ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ МЕКТУБ
[Бұл жиырма алтыншы хат, бір-бірімен байланысы аз "Төрт тақырыптан" тұрады]
Бірінші тақырып
Ібілістің үнін өшіріп, шайтанды тойтарып, азғындардың аузын жапқан бірінші тақырып. Бейтарап түрде айтыса отырып шайтанның сұмдық бір айласына қарсы бұлтарпастай етіп тойтарыс берген бір оқиға. Бұл оқиғаның мазмұнын он жыл бұрын "Лемағатта" жазған едім. Осы рисаленің жазылуынан он бір жыл бұрын қасиетті Рамазан айында Стамбулдағы Баязит мешітінде қариларды тыңдап отыр едім. Кенет, бейнесін көрмедім бірақ, мағынауи бір дауыс естігендей болдым. Зеиінімді өзіне бұрды. Қиялыммен тыңдадым. Маған былай деді: Сен Құранды өте жоғары, аса жарқын қылып көресің. Бейтарап түрде сарапта. Бейтарап назармен қара. Яғни, адамның сөзі деп сана. Әлгіндей асқақ ерекшеліктерді көре алар ма екенсің ? Расында мен де соған алдандым. Адам сөзі деп ойлап сол назармен қарадым. Сондағы байқағаным Баязид мешітінің электр тетіктерін бұрап сөндірген кезде, бүкіл ғимарат қараңғылыққа оранатыны секілді, әлгіндей назармен
қараған кезде Құранның жарқын нұрлары жасырына бастады. Менімен сөйлесіп тұрған шайтан екенін сонда түсіндім. Мені құрдымға итермелеуде. Сол сәтте Құраннан медет сұрадым. Бірден жүрегіме нұр құйылды. Шайтанға қарсы тойтарыс беруге толық күш берді. Сол жерде шайтанға қарсы айтыс басталды. Мен былай дедім: Әй, шайтан. Бейтарап болу деген екі жақтың ортасындағы бір жағдай. Ал, сенің және адамдар арасындағы сенің шәкірттерің айтып жүрген бейтараптықтарың - қарсы жақтың аузын жабу. Бұл бейтараптық емес, уақытша дінсіздік. Өйткені, Құранға адамның сөзі деп қарау - Құранға қарсы жақты қолдау. Жалған нәрселерді жақтау. Тарапсыздық емес - керісінше өтірікке жақтасу.
Шайтан айтты: Ендеше Аллаһтың сөзі деме, адамның да сөзі деме. Ортадағы бір нәрсе деп қара.
Мен айттым: Олай да болмайды. Өйткені, дауға түскен бір зат, егер екі даугер бір-біріне жақын тұрса онда ол мүлік басқа біреудің қолында немесе екеуінің де қолы жетпейтіндей жерге қойылады. Қайсысы дәлелдеп шықса сол алады. Егер ол екі даугер, бір-бірінен өте ұзақта, бірі шығыста, екіншісі батыста болса, онда қағида бойынша кімнің иелігінде болса соның қолында қалдырылады. Өйткені ортада қалдыруға болмайды. Міне, Құран өте құнды бір мүлік. Адамның сөзі Жаратушы Хақтың сөзінен қаншалықты ұзақ болса, ол екі тарап та бір-бірінен шексіз ұзақ. Сондықтан, жер мен көктің ортасында қалдыру мүмкін емес. Оның үстіне, шексіз кеңістіктің ортасы да жоқ. Өйткені, болмыс пен жоқтық сияқты қарама-қайшы нәрсе, ортасы жоқ. Ендеше Құранның иесі Аллаһ. Сондықтан Соныкі деп қабыл ет. Сол тарапты растаушы дәлелдерге жүгін. Егер, қарсы тарап оның Аллаһтың сөзі екендігіне қатысты бүкіл дәлелдерді бір-бірлеп жоққа шығара алса, онда Құранға қол соза алады. Әйтпесе, оған қол соза алмайды. Тарт қолыңды.
Мыңдаған нақты дәлелдердің шегелерімен Ғаршы Ағзамға қағылған бұл алып алмастың әлгі шегелерін суырып, тіреулерін құлатып, түсіріп алуға қандай қолдың шамасы келеді. Міне, әй шайтан. Саған қарсы хақ пен ынсап өкілдері осындай ақиқатты үкім етеді. Тіпті, кішкене бір дәлелдің өзі Құранға деген имандарын арттыра түседі. Сенің және шәкірттерің көрсеткен жол, яғни, бір рет адам сөзі деп қарар болсақ, көп дәлелдердің мықтылығындай бір ғана дәлел керек болады. Расында
бұған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, сенің айлаңмен, бүгінгі күні бейтарап көзқараста болам дегендердің көбі, имандарын жоғалтуда. Шайтан қайта айналып былай деді: Құран адамның сөзіне ұқсайды. Солардың өзара сөйлесуі тәрізді жазылған. Демек, адам сөзі болғаны. Егер Аллаһтың сөзі болса, соған жарасатындай ғажайып бір тәрізде болар еді. Аллаһтың өнері адамның өнеріне ұқсамайды ғой. Онда сөзі де ұқсамауы керек. Былай деп жауап бердім:
Мәселен, Пайғамбарымыз (а.с.у.) мұғжизалары мен ерекше қасиеттерінен басқа іс әрекеттері мен адами жағдайларында қарапайым адам секілді иләһи заңдылықтар мен жаратылыс тәртіптеріне мойынсұнып бағынды. Ол да суыққа тоңған, қиындық көрген, тағысын тағы...
Бүкіл ахуалы мен жағдайларында әдеттен тыс таңғажайып бір жағдай берілмеген. Сондықтан үмметіне іс-әрекетімен имам болды. Басшылық етті, бүкіл әрекетімен үлгі болып дәріс берді. Егер бүкіл жағдайы әдеттен тыс таңғажайып болғанда барлық жағынан толық имам бола алмас еді. Баршаға абсолюттік ұстаз бола алмас еді. Бүкіл ахуалымен Рахметиллил Аламин бола алмас еді.
Сол сияқты, Құран Хаким сана иелеріне имам, жын мен адамзатқа мүршид, кәмілдерге жол көрсетуші, әһли ақиқатқа мұғалім. Олай болса, Құранның сөзі адамзаттың сөзіне ұқсауы қажет, бұл зәрулік. Өйткені, жындар мен адамдар мінәжатын содан алуда, дұғасын содан үйренуде. Мәселелерін соның тілімен айтуда. Қарым-қатынас әдептерін Содан тәлім етіп алуда. Тағысын тағы....
Барлығы Соны сүйеніш етуде. Ал, егер Хазіреті Муса (а.с.) Тур-ы Синада естіген Кәламуллаһ тәрізді болғанда, адамзат Оны тыңдауға және естуге шыдай алмас еді. Сүйеніш те ала алмас еді. Хазіреті Муса (а.с.) секілді ұлы тұлғаның өзі тек бірнеше сөзді естуге ғана шыдай алған. Муса (а.с.) былай деген:
Шайтан қайта айналып келіп былай деді: Құранның айтқан мәселелері сияқты мәселелерді көп адамдар дін атынан айтып жүр. Сондықтан бір адам дін атын жамылып осындай бір нәрсе жасауы мүмкін емес пе?
Біріншіден: діндар бір адам, дінге деген махаббатынан, Хақ былай, ақиқат мынадай, Аллаһтың әмірі былай дейді. Әйтпесе, Аллаһты өзі қалағандай етіп сөйлете алмайды. Өзіне-өзі шексіз зұлымдық жасап, Аллаһтың сөзіне ұқсатам деп, өзі Оның орнына сөйлей алмайды.
қағидасынан қорқады.
Екіншіден: бір адамның өздігінен бұлай жасауы және ондай ойын іске асыруы мүмкін емес нәрсе. Жүзде жүз бос әңгіме. Өйткені, бір-біріне жақын кісілер, бір-біріне еліктей алады. Бір жыныстан болғандар бір-бірінің бейнесіне кіре алады. Мәртебелері бір-біріне жақын болғандар бір-біріне ұқсас әрекет ете алады. Адамдарды уақытша алдай алады. Бірақ, тұрақты түрде алдай алмайды. Өйткені, мұқият бақылаушылардың назарында қалай болғанда да өтірік екендігі көрініп қалады. Айласы үнемі жалғаса бермейді. Бірін-бірі қайталауға тырысып жатқандар, бір-біріне үйлеспейтін болса. Мәселен, қарапайым бір адам Ибн Сина секілді бір дананың ғалым ретіндегі атын жамылғысы келсе немесе бір шопан патша болып көрінгісі келсе ешкімді де айдай алмайды. Қайта өзі масқара болады. оның әрбір әрекеті "Бұл өтірікші" деп жар салатын болады. Сонымен, Астағфирулла, жүз мың мәрте Астағфирулла...
Құран адамның сөзі деп қаралатын болса, мысалға бір жарқырауық қоңыз аспанды бақылаушыларға мың жыл бойы шынайы бір жұлдыз болып көріне ала ма? Сондай-ақ бір шыбын бір жыл бойы өзін тамашалаушыларға әсем тауыс құсы суретінде көріне ала ма? Сондай-ақ, жалған ат жамылушы сауатсыз бір сарбаз, жоғары дәрежелі бір маршалдың орнында отырып, соның міндетін атқарып, мұнысын ұзақ уақыт сездірмей жүре ала ма? Сондай-ақ жалақор, өтірікші, сенімсіз бір адам ең сенімді, нағыз дос, шыншыл бір кісінің болмысын, соның бүкіл қасиеттерін ең өткір назарлы жандардың көз алдында өмір бойы сездірмей жүруі, ғалымдардың алдында білдіріп алмауы мүмкін бе? Бұлай болуы мүмкін емес. Бұған ешбір ақыл иесі мүмкін дей алмайды. Бұлай болуы мүмкін деп ойлау, сандырақ. Дәл солай да, Құранды адамның сөзі деп ойлау - Ислам әлемінің аспанында үнемі ақиқат нұрын шашып жарқырап тұрған ақиқат жұлдызы, кемелдіктің күні саналатын Кітаб-ы Мүбиннің мәнісі, Құдай сақтасын! Жылтырауық қоңыз секілді өтірікші бір адамның шылдыр-шатпағы екен де, оның
жанында жүріп мұқият назар аударушылар байқамай қалыпты. Оны, ақиқаттың сарқылмас бұлағы, жарық жұлдыз деп біліпті, дегенмен бірдей. Бұл дегенің қисынсыздықтан жүз есе қисынсыздық. Әй, шайтан. Сен шайтандықта жүз есе дамып кетсең де мұны мүмкін дегізе алмайсың. Есі дұрыс ешбір ақылды алдай алмайсың. Тек, ұзақтан қарату арқылы алдайсың. Жұлдызды, жарқырауық қоңыз секілді кішкене етіп көрсетесің.
Үшіншіден: Құранды адамның сөзі деп қарар болсақ. Қалдырған іздері, әсерлері, нәтижелері арқылы адамзат әлемінің көз алдында асқақ рухты, өмірге нәр беруші, ең дұрыс, бақыт сыйлаушы, сөз саптауы мұғжизалы, ең көп тыңдаушысы бар жақсылықтың жоғарғы үлгілері арқылы жақсы мен жаманды айырушы, сырлы ақиқаттың Құдай сақтасын! Көмекшісі жоқ білімсіз бір адамның ойынан шығарғаны болуы, жанында жүріп оны бақылаушы даналардың, қай жағынан қарағанда да одан ешқашан алаяқтықтың, өтірік істеудің ізін де байқамауы, әрқашан шынайы, ықыласты екендігін көру мүмкін бе. Бұл жүз есе мүлдем қисынсыз болуымен қатар, бүкіл әрекеттерімен, сөздерімен, хал жағдайымен, өмір бойы сенімділігімен, иманымен, ықыласты, шынайылықты, тура жолды көрсетіп сабақ берген және солай мойындалған сыддықтарды тәрбиелеген, ең жарқын, ең жоғарғы қасиеттерге ие деп танылған бір кісіні, ең сенімсіз, ықылассыз ең елеусіз жан деп ойлауы, ақылға сыймас нәрсені мойындау, шайтанды да ұялтатын сандырақ. Өйткені, бұл мәселенің ортасы жоқ. Қисынсыз болса да Құран Аллаһтың сөзі емес деп саналса, онда ол ғарыштан жерге түскендей болып құлдырайды. Ортада қала алмайды. Ақиқаттың жиынтығы дәрежесінен, қисынсыз бос әңгімелердің бұлағына айналады. Ал, сол ғажайып бұйрықтарды жеткізуші кісі (Астағфирулла, Құдай сақтасын) егер Аллаһтың елшісі болмаса онда биіктердің ең биігінен төмендердің ең төменіне құлдырауы және кемелдіктің қайнары дәрежесінен айлакерлердің басшысы деңгейіне түсуі керек болады. Ортада қала алмайды. Өйткені, Аллаһтың атынан жала жабушы өтірікші біреу ең төменгі дәрежеге түседі. Бір шыбынды тұрақты түрде әсем тауыс құсы етіп көру және сол шыбыннан тауыс құсының бүкіл ерекшеліктерін көріп тамашалау, қаншалықты қисынсыз нәрсе болса бұл мәселе де дәл солай қисынсыз. Мұндайды мүмкін дей алу үшін жаратылыстан есуас, мас, жынды болу керек.
