хат-кітаптарымызды отынның астынан тауып алып үш ай бойы егжей-тегжейлі тексеріп тек Фәйзи, Әмин, Тәуфиқ және
Садықтан басқа ешкімді айыптай алмады. Бұл бесеуі, Құдай үшін менің жеке қызметімді атқарып және үш жарым жылда Әмірдағы қаласында үш бауыр, үш-төрт кісіні маған жіберген-ді. Егер мен де әлгі атүсті қарайтын прокуратура секілді әрекет етсем бес-он емес, бес жүз тіпті бес мың, керек болса бес жүз мың адамды алдап өзіме қаратып алар едім. Прокуратурада қаншама қате кеткенін Денизли сотында айтқан болатынмын, енді соған бір-екі мысал келтіре кетейін.
Пайғамбарымыздың алтын ғасырынан бастау алып жалғасып келе жатқан Ислам дәстүріне сәйкес Рисалей-Нұрдың арнайы бұлағы болған жүздеген Құрани аяттарды жинастырып мұны үлкен нығмет деп біліп «Хизб-үл Құрани» топтамасын жасағанымызды «Дінге өзгеріс ендіріп жатыр!» деп байбалам салуда. Әрі, бір жыл жазасын өтеп, әркімге көрсетпей, сотта тіркелгеніндей отындардың астынан табылған "Тәсәттүр рисалесі" құдды биыл жазылып, таралғандай бізді сол үшін айыптағысы келеді. Һәм, Анкарада өкімет үйінде мәлім біреумен қарсыласып, оған қатты-қатты сөздер айтсам да қарсылық танытпай үнін шығармай қалған-ды. Енді, сол өтіп кеткен оқиғаны және әлгі адам баяғыда өліп қалған болса да, оның қателігін бетіне басып көрсететін хадистің ақиқатын баяндағаныма қырық жыл өтіп кетсе де әлгі орынды әрі қажетті әрі жалпыға ортақ, бірақ әркімге көрсетпей жүрген, мінеп жазған сөздерімді прокуратура сылтау қылып бізді жауапқа тартқысы келеді.
Өліп, өкіметтен байланысы үзілген бір адамға құрмет маңызды ма, әлде үкімет пен халыққа құрмет маңызды ма? Әлде, Аллаһ Тағаланың әмірі болған әділет заңы маңызды ма? Біз, өкіметтің негізгі ұстанымдары бізге сүйеу болады деп, сол арқылы өзімізді қорғаймыз деп жүрген ар-ождан бостандығы керісінше бізді айыптауға себеп болыпты. Бейне бір біз ар-ождан бостандығы негіздеріне қарсы секілді көрсетіпті. Сондай-ақ, бір рисаледе азғын мәдениеттің зияны мен кемшіліктерін мінеп жазған сөзімді қайдан шығарғанын қайдам, соны желеу етіп айыптағысы келеді. Бейне бір мені радио, ұшақ, поезд секілді {(Сілтеме): Мен радио туралы былай дегенмін: "Радио, Аллаһтың адамзатқа берген үлкен нығметі. Оған шүкір ретінде Қасиетті Құранды жер жүзіндегі адамдарға сол арқылы тыңдатып, әуетолқынына Құран оқыту керек!"} техника жаңалықтарын қабылдамайтын, кері тартпа деп қылмыскер ретінде жауапқа тартқысы келеді.
Міне, осы мысалдарды салыстыра отырып бұл әрекеттер әділет заңына қаншалықты қайшы екенін иншаллаһ, ынсапты да әділ Денизли қаласының прокуроры мен соты сынды Афион қаласының соты күдіктенбейді, мән бермейді деп, сенеміз.
Әрі бір қызығы: Мен бір жерде: Аллаһ Тағаланың ең үлкен нығметі ұшақ, поезд және радиоға зор шүкір ету керек еді, адамдар шүкір етпеген соң сол ұшақтардан басына бомба жауды. Радио да Иләһи зор нығмет, оған шүкір ретінде радионы миллион тілді Құран хафызы секілді жер жүзіндегі бүкіл адамзатқа Құранды тыңдату керек. Жиырмасыншы Сөзде Қасиетті Құранның техника жаңалықтарынан ғайби хабар бергенін жазғанымда бір аяттың ишари мағынасы ретінде кәпірлер поезд арқылы Ислам әлемін жаулап алады деген болатынмын. Мақсатым, мұсылмандарды соңғы техника жаңалықтарына құлшындыру бола тұра, керісінше мені айыптауға оны сылтау етіп көрсетіп бейне бір мен поезд, ұшақ, радио секілді жаңалықтарға, өркениетке қарсы адамдай соттың төрағасы бізді айыптап отыр. Һәм, бізге қатысы жоқ бір адам Рисалей-Нұрдың екінші атауы болған Рисалет-үн Нұр сөзінен мынадай мағына шығарып: «Құранның нұрынан бір Рисалет яғни илһам болып табылады. Рисалеттің шариғат міндетін атқарушы ізбасар» деген болса. Енді осы сөзді бір сот қате түсініп бейне бір мен: «Рисалей-Нұр расул деп айтты» деп жала жауып отыр.
Һәм, ақталу сөздерімнің жиырма жерінде нақты айғақтармен мынаны дәлелдеген болатынмын: Бүкіл дүния берілсе біз дінді, Құранды және Рисалей-Нұрды құрал ретінде пайдалана алмаймыз, пайдалануға болмайды. Біз оның бір ақиқатын дүния салтанатына айырбастамаймыз, іс жүзінде де солай. Бұл айтқаныма дәлел жиырма жылда мыңнан асады. Алайда, қазір болып жатқан Афион тергеу ісінде және айыптау істерінде басқа соттардың қарарына сүйене отырып шығарған шешімі, құдды біздің мақсат-мүддеміз және талпынысымыз дүниелік лаңкестік және дүниелік мақсат және дінді болмашы нәрселерге баспалдақ қылу, қадірін түсіру... т.с.с. Міне, бізге таққан айыптары осы. Олай болса мен және біз бар даусымызбен былай демекпіз:
АФИОН СОТЫНЫҢ АЙЫПТАУЫНА НАРАЗЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗІН АҚТАУ СӨЗІНЕ ТОЛЫҚТЫРМА
[Бұл наразы сөздерім Афион прокурорына және ол жердің сотына емес. Бұл сөзім басқа аумақтағы прокурор мен тыңшылардың және тергеушілердің қате әрі жөнсіз үкімдеріне сүйеніп сондай-ақ, тергеу кезіндегі түсініксіз жағдайларды бізге қарсы айғақ ретінде пайдаланып отырған кекшіл әрі күдікшіл қызметкерлерге арналады].
Біріншіден; Әсте негізі жоқ және ойға келмейтін саяси ұйым ретінде бейкүнә, саясатпен еш қатысы жоқ Рисалей-Нұр тәлабаларын айыптап және өзара ұйымдасып иман және ақырет үшін бас қосқан, басқа мақсаттары жоқ байғұс жандарды әлгі саяси ұйымның белсенділері, үгіт-насихатшылары, ұйымның мүшесі деп танып және Рисалей-Нұрды оқыған, оқытқан немесе жазған деген айып тағып сотқа беру әділет ұғымына мүлдем керағар әрекет. Оған дәлел, Құранға қарсы кітап жазған доктор Дузи сықылды және басқа да дінсіздердің еңбектерін оқитындар ой еркіндігі, ілім алу еркіндігі заңына байланысты айыпталмай жатқанда Құрани уә Имани ақиқаттарды білгісі келетін аса мұқтаж әрі құштар жандарға Айдай анық білдіретін Рисалей-Нұрды оқу немесе оны жазу айып саналуда.
Һәм, жүз рисаленің ішінен кейбіреуін жұрт бұрыс түсінбеу үшін сот іс қозғамай тұрып жарыққа шығуына тыйым салған екіүш рисаленің ішінде бірнеше сөйлемді сылтау қылып айып тағуда. Алайда, ол рисалелердің біреуінен басқа барлығын Ескішәһир соты тексеріп шарасына қараған-ды. Тек, «Тәсәттүр» рисалесіндегі бірекі мәселеге тиісіп қалғандарының жауабы нақты берілген бола тұра және «Қолымызда нұр бар, саясат шоқпары жоқ!» деп Ескішәһир сотында жан-жақты дәлелденген бола тұра сондай-ақ, Денизли соты ешбірін қалдырмай бүкіл рисалелерді тексеріп ешқайсына тиіспегенді, солай бола тұра нысапсыз прокурор әлгі екі-үш рисаленің үштөрт сөйлемін бүкіл Рисалей-Нұрға жауып, тіпті төрт жүз беттік "Зүлфикар" кітабын екі парағы үшін тыйым салардай Рисалей-Нұрды
оқыған және жазғандарды айыптап және мені өкіметке қарсы әрекет етуде деп кінәлауда. Мен және маған жақын және менімен байланысы бар достарымды куәгер ретінде, әрі ант етімін: осы он жылдан астам екі басшы мен бір депутаттан және Қастомону әкімінен басқа үкімет басындағыларды, уәкілдерді, қолбасшыларды, қызметкерлерді танымаймын, тануға да қызыққан емеспін. Тек бір жыл бұрын бірекі адам менімен танысқысы келіп жақындық танытқан соң үкіметтің бес-алты басшысының аттарын білдім. Апырм-ай, саяси адам өзіне қарсыластарды білмеуі, білгісі келмеуі, өзіне дос па жау ма, танымай жүре беруі мүмкін бе? Демек, бұдан түсінетініміз; біреудің дегеніне еріп сөзсіз мені азаптап, қинау үшін сылтау іздеуде. Жағдай осы. Олай болса мен де бұл жердің жергілікті сотына емес, анау ынсапсыздарға айтарым: Мен сендердің маған берер ең ауыр жазаларыңа еш мән бермеймін. Мен үшін еш құны жоқ. Неге десеңдер, мен қабірге таяп қалған адаммын, жасым жетпіс бесте. Бұлай қиналып, жәбір көріп бір-екі жылдық өмірді шәһид мәртебесіне айырбастау мен үшін үлкен бақыт. Рисалей-Нұрдың айғақтарына сүйене отырып иман еттім: өлім демалысқа шығу болып табылады. Егер сырт көзге дарға асылғандай болсам да біз үшін бір сағат қиыншылық мәңгі бақыттың кілті, рахымның қақпасы болмақ.
Бірақ, ей жасырын дұшпандар! Ей, жұртты діннен бездіру үшін әділет басқармасын шатастырған, үкіметті алдап бізбен нақақтан нақақ шұғылдандырып қойған ынсапсыздар! Мынаны нақты біліп алыңдар, сендерге қатаң ескерту! Сендер мәңгі бақи жоқ болу, жалғыз басты қамау үкімімен сотталасыңдар! Кегімізді еселеп тұрып аламыз әлі. Тіпті, сендерді бұл тұрғыда аяп та тұрмыз.
Ия, мына қала халқын жүз мәрте қабірге апарып төгіп тастаған өлім дейтін ақиқат әлбетте, өмірден де көп талабы бар. Оның көзді жоятын үкімінен құтылу адамзаттың барлық мәселесінен жоғары, аса маңызды және өте қажетті әрі бұлтартпас өзекті мәселе. Апырмай, мұның шарасын тапқан Рисалей-Нұр шәкірттерін және ол шараны мыңдаған дәлелдермен бекіткен Рисалей-Нұр тәпсірін түкке тұрмайтын сылтаулармен айыптаушылар қаншалықты ақиқат пен әділет ұғымының алдында өздері айыпты екенін топастар да түсінер.
Бұл ынсапсыздарды алдатқан және негізсіз түрде бізді саяси ұйым деп ойлатқан үш себеп бар.
Біріншісі; Бұрыннан бері менің шәкірттерім менімен ағайын туыс секілді етене жақын араласуы. Мұны ұйым деп ойлаған.
Екіншісі; Рисалей-Нұрдың кейбір шәкірттері - барлық жерде әрі мемлекеттің заңы рұқсат берген және қылмыс саналмайтын, Ислами жамағат секілді әрекет еткендіктен - ұйым деп ойлаған. Алайда, әлгі саны шектеулі үш-төрт шәкірттің ниеттері ұйым-бұйым емес, мүлде риясыз түрде иманға қызметтегі адал достық пен ақырет үшін ынтымақтасу ғана.
Үшіншісі: Әлгі ынсапсыздар өздері адасқан әрі дүнияға табынатындықтан және өкіметтің кейбір заңдарын өздеріне ыңғайлы деп тапқандықтан, оны оңтайлы пайдаланып былай деп дейді: «Міндетті түрде Саид және оның жолдастары бізге және өкіметтің бізге ыңғайлы, бірақ шариғатқа қайшы мәдениеттің әуестік сезімдерімізді қанағаттандыратын талап ережелеріне қарсы. Олай болса оппазициялық саяси ұйым». Менің оларға жауабым:
Ей, бейбақтар! Егер дүния мәңгі болса және адам мәңгі өмір сүретін болса және қоғамдық жұмыстар тек саясатқа қатысты болса, мүмкін мұндай айып тағуларыңның мағынасы болар ма, еді? Әрі мен саясатқа араласқан болсам жүз кітабымда он сөйлем емес саяси әрі қарсылық білдіретін мың сөйлем табар едіңдер. Тіпті, мүмкін емес болса да, егер біз сендер секілді бар күшімізбен дүниялық мақсат қуып, ойына келгенін істеп, саясатқа араласқан болсақ, бірақ бұған шайтан да ешкімді сендіре алмайды, жарайды солай болған күннің өзінде соңғы жиырма жылда ешбір оқиға, келеңсіз жәйт тіркелмеді. Өкіметтің нақты міндеті іс-әрекетті қадағалау, жүрекке араласа алмайды. Әрбір өкіметте бұрыннан бері қарсыластар болған, болады да. Әлбетте, әділет заңы бойынша бізді жауапқа тарта алмайсыңдар. Менің соңғы сөзім:
[Денизли сотынан ақталып шыққан соң үш жыл жалғыз өзім, саясаттан мүлдем қол үзген болсам да осы Афион түрмесіне қамалуыма себеп болған оқиғаның он тұрғыдан заңсыз екенін баяндап берейін].
Біріншіден; Үш сот пен үш сараптаушы топ және Анкараның жеті тергеу органы, әділет орындары екі жыл бойы Рисалей-Нұрды зерттеп, бір ауыздан ақтап оң қорытынды берген-ді. Сондай-ақ, Саидты қасындағы жетпіс бес шәкіртімен бірге босатып, бір күн болсын жазаға тартпаған-ды. Мәселе солай бола тұра, тағы сол кітаптарды зиянды әдебиет секілді қылмыстық іс қозғап тексеру жүргізу заң бұзушылық екенін азғана ұяты бар жан түсінер.
Екіншіден; Ақталып шыққан соң үш жарым жыл Әмірдағы қаласында жалғыз өзі, ешкімді танымайды, есігін сыртынан да ішінен де ілгекпен іліп жауып отыратын және зәру болса ғана жүзден бір адамды қабылдайтын, жиырма жылдан бергі әдетін тастап, соңғы кезде жазуды да қойған адамның дүния саясаты үшін есігінің құлыпын сындырып нәтижеде арапша кітаптан және иманға қатысты жазбалардан басқа ешнәрсе таба алмай шарасыз қалып, осылай азапқа салып мазалау, қаншалықты заңға қайшы әрекет екенін кішкене ұяты бар жан түсінер.
Үшіншіден; Өзінің сотта айтқанындай: Жетпіс куәгер растаған жеті жыл бойы екінші дүние жүзілік соғыстан бейхабар, қызығып әсте сұрамаған (қазір он жыл болды дәл солай, еш өзгерген жоқ) жиырма бес жылдан бері бірде бір газет оқымаған, тыңдамаған және отыз жылдан бері
деп саясаттан барынша аулақ және жиырма екі жыл азапты ғұмыр кешсе де саясаткерлердің назарын аудармау үшін өкіметке шағымданбаған адамды сұмдық саяси адам секілді, бүлік шығарғалы жатқандай баса көктеп кіріп науқас халінде мазасын алу әділет заңға сәйкес келе ме? Ар-ожданы бар жандар бұл жағдайға тіпті, жылар еді.
Төртіншісі; Ескішәһир сотында алты ай жатып әбден тексеріліп, тағылған айып мынау: бір жерге жиналып, топтасады. Тариқатшылық.
{(Сілтеме): Нұрлардың түпкі мәселесі, оның негізі мен мақсаты халықтың иманын тахқиқи дәрежеге жеткізу, Құранның ақиқаттарын жалпыға түсіндіру. Сот органдары күмәнданып тариқатпен шатастырып қанша тергеп-тексерсе де себеп-сылтау таба алмаған соң ақтап қоя берді. Сондай-ақ, соңғы жиырма жылдың ішінде бірде-бір адам "маған тариқат дәрісін берді!" деп айта алмайды. Сонымен қатар бұл халықтың ата-бабалары ғасырлар бойы ұстанып келген жолды ешбір тұрғыдан мін тағып айыптауға болмайды. Һәм, жасырын мүнапықтар, екі жүзді дінсіздер Ислам дінінің Күндей жарқын, теңіздей алып ақиқатына "тариқат" деген жалпылама бір ат тағып оны құртуға тырысқан кезде оларға қарсы төтеп беріп, басым түскен мұсылмандарды "тариқатшы" деп кіналауға ешкімнің ақысы жоқ. "Олардың ұйым, топ" деп жүргендері Ислами достық, діни ынтымақ, ақырет үшін бауырластық. Үш сот бұл тұрғыдан яғни саяси ұйым, бөтен топ еместігін растап үкім шығарған болатын. Ол тұрғыдан ақталып бас бостандығын алған-ды.}
Осы күдікті сылтау қылып менің бір лауазымды тұлғамен
арадағы келіспеушілігімді алға тартып кейбір қыметкерлерді айдап салып айыптауға қанша тырысса да ол тұрғыда яғни саяси ұйым тариқат құру тұрғысынан ақталып шыққан-ды. Тек, Рисалей-Нұрдан кішкене кітапшасы "Тәсәттүр Рисалесін" сылтау қылып мұны да заң жүзінде емес, соттың жеке көзқарасына қарай, ұсталған жүз шәкірттен бес-он адамды алты ай жазаға тартты. Тергеу кезінде төрт жарым ай қолдарында болған және жиырма жылдық хаттарымды, бес сандық кітаптарымды және сол хаттарым мен кітаптарым Анкара мен Денизли соттарында егжей-тегжейлі сарапталғанның өзінде әлгі сот орындары бір ауыздан ешқандай саяси ұйым және тариқатқа қатысты мәселе таба алмай ақтап, кітап пен хаттарды иелеріне тапсырғанды. Саид пен достарын босатқан-ды. Жағдай осылай бола тұра бізді саяси ұйым деп айыптап, мені бүлікшіл адам ретінде кінәлау және прокурорларды маған қарсы "тариқатшы" деп айдап салу мүлдем заңсыздық екенін адамгершіліктен айырылмағандар түсінеді.
Бесіншіден; Менің және Рисалей-Нұрдың өмірлік ұстанымының негізі және отыз жылдан бергі берік қағидамыз "мейірім" болғандықтан бейкүнә бір адамға зияны тимеу үшін өзіме зұлымдық жасаған залымдарды жазаламақ түгіл қарғау арқылы да жазалап, онымен шұғылдана алмаймын.
Тіпті, маған зұлымдық жасаған өте кекшіл, қаныпезер кейбір пасық, бәлкім дінсіз залымдарға қатты ашуланған кезімде қарсыласу былай тұрсын қарғыс дұғасын оқуыма әлгі мейірімділік сезімі кедергі болады. Себебі, әлгі залым қырсықтың әкесі я шешесі секілді қарт байғұстарға немесе балаларына зиян тиіп кетуі мүмкін. Сол үшін ондай залым жауыздарға да тиіспеймін. Кейде кешіре саламын.
Міне, осы мейірім дейтін ақиқат үшін билікке, елдің тыныштығына кері әсер ететін әрекеттерден аулақпын. Өзімнің жолдастарыма да мұны ескертіп отырамын. Содан болар, үш облыстың ұяты бар тәртіп сақшылары мойындап: «Нұр шәкірттері рухани тәртіп сақшылары секілді, елдің тыныштығына пайдасы тиіп, бізге көмектеседі!» деген-ді. Бұл сөзді дәлелдейтін мыңдаған куәлар, жиырма жылдан бері растауда. Мыңнан астам шәкірттерінен саяси оқиғаға қатысты ешбірі тіркеуге алынбаған. Мәселе солай бола тұра, байғұс адамды бүлікшіл әрі ынсапсыз астыртын ұйымның құрушысы ретінде бөлмесін тінту қиянат қылып, айыптауға негіз ешнәрсе табылмаса да үлкен қылмыскер тәрізді ең құнды заттарын, ғажайып Құранын, басқа да арапша жазуларын күдікті деректер секілді жинап алып кету, апырм-ай заңның қандай тармағында бар? Елдің тыныштығына мұндай биязы мінез-құлық, жағымды ахлақ арқылы қызмет еткен діндар мыңдаған жандарды күдікті деп тұтқындап билік пен елдің тыныштығына қарсы әрекет етуіне мәжбүрлеу отанға опасыздық емес пе?
Алтыншыдан; Мұнан отыз жыл бұрын Аллаһтың рахымымен бұ дүниялық уақытша атақ пен даңқ және мақтангершілік пен атаққұмарлықтың үлкен зиян, еш пайдасыз әрі мағынасыз екенін Құранның фәйзімен түсінген бір адам, содан бері бар күшімен өзінің жүгенсіз нәпсісімен күресіп, кішіпейілділік етіп, менмендіктен қашып, екіжүзділік, рия қылмау үшін қолынан келгенінше тырысып баққанына оған қызмет еткендер мен достары анық біле тұра әрі оған куәлік ете тұра әрі өзі туралы мақтаудан, жұрттың қошамет-құрметінен тыс қалуды қалап мүмкін болғанша аулақ тұратынына жиырма жылдан бергі өмірі дәлел болатын және өзін қатты құрметтегендерді тіпті, ренжітіп, оны әсте қабылдамайтынын хаттарында ашық жазған әрі өзін қасиеттен жұрдай көрсетіп, бүкіл қасиетті Құранның тәпсірі Рисалей-Нұрға және айналып келгенде Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасына аударып өзін жәй, қарапайым қызметші деп санайды. Бұл мәлім мәселе. Міне, бұл жағдайлар оның жағымпаз еместігін, ондайды мүлдем қаламайтынын, қабылдамайтынын дәлелдей тұра, өзінің рұқсатынсыз, қалауынсыз кейбір достары оны алыс шалғайдан қатты құрметпен дәріптеп, мақтаса, жоғары баға берсе сол үшін айыптауға бола ма? Соған бола ауру, қарт, жалғыз әрі кіріптар адамның
бөлмесіне үлкен қылмескерді ұстағандай баса көктеп кіріп, құлыпын сындырып тексеру жүргізуі және ол жерде кітап пен арапша жазуы бар тақтайшадан басқа ешнәрсе таба алмай құр шығуы, міне бұған рұқсат беретін дүнияда бір заң немесе саясат бар ма екен?
Жетіншіден; Осы күндерде елде ушығып тұрған көптеген ішкі, сыртқы партиялық ағымдар бола тұра және оны оңтайлы пайдалану мүмкіндігі бола тұра яғни бірнеше жолдастың орнына көптеген саяси қайраткерлерді өзіне тартып, жақтас табуға ыңғайлы жағдай туып тұрғанда, мүлдем саясатқа араласпау үшін және ықыласын бұзбау үшін, өкіметтің назарын аудармау үшін және дүнияға араласпау үшін бүкіл дос, шәкірттеріне: «Абайлаңдар! Ешбір ағыммен байланыспаңдар, саясатқа араласпаңдар! Елдің тыныштығын сақтаңдар!» деген, сол үшін де екі саяси ағым оған тиісіп, мазасын алған және әлгіндей екі партияның біреуі күдіктеніп, ал екіншісі болса: «бізді қолдап, көмектеспедің!» деп азаптаса да, мұндай дүнияқұмарлардың дүниясына әсте араласпай өзінің ақыретін ойлап, соның қамымен жүрген және туған еліндегі Нұрс ауылында тұратын бауырына жиырма екі жылда бір хат жазбаған және сол елдегі досжарандарына жиырма жылда жиырма хат жазбаған жазықсыз жанға ақырет ісіне кедергі боларлық іс-шаралар жасауға қандай құқықтық заң рұқсат береді.
Отанға, халыққа, һәм адамның мінез-құлқына күллі зиян келтіретін дінсіздер жазған кітаптар емін-еркін жазылып, жайылып және коммунизм ұғымын дәріптейтін баспалар қызу жұмыс істеп, оларға тиіспей жатқанда үш сот жауапқа тартуға негіз боларлық ешнәрсе таба алмаған, халқымызға, отанымызға қоғам өміріне, ахлақ пен тыныштықты сақтауда жиырма жылдан бері үлес қосып келген және осы халықтың нағыз сүйеніші болып табылатын Ислам әлемінің ынтымағын, достығын қайта жандануына мол ықпал еткен және діни басқарманың ғалымдары сынау үшін ішкі саясаттың тапсырмасымен үш ай тексеріп ешқандай сын айтпай керісінше жоғары баға беріп «құнды еңбек!» деп діни басқарманың кітапханасына қойылған «Зулфиқар», "Асаи-Мұса" атты кітаптарды зиянды жазба сықылды бәрін жинап сотқа беру дұрыс па? Мұны заң, ар-ождан, ынсап жөн көре ме?
Сегізіншісі; Жиырма екі жыл азапты да себепсіз айдаудан соң толық бостандығына қауышса да мыңдаған тума-туысқандары бар өзінің туған еліне қайтпай жалғыздықты, бөгде елде қалуды таңдаған,
сондағы мақсаты дүнияға, қоғам өміріне, саясатқа араласпау және сауабы мол мешітке барып намазды жамағатпен оқудың өзін тәрк етіп, намазды бөлмесінде жалғыз оқып жүрген, яғни жұрттың қошаметіне бөленуден алыс болуды қалаған және жиырма жылдық өмірбаяны дәлелдегендей тақуа, діндар бір түрікті немқұрайлы көптеген күрдтен жоғары бағалайтын - мұны мыңдаған түрік, қадірменді кісілер растайды - тіпті сотта Хафыз Али сынды иманы мықты бір түрік бауырын жүз күрдке айырбастамайтынын дәлелдеген және жеке басына құрмет мен сый кәдеге қабылдамау үшін мүмкін болғанынша жұртпен араласпайтын, мешітке сол үшін бармай жүрген және қырық жылдан бері бар күшімен жазған еңбектерімен Ислам әлемінің ынтымағына, мұсылмандардың достығына атсалысқан және Түрік халқы Қасиетті Құранның бетке тұтары, әрі Құранның мақтауына бөленген деп жақсы көрген, өмірін солардың арасында өткізген бола тұра, бір өлке әкімі ресми түрде қиянат жасап одан жолдастарын бездіру үшін: «Ол күрд, сендер түріксіңдер. Оның мәзхабы Шәфи, сендер Ханифисіңдер!» деп жұртты үркітіп оған жолатпауға тырысуы және жиырма жыл бойы екі сот киім киісіне тиіспеген және шапка кию әскери адамдардың жартысына шарт емес деген заң шыққан бола тұра ешкіммен араласпайтын, жалғыз өзі, ғаріп халдегі адамға «шапка ки!» деп зорлау қандай заңға сыяды, не пайдасы бар?
Тоғызыншысы; Өте маңызды {(Сілтеме): Ислам мемлекеттерінде өзге діннің өкілдері Христиан, Яхудилердің өмір сүруі және Христиан, Мәжуси елдерінде мұсылман халқының тіршілік етуі мынаны дәлелдейді: елдің тыныштығын бұзбай, билікке қарсы шықпаса ондай қарсы пікірдегі халыққа заң бойынша тиісуге болмайды. Сонымен қатар әркімді "имканатты" жебеу етіп яғни болуы мүмкін деген күдікпен жауапқа тарта беруге болмайды. Әйтпесе адам өлтіруі мүмкін деп әркімді соттай беру керек.} әрі қуатты...бірақ саясатпен қатысы болғандықтан үндемегенді жөн көрдім.
Оныншысы; Бұл да ешқандай заңға сыйымсыз әрі ешкімге ешбір пайдасы жоқ, тек мағынасыз күдіктеніп түймедейді түйедей етіп көрсетуден пайда болған заңға қайшы айыптау болып саяси тақырып болғандықтан біздің саясатпен байланысымыз жоқ деп жауапсыз қалдырдық. Осылайша он тұрғыдан заңсыз мәмілеге ұшырап, бәріне қарсы жауабымыз:
АФИОН БИЛІК БАСЫНДАҒЫЛАРҒА, СОТЫНА, ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТАҒЫ БІРНЕШЕ АЙТАР СӨЗІМ БАР
Біріншіден; Пайғамбарлардың басым көпшілігі шығыстан, Азиядан шығуы ал, философтардың көбісі батыстан, Еуропадан шығуы бізге мынаны меңзейді: Азияда діннің ықпалы зор, үкімдер дінге сәйкес болуы керек. Философия екінші орында. Бұл тағдырдың рәмізіне орай, Азияны басқару үшін діндар болмаса да дінге қызмет етушілерге тиіспеуі керек, тіпті құптап қолпаштауы керек.
Екіншіден; Қасиетті Құран жер шарының ақылы, ойлау жүйесі секілді. Егер, Құдай сақтасын, жұмыр бас секілді жер шары Құраннан айырылса, жер диуана болып, ақылынан айырылған бас тәрізді бір планетаға соғып қияметтің болуына себеп болуы әбден мүмкін. Иә, Қасиетті Құран жер шарын аспан денелерімен байлап, ұстап тұрған шынжыр іспеттес, ол "хаблуллаһ". Ол тартылыс күшінен де мықты жер шарын сақтап тұр.
Міне, Қасиетті Құранның нағыз әрі қуатты да зор тәпсірі РисалейНұр бұл ғасырда халық арасында, осы отанда жиырма жылдан бері жағымды әсерін тигізіп өзінің үлкен Иләһи нығмет екенін және Құранның сөнбейтін мұғжиза нұры екенін дәлелдеп келеді. Өкімет оған тиісіп және шәкірттерін үркітіп одан бастартқызбақ түгілі қайта, қорғаштап, оқылуына жағдай жасауы керек.
Үшіншісі; Иманды ұрпақ өздерінінен бұрынғы ата бабаларына кешірім, мағфират дұға-тілектерімен, игі амалдарымен сауап жаздыратынына, оларға рухани жәрдем ететініне байланысты Денизли сотында былай деген едім:
"Келешек лы Сот, қиямет қайымда миллиардтаған иманды жандар дау шығарып, Құран ақиқаттарына қызмет еткен Нұр шәкірттерін соттап, қинағысы келген сендерден былай деп сұраса: Егеменді елдің еркін заңына сүйеніп діннен безген, коммунистердің кітаптарына, анархияға апаратын ұйым-топтарға тиіспедіңдер. Ал отанды, халықты анархиядан, дінсіздіктен, ахлақсыз жаман мінезден сақтауға тырысқан және адамдарды өлімді мүлдем жоқ болу деп түсінуден құтқаруға тырысқан Рисалей-Нұр және оның тәлабаларын неліктен түрмеге қамап, қыспаққа алдыңдар?" десе, не деп жауап бересіңдер.
Мұны әзір біз сұрап отырмыз, деген болатынмын. Сонда ол жердің ынсапты да әділ қызметкерлері бізді ақтап, бас бостандығымызды беріп, соттың әділдігін көрсеткен-ді.
Төртіншісі; Мен, Анкара немесе Афион қаласының соты шақырғанда маңызы зор үлкен мәселелер үшін, Рисалей-Нұрдың қызметін ескеріп ақылдасу мақсатында кеңесер деп ойлаған едім.
Иә, отанымызға үш жүз елу миллионнан астам мұсылмандардың бұрыңғы ынтымақ достығын, жақсы көзқарас пен құрметін, рухани жәрдемін қайта қалыптастырудың жолы, ең қуатты шарасы РисалейНұр екеніне дәлел мынау: Биыл Қасиетті Меккеде атақты ірі ғалым Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптарын арапшаға және үнді тіліне аударып Арабияға, Индияға жіберіп біздің тірегіміз, сүйенішіміз болған олардың ынтымақ-бірлігін оятуға тырысқаны секілді Түрік халқының әрдайым дінге, иманға мықты, көш ілгері екенін РисалейНұр арқылы көрсетіп беріпті.
Мен, "Елімізде анархияға орнауына себеп болатын коммунизм апатына қарсы Рисалей-Нұрдың қызметі қаншалықты ықпал етеді? Мына берекелі отанды әлгі сұмдық апаттан қалай сақтап қаламыз?" секілді аса маңызды да қажетті мәселелер сұрай ма десем, түкке тұрмайтын шыбынның ызыңы секілді және жауапқа тартуға татымайтын болмашы, жеке басқа қатысты және кекшілдердің жала жапқанына қатысты түймедей мәселені түйедей қылып қайдағы бір мәселемен ауыр азапқа салып өмірімде көрмеген қыспақа алды. Бізді үш сот тергеп, ақырында ақтап шығарған мәселелерге байланысты әншейін жеке басқа қатысты мәселемен мағынасыз сұрақтар сұрап, жауапқа тартты.
Бесіншісі: Рисалей-Нұрмен айтысып-тартыспаңдар! Оны жеңе алмайсыңдар! Ол жиырма жылдан бері діннен безген қырсық философтардың ауызына құм құйып жеңіп келеді. Иманның ақиқаттарын Күндей жарқын түрде көрсетеді. Елдің билік басындағылар оның күш қуатынан пайдаланулары керек.
Алтыншысы: Менің түкке тұрмайтын жеке басымның айыптарын алға тартып мені төмендетіп, қиянат жасау арқылы жұрттың алдында беделін түсіргеннен Рисалей-Нұрға еш зиян келмейді. Керісінше ол күш қуат алады. Өйткені, менің уақытша пәни тілімнің орнына Рисалей-Нұрдың жүз мың кітаптарының
бақи тілі сөйлеуін тоқтатпайды. Оның адал, сөзге шешен мыңдаған шәкірттерінің тілдері әлгі киелі де жалпыға ортақ нұр қызметін күні бүгінге дейін атқарып келгені секілді иншаллаһ, қияметке дейін жалғастыра бермек.
Сегізіншісі; Былтыр Совет Одағы көп адамды қажылыққа жіберіп, осылайша өздерінің басқа халықтан әлдеқайда Құранды құрметтейтіндей көрсетіп, мұны дүнияға жар салып осы елдің діндар халқын Ислам әлеміне жағымсыз етіп көрсетіп жатқанда Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптары Қасиетті Мекке, Мәдинә және Шам-ы Шәрифте, Мысырда, әрі Халебте ғұламалар тарапынан жоғары бағаланып біршама таралып әлгі коммунистік идеологияға бөгет болғаны секілді мұсылман әлеміне Түрік халқының және оның ағайын-бауырлары бұрыңғыдай дініне, Құранына ие және басқа мұсылман жұртына әлі де ағалық ететінін, Құранға қызметте көшбасшы екенін дәлелдеп манағы киелі Ислам орталықтарында бұл ақиқатты паш етті. Апырм-ай, Рисалей-Нұр бұл халыққа мұндай баға жетпес ұлттық қызмет көрсеткенде оған жауап ретінде мұндай азап пен қуғынға ұшыраса жер шарының ашуға булығуына себеп бола ма, деп қорқамын!
Тоғызыншысы; Денизли сотында түсіндіріліп, дәлелденген бір мәселенің қысқаша мазмұны:
Бір сұмдық әккі, қу қолбасшы қулық жасап Ислам армиясының болымды нәтижелерін, игі-жемістерін жалғыз өзі иемденіп, ал өзінің қателіктерін, болымсыз нәтижелерін армияға еншілеп, осылайша қанша жауынгер болса сонша жақсылық пен жеңісті құнсыздандырып, ал армияда қанша солдат болса сонша жамандықтың санын арттырып адам айтқысыз зұлымдық әрі ақиқатқа қайшы әрекет еткендігін бұдан қырық жыл бұрын бір хадис арқылы дәлелдеп, оның басынан ұрған болатынмын. Осы оқиғаға байланысты өткен соттарда мені айыптаушы прокурорға былай дедім: Мен ол адамды хадистің хабарын баяндау арқылы ренжіткенім рас. Дегенмен армияның абыройын сақтап, үлкен қателіктерге жол бермеу үшін оны сақтандырдым. Ал, сен болсаң сол досыңа бола Қасиетті Құранның көшбасшысы болған, Ислам әлемінің ержүрек батыры саналатын жанкешті қалың қол, Түрік армиясының абыройын төгіп, жасаған жақсылықтарының құнын түсіріп отырсың!" дедім. Иншаллаһ, әлгі прокурор ойланып тәубасына келді, қателескенін мойындады.
Оныншысы; Әділет органы әрқашан әділдікті жақтап, өзіне өтініш білдіргендерді алаламай, бәріне бірдей құқығын тең қарап әділ шешуге міндетті. Ислам тарихында Хазіреті Али (р.һ.) өзінің халифа кезінде бір яхудимен дауласып сотқа шақырылған екен. Сондай-ақ, әділет басқармасының бастығы, бір қазы. Өзінің қарамағындағы қызметкердің заң бойынша ұрының қолын шауып жатқанда оның әлгі залым ұрыға ашуланғанын байқап дереу жұмыстан босатыпты. Әлгі қызметкерге былай депті: "Осы кезге дейін әділет атынан әрекет етемін деп, сезімге берілгендер көп қателесіп зұлымдық жасаған. Сен, заңның үкімін орындар кезде айыпкерге жаның ашымаса да ызаланып ашуға берілуге хақың жоқ. Әйтпесе, сен де залым боласың. Тіпті, шариғатқа сай "қысас" бойынша яғни кек аларда адамға ашуланып тұрып өлтірсе белгілі мағынада ол адам да қылмыскер боп есептеледі!" деген екен.
Міне, сот осындай адал да пәк, суыққанды ақиқат үкім жүргізетін құзырлы орган. Олай болса үш сот бізді ақтап шыққаны рас және осы халықтың жүзден тоқсаны - біле білсе - Нұр шәкірттерінің еш зияны жоқ, қайта отанға, халыққа пайдалы екені не куә бола тұра, бұл
жерде бейкүнә, жұбанышқа мұқтаж әрі әділдікті аңсап жүрген Нұр тәлабаларын қинап, оларға қиянат жасалып, әділетсіздік орын алуда. Біз кез-келген бәлеге, қандай да бір қиянатқа сабыр сақтап, төзімділік танытуға бел буғандықтан үндемей ісімізді бір Аллаһқа тапсырып: "Мұның да жақсылық жағы бар!" дейміз. Алайда, күдік пен ашу араласқан бұқаралық ақпарат құралдары мына байғұс жандарға қиянат жасап табиғи апаттың келуіне себеп бола ма, деп қорқып осы хатты жазуға тура келді. Онсыз да бұл мәселеде бір ағаттық болса, менің кінәм, менің кесірімнен болар дедім. Бұл бейшаралар Құдай үшін тек иманын сақтап, ақыреті үшін маған көмекке келгендер. Оларды құрметтеп дәріптеудің орнына мұндай мәміле жасау, қыс мезгілін қатуландырып, аяздың артуына себеп болды-ау.
Һәм, таңқаларлық нәрсе, бұл жолы тағы да саяси ұйым деген күдікпен тергеуде. Алайда, үш сот бұл тұрғыдан тергеу жүргізіп ақтаған-ды әрі арамыздағы байланыстардан айыптауға тұратын саяси екеніне күдік туғызатындай қандай да бір нәрсені сараптамашылар да, сот та таба алмаған-ды. Тек қана, мұғалім мен оқушылар арасындағы немесе университет студенттері секілді яки Құраннан сабақ беретін хафыздың Құран жаттаушы шәкірттер арасындағы тәрізді РисалейНұр шәкірттерінде ақырет үшін бауырластық, ынтымақ бар. Мұны саяси ұйым деп айыптаушылар барлық саудагерлердің, оқушылардың, молда-имамдардың өзара араласатын, қатынасатын әріптестігіне күдікпен қарауы керек. Сондықтан, мұндай негізсіз әрі мағынасыз айыптаумен түрмеге қамалғандарды ақтап жатудың өзін артық деп білемін. Бірақ, осы елге және Ислам әлеміне тікелей қатысы бар және осы отанға, халыққа рухани-заттық пайда мен берекетке ұйытқы болған Рисалей-Нұрды үш рет қорғаштап ақтағанымыз секілді дәл сол ақиқатпен тағы да ақтауға дайынмын. Оған кедергі болар себеп көріп тұрғаным жоқ, ешбір заң, ешбір саясат оған тыйым салмайды, сала алмаса керек.
жайлы ақиқаттарын нақты түрде иманды жандарға жеткізіп, оларды және өзімізді мәңгі жоқ болудан, бәрзахта, қабірде мәңгілік қамалып азапталудан сақтау. Одан басқа дүнияуи, саяси, елдің тыныштығын бұзатын саяси ұйымдармен, қандай да бір комитетпен, бізге жала боп жабылған негізсіз, мағынасыз, астыртын саяси ұйыммен ешбір байланысымыз жоқ және ондай деңгейге өзімізді төмен түсірмейміз де! Бұл айтқанымды төрт сот егжей-тегжейлі зерттеп, ол тұрғыдан бізді ақтап, бостандыққа шығарған болатын.
АНКАРАДАҒЫ АЛТЫ БАСҚАРМАҒА және АФИОН
Афион қаласының сотына айтарым: Сабырымыз таусылды, төзіміміз бітті. Жиырма екі жылдан бері нақақтан-нақақ айдау, жер аудару, аңду, жалғыз өзін қамау арқылы азаптап жанымды сонша қинағандарың жетер енді! Алты сот Рисалей-Нұрдың жүз кітабынан екі-үш мәселесінен басқа жауапқа тартарлық тақырып таба алмай, тек күдікпен және мүмкін нәрсені болғандай қылып заңсыз түрде бізді үш мәрте қамауға алып Рисалей-Нұр шәкірттеріне жүз мыңдаған лира ақшалай шығынға ұшырату, дүнияда болмаған зұлымдық. Бұл істегендеріңді келер ұрпақ қатты сынға алып, лағынетпен еске алатыны секілді, ертең қиямет күні үлкен сотта жәһаннамның түбіне тасталып мұндай залымдардың мәңгілікке сотталатынына біз әбден сенетіндіктен өзімізді жұбатып, үнімізді шығармай шыдап келдік. Әйтпесе, ақымызды толық түрде алуға әліміз келеді.
Міне, он бес жылдың ішінде алты сот Нұр рисалелерін және жазылған хаттарды әбден тексеріп соттың бесеуі айып тағуға еш негіз таппағандықтан тиіспеді. Тек, Ескішәһир қаласының соты бір ғана мәселеге яғни әйелдердің орамал тартуы жайлы жазылған шағын рисаленің бес-он сөзіне қадалып домалақ заңмен жеңіл жазаға тартқан кезде соттан ақталған бола тұра қайта қарап заңсыз түрде жауапқа тартқанын алдарына көлденең тартып ресми түрде Анкараға былай деп хат жаздым:
Мың үш жүз елу жылдан бері үш жүз елу миллион халықтың киелі дәстүріне сай, ежелден келе жатқан Ислам әдет-ғұрпы болып табылатын және әйел затының оранып жүруін дәріс беріп, әмір еткен аятты кәпірлерден және мәдениеттің сынынан қорғаштап, үш жүз елу мың тәпсірдің үкімдеріне сүйене отырып әлгіндей Құрани аятты тәпсірлеген адамды сол үшін жазаға тартып, бас бостандығынан айыруды дүнияда әділет болса әлбетте, ол үкімді жояды және мұндай бассыздыққа бұл Ислам өкіметі жол бермейді" - деп жазып, ол жердің прокурорына көрсеттім. Оның зәресі ұшып: "Ойбай, бұлай істеудің қажеті жоқ! Жазаға тартса да өте жеңіл әрі қысқа мерзімдік. Мұны сотқа берудің керегі жоқ!" деді. Осы тектес таңғаларлық мысалдарды
сізге және Анкараға жіберілген ақтау және қорғау хаттарымнан оқып жағдайды түсінген шығарсыз. Мен Афион сотынан мынаны күтем әрі үмітім зор: бұл халықтың және бұл отанның игілігіне бір армиядай ерен еңбек етіп, қызмет қылған берекелі Рисалей-Нұрдың ақталуына шешім шығаруыңызды әділет атынан сұраймыз. Менің әрекетімнен түрмеге қамалған бес-он адам ақталып шыққан соң өзім, ең ауыр жазаға тартқызатын бір қылмыс жасап өмірмен қош айтыссам деген ой келгені рас. Өйткені, өкімет мені толық өз қамқорлығына алып, жәрдем етуі халық үшін, отан үшін аса қажет бола тұра, мені қыспаққа алып қинауы мынаны білдіреді:
Қырық жылдан бері менімен айқасып келе жатқан астыртын, дінсіз ұйым және қазіргі таңда олармен бірігіп алған коммунист комитетінің бір бөлігі биліктің ықпалды орындарына кіріп, ресми органдарды өзіне қаратып алып жолымды бөгеп қарсы шығып отыр. Мұны үкімет я білмейді я рұқсат беруде деп кейбір әрекеттерден солай ұйғарып уайымдай бастадым.
Сот төрағасы! Егер рұқсат етсеңіз, мені таңғалдырып жүрген бір нәрсені сұрайын. Неліктен саясатқа мүлдем араласпасам дағы мені мәдени құқықтан айырып, бас бостандығымды тіпті қарапайым өмір сүру құқымнан айырды. Тіпті, жүз қылмыс жасаған адамдай мені үш жарым ай жалғыздық камерасында ұстап қастандық жасалды. Он бір мәрте у ішкізген жауларымнан, олардың сұм-шерінен сақтауға тырысқан өте сақ бауырларым мен адал қызметшілерімді осы күндерде келуіне рұқсат берілмей отыр. Әрі қарт, әрі жалғыз әрі ауру болғандықтан өзімді жұбатар мүбарак әрі ешкімге зияны жоқ кітаптарымды оқып талқылауға да рұқсат берілмей отыр!? Мен, бас прокурордан бірнеше рет бір кітабымды беруін өтіндім. Қанша уәде берсе де әлі берген жоқ. Менің жалғыз өзімді үлкен әрі суық әрі есігі құлыптаулы баракта жатуға мәжбүрлеп және бақылаушы қызметкерлер мен түрме жұмысшыларын менімен достасуға, мені жұбатуға тыйым салып керісінше бейне бір дұшпан, мені оларға жау ғып көрсетуге тырысады. Мысалы, өткенде мүдүрге, бас прокурорға, соттың төрағасына хат жаздым. Хатымды қазіргі жаңа әріпке ауыстырып берсін деп бір бауырыма жібердім. Ол керекті орынға барыпты. Құдды мен үлкен қылмыс жасағандай сол үшін терезелерімді мықтап жауып бекітіп тастады. Енді, түтін қолқаны алып болмаған соң бір терезе қалдыртып едім кейін оны да бекітіп жауып тастады.
Әрі түрменің ережесі бойынша жалғыз қамау он бес күн бола тұра мені үш жарым ай жалғыз өзімді қамап қасыма ешкімді кіргізбей қойды. Сондай-ақ, үш ай бойы маған қарсы қырық беттік айыптама жазылып оны маған кейін көрсетті. Жаңа әріпті танымайтындықтан әрі мазам болмай әрі жазуым нашар болғандықтан: «маған екі шәкіртімді жіберіңдер. Біреуі айыптаманы оқып берсін, бірі ақтаунамамды жазады, рұқсат беріңдер!» деген едім, бермеді. Олар: «Адвокат келіп оқып береді» деді. Кейін ол адвокатқа да кіруге рұқсат бермеді. Тек бір бауырыма: «әлгі айыптаманы ескі әріпке ауыстырып бер, оқысын!» депті. Ал қырық парақ жазуды жазу үшін бір апта уақыт керек. Бір сағаттық жұмысты алты-жеті күнге созудың не мағынасы бар? Бұлардың ниеті мені ешкіммен сөйлестірмеу. Бұл барып тұрған озбырлық, өктемдік, азаматтық құқықты таптау, өзін ақтау құқығынан айыру болып табылады. Дүнияда жүз қылмыс жасап, дарға асылатын адамға да мұндай мәміле жасалмайтын шығар. Расымен, осы таңқаларлық азаптың ешбір себебін біле алмағандықтан қатты күйзелістемін. Естуімше, соттың төрағасы ар-намысты, мейірімді жан деседі. Соны естіп, алғаш әрі соңғы рет не болар екен деп осы өтініш хатты әрі шағымымды жаздым.
Мені айыптау іс-қағазында төрт негіз жазылған.
Біріншісі: Бейне бір мен мақтаншақ әрі өзін жұртқа жақсы көрсетуге тырысатын адаммын. Мен мұны әсте қабылдамаймын. Әрі мені «мәһди» дегенді мүлдем қабылдамайтыныма барлық жолдастарым куә. Тіпті, Денизли қаласының сарапшылары: «Егер, Саид өзінің мәһди екенін айтса бүкіл шәкірттері қабылдайды» деген сөзге наразылық білдіріп: «Мен сәйід емеспін. Мәһди сәйідтен шығады!» деп жауап берген болатынмын.
Екінші негіз: Кітаптарын жасырын таратады.
Жасырын жауларым бұрыс мағына шығарып, жұртқа бұрыс түсіндірмесін дегенім ғой. Әйтпесе, кітаптарым саяси немесе дүниялық билікке қатысты болғандықтан емес. Әрі ескі жазуға, баспа машинасына тиісіп жүрер дегенім еді. Ал, Мұстафа Кемалға
Нұрдың шапалағы тиді дегенге келер болсақ,
{(Сілтеме): Айыптамада мағынаны бұрмалап Рисалей-Нұрдың кәраматы боп табылатын тағдырдың қатаң ескертпелерін жазғанымызды желеу етіп сол арқылы бізді айыптағысы келеді. Олардың ойынша Рисалей-Нұрға тиіскен кезде болған жер сілкінісі, зілзәлә секілді бәле-апаттар Рисалей-Нұрдың қатаң ескертпесі деп бұрмаланып жазылыпты. Құдай сақтасын, біз ешқашан олай дегеніміз жоқ, әрі олай жазған емеспіз. Шынтуайтында біз қайта-қайта дәйекті түрде былай дейміз: Рисалей-Нұр садақа секілді келе жатырған бәленің бетін қайтарып, айналып өтуіне себеп болады. Қашан Рисалей-Нұрға тиіссе Нұрлар ұзақтап, тығылып қалады да апат, бәле-жәле жол тауып басымызға келеді.
Иә, бұған Рисалей-Нұрдың мыңдаған шәкірттері куә және рас екенін мойындайды. Әрі жүздеген оқиғалармен бекітілген. Кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес мұндай оқиғалардың дәл сол кезеңде болуы және ол туралы Құранда бірнеше ишара-белгілер болуы, тіпті сотта да біршама байқалуы мынаны дәлелдейді: Рисалей-Нұр қабыл болған тәпсір. Әлгіндей сәйкестіктер болса Иләһи икрам, Құдайдың сыйы және Нұрларға қатысты Құранның кәраматы. Оған еш шәкшүбә жоқ.}
оны алты сот органдары және Анкара билік органдары біледі, үндемеген болатын. Бізді ақтап шешім шығарды және «Бесінші Шуақпен» бірге барлық кітаптарымызды өзімізге қайтарып берді. Және оның жамандығын айтсам, ниетім армиямыздың, әскеріміздің қадірін түсірмеу болатын. Бір тұлғаны жақсы көрмеу, бүкіл армияны, баһадүр әскерді жақсы көру үшін еді.
Үшіншісі: "Елдің тыныштығын бұзуға үгіттейді" дегенге қарсы, жиырма жыл ішінде жүз мың Нұршылардың жүз мың нұсқа Рисалей-Нұр кітаптары алты рет сотқа берілсе де және он уәлаятта жайылып таралса да елдің тыныштығын бұзды, іріткі салды деген ешбір оқиға сотта тіркелмеген. Міне, бұл әлгі жаланы жоққа шығарады. Осы соңғы айыптамада үш сот бізді ақтап шешім шығаруы және қайта-қайта берілген нақты жауапты жаза беру мағынасыз деп білемін. Дәл сол мәселеге келгенде бізді айыптау деген сөз, бізді сол мәселеде ақтап үкім шығарған Анкара жоғарғы соты мен Денизли, Ескішәһир сот органдарын да айыптау боп саналатындықтан жауап беруді соларға сілтеймін. Бұдан басқа екі-үш мәселе тағы бар.
Біреуі: Екі жыл Денизли және Анкара ауыр қылмыстар жоғары сотында әбден тексеріліп болғаннан кейін бізді ақтап, кітаптарымызды қайтарып бергеннің өзінде манағы «Бесінші Шуақтың!» бірекі тақырыбын мәселе қылып, оны «өліп қалған біреу туралы айтыпсың» деп, бізді айыптамақшы.
Біздің жауабымыз: "Өліп, қалған дүниядан өткен, үкіметтен байланысы үзілген біреуге дәлме-дәл келетін күлли, жан-жақты әрі орынды айтылған сынды ешбір заң қылмыс деп санамаса керек.
Һәм, айыптаушы орган хадистің жалпыға ортақ күлли мағынасынан біреуін алып әлгі қолбасшыға қатысы барын алға тартты. Мұндай әркім түсіне бермейтін күрделі мағына үшін, құпия ұстап, жария қылынбаған рисалені ешбір заңмен қудалауға болмайды. Әрі ол рисале таңғажайып түрде «мүтәшәбиһ» хадистерге жору жасаған. Ол жору отыз-қырық жыл бұрын жасалған және үш сотта тексеріліп, сол сотта және Анкараның алты басқармасында үш жылдың ішінде екі мәрте тергеліп сыннан өткен, ал наразылық болса нақты жауап берілген бола тұра ол хадистің ақиқатын баяндаған кезде мән-мағынасы айыбы көп бір тұлға жайлы боп, оған дәл келіп жатса бұл заңмен қылмыс боп саналмайды. Һәм, оған сын тағып, мінеудегі мақсатым, ол ішінде болған және көп қателікке себеп болған төңкерістің жағымды жақтары тек оның еншісіне емес армияның, ержүрек әскердің, өкіметтің еншісіне тиесілі екенін, оның да азғана үлесі болуы мүмкін. Оның жіберген қателіктері үшін мінеу әлбетте, ешқандай айып саналмайтыны секілді бізді төңкеріске қарсы деуге ешбір негіз бола алмайды. Сондай-ақ, бұл ержүрек халықтың мәңгі өшпес мақтанышы және Құранға қызметі мен дін үшін соғысқандығының аса қымбат белгі-нышаны әрі майданда жарқ-жұрқ еткен қылыш-найзаның жәдігері боп табылатын Аясофия мешітін пұтханаға, ал Ислам діни басқармасы болған ғимаратты қыздар лицейіне айналдырып жіберген адамды жақсы көрмеу қылмыс боп санала ма?
Үш сотта ақталсын деген шешім шыққан және қырық жыл бұрын бір хадистің керемет жорымын баяндап жатқан кезінде жын мен адамдың Шәйх-үл Исламы Зәмбилли Али Әфәнди дейтін атақты ғұлама: «Шапканы ойнап болса да киюге рұқсат жоқ!» деп, әрі оны барлық шәйх-үл Исламдар мен Ислам ғұламалары құптап, шапка киюді үзілді-кесілді тыйым салып, ал бұқара халық мүминдер оны киюге мәжбүр болғанда әлгі ірі ғалымдар рұқсат бермегеннің өзінде жағдай қиын яғни я діннен безу я да бас көтеру жағдайы туғанда қырық жыл бұрын Бесінші Шуақтың бір жерінде былай делінген-ді: «Шапка басқа кигізіледі, сәждеге барма?» дейді. Бірақ, бастағы
иман ол шапканы да сәждеге жығады, иншаллаһ, мұсылман қылады!" деу арқылы бұқара халықты өкіметке қарсы ереуілден, бүліктен һәм, ерікті түрде иманы мен дінінен бастартудан құтқарғаны, сондай-ақ, ешбір заң мүнзәуилерге яғни дүнияны тәрк еткендерге мұндай талап қоймайтыны белгілі және жиырма жылда алты өлке мені шапка киюге мәжбүрлемеді сондай-ақ, мемлекет қызметкерлері, әйелдер мен балалар және мешіт қызметшілері, ауыл тұрғындары шапка киюге мәжбүр емес бола тұра және қазіргі таңда ресми түрде әскери қызметкерлердің киюі шарт болмай орнына тоқылған бас киім, беретка кию көп облыстарда рұқсат берілген бола тұра, сол үшін мені және бауырларымды айыптауға бір себеп қылып отыр. Апырм-ай, дүнияда мұндай мағынасыз айыптауды құптайтын заң немесе ереже бар ма екен?
Айып таққан үшінші мәселесі: Әмірдағында елдің тыныштығын бұзуға үндеу жүргізеді.
Бұған қарсы жауап: Әуелі, осы жердің сотына һәм, Анкараның алты министрлігіне соттан рұқсат алып жіберілген және бұлтартпас айғақтармен бекітілген наразы хат бар. Оны қаз-қалпында осы айыптамаға жауап ретінде ұсынамын.
Екіншіден; Әмірдағында менімен сөйлескен кісілер куә және сол жердің халқы, сондай-ақ, тәртіп сақшылары мұны растайды, мені тергеп, сотта ақталып шықсам да қоғамға араласпау үшін қолымнан келгенінше дүния саясатынан аулақ тұрдым. Тіпті, кітап жазуды, жұртпен сөйлесуді қойған болатынмын. Тек, Құран аяттарының қайталанатыны жайлы және періштелер туралы екі тұжырымнан басқа ешнәрсе жазбадым. Және аптада бір ғана Рисалей-Нұрға құлшындыру үшін жазатын едім. Тіпті, уәкіл имам қызметін атқаратын туған бауырыма және жиырма жыл менен дәріс алған және мені қатты уайымдайтын, мені үзбей мерекемен құттықтап тұратын бауырыма үш жылда үш не төрт хат жаздым. Елдегі бауырыма жиырма жыл бойы бірде-бір хат жазбаппын. Солай бола тұра, мені елдің тыныштығын бұзып жүр деп айып тағуға және өткен-кеткенді тізбекке тізіп «төңкеріске қарсы әрекет етуде!» депті.
Бұған жауап ретінде былай деймін: Жиырма жыл ішінде жиырма мың Рисалей-Нұр кітаптарын жиырма мың тіпті, жүз мың адам қызыға әрі қабылдап оқыған болса соның ешбіреуі елдің тыныштығын
бұзғаны жайлы алты сот, он өлкенің тәртіп сақшылары тіркемеген. Бұл, біз туралы мың ықтималдан бір ықтимал бола тұра мүмкін нәрсені болғандай қылып көрсетуде екенін дәлелдейді. Алайда, екіүш ықтималдан бір ықтимал болғанның өзінде белгі-нышандары көрінбесе қылмыс саналмайды. Әрі мыңдаған ықтималдан бір ықтимал түгіл, айталық әр бір адам тіпті бізді айыптаушы прокурордың өзі көптеген адамды өлтіруі мүмкін және анархия жасап немесе коммунизм үшін елдің тыныштығын, бірлігін бұзуы мүмкін. Демек, бұлай асыра сілтеп мүмкін нәрсені болған сияқты қарап, айыптау әділетке, заңға қайшы әрі қиянат боп табылады.
Жалпы кез-келген елде қарсы пікірде қарсыластар болады, тек пікірмен қарсы болу қылмысқа жатпайды. Үкіметтің жұмысына қолмен араласпаса болды. Ал, жүрекке әмір жүрмейді. Әсіресе отанға, халыққа еш зияны жоқ, керісінше күллі пайда әкелген және қоғам өміріне араласпайтын және жалғыз басты камераға қамалған, ал жазған кітаптары Ислам әлемінің ірі орталықтарында қызыға оқылып жоғары бағаланған адам туралы
{(Сілтеме): Оның жазған тәпсірі жайлы айыптаушы орган жүз жерде қатесі бар айыптаунамасының сексенінші қатесінде былай деп: "Бесінші Шуақтағы жорымдары қате!" Оған жауап ретінде, Бесінші Шуақта автор: "Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның бір жорымы былай болса керек!" деген сөзді пайдаланған. Оның мағынасы: "Бұл хадистің ықтимал мағынасы былай болуы мүмкін" деген сөз. Ал, логика ілімі бойынша мұны бекерге шығара алмайды. Тек, олай еместігін дәлелдесе ғана бекер болады. Екіншіден, жиырма жылдан бері, тіпті, қырық жылдан бері менің дұшпандарым және Рисале Нұрға тиісушілер бірде бір жорымымызды іліми болсын және логика жағынан болсын жоққа шығара алмай келеді. Және әлгі қарсылас ғұламалармен бірге Нұр шәкірттерінің мыңдаған ғалымдары ешқашан "тек осы ғана дұрыс!" демеген. Солай бола тұра Құранда қанша сүре бар екенін білмейтін біреу осы ақиқатты теріске шығарып қарсылық білдірсе неткен ынсапсыздық, өздерің ойлаңдар! Сонымен жорым (тәуил) деген сөз, хадистің немесе аяттың көптеген мағыналарының бір ықтимал мағынасы дегенді білдіреді.}
түрлі, алып қашпа, негізі жоқ жала жапқандар анархияға тіпті коммунизмге өздері парқына бармай қызмет етуде деп уайымдап та қоямын. Байқаймын, жасырын дұшпандарымыз, Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру мақсатымен саясаттың иісі шығатын мәһдилік мәселесін алға тартып бейне бір Рисалей-Нұр соның құралы деп еш негізі жоқ босқа сылтау іздеуде. Бәлкім, жеке басыма жасалып жатқан мұнша азап сол күдіктен туындаса керек.
Мен әлгі залым дұшпандарға және оларды тыңдап бізге қарсы келушілерге айтарым: Құдай сақтасын! Ешқашан бұлай шектен шығып иман ақиқаттарын жеке басыма пайдаланып, оны жоғары мәртебеге жетуге, атақ-даңқ иеленуге құрал қылмағаныма жетпіс бес жылдық, әсіресе соңғы отыз жылдық өмірім және Нұр рисалелері және менімен араласатын мыңдаған жандар куәлік етеді.
Иә, Нұр шәкірттері біледі, мұны сотта да айғақтармен дәлелдеген болатынмын, мен жеке басыма құрмет, атақ-даңқ, қошамет сұрамаймын және ақыреттік не де рухани дәрежеге жетуді көксейтін адам емеспін. Мен қолымнан келгенінше әһл-і иманға имани тұрғыдан қызмет ету үшін дүниялық өмірімді және өткінші мақаммәртебелерді ғана емес керек болса ақыреттік өмірімді және әркімнің арманы ақыреттік бақи мәртебелерді пида етуге, тіпті тозақтан кейбір бейшаралардың құтылуына себеп болу үшін - қажет болса - жұмақты тастап тозаққа кіруге дайын екенімді шынайы бауырларым біледі әрі оны соттарда белгілі мағынада дәлелдегенмін. Солай бола тұра маған әлгіндей айып тағу арқылы Иман мен Нұр қызметімде ықылассыз деп жазғыру және Рисалей-Нұрдың қадірін түсіру арқылы оның орасан зор пайдасынан халықты мақұрым қалдыру дұрыс емес. Апырм-ай, бұл бейбақтар дүнияны мәңгі және жұртты өздері сияқты иманын дүнияға сатады деп ойлай ма екен?! Адасқандарға қарсы атой салған, иман қызметі үшін дүниялық - керек болса - ақыреттік өмірін қиюға дайын және соттарда айтқанындай, бір түйір иман ақиқатын дүнияның салтанатына ауыстырмайтын және саясаттан тіпті, саясаттың иісі шығатын рухани не заттық мәртебелерден ықылас сырымен аулақ тұратын және жиырма жыл бойы адам айтқысыз азапқа төзіп саясатқа - ұстанған жолына орай - өзін төмендетпеген және нәпсісі жағынан өзін шәкірттерінен төмен санайтын және олардан әрдайым көмек пен демеу, дұға дәметкен және нәпсісін тым бейшара әрі түкке тұрмайтын құнсыз деп сенетін адам жайлы кейбір адал достары, Рисалей-Нұрдан алған имани қуаттың әсерімен әлгі бейшараны - жазған тәпсірі үшін - өз хаттарында Рисалей-Нұрдың қасиетін оған теліп және ешқандай саяси мағынасы жоқ, жалпы әдет бойынша адамдар өз арасында жақсы көрген жәй бір адамға: "Көкем, жаным, құлыным!" дейтіні секілді оған да жоғары мәртебе берсе, шамадан тыс асыра сілтеп мақтаса және бұрыңғы әдетпен ұстаз бен шәкірт арасында болатын
3422
әрі еш сөкеттігі жоқ мақбұл әдет бойынша ризашылық білдіру мақсатымен тым артық мақтап-мадақтаса және ескі әдетпен мақбұл кітаптардың соңғы бетіне мақтап, алғыс сөздер жазылатыны белгілі бола тұра, мұндай мақтау ешбір тұрғыдан қылмыс саналмаса керек!
Иә, асыра сілтеудің ақиқатқа жараса бермейтіні рас. Дегенмен, ешкімі жоқ ғәріп, дұшпаны көп, жәрдемшілерін жаппай үркітіп тастаған, сол үшін ынсапсыз қарсыластарына ерегісіп, тек өзіне жәрдем етушілерді рухани демеу мақсатында және олар да қашып кетпесін деп, сондай-ақ, асыра сілтеп мақтаған кісілердің көңілін қалдырмай ынтасын азайтпау үшін олардың кейбір мадақ сөздерін Рисалей-Нұрға аударып, түгелдей жоққа шығармағаны үшін қабірге таяп қалған қарт кісіні, оның иманға адал қызметін дүния үшін жасап жүр, деп жазғырған кейбір мемлеткеттік қызметкерлердің хақ пен ақиқаттан, ынсап пен заңнан қаншалықты ұзақ екені мәлім. Менің айтар соңғы сөзім:
ҚОСЫМША
Жауап алу басқармасының соңғы сараптама қорытындысының ақырғы беттерінде былай депті: "Сарапшылар" «Мұғжизат-ы Құранияны» яғни тек Жиырма бесінші Сөз рисалесін зерттеп, ішінде үш аяттың мәдениетке қарсы мағынасы жазылғандықтан қазіргі мәдениет заңдарына сәйкес келмейтіндіктен ресми түрде таралуына тыйым салынуы жайлы және жиналып тәркіленуі жайлы төрт ай бұрын шешім шыққан" деген жазуды көрдім.
Бұған жауабымыз: "Мұғжизат-ы Құрания" қазір "Зулфикар" боп аталады. Ал, оның төрт жүзге жуық беттерінің тек екі бетінде ғана отыз жыл бұрын мәдениеттің Құранға қарсы мінеуіне нақты түрде жауап беретін және бұрын жазылған үш рисалемдегі үш аяттың тәпсірі боп табылады. Ол үш аят мыналар:
Біреуі: "Тәсәттүр-ү нисуан" яғни әйел затының киім киісі жайлы аят.
Мен, айыптау хатына көп мән бермей жауап бермегенімнің себебі, бізді ақтап шыққан үш әділ соттың абыройын түсірмеу үшін әрі оларға қиянат жасамау үшін еді. Өйткені, ол соттар қазіргі айыптамалардың негіздерін толық егжей-тегжейлі зерттеген соң бізге бас бостандығымызды берген болатын. Енді, олардың үкімін бекерге шығару әділет басқармасының абыройын түсіру боп табылады.
Екінші тұжырым: Айыптаушы органдар, болып кеткен және болуы мүмкін нәрселерді жинап мыңдаған мәселенің ішінен бір-екі мәселені назарға алып үш ұйықтаса түске кірмейтін түрлі мағына шығарып бізді айыптап отыр. Алайда, олардың назарға алған мәселелері Рисалей-Нұрдың үлкен кітаптарында бар. Мысырдағы Әл-Әзхар университетінің ғұламалары, Қасиетті Шам шәһарының ірі ғалымдары, Киелі Мәкке мен Нұрлы Мәдинаның имамдары және Хәлеп пен басқа қалалардың әсіресе, Дін істерінің ақиқатшыл ғалымдары кітапты көріп жоғары баға беріп, шынайы түрде растаған бола тұра өзінше ғалымсымақ, имам сықылдылардың ғылыми наразылық танытқандарын көріп таңғалдым. Жарайды, кейбір қателіктерім болған шығар, дегенмен, мыңдаған ғалымдардың байқамаған немесе тиіспеген айыптамадағы ол қателіктер рас болған күннің өзінде қылмыс саналмайды, тек ғылыми қате саналады.
Сондай-ақ, үш сот барлық Рисалей-Нұр кітаптарын және бізді ақтап шыққан-ды. Тек, Ескішәһар соты бір ғана «тәсәттүр-ү Нисуан» яғни әйел затын жаулық тағуы жайлы баяндайтын Жиырма төртінші Леманың он бес сөзін сылтау қылып мені және жүзден он бес досымды жеңіл жазаға тартты. Ол жайлы сендерге жазған хатымда былай деген болатынмын: «Үш жүз елу мың тәпсірдің дегеніне сай келетін тәпсірімді соттап тыйым салуды егер жер бетінде әділдік қалса ол үкімді қабылдай қоймас!». Айыптаушы орган қайдағы жоқты жіпке тізіп, жиырма жыл бойы жазылған кітап пен хаттардағы кейбір сөздерді теріп алып оны бізге қарсы пайдаланғысы келген. Алайда, бұл тұрғыдан бізді ақтаған үш емес бес-алты сотты да әлгі ойдан шығарылған қылмысқа бізбен бірге кінәлі болатынын ескертіп отырмын.
Үшіншісі; Өліп, үкіметтен байланысы үзілген және саяси төңкерістегі жіберілген кейбір қателіктерге кінәлі басшыны ашықтан мінеу, наразылық білдіру заң бойынша қылмыс саналмайды. Алайда,
ол ашықтан ашық мінелмеген болатын, оны прокурордың өзі өткенкеткенді ақтарып, «жәрбәзә» жасап жалпыға арналған сөзімізді оған сәйкестендірді. Әлгі құпия, әркімге көрсетпей жүрген мағыналарды жария етіп, жарыққа шығарды да көпшіліктің назарын аудартты. Егер, жария ету қылмыс саналатын болса айыптаушы орган өзі кінәлі. Себебі, жұртты ол мағыналарға қызықтырып назарын аударған солар ғой.
Төртіншісі; Үш сот саяси ұйым тұрғысында тексеріп ақтау үкімін шығарса да тағы да бір өлеңнің қайталана беретін қайырмасы секілді «саяси ұйым» деген күдікке жан-жақтан дәлелдер іздеп табуға барынша тырысқан. Алайда, қазіргі қоғамда саяси және отанға, халыққа зиянкес бірнеше ұйымдар бола тұра және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беріліп, еркін жұмыс жасап жатқанда, біз секілді мыңдаған куәгері бар, мыңдаған оқиғалармен дәлелденген және алты өлкенің тиіспеуі арқылы анықталған Нұр шәкірттерінің дәрістес жора-жолдастарын кінәлап, отанға, халыққа, дінге орасан зор пайда келтіріп жүрген және халықтың дүниялық, ақыреттік бақыты үшін қызмет ететін, сырттан-іштен шыққан бүлікшіл ағымдарға қарсы қаймықпай ауызбіршілігін сақтап жүргендерді, "саяси ұйым" деп жала жабу және жиырма жылда саны жүз мыңнан асып жығалатын Рисалей-Нұр шәкірттерінің елдің тыныштығын бұзатын бірде-бір оқиғасы тіркелмеген бола тұра, «Дінді пайдаланып қауіпсіздікті бұзуға халықты үгіттеуде!» деп оларды айыптау дұрыс емес, оны жоғарыда аталмыш ақиқат - дәлелдер теріске шығарады. Қойшы әйтеуір, тағы ол туралы айта беру артық деп білемін. Айыптамадан бұрын жазылған наразы хат пен оның қосымшалары оған нақты жауап болып табылады.
Бала кезімнен бойымда озбырлықты көтере алмайтын мінез болғандықтан дүниямен байланысты үзген болатынмын. Соңғы кездері еш негізі жоқ, мағынасыз әрі мүлдем орынсыз озбырлықтың салдарынан өмір сүру тым қиындап кетті. Түрменің тысында жүздеген ресми қызметкерлердің озбырлығына шыдау мүмкін емес. Мұндай өмірден жалықтым. Мен сендерден жазаға тартуларыңды талап етемін. Дәл қазір өлім қолға түспей тұр. Маған түрмеде отыру керек боп тұр. Айыптаушы органның бізге таққан айыбының негізі жоқ екенін өзіңіз де білесіз. Ол айыппен бізді жазалай алмайды. Бірақ, мені жазаға тартуға лайық кінәларым көп, ол рухани тұрғыдан әрі өз міндетімді адал атқармағаным үшін. Егер нендей кінәм бар екенін білгіңіз келсе айтып берейін.
Иә, менің үлкен бір кінәм мынау: Отан үшін, халық үшін, дін үшін атқарылуы тиіс маңызы зор міндетті - дүниядан безгенім үшін - атқармағандықтан расында кешірілмес кінә екенін және оны білмеу сылтау еместігін осы Афион түрмесінде көзім жетті. Нұр шәкірттерінің пәк, сезіммен тек ақырет үшін Рисалей-Нұрға және аудармашысына деген ынта-ықыласын дүнияуи әрі саяси ұйым санап оларды жауапқа тартуға әрекет еткендер ақиқаттан, әділеттен қаншалықты алыс кеткенін үш соттың бұл тұрғыдан бізді ақтауын дәлел ретінде келтіріп былай демекпін:
Қоғамдық өмірде әсіресе, мұсылман халқының негізгі өмірлік қағидасы мынау: тума-туыстар арасында шынайы құрмет, сыйластық, сонымен қатар қауымдар мен рулар арасында қарым-қатынас және Ислам діні бойынша мүмин бауырына қол ұшын беріп көмектесу, рухани бауырластық және өз ұлтымен, өз халқымен тығыз байланыста болу және мәңгі өмірін сақтайтын Құранның ақиқаттарына, оны жаюшыларға құрмет көрсету. Рисале-Нұрдың атқаратын басты қызметі осы. Бұл аталғандарды жоққа шығару арқылы ғана және олардың қарсы болып күресіп жүрген, қазіргі таңда солтүстіктен шығып сұмдық анархияның тұқымын шашып жатқан, нәсіліміз бен
ұлтымыздың тамырына балта шауып, жұрттың баласын өз қарауына алып туысқандық пен ұлт ұғымын жойып жатқан және адамзаттың мәдениеті мен қоғам өмірін астан-кестеңін шығаруға бағытталған қызыл коммунистік қауіп-қатерді қабылдап, соның дұрыс екенін мойындау шартымен ғана Нұр шәкірттерін кінәлап саяси ұйым деп, айып тағуға болар. Сондықтан, Нұрдың шынайы шәкірттері тайсалмастан Құран ақиқаттарына адал беріктігін, тығыз байланысты екенін және ақыреттік бауырларына деген ыстық ықыласын жасырмай ашық көрсетеді. Сол киелі бауырластық үшін қандай да бір жазаны тартуға риза болатындықтан болған нәрсені еш бүкпестен әділ сотта айтып, ортаға жайып салады. Алдап, жағымпазданып, жалған сөйлеп өздерін ақтауға тырысып дәрежесін төмендетпейді.
АФИОН СОТЫНЫҢ АЙЫПТАМАСЫНА ҚАРСЫ БЕРІЛГЕН НАРАЗЫ ЖАУАПҚА ҮСТЕМЕ
Біріншіден; Менің сотқа айтарым: Соңғы болған, жаңа айыптамада Денизли және Ескішәһир қаласында болған сотымыздағы бұрыңғы айыптамаларға қарап және бізге қарсы сарапшылардың атүсті тергеуіне негізделіп жасалғандықтан былай демекпін: Осы айыптаманың жүз қатесін тауып бермесем жүз жылға сотталуға разымын. Міне, ол айтқанымды дәлелдедім, жүзден аса қатенің қаласаңыз тізімін берейін.
Екіншіден; Мен, Денизли сотында, кітаптарымыз бен қағаздарымыз Анкараға жөнелтілген кезде, бізге қарсы үкім берілетін болды деп уайымдап және үмітім үзілгенін достарыма жазған болатынмын. Кейбір ақталу хатымда да жазылған сол жазу мынау болатын: Егер Рисалей-Нұрды мінеу мақсатымен оқып тексерген әділет қызметкерлері, сол арқылы имандарын қуаттап немесе сақтап қалса, кейін олар мені өлім жазасына кессе, сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім. Себебі, біз Иман мен Құран қызметшілеріміз. Рисалей-Нұрдың міндеті иманды қуаттап сақтап қалу. Ол, мынау дос, мынау дұшпан деп бөліп жармай имани қызметті ешбір жаққа жақтаспай адал атқаруға міндетті.
Міне, уа сот қызметкерлері! Осы ақиқатқа байланысты сотта Рисалей-Нұрдың бұлтартпас қуатты айғақтары өзіне назар аудартқаны рас. Енді, маған не істесеңдер де кешірем, ренжімеймін. Сол үшін маған үлкен зұлымдық жасап жәбірлесе де және өмірімде көрмеген опасыздыққа ұшырап зор қиянат жасап намысыма тисе дағы шыдап бағамын. Тіпті, оларды қарғамадым да. Бізге қарсы мұндай айыптаулар мен жабылған жаланың бәріне қарсы қояр қалқанымыз Рисалей-Нұрдың кітаптары және ешкім төтеп бере алмайтын ақталу хаттарым және жоққа шығарылмайтын наразылық жазбаларым.
Таңғаларлық жәйт: Мысыр, Шам, Халеп (Алеппо), Мүнәууәр Мәдинә, Мүкәррәм Мәккенің ғұламалары және Діни басқарманың білімі терең имамдары әлгі Нұр кітаптарын талдап-талқылап бірдебір сын айтпай, жоғары бағалап мақтаған бола тұра бізге айыптама дайындаған пасық біреу, Құранды жүз қырық сүре деп Айды аспанға бір-ақ шығарып кітаптарымызға атүсті қарап, Рисалей-Нұр қиын кезеңдерде жазылғанын, мен де жалғызсырап, ешкімді танымайтын ғаріп хәлімде әрі маған қиянат жасалып, түрлі қиянат көріп, жаппай тиісіп жатқанда осылай жүз мыңдаған ақиқатшыл жандар мойындап растап жатса да, әлгіндей Құранда қанша сүре барын білмейтін біреу: "Рисалей-Нұр Құран мен хадисті жоруға тырысқанымен кейбір кітаптарында оқырманға берер ілімі, үйретер бір құндылығы жоқ!" деп, мін тағуы заңнан, ақиқаттан, әділеттен, шындықтан қаншалықты алыстап кеткені түсінікті.
Шағым ретінде сізге мынаны да айтайын: жүздеген қатесі бар, көңілімізге ауыр келген қырық беттен тұратын айыптаманы толығымен бізге екі сағат бойы оқып тыңдатты. Ал біздің нағыз ақиқат бір жарым беттік наразы хатымызды - қанша жалынсам да - екі минут оқуға рұқсат бермеді. Сондықтан, менің наразы хатымды толық оқып шығуларыңызды әділет атынан сізден сұраймын.
Үшіншіден; Кез-келген өкіметте қарсыластары, оппозиция болады. Елдің тыныштығын бұзбау шартымен заң жүзінде оларға тиіспейді. Мен және мен секілді дүниядан безген, тек ақыретін ойлайтындар, әрине мың төрт жүз жылдан бері ата-бабамыз ұстанған және Құранымыздың тәрбиелік мәнісі бар, ықылым заманнан бері үш жүз елу миллион мүминдердің қастерлеп сеніп келген бақи әлемдегі мәңгі өмірге қам жасаудың орнына жасырын дұшпанымыздың
зорлық-зомбылығына көніп, олардың алдап-арбағанына еріп мына қысқа, баянсыз дүния өмірі үшін азғындыққа салынып, батыстың жабайы мәдениетінің анайы қылықтарын - большевиктер сықылды - озбыр заңдары бойынша қабылдап, оны өзіміздің өмірлік жол қылып ұстануымыз әсте, мүмкін бе?! Дүнияда ешбір заң, торғайдың миындай миы бар әр адам мұны қабылдатуға зорлай алмасы анық. Біз, әлгі қарсыластарға былай демекпіз: «Бізге тиіспеңдер, біз сендерге тиіскеніміз жоқ».
Осыған байланысты айтарым: Аясофияны пұтханаға, Ислам орталығын қыздар лицейіне айналдырған бір қолбасшының ойынан шығарған «заңындағы» бұйрықтарын пікірмен де, ақылмен де қабылдамаймыз. Және тұлға ретінде оны қолдамаймыз. Мына жиырма жылға созылған азапты тұтқын өмірімде адам айтқысыз зұлымдық шексем де саясатқа араласпадым, билікте шаруамыз болмады, тәртіпті бұзбадық. Алайда, жүз мыңдаған Нұр достарым бар солай бола тұра қауіпсіздікке қатысты бірде-бір оқиға тіркелмеді.
Мен жеке адам ретінде осы соңғы кезде өмірімде көрмеген қиянат көріп, намысқа тиетін орынсыз мәмілелер мен опасыздықтардың салдарынан өмірден жалықтым. Басқан аяғыңды аңдып, әкіреңдеп әмір беретін сырттай бостандықтан шаршадым. Сізге өтініш ретінде, мені ақталуымды емес, керісінше әдеттен тыс жазаға тартылуымды сұраған болатынмын. Әрі сізден жеңіл емес өте ауыр жаза сұраймын. Өйткені, мұндай сұмдық зұлымдықтан құтылудың жолы меніңше я қабірге түсу я да түрмеге кіру, одан басқа шара көрмей тұрмын. Қабірге түсу яғни өлім әзірге қолға түспей тұрғандықтан және өз-өзіне қол жұмсау ауыр күнә болғандықтан әрі ажал да белгісіз, сол себепті бесалты ай {(Сілтеме): Қазір он жеті ай өтті, еш өзгеріс жоқ.} жалғыз қамалған түрмемде жатуға разы болдым. Бірақ, бұл өтінішті бейкүнә бауырларым үшін әзірге табыстамадым.
Төртіншіден; Осы отыз жылғы өмірімде және жаңа Саид деп атаған кезімде Рисалей-Нұрда жазғандарым толығымен және жеке басыма қатысты ақиқаттар да мұны растайды және менімен танысқандар ынсапты жандар да біледі, солардың куәлігіне сүйене отырып былай деймін: Мен жүгенсіз нәпсімді қолымнан келгенше мақтаншақтықтан, атақ құмарлықтан тыйып, жеке басыма құрмет көрсеткен Нұр шәкірттерін бәлкім жүз рет ренжіткен шығармын.
«Менде түк жоқ, мен Құранның құндылықтарын сататын дүкеннің байғұс делдалымын, сатушысымын» дегенімді, жақын достарым мен бауырларым естіп, көрген-ді. Мен дүниялық мансап, атақ-даңқ түгіл тіпті рухани жоғары атақ берілсе де - тек қызметтегі ықыласыма нәпсім араласар деген оймен - ол рухани мәртебені де пида етуді қабылдаған адаммын. Оны іс жүзінде көрсеткенмін. Мәселе солай бола тұра, сотта бейне бір үлкен саяси оқиға тәрізді, кейбір бауырларымның Рисалей-Нұрдың пайдасын көріп соған алғыс ретінде мен қабылдамасам дағы әкесінен де бетер құрмет көрсеткендігін, айыптауға себеп қылдыңыз. Кейбіреуінің менен бас тартуына ұйытқы болдыңыз. Бізді таңдана тыңдауға мәжбүрледіңіз. Апырм-ай, өзі риза болмаса әрі өзін лайық санамаса да басқалар мақтап-мадақтаса ол адамды айыптап жауапқа тартуға бола ма?
Бесіншіден; Сендер мынаны жақсылап біліп алыңдар! Ешқандай да саяси ұйым емес әрі ешбір ұйыммен байланысы жоқ Нұр тәлабаларын «саяси ұйым» деп кінәлау немесе саясатшыл деп айыптау бұл дегенің, тура бізбен қырық жылдан бері күресіп келе жатқан және дін Исламға, Иманға жау дінсіз комитетке және осы отанда анархияның үстемдік еткенін қалайтын большевиктерге жақтасу оларға біліп, білмей көмектесу болып табылады. Үш сот органдары Нұршылардың, Рисалей-Нұрдың саяси ұйым еместігін растап, ол тұрғыда ақтау шешімін шығарған-ды. Тек, Ескішәһир соты «тәсәттүр-ү нисуан» туралы жазылған шағын рисаленің бір ғана мәселесін, атап айтсақ мына сөйлемге: «Естуімше, үкіметтің астанасында қаласында бір аяқкиім бояушысының базардың қақ ортасында жоғары лауазымды шенеуніктің жартылай жалаңаш әйеліне құмарта тап беріпті. Оның осындай әдепсіз әрекеті тәсәттүрге қарсы адамдарға яғни әйел затының оранып жүруіне қарсы пікірдегілердің ұятсыз қалың бетіне шапалақ ұрғандай болды!». Мұндай ертеректе жазылған сөзге бола мені бір жылға, ал күдікті деп ұстаған жүз жиырма адамның он бесін алты айға жазаға тартты. Демек, қазіргі таңда Рисалей-Нұрды және оның шәкірттерін айыптау әлгі үш сот органдарын айыптау, олардың соттау, оларға үстінен іс қозғау деген сөз.
Алтыншыдан; Рисалей-Нұрмен айтысып-тартысуға болмайды. Оны көрген барлық Ислам ғұламалары: "Бұл Құранның ақиқатқа
толы тәпсірі!" деп яғни Құрани ақиқаттардың бұлтартпас дәлелі, бұл ғасырдың рухани мұғжизасы және солтүстіктен шыққан қызыл қауіпке қарсы қорған, осы елдің халқына, бұл мүбарак отанымызға мықты бекініс! деп мойындаған. Сондықтан, сот оның шәкірттерін үркітпеуі тиіс, керісінше жалпыға пайдасы үшін ынталандыруы керек. Бұл сендердің міндеттерің деп білеміз әрі соны күтеміз. Халыққа, отанға, елдің тыныштығына зиянды дінсіздердің, кейбір кәпірлердің саяси кітаптарына, журналдарына демократия деп тиіспей жатқан заманда бейкүнә, мұқтаж жастардың иманын сақтап, жаман мінезді болудан құтқару үшін Рисалей-Нұрға шәкірт болуы қылмыс па екен?! Әлбетте қылмыс емес, қайта үкімет мен Білім министрі қоштап, жоғары баға берітіндей жақсы жаңалық.
Соңғы сөзім: "Аллаһ Тағала судьялардың әділ болуын нәсіп етсі, Әмин!" дей отырып былай дедік:
СОҢҒЫ СӨЗІМ
Айыптамалардан және ұзаққа созылған қамаудан менің түсінгенім; бұл мәселеде ең бірінші менің жеке басымды назарға алып, көзімді құртуды ниет еткенге ұқсайды. Бейне бір менің жеке басымның билікке, тәртіпке және отанға зияны бар. Олардың ойынша, мен дінді жамылып дүниялық мақсат қуған адаммын. Белгілі бір мағынада саясат жасап жүр екенмін. Бұған қарсы нақты жауабым былай:
Мұндай күмәнға беріліп, менің көзімді құртсаңдар да РисалейНұрды және отанға адал, халқына сүйікті жанкешті де қымбатты шәкірттерді ренжітпеңдер! Ренжітсеңдер отанымызға, халықымызға обал болып, рухани үлкен зардап шегесіңдер, тіпті үлкен қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар мынаны хабарлайын; Жеке басымды қорлап, қиянат жасап, түрлі азаппен қинасаңдар да - Рисалей-Нұрға және оның шәкірттеріне мен үшін зиян келмеу шартымен, қазіргі ұстанған жолымыз бойынша - қабылдауға разымын. Бәлкім, бұл ақыретім үшін пайдасы бар шығар, бәлкім осылайша жүгенсіз нәпсінің бәлесінен құтылуыма септігі тиер деп бір жағынан жылап тұрып бір жағынан риза боламын.
