Жетінші Лема
"Фәтх" сүресінің осы үш аятының көптеген мұғжизалық қырлары бар. Баяндауы Мұғжиза болған Құранның он түрлі мұғжизалық қыры болса, соның ғайыптан хабар беретін түрі осы үш аятта жеті-сегіз жағымен көрініп тұр.
БІРІНШІСІ. لَقَدْ صَدَقَ اللّٰهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا... الخ
(аяттың жалғасы бар)
Бұл аят Мекке қаласы азат етілмей тұрып, алдын ала нақты хабар береді. Екі жылдан соң дәл хабарлағанындай азат етілді.
ЕКІНШІСІ. فَجَعَلَ مِنْ دُونِ ذٰلِكَ فَتْحًا قَر۪يبًا
аяты былай дейді:
Худайбия келісім шарты, сырттай қарағанда Исламға зиянды секілді әрі Құрайыштардың біршама жеңісі тәрізді көрінгенімен негізінде Худайбия келісім-шарты іштей үлкен жеңіс және басқа да жеңістердің бастамасы болады. Шынымен, Худайбия келісімінен кейін темір қылыштар уақытша қынабына салынды. Алайда, Құран Кәрімнің найзағайдай алмас қылышы шықты да, жүректер мен ақылдарды жаулап алды. Осы екі жақты бейбіт келісім шарттың аясында бір-бірімен араласуға, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туды. Ислам құндылықтары мен Құранның нұры бірбеткей, өз дегенінен қайтпайтын, басқаны қабылдамайтын қауымның қырсықтық дейтін кедергі-қамалдарын бұзып, өз үкімін жүргізе бастады. Мысалы, соғыс өнерінің шебері Халид Бин Уалид және саясаттың кемеңгер ұстазы, ірі тұлға Амр Бин Ас сынды жеңілуді әсте мойындамайтын жандар Худайбия келісім-шартынан кейін Құрани құдіреттің алдында бас иіп, нұрлы қала Мәдинаға қарусыз, өз еріктерімен кіріп, дін Исламды қабылдады. Кейін Хазіреті Халид "Сәйфуллаһ" атанып яғни Аллаһтың қылышы болып Исламға адал да зор қызмет етті.
МАҢЫЗДЫ БІР СҰРАҚ. Әлемдердің Раббысы Аллаһтың ең сүйіктісі және әлемнің мақтанышы Расулуллаһтың (с.а.у.) сахабалары мүшриктерге қарсы Ухуд соғысының соңында және Хунейн ұрысының басында жеңіліс табуының хикмет-сыры не?
ЖАУАП. Ол кезде мүшриктердің ішінде кейін сахабалардың қатарына қосылатын атақты Хазіреті Халид сынды көптеген адамдар бар болатын. Аллаһ Тағала олардың келешекте атқаратын киелі қызметтері үшін ар-намыстарын, беделдерін сақтап, Иләһи хикмет болашақта атқаратын еңбектері үшін сыйлықтары алдын ала берілген. Демек, алдыңғы сахабалар өзінен кейінгі сахабалардан жеңіліп қалған. Осылайша, келешектің сахабалары қылыштан қорыққанынан емес, ақиқатқа деген құмарлықтан Исламды қабылдап, болмыстарындағы батырлық сезімі қаз-қалпында сақталып қалды.
ҮШІНШІ. لَا تَخَافُونَ
"Сендер сенімді түрде, еш қауіпсіз Қағбаны тауап етесіңдер!" дейді. Алайда, ол кезде араб сахарасындағы бәдәуи қауымдардың басым көпшілігі дұшпан, Мекке қаласының маңы мен
336
құрайыш тайпасының көпшілігі қаскөй, жат пиғылда болатын. Солай бола тұра, жақында ешбір қауіп-қатерсіз, "Қағбаны тауап етесіңдер!" деу арқылы бүкіл араб сахарасы бағынатындығына, Құрайыштар жаппай Исламға кіріп, жалпы бейбіт заман орнайтындығына нақты куәлік етіп, хабар беруде. Дәл солай болды да.
ТӨРТІНШІ.
аяты былай нақты хабар беруде: "Расуллуллаһтың (с.а.у.) әкелген діні барлық діндерден үстем болады". Алайда, дәл сол кездері миллиондаған өкілдері бар христиандық, яһудилік, буддизм секілді ескі діндер жүз миллиондық халқы бар Рим, Қытай, Иран секілді ірі елдердің ресми діндері саналып еді. Әлі өзінің шағын руына толық мойындата алмаған Мұхаммед (Алейһиссалату уәссәләм) әкелген дін бүкіл діндерден басым түсіп, барлық мемлекеттерді тізе бүктіретінінен хабар беруде. Бұл хабарды анық және нақтылап жеткізуде. Иә, бұл ғайби хабардың растығын Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін Ислам ақиқатының таралуы арқылы уақыт дәлелдеп берді.