Төртіншіден: Құранды адамның сөзі деп қабылдау үшін: Адамзаттың ең айбынды әскері, Мұхаммед (с.а.у.) ның үмметінің киелі қолбасшысы болған Құран Кәрім, көріп тұрғанымыздай қуатты заңдарымен, негізді қағидаларымен, өткір әмірлерімен сол айбынды қалың әскерді екі дүниеде жеңіске жететіндей жүйелі тәртіпке келтіріп, материалдық және рухани жағынан қаруландырып, бүкіл әскердің дәрежелеріне қарай ақылдарына тәлім, жүректеріне тәрбие беріп рухтарын бағындырып, арын тазартып, ағзалары мен сезімдеріне қызмет, міндет жүктеп отырғанына қарамастан (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) күшсіз, құнсыз, негізсіз құрама сөздер деп қарап жүз есе қисынсыздықты мойындау керек болады. Сонымен қатар өмір бойы салмақты әрекеттерімен Аллаһтың заңдарын Адам баласына үйретуші, шыншыл істері арқылы ақиқат қағидаларын адамзатқа дәріс берген, ақылға қонымды сөздері арқылы тура жол мен бақыттың негіздерін көрсетіп орнықтырған және өмір тарихының куәландыруымен Аллаһтың азабынан қатты қорыққан және Аллаһты бәрінен де жақсы таныған, таныстырған, адамзаттың бестен біріне Жер шарының жартысына бір мың үш жүз елу жылдан бері кемел тұлғасымен қолбасшылық еткен және жер-жаһанды дүр сілкіндірген даңқымен адамзаттың, тіпті бүкіл ғаламның мақтанышына айналған Тұлғаны (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) Аллаһтан қорықпайтын және Оны білмейтін, өтіріктен тартынбайтын қасиетсіз деп ойлап. Жүз есе қисынсыз нәрселерді .... қабылдау керек болады. Өйткені, бұл мәселенің ортасы жоқ.
Ал, қисынсыз болса да Құран Аллаһтың сөзі емес деп қабылданса ғарыштан жерге түседі. Ортада қала алмайды. Тіпті, жерде де өтірікші біреудің шатпағы деуге тура келеді. Ал, бұлай деу арқылы ей, шайтан, сенің шайтандығың жүз есе артып кетсе де есі дұрыс ешбір ақылды алдай алмайсың, бұзылмаған ешбір жүректі сендіре алмайсың.
Шайтан қайта айналып, былай деді: Қалай сендіре алмаймын. Талай адамдарға, соның ішінде атақты ақылдыларына Құранды да, Мұхаммедті де мойындатпай қойдым, алдадым ғой.
Жауап: Өте ұзақтан қарар болса, ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе секілді болып көрінеді. Бір жұлдызды жағылған шырақтай ғана деуге болады. Екіншіден, арнайы мұқият қаралмай, атүсті қаралатын болса, мүлдем қисынсыз бір нәрсе мүмкін нәрсе секілді болып көрінуі мүмкін.
Бір күні бір қарт адам, Рамазанның жаңа туған айын көру үшін аспанға қарапты. Көзіне түскен ақ қылды ай деп ойлапты. Содан, "Айды көрдім" депті. Ал, енді сол ағарған қылдың расында ай болуы мүмкін емес. Ал, ол әдейі айды көргісі келіп аспанға қарағандықтан көз алдындағы ақ қылды ай деп көрді. Қисынсыз нәрсені шын деп қалды.
Үшіншіден: Қабыл етпеу бір басқа, теріске шығару бір басқа. Қабыл етпеу - немқұрайлылық, көзжұмбайлықтан надандықтан туындайтын қарарсыздық. Бұлардың ішінде көптеген қисынсыздықтар жасырын жүре береді. Әлгінің ақылы, бұл нәрселерге басын қатырмайды. Ал, жоққа шығару - мойындамау емес, жоқ нәрсені бар деп білу. Бұл үкім. Оның ақылы жұмыс істеуге мәжбүр. Мұндай жағдайда сен құсаған бір шайтан оның ақылын алып қояды. Сосын оған жоққа шығартқызады. Һәм, ей шайтан, өтірікті ақиқат, қисынсыздықты мүмкін етіп көрсететін мән бермеу, бұра тарту, бос нәрселермен айналысу, қырсықтық, шытырман шатпақ сөздерге еру, тәкаббарлық, бұрыңғылар солай деген секілді шайтани айлалармен көптеген қисынсыздықтарды мақұл көретін күпір мен жоққа шығаруды, әлгі адам бейнесіндегі бейбақ хайуандарға мойындатқансың!
Төртіншіден: Құранды адамның сөзі деп қабылдау үшін адамзат аспанында жұлдыздардай жарқыраған Асфияларға, Сыддықтарға, Құтыбтарға жол көрсеткен және әрқашан да хақ пен ақиқатты, шындық пен адалдықты, сенім мен аманатты кемелдіктің барлық дәрежесіндегі жандарға үйретіп, Иман ақиқаттары мен Ислам қағидалары арқылы екі жиһанның бақытына қол жеткіздірген және осы істері оның таза, кіршіксіз, ең дұрыс кітап екендігіне дәлел болып тұрған бір Кітапты, қасиеттері мен әсерін, нұрларын жоққа шығара отырып, керісінше ойлап, (Құдай сақтасын) жасандылық пен жалалардың жиынтығы деп қарау, скептиктер мен шайтандарды да ұялтып, қалтырататын күпірліктің сандырағы деу керек. Сонымен қоса, Өзі жеткізген діні мен Ислам шариғатының куәлігі бойынша және өмір бойғы тақуалығы, шынайы, саф құлшылығы, өн бойындағы көркем мінез құлықтың жемісі ретіндегі өзі жетілдірген бүкіл әһли ақиқаттың және кәмілдердің куәлік етуімен ең дұрыс сенімдегі, ең мықты, ең сенімді, ең шыншыл Кісіні (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) сенімі бұрыс, ең сенімсіз, Аллаһтан қорықпайтын, өтіріктен тартынбайтын біреу деп ойлау - қисынсыздықтың ең жиіркенішті, ең сорақысын жасап, адасудың зұлымдыққа толы қою қараңғылығына кіру.
Қорытынды: Он тоғызыншы Хаттың он сегізінші ишарасында айтылғандай тек уағыз естіп қана жүрген, оқу-жазуы жоқ қарапайым кісілердің өзі Құранның мұғжизалығын түсіну мәселесінде былай деген екен: Құран, мен естіп жүрген бүкіл кітаптардың және әлемдегі барлық кітаптармен салыстырылса, еш қайсысына да ұқсамайды, олардың дәрежесінде емес.
Олай болса, Құран я олардың барлығынан төмен немесе барлығынан да жоғары дәрежеде. Бәрінен де төмен деу мүлде қисынсыз, мұны ешбір дұшпан, тіпті шайтан да айта алмайды, қабылдамайды. Олай болса, Құран бүкіл кітаптардан жоғары. Ендеше ол мұғжиза.
Олай болса, біз де Шариғат ілімі, логика пәні және өлшеу, бөлу секілді нақты ғылымдардың дәлелдері арқылы айтарымыз: Ей, шайтан және ей, шайтанның шәкірттері! Құран не Аршы Ағзамнан, Исм Ағзамнан жеткен Келамуллаһ, не болмаса (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) жерде Аллаһтан қорықпайтын, Аллаһты білмейтін, дінсіз бір адамның сандырағы.
Ей, шайтан! Алдыңғы дәлелдерге қарсы келіп, мұны айта алмайсың, айта да алмайтын едің. Айта да алмайсың. Олай болса, міндетті түрде, еш күмәнсіз, Құран Халиқ-ы Каинаттың сөзі. Өйткені, ортасы жоқ, болуы да мүмкін емес. Нақты дәлелдегенімізді сен де көрдің, естіп те тұрсың. Сондай-ақ, Мұхаммед (с.а.у.) я Пайғамбар және бүкіл Пайғамбарлардың ең кемелі және бүкіл жаратылыстардың ең жоғарғысы немесе (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) Аллаһқа жала жауып, Оны танымайтын, азабына сенбегендіктен дінсіз төмендегілердің ең төменінде қалған біреу деп ойлау керек.
{ Сілтеме: Құран Хакімнің кәпірлердің күпіршіліктерін және жиіркенішті сөздерін жоққа шығару үшін айтқандарына сүйене отырып, адасқандардың күпіршілік ойларын толығымен жоққа шығарып, олардың бұл ойларының дұрыс емес екендігін көрсету үшін, қорқыныштан қалтырай отырып мына сөздерді қолдануға мәжбүр болдым.}
Ей ібіліс! Сен де және сенің сенім артқан Европа философтары мен Азия мұнафықтары да мұны айта алмадыңдар, айта да алмайсыңдар. Айтпадыңдар да айтпайсыңдар да. Өйткені, бұл дүниеде бұл ықтималды тыңдайтын да, қабылдайтын да ешкім жоқ. Сондықтан, сен сенім артқан сол философтардың ең бұзықтары және әлгі мұнафықтардың ең арсыздары Мұхаммед Араби (с.а.у.) Өте ақылды және аса көркем мінезді еді дейді.
Сонымен бұл мәселе екі ықтималға ғана тіреледі. Ал, бұл мәселенің ортасы жоқ екенін нақты дәлелдермен дәлелдедік. Сен және саған ергендер жақтырмасаңдар да ешбір күмәнсіз және анық түрде Мұхаммед Араби (с.а.у.) Пайғамбар және бүкіл Пайғамбарлардың кәмілі, бүкіл жаратылыстардың ең абзалы.
ШАЙТАННЫҢ ТАҒЫ БІР АЗҒАНТАЙ ҚАРСЫЛЫҒЫ.
сүресін оқып отырып
Аяттарына келген кезде шайтан былай деді:
Құранның ең негізгі шешендігі, оның бір нәрсені оңай және анық түсіндіруінде деп білесіңдер. Ал, енді мына аят қай жерден қай жерге секіруде. Адамның жантәсілім кезінен, сонау қияметке бірақ аттайды. Сүр үрленуден бастап, Махшарда есеп берудің аяғына өтіп кетеді де Жәһаннамға кіргізуді сөз қылады. Бірден бірге өтіп жатқан мұншама түсініксіз жағдайларда оңай түсіндіру дегендерің қайда қалды? Құранның көп жерлерінде осындай бір-біріне қатысы жоқ мәселелерді біріктіріп жібереді. Бір-біріне үйлеспейтін нәрселер айтылып жатқан жерде оңай түсіндіру, шешендік бола ма?
Жауап: Құранның мұғжизалығының ең маңыздылары шешендігінен кейін келетін аз сөзбен көп мағына жеткізу. Бұл, Құран мұғжизаларының ішіндегі ең мықты, ең маңызды негізі. Құран Хакімде азғантай сөзбен көп мағына жеткізудің көптігі, көркемдігі сонша зерттеушілер қайран қалуда.
Мәселен,
бірнеше қысқа сөйлемдермен өте үлкен "Топан су" оқиғасын нәтижелерімен қоса қысқа да нұсқа және мұғжизалық түрде баяндағаны сол, көптеген шешен, ділмәрлар оның шешендігіне сәжде еткен.
Сәмуд қауымына қатысты таң қаларлық және өте маңызды оқиғаны, нәтижелерімен қоса және осылай сұмдық аяқталуын, бірнеше қысқа сөйлемдер арқылы, көп мағына жеткізіп, мұғжизалы түрде түсінікті, анық және зейінді шаршатпай баяндауда.
اَنْ لَنْ نَقْدِرَ عَلَيْهِ сөйлемінен فَنَادٰى فِى الظُّلُمَاتِ сөйлеміне дейін қаншама сөйлемдер бүркелген, сол айтылмай тұрған сөйлемдер ойды шашыратпайды, оңай түсініп кетуге кедергі болмайды. Хазрет Юнус Алейһиссаламның қыссасындағы негізгі нәрселерді айтады. Қалғанын ақылға тапсырады.
