МЕКТУБАТ
Қасиетті Құранның құнды тәпсірі, мағынасы өте терең, көлемі үлкен бұл кітаптың мағынасын аз да болса қазақшаға аударуға, басылып жарыққа шығуына, жан-жақты көмектесіп, демеу болған бауырларымызға ризашылығымызды білдіре отырып, Аллаһ тағала оларға екі жаһанда бақыт сыйласын, амал дәптерлеріне кітаптың әріптері қанша болса сонша сауап жазсын демекпіз. Әрине бұл бір адамның қолынан келер іс емес, әу баста Раббымыздың жарылқауы, һәм осы иман ақиқаттарына мұқтаж күллі мүминдердің дұға-тілектерінің қабыл болуы деп білеміз.
БІРІНШІ МЕКТУБ
БІРІНШІ С РАҚ: Хазіреті Хызыр Алейһиссаламның тірі екені рас па? Рас болса кейбір мықты ғалымдар оның тірі екенін неге қабылдамайды?
Жауабы: Тірі, бірақ ол біздікінен бөлек әлемде өмір сүруде. Ондай бес әлем бар. Ол екінші мәртебеде. Сондықтан кейбір ғалымдар оның тірі екеніне күмәнмен қараған. Ондай әлем бесеу дедік.
Біріншісі: Біздің әлеміміз. Бұл әлемнің көптеген шарттары мен шектеулері бар.
Екіншісі: Хазіреті Хызыр мен Иляс Алейһиссәламның әлемі. Бұл әлемнің шарт-шектеулері аз. Яғни, олар бір мезгілде бірнеше жерде бола алады. Біз сияқты тұрмыстық қажеттіліктерге тәуелді емес. Қалаған уақытында біз секілді ішіп-жейді, бірақ біз сияқты мәжбүр емес. "Әһл-и шухуд уә кәшф" деп аталатын әулиелердің Хазіреті Хызырмен арасында болған нақты оқиғалар бұл әлемнің жарқын дәлелі. Тіпті әулиелік жолда "Хызыр мақамы" деп аталатын дәреже бар. Бұл дәрежеге жеткен әулие Хазіреті Хызырмен кездесіп одан сабақ алады. Кейде осы әулиені Хызырдың өзімен шатастырады.
Үшіншісі: Хазіреті Ыдырыс пен Иса Алейһиссәламның әлемі. Олар адами тұрмыстық қажетіліктерге мұқтаж емес. Періштелердің өмірі сияқты, бір өмірге кіріп, нұрлы мөлдірлік, нәзіктікке бөленеді. Бейне бір мағнауи дене әдемілігінде және жұлдыздар сияқты нұрлы
денеде болған дүниедегі денесімен аспан әлемінде болып отыр. «Ақырзаманда Хазіреті Иса Алейһиссалам келеді, Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатымен амал ететін болады» деген мағынадағы хадистің сыры мынау болса керек:
Ақырзаманда материалистік философиядан туындаған Құдайды жоққа шығарудың атейстік пікірі белең алады. Есесіне, әртүрлі аңыз-ертегілерден арылған Христиан діні оған қарсы шығып, Исламға оралып, тазарады. Сол діннің рухани тұлғасы Уаһидің қылышымен, яғни, Құранның ақиқатымен әлгі сұмдық дінсіздік пікірінің рухани тұлғасын өлтіреді. Сондай-ақ, Хазіреті Иса Алейһиссалам Христиан дінінің рухани тұлғасының уәкілі ретінде дінсіздіктің рухани тұлғасының уәкілі-Тажалды өлтіреді... яғни, Құдайды жоққа шығару пікірін жояды.
Төртіншісі: Шәһидтердің әлемі. Қабірде жатқан жай адамдарға қарағанда шәһидтердің әлемі жоғарырақ екендігі Құранда анық айтылған. Иә, Шәһидтер дүниелік өмірін хақ жолына пида еткендіктен, Хақ Тағала кемел кеңшілігімен берзах әлемінде оларға дүниелік өмірге ұқсас, бірақ мұңсыз, бейнетсіз рахат өмір сыйлайды. Олар өздерінің өліп қалғандарын білмейді. "Бұрынғыдан да жақсы әлемге кетіп қалдық" - деп біледі. Мол бақытқа бөленіп, рахаттанады. Өлім арқылы болатын қоштасудың ащы қайғысын сезінбейді. Шынымда қабірдегі жай адамдардың да рухтары мәңгі, дегенмен олар, өздерінің өліп қалғандарын біледі. Олардың берзах әлемінде көрген қызықтары мен алған ләззаттары шәһидтердікіне жетпейді.
Мысалға: Екі адам түсінде жәннат секілді әсем бір сарайда жүреді. Біреуі мұның түс екенін біледі. Алған рахаттылығы мен ләззаты өте ноқсан. "Оянып кетсем мына ләззат бітіп қалады" дегенді ойлап жатады. Екіншісі, мұның түс екенін білмейді. Шынайы ләззат пен бақытқа бөленеді.
Міне, өлген адамдар мен шәһидтердің берзах әлеміндегі жағдайдан пайдаланулары осылай әртүрлі. Шәһидтердің осындай әлемде өмір сүре беретіндіктерін, әрі өздерін тірі деп ойлайтындықтарын дәлелдейтін көптеген оқиғалар мен риуаяттар бар. Тіпті, шәһидтердің ең жоғары мәртебелісі Хазіреті Хамзаның (р.һ.) өзінен медет сұрағандарды желеп-жебейтіні, сондай-ақ, олардың дүниялық істерін жасап беруі және басқаларға жасаттыруы сияқты көптеген оқиғалар
ондай әлемнің бар екенін айқындап, дәлелдей түседі. Тіпті өзімнің Үбейд дейтін інім, әрі шәкіртім, соғыста менің жанымда жүріп, менің орныма шәһид болды. Кейінірек, мен ол жерден үш айлық жерде тұтқында болған кезімде, оның қайда жерленгенін білмесем де, түсімде жер астындағы қабірін зиярат еттім. Бұл әрине жәй бір түс емес, ақиқатқа сай оқиға еді. Мен оны шәһидтердің арасынан таптым. Ол мені өліп қалды деп, көп жылағанын айтты. Өзін тірімін деп жүр. Отанын орыстар басып алғандықтан, өзіне жер астынан әдемі пана жасап алғанын айтты. Міне, бұл қысқа ғана түс, кейбір шарттар және белгілермен жоғарыда айтылған ақиқатты көзбен көргендей нақтылай түседі.
Бесіншісі: Қайтыс болған адамдардың рухани әлемі. Иә, өлім дегеніміз - орын ауыстыру, рухтың бостандыққа шығуы, жүктелген міндеттен босатылуы. Ол әрине жоқ болып
құрып кету емес. Кейбір әулие адамдардың рухтарының көрінуі, сондай-ақ, басқа да өлген кісілердің бізбен не түсімізде, не өңімізде байланыс құруы және дұрыс хабар беруі сияқты дәлелдер, әлгі әлемнің бар екенін айқындап, нақтылай түседі. Ал, рухтың мәңгі екендігі жайлы баяндайтын "Жиырма тоғызыншы Сөз", ол әлемнің бар екенін нақты айғақтармен дәлелдеп берген-ді.
ЕКІНШІ С РАҚ: Құранда:
сияқты аяттарда: "Өлім де өмір секілді жаратылыс һәм нығмет" деп түсіндіріледі. Алайда сырттай қарағанда, өлім дегеніміз - ажырап ыдырау, жоғалу, шіру, өмірдің сөнуі, ләззатардың жойылуы емес пе? ол қалай жаратылыс және нығмет бола алады?
Жауап: Бірінші сұрақтың жауабының соңында айтылғандай: Өлім - өмірдегі уәзипадан, міндеттерден босау, демалыс, мекен ауыстыру, басқа бір болмыс түріне ауысу мәңгі өмірге шақыру, бастама, бақи тіршіліктің кіріспесі. Қалайша бір тірі жанның дүниеге келуі - тағдырдың жазуы арқылы құдіретпен болады. Сондай-ақ дүниеден кетуі де, тағдырдың жазуы мен хикметпен басқару арқылы құдіретпен болады. Өйткені тіршілік иесінің ең төмен сатысы өсімдіктердің өлімі - өмірінен әлдеқайда жүйелі, өнер туындысы. Өйткені жемістер мен дәндердің өлімі - сырт көзге шіру, үгітіліп ыдырау болып көрінгенімен, шындығында, өте тәртіпті бір химиялық процесстен, элементтердің өлшемді түрде бір-біріне араласуынан және хикметті түрде атомдардың түзілуінен тұратын илену. Олардың осы көзге көрінбейтін жүйелі әрі хикметті өлімі өсімдіктің өсіп шығуы арқылы тіршілікке айналады.
Демек, дәннің өлімі - өсімдіктің көктеуінің, тіпті оның өмірінің дәл өзі болғандықтан, бұл өлім де өмір секілді жүйелі жаратылыс.
Сондай-ақ, тіршілік иесі жемістер мен жан-жануарлардың адам асқазанына түсіп қорытылуы, яғни өлуі, олардың жоғары, адам өмірі деңгейіне көтерілуіне негіз болатындықтан олардың ол өлімі тіршілігінен әлдеқайда жүйелі құбылыс және жаратылыс деуге болады.
Міне, тіршіліктің ең қарапайым сатысы өсімдіктердің тіршілігі аяқталып өлуі, осындай хикметке толы жүйелі жаратылыс болатын болса, тіршіліктің жоғары сатысы адам өмірінің аяқталуы, яғни өлуі әлбетте жерге түскен дәннің жер бетіне өніп шығып, ауада жайқалған ағашқа айналатыны іспетті, жерге көмілген адам да әлбетте берзах әлемінде мәңгі өмірдің қауызын жаратын болады.
Ал, өлімнің нығмет екендігін көрсететін көптеген жақтары бар. Соның төртеуіне ғана ишара етеміз.
Біріншісі: Өлім - қиындап кеткен өмір міндетінен және тіршілік жүгінен азат етеді. Достарының жүзде тоқсан тоғызы кеткен берзах әлеміне апаратын есік болғандықтан ол - ең үлкен нығмет.
Екіншісі: Аумалы-төкпелі, қиыншылығы мол, тар дүние зынданынан шығып, кең, қайғысыз, қуанышты бақи әлемге өтіп, Махбуб-ы Бақидың мейіріміне бөлену.
Үшіншісі: Тұрмыс шарттарын қиындатып жіберетін қарттық, тағы да басқа себептер өлімнің өмірден де артық нығмет екенін көрсетеді.
Мәселен сені қынжылтып, күйзелтетін әбден қартайған әкең мен шешеңе қоса, атаңның аталары аянышты халде, қазір сенің алдыңда тұрса, өмір неткен бейнет, өлім қандай нығмет екендігін білер едің. Тағы бір мысал: Әдемі гүлдердің ғашықтары болған әдемі әрі нәзік көбелектер мен аралардың қыстың сақылдаған аязында тірі жүрулері қаншалықты бейнет, өлімдері қаншалықты мейірім екендігі түсінікті болар.
Төртіншісі: йқы қалайша жан тыныштығы, бір рахаттану, әсіресе, басына іс түскендер мен жаралылар, аурулар үшін нағыз мейірім. Солай да ұйқының үлкен туысы болған өлім де қиын жағдайға ұшырағандарға және өзін-өзі өлтіруге дейін итермелейтін бәлеге душар болғандар үшін нығмет пен шынайы мейірімнің дәл өзі. "Рисалей Нұрда" талай рет нақты дәлелденгеніндей дінсіздер үшін өлім де, өмір сияқты бейнет үстіне бейнет, азап үстіне азап... Ол жағы тақырыптан тыс.
ҮШІНШІ С РАҚ: Жәһәннам қай жерде?
Жәһәннам кейбір риуаяттар бойынша жер шарының астында. Басқа жерлерде де айтқанымыздай, Жер шары бір жылдық орбитасында болашақта махшар жері болатын бір алаңды айналып, шеңбер сызып жүр. Жәһәннам, жердің сол жылдық орбитасының астында деген сөз. Ол перделі һәм нұрсыз от болғандықтан көрінбейді және байқалмайды. Жер шары саяхат етіп жүрген кеңістікте көптеген жаратылыс бар, бірақ олар нұрсыз болғандықтан көрінбейді. Айға нұр түспесе көрінбей қалатыны сияқты, көптеген нұрсыз планеталар, жаратылыстар көз алдымызда болса да, біз оларды көре алмаймыз.
Әзірге Жәһәннам екеу, біреуі кішкентай, біреуі үлкен. Болашақта кішісі үлкенге айналады. Қазір кішісі үлкенінің шағын үлгісі, бейне бір тұқымы деуге болады.. Болашақта үлкен жәһәннамнан өз орнын алады. Кіші жәһаннам жердің ортасында. Геология ілімі бойынша әр бір отыз үш метр тереңдеген сайын жылу бір градусқа артатыны белгілі. Ал жердің радиусы алты мың шақырымнан астам. Демек ол жерде екі жүз мың градустық от бар деген сөз. Ол дүниелік оттан екі жүз есе ыстық. Яғни хадисте айтылған ыстыққа сәйкес келеді. Осы кіші жәһәннам дүниеде және берзах әлемінде үлкен жәһәннамға тиіесілі көптеген міндеттерді атқаруда. Ол туралы көптеген хадистерде ишара етілген. Ақырет күні Жер шары өз тұрғындарын жылдық орбитасындағы махшар алаңына төгеді. Солайда ішіндегі кішкентай жәһәннамды Аллаһтың әмірімен үлкен жәһәннамға тапсырады. Әзірге үлкен жәһәннам өз тұрғындарына лайық, толық қызмет көрсетіп тұрмағандықтан, кейбір Муғтазила имамдары: "Жәһәннам кейіннен жаратылады" дегені қате және ақылсыздық. Сондай-ақ, ақырет әлеміне тиісті көзге көрінбейтін ғайып пердесінің
Демек, мына дүниелік сығырайған, көмескі ақыл көзімен сондай үлкен жәһәннам көрінбейді. Бірақ Аллаһтың Хаким есімінің нұрымен қарауға болар.
Сондай-ақ, безендіру үшін жасалған электр лампалары сияқты жұлдыздарды Рубубиетінің билігіне нұрлы дәлелдер етіп, сол арқылы Рубубиетінің билігі мен Құдіретінің ұлылығын көрсетіп тұр.
Міне, үлкен Жәһәннамды, электр лампаларына жарық беретін станцияның қазандығы етіп, аспан әлемінің ақыретке қатысты жұлдыздарын сол арқылы жағып, қызу мен қуат беру, яғни, нұр әлемі болған Жәннәттан жұлдыздарға нұр беріп, Жәһәннамнан от пен қызу беруі, дәл сол халде Жәһәннамның бір бөлігін азапқа лайық күнәһарларға мекен және түрме жасау хикметінің кемелдігі мен құдіретінің ұлылығына және рубубиетінің билігіне қиын шаруа емес. Әр бір Фатир-ы Хаким ғой алып ағашты, тырнақтай дәнге сиғызып, сақтап қояды. Әлбетте жер шарының ортасындағы кішкене жәһәннамның дәніне де үлкен жәһәннамды сыйғызып қою, Зат-ы Зүлжәлалдың Құдіреті мен Хикметіне сай нәрсе.
Қорытынды: Жәннат пен Жәһәннам - жаратылыс ағашының мәңгілікке қарай бет алып, иіліп бара жатқан бұтағының екі жемісі. Жемістің орны бұтақтың ұшында болады. Һәм, ғалам атты тізбектің екі ұшы, яғни нәтижесі. Нәтижелер тізбектің екі басында болады. Жаманы мен нашары астында, нұрлы әрі тәуірі үстінде. Һәм, Раббани істердің көріністері мен жер бетіндегі рухани жемістердің екі қамбасы. Қамбаның орны өнімдердің түріне байланысты: нашары астында, жақсысы үстінде. Һәм мәңгілікке қарай әрекет еткен және толқынданып селдей аққан жаратылыс ағысының екі тоғаны. Тоған болса - ағыстың тоқтап, жиналған жерінде болады. Яғни ласы мен қоқысы төменде, тазасы мен мөлдірі жоғарыда. Сондай-ақ, мейірім мен қаһардың, рахым мен ұлылықтың екі көріну сахнасы. Бұл, кез-келген жерде болуы мүмкін. Рахман-ы Зүлжәмәл, Қаһһар-ы Зүлжәләл қалаған жеріне орнатады.
Ал, Жәннат пен Жәһаннамның бар екендігі Оныншы және Жиырма сегізінші һәм Жиырма тоғызыншы Сөздерде нақты дәлелденген болатын. Енді сөзімді түйіндейтін болсақ: Ағаш болса, міндетті түрде жемісі де бар. Жемістің бар екендігі бұтақтың болмысынан анық, нәтиженің болатындығы тізбектің тұрпатынан көрініп тұр. Қамбаның болатынын оған келіп түсетін өнімнен, тоғанның болатынын оған ағып келетін өзеннен көреміз. Мейірім мен қаһар бар жерде олардың көрініс табатын жері де бар. Бұған күмән жоқ.
ТӨРТІНШІ С РАҚ: Сүйіктілерге деген уақытша махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналатыны секілді, апырым-ай көп адамдарда болатын дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа ұласуы мүмкін бе?
Жауап: Мүмкін, егер дүниенің өткінші жағына ғашық адам, дүниенің тұрақсыз, тез аяқталып қалатын жағының жағымсыздықтарын көріп, одан теріс айналар болса, мәңгі, бақи сүйіктіні іздесе, дүниенің Иләһи есімдердің айнасы және ахиреттің егістік алқабы болған өте әдемі өзге де қырларына қарай алса, міне сол кезде, шариғатқа қайшы келетін өткінші ғашықтық, шынайы ғашықтыққа айнала бастайды. Бірақ бір шарты бар: Өзінің өткінші және жеке өміріне тікелей байланысты тұрақсыз дүниесін, сыртқы дүниемен шатастырмауы керек. Егер адасқандар мен ғафылдарға ұқсап, өзінің кім екенін ұмытып, өзіне қатысы шамалы сыртқы, ортақ
әлемге өз әлемім деп қарап, соған ғашық болса, онда материализмнің ұйығына батып кетеді. Әрине, егер ғажайып түрде Аллаһтың жарылқауы құтқармаса...
Бұл ақиқатты түсіну үшін мына тәмсілге қара: Мәселен, мына әдемі безендірілген бөлменің төрт қабырғасында, төртеумізге тиісті төрт үлкен айна болса, бес бөлме пайда болады. Біреуі шын және бәрімізге ортақ, төртеуі мисали және әр қайсымызға тиесілі жеке бөлме. Біз өз айнамыз арқылы өзімізге тиісті бөлмеміздің түр-түсін өзгерте аламыз. Қызыл бояу жақсақ қызыл, жасыл бояу жақсақ жасыл етіп көрсетеді. Айнаға әсер ету арқылы көп нәрселерді өзгерте аламыз. Көріксіз қылып, немесе әдемі етіп көрсетуге, неше түрлі етіп қоюға болады. Бірақ, шын және ортақ бөлмеге оңайлықпен әсер етіп, өзгерте алмаймыз. Айнадағы жеке бөлме мен бәрімізге ортақ бөлме шындығында бір-ақ бөлме болғанымен, жағдаят мүлдем басқа. Сен өз бөлмеңді оп-оңай қирата аласың, бірақ екіншісінің бір тасын да, қимылдата алмайсың.
Мына дүниені тамаша бір бөлме десек, әрбіріміздің өміріміз үлкен айна іспеттес. Бұл дүниеде әрқайсымызға тиесілі жеке дүниямыз, жеке әлеміміз бар. Бірақ оның керегесі, іргетасы, есігі әркімнің өз өмірі. Осы жеке әлеміміз парақ болса, өміріміз қалам.... Сол қаламмен амал дәптерімізге көп нәрселер жазылуда. Енді осынша ынтық болған әлемімізге қарасақ, бұл әлеміміз өз өміріміздің үстіне тұрғызылғандықтан ол да сол өміріміз секілді баянсыз, фәни екенін сезіп білсек, енді, оған деген махаббатымыз, сол өміріміздің өзі айна болып көрсетіп тұрған Иләһи есімдердің тамаша нақыш-өрнектеріне бет бұрады. Одан сол есімдердің көріністеріне ауады. Енді сол жеке өміріміз ақырет пен жұмақтың уақытша көшет өсіретін жері екенін түсініп, сол жеке дүниемізге деген шектен тыс құмарлық пен махаббат секілді сезімдерімізді өмірдің нәтижесі, өнімі, жемісі болған ақыреттік пайдаларына қарай бұрған кезде ғана, дүниеге деген махаббат Аллаһқа деген махаббатқа айналады.
махаббат, адамды шексіз азапқа салып, бәлеге ұшыратады. Өйткені ондай махаббаттан, қолынан түк келмейтін шарасыз жанашырлық, үмітсіз аяныш туындайды. Бүкіл тіршілік иелерін аяп, жаны ашиды. Тіпті жойылып кететін бүкіл әдемі жаратылыстарды аяп, налиды, қолынан еш нәрсе келмей толық үмітсіз қайғыға түседі. Ал бейқамдықтан құтылған әуелгі адам, ондай қатты аяныштан туындаған қайғыны басатын қасиетті дәрі табады. Яғни, жаны ашыған бүкіл тіршілік иелерінің өлуі мен жойылуынан Зат-ы Бақидың бақи есімдерінің тоқтаусыз шағылыстарын көрсететін айналарының бақи екенін, яғни рухтарының мәңгі екенін көреді, аянышы қуанышқа айналады. Бұл жерде уақытша ғана өмір сүріп, жойылып кетіп жатқан бүкіл әдемі жаратылыстардың арғы жағында киелі де пәк сұлулықты сездіретін есім-сипаттардың тұрғанын сезіп, бұл Соның әдемі ою-өрнегі, тамаша нақышы, жарылқауы, үздіксіз нұрландыруы деп көреді. Уақытша нәрселердің жойылуы мен жоқ болуы әсемдікті одан әрі арттыру, ләззатты жаңалау, өнерді көрсету үшін жасалып жатқан жаңартулар екенін көріп, ләззаты мен құштарлығы, таңданысы арта түседі.
ЕКІНШІ МЕКТУБ
ҮШІНШІДЕН: Маған сыйлық жіберіпсің. Өте маңызды бір қағидамды бұзғың келеді. Мен саған: "бауырым Абдулмажидтен және ағамның ұлы Абдуррахманнан алмағаным секілді сенен де алмаймын" демеймін. Өйткені сен маған олардан да ыстық және рухыма жақынырақсың. Бәрінің сыйлығын кері қайтарсам да, сенікін бір жолға қайтармаймын. Дегенмен, реті келіп тұрған соң, сол қағидамның сырын айтып берейін:
Бұрынғы Саид біреудің міндетсінгенін көтере алмайтын. Одан да өлімді артық көретін. Көп қиыншылықтар мен неше түрлі машақат шексе де, ол қағидасын бұзбады. Сенің бұл бишара бауырыңа Бұрынғы Саидтан мирас боп қалған бұл қасиет жұртқа тақуа болып көрінушілік немесе жасанды тоқмейілсу емес. Шындығында төрт-бес негізгі себептерге байланысты.
Біріншісі: Хақ жолдан тайған азғындар, ілім адамдарын "ілімін пайдаланып мал табады" деп кінәлайды. "Ілім мен дінді өздеріне күнкөріс көзі етуде" деп, оларға ынсапсыз түрде тиіседі. Олай емес екенін оларға іс жүзінде дәлелдеу керек.
Екіншісі: Ақиқатты жаю жолында пайғамбарлардың ізінен еруге міндеттіміз. Қасиетті Құранда ақиқатты жаюшылар
деп, адамдардың заттық көмегінен бас тартқан. Ясин сүресіндегі:
аяты, бұл мәселені өте анық түсіндіреді.
Үшіншісі: Бірінші сөзде айтылғандай бір зат берерде Аллаһ атымен беру, Аллаһ атымен алу керек. Өкінішке орай көбіне не беруші бейқам, өз атынан беріп, іштей міндетсінеді. Не болмаса алушы бейқам, Муним-і Хақиқиге айтылуы тиіс алғыс пен мадақты сыртқы себептерге беріп қателеседі.
Төртіншісі: Тәуекел ету, қанағат қылу және үнемділік жасау сондай - бір қазына, және байлық, қой ешбір нәрсе оларға жетпейді. Адамдардан бір нәрсе алып сол бір таусылмас қазына байлықтан айырылғым келмейді. Раззақ-ы Зүлжәлал, кішкентай кезімнен бері біреудің, міндетсінуіне жол бермепті. Оған мың шүкір етемін. Оның кеңшілігіне арқа сүйеп, қалған өмірімді де сол қағидамен бойынша өткізуімді оның рахметінен өтініп сұраймын.
Бесіншісі: Бір-екі жылдан бері, ишаралар мен тәжірибелер арқылы нақты көзім жеткені, халықтың малын, әсіресе байлар мен мемлекет қызметкерлерінің сыйлықтарын алуға рұқсат жоқ. Бұлардың кейбіреуі маған кері әсерін тигізеді... Тигіздіріледі, жегізбейді. Кейде маған зиянды нәрсеге айналады. Демек өзгенің дүние-мүлкін алмауға рухани бұйрық, алуға тыйым бар. Оның үстіне мен өзіммен өзім оқшау жүрген жанмын. Кез-келген уақытта, кез-келген адамды қабылдай алмаймын. Жұрттың сыйлығын алатын болсам, олардың көңіліне қарап, қабылдауға тура келеді. Мен ондайды жақтырмаймын. Жасандылық пен жалтақтаудан, жағымпаздықтан құтқаратын, бір үзім қатқан нан жеп, жүз жамаулы киім кигенім артық. Бұлай қылу маған өте ұнайды. Біреулердің ең тәтті тағамын жеп, ең әдемі киімін киіп алып, солардың көңіліне қарауға мәжбүр болуды жек көремін.
Алтыншысы: Бас тарту себебімнің ең бастысы, мазһабымыздағы ең сенімді тұлғалардың бірі Ибн Хажар былай дейді: "Сені игі жан, салих адам деп, сондай ниетпен берілген нәрсені қабыл алсаң, егер сен салих болмасаң, ол харам болады".
Міне, қазіргі заманның адамдары ашкөздік пен тойымсыздығы себепті кішкене сыйлығын өте қымбатқа сатады. Мен секілді күнәһар бейшараны, салих немесе әулие деп ойлап, бір үзім нан ұсынады. Аллаһ сақтасын, егер мен өзімді салих деп білсем, ол, көкіректіктің белгісі, демек салих еместігіме дәлел. Ал егер өзімді салих деп білмесем, онда ол затты қабыл алуыма болмайды. Сондай-ақ, ақыретке қатысты амалдардың ақысына садақа мен сыйлық алу, ақыреттің бақи жемістерін дүниенің өткінші жемістеріне айырбастау деген сөз.
ҮШІНШІ МЕКТУБ
БЕСІНШІДЕН: Бір хатыңда менің осындағы сезімдеріме, үлестес болуды қалайтыныңды жазған едің. Сол сезімдерімнің мыңнан бірін жеткізейін.
Түнде жүз қабаттық биіктікте самырсын ағашының басындағы ұяшықтан жұлдыздармен безенген әсем аспан әлемін тамашаладым. Құран Хакімнің
ант еткен аятының өте жарқын мұғжизалық нұры мен шешендіктің керемет сырын көрдім. Иә, кейде көрініп, кейде жасырынып қалатын жұлдыздарға ишара қылатын осы аят, зер салған жанға өте жоғары санатты бейнелеу өнерін, аса ғибратты көріністі назарға ұсынады. Иә, бұл ғаламшарлар қолбасшылары болған күннің шеңберінен шығып қозғалмайтын жұлдыздардың шеңберіне кірген кезде, аспанда неше түрлі жаңа нақыштар өрнектер көрсетеді. Кейде өздері секілді жарық жұлдызбен иық тірестіріп қатар тұрады да тамаша көрініс береді. Кейде кішкентай жұлдыздардың арасына кіріп, өзі қолбасшы секілді көрінеді. Әсіресе осы айларда, ақшам уақытында көрінетін Есекқырған жұлдызы мен таң алдында туатын оның екінші бір жарық жолдасы Шолпан жұлдызы, көкжиекте өте әдемі де әсерлі бейнеде көрінеді. Содан кейін өздерінің бақылаушылық міндеттерін және осы тоқыма өнеріндегі адарғы қызметін атқарған соң, қайтадан кері қайтып, сұлтандары болған Күннің жарқыраған аясына кіріп, жасырынып қалады.
Осылайша «Хуннәс, Куннәс» деп аталған жұлдыздар мен жер шарымызды ғалам кеңістігінде бейне бір кеме немесе ұшақ түрінде кемел тәртіп бойынша жүргізіп, саяхат еткізіп тұрған Аллаһтың рубубиетінің ұлылығы мен улуһиет билігінің айбындылығын күндей жарқын бейнеде көрсетіп тұр. Бұл Иләһи биліктің ұлылығына қарашы! Кемелері мен ұшақтарының ішінде сондайлар бар ғой кейбіреулері жер шарынан мың есе үлкен және бір секундта сегіз сағаттық қашықтықты жүріп өтетіндей жылдам.
Міне, Иман етіп, құлшылық жасау арқылы сол Сұлтанмен қарым-қатынаста болу, бұл дүниеде Оның мейманы болу - қаншалықты үлкен бақыт, қандай асқақ абырой екендігін шамалай бер.
Сосын Айға қарадым:
аятының өте жарқын мұғжизалық нұрды баяндап жатқанын көрдім. Иә, айдың белгілі бір есеппен жүргізілуі, басқарылуы мен нұрландырылуы және жер мен күнге қатысты жағдайлары өте мұқият есеппен жүзеге асырылуы таңқалдырады. Өте ғажап. Оны солай үйлесімді қылып, есебін солай жасаған Қадир Аллаһқа еш нәрсе қиын емес. «Мұны осылай жасаған, барлық нәрсені жасай алады» деген пікір зер салып қараған әрбір ақыл иесіне дәріс береді. Һәм Күннің ізінен еріп отыратыны сондай, бір секундқа да жолынан шатаспайды, өз міндетін мүлтіксіз орындайды.
Мұқият қараған жанға дегізеді.
Әсіресе, мамырдың соңындағы Ай жіңішке, қияқтай болып, Үркер шоқ жұлдызының шеңберіне кірген шақта, құрма ағашының иілген ақшыл бұтағы секілді, ал Үркер бір шоқ жеміс бейнесінде көрінетіндіктен, аспан пердесінің арғы жағында бейне бір үлкен нұрлы ағаштың бар екеніндігін адамның қиялына елестетеді. Құдды сол ағаштың істік бір бұтағының ұшы, әлгі пердені тесіп шығып, жемісті шашағыменен қоса басын шығарып, Үркер мен Ай болып тұрғандай. Басқа жұлдыздар да сол көрінбейтін алып ағаштың жемістеріндей боп қиялға орнықтырады.
Содан кейін,
аяты. Бұл аят, жер шары қызметші кеме, тасымалдаушы көлік екендігіне ишара етеді. Осы ишараттан өзімді ғарыш кеңістігінде аса жылдамдықпен саяхат етуші алып кеменің үстіңгі жағында, биік бір орында отырғандай сезіндім. Ат, кеме секілді көлікке мінгенде оқылуы сүннет болған
аятын оқыдым.
Және бір байқағаным, Жер шары осы әрекеті мен кино таспаларды көрсетіп тұрған аппаратқа ұқсайды. Бүкіл аспан көз алдымда қозғалып, барлық жұлдыздар әскери саппен жөңкіліп барады. Сондай асқақ көріністерді көрсететіні сонша, бұған ой жүгірткен адамды қайран қалдырады. Мен де "Сүбханаллаһ!" дедім, қаншалықты аз шығынмен көптеген алып істер, таңғаларлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы арада иманға қатысты екі терең мағына ойға оралды:
Біріншісі: Бірнеше күн бұрын бір қонағым менен сұраған еді. Оның ойындағы күмәнді сұрақтың мәнісі мынадай еді: "Жәннат пен Жәһаннам өте ұзақта ғой. Айталық, жәннаттықтар Аллаһтың кеңшілігімен найзағайдай жалт етіп, пырақ секілді заулап ұшып, хаширден өтіп, Жәннатқа жетеді делік. Ал, жәһаннамдықтар ше? Олар зілдей ауыр денелерімен таудай үлкен күнәларын арқалап, Жәһаннамға қалай жетеді? Немен барады?
Ойға келген жауап былай: Мәселен, бүкіл ұлттар Америкаға конгреске шақырылса, әр бір ұлт өкілі өзінің үлкен кемесіне мініп барады. Сол сияқты, кеңістік дейтін теңізде бір жылда, жиырма бес мың жылдық жолды жүруді әдет қылған Жер шары, өз тұрғындарын махшар алаңына апарып төгеді. Сондай-ақ, тереңдеген сайын, әрбір отыз үш метрде бір дәрежеге қызудың артатындығының дәлелі етумен, жердің ортасындағы температура, хадисте айтылған Жәһаннам отының қызу дәрежесіне сәйкес, екі жүз мың градус. Хадисте айтылғандай, дүниеде және берзахта үлкен Жәһаннамның
кейбір міндеттерін атқарушы отты, Жәһаннамға апарып төгеді. Кейін Аллаһтың бұйрығы бойынша мәңгілік бейнеге еніп, ақырет әлемінде мекенжайға айналады.
Ойға келген екінші мағна: Сан-и Қадир, Фатыр-ы Хаким, Уахид-і Ахад Аллаһ құдіретінің кемелдігін, хикметінің жамалын және Уахдетін дәлелдеу үшін, аз нәрсемен өте көп істерді жүзеге асыруда, өте кішкене нәрсе арқылы өте үлкен міндеттерді атқаруда. Кейбір Сөздерде айтқанмын: Егер бүкіл нәрсені бір Жаратушы жаратты десе, өте оңай, әрі жеңіл болар еді. Егер жаратылыс көптеген жаратушылар мен себептерге телінсе, олай болуы мүмкін емес екендігі ортаға шығып, қисапсыз, қисынсыз қиындықтар пайда болады. Өйткені, бір сардар көп сарбазды бір ғана бұйрықпен немесе бір ұста аз әрекетімен бірнеше тасты оп-оңай өзгерте отырып, нәтижеге қол жеткізе алады. Егер дәл сол нәтижеге қол жеткізу әлгі сарбаздар мен тірексіз күмбездегі әрбір тасқа тапсырылар болса, өте көп әрекет қажет болып, көп қиындықтар туғызып, көп шатасып іске асуы мүмкін.
Міне, егер осынау ғаламдағы қозғалыстар мен айналыстар, төрт мезгілдің ауысуы, күн мен түннің алмасуы сияқты істер Уахдетке берілсе онда жалғыз өзі, бір ғана бұйрықпен бір тек денені қозғалтумен мезгілдердің алмасуындағы ғажайып құбылыстарды және күн мен түннің өзгеруіндегі хикметті кереметтерді, Ай мен Күннің ғажайып көріністерін көрсетіп тиімді де керемет жемісті нәтижелерді береді.
Өйткені, бүкіл жаратылыс Сонікі. Қаласа, Жер шары дейтін бір сарбазын барлық жұлдыздарға қолбасшы етіп тағайындайды. Орасан алып Күнді бүкіл тұрғындарды жылытушы әрі жарық беруші лампа қылады. Құдырет нақыштарының көріністері болған төрт маусымд бір мекик, хикмет жазуларының парақтары болған күн мен түнді бір серпін жасайды. Күн сайын айды басқаша түрде өзгертіп, уақыттардың есептелуі үшін күнтізбелік міндетті атқартып қояды. Билеп жүрген періштелердің қолындағы жалтылдаған әдемі шырақ қылып, жерге қатысты көп хикметтерін көрсете алады. Егер бұл құбылыстар заңдары жалпыға ортақ, тәртібі қатаң, басқару тәсілі мен үкімі бүкіл жаратылысқа жүретін Құдайдың ісі деп қабылданбаса, онда бүкіл күндер, жұлдыздар көз ілеспес жылдамдықпен шексіз қашықтықты күн сайын жүріп өтулері керек болады.
Міне Уахдетте (бір басшыға бағынуда) оңайлық, кесіретте (бет-бетімен әрекет етуде) шексіз қиындық туындайтындықтан кәсіпкерлер мен саудагерлер басқару жеңіл әрі оңай болуы үшін көпшілікке бір Басшы тағайындайды, серіктестіктер құрады.
Қорытынды: Адасу жолында сансыз қиындықтар бар, ал тура жолда яғни уахдет жолында бәрі оңай, жеңіл.
ТӨРТІНШІ МЕКТУБ
Қымбатты бауырларым!
Дәл қазір Шам тауында, биік бір төбенің басында, үлкен самырсын ағашының жоғарғы жағында, қолдан жасалған бір ұяшықта отырған жайым бар. Адамдардан оқшау, оңаша өмір сүруге үйреніп кетіппін. Біреумен әңгімелескім келсе, қиялыммен сіздерді дәл жанымнан табамын да, хал-жағдай сұрасамын. Сөйтіп өзімді жұбатамын. Егер, қандай да бір жәйт кедергі болмаса, бір-екі ай осында жалғыз бола тұруды жөн көріп отырмын. Өздеріңмен көзбе-көз сұхбаттасуға сіздерден бетер құштармын. Барлаға қайтсам оның да бір жөнін қарастырармыз. Енді, осы ұяшықта отырғанда ойға оралған бір-екі нәрсені айтайын.
Біріншісі: Бұл бір әркімге айтыла бермейтін сыр еді. Бірақ сенен жасырмаймын. Аллаһтың Уәдуд есіміне бөленген кейбір әулиелер өте жоғары мәртебеде сол есімнің тамаша көріністері арқылы әлемдегі жаратылыстың терезесінен Уажиб-ул-Ужудқа назар аударады. Сол секілді, түкке тұрмайтын бұл бауырыңызға тек өзін Құран қызметіне арнап, осынау сарқылмас қазынаның жаршысы болған кездері Аллаһтың Рахим, Хаким есімдерінің нұрына бөленуге себеп боларлық бір жағдай берілетін. Бүкіл Сөздер сол нұрлы, киелі есімдерге бөленудің көріністері.
Иншаллаһ ол Сөздер,
сырына бөленген.
Екіншісі: Нақшибенди тариқатын ұстанғандар жайлы айтылған: "Дер тарийқы Нақшибенди, лазым амед чар терк: Теркі дүние, теркі уқба, теркі һестий, теркі терк" деген қанатты сөз бірден есіме түсті. Яғни Нақшибенди тариқатында төрт нәрсені тәрк ету керек: 1-Дүниені, 2-ахиретті, 3-нәпсіні, 4-осы тәрк еткендерін тәрк ету керек, яғни оларды ойламау керек. Сонымен қатар мына сөздер де бірден туындады:
"Дер тарийқы ажиз мендий, лазым амед чар чиз: Фақры мутлақ, ажзы мутлақ, шүкрі мутлақ, шәуқы мутлақ ей әзиз!" Яғни, менің әлсіздікке негізделген жолымда төрт нәрсе шарт: 1-мүлдем пақырлық, 2-әбден әлсіздік, 3-толық шүкіршілік, 4-барынша ынта-ықылас.
Содан кейін өзің жазған, "Реңдері мың құбылған ғалам кітабына қара!" деп басталатын көркем де мағыналы өлеңің ойыма келді. Соның әсерімен аспандағы жұлдыздарға зер салдым. "Әттең, шайыр болғанымда, мынаның бәрін кемеліне келтіре суреттесем ғой..." дедім. Өлең жазуға қабілетім болмаса да, мына жолдарды бастадым. Алайда, ұйқастыра алмадым. Өлең де шықпады.
Көңіліме қалай келген болса солай жаздым. Сен менің ізбасарымсың ғой, қаласаң ұйқастырып, ретке келтірерсің.
Тыңдап көр жұлдыздардың мынау шырын хұтбасын
Нұрани хикмет кітабы, қара, қалай баяндауда!
Бәрі бірдей үн қатып, хақ тілімен былай деуде:
Бір Қадыр-ы Зүлжәлалдың айбынды сұлтанына
Әрбіріміз жарық шашқан айғақпыз біз,
Сан-и Құдіретке және Уахдетке куәлерміз біз.
Сонау жердің жүзін жарқыратқан
Назды мұғжизалы секілді періштелер сайранына!
Мынау аспанның жерге қараған, Жәннәтке мән берген
Мыңдаған ден қою байқаған көздеріміз біз.
{ Сілтеме: Яғни Жәннат гүлдерінің көшет және егістігі болған жәрдің бетінде құдіреттің сансыз мұғжизалары көрсетілгендіктен, аспан әлеміндегі періштелер, ол мұғжизалар мен ғажайыптарды тамашалағаны сияқты, аспан денелерінің көздері үкімінде болған жұлдыздар да, бейне бір Періштелерге ұқсап жер бетіндегі нәзік әдемі жаратылыстарды көрген сайын Жәннәт әлеміне қарайды. Ол уаытша ғажайыптарды мәңгі бір суретте Жәннәтта да тамашалап жатқандай, бір де жерге, бір де Жәннәтқа қарайды. Яғни о екі әлемге бақылап қараулары бар деген сөз.}
Жаратылыс ағашынан аспан бөлігіне
Құс жолы, бүкіл бұтағына.
Бір Жәмил-ы Зүлжәлалдың хикметімен тағылған
Өте әсем жемістеріміз біз
Осынау аспан тұлғаларына ұшып жүрген мешітпіз
Әрбіріне айналып жүрген баспана, үлкен үйміз!
Және жарқыраған шам, зор кеме, әрі ұшақпыз біз.
Бір Қадыр-ы Зүлкәмалдың, Бір Хаким-і Зүлжәлалдың
Құдыретінің мұғжизасы, өнерінің ғажайыбы.
Хикметінің туындысы, жаратылыс кереметі.
Әрбіріміз Нұр әлеміміз біз.
Сөйтіп жүз мың тілмен жүз мың айғақ көрсетеміз,
Естіртеміз адам болған адамға.
Соқыр болғыр дінсіз көзі, көрмес біздің жүзімізді.
Әрі естімес сөзімізді, хақ сөйлеген айғақбыз біз.
Таңбамыз бір, мөріміз бір Раббымызға тәсбих қылып, құл болып зікір етушіміз.
Құс жолының үлкен аяқасына байланған
Әрбіріміз әсерлі әрекет қылушымыз біз.
БЕСІНШІ МЕКТУБ
Нақшибенди тариқатының қаһарманы және бір күні болған бірі Имам Раббани (р.а.), Мектубатында былай деген: "Иман ақиқаттарының бір ғана мәселесінің түсінікті болуын, зауық пен кереметтерден туындайтын мыңдаған ләззаттардан артық көремін"
Тағы бір сөзінде: "Бүкіл тариқат жолдарының соңғы нүктесі - иман ақиқаттарын түсіну, соларға қол жеткізу" - деген.
Басқа бір жерде былай деген: " Әулиелік үш түрлі болады:
Біріншісі: Кіші әулиелік (уәлаят-ы суғра). Бұл кәдімгі әулиелік.
Екіншісі: Орташа әулиелік (уәлаят-ы уста).
Үшіншісі: лы әулиелік (уәлаят-ы кубра). лы әулиелік пайғамбарлыққа ізбасар болу жолымен, тариқаттың машақатты жолдарынан өтпей-ақ бірден ақиқатқа жол ашу".
Тағы да былай деген: "Нақшибенди тариқатында екі қанатпен кемелдік жолына түсу бар". Яғни, "Иман ақиқаттарына шын жүрекпен сену және діни парыздарды орындау арқылы болады. Осы екі нәрседе кемшілік болса, ол жолмен жүре алмайды". Ендеше, Нақшибенди тариқатындағыларға үш түрлі жол бар.
Біріншісі және ең үлкені: Тікелей иман ақиқаттарына қызмет ету. Имам Раббани (р.а.) де өмірінің соңында осы жолға түскен.
Екіншісі: Д іни парыздарға және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем Сүннетіне тариқат жолы арқылы қызмет ету.
Үшіншісі: Сопылық жолымен рухани жараларын жазуға тырысу, яғни жүрекпен алға ұмтылу, рухани кемелдену. Біріншісі - парыз, екіншісі - уәжіп, ал үшіншісі - сүннет есебінде.
Ендеше ақиқат осылай мен де былай деп шамалаймын: Егер Абдулқадир Гейлани (р.а.), Шах Нақшибенд (р.а.), Имам Раббани (р.а.) секілді тұлғалар қазір тірі болса, онда олар бүкіл күш - қайраттарын иман ақиқаттары мен Ислам ақидасының күшеюіне сарп етер еді.
Өйткені, мәңгілік бақыттың дәнекері солар. Егер, оларда кемшілік болса, мәңгілік бақытсыздыққа себеп болады. Имансыз Жәннатқа кіру мүмкін емес. Ал, тариқатсыз Жәннатқа кеткендер көп. Адам нансыз өмір сүре алмайды, бірақ жеміс жемей-ақ тіршілік етуге болады. Тариқат - жеміс, Ислам ақиқаттары - азық.
Бұрынғы кездері қырық күннен бастап қырық жылға дейін рухани кемелдену арқылы иманның кейбір ақиқаттарына ғана жетуге болатын-ды. Жаратушы Хақтың рахметімен қазіргі таңда сол ақиқаттарға қырық минутта жететін жол табылса, оған мән бермеу, немқұрайлылық таныту, әлбетте ақылдының ісі емес.
Міне, Отыз Үш Сөз, Құран ақиқаттары арқылы осындай жол ашқанын мұқият оқығандар анық байқайды. Бұл, рас.
Ендеше, Құранның сырларына қатысты жазылған Сөздер, қазіргі заманның рухани жараларына ең шипалы дәрі, ем және дінсіздік шабуылына душар болған Ислам әлеміне қалқан, ең пайдалы нұр, сондай-ақ адасушылық батпағында дағдарып қалғандар үшін ең сенімді жолбасшы екендігіне сенемін. Егер адам білімсіздігінен адасып жүрген болса, оның жөнге келуі оңай. Алайда, оқыған, білем деген жан адасып жатса, оны жөнге келтіру қиын. Бұрынғы заманда адасудың екінші түрі мыңнан бір жағдайда болатын еді. Ондайлардың тек мыңнан бірі ғана түсіндіру арқылы жөнге келетін. Себебі, ондайлар өздеріне сенімді болады. Өзі білмейді, бірақ бәрін білемін деп ойлайды. Жаратушы Хақ Құран Хакимнің нұрлы шұғыласы болған Сөздерге бүгінгі күнгі адасу мен азғындаушылыққа қарсы дәрі боларлық қасиет берген деген ойдамын.
АЛТЫНШЫ МЕКТУБ
Жаратушы Хақ сендерді пікіріме берілген мағыналарға үлескер еткен екен, әлбетте сезімдеріме де үлескер болуға хақыңыз бар. Сендерді көп мұңайтпау үшін айдаудағы аса қиын кездерді әңгіме қылмай-ақ, тек бір бөлігін ғана баяндамақпын.
Екі-үш ай болды, мүлдем жалғыз қалдым. Он бес, жиырма күнде бір қонақ келеді, басқа кезде жалғызбын. Жиырма күнге таяды, таудағы малшылар да жоқ, тарап кетті...
Міне, қас қарайып, түн болды. Мына ғаріп тау іші тым-тырыс, тек қана ағаштардың шер төккендей сыбдырлары естіледі. Бірінің ішіне бірі кіріп тұрған бес түрлі ғаріптік жағдайымды байқадым.
Біріншісі: Кәріліктің белгісі осы. Құрдастарым мен достарымнан және жақындарымның барлығынан дерлік айырылып жалғыз, ғаріп болып қалдым. Олар мені тастап Барзах әлеміне кеткендіктен мұңды, ғаріп халді сездім. Осы ғаріптіктің ішінен екінші бір ғаріптік шеңбері ашылды. Бұл да менімен байланыста болған жаратылыстардың көбі өткен көктем құсап мені тастап кетуінен туындаған қимастықтың ғаріп сезімі еді. Бұл жағдайдан, тағы бір ғаріптік шеңбер ашылды. Отанымнан, ағайын-туыстан жырақ, жалғыз қалуымнан туындаған ғаріптікті сезіндім. Түн ішінде таулардың жалғызсыраған кейіпі маған тағы бір аянышты ғаріптікті сездірді. Және мына уақытша мейманхана - дүниеден мәңгілікке қарай кетіп бара жатқан рухымды әдеттен тыс ғаріп халде көрдім. Бірден "Фәсүбханаллаһ" дедім; "Бұл ғаріптіктер мен қараңғылықтарға қалай төтеп беруге болады?" деп ойладым.
"Я, Раб! Ғаріппін, жалғызбын, күшсізбін, сырқатпын, әлсізбін, қартпын!..
Ықтиярсызбын! Дәрмен тілеймін, кеңшілігіңді іздеймін, медет сұраймын дәргейіңнен, Иләһи!" деді.
Бірден иманның нұры, Құранның берекеті, Рахманның ілтипаты көмекке жетті. Әлгі бес қараңғы ғаріптікті достықтың бес нұрлы шеңберіне айналдырды.
аятын оқыды.
Ақылым да қиналу мен қорқыныштан жанұшырған нәпсіме арнап, былай деді:
Қайдағы бір қайғыны айтып, ей бейшара, жылама,
Ащы жасың азайғанмен, мұң азаймас сірә да.
Қайдан келді мына қайғы күңіренген бар ғалам,
Түсіндің бе, ей ақымақ, иманы бүр жармаған?
Бұл дүние қараң қалар түсінбесең бұл сырды
Сені сыйсыз қалдырмайды Ол, тапсаң егер тылсымды.
Жасыңды тый, тәуекел де сенікі бір жай күмән,
Ал, әлемнің белі үзіліп кететіндей қайғыдан.
"Сәл шарпыған ызғарыма селт ете ме бұл адам?"
деп сынаған Құдіретті таныдың ба ей, жылаған.
Тани түссең, қасірет пен азаяды қайғың да,
Ал, ендеше құлшылық қып беліңді бу, қайғырма!
Өлеңді еркін аударма жасаған: Саматұлы Нұрлыбек
Һәм ұстаздарымның бірі Мәулана Жәлаладдиннің өз нәпсісіне айтқанындай былай дедім.
Осы кезде нәпсім де: "Иә, иә... әлсіздік пен тәуекел арқылы, пақырлық пен жалбарыну арқылы ғана нұр қақпасы ашылар, түнектер де сейілер"
деді. Мәшһүр Хәкім Атаийдің:
Міне бауырларым, бұл қараңғы ғаріптіктер иман нұрымен нұрланғаны рас. Алайда, маған да біраз әсер қалдырды және: «Өзім ғаріп екенмін, жалғыздықтамын және жалғыздыққа кетемін апырмай, мына қонақ үйдегі міндетім бітті ме екен ? Сендерді және Сөздерді осында уәкіл етіп қалдырсам, мүлдем байланысымды үзсем...» деген бір ой салды. Сондықтан сендерден Сөздер жеткілікті ме? Кемшілігі бар ма? Яғни, уәзипам бітті ме? - деп сұрадым.
Егер уәзипа-міндетім біткен болса, көңілім шат, жаным рахат күйге еніп, зауықты шынайы бір жалғыздыққа кіріп дүнияны ұмытып, Мәулана Жәлаладдин айтқандай:
деп, асқақ бір сезімдегі ғаріптікті іздеп кетсем бе екен?" деген сұрақтармен мазалаған едім.
ЖЕТІНШІ МЕКТУБ
Қымбатты бауырларым!
Менен сұрасын деп Шамлы Хафызға екі нәрсе айтқан екенсіздер.
Біріншісі: Хазіреті Пайғамбарымыздың (с. а. у.) Зейнепке үйленуі. Бұрынғы заманның мұнафықтары секілді қазіргі азғындар да Әз Пайғамбарымызды (с.а.у.) мінеп, мұны сөз қылуда. Нәпсіқұмарлықтан туындаған оқиға деп айтады. Бұған не дейсіз?
Жауап: Құдай сақтасын! Олай емес! Жүз мың рет қайталайын, олай емес! Азғындардың өте төмен, пәс күмәндарының қолы асқақ абырой, кіршіксіз ар Иесінің маңайына да жуымайды. Иә, он бес жасынан қырық жасына дейінгі жастықтың жанып тұрған кезінде, нәпсінің әуестігі басым шақта, дос-дұшпанға мәлім, абыройлы да бейкүнә ғұмыр кешіп, Хадишат-ул Күбра (р.а.) анамыздай жасы ұлғайған бір ғана әйелге қанағат еткен Кісінің қырықтан кейін, яғни нәпсінің әуестігі басылған кезде, көп әйелмен некелесуі сөзсіз және анық түрде нәпсіқұмарлықтан емес, басқа маңызды хикметтерге байланысты. Бұл аз ғана нысаппен қараған жанның көзі жетерліктей дәлел.
Ол хикметтердің бірі де мынау: Пайғамбарымыздың сөздері де, әрекеттері де, хал-ахуалы да Діннің іргесін қалайтын қайнар көзі, Шариғат үкімдерінің негізі. Бұлардың жұртқа белгілі жақтарын жеткізуді, түсіндіруді сахабалар мойынына алған болса, жеке өмірдегі, көпшілікке ашық айтыла бермейтін ерекше жағдайларды, шариғат үкімдерін түсіндіріп, таныстыруды да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пәк жұбайлары өз мойындарына алған еді. Іс жүзінде ол қызметті атқарды. Дініміздің жеке өмірге қатысты, отбасылық жағдайдағы нәзік үкімдерінің жартысына жуығын сол кісілер жеткізіп отырған.
Демек осындай аса маңызды міндеттерді атқару үшін әр түрлі мінез-құлықты, түрлі деңгейдегі дүниетанымы бар бірнеше пәк әйелдер керек еді.
Енді, Хазіреті Зейнеппен некелесуіне келетін болсақ: Жиырма бесінші сөздің бірінші тармағының үшінші шуағындағы мысалда:
аятына қатысты былай делінген болатын: Адамдардың дәрежелеріне, әр кімнің түсінігіне қарай бір ғана аят әр қырымен әр қилы мағына білдіреді. Кейбіреулер бұл аятты былай деп түсінген: Расулуллаһтың қызметшісі болған және "балам" деп шақырылатын Зәйіт (р.а.) абыройы асқақ жұбайының өзіне (куфуф) тең емес екендігін мойындап, талақ еткен. Яғни Хазіреті Зейнептің болмысы мен мінез-құлқы мүлдем ерекше болатын. Ол Пайғамбарға жар болатындай керемет нәзік жан еді. Мұны Зәйт (р.а.) өзінің парасаттылығымен сезіп, өзінің оған күйеу боларлық жаратылыста, куфуф (тең) еместігін біліп, әрі мұндай жағдай рухани үйлесімсіздікке себеп болғандықтан талақ қылған. Аллаһтың әмірімен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәлам алған.
Расулуллаһ (с.а.у.) сол тағдырдың үкіміне мойынсұнуға мәжбүр еді. Нәпсінің қалауымен болған жоқ. Тағдырдың бұл шешімі өте маңызды бір шариғи үкімді, жалпыға ортақ бір хикметті, ауқымы кең бұқаралық мәселені қамтиды.
Яғни
аятының ишараты бойынша: Үлкендердің кішілерге «балам» деуі, шариғаттағы «зыхар» мәселесіндегі өз жұбайына «Сен анам сияқтысың» десе, әйелінің оған харам болып кететіні сияқты емес. Яғни үкім жүріп кетпейді.
Сондай-ақ лы тұлғалардың өз халқына немесе Пайғамбарлардың өз үмбетіне әкелік назармен қарап, әке секілді сөйлеуі жеке адам тұрғысынан емес, рисалет уәзипасы, яғни пайғамбарлық міндеті тұрғысынан болғандықтан, өз үмметінен әйел алуының ешқандай үйлесімсіз жағы жоқ.
Енді, ой-өрісінің деңгейі басқа адамдар мұны былай түсінеді: Бір ұлы әмірші халқына әкедей қамқор болады. Егер сол әмірші ішкі-сыртқы істердің бәрін білетін рухани көсем-патша болса, онда оның қамқорлығы әкелік қамқорлықтан жүз есе асып түседі. Сондықтан, халқы оның өз баласындай болып, оған әкесіндей қарайды. Халқының "әкеміз" деуі "күйеу" деген мағынаға ауыса қоймайды және қызым деп қарау "жұбайым" деп қарауға бірден өзгере салмайды. Сондықтан халықтың назарында Пайғамбардың мүминдердің қыздарымен некелесуі осы көзқарасқа жат келетіндіктен, бұл түсінікті жою мақсатында Құран былай дейді: Пайғамбар, Иләһи рақымдылық атымен сендерге қамқорлық етіп, әкедей мейірімділік етеді. Рисалет тұрғысынан сендер оның балалары сияқтысыңдар. Бірақ кісілік, жеке тұлғалық жағынан ол сендердің әкелерің емес. Сендерден әйел алуында тұрған еш нәрсе жоқ, орынды. Сендерді "балам" десе де, шариғат үкіміне қарай сендер оның баласы болып саналмайсыңдар.
СЕГІЗІНШІ МЕКТУБ
Бұл әңгімені басқа кезге қалдыра тұрып, әзірге өз сезімдерімді жеткіземін.
Осы мәселеге байланысты ойға келген бір түйінді Ислам ғалымдарымен, тіпті ұстаздарымның бірі болған Имам Раббанимен келіспеген күйі былай деймін:
Хазіреті Якуб Алейһиссәламның баласы Юсуф Алейһиссәламға деген өте күшті, жалынды сезімі махаббат немесе қатты жақсы көру емес. Расында ол мейірім еді. Өйткені мейірім, махаббат пен ғашықтықтан әлдеқайда өткір, жарқын да жоғары, кіршіксіз және Пайғамбарлыққа лайық сезім. Алайда, махаббат пен ғашықтықтың жоғары дәрежесі Аллаһтан басқа жаратылысқа арналатын болса, Пайғамбарлықтың асқақ мәртебесіне лайық келмейді.
Демек, Құран Хаким жарқын да мұғжизалы түрде көрсетіп берген және Якуб Алейһиссәламның Аллаһтың Рахим есіміне бөленуіне себепкер болған сезімі - мейірімнің жоғары дәрежесі еді.
Ал, Уәдуд есіміне бөленуге дәнекер болатын ғашықтық Зылиханың Юсуф Алейһиссәламға деген махаббат мәселесі. Демек, баяндауы мұғжиза болған Құран Хаким, Якуб Алейһисәламның сезімін, Зылиханың сезімінен қаншалықты жоғары етіп көрсеткен болса, мейірім де ғашықтықтан соншалықты жоғары болғаны. стазым
Имам Раббани Аллаһтан басқаға ғашық болу пайғамбарлық дәрежеге жараспайтындығын біліп, Юсуф (а.с.)-ның керемет әдемілігі бұ дүниелік емес, о дүниеге қатысты болғандықтан оған деген махаббат кемшілік болып есептелмейді деген. Мен де былай деймін:
Уа, стаз, мұныңыз мәселені қиындатып жіберетін жору. Ақиқат былай болса керек, ол махаббат емес, анығында ол, махаббаттан жүз есе жоғары, ауқымды да жарқын мейірім сезімінің асқақ мәртебесі. Мейірімнің барлық түрі де нәзік әрі саф. Ал, ғашықтық пен махаббаттың көптеген түрлеріне шынайы көңілмен берілуге де болмайды.
Әрі мейірімнің ауқымы өте кең. Адам өз баласына мейірімі оянған кезде, бүкіл сәбилерге, тіпті бүкіл тіршілік иелеріне мейірімін төгіп, сол әрекетімен Рахим есімінің ауқымдылығына өзіндік айна болады. Ал ғашықтық болса, өз сүйіктісіне ғана назар салып, соның жолында барлық нәрсені пида қылады. Немесе сүйіктісін асқақтатып мақтау үшін өзгелерді төменсітіп, астарлы түрде айыптайды, қадірін түсіреді. Сондай бір ғашық: «Күннің өзі менің сүйіктімнің сұлулығын көріп ұялады. Оның сұлулығын көрмеу үшін бұлттың артына жасырынуда» - деген екен.
Ей, ғашық жан! Аллаһтың сегіз Ағзам есімін шағылыстырып тұрған нұрлы парақтың беті болған Күнді бұлай ұялтуға қандай хақың бар.
Мейірім сезімі шынайы, таза, әрі кіршіксіз болады, жауап талап етпейді, ақы сұрамайды. Тіпті, қарапайым хайуандардың төлдерінен ақы талап етпейтін жанқиярлық мейірімдері бұған дәлел. Ал, ғашықтық қайтарым, ақы сұрайды. Ғашықтардың зары, ол - бір нәрсе талап етудің, ақы сұраудың белгісі. Демек, Құран сүрелерінің ең жарқыны Юсуф сүресінің де ең жарқын нұры Хазіреті Якубтың (а.с.) мейірімі, Рахман және Рахим есімдерін көрсетеді. Мейірім жолы рақым жолы екенін білдіреді.
ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБ
Екіншіден: Құран нұрларын жаю кезіндегі сәттіліктерің, күш қайратың, ерекше құлшынысың да Аллаһ Тағаланың сыйы. Тіпті, осының бәрі Құранның өз кереметі, Раббани жарылқау. Құттықтаймын болсын. Керемет пен икрам (сый) және инает (жарылқау) жайлы сөз қозғалған соң керемет пен сыйдың (икрам) айырмашылығын айта кетейін.
Керемет көрсету зәрулік болмаған жағдайда зиянды. Бірақ Аллаһтың берген сыйлығын айтып, көрсету - нығметке шүкір ету болады. Яғни нығметтің қадірін білу. Егер, керемет арқылы абыройға жеткен адам, біле тұра таңғажайып бір іске қол жеткізсе, ондай жағдайда оның нәпсісі бұл істер өзімнің ерекше қасиетіммен болды деп, менменсіп кетуі мүмкін. Егер өзі білмей таңғажайып бір іске қол жеткізсе, мысалы біреудін ішінде жүрген сұрағының жауабын дөп басып айтып берсе, жағдайдың бұлай болғанын кейін түсінсе, өз нәпсісіне емес, Раббысына деген сенімі артып, "мені өзімнен де артық білуші тәрбиеші, қорғаушым бар", бұл соның ісі деп, тәуекелі арта түседі. Бұл қауіпсіз керемет. Мұны жасыруға міндетті емес. Дегенмен, мақтану үшін әдейі көрсетуге тырыспау керек. Өйткені, ол іске сырттай қарағанда адамның кәсібі, бір нәрсені жасау үшін бет бұруы араласқандықтан өз нәпсісіне беріп қоюы мүмкін. Ал, икрам болса, кереметтің ең қауіпсіз екінші бір түріне жатады. Меніңше мәртебесі жоғары. Сондықтан, оны көрсету - нығметтің қадірін білудің ізгі бір үлгісі. Міне, тахдис нығмет деген осы. Өйткені, онда адамның ешқандай рөлі жоқ. Адам оны өз нәпсісіне еншілей алмайды. Менің ісім деп айта алмайды.
Міне бауырым, сенің де, менің де басымыздан өткен нәрселер, әсіресе Құранға қызмет ету жолындағы баяғыдан бергі айтып та, жазып та жүрген жағдайлар - Құдайдың жарылқауы, Аллаһтың
икрамы. Бұларды айту - нығметті қадірлеу. Сол нығметтердің қадірін біле түсуіміз үшін өз қызметіміздегі жетістіктерді жазып отырмын. Бұл сені мақтануға емес, шүкір етуге шақырады деп білемін.
Үшіншіден: Мына дүниені әскери қонақ үй деп түсініп, солай ойлап, соған қарай әрекет еткен жан - бұл дүниеде ең бақытты адам. Солай ойлаған адам ең жоғарғы мәртебеге яғни, Жаратушыны риза ету мәртебесіне оңай көтеріле алады. Тез сынып қалатын әйнекке әрдайым болатынын алмастың құнын төлемейді. Тура жолда уайымсыз өмір сүреді. Иә, өткінші дүниеге қатысты істердін бәрі де тез сынатын әйнек секілді баянсыз. Ал, ақырет үшін жасалған қызметтер алмас секілді асыл, әрі баянды. Негізінде, адамның болмысындағы құмарлық, махаббат, қарымды қайрат, тегеурінді талап... басқа да көптеген ерекше сезімдер осы ақыреттік мақсатқа жету үшін берілген. Осындай ерекше сезімдерді тек өткінші өмір үшін сарп ету, әлгі асыл алмастарды құнсыз әйнек сынықтарына алмастырумен тең.
Осыған байланысты бір нәрсе есіме түскендіктен соны айта кетудің жөні келіп тұр: Ғашықтық сезім дегенің өзі ессіз махаббат болғандықтан өткінші нәрселерге арналса, иесін әрдайым қайғы мен азапқа салады. Немесе, ондай тұрақсыз сүйіктілер әлгі жалынды махаббатқа сай келмегендіктен, басқа мәңгі сүйіктіні іздетеді. Сөйтіп, өткінші нәрселерге деген сүйіспеншілік, бақиға деген сүйіспеншілікке айналады.
Міне, адам бойында осындай алуан түрлі сезімдер бар. Бәрінің де ғашықтық сияқты екі мәртебесі бар. Біреуі өткінші, екіншісі тұрақты. Мысалы, жұрттың бәрінде болашақты уайымдау бар. Алайда, сол болашақты қанша уайымдаса да, байқайды, сол болашаққа жететіні жайлы қолында ешқандай кепілдік жоқ. Сондай-ақ, Рызықтандырылатынына кепілдік берілген жақын болашақ, ондай қатты уайымға салынуға тұрмайды. Сондықтан, мұндай алдамшы болашақтан бас тартып, қабірден кейінгі шынайы да ұзақ, адасқандар үшін уәде беріп кепілдік қылынбаған бір болашаққа бет бұрады. Және мал мен мансапқа да ашкөздікпен ұмтылады. Қараса... Бұның қарауына уақытша берілген әлгі мал мүлік пен алдамшы атақ дәрежелер рия мен қауіп-қатерге толы. Осы бір мансап, осыншама ашкөздене ұмтылуға тұрмайды. Бұдан, ең жоғарғы атақ болған рухани мәртебеге, тақуалыққа, құлшылыққа, нағыз байлық болған салих
амалдарға көңіл бұратын болады. Сөйтіп, әлгі нашар мінез болған дүниеге деген тойымсыздық, тамаша қасиет болған мәңгі дүниеге деген шынайы ашкөздікке айналады.
Тағы бір мысал, қырсық мінезді адам әлгі ғажайып сезімдерін өтпелі, маңызсыз істерге босқа сарп етеді. Сөйтіп, бір сәт назар аударуға татымайтын нәрсеге бір жыл қырсығады. Әлгі зиянды әрі сананы улайтын нәрсеге бүкіл төзімін жұмсайды. Ақыры, осыншалық қуатты сезімдердің ондай нәрселерге арналмағанын байқайды. Соншалықты асыл сезімдердің ондай нәрсеге босқа жұмсаудың ақиқат пен хикметке қайшы екенін ұғады. Осындай асыл сезімдерін, нақты сенімдерін әлгі түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсамай, баянды да бақи Иман ақиқаттарына Ислам негіздеріне, ақыреттік амалдарға арнайтын болады. Оның бірбеткей қырсықтығы әдемі де мәнді ақиқат жолындағы тұрақтылыққа, табандылыққа айналады.
Міне осы үш мысалдағыдай, егер адам өзіне берілген жойқын рухани қасиеттерді өз нәпсісінің қалауымен өткінші дүниенің қызығына арнап бұл өмірде мәңгі қалатындай, ойланбай жүре берсе, ұяттан жұрдай болып, күш қайратын бос нәрселерге жұмсайды. Егер, осы асыл қасиеттердің аз мөлшерін дүниеге, ал негізгі бөлігін ақыреттік және рухани міндеттерге арнайтын болса, көркем мінезге қол жеткізіп, даналық пен ақиқатқа сай түрде екі дүниенің бақытына бөленеді.
Осыған байланысты, мынандай бір ой келеді. Қазіргі заманның насихат айтушыларының сөзінің әсер етпеу себебі мынау болса керек: Мінезі нашар адамдарға: «Қызғаншақ болма, қырсықпа, ашкөз болма, қастық ойлама, дүниеге қызықпа», яғни болмысыңды өзгерт деп, олардың қолынан келмейтін нәрселерді айтады. Ал, "бұл сезімдерді жақсы нәрселерге қолданыңыз, олардың бағытын өзгертіңіз!" десе, айтқан сөздері әсерлі болып, таңдау еркіндігініндегі бір міндет жүктеу болар еді.
Төртіншіден: Ислам ғалымдарының арасында «Ислам» мен «Иман» ұғымының айырмашылығы жайлы көп сөз болады. Бір тобы «екеуі бір нәрсе» десе, келесі топ, «екеуі екі нәрсе, алайда бір-бірінсіз бола алмайды» деп, әртүрлі пікір өрбітеді. Мен мынадай бір айырмашылықтың барын түсіндім.
Ислам - құптау, қалтқысыз берілу. Иман - мойындау, растау. Яғни, Ислам - ақиқатты жақтау, тәсілім, бойсұну. Иман - Хақты жүрекпен қабыл ету, көңілмен бекіту. Бұрындары, Құранның бұйрықтарына қызу қолдау көрсететін дінсіздерді кездестіретінмін. Демек, бір жағынан алғанда ол дінсіздер Аллаһтың қалауымен Исламияттың ішінде жүргендіктен оларға «дінсіз мұсылман» десек, Құранның бұйрықтарына еш қолдау көрсетпейтін, қажет санамайтын мүміндерді де көрдім. Олар «мұсылман емес мүмін» деген атқа лайық болар еді.
Япырау, сонда Исламиятсыз иман тозақтан құтқара ала ма?
Жауап: Имансыз Исламият тозақтан құтқара алмайды. Сондай-ақ, Исламсыз Иман да тозақтан құтқара алмайды. Иә, Аллаһқа шүкір Құран Кәрімнің тылсым мағыналарының бұлағынан нәр алған Рисалей-Нұр Ислам діні мен Құран ақиқаттарының жемістері мен нәтижилерін көрсетіп бергендігі сонша, егер түсіне алса, дінсіздердің өзі оған қолдау көрсетпеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Иман мен Исламның дәлелдері мен айғақтарын соншалықты анық түрде көрсетуден егер түсіне алса, мұсылман еместер де мұны мақұл көреді.
Ондайлар мұсылман болмаса да, иман етеді. Яғни, ақиқатты мойындайды. Сөздер жинағында жазылған ақиқаттар Жәннаттағы Туба ағашының жемістері секілді болған Иман мен Исламның жемістерін және екі дүниенің бақытын көрсетіп бергендігі сонша, бұған көз жеткізгендердің қолдау көрсету, қабыл алу, мойынсұну сезімдерін оятады. Жаратылыстардың өзара байланыстары секілді мықты және зәрре бөлшектердің санындай көп дәлелдермен Иман мен Исламның айғақтарын көрсетіп бергендігі сонша, қалтқысыз мойынсұндырып, күшті иман береді. Тіпті, кейде Нахшибенди тариқатында оқылуы әдетке айналған дұғалардың ішінен
дегенімде Иман ақиқаттарын жақтау сезімі артып кететін. Егер маған бүкіл дүниені берсе де, Иман ақиқаттарының біреуін де пида етпес едім. Бір ғана ақиқатты бір сәт жоққа шығару, мен үшін аса ауыр қасірет. Бүкіл дүние менікі болса да, оларды бір ғана Иман ақиқатының көрініс табуы жолында ойланбастан қиюға дайынмын.
деген кезімде, шексіз Иман күшін сеземін. Иман ақиқаттарының қай қайсысының да керісінше болуы ақылға сиымсыз. Адасып жүрген дінсіздерді есуас, ақымақтар деп білемін.
Бауырым, ата-анаңа көптен-көп құрмет пен сәлем жолдаймын. Ол кісілер де маған дұға жасасын. Сен менің бауырым болғандықтан, олар менің де ата-анам секілді. Ауылыңа да сәлем айт, әсіресе сенен Сөздерді тыңдап жүргендерге айрықша сәлем жолдаймын.
ОНЫНШЫ МЕКТУБ
Біріншісі: Отызыншы Сөздің екінші мақсатындағы зәрре бөлшектердің өзгеруін түсіндіретін тым ұзақ сөйлемнің түсініктемесі.
Құран Кәрімде «Имамы Мүбин» және «Кітабы Мүбин» деген сөздер бірнеше жерде қайталанады. Кейбір тәпсіршілер бұлардың екеуі де бір мағынада десе, кейбіреулері әр түрлі мағынасы бар деп түсіндірген. Қандай мағына беретіндігі жайлы түсіндірмелері де әртүрлі. Қорыта келе, «Иләһи ілімнің атаулары» деп түсіндірген.
Алайда, Құран Кәрімнің берекетінің арқасында ұққаным: "Имамы Мүбин" Иләһи ілім мен Иләһи әмірдің бір түрінің атауы. Бұлар көзге көрініп тұрған әлемнен гөрі, көзге көрінбейтін ғайып әлеміне көбірек қарайды. Яғни, дәл қазіргі уақыттан гөрі өткен шақ пен болашаққа назар аударады. Басқаша айтқанда, жаратылыстың нақтылы болмысынан гөрі оның жалғасы мен шығу тегіне, тамырына, дәнегіне қатысты Иләһи тағдырдың дәптері. Ал, бұл дәптердің болмысы Жиырма алтыншы Сөзде және Оныншы Сөздің түсініктемесінде дәлелденген.
Иә, "Имамы Мүбин" Иләһи ілім мен Иләһи әмірдің бір түрінің атауы. Яғни, бүкіл нәрсенің тегі мен тамырын және негіздерін ғажайып кемел тәртіппен жаратып, бәрін өнер туындысы етіп жатқанына қарағанда мұның бәрі шексіз Иләһи ілімнің дәптерлері арқылы жасалып жатқанын дәлелдейді. Ал, сол нәрселердің жалғасы, нәтижелері, дәнектері алдағы болмысының бүкіл бағдарламалары мен мазмұнын өзіне сиғызып тұрғандықтан Иләһи бұйрықтар жазылған кішкентай кітапша екенін білдіріп тұр. Мысалы, бір ағаштың кішкентай тұқымы - ағаштың бүкіл болмысын түгелдей өз бойында мазмұндап, тізім етіп сақтап тұрған Аллаһтың бұйрықтарының кішкентай денеге айналған түрі.
Қорытынды: Олай болса, «Имамы Мүбин» дегеніміз, өткен шақ пен келешек түгел қамтылған және ғайып әлемінің кеңістігінде таралған әлем ағашының мазмұны, программасы деуге болады. Бұл мағынада «Имамы Мүбин» дегеніміз - Иләһи Тағдырдың бір дәптері, ережелер жинағы. Осы дәптерде жазылған ережелер бойынша зәрре бөлшектер қандай да бір болмыстың бойында зыр жүгіріп, өз міндеттерін атқарады.
Ал, «Кітабы Мүбин» болса, ғайып әлемінен гөрі көзге көрініп тұрған әлемге қарайды. Яғни, өткен шақ пен келер шақтан гөрі дәл қазіргі шақты көрсетеді. Кітабы Мүбин ілім мен Иләһи әмірлерге қарағанда Иләһи құдірет пен Ираде-қалаудың бір атауы, дәптері, кітабы. «Имамы Мүбин» тағдыр дәптері болса, «Кітабы Мүбин» құдірет дәптері. Яғни, әрбір нәрсенің болмысында, негізінде, қасиет, қабілеттерінде көрінетін ерекше өнер мен тәртіп оның шексіз кемел құдіреттің қалауымен жаратылып, қалыпқа келетіндігін айғақтайды. Нәрселердің сурет пішіндері анықталып, өзіндік ерекшеліктері нақтыланып шығады. Демек, әлгі құдірет пен қалаудың күлли және жалпыға ортақ заңдар жинағы, алып дәптері бар. Барлық нәрсенің өзіндік бейне пішіндері сондағы жазу бойынша пішіледі, тігіледі, кигізіледі. Бұл дәптердің бар екендігі қалау, ерік тақырыбын қозғайтын бөлімдерде дәлелденген.
Ал, бейқамдар мен дінсіздердің және философтардың ақымақтығына қарасайшы, Жаратушы Құдіреттің «Ләух Махфуз» деп аталатын лы Дәптерінің және Раббани Хикмет пен Қалаудың заттардағы бейнесін, үлгі мысалдарын сезіп, «Табиғат» деген айдар таққан. Ақиқатты бүркеп тастаған. Шындығында, Иләһи Құдірет бір нәрсе жаратар кезде, «Имамы Мубиннің» жазуымен, яғни, тағдырдың үкім қағидаларымен әрқайсысы өзінше дәлел болып тұрған жаратылыс бөлшектерін «Лаухы Махвы Испат» деп аталатын уақыттың экранында жазуда, жаратуда, зәрре бөлшектерді әрекетке келтіруде.
Демек, зәрре бөлшектердің қозғалыстары - әлгі жазулардан туындаған тербелістер, қозғалыстар. Яғни, жаратылыстардың ғайып әлемінен көзге көрінетін әлемге көшудегі және ілімнен құдіретке өтудегі тербелістер мен қозғалыстар. Ал, «Лаухы Махвы Испат» болса, тұрақты, әрі өзгермейтін «Лаухы Махфуз Ағзамның»
мүмкинат шеңберіндегі яғни, үнемі өмір мен өлімнің, бар болу мен жойылудың арасындағы материалдардың өзгеріп отыратын дәптері, жасап-бұзу тақтасы. «Заман» ақиқаты деген осы.
Әр нәрсенің бір ақиқаты бар. Жаратылыстағы «Заман» деп аталатын ұлы дарияның ақиқаты да «Лаухы Махвы Испат» деп аталатын Құдірет Кітабының парағы, сиясы.
Екінші сұрақ: Хашир алаңы яғни қайта тірілу алаңы қайда?
Иә, қалайша Нұрлы бір нүкте тез қозғалуымен нұрлы бір сызық немесе бір шеңбер болады. Солай да Жер Шары да өзінің жылдам да хикметті қозғалысы арқылы алып шеңбер сызуда. Сол шеңбердегі бүкіл өнімдерімен бірге Хашир алаңының қалыптасуына негіз болуда.
ОН БІРІНШІ МЕКТУБ
Қымбатты бауырым!
Бұл төрт түрлі мәселені Құран Кәрім әр кезеңде нәпсіме дәріс етіп берген еді. Қаласа бауырларым да бұдан өз үлестері мен сабағын алсын деген ниетпен жаздым. Тақырыптары әр түрлі төрт аяттың әрқайсысының ақиқат қазыналарынан бір-бір кішкене гауһарлар үлгі ретінде көрсетілген. Бұл төрт тақырыптың әрқайсысының әртүрлі бейнесі, әртүрлі пайдасы бар.
Ей, жаман ой - уәсуәсаның кесірінен қиналған нәпсім! Бастағы қиялдың бірінен соң бірінің туындауы, қияли ойлардың көбейуі еріктен тыс болатын көрініс, бейне. Егер бұл бейнелер нұрлы нәрселерден туындап жатса, ақиқат нәрселердің қасиеті суретіне де, мысалына да өтеді. Күннің жарығы мен жылуы айнадағы бейнесіне өтетіні секілді. Айнадағы Күннен де біршама жылу мен жарық шығады. Егер ол бейнелер жамандық пен қараңғылықтан туындап жатса, ақиқатта бар нәрсенің қасиеттері суретіне берілмейді, айнадағы бейнесіне өтпейді. Мысалға, нәжіс пен лас нәрсенің айнадағы суреті нәжіс те емес, лас та емес. Жыланның суреті шақпайды.
Міне, осы сырға сүйенсек, күпірлік ойлардың ойға келуі күпір емес. Бейәдеп сөздердің ойға оралуы, әдепсіздік емес. Әсіресе, еріксіз, қияли ғана ой болса, еш зияны жоқ. Сондай-ақ, тура жолдағы Әһл-і Сүннет мәзһабы бойынша бір нәрсенің шариғат бойынша жаман, лас нәрсе болып саналуы Аллаһ тыйым салғандықтан болады. Қияли ойлар ризашылықпен емес, еріксіз болып жатса, тыйымның үкімі жүрмейді. Олар қанша жаман, лас нәрселердің бейнесі болса да, лас, жаман нәрсе болып саналмайды.
Екінші мәселе: Барла жайлауы, Төбелідегі самырсын, қарағай, теректің жемісі. Сөздер жинағына енгендіктен мұнда жазылмады.
Үшінші мәселе: Бұл екі мәселе Жиырма бесінші Сөздегі Құранның мұғжизалығының алдында дінсіз мәдениеттің жеңіліс табуына байланысты айтылған мысалдардың бір бөлімі. Құранмен үйлеспейтін мәдени құқықтың қаншалықты жөнсіз һәм әділетсіз екендігін дәлелдейтін мыңдаған мысалдардан екі мысал.
Құранның
үкімі нағыз әділет және мейірімділік. Иә, әділдік. Өйткені, көп жағдайда ер адам бір әйелге үйленіп, оның нәпақасын өз мойнына алады. Ал әйел ер адамға жар болып, нәпақасын оның мойнына артады. Мирастан алмаған кем-кетігінің орнын осылайша толтырады. Сонымен қатар бұл мейірімділік. Өйткені әлжуаз қыз, әкесі мен бауырларының мейіріміне өте мұқтаж. Ал, Құранның үкімі бойынша әлгі қыз әкесінің мейіріміне алаңсыз бөленеді. Әкесі: «Менің жинап-терген байлығымды өзгенің қолына өткізетін зиянды бала» деген ой-пиғылда болмайды. Әкелік пәк мейірімге күдік пен қатігездік сезім араласпайды. Әрі, бауырларымен де бәсекелеспей ешқандай қызғанышсыз қамқорлық пен мейірім көреді. Өйткені, бауырлары да оған: «Әулетіміздің байлығының жартысын алып, мал-мүлкіміздің бір бөлігін бөтен жандарға бөліп беретін бақталас» деп қарамайды. Қайта жанына жақын тартады.
Ия, Раббани мейірімнің ең құрметті, ең әдемі, ең нәзік көрінісі болған ананың мейірімі - бүкіл жаратылыстардың ішіндегі ең керемет ақиқат.
Ана - ең мейрімді, нағыз жанкешті дос. О, мейірімділік сезімімен бір ана, бүкіл дүниесін, өмірін және рахатын баласы үшін пида қылады. Тіпті аналық сезімнің ең төменгі дәрежесіндегі қорқақ тауық екеш тауықтың өзі, сол аналық мейірімінің кішкентай шуағымен балапанын қорғап, итке де, арыстанға да тап береді.
ОН ЕКІНШІ МЕКТУБ
Қымбатты бауырларым!
Сол түні маған сұрақ қойдыңдар, мен жауап бермедім. Өйткені иман мәселелеріне байланысты әңгімелер дау-дамаймен шешілмейді. Ал сендер дауласып кеттіңдер. Енді сол талас-тартыс тудырған үш сұраққа қысқаша жауап жазып отырмын. Ал, жан-жақты жауапты дәріханашы мырзаның өз атын жазып қойған Сөздерден табасыңдар. Тағдыр мен қалау ерік мәселесіне байланысты Жиырма Алтыншы Сөз ойыма келмеген соң, айтпаппын, оны да оқырсыңдар. Алайда, газет оқыған секілді оқымаңдар. Дәріханашы мырзаға Сөздерді мұқият оқы деуіміздің сыры мынада, мұндай мәселелердегі күмәндар иман негіздеріне деген сенімнің әлсіздігінен туындайды. Ал, Сөздер иман негіздерін жан-жақты дәлелдеп береді.
БІРІНШІ С РАҒЫҢЫЗ: Хазіреті Адамның (а.с.) Жәннаттан шығарылуы және Адам баласының бір бөлігінің Жәһаннамға түсуінің қандай хикмет, сыры бар?
Жауабы: Хикметі Адамға белгілі бір міндет, уәзипа жүктелгендігінде. Адамға сондай бір жауапкершілігі мол ерекше міндет жүктеліп, арнайы қызметпен жер бетіне жіберілген. Адамзаттың бүкіл рухани кемелденуі мен қабілеттерінің түгелдей ашылуы, көрініс табуы, адам болмысының мәнісі, Иләһи көркем есімдерге толық айна болуы, сол уазипа, сол міндетке тікелей байланысты, соның нәтижесі. Егер Адам Ата Жәннаттан шықпай мәңгі қалған болса, онда Ол періште секілді бір қалыпты күй кешіп, адамның зор қабілеттері ашылмай қалар еді. Ал, үнемі тұрақты жағдайдағы періштелер көп, ондай құлшылық үшін адамға қажеттілік жоқ.
Иләһи хикмет шексіз мәртебелерге көтеріле алатын адамзаттың қабілетіне сай бір міндет жүктеу жерін керек еткендіктен болмысы періштелерге ұқсамайтын адамның жаратылысына сай, мәлім күнә
арқылы жұмақтан шығарылды. Олай болса, Адам Атаның Жәннаттан шығарылуында шынайы хикмет пен мейірім болғаны секілді, кәпірлердің де Жәһаннамға түсуі өте орынды және әділдік.
Оныншы Сөздің Үшінші Ишарасында былай делінген еді: Кәпір қысқа өмірінде азғантай күнә жасағанымен, ол күнә аса ауыр қылмыс боп саналады. Өйткені, күпірлік, бүкіл жаратылысты қорлау, қадірін түсіру және бүкіл жаратылыстың бір Аллаһқа куәлік етуін жоққа шығару. Жаратылыс айналарында көрініп тұрған Иләһи Есімдердің ғажайып шағылыстарын бекерге шығарып, кемсіту. Сондықтан Жаратылыстың ақысын жеген кәпірден олардың есесін қайтару мақсатында бүкіл әлемнің сұлтаны Қаһһар-ы Зүлжәлал кәпірлерді мәңгілік жәһаннамға тастауы өте орынды және асқан әділдік. Өйткені, шексіз қылмыс, шексіз азапқа лайық.
ЕКІНШІ С РАҒЫҢЫЗ: Шайтан не үшін жаратылған? Жаратушы Хақ шайтандар мен жамандықтарды жаратудың хикметі не? Жамандықты жарату - жамандық. Бұрыс нәрселерді жарату да, бұрыс емес пе?
Жауап: Мүлде олай емес! Жамандықтың жаратылуы жамандық емес, жамандық істеу жаман. Жарату мен жасау барлық нәтижелерге қарайды. Ал бір нәрсені істеу әркімге жеке іс болғандықтан өзіндік нәтижелерге қарайды. Мысалы, жаңбырдың жаууы мыңдаған нәтиже береді. Бәрі де жақсы. Біреу өзінің орынсыз әрекетімен жаңбырдан зиян шексе, "жаңбырдың жаратылуы мейірімсіздік" дей алмайды. Жаңбырдың жаратылуы жамандық деген үкім шығара алмайды. Өзінің теріс әрекетінің кесірінен сол ғана зиян шекті. Оттың да сондай көп пайдалары бар. Бәрі де жақсы. Алайда, адам өз қателігінен оттан зиян шексе, отты жарату жаман дей алмайды. Өйткені от тек қана соны күйдіру үшін жаратылмаған. Ол өзінің олақтығынан, ас пісіретін отқа қолын тығып, өз қызметшісін өзіне жау етіп алды.
Қорытынды: Көп жақсылық тудыратын азғантай болымсыз нәрселерді қабылдауға тура келеді. Егер оны жамандық деп, жолын бөгесе, нағыз жамандық сонда болады. Мысалы, сарбаздарды жиһадқа жіберуден азғантай шығын шығып, зиян келуі мүмкін. Алайда, оның жақсылығы одан да көп. Ислам, кәпірлердің жаулап алуынан, бодандығынан құтылады. Егер еш жамандық болмасын деп, жиһадтан қашса, онда үлкен жақсылық жасалмай қалған соң, үлкен
бәле келеді. Бұл зұлымдықтың нағыз өзі. Тағы бір мысал, гангрена болған саусақтың хирургиялық жолмен кесілгені дұрыс әрі орынды. Сырт қарағанда жаман нәрсе. Егер саусақ кесілмесе онда қолды кесуге тура келеді, үлкен зиян шегеді.
Сонымен, әлемдегі жамандықтар мен бәлелердің және шайтандардың жаратылуы жамандық емес өйткені, аса маңызды нәтижелер үшін жаратылған. Мәселен, шайтандар періштелерге тиіспейтіндіктен оларда жетілу, даму болмайды, бір қалыпты жағдайларында қала береді, өзгермейді. Сол сияқты шайтандар хайуандарға да тиіспейтіндіктен олардың да мәртебелері өзгермейді. Ал, адам баласының дамып, жетілуінің және төмендеп құлдырауының шегі жоқ. Нәмрудтар мен Перғауындар, Сыддықтар мен Әулие Әнбиялар бастаған топтардың арасында дамудың қаншама сатылары бар.
Міне, көмірдей дәрежесі төменгі рухтарды, дәрежесі алмастай жоғарғы рухтардан ажырату үшін шайтандардың жаратылуы мен оларға белгілі бір міндет жүктелуінің сыры және адамзатқа Пайғамбарлардың жіберілуі арқылы дүниелік емтихан, сынақ орны және күрес, жиһад алаңы ашылған. Егер күрес пен бәсеке болмаса, адам бойындағы алмастай қасиеттер мен көмір сынды қабілеттер бір деңгейде қалар еді. Ең жоғарғы сатыдағы Әбу Бәкір Сыддықтың рухы мен Ең төменгі деңгейдегі Әбу Жаһилдің рухы бір дәрежеде қалар еді. Демек шайтандар мен жамандықтардың жаратылуы, жалпы және үлкен нәтижелерге қарағандықтан жамандық емес. Пенденің бұрыс қолдануында және жаман әдеттерінен туындайтын жамандықтар ол пенденің жамандықты кәсіп қылуына қатысты. Аллаһтың жаратуына еш қатысы жоқ.
Егер мынандай бір сұрақ туындаса: Пайғамбарлар жіберілуімен қатар, шайтандардың кесірінен көптеген адамдар кәпір болып, күпіршілік етуде, зиян шегуде. "Көпшілікке қарай үкім шығарылады" қағидасы бойынша көпшілік одан жамандық көрсе, демек жаман болғаны, ол жамандықты жарату да жамандық. Тіпті Пайғамбарлардың жіберілуі де, мейірімділік емес деуге бола ма?
Жауап: Сапамен салыстырғанда санның ешқандай маңыздылығы жоқ. Нағыз көпшілік сапада. Мысалы: Жүз құрма дәні болса... топыраққа егіп, су берілмесе, химиялық процесс жүрмесе, өмір үшін
күрес болмаса, жүз теңгелік құны бар жүз дән күйінде қалады. Ал, су беріліп, өмірге күрес басталған кезде, өзінің нашарлығынан сексені бұзылып кетсе, жиырмасы жиырма жемісті ағашқа айналса, "су беру дұрыс болмады, көпшілігі бұзылып кетті" дей аласың ба? Әрине, дей алмайсың. Өйткені әлгі өніп шыққан жиырма дән жиырма мыңға татиды. Сексеннен айырылып, жиырма мың ұтқан зиян шекпейді, жаман болмайды.
Тағы бір мысал: Қолыңда тауыс құсының жүз жұмыртқасы болса, жұмыртқа ретінде бес жүз теңгелік құны бар. Сол жұмыртқаларды құрық? болған тауыс құсы басқан кезде сексені бұзылып кетіп, жиырмасынан жиырма тауыс құсы шықса, "көп жұмыртқа зая болды, бұл іс бұрыс болды, құрық тауыс құсына жұмыртқа бастыру жамандық болды" деуге бола ма?
Әрине олай емес. Қайта қайырлы нәрсе ғой. Өйткені тауыс құстары төрт жүз құрыштық құны бар сексен жұмыртқаны жоғалтып, сексен лиралық құны бар жиырма тауыс құсына қол жеткізді.
Міне адамзат баласы да, Пайғамбарлардың жіберілуімен "тәклиф" яғни белгілі міндет жүктеу арқылы күресудің саясында, шайтандармен соғысудың нәтижесінде адамзаттың бетке ұстар жарқын тұлғалары, айы, күні, жұлдыздары тәріздес жүз мыңдаған Пайғамбарлар мен милиондаған әулиелер, миллиардтаған Асфиялармен толықты. Әрі саны көп, сапасы жоқ, зиянды хайуан түріндегі кәпірлер мен мұнафықтардан тазарды.
ҮШІНШІ С РАҒЫҢЫЗ: Хақ Тағала қиыншылықтар мен бәле-жәлеге ұшыратуда. Әсіресе бейкүнә жандар, тіпті хайуандар ұшырап жатады. Бұл зұлымдық емес пе?
Жауабы: Әлбетте зұлымдық емес! Мүлік өзінікі. Өз мүлкіне не істесе де, өз еркі. Айталық, өте шебер біреу саған ақы төлеп, модель ретінде сені жалдаса. Өте шебер тігілген киімдерді кигізіп, өз өнерін көрсету үшін оларды кесіп-пішіп, ұзартып-қысқартса, сені отырғызып, тұрғызса, сен: "Маған жарасып тұрған киімді бұзып жібердің, отырғызып-тұрғызып әбігерге салдың" дей аласың ба? Әрине, айта алмайсың. Айтсаң ақымақ болғаның. Дәл солай да, Жаратушы Аллаһ саған көз, құлақ, тіл секілді сезімдермен жабдықталған өте шебер жасалған денені саған кигізіп қойған. Әр түрлі көркем есімдерінің нақыш-өрнектерін көрсету үшін сені
ауыртады, дерт береді, аш қалдырады, тоқ қылады, шөлдетеді... әр түрлі ахуалға салады. Өмірдің мәнісін арттырып, есімдерінің сәулелерін көрсету үшін сені осындай жағдайлармен жүргізеді. Ал, сен "неге мені мұндай машақаттарға душар қылдың" десең, мысалда ишара етілген жүздеген хикметтер сенің аузыңа құм құяды. Оның үстіне тыныштық, жалқаулық, бірсарындылық, тоқыраушылық. Бұлар - бір түр жоқтық, болымсыздық және зиянға ұшырау. Әрекет, өзгеріп отыру, бұлар болмыс бар болу әрі жақсылық. Өмір сол әрекет арқылы кемелденеді. Қиыншылықтар арқылы дамып жетіледі.
Өмір, Аллаһтың түрлі есімдерінің нұрымен қимыл-әрекет жасап, тазарады, күші артып дамиды, шаттанады, өз тағдырын жаза алатын қаламға айналады, міндетін орындайды, ақыреттік ақысын алуға құқы болады.
Міне, таласып-тартысып жүрген үш сұрағыңыздың қысқаша жауабы осы. Отыз үш сөзден тұратын «Сөздер» жинағында толық түсіндірмелер бар.
Қымбатты бауырым, сен бұл хатты дәріханашыға және сол талас-тартысты естігендердің арасынан лайық көргеніңе оқып бер! Жаңа бір шәкіртім болып саналатын дәріханашыға менен сәлем айт және оған былай де: "Өте маңызды мұндай имани мәселелерді көпшіліктің арасында жөнсіз айтыс-тартысқа салу дұрыс емес. Өлшемсіз болса, дәрі де уға айналады. Айтқандарға да, тыңдағандарға да зиян. Мұндай имани мәселелерді байсалдылықпен тартыспай, ынсаппен, пікірлесе отырып, әңгіме қылған жөн.
Тағы да былай де: Егер сенің жүрегіңде осындай мәселелерге қатысты күдік, күмәндар туындаса, олардың жауабын «Сөздерден» де таба алмасаң, маған хат жаз! Тағы да айтарым: Марқұм әкесі жайлы көрген түсіне байланысты мынандай ой келді: "Марқұм әкесі дәрігер болғандықтан көптеген аяулы, ізгі жандарға, тіпті әулие кісілерге қызмет көрсетіп, пайдасы тигендіктен оған риза болған жандардың әруақтары ол кісі дүние салар кезде, ең жақын адамы ретіндегі баласына құстар бейнесінде көрінген, оның рухын қош келдің деп мейірбандықпен қарсы алған болуы керек.
Сол түні бірге болған барлық достарға сәлем айтып, дұға етемін.
ОН ҮШІНШІ МЕКТУБ
Қымбаты бауырларым!
Менің хал-жағдайымды, осы уақытқа дейін жеңілдік алу үшін өтініш жасамай жүргендігімді, сондай-ақ әлемнің саяси жағдайына мән бермеуімді көп сұрайсыңдар. Бұл сұрақтар көп қайталанатындықтан, мағынауи түрде де менен сұралғандықтан осы үш сұраққа Бүгінгі Саид емес, Бұрынғы Саидтың тілімен жауап беруге мәжбүр болдым.
Бірінші сұрақ: Денсаулығыңыз, хал-жағдайыңыз қалай?
Жауап: Әһл-и дүниенің маған жасаған неше түрлі зұлымдықтарын мейірімге айналдырғаны үшін Аса Мейірімді Аллаһқа жүз мың шүкір етемін.
Саясатқа араласпай, дүниеден бойымды аулақ салып, бір таудың үңгірін мекендеп, ақыреттің қамын ойлап жүргенімде, әһл-и дүние мені ол жерден күштеп шығарып, жер аударды. Аса Рахымды Жаратушы бұл зұлымдықты мейірімге айналдырып жіберді. Ықыласты бұзатын себептері бар, сол үңгірдегі қатерлі жалғыздығымды, Барла тауларында қауіпсіз де ықыласты оқшаулыққа айналдырды. Ресейде тұтқында жүргенімде қалған өмірімді қоғамнан оқшау бір үңгірде өткізейін деп дұға етіп едім. Мейірімді Аллаһ Барланы маған дәл сондай пайдалы үңгір жасады. Менің әлсіз болмысыма үңгірдің қиын тұрмысын жүктемеді. Тек Барладағы екі-үш адам аса күдікшіл еді. Солардың кесірінен маған қысым жасалды. Тіпті сол достарымның менің жағдайымды ойлайтын, уайымшылдықтары менің жүрегіме де Құран қызметіне де зиян тигізді.
