Отызыншы Леманың екінші тұжырымы
аятының бір тұжырымы және Исм-і Ағзам немесе Исм-і Ағзамның алты нұрының бір нұры "Адл" есімінің бір сәулесі, бірінші тұжырым секілді ол да Ескішеһирдегі түрмеде отырғанымда алыстан көрінді. Оны түсінікті қылу үшін тағы да тәмсіл-мысалдама пайдаланамыз.
Мына ғалам бейне бір сарай іспетті. Ол сарайдың ішінде әрдайым бірде қирап, бірде жөнделіп жатқан аумалы-төкпелі бір шаһар бар секілді. Ал шаһардың ішінде әрқашан соғысып, көшіп-қонып жатқан бір мемлекет бар. Ал ол мемлекеттің ішінде әрдайым өлім мен өмір арасында шыр көбелек айналған бір әлем бар. Бір ғажабы манағы сарайда немесе шаһарда, мемлекетте, әлемде таңғажайып тепе-теңдік, үйлесім, өлшем сақталып, мұқият есептеулі. Демек, бұл бізге мына сансыз болмыста болып жатқан құбылыстар мен кіріс-шығыстар, әрқашан бүкіл ғаламды бірден көретін, назарынан сырт қалдырмайтын бір Құдіреттің таразысымен өлшеніп, соның есебімен жүзеге асатынын дәлелдейді.
Әйтпесе, бір өзі мыңға жуық уылдырық шашатын балықтардың неше түрі бар. Өсімдік тұқымдас "апиын" деп аталатын бір гүл, жиырма мың тұқым шашады екен. Осындай селдей тасыған тіпті, құжынап басып қалуға дайын тұрған себептер мен әлгі керемет жүйені бұзуға әзір анталаған құбылыстардың тізгіні жоқ болса, немесе мақсатсыз, содыр кездейсоқтық пен өлшем білмейтін соқыр қуат, меңіреу табиғат жасайды десе, манағы жаратылыстар тепе-теңдік, әлемнің жүйесі астан-кестен болар еді. Бір жылдың ішінде тіпті бір күнде ойраны шығады, яғни теңіз әбден былығып иістеніп кетер еді, ауа зиянкес нәрселермен уланып мүлдем кірленер еді. Жер шары мал сойылатын құсханаға ұқсап, нәжіске толы ұйық секілденіп кетер еді. Дүние күлқоқысқа айналар еді.
Алайда, хайуанаттардың денесіндегі жасушалардан және қандағы ақ-қызыл түйіршіктерден, зәррелердің қозғалуынан, дене мүшелерінің үйлесімді орналасуынан бастап, сонау теңіздердің кіріс-шығысына, жерасты суларының ағуы мен толуына шейін, сонау жануарлар
мен өсімдіктердің тууы мен өлуіне, күз бен көктемдегі ескіру мен жаңаруға дейін, элементтердің, жұлдыздардың қозғалысы мен атқарар қызметтеріне шейін, сондай-ақ, өлім мен өмірдің, жарық пен қараңғының, жылу мен суықтың орын ауыстыруына, тоғысуына, алмасуына дейінгі құбылыстар өте керемет тәртіппен реттеліп, нәзік таразымен тартқандай дәл өлшеммен жүзеге асуда. Одан ешкім, ешқашан ешбір жерінде нағыз ысырап, бос әбестік таба алмайды. Ғылым барлық нәрседе аса керемет тәртіп, өте тамаша өлшем, реттілік көріп, өздері де соны көрсетіп отыр. Тіпті, ғылым дегеніміз сол тәртіп пен өлшемнің бір көрінісі, біздің тілге аударатын тілмашы.
Бері кел! Күн мен әрқайсысы, әртүрлі он екі ғаламшардың өзара жүйесіне қара! Апырым-ай, бұл тәртіп пен жүйе Күннен бетер анық түрде Адл, Қадир бір Зат-ы Зүлжәлалды көрсетіп тұрған жоқ па? Әсіресе, сол ғаламшардың біреуі, біздің кемеміз Жер шарына қарайық. Бір жылда жиырма төрт мың жылдық қашықтықты айналып, саяхат етеді. Адам айтқысыз жылдамдығымен үстінде орналасқан, жинаулы тұрған жаратылыстарды шашпай-төкпей, айналаға лақтырып жібермей зымырайды. Егер жылдамдығы бір сәт артып кетсе не азайып қалса тұрғындарын жан-жаққа ұшырып жіберер еді. Бір минут тіпті, бір секундқа жүйе бұзылса дүниеміз қирап, тіпті басқа бір ғаламшармен соқтығысып қиямет-қайым болуы ғажап емес. Әсіресе, жер бетіндегі өсімдіктер мен хайуанаттардың төрт жүз мың түрінің өсіп-өнуі мен шіріп-қартаюы, қоректенуі мен тұрмыс тіршілігі кезіндегі өте рақымды реттілік пен тәртіп керемет-ақ! Жарық Күнді қалай көрсетсе дәл сол секілді бұл құбылыстар да бізге бір ғана Адл, Рахим Аллаһты көрсетеді. Әлгі сансыз түрлердің, сансыз тұлғалардың бір тұлғасының өз ағзасы, сезім мүшелері дәлме-дәл өлшемдері өзара үйлесімдері, реттілігі арқылы Адл, Хаким Аллаһты анық көрсетуде.
Сондай-ақ, әрбір хайуанның денесіндегі жасушалардың, қан тамырларының, оның ішіндегі түйіршіктердің, ондағы зәррелердің өзара күрделі әрі дәл, таңғажайып үйлесімділігі бізге, барлық нәрсенің тізгіні қолында, барлығының кілті тек өзінде, бір ісі бір ісіне кедергі туғызбайтын, бүкіл нәрсені бір түйір нәрсе секілді оп-оңай басқаратын бір ғана Адл, Хаким жаратушының таразысымен, заңымен, жүйелі әмірімен басқарылып, тұрғандығын дәлелдейді. Ертең қиямет күні ұлы сотта " лы әділет" атты үлкен таразыға адамдар мен жындардың
амалдарының тартылатынын ақылға сыйымсыз деп сенбейтіндер, жаңа аталған және өз көздерімен көріп жүрген керемет тәртіп пен күрделі жүйеге үңіліп қарай алса, әлбетте күпірліктен бас тартар еді.
Ей, ысырапшыл, үнемдеуді білмейтін! Ей, залым, әділдікке мойынсұнбайтын адам! Ей, кір қожалақ бейбақ! Бүкіл әлем, болмыс атаулы қатаң сақтайтын үнемділік, тазалық, әділдік ережелерін бұзғандықтан оларға жаппай қарсы шығып, олардың ашу-ызасын келтіріп отырсың. Олар сенен жиіркеніп жақтырмайды. Кімге сеніп, зұлымдық жасап, ретсіз, өлшемсіз әрекет етіп, ысырап қылып, тазалық сақтамай бүкіл жаратылысты ашуландырудасың!?
Хаким есімінің ұлы сәулесі болған ғаламдағы жаппай хикмет пен үнемділік, ешбір жерде ысыраптың болмауы бізге ысырап қылмай, үнемді пайдалануды бұйырады. Адл есімінің әсерінен пайда болған әлемдегі толық Илаһи әділдік, барлық заттың реттілігін жіті қадағалап отыр. Адамзатқа да әділ болуды бұйырады. Рахман сүресінде:
деп келетін аяттағы төрт мәрте, төрт түрлі таразыға ишара ететін төрт рет таразы мағынасындағы "мизан" сөзі әлемде өлшемнің қаншалықты маңызды екенін, өлшемді болудың бәрінен де жоғары тұратынын білдіреді. Рас, ешнәрседе ысырап болмайтыны секілді ешбір нәрседе нақты мағынада зұлымдық артық не кем жоқ.
Аллаһтың «Құддус» есімінің ұлы сәулесінен пайда болатын танзиф (тазарту), незафет (тазалық) ақиқаттары бүкіл әлемдегі жаратылысты тазартып, әдемі етіп отыр. Адамның лас қолы жетпейтін жерден, тура мағынада ешбір кір, лас жаман нәрсе көре алмайсың. Сонымен, Құранның ақиқаттарынан, Ислам дінінің негіздерінен болып саналатын "әділет, үнемділік, тазалық" қағидасы қоғам өмірінде қаншалықты сақталуы қажет ереже, заң екенін біл! Құранның үкімдері әлеммен тығыз байланысты, әлемге терең тамыр жайып, құшақтап тұр. Ал, осы ақиқаттармен санаспау, оны бұзу - әлемді бұзу, өңін өзгерту сияқты қисынсыз нәрсе екенін біл! Осы аталған үлкен үш зия (жарық) секілді рахмет (мейірім); инает (жәрдем); хафизиет (сақтау) тәрізді жүздеген ауқымды ақиқаттар Хаширді, Ақыретті талап етеді. Солай бола тұра,
бүкіл әлемде, жаратылыста үкімі жүріп тұрған рахмет, инает, адалет, хикмет, иқтисад (үнемділік), нәзафет (тазалық) сықылды аса күшті, шексіз ауқымды ақиқаттардың мейірімсіздікке, зұлымдыққа, әбестікке, ысырапқа, ластыққа, хикметсіздікке айналып кетуі мүмкін бе? Құдай сақтасын, олай болуы әсте мүмкін емес!
Бір шыбынның тіршілік етуі үшін, оның өмір сүру шарттарын рахымды түрде жасап, қауіптен сақтап, оны тірі қылып отырған Иләһи рахмет пен хикмет, хаширді жаратпай яғни қайта тірілтпей, барлық саналы пенделерінің өмір ақысын жеп, сансыз болмыстың шексіз құқын аяқ асты етуі мүмкін бе?! Егер айтуға болатын болса, рахмет пен қамқорлыққа келгенде және әділдік пен хикметке келгенде өте зор мән беріп, мұқияттылық танытатын Рубубиет, сондай-ақ өзінің кемелдігін көрсету үшін, және өзін таныстырып жақсы көргізгісі келетін, сол үшін де әлемді неше түрлі ғажап өнерімен нығметтермен безендірген Улухиет, әлгіндей кемелдікті жойып жіберетін, барлық жаратылыстың құнын түсіріп тастайтын, жоққа шығаратын, қайта тірілтуді қаламайтын хаширсіздікке, яғни мәңгі бақытқа қарамақайшы, ақыреттің болмауына рұқсат береді деп ойлайсың ба? Жо-жоқ! Жамал-ы Мұтлақ мұндай сұмдық келеңсіздікке әсте жол бермейді. Ақыретті жоққа шығармақ ойы бар адам, әуелі бүкіл әлемді ішіндегі барлық ақиқаттарымен, жаратылыстардың болмысымен қоса жоққа шығаруы тиіс. Әйтпесе, дүние бүкіл ақиқаттарымен жүз мың тілде оның өзін өтірікке шығарып, осындай сорақы ісін әшкерелеп, өтірігін бетіне басады. Оныншы Сөз нақты дәлелдер арқылы Ақыреттің болмысы да дүниенің болмысы секілді өте анық, еш шүбәсіз екенін дәлелдеген болатын.
Исм-и Ағзамның алты нұрынан үшінші нұрына ишара қылатын
аятының бір тұжырымы және Исм-и Ағзам немесе Исм-и Ағзамның алты нұрының бір нұры болған "Хакем" есімінің бір сәулесі, қасиетті Рамазан айында көрінген болатын. Оған тек ишара қылатын үшінші Тұжырым асығыс жазылды. Бұл тақырып бес түйіннен тұрады. Алғашқыда қағазға қалай жазылса солай көшірілді.
Үшінші тұжырымның бірінші түйіні. Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, Хакем есімінің ұлы әсері, оның сәулесі мына ғаламды бір кітаптай реттеп, тәртіппен жаратқан. Иә, ғалам бейне бір әрбір парағында жүз кітап жазулы, әрбір жолы жүздеген парақты қамтитын, әрбір сөзі жүздеген жазу жолдарына татитын, әрбір әрпінің астарында жүздеген сөздер жататын, әрбір нүктесінің үстінде кітаптың қысқа мазмұны табылатын ғажайып бір кітап тәріздес. Бұл кітаптың парақтары, жолдары тіпті сонау нүктелеріне дейінгі жүздеген қыры өзінің Жазушысын ап-анық көрсететіні сондай, кітаптың болмысынан да анық түрде жазушысының болмысын, жалғыз екенін дәлелдейді. Өйткені, бір әріп өзінің болмысын бір әріптей ғана көрсететін болса, өзін жазған жазушыны бір жол жазудай анық көрсетеді.
Иә, әлгі алып кітаптың бір парағы жер беті. Ол парақта қанша өсімдіктер мен хайуандар болса сонша кітаптар бар. Олар көктем сайын өзара аралас-құралас, бір уақытта, еш қатесіз, өте тамаша түрде жазылып жататыны көзге көрініп-ақ тұр. Әлгі парақтың бір жолы бір бақша. Ол бақшада қанша гүл-шешектер, ағаштар мен өсімдіктер болса сонша керемет қасида, жыр-дастандар тәрізді бәрі бірге, қатесіз жазылған, оған өзіміз де куәміз. Манағы жазу жолының бір сөзі болса, гүлдеп жеміс бергелі тұрған, жапырағы мол бір ағаш іспетті. Ол сөз дағы өзінде қанша жапырақ, гүл, жеміс болса сонша, Хаким-і Зүлжалалды мақтап-мадақтайтын, мағынасы терең ой-тұжырымдар боп есептеледі. Бейне бір әлгі ағаш өзі секілді гүл ашқан жеміс ағаштары секілді ол да өзін жаратқан Шебер Аллаһты мадақтап тұрған тамаша жыр-дастан тәрізді.
Құдды бір Хакем-і Әзәлидің өзі жер атты көрмесінде жайып тастаған таңғажайып, керемет жаратқандарына мыңдаған көзбен қарағысы келетіндей.
Әрбір ағаш та, әлгі Әзәли Сұлтан берген тамаша сый-кәделерін, медаль, орден секілді тағып алып, өздерінің мерекесі, салтанатты шеруі болған көктемде Әлгі Әзәли падишахтың назарына ұсыну үшін осылайша безеніп, тап-тұйнақтай киініп алғандай. Оларға хикметке толы болмыс берілгені сонша, әрбір гүлінде, әрбір жемісінде көптеген сырлар, дәлел-айғақтар бір-бірінің ішіне орналасқандай. Солар арқылы Шебер Суретші, Өрнекші, Иесінің болмысына, көркем есімдеріне куәлік етеді. Мәселен, әрбір гүлдің, әрбір жемістің белгілі бір өлшемі бар. Ол өлшемде жүйе бар, ал ол жүйе әрдайым жаңарып отыратын реттеу, өлшеу арқылы жүзеге асады. Ал ол өлшем мен реттеу болса әдемі өнер арқылы жасалады. Ал ол әдемілік пен өнер болса мағыналы хош иістер мен хикметке толы тәтті дәмдермен көмкерілген. Сондықтан әрбір гүл, өзінің ағашында қанша гүл болса сонша рет Хакем-і Зүлжәлалға ишара қылып, одан хабар береді. Бір сөз тәрізді мына ағаштың, бір әріп секілді бір түйір жемісіндегі бір нүкте іспеттес дәнінде, сол ағаштың толық мазмұны, барлық бағдарламасы сақтаулы. Ол бір сиқырлы сандық, сырға толы қобдиша тәрізді. Тағысын тағы...
Осылайша ғалам кітабының бүкіл жазу жолдары, парақтары Хакем және Хаким есімдерінің шуақтарымен тіпті, әрбір парағы ғана емес, тіпті әрбір жолы, әрбір сөзі, әрбір әрпі, әрбір нүктесі мұғжиза бейнесінде жаратылған. Бүкіл себептер жұмылса бір нүктесінің ұқсасын жасай алмасы хақ, әсте оған қарсыласа алмайды.
Иә, осы ғалам атты ұлы Құранның әрбір тәкуәни аяты өзінің қанша нүктесі, қанша әрпі болса сонша мұғжизалар көрсететіндіктен, әлбетте есерсоқ кездейсоқтық, соқыр күш, өлшемді білмейтін мақсатсыз, меңіреу табиғат ешбір тұрғыдан әлгі хикметке толы көреген, дәл өлшемді де күрделі тәртіпке әсте араласа алмайды. Егер араласқан болса міндетті түрде бұрыстық, ақау табылар еді. Алайда, (Әлемде) қандай да бір тәртіпсіздік, ретсіздік жоқ.
Бірінші Мәселе. Оныншы Сөзде баяндалғанындай, шексіз камалдағы бір жамал (сұлулық) және шексіз сұлу бір камал (кемелдік) әлбетте өзін көргісі, көрсеткісі келеді, яғни жасырын қалмай өзінің
кереметтігін паш еткісі келеді. Бұл пікір өте негізі мықты қағида. Міне, осы жалпыға ортақ негізгі қағидаға орай, мына алып ғалам кітабының авторы, Наққаш-ы Әзәли осы ғалам арқылы, ғаламның әрбір парағы арқылы, әрбір жолы, тіпті әрбір әрпі, әрбір нүктесі арқылы өзін таныстырғысы, кемелдігін білдіргісі, жамалын көрсеткісі келеді, өзін жақсы көруді қалайды. Сол үшін де ең ұсақ бөлшектен бастап ең күлли нәрсеге дейін, әрбір болмыстың бірнеше тілімен өзінің жамалын, кемелін таныстырып отыр. Сүйсіндіріп, жақсы көргізуде.
Уа, ғапыл жан! Осындай Хаким-і Хакем, Хаким-і Зүлжалал уәл Жамал әрбір жаратқан нәрселері арқылы өзін саған осылай шексіз айқын, жарқын түрде таныстыруды, сүйсіндіруді қалап тұрғанда, сен оның таныстыруына жауап ретінде иман етіп, танымасаң, оның сүйсіндіруінің ақысы ретінде құлшылық етіп, өзіңді Оған сүйсіндірмесең, бұл әрекетің қаншалықты тоңмойындық мүлдем көрсоқырлық, надандық әрі саған жан-жақты зиян екенін біл, есіңді жи!
Екінші түйіннің екінші мәселесі. Мына ғаламның иесі Сани-ы Қадир уә Хакимнің иелігіне басқа біреудің араласуы, ортақ болуы мүмкін емес. Өйткені, барлық жерде шексіз керемет тәртіп болғандықтан, ширкті яғни ортақ болуды қабылдамайды. Себебі, бір іске бірнеше қол араласса, іс былығады. Бір елде екі патша, бір шаһарда екі әкім, бір ауылда екі басшы болса ол елдің, шаһардың, ауылдың ешбір ісі оңбай, тоқырайтыны белгілі. Тіпті, қарапайым бір жауапты қызметкер өз ісіне басқаның араласуын қабылдамайды. Бұл бізге әкімшіліктің негізгі тұжырымы, қатаң талабы тәуелсіздік, даралық екенін көрсетеді. Демек, тәртіп Уахдетті (жалғыздық), әкімшілік жеке даралықты талап етеді. Жалпы әкімшіліктің, яғни Иләһи Рубубиеттің уақытша көрінісінің өзі көмекке мұқтаж, әлсіз адамзат әлемінде басқаның араласуын қабылдамай, оған титтей де жол бермей жатса, әлбетте Қадир-і Мұтлақтың Рубубиет дәрежесіндегі нағыз әділ, Иләһи әкімшілігі міндетті түрде бар пәрменімен басқаның араласуын қабылдамауы қатаң талап, заңдылық. Егер бөтен біреу титтей де араласқан болса жүйе бұзылар еді.
Бірақ, мына ғаламның жаратылысына назар салып қарасақ, бір дәнекті жарату үшін бір ағашты жарата алатын құдірет қажет. Бір ағашты жарату үшін әлемді жарата алатын құдірет-күш керек. Егер Аллаһтан басқа ғаламға әсер ететін бөтен құдірет болса, ол ең ұсақ
дәнектің жаратылысында да үлесі болуы керек. Өйткені, ол ағаштың үлгі мысалы мазмұны. Сонда алып әлемге сыймайтын екі Рубубиет билік бір дәнектің ішіне тіпті бір зәрренің ішіне орналасқан болды ғой. Бұл әрине сандырақтың сандырағы, қисық қиялдың сорақысы, мағынасыз бос даурықпа ғана, ақылға мүлдем кереғар пікір. Алып ғаламды барлық хал-ахуалымен өзінің әділ таразысымен, хикметке толы өлшемімен басқарып отырған Қадир-ы Мұтлақты әлсіз деп ойлау, тіпті, бір дәнектің ішінде басқа Құдай бар деп сену яғни ширк пен күпірлікке түсу қаншалықты ақылға сыйымсыз жалған пікір десеңші! Ал, Тәухид яғни бәрін бір Аллаһ жаратты деу күмәнсіз дәреже хақ, нағыз ақиқат. Солай болуы керек, сөзсіз солай! Осы ақиқатты біл, "Әлхамдулиллаһи аләл Иман!" де!
Үшінші түйін. Сани-ы Қадир өзінің Хакем және Хаким есімдерімен мына әлемнің ішіне мыңдаған жүйелі әлемдерді орналастырған. Ол әлемдердің ішінде хикметтерге ең көп бөленуші адамзатты таңдап оны орталық негіз етіп жаратқан. Ғаламдағы маңызды хикметтер мен пайдалар адамды айнала қоршап, онымен тығыз байланыста. Адамзат әлеміне ризықты орталық еткен. Адамзат әлемінде көптеген хикметтер мен пайдалар сол ризықпен тікелей байланысты әрі сол арқылы көрініс табады. Адамдағы сана мен рызықтың ләззаты арқылы Жаратушының Хаким есімінің сәулесі жарқын көрінеді. Сондай-ақ, адами сана арқылы анықталып жатқан жүздеген пәндердің әрқайсысы Хакем есімінің бір сәулесін түсіндіріп береді.
Мәселен, дәрігерлік пәнінен: "Мына әлем неге ұқсайды?" деп сұраса, ол былай дер еді: "Ішіне небір дәрі-дәрмек рет-ретімен жинастырылған, өте тыянақты жасалған, керемет алып дәріхана".
Химия пәнінен: "Мына жер шары неге ұқсайды?" десе, "Өте тамаша, бір міні жоқ зертхана, зерттеу орталығы" деп жауап берер еді.
Техника ғылымынан сұралса: "Ешбір ақауы жоқ, өте керемет зауыт, фабрика" дер еді.
Егіншілік ілімі: "Өнімді молынан беретін, қандай да болсын дәндерді мезгілінде үлгертетін егіс алқабы, керемет бау-бақша" дер еді.
Сауда-саттық ілімі: "Таңғажайып көрме, өте жүйелі базар, өте шебер жасалған заттар сатылатын дүкен" дер еді.
Аспаздық, дұрыс тамақтану ілімі: "Өте тамаша, азық-түліктің небір түрі табылатын қойма" дер еді.
Тамақ өнеркәсібі: "Жүз мыңдаған тәтті тағамдар бірге салынғанымен еш араласпай, өте жүйелі түрде пісірілетін Раббани асхана, Раббани қазан" дер еді.
Әскери ілім: "Жер шары әскери лагер. Көктем сайын құрамы жаңарған, сақадай сай сарбаздармен толықтырылады. Жер беті әскери шатырларға толып, ішінде төрт жүз түрлі ұлт өкілдері әлгі әскери бөлімшеде борышын өтеп жүрсе де әрқайсысының азығы бөлек, киімдері басқа, қару-жарақтары өзгеше, тағылымдары мен босатылу мерзімдері әртүрлі, сөйте тұра өте жүйелі түрде ешқайсысын ұмыт қалдырмай, шатастырмай бір ғана Ағзам қолбасшының әмірімен, күш-қуатымен, мейірімімен қамтамасыз етіліп, мол қазынасынан бүкіл қажеттіліктері қамтамасыз етіліп, керемет басқарылуда" дер еді.
Электр пәнінен сұраса, әлбетте былай дер еді: "Мына зәулім ғалам атты сарайдың төбесі өте ретті, өлшемді түрде сансыз электр шамдарымен безендірілген. Таңғажайып жүйелі, дәлме-дәл өлшемді екені сонша, Күннен бастап сонау жер шарынан мың есе үлкен аспани шамдар, әрдайым жанып тұрса да тепе-теңдігін бұзбай, жарылып кетпей өрт шығармай әрдайым жарқырап тұр. Жұмсалатын шығындары қыруар бола тұра, ол шығындары мен жанармайлары қайдан келіп жатыр? Қалай таусылып қалмайды? Жану жүйесі қатаң сақталуда. Кішкене шамның өзін мұқият бақылап отырмаса сөніп қалады емес пе? Астрономия пәнінің мәліметі бойынша, көлемі жер шарынан миллион есе үлкен және миллион жыл бұрын жаратылған Күнді
{(Сілтеме): Япыр-ау, дүние атты сарайға жарық беріп тұрған шам тәріздес Күнді яки алып лампаны солай жарық қылып тұру үшін қанша отын кететінін есептеп көрейікші. Тек бір күнгі жарық, жылуы үшін астрономдардың есебі бойынша, жершарынан миллион есе көп көмір және теңіздің көлеміндей жанармай керек екен. Енді, ойлап көр Күнді көмірсіз, газсыз осылай жарқыратып қойған Қадир-ы Зүлжәлалдың құдіретіне қанша рет "Сүбханаллаһ, Машаллаһ, Бәрекаллаһ" деуіміз керек!}
еш көмірсіз, жанармайсыз жандырып тұрған Хаким-и Зүлжәлалдың шексіз хикметіне, асқан құдретіне қара! «Сүбханаллаһ» де! Күн қанша уақыттан бері жанып тұрған болса, сонша минуттардың ашираты, яғни оннан біріндей мөлшерде «Машаллаһ, Бәрекелді, Ләиләһә иллаллаһ» сөздерін қайтала! Демек, мына аспани шамдарда өзара таңғажайып тәртіп бар. Және оларды өте мұқият қадағалап отыр. Әлгі, сансыз жымың қаққан, алып нұрлы шамдар секілді жұлдыздардың бу қазаны, бұлағы қайда десең, бір риуаятта ыстық оты әсте азаймайтын Жәһаннам екен. Ол нұры жоқ ыстық жалын шашып тұрады екен. Ал,
манағы электр шамдарының жарығын өндіруші, орталық станция болса, мәңгі бақи нұры өшпейтін Жәннат екен. Сондай-ақ, Аллаһтың Хакем және Хаким есімдерінің шексіз нұр-сәулесімен әрдайым жарқырап тұрады. Тағысын тағы... Осы пәндер секілді жүздеген пәннің әрқайсысы мына ғалам керемет тәртіпті түрде, шексіз хикметтерге, пайдаларға негізделіп безендірілгеніне бұлтартпас куәлік етеді. Осы ғажайып әрі барлық нәрсені қамтып тұрған хикметпен күллі әлемге берген тәртіп хикметтерді ең ұсақ жәндікке, кішкене бір дәнекке де шағын мөлшерде берген. Өздеріңе мәлім, әрі анық нәрсе, тәртіпті түрде белгілі бір мақсаттарды, хикметтерді және пайдаларды көздеу үшін ерік-қалау, құдірет керек, онсыз мүмкін емес. Ол еріксіз, қалаусыз, бейсана меңіреу табиғат пен себептердің қолынан келмесі анық, тіпті араласуы да мүмкін емес. Демек, мына ғаламдағы күллі жаратылыстағы керемет тәртіп пен шексіз хикметті талап етіп һәм көрсетіп тұрған Фаил-ы Мұхтарды, Сани-ы Хакимды танымау немесе жоққа шығару қаншалықты надандық, ақымақтық екенін айтып жеткізер сөз жоқ.
Иә, әлемде ең таңғалатын нәрсе осы күпірлік, құдіретке сенбеу. Өйткені, әлемнің болмысындағы шексіз тәртіп пен хикметтер бір Жаратқанның бар әрі бір екенін көрсетіп, жаппай куәлік етіп жатқанда Оны көрмеу, сенбеу барып тұрған сорақылық, надандық екенін көрсоқыр, топас та түсінер. Тіпті, кәпірлердің ішінде әлемнің бар екенін жоққа шығарғандықтан ақымақ саналатын Софестаи ағымы кәпірлердің ең ақылдылары. Себебі, әлемнің бар екеніне сене тұра, оның Жаратушысына, Халиқына, Аллаһқа сенбеу әсте мүмкін емес болғандықтан әлемді жоққа шығара бастады. Өздерін де жоққа санап "ешнәрсе жоқ, бәрі қиял, елес" деп, ақылдан бас тартып, өздерін ақылды санайтын өзге кәпірлердің мүлдем ақылсыз пікірлерінен құтылып, шамалы болса да ақылға келді.
Төртінші түйін. Оныншы Сөзде ишара етілгеніндей, өте Хаким, Шебер һәм дана ста өзі салған сарайының әрбір тасына жүздеген хикметке толы ою-өрнек салып, ерекше мән бере отырып жасаған соң, ол ғимараттың төбесін жаппай, өз еңбегін еш қылып, манағы көз майын тауысқан шексіз өнері мен хикметтерін зая етуі әсте мүмкін бе, мұндай ақымақтықты сау ақыл қабылдай ма? Әрине, жоқ! Сондай-ақ, Хаким-ы Мутлақ, кәміл хикмет иесі тырнақтай дәнектен жүздеген батпан пайдалар мен мақсаттарды, хикметтерді мұқият көздей отырып, еш ысырап қылмайтын Біреу бола тұра, зәулім ағаштың
титтей ғана пайда, болмашы бір мақсат, бір түйір жеміс беруі үшін қыруар шығын жұмсауы мүмкін бе? Өз даналығына мүлдем керағар, ысырап жасауы қай тұрғыдан алғанда да мүмкін емес. Дәл сол секілді мына ғалам сарайының әрбір затын жүздеген хикметпен жаратқан, әрқайсысына жүздеген міндет, жүктеген тіпті әрбір ағашты жемісіне пара-пар хикметтермен безендірген және оған гүлшешектерінің санына пара-пар міндет жүктеген Сани-ы Хаким Аллаһ, қияметті болдырмау, хашірді жаратпау арқылы қисапсыз хикметтер мен сансыз міндеттерді мағынасыз, әбес, түк пайдасыз, зая етуі мүмкін бе? Әрине мүмкін емес! Бұл Қадир-ы Мутлақты өте әлсіз деп, есептеумен тең. Рахим-ы Мутлақтың мол рахымын өте жағымсыз деп қабылдау. Адл-и Мутлақтың асқан әділдігін зұлымдық деп санау. Бейне бір, ғаламдағы жұрттың бәріне көрініп тұрған хикметті, рахымды, әділдікті жоққа шығару секілді бассыздық. Бұл, мүмкін емес, ақыл шығарға жол таба алмайтын тығырық, болымсыз пікір. Кәпірлер өздері ертең амалсыз түсетін және өздері елестететіндей тар қабірдің қараңғы, қорқынышты, жыландар мен улы шаяндар толы құдық екенін келіп көрсін! Ал, ақыретке сену, иман келтіру болса Жұмақ секілді тамаша, кең пейіштей нұрлы, жәннаттай жарқын жол екенін білсін, иманға келсін.
Бесінші түйін. Бұл түйін екі мәселеден тұрады.
Бірінші мәселе. Сани-ы Зүлжәлал, өзінің Хаким есімінің талабына сай, барлық нәрсенің ең жеңіл түрін, ең қысқа жолын, өте оңай шешімін, аса пайдалы жағын таңдап, керемет жаратады. Ал, бұл бізге бүкіл жаратылыста ысырап, әбестік, пайдасыздық жоқ екенін көрсетеді. Ысырап - Аллаһтың Хаким есіміне керағар құбылыс. Ал үнемділік сол есімнің талабы, негізгі заңдылығы.
Ей, үнемдеуді білмейтін, ысырапшыл адам! Күллі ғаламның негізгі заңы болған үнемділікті ескермегендіктен, ақиқатқа қаншалықты теріс әрекет етіп отырғандығыңды біл!
Аяты діңгегі мықты, ауқымы кең ережеден дәріс беріп отырғанын түсін!
Екінші мәселе. Хакем және Хаким есімдері анық түрде Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед аләйһиссалату Уәссәләмның пайғамбарлығын дәлелдеп, Оның пайғамбар екенін талап етеді десек ақиқатты айтқан боламыз. Иә, мағыналы, қызық кітап өзін өзгеге үйретіп, дәріс беретін, бір мұғалімді керек етеді. Өте сұлу, тамаша
жамал өзін көретін, көрсететін айна сұрайды. Өте кәміл өнер өзін әлемге таныстыратын делдал ұстаз талап етеді. Олай болса, әлбетте мына әрбір әрпінде жүздеген мағыналар мен хикметтер жатқан ғалам атты лы Кітаптың оқырманы болған адамзаттың ішінен әлбетте, бір кәміл жетекші, лы ұстаз шығуы керек. Ондай ұстаз, әлгі кітаптың киелі де терең хикметтерін үйретіп дәріс береді, ғалам ғажайыптарға толы екенін үйретеді. Тіпті ғаламды жаратардағы Раббани мақсаттардың көрінуіне, тіпті жүзеге асуына да сол себеп болады. Бүкіл әлемдегі Аллаһ тарапынан жаратылып көрінуі тиіс шебер өнерді, көркем есімсипаттарды таныстыратын, айна болып шағылыстыратын басты тұлға да сол болмақ. Әлемнің Жаратушысы, күллі болмыс арқылы өзін сүйсіндіргісі келеді, оған өзінің жаратқандары болымды жауап бергенін қалайды. Сондықтан, саналы мақұлықтардың атынан біреу шығып, әлгі шексіз Рубубиеттің талабына сай ауқымды түрде құлшылықпен қайтарым жасап, жер мен көкті сілкінтіп жіберер зікірімен сана иелерінің назарын мына өнердің Иесіне аударуды мақсат қылған.
Ол өзінің киелі дәрістерімен, құнды тағылымымен ақылды жандардың көңілін бірден өзіне аудартып, Қасиетті Құран арқылы Сани-ы Хакем Хакимнің киелі де биік мақсаттарын өте тартымды да жүйелі түрде жеткізген. Міне, барлық Иләһи хикметтер көрініс тапқанда, жамал мен жалал көрінген кезде оған лайық жауап беретін ірі Тұлғаның болуы, мына ғалам үшін Күндей қажет, тіпті шарт.
Осылай істеген және осы міндетті адал да толық атқарған жан Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед аләйһиссалату уәссәләм. Олай болса Күннің жарықты, ал жарық күндізді талап еткеніндей, ғаламдағы хикметтер Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын талап етеді.
Аллаһтың Хакем және Хаким есімдері шексіз ауқымды шағылысымен өте анық түрде Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын қалай талап етсе, сол секілді көркем есімдерден Аллаһ, Рахман, Рахим, Уәдуд, Мүним, Кәрим, Жәмил, Раб секілді көптеген есімдердің әрқайсысы ғаламда көрініп тұрған ұлы шуақтары арқылы кең көлемде, анық-қанық дәрежеде Ахмедтің (с.а.у.) пайғамбарлығын талап етеді.