Сондай-ақ, Юсуф суресінде فَاَرْسِلُونِ сөзінен يُوسُفُ اَيُّهَا الصِّدّ۪يقُ сөзінің арасындағы жеті-сегіз сөйлемді азғантай сөзбен көп мағына жеткізу арқылы аттап өткен. Бұл ойды бұзбайды. Оңай түсінуге кедергі болмайды. Мұндай мұғжиза дәрежесіндегі қысқа қайырулар Құранда
өте көп және өте жарасымды. Ал, قٓ сүресінің аятындағы қысқа қайыру өте ғажап және мұғжизалық қасиетке ие. Өйткені, кәпірдің өте сұмдық, өте ұзақ және бір күні елу мың жыл боларлық болашағына және сол болашақтың үрейлі құбылыстарында кәпірдің басына келетін азаптар мен маңызды оқиғаларға жеке-жеке тоқталады. Найзағай секілді, ойды соларға қарай бұруда. Сондай ұзақ кезеңдерді дайын тұрған бір парақтай жайып салуда. Айтылмай қалған нәрселерді қиялға қалдырып, өте анық түрде баяндайды.
Ей шайтан! Тағы да айтар сөзің болса айт. Шайтан былай деді: Бұларға қарсы келе алмаймын, қорғана да алмаймын. Бірақ, мені тыңдайтын ақымақтар бар. Сондай-ақ адам бейнесіндегі көптеген шайтандар бар, маған солар жәрдем беруде. Философтардың ішінде көптеген перғауындар бар, менмендіктерін қоздыратын мәселелерде менен сабақ алады. Сенің мұндай сөздеріңнің жайылуына кедергі болады. Сондықтан саған берілмеймін.
ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП
[Бұл тақырып, маған әрдайым қызмет көрсетіп жүрген кісілердің менің мінезімнен байқап жүрген түсініксіз қайшылықтарға таң қалуларына байланысты.Сондай-ақ екі шәкіртімнің мен туралы шектен тыс жақсы ойларын байыпқа келтіру үшін жазылды.]
Құран Хакімнің ақиқаттарына тиесілі кейбір кемелдіктер - сол ақиқаттарды жариялап, соған дәнекер болып жүргендерге телініп жатқанын байқап жүрмін. Бұл қате нәрсе. Өйткені қайнар бұлақтың киелілігі көптеген дәлелдерден артық әсер береді. Сол арқылы өз үкімдерін бұқараға қабыл еткізеді. Жариялаушы немесе уәкіл болған жан оған көлеңке болған кезде, яғни назар соларға ауатын болса, қайнардағы киеліліктің әсері жоғалады. Осы сырға байланысты маған шектен тыс назар аударушы бауырларыма бір ақиқатты жеткізейін. Ол былай: Бір адамның бірнеше қасиеті (бейнесі) бола береді. Бұл қасиеттер әлгі адамның әр түрлі мінездерін көрсетеді. Мәселен, үлкен бір қызметкердің қызмет орнындағы бейнесі байсалдылықты талап етеді. Қызмет орнының беделін қорғайтындай ұстанымды талап етеді. Мәселен, жұрттың бәріне кішіпейілділік көрсете беру, қызмет орнын төменсіту болады. Алайда өз үйіндегі жағдай қызмет орнына керағар мінездерді қажет етеді. Қанша кішіпейілділік танытса да жарасады.Үйінде аз ғана мінез көрсетер болса тәкәппарлық болады... Демек бір адамның атқаратын міндетіне сай бейнесі болады. Ол бейнесі өзінің шынайы бейнесіне қайшы келе береді. Егер міндет жүктелген кісі сол міндетке шынында да лайық болса және қабілеті толық сәйкес келсе, онда екі бейнесі бір-біріне жақын болады. Егер қабілеті сәйкес болмаса, мәселен бір сарбаз, бір маршалдың орнына отырғызылса, ондағы екі бейне бір-бірінен ұзақ болады. Ол сарбаздың өзіндік қарапайым қасиеттері, отырған орнының талап ететін жоғарғы қабілеттермен үйлесе алмайды.
Міне осылай қарайтын болсақ, бұл бейшара бауырыңызда үш болмыс бар. Олар бір - бірінен өте ұзақ.
Біріншісі: Құран Хакимнің аса қымбат қазыналарының жаршысы тұрғысынан алғанда, маған уақытша берілген, Құранға ғана тиесілі бейнем бар. Сол жаршылықтың талабы бойынша менде өте жоғарғы мінез бар, ол менікі емес. Мен оның иесі емеспін. Олар сол орынның, сол міндеттің қасиеттері. Сол қырымнан алғанда менен не көрсеңдер де олар менікі емес. Менің ол жағыма қарамаңдар. Олар сол орындікі.
Екіншісі: Құлшылық уақытында, Аллаһтың құзырындағы кезімде Жаратушы Хақтың жарылқауымен маған бір болмыс беріледі. Бұл болмысымның кейбір қасиеттері, кейбір жағдайлары құлшылықтың негізгі мағынасы болған: "Кемшілігін білу, пақырлығы мен әлсіздігін түсіну, өзін төмен ұстап, Аллаһтың дәргейіне жалбарыну" тұрғысынан келеді. Ол жағым бойынша өзімді әркімнен артық бейбақ, әлсіз, пақыр, кемшілігі көп біреу етіп көремін. Бүкіл әлем мені мақтап, дәріптеп жатса да, өзімнің жақсы да кәміл жан екендігіме сендіре алмайды.
Үшіншісі: Шынайы тұлғам: Яғни Бұрынғы Саидтан қалған тұлғам. Ол да Бұрынғы Саидтан мирас болып қалған қасиеттер. Кейде рияға, даңққұмарлыққа деген қалау оянады. Сондай-ақ атақты әулеттен де емеспін. Сараңдық болып көрінетін үнемшілдігім, нашар мінезім бар.
Ей бауырлар! Сендерді өзімнен мүлдем алыстатып алмау үшін бұл бейнемнің көптеген кемшіліктерін және жағымсыз жақтарын айтпай-ақ қояйын.
Бауырларым ! Мен белгілі бір орным бар, қабілеттеріме сай адам емеспін. Өз бейнем, жаршылық және құлшылық міндеттерімдегі мінез-құлық пен жағдайлардан ұзақ.
Сондай-ақ,
қағидасы бойынша, Жаратушы Хақ мейірімді құдіретін осылай көрсетіп тұр. Ең елеусіз сарбаз секілді мына болмысымды ең жоғарғы маршалдық дәрежедегі Құран сырларының қызметіне жұмсауда. Жүз мың шүкір. Нәпсі - бәрінен төмен, атқарар міндет бәрінен жоғары.
ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП
Яғни:
"Сендерді тайпа - тайпа, ұлыс - ұлыс, ру - ру етіп жараттым. Осылайша бірін - бірі танысын, араларыңдағы қоғамдық өмірде бірі - біріне жәрдем етсін деп, әйтпесе сендерді бір - біріне бөтенси қарап, қастандық жасап, жау болсын деп ұлыс - ұлыс етпедім".
Бұл тақырып «Жеті мәселеден» тұрады.
Бірінші мәселе: Бұл аятта айтылып тұрған ұлы ақиқаттың қоғамдық өмірге қатысы болғандықтан, қоғамдық өмірден бас тартуды қалайтын Бүгінгі Саидтың тілімен емес, Исламның қоғамдық өмірімен байланысы болған Бұрыңғы Саидтың тілімен, Ұлы Құранға қызмет ету мақсатында және орынсыз шабуылдарға тосқауыл қойсам деген оймен жазуға мәжбүр болдым.
Екінші мәселе: Осы аят ишара етіп тұрған "тану және жәрдемдесу қағидасын" түсіндіру үшін былай дейміз: Мәселен бір әскер дивизияға, дивизия полктарға, полктар батальондарға, роталарға, бөлімшелерге бөлінеді. Бұл, әрбір сарбаздың әркіммен әр түрлі байланыстары, сол байланыстарға қарай әр түрлі міндеттері бар екенін танып білуі, әрбір сарбаз бір - біріне көмектесу қағидалары бойынша, бүкіл әскердің негізгі міндетін атқаруы, қоғамдық өмірдің жаудың шабуылынан аман болуы үшін қажет. Әйтпесе, бұл бөлінулер
бір ротаның екінші ротаға, бір бөлімшенің екіншісіне қарсы әрекет етуі үшін емес. Дәл солайда да, Ислам әлемінің қоғамдық тұтастығы ұлыстар мен ұлттарға бөлінген - үлкен бір әскер.
Алайда оларды біріктіретін мыңдаған бірліктер бар. Жаратушылары бір, Рызықтандандырушылары бір, Пайғамбарлары бір, Құбылалары бір, кітаптары бір, отандары бір, бір, бір ... мыңдаған бір бірлер.
Міне осыншама бір - бірлер бауырластықты, махаббатты және бірлікті талап етеді. Демек, ұлттар мен ұлыстарға бөліну, осы аяттың айтып тұрғанындай, танысу үшін, жәрдемдесу үшін екен...теріске шығару, қастасу үшін емес.
Үшінші мәселе: Ұлтшылдық пікірі осы ғасырда тым асқынып кетті. Әсіресе айлакер Европа залымдары мұсылмандардың арасына іріткі салып, жеке-жеке билеп төстеу үшін осы пікірді қоздырып тұр.
Сондай - ақ ұлтшылдық пікір, нәпсіге ұнайды. Алдамшы ләззат бар, қатыгез күш бар. Сондықтан қазіргі таңда қоғамдық өмірге араласып жүргендерге "Ұлтшылдық пікірді таста" деуге болмайды. Бірақ, ұлтшылдық пікірі екі түрлі. Біріншісі - болымсыз, қатыгез, зиянды. Өзгені жұтумен қоректенеді. Басқаларға дұшпандық ету арқылы жалғасады. Сақ жүреді. Бұл, қастасу мен аласапыранға себеп болады. Сондықтан Хадис Шәріпте
деп бұйырады. Құран да:
деп бұйырады. Міне осы Хадис Шәріп пен Қасиетті Аят, болымсыз ұлтшылдық пен нәсілшілдік пікірді үзілді-кесілді қабыл етпейді. Өйткені Кемел де қасиетті Исламият қауымдастығы, оған мұқтаж емес. Үш жүз елу милионнан асатын қандай ұлт бар! Исламияттың орнына нәсілшілдік пікірі, сол пікір иесіне осыншама бауырларды, оның үстіне мәңгілік бауырларды тауып бере ала ма? Тарихта болымсыз ұлтшылдықтың зардаптары көп.
Мысалға: Әмәуилердің саясатына біраз ұлтшылдық пікірі араласқандықтан, Ислам Әлемін де ренжітті, өздерінің де басына көп пәлекеттер келді. Сондай - ақ, Еуропа халықтары осы ғасырда ұлтшылдық пікірін алға тартқандықтан, француздар мен немістердің арасындағы аса қатыгез жауласушылықты былай қойғанда Дүние Жүзілік Соғыстағы сұмдық оқиғалар, ұлтшылдықтың адамзатқа қаншалықты зиянды екенін көрсетті.
Бізде де демократияның алғашқы жылдарында болымсыз ұлтшылдық пікірімен (Вавилонның күйреуі кезеңінде адамдардың әр тілде сөйлеп кетуі мен халықтардың шағын топтарға бөлініп кетуі сияқты) Гректер мен Армяндар бастаған "клубтар" деп аталатын, адамдар арасына іріткі салатын көптеген ұйымдар пайда болды. Қазір солардың бәрінің де шетелдіктердің қармағына түсіп, қиын жағдайларға тап болуы, болымсыз ұлтшылдықтың зиян екендігін көрсетті.
Қазіргі таңда бір-біріне мұқтаж , біреуі екіншісінен бетер зұлымдыққа душар болған, бірінен бірі өткен кедей және шетелдіктердің табанының астында езілген. Мұсылман халықтардың арасында ұлтшылдық деген ойдың кесірінен, бір-біріне бөтенси қарау, бірін-бірі жау санау, айтып жеткізе алмайтын қасіретке айналды. Масаның шағуына қарсы қорғанып, улы жыландарға мән бермейтіндей есуастық жасап, айдаһардай Еуропаның тойымсыз араны ашық тұрғанда оларға мән бермей , тіпті солардың сойылын соққандай, ұлтшылдық сезіммен Шығыс аймақтардағы отандастармен немесе Оңтүстіктегі діндес бауырлармен жауласуы өте зиян. Оңтүстікте жау жоқ. Ол жақтан қауіптенудің қажеті жоқ. Оңтүстіктен жеткен Құран нұры бар. Исламият нұры келді, ол бізде бар, бүкіл жерде де бар. Міне ол діндастарға дұшпандық жасау, айналып барып Исламиятқа, Құранға тиеді. Исламиятқа, Құранға қарсы жауласу - бүкіл отандастардың екі дүниелік өміріне қастандық. Ұлттың қоғамдық өміріне қызмет етемін деп жүріп, екі дүниенің ірге тасын талқандау жанашырлық емес, ақымақтық.