Әһл-и дүние барлық жер аударылғандарға бостандық беріп, ауыр қылмыс жасағандарды түгел түрмеден шығарып, кешірім берсе де, маған қасақана бостандық бермей қойды. Рабб-ы Рахимым, мені Құран
қызметінде ұзағырақ ұстап, «Сөздер» атты Құранның нұрлы тәпсірін маған көбірек жаздыру үшін мені тып-тыныш, жалғыз қалдырып, аса рақымшылық жасады. Сондай-ақ, осы дүниені ғана ойлаушы Әһл-и дүние, дүнияуи істеріне араласуы мүмкін барлық беделді, атақты басшылар мен шейхтерді қалаларда, ірі елді-мекендерде қалдырып, жұртпен де, туыстарымен де кездесуге рұқсат бере тұра, мені жалғыз қалдыру үшін қасақана алыс ауылға жіберді. Туыстарым мен жерлестерімнің бір-екеуінен басқасын жаныма жолатпады. Ал менің Аса Мейірімді Жаратушым бұл жалғыздықты мен үшін үлкен рахметке айналдырды. Ой пікірімді, санамды тазартып, бос ойлардан арылтып, бүкіл зейінімді Құранға бұрғызды. Құран Хакімнен барынша нұр-фейз алуға мүмкіндік берді. Әһл-и дүние алғашқы екі жылда, қысқа жазылған екі хаттың өзін көп көрді. Тіпті қазір де солай. Жиырма күнде немесе бір айда бір-екі адамның тек ақырет үшін қасыма келгенін ұмытпады, қиянат жасады. Алайда менің Рабб-ы Рахимым, Жаратушы Аллаһ маған жасалған мұндай зұлымдықтарды мен үшін жақсылыққа айналдырды. Тоқсан жылдық рухани сауапты өмірге қол жеткізуге болатын қасиетті үш айда, жалғыз өзім алаңсыз құлшылық жасауыма ыңғайлы, оңаша қалдырған екен. Қандай жағдайға да "Әлхамдулиллаһ". Міне, менің жағдайым осы.
Екінші сұрақ: Жеңілдік алу үшін неге өтініш бермей отырсыз?
Жауап: Бұл мәселеде мен тағдырдың тұтқынымын. Әһл-и дүниенің тұтқыны емеспін. Өтінішімді тағдырыма айтамын. Мұндағы рызығымды тоқтатып, рұқсат берген күні кетемін. Сөзімнің ақиқаты мынау: Басқа түскен істің екі түрлі себебі болады. Біріншісі сыртқы болса, екіншісі ақиқи себеп. Әһл-и дүние (дінсіздер) сыртқы себеп болып, мені осында алып келді. Ақиқи себеп Иләһи тағдыр, мені оңаша отырғызып қойды. Сыртқы себептер маған зұлымдық жасап жатса, ақиқи себеп әділдік жасауда. Сыртқы себептердің ойы мынау еді: Бұл адам ғылым мен дінге көп қызмет етіп кетсе, біздің дүниелік ісімізге кесірін тигізуі мүмкін деп, мені жер аударып, үсті-үстіне үш жақты зұлымдық жасады. Ал, Иләһи тағдыр менің ғылым мен дінге шынайы ықыласпен қызмет ете алмай жүргенім үшін мені осында айдап әкелді. Олардың қат-қабат зұлымдықтарынан екі есе артық мейірімге бөледі. Менің жер аударылуым тікелей тағдырдың әділ үкімі. Ендеше соған өтініш жасайын. Сыртқы себептер болса,
әншейін сылтау ғана. Демек, оларға өтініш жасаудың ешбір мағынасы жоқ. Егер олардың қандай да бір хақы немесе күшті тиісу себебі болса, онда оларға өтініш жасауға болар еді.
Мен мүлдем тәрк еткен дүния бастарын жалмасын, еш араласпай қойған саясат аяқтарына тұсау болсын! Олардың күдік-күмәнмен сылтауларының ешбір негізі жоқ. Оларға өтініш жасау арқылы, күдіктеріне негіз болып растағым келмейді. Егер тізгіні шетелдіктердің қолында тұрған дүниеуи саясатына килігуге деген бір ниет болса еді, сегіз жыл емес, сегіз-ақ сағатта белгілі болар еді. Ал, мен сегіз жылдан бері бір де бір газет оқыған жоқпын, оқығым да келмейді. Төрт жылдан бері үздіксіз бақылауда отырмын, ешқандай негіз таба алған жоқ. Демек Құран Хакимге қызмет ету бүкіл саясаттан жоғары. Бір ұлылығы бар ғой, басым көпшілігі өтірікке негізделген дүниеуи саясаттың төмен деңгейіне түсуге жол бермей тұр.
Өтініш бермеуімнің тағы бір себебі, бұрысты дұрыс деп ойлайтын адамдардан хақ пен әділдікті даулау, Ақиқатқа қиянат. Мұндай бұрыс әрекет жасағым келмейді.
Үшінші сұрақ: Неге саясатқа осынша немқұрайлылық танытып отырсыз? Әлемде мұншалық өзгерістер болып жатса да сіз өз ұстанымыңызды өзгерткен жоқсыз. Осы өзгерістер дұрыс деп ойлайсыз ба, әлде, қорқасыз ба, неге үнсіз отырсыз?
Жауап: Құран Хакимге қызмет, менің саясатқа араласуыма қатаң түрде тыйым салды. Тіпті, саясат туралы ойлаудың өзін мүлде ұмыттырды. Әйтпесе, басымнан өткен шытырман өмірім куә, өзім ақиқат деп сенген ісімнен ешқашан қорқып, шегініп көрмеппін. Қорқа қоятын дәнеңем де жоқ қой. Бұл дүниемен ажалымнан басқа бір байланысы жоқ. Бала-шағаны, дүние-мүлікті әулетімді ойлайтындай ештеңем жоқ. Дүниелік ештемем жоқ атақ, риялыққа салатын даңқты қорғаушыларға емес, құлатушыларға рахмет айтамын... ажалдан басқа не қалды? Оның өзі жалғыз Жаратушы Халиқ-ы Зүлжәлалдың құзырында, уақыты келмей оған ешкім араласа алмайды. Шынын да абыройлы өлімді, қорлықта өмір сүруден артық санайтындарданмын.
Бұрынғы Саид секілді біреу былай деген екен:
Құран қызметі, мені қоғамдық өмірдің саясатына араласудан алыстатып отыр. Былайша: Адамзат өмірі дегеніміздің өзі - жолаушылық. Құранның нұрымен байқап көрсем, дәл қазіргі жағдайда бұл жол батпаққа кірді. Бишара адамзат осы жиіркенішті, сасық, батпақты жолда жығылып-сүрініп кетіп барады. Алайда, адамзаттың бір тобы бөгетсіз сара жолды тауып сонымен жүріп барады. Ал бір тобы әлгі батпақты жолдан аман шығу үшін қолдарынан келгенше кейбір құралдарды тауып алған. Көпшілігі осынау батпақты жолдың тереңіне түсіп, қараңғылықтан шығар жол таппай мүлде адасуда. Ал әлгі батпақты жолдағылардың жүзден жиырмасы мастыққа түскендіктен сасық батпақты жұпар иісті әтір деп, бет-ауызына жағып, былғануда, сүрініп-қабынып жүріп, батып кетіп жатыр. Қалған сексен пайызы бұл жолдың батпақты былғаныш екенін білсе де, басқа таза, даңғыл жолға түсудің білмегендіктен амалсыз аң-таң. Ал мұның екі шарасы бар:
Біріншісі: Әлгі мас жиырма пайыздың есін жидыратын амал, оларды таяқтап ояту.
Екіншісі: Сексен пайыз есі шығып, аң-таң қалғандардың көзін нұр арқылы ашып, даңғыл жолды көрсету.
Байқасам, әлгі жиырмаға қарсы сексен адам қолына таяқ ұстап алған. Ал, анау аң-таң болған сексенге көзін ашатын жарық нұр толық көрсетіліп жатқан жоқ... көрсетілген жағдайда да бір қолына таяқ, бір қолына нұр ұстағандықтан сенімсіздік туғызуда. Аң-таң байғұс адам: "Япырау, мені нұрмен алдап шақырып алған соң, шоқпармен ұрып жықпақ па?" деп, күдіктенуде. Сонымен қатар кейбір кедергілердің кесірінен шоқпар сынып қалса ... нұр да жоқ болып кетуде, не сөніп қалуда.
Міне батпақ дегеніміз адасушылыққа, дінсіздікке, қызық құмарлыққа салынып, тура жол таппай қалған адамзат қоғамы. Ал, мастар дегеніміз бұрыс жолда жүруден ләззат алатын тәкәппар қырсықтар. Ал, аң-таң қалғандар дегеніміз, адасу жолынан шаршап, тура жолды қалай табарын білмей сенделіп қалғандар. Ал шоқпар дегеніміз, саяси ағымдар. Ал, жарық нұр дегеніміз Құран ақиқаттары. Нұрға қарсы шығуға дұшпандық етуге болмайды. Қуылған шайтаннан басқа, одан жиіркенетін ешкім жоқ. Міне, мен де Құран нұрына
бөлену үшін
деп, саясат сойлын тастап, қос қолыммен нұрға жабыстым. Байқасам, саясаттың ішінде жүргендердің екі жағында да яғни, жақтастарда да, қарсыластарда да нұрға құштарлар бар.
Бүкіл саяси ағымдар мен соларға жақтас болудың барлығынан жоғары, олардың бір-біріне деген өшпенділік көзқарастарынан таза, жоғарғы дәрежеде берілетін Құран дәрістері мен көрсетіліп жатқан Құрани нұрлардан ешкімнің де тартынбауы және олардан күмәнданбауы керек. Ал, дінсіздікті, дінге жасалып жатқан қастандықты саясат санап, соларға жақтасып жүргендер адам бейнесіндегі шайтандар мен адамша киінген хайуандар.
Әлһамдулиллаһ, саясаттан аулақ тұрып, саяси насихаттарға алданып, Құранның алмастай асыл ақиқаттарының құнын, шиша сынықтарының нарқына түсірмедім. Барлық топтардың көз алдында бұл алмастар барған сайын жарқырай түсіп, құны артады әлі.
ОН ТӨРТІНШІ МЕКТУБ
ОН БЕСІНШІ МЕКТУБ
Қымбатты бауырым!
Сенің бірінші сұрағың былай еді: Хуләфа-и Рашидиннің үшеуі бірінен соң бірі шәһид болатындай сахабалар неге әулиелік назармен бүлікшілерді біле алмай қалды. Қарапайым сахабаның өзі үлкен әулиелерден жоғары дейді ғой...
Жауап: Екі бөлімнен тұрады.
БІРІНШІ БӨЛІМ: Бұл сұрақ әулиеліктің өте нәзік сыры ашылғанда ғана шешімін табады. Ол былай: сахабалардың әулиелігі пайғамбарға ізбасар болудан туындайтын ұлы әулиелік. Ол - көз алдымыздағы нәрселерге көп тоқталмай тікелей ақиқатқа өтіп кететін, Аллаһтың оларға жақындауынан туындайтын әулиелік. Мұндай әулиелік жол едәуір қысқа болғанымен өте жоғары дәрежеде. Ғажайыптары аз, ізгілігі мол. Кәшф, кереметтері аз. Әулиелердің кереметтері көбіне өз қалауымен болмайды. Ойламаған жерден Иләһи сыйлық ретінде көрінеді. Бұл кереметтердің де көпшілігі тариқат қағидаларын орындай отырып, қарапайым адами жағдайдан біршама ажырап, сейр-сүлікке кіріп (транстық жағдай), әдеттен тыс жағдайға бөленген кезде көрінеді. Ал, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тартымды сұхбатының нұрына бөленіп, мағнауи әсерінде болған сахабалар тариқат жолдарының үлкен шеңберін жүріп өтуге мәжбүр емес. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бір рет дидарласып, әңгімелескеннен кейін-ақ, әлемнің ақиқатын түсіне алады.
Мысалға: Кешегі өткен Қадыр түніне жетудің екі жолы бар.
Біріншісі, бір жыл бойы жүріп отырып о түнге жету. Бұлай жақындау үшін бір жылдық жолды артқа тастау керек. Бұл белгілі бір қағидаларды ұстану жолы. Тариқатшылардың дені осылай етеді.
Екіншісі, рухтың уақытқа тәуелді дене қабығынан шығуы арқылы көтеріліп, кешегі Қадыр түнін арғы күнгі айтпен қоса бүгінгідей көре алу. Өйткені, рух уақытқа тәуелді емес. Адами сезімдер рух дәрежесіне шыққан кезде, осы шақ кеңейіп кетеді. Басқалар үшін өткен шақ, келер шақ болып есептелетін уақыт, ол үшін осы шақ күйінде қалады. Міне, осы тәмсіл бойынша кеше түндегі Қадыр түніне жету үшін рух мәртебесіне шығып, өткен шақты осы шақ түрінде көру болмақ. Осы терең сырдың негізі Акребиет-і Иләһиенің (Аллаһтың адамға өте жақын екендігінің) ашылуы. Мысалға, күн бізге жақын. Өйткені жарығы, жылуы, бейнесі қолымыздағы айнада тұр. Бірақ, біз одан ұзақпыз. Егер біз оның сәулелері арқылы бізге жақын екенін сезсек, айнамызға шағылысып тұрған бейне көрінісі арқылы онымен байланысып тұрғанымызды түсінсек, сол арқылы оны танып білсек, жарығы, жылуы, көрінісі қалай екенін түсінсек, оның бізге жақындығы сезіледі. Оны жақыннан танып байланыс орнатамыз. Егер біздің одан ұзақта екеніміз ескеріле отырып, жақыннан танып білгіміз келсе, ұзақ ой-пікір және ақылмен шарлауға мәжбүр боламыз. Бірінші адам қолындағы айнасына қарап-ақ қол жеткізетін нәтижеге, ғылыми заңдылықтарды ескере отырып, ойша көкке көтеріліп, аспандағы күнді елестетіп, жарығы мен жылуын, сәулелеріндегі жеті түсті әбден зерттегеннен кейін ғана қол жеткізе аламыз.
Міне, осы мысалдағы секілді Пайғамбарлық пен Пайғамбардан мұра болған әулиелік, ақрабиет сырының ашылуы арқылы болады.
Әулиеліктің басқа түрлері көбіне құрбиетке негізделеді. (Яғни, Адамның Аллаһқа жақындауы) Бұл жолда ұзақ жүріп, көптеген мәртебелерге көтерілуге мәжбүр болады.
ЕКІНШІ БӨЛІМ: Сол оқиғаларға себепкер болып, сол бүлікті ұйымдастырушы бірнеше яхудиді әшкерелеу арқылы бүліктің алды алынбас еді. Өйткені, көптеген халықтардың Исламға кіруі арқылы бір-біріне қарама-қайшы пікірлер мен ұстанымдар араласып кетті.
Әсіресе, кейбіреулерінің ұлттық тәкаппарлықтары Хазіреті Омардың (р.а.) соққысынан қатты жараланғандықтан, кек алудың оңтайлы сәтін күтіп жүрді. Өйткені, олардың бұрынғы діндері жарамсыз қалып, мақтан тұтар бұрынғы үкіметі мен билігі де жойылған еді. Енді олар істің байыбына барса да, бармаса да Ислам билігінен кек алуды көксеп жүрді. Сондықтан Яхуди секілді қу әрі әзәзіл бір топ мұнафық қоғамдағы осындай жағдайды пайдаланып кетті деп айтылады. Демек, бұл оқиғалардың алдын алу, бір-екі бұзғыншыны әшкерелеумен емес, сол кездегі қоғамдық өмір мен түрлі пікірлерді жөнге келтіру арқылы ғана болатын еді.
Жауап: Хазіреті Яқуб Алейһиссаламның берген жауабымен жауап береміз.
{ Сілтеме:
}
Яғни, Хазіреті Яқубтан «Мысырдан келген көйлегінің иісін сездің де, жақын жердегі Кенан құдығындағы Юсуфты неге көрмедің» деп сұрағанда, былай деп жауап берген. Біздің халіміз найзағай сияқты. Кейде көрініп, кейде көрінбей қалады. Кейде ең биік жерде отырып, әр тарапты көретіндей боламыз. Кейде аяғымыздың астындағыны көре алмаймыз.
Екінші сұрағыңыздың мазмұны: Хазіреті Али (р.а) заманында басталған соғыстардың мәнісі не? Сол соғысқа қатысқандарды, сол жерде өлгендерді және өлтіргендерді кім дейміз?
Жауап: Жәмел оқиғасы деп аталатын Хазіреті Али (р.а) мен Хазіреті Талха, Хазіреті Зубейір, Хазіреті Айша Сыддиқаның (р.а) арасында болған соғыс Әділеті Маһза (нағыз әділет) мен Әділеті Изафияның (салыстырмалы әділет) тартысы. Бұл былай. Хазіреті Али (р.а) Әділеті Маһзаны негіз етіп, Шейһейн (Екі шейх) Хазіреті Әбу Бакр (р.а) мен Хазіреті Омар (р.а) заманындағыдай жалғаса беруі үшін ижтиһад еткен. Қарсыластары болса, Шейһейн заманындағы Исламның сафтығы, Әділеті Маһзаға мүмкіндік беретін еді. Бірақ, уақыт өте келе, мұсылманшылықтары әлсіз, әртүрлі халықтардың Ислами қоғамдық өмірге араласуынан «Әділеті Маһзаны» ұстану өте қиынға соққандықтан «Жамандықтың жеңілін таңдау» деп аталатын салыстырмалы әділет негіздері бойынша әрекет еткен. Ижтиһад тартысы саясатқа ұласып кеткендіктен қақтығыс шықты. Сонымен, тек қана Аллаһ үшін және Исламияттың пайдасы үшін ижтиһад етілгендіктен және сол ижтиһадтан қақтығыс туындағандықтан әлбетте, өлген де, өлтірген де Жаннаттық. Екеуі де сауап алады дей аламыз. Қанша дегенмен, сүіреті Алидің ижтиһады дұрыс, қарсыластарынікі қате болса да, бәрібір азапқа лайық емес. Өйткені, ижтиһад қылушы дұрыс тапса, екі сауабы бар. Таппаса өзіндік бір ғибадат саналатын ижтиһад сауабы ретінде бір сауап алады. Қатесі үзірлі болады. Біздің жақта өте мәшһүр, әрі сөзі құжат есебіне жүретін ақиқатшыл бір кісі күрдше былай деген екен:
Яғни, сахабалардың қақтығысына қатысты, "Анау өйтті, Мынау бүйтті" - деме. Себебі, өлтірген де, өлген де Жәннаттық.
Әділеті Маһза мен Әділеті Изафияның түсіндірмесі мынадай:
аяттың ишари мағынасы бойынша «Бір бейкүнә жанның құқы, бүкіл халық үшін де тапталмайды. Көпшіліктің сәлеметі үшін бір кісіні пида етуге болмайды». Жәнаб-ы Хақтың мейірімі алдында Хақтың аты хақ, бәрінің құқы бірдей. Кішкенесіне, үлкеніне қарамайды. Кішкене үлкен үшін тапталмайды. Бір жамағаттың амандығы үшін бір тұлғаның ризашылығынсыз өмірі мен құқы пида етілмейді. Патриоттық сезіммен және өз ризасымен болса, ол басқа мәселе.
Әділеті Изафия болса көпшіліктің амандығы үшін, азды пида етеді. Жамағат үшін жалғыздың құқы назарға алынбайды. Әһуәну-ш-шәр (Жамандықтың жеңілін таңдау) деп өзіндік бір салыстырмалы әділет жасауға тырысады. Алайда, Әділеті Маһзаны ұстану мүмкін болған жағдайда, Әділеті Изафияны ұстануға болмайды. станған болса, зұлымдық болады.
Міне, Имам Али (р.а.) Әділеті Маһзаны Шейһейин заманындағыдай етіп ұстануға болады деп, Халифатты сол негіздер бойынша басқарған еді. Оған қарсы шығып, наразылық білдіруші топ «Олай басқаруға болмайды, өте қиынға соғады» деп Әділеті Изафия бойынша ижтиһад қылды. Тарихта айтылатын өзге себептер, негізгі себептер емес, сылтаулар.
Егер былай десең: Имам Алидің (р.а.) әдеттен тыс қабылеттілігі, керемет зеректігі және сол орынға лайық бола тұра, Ислам халифалығы тұрғысынан алғанда алдыңғылармен салыстырғанда сәтсіздікке ұшырауының сыры не?
Жауап: Ол Асылзат саясат пен биліктен гөрі, одан да маңызды басқа уәзипаларға лайық еді. Егер саяси табысқа және толық билікке қол жеткізгенде «Әулиеліктің патшасы» деген рухани мәртебеге толық қол жеткізе алмас еді. Материалық және саяси халифалықтан әлдеқайда жоғары рухани салтанатқа қол жеткізіп, лы стазға айналды. Тіпті рухани салтанаты қияметке дейін жалғаса бермек.
Ал, «Сыффин» оқиғасында, Хазіреті Имам Али (р.а) мен Хазіреті Мағауияның (р.а.) жақтастары арасындағы қақтығыс - халифалық пен биліктің соғысы еді. Яғни, Хазіреті Имам Али (р.а.) діни үкімдер мен Ислами ақиқаттарды және ақыретті негізге ала отырып, биліктің кейбір заңдары мен саясаттың мейірімсіз жақтарын әлгі ақиқаттардың жолында пида етіп отырды. Хазіреті Мағауия (р.а.) мен оның жақтастары болса, Ислам әлемінің қоғамдық тіршілігін, саяси билік арқылы мығымдау жолында, негізгі ақиқаттарды тастап, рұқсат берілген жолдарды ұстанды. Өздерін соған мәжбүр санап қателесті.
Ал, Хазіреті Хасан мен Хусейіннің (р.а.) Әмәуилерге қарсы күресі, дін мен ұлтшылдықтың соғысы еді. Яғни, Әмәуилер Ислами мемлекетті араб ұлтшылдығына негіздеп, Исламият бірлігін ұлттық бірліктен төмен қойғандықтан екі жақты зиян берді.
Біріншісі: Өзге ұлттарды ренжітіп, шошытты жат қылды.
Екіншісі: Нәсілшілдік пен ұлтшылдық негіздері, әділет пен хақты басшылыққа алмайтындықтан зұлымдық етеді. Әділ бола алмайды.
Өйткені, нәсілшіл қазы өз ұлтына бұра тартады. Әділ бола алмайды.
деген нақты бұйрық бойынша діни бірліктің орнына ұлттық бірлік орнатылмайды. Олай етсе, әділет болмайды. Турашылдық жойылады.
Міне, Хазіреті Хусейіннің (р.а.) діни бірлікті негіз тұтып, оларға қарсы күресуі дұрыс еді. Ақыры шәйіттік дәрежеге көтерілді.
Егер былай десе: Оның ісі мұншалықты дұрыс болса, неге табысқа жете алмады? Иләһи жазмыш пен Иләһи мейірім, олардың соңы осылай аянышты болуына неге жол берді?
Жауап: Хазіреті Хусейіннің (р.а.) жақын жолдастарында болмаса да жамағатына қосылған басқа халықтарда ұлттық, мақтаныштарының соққы алуына байланысты араб ұлтына қарсы өш алу пікірінің болуы, Хазіреті Хусеин (р.а.) мен жақтастарының таза да, жарқын ұстанымдарына зиян келтіріп, жеңілулеріне себеп болған.
Ал, жазмыш тұрғысынан алғанда өмірінің соңындағы аянышты жағдайдың хикметі мынада: Хасан мен Хусейн және олардың әулеттері мен ұрпақтары рухани билікке таңдалған еді. Дүниелік
билік пен рухани билікті бірге ұстау өте мүшкіл. Сондықтан оларды дүниеден жирендірді. Дүниеге жүрекпен байланып қалмасын деп, дүниенің көріксіз бетін көрсетті. Олардың қолдары уақытша және алдамшы биліктен қағылды. Бірақ, тұрақты және жарқыраған рухани билікке тағайындалды. Қарапайым уәлилердің (әкімдердің) орнына әулиелердің діңгегіне айналды.
Үшінші сұрағыңыз: Сондай асылзаттардың басынан кешкен аянышты қатыгездік істердің хикметі не?
Жауап: Өткенде айтқанымыздай Хазіреті Хусейіннің (р.а) қарсыластары болған Әмәуилердің билігінде мейірімсіз қатыгездікке себеп болатын үш негіз бар еді.
Біріншісі: Мейірімсіз саясаттың бір қағидасы "Үкіметтің амандығы мен тәртіптің тұрақтылығы жолында тұлғалар пида етіледі."
Екіншісі: Олардың билігі нәсілшілдік пен ұлтшылдыққа сүйенгендіктен ұлтшылдықтың қатыгез бір принципі ұлттың амандығы жолында барлық нәрсе пида етіледі.
Үшіншісі: Әмәуилердің Хашимилерге деген бұрыннан келе жатқан бақталастық сезімі Язид сияқты кей біреулер де болғандықтан, мейірімсіз бір қатыгездік көрсетті.
Төртінші: бір себеп те Хазіреті Хусейіннің жақтастарында еді. Яғни, Әмәуилердің араб ұлтшылдығын негіз тұтып өзге ұлттарға мәмлүктер (малайлар) деп құл назарымен қараулары және олардың ұлттық намысын таптаулары кесірінен, өзге ұлттар өш алу үшін және басқа да түсініксіз ниеттермен Хазіреті Хусейіннің (р.а.) жамағатына қосылғандықтан Әмәуилердің ұлтшылдық сезіміне қатты тиген. Өте қатігез және мейірімсіз түрдегі әйгілі сұмдыққа себеп болған. Айтылған төрт себеп те сыртқы себептер. Ал, жазмыш тұрғысынан қарағанда Хазіреті Хусейн мен жақындары сол сұмдық оқиғаның арқасында қол жеткізген ақыреттік нәтижелер мен рухани салтанат пен өрлеудің құндылығы сонша, сол сұмдықтың кесірінен шеккен азаптары жәй ғана арзан нәрсе болып қалады. Мысалы, бір сарбаз бір сағат азап шегіп шәһид болса, басқа біреу, он жыл талпынып барып көтерілетін мәртебеге қол жеткізеді. Егер сол сарбаз шәһид болғаннан кейін одан сұрау мүмкін болса, «аз нәрсе беріп көп нәрсе ұттым» дер еді.
Төртінші сұрағыңыздың мазмұны: Ақырзаманда Хазіреті Иса (а.с.) Тажалды өлтіргеннен кейін адамдардың көбі Хақ дінге кіреді. Алайда: «Жер бетінде Аллаһ, Аллаһ деушілер болса қиямет болмайды» деп риуяттарда айтылған. Иманға келушілер соншама көбейетін болса, қалай бәрі бірдей кәпір болып кетеді?
Жауап: Сахих хадисте риуаят етілген Хазіреті Иса (а.с) келетінін және Ислам шариғатымен амал ететінін, Тажалды өлтіретінін иманы әлсіз болғандар шындыққа жанастыра алмайды. Оның ақиқаты түсіндірілсе, ешқандай шындыққа жанаспайтын жағы қалмайды. Ол былай: Әлгі хадистің және Суфиян мен Мәһди жайындағы хадистердің мағыналары мынадай. Ақырзаманда дінсіздіктің екі ағымы күш алатын болады. Біреуі: Нифақ (Іріткі) пердесінің артында Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын жоққа шығаратын "Суфиян" есімді сұмдық біреу дінбұзарларды басқара отырып, Ислам шариғатын бұзуға тырысады.
Оған қарсы Пайғамбарымыздан (с.а.у.) тарайтын нұрлы шежіренің бір бұтағы әулиялар мен кәмілдердің басшысы болатын "Мұхаммед Мәһди" атты нұрлы бір тұлға, Суфиянның рухани тұлғасы ретіндегі мунафықтық ағымды талқандап жояды.
Міне осындай бір кезеңде, сол ағымның өте күшті болып көрініп тұрған шағында, Хазіреті Иса алейһиссаламның рухани тұлғасы түріндегі нағыз христиандық діні ортаға шығады. Яғни, Иләһи мейірім көгінен түседі. Қазіргі жағдайдағы христиан діні сол ақиқатқа негізделіп, тазарады. Қоспалар мен бұзғыншылықтан арылып, Ислам ақиқаттарымен бірлеседі. Яғни, христиандықтың мән мағынасы Исламға айналады. Құранды негізге ала отырып, христиандықтың сол рухани тұлғасы - қосшы, ал Исламият - басшы дәрежесінде қалады. Осындай бірігудің нәтижесінде Хақ дін зор күшке ие болады. Бөлек-бөлек кезінде дінсіздік ағымынан жеңіліс тапқан Христиандық пен Исламият, бірігу нәтижесінде дінсіздік ағымын жеңіп, талқандай алатын күшке ие болған кезде, аспан әлемінде адами денесімен жүрген Иса алейһиссалам сол Хақ дін қозғалысының басшысы болып келетіні жайлы хабарды, барлық нәрсені Жаратушы Құдіреттің уәдесіне сүйене отырып, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жеткізген. Демек Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан онда ол рас. Барлық нәрсеге құдіреті жетуші Аллаһ уәде берген болса, әлбетте солай жасайды. Иә, Үнемі періштелерді аспаннан жерге жіберуші Аллаһ, кейде періштелерді адам бейнесінде де жіберген (Хазіреті Жәбірейілдің Дыхия бейнесіне кіруі сынды). Және руханиларды рухтар әлемінен жіберіп, адам бейнесіне енгізген, тіпті, қайтыс болып кеткен көптеген әулиелердің әруақтарын мысали денелерімен дүниеге жіберген Хаким-і Зулджалал, христиан дінінің осындай өте маңызды нәтижелермен өз міндетін аяқтауы үшін, аспанда өз денесімен тірі жүрген Иса алейһиссалам түгілі, ақыреттік әлемнің ең ұзақ түкпіріне кетіп қалса да, тіпті шынымен өліп кеткен болса да, Осындай үлкен нәтиже үшін Иса (а.с.)-ға қайтадан дене беріп, дүниеге әкелу - лы Хакимнің хикметіне қисынсыз емес. Қайта Оның хикметі солай болуын қалағаннан кейін соған уәде берген. Егер Ол уәде берген болса, әлбетте жібереді.
Хазіреті Иса алейһиссалам келген кезде барлық адамның оның Иса екендігін білуі шарт емес. Оны, оған жақын кісілер мен таңдаулы жандар ғана Иман нұрымен тани алады. Әйтпесе, ашық түрде жұрттың бәрі танып білмейді.
Сұрақ: Риуаяттарда Тажалдың жалған бір жұмағы болады. Өзіне ергендерді соған жібереді. Сондай-ақ жалған тозағы болады. Өзіне бағынбағандарды соған салады. Тіпті, есегінің бір құлағын
жұмақ сияқты, екінші құлағын тозақ сияқты етіп жасаған. Денесінің үлкендігі мұншама, соншама деген суреттеулер бар.
Жауап: Тажалдың сыртқы бейнесі адам сияқты, тәкаппар менмендігі Перғауындай. Аллаһты ұмытқандықтан алдамшы, зорлықшыл билігін Құдай етіп көрсетуші ақымақ шайтан, айлакер адам. Бірақ оның рухани тұлғасы болып есептелетін орасан зор дінсіздік ағымы өте үлкен, Тажалға қатысты риуаяттарда айтылған үрейлі суреттеулер соған ишара етеді. Бір кездері Жапон бас қолбасшысының бір аяғы Тынық мұхиттта, екінші аяғы он күндік жердегі Порт-Артур қаласында тұрған суреті шыққан еді. Өзі кіп-кішкене Жапон қолбасшысының солай бейнеленуі оның әскерінің рухани тұлғасын көрсетуде еді.
Ал, Тажалдың жалған жұмағы - мәдениеттің нәпсіні қоздыру арқылы өзіне тартып кететін фантазиялары. Есегі поезд. Яғни, көлік. Бір басында от жанатын ошақ бар, өзіне бағынбағандарды кейде отқа лақтырады. Ол есектің бір құлағы яғни, екінші басы жаннат сияқты ретке келтірілген. Өзіне бағыныштыларды сол жаққа отырғызады. Негізінде қызыққұмар да қатігез мәдениеттің өте маңызды көлігі болған поезд бұл дүниені ғана ойлайтын қызыққұмарларға жалған жұмақ әкеледі. «Мәдениеттің» қолындағы бұл нәрсе бишара діндарлар мен мұсылмандарға тозақтағы Зебанидей қауіп әкеледі. Бостандықтан айырып, кедейшілікке түсіреді.
Сонымен, шынайы Христиан дінінің шығуы мен Исламиятқа айналуы арқылы әлемнің басым бөлігіне нұрын жаяды. Бірақ, қияметтің орнауына жақын қалғанда қайтадан бір дінсіздік ағымы бой көрсетіп, басымдық танытад, ө"Басымдық көпшілікте" қағидасы бойынша жер бетінде «Аллаһ, Аллаһ» дейтін адам қалмайды. Яғни, жер бетінде маңызды роль атқаратын мықты жамағаттың қалмауы «Аллаһ, Аллаһ» дейтін ешкім қалмайды деген сөз. Әйтпесе, азшылықта қалып жеңіліске ұшыраған мұсылмандар қияметке дейін бола береді. Бірақ, қиямет орнар шақта, оның үрейлі сұмдығын көрмеуі үшін Аллаһтың мейірімі ретінде, имандылардың рухтары басқалардан бұрынырақ алынады. Қиямет кәпірлердің басына орнайды.
Бесінші сұрағыңыздың мазмұны: Қияметтің құбылыстарынан бақи әруақтар әсер ала ма?
Жауап: Дәрежесіне қарай әсер алады. Періштелердің Аллаһтың қаһарының көріністерінен өздерінше әсерлетіні секілді әсер алады. Мысалға, жылы жерде тұрған кісінің сырттағы қарлы боранда дірдектеп жүргендерді көргенде, ақылы мен сезімдерінің әсер алатыны секілді. Сол сияқты түйсік иелері болған бақи әруақтар ғаламмен байланыста болғандықтан ғаламның ұлы құбылыстарынан дәрежелеріне қарай әсер алады. Азапқа тартылатындар қайғы шегеді, бақытқа бөленетіндер таңданыспен қайран қалады. Тіпті, бір жағынан алғанда сүйіншілейтін хабар алғандай әсер алатыны Құранда ишара етілген. Құран Хаким қияметтің ғажайыптарын үнемі қорқынышты етіп айтады. "Көресіңдер" дейді. Ал оны адами денемен көретіндер қияметке жеткендер ғана. Демек, қабірде денелері шіріп кеткен әруақтар да, Құранның сол қорқытуынан өз үлестерін алады.
Алтыншы сұрағыңыздың мазмұны:
Бұл аяттың ақыретке, жәннатқа, жәһаннамға және сондағыларға қатысы бар ма, жоқ па?
Жауап: Бұл мәселе, көптеген зерттеушілердің, Әһли Кәшфтің, әулиелердің талқылауларына себеп болған. Бұл мәселеде сөз солардікі. Сондай-ақ, бұл аяттың ауқымы өте кең. Және көптеген мәртебелері бар. Зерттеушілердің көпшілігі «Бақи әлемге қатысы жоқ» деген. Бір бөлігі қас-қағым сәтте олар да өзіндік бір жойылуға ұшырайды. Оқиғаның тез орын алатыны сондай, олар жойылып кетіп қайта оралғандарын сезбей қалады деген. Ал кейбір әсіре пікірлі Әһли Кешф тұжырымдаған мүлдем жойылып кету ақиқатқа жатпайды. Өйткені, Аллаһтың пәк болмысы мәңгілік және тұрақты. Әлбетте, Оның сипаттары мен есімдері де тұрақты және мәңгі. Әлбетте олардың айналары мен шағылыстары, нақыштары көрінетін жер болған Мәңгі әлемдегі мәңгілік жаратылыстар, бақи нәрселер, сөзсіз түрде мүлдем жойылып кетпейді. Әзірге Құран Хакимнің берекеті арқылы ойға келген екі тұжырым қысқаша жазылады.
Біріншісі: Хақ Тағала Қадыр Мутлақ. Жоқ пен бар - Құдіреті мен Қалауына салыстырғанда екі орын іспетті. Өте оңай түрде сол орынға жібереді немесе әкеледі. Қаласа бір күнде, қаласа бір мезетте орындарын алмастырады. Негізінде мүлдем жоқ болу деген нәрсе жоқ. Өйткені, баршаны қамтып тұрған бір ілім бар. Бір нәрсенің сол жаққа кетіп қалатынындай Иләһи ілім шеңберінің сырты жоқ
қой. Ал, ілім шеңбері ішіндегі жоқтық, ол сырттай ғана. Және іліми болмысқа перде болған бір атау. Тіпті осы іліми болмыстарды кейбір зерттеушілер Аян-ы Сабита (тұрақты тұлғалар) деп атаған. Олай болса, жоқ болып кету дегеніміз - сыртқы киімін уақытша шешіп, рухани және ілми болмысқа айналу. Яғни, жойылғандар мен уақытша нәрселер сыртқы болмыстарын тастап, рухани болмыс киеді. Құдірет шеңберінен шығып, ілім шеңберіне кіреді.
Қорытынды: Егер Аллаһ үшін болса, Аллаһты тапса, онда бөтен нәрсе қалмайды. Егер Аллаһты таппаса және Аллаһ үшін қаралмаса, онда бүкіл нәрсе бөтен болады.
қылышын қолдану керек, пердені жырту керек, сөйтіп Оны табу керек.
ОН АЛТЫНШЫ МЕКТУБ
Көпшіліктің сұрайтын да, көкейінде де жүретін бір сұрағына жауап.
[Бұл сұраққа жауап беруге зауқым жоқ, әрі қаламаймын. Бүкіл нәрсемді Аллаһқа тапсырып, соған ғана тәуекел етуде едім, бірақ менің өзіммен өзім жүруіме мүмкіндік бермей, бетімді дүнияға бұра бергендіктен өзім үшін емес, достарым мен сөздерімді әһли дүнияның күдігі мен қысымынан құтқару үшін, жағдайдың анық-қанығын достарыма да, әһли дүниеге де, билікке де түсіндіру мақсатында "Бес тұжырым" арқылы "Бүгінгі Саид" емес, "Бұрынғы Саидтің" тілімен баяндауға мәжбүр болдым].
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Саясаттан неге бас тарттың? Неге жоламай кеттің? - дейді.
Жауап: Осыдан он шақты жыл бұрыңғы Саид біршама саясатқа араласты. Бәлкім саясат арқылы дінге, ғылымға қызмет етермін деп босқа шаршады. Бұл жолдың күмәнді, қиын және мен үшін бос әурешілік, керісінше ең маңызды қызметке кедергі келтірер қауіпті жол екенін көрді. Көбі өтірік, тіпті шетелдіктердің қолында ойыншық болып қалғанын да байқамауы мүмкін. Сондай-ақ, саясатқа араласқан адам, не жақтас болады, не қарсылас болады. Жақтас болатындай, мен қызметкер де, депутат та емеспін. Олай болса, менің саясатқа араласуым бос нәрсе. Бостан-босқа саясатқа араласуымның қажеті жоқ.
Егер, қарсылас жаққа шықсам не пікірмен (идеология), не күшпен араласуым керек. Пікірмен араласуға маған мұқтаждық жоқ. Өйткені, мәселелердің бәрі түсінікті. Менің білгенімді жұрттың бәрі біледі. Босқа ауыз ауырту мағынасыз.
Егер, күш қолданып, бүлік шығару арқылы қарсылық көрсетсем нәтижесі күмәнді мақсат үшін мыңдаған күнә арқалау ықтималдығы басым. Бір адамның кесірінен көп адам бәлеге қалады. Оннан бір ықтималға бола күнә арқалап, бейкүнә жандарды да күнәға батыруға ар-ожданым бармайды деп бұрынғы Саид, темекі мен бірге газетті де, саясатты да, саяси-дүниелік әңгімелерді де тәрк етті.
Содан бері, сегіз жыл өтсе де бірде-бір газет оқымауым, не тыңдамауым бұның нақты айғағы. Оқығанымды, не тыңдағанымды көрген біреу болса айтсын.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Бүгінгі Саид саясаттан неге осынша тартынады?
Жауап: Милиардтаған жылдарға ұласатын мәңгі өмірге дайындалып, сол өмірде жеңіске жету жолын күмәнді, қажетсіз, арзан бір-екі жылдық бұл дүниелік нәрселерге араласу жолында пида қылмау үшін. Сондай-ақ ең маңызды, ең қажетті, ең таза, ең шынайы қызмет Иман мен Құран жолындағы қызмет болғандықтан саясаттан қашудамын. Мен қартайдым, енді неше жыл өмір сүретінімді білмеймін. Олай болса, мен үшін ең маңызды шаруа мәңгі өмірге дайындалу. Мәңгі өмірде жеңіске жету жолындағы ең бірінші дәнекер және мәңгілік бақыттың кілті - Иман. Сол жолда еңбек ету керек. Бірақ, шариғат бойынша, адамдарға ілім үйретіп пайдам тиетіндей қызмет атқаруға міндеттімін. Сол міндетімді атқарғым келеді. Ал ондай қызмет я Иманға, я қоғамдық өмірге және дүниелік тұрмысқа қатысты
болмақ. Екіншісі менің қолымнан келмейді. Мынадай аласапыран заманда тиянақты қызмет ете алмайсың. Сондықтан ол жақты қоя тұрып, ең маңызды, ең қажетті, ең сенімді қызмет - Иман жолындағы қызметті таңдадым. Өзім көз жеткізген Иман ақиқаттарына және өз тәжірибемнен өткен рухани дәрілерге басқалардың да қолы жетуі үшін ол есікті ашық қалдырдым. Мүмкін, Аллаһ бұл қызметімді қабыл етер. Бұрынғы күнәларыма өтеу болар. Бұл қызметке шайтан ражимнен басқа (мұсылман болсын, кәпір болсын, сыддық болсын, азғын болсын) ешкімнің қарсы шығуға хақысы жоқ. Өйткені, имансыздық басқа нәрселерге ұқсамайды. Зұлымдықта, пасықтықта, үлкен күнәларда жиіркенішті болса да, шайтани ләззат болуы мүмкін. Бірақ, имансыздықта ешқандай ләззат жоқ. Қайғы үстіне қайғы, қиналыс үстіне қиналыс, азап үстіне азап.
Қартайған шағымда мәңгі өмір үшін еңбектенуді, қасиетті имани нұрға қызмет етуді тастау, мен сияқты елеусіз, жалғызілікті, бұрыңғы күнәларын жеңілдетер сауапты іс атқаруға мәжбүр адамға қауіпті саяси ойындарға араласу, қаншалықты ақылға қонымсыз, хикметке қайшы ақымақтық екенін ақымақтар да түсінер.
Ал, Құран мен Иманға қызмет менің жолымды неге бөгейді десең, мен де былай деймін: "Егер, саясатқа аралассам, алдануы оңай, аңқау қарапайым халық алмастай қымбат Иман мен Құран ақиқаттарын - өзіне жақтас жинау үшін саяси үгіт емес пе?" деп ойлауы мүмкін. Әлгіндей қымбат алмастарға арзанқол әйнек деп қарауы мүмкін. Олай болса саясатқа араласу арқылы алмастай құнды ақиқаттардың құнын түсіріп қиянат жасаған боламын.
Ей, әһл-и дүние. Менімен неге әуре боласыңдар. Мені неге өз жайыма қалдырмайсыңдар. "Шейхтар кейде біздің ісімізге араласады. Саған да кейде шейх дейді" десеңдер, менің де айтарым мынау: Ей, мырзалар! Мен шейх емеспін, молдамын, ағартушымын. Бұған дәлел төрт жылдан бері осындамын. Ең болмаса бір адамға тариқат сабағын бергенімде, күмәндануларыңа болар еді. Маған келушілердің барлығына дерлік Иман керек, Исламият керек.... Тариқат заманы емес дедім.
Саған "Саид күрди" дейді. Сенің ұлтшылдық ойың бар шығар. Бұл да бізге жақпайды десеңдер. Оған да айтарым мынау: Ей, мырзалар! Бұрынғы Саидтың да, Бүгінгі Саидтың да жазғандары алдарыңда.
Соларды куәға тартамын. Мен
қатаң бұйрығы бойынша, баяғыдан бері шариғатқа үйлеспейтін ұлтшылдық пен нәсілшілдікке Еуропалық ауру, өлтіргіш у ретінде қарадым.
Ал, Европа өздерінің осы кеселін мұсылмандардың арасына жайып алауыздық тудыру арқылы бөліп-бөліп, жұта салуды ойлап отыр. Осы бір Еуропалық дертті баяғыдан бері емдеуге тырысқанымды шәкірттерім де, менімен араласқан адамдар да біледі.
Олай болса, ей, мырзалар! Әр нәрсені сылтауратып маған қысым көрсетуге апырмай не себеп бар? Бұл Шығыста бір солдат қателік жасаса, батыстағы бір солдатты -"Сен де әскерсің" деп қинау, жазаға тарту... Немесе, Стамбулдағы бір саудагердің бір қылмысы үшін Бағдаттағы бір дүкеншіні "Сен де саудагерсің" деп соттау сияқты нәрсе. Әр оқиғаны сылтауратып маған тиісу, қандай заңға саяды? Бұған кімнің ары барады? Бұл қай үкімнің талабы?
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Менің жағдайымды, тыныштығымды ойлайтын және әртүрлі қиыншылықтарға сабыр етіп, үндемей жүргеніме таң қалатын достарым "Өзіңе жасалып жатқан қысымдарға, қинауларға қалай шыдап жүрсің? Сен бұрын ашушаң, намысқой едің. Басыңнан сөз асырмайтын едің. Ондайға төзе алмайтын едің" - дейді.
Жауап: Кішкентай екі оқиға мен екі әңгімені тыңдап жауабын алыңдар.
Бірінші әңгіме: Екі жыл бұрын бір бастық мені сыртымнан, себепсізден себепсіз мазақ қылып, қорлаушы сөздер айтыпты. Мен кейін естідім. Бұрыңғы Саидтық сезімдерім қозып, бір сағаттай ашуландым. Содан кейін, Аллаһтың мейірімі жүрегіме мынадай ақиқатты жеткізді. Ашуымды да тарқатты, әлгі адамға да кешірім бергізді. Ақиқат мынау еді. Өзіме өзім былай дедім. Егер оның қорлау сөздері мен айтқан кемшіліктері жеке басым мен нәпсіме қатысты болса, оған Аллаһ разы болсын. Нәпсімнің айыптарын айтып жатыр. Егер шындықты айтқан болса, нәпсімнің тәрбиесіне итермелейді. Тәкәппарланудан құтылуға көмектеседі. Егер өтірік айтқан болса, мені риядан және рияның негізі болған жалған атақтан құтқаруға көмектеседі. Ал, мен өз нәпсіммен татуласқан жоқпын. Өйткені, тәрбиелегем жоқ. Біреу менің мойнымда немесе қойнымда улы
шаянның тұрғанын айтса немесе көрсетсе, оған ренжу емес, қайта қуану керек болады. Егер ол адамның мазақ етіп қорлауы менің Иман мен Құранға қызметші екендігіме қатысты болса, оған менің қатысым жоқ. Ол адамды мені қызмет қылдырып отырған Құранның Иесіне тапсырамын. Ол - Әзиз, Хаким.
Егер, тек мені сөгіп, қорлау, табалау үшін жасаса оның да маған қатысы жоқ. Мен айдауда жүрген қолым байлаулы тұтқын, ғаріппін. Өзімді өзім қорғап қалу менің міндетім емес. Бұл мені осында бақылауда ұстап отырған ауылды, ауданды, уалаятты басқарып отырғандардың шаруасы. Бір адамның қолындағы тұтқынын сөгіп-қорлау, оның иесіне тиісті, ол қорғау керек. Мәселенің ақиқаты осылай болған соң жүрегім жай тапты.
дедім. Ондай оқиға болған жоқ деп есептедім, ұмыттым. Бірақ, өкінішті, кейін білінеді, Құран оны кешірмеді.
Екінші әңгіме. Биыл бір оқиғаның орын алғанын естідім. Ол оқиға болып кеткеннен кейін қысқаша ғана естісем де, маған сол оқиғаға тығыз байланысым бардай қарады. Онсыз да ешкіммен хабарласып жатқаным жоқ хабарлассам да. Бір досыма Иман мәселесіне байланысты хаттарды өте сирек жазатынмын. Тіпті, өз бауырыма төрт жылда бір-ақ рет хат жаздым. Өзімді өзім қарым-қатынастан тыятынмын. Әһли дүние де маған тыйым салушы еді. Аптасына бір рет қана, бір екі танысыммен жолыға алатын едім. Ауылға келген қонақтардың бір-екеуі ғана айына бір рет ақыреттік мәселелер жайлы бір-екі минут сөйлесе алатын. Нәпақа үшін жұмыс істеуге өте қолайсыз. Елден жырақ бір ауылда жападан жалғыз, ғаріп халде бүкіл нәрселерден тыйылдым. Тіпті, төрт жыл бұрын қирап қалған бір мешітті жөндеттім. Елде жүргенде имамдық, уағызшылық құжатым болғандықтан сол мешітте төрт жылдан бері имамдық етсем де (Алла қабыл етсін) осы жылы қасиетті Рамазан айында мешітке бара алмадым. Кейде намазды жалғыз оқыдым. Жамағатпен оқылған намаздың жиырма бес есе сауабы мен игілігінен құр қалдым.
Екі жыл бұрыңғы әлгі бастықтың маған қарсы жасаған әрекеттеріне шыдаған болсам, басымнан өткен осы екі оқиғаға да дәл солай шыдамдылық таныттым. ИншаАллаһ, әрі қарай да осылай жалғастырамын. Былай да ойлап қоямын және деймін: "Егер әһлі
дүнияның маған жасап жатқан қыспақтары, қинаулары айыпты да кінәлі нәпсім үшін болса кештім. Мүмкін менің нәпсім осылай түзелер. Күнәларының кешірілуіне себеп болар".
Дүние деген қонақүйдің қызығын көп көрдім. Аздап жапасын шексем де шүкір етемін. Егер, әһлі дүния мені Иман мен Құранға қызметші болғандығым үшін қыспаққа алып жатса, қорғап шығу менің шаруам емес. Оны Әзиз Жаппарға тапсырамын. Егер, баянсыз және рияға себеп болатын және ықыласты да бұзатын жалған атақты жою және маған деген көптің қошеметін түсіру мақсатында жасалып жатса оларға рахмет. Өйткені, көптің қошеметіне бөлену және халықтың алдында атақты болу мен сияқты адамдарға зиян деп білемін. Менімен араласқан адамдар мені жақсы біледі. Мені құрметтегендерін қаламаймын. Тіпті, жек көремін. Тіпті маған шамадан тыс құрмет көрсеткені үшін қымбатты бір досыма елу рет ескерту жасаған шығармын. Егер жұрттың алдында мені төмен түсіріп, мән бергізбеудегі мақсаттар, мен тәржімәндік жасап жүрген Иман мен Құран ақиқаттары үшін болса, олары бос әурешілік. Өйткені, Құранның жұлдыздарына перде тұтылмайды. Көзін жұмған адам, өзі ғана көрмейді. Басқаларға қараңғылық орната алмайды.
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Бірнеше күмәнді сұрақтың жауабы.
Біріншісі: Әһли дүние былай дейді. Немен күн көресің? Жұмыссыз қалай күнелтесің? Мемлекетімізде жалқаулар және басқаның еңбегімен күн көрушілерді қаламаймыз.
Жауап: Мен үнемділік пен берекеттің арқасында өмір сүремін. Раззақымнан (Аллаһтан) басқа ешкімнің бір нәрсені міндетсінуін қаламаймын. Және ешкімнен ешнәрсе алмауға қарар бергенмін. Иә, Күніне жүз тиын, тіпті қырық тиынмен күнелткен адам ешкімнен еш нәрсе сұрамайды. Бұл мәселені қозғағым келмейді. Менменсіп мақтанып тұрғандай болмас үшін, бұл туралы айтуды ұнатпаймын. Бірақ, әһли дүние күдікті түрде сұрап тұрғандықтан мен де айтайын. Кішкене күнімнен бері ешкімнен ешнәрсе алмау (Тіпті зекет болса да), айлық та алмау (Бір-екі жыл Ислам академиясында істеген кезімде достарымның еріксіз көндіруімен алуға мәжбүр болдым. Ол ақшаны да рухани түрде халыққа қайтардық), дүнияуи күнкөріс үшін біреуге кіріптар болмау өмір бойғы қағидам. Өз елімдегілер мен басқа жерлердегі мені танитындар мұны жақсы біледі.
Осы айдауда жүрген бес жыл ішінде қаншама достарым маған кәде сый жасауға тырысты, қабылдамадым. «Онда қалай күн көресің» десеңдер, берекет пен Аллаһтың жарылқауымен өмір сүріп келемін. Рас, нәпсім әрқандай қорлыққа да, елеусіз қалуға да лайық болса да, Құран қызметінің кереметі ретінде ризық жөнінен Иләһи жарылқау болған берекетке бөленудемін.
сыры бойынша Аллаһтың маған жасаған жақсылықтарын еске түсіре отырып, рухани шүкір ретінде бірнешеуін айтайын.
Рухани шүкір болуымен қатар, рия мен мақтаныш та өз үлесін алып кетсе, осы берекеттен айырылып қалам ба?-деп қорқамын. Өйткені, жасырын берекетті мақтанышпен әшкере ету берекеттің кесілуіне себеп болады. Амал қайсы, айтуға мәжбүр болдым. Сонымен біріншісі:
Отыз алты нан шығатын бір киле бидай маған алты айға жетті. Әлі де бар. Қаншаға жететінін білмеймін. (Бір жылға жетті.)
Екіншісі: Биылғы қасиетті Рамазанда маған екі үйден тамақ келді. Екеуі де мені ауыртты. Жұрттың асын ішуге маған тиым салынғанын түсіндім. Одан кейін үш нан мен бір кило күріш Рамазанның соңына дейін жеткенін, маған қарасып жүрген берекелі отбасының иесі, ардақты досым Абдуллаһ Чавуш айтты. Куә болған сол. Тіпті, әлгі күріш Рамазаннан он бес күн кейін бітіпті.
күн бойы не істейміз. Мына ақ көңіл жанға не айтамын". Осылай, ойланып отырғанда бірден басым өзінен өзі бұрылғандай басымды бұрдым. Қарасам, қарағай ағашының үстіңгі жағында, бұтақтардың арасында үлкен бір нан тұр. «Сүлеймен, сүйінші. Жәнаб-ы Хақ бізге ризық берді» дедім. Әлгі нанды алып қарасақ, аң да құс та тимеген... Жиырма-отыз күннен бері бұл төбеге ешкім шықпаған еді. Сол нан екеумізге екі күнге жетті. Таусылуға таяғанда төрт жылдан бергі адал досым Мұстақим Сүлеймен қолында наны бар, төменнен шыға келді.
Төртіншісі: Мына үстімдегі шапанды жеті жыл бұрын ескілей алған едім. Бес жылдың ішінде киім, ішкиім, кебіс, шұлыққа төрт жарым лира жұмсадым. Берекет, үнемдеу және Аллаһтың мейірімі маған жеткілікті.
Міне, осы мысалдар сияқты көп нәрселер бар. Иләһи берекеттің көптеген қырлары бар. Осы ауылдың халқы мұның бірталайын біледі. Бірақ, бұларды мақтану үшін айтып отыр деп ойлап қалма. Айтуға мәжбүр болдым. Сондай-ақ, мен үшін жақсы нәрсе деп ойламаңдар. Бұл берекеттер не менің жаныма келген адал ниет достарыма сый. Немесе Құран қызметінің жарылқауы. Не болмаса үнемшілдіктің берекелі пайдасы. Немесе зікірлерін Я, Рахим, Я, Рахим деп салатын қасымдағы төрт мысықтың ризықтары. Берекет түрінде келеді. Мен де содан пайдаланудамын. Мысықтардың жабырқаулы пыр-пырларын мұқият тыңдасаң, Я, Рахим, Я, Рахим деп зікір салатындарын аңғарасың. Мысық туралы сөз болған соң тауықты еске түсірді. Бір тауығым бар. Осы қыста жұмыртқа машинасы секілді күн сайын Аллаһтың мейірім қазынасынан бір жұмыртқа әкеліп тұрды. Азғантай ғана үзіліс жасады. Бір күні екі жұмыртқа әкелді. Мен де таң қалдым. Достарымнан осылай бола ма деп сұрадым. Иләһи сый шығар деді. Осы тауықтың жазда шығарған балапаны бар еді. Қасиетті Рамазанның басында ол да жұмыртқалай бастады. Қырық күнге дейін жалғасты. Өзі кішкене, қыстың күні, Рамазан айында бұл берекелі жағдай қасиетті Рамазанның сыйы екендігіне менің де, маған көмектесіп жүргендердің де шүбәсі қалмады. Оның үстіне анасы тоқтатқан кезде, бірден сол бастады. Мені жұмыртқасыз қалдырмады.
Екінші күдікті сұрақ: Әһл-и дүние былай дейді. Біздің дүниямызға араласпайтыныңа қалай сенеміз. Сені еркіңе қоя берсек біздің дүниямызға араласатын шығарсың. Қулық жасамайтыныңды
қайдан білеміз. Өзіңді дүнияны тәрк еткен адам ретінде көрсетіп, жұрттан дүние алмайтындай көрінгеніңмен, жасырын түрде қулық жасап, бір нәрселер алып жүрмегеніңді қайдан білеміз?
Жауап. Жиырма жыл бұрыңғы әскери трибуналдағы және демократиялық төңкерістен бұрыңғы көпшілікке мәлім хал-жағдайым. Сондай-ақ, әскери трибуналдағы "Екі бейнет мектебінің куәлігі" атты өзімді қорғау сөздерім дәлел. Қулық былай тұрсын, кішкентай да болса айла жасауды ар санаумен өмір сүрдім. Егер, айлакерлігім болса, осы бес жылдың ішінде бір рет болса да сендерге жалпақтап, өтініш жасап барар едім. Айлакер адам өзін жақсы көрсеткісі келеді. Одан тартынбайды. Айласын асыруға, алдауға тырысады. Ал, мен өзіме қарсы жасалып жатқан сұмдық шабуылдар мен сынақтардың алдында бас иіп, өзімді қорлатпадым. "Тәуеккелту әл-Аллаһ" деп әһли дүниеден сырт айналдым. Сондай-ақ, ақыреттің бар екенін білетін және дүниенің ақиқатын түсінген есі дұрыс жан өкінбейді. Қайта айналып, дүниемен әуре болмайды. Елу жастан асқан, жалғызілікті, елеусіз жан дүнияның бір-екі жылдық бос әңгімесіне, көзбояушылығына мәңгі өмірін пида ете алмайды. Пида етсе, айлакер емес, ақымақ, есуас болғаны. Онымен әуре болатындай ақымақ, есуас адамның қолынан не келеді. Ал, сырттай дүнияны тәрк етіп, іштей соны тілеу деген күдікке келер болсақ,
сыры бойынша:
Мен нәпсімді ақтамаймын. Нәпсім әртүрлі жамандықты қалайды. Бірақ, мына фәни дүнияда, уақытша қонақ үйде, қартайған шақта, қысқа ғана өмірде, азғантай ләззат үшін мәңгі де тұрақты өмірі мен мәңгілік бақытын тас-талқан ету ақылдының ісі емес. Ақылы бар саналының пайдасына шешілмейтіндіктен нәпсім қаласа да, қаламаса да ақылға мойынсұнады.
Үшінші күдікті сұрақ: Әһли дүние былай дейді. Сен бізді жақсы көресің бе? Жақтырасың ба? Егер жақтыратын болсаң, неге бізбен араласпай, ренжіп жүрсің. Егер, жақтырмайтын болсаң, онда бізге қарсысың. Ал, біз қарсыластарымызды жаншып тастаймыз.
Жауап: Мен сендер түгілі, дүниелеріңді жақсы көрген болсам дүниядан тартынбас едім. Сендерді де, дүнияларыңды да ұнатпаймын. Бірақ, араласпаймын. Өйткені, менің мақсатым басқа. Жүрегім басқа
нәрселермен толтырылған. Өзге нәрселерді ойлауға жүрегімде орын жоқ. Сендердің шаруаларың жүректі емес, іс-әрекетті бақылау. Сендер елді басқаруды, қауіпсіздіктеріңді қалайсыңдар. Сендердің істеріңе араласпаса болды емес пе. Лайық еместіктеріңе қарамай «Жүрегің де жақсы көрсін» деуге қандай ақыларың бар. Жүрекке араласатын болсаңдар.....
Иә, мен қыс ортасында көктемді қалаймын, соны тілеймін мүмкін. Бірақ, оны жасай алмаймын. Көктем орнатуға әрекет ете алмаймын. Сондай-ақ, әлемдегі жағдайдың түзелуін қалаймын, дұға етемін. Әһли дүнияның тура жолға түсуін қалаймын. Бірақ, мұны жасай алмаймын. Өйткені қолымнан келмейді. Іс жүзінде орындауға кірісе алмаймын. Өйткені, ол менің міндетім де емес, күшім де жетпейді.
Төртінші күдікті сұрақ: Әһли дүния былай дейді. Неше түрлі бәлені көрдік. Ешкімге сеніміміз қалмады. Қолыңа мүмкіндік берілсе, біздің ісімізге қалағаныңша араласып кетпейтініңе қалай сене аламыз.
Жауап: Осыған дейін айтылған нәрселер, сендерге сенім туғызуы керек еді... Туған жерімде, шәкірттерім мен туысқандарымның арасында, менің тілімді алатындардың ортасында, буырқанған оқиғалардың ішінде жүріп дүниелеріңе араласпағанда, елден жырақ, жападан-жалғыз, ғаріп, әлсіз, бүкіл күшін ақыретке арнаған, қарым-қатынас, хабар-ошар жоқ, Иман мен Ақыретке қатысты нәрселерде ғана алыстан ақыреттік дос тапқан жан, өзі де жұртқа, жұрт та бұған бөтенси қарайтын біреу, қауіптен басқа, пайдасы жоқ дүнияларыңа араласса, ақымақтың ақымағы болуы керек...
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Бес кішкентай мәселеге қатысты.
Біріншісі. Әһли дүние маған былай дейді. Сен біздің мәдени әдеттерімізді, өмір салтымызды неге орындамайсың? Неге біз сияқты киінбейсің? Демек, бізге қарсысың.
Менің де айтарым: Ей, мырзалар! Өздеріңнің мәдени өмір салттарыңды орында деуге қандай ақыларың бар? Сендер емес пе, мені мәдени құқымнан айырғандай, бес жыл бойы хабар-ошардан, қарым-қатынастан тиып, бір ауылда жөнсіз ұстап отырған? Жер аударылғандардың бәрін қалаларда достарымен, туыстарымен бірге отырғызып, құжат бердіңдер. Мені себепсізден себепсіз жалғыз ұстап, ешбір жерлесіммен кездестірмей отырсыңдар (Бір-екеуінен басқа). Демек, мені қоғамның бір мүшесі, біздің бір азамат деп
санамайсыңдар. Мәдениеттеріңнің қағидаларын орында деп қалай айтасыңдар. Бұл дүниені маған зындан еттіңдер. Зынданда жатқан адамға мұндай ұсыныс жасалмайды. Сендер маған бұл дүниенің есігін жаптыңдар, мен де ақыреттің есігін қақтым. Иләһи мейірім ол есікті ашты. Ақыреттің есігінде тұрған адамға бұл дүниенің сапырылысып жатқан қағидалары мен әдеттерін қалай ұсынасыңдар. Мені еркіме қалдырып, еліме қайтарып, құқығымды берген кездеріңде ғана заң-тәртіптеріңді қолдана аласыз.
Екінші мәселе: Әһли дүние былай дейді. Бізде, діни үкімдер мен Ислам ақиқаттарын тәлім беретін ресми мекеме бар. Сенің дін жаюға қандай өкілеттілігің бар. Сен айдауда жүрсің. Онда бұл істерге араласуға хақың жоқ.
Жауап: Хақ пен Ақиқат шектеуге алынбайды. Иман мен Құранды қалай шектеуге болады. Сендер дүнияларыңның тәртібін, заңын шектей аларсыңдар. Бірақ, Иман ақиқаттары мен Құранның негіздерін ресми түрде ақы-пұл төленетін дүнияуи мәселелермен қатар қоюға болмайды. Негізінде, Иләһи сыйлық болған ол сырлар, таза ниет арқылы және дүние мен нәпсани қызықтардан құтылып, тазару арқылы ашылады. Оның үстіне сендердің сол ресми мекемелерің де елде жүргенімде мені уағызшы деп таныды. Және сол қызметке тағайындады. Мен уағызшылықты қабылдадым, бірақ айлығын алмадым. Қолымда құжатым бар. Уағызшылық, имамдық құжатыммен кез-келген жерде амал жасай аламын. Өйткені, менің жер аударылуым әділетсіз болды. Сондай-ақ, айдаудағылардың бәрі қайтарылды. Ендеше, бұрынғы құжаттарымның күші жойылған жоқ. Екіншіден, Өзім жазған Иман ақиқаттарын тікелей өз нәпсіме арнаған едім. Көпшілікке арнағам жоқ. Расында рухтары мұқтаж, жүректері жаралы жандар Құранның сол емдерін іздеп тауып жатыр. Тек азық-түлік алу үшін жаңа әріптер шықпай тұрып, Хаширге қатысты бір рисалемді бастырдым. Ол кезде де бұрыңғы найсап әкім, әлгі рисалені тексертіп, айып тағатын ешнәрсе таба алмай, тиісе алмаған еді.
Үшінші мәселе: Әһли дүния маған күдікпен қарағандықтан, менің кейбір достарым әһли дүнияға жақсы көріну үшін, сырт көзге менен аулақ жүргендей болады. Тіпті сынап та жүрген болар. Бұлардың менен аулақ жүріп қашқақтауларын зымиян әһли дүния өздеріне деген адалдық емес, екіжүзді оңбағандық деп біледі. Әлгі достарыма да жаман көзбен қарайды.
Ал, менің айтарым, әй, ақыреттік достарым! Менің Құранға қызметшілік жағымнан теріс айналып қашпаңдар. Өйткені, Иншаллаһ, менен сендерге зиян келмейді. Егер айталық, пәле келсе немесе маған зұлымдық жасалса, Сіздер менен қашқақтаумен құтыла алмайсыздар. Олай ету арқылы одан сайын пәлекет пен таяққа лайық боласыңдар. Оның үстіне, соншалықты уайымдайтын не бар.
Төртінші мәселе: Осы айдауда жүрген кезімде байқағаным, менмендік пен саясаттың батпағына түскен кейбір кісілер маған өздеріне жақтас немесе қарсылас сияқты қарайды. Құдды мен де өздері секілді дүниялық ағымдармен байланысым бардай. Әй, мырзалар! Мен Иманның бағытындамын. Қарсы жақта Имансыздық ағымы бар. Басқа ағымдарда шаруам жоқ. Ол адамдардың айлық алып, жұмыс істеп жүргендері өздерін ақтауға тырысады. Бірақ, ақысыз, пұлсыз өз еркімен маған қарсы бәсекелестік, қарсыластық ұстанымда болу, тиісіп, қысым көрсету өрескел қателік. Өйткені, бұған дейін дәлелденгендей дүнияуи саясатта шаруам жоқ. Бүкіл уақытымды да, өмірімді де тек қана Иман мен Құран ақиқаттарына арнадым. Сол жолға бағыштадым. Олай болса, маған тиісіп, қысым жасап жүрген адамның сол әрекеті дінсіздік пен имансыздық атынан Иманға тиісу болып саналатынын ойласын.
Бесінші мәселе: Дүния фәни. Өмір қысқа. Атқарылатын істер де көп. Мәңгілік бақытқа қол жеткізу немесе айырылып қалу мәселесі осы жерде шешіледі. Мына, дүния атты қонақжай иесіз, босқа емес. Оның аса Хаким, аса Қамқор басқарушысы бар. Сондай-ақ, дүниедегі игілік те, жамандық та ескерусіз қалмайды.
қағидасы бойынша "Шамадан тыс ауыр жүк жүктелмейді" Зиянсыз жол зиянды жолдан әлдеқайда артық. Дүниелік атақ пен даңқ, дос-жарандар да қабыр аузына дейін ғана. Әлбетте ең бақытты адам мына адамғой:
Дүние үшін ақыретін ұмытпасын,. ақыретін бұ дүниенің қызығына пида қылмасын, мәңгі өмірін дүниелік өмір үшін бұзбасын, өмірін бос нәрселермен зая қылмасын және өзін қонақпын деп біліп, қонақжай Иесінің әмірлеріне көре әрекет етсін қабыр есігін абыроймен ашып мәңгілік бақыт әлеміне кірсін.
Он алтыншы мектубтың қосымшасы
Әһли дүния ешқандай себепсіз, мен сияқты әлсіз, ғаріп бір адамнан күдіктеніп, мыңдаған адамдық күшім бардай үрейленіп, маған көптеген шектеулер қойып отыр. Барланың шетіндегі Бедреде де, тауда да, бір-екі күн қалуыма рұқсат бермеді. Естуімше, Саидтың елу мың сарбаздық күші бар. Сондықтан оны еркін жібере алмаймыз дейді екен. Менің де айтарым, Әй, бейбақ, әһли дүния! Бар күштеріңмен дүние үшін жанталассаңдар да дүниелік істі білмейсіңдер. Ақымақша әрекет етесіңдер. Егер, жеке басымнан қорқатын болсаңдар, елу мың әскер емес, бір ғана сарбаз менен елу есе көп жұмыс атқара алады. Яғни, есіктің алдында тұрып, маған «Шықпайсың» дей алады. Егер, қорқуыңыз менің ұстанымымнан, Құран ақиқаттарына делдалдығымнан және Иманның рухани күшінен болса, елу мың әскер емес, қателестіңіз. станымым бойынша елу миллиондық күшім бар. Хабарыңыз болсын! Өйткені, Құран Хакимнің қуатымен сендерге дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропаға «Тұрысатын жеріңді айт» деп отырмын. Өзімнің жазып, таратып жүрген Имани нұрлар арқылы олардың «нақты ғылым», "табиғат" деп жүрген берік қамалдарын тас-талқан еттім. Олардың ең мықты дінсіз философтарын, хайуаннан да төмен дәрежеге түсірдім. Дінсіздеріңмен қоса, бүкіл Еуропа жиналып келсе, Аллаһтың таупығымен мені бұл ұстанымымнан, бұл жолымнан қайтара алмайды. Иншаллаһ жеңе алмайды.
Демек, осылай мен сендердің дүнияларыңа араласып жатқам жоқ, сендер де менің ақыретіме араласпаңыздар. Аралассаңдар да, түк шықпайды.
Құдай жазған тағдыр, білек күшке көнбес,
Аллаһ жаққан шам, үрлегенмен сөнбес.
Әһли дүния, мен туралы ерекше ойлап, қатты қорқатын сияқты. Менде жоқ, бірақ бола қалған күннің өзінде саяси кемшілік болып саналмайтын және айыптауға себеп болмайтын шейх болу, лидер болу, текті тұқымы болу, рубасы болу, жоғары беделді болу, халықты соңынан ерту, жерлестермен кездесіп тұру, дүнияуи нәрселермен шұғылдану, тіпті саясатқа араласу, тіпті, оппозицияда болу сияқты менде жоқ нәрселерді ойлап үрейленуде. Тіпті, түрмеде отырған немесе сыртта жүрген, өздерінің ойынша ешқашан кешіруге болмайтын адамдарға да рақымшылық жасауды қарастырып жатса да, мені бүкіл нәрселерден тыйып отыр.
Әлсіз және фәни бір адамның мынадай бір тамаша ұмытылмас сөзі бар:
Зұлымдықтың зеңбірегі, оғы бар, қамалы бар болса.
Әділеттің де қайтпас жүзі, қайырылмас қолы бар.
Мен де былай деймін: Әһли дүнияның билігі мен күш-қуаты бар болса, Құранның Нұр-берекетімен, қызметшісінде де шатаспайтын ілімі, үні өшпейтін сөзі бар. Жаңылмайтын жүрегі, сөнбес нұры бар.
Көптеген достарыммен бірге мені қадағалап жүрген бір бастық: «Жеңілдік алу үшін неге өтініш жасамайсың, неге арыз бермейсің?» деп бірнеше рет сұрады.
Жауап: Бес-алты себепке байланысты, арыз бермеймін және бере алмаймын.
Біріншісі: Мен әһли дүнияның тұтқыны болатындай олардың дүниесіне араласқаным жоқ қой. Олардың тұтқыны болатындай, оларға өтініш жасайтындай қала алмаймын. Мен Иләһи тағдырдың тұтқынымын. Соның алдында айыптымын. Соған өтініш жасаймын.
Екіншісі: Бұл дүниенің тез өзгеретін қонақ үй екенін нақты сеніп білдім. Сондықтан, шынайы отан емес, барлық жер бірдей. Демек ол жерде, отанымда мәңгі қала алмаймын. Ол жерге жету үшін, жанталасу да бос нәрсе, еш нәрсеге жарамайды. Демек барлық жер қонақүй. Егер, қонақ үй Иесінің мейірімі жар болса, жұрттың бәрі дос. Әр жердің пайдасы бар. Егер, ол Мейірім жар болмаса, бүкіл жер де жүрегіңе тар болады. Барлық нәрсе жау болады.
Үшіншісі: Арыз жазу, жүгіну құқық шеңберінде жасалады. Алты жылдан бері маған қарсы жасалып жатқан іс-әрекет жөн-жосықсыз түрде, заңға қайшы жасалуда. Менімен жер аударылғандар туралы
заңға сәйкес қарым-қатынас жасалған жоқ. Маған бейне бір мәдени құқықтан, тіпті дүниелік құқықтан жұрдай адам ретінде қарады. Мұндай заңсыз әрекет етушілерге заңатынан арыз беру мағынасыз.
Төртіншісі: Барланың бір бөлімшесі есебіндегі Бәдре ауылының ауасы өзгешерек болған соң, бірнеше күн сол жақта болып қайтуым үшін, биыл, осы жердің бастығы менің атымнан өтініш жасады. Рұқсат бермеді. Осындай елеусіз бір нәрсеге рұқсат бермей жүргендерге қалай өтініш жазуға болады. Өтініш жасау, өзіңді өзің төмен түсіріп қорлау болады.
Бесіншісі: Әділетсіздікті дұрыс деп білетіндерден әділет сұрау, соларға өтініш жасау хақсыздық. Әділеттің өзіне құрметсіздік болады. Мен мұндай хақсыздықты және әділдікке қарсы құрметсіздікті жасағым келмейді. Уәссалам...
Алтыншы себеп: Әһли дүния маған саясат үшін қысым жасап жатқан жоқ. Өйткені, менің саясаттан қашатынымды, оған араласпайтынымды олар да біледі. Менің дінге берілгендігім үшін, біле тұра немесе білместікпен дінсіздіктің атына мені азапқа салуда. Ендеше оларға өтініш жасау, дін жолында жүргеніме өкініп, дінсіздік жолын құптау деген сөз. Оның үстіне мен оларға өтініш жасап, көмек сұраған сайын Әділ, Иләһи тағдыр мені солардың залым қолымен азапқа салады. Өйткені, олар мені дінге берілгендігім үшін қыспаққа алуда. Ал, тағдыр мені діндарлықта, ықыласта кемшілігім болғаны үшін, анда-санда әһли дүнияға рия қылғаным үшін қысуда. Олай болса, әзірге бұл бейнеттен құтылу жоқ. Егер әһли дүнияға өтініш жасасам тағдыр: "Әй, рияшыл, мына өтінішіңнің жазасын тарт" дейді. Егер өтініш жасамасам, әһли дүния: "Бізді мойындамайды екенсің, қыспақтан құтылмайсың" дейді.
де бар еді. Әлгі қызметкер оларға мән бермейтін. Кейін, сол адамдар ауылдағы қоғамдық өмірді улайтын әдепсіз әрекеттер жасаған кезде, соларға құрмет көрсетіп, қадірлей бастады. Жүз қылмыс жасап, зынданда жатқан бір адамның, өзін қарауылдап жүрген сардармен де, сарбазбен де сөйлесе алатыны белгілі. Ал, мені қарауылдап жүрген ұлттық үкіметтің екі маңызды адамы, бастық та, қызметкер де бір жылдан бері бөлмемнің алдынан қанша рет өтсе де, менімен сөйлескен де жоқ, хал-жағдайымды да сұраған жоқ. Бастапқы кезде, мені жек көргендіктерінен жоламай жүр екен ғой деп ойладым. Кейін түсінікті болғанындай бос үрейден екен. Мен оларды жұтып қоятындай қашады. Міне, Қызметкерлері мен шенеуніктері осындай адамдардан тұратын үкіметті үкімет деп, арқа сүйеп, өтініш жасау ақылға сыймайды. Босқа қор болу.
Бұрыңғы Саид болғанда Антере сияқты:
дер еді.
Бұрыңғы Саид жоқ. Бүгінгі Саид әһли дүниямен сөйлесуді мағынасыз деп біледі. Дүниелері бастарын жалмасын. Не істесе, соны істесін. Олармен лы Сотта соттасамыз деп, үндемей-ақ қояды.
Өтініш жазбауымның сегізінші себебі: "Шариғатқа қайшы махаббаттың нәтижесі мейірімсіз жек көру" қағидасы бойынша әһли дүнияның лайық еместігіне қарамай, соларға көңіл бұрғаным үшін Әділ, Иләһи тағдыр әһли дүнияның залым қолымен мені азапқа салуда. Мен де, бұл азапқа лайықпын деп үнімді шығармай отырмын. Өйткені, дүниежүзілік соғыста еріктілер полкының командирі болып екі жыл соғыстым. Жаумен арпалыстым. Әскердің бас қолбасшысы Әнуар пашаның мақтауына ие болған шәкірттерімді, достарымды пида қылдым. Жараланып тұтқынға түстім. Тұтқыннан келгеннен кейін, ағылшындардың Стамбулға басқыншылығы кезінде басымды қатерге тігіп, «Алты қадам» секілді еңбектеріммен ағылшындардың басынан ұрдым. Мені мына азапқа салып, еш себепсіз тұтқынға алғандарға көмектестім. Бұлар да сол көмектің жазасын осылай беруде. Үш жыл Ресейде тұтқында жүріп, шеккен бейнет пен азапты бұл жерде мына достарым маған үш айда тартқызды. Ал, орыстар маған күрдтердің ерікті қолбасшысы, казактар мен тұтқындарды бауыздаған қатыгез адам деп қараса да, дәрістеріме тыйым салмады.
Тұтқындағы тоқсан офицердің көпшілігіне дәріс беретін едім. Бір рет орыс офицері келіп тыңдады. Түрікше білмегендіктен саяси дәріс деп ойлап, бір рет тыйым салды. Кейін, қайта рұқсат берді. Сол казарманың бір бөлмесін мешіт жасадық. Мен имам болдым. Ешкім киліккен жоқ. Араласып, хабарласуға тыйым салған жоқ.
Ал, мына достарым өздерінше отандастарым және діндестерім, олардың иманын құтқаруға тырысып жүргенім. Бұл адамдар, ешқандай себепсіз, менің саясаттан да, дүниеден де байланысымды үзгенімді біле тұра, үш жыл емес, алты жыл бойы тұтқында ұстап қинауда. Қарым-қатынастан тыйып тастады. Құжатым бар екеніне қарамай, дәріс беруге, тіпті бөлмемде жеке дәріс өткізуге, хабарласуға тыйым салды. Тіпті, құжатым бола тұра өзім жөндеп, имамдық еткен мешітіме де барғызбай отыр. Қазір де мені жамағат сауабынан мақұрым қалдыру үшін үш адамға да (тұрақты жамағат және ақыреттік бауырларым) имамдық етуімді қабылдамай отыр. Сондай-ақ, мен қаламасам да, біреу маған жақсы десе, бақылаушы қызметкер қызғаныштан булығады. Беделіңді түсірем деп, бейбастақ шаралар қолданады. Бастықтарға жағыну үшін менің мазамды алады. Міне, осындай жағдайдағы бір адам Аллаһтан басқа кімге бас ұрады, кімге жүгінеді. Қазының өзі айыптаушы болса, әлбетте оған шағым айтылмайды. Кел, сен айт. Бұл жағдайға не дейсің? Сен не десең о де, менің айтарым бұл «достардың» ішінде көп мұнапықтар бар. Мұнапық кәпірден де жаман. Сондықтан бұлар кәпір орыстың істемегенін істеп отыр.
Әй, бейбақтар! Мен сендерге не істедім және не істеп жүрмін. Имандарыңды құтқаруға және мәңгі бақытқа жетулеріңе қызмет етіп жүрмін. Демек, қызметім таза Аллаһ үшін болмағаны ғой, кері әсер беруде. Сендер жауап ретінде мүмкіндік тапсаңдар болды, мені ренжітуге тырысасыңдар.
Сендермен Маһкеме-и Кубрада кездесеміз.
деймін.
ОН ЖЕТІНШІ МЕКТУБ
Құрметті ақыреттік бауырым Хафиз Халид Әпенді!
Бауырым! Балаңның қайтыс болғанын естіп қынжылдым.
Екінші Тұжырым: Баяғы да бір адам зынданда жатады. Сүйікті баласы да оның жанына жіберіліпті. Ол бейшара тұтқын, өз қайғысымен қатар, енді баласының қамын ойлап күйзеліске түседі. Бір күні мейірбан патша оған бір адам жіберіп былай деп бұйырыпты: «Бұл бала сенің перзентің екені даусыз. Бірақ, бала менің де халқым емес пе? Оны мен аламын. Сарайда жақсылап қараймын...» Әлгі адам жылап-сықтап: «Менің жалғыз жұбанышым, бере алмаймын!..» дейді. Оған жанындағы жолдастары былай деп ақыл айтады: "Сенің бұлай қайғыруың жөнсіз. Егер сен балаңа шын жаның ашыса, бала мына лас, қоқырсыған зынданда жатқанша, жайлы сарайға барсын.
Егер сен өз қамың үшін уайымдап тұрсаң, онда балаң осында қалса, уақытша көңілің тыныш болуы мүмкін, бірақ бала көп қиындық шегеді. Егер сарайға кетсе, саған мың пайдасы тиеді. Өйткені патшаның да мейірімін оятып, саған шапағатшы болады. Патша оны сенімен кездестіргісі келеді. Әлбетте, кездесу үшін оны зынданға жібермейді. Қайта сені зынданнан шығарып, сарайға алдырады, балаңмен кездестіреді. Мұның шарты, Патшаға сеніп, бұйрығын орындау..."
Аяулы бауырым, осы тәмсілді үлгі етіп, өзің сияқты мүминдердің балалары бақилық болғанда былай ойлауы керек: Бұл бала бейкүнә. Оның Жаратушы иесі Рахим әрі Кәрим. Менің кемшін тәрбием мен мейірімімнің орнына, оны өте кәміл рахымына бөледі. Дүниенің қайғылы, бәлелі, машақатты зынданынан шығарып, Жәннат-үл Фирдаусына жіберді. Балам қандай бақытты! Бұл дүниеде қалса, кім біледі қалай боларын. Сондықтан оны уайымдамаймын, бақытты деп білемін. Өзіме тигізер пайдасын ойлап та уайымдамаймын, өкінбеймін. Өйткені, бұл өмірде қалса, қайғысы мен қиыншылығы аралас он жылдық бала сүю қызығын сыйлар еді. Егер қайырлы бала болса, дүниелік істерде маған көмегі тиер еді. Қайтыс болып кетуі арқылы мәңгілік жәннатта он миллион жыл маған бала болып, бала сүю бақытына дәнекер, мәңгі бақытқа қол жеткізуім үшін маған
шапағатшы болады. Әлбетте, әлбетте Пайдасы тиіп, тимеуі неғайбыл уақытша нәрсені жоғалтып, кейінірек мың пайдасы тиері анық нәрсеге қол жеткізген жан, әрине қатты өкініп, қайғыға салынбайды.
Үшінші Тұжырым: Арамыздан кеткен ол бала, бүкіл болмысымен Рахим Аллаһтың жаратқан пендесі, құлы және Соның өнері, ал ата-ана оның аз уақытқы жолдасы еді.... Ата-анасының қарауына уақытша берген-ді. Ата-анасының сол қызметі үшін уақытша бір ақы ретінде ләззаты мол, елжіреген жанашырлық берілген-ді. Енді, мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғыз үлестің иесі болған Халиқ-ы Рахим, рахымы мен хикметінің талабы бойынша ол баланы сенің қолыңнан алса, қызметіңді тоқтатса, сырттай ғана бір үлескер бола тұра, шынайы, мың үлес Иесінің үстінен шағымданғандай болып баланы жоқтау, зар еңіреу иманды жанға жараспас, расында ол дінсіздердің ісі.
Төртінші Тұжырым: Егер дүние мәңгілік болып, адам да осында мәңгі тұрар болса, айрылысу мәңгі болып еш көрмейтін болсақ, онда қайғырып мұңаюдың және үмітсіз өкінудің бір мәні болар еді. Бірақ, дүние бір мейманхана ғой, ендеше өлген бала қайда кеткен болса, сіз де, біз де сонда барамыз. Өлім деген нәрсе оған ғана тән емес, бәріне ортақ бір жол. Бұл айрылысу да мәңгілік емес, ілгеріде, Бәрзахта да, Жәннатта да кездесеміз. اَلْحُكْمُ لِلّٰهِ деу керек. «Өзі берді, Өзі алды»,
деп сабырмен шүкір ету керек.
Бесінші Тұжырым: Иләһи рахымның ең жағымды, ең әсем, жанға жайлы көріністерінің бірі болған мейірім - нұрлы бір эликсир, өте күшті дәрі. Ғашықтықтан да өткір. Хақ тағалаға тез ұласуға дәнекер болады. Дүниеуи ғашықтық, өте көп қиындықтар арқылы ғана Аллаһқа деген ғашықтыққа айналады, Хақ Тағаланы таба алады. Ал мейірім, еш қиындықсыз, таза әрі қысқа жолмен жүректі Хақ Тағалаға байлайды. Әке де, шеше де перзентін бүкіл дүниеден артық көреді. Егер олар иманды, нағыз мүмин жандар болса, перзентінен айырылған кезде, дүниеден теріс айналып, Мүним-і Хақиқиді табады.
Демек дүние пәни, ендеше оған жүрекпен байланып, көңіл бөлеуге тұрмайды - дейді. Перзенті қайда кеткен болса, сол жаққа көңілі ауады, өте керемет рухани күй кешеді.
Ғапыл - дінсіздер болса, осы бес ақиқаттағы сүйіншіден мақрұм қалғандар. Олардың халі қандай қайғылы екендігін мына мысалмен салыстырып көріңіз: Егде жастағы бір әйел, өте жақсы көретін жалғыз баласы өлім аузында жатқанда, бұл дүниеде мәңгі қалатындай, өлімді жоқ болу, мәңгіге айырылысу деп білгендіктен мамықтай жұмсақ төсегінің орнына қабірдің суық топырағын ойлап, ғапылдықтың кесірінен Әрхам-ур Рахиминнің Жәннатын, шексіз рақымын ойламай, қаншалықты үмітсіз қайғы мен мұңға бататынын ойлаңыз! Бірақ, екі жиһанның бақытына қол жеткізуге дәнекер болған Иман мен Ислам діні, мүминнің көңіліне үміт отын жағады: "Мына өлім аузында жатқан баланың Халиқ-ы Рахимі, оны мына пәни дүниеден шығарып, Жәннатына әкетеді. Саған әрі шапағатшы, әрі мәңгілік бірге болатын бала етеді.
Бұл айрылысу уақытша, уайымдама:
деп сабыр ет!" - дейді.
ОН СЕГІЗІНШІ МЕКТУБ
БІРІНШІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ: "Футухаты Меккенің" авторы Мухиддин Араби (к.с.) және «Кәміл адам» деп аталатын атақты кітаптың авторы Сеид Абдулкерим (к.с.) сынды әйгілі әулиелер, жер шарының жеті қабаты жайлы және Қап тауының арғы жағындағы аппақ жер туралы және «Футухатта» Мешмешие деген ғажайыптан сөз қозғайды, «көрдік» дейді. Бұлардың айтқандары рас па? Рас дейтіндей жер бетінде мұндай жерлер жоқ қой. Сондай-ақ, география ғылымы да олардың сөздерін жоққа шығарады. Егер өтірік болса, бұлар қалай әулие болмақ? Ақиқатқа, шындыққа жанаспайтын нәрсені айтушылар қалай әһли ақиқат бола алады?
Жауап: Олардың тура жолдағы ақиқатшыл әулиелер және жасырын сырларды көре алушылар екені рас. Көргендері рас, бірақ ғаиби нәрселерді көргенімен, ол кезде оларды толық түсініп кете алатын жағдайда болмайды. Түс сияқты болып көрінеді және оларды түсіндірген кезде нақты тұжырым жасауға болмайды. Сондықтан, аздап қателеседі. Түс көріп жатқан адам өз түсін жори алмайтыны секілді, ондай әһли кәшф және әһли шуһуд жандар сондай халде отырып, көргендерін өздері түсіндіруіне болмайды. Оларды түсіндіретін, Асфия деп аталатын пайғамбарлардың ізбасарлары, ақиқат ғалымдары. Әлгіндей ғайыпты көре алатын әһли шуһуд та Асфия дәрежесіне көтерілген кезде, Кітап пен Сүннеттің жөн сілтеуінің арқасында өз қателіктерін аңғарады, түзетеді, түзеткен де.
Бұл ақиқатты түсіндіретін мына бір мысали әңгімені тыңда: Баяғыда әһли қалб (ақиқаттарды жүрекпен сезуші) екі шопан болыпты. Бір күні өздері ағаш тостаққа сүтті сауып алып, үстіне
сыбызғыларын көлденең қойып жата кетіпті. Біреуі "ұйқым келді" дейді де, ұйықтап кетеді. Екіншісі, жолдасын бақылап отырады. Қараса, шыбын сияқты бір нәрсе әлгінің мұрнынан шығып, сүт құйған тостақтың үстінен өтіп, үстіндегі сыбызғының бір басынан кіріп, екінші басынан шығып кетеді. Бір жантақтың түбіндегі тесікке кіріп кетеді. Біраздан кейін шығып, қайтадан сыбызғының ішінен өтіп келіп, ұйқыдағы кісінің мұрнына кіріп кетеді. Ол да оянып кетіп, былай дейді: «Достым, бір ғажап түс көрдім», ояу досы да "Аллаһ қайырын берсін, не көрдің" дейді. «Сүттен теңіз көрдім, үстінде бір қызық көпір бар. Көпірдің айналасы жабық, терезелері бар. Мен сол көпірден өтіп барып, қалың емен орманын көрдім, бәрінің басы сүйрік екен. Солардың астында бір үңгірге тап болдым. Іші толы алтын, қазына екен. Бұның жоруы не?» дейді.
Ояу отырған досы да былай деді: Түсіңде көрген сүт теңізі мына ағаш тостақ. Әлгі көпірің мына сыбызғы. Бастары сүйрік еменің мына жантақ. Үңгірің мына кішкене тесік. Ал енді күрек әкел саған қазынаны көрсетейін дейді. Күрек әкеліп қазады да, екеуін де дүниеде дәулетті ететін алтын тауып алады.
Міне, ұйықтаған адамның көргендері ақиқат, дұрыс көрген. Бірақ түсінде ойланып, ақиқатты ажырата алмағандықтан түсіндіріп беруге де хақы жоқ. Материалық әлем мен рухани әлемді ажырата алмағандықтан айтқандары біршама қате. Шынында да сүттен теңіз көрдім дейді. Бірақ, ояу адам мысал әлемі мен материялық әлемді ажырата алатындықтан жоруға хақы бар. Көргенің рас, бірақ шын теңіз емес, шындығында мына тостақтағы сүт сенің көзіңе теңіз болып көрінді. Сыбызғы да көпір болып көрінді - дейді... Тағысын тағы.
Демек материялық әлем мен рухани әлемді бір-бірінен ажырата білу керек. Араластырып алса, қателеседі. Мысалы: Сенің тар бір бөлмең бар делік. Бірақ оның төрт жағы да айнамен қапталған. Сен ішіне кірген кезде, ол жер үлкен алаң сияқты болып көрінеді. Егер, мен бөлмемді үлкен алаң сияқты етіп көріп тұрмын десең, дұрыс айтасың. Ал, бөлмем үлкен алаң сияқты кең десең, қателесесің. Өйткені, мысали әлемді шын әлеммен шатастырып аласың.
Сонымен жер шарының жеті қабат екендігіне қатысты кейбір Әһли Кәшфтің Кітап пен Сүннеттің таразысынан өткізбей айтқан
суреттеулері, тек қана, география ғылымы қарастыратын материялық жағдайдан тұрмайды. Мысалы, олар «Жердің бір қабаты жындар мен ифриттердікі, кеңдігі мыңдаған жылдық» - дейді. Ал, бір-екі жылда айналып шығуға болатын Жер шарына ондай ғажайып жерлер сыймайды. Бірақ, Жер шарын мағына әлемі мен мысал әлеміндегі және берзах әлемі мен рухтар әлеміндегі қарағайдың дәні деп ойласақ, сол дәннен өніп шыққан мисали ағаш, әлгі дәнмен салыстырғанда зәулім қарағайдай болады. Сондықтан кейбір әһли шуһуд әулиелер, рухани самғау кезінде, мысал әлемінде Жер шарының кейбір қабаттарын өте үлкен, мыңдаған жылдық жол жүретіндей етіп көреді. Көргендері шындық Бірақ мысал әлемінің көрінісі материялық әлемге ұқсайтындықтан екі әлемді біріктіріп көреді. Солай түсінеді. Өз-өздеріне келгеннен кейін көргендерін сол қалпында жазған кезде, өлшемсіз боп шығады. Басқалар оны шындыққа жанаспайды деп санайды. Қалайша кішкене бір айнаға үлкен сарай мен бақшаның сыйып кетеді. Солай-да, материялық әлемнің бір жылдық алаңы, мисали болмыстар мен мағыналық ақиқаттардың мыңдаған жылдық кеңістігін қамтиды.
СОҢЫ: Бұл мәселеден түсінікті болғанындай, көзбен көрудің дәрежесі, ғайыпқа иман келтірудің дәрежесінен көп төмен. Яғни, тек қана көргендеріне сүйенетін кейбір әулиелердің толық түсініксіз кәшфтері, Пайғамбарлық мұрагерліктің иелері болған Асфиялар мен Ақиқатшылдардың Құранға және Уақиға байланысты, сондай-ақ, ғаиби болғанымен саф, толық түсінікті Иман ақиқаттарына байланысты дұрыс үкімдеріне жете алмайды. Демек, бүкіл кәшфтердің, әр түрлі халдерге кіріп, ғайыпты көрудің, ләззат алудың таразысы - Кітап пен Сүннет. Өлшемдері - Кітап пен Сүннеттің қасиетті шарттары мен ақиқатшыл Асфияның нақты қағидалары.
ЕКІНШІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ: Сұрақ. Вахдет-ул Вужуд мәселесін, көп кісілер ең жоғарғы дәреже деп қарайды. Ал, әулиеліктің ең жоғарғы дәрежесіне шыққан жандар Төрт Халифа бастаған Сахабалар және Бес Әл-Аба бастаған Әһли Бәйт Имамдары және Төрт мәзһаб имамдары, муджтехидтер, табиғиндер вахдет-ул вужуд жолын ұстанбаған. Сонда олардан кейін шыққандар олардан да ілгері кеткен бе? Олардікінен де кемел жол тапқан ба?
Жауабы: Жоқ. Мүлдем олай емес. Күндей жарқын Пайғамбарымызға ең жақын жұлдыздар, ең жақын ізбасарлары болған Асфиядан ешкім асып кете алмайды. Ең үлкен жол солардікі. Ал, Вахдет-ул Вужуд ұғымы, рухани ләззат алудың бір жолы, рухани жағдай, кемел бір мәртебе емес. Бірақ, жағымды, зауықты болғандықтан рухани самғау кезінде ол мәртебеге көтерілгендердің көбі сол жағдайдан шыққылары келмейді. Сол жерде қалып, ең соңғы мәртебе деп ойлайды.
Ал, бұл жолды ұстанушы адам, материядан және материялдық септігі тиер себептерден арылған жан болса, транстық жағдайдағы көргендері Вахдет-ул Вужудтан емес, Вахдетул Шахидтан туындаған, ғылыми негізсіз транстық халдегі Вахдет-ул Вужуд, оны кемел дәрежеге жеткізуі мүмкін. Тіпті, Аллаһтан басқа бүкіл жаратылысты жоққа шығаруы мүмкін. Ал материямен қатты шұғылданып, сыртқы себептерден шыға алмай жүрген біреудің Вахдет-ул Вужуд деуі, жаратылыстар жолында Аллаһты жоққа шығаруға дейін апарады.