Егер, мына бейшара бейкүнәлар менімен бірге осы мәселе үшін түрмеге қамалмағанда сотта қатты-қатты сөйлер едім. Сендер де байқаған шығарсыңдар, айыптаманы жазған адам әрнәрсені жиыптеріп жиырма-отыз жылдық өмірімді - жеке және жасырын, ашық хаттарым мен кітаптарымды тіміскілеп әрі бұрыс мағына шығарып, бейне бір биыл жазылғандай және ешбір соттан тексерілмегендей, мүлде ақталмаған кітаптар секілді, бәрін қағазға тізіп сол арқылы мені соттағысы келеді.
Мен өзім-ақ, жеке басымның түкке тұрмайтынын айтқанмын және менің қарсыластарым да түрлі жолдармен менің жеке басымды төмендетіп саясаткерлердің алдында менің беделімді қанша түсіруге тырысса дағы түк пайда бермеуінің себебі мынау: Бұл заманда және осы жерде иманды қуаттауға өте қатты қажеттілік, аса мұқтаждық туып отыр. Оны дәріс беріп үйрететін адамдар ақиқатты ешбір нәрсеге айырбастамайтын, ешнәрсеге құрал қылмайтын адал болуы керек. Жеке басына ешқандай да үлес алмай шынайы болуы тиіс. Сонда ғана
имани дәрістерінен жұрт пайдаланып еш күмәнданбайтын болады. Иә, мұндай аса мұқтаждық ешқашан, ешжерде болмағанға ұқсайды. Өйткені, қауіп сырттан батпандап келуде. Жеке басым мұндай қажеттілікті өтеп, қанағаттандыра алмайтынын мойындап жаһанға жар салсам дағы бәрібір жеке басымды нысанаға алуда. Бәлкім ортада менен басқалар көп көрінбегендіктен болар. Мен қайта - қайта «менде ондай қасиет жоқ!» десем де, сонда да мені қайнар көзі деп ойлайды. Мен бұған көптен бері таңғалып, еш лайық болмасам да және кемшіліктерім көп бола тұра мұнша назарға ілігуімнің хикметін енді, түсінген секілдімін. Оны хикмет-мәнісі мынау:
Рисалей-Нұрдың ақиқаты және шәкірттерінің мағынауи тұлғасы бұл заманда және бұл жерде әлгі аса мұқтаждықты өз мойынына алып, қамтамасыз етіп келеді. Ел жұрт мені осы қызметім үшін, ол да мыңнан бір бөлігі бола тұра - әлгі керемет ақиқаттың, әлгі таза әрі пәк тұлғаның уәкілі ретінде қарап құрмет көрсететіні де рас. Мұндай құрмет маған зиянды әрі ауыр келеді. Сондай-ақ, хақым болмаса да Нұр ақиқаттары үшін және әлгі мағынауи тұлғаның құрметі үшін үндемей әлгі мағынауи зияндарға көнген сыңай танытатынмын. Тіпті, Хазіреті Али (р.һ.) мен Ғаус-ы Ағзам (қ.с.) сынды кейбір әулиелердің Иләһи илһам арқылы Қасиетті Құранның осы заманғы мағынауи мұғжизасын көрсететін айна іспеттес Рисалей-Нұр туралы, оның ақиқаттары жайлы және адал шәкірттерінің мағынауи тұлғасы жайлы ишари хабар берген кезде арасында түкке тұрмайтын мені де қызметім үшін назарға ұсыныпты. Мен, қателесіп олардың жеке басыма қатысты азғантай ілтипатын кейбір жерде жору жасап Рисалей-Нұрға аудармаппын.
Мұны неліктен жасадың десең, мен өзім әлсіз әрі жәрдемшілерімді үркітіп жатқан кезең еді. Сөздеріме сенімділік тусын деп сырттай бір шама қабылдағаным рас. Сендерге мынаны ескерте кетейін: Пәни, бір аяғы төрде бір аяғы көрде еш құны жоқ жеке басымды төмендетудің қажеті жоқ, соншалықты мән беруге де тұрмайды. Бірақ сендер Рисалей-Нұрмен дауласпаңдар! Ол қолдарыңнан келмейді. Оны жеңе алмайсыңдар! Онымен дауласу халыққа да отанға орасан зиян. Бәрібір оның шәкірттерін тарата алмайсыңдар. Себебі, Қасиетті Құранның ақиқаттарын сақтау үшін қырық-елу миллион шәһид берген осы елдің азаматтарының ұл мен қыздары бұл заманда Құранның
ақиқатын сақтап қалу үшін атсалысуда және Мұсылман әлемінің алдында бұрыңғы ата-бабалары секілді діндарлығын, батырлығын тастамайды. Сырттай тастаған секілді көрінгенмен ол адал шәкірттер жан-тәндерімен әлгі киелі ақиқатқа шынайы берілген азаматтар. Сол ақиқаттың бір айнасы боп табылатын Рисалей-Нұрды тастап, олар өз отанына, халқына қиянат жасамайды, елдің тыныштығын сақтап қалу үшін сабыр етеді. Соңғы сөзім:
ҮКІМЕТКЕ ЖАЗЫЛҒАН ӨТІНІШ ХАТ. МИНИСТРЛЕР КЕҢЕСІНЕ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ӨТІНІШІМ БАР.
Рисалей-Нұрдан алынған «Сирадж-ун Нұр» атты үш жүз беттік кітаптың соңғы жағындағы және негізі ертеректе жазылған және баржоғы он бес беттік және үкіметтің бұйрығымен жинап алынуға себеп болған "Бесінші Шуақ" атты жазбаны, әркімге пайдалы әсіресе бәлеге ұшырғандарға ауадай қажет, сондай-ақ қарттарға, имани мәселеде күмәнданып жүргендерге пайдасы зор "Сирадж-ун Нұр кітабынан" әлгі зиянды деп босқа қорыққан жазбаны алып тастап, қалған үш жүз беттік кітаптың бастырылуына рұқсат берілуін сұраймын! Мұны менімен бірге бүкіл қиыншылыққа ұшырағандар және қарттар және иман ақиқаттарына мұқтаж жандар сұрауда.
алты сұрағының жауабының ішінен бір жолын ғана алып тастап - ол да қазіргі мәдениет заңына сәйкес келмегендіктен - сол екі бет пен бір сөйлемге бола тыйым салынған және Ислам әлемі қатты ұнатып жоғары баға берген, зор пайдасы тиген және иманның үш шартын керемет қылып дәлелдеген сол «Зүлфикар» кітабын өзімізге қайтарып берілуін өтіне сұраймыз әрі ол біздің хақымыз.
Бір хаттың бес сөзі цензурадан өтпей қалса қалғанына рұқсат берілетіні секілді, біз де заңға сәйкес маңызы зор хақымызды талап етіп отырмыз және бізге қатысты түймедей мәселені түйедей қылушылардың зұлымдығынан құтылуымызды сұрап, отанға, халыққа, елдің тыныштығына Рисалей-Нұр арқылы қызмет еткен Құран мен Иманға құштар адамдармен бірге мұны талап етеміз. Сондай-ақ, он сегіз жыл бұрын ауыр зұлымдыққа ұшырап қатты қиналған кезімде жазылған "Худжумат-ы Ситте" кітапшасы жарыққа шыққалы еш көрмеген едім, әрі "махрәм" деп оның таратылуына рұқсат бермеген болатынмын және ол кітапша үш-төрт сотта қаралып иелеріне қайта табыс етілген еді.
Дін істері басқармасы сарапшыларына алғыс хат және зерттеу кезінде жасаған аз ғана және жауабы белгілі әрі нақты берілген сындарын түзетуге пайдасы бар "үш тұжырымды" баяндап берейін.
Біріншісі: Үш тұрғыдан әлгі ғалымдарға рахмет айтамын. Өз басым қарыздармын.
Біріншіден; "Сирадж-ун Нур" жинағының «Бесінші Шуақ» атты жазбасынан басқа он үш бөлімін жоғары бағалап, оң қорытынды жасаған.
Екіншіден; Біздің айыпталуымызға себеп тариқатшылық, саяси ұйым және елдің тыныштығын бұзу секілді жаланы жоққа шығарған.
Үшіншіден; Менің сотта айтқан сөздерімді растап бекіткен яғни мен сотта былай деген болатынмын:
Егер қандай да бір қателік болса менің қатем. Нұр шәкірттері таза әрі бейкүнә. Олар тек өз иманы үшін Рисалей-Нұрға қызмет етті. Міне, сарапшылар Нұршыларды жақтап сотта оларды ақтап қалды. Барлық кінәні маған жүктеді. Мен оларға Аллаһ разы болсын деймін. Тек марқұм Хасан Фәйзи мен марқұм Хафыз Алиді және сол екі шәһидтің ізбасары екі-үш кісіні менің кінәма ортақ қылыпты. Дегенмен, бұл тұрғыда қателесті деуге болады, себебі, олар менің кінәма емес иманға қызмет тұрғысынан менен әлдеқайда үлескер және менің қателіктерімнен аулақ болып әлсіздігіме жаны ашып Аллаһтың қалауымен маған жәрдем еткен болатын.
Екінші тұжырым; Сарапшылар Бесінші Шуақтағы хадистердің бір бөлігін «заиф» кейбірін "мәйзу" деп яғни күмәнмен қарап, жорылған мағынасын бекерге шығаруда. Өйткені, осы Афион қаласында бізге жабылған жалада сол байқалады. Мұны он бес парақтан сексен бір қатесін тауып жазып берген қағазға жазған болатынмын. Құрметті сарапшылар сол қағазды бір оқып шықсын. Үлгі ретінде айтар болсам;
Прокурор: "Барлық жорулары қате және ол хадистер я "мәузу", я "зайыф" яғни сенімді әрі нақты емес, бізге жеткен жолы бұлыңғыр, күдік туғызады!" депті.
Біздің жауабымыз: Жору деген сөз бұл мағына осы хадистің мақсаты болуы мүмкін, солай болса керек дегенді білдіреді. Логика бойынша әлгі мағынаның мүмкін екенін жоққа шығару үшін оның "мухал" екенін яғни мүмкін еместігін дәлелдеу керек. Алайда, оның мағынасы көзге көрініп әрі жүзеге асып жатыр, сондай-ақ, хадистің көптеген ишари мағыналарынан ауқымды шеңберінде яғни қоғамға қатысты жағының бір орны бар екені айдан анық ғажайып түрде әлгі ғайби хабарды бұл заманның адамдарының көзіне шұқып тұрып көрсетіп тұрғандықтан ол мағынаны ешбір тұрғыдан жоққа шығару мүмкін емес және қарсылық білдіруге негіз жоқ.
Олардың, бүкіл риуаяттар «мәузу» немесе "зайыф" яғни "әлсіз" деген наразылығы үш тұрғыдан қате, оны мен қағазға түсірген болатынмын.
Біріншіден; Бір миллион хадис жаттаған Имам Ахмед ибн Ханбел және бес жүз мың хадисті жаттап алған Имам Бұхаридың өзі хадис емес деп айтуға батылы жетпеген әрі бұрыс екенін дәлелдеу мүмкін емес және барлық хадис кітаптарын көрмеген бола тұра және мұсылман үмметтің көпшілігі әр ғасырда ол риуаяттардың бір мағынасын, бір көріністерін немесе күллі мағынасынан бір сәулесін көріп куә болған және үммет шынайы қабылдап, ақиқат екеніне шүбәсіз сенген әрі оның мысалдары, әлгі сұмдық тұлғалары ортаға шығып көзге көріне тұра ол риуаяттарды жаппай жоққа шығару он тұрғыдан алғанда қате боп табылады.
Екіншіден; "Мәузу хадис" дегеннің мағынасы риуаяттың жалғасқан шынжыры үзік яғни дерек көздері түгел емес деген сөз. Әйтпесе, мағынасы қате деген сөз емес. Сондай-ақ, үммет әсіресе ақиқатқа көзі жеткендер, ғайып әлемін ашқандар және кейбір хадис ғалымдары мен мүжахит ғұламалар қабылдап мағынасының жүзеге асуын күткен. Әлбетте, ол риуаяттардың жалпыға қатысты мағыналары бар
Үшіншіден; мәзһаб имамдары және ұстаным-жолдардың ғалымдары өздерінің қандай да бір кітабында ол туралы наразылық білдірмеген, ондай мәселе немесе риуаят жоқ деп айтпаған яғни ғалымдар мұндай риуаяттарға тиісіп, сынап, қарсы пікір жазбаған.
Мысалы, Ислам әлемінде бірнеше Дажжал шығатыны жайлы риуаяттан біреуін алар болсақ, бір хадис ашық түрде Шыңғысхан мен Хулағудың фитне-бүлігі болатынын хабарлаған.
Яғни «Аббаси халифаты ұзақ мезгіл салтанат құрады. Сосын, ол Дәжжалдың қолына өтеді!» деп бес жүз жылдан соң Ислам әлеміне бір Дәжжалдың келетінін, сөйтіп халифатты құлататынын хабар берген. Осы секілді ақырзаманда келетін жеке тұлғаларды айтып кеткен. Мұның өзін мәзһабы бөлек, ұстанған жолы басқа немесе ой-пікірі өзгеше кейбір мүжтахит ғалымдар қабылдамай ол хадисті мәузу яки зайыф деген. Қойшы әйтеуір, бұл ұзақ тақырып. Бұл тақырыпты қысқа қайыруға себеп және Рисалей-Нұрмен қатысты сондай-ақ, нұрға тиіскен кезде дәл сол уақытта жердің сілкінуі еді. Жалпы мұндай оқиға төрт мәрте қайталануы кездейсоқ емес екенін көрсетеді сондай-ақ, осы жауап хатты жазып жатқан уақытта бұл жерде екі сұмдық жер сілкінісі болды. Ол былай болатын:
Ақшам уақыты еді, дәрігерлер кеңесі тарапынан берілген денсаулық туралы рапортта көрсетілген жара қатты ауырып шыдатпай барады. Әрі ешкіммен сөйлестірмегендіктен көңілім құлазып жазуым нашар болса да өзімді қинап жазу жазып күйзеліп отырғанымда екі зілзәланың дәл сол сәтте болуы әрине кездейсоқтық емес. Иә, сегіз ай жалғыздық көріп, азап шеккенімде сеніп жүрген және мені ақтап рапорт жазады деп үміттенген Дін істері басқармасынан рапортты сол күні ақшамда алдым. Қарасам, маған көмектесудің орнына түкке тұрмайтын нәрселерге мән беріп мені айыптаушыларға жақтасып: «Саид Нұрси соңғы төрт зілзәланы Рисалей-Нұрдың кәрәматы санайды!» дегенін көрдім. Мен де, түсініктемеде ол туралы не дегенімді қайталып: "Рисалей-Нұр мақбұл садақа секілді, бәлежаланың кері кетуіне себеп. Рисалей-Нұрға қашан тиіссе бәлелер жол тауып келе бастайды, кейде жер ызаға булығып ашуланады" деп жазғалы жатқанда дәл сол кезде екі мәрте қатты жер сілкінді
{(Сілтеме): Бұл екі зәлзәла 1948-жылы 18-қыркүйекте жұма күні түске жақын болған-ды. Афион түрмесіндегі Нұр шәкірттері атынан:
Халил, Мұстафа, Меһмет, Фейзи, Хусрев.}
де мені ол туралы жазудан бастартқызды. Оны қойып үшінші тұжырымға аттап өтпекпін.
Үшінші тұжырым: Уа, мұқият әрі ақиқатқа жаны құмар, ынсап иелері сарапшы ғалымдар! Бұрыннан келе жатқан ілім адамдары
арасында жақсы бір әдет бойынша жаңа шыққан құнды кітаптың бетіне баз біреулер мақтап алғысөз жазып, өз пікірін білдіріп кейде асыра сілтеп дәріптеп қол таңбасын қалдырады, автор оларға риза болып, бәсекелестерінің өзі оны мақтаншақтық санамай, оған ештеме демейді. Мәселе солай бола тұра, Рисалей-Нұрдың кейбір хас, ықыласты шәкірттері және марқұм Хасан Фәйзи және шәһит Хафыз Али сынды кісілердің әлгіндей кітап жайлы жазған сөздерін ынсапсыз қарсыластар желеу етіпті. Өзім әлсіз, жалғыз басты, бұл жерге бөтен болғандықтан көңілге демеу әрі Нұрға мұқтаждарды құлшындыру мақсатында олардың әлгіндей мақтау сөздерін мүлдем жоққа шығармай және жеке басыма қатысты жерін Рисалей-Нұрға аударғанымды мақтаншақтық санағаныңызға таңғалып, сіздің мұқияттылығыңыз, терең іліміңіз, мейірімді жанашырлығыңыз мұндайға жол бергеніне қатты өкіндім. Ол мадақ сөздерді жазған ниеті таза бауырларым ешқандай да саяси пікір араластырмай шынайы түрде: «Рисалей-Нұр бұл заманда хадистің ауқымы кең, күллі мағынасының бір мағынасы және шағын бір үлгісі болып табылады!» деген пікіріне қарсы шығып, оны қате деуге негіз жоқ. Өйткені, мұны заман растап отыр. Жарайды, ол тым асыра сілтеушілік немесе қате пікір болғанның өзінде тек іліми қате боп табылады. Әркім өз ойын жазуға құқылы. Шариғатта он екі мәзһаб бар. Тіпті төрт мәзһаб Ханафи, Малики, Шафи, Ханбали арасында және жетпіске жуық «келам» ілімі мен «усул-у дин» саласында ғұламалар арасында көптеген түрлі пікірлер қалыптасып кітапқа енгені белгілі. Оны өзіңіз де білесіз. Алайда, дін ғалымдары бірігуге, алауыздық қылмауға мына замандағыдай ешқашан мұқтаж болмаған. Қазіргі таңда негізгі мәселемен шұғылданып оның тысындағы түрлі көзқарас, қарама-қайшылықты тастауға және оны айтысып-тартысуға негіз қылмауға қазіргі кезде мәжбүрміз.
Біріншісі: Біреу біреуді шын көңілден мақтаса жауапқа тартыла ма? Оның үстіне мақталған кісі мұны қаламаса әрі қолынан келгенінше мақтағанды қабылдамай немесе басқа жаққа бұрса және әлгіндей шынайы достарынан айырылып қалмау үшін оларды ренжітпей, мақтауларың жүз есе шамадан тыс деп үндемей қоя салуы мақтаншақтық боп санала ма?
Екіншісі: Апырм-ай, дінге қарсы сұмдық пәлекет соққылар болып жатқан мына заманда және өзекті діни мәселелер тұрғанда Нұр шәкірттерінен ақиқатқа жаны құмар біреудің ешкімге зияны жоқ іліми қатесіне бола, бұрыс пікірі үшін автор мұншалықты айыпталуға, қорлық көруге тиіс пе? Сендер секілді ұстаздардан - әлгі мақтау сөз жазған шәкірт - жіберген қателігін ескеріп, енді жөндейін деп күтіп жүргенде мұндай әділет органдары арқылы жазаға тарту лайық па?
Үшінші сұрақ: Осы соңғы жиырма жылда көптеген дұшпандары бола тұра қаймықпай, қажымастан жүз мыңдаған иманға мұқтаж жандардың иманын қуаттаған Рисалей-Нұр тәпсіріне бір-екі мәселесі үшін мұнша шүйлігіп тиісу орынды ма? Сол мұқият әрі зерек ғалымдарға мынаны ескерткім келеді: жасаған қорытындыда, Ахмет Фәйзинің мақтау сөзінің бас жағында менің жазуымды көріп бейне бір мен оны әдейілеп жаздырғандай сын тағып отыр. Алайда, ол жазбам жеке басыма мақтау сөздерді қабылдамау, ол жерден алып тастау үшін жазылған-ды. Кейбір жерлерін шығарып тастамақшы болғанмын. Бірақ, асығыс толық түзету жасамастан оны бір бауырыма жөнелткен болатынмын. Олар әлгі "махрем" яғни әркімге көрсетіле бермейтін мақтау сөздің бас жағына жазу жазып оны өте жақын адамдарға жіберген кезде үкіметтің қолына түскен. Апырм-ай, мұндай жеке тұлғаның мақтағаны және таза іліми әрі өз ойын және әркімге емес өз арасында және ақылдасу мақсатында жазып жүрген хатты ұстап алып жазалауға бола ма? Сондай-ақ, сыртқы мұқабасы қызыл және қара кітаптар достарға арналған жеке әрі құттықтау үшін жазылған кейбір өзіндік хаттар топтамасы болатын. Қалай болғаны белгісіз, бір-екі адам қызығып жоғалып кетпесін деген ниетпен бір дәптерге жинақтапты. Ол да тексеру кезінде қолға түсіпті. Апырмай, осы тектес хаттардан күдіктенуге, сұраққа тартып жауап алып,
оны саясатпен байланыстыруға бола ма, оған қажеттілік бар ма? Бұл деген, Құранға тиісіп жатқан сұмдық әждаһа, жыландарды көрмей, ондайларға еш мән бермей, әшейін шыбын-шіркеймен айналысу емес пе?
Дінге тіл тигізіп, Мұхаммед Пайғамбардың тәлім-тәрбиесін уға теңеген Сарачоғлына тиіспей, Құран ақиқаттарын Күндей жарқыратып көрсеткен және оның адамзаттың рухани жараларына нағыз ем, шипа екенін дәлелдеген "Сирадж-ун Нұрға" тиісіп, онымен айтысып, Нұрдың әлгі кітабының соңында жазылған бір зайыф хадистің басқа да мағыналары бар деп әлгі тәпсірге тыйым салу, жалпы тәпсірге тиым салу болып жүрмесін? Біз сендер секілді адамдардан жабырқау көңілімізге демеу болады, парасаттылығымен жәрдем етеді деген сенімдеміз, ұсақ-түйек мін таққандарыңызға ренжімейміз.
("Соңғы пошта" газетіне біз туралы мақала жазып, ақпарат берген және сотты мәжбүрлеп бізді жазаға тартқызған кісілердің қателері мен жаңылған жерлерінің тізімі).
1- "Жетінші Үміт" деген жазбада, "мен осы сәтте Анкара қорғанында тұрмын. Төрт-бес түрлі қарттықтың қоршауына түсіп және халифаттың салтанаты құлап опат болғанына мұңайып отырмын" деген болатынмын. Бұдан он төрт жыл бұрын Ескішәһир қаласының соты сол сөзге байланып бізге тиіскен еді. Оларға салтанаттың опат болуы дегенім жоқ, халифат салтанатының опат болғанына мұңайдым дедім. Сендер "нун" әрпін оқымай тұрсыңдар деп едім, үндемей қалды.
2- Латын әріптерін қабылдамаймын дегенім жоқ, Құран әріптерін үйретуге тыйым салынғанына жиырма жыл бұрын махрем рисалемде қарсылығымды білдірген болатынмын.
3- Отыз-қырық жыл бұрын Құран ақиқаттарына болысып бүкіл Ислам ғалымдарының, тәпсірші ғұламалардың дегеніндей Қасиетті Құранның мирас пен тәсәттүр туралы ашық аяттарын тәпсірлеген едім. Оны төрт-бес рет үкімет органдары тексеріп бізге қайтарып берген болатын. Енді, сол тәпсірімді сылтау қылып заң бойынша емес өз ойынша үкім шығарып мені қысқа мерзімге соттаған болатын. Оған біраз уақыт өтсе дағы және кешірім берілген бола тұра және Денизли соты бойынша ақталған бола тұра бірнеше сөйлемін бұрыс түсініп бізді жазаға тартты. Міне, осы орынсыз үкімді дұрыс деп жариялаған «Соңғы пошта» газетінің ұжымы өз мақаласының қаншалықты бұрыс екенін ойлансын. Көпшіліктің пікірі мен ойнамасын.
4- Рисалей-Нұрдың бір шәкіртінің жеке көзқарасын барлық нұршыларға ортақ қылуы және біреудің өз досына арнап жазған жеке, қарапайым хатына бола бейне бір жасырын ұйымның үгіттеушісі ретінде айыптап және отыз-қырық жыл бойы жазылған жүз отыз рисалелерді биыл жазылғандай және ешқашан үстінен іс қозғалып тексерілмегендей және үш-төрт кітаптағы отыз-қырық сөзді құдды Рисалей-Нұрдың барлық жерінде кездесетіндей бүкіл күллиятқа айып тағуы, сондай-ақ, жиырма үш жылдан бері мені аңдып, бақылап отырған және төрт-бес рет сотқа берген және кейін иелеріне қайтарып, басым көпшілігі ақталып оң қорытынды берілген бес-алты аймақтың
үкіметін, әділет басқармасын және ішкі істер қызметкерлерін әлгі бізге жабылған ойша, негізсіз қылмысқа оларды да ортақтастыру, оларды кінәлау болып табылады.
5- Рисалей-Нұрдың махрем жеке кітаптарында біздің ойымызша - кездейсоқ болуы мүмкін емес - кейбір «ғайби тәвафуктарды», "риязи" және "әбжәди" сәйкестіктерді және көптеген Құрани ишараларды жинақтағанда мағынасы жағынан, "жифри" есеп жағынан болсын Рисалей-Нұрдың қабыл болғаны көрінеді. Ол туралы Имам Али (р.һ.) Жәлжәлутия кітабында да ашық түрде хабарлаған, сондай-ақ, Ғаус-ы Ағзам (қуддус-ы сыррух) растап бекіткен. Осыған қарап көзіміз әбден жеткен-ді. Сонымен қатар бізді Аллаһтың жәрдемі желеп-жебеуі, Субханның сый-сияпаты және жоғарыда айтылған ғайби ишаралар Рисалей-Нұрдағы иман ақиқаттарының белгілі бір мағынадағы кәраматы деп білеміз. Біз, әсіресе мен өзім рухани демеуге, киелі жұбанышқа өте мұқтаж болған кезімде еріксіз түрде осы ғайби ишараларды көрдім, растадым. Дегенмен, біраз уақыт жасырып құпия ұстадық. Кейін жеке басыма тиісіп, жұртқа жағымсыз көрсетіп, зұлымдық жасап, озбырлық жасағанда Рисалей-Нұрға мұқтаж, ынталы кісілер суып кетпесін деп әлгі ғайби ишараларды хас шәкірттеріме, жақын бауырларыма көрсеткенім рас. Әрі оларға көп пайдасы тиді.
Жиырма екі жылдан бері зұлымдыққа ұшырап, жапа шегіп келгеніме, мәдени құқықтан мені айырғандарына бір мысал келтірейін.
Он бір ай жалғыз адамдық камерада, қызметшілерім мен хас бауырларымды менімен кездестірмей тыйым салды. Маған қарсы бас прокурор алпыс беттік, сот болса елу бір беттік айыпнама жаза тұра, өзімізді ақтайтын уәжнама жазуға қанша өтінсек те екі күнде үштөрт сағаттан басқа рұқсат бермеді. Мен жаңа әріпті білмегендіктен менің тілімді түсінетін, айыпнаманы оқып беретін және наразылық жауап хат жазуға бір шәкіртім қасыма келсін деп жалынсам дағы рұқсат бермеді. Тіпті, іші толы қате айыпнаманы төрт сағат бойы оқыды. Сосын, бірнеше ай бойы жинаған бұрыс түсінген, қате екені дәлелденген екінші айыпнаманы тағы оқып бізді тыңдауға мәжбүрледі. Бұған қарсы үш парақтық жауап беруге қайта-қайта өтінсем де рұқсат бермеді. Егер, мені сөйлеткенде, Рисалей-Нұрдың дүнияға қатысты кейбір сөйлемдерін пайдаланып-ақ, өзімді ақтап шығар едім. Олар айыпнамада дәл сол сөйлемдерді бұрыс түсініп
маған қарсы пайдаланып айып таққан-ды. Мені, өз атымнан жазаға тартқаны үшін сотқа алғысымды білдіремін. Өйткені, олар менің орныма Рисалей-Нұрдың кейбір маңызды ақиқаттарын әртарапқа жайып бір тұрғыдан Нұршы екендерін дәлелдеді. Енді, мен бұл кезге дейін заңсыз шектірген азаптарын кешіп, олардан алар ақым жоқ дегім келеді. Апырм-ай, ғаріп, ауру, әбден қартайған, әлсіз, пақыр, жазуы нашар, өзін өте төмен санайтын, мақтанудан, жасанды әрекеттен барынша аулақ тұруға тырысатын бір адамның, отанға, халыққа тіпті, Ислам әлеміне пайдасы зор иман қызметін, Құрани міндетті адал атқару үшін саясатпен еш қатысы жоқ ірі тұлғалардан медет алу ниетімен және ескі заманның ғалым-ғұламалар секілді ғайби ишараларды жарыққа шығаруы кінә бола ма, сол үшін жауапқа тартуға бола ма, бұл дінге қайшылық немесе заңға қарсы әрекет боп есептеле ме? Мен мұны «Соңғы пошта» газеті ұжымынан және бізге айып таққысы келгендерден сұрамаймын.
6- Біреу отыз жыл бұрын
(Лағынет атқан шайтаннан және құйтырқы саясаттан бір Аллаһқа сыйынамын!) деп, оны өмірлік ереже етіп, сол көзқарасты жүрекпен қабылдаған және жиырма бес жылдан бері газет оқымаған, тыңдамаған және он жыл бойы дүниежүзілік соғыстың барысынан бейхабар бірде бір, қызығып сұрамаған және он екі жылдың ішінде үкімет басында кімдер бар екенін, депутаттар кімдер екенін білмейтін және дүниялық жоғары шен мәртебелерге еш қызықпайтын және оны сотта достары куәгер ретінде дәлелдеген және иманның бір түйір ақиқатын және Құранның киелі бір нүктесін дүния салатанатынан артық жоғары бағалап мән беретін, осылайша өмірін ақиқаттарға арнаған және дүниялық шаруаны ақыреттік істерден жоғары қоятындарды ақымақ санайтын жалғыз басты адам, енді сондай біреуді дүнияуи саясаттың ізінде жүр, жасырын ұйым құруда деп айыптау қаншалықты болымсыз, неткен зұлымдыққа толы қате екенін мені жазаға тартқандардың және "Почта" газетіне хабар бергендердің ұяты болса өздері ойланып көрсін! Кассациялық сотқа қосымша ретінде айыптамаға қарсы наразылық білдірген хатты ұсынамын.
Афион ауыр қылмыскерлер түрмесінде он бір ай жалғыз өзі қамалып азап шеккен
(Төменде жазылған хаттардың кіріспесі)
Бізді айыпты етіп көрсеткен Афион қаласының сотының шешімін кассациялық сот, бұрысқа шығарып нақты дәлелдермен бұзғандықтан оларға аз да болса жәрдем ниетімен сот шешіміндегі қателерін көрсетіп, әркім оқымасын деген біздің кітаптарымыздан олардың қылмыс деп тапқан жерлерін дәл сол қалпында жазып қателерін көрсетіп, бізді айыптағандардың өздерін айыптамақпыз.
Мысалға, мені ауыр жазаға тартқысы келгендер кінәларымның қорытындысы ретінде былай деп жазыпты: "Саид Нұрси мына нәрселерді жоққа шығарады;
1- "Османлы мемлекетінің құлағанын, халифаттың жойылғанын..." Бұл әрі қате әрі бұрыс. Себебі, Лема кітабымда "халифаттың салтанатының құлағаны мені қайғыртты..." деп жазған болатынмын. Мұны он бес жыл бұрын Ескішәһир қалалық сотында айтқанымда, үндемей қалған-ды. Қанша уақыт өтіп кеткен және ақталған, кешірім алған кішкентай мәселені қылмыс деп жала жапқан адам өзі қылмыскер боп табылады.
Әрі әлгі, негізсіз қылмыстың дәлелі ретінде, менің Лема және Муғжизат-ы Ахмедия (с.а.у.) атты кітапта:
Яғни «төрт халифадан соң бір бүлік шығады» деген хадисті келтірген болатын.
Міне, бұл хадис үш түрлі ғайби мұғжиза көрсеткенін бұрыңғы бір кітабымда жазған едім. Мұны кінә деп мені айыптау мақсатымен былай депті: "Саид бір кітабында: Халифат кеткен соң жабарут пен фәсат яғни диктаторлық пен бүлік орнайды.
Ей, мәселеге атүсті қарайтындар! Ишари һәм ғайби хабардағы мына заманда болып жатқан адамзаттың заттық әрі рухани бүлінуін және дүнияны астан-кестеңін шығаратын оқиғалар болатынын хабарлаған хадистің керемет қасиетін айтқан адамды қылмыскер деп айтудың өзі, заттық әрі рухани тұрғыда қылмыстың нақ өзі.
Менің бір кінәм мынау екен: "тәкие мен завиялардың, сондай-ақ, медреселердің жабылуын, сөйтіп мемлекеттің зайырлы болуын және Ислам дінінің орнына ұлттық сананы ендірудің, бас киім ретінде шапка киюдің және шариғатқа сай орамал тағуға тыйым салынуын, сондай-ақ, Құран әріптерінің орнына латын әріптерін енгізудің, мектепте дін дәрістерінің тоқтатылуын және әйел затына еркектер секілді мұрагерлік үлес берілудің дұрыс еместігін және бірнеше әйел алуды тоқтату сынды егемендіктің қаулы-шешімдерін бидғат, адасушылық, діннен безу деп санайды сол үшін кінәлі!" Осылай жазыпты.
Ей, ынсапсыздар! Егер, әр ғасырда үш жүз елу миллион мұсылманға жол көрсетіп, жетекшілік ететін және бақыт атаулының бағдарламасы және дүниялық һәм ақыреттік өмірдің құнды қазынасы болып табылатын Қасиетті Құранның әйел затының орануы туралы, мұрагерлік жайлы, көп әйел алу туралы, Аллаһты зікір ету, Оны дәріптеу хақында және дінді жаю керектігі жайлы ап ашық және еш түсініктеме керек етпейтін өте анық көптеген аяттарды жоққа шығару және Ислам мүжаһид ғұламаларын, барлық шәйх ғалымдарды кінәлі санау мүмкін болса, онда мені қылмыскер деп кінәлауға болар. Әрі, ол мәселеге көп уақыт өтіп кеткендігін және бірнеше соттың ақтау шешімдерін, кешірім заңдарын, әрі пікір еркіндігі мен ар-ұждан бостандығына қатысты үкіметтік ұстанымын жоққа шығарған жағдайда ғана мені осы істерге байланысты қылмысты деп санай аласыңдар. Әйтпесе, сендер ертең ақиқат пен хақ алдында, әділет құзырында үлкен жауапқа тартылып нағыз қылмыскер боласыңдар!
[Соттың негізінде өзіне зияны тиетін жазбаны керісінше бізге зиянды етіп бұрмалағаны жайлы].
Мен, әділет сотына былай демекшімін: Мың үш жүз елу жылдан бері және әрбір ғасырда үш жүз елу миллион мұсылмандардың қоғамдық өміріне қатысты киелі де ақиқат Иләһи заңдылықты үш жүз елу мың тәпсірдің тәпсірлегеніндей және мың үш жүз елу жыл бойы
ата-бабамыздың салт-дәстүріне, нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын жөнсіз үкімді, әлбетте жер жүзінде әділдік қалған болса ол үкімді жоққа шығарып, күшін жоюы тиіс.
[Соттың таңғала әрі жоғары бағалап шығарған үкіміндегі жазба. Мұны бізге қарсы қолданып отыр, негізінде өздерін айыптайтын жазба].
Жиырма алтыншы Мектубта Саид Нұрси өзі туралы айтқанда былай дейді: Мына байғұс бауырларыңның үш түр сипаты бар, әрі бір-біріне ұқсамайды.
Біріншісі; Хикметке толы Құранның құнды қазынасының делдалы ретінде уақытша және тек ғана Құранға тән сипатым бар. Ол кезде делдалдықтың талабы өте жоғары қасиет, керемет мінезқұлық көрінеді. Ол менікі емес, маған қатысы жоқ. Ол сол мақам мен міндеттің талап ететін қасиеті. Менің бойымнан мұндай қасиет көрсеңдер, біліп қойыңдар ол қасиет менікі емес. Ол мақамға тән нәрсе, мені сондай екен деп қарамаңдар!
Екіншісі; Құлшылық кезінде Аллаһтың құзырынада тұрған кезімде Жаратқан Ием жарылқап, уақытша болса да бір түр сипат, ерекше қасиетпен көрінетінім рас, ол қасиет кейбір әрекеттерімнен байқалады. Ол қасиет құлшылықтың негізі боп табылатын өз кемшілігін білу, әлсіз екенін мойындау, бейшара екенін сезіну, осылайша төмен жағдайда Аллаһтың дергаһына сыйынып, жалбарынудан туындайды. Ол сол кезде нақты байқалады. Ол жағдайда мен өзімді жұрттың бәрінен бейбақ, бейшара, әлсіз, пақыр, мұқтаж, кемшін көремін. Сол кезде бүкіл дүния мені мақтап, «сен жақсысың, кәмілсің!» десе, әсте сенбеймін.
Үшіншісі; Бұл нағыз өзім, түр-сипатым, яғни бұрыңғы Саидтың бұзылған хәлі, нашар жағым. Ол жақта бұрыңғы Саидтен қалған кейбір сезімдерге берілемін. Мысалға, рия, екіжүзділік, жұртқа жақсы көріну, атаққұмарлық секілді. Әрі мен бай, болсы текті әулеттен болмағандықтан қолы тар адамдай үнемділікке көп мән беремін, осындай жағымсыз мінездер көрініп қалады. Сендерге ол тұрғыдағы жайымды көп айтсам қашып кетерсіңдер деп ондай жаман
жақтарымды айтпаймын. Демек, мейірімі мол Аллаһ маған деген инает-қамқорлығын осылай көрсетуді қалағаны ғой, ең қарапайым қатардағы сарбаздай мына жеке тұлғамды өте жоғары әрі "хас мүршид", "асфия" ретіндегі Құран сырларын ашуға атын қызметші ретінде жұмсап жатыр. Құдайға сансыз шүкір етемін.
[Соттың қатты қорқып айыптамаға жазған сөйлемі. Алайда, он бес жыл бұрын жазылған әлгі қатты айтылған сөз, кейін мына сөзбен ауыстылған болатын: "Бауырларым! Бейкүнә әрі қарт кісілердің құрметіне мені өлтірген залымдардан ақымды алмай-ақ қойыңдар! Оларға қабір азабы мен тозақ оты жетеді. Міне, бұл сөз оларды тәубаға келтіруі керек-ті].
Байқаймын, нанымдарына және мені азаптауларыңа қарағанда - мен сендермен көп жақтан келісе алмайтын сияқтымын. Сендер дүния үшін дінді, ақыретті сатасыңдар. Олай болса, әлбетте арамызда - өздерің ойлағандай - үлкен қайшылық бар. Ал біз, керісінше ақырет үшін, дін үшін дүниямызды әрдайым пида етуге дайынбыз. Сендердің жабайыларға арналған зұлымдыққа толы үкімдеріңе көніп бір-екі жыл қор болып өмір сүргенше киелі шәһадат мәртебесіне жету үшін жанымызды пида ету біз үшін «аб-ыл кәусар» секілді хош нәрсе. Бірақ, Қасиетті Құранның нұр-фәйзіне, оның ғайби ишараларына сүйене отырып сендерді қорқыту үшін мынаны хабарлағым келеді: Мен өлген соң сендер өмір сүріп қарқ болмайсыңдар! Қаһарлы қол жағаларыңнан ұстап, өздеріңе хош жәннат сияқты мына рахат дүниядан шығарылып түпсіз мәңгі зұлыматқа әне-міне дегенше қамаласыңдар. Менен соң көп ұзамай сендердің нәмруд секілді басшыларың өлтіріліп жаныма келеді, әлі. Мен сол кезде, Аллаһтың құзырында олардың жағасынан ұстап Иләһи әділетке бас игізіп, жәһаннамның түбіне тасталғанын көріп өшімді алармын әлі-ақ.
Уа, дүния үшін дінін, ақыретін сатқан бейбақтар! Өмір сүргілерің келсе маған тиіспеңдер! Тиіссеңдер кегім еселеніп алынатынын біліп қойыңдар, қатаң ескертемін! Менің өлімім өмірімнен де зор дінге қызмет ететініне Аллаһтың мейірімінен үмітім зор. Өлімім бастарыңа бомба болып жарылады да сендерді парам-парша қылады, көр де тұр! Қане, қорықпасаңдар тиісіп көріңдер. «Не істесеңдер соның жазасын тартатын боласыңдар!» делінген және сөзін бір аятпен тәмамдаған.
[Бұл жазбаны сот бізге қарсы қолданған. Алайда, оларды асыра сілтегендіктен кінәлы қылатын жазба].
Анкарада Мұстафа Кемал қатты ашуланып, қатулана: "Біз сені мұнда терең іліми пікірлер айтсын деп шақырып едік. Ал сен болсаң, намаз туралы нәрселермен насихат жүргізіп арамызға бүлік салдың!" дегенде, Саид Нұрси жауап ретінде: «Намазсыз адам опасыз саналады. Ал опасыздың айтқан үкімі жүрмейді!» дегенде Мұстафа Кемал белгілі бір мағынада кешірім сұрап, райынан қайтқан еді. Оны қатты ренжітіп, өмірлік қағидаларын бұзса дағы оған тиіспегенін, ондай диктатор басшының бейне бір бұрыңғы Саидтан қорқуын Рисалей-Нұрдың болашақ ержүрек шәкірттерінің рухани тұлғасының таңғажайып күш-жігері, Рисалей-Нұрдың жарқын кәраматы" деп, жазған.
[Бізге қарсы, дегенмен соттың өзін жауапқа тартуға ұйытқы болар жазба.]
«Аясофия» мешітін пұтхана (музей) қылған және Ислам зерттеу орталығын қыздар лицейіне айналдырған қолбасшының ойына келгенін істеп, оны заң ретінде бекіткен сөздерін ақылға салып, іліми тұрғыдан қабылдамаймыз және жеке тұлға ретінде амал жасамаймыз!" деген жазулар бар.
29/08/1948 күнгі өтінішінде: "Көкейге бір ой келді. Былайша: Үкімет мені толық түрде қорғап, көмектесуі керек. Халықтың игілігіне жарап, отанға пайдалы бола тұра мені қинап, азаптауы мынаны меңзейді: менімен шайқасып жүрген астыртын дінсіз ұйым
және қазірде оларға қосылып кеткен коммунист ұйымының бір тобы. Олар биліктің маңызды тұтқаларын ұстаған болуы керек, қарсы алдыма кесе көлденең тұруда. Үкімет бұдан я хабары жоқ, я көз жұмып оларға рұқсат беруде.
Қаһарман халықтың тарихта мәңгі өшпес мақтанышы және Құран мен дін үшін соғысып қол жеткізген алмастай құнды жеңісінің және қылыш пен найзаның ұшымен алынған тарихи жәдігер Аясофия мешітін пұтханаға айналдырған адамды сондай-ақ, Шәйх-үл Ислам отыратын діни басқарманы қыздардың лицейіне айналдырған біреуді жақсы көрмеу қылмыс боп саналуы мүмкін бе?
[Саидты жазаға тартуға ең оңтайлы деген жазба. Саид өзінің жасырын дұшпандарына арнап Денизли сотында айтқан осы сөздерін, сот керісінше мүлдем басқа мағына шығарып, мұны мемлекетке, үкіметке қарсы айтылғандай етіп айыптағысы келеді].
"Осы соңғы кезде төңкеріс жасап, өзгеріс енгізіп жатқан елдің кейбір жаңа заңдарын «жәбірлеуші» және «күпірлікке итеретін ойдан шыққан заңдар» дейді. Ал, республика ұғымын толыққанды диктаторлық, ал режимді діннен безгендік және большевизм мен мәдениетті нағыз барып тұрған азғындық, деп атайды.
[Соттың айыптамасында таңғала әрі жоғары бағаланып жазылған жазба].
Рисалей-Нұрды жазудың ақыретте де бұл дүнияда да көптеген пайдалары бар, атап айтсақ:
1- Адасқандарға қарсы рухани күрес.
2- стазына ақиқатты жаю тұрғысынан көмек.
3- Мұсылмандарға имани тұрғыдан қызмет ету.
4- Қалам арқылы ілім жинау.
5- Кейде бір жылға татитын бір сағаттық тәфәккүри ғибадат.
6- Дүниеден иманды кетеді.
1- Ризық несібеде береке.
2- Көңіл тыныш, жүректе қуаныш.
3- Тұрмыс жеңілдейді.
4- Істері сәтті болады.
5- Тәлаба деген атқа ие болып барлық Рисалей-Нұр шәкірттерінің дұға-тілектеріне ортақ болады және жақында жастар бұл кітаптың қадірін түсініп университет белгілі бір мағынада Нұр мектебі атануы әбден мүмкін деп жазған.
Жасырын мұнафықтардың іске асырмақ болған екі жоспарының бірі: Менің абырой беделімді түсіру. Осылайша өздерінше РисалейНұрдың қадірін түсірмек.
Екіншісі; Нұр шәкірттерін қорқытып, Құран қызметін тоқтату. Осылайша Нұрдың жайылуына кедергі болмақ. Еш қорықпаңыздар! Миллиондаған қаһармандар жанын пида еткен ақиқатқа біз секілді кейбір байғұстардың да жаны пида болсын!
[Таңғаларлық жайт. Марқұм Хасан Фәйзи дейтін кісінің ақ ниетпен және ақиқатқа сай, өте орынды да шындыққа сәйкес және ешкімге зияны жоқ, қайта көпшілікке пайдалы мақтау сөзін қылмыс санап және оның Рисалей-Нұр кітабының соңғы бетіне жазылуын, ол кітаптың тыйым салынуына себеп санапты].
Хасан Фәйзи бауырымыздың бір хаты бар, оның мазмұны былай: "Уа, Рисалей-Нұр! Сен Хақтың тілі, Оның илһамымен, Оның әмірімен жазылғаныңа шәк жоқ!". "Мен ешкімнің заты емеспін, мен ешкімнің кітабынан алынбадым! Мен раббани уа Құранимын! Мәңгі жасайтын біреудің сөзінен шыққан керемет Нұрмын! Сен нұрлы да рахметке толы хақ кітапсың! Кейбір хас, ықыласты шәкірттеріңді әулие, асфия мәртебесіне көтеріп абыройға бөлейсің. Сотқа сенің кітаптарың
қылмыскер немесе айыпталушы емес керісінше мұғалім, тәрбиеші, ұстаз ретінде шақырылуда. Әділет мақамына ең жоғары мәртебеде, абыройы үстем, мерейі асқақ түрде шықтың. Ол жердегілерді иман мен Құранның кәусар суымен жуып тазарттың".
"Уа, Рисалей-Нұрдың қызметшісі, аудармашысы стазым! Аллаһтың құлы, Имам-ы Алидің (р.һ.) мағынауи баласы және Ғаус-ы Ағзам Шәйх Гәйланидің мүриді, тәлабасы стаз! Мені ілім мен ирфан дейтін жоғары құзырыңа шығар!
Міне, ол кісінің бірайлық азығы бір дорба шамасындай ішіп-жемі ол дорбаға ораулы шегеде асулы тұр. Ол жоқшылық ішінде болғанымен еш бітпейтін молшылық ішінде. Һәдия, сыйлық алмайды. Егер зекет, садақа, тәбәрүк және сый алғанда бүгін бір миллион байлыққа ие болар еді!".
[Рисалей-Нұр деп аталуының тоғыз себептерінен тек біреуіне ғана тиіскен. Нұр есімді хас шәкірттерін кездестіре алмадық депті. Түсініктемеде жауап берілгеніндей, қазір Нури Бәнли, Күрелі сағатшы Нұри секілді шәкірттердің қызметте орны ерекше. Демек, бұл тұрғыдан тиісе алмайды. Сосын ананы-мынаны сылтау етуде].
Жиырма алтыншы Сөз рисалесінде отыз үш Сөздердің отыз үш Мектубтың, отыз бір Леманың және он үш Шуақтың барлығын қосып Рисалей-Нұр деп аталуының сыры мынада: бүкіл өмірімде Нұр сөзі көп кездесетін. Мысалы, туған ауылымның аты Нұрс, марқұм анамның аты Нұрия, Нақшибенди ұстазымның аты Сәйід Нұр Мұхаммед, Қадири ұстазымның бірі Нұраддин, Құран үйреткен ұстаздың есімі Нұри және шәкірттерімнің ішінде маған етене жақыны Нұр есімді тәлабаларым. (Бір қызығы, жақын шәкірттерінің арасында Нұр есімімен қатысты ешкім жоқ!). {(Сілтеме): Ол кезде солай еді, қазір жиырма жыл болды.}
[Худжумат-ы Ситте және Зәйлі жиырма жыл бұрын жазылған болатын. Мен оны ауыр қыспаққа түсіп зұлымдыққа ұшыраған кезімде жазған едім. Әрі әркімге көрсетпейтінмін. Ол бірнеше рет сотта тексерілген. Мен оны ашу үстінде жазған едім. Дәл сол кезде екінші дүния жүзілік соғыс болып жатқандықтан әлгі ашулы сөздерім өте орынды саналатын. Енді, сол жазбамды бейне бір қазір жазылғандай кінәлап айыпқа тарту әділет заңына қайшы].
Худжумат-ы Ситтенің зәйлі атты жазуда былай деген: Болашақта болатын жиіркеніштер мен қорлықтан сақтану мақсатында осы бір махрем жазу жазылды, яғни «Тіфә, сол ғасырда өмір сүрген адамдарға!» деген кезде бетімізге түкірік келмесін немесе сүрту үшін жазылған-ды. Еуропаның «адамгершілік» маскасын жамылған жыртқыш айуан секілді түрі жаман басшыларға ескерту. Мына ынсапсыз жауыздарды бізге айдап салған залымдардың соқыр көзі мүлдем көрмей қалсын! Бұл ғасырда адамға еріксіз жүз мыңдаған жақтан «Жасасын Жәһаннам!» дегізетін мәдениеттен жұрдай адамдарды тоқпақтау үшін жазылған баяндама".
"Соңғы кездері діннен безген кәпірлердің жасырын түрде жасаған жауыздықтары шектен шықты. Көптеген имандыларға зұлымдық жасалып, діннен безгендердің құтырғаны секілді маған да жеке құлшылығыма және өзім жөндеу жүргізген және бір-екі досыммен жиналып ғибадат ететін ғибадатханама сондай-ақ, азан шақырып, қамат түсіргенімізге келіп тиісті. «Неге арапша қамат түсіресіңдер, жасырын азан шақырасыңдар!» деп, әкіреңдеп айқай салды. Осы кезге дейін үндемей келген менің сабырым таусылды. Сөзімді мұндай сөйлесуге тұрмайтын деңгейі төмен, ұяттан безгендерге емес, халықтың тағдырымен ойнап, ойына келгенін істейтін кейбір перғауын секілді астыртын ұйымды құрушыларға арналады.
Ей, бидғатшылар мен діннен безген бейбақтар! Алты сұрағыма жауап беріңдер!
Біріншісі; Дүнияда ел басқарған, үкім жүргізген қандай да бір қауымның, тіпті керек десең адам етін жейтін канибалдардың және жыртқыш аңға ұқсаған топ басшыларының да ұстанатын өзіндік ереже-заңы болады. Сендер мына жауыздықты неге сүйеніп жасап
отырсыңдар? Ереже-заңдарыңды көрсетіңдер! Әлде кейбір сұмырай қызметкерлердің ойына келген әрекетін заң деп қабылдайсыңдар ма? Мұндай жеке адамның құлшылығына араласуға ешқандай заң рұқсат бермесе керек.
[Өкінішті жағдай; "Ишарат-ы Сәбға" деп аталатын бұрынырақта жазылған әрі әркімге көрсетілмейтін, ақиқатқа әдбен жанасып тұрған кітаптың бір-екі сөйлеміне бола тыйым салып, бізді сол үшін айыптауға тырысуда. Алайда, ол ақиқаттың күштілігі сонша бүкіл адамзатқа, жалпы дүнияға жар салуға тұратын қоғам өміріне қатысты өте құнды да пайдалы].
Дүнияда ең ақымақ кім десеңдер, дінсіз есалаңдардан өркениет пен бақыт күтетін адам. Мұндай ақымақтың біреуі биліктің тұтқасын ұстап былай депті:
Біз «Аллаһ, Аллаһ!» дей беріп артта қалдық. Батыс елдері «қаружарақ» деп көш ілгері кетіп бізден озып кетті!".
Мұндай да «Ақымаққа жауап берудің қажеті жоқ, үндемеудің өзі жауап» дегендей үндемеген абзал. Бірақ, кейбір ақымақтардың артында бейбақ ғапыл жандар да болатындықтан былай деп жауап береміз:
Уа, бейшаралар! Бұл дүния уақытша қонақ үй тәрізді. Өлімнің шындық екені рас, соңында қабірге баратынымыз анық. Бұл жалған өмір өтіп орнына мәңгі өмір келмек. Бір рет «қару-жарақ» деп айқайласа мың рет: «Аллаһ, Аллаһ!» деу керек болар!".
[Таңғаларлық жәйт; Он алтыншы Лемадағы бізге болымды сөзді бұрмалап керісінше бізге зиян болымсыз етіп, әлгі құнды да аса қымбат рисалені тыйым салуға тырысады].
Он алтыншы Лемада: Соғыс деген бәле біздің Құран қызметімізге едәуір зиян. Қадир-і Күллі Шей бір минутта түнерген аспанды бұлттан тазартып аспанды ашып, жап-жарық Күнді көрсететіні секілді мына зұлымат, тұмшалап қараңғы да мәрхаматсыз бұлттарды қуып шариғат ақиқатын Күндей жарқын етіп көрсете алады. Бізге
ол қымбатқа түспейді деп Аллаһтың рахматынан үміттеміз. Билік басындағылардың басына ақыл, жүректеріне иман берсін. Сонда іс өздігінен түзел еді.
Сауал: Сендердің қолдарыңдағы Нұр екені рас болса, нұрдан зиян келмейтіні белгілі. Олай болса неге достарыңа мұқият, сақ болуын ескертесің?
Жауап: Баста отырғандардың кейбірі мас, оқымайды. Оқыса да түсінбейді. Бұрыс түсініп тиісуі мүмкін. Сол үшін ақыл-есін жиғанша рисалелерді көрсетпеген абзал. Сондықтан, бауырларыма айтарым; «Мұқият болыңдар! Лайық емес жандардың қолына ақиқатты бермеңдер» деген.
[Тәсәттүр яғни әйел затының шариғатқа сәйкес орануы Құранның әмірі және ол туралы өте қанағаттанарлық жауабы берілген-ді және бұрынырақта жазылып, тиісті жазасын тартқан бола тұра мұны қайта көтеріп жауапқа тарту сондай-ақ, "Қарттар рисалесіндегі өте маңызды, әркімге пайдалы және "Жастар шырағында" жазылған ақиқаттың тек бас жағын көріп, оны айыптауға себеп тыйым салуға тырысу ақылға сыймайды. Демек, айыптауға негіз таба алмауда].
Жиырма Төртінші Лемада тәсәттүр туралы, тәсәттүр Құранның әмірі екенін түсіндіргеннен кейін: "Естуімше, астанада базардың қақ ортасында халықтың көз алдында қарапайым бір аяқ киім бояушысы дүниялық тұрғыдан мәртебесі жоғары лауазымды біреудің балтыры ашық әйеліне қырындап емеурін танытуы, тәсәттүрге қарсы адамдардың ұятсыз бетіне ұрылған шапалақ деп білемін!" дейді.
Жиырма Алтыншы Лемада, қарттар жайлы айтып келіп: "Анкара қаласының ескірген қорғанының төбесіне шықтым. Әлгі қорған маған тарихи оқиғалардан сыр шерткендей. Ол менің қартайғанымды, қорғанның да қартайғанын, мерейі үстем Османлы елінің қарттығын, халифаттың құлағанын еске түсіріп көңілді мұң басты. Ішім удай ашып өткен күндерге, келешектің асуларына көз жүгірттім. Өткен шақ жұбатудың орнына зәремді ұшырды, болашақ
болса менің және мен сықылды жандардың, келешек ұрпақтың үлкен қабірі бейнесінде көрінді. Дәл осы шаққа, бүгініме қарадым, ол бейне бір денем салынған тар табыт секілді көрінді" дейді кітабында.
[Олардың жоғары бағалауы қажет бола тұра мына сөзімді мінеп, айып тағуға себеп қылып көрсетіпті].
«Ислам академиясынан» алған айлығымның едәуір бөлігін жұмсаған болатынмын. Бір бөлігін қажылыққа деп сақтап қойған едім. Сол азғантай ақшам үнемділік пен қанағаттың берекетімен біразға жетіп, ешкімге қол жайып тіленбедім. Ол берекелі ақша әлі күнге дейін бар" дейді. Жиырма екінші Лема әркімге көрсетіле бермейтін, іші ишари мағыналарға толы және өзіме етене жақын, хас әрі адал бауырларыма арналған-ды. Бірінші ишарада:
Сен, дүнияқұмар кәпірлердің дүниясына араласпасаң да неліктен олар тынбастан жол тауып сенің ақыретіңе тиісе береді. Бұл сұрақтың жауабын Спарта өлкесіндегі үкімет пен сонда тұратын халық берсін.
[Имани мейірімнен пайда болатын осы бір бейкүнә және шынайы да таңғажайып үміт пен арманды айыптап оны қылмыс санайтындар әлбетте, өздері қылмыскер болса керек].
Саид деп қол қойылған бір хатта: "Арбамен саяхаттаған кезімде, жеті жасынан он жасына дейінгі бейкүнә балалар қасыма жүгіріп келіп қолыма жабысатын. Неліктен бұлай істейді деп таңғалатынмын. Кенет көкейге мұндай жауап келді: "Кішкене мақсұм балалар болашақты сезетіндіктен, Рисалей-Нұр арқылы бақытты болатындарын біліп және ол, рухани қауіптен сақтайтынын сезіп осылай әрекет еткендерін түсіндім" деген.
[Бұл жазба әу баста бізді жақтайтын болып кейіннен бұл бір арман, ниет бола тұра айып саналды. Ақылға сыймайды].
"Кейбір аяттар мен хадистер бірлесіп осы ғасырдағы нұрлы ақиқатты меңзейді. Олар ақырзаманда келетін «мүжәддид-і Әкбәрді» яғни дінді жандандыратын ұлы тұлғаға ишара қылады сондайақ оның және құрған жамағатының үш міндеті болады, бірақ ол ең
маңыздысымен яғни иманды сақтап қалу міндетімен шұғылданады. Ал шариғатты жандандыру, халифатты орнату секілді кең шеңберге қатысты екі міндетіне назар аудармауының зияны жоқ. Алайда, Нұрдың жаулары әсіресе саясаткерлер тиісіп, шабуыл жасауына себеп болатындықтан зерек достарының жазған хаттарының бір бөлігін өзі қаламымен өшіріп реттеп отырады" депті.
[Текбират-үл Хүджаж атты хатымда баяндалған ақиқатқа және түсініктемеме наразылық білдіріпті. Оған Хусрев бауырым жазған хатындаға сілтеме толық жауап деп ойлаймын].
Саид Нұрсидың қолы қойылған «Текбират-үл Худжаж фий Арафат» атты хатта былай делінген: "Рисалей-Нұрдың бағзы хас шәкірттері қайта-қайта қоймай ақырзаманда келетін Ал-і Бейттен шығатын мүршидті сіз деп айтады. Ал сіз болсаңыз олардың бұл дегендерін қайта-қайта қабылдамай, тартыншақтайсыз. Бұл түсініксіз жәйт, мұнда бір қарама-қайшылық бар. Осы мәселені шешіп берсеңіз!" деп сұрағандарға былай дейді:
Бұдан былайғы келетін Мәһдидің киелі жамағатының мағынауи тұлғасының атқарар үш міндеті болады. Олар: Иманды сақтау. Екіншісі: Мұхаммеди хилафат (с.а.у.) атауымен Ислами әдеттерді тірілтеді. Үшіншісі: Заманның ағымымен Құран мен Шариғаттың заңдары біршама тоқырап қалғандықтан сол ұлы міндеттіар қаруға кіріседі. Нұр шәкірттері болса бірінші міндетті Рисалей-Нұр атқарып жатқанын көргендіктен екінші мен үшінші міндет оның қасында екінші, үшінші дәрежеде деп Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасын орынды түрде белгілі бір мағынада Мәһди деп қабылдайды.
Кейбірі әлгі мағынауи тұлғаның уәкілі болып табылатын бейшара авторын сол деп ойлап кейде әлгі атты соған да тағып қоятыны бар. Тіпті, кейбір әулиелер ғайби кәрәмат түрінде Рисалей-Нұрды дәл соның өзі яғни ақырзаманда келетін һидаят қылушы деп санайды. Мұндай мәселелер терең зерттеп, білгір түрде жору арқылы түсінікті болады. Екі жерінде шатастыру бар, жору керек.
Біріншіден; Соңғы екі міндет, негізінде, ақиқат көзімен қарағанда бірінші міндет дәрежесінде емес екені рас. Дегенмен Мұхаммеди (с.а.у) хилафат және Ислам әлемінің ынтымағы көпшілік халық үшін және саясаткерлерге әсіресе, осы заманның адамдарына әлгі бірінші міндеттен әлдеқайда ауқымдырақ көрінеді. Иә, әр ғасырда һидаят қылушы, тура жолға түсіруші белгілі мағынада «Мәһди», "Мүжәддид" келіп тұрған, келген. Бірақ, олар үш міндеттің тек біреуін бір тұрғыда атқарғандықтан ақырзаманда келетін ұлы Мәһди атағын ала алмаған.
Екіншіден; Ақырзаманда келетін әлгі ұлы тұлға Ал-і Бәйттен яғни Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұрпағынан шығады. Шынын айту керек мен, Хазіреті Алидің (р.һ.) белгілі мағынада мағынауи ұрпағы боп саналамын. Одан ақиқат дәрісін алғаным да рас. Және Әл-і Мұхаммед (с.а.у.) санатына белгілі мағынада Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері кіретіндіктен мен де Әл-і бәйттенмін деп айта аламын. Бірақ, Нұршылықта ешбір тұрғыда менмендік, жеке басқа мән беру, жоғары дәреже, атын шығарып мәшһүр болу деген жоқ. Нұрдағы ықыласты бұзбау үшін маған ақыреттік дәреже берілсе де қабылдамауға мәжбүрмін" деп толыққанды емес сәл мойындағандай жауап берген сілтеме. {(Сілтеме): Ей, ынсапсыздар! Бұдан артық нақты жауап болады ма?} Осылайша, Мәһди мәселесін анық түрде нақты жауаппен қабылдамағаны көрініп тұр.
[Бұл жазбадағы оқиғалар дәлме-дәл сәйкес әрі таңғажайып түрде: "Мені мұңайтпаңдар әйтпесе жердің ызасы келеді!" дегенімнен кейін үш минуттан соң жер сілкінгеніне таңғалу, қажет риза болу керек. Бұл мейірімділіктің талабы бола тұра оны айыптауға негіз қылу дұрыс емес].
"Сотта төрт сағат бойы тергеліп мазасы әбден қашқандықтан он сағат өткен соң бейне бір дәл сол уақытта екі миллион лиралық шығынға ұшыратқан оқу министрлік ғимараты өртке оранды. Бұл оқиға Рисалей-Нұр, бәлелердің бетін қайтаруға бір себеп екенін көрсетеді. Өйткені, Нұрларға қалай тиісті, дереу бәле жол тауып келді" делінген.
Нөмірі жүз қырық бірінші хатында: Төрт жарым сағат тергеу органдарының сұрағына жауап берген соң Анкара қаласында Білім министрлігі мен үлкен автокөлік тұрағы, сондай-ақ, Измирде бір фабрика, Аданада зәулім ғимарат өртеніп кеткені жайлы айтып мұның кездейсоқ еместігін дәлелдеуге тырысып «Мені Рисалелерімнен айырмаңдар! Әйтпесе маған да, мына елге де обал болады, жер сілкініп ашуы келеді!» дегеннен үш минут өте үш секунд жалғасқан зілзәла болып жердің ашуланғанын, және Білім министрлігі ғимаратымның өртенуі сотта төрт рет дәлелденген болатын. Бұлай бірнеше рет зілзәланың дәл Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиіскен уақытқа сәйкес келуі кездейсоқ болуы мүмкін емес. РисалейНұр осы елге келе жатқан бәленің кері қайтуына себеп екені көптеген оқиғалармен расталған" деп айтады.
Нөмірі жүз қырық жетінші хатта: Бұл жолы дәл бізге тиіскен кезде күн қатты суытып аяз болып, дауыл күшейіп, ауа-райы күрт бұзылды. Ал, тиісуді қойып, нұршылар арқаны кең салғанда қыс айы наурыз айы секілді жадырап жылып қоя беруі сонымен қатар, Білім министрлігінің өртеніп кетуі ауқымы кең жаза, қатаң ескерту.
[Құттықтап, мақтауға тұрарлық жағдайды сынапмінеуге болмайды].
Бұл жолы менен сотта сұралған түк мағынасы жоқ сұрақтардың ішінде мынадай бір сұрақ болды: «Немен күн көріп жатырсың?». Дедім: «Үнемділіктің берекетімен. Бір кездері Спартада Рамазан айы бойы бір тоқаш нан, біркелі қатық, бір дорба күрішпен өмір сүрген адам, күнкөріс үшін дүнияға жалтақтамайды және сыйкәде алуға мәжбүр болмайды» дедім.
[Зүбәйірдің соттағы ақталып айтқан сөздері секілді Нұрларды мақтаған сөздері де иншаллаһ оларды таңғалдырып, тамсандырса керек, соттың шешімінде таңырқап жазылып қойыпты].
Зүбәйір Гүндүзалыптың қол машинасымен жазған жазбада: «Жастар хақты, ақиқатты үйрететін мәлімет сұрайды, көркем мінез сабағын талап етеді» дей келе оныншы бетте: "Рисалей-Нұр жиырмасыншы ғасырдың мұсылмандарын және бүкіл адамзатты тұмшалаған пікір қараңғылығынан құтқару үшін автордың еркінен тыс, Жаратқан Иеміздің қалауымен жазылған ерекше шығарма".
Он екінші бетте: "Рисалей-Нұрға қызмет етіп жүрген біреуге десе: "Рисалей-Нұрдың орнына мына кітаптарды көшіріп жаз, дүнияда ең бай Фордтың байлығын беремін" десең, ол Рисалей-Нұрдың жазу жолдарынан қаламының ұшын көтерместен былай деп жауап берер еді: "Дүнияның барлық байлық пен салтанатын берсеңдер де алмаймын".
Он бесінші бетте: "Ой-пікірі дұрыс ақын жазушыларға адалдығымыз жүз дәреже болса Бәдиүззаман секілді дүнияда да, ақыретте де жол көрсетуші ірі тұлғаға кентриллион, шексіз"
Он екінші бетте: "Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасы осы ғасырдың қоғамдық және рухани және діни проблемаларын дәл тауып, асқынған қоғамдық ауруларды емдейтін Қасиетті Құранның ақиқаттарын Аллаһтың әмірімен осы заманғы адамзатқа ұсынып отыр!"
Қырық төртінші бетте: "Бәдиүззаман былай дейді: Бұл рисалелерді бір жыл түсініп оқыған адам үлкен ғалым бола алады. Иә, рас!
[Бұл төмендегі жазу бізге өте пайдалы әрі ақиқаттың өзі бола тұра сот шешімінде қылмыс саналуы мүлдем қисынсыз].
Ахмед Фәйзи шәкіртінің жазған хатын біршама түзеткенін, бірақ бір бөлігі асығыс болғандықтан түзетпей қоя салғанын, "Дінді және Мұхаммеди (с.а.у) тәрбиені уға, апиынға теңеген Сарачоғлуна
тиіспей, ал Құранның ақиқатын айдай анық көрсеткен Рисалей-Нұрға тиісіп оны тыйым салуға ат салысу дұрыс емес екенін білдіргіміз келеді" дейді.
Сотта қай күні екені жазылмаған бір ақталу хатының қорытындысы былай: Өзінің және шәкірттерінің саясатпен айналыспайтындығын және зұлымдыққа ұшырағаны жайлы жазған хаттарын әркімге көрсетпейтінін және ой еркіндігі бар екені және пікірлерінің кейбір заңнамаға қайшы сияқты көрінгенмен ешқандай қылмыс болып саналмайтынын және тәркіленген бірнеше рисалелерінің ертеректе жазылғанын, олар сауатты кісілердің сараптамасынан оң қорытынды алғандығын сондай-ақ, бұдан бұрын Ескішәһир сотында тергеліп айыпталғанын, бірақ, Денизли сотында ақталып шыққанын, тағы да дәл сол мәселемен айыпталуы заңға қайшы екенін және керек болса осы кезге дейін Нұр шәкірттері тәртіп бұзатындай жат қылық жасамағандығын сонымен қатар, Бесінші Шұға атты кітапта ешкімнің атын атап, түсін түстемегенін, тек қана хабар беру мақсатында жазғандықтан оның ешбір тұрғыдан қылмыс саналмайтындығын алға тартып өзін ақтаған.
Осы үлгіде жазба-хаттары бар, басқаларын осыған салыстыру керек.
КАССАЦИАЛЫҚ СОТТЫҢ БАСҚАРМАСЫНА АРНАЛАДЫ.
Афион қаласында сот үкімін қате деп санап қайта болған отырыста тағы да маған сөз берілмеді. Біз туралы үшінші мәрте сын айтылып, айыптаманы мәжбүрлеп тыңдатты. Әрі қасыма ешкімді жақындатпады, егер рұқсат бергенде айтқанымды жазып маған көмектесер еді. Жазуым тым нашар әрі науқас халде жазған осы бір шағым хатымды маған екі кез әділ үкім шығарған мақамыңызға қосымша ретінде ұсынып отырмын.
[Махшар күні болатын лы Сотқа халімді баяндау әрі Аллаһтың дәргаһына шағым хат. Бұл заманның соты және келешек ұрпақ және жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен шәкірттері тыңдасын! Қазір жиырма үш жыл бойы жүздеген күйзелістерімнің он шақтысын өте әділ, Хаким-і Зүлжәлалдың әділетті дәргаһына шағымдана ұсынамын].
Біріншіден; Мен, кемшіліктерімнің көп екенін мойындай отырып осы халықтың болашағына, иманын сақтап қалуына өмірімді арнадым. Миллиондаған жан пида болған ұлы ақиқатқа менің де басым пида болсын деп бар күшіммен Рисалей-Нұр арқылы аянбай қызмет еттім. Қанша зұлымдық пен азапқа душар болсам да Аллаһтан таупық келіп шыдап бақтым. Қаймықпадым, қайтпадым.
Атап айтсам, осы Афион түрмесінде, сондай-ақ, сотында шеккен азабымның бір мысалы мынау: үш мәрте және әрқайсында екі сағатқа жуық бәрі жалған әрі іші қастандыққа толы айыпнаманы маған және әділ шешім күткен Нұр шәкірттеріне оқып соңына дейін тыңдатты. Құқықымды қорғау үшін бес-он минут рұқсат берілуін өтініп едім, бір-екі минуттан артық рұқсат бермеді.
Мені жиырма ай жалғыз ұстап ешкіммен кездестірмеді. Енді, тек үш-төрт сағатқа ғана онда да бір-екі досыммен сөйлесуге рұқсат берді. Олар ақталу хатын жазуыма сәл жәрдем етті. Сосын, оларға да тыйым салды. Осылай аяусыз түрде жазалауда, прокурор жоқ жерден
әр нәрсе жинап, кейбіреуін бұрыс түсініп, жала жауып өшіге және он бес беттік айыпнамасында сексен бір қатесін тауып дәлелденген қағазды тыңдауға бізді мәжбүрледі. Маған сөйлеуге рұқсат бермеді. Егер рұқсат бергенде былай деп едім:
Дініңе сенбей, жоққа шығаратын әрі ата-бабаларыңды қорлап тіл тигізетін және Пайғамбарларыңды (с.а.у.), Қасиетті Құранның заңдарын теріске шығаратын яхуди немесе христиан яки мәжусилерге, әсіресе соңғы кезде шыққан большевизм атын жамылған анархист, діннен безген және екіжүзді мұнапықтарға сөз бостандығы, зайырлылық деген желеумен тиіспей еркіне қоя бересіңдер де, ал Англия сынды христиан дінін мықты ұстанатын өктемшіл елдің өзінде билік органдарында, әкімшілік қызметте миллиондаған мұсылмандар Құранын оқып Англияның оғаш ережелерін, бұрыс ақидаларын теріске шығарып қабылдамаса да әрі бүкіл елде қарсылас партиялар өз көзқарастарын емін-еркін жайып, насихаттап жатса да, сотқа беріп жауапқа тартылмайды. Менің қырық жылдық өмірім көз алдарыңда, жүз отыз кітабым үстел үстінде, ең құпия рисалелерім мен хаттарым қолдарыңда және оны Спарта қалалық әкімшілігі мен Денизли қалалық соты және Анкара қылмыстық соты және Діни басқарма сондай-ақ, екі мәрте тіпті үш мәрте кассациялық сот жіті зерттеп Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарын толық дерлік екі-үш жыл тексеріп азғантай болсын жазаға тартуға себеп таба алмағанды. Сонымен қатар, мен тым әлжуаз әрі зұлымдыққа ұшыраған әрі жағдайы қиын және екі жүз мың шынайы да жанкешті шәкірттерге отансүйгіштікті, халқына қызметті, елдің тыныштығын сақтау керектігін үйреткен пайдасы мол Рисалей-Нұр кітаптары түгел қолдарыңда және кінәсіз екенімізді дәлелдейтін төрт жүз беттік ақталу хатымыз да алдарыңда. Мәселе солай бола тұра, қандай заңға сүйеніп, қандай пиғылмен, нендей пайда көздеп, қандай қылмыс тағып бізді ауыр жазаға тартпақсыңдар! Мұнша қиянат, жалғыздық камерасы не үшін? Әлбетте, ертең қиямет күні махшарда сендер бұған жауап бересіңдер.
Екіншісі; Мені жазаға тартқандардың айтатын сылтау мынау: Мен, тәсәттүр (әйелдердің оранып, жабық жүруі), мирас мәселесі, зикруллаһ яғни Аллаһты зікір ету, сосын бірнеше әйел алу туралы Құранның ашық аяттарына сүйене отырып қазіргі мәдениетке қайшы тәпсір жазуым.
Отыз бес жыл бұрын Ескішәһир қаласының сотына және Анкараның кассациялық сотына сондай-ақ, біз туралы айыптау хатына жауап ретінде және хаширде болатын ұлы сотқа шағым ретінде және бізден кейінгі нұрлы зиялы қауымға естелік және маған сөйлеуге мұрша бермеген, сексен қатесі табылып дәлелденген, маған өштесіп жазылған айыпнама арқылы мені екі жыл ауыр жазаға тартқан және жалғыз өзімді қамап, екі жылға бөтен жерге жер аударып, басқан ізіме дейін аңдыған ұйымға осы төмендегі шағым хатты қаз- қалпында қайталамақпын.
Мен әділ сотқа айтарым: Мың үш жүз елу жылда, әр ғасырда үш жүз елу миллион мұсылмандардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарған киелі де нақты заңды, Иләһи дәстүрді үш жүз елу мың тәпсірдің растап, қоштағанына сүйене отырып ата-бабамыздың діни нанымдарына, дүние танымдарына сәйкес тәпсір жазған адамды соттайтын соттың бұрыс шешімін әлбетте, жер бетінде әділдік болса ол шешімді жоққа шығарады, ондай бұрыс үкімді қабылдамайды. Оған сенімім зор. Апырм-ай, бұл ғасырдың құлағы саңырау боп мүлдем естімей қалғаны ма? Заманның кейбір талабы бойынша уақытша қабылданған кейбір батыстық заңнамаларды ақылға салып, қисынсыз деп тауып қабылдамаған және саясатпен еш қатысы жоқ, қоғамдық өмірге араласпайтын адамды әлгіндей аятты тәпсірледің деп айыптауға бола ма? Бұл дегенің, Дін Исламды жоққа шығару, діндар әрі батыр миллиардтаған ата-бабамызға опасыздық және миллиондаған тәпсірлерді айыптау емес пе?
Үшіншісі; Мені тұтқындау үшін алға тартқан сылтауы мынау; Елдің тыныштығын бұзу, қоғамға қауіп төндіру және болуы ықтималы өте аз тіпті мың да бір мүмкін нәрсені болғандай көрсетіп, кейбір махрем кітаптарымыз бен жеке адамға жазылған хаттарды талдап тексеріп, Рисалей-Нұрдың жүз мың сөз-сөйлемдерін бұрмалап басқа мағына шығарып оны дәлел ретінде көрсетіп бізді жазаға тартып айып таққысы келеді.
Мен оған жауап ретінде отыз-қырық жылдық өмірімді білетіндер мен Нұрдың мыңдаған хас шәкірттерін куәгер ретінде былай деймін:
Стамбулды басып алған кезде Англияның қолбасшысы мұсылмандардың арасына іріткі салып тіпті Шәйх-үл Исламды, кейбір молда-имамдарды алдатып бір-біріне айдап салып саяси партияларды
қырқыстырып гректердің жеңіске жетуіне ықпал жасаған сәтте Англия мен Юнанды (Греция) әшкерелеп жазылған «Хутуат-ы Ситте» атты кітапшамды Әшрәф Әдип мырзаның қолдауымен бастырып, тарату арқылы әлгі жауыз қолбасшының сұмдық жоспары іске аспай қалып, менің көзімді жоюға әрекет еткенде қауіпке басын тігіп қаймықпай және осы ерлігі үшін Анкарада билік басында отырғандар оны шақырса да Анкараға қашпаған және Орыстың басқолбасшысы дарға асуға үкім шығарған кезде мізбақпай әсте мән бермеген сондай-ақ, отыз бірінші март күні елде дүмпу болып жаппай тәртіпсіздік кезінде сегіз батальон әскерді өткір сөзімен тынышталдырған және әскери трибунал шақырылып сотта генералдар: «Сен де бас көтергендермен біргесің, саған да шариғат керек еді. Әне, шариғат сұрағандар!» деп терезеден аулада дарға асылғандарды көрсеткенде өлімнен еш қорықпай: «Егер конституциялық басқару жүйесі белгілі бір топтың өктемшіл билігі болса бүкіл адам мен жын куә болсын, мен бас көтеріп қарсы шыққандардың бірімін. Шариғаттың бір ғана мәселесі үшін жаным пида!». Осылайша, әлгі пашаларды риза қылып таңғалдырған, өлім жазасына кесілгелі тұрғанда ақталуына үкім шыққан және босатылып жолда бара жатып, оларға алғыс айтпай: «Жасасын жәһаннам! Залымдар үшін жасасын жәһаннам!» деп айқайлаған және Анкарадағы резиденцияда (Афион қаласының сот үкімінде жазылғанындай) Мұстафа Кемал ашуланып оған: "Сені мұнда бізге қанатты іліми пікірлер айтсын деп шақырып едік. Ал сен болсаң намаз туралы бір нәрселер насихаттап арамызға бүлік салдың!" дегенде, Саид Нұрси жауап ретінде: «Намазсызды опасыз дейді, ал опасыздың үкімі жүрмейді!» деп қырық-елу депутаттың алдында қарсы сөз қайтарғанда әлгі сұмдық қолбасшы үндей алмай кешірім сұраған сыңай танытып ашуы басылып қалған және алты аймақтың тергеу органдары және үкіметі елдің тыныштығын бұзатын бірде-бір себеп тіркемеген және жүз мыңдаған Нұр шәкірттерінің ол тұрғыда ешбір оқиғасы тіркелмеген (тек бір бастауыш шәкірттің өте жөнді бір оқиғасынан басқа тіркеуге алынбаған) және ешбір шәкірттің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған және олар қандай да түрмеге қамалса ол жерде отырған қылмыскерлерді жөнге салып тәрбиелеген және Рисалей-Нұрдың жүз мыңдаған кітабы ел арасында кеңінен тараса да әсте зияны тимей керісінше пайдасы тигендігі жиырма үш
жылдан бері белгілі, оған өткен өмірім, үш аймақ және соттардың ақтау шешімі куә. Рисалей-Нұрдың қадірін түсінген жүз мыңдаған шәкірт мұны ісімен, сөзімен растайды. Өзі жалғыз, елден оқшау өмір сүретін, ғәріп, жасы ұлғайған, пақыр әрі қабірге таяп қалған және қолынан келгенінше пәни дүнияны тәркетіп, бұ дүнияның не екеніне әбден көзі жеткен, бұрыңғы күнәларының кешірілуін тілеп мәңгі өмірдің қамын жеген, дүниялық мақам-мәртебеге мүлдем мән бермейтін және мейірімі мол болғандықтан бейкүнә жандарға, қарттарға зияны тимеу үшін өзіне зұлымдық жасап, азаптағандарға қарғыс айтпаған адам жайлы: «Бұл жалғыз басты қарт елдің тыныштығын бұзады, мемлекетке қауіпті, мақсаты дүния, лаңкестік дүния көздейді. Сол үшін айыпты!» дейтіндердің өздері барып тұрған қылмыскер, нағыз айыпты. лы сот күні олар жауапқа тартылатын болады!
Апырм-ай, бір үндеуімен тәртіп бұзушы сегіз батальон әскерді тәртіпке келтірген және қырық жыл бұрын газетке бір мақала жазып сол арқылы өзіне мыңдаған адамды қаратып алған және аталмыш үлкен үш қолбасшыдан тайсалмай еш қорықпаған, оларға жалбақтамаған және сотта шашым қанша болса сонша басым болып күнде біреуі шабылса дінсіздер мен кәпірлерге берілмеймін, отаныма, халқыма қиянат жасамаймын, Құранның ақиқатына арналған басымды залымдарға әсте имеймін деген және Әмірдағы қаласында бес-он ақыреттік бауырларынан және үш-төрт қызметшісінен басқа ешкіммен шаруасы жоқ бір адам туралы күмәнданып, айыпнамада: " Бұл (Саид) Әмірдағы қаласында астыртын ұйым құрып елдің тыныштығын бұзу ниетімен кейбір адамдарды алдап, санасын улаған, жиырма шақты адам айналасына жиналып оны мақтап, жеке хат жазған, демек ол өзгеріске, жаңа тұрмысқа, үкіметке қарсы жасырын саясат жүргізуде!" деп адам сенгісіз қастық ойлап, опасыздық жасап екі жыл түрмеге қамау, жалғыз өзін абақтыда ұстау, сотта сөйлеуіне мұрша бермей азаптау неткен зұлымдық, қаншалықты әділдік ұғымына қайшы, ұяттан жұрдай әрекет екенін ұяттарың болса өздерің айтыңдар. Өздерің ойлаңдаршы, мұнша беделге ие бола тұра және бір үндеу жасап мыңдаған адамға өзін қабылдатқан және бір ғана мақаласымен мыңдаған адамды өзіне ерітіп алған және Аясофия мешітінде елу мың адамға уағыз айтып тәнті еткен адам, үш жыл
Әмірдағы қаласында жұмыс істеп тек бес әрі кетсе он адамды ғана алдап, ізінен ертуі және ақыреттің қамын ойламай саясат ойынына араласуы мүмкін бе? Анық баратын қабіріне нұр апарудың орнына түкке тұрмайтын бос зұлымат жинауы әсте мүмкін бе? Әлбетте, шайтанның өзі бұған ешкімді сендіре алмас, сірә!
Төртіншісі; Басыма шапка кимегенімді айып санап қамауға алуға негіз қылуда. Сотта маған сөз бермеді. Бергенде мені қамауға алғысы келгендерге айтар едім: Қастамону қаласының полиция бөлімінде үш ай қонақ болдым. "Шапка киіңіз!" деп ешқашан айтпады. Және үш сотта да басыма шапка кимедім, жалаң бас тұрмадым. Бірақ ешбірі тиіспеді. Жиырма үш жыл бойы кейбір дінсіз залымдар соны сылтау қылып бейресми түрде азап шектіріп, түрлі ауыр жазаға тартты. Кейін заң шығып балалар мен әйелдер және көптеген шаруа адамдары мен кеңседе жұмыс істейтіндер шапка киюге міндетті емес бола тұра және оны киюдің ешқандай пайдасы болмаса да мен секілді мүнзәуи, жападан жалғыз ғұмыр кешкен кісіні және шапка киюге бүкіл мүжтәһит имамдар, шәйһ-үл Ислам ғұламалар қарсы болып тыйым салған бола тұра, сондай шәпка кимегенім үшін жала жауып жиырма жыл жазаға тартылдым. Киімге бола мағынасыз әдетпен мені қайта қамауға тырысуда. Ал күндіз жұрттың көзінше рамазан айында ораза ұстамай арақ ішіп, намаз оқымайтындарға зайырлылық, еркіндік деп өздеріне салыстырып тиіспейді. Осылай кектеніп, қайта-қайта менің киім киісіме бола жазалауға тырысқандар әлбетте, өлімнің ащы дәмін татып, қабірдің ауыр азабын шегіп болған соң ұлы сот махшар күні бұл істеген ісінен сұраққа тартылмақ.
Бесіншісі; Отыз үш Құрани аяттың мақтау ишаратына бөленген және Хазіреті Али (кәррамуллаһү уәджһаһү) және Ғаус-ы Ағзам (қуддуси сырруһу) сынды әулиенің құрметіне іліккен сондай-ақ, жүз мыңдаған имандылар қуаттап қабыл алған, жиырма жылдан бері отан мен халыққа еш зияны тимей, керісінше мол пайдасы тиген РисалейНұрдың кейбір кітаптарын түкке тұрмайтын сылтаулармен тыйым салу жөнсіз шешім. Тіпті, төрт жүз беттен тұратын жүз мың адамның иманын сақтап қалған "Зүлфикар", "Мұғжизат-ы Ахмәдия" атты кітап ертеректе жазылып, кешірім берілген әрі екі аяттың тамаша тәпсірі бола тұра екі парағын сылтау етіп әлгі өте пайдалы, құнды кітаптың тыйым салынуына әрекет етілгендігін растайтын куәгер бар. Біздің соңғы сөзіміз:
Алтыншысы; Нұрдың кейбір шәкірттері Рисалей-Нұрдан керемет имандылық дәрісін алып нақты айғақ, имани күшті дәлел тауып пайдасына жарағандықтан оның авторын яғни мына байғұсты ынталандыру, құттықтау, алғыс білдіру мақсатымен шамадан тыс құрметтеп, асыра сілтеп мақтағаны үшін мені кінәлі деп айыптағандарға айтарым:
Мен әлсіз әлжуаз жалғыз өзі ғәріп, бөтен жақтан жер аударылып келген бейтаныс мені жұртқа жамандап теріс көзқарас қалыптастырғандықтан Құранның имани ақиқаттарынан өзіме дәрмен, рухыма шипа тауып оны осы елдің азаматтарына да ем болсын, деген ізгі ниетпен сол құнды ақиқаттарды қолыма қалам алып қағазға түсіргенім рас. Жазуым нашар болғандықтан көмекке аса мұқтаждық сезіндім. Аллаһ жарылқап қасыма өте адал, жаныма жақын, қайсар жандар шоғырлана бастады. Әлбетте, олардың мен жайлы жақсы ойларын, шынайы мақтау сөздерін жаппай қабылдамай, көңілдерін қалдыру әлгі Құрани қазынадан шыққан Рисалей-Нұрға опасыздық, қастандық болар. Әлгі қаламы жүйрік, батыр ержүрек көмекшілер кетіп қалмасын деп олардың мен секілді дәрежесі төмен, мақтанар қасиеті жоқ жеке басыма мақтау сөздерін мақтауға нағыз лайық, заттың нағыз иесі, Құранның мұғжизасы Рисалей-Нұрға, одан қала берді шәкірттердің рухани тұлғасы, жамағатқа аударатынмын. Маған шамадан тыс көп мән бересіңдер, деп белгілі мағынада оларды ренжітетінмін. Апырм-ай, өзі риза болып, сұрамаса да басқа адамдар оны мақтап мадақтаса заң бойынша айыпты санала ма?! Алайда, мұны заң атынан сөйлейтін ресми қызметкерлер мұны айыпқа санауда және бастырып жарыққа шыққан, кейін айыпталуға себеп болған айыпнаманың елу төртінші бетінде: "Ақырзаманда келетін әлгі ірі тұлға Әл-и бәйттен яғни ардақты Пайғамбарымыздың тұқымынан шығады. Біз Нұр шәкірттері тек рухани түрде Әл-и бәйттен саналамыз. Әрі Рисалей-Нұрдың жолында ешбір тұрғыдан менмендік, жеке басқа қатысты пайда, мақам-мәртебе, атаққұмарлық, атын шығару жоқ, болмайды да. Нұрдағы ықыласты бұзбау үшін маған ақыреттік мақам, жоғары мәртебе берілсе, кері қайтаруға өзімді мәжбүрмін деп білемін!" айыпнамада осылай делінген.