Төртінші Мәселе: Болымды ұлтшылдық, қоғамдық тіршіліктің ішкі қажеттілігінен бастау алады, өзара көмекке, ауызбіршілікке себеп болады. Пайдалы бір күш алуға себі тиеді, Ислами бауырластықты одан сайын бекіте түсуге дәнекер болады.
Осы болымды ұлтшылдық пікірі Исламға қызметші болуы керек. Қамалы, сауыты болуы тиіс. Алайда оның орнын баспауы керек.
Өйткені, Ислам бауырластығының ішінде мыңдаған бауырластық бар, мәңгілік әлемде және барзах әлемінде сол бауырластық жалғаса береді. Сондықтан, ұлттық бауырластық қаншалықты қуатты болса да, Исламның бір бөлшегі ғана бола алады. Әйтпесе, Исламның орнына ұлтшылдықты әкелу қамалдың тастарын, қамалдың ішіндегі алмас қазынасының орнына қойып, алмастарды сыртқа тастағандай ақымақтық, қылмыс.
Ей, Құранға мойынсұнған Осы Отанның перзенттері! Алты жүз жыл емес, расында Аббасилер заманынан бері, яғни, мың жылдан бері Құран Хакимнің ту ұстаушысы ретінде бүкіл жиһанға қарсы майдан ашып, Құранды жарияладыңдар. Ұлтшылдықтарыңды Құранға және Исламиятқа қамал еттіңдер! Бүкіл әлемді ауыздарыңа қаратып, сұмдық шабуылдарды тойтардыңдар, сөйтіп:
аятының тамаша бір растаушысы болдыңдар. Енді, Еуропаның және еуропашыл мұнапықтардың айлаларына ұйып, осы аяттың алдындағы сөздің растаушысы болудан тартынуларың және қорқуларың керек.
Мән беретін бір жағдай: Түрік халқы, мұсылман халықтарының ішінде ең көбі бола тұра, дүниенің төрт бұрышындағы Түріктер - түгел мұсылман. Өзге халықтар секілді мұсылман және мұсылман емес болып бөлінбеген. Қай жерде Түрік қауымы болса - мұсылман. Мұсылмандықтан шыққан немесе Исламды қабылдамаған түріктер, түріктігін де жоғалтып алған (мадиярлар секілді). Ал басқа жақтарда өте аз ұлттардың өзінде мұсылман және мұсылман еместер бар.
Ей, Түрік бауырым! Әсіресе, сен мұқият бол! Сенің ұлтың Исламмен бірігіп кеткен. Одан ажырау мүмкін емес. Ажырасаң құрисың! Сенің тарихтағы бүкіл мақтаныштарың, Ислам дәптеріне тіркелген. Ол мақтаныштар, жер бетіндегі еш бір күшпен өшіріле алмайтынына қарамастан, сен шәйтандардың азғыруымен, айлаларымен сол мақтаныштарды жүрегіңнен өшірме!..
Бесінші Мәселе: Азияда оянған көптеген қауымдар ұлтшылдық пікіріне жабысып, Еуропаны қаз-қалпында үлгі тұтып, тіпті көптеген қастерлі нәрселерді сол ұлтшылдық жолда пида етуде. Алайда, әр бір
ұлттың құндылық болмысы өзіндік бір киімді талап етеді. Матасы бірдей болғанның өзінде де, пішімі бөлек-бөлек болуы қажет. Бір қарт молдаға, танго билейтін бір әйелдің киімін кигізуге болмайды. Көзді жұмып алып, қайталай беру масқара қылады.
Өйткені: Біріншіден: Еуропа-дүкен, казарма болса, Азия егіс алқабы, мешіт іспетті. Дүкенші би билеуге бара береді, ал егінші оған бара алмайды. Сондай-ақ, қазармамен мешіт бірдей бола алмайды.
Сондай-ақ, көпшілік Пайғамбарлардың Азиядан шығуы, философтардың басым көпшілігі Еуропадан келуі тағдырдың бір белгісі. Азия қауымдарын оятатын, өркендететін дін мен руханият. Фәлсафа дін мен руханиятқа жәрдем етуі керек, орнын баспауы тиіс.
Екіншіден: Исламды, Христиан дінімен салыстырып, Еуропа секілді дінге селқос қарау - өте үлкен қателік. Біріншіден Еуропа, өз дініне берік, Вилсон, Лойд Джордж, Венизелос секілді Еуропалық тұлғалардың поптар секілді өз діндеріне берік болуы олардың өз дініне ие екендіктеріне, тіпті бір жақтан фанат екендіктеріне куәлік етеді.
Үшіншіден: Исламиятты Христиан дінімен салыстыру үйлесімсіз нәрселерді салыстыру болады, мұндай салыстырулар - қате. Өйткені, Европа дініне берік кезде өркендеген жоқ. Діндарлықты тастағаннан кейін өркендеді.
Сондай-ақ, дін олардың арасында үш жүз жылдық ішкі соғысты тудырды. Зорлықшыл залымдардың қолындағы дін қара халықты, кедейлерді және ойшылдарды езгіге салу құралы болғандықтан, олардың барлығында уақытша болса да дінге қарсы жиіркеніш пайда болған еді. Ал Исламиятта тарих куә, бір реткіден басқа ішкі соғыс болмаған. Сондай-ақ, қай кезде мұсылмандар дінге шындап берілген болса, сол кезде жоғарғы өркениетке қол жеткізген. Бұған дәлел, Еуропаның ең үлкен Ұстазы - Андалус Ислам Мемлекеті. Және қай кезде Ислам Жамағаты дінге селқостық танытқан болса, сол кезде қиын жағдайларға ұрынып, құлдырап отырған.
Сондай-ақ, Ислам зекеттің міндеттілігі мен өсімқорлыққа тыйым салу сынды мыңдаған мейірімділік қағидалары арқылы кедейлер мен қара халықты қамқорлығына алуы:
секілді аяттармен ақыл мен ғылымды куәгер етіп, ескертулер жасауы
және ғалымдарға қамқор болуы жағымен, Ислам үнемі кедейлер мен ғалымдардың қамалы, панасы бола білді. Сондықтан да, Исламға ренжуге еш бір себеп жоқ. Исламның, Христиандық пен өзге діндерден айырмашылық хикметі мынада:
Исламның негізі - шынайы Таухид. Сыртқы себептерге шынайы мән бермейді, жаратушылық, дәреже жөнінен де олар маңызды емес. Христиандық болса "әке, ұл" пікірін қабыл еткендіктен, себептердің маңызын арттырып жібереді. Мен мендікті тоқтатпайды. Былайынша айтқанда, Иләһи Рубубиеттің бір көрінісін құрметтілеріне, әулиелеріне тәуелдеп береді.
Сөйтіп,
аятының растаушысы болған. Сондықтан да, Христиан патшалар яғни, ең биік мәртебедегілер тәкәппарлықтары мен менмендіктерін сақтай отырып (Американың бұрыңғы басшысы Вилсон секілді) әсіре діншіл бола білді. Нағыз Таухид діні болған Исламдағы дүниелік жақтан жоғарғы мәртебедегілер я менмендік пен тәкәппарлықтарын тастайды, я болмаса діндарлығы біршама әлсірейді. Сондықтан да олардың бір бөлігі дінге селқос қарайды, тіпті дінсіз болады.
Алтыншы Мәселе: Әсіре ұлтшыл және нәсілшілдерге айтарымыз:
Біріншіден: Мына дүние, соның ішінде осы өлкеміз, баяғыдан бері көптеген көшіп-қонулар мен өзгерістерге ұшыраумен қатар Ислами үкіметтің орталығы осы жерде орналасқаннан кейін, өзге қауымдардан да көптеген адамдар тұрақтап қалған. Ендеше, Ләух-ул-Махфуз ашылғанда ғана кімнің қай ұлттан екені белгілі болады. Олай болса, патриоттық әрекеттерін нәсілшілдік пікіріне негіздеу - мағынасыз әрі өте зиян. Сондықтан, ұлтшылдардың және нәсілшілдердің дінге өте селқос қарайтын бір басшысы мәжбүр былай деген: "Тілі, діні бір болса, ұлты бір". Олай болса, нағыз нәсілшілдік емес, тіл, дін және ортақ отан назарға алынады. Егер үшеуі бір болса, негізінде мықты бір ұлт қалыптасады. Егер біреуі кем болса да, бәрібір бір ұлт болып саналады.
Екіншіден: Қасиетті Ислам ұлтының бұл отанның перзенттеріне, қоғамдық өміріне тигізген жүздеген пайдаларынан екеуін мысал ретінде баяндаймыз:
Біріншісі: Осы Ислами Мемлекет, өзі отыз миллион бола тұра, бүкіл Еуропаның алып мемлекеттеріне қарсы өз болмысын қорғай білген еді. Бұл елдің әскеріндегі ерлік Құран нұрынан келген мына пікір еді: "Мен - өлсем шәһидпін, өлтірсем ғазимін" деп, кәміл құштарлықпен, сүйіспеншілікпен өлімді күліп тұрып қарсы алған. Осылайша Еуропаны әрдайым дірілдеткен еді. Дүниеде осындай таза көңілді сарбаздардың рухында мұндай асқақ жанкештілікке себеп болатындай өзге бір нәрсе көрсете алар біреу бар ма? Мұнан басқа қандай патриоттық сезім оның орнын баса алады, өмірін де, бүкіл дүниесін де сол жолда пида еттіре алады?..
Екіншісі: Еуропаның әждаһалары (үлкен мемлекеттері) қай кезде осы Ислами мемлекетке бір соққы берген болса, сол сәт, үш жүз елу миллион мұсылманды қоса жылатқан, зарлатқан еді. Сонда барып әлгі отарлаушылар, қолын тартқан... қолын көтеріп, тұрып түсірген. Осы бір ешқашан азаймайтын рухани және тұрақты күш қуаттың орнын өзге қандай күш-қуат баса алады? Осындай орасан зор, рухани демеуші күш-қуатты, ұлтшылдық пен өзімшіл патриоттық сезімдермен ренжітуге болмайды.
Жетінші Мәселе: Кесірлі ұлтшылдар мен әсіре патриот сымақтарға айтарымыз: егер өз ұлтыңызды шын сүйсеңіз, оларға жаныңыз ашыса, онда олардың басым көпшілігіне жанашырлық болып саналатындай ізгі сезімді ұстаныңыз. Әйтпесе, басым көпшілігіне қаталдық жасап, жанашырлыққа мұқтаж емес, ат төбеліндей топтың уақытша салтанаты мен тамаша тіршіліктеріне қызмет ету, тіпті де, патриоттық емес. Өйткені, болымсыз нәсілшілдік пікірімен жасалатын патриоттық әрекеттің, сол ұлттың шамамен сегізден екеуіне ғана уақытша пайдасы тиуі мүмкін. Лайық болмағандар ғана сондай жасанды патриоттардың қамқорлығына бөленеді. Әлгі сегіздің алтауы, я қарт, я науқас, я бейнет шегуші, я бала-шаға, я өте әлсіз, я шынайы түрде ақыретті ойлайтын тақуалар... бұлар дүниелік тіршіліктен гөрі, өздері бет бұрған ақыреттік өміріне қатысты нұр, жұбаныш, жанашырлық сұрайды және қамқоршы қолдарға мұқтаж күйде болады. Бұлардың осы үміттерін үзуге, жұбаныштарын жоюға қандай ұлтжандылық жол береді? Жо-жоқ! Мұндай жағдайда, қайдағы ұлтқа жанашырлық, қайдағы ұлт жолындағы жанкештілік!
Аллаһтың мейірімінен үміт үзілмейді. Өйткені, Жаратушы Хақ мың жылдан бері Құранның қызметінде болған және соның туын ұстауға тағайындаған осы отанның айбынды әскері мен алып жамағатын, уақытша қателіктері үшін, Иншаллаһ, сорын қайнатпас. Сол нұрды қайта жарқыратып, қайтадан өз міндетін атқаруына мүмкіндік берер...
ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
[ЕСКЕРТУ: Жиырма Алтыншы Хаттың Төрт Тақырыбының бір-біріне байланысы жоқ еді. Осы Төртінші Тақырыптың "Он Мәселесінің" де бір-бірімен байланысы жоқ. Сондықтан, байланыс іздеудің қажеті жоқ. Қалай келген болса, солай жазылды. Маңызды бір шәкіртіне жазған хаттың бір бөлімі. Сол шәкіртінің бес-алты сұрағына берілген жауаптар.]
Біріншісі
Екіншіден: Хатыңда былай дейсің: رَبِّ الْعَالَم۪ينَ сөзінің түсінік, тәпсірінде "Он сегіз мың әлем" деген. Сол санның хикметін сұрайсың.
Бауырым, мен қазір ол санның хикметін білмеймін. Әйтсе де мынаны айтамын: Құран Хакимнің сөйлемдері бір мағынамен ғана шектеулі емес. Расында ол адамзаттың барлық сыныптарына арналғандықтан, әрбір сыныпқа қатысты күллі мағынаны қамтиды. Баяндалған мағыналар сол күлли қағидалардың бөлшектері секілді. Әр тәпсірші, әрбір ғалым, сол тұтастың бір бөлшегін айтады. Я өзі көрген ақиқатты, я дәлелін, я болмаса өз ұстанымына сүйене отырып, сонан бір мағынаны таңдайды. Міне, осындай бір топ, сол санға сәйкес бір мағына тапқан болуы керек.
Мәселен: Әулиелердің аса мән беріп, зікірлерінде үнемі қайталайтын
сөйлемінде, ужуб шеңбері мен мүмкіндік шеңберіндегі Рубубиет теңізі мен құлшылық теңізінен бастап, сонау дүние мен ақырет теңіздеріне, сонау ғайб әлемі мен көзге көрініп тұрған әлемінің теңіздеріне, сонау шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстіктегі мұхиттарға сонау Рум Теңізі мен Парсы теңізіне, сонау Ақ теңіз бен Қара теңіз және Бұғазына (маржан деген балық сол жерден шығады), сонау Ақ теңіз бен Қызыл теңізге және Суэц каналына, сонау тұшы және тұзды сулар теңіздеріне, сонау топырақ қабатының астындағы тұщы әрі бөлік-бөлік су теңіздерге, сонау Ніл, Тигр және Ефрат секілді үлкен өзендер деп аталатын кішкентай тұщы теңіздер мен олардың ағып барып құятын
үлкен тұзды теңіздеріне дейінгі аралықтағы мағына бөлшектері бар. Аятта осылардың барлығы да көзделген және мақсат етілген болуы мүмкін және оның негізгі және ауыспалы мағыналары бар.
Міне, осы секілді
өте көп ақиқаттарды қамтиды.
Әһли-кәшиф және әһли-ақиқат, кәшифтеріне қарай әртүрлі баяндайды.
Мен былай түсінемін: Аспанда сансыз әлем бар, жұлдыздардың әр қайсысы бір әлем болуы мүмкін. Жерде де жаратылыстардың әр бір түрі жеке-жеке әлем. Тіпті, әр бір адам да, кішкене бір әлем. رَبِّ الْعَالَم۪ينَ сөзі болса, "Асылында, әр бір әлем Жаратушы Хақтың Рубубиетімен басқарылады, тәрбиеленеді және игеріледі" дегенді білдіреді.
Үшіншіден: Расул Әкрам алейһиссәлату Уәссәлам былай деген:
Құран Хакимде Хазреті Юсуф Алейһиссәлам:
деген.
Иә, өз нәпсісін жақсы көріп, нәпсісіне арқа сүйеуші адам бақытсыз. Ал, өз нәпсісінің айыбын көре білген адам бақытты. Ендеше сен, бақыттысың. Бірақ нәпсі әммара, кейде бас көтеріп, қарсыласады немесе саябырсып, жай табады. Алайда, қарулары мен құралдарын жүйкеге (нерв) тастап кетеді. Ал жүйке мен сезімдер ол міндетті өмірдің соңына дейін атқарады. Нәпсі әммара әлдеқашан өлгенімен, оның әсері көріне береді. Көптеген асфия, әулиелер болған, нәпсілері жай тауып, басылса да нәпсі әммарадан шағымданған. Көңілдері өте таза әрі нұрлы бола тұра, оның кеселдерінен зар еңіреген. Міне, бұл адамдардағы, нәпсі әммара емес, расында нәпсі әммараның сезімдерде қалған қызметтері. Ал кесел дегендері тікелей көңілдің кеселі емес, расында ол, қияли кесел.
Құрметті бауырым, сені мазалап жатқан нәпсің мен көңіліңнің кеселі емес, расында, ол пенде болған соң күрестің тоқтамай жалғаса беруі үшін және дами түсуге себеп болатын жоғарыда айтқанымыздай сезімдерге берілген ерекше жағдай.
Екінші мәселе
Бұрынғы Имам сұраған "Үш Мәселесінің" түсіндірмесі, толық жауабы Рисале-и Нұрда бар. Қорыта келе, әзірге айтар жауабымыз былай:
Бірінші сұрағы: Мұхиддин Араби, Фахраддин Разиге жазған хатында: «Аллаһты білу, бар екенін білуден басқа» деген. "Бұны қалай түсінуге болады? Мақсат не?" деп сұрайды.
Біріншіден: Оған өзің оқып берген Жиырма Екінші Сөздің кіріспесінде, нағыз таухид пен сырттай таухидтің айырмашылығына қатысты тәмсіл сол мақсатқа ишара етеді. Отыз Екінші Сөздің Екінші және Үшінші Мәртебелері мен Мақсаттары сол мақсатты ашып түсіндіреді.
Екіншіден: Усул-уд-дин имамдары мен кәлам ілімінің ғалымдарының ақидаға және Ужиб-ул-Ужуд пен Аллаһтың бір екендігіне қатысты баянаттары, Мұхиддин Арабиді қанағаттандырмағандықтан, кәлам ілімінің имамдарының бірі болған Фахраддин Разиге солай деген.
Иә, кәлам ілімінің Аллаһ туралы түсіндірмелері, адамның әрдайым Аллаһтың құзырында екенін толық сезіндірмейді. Құранның үлгісімен түсіндіргенде ғана толық болады. Иншааллаһ Рисале-и Нұрдың әрбір бөлімі жеке-жеке түрде Құран-ы Муғжиз-ул-Баянның нұрлы даңғылында электр лампасы болу қызметін атқаруда.
Сондай-ақ, Мұхиддин Арабидің көзқарасында, Фахраддин Разидің кәлам ілімі арқылы алған мағрифатуллаһы, қаншалықты кемшін көрінсе, сопылық жолымен алынған мағрифат та, тікелей Құран Хакимнен Пайғамбарлыққа ізбасар болу сыры бойынша алынған мағрифатпен салыстырғанда соншалық кемшін болады. Өйткені, Мұхиддин Арабидің жолы, тұрақты құзырға жету үшін لَا مَوْجُودَ اِلَّا هُوَ деп ғаламның болмысын жоққа шығаратындай жағдайға келген. Және басқалары тағы да сол тұрақты құзырға жету үшін لَا مَشْهُودَ اِلَّا هُوَ деп, ғаламды мүлдем ұмытатындай ғажап бір халге енген.
Ал Құран Хакимнен алынған мағрифат болса, тұрақты құзырды берумен қатар, ғаламды жоққа шығармайды және оны мүлдем ұмыт қалдырмайды. Расында, ғаламның иесі бар екенін түсіндіріп, Жаратушы Хақтың атынан қызмет еттіреді. Осылайша әрбір нәрсе Аллаһты таныстыруға айна болады.
Сади Ширази айтқандай:
Әр бір нәрседен Жаратушы Хақтың мағрифатына қарай бір терезе ашады.
Кейбір Сөздерде кәлам ілімінің жолы мен Құраннан алынған ақиқат даңғылының айырмашылығына қатысты мынадай бір теңеу айтқанбыз: Мәселен, ауыз су жеткізу үшін кейбіреулер ұзақ жерден, таулардың астынан су құбырын қазып, су тартады. Біреулер болса, кез-келген жерден құдық қазады да су шығарып алады. Бірінші жол өте қиын, тығырыққа тіреледі, кейде тоқтап қалады. Ал кез-келген жерден құдықтар қазып су шығаруға машықтанғандар, суды қиындықсыз табады. Сол секілді, Кәлам ілімінің ғалымдары себептерді, әлемнің шегіне дейін апарып, олардың бұлай жалғаса беруі мен тоқтаусыз айнала беруінің қисынсыз екенін дәлелдеу арқылы ғана тоқтатып, Уажиб-Ул-Ужудтың бар екенін сол арқылы дәлелдейді. Ақиқатқа ұзақ жол жүріп барып жетеді. Ал, Құран Хакимнің ақиқат даңғылы кез-келген жерден су табады, шығарады. Әрбір аяттың әрқайсысы Мұсаның Асасы секілді, қай жерге тисе, тіршілік суын сол жерден атқылатады.
қағидасын бүкіл нәрсеге оқытады, сондай-ақ, иман, тек ілім арқылы ғана болмайды, иманда басқа да көптеген сезімдердің үлестері бар, мәселен, асқазанға түскен тағам әр түрлі сезімдерге, әр түрлі ағзаларға үлестіріледі, ілім арқылы ақыл асқазанына енген имани мәселелерден өз дәрежелеріне қарай рух, көңіл, құпия сезімдер, нәпсі және басқа сезімдер өздеріне сай үлестерін алады, егер олардың үлестері болмаса, кемшін қалады. Міне, Мухиддин Араби Фахреддин Разиге осы жағдайды ескертуде.
Үшінші мәселе
аятының
аятымен үйлесім жөні қандай?
Жауап: Бұл туралы Он Бірінші Сөзде және Жиырма Үшінші Сөзде, және де Жиырма Төртінші сөздің Бесінші Бұтағының Екінші Жемісінде түсіндірмелер бар. Солардың түйіні мынау:
Жаратушы Хақ, шексіз құдіретімен жалғыз бір нәрседен көп нәрселерді жаратады, көп міндеттерді атқартады, бір бетке мың кітап жазады. Сол сияқты, адамды көптеген жаратылыстардың орнын басарлық жан-жақты етіп жаратқан. Яғни, хайуанаттың бүкіл түрлерінің алуан түрлі дәрежелеріндей, бір ғана адамның қаншама қабілеттері мен сезімдеріне шектеу қоймаған, табиғи тосқауыл қоймаған, бәрін еркін қалдырған. Өзге хайуанаттың қабілеттері мен сезімдері шектеулі, табиғи бір тосқауыл бар. Ал адамның әрбір қабілеті, шексіздікке қарай қозғалып бара жатқандай, соңсыздыққа, шексіздікке қарай кете береді. Өйткені адам Жаратушының Бүкіл көркем есімдерінің соңсыз көріністерінің айнасы. Аллаһ оның қабілеттеріне шексіз мүмкіндіктер берген.
Мәселен, адамдағы ашкөздік сезімі, бүкіл дүние соған берілсе де هَلْ مِنْ مَز۪يدٍ дейді. Және, менмендік сезімі арқылы өз пайдасы үшін, мыңдаған адамның зардап шегуін мақұл көреді. Тағысын тағы... Осындай жаман мінездер шектеп шығып, Нәмрудтар мен Перғауындардың дәрежесіне жетіп аса залым болса, Жақсы мінездерде де шексіз шарықтап, әнбиялар мен сыддықтардың дәрежесіне көтерілді.
Сондай-ақ, адам (хайуанатқа қарағанда, керісінше) - өмірге қажетті нәрселерді білмейді. Оларды өмір бойы үйренуге мәжбүр. Шексіз нәрселерге мұқтаж, асыра айтсақ өте надан. Хайуан болса, дүниеге келген кезінде ақ өте аз нәрселерге мұқтаж, әрі сол мұқтаж болған нәрселерін бір-екі айда, тіпті бір-екі күнде, кейде бір-екі сағатта бүкіл тіршілік шарттарын үйреніп алады. Құдды бір басқа әлемде жетіліп, сосын барып мына өмірге келгендей. Ал адам, бір-екі жылда ғана аяққа тұрады, он бес жыл дегенде пайда мен зиянды ажыратады. Міне, асыра айтқанда надан дегеніміз осығана ишара етеді.
Төртінші мәселе
тың хикметін сұрайсың.