Мәселен, Рахман есімінің шуағы рахымшылық, әлемге рахым болып жіберілген сол Кісі арқылы көрініс табады. Уәдуд есімінің шуағы "тахаббуб-ы Иләһи" яғни Аллаһтың өзін жақсы көргізуі және "тағаруф-ы Раббани" яғни Аллаһтың өзін таныстыруы, Хабиб-ы Раббүл Аламин болған Әз Пайғамбар арқылы нәтижелі болмақ, тиесілі
жауабын алмақ. Жамил есімінің бір сәулесі болып саналатын күллі сұлулықтар, яғни Жамал-ы Зати, Жамал-ы Әсма, Жамал-ы Санат, Жәмал-ы маснуат, Ахмедтің жарқын айнасында көрінеді, сол арқылы көрсетіледі. Рубубиеттің айбындығы мен Улухиеттің салтанатының сәулелері де сол Рубубиеттің салтанатының делдалы Зат-ы Ахмедиенің пайғамбарлығы арқылы білінеді, көрінеді, түсінікті болады, расталады. Тағысын тағы... осы мысалдар секілді Иләһи көркем есімдердің әрқайсысы Ахмедтің пайғамбарлығына (с.а.у.) жеке-жеке куәлік етіп, жарқын айғақ болады.
Сонымен, ғаламның бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Олай болса, әлбетте, ғаламның түрлі бояулары, әшекейлері, жарық-нұрлары, тірліктері, байланыстары болған хикмет (даналық), инает (жәрдем), рахмет (мейірім), жамал (сұлулық), низам (реттілік), мизан (өлшем), зинет (әсемдік) секілді айқын ақиқаттардың бар екені рас, оны жоққа шығару ешбір тұрғыдан мүмкін емес. Аталған сипаттардың, істердің бар екені анық, жоққа шығару мүмкін емес екен, олай болса міндетті түрде ол сипаттардың Мәусуфы (сипатталушысы), әлгі істердің Фаиылы (жасаушысы), манағы жарық-нұрлардың күні Зат-ы Уажиб-үл Ужуд, Хаким, Кәрим, Рахим, Жәмил, Хакем, Адл
Аллаһ ешбір тұрғыдан жоққа шығарылмайды, шығару мүмкін емес. Және сөзсіз түрде ол сипаттардың, әлгі істердің көрінуіне ұйтқы, тіпті кемелдігіне себеп, тіпті жүзеге асуына түрткі болған Рәхбер-і Әкбар, Муаллим-і Әкмәл, Дәллал-ы Ағзам, Ғаламның тылсым сырларын ашушы, Самадтың айнасы, Рахманның Хабибы болған Мұхаммед Аләйһиссалату Уәссәламның пайғамбарлығын қай тұрғыдан болсын жоққа шығару мүмкін емес. Ақиқат әлемінің және ғаламдағы ақиқаттардың жарық-нұрлары тәріздес бұл Кісінің пайғамбарлығы да ғаламның ең жарқын нұры.
1 Отызыншы Леманың төртінші тұжырымы
Аятының бір тұжырымы саналатын және Аллаһтың Уахид, Әхад есімдерін қамтитын Исм-и Ағзамның алты нұрынан бір нұры "ФӘРД" есімінің бір шұғыласы Шәууәл айында Ескішәһар түрмесінде маған көрінген еді. Ол алып шұғыланы толық түсіндіруді Рисалей-Нұрға тапсырып, мұнда Фәрд есіміне қатысты "Жеті ишара" арқылы Тәухид ақиқатын қысқаша баяндайтын боламыз.
БІРІНШІ ИШАРА. Фәрд Исм-і Ағзамы өте ауқымды шуағы мен жаратылыстың бәріне, әрбір түріне, әрбір тұлғасына жеке-жеке Тәухид таңбасын, Уахданиет мөрін басқандығын Жиырма Екінші Сөз бен Отыз Үшінші Мектубта егжей-тегжейлі таныстырған едік. Ал мұнда тек "Үш таңбаға" ғана тоқталамыз.
БІРІНШІ ТАҢБА. Фәрдиет есімінің шұғыласы ғаламға өзінің жалғыз екенін көрсететін Уахдет таңбасын басқандығы сондай ғаламды бөлшектеу мүмкін емес, яғни біртұтас етіп қойған. Бүкіл жаратылысты басқара алмаған Біреу, оның ешбір бөлшегіне де иелік етуге жарамайды. Ол таңба мынау, ғаламдағы жаратылыс атаулы өте жүйелі бір фабриканың құрылғылары секілді бір-біріне жәрдем етеді, бір-бірінің міндетін толықтырады. Осылайша, бір-біріне жауап беріп, бірінің ішіне бірі еніп, біріне бірі көмек беріп, біртұтас дене құрайтындығы сондай, бейне бір адамның тұлабойындағы ағзалар секілді бір-бірінен ажыратуға келмейді. Бір бөлшекті бағындырушы бүкіл бөлшектерді де түгел бағындыра алмаса бір бөлшекке де ие бола алмайды.
Ғаламдағы жаратылыстың бір-біріне сүйенуі, бір-біріне жауап беріп, өзара тұтастығы, бірімен-бірі ұштасуы, бірігуі, аса жарқын да ұлы Уахдеттің таңбасын паш етеді.
Екінші таңба. Жер беті мен көктемнің келбетінде Әхадиеттің мөрі мен Уахданиеттің таңбасы Фәрд есімі арқылы ерекеше жарқырап көрінетіні сондай, Жер бетіндегі бүкіл жанды жаратылысты болмыс бітімімен, қимыл әрекетімен, хал-ахуалымен қоса көріп, біліп басқарып, жаратып тұрған Біреуден басқа ешкімнің де жарату ісіне
ешбір тұрғыдан араласа алмайтындығын дәлелдеп береді. Ол таңба мынау: Жер бетіндегі шикізаттардың, жансыз заттардың өте жүйелі түрдегі, құпия таңбаларын санамағанның өзінде, екі жүз мың түрлі хайуанат пен екі жүз мың түрлі өсімдіктердің арқау жіптерімен біріктіріп тоқылған ғажайып өрнектерге толы мына таңбаға назар аудар. Көктем сайын әп-сәтте жер жүзінде бір-бірімен қатар тұрғанымен неше түрлі пішінде, әртүрлі қызметте, алуан-түрлі азықтары бар, құрал жабдықтармен жабдықталған түрлі жандыларды шатастырмай, қателеспей, шексіз сапырылысқан жағдайда әрқайсысын айыра танып, жүйелі түрде, тәртіппен, дәл өлшеммен әрқайсысына қажет болған нәрсені дер кезінде, ойламаған жерден беріп, қамтамасыз етіп жатқандығын көрудеміз. Олай болса, жер бетіндегі осы ғажап жағдай, ерекше дайындық, кемел қалау Уахданиеттің таңбасы Әхадиеттің мөрі екенін білдіреді. Сансыз жаратылысттарды бір сәтте жоқтан бар етіп, бәрін бірдей басқаруы, оның Рубубиетіне өзге ештеңе де, ешуақытта араласа алмайтындығын анық көрсетеді. Егер, бөтен біреу араласар болса, шексіз үйлесім тауып тұрған тәртіп быт-шыт болып, бұзылар еді. Алайда, осы Рубубиет заңдарының мүлтіксіз іске асуына Иләһи әмір бойынша адамдардың өзіндік бір жасанды қызметі бар.
ҮШІНШІ ТАҢБА. Адамның бет-жүзінің өзі Әхадиеттің таңбасы. Адам алейһиссаламнан қияметке дейін келіп-кететін әрбір адамды назары толық қамтып, жіті бақылай алмаған... әрбір адамның бет жүзіне басқадан ерекше қылатын белгі қоя алмаған... және сол кішкентай беттің өзіне сансыз ерекшеліктер жарата алмаған қандай бір себептің, бір ғана адамның бет-жүзіндегі Уахданиет мөрін қоюға құдреті жетпес еді. Бір адамның бетіне әлгі таңбаны қойған құдрет, бүкіл адам затты жеке-жеке, көріп, шексіз ілімімен қадағаламаса, әрбір адамның жүзіндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар бір-біріне сонша ұқсас бола тұра, түрлі ерекше белгілер арқылы бір-біріне ұқсамауы да, өз-өзінен болуы мүмкін емес. Олай болса, бет әлпеттегі көз, құлақ секілді ағзалардың бір-біріне ұқсауы да адамзаттың Жаратушы Иесінің біреу екенін дәлелдейтін Тәухид таңбасы. Сонымен қатар, адамзаттың жеке құқын қорғау үшін басқалардан түрін өзгеше етіп жаратып, олардың пішінін шатастырмауы, бір-бірінен ажырату мақсатында хикметті, ерекше белгі қоюының өзі Уахид Аллаһтың ирадесі, ықтияры, қалау еркі өзінде екенін көрсетеді. Сонымен, осы аталған ерешеліктер мен
ұқсастықтар Әхад Аллаһтың күрделі таңбасы болып, бізге мынаны меңзейді. Хайуанатты, бүкіл жаратылыс атаулыны жарата алмаған бір себеп, ол таңбаны қоя алмас еді.
Екінші ишара. Жаратылыстың әлемдері, түрлері, бөлшектері бір-бірінің ішіне араласып орналасқаны сондай, осындай тұтастыққа бүтіндей Ие бола алмайтын қандай бір себеп, оның ешбір бөлшегін басқаруға шамасы жетпесі анық. Фәрд есімінің Уахдет шуағы бүкіл ғаламды бір Уахдеттің яғни бір тұтастың ішіне сыйғызған. Әрбір нәрсе, Уахдетті яғни Аллаһтың жалғыз екенін көрсетеді. Мысалы, мына дүниеміздің шырағы секілді болған Күннің біреу болуы, барлық жаратылыстың иесі бір екеніне ишара ететіні секілді, тірі жандардың қызметшілері болған ауа бөлшектерінің де бәріне ортақ болуы... аспаздары болған оттың бір болуы және жер шары атты бақшаны суарған бұлттың да ортақ, бір болуы... бүкіл жандылар мен өсімдіктің тіршілік көзі болған жаңбырдың да бәріне ортақ, бәріне жеткілікті, бір болуы...және басқа үлкенді кішілі жандылар мен неше түрлі өсімдіктердің де жер бетіне еркін, бірдей таралуы... яғни, бәрінің мекені ортақ, бір болуы...анық, ишаралар мен куәгерлер ретінде бір мекендегі бүкіл жаратылыс атаулы бірғана Жаратушының мүлкі екенін көрсетеді.
Міне, осылай салыстыра отырып, бүкіл ғаламның бір-бірінің ішіне кірігіп жатқан түрлі жаратылыстардың ғаламды біртұтас етуі мынаны меңзейді: Ғаламның жаратылуы әртүрлі себептермен болады, деген түсінікті мүлде жоққа шығарады. Бүкіл жаратылысқа үкімін жүргізе алмаған бір себеп, билік жүргізіп, басқару жағымен де бір нәрсеге үкім ете алмайды, тіпті бір ғана зәрре-бөлшекті де бағындыруға шамасы жетпейді.
Үшінші ишара. Фәрд есімінің лы шұғыласы, ғаламды бір-бірінің ішіне жазылған шексіз Сәмадани хат іспетті етіп, әрбір хатта шексіз Уахданиеттің мөрін, Әхадиеттің таңбасын басып көрсеткені секілді, әрбір хаттағы жазудың санындай Әхадиет мөрлерін таныстырып, сол мөрдің саны қанша болса сонша рет оның хатшысын да таныстыруда. Әлгі жазу деп отырған, әрбір гүл, әрбір жеміс, әрбір бұта, тіпті әрбір жануар, жәндік... бәрі бәрі жеке-жеке Әхадиеттің мөрі, Сәмадиеттің таңбасы. Ал олардың орналасқан мекені, бір парақ хат секілді. Әрқайсысы сол мекендегі бір қолтаңба тәрізді. Бәрі бірігіп, сол парақтың, сол мекеннің жазушы Иесін көрсетеді. Мысалы, бір бақшада
өсіп тұрған сары гүл, сол бақшаның Жаратушы шеберінің қолтаңбасы. Әлгі сары гүл деген таңбаның иесі кім болса, онда жер жүзіндегі бүкіл сол тектес гүлдер сол Жаратушының сөздері екендігіне, әлгі бақша да Оның жазу парағы екеніне, ап-анық дәлел болады. Олай болса, әрбір нәрсе өзінің Жататушысына барлық нәрсені еншілеп, Оның бір екендігін білдіретін Тәухид белгісі болуда.
Төртінші ишара. Фәрд есімінің ұлы шұғыласы Күн іспетті анық көрінуімен бірге, міндетті түрде солай дейтіндей дәрежеде ақылға қонымды мәселе. Ал осы шұғыланың теріс жағы, қарсы мағынасы болған ширк яғни Жаратушыға тағы бір серіктерді теңеу, ақылға сыйымсыз әрі түсініксіз, бос сөз. Ал оның сондай бос сөз, дәлелсіз сандырақ екенін Рисалей-Нұрдың көптеген кітаптарында жеріне жеткізе дәлелденген болатынбыз. Қазір ол дәлелдерді сол рисалелердің өзінен оқуға кеңес беріп, мұнда тек «Үш тұжырым» баяндалмақ.
Біріншісі. Оныншы және Жиырма тоғызыншы Сөздің соңында қысқаша, Жиырмасыншы Мектубтың аяғында анықтап тұрып дәлелдегеніміздей, Әхад, Фәрд Аллаһтың құдіреті үшін ең алып нәрсені жарату ең кішкентай нәрсені жарату сынды оңай. Көктемді жарату бір гүлді жаратқандай оп-оңай. Әрбір көктем сайын қайта жаратылуға яғни хаширдің сансыз мысалына куә болудамыз. Үлкен ағашты кіпкішкене жеміс секілді өте оңай жарата салуда. Егер осының бәрі сыртқы себептерге қалса, онда бір түйір жемістің жаратылуы, бір ағаштың жаратылуындай қиын әрі көп шығын кетеді... ал бір гүлді жарату бір көктемді жаратумен бірдей күрделі, қиын болар еді.
Иә, қалың қолдың киім - кешегі бір қолбасшының әмірімен бір ғана фабрика дайындаса, онда бір жауынгердің киімін дайындағандай оңай болатыны белгілі. Егер, әр әскердің керек-жарағын бөлекбөлек фабрикада дайындаса және әскери басқару бір қолбасшы емес көпшіліктің қолына көшсе, онда әрбір жауынгер қалың қолдың басқарылуындай қиындап, ал керек-жарағын жасайтын соншама көп фабрика қажет болар еді. Дәл сол сияқты, егер барлық нәрсе Әхад, Фәрд Жаратушының құзырына берілсе, бүкіл түрлердің жаратылуы бір тұлғаның жаратылуындай оңай болады. Ал, егер жарату ісі сыртқы себептерге телінсе онда әрбір тұлға бір түрдің жаратылуы секілді қиындыққа тірелер еді. Иә, Уәхдет, Фәрдиет деген кезде барлық нәрсе, Зат-ы Уахид Аллаһтың құдіретімен болады деген сөз. Соған сүйенеді, сонымен байланысты болады. Ондай байланыс әлгі затқа шексіз қуат
пен орсан құдірет береді. Осы байланыс арқылы сол кішкене зат өзінің күш-қуатынан мыңдаған есе артық іс атқарып, нәтиже шығару. Ал, егер өзінше қуатты саналған біреу Фәрд, Әхад Аллаһпен байланыспаса, өзінің жеке қуатына қарай кішкентай іс атқарып, нәтижесі де соғұрлым кішірейеді. Мысалы, өз бетінше жүрген, бірақ өте мықты бір адам, бүкіл азық-түлігі мен керек-жарағын жалғыз өзі арқалап жүруге міндетті болғандықтан, тек он-шақты жауына ғана қарсы тұрып, он жауды жеңуі және уақытша ғана оған қарсы тұра алуы мүмкін. Өйткені, жеке өзінің қуаты сондай-ақ. Ал әскерге тіркеліп, ұлы қолбасшының қарамағына кірген кісі, азық-түлігі мен қару-жарағын жалғыз өзі тасымайтындықтан, әлгі байланыс пен арқасүйеу ол үшін сарқылмас қуат көзіне айналады. Сөйтіп, бір жауынгер өзі арқа сүйеген күш қуаттың арқасында жеңілген жаудың мың басын жалғыз өзі алдына салып айдауға күші жетеді. Демек, Уахдетте, Фәрдиетте шексіз күш бар болған соң, бір құмырысқа Перғауынды, бір шыбын Нәмруд патшаны, бір микроб бір зорлықшыл ханды қалай жеңсе, дәл солай, тырнақтай ағаштың дәнегі де заңғар биік шынар ағашын көкке көтеріп кетеді. Бір қолбасшы бүкіл әскерін бір жауынгерге көмекке жібере алады. Артындағы қалың әскердің қолдауымен бір өзі жауға қарсы шабуға күш алып, қолбасшысының атынан зор іс атқара алады.
Сол сияқты, Әзели Сұлтан Жаратушы Аллаһ өзі Фәрд өзі Әхад болғандықтан ештеңеге мұқтаждығы жоқ. Айталық, егер қандай да бір нәрсеге қажеттілік туа қалса, оған бүкіл нәрсені көмекке жібереді, барлық нәрсенің артында жаратылыс атулының ортақ күшіндей жойқын күш пайда болады. Барлық нәрсе, әрбір нәрсеге қарсы (егер қажетті болса) әлгі Фәрд қолбасшының күш қуатын өзінің бойында сезінеді. Ал, егер осындай Фәрдиет болмаса, онда әрбір нәрсе бүкіл күш қуатынан айырылып, еш нәтижесі жоқ бос қуыс секілді күйге түседі.
Әр дайым көріп жүрген ғажайып туындылардың түкке тұрғысыз, кішкентай нәрселерден тұруы Фәрдиет пен Әхадиетті көрсетеді. Әйтпесе, барлық нәрсенің нәтижесі, жемісі де дәл өзі секілді мардымсыз түкке тұрмайтын, жоққа тән болар еді. Онда көз алдымыздағы өте қымбат нәрселердің тез, әрі арзанға дайын болуы мен соншама молшылықта таралуы жоқ болар еді. Мысалы, мына қырық лира тұратын қауынды, анарды қырық мың лира ақшаға таба алмас едік. Иә, дүниедегі нәрселердің оңай, арзан, мол жаратылуы тек қана Уахдеттен бастау алып, Фәрдиетке куәлік етеді.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Жаратылыс екі жолмен жаратылады. Біріншісі "ибда" және "ихтира" деп аталатын жоқтан жарату. Екіншісі, "инша" және "тәркиб" деп аталады яғни бар нәрселерден, элементтерден жинақталып, пішін берілетін жаратылыс. Егер Фәрдиет шұғыласы мен Әхадиет сыры бойынша болса, өте оңай әрі теңдессіз тез жаратылуды түсіну де оңай. Ал егер Фәрдиетке берілмесе онда ақылға сыйымсыз, еш мүмкін емес жағдай пайда болады. Алайда, дүниедегі жаратылыстардың бәрі еш кемшіліксіз, жылдам әрі оңай жаратылуы, Фәрдиеттің шұғыласын ап-анық көрсетуде. Зат-ы Фәрд Зүлжәлалдың өнері екенін дәлелдеп беруде.
Егер бүкіл нәрсені Фәрд әрі Уахид Аллаһ жаратты десек, бір шақпақ шаққандай шексіз алып құдіретімен жоқтан бар етіп, теңдессіз ілімімен әрбір нәрсені мағынауи дайын қалыптан шығарғандай ілезде дайындайды. Сондай-ақ, шексіз іліміндегі әрбір нәрсенің зәрребөлшектері пішіні мен мөлшеріне қарай өз орындарына барып, өзіндік міндетін мүлтіксіз атқарып жатады. Егер айналадан элементтерді жинау қажет болса да, олардың бәрі іліми заң мен құдіреттің күші бойынша әскердегі тәртіпті жауынгерлер іспетті әлгі жаратылып жатқан дененің ішінен өз орындарын оп-оңай табады. Бәлкім, фотоқағаздың жуылуы кезіндегі біртіндеп бейненің пайда болатыны секілді Фәрд Уахид Аллаһтың әзели ілімінде тұрған нәрселердің денелері өте оңай түрде бейне пішіндерін яғни өз киімдерін киіп шыға келеді.
Мағына әлемнен нақтылы дүниеге келіп, көзімізге көрінетін түрге енеді. Егер жарату ісі Фәрд Уахдетке берілмесе, онда тек бір шыбынның денесінің керек жарағын жер жүзінен іздеп тапқан соң, өте нәзік таразыға тарту арқылы өлшеу керек, және оның ағзаларының саны қанша болса сонша мағынауи қалыптар тағы қажет болады. Оның денесіне кірген зәррелер өз қызметін мүлтіксіз атқару үшін тағы да өте нәзік сезімдерді мағынауи әлемдерден өлшеп әкелуге тура келер еді...
Осылайша бір ғана шыбынның денесін жаратудың өзі бүкіл жаратылысты жаратқаннан да қиын жағдайға түседі. Тіпті, мүмкін еместің мүмкін емесі деген осы болар еді. Өйткені, Халиқ-ы Фәрдтен өзге ешкім де, ештеңені жоқтан бар ете алмайтындығы жайлы хақ діннің уәкілдері де пән ілімдерінің ғалымдары да ортақ пікірде. Олай болса, жарату ісін себептер мен табиғатқа беру деген сөз, шашылып жатқан бөлшектерден жинап, барлық нәрсеге өзіндік пішін беріледі деген ұғыммен тең.
ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Егер бүкіл жаратылысты бір Зат-ы Фәрд жаратты десек, онда бір ғана затты жаратқандай оңай болатыны, ал егер себептер мен табиғатқа тән деп есептелсе онда, бір заттың жаратылуы бүкіл әлемді жаратқаннан да қиын болатынын дәлелдеген басқа Рисалелерде баяндалған бір екі мысалдаманы әңгімелей кетуді жөн санадық:
Мысал. Бір сардарға мың жауынгерді тапсырып, оларды басқару міндеті жүктелсе, Сондай-ақ, бір жауынгерді он сардарға қатар бағынышты етіп берсе... Онда әлгі жалғыз жауынгерді бағындыру, оған жұмыс істету бір армияны бағындырудан да қиынға түсетіні анық. Өйткені, ол жауынгерге жан-жағынан бұйрық бергендер бір-біріне кедергі болады. Демалуға мұрша бермей, есін шығарып жіберер еді. Ал бір сардардың басқаруында болған қалың қол, бір жауынгер секілді оңай түрде, барлық міндетті мінсіз атқарар еді. Егер сол нәтижеге жетуді, әлгі әскери бөлімшеде басшысыз, командирі жоқ, беталды лағып жүрген жауынгерлердің өзіне тапсырса, онда діттеген нәтижеге жету үшін қым-қуыт талас-тартыстардан соң, ойлағаннан әлдеқайда кемшін нәтижеге әрең қол жеткізілер еді.
ЕКІНШІ МЫСАЛ. Аясофия сынды алып күмбезі бар бір мешіттің күмбезіндегі тастарды орны-орнына қалап, тұрғызу жұмысы бір ұстаға тапсырылса ол бәрін бір әдіспен оңай атқарар еді. Егер ол тастардың солай орыналасуы тастардың өзіне жүктесе онда ол тастардың әр қайсысы үкім тыңдаушы, әрі бір-біріне үкім беруші әкім болуы қажет болар еді. Яғни, бәрі бір-бірімен ақылдасып жоғары шығып, ілініп тұруы керек болады. Мұндай жағдайда бір ұстаның оңай жасаған ғимаратының жасалуы, жүз ұста да жасай алмастай қиындыққа тап болар еді.
ҮШІНШІ МЫСАЛ. Мәселен, жер шары Фәрд, Уахид бір Аллаһтың қызметшісі, әмірін бұлжытпай орындаушы әскері болғандықтан бір ғана жауынгер бір Аллаһтың әмірін тыңдай отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына, таңның атып, күннің батуына, көк жүзіндегі ғажайып қозғалыстардың көрінісіне себеп бола алады яғни жер бір жауынгер секілді, бір Аллаһтың әмірімен өзіне Иләһи міндет жүктелгеніне шаттанғаннан шыр айналып, әлгі керемет аспани көріністер мен құбылыстарға ұйытқы болады. Бейне бір, әлгі жауынгер әлемдегі аспани құбылыстарды реттеп отырған қолбасшы сықылды үлкен іс
атқарады. Егер Улухиетінің билік-басқармасы, Рубубиетінің салтанаты күллі әлемді қамтитын, үкімі жаратылыс атаулыға жаппай жүретін Зат-ы Фәрд Аллаһқа берілмесе, ол кезде әлгі ауқымды, керемет нәтижелерді, яғни аспани құбылыстар мен жер шарындағы жыл мезгілдерін жүзеге асыру үшін жерден мың есе үлкен, миллиондаған жұлдыздар мен ғаламшарлар миллиондаған жылға созылатын жолды жиырма төрт сағатта жыл сайын жүріп отыруы керек болар еді. Сонда ғана, аспандағы құбылыс-қозғалыстар пайда болады. Міне, жер шары секілді бір ғана қызметкердің өз өсі мен күнді айнала жүріп, осы екі қозғалысы арқылы соншама ғажайып нәтижеге жетуі Уахдет үшін қаншалықты оңай іс екенін көрсетуі, бәрі де бір Аллаһтың құдіретімен болады дегенге нақты мысал. Ал, осындай нәтижеге жету үшін мағынасыз миллиондаған жылдық жол жүру туралы айту, қаншалықты қисынсыз, ширк пен күпірлік жолда қаншалықты қисынсыз нәрселердің жатқандығына дәлел.
Себептер мен табиғатқа табынушылардың надандығын мына мысал арқылы көруге болады. Мәселен, бір ұста таңғажайып өндірістің немесе бір сағаттың не болмаса бір зәулім сарайдың яки керемет бір кітаптың керек-жарақтарын керемет өнерімен дайындап алып, енді оларды оп-оңай құрастыра салудың орнына олай жасамай, қайтадан қаншама қаражат шығындап, ол заттарға керекті жабдықтарды өздігінен істейтін қылып, әрбір бөлшегін ғажайып мәшине тәрізді жасап, және өзгеге паш етуге құмар өз өнерін, кемелдігін көрсететін осындай шеберлігін әлгі бөлшектерге жеке-жеке бөліп береді, деп ойлау қаншалықты ақылға сыйымсыз, надандық десеңші! Дәл сол сияқты, себептер мен табиғаттарға жарату ісін меншіктеп беретіндер осындай надандыққа салынады. Өйткені, табиғат пен себептердің өзі өте шебер, керемет өнермен жаратылған, олардың өздері де басқа жаратылыстар секілді шебер жасалған нәрселер ғой. Оларды осылай жаратқан Құдірет әлбетте нәтижелеріне де қоса жаратқандықтан бәрін бірге көрсетуде. Дәнекті кім жаратқан болса ағашты да сол жаратқан, бұтақтарындағы жемістерді де Сол жаратты. Олай болмаса, түрлі табиғаттар мен себептердің пайда болуы үшін тағы да солар секілді табиғаттар мен себептер керек болады, осылайша шұбатылып кете береді. Сосын шексіз мағынасыз, тіпті мүмкін емес қияли байланыс бар деп ойлауға тура келеді. Олай ойлау, әрине надандықтың шарықтау шегі болар.
Міне, осы негізгі талапқа байланысты, Мутлақ Рубубиет яғни абсолюттік билік, Иләһи әкімдік қатаң түрде ширкті, ортақ болуды, басқаның іске араласуын мүлдем қабылдамайтындықтан Қасиетті Құран қайта-қайта, аса мән бере отырып тәухид ұғымын алға тартады. Аллаһқа ортақ қосуды, ширкті қатаң түрде тойтарып әсте қабылдамайды. Рубубиеттегі Иләһи әкімдік тәухид пен уахдет ұғымын нақты талап етеді, және солай болуын керек ететін шарттар да баршылық. Сонымен қатар ғаламдағы толық кемелділік, аспандағы жұлыздардан бастап сонау өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жандыжансыз, жалпы-жалқы бәрінің бойынан байқалатын тамаша тәртіп, керемет жүйе, Аллаһтың Фәрд, Уахид екеніне ешбір тұрғыдан күмән қалдырмайтын әділ куәгер, бұлтартпас айғақ. Өйткені, басқалар араласқан болса мына керемет тәртіп пен дәлме-дәл өлшем сөзсіз бұзылып, жүйесіздік, ақау, кемшілік көрінер еді.
аятының сырына қарағанда, мына керемет ғаламдағы тәртіптің астаң-кестеңі шығып әлем күл талқан болар еді. Алайда,
аяты айтып тұрғандай, зәрре бөлшектен бастап, сонау ғаламшарға дейінгі, жерден ғарышқа дейінгі аралықта ешқандай да кемшілік пен қателік көрінбейді. Олай болса, осынау жарасымды жаратылыс, сүйкімді мақлұықат, жүйелі табиғат бәрі де Фәрд есімінің шұғыласын көрсетіп, Уахдетке яғни Оның жалғыздығына анық айғақ болуда. Сондай-ақ, Әхадиет шұғыласының сыры бойынша, жаратылыстағы ең кішкентай жәндіктің өзі бүкіл дүниенің шағын бір үлгісі, оның кішкене мазмұны бола алады. Міне, осы кішкентай жәндікке ие болған Біреу ғана бүкіл жаратылысты да түгел басқаруында болдыра алады. Өйткені,
кішкене дәнектің дәрежесі ағаштан кем емес екендігі, бір ағаштың да бүкіл жаратылыстан кем емес екендігі... әрбір кішкене жәндік те бүкіл жаратылыстың кішкентай бір үлгісі бола алтындығы, Әхадиет шұғыласының мәнін ашып көрсететіндіктен, ширк пен ортақ қосуға ешбір орын қалдырмай дәлелдей түседі.
Мына ғаламға сол Әхадиеттің сырымен қарағанда ол бөлінбейтін бір «күлл» ғана емес, яғни тұтас зат қана емес, ол табиғаты жағынан да бөлінуі, бүлінуі мүмкін емес, бірнеше қолдың араласуын қабылдамайтын "күлли" нәрсе, яғни шексіз ауқымды нәрсе болғандықтан оның әрбір «джүзі», яғни әрбір бөлігі бір "джүзи", "фәрди" саналады. Және ол "күлл" де "күлли" ретінде болғандықтан ешбір тұрғыдан ширкке орын жоқ, басқаның ортақ болуы әсте мүмкін емес.
{Сілтеме*:Бұл мәселе өте терең де күрделі болғандықтан терең түсінгісі келетіндер Рисалей-Нұр тәпсірін оқуы керек.}
Бұл Аллаһтың Фәрд есімінің ұлы шуағы. Ол бізге Тәухидтің ақиқатын әлгі Әхадиеттің сыры арқылы анық дәлелдеп береді.
Ғаламдағы неше түрлі жаратылыстар бір-бірінің ішіне орналасқан жағдайда, өзара матасып жатыр. Сондай-ақ, әрқайсысының атқарар міндеті барлығына ортақ болғандықтан, шексіз ғаламға Рубубиет пен жарату тұрғысынан қарағанда оның бөлінуі әсте мүмкін емес бір "күлл" боп саналады. Сол секілді ғаламда қызу жұмыс істеп жатқан ұшы-қиырсыз жалпыға ортақ істер де бірінің ішіне бірі кіріп жатқандықтан яғни тірілту ісінің ішінде асырау мен ризық беру ісі көрінеді. Ал, ол азықтандыру, асырау, тірілту, жан беру ісінің ішінен сол тірі жанның болмысын, пішін-тұлғасын реттеу, жабдықтау істері қабаттаса жұмыс атқарып жатқанына куә боламыз.
Сол асырау, реттеу, жабдықтау істері ішінен дәл сол уақытта суреттеу, белгілі бір пішін беру, тәрбие, жан-жақты қамтамасыз ету істері көзге түседі. Тағысын тағы... Осындай ауқымды ұшы қиырсыз, жалпыға ортақ істердің бір-бірінің ішіне кірігуі, шырмала шиеленісуі құдды жарық сәулесіндегі жеті түс секілді аралас-құралас, тіпті бірігіп кетуі жағымен және ол істердің әрқайсы табиғаты жағынан бірдей, өте ұқсас, уахдетті көрсететіндей көптеген жаратылысттарды қамтуы және Уахдани іс болғандықтан міндетті түрде ол істердің иесі жалғыз Біреу ғана болады. Әрқайсы бүкіл ғаламды қамтуы және өзі тектес істермен өзара жәрдемдесіп, бірлесуі тұрғысынан алғанда ғаламды
әсте бөлінбейтін бір "күлл", яғни бір тұтас жағдайға келтіруімен қатар әрбір тірі жан ғаламның мазмұны, дәнегі, үлгі-мысалы ретінде болғандықтан ғаламға Рубубиет жағымен қарағанда бөлінуі, ажырауы әсте мүмкін емес бір "күлли" нәрсе боп көрінеді.
Демек, ғалам сондай «күлл» нәрсе, оның бір бөлігіне, ұсақ бір бөлшегіне Рабб, яғни Құдай болу үшін ол «күллге», яғни барлығына тұтастай Рабб болуы керек. Ғалам сондай "күлли" бір нәрсе. Ондағы әрбір «джүз» бір "фәрд", яғни бір тұлға болып бір фәрдіне Рубубиетін жүргізу үшін ол күллиге тұтастай сөзі өтетін, бәрін өзіне бағындыратын болуы керек. Яғни, бір бөлшекке Ие болып басқарса, бәріне Ие болып басқарады яки бәрін басқарған Рабб, әрбір бөлшекті де басқарады
АЛТЫНШЫ ИШАРА. Раббани фәрдиетпен Иләһи уахдет кемелдік атаулының қайнар бұлағы, негізгі
{(Сілтеме): Тіпті Аллаһтың шексіз кемалы мен жамалын айғақ, бұлтартпас дәлел уахдет. Себебі ғаламның Иесі Сани-ы Уахид-і Әхад білінсе, күллі әлемдегі кемелдік, сұлулық сол Сани-ы Уахидтің киелі кемелдігі мен жамалының сәуле-шуақтары, ишара белгілері екені белгілі болады. Олай болмаған жағдайда ғаламдағы кемелдік пен сұлулық мақұлықтарға, яғни жаратылған заттарға, бейсана кейбір себептерге еншіленіп, солардікі болып қалады. Ол кезде адамзат үшін Иләһи кемелдіктің шексіз қазынасы ашылмай түсініксіз болып қалар еді.}
көзі және ғаламның жаратылысындағы хикметтер мен мақсаттардың бұлағы болумен қатар сана мен ақыл иелерінің оның ішінде адамзаттың арман-қалауларының орындалуының бірден-бір шарасы. Егер фәрдиет болмаса адамзаттың барлық арман-тілектері өшіп, өліп қалар еді.
Сонымен қатар, ғаламның жаратылысындағы нәтиже іске аспай, түкке жарамай қалар еді. Ол кезде мына көз алдымыздағы көптеген кемелдіктер жоғалып құрып кетер еді. Мысалға, адам бойында аса күшті, сарқылмас тіпті ғашықтық дәрежесіндегі мәңгілікке деген арман бар. Адамды сол арманға жеткізу үшін, бүкіл әлемді Фәрдиеттің сырымен құдірет қолында ұстап, бір бөлменің есігін жауып екіншісін ашқандай оп-оңай түрде, бұ дүнияны жауып, мәңгі ақырет әлемінің есігін ашатын Біреу ғана әлгі мәңгілікке деген тілекті орындай алады. Осы арман-тілек, секілді әлемнің әр тарапына жайылып кеткен адами шексіз, толассыз арман-тілектер Фәрдиеттің сырына, тәухидтің ақиқатына тікелей байланысты. Егер Фәрдиет болмаса, ол нәрселердің ешқайсысы жүзеге аспай қалады. Уахдет арқылы күллі ғаламға бірден үкімі жүріп тұрған Біреу яғни Зат-ы Фәрд болмаса арман-тілектер әсте орындалмайды. Орындалған күннің өзінде толық болмайды.