Сот үкімінің жиырма екінші және жиырма үшінші бетінде: "кемшілігін мойындау, өзінің әлсіз де пақыр екенін түсіну, кішірейіп Аллаһтың дергаһына жалбарыну. Міне, бұл тұрғыдан алғанда өзімді бәрінен де бейшара, әлсіз, кемшін көремін. Ол жағдайда бүкіл халық мені мақтап мадақтаса өзімнің кәміл, жақсы және біреуден артық екеніме әсте сенбеймін. Сендер қашып кетер деп үшінші қырымды яғни нағыз болмысымның жасырын жаман жақтарын, нашар халдерімді айтпай отырмын. Аллаһ Тағала жарылқап ең қарапайым қатардағы жауынгердей жеке тұлғама Қасиетті Құранның сырларын ашу деген қасиетті қызмет жүктеп, лайық болмасам да жұмсап жатыр. Оған сансыз шүкір етемін. Нәпсі бәрінен төмен, қызмет бәрінен жоғары!" деп айыпнамада жазылған бола тұра мені басқалар тарапынан мақталды деп және Рисалей-Нұр деген атаудан ұлы һидаят беруші мағынасын шығарып сол үшін мені жазаға тартпақ болғандар әлбетте, бұл қателігінің жазасын еселеп тартатын болады.
Жетіншісі; Біз және барлық Нұр кітаптары Денизли және Анкара жоғары сотының қарарымен бірауыздан бекітіліп ақталған болатынбыз. Барлық кітап пен хаттарымыз қолымызға қайтарылып берілген-ді. Кассациалық сот шешімі: «Денизли соты ақтап шыққандықтан қателік болған күннің өзінде сот шешімі өзгертілмейді, үкім күшін жоймайды, қайта сотқа жіберілмесін!» деген бола тұра, мен, Әмірдағы қаласында үш жыл жалғыз өмір сүрудемін, екі-үш кісіден басқа сирек түрде ешкіммен бес-он минуттан артық сөйлеспеймін, тек Рисалей-Нұрға қызықтыру үшін аптада бір ғана хат жазып өзінің туған бауыры уәкіл имамға үш жылда үш хаттан басқа жазбағанмын. Жиырма-отыз жылдан бері жазып жүрген кәсібін тастап тек имандыларға жаппай пайдалы жиырма беттік екі тұжырым жазғаным бар. Бірінші тұжырымда, Қасиетті Құрандағы аяттардың қайталану хикметі, ал екінші тұжырымда періштелермен қатысты тақырыптар қамтылған, осы мәселеден басқа кітап жазбадым. Саясатпен еш байланысым жоқ Еліме оралуға ресми рұқсат берілсе де дүнияға, саясатқа араласпау үшін қиын болса да жалғыздықты қабылдап туған еліне бармадым. Осындай адам жайлы соңғы айыпнамада негізсіз айып тағылып, өтірік нәрселер жазылып, бұрыс мағына беріп айыптауға тырысқандар екі мақсатта әрекет
еткендерін - әзірге ол мақсаттарын айтпай-ақ қояйын - соңғы жиырма айда маған жасаған қиянаттары біршама дәлелдегендей. Менің оларға айтарым: «Қабір және тозақ сендерге жетеді. Махшардағы үлкен сотта кездесеміз!»
Сегізіншісі; Бесінші Шуақ атты кітап Денизли және Анкара сотында екі жыл бойы тексерілді. Сосын, қолымызға қайтып берілді. Ақтау хатымыздың соңғы бетіне ол туралы жазылған болатын. Оны әу баста құпия ұстағанымыз рас, дегенмен сот органдары оны жарыққа шығарып баршаға жария етті. Демек, ешқандай зияны жоқ деп бастыруына рұқсат бердім. Ал «Бесінші Шуақ» кітапшасының негізі отыз-қырық жыл бұрын жазылып, «мүтәшәбих хадистердің» мағынасы болып табылады. Бірақ, мұсылмандар арасында бұрыннан бері кеңінен тараған мұндай хадистің кейбіріне мамандар күмән келтіргені рас, дегенмен хадистің сыртқы мағынасына наразылық туғандықтан тек имандылардың күмәнін жою мақсатымен жазған болатынбыз. Уақыт өте оның мән-мағынасы ашылып көзге де көріне бастағандықтан әркімге көрсетпей құпия ұстадық. Ондағы мақсатымыз бұрыс түсініп қалмасын дегеніміз. Кейіннен бірнеше сот органдары оны қолға түсіріп зерттеп, кеңінен тарауына себеп болуымен қатар, өзімізге қайтарып берсе дағы қайтадан сол мәселені көтеріп бізді жауапкершілікке тарту әділет ұғымына, жалпы ұятқа қайшы екенін, бізді заңға сүйеніп емес ар-ождандарына сүйеніп соттағандардың ар-ождандарына тапсырамыз. Мәселені ұлы сотқа, қиямет күніне шегеріп, айтарымыз:
Тоғызыншысы; Өте маңызды. Дегенмен бізді соттап жатқандар Рисалей-Нұрды талқылап, талдап оқығаны үшін оларды ренжітпейік деп, мұны жазбадым.
Оныншысы; Өте қуатты әрі маңызды мәселе. Бірақ, тағы да соларды ашуландырмау үшін әзірге жазбадық.
[Он бес жыл бұрын Ескішәһир сотында министрлер кеңесіне жазылған өтініштен үзінді.]
{(Сілтеме): Он бес жыл бұрын дәл осы мәселелеге байланысты мына өтініш хат жазылғаны рас. Дәл қазір де, сол мәселе үшін сотқа шақырып отыр. Олай болса сол хатты қайта жіберуге мәжбүрміз.}
Уа, мәселені әділ шешуге ант еткен билер мен мырзалар!
Иә, кез-келген елдің өзіндік заңы мен ережесі болмақ. Жазаға тартарда сол заңға сүйенеді. Республикалық заңнамада мені және достарымды ауыр жазаға тартқызатын себеп табылмаса әлбетте жоғары бағалап құрмет көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, бас бостандығымыз толық берілуі тиіс. Өйткені, көз алдарыңдағы елеулі Құран қызметім егер өкіметке қарсы бағытталған болса, бұлай бір жылдық ғана жаза шегіп, бірнеше досыма алты ай қамауға алынбауы тиіс. Керісінше, жүз бір жылға бас бостандығынан айырып, өлім жазасына кесілуі керек және менімен тығыз байланысқан бәріне солай ауыр жаза қолдану керек. Егер қызметіміз өкіметке қарсы емес болса, ол кезде жазаламақ, қамауға алмақ былай тұрсын риза болып құрметтеп қошамет көруіміз керек. Олай дейтінім, бұл сондай киелі қызмет, ол қызметтің қандай екенін жүз жиырма РисалейНұр кітабы көрсетіп тұр және осы қызметім арқылы бүкіл Еуропа философтарына қарсы тұрып олармен айтысуға дайынмын олардың сүйенген негіздерін күл-талқан етпесем атым өшсін!
Әлбетте, мұндай елеулі қызмет, ерен еңбек ел арасында үлкен жеміс беруі тиіс немесе өте пайдалы да терең іліми нәтиже беруі керек. Сондықтан, көз бояшылық жасап, жұртты алдатып бізге жасалған зұлымдық мен жаланы бүркемелеп, баламен ойнағандай
мені бір жылға соттау дұрыс емес. Мен секілді жандар я өлім жазасына кесіледі және дарға асыларда көкірегін керіп абыроймен өледі немесе лайық болған қошаметке бөленіп еркіндікке қауышуы тиіс. Иә, мыңдаған лира құнды алмаз тастарды ұрлай алатын әккі ұры он тиынға татымайтын шыны ұрлап, алмаз ұрлағандай ауыр жазаға өзін душар қылмайды. Мұны ешбір ұры тіпті ешбір ақылды қабылдамаса керек. Ондай ұры қу әккі келеді. Ондай ақымақтық жасап алжаспайды.
Уа, мырзалар! Жарайды мен сендер ойлағандай әлгі ұрыға ұқсап әрекет қылдым делік. Менің, Спарта ауылында қиын-қыстау кезеңде бастан кешіріп тоғыз жыл жалғыз өзі өмір сүріп, қазірде менімен бірге жеңіл жазаға тартылып отырған аңғал бес-он байғұсты ертіп алып олардың ойын өкіметке қарсы қойып өзін және көздің қарашығындай қымбат рисалелерімді қауіпке тігу ақылдының ісі ме? Оның орнына бұрыңғыша Анкарада немесе Стамбулда мемлекттік қызметке тұрып алып мыңдаған адамды өз мақсатыма, діттеген ойыма қолданар едім ғой. Ол кезде былай мүсәпір күй кешіп, қамауға алынып қиналмас едім. Керісінше ұстанған жолыма, жасаған қызметіме лайық абыроймен дүния істеріне араласар едім.
Иә, мақтанып, масаттану үшін айтып тұрғаным жоқ, мәжбүрліктен және ұят болса да айтайын, бұрыңғы рияшылдығымды еске ала отырып, мені түкке тұрғысыз, еш пайдасы жоқ, дәрежемді төмен түсіргісі келетін жандарға олардың қатесін бетіне басу мақсатында былай демекпін:
«Екі Мектеб-і Мусибет Шәһәдатнамасы» атты кітапшамда бұрыңғы ақталу хатымды оқығандар біледі, Отыз бірінші Март оқиғасында бір ғана үндеу жасап көтеріліске шыққан сегіз батальон әскерді тәртіпке келтірген және ертеректе газетте жарияланғандай етілгеніндей, азамат соғысында "Хутуат-ы Ситте" деген мақала жазып сол арқылы Стамбулдағы ғалым-ғұламалардың ойын Ағылшындарға қарсы үгіттеп, ұлт-азаттық қозғалысқа үлкен үлес қосқан және Аясофия мешітінде мыңдаған адамды елітіп, аузына қаратқан және Анкарадағы депутаттар мәжілісінда зор құрметке бөленген және сол депутаттардың жүз алпыс үшіне медресе мен жоғарғы оқу орнының құрылысына жүз елу банкнот қаржы аударуға көндірген және елбасының ашуына қарсы кабинетінде тайсалмастан
бетіне тіке қарап намаз оқуын бұйырған және Ислам академиясында өкіметтің қолдауымен Ислам дінінің құндылықтарын Батыстың философтарына әсерлі түрде жеткізу міндетін атқаруға лайық маман саналған және соғыстың алғы шебінде жүріп жазған, қазірде тыйым салынған «Ишарат-үл Иғжаз» кітабы, сол кезде бас қолбасшы қызметін атқарушы Әнуар Пашаға қатты ұнап, ол кісі ерекше құрмет көрсетіп қан майданның жәдігері ретінде өзі сол қайырымдылыққа үлескер болу үшін әлгі «Ишарт-үл Иғжаз» кітабын бастыруға қағаз тауып беріп, автордың майданда жүріп мұндай тірлігіне риза болып аса құрмет көрсеткен еді. Осындай адамды, бұлай жылқы ұрлаушы немесе қызды алып қашушы немесе қалтаға түскіш ұры секілді дәрежесін әбден төмендетіп, жинаған ілімінің абыройын төгіп, қызметінің қасиетін түсіріп және мыңдаған қымбатты достарының қадірін кетіріп, сендер оны бір жылға соттап жәй бір мал ұрлаушы ретінде айыптайтындай масқара болғым келмейді. Себепсіз он жыл бойы мазалап, басқан ізін аңдып бір-ақ жылға бас бостандығынан айырып және бір жыл аңду - негізінде ол патшаның ауыр сөзін көтере алмайтын жан - ізіне қасқөй біреуді салып қойып немесе жәй бір полиция қызметкерінің қарамағына беріп азапталғанша дарға асылған артық. Егер ол адам дүнияға аралсуға ниет етсе және мойнына алған киелі міндетіне зиян келмейтін болса «Мәнәмән оқиғасы» мен «Шәйх Саид көтерілісінен» он есе қырғын болар еді. Мұндай жағдай шыбынның ызыңы сияқты емес, зеңбіректің гүрсіліндей шу шығарар еді. Елдің билік басындағыларына ескерткім келеді; Мұны мен ойдан шығарып отырғаным жоқ. Мені осы бәлеге ұшыратқан астыртын ұйымның істеген істеріне, үгіт насихаттарына, бүлікшілігіне қарап айтып отырмын. Олай дейтінім, тарихта болмаған оқиға болуда яғни әртарапта бізгі қарсы үгіт, әдейілеп ұйымдастырылған бүлік, сұмдық қастандық жасалуда. Қалай десеңіз, жүз мың досым бола тұра алты айдан бері біреуі маған хат жазып аман-саулық сұрап, сәлем жолдай алмады. Үкіметті алдатып отырған бүлікшілердің жалған ақпарат таратуына байланысты елдің шығысы мен батысына дейін бізге қарсы шантаж, бопса әрекет, аңду, тіміскілеп тексеру жалғасуда.
Міне, бұл сұрқиялардың іске асырмақ болған жоспары мынау: мен секілді мыңдаған адамды ең ауыр жазаға тартқызу үшін бір бүлік шығарту. Алайда, ойлары жүзеге аспай жәй бір адамды әншейін бір
қылмысы үшін айталық ұрлығына бола соттайтындай жеңіл жазаға тартылатын болып шықты. Жүз он бес адамның ішінен он бес кінәсіз адамға бес-алты ай мерзімге жаза жүктелді. Апырм-ай, қолында өткір алмаз қылышы бар адам айбарлы дәу арыстанның немесе айдаһардың құйрығын әлгі қылышымен түртіп өзіне бас салуына жол бере ме? Егер, мақсаты сақтану яки шайқасу болса әрине қылышын басқа жеріне қадамай ма? Ақылды адам солай істеек,ді ғой?
Иә, сендердің ойларыңша мен әлгі адам болып, өздеріңше мені осылай жазалап, түрмеге қамап жатсыңдар. Егер мен осыншалықты ақылға теріс, бассыз әрекет қылатын біреу болсам, онда менен күдіктеніп елді дүрліктіріп, жұрттың зәресін алып, халықты маған қарсы айдап салудың қажеті не? Жәй бір жынды адам ретінде жындыханаға жіберсеңдер болғаны. Ал, егер өздерің қорқып сақтанатындай адам болсам, әлбетте арыстанды өзіне қарсы қоймай, айдаһарды ашуландырмай қолындағы өткір алмаз қылышымен құйрығына тиісіп, ойнамай мейлінше өзін қорғап, барынша сақтанып бағар еді. Қалайша, мен он жыл бойы өкіметтің ісіне мүлдем араласпадым, араласуға да зауқым жоқ. Себебі, атқарар киелі қызметім рұқсат бермейді.
Уа, бұл мәселені шешуге жауапты мырзалар! Өздерің ойлаңдаршы, бұдан жиырма бес жыл бұрын газеттердің жариялағанындай, бір мақала жазып отыз мың адамды өзіне жақтас, пікірлес қылып алған және үлкен армияның назарын өзіне аударып аузына қаратқан және Англияның ең жоғары лауазымды дін басының алты жүз сөзбен жауап беруін сұраған сұрағына алты ауыз сөзбен жауап берген және егемендіктің алғашқы жылдарында атақты дипломат, білікті саясаткер ретінде үндеу жасаған біреудің, жазған жүз жиырма кітабында дүнияға, саясатқа қатысты тек он бес сөз ғана болуы мүмкін бе? Мұндай адамның бөлекше саяси пікірі бар болып, мақсаты дүния қуу, өкіметті құлату болуы әсте мүмкін бе, ақылға сыйатын нәрсе ме? Егер, ниеті саясат, өкіметті құлату болса міндетті түрде бір ғана кітабында я ашық, я астарлы түрде жүздеген жерінде мақсаты белгілі болар еді. Апырм-ай, оның мақсаты саясатқа мін тағып, сынау болса, ол тек шариғаттың мұрагерлік және тәсәттүр жайлы тақырыпты ғана қозғап басқа өзекті мәселелерді қозғамауы мүмкін бе?
Иә, үлкен саяси өзгеріс жасаған өкіметтің режиміне қарсы саяси көзқарастағы адам, егер іздесе бір-екі тақырыпты ғана емес жүз мыңдаған қарама-қайшы пікір туғызатын тақырыптар табар еді. Республиканың түбегейлі саяси өзгерісі әлгіндей бір-екі кішкене мәселемен шектелмесе керек. Менің әлгі шағын мәселені көтермек ойыма жоқ болатын. Ол туралы ертеректе бір-екі кітабымда бір-екі ауыз сөз жазған едім. Енді, соны сылтау қылып: «Өкіметтің режиміне қарсы, өзгерісті мойындамай, оны бұзғысы келеді!» деп, байбалам салуда. Менің олардан сұрағым: «Мұндай жәй бір жазаға тартуға да келмейтін іліми мәселеге бола үлкен бір мемлекетті сонымен шұғылдандырып, халықты дүрліктіруге бола ма?»
Мені және он шақты достарымды осындай түкке тұрғысыз, болмашы жазаға тартуы, елдің барлық аудандарында бізді жағымсыз бейнеде, келеңсіз түрде көрсетуі және халықты бізден үркітіп, бездіру сондай-ақ, ішкі істер министрі Шүкрү Қаяны шақыртуы яғни жасақталған әскерімен Спартаға келуі - бір ғана жауынгердің атқаратын жұмысын яғни мені тұтқындау үшін - әрі премьер министр Исмет бұл жаққа сол үшін келуі, сондай-ақ екі ай бойы мені ешкіммен сөйлестірмей қамауда ұстауы, мені жалғызсыратып ешкімге халымды сұрап жолығуға, сәлемдесуге рұқсат берілмеуі, міне бұл оқиға неге ұқсайды?! Бұл, зәулім ағаштың бар болғаны бір түйір ұсақ жеміс беруі секілді мағынасыз әрі бассыздық, ешқандай заңға сыйымсыз жағдай. Мұндайды, әр нәрсені заңға сүйеніп, заңға сәйкес жасайтын республика деп аталатын үкімет түгілі, кез-келген қауым, ел де мұндай бассыздыққа жол бермес еді.
Мен құқығымның заңға сәйкес сақталуын талап етемін. Заң атын жамылып заңды бұрмалаушыларды қылмыскер ретінде айыптап сотқа шағымданамын. Мұндай қылмыскерлердің ойына келгенін істеуге республиканың заң органдары рұқсат бермесе керек және ақымды жегізбейді деп сенемін.
РИСАЛЕЙ-Н РДЫҢ АҚИҚАТ ЕКЕНІНЕ БІР МЫСАЛ
Он тоғыз жыл бұрын жазылған бұл рисалені {(Сілтеме): Ескішәһир және Денизли қалалық соты болмай тұрып бірнеше жыл бұрын жазылған осы Он алтыншы Мәктуб бейне бір кейінгі үш сотты көргендей қойылар сұрақтарға жауап беріп, айыптауларды теріске шығаруы Құдайдың жарылқауы, Иләһи икрамға бөленгенін анық көрсетеді.} оқыған ынсапты да көкірегі ашық зиялы қауымның көздері әбден жетеді деген үмітпен жүз отыз кітаптан тұратын Рисалей-Нұр күллиятының барлық кітаптары саяси не дүнияуи мақсаттардан жоғары әрі таза және бастан-аяқ имани уә ақырет жайлы бір тұтас негізде жазылған. Бұл ашық әрі нақты ақиқатты Ескішәһир, Спарта, Денизли және Афион соты ұзақ уақыт егжей-тегжейлі зерттеп, әбден тексеріп көздері жетіп растаған-ды. Сондықтан, жиырма айдан аса Афион сотымен тәркіленген және басқа соттардың шешімімен айып тағылатын бір тұсы табылмаған және жүз мыңдаған жандардың иманын сақтап, оқырмандарының сондай-ақ, ғалым-ғұламалар мен Ислам әлемінің ризашылығына бөленіп жоғары баға алған кітаптарымыздың түгелдей қолымызға қайтарылып берілуіне көңіл бөліп, көмектесуіңізді сұраймыз. Афион сотындағы кітаптардың басым көпшілігі осыдан бұрын ақталып шыққан достарымнан алынып тәркіленген болатын. Олар: «Кітаптарымызды иесіне яғни стазымызға берерсіздер!» деп маған сілтепті. Әсіресе, жалт-жұлт еткен «тәвафук» мұғжизасы бар Құранымыздың еш негізсіз екі жыл бойы сараптамадан өтетін кітаптардың арасында сотта жатуының еш мағынасы жоқ. Бәрінен бұрын Денизли мен Анкара сотының қайтарылсын деген әлгі кітаптарымыздың және Құранымыздың тездетіп қайтып берілуін күтіп отырмыз.
Он алтыншы Мектуб
Көпшіліктің ашық сұрайтын да, көкейінде де жүретін бір сұрағына жауап. Бұл сұраққа жауап беруге зауқым жоқ, қаламаймын да. Бүкіл нәрсемді Аллаһқа тапсырып, соған ғана тәуекел етуге бел будым. Бірақ мені өз бетімше жүруіме мүмкіндік бермей, бетімді дүнияға қарай бұра бергендіктен өзім үшін емес, достарым мен кітаптарымды әһли-дүнияның күдігі мен қысымынан құтқару үшін, жағдайдың аныққанығын достарыма да, әһли-дүнияға және билікке де түсіндіру мақсатында "Бес тұжырым" арқылы "Жаңа Саид" емес, "Бұрынғы Саидтың" тілімен баяндауға мәжбүр болдым].
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. "Саясаттан неге бас тартып мүлдем жоламайсың?" дейді.
Жауап: Осыдан оншақты жыл {(Сілтеме): Қазір отыз жылдан асып кетті.} бұрыңғы Саид саясатқа біршама араласты. Бәлкім саясат арқылы дінге, ғылымға қызмет етермін деп босқа шаршады. Бұл жолдың күмәнді, қиын, бос әурешілік, әрі ең маңызды мәселеге кедергі келтірер қауіпті жол екенін көрді. Көбісі өтірік, тіпті шетелдіктердің қолында ойыншық болып қалғанын да байқамауы мүмкін. Сондай-ақ, саясатқа араласқан адам, билікке я жақтас болады, я қарсылас болады. Жақтас болатындай, мен мемлекеттік қызметкерне де, депутат емеспін. Олай болса, менің саясатқа араласуым бекер. Бостан-босқа саясатқа араласып қайтемін?
Егер, қарсылас жаққа шықсам я пікірмен, я күшпен араласуым керек. Пікірмен араласуға маған қажеттілік жоқ. Өйткені, мәселенің бәрі түсінікті. Менің білгенімді жұрттың бәрі біледі. Босқа жақ талдыру мағынасыз.
Егер, күшпен бүлік шығару арқылы қарсылық көрсетсем, нәтижесі күмәнді мақсат үшін мыңдаған күнә арқалау ықтималдығы басым болғандықтан ол да әурешілік. Өйткені, бір адамның кесірінен көп адам бәлеге ұшырайды. Оннан бір ықтималға бола күнә арқалап, бейкүнә жандарды да күнәға батыруға арым жібермейді деп, бұрынғы Саид, темекі мен бірге газетті де, саясатты да, саяси-дүниелік әңгімелерді де қойған болатын. Содан бері, сегіз жыл өттің де бірдебір газет оқымағандым, тыңдамадым. Бұл соның нақты айғағы. Оқығанымды, не тыңдағанымды көрген біреу болса айтсын.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Жаңа Саид саясаттан неге осынша тартынады?
Жауап: Миллиардтаған жылдарға татитын мәңгі өмірге дайындалып, сол өмірде табысты болуды қалаймын. Бұл дүниенің бір-екі жылдық нәрселеріне босқа араласып, ақыреттік табыстан айрылып қалғым келмейді. Сондай-ақ ең маңызды, ең қажетті, ең таза, ең шынайы қызмет Иман мен Құранға қызмет болғандықтан саясаттан аулақ жүремін. Әрі, мен қартайдым, енді неше жыл өмір сүретінім белгісіз. Олай болса, мен үшін ең маңызды шаруа мәңгі өмірге дайындалу. Мәңгі өмірде табысты болу үшін ең бірінші шарты және мәңгілік бақыттың кілті - Иман. Соған еңбек ету керек. Бірақ, ғылыми тұрғыдан шариғат бойынша адамдарға пайдам тиетін қызмет атқаруға міндетті болғандықтан қызмет еткім келеді. Бірақ бұл қызмет дүнияуи қоғамдық өмірге қатысты болмақ, ол қолымнан келмейді әрі мынадай аласапыран заманда тұщымды қызмет ету мүмкін
қатаң бұйрығы бойынша, бұрыннан бері шариғатқа қайшы болымсыз ұлтшылдық пен нәсілшілдікті Еуропадан келген дерт, у деп білемін.
Еуропа өздерінің осы кеселін мұсылмандардың арасына жайып, алауыздық тудыру арқылы бөліп-бөліп, жұта салуды ойлап отыр. Осы Еуропалық дертті баяғыдан бері емдеуге тырысқанымды шәкірттерім де, менімен араласқан адамдар да біледі.
Олай болса, ей, мырзалар! Әр нәрсені сылтауратып маған қысым көрсетуге не себеп? Бұл, Шығыста бір солдат қателік жасаса, батыстағы бір солдатты - «Сен де әскерисің» деп азаптап, жазаға тарту... Немесе, Стамбулдағы бір саудагердің қылмысы үшін Бағдаттағы бір дүкеншіні «Сен де саудагерсің» деп соттау сияқты нәрсе. Әр оқиғаны сылтауратып маған тиісу, қандай заңға сыяды? Бұған кімнің ары барады? Бұл қай үкімнің талабы?
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Менің жағдайымды, тыныштығымды ойлайтын және әртүрлі қиыншылықтарға сабыр етіп, үндемей жүргеніме таңқалған достарым: «Сізге жасалып жатқан қыспақтарға, зұлымдықтарға қалай шыдап жүрсіз? Сіз бұрын намысқой, өр мінезді едіңіз. Кішкене қорлыққа төзе алмайтын жан едіңізғой?» дейді.
Жауап: Кішкентай екі оқиға мен екі әңгімені тыңдап жауабын алыңдар.
Бірінші әңгіме. Екі жыл бұрын бір бастық мені сыртымнан қаралап, нақахтан нақах намысыма тиетін сөздер айтыпты. Мен оны кейін естідім. Бұрыңғы Саидтан қалған әдетім бойынша сезімдерім қозып бір сағаттай ашуландым. Содан, Аллаһтың мейірімі көкейге мұндай бір: ақиқатты жеткізді. Ашуым да тарқады, әлгі адамды да кешірдім. Ақиқат мынау, өзіме өзім былай дедім: Егер оның қорлау үшін айтқан сөздері, таққан айып-кемшіліктері жеке басыма, нәпсіме қатысты болса, Аллаһ оған разы болсын. Нәпсімнің айыптарын көрсетіп жатыр. Егер шындықты айтқан болса, нәпсімнің тәрбиесіне итермелейді. Мақтангершіліктен құтылуға көмектеседі. Егер өтірік айтқан болса, мені риядан және рияның негізі болып саналатын
жалған атақтан құтқаруға көмектеседі. Жалпы, мен нәпсіммен тату емеспін. Өйткені, тәрбиелегенім жоқ. Біреу менің мойнымда немесе арқамда улы шаянның тұрғанын айтса немесе көрсетсе, оған ренжу емес, қайта қуану керек қой. Егер, ол адамның мазақ етіп қорлауы менің Иман мен Құранға қызметші деген сипатыма қатысты болса, оған менің қатысым жоқ. Ол адамды, мені жұмсап отырған Құранның Иесіне тапсырамын. Ол - Ғазиз уә Хаким.
Екінші әңгіме. Биыл бір оқиға болыпты. Ол туралы кейін қысқаша естісем де, сол оқиғаға менің тікелей байланысым бар секілді, мені сол үшін айыптағысы келеді. Онсыз да ешкіммен хабарласып жатқаным жоқ. Иман мәселесіне байланысты хаттарды өте сирек, бір-екі досыма жазатынмын. Тіпті, өз бауырыма төрт жылда бір-ақ рет хат жазыппын. Өз еркіммен қарым-қатынасты үзуге тырысатынмын. Әһл-и дүния да маған бұл тұрғыда көмектесетін. Аптасына бір рет қана, бір-екі танысыммен жолыға аламын. Ауылға келген қонақтардың бір-екеуі ғана айына бір рет ақыреттік мәселелер жайлы бір-екі минут сөйлеседі. Нәпақа үшін жұмыс істеуге қолайсыз, елден жырақ бір ауылда жападан жалғыз, ғаріп халде бүкіл нәрселерден тыйылдым. Тіпті, төрт жыл бұрын қирап қалған бір мешітті жөндетіп, елде жүргенде имамдыққа, уағыз айтуға құжатым болғандықтан сол мешітте төрт жылдан бері имамдық етіп едім (Аллаһ қабыл етсін) биылғы қасиетті Рамазан айында мешітке бара алмадым. Кейде намазды жалғыз оқыдым. Жамағатпен оқылған намаздың жиырма бес есе сауабы мен игілігінен құр қалдым. Әлгі бастықтың екі жыл бұрыңғы маған қарсы сұм әрекеттеріне қалай шыдаған болсам, басымнан өткен осы екі оқиғаға да дәл солай шыдап бақтым.
Иншаллаһ, әрі қарай да осылай жалғастырмақпын. Былай да ойлап қоямын: «Егер әһл-і дүнияның маған жасап жатқан қыспақтары, айыбы көп кінәлі нәпсім үшін болса кешірдім. Мүмкін менің нәпсім осылай түзелер. Күнәларының жуылуына өтеу болар». Мен дүние деген қонақүйдің қызығын көп көрдім. Аздап жапасын шексем де шүкір етемін. Егер, әһл-і дүния мені Иман мен Құранға қызмет еткенім үшін қыспаққа алып жатса, қорғану менің міндетім емес. Оны Ғазиз Жаппарға тапсырдым.
Егер, баянсыз әрі рияға себеп болатын және ықыласты бұзатын жалған атақ пен даңқымнан айыру және халықтың құрметін азайту мақсатында жасалып жатса оларға рахмет. Өйткені, көпшіліктің құрметіне бөлену және халықтың алдында атақты болу мен сияқты адамдарға зиян деп ойлаймын. Менімен араласқан адамдар мынаны жақсы біледі: Мен жұрттың құрметтегенін қаламаймын, тіпті, жек көремін. Тіпті, маған шамадан тыс құрмет көрсеткені үшін бір қымбатты досыма елу рет ескерту жасағаным бар. Егер жұрттың алдында мені төмендетіп, мән бергізбеудегі мақсаттары, менің тәржімеші боп жүрген Иман мен Құран ақиқаттары үшін болса, ол бос әурешілік. Өйткені, Құранның жұлдыздарын пердемен жабу мүмкін емес. Көзін жұмған адам, өзі ғана көрмейді. Басқаларға қараңғылық жасай алмайды.
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Бірнеше күдікті сұрақтың жауабы.
Біріншісі. Әһл-і дүние былай дейді: Немен күн көріп жүрсің? Жұмыс істемей қалай өмір сүріп жатырсың? Мемлекетімізде жалқауларға басқаның еңбегімен күн көретіндерге орын жоқ.
Жауап. Мен үнемділік пен берекеттің арқасында өмір сүремін. Раззақ Аллаһтан басқа ешкімге қарыздар болғым келмейді. Және ешкімнен ешнәрсе алмауға бел буғанмын. Күніне жүз тиын, тіпті қырық тиынмен өмір сүретін адам ешкімнен еш нәрсе сұрамайды. Бұл мәселені қозғағым келмейді. Менменсіп мақтанып тұрғандай болмас үшін, бұл туралы айтуды ұнатпаймын. Бірақ, әһл-і дүние күдікті түрде сұрап тұрғандықтан мен де айтайын:
Бала күнімнен бері ешкімнен ешнәрсе алмау (тіпті зекет болса да), айлық та алмау (бір-екі жыл Ислам академиясында істеген кезімде достарым мәжбүрлеп алдырғаны рас. Ол ақшаны да рухани түрде
халыққа қайтарып бердім), дүнияуи күнкөріс үшін біреуге кіріптар болмау өмір бойғы қағидам. Мұны жерлестерім мен таныстарым жақсы біледі.
Осы айдауда жүрген бес жыл ішінде қаншама достарым маған сый жасап алдыруға тырысты, бірақ қабылдамадым. «Онда қалай күн көресің?» десеңдер, береке және Аллаһтың жарылқауымен өмір сүріп келемін. Рас, нәпсім әрқандай қорлыққа да, елеусіз қалуға да лайық болса да, Құран қызметінің кереметі болар, ризық тұрғысында Иләһи жарылқау болып табылатын берекеге бөленудемін.
Бұл әрине, мағынауи шүкірлік болуымен қатар, рия мен мақтаныш араласып кетсе, осы берекеттен айырылып қалам ба, деп те қорқамын. Өйткені, жасырын берекетті мақтанышпен әшкере ету берекеттің кетуіне себеп болады. Амал жоқ, айтуға тура келді.
Сонымен біріншісі: Отыз алты нан шығатын екі пұт бидай маған алты айға жетті. Әлі де бар. Қаншаға жететінін білмеймін. {(Сілтеме): Бір жылға жетті.}
Екіншісі: Биылғы қасиетті Рамазанда маған екі үйден тамақ келді. Екеуі де жақпай ауырып қалдым. Жұрттың асын ішуге маған тиым салынғанын түсіндім. Одан кейін үш нан мен бір келі күріш Рамазанның соңына дейін жеткенін, маған қарайлап жүрген берекелі отбасының иесі, ардақты досым Абдуллаһ Чавуш жақсы біледі. Куә болған сол. Тіпті, әлгі күріш Рамазаннан он бес күн кейін бітіпті.
Содан жүре-жүре бір таудың басына шықтық. Еш қажеттілігі де себебі де жоқ еді. Құманда суымыз да, біраз шай мен шекеріміз де бар.
«Бауырым, шай қойшы!» дедім. Ол іске кірісіп кетті. Мен де терең сайдың жарқабағына біткен қарағайдың түбіне отырдым. Көңіліме мынадай бір ой келіп мазасыздана: «Азғантай ғана көгерген нанымыз бар, екеумізге кешке дейін ғана жетеді. Екі күн бойы не істейміз. Мына ақкөңіл, абзал жанға не айтамын!?» Осылай, ойланып отырғанда бірдеңеге басым өзінен өзі бұрылғандай болды. Қарасам, қарағай ағашының үстіңгі жағында, бұтақтардың арасында үлкен бір нан тұр. «Сүлеймен, сүйінші! Хақ Тағала бізге ризық жіберді!» дедім. Әлгі нанды алып қарасақ, аң да құс та тимеген... Жиырма-отыз күннен бері бұл төбеге ешкім шықпаған еді. Сол нан екеумізге екі күнге жетті. Таусылуға таяғанда төрт жылдан бергі адал досым Мұстақим Сүлеймен қолында наны бар, төменде келе жатыр екен.
Төртіншісі: Мына үстімдегі шапанды жеті жыл бұрын ескі күйінде алған едім. Бес жылдың ішінде киім, ішкиім, кебіс, шұлыққа төрт жарым лира жұмсадым. Береке, үнемділік және Аллаһтың мейірімі маған жетеді.
Міне, осы секілді мысалдар көп. Иләһи берекенің көптеген сырлары бар. Осы ауылдың халқы мұның біразын біледі. Бірақ, бұларды мақтану үшін айтып отыр деп ойлап қалмаңыз. Айтуға мәжбүр болдым. Сондай-ақ, мен үшін жақсы нәрсе деп ойламаңдар. Бұл берекет я менің жаныма келген адал ниет достарыма сый. Я, болмаса Құран қызметінің жарылқауы. Я, үнемшілдіктің берекелі пайдасы. Немесе «Я, Рахим, Я, Рахим» деп зікір салатын қасымдағы төрт мысықтың ризық несібелері болса керек. Берекет түрінде келеді, мен де соны пайдаланып қаламын. Мысықтардың мұңлы пырпырларын мұқият тыңдаған адам, «Я, Рахим, Я, Рахим» деген зікір екенін түсінеді. Мысық туралы сөз болған соң тауықты еске түсірді.
Бір тауығым бар еді. Осы қыста жұмыртқа фабрикасы секілді күн сайын Аллаһтың мейірім қазынасынан бір жұмыртқа әкеліп тұратын. Азғантай ғана үзіліс жасады. Бір күні екі жұмыртқа әкелді. Мен таң қалдым. Достарымнан: «Осылай бола ма?» деп сұрап едім, «Иләһи сыйлық болар», деді. Сондай-ақ, осы тауықтың жазда шығарған балапаны бар еді. Қасиетті Рамазанның басында ол да жұмыртқалай бастады. Қырық күнге дейін жалғасты. Өзі кішкене, қыстың күні, Рамазан айында бұл берекелі жағдай қасиетті Рамазанның сыйы
екендігіне менің де, маған көмектесіп жүргендердің де шүбәсі қалмады. Оның үстіне анасы жұмыртқалауын тоқтатқан кезде, бірден сол бастады. Мені жұмыртқасыз қалдырмады.
Екінші күдікті сұрақ. Әһл-і дүния былай дейді: Біздің дүниямызға араласпайтыныңа кім кепіл? Сені еркіңе қоя берсек біздің дүниямызға араласатын шығарсың. Қулық жасамайтыныңды қайдан білеміз. Өзіңді дүнияны тәрк еткен адам ретінде көрсетіп, жұрттан дүние алмайтындай көрінгеніңмен, жасырын қулық жасап, бір нәрсе алып жүргені боларсың?
Жауап. Жиырма жыл бұрын әскери трибуналдағы және демократиялық төңкерістен бұрыңғы көпшілікке мәлім хал-жағдайым, сондай-ақ, әскери трибуналдағы «Ики мектеп Мусибетінің шәһадатнамасы» атты өзімді қорғау сөздерім де дәлел, қулық жасау былай тұрсын, өз басым кішкентай да болса қулық жасауды ар санап, адал өмір сүріп келетін. Егер, қулығым болса, осы бес жылдың ішінде бір рет болса да сендерге жалбақтап, өтініш жасар едім ғой. Қу адам жақсы көрінгісі келеді. Ондай адам тартынып қымсынбайды. Айласын асыруға, алдауға тырысады. Ал, мен өзіме қарсы жасалып жатқан сұмдық шабуылдар мен сынақтардың алдында бас иіп, пәс түскен емеспін. «Тәуеккелту ал-Аллаһ» деп, әһл-і дүниядан сырт айналдым. Сондай-ақ, ақыреттің бар екенін білетін және дүниенің мәнісін түсінген есі дұрыс адам өкінбейді. Қайта айналып, дүниемен әуре болмайды. Елу жастан асқан, жалғызілікті, елеусіз дүнияның бірекі жылдық бос әурешілігіне, көзбояушылығына мәңгі өмірін пида етпес болар. Пида етсе, айлакер қу емес, ақымақ, есалаң болғаны. Ондай ақымақ, есалаңның қолынан не келеді. Онымен әуре болудың қажеті не? Ал, сырттай дүнияны тәрк етіп, іштей тілеп тұрады деген күдікке келер болсақ,
Үшінші күдікті сұрақ. Әһл-і дүния былай дейді: Сен бізді жақсы көресің бе? Жақтырасың ба? Егер жақсы көрсең, неге бізбен араласпай, ренжіп жүрсің. Егер, жақтырмайтын болсаң, демек бізге қарсысың. Ал, біз қарсыластарымызды жаншып тастаймыз.
Жауап. Мен сендер түгілі, дүниені жақсы көрмеймін. Егер, жақсы көрген болсам дүниядан безбес едім. Маған сендер де, дүнияларың да ұнамайды. Бірақ, араласпаймын. Өйткені, менің мақсатым басқа. Көңілім басқа нәрселерге ауып кеткен. Өзге нәрселерді ойлауға жүрегімде орын жоқ. Сендердің жұмыстарың жүректі емес, қолды бақылау. Сендер елді басқаруды, қауіпсіздікті ойлайсыңдар. Қол араласпаса болды емес пе? Лайық емес бола тұра, «Жүрекпен де бізді жақсы көр!» деуге ешқандай хақыларың жоқ. Жүрекке араласатын болсаңдар..."
Иә, мен қыс көктемді қалап, армандаймын. Бірақ, оны жасай алмаймын ғой. Көктемді әкелем деп те, әуре болмаймын. Сол секілді әлемдегі жағдайдың түзелуін қалап, дұға етемін. Әһл-і дүния тура жолға түссе деп армандаймын. Бірақ, мұны жасай алмаймын. Өйткені, қолымнан келмейді. Оған әуре болмаймын. Өйткені, ол менің міндетім де емес, күшім де жетпейді.
Төртінші күдікті сұрақ. Әһл-і дүния былай дейді: Неше түрлі бәлені көріп, ешкімге сенбейтін болдық. Өзің айтқаныңдай, оңтайлы сәтте ісімізге араласып кетпейтініңе кім кепіл?
Жауап. Осыған дейін айтылған нәрселер, сендерге сенім туғызуы керек еді. Туған жерімде, шәкірттерім мен туысқандарымның арасында, мені тыңдайтындардың ортасында, қырғын оқиғалардың ішінде жүріп дүниелеріңе араласпағанда, енді елден жырақ, жападанжалғыз, ғаріп, әлсіз, бүкіл күшін ақыретке арнаған, туыстарымен қарым-қатынас жасамайтын, хабар-ошарсыз, Иман мен Ақыретке қатысты нәрселерде ғана алыстан ақыреттік дос тапқан жан, өзі де жұртқа, жұрт та бұған бөтенси қарайтын біреу мұндай қауіп-қатерден басқа түк пайдасы жоқ дүнияларыңа араласса, ақымақтың ақымағы болғаны.
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ. Бес кішкентай мәселеге қатысты.
Біріншісі. Әһл-і дүния маған былай дейді: Сен біздің мәдени дәстүрлерімізді, өмір салтымызды неге орындамайсың? Неге біз сияқты киінбейсің? Демек, бізге қарсысың.
Менің де айтарым: Ей, мырзалар! Сендердің мәдени өмір салттарыңды орында деуге қандай хақыларың бар? Сендер мені мәдени құқымнан айырып, бес жыл бойы қоғамнан оқшаулап қарымқатынастан үзіп, бір ауылда жөнсіз ұстап отырсыңдар. Мен секілді жер аударылғандардың барлығына қалада достарымен, туыстарымен бірге болуына рұқсат бердіңдер. Мені еш себепсіз жалғыз ұстап, ешбір жерлесіммен кездестірмей отырсыңдар (Бір-екеуінен басқа). Демек, мені қоғамның бір мүшесі, біздің бір азамат деп санамайсыңдар. Сөйте тұра, мәдениеттеріңнің қағидаларын орында деп, маған қалай айтасыңдар. Бұл дүниені маған зынданға айналдырдыңдар. Зынданда жатқан адамға мұндай ұсыныс жасалмайды. Сендер маған бұл дүниенің есігін жауып тастадыңдар, мен де ақыреттің есігін қақтым. Аллаһтың мейірімі түсіп ол есікті ашты. Қабір аузында тұрған адамға бұл дүниенің шым-шытырық ереже-қағидалары мен әдеттері ұсынылмаса керек. Маған қашан ерік беріп, еліме қайтарып, құқымды бересіңдер сол кезде біздің жүйемізбен жүр, дей аласыңдар.
Екінші мәселе. Әһл-і дүния былай дейді: Біздің діни үкімдерді, Ислам ақиқаттарын үйрететін ресми орындарымыз бар. Сенің дін жаюға қандай өкілеттігің жоқ. Сен айдауда жүрген адамсың. Онда бұл істерге араласуға хақың жоқ.
Жауап. Хақ пен Ақиқат шектеуге келмейді. Иман мен Құранды шектеу мүмкін емес. Сендер дүния істерінде тәртіпке келтіріп, заң мен шектеу қоятын шығарсыңдар. Бірақ, Иман ақиқаттары мен Құранның негіздеріне ресми түрде ақы-пұл төлеп дүнияуи мәселелер секілді шектеу қоюға болмайды. Негізінде, Иләһи жарылқау болып табылатын ол тылсым-сырлар, таза ниет арқылы және дүниеден қол үзіп нәпсіге қатысты қызықтарды қойып, оқшауланғанда ашылады.
Оның үстіне сендердің әлгі ресми орындарың бұрын мені «уағызшы» деп қабылдап сол қызметке тағайындаған болатын. Мен уағызшы болуды қабылдадым, бірақ жалақысын алмадым. Қолымда құжатым бар. Уағыз айтып, имам болуға негіз бар, кез-келген жерде амал жасай аламын. Өйткені, менің жер аударылуым заңсыз. Сондайақ, айдауда жүргендер жаппай еліне қайтарылды. Ендеше, бұрынғы құжаттарымның күші жойылған жоқ деген сөз. Екіншіден, мен Иман ақиқаттарын тікелей өз нәпсіме арнап жаздым. Көпшілікке арнағаным жоқ. Расында, сол Құрани шипа сөздерді рухтары мұқтаж, жүректері
жаралы жандар өздері іздеп тауып жатыр. Тек, жаңа әріптер шықпай тұрып, Хаширге қатысты бір рисалемді өзіме азық-түлік алу үшін бастырғанмын. Ол кезде де бұрыңғы найсап әкім, әлгі рисалені тексертіп, айып тағатын ешнәрсе таба алмай, тиіспеген болатын.
Үшінші мәселе. Әһл-і дүния маған күдіктене қарағандықтан, менің кейбір достарым Әһл-і дүнияға жақсы көріну үшін, сырт көзге менен аулақ тұруға тырысады. Тіпті, сынап та жүрген болар. Олар менен аулақ тұрып қашқақтауын зымиян Әһл-і дүния өздеріне адалдық емес, екіжүзділік, опасыздық деп біледі. Әлгі достарыма да жаман көзбен қарайды.
Ал, менің айтарым, әй, ақыреттік достарым! Менің Құранға қызметшілік жағымнан қашпаңдар! Өйткені, Иншаллаһ, менен сендерге зиян келмес. Егер айталық, пәле келсе немесе маған зұлымдық жасалса, сендер менен қашқақтаумен құтыла алмайсыңдар. Олай ету арқылы одан сайын пәлекеттерге, жазаға лайық боласыңдар. Оның үстіне, соншалықты уайымдайтын не бар?
Төртінші мәселе. Осы айдауда жүрген кезімде байқағаным, менмендік пен саясаттың батпағына түскен кейбір кісілер маған өздеріне жақтас немесе қарсылас сияқты қарайды. Құдды мен де өздері секілді дүниялық саяси ағымдармен байланысым бар. Әй, мырзалар! Мен Иманның ағымында мың. Қарсымда Имансыздық ағымы бар. Басқа ағымдармен шаруам жоқ. Әлгіндей адамдар айлық алып, жұмыс істеп жүргені үшін өздерін ақтап жатыр. Бірақ, ақысыз, пұлсыз өз еркімен менімен бәсекелесіп, қарсылас болу, тиісіп, қысым көрсету оғаштық. Өйткені, бұған дейін дәлелденгендей дүнияуи саясатта шаруам жоқ. Бүкіл уақытымды, күш-қайратымды тек Иман мен Құран ақиқаттарына арнап, тек сол жолға жұмсаудамын. Олай болса, маған тиісіп, қысым жасап жүргендердің іс-әрекеті дінсіздік пен имансыздық атынан Иманға тиісу болып саналады, соны біліп қойсын!
Бесінші мәселе. Дүния пәни екені рас. Әрі өмір қысқа әрі атқарылатын істер де өте көп. Сондай-ақ, мәңгілік бақытқа қол жетіп-жетпеу осы жерде шешіледі. Әрі, мына, дүния атты қонақжай иесіз емес. Оның аса Хаким, аса Қамқор басқарушысы бар. Сондайақ, өмірде жасаған игілік те, жамандық та ескерусіз қалмайды
{(Сілтеме): Осы ақиқаттар үшін басыма келген мұнша зұлымдықтар мен ауыр азаптарға мойымай көп мән бермеймін. Іштей: "Уайымдауға тұрмайды!" деп дүнияға араласпаймын.}
Он алтыншы мектубтың қосымшасы
Әһл-і дүния менің әлсіз, ғаріп екенімді көре тұра, ешқандай себепсіз күдіктеніп, мыңдаған адамдық күшім бардай қауіптеніп, маған көптеген шарт-шектеулер қойып тастады. Барланың шет аймағындағы Бедреде, тауда, бір-екі күн қалуыма рұқсат бермеді. Естуімше, «Саидтың елу мың сарбаздық күші бар, сондықтан, оны еркін жібере алмаймыз!» дейді екен. Менің де айтарым: "Әй, бейбақ, Әһл-і дүния! Бар күштеріңмен дүниеге жұмыс істесеңдерде дүниенің шаруасын меңгере алмапсыңдар. Ақымаққа ұқсап әрекет етесіңдер. Егер, жеке басымнан қорқатын болсаңдар, елу мың әскер емес, бір ғана сарбаз менен елу есе қуатты яғни, есіктің алдында тұрып, маған «Шықпайсың!» десе болды. Ал, егер менің қызметім тұрғысынан Құран ақиқаттарына делдалдығымнан және Иманның рухани күшінен қауіптеніп жүрсеңдер, қателесесіңдер. стаған жолым бойынша елу мың сарбаз емес, елу миллиондық күшім бар, біліп қойыңдар. Өйткені, Хаким Құранның құдірет күшімен сендерге дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропаға қарсы шайқасуға дайынмын. Жазып, таратып жүрген Имани нұрлар арқылы олардың «нақты ғылым», "табиғат" деп жүрген берік қамалдарын тас-талқан еттім. Дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропа жиналып келсе, Аллаһтың таупығымен мені бұл ұстанымымнан, киелі жолымнан тайдыра алмайды. Иншаллаһ, әсте жеңе алмайды. Олай болса, мен сендердің дүнияларыңа араласып жатқаным жоқ, сендер де менің ақыретіме араласпаңдар! Аралассаңдар да, түк шықпайды!
Құдай жазған тағдыр, қара күшке көнбес,
Аллаһ жаққан шам үрлегенмен сөнбес!
Әһл-і дүния, мен туралы оғаш ойлап, сескеніп, қатты қорқатын сияқты. Менде жоқ, бірақ бола қалған күннің өзінде саяси кемшілік болып саналмайтын және айыптауға себеп болмайтын шейх болу, лидер болу, хан тұқымы болу, көшбасшы болу, беделді болу, халықты
соңынан ерту, жерлестермен кездесіп тұру, дүнияуи нәрселермен шұғылдану, тіпті саясатқа араласу, тіпті, оппозицияда болу секілді менде жоқ нәрселерді ойлап қауіптенуде. Тіпті, түрмеде отырған немесе сыртта жүрген, өз ойынша әсте кешіруге болмайтын адамдарға да рақымшылық жасауды қарастырып жатқанда, мені ондай жеңілдіктерден тыс қалдырып, тыйым салды.
Зұлымдықтың зеңбірегі, қамалы бар, оғы бар
Әділеттің қайтпас жүзі, қайырылмас қолы бар.
Ал, мен де былай деймін: Әһл-и дүниенің билігі мен күш-қуаты бар болса, Құран қызметшісінің де Құраннан алған шатаспайтын ілімі, толастамайтын сөзі бар. Жаңылмайтын жүрегі, сөнбес нұры бар.
Көптеген достарыммен бірге мені қадағалап жүрген бір командир: «Жеңілдік алу үшін неге өтініш жасамайсың, неге арыз бермейсің?» деп бірнеше рет сұрады.
Мен оған: Менің арыз бермеуімнің немесе бере алмауымның бес-алты себебі бар.
Біріншіден: Мен Әһл-и дүниенің тұтқыны болатындай олардың дүниесіне араласқаным жоқ қой. Оларға неге өтініш жасайын. Мен тағдырдың тұтқынымын. Соның алдында айыптымын. Соған өтініш жасап жүрмін.
Екіншіден. Бұл дүниенің тез өзгеретін қонақүй екеніне нақты сенемін. Сондықтан, шынайы отан емес, уақытша және барлық жер бірдей. Отаныма жету үшін жанталасатып еліме оралғанмен ол жақта да мәңгі қалмаймын ғой. Барғанмен не пайда? Барлық жер қонақ үй екені рас. Егер, қонақ үй Иесінің мейірімі жар болса, жұрттың бәрі дос-жаран, жердің жаманы жоқ. Егер, Оның мейірімі жар болмаса, бүкіл жер де жүрегіңе тар, келеді. Барлық нәрсе жау.
Үшіншіден. Арыз жазу құқыққа сай, заңға сәйкес жасалады. Алты жылдан бері маған қарсы жасалып жатқан әрекет бейбастық заңға қайшы. Маған жер аударылғандар туралы заңға сәйкес мәміле жасалған жоқ. Маған бейне бір мәдени құқықтан, тіпті әлемдік құқықтан жұрдай адам ретінде қарады. Мұндай заңсыз әрекет етушілерге заңды түрде арыз беру, әрине мағынасыз.
Төртіншіден. Барланың бір бөлімшесі саналатын Бедре ауылының ауасы өзгешерек болған соң, бірнеше күн сол жақта болып қайтуым үшін, биыл осы жердің әкімі менің атымнан өтініш жасады. Рұқсат бермеді. Осындай елеусіз бір нәрсеге рұқсат бермей жүргендерге қалай өтініш жасауға болады. Өтініш жасаудың пайдасы жоқ. Ол өзіңді өзің төмен түсіруі қорлық деген сөз.
Бесіншісі. Әділетсіздікті дұрыс деп көретіндерден әділет сұрау, оларға өтініш жасау жөнсіздік. Әділет ұғымында құрметсіздік боп табылады. Мен мұндай қатеге бой алдырып, әділетке құрметсіздік жасағым келмейді. Уәссалам...
Алтыншы себеп. Әһл-и дүния маған саясат үшін қысым жасап жатқан жоқ. Өйткені, менің саясаттан қашатынымды, оған араласпайтынымды олар жақсы біледі. Олар біліп-білмей менің дінге берілгендігім үшін, тиісіп дінсіздікті жақтап мені азаптауда. Ендеше, оларға өтініш жасау деген сөз, дінде жүргеніме өкініп, дінсіздік жолын қолдау боп саналады. Оның үстіне мен оларға өтініш жасап, көмек сұраған сайын Әділ тағдыр мені олардың залым қолымен жазалап азапқа салады. Өйткені, олар мені дінге берілгендігім үшін қыспаққа алуда. Ал, тағдыр мені діндарлықта, ықыласта кемшілігім болғаны үшін, және кейде рия қылғаным үшін жазаға тартуда. Олай болса, әзірге бұл бейнеттен құтылу жоқ. Егер, әһл-и дүнияға өтініш жасасам тағдыр: «Әй, рияшыл, дүние құмарларға жасаған өтінішіңнің жазасын тарт!» дейді. Егер өтініш жасамасам, әһл-и дүнияға: «Бізді мойындамайды екенсің, қыспақтан құтылмайсың!» дейді.
Жетінші себеп. Бір мемлекеттік қызметкердің міндеті, қоғамға зиянды адамдарға жол бермеу және пайдалыларға жәрдем ету екені беймәлім. Ал, мені бақылаушы қызметкер көптен бері менің жаныма жақындамай жүріп бірде, қабір аузына жақындап қалған қарт бір кісіге «Лә иләһә Иллаллаһтағы» иманның терең сырларын түсіндіріп жатқанымда (Мені бір ауыр қылмыс үстінде ұстап алғандай) жаныма жетіп келді. Ықыласпен тыңдап отырған әлгі бейшараны ақиқаттан мақұрым қалдырды. Менің де ашуыма тиді. Бұл жерде неше түрлі адамдар бар. Әлгі қызметкер оларға мән бермеді. Ондай адамдар ауылдағы қоғамдық өмірді бұзатын әдепсіз әрекеттер жасаса да, сыйлап оларға құрмет көрсетеді және, жүз қылмыс жасап, зынданда жатқан адамның, өзін қарауылдап жүрген де, сарбазбен сөйлесе
алатыны белгілі. Ал, мені қарауылдап жүрген үкіметтің екі маңызды адамы, бастық та, қызметкері де бір жылдан бері бөлмемнің алдынан қанша рет өтсе де, менімен сөйлескен де жоқ, хал-жағдайымды да сұраған жоқ. Бастапқы кезде, мені жек көргендіктерінен жоламай жүр екен ғой, деп ойладым. Кейін, түсіндім менен қауіптеніп қорқады екен. Мен оларды жеп қоятындай қашады. Қызметкерлері мен шенеуніктері осындай адамдардан тұратын үкіметті үкімет деп, сеніп, өтініш жасау ақылға қайшы. Босқа қорлық болар.
Бұрыңғы Саид болғанда Антере сияқты:
дер еді. Бұрыңғы Саид жоқ. Жаңа Саид әһл-и дүниямен сөйлесуді мағынасыз деп санайды. Дүниелері бастарын жалмасын. Не істесе, соны істесін. Олармен лы Сотта соттасамыз деп, үндемеймін.
Өтініш жазбауымның сегізінші себебі. "Орынсыз махаббаттың жазасы мейірімсіз жек көріну" қағидасы бойынша әһл-и дүниенің лайық еместігіне қарамай, көңілім ауып, сыйлағаным үшін Иләһи Әділ тағдыр әһл-и дүнияның қолымен мені жазаға тартуда. Мен де, бұл азапқа лайықпын деп үнімді шығармай тағдырға көніп отырмын. Өйткені, дүниежүзілік соғыста еріктілер полкының командирі ретінде екі жыл соғыстым. Жаумен арпалыстым. Османлы әскерінің бас қолбасшысы Әнуар пашаның мақтауына бөленіп шәкірттерімді, достарымды пида қылдым. Жараланып тұтқынға түстім. Тұтқыннан келгеннен кейін, ағылшындардың Стамбулға басқыншылығы кезінде басымды қатерге тігіп, «Алты қадам» атты шығарма жазып, ағылшындарға қарсы үгіт-насихат жүргіздім. Мені мына азапқа салып, еш себепсіз тұтқынға алғандарға сол кезде көп көмектестім. Бұлар да сол көмектің жазасын осылай өтеуде. Үш жыл Ресейде тұтқында жүріп, шеккен бейнет пен азапты бұл жерде мына "достарым" маған үш айда тартқызды. Ал, орыстар маған күрдтердің ерікті қолбасшысы, казактар мен тұтқындарды өлтірген жауыз деп қараса да, діни сабақтарыма тыйым салмады. Тұтқындағы тоқсан офицердің көпшілігіне сабақ беретін едім. Бір рет орыс офицері келіп тыңдады. Түрікше білмегендіктен саяси үгіт деп ойлап, бір рет тыйым салғаны рас. Кейін, қайта рұқсат берді. Сол казарманың бір бөлмесін мешіт жасадық. Мен имам болдым. Ешкім киліккен жоқ. Араласып, хабарласуға тыйым салған жоқ.
Ал, мына достарым, өздерінше отандастарым діндестерім және олардың иманын құтқаруға тырысып жүрген адамдарым. Ешқандай себепсіз, менің саясаттан да, дүниеден де байланысымды үзгенімді біле тұра, үш жыл емес, алты жыл бойы тұтқында ұстап отыр. Мені қарым-қатынастан тыйып тастады. Құжатым бар екеніне қарамай, сабақ беруге, тіпті бөлмемде жеке дәріс өткізуге, хабарласуға тыйым салды. Тіпті, құжатым бола тұра өзім жөндеп, имамдық еткен мешітіме де жібермей отыр. Қазір де мені жамағат сауабынан мақұрым қалдыру үшін үш адамға да (тұрақты жамағат және ақыреттік бауырларым) имамдық етуімді қабылдамай отыр. Сондайақ, мен қаламасам да, біреу маған жақсы көзбен қараса, бақылаушы қызметкер қызғаныштан булығады. Беделіңді түсірем деп, бейбастық шаралар қолданады. Бастықтарға жағыну үшін менің мазамды алады. Міне, осындай жағдайдағы адам Аллаһтан басқа кімге сеніп, кімге өтініш жасайды?! Қазының өзі даугер болса, әлбетте оған шағым айту мағынасыз. Кел, сен айт, бұл жағдайға не дейсің? Сен не десең о де, менің айтарым бұл «достардың» ішінде мұнапықтар бар. Мұнапық кәпірден де жаман деуші еді. Сондықтан, бұлар кәпір орыстың істемегенін істеп отыр.
Әй, бейбақтар! Мен сендерге не істедім, не істеп жатырмын. Имандарыңды құтқаруға және мәңгі бақытқа қол жеткізулеріңе қызмет етіп жүрмін. Демек, қызметім адал, Аллаһ үшін ықыласты болмағаны ғой, кері жауап беруде. Сондықтан болар, сендер мүмкін болғанынша мені ренжітуге тырысасыңдар.
Сендермен Махшар күні лы Сотта кездесеміз, әлі
деймін.
Азиз, адал бауырларым!
Абақтының азабын тартып жүргендерге мейірімдене, адал түрде сырттан келген тамақтарын тексеріп әрі қамқор болып жүргендерге қуатты үміт беретін ақиқатты үш тұжырым арқылы баяндап берейін.
Бірінші тұжырым; Абақтыдағы өмірдің әрбір күні он күн ғибадат саналуы мүмкін және пәни сағаттар пайдасы жағынан мағынауи мәңгі сағаттарға айналуы ықтимал, осылайша бес не он
жылдық дүниялық жаза арқылы миллиондаған жыл ақыреттік мәңгі абақтыдан құтылуға болады. Міне, имандылар үшін мұндай қымбат әрі мол табысқа жетудің шарты парыз болған намазды оқу және қамалуға себеп болған күнәларына тәуба ету, сабыр сақтап шүкір ету. Онысыз да абақты күнә жасауға үлкен кедергі.
Екінші тұжырым; Ләззаттың аяқталуы өкініш болғаны секілді өкініш қайғының аяқталуы өзінше бір ләззат. Иә, әркім өткен өмірінің ләззатқа толы қызық күндерін ойласа өкініп, іші удай ашып «Қап, әттеген-ай!» дейді. Ал өткен қайғылы қиын күндерін еске алса аяқталғанына қуанып «Әлхамдулиллаһ Құдайға шүкір, ол бәледен құтылдым, одан тек сауабы қалды!» деп терең тыныстап рахаттанар еді. Демек, уақытша бір сағаттық қайғы аяқталу арқылы рухани ләззат береді, ал ләззатқа толы бір сағат керісінше өкінішке салады. Бұл ақиқат. Әрі, өткен күндердің қиын кезеңдері қайғысымен бірге кетіп жоқ болады, ал келешекте болатын қиыншылықтар болса әзірге жоқ. Жоқ нәрсені уайымдап даурығу мағынасыз.
Мысалға, бірнеше күн бұрыңғы шөлдеп, қарыны ашқанына және бір-екі күннен кейін нансыз, сусыз қалармын деп уайымдап, бүгіннен бастап сол ниетпен нан жеп, су іше беру ақымақтық. Сол секілді, өткен күндер мен келешекті олар дәл қазір жоқ бола тұра уайымдап сабырсыздану және айыпты нәпсісін ұмытып Аллаһтан шағымданғандай «Ойбай, не жаздым!» деп байбалам салу ақымақтық. Егер, осылай өткен мен болашақты уайымдап сабыр күшін босқа тауыспаса яғни оны тек осы сәтке, осы күнге жұмсаса, сабыр күші толық жетіп адамда мазасыздық болмас еді.
Шағымданды деп қалмаңдар, мен мына үшінші Юсүф медресесінде бірнеше күн бойы өмірімде көрмеген заттық-рухани тұрғыда мазам кетіп, оның үстіне ауру жанды қинап әрі ең қиыны Нұр қызметінен тыс қалып рухани күйзеліске түсіп үмітім үзіле бастаған кезде Аллаһтың инает-жәрдемі жоғарыда аталған ақиқатты көрсетті. Мен сонда әлгіндей мазасыз ауыр хәліме де, қамалғаныма да риза болдым. Өйткені, мен секілді бір аяғы төрде бір аяғы көрде қарт кісінің ғапыл түрде өтіп кетуі мүмкін бір сағатын он сағаттық ғибадатқа айналдыру үлкен табыс деп іштей шүкір еттім.
Үшінші тұжырым; Қамаудағыларға Мейірімдене қызмет қылып жәрдем ету және абақтыда отырғандардың мұң-мұқтаждығын жеткізіп беру және жұбату арқылы рухани жараларын емдеу міне, бұл
аз амал болғанымен сауабы мол игі іс. Сырттан келген тамақтарын беру, дәл сол тамақтың мөлшеріндей әлгі түрме қызметкерлеріне және сыртта-іште жүріп байғұс сотталғандарға қызмет еткендерге садақа болып саналып амал дәптеріне сауап жаздырады. Әсіресе, қамаудағы адам қарт немесе ауру яки пақыр я ғәріп болса әлгі мағынауи садақаның сауабы арта түспек. Ал, осы қымбат табыс табудың шарты парыз намазды оқу. Сонда жасаған қызметі адал, Құдай үшін болмақ. Тағы бір шарты адал әрі мейіріммен әрі ризашылықпен ешқандай міндетсінбей жәрдем ету.
"ЖАСТАР ШЫРАҒЫНЫҢ" ШАҒЫН БІР ҚОСЫМШАСЫ
Қамауда отырғандар Рисалей-Нұрдағы нағыз демеуге, жұбанышқа мұқтаж тіпті зәру десе болады. Әсіресе, жастықтың албырттығынан соққы жеп, уылжыған жас өмірін түрмеде өткізгендер Нұрларға ауадай мұқтаж.
Иә, албырт жастық шақ көбінесе ақылдан гөрі, сезімді тыңдайды. Ал, сезім мен әуестік болса, соқыр болғандықтан, істің соңын көрмейді. Дайын тұрған азғантай ләззатқа бола, кейін келетін мол ләззаттан құр қалуға әзір. Бір минөттік кек алудағы ләззатқа беріліп, адам өлтіреді де, сексен мың сағат түрме азабын тартады. Бір сағаттық нәпсі қандыру, рахатқа бату үшін біреудің намысын таптап, арын төгеді де, мыңдаған күн бойы абақтыға қамалып, әрі дұшпанның қорлығынан жаны күйзеліп, өмірінің берекесі кетеді. Бейшара жастардың өмірі осындай қауіп-қатерге толы. Уылжыған тәтті өмірі әп-сәтте тым аянышты, ащы өмірге айналып жатады. Әсіресе, солтүстіктегі ірі бір мемлекет жастардың әлгіндей әуесқой сезімдерін қоздырып, дүниені дүр сілкіндіруде. Бойын сезім билеген жастарға ары таза жандардың бойжеткен қыздары мен ханымдарын тарту еткендей шариғаттан аттап, сорақылыққа жол беруде. Тіпті, моншада, жаға жайда әйел мен еркектің бірге шомылуына рұқсат беріп жезөкшелікке жол ашуда. Сондай-ақ байлардың дүние-мүлкін талан-таражға салып, пақыр, әумесер қара табан тобырға таратып беруде. Бұрын-соңды болмаған мұндай сұмдыққа адамзаттың төбе шашы тік тұрып, дабыл қағуда.
Міне, қазіргі таңда Ислам және Түркі жастары батылдық әрі жанкештілік танытып, мұндай екі жақты соққыға Рисалей-Нұрдың «Миуа рисалесі», "Жастар шырағы" секілді кітапшаларымен қаруланып оны өткір қылыш ретінде қолға алып, қарсы тұруы керек. Әйтпесе, әлгі бейшара жастар өздерінің жарқын болашағынан да, дүниедегі бақыты мен ақыреттегі бағынан да айрылып, о дүниеде мәңгі азап пен қайғыға душар болады. Бойындағы күш-жігерді орынсыз босқа шығындап, азғындыққа салыну себепті ауруханаларға немесе қызу қандылықтың кесірінен түрмеге түседі. Қартайған шағында: «Қап, әттеген-ай!» деп, сандарын соға өкінетін болады.
Егер, Құраннан тәрбие алып, «Рисалей-Нұрдың» ақиқаттарымен аяғын нық басса, нағыз қаһарман, салих адам, бағы жанған бір мұсылман, сондай-ақ басқа да тіршілік иелеріне сұлтан болу мәртебесіне көтеріледі.
Иә, түрмеде жиырма төрт сағаттық бір күнінің бір сағатын бес уақыт намазға жұмсаса, әрі түрме күнә жасауға кедергі болатынын ескеріп, мына азапқа душар еткен қателіктен тәубасына келсе, басқа да зиянды істер мен күнәлардан арылар еді және туыстарына да көп пайдалы азамат болар еді. Сондай-ақ, өзінің бес-он жылдық пәни жастық шағы арқылы мәңгі жастық шаққа ие болады. Бұл жөнінде ең бірінші болып қасиетті Құран, содан соң аспаннан түскен бүкіл кітаптар мен парақтар анық хабар беріп, сүйіншілеуде. Иә, жастық шақ дейтін зор нығметке шүкір етсе, яғни тура жолда жүріп Жаратушыға мойынсұнса жастық шақ берекеттеніп, әрі мәңгілікке айналып, ләззаты арта түспек. Әйтпесе, басқа пәле болып, зардап шектіреді. Туған-туыстарына, Отанына, халқына кір келтіретін есерсоқ атанады.
Егер, тұтқын жала жабылып, нақақтан сотталған болса, намаз оқу шартымен, әрбір сағаты бір күн құлшылық саналып, түрме оны залымдардан сақтайтын панасы болып, бұрыңғы замандағы үңгірге тығылып құлшылық еткен адал да тақуа жандар секілді мол сауапқа кенеледі. Егер ол, пақыр не болмаса қарт, не науқас не имани ақиқаттарға жаны құмар біреу болса, парыздарды орындау, тәуба ету шартымен әрбір сағаты жиырма сағатқа жуық құлшылық саналып, әрі ол жерде адам мейірімді достары болса, абақты оған демалыс пен достық жері, сондай-ақ тәрбие хана яғни дәрісхана болып есептеледі. Мұндай адам сырттағы лас, әрі күнәларға белшесінен батыратын
бостандықта емес, түрмеде отырғанына риза болуы мүмкін. Түрмеден тәрбие алып кейін бостандыққа шыққанда, қаскөй қылмыскер емес, керісінше тәубәға келіп, тәжірибе жинаған тәртіпті де момақан, әрі халқына пайдалы адам боп шығады. Иә «Денизли» түрмесінде отырғандар қысқа мерзім ішінде «Рисалей-Нұрдың» әдемі мінезқұлық туралы дәрісін тыңдап, жөнделгендері сондай, оларды көрген кейбір абақты қызметкерлері: "қылмыскерді тәрбиелеу үшін он бес жыл қамаудың орнына, он бес апта «Рисалей-Нұрдың» дәрісін тыңдатса, әлдеқайда тиімді" деген-ді.
Иә, өлім өлмейді ажал да жасырын. Ол әрқашан, кез келген жерде келуі мүмкін. Қабірдің апандай есігі жабылатын түрі жоқ, адамдар топ-топ болып ішіне түсіп жатыр. Жоғарыда имандылар үшін өлім дегеніміз жоғалу емес, қайта демалысқа шығу дегенбіз. Бұл Құранның ақиқаты. Ал, Құдайдан безгендер үшін өлім түрі суық әрі мәңгілікке айырылысу, сондай-ақ, барлық сүйікті жандарымен, тіпті болмыс атаулымен мәңгіге қоштасу болып табылады.
Ең бақытты жан кім десеңдер, әлбетте, ол - сабыр сақтап, шүкір еткен және қамаудағы күндерін тиімді пайдаланып «РисалейНұрдың» дәрісін шын көңілмен тыңдап, тура жолда жүрген, Иман мен Құранға қызмет еткен адам.
Уа, рахат пен ләззатқа жаны құмар жандар! Қазір мен жетпіс бес жастамын. Өмірімде басымнан өткен мыңдаған тәжірибе мен ақиқаттардың арқасында мынаған әбден көзім жетті: Нағыз рахат пен уайымсыз ләззат әрі шынайы шаттық пен өмірдің бақыты тек қана имандылықта және иман ақиқаттарының маңынан табылады. Әйтпесе, дүниелік бір ләззат көптеген уайымға ұрындырады. Бір түйір жүзім беріп, он дүре соққандай өмірдің шырқын бұзады.
Уа, қамаудан жаны күйзелген бейшаралар! Дүниелік өмірлеріңнің мазасы кеткен екен, енді «ақыреттік өмірім аман болсын, мәңгі өмірім жаздай жадырап, балдай тәтті болсын» десеңдер, қамаудағы уақыттарыңды тиімді пайдаланып, ақыретке қам жасаңдар! Мәселен, кейде қиян-кескі шайқаста, бораған оқтың астында бір сағаттық күзет бір жылдық құлшылықпен пара-пар саналады. Сол сияқты сендердің де мына ауыр шарттарда, қиын кезеңде жасаған құлшылықтарыңның әрбір сағаты көптеген сағаттарға пара-пар болып, көрген қиындықтарың мол сауапқа, мейірімге айналар.
Азиз, адал бауырларым!
Азиз, адал бауырларым!
Әуелі, Құдайға шексіз шүкір етемін, Рисалей-Нұрдың нағыз иелері облыстық уәкіл имамдар, уағызшылар, молдалар батырлық танытуда. Күні бүгінге дейін Нұрдың шын берілген достары жастар, мектеп көргендер мен мұғалімдер болатын. Бәрекелді, Әдһәм, Ибраһимдер, Али Османдар медресе оқығандарды ұятқа қалдырмай абыройын көтерді. Бұрыңғыдай шегіншектемей батыл әрекет етуде.
Екіншіден, ықыласты түрде қызметтері мен ынта-жігерлерінің салдарынан болған соңғы оқиғаға еш өкінбесін. Неге десеңіз, Денизли түрмесін алайық, нәтижесінде сақтық жасамағандарға дән риза болып алғыс айтпадық па? Аздап қиналғанымыз рас, дегенмен рухани пайдасы көп болды. Құдай қаласа, осы үшінші Юсүф медресесі де екіншіден асып кетпесе кем түспес.
Үшіншіден, машақат қаншалықты көп болса сауап соншалықты артатынына байланысты бұл ауыр халге шүкір етеміз. Уазипамыз
болған иманға қызметті ықыласты түрде атқаруға тырысуымыз керек. Аллаһтың уазипасы болған сәттілік пен табыс, болымды нәтиже алу жағына араласпаймыз.
ӘУ БАСТА ТҮРМЕНІҢ БАСТЫҒЫНА, СОСЫН БАСҚАРУШЫЛАРҒА СЫРТТАЙ МАҢЫЗСЫЗ КӨРІНЕТІН, НЕГІЗІНДЕ МЕНІҢ ОЙЫМША АСА МАҢЫЗДЫ ӨТІНІШ.
Менің өмірім жиырма екі жыл жалғыз адамдық қапаста өткендіктен жетпістің бесеуіне келген шағымда вакцина егуді денсаулығым көтермейді. Тіпті, баяғыда маған вакцина жасалған-ды жиырма жылдан бері соның кесірі болса керек әлі күнге дейін жарасы жазылмай жүр. Созылмалы ауру секілді денсаулыққа зияны тиді. Әмірдағы қаласының дәрігерлері мен достарым мұны жақсы біледі. Һәм, төрт жыл бұрын маған, түрмеде отырғандармен бірге вакцина еккен болатын. Ешкімге зияны тимеген шығар бірақ мен жиырма күн ауырып жаттым. Аллаһ сақтап, мен үшін қауіпті ауруханаға баруға мәжбүр болмадым. Сондықтан, үзілді-кесілді денсаулығым вакцина егуге келмейді.
Әрі, үзірім бар, қауіппен санаспаса болмайды. Жасым болса жетпіс бесте, күш-қуатым жоқ, сондықтан он жасар балаға егілетін вакцинаға ғана денсаулығым шыдайды. Әрі оның үстіне әрдайым жалғыз өзім, басқалармен араласпаймын. Бір ай бұрын Әмірдағы қаласының әкімі екі дәрігер жіберіп мені толық тексеруден өткізді. Жұқпалы ешбір ауру таппады. Тек әлжуаздықтан және жалғыздықтан туындаған шаршау, қарттық болмаса қауіптенер ешнәрсе жоқ деді. Олай болса маған вакцина егу заң бойынша міндетті емес.
Сендерден үлкен өтініш, мені ауруханаға жатқызбаңыздар! Өмірімде әсіресе, соңғы жиырма екі жылда жалғыздық кезімде оған шыдай алар емеспін яғни менің танымайтын бөтен адамдардың қолына қаратпаңдар. Соңғы кездері қабірге кіруді хош көре бастағаным рас, дегенмен бұл түрмеде қызмет атқаратын әкімшіліктен адамгершілік
қасиеттерін байқағандықтан солардың көңілі үшін және түрмедегі қылмыскерлерді жұбатып үміт сыйламақ болып әзірге қабірге кіруден бас тартып түрмеде қамалуды жөн санадым.
Азиз, адал бауырларым!
Әуелі, менің жеке басыма жасалған зұлымдықты, опасыз қиянатты ойлап уайымдамаңдар! Себебі, Рисалей-Нұрдан кемшілік таба алмаған соң оның орнына менің түкке тұрмайтын әрі кемшілігі көп жеке басыма тиісуде. Мен оған ризамын. Рисалей-Нұр аман болып, мерейі үстем болуы үшін жеке басыма мың есе қиыншылық пен азап, түрлі бәле көрсем дағы мақтана шүкір етемін. Бұл РисалейНұрдан алған дәрісімнің жемісі. Сондықтан, ол тұрғыдан мені мүсіркеп уайымдамаңдар!
Екіншіден, өте ауқымды да сұмдық әрі аяусыз шабуыл мен соққы жиырма есеге азайды. Мыңдаған хас шәкірттердің орнына бірнешеуін және жүз мыңдаған достардың орнына саны белгілі бірнеше бауырларымды ұстап алып кетті. Демек, Аллаһтың инаетжәрдемі, жарылқауы әлігі сұмдықтың бетін қайтарып жеңілдетті.
Үшіншіден, Аллаһ жарылқап, екі жыл бойы бізге қақпан құрып, қудалап жүрген әкім құрып жоқ болды. Біз туралы жалған ақпараттан қатты үрейленген Ішкі істер министрі жерлес әрі аталары қатты діндар болып шықты. Сөйтіп, бізге жасалған қастандықтың жеңілдеуіне себеп болған секілді. Сондықтан, үмітсіздікке түсіп үрейленбеңдер!
Төртіншіден, Рисалей-Нұр жыласа я жер сілкінеді я ауа райы күрт бұзылады. Бұған біздің көптеген тәжірибелермен, тосын оқиғалармен көзіміз әбден жеткен-ді. Көзімізбен көп көрдік және сотта оны дәлелдегеніміздей, менің ойымша биылғы қыстың жаз секілді жадырап - бастапқыда - жылы болуы, Рисалей-Нұрдың жасырын нұсқалары машинкамен көбейтіліп, әртарапқа жайылуына сәйкес, ал ізіне түсіп, тыйым салына бастаған кезде яғни РисалейНұр жылап-сықтаған кезінде кенеттен қыстың аязды болып, күннің суытуы мынаны меңзейді: Рисалей-Нұр Құран ақиқаттарының бұл ғасырдағы жарқын да ұлы мұғжизасы, сол үшін жер жүзі мен ғалам онымен тығыз байланысты.
Азиз, адал бауырларым!
Азиз, адал бауырларым!
Ғажап та қызықты хәлімді баяндап беруге тура келді.
Біріншіден; жалғыз өзімді қамап тастап, сендер секілді жанымдай жақсы көретін бауырларыммен еркін көрісе алмауымда Иләһи инает-жәрдем, Құдайдың жарылқауы әрі пайда бар екені көңіліме аян болды. Өйткені, менімен көрісу үшін елу лирасын жұмсап Әмірдағына келеді де елу минут, кейбірі он минут, ал кейбіреулер көріспестен кеткен көптеген ақырет бауырларым бір сылтау тауып өздерін осы Юсүф медресесіне қаматар еді. Ал менің уақытым аз,
әрі жалғыздықтан пайда болған кәріптік хәл әлгі жанын пида ететін достармен сұхбаттасып отыруға мүмкіндік бермейді әрі Нұр қызметі де разы емес.
Екіншіден; Баяғыда жауынгер әскерлер атақты мәшһүр бір ғалымды соғыс майданында көп жерлерде көріпті. Одан: «Бұл қалай?» деп сұраса былай деген екен: «Мені сауап алсын деп және имандылар дәрісімнен пайдалансын деп менің бейнеме кейбір әулиелер еніп, менің орныма қызмет етіп жүрген ғой!» депті. Дәл сол секілді мені кейбіреулер Денизли қаласындағы мешіттерде көріпті. Тіпті, ресми түрде хабар тарап, түрме бастығы мен қызметкерлерге шейін естіліпті. Баз біреулер зәресі ұшып: «Түрменің есігін ашып, оны кім шығарған!» депті. Бұл жерде де дәл солай болуда. Алайда, менің кемшілігі көп түкке тұрмайтын жеке тұлғамнан ондай кәраматтар күткенше, Рисалей-Нұрдың кереметтігін дәлелдейтін «Сикке-и Тасдиқ-ы Ғайби» кітабын оқыса ғой, Нұрға деген сенімін жүз есе тіпті, мың есе арттырар еді әрі қабыл болғанына көздері жетер еді. Әсіресе, Рисалей-Нұрдың ержүрек батыр шәкірттерінің таңғажайып хәлдері мен қаламмен тапжылмай жазуы одан бетер сендіретіндей керемет оқиға емес пе?!
Азиз, адал бауырларым!
Мені уайымдамаңдар! Мен сендермен бір абақтыда болғаныма қуаныштымын, ризамын, өзімді бақытты санаймын.
Біздің ендігі міндетіміз, уәжнама жазып бір нұсқасын Спартаға жіберу. Оны мүмкін болса жаңа әріппен және мәшинкамен ескі әріппен бастырып жиырмаға жуық нұсқасы шықсын. Тіпті, оны сол жердің прокурорына көрсетіңдер. Тағы бір нұсқасын өзіміздің адвокаттың қолына табыстаңдар. Тағы біреуін бастыққа беріңдер, ол оны қорғаушымызға өз қолымен берсін.
Әрі Анкарадағы жоғарғы орынға жаңа әріппен қоса ескі әріппен дәл Денизли қаласында болғаны секілді жіберілсін. Мүмкін болса, бес нұсқасын дайындап қойсаңыздар. Өйткені, тәркіленген рисалелер ескі әріппен әлгі орындарға сондай-ақ, Діни басқарманың сарапшыларына жіберілген болатын, кейін барып бұл жерге келген-ді. Әрі біздің уәкіліміз Ахмед мырзаға айтыңыздар, ақталу уәжнамасын
мәшинкамен жазған кезінде мұқияттап, қате жібермеуге тырыссын. Себебі, менің сөйлеу мәнерім басқаша. Бір әріп немесе бір нүкте қате болса мәселенің өңі өзгеріп мағына ауысып кетуі бек мүмкін. Әрі осында әкелінген екі мәшинка сендерге рұқсат берілмесе кері қайтарылсын. Уайымдап мұңаймаңдар! Үміттеріңді жоғалтпаңдар!
Азиз, адал бауырларым!
Рисалей-Нұр менің орныма сендермен сұхбаттасады әрі дәріске құмар жаңа түскен бауырларға тамаша дәріс береді. Рисалей-Нұрды оқу немесе оқыту яки жазу секілді іліми шұғылданудың өте пайдалы екені яғни көңілді көтеріп, жанды рахатқа батыратыны, ризықта береке, денсаулыққа пайдалы екені тәжірибемен дәлелденген мәселе. Енді, сендерге Хүсрев сынды Нұрдың қаһарман батыры келді. Иншаллаһ, болашақта осы Юсүф медресесі де "Зәхра" медресесінің берекелі дәрісханасы болмақ. Мен, осы кезге дейін Хүсревті дүнияқоңыздардан жасырып көрсетпей келдім. Алайда, жарыққа шыққан рисалелер оны саясаткерлерге ашып көрсетті. Енді жасыратын ешнәрсе қалмады. Сондықтан, мен оның атқарып келген екі-үш маңызды қызметін хас шәкірттеріме тапсырдым. Мен де, ол да бұдан соң жасырмай қажет болса ақиқатты тура айтамыз. Бірақ, әзірге ақиқат айтылатын адамдардың арасында сұмдық әрі белгілі екі қырсық адам, біреуі діннен безген кәпір һәм коммунист - ол Әмірдағы қаласынан белгілі - біреуі де осы жерде өте сұм, қараниетті біреу, екеуі жалған ақпарат таратып мемлекет қызметкерлерін үрейлендіріп жүр. Сол үшін біз өте мұқият болып уайымға салынбауымыз және Аллаһтың жарылқауын күтіп медет сұрап тәуекел етуіміз керек.
Уа, абақты достарым, діндес бауырларым!
Сендерге дүния азабынан, һәм ақырет азабынан құтқаратын бір ақиқатты баяндау керектігі көңіліме аян болды. Ол не десеңдар, мәселен біреу бір адамның бауырын немесе туысқанын өлтірген делік. Енді, ол бір минуттық ашуға берілудің кесірінен миллиондаған
минут абақты азабын һәм жан азабын тартып жүр. Әрі өлген кісінің тумалары да кек алудың уайымымен және дұшпанын ойлап өмірінің шырқы кетіп, мазасыз. Оны үрей мен ашу-ыза қысып азап шегуде. Бұдан құтылудың шарасы: Қасиетті Құранның әміріне ұйып, хақ пен ақиқатты тыңдап, пайдасы мен зиянын таразылап, адамгершілікке салып, дін Исламның талабына сай өзара татуласу, бітімгершілікке келу.
Иә, ақиқат пен пайда татулықты талап етеді. Өйткені, ажалы келген болса өзгермейді. Ажалы келсе одан әрі дүнияда қала алмайды. Әрі, өлтірген адам Аллаһтың жазғанына себеп болды.
Егер екі жақ мәмілеге келіп татуласпаса әрдайым қорқыныш пен үрей және өш алудың азабы жанын жегідей жейді. Міне, сондықтан Ислам діні «Үш күннен артық мүмин мүминге ашуланып сөйлеспей қоюға болмайды!» деп бұйырады. Егер, бұл қаза қастандықтан және кектеніп ызақорлықтан болмаған болса және ортаға бір мүнапық от салған болса дереу татуласу керек. Әйтпесе, әлгі оқиға ұлғайып жалғаса береді. Егер татуласса, өлтірген кісі тәубасына келіп, өлген адамға Құран бағыштап әрдайым дұға етсе екі жақ та ұтады, ағайынтуыстай болады. Бір бауырынан айырылғанымен бірнеше діндар бауыр табады. Тағдырға сеніп, Аллаһтың жазғанына көніп дұшпанын кешірген болады. Оның үстіне Рисалей-Нұрдың дәрісін тыңдаған болса міндетті түрде араларындағы ыза мен кекті қоюы керек. Мұны жеке басының және жалпының тыныштығы үшін және тиімді болғандықтан солай істеуі керек.
Мысалға, Денизли түрмесінде болғанымызда бір-біріне өш қылмыскерлер Рисалей-Нұрдың дәрісінен кейін жаппай татуласып, бауыр болып кетті. Бұған дінсіз және есерсоқтардың өзі риза болып әлгі тәубе еткендерге: «Машаллаһ, Бәрекеллаһ!» деген-ді. Сөйтіп қамауда отырғандар өздерін бір еркін сезініп рахаттанып қалған еді. Бұл жерде де байқаймын, бір адамнан жүз адам тайсалып бәрі бірге тынығуға шыға алмайды. Қиянат жасалып жәбір көруде. Негізінде мәрт, ар-намысты жігіт біреудің бір қателігіне бола немесе өзінің бас пайдасы үшін иманды жанға опасыздық жасап зиян бермейді. Егер қателесіп зиян берсе дереу тәубе етеді.
Азиз, адал бауырларым!