Оның хикметі, көптеген Сөздерде айтылған. Бір хикметі мынау: Адамның өз тұлғасы да, жан дүниесі де жаңарып тұратындықтан, әр уақыт иманының жаңартылуына мұқтаж. Өйткені, әрбір адамның көптеген рухани тұлғасы бар. Өмір сүрген жылдарының санынша, тіпті күндерінің санынша, тіпті сағаттарының санынша бөлек бір тұлға болып саналады. Өйткені, адамның өмірі уақытқа тәуелді болғандықтан, күн сайын өзгеше бір тұлға бейнесінде болады.
Сондай-ақ, адамда осындай өзгеріп, жаңарушылық болатыны секілді, оның өмір сүріп жатқан әлемі де үнемі қозғалысата. Бірі кетіп, басқасы келеді, әрдайым жаңарады. Осылайша өзге бір әлем өз есігін ашады. Ал, иман - сол адамның өмірлік нұры, әрі кірген әлемінің жарығы болып тұрады. Ал لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ сол нұрды ашатын кілт.
Сондай-ақ, адамды нәпсі, әуестік, уайым, шайтан билеп кетеді. Иманын әлсірету үшін, көбіне көрсоқырлығын пайдаланып айла жасайды, күмән күдіктермен иман нұрын бүркемелейді. Сондай-ақ, шариғаттың сыртқы көріністеріне қайшы келетін, тіпті кейбір имамдардың назарында күпірлік болып саналатын сөздер мен әрекеттер көп. Сондықтан әрқашан, күн сайын, сағат сайын иманды жаңартып тұруға мұқтаждық бар.
Сұрақ: Кәлам ілімінің ғалымдары әлемді мүмкіндік (имкан) пен құбылыстың (худус) анықтамасына орай оның үстіне ақылмен шығады да, Уахданиетті тұжырымдайды. Сопылардың бір тобы, Таухид арқылы толық хузурға жету үшін, لَٓا مَشْهُودَ اِلَّا هُوَ деп ғаламды ұмытады, содан кейін барып толық хузурды табады. Екінші тобы нағыз тәуһидке қол жеткізу үшін لَٓا مَوْجُودَ اِلَّا هُوَ деп, ғаламды қиял пердесіне орайды, ғаламды жоқ деп санайды. Сол кезде ғана Аллаһтың алдында екенін сезеді яғни Хузурға шығады. Ал сен, осы үш жолдан тыс ұлы даңғылды Құраннан көрсетудесің.
Әрі соның белгісі ретінде لَٓا مَعْبُودَ اِلَّا هُوَ، لَٓا مَقْصُودَ اِلَّا هُوَ дейсің. Бұл даңғылдың таухидке қатысты бір дәлелін және қысқаша бір жолын көрсетіп берші!
Жауап: Бүкіл Сөздер және Хаттар, сол даңғылды көрсетеді. Әзірше, өзің қалаған жан-жақты дәлеліне қысқаша ишара етеміз. Ол Былайша:
Әлемдегі әрбір нәрсе, бүкіл нәрселерді Жаратушы бар екенін көрсетеді. Және дүниеде жасалып жатқан әрбір іс, бүкіл істердің атқарушысы бар екендігін көрсетеді. Және ғаламдағы әрбір жаратушылық әрекет, басқа бүкіл жаратушылық әрекеттерді, жаратушысы бар екендігін дәлелдейді. Және жаратылыстарда көрініс тауып жатқан әрбір есім, бүкіл есімдердге ишара етеді. Демек, әрбір нәрсе тікелей Уахданиеттің дәлелі және Аллаһты таныстыратын терезе. Иә! Әрбір жасалған нәрсе, әсіресе тіршілік иесі ғаламның кішірейтілген нұсқасы және әлемнің дәні. Жер шарының бір жемісі. Ендеше, сол кішірейтілген нұсқаны, сол дәнді, сол жемісті кім жасаған болса, бүкіл ғаламның да Жаратушысы сол. Өйткені, жемісті жасаушы, ағашты жасаушыдан басқа біреу бола алмайды. Олай болса әрбір іс, бүкіл істерді жасаушыны көрсететініндей, әрбір жаратылыс та, бүкіл жаратылғандарды жаратушыны көрсетеді.
Өйткені, әрбір жаратушылық әрекет, атомдардан күнге дейін, шексіз Жаратушылық заңдылығының ұшы. Демек, сол бір ғана жаратушылық әрекетінің иесі кім болса, атомдардан жұлдыздарға дейін созылып жатқан жалпы заңдылықпен бүкіл әрекеттерді атқарушы Сол болуы керек. Сонымен, бір шыбынды кім жаратқан болса, бүкіл жәндіктерді де, хайуанатты да сол жаратқан. Жерге де тіршілік берген сол. Атомдарды шыр айналдырып тұрған кім болса, бір-бірімен байланысып жатқан бүкіл әлемді қозғалысқа келтіріп, сонау күнді айналасындағы ғаламшарларымен қоса жүргізіп отырған да Сол болуы керек. Өйткені заңдылықтар бір-бірімен тізбектеліп жатыр. Әрекеттер соларға байлаулы.
Демек әрбір өнер туындысы, бүкіл туындылардың шебері бар екенін көрсетеді. Әрбір жаратушылық амал, бүкіл істердің атқарушысы бар екенін білдіреді. Сол секілді бүкіл жаратылыстарда көрініп тұрған Аллаһтың әрбір есімі, бүкіл есімдердің иесі Сол екенін және соның аттары (атақтары) екенін дәлелдейді. Өйткені бүкіл ғаламда көрініп тұрған есімдер бір-біріне кірігіп тұрған шеңберлер секілді. Және сәуледегі жеті түс секілді бір-біріне кірігіп тұр. Бір-біріне жәрдем етеді. Бір-бірінің өнер туындыларын кемелдендіріп, безендіріп тұр.
Мәселен, Мухи есімі (Тіршілік беруші) бір нәрседе көрініс тапқан шақта және тіршілік берген мезетте Хаким есімі де көрініс беріп сол тіршілік иесінің ұясы болған денесін хикметті түрде тәртіпке келтіреді. Сонымен бірге Кәрим есімі де көрініс беріп оның ұясын безендіреді. Дәл сол мезетте Рахим есімінің де көрінісі ол дененің мейрімді түрде қажеттіліктерін әзір етеді. Дәл сол уақытта Раззақ есімінің көрінісі ол тіршілік иесінің өміріне қажетті материалдық, рухани ризығын ойламаған жерден береді тағысын тағы... Демек, Мухи есімі кімдікі болса, ғаламның барлық жақтарын қамтып тұрған Хаким есімі де Соныкі және бүкіл жаратылыстарды мейрімді түрде баптаушы Рахим есімі де Соныкі және барлық тіршілік иелерін азықтандырушы Раззақ есімі де Соның есімі, соның атағы тағысын тағы...
Демек, әрбір есім, әрбір әрекет, әрбір іс Уахданиеттің дәлелі. Ғаламның парақтары мен ғасырлардың жолдарында жазылған жаратылыс деп аталатын бүкіл сөздер, жазушының қаламынан шыққан өрнектер екенінің айғағы. Олардың әр қайсысы Уахданиеттің таңбасы, Ахадиеттің мөрі.
Бесінші мәселе
Екіншіден: Хатыңда; "Тек қана لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ жеткілікті ме? Яғни, مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهُ демесе де, құтыла ала ма?" деп сұрайсың.
Мұның жауабы ұзақ. Әзірше, мынаны ғана айтамыз:
Шаһадат кәлимасының екі сөйлемі, бір бірінен айрылмайды, бірін бірі дәлелдейді. Бір бірінің кепілі. Бірінсіз бірі бола алмайды. Пайғамбарымыз Алейһиссәлату Уәссәлам, Бүкіл пайғамбарлардың мирасқоры. Ендеше, Аллаһқа апаратын бүкіл жолдардың басында. Оның ұлы даңғалынан сырт ақиқат та, құтылу жолы да жоқ. Бүкіл мағфират иелері мен зерттеуші имамдар, Сағди Ширази секілді:
дейді.
Сондай-ақ,
деген.
Әйтсе де, кейде мынадай болады, Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламның даңғылында жүріп бара жатқанына қарамастан, сол жолда екендіктерін білмейді. Кейде былай да болады. Пайғамбарды білмейді, алайда кетіп бара жатқан жолы, Ахмеди даңғылдың тармақтарының бірі. Сондай-ақ, өзімен-өзі, және есінен ауысқан халде оқшау жүріп, Мұхаммеди даңғыл жайлы ойланбастан, тек لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ қана деп жүргендерге сол жеткілікті болады. Бірақ, сонымен бірге, ең маңызды нәрсе мынау: Қабыл етпеу бір басқа да, жоққа шығару бір басқа. Олай оқшау жүргендер немесе естімеген яки білмеген адамдар, Пайғамбарымызды білмейді, ол туралы ойланбайды. Ол жағынан мүлдем хабарсыз. Сондықтан оны қабылдамайды
Аллаһты тануға қатысты тек, لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ -ты біледі. Бұлар құтылуы мүмкін. Бірақ, Пайғамбарымызды естіген және ол кісі көтерген мәселені білетін адамдар, Оны растамайтын болса, Жаратушы Хақты танымайды. Олар үшін, тек لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ құтылудың дәнекері болып табылатын Таухидті білдіре алмайды. Өйткені, бұл жағдай, біраз үзірлік себебі болатын білімсіз түрдегі қабыл етпеу емес. Расында бұл, жоққа шығару, мойындамау. Мұғжизалары арқылы, атқарған істері арқылы, ғаламның мақтанышы және адамзаттың құрметті дәрежеге көтерілуіне бастау болған Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәламды теріске шығарушы адам, әлбетте ешбір жөннен ешбір нұрға бөлене алмайды, Аллаһты, танымайды. Жарайды... әзірге осы жетер.
Алтыншы мәселе
Үшіншіден: Шайтанмен айтысу атты Бірінші Тақырыптағы шайтанның істеріне қатысты кейбір сөздер өте қатаң болған еді. "Астағфируллаһ, астағфируллаһ" сөзімен және олай болуы мүмкін
емес тіркестерімен жұмсартқанның өзінде мен бәрібір қорқыныштан дірілдеп отырмын. Кейіннен жіберілген нұсқаларда аздаған жөндеулер бар еді. Соларды пайдаланып өзіңіздегі нұсқаны түзете алдыңыз ба? Ондағы теңеу сөздерден қажетсіз деп тапқандарыңды алып тастай аласыңдар.
Құрметті бауырым, ол тақырып өте маңызды. Өйткені, зындықтардың ұстазы - шайтан. Шайтан тойтарылмаса, оның ізіндегілер тоқтамайды. Құран Хаким кәпірлердің өрескел сөздерін теріске шығару үшін сол сөздерді айтқандықтан, маған да бір батылдық берді. Шәйтани жолдың қисынсыздығын көрсету үшін, мүлдем мүмкін емес нәрсені - шәйтани жолдағылар айтатын сондай ақымақтық сөздерді қорқа-қорқа қолданған едім. Бірақ, сол әдіспен оларды құрдымның түбіне тықсырып, алаңды Құран ақиқаттарымен бастан аяқ басып алдық. Олардың жапқан жалаларын әшкереледік. Бұл жеңіске мынадай мысал арқылы қара. Мәселен, басы көк тіреген өте биік бір мұнара және ол мұнараның түбінде жер шарының тап ортасына дейін жететін құдық қазылғанын елестетейік. Сол жерде шақырған азаны барлық халыққа естілетін бір Тұлғаның мұнара басынан бастап, сонау құдықтың түбіне дейінгі, қай жерде тұрғанын анықтау үшін екі топ таласуда. Бірінші топ айтады: "Мұнараның басында, бүкіл ғаламға азан айтуда. Өйткені, азанын естіп тұрмыз, ол азан тіпті асқақ. Расында, оны әркім сол аса биіктен көре алмауда, бірақ әркім өз дәрежесіне қарай Оны, шыққан немесе түскен кезінде бір мәртебедегі баспалдақта көреді, сондықтан Оның жоғарыға шығатынын және қай деңгейде көрінсе де, Ол - өте биік мәртебе иесі"! екенін көреді. Екінші, шәйтани, ақымақ топ болса: "Жоқ! Оның орны мұнараның басы емес, қай жерде көрінсе көрінсін, Оның орны құдықтың түбі" дейді. Бірақ еш кім оны құдықтың түбінде көрген емес, көре де алмайды. Егер шартты түрде тас секілді ауыр, еріксіз болғанда, әлбетте құдықтың түбінде болар еді, біреу көрер еді.