Сондықтан Қасиетті Құран тәухид пен Фәрдиетті көп рет қайталап, дүркін-дүркін үстемелеп дәріс береді. Сол үшін бүкіл әнбия, асфия, әулиелер рухани ләззат пен бақытты осы тәухид кәлимасы болған «Лә иләһә илла һу» сөзінен тапқан.
ЖЕТІНШІ ИШАРА.
Осынау шынайы тәухидті барлық дәрежесімен, жан-жақты мәнмағынасымен дәріс беріп, терең түсіндірген, әлемге паш еткен Мұхаммед алейһиссалату уәссәләмның пайғамбарлығы, әлбетте әлгі тәухидтің нақтылығындай нақты, солай болуы тиіс. Өйткені, ужуд яғни болмыс әлемінің ұлы ақиқаты болған тәухид ұғымын жан-жақты түрде, сол кісі дәріс беріп үйреткен. Олай болса, әлбетте тәухидті дәлелдейтін бүкіл айғақтар, айналып келгенде Оның пайғамбар екенін, мойнына жүктелген уәзипа хақ екенін, және көтерген мәселесі ақиқат екенін де нақты дәлелдей түседі. Осындай мыңдаған терең ақиқаттарды мазмұндайтын және Фәрдиет пен Уахданиетті толық ашып, егжейтегжейлі дәріс беріп, үйреткен Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пайғамбарлығы, әлгі тәухид пен фердиеттің қатаң талабы, ажырамас бір бөлігі екендігі анық. Олар Оның пайғамбарлығын қажет етеді.
Міне, сол уәзипаны толық орындаған Мұхаммед Мұстафа алейһиссалату уәссәләмның рухани тұлғасының дәрежесі қаншалықты жоғары, киелі және әлемнің Күн көсемі екеніне куәлік ететін көптеген дәлел-себептердің ішінен үлгі ретінде үшеуін ғана баяндаймыз.
Біріншісі. Бүкіл үмметтің ғасырлар бойы жасаған жақсылықтарының бір бөлігі «Әс сәбәб-үл Кәл Файл» сыры бойынша Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның амал дәптеріне жазылары хақ. Сонымен қатар бүкіл мұсылмандардың күнделікті айтатын дұға-салауаттарының сөзсіз қабыл болатынын ойласақ, ол дұға-тілектерден пайда болған жоғары дәрежесі мен биік мәртебесінің қаншалықты асқақ екені белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның рухани тұлғасының тұғыры биік ал, өзі жан-жағына сәуле шашқан, жарқыраған Күн екені айдан анық ақиқат.
Екіншісі. Ислам әлемі зәулім ағаш болса, оның дәнегі, қайнар көзі, бұлағы, тіршілігі Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның Өзі. Ол, бүкіл қабілетімен, бар болмысымен Ислам әлемінің рухани болмысын ұйымдастырды. Оның аузынан шыққан киелі де дана сөздерді,
тәсбихты, жасаған құлшылығы және Ол осы құлшылықты ә, дегенде толық мағынасымен сезіне тұрып орындайтын рухани кемелдігін, зор кемеңгерлігін ойлап көр! Аллаһтың сүйікті құлы деген атаққа ие болған Оның (с.а.у.) құлшылығы, ғибадаты әулиелігі, яғни ұстанған жолы басқа әулиеліктерден қаншалықты жоғары екенін біл!
Бір ғана тәсбих сөзінің құдіреттілігі, Сахабалардың ұғымына сай яки соған жақын түрде бір күні, бір мәрте намазда маған ашылған-ды. Ол маған бір ай ғибадат қылғандай зор әсер етті. Сонда сахабалардың үстем мерейін, жоғары деңгейін біршама аңғарғандай болдым. Демек, Ислам енді келіп, жаңа тарап жатқанда пайғамбарымыздың аузынан шыққан киелі сөздердің тигізер әсері, бөлейтін нұры мүлдем басқаша. Сол кездері осы киелі сөздер жап-жаңа, балғын, өте әсем болғандықтан өзіндік күшті нәрі, аса тәтті шырыны, зор ләззаты бар еді. Кейін, уақыт өте келе, ғапылдық пердесі бүркеп, шырыны азайып, көрінбей қалады-ау! Ал, Мұхаммед алейһиссалату уәссәләм болса, ол сөздерді нағыз қайнар бұлағынан Зат-ы Ақдес, Аллаһтың өзінен жап-жаңа тұнық, мөлдір күйінде өзінің жоғары қабілетімен қабылдап, бойына сіңіріп, жан-дүниесімен толық қабылдап шомылған. Сондықтан, ол Кісінің бір ғана тәсбих сөзінен алған нұрын басқалар бір жыл ғибадат етіп барып ғана алуы мүмкін. Міне, осы тұрғыдан алғанда Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләмның шегі жоқ шыңына, көз жетпес кемелдік сатысына қалай өрлегенін өзің пайымдап көр!
Үшіншісі. Бұл әлемнің Жаратушысы, әлемдегі бүкіл мақсаттардың ең маңызды ұйытқысы адамзат болғандықтан және Сүбхани үндеу сөздерді ең көп ұғатын, қағылез сөйлесуші адам баласы болғандықтан сол адамзаттың ең мәшһүрі, ең атақтысы өз ісі, атқарған қызметі арқылы ең керемет тұлға болған Зат-ы Мұхаммедиді (с.а.у.) күллі адамзаттың атынан тіпті бүкіл әлемнің атынан өзімен сөйлесуші қылған Зат-ы Фәрд-і Зүлжәлал, әлбетте Оны кемелдіктің ең жоғары сатысына шығарып, шексіз нұрға бөлегені анық.
Міне, осы үш тұжырым секілді көптеген тұжырымдар бар. Олар бізге Мұхаммедтің (с.а.у.) рухани тұлғасы ғаламның мағынауи Күні іспеттес екенін нақты дәлелдейді. Сондай-ақ, Ол мына ғалам атты алып Құранның Аят-үл Күбрасы және Фурқан-ы Ағзамның Исм-і Ағзамы және Фәрд есімінің үлкен сәулесін шағылыстыратын көлемді айнасы. Ғаламда қанша ұсақ бөлшектер болса, және уақыт қанша бөлшектерге
бөлінетін болса, сол шыққан санды оның ең кішкене уақыт бірліктеріне көбейткенде қанша болатын болса Ардақты пайғамбарға (с.а.у.) сонша салауат сәлем, шексіз Иләһи мейірім қазынасынан жаусын деп, Зат-ы Фәрд-і Әхад-ы Самадтқа жалбарынамыз!
Отызыншы Леманың бесінші тұжырымы
Осы аяттың бірнеше тұжырымымен қоса,
Исм-і Ағзамының екі сәулесінің бірі әрі алты нұрының бір нұры Хаий есімінің бір шұғыласы қасиетті Шәууәл айында Ескішеһир абақтысында өте алыстан ақыл-ойыма көрінген еді. Дәл сол кезде жазуға мұрша болмай қалды. Сөйтіп, дер кезінде сол қасиетті құсты ұстай алмай қалдық. Енді, тым болмаса, сол ақиқаттардың және сол алып нұрдың кейбір шұғыласын кейбір рәміздер арқылы баяндауды жөн санадық.
БІРІНШІ РӘМІЗ. Хаий есімі мен Мухий есімінің бір шұғыласы болған "Хаят, яғни өмір-тіршілік деген не? Оның мән-мағынасы және атқарар міндеті не?" деген сұрақтың мазмұнды, қысқаша жауабы мынау.
Хаят яғни өмір - жаратылыс атаулының ең маңызды мақсаты... үлкен нәтижесі... ең жарқын нұры... ең тәтті шырыны... ең керемет мазмұны... өте тамаша жемісі... ең жоғарғы кемелдігі... ең көркем жамалы...ең ғажап әсемдігі... уахдеттің сыры... әрі бәрін біріктіруші... кемелдігінің бұлағы... өнер мен жаратылыс тұрғысынан ғажайып бір тіршілік иесі... ең кішкене болмысты бүкіл әлем тәрізді қылатын мұғжизалы ақиқат... бейнебір бүкіл әлемнің кішкентай бір жанды мақұлықтың бойына сиып кетуіне себеп болғандай, алып әлемнің белгілі бір мазмұнын әлгі тірі жанның бойында көрсете алатын, сонымен қатар, оны басқа жаратылыстармен жарасымды етіп байланыстырып, оны кішкентай бір әлемге айналдыратын ғажайып құдіреттің мұғжизасы. Сондай-ақ, тіршілік арқылы ең кішкентай "жүзиді", ең үлкен "Күлли" секілді
үлкейтетін... бір "жүзиді" яғни бір тұлғаны бір "күлли" секілді (бір әлем секілді) қылатын және Рубубиет тұрғысынан бүкіл әлемді бөліпбөліп басқаруға ортақ қабылдамайтын бір "күлли", яғни біртұтас "күлли" ретінде көрсетіп тұрған ғажайып Иләһи өнер.
Сондай-ақ, ғаламдағы жаратылыстардың арасында Зат-ы Хаий Қайюмның вүжуб-у вужуд болмысына және Уахдетіне, Әхадиетіне куәлік етіп тұрған айғақтардың ең жарқыны, ең нақтысы, ең кереметі Иләһи өнердің ішіндегі ең құпиясы, ең ашығы, ең қымбаттысы, ең арзаны, сондай-ақ, аса пәк, өте мағыналы Раббани өнердің нақышты өрнегі болып саналады. Сондай-ақ, басқа болмыстардың бәрін өзіне қызметші етіп қойған өте нәзік ерке, Рахмани мейірімнің сәулесі. Сондай-ақ Иләһи істердің өте мазмұнды бір айнасы. Сондай-ақ Рахман, Рәззақ, Рахим, Кәрим, Хаким секілді Есма-и Хүснаның шұғылаларын қамтып ризық, хикмет, жәрдем, рахым секілді көптеген ақиқаттарды өзіне тәуелді еткен және көру, есту, сезу іспетті барлық сезімдердің қайнар көзі болған ғажайып бір Раббани жаратылыс. Сондай-ақ өміртіршілік - әлемдегі тазартқыш бір мәшине іспеттес, жан-жақтың бәрін тазалайды, кірден арылтады, жетілдіреді, жарқыратып нұрландырады. Сондай-ақ топ-топ болып жүретін зәрре бөлшектерге бейнебір өмірдің ошағы, ұясы тәріздес денені әлгі зәррелерге арнап міндет атқаратын, нұрланатын, үйренетін бір қонақүй, бір мектеп, бір әскери бөлімше қылады. Бейнебір, Зат-ы Хаий мен Мухий осы өмір мәшинесі арқылы мына қою қараңғы, өтпелі өткінші шағын дүниені жарықтандырып, мағыналы бақи қылып мәңгі әлемге дайындап жатқандай. Өмірдің екі жағы да, яғни мүлк пен мелекут жағы да бірдей жарық, кіршіксіз, кемшіліксіз асқақ. Сол үшін де, еш пердесіз, себепсіз тікелей Раббани құдірет қолынан шыққандығын ашық көрсетіп, басқа нәрселер секілді сыртқы себептерді тіршіліктің жаратылуына перде етпеген. Ережеден тыс, ерекше көрініс, өмір атты өзгеше құбылыс.
Сондай-ақ, тіршіліктің, ақиқаты иманның алты шартымен байланысып жатыр. Оларды мағыналық тұрғыдан, ишари түрде дәлелдейді. Яғни атап айтқанда, Уажиб-ул Ужудтың анық бар екенін, Оның мәңгі тірі екенін, ақырет әлемінде мәңгі өмірдің бар екенін, періштелердің бар екенін дәлелдейтін иманның басқа шарттарымен тығыз байланыса отырып, олардың болуын талап ететін нұрлы ақиқат. Сондай-ақ, тіршіліктің өзі бүкіл әлемнен сүзілген өте таза, жаратылыс
атаулының мәйегі болумен қатар, әлемдегі өте маңызды Иләһи мақсат. Сондай-ақ әлемнің жаратылуындағы нәтижесі болған шүкір мен ғибадатты, хамд пен махаббатты қортындылайтын терең сыр.
Тіршіліктің осы аталған Жиырма тоғыз аса маңызды, өте қымбат қасиеттері мен жалпыға ортақ міндеттерін ойла! Сосын, Аллаһтың Мухий есімінің арғы жағынан Хаий есімінің қаншалықты ұлық екенін көр! Тіршіліктің осындай үлкен қасиеттері мен жемістері бар екенін ойлап, Хаий есімі Исми Ағзам екенін біл! Түсіне білгенге өмір әлемнің ең үлкен нәтижесі, ұлы мақсаты, өте қымбат жемісі болғандықтан, әлбетте өмірдің шексіз әлемге татитын ұлы мақсаты, үлкен нәтижесі болуы керек. Өйткені, ағаштың нәтижесі оның жемісі болатыны секілді, ал жемістің дәнегі арқылы соңында ағашқа айналтыны секілді, өмірдің де басты мақсаты, соңғы нәтижесі мәңгі өмір болып саналады. Мәңгі өмір болғандықтан бұл тіршіліктің бір жемісі де, тіршілікті жаратқан, осы өмірді сыйлаған, Заты-ы Хай-үл Мухийге шүкір, ғибадат, мадақ пен махаббат болмақ. Осы шүкір, махаббат, мадақ пен ғибадаттың осы өмірдің жемісі болғаны секілді, әлемнің жаратылу мақсаты да сол. Олай болса, мына өмірдің мақсаты рахаттанып ішіп-жеу, көңіл көтеру мен бейқам ештеңе ойламай, әуестікке беріліп қызық сүру дейтіндер, тоңмойындық күпірлік пиғылмен осынау аса қымбат өмір атты нығметті, ой-сана дейтін сыйлықты, ақыл дейтін асыл кәдені арзан санап, ол сезімдерді қорлап сұмдық күпірлік етіп жүр.
ЕКІНШІ РӘМІЗ. Хаий есімінің үлкен шуағы және Мухий есімінің ұлы шұғыласы болған, өмірдің бірінші рәмізде мазмұндалған бүкіл мәртебелері, сипаттары, қасиеттері мен атқарар міндеттерін баяндау үшін, сол міндеттер қанша болса, сонша рисале жазу керек болатындықтан, Рисалей-Нұрдың кітапшаларында ол сипаттар мен мәртебелердің және міндеттердің бір бөлігі түсіндірілгендіктен жанжақты баяндауды Рисалей-Нұрға тапсырып, бұл жерде бірнешеуіне қысқаша ишара қыламыз.
Енді, сол тіршіліктің Жиырма тоғыз қасиетінің жиырма үшінші қасиеті баяндалғанда былай делінген болатын: Тіршіліктің екі беті де мөлдір, пәк кіршіксіз. Сол үшін ондағы Раббани құдіреттің қалай басқарып жатқанын бүркемелейтін сыртқы себептер атты перде қоймаған.
Тіршіліктің осы қасиеті туралы, оның осылай пердесіз жаратылуының сыры жайлы айтар болсақ, әлемдегі барлық нәрседе бір жақсылық, бір сұлулық бар екені рас. Жаман, ұсқынсыз, жағымсыз жағы өте аз болмашы, ол тек салыстыру үшін ғана. Сол аз ғана жамандық арқылы әсемдік пен жақсылықтың неше түрі, көптеген мәртебелері, ақиқаттары көрініп белгілі болады. Осы тұрғыдан алғанда ол жамандық-жақсылық болып, ол жағымсыз нәрсе жағымды болып саналады.
Алайда, саналы пенделердің назарында әлгі жаман, жағымсыз, бәле боп көрінген нәрселер және олардан туындаған реніштер мен наразылық, ашу-ыза, Зат-ы Хай Қаюм Аллаһқа бағытталмауы керек. Өйткені, сырт қарағанда ақыл үшін жағымсыз болып көрінген нәрселер Аллаһтың пәк, киелі құдіретімен пердесіз тікелей байланысты болуы, Құдіреттің асқақ абыройына, үстем мерейіне үйлеспейді. Сол үшін Иләһи құдіреттің пәк басқару ісіне сыртқы себептер перде, бүркемелеуші болып жаратылған. Сондықтан, ол себептер ештеңе де жарата алмайды. Олардың міндеті, орынсыз шағымдар мен наразылықтарға нысана болу. Құдіреттің пәктігін, киелілігін, мерейін сақтау.
Жиырма екінші Сөздің екінші мақамының кіріспесінде баяндалғандай, Хазіреті Әзрейілге (а.с.) рухтарды алу міндеті жүктелгенде Хақ Тағалаға мінәжат етіп, былай деген екен: «Сенің құлдарың маған ренжитін болады!» Аллаһ тарапынан оған да жауап ретінде былай делінген: "Сенің атқаратын міндетің мен опат болғандардың арасын пердемен жауып тастаймын, яғни сені тікелей көрсетпейтін ауру, бәле, апат секілді себептерді перде қыламын. Сонда опат болғандар, наразылық шағымдарын саған емес, әлгі перделерге бағыттайтын болады".
Осы мінәжаттың сырына үңілер болсақ, өлім және опат болудың иманды жандар үшін керемет әсем тұстары бар, ал оны көре алмайтын, ондағы рахымшылықтың сәулесін білмейтін надан кісілер орынсыз ренжіп, наразылық танытады. Сондай, арыз-шағымдар Зат-ы Хай Қаюм Аллаһқа бағытталмауы үшін, Хазіреті Әзірейілдің (а.с.) міндеті де бір перде қызметін атқарғаны секілді, басқа да сыртқы себептер, сырт көзге перде ғана болуда.
Иләһи асқақ абырой мен лылық, ақылдың назарына себептердің перде болуын талап етеді. Тәухид пен Жалал себептердің шынайы әсер етеуші болуына жол бермейді.
Алайда, тіршіліктің сыртқы және ішкі, жағы мүлк пен мәләкут жағы таза, пәк, еш кемшіліксіз, ақаусыз болғандықтан шағым айтқызатын, наразылық туғызатын нәрселер онда жоқ. Сонымен қатар, Аллаһтың мерейі мен киелі құдіретіне қайшы келетін, жағымсыз тұсы, жамандық жағы болмағандықтан, тікелей пердесіз түрде Зат-ы Хай Қаюмның "тірілтуші", "жан беруші" есімінің қолына тапсырылған.
Нұр да солай, дене де солай, жарату да солай. Сондықтан, жоқтан бар қылу, жарату, тікелей, пердесіз Зат-ы Зүлжәлалдың құдіретіне тиесілі. Тіпті, жаңбырдың жаууы белгілі бір мағынада, тіршілік, рахымдылық болғандықтан, қашан жауатыны тұрақты заңға бағынбайтын белгісіз болған. Сонда, құлдар қажет кезінде Иләһи дәргаһқа қол қусырып жалбарынатын болады. Егер жауын, күннің шығуы секілді бір заңға бағынышты болса, ауадай қажет сол нығмет үшін әрқашан жалынып дұға етпес еді.
ҮШІНШІ РӘМІЗ. Тіршіліктің жиырма тоғызыншы қасиеті баяндалған жерде былай делінген болатын. Ғаламның нәтижесі тіршілік. Ал, тіршіліктің нәтижесі болған шүкір мен ғибадат та ғаламның жаратылуына себеп және ұлы мақсат, негізгі нәтижесі болып саналады.
Иә, мына ғаламның Сани-ы Хаий Қаюмы осыншама мол нығметтер беріп, өзін тіршілік иелеріне таныстырып, жақсы көргізген кезде, әлбетте ол тірі жандардан сол нығмет, несібелерге шүкір етуін және жақсы көргізуіне байланысты олардың да жақсы көрулерін және шебер жасалған өнеріне қарап, мадақтап мақтау айтуын және өзінің Раббани әміріне мойынұсынып, құлшылық, ғибадат етулерін қалайды.
Міне, осы Рубубиет сыры бойынша, шүкір ету, ғибадат ету дегеніміз, жалпы шүкіршіліктің, айналып келгенде бүкіл әлемнің аса маңызды ұлы мақсаты болғандықтан, қасиетті Құранға аса мән беріп, өте шебер әрі шешен түрде қайта-қайта отырып, пенделерді шүкір етуге, ғибадат қылуға шақырады. Ғибадат тек, Аллаһқа ғана арналады, шүкір тек соған лайықты, мадақ-мақтау тек Оған тиесілі деп, қайталай отырып назар аудартады. Демек, шүкір мен ғибадат тікелей, Малик-і Хақиқиге арналуы керектігін білдіру үшін тіршіліктің барлық түрін, бүкіл сипатқасиеттерін Аллаһ еш пердесіз, өз құдірет қолында ұстап тұрғанын дәлелдеп былай дейді:
осы аяттар өте анық түрде себептерді ысырып тастап, тікелей тіршілікті Хаий Қаюмның құдірет қолына тапсырады.
Иә, пендені риза қылып, өзіне қарыздар ететін және махаббатын оятып, мадақ айтқызатын тіршілік болса, одан кейін ризық, шипа, денсаулық, жаңбыр секілді шүкір етікізетін себептер де тікелей Зат-ы Рәззақ-ы Шәфидің қолында екенін айтады. Себептер мен ортадағы нәрселер жәй бір перде екенін мына:
деп, нақтылап ескерткен. Дәрілерге сондай қасиет беріп әсер еткізуші тек қана Шафи-ы Хақиқи Аллаһ дейді.
ТӨРТІНШІ РӘМІЗ. Тіршіліктің жиырма сегізінші қасиетін баяндағанда былай айтылған болатын. Тіршілік, иманның алты шартымен байланыса отырып, оларды дәлелдеп, рас екенін меңзейді.
Мына ғаламның ең маңызды нәтижесі, өзегі, жаратылысының хикметі - өмір. Олай болса, әлбетте тіршілік атты мәртебесі жоғары ақиқат, мына пәни қысқа, кемшілігі көп, уайым-қайғы аралас дүниялық өмір-тіршілікпен шектелмеуі тиіс. Ол өзінің Жиырма тоғыз қасиеті арқылы анықталған тіршілік атты ұлы ағаштың мақсаты нәтижесі. Сол нұрлы да зәулім "хаят" (тіршілік) ағашының өзіне лайық жемісі мәңгілік ақыреттік өмір. Тасымен топырағымен ағашымен қоса тірі болатын бақыт әлеміндегі нағыз өмір болмақ. Олай болмаса, сезімдерге өте бай керемет жабдықталған өмір атты ағаш саналы жандар үшін, әсіресе адамдар үшін пайдасыз жеміс бермейтін түк пайдасы жоқ нәрсе болар еді.
Адамзат, байлығы жабдықталу жағынан торғайдан жиырма есе жоғары дәрежедегі жаратылыс, әлемдегі ең таңдаулы тіршілік иелерінің ең мерейлісі бол тұра, дүниелік тұрмыс тұрғысынан торғайдан жиырма есе төмен бейбақ, өте әлсіз бейшара бір мұңлық болар еді.
Оған берілген өте қымбат нығмет - ақыл-сана, өткен шақтың өкініш қайғысын, келешектің қорқынышын жинап алып, жүректі әрдайым уайымға салып, бір ләззатқа тоғыз өкінішті араластырып тұратын, адамның басына бір пәле болар еді. Ал бұлай болу ақиқатқа жүз есе жат. Демек, мына дүниелік өмірдің өзі ақыретке иман шартын нақтылап дәлелдейді. Әр көктем сайын қайта тірілудің үш жүз мыңнан аса үлгі мысалдарын қайта-қайта көрсетуде.
Сенің денеңе де, бау-бақшаңа да, не болмаса өмір сүріп жатқан отаныңа да өз өміріңе де қажетті керек-жарақтарыңды, сезім мүшелеріңді, хикметпен, инаетпен, мейріммен ыңғайлы етіп дайындап берген, дәл уақытында үлгіріп отырған, тіпті сенің асқазаның тамақ сұрап жасаған дұғасын естіп біліп, түрлі тағамдар жарату арқылы дұғасын қабыл алып, асқазанды қанағаттандырған Мутасарыф-ы Қадир Аллаһ сені білмеуі көрмеуі және адамзаттың ең үлкен мақсаты болған мәңгі өмірге қажетті себептерді жаратпауы мүмкін бе?!
Сондай-ақ, адамзаттың өте маңызды, өте өзекті, адамзатқа лайық жарасымды және жалпыға ортақ мәңгілік жайлы дұғасын қабылдамауы яғни ақыреттік өмірді, Жәннатты жаратпауы мүмкін бе?! Әлемдегі ең маңызды тұлға тіпті, жер жүзінің сұлтаны, жемісі болған адамзаттың аспан мен жерді жаңғыртып, жалбарына сұраған дұғасын естімеуі, бір асқазан құрлы мән бермеуі риза қылмауы мүмкін бе?! Әсте мүмкін емес!
Тіршілік иесінің ең ұсағының дауысын естіп, шағымын тыңдап, еркелетіп, сұрағанын беріп, жан-жақты қамтамасыз етіп, оған айналасындағыларды мұқият қызмет еткізіп алып жаратылыстарды оған мойынұсындырып қойып, ал аса маңызды өте қымбат, өте өзекті, мәңгілікке жаратқан ерке бір тіршілік иесінің зор дауыспен жасаған мәңгі өмір туралы дұғасын естімеуі мүмкін бе?! Оның мәңгілік дұғасын, өтінішін елемей, босқа қалдыруы мүмкін бе?! Құдды қатардағы бір жауынгердің керек-жарағын мұқият жабдықтап, сонан кейін тілалғыш, тәртіпті үлкен армияға мүлдем қарамауы немесе зәрре бөлшектерді көріп, Күнді көрмеуі немесе шыбынның ызыңын естіп, аспанның күркіреуін естімеуі мүмкін бе?! Әлбетте, мүмкін емес!
Сондай-ақ, шексіз рахымды, шексіз махаббат иесі, аса мейірімді өз өнерін жақсы көретін, өзін қатты жақсы көргізетін және өзін жақсы көргендерді аса жақсы көретін Зат-ы Қадир-ы Хаким, өзін өте жақсы
көрген сүйікті, сүйкімді және өз Жаратушысын табиғи түрде бар болмысымен жақсы көретін, тіршілікті және сол тіршіліктің өзегі жауһары болған, адамның рухын мәңгілікке өлтіріп жоқ қылуы, сөйтіп әлгі өзін жақсы көрген сүйкімді жанды ренжітіп өкпелетіп, мол рахымын махаббатын жоққа шығартуы, жоққа шығартқызуы мүмкін бе?! Осылай болуын ақыл қабылдай ма? Әрине, мүмкін емес!
Мына ғаламды құдіретімен сұлу, әсем етіп жаратқан Шексіз Жамал, күллі жаратылысты қуантқан Шексіз Мейірім ондай зұлымдықтан пәк, ада.
Сонымен, дүнияда тіршіліктің бар екені рас. Әлбетте, адамдардың ішінде тіршіліктің не екенін, оның сырын түсінгендер және өмірін дұрыс пайдаланатындар Мәңгілік Әлемде, Бақи Жәннатта мәңгі өмірге бөленетін болады. Әрине солай!
Жер бетіндегі жалтырақ заттардың Күн сәулесіне шағылысуы және теңіз бетіндегі көпіршіктердің Ай жарығында бір сәт жылтырап сөніп қалуы, соңынан келген тіршіліктердің де дәл солай Күн мен Айға айналық қызмет атқаруы, бізге ол сәуле жарықтардың төбедегі бір ғана Күннің сәулесі екенін дәлелдеп, Күннің болмысына сансыз тілдермен куәлік етеді. Оны әлгі жаратылғандар жарқын саусақтарымен көрсетіп ишара қылады. Дәл сол секілді, Зат-ы Хай-ы Қаюмның Мухий есімінің алып сәулесінің Күн мен жердің бетіндегі, судың астындағы тіршілік иелерінің Иләһи құдіретпен жалт-жұлт етіп, артынан келе жатқандарға орын беру үшін "Иа, Хаий!" деп, ғайып пердесінің артына тығылып қалуы, бізге мәңгі тірі Зат-ы Хаий Қаюмның сөзсіз бар әрі тірі екенін көрсетіп куәлік етеді. Сонымен, болмыс атаулыны реттеп отырған Иләһи ілімге куәлік ететін барлық дәлелдер, сондайақ, Әлемді басқарып отырған Құдіретті дәлелдейтін бүкіл айғақтар, сондай-ақ, ғаламда билік жүргізіп отырған Ирада мен Иләһи қалауды көрсететін барлық дәлелдер, сондай-ақ, Раббани кәлам мен Иләһи уахидің ұйытқысы болған Пайғамбарлықтың бар екенін дәлелдейтін белгілер, мұғжизалар тағысын-тағы... жеті Иләһи сипатты көрсететін бүкіл дәлелдер барлығы бірлесе келіп, Зат-ы Хаий Қаюмның тірі екенін дәлелдейді, куәлік етеді, ишара етіп мегзейді. Өйткені, бір нәрсе егер көретін болса демек ол тірі, еститін болса ол да тіршіліктің белгісі. Сөйлеу тірі екендігін көрсетеді. Дәл сол секілді, мына әлемде өз істері арқылы бар екені анық дәлелденген Мутлақ Құдірет, Шәмил Ираде,
Мухит Ілім секілді киелі сипаттар барлық дәлелдерімен Зат-ы Хаий Қаюмның тірі екеніне, болмысы шарт екеніне куәлік етеді. Оның бір ғана сәулесі арқылы бүкіл әлемді жарық қылып тұрған, бір шуағымен бүкіл ақырет әлемін ең ұсақ бөлшектеріне дейін тірі қылып тұрған мәңгі тіршілігіне куәлік етеді.
Енді, осы өмір тіршіліктің «Періштелерге иман» шартына да қатысы бар екеніне ишари түрде соны дәлелдеп тұрғандығына келейік. Әлемдегі ең маңызды нәтиже, тіршілік екені белгілі. Ең көп тараған және маңыздылығына орай нұсқалары көбейтіліп жатқан, сондай-ақ Жер шары атты қонақ үйді топ-тобымен келіп-кетіп сәндеп, безендіріп тұрған да тіршілік иелері екені рас. Жер шары неше түрлі тіршілік иелеріне толы. Әрдайым сан алуан тірі жандар жаңарып отырады. Әрдайым бірде толып, бірде босап тұрады. Тіпті өте ұсақ, шіріп кеткен сасық нәрселердің ішінде де көптеген тіршілік иелерін жаратып, құжынатып қояды. Сондай-ақ, тіршіліктің сүзілген ең таза сүзбесі сана мен ақыл, өте нәзік те күрделі, тұрақты жәуһары болған рух өте көп мөлшерде жаратылуда. Қысқасы бейне бір Жер шары, тіршілікпен, ақылмен, санамен, рухтармен тіріліп жан бітіп, безендіріліп тұрған ғажап бейне іспетті. Әлбетте, Жер шарынан әлдеқайда нәзік, анағұрлым нұрлы, үлкен маңызды аспан денелерінің тіршіліксіз, жансыз бейсана, бос болуы әсте мүмкін емес. Демек, алыстағы Көктерді, Күндерді, жұлдыздарды құлпыртып безендіріп тұратын, тірі қылып көркейтіп тұрған және шексіз көктердің жаратылу хикметін көрсететін және Сүбхани үндеуді тыңдап, қорытынды шығаратын саналы жандар, аспанға ыңғайлы тұрғындар міндетті түрде бар. Олар өмір атты сырдың арқасында бар болып тұр. Олар "періштелер" деп аталады.
Сондай-ақ, өмір тіршіліктің мән-мағынасы «Пайғамбарларға иман» шартымен де байланысты болып, оны рәмізді түрде дәлелдейді. Қалай десеңіз ғаламның тіршілік үшін жаратылғаны белгілі. Тіршіліктің өзі Хаий Қаюм-у Әзели Аллаһтың үлкен бір сәулесі, керемет өнері. Ал, Аллаһтың Сәрмәди хаяты, яғни мәңгі болуы Пайғамбарларды жіберу арқылы, кітаптардың түсірілуі аясында өзін көрсетеді. Егер кітаптар, пайғамбарлар болмаса Аллаһтың мәңгі бар екені білінбес еді. Біреудің сөйлеуі оның тірі бар екенін көрсетеді. Сол секілді, мына ғайып әлемінің артында сөйлейтін, әмір беріп бұйыратын, тиым салатын
Құдіреттің сөзін, үндеуін көрсететін Пайғамбарлар мен олардың қолдарындағы көктен түскен кітаптары болмақ. Әлбетте, әлемдегі тіршілік Хаий Әзели Аллаһтың сөзсіз бар екеніне куәлік еткені секілді, ол Әзели Аллаһтың сәуле нұрлары Пайғамбарлардың жіберілуімен, кітаптардың түсуімен қатысты болып, рәмізді түрде дәлелдейді. Әсіресе, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы және Құранның түсуі - өмірдің рухы, ақылы негізі болғандықтан, өмір қаншалықты ақиқат болса ол да ақиқат деуге болады.
Тіршілік мына әлемнің сүзіліп алынған қорытындысы. Сана сезім де осы тіршіліктен сүзілген нәрсе, соның қорытындысы. Ақыл да сана мен сезімнен сүзілген сананың қорытындысы. Рух - тіршіліктің таза жәуһары, тұрақты, тәуелсіз заты. Сол сияқты заттық, рухани түрдегі Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі, оның тіршілігі де ғаламның тіршілігінен, рухынан сүзіліп алынған қорытынды сүзбе. Оның (с.а.у.) пайғамбарлығы болса, ол да әлемнің ақылынан, сезімінен, санасынан сүзіліп алынған мөлдір де саф тұнба. Тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі заттық және рухани тұрғыдан оған тұрмыс тіршілігі куә, әлемнің тіршілігінің тіршілігі. Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы да әлемнің санасының санасы нұры. Ал Құранның уахиы болса, әлемнің тіршілігінің рухы және әлемнің санасының ақылы екендігіне өміршең ақиқаттары куә. Иә, солай. Егер, әлемнен Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы, оның нұры шығып кетсе, әлем қирап қалады... Егер Құран кетіп қалса, әлем есінен айырылады. Жер шары ақылынан адасады. Тіпті ақыл-санасы қалмаған қаңғыған басын бір планетаға соғып, қиямет қайым болады.
Сондай-ақ, өмір тіршілік, «Тағдырға иман» шартын да рәмізді түрде дәлелдеп береді. Өйткені, өмір шәһадат әлемінің яғни мынау нақты дүниенің жарығы, барлық жерді қамтып тұр. Болмыс атаулының нәтижесі түпкі мақсаты. Әлемді жаратушы Аллаһтың мазмұнды айнасы, Раббани істердің (қызу іс, жарату жұмысы) керемет үлгісі мазмұны. Бір мағынада бағдарламасы деуге болар.
Әлбетте ғайып әлемі, яғни өткен шақ пен болашақ, жаратылыстың рухани өмірі болып саналатын реттілік, жүйе анық белгілі болуы (мағұлымият), көрініс табуы (мәшһүрият) тағайындау, яғни алдын ала орналасуы, бұйрық заңдарға мойынұсынуға ыңғайлы болуын яғни осы айтылған нәрселердің болуын өмірдің мәні, тіршіліктің сыры талап етеді.
Мәселен, бір ағашты алайық. Оның о бастағы дәні, тамыры, ұшындағы жемісі, жемісіндегі дәнегі бәрі-бәрі дәл ағаш секілді белгілі бір мағынада тіршілік етеді. Тіпті, олардың ағаштың тіршілік заңдарынан әлдеқайда күрделі тіршілік заңдары бар.
