Risale-i Nur

Жарқыраулар
— 3 —
"Рисалей-Нұр" жинағынан
Лемалар
Бәдиүззаман
Саид Нұрси
— 4 —

ӘОЖ 28

КБЖ 86.38

Б 14

Б 14 Лемалар/ Бәдиуззаман Саид Нұрси. - Алматы, 2025. - 476 бет.

Аудармашылар алқасы
Захараддин Батайұлы, Жандос Қиянбек
ӘОЖ 28
КБЖ 86.38
— 5 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
فَنَادٰى فِى الظُّلُمَاتِ اَنْ لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ ٭ اِذْ نَادٰى رَبَّهُٓ اَنّ۪ى مَسَّنِىَ الضُّرُّ وَاَنْتَ اَرْحَمُ الرَّاحِم۪ينَ ٭ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ ٭ حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ ٭ لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ اِلَّا بِاللّٰهِ الْعَلِىِّ الْعَظ۪يمِ ٭ يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى ٭ يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى ٭ لِلَّذ۪ينَ اٰمَنُوا هُدًى وَ شِفَٓاءٌ

[Отыз Бірінші Мектубтың бірінші бөлімі: Әрқашан, әсіресе ақшам мен құптан арасында отыз үш рет оқылуы өте маңызды осы қасиетті сөздердің әрқайсысындағы жарқын нұрлардың бірнешеуін көрсететін алты Лема].

Бірінші Лема

Хазіреті Юнус ибн Метта пайғамбардың (а.с.) және Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мінәжаты ең ұлы мінәжат. Сондай-ақ, дұғалардың қабыл болуы үшін де аса маңызды бір себеп. Хазіреті Юнустың (а.с.) әйгілі қиссасының мазмұны: Теңізге лақтырылған Юнусты (а.с.) үлкен бір балық жұтып қойыпты. Аласұрған теңіз астында, түннің қою қараңғылығында бар үміті үзілген кезде жасаған:

لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

мінәжат-дұғасы, осындай қиын жағдайдан тез арада құтылуына себеп болыпты.

— 6 —

Бұл мінәжаттың маңызды сыры мынада. Дәл сол жағдайда себептердің ешқандай әсері жоқ еді. Өйткені оны құтқаратын Құдіреттің үкімі балыққа да, теңізге де, түнге де, көкке де жүретін болуы керек-ті. Өйткені, теңіз де, түн де, балық та оған қарсы бірігіп алған болатын. Осы үшеуін бірдей бағындыра алатын біреу ғана оны құтқарып, аман-есен жағаға шығара алатын. Тіпті бүкіл халық оның көмекші, қызметкерлері болса да түк пайдасы болмас еді. Демек, себептерден қайыр жоқ еді. Бүкіл себептерді жаратушы бір Аллаһтан басқа құтқарушы жоқ екеніне көзі әбден жеткендіктен Тәухид нұрынан Әхадиеттің сыры ашылып, осы бір мінәжат түнді де, теңізді де, балықты да оған қызметші қылды. Тәухидтің нұрымен балықтың қарны теңіз асты кемесіне айналды. Толқыны таудай асау теңіз қауіпсіз сайрандайтын кең далаға айналды. Әлгі нұр, көктегі бұлттарды сейілтіп, Айды шамшырақ қылып қойды. Оны қаумалай қоршаған, қауіпті себептер енді оған барлық жағынан достық шырай танытты. Сау-сәлемет жағаға шықты. Яктин ағашының көлеңкесінде Раббани жарылқауларға куә болды.

Біз, Хазіреті Юнустың (а.с.) алғашқы күйінен жүз есе қауіпті жағдайдамыз. Қиссадағы түн біз үшін болашақ. Бейқам назармен болашағымызды ойласақ, Хазіреті Юнустың (а.с.) түнінен жүз есе қараңғы да қауіпті. Біздің теңізіміз, мына сергелдең жер шары. Бұл теңіздің әрбір толқынынан мыңдаған адам опат болып жаназасы шығып жатыр. Демек, Хазіреті Юнустың (а.с.) теңізінен мың есе қорқынышты. Біздің балығымыз - нәпсіміз. Бұл балық, мәңгі өмірімізге қауіп төндіріп, құрдымға тартуда. Біздің балығымыз оның балығынан мың есе қауіпті. Өйткені, оның балығы көп болса жүз жылдық өміріне зиян тигізер еді. Ал біздің балығымыз, миллиондаған жылдық өмірімізді тас-талқан еткісі келеді.

Жағдайымыздың ақиқаты осы. Олай болса, біз де Хазіреті Юнус (а.с.)-ға еріп, себептерге шырмалып қалған ой-пікірімізді түзетіп, бүкіл себептерді жаратушы Раббымызға бет бұрып,

لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

деуіміз керек.

— 7 —

Бейқамдық пен адасудың кесірінен бізге қарсы бірігіп алған болашақ пен дүниенің және нәпсінің зияндарынан болашақты әміріне толық бағындыра алатын, дүниеге үкімі жүретін, нәпсімізді құрықтап басқара алатын Құдірет қана құтқара алатындығын толық түсінуіміз керек. Жер мен Көкті Жаратушы Аллаһтан басқа, жүрегіміздің түбіндегі ең нәзік, ең жасырын сырымызды білетін; Ақыретті жарату арқылы болашағымызды жарық қылатын, дүниенің тұңғиыққа батырар жүз мың асау толқынынан құтқаратын қандай себеп бар? Жоқ! Бір Аллаһтан басқа ешкім де, ешқашан Оның рұқсаты мен қалауынсыз әсте көмектесе алмайды, құтқара алмайды.

Жағдай осылай. Әлгі мінәжаттың нәтижесінде балық, Хазіреті Юнус (а.с.) үшін су асты көлігіне, теңіз кең жазира далаға айналып, түн айлы жарық бейне алды. Олай болса, біз де осы мінәжаттың сырымен

لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ
деуіміз керек. لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ сөйлемі арқылы болашағымызға, سُبْحَانَكَ - сөзімен дүниямызға, اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ - сөйлемі арқылы нәпсімізге Аллаһтың мейірім назарын аударуымыз керек. Сонда ғана Иманның нұры, Құранның сәулесі арқылы болашағымыз жарқын болып, түннің қараңғылығы үрей мен қорқыныш туғызбайды. Керісінше, үйреншікті, қауіпсіз жағдайға айналады. Әрдайым өлім мен өмір алмасып, ғасырлар мен жылдардың толқынына сансыз жаназаларды мінгізіп алып, құрдымға кетіп бара жатқан жер бетінде Құран Хакимнің ұстаханасында жасалған рухани кеме тәріздес Ислам ақиқаттарының ішіне кіріп, әлгі теңізде серуен құрып, сау-сәлемет жағаға шығып, өмірдегі өз міндетімізді атқарған боламыз. Сол теңіздің толқындарының шайқалысы мен тербелістері бөтенсіп, үрей туғызбай, керісінше бейне кадрлар тәрізді тамаша көріністерді жаңартып ғибратқа толы оқиғалар ұсынып, қызық ой жүгіртуге себеп болады. Көңілді көтеріп, шаттық сыйлайды. Хикметке толы Құранның сырлары мен тәрбиесі арқылы нәпсіміз құрықталған кезде нәпсіміз бізге міне алмайды. Керісінше, ол біз мінетін көлікке айналады. Мәңгі бақытқа жетуімізге себепші болады.
— 8 —

Қорытынды: Адам баласы жаратылысы жағынан барлық нәрсемен байланысып жатқандықтан, безгек ауруынан жаны қиналатыны секілді, зілзала апаттардан да, қиямет қайым алдындағы үлкен зілзаладан да жаны қиналады. Көзге көрінбейтін микробтан қорқып, қауіптенетіні секілді, алып құйрықты жұлдыздан да қорқады. Үй ішін, отбасын жақсы көргеніндей, бүкіл дүниені де жақсы көреді. Ауласындағы кішкентай бақшасын жақсы көргеніндей мәңгі жұмақты құштарлана аңсап жақсы көреді. Олай болса, осындай болмысқа ие адам баласының Табынушысы, Раббы, Сыйынар Құдіреті, Құтқарушысы, мақсат-межесі бүкіл жаратылыс атаулыны басқарып тұрған молекулаларға да планеталарға да әмірі жүріп тұрған бір құдірет иесі болуы керек. Ендеше адам әрқашан Хазіреті Юнус (а.с.) секілді

لَٓا اِلٰهَ اِلَّٓا اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنّ۪ى كُنْتُ مِنَ الظَّالِم۪ينَ

деуге мұқтаж.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
* * * * *
— 9 —

Екінші Лема

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِذْ نَادٰى رَبَّهُٓ اَنّ۪ى مَسَّنِىَ الضُّرُّ وَاَنْتَ اَرْحَمُ الرَّاحِم۪ينَ
Сабырлылығымен әйгілі Хазіреті Әюб Алейһиссаламның тәжірибеден өткен осы мінәжатының әсері зор.

Алайда біз Аллаһқа мінәжат қылғанымызда осы аятты пайдалана отырып:

رَبِّ اِنّ۪ى مَسَّنِىَ الضُّرُّ وَاَنْتَ اَرْحَمُ الرَّاحِم۪ينَ

деуіміз керек.

Хазіреті Әюб Алейһиссаламның мәшһүр қиссасының қысқаша мазмұны мынадай:

Тұла бойын жара басып кеткеніне біраз уақыт өтсе де, сол аурудың орасан зор қайыр-сауабын ойлап, аса сабырлы түрде шыдаған екен. Содан, жарасындағы құрттар жүрегі мен тіліне шапқан кезде: Зікір ететін тілі мен Алланы танып білу орны болған жүрегіне тиіскендіктен жан тыныштығы үшін емес, құлшылық ете алмай қалатын болдым-ау! - деген оймен: "О, Аллаһ! Құрттар тілмен айтатын зікіріме, жүрекпен жасайтын құлшылығыма кедергі туғызуда. Мен зиянға ұшырадым!" - деп, жалбарына мінәжат қылған екен. Аллаһ Тағала сол риясыз да адал әрі шынайы мінәжатын таңғажайып түрде қабыл алыпты. Кінәратсыз денсаулық беріп, мол мейіріміне бөлепті. Осыған қатысты бұл Лемада бес тұжырым баяндалмақ.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ: Хазіреті Әюб Алейһиссаламның сыртқы, тән жарасы болса, біздің ішкі, рухани жараларымыз бар. Егер, сыртымызды ішке, ішімізді сыртқа айналдырса, Хазіреті Әюбтен әлдеқайда ауыр жаралы, науқас болып шығарымыз анық. Өйткені, жасаған әрбір күнәміз, ойымызға келген әрбір шүбә, жүрегіміз бен

— 10 —

рухымызға жара салады. Хазіреті Әюб Алейһиссаламның жарасы қысқа ғана дүниелік өміріне қауіп төндірсе, біздің рухани жараларымыз бақи өмірімізге қатер тудыруда.

Демек, Хазіреті Әюб Алейһиссаламға қарағанда біз әлгіндей мінәжат етуге мың есе мұқтажбыз. Хазіреті Әюб алейһиссаламның жарасына үймелеген құрттар жүрегі мен тілін зақымдаса, біз жасаған күнә-жарадан пайда болған уәсуәса, күмән мен шүбәлар (Құдай сақтасын) жүрегіміздің ішіне еніп иманды қашырады. Иманның тілмәші болған тілдің рухани ләззатын жойып, зікірден жерітіп, оған жолатпай жібереді.

Рас, күнә істеген сайын жүрек қарайып, иман нұры сөнгенге дейін қатайтып жібереді. Әрбір күнәнің ішінде күпірлікке апаратын жол бар. Мұндайда дереу тәубә-истиғфар етіп, жараланған жерді дереу тазарту қажет. Әйтпесе, ол күнә құрт емес, рухани жыланға айналып жүректі шағады.

Мысалы, ұятқа қалдыратын бір күнәні жасырын жасаған адам басқалар біліп қояр деп ұялған кезде періштелер мен руханилердің бар болуы оған ауыр тиеді. Олардың болмысын жоққа шығарғысы келіп, сылтау іздеп тұрады. Сондай-ақ, Жәһаннам азабына лайық ауыр күнә жасаған адам Жәһаннам қаупін естігенде тәубә-истиғфар етпесе, Жәһаннамның болмағанын қалайды. Кішкене бір сылтау, жәй бір шүбәға бола Жәһаннамды жоққа шығарудан тайсалмайды. Сондай-ақ, кішігірім бастығының болмашы бір нәрсеге бола айтқан ескертуіне өкпелеп қалатын адамның, парыз намазын оқымай, құлшылық міндетін Әзәл мен Әбәд, (мәңгілік) Сұлтанының қанша рет бұйырған әмірін орындамауы, атқармауы жалқаулық етуі жанын күйзеліске салып, мазасын алады. Күйзелген соң "құлшылық болмағанда ғой!" деп тілейді.Осы тілектен Құдайға қарсы рухани түрде жауласу, жоққа шығару деген ой туады. Жүрекке Аллаһтың бар екені туралы шүбә, шек келсе болды, ол бұған нақты дәлел сияқты көрінеді. Соған жармасуға тырысады. Енді оның алдында зор қауіп, терең құрдым пайда болады. Құлшылық міндет атқарғанда аз ғана қиындық болатыны рас, алайда әлгі бейбақ Аллаһты жоққа шығарамын деп, әлгі қиындықтан миллион есе ауыр рухани күйзеліске душар болатынын аңғармайды. Шыбынның шағуынан қашып, жыланның шағуын қабыл алады.

Тағысын тағы... Осы үш мысал арқылы: بَلْ رَانَ عَلٰى قُلُوبِهِمْ сыры ашыла түседі.
— 11 —

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ: Тағдырдың сырларын баяндайтын "Жиырма алтыншы Сөзде" адам баласы ауруға шалдыққанда немесе қандай да бір қиын жағдайға душар болғанда шағымдануға хақысы жоқ екендігі үш жақты түсіндірілген. Біріншіден. Аллаһ Тағала адам баласына кигізген дене атты "көйлекті" өз өнерімен сан құбылтады. Шебер жасалған болмыс көйлегін ұзартады, қысқартады, орнын ауыстырады, өзгертеді. Осылайша, сан алуан есімдерін шағылыстырып көрсетеді. Мәселен, Аллаһтың "Шәфи" есімі ауру арқылы көрінеді. "Рәззақ" есімі де аштық арқылы көрінеді.

Тағысын тағы. مَالِكُ الْمُلْكِ يَتَصَرَّفُ ف۪ى مُلْكِه۪ كَيْفَ يَشَٓاءُ

ЕКІНШІДЕН: Өмір, қиыншылықтар, аурулар арқылы шыңдалып, тазарады. Кемелденіп күшейеді, дамып жеміс береді. Осылайша өз міндетін атқарады. Бірқалыпты, мамық төсектегідей рахат өмір, нағыз ізгілік болған бар болуға, болмысқа емес, жамандықтың нағыз өзі болған жоққа тән. Соған ұласады.

ҮШІНШІДЕН: Бұл дүние-сынақ алаңы, қызмет ететін жер. Ләззатқа бататын, ақы мен сый алатын жер емес. Қызмет ететін, құлшылық ететін орын. Олай болса, ауырып қалу, қиыншылық шегу - діни тұрғыдан болмаса, әрі сабыр сақтай алса - қызмет етуге, құлшылық етуге еш кедергісі жоқ, қайта мағынасын қуаттап, кемелдікке жетелейді. Бір сағаттық құлшылықты, бір күндік ғибадатқа айналдыруға себеп болатындықтан, шағымдану емес, шүкір ету керек.

Құлшылық екі түрлі болады. Біріншісі тікелей мағынадағы, белгілі құлшылықтар. Екіншісі, ауруға шалдығып, қиын жағдайға тап болған адам өзінің әлсіз, бейшара екенін аңғарып Раббы-Рахимына риясыз жалбарынып, шынайы құлшылық етеді. Мұндай құлшылық пен ғибадатта екі жүзділік болмайды. Егер сабыр сақтаса, қиындықтың сауабын ойласа, әрі шүкір етсе, онда әрбір сағат үшін бір күндік құлшылықтың сауабы жазылады. Қысқа өмірі ұзақ өмірге айналады. Тіпті, кейде бір минуты бір күндік құлшылықтың сауабын жаздырады.

Мухажир Хафыз Ахмед дейтін ақыреттік бауырымның ауыр науқас екенін ойлап, уайымдап жүргенімде, жүрегіме "Оны құттықтап қой". "Оның әрбір минуты бір күндік ғибадат болып саналуда" деген ескерту жетті. Шынымен де ол сабыр сақтап, шүкір етуде еді.

— 12 —

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Бір-екі сөзде айтып өткеніміздей, өткен өмірін саралаған әрбір адам "аһ!" ұрып, ауыр күрсінеді, не болмаса "Әлхамдулиллаһ" деп, риза болады. Оны күрсіндірген нәрсе, ләззаты мол күндердің аяқталуы және қоштасудан пайда болатын рухани өкініштер. Өйткені, ләззаттың аяқталуы өкініш. Кейде өткінші бір ләззат шексіз өкінішке салады. Еске алу сол өкінішті ұлғайтып, адамды қайғы-мұңға салып қояды. Ал, бастан кешірген уақытша қайғылардың аяқталуы рухани түрде ләззат беріп, "Әлхамдулиллаһ" дегізеді. Бұл адам табиғатында бар нәрсе. Сонымен қатар, қиыншылықтардың нәтижесінде сауап жиналатынын, сол үшін ақыретте сый-сыяпат берілетінін және өмір сол қиыншылықтар арқылы ұзара түсетінін ойласа, сабыр ету былай тұрсын шүкір ететін болады.

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى كُلِّ حَالٍ سِوَى الْكُفْرِ وَ الضَّلَالِ

деуіне тура келеді. Халық арасында мәшһүр болған "Қайғылы күндер ұзаққа созылады" деген сөз бар. Иә, қиын да қайғылы сәттер ұзақ болады. Алайда көпшіліктің ойлағанындай жанды күйзелтетіндіктен емес, ұзақ өмір сүргендей нәтиже беретіндіктен ұзақ болады.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Жиырма бірінші сөздің бірінші мақамында баяндалғанындай, адам баласы Аллаһ берген сабырдың қуатын уайымға салынып, анда-мұнда жұмсап, тауысып алмаса кез келген қиыншылыққа төтеп бере алады. Алайда адамдар уайымға берілгендіктен немесе ғапылдықтың кесірінен немесе фәни дүниені мәңгі деп ойлайтындықтан, сабырдың күшін өткен шақ пен болашаққа шашып, дәл қазіргі басына түскен ауыртпалыққа шыдамы жетпей, шағымдана бастайды. Құдай сақтасын, бейне бір Аллаһ Тағаланың үстінен адамдарға шағым айтқандай болады. Ақымақтық жасап, орынсыз арызданып, сабырсыздық етеді.

Негізінде, қандай да бір қиындықтың күйзелісі түбі бір бітетінін, рахаты мен сауабы қалатынын ойласа шағымданудың орнына шын жүректен шүкіршілік етер еді. Оған абыржымай, қайта сүйсінер еді. Уақытша өмір қиыншылықтар арқылы бақи да бақытты өмірге айналады. Бір кездегі қайғыларды уайымдап, сабырсыздану ақымақтық. Ал, ертеңгі күн әлі келген жоқ. Келешектегі аурулар мен қиыншылықтарды қазір уайымдап, сабырсыздық таныту, шағымдану ақылдының ісі емес. "Ертең, арғы күні аш қаламын-ау немесе

— 13 —

шөлдеймін-ау" деп бірер күннің тамағын ашқарақтанып бүгін жеу, мөлшерден тыс су ішу қаншалықты ақымақтық болса, болашақта болуы ықтимал қиыншылықтар мен ауруды дәл қазір уайымдап тағатсыздану, шыдамсыздық көрсету, өзіне-өзі нақақтан-нақақ зұлымдық жасау секілді, есі дұрыс адамның ісі емес. Ондай адам өзінің жанашырлық пен қамқорлыққа лайық еместігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, шүкір ету нығметті арттырады, ал шағымдану уайым-қайғыны көбейтеді. Иләһи мейірімнен құр қалдырады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарында Эрзурумдағы бір досым ауыр науқастанып, көңілін сұрауға бардым. Мені көріп: "Басымды жастыққа қойып, ұйықтай алмағалы үш айдан асты" деп аянышты жағдайын айтып шағымданды. Сөзі жаныма қатты батты. Бірден маған мынадай ой келді де оған: "Бауырым, өткен жүз күнің қазір қуанышты күндерге айналды. Ол күндерді ойлап шағымданба, қайта шүкір ет! Болашақ әлі алда. Сені жаратқан Рахман-ур Рахимның мейіріміне сен, жұдырық тимей жылама, жоқты бар санап қорықпа! Осы сәтті ойла! Сендегі сабыр бүгініңе толық жетеді. Есалаң қолбасшы сияқты болма! Ол не істеді дейсің ғой? Дұшпан әскерінің сол қанаты қаруын тастап беріліп, оның оң қанатына жаңа күш болып қосыла тұра, сол қанаттағы дұшпан әскерінің оң қанаты әзірге шабуыл жасамаған болса да әлгі қолбасшы орталық негізгі күшті оңға, солға аттандырып, орталық күшті әбден әлсіретіп жібереді. Сол кезде жау әскері аз ғана күшпен орталыққа лап қойып, тас-талқан еткен. Достым, сен де сол сияқты болма! Бар күшіңді осы сәтке жина! Аллаһтың мейірімін, ақыреттегі сыйын ойла! Фәни, қысқа өміріңнің баянды, мәңгілік өмірге айналып жатқанын ойла! Шағымданудың орнына шынайы шүкір ет!" дедім. Сонда, ол терең тыныс алып: «Әлхамдулиллаһ! Апырым-ай, ауруым он есе жеңілдеп қалды ғой!» деген-ді.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ. Бұл тұжырым үш мәселеден тұрады.

Бірінші мәселе. Қайғының да, апаттың да ең ауыры дінге қауіптісі. Діни апаттан әрдайым Құдайға сыйынып, сол үшін қайғыру керек. Ал, діни емес қайғылар мен қиыншылықтар негізінде қайғы емес. Олардың кейбіреуі Рахманның ескертулері ғана.

Мәселен, қойшы біреудің қорасына яки егінге түскен қойларын қайтару үшін тас лақтырса, қойлар оның зиянды істен сақтандыру үшін жасалған ескерту екенін сезіп, ризашылықпен кері қайтады. Сол сияқты өмірде адам баласына сырттай қарағанда жағымсыз

— 14 —

көрінетін көптеген оқиғалар бар. Олар Иләһи ескертулер, нұсқаулар немесе күнәнің жазасы я болмаса бейқамдықтан сақтап, адами әлсіздік пен бейшаралықты және кімнің алдында тұрғанын сездіреді. Ауру қайғыратын нәрсе емес. Керісінше ол Раббани ілтипат немесе күнәдан тазару. Хадисте баяндалғанындай: "Пісіп тұрған жеміс ағашын сілкігенде жемістер қалай төгілсе, безгектен дірілдеп, қалтыраған кезде де күнәлар дәл солай төгіледі" - дейді.

Хазіреті Әюб Алейһиссалам мінәжат еткенде жанының рахатын ойлап дұға етпеген. Ол тілімен айтатын зікіріне, жүрекпен атқаратын құлшылығына кедергі болған соң, құлшылық ету мақсатында шипа сұраған. Біз, Аллаһқа мінәжат еткен кезде бірінші кезекте күнәлардан пайда болған рухани жараларымыздың шипасын тілеуіміз керек. Құлшылық ету қиындап кеткенде ғана денсаулық тілеп, жалбарынуға болады. Бірақ, наразылық білдіргендей немесе шағымданғандай түрде емес, Аллаһтан кешірім сұрап шынайы түрде көмек тілеп жалбарынуымыз қажет. Әу баста Аллаһтың Рубубиетін, билігін мойындап разы болған екенбіз, олай болса сол Иләһи билік тарапынан келген жарлықтарға ризашылық таныту керек. Тағдырымызда бар нәрселердің орын алуына шағымдану - Аллаһтың билігі мен жарлығына наразылық білдіру, Рақымына шәк келтіру. Тағдырға разы болмаған адам маңдайын тасқа ұрады, басы жарылады. Иләһи рақымшылықтан күмәнданған пенде, рақымшылықтан мақұрым қалады. Кеткен есемді қайтарамын деп, сынған қолды сілтеу, сынықты асқындырып жіберетіні сияқты, қайғыға душар болған адам тағдырға наразы болып шағымданса қайғысы да еселене түспек.

Екінші мәселе. Материалдық қиыншылықтарды үлкейтіп көрген сайын, ұлғая түседі. Көп мән бермесең азайып қалады. Мысалы, түнде бір ой мазаласа, оны уайымдаған сайын үдей түседі. Егер мән бермесең ұмытылып, қалады. Саған шабуыл жасаған аралардан сақтанамын деп қарсылассаң одан бетер құжынап, шабуылдай түседі. Ал, қозғалмай тыныш тұрсаң жөніне кетеді. Дәл сол сияқты материалдық қиыншылықтар уайымдаған сайын ұлғая түседі. Уайымның кесірінен жүрекке орнығады. Рухани ауруға шалдықтырады. Уайымға арқа сүйеп алып, жалғаса береді. Тағдырға риза болу және тәуекел ету арқылы уайымды жеңсең, әлгі материалдық қиыншылық та, тамыры шабылған ағаштай қурап, жоғалып кетеді. Бұл ақиқатты бұрын былай суреттеген едім:

— 15 —

Қайдағы бір қайғыны айтып ей, бейшара, жылама!

Ащы жасың азайғанмен, мұң азаймас сірә да.

Қайдан келді мына қайғы күңіренген бар ғалам,

Түсіндің бе ей, ақымақ, иманы бүр жармаған?

Бұл дүние қараң қалар түсінбесең бұл сырды

Сені сыйсыз қалдырмайды, тапсаң егер ол тылсымды.

Жасыңды тый! "Тәуекел" де, сенікі бір жәй күмән,

Ал әлемнің белі үзіліп кететіндей қайғыдан.

"Сәл шарпыған ызғарыма селт ете ме бұл адам?"

деп сынаған Құдіретті таныдың ба ей, жылаған!

Тани түссең, қасірет пен азаяды қайғың да,

Ал ендеше құлшылық қып беліңді бу, қайғырма!

(Өлеңге еркін аударма жасаған. Нұрлыбек Саматұлы)

Біреумен ерегісіп, ашуланып тұрғанда оған күлімсіреп, жылы шырай таныту, кейде ашу-ызаны жойып, татулыққа бастайды. Өмірдегі қиыншылықтарға тәуекел ете отырып қарсы шығу да осыған ұқсайды.

Үшінші мәселе. Әр заманның өзіндік үкімі бар. Мына бейқамдық жайлаған заманда қайғының да өңі өзгерген. Кейде, бәзбір жандардың қайғы деп жүргендері, шындығында қайғы емес, керісінше Аллаһтың жарылқауы. Ауруға шалдыққан кейбір жандарды шартты түрде бақытты деуге болады. (Егер ауруы дініне зиян тигізбесе) Сондықтан, менде ауру-сырқау, қиыншылықтар туралы теріс пікір жоқ. Науқас жандарға соншалықты аянышпен қарамаймын. Неге десеңіз, байқап отырсам, науқас жастардың көпшілігі, құрдастарына қарағанда діни міндетіне жауапкершілікпен қарап, ақыретін ойлайтын болған. Демек, оларға жабысқан дерт қайғы емес, қайта Иләһи нығмет, Аллаһтың сыйы. Ауруы бәлкім фәни, дүниелік қысқа өмірде жанын қинап жүрген шығар, алайда оған мәңгі өмірі үшін пайдасы тиюде, тіпті оның ғибадаты болар. Егер денсаулығы түзелсе жастықтың мастығымен заманның азғын ағымына ілесіп, науқас кезіндегі күйін сақтай алмас па еді?! Азғындық жолға түсуі де мүмкін ғой.

— 15 —

Үшінші Лема

[Бұл Лема көңіл толқып отырып, біршама сезімге беріліп жазылған. Сезім мен көңіл бойды билегенде ақыл мен ойдың еркіне бағынбайтындықтан және оларға жүгінбейтіндіктен бұл Лема, ақылдың қағидаларымен өлшенбегені жөн.]

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
كُلُّ شَىْءٍ هَالِكٌ اِلَّا وَجْهَهُ لَهُ الْحُكْمُ وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

аятының мағынасын жеткізетін

يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى ٭ يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى

Бұл екі сөйлем, маңызды екі ақиқатты түсіндіреді. Сондықтан, Нақшибенді тариқатының көсемдерінің бір бөлігі осы екі сөйлем арқылы өздеріне арнайы дұғалар жинағын жасап, қысқаша хатым ретінде ұстануда. Жоғарыдағы ұлы аяттың мағынасын осы екі сөйлем жеткізетіндіктен, біз осы екі сөйлемдегі аса маңызды екі ақиқаттың бірнеше тұжырымын баяндаймыз.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى алғашқыда хирургиялық операция секілді жүректің Аллаһтан басқа нәрселермен байланысын үзіп тастайды.

Ол былай, Адам баласы, күрделі жаратылысы арқылы маңайындағылардың басым бөлігімен байланыста. Адамның өн бойына шексіз бір сүйіспеншілік қабілеті дарытылған. Сондықтан, адам бойында болмыс атаулыға деген махаббат бар. Күллі әлемді өз үйіндей, мәңгілік Жәннатты өз бақшасындай сүйеді. Бірақ, соншама махаббатын оятқан маңайындағы нәрселердің бәрі баянсыз, тоқтаусыз кетіп барады. Қоштасудан әрдайым азап шегеді. Оның шексіз махаббаты, шексіз рухани азапқа себеп болады. Бұл азапты тартуға оның өзі себепкер, яғни өзі кінәлі. Өйткені, жүрегіндегі шексіз махаббат сезімі шексіз Жамал-ы Бақиды жақсы көру үшін берілген-ді. Адам махаббатын теріс пайдаланып, фәни дүниеге сарп етіп қателеседі. Қателігінің жазасын, қоштасудың азабы арқылы тартады.

— 16 —
СОҢЫ

Аллаһ Тағала өзінің шексіз құдіреті мен мейірімін таныту үшін адам бойына шексіз әлсіздік пен пақырлық орнатқан. Сондай-ақ, есімдерінің сансыз нақыштарын көрсету үшін, адам баласын жан-жақты сезетін және жан-жақтан ләззат алатын мәшине тәрізді жаратқан. Осы денемәшинеде әрқайсысының қайғысы мен ләззаты басқа, атқарар міндеті мен ақы-сыйы әртүрлі жүздеген сезім-мүшелер, құрал-жабдықтары бар. Алып адам тәріздес әлемде көрініс тауып тұрған Иләһи есімдердің барлығы әлемнің шағын үлгісі болған адам бойында да кездеседі. Денсаулық, амандық, ләззат сияқты нығметтер әлгі адам-мәшиненің көптеген тетіктерін іске қосып, міндетін атқаруға итермелейді де адам бейне бір шүкір өндіретін «фабрикаға» айналады. Сол сияқты, қайғы мен қиыншылықтар, дерт пен күйзелістер сынды басқа да қоздырғыш күштер арқылы, әлгі мәшиненің басқа да тетіктері іске қосылады. Адам бойындағы әлсіздік, бейшаралық және пақырлық сияқты сезімдер оянады. Тек тіл ғана емес, науқас жанның әрбір мүшесіне тіл біткендей жан жақтан жалбарынып, жәрдем сұраған нағыз құл күйіне енеді. Адам баласы әлгі «ақаулардың» саясында мыңдаған түрлі түсті қаламнан құралған жылжымалы жазу қаламына ұқсап, өмір атты ақ параққа немесе «Ләух-и мисалға» өзінің тағдырын жазады. Аллаһтың есімдерінің жаршысы, Субхани керемет "қасида" яғни Аллаһты дәріптеп жазылған жыр-дастан болып, өзінің жаратылысына тән міндетін атқарады.

— 18 —
Міне, осы қателігін мойындап, фәни сүйіктілерінен бас тартып, фәни нәрселер оны тастап кетпей тұрып, бұл өзі олардан сырт айналуы арқылы Махбуб-и Бақиға деген махаббатты білдіретін бірінші يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى сөйлем: "Бақи-ы Хақиқи жалғыз сенсің. Басқаның бәрі фәни.
Әлбетте фәни нәрселер мәңгілік, махаббатқа, шексіз ғашық болуға және мәңгілік үшін жаратылған жүректен орын алуға лайық емес, арзымайды" деген мағынаны білдіреді. Демек, айналамыздағының бәрі фәни, өткінші, мені тастап кетеді екен, олар мені тастап кетпей тұрғанда يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى деп мен олардан бас тартайын. Жалғыз Сен ғана бақисың және Сен мәңгі болғандықтан жаратылыстар да бар болып тұрғанына сенемін. Олай болса, оларды Сен үшін ғана жақсы көруге болады. Әйтпесе, жүректің қалауына лайық емес".

Сонда ғана жүрек сансыз сүйіктілерінен бас тартады. Олардың сыртқы сұлулықтары уақытша, жалған екенін көреді. Жүрек байланысын үзеді. Егер үзбесе, жақсы көргендері қанша болса сонша рухани жаралар пайда болады.

يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى дейтін екінші сөйлем, әлгі сансыз жараларға дәрі һәм ем болады. Яғни, يَا بَاق۪ى "Сен бақисың, олай болса барлық нәрсенің орнын жабасың. Сен - барсың, олай болса барлық нәрсе түгел".

Жаратылысты сүюге себеп болған әсемдіктер, жақсылықтар мен кемелдіктер Бақи-ы-Хақиқидың әсемдігі мен жақсылығының және кемелдігінің көптеген перделерден өтіп келген белгі-нышандары, көмескі көлеңкелері, тіпті Әсма-и Хүснаның шағылыстарының кішкентай ұшқынының бір бөлшегі ғана.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Адам баласының жаратылысында мәңгілікке деген аса ғаламат құштарлық бар. Тіпті, әрбір сүйген нәрсесін мәңгі деп ойлайды, өз қиялында солай шарықтайды. Сосын жақсы көреді. Ал, онымен қоштасар сәтті ойлағанда немесе соған көзі жеткенде жаны күйзеліп зар илейді. Қоштасулардан туындайтын барлық жылап-сықтау, сол мәңгілікке деген құштарлықтан туындайтын күйзелістің белгісі. Егер адам баласының ойында мәңгілік қиялы болмаса, сүйе де алмайды. Тіпті былай деуге болады:

— 19 —

"Бақи әлемнің, мәңгі жұмақтың жаратылуының бір себебі - осы адам бойындағы бақилыққа деген ғаламат ынтызарлықтан пайда болған аса күшті мәңгілікке құштарлық пен бақилықты тілейтін жаратылысы мен жалпыға ортақ дұғасы, сұранысы болса керек. Бақи-ы Зүлджелал сол күшті де ынталы қалауды, осы бір әсері күшті, жалпыға ортақ дұға-тілекті қабыл алып, фәни адамдар үшін бақи әлемді жаратқан".

Фатыр-ы Кәрім, Халиқ-ы Рахим кішкене асқазанның қалауы мен қажеттілігін және уақытша тіршілігі үшін хал тілімен жасаған дұғасын қабыл алып, дүниеде көптеген дәмді тағамдарды жаратты. Оны қамтамасыз етті. Солай бола тұра, адам баласының жаратылысына тән қажеттіліктерінен туындайтын мұқтаждығын, үнемі жалғаса беретін қалау-сұранысын, шынайы-хал тілімен жасаған бақилыққа деген өте әсерлі дұғасын қабыл алмауы әсте мүмкін бе? Жоқ! Қабыл алмауы әсте мүмкін емес. Ол хикметі мен әділдігіне және мейірімі мен құдіретіне мүлдем кереғар құбылыс. Адам мәңгілікке ғашық. Ендеше бүкіл кемелдігі, ләззаты мәңгілікке байланысты. Ал, мәңгілік Бақи-ы Зүлджелалға ғана тән. Бақидың есімдері де мәңгілік. Бақидың айналары да мәңгілікке бөленеді. Мәңгіліктен өз үлесін алады. Әлбетте, адам жанына ең керекті іс, ең маңызды міндет; сол Бақимен байланыс құру және оның есімдеріне жабысу. Өйткені Бақи жолына жұмсалған әрбір нәрсе мәңгілікке бөленеді.

Міне, әлгі екінші يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى сөйлемі осы ақиқатты түсіндіреді. Адам баласының сансыз рухани жараларын емдеуімен бірге, бойындағы мәңгілікке деген жойқын құштарлықты қанағаттандырады.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ: Бұл дүниеде болмыс атаулының жойылуы мен аяқталуына уақыттың әсері әртүрлі. Жаратылыс бірінбірі қоршаған қабат-қабат шеңберлер сияқты бірінің ішінде бірі бола тұра, аяқталуы жағынан әртүрлі деңгейде. Сырттай қарағанда сағаттың секунтын санайтын шеңбері, минут пен сағатты және күндерді санайтын шеңберлеріне ұқсайды, жылдамдықтары әртүрлі. Сол сияқты адамның денесінің, жанының, жүрегінің, рухының шеңберлері бір-бірінен өзгеше. Мысалы, дененің тұрақтылығы, оның тірлігі, болмысы - бір күн, тіпті сағат. Оның өткен шағы, болашағы жоқ немесе өлі. Ал, жүректің осы күннен бірнеше күн бұрынғы,

— 20 —

бірнеше күн кейінгі уақытқа дейінгі болмыс шеңбері мен тірлік тынысы бар. Ал, рухтың осы күннен бастап жылдар бұрынғы және жылдар кейінгіні қамтитын шеңбері, яғни, тірлігі мен болмысы бар.

Міне, осы қабілетке байланысты жүрек пен рухтың тірлігіне ұйытқы болған Марифет-і Илаһие (Аллаһты тану) және Мухаббет-і Раббание және Убудиет-і Субхание (Аллаһқа құлшылық ету), Марзиат-ы Рахмание (Аллаһты риза қылу) жағымен бұл дүниедегі жалған тіршілік, мәңгі өмірді қамтиды және нәтижесінде мәңгі өмірге айналады. Бақи-ы Хақиқиды сүю, Оны тану, Оның ризашылығы жолында өткен бір секунд бір жылмен пара-пар. Егер Оның жолына жұмсалмаса, бір жыл бір секундтай-ақ. Тіпті, оның жолында өткен бір секунд, өлімсіз көптеген жылдарға пара-пар. Ал, бейқамдардың дүниелік жүз жылы бір секундтай ғана. Халық аузында мынадай сөз бар:

سِنَةُ الْفِرَاقِ سَنَةٌ وَ سَنَةُ الْوِصَالِ سِنَةٌ

яғни: "Қоштасудың бір секунды бір жылдай ұзақ. Ал, қауышудың бір жылы бір секундтай қысқа". Мен бұл сөзге мүлдем керағар түрге былай деймін: "Қауышу, яғни Бақи-ы Зүлджәлалдың ризалығы аясында, Аллаһ үшін бір секундтық қауышу - бір жылдық емес, тіпті, мәңгілік қауышуға жол ашады".

Бейқамдық пен азғындық жолында қоштасудың бір жылы емес, тіпті мың жылы бір секунд секілді. Ол сөзден де әйгілі:

اَرْضُ الْفَلَاتِ مَعَ الْاَعْدَاءِ فِنْجَانٌ سَمُّ الْخِيَاطِ مَعَ الْاَحْبَابِ مَيْدَانٌ

сөзі осы айтқанымызды растай түседі. Әуелгі сөздің мағынасы мынау: Фәни жаратылыстың қауышуы қалай да фәни, қаншалықты ұзақ болса да бәрібір қысқа. Бір жылы бір секунд секілді өтеді, қасіретті бір қиял мен өкінішті бір түс сияқты. Мәңгілікті қалаған адам жүрегі бір жыл қауышудан бір секундтай ғана рахат ләззат ала алады. Ал, қоштасудың бір секунды бір жыл емес, көптеген жылдарға пара-пар. Өйткені, қоштасудың алаңы кең.

Шындығында бір секунд қоштасудың өзі, мәңгілікті қалаған жүрекке көп жылдардай қаяу түсіреді. Өйткені, шексіз қоштасуларды еске түсіреді. Материямен шектелетін және баянсыз, дүнияуи махаббат қылатындар үшін бүкіл өткен шақ пен болашақ қоштасуға толы. Бұл мәселеге байланысты айтарымыз:

— 21 —

"Ей, адамдар! Жалған, қысқа, пайдасыз өмірлеріңді бақи, ұзақ, жемісті еткілерің келе ме? Әрине келеді. Адамшылықтың талабы сол. Олай болса, Бақи-ы Хақиқидің жолына жұмсаңдар. Өйткені, Бақиға бағышталған нәрсе мәңгіліктің берекетіне бөленеді. Қалай болғанда да, әр адам ұзақ өмір сүруді армандайды. Рас, адам мәңгілікке құштар. Ал, жалған өмірді мәңгілік өмірге айналдырудың амалы бар. Мағыналы да ұзақ өмірге айналдыруға болады. Әлбетте, адамгершіліктен айрылып қалмаған адам, соның амалын іздестіріп, соны іске асыруға тырысады, соған әрекет етеді".

Ол шара мынау. Аллаһ үшін істеңдер, Аллаһ үшін кездесіңдер, Аллаһ үшін еңбек етіңдер. «Лиллаһ, Ливежһиллаһ, Лиеджлиллаһ» Аллаһ ризалығы аясында әрекет етіңдер! Сол кезде өмірдің әрбір минуты бір жылға пара-пар болады.

Бұл ақиқаттың мысалы Қадір түні. Оның сексен жылдан да асып кететінін, мың айға татитынын Құран айтуда. Сондай-ақ, бұл ақиқатты растайтын әулиелер мен ақиқат жолындағылардың арасында кең тараған аз уақытқа көп уақыт сиятын "Баст-ы заман сыры". Көп жылдарды керек қылатын бірақ, бірнеше минутта орындалған Миғраж уақиғасы да бұл ақиқатты дәлелдеп, іс жүзінде көрсетіп береді. Миғраждың бірнеше сағаты мыңдаған жылдарды қамтырдай ұзақ. Өйткені, Ол Миғраж жолымен мәңгілік әлеміне аяқ басты. Мәңгілік әлемінің бірнеше минуты мына өмірдің мыңдаған жылын қамтиды. Әулиелер арасында көптеп кездесетін "Баст-ы заман" уақиғалары осы ақиқатқа негізделген. Кейбір әулиелер бір минутта бір күндік іс атқарған. Кейбіреулері бір сағатта бір жылдық жұмыс жасаған. Кейбіреуі бір минутта Құранды толық оқып шыққандығы риуаят етіледі. Мұндай ақиқатшыл, шыншыл кісілер біле тұра өтірік айтуы мүмкін емес. Хабарлардың соншалықты көптігі "Баст-ы заман"

{(Сілтеме):

قَالَ قَٓائِلٌ مِنْهُمْ كَمْ لَبِثْتُمْ قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا اَوْ بَعْضَ يَوْمٍ

аяты мен

وَلَبِثُوا ف۪ى كَهْفِهِمْ ثَلَاثَ مِائَةٍ سِن۪ينَ وَازْدَادُوا تِسْعًا

аяты "Тайи-ы заманды" білдіреді.

وَاِنَّ يَوْمًا عِنْدَ رَبِّكَ كَاَلْفِ سَنَةٍ مِمَّا تَعُدُّونَ

аяты да "Баст-ы заманды" білдіреді.}

ақиқатына күмән тудырмайды. Осы "Баст-ы заман" мәселесін әркім

— 22 —

өзі байқауына болады. Кейде адам бір минутта көрген түсінде басынан кешкендерін, сөйлеген сөздерін, алған ләззатын немесе шеккен азабы үшін өңінде бір күн, тіпті, бірнеше күн керек болар еді.

ҚОРЫТЫНДЫ. Адам өткінші сияқты болғанымен мәңгілік үшін жаратылған. Мәңгілік Алланың айнасы. Адамға мәңгі жеміс беретін іс атқару міндеті жүктелген. Мәңгілік Алланың мәңгі есімдерінің шағылыстарына, мағына-нақыштарына айна боларлық түрде жаратылған. Олай болса, адамның ең басты міндеті мен бақыты - бүкіл жан-тәнімен, қабілетімен сол Бақи-ы Сермадидің ризашылығы аясында, Оның есімдерінің мән-мағынасын түсіне отырып, мәңгілік жолында Бақи Аллаға бет бұру. Тілі يَا بَاق۪ى اَنْتَ الْبَاق۪ى деген кезде, жүрегі, рухы, ақылы, бүкіл сезімдері
هُوَ الْبَاق۪ى، هُوَ الْاَزَلِىُّ الْاَبَدِىُّ، هُوَ السَّرْمَدِىُّ، هُوَ الدَّائِمُ، هُوَ الْمَطْلُوبُ، هُوَ الْمَحْبُوبُ، هُوَ الْمَقْصُودُ، هُوَ الْمَعْبُودُ

деуі керек:

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا
— 23 —

Төртінші Лема

"Минхаж-ус Сунна" осы рисалеге лайық көрінді.

["Имамдық" мәселесі негізгі мәселе болмаса да көп мән берілгендіктен Имани мәселелердің қатарына кіріп, Кәлам және Дін ілімінде өзекті мәселеге айналып, біздің Құранға және Иманға байланысты қызметімізге қатысты болғандықтан біршама баяндауға тура келді].

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
لَقَدْ جَٓاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ اَنْفُسِكُمْ عَز۪يزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَر۪يصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِن۪ينَ رَؤُفٌ رَح۪يمٌ ٭ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ ٭ قُلْ لَٓا اَسْئَلُكُمْ عَلَيْهِ اَجْرًا اِلَّا الْمَوَدَّةَ فِى الْقُرْبٰى

Осы ұлы аяттың көптеген терең ақиқаттарының бір-екеуі "Екі бөліммен" баяндалмақ.

БІРІНШІ БӨЛІМ

«Төрт тұжырымнан» тұрады.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның үмметіне деген қамқорлығы мен жанашырлығын баяндайды. Сахих риуаят бойынша, Махшар күні қорқыныштан жұрттың бәрі, тіпті пайғамбарлар да «нәпсім, нәпсім» (өз басымды қалай құтқарамын) деген уақытта Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм «үмметім, үмметім» деп, қаншалықты жанашыр, қамқор екенін көрсетеді. Тіпті дүниеге келген кезінде де анасы оның мінәжатынан «үмметім, үмметім» дегенін естіген екен. Мұны әһли-кәшф әулиелер растап отыр.

— 24 —

Пайғамбарымыздың өмір тарихы және баршаға үлгі болған қамқор да көркем мінезі аса мейірімді де жанашыр екенін көрсетеді. Сонымен қатар үмметінен шексіз салауат сұрауы арқылы үмметінің жан-жақты бақытты болуын ойлап, өзінің асқан мейірімділігін көрсетеді. Міне, мұншалықты мейірімді де жанашыр көсемнің сүннеті-сәниесіне яғни керемет үлгі боларлық амалдарына мойынсұнбау қаншалықты қайырымсыздық және арсыздық екендігін таразыла!

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм жалпыға ортақ, ауқымы кең пайғамбарлық міндетін атқару кезінде кейбір жеке, кішкене нәрселерге де аса мән беріп мейірімділік жасаған. Сырттай қарағанда әлгі зор мейірімді ондай жеке, кішкене нәрселерге арнауы пайғамбарлық міндеттің аса маңыздылығына үйлеспейді. Алайда, әлгі кішкене нәрсе, жалпыға ортақ әрі ұлы пайғамбарлық міндеттің ұйытқысы боларлық бір мәселенің бастамасы, дәнегі болғандықтан ол үлкен мәселенің жан-жаққа таралуына дәнекерлерге аса мән берген.

Мысалы, Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның Хазіреті Хасан мен Хүсейн кішкентай кездерінде оларға жасаған аса қамқорлығы, үлкен мән беруі тек қана немересі болғандықтан аталық, туыстық сезімінен туған махаббат емес. Олар пайғамбарлық міндеттің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын нұрлы жолының бастамасы болғандықтан сол бір ұлы шежіренің атынан олардың уәкілдеріне аса мән берген. Пайғамбарымыздан мирас болып қалған маңызы зор жамағаттың қайнар көзі, мазмұны, уәкілдері болғандықтан солай жасаған.

Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм Хазіреті Хасанды (р.а.) аса мейірімділігімен құшағына алып маңдайынан сүю арқылы Хазіреті Хасаннан (р.а.) тарайтын нұрлы да қасиетті ұрпағы Ғаус Ағзам Шах-ы Гейлани сияқты көптеген Мәһди тәрізді тура жолға шақырушы Пайғамбарымыздың мұрагерлеріне, Шариғатты жеткізушілерге деген ілтипатын білдірген. Олардың келешекте атқарар маңызды қызметтерін пайғамбарлық назарымен көріп, бағалап риза болған. Оларды ынталандыру, қолпаштау ретінде Хазіреті Хасанның (р.а.) маңдайынан сүйген.

Хазіреті Хүсейнге аса мән беруі мен мейірімі де солай. Хазіреті Хүсейннің (р.а.) нұрлы ұрпағынан тарайтын Зейнел Абидин, Жағфар Садық сияқты өте жоғары мәртебелі имамдар мен пайғамбарымыздың

— 25 —

нағыз мұрагерлері саналатын Мәһди сияқты нұрлы жандар үшін Ислам діні мен пайғамбарлық міндеті атынан Хазіреті Хүсейннің (р.а.) мойнынан сүйген, аса мейірімділік танытып мән берген. Иә, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі өмір сүрген бақыт ғасырында тұрып, ғайыпты көрер көкірек көзімен сонау мәңгілік өмірдегі махшарды тамашалаған және жерде тұрып Жаннатты, сонау көктегі періштелерді көрген және Адам заманынан бері өткен шақ қараңғылығының қатпарларында жасырынған уақиғаларды көрген. Тіпті Зат-ы Зүлджалалдың өзін көру нәсіп болған нұрлы назары, болашаққа қанық парасаты, әлбетте, Хазіреті Хасан мен Хүсейннен (р.а.) тарап жалғасатын ұлы мұрагер құтұбтарды, мирасқор имамдарды, Мәһдилерді көре алған және солар үшін немерелерінің маңдайынан сүйген. Иә, Хазіреті Хасанның маңдайынан сүюінде Шах-ы Гейланидің де алар үлкен үлесі бар.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. اِلَّا الْمَوَدَّةَ فِى الْقُرْبٰى аятының көптеген мағыналарының бір мағынасы: "Расул Аллаһ Алейһиссалату Уәссәләм пайғамбарлық міндетін атқарғанына ақы сұрамайды. Тек Әһл-и бейтін жақсы көруді сұрайды".
-Бұл мағынаға қарағанда, туыстық жағынан бір пайда көзделген сияқты көрінеді. Алайда, اِنَّ اَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللّٰهِ اَتْقٰيكُمْ дегендей маңыздылық ұрпақ пен текте емес, Аллаһқа жақындық жағында. Пайғамбарлық міндеті соған қарай жалғаспай ма? - деген сұрақ қойылса, оның жауабы мынау:

-Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм ғайып аян, парасатты назарымен Ислам әлемінде бейне бір нұрлы ағаш тәрізді мұсылмандардың барлық сыныбына кемелдік дәрісін беріп жол көрсететін, ұстаздық міндетін атқаратын жандардың басым көпшілігі Әһли-бейттен яғни қызы Фатима анамыздың ұрпағынан тарайтынын көрген. Үмметінің ташахудтте:

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَ عَلٰى اٰلِ سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلٰى اِبْرَاه۪يمَ وَ عَلٰى اٰلِ اِبْرَاه۪يمَ اِنَّكَ حَم۪يدٌ مَج۪يدٌ
— 26 —

дұғасы, яғни, намазда отырғанда айтылатын "Әл" (отбасы) туралы дұғасы қабыл болатынын білген. Яғни, Ибраһим әулетінен тараған көптеген нұрлы көсемдер Хазіреті Ибраһимнің (а.с.) ұрпағынан шығып, пайғамбар болғаны сияқты, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметінде де Исламның ұлы міндетін мойнына алып, Пайғамбарымыздың жолы мен сүннетін қаз-қалпында сақтаушы топтың қозғаушы күші Мұхаммедтің де (с.а.у.) өз ұрпағынан шығатын тұлғалар екенін көрген. Сол себепті:

لَٓا اَسْئَلُكُمْ عَلَيْهِ اَجْرًا اِلَّا الْمَوَدَّةَ فِى الْقُرْبٰى

деуі арқылы, үмметінен Әһл-и бейтіне деген сүйіспеншілік сұраған. Бұл ақиқатты қуаттайтын бір риуаятта былай делінген: "Сендерге екі нәрсе қалдырамын, солардан айырылмасаңдар адаспайсыңдар. Біріншісі - Китабуллаһ. Екіншісі - Әһли-бейтім". Өйткені Сүннет-і сәниенің қайнар көзі, сақтаушысы және қай жағынан болса да жақтаушысы болуға міндетті - Әһл-и бейт, яғни өз ұрпағы.

Міне, осы сырға сүйене отырып, кітап пен сүннетке мойынсұну керек деген сөз арқылы хадистің мәнісі анықталғандай. Демек, Пайғамбарымыз Әһли-бейтім деп ұрпағын меңзеген кезде, өзінің көркем сүннетін айтып отыр. Көркем сүннетін ұстамайтындар нағыз Әһл-и бейт бола алмайды. Тіпті, Әһл-и бейтке дос та бола алмайды. Сондай-ақ, Әһл-и бейттің айналасына үмметін жинағысы келген. Ондағы мақсаты, уақыт өткен сайын Әһл-и бейттің саны көбейетінін Аллаһтың рұқсатымен білген және Исламияттың әлсірейтінін аңғарған. Олай болса, Ислам әлемінің рухани дамуына ұйытқы әрі темірқазық болатын өте қуатты, сан жағынан көп, бір-біріне иық тірейтін жамағат керек. Аллаһтың рұқсатымен осыны ойлаған, және Әһл-и бейтінің айналасына үмметінің топтасуын қалаған. Иә, Әһл-и бейт, сенім мен иман тұрғысында басқалардан тым асып кетпесе де тәсілім болып, жақтасуға келгенде алдына жан салмайды. Өйткені олардың табиғатында Ислам дініне деген құштарлық бар. Мұны олар нәсілдік жағымен, туыстық тұрғысынан істейді. Ата жолын ұстану, атақты болмаса да, тіпті бұрыс болса да жалғаса бермек. Ал, өте атақты да әйгілі, адал, мерейі үстем, бүкіл ата-бабасы сол жолда жүрген және абыройға бөленіп, жандарын пида еткен ақиқатқа жақтасу, оны құптау қаншалықты мықты да берік әрі табиғи екенін сезген адам, жанталаса жақтасуды қоя ма?

— 27 —

Әһли-бейт яғни Пайғамбарымыздың ұрпағы туа бітті болмысымен Ислам дінін қолдап, қызу қуаттаушылар, әр тұрғыдан жақтасушылар. Сондықтан Ислам дінін қуаттайтын жай, қарапайым нәрсенің өзін олар күшті дәлел ретінде қабылдайды. Өйткені табиғатынан дін Исламға жақ. Басқалар болса, нақты дәлелдерден кейін барып жақтасады.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Үшінші тұжырымда айтылғандардың жалғасы ретінде, Шийттер мен Әһли-сүннет уәл жамағат (сунниттер) арасындағы алауыздыққа себеп болып, тіпті, иман шарттарына, имани мәселелерге әсер ететіндей дәрежеде кең өріс алып кеткен араздыққа қысқаша тоқталып өтеміз.

Әһл-и сүннет уәл жамағаттың айтуы бойынша: Хазреті Али (р.а.) лы төрт халифаның төртіншісі. Хазіреті Сыддық (р.а.) бірінші халифа болуға әбден лайық болғандықтан ең әуелгі халифа сол болды.

Ал, Шиалардың ойынша: "Ең бірінші Халифа Хазіреті Али (р.а.) болуы керек еді. Оған әділетсіздік жасалды. Бәрінен бұрын Хазіреті Али (р.а.) лайық еді". Келтіретін дәлелдерінің қысқаша түйіні:

Хазіреті Али (р.а.) жайындағы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің көптігі. Хазіреті Али (р.а.) "Әулиелердің пірі" лақабымен танылды. Көпшілік әулиелер мен тариқаттар содан бастау алады және ілімі жағынан, батырлық пен құлшылық жағынан теңдессіз, асыл қасиеттерге ие. Хазіреті Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмнің оған және одан тараған Әли- бейтке баса назар аударды. Бұл дәлелдер оның бірінші халифа болуы керек екенін көрсетеді. Қай жағынан болсын, бірінші халифа болу соның жолы еді, одан тартып алынды дейді.

Жауап. Хазіреті Алидің (р.а.) үш халифаның үшеуін де өз қалауымен мойындауы және жиырма жылдан астам оларға мойынсұнуы, сондайақ, олардың Шейх-ул Исламы, яғни, діни мәселелерді шешетін ғұлама қызметін атқаруы, шиалардың айтқандарын жоққа шығарады. Сондай-ақ, үш халифаның дәуіріндегі дін Исламның жеткен жеңістері, дұшпандарын күйретуі және Хазіреті Алидің (р.а.) халифа кезіндегі оқиғалар, шиалардың "халифат" туралы көзқарасын теріске шығарады. Демек, әһли-сүннет уәл жамағаттың көзқарасы дұрыс. Егер біреу былай десе: Шиалар яғни шийттер екі түрлі.

Біріншісі. Шиа-и уәлайет (әулиелікке көбірек мән беретіндер)

— 28 —

Екіншісі. Шиа-и хилафет (Халифалық мәселесіне көбірек мән беретіндер). Жарайды, екінші топтың пікіріне кек пен саясат араласқандықтан жөнсіз дейік. Ал, бірақ бірінші топта кек пен саясат жоқ қой. Дегенмен, Шиа-и уәлайет Шиа-и хилафетпен қосылып кеткен яғни, тариқаттағы әулиелердің бір тобы Хазіреті Алиді (р.а) абзал көріп отыр. Саясат жағындағы Шиа-и хилафеттің айтқандарын растап отыр.

Жауап. Хазіреті Алиға (р.а.) екі жақты қарау керек.

Бірінші. Жеке тұлғалық кемелдігі мен өзіндік мәртебесі жағынан.

Екінші. Ал-и бейттің рухани тұлғасының уәкілі ретінде.

Ал-и Бейттің рухани тұлғасы болса, Расул Аллаһ Алейһиссалату Уәссәләмның мән-мағынасын көрсетеді.

Міне, бірінші жағынан алғанда ақиқатқа көзі жеткендер бір ауыздан, Хазіреті Алидің өзі (р.а.) бас болып, Хазіреті Әбубәкір мен Хазіреті Омарды (р.а.) жөн санап, ең алдымен оларды ұсынады. Олардың дін Исламға жасаған қызметі және Аллаһқа жақындығы жағынан мәртебелері әлдеқайда жоғары деп бағалайды.

Екінші жағынан Хазіреті Али (р.а.) Әһл-и бейттің рухани тұлғасының уәкілі. Али-бейттің рухани тұлғасы болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) мән-мағынасының, оның ақиқатының уәкілі болуы жағынан ешкіммен салыстыруға келмейді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Хазіреті Али (р.а.) жайында көп мадақтаған хадистері осы екінші жағына қатысты. Бұл ақиқатты дәлелдейтін нақты риуаят бар. Расул-ы Әкрәм Алейһиссалату Уәссәләм: "Әр пайғамбардың ұрпағы өзінен тараған. Менің ұрпағым, Алидің (р.а.) ұрпағы" деп бұйырған. Хазіреті Алиді (р.а.) басқа Халифаларға қарағанда әлдеқайда жоғары бағалап, мақтайтын хадистердің кеңінен жайылуының себебі, Әмауилер мен Хариджилердің оған жазықсыз тиісіп, кемсітулеріне қарсы әһл-и сүннет уәл жамағат ол кісі туралы риуаятты көп таратты. Басқа халифалар ондай мінеуге, кемсітуге көп ұшырамағандықтан, оларды мақтайтын хадистердің жайылуына аса мұқтаждық болмады.

Сондай-ақ, болашақта Хазіреті Алидің (р.а.) қайғылы оқиғаларға, өзара ішкі бүліктерге куә болатынын пайғамбарлық назармен көріп, Хазіреті Алиді (р.а.) үмітсіздіктен, ал үмметті ол туралы жаман ойдан құтқару үшін مَنْ كُنْتُ مَوْلَاهُ فَعَلِىٌّ مَوْلَاهُ сияқты маңызды хадистермен Алиді (р.а.) жұбатып, үмметіне тура жолды көрсеткен.
— 29 —

Хазіреті Алиге (р.а.) Шиа-и уәлайеттің шектен тыс сүйіспеншілігі және тариқат жағынан айтылған аса жоғары бағалауы, әрине оларды Шиа-и хилафет сияқты жауапты ете қоймас. Себебі, әулиелер өз жолдарының талабына сай жол көрсетушілеріне, пірлеріне махаббатпен қарайды. Асыра сілтеу - сүйіспеншіліктің әдеті. Сүйіктісін өз мәртебесінен жоғары көргісі келеді және көреді де. Махаббатын асыра сілтеу Әһл-и хал үшін кешірімді болуы мүмкін. Бірақ, олар басқа халифалар туралы жаман ойламай, дұшпандық сезімнен аулақ болуы керек. Ислам қағидаларына қайшы келмеу шартымен кешірілуі мүмкін.

Ал, шиа-и хилафеттің саяси мақсаты болғандықтан кек пен дұшпандықтан арыла алмай отыр. Кемшіліктерін мойындамағандықтан кешірілу мүмкіншіліктерінен де айырылуда. Тіпті Иран ұлтшылдары Хазіреті Омардың (р.а.) семсерінен соққы жегендіктен لَا لِحُبِّ عَلِىٍّ بَلْ لِبُغْضِ عُمَرَ деп, Хазіреті Омардан (р.а.) өш алу саясатын Хазіреті Алиге деген сүйіспеншілікпен бүркемелейді. Сонымен қатар, Амр Ибн-ул Астың Хазіреті Алиге (р.а.) қарсы шығуы және Омар Ибн Садтың Хазіреті Хүсейнге (р.а.) қарсы бас көтеріп, соғыс ашуы шиалардың Омар есіміне қарсы ашу-ызасын оятқан. Шиа-и уәлайеттің Әһл-и сүннет уәл жамағатқа ренжитін реті жоқ. Өйткені, әһл-и сүннет Хазіреті Алиді (р.а.) кемсітпейді, керісінше өте жақсы көреді. Бірақ хадис бойынша қауіпті саналатын шектен тыс махаббаттан сақтанып, асыра сілтеуден аулақ тұрады. Пайғамбарымыздың Хазіреті Алидің (р.а.) жақтастарын мақтаулары Әһл-и сүннетке қатысты. Өйткені, Хазіреті Алиді (р.а.) шын сүйетіндер - Әһл-и һақ, яғни Әһл-и сүннет уәл жамағат.

Хазіреті Иса Алейһиссаламға деген шектен тыс махаббаттың христиандар үшін қауіпті болғаны белгілі. Сол сияқты Хазіреті Алиге (р.а.) деген шектен тыс махаббаттың қауіпті екендігі сахих хадисте анық түсіндірілген.

Егер Шиа-и уәлайет: "Хазіреті Алидің (р.а.) жоғары кемелдігін қабылдағаннан кейін, Хазіреті Сыддықты (р.а.) одан артық көру ақылға сыйымсыз" - десе, оның жауабы: Хазіреті Сыддық-ы Әкбар мен Фаруқ-ы Ағзамның (р.а.), яғни Хазіреті Әбубәкір мен Омардың (р.а.) жеке тұлғалық кемелдіктерін, пайғамбарлық міндетті жалғастыру жағымен халифалық кезеңдеріндегі кемелдіктерін таразының бір

— 30 —

жағына ал, Хазіреті Алидің (р.а.) жеке тұлғалық таңғажайып кемелдігі мен халифалық дәуіріндегі мәжбүр болған ішкі, өзара қайғылы қақтығыстар мен сынға ұшыраған өзара соғыстарын таразының екінші жағына қойылса, әлбетте, Хазірет Сыддықтың (р.а.) немесе Фаруқтың (р.а.) немесе Зиннурейннің (р.а.) жағы ауыр басатынын Әһл-и сүннет уәл жамағат көрген, сондықтан жоғары бағалаған.

"Он Екінші" және "Жиырма Төртінші" сөздерде дәлелденгеніндей: Пайғамбарлықтың дәрежесі әулиелікке қарағанда өте жоғары. Сондықтан Пайғамбарлықтың кішкентай бір ұшқыны әулиеліктің үлкен сәулесінен әлдеқайда абзал. Бұл тұрғыдан алып қарасақ, Хазіреті Сыддық-ы Әкбар (р.а.) мен Фаруқ-ы Ағзамға (р.а.) пайғамбарымыздың міндетін жалғастыру, оның үкімдерін орнықтыру жолында Аллаһ тарапынан мол табыс, үлкен үлес берілгендігі, халифа кезіндегі жетістіктері Әһл-и сүннет уәл жамағат үшін дәлел болып отыр. Хазіреті Алидің (р.а.) жеке тұлғалық кемелдігі, оларға Пайғамбарлықтан қалған мол үлестен асып кете алмаған. Әрі Хазіреті Али (р.а.) Хазіреті Әбубәкір мен Омар (р.а.) халифа кезеңінде Шейхул- Исламдық қызмет атқарған және оларды құрметтеген.

Апырым-ай, Хазіреті Алиді (р.а.) жақсы көріп құрметтеген Әһл-и сүннет уәл жамағат, Хазіреті Алидің (р.а.) жақсы көріп, аса құрметтеген халифаларын қалайша жақсы көріп, құрметтемесін?

Бұл ақиқатты бір мысалмен түсіндірейік. Мысалы, өте бай бір адамнан мұраға қалған байлықтан балаларының біреуіне жиырма батпан күміс пен төрт батпан алтын беріледі. Екіншісіне бес батпан күміс пен бес батпан алтын беріледі. Үшінші баласына үш батпан күміс пен бес батпан алтын беріледі. Соңғы екеуі саны жағынан аз алғанымен, құны жағынан артық алады.

Міне, осы мысал сияқты Хазіреті Әбубәкір мен Омардың (р.а.) Пайғамбарлықтан мұрагерлігі, Ислам үкімдерінің негізін орнатудан, яғни Аллаһқа жақындық дейтін алтыннан алған үлесінің аз ғана артықшылығы - жеке тұлғалық кемелдік пен әулиелік гауһарларынан шыққан және әулиелік кемелдікпен Аллаһқа жақындау дейтін күмістен басым түседі. Салыстырған кезде осы екі жақты ескере отырып қарау керек. Әйтпесе жеке батырлығы мен ілімі және әулиелігі жағынан бір-бірімен салыстырылса, ақиқаттың бейнесі өзгереді.

— 31 —

Хазіреті Алидің (р.а.) бойынан көрінетін Әл-и бейттің рухани тұлғасы мен сол рухани тұлғада толық мұра түрінде қалдырылған Мұхаммедтің (с.а.у.) ақиқаты жағынан салыстыруға болмайды. Өйткені ол жерде Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның терең сыры жатыр. Ал, шиа-и хилафеттің, Әһл-и сүннет уәл жамағаттың алдында ұялудан басқаға хақы жоқ. Өйткені, бұлар Хазіреті Алиді (р.а.) қатты жақсы көреміз дей тұра оны кемсітуде. Олар Хазіреті Алиді (р.а.) жаман мінезді етіп көрсетеді. Өйткені, олар былай дейді: "Хазіреті Сыддық пен Хазіреті Омар (р.а.) жөнсіз болса да, Хазіреті Али (р.а.) олармен бірге жүрген. Олардың тілімен айтқанда "тақие" қылған, яғни олардан қорқып амалсыздан қызмет еткен. Апырым-ай, осындай Ислам қаһарманы, "Аллаһтың арыстаны" атағына ие болған және шыншылдарға үлгі, жетекші болған жанды екіжүзді, қорқақ және ұнатпаған адамдарына жағымпазданып, жиырма жылдан астам шарасыз бірге жүріп, әділетсіздікке көне берген деу оған деген сүйіспеншілік емес. Ондай махаббатты Хазіреті Али (р.а.) қабылдамайды".

Ал, сүнниттердің түсінігі ешбір жақтан Хазіреті Алиді (р.а.) кемсітпейді. Жаман мінезді деп кінәламайды. Осындай ғажайып бір батырға қорқақ деп жала жаппайды. Олар былай дейді: "Егер Хазіреті Али (р.а.) Хазіреті Әбубәкір мен Омарды (р.а.) мойындамаса, оларға бір минут та мойынсұнбас еді. Демек, оларды дұрыс деп тапқан және жоғары санағандықтан, күш-қайраты мен батырлығын әділдік жолына арнаған".

ҚОРЫТЫНДЫ. Кез келген нәрсенің шамадан тыс асыра сілтенуі немесе жетпей, нұқсан қалуы жақсы емес. Ең дұрысы ортасын ұстану. Әһл-и сүннет уәл жамағат соны таңдаған. Бірақ, өкінішке орай, Әһл-и сүннет уәл жамағат атын жамылған ваххабилік және хариджилік пікірді жақтап, саясатпен сырқаттанған топтар Хазіреті Алиді (р.а.) сынап, "саясатты білмегендіктен басқара алмады" дейді.

Міне, осы орынсыз мін таққандарға Шииттер ренжиді. Алайда, Әһл-и сүннеттің қағидалары мен ұстанымы бұл пікірге мүлдем қайшы. Хариджилер мен дінсіздер айтатын мұндай пікірге ерегісіп Әһл-и сүннетті кіналауға болмайды. Керісінше Әһл-и сүннет Хазіреті Алиді (р.а.) Шииттерден де артық қолдайды. Бүкіл хұтбаларында, дұғаларында Хазіреті Алиді (р.а.) мадақтап, лайық түрде дәріптейді.

— 32 —

Әсіресе, әһл-и сүннет уәл жамағат жолындағы әулиелер мен асфиялар Оны жол көрсетуші, әулиеліктің бастауы деп біледі.

Шиалар өздерінің және әһл-и сүннеттің дұшпаны болған хариджилер мен дінсіздерден сырт айналып, Әһл-и хақ сүнниттермен араздаспауы керек. Тіпті шиалардың бір тобы Әһл-и сүннетке қырсығып сүннетті тастап отыр.

Жарайды бұл мәселе туралы көп айттық. Өйткені ғалымдар арасында көп тартыс туғызған-ды.

Уа, тура жолдағы Әһл-и сүннет уәл жамағат! Уа, Әл-и бейтке (Пайғамбарымыздың ұрпағына) сүйіспеншілікті өздеріне жол қылып ұстанған Шииттер! Тездетіп осы бір мағынасыз да ақиқатсыз, орынсыз, зиянды тартысты доғарыңдар. Әйтпесе, қазір қарқынды жұмыс істеп жатқан азулы дінсіздік ағымы біріңе-біріңді қарсы құрал ретінде қолданады да, біреуіңді құртқан соң, ол құралдың да көзін жоқ қылады. Сендер әһл-и тәухид яғни бір Аллаһқа сенетіндіктен араларыңда бауырмалдық пен бірігуді бұйыратын жүздеген қуатты да киелі байланыстар бар екенін ұмытпаңдар! Араңызға іріткі салар болмашы мәселелерді тастаған жөн.

* * * * *
Екінші бөлім
فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ

аятының екінші ақиқатына байланысты болмақ.

{(Сілтеме): Бұл екінші бөлім Он бірінші лема болып жарыққа шықты.}

— 33 —

Бесінші Лема

{(1, 2): Хазіреті стазымыз, Жиырма тоғызыншы арабша Леманың Алтыншы бабының түсіндірмесінде: "Бұл екі сөйлемнің мәртебелері ілімге қарағанда пікір әрі зікір болғандықтан арабша жазылды" дейді.

Бәдиүззаманның қызметшілері}

حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ бұл аяттың өте маңызды бір ақиқатын он бес мәртебе арқылы баяндайтын бір рисале болуы тиіс еді. Алайда, ақиқат пен ілімнен гөрі зікірге, ой-толғамға қатысы көп болғандықтан әзірге кейінге қалды. Расында, Он бірінші Лема яғни "Сүннет баспалдақтары және Бидғат дертінің емі" атты өте маңызды рисале Бесінші Лема болып шыққан-ды. Алайда, ол он бір тұжырымға бөлінгендіктен Он бірінші Леманың ішіне енгізілді. Бесінші Леманың орны осылайша бос қалды.

Алтыншы Лема

{(1, 2): Хазіреті стазымыз, Жиырма тоғызыншы арабша Леманың Алтыншы бабының түсіндірмесінде: "Бұл екі сөйлемнің мәртебелері ілімге қарағанда пікір әрі зікір болғандықтан арабша жазылды" дейді.

Бәдиүззаманның қызметшілері}

لَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ اِلَّا بِاللّٰهِ الْعَلِىِّ الْعَظ۪يمِ сөйлемінің мағынасы көптеген аяттардың маңызды да терең ақиқаттарын түсіндіреді. Осы ақиқаттардың он бес - жиырма мәртебесін баяндайтын рисале болар еді. Бірақ бұл Лема да Бесінші Лема секілді өзім сезінген, көңілге түйген, рухани саяхат кезінде зікір мен пікір арқылы көрген мәртебелер жазылғандықтан ақиқат пен ілімнен гөрі сезімге тікелей байланысты. Сондықтан іліми ақиқаттарға негізделген Лемаларға кірмей, соңғы жақтарына жазуды жөн көрдім.

34#

Жетінші Лема

"Фәтх" сүресінің соңындағы аяттың жеті түрлі ғайби хабары жайлы.
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
لَقَدْ صَدَقَ اللّٰهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا بِالْحَقِّ لَتَدْخُلُنَّ الْمَسْجِدَ الْحَرَامَ اِنْ شَٓاءَ اللّٰهُ اٰمِن۪ينَ مُحَلِّق۪ينَ رُؤُسَكُمْ وَ مُقَصِّر۪ينَ لَا تَخَافُونَ فَعَلِمَ مَا لَمْ تَعْلَمُوا فَجَعَلَ مِنْ دُونِ ذٰلِكَ فَتْحًا قَر۪يبًا ٭ هُوَ الَّذ۪ٓى اَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدٰى وَد۪ينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدّ۪ينِ كُلِّه۪ وَ كَفٰى بِاللّٰهِ شَه۪يدًا ٭ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ وَالَّذ۪ينَ مَعَهُٓ اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ تَرٰيهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِنَ اللّٰهِ وَ رِضْوَانًا س۪يمَاهُمْ ف۪ى وُجُوهِهِمْ مِنْ اَثَرِ السُّجُودِ ذٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ وَ مَثَلُهُمْ فِى الْاِنْج۪يلِ كَزَرْعٍ اَخْرَجَ شَطْاَهُ فَاٰزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوٰى عَلٰى سُوقِه۪ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغ۪يظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ وَعَدَ اللّٰهُ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَ عَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِنْهُمْ مَغْفِرَةً وَ اَجْرًا عَظ۪يمًا

"Фәтх" сүресінің осы үш аятының көптеген мұғжизалық қырлары бар. Баяндауы Мұғжиза болған Құранның он түрлі мұғжизалық қыры болса, соның ғайыптан хабар беретін түрі осы үш аятта жеті-сегіз жағымен көрініп тұр.

БІРІНШІСІ. لَقَدْ صَدَقَ اللّٰهُ رَسُولَهُ الرُّؤْيَا... الخ

(аяттың жалғасы бар)

Бұл аят Мекке қаласы азат етілмей тұрып, алдын ала нақты хабар береді. Екі жылдан соң дәл хабарлағанындай азат етілді.

— 35 —
ЕКІНШІСІ. فَجَعَلَ مِنْ دُونِ ذٰلِكَ فَتْحًا قَر۪يبًا

аяты былай дейді:

Худайбия келісім шарты, сырттай қарағанда Исламға зиянды секілді әрі Құрайыштардың біршама жеңісі тәрізді көрінгенімен негізінде Худайбия келісім-шарты іштей үлкен жеңіс және басқа да жеңістердің бастамасы болады. Шынымен, Худайбия келісімінен кейін темір қылыштар уақытша қынабына салынды. Алайда, Құран Кәрімнің найзағайдай алмас қылышы шықты да, жүректер мен ақылдарды жаулап алды. Осы екі жақты бейбіт келісім шарттың аясында бір-бірімен араласуға, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туды. Ислам құндылықтары мен Құранның нұры бірбеткей, өз дегенінен қайтпайтын, басқаны қабылдамайтын қауымның қырсықтық дейтін кедергі-қамалдарын бұзып, өз үкімін жүргізе бастады. Мысалы, соғыс өнерінің шебері Халид Бин Уалид және саясаттың кемеңгер ұстазы, ірі тұлға Амр Бин Ас сынды жеңілуді әсте мойындамайтын жандар Худайбия келісім-шартынан кейін Құрани құдіреттің алдында бас иіп, нұрлы қала Мәдинаға қарусыз, өз еріктерімен кіріп, дін Исламды қабылдады. Кейін Хазіреті Халид "Сәйфуллаһ" атанып яғни Аллаһтың қылышы болып Исламға адал да зор қызмет етті.

МАҢЫЗДЫ БІР С РАҚ. Әлемдердің Раббысы Аллаһтың ең сүйіктісі және әлемнің мақтанышы Расулуллаһтың (с.а.у.) сахабалары мүшриктерге қарсы Ухуд соғысының соңында және Хунейн ұрысының басында жеңіліс табуының хикмет-сыры не?

ЖАУАП. Ол кезде мүшриктердің ішінде кейін сахабалардың қатарына қосылатын атақты Хазіреті Халид сынды көптеген адамдар бар болатын. Аллаһ Тағала олардың келешекте атқаратын киелі қызметтері үшін ар-намыстарын, беделдерін сақтап, Иләһи хикмет болашақта атқаратын еңбектері үшін сыйлықтары алдын ала берілген. Демек, алдыңғы сахабалар өзінен кейінгі сахабалардан жеңіліп қалған. Осылайша, келешектің сахабалары қылыштан қорыққанынан емес, ақиқатқа деген құмарлықтан Исламды қабылдап, болмыстарындағы батырлық сезімі қаз-қалпында сақталып қалды.

ҮШІНШІ. لَا تَخَافُونَ

"Сендер сенімді түрде, еш қауіпсіз Қағбаны тауап етесіңдер!" дейді. Алайда, ол кезде араб сахарасындағы бәдәуи қауымдардың басым көпшілігі дұшпан, Мекке қаласының маңы мен

336

құрайыш тайпасының көпшілігі қаскөй, жат пиғылда болатын. Солай бола тұра, жақында ешбір қауіп-қатерсіз, "Қағбаны тауап етесіңдер!" деу арқылы бүкіл араб сахарасы бағынатындығына, Құрайыштар жаппай Исламға кіріп, жалпы бейбіт заман орнайтындығына нақты куәлік етіп, хабар беруде. Дәл солай болды да.

ТӨРТІНШІ.

هُوَ الَّذ۪ٓى اَرْسَلَ رَسُولَهُ بِالْهُدٰى وَ د۪ينِ الْحَقِّ لِيُظْهِرَهُ عَلَى الدّ۪ينِ كُلِّه۪

аяты былай нақты хабар беруде: "Расуллуллаһтың (с.а.у.) әкелген діні барлық діндерден үстем болады". Алайда, дәл сол кездері миллиондаған өкілдері бар христиандық, яһудилік, буддизм секілді ескі діндер жүз миллиондық халқы бар Рим, Қытай, Иран секілді ірі елдердің ресми діндері саналып еді. Әлі өзінің шағын руына толық мойындата алмаған Мұхаммед (Алейһиссалату уәссәләм) әкелген дін бүкіл діндерден басым түсіп, барлық мемлекеттерді тізе бүктіретінінен хабар беруде. Бұл хабарды анық және нақтылап жеткізуде. Иә, бұл ғайби хабардың растығын Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін Ислам ақиқатының таралуы арқылы уақыт дәлелдеп берді.

БЕСІНШІ.

مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللّٰهِ وَالَّذ۪ينَ مَعَهُٓ اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ تَرٰيهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا... اِلٰى اٰخِرِ

(жалғасы бар)

Бұл аяттың басында сахабалардың пайғамбарлардан кейінгі ерекше әдемі мінездері мен ізгі қасиеттері баяндалып, ең таңдаулы, жоғары мәртебелі кісілер солар болатындығын хабар берумен қатар, аяттың ашық мағынасы болашақта әрқайсысы өзіне тән хас сипатқа ие сахабалардың шығатынын хабарлайды. Ишари мағынасы арқылы Пайғамбарымыз (с.а.у) дүниеден озғаннан кейінгі Хулефа-и Рашидиннің халифалық дәуіріне ишара ете отырып, әрқайсысының ерекше қасиеттері жайлы сипаттап өтеді.

Мәселен, وَالَّذ۪ينَ مَعَهُ деу арқылы пайғамбарға ең жақын дос, жанашыр, сырлас және бәрінен бұрын қайтыс болып, тағы да Пайғамбарымыздың жанына бірінші болып баратын, Хазіреті Әбу Бәкір Сыддықты көрсетіп тұрса, اَشِدَّٓاءُ عَلَى الْكُفَّارِ деу арқылы,
— 37 —

болашақта алпауыт мемлекеттерді бағындырып, әділдігі арқылы залымдарды жай отындай күйдірген, қаһарлы Хазіреті Омарды көрсетіп тұр.

Сондай-ақ, رُحَمَٓاءُ بَيْنَهُمْ деу арқылы, болашақта үлкен бүлікке дайындық жүріп жатқанда, мұсылмандар арасында қан төгілмеуі үшін өз жанын пида етіп, Құран оқу үстінде шейіт болған асқан мейірімді, жанашыр Хазіреті Османды ишара етеді.
تَرٰيهُمْ رُكَّعًا سُجَّدًا يَبْتَغُونَ فَضْلًا مِنَ اللّٰهِ وَ رِضْوَانًا

деу арқылы билік пен халифалыққа лайық түрде, қаһармандықпен кіріскен және дүниеге әсте қызықпай тек, құлшылыққа берілген, өзі пақырлық пен үнемшілікті мықты ұстанған, әрдайым рукуғ пен сәждеде болатыны әркімге аян Хазіреті Алиді (р.а.) ишара қылады. Оның болашақтағы іс-әрекетінен, қаптаған бүлік-фитне кезінде соғыс жүргізгеніне жауапты еместігін, ниеті де, тілегі де Аллаһтың ризашылығын табу екенінен хабар береді.

АЛТЫНШЫ. ذٰلِكَ مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ

аяты екі жақты ғайби хабар беруде.

БІРІНШІСІ. Хазіреті Пайғамбар Алейһисалату Уәссәләм сынды жазу-сызу білмейтін адамға ғайып саналатын Тауратта сахабалардың сипаттары баяндалатыны жайлы хабар береді. Он тоғызыншы Мектубта баяндалғанындай, ақырзаманда келуге тиіс пайғамбардың сахабалары жайлы Тауратта мынадай сөздер бар:

"Киелілердің байрақтары өздерімен бірге". Яғни, Оның сахабалары құлшылықтағы тақуалығымен, діндарлығымен, салих, жан тазалығымен ерекше мұқаддес яғни "киелі" деп сипатталды. Таураттың қаншама тілге аударылып, өзгергеніне қарамастан мына "Фәтх" сүресіндегі

مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ тұжырымын көптеген аяттарымен бекітіп, анықтай түсуде.
ЕКІНШІСІ. مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ сөзі былай дейді: "Сахабалар мен табиғиндер құлшылықта өте биік дәрежеге жететіні сонша, рухтарындағы нұр жүздерінен байқалып, сәждеге көп жығылудан пайда болған әулиелік таңба ретіндегі мөр, маңдайларынан көрінеді". Иә, болашақ бұл жағдайды анық әрі дәлме-дәл дәлелдеп берген-ді.
— 38 —
Қаншама бүліктер мен аласапыран заман болса да күні-түні мың ракағат намаз оқыған Зейн-ел Абидин, Таус-у Иемени тәрізді құптан намазының дәретімен таң намазын қырық жыл бойы оқыған көптеген салих жандар, әрине осы مَثَلُهُمْ فِى التَّوْرٰيةِ деген хабарды растады.

ЖЕТІНШІ.

وَ مَثَلُهُمْ فِى الْاِنْج۪يلِ كَزَرْعٍ اَخْرَجَ شَطْاَهُ فَاٰزَرَهُ فَاسْتَغْلَظَ فَاسْتَوٰى عَلٰى سُوقِه۪ يُعْجِبُ الزُّرَّاعَ لِيَغ۪يظَ بِهِمُ الْكُفَّارَ

сөзінде екі жақты ғайби хабар бар.

Біріншісі. Үмми яғни жазу-сызу білмейтін Пайғамбарға беймәлім кітап саналатын Інжілдің сахабалар туралы хабар беретінін хабарлайды. Иә, Інжілде ақырзаман пайғамбарының ерекшелігі жайлы:

مَعَهُ قَض۪يبٌ مِنْ حَد۪يدٍ وَاُمَّتُهُ كَذٰلِكَ
сынды аяттар бар. Яғни, былай дейді: "Хазіреті Иса (а.с.) секілді қылышсыз емес, қолына қылыш ұстаған бір пайғамбар келеді, жиһад етуге міндетті болады және оның сахабалары да қылышты әрі жиһад қылуға жауапты болады. Ол قَض۪يبِ حَد۪يدْ иесі, әлемнің Көшбасшысы болады".

Өйткені Інжілдің бір жерінде былай дейді: "Бүкіл әлемнің жетекшісі келетіндіктен мен кетіп барамын". Яғни, әлемге жетекшілік ететін кісі келеді", дейді. Олай болса, Инжілдің бұл екі хабарынан мынаны түсінуге болады: Сахабалар алғашында саны аз әрі қауқарсыз көрінеді. Алайда, егілген дән секілді өсіп-өніп, биіктеп, күш-қуатқа ие болған кезде кәпірлер ашу-ызадан жарылып кете жаздайды. Сол сәтте сахабалар қылыштарымен қауымдарды өздеріне бағындырып, қолбасшылары Расулуллаһ (с.а.у.) әлемге жетекші екенін, үлгі болар көсем екенін дәлелдейді. Бұдан мына "Фәтх" сүресінің мағынасын дәлме-дәл баяндап тұрғанын көруге болады.

ЕКІНШІСІ. Бұл сөз мынандай хабар беруде: Шынында сахабалар алғашында аз және қауқарсыз болуына байланысты Худейбия келісімшартын қабылдауға мәжбүр болатын. Бірақ, аз уақытта аса таңғаларлық жағдайға жетіп, әлгі нәрлі дәнектер өсіп-өніп, жайқала жайылып, ерекше күшке ие болады. Былай айтқанда, жер жүзі алқабында Құдайдың құдіретімен егілген дәндер, адамзаттың сол кездегі ғапылдықтың кесірінен әлсіз де нәрсіз, берекесі жоқ сабақтарының

— 39 —
орнына дәндер, өте мықты да жап-жасыл боп жайқала қаптап өседі. Уақыт өте қуаттанып, үстем де алпауыт ірі мемлекеттерді басып озады. Сонда кәпірлер қызғаныш пен ашу ызадан басқа қолдарынан дәнеңе келмей жарылып кете жаздайды. Иә, бұл ғайби хабарды болашақ дәлмедәл көрсетті. Бұл хабарда тағы бір астарлы да жасырын ишара мағына бар; Сахабалардың қасиеті жайлы сипаттаған кезде өте үлкен тағы бір сый берілетінін айтудың орнына مَغْفِرَةً деуі, болашақта сахабалардың арасында бүлік шығып, соның кесірінен ағаттықтар орын алатындығын білдіреді. Өйткені, "мағфират" сөзі яғни Аллаһтың кешірімі осындай ағаттықтың болатынын мегзейді. Міне сол кезде сахабалар үшін ең маңызды сыйлық Аллаһтың кешірімін алу мен жазадан құтылудан артық сый болмайды. مَغْفِرَةً сөзі де осы мағынаны білдіреді.

Олай болса, сүренің басындағы

لِيَغْفِرَلَكَ اللّٰهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَاَخَّرَ

сөйлемімен тығыз байланысты. Сүренің басындағы "лияғфира" сөзі кәдімгі біз білетін күнәлардің кешірімі емес. Өйткені, пайғамбарлардың исмәт сипаты бар яғни олар күнә істемейді, бейкүнә. Бұл пайғамбарға жарасатын мағына арқылы пайғамбарымызға "мағфират" сүйіншілеуі және соңында да сахабаларды да "мағфират" яғни кешіріммен сүйіншілеуі әлгі нәзік мағынаны одан әрі қуаттай түседі. Міне, "Фәтх" сүресінің соңғы үш аятындағы он түрлі мұғжизалы жақтарының тек ғайып түрінің жеті жағын баяндадық. Адамның қалау-еркі мен тағдырға қатысты жазылған Жиырма алтыншы Сөздің соңында осы ақырғы аяттың әріптеріндегі ғажайып мағынаға ишара етілген еді. Осы ақырғы аят өз сөйлемдері арқылы сахабаларға назар аудартып қана коймай, олардың болмыстарын рет-ретімен де көрсетіп беруде. Сөздерімен ғана емес, әріптердегі сандық ерекшеліктері арқылы да Бәдір, худ, Хунейн, Сүффе, Ридванда болған сахабалардың сипаттарына ишара етіп, абжад есебі бойынша да көптеген жағдайларды баяндайды.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

Фәтх сүресінің соңғы үш аятындағы ишари мағынасы арқылы берілген ғайби хабарларға қатысты келесі аятта да дәл сол хабар, ишари мағыналар арқылы берілетіні жайлы баяндауды жөн көрдік.

— 40 —

ҚОСЫМША

وَلَهَدَيْنَاهُمْ صِرَاطًا مُسْتَق۪يمًا ٭ وَمَنْ يُطِعِ اللّٰهَ وَ الرَّسُولَ فَاُولٰٓئِكَ مَعَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمَ اللّٰهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيّ۪نَ وَ الصِّدّ۪يق۪ينَ وَ الشُّهَدَٓاءِ وَ الصَّالِح۪ينَ وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا

Бұл аяттың мағынасындағы мыңдаған тылсымдардың екеуіне ғана ишара қыламыз.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Баяндауы мұғжиза болған Құран, мағынасы ашық аяттарымен ақиқаттарды жеткізумен қатар өзінің ерекше үлгісімен, көптеген терең мағыналарды баяндайды. Олай болса, әрбір аяттың көптеген мағыналары бар. Құран Кәрім, Жаратушының шексіз ілімінен келгендіктен оның мағыналары таусылмайтын қазына. Адамдардың жеке ой-пікірлері секілді аз ғана мағынамен шектелмейді. Осыған байланысты Құран аяттарын тәпсірлеушілер қаншама мағыналарды баяндаса да, әлі де ашылмаған талай сырлары, терең мағыналары бар. Әріптерінің өзінде ашық мағынасынан басқа астарлы, ишари қаншама сырлар мен маңызды ілімдер жатыр.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ.

مِنَ النَّبِيّ۪نَ وَ الصِّدّ۪يق۪ينَ وَ الشُّهَدَٓاءِ وَ الصَّالِح۪ينَ وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا

Бұл аяттың ишарасы бойынша адамзат әлеміндегі тура жолдағылар мен Аллаһтың нығметіне бөленгендердің қатарына пайғамбарлар тобы, сыддықтар, шәйіттер, салих құлдар, табиғиндер кіреді. Аятта Ислам әлеміндегі бес топтың ішіндегі ең маңыздысын сипаттаумен қатар, осы бес топтың имамдарының ерекшеліктерінен хабар берумен қатар, ғайби хабарлар арқылы сол топтардың басшылары туралы да хабар береді.

Міне, مِنَ النَّبِيّ۪نَ деу арқылы ап-анық Хазіреті Пайғамбарды (с.а.у.) меңзеп отыр. وَالصِّدّ۪يق۪ينَ деу арқылы Әбу Бәкір Сыддықты көрсетіп тұр. Сондай-ақ, оның Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін екінші және Оның орнына бірінші халифа болып келетіндігін және "Сыддық" есімі бүкіл үмметтің оған берген ерекше қасиеті екендігін
— 41 —
және сыддықтарға көшбасшы болатынын баяндауда وَالشُّهَدَٓاءِ сөзі арқылы, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуін қатар айтуда. Бұл үшеуі Сыддықтан кейін халифалықты қолға алатындығын және үшеуі де шәйіт болатынын ғайби түрде, ишарамен хабар беруде. وَالصَّالِح۪ينَ сөзі арқылы, Суффә тобы, Бәдір тобы, Ридван тобы секілді ерекше топтарға ишара етіп, وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөзімен ашық түрде олардың ізінен еруге құлшындырады, табиғиндердің соларға еруін абыройлы да әдемі етіп көрсетеді. Сондай-ақ ишари мағынасы арқылы, اِنَّ الْخِلَافَةَ بَعْد۪ى ثَلَاثُونَ سَنَةً деген хадистің үкімін растаған және алдыңғы төрт халифадан кейінгі бесінші халифа болған және халифалық мерзімі қысқа да болса өте маңызды болған Хазіреті Хасанды (р.а.) көрсетеді.

Сонымен: "Фәтх" сүресінің соңғы аяттары төрт халифаны атап қана қоймай, ғайби ишаралары арқылы олардың болашақтағы жағдайларына да назар аудартады. Міне, Құранның мұғжизаларының бірі ғайыптан хабар беру және бұл түрдің де сәуле шуақтары Құран аяттарында көп кездесетіні сонша, санап шығу мүмкін емес. Кейбір ғалымдардың қырық-елу аятпен шектеуі тек бергі жағы, ал шындығында мыңнан асады. Кейде бір аяттың өзінен төрт-бес жақты ғайби хабар табылады.

رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

{(Сілтеме): Бауырларым екі түсініктеме де пайдалы деп, екеуін де жазыпты. Біреуі де жеткілікті болар еді.}

ҚОСЫМШАҒА ЕКІНШІ БІР ТҮСІНІКТЕМЕ

Осы "Фәтх" сүресінің соңында ғайби ишараны қуаттайтын һәм, "Фатиха" сүресіндегі "сырат-ы мустақим өкілдері яғни тура жолдағылар кімдер екенін һәм, صِرَاطَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ аятында кімдер жайлы баяндаған, сонымен қатар мәңгі әлемге бастайтын ұзақ сапарда өте нұрлы, әсем де жарқын әрі ауқымы кең көпшілікті
— 42 —

қамтитын тартымды топты көрсеткен және имандылар мен саналы жандарды әлгі топқа еруді, оларға серік болуды керемет әрі нақты түрде бұйырған осы аят:

فَاُولٰٓئِكَ مَعَ الَّذ۪ينَ اَنْعَمَ اللّٰهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيّ۪نَ وَ الصِّدّ۪يق۪ينَ وَ الشُّهَدَٓاءِ وَ الصَّالِح۪ينَ وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا

Тағы да "Фәтх" сүресінің соңғы аяты тәрізді шешендік ілімінде "маариз-ул кәлам", "мүстетбеаат-үт тәракиб" деп аталатын мақсұт мағынасынан басқа ишари, рәмзи мағынасына үңілер болсақ төрт халифаға және бесінші халифа Хазіреті Хасанға (радиаллаһ анһу) ишара етіп тұр. Ғайби оқиғаларды бірнеше жақтан меңзеп отыр.

Мына аят, ашық мағынасы арқылы Аллаһтың ең үлкен нығметі болған сырат-ал мустақим, яғни тура жол нәсіп болған әнбияларды, содан соң сыддықтарды, яғни адал жандарды, сосын шәһидтер мен салих құлдарды, табиғин және мухсин пенделерді жеке-жеке атап көрсетеді. Сонымен қатар Ислам әлемінде де сол топтардың ең озық, ең абзал кісілер екендігіне ишара бар. Сондай-ақ, ақырзаман пайғамбарының ізбасарлары, күллі пайғамбарлар мен сыддықтардың жолын жалғастырушы сыддықтар тобына және үш шәһид халифаның шәһадат мәртебесімен байланысы бар шәһидтер тобына, сондай-ақ,

وَ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَ عَمِلُوا الصَّالِحَاتِ

аятының мәнісін көрсеткен салихин тобына және

اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ
аятының мәнісін үлгі еткен сахабалардың және төрт халифаның салған жолымен жүрген табиғиндердің болмысына ишари түрде ғайби хабар бергеніндей, وَالصِّدّ۪يق۪ينَ сөзі арқылы да Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін оның орнына отыратын, халифасы болып, үмметі "Сыддық" деп атаған Хазіреті Әбу Бәкірдің көшбасшы болатындығынан да хабар береді. وَالشُّهَدَٓاءِ сөзі арқылы төрт халифаның үшеуі шәһид болатынын хабарлап, Сыддықтан кейін үш шәһид халифа болатындығын айтады. Өйткені, وَالشُّهَدَٓاءِ шәһидтер деген
— 43 —

сөз. Ал көпше түрдің ең азы үшеу. Демек, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, Хазіреті Али (р.а.) үшеуі де Сыддықтан соң Исламияттың басшылығын қолға алады және шәһид болады дейді. Бұл оқиға дәл хабардағыдай болды.

Сондай-ақ, وَالصَّالِح۪ينَ сөзінің білдіруі бойынша Әһл-і Сүффа деп аталған өмірін құлшылықпен өткізген, Таураттың мақтауына лайық болған тақуа жандардың болашақта көп болатындығынан хабар береді.
وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөйлемі сахабаларға ілім мен амал жағынан ең жақын болатын табиғиндердің ахуалынан хабар береді. Мәңгілік жолындағы осы төрт топтың бір-бірімен тамаша қарым-қатынасын көрсетуімен қатар Хазіреті Хасанның (р.а.) халифалық кезеңі бірнеше ай ғана болатындығын жеткізеді.
Яғни, Пайғамбарымыздың اِنَّ الْخِلَافَةَ بَعْد۪ى ثَلَاثُونَ سَنَةً және
اِنَّ ابْن۪ى حَسَنٌ هٰذَا سَيِّدٌ سَيُصْلِحُ اللّٰهُ بِه۪ بَيْنَ فِئَتَيْنِ عَظ۪يمَتَيْنِ
хадистеріндегі мұғжизалы ғайби хабарларды расқа шығарған. Яғни, мұсылмандардың екі үлкен әскері мен екі ауқымды жамағаттың арасын жарастырған, ірі жанжалды басқан Хазіреті Хасанның (р.а.) аз мерзімдік билігін соншама маңызды етіп көрсетіп, халифалықта оны бесінші халифа ретінде айқындау мақсатында وَ حَسُنَ اُولٰٓئِكَ رَف۪يقًا сөйлемі арқылы оның есіміне "сөз арасындағы терең мағына" деп аталатын шешендік ілімімен ишара еткен.

Міне, осындай белгілі хабарлардан басқа да көптеген сырлар бар. Тақырыпқа қатысы болмағандықтан әзірге олардың сыры ашылмады. Құран Хакимнің көптеген аяттары ғайыптан хабар береді. Мұндай ғайып хабарлар Құранда мыңдап кездеседі.

رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 44 —
*Соңы

*Мүфәссир бұл жерде терең тақырыпты қозғап, тәвафук яғни Құран әріптерінің өзара сәйкестігіне тоқталып, әбжәд есебімен күрделі мағына шығарғандықтан өреміз жетпей, аттап өтуді жөн көрдік.

Қызығушылық танытқандар түпнұсқасынан оқиды деп ұйғардық.

Сегізінші Лема

Османлыша нұсқада басылғандықтан бұл жерге жазылмады.

* * * * *

Тоғызыншы Лема

Османлыша нұсқада басылғандықтан бұл жерге жазылмады.

* * * * *
— 45 —

Оныншы Лема

"Мейірім шапалақтары" рисалесі
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
يَوْمَ تَجِدُ كُلُّ نَفْسٍ مَا عَمِلَتْ مِنْ خَيْرٍ مُحْضَرًا وَمَا عَمِلَتْ مِنْ سُٓوءٍ تَوَدُّ لَوْ اَنَّ بَيْنَهَا وَبَيْنَهُٓ اَمَدًا بَع۪يدًا وَيُحَذِّرُكُمُ اللّٰهُ نَفْسَهُ وَاللّٰهُ رَؤُفٌ بِالْعِبَادِ

аятының бір сырын Құранға қызмет етіп жүрген достарымның пендешілікпен жаңылып, қателесуінің нәтижесінде ескертпелі мейірім шапалақтарын баяндау арқылы тәпсірлейміз. Құран қызметіндегі кереметтердің бір тізбегі және осы киелі қызметті Аллаһтың рұқсатымен бақылап, дұғасымен желеп-жебеп жүрген Ғаус-Ағзамның өзіндік бір кереметі баяндалмақ. Мұны осы киелі қызметте жүргендер ықыластарын сақтап, одан әрі табандылық танытсын деп жазып отырмыз.

Бұл киелі қызметтің кереметі үш түрлі.

Біріншісі. Осы қызметке жағдай жасау, ұйымдастыру және қызметшілерін осы қызметке әкелу жағы.

Екіншісі. Кедергілерді жою және зиян берушілердің жамандықтарын тойтарып, ондай пиғылды адамдардың жазасын беру.

Бұл екеуінің оқиғалары өте көп, егер жазар болсақ ұзаққа созылады.

{(Сілтеме): Мысалға, Халық Партиясы Нұр шәкірттеріне көп қиянат жасап, азапқа салғандықтан бұл дүнияда оңбай, өздері жасаған зұлымдықтарынан бетер қиналып, сазайларын тартты.}

Оларды кейінге қалдырып, ең жеңіл түрі үшіншісінен бастаймыз.

Үшіншісі. Бұл былай; Өз қызметін ықыласпен атқарып жүргендер сол қызметте немқұрайлылық танытқан кезде мейірім шапалағын жеп, есін жинайды да қызметін одан әрі жалғастыра береді. Мұндай оқиғалар жүзден асып жығылады. Біз тек жиырма оқиғаны баяндаймыз. Оның он үш-он төрті мейірім шапалағы, қалған алтау-жетеуі жәбір шапалағы.

— 46 —

БІРІНШІСІ. Мына бейшара Саид. Қызметте жалқаулығым ұстап "қажеті не!" деп, өзіме қатысты іспен шұғылдана бастасам болды шапалақ жейтінмін. Сонда өз-өзіме келіп, селқостығымның сазайын тартқандығыма көзім жететін. Өйткені, қандай мақсат мені селқостыққа итерген болса, сол ісім керісінше боп, шапалақ келіп тиетін-ді. Басқа достарымның да жеген мейірім шапалақтарының себебін байқап отырсам дәл мен секілді қандай іске көңіл бұрған болса, сол жақтан шапалақ жеген. Ал, бұл оқиғаның бәрі Құран қызметінің кереметі екеніне шүбә жоқ.

Мысалы, мен Ван қаласында Құраннан дәріс беріп жүрген кезімде "Шейх Саид оқиғасы" деп аталған саяси дүмпу болып, қатаң да күмәншіл үкімет күдіктілерді бақылауға алып жатса да, маған ешқашан тиіскен емес. Содан "қажеті не!" деп жеке басымның қамын ойлап, ақыретім үшін Ерек тауындағы ескі бір үңгірге орналастым. Дәл сол кезде мені еш себепсіз тұтқындап, жер аударып жіберді. Бурдур қаласына әкеліп орналастырды. Ол жерде де Құран қызметімен шұғылдана бастадым. Ол кездері жер аударылғандарды жіті бақылауға алатын. Күнде кешкісін әрқайсымызды жеке жеке түгендейтін, бірақ мен, адал шәкірттеріммен бірге одан тыс қалып жүрдім. Мен, бірдебір рет сол түгендеулерге қатысып көрмедім, бақылаушылардың назарынан тыс қалатынмын. Бірде Февзи Паша келген кезде ол жердің әкімі мен туралы шағымданса керек, Февзи Паша: "Ол кісіге тиіспеңдер! Құрмет көрсетіңдер!" депті. Әрине, оған бұл сөзді айтқызған Құран қызметінің кереметі ғой. Тағы бірде ақыретімнің қамын жасайын деп Құран қызметінде жалқаулық таныттым. Тағы да шапалақ жедім. Яғни, ол жерден тағы бір жерге (Спартаға) жер аударылдым. Ол жақта да қызметімді қайта жалғастырдым. Содан жиырма шақты күн өткен соң көлеңкесінен қорқатын кейбіреулер: "Бұл әрекетіңді өкімет жақтырмауы мүмкін. Біраз уақыт сақтық жасап, қоя тұрғаның жөн болар" деп кеңес берді. Осы сөзден кейін тағы да жеке басымды ойлап: "Жұрт келуді доғарсын!" дедім. Сол-ақ екен, үшінші рет жер аударылып Барлаға әкеліндім. Барлада жалқаулық танытып, немесе жеке басымды күйттесем болды, дереу бұ дүниені ғана ойлаушы, қара ниетті, екіжүзді біреулер шығып тиісе кетеді. Соңғы сегіз жылда осындай сексен оқиғаны айтуға болар еді, жалықтырмау үшін қысқа қайырдым.

— 47 —

Ей, бауырларым! Мен өзім жеген мейірім шапалақтар жайлы айттым. Ал сендердің бастарыңа келген сондай мейірім шапалақтары жайлы рұқсат берсеңдер айтайын. Тек ренжімеңдер! Ренжитіндер болса, атын айтпай жалпылама айтайын.

ЕКІНШІСІ. Өз інім әрі ең алғашқы ынталы шәкірттерімнің бірі - Абдулмәжид. Оның Ван қаласында тәп-тәуір бір үйі бар еді. Сондай-ақ өзіне ұнайтын мұғалімдік қызмет атқаратын. Құран қызметі үшін маңызды болған менің шекара жаққа кетуім туралы ойыма ол қосыла қоймады. Оның ойынша мен шекара жаққа кетіп қалсам Құран қызметіне саясат араласып, тоқырап қалатындай көрді. Өзін де Ван қаласынан көшіріп жібереді деп қорықтса керек. Осы ойы үшін мейірім шапалағын жеді. Ван қаласынан көшірілді, әлгі әдемі үйінен де айырылды. Елден жырақ Ерғани қаласына көшуге мәжбүр болды.

ҮШІНШІСІ. Құранның озат қызметшісі Хулуси Бей, Эгридир қаласынан туған еліне қайтқан кезде, дүниелік бақытқа қызықтырар себептер көбейіп кетіп ақыреттік, Құран қызметіне селқостық танытты. Атап айтсақ, көптен бері көрмеген әке-шешесіне қауышты. Сағынған елін-жерін көрді. Сонша сағынып барғандықтан дүния оған ыстық көрініп, күлімдей қарсы алды. Алайда, Құран қызметінде жүргендерден дүниелік қызықтар сырт айналуы, немесе оның өзі дүниелік қызықтардан сырт айналуы керек. Сонда ғана Шынайы ықыласпен Құранға қызмет ете алады. Шыны керек, Хулуси бейдің жүрегі анау-мынауға беріле қоймайтын-ды. Бірақ бұл жағдай оған біраз ықпал етсе керек, дереу соның шапалағын жеп, жазасын тартты. Мұнапықтар бірнеше жыл оның мазасын алды. Дүниелік ләззаттардың дәмін қашыртты. Дүние одан, ол да дүниеден сырт айналды. Рухани міндетіне қайта кірісті.

ТӨРТІНШІСІ. Мухажир Хафиз Ахмед. Ол өзі айтады: Иә, мен кінәмді мойындаймын. Құран қызметіндегі ақырет жайлы көзқарасымда қателестім. Менің қызметке кедергі боларлық бір пікірім болатын. Осыдан кейін, өте тәтті алайда қатты бір шапалақ жедім. Ол былай болды: стазымыз бидғаттарға {(Сілтеме): Яғни, азанды түрікшеге аударып шақыру секілді Ислам шариғатына қайшы әрекеттер.} қарсы болатын. Ал менің мешітім ол кісінің отырған жеріне жақын көрші едік. Қасиетті үш ай таяп қалған кез. Мешітімді тастап кетсем сауаптан құр қаламын, маңайдағылар да намаздарын тастап кетуі ықтимал. Жаңа

— 48 —

тәртіпті қабылдамасам жұмыстан шығып қаларым сөзсіз. Осындай себептерге байланысты, жанымдай жақсы көретін ұстазымның басқа бір жерге көшіп кетуін қаладым. Ол кісі басқа бір жерге кетіп қалса Құран қызметіне уақытша болса да кедергі келетінін ойламаппын. Дәл осы уақытта мен шапалақ жедім. Оның ауыр болғаны сондай, үш ай бойы өзіме-өзім келе алмай жүрдім. Алайда, Аллаһқа шүкір, ұстазымның көңіліне мынандай бір ой, мағынауи ескерту келіпті: "Ол қиыншылықтың әрбір минуты бір күндік құлшылыққа татитынын Аллаһтың Рахымынан күтуге болады екен". Өйткені, ол қателік қастықтан емес, тек ақыретімді ойлағандықтан болған-ды.

БЕСІНШІСІ. Хаққы Әфенді. Қазір мұнда болмағандықтан Хулусиге өкілдік еткенімдей оған да өкілдік етіп, басынан өткенін айтайын. Хаққы Әфенді шәкірттік міндетін шынайы атқарып жүрген кезде ауылына мінезі қырсық бір әкім келеді. Ол ұстазына да, өзіне де бір кесір тимесін деп, Рисалей-Нұрдан жазғандарын үйіне жасырып қойып, нұр қызметін уақытша тоқтатады. Дәл сол кезде мейірім шапалағын жейді. Мың лира айыппұл төлейтіндей істі болады. Бір жылдай соның әлегімен жүреді. Ақырында қайтып келіп, Құран қызметін әрі қарай жалғастырады. Сол кезде мейірім шапалағының үкімі де тоқтап ақталады. Бірде, шәкірттерге Құранды жаңа бір үлгіде {(Сілтеме): Құрандағы ғажайып әріптік сәйкестіктер де көрінетіндей етіп жазу.} жазу жұмысы шықты. Хаққы Әфендіге де ұсынылды. Құранның бір парасын өте әдемі түрде жазып шықты. Алайда күнкөріс мәселесіне байланысты өзін мәжбүр санап, қосымша жұмыс ретінде, арыз шағым жазып берумен айналысыпты. Сол кезде тағы бір мейірім шапалағын жеді. Қалам ұстайтын саусағы сынып қалды. Яғни, бұл саусақтарды һәм Құран жазу һәм арыз жазу жұмысына қатар қолдануға болмайды дегендей ескерту жасалды. Бөгде жұмыс істеп жүргенінен хабарымыз болмағандықтан бұл оқиғаға таңқалғанымыз бар. Сөйтсек, өте пәк Құран қызметін атқарып жүрген мұндай саусақ өзін басқа жұмысқа пайдалануды қаламаған екен. Хулуси бейді өзімдей көргендіктен оның атынан басынан өткен оқиғаларды жазған едім. Хаққы Әфенді де маған сондай жақын. Егер менің жазғаныма разы болмаса қалай шапалақ жегені жайлы өзі жазсын.

АЛТЫНШЫСЫ. Бәкір Әфенді. Қазір ол да жанымызда болмағандықтан Абдулмәжид бауырыма өкілдік еткенім секілді оған

— 49 —

да сенемін, Шамлы Хафиз бен Сүлеймен Әфендінің білгендеріне сүйене отырып айтарым: Бәкір Әфенді Оныншы сөзді баспаға беріп, бастырып шығарған еді.

Жаңа әріп шықпай тұрып бастырылуы үшін оған Құранның ғажайыптығын баяндайтын Жиырма бесінші сөзді де жібердік. оныншы сөздің баспа ақысын кейін жібергеніміздей оны да соңынан береміз деп айттық. Бәкір мырза менің ақшамның аз екенін ойлап, баспа құнының да төрт жүз банкнот мөлшерінде болатынын есептеп, өз қалтасынан төлесе ұстазым ренжитін шығар деген ойға алданыпты. Нәтижесінде кітап бастырылмай қалды. Құран қызметіне үлкен зиян келді. Содан екі ай өткенде тоғыз жүз лирасы ұрылардың қолында кетті. Мейірімді әрі қаттылау бір шапалақ жеді. Иншаллаһ, зая кеткен сол тоғыз жүз лира садақа болып саналар.

ЖЕТІНШІСІ. Шамлы Хафиз Тәуфиқ. Оның өзі айтады: Мен мұны мойындаймын. Білместіктен қателесіп Құран қызметіне кедергі болдым. Соның кесірінен екі мейірім шапалағын жедім.

Бұл екі жағдай дәл соған байланысты екеніне шүбә жоқ. Біріншісі, Әлхамдулиллаһ, Аллаһ маған Құран жазу оңай боларлықтай арабша жазу қабілетін сыйлаған еді. стазым ең алдымен маған үш параны жаздыруға басқа достарыммен бірге бөліп берді. Бұл Құран жазу қызметі менің Рисалелерді көшіру жұмысыма кедергі болды. Арабша жазуы нашар басқа достарымнан асып түсетін шығармын деген мақтаныш сезімі де жоқ емес-ті. Тіпті, стазым маған жазуға қатысты кеңес берген кезде, "бұл жұмыс маған белгілі ғой, маған ол туралы кеңес алудың қажеті жоқ" деп, өркөкіректендім. Міне, осындай көкіректігім үшін күтпеген бір шапалақ жедім. Арабша жазуы ең нашар бір досыма (Хусревке) жете алмай қалдым. Енді ойласақ, бұл бір шапалақ екен.

Екіншісі. Мұны өзім де мойындаймын. Құран қызметінде болуы тиіс қасиет, ықылас пен адал ниетті менің екі жағдайым бұзатын. Содан қатты шапалақ жедім. Атап айтсам, мен бұл жерге сырттан келген адаммын. Шағымданды демеңіздер, стазымның маңызды ұстанымы болған үнемшілдік пен қанағатшылдық ережесін сақтай алмағаным үшін жиі-жиі пақыр халге ұшырайтынмын. Мақтаншақ, тәкаппар адамдармен аралас-құралас болуға мәжбүр болғандығымнан, Аллаһ кешірсін, оларға жағымпаздану секілді жаман әдетке де бой

— 50 —

алдырғаным бар. стазым да талай рет ескертіп, сөгіс берген-ді. Бірақ, өзім ол әдетті қоя алмай жүретінмін. Алайда, Құран Хакимнің қызметіне жат болған мұндай әдетімді адам және жын-шайтандары пайдаланып, біздің ісімізге бөгет болатын. Сөйтіп, осы кемшілігім үшін өте қатты, (иншаллаһ) мейірім шапалағын жедім. Расында, бұл шапалақ дәл осы кемшілігім үшін келгеніне шүбә жоқ. Ол шапалақ мынау:

Мен сегіз жыл бойы стазымның хатшысы, қызметшісі бола тұра сегіз ай бойы Нұрлардан пайдалана алмадым. Бұл жағдайға таң қалатынмын. стазым екеуіміз: "Не болды екен?" деп, бұл жағдайдың себебін іздейтінбіз. Енді ғана түсінгендеймін: Бұл Құран ақиқаты нұр, жарық. Ол әсте жағымпаздық, надандық дейтін қараңғы нәрселермен жанаспайды. Мен надандармен араластым. Міне, сол себептен бұл нұрлардың ақиқаттары менен алыстап, мені бөтенсінген екен. Енді, Жаратқан Хақтан тілейтінім: Бұдан кейін Жаратушы Хақ маған осы қызметке лайық ықылас сыйласын, дүниеқұмар адамдарға жалбақтаудан сақтасын! стазымнан бастап, басқа достарымның да маған дұға жасауын тілеймін!

Кемшілігі көп шамлы,
ХАФИЗ ТӘУФИҚ

СЕГІЗІНШІСІ. Сейрани дейтін кісі. Бұл да Хусрев секілді Нұрға құштар шәкіртім болатын. Спартадағы Құран сырларын ашатын және "джифр" ілімінің кілті саналатын әріптердің өзара сәйкестігі жайлы шәкірттерімнің ойларын жөн көрдім. Одан басқалар жаппай ынта танытты. Ал, ол болса жалғін өзі басқа пікір мен бөтен ойда болып менің бұл ақиқаттан бас тартуымды қалады. Маған наразылық білдіріп, хат жазды. Мен: "Ойпырай, бұл шәкіртімнен айырылып қалмасам жарар еді..." деп уайымдадым. Пікірін өзгертуге тырыстым, бірақ ортаға басқа мағына килікті. Сол кезде ол мейірім шапалағын жеді. Бір жылға тарта оқшау жерге қамалды, түрмеге түсіп қалды.

ТОҒЫЗЫНШЫСЫ. Үлкен Хафиз Зүхдү еді. Бұл Ағрус қаласындағы Нұр шәкірттеріне жетекші болып жүрген кезде Пайғамбарымыздың көркем сүннетін мықтап ұстанып, бидғаттардан сақтануды өздеріне ереже-заң қылған шәкірттердің жолын менсінбей бұл дүниені ғана ойлайтын адамдардың арасында беделді боламын

— 51 —

деп, шатасты. Біздің жолымызға мүлдем қайшы келер қателік жасады. Ақырында қатты шапалақ жеді. Әулетінің абыройын түсіретін бір оқиғаға душар болды. Алайда, кіші Хафиз Зүхдүнің шапалақ жеуінің еш реті жоқ болса да қайғылы жағдай оны да шарпып өтті. Бәлкім, бұл оқиға оның жүрегін дүнияуи дерттен сауықтырып, Құранға толықтай бет бұруы үшін жасалған ота болар.

ОНЫНШЫСЫ. Хафиз Ахмед (рахметуллаһ) есімді адам. Бұл кісі екі үш жылдан бері Рисалелердің жазылуына ынталы түрде ат салысып жүретін-ді. Бір күні ынтасы азайды да көңілі дүнияға ауа бастады. Ниеті бұл дүниені ғана ойлаушылардан зиян көрмеу, мәртебесін өсіріп, сөзін тыңдату, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Бірақ, соның кесірінен Құрани қызметке зиян келіп, ақырында екі шапалақ жеді. Біріншісі: Тұрмысы ауыр бола тұра, отбасына тағы да бес адам қосылды да жағдайы одан бетер қиындап кетті. Екіншісі: Намысқой тіпті, бір де бір адамның сөзін басынан асырмайтын бұл кісіні, азғын алаяқтар өздеріне қалқан етіп, абыройдан айырылды. Достарының жүзден тоқсанын жоғалтып, жүзден тоқсан адам оған қарсы болып шыға келді. Аллаһ кешірсін Иншаллаһ есін жиып, бұрынғыша өз міндетіне оралатын болар.

ОН БІРІНШІСІ. Бәлкім разы болмас деп, жазылмады.

ОН ЕКІНШІСІ. Мұғалім Ғалип. Иә, бұл адам Рисалелердің көшіріліп, таралуына көп қызмет етіп, қандай да бір қиыншылық кездессе мойымайтын. Жиі-жиі келіп, ден қоя тыңдап, бар ынтасымен жазатын. Кейін біреуге отыз лира төлеп, өзіне бүкіл Сөздер мен Мектубатты жаздырып алды. Ондағы мақсаты өз жерлестеріне жеткізіп олардың көзін ашпақ еді. Кейін бір ойға беріліп, Нұр рисалелерін таратуды қойып, сандыққа салып қойыпты. Аяқ астынан қиын бір жағдайға душар болды. Бір жылдай қамығып, қатты қиналды. Рисалелерге қызмет етсе оған қарсы болатын бірнеше үкімет адамының орнына, көптеген залым, ынсапсыз жау тауып алды. Кейбір достарынан да айырылып қалды.

ОН ҮШІНШІСІ. Хафиз Халид. Өзі былай дейді: Иә, бұл жағдай шынымен болған-ды. стазымның Құран қызметіндегі жазып-жайып жүрген кітаптарын көшіріп, көбейту ісімен шұғылданып жүрген кезімде, сол жердегі мешітте имам едім. Бұрынғыша сәлде, шапан киіп жүруіме кедергі болар деген ниетпен Нұр қызметінен уақытша бас

— 52 —

тарттым. Осы пиғылымнан дереу бір мейірім шапалағын жедім. Имам бола тұра, мүфти қанша рет уәде берсе де сегіз-тоғыз ай бойы сәлде орап жүруге рұқсат ала алмадым. Бұл, әлгі пиғылымның кесірінен тиген шапалақ екеніне титтей де шүбәм қалмады. Мен, ұстаздың әрі хатшысы әрі көмекшісі едім ғой. Мен кетіп қалған соң қысылтаяң жағдайға түсіпті. Алайда, Құдайға шүкір дейміз, қателігімді түсіндім. Бұл қызметтің қаншалықты қасиетті екенін ұқтым. Үстімізде бір қорғаушы періштедей Шахы Гейлани сынды стаз тұрғанына көзім әбден жетті.

Ізгі тілекпен,
ХАФИЗ ХАЛИД

ОН ТӨРТІНШІСІ. Үш Мұстафаға тиген жұмсақ "үш шапалақ".

Біріншісі. Мұстафа Чавуш. Сегіз жылдан бері шағын мешітіміздің бүкіл қызметін атқарып келді. Тіпті, пеш пен шамның шығындарымен қоса басқа да шығындарды сегіз жыл бойы өз қалтасынан өтеп жүргенін кейін білдік. Жамағат жиындары мен жұмаға өте тығыз шаруасы болмаса кешігу дегенді білмейтін-ді. Бір күні оған бұл дүниені ғана ойлайтындар: "Рисалей-Нұрдың хатшысы Хафиз сәлдесін шешсін, әйтпесе оған тиісуі мүмкін. Жасырын азан айтуды да қоя тұрыңдар. Осыны сен хатшыға айтарсың, зәбір көрмей тұрғанда қойсын" депті. Ол мұндай хабардың астарында не жатқанын аңғармапты. Құран қызметінде жүрген азаматтың, біреудің сәлдесін шешкізу туралы сөзді айтуы Мұстафа Чауыш сынды рухы асқақ адамдарға жараспайтын іс еді. Сол күні түнде түсімде Мұстафа Чауыш қолы кір-кір күйінде, ауыл әкімінің артынан еріп, бөлмеме кірді. Ертеңіне мен оған: "Мұстафа Чауыш, сен кіммен жолықтың, мен сені қолың кір-кір, әкіммен бірге жүргеніңді көрдім" дедім. Ол: "Ойпырм-ай! Маған әлгі сөзді ауыл әкімі айт деп еді. Мен оның астарында не жатқанын білмедім" деді. Сол күні мешітке бір литр жанармай алып келіпті. Мешіттің есігі ашық қалып, бір лақ ішке кіріп кетіпті. Соңынан кірген адам әлгі лақтың жайнамазды былғағанын көріп, құмырадағы жанармайды су екен деп, әлгі жерді сол маймен жуыпты. Бір ғажабы ол майдың иісін сезбеген. Міне, бұл ғажап оқиғадан мынаны түсіндік:

Мешіт хал тілімен Мұстафаға былай деген. "Сенің әкелген жанар майың бізге керек емес. Сенің жасаған қателігің үшін жанар-майыңды қабылдамаймын". Сондықтан әлгі адам иісін сезбесе керек. Тіпті, сол

— 53 —

апта жұма күні де, басқа намаздарға да, қанша тырысса да жамағатқа үлгере алмады. Тек, кейінірек шынайы тәуба жасаған соң ғана бұрынғы таза қалпына түсті.

Екінші және үшінші Мұстафа. Бұл, Кулеөніндегі ықыласпен қызмет ететін шәкіртім Мұстафа мен оның жан досы Хафиз Мұстафа еді. Мен айттан кейін әһли дүние бізге қысым жасап, Құран қызметіне бөгет болмасын деген оймен, оларға келмей тұра тұрсын деп бір хат жолдаған едім. Тіпті, келгісі келген жағдайда бір-бірлеп қана келсін дегем-ді. Бірақ, бұлар үшеуі қатарынан, бір күні кешке жетіп келді. Егер таң намазынан кейін ауа райы дұрыс болса қайтып кетуге ниет етті. Ешқандай қауіп жоқтай Мұстафа Чавуш та, Сүлеймен Әфенді де, мен де, оларды сақтандыру ойымызға келмепті, бәріміздің есімізден шығып кетіпті. Бір-бірімізге сеніп жайбарақат отыра беріппіз. Олар таң намазынан бұрын жолға шығып кетті. Жолда екі сағат бойы қатты боранның астында қалыпты. Тіпті бұдан аман қалмайтын шығар деп уайымдадық. Бұл күнге дейін осы қыстағыдай боранды көрмеппін және ешкімге де осынша жаным ашымапты. Содан Сүлейменнің жайбарақаттығының жазасы ретінде, олардың артынан жіберіп амансаулығын білмек болдым. Сонда Мұстафа Чавуш былай деді:

"Бұл шықса, ол да сондай жағдайға ұшырайды. Маған да оның артынан іздеп шығуға тура келеді. Ал, менің артымнан Абдуллаһ Чавуш шығатын болады!" Бұндай жағдайда, "тәуекел" деуден басқа шара жоқ деп ақырын күттік.

С РАҚ. Сіз, достарыңыздың басына келген қиыншылықтарды Құран қызметіндегі салғырттығы үшін берілген жаза, мейірім шапалағы дейсіз. Ал, Құран қызметіне тікелей тосқауыл болған қаскөй дұшпандар сап-сау жүр ғой. Неге достарға шапалақ тиіп, дұшпандарға түк болмайды?

ЖАУАП. اَلظُّلْمُ لَا يَدُومُ وَالْكُفْرُ يَدُومُ сыры бойынша достардың қателігі Құран қызметіне белгілі бір мағынада зұлымдық саналатындықтан дереу жазасын тартуда. Яғни, мейірім шапалағын жейді де есін жияды. Ал, қаскөй дұшпандардың Құран қызметіне қарсы келіп, кедергі болуы діннен безу болып саналады. Құран қызметіне қастандық жасап жүргендерін білсе де, білмесе де дінсіздік болып саналады. Дүниеде Дінсіздік жалғаса беретіндіктен олардың басым
— 54 —

көпшілігі бірден таяқ жемейді. Кішігірім қылмыс жасағандар тез жазаланып, ал, үлкен де ауыр қылмыс жасағандар кейінге, үлкен сотқа жіберілетіні секілді, Имандылар мен Құран қызметіндегі достарымның кішкене қателері тез арада дүнияуи жазамен өтеледі. Ал, адасқан кәпірлердің қылмыс-күнәлары өте ауыр болғандықтан, дүнияуи өмірге олардың жазасы сыймайтындықтан, Иләһи әділет оларды ақыреттегі Үлкен Сотқа тапсырып жатқандықтан, пәни өмірде жазаға тартылмай жатыр.

Хадис Шәрифте اَلدُّنْيَا سِجْنُ الْمُؤْمِنِ وَجَنَّةُ الْكَافِرِ деп осы ақиқатты мегзеген. Яғни, мұсылман адам, қателерінің біршама жазасын бұл дүниеде тартатындықтан бұл дүние олар үшін жазалау орны іспетті. Бұл дүние, олардың ақыреттік өмірімен салыстырғанда зындан, жәһаннам секілді. Ал кәпірлер болса ақырында Жәһаннамда мәңгі қалатындықтан жақсылықтарының қайырымын бұл дүниеде көріп, үлкен күнәларының жазасы кейінге қалдырылуда. Сондықтан ақыретпен салыстырғанда олардың Жәннаты осы дүние. Ақиқатында мүмин адам бұ дүниеде де кәпірден әлдеқайда бақытты. Өйткені, мүминнің иманы оның рухына Жәннат сыймайды. Ал, кәпірдің күпірлігі, оның жан дүниес"ّۙрухани түрде Жәһаннамның отына салуда.
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 55 —

Он бірінші Лема

Сүннет баспалдақтары және Бидғат дертінің емі

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
لَقَدْ جَٓاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ اَنْفُسِكُمْ عَز۪يزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَر۪يصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِن۪ينَ رَؤُفٌ رَح۪يمٌ

Бұл аяттың бірінші бөлімі сүннетті ұстану жайлы, екінші бөлімі сүннеттің дәрежелері мен баспалдақтары туралы баяндайды.

فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ

Бұл екі ұлы аяттың жүздеген тұжырымдарының қысқаша "Он бір тұжырымы" баяндалмақ.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм:

قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ

яғни, «Үмметім бүлінген кезде кімде-кім менің сүннетімді ұстанса, жүз шейіттің сауабын алады» деген екен.

Иә, пайғамбарымыздың сүннетін ұстану өте манызды. Әсіресе, бидғаттар көбейіп, келеңсіздіктер өрши түскен кезде маңыздылығы арта түседі. Әсіресе, үммет бүлінген кезде сүннет амалдарының азғантайын орындау адамның тақуалығын, иманының беріктігін көрсетеді. Сүннетті толық ұғынып, мойынсұну, ардақты Пайғамбарымызды (с.а.у.) еске түсіреді. Оны еске алғанда Илаһи сенім пайда болады. Яғни, пенде өзінің Аллаһтың алдында екенін сезінеді. Тіпті, ішіп-жеу, жүріс-тұрыс сияқты күнделікті амалыңның өзін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне сәйкес орындағанда әлгі жәй амал, күнделікті іс сауапты ғибадатқа айналып, шариғат

— 56 —

амалы болып есептеледі. Өйткені, ол әдеттегі әрекеті арқылы Пайғамбарымызға мойынсұнғандығын ойлап, бұл іс шариғаттың әдебі екенін біледі. Шариғат иесі - Сол екендігін тағы да еске алады. Осыдан барып нағыз шариғат иесі - Аллаһ Тағалаға көңілі ауады. Бұдан Аллаһтың құзырына шығады, амалдары құлшылық болып саналады.

Сондықтан сүннетке сәйкес өмір сүруді әдетке айналдырған кісі, тұрмысын, күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырып, бүкіл өмірін жемісті де сауапты өмірге айналдыра алады.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Имам Раббани Ахмед Фаруқи (р.а.) былай деген екен: "Мен рухани түрде самғап, әртүрлі мәртебелерді аралаған кезімде Әулиелердің ең жарқыны, ең айбындысы, ең әдемісі, ең сенімділері сүннетке мойынсұнуды басты негіз етіп ұстанғандар екенін көрдім. Тіпті, ол мәртебедегілердің қарапайым әулиесі басқа мәртебедегілердің тандаулы әулиелерінен әлдеқайда жарқын көрінетін".

Иә, Мүжеддид-і Әлф-і Сәни Имам Раббани (р.а.) дұрыс айтады. Сүннетті берік ұстанған адам Хабибуллаһтың саясында Аллаһтың сүйікті құлдарының қатарына қосылады.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Мына пақыр Саид, бұрынғы Саидты тәрк еткісі келген кезде жетекші таба алмағандықтан және нәпсінің тәкәппарлығынан рухани күйзеліс кешіп, ақылы мен жүрегі (қалб) қатты қиналып аласұрды. Біресе жоғары өрмелеп, біресе төмен құлдилап қатты мазасызданды. Сол кезде Сүннет амалдардың ең қарапайымының өзі зиянды да қараңғы жолдарда кемедегі бағыт көрсететін құбыланама сияқты тура бағытты көрсететіндігіне көзім жетті. Әлгіндей рухани сапарларда көптеген қыспақтарға түсіп, өте ауыр жүктердің астында қалған кезімде, көркем сүннеттердің сол мәселеге қатысты жақтарын өзіме үлгі тұтсам болды, жеңілдеп қалатынмын. Күмәндар мен күдіктер сейіліп, қоя беретін. Яғни, "бұл әрекетім дұрыс па, бұрыс па?" деген уайымдардан құтылатынмын. Ал, өз бетімше әрекет ете бастасам болды қыспақ күшейіп, қайда апаратыны белгісіз жолдар көбейіп кететін. Жүк ауыр, мен шарасыз, ойым таяз, жол қараңғы. Ал, сүннетке сүйенсем болды, жол айқындалып, сау-саламатты жол көріне бастайтын. Жүк жеңіл, қыспақ жоқ, жан рахат.

— 57 —

Сол кездері Имам Раббанидың айтқандарын өз басымнан өткеріп, көз жекіздім.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Бірде рабыта-и мәуттен (өлімді ойлау) және اَلْمَوْتُ حَقٌّ ақиқатын мойындаудан, дүнияның фәни екендігін қабылдаудан туындаған рухани сезімдер мені таңғажайып бір күйге салды.

Қарасам, мен жаназа екенмін. Үш үлкен де манызды жаназаның басында тұр екенмін.

Біріншісі. Менің өміріммен байланысы болып, "өткен шақ" атты мазарға көмілген тіршілік иелерінің рухани жаназаларының басында бейне бір құлпытас екенмін.

Екіншісі. Жер шары атты мазарстанда, ондағы адамзатпен байланысы бар күллі тіршілік иелерінің жиынтығы көмілген "өткен шақ" атты мазардың басында құлпытас болып тұрған мына ғасырдың бетінде тез өшіріліп қалатын бір нүкте, тез өліп қалатын құмырсқа секілдімін.

Үшіншісі. Мына әлем, қиямет-қайымда анық қирап, өлетіндіктен менің назарымда қиямет болғандай. Ондай үлкен жаназаның жан тәсілімінен үрейленіп, таң қалып тұрғанымда, келешекте анық келетін ажалым осы қазір келгендей көрінді. Сондай-ақ فَاِنْ تَوَلَّوْا... اِلٰى اٰخِرِ сырына орай, бүкіл болмыс атаулы менің қайтыс болуыма байланысты менен сырт айналып, мені тәрк етті, жалғыз қалдым. шы-қиыры жоқ теңіз тәріздес мәңгілікке ұласатын болашаққа рухымды айдап бара жатқандай. Сол тенізге еріксіз түсуге тура келіп тұр еді.

Міне, осындай таңғажайып әрі өте қиын жағдайда тұрғанымда Иман мен Құраннан келген медет болып

فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ

аяты көмекке келді. Сенімді де қауіпсіз кемеге айналады. Рухым сенімді түрде, қуана-қуана сол аяттың ішіне кірді. Шынымен де осы аяттың тура мағынасынан басқа астарлы бір мағынасы мені жұбатты. Жаным тынышталып, көңілім жай тапты.

— 58 —

Бұл аяттың тура мағынасы ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.): "Егер адасқан кәпірлер сырт айналып сенің шариғатың мен сүннетіңнен бас тартып, Құранды тыңдамаса, уайымдама! Оларға айт: Аллаһ тағала маған жетеді. Соған тәуекел еттім. Сендердің орындарыңа мені тыңдайтындарды жеткізеді. Оның билік алаңы өте ауқымды. Қарсы шыққандардың еш қайсысы одан қаша алмайды, көмек сұрағандардың да ешқайсысы қараусыз қалмайды". Енді аяттың астарлы мағынасы былай дейді:

Уа, адам! Уа, адамзаттың мүршиді, тәрбиешісі! Егер болмыс атаулы сені тастап фәнилікке бет бұрып, жоқ болуға кетіп жатса, егер жан-жануарлар сенен қол үзіп, өлім жолына жүгірсе, егер адамдар сені тәрк етіп қабірге кіріп жатса, егер әһл-и далалет пен бейқамдар сені тыңдамай қараң қалып жатса, уайымдама! Былай де: "Аллаһ Тағала маған жетеді. Аллаһ бар. Ендеше, бәрі де болады. Олай болса, әлгі кетіп қалғандар жоқ болған жоқ. Аллаһ оларды басқа бір әлемге жіберді. Олардың орнына өзінің сансыз әскерінен басқаларды жібереді. Қабірге кіргендер жоғалған жоқ, олар басқа әлемге кетіп жатыр. Олардың орнына міндетіне адал басқаларды жібереді. Адасушылардың орнына тура жолды ұстанатын, тілалғыш құлдарын жібере алады. Олай болса, Ол шынымен бәріне тұрарлық біреу. Бүкіл зат, барлық нәрсе Оның бір ғана ілтипатына тұрмайды".

Міне, осы ишари мағына саясында әлгі үрейлі болып көрінген қорқын ышты үш жаназа, басқа түрге енді. Хаким, Рахим, Адил, құдіреті күшті Қадир Зат-ы Зүлжелалдың басқаруымен, оның Рубубиетінде, оның билігі мен мейірімі арқылы болып жатқан ғибадатқа толы қозғалыс, хикметке бай құбылыс, міндет жүктелген сапар, демалысқа шығару (босату) міндет жүктеу екенін түсіндім. Осылайша әлем сан құбылып өзгереді, бірі кетеді, бірі келеді.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ.

قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ

Осы бір ұлы аят, сүннетке мойынсұну қаншалықты манызды әрі қажет екенін анық білдіріп тұр. Иә, киелі аят қисынды түрде салыстырма жасаған. Қисынға салар болсақ (ғылымда мұны "қияс-ы истиснаи мысалы" дейді), былай: Егер Күн шықса, күндіз болады. Болымды нәтиже үшін: Күн шықты, олай болса қазір күндіз. Ал

— 59 —

болымсыз нәтиже үшін, қазір күндіз емес, олай болса Күн шықпаған. Логика бойынша осы болымды, болымсыз нәтижелер күмән туғызбайды. Дәл сол сияқты, мына аят былай дейді: «Егер жүректе Аллаһқа деген махаббат болса, Хабибуллаһқа (с.а.у.) мойынсұну керек. Ал оған мойынсұнбаса онда Аллаһқа деген махаббаттың болмағаны». Аллаһты сүю Хабибуллаһтың сүннетін орындауға итереді. Аллаһ Тағалаға иман еткен адам, міндетті түрде оның айтқанын орындайды. Айтқанын орындау, бағыну жолдарының ең қабыл болғышы, ең турасы, ең қысқасы шүбәсіз Пайғамбарымыздың көрсеткен және жүрген жолы.

Мына әлемді осыншама нығметтерге толтырған Зат-ы Кәрім Зүлджәлал, саналы да ақылды жандардан, өзі берген нығметтеріне шүкір талап етуі шарт әрі шүбәсіз. Бұл әлемді мұнша өнер, мұғжизалармен безендірген Зат-ы Хаким Зүлджәлал, әлбетте саналы жандардың ішінен ерекше біреуін өзіне тыңдаушы, тілмәш, құлдарына имам және өнеге, сондай-ақ, әмірлерін жеткізуші етіп тағайындайтыны анық. Бұл әлемді сансыз Жамалы мен Камалы бөлеп тұрған Зат-ы Жәмил-і Зүлкәмал, әлбетте өзі жақсы көрген және көрсеткісі келген Жамалына, Камалына және Көркем есімдеріне айна болған кісіге міндетті түрде ең кемел құлшылық міндетін жүктейді. Оның керемет көрінісі, асыл қасиеті басқа жандарға да даруы үшін оны үлгі-өнеге етіп, оған мойынсұнуды бұйырады. Сонымен, Аллаһқа деген махаббат, Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді және соған апарады. Сүннет амалдарды көп орындап жүрген жандар қандай бақытты. Ал сүннетті бағаламай бидғаттарға бой алдырып жүргендерге обал-ақ.

АЛТЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм былай деген:

كُلُّ بِدْعَةٍ ضَلَالَةٌ وَكُلُّ ضَلَالَةٍ فِى النَّارِ

яғни

اَلْيَوْمَ اَكْمَلْتُ لَكُمْ د۪ينَكُمْ

сыры бойынша шариғаттың керемет қағидалары және сүннеттің ереже зандары толықтырылып, өз кемеліне жеткеннен кейін, жаңадан қосымша жасап, әлгі ережелерге көңілі толмағандай немесе "Құдай сақтасын" толықтырғандай болып, бидғаттар шығару, яғни Исламға жаңадан қосымша ендіру - адасу. Ал бұл тозақ.

— 60 —

Сүннеттің дәрежелері бар. Кейбіреуі уәжіп, орындау шарт. Ол туралы шариғат кітаптарында егжей-тегжейлі баяндалған. Ол анық бекітілген. Өзгертілуі әсте мүмкін емес. Кейбірі нәпіл (неуафил). (Нәпіл - парыз да уәжіп те емес) Бұның екі түрі бар. Біріншісі, ғибадатқа қатысты сүннеттер. Олар да шариғат кітаптарында баяндалған, оларды өзгерту бидғат болып есептеледі. Екіншісі, "адаб" деп аталады. Сияр кітаптарда яғни Пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы кітаптарда баяндалған. Оларды ұстанбау "бидғат" саналмайды. Дегенмен, Пайғамбарымыздың әдеп-қағидаларына қайшы келгендіктен, нұрынан және нағыз әдептіліктен пайдалана алмау болады. "Адаб" дегеніміз күнделікті, жаратылысқа тән әрекеттерді қаншама куәгерлері бар Пайғамбарымыздың ісәрекеттеріне сәйкестендіру. Мысалға, сөйлеу, тамақ ішу, жату сияқты әдеп қағидаларын баяндайтын және қарым-қатынас туралы көптеген сүннеттер бар. Мұндай сүннеттерді "адаб" яғни әдеп, ережелер деп атайды. Бұл адабтарды ұстанған адам өзінің күнделікті әдетін ғибадатқа айналдырады. Ол адабтан күшті нұр алады. Жай бір "адабты" орындаған кезде Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм еске түседі, жүрекке нұр төгіледі.

Сүннеттің ішінде ең маңыздысы Ислам дінінің белгілері мен шариғаттың нышандары ретіндегі сүннеттер. Олар бейне бір жалпыға ортақ құқық тәрізді, қоғаммен байланысып жатқан құлшылық болып саналады. Қоғамда бір кісі ұстанса сол қоғам мүшелерінің бәріннің пайдасына жарайды. Керісінше оны ешкім орындамаса бүкіл қоғам жауапкер болады. Мұндай нышандарда рия (жасандылық) болмайды, ол жария түрде жасалады. Нәпіл болғанымен, жеке бастың парыз құлшылықтарынан әлдеқайда маңызды.

ЖЕТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Сүннет - әдептілік. Сүннеттің әрбір мәселесі әдептілік пен нұрға толы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай бұйырған: اَدَّبَن۪ى رَبّ۪ى فَاَحْسَنَ تَاْد۪يب۪ى яғни "Раббым маған әдепті үйретті, өте тамаша әдеп сыйлады".
Иә, Пайғамбарымыздың өмір тарихына үңіліп қараған және сүннет-і сәниесін білетін адам Аллаһ Тағаланың өз Хабибына әдептіліктің неше түрін үйіп-төгіп бергендігін түсінеді. Оның сүннетін тәрк еткен адам, әдептілікті де тәрк етеді. ب۪ى اَدَبْ مَحْرُومْ بَاشَدْ اَزْ لُطْفِ رَبْ деп айтылғандай зиянға ұшырап, әдепсіз халге түседі.
— 61 —

С РАҚ. Барлық нәрсені білетін, көретін, еш нәрсені одан жасыру мүмкін емес Ғаллам-ул Ғуюбтың (Жасырынның бәрі оған аян Аллаһ) алдында қалай әдептілік сақталады? Әдептің бір мағынасы жасыру, бүркеу, жиіркендіретін жағдайларды көрсетпеу емес пе? Ғалламул Ғуюбқа яғни ғайыптың бәрін анық білуші Аллаһқа ондай нәрселерді көрсетпеу, білдірмеу мүмкін емес қой.

ЖАУАП. Біріншіден, Сани-ы Зүлджалал аса маңызды түрде өнерін жақсылап көрсеткісі келеді, жағымсыз нәрселерді көзден таса ұстап, нығметтеріне әсемдік сыйлап назар аудартады. Сол секілді өз жаратқандарын, басқа да саналы жандарға әсем, тамаша жағымен көрсеткісі келеді. Жағымсыз түрде, нашар күйде көріну бір жағынан Аллаһтың Жамил (Әсем), Мүзейін (Әсемдеуші), Латиф (Нәзік), Хаким (Дана) есімдеріне қарсы болу, бас көтеру болып, әдептілікке жатпайды.

Сүннетке сай әдептілік дегеніміз, Сани-ы Зүлджалалдың есімдерінің шеңберінде нағыз әдептілік қағидаларын ұстану.

Екіншіден. Мысалы бір дәрігер дәрігерлік міндетін атқару барысында адамның ең ұятты жеріне қарайды және шарасыз жағдайда көрсетіледі. Оны әдепсіздік деуге болмайды. Бұл медицинаның талабы. Алайда, әлгі дәрігер ер адам сипатымен немесе мешітте уағыз айтушы молда сипатымен әлгі намахремге (бөгде адамға) қарай алмайды. Оған әдептілік рұқсат бермейді. Бұл ұятсыздық. Сол сияқты, Сани-ы Зүлжалалдың көптеген есім-сипаттары бар. Әрбір есімнің өзінше көрінісі бар. Мысалы: "Ғаффар" есімі күнәлардың болуын, ал "Сәттар" есімі кемшіліктерді керек қылса, "Жәмил" есімі де жағымсыз күйлерді көргісі келмейді. Аллаһтың кемел де әсем "Латиф, Кәрим, Хаким, Рахим" есімдері жаратылыс атаулының тамаша бейнеде, мүмкіншіліктің ең жоғары сатысында болуын талап етеді. Әлгі әсем де кемел есімдер өз әсемдіктерін періштелердің, руханилардың, жындар мен адамдардың назарында болмыс атаулының әсем күйлері мен жақсы әдептері арқылы көрсеткісі келеді.

Сүннеттегі әдептілік - осындай тамаша әдептіліктің ишараты, ережелері, үлгілері.

— 62 —
СЕГІЗІНШІ Т ЖЫРЫМ. فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ аятының алдындағы аяты, لَقَدْ جَٓاءَكُمْ رَسُولٌ... اِلٰى اٰخِرِ Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмметіне деген аса мейірімі мен қамқорлығын баяндай келіп فَاِنْ تَوَلَّوْا аятымен былай дейді: "Уа, адамдар! Уа, мұсылмандар!" Осыншама аса қамқорлық жасап, сендерді тура жолға салған, сендердің игіліктерің үшін бүкіл қайрат-күшін сарп еткен және өзі жеткізген үкімдері мен сүннеттері арқылы рухани жараларыңды емдеп жазған, өте мейірімді бір кісінің ап-анық мейірімін жоққа шығарғандай және көзге көрініп тұрған жанашырлығынан күмәнданғандай болып, Оның сүннетінен, жеткізген үкім заңдарынан бас тарту неткен ұятсыздық, неткен ақылсыздық, ақымақтық екенін біліңдер!

Уа, мейірімді Расул! Уа, жанашыр Нәби! Егер сенің мына аса мейіріміңді, керемет жанашырлығыңды танымай ақымақтық жасап, сенен сырт айналып, тыңдамай жатса, уайымдама! Аспан мен жер және оның арасындағылар қол астындағы әскері болған, шексіз ғарышқа үстемдік етіп тұрған Зат-ы Зүлжәлал саған жетеді. Ол, нағыз тілалғыш жандарды сенің айналаңа жинатқызады, оларға сені тыңдатқызады, оларға сенің үкімдеріңді қабылдатады.

Рас, Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм әкелген шариғат пен сүннеттің бір мәселесінің өзінде көптеген хикметтер бар. Мен пақыр бұған бүкіл кемшіліктерім мен әлсіздігімді мойындай отырып, бәстесуге және дәлелдеп беруге дайынмын.

Һәм, осы кезге дейін жазылған жетпіс-сексен Рисалей-Нұр кітаптары, сүннет пен шариғаттың мәселелері қаншалықты хикметке толы ақиқат екеніне бұлтартпас айғақ болады. Егер күш-қуат болып жатса, бұл тұрғыда баяндауға жетпіс емес, тіпті, жеті мың кітап жазылса да оның хикметтерін, пайдаларын жазып тауыса алмас. Жеке басым да бұған куә. Мыңдаған тәжірибелерім мен көңілім мынаған көз жеткізді. Сүннеттің қағидалары, Шариғат мәселелері мен дәстүрлері рухани кеселге, ақыл мен жүректің жараларына, әсіресе қоғамға төнген қасіретке өте пайдалы дәрі. Олардың орнын басқа философия мен даналық ұғымдар ауыстыра алмайтынын өз көзіммен көргендігімді тәпсір-кітаптарымда жазған болатынмын. Бұл айтқаныма күмәнданатындар болса, Рисалей-Нұрға көңіл бөліп қарасын.

— 63 —

Міне, осындай бір жанның сүннетін орындауға қолдан келгенше тырысу қаншалықты сауапты және мәңгі өмірде бақытқа бөленіп, бұ дүниеде пайдаға кенелтетінін ақылға салып көріңіз.

ТОҒЫЗЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Сүннеттің барлық түрін түгелдей орындау, оны іске асыру, ерекше тұлғалардың жоғары мәртебелілеріне ғана нәсіп болар. Ал, оларды іс жүзінде болмаса да шын ниетпен қолдау, қажетсіну, мойындау, жүрекпен берілу әркімнің қолынан келеді. Парыз бен уәжіп болған түрін онсыз да орындауға міндетті. Құлшылыққа қатысты мүстахаб болған сүннетті тәрк ету күнә болмағанымен мол сауаптан құр қалу қаупі бар. Ал, оларды өзгерту үлкен қате. Тұрмыстағы әдет-ғұрыпқа қатысты сүннеттерді орындаған сайын ол әдеттер ғибадат болып саналады. Орындамаса жаза жоқ. Бірақ Хабибуллаһтың тұрмыстық көркем әдеттерінің нұрынан пайдалану мүмкіндігі азаяды.

Құлшылыққа қатысты үкімдерге жаңадан қосымша жасау бидғат. Ал бидғаттар болса, اَلْيَوْمَ اَكْمَلْتُ لَكُمْ د۪ينَكُمْ аятының сырына қайшы келетіндіктен қабылданбайды. Дегенмен, тариқаттағы вирдтер, (дұғалар) зікірлер, өзіндік мешреб (жолдар) болса, негіздері Кітап пен Сүннеттен алыну шарты орындалса сыртқы көріністері әртүрлі бейнеде болғанымен бекітілген ережелер мен сүннеттің негізіне қайшы келмесе "бидғат" саналмайды. Алайда кейбір ғалымдар бұлардың кейбіреуін "бидғат" деп есептегенмен, "бидға-й хасене" яғни "болымды бидғат" деп теріс көрмеген. Имам Раббани Мужеддид-і Әлф-і Сани (р.а.) былай дейді: "Рухани самғау кезімде Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның аузынан шыққан сөздердің жалт-жұлт ететінін көретінмін. Оларды жарқыратып тұрған Сүннеттің шуағы. Ал оның аузынан шықпаған қанатты сөздер мен керемет дұғаларда әлгіндей нұр көрінбейтін. Бұлардың ең тамаша, ең нұрлы дегені әуелгінің ең көмескісіне тең келмейтін.

Демек, сүннеттің шуағы - элексир. Сондай-ақ, Сүннет, нұр іздегендерге толық жетеді. Басқа жақтан нұр іздеудің қажеті жоқ".

Міне, ақиқат пен шариғаттың осындай бір қаһарманының бұл үкімі, Сүннет - екі дүниелік бақыттың арқауы және кемелдіктің көзі екенін көрсетеді.

— 64 —
اَللّٰهُمَّ ارْزُقْنَا اِتِّبَاعَ السُّنَّةِ السَّنِيَّةِ
رَبَّنَٓا اٰمَنَّا بِمَٓا اَنْزَلْتَ وَاتَّبَعْنَا الرَّسُولَ فَاكْتُبْنَا مَعَ الشَّاهِد۪ينَ

ОНЫНШЫ Т ЖЫРЫМ.

قُلْ اِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ اللّٰهَ فَاتَّبِعُون۪ى يُحْبِبْكُمُ اللّٰهُ

Бұл аятта таңғажайып иғжаз бар яғни Осы үш сөйлемнің ішіне көптеген мағыналар сыйып тұр. Аят былай дейді: "Аллаһ Тағалаға имандарың болса, әлбетте, Аллаһты жақсы көресіңдер. Ал Аллаһты жақсы көретіндерің рас болса, Аллаһ жақсы көрген нәрселерді істейсіңдер. Ал оған ұнайтын нәрсе, оның сүйіктісіне ұқсау. Ал оған ұқсау - соның соңына еру. Соның соңынан ерген кезде, Аллаһ та сендерді жақсы көреді. Аллаһ сендерді жақсы көруі үшін сендер де Аллаһты жақсы көрулерің керек".

Міне, бұл сөйлемдердің барлығы осы аяттың қысқаша ғана мағынасы. Демек, Адам баласы үшін өте маңызды да асқақ мақсат - Аллаһ Тағаланың сүйіспеншілігіне бөлену. Бұл аят, сол жоғарғы мақсатқа жетудің жолы - ардақты Пайғамбарымыз Хабибуллаһтың соңынан еру. Соның сүннетімен жүру екенін айтады. Қазір "Үш мәселе" анықталып дәлелденсе, ілгеріде аталған ақиқат анықталады.

Бірінші нүкте. Адам баласы бүкіл әлемді Жаратушы Аллаһқа шексіз сүйіспеншілік таныту үшін жаратылған. Өйткені оның бойында Жамалға (Әсемдікке) деген ынтызарлық, кемелдікке деген құштарлық және ихсанға, яғни жарылқануға, сыйлануға деген құмарлық бар. Жамалдың, Кемалдың Ихсанның дәрежесіне қарай әлгі сүйіспеншілік те арта бермек. Ол ғашықтықтың шыңына дейін барады. Мына кішкентай ғана адам баласының шағын жүрегіне аса үлкен ғашықтық сезімі берілген. Иә, жүректің тарыдай ғана сандықшасы тәрізді Қууа-и Хафыза (есте сақтау қабілеті) бейне бір кітапхана секілді мыңдаған кітапты қамтуы, адамның жүрегі бүкіл әлемді қамти алатын, соншалықты ынтызарлықпен сүйе алатын махаббатты сақтап тұра алатындығын көрсетеді.

Адамзаттың Ихсанды, Жамалды Кемалды шексіз ынтызарлықпен сүйе алатыны рас. Мына әлемді жаратқан Аллаһтың жарату істерінен

— 65 —

анық байқалатын шексіз де пәк жамалы бар. Болмыс атаулыда көрініп тұрған шексіз кемелдігі бар. Бүкіл тіршілік иелеріне беріліп жатқан неше түрлі ихсандар мен нығметке бөлеулер арқылы анық көрініп тұрған шексіз ихсан, жарылқауы бар. Олай болса, саналы жандардың ең күрделісі, аса мұқтажы, өте зерек, аса құштарлық берілген адамзаттан Аллаһу Тағаланың шексіз сүйіспеншілік талап етуі өте орынды.

Әрбір адам Халиқ-ы Зүлжелалға шексіз сүйіспеншілік етуге бейім. Сондай-ақ, Аллаһтың Жамалы, Камалы, Ихсаны да сүйіспеншілікке лайық. Тіпті, мүминнің өз өміріне, мәңгі жасауға, болмысына, дүниесіне, өзіне, қоршаған ортаға деген сан алуан сүйіспеншілігі және соларға алаңдауы сол Иләһи сүйіспеншіліктің ұшқындары. Тіпті, адам бойындағы әртүрлі сезімдер, сол сүйіспеншілікке бейімділігін көрсететін, бірақ өзгеріске ұшыраған, басқа түрге енген тамшылары. Адам өз бақытына қуанып қана қоймай, айналасындағы сүйіктілерінің бақытынан да ләззат алып қуанатындығы мәлім. Өзін бәледен құтқарғанды жақсы көрумен қатар, сүйген жандарын құтқарғанды да жақсы көреді.

Міне, осы рухани сезімдерге сүйене отырып, Адам баласы бүкіл адамзатқа беріліп жатқан жарылқаулардан тек осыны ғана ойласа, "Менің Жаратушы Ием, тас қараңғы жоқтан құтқарып, бар қылды. Мына дүниеде жарық өмір сыйлады. Ажалым жеткен кезде де мәңгі жоқ болудан құтқарып, бақи әлемде мәңгі, тамаша әлем сыйлайтын болады. Сол әлемнің түрлі ләззаттары мен әсемдіктерінен пайдалануым үшін ішкі, сыртқы сезімдер береді. Сонымен қатар менің өте жақсы көрген, өзара тығыз байланыста болған туғантуыстарымды, сүйікті жандарымды да сан алуан ихсандармен жарылқайды. Ал бұл жақсылық маған да жасалған болып есептеледі. Өйткені мен олардың бақыты мен қуанышына ортақпын. اَلْاِنْسَانُ عَب۪يدُ الْاِحْسَانِ "Адам сыйлағанның құлы" дегендей, әркім өзіне ілтипат қылғанды, сыйлағанды жақсы көретіні рас. Олай болса, бүкіл әлемдей жүрегім болса, әлбетте, маған жасалған мұнша шексіз де соңсыз жарылқауға қарыздар болып, махаббат қылып, мәңгі сүйіп өтер едім. Мен мұны іс жүзінде орындай алмасам да, ниетіммен, иманыммен, бейімділігіммен, соны қабылдау арқылы, оны жоғары бағалап, құштар болу түрінде жасаймын", дер еді.
— 66 —

Енді, Жамал мен Кемелдікке деген сүйіспеншіліктің қалай болатынын осы аталған ихсанға деген сүйіспеншілікпен салыстыр. Ал кәпір, имансыздығы арқылы бұларға қас дұшпан. Тіпті, бүкіл әлемге, болмыс атаулыға зұлымдарша, қорлау пиғылымен дұшпандық қылады.

Екінші нүкте. Аллаһқа деген сүйіспеншілік, Пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұнуды талап етеді. Өйткені, Аллаһты жақсы көру - Оны риза қылу. Ал, Оны риза қылатын істерді Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.у.) толық орындаған. Оған ұқсаудың екі жағы бар.

Біріншіден. Аллаһ Тағаланы жақсы көріп, оның әмірлеріне мойынсұнып, Ол риза болатын амал істеу. Бұл - Пайғамбарымызға мойынсұнуды талап етеді. Өйткені бұл тұрғыда ең керемет имам, үлгі боларлық ұстаз - Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.)

Екіншіден. Аллаһтың адамдарды шексіз жарылқауына ең басты себепші Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.). Олай болса, Пайғамбарымыз, Аллаһ ризасы үшін жақсы көруге лайық. Адам баласы өзі жақсы көрген кісіге, егер ұқсау мүмкін болса ұқсағысы келеді. Хабибуллаһ(с.а.у.) жақсы көргендер оның сүннетіне мойынсұна отырып, соған ұқсап бағуы қажет.

Үшінші нүкте. Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімі болумен қатар, өзіндік шексіз махаббаты да бар. Әлемдегі жаратылыстардың әсем жаратылуы, әдемі безендірілуі арқылы Ол өзін шексіз сүйсіндіреді, жақсы көргізеді. Жаратқандарын, әсіресе, әлгіндей сүйсіндірер істеріне махаббатпен жауап берген саналы пенделерін әлдеқайда жақсы көреді. Ал, жұмақтағы бүкіл ләззаттар мен жарылқаулар, әсемдіктер мен нығметтер Оның бір ғана сәулесі, жәй бір ұшқыны. Осындай Аллаһтың махаббатын, ілтипат-назарын өзіне аударуға тырысу қаншалықты ғанибет, аса маңызды, өте биік мақсат екендігі түсінікті. Құранның анық хабарлауы бойынша оған тек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннетіне ұю, айтқанын істеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннеті адамзат үшін ең ұлы мақсат, маңызы зор міндет екендігі анық.

ОН БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. "Үш мәселеден" тұрады.

Бірінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның сүннеті үш түрлі бұлақтан бастау алады. Олар: айтқан сөздері, істеген амалдары, хал-ахуалы.

— 67 —

Бұл үшеуі де үш түрге бөлінеді. Парыздар, нәпілдер, жақсы әдеттер. Парыз бен уәжіп түріне мойынсұну мұсылманға міндетті түрде шарт, орындамағандар жазаға тартылып, азап шегеді. Жұрт мойынсұнуға міндетті. Ал, нәпіл түрі болса қызықтыру, сүйсіндіру дәрежесінде болғанымен иман еткендер орындауға міндетті. Бірақ істемесе азап немесе жаза жоқ. Істесе, мойынсұнса мол сауап жазылады. Ал, оны өзгертсе, алмастырса бидғат, далалет (адасу) болып, үлкен қателік саналады. Ал, жақсы әрекеттері мен керемет игі амалдары болса, хикмет тұрғысынан болсын, пайда жағынан болсын жеке өмірге, не қоғамдық өмірде пайдасы зор, орындалса нұр үстіне нұр. Өйткені жәй бір әрекетінің өзінде өмірге пайдалы көптеген хикмет даналықтар бар. Сонымен қатар, оған сәйкес әрекет еткенде күнделікті жай әдеттер мен тұрмыс-тіршілік құлшылыққа айналады.