Осы екі қарсылас топтың талас алаңы, әлігі мұнара басынан, сонау құдықтың түбіне дейінгі ұзақ ара қашықтық Аллаһ жолындағы нұрлы жамағат, көз қарақты жандарға сол азаншы Тұлғаның мұнараның басында екенін көрсетуде. Және назарлары ол дәрежеге жетпейтіндерге дәрежелеріне қарай сол ұлы азаншыны әр баспалдақта көрсетуде. Өйткені, Ол тас секілді жансыз бір дене емес, қалаған шағында
жоғарыға шығатын, көрінетін, азан айтатын кәміл адам. Шайтанның соңынан ерген екінші топ болса: "Оның мұнара басында екенін жұрттың бәріне көрсетіңдер, олай болмаса оның орны құдықтың түбі" деп, қасарысуда. Ақымақтар Оның мұнара басынан жұрттың бәріне бірдей көрінбеу себебі баршаның назары бірдей ол жерге жете алмағандығынан екенін білмейді. Сонымен қатар, жұртты шатастыру үшін мұнараның басынан басқа барлық жерді қарап шықпақшы. Сонымен, сол екі жамағаттың таласын шешу үшін біреу шығып әлгі шайтанға еруші хизбушайтанға айтады:
"Ей, сорлы тоб! Егер ол ұлы азаншының орны құдықтың түбі болса, онда ол тас секілді өлі, жансыз, қуатсыз болуы керек. Құдықтың баспалдақтары мен мұнараның дәрежелерінде көрінген адам ол болмауы керек. Ол әлсіз, жансыз емес. Оның орны мұнараның басы. Олай болса, сендер оны құдықтың түбінен көрсетіңдер, я болмаса үндеріңді өшіріңдер. (Қай жағынан қарасаңдар да, Оны ол жерден көрсете алмайсыңдар және Ол кісі сол жерде дегенге ешкімді де сендіре алмайсыңдар). Сендер тек құдықтың түбінен көрсетсеңдер ғана жеңесіңдер. Басқа жерлердің бәрі мына берекелі жамағаттыкі, құдықтың түбінен басқа кез келген жерде Ол кісіні көрсетсе болды, жеңіс солардікі"
Міне, осы тәмсілдегі секілді шәйтанмен тартыс, Ғарштан жерге дейінгі аралықты хизбушайтанның қолынан алып, хизбушайтанды мәжбүрлі түрде тығырыққа тірейді. Ең ақылға сыйымсыз, ең қисынсыз, ең жиренішті орынды соларға қалдырады. Оларды өте тар және ешкім де кіре алмайтын бір тесікке тығып, басқа жердің бәрін Құраның пайдасына басып алады.
Егер олардан: "Құран қандай нәрсе?" деп сұраса, олар: "Жақсы, тәрбиелік мәні зор сабақтар беретін адам жазған кітап" дейді. Сол кезде оларға айтылар жауап былай: "Ендеше, ол Аллаһтың сөзі және солай қабыл етуге мәжбүрсіңдер. Өйткені, сендер ұстанымдарың бойынша "Жақсы" дей алмайсыңдар".
Егер олардан: "Пайғамбарды, қандай адам деп білесіңдер?" деп сұраса, олар: "Мінез-құлқы жақсы, өте ақылды бір адам" дейді. Сол кезде оларға былай айтылады: "Ендеше, иманға келіңдер. Өйткені, жақсы мінезді, ақылды болса, ол қалай да Расулуллаһ болғаны. Өйткені, сендердің бұл "жақсы" деген сөздерің өз шеңберлеріңе сыймайды.
Ұстанымдарың бойынша бұлай айта алмайсыңдар" Тағысын, тағы... тәмсілдегі өзге ишараларға, осы ақиқаттың басқа қырларын салыстыруға болады.
Міне, осы сырға байланысты шәйтанмен айтысқан Бірінші Тақырып, әһли иманның иманын қорғау үшін Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизаларын білуге және нақты дәлелдерін анықтауға мұқтаж етпейді. Елеусіз бір белгі, кішкене бір дәлел олардың имандарын құтқарады. Құдықтың түбіндегі әсфәла сафилинде емес екендігін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әрбір халі, әрбір Мұхаммеди (с.а.у.) қасиеті, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әрбір әрекеті өз алдына бір мұғжиза болып, Оның орны биіктердің ең биігінде екендігін дәлелдейді.
Жетінші мәселе
[Бос уайымға душар болып, үмітсіздікке түскен кейбір достарыма, рухани күштерін бекіте түсетін жеті ишараның дәлелдері арқылы тек Құран қызметіне қатысты Раббани жарылқау мен Иләһи қамқорлықты баяндауға мәжбүр болдым. Мақсатым, сол сезімтал достарымды құтқару. Ол жеті ишараның төртеуі маған дос бола тұра, тек дүниелік мақсат үшін жеке басыма емес, Құранға қызметшілігім жағынан дұшпандық етулері себепті тоқпақ жеді. Қалған үшеуі шынайы дос еді, үнемі дос болып қала да береді. Бірақ, достықтың талап ететін мәрттігін уақытша көрсете алмады. Осылайша, Әһли дүниенің ілтипатына бөленіп, дүниелік мақсатқа жетпекші болды, жеке бастарының амандығын ойлады. Алайда, ол үш досым өкінішке орай сол мақсаттарына керағар түрде қатаң ескертулер алды]
Әуелде сырттай дос көрініп, кейін жауға айналғандардың.
Біріншісі: Бір бастық, әртүрлі амалдармен қанша жалынды. Оныншы Сөзден бір нұсқа сұрады, бердім. Ал ол болса, қызметінде көтерілу үшін достығымды тәрк етіп, әкімге шағым және хабар жеткізу
үшін әлгі кітапты ақпар ретінде апарып берді. Құран жолындағы қызметтің бір белгісі көрінді. Көтерілу былай тұрсын, қызметінен қуылды.
Екіншісі: Екінші бір бастық, бізге дос бола тұра, басшыларының көңілі үшін және әһли дүниенің ілтипатына бөленбек ойымен жеке басыма емес, құранға қызмет етуім жағынан менімен бәсекелесіп, жауласа бастады алайда, өз мақсатына қарама-қайшы түрде қатты таяқ жеді. Күтпеген жерден екі жарым жылға сотталды. Кейін Құранның бір қызметкерінен дұға жасауын сұраған екен. Иншаллаһ, құтылатын болар, өйткені оған дұға жасалды.
Үшіншісі: Бір мұғалім, дос боп көрінетін. Мен де оған дос ретінде қарадым. Барлаға ауысып, орналасуы үшін маған дұшпан секілді бір жағдайға көшті, сол мақсатына керағар қатты таяқ жеді. Мұғалімдіктен босап, әскерге жіберілді. Барладан алыстап кетті..
Төртіншісі: Бір мұғалім (Қари еді, әрі діндар етіп көргендігімнен), Құран қызметінде маған дос болар деген ниетпен, шын көңілден достық таныттым. Кейін ол, әһли дүниенің ілтипатына бөлену үшін, бір бастықтың бір ғана сөзі үшін бізбен екі араны суытып алды және жалтақ күйге көшті. Кейін, сол мақсатына қайшы түрде таяқ жеді. Тексерушіден өте қатаң сөгіс алды және қызметінен босатылды.
Міне, осы төрт адам осылай таяқ жегендері секілді, үш досым да шынайы достықтың талабы ретіндегі мәрттік көрсетпегені үшін шапалақ жеді деуге келмес, бірақ өзіндік бір ескерту алды. Мақсаттары керісінше болуы арқылы ескертілді.
Біріншісі: Өте ықыласты, салмақты да шынайы бір шәкіртім, қымбатты досым, үнемі Сөздерді жазатын, тарататын еді. Бір әумесер, шатақ бастық келді, тағы бір оқиға болды. Содан соң жазып жүрген Сөздерді жасырды, көшірме жұмысын да уақытша тастады... Сол арқылы әһли дүниеден зиян шекпейін, қысым көрмейін, солардың бәлесінен аман болайын деген ниет еді. Құран қызметін уақытша тоқтатып қою деген үлкен қателіктің нәтижесі ретінде, бір жыл бойы мың лира қаржы шығаратындай бір кесір алдынан шықты. Көшірме жұмыстарына қайта ниет еткен кезде, бұрынғы жағдайына қайта оралды. Әлгі даудан да құтылды. Тұрмысы нашар бола тұра, мың лира қарыздан да құтылды.
Екіншісі: Мәрт, бес жылдан бергі шынайы да батыл бір досым, әһли дүниенің және жаңадан келген бір бастықтың көңілінен шығып, ілтипатына бөлену үшін көршім бола тұра, ықтиярсыз түрде бірнеше ай бойы менімен кездеспеді. Тіпті, айтта да, рамазанда да соқпады. Алайда, мақсатына қайшы түрде, ауылда беделі түсті.
Үшіншісі: Аптада бір-екі мәрте менімен кездесіп тұратын бір қари кісі мешітке имам болыпты. Басына сәлде орап жүруі үшін маған екі ай соқпады. Тіпті, айтта да келмеді. Мақсатына қайшы түрде. Жеті-сегіз ай имамдық еткеніне қарамастан, әдетке қайшы түрде оған сәлде оратқызылмады.
Міне, мұндай оқиғалар көп. Бірақ, кейбіреулердің көңілдерін қалдырмау үшін айтпадым. Бұлар қанша жерден әлсіз ишаралар болса да, бәрі қосылып күшке айналады. Сол арқылы мынадай ой келуде, жеке басыма қатысты емес. Өйткені, өз жеке басымды ешбір жарылқауға лайық деп көрмеймін, Құран қызметі тұрғысында Иләһи жарылқау, Раббани қамқорлық аясында қызмет етуде екенімізге нақ сенімдімін.
Достарым осыны ойлауы қажет, уайымға түспеулері керек. Қызметі үшін Иләһи жарылқау болып жатса, мақтанышқа емес, шүкір етуге себеп болуы тиіс.
әмірі бар, сондықтан осы сырларға сүйене отырып, достарыма жеке айтып жатырмын.
Сегізінші мәселе
[Жиырма Жетінші Сөздегі ижтиһадқа кедергі болар себептердің бесінші себебінің үшінші нүктесінің үшінші мысалының түсіндірмесі]
Маңызды бір сұрақ: Кейбір зерттеушілер: "Құран мен зікір сөздері өзге де тасбихтердің әрқайсысы көптеген жақтарымен адамның рухани сезімдерін нұрландырады, рухани азық береді. Олардың мағыналары білінбесе, тек сөздің өзі түсінік бермейді, жеткілікті болмайды. Сөз - киім емес пе? Өзгертілсе, әр ұлт өз тілінде сол мағыналарға сөз тапса, пайдалырақ болмай ма?" дейді.
Жауап: Құранның сөздері мен Пайғамбарымыздың тасбихтары жансыз киім емес, олар дененің тірі терісі секілді, уақыт өте келе теріге айналған. Киім өзгертіледі, алайда тері өзгертілсе, денеге зиян. Расында, намаз бен азандағы мүбәрак сөздер атау-есімдерге айналған. Ал белгілер мен атаулар өзгертілмейді. Мен өз тәжірибемнен өткерген бір халімді көп мәрте тексердім, ол халдің ақиқат екенін көрдім.
Ол жағдай мынау: Ыхлас сүресін арапа күні жүз мәрте қайталап оқитынмын. Сонан байқағаным, мендегі сезімдердің бір бөлегі азығын бірнеше мәрте алады, сонсоң тоқтайды. Енді бір бөлігі біраз уақыт мағына жағына бет бұрып үлесін алады да тоқтайды. Жүрек секілді бір бөлегі рухани мағыналар жағынан үлесін алады да, тояттып қалады, сөйтіп жалғаса береді... Бара-бара сол қайталаулардан, тек бір бөлек сезімдер қалады, олар өте кеш шаршайды, үлес алуын жалғастыра береді, мағынаға қажет қалдырмайды. Ғапылдық сезім ой-пікірге зиянын тигізгендей, оған зиян тигізе алмайды. Қанағаттандыратын сөз болған жинақы мағынамен есім-атаулары болған үйреншікті мағынасы оларға жеткілікті болады. Егер мағынаны сол шақта ойласа, зарарлы бір жалығушылық берер еді. Ондай үлес алуын жалғап кете беретін сезімдер, білімге және түсінікке мұқтаж емес, расында олар құлшылыққа, еске түсіруге құлшынысқа деген қажеттілік сезінеді. Және сол жанды тері түріндегі сөздер оларға жеткілікті және ол сөздер мағынаның да міндетін атқарады. Әсіресе, сол арабша сөздер арқылы Кәламуллаһ яғни Аллаһтың сөздері екендігі еске түсіп, үздіксіз нұр алуға негіз болады.