Біріншісі: Мәселен бір патшаның, Әділ Сот атымен жұмыс істейтін Заң басқармасы, Сол есімді жақсылап таныстырып береді. Бір аты Халифа. Дін істері мен ғылыми шаруалар Сол есімнің көрінетін жері. Бас Қолбасшы деген тағы бір аты бар. Ол есімімен әскерді басқарады. Әскер сол Есімнің көрінетін жері. Ал, біреу: "Ол Патша Әділ Сот қана, Әділет басқармасынан басқа басқармасы жоқ" десе. Ол кезде мәжбүрлі түрде Әділет қызметкерлерінің ішінде шынайы емес, шартты түрде сол қызметті де атқарып тұр деп ойлайтын дін істері басқармасындағы ғалымдардың қасиеттерін, қызметтерін солар атқарған болып көрінетін қияли түрдегі дін істері басқармасы
бар деп ойлау керек. Сондай-ақ, әскери басқармадағы қызметтерді де әлгі әділет басқармасындағы қызметкерлер атқарып жүрген болып көрінетін қияли, әскери басқарма бар деп ойлау керек. Солай жалғаса береді. Ал мұндай жағдайдағы Патшаның, шынайы аты Әділ Сот, шынайы басқармасы Әділет басқармасы ғана. Халифа, Бас қолбасшы, Сұлтан сынды есімдері шынайы емес, шартты түрдегі есімдері болып қалады. Ал, патшалықтың мәнісі мен биліктің ақиқаты бұл есімдердің шынайы болуын талап етеді. Шынайы есімдер шынайы басқармалардың болуын қалайды және талап етеді.
Міне, Улухиет, Билігі, Рахман, Рызықтандырушы, Жарылқаушы, Жаратушы, Іс атқарушы, Жомарт, Мейірімді сынды көптеген киелі есімдердің шынайы түрде бар болуын талап етеді. Шынайы есімдер де шынайы айналардың болуын талап етеді.
Бірақ, Рахман, Ризықтандырушы, Қаһарлы, Мәжбүрлеуші, Жаратушы сынды есімдердің көріністері шынайы емес, шартты түрде болып қалады. Ал расында, ол есімдер де «Мәужуд» есімі секілді шынайы есімдер. Бір нәрсеге тәуелді көлеңке емес..
Екінші тәмсіл: Мәселен, мына бөлменің төрт қабырғасында төрт үлкен айна болса, онда әрбір айнаның ішінде осы бөлменің қалған үш айнасымен қоса алғандағы бейнесі тұрады. Бірақ, әрбір
айнаның көлемі қанша болса, сонша зат сыяды, түсі қандай болса, солай етіп көрсетеді. Әрбір айна өзінің пішініне және түсіне қара, нәрселерді өзінде қамтиды, ішіне алады. Өзіндік бір мисали бөлмеге айналады.
Енді, екі адам осы бөлмеге кірсе, олардың біреуі бір ғана айнаға қарап: "Барлық нәрсе осы айнаның ішінде" дейді. Өзге айналар туралы және сол айналардың ішіндегі суреттер жайлы естіген кезінде, естігендерін сол өзі көріп тұрған жалғыз айнаның бір бұрышындағы көлеңке, шынайы бейнелері кішірейген, өзгеріске ұшыраған нәрселер деп біледі. «Мен осылай көріп тұрмын, демек бұл шындық» - дейді. Екінші адам оған: «Иә, сен солай көріп тұрсың, көргенің рас. Бірақ, ақиқат олай емес. Сен мұқият қараған айна секілді басқа да айналар бар, олар сен көргендей кішкене ғана, елестің елестері емес» дейді.
Міне, Иләһи есімдердің әрқайсысы бөлек-бөлек, бір-бір айна талап етеді. Мәселен, Рахман, Ризықтандырушы деген есімдер шынайы болғандықтан, өздеріне лайық, ризыққа және мейірімге мұқтаж болмыстарды талап етеді. Рахман есімі шынайы дүниеде ризыққа мұқтаж, шынайы рух иелерін талап етсе, Рахим де сондай, шынайы бір Жаннатты талап етеді. Егер, тек Мәужуд және Уажиб-ул Ужуд, Уахид-і Ахад есімдері шынайы деп қаралып, қалған есімдер солардың ішіндегі көлеңке секілді қаралса, ол есімдерге әділетсіздік жасалады.
Сонымен, осы сырға байланысты: лы Даңғыл дегеніміз, әлбетте лы Әулиелікке жеткен Сахабалар мен Асфиялардың және Табиғиннің, Әһли Бәйт Имамдар мен Мужтаһид Имамдардың жолы. Олар Құранның бірінші дәрежелі шәкірттері.
ҮШІНШІ МӘСЕЛЕ. Хикмет пен ақыл шешімін таппаған маңызды бір мәселе
Сұрақ: Ғаламдағы қайран қалдырарлықтай тоқтаусыз әрекеттердің сыры мен хикметі не? Үнемі қозғалыс үстінде жаңарып отырады. Неге тоқтамайды?
Жауап. Бұл хикметті түсіндіру үшін мың бет жазу керек болады. Олай болса, терең бойламай-ақ қысқаша түйінін екі бетке сыйғызамыз. Мәселен, бір адам өзінің табиғи міндетін немесе бір қоғамдық жұмыс атқарған кезде сол жұмысқа қызу кіріссе, оны мұқият бақылап тұрған адам, оған бұл міндетті атқартып жатқан екі нәрсе бар екенін түсінеді.
Біріншісі: Сол жұмыстың нәтижесінде қол жететін жемістер мен пайдалар. Бұл "Илле-и Ғайе" (мақсаттық себептер) деп аталады.
Біріншісі: Жаратушы Хақтың әсем есімдерінің шексіз, шетсіз көріністері бар. Жаратылыстардың әртүрлі болуы - сол көріністердің әртүрлілігінен туындайды. Ал, ол есімдер, үздіксіз көрінуді қалайды. Яғни, нақыштарын көрсеткісі келеді. Яғни, нақыштардың айналарында жамал көріністерін көруді, көрсетуді қалайды. Яғни, ғалам кітабын және жаратылыстардың жазбаларын әр мезет сайын жаңалауды қалайды. Яғни, әрдайым қайтадан мағыналы етіп жазуды және әрбір жазбаны, Өзінің Пәк Заты мен Мусемма-и Ақдесіне қоса, бүкіл түйсігі бар оқушылардың назарларына да көрсетуді және оқытуды талап етеді.
Екінші себеп пен хикмет: Жаратылыстардың әрекеттері, рухани құштарлықтары ынтықтырушы бір ләззаттан туады. Тіпті, әрбір әрекетте нақты ләззат бар, тіпті әрбір әрекеттің өзі ләззат. Сол секілді, Уажиб-ул Ужудке лайық және еш нәрсеге мұқтаж емес теңдессіз
затына және шексіз байлығының шексіз камалына сай, Оның киелі мейірімі мен пәк махаббаты бар. Және сол киелі мейірім мен пәк махаббаттан туындайтын пәк құштарлығы бар. Сол пәк құштарлықтан шығатын шексіз киелі қуанышы бар. Және сол киелі қуаныштан туындайтын айтуға рұқсат болса шексіз киелі ләззаты бар. Және сол киелі ләззаттан туындайтын шексіз мейірім көрсету мен Құдірет істері арқылы жаратылыстардың қабілеттері әрекетке көшуі арқылы олардың дамып жетілулері мен қуаныштарынан және кемелдікке келуінен Зат-ы Рахман-ы Рахимге тиесілі (солай айту мүмкін болса) шексіз киелі қуаныш пен шексіз киелі мақтанышы бар ғой шексіз, бір түрде үздіксіз әрекетті талап етеді.
Міне, бұл нақты хикметті, философия мен пән, ғылымы білмегендіктен, санасыз табиғат пен оқыр кездейсоқтық жансыз себептерді осыншалықты іліммен, хикметпен көрегенділікпен. атқарылып жатқан іспен шатастырып алған. Адасушылықтың қараңғылығына түсіп, ақиқат нұрын таба алмаған.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ МЕКТУБ
Бұл жинақта ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбар екенін дәлелдейтін үш жүзден астам мұғжиза баяндалып қана қоймай, өзі де сол мұғжизаның бір кереметі десе болады. Таңғажайып кереметі мынада:
Біріншіден: Нақыл мен риуаят түріндегі жүз парақтан астам шығарма болса да, ешқандай кітапқа қарамастан жатқа, әрі тауда, бақша ішінде үш-төрт күннің ішінде күнде екі-үш сағат шұғылданып, барлығы он екі сағатта жазылып бітуі таңғажайып оқиға.
Екіншісі: Бұл жазба көлемі жағынан үлкен болса да көшіріліп жазылуы еш жалықтырмады. Оқығанда да қызықтығы арта түседі. Жалқау хатшыларға да (көшірушілерге) күш-қайрат пен ынта бергендігі сонша, бұндай зеріктіретін, жалықтыратын мезгілде осы төңіректе бір жыл көлемінде жетпіске жуық нұсқасы қолмен жазылып көбейтілді. Бұл Пайғамбарымыздың мұғжизасының кереметі екендігіне шүбәміз қалмады.
Үшіншісі: Тәжірибесіз, теуафуқтан бейхабар әрі бізге де теуафуқ { Теуафуқ* - сәйкестік, үйлесімділік.} көрінбей тұрғанда, жазуға жаңа бастаған бір көшірушінің және одан басқа сегіз көшірушінің бір-бірінен хабарсыз жазған нұсқаларында Расулуллаһ (с.а.у.) сөзі барлық жерінде ал, "Құран" сөзі бесінші бөлімінде бір-біріне сәйкес келгені сондай, мысқалдай ынсабы бар жан мұны кездейсоқ дей алмас. Көрген жандардың бәрі мұнда бір құпия-сыр жатқандығын, бұл Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) мұғжизасының кереметі екендігін толық мойындады.
Кітаптің бас жағындағы негіздер өте маңызды. Сондай-ақ, баяндалған хадистер барлық хадис имамдары тарапынан "Сахих" (дұрыс) екендігі құпталған және Пайғамбарлықты нақты дәлелдейтін маңызды оқиғалар.
Бұл кітаптің құндылығын түсіндіру үшін ең кемі осы кітапшаның көлеміндей тағы бір кітап жазуға тура келеді. Сондықтан қызығушылар бір рет болса да оқып шыққаны жөн деп білеміз.
[Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы жазылған Он тоғызыншы Сөз бен Отыз бірінші Сөзде, Оның (с.а.у.) нәби екендігі өте қуатты, нақты дәлелдермен көрсетілді. Дәлелдеу жағын сол жазбаларға қалдырып, мұнда тек қосымша ретінде "Мағынасы терең Он тоғыз ишара" арқылы осы ұлы ақиқаттың кейбір ұшқын, сәулелерін көрсетеміз.]
БІРІНШІ ИШАРА: Мына ғаламның Иесі, Әміршісі Аллаһ Тағала әлбетте бәрін біліп істейді, әр нәрсені хикметпен жасайды, барлық нәрсенің сырын, мақсаты мен пайдаларын көздеп бүкіл әлемді жан-жақты басқарып тұр. Иә жасаған жақсы біледі. Олай болса, әлбетте білгендіктен сөйлейді. Сөйлейтін болса, әлбетте саналы, сөзді түсінетін түйсігі бар жандармен сөйлеседі. Түйсігі барлармен сөйлесетін болса, әлбетте саналы жандар ішінде санасы жетік адамзатпен сөйлеседі. Адамзатпен сөйлесетін болса, адамзаттың ішінде де сөз ұғатын кәміл жандармен сөйлеседі. Егер кәміл, мінез-құлқы көркем, тәрбиесі жоғары, халқына сөзі өтімді жандармен сөйлесетін болса, әлбетте достары ғана емес, дұшпандарының өзі мойындаған және мінезі асқақ, тілі өткір, ойы ұшқыр, адамзаттың бестен бірін елтіп, жұмыр жердің жартысын рухани үкіміне мойынсұндырған, әкелген нұрымен бір мың үш жүз елу жылдан бері
әлемге жарық беріп, оған иман келтіргендер күніне бес рет уәдесіне беріктігін көрсететін, Оған рахым мен бақыт тілеп, дұға ететін адамзаттың мақтанышы, Хазреті Мұхаммедпен (с.а.у.) сөйлесер еді. Сөйлесті. Пайғамбар жасар еді, жасады. Бүкіл адамзатқа сол арқылы жол көрсетер еді, көрсетті.
ЕКІНШІ ИШАРА: Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) Қасиетті Құранның ұлы бұйрық екенін көрсетіп, өзінің Пайғамбарлығын жар салды. Ақиқатқа жаны құмар зерттеуші кісілердің айтуынша мыңдаған мұғжизалар көрсетті. Жалпы тарихта Пайғамбарлықтың болғаны рас, олай болса, оның мұғжизалары хақ. Құранның көптеген аяттарында айтылғанындай, өте қырсық, бір беткей кәпірлердің өзі оның мұғжизаларын жоққа шығара алмай тек өздерін алдап немесе өзіне ергендерден айырылып қалмауы үшін (Құдай сақтасын!) Мұхаммед (с.а.у.) сиқыр көрсетті деген.
Мысалы, сен бір мәжілісте, патшаның алдында: "Патша мені пәлен қызметке тағайындады" десең, Патша: "Иә, рас!" десе, сөзің дәлелденген болады. Ал, егер сенің өтінішің бойынша Патша өзінің күнделікті әдетін өзгертіп, сен үшін әдеттегі жағдайдан тыс әмір берсе, онда сені ауызша растағаннан әлдеқайда бек растаған болады. Сол сияқты, Мұхаммед (с.а.у.) өзінің пайғамбарлығын жария қылып: "Мен, мына әлемді жаратқан Аллаһтың елшісімін. Дәлелім болса мынау, Жаратқан Ием әдеттегі жағдайды менің өтінішіме орай өзгертеді. Міне, саусақтарыма қараңдар! Бес шүмекті бұлақ сияқты су ағып жатыр. Айға қараңдар! Бір саусағыммен мегзеп едім екіге бөлінді. Мына ағашқа қараңдар! Маған куәлік ету үшін жаныма келіп пайғамбарлығымды растап тұр. Мына азғана тағамға қараңдар! Екі-үш адам әзер тоятындай аз бола тұра, екі жүз-үш жүз адам жеп, тойып кетті". Осы сияқты жүздеген мұғжизалар көрсетті.
Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлық дәлелдері тек мұғжизаларымен ғана шектелмейді. Мән беріп қараушыларға Оның барлық іс-әрекеттері мен сөздері, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы, көңіл күйі мен сырт көрінісі түгел, оның тура әрі рас айтып тұрғанын
дәлелдейді. Тіпті, Бәни Исраилдың атақты ғалымы Абдулла ибн Салам сынды жандар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тек бет әлпетін көріп: «Бұл дидарда айлакерлік жоқ! Алдауы мүмкін емес» деп, иманға келген екен.
Негізінде ақиқатшыл ғалымдар Пайғамбарымыздың мұғжизалары мыңға жуық деп айтқанымен, бәлкім мыңдаған тіпті жүз мыңдаған шығар. Олар жүз мың жолдармен келіп, көзқарасы мен пікірі әртүрлі жүз мыңдаған адамдар тарапынан расталып бізге жеткізілген. Тек Құран Кәрімнің өзінде қырық мұғжизасы нақты түрде баяндалып, мыңдаған дәлел табылады.
Адамзат әлеміне пайғамбарлар жіберілгені белгілі. Жүз мыңдаған кісі пайғамбарлық міндетін атқарып, Мұғжизалар көрсеткен өмірден өткен. Әлбетте Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы барлығынан да жоғары. Өйткені, Иса (а.с.) және Мұса (а.с.) сынды Пайғамбар дегізген, пайғамбар екендігіне негіз болған белгі-сипаттары мен үмметтіне деген қарым-қатынасы Хазреті Мұхаммедте (с.а.у.) әлдеқайда кәміл түрде, жан-жақты қамтыған түрде болған.
Олай болса, әлбетте, оның пайғамбарлығы мен киелі сипаттары басқа пайғамбарларға қарағанда әлдеқайда анық әрі өзі бәрінен үстем.
ҮШІНШІ ИШАРА: Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизалары сан-алуан. Пайғамбарлығы жалпыға ортақ болғандықтан жаратылыс атаулының әр түрінен мұғжизалар көрсеткен. Оны былай түсінген жөн болар.
Мысалы, атақты падишаның бір елшісі әр түрлі сыйлықтар алып, сан-алуан ұлттың өкілі өмір сүріп жатқан бір қалаға барса, әрбір ұлт өз өкілдерін жіберіп, өз тілдерінде «Қош келдіңіз!» деп қошеметтеп қарсы алады. Сол сияқты Әзел мен Әбед Сұлтаны Хақ Тағаланың ең ұлық Пайғамбары Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) жер шарының тұрғындарына елші болып, қуанышты хабар әкелді. Бүкіл жаратылыстың Иесі тарапынан әлемнің мән-мағынасын ашатын құнды да нұрлы ақиқаттар мен рухани кәде-сыйлықтар әкелді. Сол кезде тау-тас, су, ағаш, хайуанат, адамдардан бастап, сонау Ай мен Күн, жұлдыздарға дейін әрбір жаратылыс өз тілдерімен «Қош келдіңіз!», дегендей түрлі мұғжизаларға бөленді. Оның Пайғамбарлығын қолдап, қошаметтеп қарсы алды. Егер, бұл мұғжизаларды толықтай айта бастасақ, том-том кітап жазуға тура келеді.
Зерек зерттеушілер мен ақиқатқа жаны құмар кісілер пайғамбарлығының дәлелдері жайлы мол түсіндірме еңбектер қалдырған. Біз тек қана қысқаша ишара түрінде нақты және көпшілік тарапынан қабылданған мұғжизаларға тоқталамыз.
Біріншісі: "Ирһасат" деп аталатын пайғамбарлық келмей тұрғанда және дүниеге келген кезінде болған таңғажайып оқиғалар.
Екіншісі: Пайғамбарлығына қатысты басқа да дәлелдер. Бұл да екі бөлімнен тұрады. Біріншісі: Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін оның пайғамбарлығына дәлел боларлық таң ғажайып оқиғалар. Екіншісі: Бақыт ғасырында, яғни, өзі өмір сүрген кезінде болған ғажайып оқиғалар. Бұл екінші бөлімді де екіге бөлуге болады. Біріншісі: Өз бойында, жан дүниесінде және сырт көрінісінде, мінез-құлқы мен кемелділігінде байқалған пайғамбарлық дәлелдер. Екіншісі: Әлемдегі, құбылыстарда көрінген мұғжизалар. Бұл екінші түрін де екіге бөліп қарастырамыз. Біріншісі: Мағынауи (рухани) және Құрани. Екіншісі: Мадди (материялық) және ғаламмен қатысты. Бұл екінші бөлімді де екі топқа бөліп талдаймыз. Біріншісі: Пайғамбарлығын дәлелдеу мақсатында, кәпірлердің қасарысуын тоқтату немесе иман етушілердің иманын қуаттау үшін көрсетілген ғажайып мұғжизалар. Мысалы, Айдың екіге бөлінуі, саусағынан су ағуы, азғана тағамға көп адамның тоюы, хайуанат пен ағаш, тастардың сөйлеуі секілді, мұның да жиырмаға жуық түрі бар. Бұлардың әрбірі тәуәтүр дәрежесінде, яғни, еш күмәнсіз анық түрде бірнеше рет қайталанған. Ал екінші түрі болса, келешекте болатын оқиғаларды хабарлауы. Расулуллаһқа Хақ Тағала білдіреді, ол да хабар береді. Біз осы соңғы бөлімінен бастап рет-ретімен баяндайық.
{ Сілтеме*: Өкінішке орай ниет еткендей жаза алмадым. Еріксіз түрде жүрекке қалай келсе солай жазылды. Айтқанымдай толық тәртіппен жаза алмадым.}
ТӨРТІНШІ ИШАРА: Ғайыпты білуші Аллаһтың білдіруімен Хазреті Мұхаммед (с.а.у.) ғайби істер өткен замандарды және келешекті суреттеп берген. Ол жайлы хабар беретін хадистерді толық баяндап тауыса алмаспыз.
Құранның мұғжизаларына байланысты жазылған Жиырма бесінші Сөзде ол туралы біршама түсіндіріліп, дәлелденген болатын. Өткен
заманға, бұрынғы пайғамбарларға қатысты және Иләһи ақиқаттар мен дүниенің мәнісі, о дүниедегі жағдайларға байланысты мұндай ғайыптан келген хабарларды әлгі Жиырма бесінші Сөзге тапсырып, әзірге сөз қозғамаймыз. Тек өзінен кейін сахабалары, ұрпағы, үмметі ұшырасатын оқиғалардан азғана мысалдар келтіріп, ишара етеміз. Бұл тақырыпты толық түсінікті болуы үшін кіріспе ретінде "Алты негіз" баяндалады.
Бірінші негіз: Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әрбір ісі, әрбір жүріс-тұрысы пайғамбарлығына турашылдығына куәлік ете алады. Бірақ әрбір іс-қимылы жаппай таңғажайып болуы шарт емес. Өйткені, Аллаһ Тағала Оны (с.а.у.) адам баласы кейіпінде жіберген адамзатқа тұрмыс пен тіршілік жағдайын үйретсін, дүниелік және ақыреттік бақытқа қол жеткізетін іс-амалдарды көрсетсін, адамзатқа жол басшы, имам болсын және әрбірі Иләһи құдіреттің мұғжизасы болып табылатын қарапайым сияқты көрінген таңғажайып Раббани өнердің, Иләһи құбылыстың сырын ашсын деп жіберген. Егер барлық іс-әрекеті таңғажайып болып, мүлдем ерекше болса, толық қанды имам бола алмас еді. Іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тұрмыс пен тіршілік қамында үлгі бола алмас еді. Ол тек қасарысқан кәпірлерге Пайғамбарлығын дәлелдеу үшін және қажет болған жағдайда ғана кейде ғажайып мұғжизалар көрсететін. Әрине мұғжизалар дүниедегі сынақ пен емтиханның талабына сай болатын. Ап-анық және еріксіз мойындауға мәжбүрлейтін түрде болмайтын. Өйткені, емтиханның сыры мен сынақтың талабы, ақылға жол сілтеп, бірақ адамның еркі өзінде қалуын керек етеді. Егер ашықтан ашық болатын болса, ақылдың қалау еркі болмас еді. Ол кезде Әбу Жәһил де Әбу Бәкір сияқты мойындап, емтиханның сыры мен сынақтың мәнісі жойылар еді. Бұл дегеніңіз көмір мен алмас бір деңгейде қалды деген сөз.
Таңқаларлық бір жәйт: Неше түрлі адамдар Расулуллаһтың (с.а.у.) бір ғана мұғжизасын, пайғамбар екендігінің бір ғана дәлелін көріп, немесе бір ғана сөзімен тәубәсіне келтірді. Тіпті, кейбір жандар Оның (с.а.у.) дидарын бір көргенде-ақ иманға келді. Апырм-ай, әлгі сан түрлі адамдарды, ойшыл ғалымдарды иманға келтірген мұғжизаларды, мыңдаған дәлелдерді естіп, анық біле тұра кейбір сорлы бейбақтар әлі күнге дейін адасып жүр.
Екінші негіз: Расулуллаһ (с.а.у.) һәм кәдімгі адам болатын. Адам болғасын соған сәйкес әрекет ететін. Һәм Пайғамбар еді. Ол тұрғыдан Хақ Тағаланың елшісі еді. Оның (с.а.у.) Пайғамбарлығы уахиға (аян) сүйенеді. Уахи екі түрлі болады.
Біріншісі: "Сарихи Уахи". Расулуллаһ мұнда тек қана жеткізуші, қосары жоқ. Оған Құран және кейбір құдси хадистер жатады.
Екіншісі: " Зымни Уахи". Мұның да негізі мен өзегі уахи мен илһамға сүйенеді. Бірақ түсіндіріп баяндау Расулуллаһқа (с.а.у.) байланысты. Уахимен келген қысқаша оқиғаны суреттеп, баяндау үшін Расулуллаһ (с.а.у.) тағы да илһамға немесе уахиге сүйене отырып парасаттылығымен жеткізеді. Өз сөзімен түсіндіру кезінде пайғамбарлық міндеті жағымен иләһи киелі, жоғары қуатпен әрі көпшіліктің ұғымына сай түсінікті болуы үшін қарапайым тілмен баяндайды.
Міне, сондықтан әрбір хадистің бүкіл жағына нағыз уахи ретінде қарау шарт емес. Адам болғасын болуы міндетті пікірі мен амалдарынан пайғамбарлықтың ұлы нышандарын іздеудің қажеті жоқ. Кейбір хадистер жалпы мағынада уахи арқылы келген. Пайғамбарымыз оны өз парасатымен көпшілік қауымға түсінікті тілде жеткізе білген. Мұндай қысқа-нұсқа сөзбен айтылған немесе теңеумен жеткізілген түсініксіздеу тұстарын тәпсірлеу, тіпті, жору қажет болады. Өйткені кейбір ақиқаттарды мысалдар арқылы жеткізу оңай болады. Мысалға, бір күні Пайғамбарымыздың құзырында "гүрс" еткен дауыс естілді. Сонда Пайғамбарымыз: "Бұл дауыс жетпіс жылдан бері домалап келіп, енді ғана Жаһаннамның түбіне түскен бір тастың дауысы" деді. Бір сағаттан кейін жетпіс жасқа келген аты шулы бір мұнапық өлді деген хабар келді. Жаһаннамға түсіпті. Пайғамбарымыздың (с.а.у) шешен түрде тәмсіл-теңеумен жеткізген оқиғаның осылайша жоруы түсінікті болды.
Үшінші негіз: Жеткізілген хабарлар тәуәтур { Тәуәтур** - жалған болуы мүмкін емес нақты хабар.} дәрежесінде болса ол нақты хабар. Тәуәтур екі түрлі болады. Біріншісі "Ашық тәуәтур", екіншісі "Мағынауи тәуәтур". Мағынауи тәуәтурдің де екі түрі бар.
Біріншісі: "Сукути", яғни, үндемеу арқылы қабылданған. Мысалға, бір адам, жамағаттың көзінше бір оқиға туралы айтса, жамағат оны жоққа шығармай үндемесе оны растап, мақұлдаған
болады. Әсіресе, хабарлап отырған оқиғаға жамағаттың да қатысы болып, оның үстіне жамағат шыншыл, жалғанды жек көретін жандар болса, әлбетте, әлгі кісінің сөзіне үнсіз қалуы оның сөзін растайтын күшті дәлел болып есептеледі.
Мағынауи тәуәтурдің екіншісі: Бір оқиғаны бірнеше адамның әр түрлі жеткізуі. Мысалы, "Бір кілә тағам екі жүз адамды тойғызыпты". Бірақ бұл оқиғаны хабар берушілер түрлі-түрлі сөзбен жеткізсе де, барлығы да оның шындығын растайды. Бұл оқиғаның болғаны мағынауи түрде расталған болады. Түрлі-түрлі айтылуының зияны жоқ. Кейбір жағдайда бір ғана хабар тәуәтур дәрежесінде ақиқат болып есептеледі. Кейде бір ғана хабар қосалқы белгілер арқылы да нақтылық дәрежесіне шығады.
Міне, Расулуллаһтан (с.а.у.) бізге жеткен мұғжизалар мен пайғамбарлық дәлелдердің көпшілігі тәуәтур, яғни, сарихи, мағынауи немесе сукути жолымен жеткен. Рас кейбірі бір ғана рауи арқылы, яғни, бір ғана адамның айтуымен жеткен. Бірақ, Хадис имамдары тарапынан қабылданғандықтан рас екендігі анық. Хадис имамдары мен ғалымдары «Мухаққиқ», "Әл Хафыз" деген атаққа ие болып, ең аз дегенде жүз мың хадисті жадында сақтаған. Осындай мыңдаған мухаққиқ хадисшілер және тақуа, яғни, елу жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған хадис ғалымдары және Бұхари, Муслим секілді «Кутуб-ы Ситте-и Хадисиені» жинақтаған хадис ілімінің ғұламалары мойындаған «уахид хадис», яғни, рауиі (жеткізуші) біреу болса да тәуәтур дәрежесінде деп есептеледі.
Хадис ілімінің мухаққиқ мамандары Расулуллаһтың (с.а.у.) керемет түсіндіру әдістерін, Оның (с.а.у.) сөз саптау қабілетін терең зерттеп, әбден меңгергені сонша жүз хадистің ішінен "мәузу хадис" көрсе, "Бұл хадис емес, Пайғамбарымыздың сөзіне ұқсамайды" деп дереу танитын болған. Олар сөздің зергері секілді хадистің құрылыс-құрамын танып, басқа сөздермен шатастырмайтын. Тек Ибн Жәузи секілді хадис мамандары сын айтуда артық кетіп, кейбір сахих хадистерді «мәузу хадис» деген. Бірақ «мәузу хадис» деген сөз мағынасы дұрыс емес дегені емес, «Бұл сөз хадис емес» деген сөз.
Сұрақ: Хадистердің ауыз екі тарауы, анаған анау айтты, ол анаған айтты деп жалғастыру әдісінің пайдасы бар ма?
Жауап: Пайдасы өте көп. Ауыздан ауызға жеткізілгенде сөздің сенімділігі артып, оны шыншыл хадис жинақтаушылардың қостағанын көрсетеді және бірінен-біріне жалғастырған хадисшілердің мақұлдайтынын білдіреді. Үзілмей жалғасын тауып келген хадис әрбір имам, әрбір ғұлама бұл хадисті растап, үкімінің дұрыс екенін мойындап мөр басқандай болады.
Сұрақ: Неліктен мұғжизалар шариғаттың үкімдері секілді тәуәтур түрінде, көптеген жолдармен тармақталып жеткізілмеген?
Жауап: Өйткені шариғаттың үкімдеріне халықтың көпшілігі әрқашан мұқтаж. Ол үкімдер фарз ғайн секілді әр кімге қатысты. Ал әр адам әрбір мұғжизаға мұқтаж емес. Бір рет естісе жетіп жатыр. Бұл фарз кифайе секілді. Бірнеше адам білсе жетеді. Міне, сондықтан кейде бір мұғжизаның анық болғандығы шариғи үкімнен он есе нақтырақ бола тұра оның жеткізушісі бір-екі адам ғана, ал үкімнің жеткізушілері он-жиырма болуы мүмкін.
Төртінші негіз: Расулуллаһтың (с.а.у.) келешектен хабар беретін мұғжизалары жәй, қарапайым хабар, оқиғалар емес. Олар өмірде жиі қайталанатын маңызды оқиғалар Пайғамбарымыз оларды қысқа да нұсқа баяндаған. Алайда олардың бірнеше қырлары бар. Әр кезеңде бір қырын баяндаған. Кейін хадисті жеткізуші рауи әлгі сан-алуан қырларын қосып жібереді. Сондаықтан ондай болуы мүмкін емес болып көрінеді. Мысалға, Хазреті Мәһдиге (Мәди) қатысты әртүрлі сүреттелген риуаяттар бар. Негізінде, Жиырма төртінші Сөздің бір тарауында дәлелденгеніндей, Расулуллаһ (с.а.у.) уахиге сүйене отырып әр ғасырда мұсылмандарға рухани қуат беру мақсатында әрі қорқынышты жағдайларда үмітсіздікке түспеуі үшін.һәм Ислам әлемінің нұрлы тізбегі болып табылатын Әли Бейтіне, яғни, өзінің ұрпағының айналасына иманды кісілерді шоғырландыру үшін Мәһди туралы хабар берген. Ақырзаманда келетін Мәһдиден басқа, тарихта Әли Бейттен тараған белгілі бір мағынада Мәһди, тіпті, Мәһдилер болған. Әли Бейттен шығатын Аббаси халифаларының ішінен ұлы Мәһдидің көптеген сипаттарына ие өзіндік Мәһдилер болған.
Міне, ұлы Мәһдиден бұрын келген Мәһди тәрізді халифалар мен Құтыбтардың сипаттары ұлы Мәһдидің қасиет, сипаттарымен шатасып кеткендіктен әр түрлі риуаяттар пайда болған.
Бірақ кейбір маңызды оқиғаларды Аллаһ хикметке сай қорқынышты түрде емес бірақ білдіретін, Ол (с.а.у.) да хабар беретін. Сонымен қатар жақсы оқиғалардың кейбірін жасырын, кейбірін ашық білдірген, оны да үмметіне жеткізген. Сосын ол хабарларды тақуалығы жоғары дәрежедегі өте әділ, адал және
деген хадисіне нысана болудан сескенетін, сондай-ақ,
аятындағы қатаң ескертуге ұшыраудан қатты қорқатын Сахабалар кейінгі ұрпаққа нақыл еткен.
Міне, хадис ілімімен шұғылданушы кәміл жандар бізге олардың риуаяттарын қаз-қалпында жеткізіп кеткен.
Алтыншы негіз: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламның ахуалы мен сипаттары, «Сияры нәби», яғни, өмірбаяны жайлы кітаптарда жазылған. Алайда ол кітаптардағы сипаттары мен хал-ахуалының көпшілігі адами жағына көп назар аудартады. Дегенмен осы мүбәрәк Кісінің (с.а.у.) рухани жағына, Оның (с.а.у.) тап-таза жан дүниесі мен асқақ та нұрлы рухына баса назар аударған жөн.
Мысалға, бір құрма ағашының дәнегін алайық. Дән топыраққа егілгеннен кейін, өсіп-өніп ол үлкен жеміс ағашына айналады. Уақыт өте келе бұтақтары тарам-тарам болып жайқала өседі. Немесе тауыс құсының бір жұмыртқасын алайық. Жұмыртқаға жылу беріліп, одан тауыстың бір балапаны шықты. Енді тұла бойы құдіретпен сәнделген, әсем де кәміл бір тауыс құсы пайда болды. Әрі барған сайын көріктеніп, құлпыра түседі. Әлгі дәнектің немесе жұмыртқаның өзіне тән заттық сипаттары, күй-жағдайлары өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Бірақ одан шыққан ағаш пен құс, дәнек пен жұмыртқаның қарапайым сипаттарымен салыстырғанда әлдеқайда асқақ әрі құнды да ерекше. Сөйтіп, әлгі дәнек пен жұмыртқаның сипаттары ағаш пен құстың сипаттарымен аралас айтылған кезде тыңдарманның назары дәнекке емес ағашқа, жұмыртқаға емес құсқа ауып, солай бағалап мән берілуі қажет. Сонда ғана сипаттама орынды болып ақылға қонады.
Әйтпесе, «бір грамм дәнектен мың батпан құрма алдым» немесе «мына жұмыртқа құстардың ең әдемісі» десе, ақылға симай, сену қиын болар еді.
Міне, сол сияқты Расулуллаһтың (с.а.у.) адами болмысы оның өмірбаяны әлгі дәнекке немесе жұмыртқаға ұқсайды. Ал, атқарған Пайғамбарлық ұлы міндеті жағы мен жарқыраған нұрлы жан-дүниесі, рухани болмысы болса, Жаннаттағы Туба ағашы мен бақыт құсы тәрізді әрдайым кемелденіп, құлпыра түсуде. Сол үшін базарда бір арабпен айтысқан Кісіні (с.а.у.) ойлаған кезде, дереу, Ол - Пыраққа мініп, Жәбірейіл (а.с.) періштені артта қалдырып, Қабы Кәусейінге самғап ұшқан нұрлы Кісі (с.а.у.) деп, қиялды шарықтатып, назарды асқақтату қажет. Әйтпесе, құрметсіздік жасаған болады яки менмен нәпсі күмәнмен қарайды.
БЕСІНШІ ИШАРА: Ғайып туралы оқиғалар жайлы хадистердің бірнеше мысалы.
Сахих риуаяттардың тәуәтур дәрежеде бізге жеткені бойынша, Расулуллаһ (с.а.у.), мінбердің үстінде, бір топ сахабаларына былай деген екен:
Яғни, «мынау менің ұлым Хасан, өзі сейіт (мырза). Аллаһ осы арқылы екі үлкен топты татуластырады». Иә, қырық жылдан кейін Исламның екі қалың әскері бетпе-бет келген кезде Хазреті Хасан (р.а.) Хазреті Муауиемен (радиаллаһу анһу) бітімгершілік жасап, үлкен атасының ғайыптан айтқан мұғжизасын растады.
Екіншісі: Тағы бір сахих риуаятта Хазреті Алиға былай деген екен:
Сондай-ақ, Жәмәл, Сыффин, Хауаридж оқиғаларынан алдын ала хабар берген. Және Хазреті Али (р.а.) Хазреті Зүбейірмен құшақтасып бірін-бірі сүйген кезде: "Бұл саған соғыс ашады, бірақ оныкі дұрыс емес" деді. Һәм Әзуаж-ы Тахиратына (пәк жұбайлары) айтты: "Араларыңыздан біреу үлкен бүлік шығарады және айналасындағылар қырғынға ұшырайды".
Міне, осы сахих, нақты хадистер отыз жылдан кейін Хазреті Алидің (р.а.), Хазреті Айша мен Зүбейір және Талхамен арасында болған "Жәмәл" оқиғасы және Муауиемен "Сыффинде", ал Хауариджге қарсы Харәурада және Неһриуанда шайқасуы әлгі ғайыптан берілген хабардың іс жүзінде расталуы еді. Һәм Хазреті Алиға: «Мынау, сенің сақалыңды басыңның қанымен жуатын кісі» - деп біреуді көрсетті. Хазреті Али ол адамды таниды екен, ол Әбдіррахман ибн Мүлжем ул-Харижи еді.
Һәм Харижилердің ішінде Зүсседие деген бір кісіні суреттеп, оның ерекше белгісін айтып, хабар берді. Кейін сол адам өлтірілген харижилердің ішінен табылды. Хазреті Али мұны өзінің дұрыстығына дәлел қылды, осылайша Нәбидің мұғжизасын жария қылды.
Расул-ы Әкрәм (с.а.у.), Үмму Сәлеменің және басқа да рауилердің жеткізген сахих риуаяты бойынша: «Хазреті Хусейн Таффта, яғни, Кербелада өлтіріледі» деген екен. Елу жылдан кейін, жан түршігерлік қайғылы оқиға дәл сол жерде болып, әлгі ғайыптан берілген хабар расталды.
Осы жерде мынадай маңызды бір сұрақ туады: " Хазреті Али халифа болуға әбден лайық еді әрі Расулуллаһқа (с.а.у.) жақын туысқандығы және таңқаларлық батырлығы мен білімі де бола тұра неліктен бірінші халифа болып тағайындалмады және неліктен халифалығы кезінде ұрыс-керіс көп болды?".
Жауабы: Әлі-Бейттен үлкен бір әулие былай деген екен: "Расулуллаһ (с.а.у.) Хазреті Алидің (р.а.) халифа болуын қатты қалаған екен, бірақ Оған (с.а.у.) ғайыптан хабар келіп Аллаһтың қалауы басқа екендігі білдіріліпті. Ол (с.а.у.) өзінің қалауын тастап, Аллаһтың қалауына көніпті" - дейді. Мұның Иләһи хикметтерінен біреуі былай болса керек:
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өткен соң сахабалар ауызбіршілікке, ынтымаққа мұқтаж күн туады. Егер Хазреті Али билік басына өтсе, Хазреті Алидің халифалығы кезінде орын алған
оқиғалар көрсеткендей, Хазреті Алидің қорқу дегенді білмейтін теңдессіз батырлығы мен аса тақуалығы, тым қанағатшылдығы мен қарапайымдылығы көпшіліктің және кейбір қауымдардың қызғаныш сезімін оятып, өзара бақталастық тудырып, ыдырап бөлінуіне себеп болуы әбден мүмкін еді.
Сонымен қатар Хазреті Алидің халифалығының кейінге қалуының тағы бір хикметі мынау болса керек: Түрлі қауымдардың бір-бірімен араласуынан пайда болған және Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай кейіннен пайда болған жетпіс үш көзқарас сан-алуан қауымдардың арасында бүлік туғызып, қанды оқиғалар басталғалы тұрғанда Хазреті Али сынды керемет батыр, ержүрек әрі парасатты, кез келген соққыға шыдай алатын, хашими руынан Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туысқаны және Әл-і Бейт, яғни, әулетінен бір ерекше тұлға, қуатты да ардақты бір күш қажет еді. Иә, ол төтеп береді... Расулуллаһтың Хазіреті Алиге (с.а.у.) хабар бергеніндей "Мен Құранның түсуі үшін соғыстым, ал сен болсаң оның дұрыс түсінілуі үшін соғысасың!" дегені растайды.
Сондай-ақ, егер Хазреті Али болмағанда дүниенің сән-салтанаты Әмеуилер мемлекетін әбден жолдан тайдырып адастыруы мүмкін еді. Бірақ қарсы алдында Хазреті Али (р.а.) мен Әли Бейт ұрпақтары тұрғандықтан, олармен санасуға тура келді. Мұсылмандардың алдында абыройын сақтап қалуы үшін қаласа да, қаламаса да Әмеуи патшаларының бәрі дерлік өздері істемесе де қолдау көрсетіп, қол астындағылары мен жақтастары бар ынтасымен Ислам ақиқаттарын, Иман негіздерін, Құран үкімдерін орындауға, оны сақтауға әрі жайылуына ат салысты. Жүз мыңдаған ақиқатшыл имамдар, кәміл хадисшілер, тақуа әулиелер мен асфиялар жетілдірді. Егер қарсы алдарында Әли Бейттің өте тақуа әулиелері, діндар-абыздары мен кәміл жандары болмағанда, Аббасилер мен Әмеуилердің соңғы кезеңі сияқты әу бастан-ақ адасып, жолдан таюлары әбден мүмкін еді.
Сұрақ: "Неліктен Ислам халифаты Нәбидің Әли Бейтінде, яғни, ұрпағында жалғаспады? Әйтсе де ең лайығы да, дұрысы да солар еді ғой"
Жауабы: Дүниенің салтанаты алдамшы. Әли Бейт болса Құранның үкімдері мен Исламның ақиқаттарын сақтап қалуға міндетті еді. Халифалыққа, салтанатқа, билікке өткендер Нәби сияқты бейкүнә
болуы керек немесе Хулефа-и Рашидин немесе Омар ибн Абдулазизи Әмеуи немесе Мәһди-и Аббаси сияқты жүрегі әрдайым Аллаһ деп соғатын ғажайып тақуа болуы керек. Өйткені, Мысырда Әли Бейт атынан құрылған Фатимие халифаты, Африкада Муаһһидин үкіметі және Иранда Сафәуилер мемлекеті болғаны мәлім. Олар сәтсіздікке ұшырап дүниенің салатанаты Әли Бейтке қол емес екендігін көрсетті. Басты міндеті болған Исламға қызмет қылу және дінді жаю таратуды оларға ұмыттырады. Ал биліктен бас тартқан кезде, Исламға, Құранға өте берекелі де жарқын түрде адал қызмет еткен.
Міне қараңыз! Хазреті Хасанның ұрпағынан тараған қутубтар әсіресе Ақтабы Әрбаа, яғни, төрт имам, атап айтқанда Гаус Ағзам Шейх Абдулқадир Гейлани және Хазреті Хусейіннің ұрпағынан тараған Имамдар, оның ішінде айрықша Зейнелабидин мен Жағфар Садық. Олардың әрқайсысы мағынауи мәһди секілді заманының рухани зұлымдығы пен қою қараңғылығын жойып, айналасына Иманның ақиқаттары мен Құранның нұрларын шашты. Әрқайсысы ұлы аталарының ізбасары екендігін іс жүзінде көрсете білді.
Сұрақ: Мүбарак Ислам дінінің басына түскен сонау бақыт ғасырындағы зобалаң қанды бүліктердің хикметі не? Оқиғаның мейірімді жағын көрсетсеңіз. Олар қырғынға ұшырауға лайық емес еді ғой?
Жауап: Нөсерлеп жауатын көктемгі жаңбыр, аласұра соғатын дауыл өсімдік атаулының тұқымдарын шашып, ағаштардың қабілетін ашып, оларды қозғалысқа түсіреді. Әрқайсысы өзіне лайықты гүл-шешек ашып, табиғатына сай өз міндетін атқарады. Сол сияқты, сахабалар және олардың шәкірттері Табииндердің басына келген фитнә (бүлік), олардың тұқым секілді сан-алуан қабілеттерін қоздырып қамшылады: «Дін Исламға қатер төнді, өрт шықты. Аттан!» деп әрбір мұсылман жамағаттарын қорқытып, Исламды қорғаштауға ұмтылдырды. Әрқайсысы қабілетіне қарай Исламның бірлігін сақтауға тырысып, сан-қилы қызметтерден бір қызметті мойнына алып, кәміл ықыласпен еңбек етті. Сөйтіп біреуі хадистердің, біреуі шариғаттың, енді біреуі иман ақиқаттарының сақталуына, басқалары Құранның сақталуына жанын салып, тер төкті. Топ-топ болып өзара қызметті бөлісті. Ислами киелі міндеттерді жұмыла атқаруға қызу кірісті. Қабілеттері бүршік жарып, түрлі-түсті гүлдер ашылды. Сол
дауылдың саясында Ислам кең байтақ әлемнің түпкір-түпкіріне жайылып, тұқым шашылды. Олар бүршік жарып жер жәһанның жартысын гүл бақшаға айналдырды. Бірақ, өкінішке орай сол гүл-шешектердің арасында дін бұзар топтар - тікендер де шықпай қалған жоқ. Бейне бір құдірет, сол ғасырды өзінің айбынды қолымен шайқап, қатты теңселтті де, қажырлы да қайратты жандарды шабыттандырып әрекетке келтірді. Сол әрекеттен пайда болған ортадан шыққан күш-қуат көптеген мүджтәхид имамдар мен ғұламаларды, хадис жинаушылар мен мүбәрак қариларды, асфия-әулиелерді дүниеге келтірді. Сөйтіп, олар Ислам әлемінің әр тарапына қоныс тепті. Шығыстан Батысқа дейінгі аймақты Исламның нұр толқыны тербеп, Құранның асыл қазынасынан сусындап пайдалану үшін халықтың көзін ашты. Енді тақырыбымызға оралайық.
Расулуллаһтың (с.а.у.) ғайыби оқиғалардан хабар беріп және айтқаны дәл келген оқиғалар мыңдап саналады, өте көп. Біз тек бірнеше мысалына ишара етеміз.
Біріншіден: Бұхари мен Мүсілім сияқты сенімділігімен әйгілі болған хадис имамдарды бастаған алты кітап және басқа да имамдар, төменде баяндамақшы болған хабарымызға бір ауыздан қосылады. Бұл хабарлардың көбісі мағынасы жағынан тәуәтур және тағы бір бөлімі де зерттеуші ғалымдар тарапынан дұрыстығына шүбә келтірілмеген. Сондықтан тәуәтур сияқты сенімді десе болады.
Сахих риуаят бойынша бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына: "Сендер дұшпандарыңды жаппай жеңесіңдер! Меккені, Хайберді, Шамды, Иракты, Бейтул Мақдисті алып, қолдарыңа қаратасыңдар. Сол заманның ең үлкен мемлекеттері Иран мен Рұм патшаларының қазыналарын өзара бөлісетін боласыңдар!" деп хабар берген. «Осылай ойлаймын яки болжаймын» демей, көріп тұрғандай кесіп айтқан. Айтқаны дәл келді. Алайда, ол сөзді айтқан кезінде, өздері пана іздеп көшуге мәжбүр болатын. Дос жарандары Сахабалар аз, Мәдина аумағы мен бүкіл жәһан оған жау еді.
деп, Әбу Бәкір мен Омардың өзінен кейін халифа болатынын, сонымен қатар Олар Пайғамбарымыз (с.а.у.) қалағанындай және
Аллаһ риза болатындай өте тамаша қызмет ететінін, Әбу Бәкірдің қысқа, Омардың ұзақ халифа болатынын және өте көп жеңістерге жететінін хабарлаған. Һәм:
деген, «Шығыстан Батысқа дейінгі жерлер менің үмметімнің меншігінде болады. Еш бір үммет, мұнша жерді иеленбеген». Хабары дәл келді.
Сахих риуаятта айтылғандай, Бәдір соғысынан бұрын:
деп, Аллаһқа серік қосушы Құрайыш тайпасының басшыларының қай жерде жер жастанатынын көрсетіп берген. «Мен өз қолыммен Үбей ибн Халефті өлтіремін» деген, дәл солай болды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, бір айлық қашықтықтағы Шам төңірегінде, "Мута" деген жердегі әйгілі соғыста шайқасып жүрген сахабаларын көріп тұрғандай:
деп, болып жатқан оқиғаларды достарына хабарлаған. Екі-үш аптадан кейін Яғла ибн Мүнеббих деген сахаба алғы шептен келді. Ол әлі аузын ашпастан Мүхбир Садық, яғни, Расулуллаһ (с.а.у.) соғыстың жайын өзі баяндап берді. Яғла ант етіп: «Сіз айтқандай болды» деді.
Һәм, сахих риуаятта
деп Хазреті Хасанның алты ай халифа болатынын және сенімді төрт шадияр (Хулефа Рашидин) халифа болатын кезеңдерін және олардан кейін халифалық жойылып, мұрагерлік басталып, патшалық орнап, кейін сол мұрагерлік биліктің әділ болмайтынынан және үмметінің бұзылатындығынан хабар берген. Хабар бергеніндей болды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай,
деп, Хазреті Османның халифа болатындығын және халифалық орынды босатуы талап етілетіндігін, Құран оқып отырған кезінде біреудің қолынан шәйіт болатынынан хабар берген. Хабар бергеніндей болды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) қан алдырғанда, мүбәрак қанын Абдуллаһ ибн Зүбейір тәбәрік деп шербет сияқты ішкен кезінде, оған:
деп, оның керемет батырлықпен үмметті басқаратындығын және көп соққыға ұшырайтынын, адамдардың көбісі соның салдарынан қайғылы жағдайларға тап болатындығын хабар берген. Хабар бергеніндей болды. Абдуллаһ ибн Зүбейір Әмеуилер заманында, Меккеде халифалық жариялап, батырлықпен соғыс жүргізді. Ақырында залым Хаджаж көп әскерімен шабуыл жасап, қиян-кескі шайқастан кейін, атақты қаһарман шейіт болды.
Ал,
деп, Әмеуилерден кейін Аббаси мемлекеті құрылып, ұзақ уақыт жалғасатындығынан хабар берген. Хабары дұрыс шықты.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Сағад ибн Әбу Уаққас, өте қатты ауырып жатқанда оған:
деп, болашақта ұлы қолбасшы болатынын, көп жеңістерге жететінін, көп ұлттар мен қауымдар одан пайда көретіндігін, яғни Исламды қабылдайтындығын және көп кісілердің зиян шегетінін, яғни мемлекеттері соның қолымен құлайтындығын хабарлады. Хабары айтылғандай дәл шықты. Хазреті Сағад Ислам әскерін шебер басқарды. Иран мемлекетін талқандады. Көп қауымдардың Исламға кіріп, тура жолға түсуіне себеп болды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, иманға келген Хабеш (Эфиопия) патшасы Неджаши, хижраның жетінші жылында қайтыс болады. Сол күні оның өлгені жайлы сахабаларға өзі хабар берген екен. Тіпті, жаназа намазын да оқыпты. Бір аптадан соң Неджашидің дәл сол күні дүниеден өткендігі жайлы хабар келді.
Һәм, сахих риуаятта айтылғанындай, таңдаулы достарымен бірге Ухуд әлде Хира тауының басына шыққанда тау дірілдеп, шайқалады.
деп, Хазреті Омар мен Османның және Әлидің шейіт болатындығын хабарлады. Айтқанындай болды.
Араб Мұхаммед (с.а.у.) ақылды бір адам еді деп, ақиқаттың осынау күн көсеміне көзін жұмған бейшара, бейбақ! Үлкен мұғжизаларының он бес түрінің бір ғана түрі болған ғайыптағы оқиғалар жайлы он бес, бәлкім жүз бөлімінен бір бөлімін естідің. Мағынасы тәуәтур дәрежесінде өте сенімді бір ғана бөлімін тыңдадың. Осы бөлімдегі
ғайыптан берілген хабарлардың жүзден бірін ақыл көзімен көріп, парасатымен парқына барып, болашақты болжай алған адамға « лы дана» деп жатамыз. Енді осындай жүздеген ұлы данадан да жоғары қасиетті дананың жаңылысып қате көруі әсте мүмкін бе? Жалған хабар беруге батылы бара ма? Осындай жүз есе ұлы даналық иесінің екі дүниенің бақыты жайлы сөздерін тыңдамау, әлбетте, жүз есе ақымақтың белгісі емес пе?!
АЛТЫНШЫ ИШАРА: Сахих риуаятта айтылғанындай, Хазреті Фатимаға (р.а.)
яғни "Әли Бейтімнің ішінен бәрінен бұрын сен маған қауышасың" деген. Алты айдан кейін Фатима (р.а.) қайтыс болып хабар бергеніндей болды.
Һәм, бірде Әнәс ибн Мәліктің анасы Үмму Харамның үйінде ұйқыдан оянды да, күлімсіреп былай деді:
Умму Харам: "Дұға қылыңыз, мен де солармен бірге болайын" деп өтінді. Оған: «Бірге боласың!» - деді. Қырық жылдан кейін күйеуі Убаде ибн Самитке еріп Кипрдің алынуына қатысты. Сол жерде қайтыс болып, мазары зиярат орнына айналды. Хабар бергеніндей болды.
деген. Яғни, "Сакыф қауымынан біреу өзін пайғамбармын деп жариялайды және біреуі қанішер залым болады". Осылайша өзін пайғамбармын деп жариялаған мәшһүр Мұхтарды және жүз мың адам өлтірген залым Хаджажды айтқан екен.
деп Стамбулды мұсылмандар жеңіп алатынын, Хазреті Сұлтан Мехмед Фатихтің жоғары мәртебеге ие болатынын хабар берген. Дәл хабар бергеніндей болды.
деп Әбу Ханифа секілді Ираннан шығатын теңдессіз кәміл ғалымдар мен әулиелерге ишара қылып хабарлаған.
Һәм:
деп, Имам Шафиді меңзеп, келетінінен хабар берген екен.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
деп, үмметінің жетпіс үш топқа бөлінетінін, тура да кәміл жолдағылардың Әһли сүннет уәл жамағат тобы екенін хабар берді.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Имам Алиға (р.а.): "Хазреті Иса (а.с.) сияқты сен үшін адамдардың екі тобы зиянға ұшырайды. Біреулері шектен тыс махаббат қылады, біреулері шектен тыс дұшпандық етеді. Христиандардың Хазреті Исаға деген махаббаты шариғаттың шегінен асып, Аллаһ сақтасын, «Аллаһтың баласы» деп ал, яһудилердің дұшпандығы шектен шығып, пайғамбарлығын, кемелдігін жоққа шығарды емес пе, саған деген сүйіспеншілігінен адамдардың бір бөлігі шариғаттың шегінен шығады. Мұндай махаббат зиянды!"
деп бір топ кісілердің
дұшпандықтары шектен шығатынын, олар Хариджилер мен Әмеуилердің Хазіреті Алиға қарсы "Насибе" деп аталатын топ екенін хабар берген.
Егер біреу сұраса: Әли Бейтті сүюді Құран бұйырады. Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссалам да оны көп айтқан. Осы махаббат, Шииттер үшін бәлкім бір кешірім, үзір болар. Өйткені махаббат қылғандар бір шама мас болады. Сезімге берілгіш келеді. Неге Шииттерге, әсіресе Рафизилерге осы махаббаттан пайда жоқ. Әлде, Нәби мегзеген әлгіндей шамадан тыс махаббатқа тұтылды ма?
Жауабы: Махаббат екі түрлі болады.
Біреуі: Әріптік мағынамен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам үшін, Хақ Тағаланың атынан, Хазреті Али мен Хасанды, Хусейнді және Әли Бейтті (ұрпағын) сүю. Бұл махаббат Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға деген махаббатты арттырып, адамды Иләһи махаббатқа себеп болады. Мұндай махаббат қанша артса да зияны жоқ, шектен шықпайды, өзгелердің қызғанышы мен дұшпандығын оятпайды.
Екіншісі: Есімдік мағынамен Өз үшін сүю. Хазреті Мұхаммед Ғалейһиссалату Уәссаламды ойламай, Хазреті Алидің қаһармандығын, кемелдігін және Хазреті Хасан мен Хусейіннің жоғары қасиеттілігін, ерекшеліктерін еске алып, жақсы көреді. Тіпті, Аллаһты білмесе де, Пайғамбарды танымаса да бәрібір оларды жақсы көреді. Мұндай сүйіспеншілік Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламның және Хақ Тағаланың махаббатына қатысы жоқ. Шамадан тыс артық кетуі арқылы басқаларды ренжітіп, дұшпандық қылады. Міне, Нәбидің (с.а.у) айтқанындай, Хазреті Алиға деген шамадан тыс махаббат, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық пен Хазреті Омардан сырт айналдырып, оларды кемсітуге себеп болды, зиянға ұшыратты.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай:
"Қашан сендерге Парсы және Рұм қыздары қызмет қылады, сол кезде араларыңда бәле мен бүлік, алауыздық пайда болады. Өзара соғыс басталады. Жамандарың бастарыңа шығып, қайырлыларың мен игі жақсыларыңа тиісетін болады" деп хабар берді. Отыз жылдан кейін осы айтылғандар ортаға шықты.
Алидің қолымен "Хайбер" қамалы алынатынын хабарлады. Расында, ертесіне Нәбидің бір мұғжизасы ретінде "Хайбер" қамалының қақпасын Хазреті Али жұлып алып, қалқан қылып пайдаланды да, жеңіске жеткен соң қақпаны лақтырып жіберді. Сегіз қуатты адам, әлгі есікті жерден көтере алмаған деседі. Басқа риуаятта қырық адам көтере алмапты.
Сеһл ибн Амр әлі иманға келмей тұрып тұтқынға түсті. Хазреті Омар, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға айтты: «Рұқсат етіңіз, мұның тістерін қағып тастайын. Өйткені, ол тілінің өткірлігімен Құрайыштың кәпірлерін бізге айдап салатын». Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам:
деді. Шыныменен-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам дүниеден қош айтысып көз жұмған сәтінде Сахабалар арасында қайғылы сабырсыздық бас көрсеткен кезде, Хазреті Әбу Бәкір Сыддық қалайша Мәдинада асқан ұстамдылық танытып, халыққа басу айтып, маңызды бір насихатпен сахабаларды тыныштандырып жұбатқан болса, Сеһл де сол сәтте қасиетті Меккеде дәл Әбу Бәкір Сыддық сияқты сахабаларға басу айтып, қапалы көңілдерін жұбатыпты. Өзінің мәлім шешендігімен Әбу Бәкір Сыддықтың насихатының мағынасында уағыз айтқан екен. Тіпті, екі уағыз-құтпаның сөздері бір-біріне өте ұқсас екен.
Һәм, Сүракаға:
"Кисраның екі білезігін тағасың!" депті. Хазреті Омардың уақытында Кисра өлтірілді. Байлықтары мен ерекше безендірілген білезіктері келді. Хазреті Омар білезіктерді Сүракаға тақты.
деп, Нәбидің (с.а.у) хабарын есіне алды.
Һәм:
"Парсының Кисрасы кеткеннен кейін, қайтып Кисра шықпайды!" деген, дәл солай болды.
Һәм, Кисраның елшісіне: " Дәл қазір, Кисраның ұлы Ширвие Первиз, Кисраны өлтірді" деді. Әлгі елші сұрастырды, айтылған уақытта дәл солай болыпты, ол да Исламды қабылдады. Кейбір хадистерде, ол елшінің есімі "Фируз" екен.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хатиб ибн Белтаның жасырын түрде Құрайышқа жіберген хатын біліп қойып, хабар берді. Хазіреті Али мен Микдадты аттандырып тұрып: «Пәлен жерде бір адамда бір хат бар. Алып келіңдер!» деді. Олар айтылған жерден дәл сол хатты алып келді. Хатибты шақырды. Неліктен былай істедің?" деді. Ол да үзірін айтты, үзірін қабыл етті.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Утбе ибн Әбу Ләһәб жайында:
деп Утбенің жан түршігерлік өлімін хабарлады. Содан көп ұзамай Иемен жаққа бара жатқанда оны бір арыстан жеп қояды. Пайғамбар Алейһиссалату Уәссаламның теріс батасы қабыл болып, хабары шындыққа айналды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Меккені жеңіп алған уақытта Хазреті Биләл Хабеши, Қағбаның үстіне шығып азан шақырды. Сол кезде Құрайыштың басшылары Әбу Сүфиан, Аттаб ибн Әсид және Харис ибн Хишам үшеуі отыр еді. Аттаб: «Осы күнді көрмеген әкем Әсид бақытты екен-ау» деп еді, Харис: «Мұхаммед, мына қара қарғадан басқа азан шақыратын адам таппады ма екен?» деді. Осылайша Хазреті Биләл Хабешиді кекетіп мұқатты. Сонда Әбу Сүфиан тұрып: "Мен бір нәрсе айтуға қорқамын. Ешкім болмаса
да мына Батһаның тастары оған хабарлап біліп қояды". Расында біршама уақыттан кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам оларға бір әрпін де қалдырмай сөздерін қайталап берді. Сол уақытта Аттаб пен Харис шәһәдат келтіріп, мұсылман болды.
Міне ей, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламды танымайтын опасыз бейшара, дінсіз адам! Назарың сал! Құрайыштың қырсық екі көсемі, бір ғана ғайыптан айтқан хабарын естіп, иманға келді. Сенің ар-ұжданың қайда? Осы ғайыптан айтқан хабары сияқты кең тараған мыңдаған мұғжизаларын естіп отырып, сонда да толық сенгің келмейді! Жарайды тақырыбымыздан ауытқымай-ақ қояйық.
Һәм, сахих риуаят бойынша, Бәдірдегі соғыста Хазреті Аббас мұсылман болмай тұрғанда сахабалардың қолына тұтқынға түседі. Одан азаттығы үшін құн сұраған кезде: «Төлейтін ақшам жоқ» деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам: «Әйелің Үммү Фадл екеуің мұнша ақшаны пәлен жерге жасырдыңдар ғой!» деді. Хазреті Аббас таңқала мойындап, «Екеумізден өзге ешкім білмейтін құпия сыр еді» деп, сол жерде иман келтіріп мұсылман болды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Лебид-і Яһуди деген зиянкес сиқыршы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам қиналсын деп адам айтқысыз әсерлі бір сиқыр жасады. Бір тараққа шаштарын орап, дуалап, сиқыр жасаған соң, бір құдыққа тастай салды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам, Хазреті Али мен сахабаларға айтты: "Барыңдар! пәлен жердегі құдықта осындай сиқырланған заттар бар. Тауып, алып келіңдер!" Барды да дәл сол айтылғандарды алып келді. Әрбір тал шашы тарқатылған сайын, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам ауыруынан айығып жеңілдей берді.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Әбу Хүрейре және Хүзейфе сынды үлкен тұлғалар қатысып отырған бір жиында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам:
деді, яғни, «осы отырғандардан біреуің діннен безіп, ақыры жаман болады» Әбу Хүрейре айтады: Сол жиында болған бір адаммен екеуміз ғана қалған кезде мен қатты қорықтым. Кейін әлгі адам, Иемаме соғысында Мүсейлименің жағына шығып кетті де, сатқын ретінде өлтірілді. Нәбидің (с.а.у.) хабары ақиқатқа айналды.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Умейір мен Сафуан мұсылман болмай тұрғанда, көп ақшаға жалданып, Хазреті Пайғамбарды (с.а.у.) өлтіруге бел буады. Умейір, Пайғамбарды (с.а.у.) өлтіруге дайындалып Мәдинаға келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Умейірді көрді де жанына шақырды. Оған: «Сафуанмен келіскендерің осы ма?» деп қолын Умейірдің кеудесіне қойды. Үмейір "иә" деді де мұсылман болды.
Осы сияқты басқа да көптеген оқиғалардың болатынын алдын ала хабарлап отырған. Бұлар хадис жайлы әйгілі алты кітапта дәлелдерімен бірге баяндалған. Бұл еңбекте баяндалған оқиғалардың басым көпшілігі, тәуәтур дәрежесінде сенімді де анық. Бұхари мен Мүсілімнің кітаптары, Құраннан кейінгі ең сенімді кітап екені зерттеуші ғалымдар тарапынан қабылданған. Ал өзге сахихи Тирмизи, Несаии, Әбу Дәуіт, Мүснед Хакім, Мүснеді Ахмед ибн Ханбел және Делаил Бейһаки сияқты кітаптарда аты жөндерімен баяндалған болатын.
Ей, дінсіз ақымақ! «Араби Мұхаммед (с.а.у.) ақылды адам еді» деп өте шықпа. Өйткені, осы ғайыптағы оқиғалар жайында Мұхаммед (с.а.у) тура хабарлап, дәл айтқан болса, мұның екі-ақ жолы бар, басқа жолы жоқ. Я ол Кісінің (с.а.у.) назары өткір, ақылы кәміл. Сондықтан өткен шақ пен болашақты және бүкіл дүниені түгел көреді, біледі. Дәлірек айтқанда әлемнің жан-жағын, шығысы пен батысын қамтитын көзі, өткен шақ пен болашақты білетін дария ақылы бар. Әрине бұндай жағдай жай адамда болмайды. Егер болса, әлемнің жаратушысы берген бір ғажайып сыйлық, керемет қасиет. Бұл, өз алдына таңғажайып бір мұғжиза. Я болмаса бұл мүбәрак Тұлға (с.а.у.), сондай лық Хәкімнің қызметкері, шәкірті, барлық нәрсе Оның назарында және басқаруында. Барлық әлем, барлық уақыт Оның әмірімен қозғалады... лы дәптері Ләухи Махфузда барлық нәрсе жазулы. Қалаған уақытында шәкіртіне білдіреді, көрсетеді. Демек, Мұхаммеди Араби Ғалейһиссалату Уәссәләм өзінің ұлы ұстазы «Мәлики иәумеддиннен», яғни, дін күнінің Иесінен дәріс алады, басқаларға дәріс береді...
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Хазреті Халидті, Дүумет-ул Дженделдің Үкейдір деген басшысымен соғысуға жіберіп жатқан кезде:
дейді, яғни, ол оны қодасы аулап жүрген жерінен ұстап, қарсылықсыз тұтқындайтынын хабарлады. Хазреті Халид дәл солай тұтқындап алып келді.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, Құрайыш тайпасының Хашими әулетін жамандап, жазған Қағбаға ілінген қағаз жайында, "құрттар жазулы қағаздарыңды жеп қойды, тек Аллаһтың есімдеріне тиіспеді!" деп хабарлады. Кейін (Каспи) қағазға қараса, дәл солай болып шықты.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, «Бейт-ул Мақдисті жеңіп алу кезінде оба ауруы шығады...» деп алдан ала хабар берді. Хазреті Омардың заманында Бейт-ул Мақдис жеңіп алынды. Оба ауруының күштілігі соншалық, үш күнде жетпіс мың адам өлді.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, ол кезде әлі салынбаған Басра мен Бағдад қалаларының пайда болатынын, Бағдатқа дүниенің бар байлығы жиылатындығын әрі сол кезде Түріктер мен Хазар теңізінің төңірегіндегі халықтар Арабтармен соғысатындығын, кейін олардың Ислам дінін қабылдап, арабтардың ішінде жүріп арабтарға үстемдік ететінін хабар берген.
деген екен.
деген екен, яғни, «Бұдан кейін олар маған емес, керісінше мен оларға шабуыл жасаймын!» Дәл хабар бергеніндей шықты.
Һәм, сахих риуаятта айтылғандай, қайтыс болуынан бір-екі ай
бұрын: деп, дүниеден өтетінін айтты.
"өзінен бұрын Зейідтің бір мүшесі шейіт болады". Бір шама уақыттан кейін, Нихавендідегі соғыста бір қолы шабылды. Демек ең алдымен қолы шейіт болып, белгілі бір мағынада жәннатқа кетті.
Міне, барлық айтылған ғайыптағы оқиғалар, он бөлімнен тұратын түрлі мұғжизаларының бір ғана түрі. Ол түрінің де оннан бір бөлігін түгел айтпадық. Осы бөліммен қоса Құранның мұғжизалары жайлы жиырма бесінші Сөзде ауқымды түрде ғайыптан берген хабардың, төрт түрін қысқаша баяндағанбыз. Міне мұндағы түрімен бірге, Құран арқылы ғайыптан хабар берілген сол төрт үлкен түрін қоса қарастыр. Бұлар Пайғамбарлықтың қаншалық сенімді, шүбәсіз, көркем де қуатты, күшті дәлелі екеніне көзің көргендей сен! Ар-ұжданнан жұрдай болып, ақылы бұзылмаған біреу, әлбетте былай деп иман етер еді: Ол кісі, яғни, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм, Халиқ-ы Күлли Шей, Ғаллам-ул Ғуюб болған, яғни, барлық нәрсеге құдіреті жететін, ғайыпты толық білуші Аллаһтың елшісі әрі Одан хабар алып тұрады.
ЖЕТІНШІ ИШАРА: Енді Пайғамбарымыздың (с.а.у) мұғжизаларының тағамның берекеті жайындағы бөлімінен сенімді және мағынасы тәуәтур бірнеше мысалдарын ишара етеміз. Әуелі бір кіріспе баяндалғаны жөн.
Қазір баяндалатын береке туралы мұғжизалардың мысалдары, әрқайсысы әртүрлі жолдармен, тіпті кейбірі он алты жолмен, шүбәсіз дәлелдермен расталған. Көпшілігі жамағаттың көз алдында болған. Оларды бізге сол жамағаттың ішіндегі сенімді де шыншыл жандар жеткізген. Мысалы: "Төрт уыс Сағ деп аталатын тағамнан жетпіс адам жеді әрі тойды" деп айтылады. Әлгі жетпіс адам бұл сөзді естіп, қарсы шықпады. Демек үндемей растап отыр. Алайда сонау шындық пен ақиқат ғасырында, Хаққа ғана табынатын зерек, мұқият, турашыл сахабалар, кішкене жалған нәрсе көрсе болды дереу қарсы шығатын. Ал енді біз баяндағалы отырған оқиғаларды көпшілік риуаят еткен, өзгелері үндемей қостаған. Демек, әрбір оқиға мағынасында тәуәтур секілді сенімді. Һәм сахабалар, Құран және аяттарының сақталуынан кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің амалдары
мен сөздерінің сақталуына, әсіресе үкімдер мен мұғжизаға қатысты оқиғаларды сақтауға бар күштерін салып, дұрыстығына аса мән бергендігіне тарих пен өмір баяндары куә. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жасаған кішкене әрекетті, бір мінезді, жағдайды ұмыт қалдырмай жазып отырды. Мұқият жазып алғандықтарына хадис кітаптары дәлел. Сонау бақыт ғасырында, мұғжизалар мен үкім шығарылатын хадистерді сақтауды хатшы-жазушылар жұмыла қолға алды. Әсіресе Абадил Себға (жеті Абдуллаһ) жазбаша сақтады. Әсіресе Құранның аудармашысы Абдуллаһ ибн Аббас және Абдуллаһ ибн Әмір ибн Ас, әсіресе отыз-қырық жылдан кейін, Табииндердің мыңдаған мухаққиктері хадистер мен мұғжизаларды жазып мұқият сақтап бақты. Олардан кейін төрт Мүджтехид имам бастаған мыңдаған мухаққиқ хадис жазушылар баян етіп, жазбаша түрде сақтап отырды. Тіпті, хижрадан екі жүз жыл өткен соң Бұхари, Мүсілім бастаған ғұламалар дұрыстығы қабыл болған алты кітапқа ендіріп, сақтап қалу міндетін мойынына алды. Ибн Жәузи сияқты мыңдаған қатал сыншылар шығып, кейбір имансыздардың немесе ойсыз, ұмытшақ немесе надандардың қосып жіберген жалған хадистерінің ара-жігін ажыратып берді. Кейін әулиелердің растауымен, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен басқа әлемде жетпіс мәрте сұхбаттасқан Желаледдин Суюти сияқты ғұламалар мен мухаққиктер, алмаздай сахих хадистерді бөтен сөздерден, қыстырма ойлардан айырды. Міне, біз сөз етіп отырған оқиғалар мұғжизалар, осындай қолдан-қолға нақты, сенімді түрде өтіп, сау-саламат күйінде бізге жеткен.
Сондықтан, «Сонау заманнан бері қанша уақыт өтсе де бұл хадистерге еш нәрсе араласпай, таза жеткенін қайдан білеміз?» деген ой келмеуі керек.
Берекет жайлы сенімді мұғжизалардың бірінші мысалы: Әуелі Бұхари мен Мүсілім, дәлелімен сенімді алты кітап бір ауыздан мақұлдаған мына бір хабар: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің Хазреті Зейнеппен үйлену тойында Хазреті Әнәстің анасы Үмму Сүлейм, бір-екі уыс құрманы майға қуырып бір ыдысқа салды да Хазреті Әнәс арқылы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жіберді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнәске: "Пәленді, пәленді шақыр. Һәм,
Екінші мысал: Пайғамбарымызды (с.а.у.) қонақ еткенін күтіп алып, Әбу Әюб-ил Әнсаридің үйіне Нәби (с.а.у.) барған уақытта Әбу Әюб айтады: "Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм мен Әбу Бәкір Сыдыққа ғана жетерліктей екі кісілік тамақ әзірледім". Маған:
Үшінші мысал: Хазреті Омар ибн Хаттаб пен Әбу Хүрейре және Сәләмә ибн Әкуа және Әбу Әмрат-әл Әнсари сынды кісілерден келген бір хабар: Бір соғыста әскер аш қалады. Олар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жүгінді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дорбаларыңда қалған ризықтарыңды түгел жинаңдар!» деді. Әрқайсысы бір-екі уыс құрма әкелді. Ең көп әкелгені төрт уыс болар. Бәрін бір тақыр кілемге салды. Сәләмә айтады: «Барлығын шамалағанымда, жатқан ешкідей ғана еді». Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм берекет үшін дұға қылды да: «Әркім ыдысын әкелсін» деді. Барлығы ыдыстарын алып келді. Бос ыдыс қалмады, барлығы толтырылды. Сонда да артылып жатты. Сахабалардан біреуі: «Әлгі берекеттің барысынан байқағаным, егер дүние жүзінің тұрғындары келсе, оларға да жетер еді» деген екен.
Төртінші мысал: Бұхари мен Мүсілім бастаған дәлелді кітаптар баяндауда: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір Сыддық айтады: Жүз отыз сахаба Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бір сапарда бірге едік. Төрт уыс шамасындай ұннан қамыр иленді. Бір ешкі сойылып, пісірілді. Өкпе-бауыры мен бүйректерінен кәуәп жасалды. Ант етемін, сол кәуаптан жүз отыз сахабаның әрбіреуі бір бөлік кесіп жеді. Кейін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, пісірілген етті екі табаққа салды. Бәріміз тойғанша жедік, бірақ бәрібір артылып қалды. Мен артылған тамақты түйеге арттым.
Бесінші мысал: Дәлелді кітаптар сенімді түрде былай баяндайды: Хазреті Жабир-ул Әнсари ант ішіп айтады: Мәдина маңындағы әйгілі Хендек соғысында, төрт уыс арпа ұнынан пісірілген нанмен, бір серкенің етінен мың адам жеп, сонда да бәз баяғы қалпында қалды. Хазреті Жабир айтады: "Сол күні тамақ менің үйімде пісірілген еді. Мың адам тамақтанып кеткен соң, қазанымыз толып тұрды, қамырымыздан әлі де нан жасалып жатты. Өйткені әлгі қамыр мен қазанға Расулуллаһ (с.а.у) мүбәрәк аузының суын тамызып, береке үшін дұға еткен болатын".
Мінеки, осы берекенің мұғжизасын, мың кісінің көз алдында, олардың да сол жерде болғанын көрсете отырып, Хазреті Жабир ант ішіп айтып отыр. Демек бұл оқиға, мың адам риуаят еткендей сенімді десе болады.
Алтыншы мысал: Шүбәсіз қуатты хабар бойынша Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәстің немере ағасы әйгілі Әбу Талха айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Әнәстің қолтығының астына қыстырып әкелген азғантай арпа нанынан жетпіс-сексен адамға тойғанша жегізді. "Мына азғантай нанды тураңыздар!" деп бұйырды және береке үшін дұға қылды. Отырған мекен тар болғандықтан, он-оннан келіп жеді, бәрі де тойды.
Жетінші мысал: Шүбәсіз нақты хабар бойынша, Шифай Шериф және Мүсілім сияқты дәлелді кітаптар баяндайды: Хазреті Жабир-ул Әнсари айтады: Бір кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан отбасы үшін тағам сұрады. Оған Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, жарты қап арпа берді. зақ уақыт әлгі адамның отбасы және қонақтары да сол арпадан жеді. Қараса, таусылатын түрі жоқ. Шамасын байқау үшін өлшеп көрді. Содан кейін, берекесі де кетті,
азая бастады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келіп болған жайды баяндағанда, жауап ретінде былай деді:
Яғни: "Егер өлшемегендеріңде сендерге өмір бойына жетер еді".
Сегізінші мысал: Тирмизи, Несаий, Бейһаки және Шифай Шериф сынды дәлелді кітаптар баяндайды: Хазреті Семуре тебн-и Жүндуб айтады: Біреулер Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға бір кесек ет беріп жіберіпті. Таңертеңнен кешке дейін әлгі етті адамдар топ-тобымен келіп жеп жатты.
Міне, кіріспеде баяндалған сырға байланысты, бұл береке оқиғасы тек қана Семуренің айтуымен ғана емес, ол сол тамақты жеген жамағаттың уәкілі сияқты, солардың атынан айтты, олар да растап отыр.
Тоғызыншы мысал: Шифа-й Шериф кітабының иесі және әйгілі ибн Әбу Шейбе және Таберани сынды сенімді де тура мухаққиктердің риуаятында, Хазреті Әбу Хүрейре айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм маған былай деп бұйырды: "Қасиетті мешіттің ауласын мекен еткен жүзден астам көшпенді дәруіштерді шақыр!". Мен оларды іздеп, жинап алып келдім. Бәрімізге бір табақ тағам ұсынды. Біз, қалағанымызша жедік. Ол табақ қойылған уақытта қандай болса, сол қалпында қалды. Тек тағамда саусақтардың іздері ғана көрініп жатты.
Мінеки, Хазреті Әбу Хүрейре, ауладағы барлық кәміл жандардың қолдауына сүйеніп, олардың атынан хабар берді. Демек, ауладағы тұрғындардың барлығы риуаят еткендей сенімді. Сонымен қатар, бұл хабар хақ және тура болмаса, әлгі сенімді де кәміл кісілердің үндемей қалып, қарсы шықпауы әсте мүмкін бе?
Оныншы мысал: Шүбәсіз нақты хабар бойынша, Хазреті Имам Али айтады: Бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Абдулмутталибтен тараған әулетті жинады. Олар қырық адам еді. Олардың кейбіреуі бір ботаның етін жеп, төрт шара сүт ішіп қоя алатын. Бірақ, оларға бір уыстай тамақ дайындалды. Барлығы жеп тойды. Тамақ бастапқы мөлшеріндей қалды. Сонан соң, ағаштан жасалған шарамен үш-төрт адамға жетерліктей ғана сүт әкелді. Бәрі де ішті, тойды. Сүт сол күйінде қалды. Міне, бұл берекет Хазреті Алидің батырлығы мен адалдығындай анық мұғжиза болатын.
Он бірінші мысал: Шүбәсіз хабар бойынша, Хазреті Али мен Фатима-т-уз Зәһраның үйлену тойында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Биләл Хабешиге былай деп бұйырды: "Төрт-бес уыс ұннан нан пісірілсін және бір тайлақ сойылсын." Хазреті Биләл айтады: Мен тағамды айтуы бойынша дайындап әкелдім. Расулуллаһ (с.а.у.) мүбәрәк қолдарын тамақтың үстіне қойып дұға етті. Сахабалар топ-тобымен келіп, жеп жатты. Әлгі тамақтың сарқытына тағы да береке үшін дұға қылды, барлық некелі әйелдерінің әрқайсысына бір бір кеседен сыбаға жіберді. Оларға: "Өздері жесін және келген қонақтарына жегізсін" деп бұйырды. Әрине, осындай қасиетті бір тойда, осындай бір берекенің болуы заңды еді. Солай болды да.
Он екінші мысал: Хазреті Имам Жафар Садық, әкесі Имам Мухаммед-ул Бакырдан, ол да әкесі Имам Алиден риуаят етуде: Бір күні Фатима-т-уз Зәһра жұбайы Хазіреті Али екеуіне жетерліктей тамақ пісірді. Сосын Алиді жіберіп Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді бірге тамақ жеуге шақыртты. Ол кісі келген соң әлгі тамақтан әрбір әйеліне бір кеседен жіберткізді. Сосын өзіне, Алиге, Фатимаға және балаларына бір- бір кеседен бөліп берді. Сонда, осы оқиға туралы Хазреті Фатима былай дейді: "Қазанды түсіріп қойғаннан кейін де толып тұрды. Аллаһтың қалауымен, әлгі тамақтан біраз уақыт жедік." Апырым-ай осынау анық риуаяттар жолымен жеткен осы берекенің мұғжизасына көзбен көргендей болып неге сенбейсің? Әрине, бұған қарсы шайтанның өзі де сылтау таппас.
Он үшінші мысал: Әбу Дәуіт және Ахмед ибн Ханбел, Имам Бейһаки сияқты турашыл имамдар, Дүкейн-ул-Ахмеси ибн Саид-ил Мүзениден және алты ағайынымен бірге Пайғамбардың сұхбатына бөленген сахабалардың бірі Нұғман ибн Муккарин-ил Ахмес-ил Мүзениден және Жерирден, сондай-ақ, Хазреті Омар ибн Хаттабтан риуаят етуде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Хазреті Омарға: "Ахмеси тайпасынан келген төрт жүз аттының жолына азық-түлік бер!" деді. Хазреті Омар: "Уа, Расулуллаһ! Қолдағы бар азықтың шамасы шөккен ботадай-ақ" депті. Пайғамбар (с.а.у): "Бер!" деп әмір етеді. Ол да, жарты жүк құрмадан, төрт жүз аттыға жетерліктей азық берді. Беріліп болған соң да ешкім тимегендей сол күйінде қалды дейді.
Міне осы берекенің мұғжизасы, төрт жүз адаммен, әсіресе, Хазреті Омармен байланысты болса шүбәсіз болғаны. Өйткені риуаяттардың артында солар тұр. Бұлардың үндемеуі, растағаны. Екі-үш хабар екен, жалғыз адам айтқан екен деп өте шықпа! Бұндай оқиғаларды бір адам риуаят етсе де мағынауи тәуәтур болып есептеледі.
Он төртінші мысал: Әуелі Бұхари және Мүсілім секілді сахих кітаптардың жеткізген хабарында былай дейді: Хазреті Жабирдің әкесі қайтыс болғанда, артында көп қарызы қалған екен. Қарыз иелері де яһудилер. Жабир әкесінен қалған дүние мүлікті соларға берейін деп еді, қабылдамады. Ал, бақшасынан түсер өнім бірнеше жылда қарызын өтеуге жетпес еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Бақшаңдағы жемістерді жинастыр!» деді. Айтқанын екі етпей орындады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жиналған жемістердің ортасына барып дұға қылды. Жабир, әкесінің барлық қарыздарын бергеннен кейін де бақшадан бір жылда түсетін өнім мөлшерінде жеміс қалыпты. Бір риуаятта, қарыз иелеріне берілген мөлшердей қалды дейді. Қарыз иелері яһудилер осы оқиғаға таң қалғандары сонша, абдырап естерінен тана жаздады.
Міне, осы айдай анық береке мұғжизасы, Хазреті Жабир сынды бірнеше риуаят етушілердің айтқандары ғана емес, бәлкім ел арасына кең таралғандықтан осы оқиғаға қатысты, көптеген адамдардың атынан риуаят етіліп отыр.
Он бесінші мысал: Әуелі Тирмизи мен Имам Бейһаки сынды мухаққиқтер, Хазреті Әбу Хүрейре айтқан сахих хабарларымен қоса былай деп риуаяттауда: Әбу Хүрейре былай дейді: Бір соғыста (өзге бір риуаятта Тебук соғысында) әскер аш қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:
«Бір нәрсе қалды ма?» деді. Мен: "Дорбада біраз құрма бар" дедім. (Бір риуаятта он бес түйір). "Алып кел!" деді. Апарып едім, мүбәрак қолын салып, бір уысын алды да бір ыдысқа салып, береке сұрап дұға қылды. Сосын он-оннан әскерді шақырды, барлығына жегізді. Кейін
деді. Мен дорбаны ашып ішіне қолымды салдым. Алғашқы алып келгендегідей мөлшерде қолыма ілінді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзі тірісінде, содан кейін де Әбу Бәкір мен Омар және Османның дәуірінде де әлгі құрмадан жеп жүрдім. (Басқа бір риуаятта былай
айтылады: Ол құрмалардың біршамасын, Аллаһ жолында сарп еттім. Кейін Хазреті Османға қастандық жасалып шәйіт болғанда, әлгі құрма қабымен бірге ұрланып кетті).
Мінеки, Әлемнің Мұғалімі, адамзаттың мақтанышы, Алейһиссалату Уәссәләмнің қасиетті медресесі және дәрісханасы болған Суффаның табанды, мықты шәкірті әрі мүриді, жадының мықтылығы үшін Нәбидің батасына бөленген Хазреті Әбу Хүрейре айтқан, Тебук соғысында көпшіліктің көз алдында болған осы береке туралы мұғжизасы мағынауи тұрғыдан көпшіліктің сөзіндей сенімді, қуатты болса керек...
Он алтыншы мысал: Әуелі Бұхари секілді сахих кітаптар жеткізген шүбәсіз риуаяттарда былай делінген: Бірде Хазреті Әбу Хүрейренің қарны ашады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің соңынан еріп, мүбәрак үйіне барады. Қараса бір тостақ сүт, біреуден сый ретінде келген екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Суффада тұратындарды шақыр!» дейді. Әбу Хурейре: «Мен ішімнен: Бұл сүттің барлығын өзім іше салар едім. Мен әлдеқайда мұқтажбын» дедім. Бірақ Нәби бұйырғасын оларды шақырып келдім. Барлығы жүзден асатын еді. «Оларға ішкіз!» деді. Мен де, әлгі тостақтағы сүтті әрқайсысына ұсындым. Біреуі тойғанда, екіншісіне апарып бердім. Осылайша бір бірлеп ішіп, Суффаның барлық тұрғындары әлгі сүттен ішті. Сосын
деді. Мен іше бастадым. Ішкен сайын «Іш!» деді.
Ақырында мен: «Сені шынымен елші қылып жіберген Құдіреттің Иесіне ант етемін, ішерге орын қалмады» дедім. Сосын өзі алып, «Бисмиллаһ» деп Аллаһқа мадақ айтты да қалғанын ішті. Ас болсын!
Міне, осы кіршіксіз, қоспасыз, сүт сияқты таза берекенің айдан анық мұғжизасын, бес жүз мың хадисті жадында сақтаған, Мұхаммедтің (с.а.у.) қасиетті медресесі "Суффаның" танымал, озат да адал әрі қари шәкірті Әбу Хүрейренің барлық суффалықтарды куә етіп, құдды барлығының атынан айтқан осы хабарын және баста Хазреті Бұхари, алты кітап хабарлап, көзбен көргендей сенімді бола тұра қабылдамаған жанның жүрегі қарайған немесе санасыз. Апырым-ай, Хазреті Әбу Хүрейре сияқты адал және бар өмірін хадис жаттауға, дінге арнаған және
хадисін естіген және оны жұртқа жеткізген адам, өзінің жадындағы хадистердің құнын түсіріп, шынайылығына күмән келтіретін әрі суффалықтардың наразылығын тудыратын өтірік сөзді болмаған оқиғаны айтуы әсте мүмкін бе? Жоқ мүмкін емес!...
О, Раббым! Осы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің берекетінің құрметіне, өзің берген заттай және рухани ризықтар-ымызға береке бере гөр!
Маңызды бір тұжырым. Әлсіз нәрселер біріккен сайын күшейетіні баршаға мәлім. Жіңішке жіптер ширатылып өрілсе, мықты арқан болады. Мықты арқандар қабаттастыра есілсе, ешкім үзе алмайтындай ширағады. Міне, он бес түрлі мұғжизадан тек берекет жайындағы мұғжизаларды және оның да он бес бөлімінен тек бір бөлімін ғана он бес мысал арқылы көрсеттік. Әрбір мысалдың өзі Пайғамбарлықты дәлелдейтіндей дәрежеде қуатты. Тіпті, бұлардың бір бөлігін әлсіз деп санағанның өзінде бәрібір түгел күмәнді дей алмаймыз. Өйткені, қуаттымен біріккендер қуатты болады.
Осы он бес мысал бірігіп, шүбәсіз мағынауи тәуәтур қуатында, мызғымас үлкен мұғжизаны көрсетеді. Қазір осы жинақтағы үлкен мұғжизаға береке мұғжизаларынан айтылмай қалған он төрт бөлімі келіп қосылса, қуатты арқандарды ширату сияқты, үзілмес ұлы бір мұғжиза шығар еді. Кейін осы ұлы мұғжизаны, өзге он төрт түрлі мұғжизалардың қатарына қос та сосын қара, Мұхаммедтің пайғамбарлығына (с.а.у.) қандай мықты, бұлтартпас дәлел боларын көңіліңе түй!
Міне Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының тірегі, осы жинақтан тұратын таудай мықты бір тірек. Енді, ұсақ түйектен және бұрыс түсінуден туындаған шүбәлардың ықпалынан, әлгі мызғымас мықты тіректің жерге құлап түсуі мүмкін деп күмәндану деген ақылсыздық екенін түсінген шығарсың? Әрине, береке жайындағы әлгі мұғжизалар Араби Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің жаратылысқа жаппай ризық беруші және ризықтарды жаратушы Рахим әрі Кәрим Аллаһтың сүйікті қызметкері екенін әрі өте сыйлы құлы болғандығын, сондықтан Оған (с.а.у.) ризықтың әр түрінен, әдеттен тыс, жоқтан, ғайыптан несібелер жіберіліп тұратынын көрсетеді.
Арабстан түбегінің суы мен егіні аз аймақ екені мәлім. Сондықтан ол жердің тұрғындары, әсіресе, Исламның алғашқы дәуіріндегі сахабалар күнкөрістің тауқыметін көп тартқан. Үнемі шөлге кіріптар болушы еді. Міне осы хикметке байланысты, Мұхаммедтің (Алейһиссалату Уәссәләм) ап-анық мұғжизаларының маңыздылары тағам мен суға байланысты болатын. Бұл кәраматтар Пайғамбардың киелілігін дәлелдейді, мұғжиза болудан гөрі қажеттілікке орай Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға Аллаһтың бір сыйы, Раббани тарту, Рахманның көмегі деп түсінген жөн. Өйткені, бұл мұғжизаларды көрген жандар дереу пайғамбарлығын мойындады. Ал мұғжиза көрінген сайын, иман күшейеді, нұр үстіне нұр құйылады.
СЕГІЗІНШІ ИШАРА: Су жайындағы мұғжизалардың бір бөлігі баяндалады.
Кіріспе: Жамағат ішінде болған оқиға бір адам арқылы жетсе, өзгелерден қарсылық білдірілмеген жағдайда, рас екендігін дәлелденетіні мәлім. Өйткені, адамның жаратылысында өтірікті өтірік дейтін туа біткен қасиет бар. Ал сахабалар өтірікке қарсы шығуға келгенде алдарына жан салмайды. Оның үстіне оқиға, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмға қатысты болса және айтып жеткізуші де танымал сахаба болса, әлбетте, хабардың жеткізушісі, сол оқиғаны көрген жамағаттың атынан, солардың орнына риуаят еткен боп табылады. Ал, қазір біз баяндағалы отырған су жайындағы мұғжизалардың әрбір мысалы көп жолдармен, көптеген сахабалардың ауыздарынан, табииндердің мыңдаған мухаққиктері тарапынан жеткен. Олар сол күйінде өзгертпестен кейінгі ғасырдың мүджтехидтеріне тапсырған. Олар да, барынша ұқыптылықпен, құрметпен растай отырып, өздерінен кейінгі ғасырдың мухаққиктеріне аманат қылған. Дәрежесі әр түрлі, мыңдаған қуатты кісілерден өтіп, келе-келе осы ғасырымызға жеткен. Бақыт ғасырында жазылған хадис кітаптары сол күйінде Бұхари мен Мүсілім сынды хадис ілімінің дана имамдарының қолдарына тиді. Олар да ыждағаттылықпен жігін айырып, күмәнсіз анықтарын жинақтап, бізге дәріс беріп, ұсынып отыр.
Міне, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак саусақтарынан судың ағуы, оны көп адамға ішкізуі баршаға мәлім оқиға. Бұны жеткізген жамағаттың ұйымдасқан түрде өтірік айтуы
мүмкін емес. Бұл мұғжиза өте сенімді. Һәм үш мәрте, үш үлкен жиында қайталанған. Әуелі Бұхари, Мүсілім, Имам Мәлік, Имам Шуайб, Имам Қатаде сынды көптеген адал да шыншыл жамағат, сахабалар, оның ішінде Нәбидің қызметкері Хазреті Әнәс, Хазреті Жабир, Хазреті ибн Мәсуд сынды әйгілі сахабалар, пайғамбарымыздың саусақтарынан судың толассыз аққанын және қалың әскерге ішкізгенін шүбәсіз, сахих түрде жеткізген. Су жайындағы осындай көптеген мұғжизалардың, тоғызын баяндаймыз.
Бірінші мысал: Әуелі Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптардың Хазреті Әнәстен жеткізген шүбәсіз хабарларында былай делінген: "Зевра" деген жерде, үш жүзге жуық кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге болған. Намаздігер үшін дәрет алуды бұйырады. Су табылмайды. Азғантай ғана су әкелуін бұйырады. "Мүбәрак қолдарын ішіне батырды". "Қарасам саусақтарынан бұлақ сияқты су ағып жатыр. Сосын қарамағындағы үш жүз адам келіп дәрет алды және ішті".
Міне, Хазреті Әнес бұл мысалды үш жүз кісінің атынан уәкіл ретінде хабар беруде. Әлгі үш жүз кісінің осы хабарға іштей қосылмауы, ал қосылмаған жағдайда қарсы болмауы, әсте мүмкін бе?
Екінші мысал: Әуелі Бұхари, Мүсілімнің, сахих кітаптарында былай делінген: Хазреті Жабир ибн Абдуллаһ Әнсари баяндайды: Біз мың бес жүз кісі, Худейбиедегі соғыста шөлде қалып қойдық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, теріден жасалған ыдыстағы судан дәрет алды, сосын қолын ішіне батырды. Қарасам, саусақтарынан бұлақ сияқты су ағып жатыр. Мың бес жүз кісі ішіп, ыдыстарымызды толтырып алдық. Салим ибн Әбил-Жад Жабирден сұрады: "Қанша кісі едіңіздер?" Жабир: "Жүз мың кісі болса да, бәрібір жетер еді. Бірақ біз, онбес жүз (яғни мың бес жүз) едік" дейді.
Міне, осы анық мұғжизаны риуаят етушілер мың бес жүз шамасында. Өйткені адамның жаратылысында өтірікті өтірік деп айтатын қасиет бар. Сахабалар болса, шындық пен туралық үшін, жанын да малын да, тіпті, ата-анасын да, қауымы мен тайпасын да пида қылып, шындық пен хақ үшін жанкешті жандар. Сондай-ақ, "Менің атымнан біле тұра өтірік айтқан адам, тозақтан орнын дайындасын!" мағынадағы хадистің ескертуін біле тұра, өтірікке қарсы үндемеулері ақылға сыймайды. Үндемеген болса, ол хабарды қабыл етіп, іштей қосылып, қоштады деген сөз.
Үшінші мысал: Тағы да Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптарында былай баяндалады: Хазреті Жабир былай дейді: Буватдағы соғыста Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм:
Ибн Месудтың риуаятында айна қатесіз былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің саусақтарынан бұлақ сияқты су аққанын көрдім. Апырым-ай, әйгілі шыншыл сахабалар Әнәс, Жабир, ибн Месуд сынды кісілер: "Мен көрдім" десе, көргені өтірік бола ма? Енді осы үш мысалды біріктір, не деген қуатты да нақты мұғжиза екендігін көр және осы үш жол біріксе, нағыз тәуәтур ретінде саусақтарынан су аққандығын бұлтартпай дәлелдейді. Хазреті Мұса Ғалейһиссәләмнің, тастың он екі жерінен бұлақ сияқты су ағызуы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің он саусағынан шүмек секілді су аққанынан артық емес. Өйткені, тастан су ағуы мүмкін, әдетте мұндай оқиғалар кездесіп қалады. Бірақ ет пен сүйектен кәусәрдай судың үздіксіз ағуы әдеттен тыс оқиға.
Төртінші мысал: Ең алдымен Имам Мәлік, "Муватта" атты құнды кітабында, Муаз ибн Жәбәл сынды әйгілі сахабадан алып былай деп хабар беруде: Хазреті Муаз ибн Жәбәл былай дейді: Тебук
соғысында бір бұлаққа ұшырастық. Су жіптің жіңішкелігіндей ғана сызаттап ағып тұр еді. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм әмір етті: «Мына судан шамалы жинаңдар!». Алақандарымызбен аздап жинадық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, ол сумен беті-қолын жуды да, сол суды бұлаққа төкті. Кенет бұлақтың көзі ашылып, сарқырап аға бастады. Әскерге толық жетті. Тіпті, риуаят етуші Имам Ибн Исхақ былай дейді: Топырақ астындағы әлгі бұлақтың суы, күннің күркірегеніндей гүрілдеп тұрып аққаны сонша, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Хазреті Муазға:
деді. Яғни «мұғжизаның әсерімен аққан мына мүбәрак су жалғасып, бұл төңіректі баққа айналдырады. Өмірің болса көресің әлі». Дәл солай болды.