Достары да, тіпті, дұшпандары да Ардақты Пайғамбарымыздың көркем мінезі ең жоғарғы сатыда екендігін бір ауыздан құптаған. Оның адамзат әлемінде ең мәшһүр, ерекше тұлға екені рас. Ең кәміл жан, нағыз тәрбиеші екенін мыңдаған мұғжизалары, сондай-ақ, өзі құрған Ислам әлемі және аудармашысы болған Қасиетті Құран ақиқаттары бәрі-бәрі бірлесе растауда. Оның ізіне ерудің нәтижесінде миллиондаған кәміл, әулие адамдар кемелдіктің шыңына шығып, екі дүниеде мол бақытқа қол жеткізуі, әлбетте Оның сүннеті, іс-әрекеті үлгі тұтарлық тамаша өнеге екенін, адастырмайтын, берік жолбасшы екенін, ереже боларлық мықты заңдар екенін көрсетеді. Олай болса, осы аталған сүннетті орындау жолында көп амал жасап жүрген жандар бақытты.

Сүннетті орындамай жүргендер, егер жалқаулық басып, ерініп жүрсе, көп зиян шегіп жүр, ал менсінбей жүрсе, үлкен қылмыс жасап жүр, ал өтірікке шығарғандай мінеп-сынап жүрсе, қатты адасуда.

Екінші мәселе. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

وَاِنَّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يمٍ

деп бұйырады. Сахих риуаятта Хазіреті Айша (р.а.) сынды әсем сахабия, Ардақты Пайғамбарымыз жайлы, оның көркем мінезі туралы былай дейді: "Хулуқу-һул Құран". Яғни "Құранда баяндалған биязы да әсем мінез-құлықтың үлгісі Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм еді. Ол әсемдіктердің тамаша үлгісі, әсем жаратылған жан еді".

— 68 —

Міне, осындай бір кісінің әрекеттері, айтқан сөздері, халжағдайының әрқайсысы адамзатқа үлгі бола тұра иман келтіріп, оның үмметімін деп жүрген бейқам жандар егер сүннетке мән бермей жүрсе немесе өзгерткісі келсе қаншалықты бейбақ екенін ақымақтар да түсінер.

Үшінші мәселе. Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның жаратылысы артық-кемі жоқ, ең керемет түрде жаратылған. Сондықтан, оның іс-әрекеті, жүріс-тұрысы барлық өлшемдерге сай тура бағытта. Әрбір әрекеті тура бағытта және ифрат пен тефриттен аулақ, яғни бір нәрседе кем не артық кетуден аулақ болғанын өмір тарихы анық көрсетуде.

Иә, Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләм فَاسْتَقِمْ كَمَٓا اُمِرْتَ әміріне толық мойынсұнғандықтан бүкіл іс әрекеті мен сөзі, хал-жағдайы тура бағытта болғаны көзге ап-анық көрініп тұр. Мысалға, ақылдың бұзылуы мен сөніп қара басуы, яғни ифрат пен тефриттің кесірінен болатын топастық пен айлакерліктен аулақ, пәк болып, орта жол, тура бағыт ұстанып, ақылын даналықпен пайдаланған. Ал, ашу-ыза сезімінің ифрат пен тефритінен пайда болатын қорқақтық пен көзсіз батырлықтан аулақ болып, ашу сезімінің орта жолы, тура бағыты аса ержүрек, батыр болған.

Ал, ләззат пен ойын-сауық, құмарлық сезімінің бұзылған түріндегі "ифрат" пен "тефриттен", яғни селқостық, еш нәрсеге қызықпаушылық пен көрсеқызарлықтан ада пәк, ары таза намысты болған. Сондай-ақ, бүкіл іс-әрекеттерінде, хал-ахуалында шариғат үкімдеріне сай тура жолды ұстап, "ифрат" пен "тефриттен", яғни зұлымдық пен қараңғылықтан, ысырап пен бекерге мал шашпақтан аулақ болған. Тіпті, сөйлегенде, ішіп-жегенде үнемділік ережелерін қатаң сақтап, ысырап жасамаған. Бұл ақиқатты егжей-тегжейлі түсіндіретін мыңдаған кітаптар жазылған.

اَلْعَارِفُ تَكْف۪يهِ الْاِشَارَةُ дегендей мұны теңіздің бір ғана тамшысы деп біліп, осыған қанағат етіп, тақырыбымызды қысқа қайырамыз.
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى جَامِعِ مَكَارِمِ الْاَخْلَاقِ وَ مَظْهَرِ سِرِّ ﴿وَ اِنَّكَ لَعَلٰى خُلُقٍ عَظ۪يمٍ﴾ اَلَّذ۪ى قَالَ: مَنْ تَمَسَّكَ بِسُنَّت۪ى عِنْدَ فَسَادِ اُمَّت۪ى فَلَهُ اَجْرُ مِاَةِ شَه۪يدٍ
— 69 —
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى هَدٰينَا لِهٰذَا وَ مَا كُنَّا لِنَهْتَدِىَ لَوْ لَٓا اَنْ هَدٰينَا اللّٰهُ لَقَدْ جَٓائَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 70 —

Он екінші Лема

(Рефет Бейдің кішкене екі сұрағына байланысты Құранның екі тылсым сыры баяндалмақ)
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ عَلٰى اِخْوَانِكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Адал бауырым Рефет Бей! Сенің қолайсыз уақытта қойған сұрақтарың мені қысылтаяң жағдайға түсірді. Бұл жолғы сұрағың шыны керек шағын. Алайда, Құранның тылсым сырларына қатысы болғандықтан және Жер шары туралы сұрағың география мен астрономия жердің жеті қабат, көктердің жеті қатпар екеніне сенбей, сын айтатындықтан маған маңызды болып көрінді. Сол үшін сұрақтың шағын екендігіне қарамай, қасиетті екі Аятқа қатысты "Екі тұжырымды" ғылыми және жалпы түрде баяндамақпын. Сен де өз сұрағыңның жауабын аларсың.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Мұнда да «Екі тұжырым» бар.

Бірінші тұжырым.

وَكَاَيِّنْ مِنْ دَٓابَّةٍ لَا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اَللّٰهُ يَرْزُقُهَا وَاِيَّاكُمْ ٭ اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ

Бұл аяттардың айтуы бойынша ризық тек қана Қадир-ы Зүлжәлалдың қолында, Оның рахым қазынасынан келеді. Әрбір жанның ризығына жарылқаушы Иесі жауапты болғандықтан ешқайсысы, ешқашан аштықтан өлмеуі керек. Алайда, сырт қарағанда аштан өлген секілді болып көрінетін жағдайлар көп. Бұл ақиқаттың сыры мынада: Жаратушы уәдесіне берік. Ризық жетпеуден өлгендер жоқ. Өйткені, Хаким-ы Зүлжәлал тірі жандардың денесіне жіберген ризықтың бір бөлігін, іш-май, қор ретінде сақтап қояды. Тіпті, дененің әрбір жасушасындағы ризықтар сол жасушада толық жұмсалмай сақталып тұра береді. Сырттан ризық келмей қалған кезде сол қордан алып пайдаланатын болады. Демек, аштан өлді дегендер, бойындағы

— 71 —

қоймада сақтаулы тұрған ризығы бітпей тұрып өлсе, ол аштықтан, ризық болмағаннан емес. Ол, үйреншікті де қалыпты жағдайдан шыққан кезде пайда болатын ауру-сырқаудан өлген боп есептеледі. Жалпы, тірі жанның денесіндегі қорда сақталып тұрған ризық мөлшері, оның әрі қарай өмір сүруі үшін қырық күнге дейін жетеді. Тіпті кейбір жағдайларда сондай ризықтың екі қырық яғни сексен күнге жеткен кездері болған. Тіпті, Лондон түрмесінде бір адамның жетпіс күн бойы түк жемей аман-есен өмір сүргені туралы осыдан он үш жыл бұрын газеттер жазған еді.

Сонымен, шынайы ризық қырық күннен сексен күнге дейін жететіні рас. Жаратушының "Рәззақ" есімі жер бетінде кең көлемде тараған. Тіпті, ойға келмейтін жағдайда, желіндерден, ағаштардан рызықтың төгіліп жатқандығын көреміз. Егер залым адам араласпаса, ризық бітпей тұрып ризық жеткізіледі де аштан өлуге жол берілмес еді.

Олай болса, аштықтан өлді деп жүргендер қырық күннен бұрын өлген болса, олар аштықтан өлмеген. Ол, арабша "Тәрк-үл адат минал мухликат" демекші әбден бой алдырған, үйреншікті әдетті бірден тастағаннан пайда болатын аурудан өледі деген сөз. Олай болса, аштан өліп жатқан жоқ. Иә, ризықты адамның ерік қалауына, күш-жігеріне қарап өлшеуге болмайды. Мысалы, енесінің жатырында жатқан төл, нәресте ерік-күші мүлдем жоқ бола тұра ауызын да қимылдатпай-ақ ризық беріліп жатады емес пе!? Ал дүниеге жаңа келген кезде оның тек аузын ашып емшекті емуі арқылы тәтті, құнарлы ризық аузына құйыла бастайды. Содан соң, ерік-қалауы пайда болған кезде әлгі оңай да мол ризық азаяды, емшек суалады да, ризық басқа жақтан келе бастайды. Алайда, төлдің өз қуаты ризықтың соңынан түсуге әлі де толық жетпейтіндіктен Раззақ Кәрим атынан ата-енесі оған ризық табуға көмектеседі. Ал, өз қуаты өзіне жеткен кезде ризық енді оған өзі келмейтін болады. Ризық ол кезде оны шақырып: "Мені ізде, келіп тауып ал!" дейтін болады. Олай болса, ризық әркімнің өз қуат-күшіне тәуелді емес. Тіпті, көптеген Рисалелерде күш-қуаты кем жануарлар ризық тұрғысында басқалардан әлдеқайда жақсы өмір сүріп, жақсы тамақтанатындығы жазылған.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Мүмкіннің дәрежелері бар. Ақыли мүмкін яғни ақылмен ойлап қарасаң болуы мүмкін нәрсе, дәстүрлі, үйреншікті мүмкін және қарапайым мүмкін деп бірнеше топқа бөлінеді. Егер бір

— 72 —

оқиға ақыли жағынан мүмкін болмаса ол қабылданбайды, ал дәстүрлі жағдайға сай келмесе онда мұғжиза болғаны. Егер дәстүрлі жағдайға да, одан басқаға да сай келмесе куәгердің нақты дәлелі арқылы ғана қабылдауға болады.

Міне, осыған байланысты қырық күн бойы нәр татпай қойған Сеид Ахмед Бәдәуидің осындай таңғаларлық жағдайы дәстүрлі мүмкіндік шеңберінде деуге келеді. Әрі керемет, әрі таңғажайып жағдай. Бірақ, әрқашан ондай болмаған. Тек, керемет жағдайда, кей кездері болған оқиға. Мұнда мынандай бір ықтимал болуы мүмкін. Оның халі ішіпжеуге қажеттілік сездірмеген соң тамақ жемеу оған әдет болып кеткен. Осы Сеид Ахмед Бәдәуи секілді көптеген әулиелер осындай халді бастан кешіргені айтылады. Бірінші мәселеде дәлелдегеніміздей, адам бойында қырық күнге жетерлік ризық қоры сақталатындықтан сонша уақыт тамақ ішпей жүруі мүмкін. Ол туралы абзал жандар риуаят еткендіктен өтірік деп қарсы шығуға болмайды.

Екінші сұраққа байланысты тағы да екі маңызды мәселе баяндалатын болады. Өйткені, базбіреулер география мен астрономияның шолақ заңдары мен шағын өлшемдері арқылы Кұранның көгіне көтеріле алмағандықтан және аяттардың жұлдыздарындағы жеті қабат мағынасын ұға алмағандықтан аяттарды сынап, тіпті жоққа шығарып, ақымақтық жасайды. Олардың қарсы шыққан мәселесі, Аспан секілді жердің де жеті қабат екендігі туралы мәселе. Бұл мәселе қазіргі заманның философтарына ақиқатсыз болып көрінеді.Олардың аспан мен жерге қатысты пән ғылымдарындағы өлшемге сәйкес келмейді. Сол себепті, Құранның ақиқаттарының кейбіреуіне қарсы шығуда. Соған байланысты қысқаша бірнеше ишара жазбақпыз.

Біріншіден. Аяттың жалпы мағынасы бір бөлек. Сол мағынада туындайтын көптеген мағыналар мен оларды растаушы мысалдар әртүрлі. Енді сол шексіз мағыналардың біреуі тура келмей қалады деп, жалпы мағынаны теріске шығаруға болмайды. Көктердің жеті қатпар, жердің жеті қабат екендігі жайлы көптеген мағыналардың жетеуі көзге анық көрініп отыр.

Екіншіден. Аяттың ашық мағынасында "жер жеті қабат" демеген.

اَللّٰهُ الَّذ۪ى خَلَقَ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ وَمِنَ الْاَرْضِ مِثْلَهُنَّ... اِلٰى اٰخِرِ

деген.

— 73 —

Аяттың ашық мағынасы былай дейді: "Жерді де сонау жеті қабат көктер секілді жаратқан. Және оны жаратқандарына мекен қылған". Жеті қабат етіп жараттым демейді. Салыстырып ұқсату - оның да жаратылыс екендігі және мекенжай екендігі тұрғысында айтылған.

Екіншісі. Жер шары шексіз көктермен салыстырғанда, өте кішкентай. Алайда, ол сансыз жаратылыстың топтасқан орталығы, тоғысқан түйіні, белгілі бір мағынада жүрегі. Сондықтан, шағын жүректің өзінен үлкен денеге тең келетіні секілді Жер шары да алып көктердің жүрегі, оның бір орталығы болуға әбден лайық. Жер шары ежелден жеті климаттық белдеуге {(Сілтеме): "Себға" яғни арабша жеті деген сөзді қоса алғанда жеті сөзі жеті рет қайталанып отыр. Бұл кездейсоқтық емес, керемет сәйкестік.} бөлінген. Еуропа, Африка, Мұхит аймағы, екі Азия, екі Америка деген аттармен жеті құрылыққа бөлінген. Мұхиттармен қоса санағанда шығыс, батыс, түстік, терістік тұрғысынан алғанда жаңа дүниетаным бойынша да жеті құрлыққа бөлінеді. Жер шары ішкі кіндігінен беткі қабат қыртысына дейін де жеті қатпардан тұрады. Сондай-ақ, жануарлардың тіршілік көзі болған жетпіс түрлі элементтерді құрайтын тағы да жеті қабат деп аталатын жеті түрлі заттар және төрт негіз деп аталатын: су, ауа, топырақ, от сынды негіздермен қатар "мәуалиа-и селаса" "үш туынды" деп аталатын тау жыныстары, жануарлар мен өсімдіктер, бұлар да жетеу болады. Жеті қабат әлем яғни жын мен ифрит және неше түрлі саналы тіршілік иелерінің мекені болғаны Әһл-и кәшф уа шухид өкілдерінің, яғни әулиелердің куәлігімен нақтыланған. Жер шарына ұқсас басқа да жеті планетаның болуы, тіршілік иелеріне мекен болуына ишара ретінде Құран аяттарынан жерді де жеті қабат деп түсінуге болады.

Міне, Жер шарының жеті қабат екендігі жеті жақты түсіндірілді. Сегізінші соңғы мағына басқа тұрғыдан маңызды. Бұл жетіге кірмейді.

Үшіншіден. Хаким-ы Мұтлақ Аллаһ ешқандай ысырап жасамаған, артық ештеңе де жаратпаған. Жаратылыс саналылар үшін жаратылған, солар арқылы мән мағынасы түсінікті болады, жетіледі, кемелденеді, саналылар арқылы әбестіктен аман қалады. Сондықтан Қадир-ы Зүлжәлал ауаны да, топырақты да, суды да неше түрлі тіршілік иелерімен толтырған. Ауа мен су жан-жануарлардың өсіпөнуіне бөгет болмайтыны секілді, тығыз әрі қатты тас пен топырақ та

— 74 —

электр, рентген секілді нәзік заттардың таралуына бөгет болмайды. Әлбетте, Хаким-ы Зүлжәлал жер шарының сонау кіндігіндегі отты қабаттан бастап жердің беткі қыртысы, одан оны қоршап тұрған ауа қабаттарына дейінгі бір-бірімен тығыз байланыстағы жеті қабатты, кең мекенді бос қалдырмайды. Әрине, бәрін де өзіне сай саналы тіршілік иелерімен толтырып, оларға қолайлы жағдай жасап қойған. Ол жаратылыстар періштелер мен руханилер болса керек. Олардың тіршілік ортасының тығыздығы балыққа су, құсқа ауа қандай болса оларға да сондай. Ал жердің дәл ортасындағы отты өлкедегі тіршілік иелеріне ол от бізге Күннің ыстығындай ғана әсер етеді. Өйткені, бұл тіршілік иелері нұрдан жаралғандықтан от олар үшін жарық нұр секілді ғана әсер етеді.

Төртіншіден. Он Сегізінші Мектубта жер шарының қабаттары және оның ғажап жаратылысы жайлы Әһл-и кешф әулиелердің ақылға сыймайтындай етіп суреттеген мысалдары баяндалған-ды. Қысқаша мағынасы мынадай: Жер шары материалдық әлемде бір дән секілді. Ал, мисал әлемімен, берзах әлемімен салыстырғанда көктермен иық тіресетіндей алып ағаш секілді. Әһл-и кешф әулиелердің жер шарының дию, жындарға қатысты қабатын мың жылдық алып бейнеде көруі, материалдық әлемдегі дән түріндегі жер шары емес. Мисал әлеміндегі бұтақтары мен қабаттарының көрінісі. Олай болса жер шарының сырттай қарағанда аса маңызды емес қабатының өзі басқа әлемдерде алып болып көрінуі әбден мүмкін. Әлбетте, жеті қат көкке пара-пар, келетін жердің жеті қабат болып суреттелуі өте орынды. Жоғарыда айтылған мағыналарды білдіру үшін Құранның қысқа-нұсқа түрде керемет баяндауы, мына кіп-кішкене жерді көктердің жеті қабатымен тепе-тең келердей етіп суреттеу.

Екінші маңызды мәселе.

تُسَبِّحُ لَهُ السَّمٰوَاتُ السَّبْعُ وَالْاَرْضُ وَمَنْ ف۪يهِنَّ... اِلٰى اٰخِرِ
ثُمَّ اسْتَوٰٓى اِلَى السَّمَٓاءِ فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ وَهُوَ بِكُلِّ شَىْءٍ عَل۪يمٌ

Осы қасиетті Аят секілді бірнеше аяттар аспанды жеті қат етіп суреттеуде. Бірінші дүние жүзілік соғыстың алғашқы жылы, майданда жазылған Ишарат-ул Иғжаз атты тәпсірде қысқаша жазуға мәжбүр болған бұл мәселенің бір мазмұнын жаза кетудің жөні келіп тұр.

— 75 —

Көне ілім бойынша аспан тоғыз қабаттан тұрады. Шариғат тілінде де Арш пен Күрсіні қоса есептеп ыңғайсыздау бейнеде аспан әлемін суреттеген. Ол ескі ілімнің баяндауы адамзатқа ұзақ жылдар бойы ықпал еткен. Тіпті, көптеген тәпсіршілер аяттың ашық мағынасының өзін солардың пікіріне ыңғайлап, үйлестіруге мәжбүр болған. Осылайша Құран Хакимнің мұғжизалы мағыналары бүркемеленіп көрінбей қалған-ды. Жәдитшілер деп аталған жаңа философтар көне философияның аспан әлемі туралы асыра сілтеген пікірлерін негізсіз санап, алдыңғылар асыра сілтесе кейінгілер керісінше етіп аспан қабаттарының бар екенін жоққа шығарды. Ақиқаттан алыстап кетті. Ал, Құран Хакимнің қасиетті хикметі ондай асыра сілтеу мен жоққа шығарудан аулақ, Сани-ы Зүлжәлал жеті қабат көкті жаратқан. Жұлдыздар теңіздегі балықтар секілді көкте жүзіп жүреді. Жаратушысын дәріптеп мадақтайды дейді.

Пайғамбарымыз اَلسَّمَاءُ مَوْجٌ مَكْفُوفٌ хадисінде яғни "Аспан әлемі толқыны тынық алып мұхит іспеттес" дейді. Құранның осы ақиқатын жеті қағидамен, жеті жақты қарастырып, қысқаша баяндауды жөн көрдік.

Бірінші қағида. Хикмет ілімі бойынша, мына шегі жоқ әлем кеңістігі мүлдем бос емес, "эсир" деп аталатын затқа толы.

Екінші қағида. Ғылым мен ақылға, тіпті, көзге де белгілісі, аспан денелерінің өзара тартылыс, кері тебу секілді заңдылықтармен байланысып тұрғандығы және жарық, жылу, электр өрісі секілді қуат көздерін таратып, тасымалдап, сол шексіз кеңістікті толтырып тұрған бір зат бар.

Үшінші қағида. Эсир деп аталған зат өз қалпын сақтай отырып, басқа затқа ауысып, түрленетіні тәжірибе бойынша анықталған жағдай. Мәселен, судың өзі бу, су, мұз секілді газ, сұйық, қатты зат түрінде үш күйде бола алады. Олай болса эсирдің өзі жеті түрлі жағдайда болатынын ешбір ақыл, ілім жоққа шығара алмайды.

Төртінші қағида. Жұлдыздардың орналасуына көз салсақ жоғарыдағы әлемдердің қабаттары әртүрлі. Мәселен, Құсжолы деп аталатын көк белдеуінде тұманды бұлт секілді көрінетін жұлдыздар қабаты, бір орыннан жылжымайтын жұлдыздардың қабатына ұқсамайды. Әлгі тұрақты жұлдыздар бейне бір жазды күнгі әбден піскен жемістерге ұқсайды. Ал тұманды бұлт секілді құсжолындағы

— 76 —

сансыз жұлдыздар жаңа ғана толыса бастағанға ұқсайды. Тұрақты жұлдыздардың қабаты да Күн жүйесінің қабатынан бөлек екендігі анық көрініп тұр. Сол сияқты көктегі жеті құрылым және жеті қабат та бір-бірінен бөлек екенін ақылмен түсініп, сезіммен сезуге болады.

Бесінші қағида. Тәжірибелер арқылы әбден мәлім болған мынандай жағдай бар: Бір зат өзгеріп, түрленсе және одан басқа зат жасалса, міндетті түрде түрлі қабаттар, пішін, формалар пайда болады. Мысалы, алмас деген затты өзгеріске ұшыратқан кезде одан күл ұнтағы да, көмір де және алмастың басқа түрлері де жаңадан пайда болады. Тағы бір мысал, от жанған кезде де жалын, түтін, шоқ секілді түрлерге бөлініп кетеді. Мысалы, оттегі мен сутегі қосылған кезде ол қосындыдан су, мұз, бу секілді заттар пайда болады. Бұдан шығатын қорытынды, бір зат күрделі өзгеріске ұшыраған кезде әртүрлі қабаттар шығады. Олай болса, Құдіретті Жаратушы эсир затын өзгеріске ұшыратқандықтан жеке-жеке қабат түрінде فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ сырына сәйкес аспан әлемінің жеті қабатын сол эсирден жаратқан.

Алтыншы қағида. Бұл айтылған айғақтардың бәрі көктердің болмысы мен көптігіне дәлел болады. Сонымен, аспан әлемінің көптігі анықталды. Бұл дау туғызбайтын шындық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) баяндауы мұғжиза болған Құран тілімен аспан жеті қабат деді, әлбетте жетеу.

Жетінші қағида. Жеті, жетпіс, жеті жүз секілді сандар арабшада кейде көп дегенді білдіреді. Олай болса жеті қабат көк дегені, сансыз қабаттарды қамтуы да мүмкін.

Қорытынды. Қадир-ы Зүлжәлал эсир деген заттан жеті қат көкті жаратып, оны жайып өте дәл әрі керемет өлшеммен ретке келтірген. Ішіне жұлдыздарды шашып, егіп тастаған. Баяндауы мұғжиза болған Құран бүкіл адамзат пен жын қауымына мәңгілік сөз сөйлеген кітап. Әрине, Құран аяттары адамзаттың әр қауымына өз түсінік деңгейіне сай әртүрі мағыналарды ашық және ишарамен жеткізеді. Сондықтан, Құранның баяндауы ең қарапайым түсініктен ең күрделі түсінікке дейінгі аралықты қамтыған, терең мағыналар жатыр. Әркімнің қажеттігін қанағаттандара алады. Әрбір аяттың әр деңгейдегі адамға қарайтын өзіндік қыры бар. Олар сол аятты сол қырынан таниды.

Осыған байланысты, аяттағы "жеті қат көк" дегенді жалпы мағынадан жеті түрлі деңгейдегі адамзат, жеті түрлі мағынаны түсінеді.

— 77 —
Мәселен, فَسَوّٰيهُنَّ سَبْعَ سَمٰوَاتٍ аятын ойы саяздау қауым атмосфералық қабаттар деп түсінеді. Ал, астрономиямен сауаттанған қауым, ел аузындағы жеті ғаламшар мен атақты жұлдыздар бойынша пайымдайды. Тағы бір топ жер шарымызға ұқсас тіршілік иелері өмір сүретін басқа да жеті ғаламшар мағынасында қабылдайды. Тағы бір тобы күн жүйесіндегі жеті ғаламшармен қоса сондай жеті жұлдыз жүйесі бар деп түсінеді. Басқа біреу эсирдің өзгеруінен жеті қабатқа бөлінгенін жорамалдайды. Ал өте кең түсініктегі бір қауым, көз алдымызда көрініп тұрған жұлдыздар әлемін көктің бергі бір қабаты ғана деп пайымдайды да тағы да сондай алты қабат болу керек деп түсінеді. Ең жоғарғы түсініктегі жетінші топ болса, аспан әлемін мына әлеммен ғана шектегісі келмейді.

Сонау ақырет әлемі мен ғайып әлемдерінің, мисал және дүнияуи әлемдердің бәрінің бір-біріне шатыр, күмбез болған ғажайып жеті әлемнің бар екендігін түсінеді. Иә, бұл аяттың жоғарыда аталған жеті қат мағыналары секілді әлі де жекелеген тылсым мағыналары жетіп артылады. Осылайша, әркім өз ой-өрісіне қарай үлесін алады және сол көктерге тән дастарханнан ризығын табады.

Міне, бұл аяттың осындай мол қырлары мен тылсым сырлары бар. Олай болса, қазіргі ақылсыз философтар мен олардың адасқан астрономияларының аяттың мағынасын сынауы, ақымақ баланың аспандағы жұлдызды таспен ұрып түсіргісі келгені секілді жағдай. Өйткені, аяттың жалпы мағынасынан өзіндік жеке мағына нақтылы болған жағдайда, бүкіл мағыналары да нақты екендігі дәлелденіп отырады. Тіпті әзірге білінбесе де, көпшілік айтып жүрген бір мағынаны, олардың пікірімен санаса отырып оның жалпы мағынада рас екенін қабылдауға тура келеді. Ал, бұл аяттан ақиқатқа сай көптеген дәлелдер көрдік.

Енді, мына ынсапсыз, теріс түсініктегі география мен ессіз астрономияға қара! Олар аяттың жалпы әрі жеке мағыналарына көздерін жұмып, ақиқатты көрмей, ессіз, бассыз түрдегі мастықпен қияли ойларды аяттың мағынасы деп ойлап, аятқа тас лақтырды. Ақырында өз бастарын өздері жарды да имандарынан айырылды.

Сөзімізді түйіндер болсақ, жеті қырағат, жеті қыр, жеті мұғжиза, жеті ақиқат, жеті негізді қамтитын Құран көгінің биігіне шайтани пікірлер шығуға шамасы жетпегендіктен, оның терең мағыналарын

— 78 —

түсіне алмай жалған, жалаң хабарлар таратуда. Сондықтан, осы аяттың айтқанындай олардың бастарына аққан жұлдыздардан отты жаңбыр жауып өртейтін болады.

Иә, жын пікірлі философтардың ойымен Құранның көгіне шығу мүмкін емес. Аяттың жарық жұлдыздарына тек қана шынайы хикметтің миғражы арқылы, Иман мен Исламның ұшқыр қанаттары арқылы ғана шығуға болады.

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى شَمْسِ سَمَاءِ الرِّسَالَةِ وَ قَمَرِ فَلَكِ النُّبُوَّةِ وَ عَلٰى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ نُجُومِ الْهُدٰى لِمَنِ اهْتَدٰى
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
اَللّٰهُمَّ يَا رَبَّ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ زَيِّنْ قُلُوبَ كَاتِبِ هٰذِهِ الرِّسَالَةِ وَ رُفَقَائِه۪ بِنُجُومِ حَقَائِقِ الْقُرْاٰنِ وَ الْا۪يمَانِ اٰم۪ينَ
— 79 —

Он үшінші Лема

اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ

-ның сыры жайында.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَقُلْ رَبِّ اَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاط۪ينِ ٭ وَاَعُوذُ بِكَ رَبِّ اَنْ يَحْضُرُونِ

[Шайтаннан қалай сақтану керектігі туралы баяндалады. Он үш ишарадан тұрады. Кейбір ишаралар басқа жерлерде, мәселен жиырма алтыншы Сөзде түсіндірілгендіктен қысқаша жазылды]

БІРІНШІ ИШАРА. С РАҚ. Шайтандардың ешнәрсе жарата алмайтыны, әлемдегі құбылыстарға әсте иелік ете алмайтыны анық. Сондай-ақ Аллаһ Тағала тура жолдағыларды аса мейірімімен жарылқап, жәрдем етіп қолдап тұрады. Сонымен қатар хақ пен ақиқаттың тартымды да әсем сұлулықтары тура жолдағыларды құлшындырып, демеп тұратыны белгілі. Адасушылықтың келеңсіз де зиянды нәтижелері адасқандарды жиіркендіретіні де рас. Олай болса, неге тура жолдағы Әһл-і Хақты адасқандар көп мәрте жеңіп, басым түсіп жатады? Тура жолдағылар әрдайым шайтанның бәлесінен бір Аллаһқа сиынуының хикмет - сыры неде?

ЖАУАБЫ. Хикмет сыры мынада. Адасу мен жаманшылықтың басым көпшілігі бұзып-қирату, жоққа шығару, қабылдамау, болдырмаудан тұрады. Ал хидает, тура жол, негізінен алғанда қабылдау, орындау, бір нәрсені іске асыру, жөндеуден тұрады. Жиырма адамның жиырма күн бойы тер төгіп салған ғимаратын бір адам бір күнде бұзып тастайтыны мәлім.

Барлық сезім мүшелер аман-сау болуы арқылы, алғы шарттардың толық орындалуы арқылы жалғасын табатын адам өмірі, Жаратушы Иеміздің құдірет қолында болғанымен, бір залымның қастандық пиғылымен маңызды мүшесіне зақым берген кезде, тіршілікпен

— 80 —

салыстырғанда жоқ саналатын өлімге душар болады. Сондықтан "әттахриб-үл әсхәл" яғни бұзу өте оңай деген. Міне, осы сырға байланысты, адасқан кәпірлер азғантай күшпен тура жолдағы күштілерді кейде жеңіп кетіп жатады. Алайда тура жолдағылардың бекем қорғаныс тәсілдері бар. Оны жақсылап пайдаланса әлгіндей қауіпті дұшпандар жолай алмайды, әсте зиян бере алмайды.

Егер уақытша зиян берсе дағы وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّق۪ينَ аяты білдір-геніндей мәңгі сауап пен мол бақытқа бөленуге себеп болатындықтан ол зиянның орны еселеп қайтарылады. Әлгі қорғаныс тәсілдері мен мықты бекініс - Ардақты Мұхаммедтің (с.а.у.) шариғаты және көркем сүннеттері.

ЕКІНШІ ИШАРА. Сұрақ. Жамандыққа тұнып тұрған шайтандардың жаратылысы және олардың иманды жандарды азғыруы, солардың кесірінен көптеген адамның күпірлік жасап, жәһаннамға түсуі былай қарағанда келеңсіз де жаман боп көрінеді. Апырым-ай, мұндай жаман нәрсеге Жәмил-і Аләл Ытлақ, Рахим-ы Мұтлақ, Рахман-ы бил-Хақтың мейірімі мен қамқорлығы қалай жол береді, мұндай жағымсыз оқиғаларға неге рұқсат береді?

Бұл, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе, бұл туралы көп сұралады.

ЖАУАП. Шайтанның жаралуында азғантай жамандық болғанымен көптеген жалпыға ортақ болымды мақсаттар мен адамзаттың кемелденуі секілді игі істер көзделген. Бір дәннің сонау зәулім ағашқа айналғанға дейін қаншама мәртебесі болса, адамзаттың да қабілет жағынан мәртебесі сан-алуан. Тіпті атомнан бастап күнге дейін барарлықтай қатпарланып жатқан дәрежелері бар. Мұндай зор қабілеттің ашылып жетілуі үшін әлбетте бір әрекет, қозғалыс керек. Ондай әрекеттердің қозғаушы күші күрес. Ондай күрес шайтандар мен зиянкес нәрселердің болуы арқылы іске асады. Әйтпесе, періштелер тәрізді, адамдардың да мәртебесі бір қалыпты болып, адамзат әлемінде мыңдаған сыныптағы адамдар болмас еді. Кішкене бір жаманшылықты болдырмау үшін мыңдаған жақсылықтан бас тарту, хикмет пен әділдікке керағар іс. Иә, шайтанның кесірінен көп адамның адасып жатқаны рас. Алайда маңыздылық пен құндылық санда емес сапада. Санға көп мән берілмейді, кейде мүлдем мән берілмейді.

— 81 —

Мәселен, қолында бір мың он түйір дәні болған адам, оларды еккен кезде, олар химиялық өзгеріске ұшыраудың салдарынан он түйірі ғана ағашқа айналып қалған мың данасы шіріп кетті. Әлгі он дәннің иесіне берер пайдасы, шіріп кеткен мың дәннің орнын басары анық. Сол сияқты нәпсі мен шайтанға қарсы күрес арқылы адамзат әлемін жұлдыздар сияқты нұрландырып тұрған он кәміл адам шықса, солардың саясында адам баласының абыройы артып, мерейі үстем болып жатса, әлбетте зиянды жәндіктер сықылды дәрежесі төмен пенделердің кәпір болу арқылы адамзаттың абыройына дақ түсіретін зиянын жуып-шайып кететіндіктен Иләһи рахымшылық, хикмет, әділет шайтанның болуына рұқсат беріп, тиісуіне жол ашып қойған.

Уа, иманды жандар! Мұндай қауіпті дұшпандарыңа қарсы қорған Құранға сәйкес тақуалық, пана болар нәрсе, Расулуллаһтың (с.а.у) көркем сүннеті. Ал қару - истиазе яғни шайтаннан Аллаһқа сиыну және истиғфар яғни Аллаһтан кешірім сұрау, Иләһи қамқорлыққа сиыну.

ҮШІНШІ ИШАРА. Сұрақ. Құран Кәрімнің кәпірлердің үстінен қатты шағымдануы әрі аса мән беруі, зәрені ұшыратындай қорқытуы Құранның әділ де орынды сөйлейтін шешендігіне, тиімді тәсіліне, турашылдығына сырттай қарағанда үйлеспейтін тәрізді. Бейне бір әлсіз, бейшара бір адамға қалың әскер жібергендей. Сондай-ақ, Оның болмашы іс-әрекетіне бола мыңдаған ауыр қылмыс жасағандай қаһарын шашуда. Пақыр әрі қолынан ештеңе келмейтін біреуді аса жауыз әскер секілді бағалап, оның үстінен қатты шағым айтылуда. Мұның сыры, хикметі неде?

ЖАУАБЫ. Мұның сыры мен хикметі мынада. Шайтандар мен оған ергендер адасу жолында жүргендіктен, аз ғана әрекет арқылы көптеген бұзғыншылықтар жасай алады. Аз ғана қозғалыспен көп шығынға ұшыратып, көпшіліктің құқығын таптайды. Мәселен, патшаның үлкен сауда кемесінде жұмыс істейтін бір адам, аз ғана әрекетімен, тіпті өзіне жүктелген шағын міндетін атқармауы арқылы сол кемеге қатысы бар қызметкерлердің еңбектерінің нәтижесін болымсыз етіп, жемісін зая қылып, жұмыстың тоқтап қалуына себеп болатындықтан кеменің абыройлы иесі әлгі адамның үстінен кемеге қатысы бар барлық жұмысшылардың атынан үлкен шағым жасап, зәресін алатындай қорқытады және оның жасаған кішкене әрекетін

— 82 —

емес, ол әрекеттің кесірінен пайда болған орасан зор нәтижені назарға ала отырып, өзі үшін емес, сол жердегі қызметкерлердің ақысы үшін өте ауыр жазаға тартады. Сол сияқты Мәңгілік Аллаһ, жер шары атты кемеде тура жолдағылармен бірге болатын адасқандар мен шайтанның әскерілері, сырт қарағанда азғантай қателік жасап, бағынбау пары арқылы көптеген жаратылыстардың ақысын жегендіктен және жаратылыстың маңызды міндеттерінің жемістерінің зая болуына себеп болатындықтан, олардың үстінен үлкен шағым айтылуы, қатаң ескерту жасалуы, бұзықтықтарының алдын алу үшін көптеген нұсқаулықтар беруі шешендік, бір жағынан аса даналық және өте орынды, солай болуы жөн. Жағдайдың талабына қарай тауып сөйлеу - шешендіктің дәл өзі. Бос сөз, артық ауыз әңгімеден аулақ болу шешендіктің талабы. Өздерің білесіңдер, азғантай әрекетпен көп шығынға ұшырататын қауіпті дұшпандардан мықты да берік қорғанға кіріп сақтанбағандар қатты зардап шегіп қалары сөзсіз.

Ей, иманды жандар! Ондай берік те ғажайып қорған - Құран. Ішіне кір де аман қал!

ТӨРТІНШІ ИШАРА. Жоқ болу өте жаман нәрсе, ал бар болу өте жақсы нәрсе. Мұны зерттеуші ғалымдар мен әулиелер бір ауыздан растаған.

Иә жақсылық, кемелдік, әсемдік атаулы бір әрекеттің нәтижесінде яғни бір болған нәрсеге сүйенетіні, соған тікелей байланысты екені белгілі. Сырттай қарағанда жоқтан, еш себепсіз болып жатқандай көрінгенімен негізінде бір себеппен, жасалған істің нәтижесінде болады. Ал адасу, жаманшылық, бәле мен күнә тәрізді жағымсыз нәрселердің негізі, қайнар бұлағы жоқ болу мен еш нәрсе істемеу, қабылдамау. Ондағы жамандық пен жағымсыздық жоқ болудан, жасалмаудан пайда болады. Негізінде бір қарағанға бір себеппен, бір іс жасалған соң нәтижесі секілді көрінгенмен астарында жоқ болу, қабылдамау, бір нәрсені орындамау жатыр. Өмірде көзбен көріп жүргеніміздей, бір ғимараттың салынуы үшін барлық шарттардың орындалуы қажет. Ал оның бұзылуы, жоқ болуы немесе болмай қалуы үшін, бір шартының орындалмауы жетіп жатыр. Бір заттың болуы үшін, бір қозғаушы күш себеп болуы керек. Ал жоқ нәрсе жоқ нәрсеге сүйеніп жоқ бола береді. Жоқ нәрсе жоққа негіз бола алады.

— 83 —

Міне, осы қағидаға сүйене отырып, жын мен адам шайтандары әлемде жойқын бұзғыншылықтар, саналуан күпірліктер, түрлі сұмдықтарды жасап жатқанымен тырнақтай болсын жарату ісіне араласа алмайды, Алланың мүлкіне әсте ортақ бола алмайды. Істеген істері бір күш-құдіретпен атқарылып жатқаны жоқ. Көп шаруаны күшпен, қозғалыспен емес, керісінше қозғалыссыз, әрекетсіз, орындамау арқылы жүзеге асырады. Жақсылық жасатқызбау арқылы жамандық жасайды. Яғни нәтижесінде жаманшылық болады. Себебі, жаманшылық, бұзу түріне жататындықтан қоздырушы себептің нағыз құдірет, жасаушы күш болуы шарт емес. Оған, бір істің немесе бір шарттың орындалмай қалуы жетіп жатыр. Міне, осы сыр Мәжусилерге, яғни отқа табынатындарға түсініксіз болғандықтан олар, әлемде "Ездан" деп аталатын жақсылықтың құдайы және "Әхриман" атты жамандықтың құдайы бар деп сенеді. Алайда олардың "Әхриман" деп жүрген қиялдарындағы жамандықтың құдайы аз ғана еркі бар еш нәрсе жасатпау арқылы жаманшылыққа себеп болатын кәдуілгі шайтан.

Ей, иманды жандар! Шайтанның мұндай қауіпті лаңкестігіне қарсы сенімді қаруыңыз, жөндеу құралыңыз - истиғфар және «әғузубилләһи минаш шайтанир раджийм» деп Жаратушы Иемізге сиыну. Қорғаныңыз Пайғамбарымыздың көркем сүннеті.

БЕСІНШІ ИШАРА. Аллаһ Тағала түсірген аспани кітаптарында адамзатқа үлкен сыйлық, Жұмақ пен ауыр жаза Жәһаннам бар екенін қайта-қайта ескертіп отыр. Сонымен қатар, көптеген тәрбиелік уағыздар, нұсқаулар, ескертпелер мен сақтандыратын немесе құлшындыратын сөздер айтылып, иманды жандардың тура жолға түсуіне, дұрыс жүруіне осыншама себептер, мүмкіндіктер жасалып жатса да мұсылмандардың шайтани топтың құр сөзіне, еш пайдасы жоқ, ақысыз да жағымсыз, түкке тұрғысыз арбауларына алдануы, бір кездері мені қатты ойландыратын. Іштей, апырым-ай, жүрегінде иманы бола тұра, Құдайдың осынша қатаң ескертулеріне құлақ аспауы қалай? Олардың иманы қайда? дейтінмін.

Құранда. اِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَع۪يفًا дегеніндей шайтанның өте әлсіз азғыруына еріп, Аллаһқа қарсы шығуда. Тіпті, менің кейбір таныстарым, менен жүздеген ақиқат дәрістерін ала тұра, өзара қарымқатынасымыз
— 84 —

жақсы болса да, маған деген құрметі де күшті бола тұра, қасиетсіз бір адамның түкке тұрғысыз, рияшыл ілтипатына алданып, соған жақ болды да маған қарсы боп шыға келді. «Фәсубханаллаһ» дедім. Мұндай да адам болады екен-ау! Неткен қасиетсіз жан еді! - деп, әлгі бейшараны ғайбат қылып күнәға баттым. Содан кейін жоғарыда аталған ишаралардағы ақиқаттар көкейіме ашылды да көптеген қараңғы, түсініксіз жайттар анықталды. Сол нұр арқылы Құдайға шүкір, көп мәселені түсіндім. Яғни Құран Кәрімнің қайтақайта ескертуі өте орынды екенін, сондай-ақ, иманды жандардың шайтанның болмашы азғыруына еріп кетуі имансыздықтан немесе иманның әлсіздігінен емес екенін, және үлкен күнәларды істегендер кәпір болып кетпейтінін және Мүғтазила мәзһабы мен кейбір Харижия мәзһабының: "Үлкен күнә істегендер кәпір болады немесе иман мен күпірдің ортасында қалады" деген үкімдері қате екенін, сондайақ, әлгі менің бейшара таныстарымның да жүздеген ақиқат дәрісін бір алаяқтың ілтипатына айырбастап жібергені мен ойлағандай азғындық, оңбағандық емес екенін түсіндім. Құдайға шүкір ондай қателіктен құтылдым. Өйткені жоғарыда айтылғандай шайтан, бір істі орындатқызбау арқылы адам баласын қауіпті жағдайға душар етеді. Оның үстіне адамдағы нәпсі, әрдайым шайтанды тыңдауға даяр тұрады. Бойдағы ашу-ыза мен құмарлық сезімдері де шайтанның арбау-айлаларын қабылдаушы және тасылмалдаушы қызметін атқарады.

Міне, сол үшін Аллаһ Тағала өзінің «Ғафур», "Рахим" секілді екі есімін имандыларға бағыттап отырады. Құран Кәрімде Пайғамбарларға жасалған орасан зор сыйлық «мағфират» яғни кешірім екенін баяндап, оларды истиғфарға, яғни кешірім сұрауға шақырады.

Қасиетті بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ сөзін әр сүренің басында қайталап және әрбір қайырлы іс жасарда айтылуы керектігін әмір ете отырып, әлемді қамтып жатқан мол мейірімі, аса қамқорлығы мұсылмандар үшін пана екендігін көрсетуде فَاسْتَعِذْ әмірімен اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ‌ сөзін «қорған қылыңдар!» дейді.
— 85 —

АЛТЫНШЫ ИШАРА. Шайтанның тағы бір өте қауіпті тұзағы мынау. Кейбір сезімтал әрі аңғал кісілердің күпірлікті қиялдауын күпірлікті қабылдап қойғандай көрсетіп шатастырады. Сондайақ, адасушылыққа жай ой жүгіртуді адасушылықты қолдау секілді көрсетеді. Қасиетті тұлғалар мен киелі заттар туралы жаман ойлар салады. Зати ықтималды ақыли ықтимал етіп көрсетеді. Яғни жалпы, негізінде болуы мүмкін нәрсені болайын деп тұрған нәрсе секілді көрсетеді. Осылайша имандағы нық сенімге іштей қарамақайшылықтар туғызады. Сол кезде әлгі бейшара сезімтал адам өзін күпірлік жасап, адасып жүр екенмін деп иманының ұшып кеткенін ойлап, үмітсіздікке түседі. Сондай үмітсіздіктің кесірінен шайтанға масқара болады. Шайтан сол үмітсіздігін де әрі әлгі осал тұсын да пенденің ақиқаттарды шатыстырып алуын да сәтті пайдаланады. Оның я есін шығарады, я «ақыры болар іс болды» дегізіп, одан әрі адастырады.

Шайтанның бұлай алдауы қаншалықты негізсіз екені кейбір рисалелерде баяндалған-ды. Қазір қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен айнаға суреті шағылысып тұрған жылан шақпайды, оттың да суреті күйдірмейді, нәжіс нәрселердің шағылысып саған көрінуі сенің үстіңді былғамайды. Сол сияқты қиял мен пікір айнасына күпірлік пен ширктің, адасушылықтың, жаман сөздердің ойға келуі сенімді, ақиданы бұзбайды, иманға зақым бермейді, әдепсіздік саналмайды. Себебі мынадай берік қағида бар. жаман сөзді қиялдау оны айтқан боп есептелмейді. Күпірлікті қиялдау да күпірлік саналмайды. Адасушылықты ойлау да адасу емес. Енді имандағы күдік мәселесіне келер болсақ, жоғарыда айтылған зати ықтималдар иманға қайшылығы жоқ, ақиданы бұзбайды. Дін негіздері жайлы баяндайтын ілімде мынадай бұлтартпас қағида бар;

اِنَّ الْاِمْكَانَ الذَّاتِىَّ لَا يُنَافِى الْيَق۪ينَ الْعِلْمِىَّ

Мәселен, Барла көлінің шалқып жатқанына сенімдіміз. Ал, затында яғни негізінде ол дәл осы сәтте жерге сіңіп жоқ болып кетуі мүмкін. Оған ешкім мүмкін емес деп айта алмайды. Бірақ бұл жоғарыда аталған зати ықтимал ғана. Бір негізге сүйенбегендіктен, ақыли ықтимал санатына жатпайтындықтан күдік туғызбайды. Тағы да соған ұқсас бір қағида,

— 86 —
لَا عِبْرَةَ لِلْاِحْتِمَالِ الْغَيْرِ النَّاشِىءِ عَنْ دَل۪يلٍ

яғни белгілі бір себептен туындамаған зати ықтимал, шүбә- ландыратындай ақыли ықтимал саналмайды, маңызы да жоқ.

Міне, осындай күдік ауруына шалдыққан бейшара адамдар әлгіндей зати ықтималдың салдарынан иман негіздеріне деген сенімін жоғалтып алдым деп ойлайды. Мәселен, Ардақты Пайғамбарымызға адам ретінде қарағанда зати көптеген ықтимал ойлар келеді. Бірақ иманның негізіне, өзегіне оның хақ пайғамбар екеніне түк зияны жоқ. Алайда кім зияны тиді деп ойласа зиянға ұшырайды.

Кейде шайтан қалбтің (жүрек) үстіне орналасқан "шайтан лүммесі" дейтін жерден Жаратқан Иеміз туралы жаман сөздер айтады. Сонда пенде мұндай жаман сөздерді айтатындай жүрегім бұзылған екен деп ойлап, зәресі ұшады. Алайда оның бұлай қорқып, үрейленуі ол сөздің жүректен шықпағанына, яғни әлгі шайтан лүммесінен шығып жатқанына немесе шайтанның сыбырлап тұрғанына дәлел.

Сондай-ақ, адами сезімдердің ішінде мен анықтай алмаған бір-екі сезім бар. Олар ерік қалауымызды тыңдамайды. Тіпті жауапкершілік жүктелмейтін сезімдер. Кейде адамды сол сезімдер билеген кезде ақиқатқа құлақ аспай, қисық жолға түсіп алады. Сол кезде дереу шайтан әлгі адамды былай деп азғырады: "Сенің ақиқатқа, имандылыққа қабілетің жоқ, әне, көрдің бе, еріксіз қисық жолға түстің. Демек сенің тағдырың солай жазылған сорлысың". Мұны естіген бейшара үмітсіздікке салынып, құрдымға кетеді. Алдыңғы арбау, алдауға түскен мүминді сақтайтын не? Зерттеуші асфиялар сүйенген қағидалар бойынша шекарасы нақтыланған иман шарттарымен Құранның анық үкімдері. Ал, соңғы арбауына қарсы тойтарыс күшіміз, истиязе яғни қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйыну және оған аса мән бермеу. Өйткені мән берген сайын назар аудартып, ұлғайып, асқынып кетеді. Мүминнің мұндай рухани дертіне бірден бір шипа, ем болар шара Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сара жолы, көркем сүннеті.

ЖЕТІНШІ ИШАРА. С РАҚ. Мұғтазилә ағымының имамдарының түсінігі бойынша жамандықтың жаратылуы жаман нәрсе. Сондықтан олар күпірлік, адасу секілді жамандықты жарату ісін Аллаһқа бермейді яғни оны Аллаһ жаратпайды деп өздерінше Жаратқан Иемізді осылай пәктеген болады. "Адам істеген ісінің

— 87 —

жаратушысы" деп, адасушылыққа салынады. Сондай-ақ олар "Үлкен күнәні істеген мүмин иманынан айырылады. Себебі Аллаһ Тағалаға сеніп, тозақты мойындағаннан кейін үлкен күнә істеу мүмкін емес дейді. Өйткені дүниеде кішкене бір түрмеге қамалудан қорқу, адамды заңға қайшы әрекеттен тыйып, қылмыс жасауға жол бермей жатса, мәңгі Жәһәннәм азабы мен Құдайдың қаһарына ұшырау ойы назарына ілікпейтіндей дәрежеде үлкен күнәларды істесе, әлбетте оның иманы жоқ екенін көрсетеді" дейді.

ЖАУАП. Біріншіден, Тағдыр туралы жазылған Рисаледе баяндалғанындай, жамандықтың жаратылуы жаман емес, оны іске асыру жаман. Себебі жарату ісі одан туындайтын барлық нәтижелерді қамтиды. Бір жамандық көптеген жақсы нәтижелер туғызуы мүмкін. Сондықтан ондай жамандықты жарату нәтижесі жағынан алғанда жақсы болып, жақсылық саналады. Мәселен, оттың жүздеген пайдалы, жақсы нәтижелері бар. Алайда баз біреулер оспадарсыз әрекетімен оттан зиян шегіп, жаман қылып алса: «Оттың жаратылысы жаман» дей алмайды. Сол сияқты шайтанның жаратылысы да адамзаттың дамып, кемелденуіне септігі тиетіні секілді көптеген хикметке толы нәтиже береді. Сонымен қатар бұрыс пайдалану, қисық әрекеттің кесірінен пенде шайтанға жеңіліп қалып жатса: «Шайтанның жаратылуы жаман» деп айта алмайды. Себебі ол өзі-өзіне зұлымдық жасады, жаман болды.

"Кәсіп" деген әркімнің бір іске жеке кірісуі. Сондықтан әркімнің өзіне қарайтын жағы, істеген ісінің нәтижесі жаман болуы мүмкін. Ал, жоқты бар қылу, жарату болса жалпыға ортақ, күллі нәтижелерді қамтитындықтан ол тұрғыдан алғанда жаман нәрсенің жаратылуы жаман емес, тіпті жақсы саналады. Мұғтазилә нанымындағылар осы сырды түсінбегендіктен, жаманды жарату жаман, жағымсыз нәрсені жарату жағымсыз деп білгендіктен Хақ Тағаланы пәктеу үшін жамандықты жаратуды оған бермейді. Тура жолдан адасып وَ بِالْقَدَرِ خَيْرِه۪ وَ شَرِّه۪ яғни жақсылық пен жамандық Аллаһтан деген иманның бір шартын өздерінше жориды.

ЕКІНШІ ТАРМАҒЫ. "Үлкен күнәні істеген адам қалай мүмин болып қала береді?" деген сұраққа жауап. О баста күнә істеген адамды кәпірге санау қате екені нақты түсіндірілгендіктен меніңше қайталаудың қажеті жоқ.

— 88 —

Жалпы, адамның нәпсісі аз да болса дайын тұрған ләззатқа құмар келеді. Ол тіпті азғантай болса да біраздан соң берілетін мол ләззаттан артық көреді. Сол секілді кейінірек тартатын бір жылдық азаптан гөрі дәл қазір тиетін бір шапалақтан қаттырақ қорқады. Оның үстіне адамды сезім билесе ақылдың айтқанын тыңдамай кетеді. Әуестікке беріліп, түкке тұрмайтын дайын кішкене ләззатқа бола кейін болатын үлкен сый-сияпаттан құр қалуға бар. Алдында күтіп тұрған үлкен күйзеліске қарағанда қазір болатын азғантай күйзелістен қатты әсер алады. Себебі, әуестік пен сезім келешекті ойламайды, тіпті сенбейді. Оның үстіне нәпсі қозса, иманның тұрағы болған жүрек пен ақыл жеңіліп қалады.

Олай болса, үлкен күнәні істеу имансыздықтан емес. Ол бір сезім мен әуестік билеген кезде ақыл мен жүректің жеңіліп қалуынан болатын жағдай.

Һәм, жоғарыда айтылғандай, жамандық жасау, әуестікке салыну, бүлдіру болғандықтан істеу өте оңай. Сондықтан адам мен жын шайтандары қисық жолға пенделерді тез салады.

Таңғаларлық бір жәйт, хадисте айтылғандай: Мәңгі әлемнің шыбынның қанатындай ғана кішкене нұры мәңгі болғандықтан бір адамның бұл дүниеде өмір бойы алған ләззаты мен нығметінен артық бола тұра, кейбір байғұстар шыбынның қанатына да тұрмайтын дүнияуи ләззатқа алданып, о дүниясын бұ дүнияға айырбастап, шайтанның азғыруына ереді.

Осыған байланысты, Қасиетті Құран мүминдерді қайта-қайта ескертіп, жиі-жиі қорқытып, бірде қызықтырып, бірде құлшындырып жақсы амал істеуге шақырып, жамандықтан тыйып отырады.

Бірде, Қасиетті Құранның осы қайта-қайта қатаң ескертулері маған: Мұнша қайталана беретін ескертулер мен нұсқаулар, иманды жандарды тұрақсыз, қасиетсіз етіп көрсетпей ме? Адамның абыройын түсіргендей нәрсе ғой. Өйткені, бір қызметшіге бастығы бір жұмыс тапсырып, оны бір рет айтуы жеткілікті бола тұра он рет қайталаса. "Маған сенбей тұрсыз ба? Опасыз жан емеспін ғой" дейді. Алайда, Қасиетті Құран ең ықыласты мүміндерге қайта-қайта ескерту жасауда. Мұның сыры не екен? деген ой салды.

Бұл ой мені мазалап жүргенде екі-үш адал достарым бар болатын. Олар, адами шайтандардың арбауына түсіп қалмауы үшін көп ескертіп, жиі сақтандырып отыратынмын. Олар ешқашан "бізді бекерге

— 89 —

жазғырасыз" демейтін. Бірақ өзім іштей "Бұларға сенбейтіндей қайта-қайта ескерту жасап, опасыз адамдай жазғырғаным болмас" дейтінмін. Содан жоғарыда аталған ақиқаттың сыры ашылды да Қасиетті Құранның қайта-қайта ескертуі өте орынды, ешқандай да артық емес екенін, қайта хикметке толы шешендік екенін білдім. Әлгі адал достарымның неге ашуланбайтынын түсіндім.

Ол ақиқаттың қорытындысы былай: Шайтандар әлемді бүлдіру, адамзатты бұзу үшін әрекет ететіндіктен кішкене амалмен үлкен жамандық жасайды. Сондықтан тура жолда жүргендер өте сақ болып, мұқият болуға және көптеген ескертулерге, демеуге мұқтаж болғандықтан, Аллаһ Тағала жөн сілтеп тура жолға салатын сөздерін қайталай отырып имандыларға өзінің мың бір есімін көмекке ұсынады, өз қамқорлығына алады. Бұл, адамның абыройын түсіру емес, керісінше қамқорлық. Адамның қадірін түсіріп жатқан жоқ, қайта шайтанның бәлесінің жаман екенін көрсетуде.

Уа, хақ жолдағылар мен һидает нәсіп болғандар! Адам шайтаны мен жын шайтандарының аталған әзәзілдерінен сақтанудың жолы әһл-і сүннет уәл жамағаттың жолын ұстану, Қасиетті Құранды паналау, Пайғамбарымыздың сүннетін басшылыққа алу. Сонда ғана дін аман боласыңдар!

СЕГІЗІНШІ ИШАРА. С РАҚ. Жоғарыда, адасу, кәпір болу оңай, өйткені ол бұзу, ақы жеу болғандықтан көпшілік сол жолды таңдайтынын айтып дәлелдедіңіз. Ал, басқа рисалелеріңізде күпірлік пен адасушылық жолы қиын екенін, ол жолмен ешкім жүрмеуі керектігін, тіпті ол жолды мақұл көру мүмкін емес екенін баяндап өттіңіз. Ал, иман мен һидает жолы рахат, жеңіл болғандықтан жұрттың бәрі сол жолға түсу керек деп дәлелдедіңіз. Бұл қалай?

ЖАУАП. Күпірлік, адасушылық екі түрлі болады. Біріншісі, «амали уә фәри» деп аталады, яғни адам өзіне жүктелген міндетті атқармай, қамсыз-хәрекетсіз күйде болады. Иманның үкімдерімен жұмысы болмайды, оған сенбейді. Мұндай күпірлік оңай, ақиқатты мойындамау, тәркі ету, қабылдамау. Рисалелерде осы түрі оңай делінген-ді.

ЕКІНШІСІ. Амал-әрекетке емес, иманның негіздеріне қатысты. Ислами нанымға қарсы үкім айту. Бұл күпірлік тек иман шарттарын қабылдамау ғана емес, оған қарсы пікір айтып, теріске шығару. Бұл,

— 90 —

бұрысты қабылдау, дұрысты бұрыс деп дәлелдеуге тырысу. Иманның үкімдеріне сенбеу ғана емес, керісінше олай еместігін дәлелдеу. Иманды қабылдамау ғана болса оңай болар еді.

Ал, бір нәрсенің жоқ екенін дәлелдеу اَلْعَدَمُ لَا يُثْبَتُ қағидасы бойынша оңай шаруа емес.

Міне, Рисалей-Нұрда мүмкін емес дейтіндей қиын, мүшкіл екендігі айтылған күпірлік пен адасушылық түрі осы. Бұл жолға титімдей ақылы бар адам түспеуі керек болатын. Рисалелерде нақты дәлелденгеніндей, ол жол өте ауыр, уайым-қайғысы көп, қою қараңғы, сондықтан ақылды адам оған жоламауы керек.

Егер былай десе. Неге көптеген адамдар мұнша қиын да қасіретті жолға түсуде.

ЖАУАБЫ. Ішіне түсіп кеткен, енді шыға алмай жүр. Адамның бойында хайуани және өсімдікке тән сезімдер бар. Олар істің соңын ойламайды. Сол сезімдер қозып, күшейіп алғанда адам қисық жолдан шыққысы келмейді. Дайын тұрған кішкентай ләззатқа мәз болып жүре береді.

С РАҚ. Күпірлікте сондай қайғы-қасірет, үрей мен қорқыныш бар екені рас, кәпір өмірдің қызығын көрмек түгіл, уайым мен қорқыныштан зәресі ұшып жүрегі жарылып кетуі керек еді. Өйткені, адам болған соң көп нәрсеге алаңдайды, қызығады, өмірге ғашық. Бірақ өзі кәпір болғандықтан өлім мен аяқталуды мәңгі жоқ болу, құрдымға кету, енді қайтып көріспеу және жақын-жуықтарының опат болуын мәңгі бақи қоштасу деп көреді. Көз алдында мұндай оқиғалар күнде болып жатқанын көрген адам қалай шыдайды, қалай өмір сүріп, қуана алмақ?

ЖАУАБЫ. Шайтанның арбауына еріп, өзін-өзі алдап, өмір сүре береді. Жалған ләззатқа мәз болады. Бұл жағдайға ишара етер мына бір атақты тәмсілді айта кетейік. Түйе құсқа «Қанаттарың бар екен ұш!» деген екен. Сөйтсе ол, қанаттарын қысып алып: «Мен түйемін ғой!» деп ұшпапты. Бірақ аңшының тұзағына түскенде, аңшыдан жасырынбақ боп басын құмға сұғып жіберіпті. Өңкейген денесі сыртта, аңшы ұстап алыпты. Сосын оған: «Сен түйемін деймісің, онда жүк тасы!» десе, қанатын жайып жібіріп: "Мен құспын ғой!" деп, жүк тасудан да құтылып кетіпті-міс. Алайда қорғаушысыз,

— 91 —

жемсіз қалған соң аңшыларға нысана болыпты. Дәл сол сияқты, кәпір Құранның аспани хабарларын ақылы мүлдем жоққа шығарудан бас тартып, күмәнді күпірлікке түседі.

Оған: "Сен өлімді, жалпы аяқталуды мүлдем құрып, жоқ болу деп білесің. Олай болса өлімнің дар ағашы сенің көз алдыңда тұр ғой. Қалай өмір сүріп, рахаттанбақсың?" десе, ол Құранның жалпыға ортақ, кең нұрынан пайдаланып, "Өлім деген мәңгіге құрып кету емес, о дүния бар дейді ғой" дейді. Немесе "ажал мені көрмей қалсын, қабір таба алмасын, аяқталу деген нәрсе мені айналып өтсін" дегендей түйе құсқа ұқсап басын ғапылдық құмына сұға салады.

Сонымен, кәпір өзінің күмәнді, күпірлік көзқарасы арқылы өлімді құрдымға кету, мәңгіге жоғалу деп көрген кезінде Құран мен аспани кітаптардың ا۪يمَانٌ بِالْاٰخِرَةِ сөзі оған ахырет жайлы үміт бергендей болып, соған жармасып, күпірліктің қорқынышты уайым-қайғысынан бір сәтке құтылғандай болады. Сол кезде оған: "Мәңгі әлем бар екені рас, бірақ ол жақта рахат өмір сүру үшін бұл дүнияда діннің талаптарын орындап машақаттану керек қой". десе ол: "Ондай мәңгі өмір жоқ шығар, босқа әуре болып қайтемін?" деп сылтауратады. Осылайша Құранның о дүния жайлы хабарына сүйеніп, мәңгі жоқ болу дейтін қайғыдан құтылып кетеді. Енді хақ діннің шарттарын орындауға келгенде оның да машақатынан құтылу үшін күдік пен күмәнға қашады. Сол үшін кәпір мына дүнияда мүминнен артық рахат өмір сүріп жүргендей көрінеді. Өйткені, күпірлік жағымен діни міндеттерден құтылса, мүмкін ақырет бар шығар деген ойы мәңгілік азаптан аман қалармын деп ойлайды. Шайтанның мұндай арбауы түк пайдасыз әрі уақытша. Міне, бұл тұрғыдан алғанда Хаким Құранның кәпірлерге де рахымы бар.

Сондықтан, оларға мына дүниенің өзі тозаққа айналмай, бір шама шек-шүбәмен өмір сүруде. Әйтпегенде, ақыреттегі Жәһаннамды еске салатын мына дүниеде ауыр азап шегіп, өз-өздеріне қол жұмсар еді.

Ей, имандылар! Сендерді мәңгілік құрдымнан және дүнияуи да ақыреттік те Жәһаннамынан құтқаратын Құрани қорғанға иман ете отырып, сенім арта отырып келіп кіріңдер! Әрдайым оңға бастайтын Сүннеттің шеңберінен шықпаңдар! Сонда, дүниенің әуресінен де ақыреттің азабынан да құтыласыңдар.

— 92 —

ТОҒЫЗЫНШЫ ИШАРА. Сауал. Әлемнің мақтанышы болған Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм бастаған пайғамбарлар керуені, тура жолдағы әһл-и һидает, осыншама Иләһи қамқорлық пен Сүбхани демеуге ие бола тұра, шайтанның артынан ерген адасушылардан неге жеңіледі? Жарқыраған күндей Пайғамбарлықтың нұры мен әсерлі ақиқаты дүние жүзілік тартылыс күшінен де тартымды Құран Кәрімнің сәулесі шартарапқа нұрын шашып жатқанда, жанында жүрген Мәдинелік мұнапықтардың тура жолды таба алмай адасуы қалай?

ЖАУАП. Бұл екі тармақты маңызды сұрақтың жауабын беру үшін терең негіздерді ескерген жөн. Бұл дүниеде Халиқ-ы Зүлжәлалдың Жамали және Жалали есімдері бар. Ол есімдер өз үкімдерін түрлі бейнеде көрсеткісі келетіндіктен, Аллаһ Тағала өзара қарама-қайшы нәрсені бір-біріне араластыру арқылы алға жылжу, даму, өзгеру, өрістеу секілді үдеріс жасап, бірін-бірі теуіп, итеретін жағдайда жаратқан. Осылайша, оларға хикмет толы, пайдасы көп белгілі бір мағынада қарсыласу қабілетін берген. Сол арқылы теріс нәрселер тоғысып, өзгеріс, құбылыс пайда болады да нәтижесінде даму, кемелдену жүзеге асады. Осы заңдылықтарға орай, мына әлем атты ағаштың ең маңызды жемісі болып саналатын адамзат әлемінде де сол заңдылықтар қатаң сақталады. Соның аясында ғажайып қарамақайшылықтар пайда болып, қимыл-әрекеттер арқылы кемелденудің, дамудың есігі ашылады. Аллаһ жолдында жүргендерге қарсы шыға алулары үшін Шайтанға ерушілерге де біраз құрал-жабдықтар берілген.

Міне, осындай тылсым сырдың нәтижесінде Әнбиялар да талай рет кәпірлерден жеңіліп қалған. Өте әлсіз әлгі кәпірлер тобы соншалық күш қуатқа ие Хақ жолындағы әнбия-әулияларды уақытша жеңіп, оларға қарсы төтеп беріп отырған. Ал, мұның хикмет-сыры мынада: Адасушылық пен күпірлікте жоққа тән нәрселер, бір істі орындамау, міндетін атқармау сынды нәрселер болғандықтан, ол жолда жүру оңай, іс-қимыл керек емес. Ол - бұзу, қирату болғандықтан өте жеңіл әрі оңай. Ол үшін азғантай әрекет жетіп жатыр. Ол - ақы жеу, шектен шығу болғандықтан аз ғана амал арқылы көпшілікке зиян тигізеді. Жұртты қорқыту арқылы табысқа жетеді. Перғауын секілді мақам, мәртебе иеленеді. Сондай-ақ, істің соңын ойламайтын дайын ләззатқа

— 93 —

құштар адам бойындағы хайуани яки өсімдікке тән сезімдердің қанағаттануы, рахаттануы және бостандығы тағы бар. Сөйтіп, ақыл мен жүрек сынды адами сезімдердің нағыз міндеттерінен бас тартқызады, яғни істің соңын неге апаратынын ойлатпайды.

Ал, тура жолдағылардың, әу баста пайғамбарлардың, одан да жоғарғысы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұстанған киелі жолы жоққа тән нәрсе емес, «вужуд» яғни бар болу, дәлелсіз емес, нақты дәлел. Бұзу емес, жөндеу, тоқтау емес, әрекет-қозғалыс, шектен шықпау, істің соңын ойлау, босқа құлшылық, бағыну. Нәпсінің перғауындық пиғылын, бейбас жүріс-тұрысын тоқтату сынды маңызды мәселелерге негізделгендіктен, қасиетті Мәдина қаласының сол кездегі мұнапықтары бейқам жүріп, Күндей жарқырап шыққан Нұрды көрмей жарқанатқа ұқсап көздерін жұмып алғандықтан керемет, тартымды ақиқатқа қарсы шайтани, кері тебу күшінің ықпалында қалып, адасты.

Егер біреу былай десе. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) әлемнің Иесінің Хабибі яғни Сүйіктісі екені рас. Өзі де сөзі де ақиқат. Қол астындағы әскерінің бір бөлігі періштелер. Бір жұтым сумен бүкіл әскерінің шөлін қандырған, төрт уыс бидай мен бір лақтың етімен мың адамның қарынын тойдырған кезі болды. Кәпірлердің әскеріне бір уыс топырақ шашқанда, әрқайсысының көзіне бір-бір уыс топырақ құйылып, қашуға мәжбүр болған. Осыған ұқсас мың мұғжиза көрсеткен Раббани қолбасшы, неге худ шайқасының соңында, Хунейн соғысының басында кәпірлерден жеңіліп қалды?

ЖАУАП. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бүкіл адамзатқа жолбасшы әрі имам ретінде жіберілген. Адамдар одан кәдімгі қарапайым тұрмыста және күнделікті жеке өмірінде өнеге алып, Жаратқан Иесіне қалай мойынсұнудың жолын біліп, дұрыс амал жасауды үйренетін. Егер, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі түгел ғажайыпқа толы, мұғжиза болса, онда ол адамзатқа үлгі-өнеге, толыққанды Имам, лы Жолбасшысы бола алмас еді.

Сол сырға орай, Ол өз миссиясын дәлелдеу үшін, кей кездері, қажет болған жағдайда ғана мұғжиза көрсететін. Ал басқа уақыттарда Иләһи заңдар мен ережелерге басқалардан артық бағынып, қағидаларды мықты ұстанатын. Сондай-ақ, Раббани

— 94 —

хикмет пен Сүбхани қалауға яғни әдеттегі өмірдің заңдылықтарына өзгелерден артық мойынсұнатын-ды. Жауға аттанарда үстіне сауыт киетін, "қорғаныңдар" деп, бұйрық беретін, жараланып та қалды, қиыншылық шекті. Осылайша бүкіл болмысымен Иләһи заңдар мен жаратылыс шарттары бойынша өмір сүруге үлгі бола білді.

ОНЫНШЫ ИШАРА: Ібілістің тағы бір қулығы өзіне ергендерді өзінің жоқ екеніне сендіру. Әсіресе, осы кезде материалистердің философиясына санасы уланғандар бұл жағдайға күдікпен қарайтындықтан, шайтанның осы қулығы жайлы бір-екі ауыз айта кетейік.

Адамдар арасында шайтанның ісін істейтін кәдімгі жаман рухтардың болатыны секілді, жындар арасында көрінбейтін жаман рухтардың да болатыны анық жағдай. Егер бұлар адам сияқты дене кисе, әлгі жаман адамдардан аумай қалар еді. Ал адам бейнесіндегі, адами шайтандар денелерін тастаса, әлгі жын шайтанның нақ өзі болар еді. Тіпті, бұрыс жолдағы бір ағымның уәкілдері: «Адам пішінді жаман рух өлген соң шайтанға айналады» деп сенеді. Иә, күрделі де сапасы жоғары нәрсе бұзылса, сапасыз нәрседен де бетер жаман болатыны мәлім. Мысалы, сүт пен айран ашып, бұзылып кетсе де пайдалануға жарай береді, ал май бұзылса, жеу тұрмақ у-ға айналады. Сол сияқты, жаратылыстың ең жоғарғы деңгейлісі болған адам бұзылса, ең төменгі хайуаннан да жаман болады. Өйткені, ондай адам шіріген заттың иісінен рахаттанатын құрт-құмысқалар мен уын жайғаннан ләззат алатын жыландар секілді, адасу батпағындағы жамандықтар мен зұлымдық зұлматындағы сұмдықтардан ләззат алады. Шайтани тірлік жасайды. Иә, адами шайтанның болмысы, жын-шайтанның бар екеніне нақты дәлел.

ЕКІНШІДЕН. Жиырма тоғызыншы Сөзде жүздеген дәлелдер арқылы руханилер мен періштелердің болмысы туралы айтқанбыз. Ол дәлелдер шайтанның да болмысына дәлел болады. Сондықтан бұл мәселені сол Сөзге қалдырдық.

ҮШІНШІДЕН. Дүниедегі жақсы істерге өкіл болатын періштелердің бар екені қандай анық болса, жаман істердің өкілі жаман рухтардың да, шайтандардың да Иләһи хикмет пен ақиқат талабы бойынша нақты бар екендігі анық. Бәлкім, жаман істерді бүркемелейтін саналы перделердің болуы анағұрлым қажет. Өйткені,

— 95 —

Жиырма екінші Сөздің басында айтқанымыздай, әркім әрбір нәрсенің әсем де тамаша ақиқатын көре алмайды. Сыртқы, жағымсыз жағына қарап, Халиқ-ы Зүлжәлалдың істеріне наразы болуы, Оның рахымына шәк келтіруі және хикметін сынға алып, орынсыз шағымдануы мүмкін. Сол үшін сыртқы себептерді перде етіп, әлгі арыз шағымдар солай бағытталып Халиқ-ы Кәрімді бүкіл нұқсандықтан пәктеуді мақсат еткен. Мәселен, жан алушы Хазіреті Әзірейл періштеге қарсы жаман ой тудырмау үшін, жан алу ісіне ауру-сырқауды және басқа себептерді перде етіп қойған. Сондай-ақ, жөнсіз түрде айтылған шағымдар Хақ Тағалаға бармасын деп, жан алуға Хазіреті Әзірейлдің өзін перде етіп қойған. Олай болса, жамандықтардан пайда болатын көптеген наразылықтар мен мінеулер Халиқ-ы Зүлжәлалға бағытталмауы үшін Раббани хикмет шайтанның бар болуын талап етеді.

ТӨРТІНШІСІ. Адам кішкене әлем секілді, ал әлем де бір алып адамға ұқсайды. Олай болса мына кішкене адам, әлгі алып адамның мазмұны. Кішкене адамда болған үлгілердің үлкен негіздері әлгі "үлкен адамда" яғни әлемде де бар. Мысалы, адамда есте сақтау қабілетінің бар екені, алып әлемде Лаух-ы Махфуздың яғни тағдырдың жазу тақтасы бар екенін көрсетеді. Олай болса, адамның жүрегінің бір түкпірінде орналасқан, үнемі сыбырлап тұратын шайтанның "лүммесі" деп аталатын, адамға күдік салатын, ықтиярына қарсы, қалауына қайшы әрекет еткізетін сезім бар екенін әркім анық сезеді. Олай болса әлемде үлкен шайтанның бар екеніне бұл да бір дәлел.

Шайтанның "лүммесі" мен күдік сезімі бірі құлақ, бірі тіл болса, оны үрлеп, сөйлетіп тұрған сыртта бір жаман біреудің яғни шайтанның бар екені анық.

ОН БІРІНШІ ИШАРА. Кәпірлердің жаман қылықтарына бүкіл әлем, жаратылыс атаулы ашулы екенін, бәрі оған наразы екенін Құран Хаким мұғжизалы түрде білдірген.

Мысалы, Нұх қауымына қарсы топан су, Сәмуд пен Ад қауымына қарсы қара дауыл, Перғауын қауымына қарсы теңіз толқыны,

Қарунға топырақ қалай қарсы болса, кәпірлер үшін ақырет әлемінде تَكَادُ تَمَيَّزُ مِنَ الْغَيْظِ сыры бойынша Жәһаннам отының гүрілдеген үні қатты шығып, басқа да жаратылыстар адасушыларға өз қарсылығын, ашу-ызасын солай білдіреді дейді.
— 96 —

Сұрақ. Пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары қалай бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?

Жауап. Алдыңғы рисалелер мен ишараларда дәлелдеп бергеніміздей күпірлік пен адасушылық, өте үлкен зұлымдық. Ол - бүкіл әлемге қарсы жасалған жауыздық. Өйткені, жаратылыстың ең үлкен нәтижесі Иләһи Рубубиетке яғни Аллаһқа иман келтіріп, оған мойынұсыну, құлшылық ету. Алайда, адасқандар мен кәпірлер, өздерінің күпірлік ниеттері арқылы жаратылыстың мақсаты мен себебін яғни құлшылықты жоққа шығарғандығы үшін, бүкіл жаратылыстың ақысын жеген болады. Сондай-ақ, бүкіл жараталыстың айналарында жарқырап көрінетін Иләһи Көркем Есімдердің әсем көріністерін жоққа шығарады. Болмыс атаулының қадір-қасиетін түсіріп, намысын қорлаған болады, яғни ауыр қылмыс, үлкен күнә жасайды. Сондай-ақ, әрбір жаратылыстың жаратылуындағы ұлы мақсатын білмей, олардың Раббани қызметші дәрежесінде, мерейі үстем, құрметті екенін елемей, оларды мағынасыз, босқа тіршілік етіп, сосын мәңгіге жоқ болып кететін мақсатсыз мақұлық деп, қадірін түсіріп, қорлайды.

Осылайша, адасқан кәпірлер өз дәрежелеріне қарай, аз болсын көп болсын, дүниенің жаратылуындағы Раббани хикмет пен бүкіл әлемдегі Сүбхани мақсатты жоққа шығарғаны үшін, айналадағы жаратылыс атаулы түгел ашуланады, болмыс біткен наразылық танытады.

Уа, болмысы кішкентай бола тұра зұлымдығы зор, салмағы жеңіл, күнәсі ауыр бейшара адам! Жаратылыстың ашуынан, болмыс біткеннің наразылығынан құтылғың келсе, оның жалғыз жолы; Құран Хакимнің қасиетті алаңына кіріп, оны оқу және оны өзіне мықты қорған қылу! Құранның нағыз аудармашысы - Ардақты Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның көркем сүннетін ұстану! Одан мықтап ұста, толық мойынсұн!

ОН ЕКІНШІ ИШАРА. Төрт сұрақ және солардың жауаптары.

Бірінші сұрақ. Шектеулі өмірде, шектеулі күнә жасағаны үшін мәңгілікке жалағасатын Жәһаннам азабы әділет пе?

ЖАУАП. Алдыңғы ишаралар, әсіресе Он бірінші ишарада нақты дәлелденгендей, кәпірлер мен адасқандардың жасаған қылмыстары сұмдық ауыр, баршаға жауыздық болғандықтан оның жазасы да шексіз, мәңгі болуы тиіс.

— 97 —

Екінші сұрақ: Шариғатта: «Жәһаннам жасалған күнәлардың жазасы. Ал, Жәннат Аллаһтың сыйлығы» дейді. Мұны қалай түсінеміз?

ЖАУАП. Алдыңғы ишараларда анықталғанындай, адам өзінің болмашы қалау-еркі мен өзіндік кәсібі арқылы бүлдіру мен жамандыққа ұйытқы болатыны секілді, оның нәпсісі мен әуестік сезімі әрдайым жамандыққа, өзіне зиян нәрселерге құмар болатындықтан, азғантай әрекетінің нәтижесінде туындаған жаман істердің, күнәлардың жазасын өзі тартады. Өйткені, оны нәпсісі қалады, ал өзі соған себеп болды. Жалпы жамандық болымсыз, жоққа тән нәрсе оны орындаушы, себеп болушы. Хақ Тағала да оны жаратады. Әлбетте, ол ауыр қылмыстың жауапкершілігі мойнына жүктеліп, шексіз азап тартуға лайық болады.

Ал, жақсылық бар нәрсе. Оны адамның кішкене ерік-қалауы жарата алмайды. Адам оның нақты иесі емес. Нәпсі де оны қаламайды. Керісінше Иләһи мейірім ол жақсылықтың болуын қалап, Раббани құдірет жаратады. Адам оған тек иманымен, ниетімен, тілегімен ғана ие бола алады. Ол жақсылық оған бұрынырақ берілген болмыс пен иман сынды сансыз Иләһи нығметтердің, шүкірі болып саналады. Аллаһ уәде еткен Жәннат болса, Рахманның жарылқауы арқылы беріледі. Сырттай қарағанда сый ақы секілді көрінгенмен ақиқатында Аллаһтың шексіз мейірімінің сыйы. Демек, жамандыққа себеп нәпсі, сондықтан жазалануға да лайық сол. Ал, жақсылықтың себебі де, оны талап ететін де, жарататын да Хақ Тағала. Адам тек оған иманы арқылы ие болады. Демек, "Жасаған жақсылығымның ақысын сұраймын" дей алмайды, тек "Мол мейіріміңмен жарылқағайсың!" дей алады.