Сондай-ақ, мына көктемнің алдында келіп кеткен күзден қалған тұқымдар мен тамырлар және осы көктем өтіп кеткеннен кейін келер көктемге қалдыратын дәнектер мен тамырлар осы көктем секілді тіршіліктің нұрына бөленетін өзіндік тіршілік заңдары бар. Дәл сол сияқты ғалам ағашының барлық тал бұтақтарының әрқайсысының өткені мен болашағы бар. Өткен шақ пен болашақтағы халжағдайларына құралған, өзіндік байланыса жалғасып келе жатқан өмірі бар. Әрбір түрдің, әрбір бөлшектің Иләһи ілімде түрлері, жағдайлары мен саналуан болмыстары қалып, болмыстары іліми тізбек құрайды. Кәдімгі дене секілді ол іліми болмыс та жалпыға ортақ тіршіліктің мағынауи бір сәулесіне бөленген. Өмірлік тағдыр да сол аса мағыналы тірі, тағдыр тақтасынан алынған.
Ғайып әлемінің бір түрі болып саналатын рухтар әлемі нағыз өмір, өмірдің шикізаты, жәуһары яғни тіршіліктің өзегі саналатын рухтарға толы болуы әлбетте, өткен шақ пен болашақ деп аталатын ғайып әлемінің екінші бөлігінде тіршілікке ие болуы керек, солай болуын талап етеді. Әрбір нәрсенің іліми болмысындағы кемел жүйе мағыналы жағдайлары, тірі жеміс беруі, белгілі бір мағынада рухани түрде тіршілік ететіндігін көрсетеді.
Мәңгілік өмір Күнінің (Аллаһтың) бір сәулесі болған мына тіршіліктің көрінісі, мына дүниемен, осы шақпен, заттық болмыспен шектелмесе керек. Керісінше, әрбір әлем өз қабілетіне, шамасына қарай әлгі сәуленің көрінісіне бөленген. Сондай-ақ, ғалам бүкіл әлемдерімен қоса сол сәуленің саясында тірі, жарық болып тұр. Әйтпесе, адасқандардың көзқарастары секілді өткінші өмір сүріп, сырттай тірі көрінгенімен әрбір әлем үлкен, қорқынышты мәйіт, қараңғы да меңіреу, қаңырап қалған қиранды болып қалар еді.
Міне, «Тағдыр мен қазаға иман» шарты да кең көлемде өмір тіршіліктің сыры арқылы түсінікті болып беки түседі. Яғни, мына көзге көрініп тұрған әлем жаратылыс, көз алдымыздағы болмыс өздеріндегі жүйе арқылы, нәтиже беру арқылы тірі екендіктері көрініп тұрса дәл сол сияқты ғайып әлемі саналатын өткен шақ пен келешектегі
жаратылыстардың да рухани түрде тірі, іліми болмыстары және рухы бар. Қаза мен тағдыр таспасы арқылы сол рухани тіршіліктің іздері тағдыр болып көрініс табады.
БЕСІНШІ РӘМІЗ. Сондай-ақ, өмірдің он алтыншы қасиетін баяндағанда былай айтылған болатын. Өмір бір денеге енген кезде ол денені бір әлем қылып жібереді. "Жүз" болса оны "Күлл", ал "жүзи" болса, "күлли" қылып оны жами яғни бәрін қамтитын ауқымды, арнасы кең қылып жібереді.
Өмірдің күрделі де мазмұнды екендігі сондай, бейне бір ғаламға әсер етіп жатқан көптеген Әсма-и Хүснаны өзінің бойынан көрсете алардай өте ауқымды. Әхадиеттің айнасы болады. Бір денеге өмір енген кезде оны кішкене бір әлемге айналдырады. Құдды ол зат ғалам ағашының бір мағынада мазмұны саналатын дәні секілді болып кетеді. Бір дәнек ағашты жарата алатын Құдіреттің ғана өнері. Басқаша болуы мүмкін емес. Сол сияқты, өте ұсақ бір тірі жанды жаратқан Құдірет әлбетте, бүкіл ғаламды жаратқан Халиқ. Міне, осы айтылған өмір (хаят) аталған мазмұндылығымен өте құпия Әхадиеттің сырын ашып, өз бойында көрсетеді. Мәселен аспандағы алып Күннің жарығы жеті түсі, шағылыс сәулесі өзіне қарсы орналасқан әрбір тамшы суда, әйнектің әрбір бөлшегінде нақты көрініс табады. Дәл сол секілді, әрбір тірі жанның бойынан ғаламды қамтып жатқан Иләһи есім сипаттардың сәуле шуақтары толығымен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда өмір (хаят) ғаламды Рубубиет пен жарату тұрғысынан бөліп жаратуды қабылдамайтын "күллге" айналдырады. Тіпті басқаның ортақтасуы мен бөлшектеуі әсте мүмкін емес бір "күлли" дәрежесіне шығарады.
Сені жаратқан Құдіреттің бүкіл адамзатты жаратқан Құдірет екеніне сенің бетіңдегі мөр, Иләһи таңба анық куәлік етіп тұр. Өйткені, бүкіл адамдардың табиғаты бір. Оны бөліп-жаруға келмейді. Сондай-ақ, тіршілік арқылы ғаламның бөлшектері жеке тұлға ал ғалам бір түр болып саналады. Осылайша Әхадиятың мөрін барлығы бірлесіп көрсетумен қатар, әрбір бөлшек те Әхадиеттің мөрін Самадиеттің таңбасын көрсетеді. Осылайша ширк пен бөтен біреудің араласуына жол берілмейді.
Сондай-ақ, өмірде Раббани өнердің таңғажайып керемет мұғжизалары бар. Олай болса, бүкіл әлемді жарата алмайтын бір Құдірет, ең ұсақ тірі жанды да жарата алмайды. Бейне бір жүгерінің дәніне толық бір Құранды сиғызып жазу сияқты, қарағайдың кішкентай тұқымында
зәулім қарағай ағашының мазмұнын, тағдырын жазған Иләһи қалам, әлбетте жеті қат көктерді жұлдыздарымен қоса жазған. Бал арасының кіп-кішкене басына, "әлем" атты бау-бақшадағы гүлдерді танып білетін, көптеген жаратылысымен байланыс құра алатын, балдай тәтті рахымның сыйын адамға жиып беретін, дүнияға келе сала өмір сүру шарттарын біліп алатын бейімділікті, қабылетті кім берген болса әлбетте бүкіл әлемді жаратқан Халиқ та Сол.
Сонымен, өмір әлемдегі Тәухидтың таңбасы екенін және әрбір рух иесі де өмір арқылы Әхадиеттің мөрі екенін және тіршіліктің қандайы болмасын Самадиеттің белгісі екенін және тіршілік иелері қанша болса сонша, мына әлем атты хатқа Зат-ы Хай-ы Қаюм және Уахид-і Әхад Аллаһтың атынан өз тіршіліктері арқылы қолтаңбаларын басуда. Ол хаттарда Тәухид мөрлері, Әхадиет таңбалары, Самадиет белгілері бар екенін білдік. Сол өмірмен қатар әрбір жәндік, әрбір тірі жанның әрқайсысы мына ғалам кітабында Уахданиеттің таңбасы болып тұр. Сонымен қатар, әрқайсысының бойында, бетінде жеке-жеке Әхадиеттің мөрі басулы. Өміршең ұсақ бөлшектермен қоса тірі жандардың саны қанша болса сонша рет Зат-ы Хаий Қаюмның уахдетіне куәлік ететін мөр, таңбалар екенін көрдік. Сол секілді, тірілту, жан беру ісі қанша болса, сонша рет Тәухидке куәлік етуде. Мәселен, тірілудің бір түрі болған жер шарының тірілуін алайық. Ол Тәухидтің күндей жарқын таңбасы. Өйткені, көктемде жер жүзінің тірілуіне, жандануына қарасақ, үш жүз мың түр мен әрбір түрдің сансыз мүшелері барлығы бірге аралас құралас, еш қателіксіз ақаусыз, керемет жүйелі түрде тіріледі жанданады. Осы бір істі және осы тектес сансыз жүйелі құбылыстарды атқарып тұрған, әлбетте бүкіл жаратылыстардың Жаратушысы, жоқтан бар қылушы Аллаһ. Ол, бүкіл тірі жанды тірілтуші Хаий Қаюм. Оның Рубубиетінде ортақтық болуы әсте мүмкін емес. Ол Уәхид-і Әхад. Әзірге өмірдің қасиеттері туралы аз әрі қысқа ғана жазылды. Басқа қасиеттері туралы баяндауды Рисалей-Нұрға және басқа уақытқа қалдырайық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Исм-и Ағзам әркім үшін әртүрлі болады, әртүрлі болып көрінеді. Мәселен, Хазіреті Али (р.а.) үшін «Фәрд», "Хаий", "Қаюм", "Хакем", "Адл", "Құддус" дейтін алты есім. Имам Ағзам Әбу Ханифаға «Хакем», "Адл" дейтін екі есім болса, Ғаус Ағзам шейх Гейланидің
Исм-и Ағзамы «Иа, Хай!» болған. Имам Раббанидің Исм-и ағзамы "Қаюм" тағысын тағы. Көптеген ірі тұлғалар Аллаһтың түрлі есімдерін өздеріне Исм-и ағзам қылған. Осы бесінші тұжырым, Хаий есімі туралы болғандықтан бір жағынан тәбәрік, куәгер, дәлел, бұлтартпас айғақ ретінде сондай-ақ, өзімізге дұға ретінде және осы Рисаленің ақыры қайырлы болуы үшін, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) «Жәушан-ул Кәбир» атты ұлы мінәжатында мағрифатуллаһ тұрғысында өте жоғары мәртебеде Раббысын сипаттаған тұсын, біз де қайталап, "Амин!" мағынасында дәлме -дәл жазып отырмыз.
Дәл сол мінәжатты Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләммен бірге қайталаймыз.
Отызыншы Леманың алтыншы тұжырымы
Қаюм есімі жайлы.
Хаий есімінің қорытындысы, «Нұр бұлағы» атты кітаптың қосымшасы ретінде жазылған-ды. Бұл Қаюм есімі де Отызыншы Сөздің қосымшасы болғаны жөн болар.
Өтініш. Мұндай аса маңызды мәселелер және өте терең ауқымды Қаюм есімінің көлемді шуағы жүйелі түрде жазылмады. Бұл тақырып көкейге түрлі лемалар болып келгендіктен жүйесіздеу жазылды. Асығыс тексерілмей жазылғандықтан сөз тіркестерінде, сөйлемде кемшіліктер мен жүйесіздіктер кездеседі. Мәселелердің құндылығы мен үйлесімділігін ескеріп, менің кемшіліктерімді кешірерсіздер деп ойлаймын.
Ескерту. Исм-і Ағзамға қатысты мәселелер өте ауқымды, терең болғандықтан, әсіресе Қаюм есіміне қатысты тақырыптар, оның ішінде де Бірінші Шұғыла,
{(Сілтеме): Бұл рисалені оқитын адам егер бұрын-соңды ғылыммен шұғылданбаған болса, бірінші шұғыланы оқымай-ақ қойсын немесе соңына таман оқысын. Бірден екіншіден бастасын.}
материалистерге қатысты болғандықтан өте тереңнен қозғайды. Сондықтан, әлбетте барлық адам әрбір мәселесін толыққанды түсіне алмас. Дегенмен, әркім әрбір мәселеден өз сыбағасын алады. «Бір нәрсеге толық қол жеткізе алмадым деп, бәрін тастап, ешнәрсе алмау дұрыс емес», қағидасы бойынша "мына рухани бау-бақшаның бүкіл жемістерін теріп ала алмадым" деп мүлдем бас тарту саналыға жараспас. Адам қанша алса сонша өзіне пайда".
Исм-і Ағзамға қатысты мәселелердің ақыл қамти алмайтындай ауқымы кең болатыны секілді, ақыл сезе алмайтындай нәзік ұсақтары да бар. Әсіресе, Хаий және Қаюм туралы оның ішінде де хаяттың яғни өмірдің иман шарттарына қатысты рәміздерін, әсіресе өмірдің тағдырға қатысты ишараларын және Қаюм есімінің бірінші шуағын әркім түсіне алмайды. Ой-өрісі жете алмайды, бірақ құр қалмайды. Әйтеуір иманын күшейтетіні анық. Расында, мәңгі бақытқа жетелейтін иманның күшеюі өте маңызды мәселе. Иманның бір дәреже болсын артуы үлкен байлық, таптырмас қазына. Имам-ы Раббани былай деген екен: "Иманға қатысты кішкентай бір мәселенің ашыла түсуі, түсінікті болуы, мен үшін жүздеген кереметтерден артық"
секілді Аллаһтың Қаюм екеніне ишара қылатын аяттардың бір нүктесі және Исм-і Ағзам немесе Исм-і Ағзамның екі сәулесі немесе Исм-і Ағзамның алты нұрының алтыншы нұры болған Қаюм есімінің үлкен бір шуағы Зилқаде айында ақылыма оралған-ды. Ескішехир түрмесінің қолайсыздығынан, сол үлкен нұрды толық баяндадым дей алмаймын. Дегенмен, Хазіреті Алидың (р.һ.) "Әрджузә" кітабында "Сәкине" деген жазбасында Исм-і Ағзам деп көрсеткен және "Джәлджәлутие" кітабында ұлық есімдермен бірге Исм-і Ағзам арасында аталған осы алты есімді ең ұлығы деп аса мән бергендіктен, сондай-ақ сол көркем есімдерді атап жатқанда керемет ретінде бізді де жұбатқаны үшін осы "Қаюм" есіміне де жоғарыда аталған есімдер секілді ең болмаса қысқаша түрде, "Бес Шуақ" деген айдармен сол үлкен нұрға ишара қыламыз.
Иә, мына ғаламды барлық жағымен, бүкіл болмысымен Рубубиетіне бағындырып, күллі әлемді бір үй, бір бөлме секілді жүйелі түрде басқарып ұйымдастырып отырған Зат-ы Ақдестің теңі серігі, ұқсасы болуы, мүмкін емес. Ол сондай біреу, оған жұлдыздарды жарату зәррелерді жарату секілді оңай, оның құдіретіне ең үлкен нәрсе мен ең кішкентай нәрсе бірдей бағынады. Ешбір нәрсе бір-біріне кедергі болмайды. Бір іс бір іске тосқауыл бола алмайды. Барлық нәрсе бір нәрсе секілді назарында дайын тұрады. Бүкіл дауысты бірден естиді, барлығының қажеттілігін бірден орындайды. Бүкіл жаратылыс атаулы өздеріндегі реттілік пен тәртіп, өлшем арқылы мынаны көрсетеді.
Ешнәрсе, ешбір жағдай оның қалауынсыз, әмірінсіз болмайды. Өзі ешбір мекенге тәуелсіз бола тұра барлық жерде, барлық мекенде өзінің құдіретімен, ілімімен табылады. Барлық нәрсе одан тым алыс бола тұра, Ол барлығына жақын. Міне, ол сондай Зат-ы Хаий-ы Қаюм. Олай болса, әлбетте ешбір тұрғыдан теңі, теңдесі, ұқсасы, серігі, уәзірі, қарсыласы болмайды, болуы да мүмкін емес. Тек, мысалдар арқылы оның киелі істеріне, құбылыстарына қарауға болады.
Рисалей-Нұрдағы барлық мысалдар, теңеулер мәселеге осы тұрғыдан қаратады. Міне, осындай теңдессіз, болмысы шарт, материядан жоғары мекенге тәуелсіз, бөлінуі ыдырауы ешбір тұрғыдан мүмкін емес, өзгеріп құбылудан ада әлсіздік мұқтаждығы жоқ Зат-ы Ақдестің ғаламдағы және жаратылыстағы қызу жұмыс істеп жатқан кейбір сәуле шуақтарын дәл өзі, яғни Зат-ы Ақдестің өзі деп ойлап, сосын кейбір жаратқандарына Улухият (құдайылық) сипатын беретін адасушылардың кейбіреулері, Аллаһтың кейбір жаратқандарын табиғатқа теліп, соған еншілеп беруде. Ал, Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде табиғаттың Иләһи өнер екендігі өздігінен шебер еместігі, Раббани жазу екендігі, жазушы еместігі, ол бір нақыш бірақ суретші еместігі, ол жазылған бір дәптер, жазған ол еместігі, оның бір заң бірақ заң шығарушы құдірет еместігі ол қабылдаушы жасалушы бірақ, жасаушы еместігі және ол бір жүйе тәртіп бірақ, тәртіпке келтіруші еместігі ол заңдар жинағы, бірақ заң шығарушы еместігі нақты дәлелденген болатын.
Мүмкін болмаса да былай ой жүгіртейік, өте ұсақ бір болмысты табиғатқа еншілеп: «Мынаны жаратшы көрейік!» десе, Рисалей-
Нұрда баяндалғанындай әлгі кішкене тірі жанның ағза мүшелері қанша болса сонша қалыптар тіпті құралдар керек болады. Сонда ғана табиғат жасаған болады.
Сондай-ақ, материалистер деп аталатын кейбір адасқан топ, зәррелердегі жүйелі құбылысты, ондағы Иләһи жаратуды, Құдайдың құдіретін оның ұлы сәулесін сезгенімен, ол сәуленің қайдан келіп жатқанын біле алмай, сол Самедани құдіреттің сәулесінен тараған күш-қуаттың қай жерден басқарылып тұрғанын түсінбегендіктен, материя мен қуатты мәңгі деп ойлап, Аллаһтың істерін зәррелерге, олардың қозғалысына бере бастады. Фәсубханаллаһ! Адамдар мұнша надан болар ма! Мекені жоқ, бірақ барлық жерден табылатын, әрбір нәрсені жаратарда бәрін көретін білетін, қалағанынша басқаратын
жоғары дәрежеде істеген істерін, өнерін меңіреу, соқыр мылқау, бейсана ерік-қалауы жоқ өлшемді білмейтін өздерінше кездейсоқ сапырылысқан зәррелерге, олардың бейбастық әрекетіне беру неткен сорақылық надандық, миға сыймайтын пікір екенін зәредей ақылы бар адам түсінуі керек. Иә, бұл надандар мұтлақ (абсолюттік) Уахдетті мойындамағандықтан сансыз, шексіз "кесрет-і мутлақты" мойындайды, яғни бір ғана Аллаһты қабылдамағандықтан шексіз тәңірлерді қабылдауға мәжбүр болған. Яғни бір ғана, Зат-ы Ақдестің сипатын, оның шартты белгісі әзәлиятты яғни бастауы мен соңы жоқ мәңгілікті, халиқиятты яғни жоқтан бар қылуды теріс ақылдарына сыйғыза алмағандықтан, ұстанған жолдары әлгі сансыз, меңіреу зәррелердің әзәли екендігін, тіпті құдайлығын қабылдауға мәжбүрлеген еді.
Міне, надандықтың шыңына шыққан бейбақтарға қара! Ал, зәррелердегі құбылысқа келер болсақ, ол зәррелердің жиынтығын Уажиб-ул Ужудтың күші мен құдіреті, әмірі жүйелі де тәртіпті әскер қалпына келтірген. Егер, бір сәтке ол Ағзам қолбасшының әмірі, оның жүйелі құрылысы күшін жойса әлгі сансыз меңіреу, бейсана топ ыдырап, тіпті бейберекетсіздіктен астаң-кестеңі шығар еді.
Һәм адамдардың бір бөлігі болашағын көретін көріпкелдей одан да бетер адасып, надандыққа салынып, Сани-ы Зүлжәлалдың өте керемет нәзік тілалғыш, мойынсұнғыш "эсир" дейтін ең ұсақ затын яғни өте нәзік бағынышты қызметшісі, жазуға арналған парағы, әмірлерін жеткізуші құралы басқару алаңы, жұп-жұқа пердесі, жазба сиясы, өнім берер егістігі болған "эсирді" рубубиеттінің сәулесін шағылыстырып тұрғандықтан бәрінің қайнар бұлағы іс атқарушы деп санаған. Мұн - шалықты адасу, шығуы мүмкін емес тығырыққа апарып тірейді. Өйткені, "эсир" материалистерді батпаққа батырған зәрре дейтін заттан анағұрлым нәзік, ол бұрынғы философтар тығырыққа тірелген "һәюлә" [(*): Һәюлә - Ежелгі философтардың ойынша барлық нәрсенің өзегі, саналған қияли зат.] мазмұнынан әлдеқайда қою, ерік қалаудан мақұрым, бейсана, жансыз нәрсе. Осындай шексіз бөліне беретін, сансыз бөлшектен тұратын және тасымалдау, әсер алу міндетін атқарушы затты, тіпті ол заттың зәрреден де майда зәррелерін құдайдай көру, яғни барлық жерде барлық нәрсені көретін білетін, басқара алатын, шексіз құдіреттің ғана қолынан келетін іс-құбылыстарды солар жасайды деп ойлау, әлемде қанша зәрре болса сонша есе қателік десе болады.
Жаратылыстардағы жарату ісіне үңіліп қарайтын болсақ, әсіресе ол зат тірі жан болса оның иесі көптеген затты тіпті бүкіл әлемді көретін білетін және сол тірі жанның қоршаған ортамен байланысын білетін, толық қамтамасыз ететін күш-құдірет иесі болуы керек. Бұл іске материяның себептердің араласуы мүмкін емес. Қаюмиеттің сыры арқылы қарағанда кішкене ғана жарату ісі, бүкіл әлемді жаратқан құдіреттің ісі екенін тікелей көрсетіп тұрады. Мәселен, бал арасын алайық. Оның жаратылу жағдайы әлемді жаратқан Аллаһтың ісі екенін екі тұрғыдан көрсетіп тұрады.
БІРІНШІСІ. Әлгі араның барлық түрлерінің бір мезгілде, бір іспен айналысуы бізге ол шағын, жекелеген істің жер бетін түгелдей қамтып жатқан барлық тіршіліктің бір тармағы, бір ұшы екенін көрсетеді. Олай болса ол алып істің иесі, кім болса, мына шағын істің де иесі сол болғаны.
ЕКІНШІСІ. Мына көз алдымыздағы араны жаратушы болу үшін, ол араның тұрмыс-тіршілігін, ағза-мүшелерін және әлеммен байланысын орнатып, жан-жақты қамтамасыз ететін, бәрін білетін күш-құдірет қалау-ерік қажет болатындықтан, ол шағын ғана жаратылысты жаратушының ғаламға үкімі жүруі керек, сонда ғана ол жаратылысты мұнтаздай тамаша етіп жасай алады. Демек, ең ұсақ жаратылыс, жай бір құбылыстың өзі екі тұрғыдан өзінің иесі Халиқ-ы Күлл-и Шей екенін көрсетеді.
Өте мұқияттылықты керек ететін және таңғаларлық жайт мынау болса керек, болмыстың өте биік дәрежесі "ужуб", яғни міндетті түрдегісі, яғни шарттысы, болмыстың ең тұрақты дәрежесі "материядан тыс болуы" болмыстың аяқталуды білмейтін түрі "мекенге тәуелсіз түрі", болмыстың ең мықтысы әсте өзгермейтін, жоқ болудан ада сипаты саналатын "уахдет" иесінің, яғни Зат-ы Уажиб-ул Ужудтың өзіндік сипаты зати шарты болған әзәлииятты (шексіздік), сәрмәдиятты (мәңгілік), болмыстың ең осалы өте нәзік дәрежесі, өте құбылмалы ауыспалы түрі, сондай-ақ, мекенге тәуелді әрі ең көп тараған маттериялдық зат болып саналатын "эсирге" еншілеу, зәррелерге беру, оларды мәңгілік деп ойлау, кейбір Иләһи істердің солардан туындағанын қиялдау, барып тұрған ақымақтық, ақиқатқа мүлдем керағар ақылға қайшы, мүлдем қисық пікір екендігі Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде нақты айғақтар арқылы көрсетілген болатын.
ЕКІНШІ ШУАҚ. Екі мәселеден тұрады.
Бірінші мәселе. Қаюм есімінің ұлық сәулесіне ишара ететін
секілді аяттар ишара еткен терең ақиқатының бір тармағы мынау: Әлемдегі аспан денелерінің өз орындарында тұруы, өз болмыстарын солай жалғастыруы Қаюмиятке тығыз байланысты. Егер ол Қаюмияттың сәулесі бір сәтке сырт айналса кейбіреуі жер шарынан мың есе үлкен миллиондаған аспан денелері сонау ұшы-қиыры жоқ кеңістікте бытырап, өзара соқтығысып, қирап жоқ боп кетер еді. Мәселен көкте ұшақтардың орнында мыңдаған алып сарайларды керемет жүйемен шыр айналдырып, жылдам жүргізіп тұрған біреудің "қаюмият" құдіреті, сол ұшып бара жатқан сарайлардың тұрақты қозғалысымен, жүйелілігімен және әрмен қарай жалғаса беруімен өлшенеді. Дәл сол секілді Зат-ы Қаюм-у Зүлжәлал эсир дейтін заттың ішіне сансыз аспан денелерін орналастырып, оларды керемет жүйелі түрде, өлшеммен Қаюмият сыры арқылы сол арада тұрғызуы, жалғастыра беруі, кейбіреуі жер шарымыздан мың есе, тіпті баз біреулері миллион есе үлкен болса да миллиондаған алып денелерді ешқандай тірексіз, сүйеусіз, бос кеңістікте тұрғызып қана қоймай, әрқайсысына белгілі бір міндет жүктеп, оларды қалың әскер секілді өзінің бол дегенде болдыра қоятын "күн фая күн!" әміріне керемет мойынсұндыруы, осы аталғандар Қаюм есімінің ұлы сәулесінің құдіреттілігіне өлшем болады. Сонымен қатар, әрбір заттың зәррелері де жұлдыздар секілді Қаюмият сыры арқылы тұр және соның арқасында жоқ болып кетпей, өз болмыстарын сақтап, әрі қарай жалғастыруда.
Ия, бір тірі жанның бойындағы зәррелердің әрқайсысы ағзаға тиесілі өзі секілді зәррелермен бірге ұжымдасып, бытырап кетпеуі, селдей ағып жатқан элементтердің арасында өз болмысын сақтап шашылып кетпеуі, жүйелі түрде, орны-орнына орналасуы өздігінен емес, Қаюмияттың күшімен болатындықтан әрбір мүше (организм) тәртіпті бір полк, ал әрбір түрге жататын жаратылыстар тәртіпті бір дивизия тәрізді. Күллі жан-жануардың жер бетінде жүруі, ал жұлдыздардың кеңістікте тұруы, орын ауыстырып жылжып отыруы қандай керемет құбылыс болса, дәл сол секілді зәррелер де өзіндік сансыз тілдерімен Қаюмияттың сырын паш етіп, әлемге жар салуда.
Екінші Мәселе. Заттардың Қаюмият сырымен байланысты хикметпайдаларының бірнешеуіне ишара қылудың орайы келіп тұр.
Кез келген әрнәрсенің болуындағы хикметі, жаратылуындағы мақсаты, болмысындағы пайдасы, тіршілік етуіндегі нәтижесі үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ. Кез келген нәрсенің өзіне және адамзатқа, адамзаттың игілігіне қатыстылығы.
Екінші топ. Бұл әлдеқайда маңыздырақ. Әрбір зат, бүкіл саналылар зерттейтін, талдап-талқылайтын және Фатыр-ы Зүлжәлалдың есімсипаттарының сәулесін шағылыстыратын жеке-жеке аят, яки әрқайсысы бір хат, немесе бөлек-бөлек кітап немесе мақтап жазылған өлең тәріздес болып, мағыналарын сансыз оқырмандарына жеткізетін нәрселер.
Үшінші топ. Бұл Сани-ы Зүлжәлалға қатысты. Кез келген нәрсенің пайдасы мен нәтижесі өзіне қатыстылығы біреу болса Сани-ы Зүлжәлалға қатыстылығы жүз, яғни Сани-ы Зүлжәлал өз өнерінің ғажайып тұстарын өзі тамашалайды. Өз есімдерін өзі жаратқан нәрселер арқылы көреді. Осы аталған ең ұлық үшінші мәртебеде бір секунд өмір сүру жеткілікті.
Һәм, әрбір нәрсенің болуын керек ететін Қаюмияттың сыры екені үшінші "Шұғылада" баяндалмақ.
Бірде әлемнің, жаратылыстың тылсым сырлары арқылы болмыс атаулының хикмет пайдаларына назар аудардым. Іштей: "Апырымай, мына нәрселер неліктен бұлай өздерін көрсетіп, сонан соң дереу көзден таса болып жоғалып кетеді? Олардың табиғатына қарасам, өте жүйелі де керемет, хикметке толы, әсем безендірілген түрде көрмеге жіберіледі. Алайда, бір-екі күнде, тіпті кейбірі бірнеше минуттың ішінде жоқ болып, пайдасыз бостан-босқа кете береді. Осылай, әпсәтте бізге көрінуінің мақсаты не?" деп, қатты қызықтым. Сол кезде Аллаһ жарылқап, жаратылыстың әсіресе, тірі жандылардың дүние атты дәрісханаға келуінің зор хикметін таптым. Ол да мынау еді.
Барлық нәрсе, әсіресе тіршілік иелері мағынасы терең сөздер яки хаттар немесе Раббысын мақтайтын өлеңдер, Иләһи жарнамалар. Барлық саналылар, оларды талдап-талқылап болған соң және сансыз зерттеушілерге өз мағынасын жеткізген соң дыбысы мен әріптері секілді заттық бейнесі жоқ болып кете барады. Бір жылдай осы аталған хикмет
мені қанағаттандырды. Бір жылдан соң, жаратылыстардағы әсіресе, тірі жандылардағы ғажап та күрделі өнердің мұғжизалары көріне бастады. Сондағы түсінгенім: Мына өте нәзік, өте керемет хас шеберлік пен Иләһи өнер тек саналылардың назарына түсіп, оларға белгілі бір мағына білдіру үшін ғана емес. Әрбір жаратылысты сансыз саналылар зерттейтіні рас. Дегенмен, олардың талдап-зерттеуі шектеулі, барлығы бірден тірі жанның бойындағы хас шеберлік пен күрделі өнерді терең түсіне бермейді. Демек, тірі жандардың өте маңызды нәтижесі, жаратылу мақсаты Зат-ы Қаюм-ы Әзәлидің өз назарына өзінің ғажап өнерін рахымды түрде берген кәде-сыйлықтарын, жарылқауларын ұсыну. Осы аталған мағына біраз уақыт мені қанағаттандырды. Сондағы түсінгенім. Әрбір жаратылыста әсіресе, тірі жандарда сансыз өнердің күрделі сырлары болуы, Зат-ы Қаюм-ы Әзәлидің назарына ұсыну екен. Яғни, Зат-ы Қаюм-ы Әзәли өз өнерін өзі тамашалау, яғни әлемнің хикметі деп аталатын мақсатқа әлгіндей орасан шығын жұмсалуы өте орынды екенін білдім. Уақыт өте келе Жаратылыстың бойындағы өнер, бейнелеріндегі күрделі нақыш ұзаққа созылмайтындығын, жылдам жаңарып, сан құбылып, күрделі істер атқарылып, қайта-қайта өзгеруде екендігін көрдім. Олай болса, бұл кұрделі жарату ісінің хикметі өздері сияқты маңызы зор болу керек қой деп ойладым. Енді, жоғарыда аталған екі хикмет жеткіліксіз бола бастады. Өте қызығушылық сезіммен олардан да бөлек хикметтерін іздей бастадым. Біраз, уақыт өткен соң Құдайға шүкір, Қасиетті Құранның нұр-фейізімен Қаюмиеттің сыры ашылып, өте терең хикмет пен ұлы мақсат көрінді. Соның аясында, "Ғаламның сыры", "Жаратылыстың мәнісі" деп, аталатын Иләһи сыр түсінікті болды. Бұл сыр Жиырма төртінші Мектубта жан-жақты баяндалғандықтан қазір қысқаша екі-үш нүктесін Үшінші Шуақта жазамыз, Қаюмиеттің сәулесіне мына тұрғыдан қарасақ, Қаюмияттың сыры бүкіл жаратылысты жоқтан бар етіп, әрқайсысын мына ұшықиырсыз әлемде.
сыры арқылы бар қылып, керемет түрде жалғастырып, жаппай осы Қаюмияттың терең сырына, оның әсеріне бөлендіруде. Егер осы байланыс үзілсе еш нәрсе өз бетімен болмысын жалғастыра алмайды. Шегі жоқ кеңістікте тоз-тоз болып, жоғалып кетер еді.
Сондай-ақ, болмыс атаулы жаратылысы тұрғысынан және әрмен
ҮШІНШІ ШУАҚ.
секілді аяттар меңзеп отырған Иләһи халлақият (жарату) пен Раббани фәғалият (іс атқару) ішіндегі Қаюмияттың сырын біршама аша түсу үшін бір-екі кіріспе жасап, ишара қыламыз.
Бірінші кіріспе. Мына ғаламға қарағанымызда уақыт ағымымен әрдайым шайқалып, топ-топ болып бірінен соң бірі кетіп жатқан жаратылыстардың кейбіреулері бір секунд аялдап дереу көзден таса болып жатқанын көреміз. Ал кейбіреулері бір минут болып өте шығады. Бір бөлігі бір сағат мына шәһадат әлеміне келіп, ғайып әлеміне кете барады. Кейбірі бір күн, кейбірі бір ай не бір жыл, кейбірі бір ғасыр ал кейбірі бірнеше ғасыр бойы мына дүниеге қонақтап, белгілі бір міндет атқарып кетіп жатады. Осы бір таңғаларлық жайт, бас айналдыратын саяхат, жаратылыстың жылдам қозғалысы мен сапары, өте керемет жүйе, дәлме-дәл өлшем, хикметке толы ағыс, бәрі де басқарумен болып жатқанын көріп, оларды яғни әлгі керуендей келіп кетушілерді басқарып тұрған көреген дана, шебер ұйымдастырушы Біреу бар.
Бүкіл ақылдар бірігіп бір ақыл болса, ол хикметке толы басқарудың қаншалықты керемет екенін ойлай алмас еді. Немесе бір кемшілігін тауып айып таға алмас еді.
Қаюмияттың сырына қатысты Иләһи істердегі хикметтің екінші тармағы. Бұл тармақ Аллаһтың есімдеріне қатысты. Өздеріңе мәлім, әрбір Жамал (сұлулық) иесі өзінің жамалын көргісі және көрсеткісі
келеді. Әрбір өнер иесі өзінің өнерін жария қылып, жұрттың назарын өзіне аударғысы келеді және оны қалайда. Тасада қалған керемет ақиқат жағымды мағынада белгілі болып көрінгісі келеді, өзіне қарайтын қызығушылардың болуын қалайды. Енді, осы аталған мықты негіздер мен қағидаларды дәрежесіне қарай барлық нәрседен кездестіруге болады. Олай болса, Шексіз көркем Аллаһтың мың бір көркем есімінің әрбір мәртебесінде шексіз әсемдіктің түрлері мен тамаша терең ақиқаттар бар. Оған әлем куәлік етеді, сәуле ұшқындары дәлел болады, нақыш өрнектері ишара қылып меңзейді, сонымен осы есімдердің қудси жәмалдарын көрсететін айналар, тамаша нақыштарын білдіретін тақталар, керемет ақиқаттар жазылған парақтар мына жаратылыс, мына әлем екені рас. Олай болса, әлгі мәңгі де көркем есімдер өзінің сан құбылған сәуле шуақтарын, түрлі нақыштарын ою-өрнектерін, кітап-жазбаларын Зат-ы Қаюм-ы Зүлжәлалдың назарына көрсету үшін және сансыз рух иелері мен саналы жандардың талдап-талқылау назарына түсу үшін және шектеулі бір заттан шексіз көріністерді, сондай-ақ, бір тұлғадан көптеген тұлғаларды, бір ақиқаттан көптеген ақиқаттарды шығарып көрсету үшін осы көркем есімдер, Иләһи муқаддес ғашықтыққа сүйеніп және Қаюмияттың сыры бойынша ғаламды әрдайым сәуле шуақтарымен жаңартып отырады, құбылтып өзгертіп жатады.