Бесінші мысал: Баста Бұхари Хазреті Берадан, ал Мүсілім Хазреті Селеметебни Әкуадан және өзге сахих кітаптар, басқа да риуаят етушілерден бір ауыздан былай хабар беруде: Худейбиедегі соғыста бір құдыққа жолықтық. Біз төрт жүз кісі едік. Әлгі құдықтың суы елу кісіге ғана жетерліктей аз еді. Біз құдықтан су тартқанда, ішінде еш нәрсе қалмады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм келіп, құдықтың басына отырды да, бір шелек су сұратты. Алып келдік. Шелектің ішіне мүбәрак аузының суын құйды да дұға қылды. Сосын әлгі суды құдыққа төкті. Құдық бірден буырқанып тасыды. Аузына дейін толды. Бүкіл әскер мен мал-жан тойғанша ішті, ыдыстары да толды.
Алтыншы мысал: Мүсілім мен ибн Жерир Табери сынды хадистің дана имамдары, сахих кітаптары мен шүбәсіз хабарлары арқылы танымал Әбу Қатадеден мынаны жеткізеді: Әбу Қатаде былай деген: Мутада болған әйгілі соғыста қолбасшылары шейіт болып, жәрдемге бара жатқан едік. Менде бір торсық бар еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, маған:
деп әмір етті. Яғни, "Торсыққа ие бол, кейін оның көп пайдасын көресін". Дегендей кейін шөл қысты. Жетпіс екі кісі едік, (Таберидің айтуына қарағанда, үш жүз кісі) сусыз қалдық. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Торсықты әкел!"
деді. Әкелдім. Алды да ауызын аузына тақап, ішіне үрледі ме, жоқ па білмеймін, кейін жетпіс екі кісі ішіп, ыдыстарын толтырды. Сосын алып қарағанымда, ішіндегі су сол қалпында еді. Міне, Мұхаммедтің (с.а.у.) осы ап-анық мұғжизасына қарап,
де.
Жетінші мысал: Мүсілім мен Бұхари бастаған сахих кітаптар, Хазреті Имран ибн Хусейіннен тарқатып мынаны хабарлайды: Имран айтқан екен: Бір сапарда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге шөлде қалдық. Али екеумізге: "Пәлен жерде бір әйел, көлікке екі мес су жүктеп кетіп барады, алып келіңдер" деді. Біз, дәл сол айтылған жерден су артқан әйелді тауып, алып келдік. Сосын: "Суынан бір ыдысқа аздап су құйып алыңдар" деді. Құйып алдық. Береке үшін дұға қылды. Сосын суды қайтадан, көлікке артылған меске құйдық. "Келіп, ыдыстарды толтырыңдар!". Барлық жолаушылар келіп ыдыстарын толтырды, ішті. Сосын: "Әйелге бір нәрсе жинап беріңдер!" деді. Әйелдің етегі толатындай сыйлық бердік. Меніңше, екі мес барған сайын толып, көбейе түсуде еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм былай деді:
яғни, «Біз сенің суыңды алғанымыз жоқ, Хақ Тағала бізге өз қазынасынан су берді».
Сегізінші мысал: Танымал ибн Хазмның баяндамасында, риуаят етушілер Хазреті Омардан мынаны жеткізуде: Тебуктегі соғыста сусыз қалдық. Тіпті кейбіреулер түйесін сойып, су қарнындағы суды ішуге дейін барды. Әбу Бәкір Сыддық Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға дұға етуі үшін өтініш жасады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолын жайды. Әлі қолын түсірместен бұлт жиналды да, нөсерлеп тұрып жаңбыр жауғаны сонша, барлық ыдыстарымызды толтырып алдық. Сосын жаңбыр тоқтап қалды. Тек біздің үстімізге ғана жауып, басқа жерге жаумапты. Демек кездейсоқтық емес, Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизасы.
Тоғызыншы мысал: Төрт имам сеніп хадис алған танымал Абдуллаһ ибн Әмір ибн Астың немересі Әмір ибн Шуайбтан, шүбәсіз хабарлармен мынаны білдіруде: Пайғамбарлық келместен бұрын, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талибпен
бірге түйеге мініп Арафат төңірегінде Зилһижаз дейтін жерге барған уақытта Әбу Талиб: «Мен шөлдедім» депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түйеден түсіп, аяғымен жерді теуіп қалғанда су шыққан екен. Әбу Талиб шөлін әбден қандырыпты. Мухаққиқин бір кісі былай деді: Бұл оқиға пайғамбарлықтың басталуынан бұрын болғандықтан, Ирһасат түрінде болуымен бірге, мың жылдан кейін дәл сол жерден Арафат бұлағының шығуы, сол оқиғаға байланысты Мұхаммедтің (с.а.у.) бір кереметі болып саналады.
Міне, осы тоғыз мысал сияқты тоқсан мысал болмаса да, тоқсан түрлі риуаяттар, су жайындағы мұғжизалардан хабар берген. Бастағы жеті мысал, мағынауи тәуәтур сияқты сенімді және қуатты. Ақырындағы екі мысалдың келу жолдары соншалықты күшті емес әрі риуаят етушілері де көп емес, бірақ сегізінші мысалда, Хазреті Омардан риуаят етілген бұлтқа қатысты бір мұғжиза былайша: Негізінде имам Бейһаки мен Хаким, сахих кітаптар, Хазреті Омардан мынаны хабар беруде: Хазреті Омар, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан жаңбыр дұғасын оқуын өтінеді. Өйткені әскер суға мұқтаж еді. Расул Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм қолын жаяды. Кенет бұлт жиналып, жаңбыр жауады. Бұлттар сарбаздарға жеткілікті мөлшерде су беріп, кетіп қалады. Құдды тек қана әскерге су беру үшін келгендей. Келді, керегінше су берді, кетті. Осы оқиға, сегізінші мысалды қуаттап, анық дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл оқиғаға әйгілі ғалым әрі зерттеуде өте ыждағат көрсеткен, тіпті, көптеген сахих хадистердің өзіне күмәнділікпен қараған ибн Жәузидің өзі былай деген екен: Бұл оқиға «Бәдірдегі» әйгілі соғыста болған.
деген қасиетті аят сол оқиғаны баяндап, түсіндіреді. Ал сол оқиғаны аят көрсеткен болса, сенімділігінде еш күмән жоқ. Сонымен қатар Нәбидің дұғасымен бірден және тез, тіпті, жаюлы қолын түсірместен жаңбырдың келуі көп қайталанғандықтан осының өзі баршаға мәлім бір мұғжиза. Кейбір кезде мешітте, мінберде қолын жайғанда әлі түсірместен жаңбыр жауды деген тәуәтур хабарлар бар.
ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының тағы бірі, оның әмірін ағаштардың адамдар сияқты тыңдауы және орындарынан қопарылып
жанына келуі. Мұндай ағаштар жайлы мұғжизалар, мүбәрак саусақтарынан су ағуы сияқты баршаға кеңінен мәлім. Әр түрлі көріністері бар және көптеген жолдармен жеткен. Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің әмірімен ағаштың орнынан суырылып жанына келгені баршаға мәлім, айдай анық деуге болады. Өйткені шыншыл әйгілі сахабалардан Хазреті Али, Хазреті ибн Аббас, Хазреті ибн Месуд, Хазреті Әнәс ибн Мәлік, Хазреті Бүрейде, Хазреті Усаме бин Зейд, Хазреті Жейлан ибн Селеме сияқты сахабалар, әрқайсысы бұлтартпас дәлелдермен, ағаштар жайлы мұғжизаларды жеткізген. Табииннің жүздеген имамдары, аты аталған сахабалардың әрқайсысынан айрықша бір жолмен, әлгі ағаштар жайлы мұғжизаны әңгімелеген. Екі есе тәуәтур түрінде бізге жеткізген.
Міне, ағаштарға қатысты осы мұғжиза, ешбір күмән келтірмейтін, бұлтартпас тәуәтур деуге болады. Қазір, сол үлкен мұғжизаның, өте сенімді көріністерін бірнеше мысалдар арқылы баяндаймыз.
Бірінші мысал: Имам Маже бастаған Дарими және Имам Бейһаки, шүбәсіз хабарлармен, Хазреті Әнес ибн Мәліктен және Хазреті Алиден, Беззаздан, Имам Бейһаки, Хазреті Омардан мынаны хабарлайды: Үш сахаба айтқан екен: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, кәпірлердің жала жапқанына қамығып былай деді:
Әнәстің риуаятында, Хазреті Жәбірейіл қасына жетіп келді. Жар басында өскен бір ағаш бар болатын. Хазреті Жәбірейілдің білдіруімен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі ағашты шақырды. Ағаш дәл жанына келді. Сосын оған «Орныңа бар!» деді. Қайта барып, орнына орналасты.
"Саған одан әлдеқайда қайырлы нәрсе керек емес пе?" деді. Бәдәуи: "Ол не?" деді.
деп бұйырды. Бәдәуи: "Бұл шәһәдатқа дәлелің бар ма?"
деді. "Анау жарқабақтағы ағаш куә болады" деді. Ибн Омар айтады: Әлгі ағаш орнынан шайқалып жерді жарды да, дәл Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі ағашты үш мәрте куәлікке тартты. Ағаш та, куәлік етті. Әмір беріп еді, орнына қайта барып орналасты.
Ибн Сахиб-ил-Әслемиден жеткен шүбәсіз хабар арқылы Бүрейде былай дейді: Бір сапарда біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Бір араб келді де бір аят, яғни, бір мұғжиза сұрады. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм:
деді. Бір ағашқа ымдап еді, ағаш оңға, солға теңселіп, тамырларын қопарып алып, Нәбидің (с.а.у.) құзырына келді. Сөйтіп:
деді. Сосын араб: "Орнына қайтып барсын!" деді. Әмір беріп еді, орнына кетті. Араб: "Саған сәжде қылуға рұқсат бер" деді. "Ешкімге рұқсат жоқ" деді. Араб: "Олай болса, сенің қолыңды, аяғыңды сүйейін" деді. Рұқсат берді.
Үшінші мысал: Әуелі сахих Мүсілім мен сахих кітаптардың білдіруі бойынша, Жабир былай дейді: Біз бір сапарда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін көзден тасалау бір жер іздеп еді, таба алмады. Болмағасын екі ағаштың жанына барды да ағаштың бұтағын ұстап тартты. Ағаш, бой ұсынып бірге кетті. Екінші ағаштың жанына алып келді. Жуас түйенің ботасын жетелегендей әлгі екі ағашты бір-біріне қосты. Сосын
деді: Яғни: "Бүркеп жабыңдар!". Екі ағаш бірікті де жабық жер болды. Расулуллаһ әжетін өтеген соң оларға әмір етіп еді, орындарына кетті. Екінші бір риуаятта Хазреті Жабир былай дейді: Маған:
деп бұйырды. Яғни, Ағаштарға айт: «Расулуллаһтың қажеті үшін біріксін!». Мен солай дедім. Олар қаз қатар тізіле қалды. Сосын мен күтіп тұр едім, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм шықты да басымен оңға-солға ымдап еді, әлгі екі ағаш орындарына кетті.
Төртінші мысал: Сахих риуаяттарда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің батыр сарбазы әрі қызметшісі Усаме бин Зейд былай дейді: Бір сапарда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен бірге едік. Дәрет сындыру үшін ыңғайлы, жабық бір жер ұшыраспады.
деді. "Иә, бар" - дедім.
деп әмір етті. Яғни ағаштарға: «Расулуллаһ әжетін өтеу үшін бірігіңдер және тастар дуал секілді жиналыңдар!» де. Барып не дегенін айттым. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм әжетін өтеген соң:
деп әмір етіп еді, жаным Құдіретінің қолында болған Зат-ы Зүлжелалға ант етейін, ағаштар мен тастар орындарына кетті. Хазреті Жабир мен Усаме баяндаған осы екі оқиғаны Хунейін соғысында дәл айнымастай қайталанғандығын Ияла ибн Мурре және Гайлан ибн Селемет-ис-Сакафи, Хазіреті ибн Месуд сынды сахабалар дәлме дәл хабар береді.
Бесінші мысал: Білімділігімен және зор еңбегімен екінші Шәфи атанған ғасырының ғұламасы, Имам ибн Фаурек, сенімді түрде былай деп хабарлайды: Тайфтегі соғыста, қараңғы түнде, ат үстінде жолда кетіп бара жатқанда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді ұйқы қысты. Осылай кетіп бара жатып, қарсы алдында "сидре" деп аталатын бір ағаш өсіп тұрған. Ағаш атын үркітпеу үшін оған жол беріп, екіге бөлінді. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм астындағы атымен бірге ағаштың арасынан өтіп кетті. Әлгі ағаш қазірге дейін екіге жарылған күйі тұр.
Алтыншы мысал: Хазреті Иялә айтқан сахих риуаятта былай баяндалады: Бір сапарда Талха немесе Семуре деп аталатын бір ағаш Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің төңірегінде тәуап қылғандай айнала бастады. Сосын орнына қайтып оралды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:
деді. Яғни: "Әлгі ағаш, сәлем беруге Хақ Тағаладан рұқсат сұрады".
Жетінші мысал: Хадис имамдары дәлелді хабарларға сүйеніп ибн Месудтан тарқатып былай дейді: Ибн Месуд айтқан екен: Батн Нахл деген жерде, Нусайбин жындары тура жолға түсу үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келгендерінде, әрбір ағаш олардың келгенін хабар берді. Сонымен қатар имам Мүджаһид, сол хадисте Ибн Месудтан мынаны хабарлайды: Әлгі жындар бір дәлел сұрады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір ағашқа бұйырып еді, ол орнынан жылжып қасына келді де, сосын орнына қайтып кетті.
Міне, жын тайпасына бір ғана мұғжиза жеткілікті болды. Апырым-ай, осы мұғжиза сияқты мың мұғжиза естіген бір адам иманға келмесе, жындардың
деп сипаттаған шайтандардан бетер шайтан болғаны ғой?
Сегізінші мысал: Сахих Тирмизи нақты риуаятпен Хазреті ибн Аббастан мынаны жеткізуде: Ибн Аббас айтқан екен: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір арабқа былай деген:
«Мен, мына ағаштың анау бұтағын шақырсам, ол да қасыма келсе, иман етер ме едің?», "Әрине" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм шақырды. Әлгі құрманың қураған бұтағы, орнынан жұлынып, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің жанына келді. Сосын әмір беріп еді, орнына қайтып барды.
Міне, осы сегіз мысал сияқты көптеген мысалдар бар. Олар да көптеген жолдармен жеткен. Жеті-сегіз жіп қосылса, мықты бір арқан болатыны мәлім. Сондықтан да, осы ең әйгілі, сенімді сахабалардан, осындай әр түрлі жолмен баяндалған ағашқа қатысты мұғжизалар, әлбетте мағынауи тәуәтур күшінде, тіпті нағыз тәуәтурдың өзі. Негізінде сахабалардан кейін Табииннің қолына тиген уақытта,
тәуәтур дәрежесіне шығады. Әсіресе Бұхари, Мүсілім, ибн Хиббан, Тирмизи сияқты сахих кітаптар, сонау сахабалар заманына дейінгі жолды таза ұстанғаны соншалық, Бұхариде көру, дәл сахабаның өзінен естігендей сенімді.
Апырым-ай, ағаштар Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмді танып (мысалдарда көрінгендей) пайғамбарлығын мойындап, Оған (с.а.у.) сәлем беріп иіліп жатса, Оның (с.а.у.) әмірлеріне мойынсұнып, бағынып тұрса, өздерін адаммын деп санаған кейбір жансыз, ақылсыз мақұлықтар, Оны (с.а.у.) танымаса, иман етпесе, қураған ағаштан да төмен, қу отындай құнсыз болып, отқа жануға лайық болмай ма?!
Иә, қасиетті мешітте, құрма ағашынан жасалған құрғақ бағанаға Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құтпа оқығанда сүйеніп тұратын еді. Кейін мінбер жасалғасын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мінберге шығып құтпа оқи бастады. Құтпа оқылып жатқанда, бағана түйе сияқты боздап, бұны барлық жамағат естіді. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм жанына келіп, сипап, құшақтаған, онымен сөйлесіп, жұбатқанда ғана тоқтапты. Мұхаммед (с.а.у.) осы мұғжизасы өте көп жолдармен, тәуәтур дәрежесінде анық.
Аббас, Хазреті Сеһл бин Сад, Хазреті Әбу Саид-ил-Худри, Хазреті Үбей ибн Ка'б, Хазреті Бүрейде, Хазреті Үмм-үл Мүминин Үммү Селеме сынды әйгілі сахабалар, хадис риуаят етушілердің басшылары ретінде, әрбірі бір жолдың басында тұрып әлгі мұғжизаларды үмметке жеткізген. Әуелі Бұхари, Мүсілім, сахих кітаптар, әлгі баршаға мәлім мұғжизаларды, кейінгі ғасырларға, сенімді жолдармен жеткізген.
Яғни: "Оның қасында оқылған зікір мен құтпадағы Иләһи мадақтаулардан айрылғандықтан жылап жатыр". Өзге бір риуаятта былай деген:
Яғни: «Мен оны құшақтап жұбатпағанымда, Расулуллаһтан айырылғанына қайғырып қияметке дейін жылай берер еді». Хазреті Бүрейде былай дейді: Қураған тірек жылағаннан кейін, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, қолын үстіне қойып былай деді:
Сосын ол тіректің не айтып жатқанын тыңдады. Қураған тірекке тіл бітіп сөйледі. Оны сол жердегі адамдар да естіді.
Яғни: "Мені Жәннатқа отырғыз, менің жемістерімнен Хақ Тағаланың сүйікті құлдары жесін. Ол бір мәңгілік мекен ғой шіркін, ол жерде, шіру деген жоқ".
бұйырды.
Ислам ғұламаларының үлкен имамдарының бірі әйгілі Әбу Исхақ Исферани былай дейді: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм тіректің жанына бармады, керісінше, тірек оның әмірімен, жанына келді. Сосын әмір етті, қайтып оралды. Хазреті Убей ибн Каб былай дейді: Осы керемет оқиғадан соң, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм «Тірек, мінбердің астына қойылсын» - деп әмір етті. Сонау мүбәрак мешіт жөнделуі үшін бұзылғанға дейін мінбердің астында тұрды. Кейін оны Хазреті Убей ибн Каб шірігенше сақтады.
Атақты Хасан Басри осы мұғжизаны шәкірттеріне айтқан сайын жылап, былай дейді екен: Қу ағаштың өзі Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға деген ыстық ықыласын білдірді. Сендер одан да көбірек ықылас, ынта көрсетуге тиіссіңдер. Біздің айтарымыз: Иә, Оған (с.а.у.) деген ықылас, махаббат, Оның (с.а.у.) баға жетпес ізгі сүннеттеріне және нұрға толы шариғатына мойынсұну болып табылады.
Маңызды да тұжырымды бір сұрақ: "Хендектегі соғыста төрт уыс тағаммен мың адамды тойдырған тағам мұғжизасы және мүбарак саусақтарынан аққан сумен бес мың бес жүз кісіні тойғанша ішкізген су мұғжизасы, неге осы жылаған қу тірек мұғжизасы сияқты өте көп жолдармен айтылмаған? Алайда ол екеуі, бұдан да көп жамағаттың ортасында болған емес пе?"
Жауабы: Мұғжизалар екі түрге бөлінеді. Бір бөлімі, жұртты хақ пайғамбар екенін қабылдату үшін, Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмнің қолымен жасалады. Қураған тіректің боздауы осы түрге жатады. Мүминдердің иманын қуаттап, ал мұнапықтарды ықыласқа шақырып, кәпірлерді иманға келтіру үшін, тек Пайғамбарлығын растау үшін ғана көрсетіледі. Сондықтан, қарапайым халық та, зиялы қауым да барлығы көреді және жайылуына көбірек мән беріледі. Ал, тағам мен суға қатысты мұғжизалар болса, мұғжизаға қарағанда кәрамат деуге болады. Кәраматтан гөрі де сыйлық, тіпті, сыйлықтан да көбірек қажеттілікке орай Рахманның тартуы десе болады. Дегенмен ол да Пайғамбарлығына дәлел әрі мұғжиза. Бірақ негізгі себеп, әскердің аш
қалуы. Хақ Тағала бір дәннен мың батпан құрма жаратқаны секілді жасырын қазынасындағы бір тостақ тағамнан мың адамға ас береді. Һәм сусыз қалған жауынгерлерге, ұлы қолбасшының саусақтарынан, Кәусәр суындай су ағызып шөлін қандырады. Міне, осы сырға сәйкес, тағам мен су мұғжизасының әр бір мысалы, қураған тіректің жылауы дәрежесіне жетпейді. Бірақ ол екі мұғжизаның бірнеше түрі жиналып, барлығы қураған тіректің жылағанындай тәуәтүр, яғни, нақты анық хабар. Һәм тағамның берекетін және саусақтарынан су аққанын бәрі бірдей көре алмайды, тек қана белгілерін көреді. Тіректің жылағанын бәрі естіді. Сол үшін көбірек жайылды.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің әрбір халі мен әрекетін сахабалар барынша ұқыптылықпен сақтап бізге жеткізіп отырды. Енді мұндай сұрақ туса: Осындай үлкен мұғжизалар, жүз жолмен жетуі керек еді, неліктен он - жиырма жолмен келді? Һәм неге Хазреті Әнәс, Жабир, Әбу Хүрейре көп хадис айтып, Хазреті Әбу Бәкір мен Омар аз риуаят еткен?
Жауабы: Бірінші сұрақтың жауабы, төртінші ишараның үшінші негізінде баяндалған. Екінші сұрақтың жауабы: Мысалы, адамға дәрі керек болса, дәрігерге барады. Құрылыс үшін құрылысшы инженерге жүгінеді. Шариғат мәселесін мүфтиден сұрайды. Дәл сол сияқты сахабалар арасында, Нәбидің хадистерін келешек ғасырларға дәріс беріп жеткізу үшін ғалым сахабалардың бір бөлігі сонымен шұғылданды. Хазреті Әбу Хүрейре өмірін хадистердің жазылуына арнады. Хазреті Омар саясат, халифалық секілді мәселелермен шұғылданды. Сондықтан, хадистерді үмметке жеткізу ісі Әбу Хүрейре мен Әнәс және Жабир секілді кісілерге тапсырылып, Әбу Бәкір мен Омардан аз риуаят етілетін. Сонымен қатар сенімді, шыншыл, жанкешті және адалдығымен танылған әйгілі бір сахабаның бір ғана жолымен, бір оқиғаны хабарласа жеткілікті деп есептелетін. Басқа біреудің тағы да нақыл етіп баяндауы қажет емес-ті. Сол үшін де кейбір маңызды оқиғалар, екі-үш жолмен жетсе сенімді болатын.
ОН БІРІНШІ ИШАРА: Оныншы ишара, ағаш әлемінен Нәбидің (с.а.у.) мұғжизаларын көрсеткен болса, бұл ишара Нәбидің (с.а.у.) мұғжизаларын жансыз нәрселерден яғни, тау мен тастар қалай көрсеткендіктері жайлы айтады. Біз де оның көп мысалдарынан жеті-сегізін баяндаймыз.
Бірінші мысал: Мағриб ғалымы, Хазреті Қады-Ияз, Шифа Шериф атты әйгілі кітабында бұлтартпас дәлелмен және Бұхари сынды үлкен имамдардан, шүбәсіз нақыл етіп былай хабарлауда: Нәбидің қызметшісі Хазреті ибн Месуд айтады: Біз, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында тағам жеп отырғанда, тағамның тәсбихтерін естуші едік.
Екінші мысал: Сенімді жолдардан және Әнәс пен Әбу Зеррден тура кітаптар хабар беруде: Хазреті Әнәс (Нәбидің қызметшісі) айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едік. Уысына майда тастарды алғанда, тастар Оның (с.а.у.) мүбәрак қолында тәсбих ете бастады. Кейін Әбу Бәкір Сыддықтың қолына қойып еді, тағы да тәсбих етті. Әбу Зерр Ғыффари айтады: Сосын Хазреті Омардың қолына қойып еді және тәсбих етті. Сосын алды да жерге қойғанда, үндемей қалды. Қайта алды да, Хазреті Османның алақанына салып еді және тәсбих етті. Хазреті Әнәс пен Әбу Зерр айтады: Сосын, біздің қолымызға қойып еді, үндемей қалды.
Үшінші мысал: Хазреті Али мен Хазреті Жабир және Хазреті Айша Сыдықа анамыздан алған хабарда дәлелденген: Тау, тас, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға
деуші еді. Хазреті Али айтады: Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңінде, Мекке төңірегінде Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләммен бірге жүргенімде ағаштар мен тастар
деуші еді. Хазреті Жабир айтады: Ағаштар мен тастар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға сәжде етуші еді, яғни, бойын иіп,
деуші еді. Жабирдің бір риуаятында, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм былай деп бұйырған:
Кейбіреулер мұны Қағбадағы қара тасты мегзеп отыр дейді. Хазреті Айша анамыздың айтуы бойынша: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:
деді.
Төртінші мысал: Шүбәсіз хабарлармен Хазреті Аббастан хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Аббасты және төрт ұлын (Абдуллаһ, Убейдуллаһ, Фазл, Қусем) бірге мүлает деп аталатын пердемен үстерін жапты да:
деп дұға оқыды. Бірден, үйдің шатыры мен есігі, қабырғалары "Әмин" деп дұғаға қосылды.
Бесінші мысал: Әу баста Бұхари, ибн Хиббан, Дәуіт, Тирмизи сынды сенімді Имамдар, бір ауыздан Хазреті Әнәстен, Әбу Хүрейреден, Осман Зиннурейннен, Ашерей Мүбәшшере Саид ибн Зейдтен хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық, Омар-ул Фаруқ және Осман Зиннурейнмен бірге Ухуд тауының басына шықты. Ухуд тауы, солардың құрметіне болса керек немесе қуанышы мен шаттығынан дірілдеп, қозғала бастады. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм:
деп бұйырды. Бұл хадис, Хазреті Омар мен Османның шәйіт болатындарына ғайыптан берілген хабар еді. Осы мысалдың қосымшасы ретінде және бір оқиға: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Меккеден Мәдинаға хижрет еткенде, кәпірлер соңына түсіп, Себир тауын паналады. Себир тауы: "Уа, Расулуллаһ! Үстімнен түсіңіз! Сізді менің үстімде өлтіретін болса, Аллаһ мені азапқа сала ма деп қорқамын" - деді. Сонда Хира тауы:
"Маған келіңіз!" депті. Осы сырға байланысты, көңілі ақ, жүрегі таза әһли қалб әулиелер, Себир тауына шыққанда бойында қорқыныш сезініп, ал Хирада сенімділік сезінеді екен. Бұл мысалдан түсінетіміз: Ол үлкен таулардың әрқайсысы өз-алдына қызметші. Олар Аллаһ Тағалаға тәсбих етіп, міндетін атқарады. Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмді таниды, жақсы көреді. Жөн-жосықсыз кездейсоқ, өз бетімен тұрған нәрселер емес.
Алтыншы мысал: Нақты дәлелдермен Абдуллаһ ибн Омардан былай деп хабар беруде: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мінбеде құтпа оқып тұрған кезде:
аятын оқыды және
деген уақытта астындағы мінбердің қатты шайқалып дірілдегені сондай, біз Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм құлап қала ма екен деп қорықтық.
Жетінші мысал: Нақты дәлелдер арқылы әйгілі ғалым, Құранның аудармашысы, Хазіреті ибн Аббас пен Нәбидің қызметкері, үлкен ғалым сахаба ибн Месудтан былай деп хабар беруде: Меккенің жеңісі күні болатын. Қағбада және төңірегінде тасқа қорғасынмен шегеленген үш жүз алпыс пұт бар болатын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолындағы садаққа ұқсайтын таяғын әрбір пұтқа қарай сілтеп:
деп қайсысына қарай сілтесе, сол жерге құлайды. Пұттың бетіне апарса, шалқасынан түседі, арқасынан түртсе, етпетінен түседі. Бәрі де жерде домалап жатты.
Сегізінші мысал: Әйгілі Буһейрай Раһибтің белгілі қиссасы. Пайғамбарлықтан бұрын, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талиб және бір топ құрайыштармен бірге Шам тарапына саудаға бара жатады. Буһейрай Раһибтің шіркеуінің тұсына келгенде дем алуға отырады. Адамдармен араласпай оқшау өмір сүретін Буһейрай Раһиб кенет жүгіріп шығады да, Хазіреті Мұхаммедті (с.ғ.с.) көріп, керуенге қарап былай дейді: "Мынау, әлемнің мырзасы, пайғамбар болады". Сонда құрайыштар: "Қайдан білдің?" деді. Мүбәрак Раһиб: "Сендер келе жатқанда үстеріңде бір шоқ бұлт бар еді. Сендер отырғанда, ол Мұхаммед-үл Әминнің (с.ғ.с.) үстіне қарай жылжып, көлеңке қылды. Һәм тастар мен ағаштар оған сәжде қылғандай бір жағдай көрдім. Бұл болса, Нәбилерге ғана жасалады" деп жауап берді.
Міне, осы сегіз мысал секілді сексен мысал бар. Бұлардың бәрі жинақталса үзілмейтін бір шынжырдай боп ешбір күмән оны үзе алмас... Осы іспеттес мұғжизалар, жалпы алғанда, яғни, жансыз нәрселердің Пайғамбарлыққа дәлел болып сөйлеуі мағынауи тәуәтур күшінде. Көзбен көріп, қолмен ұстағандай нақты. Әрбір мысал бір-біріне сүйеніп, өз күшінен әлдеқайда көбірек күш алады. Иә, әлсіз бір тірек, қуатты тіректермен иық тірескен уақытта нығая түседі. Әлсіз, қуаты жоқ бір адам, әскер қатарына алынса, күші тасып мың адамға қарсы тұра алады.
ОН ЕКІНШІ ИШАРА. Он бірінші ишарамен байланысы бар үш мысал, бірақ өте маңызды.
Бірінші мысал: Зерттеуші ғалымдар күллі тәпсіршілердің дәлелдеріне сүйеніп және барлық хадисшілердің хабарына сәйкес осы аят
Бәдірдегі соғыстан хабар беруде дейді.
Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм бір уыс топырақ пен майда тастарды алып, кәпірлердің бетіне:
деп шашып жіберген екен.
сөзі бір ғана сөз болғанымен әрбір тыңдаушының құлағына бірдей кіріп естіледі ғой. Дәл сол сияқты, бір уыс топырақ та әрбір кәпірдің көзіне тұтас сол қалпында кіріп кетіпті. Шабуылдап келе жатқан олар көздерімен әуре болып бірден кері қашады.
Мінеки, Бәдір мен Хүнейндегі таңқаларлық осы оқиға, әншейін себептер арқылы және адамның құдіретімен болмағандықтан, мағынасы мен сөзі мұғжиза болған Құранның тілімен:
деп баяндалады. Яғни, ол оқиға адами құдіреттің тысында. Адамның қолымен емес, керемет бір түрде, Аллаһтың құдіретімен болды.
Екінші мысал: Әу баста Бұхари, Мүсілім, тура кітаптар хабар беруде: Хайбер соғысында бір яһуди әйел, бір ешкінің етінен кәуәп жасап, оған өте әсерлі бір у қосып Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмның алдына қояды. Сахабалар жей бастады. Пайғамбарымыз бірден:
деп бұйырды. Яғни, пісірілген ешкінің еті маған: "мен уланғанмын" деп хабар беріп тұр. Бәрі қолдарын тартып алды. Бірақ бір шайнам жеген Бишр ибн-ул Берра сол күшті удың әсерінен өліп кетті. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм әлгі Зейнеп атты әйелді шақыртып: "Неліктен былай істедің?" - деп сұрағанда әлгі бейбақ былай депті: "Егер Пайғамбар болсаң, зияны тимейтінін білдім, егер падишах болсаң адамдарды сенен құтқару үшін жасадым". Кейбір риуаятта оны өлтірткен. Кейбір риуаятта өлтірмеді деп айтылады. Әһли Тахқиқ жандар (зерттеушілер): өзі өлтіртпеген, бірақ өлген Бишрдің ағайындарына берген, солар өлтірген дейді. Осы ғажап оқиғаның таңғажайып жақтарын көрсететін екі-үш тұжырым бар.
Біріншісі: Бір риуаятта, әлгі ешкі хабар берген уақытта, кейбір сахабалар да естіген.
Үшіншісі: Һәм айлакер яһудилер, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға және ең жақын деген сахабаларға кенеттен соққы бергісі келсе де, бірден ғайыптан хабар беріліп әшкерленеді де айлалары іске аспай қалатын. Осылайша айтқандарының дәл келіп, айтқан хабарларының барлығы дұрыс шығып отырған Мұхаммедтің (с.ғ.с.), "Маған мына ешкінің өзі айтып тұр" дегенін, әркім өз құлағымен ешкінің өзінен естігендей анық.
Үшінші мысал: Хазреті Мұса Алейһиссаламның "нұр шашқан қолы" және "аса таяқ" мұғжизасына ұқсас Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) үш мұғжизасы.
Біріншісі: Хазреті Имам Ахмед ибн Ханбел, Әби Самид-ил Худриден көшіріп алып былай жеткізеді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Қатаде ибн Нұғман деген кісіге қараңғы, жаңбырлы бір түнде бір таяқ беріп, былай деді:
"Бұл саған шам сияқты, он аршын жерге дейін жарық береді. Үйіңе барған кезде, бір қара тұлға көлеңке көресің. Ол - шайтан. Оны үйіңнен шығар, қуып жібер". Қатаде таяқты алып үйіне кетеді. Мұса Ғалейһиссаламның "нұр шашқан қолы" сияқты таяқ жарық береді. Үйіне барғанда қара тұлғаны көріп, қуып жіберген екен.
Екіншісі: Ғажайыптары көп болған Бәдір соғысында Уққашә ибн Михсан-ил Әседидің қылышы сынып қалады. Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссәләм оған қылышының орнына, жуандау бір таяқ беріп, "мынамен соғыс!" деді. Кенет әлгі таяқ Аллаһтың қалауымен ұзын, ақ түсті қылышқа айналып, сонымен соғысады. Өмір бойы, тіпті, сонау Иемаме соғысында шәйіт болғанға дейін оны бір сәт қасынан тастамады. Бұл оқиғаның растығына шүбә жоқ. Өйткені Уққашә өмір бойы оны мақтан тұтты және ол қылыш, "әл-аун", яғни, "жәрдемші" деген атпен әйгілі болды. Хазреті Уққашәнің мақтанышы және қылышының жәрдемші деген атпен әйгілі болуы, сол оқиғаның дәлелі.
Үшіншісі: Мына бір оқиға сол ғасырдың ғалымы және Әһли Тахқиқтің атақтыларының яғни зерттеуші ғалымдардың бірі ибн Абд-ил-Беррден риуаят етіліп, расталған екен. Ухуд соғысында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің нағашы апасының баласы Абдуллаһ ибн Жахштың шайқаста қылышы сынып қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оған бір таяқ береді. Ол таяқ қылышқа айналып, сонымен соғысады. Сол мұғжизаның әсерінен қылыш сол күйінде қалып қояды. Әйгілі ибн Сейид-иннас өз кітабында былай деп жазады: Біраз уақыт өткеннен кейін Абдуллаһ, ол қылышты "Бұғай түрки" дейтін адамға, екі жүз лираға сатып жіберді.
Міне, осы екі қылыш Мұса Пайғамбардың (ғ.с.) таяғы сияқты мұғжиза. Бірақ, Мұса (ғ.с.) өлгеннен кейін ол таяқтың мұғжизалығы қалмады. Ал бұлар сол қалпында қалды.
ОН ҮШІНШІ ИШАРА: Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің мұғжизалары һәм тәуәтүр, һәм мысалдары өте көп. Тағы бір түрі, ол Кісінің (с.а.у.) қасиетті демімен аурулар мен жаралылардың
жазылып шипа табуы. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) мұндай мұғжизалары мағынауи тәуәтүр болып есептеледі. Бұлардың кейбірі бір ғана адамнан риуаят етілсе де, хадис ілімінің білікті имамдары растап, куәлік еткендіктен ғылыми түрде қанағат береді. Біз де өте көп мысалдарынан бірнеше мысалын баян етеміз.
Бірінші мысал: Мағриб ғалымы Қады Ияз, Шифай Шериф кітабында нақты риуаяттар тізбегін келтіре отырып былай дейді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметшісі әрі қолбасшысы және Хазреті Омардың заманында Ислам әскерін басқарған, Иранды жеңіп алған Ашереи Мүбашшереден Хазреті Сағад ибн Әбу Уаққас айтады: Мен Ухуд соғысында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында едім. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сол күні садағы сынғанға дейін кәпірлерге оқ боратты. Сонан соң оқтарын маған беріп, "Ат!" деді. Оқтардың қауырсыны жоқ болатын. Маған "Ат!" деп әмір береді, мен де атып жатырмын. Оқтар қанаты бардай зымырап, кәпірлерге дәл тиеді. Содан Қатаде ибн Нұғманның көзіне бір оқ тиіп, көзі ұясынан шығып сыртқа салбырап қалды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мүбәрак, шипалы қолымен, көзін ұясына салып берді. Көзіне ешнәрсе болмағандай, жазылып кетті. Осы оқиға көпке тарады. Тіпті, Қатаденің ұлы, Омар ибн Абдулғазиздің алдына келгенде, өзін өлеңі арқылы былай таныстырыпты: «Мен, шыққан көзін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм орнына салған кезде бірден жазылып кеткен кісінің ұлымын. Ең әдемі көз соның көзі еді» деп шумақтап айтыпты. Өзін осылай таныстырыпты.
{ Сілтеме*
}
Һәм, шүбәсіз дәлелдермен былай деген хабар бар: Әйгілі Әбу Қатаденің Иәум-и Зикарад деп аталған соғыста, бір оқ мүбәрак жүзіне қадалды. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм, мүбәрак қолымен әлгі жерді сипап жіберген екен. Әбу Қатаде айтады: "Ауырғанын мүлдем сезген жоқпын".
Екінші мысал: Әу баста Бұхари мен Мүсілім, дәлелді кітаптар былай деп хабар беруде: Хайбер соғысында, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, қаһарман Алиді қолбасшы етіп сайлағанда, Алидің көздері қатты ауырып тұрған екен. Расулуллаһ Алейһиссалату
Уәссәләм, өзінің шипалы түкірігін көзіне жаққан сәтте, бірден жазылып кетіпті. Таңертең Хайбер қорғанының өте ауыр темір есігін жұлып алып, қолында қалқан сияқты ұстады. Хайбер қорғанын мұсылмандар жеңіп алды. Һәм сол оқиғада, Селеме ибн Әкуваның аяғына қылыш тиіп жарақаттайды. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм демін үрлегенде бірден аяғы жазылып кетіпті.
Үшінші мысал: Несаи бастаған сияр жазушылар, Осман ибн Хүнейфтен хабар беруде: Осман айтады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына бір соқыр келіп: "Көзімнің ашылуы үшін дұға қылшы!" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, оған
деп бұйырды. Ол да солай жасап келді... Қарасақ, көзі ашылған, жақсы көріп тұрды.
Төртінші мысал: Белгілі Имам ибн Уәһәб айтады: Бәдір соғысының он төрт шәйіттің біреуі Муаввиз ибн Аффа, Әбу Жәһилмен қылыштасып жатқанда, лағнет атқыр Әбу Жәһил, оның бір қолын шауып тастады. Ол екінші қолымен шабылған қолын ұстап Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм шабылған қолды орнына қайта жабыстырды да түкірігін жағып еді, бірден шипа тапты, қайтадан соғысқа кетті, шәйіт болғанша соғысты. Һәм Имам Жәлил ибн Уәһһәб айтады: Сол соғыста Хубейб ибн Иесафтың иығына қылыш тиіп, екіге бөлінгендей ауыр жарақат алды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, оның қолын иығына жабыстырып, дем үрлеп еді, жазылып кетті.
Міне, осы екі оқиға, расында бір кісінің айтуымен ғана жеткен хабар. Бірақ ибн Уәһәб сияқты бір Имам растап жазған болса, оның үстіне Бәдір соғысы сияқты мұғжизалар көп болған соғыста болса, һәм осы екі оқиғаны еске түсіретін мысалдар көп болса, әлбетте, бұл екі оқиға да сенімді деуге болады.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің киелі қолы шипалы екенін көрсететін мыңнан астам мұғжизалар, нақты хадистер дәлелдеп береді.
Иә, алдында айтылып өткендей, уысында кішкене тастардың зікір етіп, тәсбих қылуы және
беруі; сыры бойынша дәл сол уыстағы кішкене тастар мен топырақ зеңбірекпен оқ жаудырғандай дұшпанға күйрете соққы беруі;
сөзі арқылы дәл сол қолдың саусағымен айды екіге бөлуі және он саусағынан бұлақ сияқты су ағуы, бүкіл әскерге су ішкізуі және дәл осы қолдың ауруларға, жаралыларға шипа болуы, әлбетте, әлгі мүбәрак қолдың қаншалықты керемет, Аллаһтың алдында қабыл болған әрі құдіретінің мұғжизасы екенін анық көрсетеді.
Достардың арасында әлгі алақан құдды Аллаһтың кішігірім бір зікірханасы секілді. Кішкене тастар сол жерге түссе болды зікір мен тәсбих ете жөнеледі. Ал жауға қарсы кішігірім Раббани бір оқ-дәрі қоймасындай, тас пен топырақ ол жерде оқ-дәрі мен бомбаға айналады. Ал жаралылар мен ауруларға келгенде кішігірім Рахмани емхана болып, барлық дертке дауа болады. Ал қатуланып сұстана көтерілгенде, айды бөліп тастайды. Ал мейірлене түскен сәтте кәусәр суын ағызған он шүмекті рақым бұлағына айналады. Апырым ай осындай кісінің бір ғана қолы, керемет мұғжизаларға бөленіп, таңғажайыптарға себеп болып жатса, ол Кісі (с.а.у.) бүкіл әлемді жаратқан Аллаһқа қаншалықты жақын екендігі, айтқан хабары қаншалықты тура екендігі және сол кісінің қолынан ұстап соңына ергендердің қандай бақытты екендігі айдай анық емес пе?
Сұрақ: Сен көп оқиғаларды баршаға мәлім дейсің. Ал біз олардың көбін бірінші рет естіп отырмыз. Тәуәтур хабар бұлай жасырын болмауы керек?
Жауабы: Шариғат ғұламаларына айдай анық көптеген мәлім нәрселер, басқалар үшін беймәлім болуы мүмкін. Хадис ғалымдарынша баршаға мәлім деп есептеген көп хабарларды өзгелер тек көмескі түрде біледі. Әрбір пәннің маманы, сол пәнге қатысты мәлім нәрселерді, пікірлерді баяндайды. Жалпы халық болса, сол пәннің маманына сеніп мойынсұнады немесе өзі зерттеп көз жеткізеді. Осы айтылған баршаға мәлім немесе мағынауи тәуәтур дәрежесінде сенімді оқиғалар, хадис ілімімен шұғылданғандарға, һәм шариғаттанушыларға, һәм Ислам негіздерін зерттеуші білімді жандарға, тағы басқа көптеген ғалымдарға таныс. йқыда жүрген адам немесе қараңғы надан білмесе, кінә оның өзінде.
Бесінші мысал: Имам Бағауидың дәлелдеп және растаған хабары бойынша: Хендектегі соғыста, кәпірлердің соққысынан Али-ибн Хакемнің аяғы сынады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолымен әлгі жерді сипап еді, сол сәтте-ақ жазылғаны сонша, атынан да түспепті.
Жетінші мысал: Шуреһбил-әл-Жуфидің әйгілі қиссасы. Ол бірде алақанындағы бір ісіктің кесірінен қылышты да аттың тізгінін де ұстай алмай қалыпты. Расулуллаһ Ғалеһиссалату Уәссәләм ісікті сипалады да мүбәрак қолымен уқалады. Ісіктің ізі де қалмады.
Сегізінші мысал: Алты баланың Мұхаммедтің (с.а.у.) мұғжизасына бөленгені жайында.
Біріншісі: Ибн Әбу Шейбе (кәміл мухаққиқ және әйгілі хадис ғалымы) былай деп хабар беруде: Бір әйел баласын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына алып келеді. Әлгі бала бір бәлеге ұшыраған, сөйлемейтін, мылқау еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, бір ұрттам сумен аузын шайып, қолын жуды да сол суды
әйелге берді де "балаға ішкіз!" деп бұйырды. Бала әлгі суды ішкеннен кейін, ауруынан айығып бәлесінен еш нәрсе қалмады. Ақылы кіріп жетілгені соншалық, ең ақылды деген адамдардан асып түсті.
Екіншісі: Бізге жеткен сахих риуаяттар бойынша, Хазреті ибн Аббас былай дейді: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссаламға есі ауысқан бір баланы алып келді. Мүбәрак қолын кеудесіне қойды. Бала бірден лоқсыды. Ішінен, кішкене қиярдай қара бір нәрсе шықты. Бала жазылып кетті.
Үшіншісі: Имам Бейһаки мен Несаиден жеткен сахих риуаяттар бойынша, Мұхаммед ибн Хатиб атты бір баланың қолына қайнаған қазан төгіліп, қолы қатты күйіп қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сипалап түкірігін жақты. Қолы сол сәтте-ақ жазылып кетеді.
Мұны естіген Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм "Барекаллаһ" депті. Нәресте содан үлкейгенге дейін сөйлемей жүріпті. Әлгі сәби, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осы мұғжизасына және "Барекаллаһ" дұғасына бөленгендіктен "Мүбәрек-үл-Иемаме" есімімен елге танымал болыпты.
Алтыншы бала: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намаз оқып тұрғанда, қыңыр бір бала алдын кесіп өткені үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: депті. Бала тұрған жерінен
жүре алмай қалады. Осылайша, қыңырлықтың жазасын тартыпты.
Жетінші бала: Бала сияқты ұялуды білмейтін бір әйел Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм тағам жеп отырған жеріне келіп, бір асам тағам сұрайды. Пайғамбарымыз сұрағанын береді. Әлгі
әйел: "Жоқ, сенің аузыңдағы керек" дейді. Оны да береді. Сонда әлгі ұятсыз әйел оны жегеннен кейін, өте ұялшақ болып кеткен деседі. Мәдина әйелдерінен де ұялшақ болыпты.
Міне, осы сегіз мысал емес сексен, тіпті сегіз жүз мысал келтіруге болады. Басым көпшілігі әртүрлі кітаптар мен хадистерде баяндалған.
Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак қолы, Лұқпан Хакимнің емханасы тәрізді, ал түкірігі Хазіреті Қыдырдың өмір суының бұлағы сияқты және демі Хазреті Иса Алейһиссаламның демі сияқты ем, шипа. Ал адам баласы өмірде көп қиыншылықтар мен бәлелерге жиі душар болатыны белгілі. Әлбетте Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға шарасыздықтан науқастар толассыз келген деседі. Аурулар, жаралылар, есі ауысқандар топ-топ келіп, барлығына да жаппай шипа қонып жазылып кетіпті. Тіпті, қырық мәрте қажылыққа барған, қырық жыл бойы таң намазын құптан намазының дәретімен оқыған Табииннің ірі имамдарының бірі, көптеген сахабалармен жүздескен Таус деген атымен танымал Әбу Абудрахман-ул-Иеманидің айтқан бұлтартпас хабарында былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қаншама есі ауысқан кісілер келсе, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кеудесіне қолын қойса болды тәуір болған. Тәуір болмаған жан жоқ.
Міне, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алтын ғасырын көзімен көрген бір Имам осылай бұлтартпас дәлелмен айтып тұрса, әлбетте, оған келген қандай да бір науқас жан міндетті түрде емделіп, тәуір болып кеткен. Олай болса, әлбетте, келушілер де мыңдаған болары хақ.
ОН ТӨРТІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің түрлі мұғжизаларының бірі және өте маңыздысы - дұғасы арқылы көрсеткен мұғжизалары. Иә бұл түрі, шүбәсіз әрі баршаға мәлім. Мысалдарының көптігі сонша, сан жетпейді. Баршаға мәлім, тіпті, әйгілі десе де болады. Бір бөлігін атақты имамдар жеткізгендіктен шүбәсіз сенесің. Біз қазір ел арасында кең тараған кейбіреуін мысал ретінде алып, бір шама тоқталып өтеміз.
Бірінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ел арасына кең тараған жаңбыр дұғасы. Ол көп мәрте қайталанып әрдайым және жылдам қабыл болған. Мұны Имам Бұхари мен Имам Мүсілім бастаған хадис имамдары риуаят еткен. Тіпті, кейде мінберде тұрып, жаңбыр дұғасына жайған қолы түсер-түспес жаңбыр жауған.
Алдында айтып өткеніміздей, бір екі мәрте Ислам әскері сусыз қалған уақытта бұлт келіп жаңбыр себелеген. Тіпті, Пайғамбарлықтан бұрын кішкентай кезінде Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің атасы Абдулмутталиб, Оның (с.а.у.) құрметі үшін Аллаһтан жаңбыр тілейтін еді. Оның (с.а.у.) құрметіне жаңбыр жауатынын Абдулмутталибтің бір өлең жолдарынан байқаймыз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін Хазіреті Омар, Хазіреті Аббасты желеу етіп: "Я, Раб! Бұл сенің Хабибіңнің, яғни, сүйікті құлыңның бауыры! Соның құрметі үшін жаңбыр бере гөр". - дегенде, жаңбыр жауатын. Сондай-ақ, Имам Бұхари мен Муслим хабарлайды: Жаңбыр үшін дұға-тілек жасалды. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм қолын жайып, дұға қылды. Жаңбырдың жауғаны сонша, "Өтінеміз! Дұға қылыңыз, тоқтасын!" деуге мәжбүр болды. Дұға қылып еді, бірден тоқтады.
Екінші мысал: Ел арасында кең тараған оқиға: Сахабаларардың саны әлі қырыққа жетпеген кез. Расул-ы Әкрәм Ғалейһиссалату Уәссәләм, жасырын құлшылық ететін. Бірде былай дұға қылды:
Бір-екі күннен кейін Хазреті Омар ибн Хаттаб иманға келді. Дін Исламды жария қылып, мұсылмандардың абыройы артып, дін үстемдік ете бастады. Хазіреті Омар "Фаруқ" деген ұлы есімге ие болды.
Үшінші мысал: Кейбір таңдаулы сахабаларға әр түрлі мақсаттары үшін дұға қылды. Дұғасы керемет түрде қабыл болғандықтан, әлгі дұғаларының кәраматы мұғжиза дәрежесіне жетті. Осыған байланысты Бұхари мен Муслимнен жеткен риуаяттарда: Ибн Аббасқа былайша дұға-тілек жасаған екен:
Дұғасының қабыл болғаны ғой, Ибн Аббас Құранның аудармашысы деген әйгілі атаққа ие болды және Хабр-үл Үмме, яғни, үмметтің ғұламасы деген ұлы дәрежеге бөленді. Тіпті, Хазреті Омар оны өте жас кезінде-ақ ғұламалар мен үлкен сахабалардың мәжілісіне қатыстырушы еді.
Сондай-ақ, Имам Бұхари бастаған болып сахих хадис кітаптарында былай делінген: Әнәстің анасы, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмға: "Сенің қызметшің болып жүрген мына Әнәстің балалары мен байлығы көп болсын деп дұға қылыңыз" - деп өтінген. Ол (с.а.у.) да:
деп дұға еткен. Өмірінің соңында Хазіреті Әнәс ант ете былай деген екен: "Мен өз қолыммен жүз баламды жерледім. Менің дүнием мен байлығым жағынан да ешкім мендей бақытты болмаған. Дүние-мүлкімді көріп отырсыздар өте көп. Бұлардың бәрі сол Нәбидің дұғасының берекеті".
Һәм Имам Бейһаки бастаған хадис мамандары мынаны жеткізуде: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, Ашере-и Мүбашшереден Абдурахман Бин Ауфқа байлығының мол және берекелі болуы үшін дұға еткен. Әлгі дұғаның берекесімен мол байлыққа кенелгені соншалық, бір мәрте жеті жүз түйені жүктерімен бірге "фисәбилиллаһ" - яғни, Құдай үшін садақа қылған деседі. Мінеки, Нәбидің дұғасының берекетіне қараңыз... "Бәрекаллаһ" деңіз...
Һәм Имам Бұхари секілді хадис риуаяттаушылар былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм, Уруе ибн Әбу Жадеге саудада табысты болуы үшін береке тілеп дұға қылды. Уруе: Мен кейде Куфе базарында тұрып, үйге бір күнде қырық мың манат тауып оралушы едім - дейді. Имам Бұхари былай дейді: "Ол қолына топырақ алса, одан да бір табыс табатын еді".
Һәм Абдуллаһ ибн Жафарға, мол байлық пен береке үшін дұға етті. Хазреті Абдуллаһ ибн Жафар зор байлыққа кенелгені соншалық, сол ғасырда ең атақты бай болған. Нәбидің дұғасының берекетімен пайда болған байлығымен қоса, жомарттығымен де танылды. Осы секілді көптеген мысалдар бар. Үлгі ретінде осы төрт мысалға қанағат етейік.
Имам Тирмизидің риуаятында былай делінген: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Сағад ибн Әбу Уаққас үшін былай дұға қылды:
Сағадтың дұғалары қабыл болуы үшін дұға қылды. Сол ғасырда жұрт Сағадтың қарғысынан қатты қорқады екен. Дұғасының қабыл болғыштығы ғой.
деп дұға етті. Әбу Қатаде жетпіс жасында қайтыс болыпты. Бірақ бет әлпеті он бес жастағы жігіттей шырайлы болған. Бұл туралы нақты хабарлар бар.
Әйгілі ақын Набиғаның мәшһүр қиссасы. Ол, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның жанында бір өлеңін оқып береді. Өлеңі былай боп келеді:
яғни, "Абыройымыз көкке жетті, біз болсақ одан да жоғары шыққымыз келеді!". Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әзілдеп:
Һәм, сахих риуаяттарда былай делінген: Имам Али үшін
деп дұға қылды. Яғни: "О, Раббым! Оған суық пен ыстықтың қиындығын көрсетпе!".. Міне, осы дұғаның берекетімен Имам Али қыста жаздық киім киіп, жазда қыстық киім киіп жүре береді екен. Сол дұғаның берекетімен ешқашан тоңып немесе ыстықтап көрмедім дейді екен.
оқиғаға байланысты ол зиннур (нұры бар адам) атанып кетті. Міне бұл оқиғалар, сахих хадистер қатарында болғандықтан, өте сенімді.
Бірде Әбу Хүрейре, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға "менде ұмытшақтық пайда бола бастады" деп шағымданған екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір орамал жайды. Содан соң мүбәрак алақанымен ғайыптан бір нәрсе жинағандай әлгі бет орамалдың үстіне төкті. Екі-үш мәрте осылай істеген соң Әбу Хүрейреге: "Енді орамалды жина!" - деді. Әбу Хүрейре орамалды жинастырды. Өзі айтады Нәбидің осы мағынауи дұғасының арқасында: "Ант етемін одан кейін ешнәрсені ұпытпадым".
Төртінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің теріс дұғасына ұшыраған бірнеше оқиғаны баяндаймыз.
Екіншісі: Бұл оқиға ел арасында кең тараған және оған Құранның аяттары да ишара етеді. Исламның алғашқы кезеңінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қасиетті Меккедегі Қағбада намаз оқып отырғанда құрайыштың басшылары жиналып, өте сұмдық нәрсе істеді. Сонда Пайғамбарымыз оларға теріс дұға қылды. Ибн Месуд айтады: Ант етемін, әлгі сұмдықты істеп, қарғысқа ұшырағандар Бәдірдегі соғыста жер жастанып, жиіркенішті түрдегі мүрделерін көрдім - дейді.
Үшіншісі: Мударие деп аталатын арабтың үлкен бір қауымы, Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәламды өтірікке шығарғаны үшін, оларға құрғақшылық келсін деп теріс дұға қылды. Жаңбыр жаумай ашаршылық, жұт басталды. Мударие қауымының Құрайыш тайпасы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан дұға сұрап жалбарынды. Дұға қылып еді, жаңбыр жауып, құрғақшылық кетті. Бұл оқиға тәуәтур дәрежесінде әйгілі.
Бесінші мысал: Жеке адамдарға берген теріс дұғаларының қорқынышты түрде қабыл болғандығы жайлы. Бұның көп мысалдары бар. Нақты үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.
Біріншісі: Утбе ибн Әбу Ләһабқа былайша теріс дұға оқыды:
Яғни: "О, Раб! Оған бір итіңді жібер". Кейін Утбе бір сапарға шыққанда, оны бір арыстан керуеннің ішінен іздеп тауып, жеп қояды. Бұл оқиға әйгілі. Мұны хадис имамдары баяндап растаған.
Екіншісі: Мухаллим ибн Джусаме дейтін адам Әмір ибн Азбатты аяусыз түрде өлтірген-ді. Ал, Әмірді Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жихад үшін қолбасшы тағайындап, бір топ жасақпен бірге жіберген болатын. Мухаллим де солармен бірге болатын. Бұл суық хабар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға жеткенде қатты ашуланды.
деп теріс дұға оқыды. Жеті күннен кейін әлгі Мухаллим өліп қалды. Қабірге қойып еді, қабір сыртқа шығарып тастады. Қанша мәрте қойса да жер қабылдамады. Сосын екі тастың ортасынан мықтап бір дуал жасап, оның денесін осылайша жасыруға мәжбүр болды.
Алтыншы мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дұғасымен қатар, қолын тигізу арқылы көрсеткен кереметтерінің әйгілі бірнешеуін баяндаймыз.
Біріншісі: Хазреті Халид ибн Уалидке (Сәйфуллаһқа) шашының бірнеше талын беріп, жеңімпаз болуы үшін дұға қылды. Хазреті Халид әлгі шаш талдарын қалпағында сақтапты. Сол шаштар мен дұғаның кәраматы болса керек қандай соғысқа қатысса да міндетті түрде жеңіп шығатын болыпты.
Екіншісі: Салман Фариси (Парсылық Салман) о баста Яһудилердің құлы болатын. Оның қожайындары азаттығы үшін көп құн талап етті. "Үш жүз құрма көшетін егіп, жеміс бергеннен кейін, қырық окка яғни шамамен 4,800гр алтын беріп қана бостандық аласың" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға келіп жағдайын айтты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өз қолымен Мәдинаның төңірегіне үш жүз көшет құрма отырғызды. Тек бір көшетті басқасы отырғызды. Сол жылы, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің отырғызған барлық көшеттер жеміс беріп, тек басқа адам еккен көшет жеміс бермеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оны да қайтадан өзі тікті. Ол да жеміс берді. Сосын тауықтың жұмыртқасындай бір алтынға түкірігін жағып дұға етті де Салманға берді. "Мынаны яхудилерге бер!" деді. Салман әлгі алтыннан қырық окканы оларға берді. Ал тауықтың жұмыртқасындай алтын байырғы күйінде қалды. Бұл оқиға Хазіреті Салманның өміріндегі оқиғалардың ең маңыздысы. Өйткені мұғжизамен қатысты. Мұны сенімді де атақты имамдар хабар берген.
Үшіншісі: Үмм-у Мәлік деген бір әйел сахаба, "Укке" деп аталатын кішкене бір май торсығынан Расулуллаһ Уәссәләмға май сыйлаушы еді. Бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм торсыққа дұға қылды да: "Мұны қатты сықпаңдар!" деді. Үмм-у Мәлік бала-шағасы май сұраған сайын Нәбидің дұғасының берекетімен торсықтан май шығатын. зақ уақыт жалғасты. Кейін торсықты сығып еді, берекеті кетті.
Жетінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дұғасымен және өзінің араласуымен сулар тәтті болып әдемі иіс бергені жайлы көптеген мысалдар бар. Екі-үшеуін үлгі ретінде баяндаймыз.
Біріншісі: Имам Бейһаки бастаған хадис мамандары былай деп хабар беруде: Биғри Куба деп аталатын құдықтың суы кейде тартылып таусылып қалатын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дәрет алған (жуынған) суын ішіне құйып дұға қылғаннан кейін соның берекетімен суы молайып еш тартылмады.
Екіншісі: Әбу Нуайм өзінің "Пайғамбарлық дәлелдер" атты кітабында және өзге де хадис кітабын жазушы кісілер былай деп
хабар беруде: Әнәстің үйіндегі құдыққа Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түкіріп дұға қылды. Содан кейін ол, Мәдинадағы суы тәтті құдық болды.
Үшіншісі: Ибн Маже былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға бір құмыра зәм-зәм суын алып келді. Бір ұрттам суды аузына алып құмыраға қайта төкті. Құмыра райхан гүлі сияқты хош иіс бере бастады.
Төртіншісі: Имам Ахмед ибн Ханбел былай деп хабарлайды: Құдықтан бір құмыра су тартылды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құмыраның ішіне аузының суын құйып құдыққа төккеннен кейін райхандай хош иіс шығара бастады.
Бесіншісі: Аллаһтың әулие құлдарынан Имам Мүсілім мен Мағриб ғұламаларының сенімді де атақтысы Хаммад ибн Селеме былай деп хабарлайды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм теріден жасалған торсыққа су толтырып аузына үрледі де дұға қылды. Сосын оны бір топ сахабаларға берді. Оларға: "Аузын ашпаңдар! Тек дәрет алар уақытта ғана ашыңдар!" деп бұйырды. Дәрет алар уақыт болып аузын ашып қараса тап-таза сүт, беті толы қаймақ. Міне, осы бес мысалдың кейбірі әйгілі, ал кейбірін үлкен имамдар баяндаған. Бұл жерде айтылмағандарымен қосқанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде күмәнсіз болғандығын көрсетеді.
Сегізінші мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолын тигізуі мен дұғасы арқылы сүтсіз, қысыр ешкілердің сүт беруі және сүтті болуының мысалдары өте көп. Біз, тек мәлім әрі сенімді екі-үш мысалын үлгі ретінде баяндаймыз.
Біріншісі: Мына оқиға Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны жазылған барлық сияр кітаптарда баяндалады: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддықпен бірге көшкенде Атикет Бинт-ил Хүзайе атты Үмм-у Мабедтің үйіне келеді. Оның сүтсіз, көтерем, қысыр бір ешкісі бар еді. Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Үмм-у Мабедтен: "Мынау сүт бере ме?" -деп сұрайды. Үмм-у Мабед: "Бұның бойында қан жоқ, сүт қайдан болсын" - дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм ешкінің арқасынан және желінінен сипап, дұға қылады. Сосын "Ыдыс әкеліп, сауыңдар!"-дейді. Сауылған сүтті Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Әбу Бәкір Сыддық екеуі ішкеннен кейін сол үйдегілер де тойғанынша ішіпті. Ал ешкі әлденіп, күйлі болып кетіпті.
Екіншісі: Шат ибн Месудтің әйгілі қиссасы. Ибн Месуд мұсылман болмай тұрғанда жұрттың малын бағатын. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық пен бірге ибн Месудтің ешкі бағып жүрген жеріне келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм ибн Месудтан сүт сұрапты. Ол: "Ешкілер менікі емес, өзгенің малы" - деп жауап береді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Маған қысыр, сүті жоқ бір ешкіні алып кел!" - дейді. Ол екі жыл теке көрмеген бір ешкіні алып келеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оның желінін сипап, дұға қылады. Сосын сауған кезде тап-таза сүт шығыпты. Бәрі тоя ішіпті. Ибн Месуд бұл мұғжизаны көргеннен кейін иманға келеді.
Үшіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мурдиасы, яғни, сүт анасы Халимей Садиенің ешкілеріне қатысты әйгілі қисса: Сол кездері құрғақшылықтың салдарынан малдар арық әрі сүтсіз болатын. Тойғанша қоректенетін шөп таба алмайтын. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сүт анасының жанына келгеннен бастап, оның берекетімен Халиме Садиенің ешкілері ақшам уақытында басқаларынан ерекше тоқ әрі желіндері тырсиып келуші еді. Мұндай оқиғалар сияр кітаптарында көп кездеседі. Бірақ айтпақ болған мақсатымызға осы үлгілер, жеткілікті.
Тоғызыншы мысал: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кейбір кісілердің басын, жүзін мүбәрак қолымен сипап дұға қылғанда көрінген кәраматтардың әйгілі бірнешеуін үлгі ретінде баяндаймыз.
Біріншісі: Омар ибн Садтың басын сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен сексен жасында қайтыс болған әлгі кісінің басында бір тал ақ шаш болмаған деседі.
Екіншісі: Қайс ибн Зейдтің басына қолын тигізіп, дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен жүз жасына келгенде шашының бәрі аппақ, тек Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолы тиген жер ғана қап-қара күйінде қалыпты.
Үшіншісі: Әбдуррахман ибн Зейд ибн Хаттабтың бойы аласа, түрі ұсқынсыз екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм басынан сипап дұға қылады. Сол дұғаның берекетімен бойы ұзарып, ең әдемі көрікке ие болады.
Төртіншісі: Хунейндегі соғыста Айз ибн Әмір бетінен жарақат алады. Бетіндегі қанды Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қолымен сүрткен екен. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолы тиген жер
Бесіншісі: Қатаде ибн Селманның бетінен сипап, дұға қылды. Қатаденің жүзі айна сияқты жарқырай бастапты.
Алтыншысы: Үмм-ү Селемнің қызы, яғни, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің өгей қызы Үмм-үл Мүминин Зейнептің кішкентай кезінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өзінің дәрет алған суын жүзіне шашып еркелеткен екен. Содан кейін Зейнеп таңғажайып сұлу, өте көрікті болып кетіпті. Бұған ұқсас көптеген мысалдар бар. Олардың көбін хадис имамдары баяндаған.
Бұл бөлімдердің бәрі бір ғана адамнан жеткен хабар, әлсіз шығар десек те, жалпы алғанда мағынауи тәуәтур дәрежесінде Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаләмның нақты мұғжизасын көрсетеді. Өйткені бір оқиға жеке жеке көптеген жолдармен әртүрлі баяндалса да, негізгі оқиғаның болғандығы анық болады. Айтылуы әртүрлі әрі әлсіз де болса, бәрі бір негізгі оқиғаны дәлелдейді.
Мысалға бір гүрсіл естілді дейік. Кейбіреулер пәленшенің үйі қирады деді. Өзгесі, басқа бір үй қирады деді. Тағы басқасы басқа бір үйді айтады. Айтылған әрбір хабар жеке дара әлсіз, болымсыз көрінуі немесе күмән туғызуы мүмкін. Бірақ негізінде бір үйдің қирағаны рас. Барлығы айналып келгенде соны айтып отыр. Ал жоғарыда айтылған алты хабар һәм тура, һәм кейбіреуі кең тараған. Бұлардың әр қайсысын әлсіз дегеннің өзінде барлығы қосылып, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің мұғжизасы шүбәсіз болғандығын нақты көрсетеді.
Міне, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ап-анық мұғжизалары әртүрлі жағдайда болған. Жекеленген түрдегісі әлгі жалпы нақты мұғжизаның көріністері немесе үлгілері ретінде. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қалайша қолы, саусақтары, түкірігі, демі, сөзі, яғни, дұғасы көптеген мұғжизаларға ұйытқы болса, дәл солай да Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің өзге сезімдері мен дене мүшелері көптеген ғажайып оқиғаларға себеп болған. Жазылған кітаптар мен тарих ол кәраматтарды баяндаған. Оның (с.а.у.) мінезі мен келбетінде және ішкі дүниесінде пайғамбарлықтың көптеген дәлелдері бар екендігін көрсеткен.
Бірінші бөлім жануарлар әлемі туралы: Олар да Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді таныған және мұғжизаларының көрінуіне себеп болған. Осы бөлімнің көптеген мысалдары бар. Біз тек бұл жерде әйгілі және мағынауи тәуәтур дәрежесінде нақты болған немесе мухаққиқин имамдар растаған немесе үммет мойындаған кейбір оқиғаларды үлгі ретінде баяндаймыз.
Бірінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесінде әйгілі, Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм Әбу Бәкір Сыддық екеуі, кәпірлердің қуғынынан құтылу үшін жасырынған Хира үңгірінің аузына екі көгершін күзетші сияқты қонақтап отырған, ал өрмекші болса, тоқымашы сияқты керемет түрде өзінің қалың торымен үңгірдің аузын жауып тастаған. Тіпті, Құрайыштың басшыларының бірі, Бәдір соғысында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қолымен өлтірілген Убеий ибн Халеф үңгірге үңілгенде серіктері оған: "Үңгірге кірейік!" депті. Сонда ол: "Кірудің қажеті жоқ. Мына өрмекшінің торын көрмейсің бе? Бұл Мұхаммед дүниеге келмей тұрғанда тоқылған тор. Және ішінде адам болса, мына екі көгершін отырар ма еді?" - депті. Сондай-ақ, мүбәрак көгершін тайпасы мұсылмандар Меккені жеңіп алған күні Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің төбесінде көлеңке жасап ұшып жүргенін Имамы Желил ибн Уәһһәб баяндайды. Сонымен қатар дәйекті түрде Хазреті Айша Сыддықа былай дейді: Үйімізде көгершінге ұқсас Дажин дейтін құс болатын. Үйде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм болғанда еш тыпыршымайтын, тыныш тұратын. Ал, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм үйден шықса болды, әлгі құс орнында тұра алмай тыпыршып кететін. Демек, ол құс Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танып, тыңдаушы еді, оның алдында тып-тыныш тұратын.
Екінші оқиға: Тәуәтур дәрежесінде бес-алты кісі риуаят еткен қасқырға қатысты оқиға. Таң қаларлық осы қисса көп жолдармен
әйгілі сахабалардан жеткен. Мысалы, Әбу Сәид-ил-Худри мен Сәлеме ибн Әкуа және ибн Әбу Уәһәб пен Әбу Хүрейре және сол оқиғаның куәсі, шопан Ухбан сынды бірнеше кісілер хабар беруде.
Бір қасқыр, ешкілердің біреуін ұстап алып жегелі жатқанда, шопан араша түсіп қасқырдың аузынан құтқарып қалады. Сонда қасқыр: "Аллаһтан қорықпай, менің ризығымды тартып алдың!" дейді. Сонда бұл жағдайға шопан аң-таң болып: "О, ғажап! Қасқыр сөйлейді екен-ау!" депті. Қасқыр болса: "Таңғаларлық сенің жағдайың ғой! Мына таудың арғы жағына бір кісі келді, сендерді жәннатқа шақырып жатыр. Өзі пайғамбар. Ал сен болсаң оны танымайсың?". Барлық риуаяттар бір ауыздан қасқырдың сөйлегенін растайды. Сонымен қатар, Әбу Хүрейре өз хабарында былай дейді: Шопан қасқырға: "Жарайды мен барамын-ау, бірақ, менің ешкілерімді кім бағады?" дейді. Сонда қасқыр: "Мен бағамын" депті. Шопан малын қасқырға тапсырып, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді көріп, иман келтіріп, қайтып оралады. Қараса, қасқыр ешкілерді бағып жүр. Ешқандай шығын жоқ. Оған бір ешкіні сойып беріпті. Өйткені ол оған ұстаздық етті.
Бір риуаятта, Құрайыштың басшыларынан Әбу Суфиян мен Сафван Харем Шерифке бір киіктің соңынан бір қасқырдың ілесіп келгенін көреді. Қасқыр кері қайтады. Олар аң-таң болады. Себебі қасқырға тіл бітіп, Мұхамедтің (с.а.у.) пайғамбар екенін хабарлапты. Әбу Суфиян Сафуанға: "Бұл қиссаны ешкімге айтпайық. Меккенің халқы үдере көшіп соларға қосылып кетер" деген екен. Сонымен, қасқырдың қиссасы сенімді әрі мағынауи тәуәтур дәрежесінде екені анық болды.
Үшінші оқиға: Бес алты жолмен, атақты сахабалардан баяндалған түйеге қатысты оқиға. Әбу Хүрейре, Салебе ибн Мәлік, Жабир ибн Абдуллаһ, Абдуллаһ ибн Жафар мен Абдуллаһ ибн Әби Әуфа және солардың риуаяттарын бізге жеткізуші басқа да сахабалар, бір ауыздан хабар беруде: Бір түйе Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмды құрметтеп бас иіп сәлем берген соң, екеуі сөйлесіпті. Кейбір риуаяттарда былай айтылады: Ол түйе, ашу шақырып, құтырып, адамдарды жанына жолатпай қойған деседі. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм келген кезде түйе моп-момақан түрде, құрметпен сәжде еткендей алдына кеп шөгеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм мойнына жіп байлайды. Түйе, Расулуллаһ
Алейһиссалату Уәссәләмға: "Мені машақаты мол, ауыр жұмыстарға салып, енді сойғалы жатыр. Сол үшін ашуландым" депті. Түйенің иесінен: "Солай ма?" деп сұрағанда "Иә" деп жауап береді. Сондай-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің Адба дейтін түйесі болатын, ол Нәби (с.а.у.) қайтыс болған соң, қайғысынан құса болып, еш нәрсе жемей, су да ішпей, ақыры сол күйінде өлді. Сол түйенің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен маңызды бір қиссаны сөйлескендігін Әбу Исхақ Исферани сынды кейбір атақты имамдар хабар берген. Нақты хабарда айтылғанындай: Бір сапарда Жабир ибн Абдуллаһтың түйесі қатты шаршапты. Тіпті, жүре алмай зорығып қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түйені жай ғана түрткенде, әлгі түйе, Ахмедтің (с.а.у.) мұндай ілтипатына қуанып, ширағаны соншалық бұйдасына ие болу қиынға соққан деседі. Ешкімге жеткізбепті. Мұны Хазреті Жабир айтады.
Төртінші оқиға: Имамы Бұхари бастаған хадис имамдары былай хабарлайды: Түннің бір уағында Мәдина шәһарының сыртынан жау шаппқандай дауыс естілді. Атты сарбаздар солай қарай шаба жөнелді. Қараса, бір кісі келе жатыр екен. Ол Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм болатын. Байыпты түрде: "Алаңдайтын ештеңе жоқ!" депті. Сөйтсе, батырлығының талабына сай Расулуллаһ Әбу Талханың әйгілі атына мініп, бәрінен бұрын барлап қайтыпты. Әбу Талхаға қарап:
Яғни: "Сенің атыңның жүрісі де шабысы жақсы екен"- депті. Ал негізінде, Әбу Талханың аты "катуф" дейтін, нағыз сылбыр аттың өзі еді. Бірақ сол түннен кейін, оған ешбір ат жете алмайтын жүйрік болып кетті. Һәм дәлелді хабар бойынша, бірде, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сапарда намаз оқу үшін, атына: "Тоқта!" дейді. Ат қаққан қазықтай тырып етпей сол қалпында тұра қалады. Намаз аяқталғанға дейін ешбір ағзасын қимылдатпапты.
Бесінші оқиға: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметшісі Сәфине Иеменнің әкімі Муаз ибн Жебелге бару үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнан әмір алып жолға шығады. Жолда арыстанға тап болады. Сәфине, оған: "Мен, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қызметкерімін" дейді. Арыстан ақырғанымен тиіспей кете берген. Өзге бір риуаятта былай делінген: Сәфине қайтар жолда адасып кетіп, бір арыстанға жолығады. Арыстан оған тиіспей қайта жол көрсетіп жіберген.
Хазреті Омардан жеткен риуаятта былай делінген: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына бір араб келеді. Оның қолында "Дабб" деп аталатын кесіртке бар еді. Әлгі араб: "Егер мына хайуан саған куәлік етсе, мен саған иман келтіремін, әйтпесе, иман келтірмеймін"- дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм әлгі хайуаннан сұрағанда, кесіртке анық бір тілмен пайғамбарлығына куәлік етіпті.
Үммүл-мүминин Үмму Сәлеме айтады: Бір киік Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләммен сөйлесіп, пайғамбарлығына куәлік етті.
Мұндай мысалдар көп. Біз тек сенімді әрі кең тараған бірнешеуін үлгі ретінде көрсеттік. Енді Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмді танымаған және мойынсұнбаған жандарға айтарымыз: Ей, адам! Ғибрат ал! Қасқыр, Арыстан Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләмді танып, мойынсұнып жатыр. Ендеше сендер де хайуаннан, қасқырдан төмен болмауға тырысуларың керек.
Екінші бөлім: Жаназалардың, жындардың және періштелердің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танитыны жайлы. Бұның да көптеген мысалдары бар. Үлгі ретінде, әйгілі және сенімді Имамдар хабарлаған бірнешеуін баяндаймыз. Әуелі жаназалардан бастаймыз. Ал, жындар мен періштелерге қатысты оқиғалар толық тәуәтур, анық әрі сенімді. Олардың мысалдары бір емес, мыңдап саналады. Енді, өлі жандардың сөйлегені туралы айтайық.
Біріншісі: Табииндер заманының бетке тұтар ғұламасы, ғылымның сан алуан саласын меңгерген ұлы ұстаз әрі Имам Алидің озат шәкірті Хасан Басри былай дейді: Бір адам, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келіп, жылап сықтады. "Менің кішкентай бір қызым бар еді, мына сайдың ішінде өлді, сол жерге көміп кеттім" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оны аяп, "Жүр, сол жерге барайық" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм өлген қызға: "Ей, пәленше!" деп атын атап шақырады. Өлген қыз кенет:
"Ләббәйк!" дейді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: "Әкең мен шешеңнің жанына қайтқың келе ме?" дейді. Сонда ол қыз: "Жоқ, мен олардан да қайырлысын таптым"- деген екен.
Екіншісі: Имам Бейһаки және Имам ибн Адии сынды танымал Имамдар Хазіреті Әнәс ибн Мәліктен риуаят етуде: Бір кәрі әйелдің жалғыз ұлы бар еді. Кенеттен қайтыс болды. Әлгі діндар әйел қатты қайғырып, "Я, Раб! Бұл жерге Сенің ризалығың үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің елшілігі мен қызметі үшін көшіп келіп едім. Сол Расулдың (с.а.у.) құрметіне менің өмірдегі рахатымның кепілі жалғыз баламды кешіре гөр!" деп жылады. Әлгі өлген адам орнынан тұрып, бізбен бірге тамақ ішті.
Имам Бусиридің әйгілі өлеңі осы ғажап оқиғаға ишара әрі түсініктеме береді.
Яғни: Егер Оның (с.а.у.) белгі-нышандары Оның (с.а.у.) ұлылығы мен қаншалықты қабыл болғандығын көрсететін дәрежеде болса, Оның есімі аталғанда жаңа өлгендер ғана емес, шіріген сүйектер де тірілер еді.
Үшінші оқиға: Бірінші болып Имам Бейһаки бастаған риуаят етушілер Абдуллаһ ибн Убейдуллаһ-ил Әнсариден былай деп хабар беруде: Абдуллаһ айтады: Сабит ибн Кайс ибн Шеммас Иемаме соғысында шәйіт болып, қабірге қойған кезде мен жанында едім. Қабірге қойылып жатқанда, кенет оған тіл бітіп:
деді. Біз ашып қарадық. Денесі өлі, жансыз еді. Ол кезде Хазреті Омар әлі халифа болмаған кез. Демек, сол кездің өзінде Хазіреті Омардың шәйіт болатынын хабарлап отыр.
деп бір сәт сөйледі. Қарасақ, жансыз, өлі.
Міне, жансыз жаназалар Оның (с.а.у) елшілігін растап жатса, кеудесінде жаны барлар мойындамаса, әлбетте, ондай "тірі өліктер" жансыз заттан бетер жансыз, өліктен де өткен өлі болғаны.
Ал, Періштелердің Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қызмет көрсетуі және жындардың оған иман етіп мойынсұнуы тәуәтур дәрежесінде анық. Құранның көп аяттарымен дәлелденген "Бәдір" соғысында бес мың періште дос-жарандары сияқты қызғыштай қорғап, әскері болған. Тіпті, ол періштелер "Бәдір" соғысына қатысқан сахабалар секілді өз арасында зор беделге ие. Бұл мәселенің екі жағы бар.
Біріншіден: Жындар мен періштелердің тайпалары хайуанат пен адам тайпалары сияқты бар екендіктері шүбәсіз және бізбен байланыста. Мұны Жиырма тоғызыншы Сөзде екі жердегі екі төрт болатынындай анық дәлелдеген болатынбыз. Дәлелдеуді сол Сөзге қалдырамыз.
Екінші жағы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің саясында, оның мұғжизасы ретінде үмметінің де періштелерді көріп, сөйлесуі. Бұхари мен Имам Мүсілім сынды хадис Имамдары бір ауыздан былай деп хабарлайды. Бірде Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләм сахабаларымен отырғанда, Періште, яғни, Хазреті Жәбірейіл ақ киімді адам бейнесінде жанына келіп:
деді. Яғни, «Иман деген не? Ислам деген не? Ихсан деген не? Түсіндірші!» депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм түсіндіріп берді. Сол жердегі сахабалар әрі дәріс алды әрі оны жақыннан көрді. Ол өзін жолаушы деп таныстырғанымен нақ жолаушыға ұқсамайтын. Орнынан тұрып біраз жүрген соң, бірден көзден таса болды. Сол кезде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм: «Сендерге дәріс беру үшін Жәбірейіл періште әдейі осылай істеді» деді. Тәуәтур дәрежесінде нақты риуаяттар арқылы, хадис имамдары былай деп баяндайды: "Сахабалар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанында Хазреті Жәбірейілді көп мәрте, келбетті де көркем Дыһие дейтін
сахабаның бейнесінде көруші еді. Мысалы, Хазреті Омар мен ибн Аббас, Үсаме ибн Зейд, Харис, Айша Сыддықа және Үмми Селеме сенімді риуаяттармен былай дейді: Біз Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнің жанында Хазреті Жәбірейілді Дыһиенің бейнесінде көп көретінбіз. Бұл кісілердің көрмесе де, көрдім деуі әсте мүмкін бе? Ашара-и Мүбәшшереден Иран жеңімпазы Сағад ибн Әбу Уаққас баяндайды: «Ухуд соғысында, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің екі жағында ақ киімді екі қорғаушы көрдік. Екеуінің де періште екені, олар Хазреті Жәбірейіл мен Микаил екені белгілі болды». Апырмай! Мұндай Исламның қаһарманы көрмеген нәрсесін көрдім деуі мүмкін бе?
Әбу Суфиан ибн Харис ибн Абдулмүтталиб (Нәбидің көкесінің баласы) баяндайды: «Бәдір соғысында, көк пен жердің арасында ақ киімді атты кісілерді көрдік».
Хазреті Хамза бірде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға: «Жәбірейілді көргім келеді» деп өтініш жасайды. Сонда оған Қағбада көрсеткен екен. Шыдай алмай, есінен танып құлап түседі. Періштелерді көру оқиғалары өте көп. Бұл оқиғалардың барлығы Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм мұғжизаларының бір ғана дәлелі. Періштелер Оның (с.а.у.) Пайғамбарлық нұрына көбелектей үймелейтін.
Енді, жындармен кездесу және көру оқиғалары сахабаларға ғана тән емес, тіпті, қарапайым үмметі де кездесіп, сөйлескендігі жайлы оқиғалар көп. Бірақ ең сенімді, ең тура хабарды хадис имамдары жеткізуде. Ибн Месуд: "Батны наһл деген жерде жындар Пайғамбарымызға иман еткен түні, мен жындарды көрдім. Оларды Судан қауымының Зут деп аталатын ұзын бойлы тайпасына ұқсаттым, соларға ұқсайтын сияқты дейді.
Белгілі, хадис имамдары дәлелдеп, бәрі бір ауыздан қабылдаған Хазреті Халид ибн Уәлид оқиғасы. Ол Узза деген пұтты қиратқан кезінде пұттың ішінен әйел бейнесінде қап-қара бір жын шыққан. Хазреті Халид қылышпен жынды екіге бөледі. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бұл оқиғаға байланысты былай деді: "Узза пұтының ішінде отырған жынға құлшылық қылынатын. Бұдан кейін оған ғибадат етілмейді".
Хазіреті Омардан жеткен риуаят: " Біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің қасында отырғанда қолында аса таяғы бар шал тәрізді "хами" деген бір жын келіп, иман келтірді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оған бірнеше қысқа сүрелерден дәріс берді. Дәрісін алған соң кетті. Осы соңғы оқиғаға кейбір хадис имамдары қарсылық білдірген. Дегенмен маңызды имамдар дұрыс деп қабылдаған. Иә, мұғжизаның бұл түрі туралы ұзақ әңгімелеудің қажеті жоқ, мысалдары көп.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің нұры мен тәрбиесі арқылы және оған еру арқылы Шейх Гейлани сияқты мыңдаған ақтаб-асфиялар періштелермен, жындармен жүздескен, сөйлескен және мұндай оқиғалар жүз тәуәтур дәрежесінде нақты әрі саны өте көп.
Иә, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі періштелермен, жындармен кездесіп, сөйлесуі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің тәрбиесі өте керемет екенін, таңғажайып түрде тура жолға салғандығын көрсетеді.
Үшінші бөлім: Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмді құдай сақтап, дін аман қалуы және Оның (с.а.у) бейкүнәлігі жайлы нақты мұғжизалар
деген қасиетті аяттың ашық ақиқаты, көптеген мұғжизаларды қамтиды. Иә, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бір ғана тайпаға, бір қауымға, кейбір саясатшыларға немесе бір дінге ғана емес, барлық діндерге жалғыз өзі қарсы шықты. Сол кезде оған өзінің немере ағасы ең үлкен жауы еді. Өз тайпасы да, руы да дұшпан болатын. Сөйте тұра жиырма үш жыл бойы күзетшісіз, қорғаушысыз және көп мәрте дұшпанның зұлымдығына душар болса да, ең бақытты өмір сүріп, төсегінде жайбарақат жан тапсырып, періштелер әлеміне сапар шеккенге дейін аман сақталуы және бейкүнәлігі
аятының қаншалықты қуатты да терең ақиқатты білдіргендігін, және бұл нендей мықты сүйеніш екендігін күндей жарқын етіп көрсетеді. Біз, тек үлгі ретінде, шүбәсіз белгілі болған бірнеше оқиғаны баяндаймыз.
Бірінші оқиға: Хадис және сияр кітаптары бір ауыздан былай деп хабарлайды: Құрайыш қауымы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді өлтіру үшін өзара ұйымдасып, тіпті, адам бейнесіне кіріп алған шайтанның жетекшілігімен, кейін Құрайыштардың ішіне
іріткі түспеуі үшін әр қауымнан кем дегенде бір адамнан алып, екі жүзге жуық адам Әбу Жәһил мен Әбу Ләһәбтың бұйрығымен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің мүбәрак үйін қоршауға алады. Расулуллаһ Уәссәләмнің жанында Хазреті Али бар болатын. Пайғамбарымыз оған: "Сен, бүгін түнде менің төсегіме жат" деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құрайыштар келіп, үйді айнала қоршағанға дейін күтті. Содан кейін сыртқа шығып оларға бір уыс топырақ шашты. Араларынан қалай өтіп кеткенін ешкім байқамай қалды. Және Хира үңгірінде Оны (с.а.у.) екі көгершін мен бір өрмекші бүкіл Құрайыштан қорғап қалды.
Үшінші оқиға: Әртүрлі жолдармен жеткен риуаяттар бойынша хадис ғалымдары былай деп хабарлайды: Әнмар мен Гатафандағы соғыста Гаврес деген ру басы әрі батыр жасырын келіп Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің ту сыртынан қылышын көтеріп тұрып: "Сені менен кім құтқарады?" депті. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.)
"Аллаһ!" деп, артынша:
деп дұға оқығанда, кенет Гаврес екі жауырынының ортасынан ғайыптан бір соққы жеп, қылышы қолынан түсіп кетеді де, оңбай құлайды. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қылышын алып, "Енді сені кім құтқарады?" дейді. Дегенмен, оған кешірім жасапты. Ол өз тайпасына оралған кезде, сондай ержүрек, батыр адамға бәрі таңқалып: "Саған не болды, неге ешнәрсе істей алмадың?" дегенде: "Оқиға осылай болды. Мен қазір ең жақсы адамның қасынан келе жатырмын" - деген екен.
Осы оқиғаға ұқсас Бәдірдегі соғыста бір мүнапық, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмды тығылып келіп, қылышымен ту сыртынан шаппақ болады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жалт қарағанда әлгінің аяқ-қолы дірілдеп, қылышы жерге түсіп кетеді.
Төртінші оқиға: Мағынауи тәуәтур дәрежесіне жақын және
аятының түсу себебіне тәпсір жасаған көптеген ғұламалар мен хадис Имамдары былай хабарлайды: Бірде Әбу Жәһил: "Мен, Мұхаммедтің сәжде етіп жатқанын көрсем, мына таспен ұрамын" деп ант етеді. Сөйтіп, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сәжде етіп жатқанда үлкен бір таспен ұрмақшы болады. Кенет қолдары көтерілген күйі қатып қалады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намазын аяқтап орнынан тұрғаннан кейін барып Әбу Жәһилдің қолдары шешіледі. Яғни, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің рұқсатымен немесе қажет болмағасын қолдары босапты. Тағы сол Әбу Жәһилдің тайпасынан біреу, кейбір риуаяттарда Уәлид ибн Мүғире деседі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сәждеде жатқанда ұрмақ болып үлкен бір тас алып, Әл Харам Мешті не барады. Сол кезде көздері көрмей қалыпты. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді таба алмай сандалып жүреді. Өзін жібергендерді де көре алмай, тек дауыстарын естіпті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм намаздан шыққан соң ғана, көздері ашылыпты.
сүресі түскеннен кейін Әбу Ләһабтың әйелі Үмму Жәмил, яғни,
бір тас алып Әл Харам Мештіне келеді. Әбу Бәкір
мен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм сол жерде отыр екен. Әбу Бәкір Сыддыққа қарап: "Әй, Әбу Бәкір! Сенің досың қайда? Естуімше, ол мені жамандапты. Оны (с.а.у.) көрсем, мына таспен аузынан ұрар едім" - дейді. Жанында тұрған Хазреті Пайғамбар Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді көрмепті. Иә, көре алмапты. Аллаһтың тікелей өзі қорғайтын және күллі әлемнің Сұлтаны болған Расулулллаһтың аузынан (с.а.у.) мұндай жәһаннамға отын тасушы қатын ұрмақ түгілі Оның (с.а.у.) дәл қасында тұрып көре алатын ба еді?!
Бесінші оқиға: Дәлелді риуаяттар арқылы жеткен бір оқиға. Әмір ибн Туфейіл мен Әрбед ибн Қайс екеуі келісіп: "Мен оны алдандырып тұрғанда, сен ұрасың!" дейді. Сөйтіп, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің жанына келеді. Әрбед ешнәрсе істей алмайды. Былай шыққан соң жолдасы оған: "Неге ұрмадың?"- дейді. "Қалай ұрамын, қаншама ниет етсем де, екеуміздің ортамызға сен тұра қаласың. Сені қалай ұрамын?" - депті.
Алтыншы оқиға: Тура дәлелдермен жеткен хабар. Ухуд немесе Хүнейіндегі соғыста Шейбе ибн Осман Әл-Хажеби деген адам (Хазреті Хамза оның немере ағасын және әкесін өлтірген болатын) кегін алу үшін Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмнің дәл артынан жасырын келіп жалаңдаған қылышын шығарады. Кенет қылышы қолынан түсіп кетеді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм оның жүзіне тура қарап, қолын оның кеудесіне қойған екен. Ол оқиға туралы өзі былай дейді: "Сол сәтте дүниеде одан артық сүйікті адам жоқ еді". Сол жерде иманға келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған былай деп бұйырды: "Кәне, алға! Соғыс!" Шейбе айтады: "Мен Расулуллаһтың (с.а.у.) алдына түсіп алып, шайқастым. Егер алдымнан әкем шықса да, шауып тастар едім".
Жетінші оқиға: Нақты жеткен хабар бойынша, яһудилер қастандық ниетімен Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм отырған жердің үстінен үлкен бір тасты тастамақшы болғанда, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Аллаһтың сақтауымен орнынан тұрып кетіп қалады. Қастандықтары іске аспай қалады.
Осы жеті мысал сияқты көптеген оқиғалар бар. Тағы да Имам Бұхари мен имам Мүсілім бастаған хадис имамдары, Хазреті Айшадан
деп бұйырды. Яғни: "Қорғаудың қажеті жоқ, Мені Раббым қорғайды".
Осы жерге дейін жаратылыс атаулының әрбір түрі, әрбір әлем Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді танитындығы, алаңдайтындығы баяндалды. Әртүрлі жаратылыстан оның мұғжизасын көруге болатыны айтылды. Демек Ол (с.а.у.) бүкіл әлемнің Раббысы, Хақ Тағаланың әмірін орындаушы, әрі елшісі. Иә, патшаның жоғары мәртебелі бақылаушысын, қызметкерін барша жұрт біледі, таниды. Қандай да бір жерге барса, сол жермен байланыста болады. Өйткені, патша ағзамның атынан жүріп, атқарар міндеті бар. Егер, тек қана заңгерлердің бақылаушысы болса, онда заңгерлермен ғана байланыста болар еді. Өзгелер оны жақсы танымас болар. Егер, әскери орындардың бақылаушысы болса, әкімшіліктегілер оны білмес еді. Осыдан-ақ түсінікті, Оны (с.а.у.) Аллаһтың қол астындағылардың бәрі дерлік, періштеден бастап, шыбын мен өрмекшіге дейінгі әрбір мақұлық таниды, біледі, білдіреді. Демек, Ол (с.а.у.) Пайғамбарлардың ең соңғысы және бүкіл әлемнің Раббысының елшісі. Барлық әнбиялардан жоғары және Оның жалпыға ортақ Пайғамбарлық міндеті бар.
ОН АЛТЫНШЫ ИШАРА: Ирһасат деп аталатын, пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл да үш бөлімнен тұрады.
БІРІНШІ БӨЛІМ: Тәурат, Інжіл, Зәбур және кейбір әнбияларға түскен парақтардың Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы жайында берген хабарлары. Ол туралы Құранда айтылған. Ол кітаптардың Аллаһтан келгені рас. Әлбетте ол кітаптардың иелері пайғамбарлар екеніне шүбә жоқ. Олай болса олардың діндерін жаңартқан, әлемнің кейпін өзгерткен, жер шарының жартысын өзі әкелген нұрымен нұрландырған бір Кісі (с.а.у.) жайлы сөзсіз хабар беруі қажет әрі міндетті. Иә, қарапайым оқиғалардың
өзін хабарлаған әлгі кітаптар, адамзат тарихының ең үлкен оқиғасы Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығын хабардан тыс қалдыруы әсте мүмкін емес? Әрине олар хабар берген. Я өтірікке шығарып діндерін бұзылудан, кітаптарын жойылудан құтқарған болуы керек не болмаса туралығын растап сүйіншілеуі керек. Олар сол ақиқатшыл Кісі (с.а.у.) арқылы ғана өз діндерін адам нанғысыз аңыз-ертегілерден, өзгеріске ұшыраудан сақтап қалады. Алайда, дос түгілі дұшпанның өзі мақұлдаған Ол Кісінің (с.а.у.) пайғамбарлығын өтірікке шығаратын бірде-бір сөз еш бір кітапта жоқ. Олай болса, растау бар. Әлбетте растауды керек ететін себеп пен салдар жеткілікті. Біз қазір, сол растағандарын көрсететін үш бұлтартпас дәлел баяндаймыз.
Бірінші дәлел: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм, Құранның тілімен оларға: "Кітаптарыңызда, менің белгілерім мен сипаттарым бар. Мен айтқан хабарларды кітаптарыңыз да растауда" дейді.
деген аяттармен оларға қарсы үндеу тастады. "Тәураттарыңды әкеліңдер, оқыңдар көрейік! Бәріміз бала-шағамызбен қоса Хақ Тағаланың алдында қол жайып, өтірікшілерге "Аллаһтың лағнеті жаусын!" деп дұға қылайық" деп әрдайым олардың есіне салып қанша ескертсе де ешқандай яһуди немесе христиан дінбасы, оның бірде бір қатесін тауып көрсете алмады. Егер көрсеткенде өздері өте қырсық, іші тар, қызғаншақ кәпірлер мен мұнапық яһудилер, тіпті бүкіл кәпірлер әр тарапқа жар салар еді. Һәм оларға былай деді: "Я қатемді табыңдар, я болмаса сендерді жеңгенге дейін жиһад қыламын!". Міне, олар қолына қылыш алып соғысуды таңдады бірақ масқара болды. ақырында көшіп тынды. Демек қатесін таба алмады. Бір қате тапқанда аман қалар ма еді?!.
Екінші дәлел: Тәурат, Інжіл және Зәбурдың ғибрат сөздері Құран сияқты мұғжиза болмағандықтан әрі қайта-қайта әр тілге аудар-ылғандықтан ішіне бөтен сөздер көп енген. Һәм тәпсір- етушілер-дің
сөздері мен қате түсініктері аяттардың орнын алмастырды. Сонымен қатар кейбір надандардың және кейбір қаскөйлердің бұрмалаулары да қосылды. Осылайша бұл кітаптарда бұрмалану, өзгерістер көп кездеседі. Тіпті әйгілі ғалым Шейх Раһметуллаһи Хинди аталған кітаптардың мыңдаған жерінен бұрмаланған сөздерді монахтарға, яһуди, христиан дінбасыларына дәлелдеп көрсетіп, көздерін жеткізді. Осыншама бұрмаланып өзгертілгеніне қарамастан, осы заманның өзінде, әйгілі Хүсейн Джисри (Раһметуллаһи ғалейһ) әлгі кітаптардан Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайында жүз он төрт дәлел тапқан. Ол бұл жөнінде "Рисале Хамидие" атты кітабында жазған-ды. Ол кітапты марқұм Манастырлық Исмайл Хаққы аударған. Ізденген кісі сол кітапты оқысын.
Сондай-ақ, көптеген яһуди және христиан дінбасылары, ашықтан-ашық: "Кітаптарымызда араб Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнің сипаттары жазулы" деп мойындаған. Әйгілі Рим патшасы Хиракл мұсылман болмаса да мойындап, "Иә, Иса Ғалейһиссалам, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның келетінінен хабар берген"-деген.