Мен, Хусрев, Хыфзы мен Бартындық Сәйідтер әкелген сүйінші хабарды естіп Рисалей-Нұрды әрі сендерді әрі өзімді құттықтап, «сүйінші!» демекпін. Неге десеңдер, Мәккеде Рисалей-Нұрдың қуатты кітаптарын ірі ғалымдар арапшаға және үнді тіліне аударып оны жаюға әрекет етіп жатыр екен. Сондай-ақ, Қасиетті Мәдинада да қабыл болса керек, Нұрдың құнды кітаптарын мутаххар Раузадағы мақбәрдің үстіне қойылыпты. Қажы Сәйід «Аса-и Мұса» кітабының Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірінің үстінде тұрғанын өз көзімен көріпті. Демек Ардақты Пайғамбарымыз қабыл алып, риза болғаны ғой, киелі жерлерге дейін барған.
Әрі біздің ниет еткеніміздей және осы жерден кеткен қажыларға айтқанымыздай, Нұрлар біздің орнымызға әлгі қасиетті жерлерді зиярат еткен деп түйдік. Құдайға шүкір Нұрдың қаһарман шәкірттері Рисалей-Нұрды әбден тексеріп ішінде қате табылмайтын етіп таратуының көптеген пайдасынан біреуі мені түзетіп жөндеу қызметінен босатып, енді, еш уайымдамайтын болдым. Әрі толық тексерілген кітаптар басқа нұсқаларға үлгі болып қате жазылуға жол бермеуде. Аллаһ Тағала олардың амал дәптеріне сол кітаптардың қанша әрпі болса сонша сауап, мыңдаған жақсылық жазсын. Әмин, әмин, әмин!
СҮЙІНШІ ХАБАР БЕРЕТІН ЖӘНЕ ЖОРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ МАҒЫНАСЫ АНЫҚТАЛҒАН КЕРЕМЕТ ТҮС
Маған қызмет етіп көмектесіп жүрген Али келді де былай деді: «Түсімде сіз Хусрев екеуіңіз, Ардақты Пайғамбарымыздың қолын сүйіп жатыр екенсіздер!». Көп ұзамай хат алдым. Хатта биыл барған қажылар, Хүсревтің қолымен жазылған Аса-и Мұса кітабын Пайғамбарымыздың қасиетті қабірінің үстінде тұрғанын көріпті. Демек, менің орныма Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) мағынауи қолын Хүсревтің қаламы арқылы сүйген және Расулуллаһтың ризашылығына бөленген.
Азиз, адал бауырларым және абақты достарым!
Әуелі; Бетпе-бет жүздеспегенімізді уайымдамаңдар! Біз әрдайым рухани түрде көрісудеміз. Менің түкке тұрмайтын жеке басыммен көріскенше Рисалей-Нұрдың қандай да бір кітабын алып оқысаңдар немесе тыңдасаңдар менің құнсыз жеке тұлғаммен емес, Қасиетті Құранның қызметшісі ретіндегі мені сол рисаленің ішінен тауып сұхбат қыласыңдар. Онысыз да мен сендермен барлық дұға уақытында, жазу кезінде және алаңдаған кездеріңде ойша сендермен көрісіп отырамын. Біз бір аулада болғандықтан әрқашан бірге саналамыз.
Екіншіден; Осы Юсүф медресесіндегі Рисалей-Нұрдың жаңа шәкірттеріне былай демекпін: Бұлтартпас айғақтармен тіпті сарапшыларды да қабылдауға мәжбүр қылған Құрани ишаралардан мұндай мағына шығады: "Рисалей-Нұрдың адал шәкірттері бұл дүниядан иманды кетеді. Һәм, Нұрдың мағынауи сертіктестігі берекетімен Нұрдың әрбір шәкірті дәрежесіне қарай барлық бауырларының рухани табыстарына, дұға-тілектеріне үлескер болады. Бейне бір мыңдаған тілмен тәубә етіп истиғфар қылған әрі құлшылық еткен боп есептеледі".
Бұл заманда осы аталған екі пайда мен нәтиже үшін бүкіл қиыншылықтар мен азаптар түкке тұрғысыз арзан бағаға қол жеткізген боламыз. Осылайша, әлгі аса қымбат екі пайда адал оқырмандарға нәсіп болады.
[Афион сотындағы ақталу хатымыздың ішінде һәм бізге, һәм Рисалей-Нұрға, һәм осы елге, һәм Ислам әлеміне қатысты маңызды ақиқаттар бар]
Міндетті түрде осы хатты жаңа әріппен бес-он нұсқа көбейтіп, оны елордасы Анкараға жіберу керек. Бізді сол үшін жазаға тартып, тергеуге алса да оқасы жоқ. Ендігі міндетіміз, әлгі ақталу хаттағы ақиқаттарды өкіметке, әділет басқармасына, сот органдарына әрі
халыққа білдіру. Мүмкін, тағдыр бізді сол үшін осы дәрісханаға айдап әкелген шығар. Мүмкін болғанынша тездетіп машинкамен жазылсын. Егер бізді бүгін шығарса біз бәрібір әлгі орындарға жеткізуге міндеттіміз. Сендерді алдап кейінге қалдырмасын. Жетер енді! Айналып келіп бір мәселе үшін он бес жылда үш рет мұндай сұмдық зұлымдықтарға, қайдағы бір сылтау мен азаптағандарға қарсы бұл біздің ақтау хатымыз болсын.
Заң бойынша өзімізді қорғау үшін алдыңғы соттар қол машинкасын пайдалануға рұқсат беріп еді, рас. Олай болса, ондай ақымыздан айыру ешбір заңда жоқ. Егер, ресми түрде жолын таба алмасаңдар сыртта өзіміздің адвокат шұғыл түрде машинкамен бес нұсқасын көбейтіп шығарсын, бірақ мұқияттап, қате жібермеуге тырыссын.
Менің көзім жеткені, Аллаһ жарылқап біздің осы жерге қамалуымыздың маңызды себебі сендерсіңдер, яғни Рисалей-Нұр өзінің жұбаныш хаттарымен, имани ақиқаттарымен сендерді мына қапас бәлесінен, жан азабынан, дүниялық зиян мен босқа өтетін уайымға толы өмірлеріңді пайдасыздықтан, бекерге зая болудан сақтап, дүнияларың оңбай қалғаны секілді ақыретте де сорлаудан құтқарып толыққанды жұбаныш сыйлайды. Бұл рас. Олай болса, сендер міндетті түрде Денизли қылмыскерлері және Нұр шәкірттері секілді өзара бауыр болуларың керек. Өздерің білесіңдер, ішке суық қару кірмесін, бірін-бірі өлтіріп қоймасын деп сырттан келген заттарды, тамақты, нанға шейін тіпті сорпаға дейін тексеруде. Сендерге адал қызмет етіп жүрген қызметкерлер сонымен әлек. Әрі сендерді бірге тынығуға шығармайды, себебі жыртқыш аңдай бірбірлеріңе бас саласыңдар, деп ойлайды.
Бұдан былай сендер секілді болмысынан батыр абақтыға жаңа түскен жігіттер осы заманға тән рухани ерлік жасап түрменің басқармасына былай деңдер:
"Қолымызға қанжар, тіпті мылтық, табанша беріп оның үстіне бұйрық берілсе де біз мына шарасыз өзіміз сияқты бәлеге ұшыраған бауырларымызға тиіспейміз. Бұрың-соңды өшіміз, дұшпандығымыз
болса да кешіріп, тату болуға Құранның әмірімен, иманның талабына сай және Исламның бауырластығы үшін және өзіміз үшін шешім қабылдадық!" деп, түрмені берекелі дәрісханаға айналдырыңдар!
Азиз, адал бауырларым!
Дүнияқұмарлар саяси мәселе үшін немесе бір өнер не болмаса бір жұмыс үшін яки қоғамға қатысты қызмет үшін және жеке сауда мәселесімен бір кездесуге үлкен құрылтай жиналысқа бас қосып ақыл-кеңес құратыны секілді, иманды күшейтіп нығайту қызметінде жүрген Нұр шәкірттері де тағдыр айдап, Аллаһтың жарылқауымен осы Юсүф медресенің құрылтай жиналысына келуі иншаллаһ сауапты іс, пайдасы мол іс-шара, үлкен нәтиже беретін ізгі амал. Рисалей-Нұрдың хас шәкірттерінің әрқайсысы әліп секілді әр жерде болса біреу ғана, ал үш әліп бір жерге иық тіресіп бірлессе мың бір жүз он бір болғандай осы бас қосуда бауырлардың құндылығы мен киелі қызметі, сауабы Құдай қаласа мыңнан аспақ.
Азиз, адал бауырларым!
Қамаудағылармен сөйлесіп, өзара амандасқанымыз үшін бүгін менің тереземді сыртынан жауып тастады. Сырт көзге басқа сылтау көрсетуде. Бірақ, сендер еш уайымдамаңдар! Керісінше мен бұған ризамын, себебі, менің түкке тұрмайтын жеке басыммен шұғылданып Рисалей-Нұрға, шәкірттерін азаптамайтын болды. Сондықтан, олар менің жеке басыма қиянат жасап азаптағанына Рисалей-Нұр үшін, әрі сендердің орныңа және аз да болса Нұрға тиіспегеніне риза болып, сабыр сақтап Құдайға шүкір етемін, еш уайымдап жатқаным жоқ. Сендер де алаңдамаңдар!
Жасырын дұшпандарымыз мемлекеттік қызметкерлердің назарын жеке басыма аударуы Нұр қызметі мен шәкірттердің есен-саулығы үшін Аллаһтың жарылқауы деп ойлаймын, мұнда да бір қайыр бар. Кейбір бауырлар ызаланып қатты сөз айтпасын. Сақтық жасап, дегбірсіз әрекеттен аулақ болсын. Мұны әркімге айта бермесін. Өйткені, аңғал
және сақтыққа үйрене қоймаған жаңа бауырларымыздың сөздерінен мағына шығарғысы келетін тыңшылар бар. Олар түймедейді түйедей қылып жалған ақпарат тасиды. Дәл осы кез күрделі кезең. Дегенмен, еш алаңдап уайымдамаңдар! Бізді Аллаһтың инает-жәрдемі сақтайды. Біз барлық қиыншылыққа сабыр етіп тіпті шүкір етіп төзімділік танытуға қарар бердік. Біршама қиыншылық көптеген жақсылық пен сауапқа себеп болатындықтан шүкір етуге міндеттіміз.
Азиз, адал бауырларым!
Маңызды екі себепке және қуатты ескертуге байланысты мен өзімізді ақтау міндетін осы жердегі және енді келетін бауырларыма, Нұрдың хас шәкірттеріне тапсыр деп жүрекке әмір келді. Мен де солай істеуге мәжбүр болдым. Атап айтқанда (Х. Р. Т. Ф. С.). {(Сілтеме): Хусрев, Рәфәт, Фәйзи, Сабри}
Бірінші себеп; Мен, тергеу кезінде және жалпы белгінышандардан түсінгенім, маған қолынан келгенше қиындық туғызуға тырысуда және ой-пікір жағынан басым түсетіндігімнен қашқақтайды әрі ресми түрде ол жайлы белгі-хабарлар бар. Бейне бір, мен сөйлей бастасам болды, соттағылардың үнін өшіріп тастайтындай, дипломат, саясаткерлерден де үстем келетіндей менде ғылыми құдрет, саяси күш бардеп ойлап түрлі сылтаулармен мені сөйлеткізбейді. Тіпті, өткенде тергеу кезіндегі бір сұраққа: «Есіме түспей тұрғаны!» десем, судья таңғалып: «Сендей тым зерек ілім иесі қалай ұмытады?» деді. Олар Рисалей-Нұрдың таңғажайып қасиетін, іліми құндылығын менің өз ойымнан шығып жатыр деп ойлап зәресі қалмай қорқып жүр. Менің сөйлегенімді қаламайды. Әрі менімен көріскен адам бейне бір дереу Рисалей-Нұрдың жанкешті шәкірті болып кететіндей қорқады. Сол үшін болар, мені ешкіммен кездестірмейді. Тіпті, дін істері министрі бұл туралы былай депті: «Онымен кім көріссе дереу пікірін қабылдайды, оның адамды баурап алу қабілеті күшті».
Демек, бүкіл жұмыстарымды сендерге тапсыру қажет болып тұр. Қолдарыңдағы соңғы және бұрыңғы жазған ақталу хаттарым өзара кеңескен кезде менің орныма оқылып ақылдасуға толық жеткілікті.
Екінші себеп; Кейінге қалдырылды. Дегенмен мағынауи ескертпенің қысқа мазмұны мынау болатын: Маған жиырма бес жылдан бері саясатты, газет оқуды және басқа нәрселерді тастатқызған және олармен шұғылдануға кедергі болған нәрсе мынау: ақыреттік маңызды міндет және рухани жағдай. Міне осы нәрселер әлгі мәселелермен егжей-тегжейлі шұғылдануға едәуір кедергі болады. Сендер әрқашан болмаса да кейде адвокатымызбен ақылдасып менің міндетімді де атқарарсыңдар.
Азиз, адал бауырларым!
Дәл қазір намазда бір ой келді. Бауырларың сені аса құрметтеп сенен мағынауи һәм мадди дәріс алғысы келеді әрі рухани жәрдем, демеу күтеді. Сен дүниялық істеріңді хас шәкірттерге тапсырып, белсенділер өзара кеңес құрып шешім шығаруын мақұлдадың, бұл өте орынды болды. Дәл сол секілді ақыреттік уә Құрани уә Имани һәм іліми істеріңді де Рисалей-Нұрға және шәкірттердің мағынауи тұлғасына тапсыр! Ықыласты да ақ ниетті белсенді шәкірттердің мағынауи тұлғасы сенен әлдеқайда толыққанды өз қызметтерімен қоса ол міндетті адал атқарады. Һәм бұл кезге шейін атқарып келді.
Мәселен, сенімен жолыққан адам уақытша азғантай дәріс тыңдап, насихат алған болса, ал Рисалей-Нұрдың бір кітапшасын оқыса жүз есе көп дәріс алады. Сенің орныңа кітаптан насихат алып сұхбат қылады. Сондай-ақ, бұл қызметті Нұр шәкірттерінің белсенділері әрқашанда атқарып келеді. Иншаллаһ, жоғары дәрежелі дұғасы мақбұл әлгі шәкірттердің мағынауи тұлғасы бұдан кейін оларға әрдайым қасынан табылатын ұстаз әрі көмекші болады!" деген хабар жаныма медет беріп әрі сүйінші хабар берді, рухымды рахаттандырды.
Азиз, адал бауырларым!
Соңғы екі күнде болған кішкене екі оқиғаның еш себепсіз, ғажайып әрі мағыналы түрде болуы әрине кездейсоқ емес.
Біреуі; Абақтының мен жатқан камерасындағы темір пештің кенеттен жарылып мылтық атылғандай қатты дыбыс шығарып астындағы қалың мықты темірді екіге бөліп тастады. Жақын отырған тігінші Хамди қатты қорықты. Біз де аң-таң болдық. Алайда, қақаған қыста қанша тас көмір салып қып-қызыл шоқ болса да жарылмап еді.
Екіншісі; Келесі күні, Фәйзилердің камерасында еш себепсіз бірден су құйылған ыдыстың үстіндегі стакан таңғажайып түрде сынып күл-талқаны шықты. Бұдан мұндай ой түйдім: Иншаллаһ, бізге еш зияны тимей бізге қарсы бағытталған сұмдық рухани бомбаларды біздің Анкараға жіберген яғни астананың алты мақамына жіберген ақталу хаттарымыз жарып жіберді. Мұны бізге қатты қызып жарылып кеткен пеш хабар берді. Әрі мынадай мағынасы болуы да мүмкін: берекелі пеш яғни менің мұңыма ортақ және дұғаларымды естіп жүрген пайдалы жалғыз досым маған былай дегендей: «Мына зынданнан босап шығасың! Енді, менің керегім болмас!»
Азиз, адал бауырларым!
Бүгін мағынауи ой келді. Сендерді ойлап, мұңайып уайымдағасын болар. Тезірек бостандыққа шыққысы келетін және тұрмыстық жағдайын уайымдайтын бауырларымды алаңдап қатты өкінген кезде көкейге бір ақиқат әрі сүйінші хабар келді. Ол не десеңдер, бес күннен кейін өте берекелі, сауабы мол қасиетті үш айлар басталмақ. Әрбір ізгі амалдың сауабы басқа уақытта он болса қасиетті Режеб айында жүзден асады, ал қасиетті Шағбан айында үш жүзге жетіп жығылады. Берекелі Рамазанда мыңнан асады, жұма күндері мыңдаған есеге артса, қасиетті Қадір түнінде отыз мыңға еселенеді. Мұндай ақыреттік пайдасы мол жәрмеңке, ақиқатшыл әрі құлшылыққа аса мән беретіндерге таптырмайтын сәт. Және имандыларға үш айда сексен жылдық өмірдің пайдасын беретін мұндай қасиетті үш айды сауапты он есе көбейтетін Юсүф медресесінде өткізу әлбетте, үлкен ғанибет, мол олжа. Қанша қиналсақ та бұл Аллаһтың рахымшылығы болмақ. Ғибадат тұрғысынан осындай болғаны секілді Нұр қызметі үшін де бес есе пайдалы. Мәселе санда емес сапада болғандықтан бұл тұрғыдан да тиімді. Өйткені, осы қонақжайға әрдайым келіпкетіп жатқандар Нұр дәрістерінің жайылуына ұйытқы болады, кейде бір адамның ықыласы жиырма адамдай пайда әкеледі.
Һәм, Нұрдың ықылас сыры бойынша, саясаткердей батыр, Нұрдың жұбаныштарына аса мұқтаж қамаудағылар арасында жайылып тарауы үшін біршама қиындық шегіп, азапқа түссек те оқасы жоқ.
Ал күнкөріс мәселесіне келер болсақ онысыз да мына үш айлар ақыреттік базар саналатындықтан әрқайсымыз көптеген шәкірттердің орнына, тіпті кейбірі мың адамның орнына қамалғандықтан әлбетте, сендердің сыртқы шаруаларыңа олар жәрдемші болады деп көңілім орнына түсті, терең тыныстап рахаттанып қалдым және айтқа дейін осы жерде болудың үлкен нығмет екенін түсіндім.
Ғазиз, адал бауырларым!
Әуелі; Қасиетті Режеб айларыңды және ертеңгі Рәғайып түндеріңді шын жүректен құттықтаймын!
Екіншіден; Үміт үзбеңдер! Уайымдап дегбірсізденбеңдер! Аллаһтың инает жәрдемі иншаллаһ, медет береді. Үш айдан бері бізге қарсы дайындалған бомба жарылды. Менің пешім және Фәйзинің су стаканы және Хусревтің екі су стаканы берген хабар тура боп шықты. Бірақ, ауыр емес жеңіл өтті. Құдай қаласа ол от та түгі қалмай сөнеді. Енді бар күштерін салып жеке басымды әшкерелеуге және Нұрдың жайылуына кедергі туғызуға тырысып бағуда. Әмірдағы қаласындағы сендерге белгілі мүнапықтан бетер одан да зымыян әрі жасырын жұмыс істейтін діннен безгендердің қуыршағы бір адамды және бидғатшы дүмше молданы пайдаланып барынша аянбай бізді құртуға тырысқан сұм әрекеттері толық жүзеге аспай жиырмадан бірге түсі азайды.
Иншаллаһ, ол бір пайыз бізге зияны тимес және ойлағандары, діттеген мақсаттары яғни бізді араздастырып, Рисалей-Нұрдан бездіру жоспары да жүзеге аспай қалады. Осы қасиетті айлардың құрметіне және көп сауап жинау ниетімен сабыр сақтап төзімділік танытып шүкір әрі, тәуекел етуіміз керек.
ҮКІМЕТ БАСЫНДАҒЫЛАРҒА, ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНЕ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНЕ
{(Сілтеме): Бұл жазба Афион қаласының түрмесінде тұтқын Хз. стазымыздың рұқсатымен адвокаттары тарапынан қағазға жазылып аталмыш органдарға жіберілген-ді.}
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын, бірінші дүние жүзілік соғысты, уақытша бітімгершілік кезеңін, ұлттық үкімет қалай құрылғанын және республика жылдарын көрген және білетін өкіметтің барлық қызметкерлері мені жақсы таныса керек. Дегенмен егер рұқсат болса сізбен бірге өмір жолымды бір шолып өтсек деймін.
Битлис өлкесіндегі Нұрс ауылында дүниеге келдім. Шәкірт кезімде кез-келген ғалымдармен айтысып, іліми сайыста алдыма шыққанды Аллаһтың жәрдемімен жеңе беретін едім. Сөйтіп жүріп, Стамбулдан бірақ шықтым. Стамбулда аты шулы Молла Саид атанып кім қарсы келсе айтысып жүріп ақырында бақталастарым ор қазып, марқұм Сұлтан Хамидтің әмірімен жындыханаға тығып тастады. Тәуелсіздік жарияланып, «Отыз бір Март» оқиғасында жасаған ерлігім ескеріліп «Иттихад уа Тәракки» үкіметінің назарына іліктім.
Мысырдағы «Жами-ул Әзхар» университетіне ұқсас «Медресе-түз Зәхра» атты Ислам университетін Ван қаласында ашу керектігі күн тәртібіне қойылды. Тіпті, оның іргетасы қаланып бастап еді, бірінші дүние жүзілік соғыс басталып мен шәкірттерімді алып ерікті қолбасшы ретінде соғысқа аттандым. Кавказ майданында Битлисте тұтқынға түстім. Тұтқыннан босап Стамбулға келдім. Ол жерде Ислам акедемиясына мүше болып қызмет атқарып, уақытша бітімгершілік кезінде елімізге басып кірген отарлаушы күштермен барынша, аянбай күрестім. лттық үкімет жеңіске жетіп ерен еңбегім үшін Анкара үкіметі жоғары баға беріп менің Ван қаласына университет ашамын деген бұрыңғы ұсынысымды қайта қарап қабыл етті.
Осы жерге дейінгі өмірім отаншыл, патриоттық дәуір болатын. Сол кезде мен саясат арқылы дінге қызмет етемін деп ойлайтынмын. Алайда, кейін дүниеден безіп, өзімнің атауым бойынша сол кездегі Саидты «Ескі Саид» деп одан бас тартып ақыретті көп ойлайтын Саидты «Жаңа Саид» деп дүниядан қол үздім. Жаным жалғыздық қалап бір кездері Стамбулдағы «Юша» төбесіне қоныстанып сол жерде ғұмыр кешірдім.
Содан соң туған жерім Битлиске, Ван облысына барып үңгірлерге тығылдым. Рух пен ар-ожданнан туындайтын рахат іздеп:
(шайтаннан және саясаттан бір Аллаһқа сыйынамын!) ережесіне сай саясаттан аулақ болып рухани әлемге сапар шектім. Қасиетті Құранды зерттеп, мағынасына терең бойлап уақытымның бәрін ілімге арнап «Жаңа Саид» болып жаңаша өмір сүре бастадым.
Бірақ, тағдыр айдап мені жер аударып әртүрлі аймақтарда болдым. Айдауда жүргенімде жүрекке Қасиетті Құран нұр сәулесін төгіп айналамдағы достарыма көкейге келген нұр-сәулелерді жаздырып бірнеше том кітап жарыққа шықты. Бұл рисалелердің барлығына «Рисалей-Нұр» деп ат қойдым. Шынымен де Құранның нұрынан бастау алғандықтан аты затына сай болды деп ойлаймын. Бұл илһаммен, аян арқылы жазылғанына толық сенімдімін, оған еш шәк-шүбә жоқ. Бұл кітаптарды көшіріп жазып яки таралуына еңбек еткендерге. «Бәрекелді!» Өйткені, иманның нұрын біреуден есіркеп, аяуға болмайды. Бұл рисалелерім кейбір иманды жандар тарапынан бір-бірінен алып көшіріліп көбейтілді. Менің көзім жеткені, бұл Құрани тәпсір мұсылмандардың зақымданған имандарын қуаттап мықтап, бекіту үшін тағдырдың жағаны. Бұл тағдырдың жазуына ешбір иманды қарсы шығып кедергі бола алмайтыны секілді, демек қоштауға діни тұрғыдан міндетті деп білемін. Онысыз да бүгінге шейін саны жүз отыздан астам рисалелер жаппай ақырет жәйлі, иман туралы болып тікелей саясат, туралы дүния жәйлі баяндамайды. Солай бола тұра кейбір бәлеқорлар ортаға алып тиіскені рас.
Жан-жақты тергеу жүргізіліп Ескішәһар, Қастамону, Денизли қалаларында тұтқындалып, бірнеше рет сот болды. Соңында ақиқат ортаға шығып, әділет көрініс тапты. Дегенмен бәлеқорлар тоқтамады. Дәл қазір де тұтқындалып Афион қаласына айдап әкелді. Қамаудамын, тергеу жүріп жатыр. Мені төмендегі бабтармен айыптауда:
1- Саяси ұйым құрған.
2- Мемлекеттің саясатына қарсы пікір таратады.
3- Саяси мақсаты бар.
Бұлай деуіне себеп және көрсеткен айғақтары мынау: менің екіүш кітабымнан он-бес сөйлем тапқан, соны алға тартуда. Атақты Наполеон былай деген екен: "Маған, басқаша жоруға келмейтін
бір сөз айтыңдар. Сол сөзді бұрмалап ол адамды сол сөзі үшін өлім жазасына кесемін!". Адамның аузынан шыққан сөзді, жорып, түрлендіргенде оны кінәлі, қылмыскер қылу оңай. Әсіресе мен секілді жасы жетпіс беске таяған, дүниялық өмірден баз кешкен, тек ақыретті ғана ойлайтын адамның жазба сөздері әрине, еркін болса керек-ті. Ақ ниет, адал көңілмен жазғандықтан ештеңеден тартынбай жазады. Оны егжей-тегжейлі тексеріп астынан кір іздеу ынсапсыздық. Басқаша түсіну мүмкін емес.
Сондықтан, менің жүз отыз рисалемнің ешқайсында дүниялық мақсат жоқ. Түгелдей Құран нұрынан алынған ақырет пен имандылық жайлы сөздер. Олардың ішінен саяси немесе дүниялық мүдде таппайсыңдар. Солай екені сот тарапынан расталған-ды. Өйткені, бір сот тергеуге алады да ақырында кінә таба алмай босатып қоя береді. Олай болса, бекерге соттың уақытын алып, бейкүнә имандылардың шаруасына кедергі болудың керегі не? Отан мен халыққа обал емес пе? Бұрыңғы Саид бүкіл өмірін халқы мен отан үшін, олардың бақытты болашағы үшін арнаған бола тұра, дүниядан мүлдем бас тартқан, жетпіс беске келіп қартайған Жаңа Саидтың саясатпен араласуы мүмкін бе? Мұны сендер де жақсы білесіңдер.
Мен, қабірге жақындаған мына қарт шағымда Ислам елі мына отанымызға большевизмнің қара бұлты төніп келеді. Бұл пәлекет Ислам әлемінің иман негіздерін зақымдап халықты әсіресе, жастарды иманнан айырып өзіне тартып алуда. Мен бар күшіммен солармен аянбай шайқасып келемін. Жастарды, мұсылмандарды имандылыққа шақырудамын. Әлгі имансыздармен күресіп түрде Аллаһтың құзырына күрескер ретінде шыққым келеді. Менің бар арман-мақсатым осы. Менің бұл мақсатыма большевиктер кедергі бола ма, деп қорқамын. Бұл иманға жау дұшпандарға қарсы діндар бауырлармен ынтымақ құрып, бірігу мен үшін үлкен ғанибет. Мені еркін қоя беріңдер! Қол ұстасып комунизммен уланған жастарды тура жолға салып, еліме иман тұрғысынан қызмет етейін, Аллаһтың бірлігіне шақырайын!
Ғазиз, адал бауырларым!
Бұл дүнияда әсіресе бұл заманда әсіресе бәлеге ұшырағандарға және оның ішінде Нұр шәкірттерінің ауыр жағдайына, үмітсіз хәлдеріне жұбаныш не десеңіздер, ол өзара бір-бірін жұбату, құлазыған көңілін көтеру, рухани демеу және жанкешті адал бауырдай бір-бірлерінің қайғы-мұңдарын сейілтіп жабырқау көңілдерін мейірімдене көншіту... Арамыздағы хақиқи бауырластық пен ақыреттік достық өзара ренжісуді, жақ-жақ болып араздасуды көтермейді.
Мен сендерге жан-тәніммен беріліп сенім артқаным рас әрі сендер үшін жан тыныштығымды ғана емес тіпті қуана-қуана жанымды пида етуге дайын екенімді білесіңдер, мүмкін көріп те жүрген шығарсыңдар. Жасыратыны жоқ, ант етейін, сегіз күн болды РисалейНұрдың екі озат шәкірті бір-біріне еркелеп, жұбатудың орнына ренжітіп, мұңайтқанын естідім. Бұл сырт көзге жәй, кішкене мәселе шығар. Дегенмен, естіген кезде жүрегім ауырып қатты қиналдым. «Қап, әттеген-ай! О, Әрхамәррахимин! Медет бере гөр! Бізді жын мен адам шайтандарының бәлесінен сақта! Бауырларымның жүректерін бірі-біріне адал, шынайы берілген, өзара сыйластық, бауырластық пен мейірімге толтыр!» деп рухым, жүрегім, ақылым зар жылдам.
Уа, болаттай мықты бауырларым! Маған көмектесіңіздер! Мәселе өте күрделі. Мен сендерге үлкен сенім мен үміт артып бүкіл міндетімді сендердің рухани тұлғаларыңа тапсырған болатынмын. Сендер де бар күштеріңмен аянбай маған көмекке жүгірулерің керек болатын. Араларыңда болған оқиға уақытша әрі кішкене екені рас, дегенмен сағаттың ішіне немесе көздің ішіне бір тал шаш түсіп кетсе ауыртатыны секілді араларыңда болған кикілжің аса маңызды. Оны үш оқиға және өзіміз куә болған үш мәселе растады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Менің пешім және Фәйзи, Сабри мен Хусревтің екі стаканының парам-парша болуы сұмдық бір бәленің келгенін хабар бергенді. Иә, біздің ең қуатты тірегіміз өзара шынайы ауызбіршілік, бірбірінің кемшіліктеріне қарамау және Хусрев сынды Нұрдың баһадүр
шәкірттеріне - ол менің орнымда сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың мағынауи тұлғасының бір уәкілі болып саналатындықтан - ешбір тұрғыдан ренжімеу. Мен бірнеше күннен бері рухани сұмдық азап шегіп, қатты қайғырып: «Апырм-ай, дұшпандарымыз бізді жеңетін бір тәсіл тапты ма екен! Неліктен мұнша қиналдым!» деп қатты уайымдадым. Һәм пешім һәм ойша көрген ақиқатым дұрыс боп шықты. Өте сақ әрі абай болыңдар! Осы кезге дейін жалғасып келген болаттай берік ауырбіршіліктеріңді қалпына келтіріп бұрынғыдай ынтымақта болыңдар. Аллаһқа ант етемін, бұл оқиға біздің түрмеге қамалуымыздан да бетер Құран мен Иман қызметімізге - әсіресе осы күндері - күллі зиян.
Ғазиз, адал бауырларым!
«Мираж» түні екінші Қадір түні секілді маңызды. Бүгін түнде қолдан келгенше еңбектену керек. Өйткені бір амал мың есеге артпақ. Мағынауи серіктестік бойынша иншаллаһ, әрқайсың қырық мың тілмен тәсбих қылатын періштелер секілді қырық мың тілмен осы қасиетті түнде және мына сауапты да азапты жерде ғибадат етіп, дұға жасайсыңдар деп ойлаймын. Бізге жасалған қастандықтың мың есеге азайып жеңіл құтылғанымызға шүкір етіп бұл түнді ғибадатпен өткізу керек. сендердің сақтық жасауларың мақтауға тұрарлық, сонымен қатар бізді Аллаһтың жарылқағаны ашық түрде көрінгенін айтып қуантқым келеді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Әуелі, сендерді «Мираж» түнімен шын көңілден құттықтаймын!
Екіншіден; Жиырма жылдан бері біздің ұстанымымыз, Нұр шәкірттерінің мүмкін болғанынша ел тыныштығына тиіспеуі еді. Сондықтан, бізге тиіскеннің өзі бірінші болып елдің тыныштығын бұзып қауіпсіздікті жойғысы келеді және біздің ұстанымымыздан тайдырғысы келеді. Оған дәлел осы қазіргі біздің түрмеге қамалуымыз. Бірақ, бұл жауыздықтың сендердің адалдық пен ықыластарыңның
арқасында беті қайтып шығыны аз болды. Түйедей мәселе түймедей болды. Әйтпесе, біз туралы түйедейді түймедей қылатындар осы сәтті пайдаланып жапқан жалаларын растап көпшілікті сендіруі мүмкін еді.
Үшіншіден; Мені уайымдамаңдар! Сендермен бірге бір жерде болғаным барлық қиыншылықты жеңілдетіп көңілім жай. Негізінде біздің бұл жерге жиналуымыздың көптеген пайдасы бар. Иман қызметі үшін аса маңызды. Тіпті, осы жолы ақталу хатымыздың қосымшасындағы кейбір ақиқаттар жоғарғы орындарға жіберіліп олар мұқият оқып мықты әсер еткені біздің мына қиыншылығымызды ұмыттырып жіберді.
Төртіншіден; Мүмкін болғанынша Рисалей-Нұрмен шұғылдану мазасыздықты жояды әрі бес түрлі ғибадат боп саналады.
Бесіншіден; Нұрдың дәрістерінің саясында бәленің салмағы азайып мүлдем жеңіл өтті. Әйтпесе, қазіргідей күрделі кезеңде отқа май шашқандай мәселе үлкейіп зор болар еді. Тіпті, кейбір ресми қызметкерлер: «Бұл қанды оқиғаға Нұр дәрісін тыңдағандар қатыспады!» депті. Егер, барлығы тыңдағанда ештеңе де болмас еді. Сендер мүмкін болғанынша жік-жік болып бөлінуге жол бермеңдер. Түрменің азабы жетеді, оған тағы бір азап қосудың мағынасы жоқ. Қамаудағылар Нұршылар секілді өзара бауыр болып ренжіспесін.
Ғазиз, адал, ықыласты бауырларым!
Біз қолымыздан келгенше Ықылас рисалесіндегі ережедәстүрлерді және шынайы ықыластың сырын өз арамызда қатаң сақтап, жүзеге асыруға міндеттіміз. Нақты хабар бойынша үш айдан бері осы жердегі хас шәкірттерді бір-біріне айдап салып, әртүрлі пікірде болғандығын пайдаланып өзара араздастыру үшін үш адам тағайындалғанға ұқсайды. Әрі берік Нұршыларды жалықтырып тоқырату және әлжуаз, шыдамсыздарды уайымдату және Нұр қызметінен бастартқызу үшін еш себепсіз соттың күнін созып кейінге қалдыруда. Абай болыңыздар! Осы кезге дейінгі өзара жанкештілік, бауырластық пен адал сыйластық азаймасын, араларыңа сызат түспесін. Кішкене сызат дәл қазіргі жағдайда үлкен зиян береді.
Өйткені, Денизли қаласында азғантай реніш (..............) секілді имам-молдаларға кері әсер етіп, бізден бөтенсіп кетуге себеп болды. Біз бір-біріміз үшін керек болса жанымызды пида етуге дайынбыз, мұны Құран мен Иман қызметі талап етеді. Солай бола тұра мазасыздықтан немесе басқа бір жағдайға байланысты кірпияздық танытып шынайы жанкешті азаматтар бір-біріне ренжімек түгілі, барынша кішіпейілділік жасап, инабаттылық танытып, тағдырға көніп қайта өзін кінәлап сыйластық пен құрметті арттыруға тырысқан жөн. Әйтпесе, түймедей мәселе түйедей болып орны толмас өкініш пен күллі зиян шегеміз. Сендер парасатты болғандықтан сөзді қысқа қайырдым.
Ғазиз, адал бауырларым!
Атқарылуы қажет өте маңызды бір-екі нұр уазипасы бар. Ол не десеңдер, бар күшімізбен мына Юсүф медресесіндегі қиналып жүрген байғұс, қамауда отырғандардың арасына араздық түспеу үшін және жақ-жақ болып бөлінбеуі үшін Нұр дәрістері мен қызмет ету. Бұл көкейге келген мәселе. Өйткені, өзара араздықты, кектесуді, ерегісуді пайдаланғысы келіп жүрген жасырын сұмдық бүлікшілер бар. Рас, мына түрмедегі достарымыздың көбі қажет болса жанын отан үшін, халық үшін, ағайын-бауыр үшін пида ететіндей дәрежеде батыр жігіттер. Әлбетте, мұндай мәрт азаматтар ерегісу, ашу-ыза, дұшпандық сезімдерін халықтың амандығы үшін және түрменің тыныштығы үшін және астыртын анархия орнатқысы келетін большевик пікірлі алаяқтардан аман болу үшін мына түк пайдасы жоқ және күрделі кезеңде күллі зиян өзара дұшпандықты, босқа ерегісуді тастауы қажет. Әйтпесе, дәл осы кезде отқа май құйғандай мына байғұс қамалғандарға әрі Нұрдың бейкүнә шәкірттеріне әрі осы Афион қаласына қиындық туып шырқы қашады. Тіпті, елімізге кіріп алған бөтен астыртын ұйымдарға оңтайлы жағдай жасалған болады. Біз, олардың көңіліне қарап, түрмеге қамалуымыз тағдырдың жазуы деп, кейбіріміз олардың бақыты мен рухани рахаты үшін бұл жерден шықпай олар үшін жанкештілік жасап қиындыққа шыдап жүрміз. Олай болса жаңадан келген бауырларымыз Денизли түрмесіндегі қамалғандар секілді бауырластықты сыйлап және қасиетті Рамазан
мен Шағбан айының құрметіне өзара ренжіспеулері керек достасып, татуласулары қажет тіпті, ауадай қажет. Онысыз да біз және мен оларды Нұр шәкірттері шеңберінде деп қабылдап дұға етіп жатырмыз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Иә, Рисалей-Нұрдың көтеріп отырған мәселесі, Ислам әлемі үшін әсіресе, осы ел үшін маңызы зор. Сондықтан, осындай дүрбелең түрде бұқараның назарын ақиқаттарға аудару қажет. Біз ойламаған жағдайда, еріктен тыс әрі қанша жасырсақ та және дұшпандарымыз мәселені маңызсыз көрсетуге тырысса да жарқын түрде Рисалей-Нұр өзінің дәрістерін дос пен дұшпанына ашық түрде оқытуда. Ең құпия сырларын ең алыс адамдарға да қайтпас қайсарлықпен көрсетуде. Бұл ақиқат, олай болса біз аздаған қиыншылықтарды ащы дәрі ретінде қабылдап сабыр сақтап шүкір етуіміз керек. «Бұл да өтеді де кетеді!» деуіміз керек.
Екіншіден; Осы Юсүф медресесінің бастығына былай деп жаздым: Мен Ресейде тұтқында болғанымда большевизмнің дауылы ең алғаш түрмеден басталған-ды. Сол секілді Франциядағы революция да ең бірінші түрмеден бастау алған. Жалпы тарихта есерсоқ әумесерлер көтерілісі қамаудағы отырғандардан шыққан. Сондықтан, біз Нұр шәкірттері Ескішәһирде, Денизлиде және осы жерде мүмкін болғанынша қамауда отырғандарды түзеуге атсалыстық. Аталған қалаларда пайдасы көзге де көрінді. Бұл жерде де көп пайдасы болады деп ойлаймын. Себебі мына өте күрделі кезеңде Нұрдың дәрістерінің саясында фитне-бүліктің беті қайтып жартысының жартысына түсті. {(Сілтеме): Афион қаласында түрмеде көтеріліс болды. Бірде-бір нұр тәлабасы қатыспады.} Әйтпегенде мұндай оқиғаны күтіп жүрген, оны оңтайлы сәт деп жүрген қара ниетті кері ағымдар отқа май құйып өрт шығар еді.
Ғазиз, адал, болаттай берік, мойымас қайсар, қажымас бауырларым!
Дәл осы кезде мадди-мағынауи мазам кетіп нәпсім сендер үшін мұңайтқан шақта кенет көкейге мұндай ой келді: сен, осындағы бауырларыңның жалғыз біреуін жақыннан көру үшін мұнша қиыншылық пен машақатты басқаша түрде он есесін тартқан болсаң аз дер едің. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың тақуалық, қанағатшыл жолы және жалпыға ортақ әрі өте мұқтаж жандарға тіпті, өзіне дұшпан кісілерге де дәріс беру ұстанымы сондай-ақ, өз ішіндегі мағынауи тұлғаны сөйлеткізу үшін бұрыңғы заманда ақиқатшылдар жылда бір-екі рет бас қосып, сұхбат етіп тұрғаны секілді Нұр шәкірттерінің де бірнеше жылда бір рет бас қосу үшін ең ыңғайлы жер осы Юсүф медресесі. Демек осында жиналып бас қосуы қажет болды. Сол үшін бұдан мың есе қиналып, көп машақат шексек те еш оқасы жоқ.
Мұның алдында қамалғанымызда бірнеше әлжуаз бауырларымыздың сағы сынып Нұр шеңберінен бас тартқаны өздеріне күллі зиян болды. Бірақ, Рисалей-Нұрға ешқандай зияны болмады. Олардың орнына әлдеқайда берік, анағұрлым ықыласты шәкірттер ортаға шықты. Дүнияның мұндай сынақтары уақытша лезде өтіп кететіні рас. Әрі рухани жеміс беріп, сауап жаздырады. Олай болса Аллаһтың жәрдемін күтіп сабыр сақтап шүкір етуіміз керек.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Соңғы екі жазбаны я көне әріппен я болмаса машинкамен ақпарат ретінде соттың төрағасына ресми түрде емес өз қолына ыңғайлы әрі ықыласты бір адам арқылы берген кездеріңде қосымша хат жазып хатқа былай деңіздер: Саид сізге рахмет айтуда. Жауып тастаған терезені қайта ашты. Дегенмен, оны ешбір бауырымен, қызметшімен жолықтырмай жатыр. Прокурор солай депті. Және сізден сотта қалған мұғжизалы, таңғажайып Құран Кәрімін қайтарып
берілуін өтінеді. Оны осы мүбарак айларда оқимын, дейді. Ондай таңғажайып Құранның үш парасын Дін істер басқармасына көшірмесі алынып бастыру үшін үлгі ретінде жіберген болатын.
Һәм, сонымен қатар, Рисалей-Нұрдың сотта жатқан кітаптарынан біреуін сұрап жатыр. Қамауда жалғыз өзі әрі мазасыз болғандықтан соны оқып талқылап өзін жұбатып, серік болады, дейді. Негізінде ол кітаптарды үш-төрт сот тексеріп айып таға алмағанды әрі оларды Қасиетті Мәкке мен Мәдинада қажылар көріп мақбұл болғанына куә болған-ды және киелі Шамда, Халепте әрі Мысырдағы Жами-ул Әзһардың ірі ғалымдары жоғары бағалап, қадірлеп ешқандай да сын айтпай қабыл көрген-ді.
Ғазиз, адал баууи арым!
Фәйзилерде екі нұсқа «Хизб-и Нури» бар. Егер, оларға қажет болмаса біреуін маған жіберіңдер я болмаса Мехмет Фәйзи тағы бір нұсқасын жазсын. Әрі Рамазан рисалесі мен Аят-үл Күбра осы жерде болуы керек. Араларыңда болған ренжісуді тез ұмытып, түзеуге тырысыңдар. Абай болыңдар, азғана сызат Нұр қызметі үшін үлкен зиян береді. Мазасыздық кездегі сезімге берілмеңдер! Пешімнің еш себепсіз жарылып кетуі осы бәледен хабар берсе керек.
Мен сендерге әбден сеніп, көңілім жай қабірге кете беруді ойлап және Нұрларын есендігін сендерге тапсырмақ ойым болатын. Ешбір оқиға сендерді бір-бірлеріңнен айыра алмас деп ойлайтынмын. Осы күндерде ресми түрде Нұрдың ірге тасындай шәкірттерін бір-бірімен араздастыру дейтін сұмдық жоспар бар екенін білдім. Сендер бір-бірлеріңе керек болса жандарыңды беруге дайынсыңдар, мұны мен сендердің адалдықтарыңнан және Нұрға деген ыстық ықыластарыңнан байқап отырмын. Мұндай азғантай және уақытша, түкке тұрмайтын сезімдеріңді де пида етулерің керек, әйтпесе осы кездерде бізге үлкен зиян тиетіні сөзсіз. Тіпті, Нұр алаңынан шығып
кету қаупін ойлағанда жаным түршігіп кетті. Үш күн бойы бұрынсоңды болмаған мазасыздық басып қайта-қайта алаңдап жүрдім. Енді білдім, қалайша көздің ішіне бір қыл түссе қатты мазалайтыны секілді азғантай еркелік сендердің араларыңды ашып Нұр қызметімізге бомба сияқты кері әсер етеді. Тіпті, мұны да айта кетейін, өткен бүлікке бізді де қатысты секілді көрсетіп араластырғысы келді. Мен сендердің көңілдерің үшін әрқайсыңмен салыстырғанда он есе қиындық шексем де сендердің ешбіріңе ренжімеуге қарар бердім. Сендер де өзіңдікі дұрыс болсын, бұрыс болсын менмендікке салынбай, өзара ренжіспегендеріңді баршамыздың ұстазымыз болып табылатын шәкірттердің мағына тұлғасы атынан сұраймын. Егер, ол жер бірге тұруға ыңғайсыз болып жатпаса және бөтен біреулер мүмкіндік бермей түртіп жатса біреуің Тахиридің камерасына көшіңдер.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сендерден өтініш, үшеуіңнің бір-бірлеріңе қатты ренжісулеріңе менің көп мән бергеніме ренжімеңдер. Себебі, Хусрев пен Фәйзи мен сияқты көпшіліктен қысылып, өзін ыңғайсыз сезінеді. Әрі, ұстанымдары бір-біріне ұқсамайды. Ал, Сабри болса тума-туысы көп және тұрмыс-тіршілік жағымен қоғаммен тығыз байланыста және сақ болуға мәжбүр. Міне, осындай ұстанымдары бөлек болғандықтан ол тынышсыз камерада және көпшілік ішінде сабыр сақтап, шыдай алмағансыңдар ғой, мен соны уайымдап ойыма түрлі күдіктер келді. Неге десеңдер, дәл осы кезде өзара қайшылықтан көптеген зиян шегуіміз мүмкін.
Ғазиз, адал бауырларым және мына Юсүф медресесіндегі дәріс достарым!
Осы бүгінгі «Барат түні» бір жылдың киелі дәнегі десе болады. Ол адамзат тағдырының бағдарламасы секілді болғандықтан Қадір түніндей қасиетті саналады. Әрбір жақсылықтың сауабы Қадір түнінде отыз мыңға шықса осы Барат түнінде әрбір салих амалдың сауабы мен Құран әрпінің сауабы жиырма мыңға жетіп жығылады.
Басқа уақыттарда он болса қасиетті үш айларда жүз және мыңға жетеді. Осындай қасиетті түндерде игі амалдар он мыңға, жиырма мыңғы яки отыз мыңға шығады. Бұл түндер елу жылдық ғибадат саналуы мүмкін. Сондықтан қолдан келгенше Құран оқып Истиғфар айтып Аллаһтан кешірім сұрап, Пайғамбарымызға салауат секілді салих амал жасаған жөн әрі өте пайдалы.
Имандыларға елу жылдық мағынауи өмірді иеленуге мүмкіндік беретін Барат түндеріңді шын көңілден құттықтаймыз! Әрқайсың мағынауи серіктестікке байланысты және рухани демеудің арқасында қырық мың тілмен тәсбих қылатын кейбір періштелер секілді әрбір ықыласты, ақ көңіл таза Нұр шәкірті қырық мың тілмен истиғфар, тәуба етіп, құлшылық еткендей болуын Иләһи рахымнан зор сеніммен үміт етеміз.
Біріншіден; Бидғатшы кейбір имамдардың пікіріне сүйеніп біз туралы айыптамада Ислам дажжалының және бірнеше дажжалдың келетінін бейне бір қабылдамайтындай «Бесінші Шуадағы» бір мәселеге қарсы шығыпты. Бұған жауап ретінде Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизасы болып табылатын мына хадисте:
Яғни «Менің көкемнің яғни әкемнің інісі Аббастың ұрпақтары Ислам халифатын жалғастырады. Сосын, дажжал келеді де халифатты құлатып билікті қанды қолына алады». Демек, бес жүз жылдай ұзақ уақыт Аббаситтер халифат құрып жалғастырады.
Кейін, Шыңғысхан, Хулагу дейтін үш дажжалдан біреуі ол халифатты құлатады. Сөйтіп, мұсылмандарды дажжал сынды арасында жүріп басқарады. Демек, бірнеше хадистер Ислам ішінде үш дажжал келетінін дәлелдейді. Бұл хадистің ғайби хабары нақты екі мұғжиза болып табылады.
Біреуі: Аббаси мемлекеті яғни халифат құрылып бес жүз жыл жалғасатыны.
Екіншісі: Аббаси мемлекетін өте залым әрі бүлікшіл Шыңғыс пен Хулагу дейтін дажжал күйрететіні айтылған. Апырм-ай, өзінің хадистерінде Құран мен Исламға қатысты ең кішкене оқиғаларды хабар берген шариғаттың Иесі осы заманғы сұмдық оқиғалар туралы хабарламауы мүмкін бе? Және өздерің ойлаңдаршы, осындай қиын кезеңде ауыр шарттарда Құранға табандылықпен ауқымды түрде қызмет еткен және сол қызметтің жеміс-пайдаларын досқа да дұшпанға да дәлелдеген Рисалей-Нұр шәкірттеріне ишара қылмауы әсте мүмкін бе?
Ғазиз Нұрдың қолбасшысы және Қасиетті Құранның қызметшісі бауырым Рәфәт мырза!
Яхуди халқы өмірге құмар әрі дүнияны қатты жақсы көретіндіктен әр ғасырда қорлық көріп, міскін өмір сүрумен жазаланған. Дегенмен, Палестина мәселесінде олар өмірге құмарлық, дүнияға махаббат сезімімен емес, тарихта Палестина Исрайыл ұлдары жерленген киелі жер және бұрыңғы пайғамбарлар өз ұлтынан болғандықтан сол жағынан алғанда маңызды ұлттық әрі діни сезіммен әрекет еткендіктен тез дереу жазаға тартылмай отыр. Әйтпесе, кең байтақ Арабстанда ондай кішкене қауым әсте шыдай алмай тез арада белгілі бір жерге қамалып тасталар еді.
САУАЛ: Жер шарының шар тәріздес екені жайлы аят бар ма және ол қай сүреде? Жердің жазық немесе домалақ екеніне күмәнім бар. Құрылықтарды теңіз қоршап жатқан жоқ па? Ол теңіздерді қоршап тұрған не нәрсе? Өтінемін, баяндап берсеңіз. Аса құрметпен:
Рисалей-Нұр мұндай мәселелерді толық жауаптандырған. Жердің шар тәріздес екендігін Ислам ғұламалары мойындайды, оның дінге еш қайшылығы жоқ. Аяттың "сатых" яғни жүзі деуі жердің домалақ еместігіне дәлел емес. Мүджтахит имамдардың намазда жүзді қыблаға қаратуды шарт қосқан. Ал шарт болуы үшін барлық іс-қимылдарда болатындықтан сәждеде де рукуғда да жүзді қыблаға қарату керек. Бұл деген сөз, жердің шар тәріздес болуымен жүзеге асады және шариғат бойынша Қасиетті Қағбаның үстінен яғни сонау ғарышқа дейін, ал асты жердің ортасына дейін созылып жатқан нұрлы тірек бар екенін білдіреді. Сонда шар тәріздес болғанда қыблаға қарау намаздың шарты бола алады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Мүбарак қасиетті рамазан айларыңды шын көңілмен құттықтаймыз! Хақ Тағала осы қасиетті рамазандағы Қадір түнін баршаңызға мың айдан қайырлы қылсын, әмин. Және сексен жылдық рухани өмірдей қабыл болсын, әмин!
Сотта заң жүзінде бізді айыптайтын ештеңе таба алмағандықтан түкке тұрмайтын, биттің қабығындай, заңнамаға еш қатысы жоқ шағын хаттардың кішкене тақырыптарын арқау етіп бірақ, РисалейНұрдың жаһандық, күлли мәселелеріне тиісуге сылтау таба алмағанын сендер де түсінген шығарсыңдар,
Әрі өте ауқымды және көп Нұр тәлабаларының және РисалейНұрдың орнына тек менің жеке басыма тиісіп, беделімді түсіруге тырысқандары жақсы нәрсе. Неге десеңдер, тағдыр оларға Рисалей-Нұр мен шәкірттеріне осылайша тиіскізбей, менімен шұғылдандыруда. Мен де сендерге және барлық достарыма айтарым: Мен шын көңіліммен тіпті жүгенсіз нәпсім де бұған қосылады, Рисалей-Нұрдың және сендердің аман-саулықтарың үшін басыма түскен қандай да қиыншылықтарды қуана әрі ризашылықпен қабылдауға дайынмын. Жәннат арзан емес, жәһаннам да босқа емес. Дүния және оның ішіндегі машақаттар да уақытша болғаны секілді бізге дұшпандарымыз тарапынан жасалған зұлымдықтың ақысы ертең махшар сотында, бір бөлігі дүнияда жүз есе алынатындықтан оларға ашуланудың орнына аяп өкінеміз. Бұл ақиқат, олай болса еш уайымдамай әрі сақтық жасап сабыр етіп әрі шүкір етіп тағдырдың жазғанына риза болып, бізді қорғап отырған Аллаһтың инаетжәрдеміне сеніп, тәуекел етуіміз керек. Және осындағы бауырлармен шынайы әрі өзара жұбаныш беретіндей әрі адал түрде және бір-біріне арқа сүйеп сұхбаттасу, достасу арқылы қасиетті рамазан айында топ сауап жинап дұға жасап, іліми дәрістерімізді алып осылайша уақытша машақаттарға көп мән бермеуге тырысу үлкен бақыт, әрі ғанибет. Рисалей-Нұр мына емтихан дүнияда әсерлі дәріс беруі және дұшпандарына өзін оқытуы бұл әрине, маңызы зор Нұрдың жеңісі, мол табыс.
(Сілтеме)Кейбір бауырларымыздың шәкірт екенін босқа жоққа шығаруы әсіресе (........) сынды кісілердің бұдан бұрын жасаған маңызды Нұр қызметін орынсыз жасыруы тіптен жағымсыз. Дегенмен бұрын атқарған еңбектерін ескеріп оларды кешіріп, ренжімеуіміз керек.
Ғазиз, адал бауырларым!
Әуелі; Ертең Қадір түні болуы бек мүмкін болғандықтан кейбір мүжтәхид имамдар Қадір түнін сол түнге сәйкес келеді деп айтқан. Дәл өзі болмаса да бірақ үммет сол түнді солай қабылдайды. Иншаллаһ, дәл өзі секілді қабыл болар.
Екіншіден; Дүрбелең алтыншы камерадағы бауырларымның жағдайын уайымдап отырмын. Сырттан біреу осы абақтыға әсіресе алтыншы камераны нысанаға алып араласатыны белгілі. Сондықтан, ол жердегі бауырларымыз өте мұқият әрі сақ болсын, ешнәрсеге араласпасын.
Үшіншіден; Адвокатқа және билік басындағыларға оқыту үшін хаттаманы жібердіңдер ме? Һәм, мәселе ортақ болғандықтан Халил Хилми тек Сабридің ғана емес ол бәріміздің адвокат, қорғаушымыз. Мен оны солай деп білемін. Ол бәріміздің атынан бірінші адвокатымызға барынша жәрдем етсін.
Төртіншіден; Ташкөпірүлік Садық мырзаның жазбасын көшіріп жазу үшін Сабриге берген едім. Егер, жазған болса тексерілген жазбаларды оған беріңдер. Жазылған бір нұсқасы менде қалсын. Әрі, Садықтың өлең тізбегінің бір данасы менде бар, сендерде жоқ болса жіберейін.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Сендерді және сол түрмедегі достарды мейрамдарымен құттықтаймын! Сендерді мерекемен құттықтағандарды мені де құттықтаған деп қабылдаймын және мені сендерге келіп бәріңді құттықтағандай қабыл алыңдар, солай болсын.
Екіншіден; Еш себепсіз темір пешімнің парша-парша болуы арқылы берген хабар және біз сол хабарға байланысты өте сақтық жасап, абай болғандықтан бүліктің беті қайтып, жүзден бірге азайды, отқа май құйылмай арзан құтылдық. Енді, тағы да себепсіз су ыдысымның ғажап түрде күл-талқаны шығуы бекерге емес. Ол бізге тағы да сақ болуды, төзімділік танытып, абай болуымызды хабар беріп жатыр. Мағынауи ескертуге байланысты жасырын мұнапықтар
діндар топқа қарсы намаз оқымайтын азғындар мен діннен безген комунистерді айдап салмақ ойлары бар. Тіпті, оның ұшқындары біздің камераға дейін жеткен сықылды.
Сілтеме:Кеше неге екені белгісіз, көңілім көтеріліп, қуанып отырдым. Қарасам, Нұрс ауылындағы бауырым Нұрстың балын бір ыдысқа салып сегіз ай бұрын маған яғни Әмірдағы қаласына жіберіпті. Кеше Әмірдағынан келіп қолыма тиді. Дереу маған әкеліңдерші дедім. Көп күттім келмеді. Әлгі қуанышым су сепкендей басылып, ақыры ашуға айналды. Мен үшін жүз есе қымбат әлгі бал салынған ыдыс бөтен адамдардың қолына тиіп, базарға апара жатқан жерінен түсіп кетіп сынып қалыпты. Қырық сегіз жылдан бері көрмеген Нұрс ауылымның мен үшін аса қымбат тәбәрік ретіндегі сондай тәттіден бір шама айттық болсын деп әрбір бауырыма арнап жіберіп отырмын.
Ғазиз, адал, қайтпас қайсар баруырларым!
Сендерді жан-тәніммен құттықтаймын! Сендерден сұрайтыным тез арада жарамызды емдеп жазыңыздар! Мен де бүгін түнде тәуір болып шипадан жаным жәй тапты. Онысыз да «Медресет-уз Зәхра» Нұр шеңберінде ауқымы кеңейіп шынайы ықыласты, жанкештілікті, инабаттылықты, кішіпейілдікті үйретіп, құлашын кеңге жаюда. Олай болса азғантай әрі уақытша талғампаздық, кірпияздық, еркелеу секілді сезімдер ол қуатты дәрісті бұза алмайды, ондай мықты бауырластықты суыта алмайды. Бұл тұрғыда «Ықылас» рисалесі керемет насихатшы. Осы кезде бізді және Нұрларды сөндіру немесе қажыту үшін ең сұмдық жоспарлары мынау: Нұр тәлабаларын бірбірінен суыту, жалықтыру және пікір қайшылығын алға тартып араға от салу. Олар бұған көп мән беруде.
Иә, арамызда азғантай еркелеу болғаны рас.
Абай болыңдар, қалайша көздің ішіне бір тал шаш түссе дәу тас түскендей әсер етеді сол секілді әлгі сұмдық бәле туралы менің су ыдысым хабар берген-ді. Марқұм хафыз Алидың мұндай кішкене оқиғадан алдын ала яғни опатынан бұрын хабарлап, шағымдануы мені жүз рет өкіндіріп естен кетер емес.
Азиз, адал бауырларым!
Тәлабалардың наразы хаттарын түрме бастығы мүдүрге бергенім жоқ. Былай дедім: Хаттарыңды Діни басқармаға және біздің кітаптарымызды ақтап шығарған Анкараның ауыр қылмыстар жөніндегі жоғары сотына өзімнің де наразылық хатымды бірге бергім келеді. Әрі олардың қателіктерін көрсеткен тізімді де әлгі екі орынға, бірақ ашық түрде емес тек хабардар ету мақсатымен жібермек ойым бар. Оны өздеріңмен ақылдасқан болатынмын. Енді сендер, тәлабалардың наразы хаттары мен әлгі жазбаның екі нұсқасын жарыққа шығарсын деп адвокатқа айтыңдар.
Әрі Діни басқармаға мұндай бір хат жазыңдар: Діни ілімі бар адамдарды қорғаштау сендердің басты міндеттерің болатын, міне Саидты және оның достарын қорғаштап Афион қаласына берген қорытынды рапорттарың толыққанды шыққан. Сол үшін жәбірленуші Саид және оның бейкүнә достары сіздерге дән риза, алғысын білдіреді. Онысыз да, мәселеміз діни әрі іліми болғандықтан барлық мемлекеттік органдардан бұрын діни басқарма бұл мәселеге қызығушылық көрсетуі керек. Сондықтан, Афион қаласында ең бірінші сол орынға өтініш жазып мекеменің ғалымдарына арыз түсірдік. Қысқасы, осы тектес хаттама жазыңдар.
Ғазиз, адал бауырым Рәфәт мырза!
Қасиетті Құранның құрметіне және Құранмен байланысып жүргеніңіз үшін және Нұрлармен жиырма жыл бойы иманға қызмет еткеніңіз үшін, дереу өзара болған сұмдық бірақ, сырттай кішкене, дегенмен жағдай нәзік болғандықтан өте маңызды әрі тым қайғылы да өкінішті, зияны көп, аса қауіпті және біздің көзімізді жойғысы келетін жасырын мұнапықтарға жәрдем болып табылатын араздасудан бастартыңдар және басқаларды да бас тартқызыңдар! Әйтпесе, бір тиындық жеке бастың ақысы үшін бізге және Құран мен Иман қызметіне жүз мың сомдық зиян келуі дәл осы кезде әбден мүмкін. Сендерге ант етейін, біреуің мені қорлап намысыма тисе, жеке басымды қорласа бірақ Құран мен Иман және Нұр қызметінен бас тартпаса мен ол кісіні кешірдім, татуласып, еш ренжімеуге тырысамын.
Дұшпандарымыздың арамыздағы азғана ренжісуді пайдаланғысы келетінін жақсы білесіңдер. Олай болса дереу татуласыңдар! Түк мағынасы жоқ, күллі зиян бір-бірлеріңе еркелеуді қойыңдар! Әйтпесе, баз біреулеріміз дұшпандарымызға Шәмси, Шәфик, Тәуфик сықылды сырттай берілген боп көрінсе де иман қызметімізге үлкен зияны тиіп, тоқырауға ұшыратады. Иләһи инает-жәрдем осы кезге дейін сақтап, біреуі кетсе орнын еселеп толықтырып отырды емес пе? Иншаллаһ, бұл жолы да медет берер.
Ғазиз, адал бауырларым!
Мүдүр «Аят-үл Күбра» мен "Жастар шырағын" қатты ұнатыпты. Енді, «Аса-и Мұса» мен "Зүлфикарды" сұрап жатыр. Мен: «Саған әкеліп беремін!» деп уәде бердім. Егер нұсқалары осы Афионда болса бір «Аса-и Мұса», бір "Зүлфикар" (үлкен әрі қапталған) және бір түйір «Жастар шырағы» мен бір «Аят-үл Күбра» сыйға тартыңдар.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Бұл қорытынды рапорттың нәтижесі дәл Денизлидегідей болды. Діни басқарма бізді айыптаған нәрселерді жоққа шығарумен қатар жоғарыға хош көріну және өздерінің нұршы еместігін дәлелдеу мақсатымен уахибилерге ұқсап біршама іліми сын таққан болатын. Менің ойымша бұл рапорт айыптамадан бұрын келген. Себебі, айыптамада кейбір нәрселер бірдей. Олай болса жауаптар топтамасында оған толық жауап бар. Сендер қалай ойлайсыңдар? Мұны асығыс әрі қиналып отырып жаздым.
Екіншіден; Осы кезге дейін сырт көзге біздің жеке басымызбен және саяси ұйым, тариқат деген желеумен және кейбір жекелеген хаттарды сылтауратып, тексеріп шұғылданатын. Қазір болса, Сираджун-Нұр, Худжума-ты Ситте кітаптарын қолға түсіріп, сарапшылар Нұрларға назар аударғандықтан және жасырын дұшпандардың алдап-арбауына орай осы елдің тыныштық пен береке көзі Рисалей-Нұрға белгілі мағынада тиісіп осы күнге дейін көп айтылғаны секілді, дәл сол уақытта екі рет үлкен зілзәла - мен
дәл сол туралы жазып жатқанымда болды. Мені растап бейне бір: «жазудың қажеті жоқ!» дегендей болды, мен де әрі қарай жазбадым. Бүгін тағы соғыс қаупі бар деген суық хабар келді. Мен осы жердің әміріне былай дедім:
Қашан Нұрларға тиіссе я жер сілкінеді я соғыс қаупі төнеді. Бүгінге дейін осылай болып келді. Кездейсоқ немесе болуы мүмкін емес дей алмаймыз. Мұндай көптеген оқиғаларға куә болдық және соттарға да дәлелдеді. Демек, осы кезде мен білмесем де РисалейНұрды уайымдап алаңдағаным бекер емес, сарапшылар қатты сынап, қызғанып мінеген және Нұрдың маңызды кітаптарына тиіскен. Сөйтіп мақбұл садақадай келе жатқан бәлелердің бетін қайтаратын РисалейНұр пердеге бүркенді, ақырында зілзәла, соғыс қаупі төнді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Уайымдамаңдар! Бізге Аллаһтың инает-жәрдемі уақытында жетеді. Сырттай қиыншылықтар болғанымен астарында Иләһи рахым бар. Рисалей-Нұрдың кейбір кітаптарына күйе жағуға сарапшыларды зорлап, мәжбүрлесе керек. Әлбетте олардың жүректері «Нұршы» болғаны ғой.
Ғазиз, адал, қайтпас қайсар, уайымдап қорықпайтын, ақыретті тастап пәни дүнияға қайтып қызықпайтын бауырларым!
Біраз осында қалғанымызға және мәселемізді үлкейтіп кешіктіргеніне қамығып қайғырмаңдар! Қайта, мен сияқты риза болыңдар! Өмір бір орнында тұрмайды, бәрі аяқталады. Мұндай азапты жердегі амалдар ақыреттік жеміс беріп бақилыққа айналады, әрі Нұрдың дәріс алаңы кеңеюде.
Мысалы, сарапшылар ішіндегі имамдар мұқият түрде Сирадж-ун Нұрды оқуға мәжбүр болды. Және дәл осы кезде шығуымыздың екі тұрғыдан иман қызметімізге кеселі тиюі мүмкін.
Мен, жеке басым тұрғысынан сендерден де көп азап шексем дағы шыққым келмейді. Сендер де мүмкін болғанынша сабыр сақтап, шыдап бағып, мұндай өмірге үйренуге және Нұрларды жазып-оқудан жұбаныш тауып, рахат алуға тырысыңдар!
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Менің қолымдағы жаңа әріппен жазылған ақталу хаттың соңындағы бөлімінің екі нұсқасы сарапшыларға жауап болып табылады. Сонымен қатар Діни басқармаға және Анкараның жоғарғы сотына жіберу керек болса бір нұсқасын жіберейін. Әрі сарапшыларға жазылған жауаптың бір көшірмесі осы жердің сотына тапсырылсын.
Екіншіден; Мәселеміздің үлкейіп жұртқа жария болуы қайырлы іс. Бүгінге дейін Нұрды маңызсыз көрсету мақсатымен мәселені кішірейтіп, жәй оқиға секілді көрсетіп, бірақ өздері көп мән беретін. Енді, бұдан былай иншаллаһ иман мен Құран қызметі анағұрлым қайырлы да пайдалы болмақ.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Биыл бостандыққа қауышқанымызда бәлкім кейбіреуіміз қажылыққа барар едік. ИншАллаһ, бұл ниетіміз іс жүзінде барғандай қабыл болып мына азапты жағдайда атқарып жатқан Иман мен Құран қызметі сондай мол сауап жаздырар.
Екіншіден; "Рисалей-Нұр Құранның қуатты хақиқи тәпсірі" деп қайта-қайта айтқанымнан кейбіреулер мағынасын толық түсінбегендіктен бір ақиқатты баяндауға тура келіп тұр. Ақиқат мынау:
Тәпсір екі түрлі болады. Біреуі мәлім, баршаға белгілі тәпсірлер. Ол Құранның сөз-сөйлемдерінің мағынасын баяндап, дәйекті түрде түсіндіреді.
Екінші түрі; Құранның имани ақиқаттарын бұлтартпас айғақтармен баяндап, дәлелдерге сүйеніп тәпсірлейді. Мұндай тәпсір өте құнды саналады. Мәлім тәпсірлер болса Құранның бұл жағын кейде қысқа қайырады. Ал, Рисалей-Нұр осы түрін негіз алып ерекше тәсілмен қырсық философтың өзін көзін жеткізіп аузына құм құятын мағынауи тәпсір.
Үшіншіден; Таңертең бір нәрсе жазуға оқталдым, кейінге қалды. Енді сол мәселе тағы қозғалды жазуға Сәлім бей рұқсат берді. Ертең маған министрлер советіне өтініш (петиция) жазу үшін Хусрев пен Тахири келсін.
Ғазиз, адал бауырларым!
Апырм-ай, ортада ең көп зиян шегіп жатқан біз және Нұрлар ма? Неліктен журналистер біз туралы бұрқаратып жазып, баспасөз отырысы жиі болуда. Негізінде халыққа діни тәрбие берілмесе мұсылмандар арасында тура мағынада өктемдік, диктатура, жемқорлық, парақорлық етек алып басқа жолдың бәрі жабылады. Неге десеңіз, мұсылман баласы бұл кезге дейін шынайы яхуди немесе христиан болған емес. Діннен безіп әбден бұзылып, адамгершіліктен жұрдай болады. Сондықтан, мұсылман большевик болмайды, болса сұмырай анархист болып енді оны өктемдікпен ғана ұстап басқармаса басқаша мүмкін емес. Біз Нұр тәлабалары билікке де, елдің тыныштығын бұзуға да ниетіміз жоқ, керісінше елдің, халықтың бақытты болуына еңбек етеміз. Бізге тосқауыл болатындар діннен безген анархистер, отан және халық жауы. Өкімет бізге тиіспек түгілі, қайта бізді толық қамқорлығына алып, жәрдем етуі тиіс.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Рәфәт, Әдһәм, Чалышканлар және Бурхан сынды Нұрдың жаюшыларын бостандыққа шығарғанына қарағанда РисалейНұрдың таралуына қарсы емес, сот тиісе алмауда. Әрі саяси ұйым еместігінің дәлелі. Сондай-ақ, мәселеміздің мерзімі ұзап, созылып
кетуі бекерге емес, ол жоғары жақтың да назарын Рисалей-Нұрға аударып, оларды да жаппай оқуға шақыру, ресми жарнама ретінде. Осылайша мұны естіген ақиқат құмарлардың қызығушылығын оятуда. Ал бұл, біз шеккен азап пен зияннан жүз есе әу баста өзімізге, сосын имандыларға пайдалы қызмет болып табылады. Расында, мына заманда осылай кең шеңберде жойқын әрі жан-жақтан шабуыл жасап жатқан кәпірлерге мұндай киелі дәріс осылай түрде болса атом бомбасы секілді әсер етеді.
Ғазиз, адал бауырларым, Рәфәт, Мехмед Фәйзи, Сабри!
Мен қатаң бір ишара және мағынауи бір аян бойынша, үшеуіңнен Рисале-Нұрдың ақысы үшін әрі қазіргі айт мерекесінің құрметі үшін және бұрынғы достығымыздың хақысы үшін, жаңадан пайда болған ауыр жарақатымыздың жазылуына барынша тырысыңдар! Бұл сендерден үлкен өтініш. Өйткені, біздің жасырын дұшпандармыз, бірі маған қастандық жасау екіншісі, арамызға от тастау арқылы, екі түрлі жоспар бойынша іске кірісіп жатыр. Ең алдымен Хүсревке қарсы сын айтқызып, оны мінеу өзара реніш туғызу арқылы бір-бірімізден айырмақшы. Мен, сендерге нақты түрде айтайын Хүсревтің мың қатесі болса оған қарсы келуден сақтанамын яғни қорқамын. Өйткені, қазіргі кезде оған қарсы болу деген сөз, тікелей Риселе-Нұрға қарсы, шығу маған қарсы келу және бізді қинағандарға болысу секілді опасыздық екендігі, менің пешімнің ғажайып жағдайда жарылып кеткені сияқты себепсіз бір оқиғадан белгілі болды. Әрі, маған жасалған бұл соңғы азаптау, қиянаттың себебі өз араларымызда мәнсіз әрі зиянды түрдегі бір бірімізге болыспау, жақтаспау екеніне күмәнім жоқ. Өте сұғанақ бір қол біздің арамызға, әсіресе алтыншыға кіріп алғанға ұқсайды. Иә, мені осы мереке кезінде жылатпаңдар, шын көңілден татуласыңдар!
Ғазиз, адал бауырларым!
Мен бүгін тек екі-үш бауырымның ғана ақталып шығуын қалар едім. Дегенмен Аллаһ жарылқап, олардың пайдасы үшін босап шығуын кейінге қалдырды. Шамасы жиырма күндей бұл жағдайымыз осылай жалғаса беруі мүмкін. Осылай болуы керек еді тіпті, өте қажет дер едім. Өйткені, осы мейрамда бәріміздің бірге болуымыздың өзімізге және Нұрларға және қызметімізге пайдасы зор, сондай-ақ рух пен тәніміздің рахаттануына себеп, сонымен қатар, қажылардың дұға-тілектеріне үлескер боламыз және Анкараға жіберілген Рисалей-Нұрдың сынға ұшырауынан құтылуына және біздің зұлымдыққа ұшырағанымызды көріп жаны ашып Нұрға ұмтылғандардың санының артуына сондайақ, қазіргі болып жатқан қателіктерге риза болып отанға, халыққа, дінге қиянат жасап жатқандарға мойынсұнбағандығымызға дәлел болуы үшін осылай болуы керек-ті.
Ғазиз, адал бауырларым!
Сарапшылардың ынсапсыз түрде әрі қате әрі орынсыз сынапмінеуінің себебі, уахабилік оймен Имам-ы Алидің (р.һ.) РисалейНұрмен тығыз байланыстылығын және жоғары бағалауын қорыта алмай қызғанды. Сондай-ақ, былтыр зәмзәм суды төгіп және биылғы қажылық ниетімізді іске асырмай тастаған күдіктері болса керек, қате әрі қызғана шүйлігуінің себебі «Бесінші Шуа» екені түсінікті болды. Дәл мұндай күдік жайлаған заманда және үрей билеген кезде бізге ең ыңғайлы да есендік жері абақты деп ойлаймын. Иншаллаһ, Нұрлар бізді әрі өзін ақтап, бостандыққа қауыштыратын болады. Рисалей-Нұр теңдесіз түрде, қиын қыстауда, қаптаған жаудың ішінде мұншалықты өзін қызыға оқытқызып, шәкірттерін түрмеде әртүрлі жағдайда қызмет еткізіп, олардың қатты қиналуына Аллаһтың инаетжәрдемімен мүмкіндік бермей отыр. Олай болса, біз осыған қанағат қылып шағымданудың орнына шүкір етуге міндеттіміз. Осы көзқарас мені ауыр азаптарға шыдап, төзімді болуға итермелейді. Аллаһтың ісіне араласпаймын.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Сахих риуаят бойынша «Қадір түнін рамазанның екінші жартысында әсіресе, соңғы он күнінде іздеңдер!» дегеніне қарағанда осы түндер әркімге сексен жылдық ғибадат ұтқызатын Қасиетті Қадір түні болуы бек мүмкін. Сондықтан, мүмкіндікті пайдаланып қалу әрине мұндай сауабы мол жерде зор табыс, үлкен бақыт.
Аятының қысқа тұжырымы: «Сөз тыңдап ішінен тамаша әрі пайдалысын амал еткендер және керек емесін тастағандар, міне олар Аллаһтың һидаяты нәсіп болған ақылды жандар!».
Біздің міндетіміз дәл қазір әрнәрсенің жақсы жағына, көңілді көтеретін тұстарына қарау. Әйтпесе, мағынасыз, бос, зиянды әрі мазаны алатын, жағымсыз, уақытша жағдайлар назарымызды өзіне аударып бос әуре қылады. Сегізінші Сөзде бір бақшаға кірген екі адам жайлы естеріңде болар. Біреуі бақытты еді, бақшадағы гүлшешектерге, жақсы нәрселерге қарап көңілді түрде демалған болатын. Екінші бейбақ болса бақшаны тазартып жөндеу қолынан келмейтін бола тұра жағымсыз, лас нәрселермен шұғылданып, тек соларға қарап асқазанын ауыртып демалмақ түгіл мазасы кетіп құр кеткен болатын. Иә, қазіргі қоғамда әсіресе Юсүф медресесінде бейне бір әлгі бақша секілді, ішінде ласы да тазасы да, көңілдісі де көңілсізі де бірге жүреді. Ақылы бар жан, көңілді әрі тамаша нәрселермен шұғылданып жағымсыз, мазаны алатын нәрселерге мән бермейді. Шағымданбайды, уайымдамайды, қайта шүкір етеді, көңілі көтеріңкі жүреді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Екі нұсқаның біреуі менікі біреуі мүдірдікі. Әуелі менің қолжазбам бар нұсқаны алып соған қарай мүдүрдің нұсқасын тексеріп түзетіңдер. Мен, бұл жолы «Аят-үл Күбраны» талдап, талқылап отырғанымда Екінші тарауын - соңына дейін - және аяқ жағындағы диалог, жазбаның аса маңызды екеніне көзім жетті, көп пайдама жарады. Сендер де пайдасын көру үшін біреуі оқып қалғандары тыңдасын. Тек, тексеру ниетімен деп босқа оқылмасын. Осылайша, екі-екіден бөлініп бауырларымыз талдап-талқыласын.
Екіншіден; Маған тиесілі Оныншы Сөз, осы жердегі хаттар, басқа да жазбалар зая болып босқа жоғалып кетпесін. Мен бұл істі қадағалауды Жәйлан бауырыма тапсырған едім.
Ғазиз, адал бауырларым!
Екіншіден; Өзара мейрамдасуымыз соттың уақытша қапасханасында өтті-ау. Олай болса, мен де сендерге мейрамдық шекер ретінде Коня қаласының батыры Зубейірдің әкелген зәмзәм суы мен Нұрс ауылынан келген мен үшін өте қымбат балды тарту етемін. Сендер балдың ыдысына су құйып араластырыңдар да ішіне зәмзәмды тамызыңдар. Рахаттана ішіңдер, ас болсын!
Ғазиз, адал бауырларым!
Қадірлі елеулі де бір кісі маңызды бір сұрақ сұрауы: Сұрақ былай: "Сендердің саяси ұйым емес екендерің үш мәрте сот арқылы расталып, ол тұрғыдан ақталдыңдар. Әрі жиырма жылдан бері аңдып, жіті қадағалап алты уәләят ол тұрғыдан тиісетін кінә таба алмады. Солай бола тұра Нұршылардағы байланыс, қарым-қатынас ешбір саяси ұйымда, ешбір комитетте жоқ. Бізді мазалап жүрген осы сұраққа жауап берсеңіз!" .
Мен айттым: "Иә, Нұршылар ұйым-құйынмен әсіресе саяси, дүнияуи және болымсыз және жеке тұлғалық я да белгілі бір топтың мүддесі үшін құрылған ұйыммен байланысы жоқ, өздері де ешқандай ұйым емес. Бірақ, осы отанның азаматтары дін Ислам үшін жанын қуана-қуана пида еткен бұрыңғы ата-бабаларынан мирас алғандай ұйымдасқан түрде жанкештілік көрсетуі мені дән риза қылып Денизли сотында мына төмендегі сөзді олардың атынан сөйлеткізген болатын:
«МИЛЛИОНДАҒАН БАТЫРЛАРДЫҢ БАСЫ Қ РБАН БОЛҒАН ЛЫ АҚИҚАТҚА БІЗДІҢ ДЕ БАСЫМЫЗ ПИДА БОЛСЫН!».
Сонда соттағылар аң-таң болып, жоғары бағалап үндемей қалғанды. Демек, Нұршылардың арасында шынайы, ықыласты, тек Аллаһ ризасы үшін, болымды және ақырет үшін әрекет ететін жанкешті азаматтар бар. Оларға масондар, коммунисттер, дін бұзарлар, бүлікшілер, діннен безгендер, астыртын ұйымдар түк істей алмаған соң өкіметті, әділет басқармасын алдатып, қайда тартса, созыла беретін заңның бабымен оларды сындырғысы, таратқысы келеді. Құдай қаласа түк істей алмайды. Қайта, Нұрдың, иманның жанкешті шәкірттерінің көбеюіне себеп болады.
Ғазиз, адал бауырларым!
Кешегі сұраққа ұқсас, бірақ қырық жыл бұрын сұралған сұрақжауапты баяндап берейін. Бұрыңғы Саидтың шәкірттері ұстазымен тығыз байланыста болып, етене жақын араласатыны сонша бір-біріне жанын пида етуге дайын болатындықтан Ван, Битлис аймақтарында армяндардың қару тобының, "ташнак" деп аталатын жанкештілері жойқын әрекет етіп халыққа дамыл бермеген соң бұрыңғы Саид шәкірттерімен жасақ құрып оларға қарсы тойтарыс беретін. Өзі тәлабаларына қару-жарақ тауып, беріп медресесі бір кездері әскери бөлімше секілді кітаптармен бірге қару-жарақтар тұра беретін болды. Содан бір әскери келіп, бұл жағдайға "Мына жер медресе емес әскери бөлімшеге ұқсайды!" деп, сол кезде Битлисте көтеріліс болып жатқандықтан қауіптеніп: "Қаруларыңды тапсырыңдар!" деп әмір берді де қолдарына түскен он бес маузерімізді жинап алған-ды. Бірекі ай өтпей дүние жүзілік соғыс басталып біз қару-жарақтарымызды қайтып алдық. Қойшы әйтеуір...
Соған байланысты айтайын дегенім, сол кезде менен сұрады: "Етінен ет кесіп алсаң да қайтпайтын қайсар армян ұйымы сендерден қорықса керек, сендер Ерек тауына шыққан кезде олар артқа шегініп басқа жаққа кететін. Апыр-ай, олар тайсалатындай сендерде қандай күш-құдрет бар?"
қатысты немесе ақыреттік пайда күтпей мөлдір тазал ақ ниетпен, пәк пейілмен, тек ақиқат үшін атқарылып жатқанына көздері әбден жетті. Егер мұндай ашық болмағанда неше түрлі ой тууы мүмкін еді.
Сөйтіп, көпшілік мүмин халық толық сенбей: "Мүмкін бізді алдап кетер!" деп, ал зиялы қауым күмәнмен қарар еді. "Кейбір мансапқорлар секілді жағымпазданып, сенімге кіру үшін әдейі істеп жүр!" деген күдіктен толық құтыла алмас едік. Енді, мұндай емтиханнан кейін ең қырсық әрі күмәншіл адамның өзі сенбеске шара жоқ. Қиналғанымыз рас, бірақ пайдасы мың есе көп, иншаллаһ!
Ғазиз, адал бауырларым!
Тұтқында жүргенде болған оқиғаның газетте жарық көруі бұқара халықтың назарын аударып, сүйіспеншілігін арттырғанға ұқсайды. Ал негізінде, ел-жұртты бізден үркітіп, қатаң тыйым салып халықты бізге жолатпауға тырысатын. Бізге әсіресе, маған қиянат жасауға құмар үш ресми адам яғни түрме басшысы кеше аулада тұрып былай деп жатқанын естідім: «Саид терезенің алдына барса болды жұрт жиналып көруге тырысады. Сондықтан терезе жаққа жоламасын! Болмаса камерасын аустырыңдар!». Сендер әсте уайымдамаңдар! Мен қандай да болсын қиыншылыққа шыдауға бел байладым. Дұғаларыңның арқасында иншаллаһ, қиыншылықтар қуаныштарға айналады, әлі-ақ!..
Әлгі тұтқындағы оқиғаның жалпы негізі бар, болғаны рас, дегенмен куәгерім болмағандықтан егжей-тегжейлі айтапған едім. Бір топ әскердің мені ату үшін келгенін кейін білдім. Орыс қолбасшысы кешірім сұрап орысша бірдеме айтты, мен түсінбедім. Демек, сол жерде болып, сол оқиғаны газетке берген мұсылман жүзбасы орысша түсінетін болғаны ғой. Демек, қолбасшы қайта-қайта «Ғафу етіңіз!» депті.
Бауырларым! Мен Рисалей-Нұрмен шұғылданған сайын мазасыздық азаяды. Демек, біздің міндетіміз Нұрлармен шұғылдану және уақытша нәрселерге мән бермеу, сабыр сақтап, шүкір ету.
БӘДИҮЗЗАМАННЫҢ ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ЕРЛІГІ ЖАЙЛЫ
["Әһл-и Сүннет" газетінің қазан айы он бесінші жұлдызындағы нөмірінде жарық көрген, газеттің меншік иесі адвокат бір кісінің мақаласы]
Мен, Бірінші Дүние Жүзілік соғыста Битлис аумағында оқ тиіп жаралы халде тұтқынға түстім. Бәдиүззаман да сол күні тұтқындалған екен. Ол, Сібірге айдалатын, адам көп құжынаған баракта болатын. Мені Бакуге қарасты Нангүн аралында ұстады. Бірде тұтқындарды тексеруге келіп, баракты аралап жүрген Николай Николаевич Бәдиүззаманның алдынан өтіп бара жатқанда ол түк мән бермей, орнынан мүлдем қимылдамады. Бұл оқиға бас қолбасшының назарын аударып, бір сылтаумен тағы да алдынан өтеді. Бәдиүззаман тағы да міз бақпай отыра берді. Үшінше мәртесінде қарсы алдына тұрып аудармашы арқылы былай деді:
-Шамасы, мені танымай қалды-ау!
-Жоқ, таныдым. Сіз Николай Николаевич, Патшаның нағашысысыз.
Кавказ шайқасына жауапты қолбасшысыз - деді Бәдиүззаман.
-Олай болса, неліктен менсінбей, көкіректенеді?
-Жоқ, жоқ! Ғафу етсін, мен менсінбей тұрғаным жоқ. Мен қасиетті дінімнің әмірін орындап тұрмын.
-Діндерің не дейді?
-Мен мұсылман ғалымымын. Жүрегімде иман бар. Иманды кісі иманы жоқ адамнан үстем. Егер мен орнымнан тұратын болсам дінімді құрметтемеген болар едім. Сол үшін орнымнан тұрмадым.
-Мені имансыз дегіңіз келе ме? Олай болса менің жеке басымды және армиямды әрі халқымды сондай-ақ патшаны қорладыңыз. Дереу, әскери сотта мәселесі қаралсын!
Бұдан соң әскери сот отырысы болады. Сол жердегі Түрік, Алман және Австрия офицерлері келіп жеке-жеке Бәдиүззаманға қолбасшыдан кешірім сұрауын өтінеді. Бәдиүззаман алған бетінен қайтпай:
-Мен ақырет әлеміне көшіп, Ардақты Пайғамбарымыздың алдына барғым келеді. Сол үшін маған паспорт керек. Мен иманымның талабына сай әрекет еттім.
Мұны естігендер үні шықпай, енді не болады екен тым-тырыс, істің соңын деп күтеді. Отырыс аяқталып, сот шешімі бойынша Орыс патшасына және оның әскеріне тіл тигізгені үшін ату жазасы деп қарар алынады. Бұйрықты орындауға келген әскерлердің командиріне Бәдиүззаман күлімсіреп: «Он бес минуттық бір шаруам бар еді. Соны орындауға рұқсат етсеңіз!» дейді де дәрет алып екі рәкат намаз оқиды. Болған жәйтті бақылап тұрған Николай Николаевич ақырында Бәдиүззаманның қасына келіп:
-Мені кешіріңіз! Мен сізді әдейі ерегесіп істеп тұр деп ойладым. Сол үшін заңға сәйкес әрекет қылдым. Қарап отырсам сіз мұны имандылықтан және киелі дініңіздің әмірі бойынша істеген екенсіз. Сот шешімі күшін жойды. Дінге беріктігіңіз үшін мақтауға тұрарлық ерлік жасадыңыз. Сіздің мазаңызды алғаным үшін тағы да кешірім сұраймын, мені ғафу етіңіз!
Бүкіл мұсылмандарға үлгі боларлық осы бір қасиет пен дінге беріктікті және керемет тақуалықты бір жүзбасы досым өз көзімен көргендерін айтып отыр еді. Мұны естіген кезде еріксіз көзіме жас келді.