Үшінші сұрақ. Жоғарыда түсіндірілгеніндей, жамандық әр тарапқа жайылып, көп нәрсені бүлдіретіндіктен бір күнәға мың есе күнә жазылуы керек. Ал, сауапты істі Аллаһ жаратады, нәпсісі де оны қаламайды, пенденің өзі де еш нәрсе жарата алмайды. Сондықтан оған сауап жазылмауы керек, немесе бір ғана сауап жазылуы тиіс бола тұра, неге күнәні бір, жақсылықты он, тіпті кейде мың есе көп жазады?

ЖАУАП. Хақ Тағала өзінің шексіз жомарттығы мен кемел рахымын осылайша көрсетуде.

— 98 —

Төртінші сұрақ. Адасқандардың табысқа жетіп, істері сәтті болуы, олардың күш-қуатқа ие болып, имандыларды жеңіп кетуі, олардың бір ақиқатқа сүйенетінін көрсеткендей. Олай болса, адасқандардың жолында ақиқаттың болғаны, не болмаса имандыларда бір шикілік болғаны десек дұрыс па?

ЖАУАП. Жоқ, әсте олай емес! Адасқандарда ақиқаттың болуы және тура жолдағыларда шикіліктің болуы әсте мүмкін емес. Өкінішке орай, таяз ойлайтын, шайтанның уәсуасасына шырмалған бір топ адам солай ойлап, имандарын әлсіретіп алуда. Олардың ойынша, имандылар хақ жолында болса мұншама жеңіліске душар болмауы керек еді. Өйткені, ақиқат қуатты.

اَلْحَقُّ يَعْلُو وَلَا يُعْلٰى عَلَيْهِ қағидасы бойы нша күш-қуат тек ақиқатта.

Сұрақ: Егер имандыларға қарсы шыққан адасқандардың нақты күш-қуаты мен мықты сүйенері болмаса мұнша жетістіктер мен жеңістерге қалай қол жеткізеді?

ЖАУАП: Имандылардың жеңілісі олардың күш-қуатсыздығынан немесе қасиетсіздігінен емес. Сондай-ақ, адасқандардың да жеңісі олардың күш-қуатты мен сүйенерінің мықтылығынан емес екені өткен ишараларда дәлелденіп, бұл сұрақтың жалпы жауабы берілген болатын. Мұнда тек шайтандардың кейбір қулық-сұмдықтары мен арнайы әдістеріне тоқталамыз. Өз көзіммен көргенім, Он жаман адам тоқсан игі жаннан басым түсті. Бұған қатты таң қалдым. Зерттей келе көзімнің жеткені: Ол жеңіс, күш-қуаттан келмепті. Ол бұзып қиратудан, имандылар арасындағы алауыздықты ұтымды пайдаланудан, олардың әлсіз тұстарын тауып, іштеріне от тастаудан және әр адамның табиғатында болатын жаман сезімдерді қоздырудан, атақ-даңқ атты рия мен нәпсінің перғауындық пиғылын қоздырудан, арсыздық пен бұзғыншылықтан, жұртты қорқытудан туындауда. Осындай шайтани қулық имандылардан басым түсіп уақытша жеңіске жетуде.

Алайда, وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّق۪ينَ сыры мен اَلْحَقُّ يَعْلُو وَلَا يُعْلٰى عَلَيْهِ ұстанымы бойынша, ол шайтанилердің уақытша жеңістері оларға еш пайдасы жоқ, керісінше өздеріне зиян. Өздерінің жәһаннамға түсуіне, ал иманды жандардың Жұмаққа қол жеткізуіне себеп болады. Міне, қисық жолда жүрген әлсіздер қолдарынан түк келмейтін әлсіз бола
— 99 —

тұра, керемет күшті болып көрінуі үшін және қоғамда елеулі орны жоқтар жұртқа көрініп, атақ-даңқын шығаруы үшін мақтаншақ, даңққұмар, екі жүзді адамдар мүмкіндікті пайдаланып, аз бір әрекетпен күш көрсетіп, қорқытып, жұртқа зиян беріп, беделін көтеру үшін тура жолдағыларға қарсы әрекет қылады. Сөйтіп жұрттың назарын аударады. Мұны олар іскерлігімен, күш-қуатпен емес, істетпеу, қарсылық ету, тоқтату арқылы жасайды, яғни бүлдіреді. Тіпті, осындай атаққұмар есалаң біреу атын шығару үшін намазхананы былғапты. Мақсаты жұртқа көріну, елге атағым шықсын дегені ғой. Тіпті, оған лағынет айтылып жатса, әлгі атаққұмарлық сезімі оны да өзіне жағымды етіп көрсетіпті.

Уа, мәңгілік үшін жаратылып, пәни дүниеге құмартып, соған байланып қалған бейшара адам! فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَٓاءُ وَ الْاَرْضُ аятының сырына бір үңіл, құлақ бер!

"Адасқан кәпірлер өлген кезде адамдармен тығыз қатынастағы көктер мен жер шары олардың өлгеніне еш жыламайды, қайта оған қуанады" дейді. Аятты "Имандылардың өліміне олар жылайды, олардан айырылғысы келмей жабырқап қайғырады" деп түсінуге де болады. Өйткені, имандылармен бүкіл әлем бауырлас, оларға дән риза. Өйткені, олар иман арқылы Жаратушыны білгендіктен, оларға құрмет көрсетіп, сүйіспеншілікпен қарайды. Адасқандар секілді оларды қорлап, іштей қастық қылмайды.

Уа, адам, ойлан! Сен бәрібір өлесің! Егер сен нәпсің мен шайтанға еретін болсаң, онда көршілерің, тіпті жақын туыстарың сендей бәледен құтылуға асығады. Ал егер, "ағузу биллаһи минашайтанир раджим" деп, Құран мен Хабибуллаһты тыңдасаң, онда бүкіл әлем сенің дәрежеңе қарай қимастықпен жылайтын болады, сенен айырылғысы келмей, жылап тұрып шығарып салады. Бейне бір аза тұтқандай мұңаяды. Қабір арқылы енген мәңгілік әлемде сенің дәрежеңе сай жарқын болашақ күтіп тұрғандығынан хабар береді.

ОН ҮШІНШІ ИШАРА. Үш тұжырымнан тұрады.

Бірінші тұжырым. Шайтанның сұмдық бір қулығы мынау - Иман ақиқаттарын, Ислам негіздерін ақылы таяз, ой өрісі кем адамдарға мүмкін емес етіп көрсетіп, "Бір ғана Құдірет, барлық құрылымдар мен бүкіл әлемді бір өзі өз билігінде ұстап тұр, дейді. Бұлай болуы

— 100 —

мүмкін емес, ақылға қонымсыз нәрсеге қалай сенесің? Көңілге қалай қонады?" дейді. Адамның осал тұсынан осындай күпірлік ой туғызады.

ЖАУАП. Шайтанның бұл сұмдық қулығының аузына құм құятын нәрсе бар, ол «Аллаһу әкбар» сөзі. Иә, оның жалғыз жауабы осы «Аллаһу әкбар» сөзі. «Аллаһу әкбар» сөзінің Исламда кеңінен тарап, қайталана беруі осы сұмдық күдікті жою үшін. Өйткені, адамның әлсіз ахуалы, шектеулі ақылы осынша шексіз үлкен ақиқатты тек «Аллаһу әкбар» сөзінің нұрымен көріп, көңілі көншиді. Осы «Аллаһу әкбардің» күш-қуатымен ақиқаттарды бойына сіңіріп, осы «Аллаһу әкбар» шеңберінде бәрін өз орнына орнықтырып, өзінің күмәнданған жүрегіне былай дейді: Мына әлем таң ғажайып жүйе арқылы басқарылып тұрғандығы анық. Енді мұны түсінудің екі жолы бар:

Бірінші жол. Болуы мүмкін. Алайда бұл мәселе, өте ғажайып жағдай. Мұндай керемет өнер, осындай ғажайып жолмен іске асуға тиісті. Яғни ол жол мынау: Бүкіл жаратылыс, атаулы, тіпті ең ұсақ зәрре бөлшектердің өзі бар екеніне куәлік етіп тұрған лы Жаратушы, Әхад, Самад Аллаһтың шексіз Рубубиеті, қалауы құдіреті арқылы жаратылған.

Екінші жол. Қай жағынан алсаң да тығырыққа тірелер ширк пен күпір жолы. Ол мәселе Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма екінші Сөзде барынша дәлелденген-ді. Егер осы екінші жолды мүмкін десек, әрбір жаратылыс, тіпті, ең кішкентай зәрре-бөлшектің әр қайсысында шексіз ілім, асқан құдірет, орасан зор күш болуға тиіс. Сонда ғана мына ғажайып үйлесім мен теңдессіз өнерді, таңқаларлық тәртіп пен реттілікті, сақтап тұра алады.

Сонымен, егер бәріне құдірет-күші жететін шексіз Рубубиетті, Иләһи билікті мойындалмаса ап-айқын сара жолды тастап, қисынға келмес сандырақ жолға түсу керек болады. Ондай жолды шайтанның өзі ұсына алмас.

Екінші тұжырым. Шайтанның тағы бір сұмдық қулығы мынау - Адамға өз кемшілігін мойындатпау. Осылайша пенденің Аллаһтан кешірім тілеу, тәубаға келу жолын жауып тастайды. Адамның өзімшіл нәпсісін желіктіріп, өзін-өзі ақтай алатын, пәктеп дәріптей алатын жағдайға жеткізеді.

Шайтанға ерген адам өз кемшілігін көргісі келмейді, көрсе де сан-саққа жорып, сылтау іздейді. وَ عَيْنُ الرِّضَا عَنْ كُلِّ عَيْبٍ كَل۪يلَةٌ сыры бойынша, өзіне-өзі риза болатын пенде өз кемшілігін көре алмайды. Ал, кемшілігін көре алмаған соң мойындамайды, кешірім сұрамайды, Аллаһқа сиынбайды. Ақырында шайтанға масқара болады.

Хазіреті Юсүф (а.с). сынды атақты пайғамбардың өзі:

وَمَٓا اُبَرِّئُ نَفْس۪ٓى اِنَّ النَّفْسَ لَاَمَّارَةٌ بِالسُّٓوءِ اِلَّا مَا رَحِمَ رَبّ۪ى

деген болса, кім өзі-өзіне сенімді бола алады? Өзін кінәлі сезіне алатын адам кемшілігін көре алады. Кемшілігін біліп, мойындаған адам кешірім сұрайды. Кешірім сұраған адам Аллаһқа жалбарына бастайды. Ал, Жаратушысына жалбарынған пенде шайтанның бәлесінен аман қалады.

Жалпы, адамның өз қателігін, кемшілігін көрмеуі, жасаған қателігінен де үлкен қателік, зор кемшілік. Кемшілігін мойындамау үлкен кемшілік. Ал, пенде өз кемшілігін көре алса, енді ол кемшілік кемшілік саналмайды. Ал оны мойындаса кешірімге лайық болады.

Үшінші тұжырым. Адамның қоғамдық өмірін бұзып, іріткі салатын Шайтанның бір қулығы мынау: Иманды кісінің бір айыбына бола оның барлық жақсылығын жауып, көрсетпей тастайды. Шайтанның мұндай арбауына ерген ынсапсыз пенделер мүмин бауырына өшігіп, жек көреді. Негізінде, Хақ Тағала махшар күні амалдарды тартатын өзінің "мизан" таразысында пенделердің жақсылығы жамандығынан ауыр ма, жеңіл ме, әуелі соны таразылап әділетпен қарайды. Шындығында, күнә жасаудың себебі көп әрі істеу оңай болғандықтан, бір ғана жақсылығы үшін көптеген күнәларын кешіруі мүмкін. Демек бұл дүнияда сол Иләһи нағыз әділдікті басшылыққа алып, өзара солай мәміле жасау қажет. Егер бір адамның жақсылықтары оның жамандықтарынан я сан жағынан, я сапа жағынан асып жатса, онда ол адам құрметке, сүйіспеншілікке лайық болғаны. Демек, адамның бір жақсылығы үшін оның көптеген кемшіліктеріне кешіріммен қарауға болады. Бірақ пенде, бойындағы зұлымдық сезімге беріліп шайтанның азғырғанына еріп, жү٥نڭақсылық жасаған жақсы адамның бір ғана айыбы үшін оның бүкіл жақсылықтарын
— 102 —

ұмытып кетеді. Мүмин бауырына өштеседі, күнәға батады. Мысалы, шыбынның кішкентай ғана қанаты көздің алдын көлегейлесе, тауды да көрсетпей тастайды ғой. Сол сияқты пендені өшпенділік сезім билеген кезде бір адамның шыбынның қанатындай ғана бір айыбын көлденең тартып, таудай үлкен жақсылықтарын ұмытып, мұсылман бауырына дұшпан болады. Ондайлар қоғам өмірінің шырқын бұзып, ел арасына іріткі түсуіне себеп болады.

Шайтанның осыған ұқсас тағы бір сұмдығын айтайын, сол арқылы адамның ізгі ой-пікірін, жақсы пиғылын бұзады. Ол мынау: Иман ақиқаттарына шәк келтіріп, тура пікірлерді, дұрыс ойды шатастырады. Иманның бір ақиқатына айғақ болар жүздеген дәлелдер бола тұра, болмашы күдікпен бәрін бүлдіргісі келеді. Алайда, "Бір дәлелдеуші жүз жоққа шығарушыдан үстем" дейтін қағида бар. Яғни, бір дәлелдеушінің үкімі жүз сенбеуші, жоққа шығарушының куәлігін жоққа шығарады. Бұл ақиқатты түсіну үшін мына мысалға назар аудар!

Көз алдымызға жүздеген есігі бар үлкен сарай елестетейік. Егер бір есігі ашылса болды сарайға кіруге мүмкіндік туады, басқа есіктері де ашылады. Егер барлық есіктер ашық тұрып, бір ғана есігі жабық болса, сарайға кіре алмау ойға да келмейді.

Міне, иман ақиқаттары үлкен бір сарай, әрбір дәлел кілт. Бір есігі ашылмай қалса, ондай имани ақиқаттардан бас тартуға, жоққа шығаруға болмайды. Шайтан болса, бір себептерге байланысты, я ғапылдықтың, я надандықтың кесірінен жабылып қалған бір есікті көрсетіп, басқа барлық дәлелдерді назардан тыс қалдыруға тырысады. "Мына сарайға кіру мүмкін емес, мүмкін ол сарай емес шығар, бәлкім ішінде ештеңе жоқ болар" деп алдайды.

Міне, ей шайтанның шырмауына түскен бейшара адам! Рухани өмірің, жеке тұрмыс-тіршілігің және қоғамдық өмір сау-саламатта болсын десең және ақыл-ойың, ар-ұжданың таза болсын десең амалдарыңды, ой-пікіріңді Құранның таразысына салып, Ардақты Пайғамбарымыздың көркем сүннетімен өлшеуді үйрен! Құран мен Сүннетті әр қадамыңда үлгі тұт!

Әрдайым اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ деп, Жаратушы Хаққа жалбарын! Міне, осы айтылған он үш ишара он үш кілт деп біл!
— 103 —

Баяндауы мұғжиза болған Құранның ең соңғы сүресі және

اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ

-нің түсініктемесі болған

اَسْتَع۪يذُ بِاللّٰهِ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
قُلْ اَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ ٭ مَلِكِ النَّاسِ ٭ اِلٰهِ النَّاسِ ٭ مِنْ شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ ٭ الَّذ۪ى يُوَسْوِسُ ف۪ى صُدُورِ النَّاسِ ٭ مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ

сүресінің болаттай берік қорғанының есігін әлгі он үш кілтпен ашып, ішіне кір! Сау-сәлемет өмір сүр.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
رَبِّ اَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاط۪ينِ ٭ وَاَعُوذُ بِكَ رَبِّ اَنْ يَحْضُرُونِ
— 104 —

Он төртінші Лема

(Екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде екі сұраққа жауап беріледі)
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Ғазиз, адал бауырым Рефет Бей!

Сәуір мен Худ туралы яғни Өгіз бен Балыққа қатысты сұрағыңның жауабы бұрынғы рисалелерде жазылған-ды. Ол сауалдарға Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тарауында "Он екі асыл" деген атпен он екі маңызды қағида арқылы жауап берілген болатын. Ол қағидалар - Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріндегі астарлы мағыналарды жорудың өлшемдері. Сондай-ақ, хадиске байланысты күдікті ойларды жоятын негіздер. Өкініштісі сол, дәл қазір ғылыми мәселелерді жазуға кедергі жағдайлар бар. Сондықтан, сауалыңа толық жауап бере алмаймын. Егер көңілге аян болып жатса, онда жазуға мәжбүр боламын. Кейде қойылған сұраққа аян сәйкес келіп қалғанда тамаша жауап беріледі. Сондықтан, барлық сұрақтарға тиісінше жауап бере алмаймын. Енді, бұл жолғы сауалыңа қысқаша жауап берейін.

Бұл жолғы сауалың былай болатын.

Молдалар. "Жер, өгіз бен балықтың үстінде тұр" дейді. Алайда, жер шары кеңістіктегі бір ғаламшар емес пе? Астрономия ғылымы ондай өгіз бен балықты жоққа шығарады"

ЖАУАП. Ибн Аббас секілді сенімді адамдардан жеткен сахих хадисте, Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Жер ненің үстінде тұр?» деп сұрағанда: عَلَى الثَّوْرِ وَالْحُوتِ деп жауап берген. Және бір риуаятта бір рет: عَلَى الثَّوْرِ деген. Тағы бірде, عَلَى الْحُوتِ яғни,
— 105 —

бірде өгіз, бірде балық үстінде, депті. Кейбір, хадис ғалымдары Исрайлиаттан қалған мәліметке, яғни бұрыннан бері келе жатқан аңыз, қиссаларға қарай бұл хадисті үйлестіруге тырысқан. Әсіресе, Бәни Исрайл ғалымдарының ішінен мұсылман болған бір топ ескі кітаптардағы «Өгіз бен балық» жөніндегі хикаяларды хадиспен теңестіріп, хадистің мағынасын мүлдем өзгертіп жіберген. Ал, қазір осы сауалыңа «Үш негіз» және "Үш жақ" арқылы жауап береміз.

БІРІНШІ НЕГІЗ. Бәни Исрайл ғалымдарының бір тобы мұсылман болған соң, олардың кейбір мағлұматтары да өздерімен бірге мұсылман болып, дін Исламның заты боп саналды. Алайда, ол ескі мағлұматтарда қателер аз емес еді. Ал ондай қате пікірлер, әрине олардың өзіне тиесілі, Ислам дініне қатысы жоқ.

ЕКІНШІ НЕГІЗ. Тәмсілдер мен бейнелі теңеулер оқымысты ғалымдардан бастау алған соң оқымаған халықтың аузына іліккенде яғни ілімнен шығып, надандықтың қолына түскен кезде уақыт өте келе қалай айтылса солай деп қабылданды.

Мысалы, бала кезімде айдың тұтылғанын көріп анамнан: "Айға не болды?" деп сұрадым. Анам: "Айды айдаһар жұтып қойды" деді. Мен:

"Бірақ, Ай әлі де көрініп тұр ғой?" дедім. Анам сонда: "Балам! Көктегі жыландар әйнек секілді мөлдір болатындықтан ішіндегі нәрселер көріне береді" деп жауап берді. Осы бала кездегі оқиға көпке дейін есімнен кетпейтін. Осыншама қисынсыз пікір менің анам сынды зерек адамның аузынан қалай шығады деп, таң қалатынмын. Өсе келе фәләкият (астрономия) пәнін оқып үйренген соң, анам секілді көптеген адамдардың айтып жүрген сөзінің бір ақиқатқа қатысы бар екеніне көзім жетті. Өйткені, Күннің айналу шеңберіне сәйкес келетін "тұтылу нүктесі" деп аталатын үлкен шеңбер мен Айдың айналу шеңбері бір-бірімен беттескен кезде, екі шеңбер екі доға секілді пішінге келеді. Ал осы екі доғаны астроном ғалымдар пішінінің ұқсастығына бола, "екі жылан" деген атауды білдіретін "Тиннинейн" деп атаған.

Ал, екі доғаның тоғысу кезіндегі пішініне қарап, "бас" деген мағынаны білдіретін "Рәс" деген атау мен "құйрық" мағынасына келетін "Зенеб" деген атау берген. Ай Рәске, Күн Зенебке келген кезде, астрономия есебі бойынша, "Жердің ортаға түсуі" деген құбылыс

— 106 —

болады. Яғни, Жер, Күн мен айдың дәл ортасындағы жазықтыққа дөп келеді. Міне, осы кезде Ай Жердің көлеңкесінде қалады. Жапжарық болып тұрып, қап-қара болып кетеді. Міне, әлгі аңыз бойынша "Ай айдаһардың аузына кірген болып есептеледі". Осындай ғылыми ақиқат көпшіліктің аузына іліккен кезде, аспанда Айды жұтатын кәдімгі бір айдаһар бар секілді ой туғызады.

Міне, Өгіз бен балық атты үлкен екі періште дәл осындай себептен, сахих хадис бойынша келген нақтылы мағынасынан ауытқып, кәдімгі өгіз бен балық болып шыға келген.

ҮШІНШІ НЕГІЗ. Құранның өзіндік ғажайып бір тәсілі бар. Өте терең мәселелерді тәмсіл, теңеу арқылы көпшілікке дәріс береді. Сол секілді хадистердің де өзіндік тәмсіл тәсілі, астарлы мағыналары бар. Өте терең мағыналы нәрселерді үйреншікті, таныс теңеулер арқылы жеткізеді. Мысалы, бір-екі Рисаледе баяндалғандай, бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабалармен бірге отырған кезде, тереңнен естілгендей "дүңк" еткен бір дыбыс естіледі. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Жетпіс жыл бойы домалаған тастың ақырында жәһаннамның түбіне түскен кездегі дыбысы" деген екен. Біраздан соң біреу келіп, жетпіс жастағы мәшһүр мұнапықтың өлгенін хабарлайды. Осылайша Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өте шебер де, шешен тәмсіл- теңеуінің сыры ашылған екен.

Енді, Рефет Бейдің сауалына келейік. Оның "Үш жағы" баяндалады.

БІРІНШІСІ. Хамале-и Арш уә Сәмауат деп аталатын ғарыш пен көктерді таситын періштелердің біреуі "Нәсір", екіншісінің аты "Сәуір" деп аталады. Осындай төрт періштені Хақ Тағала өзінің Рубубиетіне бақылаушы ретінде тағайындаған. Сол сияқты, Көктердің кішкентай інісі және ғаламшарлардың серігі болған Жерге де екі періштені бақылаушы және көтеруші етіп тағайындаған. Осы екі періштенің біреуінің есімі "Сәуір" (өгіз) де, екіншісінің аты "Хұд" (балық). Бұлай аталуының мәні мынада болса керек. Жер екі түрлі заттан тұрады. Біреуі - су, екіншісі - топырақ. Судың сәні балықтар болса, топырақтың сәні және адам баласының тіршілік көзі егіншілік. Ал егін егу өгіз арқылы жүзеге аспақ, солардың мойнында екені белгілі. Жер шарына жауапты екі періште әрі жетекші, әрі бақылаушы болғандықтан, әрине балық пен өгіз тектестерге байланысты жақтары болуы керек.

— 107 —
Тіпті, وَالْعِلْمُ عِنْدَ اللّٰهِ әлгі екі періште мысал әлемі мен мәләкут әлемінде өгіз бен балық бейнесінде көрінуі әбден мүмкін.

{(Сілтеме): Иә, жер шары ғарыш кеңістігіндегі Раббани бір кеме секілді, ал жер жүзі адамзат үшін ақыреттің егіндігі тәрізді. Сондықтан осынау алып кемеге Иләһи бұйрық бойынша капитан қызметін атқарушы періштені Хұт яғни балық, ал егіншілікке қараушы періштені Сәуір яғни өгіз деп атауы керемет жарасып тұр.}

Міне, осы ұқсастыққа орай және сондай көрініске байланысты шешен де мұғжизалы түрде сөйлейтін Пайғамбарымыз (с.а.у.) اَلْاَرْضُ عَلَى الثَّوْرِ وَالْحُوتِ яғни "жер, өгіз бен балықтың үстінде" деу арқылы, аса маңызды, терең мағынаны бір ғана қысқа сөйлеммен әдемі жеткізген.

ЕКІНШІДЕН.

Мәселен, «Мемлекет және оның билік-салтанаты ненің үстінде тұр?» десе, жауап ретінде عَلَى السَّيْفِ وَ الْقَلَمِ яғни, "әскердің қылышының жүзі мен әділ қызметкер лердің қаламының ұшына сүйеніп тұр" делінеді. Сол сияқты жер жүзі жан-жануарлардың мекені, ал олардың жетекшісі адам. Ал адамзаттың өзен-судың айналасын мекендейтін бөлігінің күн көріс көзі де балық шаруашылығы. Ал өзен-судан қашықта орналасқан халықтың тұрмыс көзі егіншілік, яғни, жер жырту үшін өгіздің рөлі маңызды. Мемлекет әскер мен қаламның арқасында тұр десе еш сөкеттігі жоқ қой. Сол сияқты жер шары өгіз бен балықтың арқасында тұр десе, ақиқатқа еш қайшылығы жоқ, тіпті тауып айтылған жауап. Негізінде өгізбен жер жыртып егін егілмесе, балықтар сансыз уылдырық шашып көбеймесе, адам өмір сүре алмай, тіршілік тоқтап қалар еді. Халиқ-ы Хаким Аллаһ жер шарын жойып жіберер ме еді.
Мінеки, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұғжизалы да хикметті түрде اَلْاَرْضُ عَلَى الثَّوْرِ وَالْحُوتِ деген.

Адамдардың тұрмыс тіршілігі хайуандардың тіршілігімен тікелей байланысты деген терең ақиқатты, екі сөзбен, шебер жеткізе білген.

ҮШІНШІДЕН. Ежелгі астрономия бойынша Күн қозғалады. Күннің қозғалыс шеңберінің әрбір отыз дәрежесін бір шоқжұлдызбен бөлген. Сол жұлдыздар шоғырын бір-бірімен қосатын шартты

— 108 —

сызықтар сызылып, бір-бірімен байланыстырып қараса, кейбірі арыстан пішінді, кейбірі таразы суретіне, кейбірі өгіз бейнесіне, кейбірі балық кескініне өте ұқсайды. Осы сәйкестікке қарай, әлгі жұлдыз шоғырларына есімдер берілген. Ал, қазіргі астрономия бойынша Күн айналып жүрген жоқ. Әлгі шоқжұлдыздар бос, қызметсіз қалған. Күн емес жер айналып жүр. Ал, бос қалған шоқжұлдыздар мен бұрыштарды жердің жылдық шеңберіне бөлген. Енді олар жердің жылдық шеңберінен орын алған. Осылайша, жер шары әр айда әлгі жұлдыздар шоғырының біріне сәйкес келіп отырады. Бейне жердің жылдық шеңбері бір айна тәрізді болып, көктегі жұлдыз шоғырлары сол жерден көрініп тұрғандай.

Міне, бұл жағынан алып қарайтын болсақ, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде عَلَى الثَّوْرِ деген, яғни өгіздің үстінде.
Енді бір сөзінде عَلَى الْحُوتِ деген, яғни балықтың үстінде деген. Иә, сөз саптауы мұғжиза болған Аллаһ Елшісі көп ғасыр өткен соң ғана түсінікті болатын өте терең ақиқатты шебер түрде бір рет عَلَى الثَّوْرِ деп, қысқа қайырған. Өйткені, жер шары ол уақытта яғни сұрақ қойылған кезде Өгіз шоқ жұлдызының тұсында еді.
Ал, бір айдан кейін сұрағанда عَلَى الْحُوتِ деген. Өйткені, ол кезде жер шары Балық шоқ жұлдызының тұсында еді. Міне, болашақта түсінікті болатын терең ақиқатты қысқа-нұсқа жеткізіп, жер шарының айналу әрекетін, оның кеңістіктегі саяхатын жұлдыз шоғыры арқылы меңзеп عَلَى الثَّوْرِ وَالْحُوتِ деген. وَاللّٰهُ اَعْلَمُ بِالصَّوَابِ

Кейбір көне кітаптардағы өгіз бен балыққа қатысты ғажайып әрі ақылға сыйымсыз хикаяларға келер болсақ, олар я Исраиляттан немесе тәмсіл, мысалдамалар, я болмаса кейбір хадис ғалымдарының өзінше жорамалы болса керек. Кейін осыларды кейбір пікірі таяз кісілер хадис деп ойлап, Пайғамбарымызға (с.а.у.) теліп қателескен.

رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 109 —

ЕКІНШІ С РАҚ. Аба өкілдері жайлы.

Бауырым «Әл Аба» өкілдері жайлы

{(Сілтеме): Аба өкілдері - Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзімен бірге қызы Фатима анамыз, Хазіреті Али және немерелері Хасан мен Хүсейін бесеуіне берілген атау. Кейде "Хамсе-и Ал-Аба" деп те аталады. Пайғамбарымыз өзі киіп жүрген шапанын аты аталған асыл жандардың үстіне жауып, дұға еткендіктен осылай аталып кеткен.}

жауап берілмей қалған сауалыңа келейік. Қазір оның өте көп хикметтерінен біреуі ғана баяндалмақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі киген мүбәрак абасын яғни жүн шапанын Хазіреті Али (р.а.), Хазіреті Фатима (р.а.), Хазіреті Хасан мен Хүсейндердің үстіне жауып:

لِيُذْهِبَ عَنْكُمُ الرِّجْسَ اَهْلَ الْبَيْتِ وَيُطَهِّرَكُمْ تَطْه۪يرًا

аятымен дұға жасауының ерекше сырлары мен хикметтері бар.

Сырларына тоқталмаймыз.

Пайғамбарлыққа қатысты бір хикметі мынау. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ғайыпты яғни болашақты көретін назарымен отыз қырық жылдан кейін сахабалар мен табиғиндердің арасында қан төгілетін бір бүліктің болатынын көрген. Ішіндегі ең ерекше тұлғалар, шапанның астындағы үш тұлға болатынын да білген. Осыған байланысты Хазіреті Алиді (р.а.) бүкіл үмметтің алдында адал екенін және оған жабылған жалалардан пәк екенін білдіру үшін және Хазіреті Хүсейнді (р.а.) жұбату үшін, сондай-ақ Хазіреті Хасанды құттықтап, өзара ауызбірлікті сақтау мақсатында үлкен бүлікті басып, үмметіне мол пайда, үлкен жақсылық әкелетінін жеткізу үшін және Хазіреті Фатимадан (р.һ) тарайтын ұрпақтың адал да таза екенін, өте жоғарғы дәреже Әһл-и Бәйт атына лайықты болатындығын жария ету үшін осы төрт асыл тұлғаға өзімен бірге "Хамсе-и Ал Аба" деген атауға ие қылған осы шапанды яғни абаны жамылғы еткен еді.

Расында Хазіреті Али (р.а.) халифа болуға әбден лайық еді. Алайда, бүлік кезінде төгілген қан қымбатты жандардың қаны болғандықтан үмметтің назарында оны ақтау, Пайғамбарлық міндеті жағынан маңызды болатын. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) барынша Оны ақтауға тырысты. Оны сынап-мінеуші Харижилер мен Әмауилердің асыра сілтеуші тобын тыныштыққа, сабыр сақтауға шақырды. Иә, расында Харижилер мен Әмауилердің Хазіреті Алиды (р.а.) айыптауы, оны адасты деуі және Хазіреті Хүсейнге (р.а.) қатысты жантүршігерлік оқиға, сондай-ақ, ол туралы Шийттердің асыра

— 110 —

сілтеулері мен бидғалары, алдыңғы халифаларды мойындамаулары мұсылмандарға зиянын тигізді. Міне, бұл шапан мен дұға арқылы Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хазіреті Али (р.а.) мен Хазіреті Хүсейнді (р.а.) орынсыз айыптаудан, кінәлаудан және үмметті олар туралы жаман ойдан сақтап қана қоймай, үмметтің ауызбірлігі үшін жасайтын жақсылығын пайғамбарлық тұрғыдан қарап, Хазіреті Хасанды (р.а.) құттықтап отыр. Сонымен қатар Хазіреті Фатиманың (р.а.) ұрпағының ең адал, таза ұрпақ екенін, Ислам әлемінде олар Әһл-и Бәйт деп аталып, тарихта алар орны ерекше екенін, сонымен қатар Хазіреті Фатиманың (р.а.) да

اِنّ۪ٓى اُع۪يذُهَا بِكَ وَذُرِّيَّتَهَا مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّج۪يمِ

деп айтқан Хазіреті Мариямның анасы сынды ұрпағымен аты шығып, өте қадірлі болатынын білдірген.

اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلٰى اٰلِهِ الطَّيِّب۪ينَ الطَّاهِر۪ينَ الْاَبْرَارِ وَعَلٰى اَصْحَابِهِ الْمُجَاهِد۪ينَ الْمُكْرَم۪ينَ الْاَخْيَارِ اٰم۪ينَ
* * * * *
— 111 —

Екінші бөлім

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

- ның мыңдаған сырларынан алты сыры баяндалмақ.

ЕСКЕРТУ. "Биссмилләһтың" мейірімділік қырының жарқын нұры көмескі ақылыма алыстан көрінді. Көргендерімді өзіме белгі ретінде түртіп қойғым келді. Жиырма-отыз тұжырыммен әлгі нұрдың айналасын қоршап, ұстап тұруға тырыстым. Өкінішке орай ойымды толық іске асыра алмадым. Жиырма-отыз емес, қолыма бес-алтауы ғана ілікті.

«Ей, адам!» деген кезімде өз нәпсімді меңзеп отырамын. Себебі, бұл дәріс өзіме арналған. Бірақ, жаныма жақын, көзі ашық, көкірегі ояу жандарға, бәлкім, пайдасы тиер деген ниетпен хатқа түсіріп, "Он төртінші Леманың екінші бөлімі" деп атап, зерек бауырларыма ұсынуды жөн көрдім. Төрелігін бауырларым бере жатар. Бұл дәріс ақылдан гөрі көңілге қонады, дәлелден гөрі сезімге байланысты.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
قَالَتْ يَٓا اَيُّهَا الْمَلَؤُا اِنّ۪ٓى اُلْقِىَ اِلَىَّ كِتَابٌ كَر۪يمٌ ٭ اِنَّهُ مِنْ سُلَيْمٰنَ وَ اِنَّهُ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

Бұл бөлімде бірнеше сыр баяндалмақ.

БІРІНШІ СЫР. "Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахимның" бір сәулесін былай көрдім: Бүкіл әлемде, жер жүзінде және адам бойында бірі-біріне кірігіп тұрған, біреуі екіншісінің үлгісі деуге болатындай Рубубиеттің [(*): Рубубиет - толық билік, жан-жақты басқару. Ауд.] үш таңбасы быр.

БІРІНШІСІ. Бүкіл әлемдегі әрбір болмыстың өзара көмегі, бірінбірі демеп, арқа сүйеуі улухиеттің [(*): Улухиет - Жаратушыға тән кемел сипаттарға ие болу. Ауд] таңбасы, «Биссмилләһпен» қатысты құбылыс.

ЕКІНШІСІ. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар арасындағы үйлесім тәрбиелеп, басқарудағы ұқсастық. Үйлесімділік пен

— 112 —

реттілік қамқорлық пен мейрімділіктен туындайтын Рубубиеттегі, Рахманиеттің ұлы таңбасы. «Биссмилләһ-ир Рахманмен» қатысты құбылыс.

ҮШІНШІСІ. Адамзат бойындағы өзара қамқорлық, мейірбандық, жанашырлық секілді Аллаһтың шексіз мейірімінің нұр-сәулелері - Рахимиеттің ұлы таңбасы. Ол - Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахимдегі «Әррахиммен» байланысты құбылыс.

Демек, әлемді бір параққа теңейтін болсақ, «Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахим» сол парақтағы Әхадиеттің [(*):Әхадиет - әрбір нәрсені бір өзі жаратуы. Ауд.] үш таңбасынан құралған нұрлы жолдың қасиетті атауы. Және ол мықты да берік арқан, жарқын да нұрлы даңғыл жол. Демек, "Биссмилләһ-ир Рахманир Рахимның" ұшы жоғарыдан түсіп, әлемнің жемісі және оның кішірейтілген үлгісі болған адамға тіреліп, онымен ұштасып жатыр. Жер мен көкті байланыстырып тұр. Адами ғарышқа бастайтын, жол.

ЕКІНШІ СЫР. Сансыз жаратылыстағы Уахидиеттің [(*):Уахидиет - барлық нәрсені бір өзі жаратуы. Ауд.] терең сырларын ойлаған ақылдар, тұңғиыққа батып кетпеуі үшін қасиетті Құран әрдайым әлгі Уахидиет сырын баяндарда Әхадиеттің нұрсәулелерін назарға ұсынып отырады.

Мәселен, Күн сәулесі шексіз заттарды қамтып тұр. Күннің бүкіл болмысын ұғынып, толық түсіну үшін ұшқыр қиял, ауқымды назар қажет. Сондықтан, алып Күнді ұмыттырмау үшін әрбір жылтырақ нәрсе Күнді шағылыстырып, көрсетіп тұрады. Олар өздерінің шамаларына қарай Күннің суретін ғана емес оның жарығы, жылуы, реңгі секілді сипаттарын да көрсетеді. Жылтырақ біткеннің барлығы Күнді бүкіл сипаттарымен бірге шамасына қарай көрсетеді. Сонымен қатар, Күннің жарық, жылу және жарығындағы жеті түсі секілді сипаттары да алдындағы бүкіл заттарды толығымен қамтиды.

Сол сияқты, وَ لِلّٰهِ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى (мысалдың айыбы жоқ) Аллаһ Тағаланың Әхадиет және Самәдиет [(*):Самәдиет - еш нәрсеге мұқтаж емес, бәрі оған мұқтаж. Ауд.] сипаттары да әрбір нәрседе, әсіресе, тірі жанда, оның ішінде адамның айна тәріздес жаратылысында барлық есімдерімен бірге болатыны секілді, Уахдет және Уахидиет жақтарымен де болмыс атаулымен байланысты. Әрбір есімі болмысты түгел қамтып жатады. Міне, осылайша
— 113 —

ақыл, Уахидиеттің сырларына батып кетпейді. Көңіл Зат-ы Ақдесті ұмытпайды. Уахидиеттегі Әхадиеттің таңбасын әрдайым ұғынып, еске алып отырады. Сол таңбаның маңызды үш өзегін "Биссмилләһир Рахман-ир Рахим" сөзі толық қамтып, айқын көрсетеді.

ҮШІНШІ СЫР. Мына жаратылыс атаулыны жайнатып тұрған - сөзсіз рақым, яғни, Аллаһтың мейірімі. Сондай-ақ, мына қараңғы әлемді құлпыртып тұрған да күмәнсіз сол мейірім. Шексіз мұқтаждықтарға тәуелді мақұлықтарды жаратып, жетілдіріп отырған да шүбәсіз сол мейірім. Ағаштың бүкіл болмысы жемісіне бағытталатыны сияқты бүкіл әлемді адамның игілігіне жаратып, оған бас игізіп, жан-жақты көмекке жіберіп отырған да сол мейірім. Сондай-ақ, мына фәни, кеңістікті және алып әлемді нұрға бөлеп, әшекейлеп, жайнатып тұрған да рақым екендігі көзге көрінердей анық ақиқат. Сондай-ақ, мына фәни, адам баласын мәңгілікке шақырып, Әзели де Әбәди, яғни бастауы мен соңы жоқ бір Аллаһқа тыңдаушы әрі дос қылған да, әлбетте сол мейірім.

Ей, адам! Мейірім осындай қуатты да тартымды, сүйкімді әрі медет беретін жағымды ақиқат екені рас. Олай болса "Биссмилләһир Рахман-ир Рахим" деп, сол ақиқаттан мықтап ұста! Үрей мен қорқыныштан, мұқтаждықтың уайымы мен қайғысынан құтыл! Әзәл, Әбәд Сұлтанының тағына жанас, сол мейірімнің шуағы арқылы ол Сұлтанды өзіңе дос қыл! Онымен тілдес!

Әлемдегі сан алуан жаратылысттарды хикметті түрде адам баласының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ететіндей етіп, соның айналасына шоғырландырып, жүйелі түрде қол ұшын бергізіп, бас игізу әлбетте екі жағдайдың бірі. Біріншісі; Әлемдегі әрбір зат, әрбір түр өздігінен адамзатты танып, бас иіп көмектесіп тұр. Әрине, бұл пікір ақылға сыймайды. Олай болуы үшін, түкке шамасы келмейтін, дәрменсіз адам баласы құдіреті күшті Сұлтан секілді бәрін өзіне бағындыра алуы керек. Не болмаса мына әлем атты перденің артында бір шексіз Құдірет иесі өзінің ілімі арқылы шексіз қамқорлық жасап отыр. Демек, әлемдегі түрлі мақұлықтар, қоршаған орта, адамзатты танымайды. Адамзатты танитын, білетін, қамқорлық жасап отырған біреу бар. Бұл - соның айғағы.

Ей, адам! Ақылға кел! Болмыс атаулының барлық түрін саған мойынсұндырып, көмектестіріп, қажеттіліктеріңе "Ләббәй" дегізіп, зыр жүгірткен Хақ Тағаланың сені білмеуі, танымауы, көрмеуі

— 114 —

әсте мүмкін бе? Ол сені жақсы біледі, білетіндігін де мейірімділік жасау арқылы білдіріп отыр. Олай болса, сен де Оны танып, біл! Оны құрметтеп, айтқанын істеу арқылы танитыныңды көрсет! Һәм мынаны біліп қой! Сен сықылды әлсіз, пақыр, өте дәрменсіз, фәни мақұлыққа алып әлемді қызметші, көмекші етуі, әлбетте, Оның хикметі мен қамқорлығын, ілімі мен құдіретіне негізделіп тұрған мейірім. Әлбетте мұндай мейірім, сенен ауқымды әрі шынайы шүкір мен кіршіксіз де адал құрмет, ізгі ізет талап етеді. Ал шынайы шүкір мен адал құрметтің белгісі "Биссмиллә-һир Рахман-ир Рахим". Соны әрдайым айтып жүр. Оны Рахманның алдында өзіңді мейірімге бөлейтұғын шапағатшы жаса!

Әлемде мейірімнің бар және рас екендігі Күндей жарқын нәрсе. Мысалы тоқыма кестенің дәл ортасында орналасқан, бір оюдың жанжақтан келетін жіптердің оралу реттілігіне байланысты екені белгілі. Сол сияқты мынау әлем атты ұшы-қиырсыз кеңістікте мыңдаған Иләһи есімдердің шуағынан иірілген нұрлы жіптер тәріздес бөлшектер, қажетті заттар, әлемге мейірімнің таңбасын басып, соның ішінде Рахимиеттің мөрін және мейірімділіктің белгісін тоқып, жатқандығы сол, ол қамқорлықтың таңбасын салып, таңба Күннен бетер жарқырап, ақыл иелеріне өзін паш етуде.

Күн мен Айды және ұсақ бөлшектер мен жер асты қазба- байлықтарды, өсімдіктер мен жануарларды бейне бір тоқыма кестенің жіптері тәрізді әлгі мыңдаған есімдердің шуақтарымен ретке келтіріп, тірі жандарға қызмет еткізіп отырған және өсімдік болсын, хайуан болсын, олардың аналықтарындағы жанкешті мейірбандық арқылы өзінің шексіз мейірімділігін паш еткен, сондай-ақ жан-жануарларды адамзаттың өміріне қызметші етіп, сол арқылы Өзінің Рубубиетінің аса ғажайып, әдемі де ұлы нақышын және адамның маңыздылығын көрсетіп, Өзінің де аса мейірімін паш етуші Рахман-ы Зүлжәлал, (Айбарлы да айбынды Аллаһ) өзінің шексіз байлығы мен мейріміне аса мұқтаж тіршілік иелері, оның ішінде, адам баласы мейірім бөленсін деп өзінің рақымын қабыл болғыш шапағатшы қылған.

Ей, адам! Адам болсаң "Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахим" де! Әлгі шапағатшыны тап! Жер бетіндегі төрт жүз мың түрлі өсімдіктер мен жануарлардың ешқайсысын ұмытпай, жаңылыспай, дер кезінде мінсіз жүйе мен тәртіп арқылы хикметті түрде қамқорлық жасап, басқарып отырған, сондай-ақ Жер бетіне Әхадиеттің таңбасын

— 115 —

басып тастаған шүбәсіз әлгі мейірім бар екендігі мына жер бетіндегі жаратылыстың болмысынан да анық. Тіпті, жер бетінде қанша болмыс болса, мейірімнің бар екенін растайтын дәлелдер де сонша.

Жер бетінде мейірімның таңбасы мен Әхадиеттің мөрі толып тұрумен қатар, Адамның рухани болмысында да мейірімнің таңбасы бар. Ол таңба, жоғарыда аталған жер жүзіндегі мейірімділік таңбасынан және бүкіл әлемдегі мейірімнің алып таңбасынан асып түспесе кем емес. Ол мың бір есімнің шағылысын бір нүктеге түйістіріп тұрғандай жарқын ақиқат.

Ей, адам! Саған мына болмысты беріп, оған осындай мейірімнің таңбасы мен Әхадиеттің мөрін басқан Аллаһ, сені сандалтып бос қоя беруі, саған мән бермеуі, сенің жүріс-тұрысыңды бақыламауы, саған мойынсұнған бүкіл әлемді мағынасыз, әбес, босқа жаратуы, әлемді жеміс бермейтін шірік ағашқа айналдыруы әсте мүмкін бе? һәм титтей де болсын шүбә жуытпайтын, нұқсандықтан ада, аса мейірімі мен жарқырап тұрған хикметін жоққа шығартуы мүмкін бе? Жо-жоқ, әсте мүмкін емес.

Ей, адам! Біліп қой! Әлгі мейірімнің ғарышына самғаудың бір жолы бар. Ол - "Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахим" сөзі. Осы бір самғаудың қаншалықты маңызды екенін білгің келсе, Қасиетті Құранның жүз он төрт сүресінің бас жағына қара! Басқа да мүбәрак кітаптар мен берекелі істердің басына назар аудар. Бисмиллаһтың ұлылығы мен қадірін дәлелдеп берер айғақтардың бірі мынау. Имам Шәфи (р.а.) секілді Ислам ғұламалары былай деген екен... Құрандағы «Биссмилләһты» жеке бір аят деп қарайтын болсақ, жүз он төрт рет түскен".

ТӨРТІНШІ СЫР. Мына ұлан-ғайыр, шексіз әлемдегі Уахидиеттің шағылысы тек اِيَّاكَ نَعْبُدُ деген сөзбен әркімге көріне бермейді.
Ойы сан-саққа жүгіріп, пікірі бытырап кетеді. Тұтас түрдегі Уахдеттен Зат-ы Әхадиетті ұғынып, اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَ اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ деу үшін Жер шарындай алып жүрек қажет. Сондықтан ұсақ нәрселер жалқы түрде Әхадиеттің таңбасын анық көрсеткеніндей әрбір түр де жалпы түрде топтасып, Әхадиеттің таңбасын көрсетуі және Зат-ы Әхадты ұғындыруы қажет. Сондықтан, әрбір Рахманиет таңбасы ішінен бір Әхадиет таңбасы көрсетілуі тиіс. Сонда әркім кезкелген
— 116 —
уақытта еш қиналмастан اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَ اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ деп тура Зат-ы Ақдеске үн қатып, оған бет бұра алады. Құран Хаким осыны ескеріп, осындай терең сырды түсіндіру үшін бүкіл әлем, ғарыш туралы айта келіп, мысалға, көктер мен жердің қалай жаратылғанын баяндап жатқанда, бірден өте тар алаңнан әңгіме қозғайды. Мақсат - Әхадиеттің таңбасын көрсету.

Мәселен, аятта Көктер мен Жер туралы баяндап келіп, кенет күрделі адам жаратылысы, оның дауысы, оған берілген нығмет пен хикметтің молшылығы туралы айтады. Осылайша пікір бытырамай, жүрек тұншықпай, рух өзінің Мағбудын яғни, кімге табынып жатқанын бірден таба қояды.

Мәселен,

وَمِنْ اٰيَاتِه۪ خَلْقُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ وَاخْتِلَافُ اَلْسِنَتِكُمْ وَ اَلْوَانِكُمْ

аяты, жоғарыда аталған ақиқатты мұғжизалы түрде көрсетеді.

Рас, сансыз мақұлықтардағы шексіз Уахдет таңбаларының бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер тәрізді ең үлкенінен бастап, ең кішісіне дейін түрлері мен мәртебелері бар. Алайда, әлгі Уахдет [(*): Уахдет - барлығын, жаппай бір Аллаһтың жаратуы. Ауд.] қанша дегенмен көпшілік ішінде болғандықтан, нағыз үндеуді, яғни, "тек саған ғана құлшылық етеміз" деген мағынаны толық білдіре алмайды. Сондықтан, Уахдеттің артында Әхадиет таңбасы болуы шарт. Сонда көпшілік, яғни, жаратылғандар ойға келмейді. Зат-ы Ақдеске қарай жүрек тура жол табады. Һәм назарларды Әхадиеттің таңбаларына аудару, жүректі бір Аллаһқа бағыттау үшін әлгі Әхадиет таңбасының үстіне өте тартымды бір нақыш әрі өте жарқын бір нұр, шырындай тәттілік, өте сүйкімді бір жамал, өте күшті ақиқат болған мейірім таңбасы қойылған. Міне, саналы мақұлықтардың назарын өзіне тартып әкететін және Әхадиетке жеткізетін сол мейірімнің қуаттылығы. Зат-ы Әхадиетті ұғындыратын да сол.

Осылайша اِيَّاكَ نَعْبُدُ وَ اِيَّاكَ نَسْتَع۪ينُ деген аяттағы үндеу, толық мағынасына ие болады. Міне, "Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахим" Фатиханың мазмұны, Құранның ықшамдалған қысқа да нұсқа жиынтығы болғандықтан, осы айтылған терең сырдың мәні-мағынасы болып отыр. Бұл мағынаны түсініп, мәнісін білгендер мейірімнің кең
— 117 —

алаңына шығып, жоғары мәртебелерінде еркін самғайды. Сондайақ, осы шапағатшыны сөйлеткендер мейірімнің сырларын түсініп, Рахимиеттің нұрлары мен мейіріміне куә болады.

БЕСІНШІ СЫР. Бір хадис шәріпте былай делінген:

اِنَّ اللّٰهَ خَلَقَ الْاِنْسَانَ عَلٰى صُورَةِ الرَّحْمٰنِ -اَوْ كَمَا قَالَ

немесе осыған ұқсас.

Бұл хадисті кейбір тариқатшылар иман негіздеріне қайшы келетіндей оғаштау түрде тәпсірлепті. Тіпті, олардың ішінде кейбірі адамның мағынауи бейнесіне Рахманның суреті деп қарапты. Мұндай Әһл-і ғашық, көбіне истиғрақ әрі илтибас халде болатындықтан, яғни, ақиқатты ауыстырып алып, яки, тереңге шомып кетіп шатастырып алатындықтан, ақиқатқа керағар түсініктері үшін, бәлкім, кешірілетін шығар. Бірақ, олардың иман негіздеріне қайшы түсініктерін саналы түрде қабылдауға болмайды. Ондай көзқарасты қабылдау қате.

Иә, бүкіл әлемді бейне бір зәулім сарай, бір үй тәрізді жүйелі тәртіп пен басқарып отырған және жұлдыздарды ұсақ бөлшектер тәрізді хикмет пен әрі оп-оңай шыр айналдырып, зыр жүгірткен, ең ұсақ бөлшектерді тіл алғыш қызметш ілер тәрізді жұмсап отырған Зат-ы Ақдестің серігі, теңдесі, қарсыласы, ұқсасы жоқ әрі болмайды да. Сол сияқты

لَيْسَ كَمِثْلِه۪ شَىْءٌ وَهُوَ السَّم۪يعُ الْبَص۪يرُ

аятының сыры бойынша, оның суреті, ұқсасы мен үлгісінің болуы әсте мүмкін емес. Дегенмен.

وَلَهُ الْمَثَلُ الْاَعْلٰى فِى السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ

сырына және теңеуіне сүйеніп, Оның істеріне, сипаттарына, көркем есімдеріне қарауға болады. Демек, істеріне назар аудару мақсатында теңеу яғни, мысал келтіруге болады.

Әлгі сахих хадистің көптеген мақсаттарының бірі. Адам, Рахман есімін толық көрсететін бейнеде екенін жеткізу. Иә, әлгінде баяндалғандай, әлемде мың бір есімнің шұғылаларынан Аллаһтың Рахман есімі көрінеді. Жер жүзінде де Рубубиеттің шексіз көріністерінен Рахман есімі байқалады. Сол сияқты адамның күрделі болмысы да шағын мөлшерде жер мен әлем секілді әлгі Рахман есімінің толық көрінісін көрсетеді деген мағынада айтылса керек. Сондай-ақ, Рахман-ир Рахим Алланың дәлелдері мен айналары болған тіршілік иелері, оның ішінде адам баласы Уажиб-үл Ужуд

— 118 —

Алланы растайтын дәлелдерге толық ие әрі Оны анық-қанық көрсете алады. Мәселен, Күнді шағылыстырып, оның үлгісін көрсетіп тұрған айнаға, оның жылтырақ әрі дәлелінің анықтығын мегзеп: «Мына айна күн секілді, күнге қатты ұқсайды екен» дейді ғой, сол сияқты «Адамның болмысында Рахманның суреті бар» дегені, оның нақты дәлел екендігіне және тығыз байланыстылығына ишара ретінде айтылған. Олай айтуға болады.

Сондай-ақ «әһл-и уахдет-үл-ужудтың» [(*): "Әһл-и уахдет-үл ужуд" - Аллаһтан басқа еш нәрсе жоқ деген түсінікті қабылдайтын топ. Ауд.] жөні түзу тобы осы сырға сүйене отырып, әлгі дәлелдердің анық әрі мықтылығын, тығыз байланыстың кемелдігін мегзей отырып "Лә мәуджүдә иллә һу", яғни, "одан басқа болмыс жоқ!" деген.

اَللّٰهُمَّ يَا رَحْمٰنُ يَا رَح۪يمُ بِحَقِّ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ اِرْحَمْنَا كَمَا يَل۪يقُ بِرَح۪يمِيَّتِكَ وَ فَهِّمْنَا اَسْرَارَ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ كَمَا يَل۪يقُ بِرَحْمَانِيَّتِكَ اٰم۪ينَ

АЛТЫНШЫ СЫР. Уа, шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың ауыр күйін кешкен бейшара адам! Мейірімнің қаншалықты құнды байланыс, қаншалықты шарапаты мол шапағатшы екенін мынадан біл! Ол бізді лы Сұлтанмен байланыстырып тұр. Ал, Ол Сұлтан, жұлдыздар мен атомдарды мұқият реттілікпен толық мойынсұндырып, өзіне қызмет еткізуде. Әзел мен Әбәд Сұлтаны Аллаһ, ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, Оның өзіне тән шексіз байлығы бар. Ол сөзсіз әрі теңдессіз бай.

Ол ешбір тұрғыдан әлемге, болмысқа әсте мұқтаж емес, Ғани-ы Ал-әл Ытлақ. Бүкіл әлем Оның әміріне құлдық ұрып, Оның айбыны мен ұлылығына мойынсұнып, алдында бас иеді.

Міне, ей, адам! Мейірім сені шексіз бай және бәрі оған мұқтаж бір Аллаһтың құзырына шығарады, оған дос қылады. Онымен сөйлесуші және сүйкімді бір құл мәртебесіне көтереді. Бірақ, қалайша сен Күннен тым алыссың, жете алмайсың. Оған әсте жақындай алмайсың. Сол сияқты біз де мәңгілік күннен шексіз алыспыз, оған жақындай алмаймыз. Бірақ, оның мейірімінің шұғыла сәулелері Оны бізге жақындатады.

— 119 —

Ей, адам! Әлгі мейірімге бөленгендер мәңгі бітпес Нұр қазынасына ие болуда. Ол қазынаны табудың жолы - мейірімнің жарқын үлгісі әрі өкілі және оның шешен аудармашысы әрі жаршысы және Құранда «Рахмәтән-лил аламин» деп аталған Ардақты Пайғамбарымыз Аләйһиссалату Уәссәләмның сүннетін орындау, ізінен еру. Ал, осы «Рахмәтан-лил аламин» атына лайық, Дене Түріндегі Мейірімге (с.а.у.) жақын болудың жолы - Салауат айту. Салауаттың мағынасы - Рақымшылық. Сол тірі дене кейпіндегі Мейірімге дұға ету болып саналатын салауат болса, әлгі "Рахмәтән-лил аламинге" қол жеткізудің бірден-бір жолы.

Олай болса, сен салауатты сені сол «Рахмәтән-лил аламинге» апаратын баспалдақ жаса! Ал, Оны (с.а.у.) Рахманның рақымына бөленуге ұйытқы, себеп қыл! Бүкіл үмметтің ардақты Пайғамбарымызға (Аләйһиссалату Уәссәләм) арнап шексіз мейірім мағынасын білдіретін салауат айтуы, мейірімнің қаншалықты қымбат қазына, Иләһи құнды сыйлық және ауқымы кең нұр екендігін анық дәлелдейді.

Сонымен, Мейірім қазынасының өте құнды асылы және есігін ашып беруші Ардақты Мұхаммед Аләһиссалату Уәссәләм. Ең алғашқы кілті - «Биссмилләһ-ир Рахман-ир Рахим». Кілттің де ең оңайы - Салауат айту.

اَللّٰهُمَّ بِحَقِّ اَسْرَارِ بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلٰى مَنْ اَرْسَلْتَهُ رَحْمَةً لِلْعَالَم۪ينَ كَمَا يَل۪يقُ بِرَحْمَتِكَ وَ بِحُرْمَتِه۪ وَ عَلٰى اٰلِه۪ وَ اَصْحَابِه۪ اَجْمَع۪ينَ وَ ارْحَمْنَا رَحْمَةً تُغْن۪ينَا بِهَا عَنْ رَحْمَةِ مَنْ سِوَاكَ مِنْ خَلْقِكَ اٰم۪ينَ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 120 —

Он бесінші Лема

Бұл Лема, Рисалей-Нұр жинағының Сөздер, Мектубат және Он төртінші Лемаға дейінгі бөлімдердің мазмұны. Әрбір кітаптың мазмұны өзінде яғни, Сөздердің мазмұны Сөздер кітабының соңына, Мектубат пен Лемалардың да мазмұны сол кітаптардың соңына тіркелгендіктен бұл жерге енгізілмеді.

Он алтыншы Лема

بِاسْمِه۪ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Ғазиз, адал бауырларым Хожа Сабри, Хафыз Али, Месуд, Мұстафалар, Хусрев, Рефет, Бәкір Бей, Рүштү, Лүтфилер, Хафиз Ахмед, Шейх Мұстафа (рахметуллаһи алейһим) және басқалар... Сендерді ойландырып жүрген және сұрақ қоюға себеп болған "Төрт Кішкене Мәселе" жайлы қысқаша баяндауды жөн көрдім.

БІРІНШІСІ. Бауырым Чапраззаде Абдуллаһ Әфенді сынды кейбір адамдар былай дейді: "Әулиелердің айтуы бойынша өткен Рамазан айында әһл-и сүннет уәл жамағат бір жеңіске жетіп, үлкз жтабысқа ие болуы керек еді. Олардың дегені орындалмады. Мұндай әһл-и кәшф әулиелер қалай жаңсақ хабар береді"?

Менің көкейіме келген жауаптың қысқаша мазмұны мынадай болды:

Киелі хадисте былай дейді. "Кейде бір бәле келе жатқанда алдынан садақа шығып, оны кері қайтарады". Бұл хадистің мәнісі мынаны көрсетеді. Жазмыштағы оқиғалар кейбір шарттарға байланысты

— 121 —

орындалар кезде кейінге қалады. Демек, әулиелер жеткізген хабары мұтлақ емес, яғни міндетті түрде болатын түрі емес. Кейбір шарттарға тәуелді түрінен болғаны. Ол шарттар орындалмаған соң жүзеге аспай қалады. Алайда, ол оқиға тағдырдың өзіндік бір дәптерінде яғни, ләух-ы махв уә испатта белгіленіп жазылған-ды. Әһл-и кәшф әулиелердің көпшілігі әзәли ләухаға жете бермейді. Ол жерге шығатындар сирек. Осы сырға орай, өткен рамазан айында және құрбан айтта және басқа уақыттарда көрегендікпен берілген хабарлардың алғы шарттары орындалмай қалғандықтан жүзеге аспады. Бірақ бұл, хабар берушілердің өтірікші екенін көрсетпейді. Өйткені жазылғандығы рас, бірақ алғышарттары орындалмағандықтан іске аспай қалды. Иә, қасиетті Рамазанда бидғаттардың жойылуы үшін Әһл-и сүннет уәл жамағаттың көпшілігі шын жүректен дұға етуі шарт әрі ол маңызды себебі болатын. Өкінішке орай Қасиетті Рамазан айында мешіттерге бидғаттар кіріп, дұғалардың қабыл болуына кедергісін тигізіп, күткен жеңіс бола қоймады. "Садақа келе жатқан бәленің бетін қайтарады" деген хадистің сыры бойынша мұнда да көпшіліктің шынайы дұғатілектері жалпыға ортақ жеңістің бір шарты болатын. Алайда ол шарт орындалмағандықтан жеңіске қол жеткізу мүмкін болмай қалды.

ЕКІНШІ С РАҚ. Осы екі ай бойы дүрбелең саяси ахуалды пайдаланып, өзімнің де, достарымның да жағдайын жеңілдетуге қам жасаудың орнына әлгі саяси ахуалға ешқандай мән бермедім. Керісінше мені қыспаққа алғандарға да қарсылық көрсетпедім. Бұған кейбіреулер аң-таң болып, түсінбей қалды. Маған: "Саған қысым жасап отырған жоғарыдағы мұнапықтардың саяси әрекеттеріне қалай қарайсың? Біле тұра түк істемейсің бе?" деді. Менің оларға берген жауабым қысқаша былай болды: "Қазіргі кезеңде мұсылмандарға ең қауіпті нәрсе ғылым мен философиядан туындайтын адасушылықтан жүректердің қараюы мен иманның әлсіреуі. Ал мұны болдырмаудың бір ғана шарасы нұр. Нұрды көрсету арқылы жүректерін тазартып, иманын сақтап қалу. Егер саясат шоқпарымен іске кірісіп, жеңіске жеткен күннің өзінде әлгі кәпірлер мұнапыққа айналады. Ал мұнапық кәпірден бетер. Демек, мұндай бір кезеңде шоқпар жүректі тазарта алмайды. Ол кезде күпірлік жүрекке еніп, орнығып алады да, екіжүзділікке айналады. Нұрды да, шоқпарды да қатар алып жүру әсіресе қазіргі таңда мен секілді әлсіз пенденің қолынан келетін іс

— 122 —

емес. Сондықтан, мен бар күшіммен Нұрға жабысуға, қандай жағдай болсын саясаттың шоқпарын ұстамауға тырысып бақтым. Бірақ, кәдімгі ұрысқа кірісу қажет болса, ол дәл қазіргі біздің міндетіміз емес. Иә, кәпірлер мен діннен безгендердің шабуылын тойтару үшін шоқпардың қолданатын жері болар. Алайда, қолымыз екеу-ақ. Тіпті жүз қолымыз болса да тек Нұрға ғана жетеді. Шоқпар ұстайтын қолымыз жоқ!"

ҮШІНШІ С РАҚ. Жақында Англия мен Италия секілді шетелдердің бұл үкіметке қырғиқабақ танытуына байланысты бұрыннан бері біздегі үкіметтің шынайы тірегі, рухани күшінің қайнары болған Ислами ынта-жігерді қоздыру арқылы мұсылманшылықтың біршама оянуына және бидғаттарды едәуір жоятындай жағдай туып тұрғанда неліктен соғысқа қарсы болдың? Бұл мәселенің бейбіт жағдайда шешілуін тілеп, дұға еттің? Дінге жаңалық ендірушілердің құрған үкіметін қолдадың? Бұл бидғатшылардың жағына шығу емес пе?

ЖАУАП. Біз қашан да тыныштықты еркіндікті, қуанышты, таза жеңісті қалаймыз. Бірақ, кәпірлердің қылышы арқылы емес. Олардың қылышымен келген пайда бізге керек емес, олардың қылыштары өз бастарын шапсын. Онсыз да, өктемшіл жат елдіктер мұнапықтарды имандыларға айдап салып, діннен безгендердің санын едәуір көбейтті. Оның үстіне соғыс, біздің Құран қызметімізге үлкен зиян келтіреді. Менің ең таңдаулы достарымның көбінің жасы қырық бестен төмен болғандықтан қасиетті Құран қызметін тастап, түгел әскерге кетуге мәжбүр болар еді. Егер менің ақшам болса, шын көңіліммен ондай таңдаулы достарымды әскерден алып қалу үшін әрқайсысына мың лира болса да берер едім. Осындай жағдайда жүздеген таңдаулы бауырларымның Нұрлы Құран қызметін тастап дүнияуи соғыстың қолшоқпары болып кетуінен, жүз мыңдаған лира зая болып, көп шығынға ұшырар едік. Тіпті, бауырымыз Зекаидың екі жыл әскери борышын өтеуі мың лиралық рухани пайдадан құр қалдырған болар. Қадир Аллаһ егер қаласа, әп-сәтте аспандағы бұлттарды түгел тазартып, Күнді жарқырата қоятыны секілді, дінсіздіктің қара бұлтын да сейілтіп, күндей жарқыраған шариғаттың ақиқаттарын оп-оңай орната салады. Тек, біз мұның қымбатқа түспеуін Аллаһтың мейірімінен тілейік. Аллаһ Тағала жоғарыда отырғандардың басына ақыл, жүрегіне иман берсе болғаны, іс өзі-өзінен оңалып кетер еді.

— 123 —

ТӨРТІНШІ С РАҚ. Былай дейді: Сіздің қолыңыздағы шоқпар емес, нұр екен. Нұрға қарсы шығуға болмайды әрі, одан ешкімге зиян келмейді. Ендеше неге достарыңызға сақ болыңдар дейсіз? Неге нұрлы кітаптарыңыздың халыққа жаппай көрсетілуін қаламайсыз?

Бұл сұрақтың ең қысқа жауабы мынау. Жоғарыда отырған- дардың көбісі мас, оқымайды. Оқыса да, түсінбейді. Басқа мағына шығарып тиіседі. Сондықтан, олар өз-өзіне келгенше көрсетпеген абзал. Сондай-ақ, ұяттан безген көптеген пенделер бар. Олар Нұр рисалелеріне жау, немесе қырсық, нұрларға күдікпен қарап, оны өзіне қатерлі секілді көретіндіктен оқымақ түгілі, қолына да ұстағысы келмейді. Сол үшін бауырларымды үнемі сақтандырып отырамын. Ақиқатты түсінбейтіндердің де қолына беріп, бұл дүниені ғана ойлайтындардың үрей-күдігін қоздырып жүрмесін деп әрдайым ескертіп отырамын.

{(Сілтеме): Үлкен мәселеге ұйытқы болуы мүмкін бір оқиға. Кеше таңертең маған досымның күйеу баласы Мехмет келді. Қуанып тұрып, сүйінші сұрағандай: Сенің бір кітабың Спартада бастырылып, көпшілік қызыға оқып жатыр екен - деді. Мен оған: Оның бастырылуына тыйым салынбаған-ды. Көшіріп жазушы бір адам кейбір нұсқаларды көбейтсе керек. Оған үкімет қарсы емес. Бұл туралы анау екі мұнафық досыңа айтушы болма! Олар тиісу үшін осындай бір нәрсе іздеп жүр дедім.

Бауырларым! Бұл Мехмет бір досымның күйеу баласы екені рас. Сол тұрғыдан алғанда менің де туысқаным саналады. Дегенмен, шаштараз болғандықтан арсыз бір мұғалім мен мұнафық мүдірмен де дос болып жүр. Әлгі хабар бір жерде бауырымыздың аузынан байқамай шығып кеткен. Бұл да естіп алып айтып отыр. Бірақ, ең бірінші маған келіп айтқаны жақсы болды. Мен ескерткен соң бір жамандықтан аман қалдық, жол бермедік.

Осылайша, кітап бастыратын машинка арқылы Рисалей-Нұрдың мыңдаған нұсқалары бастырылып, тарап кетті.}

* * * * *
— 124 —

Қорытынды

Бүгін Рефет Бейден бір хат алдым. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) киелі сақалы жөніндегі сауалдарына былай деп жауап берер едім, Сахих хадис бойынша, Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сақалының саны шектеулі ғана. Отыз, қырық тіпті, көп болса елу алпыстан аспаса керек-ті. Көптеген жерде мыңдаған сақалдың болуы мені бір кездері қатты ойландырған-ды. Кейін мынадай пікірге келдім, ол қасиетті сақалдар тек қана сақалдары болмаса керек. Мүбәрак шаштарын алдырған кезде, ешбір нәрсені жерде қалдырмайтын ұқыпты сахабалар оларды сақтап жүрсе керек. Олай болса, олар мыңдап кездесуі әбден мүмкін. Тағы да, мынадай бір ой келді. Хазіреті Пайғамбардың сақалы деп көруге барғандарға сауап жазылатындай мешіттерде тұрған сақалдар шынымен солар ма екен?

Оған мынадай жауап келді. Расында, ол сақалдарды көру деген бір себеп- сылтау. Асылы Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту және Оған деген сүйіспеншілікті білдіру. Ол бір ұйытқы себеп ғана. Себептің өзіне емес оның нәтижесіне мән берілуі тиіс. Сондықтан егер ол шаш, сақал Пайғамбарымыздікі болмаған күннің өзінде сол арқылы салауат пен құрмет көрсетіліп, үлкен қызмет атқарып тұрғандықтан, оның тегін сонша қазбалай берудің қажеті жоқ. Тек, ол еместігіне нақты дәлел болмаса болғаны. Өйткені жұрттың солай қабылдауы, солай көруі белгілі бір мағынада дәлел боп саналады. Кейбір тақуа кісілер бұған тақуалық ниетпен немесе сақтық үшін тиіссе дағы жекеше, өз тарапынан тиісер. Бидғат десе де, "жағымды бидғат" болып саналар. Өйткені, салауат айтуға себеп. Рефет бей хатында "Бауырларымыздың арасындағы бұл мәселе тартысқа себеп болуда!" дейді. Бауырларыма айтарым: "Мұны өзара араздыққа себеп болатындай дау-дамайға айналдырмаңдар! Тек, пікір алысу түрінде, ренжіспей сұхбаттасуды үйренген жөн!".

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ
— 125 —

Ғазиз, адал Сениркенттік бауырларым Ибраһим, Шүкірі, Хафиз Бәкір, Хафиз Хүсейн, Хафиз Режеп әфенділер! Сендер Хафиз Тәуфиқ арқылы жолдаған үш мәселеге дінсіздер көптен бері тиісуде.

БІРІНШІСІ.

حَتّٰٓى اِذَا بَلَغَ مَغْرِبَ الشَّمْسِ وَجَدَهَا تَغْرُبُ ف۪ى عَيْنٍ حَمِئَةٍ

аятының ашық мағынасына қарасақ: "Күннің ыстық бір батпақты бұлаққа батқанын көріпті", дейді.

ЕКІНШІСІ. Зұлқарнайын қорғаны қайда?

ҮШІНШІСІ. Ақырзаманда Хазіреті Исаның (а.с.) келуі және Дажжалды өлтіруі жөніндегі мәселе.

Бұл сұрақтардың жауабы ұзақ болғандықтан қысқаша былай дейміз: Құран аяттары араб тілінің қағидаларына сай және қарапайым көпшілік түсіне алуы үшін көптеген теңеулер, мысалдар арқылы баяндайды. Міне, تَغْرُبُ ف۪ى عَيْنٍ حَمِئَةٍ яғни, Зұлқарнайын ыстық, батпақты бір бұлақ тәрізді көрінген батыстағы мұхиттың жиегіне немесе жанартаулы, тұманды таудың қырқасына күннің батып кеткенін көрген. Яғни, сырт көзге батыстағы мұхиттың жиегінде жаз күндері аптап ыстықтан маңайдағы батпақты жер әбден қапырық болып, бу көтерілген уақытта батыстағы мұқиттың Зұлқарнайынға өте үлкен бір бұлақ бейнесінде көрінген тұсына күннің батқаны айтылады. Немесе, жанартаудың тас пен топырақты араластыра атқылаған алапат жалыны мен буы қоса көтерілген бір таудың ұшар басында үңірейген отты көзге (бұлаққа) көктің көзіндей болған Күннің де батқанын байқаған.

Құран Хакимнің ғажайып шешендікпен баяндаған бұл сөйлемі өте көп мәселені көтеріп, күшті дәріс беруде. Ең әуелі, Зұлқарнайынның батыс жаққа сапар шеккені және аса ыстық мезгіл екендігі, батпақ екені, күннің бататын сәтіне кезіккені және жанартау атқылаған уақытқа сәйкес келгендігін баяндау арқылы Африканы толық бағындыруы секілді өте ғибартты мәселелерге ишара жасауда. Өздеріңе мәлім, күннің қозғалысы сырттай солай болғанымен, ақиқатында жердің жасырын әрекетіне дәлел, соны аңғарамыз. Ол жердегі мәселе күннің батқаны емес. Бұлақ дегені де ұқсату ғана. Алыстан алып теңіздің өзі кішкене қауыздай ғана болып көрінеді.

— 126 —
Аптап ыстықтан сағымдана көтерілген тұманды будың астында көрінген теңізді батпақ ішіндегі бір бұлаққа ұқсатуы. Арабшада бұлақ, күн және көз деген мағына беретін عَيْنٍ сөзінің, аса шешендікпен орынды айтылғандығы.
{(Сілтеме): Осы ف۪ى عَيْنٍ حَمِئَةٍ дағы عَيْنٍ сөзі шешендігі жөнінен мынаған ишара етеді: Аспан мен оның жүзі Күн іспетті көздерімен жержүзіндегі Аллаһтың Жамалын Рахымын тамашалағаннан кейін, Жер де өзінің теңіз көздері арқылы жоғарыдағы Иләһи ғажайыптарды кезегімен қызықтап, екі көз бірі-бірінің ішіне жабылғанда, жер бетіндегі көздер де жабылады, деу арқылы керемет сөздермен түсіндіреді, көздердің де демалатындығына ишара етуде.}

Бұл оқиға Зұлқарнайынның назарында алыстан солай көрінсе, Арш Ағзамнан келген аспани кітап Құранның Рахмани қонақүйі болған жер жүзіне бір шырақ міндетін атқарған қызметкер Күнді, біз Атлант мұхиты атап жүрген Раббани бір бұлаққа батып көзден таса болды деуі, өзінің аса ұлықтығына жарасады әрі мұғжизалы шешендігіне сай, теңізді бір ыстық бұлақ әрі тұманды бір көз іспетті ғажап етіп көрсетеді. Тіпті, көктердегі басқа көздерге де дәл солай көрінетіні анық.

ҚОРЫТЫНДЫ. Батыстағы Атлант мұхиты батпақты бір бұлақ деп суреттелуі Зұлқарнайынның алыстан оны бір ыстық бұлақ секілді көруіне байланысты болған. Ал Құран Хакимнің назары әрбір нәрсеге өте жақын болғандықтан Зұлқарнайынның алданған көзімен қарамайды. Құран көк жүзінен қарайтын назары арқылы жер бетін бір шаршы алаң, үлкен бір сарай, кейде бір бесік, кейде бір парақ секілді көретіндіктен тұман басып, буы бұрқыраған үлкен мұхитты батыстағы бір кішкене бұлақ деуі, Құранның ауқымдылығын дәлелдеп тұр.

ЕКІНШІ С РАҒЫҢЫЗ. Зұлқарнайын қорғаны қай жерде? Яжүж - Мәжүж деген кімдер?

Жауап. Бұдан бұрын бұл мәселе жөнінде бір рисале жазғанмын. Сол кезде дінсіздердің аузына құм құйған едік. Қазір ол рисале жоқ, ол кездегі жазғандарым да есіме түсе қояр емес. Жиырма төртінші Сөздің Үшінші тармағында бұл мәселе біраз жазылған-ды. Сондықтан, кейбір маңызды тұстарына ғана қысқаша тоқталып өтеміз.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша және Зұлқарнайын деп аталуына қарағанда Иемен патшаларынан "Зүл-иезен" секілді "зү" сөзімен

— 127 —

басталған атауесімдерге байланысты бұл Зұлқарнайын, Ескендір Руми емес яғни Македониялық Ескендір емес. Бұл Иемен патшаларының бірі. Ол Хазіреті Ибраһим заманында өмір сүрген, Хазіреті Хызырдан дәріс алған. Ал, Ескендір Руми болса, шамамен милади жыл санаудан үш жүз жыл бұрын болған, Аристотельден дәріс алған. Адамдар жазған тарих нақты түрде үш мың жылдық оқиғаларды ғана қамти алады. Мұндай қысқа тарихпен Хазіреті Ибраһимнің заманынан бұрынғы дәуірді шолып, нақты хабар беру қиын. Қазіргі тарих я, ойдан шығарылған, я, болмаса болған оқиғаларды жоққа шығарып, я болмаса шала-шарпы қысқа қайырады. Бұл Иемендік Зұлқарнайын тәпсірлерде бұрыннан бері Ескендір атымен әйгілі болуының себебі; я, сол Зұлқарнайынның бір аты Ескендір болса керек. лы Ескендір және Ежелгі Ескендір осы. Немесе Құранда айтылған шағын оқиғалар жалпыға ортақ әрдайым қайталанатын оқиғалардың ұшы болатындықтан. Зұлқарнайын атанған Үлкен Ескендірдің пайғамбарлыққа ұқсайтын бастамасымен залым және зұлымдыққа душар қауымдардың ортасына тосқауыл болатын, жауыздыққа жол бермейтін, атақты Қытай қорғанындай қорғандар салынды. Сондайақ, Ескендір Руми тәрізді жиһангер патшалар дүнияуи тұрғыдан, ал адамзаттың рухани патшалары болған кейбір пайғамбарлар мен құтыптар да рухани тұрғыдан тәрбиелеуі, сол Үлкен Ескендірдің соңынан еріп, оны үлгі тұтып, зұлымдыққа ұшыраған халықтарды залымдардан құтқарудың шарасы ретінде таулардың арасын қорғандармен жалғаған. {(Сілтеме): Жер бетінде көне заманнан бері тұрған және тасқа айналып кеткен, біз білмейтін көптеген қорғандар бар.} Тау басына қамалдар тұрғызған. Өздерінің күш-қуатымен не болмаса ұйымдастырып үйрету арқылы бекіністер салған. Содан кейін қалалардың айналасын қамалмен қоршайтын болған. Зеңбіректер мен жүзетін қамалдар іспетті кемелер жасаған.

Тіпті, жер бетіндегі ең атақты қорған, Қытай қорғаны, Құран тілімен айтсақ Яжүж бен Мәжүжден, тарих тілімен айтсақ Мәнжур, Моңғол тайпаларының шабуылынан қорғану үшін салынған. Олар жер бетіндегі көптеген елдерге шабуыл жасаған жаугер тайпалар болғандықтан Гималайдың мұз басқан жоталарынан бастап, шығыс пен батысты түгел қамтып, қаптап келген кезде, үнді мен қытайдың тыныш жатқан елін олардан қорғау үшін Гималай жоталарына жақын

— 128 —

бір жердегі екі тау арасына ұзын қорған тұрғызылған. Сол биік қорған олардың ары өтуіне қалай бөгет болса, Кавказ жоталарының Дербент аңғарына тағы да сондай шабуылшы татар қауымдарынан қорғану үшін Зұлқарнайынның үлгісі бойынша бұрынғы Иран патшалары биік қорған салған. Мұндай қорған бөгеттердің саны көп. Құран Хаким бүкіл адамзатқа сөйлеп тұрғандықтан сырт көзге белгілі бір жеке оқиғаны айта отырып, сол оқиғаны бәріне үлгі етіп, жалпылай баяндайды. Сондықтан да Қорғандар мен Яжүж, Мәжүждерге қатысты риуаяттар мен тәпсірлер әртүрлі болып келеді.