Рим патшасы және Мукавкис есімді Мысыр әмірі және яһуди дінбасыларының ең танымалдыларынан болған ибн Суриа мен ибн Аһтаб және оның бауыры Каб бин Әсед пен Зубейір Бин Батиа сынды әйгілі дінбасылар мен патшалар мұсылман болмаса да, "Кітаптарымызда оның сипаттары бар, ол туралы айтылады" деп ашығын айтқан.
Яһудилердің әйгілі дінбасылары мен христиандардың танымал поптары, аталмыш кітаптардан Мұхаммедтің (с.а.у.) сипаттарын көргеннен кейін өз ұстанымдарын тастап, иманға келген. Пайғамбарымыздың сипаттарын Тәурат пен Інжілден көрсету арқылы өзге де яһуди және христиан дін басыларының ауыздарына құм құйды. Мысалы, әйгілі Абдуллаһ ибн Селам, Уаһһаб ибн Мүнеббиһ және Әбу Ясир мен Шамул. (Бұл кісілер Иемен патшасы Туббаның замандастары. Тубба Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрмей-ақ, пайғамбарлық келуінен бұрын иман келтірген. Шамул де солай...) Сонымен қатар Сайенің екі ұлы Әсид пен Салебе туралы мынадай бір оқиға бар. Ибн Хәйбан деген құдай жолында жүрген кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келуінен бұрын Бәнни Надир қауымына қонақ боп отырып:
дейді және сол жерде қайтыс болады. Кейін сол Бәнни Надир қауымы Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қарсы соғысқан кезде Әсид пен Салебе ортаға шығып, әлгі қауымға былай деп айқайлайды:
яғни: "ибн Хәйбанның хабар бергені осы кісі, сендер онымен соғыспаңдар!". Бірақ олар айтқанды тыңдамады, бастары бәлеге қалды. Яһуди ғалымдарынан ибн Буниамин мен Мухайрық, Каб-үлі Аһбар, Нәбидің (с.а.у.) сипаттарын кітаптарында көргеннен кейін иманға келді. Иманға келмеген басқаларға да дәлелдеп берген. Сондай-ақ, христиан дінбасыларынан жоғарыда айтылып өткен танымал Бухейра Раһиб деген кісі, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм он екі жасында Шам тарапына ағасымен бірге сапар шеккенде әлгі Бухейра Раһиб, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне Құрайыштықтарды үйіне шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) керуенді күзетіп қалып қояды. Қараса, керуенге көлеңке түсіріп келген шағын бұлт керуен тоқтаған жерде қалып қойыпты. "Демек іздеген адамым сол жерде қалған екен!" деп адам жібереді. Оны (с.а.у.) да шақыртады. Сосын Әбу Талибке: "Сен Меккеге кері қайт! Яһудилер өте қызғаншақ халық. Бұл Кісінің (с.а.у.) сипаттары Тәуратта жазулы. Егер олар көрсе қиянат жасайды" дейді.
Һәм Настур-ул Хабеше мен Хабеш патшасы Неджаши Хазреті Мұхаммедтің (с.а.у.) сипаттарын, яғни, танытушы белгілерін киелі кітаптарында көргендіктен екеуі бірдей иман еткен. Һәм Дағатыр атты әйгілі бір христиан ғалымы да Пайғамбарымыздың сипаттарын көріп, иманға келген. Ол римдіктердің ішінде жария қылып, шәйіт болды. Сондай-ақ, христиан патшаларынан Харис ибн Әбу Шүмер-ул Гасани, Шамның ірі дінбасылары мен патшалары, яғни, Сахиб Илия мен Хиракл және ибн Натур мен Жаруд сынды әйгілі кісілер киелі кітаптарында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сипаттарын көріп, иман келтірген. Тек Хиракл дүниелік патшалығынан айрылып қалмау үшін иманын жария қылмаған.
Һәм осылар сияқты Салман Фариси (әлі иман келтірмеген кезі) о баста христиан еді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көргеннен кейін ізденіп мұсылман болды. Темин дейтін танымал ғалым және әйгілі Хабеш патшасы Неджаши, Хабеш
христиандары, Нежран дінбасылары, бәрі бір ауыздан: "Біз, Нәбидің (с.а.у.) сипаттарын кітаптарымыздан көрдік, сол үшін иманға келдік" - деген.
Үшінші дәлел: Үлгі ретінде Тәурат, Інжіл, Зәбурдың Пайғамбарымыз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға қатысты аяттарынан бірнешеуін көрсетеміз.
Біріншісі: Забурда мынадай бір аят бар:
"Мүқим-үс Сүнне" Мұхаммедтің (с.а.у.) бір есімі. Інжілдің аяты:
яғни: Мен сіздерге Фарақлиттің келуі үшін кетіп барамын, яғни, Ахмед келсін (Ахмед, Мұхаммед Пайғамбардың киелі кітаптағы бір аты ).
яғни: "Хазреті Исмаилдың анасы Хажар, көп баланың иесі болады және оның балаларынан біреуі шығады. Ол баланың (с.а.у.) қолы, барлығынан үстем келеді. Бәрі де оған қол қусырып, құшақ жаяды".
яғни: "Исрайл қауымының бауыры болып табылатын Исмаил
қауымынан саған ұқсаған біреуді жіберемін. Мен сөзімді оның аузына саламын.Ол менің уахиыммен сөйлейді. Оны қабыл етпегендерге азап беремін".
Атақты жеті Абдуллаһтың бірі, Құраннан бұрыңғы кітаптарға көп зерттеу жасаған Абдуллаһ ибн Әмр ибн Ас және әйгілі яһуди ғалымдарының ішінен ең бірінші мұсылман болған Абдуллаһ ибн Селам мен Каб-уль-Аһбар атты Исраил қауымының ғұламалары сол заманда әлі де болса көп өзгеріске ұшырамаған Тәураттан төмендегі аятты жария қылып баршаға көрсетіпті.
Аяттың бір бөлімінде былай делінген: Аллаһ Тағала Хазреті Мұсамен (ғ.с.) сөйлескеннен кейін келешек пайғамбарға арнап былай деді.
Міне осы аятта "Мұхаммед" сөзі, Мұхаммед мағынасында Ассириялық бір есіммен берілген.
Бұл аятта, Исхақ қауымының бауырлары болып табылатын Исмаил қауымынан және Хазреті Мұсадан соң келген пайғамбарға арнап айтылуда.
Міне "Мұхтар" сөзінің мағынасы "Мұстафа" ол Пайғамбарымыздың (с.а.у) есімі. Інжілде Исадан (ғ.с.) кейін келетін және Інжілдің бірнеше аятында "Әлемнің басшысы" атымен сүйіншіленген Нәбиді сипаттауға қатысты:
Міне осы аят "Қылыштың иесі және жиһад жасаушы бір Пайғамбар келеді деп тұр. Қадиб-і Хадид қылыш деген. Сонымен қатар үмметі де Өзі сияқты қылыштың иесі. Яғни жиһад жасайтындығын Фәтх сүресінің соңында".
аяты, Інжілдің осы аяты сияқты, басқа аяттарына да ишара етіп, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның қылышпен жиһад жасайтындығын Інжілмен бірге паш етуде.
Тәураттың бесінші бөлімінің Отыз үшінші бабында мынадай бір аят бар: "Хақ Тағала, Сина тауында бізге назары түсіп Сайрде (Шам тауынан) жарықпен шығып Фаран тауларында көрінді".
Міне осы аят, "Сина тауында Икбал-и Хақ" -- яғни Хақ жолына бағдар берді деген сөзімен Мұсаның (ғ.с.) пайғамбарлығын, ал Саирде шықты деу арқылы Шам тауларындағы Исаның (ғ.с.) пайғамбарлығын хабарлауда. Сондай-ақ, Хижаз тауларынан құралатын Фаран тауларында Хақ көрінді сөзімен Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын хабарлауда. Фәтх сүресінің соңындағы
үкімін растай отырып Тәуратта Фаран тауларынан шыққан Пайғамбардың сахабалары (достары) жайында мынадай аят бар: Ізгі жандардың жалаулары өздерімен бірге. Әрі Оның оң жағында. "Ізгілер" атымен сипаттап отыр. Яғни, Оның сахабалары ізгі, тақуа әулиелер.
Әшия пайғамбардың кітабында қырық екінші бабта мынадай аят бар: "Хақ Сүбханаһу ақыр заманда, өзінің ең таңдаулы көрнекті құлын жібереді және оған сенімді рух Хазреті Жәбірейілді жолдап, оған Иләһи дінді үйретеді. Содан кейін ол сенімді рухтың үйретуі бойынша адамдарға үйретеді және адамдардың арасында нағыз шындықпен үкім жүргізеді. Ол бір нұр, халықты қараңғылықтан алып шығады. Раббының маған алдын-ала білдірген нәрсесін мен де сендерге жеткіздім". Міне, осы аят өте анық түрде ақыр заман Пайғамбары Мұхаммед Мұстафа Ғалейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын баяндауда.
Мишайл яғни Михайл пайғамбардың кітабының төртінші бабында мынадай бір аят бар: "Ақыр заманда Аллаһтың мейіріміне бөленген бір үммет келіп, сол жерде Хаққа ғибадат ету үшін берекелі тауды паналайды. Ол жерге әр елден келген көптеген халық жиналып, бір Аллаһқа құлшылық қылады. Олар серік қоспайды:" Міне осы аят, ап-анық түрде дүниенің ең мүбәрак тауы болған Арафат тауын және сол жерге әр елдің қажылары Аллаһты ұлықтап қылған құлшылықтарын мегзеп, Аллаһтың мейіріміне бөленген сөзімен әйгілі Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметін айтып отыр.
Зәбурдың жетпіс екінші бабында мынадай аят бар:" Теңіздерді иеленіп, жылғалар мен сайларды, аралдар мен ой-қыраттарды жаппай қол астына алады. Өзіне Иемен мен Алжир патшалығы сыйлықтар әкеледі. Ал падишахтар Оған бас иіп, тізе бүгеді. Әр уақыт Оған алғыс айтып, күн сайын өзіне молынан дұғалар айтылады. Нұры Мәдинадан жарқырап, ал зікірі мәңгі бақи жалғасады. Оның есімі
Күннің жаралуынан бұрын болған. Оның аты көкте Күн тұрғанша жаңғырып атала бермек". Міне осы аят, өте ашық түрде әлемнің мақтанышын Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді сипаттап тұр. Апырым-ай, Хазреті Дәуіт Алейһиссәләмнан кейін Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа қандай Нәби шығыстан батысқа дейін дінін жайып, патшалықтарға салық төлеткізіп еді. Патшаларды бас идіріп, әміріне бағындырған күн сайын адамзаттың бестен бірінің алғысы мен дұғаларына бөленген және нұры Мәдинадан жарқыраған кім бар? Кімді көрсетуге болады?
Һәм түрікше Юһанна Інжілінің он төртінші баб, отызыншы аятында былай делінген: "Енді сіздермен көп сөйлеспеймін. Өйткені бұл әлемнің басшысы келеді. Сөзсіз Оның қасиеті менде жоқ!", міне "Әлемнің басшысы" дегені "Фахры Әлем" яғни - "Әлемнің мақтанышы" деген сөз. Фахры Әлем атағы болса, Мұхаммед Араби Алейһиссәләту Уәссәләмның ең әйгілі лақабы. Тағы сол, Юһанна Інжілінде, он алтыншы баб, жетінші аяты: "Дегенмен Мен сендерге ақиқатты айтып отырмын. Менің кеткенім, сендерге пайдалы. Өйткені мен кетпейінше, сендерге жұбатушы келмейді". Мінеки қараңыз! Әлемнің басшысы және адамдарға нағыз жұбаныш, медеу болған Мұхаммед Араби Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім?
Иә "Әлемнің мақтанышы" сол кісі және пәни адамдарды мәңгілік жоғалудан құтқарып жұбатқан да Сол. Сондай-ақ, Юһанна Інжілінің он алтыншы баб, сегізінші аяты: "Ол данышпан келгенде жамандықпен жақсылық, күнә, тыйым мен әмір-бұйрық жайында нақты да орынды дәлелдермен әлемге түсіндіріп береді". Міне, дүниенің бұзақылығын жақсылыққа түзеткен, Аллаһқа серік қосудан, үлкен күнәлардан құтқарған, саяси ахуалды өзгертіп, дүниенің өңін түбегейлі өзгерткен Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім бар?
Һәм Юһанна Інжілінде он алтыншы баб, он бірінші аят: "Негізінде бұл әлемнің басшысының келетін уақыты жетті". Міне, "Әлемнің басшысы", { Сілтеме: Иә, ол Кісі (с.а.у) лы басшы, керемет Сұлтан. Оның (с.а.у) қазіргі таңда және әрбір ғасырда ең азы үш жүз елу миллион ізбасар үмметі бар. Олар шын беріліп, мойынсұна әмірлеріне бағынады. Күн сайын Оған (с.а.у) салауат айтып, берген серттерін жаңалап отырады.} әлбетте, адамзаттың мырзасы Ахмед-і Мұхаммед Ғалейһиссәләту Уәссәләм.
Һәм Юһанна Інжілінде, он екінші баб, он үшінші аятта: "Дегенмен ол хақтың рухы келген уақытта, сендерді жаппай тура
жолға бастайды. Өйткені ол өздігінен сөйлемейді. Тек естігендерін айта отырып, сендерге болашақтан хабар береді". Міне бұл аяттың мағынасы ап-анық. Апырым-ай, бүкіл адамзатты жаппай ақиқатқа шақырған, әр бір хабарын уахиға сүйендіретін және Жәбірейлден естігендерін айтқан сондай-ақ, қиямет пен ақырет туралы жан-жақты мағлұмат берген, араб Мұхаммед Алейһиссәләту Уәссәләмнан басқа кім бар? Кім болуы мүмкін?
деп бұйырған.
Інжілде Нәбидің есімдерінің
Інжілдің бір аятында, Иса Алейһиссалам айтыпты: "Мен кетемін, сонда Әлемнің басшысы келеді". Апырым-ай, Хазреті Иса Алейһиссаламнан кейін әлемнің басшысы болатындай, хақ пен жалғанды ажыратып беріп Хазреті Исаның (ғ.с.) орнына адамдарды тура жолға бастайтын Расулуллаһ Ғалейһиссалату Уәссәләмнан басқа кім келіп еді? Демек Хазреті Иса Алейһиссәләм үмметіне "Біреу келеді, маған қажет қалмайды. Мен, оның кіріспесі, сүйіншілеушісімін" деп әрдайым сүйіншілеп, хабар беріп отырған.
* Бұл "Меуамит" сөзі "Мәмәдтен" ал "Мәмәд" "Мұхаммедтен" шыққан.}
Иә, Хазреті Иса Алейһиссәләм Інжілде бірнеше мәрте қайталап үмметін сүйіншілеуде. Адамзаттың өте маңызды басшысы келетіндігін айтады әрі ол кісінің кейбір есімдерін атайды. Ол есімдер, әлбетте Асирия және көне Иврит тілінде. Зерттеушілер ол есімдердің "Ахмед, Мұхаммед, Фариқ-ун Бейнәл Хаққы-уәл Батыл" - (өтірік пен шынның арасын айырушы) мағынасына келетінін айтады. Демек, Иса Алейһиссәләм көп мәрте Ахмед Алейһиссалату Уәссәләмнан сүйіншілеп хабар берген.
Сұрақ: " Неліктен Хазіреті Иса Алейһиссәләм басқа Пайғамбарларға қарағанда көбірек сүйіншілейді, ал басқа пайғамбарлардың сүйіншілеуі аз. Олар тек хабар берген".
Жауабы: Өйткені Ахмед Алейһиссалату Уәссәләм, Иса Алейһиссәләмды яһудилердің опасыз түрде өтірікке шығаруынан, аяусыз жала жабуынан және дінін әбден бұзылып кетуінен сақтап қалды. Сонымен қатар Иса Алейһиссаламды танымайтын Исрайл қауымының ұстануға өте ауыр шариғатының орнына үкімдері оңай әрі ауқымды, қолдануға жеңіл Иса пайғамбардың шариғатын толықтыратын ұлы шариғат әкелді. Міне сондықтан Иса Аләйһиссалам қайта-қайта "Әлемнің басшысы келе жатыр!" деп сүйіншілеген.
Тәурат, Інжіл, Забурда және кейбір пайғамбарға қатысты түскен парақтарда зор мән беріліп, ең соңынан келетін пайғамбардан көптеген әңгімелер мен аяттар бар. Бірнеше үлгісін көрсеттік. Сондай-ақ, әлгі кітаптарда көптеген есімдерімен аталады.
Апырым-ай, Әнбиялардың кітаптарында мұншама мән беріп, көп қайталанған аяттардың айтып кеткен, ақырзаман Пайғамбары Хазреті Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмнан басқа кім болуы мүмкін?
ЕКІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат және Пайғамбарлықтың дәлелдері баяндалады. Мұны баяндаудағы мақсат мынау: Ахмедтің пайғамбар болатынын көріпкелдер мен сол заманның өзіндік әулиелері және Құдайды таныған жандар алдын ала хабар берген. Тіпті, жазбаша түрде өлең қылып кейінгі ғасырларға білдіріп кеткен. Ондай хабарлар өте көп. Біз қазір тарихшылар мен Нәбидің (с.а.у.) өмір баянын жазушылардың баяндаған және дұрыстығы расталған әйгілі бірнешеуін баяндаймыз.
Мысалы, Иемендік Тубба дейтін патша Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көне кітаптардан көріп, иман келтірген. Мынадай бір шумақ өлең жазған:
Яғни: "Мен Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын растаймын. Мен Оның заманына жетсем, Оған уәзір және көкесінің баласындай болар едім" (Яғни, Хазіреті Али сияқты оған жанқияр қызметші болар едім).
Екінші мысал: Әйгілі Қусс ибн Саиде, араб қауымының ең танымал, маңызды жазушысы және Аллаһ бір деп сенген ақиқатшыл бір кісі. Бұл кісі де Пайғамбарлық келмей тұрып Ахмедтің Пайғамбарлығын мына өлеңімен жариялады.
Үшіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның аталарынан Каб ибн Лүеий, Ахмедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығын илһам түрінде былайша жария қылды:
Яғни: "Әп-сәтте Мұхаммед-үн Нәби келеді, тура хабарлар әкеледі".
Төртіншісі: Иемен патшасы Сейф ибн Зиезен көне кітаптардан Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның сипаттарын көріп, иман келтірген әрі көруге ынтық болған. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның атасы Абдулмутталиб, Иеменге Құрайыш тайпасымен бірге бара жатқанда Сейф ибн Зиезен оларды шақырып былай деген:
Яғни: "Хижазда бір бала дүниеге келеді. Оның екі иығының ортасында мөрге ұқсас бір белгісі болады. Сол бала бүкіл адамзатқа Имам болады!" Артынша, Абдулмүтталибті жеке шақырып алып: "Сол баланың атасы сен боласың" деп кәрамат түрде Пайғамбарымыздың (с.а.у) келетінінен хабар берген.
Бесіншісі: Уарақа ибн Неуфел (Хадиша анамыздың көкесінің баласы). Уахидің алғашқы кезеңінде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм қобалжыған көрінеді. Хадиша анамыз ол оқиғаны әлгі танымал Уарақа ибн Неуфелге айтқан. Уарақа: "Оны маған жібер" - депті. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм Уарақаға барып уахи басталған сәттегі жағдайын айтқанда, Уарақа:
Яғни: "Қобалжыма! бұл уахи. Сүйінші! Күткен Нәби (с.а.у.) сенсің! Иса (ғ.с.), Сені (с.а.у.) айтып сүйінші хабар берген-ді..."
Алтыншысы: Аскеланул Хымери есімді діндар кісі, Пайғамбарлықтан бұрын құрайыштарды көргенде: "Араларыңда Пайғамбар екендігін жариялаған кісі бар ма?" деуші еді. "Жоқ" дейтін олар. Кейін Пайғамбарлық келген кезінде тағы сұрады. "Иә, бір Кісі (с.а.у) Пайғамбар екенін айтып жүр" - дегенде: "Мінеки, бүкіл әлем Оны (с.а.у.) күтіп жүрді" деген.
Жетіншісі: Әйгілі христиан ғалымы Ибнул-Ағла Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келместен бұрын және Пайғамбарымызды (с.а.у.) көрмей тұрып-ақ, хабар берген. Кейіннен Хазреті Пайғамбар Алейһиссалату Уәссәләмді көрген кезінде былай деген:
Яғни: "Мен сенің сипатыңды Інжілде көргенмін, иман келтірдім. Ибн Мәриям (Мәриям баласы Иса (ғ.с.)) Інжілде сенің келетініңді сүйіншілеген".
Сегізіншісі: Жоғарыда айтылған Хабеш (Эфиопия) патшасы Неджаши былай деген:
Яғни: "Шіркін-ай осы патшалықтың орнына араб Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның қызметшісі болғанымда ғой. Оған қызметші болу, патшалықтан әлдеқайда артық".
Енді, Аллаһтың білдіруімен ғайыптан хабар берген осы діндарлардан кейін келешек туралы рухтар мен жындар арқылы хабар берген көріпкелдер де анық түрде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның келетіндігін, оның пайғамбарлығын хабарлаған. Олар өте көп. Біз олардың әйгілі және айдай анық, жалпыға мәлім әрі көптеген кітаптар мен тарихта баяндалған бірнешеуіне тоқталамыз. Олардың ұзақ қисса, әңгімелерін тарих кітаптарына сілтеп тек қысқаша ғана айтып өтеміз.
Біріншісі: Шыққы есіміндегі әйгілі бір көріпкелдің жалғыз көзі, бір қолы, бір аяғы бар екен. Құдды жарты адам. Ол атағы жалпыға
мәлім тарихта қалған кісі. Сол көріпкел Пайғамбарымыз Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм Пайғамбарлығынан хабар беріп, қайта-қайта айтқан екен.
Екіншісі: Шамның әйгілі көріпкелі Сатых. Сүйексіз, құдды ағзасыз бір дене. жүзі кеудесінің ішінде, таң қаларлық бір жаратылыс және ұзақ өмір сүрген көріпкел. Ғайыптан айтқан тура хабарлары, сол заманның адамдарына белгілі болған. Тіпті парсы патшасы Кисра, көрген ғажайып түсін және Ахмед Алейһиссалату Уәссәләм туылған түні сарайдың он төрт мұнарасының құлауының сырын Сатыхтан сұрау үшін Муйзан атты ғалым елшісін жұмсаған. Сатых былай деген екен: "Он төрт кісінің патшалығынан кейін патшалығыңыз құлайды. Сосын біреу бір дін әкеледі. Міне, сол кісі сіздің дініңіз бен мемлекетіңізді жоқ қылады!" деген мағынада Кисраға хабар жібереді. Сатых ап-ашық түрде ақырзаман Пайғамбарының (с.а.у.) келетіндігін хабарлаған.
Сондай-ақ, Сеуад ибн Қарибид-дәуси, Хунафир, Әфасие Нежран, Жизл ибн Жизл-Кинди, ибн Халасат-ед Дәуси, Фатыма Бинти Нуман Нежжарие - секілді әйгілі көріпкелдердің сияр және тарих кітаптарында егжей-тегжейлі баяндағандарына қарасақ, ақырзаман пайғамбарының келетіндігін, ол пайғамбардың аты Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм екендігін білдірген.
Хазреті Османның туысқаны Сад ибн Бинт Курейз көріпкелдігінің арқасында Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығы туралы ғайыптан хабар алған. Ол Исламның алғашқы кезеңінде Хазреті Осман Зиннурейнге: "Сен бар да иман келтір" - деген. Осман барып иман келтірген. Міне сол Сад ол оқиғаны мынадай өлең түрінде баяндаған:
Сондай-ақ, көріпкелдер секілді, "Хатиф" деп аталатын тұлғасы көрінбейтін, даусы естілетін жындар, Расул-ы Әкрем Алейһиссалату Уәссәләмның келетіндігін қайта-қайта хабарлаған. Мысалы, Зейяб Ибн үл Хариске хатиф жын
деп айқайлап оның және басқаларының Исламға кіруіне себеп болған.
Бір хатиф жын Самиа ибн Каррет-ил Гатафаниге
деп айқайлап, кейбіреулерді иманға келтірген.
Мұндай хатифтердің сүйіншілеп хабар берулері өте көп және кең тараған. Көріпкелдер мен хатифтер қалай хабар берген болса, пұттар мен пұттарға шалынған құрбандар да дәл солай Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығын хабарлаған. Мысалы, баршаға мәлім оқиға: Мазен деген тайпаның пұты айқайлап
деген. Хазреті Ахмедтің Алейһиссалату Уәссәләм пайғамбарлығын хабарлаған.
Аббас ибн Мирдастың мұсылман болуына себеп болған мына бір әйгілі оқиға: Оның Дымар атты бір пұты болатын. Сол пұт бір күні былай деп сөйлепті:
яғни: Мұхаммед келгенге дейін маған ғибадат етілуші еді. Қазір Мұхаммедтің (с.а.у.) хабары келді, бұдан кейін мұндай адасушылық болмайды. Хазреті Омар Исламияттан бұрын пұтқа шалынған бір құрбаннан мынаны естіген екен:
ҮШІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат деп аталады. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм туылған кезінде орын алған Пайғамбарлыққа дәлел ретінде керемет оқиғалар. Бұл оқиғалар, Оның (с.а.у.) дүниеге келген кезіне жақын тарихта болған. Сондай-ақ, Пайғамбарлығы басталмай тұрғанда болған. Бұлар да Оның (с.а.у.) мұғжизасы болып саналады. Мұндай оқиғалар өте көп. Мысал ретінде әйгілі болған және хадис имамдары қабыл көрген, дұрыстығы дәлелденген бірнешеуін баяндаймыз.
Біріншісі: Нәбидің туылған түні, өз анасы және анасының қасында болған Осман ибн-ул Астың және Абдуррахман ибн Ауфтың анасы үлкен бір нұр көріпті. Үшеуі де: "Ол туылған сәтте біз сондай бір нұр көрдік, ол нұр Шығыс пен Батысты бізге жарық қылды"деген.
Екіншісі: Сол түні Қағбадағы пұттардың көбі қирап, құлап қалған.
Үшіншісі: Әйгілі Кисраның Әйуаны (яғни, атақты сарайы) сол түні шайқалып зақымдалған және он төрт мұнарасы құлап түскен.
Төртіншісі: Сауаның қасиетті деп есептелген шағын теңізінің сол түні жерге сіңіп құрғап қалуы, Истаһр-Абадта мың жыл бойы сөнбей лаулап, жанып тұрған және отқа табынушылардың құдайы ретінде табынып жүрген оты сөніп қалуы, міне, осы үш-төрт оқиға, жаңа ғана дүниеге келген кісінің отқа табынушылықты жоятынын, Парсы патшалығын қирататынын, Аллаһтың рұқсаты болмаған нәрселерге табынуды тыятынын мегзейді.
Бесіншісі: Дәл сол түні емес, бірақ сол күнге өте жақын болған мынадай оқиғалар да Хазреті Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Мәселен "Фил" сүресінде нақты дәлелдермен баяндалған "Піл туралы оқиғаны" алайық. Әбреһе деген Хабештің патшасы Қағбаны қирату үшін әскерінің алдына Фил Махмуди, яғни, алып пілдерді салып шабуыл жасамақ болады. Меккеге жақындаған уақыт піл аяғын баспай қояды. Шарасыздықтан кері қайтуға мәжбүр болған. Әбабил құстары сол кезде олардың төбесінен тас жаудырып, тоз-тозын шығарған. Осы ғажап оқиға тарих кітаптарында толығымен баяндалған. Бұл оқиға Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығының бір дәлелі. Өйткені оның туылуына өте жақын бір уақытта қыбласы және туған жері, сүйікті ығыны болған қасиетті Қағба, осылайша, ғайыптан керемет бір түрде Әбреһенің шабуылынан аман қалды.
Алтыншысы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бала күнінде, Халиме Садиенің (сүт анасы) жанында болғанда, Халима мен күйеуі Оның Күн сәулесінен мазасызданбауы үшін төбесінде шоқымдай бір бұлттың әрдайым көлеңке болып жүретінін көп мәрте көрген. Оны халыққа да айтқан және бұл оқиғаның растығы шүбәсіз. Он екі жасында Шам тарапына бара жатқанда, Бухәйра Раһиб, Расул-ы Әкрем Алейһиссалату Уәссәләмның басына шөкімдей бір бұлттың көлеңке қылғанын көрді және көрсетті.
Пайғамбарлық келмей тұрғанда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм бірде Хадиша-и Кубраның Мейсере атты қызметшісімен бірге саудадан оралғанда, Хадиша Кубра Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның төбе тұсында екі періштенің бұлт тәрізді көлеңке қылғанын көріпті. Қызметшісі Мейсереге айтқанда, Мейсере: "Мен де жол бойы бұларды көріп отырдым" деді.
Жетіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмға әлі Пайғамбарлық келе қоймаған болатын. Бір ағаштың түбіне барып отырды. Ол қурап қалған жер болатын. Лезде көгеріп сала берді. Жайқалған жасыл желекке айналды. Ағаштың бұтақтары, үстіне иіліп көлеңке қылды. Бұл шүбәсіз дәлелді оқиға.
Сегізіншісі: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм кішкентай кезінде, Әбу Талибтің үйінде тұратын. Әбу Талибтің, бала-шағасы Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге тамақтанса, қарындары тоятын. Ол (с.а.у.) дастархан басында болмаса, тоймай қалатын еді. Бұл оқиға әйгілі де сенімді. Сондай-ақ, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмді бала күнінде бағып күткен Үмму Әймен айтады: "Расул-ы Әкрем Ғалейһиссалату Уәссәләм ешқашан қарны ашып, немесе шөлдеп қиналған емес. Бала күнінде де, үлкейгеннен соң да".
Тоғызыншысы: Сүт анасы Халиме Садиенің ешкілерінің сүті, басқалардың малына қарағанда өте берекелі және мол болған. Бұл оқиға әйгілі де шүбәсіз. Сондай-ақ, Пайғамбарымызды (с.а.у.) шыбын-шіркей мазаламаушы еді. Оның мүбәрак денесіне де киіміне де қонбайтын. Оның ұрпағы болған Сейіт Абдулқадир Гейланиға (к.с.) да ата-бабасынан мұра ретінде, шыбын-шіркей қонбайды екен.
Оныншысы: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дүниеге келгеннен кейін, әсіресе туылған түні, жұлдыздардың ағуы арта
түскен. Бұл оқиға, Он бесінші Сөзде нақты деректермен дәлелденген болатын. Жұлдыздардың ағуы, шайтандар мен жындардың ғайыптан хабар ала алмай қалатынына белгі және ишара еді.
Рас, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм дүниеге уахи алып келді. Әлбетте, көріпкелдердің және ғайыптан хабар берушілердің, жындардың шала-шарпы, өтірік аралас, хабарларына бөгет қою керек болды. Халықтың уахиға шүбә келтірмеуі және уахи мен шатастырмауы керек еді. Пайғамбарлық келмей тұрғанда көріпкелдер көп еді. Құран түскеннен кейін оларға тоқтау салынды. Тіпті, көптеген көріпкелдер иманға келді. Өйткені, хабар беруші жындарынан айырылып қалды. Демек, Құран тыйым салды. Байырғы дәуірдің көріпкелдері сияқты қазіргі заманғы медитация түріндегі көріпкелдік Еуропада спиритизм деген атпен әлі де жалғасып келеді. Жарайды осы да жетер.
Қорытынды: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығынан бұрын Оның (с.а.у.) пайғамбар болып келетіндігін растап, мойындатқан көптеген оқиғалар, көптеген жандар болды. Иә, әлемге рухани басшы болатын, {1Сілтеме: Иә, ләуләкә ләуләк Сұлтанымыз (с.ғ.с.) керемет көш басшы екені сондай, мың үш жүз жылдан бері салтанаты жалғасып келеді. Алғашқы ғасырды санамағанда әрбір ғасырда ең азы үш жүз миллионнан астам халқы мен ізбасарлары бар. Олар жер дүниенің жартысын билеп, ізбасарлары оған күн сайын салауат айтып шын берілгендігіне айғақ ретінде имандарын жаңалап әміріне құлдық ұрады.} әлемнің өңін өзгертетін, дүниені ақыреттің егістігі ретінде көрсетіп және дүниедегі жаратылыстың қадірін білдіретін, жындар мен адам баласына мәңгілік бақыттың жолын ашатын, пәни жандарды мәңгі жоғалып кетуден құтқаратын, дүниенің жаратылу хикметін (сырын), оның тылсым сырларын, жасырын құпияларын және түсініксіз жақтарын ашып, әлемнің жаратушысы Аллаһтың мақсаттарын білетін, білдіретін әрі Жаратушыны танып, жалпыға таныстыратын Жан (с.а.у.), әлбетте, дүниеге келмей тұрып-ақ, әр нәрсе, әрбір жаратылыс, әрбір тайпа Оның (с.а.у.) келуін қалайды, асыға күтеді, қошеметтеп қарсы алады. Жаратушысы тарапынан білдірілген нәрселерді Ол (с.а.у.) да жалпыға жеткізеді. Айтылған ишара, мысалдарда көргеніміздей, жаратылыстың әрбір түрі оған қошамет көрсетіп ілтипатпен Оның (с.а.у.) мұғжизаларын көрсеткен. Олар мұғжиза тілімен пайғамбарлығына куәлік еткен.
ОН ЖЕТІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның Құраннан кейінгі ең үлкен мұғжизасы-өзі. Яғни, Оның ұлық мінез-құлқына зер салайық. Мінезінің ең жоғарғы дәрежеде болғандығына дос та, дұшпан да бір ауыздан куәлік етеді. Тіпті, ержүрек батыр, Исламның қаһарманы Хазреті Али, жиі-жиі былай депті: "Шайқас қызған уақытта біз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның артына тығылып паналаушы едік". Ол барлық мақтауға лайық ең жоғарғы мінезді, қол жетпес дәрежеге ие еді.
Ол ұлы мұғжизаны таныстыруды Мағриб ғұламасы (Ислам елінің батыс өңірінен шыққан ғұлама) Қад-ы Ияздың Шифа Шериф кітабына сілтейміз. Шынымен де ол кісі, мақтауға лайық әлгі мұғжизаның мінез-құлығын өте әдемі баяндап дәлелдеп берген. Сонымен қатар, досты да дұшпанды да мойындатқан Хазреті Ахмедтің (с.а.у.) тағы бір мұғжизасы Оның ұлы шариғаты. Оған ұқсас шариғат еш уақытта келмеді және келмейді де. Осы ең үлкен мұғжизаның түсініктемесін жазылған барлық отыз үш Сөз бен отыз үш Мектубқа және отыз бір Лемаға, он үш Шуаққа, яғни, Рисале Нұрға сілтейміз.
Және Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның баршаға мәлім және шүбәсіз үлкен бір мұғжизасы "Шаққы Қамар", яғни, айдың екіге бөлінуі.Айдың екіге бөлінуі, көптеген жолдармен баршаға мәлім түрде Ибн Месуд, Ибн Аббас, Ибн Омар, Имам Али, Әнәс, Хүзейфе сынды көптеген ұлық сахабалар арқылы сенімді жолдармен жеткен. Сонымен қатар, Құранның
аяты дәлелдеп, әлгі ұлы мұғжизаны әлемге паш етті. Сонда сол заманғы қасарысқан құрайыш руының мүшриктері осы аяттың хабарын жоққа шығара алмай, тек "сиқыр" деумен шектелген. Демек, кәпірлердің назарында да айдың екіге бөлінгендігі рас болды ғой. Осы үлкен мұғжиза туралы білгісі келгендер, айдың екіге бөлінуі жайында баяндайтын отыз бірінші Сөзге қосымша Шаққы Қамар рисалесін оқысын.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм жер шарының тұрғындарына Айды екіге бөліп мұғжиза көрсеткен болса. Аспан тұрғындарына да Миғраж атты ұлы мұғжизасын көрсетті. Ал осы ұлы Миғраж мұғжизасын, отыз бірінші Сөз деп аталатын Миғраж рисалесіне тапсырамыз. Өйткені, бұл рисале әлгі ұлы мұғжизаның қаншалықты нұрлы, ұлы және тура екендігін шүбәсіз дәлелдермен, тіпті,
имансыздардың өзіне де жан-жақты дәлелдеп берді. Бұл жерде тек Миғраж мұғжизасының кіріспесі болған Бейтул-мақдиске жасаған саяхатын және ертеңгісін Құрайыш қауымы, одан Бейтул-мақдистің түр-сипатын суреттеп беруін сұраған кезде болған бір шағын оқиғаны айтып өтеміз.
Миғраж түнінің таңында, Миғражға барғанын құрайыштарға хабарлады. Құрайыштар сенбеді. Олар: "Егер Бейтул-Мақдиске барғаның рас болса, Бейтул-Мақдистің қақпаларын, қабырғаларын жалпы жай-жапсарын бізге баяндап бер" - деді. Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм:
Яғни: "Олардың өтірікке шығарып сенбей қойған сұрақтарынан қатты қысылдым. Тіпті, ешқашан дәл осылай қиналып көрмеп едім. Кенет Хақ-тағала маған Бейтул-Мақдисті көрсетті. Мен Бейтул-Мақдиске қарап тұрып, жан-жағын, жеке-жеке суреттеп бердім" дейді. Құрайыштар оның Бейтул-Мақдистен дұрыс, дәл хабар беріп тұрғанына сонда барып көздері жетті.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм құрайыштарға: "Жолда бір керуендеріңді көрдім. Керуендерің ертең пәлен уақытта келеді" - деді. Сол сағатта керуенді күтуге жиналды. Керуен бір сағатқа кешікті. Сонда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның хабары тура шығуы үшін Күн бір сағатқа тоқтап қалыпты. Мұны Әһли Тахқиқ растауда, яғни, Оны (с.а.у.) өтірікке шығармау үшін Жер шары өз міндетін, саяхатын бір сағатқа тоқтатқан. Бұл үзілісті Күннің тоқтауы арқылы көрсетті.
Міне, Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссәләмның бір ғана сөзін растау үшін, алып Жер шары өз міндетін кешіктіріп, алып Күн куәгер болуда. Осындай бір кісіні мойындамай, әмірін орындамаған адамның қаншалықты сорлы екендігін, Оны мойындап әміріне
яғни, естідік те мойынсұндық дегендердің қаншалықты бақытты екендігін түсін,
де!
ОН СЕГІЗІНШІ ИШАРА: Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның ең үлкен және мәңгілік әрі жүздеген пайғамбарлық дәлелдерді қамтыйтын, қырық жақты мұғжиза екені дәлелденген бір мұғжизасы да хикмет толы Құран.
Міне, осы ұлы мұғжизаның жай-жапсары жайында жазылған шамамен жүз елу парақтан тұратын Жиырма бесінші Сөз, Құранның қырық жақты мұғжизасын жинақтап баяндады және дәлелдеді. Олай болса, осы мұғжизалар қазынасы болған ұлы мұғжизаны сол сөзге тапсырып, тек екі-үш тұжырымын баяндаймыз.
Бірінші тұжырым: Құранның мұғжизасы шешендігінде. Құранның шешендігін түсінуге әркімнің қақы бар, бірақ мұны мыңнан бір Муһаққиқ ғалым ғана түсіне алады, мұның сыры неде? дегендерге.
Жауап: Даналыққа толы Құранның әр сынып оқырмандарына арналған бір жағы бар. Мұғжизасын Әркімге өзіне тән деңгейде көрсетеді. Мысалы, шешендер мен көсемдерге таң қаларлық шешендік мұғжизасын көрсетеді.
Ал ақындар мен жазушылар сатысына ғажап, әдемі, асқақ, аз сөзбен көп мағыналарды білдіру мұғжизасын көрсетеді. Осындай әдіс әркімге ұнап көңілдерінен шыққанымен ешбір адам теңін таба алмайды. Қанша уақыт өткенімен құнын жоғалтпай, әрдайым жаңарып отырады. Үйлесімді әрі ұйқасымды, қиыннан қиыстырылған сөз болғаны соншалық, мағынасы терең қол жетпестей биікте әрі құлақтың құрышын қандырады. Ал, көріпкелдер мен ғайыптан хабар берушілерге, ғайыптан хабар берудің таңқаларлық кереметін көрсетеді. Тарихшылар мен әлемдегі оқиғаларды зерттеуші ғалымдарға Құранда білдірілген хабарлар мен алдыңғы үмметтер мен оқиғалар жайлы және болашақ, берзах пен ақырет туралы білдіріп, мұғжизасымен таңқалдырды.
Қоғамдық өмірді зерттеуші ғалымдар мен саясатшыларға Құран өзінің қасиетті қағидаларындағы мұғжизаларды көрсетеді. Құраннан шыққан ұлы шариғат, мұғжизаның осы түріне дәлел. Иләһи мағлұматтар мен жаратылыстың ақиқаттарын зерттеумен шұғылданғандарға Құран Иләһи ақиқаттардағы мұғжизаны көрсетеді немесе сездіреді. Тариқатшылар мен әулиелерге Құран теңізінде әрдайым толқынданған аяттардың сырларындағы мұғжизаларды
білдіреді. Тағы сол сияқты... Қырық сатыда әрбір сатыға қарай өзіндік жол ашып, мұғжизасын көрсетеді. Тіпті тек қана құлақпен тыңдап, мағынасын бір шама түсінген қарапайым халық Құранның оқылуынан-ақ өзге кітаптарға ұқсамайтындығын растайды. Әлгі қарапайым тыңдарман: "Я, бұл Құран, мен тыңдаған барлық кітаптардан төмен. Бірақ мұны дұшпан да айта алмайды, Олай болуы мүмкін емес.
Ендеше, біз тыңдаған барлық кітаптардан жоғары. Онда, оның мұғжиза болғаны" дейді. Міне, осы қарапайым тыңдарман түсінген кереметті оған көмек болуы үшін біршама түсіндіреміз. Мұғжизаға толы Құран Кәрім дүниеге түскен уақытта бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп қызу айтысқа шақырды. Мұны естігендер арасында екі күшті сезім оянды:
Біріншісі: Достарының бойында еліктеу сезімі, яғни, сүйікті Құранның үлгісіне сай, соған ұқсау ниеті және сол сияқты сөз сөйлеу ойы.
Екіншісі: Дұшпандары болса, оны сынап-мінеу, бәсекелесу яғни Құранға қарсы шығып сол сияқты сөз саптау арқылы кереметтігін жою ойы.
Міне, дүниеде осы екі күшті сезіммен миллиондаған арабша кітаптар жазылды. Енді барлық осы кітаптардың ең көркемі, ең әдемі жазылғандары Құранмен қатар қойылып оқылса, кім тыңдаса да "сөзсіз Құран бұлардың ешбіріне ұқсамайды" дейді. Демек Құран, барлық кітаптардың дәрежесінде емес. Олай болса, Құран я барлығынан төмен болғаны. Бұл әрине жүз есе қисынсыз болумен бірге, ешкім, тіпті, шайтан да бұлай дей алмайды.
{ Сілтеме*: Жиырма алтыншы Мектубтың маңызды бірінші бөлімі, осы сөйлемнің сілтемесі және түсініктемесі.}
Олай болса, Құран Мұғжизул Баян, жазылған барлық кітаптардан жоғары. Тіпті, мағынасын түсінбейтін қарапайым бұқараға, Құран Хаким жалықтырмау жағымен мұғжизасын көрсетеді. Иә, әлгі надан адамның өзі: "Ең әдемі, ең әйгілі бір өлеңді екі-үш мәрте тыңдасам мені жалықтырады. Ал Құран болса, еш жалықтырған емес, қайта одан сайын тыңдағым келіп, жаныма жағып барады. Олай болса, бұл адамның сөзі емес" дейді. Сондай-ақ, жаттап алуға тырысқан балаларға да әсері керемет. Бір парақты жадына сақтай алмайтын балалардың нәзік, әлсіз, қарапайым, миларында Қасиетті Құран көп
жерлерінде шатастырып, ауыстырып алуға себеп боларлықтай бір-біріне ұқсаған аяттарының, сөйлемдерінің ұқсастығына қарамастан асқан жеңілдікпен барынша оңай, жеңіл түрде сақталуы мұғжиза емей не?
Айқай-шудан тіпті аз ғана сөздің өзінен мазасызданатын ауруларға және өлім аузында жатқан науқастарға Құранның әуені мен даусы, зәм-зәм суындай тәтті, жағымды естілуі, мұғжизасының тағы бір түрі, мұны олар жақсы біледі.
Сонымен, әртүрлі деңгейдегі адамдарға, қырық жағымен Құран Хаким өзінің мұғжизасын көрсетеді яки сездіреді. Ешкімді де құр қалдырмайды. Тіпті тек қана көзі бар
{Сілтеме**: Тек қана көзі бар, құлақсыз, сезіп білмейтіндер сатысына қараған мұғжиза жағы, бұл жерде өте аз, қысқа және жеткіліксіз қалды. Бірақ бұл мұғжиза жағы Жиырма тоғызыншы, Отызыншы Мектубтарда (кіші сілтеме) өте әсем, нұрлы, көрнекті және ашық көрсетілген. Тіпті көр адамның өзі де көре алады. Сол мұғжиза жағын көрсететін бір Құран жаздырдық. Иншааллаһ бастырылып шығады. Әркім әлгіндей әдемі жақтарын көре алатын болады.
Кіші сілтеме: Отызыншы Мектуб өте әдемі жоспарланып, ниет етілген болатын. Бірақ орнына, Ишарат-ул Ижаз кітабы шықты да, ол жарыққа шықпады.}
Құран көрдім. "О, тоба мұның өзі мұғжизаның тағы бір түрі ғой" дедім. Кейін тағы да қарағанымда, Құранның әр парағында бір-біріне байланыса беттескен көп сөйлемдер бар екен. Мағыналы көріністер беріп бір-бірімен сәйкес келіп жатады. Міне, Құранның орналасу жүйесі Нәбидің көрсетуі арқылы болғандықтан және бастырылып таратылған Құрандар да Аллаһтың аянымен болғандықтан Құран Хакимнің нақышында, жазуларында мұғжизаның тағы бір түрін көрсететін ишаралар бар. Өйткені, әлгіндей жағдай кездейсоқтық немесе адам қолының ісі емес. Бірақ кейбір сәйкес келмеген жерлер бар, олар баспаның кемшілігінен. Мұнтаздай болғанда, сөйлемдер де дәл бір-бірінің үстіне түсер еді. Сонымен қатар, Құранның Мәдинада түсірілген орташа және ұзын сүрелерінің әрбір парағында "Лафзуллаһ" (Аллаһ есімі) өте ғажап бір тәрізде қайталанған. Көбіне бес, я алты, я жеті, я сегіз, я тоғыз, я он бір мәрте қайталанумен бірге, бір парақтың екі бетінде және қарама қарсы келген парақтарда сандардың әдемі және мағыналы бір сәйкестігін көрсетеді.
{ Сілтеме1: Аллаһты мадақтап, мінәжат етушілерге, Құранның әшекейлі, ұйқасымды сөздері мен шешендік шебер әдісі және назарды өзіне аударатын көсемдігінің ерекшеліктері көп. Сонымен берге болуымен бірге, асқақ шынайлығын, Аллаһтың барлығын және бірлігін еске салып, құзырдан айырмайды. Алайда әлгіндей шешендік ерекшелік пен шебер сөз жүйелілік пен ұйқастық сөздің шынайлығын азайтып жібереді. Әдемі ұйқастыққа көп мән берілгендіктен құзырды бұзады, көңілді алаңдатады. Тіпті мінәжаттың ең әдемісі, ең ұлы сөздермен тізбектелген, әрі Мысыр елінің жоқшылық пен қуаңшылықтан аман қалуына себеп болған Имам Шәфидің әйгілі мінәжатын көп оқушы едім, қарасам ұйқасымды, өлең сияқты болғаны үшін, мінәжаттың асқақ шынайылылығына зақым келген. Сегіз тоғыз жыл бойы жиі оқыған дұғам еді. Шынайы жалбарынған сезімді, ондағы ұйқас, өлең сөзге жарастыра алмадым. Кейін Құранның ерекше, өзіндік, айрықша ұйқастығында, жүйелілігі мен ерекшелігінде тағы бір мұғжиза көргендіктен Құранның шын жалбарынған сезімді де, құзырды да сақтап, бұзбайтынын түсіндім. Міне мінәжат оқып жалбарынушылар мен мадақтаушылар, осындай мұғжизаны ақылмен түсінбесе де жүрегімен сезеді.
Сілтеме2: Түсіндірмесі мұғжиза болған Құранның мағынауи мұғжизасының бір сыры мұнда жатқандай: Құран, Аллаһтың ұлы есімдеріне бөленген Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәсәләмның қуатты иманын, оның өте нұрлы дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, ақырет әлемі мен Аллаһтың ауқымды басқаруындағы әлемдердің ұлы ақиқаттарын қасиетті бір карта сияқты суреттеп баяндайды. Өте үлкен, жан-жақты және ең жоғарғы хақ дінінің ұлы мәртебесін өмірмен ұштастырып түсіндіреді, дәріс береді. Сонымен қатар әлемнің Жаратушысын барлық жаратылыстың Рабб (иесі) ретінде, оның соңсыз құдіретін, айбындылығын, сөзін түсіндіреді. Әлбетте Құранның мұндай түсіндіруіне, мұндай баяндамасына
Сілтеме3: Құран-ы Хакимнің барлық парақтарының соңында аят аяқталып отырады. Соңы әдемі бір ұйқастықпен бітеді. Бұның сыры мынада: Ең үлкен аят болған Мүдайене аяты (Бақара - 281) Құранның парақтары үшін, ал Кәусәр мен Ықылас сүресі жолдары үшін өзіндік өлшем ретінде қабылданғандықтан, Құран-ы Хакимнің осынау әсем ерекшелігі мен кереметтік белгісі таң қалдырады.
Сілтеме4: Бұл мақамның осы бөлімінде өте маңызды, айбынды және ұлы, сондай-ақ, Рисале-и Нұрдың жетістігі тұрғысынан өте әсем, сүйкімді, әрі ынталандыратын ғажайып кереметтің аз ғана және шағын, қысқаша үлгілеріне, жай ғана белгілеріне асығыстық деген бәленің кесірінен қанағат қылынды. Алайда әлгі ұлы ақиқат пен тәуафуқтың (сәйкестік) бес-алты түрін және Рисале-и Нұрдың жалғаса беретін бір кереметін, Сондай-ақ, Құранның көзге де көрінетін белгілі мағынадағы мұғжиза сәулелерін және ғайыптан хабар беретін белгілердің ишараларын қамтиды. Кейіннен, Құрандағы Аллаһ сөздерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан мұғжизасының бір сәулесін көрсететін Құран жаздырылды. Сонымен қатар Румузат-ы Семание атты сегіз кішкене рисале жазылды. Ол, Құран әріптерінің бір-бірімен сәйкес келуінен шыққан әсем байланыс пен ғайыптан білдірілген ишараларын баяндайды. Және де Рисале-и Нұрдың бір-бірімен сәйкес келу сырын қуаттап, жоғары бағалаған, мақтаған Керамет-і Гаусие және үш Керамет-і Алевие және Құранның ишаралары атты бес кітап жазылды. Демек, Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизаларының жазылуындада әлгі үлкен ақиқат жинақы түрде байқалады. Бірақ өкінішке орай автор бір жағын, бір ұшқынын көріп қана көрсеткен, ар жағына үңіліп қарамай, асығыс жүріп өткен.}
Екінші нүкте: Хазреті Мұса Ғалейһиссаламның заманында ең өтімді нәрсе сиқыр болған, мұғжизалардың басым түрі сол салада болатын. Ал, Хазреті Иса Алейһиссаламның заманында дәрігерлік ілімі алда болғандықтан мұғжизаларының көпшілігі сол түрден келген. Ал, Расулуллаһ Алейһисаллату Уәссаләмның заманында араб түбегінде төрт нәрсе жоғары бағаланып аса қадірлі еді.
Біріншісі: Шешендік, астарлап сөйлеу, ойын анық жеткізу.
Екіншісі: өлең шығару,көркем сөз сөйлеу өнері.
Үшіншісі: Көріпкелдік пен ғайыптан хабар беру.
Төртіншісі: Өткен шақтағы тарихты білу және дүние таным, жаратылысты білу.
Міне, баяны мұғжиза Құран түскен уақытта, осы төрт түрлі мағлұмат иелеріне қарсы майданға шықты. Ең алдымен суырып салма шешендерді бірден тізе бүктірді. Олар таңқала Құранды тыңдады. Сосын тілге шешен топты яғни ұйқастырып, мақал-мәтелмен сөйлейтін ақындарды қайран қалдырғаны сонша, ауыздарынан суы ағып аң-таң қалды. Алтынмен жазылып Қағбаның қабырғасына мақтан үшін іліп қойған әйгілі "Муаллекат Себаны" (Таңдаулы жеті өлеңді) орнынан алып тастатты. Өйткені ешкім оқымайтындай қадірсіз болып қалды.
Ғайыптан хабар беруші көріпкелдер мен сиқыршылардың үнін өшірді. Олардың ғайыптан алатын хабарларын өздерін ұмыттырды. Жын-перілерін қуып көріпкелдікті тастай тыйды. Сонымен қатар өткенді білетін тарихшылар және жаратылыс танушылардың жаңылысын тауып, бұрыс пікірден құтқарып, өткен шақтағы оқиғалардың ақиқатын және әлемнің нұрлы құбылыстарын оларға дәріс берді.
Міне, осы төрт топ Құранға барынша таңдана, құрметпен қарап оның алдына тізе бүгіп шәкірт болды. Ешкім, ешқашан бір сүренің өзіне қарсы келіп айтысқа шыға алмады.
Сұрақ: Ешкім қарсы шықпағанын және қарсыласу мүмкін емес екенін қалай білеміз?
Жауабы: Егер қарсыласу мүмкін болғанда, қайткенде де тырысып бағар еді. Өйткені қарсыласуға өте мұқтаж еді. Себебі діндері мен мал-мүлкіне, жандары мен бала-шағаларына қауіп төніп тұр еді. Қарсы келіп айтысса құтылар еді. Егер айтыс-тартыс мүмкін болса еді, айтыс-тартысқа шығатын еді. Айтыс-тартыс болса еді, жақтастары болған кәпірлер, мұнапықтар көп, тіпті өте көп болғандықтан, оларда қолдап шығар еді. Сөйтіп мұнысын әлемге жар салар еді. Кәпірлердің Ислам дінін жамандап айтқан сөздері жасырын қалушы ма еді? Егер қарсы тұрарлық бір сөз тапқанда қайткенде де тарих кітаптарына еніп жұртқа жария қылып, бадырайтып жазар еді. Тарих кітаптарына қараңыздар, ешқайсысында Мүсейлеме Кеззабтың бірнеше жазбасынан өзге айтысқан адам жоқ. Ал Құран Хаким, жиырма үш жыл бойы тынбастан намыстарына тиіп, сезімдерін қоздырып, оларды былай деп айтысқа шақырып келді: "Мұхаммед-ул Әмин сияқты оқу-жазу білмейтін біреулерің осы Құранға тең келетін кітап жазсын да көрсетсін көрейік. Жарайды, бұны жасай алмайды екенсіңдер, ол кісілерің оқымаған болмасын көп оқыған ғалым жазушы болсын. Жарайды, бұл да қолдарыңнан келмейді екен, онда бір ғана кісі емес, бүкіл ғалымдарың, сөзге шешен кісілер жиналып, бір-біріне көмектесіп тіпті табынып жүрген Тәңірлерің келіп демеуші болсын. Жарайды, бұлардан түк шықпайды екен. Ертеде жазылған сөзге бай кітаптарды да пайдаланып, тіпті енді келетіндерді де көмекке шақырып Құранға тең келер кітап жазыңдар. Әрине бұны да жасай алмайсыңдар. Құранның толық нұсқасындай болмай-ақ қойсын, тек он сүреге тең келер кітапша жазыңдаршы. Жарайды, он сүресіне тең
келер, ұқсас бір нәрсе жасай алмайды екенсіңдер, онда хикаялардан, негізі жоқ аңыз-қиссалардан құрастырыңдаршы. Тіпті тек қана ұйқасы мен шешендігіне ұқсаса жетер. Жарайды, бұны да жасай алмайды екенсіңдер, онда бір ғана сүресінің ұқсасын әкеліңдерші. Мақұл, сүре ұзын болмай-ақ қойсын, қысқа сүреден болса жетеді. Олай болмаған жағдайда, дінің, жаның, мал-мүлік, бала-шағаң дүниеде де, ақыретте де оңбайсыңдар!"
Міне, сегіз мәрте ауыздарына құм құйып Құран Хаким жиырма үш жыл емес, тіпті мың төрт жүз жылдан бері бүкіл адамдар мен жындарға осынау ұран тастап күні бүгінге дейін сөзін әлі жалғастырып келеді. Неліктен, әуелгі заманда кәпірлер мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп, ең қиын да мүшкіл жолды, яғни соғысуды таңдап, тым оңай, әрі қысқа жолды, яғни сөзбен айтысу жолын тәрк етті? Демек айтысу мүмкін емес-ті...
Ия, ақыл иесі, әсіресе арабия түбегіндегі сол кездің халқы, оның ішінде Құрайыштар сияқты ақылды адамдар, өз араларынан бір шешен ақынды шығарып, Құранның бір ғана сүресіне тең келер жазу жазып Құранның қаһарынан құтылып, қысқа және оңай жолды таңдамай, мал-жанын, бала-шағасын қатерге тігіп, ең қиын жолды таңдады, неліктен деп ойлайсыз?
Сонымен, әйгілі Жахыздың айтқанындай: "Әріппен шайқасу яғни сөзбен айтысу қолдарынан келмеді. Өйткені мүмкін емес еді. Сосын қылышпен соғысуға мәжбүр болды..."
Егер мұндай сұрақ туса: Кейбір ақиқатшыл ғұламалар: "Құранның бір сүресіне емес, бір ғана аятына, тіпті бір ғана жолына, тіпті бір ғана сөзіне қарсы келе алмайды және келмеген" дейді. Бұл сөздер асыра сілтеп айтылған сияқты, ақылға сыймайды. Өйткені адам баласының сөздерінде Құранның сөздеріне ұқсас көптеген сөздер бар. Бұл сөздің сыры неде?
Жауабы: Құранның мұғжизалығы туралы екі көзқарас, екі пікір қалыптасқан. Басым көпшілік мойындаған көзқарас мынау: Құрандағы шешендіктің мөлдірлігі мен әдемілігі, оның мағыналарының тереңдігі сондай адам баласының қолынан келмейді. Тым жоғары.
Екінші көзқарас. Құранның бір сүресіне қарсы келіп, айтысуға адам баласының құдіреті жетеді. Бірақ Хақ Тағала, Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизасы қылып оған тиым салған. Мысалыға бір адам өз аяғымен жүріп-тұра алады, бірақ Пайғамбарымыз: "Сен тұра алмайсың"
дегенде, ол тұра алмай қалады. Бұл мұғжиза. Осы екінші көзқарасты Сарфе мәзхабы деп атайды. Яғни, Хақ Тағала Құранның бір сүресіне қарсы келуге жын мен адамзатқа тыйым салған. Егер тыйым салмағанда, жын мен адам баласы бір сүресіне қарсы келген болар еді. Міне осы мәзһаб бойынша, "Бір сөзіне де қарсы келе алмайды" деген ғалымдардың сөздері ақиқат. Өйткені, расында Хақ Тағала, мұғжиза ретінде оларға тыйым салған, сондықтан қарсы келіп, ауыздарын аша алмайды. Ауыздарын ашса да Аллаһ рұқсат етпесе сөйлей алмайды.
Алайда көпшілік таңдаған әуелгі мәзһаб бойынша, әлгі ғұламалардың баяндаған пікірінің мынадай астарлы жағы бар: Құран Хакимнің барлық жолдары, сөздері бір-бірімен тығыз байланысты. Кейде бір сөзінің он жермен қатысы бар. Ал оның ішінде, он шақты күрделі мағына жатады, он жақпен байланысы бар. Айталық «Ишарат-ул Ижаз» атты тәпсірімде, «Фатиханың» кейбір сөйлемдерінің ішінде және
сөйлемдерінің ішінде, осындай көп мағыналы аяттардың кейбір үлгілерін көрсеткен болатынмын. Мысалға, бір әшекейленіп салынған сарайдың, алуан түрлі, сан қилы нақыштарының түйіні ретінде орналасқан бір түйір тасты, барлық ою-нақыштарымен байланыстырып дәл орнына қою үшін қабырғаны толық қамтып нақыштарымен бірге білуі керек. Және тағы бір мысал, көздің қарашығын өз орнына қою үшін бүкіл дененің өзара байланысын, күрделі ғажап міндетін әрі көздің сол міндеттерге қатысты қызметтерін білу қажет. Дәл сол сияқты, ақиқатшыл жандардың тым терең кеткен тобы, Құранның сөздеріндегі көптеген байланыстарды және басқа аяттармен қатысты жақтарын, өзара қатынастарын көріп көрсеткен. Әсіресе әріптерін зерттеуші ғұламалар одан да ілгері кетіп, Құранның бір әрпінде бір парақтай мағына жатқанын мамандарға баяндап дәлелдеп берген. Өйткені ол, бүкіл әлемнің Жаратушысының сөзі болғандықтан, әрбір сөзі, адам бойындағы жүрек немесе ағаштың дәні секілді. Яғни, айналасы құпия-сырдан құралған рухани бір дененің жүрегі немесе рухани бір ағаштың дәні іспеттес. Міне, адами сөздерде, Құрани аят сияқты сөздер, тіпті ұқсас сөйлемдер, аяттар кездесуі мүмкін. Дегенмен Құранның көптеген сырға толы өзара байланыстырылып арнайы орналастырылған сөздеріне тең сөз айту мүмкін емес. Ол үшін шексіз ілім, ауқымды назар қажет.
Үшінші тұжырым: Баяндауы мұғжиза болған Құран Кәрімнің не екенді жайлы түсіндірменің түйінін бір кездері Хақ Тағала жүрегіме арабша ой-толғау түрінде сыйлаған еді. Қазір дәл сол толғауды арабша жазамыз, соңынан мағынасын баяндаймыз;
Иә, мұғжизалы Құран, өмір сүрген ғасырлары бөлек, тәсіл-жолдары әртүрлі әнбиялардың, әулиелердің, бір Аллаһқа иман еткен жандардың кітаптарының сырлы мағынасын толығымен қамтиды. Яғни барлық әлгі әулиелер мен ақыл иелері, Құран-ы Хакимнің түйіндеп айтқан үкімдерін, негіздерін қоштағанын кітаптарынан табуға болады. Демек олар, Құран атты Иләһи ағаштың тамырлары үкімінде. Құран Хаким уахиге сүйенеді, өзі де уахи. Өйткені, Құранды жіберген Заты Зүлджелал (Аллаһ) Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизалары арқылы Құранның уахи екендігін көрсетті, дәлелдеді.
Сондай-ақ Құранның өзі де мұғжиза. Өзі, ғарыштан келгендігін көрсетіп тұр. Алғаш түскенде Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның қобалжуы, есінен танып қалуы және басқалардан әлдеқайда артық Құранға деген ықыласы мен құрметі Құранның уахи болып, мәңгіліктен келіп, Оған сыйланған екенін көрсетеді. Құран, ап-ашық тура жолдың өзі. Өйткені онымен қарсыласқан кәпірлер адасып зиян шегуде.
Сондай-ақ, Құран сөзсіз иман нұрының қайнар көзі. Әлбетте иман нұрының қарама-қарсысы қараңғылық пен түнек. Көп Сөздерде бұны нақты түрде дәлелдегенбіз. Сондай-ақ, Құран шүбәсіз ақиқаттардың жинағы. Ішіне ойдан шығарылған сөздер мен жазулар әсте ене алмайды. Ғайып әлеміне қатысты және осы әлем жайында да ақиқаттың дәл өзі екендігін және ішінде ешбір қайшылық жоқ екендігін әкелген ақиқаты, Ислам әлемі, ұлы шариғаты және көрсеткен кемелдіктері куә.
Құран, анық және күмәнсіз түрде екі дүниенің бақытына бөлеп, адамзатты тура жолға бастайды. Кімнің күмәні болса, бір рет Құранды оқысын, не дейтінін ден қойып тыңдасын. Құранның берген жемістері тамаша және өміршең. Олай болса, Құран ағашының тамыры да, ақиқаты да тірі. Өйткені тірі жеміс ағаштың тірі екенін көрсетеді.
Міне, назарың сал! Әр ғасырға қаншама асфия, әулиелер, кәміл жандар, нұрлы жемістер сыйлаған.
Сондай-ақ, Адамның да жынның да періштелердің де ұнатқаны және көңілі ауып қабылдағаны Құран екенін көптеген оқиғалардан байқауға болады. Өйткені оқылған уақытта, олар бар ынтасымен көбелек сияқты маңына үймелей қалады. Құран уахи болумен бірге, ақылға қонымды дәлелдермен қуатталып дәлелденіп отырады. Иә, кәміл данышпандардың пікірлес болуы бұған дәлел. Көсем сөз шеберлері, ғұламалар және баста Ибн Сина, Ибн Рүшд сияқты философияның даналары бір ауыздан Құранның негіздерін барлық әдістерімен, айғақтарымен дәлелдеген.
Сондай-ақ, Құран, жаны таза кісілер тарапынан дұрыстығы дәлелденіп отыр. Егер біреудің кемістігі, я бір ауруы болмаса, әрбір есі дұрыс жан оны растайды. Өйткені ұжданның тазалығы мен жүректің рахаты Оның нұрымен ғана орнайды. Демек есі дұрыс, табиғаты таза жан өз ұжданының тазалығымен оны мойындайды. Иә, жаратылыс өзіне тән тілімен Құранға: "Жаратылысымыздың кемелденуі сенсіз бола алмайды!" - дейді. Осы ақиқатты көп жерлерде дәлелдегенбіз.
Құран айдай анық, мәңгі бітпес мұғжиза: Ол әрдайым мұғжизалығын көрсетіп отырады. Өзге мұғжизалар сияқты аяқталып қалмайды. Құранның тура жолға салу ауқымы кең болғаны соншалықты, бір ғана дәрісінде Хазреті Жәбірейіл (а.с.), жасөспірім бір баламен бірге тізе бүгіп дәріс тыңдайды, әрқайссысы өз үлесін алады. Ибн Сина сынды дана философ, қарапайым шәкіртпен қатарласа отырып дәрісін оқып, сабағын алады. Тіпті кейде әлгі қарапайым шәкірт иманының қуаттылығы әрі пәктігі тұрғысынан басым келіп Ибн Синадан да әлдеқайда көбірек пайдаланады.
Құраның назары ауқымды да кең. Ол бүкіл әлемді бір кітаптың парақтары сияқты көріп, қамтиды. Әлемнің сан-алуан қабаттарынан түрлі оқиғалардан хабар береді. Сағат ұстасы өзі жасаған сағатын айналдырып, ашып, көрсетіп, баян еткені сияқты, Құран да әлемді
қолына алып дәл солай баян етеді. Міне осындай қасиетті Құран
деп, Аллаһтың бірлігін паш етуде.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕЛІ ИШАРА: Алдыңғы ишараларда Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Хақ Тағаланың елшісі екендігі өте анық және шүбәсіз түрде дәлелденді. Міне, пайғамбарлығы мыңдаған анық дәлелдермен нақты болған Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссалам Аллаһтың Уахданиетінің (бірлігінің) сондай-ақ, Мәңгі Бақыттың ең жарқын айғағы нақты дәлелі. Біз бұл ишарада сол жарқын дәлелді және тура сөйлеуші айғақты қысқаша бір түйінмен танытамыз.
Иә, Расулуллаһ дәлелдеуші. Мақсаты, Аллаһтың бар екенін дәлелдеп таныстыру. Олай болса, дәлелдеушіні танып және қалай дәлелдейтінін білу керек. Біз өте қысқа нұсқа сол дәлелдеуші кісіні жан-жақты қарастырып, дұрыстығын баяндаймыз.
Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам мына әлемдегі жаратылыс секілді ол да Әлемнің Жаратушысының бар және бір екендігіне бұлтартпас дәлел. Сонымен қатар өзінің дәлелін бүкіл жаратылыстың дәлелімен ұштастырып жария еткен. Ал оның дәлел екені рас болса, біз сол дәлелдің растығы мен туралығына, шыншылдығы мен адалдығына "он бес" негізде ишара етеміз.
Бірінші негіз: Болмысымен, тілімен, іс-әрекетімен және сөзімен әлемнің Иесі Аллаһқа дәлел болған бұл айғақ әлемнің ақиқаттары арқылы да өзінің адалдығы расталған. Өйткені болмыс
атаулы жаппай Уахданиеттің (Аллаһтың бірлігіне) дәлелі болса әлбетте олар Уахданиеттің жаршысын растайды деген сөз. Демек, көтерген мәселесі бүкіл әлемнің куәлік етуімен ұштасып, қуатталып, расталуда. Және Аллаһтың кәміл Уахданиеті туралы айтқан сөздері сондай-ақ, нағыз жақсылық болып табылатын мәңгілік бақыт туралы хабары бүкіл әлемнің жақсылықтары мен кемелдігіне сәйкес келіп әсем үйлесім табуда. Осылайша оның растығы дәлелдене түседі. Демек, Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссалам Аллаһтың Уәхданиетін және мәңгілік бақытты сөзбен айтып жеткізуші айғақ, нақты дәлел.
Екінші негіз: Ол адал куәгер және нақты дәлел, барлық пайғамбардан жоғары, мыңдаған мұғжизалар көрсеткен теңдесі жоқ шариғат иесі және бүкіл жындар мен адамзатты жаппай шақырушы болғандықтан, әлбетте барлық пайғамбардың басшысы. Олай болса, барлық пайғамбардың мұғжизаларының сырларын қоса қамтиды. Демек, бүкіл пайғамбарлардың топтасқан қуаттары мен мұғжизаларының куәлігі Оның адалдығы мен растығын нықтай түседі. Ол, тәрбиесі мен көрсеткен тура жолы арқылы және шариғатының нұрымен кемелденген бүкіл әулиелер мен асфиялардың сұлтаны және ұстазы. Олай болса, олардың да яғни әулие, асфиялардың бүкіл кереметтерінің сырларын және бірауыздан растауларын, туралықтарын қоса қамтиды. Өйткені, олар ұстаздары салған және қақпасын ашық қалдырған жолмен жүріп ақиқатты тапқан. Олай болса, олардың бүкіл кереметтері мен ізденістері және бірліктері, әлгі кемшіліктен таза стаздың адалдығы мен дұрыстығын көрсететін сенімді бір дәлел болып, Оның рас екенін анықтай түседі. Әрі ол Уахданиеттің дәлелі алдыңғы өткен ишараларда да баяндалғанындай, анық та айқын мұғжизалар мен таңғажайып оқиғалар арқылы пайғамбарлығы шүбәсіз дәлелденген тұлға, олай болса бүкіл әлем жиналса ол дәлелді жоққа шығара алмайды.
Үшінші негіз: Һәм, әлгі айқын мұғжизалардың иесі, Уахданиеттің делдалы және Мәңгілік Бақытты сүйіншілеген кісінің бойында өте жайсаң мінез, пайғамбарлық міндетке адалдық, жоғары қасиет, әкелген шариғаты мен дінінде керемет құндылықтар бар екенін ең қас жауы да жоққа шығара алмай отыр. Өн бойында және атқарған міндеті мен дінінде ең жоғары, аса көркем мінез, ең жақсы, кәміл әдеттер мен ең құнды сипаттар болғаны рас.
Әлбетте, Ол кісі жаратылыстағы кемелдік пен көркем мінездің үлгісі, өнегесі мен ұстазы. Олай болса, атқарған адал міндеті, дініндегі кемелдік оның растығына және шындығына қай жағынан болсын бұлтартпас, дәлел.
Төртінші негіз: Ол, кемелдіктің кені, көркем мінездің ұстазы, Уахданиет пен Бақыттың делдалы өздігінен айтып жатқан жоқ, оған айтқызып тұр. Иә, әлемнің Жаратушысы айтқызып тұр. Ол Әзәли стазынан дәріс алып, сонан соң дәріс береді. Өйткені, жоғарыда аталған ишараларда біраз баяндалған мыңдаған пайғамбарлық дәлелдер және әлемнің Жаратушысы бүкіл мұғжизаларды Соның қолында жаратуы Ол, Оның (Аллаһтың) атынан сөйлеп, Оның сөздерін жеткізіп жатқандығын көрсетеді. Әрі, Оған түскен Құранның, ішкі-сыртқы қырыққа жуық қыр-сырлары, мұғжизалығы Оның Хақ Тағаланың елшісі, хабарын жеткізуші екендігін көрсетеді. Оның ықыластылығы, тақуалығы, салмақтылығы, сенімділігі және бүкіл іс-әрекеттері мен ахуалы Оның өз атынан, өз пікірімен айтып жатпағандығын, сөзсіз түрде Жаратушысы атынан сөйлеп жатқанын көрсетеді. Һәм Оны тыңдаған бүкіл ақиқат жолындағылар, көзбен көру, зерттеу нәтижесінде сөйлеп жатқан Оның өзі емес, әлемнің Жаратушысы Оны сөйлетіп жатқанын растап, илмеляқин (анық) иман келтірген. Сол арқылы дәріс беріліп жатыр. Олай болса, Оның адалдығы мен растығы осы төрт негіздің бекітуімен нығая түседі.
Бесінші негіз: Һәм, Ол Мәңгі Сөздің (Құранның) аудармашысы әруақтарды көріп, періштелермен сұхбаттасады, жындар мен адамдарға жол көрсетеді. Адамдар мен жындар әлемі ғана емес, рухтар әлемі, періштелер әлемі де дәріс алады. Оның сол әлемдермен байланысы бар, ол жақтан хабар әкеледі, көрсеткен мұғжизалары мен өткен өмірі осыны айғақтайды. Олай болса, көріпкелдер мен басқа да ғайыптан хабар беретіндер, кейде хабарға араласып кететін жындар да, әруақтар да, періштелер де оның хабарына, тіпті Жәбірейілден басқа үлкен періштелер де араласа алмайды. Тіпті, кейде ұзақ уақыт бойы Оның досы болған Хазіреті Жәбірейілді де араластырмайды.
Алтыншы негіз: Һәм, Ол - періштелердің, жындар мен адамзаттың мырзасы. Мына әлем ағашының ең нұрлы, кәміл жемісі, Иләһи мейірімнің үлгісі және Раббани махаббаттың көрінісі, Уахданиеттің ең нұрлы дәлелі, ақиқаттың ең жарқын сәулесі, әлем
тылсымының кілті, жарату сырын ашып беруші, әлем хикметінің мағынасын көрсетуші және Аллаһтың салтанатының делдалы, Раббани әдемі өнерді сипаттаушы және қабілеттілігі жағынан адами кемелдіктің ең ұлық үлгісі.
Ол кісінің осындай сипаттары мен рухани тұлғасына қарап, ол бүкіл әлемнің негізгі мақсаты яғни, бұл әлемнің Жаратушысы соған бола әлемді жаратқандығын, Егер Оны жаратпағанда әлемді де жаратпас еді деуге болады.
Иә, жындар мен адамдарға жеткізген Құран ақиқаттары мен Иман нұрлары және өз болмысындағы жақсы да кәміл мінез, бұл айтылғандарға нақты дәлел.
Жетінші негіз: Һәм, әлгі хақтың дәлелі, ақиқатың сәулесі, өзі әкелген діні мен шариғаты екі дүниенің бақытына қол жеткізетін ереже-заңдарға толы. Жан-жақты болуымен бірге әлемнің ақиқаты мен атқарар міндетін және әлемнің Жаратушысының есім-сипаттарын, аса кәміл ақиқаттарды жетік баяндаған. Ал, Ислам діні мен шариғаты жан-жақтылығы мен кемелдігі сондай, бүкіл әлемді және Жаратушысымен қоса керемет түрде түсіндіріп береді. Оған зер салған жан бұл діннің мына әсем әлемді Жаратушысымен қоса түсіндіріп, баяндап отырған бағдарлама екендігін түсінеді. Мысалға бір сарайдың ұстасы сол сарайға лайық бір түсіндірме жасайды. Өзін таныстыру үшін бір сипаттама жазады. Сол сияқты Ислам діні мен Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатында мына әлем құдіреті күшті біреудің қаламымен жазылғанын көрсететін ауқымды, кәміл, шындық толы баяндау бар. Ендеше бүкіл әлемді осындай толық жүйеге кім енгізген болса, бұл дінді жүйеге келтірген де сол. Иә, әлемдегі толық жүйе әлбетте осындай діндегі тамаша жүйе, тәртіпті қажет етеді.
Сегізінші негіз: Осы айтылған сипаттардың барлығын бойына сіңірген және қай жағынан алғанда да мызғымас негіздерге арқа сүйеген Мұхаммед Арабидің (с.а.у.) бұл дүниеде тұрып ғайып әлемінің атынан жындар мен адамдарға арнап айтқан сөздері әр тарапқа, барлық адамзат пен жындарға, бүкіл ғасырларға естіліп тұр. Иә, естіп тұрмыз!
Тоғызыншы негіз: Сондай зор қуатты дауыспен сөйлеп жатқандығы соншалық, бүкіл ғасыр оны тыңдап, жаңғырған даусын әрбір адам естуде.
Оныншы негіз: Ол кісінің жүріс-тұрысынан да байқалғандай өзі көріп барып хабар беруде. Өйткені, ең қауіпті уақыттарда қобалжымай, шүбәсіз, алаңсыз саспай сөйлейді. Жалғыз өзі әлемге атой салды.
Он екінші негіз: Һәм, Ол өте байсалды түрде шақырып, жақсы өнеге боларлықтай тәрбиелеп, ереже заңдарын ғасырлар қатпарында, шартараптың тастарында нақыштап заманның беттерінде өшпес ою қалдырды.
Он үшінші негіз. Һәм, әкелген үкімдерінің рас екеніне сенімді түрде айтып шақырғаны сондай дүние жүзі жиналып оны айтқанынан бас тартқызып, өкіндіре алмады. Бүкіл өмір тарихы мен ізгі қасиеттері бұған куә.
Он төртінші негіз. Әрі өте сенімді түрде шақырып, мақсатын түсіндіргені сондай ешкімге қарыздар болмай, жалынбай, қандай да бір қиындыққа қарсы мойымай, шүбәсіз, суық қандылықпен және адал түрде, өзгеден бұрын өзі амал етіп, қабыл ете отырып, әкелген үкімдерін жария қылды. Жұрттың бәріне - дос пен дұшпандарына мәлім адал атқарған құлшылығы мен көңілінің тоқтығы және дүниенің фәни сұлулықтарына қызықпай көңілін алшақ ұстауы бұған куә.
Он бесінші негіз. Һәм өзі әкелген дінге бәрінен артық мойынсұнуы және Жаратушысына деген бәрінен де басым құлшылығы мен харам нәрселерден қашуға келгенде бәрінен артық тақуалылығы; Оның Мәңгіліктің Сұлтаны Аллаһтың Жаршысы, Елшісі екендігін анық көрсетеді.
Ол - Мағбуды Билхақтың ең адал құлы және Келам-ы Әзәлидің аудармашысы.
Осы он бес негіздің нәтижесі мен түйіні: Айтылған сипаттарға ие бұл Адам а.с. бүкіл қуатымен, бүкіл өмірінде қайталап, әрдайым:
деді, Уахданиетті жария қылды.
Аллаһтың сыйы және Раббани жәрдемінің белгісі
мағынасына сай болу үмітімен айтарым: Осы кітап жазылып жатқанда Аллаһ Тағаланың қалай жәрдем еткенін және Оның рахымы қалай көрінгенін баяндайын. Сонда бұл кітапты оқығандар одан сайын мән беріп қарайтын болады.
Негізінде, осы кітапшаны жазу ойымда да жоқ еді. Себебі, Отыз бірінші және Он тоғызыншы Сөздерде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) елшілігі туралы баяндалған болатын. Кенет осы кітапшаны жазуға мәжбүрлейтін бір ой келді. Алайда денсаулығым айтарлықтай емес әрі ауыр қыспқтардың салдарынан ес қалмады деуге болады. Әрі әдетім бойынша бір нәрсе жазарда нақыл жолымен "қала, қила" - (айтыпты, депті) дегенді ұнатпаушы едім. Һәм қолымда хадис немесе сияр кітабы жоқ болатын. Сонда да тәуекел деп бастадым. Жазылуы сәтті болғаны сондай Бұрнғы Саидтың есте сақтау қабілетінен әлдеқайда қуатты жадымның күшін сезіндім. Бас-аяғы екі-үш сағаттың ішінде отыз-қырық бет жазылып жатты. Бір сағатта он бес бет жазылды. Басым көпшілігі Бұхари, Муслим, Бейхақи, Тирмизи, Шифай Шәриф, Әбу Нуайм, Табери сияқты кітаптардан нақыл етілді. Алайда мұндай риуаятта қате жіберілсе (хадис болғандықтан) күнә жазылуы мүмкін. Сондықтан жүрегім толқып, қорыққаным да рас. Бірақ, кейін Аллаһтың өзі жәрдем етіп тұрғаны байқалды. Һәм қажеттілік бар. Иншааллаһ сахих түрде жазылды деп ойлаймын. Егер кейбір хадистердің сөздерінде немесе риуаят қылушы адамның есімі қате жазылған болса жөндеп, кешіріммен қарауын бауырларымнан өтінемін.
Иә, рас. Бұл жазбаны стазымыз айтып жатқанда, біз шимай қағазға жазып отырушы едік. Қарап отырып жазатын қолында ешқандай да кітабы жоқ болатын. Бірден, өте жылдам түрде айтып отырады. Біз де жазып үлгіруге тырысатынбыз. Екі-үш сағатта отыз қырық, кейде одан да көп парақ жазылатын.
Бұл сәттіліктің Пайғамбарымыздың мұғжизасының бір кереметі екеніне біздің де еш күмәніміз қалмады.
Әрдайымғы қызметшісі: Абдуллаһ Чавуш.
Қызметшісі әрі алғаш хатшысы: Сүлеймен Сами.
Алғаш хатшысы әрі ақырет бауыры: Хафыз Халид.
Алғаш хатшысы әрі таза бетке көшіруші, хатшы: Хафыз Тәуфиқ.
Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизалары бөлімінің бірінші қосымшасы
Он төрт тамшыдан тұратын он төртінші Леманың бірінші тамшысы.
Бізге Раббымызды таныстыратын үш үлкен таныстырушы бар.
Біріншісі: Алып кітап тәрізді мына ғалам. Оның қалай куәлік ететіндігін. Он үш Лема Нұр шығармаларының Он үшінші сабағында тыңдадық.
Екіншісі: Осы ұлы кітаптың ең ұлы аяты болып саналатын соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.).
Үшіншісі: Қасиетті Құран Кәрім.
Ендігі кезекте, Аллаһтың аяттарын тілмен жеткізуші ұлы куәгер, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (с.а.у.) танып, тыңдауымыз керек. Оның рухани тұлғасына назар аударайық. Оған жер жүзі - мешіт. Мекке - михраб. Мәдина - минбер. Бұлтартпас дәлел болып саналатын Пайғамбарымыз (с.а.у.) барлық имандыларға имам. Адамзаттың барлығына хабаршы. Пайғамбарлардың көсемі. Әулиелердің сұлтаны. Әнбиялар мен әулиелерден құралған зікір алқасының серзакирі яғни жетекшісі. Ол бейне бір нұрлы ағаш. Барлық әнбия оның өміршең тамырлары. Бүкіл әулиелер оның тамылжыған жемістері. Мұғжизаларына сүйенген барлық пайғамбарлар және керемет әулиелер, ол көтерген мәселелердің барлығын қолдап, растауда.
Оның оң және сол жағындағылары, яғни алдыңғы пайғамбарлар мен кейінгі әулиелер сап түзеген нұрлы зікіршілер оның сөзін қайталап, бір ауыздан "дұрыс, нағыз шындықты айттың" деуде. Осындай сансыз қолдау көрген мәселеге, қандай күдік қарсы келе алады.
Екінші тамшы: Әлгі тәухидтің нұрани дәлелі екі жақты қолдау тауып отыр. Тәурат пен Інжіл секілді қасиетті кітаптарда {Сілтеме*: Атақты ғалым Хусейн-і Джисри "Рисале-и Хамидие" атты кітабында сол семауи кітаптардың ішінен жүз он төрт ишара - белгі тапқандығын жазады. Өзгеріске ұшырағанның өзінде мұнша ишара болса әлбетте одан бұрын көптеген белгі хабарлар болған.} ол туралы жүздеген дәлелдер бар.
Пайғамбарымызға пайғамбарлық берілмей тұрғанда көрініс тапқан мыңдаған оқиғалар, ғайыптан хабар беруші жындардың сүйіншілері, шыншыл көріпкелдер мен сәуегейлердің бірдей куәліктері, сондай-ақ, Шаққы Қамар (Айдың екіге бөлінуі) сияқты мыңдаған мұғжизалардың дәлелдеуі, және шариғаттың туралығы бұл мәселені толық растайды. Сондай-ақ, мінез-құлқының кемелдігі, табиғатының әсемдігі, аса сенімділігі, қуатты иманы, берік сенімі, мұны дәлелдейтін аса тақуалығы, көп құлшылық етуі, мақсатына адалдығы, өз ісіне беріктігі, ықыласы, Оның хақ пайғамбар екендігін күн нұрындай етіп анық көрсетуде.
Төртінші тамшы: Зер сал! Ол, ақиқат нұрын шашуда. Егер мына әлемге оның нұрлы да ақиқатты үйрететін назарымен қарамасаң, бүкіл әлемді жылап-сықтау орны деп түсінесің. Жаратылысты бір-біріне бейтаныс, тіпті жау деп білесің. Алып денелерді жаназа, рух иелерін де қоштасу мен көз жазып қалудан зар еңіреген жетімдер түрінде көресің. Солай көрінеді. Тағы да зер сал! Енді, Пайғамбарымыз жеткізген нұрдың сәулесімен әлгі жылап-сықтау орны қуаныш пен шаттыққа толы зікірханаға айналды. Бейтаныс, бір-біріне
жау жаратылыс, бір-бірінің досы, бауыры болып шықты. Жансыз, меңіреу, өлі денелер жағымды, өзіне лайық қызмет атқарушы екен. Жылап-сықтап, шағым айтқан жетімдер тәсбих айтып зікір салушы құлдар немесе өз міндетін адал атқарып, демалысқа шыққандар екен.
Бесінші тамшы: Сол нұрдың саясында әлемдегі қозғалыстар, өзгерістер мен құбылыстар мәнсіз, мағынасыз, кездейсоқтықтың тәлкегі болудан құтылып, Раббани хатқа, ұлы аяттардың парақтарына, Иләһи есімдердің айнасына айналды. Бүкіл әлем Аллаһтың даналық кітабы дейтін жоғары мәртебеге көтерілді.
Адамды хайуаннан бетер төменгі дәрежеге түсіретін сансыз қажеттіліктері мен әлсіздігі, пақырлығы мен бейшаралығы және уайым мен қайғыға салып, бүкіл хайуаннан сорлы қылатын ақыл-ой, пайғамбарымыз әкелген әлгі нұрмен нұрланған кезде, адамды бүкіл хайуаннан, тіпті жаратылыстан үстем қылып, ең жоғарғы дәрежеге шығаратын құралға айналады. Сол нұрлы ақылымен және әлсіздігі, пақырлығы арқылы, және жалбарынып жасаған дұғасының арқасында ерке сұлтанға және жер бетінің назды халифасына айналады. Демек ол нұр болмаса, бүкіл әлем де, адамзат та, тіпті болмыс атаулы түкке тұрғысыз болып, мәнін жоғалтар еді. Әлбетте, мұндай таңғажайып әлемге осындай ғажап бір кісі керек. Әйтпесе, бүкіл әлем де жер де ғарыш та болмас еді.
Жетінші тамшы: Назар аудар! Сонау алып түбекте өмір сүрген жабайы, әдет ғұрыптарына өте берік, саны көп, өздері қырсық қауымдарға тез арада жаман әдеттері мен жабайы мінездерін қойғызып, олардың бойына жақсы мінез-құлық сіңдірді. Оларды бүкіл әлемге мұғалім, мәдени қоғамдарға ұстаз қылды. Бұл сырттай, жай үстемдік емес-ті. Олардың ақылы мен рухына, жүрегі мен нәпсісіне дейін баурап алды. Ол күллі жүректердің сүйіктісі, ақыл атаулының ұстазы, барлық нәпсілердің тәрбиешісі, бүкіл рухтардың сұлтаны атанды.
Сегізінші тамшы: Саны аз қауымға мәртебесі жоғары бір патша темекі секілді жай бір әдетті өте көп күш жұмсап қана қойдыра алады. Ал, бұл кісі әдет ғұрыптарына берік, қырсық әрі көп қауымдарға көптеген әдет-ғұрыптарын былай қарағанда азғана күшпен, аз уақыт ішінде қойғызды. Ол әдет ғұрыптардың орнына асыл қасиет, биязы мінез, әдемі әдеп үйретті. Осындай көптеген керемет іс тындырды. Сол бақыт ғасырын көрмей Пайғамбарымызға сенбей жүрген бейбақтарға араб түбегін көздеріне шұқып тұрып айтарымыз: Жүздеген философтарды жинап сол жаққа барсыншы. Жүз жыл еңбек етсін. Ол кісінің сол кезеңдегі бір жылда атқарған еңбегінің жүзден бірін атқара алар ма екен?
Тоғызыншы тамшы: Беделі орташа қарапайым адам, кішкентай, бірақ кісіні ұятқа қалдыратын жалған мәселені қарсыластарының алдында қорықпай, айласын сездірмей, абыржымай айта алмайды. Ал, мына кісіге қара! Оның мойнына өте маңызды міндет, күрделі жауапкершілік жүктелген. Беделі өте жоғары. Сақтануға аса мұқтаж, әрі қауіпті жағдайда, қалың топқа, өте азулы жаудың алдында, өте маңызды мәселелерді, емін-еркін, қорықпай, еш алаңдамай бүкпесіз, абыржымай, шынайы түрде, ықыласпен, кейде қарсыластарының намысына тиетіндей өткір, жандарына батыра айтқан сөздері өтірік болуы мүмкін бе? Қандай да бір айла-қулықтың араласуы әсте мүмкін бе? Жоқ.
Иә, ақиқат алдамайды. Ақиқатшыл алданбайды. Оның ақиқатшыл жолы айладан ада. Ақиқатшылдың көзіне қиял, елестер ақиқат болып көрінуі әсте мүмкін емес. Жоқ алдай алмайды.
Оныншы тамшы: Неткен тартымды, аса маңызды, өте қызықты, таңғажайып ақиқатқа толы мәселелерді көтеріп әрі
дәлелдеген десеңші. Адам баласынының ынтасын арттырып әрекет еткізетін күш - қызығушылық екен. Тіпті, саған "өмірің мен дүниеңнің жартысын берсең Айдан, Есекқырғаннан (Юпитер) біреу келіп, Айда, Есекқырғанда не бар екенін айтып, ол жақтағы жағдайды түсіндіріп береді және сенің болашағыңды, қандай оқиғалар бастан кешетініңді айна қатесіз айтып береді" десе, қызығып, өмірің мен дүниеңнің жартысын беруге келісе кетесің. Ал бұл кісі Ғажап лы Сұлтанның хабарын жеткізуде. Аспандағы ай Ол Сұлтанның қол астындағы, бір отты айналып жүрген шыбын секілді, жер шары болса шамды шыр айналған көбелектей. Ал сол шам тәріздес күн әлгі Сұлтанның мыңдаған шам-шырақтарының ішінде бір ғана шамы. Бұдан да басқа ғажайып әлемдер мен керемет ғажайып құбылыстар жайында хабар беруде. Егер мыңдаған жер шары бомба болып жарылса, оның әлгіндей ғажайып хабарындай болмас еді.
Құран сүрелерін тыңда! Бұл аяттар жарқын болашақтан хабар беруде. Ақыреттегі болашақтың жанында мына дүниеуи болашақ бір тамшыға да татымайды. Һәм нағыз бақыт жайлы хабар беруде, дүниенің бар бақыты ол бақыттың қасында түк емес, ол бейне бір мәңгі сөнбес күнді жарқ етіп сөніп қалатын найзағаймен салыстыр ғандай.
Он бірінші тамшы: Сапырылысқан мына құбылыстардың сыртында осындай ғажайып әлем бізді күтіп тұрғаны хақ. Мұндай ғажайып әлемнен хабар беру үшін осындай керемет, аса мұғжизалы бір кісі керек. Ол кісінің жүріс-тұрысынан байқайтынымыз, мұның бәрін өзі көрген және көріп отыр, көргендерін айтып тұр. Һәм, "бізді нығметтерімен азықтандырушы және аспан әлемі мен жер жүзінің Жаратушы Иесі бізден не сұрайды, не талап етеді?" Осының бәрін бізге нақтылап жеткізуде. Дәл осындай көптеген қажетті де қызығарлық маңызды ақиқаттар жайында хабарлаған осы кісіге бәрін тастап ден қойып тыңдаудың орнына, тіпті солай қарай жүгірудің орнына, селқос қарап мән бермейтін мына адамзатқа не болған? Адам танымас болғаны ма? Мына ақиқаттарды көрмейтіндей, естімейтіндей, түсіне алмайтындай мәңгүрт боп қалғаны ма?
Он екінші тамшы: Мына әлемді Жаратқан Аллаһтың жалғыз екендігі қаншалықты анық болса, соншалықты бұл Кісі де Аллаһтың бар және бір екенін хақ тілмен жеткізуші нақты дәлел болып саналады. Ол сонымен қатар қайта тірілу мен мәңгі бақыттың айқын және ұлы дәлелі. Ол кісі мәңгі бақыттың орнауына бірден бір себеп және оған қол жеткізуге ұйытқы. Сонымен қатар, дұғасымен әлгі мәңгі бақыттың орнауына, жаратылуына себеп. Қайта тірілу жайында айтылған мына сырды осы арада қайталаған орынды болар еді.
Назар сал! Оның намазы мен дұғасы сондай ұлық, Онымен бірге бүкіл Арабия, тіпті Жер шары намаз оқып, дұға етеді. Сондай-ақ, онымен бірге дұға ететін жамағаттың үлкендігі сонша Адам (а.с.) заманынан бері қарайғы бүкіл адамзат, оның ішінде де ең кәмілдері оның дұғасына қосылып, "әмин" деп қол жаюда. Һәм оның дұғасының қабыл болғанын тілейтіндердің көптігі сонша, Жер шарындағы жаратылыстың барлығы және аспан әлеміндегі барша болмыс атаулы "О, Раб! Тілеуін бере гөр! Біз де соны тілейміз" деп оның дұғасына қосыла жалбарынуда. Һәм пақыр, мұңлы халде, сүйкімді түрде өз қалау тілектерін кішіпейілдікпен өтінуде. Мұны естіген бүкіл жаратылыс атаулы көздеріне жас алып, оның дұғасына қосылып қол жаюда. Ол дұғаның мағынасына үңіліп көрдің бе?. Ол дұға адамзатты тіпті бүкіл әлемді, барлық жаратылыс атаулыны қадірі түсіп түкке аспай қалудан, үні өшіп жоқ болудан, қадір-қасиеттен жұрдай болып ең төменгі дәрежеге құлдыраудан құтқару үшін жасалған дұға. Ол баршаның қадір қасиетін арттырып, мәңгі жасауға, бастан ұлы міндет жүктелгендердің қатарына қосып, оларды ең биік дәрежеге шығаруын өтінуде. Оның медет сұрап жалбарынған тәтті үніне аспан, жер, ғарыштағы жаратылыс атаулы шабыттана ұйып, дұғасына қосылып, "Амин, Аллаһумма амин" дейді.
Һәм ол қажеттіліктерін Самиғ, Кәрім, Қадирдан, Басир, Рахим, Алим біреуден сұрайды. Ал, Ол көзге көрінбейтін ұсақ нәрсенің қажеттіліктерін көріп, естіп, қабыл алып қамқорлық жасайды. Хал тілімен сұраса да береді. Аса әділдікпен, көрегендікпен, мейірімділікпен міндетті түрде жауап береді. Демек өтінішті орындау Самиғ, Басир, Кәрім, Рахим Аллаһқа тән.
Он үшінші тамшы: Адамзат баласының таңдаулы тұлғаларын соңына ертіп, ғарышқа шығып, Ғарыш Ағзамға бет бұрып, қол жайған дұға қылушы, адамзаттың абыройлысы, ешқашан ешбір
теңдесі табылмаған жаратылыс атаулының мақтанышы болған осы асылзат не қалайды? Енді Соны тыңдайық! Мәңгі бақыт сұрайды. Мәңгілік қалайды. Бақиға қауышуды қалайды. Жұмақ керек дейді. Сол жұмақты барлық жаратылыс, атаулыға сәулесі түсіп, үкімі жүріп тұрған Аллаһтың киелі көркем есімдерімен бірге сұрайды. Рахмет, Инает, Даналық, Әділет секілді жұмақты талап ететін себептер болмағанның өзінде Пайғамбарымыздың бір ғана дұғасы әлгі өтініштің орындалуына жеткілікті себеп. Иә, Аллаһ Тағалаға жұмақты жарату көктемді жарату сияқты оңай. Оның пайғамбарлығы мына емтихан алаңының ашылуына себеп болғанындай, оның құлшылығы да ақырет әлемінің ашылуына себеп болған.
Даналар мен зерттеушілерге
дегізген мына ұлы керемет жүйе, мейірімділік толы тамаша өнер және теңдесі жоқ Рубубиеттің сұлулығы зұлымдық пен жүйесіздікпен, жағымсыздықпен, мейірімсіздікпен әсте үйлеспейді? Ондай келеңсіз жайттарды қабыл көрмейді. Ең қарапайым, онша маңызы жоқ тілектер мен дауыстарға аса мән бере қарап, талап-тілектерді орындап, ал өте маңызды, аса қажет талап-тілектерді естімеуі, оларға мән бермеуі мүмкін бе? Әсте мүмкін емес. Жоқ, жоқ мүлдем олай емес. Мұндай әсемдік, ондай жағымсыздыққа жол бермейді. Жағымсыз болмайды.