ТӨРТІНШІ ШУАҚ: Ғаламдағы таңғажайып істердегі хикметтің үшінші тармағы мынау: Әрбір мейірімді жан басқаны риза қылғанына қуанып мәз болады. Қамқор жандар өзгені қуантқанына риза болады. Жүрегі сүйіспеншілікке ынтық жандар қуануға лайық кісілерді қуантқаннан ләззат алып мәз болады. Ақкөңіл жандар өзгені бақытқа бөлегеннен рахаттанып шаттанады. Әрбір әділ кісі әділдікті орнатып залымдарды жазаға тартып, жәбірленушінің ақысын алып бергеніне риза болып мақтанады. Өнер иесі өз өнерін көрсеткен кезде және өнері ойындағыдай болған кезде нәтижесіне шаттанып мәз болады.
Міне, осы аталған ережелердің әрқайсысы мықты бір қағида. Ол әлемде де адамзат арасында да кездеседі. Бұл қағидалар Иләһи есімдерде де сақталатындығы Отыз екінші Сөздің екінші тарауында үш мысал арқылы баяндалған болатын. Қысқаша қорытындысын осы жерде қайталауға тура келіп тұр.
Мәселен, өте мейірімді, бай, жомарт, дархан біреу өзінің бойындағы асыл қасиеттердің талабына сай алып бір саяхат кемесіне өте мұқтаж, пақыр кедейлерді мінгізіп, мол сый-сияпат жасап, кең дастархан жайып, пақыр бұқараны риза қылып ашық теңізге шығарып жер дүнияны шарлатады. Өзі де жоғарыдан оларға қарап, қуана тамашалап олардың ризашылығынан ләззат алып рахаттанады. Олардың қуанғанын көріп мәз болады. Олардың рахаттанғанына қуанып, мақтанаыш сезінеді. Адам деп аталатын таратушылық міндет жүктелген қызметкер әлгіндей шағын ғана сый-сияпат бергеннен осыншама риза болып, қуанып, көңілі тасып жатса, әлбетте бүкіл адамзат пен хайуанатты, сансыз періштелер мен жындарды сондай-ақ, руханилерді өзінің Рахмани кемесі болған жер шарына мінгізіп, жер бетін саналуан ырыснесібеге, дәмді нығметтерге толтырып, кең дастархандай сый-сияпат жасаған және мұқтаж, риза, қарыздар, қуанышты пенделерін әлемнің төрт бұрышына саяхат еткізу арқылы және бұл дүнияда осыншама сыйлықтармен жарылқап, оларды мәз-мейрам етіп қана қоймай, бақи о дүнияда, жаннатта әрқайсысына арнап мәңгі бітпес дастархан жарататын Зат-ы Хаий-ы Қаюмға әлгі мақұлықтарының алғысризашылығынан, қарыздар болып шүкір етуінен және қуанышынан пайда болатын, айтуға сөз жетпейтін және рұқсат етілмейтін Иләһи "шуунатты", киелі мәмнуният (ризашылық), киелі ифтиқар (мақтану), киелі ләззат секілді атаулармен мегзеуге ғана болатын Аллаһтың Рубубиятына қатысты мағыналар бар. Олар әлемде болып жатқан мына іс-әрекеттерді әрдайымғы халлақиятты (жарату) талап етеді.
Мысалға бір шебер ұста еш күйтабақсыз фонограф (дыбыс аппараты) жасаса, ол аспап ойлағанындай дыбыс шығарса әлгі шебер қаншалықты қуанып, рахаттана мәз болады десеңші! Өзіне-өзі "Маша Аллаһ" деп мақтанар еді. Қолынан жарату келмейтін, жасанды ғана бір өнер иесінің жанын осынша жадыратып, мақтаныш пен ризашылық сезімін оятып жатса, әлбетте мына жаратылысттардың иесі Сани-ы Хаким, бүкіл әлемді саналуан ырғақтарға бөлеп, неше түрлі дыбыстар арқылы тәсбих еткізсе, зікір етуші Иләһи әуенге бөлеп, тамаша фабрика сияқты қылса, әрбір түрді, әрбір әлемді өзінше бір өнермен, өзгеше мұғжизамен безендіріп, тірі жандарының бастарын дыбыс шығаратын қондырғы, фотоаппарат, телеграф жасаса, тіпті кіп-кішкене бастың ішіне орналастырса, әсіресе адамның басына дыбыс шығаратын
қондырғы, фотоаспап, сымсыз телграф жасап қана қоймай олардан жиырма есе ғажап аппарат орналастырса және ол қалағанындай жұмыс істеп нәтиже берсе, сол кезде пайда болатын құдси "ифтихар", мұқаддес "мәмнуният" тәрізді мағыналары мен Рубубияттың осы тектес киелі шуунаты; міндетті түрде мына үздіксіз жасалып жатқан іс-әрекетті талап етеді.
Мәселен, үкімі әртарапқа жүретін әділ патша әділдікті көрсету үшін залымдардан жәбірленушілердің ақысын алып берсе, бұқара халықты өктемшілдердің қанауынан құтқарса, өз ақысын берсе, өзінің осындай істерінен ләззат алып мақтануы патшалық дәреже мен әділеттің негізгі қағидасы. Енді, Хаким-і Хаким (патшалардың патшасы), Адил-і Адил (Әділдердің әділі) Аллаһ күллі жаратқандарына әсіресе, тірі жандарына "хұқуқ-ул хаят" деп аталатын өмірге қажетті шарттарды жасаса... Тіршіліктерін сақтап қалу үшін оларға қажетті сезім мүшелерін берсе... Әлсіздерді күштілердің өктемдігінен мейірімді түрде қорғаса... Барлық тіршілік иелері үшін бұл дүниеде кім неге лайық болса соны толығымен берсе... Ал ақы жегендерді жазалау біршама орындалса... Ертең ақыретте хашир атты лы Сотта нағыз әділдік орнаған кезде пайда болатын, ол мағынаны жеткізер сөз табылмайтын «шуунат-ы Раббания», "мағани-ы Құдсия" ғаламдағы осы үздіксіз іс-әрекетті талап етеді.
Міне, осы үш мысалдағыдай, Аллаһтың көркем есімдерінің барлығы, жеке-жеке алғанда осы үздіксіз атқару арқылы Иләһи шуунатқа ұйытқы болатындықтан болуын жарату ісінің де үздіксіз жалғасуын талап етеді.
Сондай-ақ, қандай да бір қабілет немесе бейімділік ашылып нәтиже бергенде шаттық, ләззат болатыны рас. Жүктелген міндетті әрбір болмыс өз міндетін атқарып, толық аяқтаған кезде, не сол міндеттен босағанда керемет рахаттанып, риза болатыны да хақ. Бір түйір тұқымнан көптеген жеміс алу, бір теңгеден жүз теңге пайда табу адамға қуаныш сыйлап, көңілін көтеретін жайт. Әлбетте, бүкіл жаратқандарындағы шексіз қабілетті аштырған және барлық пенделеріне аса маңызды міндет жүктеп, оларға атқартқызып сосын белгілі бір дәрежеге жеткендей болғанда демалысқа шығаратын яғни элементтерді шикізат мәртебесіне, шикізаттарды өсімдіктер дәрежесіне, өсімдіктерді ризық арқылы хайуандардың тіршілік дәрежесіне, хайуандарды саналы адами мәртебеге көтеруде.
Міне, әрбір тірі жанның сыртқы бір болмысы мерзімі жетіп, аяқталған кезде (Жиырма Төртінші Мектубта түсіндірілгеніндей) өзінің рухы, мән-мағынасы, суреті секілді көптеген болмыстарын өзінен кейінге қалдыртып, оларға қалдырған орнына белгілі бір міндет, маңызды қызмет үздіксіз іс атқару мен жаратудан туындайтын киелі мағыналардың және Иләһи рубубияттың қаншалықты маңызды, екендігі түсінікті болар.
Маңызды бір сұраққа нақты жауап. Тура жолдан тайған кейбір топтардың пікірінше, "Ғаламды әрдайым қозғалысқа ендіріп сан құбылтып, өзгертіп отырған Құдіреттің өзі де өзгермелі, ауыспалы болуы керек" дейді.
ЖАУАП. Жоқ, әсте олай емес! Жердегі айналардың құбылуы аспандағы Күннің құбылуын емес, керісінше сәулесінің жаңарып жатқанын көрсетеді. Оның үстіне, әзәли, әбәди, сәрмәди, яғни мәңгілік және қай жағынан болсын абсолюттік кемелдік иесі ешкімге-ешнәрсеге мұқтаж емес материядан ада, мекенге тәуелсіз, шарттарға бағынбайтын мүмкіндік әлемінен тысқары пәк, бәрінен жоғары Зат-ы Ақдестің өзгеріске ұшырауы, сипаттарының ауысуы әсте мүмкін емес, олай ойлаудың өзі қисынсыз. Әлемнің құбылуы Оның құбылатынына емес, керісінше әсте құбылмайтындығына, еш уақытта өзгермейтіндігіне дәлел, бұл соны көрсетеді. Өйткені, бірнеше затты жүйелі түрде әрдайым өзгертіп, қозғалтып отырған күштің орын ауыстырмай, өзгермей қозғалмай тұруы керек. Мәселен, сен жіпке байланған көптеген шарларды шыр айналдырып, жүйелі бір қозғалысқа ендірген кезіңде сенің өз орныңда қозғалмай тұруың қажет. Әйтпесе тәртіпті бұзасың.
Өздеріңе мәлім, бір затты жүйелі түрде қозғалысқа ендірушінің қозғалмауы, әрдайым құбылтушының өзі құбылмауы тиіс. Сонда ғана ол іс жүйелі түрде жалғасын табады.
Екіншіден. Құбылу өзгеру деген нәрселер, кемелдену үшін жаңарудан мұқтаждықтан пайда болатын заттық денелерге тән нәрселер. Ал, Зат-ы Ақдес Аллаһ болса, бастауы жоқ, барлық тұрғыдан мұтлақ (абсолюттік) кемелдік иесі мутлақ бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, һәм материядан ада, Уажиб-ул Ужуд болғандықтан әлбетте өзгеріп құбылуы әсте мүмкін емес.
БЕСІНШІ Ш ҒЫЛА. Екі мәселеден тұрады.
Біріншісі. Аллаһтың "Қаюм" есімінің жарқын сәулесін көру үшін, қиял сезімін пайдаланып бүкіл ғаламды көрсететін біреуі қашықтағы нәрселерді, ал екіншісі ұсақ нәрселерді көре алатын екі дүрбі жасап, әуелі бірінші дүрбіге қараймыз. Қаюм есімінің шағылысымен Жер шарынан мың есе үлкен, миллиондаған денелер, жұлдыздар ешқандай тірексіз ауадан әлдеқайда нәзік "эсир" деген заттың ішінде кейбіреуі тұрақты, кейбіреуі белгілі бір міндет атқару үшін қозғалып жүр. Енді, әлгі қиялдың ұсақ нәрселерге арналған дүрбісімен қарағанымызда, Қаюмияттың сырымен барлық тіршілік иелерінің денесінде орналасқан зәррелер, жұлдыздар секілді өте жүйелі түрде әрекет етіп, белгілі бір қызмет атқаруда екенін көреміз. Әсіресе тіршілік иелерінің қандарындағы қызыл және ақ түйіршіктер жылжымалы жұлдыздар тәрізді шыр айнала екі түрлі жүйелі қозғалысымен әрекет етуде.
Барлығын қорытындылайтын қорытынды.
{(Сілтеме): Отызыншы Леманың алты рисалесінің негізі тақырыбы және Исм-і Ағзамның сыры сақтаулы алты киелі есімдердің қысқа-нұсқа қорытындысы.}
Күллі ғаламдағы жаратылысты осы қалпында сақтап жалғастырып тұрған Аллаһтың Қаюм есімінің осы бір ұлы шуағы арқылы қарасаң, Оның Хаий есімінің ұлы шуағын көресің. Ол есім, бүкіл тіршілік иелерін өз сәулесімен нұрландырып жарқыратып тұр. Енді қарашы! Сол Хаий есімінің артынан Фәрд есімінің ұлы шуағы бүкіл ғаламды неше түрлі жаратылыстарды, барлық бөлшектерімен қоса Уахдеттің ішіне алып тұр... Барлық нәрсенің маңдайына Уахдеттің мөрін басуда. Әрбір заттың бетіне Әхадияттың таңбасын салуда. Осылайша шексіз тілдерімен таңба басып, сәуле шуағын шашуда. Енді, осы "Фәрд" есімінің артынан Хакем есімінің ұлы шуағына қара! Ол манағы қиялдағы екі дүрбісімен көрінген жұлдыздардан бастап, зәрелерге дейінгі жаратылыстың әрқайсысы, мейлі ол ұсақ болсын, мейлі ол күлли болсын, ең үлкен шеңберден бастап ең тар шеңберге дейін, бәрін де өзіне лайық ыңғайлы да пайдалы жүйеге салып реттеп, нәтиже беретіндей етіп әсем безендіріп жалтыратып тұр.
Енді, сол Хакем есімінің ұлы шуағының артынан әлемге "Адл" есімінің алып сәулесімен қара! (Екінші Нүктеде баяндалғанындай) Ол Есім күллі ғаламды бүкіл болмысымен қоса жұмыс істетіп, таңғажайып өлшеммен, таразыға тартқандай дәлдікпен басқарып отыр. Кереметтігі
сонша, егер аспан денелерінің біреуі бір секундқа тепе-теңдігін жоғалтса яғни "Адл" есімінің аясынан шықса, жұлдыздардың астанкестеңі шығардай жүйесіздік орнап тас-талқан болар еді.
Міне, бүкіл жаратылыс атаулыны бір шеңбер деп алсақ. Құс жолы деп аталатын үлкен шеңберден бастап, сонау қандағы ақ түйіршік, қызыл түйіршіктердің қозғалыс-әрекеттеріне дейінгі әрбір шеңберді, әрбір болмысты аса дәлдікпен, таразыға тартқандай өлшемді түрде, жүйелеп, жұлдыздар атты топтан зәррелер тобын, бүкіл болмыс атаулыны «Күн фәя күн!» әміріне мүлтіксіз мойынсұндырғандығын көрсетіп тұр. Енді, «Адл» есімінің ұлы сәулесімен (бірінші нүктеде баяндалған болатын) "Құддус" есімінің нұрына зер сал! Ол ғаламдағы барлық болмысты тап-таза қылып пәк, саф әп-әдемі, мөп-мөлдір етіп көрсетеді. Осылайша күллі ғалам, болмыс атаулы Жәмил-і Мұтлақтың шексіз жамалына теңдесіз, көркем есім сипаттарына лайық айналар бейнесіне ендірген.
Сонымен, Исм-і Ағзамның осы алты есімі және алты нұры, әлемді болмыс атаулыны түрлі түсті ою-өрнектермен әшекейленіп, жалтырап тұрған перделермен орап тастаған.
БЕСІНШІ ШУАҚТЫҢ. Екінші мәселесі. Ғаламға нұрын шашып тұрған Қаюмияттың сәулесі Уахидият пен Жалал тұрғысынан болумен қатар ғаламның орталығы, ұйытқысы, саналы жемісі болған адамның бойында да Қаюмияттың сәулесі Әхадият пен Жамал тұрғысынан көрінеді. Яғни ғалам Қаюмияттың сыры арқылы тұрған болса, дәл сол секілді белгілі бір мағынада ғалам, Қаюм есімінің толыққанды айнасы болған адамның арқасында орнында тұр, яғни ғаламдағы көптеген хикметтер, пайдалар мен түрлі мақсаттар адамзатпен байланысты болғандықтан, бейне бір адамның бойындағы Қаюмияттың сәулесі ғаламның бір тірегі болып саналады. Зат-ы Хаий Қаюм мына ғаламнан адамды таңдап ғаламды сол үшін жаратқан деуге болар. Өйткені адам мазмұнды да күрделі жаратылысымен Аллаһтың бүкіл көркем есімдерінің мәнісін аңғарады, түсініп, сезіне алады. Әсіресе, ризықтың ләззаты арқылы көптеген көркем есім сипаттарды аңғарып, көңіліне тоқи алады. Алайда, періштелер ол есімдерді дәл солай сезіне алмайды.
Міне, адамның осындай маңызды мазмұндылығы үшін, Зат-ы Хаий Қаюм Аллаһ, адам баласына өзінің бүкіл есімдерін сездіріп, жарылқау сыйларының барлық түрінің дәмін татқызу үшін, тәбеті күшті асқазан беріп, ол асқазанның алдына дастархан жайып, ол дастарханды сансыз
тағамдарға толтырып қойған. Сосын, осы кәдуілгі ас қорытатын асқазан секілді өмірді де бір асқазан іспеттес етіп жаратқан. Бұл өмір атты асқазанға сезімдер атты нығметтердің үлкен дастарханын сыйлаған. Өмір сол өзіне арналған нығмет толы дастарханнан кең көлемде пайдалана алады. Сөйтіп ризашылығын жан-жақты білдіреді. Енді, осы өмір атты асқазанынан басқа, адамгершілік дейтін асқазан тағы жаратқан. Ол асқазан әлдеқайда кең дастархан, молырақ ризық нығмет сұрайды.
Ақыл пікір және қиял сезімдері әлгі асқазанның қолдары іспеттес. Сол арқылы, жер мен көктің арасындай кең жайылған мейірім дастарханынан пайдаланып риза болады, шүкір етеді. Енді, адамгершілік дейтін асқазаннан басқа ұшы-қиыры жоқ нығметтерге толы тағы бір дастархан жаю үшін дін Исламды, Иман ақидаларын (шарттары) көп ризық несібе сұрайтын рухани асқазан ретінде жаратып, оның ризық дастарханының жиегін материалдық әлемнен де асып кететіндей кеңейтіп, Иләһи көркем есімдерді қамтитын қылған. Осы асқазан арқылы Аллаһтың Рахман (аса мейрімді) және Хаким (өте хикмет иесі, толық дана) есімдерін ризықтың ең жоғарғы ләззаты ретінде сезінеді. «Әлхамдулиллаһи ала Рахманиятиһи уа ала Хакимиятиһи» дейді тағысын тағы... Осы бір рухани ұлы асқазан арқылы сансыз Иләһи нығметтерден пайдалана алады. Ол асқазанның Иләһи махаббаттан алатын сезімі өзінше бір тақырып.
Міне, Зат-ы Хаий-ы Қаюм, адамзатты күллі ғаламның орталығы, ұйытқысы етіп, оның алдына ғаламдай кең, нығмет толы дастархан жайған. Ал, ғаламды адамға қызметші қылған. Ғалам адамзаттың септігімен Қаюмияттың сырына бөленіп, бір мағынада соның арқасында тұр. Олай деуіміздің хикмет сыры мынада. Адам баласының мойнына аса маңызды үш міндет жүктелген.
Біріншісі. Ғаламға арнайы жайылған бүкіл нығметтің түрлерін адамзат арқылы жүйеге келтіріп, адамзаттың игілігіне қарай тәсбихтың тастары секілді адамды бір үлгінама жасаған. Тізілген жіптің ұшын адамның басына байлап, мейірім қазынасының барлық түрлеріне бөленген.
Екінші міндеті. Зат-ы Хаий-ы Қаюмның сөзін адамзат өзінің күрделі санасы арқылы түсініп жауап беруі Оның өнеріне тамсана, таңқала, сүйсіне отырып, жоғары баға беруі, керек. Онысын бар
дауысымен дүнияға жар салуы керек. Саналы түрде риза болып, шексіз нығметтерге, түрлі жарылқау сыйлықтарға шүкір ете отырып дәріптеуі керек.
Үшінші міндеті. Өмірі арқылы үш тұрғыдан Зат-ы Хаий-ы Қаюмға, Оның киелі істеріне, шексіз сипаттарына айналық қызмет атқару.
Біріншіден. Адам өзінің мүлдем әлсіздігі арқылы Жаратқан Иесінің мұтлақ құдіретін, оның дәрежесін өзінің әлсіздігімен салыстырып, құдіретінің мәртебелерін сезіну. Сондай-ақ, мұқтаждығы арқылы мейірімін, оның дәрежелерін ұғуға тырысу. Дәрменсіздігі арқылы оның шексіз күш-қуатын түсіну, тағысын тағы... Өзінің нұқсан сипаттарымен Жаратқанның кемел сипаттарын салыстыратындай айна болу. Қараңғы түнде жарықтың анағұрлым жарқырап, қою қараңғы электр шамының жарығын анық көрсетер айна болатыны тәрізді, адам да өзінің кемшін сипаттары арқылы Аллаһтың кемелдігіне айналық қызмет атқарады.
Екіншіден. Адам өзінің шағын қалау еркі арқылы, азғантай ілімі арқылы, кішкене қауқары арқылы, сырттай солай көрінетін иелігі арқылы, өз үйін салуы арқылы ғаламның сәулетші стасын, Оның иелігін, шебер өнерін, керемет қалау еркін, құдіреті мен ілімін, ғалам қанша үлкен болса соншалық түсінеді. Айна болады.
Үшінші тұрғыдағы айналық қызметтің екі жағы бар.
Біріншісі. Иләһи есімдердің сан алуан ою-өрнектерін өзі арқылы көрсету. Бейне бір адам өзінің мазмұндылығы арқылы ғаламның шағын үлгісі, кішірейтілген нұсқасы болып, барлық есімдердің ою-өрнектерін көрсетеді.
Екіншісы. Иләһи шуунатқа айналық қызметін атқару. Яғни, өзінің тіршілігі арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның тірі екеніне ишара етіп қана қоймай, өзінің бойындағы есту, көру сезімдері арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның "самиғ" (есту), "басар" (көру) секілді сипаттарына айна болады.
Сондай-ақ, адам өмірінде кездесетін, әлі толық ашыла қоймаған сезімдер, қасиеттер түрінде байқалып, кейде қозып кейде басылатын, көптеген сезімдер, мағыналар арқылы Зат-ы Хаий-ы Қаюмның киелі шуунатына айна болады. Мәселен, жақсы көру мақтану, риза болу, қуану, көңілдің жадырауы секілді мағыналар арқылы Зат-ы Ақдестің құдсиятына (киелілігі), мұтлақ (абсолюттік) бай екеніне (лайық болу шартымен) сол шуунатына айна болу қызметін атқарады. Сондай-ақ,
адам Аллаһтың есім сипаттарының мазмұны, саналы айнасы, басқа да көптеген жақтармен Зат-ы Хаий-ы Қаюмға айна және мына ғаламның ақиқаттарына өлшем бірлігі мазмұны, таразы болу қызметін атқарады.
Мысалы, әлемде Ләух-ы Махфуздың бар екеніне нақты дәлел соның бір үлгісі адам баласының есте сақтау қабілеті. Сондай-ақ, мысал әлемінің бар екеніне дәлел, үлгі мысал адамның қиял сезімі.
{(Сілтеме): Мәселен адам бойындағы элементтер әлемдегі элементтерден, сүйектер тастан, шаштары өсімдіктерден, денесінде аққан қан, көзінен, құлағынан, аузынан аққан сұйықтар жер шарындағы бұлақтардан, тамшылардан хабар беріп тұрғанындай, адамның рухы, рухтар әлемінен, есте сақтау қабілеті мәух-і махфиздан, қиялы да мысал әлемінен хабар беруде. Әрбір сезімі бір-бір әлемнен хабар беріп, сол әлемдердің бар екендігіне нақты дәлел болуда.}
Әлемде рухани болмыстардың бар екеніне нақты дәлел және соның бір үлгісі адам бойындағы сезімдер, қасиеттер, ерекшеліктер тағысын тағы... Адам салыстырмалы түрде, әлемдегі имани ақиқаттарды шухуд, яғни көзге көрінер дәрежеде анық көрсете алады.
Міне, осы аталған уазифа-міндеттер секілді адамның көптеген маңызды қызметтері бар. Адам - мәңгілік сұлу Аллаһтың айнасы. Сәрмәди кемелдікке дәлдал. Мол мейірімге мұқтаж әрі шүкір етуші. Аталған жамал (сұлулық), камал (кемелдік), рахмет (рахым) мәңгі, әсте аяқталмайды. Олай болса, әлбетте ол Бақи Жәмалға құштар айна, ол Сәрмәди кемелдікке ғашық делдал, ол мәңгі бітпес мол мейірімге мұқтаж әрі шүкір етуші адамзатта мәңгі болуы үшін, мәңгілік әлеміне аттанатын болады, сол бақиларға серік болуы үшін бақилыққа кетеді, кетуі керек. Неге десең, мәңгілік жамал өзіне құштар бірақ пәни біреуге, уақытша достыққа разы болмайды. Өйткені, Жамал өзін жақсы көретіндіктен, басқаның да жақсы көргенін қалайды. Ал, аяқталу мен уақытша бірге болу - ондай махаббатты дұшпандыққа айналдырып жібереді. Егер, адам мәңгілік болмайтын болса, бойындағы мәңгілік жәмалға деген шексіз сүйіспеншілік сезімі өшіп, орнына дұшпандық сезімі оянар еді.
Оныншы Сөздің сілтемесінде айтылғанындай, бірде дүние жүзілік ару, өзіне ғашық болған жігіттің ұсынысын қабылдамай қойыпты, сөйтсе әлгі жігіттің ғашықтық сезімі бірден дұшпандыққа айналып, "Түһ, түрі неткен ұсқынсыз еді!" деген екен. Осылайша, өзін жұбату үшін сұлулығын жоққа шығарыпты. Иә, адам білмейтін нәрсесіне жаны қас келетіні секілді, қолы жетпеген нәрсенің немесе игере алмаған биігінің айыбын іздейді, яғни дұшпандық еткісі келеді. Бүкіл әлем
куәлік етіп тұрғандай, Махбуб-ы Хақиқи, Жамил-і Мұтлақ Аллаһ өзінің көркем есімдерін паш ету арқылы өзін адамдарға жақсы көргізіп, оның да жақсы көруін қалайтынын білеміз. Әлбетте, оған сөз жоқ, өзінің сүйіктісін, сүюшісін, яғни адамзаттың жүрегіне табиғи дұшпандық сезімін оятып, өзін ренжітпейді. Сондай-ақ, жаратылысы өте сүйкімді және өзіне құштар етіп жаратқан ерекше жаратылыс болған адамды табиғатына мүлдем қайшы дұшпандықты адамның рухына орналастырмаса керек. Өйткені, адам баласы қатты жақсы көрген, жоғары бағалап, шексіз көркем Аллаһтан мәңгі айырылып қалудан пайда болатын жазылмас рухани жараны тек қана оған дұшпан болу арқылы, өшпенділік арқылы, оны жоққа шығарып, өшігу арқылы ғана емдей алады. Кәпірлердің Аллаһқа дұшпан болуының сыры осында жатыр. Олай болса, Ол Жәмал-ы Әзәли өзіне құштар және өзіне айна болған адам баласымен мәңгілік сапарда бірге болуы үшін мәңгілік әлемінде мәңгі өмір сыйлап, бақилыққа бөлейді.
Адамзаттың табиғаты Мәңгілік Сұлу Аллаһқа құштар әрі өзі де сүйкімді болып жаратылған. Мәңгілік Сұлулық өзіне уақытша ынтызар болушыға разы болмайды. Сонымен қатар, адам өзі білмеген, яки қолы жетпеген не болмаса ие бола алмай айырылып қалған мақсатынан туындар өкініш пен қайғыдан құтылу үшін сол мақсатының кемшілгі мен айыбын тапқан кезде немесе іштей өшігіп дұшпандық қылған кезде ғана көңілі көншіп тынышталады. Мына ғалам адамзат үшін жаратылған, ал адам (Жаратқанын тану), Жаратушы Иесін танып, сүйіспеншілік таныту үшін жаратылған. Мына ғаламның Иесінің есім сипаттары мәңгі және ол есімдердің сәулелері де мәңгі. Олай болса, адамзатта мәңгілік әлеміне сапар шегіп, бақи өмірге қауышпақ. Ал сол адам баласының қадір-қасиетін, атқарар міндетін, қайтсе кемелденетінін түсіндіруші ұлы жетекші, кәміл адам атағына лайық кісі Мұхаммеді (с.а.у.) араби жоғарыда аталған адами құныдылықтарды, кемелдік пен міндетті кемел түрде, бірінші өз өмірінде сосын дінінде көрсете алғандығы белгілі. Сол арқылы бізге ғаламның адамзат үшін жаратылғандығын және әлемнің мақсаты, әрі ең таңдаулысы адам екенін білдірді. Олай болса, адамзаттың ең таңдаулысы, ұлы мақсаты, ең ардақтысы, Ахәд Самад Құдреттің аса жарқын айнасы Ахмед-і Мұхаммед (с.а.у.).
Отыз бірінші Лема
Шұғалар жинағына енгендіктен мұнда жазылмады.
Отыз екінші Лема
Бұл "Лемеат" рисалесі болатын, Сөздер жинағына енгендіктен мұнда жазылмады.
Отыз үшінші Лема
олардың осындай жаппай жасаған тәсбихтеріне қосылып сені ұлықтап пәктеймін.
О, өте жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған Аллаһ! О, тым шексіз ұлық болғандықтан құпия болған Қадир-і Зүлжалал! О, Қадир-і Мұтлақ! Даналыққа толы Қасиетті Құранның дәрісімен және Расулуллаһ Аләйссилату уәссәләмның тағылымымен түсінгенім: Қалайша аспандар, жұлдыздар Сенің бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді, сол секілді көк аспан бұлттар арқылы, күннің күркүреуі арқылы және жел дауылдарымен де, жауын-шашындарымен де Сенің міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік етеді.
Иә, анау жаны жоқ, бейсана бұлттың тіршіліктің көзі саналатын жаңбырды әкеліп оны мұқтаж жанжануарларға медет қылып себелеуі, тек Сенің рахымыңмен, хикметің арқылы ғана жүзеге аспақ. Оған шым-шытырық кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес. Сондайақ, қуатты электр тоғы бар және оның жарықтандыру қабілетіне ишара етілген әрі оны тиімді пайдалануға Құранда белгі берілген, қызықтырып ынталандырылған жай отын алайық. Ол Сенің аспандағы құдіретіңді анық көрсетеді. Һәм, жаңбырдың келе жатқанын сүйіншілеп хабар беретін, алып аспанға тіл біткендей сөйлететін және тәсбихтерінің дыбысымен көктерді шулатып, жаңғыртатын найзағайды алайық. Ол да өзінің жарқылымен күркіреген дауысымен хал тілімен Сені пәктеп, рубубиетіңе куәлік етеді.
Һәм, тірі жандардың өміріне қажетті ризықтарды таситын және қолдануға оңай, әрі жан-жануарлардың тыныстап демалуына себеп болатын әрі жанды махлұқтарды рахаттандыратын, осы секілді көптеген маңызды міндеттер атқаратын желді алайық, ауа қабатына назар аударайық! Олар бір хикметке байланысты "ләух-ы махв уа исбат" сияқты, яғни "жазып-сызып, сосын өшіріп тастайтын тақтаға" ұқсайды. Осы құбылыс Сенің құдіретіңнің шексіз екеніне ишара әрі Сенің сөзсіз бар екеніңе шәһадат етіп қана
қоймай, Сенің шексіз қамқорлығыңды көрсетеді. Аспаннан жауатын жауын-шашын да, яғни бұлттардан сауылып тірі жандарға арнайы келетін Иләһи мейірімділіктің мөп-мөлдір әрі керемет өлшемді тамшылары да өзіне тән тілдерімен Сенің рахымыңның кең, мейірімің мол екеніне куәлік етеді.
О, Мутасаррыф-ы Фағал! О, Фәйяз-ы Мутағал!
Сенің сөзсіз бар екеніңе бұлт, жай, найзағай, жел, жаңбыр, әрқайсысы жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып тұтас бірдей құрамы жағынан әртүрлі, оналасу жағынан бір-бірінен алшақ болса да, өзара үйлесімді біркелкі түрде, араласа-құраласа отырып бір-бірінің міндетіне жәрдем беруі жағымен Сенің уахдетіңе, бір екеніңе өте нақты ишара етеді.
Һәм, алып аспан кеңістігін бейне бір ғажап махшар алаңына ұқсатып, кейде бір күнде бірнеше рет құбылтып, бірде түнертіп, бірде жадыратып отырған рубубиетіңнің ұлықтығына шек жоқ. Олар соның куәлігі. Сондай-ақ, әлгі жазу-сызу тақтасы тәріздес алып кеңістіктегі бұлттарды сығып жер жүзі бау-бақшасын жаңбырмен суарады. Осылайша, құдіретінің ұлықтығын, оның барлық нәрсеге күші жететінін көрсетеді. Сондай-ақ, жер бетінде тіршілік ететін күллі жаратылысқа ауа қабатын қызметші қылып, басқарып отырған мол рахымың мен үстемдігіңнің шексіз кең әрі кәміл екенін дәлелдейді. Һәм ауа қабаты хикметке толы шексіз міндет атқаруы, және бұлт пен жаңбырдың терең ілім талап ететін аса пайдалы істерге қолданылуы, әрине әрнәрсені қамтитын Иләһи ілім мен әрнәрсеге әсер ететін кәміл хикметті көрсетеді. Әйпесе мұндай көреген хикметке толы іс мүлдем жүзеге аспас еді.
Уа, Фағал-ун Лимә Юрийд! Ауа қабатында болып жатқан қызу жұмыстарыңмен бізге әрдайым хашир мен қияметтің болатынын, бұлар соның үлгісі екенін көрсете отырып, бір сағатта жазды қысқа, қысты жазға ауыстырып, жаңа бір әлем жаратып, ескісін ғайыпқа жіберу секілді істер атқарып жатқан
құдіретің әлбетте дүниені ақыретке ауыстыратыныңды және ақыретте мәңгі жалғасатын істер болатынын мегзейді.
О, Қадир-і Зүлжәлал! Көктегі ауа қабаты, бұлт, жаңбыр, жай мен найзағай секілді жаратылыс, Сенің иелігіңде, Сенің әміріңмен, Сенің ғана құдірет-күшіңе бағынышты түрде қызмет етіп, өз міндетін толық атқаруда. Құрамы бір-бірінен алыс, табиғаты мүлдем ұқсамайтын әлгі жаратылыс, өздерін өте жылдам, бұлтартпай әміріне бағындырған, тез әрі жылдам бұйрықтарын орындатқызған Әміршісін, Әкімін, Раббысын пәктеп, оның шексіз рахымын мадақтап паш етеді.
Һәм, әрнәрсеге әлсіздігі мен мұқтаждығына орай, өзіне мейірімді қамқорлық жасалуы және өміріне қажетті заттардың хикметпен берілуі тұрғысынан Сенің бар екеніңе, біреу екеніңе куәлік етеді. Куәлік етпейтін бірде-біреуі жоқ.