БЕСІНШІ.
(жалғасы бар)
Бұл аяттың басында сахабалардың пайғамбарлардан кейінгі ерекше әдемі мінездері мен ізгі қасиеттері баяндалып, ең таңдаулы, жоғары мәртебелі кісілер солар болатындығын хабар берумен қатар, аяттың ашық мағынасы болашақта әрқайсысы өзіне тән хас сипатқа ие сахабалардың шығатынын хабарлайды. Ишари мағынасы арқылы Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеден озғаннан кейінгі Хулефа-и Рашидиннің халифалық дәуіріне ишара ете отырып, әрқайсысының ерекше қасиеттері жайлы сипаттап өтеді.
Мәселен, وَالَّذ۪ينَ مَعَهُ деу арқылы пайғамбарға ең жақын дос, жанашыр, сырлас және бәрінен бұрын қайтыс болып, тағы да Пайғамбарымыздың жанына бірінші болып баратын, Хазіреті Әбу Бәкір Сыддықты көрсетіп тұрса, اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ деу арқылы,
болашақта алпауыт мемлекеттерді бағындырып, әділдігі арқылы залымдарды жай отындай күйдірген, қаһарлы Хазіреті Омарды көрсетіп тұр.
Сондай-ақ, رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ деу арқылы, болашақта үлкен бүлікке дайындық жүріп жатқанда, мұсылмандар арасында қан төгілмеуі үшін өз жанын пида етіп, Құран оқу үстінде шейіт болған асқан мейірімді, жанашыр Хазіреті Османды ишара етеді.
деу арқылы билік пен халифалыққа лайық түрде, қаһармандықпен кіріскен және дүниеге әсте қызықпай тек, құлшылыққа берілген, өзі пақырлық пен үнемшілікті мықты ұстанған, әрдайым рукуғ пен сәждеде болатыны әркімге аян Хазіреті Алиді (р.а.) ишара қылады. Оның болашақтағы іс-әрекетінен, қаптаған бүлік-фитне кезінде соғыс жүргізгеніне жауапты еместігін, ниеті де, тілегі де Аллаһтың ризашылығын табу екенінен хабар береді.
АЛТЫНШЫ. ذٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ
аяты екі жақты ғайби хабар беруде.
БІРІНШІСІ. Хазіреті Пайғамбар Алейһисалату Уәссәләм сынды жазу-сызу білмейтін адамға ғайып саналатын Тауратта сахабалардың сипаттары баяндалатыны жайлы хабар береді. Он тоғызыншы Мектубта баяндалғанындай, ақырзаманда келуге тиіс пайғамбардың сахабалары жайлы Тауратта мынадай сөздер бар:
"Киелілердің байрақтары өздерімен бірге". Яғни, Оның сахабалары құлшылықтағы тақуалығымен, діндарлығымен, салих, жан тазалығымен ерекше мұқаддес яғни "киелі" деп сипатталды. Таураттың қаншама тілге аударылып, өзгергеніне қарамастан мына "Фәтх" сүресіндегі
مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ тұжырымын көптеген аяттарымен бекітіп, анықтай түсуде.
ЕКІНШІСІ. مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ сөзі былай дейді: "Сахабалар мен табиғиндер құлшылықта өте биік дәрежеге жететіні сонша, рухтарындағы нұр жүздерінен байқалып, сәждеге көп жығылудан пайда болған әулиелік таңба ретіндегі мөр, маңдайларынан көрінеді". Иә, болашақ бұл жағдайды анық әрі дәлме-дәл дәлелдеп берген-ді.
Қаншама бүліктер мен аласапыран заман болса да күні-түні мың ракағат намаз оқыған Зейн-ел Абидин, Таус-у Иемени тәрізді құптан намазының дәретімен таң намазын қырық жыл бойы оқыған көптеген салих жандар, әрине осы مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ деген хабарды растады.
ЖЕТІНШІ.
сөзінде екі жақты ғайби хабар бар.