Ей, достым! Әзірге жетер, кері қайтайық. Әйтпесе бұл жерде жүз жыл қалсақ та ол кісінің тындырған ғажайып істері мен таң қаларлық қызметтерінің жүзден бірін толығымен қамтып, тамашасына тоя алмаспыз. Енді әр ғасырға жеке-жеке назар салайық. Әр ғасырдың, сол бір бақыт күнінің шуағымен қандай әсем гүлдер ашқанын көрейік. Әбу Ханифа, Шафи, Баязид Бистами, Шах Гейлани, Шах Нақшибенд, Имам Ғазали, Имам Раббани секілді миллиондаған рухани да нұрлы жемістер берген. Көргендерімізді жеке-жеке түсіндіруді басқа уақытқа қалдыра тұрып, сол бір таңғажайып бақыт сыйлаушыға, оның мұғжизаларына ишара ететін салауат айтайық!
"Шуааты марифетун Нәби" атты түрікше шығармада және Он тоғызыншы хат пен осы Он тоғызыншы Сөзде Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы жайлы жазылған.
Ол жерде Құран Хакимнің мұғжиза екендігі де қысқаша баяндалған-ды. "Лемаат" атты тағы бір түрікше шығармамда және Жиырма бесінші Сөзде Құранның қырық жағынан мұғжиза екендігі қысқаша баяндалды. Мұнда қырық түрлі мұғжизаларға ишара жасалды. Тек мұндағы өлең түріндегі көркем сөзді "Ишаратул ижаз" атты арабша тәпсірімде қырық бет етіп жазған едім. Қажет деп білгендер, сол үш кітапты оқысын.
Он төртінші тамшы. Мұғжизалар қазынасы және үлкен мұғжиза болған Құран Хаким Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы арқылы Аллаһтың бір екендігін нақты және бұлтартпас түрде дәлелдейді. Басқа дәлелге қажет жоқ. Біз қазір Құран Кәрімнің базбіреулер тарапынан сынға ұшыраған бір-екі түсіндіру әдісінің мұғжизалы
сәулесіне ишара жасаймыз. Міне, Раббымызды таныстырушы Құран Хаким, Әлем атты мына ұлы кітаптың ежелден бергі аудармасы, Жер мен Көктің парақтарында жасырын жатқан Иләһи есімдердің қазынасын ашып беретін кілт және көзге көрініп тұрған мына әлемнің сыртындағы ғайыптар әлемінен келетін Рахмани ілтипаттар мен ежелден бергі айтылып келе жатқан асыл сөздердің қазынасы. Исламның рухани әлемінің күні, іргетасы, ақыреттік әлемнің картасы, Аллаһтың сипаттары мен істерінің мағынасын түсіндіруші, тәпсірлеп, анықтап беруші, сөйлеуші дәлел, нұр шашқан аудармашы, адамзаттың тәрбиешісі, даналықтың қайнары, бақыт жолын көрсетуші ұстаз...
Һәм, даналық кітабы, шариғат кітабы, дұға мен құлшылық кітабы. Бұйрықтар мен шақыру кітабы. Ілім мен зікір кітабы. Адамзаттың барлық рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кітап. Әр түрлі тариқаттағы әулиелер мен сыддықтардың, асфиялар мен ақиқатқа қол жеткізгендердің әрқайсысына өз жолына лайық нұсқаушы тауып беретін "Киелі кітапхана".
Құран - негіз. Ол - іргетас. Тура жолды көрсетуші діннің өзегі. Ислам дінінің тірегі. Адамзаттың қоғамдық өміріне өзгерістер еңгізіп, әр түрлі топтың қайта-қайта қоятын сұрақтарына жауап. Бір нәрсенің іргетасын қалаушыға жан жақты анықтап бірнеше қайталау қажет. Нығайта түсу үшін, қайталау қажет. Дем беріп, күшейте түсу үшін тағы да қайталап, анықтап отыру керек. Сондай-ақ, Құран өте маңызды, өте терең ақиқаттарды түсіндіреді. Оларды баршаның жүрегіне орнықтыру үшін қайта-қайта қайталап, жан-жақты түсіндіріп отыру керек. Сонымен қатар, ол қайталанулардың жазылуы ғана бірдей. Алайда әр бір аяттың өзіндік орны, көп мағыналары, көп пайдалары, әр түрлі дәрежелері бар. Әр жерде әр түрлі мағына, әр түрлі пайда, әр түрлі мақсат үшін айтылады.
Құранның болмысқа қатысты кейбір мәселелерді ашық баяндамай, қысқаша айтуы, білімге жетелеудің мұғжизалы сәулесі. Сыныққа сылтау іздейтін хақ жолдан тайғандар мен дінсіздердің ойлағанындай ол кемшілік емес.
Егер: "Құран Хаким жаратылысты неге философияның түсіндіргеніндей етіп түсіндірмейді? Кейбір мәселелерді қысқа қайырады. Кейбіреулерін көпшіліктің көзқарасында жағымды, қарапайым бұқараның ой-санасын сан-саққа жүгіртпей сезімдерін шаршатпай, өте анық та қарапайым тілмен жеткізеді" десең, жауап ретінде былай дейміз: Себебі, философия ақиқаттың жолынан адасқан. Алдыңғы дәрістер мен Сөздерден әлбетте түсінген боларсың, Құран Кәрім Аллаһтың есімдері мен сипаттарын түсіндіру үшін жаратылыс атаулыны тілге тиек етеді. Яғни, мына жаратылыс кітабының мағыналарын түсіндіріп, оның жазушысын, Жаратушысын таныстырады. Демек, болмысқа оның өзі үшін емес Жаратушысын таныстыру үшін қарайды. Сондай-ақ, сөзін баршаға арнайды. Философия болса болмысқа өзі үшін қарап өзінен шыға алмай шектеліп қалады әрі көбіне сөзін оқымыстыларға белгілі бір топқа арнайды. Құран Хаким, жаратылысты дәлел ретінде ұстайды. Көпшілікке түсіндіру оңай болуы үшін айғақ анық болуы керек. Құран - жөн сілтеуші, ағартушы, ұстаз. Олай болса сөзін адамзаттың барлық сыныпына арнайды. Негізгі топ - қарапайым бұқара. Әрине, оларға қажеті шамалы нәрселерді жалпылама түсіндіреді, кейде егжей-тегжейлі айтпайды, тұспалдап қана жеткізеді. Маңызды да күрделі
мәселелерді мысалдар арқылы түсіндіреді. Қарапайым халықты шатастырмау үшін сырт көзге айқын, көрініп тұрған нәрселерді өзгеріссіз, сол қалпында баяндайды. Мысалға: "Күн айналып тұрған шырақ" дейді. Күнің өзі үшін емес, әрі оның жаратылысы қандай екенін баяндамайды. Оның белгілі бір жүйенің мәйегі тәртіптің орталығы тәртіптің орталығы екендігін, ал жүйелілік және тәртіп Жаратушысын танытуда үлкен рол ойнайтын, айна екендігін баяндайды.
Иә, аятта:
дейді. "Күн айналады" сөзі арқылы қыс пен жаздың, түн мен күннің алмасуындағы керемет басқару жүйесін еске түсіріп Жаратушының ұлықтығын түсіндіреді. Мұндағы "айналу" сөзі қалай болғанда да баяндалуы қажет, көз алдымыздағы жүйенің тәртібіне нұқсан келтірмейді.
Тағы да
дейді. Мұндағы "сирадж" сөзі арқылы мына әлемді сарай сияқты суреттейді. Ішіндегі заттар болса, адамдар мен басқа да тіршілік иелеріне арналған әсем бұйымдар. Күн бағынышты шырағдан секілді екендігін еске түсіру арқылы Жаратушының рахметі мен жарылқауын аңғартады.
Ал енді тілі мен жағына сүйенген философия не дейді? Ол: "Күн лаулап тұрған алып от. Өзінен бөлініп шыққан планетеларды айналасында ұстап, айналдырып тұрады. Үлкендігі мұндай, жаратылысы мұндай"... дейді. Адам рухына қатты үрей мен қорқыныш ұялатып, таңдандырғаннан басқа еш нәрсе бермейді. Рухтың кемелдік ілімін алуына кедергі болады. Құран секілді баяндамайды. Бұдан сырты сұлу, іші бос, жылтыраған философияның құны қанша екенін түсін. Пәлсәпәнің сыртқы суретіне алданып, Құранның мұғжизалы баянына құрметсіздік қылма.
Ескерту: Арабша Рисалей-Нұрда Он төртінші тамшының алты бөлімі, оның ішінде төртінші бөлімінің алты тұжырымы Құран Хакимнің қырық түрлі мұғжизаларының он бесін баяндайды. Сол жерде толық айтылғандықтан қазір қысқаша баяндалды. Қаласаң соны оқы. Мүғжизалар қазынасын табасың.
ШАҚҚ-Ы ҚАМАР
Ахмедтің (с.а.у.) мұғжизасының айқын дәлелі болған Айдың екіге бөлінуін, ылаң салғыш пәлсапашылар және олардың бұзық ойларына ерген ессіз ермелер халықтың күмәнін туғызу үшін былай дейді: "Егер айдың екіге бөлінгені рас болса, онда бүкіл әлемге мәлім болар еді. Барлық адамзат тарихы мұны әлемге жар салып хабарламай ма?"
Жауабы: Айдың екіге бөлінуі Пайғамбардың сөзіне дәлел болу үшін, оның айтқан сөздерін естіген және соны жоққа шығарғысы келген құзырындағы бір топ адамға арналған түнде, ұйқы уақытында, кенеттен көрсетілгендіктен және күн шығатын мезгіл әр жерде әр түрлі болғандықтан, әрі тұман мен бұлт сияқты көруге кедергі әртүрлі себептердің болуымен бірге, ол заманда мәдениет өркен жаймағандықтан өзіндік түрде қалды. Және аспанды зерттеушілер өте аз болғандықтан әлемнің барлық өңіріне көрінуі, барлық тарихта қалуы әлбетте шарт емес-ті. Айдың бөлінуіне байланысты туындаған осы күмән бұлтын сейілтетін көп тұжырымның қазір бесеуін тыңда!
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Сағд Тафтазани сияқты ұлы ғұламалардың көпшілігі былай деген: Айдың екіге бөлінуі, саусақтарынан су ағып, ол суды бүкіл әскерге ішкізуі сияқты немесе мешітте құтпа оқығанда сүйенген қу тіректің Ахмедтен (с.а.у.) айрылғанында дыбыс шығарып боздауы, мұны бүкіл мешіт жамағатының естуі. секілді тәуәтүр. Яғни, тізбектеліп келіп, бүкіл жамағат бір-біріне баяндап, жалғасып жататын хабар. Олардың ұйымдасып өтірік айтуы мүмкін емес. Қалың жамағат бір-біріне жеткізіп отырған. "Галилей" секілді үлкен құйрықты жұлдыздың мың жыл бұрын өткені сияқты баршаға мәлім. Біз көрмеген Серендиптің (Цейлон аралы) бар екеніндей, айдай анық мәселе", - деген екен.
Міне, осындай айдай анық, нақты мәселеге шек келтіріп күмәндану ақымақтық. Тек іс жүзінде болуы мүмкін екендігі жеткілікті. Ал, айдың екіге бөлінуі бір таудың вулкан әсерінен жарылғаны сияқты мүмкін құбылыс.
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Мұғжиза деген Пайғамбардың сөзін дәлелдеу үшін, дінсіздердің сағын сындыру үшін көрсетіледі, бірақ мойындауға мәжбүрлемейді. Олай болса пайғамбарлықты және оның айтқан сөздерін естігендер үшін және көзі жететіндей дәрежеде мұғжиза көрсетілуі қажет. Өзге тараптарға көрсету немесе мәжбүр қылатындай дәрежеде ап-айқын көрсету Хаким Зүлджалалдың хикметіне қайшы әрі емтиханның сырына кереғар. Өйткені, емтиханның сыры "ақылға жол көрсетіп ерікті қолынан алмауды" талап етеді. Егер, пәлсапашылардың ойлағанындай айдың
бөлінуін Жаратушы Хакім бір-екі сағат бойы бүкіл әлемге көрсетіп адамзат тарихында қалса, онда аспанның өзге құбылыстары сияқты пайғамбарға ғана қатысты болмай әрі сөзіне дәлел болмас еді. Немесе еріксіз түрде пайғамбарлықты мойындататын, ақылға ерік бермей, қабылдауға мәжбүрлейтін ап-анық мұғжиза болар еді. Ол кезде Әбужәһил сияқты рухы көмірдей қара адам, рухы алмастай Әбубәкір сияқты адамдармен тең дәрежеде қалып, емтихан сыры зая болар еді. Міне, осы сыр үшін кенет һәм түн һәм ұйқы уақыты, әрі күннің әртүрлі уақытта туылуы, тұман мен бұлт секілді өзге де кедергілер перде болып бүкіл әлемге көрсетілмеді немесе тарихта қалмады.
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Осы оқиға беймезгіл уақытта барша жұрт ұйқы құшағында жатқанда, өте тез, жылдам көрсетілгендіктен әлемнің әр тарапына әлбетте көріне бермейді. Кейбір жандарға көрінсе де көзіне сенбейді. Сенсе де бір кісінің айтуымен ғана осындай маңызды бір оқиға тарихта мәңгі сақталмайды.
Кейбір кітаптарда "Ай екіге бөлінгеннен кейін жерге түсіпті" деген қаңқу сөзді зерттеуші ғұламалар қабылдамаған. "Осы ап-анық мұғжизаның құнын жою үшін, бәлкім бір мұнафық қосып жазған",- деген.
Сондай-ақ, ол уақытта надандықтың тұманы қаптаған Англияда, Испанияда күн бататын мезгіл болса, Америкада тал түс, Қытайда, Жапонияда таңертеңгілік уақыт болатын. Өзге жерлерде де кедергі болар себептерге байланысты әлбетте көрінбейді. Енді мына ақылсыз қырсыққа қара, ол: "Англия, Қытай, Жапония, Америка сияқты елдердің тарихтары бұл жайлы сөз қозғамаған. Олай болса бұл оқиға болмаған" дейді. Мұндай Еуропа жағымпаздарының ойы жиіркенішті-ақ.
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Айдың бөлінуі өзі-өзінен, кейбір себептерге байланысты болған кездейсоқ, табиғи құбылыс емес, әрі табиғи заңдылықтарға бағынатын қарапайым нәрсе емес. Ол Күн мен Айдың Жаратушы Хакимі, елшісінің пайғамбарлығын растап, айтқан сөздерін нұрландыру үшін, таң қаларлық осы оқиғаны жаратты. Тәрбие, ұсыныс, емтихан және Пайғамбар жіберуінің талабына орай Рубубиетінің хикметіне сай лайық жандарға дәлел қажет болғандықтан көрсетілді. Осы хикмет сырына лайық емес әрі дәлел сұрамаған, Пайғамбарлықты әлі естімеген елді мекеннің әр
тарапындағы адамдарға көрсетпеу үшін тұман, бұлт және Күннің әр жерде әртүрлі уақытта шығуына байланысты кей жерлерде мұны көруге мүмкіндік болмады. Кейбір елде Айдың әлі туа қоймауы, кейбірінде Күннің шығуы, енді бірінде таң атуы, біреулерінде Күннің енді батуы бұл оқиғаны көруге кедергі болып, осындай себептерге байланысты көрсетілмеді. Егер олардың барлығына көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у.) сұрауына байланысты болып, Пайғамбардың мұғжизасы саналады да, пайғамбарлығы ап-анық болып жұрттың бәрі де қабылдауға мәжбүр болар еді. Ақылдың еркі қалмас еді. Ал, Иман дегеніміз ақылдың еркімен болады. Сөйтіп емтиханның сыры зая болар еді. Егер, тек аспан құбылысы ретінде көрсетілгенде, онда Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығымен байланысы болмай, өзінің ерекшелігін жояр еді.
Сонымен, Айдың екіге бөлінуінің мүмкін екендігіне күмән қалмады, нақты дәлелденді. Енді мұны дәлелдейтін көптеген айғақтардан алтауына. { Сілтеме*: Яғни, алты рет бір ауыздан құпталған болғандығына қатысты алты дәлел бар. Бұл ауқымды түсіндірмеге лайық болғанымен өкінішке орай қысқа жазылды.} ишара қыламыз.
Қорытынды. Бұл жерге дейін анықтау, ақ-қарасын айыру және қарсы тұрушылардың үнін өшіру мақсатында еді. Иә, анықтаудың нәтижесі осылай болды. Бұдан кейін айтылатындар ақиқат атынан, Иман есебінен болады. Ия, зерттеу солай деді. Енді ақиқат былай дейді: Пайғамбарлық аспанының нұрлы айы, Пайғамбарлардың ең соңғысы Мұхаммедті (с.а.у.) Аллаһтың сүйіктісі деген дәрежеге жеткізген құлшылығындағы әулиеліктің кәраматы және ұлы
мұғжизасы болған миғраж арқылы яғни Аллаһ Тағала жердегі пендесін аспанды аралату арқылы аспан тұрғындарына, биік әлемдерге Оның маңыздылығы мен сүйікті құл екендігін көрсетті және әулиелігін дәлелді. Сол сияқты жерге таңулы, аспанға асулы тұрған Айды бір жер тұрғынының ишара қылуымен екіге бөліп жер тұрғындарына әлгі Тұлғаның (с.а.у.) пайғамбарлығын дәлелдейтін бір мұғжиза көрсетті. Ол мұғжиза арқылы, яғни жарылған айдан жасалған екі нұрлы қанат (Пайғамбарлық пен әулиелік секілді) Ахмед (с.а.у.) кемелдіктің ең биік көгіне самғады. Сонау Қабы қаусеинге дейін жетті, аспан мен жердің тұрғындарының мақтанышы атанды.
"Ахмедтің мұғжизалары" (с.а.у.) атты рисалесінің қосымшасының бір бөлігі
[Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығының дәлелдері жайында сөз қозғайтын Миғраж рисалесінің үшінші негізінің соңындағы үш маңызды да қиын мәселенің біріншісіне қатысты сұраққа қысқаша мазмұнды жауап]
Сұрақ: лы миғраж неліктен Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссаламға ғана тән.
Жауап: Бұл бірінші сұрағыңызға Отыз үш Сөзден тұратын "Сөздер" жинағында толық жауап берілген. Бұл жерде тек қана Мұхаммедтің (с.а.у.) кемелдігіне, пайғамбарлық дәлелдеріне және ұлы миғражға ең лайықты сол кісі екендігіне ишара түрінде қысқаша мазмұндап береміз.
Біріншіден: Көптеген өзгерістерге ұшыраған Тәурат, Інжіл, Зәбур секілді киелі кітаптардың ішінен бүгінгі нұсқаларының өзінен Хусейн Джисри Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына қатысты жүз он төрт сүйіншілеуші ишара тауып, "Рисале Хамидие" атты кітабында көрсеткен.
Екіншіден: Шыққ және Сатих секілді атақты көріпкелдер пайғамбарымызға пайғамбарлық келуінен біраз бұрын оның ақырзаман пайғамбары болатындығын айтып кеткендігі тарихта белгілі.
Үшіншіден: Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) туылған түні Қағбадағы пұттардың қирап қалуы, парсы патшасы Кисраның атақты "Әйуан" сарайының қақ айырылуы секілді Ирхасат делінген таңғажайып оқиғалар тарихтан белгілі.
Бесіншіден: Асыл қасиеттерге ие екеніне достары, тіпті дұшпандары да қанық. Мінез-құлқының кереметтігіне барлық іс-әрекеттері куә. Мінезінің жайсаңдығымен қоса, өзіне жүктелген міндет пен дін жаю ісін өте жоғарғы дәрежеде адал атқарған. Ислам дініндегі жақсы мінез-құлық, шариғатындағы ең жақсы ахлақ оның өте жоғары мәртебелі екенін дәлелдейтінін мән беріп қараған ынсапты жан түсінер.
Алтыншыдан: Оныншы Сөздің екінші ишарасында аталғандай, ғибадат етіп сыйынуға өте лайық Аллаһ, өзін көрсеткісі келуі Оның хикметінің талабы. Жоғары дәрежедегі Мұхаммедтің (с.а.у.) дініндегі ұлы құлшылық болса, сол талапты жарқын түрде көрсетеді. Сондай-ақ, бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ өзінің шексіз кемелділігін, есім сипаттарының әсемдігін бір себеп арқылы, хикметінің және ақиқаттың талабы ретінде көрсеткісі келген, ал, оны ең жақсы түрде көрсетуші, ең жақсы түсіндіруші Мұхаммед (с.а.у.) екендігі айдан анық. Және бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ өзінің шексіз сұлулығындағы кемел өнеріне назар аударуды қалайды, көрсеткісі келеді. Ал оны ең жарқын түрде жар салып көрсетіп, түсіндіруші тағы да сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, бүкіл әлемнің Раббысы өзінің жалғыз екендігін жаратылыс атаулыға жар салғысы келген. Ал, Тәухид мәртебелерін ең жоғарғы дәрежеде жар салып жеткізуші де Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, бүкіл әлемнің Иесі өзінің сансыз өнеріндегі әсемдіктерінің ишарасымен, шексіз көркемдігі мен сұлулығындағы әсемдіктерді өзіндік айналар арқылы хикметпен көргісі келеді әрі көрсетуді қалайды, ал ең әдемі түрде анық-қанық көрсеткен, әрі сол сұлулықты сүйіп, басқаның да сүюіне жол ашқан тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, мына әлем сарайының Иесі өте керемет мұғжизалармен, және аса құндылықтармен көмкерілген жасырын қазыналарын ортаға шығарып, оларды көрсетіп, сол арқылы кемелдігін таныстырып, білдіргісі келген. Ал оны өте көркем түрде көрсетіп, сипаттаушы, түсіндіріп жеткізуші тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, мына жаратылыс атаулының Иесі, бүкіл әлемді әр түрлі ғажайып нәрселермен безендіріп, әлгі заттарға қарап ғибрат алып, ойлану үшін саналы мақұлықтарды жаратқан, Әлгі тамашалаушылар мен ойланушыларға сол заттар мен нәрселердің мағыналары мен қадір-қасиетін білдіргісі келген. Ал, адамдар мен
жындарға, бәлкім рух иелері мен періштелерге де Құран Хаким арқылы мән-жайын түсіндіріп, жетекшілік етіп, өте әсерлі түрде түсіндірген тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, бүкіл әлемнің әміршісі, әлемдегі құбылыстардың мақсаты мен нәтижелеріндегі жасырын тылсымды және жаратылыстардың қайдан келіп, қайда баратындығы секілді келелі үш сұрақтың нақты жауабын бір елші арқылы саналы пенделерге түсіндіргісі келген, ал мұны өте анық түрде, жоғарғы дәрежеде Құран ақиқаттары арқылы әлгі тылсымның сырын ашқан, қиын сұрақтарға толық жауап берген тағы да Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Сондай-ақ, мына әлемнің Сани Зүлджәлалы күллі тамаша өнерімен өзін саналы пенделерге таныстырып, қымбат нығметтер арқылы өзін сүйсіндіріп, сол арқылы оларға Иләһи талап тілектерін бір елші арқылы білдіргісі келген, ал, өте кәміл түрде Құран арқылы Иләһи талап тілектерді баяндап жеткізген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Және, әлемдердің Раббысы, әлемнің жемісі болған адамға бүкіл әлемге татитын қабілет бергендіктен және ауқымды құлшылыққа дайындағандықтан және адам баласының сезімдері жан-жақты, әрі дүниеге құштар, жүзі материяға бұрылып қалғандықтан, бір жетекші арқылы олардың бетін көп тәңіршілдіктен Уахдетке (Бір Аллаһқа) табынуға, өткінші нәрселерден мәңгі, бақиға бұрғысы келген, ал бұл тұрғыда көркем тілмен Құран арқылы, ең жақсы жетекшілік еткен, пайғамбарлық қызметін кәміл түрде адал атқарған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.).
Иә, жаратылыс ішінде ең абыройлысы тіршілік иелері екені рас. Олардың ішіндегі абыройлысы саналылар. Саналылардың ең абыройлысы абзал адамдар. Абзал жандар ішінде өз міндетін ең ұлы дәрежеде, толық орындаған Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.). Олай болса, әлбетте, Ол ұлы миғраж арқылы Қабы Қаусейнге шыққанда, мәңгілік бақыт қақпасын ашып берген де, иманның ғайби ақиқаттарын көрсетіп берген де сол.
Жетіншіден: Көрініп тұрғандай-ақ, мына жаратылыста керемет әсемдік, шексіз сұлулық байқалады. Мұндай әсемдіктер мен безендіру болса олардың жаратушысы бұл әсемдікті қалайтыны, безендіруді арнайы жасағаны белгілі. Ал, мұндай қалау мен безендіргісі келу бұлардың Жаратушысы өз өнеріне деген сүйіспеншілікпен, киелі махаббаттың Иесі бар екендігін нақты көрсетеді. Ол
жаратылыстардың ішіндегі ең жақсы қасиеттерге ие, жаратушының өте нәзік өнер туындыларын өз бойынан көрсете білген, және оларды танып басқаларға да таныстырушы, әрі өзін жақсы көргізген, Иләһи өнерге "Машаллаһ" деп тамсанушы Мұхаммед (с.а.у.) екені хақ. Сондықтан Ол Жаратушының өнерін жақсы көруші әрі назарында ең сүйіктісі де сол. Міне, өнер туындыларын жарқыратып тұрған жақсылықтар мен әсемдіктерге және жаратылыстарды нұрландырып тұрған нәзік кемелділікке "Субханаллаһ", "Машаллаһ", "Аллаһу Акбар" деп аспан әлемін жаңғырықтарға және Құранның әуенімен ғаламды абыр-дабыр қылған ұнату мен бағалау арқылы, ой жүгірту мен түсіндіру арқылы, зікір етіп тәухидті жар салу арқылы құрлық пен теңізді шаттандырып, шайқалтып жіберген тағы сол Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.).
Міне, ол осындай жан. Ол
сырымен үмметінің жасаған жақсылықтарының дәл сондайы. Оның амал дәптеріне жазылып барлық үмметінің салауаты Оның рухани кемелдігіне үлес қосуда және Пайғамбарлық міндеттерінің нәтижелері мен рухани ақыларына қоса Иләһи махаббаттың шексіз нұрына бөленген бір кісі. Әлбетте Ол миғраж сатысымен жұмаққа, Сидрет-ул Мунтехаға, ғарышқа, Қаб-ы Қаусейнге дейін жетуі хақ, шындық. Шексіз Иләһи даналықтың дәл өзі.
{Сілтеме: 1927 жылы Еуропада Ислам әлеміне тікелей қатысы бар атақты саясатшылар мен әлеуметтік өмірді зерттеуші заңгерлердің мәслихатында атақты еуропалық философтар, Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғатына байланысты жазылған мына арабша мақаланы өз тілдерінде айтқаны көпшілікке танымал Ислами газетте жарияланды. Арабша газетте жарияланған арабша жазбаны қаз қалпында беріп, астына аудармасын жазып отырмыз. "Нұр бұлағының" соңында жазылған қырық үш батыстық философтың баяндамасы және осы екі қаһарман философтың баяндамасымен қоса қырық бес сенімді куәгер болды.
Жоғары мәртебелі кісіні дұшпандары да мойындайды.}
Арабша басылымға шыққан баяндамадан үзінді
Иә, Батыстың ғалым, философтары ашық мойындап, мынадай шешімге келген: "Ислам заңдары ең жоғарғы дәрежеде әлемнің, қоғамның түзелуіне толық жеткілікті". 1927 жылы құқықшылар бас қосқан "жалпы құқық" мәжілісінде философтардың төрағасы, профессор Шэбол былай деген екен: "Бүкіл адамзат баласы Мұхаммедті (с.а.у.) мақтан тұтады. Өйткені ол кісі оқу жазу білмесе де он үш ғасыр бұрын орнатқан шариғатының құндылықтарын біз - Еуропалықтар екі мың жылдан кейін түсініп, сол заңның ақиқаттарына қол жеткізе алсақ, қандай бақыт!
Ал, "нұр бұлағының" соңына қосымша ретінде жазылғандармен қоса есептегенде қырық бесінші болған Бернард Шоу былай деген екен: "Мұхаммед (с.а.у.) дінінің соншалықты жоғары мәртебеге көтерілуінің себебі, өте ғажап және берік әрі тұрақты өмір сүру жүйесін орнатуында. Менің түсінгенім, ол дін жалғыз әрі теңдесі жоқ ерекше дін. Сан түрлі жеке өмірлердің әр қилы жағдайлары бойынша сіңдіріп отырады. Һәм Мұхаммедтің (с.а.у.) діні әр түрлі халықтарды өзіне тартып кете алады. Егер адамзатқа құтқарушы керек болса, Мұхаммед (с.а.у.) бүкіл адамзаттың құтқарушысы. Құтқарушылық атағы соған ғана лайық, солай болуы керек. Мен мұны көріп тұрмын және сенемін". Тағы да былай дейді. "Егер Мұхаммед (с.а.у.) секілді бір кісі, яғни жан дүниесі мен іс-әрекеттері бірдей бір адам мына жаңа әлемге басшы болып, үкімін жүргізсе, әлемнің барлық түйіткілдерін шешіп, астан-кестен әлемді бақытқа бөлеп, бақытты өмірдің орнауына себепші болатындығына толық сенемін. Иә, мына жаңа әлемнің саламатты да бақытты өмірге қаншалықты мұқтаж екендігі баршаға мәлім.
Содан соң, әлгі дүниені кезген саяхатшы өз ақылына: "Мына әлемдегі болмыс арқылы жаратушы Иемді іздеп жүргенім рас, олай болса бәрінен бұрын болмыстың ең жарқын тұлғасы және дұшпандарының өзі мойындаған ең кәміл, ең үлкен сардары, ең беделді әкімі, ең шешені, ақылы жағынан ең асқағы, он төрт ғасырды кемелдігімен, Құраныменен нұрландырған Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссәләмді зиярат етіп, іздегенімді содан сұрау үшін оның өмір сүрген Бақыт ғасырына бірге кетуіміз керек" деп сол ғасырға барды. Қараса, ол ғасыр, шынымен-ақ сол Тұлғаның (с.а.у.) арқасында адамзаттың ең бақытты ғасыры болған екен. Өйткені, ең сауатсыз көшпенді бір қауымды әкелген нұры саясында тез арада әлемге ұстаз және әкім қылды. Саяхатшы өзі-өзіне былай деді: "Біз ең әуелі осы ерекше адамның қадірі мен сөзінің рас екенін және хабарларының дұрыстығын білуіміз керек. Сосын барып одан Жаратушымызды сұрауымыз керек" деп ізденіске бастады. Бұл жерде куә болған шексіз дәлелдерінің ішінен тек қана "тоғыз жинағына" қысқаша ишара етіледі.
Біріншісі: Бұл Тұлғада (с.а.у.) тіпті дұшпандарының өзі мойындаған бүкіл жақсы мінез бен қасиеттердің болуы,
аяттарының білдіргеніндей: Бір саусағының ишарасымен айдың екіге бөлінуі, дұшпан әскеріне лақтырған бір уыс топырақ бүкіл әскердің көздеріне кіріп, қаша жөнелулері, сусыз қалған әскеріне бес саусағынан аққан кәусәрдай суды қанғанша ішкізуі секілді, анық риуаяттар мен
бір бөлігі нақты хабарлар арқылы жеткен жүздеген мұғжизалар Соның қолы арқылы көрсетіледі. Бұл мұғжизалардың үш жүзден астам бір бөлігі Мұғжизат Ахмедие (с.а.у.) (Пайғамбарымыздың мұғжизалары) деп аталатын ғажайып әрі керемет Он тоғызыншы Мектубта нақты дәлелдерімен бірге баяндалғандықтан, оларды соған қалдырып былай деді: Мұншалықты жақсы мінез бен кемелдік, анық мұғжизалары болған Тұлға (с.а.у.) әлбетте ең дұрыс сөзді адам. Тәрбиесіздердің ісі болған алдау-арбау мен жалған нәрселерге бой алдыруы әсте мүмкін емес.
Екіншісі: Қолында мына Әлем иесінің бұйрығының болуы және сол бұйрықты әр ғасырда үш жүз миллионнан астам адамның қабыл етіп, растауы және сол бұйрық болған Құранның жеті жақты ғажайып болуы, сол Құранның қырық жақтан мұғжиза болуы, әлем Жаратушысының сөзі болуы, қуатты дәлелдермен бірге "Жиырма бесінші Сөз" және "Мұғжизаты Құрание" деп аталған Рисалей Нұрдың күн сияқты жарқын рисалесінде жан-жақты баяндалғандықтан оны соған қалдырып былай деді: Осындай нағыз хақ және ақиқат бір бұйрықтың аудармашысы мен жеткізушісінде бұйрыққа қастық және бұйрық Иесіне қиянат боп саналатын алдау, қулық пен өтірік болуы әсте мүмкін емес, болмайды да.
Үшіншісі: Ол (с.а.у.) керемет бір шариғат пен дін Ислам, әрі құлшылық пен дұға, шақыру мен имандылықты алып келгендігі соншалық оларға тең келері жоқ және болмайды да. Әрі олардан артығы, кәмілі табылмаған, табылмайды. Өйткені, оқу-жазу білмейтін біреу әкелген шариғат он төрт ғасырды және адамзаттың бестен бір бөлігін қамтып, әділдікпен, ақиқатпен және аса мұқият көптеген заңдарымен басқаруы жай нәрсеге ұқсамайды. Оқып жаза алмайтын адамның істері мен сөздерінен тұратын Ислам діні, әр ғасырда үш жүз миллион адамның жол көрсетушісі, ақиқаттың қайнар бұлағы, ақылдардың мұғалімі, ұстазы және жүректердің нұрландырушысы, нәпсілердің тәрбиешісі жөнге салушысы рухтардың кемелденуінің себебі, даму көзі болу тұрғысынан теңдесі бола алмайды. Бола алмаған да.
Әрі, дініндегі бүкіл құлшылықтың барлық түрлерінде ең алдыңғы қатарда болуы, бәрінен артық тақуалығы және Аллаһтан қорқуы, толассыз күрес пен аласапыран ішінде құлшылықтың ең кішкентай
жақтарына дейін қатаң сақтауы, ешкімді қайталамай (ешкімге еліктемей) өте кәміл түрде басы мен соңын бірлестіре отырып жасауында әлбетте теңдесі көрінбеген. Көрінбейді де.
Әрі мыңдаған дұға мен мінәжаттарынан тек қана Жәушән-үл-Кәбир арқылы, (Пайғамбарымызға уахи болған ең үлкен мінәжаттың аты) Раббысын танып білу арқылы сипаттағаны соншалық, ол уақыттан бері келіп кеткен Аллаһты танып-таныстырушы ғұламалар, әулиелер өзара, пікір алмаса отырып, барлығы Оның Аллаһты тану мәртебесіне де, сипаттау дәрежесіне де жете алмауы, дүниеде жалбарынып дұға жасауда оған тең келер жанның жоқтығын көрсетеді. Рисалей Мүнәжатының басында, Жәушән-үл Кәбирдің тоқсан тоғыз қиссасының қысқаша бір мағынасы баяндалған жеріне қараған адам "Мінәжәтта да теңі жоқ" дейді.
Әрі, пайғамбарлық қызметінде және адамдарды хаққа шақыруда табандылық, ұстамдылық және батылдық көрсеткені сонша ірі мемлекеттер мен діндер, тіпті қауымы мен халқы тіпті көкесінің өзі оған қатты қарсы болғанның өзінде зәредей де шүбә, үрей, қорқыныш сезбеуі әрі жалғыз өзі бүкіл дүниеге ұран салуы және Исламиеттің мерейін үстем қылуы, хабар әкеліп, шақыруда да теңдесі болмағанын және бола алмайтынын дәлелдейді.
Әрі иманда сондай жоғары бір қуат пен ғажайып шүбәсіздік және таңғажайып жетілу мен жер-жаһанды жарықтандырар бір жоғары сенімі бар. Сол кездегі бүкіл үстем пікірлер мен сенімдер, даналардың хикметтері мен дінбасылардың ілімдері, оған қарсы тұрған кезде оның көңілінде ешқандай күмән, үрей, ешқандай әлсіздік болмаған. Рухани тұрғыда иман мәртебесінде жоғарылаған сахабалар мен бүкіл әулиелер әрқашан Оның иман мәртебесінен нұр алуы және оны ең жоғары дәрежеде көруі, иманының да теңдесі жоқтығын анық көрсетеді. Міне, осындай теңдессіз шариғат пен теңдесі жоқ Исламиет және ғажайып бір құлшылық пен ерекше дұға, әлемге арнаған шақыру, таңғажайып иман иесі еш қашан алдамайтындығын түсінеді. Ақылы да соны растады.
Төртіншісі: Пайғамбарлардың (Алейһимуссаллам) бірауыздан Аллаһтың бар екеніне, оның уахданиетіне өте қуатты бір дәлел болғаны секілді, Оның (с.а.у.) дұрыстығына және пайғамбарлығына өте сенімді куәлік те болады. Өйткені, Пайғамбарлардың дұрыстығына
және Пайғамбар болуларына қаншалықты қасиеттер мен мұғжизалар және себептер болса, Мұхаммедте солардың ең (с.а.у.) жоғарғысы болғаны тарихи шындық. Демек, олар өз сөздерімен Таурат, Інжіл, Зәбур және кейбір пайғамбарларға түскен парақтарында Оның (с.а.у.) келетіндігінен хабар беріп, сүйіншілеген.
Қасиетті кітаптардың сол сүйіншілі ишарасынан жиырмадан астам бөлімі және өте көрнекі бір бөлімі Он тоғызыншы Мектубта жақсы баяндалып, дәлелденген. Өздеріне тән тілдерімен, яғни пайғамбарлықтарымен және мұғжизаларымен, өз жолдарында және міндеттерінде ең озық, ең кәміл болған осы Кісіні растап мәселесін құптап, іс-әрекеттерімен бұл Кісінің шыншылдығына куәлік етуде деп түсінді.
Бесіншісі: Ол Кісінің (с.а.у.) ұстанымдары мен тәрбиесі және соңынан еру арқылы Хаққа, ақиқатқа, кемелдікке, кереметке, рухани сырларды ашуға, көрегендікке жеткен мыңдаған әулиелер Аллаһтың бірлігіне бірлесе дәлел болуымен қатар, ұстаздары болған осы Тұлғаның адалдығына және пайғамбарлығына бір ауыздан куәлік етуде. Ғайып әлемінен берген хабарларының бір бөлігін әулиелік нұрымен көрулері және барлығын иман нұрымен не ілім арқылы немесе көзбен көргендей не шынайы түрде сеніп растауы; ұстаздары болған бұл Тұлғаның (с.а.у.) хақ әрі дұрыс екендігін Күн сияқты көрсеткенін көрді.
Алтыншысы: Бұл Тұлға (с.а.у.) оқу-жазу білмесе де, әкелген ақиқаты мен жоғары ілімі, Аллаһты таныту сабағы мен тәлімі болып табылады. Сол тәрбие мен ілім арқылы ілімде ең жоғары дәрежеге жеткен миллиондаған ізденуші асфиялар мен әулиелер, асқан даналар ол кісінің күресінің негізгі мәселесі болған Уәхданиетті бұлтартпас дәлелдермен бір ауыздан дәлелдеп, растап, мақұлдады. Сонымен қатар, осы лы Мұғалімнің, лы стаздың адалдығына және сөздерінің ақиқат екендігіне бір ауыздан куәлік етеді. Бұл пайғамбарлығына айдай анық дәлел. Мысалы, Рисалей Нұр жүзден астам кітапшасымен Оның Пайғамбар екендігінің бір ғана дәлелі.
Жетіншісі: Пайғамбарлардан кейін адам баласының арасында білімділігімен, зейінділігімен және кемелдігімен аты шыққан ең құрметті, нағыз діндар, өткір көзді лы топ - Пайғамбарымыздың туыстары мен достары, яғни сахабалар. Олар асқан құштарлықпен,
байсалдылықпен осы Кісінің бүкіл жасырын және ашық тұрмыс-тіршілігін, ой-пікірін, жағдайларын өте мән беріп қадағалауы, талқылауы және зерттеуі нәтижесінде бір ауыздан бұл Кісінің дүниеде ең шыншыл, бәрінен жоғары ақиқатшыл екенін мақұлдауы мен қуатты имандары күндіз Күнді дәлелдегеніндей айқын дәлел деп түсінді.
Сегізіншісі: Мына Ғалам өзін жаратып, басқарып, тәртіпке салып, суреттеп, өлшеп, ұйымдастырып сарай сияқты, кітап сияқты, көрме сияқты жаратқан Иесіне, стасына, Жазушысы мен Суретшісіне бұлтартпас дәлел, болуда. Сол сияқты, Әлемнің жаратылысындағы Аллаһтың мақсаттарын білетін, білдіретін және құбылыстардағы Раббани хикметтерді және белгілі бір міндет атқарып отырған қозғалыстардың нәтижелерін түсіндіретін, мазмұндарындағы болмыстың кемелдігін паш ететін және әлгі ұлы кітаптың мағыналарын баяндайтын бір делдалды, ақиқатты анықтап берер бір ұстазды, адал мұғалімді қалайды, қажет етеді және міндетті түрде болуын талап етеді. Енді бұл міндеттерді бәрінен де артық орындаған осы Кісі екенін Жаратушының ең жоғары, ең адал қызметкері сол екеніне күмән жоқ екенін білді, аңғарды.
Тоғызыншысы: Әлемдегі Хикметті, өнерлі туындылары арқылы асқан шеберлігінің кемелдігін көрсету; әдемі, безендірілген әшекейлі шексіз мақұлықтары арқылы өзін таныстыру және ұнатқызу және мына ләззаты мол есепсіз құнды нығметтер арқылы өзіне алғыс пен шүкір еткізу; мейірімді, аса қамқор, тәрбие мен асырау арқылы тіпті ауыздағы ең сезімтал тілді ләззаттар мен тәбеттердің әр түрін жаратып қанағаттандырған, дайындаған, ұсынған Раббани тағамдар мен қонақасы арқылы өзінің тәрбиесіне қарыздар етіп, шүкіршілікпен, сүйіспеншілікпен құлшылық еткізу; мезгілдердің өзгеруі, түн мен күннің ауысуы сияқты алып істерді атқарған басқару арқылы, асқан керемет хикметті әрекеттер мен жарату істері арқылы өзінің ұлылығын паш ете отырып, ұлылығына иман келтіртіп, бағындыру мен мойынсұндыру; әр уақыт жақсылық пен жақсыларды қорғау, жамандық пен жамандарды тыю; жіберген апаттары арқылы залымдар мен өтірікшілерді жойып, хақ пен әділеттілігін көрсеткісі келетін Бір Жаратушы бар.
Әлбетте, көзге көрінбейтін әлгі Жаратушының пенделерінің ішіндегі ең сүйікті әрі ең дұрыс құлы, осы айтылған мақсаттарына адал қызмет ете отырып, әлем жаратылысының сыры мен тылсымын ашқан және үнемі Жаратушысының атынан әрекет еткен, Одан жәрдем тілеп, табысқа жеткізуін сұраған және көксеген мақсатына жеткен, Мұхаммед Құрайши деген Кісі (с.а.у.) осы болады!
Һәм, ақылына былай деді: Сонымен осы тоғыз ақиқат бұл Кісінің (с.а.у.) Хақ және адалдығына куәлік етеді. Олай болса, бұл Кісі, адам баласының бетке тұтар, мақтанышы. Оған берілген "Фахр Әлем" (әлемнің мақтанышы) және "Шерефі Бени-Адем" (Адамзаттың абыройы) атағы өте орынды. Оның қолындағы Рахмани бұйрық Қасиетті Құранның рухани маңыздылығы сондай, Жер шарының жартысын жайлауы және жеке тұлғасының кемелдігі мен жоғары қасиеттері; мына әлемдегі ең қадірлі тұлға осы кісі екенін айғақтайды. Жаратушымыз жайында ең маңызды сөз - Сонікі.
Кел, назар аудар! Бұл ғажайып тұлғаның айдай анық, жүздеген мұғжизаларының қуатына және дініндегі мыңдаған ұлы негіз ақиқаттарға сүйеніп жеткізген бүкіл мәселелерінің негізі мен бүкіл өмірінің мақсаты, Уажиб-ул-Ужудтың болмысына және бірлігіне және сипатына және есімдеріне дәлел болып куәлік ету, Оның бар екенін дәлелдеу, жариялау, түсіндіру.
Демек, бұл әлемнің рухани Күні және Жаратушымыздың ең жарқын дәлелі Хабибуллаһ - Осы Кісі. Оның куәлігін қуаттап, растап, қабылдайтың және алданбайтын, алдамайтын үш үлкен айғақ бар.
Бірінші айғақ: "Егер ғайып пердесі ашылса сенімім күшеймейді" деген Имам Әли (Радиаллаһу анх) және жерде тұрып ғарыш пен Исрафилдің зор тұлғасын тамашалаған Ғаус Ағзам (Қуддуси сиррух) сияқты жанары өткір, ғайыпты көретін парасатты мыңдаған хақ жолға бастаушылар мен үлкен әулиелерден тұратын Әл-і Мұхаммед (Пайғамбарымыздың ұрпағы) деген атпен әлемге әйгілі нұрлы жамағат. Барлығы бірлесіп растап отыр.
Екіншісі: Көшпелі бір қауым, қараңғылық тұмшалаған кезеңде өмір сүріп, Қоғамдық өмірден және саяси ағымдардан бейхабар кітапсыз, надандықтың қою қараңғылығында жүріп, өте аз уақыттық ішінде мәдени болып, әрі ең сауатты, қоғамдық және саяси өмір жағынан ең озық ұлттармен, үкіметтерге ұстаз әрі жол көрсетуші,
дипломат, әрі әділ әкім болып шығыстан батысқа дейін адал басқарған, "Сахаба" атымен дүниеге әйгілі жамағаттың бір ауыздан, жаны мен малын әке-шеше, туыс, от басын пида еткізген қуатты бір иманменен растауы.
Үшіншісі: Әр ғасыр сайын мыңдаған мүшесі болған және әрқайсысы әр түрлі салада терең білім жиған ғұламалардан құралған үлкен жамағат. Олардың бірін-бірі қолдап, ғылыми түрде растауы.
Демек, бұл Кісінің (с.а.у.) Уахданиетке (Аллаһтың бірлігіне) куәлігі жеке жай нәрсе емес, өзімен шектелмейді. Ол - баршаға ортақ, күллі, шайқалмайтын әрі бүкіл шайтан атаулы біріксе ешбір тұрғыдан қарсы шыға алмайтын бір куәлік-айғақ.
Бақыт ғасырында ақылымен бірге саяхат жасаған әлгі дүние қонағы және өмірге сапар шеккен саяхатшы осындай шешімгі келді. Оның әлгі нұрлы медреседен алған дәрісіне қысқа бір ишара ретінде бірінші бөлімнің он алтыншы мәртебесінде былай делінген еді:
ЖИЫРМАСЫНШЫ
[Таң намазы мен ақшам намазынан кейін қайта-қайта оқылуы өте сауапты, және нақты хабарлар бойынша ішінде Исм-і Ағзам яғни Аллаһу Тағаланың ең ұлы есімі бар бұл тәухид сөйлемі, он бір кәлимадан (сөзден) тұрады. Әрбір кәлимасы сүйінші хабар жеткізіп, қуантады. Һәм Рубубиеттің тәухид мәртебесі, һәм Исм-і Ағзам тұрғысынан Уахдеттің ұлылығы мен Уахданиеттің кемелдігі бар. Осы терең және ұлы ақиқаттың түсініктемесі басқа "Сөздерде" баяндалғандықтан, бір кезде берілген уәдеге орай әзірше мұның мазмұнын қысқаша "Екі бөлім" және бір "Кіріспе" арқылы баяндаймыз.]
КІРІСПЕ
Жаратылыстың басты мақсаты және болмыс атаулының ұлы нәтижесі "Иман-ы Биллаһ" яғни Аллаһқа иман. Адамгершіліктің ең жоғарғы мәртебесі, соңғы сатысы - "Иман-ы Биллаһ" ішіндегі "Мағрифатуллаһ" яғни Аллаһты тану. Жындар мен адам баласының нағыз бақыты мен ең тұщымды нығметі сол Мағрифатуллаһ ішіндегі "Мухаббатуллаһ" яғни Аллаһқа деген махаббат. Адам рухының шынайы шаттығы мен жүрегінің қуанышы сол Мухабатулаһтан туындайтын рухани ләззатта.
Иә, шынайы шаттық пен зор қуаныш, нағыз бақыт, кіршіксіз ләззат, Мағрифәтуллаһта пен Мухаббәтуллаһта. Оларсыз болмайды. Жанаб-ы Хақты таныған және махаббат танытқан адам іс жүзінде, я
болмаса рухани түрде мол бақытқа, нығметке, сырға, нұрға бөленеді. Оны нақты танымаған, сүймеген адамның жаны да, тәні де азапқа түсіп, шексіз үрей мен қайғыға душар болады.
Иә, мына алай-дүлей дүниеде тіршіліктің қамын жеп, сеңдей соқтығысқан адамдардың арасында жемісі жоқ өмір кешкен, иесіз, қамқоршысыз, әлсіз бір адам пенде дүниені билеген сұлтан болса да, құны қанша? Міне, мұндай аласапыран тіршілікте, мұңлы да фәни қу дүниеде, адам баласы өзінің Иесін танымаса, Жаратушысын таппаса, неткен бейшара сергелдең күй кешетіні түсінікті. Ал, иесін тауып, оны таныса, Соның мейірімділігіне сеніп, құдіретіне арқа сүйейді. Ол кезде мына үрейлі дүние саябаққа және сауда-саттық орнына айналады.
Бірінші бөлім
Мына тәухид сөйлемінің әрбір кәлимасында қуанышты хабар бар. Әрбір хабарында шипа, әрбір шипасында рухани ләззат бар.
олардан қорқып үрейленбе... Өйткені, бүкіл әлемнің сұлтаны біреу. Барлық нәрсенің кілті де, тізгіні де Соның қолында. Бәрі Соның әмірімен болады. Оны тапсаң, бүкіл арманың орындалып, әр нәрсеге қарыздар болудан құтылып, үрейден арыласың".
Мемлекеттің Сұлтаны біреу болады. Билік үстемдігінде серігі болмайды. Бірақ, билік басқармасындағы қызметшілері оның серіктері болып саналады. Қабылдау кезінде сұлтанның құзырына әркімді кіргізбейді. "Өтінішің болса, бізге айт" деп, кедергі болады.
Бірақ, соңы мен бастауы жоқ, мәңгіліктің сұлтаны - Аллаһу Тағаланың билігінде серік жоқ. Сол сияқты Рубубиетінде де жәрдемшілерге, серіктерге мұқтаж емес. Оның әмірі мен басқаруынсыз, құдірет-күшінен тыс, ешкім де ешнәрсеге араласа алмайды, ешнәрсе істей алмайды. Әркім оған өз өтінішін тікелей айта алады. Серігі, көмекшісі болмағандықтан, өтініш иесіне "болмайды, қабылдауға кіре алмайсың деп, ешкім кедергі жасай алмайды.
Міне, бұл кәлима адамзаттың рухына мынандай сүйінші хабар жеткізеді. Нағыз иманға қолы жеткен адамның рухы, қандай жағдайда болсын кедергісіз, емін-еркін, әртүрлі өтінішін, мұң-мұқтажын әрқашан, кез келген жерде мәңгілік иесі, мейірімділік қазынасының Мәлікі, бақыт көмбелерінің иесі Жәмил-і Зүлджәләл, Қадир-ы Зүлкәмалға айта алады. Оның мейіріміне бөленіп, құдіретіне арқа сүйеп, көңілі жадырап қуанышқа кенеледі.
Және былай дейді: Ынтығып және қайғысын жұтып жүргеніңмен, түзету қолыңнан келмейтін мына дүние, Қадир-ы Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәсілім ет, соған тапсыр... жапасын шегудің орнына рахатын көр. Ол Хаким, һәм Рахим. Өз мүлкін емін-еркін билеп, қалағанын істейді. Әлденеден қорыққан сәтіңде Ибраһим Хаққы сияқты: "Құдайдың жазғанын көреміздағы. Қайғының да бар жақсылық жағы деп, ұзақтан қара, араласпа".
Міне, бұл кәлима былайша сүйінші хабар береді: Ей, адам! Ырысым таусылды, нығмет бітті деп уайымдама! Өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. Ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы мәңгі болса, жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс салады емес пе? Нығметтердегі ләззаттан мың есе тәтті Илаһи мейірімділіктің ілтипатын шүкір ете ойлау арқылы бір ләззатты жүз есе арттыруға болады.
Ей, адам! Өмірдің ауыр жүгін мойныңа артып әуре болма. Өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. Тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмірге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тіршілігі Хаий-ы Қаюмның қолында.
Шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Өмірдің шексіз мақсаттары мен нәтижелері Соған тиесілі. Сен болсаң, ол кемеде штурвалда тұрған жауынгер сияқты, міндетіңді адал атқар, ақысын ал, көңіліңді жәйла. Ол "өмір" кемесінің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі кеменің иесі қаншалықты Кәрім, Рахим екенін ойла, қуан, шүкіршілік ет. Біліп қой! Міндетіңді адал атқарсаң, әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің амал дәптеріңе жазылады. Сені бақи өмірмен қамтамасыз етіп, мәңгі жасатады.
"Сендерге сүйінші! Өлім - жоқ болу емес, жойылу емес, тым жағымсыз нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... Ол, Файл-ы Хаким-ы Рахимнің демалысқа шығаруы, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлеміне, нағыз отанға, атамекенге оралу, жақын әрі сүйікті жандардың жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне апаратын ескі".
СЕГІЗІНШІ КӘЛИМА:
яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көз тартатын сұлулықтар мен әсемдіктерден де асқан сұлу, әсем және барлық игіліктердің иесі және барлық сүйіктілер оның қасында құнсыз қалатын, Оның сұлулығының бір ғана көлеңкесі әлемге жетіп артылатын Мағбуд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәл мәңгі тірі. Оның бастауы мен соңы жоқ. Аяқталу, зақымдану деген кемшіліктерден ада, нұқсандық атаулыдан пәк.
Міне, бұл кәлима жын атаулыға, адамзатқа және барлық саналыларға және бүкіл ғашық атаулыға мынадай хабар жеткізеді:
Сүйінші! Сүйікті жаннан көз жазып, қоштасудан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақи бар. Ол бар және мәңгі. Олай болса басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйіктілердің бойындағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлгі Махбуб-ы Бақидың мәңгілік жамалынан тараған әсемдіктердің қабат-қабат пердеден өтіп келген сәулесінің өте көмескі іздерінің нышандары ғана. Олардың көзден таса болуы көңілге кірбің түсірмесін. Себебі, олар айна тәрізді.
Айналардың өзгеруі сұлудың әсем көріністерін бұрынғыдан да жаңартып, көркейте түседі. Оның бар екені ақиқат, ендеше бәрі де болады.
ТОҒЫЗЫНШЫ КӘЛИМА:
яғни, бүкіл жақсылық Соның қолында. Жасаған бүкіл жақсылықтарың, Соның дәптеріне жазылады. Атқарған әрбір игі істерің тіркеліп отырады. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді:
Ей, бейшаралар! Қабірге қарай көшкен кезде, "қап, әттеген-ай! Мал-жанымыз таланып, еңбегіміз еш болды. Мына жарық, кең дүниеден кетіп қараңғы, тар қабірге кірдік-ау" деп, жылап-сықтап қайғырмаңдар. Өйткені, сендердің бүкіл нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтерің тіркеулі. Еңбектеріңнің ақысын беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлджәмал, сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. Өйткені, сендер қызметтерің мен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар.
Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары мен атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дән, тұқымдарды сақтап отырған... келесі көктемде өте керемет, тіпті бұрынғысынан жүз есе берекелі түрде қайта өсіріп отырған Қадир-ы Зүлджәләл, әлбетте сендердің өмірдегі нәтижелеріңді сақтап, қызметтеріңе қарай мол сыйлық береді.
ОНЫНШЫ КӘЛИМА:
Ол - Уахид әрі Әхад, яғни барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Оған ауыр тиер нәрсе жоқ. Көктемді жарату - гүлді жаратумен бірдей. Жәннатты жарату, көктемді жарату сияқты оп-оңай. Күн сайын, жыл сайын, ғасыр сайын жаңадан жаратылған шексіз, таңғажайып нәрселер Оның аса құдіретті екеніне сансыз тілдермен куәгерлік етеді. Міне, бұл кәлима, сүйіншісін былай хабарлайды:
Ей, адам! Атқарған қызметің, жасаған құлшылығың босқа кеткен жоқ. Сыйлық берілетін жер және бақыт сарайы сен үшін әзірленіп қойылған. Сенің мына фәни дүниеңнің орнына мәңгі Жәннат беріледі.
Өзің құлшылық етіп, тануға тырысқан Халиқ-ы Зүлжәләлдың уәдесіне сенім арт. Оның уәдеден таюы әсте мүмкін емес. Құдіреті шексіз, ешбір кемшілігі жоқ. Істеген ісінде ешбір әлсіздік сезілмейді. Аулаңдағы шағын бақшаны жаратқаны сияқты, Жәннатты да саған арнап жарата алады және жаратқан әрі уәде берген. Уәде берген болса, әлбетте уәдесін орындайды.
Сондай-ақ, жыл сайын жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің үш жүз мыңнан астам түрін өте жүйелі түрде, көз ілеспес жылдамдықпен оп-оңай, тым нәзік түрде ұйықтатып, содан соң оятып отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Әлбетте мұндай Қадир-ы Зүлжәләлдың өз уәдесін орындауға шамасы жетеді.
Сондай-ақ, әлгі Қадир-ы Мутлақ, жыл сайын хашир мен Жәннаттың үлгілерін сан алуан түрде көрсетіп отыр. Һәм, көктен келген бүкіл әмірлерімен мәңгі бақытқа бөлейтініне уәде беріп, Жәннатты сыйға тартатынын сүйіншілеуде. Һәм, оның атқарған барлық жұмыстары мен істері өте дұрыс әрі ақиқат, сенімді әрі маңызды. Һәм жаратқан жаратылысына қарап, олардағы кемелдіктерден Өзінің де шексіз кемелін, ешбір нұқсандығы жоқ екенін білуге болады. Ал, берілген уәдені орындамау, өтірік алдау - өте жағымсыз әрі нашар сипат әрі үлкен кемшілік. Әлбетте әлгі Қадир-ы Зүлжәләл, Хаким-ы Зүлкәмал, Рахим-ы Зүлжәмал берген уәдесін бұлжытпай орындап, мәңгі бақыт есігін айқара ашады. Уа, иман келтіргендер, сендерді Адам аталарыңның отаны - атамекен Жәннатқа кіргізеді.
ОН БІРІНШІ КӘЛИМА:
яғни, адам баласы мына сынақ алаңы болған дүниеге сауда жасауға және қызмет етуге жіберілген. Олар саудасын жасап, қызметін бітіріп, міндетін аяқтаған соң, өздерін жіберген Халиқ-ы Зүлджәләліне қайта оралады. Сөйтіп, Мәулә-и Кәрімдеріне қауышады. Яғни, мына фәниден көшіп, мәңгі әлем - Аллаһтың құзырына шығу абыройына бөленеді. Яғни, себептердің аласапыран кедергілерінен, қараңғы перделерінен құтылып, мәңгілік салтанат сарайларында Рабб-ы Рахимдеріне пердесіз, кедергісіз қауышатын болады. Ол жақта әркім тікелей өзінің Халиқы мен Мағбуды, Раббы мен Сәйіді және Мәлікі кім екенін білетін және табатын болады. Міне, бұл кәлима барлық сүйіншілерден артық мына сүйіншіні былай деп жеткізеді:
Ей, адам! Қайда бара жатқаныңды білесің бе? Қайда апара жатыр, ойландың ба? "Отыз екінші сөздің" соңында баяндалғанындай: Бір сағаттық өмірі дүниенің мың жылдық шат-шадыман өмірінен артық Жәннатқа, ал бір сағат Аллаһтың жәмалын, яғни, әсемдігін тамашалау, Жәннаттың мың жылдық рахат өмірін ұмыттырып жіберетін әлемге барасың. Осындай бір Жәмил-і Зүлджәләлдың мейірімге толы аяулы құзырына барасың.
Өліп-өшіп құмартқан, ғашық болып күйіп жанған фәни, уақытша нәрселердегі сұлулықтар, сондай-ақ, айналамыздағы тамаша әсемдіктер, Аллаһтың жәмалының көрінісі, яғни, Оның әсем есімдерінің шуағының ұшқындары. Жәннат - өзінің бүкіл сұлулығымен бірге Оның рақымдылығының көркем сәулесі. Және барлық құштарлық, махаббат, сұлулық пен көрік, Оның махаббатының ұшқындары. Міне осындай бір Мағбуд-ы Ләмязәлдің, Махбуб-ы Ләязәлдің құзырына бара жатырсың. Оның мәңгі бітпейтін қонақасына, Жәннатқа шақырулысың. Олай болса, қабірге кірерде жыламсырап емес, күлімсіреп кір!
Ей, адам! "Жойылуға, құрып кетуге, қараңғыға көміліп, көрінбей қалуға, шіріп, ыдырап кетуге, себептерге жем болуға кетіп барамын" деп қайғырма! Сен құрып кетуге емес, мәңгілікке бара жатырсың. Жойылуға емес мәңгі жасауға, қараңғыға емес нұр әлеміне, Сахип әрі Мәлікі-і Хақиқидің құзырына кетіп барасың. Сұлтан-ы Әзелидің орталығына ораласың. Көрінгенге жем болуға емес, дара біреудің алдына және тынығуға барасың.
Демек, бұл қоштасу емес, қауышу, айырылысу емес, кездесу.
Екінші бөлім
Міне, осындай Уахид-і Ахадқа сенбеген жан сансыз құдайларға сенетін болады немесе ақымақ скептиктер сияқты өзінің де, ғаламның да болмысын жоққа шығаратын болады.
Демек, бүкіл жаратылыстардағы осынау жүйе мен өлшем, көзімізге баршаға ортақ жүйелілік пен өлшемді көрсетеді. Олар да баршаға ортақ хикмет пен әділеттілікті көрсетеді. Хикмет пен Әділет те құдірет пен ілімді көрсетеді. Демек, осындай перделердің арғы жағынан Бүкіл нәрселерге күші жететін Құдірет, Бүкіл нәрселерді білуші Алим ақылымызға көрінуде. Сондай-ақ барлық нәрселердің басы мен соңына қарасақ, әсіресе тіршілік иелеріне назар аударсақ, бұлардың басталуларының негіздерінен, тамырларынан, жемістерінен, нәтижелерінен мынаны байқауға болады. Тұқымдары мен негіздері бағдарлама, түсіндірме түрінде сол затқа қажетті нәрселерді өн бойында сақтап тұр. Ал, нәтижесі мен жемісінде, тағы да сол тіршілік иесінің бүкіл мағынасы сүзіліп, сонда жиналады, өмірбаянын сонда қалдырады. Сол заттың негізі болып саналатын дәні, оның жасалу заңдылықтарының жинағы. Ал жемістері мен өнімі жаратылысының мазмұны екенін көреміз. Сонан соң сол тіршілік иесінің сыртқы және ішкі жақтарына қараймыз. Аса хикметті Құдіреттің істері - сөзі өтетін ерік күштің бейнеленуі мен жүйеленуі екені көрінеді. Яғни, бір күш пен құдірет жаратады. Бұйрық пен ерік-қалау бейне береді.
Міне, осылай бүкіл нәрсенің бастауына назар аударылса ілімнің түсініктемесі... соңына назар аударылған сайын Жаратушының жоспары мен баяны... сыртына зер салынса, Өз қалауын орындайтын,
Басқарушының аса өнерлі және жарасымды көйлегі, ал ішіне үңілген сайын Құдіреттің өте жүйелі түрде іс атқарушы құрылғысы екеніне куә боламыз.
Сонымен, бұл жағдайлар мен бұл ахуал ешбір нәрсе, ешқандай мекен ешқашан Сани-ы Зулджелалдың иелігінен, игеруінен тыс болмайтынын анық жариялауда. Әрбір зат, бүкіл нәрсе, қандай жағдайда болмасын Басқарушы Құдіреттің (Аллаһтың) басқаруында және Рахман Рахимнің жүйелеуімен, жарылқауымен тамаша бейнеге енуде. Ханнан Маннан Аллаһтың әшекейлеуімен безендірілуде. Басында түйсігі, жүзінде көзі бар жанға мына ғалам мен жаратылыстардағы жүйе мен өлшем және жүйелеу мен өлшеу бір ғана Уахид, Ахад, Қадир, Мурид, Алим, Хаким бір Құдірет Иесін Уахданиет мәртебесінде көрсетеді. Ия, барлық нәрселерде бірлік бар. Бұл бірлік Бірді көрсетеді. Мәселен, Жер шарының шырағы болған Күн біреу. Олай болса, әлемнің Иесі де біреу. Жер бетіндегі тіршілік иелерінің қызметшілері болған ауа, от, су бір. Олай болса, оларды жұмсаушы да, біздерге бағындырып тұрған да Жалғыз біреу.
Сәтті бір күні терең толғаныс үстінде Маликиеттің ұлы мәртебесі мен Тәуһид ағзамның ұлылығын көрсететін дәлелдер мына әлсіз пақырдың ойына араб тілінде илһам боп келді. Сол терең толғаныстың құрметіне арабша мәтін сол қалпында қалып, соңынан мағынасы баяндалмақ.
Яғни, мына ғалам деп аталған алып әлем мен адам деп аталатын соның шағын үлгісі, шағын әлем, Құдірет пен Тағдыр қаламы арқылы жазылған афақи (сыртқы әлемге қатысты) және әнфуси (адамның ішкі жан дүниесіне қатысты) түрдегі Уаһданиеттің дәлелдерін көрсетушілер. Иә, ғаламдағы өнер мен жүйелі шеберліктің шағын үлгісі адамның бойында да бар. Ол алып шеңбердегі шеберліктер өздерін жаратушы Сани-ы Уахидіне дәлел болғаны секілді, адам бойындағы дәл сондай кішірейтілген бейнедегі ғажап шеберліктер де, сол Жаратушыға ишара етеді. Оның Жалғыз екенін көрсетеді. Адам - өте мағыналы Раббани хат. Тағдырдың тамаша бір жыр жолдары.
Сондай-ақ, ғалам да дәл сол құдірет қаламымен жазылған кең көлемдегі ғажайып тағдыр дастаны. Бүкіл адамдардың бір-біріне ұқсамайтын бет жүздеріндегі уахдет таңбасы мен иық тіресіп, қол ұстасып, бас қосып тұрған бүкіл жаратылыс атаулының үстіндегі Уаһданиеттің мөріне Уаһид-ы Ахадтан басқа біреудің қатысы болуы мүмкін бе?
мағынасы былай: Жаратушы Хакім (Аллаһ) алып әлемді ғажайып бір түрде жаратып, үстіне ұлы аяттарымен өрнек салып қойған. Ғаламды үлкен бір мешітке айналдырған. Адамға ақыл беруі арқылы өз өнерінің мұғжизалары мен ғажайып құдіретіне таңданыспен сәжде еткізген. лы аяттарын оқытқызып, құлшылыққа дайын күйге әкелген. Сол ұлы мешітте сәжде етуші құл түрінде жаратқан. Осы ұлы мешіттің ішіндегі сәжде етушілердің, құлшылық етушілердің табынуларына ең лайығы Уахид-і Ахад Жаратушыдан басқа кім болуы мүмкін.
мазмұны былай: Малик-ул Мулк (Аллаһ) алып әлемді, әсіресе жер бетін ғажайып түрде жаратқан. Бір-бірі ішінде сансыз шеңберлер, әрбір шеңбердің әр қайсысы егіс алқабы, кезең-кезеңімен, мезгіл-мезгіл ғасыр сайын егеді, орады, өнім алады. Мүлкіне тоқтаусыз жұмыс істетеді, басқарады. Ең үлкен шеңбер болған зәррелер (атомдар) әлемін егістік алқабы етіп, әрдайым ғаламның көлеміндей өкімдерді құдіретімен, хикметімен сол алқапқа егеді, орады, жинайды. Шәһадат (материялық) әлемінен ғайып әлеміне, құдірет шеңберінен ілім шеңберіне жөнелтеді. Сонан соң орташа бір шеңбер болған жер бетін, дәл сондай бір егістік алқабы етіп, мезгіл сайын әлемдерді, түрлерді соның ішіне егеді, орады, жинайды. Рухани өнімдерін де ғаиби, ақыреттік мисали және мағнауи әлемдеріне жөнелтеді. Одан да кішкене бір шеңбер болған бір бақшаны өз құдіретімен жүз рет, мың рет толтырып, хикметпен босатады. Одан да кішкене бір шеңбер болған тіршілік иесінен, мәселен: бір ағаштан, бір адамнан, оның өзінен жүз есе көп өнім алады. Демек, Ол Малик-ул Мулк үлкен-кіші, жалқы-жалпы, барлық нәрселердің әрқайсысын модель жасап, жүз түрлі жаңа өрнектер мен безендірілген өнерлі киімдерді кигізеді, есімдерінің көріністері мен құдіретінің мұғжизаларын көрсетеді. Өз мүлкінің әрқайсысын парақ түрінде жаратқан, әр параққа жүз түрлі мағыналы хаттар жазып, хикметтерінің дәлелдерін паш етеді, саналыларға оқытқызады.
Мына алып әлемді мүлік түрінде жасаумен қатар адамды да әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, сезімдер берген. Әсіресе, нәпсі, қалау, қажетсіну, тәбет, тойымсыздық және мақсат-талап беріп, ауқымы кең иелігіндегі барлық нәрсеге мұқтаж құл түрінде жаратқан. Өте ауқымды атомдар әлемінен бастап, сөйтіп бір шыбынға дейінгі бүкіл нәрсені егіс алқабы етіп, кішкентай ғана адамды сол алып иелігіне бақылаушы, тексеруші, бағбан, саудагер, делдал және өзіне құл, құрметті қонақ, сүйікті тыңдарман қылған Маликул Мулк Аллаһтан басқа біреу осы иелікті басқарып, әлгі қызметші құлға қожайын бола ала ма? Солай болуы мүмкін бе?
сөйлемі. Мағынасы былай: Жаратушы Хақтың алып әлемдегі өнерінің мағыналылығы сонша, сол өнер бір кітап түрінде ортаға шығып, ғаламды алып бір
кітап түріне келтіргендіктен, адамбаласының ақылы шынайы хикмет кітапханасын содан алды және соған қарап жазды. Және сол хикмет кітабының ақиқатпен байланыс дәрежесінің жоғарылығы және ақиқаттан медет алып тұрғандығы сонша лы Кітаб-ы Мубиннің бір нұсқасы болған Құран Хакім түрінде жария етілді. Сондай-ақ, ғаламдағы өнері жүйелілігінің кемелдігінен кітап бейнесіне енді. Адамдағы реңдері мен хикмет өрнектері де сөйлеу түрінде шешек ашты. Яғни, ол өнер туындысының мағыналылығы, ерекшелігі, көркемдігі сондай, сол тірі машинадағы жабдықтар фонограф секілді тілге келді, сөйлеттірді. Және осы тамаша жағдайда тұрған оған Раббани рең берілгендігі сонша, материялық денеден тұратын жансыз бастан рухани, ғаиби, жаны бар тірі баяндау, сөйлеу гүлі ашылды. Және сол адамның басындағы сөйлеу және баяндау қабілетіне жоғары дәрежедегі жабдықтар мен мүмкіндіктер берілгені сонша Әзәли Сұлтанмен сөйлеуші бола алатындай дәрежеге шарықтатты, дамытты. Яғни, адамның болмысындағы Раббани бояу Аллаһтың оған тіл қатуы деген гүлді ашты. Бүкіл жаратылыстардағы кітап дәрежесіне келген өнерге және адам бойындағы сөйлесу мақамына жеткен реңктерге Уахид Ахад, Аллаһтан басқа біреудің араласуы мүмкін бе? Әсте мүмкін емес.
сөйлемі: мағынасы былай: Иләһи Құдірет, алып әлемде Рубубиетінің айбынын көрсетуде. Ал, Раббани мейірім шағын әлем түріндегі адамда нығметтерді жүйеге келтіруде. Яғни, Жаратушының Құдіреті -Кибрия және лылық тұрғысынан, ғаламды айбынды бір сарай секілді жаратуда. Күнді алып электр лампасы, Айды шам, жұлдыздарды шырақтардай жайнатып қойған, электрлендірген. Жер бетін дастархан, егіс алқабы, бақша кілем етіп қойған. Таулардың да әрқайсысын қойма, жеке-жеке тіреу қамал жасаған, тағысын тағы.....
Бүкіл нәрселерді кең көлемде сол үлкен сарайдың қажетті жабдықтары түріне келтіріп, Рубубиетінің айбынын салтанатты түрде көрсеткені секілді, Жамал тұрғысынан алғанда Мейірімін де, ең кішкене тіршілік иесіне дейінгі әр бір рух иесіне нығметтің неше түрін беріп, сол арқылы жүйеге келтіреді. Басынан аяғына дейін нығметтерге сәндеп, мейірімімен, жомарттығымен безендіреді. Сол ұлылық айбынына қарсы мейірімнің жамалын, үлкен тілдерге қарсы
кішкене тілдерді ортаға қояды. Яғни, Күн мен Ғарыш секілді алып денелер айбындылық тілімен Иа, Жалил! Иа, Кәбир! Иа, Азим! деген уақытта шыбын-шіркейлер мен балықтар секілді ұсақ жәндіктер мейірім тілімен Иа, Жамил! Иа, Рахим! Иа, Кәрим! деп, сол бір ұлы әуенге нәзік әуездерін қосады, тәтті күйге айналдырады. Ол Жәмил, Жәлил Аллаһтан басқа біреудің осы бір алып және шағын әлемдерді жарату тұрғысынан өз бетінше араласа алуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес.
мағынасы былай: ғаламның түгелінде көрініп тұрған Рубубиеттің айбындылығы, Аллаһтың Уахданиетін дәлелдеп тұрғанындай, тіршілік иелерінің ең ұсақ бөлшектеріне де жүйелі түрде ризық беріп тұрған Раббани нығмет те Аллаһтың Ахадиетін дәлелдеп тұр. Уаһданиет дегеніміз - Бүкіл жаратылыстар тек қана Аллаһтікі, бір өзіне ғана бағынады, бір Аллаһтың жаратқандары дегенді білдіреді. Ал, Ахадиет болса, бүкіл нәрседе Халиқ-ы Күлли Шейдің (Барлық нәрсені жаратушы) көптеген есімдері көрініп тұр дегенді білдіреді. Мәселен, Күн сәулесінің бүкіл жер бетін қамту қасиеті Уахидиеттің мысалын көрсетеді. Ал әрбір мөлдір нәрселерде және су тамшыларында Күннің жарығы мен жылуы, ал жарығындағы жеті түс пен өзіндік сәулесінің болуы Ахадиеттің мысалын көрсетеді. Сондай-ақ, бүкіл нәрселердегі, әсіресе тіршілік иесінде, оның ішінде әр бір адамда Жаратушысының көптеген есімдерінің көрінуі, Ахадиетті көрсетеді.
Сонымен, бұл сөйлем мынаған ишара етеді: Ғаламды басқарып тұрған Рубубиеттің айбындылығы, анау алып Күнді жер бетіндегі тіршілік иелеріне қызметші, шамшырақ, пеш ал мына Жер бетін бесік, мекен, сауда орны жасаған, ал отты барлық жерде дайын тұрған аспаз, дос, ал бұлтты сүзгіш және нәрге толы желін еткен, тауларды қазынамен қойма, ауаны дем беруші, желпуіш жасаған, суды өмірге жаңа келгендерге сүтін берген сүт ана және хайуанатқа өмір суын берген шәрбатшы етіп қойған Иләһи Рубубиет, Аллаһтың Уахидиетін өте анық түрде көрсетеді. Иә, Күнді Жалғыз Жаратушыдан басқа кім жер бетіндегілерге бағынышты қызметкер ете алады. Ол Уахид Ахад Аллаһтан басқа кім ауаны қолына ұстап, көптеген міндет жүктеп, шаруалар атқартады, жер бетінде шалт-ширақ қимылдайтын қызметші ете алады. Уахиді Ахадтан басқа отты аспаз жасап, шидің
ұшындай ғана жалынға мың батпан затты жұтқызып жіберуге кімнің шамасы келеді... тағысын тағы... Рубубиеттің айбындылығы тұрғысынан алғанда Бүкіл нәрсе, әр бір элемент, әр бір аспан денесі Уахид-ы Зулжәлалды көрсетеді.
Сонымен, Жәлал ( лылық) және Хашмет (айбындылық) тұрғысынан Уахидиет көрінетіні сияқты, Жамал мен Рахмет (мейірімділік) тұрғысынан да нығмет пен ихсан (жарылқау) Ахадиет-і Иләһиені жария етеді. Өйткені, тіршілік иелерінде әсіресе адамда, бүкіл осы өнерлердің ішінен сан түрлі нығметтерді түсінетін, қабыл алатын, қажет ететін жабдықтар мен құралдар бар. Аллаһтың бүкіл әлемде көрініп тұрған барлық есімдерінің шұғыласына бөленуде. Былайша айтқанда, лупаның орталық нүктесі іспетті. Өзінің болмыс айнасы арқылы бүкіл Әсма-и Хуснаны бірден көрсетіп, Сол арқылы Аллаһтың Ахадиетін жария етеді.
Қысқаша мазмұны былай. Сани-ы Зулжалал мына әлемді тұтастай алғанда үлкен таңбасын, ал жеке-жеке бөлшектерінің әрқайсысына да уахдет таңбасын қойған. Әлемнің кішірейтілген нұсқасы - адамның денесіне және бетіне Уахданиет таңбасын басқанындай, әрбір ағзасында да Уахдет мөрі бар. Иә, Қадир-ы Зулджелал барлық нәрсеге, жалпыға да, жалқыға да, жұлдыздарға да, атомдарға да Уахдет мөрін басқан. Олар соған дәлел болады.
Осы бір ұлы ақиқат, Жиырма екінші Сөзде, Отыз екінші Сөзде және Отыз үшінші Мектубтың Отыз үш терезесінде өте анық және кесімді түрде дәлелденгендіктен, сөзді соларға қалдырып осы жерден тоқтатамыз.
Мына ғаламға қарасақ, бау-бақша секілді. Төбесі биіктегі жұлдыздармен көмкерілген, жер беті әсем жаратылыстармен безендірілген.
Осы бақтың аспанында мұнтаздай тізілген нұрлы жұлдыздар мен жердегі хикметті, зинетті жаратылыстардың әр қайсысы өздеріне тән тілдерімен: "Біз, Бір Қадир-ы Зулджалалдың құдіретінің мұғжизаларымыз. Хаким Жаратушының, Қадир Шебердің жалғыз екендігіне куәлік етеміз" дейді.
Енді осы бақ әлемнің ішіндегі жер шарына қараймыз. Бақша секілді, неше түрлі (жүз мыңдаған) әсем гүлді өсімдіктер тайпасын сол жерге төсеп тастағандай. Неше түрлі (жүз мыңдаған) хайуандар өріп жүр. Міне, осы бақшадағы бүкіл көркем өсімдіктер мен зинетті хайуанаттың жүйелі дене бітімдері мен дәл өлшемді бейнелері "Біздің әр қайсымыз Бір ғана Хаким Шебердің мұғжизалы өнеріміз, ғажайыбымыз және Уахданиеттің жаршысымыз, куәсіміз" деп жар салуда. Енді сол бақшадағы ағаштардың бастарына қарасақ, өте жоғарғы іліммен, хикметпен, жомарттықпен өте нәзік түрде, сұлу түрде жасалған әр түрлі жемістерді, гүлдерді көреміз. Ал, бұлардың барлығы бір тілмен "Біз, Бір Зулджалал Рахманның, Зулкемал Рахимнің мұғжизалы сыйлықтарымыз, ғажайып жарылқауымыз" деп жар салуда.
Сонымен ғалам бағындағы жұлдыздар мен жаратылыстар және жер шары бақшасындағы өсімдіктер мен хайуанаттар және ағаштар мен өсімдіктердің басындағы гүлдер мен жемістер. Шексіз дәрежедегі жоғарғы дауыспен жар салып куә болуда.
Біздің Жаратушымыз әрі Мусаувириміз (Бейнелеушіміз) және бізді сыйға тартқан Қадир-і Зулджалал, Хаким-і Бимисал, Кәрим-і Пүрнауал бүкіл нәрсеге құдіреті жетеді. Еш нәрсе оған ауыр келмейді. Еш нәрсе Оның құдірет аясынан тыс қалмайды. Оның Құдіретіне зәррелер мен жұлдыздар бірдей. Жалпы да, жалқы да бірдей, оңай. Жалқы нәрсе жалпыдай маңызды. Оның Құдіретіне ең үлкен нәрсе ең кішкене нәрседей жеңіл келеді. Кішкене нәрсе үлкен нәрседей өнерлі, тіпті өнер жағынан кішкене нәрсе үлкеннен де күрделі. Бүкіл өткен шақтағы жүзеге асырылған Құдірет ғажайыптары, Қадир-ы Мутлақтың (Шексіз Құдіретті Аллаһ) болашақта болуы мүмкін бүкіл ғажайыптарға құдіреті жететініне куәлік етеді. Кешегі
күнді жаратқан ертеңгі күнді де жарататыны секілді, өткен шақты жасаған Зат-ы Қадир, болашақты да жаратады. Дүниені жаратқан Хаким Шебер ақыретті де жаратады. Мағбуд-ы Билхақ тек қана сол Қадир-і Зулджалал. Махмуд-ы Билытлақ та жалғыз Сол. Соған ғана құлшылық етіледі. Мақтау мен мадақ та, шүкір де соған тиесілі. Аспан мен Жерді жаратқан Хаким Шебер, аспан мен жердің ең маңызды нәтижесі, ғаламның ең тамаша жемісі болған адамды бостан-босқа тастауы, себептер мен кездейсоқтыққа тапсырып хикметін әбестікке айналдыруы мүмкін бе? Мүмкін емес. Хаким, Алим біреудің бір ағашқа өте мән беріп, күтіп-баптап, аса хикметпен ретке келтіре тұра, сол ағаштың нәтижесі, пайдасы болған жемістеріне қарамауы, елемеуі мүмкін бе? Сұғанақ қолдарға беріп, босқа шашуы зая кетіруі мүмкін бе? Әлбетте, қарамауы, елемеуі мүмкін емес.
Ағашқа жемістері үшін мән беріледі. Міне, бұл ғаламдағы түйсік иесі және ең кемел жемісі, нәтижесі, мақсаты - адам. Ғаламның Хаким шебері бұл түйсікті жемістердің жемісі болған шүкір мен құлшылықты, алғыс пен махаббатты басқаларға беріп, анық көрініп тұрған хикметін еш қылуы немесе шексіз құдіретін дәрменсіздікке айналдыруы немесе шексіз ілімін надандыққа айналдыруы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес.
Мына ғалам сарайының жасалуындағы Раббани мақсаттардың себебі болған түйсік иелерінің және түйсік иелерінің үлкені болған адамзаттың, өзі бөленген нығметтерге жауап ретінде жасаған шүкірлері мен құлшылықтары, сол сарайдың Шебер Иесінен басқаға кетуі мүмкін бе? Негізгі мақсат болған шүкір мен құлшылықтың басқаларға жасалуына Сол Сани-ы Зулджалалдың мүмкіндік беруі мүмкін бе?
Сансыз нығметтермен түйсік иелерін өзіне ғашық етіп, сансыз мұғжизалы өнерлермен өзін соларға таныстырсын да, олардың шүкірі мен құлшылықтарын, хамдтары мен махаббаттарын, танымдары мен қарыздарлықтарын себептер мен табиғатқа қалдырып, өзінің мән бермеуі, шексіз хикметін жоққа шығаруы Рубубиет билігін еш қылуы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес!
Көктемді жарата алмаған және бүкіл жемістерді жасай алмаған, барлығының таңбалары бірдей болған жер бетіндегі бүкіл алмаларды жарата алмаған біреудің, олардың кішкене нұсқасы болған бір
түйір алманы жаратып, сол алманы біреуге нығмет қылып жегізуі, алғысын алуы, шүкір еткізуге келгенде Махмуд-ы Биитлаққа ортақ болуы мүмкін бе? Еш мүмкін емес! Өйткені бір алманы кім жаратқан болса, дүниедегі бүкіл алмаларды да жаратқан Сол. Өйткені, бәрінің таңбалары бір. Алмаларды кім жаратқан болса, бүкіл дүниедегі ризық көзі болған дақылдар мен жемістерді де жаратқан Сол. Демек, ең кішкене бір тіршілік иесіне, ең кішкене нығметті бүкіл ғаламның Жаратушысы, Реззақ-ы Зулджелалдың өзі тікелей беріп тұр. Ендеше, алғыс пен хамд тікелей соған тиесілі. Сондықтан ғаламдағы ақиқаттар тоқтаусыз түрде хақ тілімен
дейді.
Сонымен, осы тәуһид мәртебесінің ұлы айғағына былайша ишара етеміз. Басқа бір Сөзде түсіндіріліп дәлелденгеніндей жер бетінде жаратылыстардың шатырлары тігулі, өте айбынды әскерін көріп тұрмыз. Хаий-ы Қаиюмның сансыз әскерінің қатарынан әр көктем сайын жаңадан қару-жарағын асынып, ғайыптан келетін жаңа әскердің майданға шыққанын көреміз. Бұл әскерлерге де зер салсақ, өсімдіктер сыныбының екі жүз мыңнан, хайуанаттардың жүз мыңнан астам түрлі қауымдарын көрудеміз. Әр ұлттың, әр тайпаның киімі бөлек, азығы бөлек, тәлімі бөлек, әскерден босатылу мерзімі бөлек, қару-жарағы бөлек, әскери мерзімдері бөлек болуына қарамай, бір лы қолбасшы шексіз құдіретімен, хикметімен, шексіз ілімімен басқарып, сарқылмас мейірімімен, таусылмас қазынасымен еш қайсысын ұмытпай, жаңылмай, шатастырмай, кешіктірмей үш жүз мыңнан астам ұлттар мен тайпалардың барлығын жарылқап, кемел ұқыптылықпен, толық өлшеммен, өз уақытында азықтарын жеке-жеке жеткізіп, бөлек-бөлек тәлім жасатып, жеке-жеке міндеттен босатып жатқанын көзі бар жан анық көреді, жүрегі бар жан айнеляқин куә болады.
Енді, осы тірілту мен басқаруға, тәрбие мен баптауға сол әскерлерді бүкіл жағдайлармен қамтамасыз етуші ілім мен сол әскерді қажетті жабдықтармен қоса басқарып тұрған шексіз құдірет Иесінен басқа біреудің бұл іске араласа алуы, киліге алуы, сол істе үлесі болуы мүмкін бе? Жүз мың рет мүмкін емес!
аятын оқытқызуда.
хикмет пен тәртіп шеңберінде шексіз мейірім арқылы атқарылуда. Бастан аяқ хикметтермен, пайдалармен, нәтижелермен, мақсаттармен жасалуда.
Демек, Бір Қадир-ы Зулджалал, Хаким-і Зулкемал жаратылыс тайпаларына және әрбір тайпадағы майда бөлшектер мен сол тайпалардан құрылған әлемдерге өз құдіретімен тоқтаусыз түрде өмір беріп, іс атқартуда. Сонан соң, өз хикметімен міндетінен босатып, өлтіреді, ғайып әлеміне жөнелтеді. Құдірет шеңберінен алып, ілім шеңберіне жібереді. Сонымен, мына ғаламды тұтастай айналдыруға құдіреті жетпейтін, бүкіл уақыттарға үкімі жүрмейтін және барлық әлемдерді бір ғана тұлға құсатып өлтіріп, тірілтуге құдіреті жетпейтін, көктемдерге бір ғана гүл секілді тіршілік беріп, жер бетіне тағып, кейін өлім арқылы ол жерден үзіп ала алмайтын біреу, өлім мен өлтірудің Иесі бола алуы мүмкін бе?
Әлбетте, ең кішкене бір тіршілік иесінің өлімі де, өмірі секілді өмірдің бүкіл ақиқаттары мен өлімнің бүкіл түрлерін қолында ұстаушы Зат-ы Зулджалалдың заңы арқылы, рұқсаты арқылы, әмірі, қуаты, ілімі арқылы ғана болатыны хақ.
тұра тұру, жойылып кету деген нәрселер тән емес. Бұл ақиқатқа нақты дәлел - мына ғаламның уақытша екендігі және жойылып кететіндігі. Яғни, Бүкіл жаратылыстар өздерінің болмыстары арқылы, тірі екендіктері арқылы Мәңгі Тірі болмыстың бар және Тірі екеніне, Ал Оның болуы ешбір нәрсеге тәуелді емес екеніне дәлел болып, куәлік етуде.
{Сілтеме*: Өлтіру мен тірілту мәселесінде Хазіреті Ибрахим Алейхиссаламның Нәмрудқа қарсы, күннің шығуы мен батуынан сөз қозғауы - жеке түрдегі өлтіру мен тірілтуден жалпы өлтіру мен тірілтуге ауысу. Терең ақиқаттарға өту. Ең жарқын, кең ауқымды дәлелді көрсету. Әйтпесе, кейбір тәпсіршілер айтқандай көзге анық байқалмайтын дәлелдерді қойып, анық көрініп тұрған дәлелді айту емес.}
Сол сияқты өлулері, жойылулары арқылы да Оның Мәңгі тірі тұрақты екеніне дәлел болып, куәлік етеді. Өйткені, жаратылыстар жойылып кеткеннен кейін артында қалған өздері сияқтылардың тірі тұруы, тұрақты бір өмір иесі бар екенін, тоқтаусыз түрде тірілік көріністерін жаңартуда екенін көрсетеді. Мысалға, Күнге қарсы ағып жатқан өзеннің бетіндегі көпіршік жылтырап өтеді. Кейінгілер де дәл солай бірінен соң бірі жылтырап сонан соң сөніп қалғандай болып кете барады. Бұл жылтырау мен сөну биіктегі тұрақты бір күннің тұрақтылығына дәлел болады. Сол сияқты мына қозғалып жүрген жаратылыстардағы өмір мен өлімнің алмасып тұрулары Хаий-ы Бақидың мәңгі де тұрақты екендігіне куәлік етеді.
Ия, бүкіл жаратылыс атаулы - айна. Бірақ, қараңғылықтың нұрға айна болатыны секілді. Қараңғылық қаншалықты қою болса соншалықты анық көрсетеді. Сол сияқты көп жағдайда қарама-қайшылық тұрғысынан айна болуда. Мәселен, жаратылыстар әлсіздіктері арқылы Жаратушы Шебердің құдіретіне айна болуда. Пақырлықтары арқылы байлығына айна болуда. Жойылулары арқылы да тұрақтылығына айна болуда. Жер беті мен ондағы ағаштардың қыстағы жұпыны жағдайлары мен көктемдегі жайнаған қазына байлығы бір Қадир-ы Мутлақтың, Ғани-ы Алелытлақтың құдіреті мен мейірімін анық көрсетерлік айна болуда. Ия, бүкіл жаратылыстар хал-жағдай тілдерімен Уәйс-әл Қарани (Ойсылқара) секілді мынадай бір мінәжат етуде:
"Я, Иләһана! Раббымыз Сенсің! Өйткені, біз құлмыз! Өзімізді тәрбиелеуге шамамыз жетпейді. Демек, бізді тәрбиелеуші Сенсің!
Сенсің Халиқ (Жаратушы) Өйткені, біз жаратылыспыз, жасалудамыз. Рәззақ Сенсің! Өйткені, біз ризыққа мұқтажбыз. Қолымыз жетпейді. Демек бізді жасаған және ризығымызды берген Сенсің! Сенсің Малик (Ие) Өйткені, біз мәмлүкпіз (құлмыз) Бізден басқа біреу бізді басқаруда. Демек, Иеміз Сенсің! Сен Ғазизсің! Ғиззет пен ұлылық Иесісің! Өзіміздің бишара халімізге қарасақ, үстімізде ғиззаттың көріністері бар. Демек, Сенің Ғиззатыңның айналарымыз. Сенсің Ғани-ы Мутлақ (Шексіз бай) Өйткені, біз пақырмыз. Пақырлығымыздың қолы жетпейтін байлық берілуде. Демек, Ғани Сенсің, беруші Сенсің! Сен Хаии Бақисың (Мәңгі тірі)! Өйткені, біз өлудеміз. Өлуіміз бен тірілуімізде тұрақты өмір берушінің сәулелерін көрудеміз. Сен Бақисың! Өйткені, біз жойылып, бітіп жатырмыз. Сенің тұрақтылығың мен мәңгі екеніңді көрудеміз. Жауап беруші, Жарылқаушы Сенсің! Өйткені, біз бүкіл жаратылыстар сөйлеу арқылы және хал тілімізбен әрдайым зар илеп сұраудамыз. Өзіңнен ғана тілеп, жалбарынудамыз. Тілектеріміз орындалып мақсатымызға жетудеміз. Демек, бізге жауап беруші Сенсің!"
Бүкіл жаратылыстар тұтастай да, жеке-жеке алғанда да әрқайсысы Уәйс-әл Қарани секілді рухани мінәжат жасаушы айналар. Әлсіздіктерімен, пақырлықтарымен, кемшіліктерімен, Аллаһтың құдіреті мен кемелдігін жария етуде.
онымен байланысу арқылы бүкіл нәрселерге шағылысуда. Яғни, еш нәрсе Одан жасырын қалуы мүмкін емес. Ашық жерде Күнге қарсы тұрған жер бетіндегі нәрселердің Күнді көрмеулері мүмкін емес болғанындай, Алим-і Зулджалалдың ілім нұрынан бір нәрсенің жасырын қалуы, әлгі мысалдан мың есе қисынсыз. Сандырақ. Өйткені, құзыр бар. Яғни, бүкіл нәрсе Оның бақылау шеңберінде. Ол бәрін көріп, бәрін қамтып тұр. Мына жансыз Күн, мына әлсіз адам, мына рентген сәулелері секілді нұрлы нәрселер, өздері кейіннен пайда болған, кемшілігі мол, бойларындағы қасиет кейіннен берілген болса да, олардың нұрлары қарсы алдындағы бүкіл нәрселерді көріп, ішіне ене алатын болса, әлбетте Уәжиб (Міндетті түрде бар болған) Мухит, Зати (өн бойындағы өздігінен бар болған) болған Әзәли ілімнің нұрынан еш нәрсе жасырына алмайды. Одан тыс қала алмайды. Ғаламда осы ақиқатқа ишара ететін сан жетпес нышандар, белгілер бар. Айталық: Бүкіл жаратылыстарда көрініп тұрған бүкіл хикметтер сол ілімге ишара етеді. Өйткені, хикметті түрде іс атқару ілім арқылы болады.
Сондай-ақ, бүкіл көмектер, көркемдіктер сол Ілімге ишара етеді. Көмектесіп, демеп, отырған күш, әлбетте біледі және біліп жасайды. Сондай-ақ, әрқайсысы жеке-жеке өлшеммен жүйелі түрде жасалып жатқан жаратылыстар және әрқайсысы өзіндік тәртіпке, жүйеге бағынып тұрған барлық көріністер, тағы да сол Мухит ілімге ишара етеді. Өйткені, жүйелі түрде іс атқару ілім арқылы болады. Өлшем бойынша өнерлі етіп жасаушы әлбетте терең ілімге сүйеніп жасайды. Сондай-ақ, бүкіл жаратылыстарда көрініп тұрған ұқыпты пішіндер, хикмет пен пайдаларға сай пішілген бейнелер, жазмыштың қағидаларымен және тағдырдың сызғышымен жүйеге келтірілген жемісті жағдайлар мен көріністер, Мухит ілімді көрсетеді.
Иә, заттардың әрқайсысына жеке-жеке жүйелі бейнелер беру, әр нәрсенің тіршілігіне пайдалы және болмысына лайық келетін ерекше бір пішін беру - Мухит ілім арқылы болады. Басқаша бола алмайды. Сондай-ақ, бүкіл тіршілік иелерінің әр қайсысына лайық түрде, үйлесімді уақытта, ойламаған жерден ризықтарын беру - Мухит ілім арқылы болады. Өйткені, ризықты жіберуші - ризыққа мұқтаж болғандарды біледі, таниды, уақытын біледі, қажетін түсінеді. Содан кейін ризығын лайық түрде береді.
і көрсетеді. Өйткені, ешқандай тайпаның, жеке тұлғалардың ажал уақыты сырт көзге көрінбейді. Бірақ ол тайпалардың өмірі шектеулі, өлетін уақыттары белгілі. Олардан бұрын ол нәрсенің міндетін әрі қарай жалғастыратын, нәтижесін, жемісін тұқымын сақтап қалуы жаңа өмірге алмастыруы да Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді.
Және де бүкіл жаратылыстарды қамтып тұрған, әрбір жаратылысқа өзіне лайық түрде беріліп тұрған мейірімнің ілтипаттары, өте ауқымды мейірім арқылы Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді. Мәселен, жануарлардың төлдерін сүтпен тойдырған, жер бетіндегі өсімдіктерді жаңбыр суымен қандырған біреу, әлбетте, сол төлдерді таниды, мұқтаждығын біледі, шөлдеген өсімдіктерді көреді. Оларға жаңбыр керек екенін түсініп, сонан соң жаңбыр жібереді.... Тағысын тағы... Бүкіл хикметті мейірімдердің, көмектердің сансыз көріністері Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді.