Міне, өзім тәжірибеден өткізген осы жағдай азан және намаздың тасбихаты сияқты, сондай-ақ әр уақыт қайталанып тұратын Фатиха және Ыхлас Сүресі сынды ақиқаттарды, ешқашан басқа тілмен түсіндіруге болмайтынын және зиянды екенін көрсетеді. Өйткені, сарқылмас бұлақ болған Иләһи және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөздері жоғалғаннан кейін, әлгі тұрақты сезімдердің тұрақты үлестері де жоғалады. Оған қоса Иләһи сөздердегі әрбір әріптің ең аз дегенде он сауабы зая болуымен қатар, жұрттың бәрі барлық намазда Аллаһтың құзырында екенін сезіне алмайтындықтан, ғапылдық басып тәржіма арқылы білдірген адамдардың анықтама сөздері рухқа қараңғылық беріп, зиянды болады Мәселен Имам Ағзам: لَٓا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ тәуһидті ұлықтайтын белгі және есім" деген. Біз де былай дейміз: Тасбих-зікірдегі
сөздердің, әсіресе азан мен намаздағы сөздердің бәрі белгі және есімге айналған. Белгі ретінде олардың сөздік мағынасынан гөрі, шариғаттағы мағыналарына назар аудару керек. Олай болса, оны өзгерту шариғатқа қайшы. Олай істеуге болмайды. Әрбір мүминнің білуі керек болған терең мағыналары, яғни қысқаша бір мазмұны болса, оны ең сауатсыз адам да тез үйреніп алады. Бүкіл өмірін мұсылмандар арасында өткізген және басын мыңдаған керексіз нәрселермен толтырған адамдар, мәңгілік өмірінің кілттері болған осы мүбәрак сөздердің қысқаша мағыналарын бір-екі аптада үйренбеуі қалай үзірлі болмақ?.. қалай мұсылман болмақ, бұларды қалай "ақылды адам" деуге болады. Осындай жалқаулардың көңілі үшін, сол ңұрлы бұлақтардың қорғандарын қирату ақылдың ісі емес!..
Сондай-ақ, "Сүбханаллаһ" деген адам қай ұлттан болса да, Жаратушы Хақты пәктегенін түсінеді. Міне, осыншалық дәлел жеткілікті болмай ма? Егер мағынасына өз тілі арқылы мән берер болса, ақыл тұрғысынан бір мәрте түсініп алуы мүмкін. Ал, оны күніне жүз мәрте қайталайды. Иләһи сөзді жүз мәрте қайталағанда ақылдың білімдік үлесінен басқа, сол сөздерге сіңген мазмұндар бар, ол мазмұндар көптеген нұрлардың қайнар көзі. Әсіресе, Аллаһтың сөзі болуы қасиетінен туындайтын нұрлар өте құнды...
Түйін: Діннің негізгі қорғандары болған Иләһи сөздердің орнын еш бір пендәуи сөз баса алмайды, міндеттерін атқара алмайды. Уақытша түсіндіре алса да, тұрақты, асқақ, киелі түрде түсіндіре алмайды.
Ал діни дүниетанымның қорғандары болған сөздерге келер болсақ, оларды өзгертудің қажеті жоқ. Өйткені, насихат арқылы және өзге де дәрістер мен тәлімдер және уағыздар арқылы ол қажеттіліктер қамтамасыз етіледі.
Қорытынды: Шешендігі аса жетілген араб тілінің байлығы мен Құран сөздерінің мұғжизалығын, толық аудару мүмкін емес. Тіпті, оны аудару қисынсыз дей аламын. Кімнің шүбәсі болса, Құранның мұғжизалығына қатысты жазылған Жиырма Бесінші Сөзге қарасын. Ал тәржіма деп жүрген нәрселері, өте шолақ, қасаң қалған бір мазмұн. Ондай мазмұн қайда, әрқашан өміршең аса көп тармақтарға бөлінген аяттардың шын мағыналары қайда жатыр?
Тоғызыншы мәселе
Ислам әлемінде "Әһли Сүннет уәл Жамағат" деп аталатын тура жолдағы орасан зор әһли хақ тобы, Құран мен иман ақиқаттарын, туралық шеңберінде үтір нүктесіне дейін сүннетке үйлесімді түрде сақтаған. Әулиелердің басым көпшілігі сол шеңберден шыққан. Екінші бір топ әулиелер, Әһли Сүннет уәл Жамағаттың кейбір қағидалары тысында және негіздеріне қайшы келетін бір жолда. Міне, осындай әулиелерге назар аударған кісілер екі топқа бөлінді:
Бір тобы, Әһли Сүннеттің негіздеріне қайшы болғаны үшін, олардың әулие екендігін жоққа шығарды. Тіпті, олардың бір тобын кәпір деуге дейін барды.
Екінші бір топ, олардың ізінен ерушілер, олардың әулие екендігін қабыл еткендіктен: "Хақ тек қана Әһли Сүннет уәл Жамағаттың жолына тән емес" деді. Бидғатшыл бір топ құрады. Тіпті адасуға дейін барды. Әрбір тура жолды тапқан жанның, тура жолды көрсетуші бола бермейтінін білмеді. Шейхтары жасаған қателері үшін үзірлі, өйткені транстық жағдайда. Ал, оған ергендер, үзірлі бола алмайды.
Орта жолды ұстанатын бір топ болса, ол әулиелердің әулие екендігін жоққа шығармады. Дегенмен олардың жолдары мен ұстанымдарын қабыл етпеді. Олар былай дейді: "Діни негіздерге қайшы келетін сөздері, я транстық жағдайдағы қателіктері, немесе мағынасы толық түсініксіз, астарлы теңеулер. Сол транстық жағдайда айтқан сөздері сияқты нәрселер.
Өкініштісі сол, бірінші топ, соның ішінде сырт көріністерге аса мән беретін ғалымдар, әһли Сүннеттің ұстанымын сақтау ниетімен, көптеген мықты әулиелерді жоққа шығарды, тіпті адасты деуге мәжбүр болған. Екінші топтағы тараптарлары болса, ондай шейхтарға қарсы аса жақсы көзқараста болғандықтан, хақ жолын тастап, бидғаттарға бой алдырып, тіпті адасуға дейін барған.
Міне, осы сырға қатысты ұзақ уақыт зейінімді жаулаған бір жағдай бар еді: Бір күні мен бір топ адасқандарға қарсы маңызды бір уақытта, ашу ызамен дұға еттім. Бәддұғама өте күшті рухани күш қарсы шықты. Дұғамды да кері қайтарды, мені де тыйып тастады.
Кейін байқасам, ондай адасушы топтар хаққа қайшы келетін істерінде бір рухани күштің жәрдемі арқылы арттарынан еріткен халықты алды-артына қаратпай сүйрелеп барады. Табысқа қол жеткізуде екен. Тек, зорлықпен ғана емес, расында әулиелік қуаттан келетін қалаумен бірлескендіктен, имандылардың бір тобы сол қалауға алданып, жақсы көруде, оларды өте жаман деп ойламайды екен.
Міне, осы екі сырды сезінген кезімде қатты үрейлендім, "Фәсубханаллаһ!" дедім. "Хақ жолдан өзге әулиелік болуы мүмкін бе? Әсіресе, сұмдық бір адасу қозғалысына ақиқатшылдар жақтас бола ала ма?" дедім. Кейін бір арапа күні, тамаша бір Ислами әдетке сүйеніп, Ыхлас Сүресін жүз мәрте қайталап, соның берекетімен Иләһи мейірім "Маңызды бір сауалға жауап" деген тақырыппен жазылған мәселемен бірге көңіліме бір ақиқат сыйлады. Ақиқат былай еді.
Сұлтан Мехмет Фатихтың заманынан қалған мынадай бір ақиқат әңгіме бар. Мәшһүр де мағыналы "Жибали Баба қиссасында" айтылатын әулиелер сырттай қарағанда ақылды боп көрінгенімен, негізінде мәжзуб жандар . Тағы бір бөлігі, кейде ояу әрі ақыл шеңберінде боп көрінеді, кейде ақыл мен жөн жосықтан шығып кететін халге келеді. Осы топтың бір бөлігі, адасушылар. Рухани мас күйінде көрген бір мәселені ояу халіндегіге сәйкестендіреді, қателеседі және қателескенін де білмейді. Ал мәжзубтардың бір бөлігі, Аллаһ тарапынан қорғаулы болғандықтан адасуға түспейді. Енді бір бөлегі қорғаулы емес, бидғатшыл, адасушы топтарда болулары мүмкін. Тіпті, олар кәпірлердің ішінде болу ықтималы бар.
Міне, уақытша немесе тұрақты түрде мәжзуб болған жандар рухани жақтан "мүбәрак мәжнүн" болып саналады. Өзімен өзі жүрген мәжнун есебінде болғандықтан жауапкершілік арқаламайды. Жауапкершілік алмағандықтан жауапқа да тартылмайды. Осындай жынды әулие күйінде қала беретіндіктен адасушылар мен бидғатшылдарға жақтас болады. Ұстанымдарына айтарлықтай құндылық беріп, кейбір әһли иман мен әһли хақтың сол жолға түсулеріне себеп болады.
Оныншы мәселе
[Кейбір достардың ескертуі бойынша, зияратшыларға қатысты бір қағиданың түсіндірілуі сұралған-ды. Сол үшін жазылған]
Біліп қойыңдар: Бізді зиярат етушілер я дүниелік мәселе үшін келді. Ол есік жабық. немесе ақыреттік мәселелер үшін келеді. Онда да екі есік бар: Біріншісі я, жеке басымды қасиетті санап, жоғарғы мәртебе иесі деп ойлап келеді. Ол есік те жабық. Өйткені, мен өзімді мақтамаймын, мені мақтағандарды да қоштамаймын. Өз өзімді мақтауыма жол бермеген жаратушы Хаққа мың шүкір.
Екіншісі, тек Құран Хакимнің қызметшісі болуым жөнінен, бұл есіктен кіргендерді төбеме көтере қабылдаймын. Олар да үш түрлі болады: Я, дос болады, я бауыр болады, я шәкірт болады.
Достың ерекшелігі мен шарты мынадай: Сөздерге және Құран нұрларына қатысты болған қызметімізге шынайы тараптар болуы және хақсыздыққа, бидғалар мен адасушыларға тараптар болмауы керек. Өздері де Рисалелерден пайдалануға тырысуы керек.
Бауырдың ерекшелігі мен шарты мынадай: Сөздерді жаюға шындап тырысуына қоса, бес парыз намазын өтеуі, жеті үлкен күнәні жасамауы керек.
Шәкірттің ерекшелігі мен шарты мынадай: Сөздерді өзінің меншігі секілді сезініп иелік етуі, өмірінің ең маңызды міндеті соны жазу, жаю және соған қызмет ету деп білуі керек.
Міне, осы үш топ, менің үш тұлғалық бейнеммен байланыста. Дос, менің жеке тұлғалық бейнеммен байланыста болады. Бауыр, құл ретіндегі және құлшылығым тұрғысындағы тұлғаммен байланыста болады. Ал шәкірт, Құран Хакимнің жаршысы ретіндегі және ағартушылық міндетіндегі тұлғаммен байланыста болады.
Біріншісі: Құранға қызмет тұрғысында, Құран жауһарларын менен немесе Рисалей Нұрдан дәріс ретінде қабылдау. Бір дәріс болса да.
Екіншісі: Құлшылығым тұрғысында, ақыреттік табыстарыма үлескер болады.
Үшіншісі: Иләһи дәргаһқа бәріміз бірге бет бұрып, көңіл байласып, Құран Хакимге қызмет ету жолында қол ұстасып, таупиқ және һидаят сұрауда қатар жүреді...
Егер шәкірт болса: әр таңда, үнемі есімде, кейде қиялымда да бірге болады, үлескер болады.
Егер бауыр болса: бірнеше мәрте атын атап дұға етемін, дұғам мен табысымда бірге болып, үлес алады. Кейін бүкіл бауырыммен бірге Аллаһтың рахметіне тапсырамын, Осылайша дұға кезінде "әйел және ер бауырларым" деген шағымда солардың ішінде болады. Мен білмесем де, Аллаһтың рахметі оларды біледі және көреді.
Егер дос болса және парыздарды орындайтын, үлкен күнәларды тастайтын болса; барша достар тұрғысында дұғамның ішінде болады. Осы үш сынып та, мені рухани дұғалары мен табыстарына қосулары шарт.