Газеттен алынған осы үзіндіні жариялауға стаз айтпаса да өте қызықты әрі ғибратқа толы, әсерлі болғандықтан осы жерге енгізгенді жөн көрдік.
Бауырларым!
Менің еш тәбетім жоқ әрі біреуден сый-кәде алуға болмайтындықтан менің сыбағамды яғни азғантай сары май мен бір дорба жүзімді және біршама алма мен екі құты шәй және шекерді сендерге тарту етемін. Сендерге тәбәрік бермек ойым болды бірақ, сендерде бар екен. Мен сол бағаға қатық, жұмыртқа, нан аламын. Оған «Зәхра» медресесінің шәкірттері «тәбәрікті қабылдамады» деп ренжімесін. Оны мұқтаж адамға һәм арзанға әрі лайықтарға сатарсыңдар. Осылайша «Зәхра» медресесі және біздің кәдеміз берекелі болып, сондай-ақ маған да алған адамдарға да шипа болсын. Хусрев бақылаушы ал, Жәйлан мен Хыфзы сатушы болсын.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Мен туралы газетте жазылған мақалаға байланысты айтарым: Орыстың озбыр қолбасшысы иманның айбындылығын көргенде ашуын басып, райынан қайтқанда, мына Рисалей-Нұрдың өте қуатты әрі жеке басымнан жүз есе жоғары дәрежедегі имани дәрістерді көзбен көрген мемлекеттік ресми қызметкерлер райынан қайтпай, ерегісе берсе әлбетте оларды тозақтан басқа нәрсе тазартпаса керек. Уақытша мына дүниялық өмірге мұндай үлкен қылмыстың ауыр жазасы сыймасы анық. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр олардың көбісінің жүректері бұзылмай тұрып құтқарғанға ұқсайды.
Екіншіден; Мехмет Фәйзи Бәдриге былай деп жазсын: "Мен оның хатындағы адамдарды жаппай дұғаға қостым, олар да маған дұға етсін!".
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Ғибрат боларлық әрі таңғаларлық жағдайды баяндап беруге тура келді. Бұл тұтқында жүргенде болған-ды.
Ресейдің Кострама қаласында тоқсан тұтқын бәріміз бір баракта жататынбыз. Мен офицерлерге анда-санда дәріс беруші едім. Бір күні орыстың қолбасшысы көріп: «Мына ерікті күрд қолбасшы біздің көптеген солдаттарымызды өлтіріп, енді қара, саяси дәріс, үгітнасихат жүргізуде. Бұдан былай тыйым саламын, дәріс бермесін!» деді. Екі күннен кейін келіп: «Сенің дәрісің саяси емес діни уағыз, ахлақи, тәрбиелік тұрғыда екен, жалғастыра бер!» деп рұқсат берген-ді.
Екіншіден: Осы түрмеде менің жиырма жыл дәрісімді тыңдаған және менен әлдеқайда тамаша дәріс беретін хас шәкіртіме сондай-ақ, аса қажетті қызметіме көмектесетін достарыма менің қасыма келуіне әділет басқармасы тарапынан тыйым салынды. Мақсаттары менен дәріс алғызбау. Алайда, Нұр рисалелері басқа біреудің үйретіп, дәріс беруіне қажеттілік туғызбайды. Және біздің басқа дәрісіміз қалған жоқ, жасырар сырымыз да қалмады. Жарайды, айтылар әңгіме ұзақ еді, қысқа қайыруға бір жағдай себеп болды.
Өте ғазиз, өте сүйікті, өте қымбат, өте мүбарак қадірменді ұстазымыз, хазретіміз!
Аса құрметпен, Аллаһтың рахымы жаусын, деніңіз сау, көңіліңіз жәй болуын тілей отырып қолдарыңыздан сүйеміз.
Сүйікті ұстазымыз! Бірінші хатыңызда, жиырма жылдан бері басқан ізіңізді аңдып, жіті қадағаласа да алты аудандық сот ешқандай саяси ұйым еместігі дәлелденгенін, бірақ нұршылардың ауызбіршілігі, ұйымшылдығы басқаларға ұқсамайтыны баяндалады. Сонымен қатар шәһид мәртебесіне жету үшін жанын пида ететін миллиондаған Ислам жанкештілері ата-бабаларынан мирас алса керек ұстазымызға шабыт беріп сотта мына сөздерді сөйлетіпті:
«Миллиондаған қаһарман, ер-азаматтардың басы құрбан болған ақиқатқа біздің де басымыз пида болсын!».
Міне, осындай жалынды сөзді айтқан тәлабаларының бойындағы ықылас пен Аллаһ ризасы үшін жанкештілікті көрген дінсіз саяси ұйымдар жеңіліс тауып, Нұршыларды ыдыратқысы келетіндер мақсаттарына жете алмайтыны және Нұрдың, иманның жанкештілері көбейетінін жан-жақты ашып түсіндерген.
Екінші мүбарак хатыңызда: Сіз, сүйікті ұстаз, Ван, Битлис қалаларында ұстаздық қылып жүрген уақытта тәлабаларыңызбен бірге халықтың үрейін алып жүрген Армян, Ташнак сарбаздарының бетін қайтарып, тым-тырақай қашырған сіздің және шәкірттеріңіздің таңғажайып қүш-құдреті, әлгі пәни дүния үшін, болымсыз ұлтшылдық үшін, уақытша пайда мен есендік үшін жанын қиюға әзір Армян жанкештілерінен анағұрлым жоғары, мәңгі бақи өмір үшін, қастерлі мұсылман халқы үшін, олардың есен-саулығы үшін және тағдырға нақ сенген және ұстаздарына адал берілген жанкешті шәкірттер күмәнді бірнеше жылдық өмірлері болатыны анық миллиондаған жыл өмірге және миллиардтаған діндес бауырлардың есен-саулығы мен пайдасы үшін қуана-қуана жандарын пида етуі қырық жыл бұрын сізден сұралған сұрақтың жауабы болып табылатыны баяндалады.
Үшінші мүбарак хатыңызда: Тоғыз ай бойы жалғасқан жалғыз адамдық камерада жұбаныш пен демеуге мұқтаж, науқас, қатты қиналғанда «бұл бәле неүшін?» деп ұстазымыздың жүрегіне келген шағымға жауап берілуде.
Осылайша қырсық, ынсапсыз қарсы дұшпандармен күрескен кезіңізде бұл әрине ауыр сынақтың, нәтижесінде алтындар бақырлардан тазарып, ауыр емтиханда нәпсінің үлесі бар ма, жоқ па деп електен өткізгендей, тек Аллаһ үшін болатын адал қызметімізге аса қажет болған соң Иләһи тағдыр мен инает-жәрдем осы қиындыққа рұқсат бергені ғой, ешбір қулық, еш менмендік, ешбір ыза-сезім, ешбір пайда дүниялық, ақыреттік мансап араласпайтын және хақ пен ақиқаттан шыққан, сондай-ақ, ең қырсық, күдікшіл адамның өзін мойындатқан және бір қиындық болса артынан мың пайда беретін осы қызметіміз, егер бір қалыпты, еш кім тиіспей жайбарақат қалғанда түрлі күмән пайда болып, сонымен қатар ауам иманды халық та зиялы қауым, оқымысты кісілер де толық сенбей, сылтауратып күдіктенетін еді. Хатыңыздан осыны түсіндік.
бір мағынада қорытындысы деуге болады. Осылайша Рисалей-Нұр өз оқырмандарының жүректерін нұрландырып дәрежесін көтереді, әрі ұстазға деген шексіз алғыс айтқызып, қарыздар етеді.
Ғазиз, адал бауырларым!
Өте маңызды Рухани жағдай осымен екі-үш рет қайталанып отыр. Дәл бұл жағдай отыз жыл бұрын Стамбулда мені Юша төбесіне алып шығып Ислам академиясындағы қызықты да тәтті қоғамдық өмірден қол үздіріп, тіпті Стамбұлдағы Нұрдың алғаш шәкірті, ержүрек батыр марқұм Абдрахманның өзін қасыма қабылдамай, зәру қызметімді атқаруға рұқсат бермеген-ді. Енді тағы, «Жаңа Саид» деуге болатын соған ұқсас таңғажайып рухани бір халге душар болғандаймын. Мұны өзімше «Үшінші Саид» деп, дүниядан мүлдем қол үзген біреу секілдімін. Бұдан шығатын қорытынды, демек Рисалей-Нұр және оның ержүрек Шәкірттері менің міндетімді толық атқарып, оған қажеттілік болмайды. Онысыз да, Рисалей-Нұрдың қалың кітаптары мен қайсар, ықыласты шәкірттерінің әрбірі менен әлдеқайда қуатты дәріс береді, деп ойлаймын.
Біріншіден; Мен кейбір белгі-нышандардан байқағаным, жарыққа шыққан кітаптарымыздың ішінде «Гәнчлик рәхберіне» (Жастар шырағы) көп мән берілуде. Менің ойымша «Хуә нүктесі» астыртын жұмыс жасайтын діннен безген кәпірлерге күйрете соққы беріп, олардың арқа сүйер тірегі «тағутты» яғни табиғат жаратады деген ұғымды тас-талқан еткен. Ондай күпірлік ұғым құрамы тығыз топырақта біршама жасырына алатын еді, бірақ, мөп-мөлдір ауа қабатында «Хуә нүктесі» ешбір тығылар тесік қалдырмай бәрін жауып тастайды. Сондықтан болар, кәпір, діннен безгендер қырсығып әділет басқармасын алдатып бізге қарсы айдап салуда. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр әділет басқармасын өзіне жақтас қылып осы шабуылын да жүзеге асырмай тастар.
Екіншіден; Осы күндері «Әһл-і Сүннет» атты газет және осы жердің аймақтық газеті және Зубәйірдің оларға шұғыл жауап беруі керемет жарнама болды. Сендер, менің орныма маған хош көрінетін біз туралы тақырыптар болса қарап, маған хабарлап отырсаңдар, деймін.
Ғазиз, адал бауырларым Мехмет, Мұстафа, Ибраһим, Джәйлан!
Біріншіден; Кеше төртеуіңнің қызу әңгімелесіп отырғандарыңды көріп, қатты қуандым, риза болдым. Мен де қастарыңда тұрғандай рахаттана тыңдадым. Кенет, екі жақтарыңда сендерді тыңдап тұрған кісілерді көрдім. Осылайша әңгіме жарты сағат жалғасты. Уайымдап, көкейге мұндай бір ой келді: Әлгі тыңдап тұрғандар түймедейді түйедей қылатын, сөзді бұрыс түсінетін тыңшы болуы әбден мүмкін. Себебі, мұқият ден қойып тыңдауда. Сөйлеп жатқан бауырларым аңғарар емес, сұхбаттың қызығына батып айналаға қарамай, сақтанбай тұр деп сол туралы хат жазып жіберген едім. Әлхамдулиллаһ, қауіпті сөз айтылмапты. Осындай күрделі кезеңде сақ болған жөн.
Екіншіден; Қожа Хасанның мен туралы жүз есе асыра сілтеп, мақтап жазған хатынан түсінгенім; ол дәл Денизли қаласының ержүрек батыры марқұм Хасан Фәйзи жүйесінде Нұрларға қызмет етіп жаятын болады. Иншаллаһ, сол секілді Афион қаласында да Хасан Фәйзи сынды қаһармандар шығады. Афион Денизлиден артта қалмаса керек. Осылайша тартқан азабымызды рахымшылыққа айналдырар деген үміттемін.
Бауырларым!
Мен газеттерде не жазады деп сұрамаушы едім. Бірақ, осы жолы «Әһл-і сүннет» және "Сәбил-үр Рәшад" газеттері біз туралы болымды мақала жазуы бізді қызғанатындар мен жасырын дін дұшпандарын таң қалдырды. Енді, олар әлгі достарымызға тосқауыл болуы мүмкін деген ой мазалағаны рас.
Мен бұған былай жауап бердім: "Дүниялық фәни өмір үшін саны аз халықтың азаматтары өздерінің болымсыз ұлтшылдық сезімімен халқының болашағы мен есендігі үшін жанкештілікке дайын армяндарды көзбен көріп тұрсыңдар. Олай болса әлбетте, мәңгі өмір үшін және орасан зор Ислам қалың жұрты үшін және олардың болашағы үшін және "ажал біреу, одан қашып құтыла алмайсың!" деп сенетін шәкірттер әлгі жанкешті армяндардан кері қалмаса керек. {(Сілтеме): Бауырларымның атынан лайық болмасам да айтарым: Егер қажет болса Инша Аллах, олардан асып түсеміз. Біз діни мәселеде ғана емес ерлік жасауға келгенде де ата-бабаларымыздың мұрагерлері екенімізді көрсетеміз әлі.} Керек болса, анық ажалды және болуы күмәнді бірнеше жылдық өмірін миллиондаған жылдық анық өмір үшін және миллиардтаған дін бауырларының есендігі үшін, олардың жарқын болашағы үшін еш ойланбастан, қуана да мақтан тұта жанын пида етеді.
Ғазиз, адал, сенімді де мейрімді бауырларым!
Екі күн болды басым мен жүйкем ауырып қатты тымауратып жүрмін. Мұндай кездерде бірауық достармен жүздесу адамды жұбатып көңілге, демеу болатындықтан қажеттілік сезінсем де жалғыз өзімді қамап, ешкіммен жолықтырмай қойғаны жаныма қатты батты. Шағымданғандай көкейге мұндай бір ой келді:
«Бұл азаптың сыры не, қызметімізге қандай пайдасы бар?».
Кенет бүгін таңертең мұндай бір ой келді: Сендерді осындай ауыр емтиханмен сынаудың және өте майда електен бірнеше рет өткізудің яғни «Алтын ба? Бақыр ма?» деп байқаудың және бірнеше тұрғыдан еш аямай "бұлардың нәпсілерінің үлесі бар ма, жоқ па? деп тәжірибе жасаудың қызметімізге яғни ықыласты талап ететін, хақ пен ақиқатқа негізделген қызметімізге өте қажет. Сол үшін Иләһи тағдыр, Раббани инает-жәрдем рұқсат берді. Өйткені мұндай емтихан дүниясында қырсық және сылтау тапқыш ынсапсыз дұшпандардың көз алдында осылай ашықтан ашық қызмет көрсетілгендіктен, ешқандай да қулық, ешбір менмендік, ашу-ыза араласпай және дүниялық яки жеке басқа
БІРІНШІДЕН; Шеккен қиыншылығымыз рахымшылыққа айналады.
ЕКІНШІДЕН; Тағдырдың әділдігін көріп ризашылық, тәсілім және оған көнудің өзіндік ләззаты бар.
ҮШІНШІДЕН; Арнайы Иләһи инает-жәрдемнің Нұршыларға әдейілеп ерекше түскенін көріп қуану.
ТӨРТІНШІДЕН; Уақытша болғандықтан аяқталғанда болатын ләззат пен қуаныш.
БЕСІНШІДЕН; Өте маңызды сауаптар.
АЛТЫНШЫДАН; Аллаһтың ісіне араласпау.
ЖЕТІНШІДЕН; Жойқын шабуылдарда азғантай қиналып, аз жарақат алу.
СЕГІЗІНШІДЕН; Басқа қиналып жүргендерге қарағанда өте жеңіл болуы.
ТОҒЫЗЫНШЫДАН; Нұр мен Иман қызметінде жүріп ауыр емтиханды бастан кешірген кезде әртарапқа жарнама болып жағымды әсер етуіндегі қуаныш.
Осы аталған тоғыз рухани ләззат жанды жұбатып, жараны емдейтін шипа, тәтті дәрі. Оның кереметтігін айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл бізді барлық ауыртпалықтан құтқарып, көңілімізді жайлауға жетеді.
Ғазиз, адал, берік бауырларым!
Он ай болды, мұнафықтар ресми бір адамды яғни мемлекеттік қызметкерді өзіне қаратып алып, бізге сұмдық тиіскен еді. Бірақ ең кішкентай шәкірттің де бетін қайтара алмады. Олардың жапқан жаласының түк мәнісі жоқ. Біз олардың жүз өтірігін дәлелдеп бергенбіз. Соған қарсы олар, біздің бір хатымызды тексеріп ішінен бір әкімнің зейнетке шығуы жайлы жазу тауып, олай болған жоқ, өтірік деп, өздерінше бір қате таптық деп жүр. Алайда, ол қателік сол газетке тиесілі. Қойшы әйтеуір, мұндай адамдардың мұндай жала
ақпараты бізге түк әсері болмағаны секілді Иншаллаһ, Нұршыларға да зияны тимес. Мен айтқанымдай, қызметкердің жалған жаласына көп мән бермеңдер, ойларыңды аулақ ұстаңдар. Егер, менің ақталу хатымда кейбір заңға қатысты сұрақтарының жауабы жоқ болса қысқа жауап беріңдер. Әрі оларға былай деңдер: Саид айтады: "Бізді және Нұрларды ақтап шыққан үш соттың қытығына тимеу үшін, олардың абыройы үшін әлгі ызаға толы айыптамаға мән беріп, жауап бермейміз. Жазылған үлкен ақталу хатым ондай заңсыздыққа толық әрі керемет жауап боп табылады".
Біріншіден; Аллаһтың инает-жәрдемі ғой, әлгі адамның өтірікке толы жаласын ести алмадым. Әйтпегенде, қатты-қатты сөйлеп жауап берер едім. Соттың төрағасына былай дегенмін: Сенің өзіңді сотқа беремін, яғни бұрыс үкімің үшін махшардағы ұлы сотқа, ал заңсыз әрекетің үшін дүния сотына шағымданамын. Және бір сөзімде «адвокатым жоқ!» дегенім, оларға біздің бәріміздің жалпыға ортақ мәселеге қатысты уәкіліміз жоқ, деген сөз. Мен жеке басыма қатысты айыптамаға, тек өзім қарсы тұруға тиіспін демекпін. Бұл туралы Ахмет Хикмет мырзаны хабардар етіңдер.
Екіншіден; Прокурордың айыптамасына жауап ретінде бұрыңғы ақталу уәжнамамыз жеткілікті деп ойлаймын.
Үшіншіден; Мұстафа Осман мен Джәйлан екеуі маған хат жолдап қалай түсінгендігін және ешқандай бөтен ой туғызбағанын әрі Нұр шеңберіне де кері әсері болмағанын жазады. Ержүрек Тахириді көрдім, ол да сол пікірде. Ал Хүсрев, Фәйзи және Сабрилар қалай ойлайтынын білмедім, білгім келеді.
Төртіншіден; Менің ойымша қазіргі таңда күпірлік пен адасушылық бізге комитет түрінде, ұйымдасып шабуыл жасауда. Сондықтан, Иләһи тағдыр бұларға рұқсат беріп, залым бейнесінде бізді саяси ұйым ретінде айыптап қинап жатыр. Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі таңда имандылар ұйымдасып ынтымақ құруға аса мұқтаж. Біз осы ақиқатты білмегендіктен тағдырдың әділ жазасын тартып жүрміз.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Қажылыққа баруымызға тыйым салған, зәмзәм суды төктірген, бізге жасалған сұмдық зұлымдықты білмегенсіп көз жұмған және "Зүлфиқар" мен "Сирадж-ун Нұрға" тиісіп жатқанына мән бермеген және бізді заңсыз түрде ашу мен ызаға беріліп азап берген қызметкерлерге мақам, мәртебе беріп шенін көтерген және біздің шыңғырған жан даусымызға құлақ аспайтын озбыр, зорлықшыл үкіметтің кезеңінде, осындай бассыздықтар болып жатқан уақытта ең ыңғайлы, рахат жер түрме деп ойлаймын. Тек бір ғана мәселе бар, егер мүмкін болса басқа түрмеге көшірсе, ең дұрысы ең тынышы сол болар еді.
Екіншіден; Олар бізді мәжбүрлеп ең құпия рисалелерімізді алып, көрсетуге әсте болмайтын адамдарға көрсетіп, оқытты. Сол секілді бізді мәжбүрлеп ұйым болуға итермелеуде. Алайда, біз ұйым құрып, комитет болуға қажеттілік сезінбеуші едік. Өйткені, имандылар жамағатының өзара ауызбіршілігі Нұршыларда жоғары дәрежеде, адал және ықыласты әрі жанкештілік те өте мықты. Бауырлар өзара жанкешті болғаны секілді, сондай-ақ, бұрыңғы ата-бабамыздан да ақиқат үшін жанын пида етуді мирас алғандықтан Нұр шәкірттері өздерінің сол миллиондаған батыр бабаларының аманатымен ақиқат үшін басын пида етуге дайын, киелі де Құрани бір ақиқатқа жан-тәндерімен мықтап жабысқан. Сондықтан күні бүгінге дейін ресми немесе саяси, астыртын немесе ашық түрде тіркелген ұйым құруға, топтасуға қажеттілік болмайтын-ды. Демек, енді қажеттілік болғаны ғой Иләһи тағдыр оларды бізге айдап салып тиісуде. Олар жоқ нәрсені бар санап саяси ұйым ретінде бізді кінәлауда, ал тағдыр болса «неліктен толық ықыласпен, берік түрде ұйымдасып, ауызбіршілігі мықты нағыз » Хизбуллаһ" болмайсыңдар?" деп олар арқылы жазаға тартты, әділ шешім.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Сендер жұбанышқа мұқтаж емессіңдер деп ойлаймын. Өзара рухани күш-қуаттарыңды бекітіп отырсаңдар жетеді. Менің қарсы алдымдағы жазулы тақтайша ол тұрғыда мені толық қанағаттандырады. Мына соңғы тиісулері мүлдем жөнсыз әрі заңсыз, мұны олар тек қорқыту үшін жасады. Себебі өздері үрейленіп жүр, шарасыз. Халықтың және тәртіп сақшыларының жағдайы әлгі мағынасыз тиісуге наразылық болып табылады.
Үшіншіден: Маған салса көктемге дейін түрмеде қала берген дұрыс. Онсыз да, қыста әрнәрсе тоқтап қалады ғой. Иншаллаһ сол кезде Аллаһтың инает жәрдемі де келіп қалар.
Сүйікті ұстазымыз, ардақтымыз!
Бізге қарсы ашу-ызаға толы жазылған рапорт арқылы Афион әділет басқармасын жіті қадағалауға итерген және сегіз айдан бері қатты қыспаққа алып қинаған және біз секілді шәкірттерімен бірге Афион түрмесіне қамалуға себеп болған және Рисалей-Нұрдың бұлтарпас ақиқаттарын арам пиғылмен тексерген сарапшылардың ішіндегі ғалымдарға ұстазымыз және Рисалей-Нұр жиырма бес жыл бойы үндемей келген-ді. Әлгі құрметті ғалымдар, имандыларды әсіресе Құранның ақиқаттарын жайып, тасып жүрген Саид Нұрсиді
қорғап, құтқару басты міндеттері бола тұра, Афион қаласының әділет басқармасын бізге қарсы айдап салып, отқа май құйған рапорттарына өкіне жауап ретінде жазылған хатыңыз мейіріміңіздің талабы екеніне шәк, шүбә жоқ.
Жиырма бес жылдан бері аттың төбеліндей азғана шәкірттерімен жасырын дін дұшпандарына қарсы күресіп жүрген ұстазымызды және Құранның ұлы ақиқаттарын баяндайтын Рисалей-Нұрды қорғаштамақ түгіл аса қауіпті, қиын кезеңдерде бізге көз алартқан әлгі ғалымдарға көптеген сұрақ сұрауға ақыңыз бола тұра, кішкене сұрақпен шектелгеніңіз ол ғалымдарға ескерту жасау ғана деп түсінеміз. Осындай күрделі кезеңде демеуге қатты мұқтаж шақта үмітсіздіктерімізді үлкен абыройға айналдырған және үлкен жарылқау болып табылатын Иләһи жәрдемді тағы да мына Афион түрмесінде көзбен көрдік. Сегіз айдан бері сілкінбеген жер, сіз ұстазымызға және Рисалей-Нұрға тиіскен кезде және дәл сол туралы жазып жатқан уақытта яғни бүгін тағы да жер ашуланып екі мәрте зілзәла болды. Оны көрген бізде үміт пайда боп, бізді жоқ қылғысы келетін қатыгез дұшпандарды қырғын соққыға алып сырттай қарағандай ешкімі жоқ бейшара сізге қамқорлық және әлсіздігіңізге орай мейірімділік жасалып сіздің алға қойған мақсатыңызды жер сілкінісі арқылы қуаттап, бағытыңыз дұрыс екені осылайша расталған болды. Құдайдың құдретімен сіз айтатын: «Біз жеңеміз!» деген сүйінші хабарыңызды еске түсірді. Осылайша біздің сізге деген ризашылығымыз артып, өзімізді қарыздар сезіндік.
Ғазиз, адал бауырларым!
Біріншіден; Сақ және ақырын әрекет ету және өзара ақылдасу қажет.
Екіншіден; Зүбәйір маған марқұм ағамның баласы Абдрахманның орнына, ал Джәйлан болса марқұм ағамның ұлы Фуадтың орнына берілген екен ғой деп түйдім. Мен де осы жердегі жұмысымды оларға тапсырдым.
Үшіншіден; Өте еңбекқор бірақ, сақтық ережелерін сақтай бермейтін Ахмед Фәйзи жазған «Мәидә-түл Құран» атты жыр жолдары жазылған хатымды соттағылар сылтау қылып: "Саид өзі туралы мақтап, мадақ жазылған сөздерді қабылдайды!" деп осы арқылы соттағысы келетінін естідім. Мен оларға қайта-қайта айттым: Ахмед Фәйзи баурымыз ондай жазбаларды менің қабылдамайтынымды және көп жерлерін сызып тастағанынымды жақсы біледі. Негізінде, мұндай жазулар орынсыз және олардың тек ашуын шақырады. Мен оның мың кемшілігін көрсем дағы оған ашуланбаймын. Дегенмен, Нұрларға зиян келмеу үшін мұндай батыл әрі аңғал әрекеттерден сақ болған жөн.
Төртіншіден; Аты, Фәйзи дейтін кісілердің бір қаһарманы Ахмед Фәйзи бауырымыз Тахиридің камерасы болып табылатын медресесінде дәл Тахири секілді әрекет етуі керек. Жаңадан келгендерге Құран мен Нұр дәрісін беріп Рисалей-Нұрды көшіріп жазуға ынталандырсын. Кеше маған жіберген жаңа шәкірттердің жазу дәптерлерін оқып едім, мұңайған көңілімді көтеріп, қайғыны қуанышқа айналдырды. «Әлхамдүлиллаһ», дедім.
Бұл жолғы тиісу өте ауқымды түрде. Өкімет басшысы мен қазіргі билік жоспарлы түрде, әрі сұмдық күдікпен бізге шабуыл жасады. Алынған хабар бойынша және ишараларға сүйенер болсақ, жасырын мұнафықтардың алдап-арбауына еріп бізді халифат құрғысы келетін саяси ұйым және Нақшибенди тариқатының астыртын ұйымымен байланысы бар деп, тіпті бізді соның басындағылар ретінде көрсетіп өкіметті шошытып, күдікті қылғысы келеді. Оған өздерінше дәлел, Рисалей-Нұрдың қалың кітаптары Стамбулда бастырылып Ислам әлеміне таралуын, қызыға оқылуын алға тартады. Осылайша, үкіметті қорқытып, қызғаншақ ресми имамдарды, күдікшіл мемлекеттік қызметкерлерді бізге қарсы зұлымдық жасауға итеріп отыр. Олардың ойынша мұндай жоспарды жүзеге асыруға сылтау болар себептер көп.
Олар бұрыңғы Саид секілді осынша қиянатқа шыдай алмай бүлік шығарып, тыныштықты бұзады, деп ойлайды. Құдайға сансыз шүкір, олар ойлаған бәле мыңнан бірге азайды. Қанша тексеріп, тіміскілесе
де саяси ұйымға не де астыртын комитетпен байланысымызды таба алмады. Табу үшін байланысымыз болуы керек қой, ал ол жоқ. Сондықтан, прокурор жалған сөйлеуге, бұрыс мағына беруге, еш кінә саналмайтын ұсақ-түйек айыптауға мәжбүр болғанға ұқсайды. Ақиқат осы. Олай болса Рисалей-Нұр және біз жүзде тоқсан тоғыз ықтимал бәледен құтылдық. Енді шағымданбай, қайта шүкір етіп Аллаһтың жәрдемінің шуағын толық көру үшін сабыр сақтап ыждағатпен күтуіміз керек. Нұр дәрістері арқылы мына медресеге түскен, шыққан мұқтаж әрі құштар бауырларға жұбаныш сыйлап жәрдем етуіміз керек.
Ғазиз, адал бауырым!
Көкейге қатаң ескерту жасалып, одан түсінгенім: Сен және Ахмет Фәйзи екеуің Рисалей-Нұрдың ұстанымыма қайшы яғни ешкіммен айтысып-тартыспау, дүния қуғандармен шұғылданбау және саясатқа араласпау және тек мәжбүр болған кезде ғана қысқаша қорғану ережесіне керағар түрдегі сотта оқыған тым артық әрі зиянды, айтыстартысқа толы және саясаткер тәрізді айтқан сөздерің Рисалей-Нұрға күллі зиян келтірді. Тіпті, сол әрекеттерің бізді жазалауға, мені азаптауға себеп болды. Мен саған, Ахмет Фәйзиге ренжімеймін. Дегенмен ертерек маған көрсетіп, ақылдасу керек еді. Жарайды, Иләһи тағдыр солай болуын қалаған шығар. Енді, оны жөндеу үшін мен секілді әрекет ету керек. Фәйзи бауырымыз да саяси қорғануды қойып, бар күшімен Нұр арқылы қорғансын және Тахириге ұқсап жаңадан келген тәлабалармен шұғылдансын.
Ғазиз бауырларым!
Маған және Нұрларға қатысты қырық беттік жазбаны, сондай-ақ «Қатесі-Дұрысы» деген қолжазба мен оның қосымшасын сосын, «Пошта» газетіне жазылған жауапты міндетті түрде жаңа әріппен де ескі әріппен де бастырып, Спарта қаласында әрі Стамбулда және
егер мүмкін болса осы аймақта жарыққа шығуына әрекет ету керек. Сот органдары бізге тағылған айыптамаларды машинкамен көбейтіп жатыр екен, олай болса біз де сол мәселелерді және тоқсанға жуық жаласын қағазға жазып көбейтуге заң бойынша ақымыз бар әрі сөйтуіміз керек. Кейін, ауқымды түрде жазылған қорғану жазбаларым Ахмет Фәйзи, Зүбәйр, Мұстафа Осман, Хүсрев, Сунгур, Жәйлан сынды бауырларым тарапынан теріске шығарылған хаттар да Құдай қаласа бастырылып жарыққа шықпақ.
Ғазиз, адал бауырларым!
Екі сағаттың ішінде болған таңғажайып, сырттай кішкене негізінде өте маңызды екі нәзік оқиғаны сендерге жазу керектігі маған ескертілді.
Біріншісі: Рисалей-Нұрға шәкірт болуға талапкер екі жігітке Рәһбер кітабынан (Жастар Шырағы) Қадір түнінде ойға келген мәселені оқып бердім. Соңында: «Медресе ұстаздарының бесон жылда жететін дәрежесіне Нұр шәкірттері он аптада қол жеткізеді!» деген сөзді айтқан кезімде мұндай бір ой келді:
"Бұрыңғы Саид, он бес жасында медресе бағдарламасы бойынша он бес жылда үйренетін ілімді Аллаһтың жарылқауымен он бес аптада үйреніп алғаны секілді Раббани рахыммен Рисалей-Нұр, ақиқат пен иман ілімін он бес жылдың орнына мына медресесіз заманда, он бес апта ішінде сондай ілім беретініне он бес жыл ішінде шамамен он бес мың адам өз тәжірибелермен көзі жеткен, куәлік етіп, растайды.
Екіншісі: Дәл осы мезетте ауыр терезе, еш себепсіз, ыдыс, шыны-аяқ және тамақтардың үстіне құлап түсті. Біз болсақ, шыны ыдыстар мен стакандар жаппай сынып, күл-талқаны шығып, ішіндегі тамақтар түгел төгілді деп ойладық. Алайда, бір ғажабы ешбірі сынбаған, ешнәрсе төгіліп зая болмаған. Тек маған сыйға келіп, өзіміз пісірген ет төгіліпті. Бірақ, Нұрға талапкер жаңа тәлабаларға нәсіп болды, менің де сыйлық қабылдамау дейтін қағидам сақталып қалды және бірінші оқиғаны таңғажайыптығымен растап, бекітті.
Бауырларым!
Мүлдем заңға қайшы болса да біздің шағым-арыздарымыз және хаттарымыз әлі кассациалық сотқа жіберілмепті. Біздің үш білікті адвокаттарымыз мүмкін болғанынша бір жолын тауып тездетіп құжаттарымызды кассациалық сотқа жіберсін. Әйтпесе, он бір ай сылтауратып бізді қамауда ұстау және мені сотта сөйлеткізбеу және он бір ай жалғыз адамдық абақтыға суық жерге қамап азаптау әрине әділетке қайшы. Бұдан ашу-ызаның лебі байқалады. Сондықтан, біздің мәселені басқа аймақтық сотқа ауыстыру үшін адвокатымыз және сендер бар күштеріңмен әрекет етулерің өте қажет.
Ғазиз, адал, ықыласты, табанды, жанкешті бауырларым!
Біріншіден; сыры атты жазбаның қасымда ұстамауымның себебі ертеде болашақ жайлы айтқан екі хабарымның біраз жөндейтін жерлері бар.
Біріншісі; Болашақты болжау сезімі арқылы тек өз отанымыздағы сұмдық оқиғаны және залымдардың бәлесін сезіп, алайда оны кең шеңберде яғни дүние жүзілік оқиға ретінде қарап, болашақтан хабар беріппін. Он екі жыл өткен соң ол сыр ашылды. Уақыт, менің хадистерден шығарған мағынаны біршама өзгерткені рас. Дегенмен, негізінде өте дұрыс әрі дәл ақиқат екені расталды. Сол үшін әлгі рисалені қасымда ұстамаймын, басқаларға да бермеймін.
Екіншіден; Қырық жыл бұрын қайта-қайта айтатынмын: «Сүйінші хабар! Құдай қаласа болашақта бір нұр көреміз!» деп, ол нұрды кең шеңберде, отандық деңгейде деп, білетінмін. Алайда, ол нұр Рисалей-Нұр екен ғой. Мен Нұр шәкірттерінің шеңберін бүкіл отанға қатысты, мемлекеттік саяси деңгейде деп ойлап, қателесіппін.
Мүдүр мырза! Сізге рахмет! Сіз азаттық туын менің камерама да тіктірдіңіз. лт-азаттық соғыс кезінде Стамбулда Ағылшындар мен Грек әскерлеріне қарсы «Хутуват-ы Ситте» атты кітапша бастырып, оны әртарапқа таратып бір топ жауынгердей отанға қызмет еткенімді Анкара елеп-ескеріп Мұстафа Камалдың өзі телеграмма арқылы мені екі мәрте Анкараға құрметтеп шақырған болатын. Тіпті, ол мен туралы былай депті: «Мына ержүрек хожа бізге керек!».
Демек, менің осы мейрам күндері байрақ тігуге хақым бар.
[1948 жылы болған Афион қаласындағы сотта бірінші рет сот үкімі шығып ақырында Рисалей-Нұр кітаптарын жаппай иесіне қайтарып берілген және әу баста нұр шәкірттерін өлім жазасына кесу мәселесі қаралған соттағы Нұр тәлабаларының ақталу уәжнамалары].
Нұр шәкірттерінің өзара адал, ықыласты, тек ақырет үшін РисалейНұрмен және оның тәржімешісімен тығыз байланыс құруын дүниялық, саяси ұйым ретінде қарап, оларды жауапқа тартуға тырысқандардың қаншалықты бұрыс, ақиқаттан алыс, әділдікке мүлдем қайшы екенін айтқым келеді. Бұл тұрғыда үш сот органдары тергеп кінә таппай ақтаған-ды. Осыған орай былай демекпін:
Қоғам өмірінің әсіресе, Ислам әлемінің ірге тасы боп табылатын ағайын-туыс арасындағы адал сыйластық, рулар мен тайпа арасында ынтымақ, Ислам дініндегілер өзара рухани жәрдем, бауырластық, бірбіріне жанкештілік, сүйіспеншілік сонымен қатар, мәңгі өмірін аман сақтап қалатын Құран ақиқаттарына, оны жайып таратушыларына деген берік достық, берілгендік, жақтастық секілді қоғамдық өмірді жалғастырып, қамтамасыз ететін мұндай байланыстарды, егер жоққа шығару мүмкін болса және солтүстіктен шыққан сұмдық анархияның тұқымын шашып жатқан, адами қасиеттерді жойып, ұрпаққа, ұлтқа қауіпті және жұрттың балаларын өз қолына алып туысқандық, ұлт деген ұғымды жойып жоқ қылатын, мәдениет мен қоғамдық өмірді күл-талқан шығарып бұзатын қызыл өрт коммунизмді мойындап, оның дұрыс екенін қабылдау мүмкін болса міне, сонда ғана Нұр шәкірттерін айыптап, белгілі бір ұйым ретінде қарауға болатын шығар. Сол үшін Нұр шәкірттері ешқандай тайсалмастан ашықтан ашық Құран ақиқаттарына деген өздерінің байланыстылығын, ақыреттік бауырына деген ыстық ықылас қатынастылығын көрсетіп жария қылады. Ондай бауырластық үшін қандай да бір жазаны ризашылықпен қабылдайды. Шындықты қалай болса солай әділетті сотта паш етіп еш жасырмайды, онысын мойындайды. Қулық жасап, алдатып, өтірік айтып өздерін төмендетіп ақтауға тырыспайды.
[Хусревтің уәжнамасы]
Айыптаушы орган айыптамада мені екі тұрғыдан яғни бірі жалпылай, екіншісі жеке түрде айып тағуда. Жалпылай айып деп, мені Рисалей-Нұрға жасаған қызметімді және стазымның олардың ойынша кінәсына ортақтығым.
Ал, жеке айыбыма келер болсақ, түкке тұрмайтын, маңызы жоқ, шынында ешқандай кінә саналмайтын жалғыз оқшау өтетін өміріме, жеке басыма қатысты жағдайыма тиісуде.
Ал, айыптаушы органның Рисалей-Нұрға қызметім үшін стазымның ойша қылмысына мені де қатысты етіп көрсетуіне қарсы былай демекпін:
Мен, стазымның ұстанған жолына адалмын, оның РисалейНұр арқылы Ислам әлеміне әсіресе осы отанға, халыққа жасаған ерен еңбегіне дән ризамын, оның сіздердің ойыңызша - негізінде жоқ - қылмысына ортақпын. Мені мұндай киелі Иман қызметке қауыштырып табысты қылған Аллаһ Тағалаға өле-өлгенше шүкір етемін.
Құрметті тергеушілер!
Нұрға жасаған қызметім сәтті де табысты болғанына нақты дәлел мынау:
Менің Құрани жазуым нашар бола тұра таңғажайып түрде, ерік пен күшімнен тыс, әрі теңдесіз, өте керемет түрде үш дана Құран жазып шықтым. Оның бір нұсқасы қолдарыңызда.
Екінші дәлел: Сүйікті отаныма, халқыма, дініме және жақсы мінез-құлыққа жиырма жылдан бері орасан зор пайдасы тиген мына Рисалей-Нұр кітаптарынан алты жүзге жуық нұсқасын қолмен жазып көшіріп шықтым.
Тіпті, бір айдай қысқа мерзімде он төрт рисалені жазу нәсіп болғанын дос-жарандар біледі. Айыптаушы органның стазым Саид Нұрсидың атқарған қызметіне мені ортақ қылып айыптауына қарсы тағы да өзімді арашалап ақтауды артық деп білемін. стаздың ол туралы жазған қарсылық хаты мен толықтырмасын толық растап, оны өзім жазғандай жоғары сотта ұсынамын.
Құрметті тергеушілер!
Әлі күнге дейін сотта жатқан және Иман мен Құран ақиқаттары болып табылатын берекелі де киелі және нұрлы кітаптары арқылы ешқандай дүниялық мақсат көздемей, ешбір саяси мүдде дауламай Құдай үшін жүрген стазымыздың отан үшін, халықтың игілігі үшін атқарған қызметін, мен және достарым шын жүректен қолдаймыз. Оны кезінде «Иттихад-уә тәракки» үкіметіндегі патриоттар да қолдап, стаздың Ван қаласында ашқысы келген «Медресет-уз Зәхра» деп аталатын оқу орнына он тоғыз мың лира бөлген болатын. лтжандылар да стазымыздың отан мен халқымызға сіңірген іліми еңбегін ескеріп, жоғары бағалаған-ды. Сөйтіп, ұстаздың ашпақ болған университетіне екі жүз депутаттың жүз алпыс үші қол қойып жүз елу мың лира қаржы бөлген еді.
Айыптаушы органның қылмыскер ретінде тұтқындап отырған мүбарак стазымыз өмір бойы қас дұшпандарын, қызғанатын жауларын және өзін абақтыға қамап, қинағысы келетін қарсыластарын таңқалдырып олардың соттағы ауыр сөздеріне суыққанды, ашуланбай жауап беру арқылы оларды хақты мойындауға мәжбүр қылған. Сондай-ақ, отан мен халқымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ететін киелі қызметіне, оның діттеген іліми мақсатына жиырма жылдан бері хатшылық міндетін атқарғанымды және Рисалей-Нұрға қызметімді мақтана мойындаймын.
[Тахиридың уәжнамасы]
Афион Республикалық прокуратурасы бойынша мені, діни сезімдерді қоздырып елдің тыныштығын бұзатын әрекет жасап, халыққа үгіт жүргізген, деген айыппен стазым Бәдиүззаман Саид Нұрси және басқа да жолдастарыммен бірге сотқа шақырып, үстімнен іс қозғалуда.
Мен, Спарта азаматтық сотында да, Афион тергеу органдарында да сұралған сұрақтарға турасын айтып дұрыс жауап берген болатынмын. Бізді ақтап, бостандыққа шығарған Денизли соты кітаптарымызды
түгелдей өзімізге қайтарып берген-ді. Олар стаз Бәдиүззаманның рисалелерін оқып-жазғанымызға және оған шәкірт болған адамдармен хат алысып хабарласқанымызға ешқандай жаза қолданбаған-ды. Алайда, алты жыл бұрын стаздың рұқсаты болмаса да өз еркіммен, саналы түрде ескі әріптермен Стамбулда бастырған бес жүзге жуық Бәдиүззаманның «Жетінші Шуақ» атты кітаптарын Денизли соты 20/07/1945 жыл-күнгі шешімі бойынша қолыма тапсырған болатын.
Міне, әлгіндей жоғарғы сот берген оң қорытындыға сүйене отырып екі жыл бұрын Стамбулдан жазу машинкасын, қағаз алып Спартаға әкелдім.
Қолдарыңдағы үш кітаптың екеуін Хусрев Алтынбашак бауырым, біреуін мен көшіріп жаздым. Сосын, әуелі «Зулфикар», "Құран мұғжизасы", "Ахмедтің мұғжизасы" атты кітаптарды бастырып, кейбірін саттық. Түскен ақшаға «Аса-и Мұса» кітабына қағаз сатып әкелдім. Кейін «Аса-и Мұса» кітабын басып, оны да саттық. Сосын «Сирадж-ун Нұр» кітабының қағазын алып, оны да бастырдық. Осылай бір жыл жұмыс істедік. Сосын отыз шақты кітапты Эғридир қаласына апара жатқанда жолда ұсталып жергілікті сотқа берілдік. Көп ұзамай Спарта әділет басқармасы тарапынан Хусрев Алтынбашақтың үйі тексеріліп жазу машинкасымен қоса кітаптар тәркіленіп бір жыл бұрын ісіміз сотқа берілді. Соттың нәтижесінде тыйым салынбаған діни кітаптар болғандықтан Хусрев пен маған және басқа да бауырларымызға рұқсатсыз кітап бастырғанымыз үшін бір ай жазаға тартты. Біз ақталып шықтық. Бізді бостандыққа шығармай тұрып Афион қаласының түрмесіне алып келді.
Міне, жоғарғы соттың алдында мені, дініме, діндес бауырларыма жасаған Құдай үшінгі қызметім үшін әсіресе, алдыңғы соттың қайтарып берген және киелі хадистің тәпсірі болып табылатын «Бесінші Шуақ» мәселесіне байланысты Афион республикалық прокуратурасы «Үкіметке қауіп төндіреді!» деп мені және РисалейНұрдың авторын әрі Хусрев Алтынбашакты және қырық шақты бауырларымды осы кітаптарды көшіріп жазғаны, оқығаны үшін жауапқа тартқысы келеді.
Мен өз отанымның нағыз азаматы ретінде, тек шындықты айтатыныма сенуіңізге болады. Осы кітаптар арқылы дінге сәйкес ахлақымызды түзелтіп, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеген және
өзін «Мүжәддид» десек мұнымызды әсте қабылдамай, біздің көңілімізді қалдырған және аса құрметтеп өзін тек ұстаз ретінде деп қабылдаған Саид Нұрсидың көп жылдан бері тәлабасымын. Өзінде болсын, кітаптарында болсын, шәкірттерінде болсын үкіметке қарсы, елдің тыныштығын бұзуға бірде-бір әрекет болған жоқ оған толық куәлік етемін. Әсіресе, айыптаудың бір пункті мынау:
Спарта қалалық соты ақиқатқа көзі жетіп, бізді жазаға тартуға тұрмайтын кітаптан түскен ақшаға келер болсақ, біз кітаптан түскен табысқа мұқтаж емеспіз. Сатылған кітаптардың ақшасына қол машинкасын, қағаз, сия сатып алған болатынбыз. Мұны сіздерге білдіре отырып, тек Аллаһ үшін, ақ ниетпен жасаған бұл қызметтің қылмыс болуы мүмкін емес екенін ескерте отырып жоғарғы соттан және ар-ұяттарыңыздан Рисалей-Нұр кітаптарының қолымыздға қайтарылып берілуін сұраймын.
[Зүбәйрдің уәжнамасы]
Маған астыртын ұйым құру, елдің тыныштығын бұзу деген айып тағылуда. Төменде, мұндай қылмысқа ешқандай қатысым жоқ екені нақты дәлелденетіндіктен оған көзіңіз әбден жетеді деп ойлаймын. Сондықтан, мұндай айыптаманы қазірден бастан жоққа шығарамын. Иә, мен Рисале-й Нұр шәкірті екенімді шын жүректен қуана қабылдаймын және мұны ашық түрде жариялаймын. Мұны жоққа шығару Рисалей-Нұрдың маған үйреткен "ар" ұғымына қайшы келетіндіктен ондай теріс әрекетке бара алмаймын. РисалейНұрды оқыған адам оқығанын жасырмайды, қайта мақтаныш пен еш қорықпастан айтады. Себебі, ішінде қорқатын бір сөйлем я бір сөз жоқ.
Рисалей-Нұрдың құндылығын қырық-елу беттік жазба арқылы түсіндіруге тырыстым. Лайық түрде мақтадым дей алмаймын, өйткені әлемнің жарығы, және ақыл-санасы әрі мың үш жүз жылдан бері адамзатты нұрландырып, тәрбиелеп келетін Қасиетті Құранның ақиқи тәпсірі Рисалей-Нұрдың барлық кітаптарын түгіл бір кітапшасын мақтап жазу жазу қолымнан келмейді. Жоғарыда айтқаным секілді
құндылығын түсіндіруге тырысқан нұр кітаптарында ешқандай да астыртын ұйым құруға қатысты сөйлем жоқ. Егер бар екені дәлелденсе қауіпті кітаптарды жаюға қатысты деген айыппен жазаға тартыңыздар.
Бірақ, таңғажайып әрі керемет түрде жазылған әрі құнды кітап екені ілім адамдары тарапынан расталған және бұзылған қоғамды жөндейтін қасиеке ие сондай-ақ, осы ғасырдың адамдарына жол көрсетіп жетекші бола алатын және адасудан, материализм мен табиғатшылдықтың салдарынан азған, надандыққа салынған кісілерді құтқаратын, адамзатқа мәңгі бақыт пен есендікке бастайтын жолды Қасиетті Құранның нұрымен көрсеткен Рисалей-Нұр кітаптарында тағылған айыптар бекер болса бізді жазаға тарту әділет негіздеріне керағар әрі оны сот та солай қабылдайды деп ойлаймын.
Айыптаушы орган менен: " Сен Рисалей-Нұрдың шәкірті екенсің ғой, солай ма?" деді. Мен: Бәдиүззаман Саид Нұрси сынды ғұламаның шәкірті болу деген атаққа өзімді лайықпын деп айта алмаймын. Егер қабылдаса мақтана: "Иә, мен РисалейНұр шәкіртімін!" деймін.
Рисалей-Нұрдың авторы стаз Бәдиүззаман Саид Нұрсиға бірнеше рет жасырын дұшпандары жала жауып сотқа берген, бірақ бәрінде де ақталып шыққанды. Рисалей-Нұр кітаптары толығымен профессор, Ислам ғалымдарынан құрылған комисия тарапынан жіті тексеріліп оның терең ілімге сүйеніп жазылған, Қасиетті Құранның ақиқи тәпсірі екені жайлы оң қорытынды берілген. Мәселе солай бола тұра неліктен тағы да сотқа берілгені түсініксіз. Бұл тұрғыда өзімнің көзқарасымды айтар болсам:
Рисалей-Нұрды оқыған кісі әсіресе ақыл-есі дұрыс жастар иманын қуаттап, қайсар да табанды, көзі ашық көкірегі ояу, діндар, отан сүйгіш азамат болады. Ал, иманы берік елге теріс пікір, жат идеология, жаман мінез, азғындық кіре алмасы хақ. Қоғамда мұндай иманы мықты кісілер көбейген сайын масондық, коммунизм ұғымы кіріп, жайыла алмасы анық. Жалпы коммунизмнің іргетасы саналатын материализм философиясының, ақиқатқа мүлдем жанаспайтынын, ондай көзқарастың негізі жоқ екенін Рисалей-Нұр Қасиетті Құранның аяттарымен, бұлтартпас айғақтармен ақыли және көңілге қонымды түрде дәлелдеп береді. Ондай қараңғы пікірге шырмалған жандарды
нұрландырып бәледен құтқарады. Тек көзбен көргеніне ғана сенетін материалистерге де Аллаһтың бар екенін бұлтартпас дәлелдермен, дәйекті түрде дәлелдеп береді.
Әсіресе, орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы жастарға бұл таңғажайып тәпсірдің ерекшелігі, түсіндіру тәсілі, әдеби қыры қатты ұнап өзін қызыға оқытуда.
Міне, сол үшін комунистер, масондар өздерінің удай зиянды пікірлерін жаюға Рисалей-Нұр үлкен кедергі болатынын біліп, Құранның мұндай ақиқи тәпсірі, берік иманның қайнар бұлағы Рисалей-Нұрды жоқ қылуға немесе оқытпауға түрлі айла жасап, небір жала жауып қолынан келгенінше тырысып бағуда. Осы кезге дейінгі тағылған айыптаудан еш нәтиже шығара алмаса да тиісуін жалғастыруда. Бұдан түсінгеніміз, бізді үркітіп, РисалейНұрдан аластатып, бір жағынан өздерінің улы пікірлерін, қараңғы идеологияларын жайғысы келеді. Мақсаттары ұлтымызды, жастарымызды иманнан айырып, мінез-құлқын бұзу. Осылайша, еліміз өздігінен құлдырап, сүйікті отанымызды, ұлтымызды бөтен елдің бұғауына, отарына айналдыру.
Сот мүшелері алдында еш қорықпастан айтарым: бүлік шығаруға бізді құрал қыла алмайсыңдар! Мұны жақсылап біліп алыңдар! Өйткені, біз Рисалей-Нұр кітаптарынан хақ пен ақиқатты таптық, білдік әрі соған сенеміз. Түркі жастары бейқам емес. Бұл, ержүрек Мұсылман түрік халқы жат елдің ұлтаны болмайды.
Жанкешті мұсылман жастары жүрегіндегі ақиқи иманның күшімен отанын сатпайды, сатқызбайды. Діні мықты, ержүрек батыр Түрік халқы, иманы берік Түрік жастары қорықпайды. Сол үшін, бізге адамгершілік, парасаттылық дәрісін берген, мерейімізді үстем қылған және жастардың дінге, отанға, ұлтқа жанашырлық сезімін оятып, соның жолына жанын пида етуге баулитын Рисалей-Нұр кітаптарын оқып жүрміз, оқи береміз.
Бұдан бұрын айтқаным секілді Рисалей-Нұрды азғантай оқығанның өзінде көп пайдасын көрдім. Отанға, халыққа, күллі адамзатқа орасан зор пайдасы бар бұл құнды кітаптар топтамасын егер байлығым болса оны жаю үшін барлығын жұмсар едім. Себебі, дінім үшін, отан мен халқымның мәңгі бақыты мен болашағы үшін жанымдай пида етуге дайынмын.
Мен, Рисалей-Нұрдың құндылығына көзі ашық сауатты түрде сенген жанмын. Біреу айтқанға ере салғаным жоқ. РисалейНұрдың жарыққа шығатынын, сөйтіп адамдарды тура жолға салып, тәрбиелейтінін Құранның аяттары, Хазіреті Али (р.һ.), Абдүлқадир Гәйлани (р.һ.) өз кітаптарында ғайби түрде хабарлаған. Сонымен қатар Рисалей-Нұрдан оқыған кітаптарым шынымен мұның хақ екенін және ақиқатты көрсететін, адамзатты тәрбиелеп тура жол көрсететін кітап екеніне көзімді жеткізді.
Рухани аштық сезініп, оқитын кітап іздеп жүргенімде қолыма Рисалей-Нұр түсті. Оқып жатқанда еріксіз өзімді тоқтата алмадым.
Рухани қажеттілікті Рисалей-Нұр кітаптары толық қамтамасыз етті. Ішінде іліми уә имани ақиқаттар жайлы шәк-шүбәлардан құтқаратын дәйектер көп екен. Осылайша, күмән мен күдіктердің кесірінен болатын рухани мазасыздықтан құтылдым. Сол ақиқаттардан түйгенім: Рисалей-Нұр осы заманның адамдарына яғни біз үшін жаздырылған.
Морла, ахлақ, әдептілік, тәрбие сынды жоғары қасиеттерге ие болу үшін иманы берік, діні мықты болу керек. Ал, имани ақиқаттар Рисалей-Нұр кітаптарында бұлтартпас дәлелдермен, қарапайым мысалдармен түсіндірілгендіктен оқыған сайын иманым беки түсті. Соның саясында адасудан және мәдениеттің жоғары сатысы болған хақ пен ақиқаттан безіп, айдаһарға жем болу дейтін пәлекеттен құтылдым. Сол үшін, өз оқырмандарын рухани, заттық пәлекеттерден сақтап, жоғары оқу орнын бітіргендей терең ілім беретін және дін Исламға, отанға, халыққа сүйіспеншілік сезімін оятатын, Аллаһқа мойынсұнуға, еңбекшілдікке, мейрімді болуға үйрететін РисалейНұрдан - әрине қадірін білген жан - не болса да бас тартпайды деп ойлаймын. Мұндай риясыз құрмет пен адал сыйластықты ешқандай тосын күш жүректен шығара алмаса керек.
Рисалей-Нұрды айыптаушы орган оны зиянды, қауіпті кітап сыныпына жатқызыпты. Мұндай ұятсыздыққа, жалғанға, өтірікке мүлдем қарсымын. Мені үгіттеуші ретінде айыптағысы келеді. Иә, жабылған жаланы естіген нұрлы жандар қатты өкініп, көздеріне жас келіп, іштері удай ашыды. Қазіргі заманда адамдар сауатты, көзі ашық, сондықтан дәлелі жоқ, дәйексіз нәрселерге сенбейді, сенбейміз. Рисалей-Нұр, сендер айтқандай зиянды кітап болса оны дәлелдеп беріңіздер.
Жала жабушы жасырын дұшпандардың бір мақсаты: Рисалей-Нұрды оқитын жандардың Құранға қызмет үшін әрі мұсылманшылықтың талабы болып табылатын, бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін, ыстық ықыластарын, өзара сыйластық пен құрметін, тек Аллаһ үшін ынтымақтарын бұзу екені. Әрине, бұл мүмкін емес, бос әурешілік болады. Рисалей-Нұр оқитындардың ішінде ең төмені, көп ұқпайтын менің өзім, оларға былай деп жауап берер едім:
«Біріміз шығыста, біріміз батыста, біріміз солтүстікте, біріміз оңтүстікте, біріміз ақыретте, біріміз дүнияда болсақ та бәрібір біргеміз. Қара күш-қуаттар біріксе бізді ұстаз Саид Нұрсидан, бізді бізден ажырата алмайды!».
Өйткені, біз Құранға қызмет етіп жүрміз, ете береміз. Ақыреттің хақ екеніне сенгендіктен арамыздағы сүйіспеншілік пен ауызбіршілікті әлбетте, ешбір күш бұза алмайды. Себебі, бүкіл мұсылмандар мәңгі бақыт мекені жәннатта бас қосатын болады.
Отаныма, халқыма, олардың есендігі үшін маңызы зор бір ақиқатты егер рұқсат етсеңіз айта кетейін. Діннен безген кәпірлердің астыртын жоспарының бір тармағы халықты үкіметке қарсы айдап салу.
Бәдиүззаман Саид Нұрсиді түрмеге қамату, жазған кітаптарын зиянды етіп көрсету үшін билік басындағыларға жалған ақпарат беріп, адам сенгісіз сұмдық хабар тарату.
Ал, Бәдиүззаман Саид Нұрсидың бүгінгі таңда сирек кездесетін Ислам ғалымы, ерекше тұлға екені ел арасында ұзақ жылдардан бері белгілі. Демек, олардың ақпаратына ешкім сенбейді, сене қоймас.
лы тұлға стаздың кітаптарын оқып, түсінуді нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға шексіз мақтау айтамын. Одан Иман, Ислам дәрісін алып рухани көп пайдасын көрдім. Мұндай кісіге жан-тәніммен ризамын, шексіз алғысымды білдіремін. зақ жылдар бойы қатты қиналып кітап жазып, жастарымызды коммунизм ұйығына батып кетуден, қабір азабынан, ақырет бәлесінен құтқарған турашыл стаз үшін мен де ұзақ жылдар түрмеде жатуға разымын.
Жиырма жылға жуық миллиондаған адамға дін, иман, Ислам, парасаттылық сабағын беріп, дінсіздіктен құтқарған Құран тәпсірі Рисалей-Нұр үшін дарға асылар болсам жолда «Аллаһ! Аллаһ! О, Расулуллаһ!» деп дауыстап барамын. Жастарымызды әсіресе, коммунизм ұйығына батып дінінен безген, мәңгі бақи сорлап, ақырында отанын сатқан болып атылып кетуден жастарды сақтайтын
Рисалей-Нұр үшін атып тастайтын болса кеудемді тік ұстап еш қамықпаймын. стазым Бәдиүззаман үшін қылышпен шабылатын болсам айналаға шашыраған қаным «Рисалей-Нұр! Рисалей-Нұр!» деп жазылуын қалаймын, Раббымнан сұрайтыным осы.
Құрметті сот мүшелері!
Рисалей-Нұрдың ілім беру тәсілі шынымен де ерекше, дүнияда теңдесі жоқ деуге болады. Өздеріңе мәлім, оқу жүйесінде бір пайда көзделіп, белгілі бір дәрежеге ұмтылып білім алады. Заттық пайдаға, атақ пен шенге негізделіп, тіпті мәжбүрлеп оқытады. Ал, РисалейНұрдың ұйымдастырған Құрани дербес жоғары білім беру методында Құран мен Иманға қызмет етуден басқа қандай да бір дүниялық пайда көзделмеген. Солай бола тұра, тақырыбы өзекті іліми, имани, РисалейНұр зор ықыласпен, қызыға оқылуда. Оны адал ниетпен оқығандар тағы да бірнеше рет қайталап оқығысы келеді. Рисалей-Нұрды жазып әрі оқыған жандар сотқа шақырылып өміріне қауіп төнсе дағы осы құнды кітапты оқығандарын әрі тағы да оқитындарын жасырмайды. Өлім жазасына кесілетінін біле тұра өздерінің берілгендігін ашық түрде білдіреді. Міне, Рисалей-Нұрдың мұндай көптеген қасиеттері әлбетте, сіздердің күмәндарыңызды жойып, көздеріңізді жеткізу үшін жеткілікті дәлел деп ойлаймын.
Демек, Рисалей-Нұрда және авторы Бәдиүззаманда сондай киелі ақиқат бар және оның ешкімге зияны тимеген. Сол үшін жоққа шығарып, бас тартып жатқан ешкім жоқ.
Жалпы білім саласында оқушыларға қатаң талап, белгілі бір міндет жүктеліп барып ілім үйретіледі. Ал, Бәдиүззаман болса ешкімді Рисалей-Нұрды оқуға мәжбүрлемейді. Бірақ, жүз мыңдаған оқырман авторын көрмесе де оған ыстық ықылас, беріктік, ынтымақ құрып, шәкірт болып Рисалей-Нұрдан дәріс алуда. Осындай таңғажайып ілім үйрету методы бұрын-соңды медресе тарихында болмаған, ешбір университетте кездеспеген.
Прокурор мырза былай дейді: «Олар Бәдиүззаманды қатты құрметтейді. Мұндай құрмет басқа ғалымдарға болмаған».
Дұрыс айтады. Құрмет пен сыйластық ұстаздың ұлықтығына, кемелдігіне қарай өзгереді. Өзін қарыздар сезіну де, алғыс та солай, қаншалықты пайда көрсе соған қарай өлшенеді. Бәдиүззаманның кітаптарынан зор пайда көргендіктен оған деген құрмет пен алғыс әрине, ерекше болмақ.
Заманымыздың ұлы тәпсіршісі, Ислам ойшылы, Рисалей-Нұр авторы Бәдиүззаманды комунистер мен масондар бізге әсіресе жастарға таныстырмауға тырысуда. Бірақ, көзі ашық, көкіреге ояу Ислам-Түрік халқы, жастар мұндай дін Исламның қаһарман батыры стазды танып одан тәлім алып, пайдасына жаратуда, басқаларға да ұсынуда. Міне, сондықтан Бәдиүззаманға деген ерекше құрмет пен сенім әсте сарқылмайды.
Рисалей-Нұрда кездесетін аяттар, Қасиетті Құранның таңғажайып қасиетін жоғалтпастан өте шебер әрі ерекше тәсілмен ана тілімізге тәпсірленгендіктен, оны әйел-еркек, жұмысшы-саудагер, ғалымфилософ, қысқасы барлық буын оқып түсінуде. Әркім қабілетіне қарай пайдасын көргендіктен анағұрлым жақындап, қызыға оқуда. Орта мектеп, жоғары оқу орны, профессор, доцент, философтар жаппай оқуда. Зиялы қауым пайдасын көріп оқығаны секілді РисалейНұрдың таңғажайып ерекшелігін, әдеби шешендігін әркім мойындап, таңдана Нұрдың барлық кітаптарын қолға түсіріп, құмарта оқуда.
Бәдиүззаманды және Рисалей-Нұрды жаңадан таныған саналы, түйсігі мол жандар ертерек танымағанына өкініп, жоғалтқан уақыттарын толтыру үшін уақыттарын босқа өткізбей бес минут болса да ретін тауып Рисалей-Нұрды оқып, оған қызмет етуде. Мұндай қызығушылық басқа психолог, социолог, философтардың кітабына болған емес. Олардың кітабын тек белгілі дәрежеде ілімі бар, оқыған кісілер ғана пайдаланады.
Орта мектеп оқушысы немесе оқу-жазу білетін әйел заты атақты философтың кітабын оқыса, оны түсініп, пайдасын көре қоймас. Ал, Рисалей-Нұрды әркім дәрежесіне қарай пайдасын көріп, түсіне береді. Сол үшін сіздерден халық Бәдиүззаман және Рисалей-Нұр шәкірттерін ақтап, бас бостандығын берулеріңізді күтіп отыр. Егер, Саид Нұрси қандай да бір қиыншылықта сабыр сақтап, төзімділік танытуды үйретпегенде және өзінің ерікті қолбасшы болып жорыққа әскер ретінде шәкірттер жинағаны секілді әрекет еткенде өзін қатты құрметтейтін мыңдаған Рисалей-Нұр шәкірттері мына Афион қаласындағы орталық алаңда шатыр құрып соттың оң шешімін күтіп жатқанын көрер едіңіздер.
Саид Нұрси және Рисалей-Нұр шәкірттерінің әрекеттерін заң бойынша жасырын ұйым деп дәлелдей алмады. Неліктен? Сонда білікті құқықшы маман ретінде бас прокурор дәрежесіне дейін
көтерілген кісі мұндай қылмысты әшкерелеп мойындата алмайтындай біліксіз, білімі саяз ба? Жоқ, әрине. Себебі жасырын ұйым дейтін нәрсе жала. Сол үшін саяси ұйым деген айып дәлелденбей отыр.
Айыптаушы бастапқыда: «Нұр тәлабалары саяси ұйым емес!» деп заң жүзінде көзқарастарын білдіріп, шешім шығарған болатын. Кейін белгісіз себептермен «саяси ұйым» дегені әрине қайшылық. Әлбетте, бұл шешім қабылдай алмаушылық. Біз, сот алқасының ақиқатты ашып «жасырын саяси ұйым емес!» дейтін шешім беретініне сенеміз.
Құрметті судьялар! Көңілде қайғы-мұңға елжірейтіндей сәл сезім болса, бір жас жігіттің діннен безгенін естісе әрине, ол көңіл аяныштан атом бомбасындай быт-шыт боп жарылып кетер еді!
Мінеки, сіздер шығаратын үкім және оң қорытындысы, Ислам жастарының және Мұсылман дүниясының сұмдық апаттан құтылуына үлкен үлес болып табылады. Міне, мені Бәдиүззаманмен, оның кітаптармен мықтап байланыстырып тұрған себептің бірі осы.
Рисалей-Нұрды ақтап, оның таралуына рұқсат берген шешім шықса, ол күллі Түркі жастарын, бүкіл мұсылман баласын дінсіздік дейтін апаттан сақтау болып саналады. Өйткені, Құрани терең ақиқаттар жинағы Рисалей-Нұр, бір күні дүния бойынша танылатын болады, оған еш күмәнім жоқ. Сонда, сіздер адамзаттың қошаметіне ие боласыздар. Сіздерден шығатын шешім қазіргі және болашақ ұрпақты риза қылып, алғысына бөлейді. Рисалей-Нұр оқылып, халық пайдасын көрген сайын сіздерге жоғары баға беріліп, мәңгі есте сақталатын боласыздар.
Менің осы шын жүректен айтқан сөздерімді сотқа жағымпазданып отыр деп ойлап қалмаңыздар! Жоқ, жоқ! Себебі Бәдиүззаманның сотында мен ешкімнен тайсалып, қорықпаймын.
Енді, қысқаша егер рұқсат етсеңіздер мұны да айта кетсем деймін:
Егер айыптаушы мырза мына қымбат сүйікті де отанымызда масондық пен коммунизм секілді апаттың алдын алатын нақты шара Рисалей-Нұрды және авторын сондай-ақ, оқырмандарын айыптап, үйлеспейтін жала жабуын қоймай, ашу мен ызаға беріліп қарсылық білдіре берсе, онда ол коммунизмді, фармасондықты қуаттап, көмектескен болады және нағыз айып, күллі зиян дінсіздіктің жайылуына жәрдем еткен болып табылады.
[Кассациялық соттың қосымша хаттамасынан үзінді]
Дінсіз ұйымдар тарапынан бастырылатын газет- журналдардың кесірінен пайда болған күмән мен күдіктен зақымдалып әлсіреген иман негіздерін Рисалей-Нұр өзінің дәйекті баяндауымен жөндеп ретке келтіруде.
Сол үшін жастар Рисалей-Нұрға магниттей жабысып, айналасына үймелеуде. Бірақ, неткен өкінішті әрі жанға бататын нәрсе, осындай Исламның ержүрек батыры, ерекше тұлғаны жиырма бес жыл бойы түрмеге, зынданға, жалғыз өзін қамап көзін жойғысы келеді.
Коммунистердің ұйымдастырған опасыз әрекеттері салдарынан күдік және күдіктің ақыры ашу-ызаға ұласып Рисалей-Нұрдың авторын жазаға тартса да Рисалей-Нұр кітаптары қызыға оқыла бермек, уақыт өте тіпті, мән беріп оқитындардың саны арта бермек.
Оған қуатты дәлел ретінде, айтарым, жаңа әріппен басылған «Аса-и Мұса» кітабын оқыған жастар Құран әрпімен жазылған Нұрдың басқа кітаптарын оқу үшін қысқа мерзімде сол әріпті үйреніп алуда. Осылайша, Құран оқи алмау дейтін үлкен айыптан арылуда.
Қандай да бір елдің жастары Құран және Ислам ілімімен қаруланса өркендеп, дами бастаған. Қазіргі таңда жастарымыз иман мен Исламға мұқтаждық сезініп Құран тәпсірі Рисалей-Нұрдың нұр-фәйзінен рухани азық тауып тояттауда. Сөйтіп, иманы кәміл жастарымыз дінсіздікке, коммунизмге қарсы күресіп сүйікті отанын дін дұшпандарына таптатпай, тосқауыл болуда.
Сондықтан, айтарым егер коммунистер бір жолын тауып сия мен қағаз таба алмайтындай жағдайға түсірсе мен секілді көптеген жастар мен азаматтар жанкештілік танытып ақиқаттың қайнар көзі РисалейНұрдың жазылып жайылуы үшін мүмкін болса терісін қағаз, қанын сия қылуға дайынбыз.
Иә, солай! Нақ, солай! Шын айтамын!
Айыптаушы бізге былай деді: «Саид Нұрси өзінің кітаптарымен жоғары оқу орнының шәкірттерін де улап жатыр!». Біздің жауабымыз: «Егер, Рисалей-Нұр у болса біз сондай уға мұқтажбыз. Егер қайнар бұлағын білсе бізге килограммен емес тонналап, ұшақпен жіберсін!».
Біз, Рисалей-Нұр шәкірттері Иман мен дін Исламға қызмет үшін залымдар қанша зұлымдық жасаса да жәйланып төсекте жатып
өлгенше абақтыда немесе дарағашында өлгенді артық санаймыз. Сырттай егемендік, ал ақиқаты озбырлық, сөзде демократия, ал іс жүзінде диктатура болған ортада өмір сүргенше Құранға адал қызмет етіп сол үшін абақтыда шәһид болуды үлкен абырой, Аллаһтың сыйы деп білеміз.
Ескерту! Осы ақталу хаты және арыз кассациялық сотта қаралып, сот алқасы азамат Зүбәйрдің абақтыдан босатылуын телеграф арқылы хабар жібереді.
[Мұстафа Сунгүрдің ақталу хаты]
Айыптаушы орган мені «Нұршылар» дейтін саяси ұйымға кіріп, халықты үкіметке қарсы айдап салды, деген жаламен жазаға тартқысы келеді.
Біріншіден; Нұршылар деген саяси ұйым жоқ және менің ондай ұйыммен байланысым жоқ. Мен, мың үш жүз жылдан бері әр ғасырда үш жүз елу миллион уәкілдері бар және әлемнің мақтанышы Мұхаммед Ғалейһиссалату уәссәлам құрған ұлы, ауқымды, нұрлы және күллі адамзатты мәңгі бақытқа бөлейтін Исламият дейтін ұйымның уәкілімін. Құдайға шүкір, оның киелі әмірлерін толық мойындап, қолымнан келгенінше бұлжытпай орындауға тырысамын.
Ал, шәкірт болғаным үшін айып тағылған Рисалей-Нұр болса, ол маған діни, имани міндетім бар екенін үйреткен және Ислам діні ең ұлық, бәрінен киелі екенін, тек сол дінғана адамзатты құтқарушы екенін және Қасиетті Құран әлемнің иесі, барлық жерде әзір, нәзір бәрін көруші, зәрреден бастап сонау жұлдыздарға дейін болмыс атаулыны басқарып тұрған Зат-ы Зүлжәлалдың әмірі екенін, оның ішінде бүкіл оқиғалар өткен мен болашақ бәрі жазулы әрі таңғажайып екенін, ол барлық кітаптардан үстем, қырық жағынан мұғжиза екенін дәлелдеген, сондай-ақ ол ол, адамзатқа мәңгі бақытты сүйіншілеп, соны аңсаған құлдарын өзіне қарыздар еткен Шәмс-і Сәрмәдидің үндеуі екенін сондай-ақ, Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату уәссәлам
Әлемнің Раббысы тарапынан жіберілген, өте адал әрі кәміл жан екенін, әкелген Ислам дінінің нұрымен адамзат әлемін нұрландырып, рухани демеу, жұбаныш сыйлағанын және он төрт ғасырды және адамзаттың бестен бір бөлігін мағынауи салтанатына бағындырғанын және мың үш жүз жылдан бері бүкіл үмметтің сауабына ортақ болып амал дәптері сауапқа толғанын және әлемнің жаратылуына бірденбір себеп, әрі Хабибуллаһ атануға лайық екенін, нақты дәлелдермен түсіндірген сондай-ақ, ақырет, жәннат, жәһаннам жайлы дәйекті түрде дәлелдеген Құранның мұғжизасы, құнды тәпсірі.
Рисалей-Нұрдың сөздеріне, сөйлемдеріне қарасаң ол Құранның нұры, Мұхаммедтің нұрынан (с.а.у.) нәр алған екені көрініп-ақ тұр. Олай болса, Құранмен байланысты, оның хас тәпсірі болғандықтан аспани, ғарыштан келген деп толық айта аламыз.
Міне, халықты үкіметке қарсы айдап салады деп жүрген РисалейНұр, өзінің «Сөздер», "Лемалар", "Шұғалар", "Мектубат" атты кітаптары арқылы Иләһи ақиқатты, Ислам қағидаларын, Құрани сырларды ашып дәріс беретін кітап. Апырм-ай, осындай керемет, құнды да мәртебесі биік, ахлақ пен парасаттылық және имани ақиқаттардан күшті дәріс беретін Рисалей-Нұр тәпсірін оқу, оның бақытқа жетелейтін баға жетпес жазуларын көшіріп жазу немесе бір мүмин бауырына пайдалансын деп беру, Құранға қызмет ету қылмыс бола ма? Мұны халықты үкіметке қарсы айдап салу деуге бола ма? Осындай керемет, мүбәрак, құнды тәпсірдің жазушысын халжағдайын сұрап үйіне бару және қазіргі таңда жақсы қасиеттерімен, турашылдығымен, сарсылмайтын берік иманымен Исламның абыройын көтеріп, Құранның ақиқатын паш еткен, оны дүнияға жар салған және Аллаһты риза қылудан басқа мақсаты жоқ Нұр шәкірттерімен Иман мен Құран жолында достасып, ынтымақ құру саяси ұйым құру боп санала ма? Менің ойымша, мұны ары таза, дені сау әділ адам қылмыс деп айта алмаса керек.
Құрметті судьялар!
Білімі терең ғалымдар тарапынан ақиқат екені расталған және иманның дәрежесін көтеретін, Ислам дініне деген махаббат оятатын Рисалей-Нұр және оның «Сөздер», "Лемалар", "Шұғалар" атты кітаптары Қасиетті Құранның нұрлы тәпсірлері болып табылады. Олар рухани дерттерді, мағынауи зұлыматты сейілтетін, бейне бір көктегі Күн іспеттес.
Рисалей-Нұрдың авторы деп жүрген ұстазымызға келсек, Құран мен Иман жолында түрлі зорлық-зомбылық көрсе дағы тайсалмай Құран ақиқаттарын айналасына таратқан және осы берекелі отанның ұл-қыздарын коммунизм және түрлі дінсіздік апаттардан құтқаруға тырысқан ерекше адам. Өмірбаяны, жүрген жолы куәлік еткеніндей ол осы заманда мойнына жауапкершілігі зор, киелі міндет жүктелген тұлға. Ол бізге парасаттылық пен ахлақ дәрісін беруде.
Ол бізге адамзаттың ең үлкен мәселесі, ұлы мақсаты иманды құтқару екенін үйретті. Жиырма-отыз жылдан бері жүз мыңдаған мұсылмандардың иманын Рисалей-Нұр арқылы құтқаруға атсалысуы, оның ішінде мен секілді Исламнан бейхабар бейшараларға зор бақыт, ұлы мақсат иман жайлы дәріс беруі біле-білген адамға Аллаһтың жарылқауы. Оның мұндай киелі имани қызметі мен діни еңбегін жоққа шығарып, ақиқатқа мүлдем қайшы түрде ол кісіні қоғамға қауіпті дегендерге айтарым:
Егер, иман арқылы Аллаһқа жақындау, діни парыздарды орындау арқылы имансыздық пәлекетінен адамдарды сақтандыру және Исламияттың нұрымен бақытқа жетелеу қылмыс болып есептелетін болса, оны қоғамға зиянды кісі деуге болатын шығар. Әйтпесе, бұл опасыздық үлкен жала, кешірілмейтін кінә. Рисалей-Нұрдың мақсаты дүния емес, мәңгілік әлемдегі ақыреттік бақыт және мәңгі бақи Рахим-і Зүлжәмалды риза қылу. Бағыты осындай Иләһи, киелі әрі ұлы мақсат бола тұра өте төмен, күнәға толы, түк пайдасы жоқ, халықты үкіметке қарсы үгіттеу сықылды болымсыз әрекеттерден Рисалей-Нұр тым биік, әрі аулақ екені анық. Біздің иманға қызметімізді тоқтатып, діни ілім алуға кедергі болғысы келіп мұндай жала жауып көзімізді құртқысы келетін адамдардан бір Аллаһқа сыйынамыз.
Құрметті әділ қазылар!
Құранның Кәрім аяттары ишара еткен және Хазіреті Али (р.һ.) мен Ғаус-ы ағзам сондай-ақ, жүздеген зерттеушілер жоғары баға берген Қасиетті Құранның нұры болып табылатын Рисалей-Нұр әсте сөнбейді, сөндірілмейді.
Оған мысал; жиырма бес жылдан бері оны жою мақсатында жасалған тосқауылдар, керісінше қанатын жайып кең жайылуына себеп болды. Өйткені, оның нағыз Иесі әзәл мен әбедті қамтитын,
барлығы құдрет қолында, әміріне мүлтіксіз бағынатын Сұлтан-ы Зүлжәлал. Оның ішіндегі ақиқаттар Құранның ақиқаттары. Аллаһ Тағала өзі сақтап, өзі демеп, ол нұрды жарқыратады әлі, Құдай қаласа.
Құрметті Қазылар!
Иман мен Исламды жағымды әрі ықылас пен үйреткен, Аллаһ ризашылығынан басқа мақсаты жоқ және қазіргі таңда Құранның мұғжизасы, нұрлы тәпсірі екені дәлелденген Рисалей-Нұрды оқу немесе жазу, оның имани ақиқаттарға толы кітаптарын мүмин бауырларға ұсыну қылмыс болып саналатын болса, сондай-ақ, діннің киелі әмірі болып табылатын өзара қарым-қатынас, Ислами бауырластық, Құдай үшін Иманға, Құранға қызмет ету үшін ұйымдасу саяси ұйым боп саналатын болса, мұндай мүбәрак ұйымға мүше болу мен үшін бақыт, үлкен абырой асқақ арман. Мұндай бақыт пен абыройға қол жеткізген Рисалей-Нұрдың шәкірті болу зор табыс, биік мәртебе. Осыны нәсіп еткен Аллаһқа шексіз шүкір. Соңғы сөзім:
1- Ауыр қылмыстар жөніндегі сот менің Нұр рисалелерін оқығанымды, жазғанымды және мұқтаж бір бауырыма беріп пайдалануына жағдай жасағанымды: «Халықты үкіметке қарсы үгіттеп жүр!» деп, айып тағуда. Алайда, мен ол айыптамаға қарсы былай дегенмін: Халықты үкіметке қарсы үгіттейді деп жүрген Рисалей-Нұр, Құранның ақиқи тәпсірі болып табылады. Ол өзінің кішкене кітаптарымен иман ақиқаттарын үйретіп қана қоймай, оқырманын зор бақытқа жетелеп, көңілін шаттыққа бөлейді. Оның мақсаты халықты өкіметке айдап салу секілді бүлікшілер мен қара ниетті адамдардың ісі емес, оның көксеген арман-мақсаты бүкіл бақыт пен шаттықтан жоғары, биік мұрат Аллаһтың ризашылығы. Мен, мұндай абырой мен үлкен нығмет боп саналатын имани ақиқатқа
қол жеткізетін Рисалей-Нұрды оқитын, жазатын әрі адал шәкірті, қызметшісі болғаныма шүкір етемін әрі мақтанамын. Рисалей-Нұр шәкірті болу мен үшін Иләһи жарылқау деп білемін, лайық болмасам да мұндай құнды нығметке бөлеген Раббыма сансыз шүкір етемін. Мәселе солай бола тұра, заңға я бір дәлелге сүйендірілмей мен иманға, дін Исламға жақындығымды қылмыс санап хақ пен ақиқатқа мүлдем керағар жазаға тартылдым.
2- Өз көзіммен көргенім; Мен Қастамону Гөлкөй институтында оқып жүргенімде кейбір мұғалімдер бізге дінсіздік дәрісін беруші еді. Құдай сақтасын, Қасиетті Құранды Хазіреті Мұхаммедтің өзі жазған, Ислам діні бұдан кейін ұмытылып, орнына мәдениет келетінін, қазіргі таңда Құранмен жүру үлкен қателік, кері тартпашылық екенін айтатын. Бірде, әлдебір мұғаліміміз былай дегені есімде: «Мұсылмандар намаз оқып, ақыретті ойлайтындықтан әрдайым мұңайып жүреді, өмірлері қараңғы, мұсылмандардың мешітіне барсаң мұңлы, өлі жағдай, ал христиандардың шіркеуінде әрқашан көңілді, тірі жағдай, олар музыка, ән айтып өмірін көңілді өткізеді» дегені бар. Осылайша иманымыздан, дінімізден айыруға тырысатын, орнына күпірлік, Құдайды жоққа шығару, атеизм ұғымын сіңдіруге тырысатын. Сөйтіп бізге жат, улы пікір үгіттеп, аса қауіпті дінсіз дәрістермен руханияттан жұрдай қылуға тырысатын.Тіпті, сол пікірлерді қабылдап, Құдай сақтасын оны айналаға жайып, үгіттей бастаған мендей байғұс адамның, кенет Рисалей-Нұр сынды Құранның нұрынан келген, Иман мен Ислам ақиқаттарын өте жарқын түрде, бұлтартпас айғақтармен дәлелдеген, дін Исламның әрқашан адамзатқа бақыт мен есендік сыйлайтынын, оның сөнбейтін, сөндірілмейтін мағынауи Күн екенін кереметтей түсіндіретін нұрлы кітаптарынан бірнешеуін оқу арқылы әлгіндей улы да қауіпті пікірлерден құтылып, иманы бүршік ашқан сөйтіп, керемет рахатқа бөленіп, өзінің осындай шексіз алғысын Нұр рисалелері арқылы бақыт пен шаттыққа бөлеген мейірімді де жанкешті, нағыз қаһарман ұстаз Бәдиүззаманға ұсыну қылмыс санала ма!? Бұрыңғы ғапылдық пен адасушылық өмірін тастап иманға, нұрға қауышқанын және кәміл иманға қол жеткізетін Рисалей-Нұр осы заманғы адамдарға жол көрсететін һидаят Күні, бақыттың бұлағы екенін және оның авторы құрметті стаздың киелі де ұлы имани қызметінің саясында адамзатқа әсіресе иманды
жандарға Аллаһтың жарылқауы екенін тамсана айтуы кінә бола ма? Жоғарыда аталғанындай, Құранға, дін Исламға қарсы қара ниетті дұшпандардың істеп жатқанындай мына қаһарман Ислам халқының ұрпақтарын діннен бездіруге тырысқан кәпірлерді «Астыртын саяси Суфян ұйымы» деп анықтап, ал олардың халықты бұзу, елді күйрету секілді сұм әрекеттерін мақұлдап, құптап жатқан ақымақтарға: «Ей, бейшаралар, ниеттерің неткен жаман, жиіркенішті!» деп айтқаны қылмыс санала ма? Сондай-ақ, иман тұрғысында күмәні бар ескі достарына: «Жүріңдер! Бәріміз мына нәпсіқұмар, әуесіктен бас тартайық! Құран ақиқаттарын тізе бүгіп, ден қойып тыңдайық! Осы ғасырдың жол бастар жетекшісі Нұр медресесіне барайық! зақ жылдар бойы қолпаштап, қошемет көрсеткен өтірікші азғын-алаяқтардан және олардың ақиқат деп көрсеткен жалған нәрселерінен бастартып Бәдиүззаман Саид Нұрсидың дәрістерін ден қоя тыңдап оны өзімізге стаз деп қабылдайық! Қараңғы өмірден жарыққа шығайық!» деп айтуы, заңға қайшы ма? Бұл, әркімнің иманнан алған ләззатынан, Құран мен Исламнан туындаған қуаныштан және өз халқын жақсы көріп, олардың мәңгі бақи бақытты болуын қалаудан туған шынайы сезім емес пе?
Апырм-ай, Құдайға құл болып, дін Исламның ұлы дін, парасаттылық пен бақыттың жаршысы екенін жария қылу қылмыс санала ма? Құран мен Исламға қарсы әртараптан қатты соққы жасалып, Қасиетті Құран мен Ардақты Пайғамбарға жала жауып биік абыройын түсіруге тырысып жатқанда және дінсіздікті, Құдайдан безуді, азғындықты дәріптейтін кітаптар жарнамаланып, Жаратқанға қарсы шығатын, Исламға тіл тигізетін бейбақтар құрметтеліп, бидғатшылардың тасы өрге шығып тұрған осындай сұрқия заманда Қасиетті Құранды, Ардақты Мұхаммед Пайғамбарды (с.а.у.) дәріптеп, оның хақ әрі ақиқат екенін және Аллаһтың бар екенін және әлем бүкіл болмысымен Жаратқанның бар әрі бір екеніне куәлік ететінін, сондайақ, адамзат ақыл-санасымен көркем есімдерге айна болу жағымен бүкіл жаратылыстан үстем екенін және иман келтіріп, құлшылық етсе және адасушылықтан, азғындықтан, үлкен күнәлардан сақтанса мерейі тасып мәңгі жәннатқа, бақи бақытқа бөленетінін ал, Аллаһқа ширк қосып, бас көтеріп немесе ғапыл өмір сүріп адасар болса, Раббысына күпірлік етсе хайуаннан бетер төмендеп, әбден құлдырап
тозаққа лайық, мәңгі азапқа душар болатынын, сондай-ақ, қасиетті Құранның еш өзгермейтін аспани кітап, үкімдері-әмірлері күшін әсте жоймайтынын, дін Ислам болса мәдениеттің ең жоғары сатысы және адамзаттың нағыз бақыты тек Құранға ұйып, оның айтқанымен жүруде екенін бұлтартпас нақты айғақтармен дәлелдейтін РисалейНұрды мақтау, оның Құранның нұрлы тәпсірі, Аллаһтың жарылқауы екенін жария қылу, соған сену қылмыс па екен?!
Пәни, бес-он минуттық харам зауық беретін роман, аңыз әңгімелер мен Исламға жат, тіпті қарсы және елімізге, халқымызға оқылуы зиянды да қауіпті кітаптардың бастырылып таралуы, оларды жарнамалап, үгіттелуі қылмыс саналмайды да, ал жүз миллиондаған үммет артынан ерген, нағыз бақытқа қауыштыратын Ислам дінін баяндайтын, үгіттейтін, иман ақиқаттарын түсіндіретін РисалейНұрды оқу, жазу және лайық түрде өзінің жоғары бағасын ала алмай жүрген сол құнды тәпсірді оқуды насихаттап кеңес беруіміз, қылмыс болды ма?! Жүрегінде азғана иманы бар және осы елді, халықты ойлайтын адам мұны қылмыс дей алмаса керек.
Құрметті қазылар!