Және де әрбір жаратылыстың өнерлі де көркем түрде безендірілуі Мухит ілімнің бар екенін көрсетеді. Өйткені, мыңдаған ықтималдардың ішінен ең жүйелісін, көркемін, өнерлі, хикметке сай түрін таңдап алу өте терең Мухит іліммен болады. Бүкіл нәрселердегі осындай таңдаулар Мухит ілімге дәлел болады. Және де заттарды жаратудағы, ортаға шығарудағы нұқсансыз кемелдік пен оңай түрде жасау Кемел ілімді көрсетеді. Өйткені, бір нәрсені өте оңай да ыңғайлы түрде жасау ілімнің дәрежесіне, қолдан келе алуға байланысты. Қаншалықты жақсы білсе, соншалықты оңай болады. Міне, осы сырларға байланысты әр қайсысы бір бір өнер мұғжизасы болған жаратылыстарға қарасақ, бәрі де таңқаларлық дәрежеде өте оңай, өте жеңіл, еш қиындықсыз, еш шатастырмай аз уақыт ішінде жасалса да, асқан шеберлікпен өте оңай түрде жасалуда. Демек, шексіз бір ілім бар өте оңай жасалып жатыр. Және осы аталғандар секілді сансыз мысалдарды атауға болады. Олай болса, Ол бүкіл нәрсені көреді, бүкіл жағдайын біледі, содан кейін ғана жасайды. Сонымен бұл ғаламның Иесінің осындай ілімі бар. Әлбетте адамдарды және адамдардың амалдарын көреді және адамдардың нендей нәрсеге лайық екенін біледі, олармен хикметі мен мейірімінің талабына сай мәміле жасайды.
Ей, адам! Ақылға кел! Абай бол! Сені білетін, сені бақылап тұрған Біреу бар екенін түсін! Есіңді жи!
Егер біреу былай десе: Тек қана ілім жеткіліксіз. Қалау Ираде де қажет. Қалау Ираде болмаса ілім жеткіліксіз болады.
Жауап: Бүкіл жаратылыстар Мухит ілімге дәлел болып, куәлік етіп тұрса, сол Мухит ілім Иесінің қалау ирадесіне де дәлел болады. Былайша айтқанда, әр бір тіршілік иесіне сапырылысып жатқан көптеген ықтималдардың арасынан ең жақсы мүмкіндікті таңдау, көптеген нәтижесіз жолдардың ішінен ең дұрысын дөп басу, сансыз шытырманның ішінен ең жүйелі болмыстың берілуі тек қана Күлли (Барлығын қамтушы) Ирадені (Қалау) көрсетеді. Өйткені, барлық нәрсенің болмысын жан-жағынан анталаған сансыз мүмкіндіктер мен ықтималдар арасынан, нәтижесіз тығырық жолдардың ортасынан, селдей болып өлшемсіз аққан өлі элементтердің арасынан өте нәзік өлшеммен, аса дәлдік таразысымен, өте қатаң тәртіппен, еш жаққа ауытқымайтын заңдылықпен жүйеленген болмыс, тұлға тек қана ақаусыз ираде қалаудың ісі екенін анық көрсетеді. Өйткені, сансыз жағдайлардың ішінен ең ерекшесін, ең қажеттісін таңдау Ираде қалау арқылы болады. Таңдау, таңдаушыны қажет етеді. Ал, таңдаушы дегеннің өзі - Ираде қалау. Мәселен, мыңдаған ғажап құралдар мен аспаптардың иесі - тірі мәшине болған адамның бір тамшы судан... Алуан түрлі ағзасы бар құстың қарапайым жұмыртқадан... Жүздеген бұтақтарға тарамдалып кететін ағаштың тырнақтай дәннен өніп шығуы Құдірет пен Ілімге куәлік етеді. Және олардың Жаратушысында кең ауқымды Ираде қалаудың бар екеніне анық дәлел болады. Тек сол Ираде арқылы әлгі нәрселердің ағзаларын бір-бірінен ерекшелендіреді. Және тек сол Ираде қалау арқылы әр дененің, әр мүшенің міндетіне қарай түр береді. Пішін кигізеді.
Қорытынды: Барлық нәрселердің, мәселен, хайуанаттардың маңызды ағзаларының негізі, бір-біріне өте ұқсас болуы олардың ортақ таңбасы бар екенін көрсетеді. Сол арқылы олардың Жаратушысы да Жалғыз Уахид, Ахад екенін дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, осы хайуанаттардың бір-бірінен ерекшеленуі мен түр, пішіндеріндегі айырмашылықтар да олардың Жаратушысының әр істі ерік-қалауымен жасайтынын, қалағанын жасап, қаламағанын жасамайтынын дәлелдейді.
Аллаһтың ілімі мен Раббани ирадеге, жаратылыстардың саны қанша болса, сонша куәлар мен дәлелдер бар. Кейбір философтардың Иләһи ирадені жоққа шығаруы және бір топ бидғатшылардың тағдырды жоққа шығаруы, кейбір адасқан жандардың ұсақ бөлшектерді Жаратушының білмейтінін айтулары және табиғатшылдардың кейбір жаратылыстарды табиғат жаратты деулері, жаратылыстардың саны қанша болса, сонша өтірік, қисынсыздық, ақымақтық. Өйткені, осыншама куәгерлерге сенбеген жан, соншама рет өтірік айтқан болады. Міне, Аллаһтың қалауымен болып жатқан істерге қатысты «ИншаАллаһ! ИншаАллаһ!» деудің орнына, біле тұра, «Табиғи, табиғи» деу қандай өрескел қателік, ақиқатқа қаншалықты қайшы екенін салыстыра бер.
сыры бойынша әмір етсе болды орындалады. Мысалы, өте өнерлі бір Шебер қолын іске тигізер тигізбес мәшине секілді жұмысқа кірісіп кетсе, сол оңай да жылдам, шебер атқарылып жатқан істі сипаттау үшін "Бұл іс пен өнердің оған бағыныштылығы сондай, әмір беріп қолын тигізіп қалса болды, істер атқарыла береді, өнер туындылары шыға береді" деуге болады.
Сол секілді Қадир-і Зулджелалдың құдіретінің алдында, бүкіл жаратылыстардың шексіз дәрежеде бағынышты болып, мойынсұнатындығына, ол Құдіреттің ең жоғарғы дәрежеде оңай іс атқаратынына ишара ететін
бұйрығы бар. Осы ақиқаттың сан жетпес сырларынан бесеуін ғана "Бес тұжырыммен" жеткіземіз.
Біріншісі: Иләһи құдіретке салған кезде ең үлкен нәрсе, ең кішкене нәрсе секілді оңай болады. Бір сыныптың бүкіл тұлғаларымен қоса жаратылуы, бір ғана тұлғаны жаратқандай қиындығы жоқ, оңай болады. Жұмақты жарату - бір көктемді жаратудай оңай. Бір көктемді жарату - бір тал гүлді жасағандай жеңіл. Бұл сырды түсіндіріп, дәлелдеп берген хаширге қатысты Оныншы Сөздің соңында және
Жиырма тоғызыншы Сөздегі Хашир мәселесінде, екінші негізде «Нұрлылық сыры», "Мөлдірлік сыры", "Қарама-қайшылық сыры", "Тепе-теңдік сыры", "Тәртіп сыры", "Бағыныштылық сыры" секілді алты тәмсіл арқылы дәлелденіп көрсетілген.
Иләһи Құдіретке салғанда жұлдыздарды жарату зәррелерді жарату секілді оңай. Сансыз тұлғаларды жарату - бір ғана тұлғаны жаратқандай жеңіл. Әлгі екі Сөзде осы алты сырды толық дәлелдегендіктен бұл жерде қысқа қайырдық.
Екіншісі: Иләһи Құдіретке салғанда бүкіл нәрседе тепе-теңдік бар екендігіне мынадай нақты дәлелдер бар. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жаратуда шексіз молшылық бола тұра, теңдессіз ұқыптылық, ғажап өнер бар екенін көреміз. Және де өте күрделі түрде бір-біріне сапырылып жатса да, таң қаларлық дәрежедегі айырмашылықтар бар. Және де осыншама молшылық, өте арзанға түсуде. Солай бола тұра, өнер жағынан аса құндылық, әсемдік бар. Осыншама өнерлі, көптеген жабдықтарға және ұзақ уақытқа қажеттілік туындауына қарамастан өте жылдам және оңай жасалуда. Былайша айтқанда, әлгі өнерлі жаратылыстар мұғжизалы түрде бірден жоқтан бар болуда.
Міне, әр мезгіл сайын жер бетіндегі көз алдымызда болып жатқан Құдірет амалдары - бұл істердің қайнар көзі болған Құдіретке салғанда ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе сияқты оңай екенін анық дәлелдейді. Және осыншама тұлғалардың жаратылуы бір ғана тұлғаның жаратылуындай өте жеңіл жаратылып басқарылуда екенін көреміз.
Үшіншісі: ғаламда жасалып жатқан істер мен оларды басқару Қадир Шебердің құдіретіне салғанда ең алып, күлли нәрселер ең кішкене нәрселер секілді оңай жасалады. Саны көп, алып нәрселер бір ғана кішкентай заттың жаратылуындай оңай. Ең елеусіз бір бөлшекте ең жоғарғы өнер көрініп тұр.
Осы ақиқаттың хикмет сыры мына үш негізден шығады:
Біріншісі: Имдад-ы Уахидиет - Уахидиеттің медеті
Екіншісі: Юсүр-ы Уахдет - Уахдеттің жеңілдігі
Үшіншісі: Тежелли-и Ахадиет - Ахадиеттің көрінісі
Бірінші негіз болған Уахидиеттің медеті: яғни, барлық нәрсе және бүкіл болмыстар бір ғана Аллаһтың мүлкі болса, ол кезде бәрі бір ғана Қожайынның мүлкі болғандықтан бір нәрсеге бүкіл
Және сол Уахидиет сыры арқылы бүкіл нәрселерді, бір ғана нәрсе сияқты жаратады, басқарады, игереді. Міне, осы Уахидиеттік медеттің сыры бойынша ғаламда өте арзанға түсіп жатқан шексіз өнер мен құндылық, өте жоғарғы сапа бар.
Екінші негіз болған Уахдет жеңілдігі: Яғни, бірлік қағидасы бойынша бір орталықтан, бір қолдан, бір заңмен болған істер өте оңай болады. Әр түрлі орталықтарға, әр түрлі заңдарға, әр түрлі қолдарға шашыраса қиындық пайда болады. Мәселен, бір әскери қосынның жабдықтары бір орталықтан, бір заңмен, бір қолбасының бұйрығымен жасалса, оларды басқару бір ғана әскерді жабдықтағандай оңай болады. Ал, егер олардың қажеттіліктері әр түрлі фабрикаларда, әр түрлі орталықтарда жасалса, барлық әскердің жабдығына қажет болған бүкіл әскери фабрикалар бір ғана сарбазды жабдықтау үшін жұмсалады. Демек, егер Уахдетке тапсырылса, бүкіл әскердің қосынын жабдықтау - бір ғана сарбазды жабдықтау секілді оңай болады. Ал, Уахдет болмаса, бір сарбазды жабдықтау - бүкіл әскери қосындарды
жабдықтау секілді қиындық тудырады. Сол секілді, бір ағаштың жемістеріне тіршілік қоректері бір орталықтан, бір заңдылықпен бір тамырдан берілетін болса - мыңдаған жемістер бір ғана жемістей өте оңай пісіп жетіледі. Егер әрбір жеміс жеке-жеке орталықтарға бағындырылса - бір жемісті қоректендіру барлық жемістерді түгел қоректендіру секілді аса қиындық тудырады. Өйткені, бүкіл жеміс ағаштарына қажет болған азықтар әр бір жеміске де қажет.
Үшінші негіз болған Тежелли-и Ахадиет (Ахадиет көрінісі) яғни, Жаратушы Шебер (Аллаһ) денелік болмыстан тыс болғандықтан уақыт пен мекен оны шектей алмайды. Жаратылыстар мен мекен, Оның бүкіл нәрсені көруі мен құзырында ұстауына кедергі бола алмайды. Себептер мен денелер оның істеріне перде тұта алмайды. Оның бүкіл нәрсемен байланысуында бөліну, бөлшектену жоқ. Бір нәрсе екінші нәрсеге кедергі болмайды. Сансыз көп істерді бір сәтте бір жұмыс секілді орындайды. Сондықтан да бір дәнекке үлкен бір ағаштың мағынасы сыйып кетеді. Бір тұлғаға бүтіндей бір әлемді орналастыра алады. Оның құдірет қолында бүкіл әлем бір ғана тұлға секілді айналады. Бұл сырды басқа да Сөздерде түсіндіргеніміздей, былай дейміз: Мысалға, нұрлылығы тұрғысынан біршама шектеусіз болған Күннің сәулесі, әрбір жылтырақ нәрсеге шағылысады. Мыңдаған, миллиондаған айналар оның нұрына бетпе-бет келсе, бөлініп бөлшектенбей-ақ, сол айналардың бәрінен бір-бір Күн сол қалпында көріне алады. Шағылысқан айнаның қабылеті қанша болса оған түскен Күннің бейнесі өзінің қабілетін соншалықты көрсете алады. Мұнда бір нәрсе екінші нәрсеге кедергі болмайды. Мыңдаған нәрсе бір нәрсе сияқты және мыңдаған жерлерге бір орын сияқты оңай түседі. Әрбір орын мыңдаған орындар сияқты күннің көрініс табатын
жеріне айналады. Міне,
ғаламның Шебер стасының нұр болған бүкіл сипаты мен нұрани болған бүкіл есімдері арқылы Ахадиет байланысының сыры бойынша Ол ешбір мекенге тәуелді болмаса да, барлық жерді қамтиды, бақылайды және барлық жерден көрініс табады. Байланысында бөлшектену болмайды. Бір мезетте бүкіл жерде, қиындықсыз, кедергісіз, бүкіл істі атқарады.
Міне, осы Уахидиет медетінің, Уахдет жеңілдігінің және Ахадиет көрінісінің сыры бойынша бүкіл жаратылыстар бір ғана дене сияқты оңай әрі жеңіл жасалады. Әр бір жаратылыс бойындағы өнерінің көркемдігі жөнінен бүкіл жаратылыстардың деңгейінде құнды бола алады. Жаратылыстар қисапсыз мол бола тұра, әр қайсысында шексіз өнердің болуы осы ақиқатты көрсетеді. Егер ол жаратылысты тікелей бір ғана ста жаратты демесек, онда әрбір жаратылыстың жасалуы, бүкіл жаратылыстарды жаратқандай қиынға соғады. Және бүкіл жаратылыстар бір ғана болмыстың құнындай-ақ болып қалады. Мұндай жағдайда ешбір нәрсе болмысқа ие бола алмайды, бола қалған күннің өзінде түкке тұрғысыз, құнсыз болады.
Міне, осы сырға байланысты философтардың ең сорақылары болған скептиктер хақ жолдан шығып кеткеннен кейін, күпір мен адасу жолына қараған, ширк жолының хақ жолдан, таухид жолынан жүз мың есе мүшкіл, шексіз дәрежеде ақылға сыйымсыз екенін көрген. Сондықтан да өз ақылдарынан өздері безіп, бүкіл нәрселердің болмысын жоққа шығаруға мәжбүр болды.
Төртіншісі: Ғаламдағы көрініп тұрған істерді басқарып тұрған Зат-ы Қадирдің құдіретіне салғанда Жәннаттың жаратылуы - бір көктемнің жаратылуындай оңай, ал көктемнің жаратылуы - бір гүлдің жаратылуындай жеңіл. Ал, бір гүлдің бойындағы әсемдігі мен нәзіктігі көктемдей ғажап, әдемі, баға жетпес құнды. Бұл ақиқаттың сыры үш нәрсе:
Біріншісі: Жаратушыдағы Ужуб (Міндетті түрде бар) пен Тежерруд (бүкіл жаратылыстардың сипаттарынан пәк екендігі).
Екіншісі: Ешбір жаратылысқа ұқсамайтын болған соң, оның болмысы шектеуге алынбайтындығы
Үшіншісі: Мекенге тәуелді болмауы мен бөлшектенбеуі.
Бірінші сыр: Ужуб пен Тежеррудтың (бүкіл жаратылыстарға тән сипаттардан пәк болу) оңай және жеңіл жаратылуына себеп болуы өте терең сыр. Оны түсіну жеңіл болуы үшін мынадай тәмсіл қолданамыз. Болмыс мәртебелері әр түрлі. Болмыстың әлемі де бөлек бөлек. Әр түрлі болғандықтан болмысында беріктігі бар бір болмыстың бір зәрресі ол мәртебеге жете алмаған бір болмыстың тауындай болады және ол тауды қоршап алады. Мәселен, материалдық әлемнен болған бастың ішіндегі тарының үлкендігіндей ғана есте сақтау қабілеті, рухани әлемдегі кітапхана көлеміндей болмысты қамтиды. Және де көзге көрінетін әлемнен болған болмысыңның айнасы мисал әлемінің үлкен бір қаласын ішіне сыйғызып жібереді. Міне, осы сыртқы әлемнен болған сол айна мен есте сақтау сезімінің түйсіктері мен жарата алу қасиеттері болғанда, онда зәрредей ғана сыртқы болмыстарының күшімен әлгі рухани , мисали болмыстарда сансыз істер мен өзгерістер жасай алар еді. Демек, болмыс берік те тұрақты болған сайын күші артады, аз нәрсе көп қызмет атқарады. Әсіресе, болмыс нағыз беріктік қасиет алған соң, материядан да ада болса, шексіз болса, ол кезде оның кішкене бір көрінісінің өзі басқа жеңіл болмыстардың көптеген әлемдерін айналдыра алады.
деген. Яғни, "Уажиб болмыспен салыстырғанда басқа нәрселерге болмыс демеу керек. Олар болмыс атануға лайық емес" деген шешім шығарған.
Міне, Уажибул Ужудтың Уажиб әрі Затына тән құдіретіне, кейіннен пайда болған, затына тән емес, қарарсыз, әлсіз жаратылыстардың болмыстарын жарату әлбетте өте оңай, жеңіл болады. Бүкіл рухтарды
лы Хашир алаңында тірілтіп есепке тарту бір көктемді, тіпті бір бақшаны, тіпті бір ағашты қайта тірілтіп, гүл ашқызғандай, жеміс бергізгендей өте оңай.
Екінші сыр: Жаратылыстардың ешқайсысына ұқсамауы мен шектеуге алынбауының, оңай жаратуға себеп болатыны былай: Ғаламның стасы әлбетте, ғаламдағы жаратылыстардан емес. Оның негізі (болмысы) ешбір болмысқа ұқсамайды. Олай болса, Ғаламдағы кедергілер, шектеулер оның құдіретіне қарсы келе алмайды. Оның істерін шектей алмайды. Ол бүкіл ғаламды бір уақытта басқарып, шыр айналдырады. Егер ғаламда көрініп тұрған басқарулар мен іс қимылдар жаратылыстың өзіне тапсырылар болса, қиындықтар мен шиеленісулерге себеп болады. Ешбір тәртіп қалмайды. Ешбір нәрсе болмысын сақтап қала алмайды. Тіпті болмыс та, бола алмас еді. Мысалға: Кемерлі күмбездегі ұстаның өнері күмбездегі тастардың өзіне тапсырылса немесе бір полктың командирге тиесілі басшылығы сарбаздарға қалдырылса, онда еш нәрсе де шықпайды немесе жүйесіз, шатасулар мен аласапыранға айналып кетеді.
Ал енді, сол күмбездегі тастарды жөнге келтіру ісі тасқа емес бір ұстаға берілсе немесе полктағы сарбаздардың басшылығы, деңгейі командирдің қасиетіне сай басшыға тапсырылса, өнер де оңай жасалады, басшылық та жеңіл болар еді. Өйткені, тастар да, сарбаздар да бір біріне кедергі болады. Ал, ұста мен командир кедергі келтірмейтіндей етіп басқарады.
Үшінші сыр: Адем-і Тахаюз яғни Мекенінің болмауы мен бөлшектенбеуінің, оңай жаратуына себеп болуының сыры мынада: Қадир Аллаһ мекенге тәуелді емес. Әлбетте, Ол бүкіл жерде құдіреті-мен
бар. Бөлшектену мен бөліну болмағасын әрине бүкіл нәрселерге бүкіл есімдерімен қарайды. Және бүкіл жерде бар болғандықтан бүкіл нәрсеге қарай алатын болған соң, бүкіл жаратылыстар, денелер, себептер Оның істеріне еш кедергі болмайды, бөгет жасамайды, тіпті қажет те емес. Қажет деп қиялдағанның өзінде, олар электр тоғының сымдары, ағаштың бұтақтары, адамның тамырлары сияқты, оңай орындалуға, тіршіліктің жалғасуына, әрекеттің жылдамдығына себеп болады. Тосқауыл болу, шектеу, кедергі болу немесе іске араласу былай тұрсын, тек қана жеңілдетуге, жылдамдатуға, ұластыруға себеп болады. Демек, Қадир-ы Зулджалалдың басқару құдіретіне барлық нәрсе мойынсұнатындықтан себептердің дәнекерлігіне қажеттілік жоқ. Бола қалған күннің өзінде, жеңілдетуге ғана себеп болады.
Қорытынды: Құдіретті Жаратушы бүкіл ісін қиындықсыз, көп шұғылданбастан, жылдам, оңай жасайды. Бүкіл нәрсені сол нәрсенің өзіне лайық пішінде жаратады. Кішкентай нәрсені үлкен нәрсе секілді оңай, өнерлі етіп жаратады. Бүкіл нәрселерді, аспан мен жерді кім жаратқан болса, аспан мен жердегі ұсақ нәрселерді де, тіршілік иелерінің барлығын жаратқан да Сол. Одан басқа ешкім емес. Өйткені, әлгі кішкентай нәрселер үлкен нәрселердің жемістері, дәндері, кішкентай үлгілері. Сондай-ақ сол кішкентай нәрселерді кім жаратқан болса, оларды қоршап тұрған нәрселерді, аспан мен жерді де жаратқан Сол. Өйткені, байқап тұрғанымыздай жалқы нәрселер, жалпы нәрселермен салыстырғанда солардың дәндері, кішкентай үлгілері іспетті. Олай болса, жалқы нәрселерді Жаратушы Біреудің қолында жалпы нәрселердің де, аспанның да, жердің де элементтері бар.
Осылайша, Хикмет қағидалары, ілімнің өлшемдері арқылы өте ауқымды үлкен нәрселердің өзегін, мағынасын, үлгілерін кішкентай нәрселерге орналастырады. Иә, ғажайып өнерлілік, тамаша жаратылу жағынан кішкентай нәрселер үлкен нәрселерден кері қалмайды. Гүлдер жұлдыздардан төмен емес. Дәндер ағаштардан қалыспайды. Дәндегі ағаштың тағдыр өрнегіндей болған рухани ағаш - Құдірет тоқымасындай болған баудағы алып ағаштан да ғажайып. Адамның жаратылуы - әлемнің жаратылуынан да ғажап. Мысалға, бір ғана гауһардың үстіне эсир атомдарымен Қасиетті Құран жазылса,
аспандағы жұлдыздармен жазылған Үлкен Құраннан құндырақ болуы мүмкін. Сол сияқты, мұғжизалық өнері жағынан алып нәрселерден асып кететін өте кішкентай нәрселер бар.
Бесіншісі: Жоғарыдағы баяндауларымызда жаратылыстардың жаратылуындағы оңайлықты, жылдамықты, істердің атқарылуын, жасалуының сырлары мен хикметтерін біраз көрсеттік.
Міне, нәрселердің осылайша жылдам, оңай жаратылуы, тура жолдағыларды мынадай бір тоқтамға келтіреді. Жаратылыстарды жаратушы Заттың (Аллаһ) құдіретіне Жаннаттар көктемдердей, көктемдер бақшалардай, бақшалар гүлдердей оңай
сыры бойынша, адамзаттың қайта тіріліп Махшар алаңына жиылуы - бір ғана нәрсенің өлтірілуі мен тірілуіндей оңай.
деп ашық білдіруі бойынша бүкіл адамдарды Хаширде қайта тірілту - уақытша тынығу үшін тарқаған әскери қосынды бір кернейдің даусымен жинап алудай оңай.
Міне, осы шексіз жылдамдық пен оңай жаратылу - Жаратушы Құдіреттің кемелділігіне және бүкіл нәрсе Оған оңай екеніне нақты дәлел, анық айғақ бола тұра, адасушы дінсіздердің назарында өзінен өзі пайда болуда деген шатасушылыққа себеп болған. Яғни, кейбір қарапайым нәрсенің болмысқа келуі өте оңай болып жатқанын көріп, олардың жасалуын, өзінен-өзі пайда болуда деп ойлайды. Яғни, біреу жасап жатқан жоқ, өзінен өзі пайда болуда деп шатасады. Міне, ақымақтықтың осыншама шектен шығуына қарашы. Шексіз бір Құдіреттің дәлелін Оның жоқ екеніне қалай дәлел қылуда. Қисынсыздықтың сансыз есігін ашуда. Ондай жағдайда, әлемнің стасына лайық болған Шексіз Құдірет пен Мухит Ілім секілді кәміл сипаттарды әрбір жаратылыстың әрбір зәрресіне беру керек болады. Сонда ғана өз-өзінен пайда болуы мүмкін.
Құдірет шеңберіне барасыңдар. Дүниеден ақыретке өтесіңдер. Бас ұрар жерің Соның дәргейі. Сүйенішіңіз Соның мейірімі ... тағысын тағы
Бұл сөздің осы айтылғандар сияқты көптеген ақиқаттары бар. Ол ақиқаттардың ішінде мәңгілік бақыт пен Жаннатқа қайтатындарыңды білдіретін ақиқаттар Оныншы Сөздің Он екі нақты айғағы мен Жиырма тоғызыншы Сөздің көптеген нақты дәлелдерін қамтыған алты негізі арқылы түбегейлі дәлелденгендіктен бұл мәселеде басқа әңгімеге қажет қалдырмайды.
Бұл екі сөз, батқан күннің ертесі күні қайта шығатынындай нақты дәлелдеген болатын. Мына дүниенің рухани күні болып табылатын тіршілік те, дүниенің қирауы арқылы батқаннан кейін, Хаширдің қайта атар таңында мәңгілік бір бейнеде, қайтадан тіріліп шығады. Және жындар мен адамдардың бір бөлігі мәңгілік бақытқа жетіп, бір бөлігі мәңгілік бақытсыздыққа душар болады. Сонымен, Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздер бұл ақиқатты кәміл дәлелдеген. Ендеше сөзді соларға тапсырып, тек мынаны айтамыз. Жоғарыдағы баяндауларда нақты дәлелденгеніндей Шексіз, Мухит ілім, Шексіз Күлли (Барлығын қамтитын) Ираде, абсолютті Құдірет иесі болған ғаламның Хаким стасы, адамдардың Рахим Жаратушысы бүкіл сәмәуи (аспани) кітаптар мен өзінің бұйрықтары арқылы Жәннат пен мәңгілік бақытты адамзаттың имандыларына уәде еткен. Уәде еткен болса, оны орындайтыны күмәнсіз. Өйткені, Оның уәдесінен таюы мүмкін емес. Өйткені, уәдесін орындамау өте жаман кемшілік. Ал, Кәміл Жаратушы - кемшілік атаулыдан пәк, таза. Уәдесін орындамау, не ілімсіздігінен яки әлсіздігінен болады. Ал, осындай шексіз құдіретті және бүкіл нәрсені білуші Алимге ілімсіздік пен әлсіздіктің еш қатысы болмағандықтан уәдесінен таюы мүмкін емес. Әлемнің мақтанышы Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссаламнан бастап бүкіл әнбиялар мен әулиелер, әсфиялар мен тақуа имандылар әрдайым сол Рахим-ы Кәрімнен өзі уәде еткен мәңгілік бақытты үміт етіп сұрауда, жалбарынып тілеуде. Аллаһтың бүкіл көркем есімдерімен қоса сұрауда. Өйткені, мейірімі, әділеті, хикметі және Рахман, Рахим, Адил, Хаким есімдерінен бастап Рубубиет билігі мен Рабб, Аллаһ есімдері сияқты көптеген көркем есімдері ақырет пен мәңгілік бақытты талап етіп, қажет қылады, шындыққа айналатынына
куәлік етіп, дәлел болады. Оныншы Сөзде дәлелденгеніндей, бүкіл жаратылыстар бүкіл ақиқаттары арқылы ақыретке ишара етеді. Және де лы бұйрығы болған Құран Хаким, мыңдаған аят, баянаты арқылы, нақты дәлелдері арқылы сол ақиқатты түсіндіреді, көрсетеді. Және де адамзаттың мақтанышы болған Хабибуллаһ (с.а.у.) мыңдаған анық мұғжизаларына сүйене отырып, өмір бойы, бар күшімен сол ақиқат жайлы сабақ берген, дәлелдеген, жар салған, өз көзімен көрген және көрсеткен еді.
Жиырмасыншы мектубтың
Сұрақ: Сен көп жерлерде "Бір ғана Аллаһ жаратты дер болсақ, өте оңай болады. Көпқұдайшылық пен ширк қиындық туғызады. Бір құдайшылық жолы оңай, ширк жолы қисынға келмес қиындық туғызады" дейсің. Ал, сен айтқан қиындықтар мен қисынсыздықтар Уаһдет (Бір ғана Құдай жаратты) деген кезде де болып жатыр. Мысалға: "Егер атомдар қызметші болмаса, онда әрбір атомда я бір мухит ілім, я шексіз құдірет, я болмаса сансыз рухани құрылғылар, баспалар болуы керек. Ал, бұл жүз дәреже қисынсыз" дейсің. Алайда ол атомдар Иләһи қызметшілер болғанның өзінде де, өз міндеттерін жүйелі түрде атқара алуы үшін бәрібір сондай жағдайлары болуы керек емес пе? Осының шешімін айт.
Жауап: Көптеген Сөздерде түсіндіріп дәлелдегенбіз. Бүкіл жаратылыстарды Бір ғана ста жаратар болса, бір ғана жаратылыс сияқты оңай әрі жеңіл болады. Егер көптеген себептер мен табиғат жаратты десек, бір ғана шыбынның жаратылуы аспан әлемінің жаратылуындай, бір гүлдің жасалуы бүкіл көктемдердің жаратылуындай, бір түйір жемістің жасалуы бір бақшаны жаратқандай қиын да ауыр болады. Бұл мәселе басқа Сөздерде түсіндіріліп, дәлелденгендіктен сөзді соларға тапсырып, бұл жерде үш ишара арқылы осы ақиқатқа қатысты нәпсіні тыныштандыратындай үш тәмсіл береміз.
Екінші тәмсіл: Екі ағайынды болыпты. Біреуі батыр өз күшіне сенеді. Екіншісі халықшыл, патриот екен. Соғыс кезінде өз күшіне сенген адам мемлекетпен байланыс құрмайды, өз бетінше іс атқарғысы келеді, өз қуат күшінің қайнарын арқалап жүруге мәжбүр болады. Жабдықтарын, қару жарақтарын өз күшіне қарай алып жүруден басқа шарасы жоқ. Сол жеке және азғантай күшінің шамасында, дұшпан әскерінің онбасысымен ғана шайқаса алады. Басқа нәрсе қолынан келмейді. Екіншісі болса, өз күшіне арқа сүйемейді және өзін әлсіз, күшсізбін деп біледі. Патшамен байланыс орнатып, әскер қатарына тіркелді. Сол байланыс арқылы үлкен бір қолдың күшіне арқа сүйейді. Сол арқа сүйеу арқылы патшаның қамқорлығы мен бүкіл әскердің рухани күшіне ортақ болды. Рухы көтеріліп, ұрысқа кірісті. Сөйтіп, дұшпанның жеңілген қолының ішіндегі маршалды тауып алып, өз
патшасының атынан: "Сені тұтқынға аламын" деп, тұтқындап алып келді. Ал, бұл жағдайдың сыры мынада: әуелгі өз бетінше жүрген адам, өзінің қуат көздері мен жабдықтарын өзі алып жүруге мәжбүр болғандықтан аз ғана іс атқара алады. Мына қызметші болса, өзінің қуат көзін өзі алып жүруге мәжбүр емес. Ол қызметті әскери қосын мен патша атқарады. Мәселен, телефон, телеграф сымын телефон аппаратына жалғау арқылы өзін орталықпен байланыстырып қою сияқты. Бұл адам да өзін сондай орталықтың күшіне байлайды.
Ахадтың істері көрінетін орын болады. Сол Әзәли Күннің сәулесіне бөлену арқылы Оның ілім негіздеріне және хикмет пен құдірет қағидалары мен заңдылықтарына байланады. Сол кезде Иләһи күш-қуат арқылы бүкіл нәрсені көретін көзі, жан-жаққа қарай алатын жүзі, әр істе өтімді сөзі болатын Аллаһтың есімдері көрінетін болады.
Егер ол байланыс үзілсе, ол зат бүкіл нәрселерден де ажырайды, өз денесіндей ғана болып кішірейеді. Бұл кезде, әуелгі жағдайда атқарған істерін атқара алуы үшін нағыз құдайлық құдіретке ие болуы керек.
Қорытынды: Уахдет пен Иман жолы жеңіл де оңай екені анық. Ширк пен себептер жолы шексіз дәрежеде мүшкіл де қиын. Өйткені, бір ғана күш еш қиындықсыз көптеген нәрселерді белгілі бір жағдайға келтіріп, нәтиже шығарады. Егер сол жағдайға келтіру мен сол нәтижеге қол жеткізуді әлгі көптеген нәрселерге тапсырар болса, өте көп қиындықтар мен көптеген әрекеттерден кейін ғана сол жағдайға сол нәтижеге қол жеткізілуі мүмкін. Мысалға, Үшінші хатта айтылғандай аспандағы Күн мен Айдың басшылығын да, жұлдыздардан құралған әскерді де қозғалысқа келтіріп, әр түнде, әр жылы салтанатты түрде тасбих тартқандай сайран салдыру - аспан әлемінің осы тартымды, салтанатты жағдайы мен мезгілдердің алмасуы сынды үлкен істердің орындалуы, жер шарына тән аса хикметті нәтиже егер бір күшке тапсырылса, Сол Әзәли Сұлтан, осындай жағдай мен нәтиже үшін жер шары сынды бір сарбазды оп-оңай бүкіл ғаламшарларға қолбасшы етіп тағайындайды. Сол кезде, осындай бұйрық алған жер шары, қызметші болу қуанышымен шыр айналып зікір салады. Азғантай ғана шығынмен сол тамаша жағдай ортаға шығып, өте маңызды нәтиже береді. Егер жер шарына "Сен тоқта, араласпа" десе сол нәтиже мен сол жағдайдың орындалуы аспан әлеміне тапсырылса, яғни бір орталыққа емес көпшілікке жүктелсе, онда әр күн сайын, әр жыл сайын жер шарынан мың есе үлкен, миллиондаған жұлдыздардың әрекет етуі, миллиардтаған жылдық қашықтықты жиырма төрт сағатта және бір жылда жүріп өтуі қажет болады.
Нәтиже: Құран да, имандылар да сансыз жаратылыстарды бір ғана Жаратушы (Аллаһ) жаратты дейді. Бүкіл істерді тікелей сонымен байланыстырады. Оңай болуға міндетті жолға түседі. Басқаларға да сол жолды көрсетеді. Ал, ширк қосушылар мен адасушылар бір ғана
жаратылысты сансыз себептермен байланыстырып қырсығады, қиын, қисық жолға түседі. Ендеше Құран жолындағылар бүкіл нәрсені жарату бір нәрсені жаратудай оңай болатындығына көз жеткізеді. Ал, адасушылар бір нәрсені жарату бүкіл нәрсені жаратудай қиын деп біледі.
Бүкіл нәрсенің бір жерден шығуы - бір нәрсенің сансыз көп нәрселерден шығуынан жеңіл, оңай. Мысалға, бір сардар, мың сарбаздың басшылығын бір ғана сарбаз секілді оңай атқарады. Бір сарбазды басқару мың сардарға жүктелсе, мың сарбаз басқарғандай қиынға түседі. Былығып кетуге себеп болады.
Міне, мына ұлы аят осы ақиқатты ширк қосушылардың басына тоқпақ етіп, талқандауда.
ЖИЫРМА БІРІНШІ
Ей, үйінде қарт анасы немесе әкесі, не болмаса мүгедек, науқас туысқаны яки дін бауыры бар, бейқам пенде! Мына қасиетті аятқа назар аудар.
Бір аятта, бес мәрте, қайта-қайта, қартайған ата-анаға жанашырлықпен қарауды бұйырған. Дүниедегі анық бір ақиқат, ата-ананың балаларына деген мейірбандығы. Олардың сол мейіріміне жауап ретінде балаларының оларға құрмет көрсетуі ең жоғарғы заңдылық болып саналады. Өйткені олар, өз өмірлерін балаларының қамы үшін сарп етеді. Ендеше, адамгершілігі жоғалмаған және жыртқышқа айналмаған әрбір перзент, сол пәк жанкештілерге құрмет көрсетіп, шын жүректен қызмет етіп, ризалықтарын алып, көңілдерін шаттыққа бөлеуі тиіс. Әкенің аға-інілері мен апа-қарындастары - әке есебінде, ананың апа-сіңілері мен аға-інілері - ана есебінде болады. Міне, сол аяулы қарттарды ауырсынып, оларға өлім тілеу, қандай арсыздық екенін біл, есіңді жи! Өз өмірін сенің жолыңда пида еткен жанкештінің өмірден өтуін тілеу, қаншалықты жиіркенішті зұлымдық, ұятсыздық екендігін түсін...
Ей, күнкөріс қамымен жүрген пенде! Расында сенің үйіңдегі берекеттің тірегі, мейрімнің бұлағы және бәлекетке тосқауыл, үйіңдегі сол сен ауырсынған қарт, немесе зағиб туысқаның екенін біл! "Күн көрісім нашар, асырай алмаймын..." деуші болма. Өйткені, солардың арқасында келген берекет болмаса, сенің күнкөрісің онан бетер нашарлап кетер еді. Бұл шындық. Сөзіме сен. Бұның көптеген нақты дәлелдерін білемін, сені де сендіре аламын. Бірақ көп сөйлемеу үшін қысқа қайырамын. Осы сөзіме тоқта. Ант етемін, бұл нағыз ақиқат. Тіпті нәпсім мен шәйтаным да бұған қарсы тәслім болған. Нәпсімнің қырсықтығын сындырып, шәйтанымның үнін өшірген бір ақиқат саған қанағат беруі керек. Ғалам куә Аса Рахман, Рахим және Латиф, Кәрим Халиқ-ы Зүлжәлал-і Уәликрам, сәбилерді дүниеге жіберген кезде, олардың артынан ризықтарын да ғажайып түрде жібереді. Аналарының бұлақтай омырауларынан ауыздарына сүт ағызғаны іспетті, балаға ұқсап қалған және сәбилерден де артық мейірімге лайық, жанашырлыққа мұқтаж қарттардың ризықтарын да, берекет түрінде жібереді. Олардың күнкөрістерін, ашкөз және сараң адамдарға жүктемейді.
аяттары жеткізіп тұрған ақиқатты, бүкіл тіршілік иелерінің барлық түрлері хал тілімен жар салып, осы бір ұлы ақиқатты айтуда. Тек қарттар ғана емес, тіпті адамдарға жолдас етіп берілген, және ризықтары адамдардың ризықтарымен қоса жіберілетін мысық сияқты кейбір жануарлардың ризықтары да, берекет түрінде келеді. Мұны қуаттай түсетін және өзім куә болған бір мысал: Менің жақын достарым біледі, екі-үш жыл бұрын күніне жарты нандық несібем болатын. Бұл нан көбіне аздық ететін. (Ол ауылдың нандары кішкентай болатын). Кейінірек осы азғантай нәпақамды төрт мысықпен бөлістім. Дәл сол мөлшердегі ризығым маған да, оларға да жетті. Тіпті, артылып қалатын-ды. Міне, бұл жағдай, сан рет қайталануы арқылы менің көзімді мынаған анық жеткізді: Мен мысықтардың берекетінен пайдалануда екенмін. Олар маған жүк емес еді. Олар маған емес, мен оларға қарыздар екем.
Ей, пенде! Мінеки, жыртқыштау бір хайуанның өзі адамдардың үйіне қонақ боп келген кезде, берекетке себеп болады екен. Ендеше жаратылыстардың ең қадірлісі болған адам, және адамдардың ең сыйлысы болған әлсіз, науқас қарттар, және мейірім мен қызметке ең лайық, әрі оған құқы да бар жақын туысқандар, олардың ішіндегі ең абзал, ең сыйлы ата-ана қартайған кезінде өз баласының үйінде болса, қаншалықты берекеттің себебі, мейірімнің дәнекері болатындығы анық.
яғни: "Белі бүкірейген қарттарыңыз болмаса, төбелеріңе бәлелер сел құсап төгілер еді" деген хадистің сыры бойынша қарттардың қаншалықты дәрежеде бәлекетті тоқтататын себеп екендігін салыстыра бер.
Ей пенде! Ақылға кел! Егер сен өлмесең, қартаясың...
аятының сыры бойынша, сен ата-анаңа құрмет етпесең, сенің балаларың да саған қызмет етпейтін болады. Егер ақыретіңді жақсы көрсең, міне саған жақсы болғандығын қаласаң, қымбат қазын, зор байлыққа кенелуді армандасаң, ата-анаңа қызмет ет, ризашылықтарын ал. Егер дүниені жақсы көретін болсаң, тағы оларды қуант. Осылайша солардың арқасында өмірің рахатпен, ризығың берекелі өтсін. Әйтпесе, оларды жек көріп, жақтырмай, өлімдерін тілеу және олардың тез мұңайып қалатын көңілдерін түсіру арқылы
сырына ұрынасың. Егер Рахманның мейірімін қаласаң, сол Рахманның саған берген және сенің үйіңдегі аманаттарына мейіріммен қара.
Ақырет бауырларымның ішінде Мұстафа Шауыш атты бір досым бар еді. Діни тұрғыдан да, дүниелік тұрғыдан да аса табысты екенін көретінмін. Бірақ, оның сырын біле алмай жүрдім. Кейін түсіндім, ол табыстың себебі, әлгі кісі қарт әкесі мен анасының қадірін жақсы түсінген және соған толық үйлесімді түрде ата-анасына қызмет еткен екен. Солардың арқасында рахатты да, мейірімді де тапқан көрінеді. Иншаллаһ ақыретін де түзеген болу керек. Бақытты болғысы келгендер соған ұқсасын...
ЖИЫРМА ЕКІНШІ
Бірінші бөлім
Мұсылмандар арасында іріткіге, өштесуге, араздасып, бір-біріне дұшпан болуға себеп болатын бір жаққа жақтасу, жік-жікке бөлініп топтасу, қырсығып ерегісу және қызғаныш, көре алмаушылық сияқты жайттар ақиқатқа, хикметке, яғни, даналыққа және адамгершіліктің ең жоғары сатысы дін Исламға және бұл адамның жеке өмірі мен қоғам өміріне, сондай-ақ, рухани өміріне жараспайтын оғаш қылық, қауіпті кесел және зұлымдық. Адам өмірі үшін у. Осы ақиқаттың көптеген қырларының алтауын баяндаймыз.
БІРІНШІДЕН, ақиқат тұрғысында зұлымдық.
Ей, мүмин бауырына қастық ойлап, кек сақтаған ынсапсыз пенде! Мысалы, сен бір кемеде немесе бір үйдесің дейік. Сенімен бірге тоғыз бейкүнә адам және бір ғана залым бар. Сол залымға бола кемені суға батырып немесе үйді өртеп жібергісі келген адамның қаншалықты
зұлымдық жасайтынын түсінерсің. Оның залым екенін айтып дүниеге жар салып, дауысың көкке жеткенше айғайлар едің. Тіпті, бір ғана бейкүнә адам мен тоғыз залым болса да кемені суға батыруға ешбір әділ заң рұқсат бермейді.
Сол сияқты, Раббани үй іспеттес, немесе Иләһи бір кеме тәріздес мүмин бауырыңның бойындағы Иман, мұсылманшылық, көршілік секілді тоғыз емес, жиырма бейкүнә қасиетін ескермей, өзіңе зияны тиген немесе ұнамаған бір ғана сипатына бола оған ашуланып кек сақтап, дұшпан болу яғни рухани үй тәріздес болмысын моральдық жағынан өртеп, суға батырып, тоз-тоз етуге әрекеттену немесе солай болғанын тілеу, мысалда айтылғандай шектен шыққан зұлымдық болып саналады.
ЕКІНШІДЕН, даналық тұрғысынан алғанда да зұлымдық.
Өйткені, дұшпандық пен махаббат жарық пен қараңғылық сияқты біріне-бірі қайшы ұғымдар. Екеуі шын мәнінде біріне-бірі не жақындамайды. Егер басым себептермен жүректе біреуге деген махаббат сезімі ұяласа, өшпенділікке орын қалмайды. Өшпенділік жанашырлыққа айналады. Иә, мүмин адам бауырын жақсы көреді және жақсы көруі тиіс. Жағымсыз қылығына тек жаны ашиды. Өктемшіл түрде емес, қайта ыстық мейірімімен оны түзетуге тырысады. Сондықтан хадисте: "Мүмин адам, мүминмен ренжісіп, үш күннен артық сөйлеспей қоюға болмайды" деп анық айтылған.
Егер дұшпандыққа итермелейтін себептер бір адамның жүрегінде жиналып, өшпенділікті қоздырса, сыйластығы мен сүйіспеншілігі шынайы болмай, жасанды, жарамсақ бейнеге енеді.
Ей, ынсапсыз пенде! Мүмин бауырыңа кек сақтап, дұшпан болу қаншалықты зұлымдық екенін білгің келсе мына мысалға назар аудар! Егер, сен қарапайым тасты Қасиетті Қағбадан әлдеқайда құндырақ немесе Ухуд тауынан да үлкен десең ақымақтық қылғаның. Сол сияқты Қағбаның құрметіндей қасиетті Иман және Ухуд тауындай ұлық Ислами қасиеттер мұсылман бауырыңның бойынан табылып сенен сүйіспеншілік пен ынтымақты талап ете тұра, мүминдерге қарсы дұшпандық сезім оятатын жәй, майда тастар секілді кейбір кемшіліктерді Иман мен Ислам құндылықтарынан артық көру, барып тұрған ынсапсыздық, ақымақтық, нағыз зұлымдық екенін ақылың болса түсіндің.
Имандағы бірлік, жүректердің де бірігуін талап етеді. Сенімдегі бірлік те қоғамдық бірлікті талап етеді. Расында, сен әскерде біреумен бір бөлімшеде әскери борышыңды бірге өтесең, онымен достық қатынаста боласың. Бір қолбасшының қарамағында болғандықтан, дос сезініп, жақын тартасың. Сондай-ақ, бір мемлекетте тұрғандықтан отандасыңды бауырың секілді өзіңе жақын тартасың. Ендеше, Иманның нұры мен зерделілігі арқылы білдіріліп, көрсетілген Иләһи есімдердің санындай ынтымақ пен бірлікке, бауырластыққа итермелейтін байланыстар бар. Мысалға, Екеуіңніңде Халиқыңыз (Жаратушы) бір, Маликіңіз (Қожайын) бір, Мағбудыңыз (Табындырушы) бір, Разықыңыз (Асыраушы) бір, бір, бір... осыншама мыңдаған ортақ нәрселер бар. Сондай-ақ, Пайғамбарларың бір, Діндерің бір, Құбылаң бір, бір, бір... жүздеген себептер бір жерге түйістіреді. Ауылдарың бір, елдерің бір, Отандарың бір, бір, бір... ондаған дәнекерлер бар. Осыншама бірліктер бірігу мен ынтымақты, ауызбіршілік пен ұйымшылдықты, сүйіспеншілік пен бауырластықты талап етеді. Бүкіл ғалам мен планеталарды бір-біріне байлай алатындай осындай мықты рухани шынжырлар бола тұра, алауыздық пен араздыққа, дұшпандық пен іріткіге итермелейтін өрмекшінің жібіндей түкке тұрғысыз, әлсіз һәм уақытша нәрселерге бола, мүмин бауырларға шынымен дұшпан болып, кек сақтау әлгіндей киелі, жалпыға ортақ байланыстарға құрметсіздік болар. Шынайы сыйластық, сүйіспеншілік оятатын нәрселерге мән бермеу, достық, бауырластық қарым-қатынастарға қарсы қаншалықты қиянат, зұлымдық екендігін жүрегің қарайып, санаң сөнбеген болса түсінген боларсың.
ҮШІНШІДЕН: Нағыз әділдікті көрсететін
аятының мағынасына орай, бір мүминнің бойындағы нашар бір қасиетіне бола басқа жазықсыз қасиеттерін қоса айыптау болып саналатын қастық қылып, кек сақтау, үлкен зұлымдық.
аятының екпін түсіре ескертуі, бір мүминнің бір ғана жағымсыз қасиетіне өкпелеп, ренжіп оның туыстарымен де өштесу орасан зор зұлымдық екендігін білдіреді. Ислам даналығы бұлай деп тұрғанда сен қалай ғана "менікі дұрыс, менің құқым бар" дей аласың.
Шын мәнінде, жауыздық пен өшпенділікке апаратын жағымсыз қылықтар қара ниеттей қою қараңғы, топырақтан да күңгірт. Ол басқа біреуге көлеңкесін түсіріп, әсер етпеуі керек. Егер басқа біреу одан үйреніп алып жамандық жасаса, ол басқа мәселе. Сүйіспеншілікке дәнекер болатын қайырымды істер - махаббаттай жарқын нұр. Басқаларға шағылысып, айналасына нұр шашуы мақтанарлық қасиет. Сондықтан, "досымның досы, маған да дос" сөзі елге өнеге боп, "досымның көңілі үшін дос көңілдің бәрі дос" сөзі ел аузында кең тараған.
Ей, ынсапсыз пенде! Ақиқат осылай бола тұра, ұнатпаған бір адамның сүйкімді де бейкүнә бауырына немесе туыстарына қастық қылу ақиқатқа қаншалықты керағар екендігін, ақиқатшыл болсаң, түсінерсің.
ТӨРТІНШІДЕН: адамның жеке өміріне де қиянат. Мұның негізі ретінде бірнеше қағидаға құлақ сал.
Біріншісі: сен өз жолың мен ұғымыңды дұрыс деп шешсең "менің жолым дұрыс немесе жақсырақ" деуіңе болады. Бірақ "тек қана менің жолым дұрыс" деуге хақың жоқ.
сыры бойынша ынсапсыз көзқарасың мен таяз пікірің төреші бола алмайды. Басқаның жолын теріс деп айыптай алмайсың.
Екінші қағида: "Әрбір айтқан сөзің шындық болсын. Бірақ, әрбір шындықты айтуға сенің хақың жоқ. Әрбір сөзің дұрыс болуы керек. Бірақ, әрбір дұрысты айтуың дұрыс емес" дегенді әсте ұмытпа! Өйткені, сен сияқты ниеті бұзық адамның насихаты кейде ашуға тиеді, кері әсер етеді.
Үшінші қағида: Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі қара ниетке қарсы шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсіз нәпсің мен құлқынқұмарлығыңмен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Залалы көп нәпсіңнің ығына жығылып, иманды жандарға қастық қылма. Егер, жауласқың келсе, кәпірлер мен дінсіздер көп, солармен арпалыс. Сүйіспеншілік қасиеттің өзі сүйіспеншілікке
лайық. Жауыздық қасиеттің өзі ең әуелі өзіне қарсы жауыздыққа лайық. Егер жауыңды жеңгің келсе, оның істеген жамандығына жауап іретінде жақсылық жаса. Егер сен жамандық пен жауап берсең, одан сайын жауласа бересің. Жеңген боп көрінсең де жүрегі мұздап саған кек сақтайды. Қастандығы жалғаса береді. Егер жақсылық жасасаң, өзі де өкініп, райынан қайтар. Саған дос болар.
үкімімен, мұсылманның мақтанышы жаны жомарт болу. Сенің сый құрметің арқылының саған деген кейіпі өзгереді. Сырт көзге таба болса да имандылық жағынан оның да жаны жомарт. Жаман адамға "сен жақсысың, жақсысың" десең жақсарып, жақсы адамға "сен жамансың, жамансың" дей берсең жамандыққа үйір болатыны көп кездеседі.
дегеніндей Құранның қасиетті қағидаларына құлақ сал. Бақыт пен саламат сонда.
Төртінші қағида: Кекшіл, залым адам әуелі өзіне, содан кейін мұсылман бауырына һәм Аллаһтың рахымдылығына қиянат жасайды, өшпенділік қылады. Өйткені, кекшілдігі мен өшпенділігі оның өзін азапқа салады. Жауына берілген нығметтердің қызғанышы мен қорқынышы жанын жегідей жеп, өзіне-өзі қастық жасайды. Егер, дұшпандық іш тарлықтан болса, нағыз қорлыққа айналады. Өйткені, қызғаныш сезімі ең әуелі іші тар адамның өзін күйдіреді, қорлайды. Бақталасына тигізер зияны аз немесе мүлде жоқ.
Іш тарлықтан құтылудың шарасы: Іші тар адам бір нәрсені қызғанған кезде қызғанған нәрсенің келешегін, яғни, нәтижесін ойласын. Таласып-тармасып жүрген дүниеауи сұлулықтар мен күш-қуат, атақ-даңқ пен байлықтың уақытша, жалған екенін білсін. Пайдасы аз, машақаты көп екенін ойласын. Егер ақыретке тән қасиеттер болса, оған таласудың қажеті жоқ. Егер, солар үшін де іш тарлық жасаса, я өзі рияшыл ақырет байлығын дүниеде жоқ қылуды қалайды келеді, я бақталасын рияшыл деп ойлайды, қиянат жасайды.
Сондай-ақ, оның басына келген қиыншылықтарға қуанып, табалайды. Жетістіктеріне іші күйіп, өкінеді. Оған жасалған жақсылықтарды көре алмай, Аллаһтың рахымдылығына, оның жазған тағдырына ренжіген болады. Тағдырды сынап-мінеген адам басын тауға да, тасқа да соғады. Рақымдылыққа наразы болған адам одан өзі де мақұрым қалады.
Апырым-ай, бір күндік араздыққа тұрмайтын нәрсеге бір жыл бойы жауласып, кек сақтау қандай әділдікке саяды? Кірленбеген қандай ар-ұждан оған жол береді. Мүмин бауырының саған тигізген кесірін түгелдей оған жүктеп, оны ғана кінәлай алмайсың.
Өйткені, ол жерде тағдырдың да үлесі бар, бұл - бір. Оны бір бөлек қарастырып, тағдыр мен қазаның алдында мойынсұнып, ризашылық танытуың керек.
Екіншіден: нәпсі мен шайтанның да үлесін бөліп тастап, ол адамға қысастық емес, қайта нәпсісінен жеңіліп қалғаны үшін жаның ашысын, қатесін түсініп, өкінуін күт.
Үшіншіден: сен өз бойыңнан көре алмаған немесе көргің келмеген қатеңді көр. Оның да есесін шығарып таста. Сонда оның кішкентай ғана пайы қалады. Оған да кеңпейілділік танытып, кешіріммен қарасаң, ешқандай қауіп жоқ. Әрі қарсыласыңды өте тез жеңесің және зұлымдық пен зияннан құтыласың. Әйтпесе, ақымақша есалаңданып шыны мен мұз сынықтарын алмас бағасымен сатып алған зергер яһуди сияқты бес тиынға арзымайтын дүниенің фәни, өткінші, арзан нәрселеріне бұл дүниеде мәңгі жасап, мәңгі бірге болатындай ашу шақырып, ылғи қастық ойлап, ұдайы өшпенділікпен қасарысу, ащы айтсақ нағыз зұлымдық. Ақымақтық, ессіздік. Тіпті, есінен ауысудың бір түрі.
Егер, өзіңді сыйласаң, жеке бастың тірлігіне осыншама зиянды кек сақтау, қастандық жасау сияқты ойдан аулақ бол! Әйтпесе, бұлар жүрегіңе орнығады. Егер, ондай ой жүрегіңе орнықса, оның ығына жығылма. Одан да ақиқатшыл Хафиз-і Ширазиды тыңда. Ол не дейді?
Яғни: "Дүние сонша қымбат нәрсе емес, араздыққа тұрмайды." Өйткені, ол фәни, өткінші болғандықтан құны жоқ. Бүкіл дүние бұлай болса, дүниенің болмашы нәрселері қаншалықты құнсыз екендігін түсінерсің. Тағы да
Яғни, "екі дүниенің рахаты мен бақытын екі-ақ ауыз сөз тәпсірлейді және қол жеткізеді. Достарыңа кең пейілді бол, жауларыңа да бітімшіл бола біл" деген екен. Егер де сен: "Менің қолымда тұрған жоқ. Жаратылысымнан осындаймын, мінезімде ашушаңдық бар. Оның үстіне әбден ызама тиген, райымнан қайта алмаймын" десең, оның жауабы, егер оғаш қылық, нашар мінез көрсетпесең, ащы тілмен ғайбат айтпасаң, өз айыбыңды түсінсең зияны жоқ. Мінезің сондай болып, райыңнан қайта алмасаң да өкінсең, ол іштей жасаған тәубаң болады. Өз айыбыңды сезінуің нашар мінезіңнің пәлелерінен де құтқарады. Онсыз да бұл хаттың осы бөлімін жазудағы басты мақсатымыз, рухани тәубаға қол жеткізіп, дұрысты дұрыс деп білу. Қас адамның орынды өкпесін орынсыз деп айыптамау.
Маңызы зор оқиға: Бірде араға от тастай отырып, біреуге жақтасудың неге апарып соқтырғанына куә болдым. Діндар, оқымысты кісі, саяси көзқарасына қарсы екінші бір тақуа ғұламаны "имансыз" дейтіндей дәрежеде жамандады. Ал, саяси көзқарасына сәйкестігі бар екіжүзді дінсізді құрметпен мақтады. Мен де саясаттың мұндай құрдымға құлатар нәтижелерінен сескеніп
дедім. Содан бері саяси өмірден қол үздім.
БЕСІНШІДЕН: Жік-жікке бөліну мен қысастықтың қоғамға өте қауіпті екендігі баяндалады.
Оның жауабы. Бірінші сұраққа айтарымыз: Хадисте айтылған қайшылық, дұрыс бағыттағы болымды қайшылық. Яғни, әркім ұстанған жолының түзелуіне, жетілуіне ат салысады. Басқа
жолдардың бұзылуына немесе жойылуына әрекет жасамайды, қайта олардың жақсаруы мен жетілуіне көмектеседі. Ал, бұрыс бағыттағы болымсыз қайшылық болса, арандату арқылы қастандық қылып, бірін-бірі бұзуға әрекет жасайды. Хадис мұны қабылдамайды. Өйткені, бірімен-бірі тартысып жұлқысқандар дұрыс әрекет ете алмайды.
Екінші сұраққа айтарымыз: Егер, бір-біріне жақтасу Хақ үшін, ақиқат үшін болса, тура жолдағыларға пана болар еді. Бірақ қазіргідей дұшпандық оймен, нәпсінің айласы үшін жақтасу қисық жолдағылардың арқа сүйер қорғанына айналады. Өйткені, дұшпандық ойдағы жақтасушы адамның пікіріне шайтан көмектессе, ол адам сол шайтанға тілек тілеп, рахметін айтады. Егер қарсы жақты періштедей пәк адам қостаса, оған (Құдай сақтасын!) лағнет айтардай қиянат жасайды.
Үшінші сұраққа жауабымыз: Аллаһ үшін, ақиқат үшін пікірлердің қайшы келуінің негізгі мақсаты бір болады, тек табысқа жету жолдары әртүрлі болады. Ақиқатты жан-жақты, анық көрсетіп әділет пен ақиқатқа қызмет етеді. Алайда, дұшпандық оймен жақтасу болса, жүгенсіз нәпсінің жетегінде кетіп мақтану, атақ құмарлықпен пікір таластырудан "ақиқат нұры" емес, дау-жанжалдың оты лаулайды. Мақсат бір болмаған соң олардың ой-пікірлері Жер шарын шарлап шықса да түйіспейді. Хақ атымен жасалмағандықтан шектен шығып кетеді. Дауасы жоқ алауыздық дертіне әкеліп соқтырады. Бұған әлемнің қазіргі жағдайы куә. Қорыта айтқанда
деген ұлы қағидалар тұрмыста әдетке айналып, қалыптаспаса алауыздық пен араздық жайлай береді. Иә,
деген осы қағидаларға мән берілмесе әділдік жасаймын деп, зұлымдық жасайды.
Үлгі аларлық бір оқиға: Бір соғыста Имам Али (р.а.) бір кәпірді жерге алып ұрады. Қылышын суырып шаппақ болғанда әлгі кәпір оған түкіріп жібереді. Сонда ол кәпірді шаппай жібере салады, өлтірмейді. Әлгі кәпір одан:
- Мені неге шаппадың?,- деп сұрайды.
- Сені Аллаһ үшін шабайын деп жатыр едім. Бірақ сенің түкіруің ызамды келтірді. Нәпсім араласқандықтан ықыласым бұзылды. Сондықтан сені шаппадым дейді. Әлгі кәпір оған:
- Сені ашуландырсам тезірек өлтірер деп ойлап едім. Шынымен діндерің осыншама таза, пәк болса, онда ол дін - нағыз Хақ дін дейді.
Тағы бір көңіл аударарлық оқиға: Бірде сот қызметіндегі қазы, ұрының қолын ашулана шауыпты. Мұны байқап қалған әділ төраға оны қызметінен босатыпты. Өйткені, ол Шариғат атынан, Аллаһтың заңы үшін шапқан болса, қайта оған жаны ашуы керек еді. Жүрегін ашу қыспай, бірақ аяушылық та жасамай бұйрықты орындау керек еді. Демек, бұл үкімге оның нәпсісі де араласып, жүктелген істі әділ орындай алмады.
Қоғамның қасіретті жағдайы және Ислам жүрегін қынжылтатын қоғамдық өмірдің қауіпті дерті: "Сыртқы жаудың шабуылы кезінде ішкі алауыздықты қойып, тіпті оны ұмытумен қатар тоқтату.
Қоғамның бейбіт түрде дамуына ең бәдәуи қауымдардың өзі көңіл бөліп отырғанда, Ислам жамағатына қызмет ету үшін күресіп жүргендерге не болған? Жан-жағынан анталаған жау тұрғанда, болмашы араздықтарын ұмытпай, дұшпанның шабуылына жол ашып беруде. Бұл - құлдырау, нағыз жабайылық. Исламның қоғамдық өміріне опасыздық болып табылады.
Ғибрат болар бір оқиға: Бәдәуи Хасенан тайпасының ішінде бір-біріне қас екі ру бар екен. Бір-бірінің елу шақты адамын өлтіріп қойса да сырттан Сипкан немесе Хайдеран рулары келе қалса, өзара жауласып жүрген екі ру бұрынғы кектерін ұмытысып, сыртқы жау толық жеңілгенше баяғы алауыздықтарын естеріне де алмайды екен.
Міне, ей мүминдер! Иман жолындағы қауымға қарсы шабуылға дайын қаншама жау тұрғанын білесіңдер ме? Бірінің ішінде бірі жүзден астам шеңбер түрінде тұр. Әрқайсысына қарсы бірігіп, бір-бірімізге қол ұшын бере отырып қорғануға мәжбүрміз. Солай бола тұра, олардың шабуылына жағдай жасап, Ислам шекарасына жайбарақат кіруіне есіктерді ашып беру болып саналатын жақ-жақ болып бөліну, алауыздық, қысастық, арандатушылық әрекеттер иманды кісілерге жараса ма? Адасқан дінсіздер мен азғын имансыздардан бастап, кәпірлер әлемі, дүниенің үрейлі апаттары бірінің артында бірі оңтайланып, сендерге ашкөздене қарауда. Осындай жетпіс түрлі дұшпан бар. Бұлардың барлығына қарсы сенің ең мықты қаруың, сақтандырушың, әрі берік қорғаның - Ислам бауырластығы. Осы Ислами қорғанды болмашы араздықпен, әр түрлі сылтаумен шайқалту ар-ұжданға және Ислам қағидаларына қаншалықты керағар екенін түсін, есіңді жи!
Қасиетті Хадистерде, ақырзамандағы екіжүзділер мен дін дұшпандары және солардың басын құрайтын Суфиян мен Тажал сияқты аса қауіпті тұлғалар Ислам жамағаты мен бүкіл адамзаттың ашкөздігін, алауыздығын пайдаланып, аз ғана күшпен адамзаттың тас-талқанын шығарып, Ислам әлемін жаулап алатындығы баяндалған.
Ей, иманды жандар! Егер қор болып құлдыққа түскілерің келмесе, ақылға келіңдер. Алауыздықтарыңды пайдаланып отырған залымдарға қарсы қасиетті
қамалына кіріп қорғаныңдар. Әйтпесе, өмірлеріңді сақтап, құқықтарыңды қорғап қала алмайсыңдар. Екі батыр бір-бірімен жұлқыласып жатқанда кішкентай бала екеуін де ұра алады. Таразының екі басына екі бірдей тау қойылып, тепе-тең тұрғанда титтей бір тас екеуінің тепе-теңдігін бұзып олармен "ойнай" алады. Біреуін жоғары шығарса, екіншісін төмен түсіреді.
Ей, имандылар! Алты бақан алауыз боп қырқысу, сендерді күш-қуаттан айырып, әлсіретеді. Болмашы күштің қыспағында жаншылып қаласыңдар. Қоғамдық өмірдің қамын ойласаңдар
ұлы қағидаларын тұрмысқа ендіріп, дүниеде қайыршылықтан, ақыретте бақытсыздықтан құтылыңдар!
Алтыншыдан, жауласу мен қасарысу рухани өмір мен құлшылықтың шырқын бұзады. Нағыз бақытқа қол жеткізетін "шынайы ықылас" жойылады. Себебі, қырсық әрі бір жағына болысушы адам қайырлы істерде өзінің қарсыласынан басым болғысы келеді. Ондайда Аллаһ үшін шынайы ықыласпен амал ете алмайды. Үкім мен қарым-қатынаста өз жағына бүйрегі бұрады. Әділ бола алмайды. Қайырлы амалдар мен іс-әрекеттердің негізі болып саналатын "шынайы ықылас" пен "әділет" дұшпандық ой мен қысастықтың кесірінен жоғалады.
Бұл алтыншы мәселе өте ұзақ. Бірақ, қабілетіміз осы жерде тоқтағандықтан көп созбадық.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Ей, иманды жан! Мұның алдында дұшпандық ойдың қаншалықты зиянды екендігін түсіндің. Енді сол дұшпандық іспетті Ислам өміріне аса қатерлі аурудың ашкөздік екенін де түсін. Ашкөздік адамның мақұрым қалуына себепші болады. Ол да бір дерт және сорлылық, бейшаралық. Ол сені құралақан қалдырып, қайыршылыққа ұшыратады. Басқа ұлттарға қарағанда, ашкөздікпен байлықтың соңына түскен яһуди халқының қор болып, кедейшілікпен күнелтулері мұның айқын дәлелі. Ашкөздік деген бәле тіршіліктегі ең үлкен ортадан бастап, ең ұсақ нәрселерге дейін жағымсыз әсерін қалдырады. Ал, тәуекел етіп, несібесін табуға тырысу - бақыт көзі. Барлық жерде жағымды әсерін қалдырады. Тіршілік иесі, азыққа мұқтаж жеміс ағаштары мен өсімдіктерге қарайық. Олар тәуекел еткендей, қанағат еткендей болып ашкөздік көрсетпегендіктен бір орында тұрса да оларға азық өздері келеді. Жануарларға қарағанда әлдеқайда көп тұқым шашады. Ал жануарлар болса, азықтарының соңына түсіп ашкөздене іздегендіктен қанша қиналса да қарны тойып қоректене алмайды. Жануарлардың төлдерін алайық. Олар дәрменсіз, әлсіз хал- жайымен Аллаһқа сенім артқандықтан оларға заңды жолмен, өте нәрлі, дәмді қоректің Құдайдың рақымдылық қорынан берілуі, ал азығына ашқарақтана ұмтылған жыртқыш аңдардың заңсыз жолмен көп қиналып, қаңғып жүріп ашкөздене тапқан лас жемтігі; ашкөздік мақұрымдыққа себепкер, ал тәуекел мен қанағат Құдайдың рақымдылығына жол ашатындығын көрсетеді.
Қанағатшыл мен ашкөз адамның жағдайы мына екі кісінің мысалына ұқсайды. Олар ұлы мәртебелі бір кісінің қонақ үйіне келеді. Біреуі ішінен: "Мені тек қана ішке кіргізсе, сырттағы аяздан құтылсам болды. Босағадағы орындыққа отыруыма рұқсат берсе, соған да рахмет" дейді.
Екіншісі ол жерде ақысы бар адамдай, жұрттың бәрі оны сыйлауы тиіс секілді... "Маған төрден орын беруі керек" дейді. Сөйтіп, ол ашкөздене кіреді. Жоғары орындарға көз тігіп, төрге шыққысы келеді. Бірақ, үй иесі оны кері қайтарып, босағаға отырғызады. Әлгі адам оған рақмет айтудың орнына, іштей ренжиді. Қонақ үй иесін сынға алады. Қонақ үй иесі де оның мұнысын көтере алмай, суық қарайды.
Бірінші адам кішіпейілділік танытады. Үйге кіргенде босағадағы аласа орындыққа отыра салғысы келеді. Оның бұл қанағатшылдығы сарай иесіне қатты ұнайды. "Жоғары шық, төрлет!" дейді. Әлгі адам одан сайын рахметін жаудырып, ризашылығы арта түседі.
Міне, сол сияқты мына дүние Рахманның қонақ үйі. Жер беті Оның рақымдылық дастарханы. Несібелердің дәрежелері мен бақ-дәулеттің мәртебелері мысалдағы орындықтар тәрізді.
Қарапайым істерде де әр адам ашкөздіктің жаман әсерін байқай алады.
Мысалға, екі қайыршының біреуі ашкөздене сұрап тұрса, оның қылығы көңілге қонбай, үнсіз тұрған екінші қайыршыға мейірімі түсіп оған садақа беруді кімнің де болса жүрегі қалайды.
Мысалға, түнде ұйқың келмей қойды. Мән бермей жайбарақат жатсаң, ұйықтап қалуың мүмкін. Ал, сен "неге ұйқым қашып кетті", "ұйықтауым керек" дей берсең, ұйқыңды мүлдем қашырып аласың.
Мысалға, маңызды шаруа үшін біреуді тағатсыздана күтсең. "Қайда жүр, келмеді ғой" деген ашкөздік, сабырыңды тауысып, тағатсыздана шыдамай кетіп қалсаң, бір минут өтпей-ақ күткен адамың келеді. Бірақ маңызды шаруаң бітпей, нәтижесіз қалады.
Бұл оқиғалардың сыры мынада, мысалға нан дайын болуы үшін егістік, қырман, диірмен, таба керек. Демек, өзіндік сатылары бар. Ашкөз адам сабырсызданып қалыпты әрекет етпегендіктен, тәртіпті құбылыстың рухани сатыларын елеп-ескермейді. Я сатыдан аттап, құлап түседі. Немесе сатының бір тепкішегін кем басып, ақырында мақсатына жете алмайды.
Ей, күнкөрістің қамымен есіл дерті дүние мен мал-мүлікке ауған бауырлар! Ашкөздіктің осыншама зиянды бәле екенін біле тұра, әр түрлі қорлыққа шыдап, мал-мүліктің соңында адалды араммен араластырып, қайдан, қалай келсе де пайда тапсам болды деп, ақыреттік өміріңе қажетті қанша нәрселерді қалай пида қылып жатырсыңдар? Тіпті, ашкөздіктің кесірінен Ислам шарттарының ең маңыздыларының бірі - зекетті де ұмытасыңдар. Ал, зекет әрбір адам үшін берекенің көзі, бәлекеттің тосқауылы. Зекет бермеген адамның, сол зекеттің құнындай мал-мүліктен айрылатыны сөзсіз. Я құр босқа тегін кетеді, я болмаса бір бәлекетке ұшырайды.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың бесінші жылында ақиқат бір түс көрдім. Сол ғажайып түсімде маған сұрақ қойылды. "Мұсылмандардың басына келген мына ашаршылықтың, дүние-мүліктен жұрдай болудың және осынша ауыр жағдайдың себебі не?"
Түсімде былай деп жауап бердім.
"Хақ Тағала өзі берген мал-мүліктің кейбір түрінен он пайыз, { Сілтеме*: Жылда қайталанып өнім беріп тұрған бидай сияқты егіннің оннан бір бөлігі.} кейбіреуінің қырықтан бірін { Сілтеме**: Бұрыннан бері жинаған мал-мүліктің қырықтан бірі.} кедейлерге беріп, олардың дұғасын алсын, өшпенділігі мен ашу ызасын туғызбасын деп бізден сұрады. Біз ашкөздік пен сараңдық жасап бермедік. Хақ Тағала жиналып қалған зекетінің қырықтан отыз, оннан сегізін алды.
Жылына бір-ақ ай жетпіс түрлі сыры бар ашығуды сұрады. Біз нәпсімізді аядық, ләззәті мол, уақытша аштыққа шыдамадық, ораза
тұтпадық. Хақ Тағала жаза ретінде жетпіс түрлі бәлелі аштықты алдымыздан келтірді. Бес жыл бойы оразаның бір түрін мәжбүрлі түрде тұтқызды. Жиырма төрт сағаттың тек бір сағатын жанға жайлы, нұрлы, пайдалы, Раббымыздың ұлы тәліміне яғни намазға жұмсауды сұрады. Біз жалқаулығымыз ұстап намаз бен дұғаны орындамадық. Сол бір сағатты да басқа сағаттарға қосып босқа өткіздік. Хақ Тағала солардың өтеуі ретінде бес жыл бойы соғысқа салып, жаттығу жасатып, зыр жүгіртіп намаздың бір түрін оқытқызды" деген едім.
Содан оянып кеттім. Ойланып отырып, осы бір түсте аса маңызды ақиқат барын түсіндім. "Жиырма бесінші сөзде" бүгінгі мәдениет пен Құран үкімдерін салыстыра отырып, толық дәлелденгеніндей, адамзаттың қоғамдық өміріндегі жаман қылықтар мен жүгенсіздіктер және қақтығыс біткеннің бәрі екі ауыз сөзден тұрады.
Бірінші сөз: "Мен тоқ болған соң, басқаның аштан өлгенінде не шаруам бар."
Екінші сөз: "Сен еңбек ет, мен қызығын көрейін."
Бұл екі сөздің жебеушісі өсімқорлықтың дамуы мен зекеттің берілмеуі. Қоғамның осы екі қауіпті дертін емдейтін жалғыз шара бар. Ол - зекет беру баршаға ортақ қағидаға айналып, өсімқорлыққа тыйым салу.
Сондай-ақ, бұл тек жеке бастың немесе белгілі бір топтың ғана емес, күллі адамзат баласының бақытының темірқазығы, тіпті, адамзат өмірін жалғастыратын негізгі тірек - зекет. Өйткені, адамзат екі топтан, яғни байлар мен кедейлерден тұрады. Байлардың кедейлерге деген қамқорлығы мен қайырымдылығын, ал кедейлердің байларға деген құрметі мен бағынуын қамтамасыз ететін - зекет. Әйтпесе, кедейлердің басына зұлымдық пен үстемдіктің қара бұлты төнеді. Кедейлер де байларға қарсы көтеріліп, ылаң салады. Адамзаттың осы екі тобы арасында әрдайым осындай күрес пен дау жалғасып келеді. Бара-бара Ресейде болғаны секілді еңбек пен капиталдың соғысына айналады.
Ей, кең пейілді, намысты жандар! Жаны жомарт, жайсаң мінез ағайын!
Қайыр-садақа зекет ретінде берілмесе, оның үш зияны бар. Кейде босқа пайдасыз кетеді. Өйткені, Аллаһ ризалығы үшін бермеген соң міндетсінесің. Кедей бейшараны кіріптар қылып, басынасың. Сөйтіп,
жарлының қабыл болғыш дұғасынан мақұрым қаласың. Шындығында сен Хақ Тағаланың құлына беретін мал-мүлкін таратушы қызметкері бола тұра, өзіңді сол дүние-мүліктің иесімін деп, масығып кетесің. Егер, зекет ретінде берсең, Хақ Тағала үшін бергендіктен сауап аласың, саған берілген нығметтерге шүкіршілік қыласың. Ол мұқтаж адам да саған жағыну үшін жағымпазданбайды. Сондықтан ары да тапталмайды. Сен үшін жасаған дұғасы да қабыл болады.
Зекет мөлшеріндей, тіпті одан да көп шығынмен жасаған жақсылықтарың немесе атыңды шығару үшін, өзіңді көрсетіп қалу үшін, басқа ниетпен де мал шашып, екіжүзділік, даңқ құмарлық, міндетсінушілік секілді бәлелерге ұшыраудың мәні қандай? Ал, зекет атымен сол жақсылықтарды жасап, парызыңды орындап, сауап алып, шынайы ықыласқа қол жеткізіп, пақырлардың қабыл болғыш дұғасын алудың мәні қандай?
Соңғы сөз Ғайбат туралы
Біреуді жамандау айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран Кәрім бір ғана аятымен алты жақты көрсеткендігі "Жиырма бесінші Сөзде" тәпсір етілген. Құранның назарында ғайбаттың қаншалықты жаман нәрсе екендігі анық көрініп тұрғандықтан, басқаша түсіндірудің қажеті жоқ. Құранның баяндауынан артық баян болмайды, болуы да мүмкін емес.
Міне
аяты жамандауды алты жақтан айыптайды. Ғайбаттауға алты мәрте қатты-қатты тыйым салады. Бұл аят біреуді сыртынан жамандайтындарға назар салғанда, мағынасы төмендегідей болады.
Аяттың басындағы "хамза" сұрау белгісі, "рас па?" деген мағынада. Бұл сұрау мағынасы су сияқты, аяттың барлық сөздеріне жайылып, әсер етеді. Әрбір сөзде жасырын түрде тыйым бар.
Біріншісі: " хамза" арқылы, апырым-ай, бұл қылық тым азғын нәрсе екенін түсінбейтін, сұрақ-жауап орны болып табылатын ақылдан шынымен жұрдай болғансыңдар ма? - дейді.
тұлғасын аяусыз тістелеп жұлмалайсыңдар кеп. Өз денелеріңді өздерің шайнап, жұлып жейтіндей шынымен есуассыңдар ма? - дейді.
Демек, бұл аяттың түсіндіруімен және сөздерінің әрқилы дәлелдерімен жамандау мен ғайбат сөз айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігі, ар-ұжданы, жаратылысы сүй-мейтін және халық алдында да жаман қылық. Осы аяттың ғайбаттауды үсті-үстіне айыптап, осындай күнәға шешен тілмен алты рет тыйым салғанына зер сал.
Ғайбат - қара ниетті, күншіл және қырсық адамдардың өте көп қолданатын жексұрын қаруы. Ар-намысты адамның бұл лас қаруды қолдануға ұжданы шыдамас. Атақты бір кісі былай деген екен:
Яғни: "Дұшпанымды ғайбатпенен жазалаудан бойымды аулақ салдым. Өйткені ғайбат айту пасықтар мен арсыздардың лас қаруы.
Егер, өзі жайлы бір сөз айтылған кезде, әлгі адам сол жерде болса немесе басқа жақта жүріп сол сөз туралы естігенде ренжісе, онда ол ғайбат боп саналады. Егер, айтылған сөз дұрыс болса ғайбат. Ал, өтірік болса һәм ғайбат, һәм жала. Бұл екі есе күнә.
Кейбір жағдайларда ғана жамандау күнә болып саналмауы мүмкін.
Біріншісі: Біреудің бәле-жаласынан арашалап, ақысын алып беру үшін көмек сұрау мақсатымен, қызмет орнындағы адамға шағым түрінде айту.
Екіншісі: Бір кісі екінші біреумен ортақ жұмыс істегісі келеді. Сенен ақыл-кеңес сұрайды. Сен ізгі ниетпен, тек сол мәселе үшін және сенен ақыл сұрағандықтан, "онымен ортақ болма, зиянға ұшырайсың" дей аласың.
Үшіншісі: Айтқан кездегі мақсаты қорлау немесе кемсіту емес, оны сипаттау, анықтау үшін, "ол ақсақ немесе қаңғыбас, пәлен жерге кетті" деуге болады.
Төртіншісі: Жамандалған кісі егер бетімен кеткен нағыз пасық болса, яғни опасыз қылықтарына ұялмай, керісінше, жасаған зұлымдықтарына мақтанып, істеген ісіне рахаттанып, ашықтан ашық жасай берсе.
Міне, осындай жағдайларда ғана арам ойсыз, ақиқат үшін, түзету мақсатымен айтуға болады. Әйтпесе, оттың отынды жұта беретіндігі сияқты, ғайбат та салих амалдардың сауабын жалмап түк қалдырмайды.
Егер біреу өзі ғайбат айтса немесе өз еркімен тыңдаған болса
деп дұға оқысын. Кейін, сол жамандалған адамды көргенде, "мені кешір" деп, ғафу өтінсін...
ЖИЫРМА ҮШІНШІ МЕКТУБ
Құрметті, жігерлі, ұстамды, ақиқатшыл, ықыласты, түсінігі мол бауырым!
Біз секілді шынайы, ақыреттік бауырлардың достығы мен сұхбаттарына уақыттың айырмашылығы мен ара қашықтықтың шалғайлығы кедергі бола алмайды. Біреуі шығыста, біреуі батыста, біреуі өткен шақта, екіншісі болашақта, біреуі дүниеде, екіншісі ақыретте болса да, олар бірге жүргендей болып саналады және бір-бірімен сұхбаттаса алады. Әсіресе, бір ғана мақсат үшін бір жұмысты атқарып жүргендер, бір тұлға болып есептеледі. Сендерді күнде қасымда жүр деп ойлап, сауаптарымның бір бөлігін, үштен бірін (Аллаһ қабыл етсін) сендерге беремін. Саған Абдулмәжид, Абдуррахмандармен қатар дұға етемін. Иншаллаһ әрқашан өз үлесіңді аларсың...
Сенің кейбір дүниелік қиындықтарың, сенің орныңа мені де біраз уайымдатты. Дегенмен, дүние пәни, тұрақты емес, сондай-ақ, пәлекеттеріңде де өзіндік бір қайыр бар. Сондықтан, сенің орныңа көңіліме "Бұл да өтер, кетер" деген ой келді.
дегенді ойладым,
аятын оқыдым.
дедім. Сенің орныңа жұбаныш таптым. Жаратушы Хақ бір құлын жақсы көрсе, дүниені одан сырт айналдырады, жаман етіп көрсетеді.
Иншаллаһ сен де сондай сүйіктілердің қатарындасың. "Сөздердің" жайылуына кедергілердің көбейуі сені алаңдатпасын. Иншаллаһ, Аллаһтың мейірімі жарылқаған шақта осы нұрлы дәндердің өзі, өте берекелі түрде көптеген гүлдер ашатын болады.
Бірнеше сұрақ қойып отырсың: Құрметті бауырым, жазылған Сөздер мен Хаттардың басым көпшілігі ықтиярсыз, аяқ астынан, қас-қағым сәтте көңілге келуші еді, тамаша шығатын. Егер өз еркіммен Бұрынғы Саид құсап, ғылыми қабілеттерім арқылы ойланып жауап беретін болсам, солғын түсер, жеткіліксіз боп қалар. Біраздан бері көңіл шабыты тұрақтаған, жад қамшысы сынық жағдайдамын. Дегенмен, жауапсыз қалдырмау үшін қысқа-қысқа ғана жауап жазамын.
Бірінші сұрағың: Мүминнің мүминге арнаған ең жақсы дұғасы қалай болуы керек?
секілді ауқымды дұғалармен дұға ету, ықыласпен және шын көңілмен дұға ету, намаздан кейін, әсіресе таң намазынан соң, қасиетті жерлерде, әсіресе мешіттерде, Жұма күні, әсіресе ижаба сағатында, қасиетті үш айда, әсіресе сол айлардағы мәшһүр түндерде, рамазанда, әсіресе Қадір Түнінде дұға жасаса қабыл болу ықтималы жоғары. Аллаһтың мейірімінен соны үміт етеміз. Сол қабыл болғыш дұғаның
әсері не бұ дүниеде сезіледі немесе дұға етілген жанның ақыретіне және мәңгілік өміріне әсерлі болып, қабыл болады. Демек, көзделген мақсат орындалмаса, дұға қабыл болмады деуге болмайды, қайта одан да жақсы түрде қабыл болды деу керек.
Екінші Сұрағың: Сахаба-и Кирам Хазіреттеріне "Радиаллаһу Анһ" деп айтылады, басқаларға да осылай деуге бола ма?
Жауап: Иә, айтуға болады. Өйткені, Пайғамбарымыз Расул Әкрамның (с.а.у.) бір нышаны болған "Алейһиссәлату Уәссәлам" сөйлемі секілді "Радиаллаһу Анһ" тіркесі, Сахабаға ғана тиісті нышан емес; Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұрагерлері деген атқа лайық үлкен әулиелер мен ризалық мәртебесіне жеткен әйгілі Төрт Имам мен Шейх Гейлани, Имам Раббани, Имам Ғазали сынды адамдарға айтылуы керек. Дегенмен ғалымдар арасындағы әдет бойынша Сахабаға "Радиаллаһу Анһ", Табиғин мен Тәбә-и Табиғинге "Рахимаһуллаһ", олардан кейінгілерге "Ғафараһуллаһ", және Әулияға "Қуддусы Сирруһу" дейді.
Үшінші Сұрағың: Дәреже жағынан Үлкен мужтаһид имамдар жоғары ма? Әлде хақ тариқаттардың пірлері, құтыбтары жоғары ма?
Жауап: Барлық мужтаһидтер емес, Әбу Ханифа, Малик, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбалдар, пірлерден, құтыбтардан жоғары. Алайда, кейбір қасиеттері бойынша, Шаһ Гейлани сынды кейбір теңдессіз құтыбтар, бір жағынан алғанда жоғары дәрежеге ие. Дегенмен, жалпы құндылық бойынша имамдар алда. Сондай-ақ, кейбір шейхтердің өздері де мужтаһид. Сондықтан барлық мужтаһидтер құтыбтардан жоғарырақ деуге болмайды. Бірақ, Төрт Имам мен Сахабалар және Меһдиден кейінгі ең абзал жандар деуге болады.
Жауап: Жаратушы Хақ, Хаким есімінің талабы бойынша жаратылыстардың болмысына сатының баспалдақтары сияқты тәртіп қойған. Сабырсыз адам байыппен, абайлап әрекет етпегені үшін баспалдақтарды аттап кетіп, құлап түседі немесе жетпей қалып, мақсат еткен биіктікке шыға алмайды. Сондықтан ашкөздік мақұрым қалуға себеп болады. Ал сабыр, қиын жағдайларды шешуші кілт.
сөздері мақалға айналған. Демек, Жаратушы Хақтың жәрдемі мен тауфиғы, сабырлы адамдарға беріледі. Үш түрлі сабыр бар.
Екіншісі: Қиындықтарға мойымай, сабырлылық таныту. Бұл, тәуекел мен тәслім болу
аяттарының құрметіне бөлендіреді. Ал сабырсыздық - Аллаһтың атына шағым айтуға алып келеді және одан Аллаһтың істерін мінеу, мейірімін жазғыру мен хикметін сынау келіп шығады. Иә, қиыншылықтың соққыларынан әлсіз, күшсіз адам шағымдану түрінде жылайды. Бірақ Аллаһқа шағымыңды айтып жалбарыну керек, Аллаһтың атына шағым айтпау керек. Хазреті Яқуб Алейһиссәламның
дегеніндей болу керек.
Яғни, қиыншылықты Аллаһқа шағым ету керек, әйтпесе Аллаһты адамдарға шағым еткендей болып; "Ойбай!" салып, "Мына нәрсе басыма келетіндей, соншалық мен не жаздым!" деумен әлсіз адамдардың аянышын ояту зиян, мағынасы да жоқ.
Үшіншісі: Ғибадаттағы сабыр. Бұл сабыр адамды сүйіктілер дәрежесіне дейін шығарады. Ең жоғарғы орын болған кәміл құлшылық дәрежесіне көтереді.
Бесінші Сұрағың: Кәмелеттік жас, он бес жас деп саналады. Хазіреті Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәлам, Пайғамбарлықтан бұрын қалай ғибадат етуші еді?
Жауап: Араб сахарасында көптеген перделердің астында көмескіленіп қалған Хазреті Ибраһим Алейһиссәламның дінінің ұстыны бойынша құлшылық ететін. Бірақ, парыз немесе мәжбүрлі түрде емес, негізінен өз еркімен ғибадат ететін еді. Бұл ақиқат ұзақ әңгіме, әзірге қысқа қайырдық.
Алтыншы Сұрағың: Кемелдік жасы деп саналатын қырық жасында Пайғамбарлықтың келуі мен өмірінің алпыс үш жас болуындағы хикмет не?
Жауап: Хикметтері көп. Біреуі мынау: Пайғамбарлық, өте ауыр және үлкен жауапкершілік. Ақылдың толысуы мен қабілеттердің ашылуы және кемеліне келуі арқылы ғана сол ауыр жауапкершілікті көтере алуға болады. Ал ондай кемелдену кезеңі - қырық жас. Ал нәпсани әуестіктердің қозып тұрған уақыты мен тән қызуының жалынды шағы және дүниеуи қызығушылықтардың буырқанған кезі болған жастық шақ пен жігіттік кезең тек қана Аллаһ жолындағы, ақырет жолындағы киелі жүк болған пайғамбарлық міндетке үйлеспейді. Қырық жасқа дейін қанша жерден салмақты және таза адам болса да, даңққұмарлардың ойына "бәлкім дүниелік атақ-даңқ үшін тырысуда" деген күдік келеді. Олардың жазғыруынан оңай құтыла алмайды. Ал, бірақ қырықтан кейінгі бір адам қабір жаққа қарай құлдилай бастайды. Енді оған дүниеден гөрі, ақыреттің шеті көріне бастайды. Әрекеттері мен ақыреттік амалдарына қатысты ондай жазғырулардан тез құтылады және табысқа қол жеткізеді. Адамдар да жаман ойлаудан арылып, пиғылдары түзеледі.
Ал енді, өмірінің алпыс үш жас болуына келсек, мұның көптеген хикметтерінің біреуі мынадай: Шариғат бойынша әһли иман, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламды шексіз дәрежеде сүюге және құрмет етуге, еш қандай нәрсесінен тіксінбеуге және әр бір халін жақсы көруге міндетті. Аллаһ өзінің Хабиб-і Әкрамын алпыс жастан кейінгі машақатты, бейнетті қарттық кезеңге қалдырмаған. Өзі имам болған үмметінің басым көпшілігінің жас шамасы болған алпыс үш жасында ең жоғарғы әлемге көтеріп, өз жанына алды. Барлық жағынан имам екендігін көрсетті...
Жетінші сұрағың:
Мына сөз хадис пе? Мұраты не?
Жауап: Хадис деп естідім. Ондағы мақсаты мынау: «Ең хайырлы жас» - қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап жастық шақтың желігіне тұтқын болып бейқамдыққа түспеген жан. Қарттардың ең жаманы - жастарға еліктеп, немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала сияқты нәпсінің айтқанынан шыға алмаған адам.
Сен менің бас жағыма "Хикметті сөз" деп іліп қойған тақтаны көрген шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны әрдайым оқып, дәріс аламын.
«Дос іздесең, Аллаһ бар». Иә, Аллаһ дос болса, барлығы дос.
«Жолдас тапқың келсе, Құран бар». Құрандағы пайғамбарлармен, періштелермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап, достық құруға болады.
«Байлық тілесең, қанағат ет.» Қанағат еткен жан үнемшіл болады. Үнемшіл адам береке табады.
«Жау іздесең, нәпсі бар» Иә, нәпсісін жақсы көрген адам басына бәле тілеп алады. Азап шегеді. Өз нәпсісін ұнатпаған адамның көңілі жай, мейірімге бөленеді.
«Насихат сұрасаң, өлім жетер». Өлімді ойлаған адам дүниеге деген махаббаттан құтылады. Ақыретіне ықыласпен қам жасайтын болады.
Жетінші Мәселеге Сегізіншісін мен қосайын:
Ол былай: Бір-екі күн бұрын бір қари, Юсуф Сүресінен бір бөлімді
ге дейін оқыды.
Бірден, ойламаған жерден көңілге бір мағына келді. Құранға және иманға қатысты әрбір нәрсе маңызды. Сырттай елеусіз болып көрінгенімен маңызы зор. Иә, мәңгі бақытқа жетуге көмек беретін кез келген нәрсе елеусіз болып саналмайды. Ендеше, "Мына бір кішкене тұжырым, осыншама түсіндірулер мен назар аударуға тұрмайды" деуге болмайды. Осындай мәселелерде ең бірінші шәкірт болған, тыңдаушы және Құран терең мағыналарынан қадірін түсінген Ибраһим Хулуси, осы мәселені естігісі келеді екен. Олай болса тыңда:
Ең әдемі қиссаның тамаша бір көрінісі, қиссалардың ең әдемісі Юсуф Алейһиссәламның қайтыс болатынын білдіретін
аятының өте жоғары, аса нәзік және сүйіншілеуші мұғжиза секілді бір мағынасы мынадай: Яғни, өзге тартымды қиссалардың соңындағы зауал мен айрылысу хабарларының ащылығы мен қайғысы, қиссадан алынған қияли ләззатты бұзып тынады ... Әсіресе рахатқа батып, бақытқа кенелгенін айтып тұрып, өлімі мен хош айтысуын хабарлау онан сайын қайғылы болады,
тыңдаушыларға "Қап! Әттеген-ай!" дегізеді. Ал бұл аят, Юсуф қиссасының ең жарқын бөлімінде яғни Мысырда Құрметті Лауазымға ие болып, ата-анасымен қауышқан, бауырларымен мауқын басып, табысқан кезінде, дүниедегі ең бақытты және өмірінің ең тамаша сәтінде Хазреті Юсуфтың өлімін осылай хабарлайды және былай дейді: Мына тамаша жағдайдан әлдеқайда жоғары салтанатқа бөлену үшін, Хазреті Юсуфтың өзі Жаратушы Хақтан өлімін сұрады және өлді, осылайша, әлгі бақытқа бөленді. Демек, қабірдің арғы жағында әлгіндей дүниелік ләззаттан да рахат бір жағдай бар. Хазреті Юсуф Алейһиссәлам сынды ақиқатты білетін жан, ләззаты мол дүниелік салтанаттың ортасында тұрса да, арғы жақтағы бақытқа қол жеткізу үшін ащы өлімді сұрады.
Міне, Құран Хакимнің осынау керемет шешендігіне қараңыз, Юсуф қиссасының аяқталуын нендей ғажап күйде хабарлауда. Ол хабар тыңдарманына қайғы мен өкініш бермейді, қайта сүйінші хабар жеткізіп, қуаныш сыйлауда.
Сондай-ақ: "Қабірдің арғы жағы үшін әрекет қыл, қам жаса. Шынайы бақыт пен ләззат сол жақта деп, сабақ беруде. Хазреті Юсуфтың жоғары дәрежелі адалдығын көрсетуде және дүниенің ең салтанатты, ең қуанышты жағдайы да оған бейқамдық беріп, алдай алған жоқ. Ол сонда да ақыретті қалады" дейді...
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ МЕКТУБ
Сұрақ: Иләһи Есімдердің ең үлкендерінен болған Рахим, Хаким және Уәдуд есімдерінің талабы болған мейірімді түрдегі тәрбиелеу, мақсатты түрде дайындау және махаббатпен көңілін табу - қорқынышты, мейірімсіз болған өліммен, жойылумен, өмірдің аяқталуымен, айырылысумен, ауыр тиер соққылармен, машақаттармен қалай және қай жағынан үйлесе алады? Жарайды, адамзат мәңгілік бақытқа өлім арқылы өтетіндіктен мақұл дейік. Бірақ мына нәзік те сүйкімді тіршілік иелері ағаштар мен өсімдіктерді, гүлдерді және тірі болуға лайық, өмірге ғашық, хайуанат тайпаларын, үздіксіз түрде, еш қайсысын қалдырмай жоқ етуде, оларды дем алдырмастан машақатпен жұмыс істетуде, еш қайсысын рахат қалдырмай пәлекеттермен өзгерістерге ұшыратуда, еш бірін тыс қалдырмай өлтіруде, толассыз жоюда қандай мейірім мен жанашырлық бар? Қандай хикмет пен пайда бар? Қандай мейірім, қандай аяныш бар?
Жауап: Қажеттілік пен соған сай талапты көрсететін Бес Рәміз арқылы және мақсаттар мен пайдаларды көрсететін Бес Ишара арқылы осы сұрақтың жауабын шешетін, арнасы кең, өте терең, аса жоғары, ұлы ақиқатқа өте ұзақтан қаратуға тырысамыз.
БІРІНШІ ТАРАУ: Бес Рәмізден тұрады.