Сондай-ақ Құран Хаким өзінің баяндау ерекшелігіне сай, бір оқиғадан басқа бір оқиғаға үнемі ауысып отырады. Ал, бұл ерекшелікті білмейтін адам, әлгі оқиғаларды бір уақытта болғандай етіп қабылдауы мүмкін.

Мысалы, Құран Хакимнің әлгі қорғандар құлағаннан кейін Қияметтің басталатынын хабарлауы уақыттарының жақындығы емес, мәселелердің бір-біріне жақындығынан, яғни бұл қорғандар қалай құласа, дүние де солай қирайды деген мағына айтылуда. Сонымен қатар, аса берік Иләһи қорғандар болып саналатын таулар дүниенің қирауымен бірге қалай күл-парша болса, бұл берік салынған қорғандар да сол кезде жермен жексен болады. Уақыт қанша мұқалтса да көпшілігі қирамай тұра береді дегенге де келеді. Зұлқарнайын қорғанының бір үлгісі болған Қытай қорғаны мыңдаған жылдан бері әлі тұр. Бұл да адамның қолымен заман атты параққа жазылған көнеден қалған тарих жәдігер, мағыналы бір сөйлем ретінде оқылып тұр.

ҮШІНШІ САУАЛ. Хазіреті Иса алейһиссаламның Дажжалды өлтіретіні жөніндегі мәселеге байланысты Бірінші Мектубта және Бесінші Мектубта өте тиянақты, қанағаттанарлық жауап бар.

بِاسْمِه۪ وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪
اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ وَ رَحْمَةُ اللّٰهِ وَ بَرَكَاتُهُ

Ғазиз, адал достарым, Хожа Сабри және Хафиз Али! "Муғаибат-ы Хамсе" (Бес ғайып) мәселесіне қатысты Лұқман сүресінің соңындағы аят жайлы маңызды сауалға тұщымды жауап беруімді сұрапсыздар.

— 129 —

Өкінішке орай, дәл қазір оған жауап бере қоярлық жағдайда емеспін. Тек қана, сауалдың маңызды тұсына ғана қорытынды ретінде бір ишара жасауды жөн көрдім. Бұл сауалыңызға қарағанда "Мүғаибат-ы хамсе" мәселесін сынайтын дінсіздер, оның ішінде жауынның жаууы мен құрсақтағы сәбидің жағдайы жайлы мәселеге қарсылық білдіргенге ұқсайды. Өйткені, олар былай жауынның қашан жауатынын метерология, ал құрсақтағы сәбидің ұл не қыз екенін рентген аппараты арқылы алдын ала білуге болатындықтан, бұл Мүғаибат-и хамсені ақылмен білуге болады дейтін көрінеді.

ЖАУАП. Жауынның жауатын уақыты қатаң бір заңдылыққа тәуелді емес, тікелей Иләһи қалауға байланысты және ол қазынасынан келеді. Оның солай болуының сыры мынау. Дүниедегі өте маңызды ақиқаттар мен аса қымбат нәрселер мыналар - нұр, болмыс тіршілік және мейірім. Осы төрт нәрсе тікелей, еш делдалсыз Аллаһтың құдіреті мен қалауына тәуелді. Басқа жаратылыстарда сыртқы себептер құдіреттің істеріне перде болады. Тұрақты заңдар мен қалыпты ережелер, Иләһи ираде-қалауға біршама перде болады. Бірақ нұр, болмыс, тіршілік және мейірімге ол перделер қойылмаған. Өйткені, перде қоюдың хикметі жоқ. Болмыстағы ең маңызды ақиқат мейірім пен тіршілік. Ал жаңбыр тіршілік көзі, өмірдің бұлағы мейірімінің негізі, тіпті рахымшылықтың нақ өзі. Олай болса себептердің перде болуының қажеті жоқ. Қалыпты ереже мен заңдылықтар Аллаһтың қалау еркін бүркемелеп, жасырмауы тиіс. Сонда, әркім қай кезде де шүкір етіп, құлшылық жасап, жалбарынып, дұға етіп отыруға мәжбүр болады. Егер бір ереже шартқа тәуелді болса, онда әлгі шартқа сеніп, шүкір мен сұраудың мәнісі болмай қалар еді. Күннің шығуында қаншалықты пайдалар бар екені белгілі. Бірақ тұрақты бір заңдылыққа тәуелді болғандықтан күннің шығуы үшін дұға тілек жасалмайды. Шыққаны үшін шүкір де етілмейді. Адамдар күннің тұрақты заң бойынша таңертең шығатынын білетіндіктен оны бір ғайып іс деп көрмейді. Ал, жаңбырдың жауатыны ешқандай шартқа, ережеге тәуелді болмағандықтан адамдар әруақытта жауынның жаууын Жаратушыдан сұрауға мәжбүр болады. Адамзат ғылыми түрде оның дәл қашан жауатынын біле алмайтындықтан жауған жаңбырды рахмет қазынасынан келген ерекше бір нығмет деп қарап, шынайы түрде шүкір етеді.

— 130 —

Сондықтан бұл аят жаңбырдың жаууын "бес ғайыпқа" енгізіп қойған. Ал, метерологиялық орындардың жаңбырдың жауатын уақытын мәлімдеуі тіпті де, ғайыпты білу емес. Мейірім қазынасынан шығып, жаууға бет алған жаңбырдың қайда, қай кезде жаууы мүмкін екенін алдыңғы бірнеше шартты белгілерін біліп, есептеп хабарлау ғана. Әзірге белгісіз, бірақ болып қойған немесе болуға жақын қалған оқиғаны алдын ала сезуге болады. Бұл ғайыпты білу емес. Бұл бар немесе болу мүмкіндігі жақын қалған нәрсені сезу. Тіпті, менің өзім денемдегі ағза сезімдер арқылы жиырма төрт сағаттан кейін жауатын жауынды сезіне бастаймын. Демек, жаңбырдың белгілері, бастамалары бар. Бұл жаңбырдың алғы шарттары ылғалдылық түрінде келіп, артынан жаңбыр келе жатқанын білдіреді. Бұл жағдай бір ереже секілді, ғайыптан шығып, нақты іске көшетін жағдайдың көрінісі. Ал, әлі нақтылы әлемге жетпеген, Иләһи мейірім қазынасынан әлі шықпаған жаңбырдың қашан жауатынын білу, Жаратушының шексіз іліміне ғана мәлім, ғайып жағдай.

Келесі мәселе. Рентген сәулесі арқылы құрсақтағы сәбидің жынысын анықтау وَ يَعْلَمُ مَا فِى الْاَرْحَامِ аятының ғайби мазмұнына қайшы келмейді. Өйткені, аятта ол сәбидің тек қана ұл не қыз екендігі ғана емес, ол сәбидің өзіне ғана тән ерекше қасиеттері, болашақтағы жағдайларының негізін қамтитын тағдырының түйіндері, тіпті бет әлпетінің қандай болатыны мақсат етілген. Ол - ғайыбты түгел білетін Жаратушының ғана ісі екені мәлім. Қаншама рентген аппараты жетілсе де, адамзаттың бүкіл ғалымдары бірлессе де сәбидің болашағы түгілі, бет жүзін де анықтай алмайды. Басында атап айттық қой, болмыс, өмір және мейірім бұл дүниедегі ең үлкен ақиқат әрі маңызды нәрсе деп. Сондықтан, осынау қымбат әрі күрделі тіршіліктің бүкіл болмысымен, мейірім қазынасынан шығуы жіті бақылауға алуының бір сыры мынау. Өмір - өзінің барлық болмысымен шүкір еттіруге, құлшылық жасаттыруға негізделгендіктен ираде-қалауға бүркеніш болатын ережелер секілді сыртқы себептерге тәуелді емес. Құрсақтағы сәбидің заттық және рухани болмысында Хақ Тағаланың екі нұр-сәулесі бар.

Біріншісі, өзінің Уахдетін, Әхадиетін және Самадиетін көрсетеді. Яғни, сәби дене мүшесі және басқа да жақтарымен өзге адамдарға ұқсас болып, Жаратушы - Жасағанның уахдетіне куәлік етеді. Ол

— 131 —

өзінің хал тілімен былай дейді: "Маған мұндай пішін мен дене мүшені берген кім болса, дене мүшелері маған ұқсаған барлық адамдарды да жаратқан Сол! Басқа да тіршілік иелерінің жаратаушысы Сол!" Анасының құрсағындағы сәбидің бұл айтқаны тіпті де ғайби емес, шартты белгілерге тәуелді болғаны үшін оны білуге әбден болады. Бұл жағдай ғайып әлемінен нақты әлемге әлдеқашан келіп қойған мезгіл болып саналады. Ол ғайыпты білу емес.

Екіншісі, құрсақтағы сәби өзіндік қабілет дарыны мен ешкімге ұқсамайтын жеке түр пішіні арқылы Жаратушысының ерекше қалау еркін барынша көрсетуде. Бірақ, бұл хабар ғайып әлемінен келуде. Әзели ілім Иесінен басқа ешкім мұны көре де, ести де алмайды. Ана құрсағында мұның мың да бірі де көрінбейді, анықталмайды да.

ҚОРЫТЫНДЫ. Құрсақтағы сәби өзіндік қабілет тілімен және өзіндік түр тұрпатымен Жаратушының Уахданиетіне дәлел болады. Мұнда Иләһи ираде яғни Аллаһтың қалау еркі өзінде екенінің дәлелі бар. Құдай қаласа әлі де талай дәлелдер жазылады. Әзірше осымен тоқтатуды жөн санадым.

اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Саид Нұрси
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 132 —

Он жетінші Лема

(Зүхреден алынған "Он бес Нотадан" тұрады)
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
КІРІСПЕ СӨЗ

Он екі жыл бұрын {(Сілтеме): Он екі жыл бұрын дегені Хижри 1340, милади 1921 жылдарға сәйкес келеді.} Раббани жәрдеммен Алланы тану тұрғысында, ақылдың ой жүгіртуі арқылы, жүрекпен саяхат жасау арқылы және рухымның ашылуы арқылы көрінген Тәухидтің кейбір жарық нұрларын арабша Ноталар түрінде «Зүхре», "Шуле", "Хубаб", "Шәмме", "Зәрре", "Катре" деген атпен өзім үшін қағазға түртіп қойып едім. Терең ақиқаттың шетін ғана, жарық бір нұрдың ұшқынын ғана көрсету үшін өзімнің ой қиялыма шақтап жазғандықтан басқалар пайдалана алмады. Тіпті, ең жақын достарымның өзі арабша білмейтін еді. Солардың өтініштері бойынша Ноталар мен Лемалардың бір бөлігінің мазмұнын Түрікше жазуға мәжбүр болдым.

Бұл Ноталар және араби рисалелер Бүгінгі Саидтің ақиқат ілімінен көрген алғашқы дәлелдері болғандықтан қалай көрінсе солай, еш өзгертусіз жазылды. Сондықтан, кейбір сөйлемдер басқа Сөздерде де, мұнда да жазылды. Кейбіреуі көп түсіндірілмей қысқаша жазылды. Мағынасын өзгертпеу үшін солай етілді.

БІРІНШІ НОТА. Мен өзіме былай деген едім. Ей, ғапыл Саид! Мына пәни әлемнен кейін саған серік болмайтын, дүние қирағаннан кейін сенен бөлініп кететін нәрселерге көңіл бөліп, уайымдау саған жараспайды. Әсіресе, сенің ғасырыңның аяқталған соң сені тастап кететін, әсіресе берзах сапарында бірге болмайтын, сені қабір ауызына дейін де жеткізуге жарамайтын, әсіресе бірнеше жыл бірге болып, содан соң мәңгілік сенен ажырап, күнәларды сенің мойыныңа артып кететін, әсіресе енді қолың жете бергенде сені тастап жүре беретін жалған дүниеге жүрекпен байлану ақылдының ісі емес.

— 133 —

Егер ақылың болса, дүние қирап, берзах пен ақыретке ауысып жатқанда аяқтың астында тапталып қалып қоятын, мәңгілік сапарда саған жолсерік болуға жарамайтын істердің бәрін таста. Оларға мән берме, олардың жойылып кетіп жатқанына күйінбе!

Сен өз болмысыңа жақсылап үңіл! Сенің ішкі сезімдеріңнің ішінде тамаша бір сезім бар. Ол мәңгіліктен өзге ештеңеге разы болмайды.

Ол Жаратушыдан басқа ешнәрсеге қанағаттанбайтын ерекше сезім. Одан басқаға бет бұрмайды. Одан басқаға разы болмайды.

Бүкіл дүниені меншік қып берсең де әлгі сезіміңді қанағаттандыра алмайды. Ол сезім сенің бүкіл жан дүниеңнің сұлтаны. Мәңгілік Иесі Фатыр-ы Хакимнің әміріне ғана бағынатын сол сезіміңді тыңда! Соның соңынан ер, құрдымнан құтыл!

ЕКІНШІ НОТА. Ақиқатқа жанасатын бір түсімде адамдарға былай деп жатыр екем: «Уа, адам! Құранның бір ережесі. Хақ Тағаланың жаратқандарының ешқайсына табынба, өзіңнен үстем санама. Өзіңді де еш нәрседен биік ұстама! Өйткені, жаратылғандардың ешқайсысы құлшылық етуге лайық емес, бәрі де жаратылған. Жаратылуы жағынан алғанда бәрі бірдей, еш айырмашылығы жоқ».

ҮШІНШІ НОТА. Уа, ғапыл Саид! Байқа! Сезімге алданып өтпелі дүниені мәңгі, тұрақты деп ойлама! Айналаңа қараған кезде біршама тұрақты көрінгендіктен алданып, өзіңнің фәни екеніңді ұмытып, сол көзбен қарап, мәңгі жасайтындай сезінесің де тек қияметтің болуынан қорқасың. Бейне бір қияметке дейін өмір сүретін секілді қияметтен ғана сескенесің.

Есіңді жи! Сен де, сенің жеке әлемің де кез келген уақытта жойылып кетулерің мүмкін. Сенің бұл жаңсақ сезімдерің мына бір мысалға ұқсайды.

Бір адам қолындағы айнасын бір үйге не бір қалаға не бір бақшаға қарай бағыттаса одан әлгі нәрселердің көріністері көрінеді. Егер айна бір себептен сынып, беті шытынап кетсе әлгі айнадағы көріністер де қирап жоқ болады. Ондай жағдайда айнаның сыртындағы нағыз үй мен қаланың қаз қалпында тұра беруі ол адамға түк пайдасы жоқ. Өйткені, қолындағы айнада көрінген қала және саған тиесілі үй мен бақша айнаның көрсеткен көлеміне қарай болатын.

— 134 —

Сол секілді сенің өмірің айна. Сенің дүниеңнің тірегі, айнасы әрі орталығы сенің өмірің мен тіршлігің. Кез келген сәтте үйің де, қалаң да, бақшаң да қирап, қияметің орнауы мүмкін. Олай болса, сен бұл өмірің мен жалған дүниеңе олар көтере алмайтын жүк артпа!

ТӨРТІНШІ НОТА. Біліп қой! Маңызды да, қымбат нәрселерді дәл сол қалпында қайта жарату Фатыр-ы Хакимнің бір әдеті. Яғни, көптеген нәрселердің қайта жаңаруы жыл мезгілдері қайталанып, ғасырлар ауысқанда әлгі қымбат, маңызды нәрселер сол қалпында қайтадан жаратылады. Күннің, жылдың және ғасырдың қайта жаратылуында осы заңдылықтар бір қалыпты қайталануда.

Міне, осы тұрақты қайталану заңдылығына қарап, мынадай қорытынды шығаруға болады.

Пәндер мен ғылымдар куәлік етіп тұрғандай жаратылыс ағашының ең қымбатты да маңызды да жемісі адам. Жаратылғандардың ішіндегі ең маңыздысы да адам. Бүкіл әлемнің ең қымбаттысы да адам. Әрбір адам жан-жануарлардың бір түріне тең келетіндей қымбат. Бұдан түсінеріміз, қайта жаратылған кезде адамдардың әрқайсысы жеке-жеке, қаз-қалпында өз денесімен, өз аты-жөнімен, пішін болмысымен қайта жаратылады.

БЕСІНШІ НОТА. Бұл нотада Европаның пәні мен мәдениеті бұрынғы Саидтың санасында біршама қалыптасып қалғандықтан бүгінгі Саидтың пікірлері мен көзқарасына, жүрек қалауына осы пәндер мен мәдениет кесел боп жабысты. Мәселені қиындатып жіберді. мәжбүрліктен бүгінгі Саид ой-санасынан, ең алдымен батыстың бұрыс пәлсапасы мен азғын мәдениетін лақтырып тастауды көздеген кезде ішкі дүниесінде Европаға жақ нәпсани сезімдердің үнін өшіру үшін Европаның рухани тұлғасымен бір жағынан қысқа, бір жағынан ұзаққа созылған айтысуға мәжбүр болды.

Мұны дұрыс түсінген жөн. Европа дегенде екі түрлі Европа бар.

Бірінші Еворпаға, шынайы Исауилік дінінен және Исламнан алған ақиқаттар арқылы қоғамдық өмірге пайдалы өнерге баулитын және әділет пен ақиқатқа қызмет етіп, ғылымға ұмтылған Европаға айтып тұрған жоқпын.

Табиғатқа негізделген философияның кесірінен мәдениеттің жағымсыз жақтарын жағымды санап, адамзатты азғындық пен адасуға итерген бұзық екінші Европаға айтамын.

— 135 —

Көңілде осындай аласапыран орын алып жатқан кезде мәдениеттің жақсылықтары мен пәннің пайдаларын көріп отырған Европаға емес, екінші Европаның рухани тұлғасына былай деген едім.

Біліп қой ей, екінші Европа! Сен оң қолыңа ауру, адасқан философияны, сол қолыңа азғын зиянды мәдениетті ұстап алып, адамзаттың бақыты осы екеуінде деп, адамдарды өзіңе шақырасың.

Екі қолың қатар сынсын. Ал мынау лас екі «Сыйлығың» бейбақ жұтсын! Жұтады әлі.

Ей, күпірлікке батып, онысын айналаға таратқан бақытсыз рух! Япыр-ау, рухы да, ұжданы да, көңілі де қайғы-мұң кешіп, азапқа түскен адамның құр сұлбасы, сырттай сұлу алдамшы зейнет пен байлыққа кенелсе, бақытты болуы мүмкін бе? Оны бақытты деуге бола ма?

Адам бір істің оңға баспағанына бола қамығып мұңая қалады. Ойындағысы орындалмай қалса үміті үзіледі. Болмашы бір іске сағы сынады. Тәтті қиялы ащы болып кетеді. Жап-жақсы нәрселер оны азапқа салады. Кең дүние тар қапасқа ұқсап кетеді. Ал сенің кесіріңнен жүрегінің ең терең түкпірі мен рухын адасушылық жаулап, бар үміті үзілген мұңлық бейшара адамға қандай бақыт әкелмексің?

Япыр-ау, денесі жасанды уақытша бір Жәннатта бірақ, рухы мен жүрегі Жәһаннам азабын шеккен адамды жетісіп жүр, бақытты деп қалай айтасың? Сен адамды осындай қиын жағдайға түсірдің. Жалған, Жәннаттың ішінде Жәһаннам азабын шектіріп отырсың.

Ей, адамның жүгенсіз нәпсісі! Мына әңгімеге құлақ сал да, адамдарды қайда қаңғытып бара жатқаныңды біл!

Мысалы, біздің алдымызда екі жол бар дейік. Біреуімен келе жатырмыз. Байқасақ, қадам сайын әлсіз бейшара бір адам отыр. Залымдар оған тап беріп, қолындағы мал-мүлкін тартып алып, үйшігін бұзып тастауда. Кейде жарақаттап жібереді. Оның осындай аянышты жағдайына тіпті аспан да күңіреніп жылайтын секілді. Қайда қарасаң да бұдан басқа көрініс көрінбейді. Әлгі жолдағы залымдардың ақырған дауысы мен бейшаралардың еңіреген үні жоқтау тәрізді жолды түгел жаулап алған. Адам адамшылығы жағымен басқаның қайғы-қасіретіне ортақ болатындықтан, рухын шексіз қайғы-мұңның тұманы тұмшалауда. Алайда, адамның ар-ұжданы мұндай сұмдыққа төзе алмайтындықтан, ол жолда жүргендер екі нәрсенің бірін таңдауға

— 136 —

мәжбүр болады. Не адамгершіліктен жұрдай болып, жабайы жыртқыш секілді, тасжүрекке айналады. Өзі аман болса болды, басқаның басына келген апат оған түк те әсер етпейді. Не көңілін көр, ақылын жоқ етеді.

Ей, адасу жолында әбден бүлініп, Исауилік дінінен алыс қалған Европа! Бір көзді Дажжалға ұқсаған жалғыз көзді зеректігіңмен адамзаттың рухын Тозақи жағдайға душар еттің! Бірақ, бұл емі жоқ сырқат, адамды ең жоғарғы дәрежеден, ең төменгі құрдымға түсіретінін соңында байқадың. Яғни, хайуанаттың ең сорлысы деңгейіне түсіретінін білдің.

Бұған қарсы тапқан емің сезімдерді уақытша ұйықтатып, қызыққа батыратын ойыншықтар мен ақылды алжастыратын қияли ойынсауықтар ғана. Бұл емің сенің басыңды жұтсын, жұтады да.

Міне, адамзатқа дайындаған бақыт дегеніңнің түрі осы. Ал, Екінші жол болса, Құран Хакимнің адамзатқа сыйға тартқан бақыт жолы.

Байқасаңыз, ол жолдағы әр бекетте, әр бөлімшеде, әр қалада бір Әділ Сұлтанның тәртіпті әскерлері бақылап, күзетіп тұр. Белгілі уақыттарда олардың бір бөлігі сұлтанның әмірімен міндетінен босатылып жатады. Олардың қарулары мен қолданған заттары алынып, демалысқа шығарылады. Демалысқа шыққан әскерлер бауыр басып қалған аты мен қаруын қайтарып беруден сырттай қайғыратын секілді, ақиқатында Әділ Патшаның құзырына оралатынын білетіндіктен іштей зор қуанышқа бөленуде. Әскерилерді демалысқа шығаратын қызметкерлер кейде жаңадан келген "шикі" бір әскерге кездесіп қалады. Әскер оларды танымай «Қаруыңды тапсыр!» десе, әлгі әскер: "Мен патшаның сарбазымын, Оның қызметіндемін. Соңында оның алдына барамын. Сендер кімсіңдер?

Егер, Оның рұқсатымен келіп тұрсаңдар құба-құп, бұйрықты көрсетіңдер, болмаса жолымнан былай тұрыңдар!

Мен жалғыз, сендер мың болсаңдар да сендермен арпалысуға әзірмін. Өзім үшін емес, Сұлтаным үшін солай етемін. Өйткені, менің жаным өзімдікі емес, Сұлтанымдікі. Менің қолымдағының бәрі, өзім де сол Иемнің мүлкімін. Сұлтанымның аманатын, Оның абыройын сақтау үшін сенге бас имеймін!" - дейді.

Бұл, осы екінші жолда жүрген мыңдаған бақытты жандардың бір ғана мысалы деуге болады. Қалғанын өзің салыстыр.

— 137 —

Бүкіл осы екінші жолдағылар дүниеге келуді қуанышқа бөлену, әскери міндетін атқаруға жолдама деп түсінеді. Ал, ажал жетіп, қаза болу дегенді, өз міндетінен босау деп түсінеді. (Көңілді әуенмен қайтып жатады).

Құран Хаким адамзатқа осындай бақытты жол сыйлаған.

Бұл сыйлықты кім толық қабылдаса, екі дүниенің бақытына қол жеткізетін екінші жолмен жүреді, өткенге өкінбейді, болашақты уайымдап қайғырмайды.

Ей, бұзылған екінші Европа! Сенің шірік әрі еш негізі жоқ ұстанымдарыңның бірнешеуі мынау.

"Ең үлкен періштеден бастап ең кішкентай шыбынға дейін әрбір тіршілік иесі өз-өзіне қожайын, өзі үшін өмір сүреді, өз қызығы үшін жүгіреді. Оның өзіндік өмір сүру хақысы бар. Басты мақсаты өмір сүру, тұқымын жайып жалғастыру" дейсің. Халиқ-ы Кәрим Аллаһтың тіршіліктегі жомарт заңы бойынша, өсімдіктердің хайуандарға, хайуандардың адамдарға қызмет көрсетіп, бір-біріне жәрдем ету дейтін жалпыға ортақ сипаттағы мейірімді қамқорлығын бір-бірімен жауласу деп ойлап: "Өмір күрес" деп, ақымақтық жасап, өмірді солай қабылдайсың.

Япыр-ау, қамқорлықтың шуағымен зәрре-бөлшектердің бүкіл денеге құлшына азық тасып, зыр жүгіргенін қандай күрес деп ойлайсың? Бір-бірімен жауласу солай бола ма?! Негізінде ол Рахман, Кәрим Жаратушының әмірімен бір-біріне көмек, өзара жәрдем. Және бір шірік ұстанымың мынау. «Әрбір тіршілік иесі өз-өзіне қожайын!» дейсің. Ал, ешқандай жаратылыс өз-өзіне қожайын емес екеніне анық дәлел мынау - себептер ішінде ең еріктісі, қалау ираде жағынан ең еріктісі адам. Алайда ойлану, сөйлеу және ішіп-жеу секілді қарапайым, оңай, сыртқы іс-әрекеттерін алар болсаң оның өз ықтиярына берілгені жүзден бірі ғана, оның өзі де күмәнді. Сыртқы іс-әрекетінің жүзден біреуіне ғана ие болуы екіталай болған адам қалай, қайтіп өзіне-өзі қожайын болмақ?! Адамның өзі осындай өзін-өзі басқару мен нақты иелік етуге келгенде қолы соншалық қысқа болып жатса, басқа жандыларды «өз-өзіне қожайын» дегендердің хайуаннан өткен ақымақ, түйсіксіз екені белгілі. Сені осындай қате жолға итерген, әуреге салған бір көзді ақылың. Сол көзсіз ақылыңмен барлық нәрсенің Иесі болған Раббыңды, Жаратқан Иеңді ұмыттың. Иелікпен басқаруды меңіреу табиғатқа тапсырдың, әсерді себептерге бердің, Жаратқан Иенің

— 138 —
мүлкін жасанды пұттарға телідің. Мұндай көзқарас бойынша, әрбір тіршілік иесі мен адамдар қисапсыз жауларымен жалғыз өзі күресіп, таусылмайтын қажеттіліктері үшін жанталасуы керек болады. Ондай жағдайда, зәрредей ғана күш-қуатпен, мардымсыз ғана қалау еркімен, сағым секілді сезіммен, көбіктей көрініп қана өшетін тіршілікпен, бір сәтте ғана өтетін өмірмен ондай қаптаған жау мен таусылмайтын қажеттіліктерге қарсы төтеп беруге мәжбүр болады. Алайда, ондай бейшара тіршілік иелерінің шама-шарқы осындай мыңдаған қажеттіліктердің тіпті, біреуін де өтеуге жарамайды. Қиыншылыққа тап келген кезде керең, соқыр себептерден өзге ешкімнен дертіне дәрмен болар нәрсе таба алмайды. وَمَا دُعَٓاءُ الْكَافِر۪ينَ اِلَّا ف۪ى ضَلَالٍ сырын растаушы болады.

Сенің қараңғы санаң адамдардың күндізін түнекке айналдырды. Сол қиыншылықтар мен зұлымдықтарға, қараңғы түнекке бой үйрету үшін жасанды жарықтарды жарқылдатып қойдың. Ол жарықтарың оларды қуанышқа бөлемейді, қайта жылайтын жағдайға ақымақша күлулеріне әлгі шырақтар мазақ еткендей күліп тұр.

Ал, әрбір тіршілік иесі сенің шәкірттеріңнің көзіне жауыздардың табанына жаншылған бейшаралар секілді көрінеді. Дүниеде барлығы жылап-сықтап жүр. Дүниедегі дыбыстар, өлімнен, қиыншылықтан туындайтын жан айқай.

Сенен сабақ алған шәкірт перғауынға айналады. Ең қасиетсіз нәрсеге табынатын, пайда үшін көрінген нәрсені Құдай көретін сорлы перғауын. Өзі өте тәкаппар. Бірақ, бір ләззат үшін ауыр жүкті көтеруге көнген міскін бейнесінде. Болмашы бір пайда үшін шайтанның аяғын сүюге дайын тұрған сорлы біреу. Өзі өте қатігез. Бірақ, көңілінде тірек болар ештеңесі жоқ бір қуыс кеуде болғандықтан күш қуаттан жұрдай, жағымпаз міскін.

Ол шәкіртіңнің бар мұраты, өзінің қу нәпсісін тойдыру. Қоғам үшін жан аямай еңбек еткен болып көрінгенімен өз пайдасы мен ашкөз менмендігін қанағаттандыру үшін жүрген алаяқ. Өзінен басқа еш нәрсені жақсы көрмейді. Не болса да өз нәпсісінің жолына құрбан қылуға дайын.

Ал, Құранның адал шәкірті болса Құдайдың шынайы құлы. Алайда, жаратылыстардың ешқайсысына құлшылық қылмайтын абң айы үстем құл. Жәннат секілді ең қымбат пайданы да құлшылығының

— 139 —

негізгі мақсаты деп санамайтын адал құл. Табанды да жайсаң мінезді. лы Жаратушыдан басқаға Оның рұқсатынсыз еңкеймейтін мерейлі жан. Пақыр болса да, Жарылқаушы Иесінің келешекте уәде еткен нәрселеріне көңілі тоқ, қанағатшыл. Өзі әлсіз болса да, құдіреті шексіз Жаратушысының күш-қуатына сүйенген сенімді де қуатты. Мұндай пенде Құранның нағыз шәкірті болғандықтан мәңгі Жәннатты да басты мақсатым демегендіктен, мына өткінші дүниені басты мақсат етер ме ? Осылайша екі шәкірттің қандай айырмашылығы бар екендігін түсін!

Бұрыс философияның шәкірттері мен Құран Хакимнің шәкірттерінің адал құлшыныстары мен жанкештіліктерін де салыстыруыңа болады.

Философияның шәкірттері өз нәпсісі үшін бауырынан қашады, оған қарсы даугер болады.

Құран шәкірттері болса аспан әлемі мен жер бетіндегі барлық салих құлдарды өз бауырындай іш тартып, оларға әр уақыт қайыр дұға жасайды. Және олардың бақытына рахаттанады. Рухында оларға деген жақындық сезінеді. Ең үлкен нәрсе Ғарыш пен Күннің өзін, өзі секілді бір қызметші құл, жаратылған нәрсе деп біледі.

Екі шәкірттің маңызды жақтарын және рухани құндылығын былай салыстырып көруге болады: Құран өз шәкірттерінің рухына кеңшілік пен биік дәреже бергені сондай, тоқсан тоғыз тәсбих тасының орнына тоқсан тоғыз Иләһи көркем есімдердің шағылысын көрсетіп тұратын тоқсан тоғыз әлемнің зәрре бөлшектерін бір-бір тал тәсбих тастары секілді қолдарына беріп: «Дұғаларыңды осы бойынша оқы!» дейді.

Құраннан сабақ алған Шахы Гейлани, Руфаи, Шазели сынды шәкірттердің оқыған дұғасын тыңда! Жаратылыстың Зәрре бөлшектерінің саны қанша болса,солардың бәрін тәсбихтей санап, ұстап тұрып дұға оқуда. Хақ Тағаланы зікір етуде, тәсбих етуде.

Баяндауы мұғжиза болған Құран Кәрімнің мұғжизалы тәрбиесіне назар сал! Болмашы бір қиыншылыққа көңілі құлазып, көзге көрінбейтін бір микробтан жеңіліп қалатын мына кішкентай адам, Құранмен тәрбиеленген кезде сондай биікке көтеріліп, алып дүниені, бүкіл жаратылыстарды қолына алып тәсбих тартса да аз деп біледі. Ол Жәннаттың өзін дұға-тілегіне басты мақсат қылмайды. Өз нәпсісін Хақ Тағаланың жәй бір мақұлығынан жоғары қоймайды. Абыройлылық пен кішіпейілдікті қатар ұстайды. Ал, философияның шәкірттерін мұнымен салыстырсаң қаншалықты төмен, қаншалықты құлдырап кеткенін көресің.

— 140 —

Міне, Европалық бұрыс философияның кесірінен жалғыз көз болып қалған ақылдың қате тұжырымына қарсы, екі дүниені қатар көре алатын өткір көзімен, ғайып дүниені де қадағалайтын назарымен, адамзат үшін екі дүние бақытын екі қолымен ишара еткен Құран Хаким былай дейді:

Ей, адам! Сенің жаның мен қолыңдағы дүние сенің мүлкің емес, ол тек саған аманат етілген. Ол аманаттың иесі бәрінен Құдіретті, бәрін көретін, білетін Рахим-ы Кәрім! Ол сендегі мүлкін сенен сатып алғысы келеді. Сен үшін сақтап қояды, зая болмасын, дейді. Келешекте саған құндырақ етіп, бағасын еселеп қайтаратын болады. Сен болсаң міндетіңді атқарушы бір әскерсің. Жаратушының атымен жұмыс істеп, әрекет қыл! Ол сенің қажетіңді үнемі өтеп тұрады, сенің шамаң жетпейтіндерден қорғайды. Ал, сенің бұл дүниедегі бар міндетің, өміріңнің мақсаты, нәтижесі сол Жаратушы Иенің көркем есімдеріне айна болу, әлемге паш ету.

Басыңа бір қиыншылық келсе былай де:

اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ

яғни, "Мен жаратушы Иемнің қызметінде жүрген пендемін. Ей, пәлекет!

Егер Оның рұқсатымен, ризалығымен келген болсаң, кел! Хош келдің! Өйткені, әйтеуір уақыты келгенде Оның алдына баратынымыз рас. Оған құштармыз. Бір күні бізді мына өмірдің әуресінен азат ететін болады.

Қәне, ей пәлекет! Ондай азат ету, өзіне қайтару сенің қолыңда болса онда саған разымын. Егер менің қолымдағы аманатты сақтауымды, өз орынына қолдануымды тексеруге келген болсаң және менің саған тәсілім болуыма Оның ризасы болмаса, шамам келгенше күресіп Мәлик Иемнің аманатын саған тәсілім етпеймін!" дейді.

Міне, осындай мыңнан бір үлгі ретіндегі ақылға сүйенген философия мен Құдайдың сөзі Құранның берген дәрістерінің дәрежелеріне назар аудар!

Иә, екі жақтың ақиқат халі баяндалғандағыдай кетіп барады. Бірақ, тура жолдағылар мен адасу жолында жүрген адамдардың дәрежелері әртүрлі. Ғапылдықтың да дәрежелері әртүрлі. Әркім, әртүрлі дәрежеде болғандықтан бұл ақиқаттарды түгелдей сезіне алмайды.

— 141 —

Өйткені ғапылдық, сезінуге кедергі болады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ғапылдықтың сезімді жойып жібергендігі сондай, мына дүниедегі қайғы-қасіретті "мәдениетшілдер" тіпті сезбейтін болып кеткен. Бірақ, ілімнің дамуы және күн сайын жер қойнына қайтып жатқан отыз мың өліктің ескертуі, ғапылдық пердесін ашып, жыртуда. Жат жұртқа еліктеп, олардың тағуттары мен табиғатшыл пәндерінің кесірінен адасу жолына түсіп, соларға көпе көрнеу еріп жүргендерге обал-ақ!

Уа, отанымыздың жастары! Европалық кәпірлерге еліктеуді қойыңдар! Япыр-ау, Европаның сендерге жасаған зұлымдықтары аз болды ма? Олардың азғындықтары мен бұрыс ойларына қай ақылмен еліктеп езеурейсіңдер! Жо-жоқ, олай ету қате! Азғын түрде еліктегендер, оларға мойынсұнып қана қоймай, санасыз түрде солардың қатарына қосылып, өзін де, бауырларын да құрдымға итеруде! Ояныңдар! Сендер ұялмай соларға ерген сайын отаншыл екендіктеріңді жоққа шығарып жатырсыңдар. Өйткені, олай ере беру, өз халқын менсінбеу, өз ұлтын мазақ ету болып саналады!

هَدٰينَا اللّٰهُ وَ اِيَّاكُمْ اِلَى الصِّرَاطِ الْمُسْتَق۪يمِ

АЛТЫНШЫ НОТА. Кәпірлердің санының көптігінен және олардың ұйымдасқан түрде иман ақиқаттарын жоққа шығарғанынан күмәнға түсіп, сенімін бұзып алған, Ей, бейшара адам! Біліп қой!

Қасиет пен құндылық санның көптігінде емес. Өйткені, адам егер адам болмаса онда шайтан сияқты бір хайуанға айналар еді. Адам, кейбір батыстық мәдениетті өзіне үлгі етіп хайуани сезімге беріліп, хайуандық мәртебесін дамыта берсе құнсызданып, хайуандықтың шегіне жетер еді. Өзің де көріп тұрған жоқсың ба, хайуандардың саны мен түрі көп, олармен салыстырғанда адамның саны өте аз, сөйте тұра ол барша хайуаннан жоғары, Сұлтан, Халифа, Әкім.

Зиянкес кәпірлер мен олардың жолында жүрген азғындар Хақ Тағаланың хайуандарының бір түрі. Фатыр-ы Хаким оларды дүниенің кем-кетігін жөндеу үшін жаратқан. Әрі мүмин құлдарына арнаған нығметтерінің дәрежесін анықтау үшін яғни солар арқылы қадірі білінеді. Ақырында оларды өз орындарына, Жәһаннамға тастайды.

Кәпірлер мен адасушылардың иман ақиқаттарын жоққа шығарып, қарсы шығуында ешқандай мән-мағына, құндылық жоқ. Өйткені, жоққа шығару себептері, сөздері әртүрлі. Мың жоққа шығарушы, бір адам сияқты, еш айырмашылығы жоқ.

— 142 —

Мәселен, Рамазан айы туарда Стамбулдың халқы жаппай Ай туған жоқ десе, екі-ақ адам Айды көріп куәлік етсе, әлгі жоққа шығарушы бұқара халықтың пікірі есепке алынбайды. Сол сияқты кәпірлер мен адасушылардың ұғымының негізі жоққа шығару, қабылдамау надандық, иланбау қайшылыққа толы. Олай болса олардың көптігінің мәнісі жоқ.

Хақ жолдағылардың ұғымы хақ және нақты дәлелге сүйенген. Имани мәселеде екі мүминің көзбен көргендей үкімдері адасқандардың сансыз сандырағынан артық. Сондықтан, олардан әрдайым үстем тұрады. Мәселе мынада: Жоққа шығарушылардың айтқандары әртүрлі болып, бір-бірімен үйлеспейтіндіктен қуаты аз болады. Ал, дәлелдеушілердің пікірі бір болғандықтан өзара бірігіп, үлкен күшке ие болады. Өйткені, көктегі айды көрмей, оны жоққа шығарған адам былай дейді: "Мен айды көріп тұрғаным жоқ. Мен тұрған жерден көрінбейді", келесі біреу: «Бізге көрінбейді» дейді. Басқалары да осы секілді уәж айтады. Бәрі де «жоқ!» деген сөзді айтады. Олардың аспанға зер салу жағдайлары да көрулеріне кедергі болған нәрселер де әртүрлі болғандықтан бір-бірін қуаттай алмайды.

Ал, Айды көргендер былай дейді: «Маған Ай көрінді, Ай әне, көрініп тұр» дейді. Көргендер бәрі бірауыздан бір тұсты көрсетіп: «Көкте ай анық көрінді!» деп бір-бірін қуаттайды. Бәрінің сөзі бір ақиқатты меңзеп, бір жерде тоғысады. Ал, жоққа шығарушылар бірауыздан айтылған ақиқатқа қарсы келе алмайды. Себебі, жоққа шығару дәлелденбейді.

وَ الْعَدَمُ الْمُطْلَقُ لَا يُثْبِتُ اِلَّا بِمُشْكِلَاتٍ عَظ۪يمَةٍ

Бұл бір қағида.

Бір нәрсені көзге көрсетуің, дүниеде оның бар екендігінің дәлелі бола алады. Егер оны жоқ десең, онда бүкіл дүниені шарлап, барлық жерді көрсетіп, содан кейін ғана оның жоқ екендігін дәлелдей аласың.

Бұл қағидаға сүйене отырып, кәпірлердің ақиқатты жоққа шығаруы, бір тесіктен өту, не бір шұңқырдан аттап өтуге ұқсайды десек, мың да бір, бір де бір, ешқандай айырмашылығы жоқ. Өйткені, өзара бірігіп көмектесе алмайды. Ал дәлелдеушілер болса, ақиқатқа сүйенетіндіктен пікірлері тоғысып, бір жерден шығады. Бір-бірін демеп, ұйымдаса қалады. Ол бейне бір үлкен тасты көтеруге ұқсайды. Қанша қол көтерісуге жұмылса соншама жеңіл болады. Бір-біріне қуат береді.

— 143 —

ЖЕТІНШІ НОТА. Уа, мұсылмандарды дүнияға қызықтырып, өнер мен өркендеудің шетелдік үлгісіне күштеп итермелеуші отаншылсымақ! Байқа, бұл ұлттың кейбірінің дінмен байланысы үзіліп кетпесін!

Егер кейбіреулер соқыр сезімге беріліп, ақымақтық жасап, зорлықпен діннен шығып кетсе, қоғамдық өмірдің шырқын бұзады. Мұндай дінсіздер өлтіретін удан бетер зиянкес келеді. Өйткені, діннен безгендердің ар-ұжданы мүлдем бұзылатындықтан қоғамға тигізер зияны удан да жаман. Сондықтан, шариғатта: «Діннен безген мүртедтің өмір сүруге хақысы жоқ, ал кәпір зымми болса, келісімге отырса, өмір сүруге хақысы бар» деген. Бұл шариғаттың үкімі. Ал, Ханафи мәзхабы бойынша зымми кәпірдің куәгерлігі қабылданады. Алайда, пасықтың куәгерлігі қабылданбайды. Өйткені, ол қиянатшыл, опасыз.

Ей бақытсыз, пасық адам! Пасықтардың көптігіне қарап, алданба! "Көпшіліктің ойы менікімен бірдей" деме! Өйткені, пасық адам пасықтық жолға өз еркімен түспеген. Сондай жағдайға түсіп қалған, енді одан шыға алмай жүр. Осы пасықтардың ішінде жақсы болуды қаламайтын бір де бір жан жоқ. Бастығының діндар, адал болғанын қаламайтын жұмысшы болмайды. Тек, Құдай сақтасын, ар-ұжданы бұзылып, жыланға ұқсап, шаққанынан ләззат алатындар болмаса.

Ей, алжасқан бас пен бұзылған жүрек! Сен, мұсылмандар дүнияны жақсы көрмейді немесе оны ойламайды, сондықтан кедейліктің зарын тартуда... енді, олар дүниені мүлде ұмытып кетпеуі үшін оятуға, құлшындыруға мұқтаж деп ойлайсың ба? Бұл ойың қате! Керісінше оларда қанағатсыздық құмарлық сезімдері күшейгендіктен кедейлікке ұрынып отыр. Өйткені, хырс (ашкөздік) сезімі мүминді бәрінен құр қалдыратын, аздырып тоздыратын нәрсе. اَلْحَر۪يصُ خَائِبٌ خَاسِرٌ деген үкімге сай келеді.

Иә, адамды дүнияға шақыратын себептер көп-ақ. Әу баста нәпсі, одан қала берді қажеттілік, дүниенің сыртқы сұлулығы, ішкі-сыртқы сезімдер, шайтан және сен секілді жаман достар жетіп артылады. Алайда, ақырет әлемі мен мәңгі өмірге шақыратындар аз. Егер сенде өз халқыңа деген аз да болса жанашырлығың қалған болса, ұлтқа аяушылық танытқан болып кеудеңді соққаның өтірік болмаса, мәңгі

— 144 —

өмірін құтқарсын деп қол ұшын беріп жүрген азға көмек бергенің дұрыс. Егер сол азды тоқтатып, көптің жағына шығып кетсең онда шайтанның жолдасы болғаның.

Мүмкін, мына халықтың кедейлікке ұшырауы құлшылыққа қатты кірісіп, дүниеден безіп жалқаулыққа салынуынан деп ойлайтын шығарсың. Жоқ, бұл ойың да қате!

Қытай мен Үнді еліндегі мәжусилер мен брахмандар, Африкадағы зәңгілер, Европаның боданы болған елдер, бізден де кедей. Мұсылмандардың қолында ең зәру қажеттіліктен өзге ештеңе де қалдырмауын көрмейсің бе?

Иә, Европаның кәпір сұмдары не азиялық мұнапықтар, қолда бар байлығын қулық-сұмдықпен ұрлап әкетуде не тартып алуда.

Сенің имандыларды мәжбүрлеп болса да мәдениетке шақырудағы мақсатың, елдің тыныштығын сақтау, тәртіп орнату және жеңіл басқару болса, онда мынаны жақсылап біліп ал! Сен қатты қателестің және мүлдем адастырар жолға шақырып жатырсың. Өйткені, сенімі шайқалған, мінезі бүлінген ондай жүз пасықты басқару және қоғамның тыныштығын түзеу, мыңдаған салиқалы адамды басқарудан әлдеқайда қиын.

Міне, бұл қағидаларға сүйенер болсақ, иманды адамдар дүниеқоңыздық пен ашкөздікке итермелеуге де, ынталандыруға да мұқтаж емес. Өркендеу мен тыныштық бұлай болмайды. Ең абзалы, еңбек көздерін реттеп қалпына келтіру, өзара сенімнің болуы, қауіпсіздікті қалыптастыру, бір-біріне көмекке жүгіру, халық осындай ұстанымдарға мұқтаж. Ал, мұндай мәселелер тек қана хақ діннің қағидаларын ұстану мен шынайы тақуалық, діндарлық арқылы ғана іске аспақ.

СЕГІЗІНШІ НОТА. Ей, еңбек пен жұмыстағы рахат пен бақытты сезе алмай жүрген жалқау адам! Біліп қой! Хақ Тағала өзінің кемел жомарттығымен атқарған қызметтің ақысын дәл сол қызметтің ішіне орнатып қойған. Амалдың ақысын сол амалдың өзіне орналастырған. Міне, осы сырға орай болмыс атаулы, тіпті бір жағынан алғанда жансыз жаратылыс та жаратылыс заңдары деп аталатын Иләһи заңдылық бойынша өз міндеттерін шынайы түрде, сүйсіне де өзіндік ләззат ала отырып Раббани әмірлерді орындайды. Мәселен, бал арасынан бастап, шыбын, тауық, сонау, Ай, Күн секілді

— 145 —

алып ғаламшарлар өз міндеттерін кемел түрде, шынайы атқарады. Демек, өзіндік міндеттерінде ләззат болғаны ғой. Ақылдары болмаса да соңғы нәтижені ойламай-ақ өз міндеттерін толық, мінсіз атқаруда.

Жарайды, жанды нәрселерде ләззат бар дейік, ал жансыздарда қандай ләззат болуы мүмкін? - дейтін шығарсың?

Жауап. Жансыздар өз міндеттерін пайда үшін атқармайды. Өздерінде жарқын көрініп тұрған Иләһи есімдердің атынан өздерінде әсемдіктің, реттіліктің, кемелдіктің болуын қалайды. Осындай жаратылыстарына тән қызметтерінің арқасында бүкіл Нұрлы есімдердің үлгісі, айнасы секілді күйге бөленетіндіктен нұрланып, кемелдене түседі.

Мысалы, бір тамшы су яки бір түйір әйнек негізінде сәулесіз бола тұра, Күнге бетін бұрған сәтте Күннің кішкентай орталығы тәрізді сәуле шашып, құлпырып кетеді. Дәл осы мысалдағыдай, зәрре бөлшектер, қоршаған орта, жаратылыстар Жәмәл, Кәмәл Алланың көркем есімдеріне қызмет ету арқылы өздері өте қарапайым бола тұра, бір тамшы судың немесе әйнек сынығының жарқырағаны іспетті, өте жоғарғы дәрежеге жетеді. Өз міндеттерін атқару арқылы соншама нұрлы биікке көтеріліп жатса, ләззат алу мүмкін болса яғни жалпыға ортақ тірліктен үлесі болса өте күшті ләззат ала отырып, өз міндеттерін атқаруда деуге болады.

Міндет атқарған кезде өзіндік ләззат болатындығына ең анық дәлел мынау - Сен өз бойыңдағы ағза-мүшелерің мен сезімдеріңнің қызметтеріне назар аудар! Әрқайсысының өз болмысын және тіршілігін жалғастыру үшін жасаған қызметтерінде жеке-жеке өзіндік ләззаттары бар. Атқарған қызметі олардың рахаттануы болып саналады. Ал өз қызметін тоқтату ол ағзаны азапқа салады. Міндет атқарудың ләззат екендігінің тағы бір ашық дәлелін қораздың яки балапан ерткен тауықтардың жанкешті іс әрекетінен байқаймыз. Тапқан жемдерін өздері аш болса да жемей, балапандарын шақырады. Олай болса, міндет атқарған кезде ішіп-жеуден де артық ләззат бар. Әлгі тауықтар осы ләззат үшін балапандарын қорғап иттің аузына түсуден тайынбайды, өзі аш жүрсе де балапандарын тойдырады.

Демек, міндет атқарудағы ләззат аштықтан да, өлімнен де артық екендігін осы оқиғадан анық көруге болады. Сондықтан аналық хайуандар төлдері үлкейгенше осы қызметін сүйсіне атқарады.

— 146 —

Үлкейген соң ол қызметтен босайды. Яғни одан алатын ләззаты тоқтайды. Кейде баласына доқ көрсетіп жемін тартып алады. Бірақ, адамдарда мұндай ләззатты мол міндет ұзаққа жалғасады. Өйткені, адамдар әлсіздігі мен мұқтаждығы жағынан кішкентай бала секілді. Үнемі мейірімге мұқтаж.

Сонымен барлық хайуандардың бақташы секілді аталықтарына және әлгі тауықтар секілді аналықтарына қарасаң өз қамы үшін жүрмегендігін байқайсың. Өйткені қызмет үшін, қажет болса, өмірлерін қиып, пида етуге даяр. Олай болса, оларға белгілі бір міндет жүктелген. Сол міндеттің ішіне мол рахымымен ләззат жаратып қойған. Ол сол Муним-і Кәрімнің, Фатыр-ы Зүлжалалдың атымен қызмет етуде.

Дәл сол қызметіне ақы берілетініне бір дәлел мынау. Өсімдіктер мен ағаштардың Фатыр-ы Зүлжәлалдың бұйрықтарын құлшына, рахаттана орындап жатқанын көресің. Өйткені, өсімдіктердің айналасына тарататын хош иісі, көз жауын алатын әдемі түр-түсі және жемісі үшін сабақтары қурап өзін шірітіп жіберуі олардың Иләһи әмірді орындауда ләззат алатындығын көрсетеді. Болмысын сол ләззат үшін пида етіп, ақыр соңында қурап, шіріп кетеді.

Бұтақтарында сүт қапшықтарын көтеріп тұратын какос ағашы мен өте дәмді жеміске толы інжір ағашы хал тілдерімен Иләһи рахым қазынасынан ең дәмді сүт пен тәтті шырынды алып, адамдарға береді де, өздері батпақты суға қанағат етеді. Анар ағашы да дәмді шырынын адамдарға беріп, өзі лай суға қанағат етеді.

Тіпті, дәнектердің бүрін ашып өсуінің өзінен ерекше құштарлықты байқауға болады. Қап-қараңғы топырақтың, астына қамалған дәнек кеңістікке, жер бетіне шығуға ұмтылады. Олай болса, мұнда бір міндет, ерекше ләззат бар.

Міне, «Сүннетуллаһ» деп аталатын, жаратылыстағы осы ғажайып көріністен мынаны ұғамыз. Іс әрекетсіз отырғандармен, жалқаулық төсегінде жатқандар, тынымсыз еңбек етушілерге қарағанда әлдеқайда мазасыз өмір кешеді. Өйткені, іс әрекетсіз отырғандар өмірдің тез өтуін тілеп, үнемі шағым айтады. Ал тынымсыз еңбек еткендер, үнемі шүкір етеді, Аллаһқа мадақ айтып, рахат өмір сүреді. Өмірдің яғни уақыттың тез өтуін қаламайды!

اَلْمُسْتَر۪يحُ الْعَاطِلُ شَاكٍ مِنْ عُمْرِه۪ وَ السَّاعِىُ الْعَامِلُ شَاكِرٌ

Бұл ортақ ереже.

— 147 —

Осы сырға орай «Рахат машақатта, ал машақат рахатта» деген сөз ел аузында нақылға айналған қағида. Егер жансыз заттарға назар аударсақ, бейім бола тұра әрекет етпей қабілеті ашылмай қалғандар құлшына тырысып, өзіне жазылған бағдарламаны Иләһи заңдарға сәйкес іске асыруға бар ынтасын салатынын байқаймыз. Бұл жағдай бізге мынаны мегзейді. Әлгіндей жаратылысына сай қызметте өзіндік ынта мен ләззат бар. Егер ол жансыз заттың жалпыға ортақ тіршіліктен алар үлесі бар болса, ләззаты да өзінікі болар еді. Немесе сол жансыздың уәкілі, оны бақылап отырғанға тиесілі болғаны.

Тіпті, осы сырға байланысты былай деуге негіз бар. Сұп-сұйық су мұз болып қатуға әмір алған кезде, оның сол әмірді соншалықты ынта-шабытпен орындағанын көресің, өзі құйылған темір ыдысты да жарып жібереді. Демек, су аузы жабық темір ыдыста тұрса да нөл градустан төмен жағдайда, «Кеңеюге ұмтыл!» деген Раббани әмірдің күшімен темір ыдысты жарып жібереді. Өзі де мұзға айналады. Әрбір нәрсенің қозғалысын осыған қарап ойлансаң, сонау ғарыштағы сансыз ғаламшарлар мен көзге көрінбей шыр айналған зәрре бөлшектерге дейінгі бүкіл жаратылыстың іс-қимылы Иләһи тағдыр заңы бойынша тынымсыз қозғалып жүріп-тұрғанын ұғасың. Бәрі де, Иләһи құдіреттің күшімен, тек Соның ираде-қалауымен болуда. Тіпті, әрбір зәрре, ұсақ бөлшек, әрбір жаратылыс әскерге ұқсайды. Әскерде бір жауынгердің түрлі бөлімдермен байланысы, сол жерде атқарар қызметі болатыны секілді, әрбір зәрре, әрбір тірі жан бір-бірімен тығыз байланыста. Мысалы, сенің көзіңдегі бір зәрренің көздегі тамырлармен, жасушалармен, жүйке және күре тамырлармен өзіндік байланысы бар. Соған қарай атқарар міндеті және сол міндетке келтірер пайдасы бар... Тағысын тағы... Кез келген нәрсені салыстыра беруге болады. Олай болса, әрбір нәрсе Қадир-ы Әзәлидің бар екендігіне екі тұрғыдан куәлік етеді.

Біріншісі. Өз шамасынан мыңдаған есе ауыр міндеттер атқарады. Демек, әлсіздігі арқылы Құдіреті күшті Қадир Аллаһтың бар екенін дәлелдейді.

Екіншісі. Жаратылыстардың барлыға да әлемнің күрделі тәртібі мен қатаң ережелеріне, сондай-ақ, тепе-теңдікті сақтап тұрған заңдарға сәйкес әрекет ету арқылы Алим, Қадир Аллаһтың бар екеніне куәлік етеді. Өйткені, зәрредей жансыз нәрсе мен бал арасы тәрізді өте

— 148 —

кішкентай жанды болмыс Кітаб-ы Мүбиннің ең маңызды заңы болған тәртіп пен реттілік жөнінде ештеңе де білмейді ғой. Жансыз зәрре мен кіп-кішкентай бал арасы қайда? Көктердің сансыз қабаттарын парақ секілді ашып-жауып тұрған Зат-ы Зүлжәлалдың құзырындағы Кітаб-ы Мүбиннің қаншама нәзік мәселелерін оқып білу қайда?

Егер сен, ақымақтық жасап бұл зәрре-бөлшекте сол кітаптың күрделі әріптерін көре алатын көз бар дейтін болсаң, онда ол зәрре-бөлшектің де куәлігін жоққа шығаруға тырысып бақ!

Фатыр-ы Хаким, Кітаб-ы Мүбиннің ережелерін тамаша түрде, шағын бейнеде, керемет ләззат пен арнайы қажеттілік арқылы жаратылыстың ішіне салып қойған. Ал, әрбір жаратылыс керемет ләззатпен, нақтылы бір қажеттілікпен әрекет етіп, әлгі Кітаб-ы Мүбинді білмей тұрып-ақ іске кірісе береді. Мысалы, маса дүниеге келісімен өз ұясынан ұшып шығады да адамның бетіне қонып, инесін қадап, қалағанынша қан сорады. Қашып, жалтаруға келгенде өте әккі әрі жылдам. Япыр-ау, ешқандай тәжірибесі жоқ бұл кіп-кішкене жәндікке мұндай сақтану өнерін кім үйреткен? Қайдан, қашан үйренген? Осыны көріп отырған мына мен, бейшара Саид, егер осы масаның әлгі өнерін үйренгім келсе ұзақ уақытта, қаншама дәрістер тыңдау арқылы әзер үйренер едім.

Енді, өз істерін илхам бойынша яғни аянмен жасайтын бал арасы, өрмекші және ұясын шұлық секілді тоқитын құрқылтай құсы да, осы масаға ұқсайтынын ойла!

Тіпті, өсімдіктерді де осы хайуандармен салыстырып қара! Жәууад-і Мутлақ Жаратушы Аллаһ, әрбір жандының жан дүниесіне ләззат пен шабытқа қоса қажеттілік деген «сиямен» жазылған дәптерге өзінің әмір-бұйрықтарының бағдарламасы мен ісәрекеттерінің, міндеттерінің мазмұнын жазып қойған. Міне, қарашы Хаким-ы Зүлжәлал Кітаб-ы Мүбиннің бүкіл ережелерінің ішінен бал арасының міндеттері мен қызметтерін бір тізімге сиғызып, оның басындағы титімдей жад сандықшасына салып қойған! Ал ол жад сандықшасын ашатын кілтке араға арналған ләззат берген. Сонымен жад сандықшасын ашып, оқып, Иләһи әмірді ұғып, іс-әрекетке кіріседі. وَ اَوْحٰى رَبُّكَ اِلَى النَّحْلِ аятының сырын ашады.

Егер осы Сегізінші нотаның мағынасын анық түсінген болсаң, имани сезім арқылы

وَسِعَتْ رَحْمَتُهُ كُلَّ شَىْءٍ

аятының сырын,

— 149 —
وَ اِنْ مِنْ شَىْءٍ اِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِه۪

аятының ақиқатын,

اِنَّمَٓا اَمْرُهُٓ اِذَٓا اَرَادَ شَيْئًا اَنْ يَقُولَ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ

аятындағы қағидаларды және

فَسُبْحَانَ الَّذ۪ى بِيَدِه۪ مَلَكُوتُ كُلِّ شَىْءٍ وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

бір мағынасын түсінесің.

ТОҒЫЗЫНШЫ НОТА. Біліп қой! Пайғамбарлық - қоғамдағы жақсылықтар мен кемелдіктің мазмұны және негізі. Ал Хақ дін, күллі бақыттың мазмұны. Иман - тазалық пен пәктіктің, әдеміліктің нақ өзі.

Иә, мына әлемде жарқыраған жақсылық, салқар да заңғар фейз, анық ақиқат, жоғарғы кемелдік бар екені рас. Олай болса, хақ пен ақиқат пайғамбарлықтан бастау алады, ол нәбилердің қолында. Ал бар٩٠۪ жамандық атаулы мен адасулар оларға қарсы бетте, қарсы шыққандарда.
Құлшылықтың мыңдаған әсем тұстарынан тек мына жағына көз сал! Нәби алейһиссалам құлшылық арқылы Тәухид иелерінің жүректерін айт, жұма және жамағат намаздарында біріктіріп жұмылдырады. Олардың тілдерін де бір сөзге біріктіреді. Адамзат, Әзәли Мағбудтың ұлы сөзіне сансыз жүрек пен тілдерден шыққан үндері мен дұғалары, зікірлері арқылы жауап беруде. Осынау үн мен дұғалар, зікірлер бір-бірімен астасып, бірін-бірі қоштап, ұлғайып Әзели Мағбудтың Улухиетіне бас иіп, құлшылық қылады. Жер шары жаппай сол зікірлерді айтып жатқандай, әлгі дұғаларды тілеп тұрғандай және толық болмысымен намаз оқып, кеңістіктің жоғары жағында жоғарғы абыроймен اَق۪يمُوا الصَّلٰوةَ әмірін орындап тұрғандай.

Осы бір тылсым жағдай арқылы, бүкіл жаратылыстардың арасында зәрредей болған адам, осындай ұлы құлшылық арқылы Көктер мен Жердің Жаратушысының ең сүйікті құлы және жер бетінің халифасы, бүкіл жан-жануарлардың басқарушысы сондай-ақ, бүкіл жаратылыс ағашының соңғы нәтижесі, жемісі деген жоғарғы дәрежеге ие болды.

Иә, егер жамағатпен оқыған намаздарда әсіресе айт намаздарында бір сәтте жүз миллион адамның АЛЛАҺУ АКБАР деген дауысы ғайып әлемінде үндескеніндей мына дүниеде де бір-бірімен қосылып үндессе, жер шары өзіне сай дауысы бар бір адам секілді ғажап бейнеге

— 150 —

еніп, ғажайып үнімен АЛЛАҺУ АКБАР дегендей, осынау Тәухид нанымындағылар бір сәтте АЛЛАҺУ АКБАР деулері, жер шарының жаңғырта айтқан АЛЛАҺУ АКБАРЫ іспетті.

Расында, айт намаздарында Ислам әлемінің зікірі мен тәсбихаты үндесіп АЛЛАҺУ АКБАРЫН айтып, құбыласы болған Қағбаны жүрек қылып, сонымен ниет етіп, Меккені ауыз, Арафа тауын тіл етіп АЛЛАҺУ АКБАР -ын қайталап, жер бетіндегі бүкіл мүминдердің дауыстары үндесе жаңғыруда.

АЛЛАҺУ АКБАР деген бір ауыз сөз, шексіз аспан әлемін де жаңғыртып, берзах әлеміне дейін ауаны толқындатып жаңғыртып тұр. Осылайша жерді өзіне сәжде етуші құлдарына мешіт, жанжануарларға бесік жасап, өзін дәріптетіп, пәктетуші Зат-ы Зүлжәлалға, жер шарындағы зәррелердің саны қанша болса сонша шүкір, тәсбих, тәкбір айтып, жаратылыстардың саны қанша болса сонша хамд етеміз. Бізге осылай құлшылық етуді үйреткен Мұхаммед Алейһиссалату уассаламға бізді үммет еткені үшін де осынша хамд, шүкір айтамыз.

ОНЫНШЫ НОТА. Біліп қой, Ей ғапыл Саид! Жаратушы Хақтың мағрифат нұрына бөленіп, куә болып, куәгер айналардағы нұрдың шағылыстарын тамашалағың келсе, сенің болмысың мен жүрегіңе және ақылыңа келген әрбір нұрды сынға алма, күдікпен қарап, мінеп-сынама! Өзіңе жарығы түскен бір нұрды ұстаймын деп, әуреленбе! Одан да ғапылдық жағдайдан бойыңды аулақ салып, нұрлы жаққа бет түзе! Өйткені, мен өзім куә болдым: Мағрифатуллаһтың дәлелдері үш түрлі.

Бір бөлігі. Су секілді, көзге көрінеді, сезіледі алайда, саусаққа ілікпейді. Бұл жағдайда бос қиялдан арылып, оның жалпы жағдайына бойлаған дұрыс. Күдік саусақтарымен түртуге болмайды. Өйтсең, ағып кетеді. Ол өмір суы, саусақты мекендеп қалғысы келмейді.

Екінші бөлігі. Ауа секілді, сезіледі алайда оны көре алмайсың, ұстау да мүмкін емес. Оған рухыңмен бет бұрсаң болды, өзіңді соған бағытта! Сын қолымен ұстаймын деп әуре болма! стай алмайсың. Оны рухпен сезінесің, шәк келтіріп, қол созсаң болды, жылжып жоқ болады. Сенің қолыңда тұруға риза емес.

Үшінші бөлігі. Нұрға ұқсайды, көзге көрінгенімен, сезілмейді де, ұстауға да келмейді. Олай болса, жүрек көзіңмен, рухыңның назарымен өзіңді оған бағытта! Осылай күтсең, бәлкім ол өзі келер. Өйткені, ол нұр болғандықтан қолмен ұсталмайды. Тек көңілмен ғана оған қауыша

— 151 —

аласың. Егер ашкөз дене қолыңды созсаң не қарапайым өлшемдермен өлшеуге тырыссаң ол жоғалмаса да жасырынып қалады. Өйткені, ондай нұр заттық ортаға қамалуға, біреудің иелігіне көнбейді.

ОН БІРІНШІ НОТА. Баяны мұғжиза болған Құранның түсіндіруінде көптеген жанашырлық, мейірім, қамқорлық байқалады. Халықтың басым көпшілігі қарапайым, сана-түйсіктері терең емес. Сондықтан күрделі мәселелерді байқай бермейді. Олардың қарапайым түсініктеріне сай, аспан мен жерге қатысты үлкен әріптермен жазылған аяттарды қайталап көрсете береді. Ондай үлкен әріптерді оқу әлдеқайда оңай. Мысалы, көктер мен жердің жаратылысы және жаңбыр жауып, жердің жанданып, тірілуі секілді көзге анық көрініп тұрған аяттар арқылы дәріс береді. Миды шаршатпау үшін сол үлкен әріптердің арасында жазылған кішкене аяттарға жиі назар аудартпайды.

Құранның жазылу үлгісінде теңдессіз үйлесім, табиғилық бар. Бейне бір Құран құдірет қаламымен әлемнің парақтарына жазылған аяттарды өзі оқып тұрған хафиз секілді. Тіпті, Құран, Жаратылыс кітабын оқушы, қағидаларын үйретуші, Әзәли Жаратушының тылсымдарын ашып, құбылыс-істерін жазып тұрғандай.

Осы айтылғандарға көз жеткізгің келсе, Құранның «Амма» сүресі мен قُلِ اللّٰهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ аяттарын тыңда!

ОН ЕКІНШІ НОТА. Уа, бұл ноталарды тыңдап отырған достарым!

Сендерге мынаны ескерте кетейін. Менің Раббыма деген жүрегімнің құпия сырларын, өтініш, дұға-тілектерімді әдеттен тыс, параққа жазуымның себебі, өлім келіп, тілім күрмелген кезде осы кітабым менің орныма мінажат қылып сөйлесін деген ниет. Иләһи! Ниетімді қабыл ет!.

Иә, қысқа өмірде жасаған көп күнәларымның кешірілуі үшін тілмен жасаған тәубәларым жеткіліксіз. Біршама ұзақ ғұмыр кешетін әрі үнемі оқылатын бұл кітаптың тілі сол іске жарап қалар деген үміттемін. Бұдан он үш жыл бұрын рухымның алай-дүлей шайқалған шағында яғни Бұрынғы Саидың күлкісі Бүгінгі Саидтың жылауына алмасқан кезде, жастықтың ғапылет ұйқысынан қарттықтың таңы атуымен оянған шақта осы бір жалбарыну яғни мінажәт, ойға арабша келген еді. Соның бір бөлігінің мағынасы былай:

Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім!

Менің қартайған шағыма дейінгі өмірім түгел босқа кетті...

— 152 —

Жастық шақтағы өмірімнен қолымда қалғаны қайғыға батыратын күнәлар, қорлыққа түсіретін өкініштер, адастырушы күмәндар ғана.

Осындай қат-қабат ауыр жүкпен, ауру жүрекпен, ұяттан қызарған бетіммен қабірге де таяп қалыппын. Тіпті, бір сәт оңым мен солым мойын бұруға мұрша да бермейтін жылдамдықпен туыстарымның бәрі бір-бірлеп барып қойған қабірге жақындап келемін. Қабірдің есігі дегеніміз, мәңгілікке бағытталған әбед-үл әбад жолындағы алғашқы аялдама, бірінші қақпа екен. Ал, менің осынша бауыр басып, байланып, өліп-өшіп жүрген бұл тар дүнием, толық көз жеткізгенімдей жойылатын жаратылыс, өлетін уақытша нәрсе екен. Оның ішіндегі жаратылыс деп жүргеніміз де бірінен кейін бірі топ-тобымен көшіп, жоғалуда. Әсіресе, мен секілді өз нәпсісі жүгенсіз пенделерге бұл дүние нағыз қатігез әрі алдамшы қу екен. Бір ләззат берсе мың қайғы жұтқызады. Бір тәтті жегізсе, жүз жұдырықтың астына алады.

Уа, Рабб-ы Рахимім! Уа, Халық-ы Кәрімім! كُلُّ اٰتٍ قَر۪يبٌ дегеннің мәнін түсініп, мынаны көргендеймін, мен көп ұзамай кебінімді киіп, табытқа жатып, достарыммен қоштасқан екенмін.

Қабірге кетіп бара жатып, Сенің рахымды дергахыңда мүрдем мен рухымның хал тілімен бар дауыспен былай деп жатырмын.

Әл-аман, Әл-аман! Я, Ханнан! Я, Мәннан!

Мені күнәларымның кесапатынан құтқара гөр!

Міне, қабіріме де жеттім, кебініме оранған мүрдемнің басында тұрмын. Мейрімі мол дәргейіңе бас иіп, бар даусыммен еңіреп тұрып жалындым.

Әл-аман, Әл-аман! Ханнан! Я Мәннан!

Мені күнәларымның ауыр жүгінен құтқара гөр!

Міне, қабіріме кіріп қойдым, кебініме оранған мүрдеммен келдім! Мұнда әкелгендер мені тастап кетіп қалды. Енді Сенің ғана ғафу кешіріміңе зәрумін. Және енді анық көріп тұрмын, Сенен өзге маған пана болар ешкім жоқ екен. Күнәдан қызарған бетім, салбыраған бас, тар қапаста қысылып бар дауысыммен былай деймін.

Әл-аман, Әл-аман! Я, Ханнан! Я, Мәннан, Я Райян !

Мені күнәларымның ауыр салмағынан құтқара гөр! Жатқан жерімді кеңейте гөр! О, Жаратушым! Сенің рахымыңды пана тұтамын. Әлемдердің сүйіктісі Хабибің (с.а.у.) шапағатшы болып, саған жетуіме жол көрсетсін. Сенен шағымданып жатқаным жоқ, керісінше нәпсімді саған шағымданамын.

— 153 —

Уа, Халық-ы Кәрімім! Уа, Рабб-ы Рахимім!

Сенің алдыңа Саид есімді бір құлың қырсығып, қарсы шықты, бірақ өзі әлсіз, ғапыл, жаһил, пасық, сотқар, бүлікші, әрі қожайынан қашқан құл кейпінде, қырық жыл өткен соң істегендеріне өкініп, алдыңа келгісі келіп тұр. Сенің Рахымыңнан үміткер, күнәлары мен қателері көп екенін мойындап келіп тұр. Тұла бойы неше түрлі дертке ұшыраған. Енді саған жалбарынып өтінуде.

Егер мол рахымыңмен қабыл алып, оны кешірсең, әрине ол тек саған ғана жарасады. Өйткені, сен Әрхам-ур Рахиминсің. Мейірімділерден де мейірімдісің. Егер өтінішімді қабылдамасаң, Сенен басқа панам жоқ!

Өзіңнен өзге Құдай, Сенен басқа Рабб жоқ, қайда барам? Сенен басқа, пана болар да табынар да Жаратушы жоқ!

لَا اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ وَحْدَكَ لَا شَر۪يكَ لَكَ اٰخِرُ الْكَلَامِ فِى الدُّنْيَا وَ اَوَّلُ الْكَلَامِ فِى الْاٰخِرَةِ وَ فِى الْقَبْرِ اَشْهَدُ اَنْ لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللّٰهِ صَلَّى اللّٰهُ تَعَالٰى عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ

ОН ҮШІНШІ НОТА. Адамдар жиі шатасатын жағдайларға қатысты бес мәселе.

Біріншісі, Хақ жолда қызмет етіп, сол жолда күресіп жүрген кісілер, өз міндетін ғана ойлауы тиіс бола тұра, Хақ Тағаланың ісіне араласып, әрекетін соған қарай реттеп қателеседі. «Дүние мен Дін әдебі» атты рисаледе мынадай бір риуаят бар:

Бірде шайтан Иса алейһиссаламға былай наразылық білдіріпті: «Ажал да басқа нәрселердің барлығы да Аллаһтың әмірімен болады, о баста тағдырда жазулы деп сенесің. Сен мына биіктен секіріп көрші, өлмегеніңді көрейік!».

Сонда, Хазіреті Иса алейһиссалам былай депті:

اِنَّ لِلّٰهِ اَنْ يَخْتَبِرَ عَبْدَهُ وَ لَيْسَ لِلْعَبْدِ اَنْ يَخْتَبِرَ رَبَّهُ

Яғни, «Хақ тағала өз құлын сынап, сен солай істесең мен былай істеймін, кәне не істейтініңді көрейін?» дейді. Бірақ, құлдың Жаратушы Иесін сынағандай: «Мен осылай істесем, сен бұлай істейсің бе?» деуге хақысы жоқ. Бұл әрине, Хақ Тағаланың Рубубиетіне қарсы әдепсіздік болады әрі құлшылыққа керағар.

— 154 —

Ақиқат осы, олай болса адам өз міндетін атқарып, Хақ Тағаланың ісіне араласпауы керек.

Өз заманында Шыңғыс ханның әскеріне бірнеше рет төтеп берген Исламның қаһарман батыры Жәлеладдин Хорезмшах, майданға аттанғалы тұрғанда уәзірлері: «Сіз жеңіске жетесіз. Хақ Тағала сізді жеңіске жеткізеді» - депті. Сонда ол: «Аллаһтың әмірімен маған жиһад парыз болды, жаумен соғысуға міндеттімін. Аллаһтың ісіне араласпаймын, жеңіске жеткізе ме? Жеңілдіре ме? Ол Өз қолында» депті. Міне, ол осы «тәсілім» сырын жақсы түсінгендіктен, таңғаларлық жағдайда, қаншама рет жеңіске жеткен екен.

Иә, адам баласы қалау-еркімен жасайтын іс-амалдарында Хақ Тағаланың қолындағы нәтижені ойламауы керек. Мысалы, біздің кейбір бауырларымыз Рисалей-Нұрға көпшіліктің ықыласы ауып, қызыға оқыса, ынталанып, құлшынып кетеді де, тыңдамай қойса ықыласы бәсеңдеп, тіпті жойылып кетеді. Алайда, Ардақты жетекші,

Нағыз өнеге, лы ұстаз Расулуллаһ Алейһиссалату Уәссәләм وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلَّا الْبَلَاغُ деген Иләһи бұйрықты бұлжытпай орындап, адамдар тыңдамай, сырт айналса да одан әрі ықыластана түсіп, үгітнасихат қылады екен.

Өйткені, Ол (с.а.у.)

اِنَّكَ لَا تَهْد۪ى مَنْ اَحْبَبْتَ وَلٰكِنَّ اللّٰهَ يَهْد۪ى مَنْ يَشَٓاءُ

сыры бойынша мынаны түсінген еді.

Адамдарға насихатты тыңдату, оларды тура жолға салу тек Жаратушы Хақтың қолында. Расулуллаһ Хақ Тағаланың ісіне араласпайтын.

Олай болса, бауырларым! Сендерге қатысы жоқ міндеттерді ойлап, іс-әрекетеріңді соған қарай жасамаңдар. Жаратушыны сынағандай болмаңдар!

Екінші мәселе. Құлшылық міндеті Иләһи бұйрық болғандықтан Аллаһтың ризалығы үшін жасалады. Құлшылыққа итермелейтін себеп, Аллаһтың әмірі, ал нәтижесі Аллаһ Тағаланы риза қылу. Ал, оның пайда жемістері ақыретте көрінеді. Алайда, басты мақсат қылмай және тек сол үшін істемеу шарты бұзылмаса, дүниелік пайдалар өздігінен беріліп, сұрамай-ақ болып жатқан нәтижелердің құлшылыққа зияны жоқ. Қайта ол, әлсіздер мен жаңадан бастағандарды ынталандырып, құлшындырып жатса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Бірақ, дүниелік

— 155 —

пайдаларды құлшылық пен дұғаның немесе зікірдің басты себебі яки мақсаты етсе әлгі құлшылықтың мәнін бұзып жібереді. Тіпті, әлгіндей қасиетті дұғаның үкімін жойып, нәтижесіз қалдырады. Міне, бұл сырды білмегендер жүздеген қасиеті бар Шахы Нахшибендінің қасиетті дұғаларын немесе мың қасиеті бар Жәушан-ул Кәбирді әлдебір пайданы көздеп оқып жатады. Олар ондай пайданы көре алмайды, көруге де хақылары жоқ. Өйткені, ондай пайдалар әлгі дұғаларды оқуға басты себеп болмауы тиіс. Ол дұғадан пайда күтіп, одан сұрауға болмайды. Себебі, ондай пайдалар Аллаһтың қалауымен, оның мол мейрімімен әлгі дұғаның құрметіне талапсыз түрде беріледі. Пайда көздеп, соны ниет қылса, ықыласқа біршама зияны тиеді. Тіпті ол, құлшылық саналмай, қасиетін жоғалтып жіберуі мүмкін. Дегенмен, осындай қасиетті дұғаны оқушы әлсіз адамдар, ынталандыру ретінде әлгіндей пайдаларды ойлап оқыса зияны жоқ, олар соған мұқтаж десе болады. Мұндай пайдаларын ойлап, дұғаны ықыласпен және тек Аллаһ ризалығы үшін, ақырет үшін оқитын болса, оқасы жоқ. Әрі қабыл болады. Міне, осы хикмет-сырды түсінбегендердің көпшілігі қасиетіне шәк келтіріп, немесе жеткізуші кісілерден шүбәланып, тіпті, жоққа шығарып, қасиетті дұғалар бар екеніне сенбейді.

Үшінші мәселе. طُوبٰى لِمَنْ عَرَفَ حَدَّهُ وَلَمْ يَتَجَاوَزْ طَوْرَهُ яғни, «Бақытты адам деп, шамасын біліп, шектен шықпайтындарды айтады» Бір түйір әйнектен бастап, бір тамшы су, мөлдір қауыз, айдынды теңіз, аспандағы айға дейін жаппай Күннің сәулесін шағылыстырады. Әрқайсысы өз шамасынша Күннің жарығына айна болып, өз дәрежесінде оны көрсетеді. Бір тамшы су: «Менен Күннің бір сәулесі көрініп тұр» дейді. Бірақ, «Мен теңіз секілді үлкен айнамын» дей алмайды. Сол секілді, Иләһи көркем есімдердің шағылысында адамзат арасында әулиелік дәреженің түрлері бар. Иләһи көркем есімдердің әр қайсысы Күн секілді кішкене жүректен сонау ғарышқа дейінгі аралықта шағылыс сәулелері бар. Иә, жүрек те бір ғарыш. Бірақ: «Мен де ғарыш секілді айнамын» демейді. Міне, құлшылықтың негізі болған әлсіздік, пақырлық, мұқтаж екенін білу, сол арқылы Улухиеттің дәргаһына сәжде ету бола тұра, еркелеп, маңғазданатын пенделер, зәрредей жүрегін ғарышпен тең дәрежеде ұстап шатасады. Тамшыдай ғана дәрежесін теңіздей алып әулиелікпен теңеп шатасады. Мен де сол биік мәртебеге жеттім деп, сол жағдайда өзін сақтап қалам деп тыраштанып, босқа әуре-сарсаңға түседі.
— 156 —

Сонымен, киелі хадисте:

هَلَكَ النَّاسُ اِلَّا الْعَالِمُونَ وَهَلَكَ الْعَالِمُونَ اِلَّا الْعَامِلُونَ وَهَلَكَ الْعَامِلُونَ اِلَّا الْمُخْلِصُونَ وَالْمُخْلِصُونَ عَلٰى خَطَرٍ عَظ۪يمٍ

депті.

Яғни, құтылудың жалғыз жолы ықыласты болу. Ықыласты болу, оған қол жеткізу өте маңызды. Зәрредей ықыласты амал, ықылассыз жасалған батпандаған амалдардан артық. Ықыласқа қол жеткізу үшін амалды тек Аллаһтың әмірі деп орындап, нәтижесінде Оны риза қылуды ойлап, Аллаһтың ісіне араласпау керек. Барлық нәрседе бір ықылас бар. Тіпті, ықыласқа толы зәрредей махаббат, ықылассыз, ақы күтілген махаббаттан әлдеқайда қымбат.