Һәм, әрбір көктемде көз алдымызда жаратылып жатқан өсімдік болсын, хайуан болсын барлығының ешбірі қалмай керемет өнерлі жаратылуы, нәзіктігі, әсемдігі, ерекшелігі, реттілігі, өлшемді жасалуы, бәрі-бәрі Сені таныстырады, Сен туралы хабар береді. Жер бетінде тіршілік ететін өсімдік пен хайуанатты, құдіретіңнің керемет өнерін, өнеріңнің
таңғажайып мұғжизаларын әрі шамасы шектеулі, құрамы ұқсас, тіпті, бірдей деуге боатын жұмыртқа мен кішкене жұмыртқаларды, ұрықтар мен дән-дәнектерді, тұқымдарды алайық. Олардың ішінен еш қатесіз, керемет толық әрі сұлу, әрі бір-бірінен өзгеше түрде тіршілік иелерінің шығып, көркем жаратылуы Сани-ы Хаким Аллаһтың міндетті түрде бар әрі жалғыз, бір екенін көрсетеді. Әрі Оның хикметі мен құдіреті шексіз екеніне нақты куәлік ететіні сонша, жарықтың Күнге куәлігінен әлдеқайда мықты әрі жарқын.
Һәм, су, нұр, от, топырақ секілді элементтер, өздері бейсана бола тұра саналы әрі керемет хикметпен міндет атқарады.
Олар, құрамы қарапайым, әртарапқа жайылғыш, тәртіп дегенді білмейтін, бейсана басын қайда бұрса, сонда ағып жүре беретін бола тұра өте керемет нәтиже беруі, өнер туындысына айналып, саналуан пайда мен жеміс салуы, бізге рахымды ғайып қазынасынан азық-түлік, мол өнім әкеліп беруі бекер емес, ойланарлық жай. Олардың ішінде Сенің жалғыз әрі сөзсіз бар екеніңе куәлік етпейтіні жоқ.
О, Фатыр-ы Қадир! О, Фәттах-ы Ғаллам! О, Фағал-ы Халлақ! Қалайша жер шары өзін мекендеуші барлық тұрғындарымен Жаратушысының уажиб-ул Ужуд, ешбір шартқа тәуелсіз бар екеніне куәлік етеді, дәл сол секілді
- О, Уахид-ы Әхад! О, Ханнан-ы Мәннан! О, Уәһһаб-ы Рәззақ! Сенің әхадиетіңе, уахдетіңе, яғни, бірлігіңе бетіндегі таңбасымен, тұрғындарының жүздеріндегі мөрлерімен және өзара ұқсас, біркелкі әрі бір-бірімен матасып жатуы, бірінебірі жәрдем етуі, сондай-ақ, оларға үкім етіп тұрған рубубиет есімдерінің, Иләһи істердің біреу болуы жағымен ап-анық түрде Сенің уахдетіңе, әхадиетіңе куәлік, тіпті, бір емес қанша жаратылыс болса, соншасы куәлік етеді.
Һәм, қалайша жер шары әскери бөлімше яки көрме, яки тағылым орны болуы жағымен, сондай-ақ, өсімдік пен хайуанаттың төрт жүз мың түрлі түрінен құралған әскердің саналуан құрал-жабдықтары рет-ретімен берілуі Сенің рубубиетіңнің айбындылығын, құдіретіңнің барлық нәрсеге
жететін орасан зор екенін дәлелдейді. Сол секілді сансыз тірі жандардың саналуан ризықтары дәл уақытында құпқұрғақ қара топырақтан мейірімді түрде молынан берілуі және сол сансыз жаратылыстың әрқайсысы зыр жүгіріп Раббани әмір-заңдарына мүлтіксіз мойынсұнуы-рахымыңның барлық жерді қамтитындай кең екенін, әкімшілігіңнің күллі нәрсені бағындыратынын аңғартады. Һәм, жерде әрдайым өзгеріп отыратын жаратылыстың топ-тобымен белгілі бір мақсатқа айдалып, жүйелі түрде басқарылуы, өлуі-тірілуі және хайуандар мен өсімдіктердің құбылуы, олардың өмір сүру шарттарының толық қамтамасыз етілуі, міндетті түрде барлығын білетін іліммен, әрнәрсеге үкімі жүретін шексіз хикметпен болатын іс. Бұл әрине Сенің іліміңнің терең, хикметіңнің ауқымды екенін көрсетеді.
Һәм, дүниеде қысқа мерзім ішінде мойнына сансыз міндеттер жүктелген, мәңгі өмір сүретіндей қабілет пен рухани құрал-саймандармен жабдықталған және жер жүзіндегі жаратылысқа үстемдік ететін адам баласына мына беретін тәлімі көп дүниеде, мына уақытша әскери бөлімше дүниеде, мына бір сәттік көрмеде мұнша мән берілуі, мұнша шығын, осынша қыруар рубубиеттің шағылыс әсері, мұнша Субхани үндеу, осыншама Иләһи ихсан сый-сияпат, әлбетте әрі оған дау жоқ, мына қып-қысқа, мұңлы өмір үшін емес, мына қайғы аралас тіршілік пен бәлесі көп, фәни дүние үшін емес, тек сол үшін арналмаса керек. Иә, ол өзге мәңгі өмір үшін арналған, бақи сағадат әлемі үшін берілген. Бұлар мәңгі әлемде болатын ақыреттік сый-сияпаттармен байланысты, тіпті, солардың белгі нышандары.
О, Халиқ-ы Күлли Шей! Жердегі күллі мақұлық Сенің иелігіңде, Сенің жеріңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдірет-қалауыңмен, Сенің ілімің және хикметіңмен басқарылып, мойынсұнуда. Сенің жер жүзінде қызу жұмыс жасап жатқан рубубиетіңнің ауқымы өте кең, көлемі болса шексіз және оның басқаруы мен іс-шаралары, тәрбиесі
кемшіліксіз әрі өте мұқият һәм әртараптағы істері өзара ұқсас, сондай-ақ бір түрде атқарылуда. Демек, бөлінуі мүмкін емес рубубиетіңдегі тұтастық, бірі-бірінен ажырамайтын күлли түрде басқарып, әрнәрсені өз орны-орнымен реттеп басқаруда.
Һәм, жер шары бүкіл тұрғындарымен бейне бір тіл біткендей, тіпті, одан да анық сансыз тілдерімен Жаратушы Халиқын тақдис (ұлықтау), тәсбих (пәктеу) етуде. Және мол нығметке бөлену жағымен хал тілдерімен Рәззақ-ы Зүлжалалдарын мақтап мадақтап, шүкір етуде.
О, тым жарқын көрінетіндіктен жасырын қалған және тым ұлықтығынан көрінбей тұрған Заты-Ақдес! Жер жүзінде Сені күлли тақдис, тәсбих еткендермен бірге мен де Сені кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, ширктен ада екеніңді айтып, бүкіл мадақ мақтау сөздерімен саған шүкір етіп, мадақ айтамын.
О, Рабб-ул Бәррі уәл Бахр! Құранның дәрісімен, Расул-ы Әкремнің Аләйссилату уәссәләмның тағылымымен түсінгенім: қалайша аспандар мен кеңістік және жер шары Сенің бір және сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді, дәл солай теңіздер, өзен-көлдер, бұлақтар мен сарқырамалар Сенің уажиб-ул ужуд уә уахдетіңе, яғни, міндетті түрде бар әрі бір екеніңе анық түрде куәлік етеді.
Иә, дүниенің ғажайып су қоймасы, бу қазаны іспеттес теңіздердің ішінде өзінің табиғатымен, реттілігімен, пайдалылығымен, керемет жағдайымен Жаратушысын таныстырмайтын ешбіреуі, ешбір жаратылыс, тіпті, ешбір тамшы су жоқ. Қарапайым су мен қара топырақта өмір сүріп жатқан, ризықтары тамаша түрде беріліп тіршілік ететін ғажайып мақұлықтарды, жаратылысы таңқалдыратын керемет теңіз хайуандарын, әсіресе біреуінің өзі бір миллион жұмыртқа шашып теңізге көрік беретін балықтарды алайық. Олар жаратылыстарымен, белгілі бір міндет атқаруы жағымен, керемет басқарылуы және асыралуы, тәрбиеленуі тұрғысынан жаратқан Иесіне ишара етеді, Ризық беруші қамқоршысының бар екеніне куәлік етеді.
Һәм, теңізге қарайық. Оның ішінде керемет жаратылысымен, тартымды табиғатымен, пайдалы қасиетімен сені танымайтын, таныстырмайтын ешбір жауһар, жақұт, асыл тас жоқ. Иә, олар жеке-жеке куәлік ететіні секілді барлығы қосылып жұмыла өзара ұқсас әрі аралас-құралас болуы арқылы және жаратылыс таңбаларының бір болуы мен жеңіл әрі жылдам жаратылуы тұрғысынан, сондай-ақ, санының көптігі жағымен Сенің жалғыз екеніңе куәлік етеді. Сонымен қатар жерді топырағымен бірге, үстін жайлап жатқан мұхит пен теңіздерді тепе-теңдікте ұстап, кеңістікке іліп қою әрі суларын төкпей-шашпай Күнді айналдыра кездіру және көршілес топырақты шайып кетуіне жол бермеу һәм топырақ пен судан саналуан тіршілік иелерін, асыл тастарды жарату әрі олардың азық-түлігі мен өзге де қажеттіліктерін жаппай әрі толығымен беріп, қамтамасыз ету және жер бетіне үйіліп қалатындай сансыз өлексе жаназаларға кірлетуіне жол берілмеуі Сенің сөзсіз бар екеніңе, Уажибул-Уджуд екеніңе жаратылыстың санынша ишара етіп, куәлік қылады.
Осылайша, рубубиетіңнің салтанаты ұлық екеніне және барлығын қамтып жатқан құдіретіңнің шексіз екеніне ап-анық дәлел болғаны секілді аспанның арғы жағында орналасқан алып жұлдыздардан бастап, сонау теңіз түбіндегі керемет қорекпен қамтамасыз етіліп жатқан тым ұсақ балықтарға шейін құшағына алып жатқан рахымыңның да, басқарып тұрған әкімшілігіңнің де ауқымы кең екеніне дәлел болып табылады. Олардың ретті әрі пайдалы, хикметті де өлшемді, жүйелі болуы Сенің іліміңнің әрнәрсені толық қамтитынын, хикметіңнің барлығын басқаратынын мегзейді. Және Сенің мына мейманхана секілді дүниеде жолаушылар үшін осыншама рақымды іс-шаралар жасауың және оны кеме секілді жүздіріп адамзаттың саяхаттауына, қажетіне падалануына ыңғайлы болуы бізге мынаны білдіреді.
Жолаушыларға арнап жол бойына орналасқан бір түндік керуен сарайға, яғни уақытша қонақ үйіне мұнша теңіз байлықтарын кәде қылып сыйға тартқан Құдірет, әлбетте,
мәңгілік әлемінде мәңгі рақым сый қазыналарын мол түрде жаратып тарту еткен болса керек. Мына әлемдегі көргендеріміз олардың фәни, кішкентай, уақытша үлгі-нұсқалары, көмескі көріністері болмақ. Міне, теңіздердің осылай өте ғажайып түрде жер бетіне айнала керемет орналасуы, ал теңіз мақұлықтарының да өте жүйелі түрде басқарылып, толық қамтамасыз етілуі тек қана Сенің құдіретіңмен, Сенің ерік қалауыңмен атқарылуда, олар Сенің иелігіңде, Сенің әміріңе мойынсұнып, хал тілдерімен Жаратушы Иесін ұлықтап «Аллаһу Әкбар» деп пәктеп мадақтауда.
О, тауларды жер шары кемесіне қазына толы қазық етіп қаққан Қадир-і Зүлжәлал! Расул-ы Әкремнің (Аләйһиссалату уәссәләм) тағлымынан және Құран-ы Хакимнің дәрісінен түсінгенім: Қалайша теңіздер ғажайыптығымен Сені танып таныстыруда, сол секілді таулар да зілзәланың әсерінен жердің тынышталуына, ішіндегі дүмпулердің басылуына, сондай-ақ, теңіздердің шайып кетуіне кедергі болуы, сонымен қатар ауаның зиянды заттардан тазаруына және су қоймаларының бірігуіне, тірі жандарға қажетті заттардың жиналуына ұйытқы болуы жағымен, яғни осындай аса маңызды қызметтерімен, зор хикметтерімен Сені танып отыр әрі таныстыруда.
Иә, тау жыныстарының түрлерін немесе түрлі ауруларға шипа боларлық шикізаттардың түрлерін және тірі жандарға, әсіресе, адамдарға аса қажетті әрі түрлері саналуан жерасты қазыналардың жыныстарын, сондай-ақ, таулар мен далаларды гүл-шешектерімен безендіріп, жемістерімен құлпыртып тұрған өсімдіктердің түрлерін алайық. Олардың ешбіреуі кездейсоқ, өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Себебі керемет хикметпен, өте жүйелі әрі әдемі де әсем, аса пайдалы түрде жаратылуда. Әсіресе, элементтерге, оның ішінен тұзқышқылына, лимон қышқылына, сульфат пен ашудас секілді сырттай ұқсас болғанымен дәмдері мүлдем басқа заттарға назар аударалық. Әсіресе, өсімдіктердің қарапайым
топырақтан неше түрлі болып өсіп-өнуі, саналуан гүл ашып, жеміс беруі таңғажайып. Міне, осы құбылыстар, бізге өте қадир (құдретті), өте хаким (шексіз дана), өте рахим (аса мейірімді) және өте кәрим (аса жомарт) бір Аллаһтың шүбәсіз бар екенін анық білдіретіні секілді барлығы қосылып өздерінің біркелкі басқарылуы һәм бір әдіспен жүйеленуі әрі қайнар бұлағы, мекен-жайы, табиғаты мен өнер тұрғысынан бірдей болуы, бірыңғай және арзан әрі оңай әрі мол және тез жаратылуы жағымен, Шебер Аллаһтың уахдетіне, әхадиетіне куәлік етеді. Таулардың ішіндегі, сыртындағы элементтер дүнияның әр тарапында кездеседі, әрбір түр бір уақытта, бір әдіспен, еш қатесіз өте кәміл түрде жылдам жаратылады, әрі бір-біріне кедергі болмай, басқаларымен бірге аралас-құралас бола тұра әсте араласпай жасалады. Бұл құбылыс Сенің рубубиетіңнің айбындылығына және бәріне үстем құдіретіңнің шексіз, әрі асқақ екендігіне дәлел болып табылады.
Сондай-ақ, жер жүзіндегі күллі тірі жандардың шексіз қажеттіліктерін, тіпті, неше түрлі ауруларын, тіпті, санқилы рахат зауықтарын, түрлі тәбеттерін өтейтіндей дәрежеде таулардың іші-сыртын қазына байлықтармен, өсімдік ағаштармен толтырып құлпырту және мұқтаждардың игілігіне мойынсұндыру, бұл да Сенің рахымыңның шексіз кеңдігін, үстемдігіңнің орасан зор екенін білдіреді. Сондайақ, топырақ қабаты қараңғы әрі аралас, түк көрінбейтін болса да астындағы жаратылыстың бәрін біліп көріп, араластырмай, мұқияттылықпен, қажеттігіне орай барлығын орны-орнына қойып, дайын тұруы, Сенің әрнәрсені білетін іліміңнің терең екенін, барлығын реттейтін хикметіңнің бүкіл затты қамтитын күлли екенін және дәрі-дәрмектердің әзірленуі, шикізаттардың орналасуы, міне осы аталған іс-шаралар рубубиетіңнің рахымды және жомарт әрі керемет іс атқаратынын және жарылқауыңның нәзік әрі әсемдігіне ап-анық түрде ишара қылады, дәлелдеп көрсетеді.
Һәм, мына дүние қонақүйінде жолаушылап келген қонақтарға арнап алып тауларды қажетті заттармен толтыру және келешекте қажет болады деп пайдалы нәрселермен мұнтаздай етіп оны сақтау қоймасы жасау және оларды өмірге қажетті қазыналардың көзі етуі, міне, бұл да керемет кәрім, тым қонақжай, өте хаким және аса Мейірімді әрі құдіреті күшті, тәртібі қатаң бір Аллаһтың бар екеніне ишара, дәлел болып табылады. Олай болса, міндетті түрде әлгі өзі өте жақсы көрген қонақтарына арнап мәңгі әлемде мәңгі бітпес сый-сыяпаты, мәңгі таусылмас қазына байлықтары болмақ. Бұл жердегі таулардың орнына ол жақта жұлдыздар сол қызметті атқаратын болады.
О, Қадир-ы Күллі Шей! Таулар мен ішіндегі мақұлықтар жаппай сенің иелігіңде, олар сенің күш-құдіретіңмен және ілім-хикметіңмен басқарылуда әрі орны-орнына қойылған. Олар өздерін осылай белгілі бір міндет жүктеп, бағындырып отырған Жаратушысын тақдис қылып (дәріптеп), тәсбих етеді (ұлықтайды).
О, Халиқ-ы Рахман, уа Рабб-ы Рахим! Расул-ы Әкрем Аләйһиссәләту уәссәләмның тәлімімен және Құран-ы Хакимнің дәрісімен түсінгенім. Қалайша аспан, кеңістік пен жер шары, тау, теңіз және ішіндегілер, күллі мақұлықтар барлығы Сені танып отыр әрі таныстырып жатыр, сол сияқты жердегі барлық ағаштар, өсімдіктер және олардың жапырақтары мен гүл-шешектері, жемістері де Сені анық түрде таныстырады әрі өздері де сені таниды.
Енді барлық ағаштар мен өсімдіктердің сүйкімді де тартымды зікір ететін жапырақтарына және тамаша әдемілігімен Шебер Аллаһтың көркем есімдерін сипаттап, таныстыратын гүл-шешектеріне қарайық! Және нәзік жаратылысымен, мейірім шуағымен күлім қағатын жемістеріне назар аударалық! Олардың кездейсоқ болуы әсте мүмкін емес. Олар керемет Иләһи өнермен арнайы реттеліп безендірілген. Ол реттіліктің ішінде өлшем бар.
Өлшемнің ішінде әсемдік бар. Әсемдіктің ішінде нақыштар, ою-өрнектер бар. Нақыштармен қоса тамаша саналуан хош иістер шығады. Ал хош иістердің ішінен жемістердің түрлітүрлі дәмдері байқалады. Міне, осы аталған нәрселер шексіз рахим және кәрим бір Аллаһтың сөзсіз бар екенін анық көрсетеді.
Сонымен қатар, осылардың барлығын қосқанда бүкіл жер жүзінде өзара бірлік пен бір тұтастық, өзара ұқсастық және жаратуында сәйкестік, басқарылуында біркелкілік, өзара тығыз байланыс және оларды басқарып реттеп отырған күш пен Раббани есімдердің үйлесімділігі, бір-біріне сәйкестігі және тек бір түрінің саны жүз мыңнан асып, сапырылысып жатса да шатастырылмай ретпен жаппай жүйелі басқарылуы, міне, бұлар бізге Уажиб-үл Уджуд, болуы шарт, міндетті түрде бар бір Аллаһтың анық біреу және бәрін бір өзі жасап отырғанын көрсетеді.
Һәм, олар жаппай Сенің уажиб-үл Уджуд екеніңе уә уахдетіңе, яғни міндетті түрде бар әрі жалғыз екеніңе куәлік ететіні секілді, жер жүзін мекендеген төрт жүз мың түрден құралған тіршілік иелері дейтін әскердің сансыз тұлғалары саналуан түрде қоректеніп, асыралуы, жүйелі түрде басқарылуы, яғни еш шатастырылмай керемет үйлесімді де тәртіппен ұйымдастырылуы, міне бұл да Сенің рубубиетіңнің уахданиеттегі ұлықтығына, айбындылығына және көктемді бір түйір гүлдей жарата алатын құдіретіңнің шексіздігіне, оның барлық нәрсені жасай алатынына дәлел болып табылады.
Сондай-ақ, жер шарының әр тарапында өзінің сансыз тірі мақұлықтарына, шексіз азықтардың саналуан түрлерін әзірлеп берген рахымыңның орасан кеңдігіне және сондай сансыз істер мен кәміл жарылқау жұмыстары, жүйелі басқару мен асырап, толық қамтамасыз ету іс-шаралары өте тәртіпті түрде жүзеге асуы және барлық нәрсе, тіпті, зәррелер әлгі Иләһи әмір мен іс-шараларға толық мойынсұнуы, аса бағынышты болуы Сенің әкімшілігіңнің кінәратсыз, ауқымды
екеніне нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар сол ағаштар мен өсімдіктердің әрбір жапырағы, гүл-шешегі мен жемістері, тамырлары мен тал-бұтақтары секілді әрбір бөлшегінің әрнәрсесін, әрбір ісін алдынала біліп, көре отырып, соған қарай олардың пайдалары мен хикметтеріне және соңында болатын тиімді нәтижелеріне сәйкес жаратылуы Сенің іліміңнің барлық нәрсені қамтитынына және хикметің барлық затқа әсер ететініне анық түрде айғақ болады әрі сансыз тұрғыдан меңзеп ишара қылады. Осылайша, Сенің орасан зор шеберлігіңнің көркемдігін және шексіз әсем нығметтеріңнің кәмілдігін сансыз тілдермен мақтап дәріптейді.
Сондай-ақ, мына уақытша мейманханада, бір түндік керуен сарайда қысқа мерзімде және азғантай өмірде ағаштар мен өсімдіктердің қолымен мұнша қымбат ризық, құнды нығмет пен қыруар шығын, сый-кәденің берілуі тегін емес. Мұндай сый-сыяпат бізге мына мағынаны білдіреді, тіпті, анық көрсетеді. Бұл жерде өзінің меймандарына осыншама сый-сыяпат дайындаған құдіреті күшті, жомарт Жаратушы Рахим Аллаһтың осы күллі шығындары мен тартулары өзін жақсы көргізу, таныстыру, риза қылдыру үшін бола тұра, өз ісіне, ұлы мақсатына қарама-қайшы әрекет қылып, яғни бүкіл мақұлықтар тарапынан: "Бізге дәмін татқызды, бірақ тойғызбай бізді жоқ қылды" демеуі әрі дегізбеуі үшін және де Улухият, Құдайылық сипатының мерейін, ұлық беделін түсірмеу үшін әрі шексіз мейірімін жоққа шығармауы, әрі шығартпауы үшін әрі өзіне құштар да қарыздар бүкіл достарын бәрінен құр қалдыру арқылы ашуландырып дұшпанына
айналдырмау үшін, әлбетте, әрі қалай болғанда да мәңгі әлемде, мәңгі мекенде, мәңгі тұрақтайтын құлдарына, мәңгі мейірім қазынасынан, мәңгі жәннаттарында мәңгі әрі жәннатқа лайық бір түрде саялы да мәуелі ағаштар мен гүлді жеміс-жидектер даярлап қойғаны анық. Бұл жердегі көргендеріміз бар болғаны сол жаққа назар
аудартып ынталандырып қызықтыратын, тұтынушыларға көрсету үшін ғана қойылған үлгі-нұсқалар ғана.
Сондай-ақ, ағаштар мен өсімдіктердің барлығы жапырақ, гүл және жемістері арқылы, бейне бір жазылған сөз секілді бір мағына білдіріп, Сені пәктеп, мадақтап зікір еткендері секілді, ол сөздердің әрқайсысы жеке-жеке Сені пәктеп мадақтайды. Әсіресе, жеміс-жидектерге назар салайық! Олардың ішкі құрылысы таңғажайып әрі сан алуан, әсем де шебер жасалуы және дәнек, тұқымдардың керемет мұғжизалы жаратылуы, сосын оларды тағам салатын ыдыстарға толтырып, яғни жемісжидектерді ағаштар арқылы немесе өсімдіктердің қолына беріп өзінің сыйлы қонақтары жан-жануарларға ұсынуы, бұл олардың хал тілімен жасаған тәсбихтері, дәріптеулері боп саналады. Тәсбих етіп, дәріптейтіні соншалықты анық, ол кәдімгі тілмен ауызша айтылатын зікірден де ап-анық. Бұлардың барлығы Сенің иелігіңде, Сенің күш-қуатыңмен, Сенің құдіретіңмен, Сенің қалауыңмен әрі жарылқауыңмен, Сенің рахымың және хикметіңмен іске асуда, олар Сенің әрбір әміріңе толық мойынсұнатын қызметшілерің екеніне дау жоқ.
Уа, өте айқындығынан жасырын қалған әрі шексіз ұлықтығынан қалқаланып көрінбей қалған Хаким, Шексіз Дана, Шебер, Мейірімді Жаратушы! Бүкіл ағаштар мен өсімдіктер және олардың сансыз жапырақтары мен гүлдері, жемістері өздерінің тілдерімен Саған қанша тәсбих айтса, мен де Сені сонша кемшілік атаулыдан, әлсіздіктен, серігі болудан пәктеп, Саған шексіз мадақ, соңсыз шүкір айтамын.
Уа, бүкіл нәрсені бір-бірінен ажыратып, әрқайсысын жеке-жеке ерекше жаратушы Құдірет! Уа, бәрін хикметпен басқарушы Рабб! Уа, Мейірімді Тәрбиеші! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағылымымен және Құран Кәрімнің үйретуімен мынаны түсіндім әрі кәміл иман еттім. Қалайша өсімдіктер мен ағаштар Сені танып, Сенің киелі сипаттарың мен әсем есімдеріңді дәріптеп басқаларға білдіреді, дәл сол секілді, жанды мақұлықтардың ішіндегі рух иесі адамзат пен хайуанат
та болмыстарындағы сағат секілді өте керемет, дәлме-дәл жұмыс жасап жатқан, яғни жасатқызылып жатқан ішкісыртқы ағзаларымен де, бойларында орналасқан өте нәзік әрі дәл өлшеммен жасалған әрі маңызды пайдаларына орай орналастырылған құрал-жабдықтары мен сезім-түйсіктері арқылы да, сондай-ақ, бойында өте күрделі жұмыс атқаратын, асқан шеберлікпен әрі аса хикметпен, өте мұқият әрі үйлесімді орналастырылған дене мүшелерімен де Сенің сөзсіз бар екеніңе әрі сипаттарыңның хақ екеніне жұмыла куәлік етеді. Өйткені, мұншама көрегендікпен жасалған күрделі де нәзік өнерге, саналы да мақсатты түрде атқарылған іске, хикмет толы басқару жұмысына, керемет үйлесімге әлбетте, соқыр күш пен меңіреу табиғаттың, сергелдең кездейсоқтықтың араласуы әсте мүмкін емес, олардың ісі дегенге ешбір ақыл иесі сенбейді. Ал, өзінен-өзі солай құрастырылып пайда болды деу мың есе ақылға сыйымсыз, жөнсіздік болар. Өйткені, егер солай болған болса, онда оның әрбір бөлшегі сол дененің барлық нәрсесін, болмыс-пішінін, қалай жасалуы керектігін, тіпті, ол дененің қоршаған ортамен болатын бүкіл байланысын білетін, көретін, жасай алатын, құдды бір иләһ (тәңір) сияқты жан-жақты басқаратын терең ілімді, шексіз құдіретті болуы керек. Сонда ғана болмыс атаулының жаратылуы соларға тапсырылады немесе "өздігінен болып жатыр" делінеді.
Сондай-ақ, бүкіл болмыс, денелерде жалпы алғанда байқалатын өзара ұқсас басқару, бірегей тәрбиелеу, біртектілік әрі бір түрде болу және жүздеріндегі көз, құлақ, ауыз секілді ағзалар тұрғысынан ұқсас болуы, сондай ақ, жеке-жеке алғанда жаратылыс таңбалары бәрінде бірдей болуы, олардың азықтануы мен жаратылуында сәйкестіктің болуы әрі бірбірінің ішіне ретпен орналасуы, бұлардың бәрі Сенің біреу екеніңе нақты түрде куәлік етеді, куәлік етпейтін бірде-бірі жоқ. Және олардың әрқайсының бойында Сенің күллі әлемді қамтып жатқан бүкіл есімдеріңнің сәулелері көрінуі, уахидиет ішіндегі әхадиетіңе ишара етеді, ишара етпейтін ешбірі жоқ.
Сондай-ақ, адаммен бірге хайуандардың бүкіл жер бетіне жайылған жүз мың түрін алар болсақ, олардың сақадай сай, тәртіпті бір әскер тәрізді толық жабдықталуы, тәлім-тәрбие алуы, белгілі бір міндет жүктеліп, оны олардың адал атқаруы, заңға мүлтіксіз мойынсұнуы және Рубубиеттің бұйрықтарын ең кішкентайынан бастап сонау ең үлкеніне шейін бұлжытпай орындауы - Сенің Рубубиетіңнің, яғни билік пен басқару ісіңнің ұлықтығына куәлік етеді әрі олардың саны көп шексіз бола тұра барлығы бірге тым керемет әрі еш нұқсансыз әрі өте жылдам жаралуы әрі аса шебер жасала тұра, өте оңай жаратылуы Сенің құдіретіңнің орасан зор екенін дәлелдеп қана қоймай, шығыстан батысқа дейін жайылып жатқан, микробтан сонау мүйізтұмсыққа дейін, ең кішкене жәндіктен ең үлкен құсқа дейінгі болмыс атаулының жаппай рызықтарын дер кезінде жеткізетін мейіріміңнің шексіз ауқымды екеніне және әрқайсысы тәртіпті жауынгер сияқты жаратылыс міндеттерін адал атқаруы, жер жүзінің әр көктемде әскерге шақырылып, күзде әскери міндеттен босатылып, орнына басқа, жаңадан келетін қарулы жауынгерлерге әскери бөлімше сияқты болуы - Сенің рубубиетіңнің, билігіңнің шексіз кеңдігін нақты дәлелдейді.
Сондай-ақ, хайуандардың әрқайсысы әлемнің шағын үлгінұсқасы және бір кішігірім мысалы тәрізді болғандықтан, олардың өте терең ілім, мұқияттылық, даналықты керек ететін түрде болуы және сапырылысқан бөлшектері бір-бірімен араласпай әрі бүкіл жануарлардың сан алуан түрлері өзара шатастырылмай, қатесіз, жаңылыссыз, нұқсансыз керемет құрастырылуы - Сенің іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына және хикметіңнің барлық нәрсені толықтай қамтитынына олардың саны қанша болса, сонша рет ишара қылады. Сол секілді, олардың әрқайсысы өнердің дара ғажайып үлгісі әрі хикметтің таңғажайып мысалы болып өнерлі де әсем жаратылуы - Өзің сонша қалап жария қылғың келген Раббани өнеріңнің кәміл көркемдігі мен шексіз дәрежедегі
сұлулығыңа ишара етеді және әрқайсысы әсіресе, күллі сәби мен нәрестелердің керемет еркелеп, мәпеленіп азықпен қамтамасыз етілуі әрі тәбеттері мен өтініштілектерінің орындалып, толық қанағаттандырылуы - Сенің қамқорлығыңның сондай шырын әсемдігіне сансыз ишара етеді.
О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің Әміршісі, дін күнінің Иесі! Сенің Расулуллаһ Алейһиссәлату Уәссәләмыңның тағылымы және хикмет толы Құраныңның үйретуімен түсінгенім: Әлемнің қорытындысы, нәтижесі тіршілік. Ал, тіршіліктің қорытындысы рух. Және рухтың қорытындысы, рух иелерінің ең таңдаулысы сана мен саналылар. Және саналылардың ең жоғары кәмілі Адамзат. Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып, сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып, дүниеге солар үшін жіберіледі. Жан-жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде игілігіне қызмет етеді. Әрі адамзат жалпы өзінің табиғаты жағынан Жаратушысын шынайы жақсы көреді және Жаратушысы да оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісімен, жақсы көргізеді. Және адам баласының қабілеттілігі, оның рухани зор мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі әлеммен, соңсыз тіршілікпен тығыз байланысты. Адам, мәңгі болуды, бақилықты аңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, оны тілімен де дұға етіп Раббысынан, Жаратқан Иесінен жалбарына сұрайды. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушы Иесі қайта тірілместей етіп, мәңгіге жоқ қылып жібермейді. Оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жаратқан бола тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжітуі әсте мүмкін емес. Ақиқатында, адам баласы басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір сүріп, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысатын
Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндігін байқауға болады.
Иә, мәңгінің досы мәңгі болмақ. Бақидың саналы айнасы бақи болуы тиіс. Хайуандардың рухтары мәңгі бақи боп қалатыны және Сүлеймен Пайғамбардың (ғ.с.) көкегі мен құмырысқасы, Салих Пайғамбардың (ғ.с.) түйесі, Асхаб-ы Кәһфтің иті секілді кейбір жеке тұлғалар рухымен қоса денесі де мәңгі болып бақи әлемге көшетіні және әрбір түрдің кейде пайдалануы үшін бір ортақ денелері болатындығы нақты риуаяттардан түсінікті болуымен қатар, солай болуын Иләһи хикмет, ақиқат, рахым, рубубиет талап етеді.
О, Құдіреті шексіз Қайюм! Бүкіл тіршілік иелері, рух иелері, саналы жандар Сенің мүлкіңде, жалғыз Сенің ғана күш-қуат және құдіретіңмен, тек Сенің ғана игеріп, басшылық етуіңмен және Сенің шексіз мейірім және даналығың арқылы рубубиятыңның әмірлеріне мойынұсынып, жаратылысына сай жүктелген міндетті атқаруда. Олардың кейбірі, адамның күш-қуаттылығына орай немесе үстемдігіне байланысты бағынған жоқ, керісінше жаратылысынан адам баласы өте әлсіз, шарасыз болғандықтан Иләһи рахым тарапынан бағындырылған.
Сондай-ақ, олардың кейбірі хал тілдерімен, кейбірі кәдімгі тілдерімен барлығы жаппай Жаратушысын, Раббысын кем сипаттардан, қателесуден, өзіне серік ұстаудан пәктеп, берген нығметтеріне ризашылығын білдіріп мадақ айтып, әрқайсысы өздеріне тән құлшылықтарын жасап дәріптеуде.
О, өте жарқын көрінетіндіктен білінбей құпия қалған! О, шексіз ұлықтығы себепті перделенген Киелі Жаратушы! Бүкіл рух иелерінің Сені пәктеп жасаған тәсбихтеріне қосылып, мен дағы Сені пәктеп, ниет ете
деймін.
О, әлемдердің Раббысы! О, әуелгілер мен ақырғылардың Қожайыны! О, көктер мен жерлердің Иесі! Расулуллаһтың (с.а.у.) тағлымы мен Құран Хакимнің үйретуі арқылы мен мынаны түсіндім әрі иман еттім: Көктер, аспан кеңістігі, жер, құрылық пен теңіз, ағаш, өсімдік, хайуан, әрқайсысы жеке-жеке, әрбір бөлшегі, әрбір зәрресі арқылы Сені біліп, танып, әрі Сенің бар және бір екеніңе куәлік етіп айғақ болатыны, ишара ететіні секілді, әлемнің қорытындысы болып табылатын тіршілік иелері және тіршілік иелерінің де қорытындысы болып табылатын адамзат және адамзаттың да қорытындысы болып табылатын пайғамбарлар мен әулиелер, асфиялар, өздерінің асыл қасиеттерімен яғни таза жүректерімен, дұрыс ақылдарымен, және өздерінің көріп, куә болғандарына және ашқан жаңалықтарына, көкейге қонған аяндарына сүйене отырып, барлығы бір ауыздан нақты түрде, жүздеген тәуәтүр қуатында Сенің міндетті түрдегі болмысыңа, сөзсіз бір екендігіңе, жалғыздығыңа куәлік етіп, хабар беруде. Олар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және бұлтартпас айғақтарына негіздей отырып берген хабарларын үсті-үстіне дәлелдей түсуде.