Сіздердің алдарыңызда тұрған бұл мәселе тікелей иманға, Құранға қатысты мәселе. Бұл миллиондаған адамдардың мәңгі бақыты мен бостандығы жайлы мәселе. Бұл орасан зор мәселе, әу баста Мұхаммед ғалейһиссалату уәссаламды, одан кейін күллі әнбия-әулиелерді, зерттеушілер ғалым-ғұламаларды және иманды болғыр бүкіл марқұмдар, ата-бабамызды алаңдатады. Сендерге сол миллиондаған сүйікті жандардың сәлемі мен разылығын алып, шарапатына бөленуге үлкен мүмкіндік туып тұр. Рисалей-Нұр деген ұлы ақиқат алдарыңызда. Оның көксеген мақсаты дүнияуи, пәни, уақытша нәрсе ме әлде зор бақыт, нағыз шаттық боп табылатын Аллаһтың ризашылығын табу ма? Оның кітаптары адамдарды арсыздыққа итере ме әлде иманын арттырып тақуалық, жақсы мінез, бойға парасаттылық қалыптастыра ма?
Қасиетті Құранның мағынауи кәраматы, Иләһи нұр деуге болатын Рисалей-Нұр алдарыңызда. Иманды болу, бұ дүниядан иманды кету, мәңгі бақытқа бөлену әр адамның ең бірінші, маңызды өзекті мәселесі екені рас. Ал, Рисалей-Нұр Құранның саясында имани ақиқаттарды үйретіп иманды кәміл қылатынын оны жазып,
оқығандар және Қасиетті Құран аяттарымен растайтын. Хазіреті Али (р.һ.), Ғаус-ы Ағзам Шейх Гәйләни (р.һ.) секілді уәли кісілер жоғары бағалап растаған Рисалей-Нұр әлгі мәселені тиімді түрде шешіп, оң қорытынды алуға себеп болады. Олай болса сіздер, мәселені нағыз әділдікпен қарап, ақиқаттың құрметіне, ешқандай күдік-күмәнға берілмей, шынайы түрде Рисалей-Нұр Құранның ақиқаты, іші толы шындық екенін растайсыздар, деп ойлаймын. Оның шәкірттерінің де Аллаһтың ризашылығынан басқа діттеген мақсаттары жоқ екеніне көздеріңіз жетеді деп білемін.
Құрметті сот төрағалары!
Мінез-құлқы керемет, өте парасатты, аса мейірімді, кішіпейіл де қамқор, сол үшін де адамдарды білімсіздіктен, о дүниядағы мәңгі бақи қапастан құтқарам деп зыр жүгірген және ауыр азаптарға, қиыншылықтарға төзіп Жәнаб-ы Хақ тарапынан парыз болған Құран ақиқаттарын айналаға жаю арқылы кемелдіктің жоғары сатысына жеткен, жоғары мәртебелі ғазиз ұстаз Саид Нұрсиды әділет пен ақиқатқа қайшы түрде зынданға қамағалы жатыр. Ол тым қарт әрі науқас, кәріп кісі. Жүрегіндегі қуатты иманымен, тақуа құлшылығымен, ерекше зеректігімен, терең ілімімен адамдардың иманын қалай сақтап қалам деп ышқынып, зарлап жүрген, одан басқа мақсаты жоқ, жасы жетпіс бесте, нағыз отансүйгіш стазымыздың Афион қаласындағы түрмеде суық жерде, азап шегуі жанға батып, жүрегімізді сыздатуда. Ақиқатқа құмар жоғары мәртебелі сотқа және адамгершілігі мол сіздерге сеніп мәселені әділ әрі қамқорлықпен шешеді деген үміттеміз.
[Мехмет Фәйзинің ақталу уәжнамасы]
Айыптамада мені стаз Саид Нұрсидің жазба қызметшісі, әрі өзіне жақын дос әрі Рисалей-Нұр кітаптарымен тығыз байланысты, көп қызмет еткен деп, осы әрекетімді жауапкершілікке тартуға негіз таныпты. Мен бұған шын көңілден келісемін әрі оны мақтана қабылдаймын. Себебі, мен ілімге қатты құмар, ақиқатты білуге
құштар жанмын. Денизли қаласында үйімді тінтіп, тексерген кезде бес жүз сексеннен астам арапша, ғылыми әртүрлі тақырыпта кітаптар табылып, ресми тіркелгені бұл айтқанымды растаса керек.
Менің тұрмыстық жағдайым нашар әрі жасым кіші әрі арапша толық білмесем де бұл заманда сирек кездесетін жағдай, әртүрлі тақырыпта бес жүзден астам кітап жинауым ілімге деген құштарлық, тәлаба болуға ынтазарлық болар.
Міне, мен осы туа біткен қабілетіме байланысты әрдайым өзіме бір шынайы ұстаз іздейтінмін. Құдайға шүкір, көктен іздегенімді жерден таптым. Иә, ұстазым Саид Нұрсидың да өмірдегі мақсаты ілім іздену, Исламиятты жетік білу екені рас, оған өзінің өмір баяны куә. Мен өзім көргенімдей, әрі ұстаздың өміртарихы кітабында баяндалғанындай және өзінің бұрыңғы тәлабаларынан естігенімдей, мендегі ілімге деген құштарлық ұстазымда жоғары деңгейде болған екен. Олай дейтінім, мына заманда медресенің ғалымдарына ұқсамай таңғажайып түрде, жалғыз өзі медресе шәкірті қалай болу керектігін толыққанды ісімен көрсетіп, өнеге болып, қандай да қиыншылыққа мойымай шыдап баққан.
Тіпті, саясаткерлер стаздың мұндай ерекше хәлін түсіне алмай, еш қатысы жоқ саясатпен байланыстырғысы келді. Сөйтіп, абақтыға қамауы. Дегенмен бұл оқиға Құдайдың құдретімен әлгі ілімге деген құштарлықты Құран ақиқаттарын ашуға себеп қылды. Осылайша ілім иелері мен философтарды таңғалдыратын Рисалей-Нұр жарыққа шықты. Мен де дәл сол кездері өзімнің сабыла күткен, тағатсыздана аңсаған жоғары мәртебелі ұстазымды Құдай жарылқап Қастамону қаласында жақын жерден таптым. Бұған өмір бақи ризамын.
Әрі стазымның бұрыннан бергі әдеті, ілімнің абыройын сақтау үшін садақа, сыйлық секілді нәрселерді қабылдамайды және шәкірттеріне де қатаң тыйым салады. Ешкімге жағымпазданып жалбақтаған емес. Тіпті ол кісі, соғыс майданында жаудан жасырынбай, оқпанаға тығылуды өзіне ар санап ілімнің абыройын асқақтатқаны секілді сұмдық залым үш қолбасшыдан да тайсалмай тағы да сол ілімнің абыройын түсірмеу үшін олардың ашу-ызасына түк мән бермей, аузына құм құйған көрінеді. Сол үшін де мен стазымды аса құрметтеп, отан, халық, түркі халқының абыройын сақтау үшін жанкештілік танытты деп білгендіктен оны өзіме нағыз
ұстаз деп қабылдадым. Мұндай отанға, халыққа адал қызмет еткен, жанкешті ұстаздың - болған күннің өзінде - жүз кемшілігі болса да түсінікпен қарап, оған наразылық танытпау керек деп білемін.
Осы елдің отан сүйгіш патриоттары бір кезеңдері, тіпті ұлтшыл азаматтары республика дәуірінде ұстаздың отанға, халыққа жасаған қызметін, ерен еңбегін ескергендігі тарихи шындық. стаз Мысырдағы «Жами-ул Әзхар» тәріздес аты «Мәдресе-туз Зәхра» деп аталатын оқу орнын Ван уәлаятында ашпақ болып іргетасын қойған кезде бірінші дүние жүзілік соғыс басталып кейінге қалған-ды. Кейін ол бастаманы «Иттихад уә Тәракки» үкіметі қолға алып парламент мүшелерінен жүз алпыс үш кісі мақұлдап жүз елу мың банкнот берілуіне қол қойған екен. Мұндай мыңдаған ғалым-ғұламалар жұмылып істейтін орасан зор бастаманы бір өзі бастап кетуі отан сүйгіштер мен ұлтжандыларды, медресе ғалымдарын риза қылатын, мақтауға тұрарлық ерлік. Біз де мұндай ұстаз нәсіп болғанына риза болып қандай да бір қиыншылыққа, машақатқа көнуге қарар бердік. Ілімінің нұрымен, жүз отызға жуық тәпсір-кітаптарымен, имани ақиқаттармен менің ілім жолында, иман саласында дамуыма себеп болған бұл ерекше тұлғаны жан тәніммен құрметтеп, өле-өлгенше қарыздармын. Иншаллаһ!
Айыптаушы органның мені пәленбай ай бойы тексеріп, тергеп, нәтиже ала алмаған мәселесі мынау: «Дінді және діни сезімді қоздырып елдің тыныштығын бұзатын, қауіпті астыртын саяси ұйым құру». Бірақ, мұндай ұйым жоқ әрі ондай ұйыммен байланысымызда жоқ. Біз, республика заңнамасына сәйкес қатал сынақтан өткен, жоғары дәрежелі сараптамашылар тарапынан оң қорытынды алған, сотта ақталып таралуына тыйым салынбаған, керісінше жоғары бағаланып, мақтауға тұрарлық Рисалей-Нұрмен байланыстымыз. Бұл отанға, халыққа қиянат емес қайта отанға, халыққа пайдалы ілім беру тұрғысынан зор қызмет. Мұның сыртында біздің діттеген саяси мақсатымыз жоқ, ашу-ыза, кек алу деген жат пиғыл да жоқ. Сондықтан, осы тұрғыдан алғанда бейкүнә, адал екендігімізге шәк жоқ. Денизли сотында ақталып, бас бостандыққа қауышқанымыз секілді осы жоғарғы әділ соттан да әділетті шешім күтіп, босатылуымызды сұраймын.
[Ахмет Фәйзидің ақталу уәжнамасы]
Құрметті қазылар! Дін ғалымымен танысу, оның діни ақиқаттар туралы кітабын оқу, көшіріп жазу және діндес бауырларына көмек ретінде Дінге, Құранға, Пайғамбарға (с.а.у.) қызмет ету мүминнің уазипасы, міндеті емес пе, олай істеуге ақысы жоқ па? Бізді мұндай діни қызметтен тыйым салатын заңда қандай да бір бап бар ма? Қазіргі таңда болып жатқан күпірлікті, жат мінез, оғаш қылықты сынау, мінеу қылмыс боп санала ма? Біз саясатпен, билікпен еш шаруасы жоқ, діндар, ақпейілді, ақ ниетті халықпыз. Біреуді жақсы көру, құрметтеп сыйлау әркімнің жеке шаруасы. Біз Бәдиүззаманды заманның алғы шептегі жоғары мәртебелі дін ғалымы деп білеміз. Ол, діни ақиқаттарды әсте бұрмаламай, қаз-қалпында түсіндіретін ақиқатшыл ғұлама. Мүжаһид, күрескер деуіміздің себебі, елімізге қауіп төндіретін азғындық, имансыздық секілді ағымдарға қарсы Құрани ақиқаттарды басшылыққа ала отырып асыл дінімізге жасап жатқан қызметі үшін ғана. Діни көзқарасқа шек қойылмаған, сөз бостандығы бар елде тұрып жатқандықтан жеке ойымызға, діни нанымымызға бола жауапқа тартылмаймыз. Ол үшін ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспіз.
Ақырзаман жайлы хадисте кейбір тұлғаларды суреттеуіне келсек; мұны біз ойдан шығарған жоқпыз. Оның негізі дінде бар. Ардақты Пайғамбарымыз ғалейһиссалату уәссалам өзінің хадистерімен үмметінің жасы мың бес жүз жылдан көп аса қоймайтынын айтқан. Ол кезге дейін мұсылман әлеміне, дүниялық өмірде үлкен рөл ойнайтын тұлғаларды, тарихи оқиғаларды «Қиямет белгілері» деп хабар беріп кеткен. Олардың бүлік-бәлесінен Ислам қауымы сақ болуын айтып назар аудартқан. Егер ғапыл болып, надандық қылса олардың бәлесіне ұшырап мәңгі азап шегіп, өмір бақи сорлап қалатынын айтқан. Ол туралы көптеген діни дәлелдер бар.
Біз Аллаһқа, оның Расулына және Құранға сенеміз. Енді, сол сенім мен Пайғамбарға иманның талабына сай өзімізді о дүниядағы мәңгі азаптан құтқаруға тырыспасақ не болғаны? Айналамызда болып жатқан оқиғаларға көз жұмып жүре берейік пе? Мүмкін Пайғамбарымыз айтқан қауіпті заман келген шығар!? Сол қауіптің
ішінде жан айқайымен шыңғырған біз емес пе!? Осы іспеттес хақ, діни ақиқаттарға қарсы нендей шара қолдану керектігін ойлануымыз керек болар. Біз көзімізге шұқып тұрып көрсетіп берген дәлелдер мен күшті айғақтарға мән бермей Еуропадан келген дінсіздікті керемет мәдени жетістік деп, өз дінімізден безсек, бізді мәңгі азаптан кім құтқарады? Сонда, бұл туралы ойланбауымыз керек пе?
Осылай ойлайтын және Құраннан, оның ақиқатынан жоғары ешнәрсе жоқ екенін сенген адам уақытша жазаға тартылудан қорқып, өзін мәңгі бақи азапқа салатын іс жасай ма? Немесе пәни алдамшы нәрселерге мән бере ме? Аллаһқа, оның елшісіне, киелі дініне қызмет етуден бас тарта ма? Міне, осы аталған себептер бізді Бәдиүззаманмен байланыстырып тұр. Рухымыздың шексіз қажеттілігін қамтамасыз ететін өзге діни білім бұлағы, имани мектеп бар ма?
Құрметті прокурор, бізге кітапханадағы мыңдаған арапша және заманауи емес кітаптарды оқыңдар, дейді. Құрметті прокурор және сол секілді ойлайтындар Рисалей-Нұр атты терең ілімге толы тәпсірді, құнды қазынаны, терең ақиқатты ұнатпауы мүмкін, мін тағуына да болады. Ол өз еркі. Бірақ, бізге мынау немесе анау кітапты оқы, соған мән бер деп айтуға хақысы жоқ. Бізге Рисалей-Нұр ұнайды, оны жақсы көреміз. Ол адал ниетпен жазылған нағыз Құранның тәпсірі. Кімге құрмет, кімге сый ол әркімнің жеке шаруасы, оған ешкімнің араласуға хақысы жоқ.
Рас, біз Рисалей-Нұрдың авторының әрдайым шындықты айтып, ақиқат дәрісін бергеніне кепілміз. Оған жоғары мақам беріп, қаншама мақтасақ ол кісінің зор қабылдамауы біздің ниетімізді өзгертпейді. Біз ол кісіні кәраматы, қасиеттілігі үшін емес Нұр дәрісін ықыласпен, кемел түрде бергеніне куә болғандықтан және жер жаһанға ілімпарасаттылығымен танымал болғаны үшін құрметтейміз. Тәлім алу кезеңі бар болғаны үш ай бола тұра таңғажайып ілім-нұрын шашқан, терең ілімімен ілімнің биік шыңына шығып, атақты ойшылдардың өзін тамсандырған мантық (логика) ілімін басқа қырынан көрсеткен және ең таңғаларлығы осы білген ілімін өмірінің жартысынан кейін үйренген түрік тілінде өте шешен әрі шебер жеткізе білген, сондайақ, адамды тез өзіне баурап алатын, тәухид, иман, хикмет сынды өзекті тақырыптарды жан-жақты қамтып, оны қағазға төге білген Бәдиүззаманнан басқа ғалым-ғұлама көрсете аласыз ба?
Уақытша нәрселерге, пенделердің мақтап-мадақтағанына әсте алданбайтын, мән беріп қарамайтын, жеке бастың пайдасына, болмашы ләззатқа өзін төмендетпейтін, біреуге жалбақтау дегенді білмейтін, ешкімге қол жайып тіленбейтін, сыйлық алмайтын, абырой мен намыстың туын биік ұстайтын, кез-келген қиындыққа төзіп, таршылыққа шүкір ететін, өзін ақиқатқа, Құран нұрына, Мұхаммеди ілімге (с.а.у.) арнаған, елдің қамын ойлап зар илеген, өзіне қанша қастандық, небір зұлымдық жасалса да халықтың бақыты үшін алға қойған мақсатынан, киелі қызметінен бастартпаған, өзінің қарттығы мен ауруына қарамастан адамдарды надандық пен күпірліктен құтқарамын деп бойындағы Иләһи қайрат-жігерін жұмсаған, күрескен Нұрлы жанды стаз деп айтқанымызды көп көресіңдер ме?
Осы аталған іліми артықшылығымен қоса, мына адамгершілік қасиеттер азайған заманда өте қанағатшылдығы, тоқмейілдігі, абырой мен тура бағыттан еш ауытқымауы өзінше тақырып. Бұл да оны өнеге, ұстаз деп қабылдауға әбден лайық екенін көрсетеді.
Міне, біз Бәдиүззаманға және оның кітаптарына осылай қараймыз. Апырм-ай, оған тек Аллаһ үшін, имандылығымыз үшін байланыс құрсақ және Қасиетті Құран мен Мұхаммедтің (с.а.у.) ескерткені үшін, күпірлікке қарсы наразылық білдірсек бұл біздің қарсы пікірлі саясатшы екенімізді білдіре ме? Апырм-ай, жиырма бес жылдан бері дін ақиқаттарынан мақұрым, жойылуға бет алған ұрпағымыздың кейбіріне, оларды мәңгі сорлаудан құтқару үшін Аллаһ туралы, Расулуллаһ жайлы, ақиқат пен Құран хақында тақырып қозғау, олардың таза жандарын, ішкі пәк дүниясын сақтап қалуға тырысу лаңкестік, бүлік санала ма?
Құрметті Судьялар!
Біз ешқандай да саясатшы емеспіз. Біздің ойымызша саясат біз секілді саясатты жетік меңгермеген адамдарға қауіпті әрі үлкен жауапкершілік жүктейтін нәрсе деп білеміз. Пәни нәрселерге мән бермейтініміз, рас. Біз дүнияның болымды жағына яғни Аллаһтың ризашылығына қауыштыратын жағына қараймыз. Сондықтан, біз саясатқа араласуды, үкіметтің бағыт-бағдарына қарсы шығуды әсте қабылдамаймыз. Егер, мұндай ойымыз болғанда жиырма бес жылдың ішінде бір көрініс табар еді.
Иә, біздің қарсы жақтарымыз жоқ емес, ол азғындыққа, имансыздыққа деген қарсылық. Бізді оған итермелейтін нәрсе иман және Құранның қатты-қатты айтқан аяттары, оны мойындаймыз. Егер, осы адал ниетпен, бүкпесіз шын пейілден, ықыласпен айтылған нәрсе сендіруге жеткіліксіз болса, біз кез-келген жазаға келісеміз. Бірақ, мынау естеріңде болсын, қазір алты жүз миллионнан астам адамның қабылдап отырған дінін әкелген Хазіреті Иса ғалейһиссаламды сол кезеңнің билік басшылары, Азиз пайғамбардың адамзаттың бақыты үшін жанталасқан және аманатты иесіне толық тапсыру үшін жан тәнімен де тырысқан «жәй бір ұры» ретінде өлім жазасына кескен екен.
[Джәйланның ақталу уәжнамасы]
Айыптаушы орган түймедейді түйедей қылып, өзімнің мақтаныш пен қабылдайтын ұстазыма және Рисалей-Нұрға жасаған қызметім үшін мені саясаткер, бүлікші ретінде айыптап өз ойларынша қылмыс саналатын Нұр қызметіне мені ортақ қылғысы келеді. Оларға айтарым: діни, имани және ахлақ жайлы жазған кітаптарын оқып сол үшін де өзімді қарыздар сезінетін, жаным пида стазым Бәдиүззаманмен етене араласып, оның жақын танысымын.
Бірақ, бұл айыптаушы органның дегеніндей отанға, халыққа қауіпті, халықты үкіметке қарсы қоятын жақындық емес. Онда не үшін десеңіз, ол ешкім өзін құтқара алмайтын қабір азабынан, мәңгі жойылудан өзімді, сосын өзім сияқты мына қауіпті заманда
иманын сақтап қалуға, мінез құлқын жөндеуге тырысқан және отанына, халқына пайдалы азамат болғысы келетін әрі оған мұқтаж бауырларымның иманын сақтау үшін құрылған тығыз байланыс.
Өзімді ол кісіге жақын адаммын деп санаймын. Төрт жыл шамасында кейбір қызметтерін атқарғаным рас, оны мақтаныш тұтамын. Сонда оның бойынан тек жақсылық пен ізгі қасиеттен басқа ешбір жат қылық көрмедім. Аузынан ешқашан: «мәһдимін, мүжәддидпін!» деген сөз естімедім. Оның өте кішіпейіл жан екеніне жүз мыңнан астам нұр кітаптары және оны оқып иманын сақтап қалған жүз мыңдаған адал шәкірттері куә. Ол мүбәрак кісі өзін біз секілді Нұр тәлабасы санайды. Солай екенін дәлелдеп беруге дайын.
Бұл айтқанымды қолдарыңдағы көптеген хаттары әсіресе «Аса-и Мұса» кітабындағы «Ықылас рисалесі» анық дәлелдейді. стаз өзі былай дейді: «Мәңгі бақи және Күндей жарық, алмастай құнды ақиқаттарды пәни, уақытша өмір сүретін пенделер арқалап иелене алмайды!». стаздың осы сөзін рисалелерде, хаттарында жиі кездестіреміз. Солай бола тұра ол кісіні мақтаншақ, атаққұмар, өзін Мәхди санайтын, мүжәдидтік даулайтын адам ретінде айыптау ақыл-есі дұрыс адамның ісі емес. Олай дейтінім, оның жазған барлық рисалелерін, хаттарын ынсаппен, мұқият оқысаңыз, ол, заманның ерекше тұлғасы, теңі жоқ дін ғалымы, иманды қызғыштай қорғаушы, дінсіздікке жаны қас, отанға, халыққа орасан зор қызмет еткен, өте пайдалы азамат, отансүйгіш екеніне көздерің әбден жетеді деп ойлаймын. Мен осындай тәпсірге және сол тәпсірді жазған қадірлі стазға ертерек шәкірт болмағаныма өкінемін.
Құрметті сот ағзалары!
Өзім тәжірибе еткенімдей, орасан зор пайдалы Рисалей-Нұрдан «Генчлик рехбери» (Жастар шырағы) атты кітапшаны ресми рұқсат алып өзім сияқты осы елдің азаматтары пайдалансын, отанға қызмет болсын деген ниетпен бастырғаным рас. Мен секілді байғұстың осындай Құранның хақиқи тәпсірі Рисалей-Нұрға, шынтуайтында Иманға қызметін жоғары бағалап, еңбегін ескеріп, құлшындырудың орнына, мұндай жәбір көріп, жазаға тарту әділетке қайшы болса керек.
Мен, әділ соттан рухани азығым, жамандықтан құтылуымның бірден-бір себебі, мәңгі бақыттың кілті Рисалей-Нұр кітаптарының
еркіндігін, толық ақталуын талап етемін. Егер жоғарыда біршама айтқан мәселелер сіздің ойыңызша қылмыс саналатын болса соттың ең ауыр жазасын ризашылықпен қабылдайтынымды айтпақпын.
[Мұстафа Османның ақталу уәжнамасы]
Астыртын ұйым құрған, діни сезімді қоздырып елдің тыныштығын бұзуға әрекет жасаған деп, жөнсіз айыпталып жатқан Бәдиүззаман Саид Нұрсимен біргесің деген жалаға қарсы айтарым:
Біріншіден; иә, мен де бірнеше Нұр шәкірті секілді нағыз түрікке, мұсылманға жарасатын және тарихта діни мәдениетпен, өнегелі тәрбиесімен аты шыққан, ұлттық дәстүрі Құрани ахлақты үйреніп, өзін отанға, халыққа пайдалы азамат болу үшін тәрбиелеп және шетелдік жат қылыққа қарсы тұрып дінімді, иманымды сақтап қалайын деген ізгі ниетпен Нұр рисалелерін қолға түсіріп оқи бастадым.
Тарихқа өшпес із қалдырған ата-бабамыздың керемет мінезі мен асқақ абыройына кір келтіретін азғындық, жаман мінез, бассыздық қоғамдық өмірімізді бүлдіріп жатқанда, газет-журналдар елді алаңдатып өсек тасушы секілді әр үйге кіріп азғындық кеңінен тараған кезде солардың ортасында жүрген және сұмдық пәлекет қаупі төнген сәтте өзінің діни тәрбиелік қырымен, әдептілік дәрісімен, қоғамға қатысты сырымен мүмин оқырмандарын әлгіндей қатерден құтқарғаны секілді мені де құтқарған Рисалей-Нұр күллиятын оқығаным рас.
Және менің осы кітаптарды оқитынымды естіп-білген отандастарым өздерінің мінез-құлқын жөндеп, нәпсілерін тәрбиелеуі үшін өздері өтініп сұраған соң Нұр кітаптарын беріп, осылайша есерсоқ, бетімен кеткен, отанға, халыққа зиянкес жағдайға түсуі мүмкін жандарды осы нұрлы рисалелердің әсерлі ақиқаттарымен жамандықтан тыйып қоғамға пайдалы азамат болуына себеп
болдық. Сондықтан, елдің шырқын бұзып, қоғамда арсыздықты жарнамалаған, бүкіл дүнияны дүр сілкіндіріп имандылардың зәресін ұшырған дінсіздік идеалогиясына қарсы тосқауыл болып өзінің діни, әсерлі насихатымен күресіп жүрген мүжәһид ғалым Бәдиүззаман құрметке әбден лайық. Осындай, киелі де рухани күрестің мағынауи қаруы боп саналатын, жиырма жылда жиырма мың, тіпті одан да көп адамды халқына пайдалы, отанына адал қызмет ететін хәлге жеткізген Рисалей-Нұрды оқытқаным қылмыс санала ма? Оның қадірменді авторы кінәлі боп табыла ма? Жауап беріңдерші!
Екіншіден; Айыптаушы органның «хадис емес мәузүғ» деп іліми екеніне шәк келтірген Рисаледегі хадистер хадис кітаптарында бар әрі «сахих» яғни нақты екені расталған. Оны хадис ғалымдары бекіткенді. Тағы да мұны растайтын оқиға, егемендіктен бұрын «мәшрутият» кезеңінде Ислам ғалымдарынан Жапонияның бас қолбасшысы және Англия шіркеуінің дінбасы бір сұрақ сұрап, соған байланысты Стамбул ғұламалары Бәдиүззаманға жауап беруін өтінген мына қолыңыздағы «Бесінші Шуақ» атты кітапшада жазылған сол хадистің жауабын ірі ғалым-ғұламалар қабыл көріп, наразылық білдірмеген-ді.
Рисалей-Нұрдың тек аталған кітабын ғана емес, барлық тақырыптары мен ақиқат дәрістерін ешбір хақиқи ғалым жоққа шығармай өте қуатты екенін мойындаған. Діни басқарма және барлық ғұламалар қабылдаған мұндай қуатты ақиқатты тек аты ғалым, ілімнен жұрдай, ақиқатты түсінбеген бір-екі адам бекерге шығарса не өзгереді?! Бұл күлкілі жағдай. Олай дейтінім, дүниялықақыреттік пайдасын көрген кісілер елдің түкпір-түкпірінен әр түрлі деңгейдегі адамдардар мәңгі жоқ болудан құтылу мақсатымен қызыға оқып, имандарын сақтап қалғаны үшін өз ризашылықтарын білдіріп осылайша мыңдаған азаматтың алғыс ретінде хат жазуы заңға қайшы ма?
Сарапшылар «мәузуғ» яғни күдікті деген хадистердің нақты ақиқаттарына сүйене отырып ардақты Пайғамбарымыз хабарлаған ақырзаманның кейбір белгі-нышандары елімізде болып жатқанын байқап, дегенмен Ислам ғалымдарының ескертулеріне байланысты бүліктердің алдын алып, тойтару, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын көріп қуану мұны Құранның құдреті деп қабылдап көңілі тасып, шаттану қылмыс па екен? Осы ойды өзінің кітаптарымен жұртқа
нұр шашқан ұстазымен бөлісу кінә ма? Отанымызға, халқымызға анархия қаупін төндірген, жалпы дүнияға апат саналатын қызыл от комунизмге адамдар оранбасын деп тілеу, мемлекеттің заңына қарсы шығу, бас көтеру санала ма? Мұның қай жері опасыздық?
Құрметтеуге әбден лайық Саид Нұрси сынды ілім адамын қайталана беретін жаладан қайта-қайта ақталып шықса дағы тағы сол жаламен бейшара, жасы ұлғайған, жалғыз басты қарт кісіні тұтқындап, қамауда ұстау және бізді де әлгіндей іліми көзқарасымызға бола, иманымызды сақтайық деген әрекетімізді айыптап, мұны бейне бір елдің тыныштығын бұзуға әрекет жасады дегенге дәлел келтіру арнамыс ұғымына, әділет заңына қайшы деп білемін. Мұны сот шешсін, сіздердің ар-ождандарыңыз үкім айтсын.
Үшіншіден; Енді «Бәдиүззаманның суреттерін қастерлеп киелі заттай қойнында сақтайды, жазған хаттарын жинап, өзара хат алысып тұрады!» дегенге келер болсақ, рухани өмірімізді, мәңгі әлемімізді қауіп-қатерден сақтаған, тіпті дүниялық өмірдің ләззаты мен бақытын табуды үйреткен және мен сықылды мыңдаған адамдардың иманын сақтап қалуға себеп болған ғалым-ғұлама, қадірменді ұстаздың жәй бір суретін ғана емес, оның бейнесін алтынмен аптап, күміспен қаптау сондай-ақ, оған алғыс айтып, хат жазу, оны жақсы көретіндермен танысу меніңше әркімнің ақысы болғаны секілді менің де ақым. Өз ақымды даулау қылмыс деп ойламаймын. Сөзімді қорытындылап айтарым: Отанға, халыққа, адамзат әлеміне қызмет ету үшін олардың хал-жағдайын түсініп, жетік білу керек. Осыған орай екі аймақтық округтың және көптеген тәртіп сақшыларының дегеніндей, адамдарды бетімен кетіп, адасудан Нұр рисалелері арқылы сақтап, басқалардың да қисық жолдан тыйылуына себеп болып жүрген Нұр шәкірттері ұзақ жылдардан бері отанға адал қызмет етуде. Міне, көріп отырсыздар олардың орасан зор еңбегі, тәртіп сақшыларының қызметінен де әлдеқайда маңыздырақ. Сол үшін де аса құрметтеп, сый-сияпат көрсетуге лайық бола тұра олардың іс-әрекеттерін бұрысқа жорып бейне бір шет елдің құйтырқы саясатын үгіттеуші ретінде кінәлап бәрімізді тұтқындау, сотқа беру, жұмыстан, шаруадан тосып, бала-шағамызды жылатып, әуре-сарсаңға салу әлбетте әділ сот қазыларына жат әрекет, әділет ұғымына қайшы пиғыл.
Өздеріңіз шешім қабылдаңыздар! лы да әділ Түрік халқы және оның мәртебесі жоғары мәжілісінен, жоғарғы соттан пайдасы шаш етектен, тиімді екенін ешкім жоққа шығара алмайтын осы құнды кітаптардың ақталып, бостандыққа қауышуын және біздің де еркіндікке шығуымызды сұраймын.
[Хафзы Байрамның ақталу уәжнамасы]
Діни сезімдерді қоздырып мемлекетке қауіп төндіруге әрекет қылды, деген айып тағылып жатқан Ислам ғалымы Бәдиүззаманның халқымызға, елімізге аса пайдалы Құрани һәм имани ақиқаттарды үйрететін кітаптарын оқығаным рас, сондай-ақ, иман тұрғысынан өте пайдалы Құран тәрбиесін беретін осы кітаптарды таныстарыма - сұрағаны үшін - бергенім де рас. Мұндай іліми түрде жазылған хаттарды менің адресіме жіберілгені айып саналып ұстазыммен бірге кінәлі деп тергелудемін. Маған тағылған мұндай айыпты қабылдамай қарсы айтарым:
Біріншіден; Бұдан бұрын сотқа беріліп ақталып шыққан және күллі Ислам әлемі және осы елдің ғалым-ғұламалары жоғары бағалап, расталған Рисалей-Нұрды, айыптаушы органның баяндағанындай бүлік шығару пиғылмен оқығаным жоқ әрі Рисалей-Нұрдың әрбір кітапшасы бастан-аяқ Қасиетті Құранның құнды тәпсірі. Ол адамдарды рухани кемелдікке жеткізіп, жоғары қасиетке ие қылатын, ұлт өз құндылығын жоғалтып жойылудан сақтайтын және Ислами дәріс беретін, діни тәрбиелеп халқымызды, елімізді керек болса адамзатты бақытқа бөлейтін Құрани ақиқаттар жинағы деп білемін. Осылайша дінімді сақтайын, иманымды құтқарайын, ілім жинайын деген ізгі ниетпен өзім оқып, өзгеге де оқытып, басқа да жандардың қолына жетуіне атсалысқаным рас, мұны қылмыс жасадым деп санамаймын.
Себебі, ешбір жерде, ешқашан Нұр шәкірті туралы отанға, халыққа және билікке қарсы қауіпті әрекет жасағаны немесе қатысқаны туралы ешбір дерек жоқ. Сонымен қатар, "құпия оқылады, астыртын
таратылады" деген айып тағылған астыртын ұйым күдігіне келер болсақ бұл жалған, ақиқатқа жанаспайды. Өйткені, Нұр шәкірттерінің саяси яки жасырын немесе ресми тіркелген қандай да бір ұйыммен байланысы жоқ. Тіпті, дәл осы айып тағылып бірнеше жыл бұрын Бәдиүззаманмен бірге бірталай адам Денизли ауыр қылмыстар жөніндегі сотқа шақырылып тергелген-ді, егжей-тегжейлі тексеріліп ақырында барлық рисалелері түгелдей иелеріне қайтарылып берілген болатын. Авторы да жазған кітаптары да ақталып шыққан еді. Енді мұндай тәпсірді оқу немесе оқытуды қалайша елдің тыныштығын бұзу, заңнамаға қайшы, ауыр қылмыс дегенді түсінбей жатырмын. Бұл әділетке қайшы емес пе деп ар-ождандарыңнан сұрамақпын.
Екіншіден, Баязид қаласынан мен танымайтын біреу, мен қамауда жатқанда бір рисале маған жібергені де айыптамаға еніпті. Ол рисалені көргенім жоқ. Ішінде не жазылғанынан бейхабармын. Егер Рисалей-Нұр болса қабылдаймын. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Айыптамада прокурор «мәһдилік» жайлы сөз қозғапты. Алайда ұстазым ондай мақам-мәртебе иеленуден аулақ. Оның аузынан ондай сөз естімегенім секілді кітаптарында да кездестірмедім. Ол шәкірттерін әрдайым жеке басын құрметтеуден, ұлықтаудан, жоғары мақам беруден тыйып отырады. Тіпті ұлықтап, мақтап хат жазғандарға қатаң ескерту жасап ашуланады. Біз ол кісіні мақтанудан тонын ала қашатын, осы заманның мәртебесі жоғары ғалымы, терең ілім иесі деп білеміз.
[Әмірдағылық Мұстафаның ақталу уәжнамасы]
Айыптаушы орган мені ұстазым Бәдиүззаманның дәлелденбеген орынсыз, қылмысына ортақ қылғанына қарсы қысқаша былай демекпін:
Саид Нұрсимен танысып, ұстаз ретінде қабылдағаныма және Рисалей-Нұрға жасаған қызметіме еш өкінбеймін. Меніңкі жасалған көл-дариядай жақсылыққа бір тамшыдай жауап қайтарым ғана. Қалайша, өте құнды алмаз қазынасына ие болу үшін кішкене әйнек
сынықтары ойланбастан пида етіледі, дәл сол секілді мәңгі өмірімді сақтап қалуға себеп болған Рисалей-Нұр үшін жанымды пида етуге әрдайым дайынмын.
Ақыреттік һәм дүниялық зор пайдасы бар Рисалей-Нұрдан пәни, түкке тұрмайтын қамаудан қорқып немесе азаптан сескеніп, дүниялық қысқа, аумалы-түкпелі өмір үшін, соған зиян келмесін деп әлгі зор пайдадан бас тарту сондай-ақ, Рисалей-Нұрдан, стазымнан алшақтау, бұл әрине қадірлі стазға, заманның ғалымына және оның биік мақсаты Иман мен Құранға қиянат деп білемін. стазымның рұқсатынсыз зәрредей болсын бұрыс әрекет етпеймін.
Құрметті әділ қазылар!
Әсем де сүйікті отанымызға қауіп төндіретін большевизмге яғни күпірлік ұғымына қарсы болаттай берік қорған болып жүрген дін ғалымына тұрмыстық жағдайым төмен, пақыр болсам да шәкірт болуымда тұрған не бар? Бұл, Рисалей-Нұрдағы байлық дүниялық байлықтан анағұрлым абзал екенін көрсетеді.
Мен сықылды миллионнан астам Түркі жастары иманын сақтап, отанына пайдалы азамат болған қаласаңдар стазымды, РисалейНұрды ақтап, еркіне қоя беріңіздер. Біз, Түркі жастары қараңғыда қамалып қалған адамның жарыққа мұқтаждығы немесе шөлде қалып, қарны аш, әлсіреген жанның кейпі тәрізді немесе теңізде батып бара жатқан адамның өзін құтқарушыға мұқтаждығы секілді бұл ақиқаттарға аса мұқтажбыз. Міне, жоғарыда баяндалған себептерге байланысты сүйіспеншілікке бөленген, қатты жақсы көріп, құрметіміз шексіз әрі байланысымыз мықты Бәдиүззаманды және оған ақ ниетпен тәлаба болған бейшара бейкүнә жандарды ұзақ уақыт түрмеге қамау әділет деген киелі ұғымға қайшы деп білемін.
[Халил Мұстафа Чалышканның ақталу уәжнамасы]
Құрметті сот төрағалары!
Айыптаушы орган тарапынан жазылған мен туралы айыптамада: Менің қадірменді стазыма жасаған қызметімді қылмыс деп көрсетіпті. Біздің ауылға 1944 жылы келіп төрт жылдан бері қонақ болып тұрып жатқан, қырық жылдан бері дүниялық ләззатты тастап, жан рахатын ойламай тек иманға, Исламға қызмет етіп әсіресе, елімізде иман мен ақырет тұрғысында мұсылмандардың мәңгі бақыты үшін еңбек еткен, сондай-ақ, ел ішінде етек алған мұсылман және Түрік халқымыздың руханиятына һәм дүниялық болмысына күллі зиян большевизм ұғымының кіріп, жайылмауы үшін РисалейНұр арқылы имани һәм ахлақи дәрістерімен тосқауыл болып жүрген, сондай-ақ, дүние жүзінің ғалымдары мойындап, жоғары баға берген Рислей-Нұрдың және өзім риза болып үш жыл қызмет еткен стазымның не кінәсі бар? Мұндай кісіге еткен қызметім әділет заңы бойынша қылмыс саналуы таңғаларлық жағдай. Тағы таңқаларлық бір жәйт: стазыма қызмет ету үшін тігіншілік кәсібімді тастауымды тыс қалдырмапты. Сонда мен хақ пен ақиқат үшін және Қасиетті Құранның нағыз тәпсірі Рисалей-Нұр мен стазым үшін жанымды пида етсем ауыр қылмыс жасаған болып отанын сатқан болып есептелемін бе? Жауап беріңізші?
Құрметті сот төрағасы!
Рисалей-Нұрдың кейбір кітаптарын оқығаным әрі жазғаным рас. Құдайға шүкір, мендегі туа біткен ілімге деген құштарлықтың арқасында Рисалей-Нұрдың пайдасын көп көрдім. стазбен етене жақын болдым. Бірақ үкіметке қарсы халықты айдап салу, елдің тыныштығын бұзу, астыртын ұйым құру секілді ешбір сөз, әрекет көрмедім. Әрі ұстаздан өзін "мәһдимін, мүжәддидпін" деген бірде-бір сөз естімедім. Рисалей-Нұрдың, стазымның және біз шәкірттерінің басты мақсатымыз, негізгі қызметіміз дін Исламға, Түркі халқына иман мен ахлақ тұрғысынан аянбай адал еңбек ету. Олай болса, Рисалей-Нұрға және оның шәкірттеріне сол қызметтері үшін тиіспеу керек.
Біздің алға қойған мақсатымыз осы. Бөтен ойымыз жоқ. Біз мұны Аллаһ ризасы үшін істейміз. Мұндай киелі қызметті дүния үшін, қандай да бір пайда үшін істемейміз, құрал қылмаймыз, өзімізді төмендетпейміз. Осы киелі мағына үшін иман мен ақырет мәселесімен шұғылданып одан басқа дүниялық мақсаты жоқ Нұр шәкірттерін айыптаушы органның адам сенбейтін жасырын ұйым құрды деген жаласына шыдай алар емеспіз.
Сонымен, құрметті сот ағзалары! Сіздер біздің яғни Нұр тәлабаларының мақсатын, мән-мағынасын түсініп және бізге тағылып жатқан айыптарға еш қатысымыз жоқ екеніне көздеріңіз жетті деп ойлаймын. Сондықтан, жоғары соттан және ар-ождандарыңыздан кітаптарымызды ақтап қайтарып берулеріңізді және бізді еркімізге қоя берулеріңізді сұраймыз.
[Мұстафа Гүлдің ақталу уәжнамасы]
Мен ешқандай да жасырын ұйымға кіріп, мүше болған емеспін. стазым Саид Нұрси да ондай бір ұйым құрған емес. Ол бізге әрдайым саясатқа араласпау керек екенін айтып қатаң тыйым салып отырады. Мен, бар болғаны ұлы ұстаз Саид Нұрсидың шәкіртімін. Оған және Рисалей-Нұрға жан-тәніммен берілген адаммын. РисалейНұр мен стазым үшін қандай да жазаға разымын. стазым жазған кітаптарымен менің иманымды, ақыреттік өмірімді сақтап қалды. Оның алға қойған мақсаты бүкіл мұсылмандар, отандастар имансыздықтан құтылып, екі дүнияның бақытын иеленсе дейді. Біздің ешқандай саяси мүддеміз жоқ екені барлық сотта анықталып, бекітілген болатын. Мәселе солай бола тұра тағы да жөнсіз әрі орынсыз сотқа шақырылдық. Бұдан түсінгеніміз, біздің ауызбіршілігімізді әдейілеп бұзғысы келетіндер бар. Ал біздің ауызбіршілігіміз қандай да бір саяси, не дүниялық мақсатқа негізделмеген. Біз тек ұстазымызға мықтап берілген, адал, әрі құрметтеуді білетін азаматтармыз.
Жасыратыны жоқ, Рисалей-Нұрды оқығандар қуатты иманға ие болып, дін Исламға берік, мінез-құлқы жақсарып, кемелденері сөзсіз. стазды шамадан тыс, қатты жақсы көрмеу мүмкін емес. Ондай ұстазға, мұндай Рисалей-Нұр шәкірттеріне адал, шын жүрекпен берілгенім рас. Бұл байланысымды өлім де үзе алмаса керек. Мен және барлық бауырларым бейкүнәміз. Біз, Рисалей-Нұр кітаптарын ақтап, еркіне қоя берулеріңізді талап етеміз. Қадірлі ұстазымның және бейкүнә нұршы бауырларымның әрі өзімді де қоса ақтап, бостандыққа шығаруларыңызды сұраймын.
[Кучук Ибраһимнің ақталу уәжнамасы]
Бізге тағылған айып жөнсіз әрі орынсыз әрі дүнияға қатысты, саяси болып табылады. Ал, біздің саясатпен айналысатын адам емес екенімізді өздеріңіз әу баста түсінген шығарсыздар. Негізінде ұстазға жабылған жаланы растап жүздеген құқылы адамдар куәлік етсе де және менің де ақылым жүз еселеніп тасып кетсе де Рисалей-Нұр және қадірменді ұстазымның саясында ондай уақытша саяси ойындардан аулақ болып тек о дүниялық жәннат-жәһаннам мәселесімен шұғылданамын.
Рисалей-Нұрдың аса қадірлі авторына деген құрметіміз, онымен тығыз байланысымыз сондай-ақ, Рисалей-Нұрды үзбей оқуымыз, жазуымыз және Нұр шәкірттерімен хат алысып, хабарласып, жолығуымыз - мұны Денизли жоғары соты да растап бекіткенді - дүниялық емес, тек ақырет үшін. Біз Рисалей-Нұрды оқыған соң қалыптасқан ой-пікірді, нұрлы ақиқаттарды ешқандай да дүниялық затқа айырбастамаймыз. Бұл ойымыздан өле-өлегенше бастартпаймыз.
Құрметті сот мүшелері!
Бізді ауыр қылмыспен айыптап осы жерге жинаған екенсіздер, олай болса мен де маңызы зор бір ақиқатты баяндап берейін. Өйткені, ол менің отан алдындағы борышым, ар-ожданымның талабы деп білемін.
Мен өз көзіммен көріп, куә болғаным мынау: Рисалей-Нұрдың нұрлы әсерімен біздің аймақта он жылдың ішінде әу баста өзім, көптеген жандар жоғалтқанын тауып, іздегеніне қауышты. Қисық жолдан тыйылып, отбасылық бақытқа қол жеткізді. Енді, олардың атаанасы дән риза болып себеп болғандарға дұға-тілектерін жаудыруда. Басқа да өлке, аудандарда осы тектес оқиғалар көптеп кездеседі, бәлкім естіген де шығарсыздар.
Әсіресе, Денизли түрмесінде ол жерге Рисалей-Нұр кіріп қылмыскерлерді тәрбиелеп, жөнге салғаны соншалық әлі күнге шейін ол туралы айтылуда. Сондай-ақ, мына Афион түрмесінде кімнен сұрасаң да бұрыңғы жағдайымен қазіргі жағдайын салыстырып Нұр шәкірттеріне алғысын айтып, қайыр дұға етуде.
Бұл ақиқат, өтірік емес. Адам болған соң өзіме, қандастарыма мұншалықты зор ахлақи, қоғамдық әрі ақыреттік пайдасы мол, оның үстіне Қасиетті Құранның құнды тәпсірі Рисалей-Нұрды, оның аса қадірлі авторын, өз отандастарымды мұсылман ретінде жақсы көремін. Ал, оларды жақсы көру, хат жазысып хабарласу саяси әрекет саналғанына таңғалып отырмын. Таңғала да таңырқай отырып өзімеөзім, іштей былай деймін: «Мұның қылмыс болуы мүмкін емес!»
Бұл, Құранның, айналып келгенде Рисалей-Нұрдың жасырын жауларының әдейілеп әділет органдарын, тәртіп сақшыларын күдіктендіріп, үрейлендіріп, бізді түрмеге жауып жасап жатқан қастандығы. Әлбетте, бұл ақиқатты мәртебесі жоғары, көзі ашық судьялар байқаған болар. Сөйтіп әділ шешім шығарып, еліміздің түкпір-түкпірінде алаңдап, соттың қарарын тағатсыздана күтіп отырған Түрік халқын дән риза қылып, өздеріне қарыздар етеді.
Бесінші Шуақ
[Отыз жыл бұрын жазылып баспадан шыққан "Мухакемат-ы Бәдия" атты кітапта "Сәдд-і Зүлқарнәйн", "Яжуж Мәжуж" және "Әшрат-ы Қиямет" секілді тақырыптармен қатысты жиырма мәселе әлгі кітапқа қосымша ретінде он үш жыл бұрын - кейбірі шимай қағаздағы хәлінде - енгізілген болатын. Ғазиз бір бауырымның өтініші бойынша таза параққа көшіріліп "Бесінші Шұға" деген айдар тағылды]
{(Сілтеме): Қазір қырық жылдан асты.}
[Отыз бірінші Мектубтан Отыз бірінші Леманың Бесінші Шуағы]
ЕСКЕРТУ! Бірінші болып кіріспені, содан соң мәселелерді оқыған жөн. Сонда кіріспеде баяндалған мақсат түсінікті болады.
Бұл Бесінші Шұға бір кіріспеден және жиырма үш мәселеден тұрады. Кіріспесінде бес тұжырым бар.
Бірінші тұжырым: "Иман" мен "тәклиф" яғни Иләһи жауапкершілік дегеніміз, адамды еркіне қалдырып, емтиханнан өткізу, сынақ және өзара жарыс болғандықтан, жасырын, әрі терең зерттелуі қажет, тәжірибе керек ететін назари мәселелер әлбетте апанық, бірден түсінікті болмауы тиіс. Әрі, әркім қаласа да қаламаса да құптайтындай дәрежеде мәжбүрлік болмайуы керек. Сонда, Әбу Бәкір сынды асыл жандар жоғары мәртебеге шығып, ал Әбу Жәһил сықылды адамдар төменгі дәрежеге түседі. Егер, ерік берілмесе "тәклифтің" мағынасы жойылады. Осы сырға байланысты
Пайғамбарларға мұғжизалар сирек әрі ара-тұра берілетін. Сондайақ, сынақ алаңы мына дүнияда көзге көрінетін ақырзаман оқиғалары, қияметтің белгілері кейбір «мүтешабих» аяттар тәрізді үсті жабық, жоруға мұқтаж түрде баяндаған. Тек қана, Күннің батыстан шығуы анық болып әркімді қабылдауға мәжбүр ететін болғандықтан тәубенің есігі жабылады, одан соң тәубе де, иман да қабыл болмайды. Әйтпесе, Әбу Жәһилдер, Әбу Бәкірлер секілді сеніп, растайтын болады. Тіпті, Иса пайғамбардың өзі жерге түскенде, оның Иса аләйһиссалам екені үңіліп қарағандар үшін иманның нұрымен білінеді, әркім біле бермейді. Тіпті, «Тажал», "Суфиян" сықылды сұмдық қауіпті тұлғалар да өздерінің кім екенін әу баста білмейді.
Екінші тұжырым: Пайғамбарға аян арқылы, білдірілген ғайби хабарларға келсек, олардың кейбіреуі егжей-тегжейлі түрде білдірілген. Ардақты пайғамбар оған еш араласпай, қаз-қалпында жеткізген. Құран немесе киелі хадистердің «мүхкемат» түрі секілді.
Енді біреулері қысқа-нұсқа білдірілген. Оны ашып, суреттеп жеткізу пайғамбарымыздың «иджтихадына» байланысты яғни мәселенің өзегін алып, тұжырымдап береді. Бұған, иман шарттарына кірмейтін ғаламдық құбылыстар мен келешекте болатын оқиғаларды жатқызуға болады. Аянның мұндай түрінде Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің шешендігімен, тәмсіл келтіріп, «тәклиф» сырына сай ашықтап, суреттеп берген.
Мысалы, Ардақты Пайғамбарымыз сахабаларымен сұхбат қылып отырғанда «дүңк» еткен ұзақтан бір дыбыс естіледі. Сонда, Расулуллаһ: «Бұл дыбыс жетпіс жылдан бері жәһаннамға қарай домалап енді ғана түбіне түскен тастың дыбысы!» деген екен. Осы бір таңғаларлық хабардан бес-алты минут өткен соң біреу
келіп былай деді: "О, Аллаһтың елшісі! Жетпіс жасқа келген пәленше дейтін мұнафық жаңа әзірде өлді, жаны жәһаннамға кетті!". Осылайша, Ардақты Пайғамбарымыздың сөзге шешен, өткір тілінің шеберлігін, қалай керемет жорығанын көрсетті.
ЕСКЕРТУ! Иман ақиқаттарымен қатысы жоқ болашаққа қатысты кішкене оқиғалар Пайғамбарлар үшін маңызды емес.
Үшінші тұжырым: Екі нүкте.
Біріншісі: Теңеулер арқылы немесе тәмсілдер мен баяндалған кейбір хадистерді заман өте көпшілік халық тіке түсініп, қалай болса солай қабылдағандықтан жүзеге асқан кезде дәл олай болмай шығады да күмән пайда болады. Негізінде, ақиқат бола тұра, күткенімдей болмай жатады. Мәселен, ғарышқа жауапты, оны тасушы секілді жер шарына да жауапты «Сәуір» мен "Хұт" атты екі періштені алып өгіз бен дәу жәйін балық деп түсінген, кітаптарда солай суреттеген.
Екіншісі; Кейбір хадистер мұсылмандар көп шоғырланған немесе Ислам мемлекеті болған яки халифат орталығы болған жерді назарға ұсынған бола тұра оқиғаны жалпы дүние жүзілік дәрежеде деп түсінген, сондай-ақ, жеке-арнайы бола тұра жалпыға ортақ деп қабылдаған. Мәселен, мұндай риуаят бар: Ақырзаманда, «Аллаһ, Аллаһ!» дейтіндер қалмайды! яғни Аллаһты дәріптеп зікір ететін орындар жабылады, азанды, қаматты түрікше шақыратын болады! деген сөз.
Төртінші тұжырым: Ажал, өлім секілді ғайби нәрселердің көптеген хикметтері, маслахат-пайдалары болғандықтан құпия болып, анық білдірілмегеніндей дүнияның ажалы, адамзаттың өлімі, жалпы жан иелерінің опаты болып табылатын қиямет қайым да көптеген хикметтер үшін белгісіз, болып жасырын қалған. Иә, егер адамның ажалы белгілі болғанда өмірінің жартысын мүлдем бейқам өткізіп, ал қалған өмірін дарға асылуға бара жатқан адамдай уайыммен өткізіп үрей мен үмітті тепе-тең ұстау қағидасы бұзылар еді.
Сол секілді дүнияның ажалы, жанталас сәті болған қиямет қайым қашан болары белгілі болса алғашқы дәуір мен орта ғасыр ақырет жайлы аз ойланып, әсері айтарлықтай болмас еді.
Ал, соңғы заманда өмір сүрген адамдардың үрейі ұшып, дүниялық өмірдің шырқы бұзылып, мән-мағынасы жоғалар еді. Сондай-ақ, үміт пен үрей ортасында болып ерік-қалауымен құлшылық етудің
маңыздылығы жойылып, хикметі қалмас еді. Егер баршаға аян болса кейбір иман ақиқаттары ап-анық болып барша жұрт қабылдауға мәжбүр болар еді. Онда ерік-қалаумен болатын «тәклиф», "иманның хикметі" мәнісін жояр еді. Міне, осындай көптеген хикметтер үшін ғайби оқиғалар яғни келешекте болатын істер құпия, белгісіз түрде баяндалған. Сонда әркім әрдайым һәм өлімін һәм өмірін ойлап дүнияға да, ақыретке де қам жасайды. Сол секілді әр ғасырда һәм қиямет қайымды ойлап, бір жағынан дүнияның жалғаса беретінін ойлап, осылайша дүнияның пәнилігін ұмытпай бақи өмірге дайындық жасайды әрі бір жағынан өлмейтін адамдай дүнияның шаруаларын да атқарады.
Сондай-ақ, басқа келетін бәлелердің қашан келетіні белгілі болса адам оны уайымдап ол бәледен он есе рухани азап шегіп қиналар еді. Сол үшін, хикмет пен Иләһи рахым жасырын қалдырған. Болашаққа қатысты көптеген ғайби оқиғалардың осындай хикметтері болғандықтан шариғатта ғайыптан хабар беру, келешек туралы айтуға тыйым салынған. Бұл әміріне қарсылық, құрметтемеу болып саналатындықтан «Иләһи тәклиф» пен Имани ақиқаттардан тыс ғайби оқиғалар жайлы Аллаһтың рұқсатымен хабар бергендер тек ишар түрде, меңзеп қана қоя салған, атын атап хабар бермеген.
Тіпті, Тәурат, Інжіл, Зәбүр секілді киелі кітаптарда Пайғамбарымыз жайлы сүйінші хабарлардың өзі анық емес біршама астарлы, үсті жабық айтылғандықтан ол кітаптардың кейбір иелері "тәуил" жасап иман келтірмеді.
Дегенмен, Ислам мен иманға қатысты мәселелерді ашық әрі нақты және толық жеткізу керек болғандықтан Қасиетті Құран және оның тәржімешісі ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақыреттік істерді егжейтегжейлі, ал болашақта болатын дүниялық оқиғалардан қысқаша хабар берген.
Бесінші Тұжырым: Екі тажалдың өмір сүрген заманындағы таңғажайып оқиғаларды, олардың өздерімен байланыстырылып риуаят етілгендіктен әлгі таңғажайып оқиғаларды әлгі тажалдың өздері жасайтындай түсініп, солай қабылдағандықтан ондай риуаяттар «мүтешабих» болып мағына ашылмай түсініксіз болып қалған. Мәселен, тажалдың ұшақпен немесе поезбен саяхаттауын айтуға болады...
Тағы мысал, және кеңінен тараған ғайби оқиға; Исламның тажалы өлген кезде оған қызмет етіп жүрген шайтан Стамбулдағы тастан жасалған тіректен «Пәленше өлді!» деп, бүкіл дүнияға жар салады және оны дүйім жұрт естиді деген яғни таңғажайып түрде шайтандарды да таңқалдыратын радиомен айқайлап хабарлайды, деген сөз.
Һәм, Тажалдың режимінің, оның құрған ұйым-комитетінің және өкіметінің жойқын халдері, сұмдық істері оның жеке тұлғасымен байланыстырылып риуаят етілгендіктен мағынасы ашылмай түсініксіз қалған.
Мәселен, риуаятта былай делінген: «Тажалдың орасан зор қуаты бар әрі шаруасы жалғаса береді. Оны тек Хазіреті Иса пайғамбар ғана өлтіре алады, басқаша мүмкін емес!» яғни оның салған жолы мен аяусыз айуан режимін құлатып, өлтіретін тек ғана аспани және мәртебесі биік, пәк дін Христиандар арасынан шығады. Ол дін (Исауилік) Құран ақиқаттарына ұйып, біріккен Исауи діні яғни христиан діні. Сол кезде Хазіреті Иса алейһиссалам көктен түсіп әлгі дінсіздік жол режимді құлатқанын шығарып, күйретіп жібереді. Егер хадисті осылай түсінбесек, тажалдың жеке тұлғасы әлсіз, ғой оны бір микроб немесе тұмаумен-ақ өлтіре салуға болады.
Сонымен қатар, кейбір риуаят қылушылардың қате болуы бек мүмкін көзқарастары, «ижтихаттары» болып саналатын тәпсірлері, шығарған үкімдері хадистің сөздерімен араласып тәпсіршінің сөздері хадис ретінде қабылданғандықтан мағына бұлыңғыр тартып, жабылып қалған. Дәл айтылғандай жүзеге аспауы әбден мүмкін, сөйтіп «мүтешабих хадистер» санатына кірген.
Сондай-ақ, бұрыңғы заман мына замандай емес еді, ол кезде жамағат болып ұйымдасу қазіргідей емес-ті. Бәрі ұйымдасып арасынан мағынауи тұлға шығаруды білмейтіндіктен яғни жеке тұлғалық көсем ұғымы үстем болғандықтан жамағаттың яғни белгілі бір топтың сипаты, олардың ортақ орасан зор еңбегі сол топтың басшысына еншілене суреттелген. Сол себепті, әлгі тұлғалар зор сипаттарға ие және соған лайық болуы үшін өз болмысынан, өз күшінен жүз есе алып, ірі тұлға, аса құдіретті көрінуі керек болатындықтан солай суреттелген. Әрине, ондай сипаттар ақиқатқа сыймайды. Сөйтіп ол риуаяттар «мүтәшәбих» боп саналады.
Һәм, екі тажалдың сипаттары мен хәлдері әртүрлі бола тұра бәріне жалпы ортақ айтылған риуаят өзара араласып, шатасып кеткен. Әрі « лы Мәһдидің» хәлдері алдын келіп кеткен Мәһдилер туралы риуаяттарға сәйкес келе бермейді. Ол «мүтәшәбих хадистер» сыныпына жатады. Дегенмен Хазіреті Али (р.һ.) тек Ислам ішінен шығатын Тажал туралы хабар берген.
Осымен кіріспе бітті. Енді мәселелерге кірісеміз.
[Әзірге әлгі ғайби оқиғалардың жүздеген мысалдарынан тек көпшілік халықтың ақидасын бұзу мақсатымен дінсіздердің даурықтырып жатқан жиырма үш мәселесі Құдай жарылқап мұхтасар түрде баяндалмақ. Хадистегі ол мәселелер діннен безгендердің ойлағанындай халыққа зияны тимейді керісінше әрбір хадистің астарында Пайғамбарымыздың сөзге шешендігі, тапқырлығы, орақ ауыз, өткір тілділігі көрінеді. Сондай-ақ, хадистердің нағыз "тәуилі" яғни жорымы дәлелденіп, айқындалса халықтың ақидасы, иманы қуатталуына үлкен себеп болады деген ізгі ниетпен Раббыма жалбарынып, дұға етемін. Жіберген қателіктерім болса Аллаһтың рахымынан ғафу өтініп, мағфират қылсын, Әмин].
Бесінші Шұғаның екінші тарауы және мәселелері
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінеді: "Ақырзаманда келетін және маңызды рөл ойнайтын тұлғалардың біреуі Суфиянның алақаны тесік!".
Аллаһ ең дұрысын біледі, меніңше мұның "тәуилі" былай болса керек: Суфиян яғни мұсылмандардың арасынан шығатын тажал, азғындық, нәпсіқұмарлық жолда ысырап жасап алақанында ақша тұрмайды, бекерге мал шашады. Халық аузында мынадай сөз бар: «Пәленшенің алақаны тесік!» яғни өте ысырапшыл дегені.
Ендеше, хадис бізге былай дейді: «Суфиян, адамдарды ысырапқа үйретіп, құмарлық сезімін қоздырып, ашкөздік, тойымсыздыққа итереді. Сол сезім арқылы өзіне бағындырып алады!». "Ысырап қылғандар оның тұтқыны болып, тұзағына түседі!" деп, ескертіп отыр.
ТАҒЫ, М НДАЙ РИУАЯТ БАР: Ақырзаманда сұмдық біреу шығып, таңертең тұрғанда маңдайында: «Хәзә кәфир!» яғни "мынау кәпір!" деген жазу болады.
Аллаһ ең дұрысын білуші, мұның тәуилі былай болса керек: Әлгі Суфиян өзінің басына батыс еуропаның «серпушын» яғни дөңгелек пішінді, биік шляпа киіп өзгелерге де жаппай кигізеді. Бірақ, мұны мәжбүрлеп, заң бойынша істегендіктен әлгі серпуш та сәждеге барады. Сөйтіп иншаллаһ тәубәға келіп, һидаят бұйырады. Енді, оны кигендер әрине, еріксіз кигендер, кәпір болмайды.
ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ: Тағы мұндай бір риуаят бар: «Ақырзаманның өктемшіл озбыр басшыларының әсіресе Тажалдың жалған жұмағы мен тозағы болмақ!» Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек:
Ол тажал билік құрған елде бір-біріне қарама-қарсы әрі өзара жақын орналасқан қапасхана мен лицей яғни абақты мен мектептер
болады. Оның бірі жәннаттағы хор қыздары мен жәннат жігіттерінің тақылеттес көшірмесі болса, екіншісі азап орны, зындан түріндегі түрмеге ишара.
ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: Ақырзаманда «Аллаһ, Аллаһ!» дейтін болмайды. Ғайыпты тек Аллаһ біледі, дегенмен мұның бір тәуилі былай болса керек:
Тағы басқаша тәуилі болуы мүмкін, мәселен Қияметтің сұмдығын көрмеу үшін мүміндердің жандарын Әзірейіл періште біраз бұрын жинап алады да, қияметтің сұмдығын тек кәпірлер көреді.
БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: "Ақырзаманда Тажал сынды кейбір адамдар өзін ұлықтап, «Құдаймын» дейді. Халықты өзіне сәжде еткізеді.
Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Мысалы, Патшаны мойындамай қарсы шыққан бәдәуи қолбасшы, өзін және басқа қолбасшыларды билік иесі ретінде қарап, әрқайсына жеке-жеке патшалық береді. Дәл сол секілді табиғатшыл, материалис адамдар күш-қуатына қарай өздерін Раб яғни Құдай, билеп-төстеуші санап, халықты күштеп, өзінің сурет, тас мүсіндеріне құлшылық еткізгендей жұртты тік тұрғызады, бас игізіп, еңкейтіп рукуға апарғандай бүгілдіріп қояды!" деген сөз.
АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Мұндай бір риуаят бар: «Ақырзаманның фитне-бүлігі сұмдық болатыны сондай ешкім нәпсісіне ие бола алмайды!».
Міне, сондықтан мың үш жүз жылдан бері Пайғамбарымыздың әмірімен күллі мұсылман сол фитне-апаттан Аллаһқа сыйынып, сақтанып келген. Қабір азабынан кейін
Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Ол фитне-бүліктер нәпсілерді қоздырып өзіне тартып байлап алады. Адамдар өз еркімен тіпті қызыға, құлшына бүлік шығарады. Мәселен, Ресейде тырдай жалаңаш еркек-әйел бірге суға түседі екен. Жалпы әйел заты жаратылысынан өзінің сұлулығын көрсетуге құмар келетіндіктен әлгі фитне-бүлік ұнап, ішіне қуана-қуана түседі. Олар бетімен кетіп азғындыққа бой алдырады. Ал, табиғаты сұлулыққа құмар еркектер болса, нәпсіге жеңіліп мас адамдай мәз болып, әлгі отқа жүгіріп жанатын болады.
Иә, сол заманның нәпсі қоздыратын нәрселері яғни дискотека, театр сықылды ойын-сауық пен үлкен күнәлар және бидғаттар адамдарды өзіне тартып нәпсіқұмар пенделерді көбелектей шыр айналдырып естен тандырады. Егер, олай болмаса яғни мәжбүрлеп, зорлап істеткізетін болса, еріксіз болғандықтан күнә да саналмайды.
ЖЕТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай риуаят бар: «Суфиян үлкен ғалым болады. Ол іліммен адасады. Және көптеген ғалымдар ізінен еріп, оған тәуелді болады!»
Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Тажал жоғары билікке басқа патшалар секілді құдрет-күшімен немесе ру-тайпасының арқасында яки батырлығымен немесе байлығымен жетпейді. Әлгіндей себептердің бірде-бірі жоқ бола тұра ол мәртебеге қулық жасап зеректігімен, ілімділігімен, саяси біліктігімен жетеді. Көп ғалымдардың ақылын өзіне бағындырып оларды айналасына жинап пәтуа беретін, кеңесші ретінде пайдаланады. Әрі көптеген мұғалімдерді өзіне жақтас қылады, діннен тыс білімді негіз етіп қабылдап жаппай елді теріс оқытады!" деген сөз.
СЕГІЗІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттар Тажалдың сұмдық фитне-бүлігі Ислам әлемінде болатынын көрсетеді. Сондықтан, бүкіл үммет қорқып Аллаһқа сыйынған.
Хазіреті Алидің (р.һ) дегеніндей былай деген: "Олардың Тажалы Суфиян. Ол мұсылмандардың ішінен шығады. Ол өте қу, әккі адамдарды алдап соғады. Ал, кәпірлердің Тажалы бөлек. Ол дәу Тажал. Оның өктемшіл зорлық-зомбылығына көнбей қарсы шығып өліп кеткендер шәһид болады және еріксіз мойынсұнған адамдар кәпір саналмайды, тіпті күнәһар да болмайды.
ТОҒЫЗЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда Суфиянның қай жерден шығатыны және сұмдық лаңкес әрекеттері Шамның айналасы деп және Арабстан деп суреттелген.
Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның бір тәуилі былай болса керек: Баяғы заманда халифат орталығы Ирак немесе Шам немесе Мәдинә болғандықтан хадисті риуаят қылушылар өз жағынан қарап бейне бір Ислам орталығы мәңгі өзгермейтіндей мағына шығарып Ислам салтанатының орталығына жақын аймақта болады деп топшылаған. Сөйтіп Алеппо, Шам яғни Сирия Дамаск деген. Хадистің қысқа-нұсқа хабарын өз пікіріне салып ашықтап түсіндірген.
ОНЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда, Ақырзаманда үлкен рөл ойнайтын тұлғалар ерекше қабілетті, құдреті күшті біреу секілді суреттелген.
Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұның тәуилі былай болса керек: Хадистің меңзеп отырғаны әлгі сұмдық тұлғалардың уәкілдік қылған ұйымы немесе рухани тұлғасы болса керек, яғни олардың жамағатының жойқын қара тобыры. Баяғыда орыс әскеріне күйрете соққы берген Жапон қолбасшысының суреті бір аяғы Тынық Мұхитта бір аяғы Порт Артур қаласында тұрған бейнеде салынған еді, яғни оның айбынды әскерінің рухани алып тұлғасы өзінің кішкене бойлы бейнесінде суреттелген. Ал, тажалдың жойқын сұмдық күш-құдретіне келер болсақ, олардың жалпы іс-әрекеті бұзып қирату, нәпсіқұмарлық болғандықтан сырттай жойқын күшті көрінеді. Себебі, бұзу әрқашан оңай. Бір тал сіріңкемен бір ауылды өртеп жіберуге болады. Жалпы азғындыққа нәпсі тараптар болатындықтан дүниенің әртарапына тез жайылады.
ОН БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінген: «Ақырзаманда бір еркек қырық қатынға бақташы болады», яғни бір еркектің қырық қатыны болады!
Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның екі тәуилі бар:
Біріншісі; Ол заманда шариғатқа сай неке азаяды немесе Ресейдегідей күшін жояды. Еркетер бір әйелге байланып, тәуелді болудан қашып басы бос бейбақ қырық әйелдің көңілін тауып болады.
Екінші тәуилі: Сол бір бүлік көбйіп, ақырзаманда болғанда соғыс жиілеп майданда еркектер өлетіндіктен әрі бір хикметке байланысты қыз бала көп туылатындықтан әлгіндей болуы әбден ықтимал. Мүмкін, әйелді заң қолдап емін-еркін жүріп бетімен кетіп шәхуаты, құмарлығы артып, күшейетіндіктен табиғаты еркектен басым болып баланы өз жынысына тартуы әбден мүмкін. Аллаһтың әмірімен қыз бала көп болады.
Біріншісі: Бұл хадис тажалдың солтүстік жақтан шығатынын меңзеп, соны ишара қылуда. Себебі, солтүстік полюс аймағында бір жыл бір күн секілді яғни алты ай күндіз алты түн болып тұрады. Енді, поезбен берімен қарай бір күн жүрсе жаз уақытында бір ай бойы күн батпай күндіз болып тұрады. Тағы бері қарай автокөлікпен бір күн жүрсе бір апта бойы күн ұясына батпайды көрініп тұрады. Мен Ресейде тұтқында болғанымда осы аймаққа жақын орналасқан лагерде болдым. Демек, дәу Тажал солтүстіктен шығып бері қарай шабуыл жасайтынын Ардақты Пайғамбарымыз бірнеше ғасыр бұрын хабар берген.
Екінші тәуилі былай болса керек: Дәу Тажалдың да Ислам Тажалының да диктаторлық кезеңі үш күнге созылатынын айтса керек. "Бірінші күні яғни алғашқы кезеңінде орасан зор жұмыстар атқарылады. Мұны басқа уақытта жасау үшін үш жүз жыл керек болар. Екінші күні яғни екінші кезеңінде бір жылда отыз жыл еңбектеніп игере алмайтын қыруар жұмыстар жасайды. Үшінші күні яғни соңғы кезеңінде баяулап тұрақтап қалады, қолынан түк келмейді, тек сақтанумен әуре болады". Осылайша Пайғамбарымыз өте шешен әрі шебер түрде үмметіне хабар беріп кеткен.
ОН ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ: Нақты, сахих риуаятта былай делінген: «Иса алейһиссалам дәу Тажалды өлтіреді!».
Аллаһ ең дұрысын біледі, мұны да екі түрлі жоруға болады:
Біріншіден: Сиқыр, гипноз және спиритизма сықылды "истидрадж" деп аталатын таңқаларлық күй кешіп, өзін солай сақтап жүретін және дүйім жұртты өзіне қаратып байлап алған әлгі сұмдық Тажалды өлтіріп, оның салған қисық жолын бұзу әрине тек ғана таңғажайып әрі керемет әрі көпшіліктің қалаулысы болған біреудің ғана қолынан келеді. Ол - ерекше тұлға, бәріне танымал, бәрімен байланысты, басым көпшіліктің Пайғамбары Иса алейһиссалам.
Екінші бір мағыналық тұсы: Иса Пайғамбардың (а.с.) қылышымен өлетін Тажалдың қалыптастырған материализм ұғымын яғни дінсіздікті және оның уәкілін яғни алып тұлғасын өлтіріп, құдайсыздық пікіріне тосқауыл болып, көзін құртатын тек ғана Иса пайғамбардың дінін ұстанушы рухани тұлғалар ғана. Ол рухани тұлғалар христиандық дінінің ақиқатын Ислам дінінің ақиқатымен біріктіріп жойқын күшке ие болады. Сосын әлгі күшпен күпірлікті тоқтатады яғни рухани түрде өлтіреді. Тіпті, "Хазіреті Иса алейһиссалам келеді, Хазіреті Мәхдимен қосылып намаз оқиды. Мәхди имам болып, Иса алейһиссалам оған жамағат болып ұйыйды" деген риуаят осы бірлік пен ынтымақты және Құран ақиқатына мойынсұнатынын және Құранның үстем болатынын білдірсе керек.
ОН ТӨРТІНШІ МӘСЕЛЕ: Мұндай риуаят бар: "Тажалдың арқа сүйер қуаты яхудилер болмақ. Яхудилер тажалды жақсы көріп ізінен ереді!".
Аллаһ ең дұрысын білуші, бұл риуаяттың белгілі бір мағынасы яғни тәуилі Ресейде көрініс тапты. Өйткені, біраз елден жәбір көріп зұлымдыққа ұшыраған яхудилердің басым көпшілігі Германияға жиналып, бұрынғы өш кектерін қайтару үшін Коммунистік комитетінде ықпалы күшті болған Тройцкий деген тегі яхуди залым біреуді Ресейдің басқолбасшысы әрі көсемі саналған атышулы Лениннен кейін Ресейдің билік басына шығарып, елдің игі жақсыларын зар қақсатып қырғынға ұшырады. Мың жылдық мәдени жетістіктерін күлталқан етіп жермен жексен етеді.
ОН БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ: Яжуж-Мәжуж оқиғасын Қасиетті Құранда қысқа-нұсқа баяндалған. Дегенмен, риуаяттарда біршама түсініктемелер жасалған. Ол түсініктемелер Құранның «мухкемат»
аяттары секілді мазмұнды «мухкем» емес, біршама «мутешабих» аяттар секілді тәуил қажет етеді. Тіпті, риуаят қылушылардың иджтихаттары араласып кеткендіктен жору керек болады.
Иә, тарихқа үңілер болсақ, Француз революциясында бостандықты аңсап, демократия ұғымының іргетасы қаланып социализм пайда болды. Социализм кейбір діни қағидаларды сақтамай бұзғандықтан ақырында большевизмге айналды. Және большевизм де көптеген ахлақи қағидалармен, рухани, адами ұстанымдармен санаспағандықтан әлбетте нәтижесі сұмдық болып ешбір ереже қағидаға бағынбайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет дегенді білмейтін анархияға апарып соқтырады.
Өйткені, адамның жүрегінде құрмет пен мейірім болмаса ақыл мен зеректік адамды жыртқыш хайуанға, сұмдық айуанға айналдырады. Ондай адамдарды саясатпен басқару мүмкін болмайды. Жалпы анархия ұғымының орнығып өркен жаюына ең ыңғайлы жер көп жәбір көрген әрі халқы тығыз орналасқан әрі мәдениетте артта қалған, басқару қиын тағы, жабайы тайпалар қоныстанған елді-мекендер болмақ. Ал шарттары ең қолайлы халық Шын-Машындағы анау басынан мынау басына шейін қырық күн жүретін және әлемнің жеті ғажайыбы саналатын Қытай қорғанының салынуына себеп болған Манчурия мен Моңғол және кейбір Қырғыз тайпалары. Ол туралы Қасиетті Құранның қысқа қайырған хабарын ашықтап тәпсірлеуші Мұхаммед алейһиссалату уассалам таңғажайып түрде әрі терең талдап хабар берген.
ОН АЛТЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Иса алейһиссалам Тажалды өлтіретіні жайлы риуаятта, Тажалдың бойы сұмдық үлкен, мұнарадан да биік болмысы бар екені және Хазіреті Иса алейһиссалам оның қасында кіп-кішкене, аласа екені баяндалады.
ОН ЖЕТІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаятта былай делінген: "Тажал шыққан күні оны бүкіл дүния естиді және ол қырық күнде дүнияны аралап шығады және сұмдық бір есегі бар!".
Аллаһ біледі, бұл риуаяттар сахих болу шартымен тәуилі былай болса керек: Дегенмен риуаяттар сұмдық үлкен хабарды жеткізуде. Былайша: "Тажалдың заманында байланыс құралдары, тасымалдау көліктері дамып жетіледі яғни бір оқиға бір күнде бүкіл дүнияға тарайды. Радио арқылы хабарланып шығыс пен батыс естиді және барлық бұқаралық ақпарат көздерінде жарияланады. Ардақты Пайғамбарымыз он ғасыр бұрын телеграф, телефон, радио, поезд, ұшақты меңзеп: «...адамдар қырық күнде дүнияны айналып шығатын болады, жеті құрлықты және жетпіс елді көріп, саяхат қылады!» деген. Сондай-ақ, Тажал тажалдық сипатымен емес өте озбыр диктатор, патша сипатымен аты шығады. Ал дүнияны кезеді дегені жаулап, басып алады деген емес, барған жерінде бүлік шығарып іріткі салады, халықты адастырып жолдан тайдырады деген сөз. Ал, астындағы көлігі яки есегі болса поезд болуы мүмкін. Оның бір құлағы және бір басы саналатын тозаққа ұқсас от жағатын жері, ал екінші құлағы болса жалған жұмаққа ұқсас тамаша безендірілген вагон болса керек. Өзінің дұшпандарын от шашқан басына, ал достарын сый-сияпат әзір жағына жібереді, не болмаса оның есегі яки көлігі сұмдық автокөлік немесе ұшақ болуы мүмкін я болмаса... (үндемеген дұрыс...)
Аллаһ біледі, бұл риуаят қиямет қайымның қашан болатынын емес, дін Исламның үстемдік құрып билік жүргізетін кезеңін, халифаттың салтанаты қашанға дейін жалғасатынын хабарлап отыр. Расында, Расулуллаһтың хабары таңғажайып түрде тура шықты. Қалай десеңіз, Аббаситтер халифат құрып, ақырында билік басындағылар тура бағыттан айырылып салтанаты бес жүз жылдан кейін тәмам болды. Алайда, жалпы Пайғамбарымыздың үмметі тура жолдан таймай бағыты дұрыс болғандықтан Османлы халифаты көмекке келді. Сөйтіп халифат мың үш жүз жыл салтанат құрып жалғасын тапты. Кейін Османлы саясаткерлері де тура бағытты сақтай алмағандықтан олар да (халифалықты) бес жүз жыл аяқта ұстап тұра алды. Бұл хадистің таңғажайып хабары Османлы халифаты құлдырауы арқылы расталды. Бұл хадис басқа рисалелерде де баяндалғандықтан қысқа қайырдық.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда ақырзаманның белгісі ретінде және Пайғамбарымыздың ұрпағынан шығатын Хазіреті Мәхди (р.һ.) туралы әртүрлі хабарлар бар. Тіпті, риуаятар сан-алуан болғандықтан кей ғалымдар мен әулиелер Мәхди келіпкетті деген.
Ең дұрысын Аллаһ біледі, мұндай түрлі риуаяттардың бір тәуилі былай болса керек; ең үлкен Мәхдидің атқарар көптеген міндеттері бар. Атап айтқанда, саясат әлемінде, діни салада, билік пен салтанат әлемінде, жихад әлемінде қызметі болады. Сондай-ақ, үмітсіздік жайлаған заманда әрбір ғасыр рухани демеу беріп қуаттайтын белгілі мағынада Мәхдиге немесе Мәхди келіп құтқарады деген үмітке мұқтаж болғандықтан Аллаһтың рахымы түсіп әрбір дәуірде тіпті әрбір ғасырда белгілі бір мағынада Пайғамбарымыздың ұрпағынан Мәхди келіп медет беріп отырған. Сөйтіп, атасының әкелген шариғатын сақтап, сүннетін жаңғыртқан.
Мәселен, Аббаситтерден шыққан Мәһдилер саясат әлемінде қызымет еткен болса, дін саласында Ғаус-ы Ағзам, Шах-ы Нақшибенди, төрт «ақтаб» және он екі имам сынды тұлғалар үлкен Мәһдидің кейбір міндеттерін атқарған. Міне, бұл тұлғалар Ардақты Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) назарында болғандықтан риуаяттар әртүрлі кері, қайшылықтар пайда болған. Соңында ақиқат іздеушілер:
«Мәхди келіп кетті!» деген екен. Жарайды, бұл мәселе РисалейНұрда баяндалғандықтан оны соған сілтеп қысқаша былай демекпіз:
Дүнияда Әһл-і Бәйт әулеті секілді ауызбіршілігі мықты өте тату жамағат жоқ яғни Ардақты Пайғамбарымыздың ұрпағына, оның жамағатына, ұйымына тең келер бірде-бір топ, ешқандай ұйым жоқ.
Иә, Пайғамбарымыздан тараған әулет өмірге жоғары мәртебелі жүздеген қаһарман имам әкеліп, мыңдаған рухани көсемдер жетілдіріп оларды үмметке жетекші ретінде тарту еткен. Мұндай Құран ақиқаттарымен сусындап, иманның нұрымен нұрланып, Дін Исламның абыройымен мерейі тасыған, кемелдіктің жоғары сатысына жеткен Әһл-і бәйт яғни Ардақты пайғамбарымыздың ұрпағы әлбетте, тағыда яғни ақырзаманда Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатын, Құранның ақиқатын, Ахмедтің сүннетін (с.а.у.) жандандырып, дүнияға жар салып, жүзеге асыратын болады. Сөйтіп, күллі мүмінмұсылмандардың бас қолбасшысы « лы Мәхдидің» асқан әділдігін, ақиқатшыл екенін әлемге паш етіп, растайтын болады әрі солай болуы ақылға қонымды, бәлкім қажет тіпті зәрулік және адамзаттың қоғамдық өмірін ретте қалыптастыратын ереже-заңдардың талабы десе болады.
Жетінші мәселе: Күннің батыстан шығуы және жер астынан «даббет-үл арз» дейтін мақұлықтың шығуы.
Енді, Күннің батыстан шығуына келсек, ол қиямет басталғанның анық белгісі. Еш күмәнсіз, нақты болғандықтан адамның еркімен болатын тәубә есігі жабылады. Сондықтан мағынасы, тәпсірі белгілі, оны тәуил қылудың қажеті жоқ. Тек былай демекпіз:
Аллаһ ең дұрысын біледі, ол құбылыстың сыртқы себебі мынау болса керек: Егер жер шарын бас десек, оның ақылы Құран. Егер, жер жүзі Құраннан айырылса, ақылын жоғалтқан бас секілді диуана болып Құдайдың құдретімен басын басқа планетаға соғып жүйелі қозғалысы бұзылады. Енді ол батыстан шығысқа бет алған саяхатын Аллаһтың әмірімен шығыстан батысқа қарай теріс айналып Күн батыстан шығады.
Иә, жер шарын Күнмен және дүнияны ғарышпен мықтап байланыстырып тұрған мықты арқан тәрізді Құранның қуатты тартылыс күші болмаса, Жер шарын ұстап тұрған арқан үзіледі де Жер өз белдігінен шығып лағып кетеді. Сол кезде Күн батыстан шығады. Бағытын жоғалтып алған жер Аллаһтың әмірімен бір денемен соқтығысып нәтижесінде Қиямет қайым болады деген тәуил жасауға болар.
Ал, енді «даббет-үл арз» мәселесіне келер болсақ, ол туралы Құранда қысқа-нұсқа, ишара түрде баяндалған. Оның хал тілімен не айтқаны, не сөйлегені жазылған. Егжей-тегжейлі баяндайтын болсақ, мен әзірге басқа мәселелердей нақты біле алмай отырмын, дегенмен қысқаша былай дер едім:
Жоғарыда аталған жиырма алты мәселеге қосымша ретінде үш қысқа тұжырым.
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда Хазіреті Иса алейһиссаламды «Мәсих» лақабымен суреттелген секілді екі Тажалға да «Мәсих» деп атаған. Барлық риуаяттарда:
Жауабы: Аллаһ ең дұрысын біледі, мұның бір хикметі былай болса керек: Қалайша, Иса пайғамбар Аллаһтың әмірімен Мұса пайғамбардың шариғатындағы кейбір ауыр үкімдердің күшін жойып, шарап секілді кейбір құмар заттарды халал қылды яғни рұқсат берді. Дәл сол секілді дәу Тажал да шайтанның арбауымен, ібіліске еріп Иса пайғамбардың шариғатын бұзып, христиандардың қоғамдық өмірін жалғастырып тұрған ереже-заңдарды жойып анархияға және «Яжуж пен Мәжужтің» келуіне қолайлы жағдай жасайды. Сондайақ, Ислам тажалы Суфиян да Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шариғатының өміршең, заңдарын мәңгі бақи жалғасатын үкімін нәпсі мен шайтанның азғыруымен жоюға тырысады. Тұрмыс-тіршіліктің заттық-рухани берекесін алып, құмарпаз, есерсоқ әрі мас нәпсілерді қаңғытып бетімен жібереді. Ел арасына іріткі салып, құрмет, мейірім секілді рухани құндылықтарды, өзара байланыстарды жойып, адамзатты әуестікпен нәпсінің батпағына итереді. Аты еркіндік, ал негізінде диктатура озбырлық орнатып және іші өктемдік, сырттан бостандық көрінетін сұмдық анархияға жер дайындайды. Ол кезде адамдарды темірдей тәртіппен тізгіндеп ұстамаса яғни диктаторлықтан басқа басқару жүйесі қалмайды.
ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ: Риуаяттарда екі Тажалдың да жойқын істері, құдреттілігі, орасан зор күшті болатыны баяндалады. Тіпті, кейбір бейбақтар оларға Құдайдай сеніп, тәңірдей табынады. Мұның сырын ашып берсеңіз.
жеңіл түрде атқарады. Бір риуаятта «олардың бір күні бір жыл» деген, яғни үш жүз жылда атқарылатын істерді бір жылда атқарады делінген. Ал асқан құдретті көрінуінің себептеріне келер болсақ, оның төрт жағы, төрт қыры бар.
Біріншіден; "Истидраж" халге түсіп яғни әдеттен тыс, ерекше жағдай көрсетіп, диктаторлық режим, орнатып қол астындағы алып үкіметтерінде ержүрек батыр әскерлерінің және еңбеккеш халықтың күшімен болған өркениетті, игі істерді орынсыз түрде, әлгі диктатор көсемдер иеленіп, өздеріне телінгендіктен олар мыңдаған адамның күш-құдіретіне ие секілді көрінеді. Ал, негізінде және заң бойынша бір жамағаттың яғни көпшіліктің еңбегімен болған оң нәтижелер мен жетістіктер, табыс пен абырой халыққа, беріліп, абыройға солар бөленуі керек. Ал, жіберілген қателіктер мен кемшіліктер, ағаттықтар мен жамандықтар болса басшының ұйымдастыра алмауына, олақтығына.
Мысалға, бір топ жауынгер жаудың шебін бұзып, бекіністі алса олжа мен абырой жауынгерлерге беріліп, солардың еңбегі деп есептеледі. Ал қате шешімдер, бұрыс іс-шаралар қолбасшының кінәсі болып саналады.
Міне, хақ пен ақиқат осындай әділ ережені, хақ ұстанымды бұйыра тұра, бұл қағидаға мүлдем кереғар түрде болымды жетістіктер мен табыс әлгі сұмдық тұлғаларға, басшыларға беріледі, ал болымсыз істер, кемшіліктер мен келеңсіз оқиғалар бейшара халыққа еншіленеді де, негізінде халықтың лағынетіне лайық әлгі тұлғалар - истидраж күйге түсіп - ғапыл адамдарға сүйкімді көрініп, көпшіліктің қалауы саналады.
Екінші жағы әрі себебі; Екі Тажал да сұмдық тиран, озбыр болады. Олар шектен шыққан залым әрі қатыгез, аяу дегенді білмейтін, өктемшіл келеді. Сол үшін де құдретті көрінеді. Иә, Тажал сұмдық диктатура орнататыны сондай, ол заңдар шығарып, заң жүзінде әркімнің ар-ожданына, дініне, тіпті киім-киісіне дейін тиіседі. Менің ойымша, соңғы заманда Ислам мен Түркі халқының бостандықты қалайтын демократ тобы мұндай сұмдық диктатура орнайтынын алдын ала сезіп қам жасап қарсылық көрсетті. Дегенмен, қатты қателесіп басқа жақты нысанаға алып қате шабуыл жасады. Тажалдың зұлымдығы мен халыққа жәбірі адам айтқысыз сұмдық. Ол бір адамға бола жүз ауылды өртеп, жүздеген бейкүнә жандарды қырып жазаға тартады, яғни ойран салады.