Біріншісі. Үмми яғни жазу-сызу білмейтін Пайғамбарға беймәлім кітап саналатын Інжілдің сахабалар туралы хабар беретінін хабарлайды. Иә, Інжілде ақырзаман пайғамбарының ерекшелігі жайлы:
сынды аяттар бар. Яғни, былай дейді: "Хазіреті Иса (а.с.) секілді қылышсыз емес, қолына қылыш ұстаған бір пайғамбар келеді, жиһад етуге міндетті болады және оның сахабалары да қылышты әрі жиһад қылуға жауапты болады. Ол قَض۪يبِ حَد۪يدْ иесі, әлемнің Көшбасшысы болады".
Өйткені Інжілдің бір жерінде былай дейді: "Бүкіл әлемнің жетекшісі келетіндіктен мен кетіп барамын". Яғни, әлемге жетекшілік ететін кісі келеді", дейді. Олай болса, Инжілдің бұл екі хабарынан мынаны түсінуге болады: Сахабалар алғашында саны аз әрі қауқарсыз көрінеді. Алайда, егілген дән секілді өсіп-өніп, биіктеп, күш-қуатқа ие болған кезде кәпірлер ашу-ызадан жарылып кете жаздайды. Сол сәтте сахабалар қылыштарымен қауымдарды өздеріне бағындырып, қолбасшылары Расулуллаһ (с.а.у.) әлемге жетекші екенін, үлгі болар көсем екенін дәлелдейді. Бұдан мына "Фәтх" сүресінің мағынасын дәлме-дәл баяндап тұрғанын көруге болады.
ЕКІНШІСІ. Бұл сөз мынандай хабар беруде: Шынында сахабалар алғашында аз және қауқарсыз болуына байланысты Худейбия келісімшартын қабылдауға мәжбүр болатын. Бірақ, аз уақытта аса таңғаларлық жағдайға жетіп, әлгі нәрлі дәнектер өсіп-өніп, жайқала жайылып, ерекше күшке ие болады. Былай айтқанда, жер жүзі алқабында Құдайдың құдіретімен егілген дәндер, адамзаттың сол кездегі ғапылдықтың кесірінен әлсіз де нәрсіз, берекесі жоқ сабақтарының
орнына дәндер, өте мықты да жап-жасыл боп жайқала қаптап өседі. Уақыт өте қуаттанып, үстем де алпауыт ірі мемлекеттерді басып озады. Сонда кәпірлер қызғаныш пен ашу ызадан басқа қолдарынан дәнеңе келмей жарылып кете жаздайды. Иә, бұл ғайби хабарды болашақ дәлмедәл көрсетті. Бұл хабарда тағы бір астарлы да жасырын ишара мағына бар; Сахабалардың қасиеті жайлы сипаттаған кезде өте үлкен тағы бір сый берілетінін айтудың орнына مَغْفِرَةً деуі, болашақта сахабалардың арасында бүлік шығып, соның кесірінен ағаттықтар орын алатындығын білдіреді. Өйткені, "мағфират" сөзі яғни Аллаһтың кешірімі осындай ағаттықтың болатынын мегзейді. Міне сол кезде сахабалар үшін ең маңызды сыйлық Аллаһтың кешірімін алу мен жазадан құтылудан артық сый болмайды. مَغْفِرَةً сөзі де осы мағынаны білдіреді.
Олай болса, сүренің басындағы
сөйлемімен тығыз байланысты. Сүренің басындағы "лияғфира" сөзі кәдімгі біз білетін күнәлардің кешірімі емес. Өйткені, пайғамбарлардың исмәт сипаты бар яғни олар күнә істемейді, бейкүнә. Бұл пайғамбарға жарасатын мағына арқылы пайғамбарымызға "мағфират" сүйіншілеуі және соңында да сахабаларды да "мағфират" яғни кешіріммен сүйіншілеуі әлгі нәзік мағынаны одан әрі қуаттай түседі. Міне, "Фәтх" сүресінің соңғы үш аятындағы он түрлі мұғжизалы жақтарының тек ғайып түрінің жеті жағын баяндадық. Адамның қалау-еркі мен тағдырға қатысты жазылған Жиырма алтыншы Сөздің соңында осы ақырғы аяттың әріптеріндегі ғажайып мағынаға ишара етілген еді. Осы ақырғы аят өз сөйлемдері арқылы сахабаларға назар аудартып қана коймай, олардың болмыстарын рет-ретімен де көрсетіп беруде. Сөздерімен ғана емес, әріптердегі сандық ерекшеліктері арқылы да Бәдір, Ұхуд, Хунейн, Сүффе, Ридванда болған сахабалардың сипаттарына ишара етіп, абжад есебі бойынша да көптеген жағдайларды баяндайды.