Иә, Сенің сөзсіз болмысың мен киелі сипаттарыңа және уахдетің мен әхадиетіңе, яғни жалғыз әрі дара екеніңе, сондайақ, көркем есімдеріңе куәлік етпейтін, айғақ болмайтын, ишара қылмайтын бірде-бір илхам яғни жүректе ғайып пердесі жағынан ескертуші біреуді көрсетпейтін бірде-бір сезім жоқ. Барлығы жаппай Сені еске түсіріп, Сенен хабар беріп тұрады және аян беруші біреуге қаратпайтын да бірдебір аян жоқ. Және киелі сипаттарың мен көркем есімдеріңді тауып, ашып бермейтін ешбір нақты сенім-наным да жоқ және пайғамбарлар мен әулиелерде болатын, Аллаһтың нұрларын көзбен көргендей қанағаттанбайтын ешбір нұрлы жүрек те жоқ және асфиялар мен сыддықтарда, яғни, Аллаһтың адал құлдарында күллі нәрсені жаратушы Аллаһтың болмысын ғылыми түрде растамайтын, Оның белгісі мен
бірлігін дәлелдемейтін бірде бір нұрлы ақыл жоқ. Яғни таза жүректер мен нұрланған ақылдар Жаратушының бар әрі бір екеніне, Оның қандай екеніне ишара қылып, тіпті, дәлелдеп тұрады. Әсіресе, бүкіл пайғамбарлар мен әулиелердің, асфиялар мен сыддықтардың имамы, жетекшісі, қорытындысы болып табылатын Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уәссәләм) әкелген хабарын қуаттап, дәлелдейтін мұғжизалары, сондай-ақ, шынайылығын растайтын терең ақиқаттары әрі бүкіл киелі де аспани кітаптардың негізі, қорытындысы болып табылатын Баяны ғажап Қасиетті Құранның тәухид аяттары мен иман мәселелері түгелдей Сенің міндетті түрде бар екеніңді көрсетіп, киелі сипаттарыңа, жалғыздығыңа әрі көркем есім мен сипаттарыңа куәлік етіп, анық дәлел болады.
Сондай-ақ, қалайша жоғарыда аталғандай бүкіл жүз мыңдаған турашыл хабаршылар өздерінің мұғжизалары мен кереметтеріне және дәлелдеріне сүйене отырып Сенің бар және бір екеніңе куәлік етеді, сол сияқты барлық нәрсені қамтып жатқан Ғарш-ы ағзамның күллі істерін басқарып тұрған, сонау көңілдің түкпіріндегі жасырын әрі жылт еткен көмескі ойлар мен талап-дұғаларды білетін, еститін, игеретін, жүзеге асыратын рубубиетіңнің ұлық дәрежесін, сондай-ақ, көзіміздің алдындағы түрлі-түрлі, сансыз нәрселерді бірден жарататын, ешбір іс басқа бір іске, бір жұмыс басқа бір жұмысқа кедергі болмастан ең үлкен нәрсені ең кішкене шыбын құрлы да көрмей оңай жарататын құдіретіңнің шексіздігін жұмыла растап, бір ауыздан жар салып хабар беруде, дәлелдеп көрсетуде. Сондай-ақ, мына әлемді рух иелеріне, оның ішінде адам баласына керемет ыңғайлап, ішінде не керектің бәрі бар зәулім сарай секілді жаратып және жұмақ пен мәңгі бақытты жын мен адамзатқа дайындап қойған және өте кішкене бір жәндіктің тыныс-тіршілігін де назардан тыс қалдырмайтын әрі тым бейшара, жаралы да аянышты бір жүректі қуантып риза қылуға дайын рахымыңның
МІНӘЖАТ
О, Раббым! О, Иләһім! Иманның нұрымен, Құранның тәлімімен, сондай-ақ Расул-ы Әкрем Аләйссилату уәссәләмның дәрісімен және Хаким есімінің нұрымен мынаны көрдім. Аспанда керемет тәртіптілігімен сенің бар екеніңді білдірмейтін, меңземейтін ешбір қозғалыс әрекет жоқ. Және аспан денелерінің ішінде еш дыбыс шығармастан тым-тырыс күйде өзіне тиесілі міндетін атқарып, ешқандай тіреусіз тұруы арқылы сенің рубубиетіңді көрсетпейтін, саған куәлік етпейтін бірде-бір нәрсе жоқ. Және өзінің өлшемді жаратылысымен, тәртіпті жағдайымен және нұрлана күлім қағуымен, сондай-ақ, бүкіл жұлдыздар өзара ұқсастық жағымен - Күн өз алдына бір дәлел әрі Сенің улухиетің мен уахданиетіңнің ұлықтығына ишара етіп, куәлік қылмайтын ешбір жұлдыз жоқ. Он екі ғаламшардың әрқайсысы жекежеке хикметті қозғалысымен, тәртібіңе бағыныштылығымен, жүйелі міндет атқаруымен, сондай-ақ, жылдам қозғалып жатқан өзге аспани денелер жаппай Сенің сөзсіз бар екеніңе куәлік етеді әрі улухиет салтанатыңды мегзеп ишара қылады.
Рас, аспан әлемі өзінде орналасқан денелер арқылы әрқайсысы жеке-жеке Аллаһтың құдіретіне куәлік ететіні секілді барлығы ұйымдасқан түрде де ап-анық. - О, жер мен көкті жаратқан жаратушы Жаббар! - Сенің сөзсіз бар екеніңе көрнекі түрде куәлік етеді. О, зәррелерді керемет өзара бірге жаратып, басқарып отырған және жұлдыздарды шоғырларымен бірге шыр айналдырып, әміріне мойынсұндырған Аллаһ! Олар Сенің жалғыз екеніңе, бір екеніңе қуатты түрде куәлік етеді. Ол куәлігін көкте қанша жұлдыз болса, сонша нұрлы жарқын дәлелдер ретінде бекітіп растауда. Һәм, мына мөлдір де ашық әрі тап-таза, тамаша аспанға қарайық! Бейне бір ғаламат үлкен әрі өте шапшаң денелерімен бірге сақадай сай, тіл алғыш қалың әскер секілді әрі электр лампаларымен көмкерілген алып шаһар
кеңдігін, сондай-ақ, атомдардан сонау ғаламшарларға дейінгі жаратылыстардың бүкілін әміріне бағындырушы, мойынсұндырушы, оларға белгілі бір міндет жүктеп іс атқартушы әкімдігіңнің шексіз жойқындығын хабарлап, мұны мүғжизалары мен айғақтары арқылы дәлелдеген. Сонымен қатар, әлемді элементтер қанша болса, сонша баптардан тұратын сансыз кітапшаларды қамтитын алып бір кітап тәрізді жаратқан және Ләух-ул Махфуздың дәптерлері болып табылатын Имам-ы Мубин мен Китаб-ы Мубинге бүкіл жаратылыстың барлық уақиғаларын тізіп жазып қойған және бүкіл дән, тұқымдарға ағаш атаулының мазмұны мен бағдарламасын, сондай-ақ, саналы жандардың миына, жадына олардың өмірбаяндарын мұқияттап, еш шатыстырмай жазып қойған іліміңнің әрнәрсені қамтитындығына, сондай-ақ, әрбір жаратылысты көптеген хикмет-пайдалармен жаратқан, тіпті, әрбір ағаштан жемістерінің санындай нәтижелер алатын және әрбір пендесінен ағзалары, тіпті, бөлшектері мен жасушаларының санына сәйкес пайдалар көздейтін, атап айтқанда адамның тіліне көптеген міндеттер жүктеуімен бірге, оны тағамдардың дәмдері қанша болса, сонша зауық, ләззат алатындай көп нүктелермен, кішкене таразылармен жабдықтаған киелі де мол хикметіңнің әрнәрсені өз қарамағына алғандығына, сондай-ақ, осы дүниеде үлгілері көрініп жатқан жәмал мен жәлал яғни ұлы да сұлу есімдеріңнің көріністері одан да жарқын бір түрде мәңгі әлемде жалғасын табатындығына және бұл дүниеде оларды көріп ынтық болғандардың мәңгі әлемде олармен бірге болатынына бір ауыздан, бәрі бірге жұмыла куәгерлік етіп дәлелдейді, ишара етеді.
Сондай-ақ, әу баста жүздеген нақты мұғжизалары мен нақты аяттарына сүйеніп Расулуллаһ (с.а.у.) және хикмет толы Құран, одан кейін бүкіл нұрлы рухтар иесі болып табылатын Пайғамбарлар, таза жүректердің иесі, құтыбтар мен әулиелер, ақыл сезімі нұрланған асфиялар, барлық киелі парақтар мен
сияқты көз тартар әсемдігімен Сенің рубубиетіңнің ұлықтығына және барлығын жаратқан шексіз құдіретіңнің зор екеніне ап-ашық дәлел болып табылады. Сондайақ, шексіз көк аспанды қамтып жатқан әкімдігіңнің ұлықтығын, әрбір тірі жанды қамқорлығына алған рахымыңның кеңдігін дәлелдейді. Сондай-ақ, аспан тұрғындарының барлық істері мен жағдайларын көріпбіліп отырған, құдірет қолында ұстап тұрған әрі реттеп басқарып отырған іліміңнің шексіз екенін және хикметіңнің бүкіл оқиғаларды қамтып, назардан тыс қалдырмайтынын дәлелдеп куәлік етеді. Ол куәлік пен дәлелдің анықтығы сонша, бейне бір жұлдыздар аспанның денеге айналған куәлік сөздері іспеттес, нұрлы айғақтар боп табылады.
Һәм, аспанның кең алаңында немесе теңіздей айдын көлінде жүзіп жүрген жұлдыздар құдды тәртіпті жауынгерлер, керемет кемелер, таңғажайып ұшақтар немесе ғажап шамшырақтар іспеттес, Сенің улухиетіңнің салтанатын, оның асқан әдемілігін, патшалардың патшасы екеніңді көрсетуде.
Әлгі әскердің біреуі, яғни бір ғана аспан денесі Күнді алайық. Оның құжынаған ғаламшарлар арасында ғажайып орналасуы және жер шарының да өзіндік атқарар қызметі бізге мынаны мегзейді: Күн және оның жолдастары жұлдыздардың кейбірі ақырет әлемімен тығыз байланысты әрі босқа жымың қағып тұрған жоқ. Олар бақи әлемде Күннің қызметін атқарады.
О, Уажиб-ул Ужуд! О, Уахид-і Әхад! Мына керемет жұлдыздар, анау ғажап Күндер, Айлар, жаппай Сенің иелігіңде, Сенің аспаныңда, Сенің әміріңмен, құдіреткүшіңмен, Сенің қалауыңмен, әмірлеріңе бағынып, заңдарыңа толық мойынсұнуда, әрқайсысы белгілі бір міндет атқаруда. Аспан денелері бірі қалмай жаппай өздерін жаратқан, шыр айналдырып басқарып тұрған бір ғана Халиқты, жалғыз Жаратушыны тәсбих, тәкбир қылады ұлықтайды. Хал тілдерімен «Субханаллаһ, Аллаһу Әкбар» дейді. Мен дағы
кітаптарда Өзің көп кайталаған уәделерің мен ескертулеріңе сүйене отырып және Сенің мейірімің мен құдіретің, хикметің мен қамқорлығың, жәмал мен жәлал секілді киелі сипаттарыңды, үстем абыройың мен ұлықтығыңды және толық рубубиетіңді негіз қылып, көріп-білгендеріне және ғылыми дәлелдерге негізделген сенімдеріне сүйене отырып жын мен адамзатқа мәңгілік бақыт тосып тұрғанын сүйіншілейді, ал адасқан дінсіздер үшін тозақ бар екенін әйгілеп жар салады, иман етіп куәгерлік етеді.
Сенің әлгі адал да турашыл елшілерің мен ақиқатшыл жаршыларың сенімді де қанық түрде Сенің ахиретте мейірімге толы қазыналарың бар екеніне және бұл дүниеде тек белгі-нышан берген, мәңгі әлемде толығымен көрінетұғұн
көркем есімдеріңнің ғажайып жарқын көріністері о дүнияда жалғасын табатынан куәлік етеді, ишара қылып сүйіншілейді. Және бүкіл ақиқаттардың бұлағы, жарқыраған Күн көзі болып табылатын Сенің "Хақ" есіміңнің ең үлкен шуағы, осы хашир, яғни қайта тірілу екеніне өздері иман келтіріп, сосын Сенің құлдарыңа дәріс беруде.
О, Пайғамбарлар мен сыддықтардың Раббысы! Олардың барлығы Сенің мүлкіңде, Сенің әмірің мен құдіретің арқылы, Сенің қалауың мен игеруің арқылы, Сенің ілімің мен хикметің арқылы Саған мойынсұнған жандар. Олар өте маңызды да жауапты міндет жүктелген қызметшілерің. Олар Сені дәріптеу, ұлықтау, мадақтау, бірлеу арқылы жер шарын бейне бір зікірханаға, әлемді алып мешітке айналдырып жіберген.
О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан Ием! О, бүкіл нәрселерді жоқтан бар еткен Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен әміріңе толық мойынсұндырған құдіретің мен қалауыңның құрметіне және хикметің мен рубубиетің әрі мол мейіріміңнің ақысына нәпсімді тізгіндеп, өзіме мойынсұндыра гөр! Асқақ арман, биік мақсатқа жеткізе гөр! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың көңілін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман, ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға тау мен темірді, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды және Хазіреті Мұхаммедке (Алейһиссәлату уәссәләм) Күн мен Айды бағындырғаныңдай Рисалей-Нұрға жүректерді баурап, ақылдарға оны мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шәйтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Жәннәт-ул Фирдәуста шат-шадыман, бақытты қыла гөр! Амин! Амин! Амин!
Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыздың мінәжаты Жәушән-ул Кәбирден алған осы дәрісімді пікірмен жасаған құлшылық деп есептеп, Мейірімді Раббымның алдына ұсыну барысында қателескен болсам, қатемнің кешірілуі үшін Құранды және Жәушән-ул Кәбирді шапағатшы қылып Аллаһтың мол мейірімінен ғафу етуін жалбарына сұраймын.
МАЗМ НЫ
БІРІНШІ ЛЕМА........................................................................5-7
Хазіреті Юнус алейһиссаламның мәшһүр мінәжаты болған
аятының маңызды бір сырын ашып, оның терең ақиқатын баяндай отырып әркім бұл дүнияда Хазіреті Юнус Пайғамбардың күйін кешетінін - бірақ одан анағұрлым қиын жағдайда екенін - баяндайды. Хазіреті Юнус алейһиссаламға балық, теңіз, түн қауіп төндірсе, әр адамның нәпсісі, дүниясы, болашағы да солай уайымдатып байқамаса қауіпті екені айтылады.
ЕКІНШІ ЛЕМА..........................................................................8-13
Хазіреті Әюб алейһиссаламның мәшһүр мінәжаты туралы айтады.
Осы аяттың маңызды бір сыры мен терең бір ақиқатын "бес нүкте" арқылы тәпсірлейтін, қандай да бір қиыншылыққа ұшыраған адамға рухани демеу, шипа болар ем деп айтуға тұратын рисале. Бұл рисале дүниялық қайғы-қасіреттің, басқа түскен қандай да бір бәленің иманды жанға бәле еместігін көз жеткізе дәлелдейді. Нағыз, қауіпті бәленің не екенін яғни жүрек пен рухтың адасуы нағыз қасірет екенін баяндайды. Сонымен қатар сабыр сақтап, шүкір етуші адам бәлеге ұшыраса оның бір минуты бір сағат ғибадат саналатынын айтып, түсінген адамға шағым айтудың орнына әрдайым шүкір еткізетін құнды рисале.
ҮШІНШІ ЛЕМА ....................................................................14 - 18
аятының маңызды екі ақиқатын
деген мәшһүр екі сөйлемнің ақиқат толы мағынасымен тәпсірлейді. Мәңгілік үшін жаратылған, бақи болуға құштар адами рух, өзінің Бақи-ы Зүлжалалмен байланысын сезінсе пәни өмірі мәңгі өмірге айналып, секундтары жыл болып берекет табатынын айтады.
Ал, Бақи-ы Зүлжалалды танымайтын адамның өмірі, жылдары секундтай зымырап босқа өте шығатынын дәйекті түрде баяндайтын құнды рисале. Уақытша нәрсенің уақытша екенін мойындап бақи болуды аңсайтын жандар бұл рисалені қызыға оқиды деп ойлаймын.
ТӨРТІНШІ ЛЕМА..................................................................19-26
«Минһәж-ус сунна» деп аталатын Пайғамбарымыздың сара жолын түсіндіретін маңызды рисале. Шийттер мен Сунниттердің арасындағы ғасырлар бойы шешімін таба алмай келе жатқан дау-дамайды, атап айтсақ Пайғамбарымыз дүниядан өткеннен кейін орнына кім халифа болуы керек еді деген тартыс туғызған мәселені жан-жақты қолға алып, нақты шешімін көрсететін өзі алдына бір құнды кітапша.
Осы ұлы аяттың терең ақиқаттарының екі үлкен мәселесін "төрт нүкте" арқылы тәпсірлейді. Бұл кітапша сунниттерге де,
шийттерге де өте пайдалы, таптыра бермейтін құнды еңбек. Нағыз "Минһаж-ус Суннет" яғни Пайғамбарымыздың сүннет жолын көрсетіп алауыздықты қоюға, татулыққа, ауызбіршілікке шақырады.
БЕСІНШІ ЛЕМА...................................................................27
Жазылмаған. 27-бетке қара!
АЛТЫНШЫ ЛЕМА..............................................................27
Жазылмаған. 27-бетке қара!
ЖЕТІНШІ ЛЕМА...........................................................28 - 39
«Фәтх» сүресінің:
дейтін соңғы үш аятын тәпсірлейді. Оның да керемет он шақты қырының тек ғана ғайыптан хабар беретін тұсының сегіз жағын баяндайды. Осы үш аяттың өзі керемет мұғжиза екенін дәлелдейді. Соңында,
Аятының маңызы зор, терең сырын ашып ғайби хабарларына ишара қылады. Қорытынды бөлімінде, Қасиетті Құранның "тәуафук" (Сәйкестік. Әріптерінің өзара дәлме-дәл келіп, ұйқастығы)
Тұрғысындағы таңғажайып жақтарын көрсетіп керемет, терең сырын баяндай отырып белгілі бір мағынада Құран Кәрім толығымен фатиха сүресінің ішіне, ал «Фатиха» сүресі "Бисмиллаһ" сөзінің ішіне, ал "Бисмиллаһ" болса «Әлиф, Ләм, Мим» яғни үш әріптің ішіне орналастырылғанын баяндайды.
СЕГІЗІНШІ ЛЕМА....................................................................39
Османлыша кітапта жарияланғандықтан бұл жерге енгізілмеді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА ............................................................39
Османлыша кітапта жарияланғандықтан бұл жерге енгізілмеді.
ОНЫНШЫ ЛЕМА...............................................................40-48
Аятының бір сырын, Құранға қызмет етіп жүрген жолдастарының адам болғасын қателесіп, жаңылғанда тартқан жазасын жаза отырып, оны жоғарыдағы аятпен ұштастырып, аяттың бір сырын осылай тәпсірлейді.
Иә, бұл рисале екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, Құранның адал да хас қызметшілерінің қателескен кезде ескертпе шапалақ жегені баяндалса, екінші бөлімінде, сырт көзге дос, іштей дұшпан кісілердің әдейілеп жасаған қастықтарына орай көрген зәбірлері жазылар еді. Бірақ, босқа кейбір кісілердің көңілін ренжітпеу үшін ондай жүздеген оқиғалар іріктеліп тек он бесі ғана жазылды. Екінші бөлімі жарыққа шықпады. Шапалақ жегендер өз ризашылығымен мойындап, астына қолын қойған. Мен де бес шапалақ жедім, өз қолыммен жазып бердім. Басқалар да өздері жазды, ал кейбірі жазылған соң, құптады. Үлгі ретінде бірнешеуін жазып соған қанағат еттік. Әйтпесе ондай оқиғалар баршылық. Бұдан біздің көзіміз жеткені: Бұл қызметте жәй, әншейін жүргеніміз жоқ. Бізді бір өткір назар жіті қадағалап, қорғаштап, мұқият желеп-жебеп отыр. Ол рисаленің соңында
ОН БІРІНШІ ЛЕМА.............................................................49-61
Ардақты Пайғамбарымыздың көркем сүннетін әдемілеп алдыңа жайып салатын, сонымен қатар бидғат дейтін кеселден
қалай құтылудың жолын көрсететін құнды рисале.
Аяттарының өте маңызды екі ақиқатын "он бір нүкте" арқылы тәпсірлейді.
БІРІНШІ НҮКТЕ.
Киелі хадистің сырын ашады
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Имам-ы Раббанидің (р.һ.) "Пайғамбарымыздың көркем сүннетін ұстану ең ұлы да үлкен тариқат, өте сенімді жол" дегені туралы айтылады.
ҮШІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің маңыздылығы жайлы айтқан Имам-ы Раббанидің сөзі өте дұрыс екені туралы баяндайды.
БЕСІНШІ НҮКТЕ.
аяты нақты білдіргеніндей, Аллаһқа деген сүйіспеншілік, Оны жақсы көру Пайғамбарымыздың көркем сүннетін ұстануды талап ететіні туралы айтады.
АЛТЫНШЫ НҮКТЕ.
деген хадистің бір сырын ашады және
деген аяттың бір ақиқатын тәпсірлейді.
ЖЕТІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің қандай да бір мәселесін алсаң, адамға әдептілікті үйрететін жағы болатынын баяндайды. Әрі мына бір сұраққа тамаша жауап беріледі: "Бәрін білетін Аллам-ул Ғуюбтың алдында пенде қалай әдеп сақтайды? Одан жаман қылықты жасыру мүмкін емес қой?"
СЕГІЗІНШІ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің бір бөлігі Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мейірімінің сәуле шуағы екені, сондай-ақ, Пайғамбарымыздың өзі мейірім бұлағы екені баяндалады.
ТОҒЫЗЫНШЫ НҮКТЕ. Көркем сүннеттің барлық түрін толығымен орындап жүру, таңдаулы да ерекше тұлғаларға нәсіп болар, дегенмен оны ниет қылып, қолынан келгенше тырысып бағу, ең азы дұрыстығын қабылдау, жақтасу, емірену, қызығу әркімнің қолынан келетіні, оның өзі сауап екені айтылады. Және тариқатшылардың зікірлері, әурад яғни дұға-ережелері, ұстанымдары сүннеттің негізіне қайшы келмейтін болса бидғат саналмайтыны, саналған күнде хасен яғни жақсы, болымды екені баяндалады.
ОНЫНШЫ НҮКТЕ.
Аллаһқа деген сүйіспеншілік жайлы және соның нәтижесінде Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану қалай болмақ, міне осы туралы баяндайтын үш бөлімнен тұратын аса маңызды, қызықты тақырып.
ОН ЕКІНШІ ЛЕМА..........................................................62-69
аяттарының екі ақиқатын қолға алып, оған қазіргі заманның география, астрономия ғалымдарының сын тағуы орынсыз екені екі нүкте арқылы әшкереленеді.
БІРІНШІ НҮКТЕ. Барлық ризық, несібе тікелей Аллаһтың қолында екені, ол рахым қазынасынан шығатыны айтылып, аштан өлу жоқ екені дәлелденеді.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Құдайға сенбейтін географтар мен философтарға қарсы, Жер шарының жеті қабат екенін және аспанның да жеті қат екенін астрономия ғылымының ғалымсымақтарына жеті тұрғыдан дәлелдеп береді. Бұл рисале діннен безген оқымыстылардың аузына құм құяды.
ОН ҮШІНШІ ЛЕМА...........................................................70-89
"Хикмет-ул Истиязе" яғни шайтаннан Аллаһқа сыйынудың хикмет сырын баяндайтын өте қымбат әрі қуатты ақиқаттар жинағы.
сүресінің терең бір ақиқатын
БІРІНШІ ИШАРА. Әлемде бір нәрсе жарату шайтанның қолынан келмесе де және қисық жол мен күпірліктің жағымсыз нәтижелері кәпірлердің өзін жиіркендіріп жатса да, сондайақ, хақ пен ақиқаттың жанға жайлы жағымды жақтары тура жолдағыларды құлшындырып тұрса да, неліктен көбіне шайтанның жақтастары хақты жақтаушыларды жеңіп кетіп жатады? деген сұраққа қанағаттандырарлық, нақты жауап беріледі.
ЕКІНШІ ИШАРА. Жамандыққа тұнып тұрған шайтандардың болмысы және олардың имандыларға тиісуі, соның кесірінен көптеген адамның кәпір болып тозаққа түсуі өте жағымсыз әрі үлкен қасірет. Рахим-ы Мұтлақ, Рахман-ы Билхақ, аса Мейірімді Аллаһтың рахымы мен жамалы мұндай сұмдыққа неге жол береді? деген сұраққа өте қуатты да қанағаттандырарлық жауап.
ҮШІНШІ ИШАРА. Хикмет толы Құранда адасқандардың үстінен шағым айтылып, қайта-қайта қатаң ескертулер жасалып, мәселеге жиі оралады. Бұл әрине сырт көзге оғаш секілді. Құранның әділдігіне, орынсыз сөйлемейтін шешендігіне, турашылдығына жараспайды. Бұл, бейне бір қолынан түк келмейтін бишара біреуден үрейленіп бір армияны дүрліктіру сияқты. Ешнәрсеге ие емес әлсіз адамды құдіреті күшті, қолынан бәрі келетін біреу сияқты шағымданудың хикмет сыры не? - деген сауалға маңызды да нақты жауап береді.
ТӨРТІНШІ ИШАРА. Жалпы жоқ болу өте жаман нәрсе, ал бар болу өте жақсы нәрсе болып табылатындықтан кемелдік пен әсемдік бар болу жақта, ал жамандықтар мен қиыншылықтар жоқтың жағында, соның кесірінен, жоқ нәрсенің салдарынан жамандықтар пайда болатыны айтылады.
БЕСІНШІ ИШАРА. "Хақ Тағала, көктен түскен кітаптарында адамзатқа жәннат дейтін орасан зор сый-ақы беремін, қарсыласқандарды жәһаннамға салып азаптаймын дейді, сонымен қатар жақсылыққа жөн сілтеп, ынталандырып, жамандықтан тыйып, қатаң ескерту жасап жатса да, иман келтіргендер шайтанның түкке тұрмайтын, жағымсыз да пайдасыз арбауына түсіп, Аллаһқа қарсы шығуының сыры не?" деген маңызды сұраққа нақты жауап береді.
АЛТЫНШЫ ИШАРА. Шайтанның өте қауіпті де жиі қолданатын қаруы мынау: күпірлікті жәй ғана ойласа, оны растап мойындағандай көрсету, тура жолдан адасуды пікірлесе оны қабылдағандай көрсету. Осылайша кірпияз, аңқау да көңілшек кісілерді қауіпті жағдайға салып қояды. Мұндай шайтани шабуылға ғылыми, қисынды да ақиқи жауап береді.
ЖЕТІНШІ ИШАРА. Мұғтәзилә ағымының имамдары жамандықты жарату жаман деп қабылдайтындықтан Аллаһ күпірлікті, адасуды жаратпайды дейді. Өздерінше Аллаһты осылай пәктеген болады. мұғтәзиләшілдердің осындай өзекті мәселелеріне, сондай-ақ, мәжусилердің нанымы бойынша жамандықты жарататын өзіндік бөлек Құдайы бар деген пікіріне нақты да қисынды толық жауап беріледі. һәм, "үлкен күнә істеген адам имансыз" дейтін Мұғтәзилә мен кейбір Хариджиттерге қарсы ақылға қонымды да көз жеткізетін жауап.
СЕГІЗІНШІ ИШАРА. "Кейбір кітаптарыңызда, күпірлік пен адасу жолының өте мүшкіл де қиын, ол жолға ешкім түспеуі керектігін, ол жолда жүру мүмкін еместігін, ал иман мен тура жолдың анық та жеңіл, сондықтан бәрі сол жолға түсу керектігін айтқан болатынсыз. Басқа бір кітабыңызда адасу оңай, ол адамды бұзу, ақысын жеу болғандықтан көпшілік сол жолды таңдайды дейсіз. Бұл қарама-қайшылық!" деген сұраққа қызық та қисынды жауап беріледі. Және: "Адам хақ жолдан адасқан кезде үрей мен қайғы басатыны сондай, өмірде қызық көрмек түгіл қорқыныштан жүрегі жарылып кетуі керек еді, бірақ кәпір өзін мұсылманнан да артық бақытты сезінуінің себебі не?" деген сұраққа өте тамаша бір тәмсіл арқылы қанағаттанарлық жауап беріледі.
ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА. "Хаққа жақ тура жолдағылар, атап айтсақ әнбия, оның басында әлемнің мақтанышы Ардақты Пайғамбарымыз алейһиссалату уәссәләм, Аллаһтың жәрдемі мен мол мейіріміне бөлене тұра шайтан жақтастарына кейде жеңіліп қалуының себебі не? Сондай-ақ, «ең соңғы Пайғамбардың күндей жарқын пайғамбарлығы келгенде Мәдинаның мүнапықтары Исламды қабылдамай, адасып қисық жолда жүре бергені несі? Мұның хикмет-сыры неде?» деген әркімді ойландыратын сұраққа тамаша да керемет нақты жауап.
ОНЫНШЫ ИШАРА. Ібіліс өзіне ергендерге өзін неге жоққа шығартады? Міне, бұл рисаледе оның бетпердесін ашып сұрқия да сұмпайы жүзін көрсетіп, оның бар екенін нақты дәлелдейді.
ОН БІРІНШІ ИШАРА. Адасқандардың қылықтарына бүкіл әлем ашуланатынын, табиғи апаттар солардың кесірінен пайда болатынын Қасиетті Құран ғажайып түрде хабар береді. Бұл рисале сол туралы сыр шертеді.
ОН ЕКІНШІ ИШАРА. Төрт сұрақтың жауабы. «Шектеулі өмірде жасаған белгілі бір күнәға шексіз азап шегу, мәңгі тозақта қалу әділдік пе?», "Шариғатта айтылады: Жәһәннам істелген амалдардың жазасы, ал Жәннат олай емес, ол Аллаһтың асқан мейірімі деп. Мұны қалай түсінеміз? "Жамандық айналаға жайылып кететіндіктен пенде бір жамандық жасаса мың есе жазылуы керек, ал жақсылық жасаса біреу деп жазылуы керек. Бірақ керісінше жамандықты біреу ғана, ал жақсылықты он есе жазуының хикметсыры не?" Һәм, "Қисық жолдағылардың табысқа жетуі, әрі қуатты болуы, апырым-ай, тура жолда жүргендің адасқанынан, кемшілігінен бе екен?" деген төрт сұрақтың қысқа да нұсқа жауабы.
ОН ҮШІНШІ ИШАРА. "Үш Нүкте"..................................87-89
БІРІНШІСІ: Сұм Шайтан, иман ақиқаттарының ауқымдылығын пайдаланып, пікірі таяз, ақылы саяз адамдарды сол жағынан азғырады. Бұл рисаледегі ақиқат, сондай әзәзіл адам мен жын шайтандарының аузына құм құяды.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Шайтан қателескен адамға қатесін мойындатпау арқылы Аллаһтан кешірім сұрап, Оған сыйынып, жалбарынуға жол бермейді. Сосын адам менмендігі қозып өзін барынша ақтауға тырысады. Құдды ешқашан қателеспейтін секілді. Бұл рисале сол туралы түсіндіріп, әркімді қанағаттандырады. Қателігін көрмеу жіберген қателіктен де үлкен қателік екенін, ал қателескенін білудің өзі дәреже екенін, тіпті ондай адамды қателесті деуге болмайтынын баяндайды.
Бұл рисалеге ұқсас екі маңызды рисале бар. Біреуі Жиырма тоғызыншы Мектубтың алтыншы рисалесі, ол да мұсылмандарға мықты қорған. Екінші қорған, Жиырма алтыншы Мектубтың «Хүджжәт-ул Құран алаш Шайтани уа хизбихи» деп аталатын рисале. Осы үш рисале бір-бірімен байланысты. Бұл заманда имандыларға аса қажет екенін айта кетейін. Бірақ, бұл рисалелерді Құранға адал, шын берілген кісілерге беру керек деп ойлаймын. Бидғатқа жақ, адасқан немесе саясатпен ауырған кісілерге бермеген дұрыс. Әсіресе, «Худжумат-ы Ситте» рисалесіне бұрыңғы Саидтың сөздері араласқандықтан хас шәкірттеріме, адал бауырларыма тиесілі деп ойлаймын. Әзірге хақты тыңдамайтын, ақиқатты қабылдамайтын кісілерге көрсетпеген жөн. Ол ең таңдаулы деген, ұстазға жақын кісілерге арналған.
ОН ТӨРТІНШІ ЛЕМА.........................................................90-102
Екі бөлімнен тұрады
БІРІНШІ БӨЛІМ.................................................................90-95
Міне, бұл рисаленің бірінші бөлімі әлгі хадистің мәнмағынасын жан-жақты қарастырып, тамаша қылып түсіндіргені сондай сенбеген адамның кішкене ұяты болса, әрі географияшы пенденің ақиқатқа ниеті болса, бұл хадистің мұғжиза екенін яғни таңғажайыптығын дереу мойындар еді. Себебі, жауаптар нақты әрі толық қанағаттандырарлық.
ЕКІНШІ БӨЛІМ................................................................96-102
ОН БЕСІНШІ ЛЕМА............................................................103
Рисалей-Нұр топтамасының Сөздер, Мектубат және он төртінші Лемаға дейінгі бөлігінің мазмұны. Әрбір рисаленің мазмұны өзінің соңғы жағына жазылғандықтан бұл Лема да жазылмай қалды.
ОН АЛТЫНШЫ ЛЕМА................................................103-112
Маңызды мәселелер туралы сұраған кейбір сұрақтарға жауап. Мысалы, өте ойландыратын төрт сұрақтың жауабы.
БІРІНШІ САУАЛ. "Жақында әһл-і сүннет уәл жамағат үлкен жеңіске жетеді"-деп қуанышты хабар берген әулиелердің айтқаны болмай қалуының себебі не?
ЕКІНШІ САУАЛ. Рисалей-Нұрдың авторы өзін қыспаққа алған дүнияқұмарларға қарсы шығудың орнына оларға дүниялық тұрғыдан тиіспеуінің себебі айтылады.
ҮШІНШІ САУАЛ. Англия, Италия елдерінің Түркияға соғыс ашқысы келгенде ұстаз соғысқа қатты наразы болады. Негізінде ол, халықтың қайрат-жігерін оятып Ислами отан сүйгіштікті қоздырып діннің жандануына, бидғаттардың азаюына себеп болар еді. Міне, бұл рисале осы мәселенің себеп-салдарын түсіндіреді.
ТӨРТІНШІ САУАЛ. "Қолыңыздағы нұр кітаптарын әркімге көрсетпей, шәкірттеріңізге сақ болуына кеңес бересіз. Жұрт бұл нұрдың пайдасынан құр қалып жатқан жоқ па?" деген сауалға өте тамаша жауап. Соңында "Лихие-и сағадат" жайлы яғни Ардақты Пайғамбарымыздың шаш-сақалы туралы сұраққа еш күмән қалдырмайтын жауап беріледі. Одан кейін кәпірлердің бұрыннан бері тиісіп келген үш мәселеге тоқталып оны да нақты жауаптармен қанағаттандырады.