Үшінші жағы және себебі: Екі Тажалға да Яхудилер көмектеседі. Оларға, Ислам мен Христиан дініне қарсы әрдайым өш алуға дайын астыртын ұйымдар демеуші болады және "әйел теңдігі" дейтін атты жамылған сұмдық тағы бір комитет те қарап қалмай ол да көмектесетін болады. Тіпті, Ислам Тажалы масондардың комитетін алдатып оларға мықтап арқа сүйегендіктен сұмдық құдретті, орасан зор күшті көрінеді. Сондай-ақ, кейбір әулиелердің сөзін тыңдасақ, Ислам мемлекеттерінің билігін қолға алған Суфияни Тажал, айналасына өте күшті әрі зерек, ақылды әрі еңбеккеш әрі мақтануды жек көретін, атақ пен даңққа әсте қызықпайтын уәзір, яғни министрлер тауып және ержүрек батыр, іскер әрі табанды әрі епті, қарапайым, өзін мансап үшін төмендетпейтін бір қолбасшы тауып оларды өзіне байлап қызметші қылады. Олардың керемет істерін, тыңғылықты жұмыстарын, адал ниеттерін пайдаланып, оны өзінікі сияқты иеленіп, сол арқылы алып армияның жеңісін және үкіметтің жаңаруға, өзгеруге деген құлшынысын сондай-ақ, соғыстан кейінгі қиын кезеңді оңтайлы пайдаланып, халықтың ынта-жігерін, қайраткүшін өзі иемденіп жеке басы таңқаларлық тұлға, ерекше дарынды екенін айналасындағы жылпос, жағымпаз тобыр арқылы елге жайып атағы шығады.
Төртінші жағы мен себебі: Дәу Тажалдың спиритизма, экстрасенс секілді сиқырлап алатын қасиеті болады. Ислам ішінен шыққан Тажалдың да бір көзі адамды арбап алатын гипноз секілді қасиеті болады. Тіпті риуаяттарда, «Тажалдың бір көзі соқыр!» деп Ардақты Пайғамбарымыз назарды оның көзіне аудартып дәу Тажалдың бір көзі соқыр ал, екінші Тажалдың бір көзі екінші көзіне қарағанда салыстырмалы түрде соқыр деуге болады. Ардақты Пайғамбарымыз мұны хадисінде баяндау арқылы олардың мүлдем сенбейтін абъсолюттік кәпір, сондықтан олар тек бұл дүнияны көретін жалғыз көзді екенін яғни ақыретті көретін көзі жоқ екенін меңзеген.
Мен, мағынауи әлемде Ислам Тажалын көрдім. Бір көзінде адамды сиқырлап, арбап алатын гипноз бар екеніне куә болдым. Және ол мүлдем сенбейтін толыққанды кәпір еді. Міне, осы абъсолюттік күпірліктен пайда болатын соқыр батырлыққа салынып, қорықпастан діни әдет-ғұрыптарға, шариғаттың үкімдеріне шүйліге тиіседі. Қарапайым халық ақиқатты білмегендіктен мұнысын оның күштілігі, ержүрек батырлығы деп ойлайды.
Сондай-ақ, абырой мен даңқы үстем қаһарман халық, өздері соғыстан жеңіліп, аласапыран болып жатқанда мұндай көзбояушы, атақты, жолы болғыш, қу әрі әккі қолбасшыны тапқанына мәз болып, оның жасырын, сұмдық пиғылына қарамай бойларындағы ержүрек батыр сезімге беріліп оған аса құрмет көрсетіп төбесіне көтереді. Жасаған жамандықтарын бүркеп көрмеуге тырысады. Бірақ, тумысынан қаһарман әрі жауынгер әскердің рухындағы парасат және діндар халықтың бойындағы имандылық, Құрани нұр соңында жағдайды түсініп ақиқатты аңғарады. Сөйтіп халық әлгі қолбасшының сұмдық зұлымдықтарын шашқан күл-қоқыстарын тазартып, қиратқан жерлерін жөндеуге тырысады - дейді риуаяттарда.
ҮШІНШІ ШАҒЫН МӘСЕЛЕ: Ғибрат боларлық үш оқиға.
Бірінші оқиға: Бірде Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Омарға (р.һ.) яхуди балаларының арасынан біреуін көрсетіп: «Оның түрі осындай!» депті. Сонда Хазіреті Омар (р.һ.): «Олай болса мен қазір оны өлтіремін!» дегенде Ардақты Пайғамбарымыз: "Егер, ол шынымен Суфиян, Ислам Тажалы болса сен оны өлтіре алмайсың! Ал егер ол болмаса оған ұқсағаны үшін, тек түріне бола өлтіруге болмайды!" деген екен.
Бұл риуаят бізге мынаны мегзейді: Оның суреті өз заманында яғни билік құрған кезінде көп жерлерде көрініс табады. Сол секілді өзі яхудилердің арасынан шығады. Таңғаларлық жәйт: бір баланың түрі тажалдың түріне ұқсағаны үшін өлтіргісі келіп ашуға булыққан Хазіреті Омар (р.һ.), Суфиянның қатты ұнатып, өзіне үлгі тұтары (күмир) әрі жоғары баға беріп, әңгімесінде ол туралы көп мақтайтын адамы болуы қызық оқиға.
Таң қаларлық жәйт! Сұм тажал жеті жүз жыл бойы Дін Исламға қызмет еткен және Қасиетті Құранның мерейін көкке көтеріп, Исламның туын желбіретіп және оның алмас қылышы болып жаудан қорғаған Түркі халқына олардың ұлтшылдық сезімін пайдаланып уақытша болса да Исламның кейбір әдеттерін бұзуға әрекет жасады. Бірақ, сәтсіздікке ұшырап қолын кері тартады. «Ержүрек, қаһарман әскер Тажалдың қолынан тізгінін алып, өзін әлгі бәледен құтқарады!» деген мағынаны риуаяттан түсінуге болады.
Он бесінші Шуақ
[Бұл дәріс сырттай шағын көрінгенімен, негізінде үлкен әрі өте қуатты және мағынасы терең бір рисале. Менің тәфәккүрлік яғни толғанысқа толы өмірімнің сондайақ, Нұрдың нағыз мағынауи өмірінің "илмәляқин", "айнәляқин" қосындысынан шыққан имани жеміс, фәрдәуси миуа, Құрани мәуе.]
БІРІНШІ ТАРАУ ҮШ БӨЛІМНЕН Т РАДЫ
[Жиырмасыншы Мектубтың қорытындысының қорытындысы. Бұл үшінші Юсүф медресесінде болған кезде оқылған дәрістің бірінші бөлімі]
Афион қаласындағы түрмеде он бір ай бір баракта жалғыз жатқанымды сотқа арызданып едім, ерегісіп мені адамы көп бесінші баракқа мәжбүрлеп көшірді және бауырларымның қасыма келуіне тыйым салды. Ал, мен отыз бес жыл жападан жалғыз қалып, әсіресе түнде дүнияны ұмытып, ақыретке дайындық жасайтын адаммын және жиырма үш жылдан бері басқан ізімді аңдып әбден мезі қылғандықтан көпшілік жерде өзімді ыңғайсыз сезініп жалғыз болғанды ұнатамын. Маған көмектесетін адамнан басқа және Нұр дәрісін тыңдауға құмар жаннан басқа біреумен бірге бір сағат отырсам мазам қашады. Міне, осындай жағдайыммен көпшіліктің ішінде өмір сүре алмаспын деп уайымдаған кезде Иләһи қаһар мен ашудың белгісі болса керек ауарайы күрт өзгеріп, күн суытып аяз болды. Егер мен бұрыңғы орнымда тұра бергенімде әсте шыдай алмас едім. Олардың қиянаты мен үшін рахымшылыққа айналды.
Көкейге мынадай бір ой келді: "Рас, Нұр шәкірттері өз атынан болсын, сенің атыңнан болсын әрқайсысы сен секілді жатқан жерінде, барақтарда Нұрға қызмет қылып, дәріс беруде. Дегенмен, мына бесінші барақ өзгеше. Бұл жерді «изолятор» деп атайды. Мұнда келгендер әрдайым ауысып, жаңарып отыратындықтан Нұр дәрісіне әлдеқайда мұқтаж. Әрі мұнда Орыстың сұмдық атейстік ұғым, социализімді дәріптеп, Құдайсыздық пікірін жаюшы газеттердің жазғандарын оқыған жастар мен қарттар, әлбетте Иман-ы Биллаһ тұрғысындағы Аллаһтың барлығы мен бірлігі туралы нақты дәлелдерге, қуатты дәрістерге аса мұқтаж!".
Мен таң намазынан кейін бұрыңғы әдетім бойынша он рет үзбей оқитын және Жиырмасыншы Мектубтағы он бір кәлимада баяндалған Аллаһтың бірлігін дәлелдейтін он бір айғақты және Исм-і Ағзамды көрсететін, тәухид ұғымын білдіретін мына:
сөзін толғана қайталап отыр едім, кенет көкейге мұндай бір ой келді:
«Осы қысқа қорытынды ақиқатты Нәдір хожаға және осындағы жастарға үйрет!». Мен де: «бисмиллаһ!» деп бастадым. Былайша:
Бұл тәухид сөзінде он бір сүйінші хабар, он бір имани айғақ бар. Әзірге сол айғақтарға тек қысқа ишара жасап жан-жақты түсіндіруді және сүйінші хабарларын «Жиырмасыншы Мектубқа» және Нұр кітаптарына сілтеме жасамақпын. Дегенмен, ол дәрісті жазып параққа түсірген кезімде оларға айтылмай қалған кейбір сөздерді, тұжырымдарды да жазуға тура келді. Енді сол он бір тәухид кәлимасынан:
деп тоқталып, «Аят-үл Күбра» кітабын шапағатшы ретінде қолданған екен. Содан болар Нұр шәкірттерін Денизли қаласында тұтқындаған кезде әлгі рисале Анкараның және Денизлинің сотында жеңіске жетіп өзін-өзі ақтап
шықты, және ол жасырын және әсерлі түрде жайылу арқылы өз шәкірттерінің қамаудан құтылуына себеп болғаны секілді өзінің жасырын бастырылуы да шәкірттерінің тоғыз ай қамалуына себеп болған еді. Осылайша Хазіреті Алидің (р.һ.) ғайби кәраматын және Нұр шәкірттерінің атынан жасаған дұғасын ашықтан ашық растап дәлелдеді.
Иә, «Аят-үл Күбра» кітабы Аллаһтың бір екеніне бүкіл әлемнен отыз үш айғақ көрсетеді және әрбір айғағы шексіз дәлелдерді қамтиды. Ол, аспандар, жұлдыздар, жер шары, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін сөйлетіп, ақырында бүкіл әлемді оның ішіндегі болмыс атаулыны, болған және болатын, болуы мүмкін нәрселердің ақиқаттарына тіл біткендей сөйлетіп Уажиб-үл Уджуд Аллаһтың бар екенін, біреу екенін Күндей анық, күндізгідей жарық түрде көрсетеді. Кәміл иман, мықты сенім керек деген адам және діннен безген анархисттерге қарсы өткір алмас қылыш іздегендер осы «Аят-үл Күбра» рисалесін алып оқысын.
Мына әлемде қай жағынан қарасаң бірлік, "уахдет" көрінеді. Мысалға, бүкіл ғалам керемет жүйелі тұрғызылған қала немесе керемет зәулім сарай яки мағынасы терең алып, кітап немесе әрбір аяты, әрбір әрпі тіпті, әрбір нүктесі ғажайып заттық Құран іспеттес. Осы тұрғыдан қарағанда бірлік көрінеді, уахдет байқалады. Сонымен қатар бұл сарайдың лампасы бір, шамы бір, тамақ пісіретін оты, аспазшысы бір, су себелегіші бір, суарушысы бір, осылайша бір, бір, бір... деп мыңға дейін бірлік көрсетеді. Бұл бізге бұл сарайдың ұстасы, қаланың қожайыны, кітаптың авторы, алып Құранның иесі міндетті түрде бар және Ол біреу, уахид, жалғыз екенін нақты түрде көрсетіп әрі дәлелдейді.
яғни, егер Аллаһтың серігі болса және бөтен біреулер ісіне араласып, рубубиятына ортақ болса әлемдегі тәртіп-жүйе бұзылар еді. Алайда, кіп-кішкене шыбынның қанаты мен көзіндегі жасушадан бастап сонау аспандағының ұшақтары сансыз құстарға дейін, тіпті анау күн системасына дейін үлкенді-кіші, ұсақ-ірі барша жаратылыста керемет жүйе, күшті тәртіптің болуы анық әрі сөзсіз түрде Аллаһтың серігі жоқ екенін, және болуы мүмкін еместігін дәлелдейтіні секілді, болуы шарт Уаджиб-үл Уджуд Аллаһтың бар екенін, оның уахдетін яғни Жалғыз екеніне ашық түрде куәлік етеді.
Көзбен көріп жүрміз, дегеніміздей жер жүзі егістік ретінде көктем сайын ол жерге жүз мың түрлі өсімдіктердің тұқымдары араласқұралас, шашылып ауқымды түрде егілуде. Шыққан өнімдері бөлекбөлек, әсте араластырмай керемет жүйемен жинап теріп, оған мұқтаж екі жүз мың түрлі жан-жануарларға одан ризық несібе тарататын шексіз құдрет пен зор ілім иесі басқарушы біреу перденің артында бар. Ол мына ауқымы кең, әрі шексіз бай иелігінде әсіресе, жер жүзі егістігінде осындай қыруар істер атқаруда. Мұндай басқарушы Мутасаррыф-ы Хакимді, Малик-і Рахимді танымаған адам, ақымақ «софестаи» сияқты, мына жер дүниенің бар екенін жоққа шығаруы керек.
Мына «әлем» атты қаланы, «жер» дейтін ауданды, «адамзат пен хайуанат» дейтін бөлімшені Рәззақ-ы Рахим, Мухсин-і Кәрим Аллаһ өзі басқарып, жетілдіріп, бақылап отырғанын көзбен көріп, ақылмен түсініп отырмыз. Ол (Аллаһ), өзі берген нығметтеріне мадақ айтып, шүкір еткізу үшін жер шарын сауда кемесі тәріздес яки азық-түлік таситын поезд, көктемді бір вагон түрінде жаратып, небір тағамның түрімен және нәрестелерге сүтке толы торсық тәріздес аналарының емшектерін қорекке толтырып қойған және қыс мезгілі бітіп азығы таусылған мұқтаж жан-жануарларға қамқорлық жасалады. Бұл әрине, Рәззақ-ы Рахим Аллаһтың ісі екеніне титтей де миы бар адам күмәнданбаса керек. Ал оған күмәнданып сенбегендер жер жүзі толы мол нығметтерді, белгілі де арнайы жасалған ризық несібелерді жоққа шығаруға мәжбүр ақымақ хайуан болғаны.
Иә, «Оныншы Сөзде» және Нұр кітаптарында айғақтармен дәлелденген мына мәселе: Әрбір көктемде тірішілік иелерінің үш жүз мың түрі әртүрлі бейнеде сансыз бола тұра құжынаған әскердей жер бетінде қайта тіріліп, жан бітеді. Олардың өміріне қажетті нәрселер жүйелі түрде реттеліп отырады.
Осылайша қиямет қайымдағы ұлы хашрдің жүз мың үлгі-мысалдарын көрсетіп әлгі сан-алуан тіршілік иелерін бәрін бірге, араласып жатса дағы шатыстырмай, қатесіз, кемшіліксіз, ауысып жатса да ауыстырмай, ешбірін ұмытпай дәл өлшеммен, жүйелі түрде тірілтіп, жан сыйлайтын және ұрық суы дейтін өзара ұқсас сұйық заттан, топырақтан, бір-бірінен айнымайтын тұқымдардан, азғана айырмашылығы бар дәнектерден сондай-ақ, жәндіктердің өте ұқсас жұмыртқашықтарынан, сонымен қатар құстарды да дәл солай бірегей шикізаттардан, жұмыртқалардан саны шексіз түрлерін жаратқан және жалпы түрлері әртүрлі, қореқтенуі де айырықша тіріжандарды тіріліткен және жер жүзіне, көктем парағына жүз мың түрлі өзара ұқсамайтын кітаптарды бірге, бірінің қасына бірін, аралас-құралас, еш қатесіз, тыянақты жазған және әрнәрсені мұқият, шексіз хикметпен жоқтан бар қылған Зат-ы Хаий-ы Қаюм, Мухий әрі Халлақ-ы Алим екеніне сенбей, күмәнданған адам әлбетте, өзін де және бүкіл жер жүзіндегі тіршілік ететін барлық жан-жануарды, жәндік атаулыны жоққа шығарып, бар екеніне сенбеуге мәжбүр болып өзінің барып тұрған ақымақ, тіріжандардың ең бейбағы екенін көрсеткен болады.
Күз мезгілінде үш жүз мың түрлі тіршілік иелері опат болғанда яғни өз міндеттерін атқарып демалысқа шығарда әрбір түрдің, әрқайсысының амал дәптері кішкене құтыларға сақталып, істеген істері мазмұндалып, келесі көктемде атқарар қызметтері жазылып, осы амал дәптерлерін белгілі бір мағынада рухтары деуге болатын дән-тұқымдарына жүктеліп яғни Хафиз-ы Зүлжәлалдың хикметті құдіретімен аманат қылып тапсырылатынын көзімізбен көріп жүрміз.
Иә, Інжір ағашының кіп-кішкене тұқымдары мәңгі жасайтын бір рух секілді інжір ағашының толық мағлұматтарын, өмірлік заңдарын, тіршілік шарттарын толық қамтиды. Міне, бір кітаптай мағлұматтарды
яғни ағаштың өмір тарихын әлгі тұқымға тағдыр қаламымен жазылып, оны уақыты келгенде қалың кітаптай үлкен ақиқатқа айналдырған Халиқ-ы Хакимге сенбей, оны жоққа шығарып, мәңгі тірі Хаий-ы Ләямуттың бар екеніне нанбай жүрген адам, әлбетте тек ақымақ қана емес, жын ұрған хайуан ғана емес, ол тозақ отын көсеп жүрген әзәзіл шайтаннан бетер сорлы, мәңгі құрдымға кетуші бейбақ.
Жоғарыда аталған құбылыс, яғни әлгі кәлиманың айғағын меңзейтін күлли, таңғажайып, керемет, мұғжизалы хикметке толы ауқымды, іс өздігінен болуы әсте мүмкін емес. Сол секілді оны соқыр мылқау, қолынан түк келмейтін әлсіз, жансыз, меңіреу, араласқұралас жатқан, белгілі бір бағыты жоқ себептерге телу, солардың салдарынан болады деп сену мың есе «мухал» яғни мүмкін емес, еш негізі жоқ құр сандырақ. Егер олай болатын болса, топырақтың әр бөлшегінде шексіз құдірет, мол хикмет және бүкіл өсімдік пен гүлдің қалай жасалатынын білетін терең ілімі, ғажап өнер болуы керек. Бұл жайлы ауа бөлшектері жайлы сыр шертетін «Жастар шырағы» атты кітаптың «Хуә нүктесінде» баяндалғанындай әрбір ауа бөлшегі әуе толқынын пайдаланушылардың, телефон мен радиода сөйлесушілердің айтқан сөздерін толық меңгеріп білуі керек, әрі басқа бөлшектерге дәріс беретін зор қабылетке ие болуы шарт. Әрине, мұндай қисынсыз ойды шайтан да ешкімге айтып сендіре алмас. Күпірлік деген осындай ақылға сыйымсыз, ақиқатқа теріс, бүкіл жаратылыс атаулыға жабылған жала болғандықтан, оның жазасы тек сұмдық жәһаннам ғана және ол әділдік! Ондай сұмырай кәпірлерге "жасасын жәһаннам!" деу өте орынды.
сахнасы болған мына уақыт өзенінде өмір сүріп жатқан жаратылыс бір тынбастан жылдам ағып кетіп жатыр. Олар сыртқы себептерімен бірге көзден таса болып, опат болуда. Жыл сайын, күн сайын бір ғалам өліп яғни кетіп орнына жаңасы келеді. Және зәррелердейтін егін алқабында әрдайым өзгеретін дүниялар, жылжымалы әлемдер өнім беріп, нәтижелері алынатындықтан, әлбетте көпіршіктер мен Күн сәулесінің шағылыстары қалайша аяқталу арқылы әрдайымғы бір Күнді көрсеткені секілді әлгі сансыз жаратылыс, тіршілік иелерінің опат болуы және өзінің сыртқы себептерімен бірге жүйелі түрде қызметінен босатылуы, бізге айдан анық еш күмәнсіз нақты түрде Хаий-ы Ләямут, Шәмси-і Сәрмәди, Халлақ-ы Бақи, Кумандан-ы Ақдес Аллаһтың міндетті түрде бар екенін, сөзсіз жалғыз екенін және болмысы әлемнің болмысынан сан есе анық та қанық екенін көрсетеді. Оны бүкіл жаратылыс әр түрлі бейнеде бірлесе отырып куәлік етеді. Сонымен, осындай әлемді шулатып тұрған зор дауысты, мызғымас нақты куәліктерді естімей, құлағын жауып мән бермеген адамдар неткен саңырау, мүлдем ақымақ әрі күнәһар екенін әлбетте, түсінген шығарсың.
қоймасы бар, ол мына дүниядағы әсемдіктер, әдеміліктер және жақсылықтарды тудыратын, нұр шашқан дін Ислам, мұсылман әлемі және нағыз адамгершілік. Ал жәһаннамның да өзіндік қоймасы бар. Ол жамандықтар мен болымсыз нәтижелер берген және күпірлікке апаратын және жоқтықтың кесірінен болатын жаман нәрселер мен бәлелер, сондай-ақ болмысты кірлететін лас заттар, нашар топ тайпалар, жағымсыз әрекеттер. Жұлдыздардың да ыстықпен қамтамасыз ететін өзіндік қоймасы болады. Ол жәһаннам яғни тозақ. Ал оған жарық, нұр беретін қайнар көз жәннат болып табылады.
Мысалға, аталған әлгіндей сансыз қазына қоймалардың біреуін үлгі ретінде айтар болсақ, әр қайсысы зәулім ағаштың немесе тамаша гүлдің бөлшектері мен тағдырының жоспары жазылған кіп-кішене қойма тәріздес дән-дәнектерді, тұқымдарды алайық. Олардың кілті қолында болған Мутасаррыф-ы Хаким Аллаһ, бір түйір дәннің ауызын «Оян!» әмірімен, өзінің қалау кілтімен жүйелі түрде өлшеммен ашады. Сол секілді жер шары дейтін қазынаны да жаңбыр дейтін кілтімен ашып, ондағы шағын қойма тәріздес сансыз дәндерді, шексіз тұқымдарды сондай-ақ хайуандар мен қуаттардың бастау бұлағы жұмыртқаларды, барлық қойма қазыналарды барлығын бірге, еш қатесіз ашатынын, осылайша бүкіл әлемдегі үлкен-кіші, көзге көрінетін барлық қойма-байлықтарды өзінің шексіз хикметімен, ираде қалауымен, рахымымен, еркімен әрқайсысын өзіне тән кілттерімен ашатынын біліп, көзбен көргің келсе өзіңнің белгілі бір мағынада қоймаң болған қалб (көңіл) түкпіріңе, миыңа, денеңе, асқазаныңа, бау-бақшаңа және жердің көркі болған көктемге, ондағы гүлдерге, жеміс жидектерге қара! Осының бәрін өте жүйелі түрде дәл өлшеммен, таразымен, рахымымен, хикметке толы құдіретімен жасап жатқанын және «Күн фая күн!» әмірінен келген түрлі-түрлі кілттермен ашып жатқанын көресің.
кітаптың нүктелері тәрізді белгілі бір міндет жүктеп жұмыс істеді. Зәррелерге керемет қабілет бергені сондай, бейне бір дүниедегі бүкіл сөздерді білетіндей, сөйлесушілерді танитындай дыбыстарды алып-беріп, жеткізіп-тасып отырады, әсте шатаспайды. Өздері кішкене құлақ, кішкене тіл секілді қызмет етіп, ауа әлемі Аллаһтың әмірі мен қалау еркінің тақтасы екенін дәлелдейді. Міне, осы қысқа тұжырымға салыстыра отырып Жаратқан Жаббар ғаламды керемет бір қала, зәулім сарай, ғажап қонақүй, таңғажайып кітап, мұғжизалы Құран іспетті жаратып, сонау алып ғаламшарлардан, кішкене зәрреге дейін бүкіл жаратылысты, шексіз әлемдерді, күллі болмысты өзінің соңсыз ілімінің ережелеріне сай, хикметіне сәйкес толық басқарып отырғанын және өзінің шексіз құдіретінің ішінен мол хикмет пен зор рахымын көрсетеді. Сондай-ақ, рубубиетінің ішінен өзінің сөзсіз бар әрі жалғыз екенін Айдай анық, Күндей жарық түрде көрсетіп, таныстырады. Оған жауап ретінде адам заттық иманға келуін қалап және өзін оған жақсы көргізуді мақсат етіп, соның нәтижесінде құлшылық етулерін міндеттеген. Өзінің жарылқауымен шүкір етуді, мадақтауды қалайтын осындай аса Мейірімді Рахман-ы Рахимді танымайтын, құлшылық етіп Раббысын жақсы көруге тырыспайтын адам бейнесіндегі шайтандар да бар. Міне, мұндай кішкене Нәмруд, Перғауын секілді мақұлықтар әлбетте, түгелдей ауыр әрі шексіз болатын азапқа душар болмақ.
Біріншіден; Бұл кәлиманың мағынасындағы хашир, ақырет, мәңгі өмір туралы және оның келесі көктем секілді нақты әрі анық жүзеге асатынына сену, иман ету, дәлелдеу мәселесін «Оныншы Сөз» және оның қосымша жазбаларында сондай-ақ, "Жиырма
тоғызыншы Сөз" бен "Миуа рисалесінің" Жетінші мәселесіне және «мінәжат» кітапшасы секілді бір қатар Иман жайлы жазылған рисалелерге сілтеме жасадық. Шынымен әлгі сілтемелер де иманның осы шарты керемет түрде сансыз айғақтармен дәлелденген. Ол сілтемелерде дүнияның бар екені қалай анық болса, дәл солай анық түрде ақыреттің де рас екені ең қырсық кәпірге де дәлелдеп мойындатуға мәжбүр ететіндей дәрежеде күшті баяндалған.
Екіншіден; Қасиетті Құран Кәрімнің үштен бір бөлігі хашир мен ақырет жайлы. Әрбір мәселені соған әкеліп тірейді. Олай болса, Құранның ақиқат екенін дәлелдейтін барлық мұғжизалар мен айғақтар ақыретті растап дәлелдейді деген сөз. Сол секілді Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар екенін дәлелдейтін барлық мұғжизалар да, бүкіл дәлелдерімен хашир мен ақыретті дәлелдеп, рас екеніне куәлік етеді. Өйткені, Ол кісінің өмір бойғы басты мүддесі ақыретке сендіру болғаны секілді барлық пайғамбарлар да мәңгі өмір мен соңсыз бақытты көлденең алға тартып адамзатқа сүйінші берген еді. Оны сансыз мұғжизамен нақты айғақтармен дәлелдеген. Олай болса, олардың пайғамбар екендігін, адалдығын дәлелдейтін барлық мұғжизалар, айғақтар олардың ең үлкен мәселесі және әрдайымғы тақырыбы болған ақыреттің де хақ екенін және мәңгі бақи өмір бар екенін дәлелдейді. Осыған салыстыра отырып, басқа да шарттарын дәлелдейтін бүкіл айғақтар хаширді яғни өлген соң қайта тірілудің хақ екенін, мәңгі бақыт бар екенін білдіреді.
Үшіншіден, Өзінің толық кемелдігін, шексіз құдіретін, теңдесіз рубубиетін көрсету үшін әлемді керемет түрде, таң ғажайып жаратып, асқан хикметін көрсету үшін жаратылғандардың әрқайсысына белгілі бір міндет жүктеп, тіпті көптеген қызметтер тағайындап тынбай жұмыс істеткізген, сондай-ақ, соңсыз көркем есімдерінің сәуле шуақтарын көрсету үшін, топ-топ қылып, бірінің артынан бірін әлемдерді жаңартып болмыс атаулыны мына қонақүй әлемге, мына дүния дейтін емтихан алаңына жіберіп, мысал әлеміне құрылған ақыреттік фотоаспаптармен олардың суретттерін, жүріс-тұрысын, істеген амалдарын тіркуге алып ақырында, өздерін демалысқа шығарады. Содан соң, басқа топ, жылжымалы өзге дүниялар әлгі сахнаға өзіндік басқа міндетпен, Иләһи түрлі есімдерге айналық қызмет атқару үшін келеді яғни оларды Сани-і Зүлжәлал, Халиқ-ы Зүлкәмал бір Аллаһ жіберіп отырады.
Ендіше, мына пәни дүниеде өзінің ақыл-ойымен өзінің Жаратушы Иесінің бүкіл мақсаттарына жауап бере алатын әрі бүкіл қабілетімен Оны жақсы көріп, көргізген, танып, басқаға таныстырған және дұға етіп жалбарына ақыреттегі мәңгі бақытты сұраған және ақылы болғандықтан түрлі уайым мен қайғы шеккен, сөйтіп жан-тәнімен, бүкіл қабілетімен нағыз рахат, бақи өмір жәннатты сұраған мына адамзат үшін сый-ақы бететін жердің және жаза тартатын орынның болмауы әсте мүмкін бе?! Жоқ, болмауы әсте мүмкін емес! Міне, осы қысқа ишараның анықтамасы жан-жақты түсіндірмесі дәйекті түрде Рисалей-Нұрда нақты баяндалғандықтан соған сілтеме жасап осы терең де үлкен мәселені қысқа қайырамыз.
Қасиетті Фатиха сүресінің мұхтасар өзегі, қорытындысы
[Үшінші Юсүф медресесінде жалғыз адамдық камерада аз уақыт ұстап, кейін босатқан кезде көрісуге келген кісілерге бір дәріс берген едім. Бұл соның бір бөлімі]
Сен өзіңе ішкі құрылыстарыңа, асқазаныңа қарашы! Олар көп нәрсеге мұқтаж және олар шүкір етіп мадақтап өзіне қажетті ризық
несібелерін сұрап алады да, рахаттанады. Енді, әрбір тіршілік иесін өзіңе салыстыр. Міне, осы жалпыға ортақ игілік, «инғамдарға» орай, хал тілімен және өзіндік төл тілдерімен сансыз мақтаулардың айтылуы, анық түрде бір Мағбуд-ы Махмуд, бір Мүним-і Рахим Аллаһтың бар екенін, Оның жалпылама толық рубубиятын Күндей жарық анық көрсетеді.
Иә, әлемде шексіз рахымның бар екені, ақиқат екені дәл Күннің жарығы секілді көзге көрініп тұр. Жарық Күнді анық көрсететіні секілді мына көз алдымыздағы рахымшылдық та перденің артында бір Рахман-ир Рахым Аллаһтың бар екенін көрсетіп, куәлік етеді.
Иә, Рахымның маңызды бір бөлігі ризық болып табылады. Кейде, Рахманның мағынасы «Раззақ» яғни ризық беруші дегенді білдіреді. Ал, ризық болса ап-анық түрде Раззақ-ы Рахим Аллаһты көрсететіні сондай, тіпті кішкене ақылы бар адам мойындауға мәжбүр.
Егер, біреу былай десе, бұл дүниедегі мусибат яғни бәле-жала, қиыншылықтар, жамандықтар мұндай мол мейірімге шәк келтіреді, үйлеспейтін секілді.
Жауабы: "Тағдыр Рисалесі" секілді Нұр кітапшаларында мұндай тым өзекті де қиын сұрақтардың жауабы берілген болатын. Соған сілтеме жасап, мұнда қысқаша ишара қыламыз.
Әрбір себептің, әрбір түрдің, әрбір заттың күлли - жүзи, жалпыға қатысты және жеке, жалпы-жалқы түрлі атқарар міндеттері болады. Және ол атқарар әрбір міндеттердің де көптеген нәтижелері, берер
жемістері болады. Ол нәтижелердің басым көпшілігі пайдалы әрі жағымды, керемет әрі қайырлы, жалпы, рахымшылық боп табылады. Тек, аз бөлігі ғана қабілетсіздерге және бұрыс әрекет еткендерге және жазалануы керек, тәрбиеленуге лайық болғандарға, сондай-ақ, көптеген игі жақсылықтар беретіндерге тап болады. Бұл әрине, сырт көзге азғана жамандық, бір бәле болып жағымсыз көрінуі мүмкін. Дегенмен, сол кішкене жамандық азғантай бәле болмасын деп, Рахым тарапынан әлгі себеп яки жан-жақты оқиға өзінің әлгіндегі міндетінен босатылса яғни болмаса ол кезде бүкіл қайырлы істер, тиімді керемет нәтижелер жүзеге аспай қалады. Ал, бір жақсылықтың болмай қалуы, жамандық және бір керемет нәрсенің бұзылуы жағымсыз боп табылатындықтан әлгі болмай қалған нәтижелер қанша болса сонша, жағымсыз болымсыз нәрселер, мейірімсіздіктер орын алады деген сөз. Демек, бір ғана жамандық яки жағымсыз оқиға болмасын деп, ақырында жүздеген бәлелер, мейірімсіз нәтижелер пайда болады. Бұл әрине, хикметке мүлдем қайшы, пайдалы іске керағар және Аллаһтың Рубубиятындағы рахымға қайшы құбылыс.
Мысалы, қар, суық, от, сел жаңбырдың әрқайсысында жүздеген хикмет, көптеген пайдаларлар бар екені рас. Енді, кейбір жалқау, олақ жандар бұрыс әрекет ету арқылы өздеріне зияны тисе яғни айталық қолын отқа күйдіріп алса, сөйтіп оттың жаратылысында ешқандай пайда, рахым жоқ десе ол кезде оттың сансыз қайырлы да хикметке толы жақтары оның өтірігін бетіне басып, аузына құм құяды.
Әрі, адамның өзімшіл әуестігі және істің соңын көрмейтін соқыр сезімдері мына әлемді басқарып тұрған «рахымият», "хакимият", "рубубият" дейтін Иләһи заңдарға өлшем, таразы бола алмайды. Әркім өз айнасымен, өз жағымен қарайды.
Мейірімсіз тас жүрек адам әлемді мұңлы, қараңғы, жабырқап тұрған, зұлымдыққа толы көреді. Ал, әлемге иман көзімен қараса, жетпіс түрлі әсем көйлек киген жұмақтың хор қызы тәрізді құлпырып түрлі рахым мен хикмет, қайырларға толы, әрдайым күлімсіреп тұратын, рахымды алып адам бейнесінде көрінеді. Сөйтіп, адамзатты кіші бір әлем, ал әрбір адамды кішкене өзіндік бір әлем бейнесінде көрсетеді. Мұны көргенде адам жан тәнімен
дейді.
Екіншіден, "Оныншы Сөздің" ақырында баяндалғандай мына әлемнің Жаратушысы Аллаһтың мәңгі рубубияты, шексіз рахымы, мол хикметі, әзәли уә әбәди жәмалы, жәлалы, кәмалы, шексіз сипаттары, жүздеген есімдері ақыретті нақты түрде талап ететіні секілді, Қасиетті Құран мыңдаған аят-айғақтарымен және Мұхаммед (с.а.у.) жүздеген мұғжизат, дәлелдерімен сондай-ақ, бүкіл әнбиялар және аспани кітаптар мен парақтар сансыз дәлелдерімен куәлік ететін ақырет әлеміндегі мәңгі өмірге сенбеген адам, мына дүнияның өзінде өзін өзі күпірліктен туындайтын рухани тозаққа тастаған болып, әрдайым жан азабын шегеді. «Рәһбер» (Жастар шырағы) атты кітаптың түсіндіргені секілді, кәпір үшін өткен мен болашақ және ондағы болмыс әрдайым аяқталып, жоғалып қоштасатындықтан адамның рухы мен жаны шексіз уайым мен қайғы жеп, жәһаннамға бармай тұрып-ақ, жәһаннам азабын тартатын болады.
Бірақ, осы жерге келгенде, кенет бір жағдай осы айғақты баяндауды басқа уақытқа шегеруге себеп болды. Мүмкін, қажеттілік те қалмаған болар. Өйткені, Нұр рисалелері түннен кейін күндіздің, қыстан соң көктемнің келетіні қаншалықты анық болса, дәл солай жүздеген бұлтартпас айғақтармен хаширдің таңы ататынын, қайта тірілудің көктемі келетінін дәлелдеген-ді.
Бірде, Қасиетті Құранның мұғжизалық туыстарын іздестіріп отырғанымда Рисалей-Нұрда әсіресе, Ишарат-ул Иғжаз тәпсірінде баяндалғанындай «Фәтх» сүресінің соңындағы аятта төрт-бес
Ислам әлемі үлкен мешіт тәрізді. Меккедегі Қағба сол мешіттің михрабы, ал бүкіл намазхан мұсылмандар сап түзеп әлгі киелі михрабаты айнала жүздерін қаратып мен сияқты деп әрбірі баршаның атынан дұға тілеп, сенімді түрде өздерінің ниеттерін білдіріп әрі бірінбірі растап, бір-біріне шапағатшы болуда. " Ендеше ұлы да үлкен жамағаттың ұстанған жолы қисық болуы, қойған мақсаты бұрыс болуы мүмкін емес және дұғалары жауапсыз кері қайтарылуы әсте мүмкін емес. Шайтани уәсуәсаларға жол жоқ!". Міне, мен осыны ойлап әрі намазды жамағатпен оқудың қыруар пайдасын көзбен көргендей растап отырғанымда тағы бір перде ашылды.
Бүкіл әлем заңғар алып мешіт тәрізді, ондағы жаратылыс жаппай ұлы намаз оқып жатқандай. Әрқайсы өзіне тән ғибадатпен шұғылданып хал-жағдаймен белгілі бір мағынада намаз оқып Мағбуд-ы Зүлжәлалдың рубубиятына яғни жойқын билік пен басқаруына мойынұсынып ауқымды түрде құлшылық арқылы жауап беру үшін әрбірі жалпының куәліктерін, тәухид, ұғымын, шынайы имандарын бекітіп өзара куәлік етуде. Мен осыған куә болып отырғанда кенет тағы да бір перде ашылды.
Біріншіден; көзбен көріп жүргеніміздей әлемде оның ішінде жер жүзінде жойқын және бір тынбастан өте жүйелі түрде қызу қозғалыс, қарқынды әрекет жүріп жатыр. Мұны өте мейірімді және бәрін алдын ала дәлме-дәл ұйымдастыратын «Мұтлақ Рубубият» жасауда. Ол рубубият сансыз тіршілік иелерінің жалбарынуына, жалынып көмек сұрауына, дұғаларына аса хикметпен қамқор түрде, әрқайсысына жеке-жеке іс жүзінде жауап беруде. Сонымен қатар, «Мұтлақ Улухият» байқалуда. Ол, барлық болмыс атаулыны әсіресе, жандыларды әсіресе, адамзатты болмыс табиғатына сай әрі
өз еріктерімен мыңдаған түрде өзіне құлшылық еткізуде. Мұны ақылесі бүтін иманды жандар нақты түрде байқйды. Әрі ол туралы аспани кітаптар, әнбиялар хабар беруде.
Мәселе, «Жиыра Үшінші Сөздің» баяндағанындай жер бетіндегі күллі жаратылыстың үш түрлі дұғалары керемет түрде, таңғажайып және күтпеген жерден қабыл болуы Рабб-ы Рахым, Мужиб Аллаһтың бар екенін анық көрсетеді.
қосатын сызықтардың ең қысқасы, ең дұрысы болмақ. Мұны арабша «мұстақим» деп атайды. Дәл сол секілді, руханиятта, рухани жолдарда, қалби ұстанымдарда ең дұрысы, ең мұстақимы оның, ең қысқасы және ең оңайы болып табылады.
Мысалы, Рисалей-Нұрдағы барлық теңеулер, сондай-ақ күпірлік пен иман жолдарының салыстырмалы мысалдары бәрі бір ауыздан иман мен тәухид ұғымы өте қысқа әрі дұрыс, мұстақим әрі оңай екенін көрсетеді. Мына ғалам, әр нәрсесі дұрыс, хикметке толы, ең қысқа жолмен әрі ең оңай түрде орны-орнына қойылған. Демек, мына әлемде әлбетте, күпірлікке, ширкке жол жоқ, және болуы әсте мүмкін емес. Олай болса, иман мен тәухид ұғымы мына ғаламға Күндей қажет тіпті, солай болуы уәжіп. Сондай-ақ, адамның мінез-құлқы тұрғысынан алғанда "сырат-ы мұстақим" яғни Ислам, өте оңай әрі тиімді, тым қысқа әрі есендік жолы.
Мәселен, адамның ақыл-сезімі "сыратал мұстақимнен" тайса яғни орта жол болған хикметтен айрылса және өте оңай, пайдалы, тиімді тура жолдан шықса, сөйтіп «ифрат» (асыра сілтеу) не "тәфрит"\(мардымсыз, кемшін) жолға түсіп адасса өте зиянды "жәрбәзәге" яғни қисықты түзу, түзуді қисық көрсететіндей ақылгөйлікке ұшырайды және басқа бәле болатын есуастыққа ұрынады. Жолды ұзатып қауіп-қатерге душар болады. Сондай-ақ, ашу-ыза сезімі де егер "мұстақимнен" яғни тура жол саналатын батырлықты, ер жүректілікті жоғалтса "ифрат" дәрежеде өте зиянды, зұлымдыққа толы тиран, озбырлыққа, тасжүректікке ұшырайды. Ал "тәфрит" деңгейіне түсіп кетсе қор болып тым ауыр сужүрек, қорқақтыққа ұшырайды. Сөйтіп, тура жолдан таюдың жазасы ретінде әрдайым үрей билеп, ар-ожданы азап шегеді. Сондай-ақ, адам бойындағы хайуани сезім, құмарлық та сау-саламат, дұрыс бағыт "сыратал мұстақимды", жоғалтса ар-намыстан айырылып "ифраттың" кесірінен яғни асыра сілтеу дәрежесінде масқаралыққа, пасықтыққа, нәпсіқұмарлыққа салынады. Ал, "тәфрит" қылса яғни кемшін, өте төмен деңгейге түсіріп жіберсе кетсе, "Һумудқа" душар болады яғни нығметтің ләззатын сезбейтіндей деңгейде рахаттан мақұрым қалады. Міне, бұлар, рухани кеселдің азабы.
Осылай салыстырып қарасақ, жеке өмірде болсын, қоғам өмірінде болсын барлық мәселеде «сыратал мұстақим» жолы ең тиімдісі және ең оңайы әрі ең қысқасы. Егер «сыратал мұстақим» яғни тура жолдан
Екіншіден, Адамзаттың ең жоғарғы мәртебелісі, ең мұстақимдерге яғни тура жолдағы ең адалы осы төрт топ, ежелден бері көптеген дәлелдермен, сансыз кәраматтармен, таңғажайып мұғжизалармен бар күшін салып, көпшілікке мойындатқан мәселесі тәухид яғни Аллаһтың бір екендігі. Әлбетте ол Күндей жарық, Айдай анық мәселе. Мұндай сансыз күн көсемдер жүз мыңдаған мұғжизалар арқылы, шексіз айғақтар келтіріп нақтылығы ақиқат екені дәлелденген «тәухид» және «Ужуб-у Ужуд» секілді анық мәселелерде, барлығы бірлесе ұжымдасуы бұлтартпас дәлел, үлкен айғақ болып табылады. Апырм-ай, әлемнің жаратылуына басты себеп, және оның нәтижесі, жер жүзінің халифасы, күллі тірі жандардан артық жаратылған, өте қабілеттісі адамзат дейтін болсақ, сол адамзаттың ең мұстақимдері, ең адалдары, сенімді ұстаздары, жетекшілері, кемелдіктің шыңына
жеткен әлгі аталмыш төрт топ бір ауыздан растап хабарлаған ақиқатқа сондай-ақ, оған бүкіл әлемді дәлел көрсетіп «хаққаляқин», "айнеляқин", "илмеляқин" дәрежеде анық ұлы шындыққа сенбей, жоққа шығарған бейбақтар орасан зор қылмыс, ауыр күнә жасаған болып шексіз азапқа, ауыр жазаға лайық болмай ма!
Мұның айғағына қысқаша ишара: адамзат тарихы және Киелі кітаптар небір оқиғаларды алға тартып, түрлі мәліметтер мен санқилы көріністер арқылы бізге былай дейді: «Сыратал мұстақим» жолындағы пайғамбарларға (алеһиссалату ассалам) мыңдаған медет келіп, дұға-тілектері дәл сұрағанындай қабыл болған және қарсыластарына яғни кәпірлерге жүздеген мәрте дер кезінде бәле келген, аспани апатқа ұшырап соққы жеген. Міне, бұл оқиғалар бізге нақты түрде мына әлемнің және күллі адамзат пен болмыстың «Әділ», "Мұхсин", "Кәрим", "Азиз", "Қаһһар" басқарушысы, Раббысы бар екенін көрсетеді. Ол Жаббар Аллаһ, Нұх, Ибраһим, Мұса, Худ, Салих сынды пайғамбар құлдарын таңғажайып түрде жеңіске жеткізіп, сәттілік бұйырып бәлелерден құтқарып отырған. Ал, олардың дұшпандары Самуд, Ад, Перғауын сықылды залым, кәпір қауымдар пайғамбарларға қарсы шыққаны үшін дүнияда жаза ретінде бастарына небір сұмдық, аспани бәлелер келіп жермен жексен болған.
Рас, Адамзат тарихында екі жойқын ағым өзара қақтығысып қатар келеді. Олардың бірі "мұстақим" жолды ұстап, Аллаһтың нығметіне бөленген және екі дүниенің бақытын иеленген пайғамбарлар, және олардың артынан еріп, салих, ізгі амал жасағандар, иман келтірген абзал жандар. Олар әлемдегі хақиқи әсем-әдемілікке, керемет тәртіпке, ғажап кемелдікке сай әрекет етіп тура жолда дұрыс бағытта жүргендіктен, мына әлем Иесі Аллаһтың жарылқауына бөленгендер және екі дүнияның жақсылығына ие болып, артынан ерген адамзатты періште дәрежесіне тіпті, одан да жоғары өрлеуіне себеп болып, дүнияда иман ақиқаттары арқылы рухани жұмақ кешіп, ақыретте мәңгі бақытқа бөлену дейтін зор нығметке бөленгендер.
Екінші ағым болса, «мұстақим» жолды тастап, «ифрат» пен «тәфритке» ұшырап яғни асыра сілтеп не кем қалдырып ақырында ақыл, сезімін азаптаушы, уайым мен қайғыға салушы құралға
айналдырғандықтан табиғаттары бұзылып, бейшара хайуаннан бетер деңгейге түскен және үлкен зұлымдық жасағаны үшін дүнияда Аллаһтың қаһарына ұшырап, бәлеге душар болғандар. Сондай-ақ олар адасудың кесірінен - ақылы болғандықтан-қоршаған ортасын, айналасын қайғылы, жаппай жылап-сықтаған, өкінішті, мұңлы бейнесінде көрген. Жан-жануарлар жаппай өмірден қош айтысатын байғұстар, дүнияны қасапхана секілді бүкіл жан-жануарларды өлтіріп азаптайтын жер, аласапыран бейнеден көріп жаны бұл дүнияның өзінде мағынауи жәһаннамға түсіп, рухани азап шеккен. Ал, ақыретте болса өздерін соңсыз азапқа душар еткен.
Міне, Фатиха сүресінің соңында
аяты адасқан екі топты меңзеп күшті дәріс беруде. Негізінде бұл аят Рисалей-Нұрдағы бүкіл теңеулердің қайнар көзі, ұстазы, бұлағы болып табылады. Ендеше, Рисале Нұр жүздеген теңеу, мысалдармен осы аятты тәпсірлеген екен, біз де соған сілтеме жасап ишараға қанағат еттік.
Демек, имани бауырластықтың, Ислами бірліктің саясында әрбір намаз кезінде Ислам әлемі бейне бір алып мешіт тәрізді, ішінде милиондаған намазхандар, үлкен жамағат болып ынтымақ құрып
мағынауи радиолар арқылы Фатиха сүресіндегі «Әмин» сөзі ауқымы кең шексіздікке ие болады. Бірғана «Әмин» сөзі миллиондаған "Әмин" сөздері секілді саны артып көбейіп кетеді.
{(Сілтеме): Міне, әрбір адам дәрежесіне қарай құрманың бір дәні, тұқымы құрма ағашын қамтып тұжырымдайтыны секілді. Ол да осы киелі терең ақиқаттан өз үлесін алады және рухани кемелденген кәміл адам да құрма ағашы тәрізді өз үлесін алады. Бірақ, әзірге әлі рухани дамымаған адам Фатиханы оқып тұрғанда бұл мағынаны әдейілеп еске алып, ойламауы керек. Себебі, құзырға зияны тиеді. Егер, ол дәрежеге жеткен болса, онсыз да бұл мағыналар өздігінен келеді.
Түсініктеме: Осы сілтемеде, ұстаздан "әдейілеп" деген сөзді қалай түсінеміз деп, сұрап едік, ұстаздың берген жауабы былай болды:
Үшінші Юсүф медресесіндегі
Рисалей Нұр шәкірттерінің атынан Джәйлан. Сілтеме: Намазда тәшәһудке отырғанда және Фатиха сүресіндегі сөздерінің терең мағыналарын әдейілеп емес, астарлы түрде ойласа, яғни құзырды сақтай отырып егжей-тегжейлі емес, қысқа мағынсын білсе, ғапылдықтан сақтап, құлшылықты жандандырып, мінәжатты күшейтетіні рас. Намаздың және Фатиха сүресінің және тәшәһудтің маңыздылығы арта түспек. Менің әдейілеп шұғылданбауы керек дегендегі мақсатым аятқа терең үңіліп мағынасымен шұғылданып кетсе, адам намазын ұмытып құзыр жайына қалады. Әйтпесе, астарлы түрде қысқа тұжырымын білудің көптеген пайдасын көріп жүрмін.}
[Үшінші Юсүф медресесінің бір ғана дәрісінің үшінші бөлімі:]
БІРІНШІ ИШАРА: Мына әлемнің Иесінің Рубубиятына, Улухиятына, шексіз жарылқауына, толық билік пен басқармасына күлли құлшылық ету арқылы жауап берген және оны таныстырған Мұхаммед (с.а.у.) мына әлемге Күннің қажеттігі секілді аса қажет. Ол барлық адамзаттың ұстазы, ең ұлы пайғамбар және әлемнің
ЕКІНШІ ИШАРА: Менің күнделікті өзіндік дұғамда әрдайым тәфәккүрмен толғана оқитын және жиырмадан астам куәліктерге ишара қылатын мына:
деген сөздің қысқа ғана тәржімәсі, мәнісі мынау деуге болады яғни Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар екеніне куәліктердің:
Біріншісі: Расулаллаһтың он бір қасиетінен құралған пайғамбарлық айғағы: Иә, оқу-жазу білмейтін үмми бола тұра, он төрт ғасырдың ақылды ғалымдары мен философтарын таңқалдырған және өзге аспани діндерден үстем бір дінді, өзі тәжірибесіз бола тұра, жарқ еткізіп әлемге танытуы теңдессіз қасиет. Сол сияқты сөзінен, іс-әрекетінен, хал-жағдайынан бастау алған Исламият әрқашан үш жүз елу миллион адамдардың рухтарын, нәпсілерін, ақылдарын тәрбиелеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруі және рухани кемелдікке жетелеуі бұл да теңдесіз қасиет.
Сондай-ақ, әкелген шариғаты он төрт ғасыр бойы әділ заңдарымен адамзаттың бестен бір бөлігін рухани кемелдендіре басқаруы теңдессіз қасиет. Сол секілді, Ол Кісі (с.а.у.) иманының күштілігі, сенімінің беріктігі сондай, ақиқатшыл жандар әрқашан оның жоғары иманынан қуат алып, иманы таудай берік екенін бір ауыздан растаған және, сол кездері қыруар қарсыластары бола тұра, титтей де болсын сескеніп, күдіктеніп, шәк келтірмеуі иманының қуатты екенін, ондай иман басқа да жоқ екенін көрсетеді. Сондай-ақ,, ол кісінің құлшылығы, Жаратқанға мойынсұнуы өзінше ерекше бір қасиет. Ол, алғашқысы мен соңғысын біріктіріп, ешкімге еліктемей ғибадаттың ең күрделі тұстарына шейін мән беріп, өте қауіпті, қиын-қыстау сәттерде де, толық түрде құлшылық етуі теңдесі жоқ қасиет. Сол секілді, Жаратқан Иесіне дұға етіп, мінәжат қылғаны сонша, біздің заманымызға дейінгі өзара пікірлесе келіп жасалған мағрифатуллаһ мінәжаті оның дәрежесіне жете алмайды.
Мысалы, «Жәушан-ул Кәбир» атты мінәжатта Аллаһтың мың бір есімін шапағатшы ретінде атап, Жаратқан иесін керемет сипаттап, жетік таныстырады. Мұндай мінәжат әлемде жоқ. Міне, бұл тұрғыда оған ешкімнің жете алмауы теңдессіз ғажап қасиет. Әрі, табанды түрде адамдарды дінге шақырып табжылмастан, батырлықпен пайғамбарлық міндетін атқарғаны сонша, өз қауымы, туысқан көкесі және басқа ірі мемлекеттер мен өзге діннің өкілдері үзілдікесілді қарсы болып, дұшпан болса да титтей де болсын қорықпай, қамықпай, тартынбай түгел хаққа шақырып, соңында дін исламды дүнияға мойындатуы теңдессіз қасиет.
Сонымен, Оның өте әрі хақ пайғамбар екеніне осы аталған сегіз қасиет бірлесе отырып өте қуатты да бұлтартпас айғақ болып табылады. Бұл оның өте адал әрі ықыласты және ісіне тым тыянақты өзіне сенімді екенін көрсетеді. Ислам әлемі күн сайын әр намазда тәшәһүдте миллиондаған тілмен:
Яғни, Иманның алты шартының ақиқаттары және оның іске асуы, растығы Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, әрі адал, шынайы екеніне куәлік етеді. Өйткені, Оның пайғамбарлық кезіндегі жеке рухани өмірі және алдына қойған мақсат-мүддесінен бастап, жалпы пайғамбарлықтың мән-мағынасы осы алты тақырыпты қамтиды. Олай болса, осы иман негіздерінің жүзеге асатындығын растайтын бүкіл дәлелдер айналып келгенде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының хақ екенін, оның адал, айтқаны рас екенін дәлелдейді.
Енді, иманның бір шарты болып табылатын ақыреттің шындыққа айналатынына басқа имани шарттардың қалай дәлел болатынын «Миуа рисалесінде», "Оныншы Сөздің" қосымша бөлімдерінде баяндалған болатын. Сол секілді, иманның әрбір шарты өзінің дәлелдерімен бірге Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне қалай айғақ болып табылады.
Міне, осы тектес сахих, нақты жолдармен келген тарихи оқиғаларға, мыңға жуық мұғжизаларға бөленгендігін достары, тіпті дұшпандары да мойындап растаған. Енді жоғарыда аталған қасиеттердің жиынтығы, биязы мінез-құлық үлгісі және артынан {(Сілтеме): Тіпті, ержүрек батыр Хазіреті Али (р.а.) айтады: "Соғыс қызған шақта біз Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) артына тығылушы едік!". Пайғамбарымыздың тек батырлығы ғана емес, басқа да ізгі қасиеттері жоғары болғандығын дұшпандары да растап, мойындағаны тарихи кітаптарда жазулы.} еріп кемелдікке, ақиқатқа жеткен ақиқатшылар жаппай бір ауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) ең жоғарғы дәрежеде екенін нақты түрде растайды. Және Оның әкелген діні саясында пайда болған Ислам әлемі керемет әсем болуы тіпті Исламның ақиқаттары да ол кісінің таңғажайып кемелдігін дәлелдеп куәлік етеді. Олай болса, әлбетте Ол Кісінің (с.а.у.) өзі, өзінің пайғамбар екенін жан-жақты дәлелдейтін, жарқын айғақ, бұлтартпас дәлел болып табылады.
Яғни, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар әрі адал жан екеніне Қасиетті Құран өзінің сансыз ақиқаттарымен, бұлтартпас дәлелдерімен куәлік етеді.
Иә, қырық тұрғыдан мұғжиза екені «Зулфикар» кітабында дәлелденген және он төрт ғасырды нұрландырған және адамзаттың бестен бір бөлігін мызғымас әділ заңдарымен басқарып келе жатқан және өзі түскеннен бастап күні бүгінге дейін барлық қарсыластарын айтысқа шақырса да, ешкім бір сүренің өзіне тең келер жазу жазуға жүрексінген және «Аят-ул Күбра» кітапшасында дәлелденгені секілді алты жағы нұрлы ешқашан күмән кіре алмайтындай бүтін, асты мықты, үсті берік және әрқашан жүз миллион адамдар тарапынан оқылып және минут сайын хафыз-қарилардың жүректеріне тасқа жазылғандай жазылып жатталатын және Ислам әлемінің барлық куәліктері, имандары оның куәліктерінен, аяттарынан нәр алған және бүкіл Имани ілімдер мен Ислами ғылымдар одан бастау алған және өзінен бұрын түскен аспани кітаптарды растап бекіткені секілді барлық ескі кітап және парақтары да оны растап бекіткен Қасиетті Құран өзінің ақиқаттарымен, дәлел-айғақтарымен Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаламның шынайы пайғамбар екеніне куәлік етеді.
яғни Аллаһтың мың бір есімін ашық не ишараи, астарлы түрде қамтыған және белгілі бір мағынада Қасиетті Құраннан шыққан таңғажайып мінәжат, сондай-ақ мағрифатуллаһ тұрғысынан кемелденген арифтердің мінәжатынан асып түсетін және бір соғыста: «Сауытыңды шеш! Оның орнына мынаны оқы!» деп Жәбрәйіл періштенің уахи арқылы әкелген «Дәушан-ул Кәбир» мінәжатындағы ақиқаттар сондай-ақ, Раббысын керемет сипаттайтын сөздер Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын, адалдығын дәлелдеп куәлік ететіні секілді Құраннан және бір жағынан Джәушаннан нұр алған, одан туындаған Рисаил-ин Нұрия жүз отыз кітапшасымен Мұхаммедтің пайғамбарлығына(с.а.у.) бір ғана айғақ ретінде пайғамбарлығының бүкіл ақиқаттарын ақылға қонымды түрде дәлелдеп, тіпті философия назарында ақылға сыйымсыз көрінген терең мәселелерді көз алдыңа әкеп өте оңай әрі түсінікті етіп дәріс беруі арқылы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) адалдығына және пайғамбар екеніне күлли яғни ауқымды куәлік етеді.
Сондай-ақ, өткен заман да Мұхаммедтің пайғамбар екеніне күлли куәлік етеді. Тарих кітаптарында баяндалғанындай «ирхасат» яғни пайғамбарлық келмей тұрғанда болған және Ардақты Пайғамбарымыздың мұғжизасы боп саналатын таңғажайып оқиғалардың көптеген түрі бар. Кейбірі төменде баяндалмақ, кейбірі «Зүлфикар» кітабында және тарихи кітаптарда сахих түрде жеткізілген.
Мысалы, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі қарсаңында Қасиетті Қағбаны қирату ниетімен жолға шыққан Әбраха әскерінің төбесінен әбәбил құстары тас жаудырып оларды күйрете жермен жексен еткен. Сондай-ақ, дүниеге келген сәтте Қағбаның ішіндегі пұттар өздігінен жерге құлап қирап қалған және Парсы еліндегі Кисра сарайының бағаналары тас-талқан болып құлаған сондай-ақ, отқа табынушы мәжусилердің мың жылғы жанып тұрған оты дәл сол түні сөніп қалған және монах Бухайра мен Садия Халиманың көргеніндей Ол кісінің төбесіне бұлттар көлеңке болып күн түсірмеген. Міне, осы секілді көптеген оқиғалар пайғамбарлық келмей тұрып оның пайғамбар болатынынан хабар берген.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешек туралы яғни өзінен кейін болатын оқиғалар жайлы хабары дәлме-дәл шыққан.
Мәселен, «Зүлфикар» кітабында сахих түрде сексен оқиғаны хабарлағаны және дәл солай болғаны жазылған-ды. Мысалы, Әһли бәйті туралы және дос-жарандар, сахабалар туралы және Ислам дінінің жеңісі туралы нақты хабар берген. Әрі хазіреті Османның (р.а.) Құран оқып отырғанда шәһид болатыны туралы, Хазіреті Хусейннің Кербалада шәһид болатыны және Шам, Иран, Стамбулдың азат етілетіні; Аббаси мемлекеті пайда болатыны, кейін оны Шыңғысхан, Хулагу күйрететіні секілді сексенге жуық ғайби хабарлар анық түрде тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Сонымен қатар басқа да хабарлары және Оның (с.а.у.) рас пайғамбар екенін дәлелдейтін келешекте болатын және болған оқиғалар қуатты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның адал елші екенін растап куәлік етеді.
ОНЫНШЫСЫ: Әнбиядан кейін ең құрметті де жоғарғы мәртебелі және оқымаған әрі бәдәуи бола тұра, лезде Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың нұрымен шығыстан сонау батысқа дейін ұлан байтақ елді өте әділ басқарған және атақты қолбасшыларды тізе бүктіріп ірі мемлекеттерді өзіне бағындырған және өркениетте алда, ғылымды терең меңгерген, мәдениет пен саясатты жетік білетін өзге халыққа ілім үйретіп, олардың ұстазы әрі саясаткер, әділ би қызметін атқарып, өз кезеңін бақытты дәуірге айналдырған сахабалар. Олар Мұхаммедтің (с.а.у.) хал-ахуалын зерттеп әбден көздері жеткен және көптеген мұғжизаларға куә болған. Олар, бұрыңғы дұшпандықтарын тастап, Халид бин Уалид, Икрима бин Әбу Жахил сынды сахабалар
әкесі мен ру тайпаларының өшпенділігін тастап жан-тәндерімен жанкештілік танытып Дін Исламды қабылдап адал түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) хақ екеніне, шынымен пайғамбар екеніне иман етуі күлли куәлік боп табылады.
ОН БІРІНШІСІ: "Асфия уа сыддықтар" деп аталатын мужахид имамдар, ғұламалар және Ибн Сина, Ибн Рушд секілді ойшыл ерекше тұлғалар, мыңдаған дана кемеңгерлер ақылға қонымды, қисынды түрде әрқайсысы әртүрлі ұстанымда бола тұра бұлтартпас айғақтарға сүйене отырып, іліми түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екеніне, хақ елші екеніне иман келтірген. Міне, олардың имандары күлли куәлік болып саналады. Оларға қарсы шығу үшін, олардың бәрінен ақылды, алып данышпан болуы керек, әйтпесе бос әурешілік.
Осындай қуатты да көптеген куәгерлердің бірі бұл заманда Рисалей-Нұр болып табылады. Мункир кәпірлер оған қарсы тұра алмағандықтан әділет органдарын, қауіпсіздік комитетті мемлекеттік қызметкерлерді алдап, айдап салып сот арқылы Нұрға тосқауыл болғысы келеді.
ОН ЕКІНШІСІ: Ислам әлемінде әрбірі үмметтің басым көпшілігіне болымды ықпалын тигізіп, оларды тура жолға салып тәрбиелеп, кәраматтарымен кемелдікке жетелеген, айғақ ретінде өздерінің көріп білгендерін ұсынған «ақтаб» деп аталатын терең зерттеуші ақиқатшылдар. Олар рухани саяхаттарында Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін, Оның өз ісіне адал және ең жоғарғы мәртебеде екенін көріп, сезіп бір ауыздан куәлік еткен. Бұл сондай қуатты дәлел, оның үкімін жою үшін олардың барлығын қосқанда болатын дәреженің ең биік шыңына шыққан біреу болу керек. Бұл әрине, мүмкін емес.
ОН ҮШІНШІ КУӘЛІК: Мұнда төрт күлли ауқымды да, нақты айғақтар қамтылған
Бұл арабша мәтінің қысқаша тұжырымы төменде баяндалмақ, ал түсіндірмесі, дәлелдері «Зүльфикар» кітабында «Мұғжизат-ы Ахмедия» бөлімінің соңында керемет түсіндірілген. Яғни өткен замандағы адамзаттың ірі тұлғалары, әу баста «әнбия», "әулиелер", "ариф", "каһин", "кашиф" яғни білгірлер, көріпкелдер, жындар барлығы бірауыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын және Оның келетінін алдын ала біліп, кейбірі сезіп, көріп "ирхасат" түрінде нақты хабар берген. Ол жайлы көптеген тарихи кітаптарда, хадистерде жан-жақты баяндалғандықтан түсініктемені тереңдетпей өте қысқа ишарамен шектегенді жөн көрдік.
Әнбиялар аспани киелі кітаптарда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы Тәурат, Инжил, Зәбурдің жүздеген аяттары арқылы ашықтан ашық хабар берген. Олардың жиырмаға жуығы "Он Тоғызыншы Мектуб" рисалесінде жазылған-ды. Ол киелі аспани кітаптарды христиандар мен яхудилер көп өзгеріске ұшыратып бұрмаланғанның өзінде Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.у.) соңғы елші екендігін хабарлайтын жүздеген аят сақталып, оны Хусейн-и Джисри дейтін ғалым тауып өз кітабында жазған болатын.
Ал, көріпкелдерге келер болсақ, әу баста мәшһүр Шық пен Сатих дейтін руханилер және жындармен байланысып ғайыптан хабар беретін кісілер сахих түрде соңғы пайғамбар келетінін және Ол Парсы елін құлататынын нақты хабар берген. Және еш күмәнсіз жақында Хижаз өңіріне бір пайғамбар келетінін қайта-қайта ескерткен. Сол секілді, Ардақты пайғамбарымыздың аталары болып келетін әрі атақты білгір Қаб ибн Луей және Иемен, Хабаш патшасы Сәйф ибн Зиязән, Тубба сынды арифтер мен өз заманының әулиелері ашық түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы хабар беріп, ол туралы өлең жырларында жазған. Сөйтіп, ол жайлы алдын ала әлемге паш еткен. Бұл «Он Тоғызыншы Мектубта» баяндалған болатын. Тіпті, сол патшалардың біреуі былай деген екен: «Мұхаммедке қызметші болу мына ел билеп, салтанат құрудан әлдеқайда артық!» Біреуі былай депті: «Шіркін! Мен оны көрсем ғой! Көкесінің баласы сияқты болар едім! Яғни, хазіреті Али секілді жанкешті қызметшісі әрі уәзірі болар едім!»
Сонымен, бұл жайлы тарих, сияр кітаптарында толық мағлұмат болғандықтан осы аталған арифтер, білгір, парасатты жандар Мұхаммедтің пайғамбарлығын қуаттап, күлли куәлік етіп
растаған. Осы ариф білгір, көріпкел жандар секілді Мұхаммедтің пайғамбарлығын (с.а.у.) ғайби түрде, өздерінің болмыстары көрінбейтін, тек дауыстары естілетін "хатиф" деп аталатын руханилер де нақты түрде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабар берген. Сол секілді, көптеген хабаршылар тіпті, пұтқа шалынған құрбан малдар да, тіпті керек болса пұттардың өздері де және қабір басындағы құлпы тастар да Ардақты пайғамбарымыздың елшілігін айтып ғайби хабарларды растаған. Оған тарих куә.
ОН ТӨРТІНШІ КУӘЛІК: Әлемнің қуатты куәлігіне ишара қылған мына арабша куәлік:
Аят-ул Кубра кітабы осы арабша мәтіннің тұжырымы туралы былай деген: Мына әлем, қалайша өзін жарату, басқару, реттеу, суреттеу, өлшемдерін белгілеу, ұйымдастыру тұрғысынан алғанда зәулім сарай немесе алып бір кітап, не заңғар көрме секілді өзін басқарып отырған Иесін, Жаратушысын, Жазушысын, Суретшісін көрсетеді. Дәл сол секілді, әлемнің жаратылу мақсатын білетін, білдіретін және құбылыстарындағы Раббани хикметті үйрететін және олар белгілі бір міндет атқаратынын, нәтижелерін сабақ беретін, әлемнің мәнісін, оның қадірін және ішіндегі болмыс атаулының кемелдігін әлемге паш ететін, сондай-ақ, «Қайдан келесің? Қайда барасың? Бұл дүниеге не үшін келдің? Болмыс неге көп аялдамай тездетіп қайда кетеді?» деген мәнді сұрақтарға жауап беретін және әлем атты ұлы
ОН БЕСІНШІ КУӘЛІК: Көптеген киелі шәһадаттарды қамтитын бұл шәһадат әлемдегі құбылыс жайлы. Иә, әлемдегі атомнан бастап сонау жұлдыздарға дейінгі қозғалыс, жүріс-тұрыс, өлім мен өмір Зат-ы Уәжиб-Ул Ужуб Аллаһтың рубубиеті, істері боп табылады яғни оның әмірімен, қалауымен, күш-құдіретімен болуда. Осы тұрғыдан алғанда Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Енді, осы куәлікке ишара ететін арабша мәтін:
Бұл нақты әрі ауқымы кең, киелі шәһадаттың яғни куәліктің жанжақты түсіндіруді Рисале-Нұрға сілтеме жасап өте қысқа ишарамен тұжырымдаймыз.
Иә, мына әлемге назар салып қарасақ, керемет әрі әділ де хикметпен әрі рахымды да қамқорлықпен басқарылуда. Әрдайым жақсыларды қорғаштап, ал жаман, өтірікші суайттарды жазалау жиі қайталанатын әдет. Сондықтан Рахманның талабына сай Қасиетті Құран Кәрімді Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қолына беріп оны мыңға жуық түрлі мұғжизалармен жарылқаған және қандай жағдай болсын аса қауіпті кезеңдерде мейірімді түрде қамқорлық жасалған. Тіпті көгершін мен өрмекші арқылы қорғалған және жауапкершілігі мол ауыр міндетінде сәттілікке, табысқа жеткізген асыл дінін ақиқаттарымен бірге толық сақтап жалғасып келеді. Исламиятты жер жүзіне, адамзатқа қабылдатып дүниеге жайған және бүкіл жаратылыстан жоғары мәртебеге жеткізіп бәрінен абыройлы, атақты қылған. Сондай-ақ, дос түгіл дұшпаны да оның жоғары мәртебелі екенін мойындап, адамзаттың бестен бір бөлігі Оның үмметі болған. Міне осы аталған ерекшеліктер Оның адалдығын, хақ пайғамбар екенін анық көрсетіп куәлік етеді.
Енді, мәселеге Иләһи Рубубият жағынан қарасақ, мына әлемнің Иесі, басқарушысы Аллаһ, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын әлемнің рухани Күні секілді жоғары мәртебеге көтеріп Рисалей-Нұрда дәлелдегеніндей, сол арқылы күллі қараңғылықты жойып, нұрлы ақиқаттарды көрсетіп, бүкіл саналы пенделерді тіпті, күллі әлемге
мәңгі өмірді хабарлап, сүйіншілеу арқылы қуанышқа бөлеген. Асыл дінін және құлшылық етуші мақбұл құлдарын шаттық пен кемелдікке бастаушы және құлшылық етуді үмметіне үйретуші үлгі өнеге, жетекші етіп тағайындалған Мұхаммедтің (с.а.у.) рухани тұлғасы боп табылатын ақиқатын Улухиятына айна қызметін атқаратындай кемел етіп жаратқан. Мұны Құран мен Жәушан растайды және он төрт ғасыр бойы күн сайын үмметінің жасаған жақсылығының бір шамасы Оның амал дәптеріне жазылып тұрады және Ол іс әрекетімен адамзатқа көсем, ұстаз, өнеге екенін көрсете білген және Оған киелі міндет жүктеліп халықтың мұң-мұқтаждығын өтейтін ұстаз болған. Адамдар оның дініне және иләһи рахымға, хикметке, әділдікке, азыққа, ауаға, суға, жарыққа мұқтаж болатыны секілді, оның әкелген дініне, шариғатына Ислами ақиқатқа мұқтаж түрде жаратылған.
Осы аталған он екі күлли де нақты айғақтар Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына куәлік етеді. Апыр-ай, шыбынның қанатына немесе гүл жапырақтарына аса мұқият мән беріп жіті қадағалап отырған мына әлем Иесінің осындай күлли куәліктерге бөленген Мұхаммедтің (с.а.у.) рисалеті яғни пайғамбарлығы ғаламның мағынауи Күні болмауы мүмкін бе?!
Сонымен аталған он бес күлли шәһадаттардың яғни куәліктердің әрқайсысы көптеген шәһадаттарды қамтиды. Тіпті, Үшінші шәһадат мұғжизаларды баяндау арқылы мың шәһадатты қамтитындай дәрежеде қуатты түрде «әшһәду әнна Мұхаммадар расулуллаһ!» дейтін шәһадат кәлимасын дәлелдеп, оның рас әрі маңызды екенін
дәлелдейді. Сондықтан, Ислам әлемі күн сайын бес мәрте осы мәселені жүз миллиондаған тілмен дүниеге жар салады. Сол секілді осы шәһадат сөзінің негізі боп табылатын Мұхаммедтің (с.а.у.) ақиқаты бүкіл әлемнің түпкі өзегі, жаратылу себебі, ең қымбат кемел жемісі екенін растап, миллиондаған мұсылмандар шын жүректен растап бекітеді.
Сондай-ақ, әлемнің Иесі Аллаһ (жәллә жәлалуһ) Мұхаммедтің (с.а.у.) мағынауи тұлғасын өзінің рубубиетіне, салтанатына жоғарғы мәртебелі делдал және мына әлемнің сырларын ашатын, құпиясын табатын кілт тәрізді және рахымының үлгі мысалы ретінде мейірім мен сүйіспеншіліктің нышаны, бақи әлемдегі мәңгі өмірдегі соңсыз бақытты хабарлаушы және елшілердің ең соңғысы, ең ұлысы бейнесінде жаратқан.
Міне, осындай керемет маңызы зор ақиқатқа қанағат қылмай және мән бермей жүрген адамдар қаншалықты қыруар зиянға ұшырап жүр десеңізші! Әрі, үлкен қателік жасауда, әрі ақымақтық әрі ауыр күнә істеген болып есептеледі.
Сонымен, намаздағы Фатиха сүресі қалайша екінші бөлімде ишара еткеніндей намаздағы отырыста оқылатын
сөзіндегі тәухид ақиқатына нақты дәлелдер көрсетті. Осы үшінші бөлімде де тағы сол тәшәһудте яғни намаздағы отырыста
сөзі де Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы ақиқат екендігіне қуатты дәлелдерді көрсетіп, көптеген жақтан мықтап бекітті.
Уа, Әрхамар - Рахимин! Бізді осы Расул-і Әкрамның (с.а.у.) шапағатына бөлей гөр! Оның сүннетін мықтап ұстануды және бақыт әлемінде Оның отбасымен, дос жарандарымен бірге көрші болуды нәсіп ете гөр! Әмин, әмин, әмин!
Әл-Хүджәт-үз-Зәһраның
[Фатиха сүресінің соңында һидаят бұйырғандар және хақ жолдағылар мен адасқан, бас көтеруші азғындардың өзара айырмашылығын меңзейтін және Рисалей-Нұрдағы барлық теңеулердің бұлағы болып табылатын аяттың бір ақиқатын Нұр сүресіндегі мына:
аяты және өзінен кейінгі
аяты бірлесе отырып керемет түрде ол жердегі теңеуді таңғажайып түрде баяндайды.]
Бірінші Нұр аяты «Бірінші Шуақта» дәлелденгендей он ишарамен Рисалей-Нұрға қатысты екені байқалады және Құранның сол тәпсірінен мұғжизалы түрде ғайби хабар беруде. Бұл, Рисале-Нұрға "Нұр" деп ат қойылуына бірінші себеп болғандықтан, жиырма Тоғызыншы Мектубтың бір бетінде қиялмен жасалған саяхат баяндалған болатын. Ол жерде тәмсіл арқылы осы керемет аяттың "Нұр" сөзіндегі "нун" әрпінің мұғжизаға ұқсас, мағынауи мұғжиза айтылғанына байланысты "Аят-ул Күбра" рисалесінде дүниені саяхаттаған кісінің Жаратушы Иесін іздеп тауып, тану мақсатымен бүкіл әлемнен сұраған болатын және Отыз үш жолмен нақты әрі дәйекті түрде өзінің Раббысы кім
екенін білген-ді. Сол сияқты, дәл сол жолаушы, ғасырларды кезіп, аспан мен жер қабаттарын ақылымен, жүрегімен, қиял сезімімен құлшына аралап, барған сайын ынтасы артып ғаламды бір қала секілді жан-жақты зерттеп, әсіресе, Құранның хикметіне жүгініп, біресе ақылмен философия хикметіне сүйеніп, салыстыра өз қиялын үлкен дүрбі жасап, тым алыс қабаттарға саяхаттап ақиқаттарды қазқалпында көріп, оны бізге «Аят-ул Кубра» кітабында баяндаған-ды.
Қазір біз, сол нағыз ақиқат әрі тәмсіл ретінде ойша жасаған саяхаттағы әлемдердің тек мысал ретінде үшеуін, Фатиха сүресінің соңғы жағындағы теңеудің үлгісін қысқаша баяндаймыз. Басқа көрген-білгендерін, теңеулерін Рисалей-Нұрдың мысалдарына тапсырамыз.
Бірінші үлгі мысал: Дүнияға тек Жаратушысын танып, табу үшін келген әлгі, жолаушы ақылына салып былай деді: "Біз барлық нәрседен Жаратушы Иемізді сұрап, қанағаттанарлық жауап алғанымыз рас. Енді, Күнді табу үшін Күннің өзіне жүгін демекші, біз де Жаратқан Иемізді Оның «Ілім», "Ирада", "Құдірет" сынды киелі сипаттарына олардың саясында сондай-ақ, көзге көрініп тұрған істерінің және есімдерінің сәуле-шуақтары арқылы өзін тануға тырысамыз. Сол үшін, тағы бір саяхат жасайық!" деп, дүнияға кірді. Және жат ағым әһл-і далалет сықылды яғни адасқандар секілді, Жер шары атты кемеге мінді. Мінді де, Құранның хикметін қабылдамайтын пән мен пәлсапа көзілдірігімен және Құран оқымайтын жағрафия пәнінің заңережелері мен қарады. Қараса, жер шары шексіз алып кеңістікте бір жылда жиырма төрт мың жылдық шеңберді зеңбірек оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып зымырап барады. Үстінде жүз мың түрлі бейшара, әлсіз жан-жануарларды, байғұс пенделерді мінгізіп алған. Егер бір минөтке сәл жолдан тайса немесе бір жұлдызбен соқтығысса күл-талқаны шығып, шексіз кеңістікте дымы қалмай қирап, үстіндегі жан-жануарлары жоқ болып, құрдымға кетер еді.
көкжиегінде Күндей жарқ етіп жарық берді. Жер шары өте сенімді әрі жүйелі керемет бір кеме түрінде, бүкіл тірі жандарды ризық несібелерімен бірге арқалап, әлем теңізінде хикметке толы, пайдалы қозғалысымен Күнді айнала кезіп әлгі ризыққа мұқтаж жандарға жыл мезгілдерінің өнімдерін тасуда.
Жолаушының саяхатында көрген ақиқаттардан екінші үлгі мысал: Әлгі жолаушы жер шары кемесінен түсіп, хайуанат әлеміне, адамзат дүниясына келді. Ол, өзіне дінмен санаспайтын табиғатшыл ұғымды көзілдірік жасап қарап еді, сансыз тіршілік иелерінің шексіз қажеттіліктері және оларға қауіпті ренжітетін, тиісетін көптеген зиянкес дұшпандар бар екенін және әртүрлі қатерлі оқиғалар айнала қоршап алған, бірақ бұған қарсы тұрар күш-қуаты жоқ екенін білді. Өзінің күш-құдреті әлгі қауіпті дұшпандарды тойтаруға миллионнан бір бөлігіне де жетпейтінін сезеді. Осындай сұмдық, тым аянышты жағдайды көргенде оның мейірім сезімі оянып және ақылы да қатты қиналып мұңая қайғырды тозаққа түскендей ауыр күй кешті. Мұндай аянышты да қорқынышты әлемге келгеніне қатты өкінді. Кенет Құранның хикметі медет беріп, көмекке келді.
Жаратқан Иесін есім-сипаттарының саясында, олардың нұрсәулесінен танығысы келген әлгі дүниеге қонақ жолаушы ақылы мен ойына былай деді:
Әлгі, жолаушы қай жаққа қараса да осындай сұмдық пен үрейді көріп зәресі ұшты. Аспанға шыққанына пұшайман болып қатты өкінді. Ақыл-ой, басқа да сезімідері аласұрып, «біздің міндетіміз мұндай емес-ті. Керемет ақиқаттарды көріп, басқаларға көрсету болатын. Кәдімгі тозаққа ұқсас мұндай жағымсыз, азапты мағыналарды ұғу, көру бізге ауыр тиеді. Біз бұл қызметтен бас тартамыз, қаламаймыз!» деп зар қақты.
және
Міне, әлгі жолаушының әлемге жасаған саяхатының жүздеген түрін осы үш мысалға салыстырып, басқа да көрген-білгендерін және Аллаһтың есім-сипаттарының сәуле, шуақтары арқылы Уәжибул Ужуд Аллаһтың мағрифаты жайлы баянды Рисалей-Нұрға сілтеп, терең де ұзақ қиссаны қысқа қайырғанды жөн көрдік. Осы шағын тұжырымдарға қанағат етеміз де Жаратушы Иемізді таныстыратын, Оның киелі сипаттарынан және жеті сипатынан тек қана "Ілім", "Құдрет", "Ираде" секілді үш сипаттың көрініс, әсерлері арқылы және рас екенін дәлелдейтін айғақтарына сүйене отырып, шексіз әлемді Жаратқан Халиқты тануға әлгі дүния жолаушысы секілді біз де қысқа ишарамен таныстыруға тырысамыз. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға сілтейміз.
Міне, Араби «Хизб-і Нуридің» қортындысының қортындысынан әрдайым оқитын тәфәккури дұғаның және «Аллаһу Акбар» сөзінің отыз үш мәртебесінен үш мәртебесін баяндайтын осы арабша мәтіннің белгілі мағынада тәржімесі болумен қатар, қысқа ишаралар арқылы Кәлам ілімінің ғұламаларын, сондай-ақ, ақида ілімінің ғалымдарының
назарын аудартып шұғылдандырған тақырып Аллаһтың ілімі, ирадесі яғни ерік-қалауы және құдіреті жайлы, олардың әлемдегі әсері мен көріністері арқылы әлгі Иләһи сипаттарға нақты иман келтіру арқылы растап және солар арқылы Уәжиб-ул Ужуд Аллаһтың сөзсіз бар екенін, жалғыз екенін ғылыми түрде мойындап, иман келтіруге септігі тиетін арабша мәтін:
Бұл жазба өте қысқаша тәржімесі болумен қатар, Иләһи ілімді дәлелдей отырып аса маңызды иман ақиқаттарына ишара қылады. Егжей-тегжейлі түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырамыз.
{(Сілтеме): Енді, бұдан кейінгі жазбаларым өмірімде көрмеген сұмдық ауру мен дерт денемді меңдеп ауыр жағдайда жазылды. Ақау кемшіліктерге кешіріммен қарауды өтінемін. Хусрев шәкіртім жөндеу жүргізіп, кейбір жерлерін алып, орын ауыстырып, реттеуіне болады.}
Иә, қалайша Рахымият, керемет ризық беру арқылы өзінің бар екенін Күндей анық көрсетіп, ғайып пердесінің артында Рахман-ы Рахимды нақты түрде дәлелдейді. Дәл солай, Құранның жүздеген аятында кездесетін және Иләһи киелі жеті сипаттың біріншісі деуге болатын «Ілім» сипаты да, өлшем арқылы жүйелі хикметтер арқылы өзін Күннің жарығы секілді анық көрсетіп бір Алим-і Күлл-і Шей Аллаһтың сөзсіз бар екенін нақты түрде білдіреді.
Иә, біреудің ілімді, саналы екенін оның түзу, өлшемді де тиянақты іс-әрекеті, өнері көрсететін болса. Адам баласының өз Жаратушысына, Оның іліміне, хикметіне дәлел болатын таңғажайып табиғаты, туыстары ап-ашық яғни дәл көмескі май шамның жарығы мен күндізгі Күннің ауқымды жарығы сияқты салыстыруға келмейді.
Қазір, Иләһи ілімнің дәлелдерін баяндамай тұрып, сол киелі сипаттың әлемдегі әсерлері арқылы құбылыстардан көріп, сол арқылы Зат-ы Ақдесті анық-қанық көрсетіп берген нақты дәлел Ардақты пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.). Миғраж түні Аллаһтың құзырына шығып сөзін есту нығметіне бөленген кезде сәлемнің орнына
еп, өзі бүкіл жандылар мен жаратылыс атынан елші болғандықтан, олардың барлығы Аллаһтың ілім сипатымен Раббыларын таныстыруына байланысты сәлемнің орнына барлық саналылар атынан жаратқан Иесіне тіршілік иелерінің сый-кәделерін ұсынды. Яғни,
деген төрт сөз арқылы барлық тіршілік иелерінің төрт тобының Аллаһтың әзәли, әбәди ілімінің саясында өздерінің Раббысы Аллам-ул Ғуюбқа деген сыйлықтарын, ризашылығын, керемет мадақтауларын көрсеткендіктен осы киелі Миғражда айтылған сөздерді терең мағыналарымен оқу, намаздың отырысында барлық мұсылманның парызы, сөзсіз міндет болған. Ол киелі төрт сөзді түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырып, өте қысқа төрт ишарамен бір мағынасын баяндаймыз
Иә, жүйелі жасалған қарапайым мәшине, өзінің тәртіпті де жүйелі болмысымен шәксіз түрде өте шебер әрі мұқият ұстасын көрсететіні секілді, әлемдегі толып жатқан сансыз мәшина тәрізді тірі жандар да, әрқайсысы Аллаһтың ілімінің мың бір мұғжизасын көрсетеді. Әлбетте, қалта фонарының көмескі жарығын көктегі Күннің жарығымен салыстыруға келмейтіні секілді, өте көмескі
түрде дәрежеде дүниедегі жан-жануарлар, күллі тіршілік иелері бойындағы Иләһи ілімнің жарығы арқылы өздерін жаратқан, мәңгі бақи шебер Аллаһтың сөзсіз болмысын, міндетті түрде бар екенін әрі табындырушы екенін көрсетіп жарқын түрде куәлік етеді.
Иә, мынаны көзбен көріп отырмыз: Бәйкүнә нәрестелер, мүбәрак яғни берекелі сандықшаға ұқсас дән-тұқымдар, Алим-ы Хаким Аллаһтың ілімімен әрқайсысы жалпы және жалқы түрде өсіп-өнер кезде, көктеп-көгерер сәтінде өздеріне тән мақсаттарына қарай тура қозғалысқа енеді. Ақиқат назарымен қарағандарға «Бәрекелді! Сансыз Машаллаһ!» дегізеді.