Фәтх сүресінің соңғы үш аятындағы ишари мағынасы арқылы берілген ғайби хабарларға қатысты келесі аятта да дәл сол хабар, ишари мағыналар арқылы берілетіні жайлы баяндауды жөн көрдік.
ҚОСЫМША
Бұл аяттың мағынасындағы мыңдаған тылсымдардың екеуіне ғана ишара қыламыз.
БІРІНШІ ТҰЖЫРЫМ. Баяндауы мұғжиза болған Құран, мағынасы ашық аяттарымен ақиқаттарды жеткізумен қатар өзінің ерекше үлгісімен, көптеген терең мағыналарды баяндайды. Олай болса, әрбір аяттың көптеген мағыналары бар. Құран Кәрім, Жаратушының шексіз ілімінен келгендіктен оның мағыналары таусылмайтын қазына. Адамдардың жеке ой-пікірлері секілді аз ғана мағынамен шектелмейді. Осыған байланысты Құран аяттарын тәпсірлеушілер қаншама мағыналарды баяндаса да, әлі де ашылмаған талай сырлары, терең мағыналары бар. Әріптерінің өзінде ашық мағынасынан басқа астарлы, ишари қаншама сырлар мен маңызды ілімдер жатыр.
ЕКІНШІ ТҰЖЫРЫМ.
Бұл аяттың ишарасы бойынша адамзат әлеміндегі тура жолдағылар мен Аллаһтың нығметіне бөленгендердің қатарына пайғамбарлар тобы, сыддықтар, шәйіттер, салих құлдар, табиғиндер кіреді. Аятта Ислам әлеміндегі бес топтың ішіндегі ең маңыздысын сипаттаумен қатар, осы бес топтың имамдарының ерекшеліктерінен хабар берумен қатар, ғайби хабарлар арқылы сол топтардың басшылары туралы да хабар береді.
Міне, مِنَ النَّبِيّ۪نَ деу арқылы ап-анық Хазіреті Пайғамбарды (с.а.у.) меңзеп отыр. وَالصِّدّ۪يق۪ينَ деу арқылы Әбу Бәкір Сыддықты көрсетіп тұр. Сондай-ақ, оның Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін екінші және Оның орнына бірінші халифа болып келетіндігін және "Сыддық" есімі бүкіл үмметтің оған берген ерекше қасиеті екендігін
және сыддықтарға көшбасшы болатынын баяндауда وَالشُّهَدَٓاءِ сөзі арқылы, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуін қатар айтуда. Бұл үшеуі Сыддықтан кейін халифалықты қолға алатындығын және үшеуі де шәйіт болатынын ғайби түрде, ишарамен хабар беруде. وَالصَّالِح۪ينَ сөзі арқылы, Суффә тобы, Бәдір тобы, Ридван тобы секілді ерекше топтарға ишара етіп, وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөзімен ашық түрде олардың ізінен еруге құлшындырады, табиғиндердің соларға еруін абыройлы да әдемі етіп көрсетеді. Сондай-ақ ишари мағынасы арқылы, اِنَّ الْخِلَافَةَ بَعْد۪ى ثَلَاثُونَ سَنَةً деген хадистің үкімін растаған және алдыңғы төрт халифадан кейінгі бесінші халифа болған және халифалық мерзімі қысқа да болса өте маңызды болған Хазіреті Хасанды (р.а.) көрсетеді.
Сонымен: "Фәтх" сүресінің соңғы аяттары төрт халифаны атап қана қоймай, ғайби ишаралары арқылы олардың болашақтағы жағдайларына да назар аудартады. Міне, Құранның мұғжизаларының бірі ғайыптан хабар беру және бұл түрдің де сәуле шуақтары Құран аяттарында көп кездесетіні сонша, санап шығу мүмкін емес. Кейбір ғалымдардың қырық-елу аятпен шектеуі тек бергі жағы, ал шындығында мыңнан асады. Кейде бір аяттың өзінен төрт-бес жақты ғайби хабар табылады.