Бір адам осы ықыласты махаббатты былайша суреттепті.

وَ مَا اَنَا بِالْبَاغ۪ى عَلَى الْحُبِّ رِشْوَةً ضَع۪يفٌ هَوًى يُبْغٰى عَلَيْهِ ثَوَابٌ

яғни, «Мен жақсы көріп сыйлағаным үшін сыйлық та ақы да марапат та сұрамаймын. Өйткені, қарымтасына ақы сұралған сыйластық әлсіз келеді, қысқа болады». Асылында, нағыз пәк махаббат адамның жаратылысында және аналардың жүрегінде бар. Міне, мұндай мөлдір махаббатқа тура мағынада аналардың шын мейірімі куә. Аналар осы шын мейірімін балаларына арнағанда сол үшін олардан қандай да бір сый-сияпат дәметпейді, керек болса бақилық бақытын да пида етуге әзір тұрады. Соның бір мысалы, тауық байғұс балапанын қорғау үшін өзін иттің аузына салуға дайын екенін шәкіртім Хусрев өз көзімен көрген еді.

Төртінші мәселе. Сыртқы себептердің салдарынан келген нығметтерді сол себептерден көруге болмайды. Егер ол себептердің ықтияр-еркі болмаса, мысалы хайуан яки ағаш болса, онда олар тікелей Хақ Тағаланың атынан береді. Олар өз хал тілдерімен «Бисмиллаһ» деп, саған беріп жатыр. Сен де, оны Аллаһтан деп «Бисмиллаһ» айтып ал! Егер себептің еркі-ықтияры болса ол «Бисмиллаһ» десін сонан соң ал, әйтпесе алма!

Өйткені, وَلَا تَاْكُلُوا مِمَّا لَمْ يُذْكَرِ اسْمُ اللّٰهِ عَلَيْهِ аятының мағына сын дағы тағы бір ишара мынау: «Хақты еске салмайтын, Аллаһтың атымен берілмеген нығметтерді жемеңдер!» дейді. Олай болса, алған да берген де «Бисмиллаһ» деуге тиіс. Егер, беруші «Бисмиллаһ» демесе, сен де алуға мұқтаж болсаң «Бисмиллаһ» деп,
— 157 —

берушінің артындағы Иләһи Рахымды сезіп, Аллаһ бергізіп тұр деп, шүкір етіп ал! Яғни, нығметтен оның арнайы берілетінін көріп, одан әрі нығмет беруші Хақ Тағаланы еске ал! Осылайша еске алудың өзі шүкір болып саналады, ал сыртқы себепкерге дұға жаса. Өйткені, келген нығмет соның қолымен жеткізілді ғой.

Сыртқы себептерге табынушыларды алдаған мына жағдай. Екі нәрсенің бірге келіп қабаттасуынан біріне-бірі себеп болатыны. Мұны арабша «Иқтиран» деп атайды. Яғни, бірін-бірі тудырып, пайда болуына басты себеп сол деп ойлайды. Өйткені, бір себептің жоқтығы сол нығметтің болмауына басты себеп болатындықтан, ол нәрсенің бар болуы да сол себепке тікелей байланысты деп, шатасады. Сосын, шүкірін де сол себепке арнайды. Бұл әрине, қате түсінік. Өйткені, бір нығметтің болуы үшін оның көптеген алғышарттары бар. Алайда, ол нығметтің болмай қалуы үшін бір шарттың болмай қалуы жеткілікті. Мысалы, бақшаны суаратын арықты ашпай қойған адам одан келетін нығметтердің болмай қалуына кінәлі яғни басты себеп болады. Алайда, ол бақшадағы нығметтердің бар болуы, әлгі адамның қызметінен басқа жүздеген шарттардың орындалуына байланысты. Бәрінен бұрын Раббани құдіреттің қалауы арқылы болады.

Міне, осындай шатасудың қаншалықты қате екенін түсін! Сонымен себепке көп мән беріп, табынып кетушілердің қаншалықты қателесетіні аян болды.

Иә, «Иқтиран» басқа басты себеп бір басқа.

Айталық, саған бір нығмет келе жатыр, оған бір адамның саған берсем деген ниеті себеп болды, оны арабша «Муқарин» дейді, сол нығметтің бір шарты ғана, бірақ басты мәселе ол емес. Басты мәселе Иләһи мейірім. Әлгі адам бұл нығметті саған сыйлау ниетінде болмаса, әрине ол саған келмес еді.

Яғни, нығметтің болмай қалуына бірден-бір себеп болар еді. Бірақ, жоғарыда айтылған заң бойынша, ол адамның ниеті сол нығметтің басты себебі бола алмайды. Ол нығметтің жүздеген шарттарының бірі ғана.

Мысалы, Нұр шәкірттерінің ішінде Хақ Тағаланың нығметіне бөленген кейбір адамдар (Хусрев, Рефет) "Иқтиранды" яғни себепті басты мәселемен шатастырғаны бар. стазына айрықша ризашылық білдіріп, өздерін қарыздар сезінетін. Алайда, Жаратушы Хақ оларға

— 158 —

Құрани дәріс алу нығметін беруімен бірге, сый ретінде стаздарының түсіндіріп беру нығметін де бірге берген, оларды бір-біріне себеп қылған. Олар: «Егер ұстазымыз бұл жерге келмегенде біз Құран дәрісін ала алмас едік дейді. Демек, стаздың түсіндіруі біздің дәріс алуымызға негіз, басты себеп» дейді.

Мен оларға, "Бауырларым! Жаратушы Хақтың маған да, сендерге де берген нығметі қабаттаса, қатар келген. Екі нығметтің де негізі, басты мәселе, Аллаһтың Рахымы. Мен де бір кездері сендерге ұқсап себепті басты мәселемен шатастыратынмын. Қаламдары алмастай Рисалей-Нұрдың жүздеген шәкірттеріне өзімді қарыздар сезініп, «Осы шәкірттер болмағанда, мен секілді жазуы нашар адам дінге қалай қызмет етер еді?» дейтінмін. Соңында мынаны түсіндім, Сендерге қалам арқылы қызмет ету нығметі берілген, маған да осы қызметті жүргізуді нәсіп еткен, яғни бір-біріне себеп-сылтау қылғаны болмаса, ешқайсысы да негіз, басты себеп бола алмайды. Мен сендерге рахмет айтпаймын, құттықтаймын. Сендер маған қарыздар болудың орнына, дұға етіп, тілек тілеңдер.

Бұл төртінші мәселе ғапылдықтың қаншама дәрежелері болатынын айқындайды.

Бесінші мәселе. Егер бір жамағаттың табысы түгелдей бір адамға берілсе, бұл зұлымдық болар еді. Немесе, жамағатқа тиесілі қорды бір адам алып қойса, ол да зұлымдық болар еді. Сол сияқты жамағаттың бәріне ортақ нәтижені тек басшысына, яки ұстазына еншілеу, жамағатқа да, оның ұстаз басшысына да зұлымдық жасалған болады. Өйткені, ондай жағдай менмендікті қоздырып, мақтаншақтыққа итереді. Өзі қатардағы шаруа, есікші бола тұра, өзін Патша сезінеді. Аллаһқа серік қосуға жол ашуы ықтимал. Бір қамалды бұзып кіріп, жеңіске жеткен әскердің абыройлы жеңісін тек бір қолбасшы иемденуге хақысы жоқ. « стазды немесе мүршидті, пірді қайнар бұлақ, яғни негіз деп түсінбеу керек. Олар негізгіні көрсетуші, шағылыстырушы деп білу керек».

Мысалы, жылу мен жарық саған бір айна арқылы түсіп тұр. Сен ол жарықтың көзі Күнге қарыздар болудың орнына айнаға риза болуың әрине дұрыс емес, есалаңдық. Иә, айнаны сақтау керек, оны мүлдем жоққа шығаруға болмайды, өйткені ол, жарықтың түсуіне себеп болуда. Мүршидтің, пірдің, ұстаздың жүрегі осы айна секілді. Олар Хақтан

— 159 —

келген фейз-нұрға себеп болады. Оларға осындай құрал, себеп ретінде қарап, одан артық мән беріп, нұр-фейздің бұлағы деу қате пікір. Тіпті, кейде қайнар көз саналып жүрген пір-ұстаздар бұлақ та емес, тіпті, нұрға бөленуші де емес болуы мүмкін. Мүридтің яки шәкіртінің ыстық ықыласының арқасында басқа бір жақтан берілген нұрды ол өз ұстазы арқылы келді деп жүруі бек мүмкін.

Мысалы, кейбір адамдар гипноз арқылы бір айнаға тесіліп қараса, оған мисал әлеміне терезе ашылып, әлгі айнадан ғажайып көріністерге куә болады. Алайда, көріністер айнадан емес, сол айнаға қадалған көзінің ішіндегі қиялдан ашылған терезеден бір нәрселер көреді. Сол секілді толық кемелденбеген, шала мүршидтің, не бір пірдің кәміл мүриді, ынталы шәкірті пірінен әлдеқайда биікке самғап, кемел болуы әбден мүмкін. Тіпті кейде, шейхіне сабақ беріп, шейхінің шейхі болуы ғажап емес.

ОН ТӨРТІНШІ НОТА. Тәухидке қатысты төрт шағын рәміз.

Бірінші рәміз. Ей, себептерге шырмалып қалған пенде!

Ғажайып жауһар тастардан жасалып жатқан бір сарайды көрсең. Оның құрылысына жұмсалып жатқан тастардың бір бөлігі тек Қытайда ғана бар. Ал бір бөлігі Испанияда, бірі Иеменде ғана, тағы бірі сонау Сібірде. Ал құрылыс басталған кезде батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстіктегі әлгі асыл тастардың оп-оңай жеткізіліп, қаланып жатқанын көрсең. Онда осы сарайды салғызушының бүкіл жер жүзіне билігі жүретін құдіреті күшті біреу екеніне еш шүбәң болмас еді.

Міне, ойлап көрсек, әрбір хайуанның өзі Иләһи бір сарайға ұқсайды. Ал адам, осы сарайлардың ішіндегі ең әсемі, ғажабы. Ал осы адам деп аталған ғажап сарайдың қажетті заттары, бір бөлігі ақырет әлемінен, бір бөлігі мисал әлемінен және Лаух-ы Махфуздан, тағы бір бөлігі ауа әлемінен, нұр әлемінен, эсир әлемінен келуде. Ал, адамның арманы мәңгілікке шарықтап, құлшылық амалдары көктер мен жердің арасын қамтиды. Байланысы мына қат-қабат дүние мен ақырет әлеміне дейін созылған, бір-біріне матасып байланған, ғажайып бір сарай.

Ей, өзін адам санап жүрген жан! Сенің жаратылысың міне, осындай. Олай болса, сені жаратқан Аллаһ Дүние мен Ақыретті екі бөлме іспетті, жер мен көкті кітаптың парақтары секілді, Әзәл мен әбәдті кешегі күн мен түндей оп-оңай басқаруда. Олай болса, адамның құлшылық жасап, табынар құтқарушысы да Сол. Жер мен көкке үкімі толық жүретін де, дүние мен ақыретті басқаратын да тек Сол ғана.

— 160 —

Екінші рәміз. Кейбір ақымақтар Күнді білмегендіктен айнада шағылысқан күнді көріп, сол айнаны өліп-өшіп жақсы көреді. Байғұс, айнадағы күн жоғалып кетпесін деп, айнаны қызғыштай қорғаштайды. Әлгі ақымақтың айнасы сынып, бірақ Күннің жоғалып кетпегенін көрген кезде енді ол бар ынтасын аспандағы Күнге бұрып, соған ынтық болады. Айнадағы Күннің айнаға тәуелсіз екенін түсініп, қайта айнаны жарқыратып тұрған Күн екенін сонда барып аңғарады.

Ей, адам! Сенің жүрегің мен болмысың айна тәрізді. Сенің бойыңдағы, жүрегіңдегі мәңгілікке деген шынайы махаббатың ол айна үшін емес. Ол сезім, айнаның қабілетіне қарай көрініп, шағылыс беріп тұрған Бақи Аллаһқа арналуы тиіс сүйіспеншілік еді, ақымақтықтың кесірінен басқа жаққа ауып кеткен... Олай болса, «Уа, Бақи Әнтәл Бақи!» де! Яғни, Уа, Аллаһ! Сен барсың әрі Бақисың! Олай болса, жоқ болу, пәнилік бізге ештеңе де істей алмайды!

Үшінші рәміз. Ей, Адам! Фатыр-ы Хаким, сені ғажайып түрде жаратқан. Кейде мына дүние тар келіп, сыймай кетесің. Зынданда тұншығып жатқан адамдай аһылап, уһілеп, бұл дүниеден әлдеқайда кең дүние іздеп шарқ ұрасың. Бірақ, кейде бір зәрредей нәрсеге, бір ауыз сөзге, әдемі бір нәрсеге беріліп кетесің. Кең дүниеге сыймаған көңілің мен ойың зәрредей нәрсеге сыйып кетеді. Аса ғажап, кең көлемді сезімдерің әлгі ойдан шыға алмай шырмалып қалады.

Сенің болмысыңа сондай ғажап рухани байлық пен сырлы сезімдер берілген. Солардың кейбіреуі дүниені түгел жұтып қоятындай қомағай. Ал, кейбіреуі бір зәрреге де сыймай қалады. Бастың бір батпан тасты көтеруге шамасы келсе де, көздің бір тал қылды көтеруге шамасы келмейтініндей, әлгі ғажап сезімдер өзіне қылдай ғана салмақ салатын кішкене ауыртпалықты, яғни адасу мен шатасудан туындайтын кішкентай бір жағдайға төтеп бере алмай, тас-талқан болады. Тіпті, кейбіреуі соған жаншылып өліп кетеді. Олай болса әр қадамыңа сақ бол, батып кетуден қорық. Бір үзім нан, бір ауыз сөз, бір ғана ишараға, бір сүюге беріліп, батып кетпе! Дүниені жұтып қоя алатын сезімдеріңді түкке тұрмайтын нәрсеге арнап құртып жіберме! Өйткені, өте үлкен нәрсені жұтып қоятын өте кішкентай нәрселер бар.

Мысалы, айнаның кішкентай сынығы аспанды жұлдыздарымен қоса жұтып қояды. Бұршақтың көлеміндей ғана жадыңда сенің бүкіл жасаған іс-әрекетің мен өмір өткелдерің түгел сақталып, сыйып тұр ғой. Осындай көптеген кішкентай нәрселер бар, олар үлкен нәрселердің өзін жұтып қоя алады.

— 161 —

Төртінші рәміз. Ей, дүниеге табынатын адам! Өте кең деп, ойлайтын мына дүние, қабір секілді тап-тар. Алайда, осы тар дүние, қабырғалары айнадан жасалғандықтан, бір-біріне шағылысып, көз жетер жерге дейін кең байтақ секілді көрінеді. Сондықтан қабірдей тар дүниені алып шахардай кең деп ойлайсың. Өйткені, осынау дүниенің оң қабырғасы тәрізді өткен шағы мен сол қабырғасы тәрізді болашағы екеуі де жоқ бола тұра, бір-бірімен беттескен сәтте қып-қысқа, өте шығатын қазіргі мезеттің қанаттары ашылып кеңейіп сала береді. Ақиқат қиялға араласып жоқ нәрсені бар секілді көресің. Бір жіпті шыр айналдырғанда дөңгеленіп, кең шеңбер болып көзді алдайтыны секілді, тек сенің ғапылдық пен қиялға берілген көңіліңде бұл дүние шексіз кең сияқты болып, сені алдайды.

Қандай да бір бәле келіп, басыңа соққы боп тигенде әлгі ұзақ деп жүрген дүниенің қабырғасына басыңды соғасың, ұйқыңнан оянасың.

Сол кезде әлгі кең деп жүрген дүниең қабірден де тар, қыл көпірден де жіңішке екеніне көзің жетеді. Сенің уақытың мен өмірің найзағайдан да жылдам, жалт етіп өте шығатынын, судан да тез сырғып, ағып кеткенін білесің.

Міне, дүние өмірі мен тіршілік дегеніміз осындай ғана. Олай болса, хайуани тіршілікті таста! Тек денемен өмір сүруді қой! Рухани әлемдерге ұмтыл! Сонда, кең деп ойлап жүрген пәни дүниеден әлдеқайда кең өмірді, нұрлы әлемді табасың. Ондай әлемнің кілті, Мағрифатуллаһ пен Уаһданиеттің сырларын ашатын қасиетті: لَا اِلٰهَ اِلَّا اللّٰهُ кәлимесін жүрекпен айту, рухты да сонымен нұрландыру болмақ.

ОН БЕСІНШІ НОТА. "Үш мәселеден" тұрады.

Бірінші мәселе. Аллаһтың Хафиз есімінің шағылысына ишара еткен

فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ ٭ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ

аяты жайлы.

Құран Хакимнің бұл ақиқатына дәлел іздесең, Китаб-ы Мүбиннің сызықтарына жазылған жаратылыс кітабының парақтарына назар аудар! Сонда, Аллаһтың Хафиз есімінің ауқымды шағылысы мен осы аяттың ұлы ақиқаттарының көптеген қырларын байқайсың. Олай болса, ағаштың, гүлдің және өсімдіктің түрлі дәнектерінен бір уыс ал! Осынау неше түрлі, бір-біріне ұқсамайтын әлгі гүлді өсімдіктер мен ағаштың

— 162 —

кішкентай сандықшалары секілді болған дән-дәнектерді қараңғы түнде, қап-қараңғы топыраққа апарып шаш! Содан кейін, заттарды танып, білмейтін қайда бұрсаң солай аға беретін қарапайым сумен суар.

Сосын жылдың қайта тірілетін хашір оқиғасы секілді көктем мезгілінде әлгі тұқым шашқан жеріңе келіп қара! Исрафил періштенің үніндей шатырлаған күннің күркіреуі, топырақтың астында ұйқыда жатқан тұқым, дәнектерді қалай оятқанын көр! Ғажайып көрініс!

Әлгі қап-қараңғы топырақтың астында бейпарық, шым-шытырық шашылған дәнектер Аллаһтың «Хафиз» есімінің көрініс беруінің саясында керемет тәртіппен, ретті де жүйелі, ешбір қатесіз, мүлтіксіз жағдайда Фатыр-ы Хакимнің әмірімен жер бетінде жайқалып өскен екен. Міне, олардың осындай бір әрекеттерінен даналық, көрегендік, қалау, ілім, кемелдік пен хикмет байқалады.

Өйткені, өзара өте ұқсас дәнектер еш шатаспай бір-бірінен ажыраған. Мысалы, мына дәнек інжір ағашына айналыпты. Ол Фатыр-ы Хакимнің нығметтерін дәл төбеңе, бұтақтарын созып біздің алдымызға әкеліп тұр. Ал, мына бір-біріне ұқсаған екі дәнектің бірінен күнбағыс, екіншісі кезбе гүл атты шешектер шығып, біз үшін құлпырып көздің жауын алады. Ал, тағы бір топ дәндер, түрлі-түрлі жидектерге айналып, иісі мұрын жара жайқалып тұр. Бұтақтары тарам-тарам көз тартады. Әдемі иісі мен тәп-тәтті дәмі, көз жауын алған түр-түсімен біздің тәбетімізді ашып, назарымызды өзіне аудартып қызықтыруда. Өздерін біз үшін пида етуге дайын. Өсімдіктің тіршілік дәрежесінен шығып, одан да жоғары жан иесі дәрежесіне шыққысы келеді. Осылай салыстыра бер. Әлгіндей топыраққа шаша салған бір уыс қана қарапайым дәнектерден осындай түрлі-түрлі жеміс ағаштары мен сан алуан гүлдерге толы бақша пайда болды. Бірі-біріне ұқсамайтын, ешбір кемшіліксіз, ғажап көрініске куә боласың.

Осылайша فَارْجِعِ الْبَصَرَ هَلْ تَرٰى مِنْ فُطُورٍ аятының сырын паш етеді. Әрбір дәнек Аллаһтың «Хафиз» есімінің әсері мен оның арнайы сыйының арқасында еш кемшіліксіз, өзінен бұрынғы жеткен мирасты шатастырмай сақтап жеткізуде. Мұндай ғажайып сақтау ісі оларды осылай жаратып жатқан Зат-ы Хафиздың қияметте, хаширде үлкен сотта сақтаушы екенін, амалдарды жайып салатындығын дәлел-ақ тұр. Мына өтпелі, өзгермелі, жалған, пәни дүниеде осынша ғажап, кемшіліксіз «хафизиеттің» яғни сақталу ісінің көрінісі нақты дәлел
— 163 —

болып жатса, мәңгіге жалғасатын, өте маңызды ақырет әлемінде Жер шарының аса құрметтісі болған адам баласының барлық жағдайы, ісәрекеттері, жақсы-жаман амалдары түгел сақталып, есепке тартылатын болады.

Япыр-ау, адам өзін бейпарық еш қараусызбын деп ойлай ма ? Олай болуы әсте мүмкін емес!

Ендеше, адам мәңгілік үшін жаратылған, мәңгі бақытты болуға, мәңгілік мейірімге бөленуге шақырылған. Әрбір адам азды-көпті, үлкенді-кішілі барлық іс-амалының есебін беретін болады. Соның нәтижесінде не сыйға бөленеді, не жазаға тартылады.

Міне, Хафизиеттің ұлы көріністерін анықтайтын, киелі аяттың ақиқатын ашып беретін дәлелдер шексіз. Бірақ, бұл жолғы алға тартқан дәлелдеріміз алып теңіздің бір тамшысындай, таудың бір түйіршігіндей ғана.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

Он сегізінші Лема

Османлыша «Лемалар» кітабына және «Сикке-и тасдиқ-ы Ғайби» атты топтамаға енгізілген.

— 164 —

Он тоғызыншы Лема

Үнемділік рисалесі
(Үнемділік пен қанағат және ысырап пен бекерге мал шашпақ жайлы)
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
كُلُوا وَ اشْرَبُوا وَ لَا تُسْرِفُوا

Бұл аят, анық түрде үнемшіл болуды әмір етіп, ысырапқа тыйым сала отырып, хикметке толы дәріс беруде.

Бұл мәселеде «ЖЕТІ Т ЖЫРЫМ» бар.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Халиқ-ы Рахим, адам баласына берген нығметтерінің ақысы ретінде оның шүкір етуін қалайды. Ысырап - шүкіршілікке қарама-қайшы, нығметті менсінбеушілік, зиянды нәрсе. Үнемділік - нығметті құрметтеу әрі өте пайдалы.

Иә, үнемдеу дегеніміз рухни түрде шүкір ету, нығметтердегі Аллаһтың рахымына деген құрмет, берекенің бұлағы және диета секілді денсаулыққа пайдасы зор амал. Ол адамды рухани қайыршылықтан құтқарады, ар-намысты сақтап қалады. Нығметтерден ләззат алуға және ләззатсыз көрінген нығметтердің ләззатын сезе білуге бірден-бір себеп. Ысырап қылу осы хикметтерге қарама-қайшы болғандықтан жағымсыз нәтижелерге жол ашады.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Фатыр-ы Хаким адамның денесін кемелдіктің ең жоғарғы сатысындағы сарай немесе мұнтаздай сәулетті қала секілді етіп жаратқан. Ауыздағы дәм тату сезімі қаланың кіре берісіндегі қарауыл, ал тамырлар мен жүйке тамырлары телефон, телеграф желілері секілді байланыс құралдары. Дәм тату сезімі дененің орталығымен яғни асқазанмен тығыз байланыста. Ол, ауызға салынған зат жайлы ақпаратты әлгі жүйке тамыралары арқылы хабарлап отырады. Денеге қажетсіз болса "болмайды!" деп сыртқа шығарып тастайды. Кейде денеге пайдасыз болуымен қатар зиянды немесе ащы нәрсе болса, бірден сыртқа түкіріп жібереді.

— 165 —

Ауыздағы дәм тату қабілетін қарауыл дедік. Асқазан - денені басқару тұрғысынан алғанда әкім есебінде. Сарайға немесе қалаға келген және әкімге арналған сыйлықтарың жүз теңгелік құны болса, қақпада тұрған қарауылға "шәй пұл" ретінде тек бес теңгелік қана сыйлық берілуі тиіс. Одан артық болса есіктегі қарауыл масаттанып, өз міндетін ұмытып кетеді. Көбірек сыйлық берген бүлікшілерді кіргізе бастайды.

Енді, осы қағидаға сүйене отырып, екі түрлі тағамды алайық. Біреуі, қырық теңгелік ірімшік пен жұмыртқа. Екіншісі, төрт жүз теңгелік, қымбат бал қосқан бәліш. Бұл екеуінің салмағы да жегеннен кейінгі денеге беретін нәрі (калориясы) де бірдей. Тіпті, кейде қырық теңгелік ірімшіктің күш-қуаты басымырақ болады. Тек, ауыздағы дәм тату сезімін рахаттандыру тұрғысынан жарты минуттық айырмашылық бар. Жарты минуттық ләззатқа бола бағаны қырық теңгеден төрт жүз теңгеге көтеру қаншалықты мағынасыз әрі зиянды, ысырап екенін ойла.

Сарайға келген сыйлық қырық теңгелік бола тұра кіре берістегі қарауылға тоғыз есе артық "шәй пұл" беру, қарауылды дандайсытып, "әкім менмін" дегізеді. Кім көбірек "шәй пұл" берсе соны ішке кіргізеді де бүлік шығып, өрт болады. "Ойбай, дәрігер шақырыңдар, өртеніп барамын!" деуге мәжбүр қылады.

Иә, үнемділік пен қанағат Аллаһтың хикметіне үйлесімді әрекет. Дәм тату сезімін қарауыл ретінде ұстап, соған қарай "шәй пұл" берілуі керек. Ысырап ету, хикметке қайшы әрекет болғандықтан дереу опық жегізеді. Асқазанды былықтырып, адам нағыз тәбеттің не екенін ұмытады. Тамақты бей-берекет жей беруден пайда болатын жасанды да жалған тәбеттің кесірінен ас қорытылмай, асқазан ауруға шалдығады.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Екінші тұжырымда дәм тату сезімін қарауыл дедік. Иә, бейқам жандар мен рухани мешеу яки көп шүкір етпейтіндер үшін дәм тату қабілеті ауыздағы қарауыл. Соның рахаты үшін ысырап етіп, он есе қымбатқа ұрынбау керек.

Бірақ, толық шүкір етушілер мен ақиқатқа қолы жеткендердің дәм тату қабілеті "Алтыншы Сөздегі" теңеуде баяндалғанындай, Аллаһтың рахым асханасының бақылаушысы, тексерушісі қызметін атқарады. Әлгі дәм тату қабілетіне (тілге) тағамдардың санына

— 166 —

қарай таразылар орналастырылған. Сол арқылы Иләһи нығметтердің түрлерін саралап тартып, тану міндетін атқарады. Мағынауи шүкір ретінде денеге, асқазанға хабар беріп отырады. Міне, осы тұрғыдан алғанда дәм тату қабілеті тек тәнмен, денемен байланысты емес. Жүрек, рух және ақылмен де байланысы бар. Сондықтан ол, асқазаннан да жоғары мәртебелі саналады.

Ысырап қылмау, тек шүкір ету және түрлі Иләһи нығметтерді сезу, тану және адал болу, қор болып қайыршылыққа себеп болмау шартын орындаса ләззат алып, рахаттануға болады. Дәм тату қабілетін шүкіршілікке пайдалану мақсатында, тәтті тағамдарды жеуге рұқсат бар. Бұл ақиқатты мына бір оқиғамен яғни Хазіреті Ғаустың кереметімен бекіте түссек.

Хазіреті Ғаусы-Ағзам Шейх Гәйланидің (қ.с.) медресесінде тік мінезді бір кемпірдің жалғыз баласы оқып жүр екен. Бір күні әлгі кейуана баласының жатақханасына барады. Қараса ұлы бөлмесінде бір үзім қатқан қара нанды жеп отыр. Аналық мейіріммен баласына қатты жаны ашып, Хазіреті Ғаусқа шағымдануға барады. Барса, Хазіреті Ғаус Ағзам қақтап пісірген тауық жеп отыр. Кемпірді ашу қысып: "Ау, ұстаз! Менің балам аштықтан өлейін деп жүр, сен болсаң тауық етін жейсің" дейді. Сонда Хазіреті Ғаус тауыққа: "Қум, биизниллаһ!" депті. Сонда тауықтың мүжілген сүйектері қайта жиналып, жан бітіп, табақтан секіріп түскен екен деседі. Бұл оқиға Хазіреті Ғаус сынды аты әлемге әйгілі кісінің таңғажайып кереметтерінің бірі ретінде кең тараған. Мұны өте сенімді тұлғалар растап, бізге дейін жеткізген. Содан Хазіреті Ғаус әлгі кейуанаға: "Сенің ұлың да осындай дәрежеге жетсе, ол да тауық етін жесін" деген екен.

Хазіреті Ғаустың бұл сөзінің астарында: "Қашан сенің ұлыңның рухы денесіне, жүрегі нәпсісіне, ақылы асқазанына ие болса және ләззатты шүкір үшін қалайтын болса, ол да тәтті тағамдарды жей берсін!" деген мағына жатыр.

ТӨРТІНШІ Т ЖЫРЫМ. "Үнемдеген адам тұрмыс тауқыметін тартпайды" деген мағынадағы لَا يَعُولُ مَنِ اقْتَصَدَ қасиетті хадистің сырына үңілсек, әр нәрсені үнемді пайдаланған адам өмірінде күн көрістің тауқыметі мен машақатын көп тартпайды. Үнемділік - берекенің көзі және тұрмысты жақсартудың тиімді жолы екенін дәлелдейтін көптеген уақиғалар бар. Өзімнің және жолдастарымның
— 167 —

басынан өткен уақиғаларға сүйене отырып айтарым, үнемділіктің арқасында кейде он есе береке табатынмын. Тоғыз жыл бұрын (қазір отыз жылдан асып барады) менімен бірге Бурдур қаласына жер аударылған басшылардың бірнешеуі: "Мұқтажсың ғой, қиналып қаларсың!" деп, маған зекеттерін бергісі келді. Әлгі ауқатты байларға: "Ақшамның аз екені рас, бірақ үнемдеуді жақсы көремін. Қанағат етуге үйренгенмін, сондықтан сіздерден де баймын" дедім. Қанша жалынғандарына қарамастан зекеттерін алмай қойдым.

Бір қызығы, маған зекеттерін бергісі келген байлардың көбісі екі жыл өтпей-ақ, үнемдемеудің кесірінен қарызданып қалды. Аллаһқа шүкір, менің аз ақшам үнемділіктің берекетімен жеті жылға жетіп, мені жерге қаратпады, жұртқа да жалындырмады. Өмір бойы ұстанған қағидамды яғни "ешкімнен сұрамау" ережемді сақтап қалдым.

Иә, қолда барын үнемдемеген адам, бейшаралыққа, рухани қайыршылыққа душар болуы әбден мүмкін. Бұл заманда ысырапқа себеп болатын ақша өте қымбатқа түседі. Ақысына кейде ар-намыс пара ретінде берілсе, тіпті кейде орнына діни қасиетті қағидалар құрбан боп жатады. Содан соң ғана әлгі лас ақша беріледі. Демек, рухани мың теңгелік зиян шегіп, бір теңгелік (заттық) пайда көреді. Егер үнемдеп, тек аса қажетті нәрселер үшін ғана жұмсап, тек соған арнаса

اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ

және

وَمَا مِنْ دَٓابَّةٍ فِى الْاَرْضِ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ رِزْقُهَا

деген аяттардың сыры бойынша ойламаған жерден өмір сүруіне жететін ризық табылады.

Себебі, аят уәде беруде. Иә, екі түрлі ризық бар.

Біріншісі. Хақиқи (нағыз) ризық. Бұл, тіршілікке қажетті ризық. Аяттың үкімі бойынша мұндай ризыққа Аллаһ кепілдік береді. Адамдардың арам пиғылы араласпаса, ол әрқашан табылады. Ол үшін дінін де намысын да, абыройын да, пида ету шарт емес.

Екіншісі. Мәджази (астарлы) ризық. Бұл, аса қажетті болмаса да орынсыз пайдалану себепті аса қажетті нәрсе сияқты және әдет деген бәленің кесірінен міндетті түрде керек секілді, онсыз мүмкін еместей көрінетін ризық. Бұл ризық Аллаһтың кепілдігінде емес. Сондықтан мұны табу, әсіресе мына заманда, тым қымбатқа түсіп отыр. Әуелі абырой кетеді, сосын қорлыққа көнеді. Кейде оңбаған адамдардың

— 168 —
табанын жалағандай моральдық тұрғыдан төмендеп, кейде мәңгі өмірдің шамшырағы болған қасиетті діннің ұлы қағидалары жайына қалып, әлгі берекесіз, сасық нәрсені алып жатады. Бүгінгідей жоқшылықтың қыспағына түскен заманда, аш әрі мұқтаж жандардың қайғы-қасіреті, ар-намысты жандардың адамгершілік сезімін қоздырған кезеңде, әлгіндей заңсыз, қисық жолмен тапқан табыстан алған ләззат, ар-намысты жандар үшін мағынасыз қалып, мазасын қашырады. Мұндай аласапыран заманда, күмәнді заттарды мәжбүр болғанда ғана және қажетті мөлшерде ғана пайдаланып, қанағат ету керек. Өйткені اِنَّ الضَّرُورَةَ تُقَدَّرُ بِقَدْرِهَا сыры бойынша мәжбүр болғанда, арам нәрседен жүрек жалғайтындай ғана жеуге болады. Артығын алуға болмайды. Иә, қиналған адам арам еттен тойғанынша емес, өлмейтіндей ғана жеуіне рұқсат бар. Һәм, жүздеген аш адам отырғанда рахаттана тойып жеу де мүмкін емес. Үнемділік, абырой мен кемелділіктің бұлағы. Мұны дәлелдейтін бір оқиғаны баяндап берейін.

Жомарттығымен аты шыққан, мәшһүр Хатем-Таий (Атымтай Жомарт) бірде қонақасы берген екен. Қонақтарына сыйлық таратып, өзі де сахараға серуенге шығады. Жолда тікенді отын арқалаған қартты көреді. Тікенекті отын арқасына батып келеді екен. Сонда ХатемТаий әлгі қартқа: "Хатем-Таий ас беріп жатыр. Сыйлық та таратуда. Сен де барып, мына бес теңгелік отыныңның орнына бес жүз теңгелік сыйлық алсаңшы!" дегенде әлгі қанағатшыл қарт: "Мына тікенекті жүгімді өз абыройыммен көтеремін. Бірақ, Хатем-Таийға қарыздар болу жүгін көтере алмаспын" деген екен. Кейін Хатем-Таийдан: "Сіз өзіңізден асқан мәрт, жомарт, ғазиз кімді білесіз?" дегенде: "Сол отын арқалаған қарт менен де өткен ғазиз, жомарт, нағыз мәрттің өзі еді" деген екен.

БЕСІНШІ Т ЖЫРЫМ. Аллаһ Тағала аса жомарт болғандықтан, жарлыға да асқан бай сияқты, кедейге де патша сияқты нығметтің ләззатын татқызады.

Кедейдің аштықтың салдары мен үнемділіктің арқасында қатып қалған қара наннан алған ләззаты, патшаның немесе байдың ысыраптан пайда болған жалығуының кесірінен тәбетсіз жеген тіл үйірер тағамнан алған ләззатынан әлдеқайда күштірек.

— 169 —

Таң қаларлық жәйт. Кейбір ысырапшыл, қалтасы тесік адамдар мұндай үнемшіл кісілерді "сараң" деп айыптайды. Мүлдем олай емес. Біле білсең үнемшілдік абырой мен жомарттық саналады. Ал, сараңдық пен қорлық болса, ысырапшылдар мен бекерге мал шашушылардың сырт көзге жақсы көрсететін перденің ішкі жағы.

Бұл ақиқаттың дәлелі ретінде бір оқиға баяндай кетейін.

Ол осы шығарма жазылып жатқанда Спарта қаласындағы медресемде болған еді. Бір шәкіртім, өмір бойы ұстанып келген қағидама қарсы екі жарым келіден астам бал әкеліп, алыңызшы деп, қайта-қайта қоймай өтінді. Өмір бойы бұзбаған қағидамды қанша айтсам да көндіре алмадым. Амал нешік, жанымдағы үш досым жесін және Шағбан мен Рамазан айларында отыз-қырық күн үш адам үнемдей отырып дәмін татсын, әкелген адамға да сауап жазылсын, өздері де тәттісіз қалмасын деп, "алыңдар!" дедім. Ал, өзімнің бұрыннан қалған бір келіден астам балым болатын. Әлгі бауырларым, негізінде ниеті түзу, әрі үнемділікті жоғары бағалайтын жандар еді, бірақ, қойшы әйтеуір... бірін-бірі сыйлау, бауырының көңілін аулау, өзінен жоғары санау секілді ізгі ниетпен үнемдеуді ұмытып кетсе керек, үш күнде екі жарым келі балды жеп бітірді. Мен оларға күліп: "Сендер әлгі балмен отыз-қырық күн ауыздарының дәмін алсын деп едім. Сендер отыз күнді үш күнге бірақ түсірдіңдер. Ас болсын!" дедім. Ал, мен әлгі бір келі балымды үнемдеп, Шағбан мен Рамазан айында, Құдайға шүкір, манағы достарыма да ауызашарда бір қасықтан, (үлкен шай қасығымен) беріп отырдым. Осылайша әлгі кішкене бал үлкен сауапқа ұйытқы болды. Менің бұл жағдайымды көргендер, бәлкім, сараңдық деп, ал достарымның сонша балды үш күнде жеп бітіруін мырзалық деп ойлауы мүмкін. Алайда, шындап келгенде сырт көзге сараңдық болып көрінген мұндай әрекеттің түбінде берекет, зор абырой, үлкен сауап жатқанын, ал әлгі "мырзалық" пен ысыраптың артында, егер жалғаса берсе тіленшілік, басқаның қолына ашкөздене, бір нәрсе дәметкендей қарап қалу сияқты сараңдықтан да жаман бір жағдай болатынын көрдік.

АЛТЫНШЫ Т ЖЫРЫМ. Асылында үнемділік пен сараңдық мүлдем бөлек нәрсе, сырт көзге ұқсағанымен арасы жер мен көктей. Мысалы кішіпейілділіктің мағынасы жағымсыз мінез саналатын жалбақтау мен өзін төмендетіп қор қылудан басқа.

— 170 —

Сырттай ұқсағанымен біреуі жақсы, екіншісі жаман қасиет. Сондайақ, байсалдылық жаман қасиет болып саналатын тәкаппарлыққа сырттай ұқсағанымен мағынасы мүлдем басқа. Сол сияқты, Ардақты Пайғамбарымыздың әсем мінез-құлқынан бастау алатын, тіпті әлемдегі Иләһи хикметке толы жүйенің өзегі болып саналатын үнемділіктің де, өмір бақи жарымау, қызғаншақтық, қанағатсыздық және ашкөздік секілді жаман қасиеттердің жиынтығы болған сараңдықпен ешқандай қатысы жоқ. Тек сырт көзге ұқсас келеді. Бұл ақиқатты растайтын бір оқиға айтып берейін.

Расулуллаһтың (с.а.у.) сенімді халифасы Фаруқ Ағзам Хазіреті Омардың (р.а.) үлкен ұлы, әрі ғалым, әрі сахабалардың ішіндегі ерекше тұлға, атақты жеті Абдуллаһтың бірі, Хазіреті Абдуллаһ Ибн Омар, бір күні базарда, сауда-саттықтың негізі болып саналатын өзара сенім мен үнемділікті сақтау үшін қырық теңге үшін қатты дауласып қалады. Жер жүзінің абыройлы халифасы Хазіреті Омардың баласы қырық теңге үшін дауласқанын көрген бір сахаба түсіне алмай, мұнысы сараңдық емес пе екен деп, имамның соңынан ереді. Мақсаты, хал-жағдайды түсіну. Қараса, Хазіреті Абдуллаһ өз үйіне келген соң есік аузында тұрған бір пақырмен біраз сөйлесіп, сосын үйінің екінші есігінен шығып, ол жерде тұрған басқа бір пақырмен де біраз сөйлесіп кетіп қалады. Мұны анадайдан бақылап тұрған әлгі сахаба жағдайды білмек болып пақырлардан:

-Имам сендердің қастарыңа келіп не айтты? - деп сұрайды. Сонда екеуі де:

-Маған бір алтын берді, - деп жауап береді. Сахаба аң-таң болып:

"Фәсубханаллаһ! Базарда қырық теңге үшін дауласады да, үйіне келіп, ешкімге білдірмей, шын көңілден кедейлерге екі алтын бере салады" деп, Хазіреті Абдуллаһ Ибн Омарды көруге асығады. Жолыққанда:

-Уа, Имам! Менің түсінбеген бір нәрсем бар. Сіз, базарда сараңдық, ал үйіңізге келіп жомарттық жасадыңыз. Мұның сырын айтып берсеңіз - деп сұрайды.

Сонда имам:

-Базардағы жағдайым үнемділік, ол ақылдың кемелдігі, сондай-ақ сауда-саттықтың негізі және рухы болған сенім мен адалдықты сақтау үшін жасалған-ды. Ол сараңдық емес. Ал, үй жақтағы әрекет жүректің мейірімі мен рухтың кемелдігінен туындайтын жағдай. Бұл ысырап емес, анау да сарандық емес - деп жауап берген екен.

— 171 —

Имам Ағзам Әбу Ханифаның бұл мәселеге ишара ететін мынадай бір қанатты сөзі бар:

لَا اِسْرَافَ فِى الْخَيْرِ كَمَا لَا خَيْرَ فِى الْاِسْرَافِ

Яғни: "Игі істерде және біреуді жарылқауда (бірақ лайық болу шартымен) ысырап болмайды. Сол секілді ысырапта да ешбір қайыр жоқ"

ЖЕТІНШІ Т ЖЫРЫМ. Ысырапшылдық адамды ашкөз қылады.

Ашкөздіктің үш салдары бар.

Біріншісі. Қанағатсыздық. Қанағатсыздық адамның еңбекке деген ынтасын жояды. Шүкір етудің орнына шағым айтқызады, жалқау қылады. Заңды да адал, аз пайданы тастатып

{(Сілтеме): Үнемді пайдаланбаудың салдарынан қоғамда тұтынушылар көбейіп, өндірушілер азаяды. Халық жаппай үкіметтің аузына қарап отыратын болады. Сөйтіп, әлеуметтік тұрмыстың тірегі болған өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылығы тоқырай бастайды. Ондай ел дамымай құлдырап кетеді. Пақыр болып жоқшылық шегеді.}

заңсыз көлденең табыс іздетеді.

Екіншісі. Құр қалу, зиян шегу. Мақсатына жете алмау және жағымсыз атанып сәтсіздікке ұшырау, жеңілдік пен жәрдемнен мақұрым қалу. Тіпті ол туралы اَلْحَر۪يصُ خَائِبٌ خَاسِرٌ яғни "ашкөздік, зиянға ұшырау мен сәтсіздіктің бірден-бір басты себебі" деген нақыл сөз бар.

Ашкөздік пен қанағат жануарлар әлемінде де айқын көрініп, заңдылық ретінде жағымсыз әсерін тигізіп жатады. Атап айтар болсақ, ризыққа мұқтаж ағаштардың табиғи қанағатшыл жағдайы оларға қажетті қоректік заттарды өзіне қарай жүгіртіп қояды. Ал, жануарлардың ашкөздене ризық табуға жүгірсе де жарымай, машақатқа түсуі, ашкөздіктің қаншалықты зиянды екенін, ал қанағаттың мол табыс пен береке көзі екенін көрсетеді.

Әлсіз, дәрменсіз нәрестелер хал тілімен қанағат еткендіктен нәрі мол сүттің олардың аузына күтпеген жерден құйылып жатуы, ал жыртқыштардың ашкөздігіне орай, жеткіліксіз әрі лас ризық бұйыруы осы айтқанымызды толық дәлелдей түседі.

Сондай-ақ, семіз балықтардың қанағатшыл жағдайы олардың керемет ризықтануына себеп болады. Ал, түлкі мен маймыл сықылды

— 172 —

қу жануарлар ашкөздене ризық іздеп, тынбай жортса да тойғанынша азықтана алмай, арық, жүдеу келеді. Бұл мысалдар тағы да ашкөздіктің қаншалықты машақатқа салатынын, ал қанағат болса рахаттың көзі екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, яхуди халқы ризық несібесін ашкөздене, өсімқорлықпен, қулықпен, жаныға іздейтіндіктен қор болып, тілене жүріп, заңсыз және тек қарын тойдыратындай шамада ризық табуы, ал керісінше қанағатшыл дала халқының берекелі, өздеріне жетерлік ризық табуы, абыройлы тұрмыс- тіршілігі, мәселемізді қуаттай түседі. Һәм көптеген ғалымдар

{(Сілтеме): Иран елінің патшасы Нуширеван-Адилдің уәзірі, әділдігімен аты шыққан данышпан Бузур-у Жумхурдан (Бузургмихр) "Неліктен ғұламалар, әмірлердің босағасында жүреді ал, әмірлер ғұламалардың босағасында көрінбейді. Алайда ілім әмірліктен жоғары емес пе?" деп сұраған екен. Сонда Бузур-у Жумхур: "Бұл - ғұламалардың сауаттылығынан, әмірлердің надандығынан. Яғни, әмірлер ғұламалардың босағасында жүріп ілім үйренетіндей ілімнің қадірін білмейді, олар надан. Ал, ғұламалар болса пысық, көзі ашық болғандықтан қолындағы нәрсенің қадірін жақсы біледі. Сол үшін де әмірлердің босағасында жүреді" деген екен. Міне Бузур-у Жумхур, ғұламалардың пақырлықта, қорлықта болу себебін зеректіктен пайда болған ашкөздіктерін, жұмсақ әрі астарлы түрде, шебер жеткізген.

Хүсрев}

мен ақындар

{(Сілтеме): Мұны растайтын тағы бір оқиға: Францияда әдебиет қайраткерлеріне жақсы тіленшілік ететіндіктері үшін "тіленші" деген куәлік беріледі екен.

Сүлеймен Рүштү}

зеректіктің салдарынан ашкөздікке салынып, пақыр күй кешуі ал, ақылы таяз, әлсіз пенделердің табиғи қанағатшылдықтары оларды байлыққа кенелтуі... міне бұл да адал ризықтың күш-қуатпен емес, еріксіз түрде, әлсіздік пен пақырлыққа орай келетінін, тіпті адал ризық, күш қуат пен ерікке қарама қайшы екенін көрсетеді. Өйткені сәби баланың күш-қуаты, ерік-қалауы артқан сайын ризығы азайып, қашықтап, қиындай түсетіні рас. اَلْقَنَاعَةُ كَنْزٌ لَا يَفْنٰى

хадисінің сырына сүйенсек:"Қанағат - жақсы тұрмыс пен рахат өмірдің құпия қазынасы. Ал, ашкөздік адамды зиянға ұшыратып, пақырлыққа бастайды".

Үшіншісі: Ашкөздік ықыласты бұзады. Ақыреттік істерге зияны тиеді. Себебі, егер тақуа адам ашкөз болса, халықтан қошемет күтеді. Ал, халықтың қошеметін қалаған адамның ықыласы толық болмайды. Бұл өте маңызды әрі абай болатын жәйт.

Сонымен, ысырап адамды қанағатсыз қылады. Ал қанағатсыздық еңбекке деген ынтаны жойып, жалқаулыққа салады. Сосын тұрмыстық

— 173 —

жағдайына риза болмай, әрдайым шағым айтатын болады. Һәм, қанағатсыздық ықыласты бұзып адамды екі жүзділікке итереді.

{(Сілтеме): Иә, қайсыбір ысырапшыл адаммен сөйлессең әрдайым шағым естисің. Байлығы тасып жатса да тілі шағым айтады. Ал, бір жарлы-жақыбай, бірақ қанағатшыл жаннан жағдай сұрасаң: "Құдайға шүкір" дейді.}

Һәм, абыройдан айырып, тіленшілікке сүйрейді. Ал, үнемділік болса адамды қанағатшыл қылады.

عَزَّ مَنْ قَنَعَ ذَلَّ مَنْ طَمَعَ хадисінде айтылғандай қанағат адамға абырой әпереді. Һәм, еңбекке ынталандырып, жұмысқа белсенділік, ынта-жігер береді. Мысалы, қанағатшыл адам бір күн жұмыс істеді дейік. Сол тапқан аз ғана табысына қанағат етіп, келесі күні тағы да жұмысқа шығады. Ал, ысырапшыл адам болса, қанағат етпегендіктен келесі күні жұмысқа шықпайды, шықса да ынтасы болмайды. Үнемділіктен пайда болатын қанағат, адамға шүкірдің есігін ашып, шағымның есігін жабады. Ондай адам тұрмысына әрдайым риза болып, Құдайға шүкір етеді. Сондай-ақ, қанағаттың арқасында жұртқа қол жайып тіленбейді. Олардан сый-қошемет сұрамайды. Ықыласқа жол ашылып, екіжүзділіктен құтылады.

Әлеуметтік өмірде үнемді пайдаланбау мен ысыраптың көптеген зиянын көрдім. Мен осыдан тоғыз жыл бұрын мүбәрак бір қалаға барған едім. Қыс мезгілі болғандықтан ол қала халқының табыс көзін көре алмадым. Ол жердің марқұм мүфтиі әңгіме барысында әлденеше рет: "Халқымыздың тұрмысы ауыр, кедей-кепшіктер көп" деді. Оның сөзі маған қатты батты. Бес-алты жыл бойы әлгі қалаға жаным ашитын. Арада сегіз жыл өткен соң, әлгі қалаға жолым түсіп тағы бардым. Бау-бақшаларының жанынан өтіп бара жатқанымда әлгі марқұм мүфтидің сөзі есіме орала кетті. "Фәсубханаллаһ! Мына бау-бақшадан шығатын өнім жергілікті халықты толық қамтамасыз етеді ғой!" деп таңқалдым. Ақиқатты түсінерде жетекшілік ететін зейінім бұл жолы да жаңылыспады. Мұншама табыс көзі бола тұра әлгі марқұм мүфтидің "халқымыз пақыр" деуінің себебі, үнемді пайдаланбаудың, бекерге мал шашудың, ысыраптың кесірінен, берекенің жоқтығынан екен.

Зекет беру, үнемді пайдалану, тапқан табысты берекелі қылады. Ал, шашып-төгу, ысырап және зекет бермеу, берекесін кетіреді. Оған көптеген оқиғаларды мысал ретінде келтіруге болады.

— 174 —
Ислам ғұламаларының Платоны дәрігерлердің пірі, даналардың ұстазы, мәшһүр данышпан Әбу Али Ибн Сина медицина тұрғысынан ғана қарап كُلُوا وَ اشْرَبُوا وَ لَا تُسْرِفُوا аятын былай тәпсірлеген екен:
جَمَعْتُ الطِّبَّ فِى الْبَيْتَيْنِ جَمْعًا وَ حُسْنُ الْقَوْلِ ف۪ى قَصْرِ الْكَلَامِ
فَقَلِّلْ اِنْ اَكَلْتَ وَ بَعْدَ اَكْلٍ تَجَنَّبْ وَ الشِّفَاءُ فِى الْاِنْهِضَامِ
وَ لَيْسَ عَلَى النُّفُوسِ اَشَدُّ حَالًا مِنْ اِدْخَالِ الطَّعَامِ عَلَى الطَّعَامِ

Яғни, "Медицина ілімін екі сөзге түйдім. Тамаша сөз қысқа келеді. Тамақ жегенде аз же! Жегеннен кейін төрт-бес сағатқа шейін тамақ ішпе! Шипа оның қорытылуында. Яғни, жақсылап қорыта алатын мөлшерде же. Жанға ауыр, асқазанға қиын келетін әрі адамды шаршататын нәрсе, қорытылмаған тамақ үстіне тамақ жеу"

{(Сілтеме): Төрт-бес сағат үзіліс бермей, үсті-үстіне тамақ ішу немесе рахат үшін әртүрлі нәрсені жей беру денсаулыққа өте зиянды.}

Таңқаларлық жағдай әрі ғибратты бір сәйкестік. Мына үнемділік рисалесін жазып, көбейтуші бес жігіт, олардың үшеуі жаңадан келумен қатар, бір-бірінен бөлек отырып, бөлек нұсқадан көшірді. Жазулары да өзгеше, әрі әліптерді ескермей жазғанның өзінде әрбір нұсқаның әліптері, соңындағы дұғасын санамағанда елу бір, ал дұғасымен қоса санағанда елу үш болып шықты. Бұл бір сәйкестік. Өйткені, осы "Үнемділік Рисалесінің" жазылу тарихы Римдік жыл санау бойынша елу бір, ал арабша жыл санаумен елу үш санына дәл келіп тұр. Сөз жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бұл үнемділіктегі берекеттің керемет дәрежесіне шыққанына ишара. Осы жылды "үнемділік жылы" деп атауға лайық.

Айтқандай екі жылдан кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталып, жер-жаһанды ашаршылық, аласапыран, ысырапшылдық жайлады.

Адамдар, жалпы барша жұрт үнемділікке мәжбүр болды. Осылайша үнемділіктің кереметтігі расталды.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 175 —

Жиырмасыншы Лема

Ықылас жайында

[Он жетінші Леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің бес ишарадан тұратын екінші мәселесінің бірінші тұжырымы болатын. Тақырыбының маңыздылығына орай жиырмасыншы Лема болды].

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّٓا اَنْزَلْنَٓا اِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ فَاعْبُدِ اللّٰهَ مُخْلِصًا لَهُ الدّ۪ينَ ٭ اَلَا لِلّٰهِ الدّ۪ينُ الْخَالِصُ

аяты және

هَلَكَ النَّاسُ اِلَّا الْعَالِمُونَ وَهَلَكَ الْعَالِمُونَ اِلَّا الْعَامِلُونَ وَهَلَكَ الْعَامِلُونَ اِلَّا الْمُخْلِصُونَ وَالْمُخْلِصُونَ عَلٰى خَطَرٍ عَظ۪يمٍ -اَوْ كَمَا قَالَ

хадисі дін Исламның негізгі мәселелерінің бірі ықылас екенін көрсетеді. Ықылас туралы шексіз тұжырымдардың бесеуі ғана қысқаша баяндалмақ.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ.

Мағынасы терең, шешімі күрделі маңызды сұрақ.

{(ЕСКЕРТУ): Мына мүбарак Спарта қаласының шүкір еткізетін жағымды тарапы, мұндағы тақуа жандар мен тариқатшылардың және ғалымдардың арасында, шынын айту керек, айтарлықтай шынайы сүйіспеншілік пен ауызбіршілік бола қоймағанымен басқа жерлермен салыстырғанда бақталастық пен алауыздық жоқтың қасы.}

Әһл-и дүние (Тек бұл дүниені ғана ойлаушылар) мен бейқамдар, тіпті Хақ жолынан тайғандар мен іріткі салушылар да ауыз жаласып, бірігіп жатқанда мына Хақ жолындағы діндарлар мен әһл-и ілім (Ислам ғұламалары) және әһл-и тариқат (тариқатшылар) бір-бірімен бақталастыққа түсіп, неге өзара алауыз? Керісінше, діндарлар ынтымақ құрып, ал екіжүзді алаяқтардың басы бірікпеуі керек еді ғой.

— 176 —

Жауап. Халық қамын ойлайтын, нағыз отансүйгіштерді қынжылтып, қан жылататын осы бір қайғылы жағдайдың көптеген себептері бар. Солардың жетеуі баяндалмақ.

БІРІНШІ СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы ақиқатшыл болмағандығынан емес. Бейқамдардың ауызбіршілігі де ақиқатшылдығынан емес. Әһл-и дүние мен саясатшылардың және оқымыстылар мен белгілі қызметі, өзіндік орны, міндеті бар топтардың, жамағаттардың, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың атқарар міндеттері нақты белгіленген.

Әлгі міндеттері үшін алатын ақшалай, заттай, сондай-ақ, қошемет, атақ секілді

{(Сілтеме): Халықтан сый-құрмет сұралмайды. Оны халықтың өзі береді. Берген күнде де оған масаттануға болмайды. Масаттанса ықылас қашып, рия араласады. Атаққұмарлық мақсатпен халықтың қошеметіне бөлену - атқарылған еңбектің ақысы да, сыйлығы да емес. Керісінше - ықылассыздықтың жазасы. Қайырымды істің негізі - ықылас. Атаққұмарлықпен жеткен сый-құрмет, қошемет ықыласқа зиян. Ол қабір ауызына дейін өткінші ләззатқа бөлеп содан соң, қабір азабы секілді жағымсыз бейнеге енеді. Сондықтан атақты болуды армандамай, қайта одан қорқып қашу керек. Атаққұмарлар мен даңқ соңында жүгіргендердің құлақтары шуласын!}

рухани ақылары айқындалған және бөлініп берілген. Алауыздық, айтыс-тартыс, бақталастық туғызар себептер жоқ. Сондықтан олар, қаншалықты бұрыс жолда жүрсе де бір- бірімен тіл табыса алады.

Ал, діндарлар мен білімділердің сондай-ақ, тариқатшылардың атқарар қызметтері жалпыға ортақ. Бұл дүниедегі ақылары да нақты айқындалмаған. Әрқайсысының қоғамдағы орны, лауазымы белгіленбеген. Сондықтан бір орынға көп адам үміткер. Заттай да рухани да сыйақыға көптеген үміткерлер ұмтылады. Бұл жағдайда олардың араларында алауыздық туып, достық қастыққа, ауызбіршілік араздыққа айналады.

Мұндай қатерлі дерттің дауасы - ықылас. Яғни, шындық құмарлықты нәпсі құмарлықтан жоғары ұстап, ақиқат әрдайым нәпсі мен менменшілдіктен үстем тұруы тиіс. اِنْ اَجْرِىَ اِلَّا عَلَى اللّٰهِ сырына бөленіп қолда барға қанағат ету, халықтан ақшалай, заттай не рухани ақы алмай

{(Сілтеме): Сахабалардың Құранда "исар" деп мадақталған мінезінен үлгі алу. Яғни, сыйлық пен садақа берілгенде өзін емес басқаны соған лайық көру. Дін жолындағы қызметі үшін ақы сұрамай, оны іштей де талап етпей, тек Аллаһтың жарылқауы деп біліп, халықтан ешнәрсе алмай, дінге қызмет еткенін міндетсінбеу керек. Өйткені ықыласты жоғалтпау үшін, дінге қызмет еткеннің ақысы ретінде бұл дүниеде еш нәрсе сұралмауы тиіс. Олардың заттай-тұрмыстық қажеттілігін үммет бір тұрғыдан қамтамасыз етуі керек шығар, ақылары да болар, лайық болуы да мүмкін. Дегенмен, оны сұрауға болмайды, ол беріледі. Берілген жағдайда да қызметімнің ақысы деуге болмайды. Мүмкіндігінше қанағат етіп, өзгені өзінен әлдеқайда лайық деп

وَ يُؤْثِرُونَ عَلٰى اَنْفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ

Аятынан сабақ алса, әлгі қауіп-қатерден құтылып, ықыласты болады.}

وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلَّا الْبَلَاغُ

сырына бөленіп,

— 177 —

халық арасында абыройлы болу, жақсы әсер қалдырып, құрметке бөлену Аллаһ Тағаланың ісі, Оның жарылқауы. Ал, дін жаю мен діни насихат адамның өз міндеті. Жақсы әсер қалдыру, құрметке бөлену оның міндеті емес. Адам осыны түсіну арқылы ғана ықыласқа қол жеткізеді. Әйтпесе, ықыласы бұзылады.

ЕКІНШІ СЕБЕП. Хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі арсыздығынан, ал хақ жолда жүргендердің алауыздығы намысқойлығынан болып отыр. Яғни, бейқам, бұл дүниені ғана ойлаушылар, Хақ жолынан тайған азғындар хақ пен ақиқатқа сүйенбегендіктен әлсіз әрі намыссыз келеді. Қор болғандықтан күшқуатқа мұқтаж. Сондықтан басқалардан жәрдем алуға, өзара бірігуге бейім тұрады. Тіпті, азғындық жолда болса да ауызбіршіліктері мығым. Өз әділетсіздіктерінде әділетқұмарлық, адасушылық ішінде ықылас бар сияқты әрекет етеді. Дінсіздікте атеистер сияқты қасарысады, арандатушылықта ынтымақ құрады. Табысқа жетеді. Өйткені жаман істерде де шынайы ықылас босқа кетпейді. Рас, ықыласты түрде кім не қаласа, Аллаһ береді.

{(Сілтеме): Иә, مَنْ طَلَبَ وَ جَدَّ وَجَدَ ақиқаттың қағидасы. Мағынасы терең де ауқымды. Бізді де қамтып, тұрған болуы мүмкін.}

Ал, хақ жолындағылар мен діндарлар және білім мен тариқат жолындағылар, хақ пен ақиқатқа және әрқайсысы тек Раббысын ойлап, оның таупығына сүйенеді. Осылайша өз жолынан нәр алып рухани абыройға бөленеді. Әлсіздігін сезсе, көмекті адамнан емес, Аллаһтан сұрайды. станған жолының тысындағылардан көмек алуды қажетсінбейді. Ынтымаққа мұқтаждықты сезінбейді. Оның үстіне менмендік пен көкіректігі болса, өзін дұрыс, ал қарсыласын бұрыс деп ойлап, ауызбіршілік пен ынтымақтың орнына алауыздық пен бәсеке басталып, ықылас қашады. Негізгі міндеті атқарылмай, тоқырауға ұшырайды.

Міне, осы қатерлі себептің салдарынан зиянды нәтижелерге ұрынбаудың "тоғыз әмір" яғни тоғыз шарты бар.

— 178 —

Біріншісі. Болымды әрекет ету, яғни өз жолының сүйіспеншілігімен әрекет ету. Басқа жолдағылармен араз болу, оларды кемсіту, олардың ой- пікірін, ілімін сынап-мінеу сықылды жат қылықтардан аулақ болу.

Екіншісі. Ислам шеңберіндегі қандай да бір ұстанымды ұстанса да араларында сүйіспеншілікке, бауырластыққа, ауызбіршілікке ұйытқы болатын көптеген байланыстар бар екенін ойлап, ынтымақта болу.

Үшіншісі. Қандай да бір тура жолдағы адам, басқаның ұстанған жолына килікпеуі керек. Яғни. "менің жолым тура, немесе әлдеқайда жақсы" деуге құқы бар. Бірақ, басқаның жолын бұрысқа шығаратындай немесе жағымсыз етіп көрсететіндей "менің жолым ғана хақ, дұрысы тек менікі ғана" деуге хақы жоқ.

Төртіншісі. Хақ жолындағылармен бірігу, асыл дініміздің өркен жайып абыройы үстем болуына, Аллаһу Тағаланың таупығына бөленуге бірден-бір себеп екенін естен шығармау...

Бесіншісі. Азғындар мен адасқандар өзара көмектің арқасында ұйым ретінде қуатты бір рухани тұлға болып шабуыл жасаған кезде, сол рухани тұлғаға қарсы, ең күшті деген жеке тұлғаның өзі жеңіліп қалатынын біліп, хақ жолындағылармен бірігу арқылы бір рухани тұлға болып, азғындардың әлгі қауіпті рухани тұлғасына қарсы ақиқатты сақтап қалу.

Алтыншысы. Шындықты жалғанның үстемдігінен құтқару үшін.

Жетіншісі. Нәпсісі мен менмендігін...

Сегізіншісі. Бұрыс түсінген ар-намысын...

Тоғызыншысы. Болмашы бәсекелесуді тастау арқылы ықыласқа қол жеткізеді, міндетін толық атқарады.

{(Сілтеме): Тіпті сахих хадис бойынша, ақырзаманда христиандардың шынайы діндарлары Құран жолындағылармен бірігіп, ортақ жаулары болған дінсіздікке қарсы күреседі дейді. Сондықтан бүгінгі таңда діндарлар мен ақиқатшылар өз діндестерімен, әріптестерімен, бауырларымен шынайы бірігіп қана қоймай, тіпті христиандардың шынайы діндар дінбасыларымен де араздыққа себеп болатын мәселелерді уақытша тоқтатып, айтыс-тартыс қылмай, ортақ жауға, анталаған дінсіздерге қарсы бірігуге мұқтаж.}

ҮШІНШІ СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайратсыздығынан емес. Сондай-ақ, хақ жолынан тайған азғындардың ауызбіршілігі де аса қайраттылықтан емес. Хақ жолындағылардың алауыздығы қайрат-жігерлерін бұрыс пайдаланудан. Ал азғындардың ауызбіршілігі жігерсіздіктен туындайтын әлсіздігі мен бейшаралығынан. Хақ жолындағылардың жігерін сарқып, оны

— 179 —

теріс пайдалануы, одан алауыздық пен бәсекеге баруы - ақырет тұрғысынан жағымды қасиет саналатын сауап пен ақыреттік іске құштарлықтан. Яғни, «мына сауапты мен алайын, бұл адамдарға тура жолды мен көрсетейін, мені тыңдасын» деп, бауырының шынайы сүйіспеншілігі мен көмегіне мұқтаж бола тұра, бәсекелестік рай танытады. «Шәкірттерім неге оған барады? Неге оның шәкірттеріндей көп шәкіртім жоқ?» деп, сол арада бойын менмендік билеп, атаққұмарлық деген жаман әдетке қарай пейілі ауып, ықыласы бұзылады. Екіжүзділіктің есігін ашады.

Міне, бұл қателіктің және рухани ауыр індеттің емі мынау: Шынайы ықылас қана Аллаһ Тағаланың ризашылығына бөлейді. Зор табысқа жету, ізінен ерушілерді көбейту Аллаһты риза қылатын амалдар емес. Осыны түсіну керек. Өйткені, олар Аллаһтың ісі болғандықтан пенде одан сұралмайды, ондай табыс пен жетістіктер кейде өзі беріледі. Кейде бір ауыз сөз пендені тозақтан құтқарып, Иләһи ризашылыққа бөлеуі мүмкін. Олай болса соңынан ерушілердің аз-көптігіне көп мән берілмеуі тиіс. Өйткені кейде бір адамның тура жолға түсуі мың адамның тура жолға түсуінен артық болып, Аллаһтың ризашылығына бөленуге себеп болады.

Һәм ықылас пен шынайылық дегеніміз, мұсылмандардың қайдан, кімнен болса да рухани пайда көруін мақұл көріп, соған жақ болу. Әйтпесе, "дәрісті менен ғана алсын, мен сауап алайын" деген ой менмендік пен нәпсінің бір айласы.

Уа, сауапқа тойымсыз, ақыреттік істерге қанағатсыз адам! Кейбір пайғамбарлар ізінен ерушілері санаулы ғана болса да, пайғамбарлық міндетін толық атқарып, мол ақысын алған. Демек, ізінен ергендерді көбейту өнер емес, өнер - Аллаһтың ризашылығына бөлену. Жұрт мені ғана тыңдасын деген ашкөздіктен өз міндетіңді ұмытып, Құдайдың ісіне араласатындай сен өзіңді кіммін деп ойлайсың? Мойындату, халықты сенің айналаңа жинап қою Аллаһтың ісі. Сен өз міндетіңді атқар! Аллаһтың ісіне араласпа!

Сондай-ақ, хақ пен ақиқатты тыңдаушылар және оны айтқан адамға сауап жаздыратындар тек адамдар ғана емес қой. Аллаһтың саналы мақұлықтары, руханилары мен періштелері әлемнің әр тарапын толтырып, безендіріп тұр. Сен көп сауап алғың келсе, шынайы ықыласты бол! Тек, Аллаһтың ризашылығын ойла! Сонда сенің аузыңнан шыққан әрбір мүбарак сөзің ықылас арқылы адал ниет арқылы жанданып, тіріледі де сансыз саналы жаратылыстарды

— 180 —

нұрландырады әрі саған, сауап жаздырады. Мәселен, сен "Әлхәмдулилләһ" десең, бұл сөзің Аллаһтың құдіретімен миллиондаған үлкенді-кішілі "Әлхамдулилләһ" болып ауаға тарайды. Наққашы-Хаким Аллаһ әбестік пен ысырап жасамайтындықтан әлгі мүбарак сөздерді тыңдайтын құлақтар жаратады. Егер ықылас пен адал ниет арқылы манағы сөздер жанданса, әрқайсысы ләззаты мол тәтті жеміс сияқты руханилардың құлақтарына құйылады. Ал егер, айтылған сөздерде шынайы ықылас болмай, Аллаһ ризашылығымен жанданбаса, тыңдалмай қалады. Тек айтқан ауызға мүбарак сөздің сауабындай сауап жазылады. Дауысы онша әуезді болмағандықтан немесе тыңдаушылар аз деп тартыншақтайтын қарилардың құлақтары шуласын!

ТӨРТІНШІ СЕБЕП. Тура жолдағылардың өзара бәсекелесіп, жік-жік болуы істің соңын ойламағандықтан немесе ақылының таяздығынан емес. Ал, адасқандардың ымырашыл ынтымақтастығы істің соңын ойлаудан немесе көрегендіктен емес. Тура жолдағылар яғни әһли-хидает, хақ пен ақиқаттың ықпалымен нәпсінің соқыр сезіміне берілмей, жүрек пен ақылдың келешекті уайымдауына құлақ асады. Сонымен қатар өз бағыттары мен ықыласты сақтай алмағандықтан әлгі жоғары мәртебеге ие бола алмай жік-жік болып бөлінуде. Адасқандар яғни әһли-далалет болса, нәпсі мен әуестіктің әсерінен азғантай дайын олжа мен өткінші ләззат үшін және келешекте берілетін мол ләззатты тәрк ететін соқыр сезімнің ықпалымен бірбірімен ынтымақтасып, мықты одақ құруда.

Иә, дүниелік дайын ләззат пен пайда үшін азғын, ниеті жаман нәпсіқұмарлар шын көңілмен бас қосып, ұйымдасуда. Ал, тура жолдағылар ақыретке тиісті және келешекте берілетін пайдаларға және кемелдіктерге, жүрек пен ақылдың қасиетті қағидаларына сүйеніп көңіл бөлгендіктен, бұлтарыссыз тура бағыт, шынайы ықыласпен және нағыз жанкештілікпен ынтымақтасу қолдарынан келе тұра, менмендіктен құтыла алмай, ақырында асыра сілтеу немесе жеткіліксіз қалдыру себепті, орасан күштің қайнары болған ауызбіршілікті жоғалтып, ықыластан айрылуда. Мұндай жағдайда ақыреттік істері де оңбайды. Аллаһтың ризашылығына да оңайлықпен бөлене алмайды. Осы қауіпті аурудың емі: "Әл хуббу филләһ" сыры бойынша хақ жолда жүргендерге серік болып, оларды мақтан тұту, солардың соңынан еру және имамдықты соларға беру.

— 181 —

Хақ жолындағы адамның өзінен әлдеқайда жоғары екендігін ойлап, менмендікті қойып, ықыласқа қол жеткізу. Аз ғана ықыласты іс, көптеген ықылассыз істерден артық екендігін ескеру. Жауапкершілігі мол, қауіпті де ауыр басшылықтан, қосшы болуды артық санау. Сонда ғана әлгі аурудан құтылып, шынайы ықыласқа қолы жетеді, ақыреттік міндетін адал атқарады.

БЕСІНШІ СЕБЕП. Әһл-и хидаеттің өзара араздығы, жік-жік болып бөлінуі олардың әлсіздігінен емес. Сондай-ақ, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің ынтымағы да мықты, қуатты болғандықтан емес. Әһл-и хидаеттің ұйымдаспау себебі - Кәміл иманның арқа сүйер нүктесі және сол арқа сүйер нүктеден алар күш-қуат. Ал, әһл-и ғафлет пен әһл-и далалеттің ынтымағы, көңілге демеу таппай, дәрменсіз болғандығынан. Өйткені, демеуге мұқтаждығын сезінген әлсіздердің ынтымақтары берік болады. Ал, өз қажеттілігін толық сезіне алмаған қуаттылардың ынтымақтары әлсіз келеді. Мысалы, арыстандар түлкілер сияқты бірігуге мұқтаж болмағандықтан жеке-дара өмір сүреді. Жабайы ешкілер қасқырдан сақтану үшін үйір құрады. Демек, әлсіздердің ұйымы яғни өзара ұйымдасқан рухани тұлғасы қуатты келеді. Ал қуаттылардың ұйымы әлсіз болады.

{(Сілтеме): Еуропадағы ұйымдардың ең күшті, ең әсерлісі, белгілі бір мағынада ең мықтысы әйелдер құрған "Америка әйелдерінің еркіндігі мен құқығы" деп аталатын ұйым екен. Һәм, басқа ұлттарға қарағанда саны аз әрі әлсіз армян ұлты құрған ұйым мықты екен. Олардың жанкешті түрдегі ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.}

Бұл сырға Құран Кәрім былайша астарлы түрде ишара еткен. وَ قَالَ نِسْوَةٌ فِى الْمَد۪ينَةِ сөйлемінде әйелдер қауымына ер адамға тиісті قَالَ етістігін қолдануы, ал, قَالَتِ الْاَعْرَابُ сөйлемінде ер кісілердің жамағатына قَالَتْ деп, әйел адамға тән етістікті қолдануы; әлсіз әрі жұмсақ мінезді әйелдердің ұйымы күшейіп тіпті, жойқын күшке ие болатындықтан еркекке тән етістікті пайдаланған яғни وَ قَالَ نِسْوَةٌ деген. Бұл сөз саптаудың ең озық үлгісі, таңғажайып шешендік. Ал, қуатты еркектердің, әсіресе, бәдәуи арабтардың жамағаты өз күшіне сенгендіктен әлсіз болып, оларда сақтық пен жұмсақтық пайда болатындықтан бір жағынан алғанда әйелге тән қасиетке ие болғандықтан Құран Кәрім قَالَتِ الْاَعْرَابُ деп әйел адамға қатысты етістікті қолданған.
— 182 —

Рас, әһл-и хақ яғни хақ жолындағылар өте мықты сүйеніші болған Аллаһқа иман етуден туындайтын тәуекел мен тәсілімнің әсерінен басқаға мұқтаждығын сезініп, көмек сұрамайды. Сұраса да өліпөшіп жабыспайды. Ал адасқан топ болса, шын демеудің не екенін білмегендіктен шарасыз қалып, өзара жәрдем іздеп жанығады, жанкештілікпен ұйымдаса қалады.

Міне, әһл-и хақ ынтымақтың нағыз қуатын ойламағандықтан және іздемегендіктен орынсыз алауыздыққа түсіп, зиян шегіп отыр. Ал, ақиқаттан алыс әһл-и далалет болса, әлсіздіктері арқылы өздерін мақсатқа жеткізетін себептердің өте маңыздысына, яғни ынтымаққа қолдары жеткен. Әһл-и хидаеттің осы бір алауыздық дертінің емі - жік-жікке бөлінуге қатаң тыйым салатын

وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ ر۪يحُكُمْ

аятындағы Аллаһтың ескертуі мен

وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوٰى

аятындағы қоғамдық өмірде үлкен маңызға ие Иләһи әмірді тыңдау. Алауыздықтың Ислам үшін аса зиянды екенін ойлау, яғни әһл-и далалеттің әһл-и хаққа үстемдік етуіне көмектесу екенін түсініп, әлсіздік пен дәрменсіздікті өздеріне шапағатшы етіп, әһл-и хақтың көшіне жан аямай, бар ынтасымен еру. Менмендігін ұмыту арқылы, екіжүзділік пен жасанды іс-әрекеттен құтылып, ықыласқа қол жеткізу.

АЛТЫНШЫ СЕБЕП. Әһл-и һидаеттің бастарының қосылмауы қарақан басын ойлаудан да, опасыздықтарынан да, жігерсіздіктерінен де емес. Сондай-ақ бейқам кәпірлер мен адасқандардың дүниелік істердегі ауызбіршілігі мәрттіктен де, көпшіліктің қамын ойлаудан да, жігерлі болғандықтан да емес. Керісінше әһл-и хақ ақыреттік пайдаларды көбірек ойлайды. Сол маңызды мәселелерге күш-жігері де, ынтасы да, мәрттігі де көбірек жұмсалады. Қолындағы байлығын, яғни уақытын көптеген мәселеге жұмсағандықтан әріптестерімен ынтымақ құруға уақыты тапшы. Себебі атқарылар шаруа көп, алаңы да кең.

Ғапыл, адасқандар тек бұл дүниелік өмірді ойлағандықтан, бүкіл күш-қуатын жан-тәнімен дүниелік мәселелерге жұмсауда. Өз шаруасына көмектескендерге жабыса кетеді. Олар есі ауысып бір тиындық шыны сынықтарын мың теңгеге сатып алған зергер яһуди секілді, негізінде бес тиынға тұрғысыз мәселелерге аса қымбат

— 183 —

уақытын жұмсауда. Әлбетте, осынша баға беріп күш-жігерін, уақытын жұмсап, шын көңілден ықылас танытқандықтан әлгіндей шаруада табысқа жетіп, шын ықыластың арқасында теріс жолда болса да хақ жолындағыларды жеңіп отыр. Сол жеңістің нәтижесінде хақ жолындағылар қор болып, айтқанын істеп, жасанды әрекеттерімен көзбояушылыққа салынып, ықыласты жоғалтады. Әлгі алаяқ, екіжүзді әһл-и дүнияға жалбақтауға мәжбүр болады.

Уа, хақ жолындағы бауырлар. Уа, әділет сүйгіш шариғатшылдар мен тариқатшылар! Мына сұмдық алауыздық дертіне қарсы бірбіріңнің кемшілігіңді көрмеуге тырысып, айыбына көз жұмыңдар!

وَاِذَا مَرُّوا بِاللَّغْوِ مَرُّوا كِرَامًا аятының әдебімен әдептеніңдер! Сыртқы жаудың шабуылы кезінде, ішкі алауыздықты қойып, тура жолдағыларды қорлықтан құтқаруды ең бірінші және ең маңызды ақыреттік міндет деп біліңдер. Жүздеген аяттар мен хадистерде әмір етілген өзара бауырмалдық, сүйіспеншілік және жәрдемдесу сынды бұйрықтарды орындап, бүкіл сезімдеріңіз арқылы діні бір бауырларыңмен әһл-и дүниядан да артық ынтымақта болыңдар! Яғни, алауыздыққа жол бермеңдер! "Алтын уақытымды мұндай түкке тұрғысыз нәрселерге жұмсап жоғалтқанша, зікірге және қымбат істерге жұмсайын" деп, ауызбіршілікті әлсіретіп алмаңдар! Себебі, мына рухани майданда кішкентай мәселе деп ойлағаныңыз үлкен мәселе болуы мүмкін. Бір жауынгердің қиын шарттарда бір сағаттық күзеті, кейде бір жылдық ғибадат болып есептеледі. Сол сияқты хақ жолындағылар жеңіліске ұшырап тұрған шақта рухани майданның кішкентай бір мәселесіне жұмсалған сенің қымбат бір күнің, әлгі жауынгердің бір сағаты секілді, мың есе көбейіп, бір күнің мың күнге пара-пар болуы ықтимал. Аллаһ үшін болғандықтан бұл мәселелерге үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз деп қарауға болмайды. Аллаһ ризалығы үшін, ықыласпен жасалған кішкентай нәрсе таудай болады. Себептің мәнісіне емес, нәтижесіне қарау керек. Түпкі мақсат пен нәтиже Аллаһтың ризашылығы. Ал, оның негізі ықылас болғандықтан ол мәселе кішкентай емес, үлкен мәселе.

ЖЕТІНШІ СЕБЕП. Хақ жолындағылардың алауыздығы мен бақталастығы қызғаныштан да, дүниеқұмарлықтан да емес. Сондайақ, Әһл-и дүния мен бейқамдардың ауызбіршілігі ақкөңілдігінен не

— 184 —

жомарттығынан емес. Хақ жолындағылар ақиқаттан пайда болатын ұлылықты, қайратты, сондай-ақ хақ жолда жүріп жасалатын сайыстың ережесін шын мағынасында толық сақтай алмағандықтан және маман еместердің бұл іске араласып, бұрыс әрекет етулерінің кесірінен, өзара бақталасып алауыздыққа салынып, нәтижесінде өздеріне де Ислам әлеміне де зиянын тигізуде. Бейқамдар мен адасқандар болса, құмартқан пайдаларынан айырылып қалмау үшін және сол пайда үшін ауыз жаласқан бастықтарымен және жора-жолдастарымен, тіпті олар оңбаған әрі сатқын болса да шынайы ауызбіршілік жасауда. Өздері опасыз, әрі қарақан басын көп ойлайтындықтан пайданың айналасына жиналған кіммен де болсын тіл табысуда. Осының нәтижесінде пайдасын да көреді.