Мәселен, аталық ұрық, дән-дәнек, тұқымдардың әрқайсысында нақты іліммен болатын күрделі жүйеде, ол жүйе өте шеберлікпен болатын дәл өлшем, ал ол өлшемде жаңару, реттеу болуда. Ал, бұл болса, жаңарып өлшем мен қалыпқа келтіру арқылы және өзара ұқсас тек өзара әдейілеп өзгеше қылатын белгілері бар. Бұл өзгешелікпен бірге шебер түрде безендіру, көркемдеу байқалады. Оның ішінде хикметпен жасаған ағзаларды орналастыру, пішін сурет беру, сонымен қатар өте жомарт түрде зауықтарын қанағаттандыру үшін әлгі жеміс жидектердің ішкі құрылысы шатасып жатса да өте білгір, мұғжизалы түрлі нақыштармен безендіріп, реттеп, керемет жаратылуда. Тек, сурет әдемі емес, сонымен қатар хош иістер мен тәтті дәмдері де керемет. Өте тәртіпті де жүйелі жаратылып қоймай,
Миғраж жайлы жазылған "Отыз бірінші Сөз" Миғраж оқиғасының бүкіл ақиқаттарын қамтып өзіне тыңдарман ретіндегі бір діннен безгенді және бір кәпірді алып оған нақты әрі өте қуатты түрде дәлелдеген болатын. Сондықтан, егжей-тегжейлі баяндауды сол рисалеге сілтеме жасап, өте қысқаша түрде ишаралармен Миғраждағы айтылған осы Үшінші сөздің терең мағынасын көрсететін тіршілік иелері мен саналы пенделердің ғажап әлеміне назар салып әзәли ілімнің нұрымен Жаратқан Иеміздің жалғыз әрі сөзсіз бар екенін біліп қана қоймай Оның шексіз рахымын, аса қамқор мейірімділігін және шексіз құдіретін, орасан зор "ирадесін" яғни жойқын қалауеркін тануға тырысамыз.
Иә, мына әлемге қарасақ, жан-жануарлар санасымен және ақылымен болмаса да сезіммен, болмысымен мынаны сезеді: Әрқайсысы өте әлсіз әрі дәрменсіз бола тұра, бәрінің қыруар дұшпандары мен қауіпқатері бар. Сондай-ақ, тым пақыр әрі мұқтаж бола тұра толассыз мұңмұқтаждығы, бітпейтін талап-тілектері бар.
Оған бұлардың күш-қуаты жетпейтіндіктен жан даусымен шыңғырып, жан қиналады. Сезімдерімен және жаратылысына сай
фытри түрде жалбарынады, өзіне тән тілмен, дауыспен дұға етеді, жалынады, белгілі бір мағынада намаз оқиды, салауат айтады. Осылайша, бәрін білуші, құдіреті шексіз Алим-ы Қадир Аллаһтың құзырына сыйынады. Сол мезетте әлгі шыңғырып қиналғандардың әр бір ісін, барлық мұң-мұқтаждықтарын біліп, әрбір мәселесін көріп, жалбарынғандардың төл-тумысына сай фытри дұға-тілектерін ескеретін Алим-ы Мутлақ, Қадир-и Хаким Аллаһ оларды құтқарып, дегендеріне жеткізгенін және алдыңғы қайғырып жылаулары енді күлімсіреуге, шыңғырулары ризашылыққа шаттықа айналып жатқанын көреміз.
Міне, осы хикметке толы, өте көреген, білімді де мейірімді қамқорлық өте жарқын түрде ілім мен рахымның нұр-сәулелері болып Мужиб-і Муғис, Рахим-і Кәрім бір Аллаһты көрсетіп, әлгі жан иелерінің әлемінде болып жатқан құлшылықтар мен салауаттарды Раббысына жеткізу, арнау мақсатымен лы Миғражда Мұхаммед
Иә, мына әлем шексіз әсемдігімен орасан зор мәңгі жамалдың айнасы, сәуле шуақтары. Әлемдегі барлық жамал, кәмал, сұлулық біткен көркем нәрселер сол мәңгі сұлулықтан бастау алады, соның
саясында, сонымен байланысты болғаны үшін әсем болып, қадірқасиеті жоғары. Әйтпесе, әлем түсініксіз, қайғы мұңға толы бір нәрсе.
Әлгіндей байланыс болса, яғни Улухияттың салтанатының делдалдары, жарнамалаушысы болған азамзат, періште және руханилердің мағрифатының арқасында ақиқаты айқындалып, олардың растауымен түсінікті болады. Тіпті, әлгі делдал, жарнама жасаушылардың керемет мадақ-мақтауларын, Раббысына деген шүкір сөздерін әр тарапқа жайып арш-ы ағзам тарапына жөнелту үшін ауаның бөлшектері әмірді бұлжытпай орындайтын жауынгердей қызметкерлер және кішкене тіл, құлақ секілді әлгі көркем сөздерді Аллаһтың дәргахына тасу үшін ауа қабатына осындай таңғажайып қасиет берілген. Бұл менің көкейіме келген ой еді.
Сонымен, адамзат пен періштелер қалайша, иман және құлшылықтары арқылы Мағбуд-ы Зүлжәлалды таныстырып, оның сөзсіз бар екенін білдір еді. Сонымен қатар Хаким-і Зүлжәлал Аллаһтың өзі де осы жарнамалаушы делдалдарға күрделі қабілет беріп қажетті құралдармен жабдықтау арқылы және терең ілім беру арқылы әрқайсысын бүкіл әлеммен байланыстырып оларды шағын әлем тәрізді жаратып, осылайша өзін өте жарқын түрде таныстыруда.
Мысалға, адамның басына орналасқан кіп-кішкене жаңғақ көлеміндей жердегі ес, жады, қиял пікірлеу секілді бірнеше, таңғажайып сезім-құралдар жарату және жадыны яғни есте сақтау қабілетін алып кітапхана тәрізді жасау бұл Әзәли ілімінің талабы. Сол ілімнің сәуле-шуақтарының саясында Жаратқан Иеміз өзін Күндей анық көрсетіп отыр {(Сілтеме): Науқас ауыр халім мұрша бермей отыр. Бұл тек шәкіртім Хусревтің аударма міндетіне жәрдем, қайнаркөз болсын деген ниет}
Енді, жоғарыда аталған және шексіз ілімнің күллі айғақ-дәлелдеріне ишара ететін және көптеген дәлелдерді қамтитын және он бес дәлел арқылы шексіз ілімді көрсететін арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымына, белгілі бір мағынада аудармасына ишара қыламыз.
Иә, сәулетті де зәулім сарайға ұқсас мына әлемде оның ішінде Күн системасы және сөздерді, дыбыстарды тасымалдайтын зәрребөлшектер ғажайып реттілікпен қозғалатын ауа қабаты және үш жүз мың түрлі өсімдіктер әр көктемде жүйелі түрде өсіп-өнетін жер жүзінде, сонау әрбір жандының денесіндегі ағза мен сезім мүшелері, жасуша мен зәррелеріндегі терең де ауқымды әрі әсте шатаспайтын іліммен ғана болатын белгілі мөлшердегі реттілік, толық жүйе: Міне, осы аталғандар өте анық түрде бәрін қамтып жатқан ілімнің бар екенін дәлелдеп, растығына куәлік етеді.
Иә, бір шыбының немесе адамның ағза-мүшелері тіпті, денесіндегі жасушалары және қанындағы ақ-қызыл түйіршіктері керемет дәл мөлшерден, күрделі өлшеммен орналастырылған. Өзара үйлесімді, әрі сәйкес және денедегі басқа ағзалармен ыңғайлы әрі сай. Бұл іске шексіз ілімі жоқ біреудің араласып осылай жасауы әсте мүмкін емес. Міне, дәл осылай барлық жандылар, түрлі жаратылыс зәррелерден бастап Күн системасындағы жұлдыздарға дейін жаппай керемет үйлесімді, жүйелі, әсте ауытқымайтын түзу өлшемді. Бұл шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді. Оған бұлтартпас куәлік етеді. Демек, ілімнің бар екенін көрсететін әрбір дәлел Зат-ы Алим Аллаһтың бар екенінің де дәлелі болып табылады. Өйткені, сипаттың мәвсуфсыз болуы, мүмкін емес, яғни, сипаттың өзі болып, сипаттың иесі болмауы мүмкін емес. Сондықтан, жоғарыда аталған дәлел-айғақтар Алим-и Әзәли Аллаһтың сөзсіз бар екеніне қуатты да бұлтартпас нақты дәлел болып табылады.
Мысалы, сансыз тірі жандылардан бір ғана адамның жүз деген сезім мүшесінен тек бір ғана мүшесі тіл ағзасы кәдуілгі еттен жасалған бола тұра, өте маңызды екі үлкен міндет атқару арқылы жүздеген хикметтерге, нәтижелерге, пайдаларға себеп болуда. Саналуан тағамдардың түрлі дәмін айырып оларды денеге, асқазанға хабар береді. Иләһи рахым қазынасындағы ризық-несібелерді мұқият талдаушы қызметін атқарады. Сонымен қатар, сөйлеу міндетін де атқарады. Яғни, жүректің, рухтың толық тілмәші, тәржімеші қызметін атқарады. Бұл әрине, керемет жарқын әрі нақты түрде шексіз ілімді көрсетеді, соның дәлелі.
Енді, ойлап қара! Бір тілдің өзі қыруар хикметке ұйытқы, түрлі пайда көзі болса, әлемдегі сансыз тілдер, сансыз жанды мақұлықтар, есеп-қисабы жоқ жаратылыс Күндей жарық түрде, Айдай анық дәрежеде шексіз бір ілімнің бар екенін көрсетеді және барлық нәрсе Аллам-ул Ғуюб бір Аллаһтың ілімімен, хикметімен, болатынын, ешнәрсе қалауынан тыс болмайтынын білдіреді.
ЕСКЕРТУ:Рисалей-Нұрдың қорытыныдысының өзегі болып табылатын арабша мәтіндегі сөздердің түсініктемесіне келер болсақ, олар Құраннан нәр алған Рисалей-Нұрдағы Құрани аяттардың шуақтарынан туындаған ақиқаттарға ишара. Әсіресе, "Ілім", "Ираде", "Құдірет" сипаттарының айғақтарына ишара боп табылады. Ол іліми дәлелдер өте керемет тәпсірленіп жан-жақты түсіндіріледі. Демек, әрқайсысы көптеген аяттардың ишари мағыналарын, нәзік нүктелерін баяндайды. Әйтпесе, бұл жазба әлгі арабша кәлимәлардың тәпсірі және тәржімасы деуге келмейді.
Иә, тақырыбымызға оралайық: Бізді және барлық жан- жануарларды білетін әрі бәрін біле отырып мейірімді түрде қорғап және қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, әркімнің дертін білетін, біле отырып қамқорлық жасап көмектесетін Алим-і Рахим Аллаһ бар екенін көзбен көріп отырмыз. Оның мысалдары көп. Мысалы, Адамның ризығын, дәрі-дәрмегін жалпы қажетті заттарын жалпыжалқы түрде беріп жатқан қамқорлық, бізге анық түрде шексіз ілімді көрсетеді және Рахман-і Рахимнің бар екеніне қанша ризық, қанша дәрі-дәрмек, шикізаттар болса сонша куәлік етеді.
Иә, адамның әсіресе, әлсіздер мен нәресте төлдердің қоректенуі әсіресе асқазанның қазанынан денедегі ризыққа мұқтаж ағзаларға, тіпті жасушаларға, олардың әрқайсысына өзіндік ризық-несібелердің дер кезінде жеткізілуі. Сондай-ақ, таулар дәріхана тәрізді адамға қажетті барлық заттардың қоймасы болуы. Мұндай хикметке толы істер, ауқымды да шексіз ілім арқылы болмақ. Мұндай көрегенді де мейірімді, хикметке толы қамқорлыққа кездейсоқтық, соқыр қуат, меңіреу табиғат, жансыз бейсана себептер және қарапайым, бейпарық қозғалыстағы элементтер әсте, ешбір тұрғыдан араласа алмайды. Сыртқы себептер, әншейін перде ғана. Олар Алим-і Мутлақ Аллаһтың әмірімен, рұқсатымен, ілімімен, хикметіне сай Иләһи құдіреттің асқақ абыройын сақтау үшін перде қызмет атқарып, белгілі бір мақсатқа қолданылуда.
яғни, әрнәрсенің әсіресе, өсімдіктер мен ағдығардың, хайуанат пен адамдардың пішін-өлшемдері Аллаһтың әзәли ілімінің екі түрі боп саналатын Қаза мен Қадердың яғни тағдырдың ережелеріне сай шебер түрде пішіліп, сосын әрбірі болмысына қарай ыңғайлы жаратылып, керемет киім кидірілген еді, яғни өте тамаша хикметпен сурет-пішіндер беріледі.
Олардың әрқайсысы жеке-жеке және бірлесіп шексіз ілімнің бар екенін көрсетуді және өздері қанша болса, сонша Сани-ы Алим Аллаһқа куәлік етеді.
Иә, мысалы, сансыз мысалдарынан бір тал ағаш пен жеке бір адамды алайық. Әлгі жеміс ағашы және сезімге бай адам баласының болмыс-пішіні ешбір суретші сала алмайтындай дәрежеде, оның
ішкі-сыртқы құрылыстары көзге көрінбейтін құрал-жабдықтармен, өте күрделі ілім дейтін қаламмен шет-шекаралары анықталып, өте жүйелі түрде әрбір ағза-мүшелердің мөлшері белгіліеніп әр нәрсе орны-орнына орналастырылған. Осылай тиімді нәтиже беретіндей әрнәрсе өз қызметін толық атқаруға ыңғайлы жаратылған.
Бұл құбылыс сөзсіз, шексіз іліммен болатындықтан әр нәрсенің әрнәрсемен өзара байланысын біліп, көріп отырған және мына ағаштың немесе адамның бүкіл тегін, ұрпағын, түрін білетін және оны өзінің қаза-қадер сызғыш-қаламымен ішкі-сыртқы өлшемдерін, сурет-пішіндерін хикметпен қалай істелетінін білетін, бәрін әдейілеп жасайтын Сани-і Мусаууир, Алим-і Муқаддир Аллаһтың шексіз ілімі болады, бұл соны көрсетеді және болмысы Уәжиб, міндетті түрде бар бір Аллаһ жаратқанын өсімдік пен хайуандар санына пара-пар сансыз жақпен куәлік етіп дәлелдейді.
Яғни, маңызы зор хикметке байланысты сырт көзге жасырын, белгісіз боп көрінген ажал, негізінде ғайып пердесінің астында Әзәли тағдырдың дәптерінде жазулы, белгілі. Ол ешқашан алғаартқа жылжып өзгермейді. Сондай-ақ, әрбір жандының ризықнесібесі тағдыр таспаларында белгіленіп, жазылып қойылған. Мұны растайтын дәлелдер көп-ақ.
Мысалы, зәулім ағаштың қартайып өлуі және өзінің белгілі мағынада жаны іспеттес дәнегін өз орнына міндетін жалғастыру үшін тастап кетуі Алим-і Хафиз Аллаһтың хикметке толы заңымен жүзеге асады.
Сондай-ақ, нәрестенің ризығы яғни ана сүтінің емшектен келуі, қан мен нәжістің арасынан еш былғанбай, тап-таза аппақ күйінде нәресте төлдердің аузына құйылуы, кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Бұл әрине, Рәззақ-ы Алим-і Рахим бір Аллаһтың мейрімге толы ереже-заңымен болып жатқанын нақты көрсетеді. Осы екі шағын мысалға, барлық жандылар мен рух иелерін салыстырып қара!
Демек, ақиқатында әркімнің ажалы да, ризық-несібесі де белгіленіп тағдыр-таспасында жазылып қойылған. Бірақ, маңызды хикмет үшін ажал да, ризық-несібе де белгісіз боп ғайып перделермен жабылып, белгісіз сырт көзге кездейсоқ секілді көрінеді. Егер, ажал белгілі болса, айталық Күннің батуы секілді анық анық, онда адам өмірінің
алғашқы жартысын мүлдем бейқам, ғапыл түрде өткізіп ақыретті ойламай өмірін зая қылар еді. Ал, өмірінің екінші жартысын күн сайын өлім дарағашына қарай жақындап бара жатқан соң үрей басып ажалдың азабы жүз есе артып мазасы қашар еді. Сондықтан, Аллаһтың мейірімімен пенденің өмірде ұшырасатын бәлелер, қиыншылықтар тіпті, дүнияның ажалы қиямет қайым да ғайып пердесімен жабылып, қашан болатыны белгісіз. Ол да Аллаһтың рахымы.
Ал, ризық-несібе болса, ол өмір дейтін нығметтен кейінгі ең қымбат қазына-байлық, ол Аллаһқа шүкір мен мадақтың ұйтқысы, құлшылық пен дұғаның, Жаратқанға жалбарынудың көзі болғандықтан сырт көзге белгісіз, кездейсоқ, себептерге байланысты секілді көрінеді. Оның хикметі, пенде әрдайым Рәззақ-і Кәрім Аллаһқа сыйынып жалынуы және мадақ айтып шүкір ету арқылы ризық-несібесін сұрауы үшін болып табылады. Егер, анық белгілі болса, онда мәнісі жойылуы. Құдайға шүкір етіп, оған қарыздар болу, жалыныпжалбарыну, дұға тілеу, кішірейіп мүләйім түрде құлшылық ету деген нәрселер болмас еді.
Яғни, әрбір жаратылыс, әсіресе көктем кезіндегі жер жүзін құлпыртып тұрған Аллаһтың жәмалының шуақтарын шағылыстыратын әдемі табиғат, атап айтсақ, гүл-шешектер, жеміс-жидектер әсіресе, жалт-жұлт еткен кішкене құсқа ұқсайтын шыбын-шіркейлер, ұсақ жәндіктердің табиғаты, сурет-пішіні, құрал-жабдықтары таңғажайып шеберлікпен, аса мұқият түрде ғажап өнермен аса мән беріліп, керемет әрі сан-алуан, түрлі-түрлі пішіндерімен, тірі мәшине тәрізді өзінің ұста шеберін көрсетуі еді. Ол бізге шексіз ілімнің бар екенін, егер айтуға болса, өте епті, білгір ілім иесін нақты түрде көрсетеді. Мұндай шеберлік пен өнерге кездейсоқтық пен меңіреу табиғаттың, бейсана себептердің араласуы әсте мүмкін еместігіне куәлік етеді.
гүлді және өте ұсақ бір жәндікті тым шебер, аса мән беріп өнермен әшекейлеп көркем жаратады. Осы аса мән беру, керемет безендіру ап-анық түрде барлығын қамтып жатқан шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және әлемде қанша сұлу болса, сонша Сани-і Зүлжәлал Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрде бар екеніне куәлік етеді.
Бұл дәлел жоғарыда аталған арабша мәтіннің соңындағы дәлелдің өзгеше және әлдеқайда тамаша түрі. Қатты науқастанып тұрғандығымнан, өте қысқа ишарамен баяндалмақ, сонымен қатар бес-алты дәлел қоса түсіндірілмек.
Біріншіден; Жер жүзінде мына оқиғаға куә боламыз; Шеберліктен және толық білуден пайда болатын жеңілдік ақиқаты. Бұл жеңілдік оңайлық ақиқаты толық ілімнен, асқан шеберліктен пайда болады. Мұндай жеңіл әрі оңай түрде пайда болатын ғажайып жанды мақұлықтар жаратылар кезде тіпті, кейбірі бір сәтте дәл өлшеммен, керемет көркем, өзге түрден ерекшеленіп жаратылуда. Бұл әрине, шексіз ілімнің бар екенін көрсетеді және сол шексіз терең ілімнің шеберлігімен жеңіл әрі оңай жаратылуда екенін айғақтайды. Демек, жаратылудағы жеңілдік қанша дәрежеде болса, ілімнің де соншалық кемел болғаны.
Екіншіден: Саны өте көптік. Тіпті сансыз десе болады. Жаратылыс бір-бірімен шатаспай, өте шебер керемет жаратылуда. Бұл шексіз құдіретті көрсетуімен қатар, шексіз ілім бар екенін дәлелдеп Алим уа Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.
Үшіншіден: Жаратылыс өте жылдам әрі тым тез жаратылуымен қатар дәл өлшемді болуы шексіз ілімді дәлелдеп саны қанша болса сонша, Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ бір Аллаһқа куәлік етеді.
Төртіншіден: Мына ұланғайыр жер жүзіндегі құжынаған жандылардың көлемі ауқымды болуымен қатар әдемі, сұлу, керемет өнермен жаратылуы әлбетте, әсте шатаспайтын, барлығын бірге, бір сәтте көретін әрі бір-біріне кедергі бола алмайтын, бәрін жаппай білетін шексіз ілімді дәлелдеп, өздері Алим-і күллі Шей, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың жаратқандары екендерін әрқайсысы және барлығы жұмыла куәлік етеді.
Бесіншіден: Жаратылыс өзара алыс, бір-бірінен ұзақ бола тұра, мысалы бірі шығыста, бірі батыста, бірі солтүстікте, бірі оңтүстікте бола тұра, бірақ бір уақытта, бір заңмен, бір тәсілмен, өзара ұқсас, дегенмен бір-бірінен өзгеше жаратылуы Алим-і Мутлақ, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың бүкіл әлемді басқарып тұрған шексіз құдіретімен және барлық нәрсені бүкіл жағдайымен білетін шексіз ілімімен болатындығын көрсете отырып Аллам-ул Ғюубқа яғни барлығын білетін бір Аллаһқа сансыз куәлік етеді.
Алтыншыдан: Жаратылыс өзара аралас-құралас бола тұра ешбірін шатастырмай, араластырмай, әрқайсысын жеке-жеке ерекше және бір-бірінен бөлек өзгеше әрі бір-біріне өте ұқсас әрі шатасып жатса да, мәселен топырақтың астында неше түрлі дәнектерді, сол сияқты құжынаған жандылардың әрбірінің ағзаларын кем не артық қылмай мұғжизалы түрде Қадир-і Мутлақ, Алим-і Мутлақ Аллаһтың жаратуы, оның рубубиятын яғни толық өзі басқарып отырғандығын көрсетеді.
Бұл тақырыбымыз Рисалей-Нұрда жан-жақты баяндалғандықтан соған сілтеме жасап қысқа қайырдық.
Енді, «Хуласат-ул Хуласа» яғни қортындыны қорытындылап «Ираде» сипатына тоқталамыз:
Бұл мәтін Аллаһтың «Ирадесінің» яғни қалау-еркінің көптеген дәлел-айғақтарын қамтитын күлли яғни жан-жақты әрі үлкен дәлел. Қысқаша тұжырымын ғана тәржімелеп Аллаһтың «ираде», "иқтияр", яғни қалау-еркін нақты дәлелдейтін айғақты баяндаймыз. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған Аллаһтың ілімі жайлы бүкіл дәлелдер айналып келгенде "Ираде" сипатының да дәлелдері болып табылады. Өйткені, әрбір жаратылыста «ілім» мен "ираденің" сәуле-шуақтары қатар көрінеді. Осы арабша мәтіннің қысқаша тұжырымы яғни барлық нәрсе Оның ираде-қалауымен болады, қалаған нәрсесі болады, қаламағаны болмайды. Не қаласа соны жасайды, қаламаса ешнәрсе болмайды. Оған дәлел: Көзімізбен көріп жүрген болмыстың әрқайсысының белгілі өзіндік заты, сипаты, ерекше табиғаты, керемет өзгеше сурет-пішіні бар. Алайда, олардың басқаша болуы мүмкін, сан-алуан ықтимал жолдары бола тұра және шатастырып басқа жаққа бұрып жіберетін көптеген себептері бола тұра, сөйтіп нәтижесіз, түкке жарамсыз боп қалуы мүмкін бола тұра, өзара қарама-қарсы
күштердің арасында және қателестіріп, шатастыратын себептер сондай-ақ, өзара қатты ұқсас хал-жағдайлар бола тұра, болмыс атаулы яғни шебер жаратылған мына нәрселер өте күрделі әрі толық, өте жүйелі әрі тәртіппен дәлме-дәл өлшеммен, керемет реттілікпен әрбір ағзасы, сезім мүшелері орны-орнына орналасуы. Сондай-ақ, ал сыртқы пішіне сұлу бейне беру, ерекше етіп жарату және өзара қарама-қайшы құрал жабдықтарын түгелдей қарапайым, жансыз, меңіреу, өлі заттардан жаратып, өзін тірі жан етіп шебер жарату керемет құбылыс!
Мәселен, адам болмысын сан түрлі мүше ағзаларымен қоса бір тамшы судан және құсты көптеген ағзалармен сан-алуан құрал жабдықтарымен бірге қарапайым жұмыртқадан жаратуы, таңғажайып пішін беруі және сондай-ақ, ағашты бұтақ талдарымен, түрлі ағза-бөлшектерімен бірге, кәдуілгі жансыз көміртегі, азот, сутегі, оттегінен тұратын кіп-кішкене дәнектің ішінен шығаруы, таптұйнақтай әрі тиімді де пайдалы түр-пішін кигізуі әлбетте бұл бізгеоған еш күмән жоқ, шүбәсіз анық түрде-шексіз Ираденің бар екенін дәлелдейді. Әрбір жаратылысқа, ұсақ бөлшектерден өзіндік сурет, арнайы пішін, Қадир-і Мутлақ Аллаһтың қалау-еркімен әлгіндей өзіндік бейне, керемет жағдай берілуде. Бұл құбылыс жаппай бізге барлығын қамтып жатқан Ираде сипатының үкімі екенін көрсетеді. Осы бір ғана болмыстың осындай шүбәсіз нақты түрдегі көрінісі Аллаһтың ирадесін яғни қалау еркінің хақ екенін дәлелдейді және бізге мынаны көрсетеді:
Бүкіл жаратылыс жан-жақты, сансыз тілде Күндей жарық, Айдай анық түрде барлық нәрсені қамтып жатқан Иләһи Ирадені, яғни Аллаһтың қалау еркін көрсетеді. Саны қанша болса, сонша куәлік етіп Қадир-і Мурид бір Аллаһтың Ужуб-у Ужудына яғни міндетті түрдегі болмысына нақты айғақ, бұлтартпас дәлел боп табылады. Сондай-ақ, Аллаһтың шексіз ілімін дәлелдейтін жоғарыда аталған барлық айғақтар айналып келгенде Аллаһтың ирадесін де дәлелдейтін айғақтар болып табылады. Өйткені, екеуі де құдіретпен бірге іс атқарады. Бір-бірінсіз бола алмайды. Әрбір жаратылыстың түрлі тұқымдастары өзара табиғаты, негізгі ағзалары жағынан ұқсас болуы, олардың Жаратушысы біреу, жалғыз, уахид, әхад екенін көрсеткені секілді бет-әлпеттеріндегі, жүздеріндегі хикметпен болған
айырмашылық және өзара өзгешелік, олардың Сани-і Уахид-ә Әхад, Раббысы Файл-ы Мұхтар яғни толық ерікті ешкімге, ешнәрсеге тәуелді емес екенін, әрнәрсені өзінің ирадесімен, қалау-еркімен әдейілеп жарататынын көрсетеді.
Міне, осымен Аллаһтың ирадесі туралы бір ғана күлли дәлелді баяндайтын жоғарыда аталған арабша мәтіннің қысқаша мағынасының тәржімесі тәмам болды. Жалпы, Аллаһтың "ираде" сипаты туралы көптеген маңызды тұжырымдарды жазсам деп ниет еткен едім. Бірақ, бір дерттің кесірінен ойлау қабілетім әлсіреп, шамам қалмағандықтан басқа уақытқа шегерілді.
Қ ДІРЕТ ТУРАЛЫ АРАБША МӘТІН
Енді, лы құдірет туралы мына арабша мәтіннің қысқаша тұжырымдамасының белгілі бір мағынада тәржімесі жазылмақ. Бірақ, бұдан бұрын көкейге келген бір ақиқатты баяндауды жөн көрдім. Ақиқат мынау: Бір құдіреттің бар екені, әлемнің бар екенінен әлдеқайда анық әрі нақты. Тіпті, күллі жаратылыс әрқайсысы жеке, жалпы түрде сол құдіреттің жаратқандары. Олар сөйлейтін дене түріндегі кәлима-сөздер ретінде құдіреттің бар екенін айнеляқин көрсетеді.
Құдірет сипатының иеленушісін яғни сол сипатпен сипатталушы Қадир-і Мутлақ Аллаһтың, бар екеніне жаратылыстың бәрі сансыз тілмен куәлік етеді. Ендеше, тағы айғақтар келтіріп сол құдіреттің бар екенін дәлелдеуге қажеттілік жоқ. Олай болса, иманның тұғыры және қайта тірілудің мықты негізі және көптеген имани уә Құрани ақиқаттардың қайнар бұлағы болған
аяты білдірген және бүкіл ақылдар ойланып өресі жетпеген, таңқала да таңдана, тіпті кейбірі миы жетпеген соң жоққа шығаруға дейін барған осы Құдірет сипатына қатысты терең ақиқатты дәлелдеген дұрыс болар.
Ол негіз, ол қайнар бұлақ, ол мәселе, ол ақиқат не десеңіздер, ол жоғарыдағы аяттың тұжырымы. Яғни, «Уа, жындар мен адамдар! Сендерді жаппай қайта жарату, махшар күні бір жерге жинау бір түйір жанның жаратылуы секілді құдіретіме оңай!» Көктемді, бір тал гүл тәрізді оңай жаратамын. Ол құдіреттің алдында, «джүзикүлли», аз-көп, үлкен-кіші бәрі бірдей ешқандай айырмашылығы жоқ. Жұлдыздарды ең ұсақ бөлшектер тәрізді жеп-жеңіл шыр айналдырады.
Міне, арабша мәтін, осы орасан зор терең мәселені «тоғыз баспалдақ» арқылы бұлтартпас бірғана айғағын баяндайды. Біз қазір оның қысқаша бір ғана тұжырымын айтып, мәселенің негізіне ишара қыламыз:
Яғни, барлығынан үстем бір құдірет бар. Ол құдірет барлық нәрсені қамтып жатыр. Ол, (Құдірет) Зат-ы Ужуб-ул Ужуд Аллаһқа «лузум-ы зати» және мантық (логика) ілімнің тілімен айтар болсақ ләзім, уәжіп яғни шарт. Ол сипаттың яғни құдіреттің өзінен ажырауы, бөлінуі
мүмкін емес. Мұндай, ажырауы мүмкін емес тұтас бір құдіреттің бар екені рас, олай болса әлбетте, оның терісі болған әлсіздік ешбір тұрғыдан Оған жақындай алмайды, жанаса алмайды, Зат-и Қадир Аллаһқа жолай алмайды.
Бір нәрсенің дәрежесі болуының себебі, оған өзіне теріс нәрсенің кері әсерінен пайда болады. Мәселен, жылудың дәрежесінің болу себебі ішіне суықтың кіруі, оның әсерінен болады. Сұлулықтың да әртүрлі деңгейде болуы ұсқынсыз, нашар нәрселердің жанасуынан болады. Ал, Зат-ы Құдіретке өзіне теріс кері нәрсенің, яғни әлсіздіктің жанасуы әсте мүмкін емес. Олай болса, сөзсіз түрде Мутлақ Иләһи Құдіреттің дәрежесі болмайды. Сонымен, Иләһи құдіреттің дәрежесі болмайтыны белгілі болды, әлбетте ол құдіреттің алдында жұлдыздар, молекула, атомдар бірдей, «джүзі-күллі», жалқы-жалпы, аз-көп әлгіндей құдірет үшін парқы жоқ. Бір түйір дәнді, немесе бір ағашты, бүкіл әлемді, адамзатты, немесе бір жанды махшар күні жарату және барлық тіршілік иесін қайта тірілту, ол құдіретке еш айырмашылығы жоқ. Бұл ақиқат. Оған нақты дәлел - жаратылыста көзбен көріп жүрген мына керемет өнер, тәртіп, жүйе, өлшем, ерекшелік, өзгешелік, саны көптік әрі өте жылдам жаратылу және тез жаратылып жатса да өте жеңіл әрі тым оңай болуы. Бірінші баспалдақ болған мына мәтіннің:
қысқаша тұжырымы жоғарыда айтылған ақиқат.
Екінші баспалдақ болған мына мәтіннің.
түсініктемесі мен баянын Оныншы Сөздің соңына және Жиырма Тоғызыншы Сөзге және Жиырмасыншы Мектубқа сілтеп қысқаша ишара етеміз:
Иә, қалайша, «Нұраният» сырымен Күн сәулесі, яғни оның шағылысы Құдайдың құдіретімен теңіз бетіне, жалпы барлық мөлдір нәрселерге түсуі бір түйір шыны сынығына түсу секілді бірдей, ешқандай айырмашылығы жоқ, оп-оңай. Дәл сол секілді, Зат-ы Нұр-ул Әнуар Аллаһтың нұрани құдіретіне аспандарды, жұлдыздарды жарату
және оларды қозғалысқа келтіріп шыр айналдыру, шыбындарды, зәрре бөлшектер мен атом-молекулаларды жарату, шыр айналдыру тәрізді оңай, еш қиындығы жоқ.
Енді, мөлдірлік те сондай. Кіп-кішкене айнада және көздің қарашығында Құдайдың құдіретімен Күннің сәулесі, жарығы, суреті түгел сиып көрінеді. Сондай-ақ, барлық жылтырақ, мөлдір нәрселерге, тамшыларға, жылтырақ бөлшектерге, теңіздің жүзіне Күннің шағылысы, жарық-сәулесі оп-оңай түсіп анық көрінеді. Дәл сол секілді, жаратылыстың "мәләкутият", "махият" деп аталатын ішкі жағы, мәнісі мөлдір, жарқын, пәк болғандықтан Аллаһтың Мутлақ құдіретінің әсері, оның шағын сәулесі бір түйір жанның жаратылуында қалай өзін көрсетсе, дәл солай жеңіл түрде бүкіл тірі жанды жаратып толық көрінеді. Оған аз-көп, үлкен-кіші еш айырмасы жоқ.
Сондай-ақ, алып тауларды тартатын үлкен, өте дәл өлшейтін нәзік бір таразының екі басына екеуі бірдей жаңғақ қойса, сосын тепе-теңдігін бұзатын бір басына кіп-кішкене бір түйір дән қойылса таразының бір басы таудың төбесіне қарай, бір басы терең сайға қарай дереу түсіп кететіні қаншалықты оңай болса, дәл сондай оңайлықта, екі жаңғақтың орнына екі бірдей тауды таразының екі басына қойылса, сосын бір жағына бір түйір жаңғақ қойылса, бір тауды солайымен көкке көтеріп, бір тауды сайға төмен түсіріп жібереді.
Дәл сол секілді, «Кәлам» ілімінің термині бойынша, «Имкан мүсауи-үт тарафәйн» боп табылады яғни болмысы уәжиб емес, яғни болуы шарт емес мүмкін нәрселер және болып. Болмауы егер бір себеп болмаса, бірдей еш айырмасы жоқ. Нәрселердің әлгі мәселеде аз бен көптің, үлкен мен кішінің еш айырмашылығы жоқ, барлығы бірдей. Міне, жаратылыс (дүние) болып-болмауы мүмкін топқа жатады. Мұны «имкан» дейді. Имкан шеңберінде заттардың болуы екі талай яки болмауы бірдей, өзара тең, еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, Ужуб-ул Ужуд Аллаһтың шексіз әзәли құдіреті бір түйір мүмкін нәрсені жаратуы қаншалықты оңай болса, бүкіл мүмкін нәрселерді жоқтан бар қылуы, жаратуы, болмысқа ие қылуы дәл солай оңай. Ол құдірет, әр затқа өзіне лайық болмыс кигізеді. Сосын, әлгі зат өз міндетін атқарып болған соң болмыс киімін шешеді де, кейін салыстырмалы түрдегі жоқтыққа, негізінде өзінің ілім шеңбердегі
мағынауи болмысқа ие болады яғни, болмысын сақтап қалады. Демек, жаратылысты Қадир-и Мутлақ Аллаһ жаратты деген кезде көктемнің жаратылуы бір тал гүл секілді, бүкіл адамдардың махшарда қайта тірілуі бір тұлғаның жаратылуы секілді оңай. Ал, себептерге телінсе, бір тал гүл көктемнің жаратылуы секілді, бір түйір шыбын бүкіл хайуандардың тірілуі секілді мүшкіл, қиын болады.
Енді, «интизам» сыры. Алып кеме немесе бір үлкен ұшақты бір түймені басу арқылы қозғалысқа ендіру, бір сағатты кілтпен бұрап жұмыс істеу оңай әрі жеңіл. Дәл сол секілді, Әзәли ілімнің ереже заңдары бойынша, және Сәрмади хикметтің заңдарына сәйкес, сондайақ Раббани ираденің яғни қалаудың күлли талаптары бойынша әрбір нәрсеге жалпы болсын жалқы болсын, үлкенді-кіші, азғантай яки көп, көзге көрінбейтін аз-көп мағынауи қалып, пішін өзіндік мөлшер, белгілі бір шек қойылған. Сондықтан, олар толық тәртіп пен жүйеге яғни Аллаһтың ілім мен «ираде» заңына толық бағынады. Ендеше, әлбетте Қадир-и Мутлақ өзінің шексіз құдіретімен Күн системасын айналдыруы денедегі қанды, ондағы ақ, қызыл түйіршіктерді, ондағы зәрре бөлшектерді жүйелі де хикметпен айналдыруы секілді оңай әрі жеңіл болмақ. Ол құдірет, бір адамды әлемдегі жүйелі де керемет бейнеде, таңғажайып құрал-жабдықтарымен бірге бір тамшы судан әп-сәтте еш қиындықсыз оңай жаратады. Демек, болмыс атаулыны Әзәли, шексіз құдірет жаратты деген кезде, ол Құдретке бүкіл әлемді жарату бір адамды жарату секілді оңай әрі жеңіл болады. Егер, Оның жаратқанын жоққа шығарып қабылдамаса, бір адамды бүкіл ғажап сезім мүшелерімен, құрал-жабдықтармен жарату бүкіл ғалам жарату секілді мүшкіл, зор қиын.
Енді, «итағат» сырын, «имтисал» яғни мойынсұну, бағыну, әмір тыңдау мәселесі. Бір қолбасшы "Алға!" әмірімен бір жауынгерді шабуылға айдағаны секілді, дәл сол әмірмен үлкен бір армияны опоңай шабуылға айдайды. Дәл сол секілді, Аллаһтың "ираде" заңына мүлтіксіз бағынатын және Раббани жаратылыс заңдарына тіпті, ұшқындарына тілалғыш тәртіпті әскер, құл секілді тіпті, олардан мың есе бағынышты болмыс атаулы әсіресе, жандылардың біреуіне «Қане! Жоқтықтан шық! Бар бол, белгілі өз міндетіңді атқар!» деген Раббани әмірді алғанда және Иләһи ілім жазған және «ираде» белгілеген және құдірет, өзіндік дене жаратып болмысқа шығаруы қаншалықты оңай жүзеге асып жатыр десеңізші! Көктемде жандылар
армиясын дәл солай құдірет жаратып, әрқайсысына өзіндік міндет береді. Демек, барлық нәрсе Иләһи құдіретпен болады деген кезде, бүкіл зәррелер, молекула атомдар армиясы, жұлдыздар тобы, бір түйір зәрренің жаратылуы секілді оңай жүзеге асады. Егер бұл іс себептерге жүктелсе, бір жәндіктің көзіндегі және миындағы бір зәрренің таңғажайып қызметтер атқаратындай өте қабілетті жаратылуы бүкіл жандылар армиясын жарату секілді мүшкіл, тым қиын болар еді.
Мұның қысқа тұжырымына алыстан ишарамен қарауға тырысайық. Яғни, қалайша, бір патша немесе ұлы қолбасшы билігінің тұтастығы жағымен және бүкіл халқы тек өзіне бағынып әрекет ететіндіктен әлгі патша алып мемлекетті, құжынаған халқын бір ауылды басқарғандай оңай басқарады. Өйткені, үкімет біреу болғандықтан халықтың ішіндегілер дәл әскердің жауынгерлері секілді жағдайды жеңілдетіп әмірді орындату, басқару оңайға соғады.
Ал егер әртүрлі үкіметтерге жүктелсе ел, аласапыран, астан-кестең болып қана қоймай бір ауылды тіпті, бір үйді басқару бір елді басқару секілді өте мүшкіл қиын болар еді. Сондай-ақ, әлгі тіл алғыш халық бірдей болғандықтан әрбір азамат жауынгер секілді қолбасшысының күш-қуатына және қару-жарақ, дәрі-дәрмек қоймасына сеніп зор күшке ие болып, бір шахты жеке өзі тұтқындай алады. Өзінің қуатынан мың есе артық іс атқаратын болады. Егер, мұндай байланыс болмаса, әлгіндей күш-қуаттан айырылады. Енді, тек білегіндегі азғана қуатпен, беліндегі қару-жарақ шамасындай, асынған мылтығының дәрежесіне қарай іс атқарады. Егер, әлгі патшаға сенетін жауынгердің ісін одан талап етсе, онда білегінде бір армияның күш қуаты, белінде патшаның қару-жарақ қоймасы болуы керек.
Дәл сол секілді, Әзәл мен Әбәд Сұлтаны Сани-ы Қадир өзінің Иләһи билік-салтанаты ерекше дара, әкімшілігі толық, әрі кемел болғандықтан ғаламды бір қала секілді оңай басқарады. Көктемді бір бау-бақшадай жеңіл жаратады. Махшар күні барлық өлгендерді тірілту бау-бақшалардағы ағаштардың жапырақтарын, гүл-шешектеріне, жемістерін келесі көктемде қайта жаратқаны секілді оңай тіріледі. Бір түйір шыбынды оп-оңай самұрық құсы секілді күрделі түрде жаратады. Бір түйір адамды оп-оңай кішкене әлем бейнесінде жарата алады.
Егер, себептерге жүктелсе, бір түйір микроб мың мүйіз тұмсық секілді, қиын және бір түйір жеміс үлкен ағаштай қиындық туғызады. Тіпті, тірі организмдегі керемет қызмет ететін әрбір ұсақ бөлшектің барлық нәрсені көретін көзі, барлығын білетін ілімі болуы керек болады. Сонда ғана мына аса күрделі керемет тіршілік жалғасын тауып, тірі организм өз міндетін атқармақ, бұл әрине ақылға сыйымсыз.
Сондай-ақ, Уахдетте яғни бірлікте, барлығын бір жерден басқаруда жеңілдік, оңайлық өте керемет дәрежеде болады. Мысалға, бір армияны қамтамасыз ету бір жерден жүргізілсе яки бір мекемеге жүктелсе бір жауынгердің қамтамасыз етілуі секілі оңай болмақ. Егер әр жерге, әр түрлі мекемелерге, әр түрлі фабрикаға жүктеліп бөлекбөлек тапсырылса бір жауынгердің қамтамасыз етілуі сан жағынан да көбейіп мың есе қиындық туғызар еді. Әрі, ол іске бірнеше бастық, бірнеше қолбасшы араласқандықтан мың қамтамасыз ету секілді мүшкіл қиын болар еді.
Әрі мың жауынгерді басқару, оларды тәртіпке келтіру бір офицерге тапсырылса, бір мағынада бір солдатты басқару секілді оңай ал, оларды он қолбасшыға немесе өздері секілді жауынгерлерге тапсырса тәртіп астан-кестең, бұзылып шым-шытырық қиындық туар еді.
Дәл осы мысалдар секілді, барлық нәрсе, Уахид-і Әхад бір Аллаһқа тапсырылса бір зат секілді оңай, егер себептерге жүктелсе бір жәндіктің басқарылуы бүкіл дүнияны басқару секілді мүшкіл, қиын болар еді. Сонымен, Уахданиет болғанда яғни бәрін біреу басқаратын болса жеңілдік ең жоғарғы деңгейде, тіпті міндетті түрде шарт дәрежесіне жетеді. Ал егер көп күштер араласса қиындық көбейіп, мүмкін еместік абсурд деңгейге жетеді. Рисалей-Нұрдың "Мектубат" кітабында айтылғандай, егер Күн мен Түннің ауысуын яки жұлдыздардың қозғалысын, жыл мезгілдері күз, қыс, көктем мен жаз секілді құбылыстарды бір басқарушыға, бір құдіретке тапсырса, лы ағзам Басшы, лы Құдірет бір жауынгер секілді жер шарына: «Тұр! Айнал! Жүр!» деп, әмір бергенде жер сол ілтипатты әмірді қабыл алысымен қуанғаннан құлшынып шыр айнала жөнеледі де екі түрлі қозғалысымен тәулік пен жылдық құбылыстарға, аспандағы түрлі қозғалыстарға оңай ұйтқы, болып, осылайша «уахдетте» жеңілдік болатынын көрсетеді. Ал, бір басқарушыға емес, себептерге
не жұлдыздардың өздері не жүктеліп өздері жасап жатыр десе, сөйтіп жер шарына: «Сен тоқта! Тұр!» десе, ол кезде жер шарынан мыңдаған есе үлкен, мыңдаған алып жұлдыздар, күндер, аспан денелері әр түні, әр жылда миллиондаған, миллиярдтаған жылдық қашықты жүріп жыл мезгілі, күн мен түннің ауысуы секілді алып құбылыстарды өздері жасауы керек болады. Бұл әрине, мүмкін емес, мүлдем қисынсыз, абсурд, өте мүшкіл ұғым.
Егер, Күннің ілімі, құдіреті, еркі болса және оны шағылыстырып тұрған шыны әйнектердің, көпіршіктердің, су тамшыларының өзіндік бір қабілеті бар деп қарайтын болсақ онда "Иләһи ираденің" заңы бойынша әрбір айнашықтың ішінен Күн өзінің суретімен, сипаттарымен табылып, бір сәтте басқа барлық жерлерде болып және жан-жақта өзінің толық өзінің әсерімен Раббани құдіреттің қалауы бойынша үлкен ауқымды құбылысарға ие болып, осылайша әхадияттағы керемет жеңілдікті, оңайлықты көрсетер еді. Дәл сол секілді, Сани-ы Зүлжәлал Аллаһ «уахидият» сырымен, болмыс атаулыны жаппай өзінің «ілім», "ираде", "құдірет" сипаттарымен қамтып, барлық жерде әзір, нәзір екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Әхадият сырымен әрбір нәрсенің жанында, әсіресе, тірі жандылардың қасынан өзінің есім-сипаттарымен бірге табылады. Сөйтіп, оп-оңай бір сәтте шыбынды самұрық құсы тәрізді күрделі табиғатымен бірге немесе бір адамды шағын бір әлем бейнесінде жаратады. Тіріжанның барлығын керемет шебер жарататыны сонша, егер бүкіл себептер жиналса барлығы бірігіп бір бұлбұлды, бір шыбынды жасай алмас еді. Бір бұлбұлды жаратқан құдірет бүкіл құстарды жаратқан болуы керек. Бір адамды жаратқанның, бүкіл әлемді жаратқан құдірет болуы тиіс.
Осы екі баспалдақтың ақиқатын жалпыға түсіндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, тек бір-екі нүктесін қысқаша баяндап, жәй шолып өтеміз. Жалпы болмыстың көптеген дәрежелері бар. Соның ең қуаттысы, ең мықтысы «ужуб» дәрежесіндегідей болмас. Енді, өзі ужуб және болмысы әзәли уә әбәди иесі және материядан аулақ және пәк, болмысы ешнәрсеге ұқсамайтын, муқаддес Қадир-и Мутлақ Аллаһтың құдіретіне алып жұлдыздар ең ұсақ бөлшек зәррелер секілді жеңіл, ал хашир яғни қайта тірілу, бір көктем секілді оңай, Оған махшар күні бүкіл адамзатты тірілту бір адамды тірілту сияқты оңай. Өйткені, болмыстың ең қуаттысы ол мейлі кішкентай болса да, өзінен төмен дәрежедегі болмыстың таудай үлкенін көтеріп ойнатып жібереді.
Мәселен, қуатты сыртқы денесі бар кішкене болмыс яғни кәдуілгі айна немесе есте сақтау қабілеті өзінен төмен айна немесе жеңіл болмысты жады, ол әлсіз яғни мысали әрі мағынауи жүз тауды және мың кітапты жұтып қояды, толық қамтиды орнынан ойната алады.
Міне, болмысы мысали болған нәрселер, болмысы "хариджи" яғни сыртқы заттық денесі бар болмыстан қаншалықты төмен болса да, жаратылыстың яғни мүмкинат әлеміндегі болуы да болмауы да мүмкін әрі кейін пайда болған болмыс, әзәли және мәңгі, әрі уәжіп болмыстың алдында мың есе әлсіз шексіз дәреже жеңіл болмақ. Мұндай муқаддес болмыс аз ғана әсер ету арқылы мүмкинат әлемінің бір әлемін толығымен қозғалысқа ендіріп, шыр айналдырады деген сөз.
Өкінішке орай, маған у ішкізгендіктен науқастанып және басқа себептерге байланысты осы терең ақиқатты тұжырымдауды РисалейНұрға сілтеп, басқа уақытқа қалды.
Мендегі мазасыздық, қиналыс осы аса маңызды баспалдақтың кейбір тұстарын баяндауды кейінгі қалдырды.
Ескерту: Бұл тоғыз баспалдақтың ақиқаттарының негізі, қайнар бұлағы және жарық қылып тұрған Күні, Ықылас сүресіндегі
Яғни, көздегі немесе мидағы керемет қызмет атқаратын бір зәрре жұлдыздан кем емес. Қандай да бір заттың бөлшегі сол заттың тұтас өзінен асып түспесе кем түспейді. Мысалы, ми мен көз жалпы адамның болмысынан немесе кішкене бөлшек сол өзі орналасқан нәрседен өнер жағынан, керемет таңғажайып, ол жаратылысы тұрғысынан алғанда кем түспейді. Бір адам ғажайып сезім мүшелері тұрғысынан барлық хайуан жынысынан асып түспесе кем емес. Және бір кітаптың мазмұны немесе бағдарламасы немесе ес-жады іспеттес дән керемет шебер жаратылысы тұрығысынан және көп нәрсені қамту жағынан зәулім ағаштан кем емес. Бір өзі шағын әлемге ұқсайтын бір адам, кәміл табиғатымен, күрделі сезім мүшелері мен бай құралжабдықтарымен мыңдаған ғажайып міндет атқару тұрғысынан бүкіл әлемнен кем емес.
Демек, бір түйір зәррені жаратқан Құдіретке жұлдызды жарату түк емес. Бір ғана ағзаны яғни тілді жаратқанға әлбетте, адамды жарату оп-оңай. Бір ғана адамды осындай кәміл етіп жаратқан Құдірет, сөзсіз бүкіл жан-жануарларды оп-оңай жарата алады, әрі көз алдымызда жаратуда. Дән, тұқымдарды мазмұнды түрде немесе тіршіліктің өзегі және заңдардың жиынтығы ретінде жаратқан құдірет, әлбетте, бүкіл ағаштарды жарата алады. Сондай-ақ, әлемнің белгілі мағынада мағынауи тұқымы әрі аса күрделі де мазмұнды жемісі болып табылатын адамды жаратып, барлық Иләһи көркем есімдерге айна әрі оны бүкіл әлеммен байланысты етіп, жер шарының халифасы бейнесінде Жаратқан, құдірет әлбетте оған еш күмән жоқ шексіз құдірет Иесі. Ол құдірет алып ғаламды бір адамның жаратылуы секілді жеңіл, әрі оңай жаратып, реттеп, жүйеге келтіреді. Олай болса, бір зәрренің немесе бір бөлшектің немесе дән тұқымның немесе бір түйір адамның жаратушысы, Раббысы, шебер стасы кім болса, әлбетте оған шәк жоқ, жұлдыздардың Раббысы, адамзаттың, бүкіл ағаштардың, күллі әлемнің жаратушысы, Шебер Иесі де дәл Сол. Басқа біреуі болуы әсте мүмкін емес!
Яғни, ортада орналасқан «жүзият» яғни жан-жақты қамтылған ұсақ бөлшектер сондай-ақ «күлл» мен "күллияттың" ішіне орналасқан яғни тұтас нәрселердің ішіндегі жеке өзіндік заттар, дән-тұқымдар, өздерін қоршап, қамтып тұрған үлкен нәрселермен салыстырғанда олар әлгі үлкен нәрселердің үлгі-мысалдары тәрізді, өте ұсақ әріппен кішкене тар жерге жазылған бірақ, дәл күлл, "күллият" сияқты яғни өзі шектеулі, ұсақ бөлшек секілді көрінгенімен негізінде шексіз әрі тұтас бір зат болып саналады. Олай болса, барлығын қамтып жатқан «күллият» яғни шексіз әлгі «жүзияттың» яғни шектеулі бір бөлшектің Жаратушысының қолында, оның толық иелігінде. Демек, ол құдірет өз ілімінің ережесімен, көзге көрінбейтін қаламымен әлгі үлкен мазмұнды кітапты анау кіп-кішкене ұсақ жерлерге, тақталарға сиғызып жазып, қойған.
Сондай-ақ, қамтылған бөлшектер, ұсақ нәрселер өздерін қамтып тұрған нәрселермен өзара тығыз байланыста, бейне бір айналасынан сауылып алынған сүт тамшылары секілді немесе сүзбе яки біреу барлығын сығып осы нәрселерді жаратқандай. Мысалы, қауынның дәндері барлық қауындардан сауылып алынған бір тамшы немесе ол бір кітапты толық қамтитын мазмұны тәрізді. Олай болса, әлбетте әлгі «жүзият», яғни дән-дәнектер тамшылар, нүктелер, жеке тұлғалар, ұсақ бөлшектер де және оларды қамтып жатқан «күлли», "күллият" тұтас нәрселер бәрі бәрі Жаратушы құдіреттің қолында болғаны. Ол аса хикметпен, өзінің күрделі ереже заңдарымен жеке тұлғаларды, тамшыларды, нүктелерді, дәнектерді әлгі «күлли» нәрселерден яғни бәрін қамтып жатқан тұтас заттардан сығып, сауып сүзіп алған. Демек, бір түйір тұқымды не бір тұлғаны жаратқан құдірет, әлбетте үлкен «күлл» яғни шексіз тұтастарды, «күллиятты» және оларды да қамтып жатқан және олардан да үлкен басқа «күллияттарды»
жаратқан құдірет болғаны. Басқаша болуы мүмкін емес. Олай болса, бір түйір жанды жаратқан құдірет бүкіл адамзатты жарата алады. Және, бір түйір мәйітті тірілткен құдірет хаширде яғни махшар күні бүкіл жын мен адамзатты тірілте алады, тірілтеді де! Сонымен,
аятының үкімі, алға тартқан мәселесі нақты да жарқын түрде хақ екені, нағыз ақиқат екені белгілі болды.
[Бұл соңғы баспалдақтың ақиқатын ұзақ түрде баяндап бергім-ақ келеді. Бірақ, өкінішке орай, маған залымдардың ұймдастырған зұлымдық жоспары, қыспаққа алып азаптауы және у беріп әлсіретуі және денемді меңдеткен аурудың кесірінен тек қысқа ишарамен шектелуге мәжбүр болдым.]
Яғни, қалайша, бір түйір зәрреге яғни бөлінбейтін және кәлам ілімі бойынша, жалпы философияда да «жәуһар» деп аталатын бір зәрренің ішіне одан да ұсақ «әсир» деген нәрсенің бөлшектерімен бір Құран Кәрім жазылса және Аспанға яғни Көктегі параққа жұлдыздармен, Күндермен тағы бір өзгеше Құран Кәрім жазылып, сөйтіп екеуін салыстырса, әлбетте, «Жәуһар» зәррелермен жазылған кішкентай, шағын Құран, анау көктегі жалт-жұлт еткен үлкен Құраннан өнер жағынан, таңғажайыптығы тұрғысынан кереметтігі кем емес, тіпті белгілі бір мағынада кейбір тұстары асып түсуі мүмкін. Дәл сол секілді, әлемді жаратқан Аллаһтың құдіретіне қарай салыстыратын болсақ, өнер жағынан, шеберлік тұрғысынан «Зухра» гүлі "Зухра" жұлдызынан кем емес. Дәл сол сияқты кішкене құмырсқа да алып пілден кем емес. Көзге түспейтін микроб, үлкен мүйізтұмсықтан жаратылысы тұрғысынан әлдеқайда таңғажайып және бал арасы құрма ағашымен салыстырғанда табиғаты жағынан анағұрлым жоғары. Демек, бір түйір араны жаратқан Құдірет бүкіл хайуандарды, тіршілік иелерін жарата алады. Бір жандыны тірілткен хаширде бүкіл адамзатты тірілтіп махшар алаңына жинай алады, жинайды. Ешнәрсе оған қиын емес. Өйткені, ол әрбір көктемде көз алдымызда өте жылдам әрі оңай хаширдің яғни қайта тірілудің жүз мың үлгімысалдарын жаратып көрсетуде.
Соңғы арабша мәтіннің өте қысқа тұжырымы былай: Яғни, адасқандар жоғарыда аталған баспалдақтардың терең де мықты ақиқаттарынан бейхабар болғандықтан және жаратылыс өте тез әрі тым оңай жаратылып жатқандықтан, жаратылыстың осылай белгілі бір бейнеге еніп, Құдайдың шексіз құдіретімен жаратылуын өздігінен болып, өзіне-өзі пайда болып жатыр деген жаңсақ пікірге сенеді. Сөйтіп, дүнияда ешбір ақыл, тіпті қиял қабылдамайтын мүлдем "мухал" мүмкін емес сандырақ пікір ойды қабылдайды.
Олардың ойынша, егер Құдайдың құдіреті жаратпаса, әрбір тірі организмнің, әрбір зәрренің шексіз құдіреті, шексіз ілімі, барлығын көретін өткір көзі, қолынан бәрі келетін асқан күш-құдіреті болуы керек. Сонда олар, бір Құдайды қабылдамаймын деп, зәррелер қанша болса сонша тәңір, иләһтарды қабылдауға мәжбүр болып жәһаннамның түбіне түсуге лайық болғаны.
Ал, тура жолдағылар болса, жоғарыда аталған қуатты ақиқаттар мен бұлтартпас айғақтар арқылы олардың сау-сәламат жүректері, түзу ақылдары толық қанағаттанып, иманына қуат беріп, нанымдары одан әрі мықтап бекіте түседі. Құдайдың құдіретіне жұлдыздар мен зәррелер, ең кішкентай нәрсе мен ең алып нәрселер бәрі бірдей, еш айырмасы жоқ. Мұндай таңғажайып құбылыстар көз алдымызда болып жатыр. Әрбір оқиға, табиғаттағы әрбір Иләһи өнер
аяты айтқан мәселені, оның нақты үкімін хақ, ақиқат екенін растап, куәлік етеді. Хал тілдерімен «Аллаһу акбар!» дейді. Біз де, олар қанша болса сонша мәрте, оларға еріп «Аллаһу акбар» дейміз. Осы аяттың үкімінің хақ әрі ақиқат екенін бар күшімізбен растап, сансыз дәлелдермен куәлік етеміз.
[Рисалей-Нұр нендей кітап? Рисалей-Нұрдың мәнмағынасы нендей және оның тәржімешісі кім?]
Әр ғасырда діннің жоғарғы мәртебелі қызметшілері келіп, діннің мерейін көтеретіні жайлы хадисте сүйіншілеп хабар берген. Олар, «мубтеди» емес, "муттәбилер" яғни өз ойларынан жаңа бір нәрсе қоспайды, үкім шығармайды. Діннің негіздерін, шариғат үкімдерін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін айнытпай ұстанып, дінді қуаттап, мықтап бекітіп, діннің ақиқатын, асылын жарыққа шығарып және дінге араластырмақ болған бұрыс, жат пікірлерді жойып, Аллаһтың әмірлерінің орындалуына жағдай жасап, шариғаттың үстемдігін халыққа көрсетіп, жаһанға жар салады. Олар діннің негіздерін әсте өзгертпей, оның рухын сақтап, тек түсіндіруге келгенде жаңа әдіс қолданып, заманның түсінігіне сай түсініктеме жасап өз міндеттерін адал атқарады. Мұндай Раббани қызметшілер іс-амалдарымен өздерінің қызметкер екендерін дәлелдейді. Олардың имандары берік, ықыластары зор, нұрға толық айна қызметін атқарады. Иманы таудай мықты екенін, іс жүзінде көрсетеді. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін өнеге тұтып, оның көркем мінез-құлқын барынша көрсетуге тырысады. Қысқасы, іс-әрекеттері және сүннетке мойынсұну жағынан Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметіне үлгі болып, жетекшілік етеді. Олар Аллаһтың кәламын тәпсірлеп жазған кітаптары, діни үкімдерді түсіндіруі және заманауи ұғымға сай және ілім деңгейіне сәйкес еңбектері өз зейінінен, ойынан шыққан деуге болмайды. Олардың тәпсір кітаптары тікелей уахидың бұлағы болған Ардақты Пайғамабарымыздың (с.а.у.) мағынауи илхамымен яғни нұсқауымен жазылған. Атап айтсақ, «Джәлжәлутия», "Мәснәу-и Шәриф", "Футух-ул Ғайб" т.с.с. кітаптар сынды. Мұндай киелі еңбектердің жарыққа шығуына оның авторлары тек тәржімеші қызметін атқарады. Әрине, бұл ерекше тұлғалар, әлгі ерекше кітаптарды реттеуде, баяндау тәсілінде өз үлестері жоқ емес, яғни олар әлгі мағынаның мазхары, айнасы, шағылыстырушылары ғана.
Рисалей-Нұр және оның тәржімешісіне келер болсақ, бұл ерекше еңбекте осы кезге дейін теңдесі жоқ, керемет нұр, айырықша кемелдік байқалады. Сондықтан болар, ешбір кітаптардың бөленбеген абыройға ие болып, һидаят нұрын шашқан, бақыттың жолын ашқан
Қасиетті Құранның нұр-фейізіне бөленгені көрініп тұр. Сол үшін сенімді түрде, бұл еңбекті Құранның нұры деп айта аламыз. Бұл кітапты әулиелердің еңбегі дегеннен гөрі Мұхаммедтің (с.а.у.) нұрфейізіне бөленген тәпсір деген дұрыс. Сондай-ақ, Ардақты Зат-ы Пәк-і Рисалеттің ықпалы, алаңдаушылығы және қудси басқаруы әулиелердің кітабынан басымырақ әрі тәржімешісі болып табылатын мағынауи тұлғаның үлесі, кемелдігі соншалықты мол әрі жоғары әрі теңдессіз екені Айдан анық, жарқын ақиқат.
Иә, ол кісі сонау жас кезінде әлі еш ілім жинамай тұрып, рухани жағдайды сақтап қалу үшін үш айлық ілім жинаумен-ақ бұрынғы заманның, кейінгі жаңа заманның ілімін меңгеріп, діни, руханият, хикмет, астрономия, Иләһи ілім бәрін-бәрін жетік біліп, ілімнің шырқау биігіне көтерілген. Ондай дәрежеге сірә, ешкім жете қоймаған болар. Осы нұрды жеткізуші кісі, осындай ерекше жағдайда бола тұра, абыройы асқақ, ержүрек батыр, көңілі тоқ, керемет мінез құлық иесі. Яғни, мұсылман үмметіне Аллаһтың мұғжизасы, көзге көрінетін Иләһи заттық рахымы, баға жетпес сыйкәдесі. Бұл таңғажайып кісі, бәлиғатқа толмай жатып толыққанды ғұлама аталып, бүкіл ілім дүниесін дүр сілкіндірді. Қандай да бір ілім адамымен тартысқанда үстем келіп жеңіп отыратын. Қандай да бір тақырыпта сұрақ қойылса, толық қанағаттанарлық, еш күмәнсіз жауап берген. Ол он төрт жасынан бастап ұстаз атанған. Айналасына ілім мен хикмет нұрын шашқан. Ерекше түсіндіру тәсілі, мәселені жан-жақты қолға алып, керемет парасаттылық, көрегенділік танытып зиялы қауымды таңғалдырған. Осылайша, "Бәдиүззаман" лақабын иеленген. Жоғарғы қасиеттерге ие, ілімі терең құнды қырларымен танылып Мұхаммедтің (с.а.у.) дінін жаюда, оны дәріптеуде өнеге болған бұл кісі әлбетте, Сәйид-үл Мүрсәлиннің (с.а.у.) қошаметіне бөленген, Оның желеп-жебеуіне ие болған тұлға деуге болады. Ол, Нәби-і Ақдестің (с.а.у.) әмірімен, оның нұсқауымен жүрген, оны өзі қадағалап, Оның нұрына мұрагер әрі айналық қызметін адал атқарған ерекше тұлға. Ол кісінің Мұхаммеди (с.а.у.) нұрларды, Ахмеди ілімді, Иләһи фейізді өте жарқын көрсетуі және Құрани әрі хадиси ишаралардың сол кісіге келіп түйісуі және Пайғамбарымыздың(с.а.у) атына бағытталған жәлил аяттардың баяндары сол кісіге тоғысуы кездейсоқ емес.
Ол мынаны мегзейді: Ол кісі иманға қызмет тұрғысында Рисалеттің (пайғамбарлықтың) жарқын айнасы, Рисалет ағашының соңғы нұрлы жемісі. Рисалеттің мұрагер ақиқаты, Иләһи нұр-сәуленің имани қызмет тұрығысынан соңғы жүкті тасушысы екені еш күмән жоқ ақиқат.
Бұл хатта менің үлесімді жүз есе көбейтіп асыра сілтегені көрініп тұр, дегенмен хатқа қол қойған бауырларымның көңілін қалдыруға батылым жетпеді. Үндемей қоя салдым да мадақты Рисалей-Нұр шәкірттерінің мағынауи тұлғасы атынан қабылдауды жөн көрдім.
Аса сүйікті, өте мүбарак, тым қымбатты стазымыз!
Уа, өз қалауынан бас тартып бүкіл шаруасын Аллаһтың қалауына тапсырған жан! Сырттай бәле болып көрінген нәрселерде тағдырдың мейірім-шуағын, хикмет-сырын көріп толық тәуекел еткен, бәріне көніп Раббани шұғаның нәтижелерін сабыр сақтап күте білген қадірменді стаз!
Аллаһ Тағала Денизлі түрмесіндегі қиыншылықтарды ұмытқызатын, жанға шипа, дертке дәрмен «Миуа Рисалесін» дәл сол түрмеде нәсіп етіп, гүлдің хош иісі тікенінің ащылығын сездірмейтіні секілді уақытша көрген азаптарымызды ұмытқызып жіберді. Дәл сол секілді, тағы да сол Кәрим Аллаһ Рахим-і Зүлжәлал Денизлі түрмесінің бір айлық азабын бір күнде тартқызған мына Афион түрмесінде сіз арқылы у қайтарғыш, секілді шипалық қасиеті бар «тәухид», "тахмид", "истиана" тақырыптарын яғни Аллаһты бірлеу, мақтау, көмек
сұрау және Мұхаммеди Рисалетті мойындататын ұлы айғақтарды нәсіп етті. Оқып жазуды Рисалей- Нұрдың саясында үйренген мына кемшілігі көп шәкіртіңіз қолымыздағы үш шағын Рисалені, құдды дән тұқымдар зәулім ағаштың бағдарламасын қамтып тұратыны секілді оларды да Рисалей-Нұрдың ақиқаттарының нақты дәлелі әрі белгілі мағынада қорытындысы, өзегі деп қабылдаудың.
Әрине, толық сипаттау қолдан келмесі анық, дегенмен оқығанда рухымыз шарықтап, көңіліміз тасып, уайым қайғымыз қуанышқа айналып, имани баудан түрлі жемістер әкеліп сыйлаған осы үш шағын рисаленің әрқайсысы қазіргі таңдағы күпірлікті, адасушылықты, табиғат жаратты дейтін қараңғы пікірді тас-талқан ететін Он Бір тәухид айғағы десек, екіншісі Рисалей-Нұрдағы барлық теңеу мысалдардың бұлағы, ұстазы «Фатиха» сүресі болса, бұл соның имани, киелі айғақтарын қамтыған құнды тәпсір, ал үшіншісі болса Афион абақтысында сіздің мүбәрак көкейіңізге келген Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы толық қанағаттанарлық керемет рисале. Біз ешбір құрметке әсте лайық емес болсақ та осындай қымбат рисалелеріңізді алдық. Бар күшімізбен аянбай қызмет етуге дайынбыз. Аллаһқа сансыз шүкір ете ұстазымызға былай дұға еттік: «Уа, Әрхам-ур Рахимин! стазымыз Саид Нұрсидан мәңгі бақи риза бол!»
"ӘЛ-ХУТБӘТ-ҮС ШАМИЯ" атты арабша дәрістің аудармасының кіріспесі
Азиз, адал бауырларым!
[Қырық жыл бұрын Шам қаласындағы Әмәуи мешітінде Шам ғұламаларының өтініші бойынша он мың адамға жуық көпшілік жиылған, ішінде жүздеген ілім иелері бар дүйім жамағатқа арабша берілген дәріс те яғни осы рисаледе айтылған ақиқаттарды бұрынғы Саид алдын ала сезіп, нақты болатындай сүйінші хабар беріп, жақында ол ақиқаттар жүзеге асады деп ойлаған. Алайда, ол жақсы хабарды дүниежүзілік екі соғыс және жиырма бес жылға созылған өктемшіл режим қырық жылға кейінге шегеріп кешіктірді. Енді, қазір сол кездегі сүйінші хабар қаз-қалпында Ислам әлемінде көріне бастады. Демек, бұл маңызы зор дәріс бұрынғы уақыты өтіп кеткен 1327 жылғы құтба емес, керісінше тікелей 1371 жылда болатын және Әмәуи мешіттің орнына Ислам әлемі мешіт ретінде, үш жүз жетпіс миллиондық жамағатқа арналған ақиқатқа толы, өміршең Ислами жаңа қоғам өміріне қатысты дәріс деп қабылдап, аударма жасап кітапша ретінде шығару егер дұрыс деп ұйғарсаңдар бастыруға болар.]
Өте маңызды сұрақтың өте маңызды жауабы осы жерге жазылуы керек болды. Өйткені, қырық жыл бұрын, бұрынғы Саид өзінің дәрісінде алдын ала сезгендей Рисалей-Нұрдың ғажап дәрістерін және керемет қызметін көргендей хабар берген. Сондықтан, сол сұрақ пен жауапты жазғанды жөн көрдік.
Көпшілік тарапынан мұндай бір сұрақ қойылып сұрап жатыр: "Мұнша қыруар дұшпандарға және қырсық философтар мен адасқандарға қарсы Рисалей-Нұр қарсы тұрып, төтеп беруі
таңғаларлық оқиға. Иман жайлы миллиондаған құнды кітаптар мен Ислам туралы шығармалардың жайылуына тосқауыл болып, азғындық және дүниялық өмірдің ләззаттарын көрсету арқылы көптеген бейшара жастарды, жалпы халықты иман ақиқаттарынан мақұрым қалдырып жатырған мына заманда және Рисалей-Нұрға сұмдық шүйлігіп небір азғырынды үгіт жүргізсе де және жала жауып халықты үркітіп бастартқызуға тырысып жатса дағы басқа кітаптармен салыстырғанда Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде кеңінен тарауы, тіпті басым көпшілігі қолжазбамен көбейтіліп алты жүз мың нұсқа оқырмандар арасынада қызыға оқылып, жасырын жайылып ел арасына, тіпті ел асып шетелдерге өзін қызығушылықпен оқытуы таңғаларлық жәйт. Мұның хикмет сырын ашып берсеңіз!" деген мағынада көптеген сұрақтарға жауап ретінде былай демекпін:
Хикметке толы Құранның кереметімен оның ақиқи тәпсірі боп табылатын Рисалей-Нұр бұл дүниенің өзінде мағынауи жәһаннам бар екенін, адасушылықтың өзі тозақ екенін көрсетеді. Сондай-ақ, имандылықтың ішінде бұл дүнияның өзінде рухани жәннат бар екенін дәлелдейді. Және, күнә, жамандық, харам нәрселердің ішінде рухани азапты көрсетіп, ал жақсы қасиеттерде, шариғаттың ақиқатарында, ізгі амалдарда жұмақтың рахатына ұқсас рухани ләззат бар екенін көрсетеді. Осылайша, азғын жолда адасып жүрген жандарды осы тұсынан келіп, егер ақиқатты тыңдарлық ақылы болса құтқарып қалады. Себебі, мына заманда екі сұмдық жағдай бар.
Біріншісі: Істің соңын ойламайтын және кейін болатын үлкен ләззатты дайын тұрған кішкентай ләззатқа айырбастап жіберетін бір сезім, ақыл мен ой-пікірді билеп алған. Сондықтан азғын жолда жүргендерді қайтарудың бір ғана шарасы бар. Ол, дәл сол ләззаттының ішінде азапты көрсетіп әлгі, соқыр құмарлық сезімді басу.
Тағаланы таныстырып, жәһаннамның бар екенін дәлелдеп, тозақ отымен қорқытып, "қисық жолдан, қайт, харамнан тиыл!" десең, он адамның тіпті жиырманың бірі ғана құлақ асып, сабақ алады. Сабақ алған соң, «Аллаһ Тағала аса мейірімді әрі кешірімшіл ғой және тозақтың ауылы алыс!» деп, қайтадан бұрынғы азғын жолын жалғастыра береді. Жанмен, жүрегін сезім билеп алған.
Міне, Риселей-Нұр көптеген теңеулер арқылы күпірлік пен адасушылықтың дүниядағы салдарын, сұмдық нәтижелерін көрсету арқылы ең қырсық, тым нәпсіқұмар адамдардың өздерін әлгі сасық та пасық харам ләззаттардан, азғындықтардан жиіркендіріп, ақылы бар жандарды бастартқызып тәубаға келтіреді. Ондай теңеулер, атап айтсақ, Жетінші, Сегізінші Сөздердегі қысқа мысалдар және Отыз Екінші Сөздің Үшінші тарауындағы ұзақ теңеу. Олар тым азғын, адасып жүрген бейбақты қорқытып дәрісін мойындатқызады.
Мысалы, Нұр аятында қиялмен саяхат жасаған кезімде ақиқат түрде көрген жәйтті қысқаша ишара түрінде баяндап берейін.
Егжей-тегжейлі білгісі келгендер болса, «Сикке-й Ғайбия» кітабының соңына қарасын.
Сол саяхатта көргенім: Ризыққа мұқтаж хайуанат әлеміне материалистік философия көзімен қарадым. Қарасам, олардың мұңмұқтажы бастан асады. Өздері аш әрі тым әлсіз, тым бейшара. Маған жан-жануарлар әлемі тым аянышты, ауыр халде көрінді. Осылай адасқандар мен бейқамдардың назарымен қарағаныма қатты өкіндім. Енді, Құран хикметімен, имани назармен қарадым. Сонда, "Рахман" есімі «Рәззақ» мағынасында жарық еткен Күндей шыға келді. Әлгі аш, бейшара тірі жандар рахымның сәулесіне бөленді. Сосын, хайуанат әлеміндегі төлдер мен нәзік нәрестелерге назарым ауды. Олар жаппай әлсіз, өте әлжуаз, тым мұқтаж, ауыр да мұңлы халде екендігі сонша айналасын аяныштан жылатқандай, қараңғы қалған бір әлемді көрдім. Оларға, адасқандар секілді қарағаныма: «Қап, әттеген-ай!» деп өкіндім. Дереу, иман маған бір көзілдірік сыйлады. Қарасам, «Рахым» есімі шәпқат мағынасында жарқ етті. Әлгі, аянышты әлемді керемет сұлу, шырын да әсем бейнеге ауыстырды. Жарқыратып жібергені сонша, қайғы-мұңнан, өкініш пен аяныштан аққан жасты, рахат пен шүкірдің шаттық сезімінен аққан қуаныш жасына айналдырды.
Енді, адамзат әлеміне назар аудардым. Оған да адасқандар секілді назармен қарағанымда ол әлем өте қараңғы, сұмдық қорқынышты көрінді. Жүрегім, аузыма тығылып: «Қап!» деп өкіндім. Өйткені, адам бойында толассыз армандар, шексіз-талап тілектер, неше түрлі ой-мақсаттар, мәңгі болмысты аңсайтын қалау - ниеттер, жәннатты аңсайтын талпыныс-қабылеттер және шек қойылмаған түрлі сезімдер мен сансыз мұң-мұқтаждықтар бар. Сонымен қатар, басына небір бәлелер үйір. Дүниеде сан-алуан қиыншылықтар мен қауіпті дұшпандар қоршап, өмірі тым қысқа және күн сайын, сағат сайын өлім қаупі төніп тұрады. Аласапыран тірлік, ауыр тұрмыс. Бұл әрине жүректі жаралап, рухты азапқа салатын жәйт. Бір жағынан, өмірдің аяқталуы мен айырылысып қоштасулар, бір жағынан қараңғы қапастай көрінген қабір, адамдар болса топ-топ болып сол қараңғы шұңқырға түсіп жоқ болуда. Міне, адамзат әлемін осындай қараңғы да мұңлы түрде көргенімде жүрегім де рухым да, ақылым да тіпті бүкіл сезімдерім зар еңіреп жылауға дайын еді. Кенет, Құраның Нұры, қуатты иман әлгі адасушылық назарды жойып, имани назар ұсынды.
Қарасам, Аллаһтың «Әділ» есімі «Хаким» көкжиегінде, «Рахман» есімі «Кәрим» көкжиегінде, «Рахим» есімі «Ғафур» көкжиегінде яғни мағынасында, Баис есімі «Уарис» көкжиегінде, «Мухий» есімі «Мухсин» көкжиегінде, «Раб» есімі «Малик» көкжиегінде әрқайсысы Күндей жарқырап, әлгі қараңғы және ішінде небір әлемдері бар адамзат әлемін жаппай жарыққа бөлеп, құлпыртып жіберді. Жәһаннамға ұқсас жағдайдан құтқарып, нұрлы ақырет әлеміне қарай тура терезе ашып, әлгі қайғылы адамзат дүниесін нұрландырып жіберді. Мен бұған дән риза болып, «Әлхамдулләһ, Әшшукрулиллаһ» дедім. Сонда, бұл дүнияның өзінде Иманның ішінде мағынауи жұмақ, ал күпірлікте мағынауи тозақ бар екеніне көзім жетті.
Енді, жер шары бір әлем болып көрінді. Қиялмен саяхат еткен кезімде дінді қабылдамайтын философияның қараң қалған табиғат заңдары бойынша қарағандықтан сұмдық қорқынышты боп көрінді. Жер шары зеңбіректің оғынан жетпіс есе жылдам қозғалып барады. Жиырма бес мың жылдық жолды бір жылда жүріп өтеді. Мұндай жылдамдықпен әрсәтте быт-шыт болуы мүмкін, ішкі
жағы дүмпіп жатқан, әбден қартайған жер шары сұмдық алып кеме тәрізді ұланғайыр кеңістікте саяхат жасап барады, үстінде шарасыз жағдайдағы адамзат бар. Бұл жағдай маған тым ауыр, қорқынышты болып көрінді. Көзім қарауытып, басым айналды. Философияның көзілдірігін жерге бір ұрып сындырдым. Кенет, Құранның хикметі, иманның даналығы арқылы нұрлы көзбен қарадым. «Қарасам», Аспан мен жерді жаратқан «Қадир», "Алим", "Раб" Аллаһтың, "Рабб-ус сәмәуат-и уәл ард", "Мусаххир-үш Шәмси уәл қамар" есімдері, рахым, азамет, рубубият көкжиегінде Күндей жарқырап нұрға бөледі. Әлгі, қараңғы, үрейлі, сұмдық боп көрінген әлем жапжарық боп кетті. Сол кезде менің иманды көзіме жер шары керемет, өте бағынышты, еш қауіпсіз, сенімді және әркімнің ризық несібесі ішінде жүктелген сенімді саяхат кемесі тәрізді көрінді және көңіл көтеру үшін, әрі сауда үшін тіршілік иелерін мінгізіп алып, Күнді айналып кезіп жүрген және жаз, көктем, күз мезгілдерінің өнімдерін тұтынушыларға таситын ұшақ яки поезд тәрізді көрдім. Жер шарының зәррелері санынша «Әлхамдуилләһ ала ниғмәт-ил Иман!» дедім.
Міне, осындай көптеген теңеулермен Рисалей-Нұр адасқандар мен азғындардың бұл дүнияның өзінде жәһаннам азабын шегіп жүргендерін, ал имандылар мен ізгі амал жасаушылар дүнияның өзінде рухани жәннатта рахаттанып жүргенін нақты дәлелдеп берген. Әрине, әркім оны иманның дәрежесіне қарай сезінеді. Бірақ, мына аласапыран заманда сезімді әлсіретіп ақылды шатастыратын, адамның назарын басқа жаққа аударып, ойды шашыраңқы қылатын ағымдар ақыл-ойды тұсаулап, есеңгіретіп тастағандықтан адасқандар рухани азапты әзірше нақты сезбей жүр. Һидаят бұйырған имандылар да ғапылдыққа салынып нағыз рухани ләззаттың дәмін ала алмай, қадірін білмей жүр.
Бұл ғасырдағы екінші қауіпті жағдай: Бұл заманда мутлақ күпірлік және пән-пәлсападан туындаған адасу сондайақ, күпірліктен пайда болатын қырсықтық, тәкаппарлық бұрынғы уақытпен салыстырғанда өте көп. Ескі заманда Ислам ғалымдарының дәрістері, айтқан дәлелдері адамдарды толық қанағаттандыратын. Көкейдегі күмән-күдікті тез арада жойып жіберетін. Ол кезде жұрт жаппай Аллаһқа сенетіндіктен Аллаһ туралы айтып, жәһаннам азабын еске түсіргенде көпшілік қисық жолдан қайтып, тәубаға келетін.
Бұрын бір елде бір түйір кәпір болса, қазіргі заманда бір ауылда жүз кәпір бар. Бұрын пәнмен, іліммен адасып қырсығып иман ақиқаттарына қарсы шығатындардан қазіргілердің саны жүз есе көп. Бұл тоңмойын қырсықтар перғауынға ұқсап тәкаппарлана, қыңырланып иман ақиқаттарына қарсы шығады. Сондықтан, оларға қарсы атом бомбасы секілді қуатты, олардың наным-сенімдерін парам-парша қылатын киелі ақиқат ләзім. Сонда ғана олардың шабуылы тоқтап, кейбірі иманға келеді. Міне, Құдайға сансыз шүкір, осы заманның мағынауи дерттеріне нағыз шипа боларлық Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизасы, нұр сәулесі Рисалей-Нұр көптеген теңеу-мысалдармен ең қырсық, тоңмойындарды да Құранның алмас қылышымен шауып, тас-талқан етуде. Әлемде қанша зәрре болса, сонша уахданиятқа дәлел көрсетеді яғни Аллаһтың бір екенін, иманның ақиқаттары рас екенін нақты түрде көзге шұқып тұрып көрсетеді. Жиырма бес жылдан бері небір шабуылдарға төтеп беріп, жеңіске жетуде.
Иә, Рисалей-Нұр иман мен күпірді салыстыра отырып, адасу мен тура жол қалай болмақ екенін көзбен көргендей дәлелдейді.
Атап айтар болсақ, Жиырма Екінші Сөздің екі тарауы, ондағы айғақтар, Лемалар, Отыз Екінші Сөздің бірінші бөлімі, Отыз Үш Мектубтың терезелер бөлімі және Аса-и Мұса, оның Он бір айғақтары. Міне осы аталған рисалелерді мұқият оқыса, қазіргі заманғы толық күпірліктің, қырсық дінсіздіктің сағын сындыратын, күлін көкке ұшыратын ақиқаттар Рисалей-Нұрда көрініс тапқан Құрани ақиқаттар екені белгілі болады.
Иншаллаһ, Тылсымдар топтамасы кітабында, діннің маңызы зор терең сырлары мен әлемнің жаратылу себептері қалай баяндалған болса, осы аталған жинақтарда солай топтастырылған. Дәл солай, адасқандар дүнияның өзінде тозақи өмір кешуде, ал тура жолдағылар дүниеде де жұмақи рахатта жүргенін көзге көрсетіп және иманда жәннаттың мағынауи тұқымы бар екенін, ал күпірлікте Жәһаннамдағы заққұм ағашының тұқымы болатынын дәлелдеген Рисалей-Нұрдың сол сияқты үзінділері қысқа да нұсқа бір кітапшаға топтастырылып жақында жарыққа шығады, деген үміттемін, иншаллаһ.
Ғазиз, адал, табанды да қайсар, жанкешті де сенімді бауырларым!
Өздеріңе мәлім, Анкарадағы сарапшылар Рисалей-Нұрға қатысты кәрәмәттер мен ғайби ишараларды жоққа шығара алмаған. Тек, бұрыс түсініп ол кәрәмәттарды менікі деп ойлап, «мұндай нәрселер кітапқа жазылмауы керек. Өйткені, кәрәмәтты паш етіп, айтуға болмайды!» деп, наразылық білдіріпті. Мұндай жеңіл мінеулерге жауап ретінде уәжнанамаларымда былай дегенмін:
Олар менікі емес және ондай кәрәмәттардің иесі болу менің қолымнан келмейді. Олар Қасиетті Құранның мағынауи мұғжизаларынан шашыраған нұр сәулелер Құранның нағыз тәпсірі болып табылатын Рисалей-Нұрдың бойыннан көрініс тапқан Иләһи илхам және шәкірттердің күш-қуатын арттыру үшін Аллаһтың сыйы.
Ал, икрамды яғни Аллаһтың сыйын көрсету, жұртқа айту шүкір болып табылады. Оған рұқсат бар және қабыл болатын амал. Енді қазір өте маңызды себепке байланысты, бұл туралы біраз түсініктеме жасайын.
Өйткені, «Бұл мәселені неге ашып айтып жатырсың, неліктен бұл мәселеге көп мән бересің, не үшін бірнеше айдан бері бұл тақырыпқа жиі тоқталып, кітаптарыңыздың көбі сол керемет жайлы болуда?» деген сауал қойылуда.
Жауабы: Бұл заманда мыңдаған бұзушыларға қарсы жүз мыңдаған жөндеуші керек бола тұра және Рисалей-Нұрдың имани қызметіне және маған жәрдемші әрі айтқанымды жазып отыратын жүздеген кісі керек бола тұра, қашқақтап жақындамау түгіл керісінше халық болып және билік басындағылар жоғары бағалап, құлшындыра демеу беріп, қолтығымнан сүйеу әрі бұл қызмет мәңгі өмірге қатысты болғандықтан, уақытша дүниелік өмірдің жұмыстарынан, пайда-табыстарынан жоғары қою иманды кісілерге уәжіп бола тұра, бұған мені мысалға алар болсақ, барлық нәрседен, жәрдемшілерден қол үздіріп, тиым салды. Сонымен қатар, олар бар күшімен бізге қарсы әрекет қылып, достарымның ынта-жігерін азайтып, оларды
менен, Рисалей-Нұрдан алыстатып, мен секілді қарт, науқас, әлсіз, жалғыз басты, ешкімді танымайтын шарасыз адамға мыңдаған адамның атқарар қызметін мойынына артып, оның үстіне әр түрлі қыспаққа алып, адамдарды қасына жолатпай, жұртты бездіруге, менің күш-жігерімді, ынтамды жоюға тырысқандықтан, міне осындай тосқауылдарға қарсы Рисалей-Нұр шәкірттерінің ынтажігерін арттыру мақсатында, соған ұйытқы болар деген оймен Иләһи икрамды, Аллаһтың сый-демеулерін жазып, осылайша РисалейНұрға мағынауи қолдау, назар аударту тұрғысында әрі Рисалей-Нұр жалғыз өзі-ақ (басқаларға мұқтаж болмай) әскери қол, бір армияның қуатындай жойқын күшті екенін көрсету үшін әлгіндей кәрәмәттар жаздырылды.
Әйтпесе, өзімізді құрметке бөлеу, жағымпаздану, атаққа ие болу деген нәрселерден аулақпыз. Одан Құдай сақтасын, ол РисалейНұрдың негізі саналатын ықыласты бұзу деген сөз. Иншаллаһ, Рисалей-Нұр өзін-өзі ешкімнің көмегінсіз қорғаштап, сақтағаны секілді және өзінің қадір-қасиетін көрсеткені секілді бізді де мағынауи түрде қорғаштап, кемшіліктеріміздің кешірілуіне себеп болар деген үміттеміз. Мен, барлық бауырларымнан, жәрдемшілерімнен әсіресе, дұға-тілектері қабыл болатын мүбарак бәйкүнә жандардан, қадірменді қарттар жамағатынан өтінерім, маған дұға етсін, мен де оларға дұға етіп әрқайсысына мыңдаған сәлем жолдап Қасиетті Рамазан айы құтты болсын демекпін.
Мына әлсіз бауырыңыз, анау наразылық білдірген ескі досқа һәм зерек жандарға және сендерге айтарым: Қасиетті Құранның нұр фейізімен Жаңа Саид, иман ақиқаттарын ақылға сиымды, көңілге қонымды етіп, ақиқатқа толы дәлелдермен бұлтартпас айғақтарға сүйеніп баяндап жатыр. Ол айғақтар мұсылман ғұламаларын түгіл өте қырсық батыс философтарын да қабылдауға мәжбүрлеп шарасыз қалдыруда. Ал енді, Рисалей Нұрдың қадір-қасиеті, оның