БІРІНШІ С РАҚ.
аятының бір мағынасы: "Зүлқарнайн Күннің ыстық та батпақ бір суға батқанын көрді" дейді. Мұны қалай түсінеміз?
ЕКІНШІ С РАҚ. Зүлқарнайнның салдырған қорғаны қай жерде? Яджуж Мәджуж деген кімдер?
ҮШІНШІ С РАҚ. Хазіреті Иса пайғамбар ақырзаманда келіп, Дажжалды өлтіретіні жайлы сұрақтарға керемет тұщымды жауап беріледі. Бұл рисале һәм имандылардың иманын нығайтады, һәм өзінің сөз саптау шешендігімен ақын-жазушыларды таңғалдырады, һәм діннен безгендердің үнін өшіріп, сазайын
тартқызады. Соңына таман "Муғаибат-ы Хамсе", яғни Пайғамбарымыз айтқан бес ғайыптың екеуі туралы сұралған маңызды сұраққа маңызды жауап беріледі.
ОН ЖЕТІНШІ ЛЕМА.....................................................113-138
«Зүхре» атты еңбегінен алынған «Он бес тұжырым»
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Нәпсінің құмартқан уақытша, пайдасыз нәрселерінің ақиқатын ашып көрсетіп, жүзін ақыретке, мәңгілікке бұрады.
ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Құранның қағидасы бойынша, мұсылмандар кішіпейіл болып, тәкәппар болмауы керектігі баяндалады.
ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Аллаһтың бекіткен заңы болған жыл мезгілдері ауысып, ғасырлар өткенмен көп нәрселер қазқалпында жаңаруы мына әлем ағашының кемел жемісі адам баласының да махшарда дәл солай, қаз-қалпында жаратылатынын дәлелдейді.
БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ. Мына пәлекеті көп, бүлінген ғасырдың ең сұмдық бәлесі және адамды діннен бездіретін нәрсе, жағымсыз мәдениет екенін айтып, сол мәдениеттің не екенін әшкерелеп, бетін жауып тұрған пердесін ашып тастап жәһаннамға ұқсайтын болмысын Құранның нұрымен жан-жақты көрсетеді. Имандылардың оған әуес болмауын ескертіп, тіпті жиіркендіріп, ол бір жұқпалы ауру екенін анықтап Құранның емханасына алып зәм-зәм дәрісін ішкізеді.
АЛТЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Нәпсі мен шайтан кәпірлердің сан жағынан көптігін және олардың кейбір иман ақиқаттарын жұмыла жоққа шығаруын көлденең тартып күмән туғызады. Бұл рисале сондай күмән, шүбәлардың, және дінге келгенде
немқұрайлықтан сақтап, күдік қалдырмайтын тамаша ақиқат бір мысал баяндайды. Шәк-шүбә тамырын шауып, орнына жәннаттың иман ағашын егеді.
ЖЕТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Ислам қоғамына өте зиян, бірақ батыс өркениетінде бақыт саналатын, зұлымды да зұлымат дүнияқұмарлыққа имандыларды қызықтырып жүрген жылпос белсендісымақтарды Құранның алмас қылышымен бастарын шауып өлтіріп тастайды. Сонымен қатар діннен безейін деген немесе пасықтыққа бой алдырған имандыларды Қасиетті Құранның ауруханасына жатқызып емдеп жазады.
аятының бір нүктесін тәпсірлеп, ғаламдағы барлық зат зәрреден бастап Күнге шейін белгілі бір міндет атқаратынын, әр нәрсенің іс-әрекеті тағдырдың жазуымен болатынын және Мейрімі мол Аллаһ әркімнің міндетінің ішіне сыйақы ретінде бір ләззат салып қоятынын дәйекті түрде түсіндіреді. Жаратылыстың ең абзалы, тірі-жандардың жоғары мәртебелісі, жердің халифасы адам, егер жалқауланып ғапыл өмір сүрсе тастан бетер жансыз, шыбыннан бетер қансыз болатынын қатаң ескертіп, адамдарды өз міндеттерін атқаруға шақырады. Және Аллаһтың мұтлақ улухиятын яғни барлығын бір өзі басқарып, бағындыратынын дәлелдейді.
ТОҒЫЗЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Аллаһ Тағала өзінің жомарттығымен әлемдегі жақсылық пен кемелдік атаулыны адамзаттың асылдары пайғамбарлар арқылы көрсеткен. Оларға мойынсұнғандар жақсылыққа, кемелдікке, нұрға қауышып бақытты болады. Және құлшылық тұрғысынан да кіп-кішкене адам мазмұндылығымен, және әлгі мойынсұнудың сырымен
аузынан шыққан бір ауыз "Аллаһу Акбар" сөзі жер шарының айтатын үлкен "Аллаһу Акбар" сөзіне айналатынын баяндайды. Осылайша діннің қасиеттілігін, иманның кереметтігін ашып көрсетіп, дінге қарсы болу ол адасу, бәле, күллі зиян екенін нақты дәлелдейді.
ОНЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Хақ Тағаланың мағрифат нұрын көрудің, оның аяттары мен куәгер айналарындағы дәлелдердің белгі нышандарын тамашалаудың үш түрі бар дейді. Бірі, су секілді, кейбірі ауа секілді, ал кейбіреуі нұр секілді. Оған қалай жақындау керектігін қайтсе алыстайтынын баяндайды.
ОН БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Қасиетті Құранның сөзінде мейірім мен қамқорлық болуының хикметін, және Құранның сөз саптауындағы үндестік, сөздерінің судай төгіліп тұруы шынайы екендігін айтады.
ОН ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Адамдарды шатастырып жүрген "бес мәселе
Біріншісі.
сырымен хақ жолда жүріп, тура жолға шақырушылар өзінің міндетін атқарып Аллаһтың ісіне араласпауы керектігі айтылады. Ашкөздіктің кесірінен өзінің құл қызметші екенін ұмытып, өзін билеп-төстеуші секілді сезінуден сақтандырып, әркім әлін білу керектігін баяндайтын жалпыға қажет мәселе.
Екінші мәселе. Құлшылықтың себебі Аллаһтың әмірі, ал нәтижесі Аллаһтың ризашылығы, ал пайдасын болса ақыретте
көретінін айтады. Егер дүниялық пайдалар мен табыстар құлшылықтың басты себебі, немесе ұйытқысы болса сауабын кемітетінін баяндайтын ғибадаттың ақиқатын үйрететін маңызды да қажетті мәселе.
Үшіншісі.
Киелі хадистің керемет бір қағидасын тамаша тәмсілмен түсіндіре келе, құлшылықтың негізі, пенде өзінің әлсіз, пақыр кемшін екенін білу және Аллаһқа жалбарыну, одан рақым күту екенін айтады. Сондай-ақ, әр істе ықылас болатындықтан адам бір іс-амал жасарда Аллаһтың ризашылығын ойлап, нәтижеге араласпаса жоғары мәртебеге көтерілетінін баяндайтын маңызды мәселе.
Төртінші мәселе.
Аятының ишари мағынасы бойынша Аллаһты еске түсірмейтін, Оның атымен берілмеген нығметті алып жеу дұрыс еместігін, егер аса мұқтаж болса сыртқы себептердің артынан Аллаһтың рахымын көріп, "бисмиллаһ" деп алуға болатынын айтады. Сондай-ақ, "иқтиранды" яғни екі нәрсенің қосарланып келуін басты себеп деп қабылдамау керектігін түсіндіріп назарды Мүним-ы Хақиқи Аллаһқа аударады.
Бесінші мәселе. Көпшіліктің еңбегінің жемісін басшысы алса, ол қиянат әрі зұлымдық екені жайлы айтады. қандай да бір ұстаз немесе пірдің Иләһи нұрға себеп, айна, ұйытқы ғана екенін, бірақ қайнар көз, бұлақ деп ойламау керектігі тамаша бір мысалмен дәлелденіп ақиқатқа есік ашып жөн сілтейді.
ОН ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Тәухид туралы төрт кішкене рәміз.
Бірінші Рәміз. Ақылы таяз, дұрыс ойлай алмайтын себепке табынушы адамның назарын Иләһи уахданияттың дәлелдеріне аударады. Әдемі мысал келтіріп зіп Аллаһтың жалғыз екенін дәлелдейді.
Үшінші Рәміз. Мәңгі өмірге үміткер, мерейі үстем, дәрежесі жоғары адамзаттың сезім-қабілеті кейде түкке тұрмайтын әуестік пен нәпсіге беріліп кетеді. Бұл рисале сондай жағдайдағы адамды ескертіп, қорқыту арқылы оятатын терең ақиқаттың бір ұшы.
Төртінші Рәміз. Адамды бітпейтін арман жетелеп, шұбатылып жатқан қиял шырмап алған кезде тамаша мысалымен құтқарып «Лә иләһа иллаллаһ» қасиетті сөзін айтқызып нұр қазынасына қарқ қылады.
ОН БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ. "Үш мәселе"
Біріншісі. Аллаһтың "Хафиз" есімінің сәулесіне ишара қылатын
Аятын тәпсірлейді. Қара жерге көмілген тұқымдардың қалайша қаз-қалпында сақталып келесі көктемде қайта тірілетіні секілді адам баласының да өліп жер қойнауына көмілгенмен махшар таңы атқанда қайта тірілетінін тілге тиек етеді.
ОН СЕГІЗІНШІ ЛЕМА.......................................................138
Келешекте басқа кітапқа енетіндіктен бұл жерге жазылмады.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЛЕМА...........................................139-147
дейтін қасиетті Аятты "жеті нүкте" арқылы тәпсірлеп, үнемшіл болуды бұйыратын, ысырап пен бекерге мал шашпақтан тыятын, әсіресе бұл заманның адамдарына өте пайдалы хикмет дәрісін беретін құнды рисале.
БІРІНШІ НҮКТЕ. Аллаһ Тағала адамзатқа тарту еткен нығметтерінің орнына шүкір сұрайтынын, және үнемшіл болу нығметті құрметтеу, Құдайға шүкір ету әрі берекеге себеп болып табылатынын, ал ысырап болса Хақ Тағаланың нығметтерін қадірлемеу, олардың дәрежесін құнын түсіру болып саналатынын, ақырында жамандыққа апаратынын айтады.
ЕКІНШІ НҮКТЕ. Адамның денесі сарай іспеттес, асқазан сол сарайдың мырзасы, тіл болса ауызға түскендерге қызмет ететін есікші. Жеген тағамның ләззаты белгілі мөлшерден аспау қажеттігі, жалпы үнемді пайдалану денсаулыққа пайдалы екені, ал ысырап қылып, көп ішіп-жеу денсаулыққа зиян, ауру туғызатыны баяндалады.
ҮШІНШІ НҮКТЕ. Дәм сезу қабілеті денемен ғана шектелмей ақыл, рух, қалб секілді сезімдермен тығыз байланысты болғандықтан ысырап қылмаса, кедейленіп қаалмайтын болса және Құдайға шүкір ететін болса тәтті тағамдарды жеуге болатынын Хазіреті Шах-ы Гейланидің кераматын мысал келтіріп түсіндіреді. Шүкірдің шыңына шығу үшін денені рух, нәпсіні қалб, асқазанды ақыл басқару керектігін айтады.
ТӨРТІНШІ НҮКТЕ. Үнемділік береке әкелетіндіктен үнемшіл жандар рахат әрі абыройлы өмір сүретінін, ал ысырап кедейлендіріп тіпті тіленші қылып, ар-намыс бәрінен айырып тіпті діни парыздарды пида етуге дейін апаратынын айтады.
БЕСІНШІ НҮКТЕ. Өте қызықты бал оқиғасын айтып отырып үнемділіктегі абырой мен берекенің, ал ысырап көп нәрседен мақұрым қалдыратынының сырын тамаша түсіндіреді.
АЛТЫНШЫ НҮКТЕ. Қолы тар, сараңдық пен үнемшілдік бір-біріне мүлдем басқа екенін Хазіреті Омардың (р.һ.) ұлы Абдуллаһтың (р.һ.) бастан кешкен оқиғасымен түсіндіреді.
ЖЕТІНШІ НҮКТЕ. Ысырап адамды ашкөз қылатынын, ашкөздік болса қанағатсыз қылатынын, қанағатсыздық көп нәрседен құр қалдырып әрі ықыласты зақымдайтынын керемет түсіндіреді.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ЛЕМА.........................................148-158
илә ахир... аяты және
Киелі хадистің талабы бойынша дін Исламда ықылас өте маңызды әрі зор маңызға ие екеніне тоқталып, оның көптеген мән-жайын ашып бір мағынасын "бес Нүкте" арқылы тәпсірлейді.
БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Неліктен дүнияқұмар, ғапылдар, адасқан кәпірлер сүттей ұйып ынтымақтасып жатады, ал тура жолдағы хақ иелері алауыз күй кешеді? - деген сұмдық әрі ішіңді удай ашытатын сұрақтың жеті себебін атап тұрып тұшымды да шешімді жауап береді.
ЖИЫРМА БІРІНШІ ЛЕМА........................................159-167
Аятын тәпсірлейді. Ықыласты болу үшін не істеу керектігі, нендей ережелерді орындау қажеттігі және оған қол жеткен соң қалай сақтап қалуға болатыны жан-жақты керемет түсіндіріліп маңыздылығына орай он бес күнде қайталанып оқылып тұруын және төмендегі ережелердің қатаң сақталуын бұйырады.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ. Тек Аллаһтың ризашылығын мақсат қылу.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ. Бәсекелесуді қойып өзара ауызбіршілікті нығайту.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ. Ықыластың маңыздылығын білу және бұл қызметтің бақылаушылары бар екенін білу.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ. Бауырлар өзара тату, бір-біріне жанын беретіндей пәни болу керектігі және ықыласты болу үшін өлімді жиі ойлау керектігі және өзін Аллаһтың алдында тұрғанын сезіну
екені, сонымен қатар ықыласты бұзатын нәрсе дүнияуи арманқиялға беріліп мәңгі өмір сүретіндей сезіну екені айтылады.
КЕЙБІР БАУЫРЛАРЫМА ЖЕКЕ ЖАЗЫЛҒАН ХАТ......................................................167
Бидғаттар көбейген кезде Пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте маңызды екені және Рисалей-Нұрды жазудың (оқудың) бес түрлі ғибадат саналатыны айтылады.
ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЛЕМА.......................................168 -175
Аяттарды негізге алып ишари түрде Рисалей-Нұрдың жазушысына және Рисалей-Нұрға көпшіліктің қойған: "Сен дүнияқұмарлардың дүниясына араласпасаң да әйтеуір бір сылтау тауып сенің ақыретіңе неліктен тиісе береді?" деген сұраққа тамаша жауап беріледі.
Бірінші Ишара. Рисалей-Нұрдың жазушысы және Рисалей-Нұр күллі имандылардың әсіресе Спарта уәлаятының рухани дамуына, имандарының өркен жаюына бірден-бір себеп болғандықтан, әлгі сұрақтың жауабын дін үшін солар беріп, мені ақтауға мәжбүр. Сондықтан дінсіздерден мені қорғаштау халықтың, әсіресе Спарта уәлаяты жұртының міндеті екенін нақтылап көрсетеді.
Екінші Ишара. "Сен бізге неге ренжисің? Жағдайыңды айтып өтініш білдірмейсің? Білесің ғой, біздің ұстанар қағидамыз бар. Заманауи қатаң ережелеріміз бар. Мына Республика заңына сәйкес өктемдік, үстемдік жасауға болмайды, оны түбірімен жоюға күресіп жатырмыз. Сен онымен санаспайсың, имандылар да мұны қабылдамайды дейсің. Сенің оқшаулануың, ерекшеленіп
жұрттың назарын аударуың және өкіметтің режиміне қарсы екенің белгілі. Бұл бай-шонжарларға тән әрекет. Бұқара халық оянды, социализм дәуірі басталды. Өктемшілдікке, үстемдік қылуға жол жоқ!" деген сауалға:
Ақиқатты зұлымдықпен жоқ қылу мүмкін емес
Онда жүректі жоқ қыл, қолыңнан келсе жоқ қылу, -
дегендей Аллаһ жарылқап маған имани уә Құрани ілім дарыған. Мұндай Иләһи жарылқауды жоқ қылуды тек адам бейнесіндегі шайтан ғана ойлайды. Егер бұл әрекеттерін үкімет білсе рұқсат бермейді дейді ұстаз. Ондай бассыздыққа тек Саид Нұрси емес, парқына барса күллі адамзат ашуланатынын, тіпті күллі әлем ренжитінін нақты түрде дәлелдейді.
Үшінші Ишара. Екі сұраққа толық жауап беріледі.
ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЛЕМА........................................176-194
Отыз бірінші Мектубтың Жиырма үшінші Лемасы яғни Табиғат рисалесі деп аталады. Табиғат жаратады, құбылыстар табиғи түрде болады, өздігінен, не себептердің салдарынан пайда болады деген кәпірлік ұғымды
Аятына сүйене отырып әшкерелеп, ақылға қонымды түрде, көзге шұқып тұрып мүмкін еместігін тоқсан айғаққа татитын тоғыз мысалмен дәйекті түрде дәлелдейді. "Табиғат рисалесі" жарыққа шыққаннан кейін ол кітапша туралы былай деген екен: "Атеизмнің, яғни құдайсыздық пікірінің бел омыртқасы сынды, енді қайтып тірілмейді".
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЛЕМА.....................................195-204
аяттарына сүйене отырып әйел заты орамал тартып, шариғатқа сай киінуі табиғи екені, солай жүруін олардың жаратылысы талап ететінін және діннен безгендердің айтқанындай ол бір қорлық, еркіндігін шектеу емес, керісінше оранған кезде өздерін емінеркін қауіпсіз сезінетінін, еркектердің арам ой, ала көздерден аман қалатынын, әйел затын қорлау емес үлкен құрмет екенін сондай-ақ от басында ерлі-зайыптылар тату-тәтті өмір сүру үшін де ықпалы зор екенін және ұрпақты көбейтуге болымды әсер ететінін нақты түрде, ақылға қонымды түрде өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
ИМАН ЖҮЗДІ АҚЫРЕТТІК ҚАРЫНДАСТАРЫММЕН С ХБАТ 199-204
Рисалей-Нұрдың бір негізі мейірім болғандықтан және әйелдер мейірбан болғандықтан Рисалей-Нұрмен табиғи тығыз байланыста. Дегенмен теріс ағымдар сол мейірім қасиетіне ие жандарды адастырып мейірімін бұрысқа пайдаланып жатқанын, бақытты болудың жолы тек Ислам құндылықтарынан табылатынын баяндайтын мағынасы терең хат.
ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМА.......................................205-221
Бұл рисале:
аяттарын басшылыққа иманды кісіге дүниялық бәле, бәле еместігі, олардың кейбірі Иләһи ескерту, кейбірі Рахмани ілтипат, не болмаса күнәдан тазару екені айтылып, оны хадистермен
нақтылай түседі. Егер ауру-сырқау жағымсыз, жаман нәрсе болса Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру, бәле-жала, қиыншылық бермес еді дейді. Алайда дүнияда ең көп қиналып, жапа шеккендер пайғамбарлар мен әулиелер екен. Сонымен қатар
секілді шипа аяттарын тәпсірлеп, ауырып тұрған ағзаны меңіреу, естімейтін, көрмейтін дәрі-дәрмектер тәуір қылмайды, керісінше бәрін көретін, білетін аса мейірімді де қамқор бір Аллаһ шипа беріп, емдейтінін жиырма бес дәрі секілді жиырма бес тұжырыммен баяндайды
ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЛЕМА...................................222-267
Қарттарға арналған бұл рисаледе Құран мен иманның саясында қарттық шақ керемет суреттеліп, үміт сыйлайтыны сондай, қартайғанына өкініп жүрген бір қария оқып, түсінсе өкініштен арылып қартайғанына қуанар еді. Өйткені автор солай дейді. "Маған бір жыл қарттық өмірімді он жыл жастық шаққа айырбастайсың ба? - десе келіспес едім. Мен қартайғаныма ризамын. Қауіпті жастық шақтан құтылғаныма қуаныштымын".
ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ЛЕМА.............................................267
Болашақта басқа кітапқа енетіндіктен бұл жерге жазылмаған.
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМА...................................268-283
"Жиырма сегіз нүктеден" тұратын бұл рисаленің кейбірі осы жерге жазылып, кейбірі басқа кітапқа енгендіктен толық жазылмаған.
ЖИЫРМА ЕКІНШІ НҮКТЕНІҢ ЕКІНШІСІ...........268-269
Аятының терең мағыналарының үш жағын ғана алып Құранның керемет мұғжизалығына сай ғажайып түрде қысқаша баяндайды.
Бір шәкіртіне ұйқының түрлерін әрі сүннетке сай уақытын дұрыс пайдалану керектігін түсіндіретін құнды хат..........270
дейтін салауаттың керемет терең мағынасын қиялға ерік беріп, көркем түрде суреттейді................................................271
Хазіреті Мухиддиннің "Уахдет-ул Уджуд" жолын қазіргі адамдарға үйретудің қауіпті екенін, байқамаса діннен шығарып, иманға зиян беретінін ескертетін хат..................272
Тағы да Мухиддинге және "Уахдет-ул Уджуд" мәселесіне қатысты сұраққа берілген ғылыми қысқа да нұсқа жауап...............................................................................................273
Бір мереке күні мәз-мейрам болып, харам болса да құтырып билеп жатқан бейқам байғұстардың елу жылдан кейінгі халдерін суреттейді.....................................................................274
Жүгенсіз нәпсіге ерудің зияндарын санап тұрып көрсетіп, нәпсіні ауыздықтайтын әсерлі жазба......................................275
«Қысқа мерзімдік кәпірлікке ұзақ уақытқа созылатын жәһаннам азабы қалай әділдік?» деген сұраққа қанағаттандырарлық жауап...................................................276
Керемет бір сәйкестік...........................................................276
Рисалей-Нұрдың қабыл болғанын, Аллаһтың жәрдеміне бөленгенін мегзейтін сәйкестік белгілер.
Бейкүнә балаларға Нұрдың қалай әсер еткенін түсіндіретін нұрлы хат.......................................................................................277
Зекаи шәкіртінің көрген түсі...............................................278
Сүйінші хабар беретін, мағыналы да жақсы бір түс.
Рисалей-Нұрмен бақталасқандарға жауап.........................279
Рисалей-Нұрдың абыройын және қабыл болғандығын баяндайтын өлең.
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЛЕМАНЫҢ ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ НҮКТЕСІ......................................................280-283
Аятын тәпсірлеп, қойылған үш тармақты сұраққа ғылыми, ақыли, қанағаттандыратын жауап.
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ
ЛЕМА (АРАБША) ...........................................................284-303
"Тәфәккүрнаме" деп аталатын бұл Леманың бір бөлігі бұл жерге үлгі ретінде жазылған. Қалғаны толығымен Османлыша Лемалар кітабына енген.
ОТЫЗЫНШЫ ЛЕМА................................................304-356
"Сәкинә" деп аталатын және әрқайсысы Исм-і Ағзам дерлік немесе алтауы қосылып Исм-і Ағзам болған Аллаһтың көркем есімдері "Фәрд", "Хаий", "Қайюм", "Хакем", "Адл", "Қуддус" жайлы жеке-жеке тоқталып сол киелі есімдердің әлемдегі жарқын көріністерін баяндайтын құнды рисале.
МІНӘЖАТ......................................................................358-374
Бұл рисале Раббысына жалбарынған ұстаздың мінәжаты болуымен қатар Жаратқан Иеміздің есім сипаттарын атап, бір жағынан мағрифат дәрісін берсе, бір жағынан "тәфәккүр" яғни ой жүгіртіп, пікіри құлшылық саналатын құнды рисале. Соңында мына бір керемет дұға-тілекпен түйіндейді:
- О, Раббым! О, көктер мен жерлердің Қожайыны! О, Жаратқан Ием! О, бүкіл нәрселерді Жаратушы! Көктерді жұлдыздарыменен, жерді ішіндегілеріменен және бүкіл жаратылысты барлық жағдайыменен өз әміріне бағынышты еткен құдіретің мен қалауыңның, хикметің мен билігің әрі мол Мейіріміңнің құрметіне, нәпсімді өзіме бағынышты қыла гөр! Армандаған мақсаттарыма жеткіз! Құранға және Иманға қызмет ету үшін адамдардың жүректерін Рисалей-Нұрға бұра гөр! Маған және достарыма кәміл иман және ақыры қайыр, жақсылық бере гөр! Хазіреті Мұса ғалейһиссәламға теңізді, Хазіреті Ибраһим ғалейһиссәламға отты, Хазіреті Дәуіт ғалейһиссәламға таутасты, Хазіреті Сүлеймен ғалейһиссәламға жын мен адамды, ал Ардақты Мұхаммед Алейһиссәлату Уәссәләмға Күн мен Айды бағындырғаныңдай жүректерді Рисалей-Нұрға баурап, ақылдарды мойындата гөр! Мені және Рисалей-Нұр шәкірттерін нәпсі мен шайтанның кесірінен, қабір азабынан, жәһәннам отынан сақта! Баршамызды Фирдәус жәннатында шат-шадыман қыл! Амин! Амин! Амин!
Сегізінші Леманың мазмұнынан бір бөлік
Ғайби ишара туралы бір жазба, бір пікір.
аяттарының ғайби нүктесін Ғаус-ы Ағзам Сәийд Абдул Қадир Гәйланидің бір ғайби кәрәматымен тәпсірлейді. Нақты әрі ғажайып кәрәматтарға бөленген бұл Сұлтан-үл Әулия яғни Шәйх Гәйлани, өзі өлгеннен кейін де тірі кезіндегідей мүридтерін алаңдап, олармен байланыста болғандығын «Әһл-і кәшф уә әһл-і уәлаят» мойындаған яғни әулиелер мұның рас екенін дәлелдеген. Сонымен, бұл Кісі сегіз жүз жыл бұрын Құдайдың құдретімен осы заманды көрген яғни оған көрсетілген. Мына аласапыран, бүлік-шірік көп заманымызда өзінің ізін басып, артынан ерген Құран қызметшілерін жұбатып, демеу беріп, құлшындырарлық өзінің мәшһүр қасидасының соңғы бес жол жазбасында он бес тұрғыдан сол хабарды жеткізген.
Біріншіден; Өмірімнің маңызды бөлігі атақ-даңқтың соңында, мансап қууып соның кесірінен зая болып босқа кеткендіктен тағы да соны қайталап «нәпс-і әммарама» алданбайын, тағы да атаққұмарлық тұзағына түсіп қалмайын дедім.
Екіншіден; Мына қырсықтық өршіп тұрған заманда адамдар анық мәселелерді, нақты айғақтарды қабылдамай жүргенде мұндай ғайби ишара түріндегі олардың ойынша "мақтангершілік" саналатын нәрселерді паш еткі келмеді. Ақыры, тұтқындық кезеңімнің сегізінші жылында және ең азапты, ең қиын күндерде жаным бір демеуге, бір құлшындырысқа қатты мұқтаж болғандықтан көкейіме мұндай бір ой келді: «Мұны Иләһи нығметті қадірлеу мақсатты әрі мағынауи шүкір ретінде жарыққа шығар, паш ет! Һәм, қорықпа! Қанағаттандырарлық дәрежеде қуатты!»
Мен, әлгі рисаленің басында айтқанымдай, мұны паш еткендегі мақсатым, Құранның сырларын ашатын Рисалелердің мақбұл яғни қабыл болғанына Ғаус-ы Ағзам қол қойып растағанын; екіншіден, ол қадірменді стазымның кәрәматын жарыққа шығару арқылы кейбір, әулиелердің кәраматына сенбейтін діннен безгендердің үнін өшіру және Құран қызметінде жүріп тосқауылдарға жолыққан, көптеген кедергілермен күресуіне тура келетін достарымның ынта-жігерін арттыру, құлшындыру, тосқауылдарын ашу болатын. Мен үшін бұл «мақтангешілік» саналатындықтан әрине күллі зиян, дегенмен ол зиянды ұстазым үшін, жолдастарым үшін қабылдадым.
Бұл Ғаус-ы Ағзамның кәраматы жайлы рисале, біртіндеп, үзік-үзік болыа шығарылғандықтан бірнеше бөлімнен, қосымшалардан тұрады. Соңына қарай бірін-бірі қуаттап, нұрландырып, жарқын бейнеге енеді. Ишаралардың басы күңгірттеу болғанымен жолдастарының қолдауымен қуатталып анықтала береді. Тіпті, таңғаларлығы, әлгі бес жолдың соңында (шәкірттердің) әрқайсының қызметтегі мәртебесін, өзіндік ерекше сипатын меңзеп, осылайша он бестен артық Құран қызметіндегі қымбат бауырларымды анықтап көрсетіп қойған. Бұл рисаледе Ғаус-ы Ағзамның кәрәматы арқылы бірнеше маңызды мәселелер, біршама өзекті ақиқаттар баяндалған.
Бұл рисалені әркімнің оқығанын қаламаймын, рұқсат та бермеймін. Мұны ниеті таза, ұяты бар, ықыласты және ерекше бауырларымның оқуына рұқсат беремін. Әрі бас жағында жазылған мақсаттарымды ескере отырып оқысын. Мені кәрәмат-құмар адам деп ойламасын.
Жиырма сегізінші Леманың мазмұнынан бір бөлік
сөйлемімен әлгі дінсіздік ағымның қарсыласын яғни болмысы нұрымен белгілі және зұлыматтың жойқын, қою қараңғылына және тұманды әрі жанды күйдіретін отынына қарсы сөнбеген, керісінше зұлымат қараңғылықты қақ жарып дүниені жарыққа бөлеуге тырысқан РисалейНұрға, оның авторына арнайы түрде ілтипат қойып
деп заманның соңына дейін Рисалей-Нұрдың таңғажайып түрде жарық беруін, лапылдап жана беруін сұрап дұға еткен, жалбарынған. Сондай-ақ, заманында Қасиетті Құранның маңызы зор шәкірті болған, Құрани ілімді жарыққа шығарып оны айналаға жаюшы хазреті Имам-ы Али, Исламның алғаш кезеңінде Құранға қарсы жасалған сұмдық соққылар мен түрлі теріс ағымдарға қарсы қасиетті «Исм-і Ағзамды» өзіне шапағатшы ретінде пайдаланып қаһарман түрде, ержүректікпен шариғаттың ақиқаттарын, Ислам негіздерін қаз-қалпында, аман сақтауға тырысқаны секілді, дәл соған ұқсас ақырзаманда да Құранға мүлдем қайшы, керағар дінсіздік ағымына қарсы дәл сол «Исм-і Ағзамды» өзіне шапағатшы, қорған қылған және бұлтартпас берік Құраннан шыққан, таңғажайып және мұғжиза Құранның ақырғы нүктесін көрсеткен Рисалей-Нұрдың сөнбейтін нұрымен, өткір тілімен батыр түрде дінсіздерге қарсы тұрып төтеп берген және жер жүзін өртеп көптеген гүл-шешектерді қуратқан күпірлік отын «Исм-і Ағзамның» ұлық та айбынды нұрымен өшірген сондай-ақ, Аллаһтың «Рахман»,
"Рахим" есімдерінің мейірімге толы нұр-сәулесінен бастау алғаг "абыл-хаят" суымен сөндірген сондай-ақ, өртеніп кеткен жерлердегі, тартылып қалған өзен мен бау-бақтардағы гүлдерді емес, оның орнына тау-тастарда, қырларда өсетін, жаңбырымен, рахыммен шығатын аптап ыстыққа шыдамды, суыққа төзімді гүлдер өсірген Рисалей-Нұрды алыстан көруі әрі мейірімді түрде, жұбаныш сыйлағандай кәрәмат көзбен қарауы; бұл әрине Хазреті Имам-ы Алиға жарасар қасиет, шоқтығы биік уәлаят мақамының талабы және солай болуы керек анық мәселе.
"джифр уә әбжәд" есебі бойынша 1353 жылды көрсетеді. Ол, Рисалей-Нұр шәкірттерінің ең қараңғы, қиын кезеңі. Ол кезеңде «Сәкине» деп аталатын «Исм-і Ағзамды» жетпіс бір аятпен қосып жүз жетпіс бір рет тынбай қайталап, ауызынан тастамай дұға қылған Рисалей-Нұр авторының есімдеріне сәйкес, тәуәфук етіп меңзеп тұруы сол заманда «Исм-і Ағзамды» тасушы Рисалей-Нұр авторының ерекшеліктерін және оның қауіп-қатерден сау-саламат, аман қалатынын сүйіншілеп ишари хабар береді. Мұны Құдайға шүкір амандыққа қауышып осылайша Хазреті Алидың кәрәматы расталды.
сөзімен ілтипат көрсетіп, оны қорғаштап, желеп-жебеп, медет беретінін хабарлайды.
Үшінші нышан; Үш жылдың күз мезгілінде болған жұбанышқа себеп үш кәрәмат.
Бірінші күзде болған бірінші кәрамат; Ғаус-ы Ағзам (радиаллаһу анһ)
сөздерімен он бес ишари мәтін арқылы болды...
Сонымен сөз түйіні, тоғыз мәрте «Һәм, Һәм» сөздерінің білдірген тоғыз ақиқат, Рисалей-Нұрдың және авторының бойынан көрініс тапқандығы, іс жүзінде солай болғаны көзге көрініп тұр. Тіпті дұшпандарының өзі мойындағанындай, Хазреті Али (радиаллаһу анһ) өзінің «Әрджузе» және «Джәлджулитие» еңбектерінде қатты алаңдаушылық көрсетіп мұрат қылған «Нәби уарисы», "дінді қуаттаушы", "Исм-і Ағзамды тасушы" осы Рисалей-Нұр және авторы екені белгілі... (Өйткені, мәселе ортада көрініп тұр, нышандарын көріп, үндеулерін естіп отырмыз, барлық іс-әрекеттер белгілі) Хақ пен ақиқатқа келгенде жаңылмай, әсте бұрмаламай, Құранның құқығын сақтап, ақысын беріп, әмір етілгеніндей орындап, бұрысқа жорымай, қызғыштай қорғаған «Рисалей-Нұр» кітаптары екенін күмәнсіз, нақты түрде Хазреті Али хабарлап отыр және өзімен сөйлесуші Сол кісі екені анық, бұл соның дәлелі.
Исм-і Ағзамның хаққы үшін және Қасиетті Құранның құрметі үшін және Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату уәссәләмның абыройы үшін осы Лемалар кітабын бастырған кісілерді, оған көмектескендерді және Рисалей-Нұр шәкірттерін Фәрдауси жәннатыңа кіргізіп мәңгі бақытқа бөлей гөр! Амин! Оларды Иман мен Құран қызметінде әрдайым табысқа жеткіз! Амин! Олардың амал дәптеріне осы Лемалар кітабының әрпіне сәйкес мың сауап жаздыра гөр! Амин! Нұрдың жайылуына адал қызмет етер, қажымас қайрат, ықылас, табандылық бере гөр! Амин! Уа, Әрхамәр-рахимин! Рисалей-Нұрдың барлық шәкірттерін екі дүнияда бақытты қыла гөр! Амин! Оларды адам мен жыншайтандарының бәлесінен сақта! Амин! Және мына әлсіз, шарасыз Саид құлыңның кемшіліктерін кеш! Амин!