Ей, басы бәлеге душар болып, ауызбіршілігін жоғалтқан хақ жолындағылар! Мына аумалы-төкпелі заманда ықыласты жоғалтқандықтан және Аллаһтың ризашылығын басты мақсат тұтпағандықтан тура жолдағылардың осындай жеңілісіне, қор болуына себеп болдыңдар.

Діни, ақыреттік істерде бақталастық, көре алмаушылық, қызғаныш болмауы тиіс. Болуы да мүмкін емес. Өйткені, қызғаныш пен көре алмаушылық бір нәрсеге көп қолдың ұмтылуынан, бір шенге көп көздің тігілуінен, бір нанды көп ауыздың жегісі келуінен пайда болады. Міне бұлар бақталастыққа, қызғанышқа, қақтығысқа әкелетін себептер. Дүниеде бір нәрсеге көп адам талап қылады. Ал дүниелік өмір қысқа және өткінші. Адамның сансыз талап-тілектерін қанағаттандыра алмайды. Содан бақталастық пайда болады. Алайда, ақыретте бір адамға көлемі бес жүз жылдық

{(Сілтеме): Назар аударарлық маңызды бір сұрақ. Хадисте ортақ Жәннаттан бір адамға бес жүз жылдық өзіндік Жәннат беріледі дейді. Бұл ақиқат бұл дүниелік ақылға сыймайды?

Жауап. Мысалы бұл дүниеде әркімнің өзіндік өткінші дүниесі бар. Ол дүниенің тірегіадамның өз өмірі. Ішкі-сыртқы сезімдермен әлгі өзіндік дүниені көреді, пайдаланады. Күн шам, жұлдыздар шырақтар дейді. Басқа мақұлықтардың болуы оның иелігіне кедергісі жоқ, қайта одан сайын безендіріп, құлпырта түседі. Дәл сол сияқты, бірақ одан мың есе артық әрбір мүминге Жәнатта берілетін мыңдаған сарайлар мен хор қыздары, баубақшалардан басқа, ортақ Жәннаттан әркімге ана басы мен мына басы бес жүз жылдық жеке Жәннат беріледі. Әркім дәрежесіне қарай дамыған сезімдері арқылы сол Жәннатқа лайық түрде пайдаланады. Басқалардың болуы оның иелігіне, пайдалануына нұқсан келтірмейді, қайта қуат береді.

Жеке, өзіндік, кең Жәннатын құлпырта түседі.Рас, адам бұл дүниеде бір сағаттық бауда, бір күндік саяжайда, бір айлық елде, бір жылдық көрмеде саяхат еткенде аузымен, көзімен, құлағымен, зауқымен, тілімен және басқа да сезімдерімен қалай пайдаланса, дәл сол сияқты әлгі бір сағаттық бауды шектеулі пайдаланатын мына фәни дүниедегі тіл, мұрын тағы да басқа сезімдер, мәңгі дүниеде бір жылдық баудан дәл солай пайдаланады. Бұл дүниеде көз бен құлақ бір жылдық көрмеден қанша пайдаланса, ол жерде бес жүз жылдық көрмедегі саяхаттан сонша ұшан-теңіз, бастан-аяқ әсем дүниеге лайық түрде пайдаланады.

Әр мүмин шамасына қарай, дүниеде жинаған сауаптарына, игіліктеріне сай және дамыған сезімдері арқылы зауық алып, рахатқа батады, пайдасына жаратады.}

кең Жәннат сыйланып,

— 185 —

жетпіс мың сарай мен қор қыздары берілетіндігін, Жәннаттықтар өз үлестеріне риза болатындығын, ақыретте бақталастық тудыратын нәрсе жоқ екенін мегзейді.

Олай болса, ақыретке қатысты салих істерде бақталастық, қызғанушылық жасауға боламайды. Қызғанған адам екіжүзді. Ол салих амалымен дүниелік пайда іздеп жүр, я болмаса барып тұрған надан. Ол салих амалдың не үшін жасалатынын, салих амалдың рухы, негізі ықылас екенін білмейді. Бақталас болу себепті Аллаһтың әулиелеріне (достарына) дұшпандық ойлап, Аллаһтың мол мейірімін кінәлауда.

Осы ақиқатты нақтылай түсетін бір оқиға. Ескі достарымыздың ішінде біреуінің басқа біреуге дұшпандығы бар еді. Оның көзінше әлгі дұшпанының салих амалдары мақталып, тіпті өзі әулиедей марапатталып, жақсы сипаттары баяндалды. Әлгі адам мұны әсте қызғанбады. Сонда әлгі жерде біреу тұрып «Пәлі, сенің ол дұшпаның батыр әрі күшті екен!» деді. Байқаймын, әлгі сөз ол адамның қызғаныш пен бақталастық сезімін оятып жіберді. Сонда біз оған былай дедік:

"Әулиелік пен тақуалық - мәңгі өмірдің жақұтындай зор байлық, жоғары мәртебе. Сен мұнысын еш қызғанбадың. Дүниелік қара күш өгізде де болады, батырлық жыртқыш хайуанда да болады. Бұлар әулиелік пен тақуалықтың қасында қарапайым шыны тәрізді түкке тұрғысыз нәрселер".

Сонда әлгі адам, былай деді. "Рас, ол екеуміз бұл дүниеде бір жерге, бір орынға көз тіккен болатынбыз. Ол жерге жету үшін күш-қуат пен батырлық керек болатын. Сол үшін қызғандым. Ал, Ақыреттік мәртебелер шексіз ғой. Ол бұл жерде менің дұшпаным болса да, ол жерде шынайы да сүйікті досым болуы мүмкін".

Уа, әһл-и ақиқат пен әһл-и тариқат! Хаққа қызмет - үлкен де ауыр қазынаны көтеріп жүру және оны сақтау сияқты жауапкершілігі мол

— 186 —

шаруа. Ол қазынаны тасушыларға қаншама күшті білектер көмекке келсе, сонша жеңілдей түсіп, қуантып тастайды. Көмекке келген адамдардың өзінен артық, тың қуаттарын, күшті әсерлерін шынайы сүйіспеншілікпен мақтана қошаметтеп, құрмет көрсетудің орнына, бақталасып, мұндай көмекші достарға алакөзбен қарап, ықыласты жоюдың жөні бар ма? Міндеттеріңе кінә артылып әһл-и далалеттің назарында, сендерден және сендер ұстанған жолдан жүз есе төмен болып саналатын дінді пайдаланып дүние табу және ақиқат ілімін күн көру үшін пайдалану, ашкөздене бақталасу сияқты жаман ат тағылып айыпталасыңдар. Бұл індеттің жалғыз емі бар. Ол - нәпсісін айыптау, өзін кінәлау және әрдайым нәпсісіне емес әріптесіне жақтасу.

Ғұламалар арасында Ислами әдептілік пен ғылыми тартыста мынадай бір ақиқатқұмарлық пен ынсаптың ережесі бар екен. "Егер бір мәселенің талқылануы барысында сөзінің дұрыс шыққанын қалап, дұрыс болғанына қуанса және қарсыласының жаңылысқанына риза болса, ол адам ынсапсыз, һәм зиян шегеді" Себебі, сөзі дұрыс шықса, білмеген нәрсесін үйрене алмайды. Тәкаппарлықтың кесірінен зиян шегуі мүмкін. Егер қарсыласы жеңіп шықса, ешқандай зияны жоқ, қайта білмеген нәрсесін үйреніп, нәпсінің тәкәппарлануынан құтылады. Демек, ынсапты, шыншыл адам, ақиқат үшін нәпсісін ауыздықтай алады. Қарсыласының сөзі дұрыс шықса ризашылықпен қабыл алады, шындықты үйренгені үшін қуанады.

Міне, осы ережені әһл-и дін, әһл-и ақиқат, әһл-и тариқат, әһл-и ілім өздеріне үлгі тұтса ықыласқа ие болады. Ақыреттік міндеттерін адал атқарып, табысқа жетеді. Аллаһтың рахымымен қазіргідей пәлекеттерден, рухани құлдыраудан құтылады.

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 187 —

Жиырма бірінші Лема

Ықылас жайында

Он жетінші Леманың, он жетінші тарауының жеті мәселесінің төртінші мәселесі еді, ықылас жайында болғандықтан жиырмасыншы леманың өте нұрлы екінші тұжырымы деп аталды. Нұрлылығына орай жиырма бірінші лема болып "Лемалар" жинағына енді.

Бұл Лема кемінде он бес күнде бір рет оқылып тұруы тиіс.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ ر۪يحُكُمْ ٭ وَ قُومُوا لِلّٰهِ قَانِت۪ينَ ٭ قَدْ اَفْلَحَ مَنْ زَكّٰيهَا وَ قَدْ خَابَ مَنْ دَسّٰيهَا ٭ وَلَا تَشْتَرُوا بِاٰيَات۪ى ثَمَنًا قَل۪يلًا

Ей, ақыреттік достарым мен Құран қызметіндегі жолдастарым! Білесіңдер және біліп алыңдар! Бұл дүниеде, әсіресе ақыреттік қызметтерде басты мәселе, үлкен күш, қабыл болғыш шапағатшы, арқа сүйер берік сүйеніш, ақиқатқа төте жол, қабыл болғыш рухани дұға, мақсатқа жеткізетін бірден- бір себеп шынайы қасиет, адал құлшылық - ықылас. Аталған қасиеттер, яғни жарқын нұр, мол қуат ықыласта екендігі рас. Сондай-ақ, мына аласапыран заманда, қас дұшпандармен бетпе-бет тұрған қысылтаяң сәтте, бидғаттар көбейіп, азғындық артқан кезде, біз өте аз әрі дәрменсіз, пақыр болсақ та Аллаһ жарылқап, өте ауыр әрі ауқымды, жалпыға ортақ, қасиетті Иман мен Құран қызметі мойнымызға жүктеліп отыр. Әлбетте, бәрінен бұрын жан-тәнімізбен ықыласты болуға мәжбүрміз және міндеттіміз. Сондай-ақ, ықыластың

— 188 —

сырын бойға сіңіруге өте мұқтажбыз. Әйтпесе, осы кезге дейінгі атқарған игі қызмет тоқырап, босқа кетіп, қатаң жауапқа тартыламыз.

وَلَا تَشْتَرُوا بِاٰيَات۪ى ثَمَنًا قَل۪يلًا

аятындағы Аллаһтың ызғар шашқан ескертуі бізге арналған болады. Мәңгі бақытымызды зақымдайтын мағынасыз, түкке тұрғысыз, зиянды әрі өкінішті, өзімшілдік пен екіжүзділік сияқты жағымсыз сезімдерге беріліп, болмашы бір пайда үшін ықыластан жұрдай болудың кесірінен осы қызметтегі барлық бауырларымыздың ақысын жеген болып есептелеміз һәм Құран қызметіне тосқауыл қойып, иманның киелі ақиқаттарын құрметтемеген боламыз.

Уа, бауырларым! Маңызы зор, қайырлы істердің тосқауылдары көп болады. Шайтандар мұндай адамдарды көбірек азғырады. Мұндай кедергілер мен шайтандарға қарсы ықыластың қуатына сүйенген жөн. Ықыласты бұзатын нәрселерден жыланнан, шаяннан қашқандай қашыңдар.

Хазіреті Жүсіп Аләйһиссәләмның

اِنَّ النَّفْسَ لَاَمَّارَةٌ بِالسُّٓوءِ اِلَّا مَا رَحِمَ رَبّ۪ى

дегеніндей жүгенсіз нәпсіге сенім жоқ. Менмендік пен нәпсі сендерді алдап соқпасын. Ықыласқа жету, оны сақтай алу және тосқауылдарды жою үшін мына қағидалар жетекшілерің болсын.

БІРІНШІ ҚАҒИДА. Амалдарды Аллаһтың ризалығы үшін істеңдер. Егер Ол разы болса, жұрттың бәрі безіп кетсе де оқасы жоқ. Егер Ол қабыл алып, бүкіл халық наразылық білдірсе де ештеңе етпейді. Ол разы болып, қабыл алып, қалаған соң, хикметіне үйлесетін болса, сендер қаламасаңдар да халыққа мойындатады, оларды да риза қылады. Сондықтан, бұл қызметте тек қана Аллаһтың ризашылығына қауышуды басты мақсат деп білу керек.

ЕКІНШІ ҚАҒИДА. Құранға қызмет етіп жүрген бауырларыңа мін тақпаңдар. Оларға менің адамгершілігім сенікінен жоғары дегендей, қызғаныш сезімін оятып, қытығына тимеңдер. Себебі, адамның бір қолы екінші қолымен бәсекелеспейді, бір көзі екінші көзін мінемейді, тіл құлаққа қарсы шықпайды, діл рухтың айыбын көрмейді ғой. Керісінше, бір-бірінің кемшін тұстарын толықтырып, айыбын бүркей салады, қажет кезінде көмектесіп отырады, жүгін жеңілдетеді.

— 189 —

Әйтпесе ондай адам рухынан айырылып, өмір шырағы сөнеді, денесі ыдырап, шашылып қалады. Сондай-ақ, бір фабриканың жабдықтары бір-бірімен бақталас болып, аяқтан шалып, тосқауыл болып, бірбіріне үстемдік етпейді. Бір-бірінің ағаттықтарын көріп, мінеп, еңбекке деген ынтасын жойып, тежемейді. Қайта бір-бірінің бағытын ортақ мақсатқа бағыттау үшін барынша жәрдем етеді. Шынайы бірлік пен ынтымақ арқылы негізгі мақсатқа қадам басады. Егер шөкімдей тосқауыл, үстемдік араласса ол фабриканың астан-кестеңі шығады. Нәтижесіз болып, түкке аспай қалады.

Фабриканың иесі де ондай фабриканы тас-талқан етіп бұзып тастайды.

Ей, Рисалей-Нұр шәкірттері мен Құранның қызметшілері! Сендер мен біз, сондай бір "кәміл адам" атына лайық рухани тұлғаның ағзаларымыз. Мәңгі өмірдегі мәңгі бақытқа дайындайтын фабриканың жабдықтарымыз. Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметін бақыт жағалауы "Дарүс Сәламға" шығаратын Раббани кеменің қызметшілеріміз. Әлбетте, төрт адамнан бір мың бір жүз он бір тұлғалық рухани күш тудыратын ықыластың сырын тауып, өзара бірлесуге, арқа сүйеуге мұқтажбыз және соған мәжбүрміз. Үш бір, бөлек-бөлек тұрса үш, ал сандық сырымен бірлессе бір жүз он бір болады. Төрт жердегі төрт он алты, ал достық сырымен, мақсат бірлігімен, атқарар міндеті тұрғысынан теңдесіп, бір сызыққа келіп, иық тірессе, төрт мың төрт жүз қырық төрт шамасындай күш-қуатқа ие болады. Сол сияқты шынайы ықыластың сыры арқылы он алты жанкешті достың рухани күші төрт мың адамның күшінен асып кеткенін көптеген оқиғалар дәлелдейді. Бұл мәселенің сыры мынада. Нағыз, шынайы ынтымақта әрбір дос, басқа достарының да көздерімен көре алады, құлақтарымен де ести алады. Шынайы бірлескен он адамның әрқайсысы жиырма көзбен қарайды, он ақылмен ойлайды, жиырма құлақпен естиді, жиырма қолмен жұмыс істейді деуге болады. Осындай бір рухани күш пен құндылыққа ие болады.

{(Сілтеме): Рас, ықыластың сырымен шынайы ынтымақ пен ұйымшылдық қыруар пайда көзі. Сонымен қатар, қорқынышқа тіпті, ажалға қарсы берік қорған, арқа сүйер сүйеніш. Өйткені, өлім келсе бір ғана жанды алады. Шынайы бауырмалдықтың сыры арқылы Аллаһ ризалығы жолында, ақыретке қатысты істерде бауырлары қанша болса сонша жаны болғандықтан бірі өлсе, "басқа жандарым аман болсын... Өйткені олар, әрдайым маған сауап жаздырып, рухани өмірімді жалғастыратындықтан мен өлген жоқпын" деп, ажалын қуанышпен қарсы алады. "Сауап алу тұрғысынан алғанда, әлгі достарымның арқасында тірімін, тек күнә жасау тұрғысында өлімін" деп, қиналмай жатады.}

— 190 —
ҮШІНШІ ҚАҒИДА. Барлық күш-қуатыңыздың ықыласта және ақиқатта екендігін біліңдер. Ақиқат пен ықыласта күш-қуат бар. Тіпті, әділетсіздердің өзі әділетсіз істеріне шын ықыласты болғандықтан бойларына күш-қуат бітеді. Ия, ақиқат пен ықыласта қуат бар екеніне мына қызметіміз дәлел. Осы қызметіміздегі кішкене ықыластың өзі айтқанымызды растап, өзіне-өзі дәлел болады. Өйткені, өз елімде және Стамбулда жиырма жылдан астам атқарған ғылыми және діни қызметіме қарағанда, бұл жерде сендермен бірге атқарылған жеті-сегіз жылдық қызмет жүз есе жемісті. Бір қызығы, өз елімде және Стамбулда менімен бірге еңбек еткендердің саны сендерден жүз, тіпті мың есе көп болса да, мен бұл жерде жалғыз, кіріптар, кәріп халде, ынсапсыз қызметкерлердің аңдулары мен қысымдарына қарамай, сегіз жыл бойы сендермен бірге атқарған қызметімді бұрынғы қызметімнен жүз есе жемісті қылған рухани күш, сендердің ықыластарың екеніне шүбә жоқ. Һәм мынаны да айта кетейін. Шынайы ықыластарың арқылы абырой мен даңққа құмар нәпсімді қолпаштаушы көзбояушылықтан құтылуыма аз да болса себеп болдыңдар. Құдай қаласа, толық ықыласқа қолдарың жетіп, менің де ықыласымды арттырарсыңдар... Хазіреті Али (р.а.) өзінің мүғжиза тәрізді кереметімен және Хазіреті Ғаус-ы Ағзам (Қуддуси Сыррухи) өзінің ғайып жайындағы таңғажайып кереметімен сендердің осы ықыластарыңа байланысты ілтипат көрсетіп, сендерді қызғыштай қорғап, демеп жүр. Олар, атқарған қызметтеріңе дән риза. Мұндай қошеметтің ықылас арқылы келетініне әсте күмән жоқ. Егер бұл ықыласты біле тұра бұзсаңдар, олардан шапалақ жейсіңдер. (Оныншы лемадағы мейірімді шапалақтарды еске алыңдар) Мұндай рухани қаһармандарға арқа сүйеп, өздеріңе ұстаз қылғыларың келсе وَ يُؤْثِرُونَ عَلٰٓى اَنْفُسِهِمْ сыры арқылы ықыластарыңды арттырыңдар.

Абырой, мәртебе, қошеметке бөлену, тіпті олжалы, жанға жайлы нәрселерге келгенде бауырларыңды өздеріңнен жоғары ұстаңдар. Мысалы, бір мұқтаж мүминге өте тамаша, әсем иман ақиқаттарын үйрету; бейкүнә, зиянсыз, сауапты амал. Бір бауырыңның бұл істі атқару әдісін ұнатпасаң да өзіңе тәкаппарлық ой келмеуі үшін, сол бауырыңның атқарғанын мақұл көр. Ал, «сауабын мен алайын, мына тамаша мәселені мен айтайын» деген ойың болса, онда тұрған күнә да, зиян да жоқ. Алайда, араларыңдағы ықыласты зақымдауы мүмкін.

— 191 —

ТӨРТІНШІ ҚАҒИДА: Бауырларыңның ізгі қасиеттерін өзіңдікіндей көріп, кемелдіктерін өз бойыңда деп, олардың абыройымен шүкір етіп мақтану. Сопылар арасында «фена-фиш-шейх», "фена-фир-расул" дейтін түсінік бар. Мен сопы емеспін. Алайда, олардың бұл дәстүрі біз үшін «фена фил-ихуан» түрінде болады. Бауырлар арасында мұны «тефәни» деп атайды. Бір-біріне келгенде фәни болу, яғни қарақан басының қамын ойламай, өзі сезімдерін ұмытып, бауырларының ізгі қасиеттерімен, солардың сезімдерімен ойша өмір сүру. Онсыз да жолымыздың негізі бауырмалдық. Біздің қарым-қатынасымыз әке мен бала, пір мен мүрид арасындағы қарымқатынас емес. Керісінше, шынайы бауырмалдылық. Көп болса араға ұстаздық кіреді. станған жолымыз "халилие", яғни шынайы достық болғандықтан біздің әдетіміз "хиллет". Хиллет дегеннің өзі ең жақын дос, жанкешті жолдас, қадірлі де ақкөңіл бауыр болуды талап етеді. Бұл хиллеттің іргетасы - шынайы ықылас. Шынайы ықыласты бұзған адам, сол хиллеттің көз жетпес биігінен шыңырауға құлайды. Орта жолда ұстап қалар ешнәрсе таба алмайды.

Алдымызда екі жол бар. Құранның даңғыл жолы болған мына жолымыздан шығып кеткендер, қас дұшпанымыз, болған дінсіздерге көмектесіп жүруі мүмкін. Бірақ, мұны өзі де сезбейді. Иншаллаһ Рисалей-Нұр арқылы Қасиетті Құранның киелі шеңберіне кіргендер әрдайым нұрға, ықыласқа, иманға қуат беріп, әлгіндей шыңыраулардан аман қалар.

Уа, Құран қызметіндегі бауырларым! Ықыласты болудың және оны сақтап қалудың тиімді жолдары бар.

Біріншісі. "Рабыта-й-мәут". Ықыласты зақымдап, екіжүзділікке және дүниеге тартатын тул-ы әмел яғни бітпейтін арман-қиялдар болса, ал екі-жүзділіктен жиіркендіріп, ықыласқа қол жеткізетін "Рабыта-й-мәут". Яғни, өлімді ойлап, дүниенің өткінші екендігін аңғарып, нәпсінің тұзағына түспеу. Әһл-и тариқат пен әхл-и ақиқат, Қасиетті Құранның

كُلُّ نَفْسٍ ذَٓائِقَةُ الْمَوْتِ ٭ اِنَّكَ مَيِّتٌ وَاِنَّهُمْ مَيِّتُونَ

аятынан сабақ алып, рухани даму кезінде рабыта-й-мәутті ұстанып отырған. Тул-ы әмәлдің қайнар көзі болған мәңгі жасаймын деген ойды әлгі рабыта арқылы бұзып отырған. Олар: "біз өліп қалдық, денемізді

— 192 —

жуып, қабірге қойып жатыр" деп қиялдайды. Жүгенсіз нәпсі осылай қайталанған ойлардан әсер алып, бітпейтін армандарынан шамалы да болса бас тартады. Бұл рабытаның пайдасы көп. Ол жайында

اَكْثِرُوا ذِكْرَ هَادِمِ اللَّذَّاتِ -اَوْ كَمَا قَالَ

деген хадис бар. Яғни тәтті ләззаттарды бұзып ащы қылатын өлімді көп ойлаңдар!". Осылайша олар бұл рабытаны дәріс ретінде ұсынуда. Алайда, біздің жолымыз тариқат емес, ақиқат болғандықтан бұл рабытаны әһл-и тариқат сияқты қиялдап, елес құрып жатуға мәжбүр емеспіз. Сондай-ақ, ақиқатқа үйлеспейді. Негізінде болашақты осы шаққа әкелмей-ақ, оның орнына нәтижені ойлау арқылы расында осы шақтан болашаққа назар салып, ойша баруға болады. Қиялдаудың қажеті жоқ. Әркім мына қысқа өмір ағашының басындағы жалғыз жемісі болған өзінің жаназасына көз салсын. Осылайша өз жаназасын көріп, шамалы ілгерілесе ғасырының өліміне, одан ары дүниенің өліміне де куә болады. Сол арқылы шынайы ықыласқа жол ашылады.

Екіншіс. Шынайы иманның күшімен және Аллаһты тануға жол ашатын қоршаған ортаға зер салу мен имани толғаныстан туатын ойдың арқасында, өзін Аллаһтың құзырындамын деп сезініп, Жаратушының барлық жерді қамтып, көріп тұрғандығын ойлап, Одан басқаның қошеметін күту, Оның алдында басқаларға жалбақтау, көмек сұрау әдепсіздік екенін ескеріп, екіжүзділіктен құтылып, ықыласқа қолы жетеді...

Мұның көптеген дәрежелері мен мәртебелері бар. Әркім қабілетіне қарай неғұрлым көп түсінсе, соғұрлым пайда. РисалейНұрда екіжүзділіктен сақтайтын, ықыласқа қол жеткізетін көптеген ақиқаттар баяндалғандықтан соларға сілтеме жасалып, әзірге қысқаша жазылды.

Ықыласты зақымдап, екіжүзділікке итермелейтін көптеген себептердің екі-үшеуіне қысқаша тоқталып өтейік.

Бірінші себеп. Материалдық пайда үшін туындайтын бәсеке, уақыт өте келе ықыласты бұзады. Сондай-ақ, қызметтің нәтижесін де зақымдайды. Оның үстіне әлгі материалдық пайдадан да құр қалдырады.

Иә, халқымыз ақиқат үшін, ақырет үшін қызмет еткендерге әрдайым құрмет көрсетіп, оларға жәрдем беріп отырған. Іс жүзінде де олардың ықыласты да адал еңбектеріне қолғабыс ретінде

— 193 —

материалдық тұрғыдан көмектесіп, уақыты бос кетпесін деп садақа, сыйлық сияқты заттай жәрдем етіп құрметтеген. Алайда бұл жәрдем мен пайда сұралмайды, беріледі. Іштей тіленіп, жәрдем сұрағандай хал көрсетуге болмайды. Мүмкін, ол күтпеген жерден берілер. Әйтпесе, ықылас қашады.

Һәм وَلَا تَشْتَرُوا بِاٰيَات۪ى ثَمَنًا قَل۪يلًا аятынан қатаң сөгіс алып, істеген жақсылықтарының біршамасы босқа күйіп кетеді. Материалдық пайда тілеп, іштей күтсе нәпсіге алданады, өзімшілдікке салынады. Ол пайданы басқаға беріп қоймау үшін өз бауырына, қызметтес жолдасына қарсы бақталастық сезімі оянады. Ықыласы зақымдалып қызметінің құты қашады. Әһл-и ақиқат алдында жағымсыз түрге енеді. Материалдық пайданы да көре алмайды. Қойшы әйтеуір... зын сөзді қысқартып, бауырларымның арасында ықыластың сыры мен шынайы ауызбіршілікті нығайта түсетін екі мысал айтып берейін.

Бірінші мысал. Әһл-и дүние байлыққа кенеліп, қуаттану үшін тіпті кейбір саясатшылар мен әлеуметтік өмірде маңызға ие кісілер және ұйымдар, мал-мүлікті ортақтастыру дәстүрін өздеріне қағида етіп алған. Олар орынсыз, зиянды түрде қолдануларына қарамастан, зор күшке, мол пайдаға кенелуде. Алайда мал-мүлікті ортақтастырудың көптеген зияндары болумен қатар мәнісі өзгермейді. Әрқайсысы ортақ нәрсенің бір жағынан қарағанда иесі саналғанымен толық пайдалана алмайды. Ал, ортақтасу дәстүрі ақыреттік, рухани істерде болса, еш зияны жоқ, тіпті мол табысқа жетуге бірден-бір себеп. Өйткені барлық табыс ортақтардың әрқайсысының еншісі болып саналады.

Мысалға төрт-бес адам ұйымдасып, бірі жанармай, бірі пілте, бірі шам, бірі шыны, бірі сіріңке әкеліп шам жақса, әрқайсысы сол шамның иесі саналады. Егер әрқайсысының дуалында не қолында үлкен айна болса, әлгі шам әрқайсысыны-ن٭йнасына бөлмемен бірге толығымен түседі. Дәл сол сияқты ақыреттік істерде ықыласты түрде ұйымдасудан және бауырмалдықпен бір-біріне арқа сүйеуден және жұмыстарды бөлісіп атқарудан пайда болған бүкіл табыс, барлық нұр, әрқайсысының амал дәптеріне нұқсансыз түрде толық жазылатындығы ақиқатшылдар арасында анық және болған оқиға. Бұл Иләһи мейірімнің де талабы.
— 194 —

Уа бауырларым! Иншаллаһ сендерді материалдық пайда бәсекеге түсіре қоймас. Дегенмен ақыреттік пайда тұрғысында кейбір тариқатшылардың алданулары сияқты, сендердің де алдануларың мүмкін. Алайда жеке, аз ғана сауап қайда? Әлгі мысалдағыдай ортақтасудан пайда болған сауап пен нұр қайда?

Екінші мысал. Шеберлер, шығарған өнімдерін молайту мақсатында өнер саласында ұйымдасып, мол табысқа жетуде. Тіпті тігін инесін жасайтын он адам, әу баста өз беттерімен еңбек еткенде, еңбегінің бір күндік өнімі небәрі үш-ақ ине болған екен. Содан, ұйымдасқан түрде он адам бірлік құрған. Бірі темір әкеліп, бірі от жағып, бірі темір қыздырып, біреуі басын сүйірлеп деген сияқты... Әрқайсысы ине жасау өнерінде тек белгілі бір жұмыспен айналысып, атқарған жұмыстары қарапайым болғандықтан уақыт үнемделіп, манағы кәсіпте машықтанып, істері оңға басқан екен. Содан ұйымдасып атқарылған істің өнімін кісі басына шаққанда, әрқайсысына бұрын үш инеден келетін болса, енді үш жүз инеден келгенін көріпті. Еңбекке ынталандыру үшін бұл оқиға шеберлер арасында жарнамаға айналған.

Міне, ей достарым! Дүниелік істерде, мал-мүлікке келгенде бірлесу осындай нәтиже беріп, мол табысқа жеткізеді екен. Олай болса, ақыреттік, нұрлы, біртұтас және Аллаһтың жарылқауымен әркімнің айнасына толық түсетін нұрға, сондай-ақ баршаның сауабындай мол сауапқа ие болу, қаншалықты зор табыс екенін салыстыра беріңдер. Мұндай мол табыстан, бақталастық пен ықылассыздықтың кесірінен мақұрым қалуға болмайды.

Ықыласқа кедергі болар екінші себеп. Мансапқорлықтан туындайтын атаққұмарлық арқылы және атақ-даңққа бөленіп, көпшіліктің көзіне түсу, назарын өзіне аудару арқылы өркөкіректеніп масаттану. Бұлар - қауіпті рухани кесел болумен қатар, адамды "ширк-і хафи" деп аталатын екіжүзділікке, мақтаншақтыққа итермелейді, ықыласты зақымдайды.

Уа, бауырларым! Қасиетті Құранның қызметіндегі ұстанған жолымыз ақиқат пен бауырмалдық. Бауырмалдық дегеніміз бауырлар арасында менмендігін пида етіп {(Сілтеме): Бақытты жан кім десеңдер, ол - Құранның кәусарынан сүзілген мөлдір де үлкен әуізді иелену үшін, мұзкесек тәрізді өзінің тәкәппарлығы мен менмендігін әлгі мөлдір әуізге салып еріткен жан.} олардың жанын өз жанынан артық көру. Сондықтан мансапқорлықтан шығатын мұндай бәсеке біздің

— 195 —

арамызда болмауы тиіс. Өйткені, ұстанған жолымызға мүлдем керағар. Бауырлардың абыройы жалпыға ортақ. Олай болса, РисалейНұр шәкірттері мұндай үлкен рухани абыройды мансапқорлық пен бәсекенің кесірінен жеке, кішкентай атақ-абыройға айырбастамас деп үміттенемін.

Иә, Рисалей-Нұр шәкірттерінің жүрегі, ақылы, рухы мұндай нашар, зиянды, жиіркенішті нәрселерге бара қоймас. Алайда, әркімде де нәпсі бар. Кейде нәпсілік сезім бойды билеп, жүрек, ақыл, рухқа қайшы әрекет етіп, біршама өз дегенін істетеді. Сендердің жүрек, рух, ақылдарыңды кінәлап отырғаным жоқ. Қайта Рисалей-Нұрдан алған әсерлеріңе сенім артып отырмын. Алайда, кейде нәпсі, әуестік сезім, бос ой адамды алдайды. Сондықтан кейде қатаң ескерту аласыңдар. Бұл қатаңдық, нәпсі мен әуестікке, сезім мен уайымға қатысты...

Абай болыңдар! Егер ұстанған жолымызда біреуді пір тұту болғанда белгілі бір мәртебе болар еді, немесе шектеулі шендер болар еді. Ондай шенге көптеген қабілеттер талаптанып, қызғанғандай өзімшілдік сезім оянар еді. Бірақ, біздің ұстанған жолымыз бауырмалдық. Бауырлар бір-біріне әке бола алмайды... тәрбиеші де бола алмайды. Бауырластықтың ауқымы кең. Бір-біріне қызғана көз алартудың реті жоқлықөп болса бауыр бауырына көмекші, арқасүйер демеуші болады, қызметін толықтырады. Әке немесе тәрбиеші сияқты аса қамқоршы болу өзара қызғаныш тудырар сауапқұмарлық сезім зиянды және қауіпті нәтижелер тудырады. Тариқатшылардың орасан зор жетістіктері мен табыстары бола тұра, жік-жікке бөлінуі және бәсекелесудің салдарынан келеңсіз нәтижелердің туындауы бұған дәлел. Олардың орасан зор, киелі күштері мына бид'ат дауылдарына қарсы төтеп бере алмауда.

Үшінші себеп. Қорқақтық пен даңғойлық. Бұл тосқауыл басқа да тосқауылдармен бірге "Худжумат-ы ситте" атты еңбегімде толық баяндалғандықтан соған сілтеме жасап, Мейрімі мол Әрхамүррахиминнен оның барлық әсем есімдерін шапағатшы етіп, былай деп жалбарыналық. Бізге шынайы ықыласты болуды нәсіп ет! Амин!

اَللّٰهُمَّ بِحَقِّ سُورَةِ الْاِخْلَاصِ اِجْعَلْنَا مِنْ عِبَادِكَ الْمُخْلِص۪ينَ الْمُخْلَص۪ينَ اٰم۪ينَ اٰم۪ينَ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 196 —

БІР ТОП БАУЫРЛАРЫМА АРНАЙЫ ЖАЗЫЛҒАН ХАТ

Жазудан жалыққан және құлшылық айлары болып саналатын қасиетті үш айда оқылатын дұғаларды, бес жағынан құлшылық деп, сенім артып жүрген

Осынау бағалы хатта стаз ишара еткен бес түрлі құлшылығы жайлы анықтап сұрап алдық және оны төменде жазып отырмыз.

1-Адасушы дінсіздерге қарсы күрес.

2- стазға ақиқат жазуларына жәрдемдесу.

3-Мұсылмандарға иман тұрғысында көмектесу.

4-Жазып отырып ілім үйрену.

5-Кейде бір сағаты бір жылдық құлшылыққа татитын тәфәккүр, яғни ой-толғау құлшылығын атқару.

Рүштү, Хусрев, Рефет

Нұр рисалелерін жазудан артық көруші бауырларыма екі хадис шарифтің бір тұжырымын айтып берейін деп отырмын.

БІРІНШІСІ.

يُوزَنُ مِدَادُ الْعُلَمَاءِ بِدِمَاءِ الشُّهَدَاءِ -اَوْ كَمَا قَالَ

Яғни, "Махшар күні ақиқатшыл ғалымдардың қаламынан аққан сия мен шәйттердің аққан қаны тең бағаланады" дейді.

مَنْ تَمَسَّكَ بِسُنَّت۪ى عِنْدَ فَسَادِ اُمَّت۪ى فَلَهُ اَجْرُ مِاَةِ شَه۪يدٍ -اَوْ كَمَا قَالَ

Яғни, «Бидғаттар мен адасу жайылған қилы заманда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Сүннеті мен Құранның ақиқат- тарынан мықтап ұстанғандар және сол жолда қызмет еткендер жүз шәйттің сауабын алады» делінген.

Уа, жалқаулық басып жазудан жалыққан бауырларым! Уа, өзін кемелдендіруді көп ойлайтын достарым! Мына екі киелі хадистің мазмұнынан мынаны ұғуға болады. Осындай қилы заманда, Иман ақиқаттары мен көркем Сүннетке қызмет еткен мүбәрак, нұрлы қаламдардан тамған сияның әр тамшысы шәйттердің жүз тамшы қанындай сендерге махшар күні пайдасы тиеді. Олай болса соған қол жеткізуге тырысыңдар.

Егер былай десеңдер, Хадисте ғалымдар деп жазылған ғой. Біз жай ғана көшіріп жазушы хатшылармыз ғой?

— 197 —

Жауап. Бір жыл бойы осы рисалелерді оқып түсінген және соны қабыл алған кісі, ақиқатында бүгінгі күннің ғалымы дәрежесінде. Ал, терең түсінбегеннің өзінде, Рисалей-Нұр шәкіртерінің бір рухани тұлғасы бар. Ал ол рухани тұлға қазіргі кездің ғалымы болып саналады. Ал, сіздердің қаламдарыңыз болса әлгі мағынауи тұлғалардың саусақтары деген сөз. Өз пайымдауымша мен лайық болмасам да, сендер мені бір ғалым деп сеніп, бағалайсыңдар. Мен жылдам жазу жаза алмайтындықтан, сендердің қаламдарың менің қаламым болып есептеледі. Олай болса, хадистегі сауапты аласыңдар деген сенімдемін...

Саид Нұрси
— 198 —

Жиырма екінші Лема

بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Спарта қаласының әділ әкімі мен тәртіп сақшыларына... ең жақын, сырлас бауырларыма арнап, бұдан жиырма екі жыл бұрын Спартаның Барла ауылында жазылған, әркімге бере бермейтін бұл кітапшамды жоғарыда аталған адамдармен тығыз байланысты болғандықтан арнайы ұсынып отырмын. Егер жөн көрсеңдер жаңа әріптермен немесе ескі әріптермен бірнешеуін қол машинкамен басып шығарыңдар. Жиырма - отыз жылдан бері менің сырымды білгісі кеп, аңдып жүргендер де оқысын. Ешқандай құпиямыз жоқ екенін білсін және ең жасырын сырымыз да осы рисале екенін түсінсін.

Саид Нұрси
Үш Ишара

Он жетінші Леманың Он жетінші Нотасының Үшінші мәселесі еді. Сауалдарының маңыздылығына, жауаптарының да тереңдігіне орай Отыз бірінші Мектубтың жиырма екінші Лемасы болып, Лемалар жинағына енді. Басқа Лемалар бұл Лемаға өз арасынан орын беруі тиіс. Ең жақын, сырлас бауырларыма арналған.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللّٰهِ فَهُوَ حَسْبُهُ اِنَّ اللّٰهَ بَالِغُ اَمْرِه۪ قَدْ جَعَلَ اللّٰهُ لِكُلِّ شَىْءٍ قَدْرًا

Бұл мәселе «Үш ишарадан» тұрады.

БІРІНШІ ИШАРА. Жеке басыма және Рисалей-Нұрға қатысты бір сұрақ. Көпшілік былай дейді: Сен, бұл дүниені ғана ойлайтын адамдардың дүниесіне араласпай жүрсең де олар сенің ақыреттік істеріңе неге араласа береді? Ал ешбір өкімет дүниені тәркі етіп, өзімен-өзі жүргендерге тиіспейді ғой?

— 199 —

Жауап. Бүгінгі Саидтің бұл сауалға берер жауабы үнсіздік. Өйткені "Менің жауабымды Иләһи тағдыр береді" дейді. Ал, Бұрынғы Саид былай дейді. Бұл сауалдың жауабын менен гөрі Спарта үкіметі мен халқы жақсырақ білсе керек. Өйткені, бұл сұрақтың мәнісіне олар менен әлдеқайда жақын. Сондықтан, мыңдаған адамы бар үкімет пен жүз мыңдаған адамнан тұратын халық менің орныма ойланып, жауап беруге тиіс. Мен босқа сөйлеп қайтейін. Өйткені, мен тоғыз жыл бойы осы өлкеде тұрып жатырмын. Уақыт өткен сайын дүниеден теріс айналып барам. Бәрі баршаға аян, нендей жағдайым болса да жасырын қалып көрген емес. Ең жасырын деген рисалелерімнің өзі үкіметтің қолында. Егер бұларды күдікке салатындай саяси әрекетім болған болса, тоғыз жыл бойы мені аңдып отыр ғой. Мен де бүкіл сырымды тартынбай жайып салып отырмын. Онда осы уақытқа дейін маған неге тиіспеді? Егер, халқымыздың және отанымыздың болашағына зиян келтіретін бір қауіпім болса, онда тоғыз жылдан бергі әкімінен бастап, ауыл басшыларына дейін өздері жауапкер болып, айыпқа тартылады. Олар ондай жауапкершілікке тартылмауы үшін маған жала жапқандарға қарсы шығып, мені қорғауға мәжбүр. Олай болса, бұл сауалдың жауабын солар берсін.

Ал, осы өлкенің халқы мені қорғауға мәжбүр болуы мынаған байланысты. Осы тоғыз жыл бойы әрі бауыр, әрі дос, әрі сыйлас болған осы халықтың мәңгілік өмірі мен иман байлығына және екі өмірінің бақытына арналған жүздеген кітаптарымнан ешкімге де ешқандай зиян келмеді. Лилләхил хамд, Рисалей-Нұрдың саясында мына Спарта облысына баяғы Шарапатты Шамның және Ислам әлемінің әйгілі медресесі, Әл-Әзхардың құт-берекеті дарыды. Сондықтан, РисалейНұрдың бұл аймаққа себеп болған имани қуаты мен құлшылыққа деген ыстық ықыласы, харамнан алыс тұрудағы табандылығы сынды діндарлықты әкелуі әлбетте, осы өлкедегі бүкіл адамдардың тіпті ынсапсыз дінсіздің де бізді жақтап, мені және Рисалей- Нұрды қорғауға мәжбүр ететін жағдай. Құдайға шүкір, мыңдаған шәкірттері бар. Олар мендей әлсіз кісінің орнына тынымсыз қызмет етіп жатса, олардың осындай қорғау сөздері тұрғанда, мен секілді міндетін атқарған, түкке тұрмайтын жанның өзін ақтау сөздеріне қажеттілік бар ма?! Осындай мыңдаған ақтаушы-жақтаушылары бар адам, өз дауын өзі шешпесе керек.

— 200 —

ЕКІНШІ ИШАРА. Сынап-мінеп айтылған сауалға жауап.

Бұл дүниені ғана ойлайтындар былай дейді. Бізге неге ренжисің? Тым болмаса, бір рет өтініш айтып, көмек сұрамай, үнсіз қалдың. Бізден қатты шағымданып: "Маған зұлымдық жасап жатсыңдар" дейсің. Алайда, біздің өз ұстанымымыз бар. Ол осы заманның талабы. Бірақ сен оларды қабылдамайсың? Заңды орындаған адам залым болмайды, ал қабылдамағаннан бүлік шығады. Қазіргідей еркіндік ғасырында және жаңа басталған Республикалық дәуірде, адамдардың тең құқылығын сақтау, өктемдік жүргізу секілді әдеттерді жою, біздің қазіргі ұстанымымыз бола тұра, сен ұстаздық, діндарлық жақтарыңмен көпшіліктің назарын өзіңе аударып, үкіметтің сыртында ықпал жасауға әрекет етіп жатқандығыңды өткен өмірің дәлелдеп береді. Мұндай жағдай буржуй, шонжарларға жарасады. Бірақ, біздің көпшілік қауымға енді ғана жақсы әсер етіп жатқан социализм мен большевизм дәстүрлері қоғамдық қажетімізге жарайтындықтан, сенің бұл жағдайың бізге жарамайды. станымымызға мүлде керағар. Сондықтан, саған жасаған қыспақтарымызға шағымдануға ешқандай хақың жоқ.

Жауап. Қоғамда жаңа бір жол ашқысы келгендердің шығарған заңдары жаратылыстағы негізгі заңдарға сәйкес болмаса, жақсы бастамасы да өркениетке ешқандай пайда бермейді. Керісінше барлық іс-әрекеттері жамандық пен бүлдіру болып шығады. Сондықтан, адамның табиғатымен, Иләһи заңдармен санасуға мәжбүр. Әйтпесе адамның табиғатын өзгерту, не болмаса адамзаттың жаратылысындағы басты мақсатын ауыстыруы қажет. Сонда ғана, жаппай теңдік орнайтынына сенуге болады.

Иә, мен тегім, тұрмысым жағынан да қарапайым халықтың бірімін. Көзқарасым бойынша да "Тең құқылы" ұстанымын жақтаймын. Халықты зорлықпен басқармақ болған өктемшілдерге өз мейрімім арқылы да Исламиаттың әділдігі бойынша да қарсы күресіп келе жатқандардың бірімін. Сондықтан. барлық күш жігеріммен әділет жағындамын. Зұлымдық әрекеттерге, өктемшілдікке қарсымын. Алайда, адамзаттың жағдайы және адам баласының жаратылысындағы негізгі хикметтері жаппай тең құқылық деген заңдарға қарамақайшы. Өйткені, Фатыр-ы Хаким, өзінің кемел құдіреті мен асқан

— 201 —

хикметін көрсету үшін аз ғана нәрседен көп өнім жаратады. Бір параққа талай кітаптарды сыйғызады. Бір іспен көптеген міндеттерді қоса атқартады. Сол сияқты бір ғана адамзат арқылы да мыңдаған түрлердің міндетін атқартады.

Міне, осындай терең тылсым сыр бойынша, Хақ Тағала адамзатты басқа хайуандардың мыңдаған түріне тең келетін, мыңдаған түрлі жеміс беретіндей ерекше хикметпен жаратқан. Басқа хайуанат секілді ой сезімдеріне шек қойылмағандықтан, өз ықтиярымен көптеген дәрежелерге жете алатын дарын, қабілет арқылы бір өзі бір түрдің міндетін атқара алатын ерекшелігімен Жер жүзінің халифасы, жаратылыстың нәтижесі, барлық жандылардың сұлтаны деген атаққа ие болған.

Міне, адамзаттың осындай алуан түрлі болуының басты қозғаушы күші, жақсылық жасауда жарысу, иман мен ізгілік тұрғысында ерекшелену болмақ. Ал, адамзаттың осындай ізгі қасиетін, ерекшелігін жою, адам баласының ақылын ауыстырып, көңілін көр ету, рухын тұншықтыру арқылы ғана мүмкін болады. Әлгі, тең құқылы деген сөзді бетке ұстап, азаттық деген перденің астында, асқан зорлықзомбылық жасап жатқан мына ғасырдың мізбақпайтын қатыгез бетіне тіке қарап айтылуға лайық бола тұра, ол кісі лайық болмаса да атақты бір кісіге айтылған, деймін:

Бола ма, екен еркіндікті зұлымдықпен басуға,

Жоқ қыл, онда, артық көрсең, ой сананы, басты да!

деген. Сөздің орнына мен мына ғасырдың бетіне тіке қарап тұрып, былай дер едім:

Бола ма, екен зұлымдықпен ақиқатты жоюға

Жүрегіңді жұлып таста, өлмес болсаң, тағы да! Немесе,

Тең бола ма, зұлымдық пен адамшылық арасы

Қажет болмас, онда адамға ар-ұжданның шамасы.

Иә, имандылық, ізгі қасиет, біреуге зорлық-зомбылық жасауға жол бермеумен қатар, қысым көрсетуші, өктемшіл де болғызбайды. Біреуге зорлық жасау ешқандай да ізгі-қасиетке жатпайды. Әсіресе, ізгі-қасиеттің негізгі талабы, әлсіздік, пақырлық, кішпейілдік арқылы қоғамға араласу. "Лиллахил хамд" осындай ұстаныммен өміріміз өтті. Мен өзімде ізгі-қасиет бар деп отырғаным жоқ. Бірақ, Иләһи нығметке шүкір ету ниетімен былай деймін. Хақ Тағала өзінің жомарттығымен

— 202 —

иман ілімі мен Құран қызметінде болуды сый етіпті. Мұндай Иләһи сыйды "лиллахил хамд" шүкір айта отырып, бұл қасиетті осынау Ислам жұртының пайдасына, бақытына сарп етіп, ешқашан біреуге үстемдік қылуға, қысым жасауға пайдаланған емеспін. Сонымен қатар, адасқандардың арманы болған халық арасында беделді болу, қошемет көру секілді мінез де маңызды бір себепке байланысты мен үшін жиіркенішті нәрсе. Ондай қошамет көріп, атақты болудан аулақпын. Өткен жиырма жылымды зая кетіргені үшін ондай нәрселерді өзіме зиянды деп санаймын. Бірақ, Нұр рисалелерін ұнатып жатса, ондай кісілерді де ренжіткім келмейді.

Ей, бұл дүниені ғана ойлайтындар! Дүниелеріңе еш араласпадым. Ереже-заңдарыңа, ұстанымдарыңа ешбір қатысым жоқ. Тоғыз жыл бойы айдаудағы бұл өмірімнің көрсеткеніндей әлі де дүниелеріңе араласуға ешбір ниетім жоқ. Сондықтан, маған сонша уақыттан бері бүлік жасауға дайындалып жүрген бір адам ретінде жабылған мұнша жала, қандай заңға сай келеді? Дүниедегі ешбір үкімет мұндай заңсыздыққа және адамгершілікке жатпайтын әрекетке жол бермес еді. Маған жасалған мұнша негізсіз, теріс әрекеттерге мен ғана емес, егер бұдан хабардар болса бүкіл адамзат ренжір еді. Барлық жаратылыс атаулы ашулануда.

ҮШІНШІ ИШАРА: Қисынсыз бір сұрақ.

Бір топ билік басындағылар былай дейді. Сен осы елде өмір сүретіндіктен оның негізгі заңдарына мойынсұнуға тиіс бола тұра, неге бұл заңдарды қабылдамайсың? Былайша айтқанда, қазіргі үкіметтің заңынан бөлек, өзіңе ерекше сипат беріп, сол арқылы көпшілікке еркінен тыс ықпал еткің келеді. Бұл тең құқылық ұстанымындағы еліміздің заңына қайшы. Сен неге ресми міндетің болмаса да құрмет пен қошаметке бөленесің? Сенде халық мені ғана тыңдасын деген бір жағдай байқалады.

Жауап. Заңды қолданушы ең әуелі өзі қолданған соң ғана басқаларға қолдана алады. Сендер, өздерің қолданбаған бір заңды басқаларға қолдану арқылы жұрттан бұрын өздерің заңды бұзып, заңға қарсы шығып отырсыңдар. Өйткені, мына "тең құқылы" деп аталатын заңды өздерің орындамай маған қолданып отырсыңдар. Мен сендерге бір мысал айтайын. Бір қатардағы жауынгерді маршалдың дәрежесіне шығарып, халықтың маршалға көрсететін құрметі мен

— 203 —

тілектестігіне ортақтастырса немесе сондай құрметке ие болған маршал әлгі әскер секілді тұрпайыланып, жәй әскердің ең төменгі дәрежесіне түссе, ол маршалдың ізгі-қасиетінен, маңызды міндетінен ештеңе де қалмаса немесе әскерді жеңіске жеткізген атақты қолбасшы ең ақымақ бір жауынгермен тең дәрежеде құрметтелетін болса, онда сендер осы жаппай тең құқылы деген заңдарың бойынша маған да "Өзіңді ұстазбын деме! Құрметін қабылдама! Ізгі-қасиетіңді жоққа шығар! Өз қызметшіңе қызметші бол! Қайыршылармен бірге жүр!" дей аласыңдар.

Егер былай десеңдер. Мұндай құрмет пен сый ресми орындарда қызмет атқарушыларға арналып, атқарар міндетіне қарай құрмет көрсетіледі. Сен ондай міндет атқарушы адам емессің, олай болса халықтың да құрметіне бөленуге хақың жоқ!

Жауап. Егер адам тек қана денеден тұратын болса және адам бұл дүниеде мәңгі қалатын болса... және қабірдің аузы мүлде жабылып, өлімнің өзі жоқ болса... міндет пен қызмет тек әскерилер мен басқарушы биліктегілерге ғана қалатын болса, онда айтқан сөздеріңде бір мән-мағына болар еді. Алайда, адам денеден ғана тұрмайды. Ал, сол денені асырау үшін жүрек, тіл, ақыл, ми секілді сезімдерді пісіріп жегізуге болмайды. Олардың да өз міндеттері, өз қалаулары бар. Қабірдің аузы да мүлдем жабылар емес. Олай болса қабірден кейінгі жағдай әркімнің ең басты мәселесі қалпында қала бермек. Әлбетте, халықтың құрметіне лайық болған міндеттер тек қана дүнияуи тіршілікке қатысы бар саяси және әскери міндеттер ғана болмаса керек. Жолаушыларға барар жеріне жету үшін құжат, отыратын орын реттеп беру маңызды міндет болғаны секілді, мәңгілік әлемге сапар шегіп бара жатқан жолаушыларға да әрі құжат, әрі сол ұзақ, қараңғы жолға нұр беру - аса маңызды міндет. Басқа міндеттер дәл ондай маңызды емес. Ал, ондай бір қызметті жоққа шығару, қарсы болу, өлімді жоққа шығарып күн сайын اَلْمَوْتُ حَقٌّ "өлім хақ" деген ақиқатты мүрделердің мөрімен куәләндіріліп жатқан отыз мың куәгерді жоққа шығару болады. Сондықтан, рухани қажеттілікке негізделген рухани қызметтер де бар екенін ұмытпау керек. Сол қызметтердің ең маңыздысы, мәңгілік сапардың төлқұжаты және жүректің берзах қараңғылығында қолданатын шырағы, мәңгілік бақыттың кілті болған нұрлы иман мен имани дәрістер. Әлбетте, ол
— 204 —

міндетті көріп-біліп тұрған мағрифат иелері қандай жағдайда да өзіне сыйланған Иләһи нығметті, имани қасиетті аяқасты етіп, пасықтардың деңгейіне түспейді. Өзін адасқандардың былғаныш бидғаларымен былғамайды. Міне, сендер ұнатпай теңсіздік, артықшылық деп мені түсіне алмауларыңның осындай себептері бар.

Осы айтылған ақиқаттармен қоса, мені азапқа салған, сендер секілді өзімшіл тәкаппар және тең құқықтық заңын бұзуда перғауындық дәрежеге шарықтап кеткен менменшілдерге айтар сөзім жоқ. Өйткені, сол тәкаппарларға қарсы кішпейілдік жасау, өзінөзі қорлату болғандықтан, оларға кішпейілділік танытпау керек. Бәлкім, олардың арасында ынсапты, әділ болғандарына былай дер едім, "Лиллаһил хамд" мен өз қатем мен кемшіліктерімді білемін. Әлсіз екенімді мойындаймын. Мұсылмандардың алдында жоғарғы бір дәрежеде көріну емес, қайта шексіз кемшілігім мен түкке тұрмайтындығымды сезініп, Аллаһтан истиғфар, кешірім тілеу арқылы көңілімді демеп, халықтан сый құрмет емес, дұға сұраймын. Менің осындай ұстанымымды бүкіл достарым жақсы біледі. Тек, мынаны айтсам деймін. Қасиетті Құранға қызмет ету кезінде және имани ақиқаттардан сабақ беріп жатқан кезде сол ақиқаттар үшін және Құранның құрметіне, сол жоғарғы мәртебенің талабына сай іліми мерей мен абыройымды сақтап, кәпірлерге бас имеу үшін абыройлы жағдайда болатыным рас. Менің ойымша, тек бұл дүниені ғана ойлайтындардың шығарған заңы бұған тиісуге, араласуға хақысы жоқ.

Тағы бір таң қаларлық жайт. Мәлім болса керек, ғалымдар қай елдікі болса да өздерінің білім деңгейіне қарай мәміле көреді. Қайда, кімде білім бар болса, ілім саласындағылар достық назармен қарап, құрмет етілуі тиіс. Тіпті, бір-бірімен жауласып жүрген екі елдің профессоры екінші елге келсе, білім иелері оның білімі үшін онымен жолығып, құрмет көрсетеді. Солай бола тұра, Англияның ең жоғары ілім мәжілісі, Ислам академиясына алты сұрақ жолдап, оның жауабын алты жүз сөйлеммен жауап беруін талап еткен кезде, оқуағарту министрлігіміздің назарында айыпталып отырған бір білімдар кісі әлгі алты сауалға алты сөйлемге татитын алты ауыз сөзбен жауап берген еді. Жат елдіктердің ең маңызды, ал философтардың ең негізгі қағидаларына ғылыми түрде қарсы шығып, жеңіп шыққан...

— 205 —

Құраннан алған ілімінің күшімен Еуропа философтарына қарсы соққы берген... Стамбулдағы ғалымдар мен шәкірттерді ғылыми сайысқа шақырып, оларға еш сұрақ қоймай, барлық сұраққа толық жауап бере білген...

{(Ескерту). Бүгінгі Саид былай дейді: Осы жерде бұрынғы Саидтың мақтанғандай- болып айтқан бұл сөздеріне қосылмаймын. Алайда, қазір сөзді соған бергендіктен, қойдыра алмай отырмын. Менменшілдерге біршама менмендік көрсетіп қою керек деп, үндемей отырмын.}

бүкіл өмірін осы халқының бақытына арнаған, жүздеген рисалелерін сол халықтың тілінде түрікше жазып, сол халықты ағартушы Отандас, діндес, дос, туыс адамға ең қатты қысым көрсеткен, тіпті, өшіге дұшпандық жасағандардың қатарында кейбір мұғалімдер мен аз да болса ресми молда, имамдар бар. Міне, бұл жағдайға не дейсің? Осы да мәдениет пе? Білімдарлық па? Отансүйгіштік пе? лтжандылық па? Республикашылық па? Жоқ! Жоқ! Ешқайсы да емес! Бәлкім бұл Иләһи тағдыр шығар. Осындай ғалым басқалардан достық күткенде оның орнына дұшпандыққа тап болды. Құрмет көріп, рияға түспесін, ықыласынан айырылмасын деген Иләһи жазмыш...

Қорытынды

Меніңше таңқаларлық бір жайт және шүкір еткізер шабуыл.

Мына өте өзімшіл Әһли дүнияның, менмендігіне қарап отырсам, олардың өте сезімтал екенін байқадым. Егер олар мұны біліп істесе, әулиелердің кереметі сияқты болар еді немесе өте парасатты данышпан деуге тұратын жағдай. Ол не жайт дейсіз ғой?

Менің нәпсім мен ақылым сезбейтіндей бұлыңғыр бірақ, біршама рияшылдыққа саятын кішкене ғана менмендік жағдайымды олар өз менмендігінің сезгіштігімен сезіп қоятын секілді. Олай дейтінім, менің өзім сезбей қалған менмендігіме олар дереу қызбаланып, қарсылық білдіреді. Осы сегіз-тоғыз жыл ішінде сегіз-тоғыз рет болды. Олардың маған жасаған қастандықтарын ойлап, "бұлар маған неге тиісе береді?" деп, өз нәпсімнің үлесін іздеген кезімде, міндетті түрде я нәпсім парқына бармай менмендікке ыңғай танытқан я болмаса біле тұра солай болған. Сол кезде іштей, "Иләһи тағдыр әлгі залымдардың зұлымдығы арқылы маған әділдік қылған екен ғой" деймін.

— 206 —

Атап айтар болсам, осы жазда жолдастарым мені әдемі бір атқа мінгізді. Серуенге шықтым. Өзім де байқамай қалыппын, мені бір сезім билеп, көңілім тасып кеткен болса керек, дереу айналамды аңдып жүрген әһл-и дүния қатты шүйлігіп, барынша тиісті. Менің әлгі сезімімді ғана емес, басқа да сезімдерімді басты.. Тағы да, соған ұқсас бір оқиға болды.

Бұл жолы рамазан айынан кейін, бұрынғы заманның алып тұлғалары мен жоғары мәртебелі имамдарының біз туралы ғайби керемет көрсетіп, ілтипат еткендігін айттым, бауырларымның тақуалығы, ықыласы артсын және келушілер жақсы ойда болсын деген ниетпен айтылса да нәпсімнің мақтанып кеткенін байқамаппын, өзімше шүкір еткендей болсам да, рияшылдыққа қарай жақындап, менмендік сезімі билегенін кейін білдім.

Дереу, мына әһл-и дүния, әлгі өте сезімтал менмендігі, тіпті рияшылдықтың бүге-шігесіне дейін айырып беретін сезімдері арқылы сезіп, маған тағы тиісті. Құдайға шүкір, олардың зұлымдығы менің ықыласымды арттыра түсті.

رَبِّ اَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاط۪ينِ ٭ وَاَعُوذُ بِكَ رَبِّ اَنْ يَحْضُرُونِ
اَللّٰهُمَّ يَا حَافِظُ يَا حَف۪يظُ يَا خَيْرَ الْحَافِظ۪ينَ اِحْفَظْن۪ى وَ احْفَظْ رُفَقَائ۪ى مِنْ شَرِّ النَّفْسِ وَ الشَّيْطَانِ وَ مِنْ شَرِّ الْجِنِّ وَ الْاِنْسَانِ وَ مِنْ شَرِّ اَهْلِ الضَّلَالَةِ وَ اَهْلِ الطُّغْيَانِ اٰم۪ينَ اٰم۪ينَ اٰم۪ينَ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 207 —

Жиырма үшінші Лема

Табиғат рисалесі

[Он жетінші Леманың он алтыншы тұжырым болатын. Маңыздылығына орай жиырма үшінші Лема болды. Табиғат жаратады дейтін күпірлік ұғымды қайта тірілместей етіп, өлтіріліп, күпірліктің іргетасын күл-талқан етеді.]

ЕСКЕРТУ

Бұл жазбада Құдайдан безген жаратылыстанушылардың ұстанған жолы, олардың пікірі қаншалықты ақылға сыйымсыз, табиғатқа жат, құр қиял екенін, ең кемінде тоқсан түрлі сандырағын әшкерелейтін тоғыз түйін баяндалады. Олардың мұндай қисынсыз ой-пікірлері өзге кітаптарымда едәуір айтылғандықтан, мұнда қысқа ғана тоқталып, кейбір бөлімдерін аттап өттік. Дегенмен, мынадай бір ой келеді: "Неге атақты философтар, ақылгөй ойшылдар көрер көзге осындай тым оғаш, сену қиын пікірді құптап, сол жолда кетіп барады?"

Иә, олар өздері таңдаған жолдарының жөн-жосығын, мәнісін терең түсіне алмаса керек. Олардың пайымдаулары шын мәнісінде тақырыптың бас жағында баяндалғандай - жөнсіз әрі қисынсыз,

{(Сілтеме): Бұл кітапшаны жазуыма Құдайдан безген кәпірлердің Иман ақиқаттарына менсінбей қарап, өз ақылдары жетпеген нәрселерге "аңыз" деп, атеизмді табиғатпен ұштастырып, Қасиетті Құранға тіл тигізуі себеп болды. Мұндай сұмдыққа шыдай алмай қолыма еріксіз қалам алдым. Сөйтіп, хақ жолынан тайған әлгі дінсіздерге дәлелді сөздермен ауыр соққы бердім. Әйтпесе, Рисалей-Нұрдың түсіндіру тәсілі қарапайым, сыпайы әрі жұмсақ.}

қиял тәрізді болмашы нәрселер ғана. Егер оған күмәнданушылар болса, бұлтартпас айғақтармен жан- жақты анық етіп дәлелдеп беруге дайынмын.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
قَالَتْ رُسُلُهُمْ اَفِى اللّٰهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ

Бұл аят сұраулы сөйлем арқылы "Аллаһтың бар екеніне шек келтіресіңдер ме? Оған әсте күман болмауы тиіс" дей отырып, Аллаһ Тағаланың бар және жалғыз екенін ап-анық көрсетіп тұр.

Бұл мәселеге кіріспес бұрын бір "Ескертпе" жасай кеткен жөн.

— 208 —

1922 жылы мен Анкарада едім. Ислам әскері гректерді жеңгеніне көңілі тасыған мүминдердің санасын күпірлік пікір улап, шатастыра бастағанын аңғардым. "Қап, мына аждаһа, иманның шарттарына зақым келтірмесе игі еді!" деп қауіптендім. Содан, Аллаһтың сөзсіз бар әрі жалғыз екенін баяндайтын жоғарыдағы аятқа жүгініп, медет қылдым. Құраннан келген сол бұлтартпас айғақты араб тілінде жазып, "Жаңа күн" баспасынан бастырып шығардым. Бір өкініштісі оған көпшілік мән беріп, оқи қоймады. Бәлкім арапша білетіндер аз болғандықтан ба, әйтеуір қысқа да нақты айғақтармен жазылған әлгі еңбегімнің әсері айтарлықтай болмады. Ал, дінсіздік ұғымы өртше лаулап, күшейе түсті. Сол себепті амал жоқ, оны түрік тілінде жазуға тура келді. Бұл айғақтардың кейбір бөлімдері өзге еңбектерімде кездесетіндіктен, қазір қысқа қайырмақпын. Сол себепті бұрынғы жазған дәйекті еңбектерім бүгінгі жазар айғақпен ұштасып жатады. Олай болса, олар бұл айғақтардың шағын үлгісі есебінде.

Кіріспе

Ей, адам! Халық арасында күпірліктің лебі сезілетін қауіпті сөздер бар. Оларды, ондай қауіптілігінен бейхабар имандылар да пайдаланады. Сол қауіпті сөздердің ең қатерлі үшеуі баяндалмақ.

Бірінші қауіпті сөз: "Әужәдәт-һүл әсбаб", яғни, мына нәрсені себептер жаратты.

Екінші қауіпті сөз: "Тәшәккәлә би нәфсиһи", яғни, "өздігінен пайда болды".

Үшінші қауіпті сөз: "Иктизат-һүл табиат", яғни, "табиғи құбылыс, табиғат қажет еткен соң солай болады".

Сонымен, әлемнің бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмас. Әрбір болмыс, шебер әрі хикметті түрде, яғни, белгілі бір мақсатпен, пайдаға асатындай жаратылғаны ап-анық көрініп тұр. Ежелден келе жатқан дүние емес, жаңадан жасатылуда. Олай болса, ей, дінсіз адам! Қалай болғанда да сен жаратылыс туралы: "Мына болмысты, мысалға, мына хайуанды себептер жаратты немесе себептер жиналып жаратты не болмаса, өзінен-өзі пайда болды, яғни, табиғаттың әсерінен пайда болды не болмаса, Қадир Зүлжәләлдың құдіретімен жаратылды, яғни, Аллаһ жаратты" деуге мәжбүрсің. Ақылға салар болсақ, осы төрт жолдан басқа жол жоқ.

— 209 —

Әуелгі үш жолдың қисынсыз, мүмкін еместігі толық дәлелденсе, төртінші жол - Уахданиет ұғымы, яғни, Аллаһтың бар екені, барлығын бір өзі жарататындығы шек-шүбәсіз дәлелденген болады.

Ал, енді "Әлемдегі себептер жиылып, заттар жаратылды" деген бірінші қауіпті сөзге келейік. Мұның көптеген, қисынға келмейтін жақтары бар. Солардың үшеуін ғана баяндаймыз.

БІРІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Дәріхананың сөресінде дәрі-дәрімек жасауға қажетті заттарға толы жүздеген құтылар тұр деп ойлайық. Осы заттардан жаны бар, тірі қоймалжың зат жасалуы қажет болды. Сондай-ақ, олардан у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрі жасау қажет. Жанды қоймалжың дәріні зерттеп едік, әлгі құтылардың бірінен нәзік таразыға тартып бір-екі мысқал алып, екінші бір құтыдан алты-жеті мысқалын қосып дегендей әртүрлі мөлшерде заттар дәл өлшеніп алыныпты. Егер біреуінен бір мысқал артық не кем алынса, манағы дәрі жандылығын жоғалтып, қасиетінен айырылар еді. Сондай-ақ, қоймалжың жанды дәрі қалай дайындалса, әлгі у қайтарғыш таңғажайып тірі дәрі де өзіндік нәзік таразымен дәл тартылып жасалған. Қоспа заттар белгіленген мөлшерден сәл артық, не кем болса, аталған дәрілер қасиеттілігін жоғалтады. Елуден астам әлгі құтылардың әрқайсысынан дәлдіктен таразыланып алынған, саналуан заттардан тұрады. Ал енді, осы құтылардан алынған заттар кездейсоқтықтан немесе соққан дауылдан шайқалып кетіп, құтылардан дәлме-дәл төгілуі себепті бірігіп, араласуынан пайда болуы мүмкін бе? Бұлай ойлау, барып тұрған ақымақтық, мүлдем қисынсыз, сандырақ қой! Есек екеш есек те екі рет есекке, айналған соң, ақырында адам болып, мұны естісе, «жоқ, мүмкін емес» дер еді.

Міне, осы мысалдағыдай, әрбір жанды дене - жаны бар қоймалжың зат. Әрбір өсімдік - у қайтарғыш таңғажайып дәрі іспеттес. Олар дәл өлшеммен алынған саналуан заттардан құралған. Егер, олар әлгі себептердің салдарынан кездейсоқ пайда болды десе, бұл дәл манағы дәріханадағы құтылардың кездейсоқ құлап кетуі салдарынан қоймалжың дәрінің пайда болуы сияқты ақылға қонымсыз сандырақ болар еді. Сонымен, жаратылыстар мына әлем атты алып дәріханада Әзәли Хаким Аллаһтың тағдыр мен қаза безбенімен өлшеніп, шексіз хикметімен, шексіз ілімімен және бәріне пәрмені жүретін құдіретімен пайда болады. "Дүниені, соқыр, мылқау, шамасын білмейтін,

— 210 —

селдей аққан элементтер мен себептер жаратты" дейтін бейбақ, "әлгі таңғажайып дәрі, құтылардың өзінен-өзі құлап түсіп, ондағы заттардың араласуы нәтижесінде пайда болды" деген есуастан бетер ақымақ деген сөз. Иә, мұндай күпірлік ұғым, есі ауысқандар мен мастарға тән сандырақ.

ЕКІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Егер жаратылыстар, Уахид-ы-Ахад Аллаһтың емес, себептердің еншісіне қалса, онда әлемдегі барлық элементтер мен себептер бүкіл тірі жанның болмысына еніп, денесімен толық қатынаста болғаны ғой. Алайда, шыбын секілді ұсақ жәндіктердің болмысында өзара қарама-қарсы, бірінен-бірі алшақ жатқан сан-алуан себептер жиналып, керемет тәртіппен, жүйелі түрде бас қосуы мүлдем қисынсыз. Оған, шыбынның қанатындай ақылы бар адам да «бұл қисынсыз, олай болуы мүмкін емес!» дер еді.

Шыбынның кіп-кішкене болмысы, әлемнің көптеген элементтерімен, себептерімен тығыз байланыста, тіпті, оның қортындысы десе болады. Егер шыбынды Қадиры-Әзәли жаратпаған болса, онда шыбынның табиғатында әлгі материалдық себептердің өздері әзір тұруы қажет, тіпті, оның кіп-кішкене бойына енуі керек. Керек болса, денесінің кішірейтілген үлгісі болған көзіндегі әрбір жасушаға енуі тиіс. Өйткені, себеп-материалдық нәрсе болғандықтан салдардың, яғни нәтиженің жанында әрі ішінде болуы шарт. Олай болса әлемнің ірі құбылыстары, элементтері бірігіп шыбынның иненің ұшындай жіңішке аяқтары да сыймайтын бір жасушаның ішіне кәдімгідей кіріп, ұста сияқты бірлесе жұмыс істеп жатқандығын қабылдауға тура келеді.

Ал, мұндай ұғымнан скептиктердің ең (философиядағы ағым) ақымақтары да ұялар еді.

ҮШІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. اَلْوَاحِدُ لَا يَصْدُرُ اِلَّا عَنِ الْوَاحِدِ нақты қағидасына сүйенер болсақ, "заттың өне бойында бірегейлік пен бірлік, жинақылық болса, әлбетте, ол біреуден, бір қолдан шыққаны". Демек, бір зат керемет тәртіпті, өте дәл өлшемдермен пішілген әрі күрделі табиғатқа ие, тірі нәрсе болса, онда оның бірнеше қолдан шықпағандығы белгілі. Демек, оның Қадир, Хаким бір қолдан шыққандығы белгілі бола тұра, меңіреу, әрі санасыз табиғи себептердің шым-шытырық жағдайлары көбейген
— 211 —

сайын,себептердің меңіреулігі, соқырлығы арта түсетіндігіне қарамай, нақты өлшемдермен шебер жасалған жаратылысты, санасыз табиғи себептерге еншілеу, жүздеген қисынсыз пікірді мақұлдағанмен бірдей.

Бұл қисынсыз нәрселерге мән бермегеннің өзінде материалдық себептердің әсері, тікелей жанасу арқылы ғана жүзеге асады. Алайда, бүкіл себептер жан-жануарлардың сыртқы жағына ғана жанаса алатыны белгілі. Бірақ себептердің әсері жете алмайтын тірі жандардың ішкі құрылысы, сыртқы жағынан он есе күрделі. Жүйелілігі мен өнер жағынан әлдеқайда кемелді. Материалдық себептердің әсері, тіпті сыртқы жағына да толық тие алмайтын өте ұсақ жәндіктер бар. Олар ірі жануарлардан әлдеқайда күрделі, шебер жасалуда. Енді мұны көзбен көре тұра, бұларды әлгі меңіреу, бірібірінен бөлек, өзара қарама-қайшы себептер жаратады деу, жүз есе көрсоқырлық пен мың есе меңіреулік болар.

Ал енді, екінші қауіпті сөзге келер болсақ, "тәшәккәлә би нәфсиһи", яғни, өздігінен пайда болды деген пікір. Бұл сөздің де көптеген жөнсіз тұстары мен ақылға сыймайтын жөнсіз жақтары бар. Мысал ретінде, тек үшеуін баяндаймыз.

БІРІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Ей, қасарысқан дінсіз! Тәкәппарлықтан ақымақ болғаның сондай, жүздеген қисынсыз пікірді бірден қабылдай саласың. Өйткені, сен барсың. Қарапайым, өзгермейтін нәрсе емессің. Үнемі жаңарып отыратын керемет жүйелі мәшине немесе әрдайым өзгеріп тұратын керемет сарай сияқтысың. Сенің болмысыңдағы бөлшектер тынбастан жұмыс істеп тұр. Сенің болмысыңда, әсіресе, қоректену жағынан, нәсіл жалғастыру тұрғысынан қоршаған ортамен, тіпті, бүкіл әлеммен өзара тығыз байланыста және сансыз зат алмасулар жүріп жатыр. Бойыңдағы жасушалар, әлгі нәзік те күрделі байланысты бұзбай одан әрі жалғастыру үшін мұқият қимылдауда. Бейне бір бүкіл әлемді көріп тұрғандай, сенің өзара қарым-қатынасыңды білетіндей, соған қарай әрекет етуде. Сен сол ішкі және сыртқы сезім мүшелеріңмен, ағзаларыңмен сол бөлшектердің ғажап қызметін пайдаланып, қоршаған ортамен, алып дүниемен байланыс жасайсың. Егер сен, денеңдегі бөлшектер Әзәли Қадир Аллаһтың тіл алғыш қызметшілері, тәртіпті әскері немесе Әзәли тағдыр қаламының ұштары, (яғни, әрбір

— 212 —

бөлшек қалам ұшы секілді) я болмаса құдірет қаламының нүктелері дегенді қабылдамасаң, онда сенің көзіңде жұмыс атқарып жатқан әрбір бөлшектің бүкіл әлемді көре алатын кәдімгі алып көзі болуы керек. Сондай-ақ, сенің келешегің мен өткен шағыңды, шыққан тегің мен нәсіліңді, асылыңды, құралған бөлшектерінің қайдан, қалай келетінін, оларға не керектігін білетін жүздеген ғұламалардың ақылындай ақылы болуы керек. Сен секілді бұл мәселеде түк ұқпайтын біреудің денесіндегі сансыз бөлшектердің бір бөлшегінде мыңдаған Платонның ілімі мен ақыл-санасы бар екенін қабылдау, бір емес, мың есе ақымақтық болар.

ЕКІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Сенің денең бейне бір мың күмбезді сарай тәрізді, әрбір Күмбездердің әрбір тасы ешқандай тіреусіз, бірбіріне сүйеніп қана тұр. Ал, сенің денең зәулім сарайдан мың есе ғажап. Өйткені, сенің сарай - денең әрдайым жаңарып, жаңадан жасалуда. Керемет рух, жүрек, ішкі сезімдерді санамағанның өзінде, тек денеңдегі әрбір мүше, жеке-жеке күмбезді ғимарат тәрізді. Құрамындағы бөлшектер күмбездің тастарындай дәл өлшеммен ретті түрде үйлесіп, асқан шеберлікпен жасалған. Ал, көз бен тіл өз алдына ғажайып аспап. Егер бұл бөлшектерді әлемнің ұстасы - Аллаһтың қол астындағы жауынгерлері деп санамаса, онда әрбір бөлшек денедегі барлық бөлшектерге әмірін жүргізіп тұрумен қатар, мүлтіксіз бағынып тұруы керек. Бір-біріне ұқсаумен қатар, қарама-қайшы бейнеде болуы керек. Сондай-ақ, Аллаһқа тән Құдайылық сипаттарға ие, құдреттің қайнар көзі болуы керек. Осындай, бір Аллаһтың ғана құдіреті жететін жаратылысты әлгі шексіз бөлшектерге еншілеп, солар жаратты деудің мүлдем қисынсыз екенін аз ғана ақылы бар адамның өзі түсінер.

ҮШІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Егер сенің болмысың Уахид-ы Ахад Аллаһтың қаламымен жазылған хат екенін қабылдамай, табиғат немесе себептер дейтін баспаның өнімі деген пікірді қабылдар болсаң, онда денеңдегі ұсақ жасушадан бастап, сонау толып жатқан үлкенді-кішілі, құрамы күрделі қанша қоспалар болса, табиғаттың сонша арнайы қалыптары болуы керек.

Мәселен, мына қолыңыздағы кітап қолжазба болса, онда іс оңай болар еді. Яғни, жазушы өз іліміне сүйеніп бір ғана қаламмен барлығын жазып шығар еді. Ал егер ол, қолжазба емес, оны әлгі жазушы жазған

— 213 —

жоқ, өзінен-өзі болды десе, ол кезде оның әрбір әріпін басу үшін баспаханада әр әрптің арнайы қалыбы болғаны сияқты әрбір әрпін жазатын арнайы темір қалам қажет болар еді. Мұндай жағдайда бір қаламның орнына қанша әріп болса сонша қалам болуы қажет. Тіпті, кейде бір әріптің үстіне үшкір қаламмен, майда жазумен бір бет өлең жазылса, онда бір әріп үшін мыңдаған қалам қажет болар еді. Егер ол жазулар бір-бірімен үйлесіп сенің денең сияқты керемет пішінде болса, ол кезде әрбір жеріне, әрбір бөлігіне манағыдай қалыптар қажет болады. Әлгі шебер жасалған темір әріптерді, керемет қалыптарды, қаламдарды жасау үшін тағы бір қалам керек және әлгі қалыптар, қаламдар, темір әріптерді жасау үшін тағы да сондай қаламдар, қалыптар, әріптер жасау қажет болады. Өйткені, олар да өте шебер түрде жасалған. Тағысын тағы... Сабақтасып ұласа берер еді. Мұндай түсініктің ішінде сенің денеңдегі жасушалардың санынша қисынсыз нәрселердің барын түсін. Ей, ақиқатты шатастырып жүрген қырсық! Мұндай ойдан ұялатын бол. Адасушылықтан бас тарт.

ҮШІНШІ ҚАУІПТІ СӨЗ. "Иктизат-һүл табиат", яғни табиғаты керек етеді, табиғат жаратады, деген пікір. Бұның да жөнсіз жақтары жеткілікті. Үлгі ретінде үшеуін баяндаймыз.

БІРІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Жаратылыс атаулыда оның ішінде жан-жануарларда көрініп тұрған өнер, көре алатын, хикмет пен іс атқаратын өнер иесінің тағдыр және құдірет атты қаламымен жазылған өнері екенін жоққа шығарып, оларды меңіреу табиғат немесе басқа бір күш жаратты дейтін болса, ол кезде табиғат, барлық нәрсеге өзінің мәшинелерін, баспаханаларын толассыз түрде орналастыруы керек болады. Не болмаса барлық нәрсеге әлемді жарата алатын және басқара алатын бір құдірет пен хикмет беруі тиіс.