{(Сілтеме): Бауырларым екі түсініктеме де пайдалы деп, екеуін де жазыпты. Біреуі де жеткілікті болар еді.}
ҚОСЫМШАҒА ЕКІНШІ БІР ТҮСІНІКТЕМЕ
Осы "Фәтх" сүресінің соңында ғайби ишараны қуаттайтын һәм, "Фатиха" сүресіндегі "сырат-ы мустақим өкілдері яғни тура жолдағылар кімдер екенін һәм, صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ аятында кімдер жайлы баяндаған, сонымен қатар мәңгі әлемге бастайтын ұзақ сапарда өте нұрлы, әсем де жарқын әрі ауқымы кең көпшілікті
қамтитын тартымды топты көрсеткен және имандылар мен саналы жандарды әлгі топқа еруді, оларға серік болуды керемет әрі нақты түрде бұйырған осы аят:
Тағы да "Фәтх" сүресінің соңғы аяты тәрізді шешендік ілімінде "маариз-ул кәлам", "мүстетбеаат-үт тәракиб" деп аталатын мақсұт мағынасынан басқа ишари, рәмзи мағынасына үңілер болсақ төрт халифаға және бесінші халифа Хазіреті Хасанға (радиаллаһ анһу) ишара етіп тұр. Ғайби оқиғаларды бірнеше жақтан меңзеп отыр.
Мына аят, ашық мағынасы арқылы Аллаһтың ең үлкен нығметі болған сырат-ал мустақим, яғни тура жол нәсіп болған әнбияларды, содан соң сыддықтарды, яғни адал жандарды, сосын шәһидтер мен салих құлдарды, табиғин және мухсин пенделерді жеке-жеке атап көрсетеді. Сонымен қатар Ислам әлемінде де сол топтардың ең озық, ең абзал кісілер екендігіне ишара бар. Сондай-ақ, ақырзаман пайғамбарының ізбасарлары, күллі пайғамбарлар мен сыддықтардың жолын жалғастырушы сыддықтар тобына және үш шәһид халифаның шәһадат мәртебесімен байланысы бар шәһидтер тобына, сондай-ақ,
аятының мәнісін көрсеткен салихин тобына және
аятының мәнісін үлгі еткен сахабалардың және төрт халифаның салған жолымен жүрген табиғиндердің болмысына ишари түрде ғайби хабар бергеніндей, وَالصِّدّ۪يق۪ينَ сөзі арқылы да Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін оның орнына отыратын, халифасы болып, үмметі "Сыддық" деп атаған Хазіреті Әбу Бәкірдің көшбасшы болатындығынан да хабар береді. وَالشُّهَدَٓاءِ сөзі арқылы төрт халифаның үшеуі шәһид болатынын хабарлап, Сыддықтан кейін үш шәһид халифа болатындығын айтады. Өйткені, وَالشُّهَدَٓاءِ шәһидтер деген
сөз. Ал көпше түрдің ең азы үшеу. Демек, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуі де Сыддықтан соң Исламияттың басшылығын қолға алады және шәһид болады дейді. Бұл оқиға дәл хабардағыдай болды.
Сондай-ақ, وَالصَّالِح۪ينَ сөзінің білдіруі бойынша Әһл-і Сүффа деп аталған өмірін құлшылықпен өткізген, Таураттың мақтауына лайық болған тақуа жандардың болашақта көп болатындығынан хабар береді.
وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөйлемі сахабаларға ілім мен амал жағынан ең жақын болатын табиғиндердің ахуалынан хабар береді. Мәңгілік жолындағы осы төрт топтың бір-бірімен тамаша қарым-қатынасын көрсетуімен қатар Хазіреті Хасанның (р.а.) халифалық кезеңі бірнеше ай ғана болатындығын жеткізеді.
Яғни, Пайғамбарымыздың اِنَّ الْخِلَافَةَ بَعْد۪ى ثَلَاثُونَ سَنَةً және
хадистеріндегі мұғжизалы ғайби хабарларды расқа шығарған. Яғни, мұсылмандардың екі үлкен әскері мен екі ауқымды жамағаттың арасын жарастырған, ірі жанжалды басқан Хазіреті Хасанның (р.а.) аз мерзімдік билігін соншама маңызды етіп көрсетіп, халифалықта оны бесінші халифа ретінде айқындау мақсатында وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөйлемі арқылы оның есіміне "сөз арасындағы терең мағына" деп аталатын шешендік ілімімен ишара еткен.
Міне, осындай белгілі хабарлардан басқа да көптеген сырлар бар. Тақырыпқа қатысы болмағандықтан әзірге олардың сыры ашылмады. Құран Хакимнің көптеген аяттары ғайыптан хабар береді. Мұндай ғайып хабарлар Құранда мыңдап кездеседі.
*Мүфәссир бұл жерде терең тақырыпты қозғап, тәвафук яғни Құран әріптерінің өзара сәйкестігіне тоқталып, әбжәд есебімен күрделі мағына шығарғандықтан өреміз жетпей, аттап өтуді жөн көрдік.
Қызығушылық танытқандар түпнұсқасынан оқиды деп ұйғардық.