Бірінші Рәміз: Жиырма Алтыншы Сөздің соңында айтылғанындай, өте өнерлі бір шебер, қымбат бағалы бір киімді нақыштап тігу үшін, бір міскін адамды лайықты ақыға жалдап алып, сол киімді әлгі міскін адамның үстінде пішу үшін әлгі адамды
отырғызып, тұрғызып түрлі жағдайларға түсіреді. Егер әлгі міскін адам шеберге: "Маған жарасып тұрған мына киімге неге тиісесің? Өзгертіп, бүлдірудесің. Мені отырғызып, тұрғызып, мазамды алудасың..." деуге хақы бар ма? Сол сияқты Жаратушы Шебер, жаратылыстың әрбір түрін бір бір үлгі етіп, көркем есімдерінің нақыштары арқылы өнерінің кемелділігін көрсету үшін әрбір нәрсеге, әсіресе тіршілік иелеріне, сезімдермен көмкерілген дене киімін кигізіп, соның үстінде қаза және жазмыш қаламымен өрнек салады. Есімдерінің шағылыстарын көрсетеді. Әрбір болмысқа өзіне лайық түрде, ақы есебінде кемелділік пен ләззат береді. Олай болса,
сырына ие болған Жаратушы Шеберге "Мені қинап жатырсың. Менің мазамды алып жатырсың" деуге қай нәрсенің хақы бар?
Мүлдем хақы жоқ! Иә, ешбір жаратылыстың Уажиб-ул-Ужудтың алдында ешқандай хақы жоқ және ондай талап та қоя алмайды. Қайта олардың борышы - Жаратушы Шеберге әрдайым алғыс айту мен мадақтау, сол арқылы берілген болмыс мәртебелерінің ақысын өтеу ғана. Өйткені, оларға берілген бүкіл болмыс мәртебелері жүзеге асқан нәрселер, белгілі бір себептерді талап етеді. Ал әзірге берілмеген мәртебелер болса, ықтималды жағдай ғана. Ықтималдылық болса, жоқ нәрсе және оның шегі жоқ. Жоқ нәрсе себеп талап етпейді. Шексізге себеп жоқ. Мәселен, тас-топырақтар "Неліктен өсімдік болмадық" дей алмайды. Шағым ете алмайды, қайта элементтік болмысқа ие болғандығы үшін Жаратушыға алғыс айтуы тиіс. Өсімдіктер: "Неліктен хайуан болмадым" деп шағым ете алмайды, қайта олар өз денелеріне қоса, өмір сыйланғандықтан олардың құқы - алғыс білдіру ғана. Хайуан болса: "Неліктен адам болмадым" деп шағымдана алмайды... қайта, болмыс және өмірмен қоса, құнды рух жәуһары берілгендіктен оның міндеті, тек қана алғыс білдіру. Тағысын тағы... салыстыра беруге болады.
Ей, шағымшыл адам! Сен жоқ боп қалмадың, болмыс нығыметін кидің, өмірдің дәмін таттың, жансыз қалмадың, хайуан болмадың. Ислам нығыметін таптың, адасқандардың арасында қалмадың, денсаулық амандық, есендік деген нығыметке бөлендің тағысын тағы...
Ей, жақсылықты түсінбейтін жан! Сен не бетіңмен хақ талап етудесің? Жаратушы Хақтың саған берген нағыз нығметі болған болмыс мәртебелеріне жауап ретінде алғыс білдірудің орнына, ықтималдық шеңберіндегі сенің қолыңа түспеген және сен оларға лайықты да болмаған асыл нығметтердің саған берілмегендігі үшін орынсыз жерде ашкөзденіп, Жаратушы Хақтан шағымданасың, берілген нығметтерді менсінбейсің... Мәселен, бір адам мұнара басына шығу секілді жоғары дәрежеге жетіп, әр баспалдақ сайын үлкен нығыметтерге бөленсе, сосын сол дәрежеге көтерушіге алғыс айтудың орнына: "Неге бұл мұнарадан да биік мұнараға, шықпадым!" деп шағым айтып, жыласа, қаншалықты хақсыздық жасаған болады. Нығыметтерді менсінбеген болады. Қандай ессіздік жасағанын ақымақтар да түсінер...
Ей, қанағатсыз ашкөз, үнемсіз ысырапшыл, шағымдануға хақы жоқ ғапыл пенде! Мынаны жақсылап біліп ал! Қанағат - пайданың көзі, шүкір ету. Ашкөздік - зиян шегу, нығыметті менсінбеу. Ал үнемшілдік, нығметке құрмет көрсету, пайдалы. Ысырап болса, нығметті менсінбеушілік, ұсқынсыз, зиянды нәрсе. Егер ақылың бар болса, қанағатқа дағдылан, ризашылық білдіруге тырыс. Тіпті, төзбей бара жатсаң "Я, Сабур!" де, сабыр сұра. Өз үлесіңе риза бол, шағымданба. Кімді кімге шағымданып жатқаныңды біл, аузыңды жап. Шағымданғың келіп бара жатса, өз нәпсіңді, Жаратушы Хаққа шағым ет, өйткені кемшілік нәпсіңде.
Екінші Рәміз: Он Сегізінші Хаттың соңғы мәселесінің аяқ жағында айтылғанындай, Зүлжәлал Шебердің таңқалдыратын, тіпті қорқыныш тудыратын Рубубиет істері арқылы, жаратылыстарды тоқтаусыз түрде өзгеріске ұшыратып жаңартуының бір хикметі мынада: Мәселен, жаратылыстардың әрекеттері құштарлықтан, ләззаттан және махаббаттан туындайды. Тіпті, әрбір істе бір ләззат бар, тіпті әр бір іс атқарудың өзі бір түр ләззат десе де болады. Ал, сол ләззат болса - кемелділікке бағытталған, тіпті ләззаттың өзі бір кемелдік. Сонымен, іс-әрекет дегеніміз кемелділікке ләззатқа, сұлулыққа ишара етеді. Шексіз Кемел, Камил-і Зүлжәлал, Уажиб-ул-Ужуд, затында, сипаты мен істерінде кемелдіктің барлық түрін қамтуда. Олай болса әлбетте, ол Заты Ужиб-ул-Ужудтың болмысы мен шексіздігіне лайық түрде және Затының еш нәрсеге мұқтаж
еместігі мен шексіз байлығына үйлесімді түрде және шексіз кемелдігі мен затына тән пәктігіне сай келетін шексіз жанашырлығы, махаббаты бар. Және сол киелі жанашырлық пен таза махаббаттан туындайтын шексіз киелі бір құштарлық бар. Және сол киелі құштарлықтан туындайтын шексіз киелі бір қуаныш бар. Және сол киелі қуаныштан туындайтын шексіз киелі бір ләззат бар. Және сол киелі ләззатпен қоса, Оның шексіз мейірімділігі тұрғысынан, құдіретінің істері ішінде, мақлұқаттың қабілеттері және кемелденуінен туындайтын, солардың қуаныштары мен толысуларынан келетін, Заты Рахман әрі Рахимге тән шексіз киелі қуаныш пен шексіз киелі мақтаныш бар. Бұл жағдай үздіксіз іс атқаруды тудырады. Және сол шексіз іс атқарушылық та, өз кезегінде үздіксіз өзгерту, құбылту, айналдыру, қозғалтуды тудырады. Міне осы шексіз өзгерту мен құбылту да, өлім мен жоқ қылуды аяқталу мен айырлысуды талап етеді.
Бірде, философияның жаратылыстың мақсаттарына қатысты қосқан үлестері менің назарымда өте құнсыз боп көрінді. Сөйтсем, ондай пәлсапалық ойлар мағынасыздыққа қарай бет алады екен. Сондықтан философтардың өз ойына терең сүңгігендері, табиғатшылдық батпағына түседі немесе скептикке айналады. Я болмаса Жаратушының ықтияры мен ілімін жоққа шығарады, немесе Жаратушыны "Жаратуға мәжбүр болмыс" дейді.
Міне, сол кезде Аллаһтың мейрімі маған Хаким есімін жәрдемге жіберді, жаратылыстағы үлкен мақсаттарды көрсетті. Яғни, әрбір жаратылыс Раббани жазба екендігі сол - бүкіл түйсік иелері оны оқиды, зерттейді. Осы мақсат маған бір жылға жеткілікті болды. Содан соң, жаратылыстағы өнердің ғажайыптары ашылды, әлгі мақсат енді, жеткіліксіз бола бастады. Онан да үлкен екінші бір мақсат көрсетілді. Яғни, әрбір жаратылыстың ең үлкен мақсаттары Жаратушысына тиісті екен. Соның өнерінің кемелдігі мен есімдерінің нақыштарын және хикметінің әшекейлері мен мейірімінің сыйларын Жаратушының Өз назарына ұсыну және Оның жамалы мен кәмалына айна болу екенін білдім. Осы мақсат та көпке дейін маған жеткілікті болды. Содан соң, жаратылыстардың жаратылуы мен өнеріндегі таңқалдыратын істермен қоса, соншалықты жылдам түрде өзгеріске ұшыраулары мен құбылуларындағы Құдіреттің мұғжизалары және Рубубиеттің істері көрінді. Сол кезде бұл мақсат та жеткіліксіз
бола бастады. Расында, осы мақсаттың үлкендігіндей қажеттілік пен себеп те болуы керек екенін білдім. Міне, сол уақытта, осы Екінші Рәміздегі қажеттіліктер мен алдағы ишаралардағы мақсаттар көрсетілді. Және анық түрде білдірілді. Ғаламдағы құдіреттің істері мен жаратылыстардың қозғалыс және айналыстары мағыналарға толы екені сонша, сол істер арқылы Хаким Жаратушы ғаламның әр түрлі бөліктерін түгел өз тілімен сөйлетуде екен. Құдды аспан әлемі мен жердің қозғалушы жаратылыстары олардың сол сөйлесуіндегі сөздер сияқты, ал әрекетке келтіріп қозғалту болса, мағыналы сөйлем сияқты екен. Демек, іс атқарудан туындайтын қозғалыстар - тәсбих сөздерін сөйлету. Және ғаламдағы қозғалыс та, сол ғаламның және оның әр түрлі бөліктерінің үнсіз ғана сөйлеуі және сөйлеттіруі.
Үшінші Рәміз: Нәрселер жойылып кетпейді. Расында құдірет аясынан ілім шеңберіне өтеді. Көрінетін материялдық әлемнен көрінбейтін ғайып әлеміне кетіп жатыр. Құбылмалы, өткінші әлемнен нұр әлеміне, мәңгілікке қарай бет алуда. Ақиқат тұрғысынан қарағанда нәрселердегі әсемдіктер пен кемелдіктер Иләһи есімдерге тиесілі, солардың нақыштары мен көріністері. Ол есімдер бақи, олардың көріністері де әрдайым тұрақты. Олай болса, әлбетте, нақыштары да жаңарады, тазарады, әдемілене түседі. Жоқ болып, жойылуға кетпейді. Шындығында, тек сырттай, салыстырмалы бейнелері ғана өзгеріп, тамаша әсемдіктер мен кәміл фәйздің көрініс табар жері болған негіздері бақи күйінде қала береді. Рух иесі болмағандардың әсемдіктері мен көркемдіктері, тікелей Иләһи есімдерге тиесілі. Мақтаулар да соларға тиесілі әсемдіктер де солардікі, махаббат та соларға бағытталады. Сол айналардың өзгеруі, есімдерге зиян тигізбейді. Егер рух иесі болғанмен, ақыл иесі болмаса, олардың ақыры мен болмыстан ажырауы мүлде жоғалу емес, шындығында материялдық болмыстан шығып, тіршілік міндетінің күйбеңінен құтылып, атқарған міндеттерінің жемістерін бақи рухтарына тапсырады. Олардың сол бақи рухтары да бір Иләһи есімге сүйеніп, болмысын жалғастыра береді. Егер ол рух иелері түйсіктілерден болса, онсыз да мәңгілікке және материялдық әрі рухани кемелділікке негіз болып табылатын бақи әлемге және Хаким Жаратушының пәни дүниеден әлеқайда әсем, нұрлы бәрзах әлемі, рухтар әлемі секілді өзге орындарына, басқа өлкелеріне көшудегі сапары - өліп жоқ болу, зауал орнап, лағып кету емес, кемелділікке жету.
Қорытынды: Сонымен Жартушы Хақ бар. Ол Бақи және сипаттары мен есімдері тұрақты әрі мәңгілік. Ендеше ол есімдердің көріністері мен нақыштары, мәңгі жаңарып тұрады. Бұзылу мен жоғалу, жойылу мен зауал деген болмайды. Адам, адамдық жағымен көпшілік жаратылыстармен тығыз байланыста. Солардың бар болуынан ләззат алады, жойылуларынан қайғы шегеді. Әсіресе, тіршілік иелерінен, әсіресе адамдардың, соның ішінде өзі жақсы көрген жақындарының дүниеден өтуінен қайғырады. Солармен бірге болудан көбірек ләззат алады. Тіпті, бір мейірімді анадай болып, өзінің рахатын солардың бақыты үшін пида етеді.
Міне, әр мүмин дәрежесіне қарай, Құранның нұры мен иманның сыры арқылы бүкіл жаратылыстардың бақытынан ләззат алады. Олардың жойылып кетпейтіндігінен, олардың құнды бір Раббани хат екендігіне шаттанады. Және дүниенің үлкендігіндей нұрға ие бола алады. Әркім дәрежесіне қарай бұл нұрдан пайдалана алады.
Егер, адасқан жан болса, өзінің қайғысымен қоса, бүкіл жаратылыстардың жойылуынан, жоғалуынан және сырт қарағандағы жоқ етілулерінен, (егер ол жаратылыстар рух иелері болса) олардың қайғыларымен қоса қайғырады. Яғни оның күпірлігі, оның дүниесін жоқ болып жойылулармен толтырады, оның басына қараңғылықты үйіп-төгеді. Жәһәннамға жетпей-ақ, Жәһаннамның азабын тартады.
Төртінші Рәміз: Көптеген жерлерде айтқанымыздай, бір падишаһтың сұлтан, халифа, хакім, қолбасы сынды түрлі аттары мен сипаттарынан туындайтын әр түрлі құрылым, басқару шеңберлері болатыны сияқты, Жаратушы Хақтың әсем есімдерінің шектеуге де, санауға да келмейтін неше түрлі көріністері бар. Жаратылыстардың түрленулері және әр қилылығы, сол көріністердің әр түрлілігінен келеді. Әр бір кемел мен жамал иесі, жамалы мен кемалын көруді және көрсетуді қалау сыры бойынша, сол түрлі есімдер де, тұрақты және мәңгі болғандықтан Жаратушысының атынан тоқтаусыз түрде көрінуді қалайды. Яғни нақыштарын көргісі келеді. Яғни, Жаратушы өз нақыштарының айналарында жамалының көріністері мен кемелінің шағылыстарын көруді және көрсетуді қалайды.
Яғни ғаламның ұлы кітабын және жаратылыстың әр түрлі жазбаларын сәт-сәт жаңартуды яғни, қайта-қайта жаңартып, мағыналы етіп жазуды қалайды.
Яғни бір беттің өзіне мыңдаған жеке-жеке жазбаларды жазуды және әрбір жазбаны сол есімдердің Иесінің бақылау назарына ашып көрсетумен қоса, бүкіл түйсік иелерінің талқылай отырып, оқыуын қалайды. Осы ақиқатқа ишара ететін мына өлеңге қара:
Әлем кітабының парақтары түрлі, түрлі қисапсыз,
Әріптері мен сөздері де оқып таусылмас - сансыз.
Жазылғаны ақиқаттың Лауһул Махфуз тақтасы
Сөздер - дене, мағынасы мың құбылған қозғалыс.
Бесінші Рәміз: Екі тұжырымнан тұрады:
Бірінші тұжырым: Сонымен, Жаратушы Хақ батанЕндеше барлық нәрсе бар. Уажиб-ул-Ужудпен байланыс бар. Олай болса, барлық нәрсе үшін, бүкіл нәрсе бар. Өйткені, Уажиб-ул-Ужудқа байланыс арқылы әрбір болмыс, бүкіл болмыстарға уахдет сыры арқылы байланысады. Демек, Уажиб-ул-Ужудқа байланысын білген немесе білінген әрбір болмыс, уахдет сыры бойынша Уажиб-ул-Ужудқа байланысы болған бүкіл жаратылыстармен байланысты болады. Демек, әрбір нәрсе, сол байланыс арқылы шексіз бір болмыс нұрларына бөлене алады. Бұл тұрғыда, бұл жағынан айырылысу, жойылу жоқ. Бір мезет қана тіршілік жасаудың өзі, соңсыз болмыс нұрларына себеп бола алады. Егер ол байланыс болмайтын болса және білінбейтін болса, соңсыз айырылысуларға, жойылуға душар болар еді. Өйткені, ол жағдайда әрбір болмысқа қатысты бір айырылысу бар. Демек, өзінің жеке болмысына шексіз айырылысулар жүктеледі. Егер, сондай байланыссыз жағдайда миллион жыл болмыста қалса да, бір мезет қана тіршілік жасау құрлы болмайды. Сондықтан әһли хақиқат: "Бір мезеттік нұрлы болмыс, миллион жылдық баянсыз болмыстан артық" деген. Яғни: "Уажибпен байланыста болған бір мезеттік болмыс, байланыссыз миллион жылдық болмыстан артық". Осы сырға байланысты, ғұламалар: "Болмыс нұрлары дегеніміз - Уажиб-ул-Ужудты тану". Яғни, ол жағдайда мына ғалам, болмыс нұрлары ішінде болып періштелерге, руханилерге, түйсік иелеріне толы болады. Егер онсыз болса, жоқ болу деген қараңғылықтар әрбір болмысты қамтитын болады. Ол адамның назарында бүкіл дүние бос, қаңыраған үрейлі қуыс түрінде көрінеді.
Жеміс ағашының әрбір жемісінің бүкіл жемістермен байланысы бар. Олай болса, сол ағаштың басындағы бүкіл жемістер бір-біріне бауыр болады. Әлгі жемістердің біреуі ағаштан үзілсе, бұл айырылысудың әрбір жеміске қатысы болады. Әрбір жеміс ол үзілген жеміс үшін жойылады. Сол сияқты Ахад, Самад Аллаһтың Құдіретімен байланысы бар, әрбір нәрсе үшін бүкіл нәрселер бар болады. Егер байланыс болмаса, қанша нәрсе болса соншама жойылу орын алар еді. Сонымен осы, рәміз арқылы иман нұрларының алыптығын және адасудың қараңғылығына көз жеткіз. Демек иман, осы рәмізде баяндалған ұлы ақиқаттың бір атауы. Ол ақиқаттан иман арқылы пайда көруге болады. Егер иман болмаса, соқыр, керең, тілсіз, ақылсыз адамға бүкіл нәрсенің жоқ болғанындай, имансыз жанға да бүкіл нәрсе жоқ есебінде, ол да қараңғылықта қала бермек.
Екінші Тұжырым: Дүниенің және әр нәрсенің үш жағы бар.
Бірінші жағы: Иләһи есімдерге қарайды, солардың айналары. Бұл жақта жойылу, айырылысу және жоқ болу деген нәрсе жоқ. Онда тек, жаңалану, жаңару бар.
Екінші жағы: Ақыретке қатысты, мәңгілік әлемге қарайды, соның егістік алқабы есебінде. Бұл жақта мәңгілік жемістерді жетілдіру бар. Мәңгілікке қызмет етеді, өткінші нәрселерді мәңгілікке айналдырады. Бұл жақта да, өлім мен зауал емес, қайта өмір мен мәңгілік көріністері бар.
Үшінші жағы: Пәнилерге, яғни біздерге қарайды. Өткіншілер мен қызыққұмар әуесқойлардың сүйікті жағы, сана иелерінің сауда орны, рухани міндет атқарушылардың емтихан алаңы. Осы үшінші жақтағы өткіншілік пен өлімнің, жоқтықтың ащы жараларына дәрумен болу үшін бұл үшінші жақтың ішкі мәнісінде мәңгі өмірдің де көріністері бар.
Қорытынды: Мына тоқтаусыз қозғалып, шыр айналған жаратылыстар, болмыстар, Уажиб-ул-Ужудтың жарату нұрлары мен жаңа болмыс беру жолындағы өзгеріп тұрған айналар мен көріністер.
ЕКІНШІ ТАРАУ: Бір кіріспе, Бес Ишарадан тұрады. Кіріспенің өзі, екі Тақырыптан тұрады:
шынайы мәнісін түгел қамти алмаса да, байқай алады. Алда келетін тәмсілдердегі және өткен Рәміздердегі Заты Ақдестің киелі сипатына үйлесімсіз болған анықтамалық сөздер тек қана тәмсілдің кемшіліктері.
Мәселен: Ләззаттың, шаттық пен қуаныштың бізге белгілі мағыналары, (Заты Ақдестің) киелі сипаттарын түсіндіре алмайды. Бірақ, олар мұқият зерттеулердің бастамасы, әр қайсысы жеке-жеке микроскоп.
Сондай-ақ бұл тәмсілдер, Рубубиеттің орасан зор заңдылықтарының ұшын көрсетіп, заңдылықтардың ақиқатын дәлелдейді. Мәселен, өсіп тұрған бір гүл көз алдымыздан кетпестен бұрын артына мыңдаған болмыстарды тастап барып кетеді делінген. Осы арқылы орасан зор Рубубиет заңдылығын көрсетеді. Яғни бүкіл бір көктемде, тіпті бүкіл дүниедегі жаратылыстарда, сол Рубубиет заңдылығы өз үкімін жүргізетінін көрсетеді.
Жаратушы Рахим, бір құстың қауырсындардан тұратын киімін қандай заңдылықпен өзгертетін, жаңартатын болса, Сол Хаким Шебер, дәл сол заңдылық бойынша жыл сайын жер шарының бүкіл киімін жаңартады. Дәл сол заңдылық бойынша әр ғасырда дүниенің келбетін де өзгертеді. Тағы да дәл сол заңдылық бойынша, қиямет кезінде, ғаламның бейнесін бұзып, өзгертеді.
Сондай-ақ, атомды қандай заңдылықпен зыр айналдыратын болса, дәл сол заңдылық бойынша жер шарын да шыр айналдырады. Дәл сол заңдылық бойынша әлемдерді де дөңгелетеді... Күн жүйесін айналдырып тұр.
Сондай-ақ қандай заңдылық бойынша сенің денеңдегі жасушалардың атомдарын жаңартып, жөндеп, бір-бірінен айыратын болса, дәл сол заңдылық бойынша сенің бау бақшаңды жыл сайын жаңартады және әр мезгіл сайын бірнеше рет өзгертіп отырады. Тағы да, дәл сол заңдылық бойынша жер бетін әр көктем мезгілінде жаңартады, тап-таза жаңа бір жапқыш жабады.
Сол Қадир Жаратушы, қандай хикмет заңдылығы бойынша бір шыбынды тірілтетін болса, дәл сол заңдылық бойынша мына алдымыздағы шынар ағашын әр көктем сайын тірілтеді. Және сол заңдылық бойынша жер бетін әр көктем сайын тірілтеді, тағы да дәл сол заңдылық бойынша Хаширде жаратылыстарды да тірілтеді. Осы
сырға ишара етіп, Құран,
деп бұйырады. Солай... жалғаса береді. Ендігісін өзің салыстыра бер.
Рубубиеттің осындай көптеген заңдылықтары бар. Атомдардан бастап, сонау тұтас әлемге дейін үкімдерін жүргізеді. Міне, Рубубиет істері ішіндегі осы заңдылықтардың алыптығына қара және ауқымына мұқият назар сал, ішіндегі уахдет (бірлік) сырын көр. Әр бір заңдылық уахдеттің дәлелі екендігін біл. Иә, осы өте көп, әрі өте үлкен заңдылықтар Жаратушының бір екенін, ілімі мен ирадасын өте анық түрде дәлелдейді. Рисалей Нұрдың көптеген жерлеріндегі қаншама тәмсілдер осы заңдылықтардың ұштарын көрсетеді. Сол заңдылықтардың бар екеніне ишара етеді. Тәмсіл арқылы заңдылықтар нақты көрініс табуда, олай болса қисынды дәлел ретінде мүддені де оңай дәлелдейді. Демек, Сөздердегі тәмсілдердің көпшілігі өз алдына анық дәлел, нақты құжат үкімінде.
Екінші Тақырып: Оныншы Сөздің Оныншы ақиқатында айтылғанындай, бір ағаштың қанша жемістері мен гүлдері болса, әр бір жемістің, әр бір гүлдің соншама мақсаттары, хикметтері бар. Ал сол хикметтер үш түрлі болады.
Бір бөлегі Жаратушыға қатысты, Соның есмідерінің нақыштарын көрсетеді.
Бір бөлегі сана иелеріне қатысты, олардың назарында бұл хикметтер құнды жазбалар мен мағыналы сөздер.
Бір бөлігі өзіне, тіршілігі мен болмысының сақталуына қарайды. Адамға пайдалы болса, адамның пайдалануына қарай хикметтері бар.
Осылайша әр бір болмыстың көптеген мақсаттары бар екенін бір сәт ой елегінен өткізгенімде, көңіліме Араб тілінде алда келетін "Бес Ишараның" негіздеріне ескерту ретінде, жалпы мақсаттарға ишара етуші мына сөйлемдер келген болатын:
Міне осы бес сөйлемде, келешекте айтылатын ишаралардың негіздері бар. Иә, әр бір болмыстың, әсіресе тіршілік иелерінің бес мәртебе бөлек-бөлек хикметтері мен мақсаттары бар. Бір жеміс ағашының бірінің үстінде бірі қабаттасқан бұтақтары жемістер беретіні секілді әр бір тіршілік иесінің, бес мәртебеде түрлі мақсаттары мен хикметтері бар.
Ей, фәни адам! Сенің кішкене бір дән түріндегі өз мәнісіңнің мәңгілік бір жеміс ағашына айналуын... және бес ишарада көрсетілген он мәртебе жемістері мен он түрлі мақсатқа қол жеткізуді қаласаң, шынайы иманға қол жеткізуің керек. Әйтпесе, бәрінен мақрұм қалумен қоса, сол дәннің ішінде буынып шіріп кетесің.
Бірінші Ишара:
сөйлемі мынаны білдіреді: Бір жаратылыс, денеден айырылғаннан кейін, сырт қарағанда жойылып кетеді, жойылады, бірақ білдірген мағыналары қала береді, сақталады. Мисали негізі мен суреті мисал әлемінің үлгілері болып табылатын Әлуаһ-ы махфузада және оның кішентай үлгісі ретіндегі есте сақтау қабілеттерінде қалады. Демек, сырттай бір болмысты жоғалтып, жүздеген рухани және іліми болмыстарды иеленеді. Мәселен, баспаханада бір беттің басылуына негіз болатын әріптерге бір тәртіп беріледі де, бүкіл беттің басылуына себеп болады, және ол бет те, суреті мен мәнісін басылып шыққан
көп парақтарға беріп, мағыналарын көп ақылдарға жайғаннан соң, ол баспа әріптерінің тәртібі де өзгертіледі. Өйткені, оған енді қажеттілік қалмайды, басқа беттердің де басылуы керек қой... Міне дәл осы сияқты, мына жер беті жаратылыстарына әсіресе, өсімдіктерге Иләһи жазмыш қаламы оларды бір тәртіпке келтіріп, белгілі бір жағдай береді, құдірет оларды көктем парағында болмысқа келтіреді, сөйтіп, жаз бойы көркем мағыналарын білдіріп болған соң, суреттері мен негіздері мисал әлемі сынды көрінбейтін ғайып әлемінің дәптеріне өтіп кетеді, хикметтің талабы осы. Осылайша жаңадан келетін басқа бір көктемнің беті жазылып, олар да өз мағыналарын жеткізіп, жалғаса береді.
Екінші Ишара:
Бұл сөйлем мынаны ишара етеді: Әр бір нәрсе, (жалқы болсын жалпы болсын) денеден айырылғаннан кейін, (әсіресе тіршілік иесі болса) көптеген ғайби ақиқаттарды нәтиже етіп берген соң, мисал әлемінің дәптерлеріндегі мысал беттерінде өзінің өмірлік жағдайларының санындай суреттерді қалдырады, сол суреттерден тағдыр деп аталатын өмірбаяндары жазылады, сөйтіп руханилердің талқылау орынына айналады. Мәселен, бір гүл қурайды, бірақ жүздеген тұқымдарын және сол тұқымдарда өз мәнісін қалдырумен қоса, кішкентай лауһы махфуздарда және лауһы махфуздардың кішкене үлгілері болған жадыларда мыңдаған суретін қалдырып, сана иелеріне өзіндегі Иләһи есімдердің нақыштарын оқытады, сосын барып кетеді. Міне, жер бетінде әсем жаратылыстармен безенген көктем мезгілі де бір гүл. Мезгіл өте келе сырттай жоқтыққа кетеді, бірақ ол дәнектердің саны қанша болса, сонша ғайби ақиқаттарды паш етіп, гүлдердің санынша мисали мән-мағыналарды жайып, жаратылыстары арқылы өздері көрсеткен Раббани хикметтерді өз орнына қалдырып барып, көздерден таса болып, жасырынады. Әрі сол кеткен көктемнің бауырлары болған өзге көктемдерге орын босатады, сөйтіп олар да келіп өз міндетін атқаратын болады. Демек, ол көктем, көзге көрінетін сыртқы бір болмысын шешіп кетеді, мағына жағынан мың болмыс киеді.
Үшінші Ишара:
Төртінші Ишара:
сөйлемі мынаны білдіреді: Жаратылыстар өмірлік жағдайлары арқылы Раббани тасбихаттың көптеген түрлерін жасайды. Және де, Иләһи есімдердің сол жерге қажет болған жағдайларын көрсетеді. Мәселен, Рахим есімі, мейрім етуді қалайды: Раззақ есімі, ризықлі ргісі келеді; Латиф есімі, жарылқағысы келеді... тағысын тағы... Бүкіл есімдердің өзіндік талаптары бар. Міне, әрбір тіршілік иесі, тіршілігі мен болмысы арқылы ол есімдердің талаптарын көрсетумен бірге, өздеріндегі сезім құралдары санынша Хаким Жаратушыға тасбихат жасайды. Мәселен, бір адам әдемі жемістерді жейді. Ол жемістер асқазанында ыдырап, қорытылып, сырттай жойылады. Бірақ аузы мен асқазанынан басқа да дененің бүкіл жасушаларына іс атқарта отырып, ләззат беруімен қоса, дененнің әр бұрышындағы болмыстар мен тіршілікті азықтандыру, өмірді жалғастыру сынды көптеген хикметтерге негіз болады... Ол тағамның өзі де, жай өсімдік болмысынан өтіп, адамдық тіршілік мәртебесіне шығады, мәртебесі көтеріледі. Дәл осы секілді мына жаратылыстар, жоғалу пердесінің артына жасырынған кезде олардың орнында әрқайсысының көптеген тасбихаты қалуымен бірге, олар паш еткен көптеген Иләһи есімдердің де нақыштары сол есімдерге тапсырылады. Яғни, бәрі де мағынасын бір тұрақты болмысқа тапсырып барып кетеді. Өткінші, уақытша бір болмыстың кетуімен оның орнына өзіндік бір тұрақтылыққа бөленген мыңдаған рухани болмыстар қалса, қандай өкініш бар? Оларға обал болды немесе мағынасыз болды, я болмаса мына сүйкімді жаратылыс неліктен жоғалды деп шағым айтуға бола ма? Қайта, ол жаратылысқа деген мейірім, хикмет, махаббат солай болуын талап етуде және солай болуы да керек. Әйтпесе, бір ғана зияннан қашып, мыңдаған пайданы тәрк ету керек болады. Мұндай жағдайда мыңдаған нәрсе зая болады. Демек, Рахим, Хаким, Уәдуд есімдері аяқталып, ажырап, айырылысуға қарсы емес, қайта соның болғанын талап етеді
Бесінші Ишара:
сөйлемі мынаны білдіреді: Жаратылыстар, (әсіресе тіршілік иелері) көзге көрінетін сыртқы болмыстан кеткен соң, көптеген бақи нәрселер қалдырып барып кетеді... Екінші Рәмізде баяндалғандай Заты Уажиб-ул-Ужудтың пәктігі мен ешбір нәрсеге мұқтаж болмаған
кемеліне үйлесімді және лайық түрдегі шексіз махаббаты, шексіз жанашырлығы, шексіз мақтанышы (айтуға мүмкін болса), шексіз киелі бір қуанышы, шаттығы (теңеуде қате болмасын), шексіз пәк ләззаты, киелі сүйсінуі бар. Бұлардың әсерлері көз алдымызда. Міне, осы жағдайлардың талап еткен таңғажайып істерінде бүкіл жаратылыс өзгертілу мен бұзылу арқылы зауал мен жойылу секілді көрініп, көз алдымызда соншама жылдамдықпен жөнелтілуде. Көзге көрінетін әлемнен үздіксіз түрде көрінбейтін ғайып әлеміне жіберілуде. Және ол жағдайлардың көріністерінде мақлұқат әрдайым бір ағыс пен қозғалыс ішінде шайқалтылуда. Дінсіз, адасқандардың құлақтарына айырылысу мен зауал зарларын, ал хақ жолындағылардың құлақтарына зікір мен тасбих әуендерін жаюда. Осы сырға байланысты әрбір жаратылыс Уажиб-ул-Ужудтың тұрақты жағдайларының көрініс табуына себеп болатындай мағыналарды, күйлерді, халдерді болмыста қалдырып барып кетуде. Және де, ол жаратылыс бүкіл өмірі бойынша басынан өткерген бүкіл ахуалдарын, Әзәли ілімнің арнайы атаулар болып табылатын Имамы Мубин, Китабы Мубин, Лауһ-ул-Махфуз сынды іліми болмыс шеңберлерінде, өзінің сыртқы болмысын бейнелендіретін бөлек-бөлек бір болмысты да қалдырады, сөйтіп барып кетеді. Демек, әрбір өткінші жаратылыс бір болмысты тәрк етсе де, мыңдаған тұрақты болмыстарға қол жеткізеді, ие болады.
Мәселен, өте керемет бір фабриканың қондырғысына кейбір қарапайым нәрселер салынады да, соның ішінде жанып, тозып жойылып кетеді, бірақ ол фабриканың сүзгілерінде өте құнды химиялық заттар мен тыңайтқыштар шөгіндісі қалыптасады. Әрі олардың жануы барысындағы қуатпен және бумен сол фабриканың шарықтарын айналысқа түсіреді. Сөйтіп, бір жағынан мата тоқуға, бір жағынан кітап басып шығаруға, бір жағынан да шекер сынды өзге де құнды нәрселерді өндіруге себеп болады. Тағысын тағы... Демек ол қарапайым нәрселердің жануы мен сырттай жойылуы арқылы, мыңдаған нәрселер болмысқа келеді. Ендеше, қарапайым бір болмыс кетсе де, көптеген сапалы болмыстарды мирас етіп қалдырады. Ал енді, осындай жағдайда әлгі қарапайым нәрсеге обал болды деуге бола ма? Фабрика иесі неліктен оны аямады, жағып жіберді, сүйкімді нәрселерді жойды деп шағым етудің жөні бар ма?
Нақты біліп қой, осы Бес Рәмізде және Бес Ишарада көрсетілген асқақ ақиқат Құран нұры арқылы көрінеді және иманның қуатымен көңіл көзіне көрінеді. Әйтпесе, ол бақи ақиқаттың орнын, өте сұмдық бір зұлмат басып қалады. Дінсіз адасушылар үшін дүние айырылысулар, жоқтықтар мен зауалдарға толы. Ғалам, олар үшін рухани жәһаннамға айналады. Олар үшін бүкіл нәрсе қас-қағымдық бір болмыста, мәңгілік жоқ болудың құрдымында... Бүкіл өткен шақтар мен болашақ жоқтық қараңғылығына тұнып тұр. Тек қысқа ғана осы шақта, мұңлы бір болмыс нұрын таба алуы мүмкін. Бірақ, Құран сыры мен иман нұры арқылы ғана әзелден (бастауы жоқ) әбедке (соңы жоқ) дейінгі болмыс нұры көрінеді. Тек Сонымен байланыс арқылы ғана мәңгілік бақытын қамтамасыз етеді.
Қорытынды: Мысырлық бір шайыр айтқанындай
Дария болғанша дем,
Паршаланғанша денем,
Шықпай қалғанша үнім,
Шақырудамын:
Я, Хақ! Я, Мәужуд! Я, Хаий! Я, Мағбуд!
Я, Хакийм! Я, Мақсуд! Я, Рахим! Я, Уадуд!
Бар даусыммен:
деймін. Және иман етіп, дәлелдеп беремін:
Жиырма төртінші мектубтың
Яғни, «Ей, адамдар! Дұғаларың болмаса, қадірің бола ма?» мағынасындағы аяттың бес тұжырымын тыңда.
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Дұға - терең сырлы құлшылық. Тіпті, құлшылықтың рухы десе де болады. Көптеген жерлерде айтқанымыздай дұғаның үш түрі болады.
Дұғаның бірінші түрі: Бүкіл өсімдіктің тұқымдары мен дәндерінің қабілет тілімен Фатыр-ы Хакиміне: "Сенің есімдеріңнің нақыштарын көрсету үшін бізді өсір, жетілдір, аз ғана ақиқаттарымызды өркендет және ағаштың үлкен ақиқатына айналдыр" деп қабілет тілімен жасайтын дұғасы. Осы қабілет тілімен жасалған дұғаның бір түрі: Себептердің бірігуі, шарттардың әзір болуы Аллаһтың жаратуына дұға болып саналады. Яғни, себептер көктеу халіне айналатын бір жағдайға енеді. Мысалы: Судың, жылудың, топырақтың, жарықтың бір дәнектің жан-жағына жиналуы - дұға тіліне айналып: "Ей, Жаратушымыз! Мына дәнекті ағаш қыла гөр" дейді. Өйткені, ол құдіреттің таңғажайып өнері болып табылатын ағашты әлгі санасыз, жансыз, қарапайым заттар жасай алмасы анық. Солар жаратты деу әбестік. Демек, себептердің бірігуі дұғаның бір түрі.
Дұғаның екінші түрі: Жаратылысқа тән мұқтаждық тілімен жасалатын дұға. Бүкіл тіршілік иелерінің қалаулары мен күштері жетпейтін қажеттіліктері, талап тілектері күтпеген жерден, керек уақытында жеткізілуі үшін Халиқ-ы Рахимнен (Мейірімді Жаратушы) сұраған дұғалары.
Өйткені, қалауы мен күштерінен тыс, хабары жоқ, күтпеген жерден, керек уақытында оларға бір Хаким-ы Рахим (Дана әрі Мейірімді Аллаһ) жібереді. Қолдары жетпейтін мүмкін емес жағдайда келіп жатқан сыйлық - дұғаның нәтижесі. Қорыта айтқанда, бүкіл ғаламнан Аллаһтың құзырына шығып жатқан нәрсе - дұға. Себеп болғандар, себептерден шығатын нәтижені Аллаһтан сұрайды.
Дұғаның үшінші түрі: Саналылардың мұқтаждық тілімен жасайтын дұғасы. Мұның да екі түрі бар.
Біріншісі: Егер шарасыздық деңгейіне жетсе немесе жаратылысқа тән мұқтаждық болып тұрса, я болмаса қабілетімен жақындаған болса немесе таза, кіршіксіз жүрекпен жасалған болса көптеген жағдайда мұндай дұға қабыл болады. Адамзат дамуының жетістіктері және ашқан жаңалықтары дұғаның осы түрінің нәтижесі. Мәдениет жетістіктері, өркениет деп жүргендері және "жаңалық аштық" деп мақтан тұтатындарың бәрі әлгіндей дұғаның нәтижесі. Қабілетімен сұралған соң, берілген. Қабілетімен және жаратылысқа тән мұқтаждығымен болған дұғалар, егер бір кедергі болмаса және шарттары орындалған болса, әрдайым қабыл болады.
Екіншісі: Көпшілікке мәлім дұға. Оның өзі екі түрлі: Біреуі іс-әрекет арқылы, екіншісі тіл арқылы жасалады. Мысалы, егін егу - әрекетпен жасалатын дұға. Рызықты топырақ бермейді. Топырақ - мейірімге толы қазынаның бір есігі. Пенде сол есікті соқамен қағады. Басқа бөлімдерінің түсініктемесін қоя тұрып, тілімен жасалатын дұғаның бір-екі сырын екі-үш тұжырым арқылы айтып өтеміз.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Дұғаның әсері зор. Әсіресе дұға жалпыға ортақ болып, жалғаса берсе, босқа кетпесі анық. Мүмкін әрдайым қабыл болар. Тіпті, әлемнің жаратылу себебінің бірі де "дұға" деуге болады. Яғни, әлем жаратылғаннан кейін әуелі адамзаттың және оның басында Ислам әлемінің және оның басшысы Мұхаммед Араби Ғалейһиссалату Уәссаламның киелі дұғасы, әлемнің жаратылуына бір себеп. Яғни, әлемнің Жаратушысы болашақта ол кісінің адамзат үшін тіпті жаратылыс атаулының барлығы үшін мәңгі бақыт пен Есімдерінің көрінісін сұрайтынын білген; келешектегі сол дұғаны қабыл етіп, әлемді жаратқан.
Дұғаның осыншама мәнісі зор, ауқымы кең екені рас. Олай болса, бір мың үш жүз елу жылдан бері әрдайым адамзаттың үш жүз миллионы және жындар мен періштелердің, руханилердің сан жетпес тұлғалары
бірігіп, Аллаһтың сарқылмас мейірімінен Мұхаммед Алейһиссалату Уәссаламның мәңгілік бақытқа бөленуі үшін жасаған дұғаларының қабыл болмауы әсте мүмкін бе? Ол дұғалардың кері қайтарылуы мүмкін бе?
Әсіресе дұға, мұншалықты ауқымды және жалпыға ортақ, үздіксіз түрде қабілет тілімен жаратылысқа тән аса қажеттілік дәрежесіне келген болса, сол дұғалардың арқасында Мұхаммед Араби Алейһиссалату Уәссаламның дәрежесінің биіктегені соншалық - бүкіл ақыл жиналып бір ақыл болса дәрежесінің қаншалықты жоғары екенін түсіне алмас еді.
Міне, уа, Мұсылман! Махшар күнінде осындай бір Шапағатшың бар. Бұл Шапағатшының өзіңе шапағат етуін тілесең, сүннетіне мойынсұн.
Егер, "Оның өзі Хабибуллах (Аллаһтың сүйіктісі) бола тұра мұншалықты салауат пен дұғаға қандай мұқтаждығы бар?" десең:
Жауап: Ол кісі (с.а.у.) бүкіл үмметінің бақытына алаңдайды және үмметтің әрбір тұлғасының бақытты болуына үлескер және барлық жағдайын уайымдайды. Міне ол, өзінің бақыты мен мәртебесі, кемелдігі ұшан-теңіз бола тұра, әрқашан әрбір мұсылманның мол бақытын тілеген және солардың әр түрлі қиыншылықтарын уайымдаған жан әлбетте сансыз салауат пен дұғаларға, рахметке лайық әрі мұқтаж.
Егер былай десең: " Кейде анық болатын істер үшін дұға етіледі. Мысалы, Хусуф және Кусуф намазындағы дұға. (Ай мен Күн тұтылғанда оқылатын намаз) Кейде мүлдем болмайтын нәрселер үшін дұға етіледі?"
Жауап: Басқа Сөздерде түсіндірілгеніндей дұға ету - құлшылық. Құл өз әлсіздігі мен пақырлығын дұғаменен жариялайды. Сыртқы мақсаттары болса, ол дұғаның және сол дұға ғибадатының уақыттары ғана, негізгі пайдалары емес. Құлшылықтың пайдасы Ақыретте тиеді. Дүниелік мақсаттарда нәтиже көрінбесе, "Ол дұға қабыл болмады деуге болмайды", "Дұғаның уақыты әлі бітпеді" деу керек.
Бүкіл имандылардың, әрдайым, шынайы ықыласпен, шын жүректен жасаған дұғалары арқылы сұраған мәңгі бақыттың оларға берілмеуі және бүкіл әлемнің куәгерлік етуімен Шексіз Жомарт, Шексіз Мейірімді Аллаһ олардың бүкіл дұғаларын толық қабыл алмауы, мәңгі бақыттың жаратылмауы әсте мүмкін бе?
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Тілмен жасалған дұғаның қабыл болуы екі түрлі. Не дәл сол талап еткен нәрсесі қабыл болады немесе одан да жақсысы беріледі. Мысалы, біреу, ұл бала сұрайды. Жанаб-ы Хақ Хазіреті Мәриям анамыздай бір қыз бала береді. "Дұғасы қабыл болмады" дей алмайсың, одан да жақсы бір түрде қабыл болды.
Кейде дүниеде бақытты болу үшін дұға етіледі. Дұғасы Ақырет үшін қабыл болады. "Дұғасы қабыл болмады" деуге болмайды, "Одан да жақсы түрде қабыл болды" деген жөн. Солай жалғаса береді...
Жанаб-ы Хақ өте Дана. Біз Одан сұраймыз, Ол бізге жауап береді. Бірақ, бізге даналықпен қарым-қатынас жасайды. Ауру адам дәрігердің хикметін, яғни ілім мен даналығына күмәнданбауы және кінәламауы керек. Ауру адам бал сұрауы мүмкін. Білікті дәрігер (ауруына байланысты) ащы дәрі береді. "Дәрігер мені тыңдамады" деуге болмайды. Қайта "Зарыма құлақ асты, жауап берді". Тілеген нәрсемнің ең жақсысын орындады деу керек
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: Дұғаның ең жақсы, ең керемет, ең тәтті дайын жемісі, яғни нәтижесі мынау: Дұға етуші адам өзінің тілегін еститін, дертіне дәрмен беретін, мейірімі мол, құдіреті барлық нәрсеге жететін Біреу бар екенін білуі. "Мына үлкен дүние сарайында ол жалғыз емес, Жомарт біреу бар, оған қарайлап, жұбаныш сыйлайды. Оның сансыз қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын, сансыз дұшпандарынан сақтайтын Біреудің құзырындамын" деп ойлағандықтан құлшыныс танытып, дүниедей ауыр жүкті үстінен сыпырып тастап
дейді.
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Дұға - құлшылықтың рухы және таза иманның нәтижесі. Өйткені, дұға еткен адам дұғасы арқылы ең елеусіз істерін білетін, ең биік мақсаттарын орындай алатын, оның әрбір жағдайын көретін, сөзін еститін, бүкіл әлемге үкімі жүретін Біреу бар екенін жария етеді.
"Ол, бүкіл болмыс атаулының дауысын естігеніндей менің де дауысымды естиді. Барлық нәрсені Сол жаратуда, ең қарапайым істерімді де Содан сұраймын" дейді. Міне, дұға арқылы қол жететін тәухидтің кеңдігі мен иман нұрының тартымдылығына және пәктігіне қара.
сырын
түсін және
бұйрығын тыңда
дегендей: «Егер бергісі келмесе, қалау беріп сұратпас еді».
Жиырма төртінші мектубтың
[Пайғамбарымызға арнап жазылған мәуліт-арнаудың Миғражға қатысты бөлімін "Бес Тұжырым арқылы баяндаймыз.]
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Жәннаттан жеткізілген Пыраққа қатысты. Бұл мәуліттің авторы Сүлейман Әфенді мұңға толы ғашықтық оқиғасын баяндауда. Ол өзі әулие болғасын және жазғандары риуаятқа негізделгендіктен, әлбетте бір ақиқатты солай суреттеуде.
Ақиқат былай болса керек: Бақи әлемдегі жаратылыстар Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уассаламнің нұрымен тығыз байланысты. Өйткені, сол кісі жеткізген нұр арқылы жәннат пен ақырет әлемі жындар мен адамдарға толып, сәні кіреді. Егер ол болмаса, мәңгілік бақыт та болмас еді. Жәннаттағы әр түрлі жаратылыстарды пайдалануға қабілетті жындар мен адамзат жәннаттың сәнін кіргізе алмас еді. Былайша айтқанда иесіз, қаңырап қалар еді. Жиырма төртінші сөздің төртінші бұтағында айтылғандай: Бұлбұлдың гүлге деген ғашықтық жыры - Хайуанаттың өсімдіктерге деген ғашықтық
жыры. Хайуанаттың өсімдіктерге деген сүйіспеншілігінің ғашықтық дәрежесіне жетуі - Аллаһтың Мейірім қазынасынан шығып, хайуанаттарға ризық болатын өсімдіктерге деген сүйіспеншілікті жар салудың бір көрінісі.
Әрбір топтың өз бұлбұлы, өз гүлі, яғни Раббани Жаршылары бар. Олардың салған әндері - өсімдіктерді қол соғып қарсы алу, соларға деген қошемет.
Сол секілді, Әлемдердің жаратылу себебі және екі жиһанның бақытына дәнекер Әлемдердің Раббы Аллаһтың сүйіктісі болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға періштелер арасынан Хазреті Жәбрейіл Алейһиссәлам кемел махаббатпенен қызметкер болуы - Періштелердің Хазреті Адам Алейһиссәламға бойұсынуы мен итағат қылуының және сәжде етулерінің сырын көрсетеді. Сондай-ақ, жәннәттықтардың, тіпті Жәннаттағы хайуанаттардың да, Ол кісіге деген құштарлықтары өзі мінген Пырағының ғашықтық сезімі арқылы білдірілген.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Пайғамбарымыздың Миғраждағы оқиғалардың бірі; Жаратушы Хақтың, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламға деген киелі махаббаты "Саған ғашық болдым" сөзімен білдірілген. Бұл сөз, Уажиб-ул-ужудтың пәктігі мен сипатына әдеттегі мағына жағынан үйлеспейді. Ал, Сүлеймен Әпендінің мәуліті бұқараның қызығушылығына бөленді. Ол кісінің өзі әулие және әһли ақиқат. Айтқысы келген мағына да дұрыс. Ал ол мағына былай:
Заты Уажиб-ул-Ужудтың шексіз жамалы мен камалы бар. Өйткені, бүкіл ғаламның барлық жақтарында көрініп тұрған әсемдіктер мен кемелдіктер Соның жамалы мен кәмалының нышандары, ишараттары, дәлелдері. Сонымен, жамал мен кәмал иесі өз жамалы мен кәмалын сүйетіні сияқты, Заты Зүлжәлал да, өз жамалын сүйеді. Өзіне лайық бір махаббатпен сүйеді. Сондай-ақ, жамалының сәулелері болған есімдерін де сүйеді. Есімдерін сүйсе - есімдерінің әсемдігін көрсететін өнерін де сүйеді. Олай болса, жамалы мен камалына айна болатын жаратылыстарын да сүйеді. Жамалы мен камалын көрсететіндерді сүйетін болса, Есімдерінің жамалы мен камалына ишара ететін жаратылыстардың әсемдіктерін де сүйеді. Осы бес түрлі махаббатқа Құран Хакимнің аяттары ишара етеді.
Сонымен, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам, Аллаһтың өнерінің ішіндегі ең кемелі және жаратылыстардың ішіндегі ең ерекше тұлға...
Жаңғырта салған зікір мен тасбих арқылы Иләһи өнерді жариялап мақтауда.
Һәм, Иләһи есімдердегі жамал мен камал қазыналарын Құран тілімен ашуда.
Һәм, жаратылыстардағы дәлелдердің, Жаратушының камалына айғақ екендігін жарқын да нақты түрде Құран тілімен баяндауда.
Һәм, жан-жақты құлшылығы арқылы, Иләһи Рубубиетке айна болуда.
Һәм, мәнісінің кемелдігі арқылы Аллаһтың бүкіл есімдеріне толықтай бөленді.
Сондықтан, әлбетте былай деуге болады: Жәмил-і Зүлжәлал өзінің жамалын сүйгендіктен, ол жамалдың ең кемел, саналы айнасы болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді.
Сондай-ақ, өзінің есімдерін сүйгендіктен, ол есімдердің ең жарық айнасы болған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді және дәрежелеріне қарай Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға ұқсағандарды да сүйеді.
Сондай-ақ, өз өнерін сүйгендіктен, әлбетте сол өнерді ең жоғарғы дауыспен бүкіл ғаламға жария еткен және аспан әлемінің құлағын жаңғыртып, құрлықтар мен теңіздері шабытқа келтіріп, жаңғырта салған зікір-тасбихымен жар салған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді. Және оған ергендерді де жақсы көреді.
Һәм өз өнерін сүйгендіктен сол өнердің ішіндегі ең кемелі болған тіршілік иелерін және тіршілік атаулының ішіндегі саналыларды, ал, саналылардың ең озығы адамзатты, ал адамдардың ең кемелі Мұхаммед Арабиді (с.а.у.) әлбетте артығырақ сүйеді.
Сондай-ақ, өз Жаратқандарының тамаша мінездерін сүйгендіктен, бір ауыздан тамаша мінез құлықтың ең биік мәртебесінде тұрған Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламды сүйеді және дәрежелеріне қарай, Оған ұқсағандарды да сүйеді. Демек, Жаратушы Хақтың мейірімі секілді Оның махаббаты да ғаламды қамтып тұр.
Міне, осы сансыз сүйіктілердің, айтылған бес нәрсенің ішіндегі ең биік мәртебе Мұхаммед Араби Алейһиссәлату Уәссәламға тиесілі. "Хабибуллаһ" яғни "Аллаһтың сүйіктісі" лақабы сол кісіге берілген.
Сонымен, осы ең жоғарғы дәрежедегі Аллаһтың сүйіктісі деген мәртебені Сүлеймен Әпенді "Мен саған ғашық болдым" сөзімен баяндаған. Бұл сөз, өзіндік бір пікір дүрбісі және ақиқатқа өте ұзақтан
жасалған ишара еді. Әйтсе де, бұл сөз Рубубиетке үйлеспейтін мағынаны ойға салуда. Ең дұрысы, бұл сөздің орнына: "Мен саған разы болдым" деу керек.
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Мәуліттегі оқиғалар, бізге мәлім мағыналар мен сол бір киелі де нәзік ақиқаттарды жеткізе алмайды. Бұл әңгімелер тереңірек үңіліп, зерттеу жүргізуге тұрарлық тақырыптар. Терең мағыналы ұлы ақиқаттарға ишара, иманның кейбір ақиқаттарын еске түсіру. Айтып жеткізуге келмейтін кейбір мағыналар, астарлы теңеу. Әйтпесе, көпшілікке белгілі мағыналарға қатысты оқиғалар емес. Бұл әңгімелерге қиял жүргізе отырып, ақиқатқа қол жеткізе алмаймыз. Жүректегі тебіреністер арқылы имани ләззат, рухани нұрлы шабыт алуымыз мүмкін.
Өйткені, Жаратушы Хақтың заты мен сипатында теңдесі, ұқсасы, мисалы жоқ. Сондай-ақ Рубубиет істерінде де ұқсасы жоқ. Сипаты жаратылыстардың сипатына ұқсамайды. Махаббаты да оларға ұқсамайды. Ендеше, бұл сөздерге астарлы сөздер ретінде қарап, былай дейміз: Заты Уажиб-ул-Ужудтың уажиб болмысына, пәктігіне үйлесімді және шексіз кемелділігіне лайық махаббаты және өзіне ғана тән кейбір істері бар. Бұл шығармадағы оқиғалар соны ескертуде. Пайғамбарымыздың Миғражына қатысты Отыз Бірінші Сөз Миғраждың ақиқатын иман аясында түсіндіріп берген болатын. Соны жеткілікті деп біліп, сөзді қысқа қайырамыз.
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ: "Жетпіс мың перденің арғы жағынан Жаратушы Хақты көрген" сөзі, мекеннің ұзақтығын көрсетеді. Ал Уажиб-ул-Ужуд мекенге тәуелді емес. Әр нәрсеге, әлдеқайда жақын емес пе? Бұны қалай түсінеміз?
Жауап: Бұл ақиқат Отыз Бірінші Сөзде дәлелдерімен қоса, егжей-тегжейлі, түсіндірілген болатын. Бұл жерде айтарымыз:
Жаратушы Хақ бізге өте жақын. Біз Одан өте ұзақпыз. Көктегі күн қолымыздағы айна арқылы бізге өте жақын бола алады және жердегі әрбір мөлдір нәрсе, күнге өзіндік бір аспан бола алады. Егер күннің санасы болғанда, қолымыздығы айнамыз арқылы бізбен сөйлесер еді. Бірақ біз одан төрт мың жылдық ұзақтықтамыз. Міне, теңдесі жоқ Шәмсі Әзәли, бүкіл нәрсеге бәрінен де жақын. Өйткені, ол Уажиб-ул-Ужуд. Ол мекенге тәуелді емес. Ешбір нәрсе Оған перде бола алмайды. Алайда бүкіл нәрсе Одан өте ұзақ.
Міне, Миғраждың ұзақтығы мен
жеткізген арақашықтықтың болмауы, Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам Миғражға көтерілгенде өте ұзақ арақашықтықты аттап өтіп жетуі мен бір мезетте қайта оралуы осы сырға байланысты. Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәламның Миғражы Оның сәйір-і сүлігі, Оның әулиелік даңқы.
Әулиелер рухани сәйір-і-сүлік арқылы қырық күннен бастап, қырық жыл бойы кемелденіп, көтерілу арқылы иман дәрежелерінің хаққаляқин дәрежесіне шығады. Сол секілді, бүкіл әулиелердің Сұлтаны Расул Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам, тек рухымен ғана емес, денесімен, сезімдерімен де қырық жылда емес, қырық минутта әулиеліктің ұлы кереметі болған миғраж арқылы даңғыл жол ашып, иман ақиқаттарының ең биік мәртебелеріне бара алған. Миғраж сатысымен Аршқа шыққан, "Қабы Қаусәйн" мақамында иман ақиқаттарының ең үлкені болған Иманы Биллаһ пен Иманы Билақыретті айнеляқийн өз көзімен көрген. Жәннәтқа кірген, мәңгілік бақытты көрген. Сол Миғраж қақпасы арқылы ашқан даңғыл жолды ашық күйінде қалдырған, үмметінің бүкіл әулиелері сәйір-і сүлік арқылы дәрежелеріне қарай, рухани түрде сол Миғраждың аясында өрлеуде.
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәуліті мен Миғражға арнаудың оқылуы өте пайдалы және тамаша бір әдет, әдемі бір Ислами үрдіс. Тіпті, Ислами қоғамдық өмірдегі өте жағымды, тәтті сұхбаттарға дәнекер. Расында, иман ақиқаттарын еске салу үшін ең жақсы дәріс. Тіпті, иман нұрлары мен махаббатуллаһты және Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті нығайтуға өте әсерлі дәнекер. Жаратушы Хақ, бұл әдетті мәңгілік қылсын және Сүлеймен Әпенді секілді мәуліт жазушыларға Аллаһтың мейірімі жаусын. Мекендерін Жәннәт-ул-Фирдаус қылсын, амин!...
СОҢЫ
Сонымен, ғаламның Жаратушысы, жаратылыстың әрбір түрінен бір ерекше, кәміл тұлға жаратып, оны сол түрдің мақтанышы мен кемелдігіне негіз етеді. Бүкіл есімдерінің ішінен Исмі Ағзамның көрінісі арқылы бүкіл ғаламмен салыстырғанда ерекше, дара бір тұлғаны жаратады. Есімдерінде бір Исмі Ағзам болғаны іспетті, жаратқандарының ішінде де ең кәміл бір тұлға болады. Бүкіл ғаламға жайылған кемелдігін сол тұлғада жинап, оны өзінің назарына тұрарлықтай етеді. Ол тұлға әрине тіршілік иелерінен болады. Өйткені, ғаламдағы жаратылыстардың ең кемелі - тіршілік иелері. Тіршілік иелері ішіндегі ол тұлға, саналылардан болады. Өйткені, тіршілік иелерінің ішіндегі ең кемелі - саналылар. Ол дара тұлға, әрине адамдардан болады. Өйткені саналылар ішіндегі шексіз биіктіктерге көтеріле алатыны - адам. Әлбетте адамдардың ішіндегі ол тұлға, Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәлам болады. Өйткені, Адам Ата заманынан осы күнге дейін ешбір тарих, Ондай бір тұлғаны көрсете алмады, көрсете де алмайды. Себебі, Ол Тұлға, жер шарының жартысын және адамзаттың бестен бір бөлігін рухани билігіне алып, ғасырлар бойы кемел ұлылықпен рухани билігін жүргізіп, бүкіл ақиқаттардың "Кәміл стазы" болған. Дос түгіл, дұшпанның да бір ауыздан мақұлдауы бойынша әсем мінездердің ең биік дәрежесіне ие болған. Пайғамбарлығының бас кезеңінде, жалғыз өзі бүкіл әлемге рухани майдан ашқан. Минут сайын жүз миллионнан астам адамдардың тұрақты зікірі болған Құран-ы Муғжизул-Баянды жеткізген Тұлға, әлбетте сол дара тұлға еді. Одан басқаның болуы мүмкін емес. Бұл әлемнің дәні де, жемісі де - Сол.
Міне осындай бір Тұлғаның Мәуліті мен Миғражы жайлы шығарманы тыңдау, өмірбаянын білу, яғни мәртебесінің жеткен жерін есту, Ол кісіні өздеріне басшы, Имам және шапағатшы деп қарайтын Мүминдерге қаншалықты мақтанышқа толы, нұрлы, жан тебірентер, қайырлы бір діни жетістік екендігін түсін...
Я Раб! Хабиб Әкрам Алейһиссәлату Уәссәлам құрметіне және Исмі Ағзам хаққы үшін, осы рисалені жазғандардың, жайғандардың және жолдастарының жүрегін иманның нұрларына бөле, қаламдарын Құран сырларын жайушы ет! Және оларды, сираты мустақимнен айырма! Амин!...
ЖИЫРМА БЕСІНШІ МЕКТУБ
ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ МЕКТУБ
[Бұл жиырма алтыншы хат, бір-бірімен байланысы аз "Төрт тақырыптан" тұрады]
Бірінші тақырып
Ібілістің үнін өшіріп, шайтанды тойтарып, азғындардың аузын жапқан бірінші тақырып. Бейтарап түрде айтыса отырып шайтанның сұмдық бір айласына қарсы бұлтарпастай етіп тойтарыс берген бір оқиға. Бұл оқиғаның мазмұнын он жыл бұрын "Лемағатта" жазған едім. Осы рисаленің жазылуынан он бір жыл бұрын қасиетті Рамазан айында Стамбулдағы Баязит мешітінде қариларды тыңдап отыр едім. Кенет, бейнесін көрмедім бірақ, мағынауи бір дауыс естігендей болдым. Зеиінімді өзіне бұрды. Қиялыммен тыңдадым. Маған былай деді: Сен Құранды өте жоғары, аса жарқын қылып көресің. Бейтарап түрде сарапта. Бейтарап назармен қара. Яғни, адамның сөзі деп сана. Әлгіндей асқақ ерекшеліктерді көре алар ма екенсің ? Расында мен де соған алдандым. Адам сөзі деп ойлап сол назармен қарадым. Сондағы байқағаным Баязид мешітінің электр тетіктерін бұрап сөндірген кезде, бүкіл ғимарат қараңғылыққа оранатыны секілді, әлгіндей назармен
қараған кезде Құранның жарқын нұрлары жасырына бастады. Менімен сөйлесіп тұрған шайтан екенін сонда түсіндім. Мені құрдымға итермелеуде. Сол сәтте Құраннан медет сұрадым. Бірден жүрегіме нұр құйылды. Шайтанға қарсы тойтарыс беруге толық күш берді. Сол жерде шайтанға қарсы айтыс басталды. Мен былай дедім: Әй, шайтан. Бейтарап болу деген екі жақтың ортасындағы бір жағдай. Ал, сенің және адамдар арасындағы сенің шәкірттерің айтып жүрген бейтараптықтарың - қарсы жақтың аузын жабу. Бұл бейтараптық емес, уақытша дінсіздік. Өйткені, Құранға адамның сөзі деп қарау - Құранға қарсы жақты қолдау. Жалған нәрселерді жақтау. Тарапсыздық емес - керісінше өтірікке жақтасу.
Шайтан айтты: Ендеше Аллаһтың сөзі деме, адамның да сөзі деме. Ортадағы бір нәрсе деп қара.
Мен айттым: Олай да болмайды. Өйткені, дауға түскен бір зат, егер екі даугер бір-біріне жақын тұрса онда ол мүлік басқа біреудің қолында немесе екеуінің де қолы жетпейтіндей жерге қойылады. Қайсысы дәлелдеп шықса сол алады. Егер ол екі даугер, бір-бірінен өте ұзақта, бірі шығыста, екіншісі батыста болса, онда қағида бойынша кімнің иелігінде болса соның қолында қалдырылады. Өйткені ортада қалдыруға болмайды. Міне, Құран өте құнды бір мүлік. Адамның сөзі Жаратушы Хақтың сөзінен қаншалықты ұзақ болса, ол екі тарап та бір-бірінен шексіз ұзақ. Сондықтан, жер мен көктің ортасында қалдыру мүмкін емес. Оның үстіне, шексіз кеңістіктің ортасы да жоқ. Өйткені, болмыс пен жоқтық сияқты қарама-қайшы нәрсе, ортасы жоқ. Ендеше Құранның иесі Аллаһ. Сондықтан Соныкі деп қабыл ет. Сол тарапты растаушы дәлелдерге жүгін. Егер, қарсы тарап оның Аллаһтың сөзі екендігіне қатысты бүкіл дәлелдерді бір-бірлеп жоққа шығара алса, онда Құранға қол соза алады. Әйтпесе, оған қол соза алмайды. Тарт қолыңды.
Мыңдаған нақты дәлелдердің шегелерімен Ғаршы Ағзамға қағылған бұл алып алмастың әлгі шегелерін суырып, тіреулерін құлатып, түсіріп алуға қандай қолдың шамасы келеді. Міне, әй шайтан. Саған қарсы хақ пен ынсап өкілдері осындай ақиқатты үкім етеді. Тіпті, кішкене бір дәлелдің өзі Құранға деген имандарын арттыра түседі. Сенің және шәкірттерің көрсеткен жол, яғни, бір рет адам сөзі деп қарар болсақ, көп дәлелдердің мықтылығындай бір ғана дәлел керек болады. Расында
бұған қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, сенің айлаңмен, бүгінгі күні бейтарап көзқараста болам дегендердің көбі, имандарын жоғалтуда. Шайтан қайта айналып былай деді: Құран адамның сөзіне ұқсайды. Солардың өзара сөйлесуі тәрізді жазылған. Демек, адам сөзі болғаны. Егер Аллаһтың сөзі болса, соған жарасатындай ғажайып бір тәрізде болар еді. Аллаһтың өнері адамның өнеріне ұқсамайды ғой. Онда сөзі де ұқсамауы керек. Былай деп жауап бердім:
Мәселен, Пайғамтерымыз (а.с.у.) мұғжизалары мен ерекше қасиеттерінен басқа іс әрекеттері мен адами жағдайларында қарапайым адам секілді иләһи заңдылықтар мен жаратылыс тәртіптеріне мойынсұнып бағынды. Ол да суыққа тоңған, қиындық көрген, тағысын тағы...
Бүкіл ахуалы мен жағдайларында әдеттен тыс таңғажайып бір жағдай берілмеген. Сондықтан үмметіне іс-әрекетімен имам болды. Басшылық етті, бүкіл әрекетімен үлгі болып дәріс берді. Егер бүкіл жағдайы әдеттен тыс таңғажайып болғанда барлық жағынан толық имам бола алмас еді. Баршаға абсолюттік ұстаз бола алмас еді. Бүкіл ахуалымен Рахметиллил Аламин бола алмас еді.
Сол сияқты, Құран Хаким сана иелеріне имам, жын мен адамзатқа мүршид, кәмілдерге жол көрсетуші, әһли ақиқатқа мұғалім. Олай болса, Құранның сөзі адамзаттың сөзіне ұқсауы қажет, бұл зәрулік. Өйткені, жындар мен адамдар мінәжатын содан алуда, дұғасын содан үйренуде. Мәселелерін соның тілімен айтуда. Қарым-қатынас әдептерін Содан тәлім етіп алуда. Тағысын тағы....
Барлығы Соны сүйеніш етуде. Ал, егер Хазіреті Муса (а.с.) Тур-ы Синада естіген Кәламуллаһ тәрізді болғанда, адамзат Оны тыңдауға және естуге шыдай алмас еді. Сүйеніш те ала алмас еді. Хазіреті Муса (а.с.) секілді ұлы тұлғаның өзі тек бірнеше сөзді естуге ғана шыдай алған. Муса (а.с.) былай деген:
Шайтан қайта айналып келіп былай деді: Құранның айтқан мәселелері сияқты мәселелерді көп адамдар дін атынан айтып жүр. Сондықтан бір адам дін атын жамылып осындай бір нәрсе жасауы мүмкін емес пе?
Біріншіден: діндар бір адам, дінге деген махаббатынан, Хақ былай, ақиқат мынадай, Аллаһтың әмірі былай дейді. Әйтпесе, Аллаһты өзі қалағандай етіп сөйлете алмайды. Өзіне-өзі шексіз зұлымдық жасап, Аллаһтың сөзіне ұқсатам деп, өзі Оның орнына сөйлей алмайды.
қағидасынан қорқады.
Екіншіден: бір адамның өздігінен бұлай жасауы және ондай ойын іске асыруы мүмкін емес нәрсе. Жүзде жүз бос әңгіме. Өйткені, бір-біріне жақын кісілер, бір-біріне еліктей алады. Бір жыныстан болғандар бір-бірінің бейнесіне кіре алады. Мәртебелері бір-біріне жақын болғандар бір-біріне ұқсас әрекет ете алады. Адамдарды уақытша алдай алады. Бірақ, тұрақты түрде алдай алмайды. Өйткені, мұқият бақылаушылардың назарында қалай болғанда да өтірік екендігі көрініп қалады. Айласы үнемі жалғаса бермейді. Бірін-бірі қайталауға тырысып жатқандар, бір-біріне үйлеспейтін болса. Мәселен, қарапайым бір адам Ибн Сина секілді бір дананың ғалым ретіндегі атын жамылғысы келсе немесе бір шопан патша болып көрінгісі келсе ешкімді де айдай алмайды. Қайта өзі масқара болады. оның әрбір әрекеті "Бұл өтірікші" деп жар салатын болады. Сонымен, Астағфирулла, жүз мың мәрте Астағфирулла...
Құран адамның сөзі деп қаралатын болса, мысалға бір жарқырауық қоңыз аспанды бақылаушыларға мың жыл бойы шынайы бір жұлдыз болып көріне ала ма? Сондай-ақ бір шыбын бір жыл бойы өзін тамашалаушыларға әсем тауыс құсы суретінде көріне ала ма? Сондай-ақ, жалған ат жамылушы сауатсыз бір сарбаз, жоғары дәрежелі бір маршалдың орнында отырып, соның міндетін атқарып, мұнысын ұзақ уақыт сездірмей жүре ала ма? Сондай-ақ жалақор, өтірікші, сенімсіз бір адам ең сенімді, нағыз дос, шыншыл бір кісінің болмысын, соның бүкіл қасиеттерін ең өткір назарлы жандардың көз алдында өмір бойы сездірмей жүруі, ғалымдардың алдында білдіріп алмауы мүмкін бе? Бұлай болуы мүмкін емес. Бұған ешбір ақыл иесі мүмкін дей алмайды. Бұлай болуы мүмкін деп ойлау, сандырақ. Дәл солай да, Құранды адамның сөзі деп ойлау - Ислам әлемінің аспанында үнемі ақиқат нұрын шашып жарқырап тұрған ақиқат жұлдызы, кемелдіктің күні саналатын Кітаб-ы Мүбиннің мәнісі, Құдай сақтасын! Жылтырауық қоңыз секілді өтірікші бір адамның шылдыр-шатпағы екен де, оның
жанында жүріп мұқият назар аударушылар байқамай қалыпты. Оны, ақиқаттың сарқылмас бұлағы, жарық жұлдыз деп біліпті, дегенмен бірдей. Бұл дегенің қисынсыздықтан жүз есе қисынсыздық. Әй, шайтан. Сен шайтандықта жүз есе дамып кетсең де мұны мүмкін дегізе алмайсың. Есі дұрыс ешбір ақылды алдай алмайсың. Тек, ұзақтан қарату арқылы алдайсың. Жұлдызды, жарқырауық қоңыз секілді кішкене етіп көрсетесің.
Үшіншіден: Құранды адамның сөзі деп қарар болсақ. Қалдырған іздері, әсерлері, нәтижелері арқылы адамзат әлемінің көз алдында асқақ рухты, өмірге нәр беруші, ең дұрыс, бақыт сыйлаушы, сөз саптауы мұғжизалы, ең көп тыңдаушысы бар жақсылықтың жоғарғы үлгілері арқылы жақсы мен жаманды айырушы, сырлы ақиқаттың Құдай сақтасын! Көмекшісі жоқ білімсіз бір адамның ойынан шығарғаны болуы, жанында жүріп оны бақылаушы даналардың, қай жағынан қарағанда да одан ешқашан алаяқтықтың, өтірік істеудің ізін де байқамауы, әрқашан шынайы, ықыласты екендігін көру мүмкін бе. Бұл жүз есе мүлдем қисынсыз болуымен қатар, бүкіл әрекеттерімен, сөздерімен, хал жағдайымен, өмір бойы сенімділігімен, иманымен, ықыласты, шынайылықты, тура жолды көрсетіп сабақ берген және солай мойындалған сыддықтарды тәрбиелеген, ең жарқын, ең жоғарғы қасиеттерге ие деп танылған бір кісіні, ең сенімсіз, ықылассыз ең елеусіз жан деп ойлауы, ақылға сыймас нәрсені мойындау, шайтанды да ұялтатын сандырақ. Өйткені, бұл мәселенің ортасы жоқ. Қисынсыз болса да Құран Аллаһтың сөзі емес деп саналса, онда ол ғарыштан жерге түскендей болып құлдырайды. Ортада қала алмайды. Ақиқаттың жиынтығы дәрежесінен, қисынсыз бос әңгімелердің бұлағына айналады. Ал, сол ғажайып бұйрықтарды жеткізуші кісі (Астағфирулла, Құдай сақтасын) егер Аллаһтың елшісі болмаса онда биіктердің ең биігінен төмендердің ең төменіне құлдырауы және кемелдіктің қайнары дәрежесінен айлакерлердің басшысы деңгейіне түсуі керек болады. Ортада қала алмайды. Өйткені, Аллаһтың атынан жала жабушы өтірікші біреу ең төменгі дәрежеге түседі. Бір шыбынды тұрақты түрде әсем тауыс құсы етіп көру және сол шыбыннан тауыс құсының бүкіл ерекшеліктерін көріп тамашалау, қаншалықты қисынсыз нәрсе болса бұл мәселе де дәл солай қисынсыз. Мұндайды мүмкін дей алу үшін жаратылыстан есуас, мас, жынды болу керек.
Төртіншіден: Құранды адамның сөзі деп қабылдау үшін: Адамзаттың ең айбынды әскері, Мұхаммед (с.а.у.) ның үмметінің киелі қолбасшысы болған Құран Кәрім, көріп тұрғанымыздай қуатты заңдарымен, негізді қағидаларымен, өткір әмірлерімен сол айбынды қалың әскерді екі дүниеде жеңіске жететіндей жүйелі тәртіпке келтіріп, материалдық және рухани жағынан қаруландырып, бүкіл әскердің дәрежелеріне қарай ақылдарына тәлім, жүректеріне тәрбие беріп рухтарын бағындырып, арын тазартып, ағзалары мен сезімдеріне қызмет, міндет жүктеп отырғанына қарамастан (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) күшсіз, құнсыз, негізсіз құрама сөздер деп қарап жүз есе қисынсыздықты мойындау керек болады. Сонымен қатар өмір бойы салмақты әрекеттерімен Аллаһтың заңдарын Адам баласына үйретуші, шыншыл істері арқылы ақиқат қағидаларын адамзатқа дәріс берген, ақылға қонымды сөздері арқылы тура жол мен бақыттың негіздерін көрсетіп орнықтырған және өмір тарихының куәландыруымен Аллаһтың азабынан қатты қорыққан және Аллаһты бәрінен де жақсы таныған, таныстырған, адамзаттың бестен біріне Жер шарының жартысына бір мың үш жүз елу жылдан бері кемел тұлғасымен қолбасшылық еткен және жер-жаһанды дүр сілкіндірген даңқымен адамзаттың, тіпті бүкіл ғаламның мақтанышына айналған Тұлғаны (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) Аллаһтан қорықпайтын және Оны білмейтін, өтіріктен тартынбайтын қасиетсіз деп ойлап. Жүз есе қисынсыз нәрселерді .... қабылдау керек болады. Өйткені, бұл мәселенің ортасы жоқ.
Ал, қисынсыз болса да Құран Аллаһтың сөзі емес деп қабылданса ғарыштан жерге түседі. Ортада қала алмайды. Тіпті, жерде де өтірікші біреудің шатпағы деуге тура келеді. Ал, бұлай деу арқылы ей, шайтан, сенің шайтандығың жүз есе артып кетсе де есі дұрыс ешбір ақылды алдай алмайсың, бұзылмаған ешбір жүректі сендіре алмайсың.
Шайтан қайта айналып, былай деді: Қалай сендіре алмаймын. Талай адамдарға, соның ішінде атақты ақылдыларына Құранды да, Мұхаммедті де мойындатпай қойдым, алдадым ғой.
Жауап: Өте ұзақтан қарар болса, ең үлкен нәрсе ең кішкентай нәрсе секілді болып көрінеді. Бір жұлдызды жағылған шырақтай ғана деуге болады. Екіншіден, арнайы мұқият қаралмай, атүсті қаралатын болса, мүлдем қисынсыз бір нәрсе мүмкін нәрсе секілді болып көрінуі мүмкін.
Бір күні бір қарт адам, Рамазанның жаңа туған айын көру үшін аспанға қарапты. Көзіне түскен ақ қылды ай деп ойлапты. Содан, "Айды көрдім" депті. Ал, енді сол ағарған қылдың расында ай болуы мүмкін емес. Ал, ол әдейі айды көргісі келіп аспанға қарағандықтан көз алдындағы ақ қылды ай деп көрді. Қисынсыз нәрсені шын деп қалды.
Үшіншіден: Қабыл етпеу бір басқа, теріске шығару бір басқа. Қабыл етпеу - немқұрайлылық, көзжұмбайлықтан надандықтан туындайтын қарарсыздық. Бұлардың ішінде көптеген қисынсыздықтар жасырын жүре береді. Әлгінің ақылы, бұл нәрселерге басын қатырмайды. Ал, жоққа шығару - мойындамау емес, жоқ нәрсені бар деп білу. Бұл үкім. Оның ақылы жұмыс істеуге мәжбүр. Мұндай жағдайда сен құсаған бір шайтан оның ақылын алып қояды. Сосын оған жоққа шығартқызады. Һәм, ей шайтан, өтірікті ақиқат, қисынсыздықты мүмкін етіп көрсететін мән бермеу, бұра тарту, бос нәрселермен айналысу, қырсықтық, шытырман шатпақ сөздерге еру, тәкаббарлық, бұрыңғылар солай деген секілді шайтани айлалармен көптеген қисынсыздықтарды мақұл көретін күпір мен жоққа шығаруды, әлгі адам бейнесіндегі бейбақ хайуандарға мойындатқансың!
Төртіншіден: Құранды адамның сөзі деп қабылдау үшін адамзат аспанында жұлдыздардай жарқыраған Асфияларға, Сыддықтарға, Құтыбтарға жол көрсеткен және әрқашан да хақ пен ақиқатты, шындық пен адалдықты, сенім мен аманатты кемелдіктің барлық дәрежесіндегі жандарға үйретіп, Иман ақиқаттары мен Ислам қағидалары арқылы екі жиһанның бақытына қол жеткіздірген және осы істері оның таза, кіршіксіз, ең дұрыс кітап екендігіне дәлел болып тұрған бір Кітапты, қасиеттері мен әсерін, нұрларын жоққа шығара отырып, керісінше ойлап, (Құдай сақтасын) жасандылық пен жалалардың жиынтығы деп қарау, скептиктер мен шайтандарды да ұялтып, қалтырататын күпірліктің сандырағы деу керек. Сонымен қоса, Өзі жеткізген діні мен Ислам шариғатының куәлігі бойынша және өмір бойғы тақуалығы, шынайы, саф құлшылығы, өн бойындағы көркем мінез құлықтың жемісі ретіндегі өзі жетілдірген бүкіл әһли ақиқаттың және кәмілдердің куәлік етуімен ең дұрыс сенімдегі, ең мықты, ең сенімді, ең шыншыл Кісіні (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) сенімі бұрыс, ең сенімсіз, Аллаһтан қорықпайтын, өтіріктен тартынбайтын біреу деп ойлау - қисынсыздықтың ең жиіркенішті, ең сорақысын жасап, адасудың зұлымдыққа толы қою қараңғылығына кіру.
Қорытынды: Он тоғызыншы Хаттың он сегізінші ишарасында айтылғандай тек уағыз естіп қана жүрген, оқу-жазуы жоқ қарапайым кісілердің өзі Құранның мұғжизалығын түсіну мәселесінде былай деген екен: Құран, мен естіп жүрген бүкіл кітаптардың және әлемдегі барлық кітаптармен салыстырылса, еш қайсысына да ұқсамайды, олардың дәрежесінде емес.
Олай болса, Құран я олардың барлығынан төмен немесе барлығынан да жоғары дәрежеде. Бәрінен де төмен деу мүлде қисынсыз, мұны ешбір дұшпан, тіпті шайтан да айта алмайды, қабылдамайды. Олай болса, Құран бүкіл кітаптардан жоғары. Ендеше ол мұғжиза.
Олай болса, біз де Шариғат ілімі, логика пәні және өлшеу, бөлу секілді нақты ғылымдардың дәлелдері арқылы айтарымыз: Ей, шайтан және ей, шайтанның шәкірттері! Құран не Аршы Ағзамнан, Исм Ағзамнан жеткен Келамуллаһ, не болмаса (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) жерде Аллаһтан қорықпайтын, Аллаһты білмейтін, дінсіз бір адамның сандырағы.
Ей, шайтан! Алдыңғы дәлелдерге қарсы келіп, мұны айта алмайсың, айта да алмайтын едің. Айта да алмайсың. Олай болса, міндетті түрде, еш күмәнсіз, Құран Халиқ-ы Каинаттың сөзі. Өйткені, ортасы жоқ, болуы да мүмкін емес. Нақты дәлелдегенімізді сен де көрдің, естіп те тұрсың. Сондай-ақ, Мұхаммед (с.а.у.) я Пайғамбар және бүкіл Пайғамбарлардың ең кемелі және бүкіл жаратылыстардың ең жоғарғысы немесе (Құдай сақтасын, жүз мың рет Астағфируллаһ) Аллаһқа жала жауып, Оны танымайтын, азабына сенбегендіктен дінсіз төмендегілердің ең төменінде қалған біреу деп ойлау керек.
{ Сілтеме: Құран Хакімнің кәпірлердің күпіршіліктерін және жиіркенішті сөздерін жоққа шығару үшін айтқандарына сүйене отырып, адасқандардың күпіршілік ойларын толығымен жоққа шығарып, олардың бұл ойларының дұрыс емес екендігін көрсету үшін, қорқыныштан қалтырай отырып мына сөздерді қолдануға мәжбүр болдым.}
Ей ібіліс! Сен де және сенің сенім артқан Европа философтары мен Азия мұнафықтары да мұны айта алмадыңдар, айта да алмайсыңдар. Айтпадыңдар да айтпайсыңдар да. Өйткені, бұл дүниеде бұл ықтималды тыңдайтын да, қабылдайтын да ешкім жоқ. Сондықтан, сен сенім артқан сол философтардың ең бұзықтары және әлгі мұнафықтардың ең арсыздары Мұхаммед Араби (с.а.у.) Өте ақылды және аса көркем мінезді еді дейді.
Сонымен бұл мәселе екі ықтималға ғана тіреледі. Ал, бұл мәселенің ортасы жоқ екенін нақты дәлелдермен дәлелдедік. Сен және саған ергендер жақтырмасаңдар да ешбір күмәнсіз және анық түрде Мұхаммед Араби (с.а.у.) Пайғамбар және бүкіл Пайғамбарлардың кәмілі, бүкіл жаратылыстардың ең абзалы.
ШАЙТАННЫҢ ТАҒЫ БІР АЗҒАНТАЙ ҚАРСЫЛЫҒЫ.
сүресін оқып отырып
Аяттарына келген кезде шайтан былай деді:
Құранның ең негізгі шешендігі, оның бір нәрсені оңай және анық түсіндіруінде деп білесіңдер. Ал, енді мына аят қай жерден қай жерге секіруде. Адамның жантәсілім кезінен, сонау қияметке бірақ аттайды. Сүр үрленуден бастап, Махшарда есеп берудің аяғына өтіп кетеді де Жәһаннамға кіргізуді сөз қылады. Бірден бірге өтіп жатқан мұншама түсініксіз жағдайларда оңай түсіндіру дегендерің қайда қалды? Құранның көп жерлерінде осындай бір-біріне қатысы жоқ мәселелерді біріктіріп жібереді. Бір-біріне үйлеспейтін нәрселер айтылып жатқан жерде оңай түсіндіру, шешендік бола ма?
Жауап: Құранның мұғжизалығының ең маңыздылары шешендігінен кейін келетін аз сөзбен көп мағына жеткізу. Бұл, Құран мұғжизаларының ішіндегі ең мықты, ең маңызды негізі. Құран Хакімде азғантай сөзбен көп мағына жеткізудің көптігі, көркемдігі сонша зерттеушілер қайран қалуда.
Мәселен,
бірнеше қысқа сөйлемдермен өте үлкен "Топан су" оқиғасын нәтижелерімен қоса қысқа да нұсқа және мұғжизалық түрде баяндағаны сол, көптеген шешен, ділмәрлар оның шешендігіне сәжде еткен.
Сәмуд қауымына қатысты таң қаларлық және өте маңызды оқиғаны, нәтижелерімен қоса және осылай сұмдық аяқталуын, бірнеше қысқа сөйлемдер арқылы, көп мағына жеткізіп, мұғжизалы түрде түсінікті, анық және зейінді шаршатпай баяндауда.
Ей шайтан! Тағы да айтар сөзің болса айт. Шайтан былай деді: Бұларға қарсы келе алмаймын, қорғана да алмаймын. Бірақ, мені тыңдайтын ақымақтар бар. Сондай-ақ адам бейнесіндегі көптеген шайтандар бар, маған солар жәрдем беруде. Философтардың ішінде көптеген перғауындар бар, менмендіктерін қоздыратын мәселелерде менен сабақ алады. Сенің мұндай сөздеріңнің жайылуына кедергі болады. Сондықтан саған берілмеймін.
ЕКІНШІ ТАҚЫРЫП
[Бұл тақырып, маған әрдайым қызмет көрсетіп жүрген кісілердің менің мінезімнен байқап жүрген түсініксіз қайшылықтарға таң қалуларына байланысты.Сондай-ақ екі шәкіртімнің мен туралы шектен тыс жақсы ойларын байыпқа келтіру үшін жазылды.]
Құран Хакімнің ақиқаттарына тиесілі кейбір кемелдіктер - сол ақиқаттарды жариялап, соған дәнекер болып жүргендерге телініп жатқанын байқап жүрмін. Бұл қате нәрсе. Өйткені қайнар бұлақтың киелілігі көптеген дәлелдерден артық әсер береді. Сол арқылы өз үкімдерін бұқараға қабыл еткізеді. Жариялаушы немесе уәкіл болған жан оған көлеңке болған кезде, яғни назар соларға ауатын болса, қайнардағы киеліліктің әсері жоғалады. Осы сырға байланысты маған шектен тыс назар аударушы бауырларыма бір ақиқатты жеткізейін. Ол былай: Бір адамның бірнеше қасиеті (бейнесі) бола береді. Бұл қасиеттер әлгі адамның әр түрлі мінездерін көрсетеді. Мәселен, үлкен бір қызметкердің қызмет орнындағы бейнесі байсалдылықты талап етеді. Қызмет орнының беделін қорғайтындай ұстанымды талап етеді. Мәселен, жұрттың бәріне кішіпейілділік көрсете беру, қызмет орнын төменсіту болады. Алайда өз үйіндегі жағдай қызмет орнына керағар мінездерді қажет етеді. Қанша кішіпейілділік танытса да жарасады.Үйінде аз ғана мінез көрсетер болса тәкәппарлық болады... Демек бір адамның атқаратын міндетіне сай бейнесі болады. Ол бейнесі өзінің шынайы бейнесіне қайшы келе береді. Егер міндет жүктелген кісі сол міндетке шынында да лайық болса және қабілеті толық сәйкес келсе, онда екі бейнесі бір-біріне жақын болады. Егер қабілеті сәйкес болмаса, мәселен бір сарбаз, бір маршалдың орнына отырғызылса, ондағы екі бейне бір-бірінен ұзақ болады. Ол сарбаздың өзіндік қарапайым қасиеттері, отырған орнының талап ететін жоғарғы қабілеттермен үйлесе алмайды.
Міне осылай қарайтын болсақ, бұл бейшара бауырыңызда үш болмыс бар. Олар бір - бірінен өте ұзақ.
Біріншісі: Құран Хакимнің аса қымбат қазыналарының жаршысы тұрғысынан алғанда, маған уақытша берілген, Құранға ғана тиесілі бейнем бар. Сол жаршылықтың талабы бойынша менде өте жоғарғы мінез бар, ол менікі емес. Мен оның иесі емеспін. Олар сол орынның, сол міндеттің қасиеттері. Сол қырымнан алғанда менен не көрсеңдер де олар менікі емес. Менің ол жағыма қарамаңдар. Олар сол орындікі.
Екіншісі: Құлшылық уақытында, Аллаһтың құзырындағы кезімде Жаратушы Хақтың жарылқауымен маған бір болмыс беріледі. Бұл болмысымның кейбір қасиеттері, кейбір жағдайлары құлшылықтың негізгі мағынасы болған: "Кемшілігін білу, пақырлығы мен әлсіздігін түсіну, өзін төмен ұстап, Аллаһтың дәргейіне жалбарыну" тұрғысынан келеді. Ол жағым бойынша өзімді әркімнен артық бейбақ, әлсіз, пақыр, кемшілігі көп біреу етіп көремін. Бүкіл әлем мені мақтап, дәріптеп жатса да, өзімнің жақсы да кәміл жан екендігіме сендіре алмайды.
Үшіншісі: Шынайы тұлғам: Яғни Бұрынғы Саидтан қалған тұлғам. Ол да Бұрынғы Саидтан мирас болып қалған қасиеттер. Кейде рияға, даңққұмарлыққа деген қалау оянады. Сондай-ақ атақты әулеттен де емеспін. Сараңдық болып көрінетін үнемшілдігім, нашар мінезім бар.
Ей бауырлар! Сендерді өзімнен мүлдем алыстатып алмау үшін бұл бейнемнің көптеген кемшіліктерін және жағымсыз жақтарын айтпай-ақ қояйын.
Бауырларым ! Мен белгілі бір орным бар, қабілеттеріме сай адам емеспін. Өз бейнем, жаршылық және құлшылық міндеттерімдегі мінез-құлық пен жағдайлардан ұзақ.
Сондай-ақ,
қағидасы бойынша, Жаратушы Хақ мейірімді құдіретін осылай көрсетіп тұр. Ең елеусіз сарбаз секілді мына болмысымды ең жоғарғы маршалдық дәрежедегі Құран сырларының қызметіне жұмсауда. Жүз мың шүкір. Нәпсі - бәрінен төмен, атқарар міндет бәрінен жоғары.
ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП
Яғни:
"Сендерді тайпа - тайпа, ұлыс - ұлыс, ру - ру етіп жараттым. Осылайша бірін - бірі танысын, араларыңдағы қоғамдық өмірде бірі - біріне жәрдем етсін деп, әйтпесе сендерді бір - біріне бөтенси қарап, қастандық жасап, жау болсын деп ұлыс - ұлыс етпедім".
Бұл тақырып «Жеті мәселеден» тұрады.
Бірінші мәселе: Бұл аятта айтылып тұрған ұлы ақиқаттың қоғамдық өмірге қатысы болғандықтан, қоғамдық өмірден бас тартуды қалайтын Бүгінгі Саидтың тілімен емес, Исламның қоғамдық өмірімен байланысы болған Бұрыңғы Саидтың тілімен, лы Құранға қызмет ету мақсатында және орынсыз шабуылдарға тосқауыл қойсам деген оймен жазуға мәжбүр болдым.
Екінші мәселе: Осы аят ишара етіп тұрған "тану және жәрдемдесу қағидасын" түсіндіру үшін былай дейміз: Мәселен бір әскер дивизияға, дивизия полктарға, полктар батальондарға, роталарға, бөлімшелерге бөлінеді. Бұл, әрбір сарбаздың әркіммен әр түрлі байланыстары, сол байланыстарға қарай әр түрлі міндеттері бар екенін танып білуі, әрбір сарбаз бір - біріне көмектесу қағидалары бойынша, бүкіл әскердің негізгі міндетін атқаруы, қоғамдық өмірдің жаудың шабуылынан аман болуы үшін қажет. Әйтпесе, бұл бөлінулер
бір ротаның екінші ротаға, бір бөлімшенің екіншісіне қарсы әрекет етуі үшін емес. Дәл солайда да, Ислам әлемінің қоғамдық тұтастығы ұлыстар мен ұлттарға бөлінген - үлкен бір әскер.
Алайда оларды біріктіретін мыңдаған бірліктер бар. Жаратушылары бір, Рызықтандандырушылары бір, Пайғамбарлары бір, Құбылалары бір, кітаптары бір, отандары бір, бір, бір ... мыңдаған бір бірлер.
Міне осыншама бір - бірлер бауырластықты, махаббатты және бірлікті талап етеді. Демек, ұлттар мен ұлыстарға бөліну, осы аяттың айтып тұрғанындай, танысу үшін, жәрдемдесу үшін екен...теріске шығару, қастасу үшін емес.
Үшінші мәселе: лтшылдық пікірі осы ғасырда тым асқынып кетті. Әсіресе айлакер Европа залымдары мұсылмандардың арасына іріткі салып, жеке-жеке билеп төстеу үшін осы пікірді қоздырып тұр.
Сондай - ақ ұлтшылдық пікір, нәпсіге ұнайды. Алдамшы ләззат бар, қатыгез күш бар. Сондықтан қазіргі таңда қоғамдық өмірге араласып жүргендерге " лтшылдық пікірді таста" деуге болмайды. Бірақ, ұлтшылдық пікірі екі түрлі. Біріншісі - болымсыз, қатыгез, зиянды. Өзгені жұтумен қоректенеді. Басқаларға дұшпандық ету арқылы жалғасады. Сақ жүреді. Бұл, қастасу мен аласапыранға себеп болады. Сондықтан Хадис Шәріпте
деп бұйырады. Құран да:
деп бұйырады. Міне осы Хадис Шәріп пен Қасиетті Аят, болымсыз ұлтшылдық пен нәсілшілдік пікірді үзілді-кесілді қабыл етпейді. Өйткені Кемел де қасиетті Исламият қауымдастығы, оған мұқтаж емес. Үш жүз елу милионнан асатын қандай ұлт бар! Исламияттың орнына нәсілшілдік пікірі, сол пікір иесіне осыншама бауырларды, оның үстіне мәңгілік бауырларды тауып бере ала ма? Тарихта болымсыз ұлтшылдықтың зардаптары көп.
Мысалға: Әмәуилердің саясатына біраз ұлтшылдық пікірі араласқандықтан, Ислам Әлемін де ренжітті, өздерінің де басына көп пәлекеттер келді. Сондай - ақ, Еуропа халықтары осы ғасырда ұлтшылдық пікірін алға тартқандықтан, француздар мен немістердің арасындағы аса қатыгез жауласушылықты былай қойғанда Дүние Жүзілік Соғыстағы сұмдық оқиғалар, ұлтшылдықтың адамзатқа қаншалықты зиянды екенін көрсетті.
Бізде де демократияның алғашқы жылдарында болымсыз ұлтшылдық пікірімен (Вавилонның күйреуі кезеңінде адамдардың әр тілде сөйлеп кетуі мен халықтардың шағын топтарға бөлініп кетуі сияқты) Гректер мен Армяндар бастаған "клубтар" деп аталатын, адамдар арасына іріткі салатын көптеген ұйымдар пайда болды. Қазір солардың бәрінің де шетелдіктердің қармағына түсіп, қиын жағдайларға тап болуы, болымсыз ұлтшылдықтың зиян екендігін көрсетті.
Қазіргі таңда бір-біріне мұқтаж , біреуі екіншісінен бетер зұлымдыққа душар болған, бірінен бірі өткен кедей және шетелдіктердің табанының астында езілген. Мұсылман халықтардың арасында ұлтшылдық деген ойдың кесірінен, бір-біріне бөтенси қарау, бірін-бірі жау санау, айтып жеткізе алмайтын қасіретке айналды. Масаның шағуына қарсы қорғанып, улы жыландарға мән бермейтіндей есуастық жасап, айдаһардай Еуропаның тойымсыз араны ашық тұрғанда оларға мән бермей , тіпті солардың сойылын соққандай, ұлтшылдық сезіммен Шығыс аймақтардағы отандастармен немесе Оңтүстіктегі діндес бауырлармен жауласуы өте зиян. Оңтүстікте жау жоқ. Ол жақтан қауіптенудің қажеті жоқ. Оңтүстіктен жеткен Құран нұры бар. Исламият нұры келді, ол бізде бар, бүкіл жерде де бар. Міне ол діндастарға дұшпандық жасау, айналып барып Исламиятқа, Құранға тиеді. Исламиятқа, Құранға қарсы жауласу - бүкіл отандастардың екі дүниелік өміріне қастандық. лттың қоғамдық өміріне қызмет етемін деп жүріп, екі дүниенің ірге тасын талқандау жанашырлық емес, ақымақтық.
Төртінші Мәселе: Болымды ұлтшылдық, қоғамдық тіршіліктің ішкі қажеттілігінен бастау алады, өзара көмекке, ауызбіршілікке себеп болады. Пайдалы бір күш алуға себі тиеді, Ислами бауырластықты одан сайын бекіте түсуге дәнекер болады.
Осы болымды ұлтшылдық пікірі Исламға қызметші болуы керек. Қамалы, сауыты болуы тиіс. Алайда оның орнын баспауы керек.