Мәселен, Күн сәулесі Жер бетіндегі кіп-кішкене шыны сынықтары мен тамшыларға шағылысып, әсер еткенде олар жалт-жұлт етіп нұрға бөленеді. Егер Күнге шағылысқан кішкене жылтырақ сәулелерді нағыз Күнмен байланысы жоқ, өздігінен десек, онда иненің көзіндей шыны сынығының ішінде табиғи, нағыз күннің қасиеттеріне толық ие, болмысы шағын кәдімгі Күннің бар екенін қабылдауға және біреу ғана емес шыны бөлшектері қанша болса, сонша табиғи Күннің бар екенін мойындауға тура келеді... Дәл осы мысал сияқты, жаратылыс атаулы мен жан-жануарлардың жаратылуын тікелей Шәмси-Әзәлидің есімдерінің сәулесі деп қарамасақ, онда әрбір болмыста, әсіресе,

— 214 —

әрбір жан-жануардың бойында шексіз құдірет, жойқын билік, терең ілім мен хикмет, орасан зор күш-қуат, яғни бір-бір тәңір бар деп мойындауға тура келеді. Мұндай ұғым, әлемдегі қисынсыз пікірдің ең қисынсызы болар. Бүкіл әлемді жаратушы Аллаһтың шеберлігі мен өнерін меңіреу табиғатқа телитін адам, әлбетте, өзінің хайуаннан жүз есе төмен, санасыз екенін дәлелдейді.

ЕКІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Егер көз алдымыздағы тәртіпті де өлшемді, сұлу да әсем, шебер әрі хикметке толы жаратылыс шексіз Қадир, Хакимнің өнері емес табиғаттың ісі, табиғи дейтін болсақ, онда табиғат әрбір уыс топыраққа Еуропадағы баспалар мен фабрикалардың саны қанша болса сонша, мәшинелер мен фабрикалар орнатуы керек. Сонда ғана ол топырақ сансыз гүлдер мен жемістерді өндіре алмақ. Өйткені, гүл егуге арналған бір құты топырақтан пішіндері әртүрлі, бір- бірінен мүлдем өзгеше, түрлі түсті гүлдердің өсіп-өніп шығатыны анық, оны іс жүзінде көріп жүрміз. Егер, бұл құбылыс бір Аллаһқа тән болмаса, онда құтыдағы топырақтың ішінде әрбір гүлге арналған арнайы табиғи мәшине, өзгеше өндіріс бар деп ұғынуға мәжбүрміз. Әйтпесе, ондай гүл өсіп шықпас еді. Себебі, гүлдің дәнегі кәдімгі ұрық пен жұмыртқа сияқты сутегі, оттегі, көмірқышқыл және азоттың қамыр сияқты араласқан қоспасынан тұрады және гүлге қажетті ауа, су, жылу, жарық секілді элементтер беті ауған жаққа кете беретін бейсана нәрселер. Дегенмен әлгі шебер жасалған ғажайып гүл, аса жүйелі және шебер түрде сол қарапайым қара топырақтан шығады. Олай болса, әлгі құтыдағы топырақта шағын мөлшерде баспаханалар мен фабрикалар бар болғаны ма? Солай пайымдауға тура келеді. Сонда ғана топырақ осыншама "гүл" дейтін тірі мата мен мыңдаған түрлі түсті тоқыма өнімдерін өндіре алады.

Табиғатты "жаратушы" деп, жүргендердің күпірлік түсініктері қаншалықты ақылдан ұзақ екенін салыстыра бер. Осындай адам бейнесіндегі ақымақтар, өздерін "ғалымбыз, ақылдымыз" деп санағанымен олардың ақыл-ойы ақиқат ғылымынан қаншалықты қол үзіп қалғандығын, осындай адасушылық пікірді өздерінше білім санамайтындығын көр, күл, бетіне түкір.

Егер былай десең: "Жаратылысты табиғатқа телісең қыруар қисынсыздықтар мен шыға алмайтын тығырықтар пайда болады дейсің. Ал, бұларды Ахад әрі Сәмад бір Аллаһқа бергенде әлгі қиындықтар қалай жоғалып, түсіну қалай жеңіл болып кетеді?"

— 215 —

ЖАУАБЫ. "Бірінші мысалда, Күн сәулесі еш қиындықсыз, кіпкішкене тамшыдан бастап, сонау айдын көл, үлкен теңізге дейін шағылысып, өзінің сәулесін, әсерін өзіне ұқсас көптеген кішкене мысали күндер арқылы жеңіл көрсете қояды. Егер әлгі тамшының және сол сияқты жылтырақ бөлшектердің күнмен байланысы жоқ десе, онда әлгі кішкене күнді көрсетіп тұрған әрбір бөлшектің ішінде күн сыртқы пішінімен бірге орналасуы керек. Сол сияқты әрбір болмысты тікелей Ахад, Сәмад бір Аллаһтың жаратқаны, Соның құдіретімен болады деген кезде, бүкіл болмысқа не керектің бәрі өте оңай әрі жеңіл түрде қамтамасыз етіледі. Егер мұндай байланыс үзілсе болды әлгіндей қызметшілік тоқтап, болмыс атаулы өз бетімен жүр немесе табиғатқа қатысты дейтін болсақ, ондай жағдайда шешілмейтін шексіз байланыстар түйіндерге айналып, ақылға сыймайтын жөнсіздік, яғни, мүмкін емес нәрселер алдымыздан шығады. Онда мына керемет хикметке көз жұмып, әлемнің кішкене үлгісі тәрізді, таңғажайып мәшинеге ұқсас шыбынды сол шыбынның ішіндегі меңіреу табиғат, бүкіл әлемді жарататын құдірет пен хикметке ие дегенді мақұлдауға тура келеді. Бұл дегеніміз бір емес, бәлкім мың есе қисынсыз, санасыз сандырақ болар еді.

Қорытынды. Заты Уажиб-үл Ужудтың серігі де теңдесі де жоқ. Сондай-ақ, оның құдіретіне де жарату ісіне де өзгенің араласуы мүмкін емес.

Ал, екінші жөнсіздіктегі мүшкілдікке келер болсақ, көптеген еңбектерімде баяндағанымдай, егер болмыс атаулы Уахид Ахад бір Аллаһқа берілсе, барлық нәрсе бір нәрседей жеңіл әрі оңай болады. Егер іс себептерге, табиғатқа жүктелсе бір ғана нәрсе бүкіл болмысты жаратқандай аса зор қиындық туғызады.

Мәселен, бір адам патшаның қызметшісі болып қол астына кірсе, сол мансаптың арқасында өз күшінен жүз мың есе артық, істерді тындыра алады. Кейде падишахтың атынан бір әкімді де тұтқындай алады. Өйткені, атқаратын ісі мен жұмысына қажетті заттарды, күшқуатты өзі көтермейді. көтеруге мәжбүр емес. Әлгі байланыс арқылы керегінің бәрін патшаның қазынасынан алады. Бұл арқа сүйеген патша әскерінде күш-қуат бар. Демек, атқарған істері бейне бір патшаның өзі істегендей тыянақты, іс-қимылы әскери жасақтың қимылындай керемет басталып, таңғажайып болып аяқталады.

— 216 —

Мысалы, кішкентай құмырсқа, әлгіндей қызметкерлік арқылы Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан етеді. Шыбын, сондай байланыстың арқасында Нәмруд патшаны жер жастандырады. Сондай байланыспен кіп-кішкене қарағайдың дәнегі, таудай қарағай ағашының керек-жарағын өз ішіне сақтап тұр емес пе?

{(Сілтеме): Егер сондай байланыс болса, Аллаһтан әмір келеді де әлгі дән ғажап іс атқара бастайды. Егер ондай байланыс болмаса, бір дән жаратылуы үшін зәулім бір ағашқа қажет шарттар мен құдірет, сондай өнер қажет болар еді. Өйткені, тау етегінде өсіп тұрған (Құдайдың құдіреті) алып қарағайдың барлық болмысы, бүкіл керекті заттары және тағдырдың жазғаны сол дәннен шығатын ағашта да болуы керек қой. Өйткені, ол ағаштың фабрикасы сол дәннің өзі болуға тиіс. Ал ақиқатында, дән ішіндегі тағдыр жазуы Аллаһтың құдіретімен сыртқа шығып кәдімгі қарағайға айналады.}

Иә, егер мұндай тығыз байланыс үзіліп, әлгіндей зор қызметінен босатылса, онда атқарар ісіне қажетті заттарды өзі арқалап жүруге мәжбүр болар еді. Ол кезде, өз шамасындай ғана іс атқарады. Мұндай жағдайда әуелде оп-оңай атқарылған істер талап етілсе, білегіне бүкіл әскердің күшін, беліне де патшаның қару-жарақ фабрикасын байлап жүруі керек болады. Мұндай хикаяны қиялға жүйрік сайқымазақ естісе, осындай жөнсіз қиялдан ол да қатты ұялатын шығар.

Сонымен, болмыс атаулыны Уажиб-үл Ужудқа беру, яғни, бір Аллаһ жаратты деу шарт. Түсіну де оңай. Ал, табиғат жаратты деу мүшкіл, ақылға қонымсыз.

ҮШІНШІ ЖӨНСІЗ ЖАҒЫ. Бұл қисынсыз пікірді әшкерелейтін мұның алдындағы кітапта баяндалған екі мысалға тоқталайық.

Бірінші мысал. Өркениеттің барлық озық жетістіктерімен безендірілген ен далада орналасқан зәулім сарайға жабайы біреу келеді. Қараса, іші толған көздің жауын алатын тамаша өнер туындылары. Әлгі жабайы ақымақтық жасап "сырттан ешкім араласқан жоқ. Бұл сарайды ішіндегі заттарымен қоса сол заттың біреуі жасаған шығар" деп ойлайды. Бірақ ақылы таяз болса да, ішіндегі бір заттың мына зәулім сарайды жарата алмайтынын біледі. Содан сарайдың жұмыс жоспары мен ішіндегі заттардың тізімі және басқару заңдары жазылған дәптер тауып алады. Расында көзсіз, жансыз, күш-құдіреті жоқ ол дәптердің қолынан жасау, безендіру келмейтіні анық. Ол бар болғаны басқару заңдарының жиынтығы мен заттардың атауы жазылған бір зат қана. Әлгі жабайы сонда да болса "Басқалармен салыстырғанда осы дәптер сарайдағы нәрселермен тығыз байланысты болғандықтан, мына сарайды осы дәптер жасап, безендіріп, ішін дүние-мүлікпен толтырған екен" деп есуастардың сандырағын айтады.

— 217 —

Міне, осы мысалдағы зәулім сарайдан да керемет, жүйелі де тәртіпті, таңғажайып, айналасы хикметке толы, мына "әлем" сарайын табиғат жаратты дегенге сенетін Құдайдан безген жабайы адам келеді. Бірақ, ол мүмкіндік шеңберінен тыс, Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың бар екеніне сенбегендіктен, бұл әлем Оның шебер жаратқан өнері деп қарамай, Иләһи тағдырдың жазып-өшіретін тақтасы және Иләһи құдіреттің жарату заңдарының ауысып өзгеретін дәптері болған, бірақ "табиғат" деп аталып кеткен Иләһи ережелер мен заңдар жинағын, яғни, Раббани шеберліктің мазмұнын көреді. "Мына нәрселердің пайда болуы үшін бір себеп керек. Бірақ, мен олармен тығыз байланыста болатындай мына дәптерден басқа нәрсе көре алмай тұрмын. Шынында көзсіз, санасыз, құдіреті жоқ мына дәптер, толық Рубубиеттің ісі болған әлемді жаратуы әсте мүмкін емес. Бірақ мен, Сани-ы Қадим Жаратушыны мойындамаймын ғой. Олай болса, ең дұрысы әлемді мына дәптер жаратты және жаратып жатыр деймін" деді.

Оған жауап былай: "Ей, ақымақтықтың шегіне жеткен ақымақ! Табиғаттың ұйығына батқан басыңды көтер, көзіңді аш! Ең ұсақ бөлшектен бастап сонау жұлдыздарға дейін толып жатқан болмыс атаулы өзіне тән саналуан тілде Аллаһтың бар екеніне куәлік ететіндігін тыңда! Әлем атты алып сарайды салған, оның жоспарын бір дәптерге жазған Наққаш-ы Әзәлидің табиғат атты құбылысына назарыңды сал! Бұйрықтарына назар аудар. Құранын тыңда. Әлгіндей сандырақтан құтыл".

Екінші мысал. Мүлде жабайы біреу жер қайысқан қалың әскерге тап болады. Әскердің бәрі бірдей жалпыға ортақ тәртіппен жаттығып жатқанын, үйлесімді іс-қимылын көреді. Бір жауынгердің әрекетімен қалың әскер тұра қалады, жата кетеді, жүгіре жөнеледі. "Атыңдар!" деген бұйрығын алғанда оқ боратады. Ақылы таяз әлгі жабайы адам мына істер бір қолбасшының немесе мемлекеттің не болмаса бір патшаның заңымен басқарылып жатқанын түсіне алмайды. Ондай түсінікті жоққа шығарғандықтан, жауынгерлер бір-біріне жіппен байланып тұр екен деп ойлайды. Сөйтіп, "ол неткен ғажап жіп!" деп те таң қалады. Одан әрі Аясофия сынды өте сәулетті де керемет бір мешітке келеді. Жұма күні болғандықтан мешітке мұсылмандар көп жиналыпты. Олар бір адамның дауысына ұйып, иіліп, еңкейіп сәжде етеді. Әлгі адам Аллаһ Тағаладан келген бүкіл заңдарды қамтитын

— 218 —

иләһи шариғатты және шариғат иесінің әмірлерінен тұратын рухани ереже-заңдарды түсінбегендіктен: "Мына жамағат кәдімгі жіппен байланып тұр, оларды шырмап, ойнатып тұрған жіп таңғажайып екен!" деп, тағы да қияли ой кешеді. Осылайша, ол ең жабайы, адам бейнесіндегі жыртқыштардың өзін күлкіге қарық қылардай масқара оймен шығып кетеді...

Дәл сол сияқты, Әзәл, Әбәд Сұлтаны Аллаһтың сансыз әскері тәрізді мына әлемге немесе Мәғбуды-Әзәлидің сәулетті мешіті сияқты мына дүниеге, әбден жабайыланып кеткен, қырсық әрі Құдайдан безген, табиғат жаратады деген ұғымды жақтайтын бір кәпір келеді. Ол, Әзәли Сұлтанның хикметінен туындаған әлемнің мағынауи заңдарын материалдық нәрсе деп пайымдап, Рубубиет билігінің заңдар жинағын, яғни жаратылыс заңдарын материалдық нәрсе деп сеніп, сосын оларға "табиғат" деп әлдеқандай айдар тағып, Құдіреттің ісі болған құбылыстарға олардың өздерінде бір құдірет бар деп қарайды. Бұл жоғарыда келтірген мысалдағы жабайылықтан мың есе жабайылық қой!

Сонымен, жаратылыстанушылардың орынсыз түрде "табиғат" деп жүргендері бар болғаны өнер болуы мүмкін, Шебер емес. Ол бір сурет қана, Суретші емес. Үкімдер жинағы Үкім шығарушы емес. Ол бір жаратылыс заңы, Заңгер бола алмайды. Бүркеніш перде болған жаратылыс, Жаратушы бола алмайды. Әсер алушы құбылыс, Әсер етуші емес. Ол бір заң, Құдірет те емес, Қадир де емес. Құралған нәрселер, Құрастырушы емес...

Сонымен, қорыта келгенде, әлемде болмыс бар. Он алтыншы нотаның басында айтылғандай, болмыстың пайда болуына ақылға сыйымды төрт жолдан басқа жол жоқ. Сол төрт жолдың әуелгі үшеуі қисынсыз, сандырақ екені толық дәлелденді.

Енді төртінші жолға келер болсақ, бастапқы,

اَفِى اللّٰهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ

аяты Зат-ы Уажиб-үл Ужудтың Улуһиетін және барлық нәрсе оның құдіретімен болатынын, жер мен көк соның билігінде, соның тікелей қол астында екендігін анық көрсетіп тұр.

Ей, себептерге шырмалып, табиғатқа табынған бейшара адам! Әрбір болмыстың табиғаты бүкіл нәрселер сияқты кейіннен пайда

— 219 —

болады, яғни, жаратылады. Өйткені, шебер түрде жаңадан жасалуда. Һәм әрбір болмыс жаңадан жаратылғаны секілді оның себептері де керемет өнермен жасалуда. Сондай-ақ, әрбір нәрсенің жаратылысы көптеген заттар мен құралдарды қажет етеді. Олай болса, ол табиғатты жасаған және сол себептерді жаратқан Қадир-ы Мутлақ, Жаратушы бар. Ал, мұндай Қадир-ы Мутлақ өзінің жарату ісіне, шексіз басқару билігіне қолынан түк келмейтін себептерді ортақ қыла ма? Жоқ! Ол, нәтижені себептерімен бірге өзі ғана жаратады және есімдерінің кереметтігін және ғажап хикметін осылайша көрсете отырып, оларға белгілі бір тәртіп береді. Таңғажайып жүйеге түсіреді де бір-біріне себеп қылып, нәтижені осы тәртіп пен жүйеге қатысты салдары етіп көрсетеді. Сырт көзге кемшілік, мейірімсіздік болып көрінер нәрселерді Құдіретіне перде еткен. Осылайша киелі есімдеріне нұқсан келтірмей, асқақтығын сақтап отырады.

Апырым-ай, сағат шебері сағаттың бөлшектерін жасап алып, сағатты құрастыра салуы оңай ма, әлде таңғажайып бір мәшине ойлап тауып, онысын әлгі бөлшектердің арасына орналастырып, сосын сағат жасауды сол мәшиненің жансыз қолдарына тапсыруы оңай ма? 0, тоба! Бұлай болуы мүлдем қисынсыз ғой? Осыған төрелік етіп көрші! Немесе жазушының сия, қалам, қағазды пайдаланып өзі жазғаны оңай ма, әлде қалам, сия, қағаздың арасына әлгі жазбадан әлдеқайда шебер жасалған өте күрделі әрі тек сол жазбаға ғана тән жады бар мәшине құрастырып, сосын ақыл-есі жоқ әлгі мәшинеге "қане, сен жаз!" деп, өзінің араласпағаны оңай ма? Бұл қолжазбадан жүз есе мүшкіл емес пе?

Егер сен. "Дұрыс қой, бір кітапты жазу үшін әлгіндей мәшине жасау әрине көп әуреге салады. Бірақ, мұндай мәшине болса, жазушының сол кітабын көбейтуге пайдасы тимей ме? Сол жағынан бәлкім жеңілдік болар?" дерсің. Оған былайша жауап береміз: Наққаш-ы Әзәли яғни, әсем де шебер суретші Аллаһ, өзінің асқан құдіретімен көркем есімдерінің көрінісін саналуан түрде көрсете отырып, үнемі жаңалау арқылы, болмыс атаулыға өзгеше түр, өзіндік бейне беруде. Тіпті, ешбір Самәдани хат немесе Раббани кітаптың дәлме-дәл көшірмесі жоқ. Кейіннен жаратылғаны басқа мағына білдіру үшін, міндетті түрде өзге бейнеде болады. Егер соқыр болмасаң, адамның жүзіне зер сал! Адам ата заманынан бері, бәлкім қияметке дейін сол алақандай бет әлпетінде, дене мүшелерімен қоса салыстырғанда, адамдар бірбіріне

— 220 —

ұқсамайды. Міндетті түрде бір айырмашылығы болмақ. Демек әрбір бет, өзіндік бір кітап. Оны тек көркемдеу үшін, өзінше бір жазу құралдары, жаңа бір тәртіп, өзге бір жазу керек. Қажетті заттарды әкелу, оларды орналыстыру және басылуына қажетті нәрселерді орнына қою үшін мүлдем басқа баспахана қажет. Егер, мүмкін емес болса да табиғатты баспахана деп санағанның өзінде баспаға қажетті теру мен басу, яғни дайын әріптерді қалыпқа құюын былай қойғанда, әлгі теру жұмысынан әлдеқайда қиын болған жанды мақұлықтың болмысындағы қажетті заттарды әлемнің түкпір-түкпірінен өзіндік өлшеммен, өте дәл әрі белгілі бір жүйемен жасау және тасымалдау, сондай-ақ, әлгі баспаға беру үшін, бәрібір сол баспаның иесі Қадир-ы Мутлақтың құдіреті мен еркіне мұқтаждық туады емес пе?

Демек, баспа болуы мүмкін деген ой мүлдем мағынасыз, сандырақ.

Егер, сағат пен баспа мысалдарын түсінген болсаң, онда шебер Жаратушы Сани-ы Зүлжәләл, бүкіл мүліктің Иесі Қадир-ы Күллі Шей себептерді де өзі жаратқан, нәтижені де сол жаратуда. Хикметті түрде себепті салдармен ұштастыруда. Әлем құбылыстарының жүйесіне қатысты Аллаһтың әдет-заңдары Иләһи ұлы жаратылыс заңдарының бір ғана сәулесіне жәй ғана айна болған болмыс атаулының табиғатын өз еркімен, қалағанындай белгілеген. Сол табиғаттың материалдық жағын құдіреті арқылы заттың өзіндік табиғатына сай жаратқан... бірбірімен араластыра, байланыстырып қойған... Апырым-ай, өте орынды және нақты дәлелденген осы ақиқатты мақұлдау қиын болып па?! 0, тоба, осылай болуы керек емес пе? Әйтпесе, қарапайым себептер мен табиғат деген нәрселерге әр нәрсенің жаратылуына қажетті заттар мен құралдарды беріп, өте хикметті әрі күрделі істерді атқарту мүлдем қисынсыз. Апырым-ай, бұл деген мүмкін еместің мүмкін емесі ғой. Мұның да төрелігін сенің ынсап білмейтін ақылыңа қалдырамын.

Әлгі кәпір, яғни табиғатқа табынушы былай деді: "Сен маған ынсапқа кел деп отырсың. Осы кезге дейін жүрген жолым қисынсыз әрі зиянды, іске алғысыз жол екенін мойындаймын. Жоғарыда аталған дәлелдеріңізді естіген адамның егер аз ғана ақылы болса, табиғат немесе себептердің жаратуы мүмкін емес және олай деудің өзі сандырақ екенін түсінеді. Барлық нәрсені тікелей Уажиб-үл Ужудтың жарататыны шындық, міндетті түрде солай. "Әлхамдүлиллаһи аләл иман" деп иман еттім.

— 221 —

Көңілімде мынандай бір ғана күмән бар: Аллаһ Тағаланың Жаратушы екенін қабылдаймын, алайда кейбір кішкене себептердің қарапайым нәрселерді жарату ісіне араласуы, азғантай мадаққа ие болуы Оның Рубубиетінің салтанатына зиян келтіре ме? Билігіне нұқсандық келтіре ме?"

Жауап. Бұл мәселе менің кейбір шығармаларымда толық дәлелденген. Биліктің басты талабы басқаның араласуына мүлде жол бермеу. Тіпті, қарапайым әкім мен жай қызметкердің өзі басқарма ісіне баласының араласқанын қаламайды. Тіпті, тағыма таласады деген оймен кейбір патшалар өз дәуірінде діндар, тіпті халифа бола тұра өздерінің бейкүнә ұлдарын өлтіріп отырған. Бұл оқиға "билікке басқаны араластырмау заңының" қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Шағын ауылдағы екі бірдей бастықтан бастап, бір өкіметте екі патшаға дейінгі басқару ісі тәуелсіз болып, "басқаны араластырмау заңдылығын" қатаң талап етеді. Мұны адамзат тарихы қырғын қан төгістер арқылы дәлелдеп отыр.

Апырым-ай, Аллаһтың толық басқаруы мен әкімдігінің жай ғана көлеңкесіндей әлсіз әрі көмекке мұқтаж адамдардың арасында жеке дара билеу осыншама дәрежеде болса, Толық Әкімдігі Рубубиет дәрежесінде, Толық басқармасы Улухиет дәрежесінде, Толық тәуелсіздігі Әхадиет қуатында және ешнәрсеге мұқтаж емес, Қадириет қуатындағы Зат-ы Зүлжәлалдің ісінде, оның әкімдігінде басқаны араластырмау, серікті қабыл етпеу, ешнәрсені ортақ қылмау заңдылығы қаншалықты қажет әрі шарт екенін салыстыра алсаң, салыстырып көр!

Ал, күмәніңнің екінші жағына келсек, "Себептер, кейбір ұсақ нәрселердің кейбір құлшылықтарын иеленсе, Мағбуд-ы Мутлақ болған Зат-ы Уажиб-үл Ужудқа жасалған ең ұсақ бөлшектен бастап жұлдыздарға дейінгі жаратылыстың құлшылықтары азайып қала ма?" дейсің. Оған жауап былай. Мына әлемнің Халиқ-ы Хакимі әлемді шексіз зәулім ағаш тәріздес жасап, оның жемісі ретінде саналы пенделерді, ал олардың ішінде ең күрделі жемісі болған адамды жаратқан. Адамның да өзіне тән өте маңызды жемісі, тіпті, жаратылысының нәтижесі, мақсаты бар. Ол оның шүкіршілігі мен құлшылығы.

Міне, осының бәрін жаратқан толық ерікті, ешнәрсеге тәуелсіз Әмірші Хаким-ы Мутлақ, өзін таныту және сүйдіру үшін, әлемді әсем түрде жаратқан Уахид-ы Әхад Аллаһ, бүкіл әлемнің жемісі болған адамзатты және адамның ең құнды жемісі - шүкірі мен ғибадатты

— 222 —

басқаларға беріп қоюы мүмкін бе? Жаратылыстың нәтижесін, әлемнің жемісін хикмет пен даналығына мүлдем кереғар етіп, өзгеге беріп, әбестік жасай ма? Олай істеуі әсте мүмкін емес.

Жаратылыстың құлшылықтарын басқаларға беру - Аллаһтың зор хикметі мен толық Рубубиетін бекерге шығарумен тең. Оған өзі риза бола ма, ұлықсат бере ме? Өзін таныстырып, бірақ жаратқан құлдарының шүкіршілігі мен ризашылығын, сүйіспеншілігі пен құлшылықтарын бөтен біреуге, себептерге беру арқылы өзін ұмытқызып әлемдегі ең ұлық мақсатын жоққа шығаруы мүмкін бе?!

Уа, табиғатқа табынудан бас тартқан достым! Басқа айтарың бар ма? Ол былай деді. "Әлхәмдүлиллаһ", көңілімде күдік қалмады. Иләһи Уахдәниетке және Аллаһ Тағаладан басқалар ғибадат етуге лайық еместігіне қатысты екі бұлтартпас айғақ көрсетіп бердіңіз. Бұған да сенбей Жаратқанды жоққа шығару - Күн мен Айды жоққа шығару секілді ақиқатқа мүлдем қайшы нәрсе".

* * * * *

соңы

Табиғатшылдық дейтін күпірлік ұғымды тастап иманға келген адам айтады.

"Құдайға шүкір, күмәнім қалмады. Алайда, көңілімді алаңдатқан бірнеше сұрағым бар".

БІРІНШІ С РАҚ. Жалқау кісілер және намазды тастап кеткендер айтады: "Құранның көптеген жерінде ғибадат етпейтіндерді қайтақайта Жәһаннамның жан төзгісіз азабымен қорқытып, адамның зәресін алады. Сонда біздің ғибадатымыз Аллаһ Тағалаға керек болғаны ма, не қажеті бар? Адамзатқа тура жол көрсетіп, жөнге салып отыратын әділетті Құранның бұлай сөйлеуі оған жараспайды. Елеусіз, кіпкішкене қателікке бола, осыншама қорқыту қаталдық емес пе?".

ЖАУАБЫ. Аллаһ Тағала сенің ғибадатыңа да ешнәрсеге де мұқтаж емес. Бірақ, ғибадатқа сен мұқтажсың. Рухың сырқат, жаның жаралы. Ал, құлшылық - рухани жараны емдейтін шипа. Апырым-ай, науқас адам дәрігердің жаны ашып айтқан пайдалы кеңесіне және дәрі-дәрмек ішу жайында қайта-қайта айтқан ескертуіне ренжіп "сізге мұны қайталай бергеннен пайда түсе ме?" десе мұнысы әбестік қой.

— 223 —

Ал, Құранның ғибадатты тастауға қатысты қорқынышты да қатаң ескерту жасап, ауыр жаза жайлы ескерткен хабарының мәнісі мынада.

Мәселен бір Патша қол астындағылардың құқын сақтау үшін халқының ақысын жеп, намысына тиетін жай бір адамның азғана қателігіне бола ауыр жазаға тартады емес пе? Сол сияқты ғибадатты, намазды тастаған адам, Әзәл Әбәд Сұлтанының билігіндегі болмыс атаулының құқына үлкен жауыздық, рухани қастандық жасаған болып есептеледі. Себебі, болмыс атаулының әсемдігі, Жаратушысын мадақтауы мен тәсбих етуінде жатыр. Ғибадатты тәрк еткен адам, болмыс атаулының ғибадатын көрмейді, көре алмайды, тіпті, жоққа шығарады. Ал ғибадат жасап, тәсбих ету жоғары дәреже екені белгілі. Сондай-ақ, Самәдәни хат, әрбірі Раббани есімдердің айнасы болып табылатын жаратылысты төмендетіп түкке тұрғысыз, мағынасыз, меңіреу санап, мағынасы мен мақсатын жоққа шығарады. Осылайша бүкіл жаратылысқа қастандық жасаған болады. Иә, әркім әлемді өз айнасымен көреді. Аллаһ Тағала адам баласын бүкіл әлемнің үлгісі, таразысы түрінде жаратқан. Әрбір адамға мына дүниеде өзіндік әлем сыйлайды. Ол әлемнің күйі, пенденің көңіліне қарай өзгеріп отырады. Мәселен, өте мұңлы жабырқау адам, төңірегін де солай көреді. Ал, өте көңілді, қуанышты адам, әлемді құлпырып жайнаған түрде көреді. Сол сияқты, ойшыл әрі терең мағыналы ғибадат жасап, тәсбихпен шұғылданатын адам, жаратылыстың мәнісін, оның ақиқатын тереңірек аңғарады. Бейқам, немесе Құдайдан безіп, ғибадатты тастаған адам әлемнің кемелдігіне, шынайы әсемдігіне кереғар тұжырым жасап, ақиқатқа үйлеспейтін, әбес түрде түсініп, олардың құқына рухани зұлымдық жасайды. Сондай-ақ, намазды тәркі еткен адам, өз-өзінің нағыз иесі болмағандықтан намаз оқымаса, нағыз Иесі бол Аллаһтың құлына, яғни, өз болмысына зұлымдық жасаған болады. Ал, оның Иесі, құлының ақысын оның жүгенсіз нәпсісінен алу үшін қайта-қайта қорқытып, қатаң ескерту жасап тұрады. Сондай-ақ, жаратылысының нәтижесі, мақсаты болған ғибадатты тәрк еткен адам, Иләһи хикметке, Раббани мақсатқа қарсы шыққан болып саналады. Сол үшін қатаң жазаға тартылады.

Сонымен, ғибадатты тастаған адам өз болмысына зұлымдық еткен болады. (Ал, болмыс Аллаһ Тағаланың құлы және толықтай иелігінде.)

Сонымен қатар бүкіл әлемнің кемелдігіне шек келтіріп, олардың

— 224 —

рухани ақысын жеп, құқына қол сұққан болады, демек залым болғаны. Кәпір - бүкіл болмыс атаулыны қорлаушы залым. Ғибадатты тастау да, әлемдегі кемелдікті жоққа шығару деген сөз. Сондай-ақ, Иләһи хикметке қарсы келу болғандықтан, қатаң ескертуге, қатты қорқытуға, ауыр жазаға да лайық болады. Міне, жоғарыда аталған өте орынды ақиқатты білдіру үшін Қасиетті Құран Кәрім керемет түрде әлгіндей қатаң ескерту арқылы түсіндірме тәсілін шебер пайдалана отырып, өз жөнімен, дәл тауып айтқан және сол жерге лайық сөзді шешендікпен тамаша қолданған.

ЕКІНШІ С РАҚ. "Болмыс атаулы қай жағынан болсын, ісінде де, өзінде де, сипатында да Аллаһтың құдіретіне тәуелді екені ұлы ақиқат. лы болғандықтан ол таяз ақылымызға сыймайды. Әйтсе де, көз алдымыздағы мына телегей-теңіз молшылық, уахдет тұрғысындағы оңайлық пен жеңілдік, Құранда баяндалғандай:

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ ٭ وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ

Секілді аяттар анық көрсетіп отырған өте оңай, өте жеңіл жаратылу, әлгі ұлы ақиқаттың өте орынды да дұрыс екендігін дәлелдей түседі. Бұл жеңілдіктің сыры мен хикметі неде?"

ЖАУАБЫ. Біріншіден, жиырмасыншы Мектубтың оныншы кәлимәсы болған: وَهُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ аятының баянында бұл сыр өте анық әрі толық түрде баяндалған болатын. Әсіресе, соңғы жағында нақты дәлелденген-ді. Егер қайталайтын болсақ, болмыс атаулыны Сани-ы Уахид Аллаһ жаратты деген кезде барлығы бір түйір зат сияқты оңай әрі жеңіл пайда болады. Егер болмысты Уахид-ы Ахад жаратқан жоқ дейтін болсақ, бір түйір заттың жаратылуы бүкіл заттың жаратылуы сияқты мүшкіл болып, орасан зор қиындық туады. Ол кезде бір дәннің жаратылуы бір ағаш сияқты қиындық туғызады. Егер өзінің нағыз шебер ұстасына берілсе, бүкіл әлем бір ағаш сияқты, бір ағаш бір дән сияқты, ал Жұмақ бір гүл сияқты оңай әрі жеңіл жаратылады. Демек жеңілдік пайда болады. Сонда мына көз алдымыздағы молшылық пен арзаншылықтың және әрбір түрдің жеңіл көбеюінің, сондай-ақ, өте оңай әрі жылдам пайда болуының сыры ашылып, түсінікті болады. Мұның
— 225 —

хикметтерін білдіретін жүздеген дәлелдер басқа шығармаларымда толық баяндалған. Қазір соған қысқаша тоқталып өтелік. Мысалға, жүз жауынгерді бір қолбасшыға тапсыру, бір жауынгерді жүз қолбасшыға тапсырудан жүз есе жеңіл ғой. Сондай-ақ, қалың қолдың қажетті жабдықтарын қамтамасыз ету бір орталықтан басқарылып, бір заңға бағынып, бір фабрикаға жүктеліп, бір патшаның басқаруымен болса, саны жағынан бір жауынгерді қамтамасыз ету сияқты жеңіл болады. Ал, бір жауынгерді қамтамасыз ету көптеген орталықтарға, саналуан фабрикаларға жүктеліп, бірнеше қолбасшыларға тапсырылса, бейне-бір қалың әскерді қамтамасыз етуден де қиынға соғады. Тіпті бір ағаштың мазмұны іспетті болған дәнегінің өзін жарату, бір ағашты жарату сияқты қиынға түсер еді. Өйткені, бір ғана жауынгерді қамтамасыз ету үшін де, бүкіл әскерді қамтамасыз ететін көптеген фабрикалар керек.

Һәм Уахдет сырымен бір ағашқа қажетті заттар бір тамырдан, бір орталықтан, бір заңмен беріліп отырғандықтан, мыңдаған жеміс беретін әлгі ағаш, бір жеміс сияқты оңай өсіп-өнгенін көзімізбен көріп жүрміз. Егер жағдай Уахдеттен (бірліктен), Кесретке (көпшілікке, себептерге) өзгерсе, яғни бір Аллаһтың әмірімен емес сансыз себептерге жүктеліп, әр жеміске қажетті заттар әр жерден өздігінен берілетін болса, әрбір жеміс бір ағаш сияқты қиындық туғызар еді. Өйткені, бір ағаштың тіршілігіне қажетті заттар бір дән үшін де керек екені мәлім.

Міне, осы тектес жүздеген мысалдар бар. Бір ғана жаратушы жаратқан мыңдаған болмыстың жаратылуы, көптеген себептер жаратты деп саналар бір болмыстың пайда болуынан әлде қайда оңай. Бұл мәселе басқа риаслелерде екі жердегі екінің төрт болатынындай дәрежеде анық дәлелденгендіктен бұл жерде қысқаша қайырып, мұндай жеңіл әрі оңай жаратылу ісіне Иләһи ілім, тағдыр және Раббани құдірет тұрғысынан қарап, терең де маңызды бір сырды ашамыз.

Ол былай; Сен барсың, болмыссың. Егер өзіңді Қадир-ы Әзәли жаратты десең, шексіз құдіретімен, әмірімен сіріңке шаққандай бір сәтте сені жоқтан бар етеді. Егер сен мені Қадир-ы Әзәли жаратқан жоқ, материалдық себептер немесе табиғат жаратты десең, ол кезде сен бүкіл әлемнің жинақы қорытындысы, жемісі мен кішкене мазмұны, тізімі болғандықтан, сені жарату үшін бойыңдағы заттарды бүкіл әлемнен жинап, оның бөлшектерін өте майда елекпен елеп, дәлме-дәл өлшемдермен әлемнің түкпір-түкпірінен жинастыру қажет болады.

— 226 —

Себебі, материалдық себептер тек қана реттеп жинастырады. Өзінде жоқ нәрсені жоқтан бар ете алмайтындығы күллі ілім иелеріне мәлім. Ондай жағдайда, бір ғана кішкене жәндіктің болмысын әлемнің түкпіртүкпірінен жинауға мәжбүр болар еді.

Міне, Уахдет пен Тәухид көзқарасында яғни, Аллаһ жалғыз дегенде, мәселе өте жеңіл әрі оңай шешіледі, ал ширк пен адасушылықта жаратылысты түсіну мүлдем қиын әрі мүшкіл болатындығын түсін.

Екіншіден, бұл мәселеге Иләһи ілім жағынан қарасақ та оңай. Өйткені, тағдыр дегеніміз ілімнің бір түрі. Ол барлық нәрсенің мағынауи, өзіндік қалыбы сияқты мөлшерін алдын-ала белгілеп қояды. Тағдыр - әрбір нәрсенің белгіленген мөлшері, жоспары. Құдірет жаратар кезде өте жеңіл түрде сол тағдырда белгіленген мөлшерінен аспай, соған қарай жаратады. Егер болмыс атаулыны, бәрін қамтып тұрған шексіз әрі соңсыз ілім иесі Қадир-ы Зүлжәләл жаратты демесек, жоғарыда айтылғандай мыңдаған қиындықтар емес, сансыз қисынсыздықтар пайда болар еді. Себебі, әлгі тағдырдың белгіленген мөлшері мен іліми өлшемі болмаса, бір жәндіктің болмысын жасау үшін мыңдаған кәдімгі материалдық қалып қолданылуы керек болады. Міне, Уахдетте керемет оңай шешім, ал күпірлікте яғни, Аллаһқа ортақ қосу пікірі бойынша бәрі қиын, тым мүшкіл екенін түсін.

وَمَٓا اَمْرُ السَّاعَةِ اِلَّا كَلَمْحِ الْبَصَرِ اَوْ هُوَ اَقْرَبُ

аяты қандай ғажап ақиқатты, ұлы шындықты баяндап тұрғандығын біл.

Бұрын дұшпан қазір дос, тура жолға түскен адамның үшінші сұрағы.

Бұл заманның алдыңғы қатарлы философтары айтады: «Жоқтан ешнәрсе пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды, тек қосылу мен ыдырау бар. Осылайша, Әлем фабрикасы жұмыс істеп тұр» дейді.

ЖАУАБЫ. Құранның нұрынан мақұрым философия белсенділері "болмыс атаулы табиғи немесе себептердің салдарынан пайда болды" дейін десе, ол жолда кездесетін ақылға сыйымсыз қисынсыздықтарды көріп өзара екі топқа бөлінді.

БІРІНШІ ТОП. Бұлар - скептицизм жолын ұстанушылар. Олар, адамның басты қасиеті болған ақыл-ойдан бас тартып, хайуаннан бетер төмендеп бүкіл әлемді, тіпті, өздерін де жоққа шығаруға мәжбүр болды. Өйткені, кәпірлік көзқарас бойынша себептер немесе табиғат

— 227 —

жаратты дегеннен гөрі жоққа шығару әлдеқайда оңай. Сондықтан әуелі өздерінің болмысын, сосын әлемді жоққа шығарып, "бәрі қиял, ешнәрсе жоқ" деп, әбден көрсоқырлыққа салынды.

ЕКІНШІ ТОП. Бұлар - себептер немесе табиғат жаратты дейін десе, бір ғана шыбынның немесе дәннің жаратылуы үшін қыруар қиындықтар туады. Сондай-ақ, ол үшін ақылға сыймайтын алып құдірет керек. Сондықтан, амалсыздан "жарату" дегенді жоққа шығарып, "жоқтан бар болмайды" деді және жоқ болуды да қисынсыз санап, "бар нәрсе жоқ болмайды" деді. "Тек қана атом бөлшектердің қозғалысы салдарынан кездейсоқтықтың әсерінен ыдырау мен қосылу, түрлену мен жүйелі реттелу арқылы белгілі күйге енеді, дүние солай жасалады" деп қиялдады. Сөйтіп, көрсоқырлықтың қою қараңғылығында тұрып, өздерін өте ақылды санайды. Құдайдан безу, адамды қаншалықты аздырып, көрсоқыр әрі масқара қылатынын осыдан біл, ғибрат ал!

Жыл сайын төрт жүз мың түрлі жаратылысты әп-сәтте жер жүзінде жаратып отырған, Жер мен Көкті алты күнде жаратқан және алты аптаның ішіндегі әрбір көктемде өте шебер әрі хикметті түрде жанжануарлар дүниесін жаратып, дүниені құлпыртып тұрған Құдреті әзәли Аллаһ өзінің әзәли яғни мұхит ілімінде жоспары мен өлшемдері анықталған болмысты яғни болмысы іліми түрде болған болмысты көзге көрінбейтін сиямен жазылған көрінбейтін жазуды айқындап көрсететін дәрі тәрізді өте оңай әлгі сырт пішіні жоқ, болмысы тек іліми түрдегі болмысты денеге айналдыру Әзәли Құдретке оп-оңай бола тұра сенбеу, жоққа шығару манағы софестаи дейтін ақымақтардан бетер ақымақтық, қою надандық. Бұл сорлы, бейшаралар өздері мүлдем әлсіз, қолында түк жоқ, аз ғана еркі мен перғауынға ұқсап кеткен нәпсілері еш нәрсені жоқ қыла алмағандықтан және жоқтан еш нәрсе жарата алмағандықтан, сондай-ақ, сенім артқан себептері мен құдайдай сенген табиғатының өзі жаратуға шамасы келмегендіктен, ақымақтыққа салынып: "Жоқтан бар болмайды, бар нәрсе жоқ болмайды" деп, өздерінің бұрыс, жаңсақ қағидаларын Қадир-ы Мутлаққа, яғни, құдіреті шексіз Аллаһқа да еншілегісі келеді.

Қадир-ы Зүлжәләлдің екі түрлі жаратуы бар.

Біреуі, "ихтира" және "ибда" деп аталады, яғни, жоқтан бар қылу, жарату, қажет нәрсемен қамтамасыз ету.

— 228 —

Екіншісі: "инша" және "санат" деп аталады, яғни, хикмет толы әсемдігін және көптеген есімдерінің әсем сәулесін көрсету үшін өте күрделі, ғажап болмысты әлемдегі элементтерден, бөлшектерден құрастырады. Әміріне құлдық ұратын бүкіл бөлшектер мен заттарды, өзінің "Раззақиет", яғни, ризықтандырушы заңы арқылы жөнелтіп, сол арада әрекет еткізеді.

Қадир-ы Мутлақтың "ибда" мен "инша" дейтін екі түрлі жаратуы бар. Бар нәрсені жоқ қылу, жоқ нәрсені бар қылу оған өте оңай әрі жеңіл, тіпті, әрдайымғы, жалпыға ортақ заңдылығы. Көктемде тіршілік иелерінің үш жүз мың түрін, олардың пішінін, сын-сипатын, тіпті, бойындағы бөлшектерін айтпағанның өзінде, олардың барлық күйжағдайын, хал-ахуалын жоқтан бар қылған құдіретке қарсы "жоқтан бар жасай алмайды" деген адамның өзі жоқ болуы керек.

Табиғат жаратты деген қисық пікірден бас тартып ақиқатқа көзі жеткен адам, енді былай деді: "Әлемде қанша атом болса, Жаратушыға сонша шүкір етемін. Мадақтау мен марапат бір Аллаһқа тән. Иманым артып, көңілді торлаған күдік-күмәндардан құтылдым. Ешқандай шүбәм қалмады".

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى د۪ينِ الْاِسْلَامِ وَ كَمَالِ الْا۪يمَانِ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
— 229 —

Жиырма төртінші Лема

Тәсәттүр жайлы

{(Тәсәттүр): Әйел затының бөтен кісілерге көрсетуіне тыйым салынған жерлерін жасырып тұратын, шариғатқа сәйкес киімі.}

[Он бесінші тұжырымның екінші және үшінші мәселесі болатын, маңыздылығына орай Жиырма төртінші Лема болды]

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
يَا اَيُّهَا النَّبِىُّ قُلْ لِاَزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَٓاءِ الْمُؤْمِن۪ينَ يُدْن۪ينَ عَلَيْهِنَّ مِنْ جَلَاب۪يبِهِنَّ... اِلٰى اٰخِرِ

Аяты, тәсәттүрді әмір етеді. Азғын мәдениет болса Қасиетті Құранның бұл үкіміне қарсы келуде. Тәсәттүрді әйелдің болмысына сай көрмей, әйелдің құқығын шектеу деп санайды.

{(Сілтеме): Соттың үкіміне қарсы, әрі олардың үнін өшірген ақталу қағазынан бір үзінді. Менің әділет басқармасына айтарым: "Мың үш жүз жылдан бері және әр ғасырда үш жүз миллион адамның қоғамдық өміріне оң ықпал етіп, киелі де үлкен маңызға ие болып келген, қасиетті Иләһи заңды үш жүз елу мың тәпсір жан-жақты баяндап, растап бір ауыздан бекіткендігіне сүйене отырып, мың үш жыл бойы бабаларымыз ұстанып келген діни нанымына сәйкес тәпсір жазған кісіні айыптайтын соттың бұрыс үкімін (егер дүниеде әділдік қалған болса) бұздырады" деп ойлаймын.}

Жауап: Құраны-Хакимнің бұл үкімі әйелдің табиғатына сай, ал керағар пікірдің жаратылысқа қайшы екенін дәлелдейтін көптеген хикметтердің төртеуі баяндалмақ.

БІРІНШІ ХИКМЕТ. Тәсәттүр - әйелдер үшін фытри яғни табиғи нәрсе, оның жаратылысы да соны талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғайтын ер кісінің қорғауына, жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алтау-жетеуінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, не болмаса қызғаныш сезімімен өзінен артық сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, немесе намысын бөтен біреуге таптатпау үшін, немесе күйеуінің

— 230 —

алдында қиянатшыл ретінде айыпталмауы үшін оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді талап етеді. Тіпті, байқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайды.

Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған жетеу-сегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады.

Естуімше, ашық-шашық киіну кең тараған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, "мына азғын немелер бізді көзбен атып, мазамызды алып болды" деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды. Мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсәттүр арқылы азғындаудан, намысының тапталуынан, рухани қаналудан сақтайды.

Сондай-ақ, әйелдің бойында бөтен ер кісілерге деген қорқыныш, үрей сезімі бар. Қорқу - табиғи түрде тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минуттық зауықты, ауыр азапқа айналдыратын, сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, әкесіз баланы туып, оның тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы айналысу әлгі сегіз-тоғыз минуттық заңсыз ләззаттың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсәттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң түрде ескертіп отырады. Сақтанудың жолдарының бірі, бекініс қамалы - тәсәттүр екенін көрсетеді.

Естуімше астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапа-тал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып "шапқыншылық" жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек.

— 231 —

ЕКІНШІ ХИКМЕТ. Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік, махаббат терең әрі тығыз байланыс тек бұл дүниелік өмірдің қажеттілігінен туындамайды. Әйел күйеуіне тек дүниелік өмірде ғана серік емес. Ол оның о дүниедегі мәңгі өмірде де серігі болмақ. Олай болса әйел, мәңгілік серігі болатын күйеуінен тыс, басқаның назарын өзіне аудартпауға міндетті. Оны ренжітпеуі, қызғандырмауы керек.

Демек, иман саясында мүминдердің отбасылық жұптасуы, тек дүниелік өмірмен шектелмейді. Жануарға тән немесе сұлулығына шақталған өткінші махаббатқа негізделмейді, мәңгі әлемде де жалғасын тауып, арта түсетін берік те шынайы махаббатқа, адалдық пен сыйластыққа негізделеді. Сондай-ақ, тек жас кезінде, көрікті шағында ғана емес қартайып, өңі тая бастаған кезде де сол шынайы махаббат пен құрмет жалғаса бермек. Олай болса, оған жауап ретінде ол да өзінің көркін, махаббатын күйеуіне арнауы керек. Адамгершілік қасиет осыны талап етеді. Әйтпесе, ұтары аз, жоғалтары көп болады.

Шариғат бойынша ерлі-зайыптылар куфув, яғни бір-біріне сай болуы тиіс. Куфувта ең бастысы - діни тұрғыдағы теңдік.

Бақытты еркек деп әйелінің діндарлығына қарап, ұқсап бағатын және мәңгі өмірде жұбайынан айырылып қалмау үшін өзі де діндар болған кісіні айтады.

Бақытты әйел деп отағасының діндарлығына қарап, мәңгілік жұбайымнан айырылып қалмайын деп, өзі де тақуа болған әйелді айтады.

Сорлы, бейшара еркек деп салиқалы әйелінен мәңгілікке көз жазып қалуға себеп болатын азғындыққа салынған адамды айтады.

Сорлы әйел деп тақуа күйеуіне ұқсауға тырыспай, ақырында сол мүбарак, кішіпейіл, мәңгілік досынан айырылып қалатын әйелді айтады.

Бір-бірінің пасық, азғын іс-әрекеттерін өнеге тұтқан сорлы ерлізайыптылардың өмірі аянышты жағдайда. Олар бір-бірінің лаулаған отқа түсуіне жәрдем етеді.

ҮШІНШІ ХИКМЕТ. Отбасының бақытты өмір сүруі үшін, әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрметі мен махаббатын кемітеді. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдің тек біреуі ғана күйеуінен

— 232 —

әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды. Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді. Мұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп, оған деген мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді.

Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі.

ТӨРТІНШІ ХИКМЕТ. рпақ жаю, әркімнің қалауы. рпақ санын көбейтуге қарсы ешбір ұлт, ешқандай да ел жоқ. Бұл тұрғыда Ардақты Пайғамбарымыз Саллаллаһу Ғалейһи Уәссәләмнің өзі

تَنَاكَحُوا تَكَاثَرُوا فَاِنّ۪ى اُبَاه۪ى بِكُمُ الْاُمَمَ -اَوْ كَمَا قَالَ

яғни "Үйленіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп болғандарыңды мақтан тұтамын" - деген. Алайда, тәсәттүрді тастау, яғни ашық-шашық киіну үйленуді көбейтпейді, керісінше мүлдем азайтып жібереді. Өйткені қазіргі жастардың ең бұзығы да үйленетін қызының ар-намысты, таза болғанын қалайды. Өзі сияқты модашыл, ашық-шашық болуын қаламайды. Сөйтіп, бойдақ болып өтеді немесе жеңіл жүріске түсуі мүмкін. Ал әйел заты олай емес. Өйтіп күйеуіне талап шарт қоя алмайды. Өйткені әйел заты үйдің ішкі істеріне қарайтын болғандықтан күйеуінің тапқан табысына, балаларына, мал-мүлкіне иелік ету, сақтау қызметін атқарады. Сондықтан оның басты міндеті, қасиеті, адалдық пен сенімділік. Ал ашық-шашық киіну, адалдық пен сенімділікке шәк келтіреді. Ондай әйел күйеуінің алдында

— 233 —

сенімді жоғалтып, оның ар-ожданын азапқа салады. Тіпті, ер адамда жақсы қасиет болып саналатын батырлық пен жомарттық, әйел затында сенімділік пен адалдыққа зияны тиетіндіктен жаман мінез, жағымсыз қылық боп саналады. Бірақ, еркектің басты міндеті мал-мүлкін күзету, адал болу емес. Оның міндеті әйелін қорғау, жанашырлық ету құрметтеу. Сондықтан ер адамды шектеуге келмейді. Демек басқа әйелді де некелей алады.

Біздің халықты Еуропалықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, ол жерде дуэль секілді қатаң жолмен ашық-шашық әйелдерін жезөкшеліктен тиып, аз да болса, намысты қолдан жібермеуге тырысады. Ар-намысты кісінің әйеліне жаман оймен сұқтана қараған адам өлімге бас тігіп, сосын барып қарайды. Оның үстіне ол жердің ауа-райы салқын. Сондықтан, Еуропа халқының табиғаты да ауа-райы сияқты салқын. Ал Азия, яғни мұсылман елдері оған қарағанда ыстық. Географиялық аймақ адам мінезіне әсер ететіні белгілі. Әлгі суық жердегі, суыққанды адамдарда хайуани әуестікті, нәпсіні қоздыратын әлгіндей ашық-шашықтық, әлем-жәлем киіну бәлкім қисық жолға түсіп, ысырап қылуына айтарлықтай әсер ете қоймас. Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу тез әсер алғыш, ауарайы ыстық елдің адамдарын қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи) қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен алыстауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін.

Қалалық әйелдер ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсәттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда өзіне көп назар аударта бермейтін біршама тұрпайылау, бейкүнә шаруа әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Ауылдық жерде сандалып бос жүретін азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.

— 234 —
بِاسْمِه۪ سُبْحَانَهُ

Иман жүзді, ақыреттік қыздарым болып саналатын әйелдер қауымымен сұхбат.

Кейбір аймақтарда Нұр рисалелерін әйелдер қауымы шынайы түрде, ыстық ықыласпен қабылдағандарын естідім. Сондай-ақ, Нұрларға қатысты дәрістеріме олардың мен ойлағаннан әлдеқайда зор сенім артқандарын білдім. Спарта қаласына және мағынауи МедресетузЗеһраға үшінші рет келгенімде, әлгі мүбарак ақыреттік қыздарымның, яғни әйелдер қауымының менен бір дәріс күтетіндерін естідім. Олар мені мешітте уағыз түрінде дәріс береді деп ойлапты.

Алайда, төрт-бес түрлі себеп әрі сырқатым оған мұрша бермей тұр. Мені сөйлеу, тіпті ойлану да шаршатады. Осындай бір жағдайда маған бүгін мынадай ой келді: "Он бес жыл бұрын жастардың сұрауы бойынша "Жастар шырағы" атты еңбек жаздым. Бұл өте пайдалы болды. Олай болса әйелдер қауымы мына заманда жастардан бетер сондай шыраққа мұқтаж". Осыдан кейін мен мазасыз, әлсіз күйіме қарамай әлгі мүбарак қарындастарым мен рухани қыздарыма "үш тұжырымнан" тұратын кейбір қажетті мәселелерді қысқаша баяндамақпын.

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ. Рисалей-Нұрдың негізгі мәселелерінің ең бастысы - мейірімділік. Сондықтан, әйел қауымында, яғни мейірімділік қаһармандары арасында, Рисалей-Нұрға деген қызығушылық әлдеқайда басым. Құдайға шүкір, бұл фытри (жаратылысына тән) қызығушылық көп жерде байқалуда. Бұл мейірімділік бүкпесіз жанкештілік, шынайы ықылас пен ақы талап етпейтін риясыз адалдықтан туатындықтан мына заманда оның маңызы өте зор.

Иә, бір ана баласын қауіптен құтқару үшін ешбір ақы сұрамай-ақ, жанын пида етуге бар. Бұл істі аналық жүрегінің шынайы ықыласымен атқаруы, баласы үшін құрбан болуы, әйел затында үлкен қаһармандық бар екенінің дәлелі. Осы қаһармандықты шыңдау арқылы бұл дүниелік және ақыреттік өмірін сақтай алады. Бірақ, кейбір жағымсыз ықпалдардың кесірінен әлгі күшті де құнды қасиет тоқырауға ұшырайды немесе бұрыс жолға қолданылады. Мұның жүздеген мысалдарынан біреуін айтар болсақ, әлгіндей мейірбан ана "балам дүниелік өмірде қиыншылық көрмесін" деп қолынан келгенін аямайды. Өліп-өшіп тәрбиелейді. Балам әкім болсын деп барын салады. Қари дайындайтын

— 235 —

медреседен шығарып алып, Еуропаға жібереді. Бірақ, баласының о дүниелік өміріне қауіп төнетінін ойламайды. Бұл дүниелік азаптан құтқаруға тырысады, бірақ Жаһаннам азабына душар болатынын ескермейді. Фытри мейірімділікке қайшы әрекет етіп, әлгі бейкүнә баласын ақыретте шапағатшы етудің орнына басына бәле етіп алады. Бала ертең ақыретте "неге менің иманымды арттырмай, мына пәлеге ұшырауыма себеп болдың?" - деп шағымданатын болады. Сондайақ, фәни дүниеде Ислам тәрбиесін санасына толық сіңірмегендіктен, әлгіндей бала анасының шексіз мейріміне лайықты баға бере алмай, көптеген ағаттық жасайды.

Егер шынайы мейірімділікті дұрыс пайдаланып, сол арқылы бейшара баласын мәңгілік азап болған Тозақтан, теріс жолда жүріп мәңгілік қамалудан құтқаруға тырысса, баланың жасаған жақсылықтарының бірқатары анасының да амал дәптеріне жазылып, анасы қайтыс болған соң да әрдайым рухына нұр құяды. Ақыретте анасының үстінен арыз айтып, шағымданушы емес, керісінше жан-тәнімен шапағатшы болып, о дүниедегі мәңгі өмірде оған мүбарак перзент болып қайта беріледі.

Иә, адамның алғашқы ұстазы, ықпал етуші мұғалімі - оның анасы. Осыған орай әрдайым кездесетін нақты бір мәселені баяндап берейін.

Сексен жылдық өмірімде сексен мың кісіден сабақ алсам да, Құдай ақы, мен үшін әрдайым ең негізгі сабақ - анамның айтқан сөздері мен ескертулері, оның мағынауи дәрістері. Олар тасқа жазылған жазулар тәрізді, жадыма сіңіп қалған. Басқа дәріс-сабақтар сол іргетасқа қаланған деп білемін. Демек, марқұм анамның жас күнімде көкірегіме сіңірген, көңіліме тоқыған дәрістері мен ескертулері сексен жасыма дейінгі үйренген ұлы ақиқаттардың іргетасы.

Мен таңдаған жолдағы төрт негіздің бірі және ең бастысы - мейірімділік. Сондай-ақ, Рисалей-Нұрдың да басты ақиқаты жанашырлық пен мейірімділік. Осы қасиеттерді анамның қамқор ісәрекетінен көңіл-күйінен, мағынауи дәрістерінен алғандығыма ешбір күмән жоқ.

Иә, осындай шынайы ықыласты, нағыз жанкешті аналық мейірімді теріс пайдаланып, бейкүнә баланың алмас қоры сияқты ақыретін ескермей, пәк назарын, болмысын өткінші фәни, шыны тәріздес дүниеге аудару әрине, әлгі мейірімділік атты биік қасиетті бұрмалау болып шығады.

— 236 —

Ананың мейірімділікке қатысты қаһармандығы керемет. Ешқандай пайда көздемей, ақысыз, жауап та күтпей, шын көңілімен жанын пида етуіне тауықтың балапанын құтқару үшін арыстанға айбат шеге шабуылдап, жанын пида етуі мысал бола алады.

Қазір Ислам тәрбиесінің және ақыреттік амалдардың ең құндысы, ең басты өзегі - ықылас. Мейірімділікке қатысты қаһармандықта шынайы ықылас та болады. Егер осы екі негіз сол мүбарак қауымда өркендесе, Ислам әлемінде орасан зор табыстың қайнар көзі болар еді.

Ер адамдардағы қаһармандық ақысыз бола алмайды. Тіпті жүз есе ақы сұрайды. Ең болмағанда атақ-даңқын шығарғысы келеді. Бірақ, өкінішке орай, бейшара мүбарак әйел қауымы залым еркектердің шерінен, олардың қанауынан құтылу үшін әлсіздік пен шарасыздықтан көзбояушылыққа, екіжүзділікке салынады.

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ. Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсемдағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштерін қимай дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстінен шағым айтқандарын естіп, "әттеген-ай" дедім. "Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі - оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегені ме?" деп қынжыла отырып себептерін іздестірдім. Мұсылмандардың әлеуметтік өміріне, сол арқылы Ислам дініне зиян келтіру үшін жастарды адастыру, олардың албырттығын пайдаланып азғындыққа итермелеу мақсатымен бейшара әйелдердің түсінігі таяз бөлігін бұрыс жолға салу үшін бір-екі жасырын ұйымның екпінді түрде жұмыс жүргізіп жатқанын және Ислам әлеміне тиген мына екпінді соққы сол жақтан келіп жатқанын білдім.

Менің сендерге, яғни қарындастарыма, жастарға, мағынауи балаларыма айтарым. Әйел затының ақыреттегі бақыты сияқты бұл дүниедегі бақыты да, сондай-ақ бойларындағы асыл адамгершілік қасиеттерді бұзбай сақтап қалудың бірден-бір жолы - Ислам қағидаларын қадірлеп, діни тәрбие алу. Басқа жолы жоқ. Ресейдегі бейшара әйелдердің қандай күйге түскендерін білетін боларсыңдар. Рисалей-Нұрдың бір жерінде былай деген болатынмын: "Ақылы бар адам, жұбайына деген махаббатын оның бес-он жылдық фәни келбетіне арнамайды". Әйелдегі әсемдіктің сыры, ең ұзақ сақталатын сұлулығы - оның мейірімділігі. Әйелге тән биязылығы мен инабаттылығы. Әйел затының бойындағы осы қасиеттер күйеуінің

— 237 —

оған деген махаббатының іргетасы болуы керек. Сонда ғана, бейшара әйелі қартайса да жұбайының оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткені, оның жұбайы тек мына дүниедегі серігі емес, бақи өмірде де мәңгілік сүйіктісі. Сондықтан, қартайған шақтарында да бір-біріне деген сүйіспеншіліктері, құрмет пен мейірімдері одан сайын арта бермек.

Қазір хайуанға тән өткінші жұптасудан кейін мәңгілік көрмеске айырылуымен тынатын "мәдени тәрбие" деп айдар таққан отбасылық өмірдің тынысы тарылып, мүлдем шырқы бұзылуда. Рисалей-Нұрдың тағы бір тұсында: "Бақытты күйеу деп - өзінің мәңгілік жұбын жоғалтып алмау үшін салиқалы жұбайынан өнеге алып, өзі де салих діндар болған адамды айтады. Бақытты әйел - күйеуінің діндарлығын көріп, мәңгілік досынан ажырап қалмау үшін ол да діндар салиқалы болып, тақуалық іс атқарады. Сөйтіп, фәни дүниеде бақытқа бөленумен бірге, ақыреттік бақытқа да қолы жетеді".

Бақытсыз күйеу деп - азғындық жолға түскен жұбайын тыюдың орнына, оның ізіне ерген кісіні айтады.

Бақытсыз әйел - күйеуінің жағымсыз жақтарын көріп, соған ұқсап бағады. Осындай ерлі-зайыптыларға обал-ақ. Олар бірін-бірі лаулаған отқа итермелейді. Мәдениет фантазияларын қууға ынталандырады. Рисалей-Нұр бұл тұрғыда "бүгінде отбасының фәни дүние мен ақыретте бақытқа бөленуінің сондай-ақ, әйел бойындағы құнды қасиеттердің дамуының бірден-бір жолы шариғат шеңберіндегі Ислам әдет-ғұрпын сақтау" дейді.

Отбасындағы маңызды түйін. Егер әйел күйеуінен жамандық немесе опасыздық көрсе, оған ерегісіп әйелдің отбасындағы міндеті болған адалдық пен сенімділікті бұзса, әскердегі тәртіптің бұзылуы сияқты отбасының да құты қашады. Ондайда әйел қолынан келгенше күйеуінің қатесін жөндеуге тырысуы қажет. Сонда ғана мәңгілік серігін құтқарып қалады. Әйтпесе, ол да ашылып-шашылу арқылы басқаларға жақсы көрінуге тырысса, азапты зардап шегеді. Өйткені, адалдықты аттаған адам фәни дүниенің өзінде-ақ жазасын тартады. Сондай-ақ, оның нәзік жаратылысы бөгде жандардан қорқып ыңғайсызданады. Бөгде жиырма ер адамның он сегізінен қысылады. Ер адам болса, бөтен жүз әйелдің тек біреуінен қысылып, қарағанынан ыңғайсызданады. Әйел бұл тұрғыда азап шеккенімен қоймай, опасыз ретінде айыпталып әлсіз, нәзік болғандықтан ақысын да ала алмайды.

— 238 —

Сонымен, әйелдердің мейірімділігі мен қаһармандығы, ықыласы еркектерге ұқсамайды. Еркектердің де қаһармандығы оларға жетпейді. Сол сияқты әлгі бейкүнә әйелдер азғындық жағынан еркектерге жете алмайды. Олардың нәзік жаратылыстары бөгде адамдардан қатты қорқады. Жаулығына жасырынуға нәзіктігі мәжбүр етеді. Өйткені, ер адам сегіз минуттық зауық пен ләззатқа бату үшін азғындыққа салынса, тек сегіз теңге шамасында бір нәрсе жоғалтады. Алайда әйел, сол сегіз минуттық азғын зауықтың жазасы ретінде тоғыз ай бойы ауыр жүк арқалайды, одан кейін де сол әкесіз баланы тәрбиелеу машақатын тартады. Демек, бұл тұрғыда еркектерге теңесе алмай, олардан жүз есе артық жаза тартады.

Өмірде көп кездесетін мұндай оқиғалардың бізге берер тәлімі. Мүбарак әйел қауымы жаратылысынан асыл мінез-құлықтың қайнар көзі. Ал пасықтыққа, азғындыққа, дүниелік зауыққа келгенде қабілетсіз. Демек, олар Ислам тәрбиесі төңірегінде бақытты шаңырақ құруға арналған мүбарак жаратылыс.

Осы мүбарак, адал жандарды бұзушы ұйымдарды жер жұтсын! Аллаһ Тағала осы қарындастарымды, мағынауи қыздарымды әлгіндей есалаңдардың пәлесінен сақтасын! Амин...

Айналайын, қыздарым! Сендерге айтарым, күн көру үшін опасыз, нашар мінезді, батысқа еліктеуші күйеудің билігіне кіріптар болмай-ақ, бойларыңдағы құнттылық пен қанағатты пайдаланып, өз күштерімен де күн көре алатын ауылдың бейкүнә әйелдері сияқты, сендер де шыдап бағыңдар, өз абыройларыңды сақтауға тырысыңдар. Егер лайық емес күйеуге тап болсаңдар, жазмышқа разы болып, қанағат қылыңдар. Иншаллаһ ризашылық пен қанағат саясында ол да жөнделіп, түзу жолға түсер. Әйтпесе, ажырасу үшін сотқа барасыңдар. Ал, бұлай ету Исламның абыройына, халқымыздың намысына тиетін жат қылық.

ҮШІНШІ Т ЖЫРЫМ. Қымбатты қарындастарым мен рухани қыздарым! Естеріңде болсын, Шариғатқа жат зауық пен ләззәтта, өзінен он есе үлкен уайым мен азап бар екені Рисалей-Нұрда жүздеген нақты дәлелдермен, оқиғалармен баяндалған. Егжей-тегжейлі білгісі келген жан Рисалей-Нұрды оқысын. Атап айтар болсақ, "Қысқа Сөздер" кітапшасындағы алтыншы, жетінші, сегізінші сөзді оқысын." Жастар шырағы" кітабы менсіз-ақ бұл ақиқатты толық баяндап береді. Сондықтан, заңды да адал көңіл көтеру мен зауыққа қанағат

— 239 —

етіп сабыр сақтаңдар. Үйлеріңдегі бейкүнә бала-шағаңызбен жайдары сұхбат, жүздеген кинодан әлдеқайда қызық. Мынаны да әсте естен шығармаңдар, Фәни дүниедегі шынайы ләззат - Иман шеңберінде және Иманда. Салих игі істердің әрқайсысында мағынауи ләззәт, рухани зауық бар.

— 239 —

ен азғындықта бұл дүниенің өзінде тым ащы, ауыр қайғы бар екенін жүздеген бұлтартпас айғақтар арқылы Рисалей-Нұр дәлелдеп берді. Иманның ішінде Жәннаттың дәнегі ал азғындық пен адасуда Жаһаннамның ұрығы сақтаулы. Бұған көптеген тәжірибелерім мен бастан кешкен оқиғалардың арқасында көзім жетті. Бұл ақиқат Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде жазылған. Қасарысқан дұшпандар, сынаушылар, ресми тергеу, сот орындары бұл ақиқаттардан қате таба алмады.

Енді, сендер сияқты мүбарак әрі бейкүнә мағынауи қыздарыма, сол рисалелер - әуелі «Тәсәттүр рисалесі», "Жастар шырағы" мен "Қысқа сөздер" менің орныма дәріс берсін.

Естуімше, сендер менің мешітте дәріс оқуымды өтінген екенсіңдер. Бірақ халімнің нашарлығы мен науқастығым, сондай-ақ басқа да көптеген себептер оған мұрсат бермейді.

Мен де өздерің үшін жазылған мына дәрісімді оқып, қабыл алған барлық қыз-келіншектерді рухани табыстарыма, дұға-тілектеріме ортақ етіп оларды "Нұр шәкірттері" деп санауға қарар бердім. Егер, сендер Рисалей-Нұр кітаптарын алып оқысаңдар немесе тыңдасаңдар, қағидамыз бойынша бауырларың боп саналатын күллі Нұр шәкірттерінің рухани табыстарына, олардың дұғаларына ортақ боласыңдар. Әлі де жазбақ ойым бар еді. Бірақ науқас әрі қарт болғандықтан сондай-ақ, рисалелерді тексеру жұмыстары күтіп тұрғандықтан әзірге осы жазбаға қанағат еттім.

اَلْبَاق۪ى هُوَ الْبَاق۪ى
Дұғаларыңа мұқтаж бауырларың,
Саид Нұрси
— 240 —

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЛЕМА

(Науқастың жанына демеу, деніне шипа, көңіліне жұбаныш болсын деген ізгі ниетпен тез сауығып кетуін тілей отырып жазылды)

Ескерту және кешірім сұрау

Бұл емдік жазба басқа еңбектерімдей емес өте жылдам әрі түзетусіз жазылды. Бір мәрте ғана қарап шығуға мұрша болды.

{(Сілтеме): Бұл жазбаның бар болғаны төрт жарым сағаттың ішінде жазылғанына Рүшту, Рефет, Хусрев, Саидтар куә.}

Демек, түзетусіз, алғашқы қалпында қалды. Көңілге келген көрікті ойларды әдемі сөздермен суреттемей, қаз қалпында қала бергенін жөн көрдім. Мұны оқыған кісілер, әсіресе науқас жандар асығыс жазылған кейбір оғаштау сөздеріме ренжімей, маған қайыр-дұға етсін.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَلَّذ۪ينَ اِذَٓا اَصَابَتْهُمْ مُص۪يبَةٌ قَالُٓوا اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ ٭ وَالَّذ۪ى هُوَ يُطْعِمُن۪ى وَيَسْق۪ينِ ٭ وَاِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْف۪ينِ

Бұл жазбада адамзаттың оннан бір бөлігін құрайтын ауру-сырқат жандарға шынайы демеу әрі ем боларлық "Жиырма бес шипа" қысқаша баяндалмақ.

БІРІНШІ ШИПА. Уа, дертке шалдыққан жан! Уайымдама, сабыр ет! Сенің сырқаттануың саған дерт емес бәлкім шипа болар. Өйткені, өмір ол бір байлық, зымырап өтіп барады. Егер жеміс бермесе босқа кетеді. Өмірің рахат жағдайда өтіп жатса оның үстіне немқұрайдылық қосылса, одан сайын тез өте шығады. Ал, ауру-сырқау сол өмірді мәністі де жемісті қылады. Өмірдің зымырап, тез өте шығуына жол бермей ұзарта түседі. Өмірдің қиыншылықтар арқылы ұзаратынын мегзейтін ел арасына кең тараған: "Қиын күндер ұзаққа созылып, өтпей қояды, ал қуанышты сәттер тез өте шығады" деген сөз бар.

— 241 —

ЕКІНШІ ШИПА. Уа, сабырсыз науқас жан! Шыда! Тіпті шүкір ет! Бойыңдағы дерт өміріңнің әрбір минутын бір сағаттық ғибадатқа айналдыруы мүмкін. Өйткені, ғибадаттың екі түрі бар. Бірішісі кәдімгі намаз, нияз секілді құлшылықтар. Екіншісі ауру-сырқау, қиыншылықтар. Қиыншылыққа тап болған адам сол арқылы өзінің әлсіз әрі дәрменсіз екенін сезініп, Рахымды Жаратқанға ықыласпен жалбарынып, шын жүректен, риясыз құлшылық етеді. Аллаһ Тағалаға реніш білдірмей, сабыр сақтаған жағдайда ауру-сырқаумен өткен өмір, мүмин үшін құлшылық болып саналатындығы жайлы хадистер бар. Тіпті, кейде сабыр сақтап шүкір еткен науқастың бір минуттық ауруы бір сағаттың құлшылық болып есептелетініне және кейбір кәміл жануардың бір минуты бір күн болып саналатындығына нақты риуаяттар бар. Сенің бір минуттық өміріңді мың минуттық өмірге айналдырып, өміріңді ұзартып жатқан ауруға шағымданба, қайта оған риза бол!

ҮШІНШІ ШИПА. Уа, шыдамсыз, науқас жан! Адам бұл дүниеге рахатқа батып, ләззат алу үшін келмейді. Өйткені дүниеге келгендер ұзақ аялдамай кетіп қалады, жастар қартаяды, осылайша аяқталулар, қош айтысулар қайталанып тұрады. Адамзат тіршілік иелерінің ең кереметі, жоғары мәртебелісі жаратылысы күрделі, сезімге бай жаны бар жаратылыстардың сұлтаны бола тұра, өткен қызықтарды еске алу, келешекті уайымдау арқылы жануарлармен салыстырғанда ең төменгі дәрежедегі уайым қайғысы мол машақатты өмір сүреді. Демек, адам баласы бұл дүниеге қызық өмір сүру үшін, рахат пен шаттық үшін келмейді. Қолында үлкен байлығы бар адам баласы бұл жерге сауда жасап, мәңгі бақытқа бөлену үшін еңбек ету үшін келеді. Оның қолда бар байлығы - өмірі. Егер ауырмай, үнемі дені сау жүрсе дүние оған өте қызық тәтті болып көрінеді. Ақыретті ұмытып, қабірді, өлімді ойлағысы келмейді. Өмір байлығын түкке тұрғысыз, бос нәрселермен өткізеді. Ал ауру-сырқау болса, оның көкірек көзін ашады. Ауру оған: «Ажалдан қашып құтыла алмайсың. Сені Аллаһ бекерге жаратқан жоқ! Атқарар міндетің бар. Тәкәппарланба! Сені жаратқанды ойла, тап! Қабірге кіретініңді ұмытпа соған дайындал» дейді.

Міне, науқастық бұл тұрғыдан алғанда таптырмас насихатшы, жөнге салушы, тәрбиеші мүршид-ұстаз. Сен ол үшін шағымданба! Қайта рахмет айт! Егер ауру шамадан тыс ауыр соқса, Раббыңнан сабыр сұра!

— 242 —

ТӨРТІНШІ ШИПА. Уа, шағым айта бастаған науқас! Сенің шағымдануға ешқандай қақың жоқ. Сенің міндетің шүкір ету, сабыр сақтау. Себебі, сен қолданып жүрген дене, ағзалар мен сезім мүшелер сенікі емес. Оларды өзің жасап немесе сатып алған жоқсың. Олар өзгенікі. Олардың Иесі өз мүлкіне қалауынша иелік етеді. Жиырма алтыншы Сөзде айтылғандай, өте бай, он саусағынан өнер тамған бір шебер, өзінің ғажайып өнері мен мол байлығын көрсету үшін, бір пақырға өзі тіккен киімдерді кигізіп, маникен ретінде белгілі бір ақы төлеп, бір сағатқа жалдап алады. Өнерін салып тіккен әдемі көйлегін әлгі пақырға кигізеді. Көйлек әлгі адамның үстінде тұрғанда жұмысын жалғастырып, ғажайып өнерінің саналуан қырын көрсету мақсатында әлгі көйлекті кеседі, ауыстырады, ұзартады, қысқартады. Апырымай, әлгі жалданған пақыр: «Мені әуреге салдың! Отырып-тұрудан, иіліп-еңкеюден жалықтым! Жарасып тұрған көйлекті кесіп-пішіп, сәнімді бұздың!» деп шебер қожайынға наразы болуға құқы бар ма? "Маған мейрімсіздік етудесің" дей ала ма?

Сол сияқты, Сани Зүлджәлал, яғни Шебер Аллаһ саған көз, құлақ, ақыл, жүрек сынды керемет сезімдерге толы "дене" атты әсем көйлекті кигізіп, өзінің көркем есімдерін көрсету үшін түрлі-түрлі күйлерге, саналуан жағдайларға душар қылады. Қарның ашқан кезде Оның "Раззақ" екенін білсең "Шәфи" есімін ауырғанда білесің. Өмірдегі қайғы-қасіреттер кейбір Иләһи есімдердің үстемдігін таныстыратындықтан, оларда хикметтің сәулелері, мейірімнің шуақтары бар. Егер перде ашылса мазасызданып қорыққан ауру дейтін перденің арғы жағында тұрған тамаша мағыналарды көрер едің.

БЕСІНШІ ШИПА. Уа, ауруға шалдыққан дос! Біле білсең, науқастық кейбіреулер үшін Құдайдың жарылқауы, Рахманның сыйы. Оған өмірлік тәжірибем арқылы әбден көзім жеткен. Соңғы сегіз-тоғыз жылда, лайық болмасам да кейбір науқас жастар денсаулығы үшін дұға етуімді сұрап келетін болды. Олар басқа жастарға қарағанда ақыретін ойлайтын, қызу қандылықтан аулақ, байыпты яғни жастыққа мас емес. Немқұрайдылықтан, хайуани әуесқойлықтан біршама құтылғандай. Мен оларға мұндай шыдауға болатын дерттің Аллаһ Тағаланың жарылқауы, Аллаһтың ихсан сыйы екенін ескертетінмін. Оларға: "Дертіңнің зиянын көре алмай тұрмын. Жан ашитындай аянышты халде емессің. Қалайша дұға етейін? Сырқатты жағдай көкірек көзіңді

— 243 —

ашқанға дейін сабыр сақта! Ауру өз міндетін атқарған соң, Рақымы мол Аллаһ, Иншаллаһ, шипа беріп, оңалып кетерсің... Денінің сау болуы сенің кейбір достарыңның басына пәле болып, бейқамдыққа салуда. Намазға жығылмай, қабірді ойламай, Аллаһты танымай жүр. Бұл дүниелік өмірдің бір сәттік алдамшы қызығын қуып, мәңгі өмірін шайқалтып, тіпті, тас-талқан етіп жүргені қаншама. Сен болсаң, түбінде барар жерің - қабіріңді, одан кейінгі ақыреттік сапарыңды сезіп, соған қарай әрекет етіп жүрсің. Демек, бұл ауру сен үшін денсаулық, ал кейбір достарыңның денінің саулығы ауру" дейтінмін.

АЛТЫНШЫ ШИПА. Уа, шыдамсыз науқас бауырым! Ләззаты мол, шаттыққа толы өткен күндерді және қайғылы қиын сәттерді есіңе алшы! Әлбетте, "аһ" немесе "үһ" дейсің. Яғни я "әлхамдулиллаһ, Құдайға шүкір!" немесе "қап, әттеген-ай!" деп ойша, я тіліңмен айтар едің. Саған "Әлхамдулиллаһ" дегізген жағдай бастан кешкен уайымқайғың ғой. Олар адамды рухани ләззатқа бөлеп, көңілді көтереді, әрі шүкір еткізеді. Қайғы-қасіреттің бітуі жанды рахатқа бөлейді. Соны ұғына білсең, көңілің шалқып, шүкіршілік қыласың. Ал, сені "әттегенай" дегізіп өкіндірген жағдай бұрынғы өткінші рахат, уақытша ләззат болар. Енді сол ада болған алдамшы қызығың көңіліңді құлазытып мұңға салып отыр. Бір күндік орынсыз рахат кейде жылдар бойы жаныңды мазалайды. Ал, бір күндік өткінші қиындық көпке дейін рухани ләззатқа бөлейді. Олай болса, басыңа түскен өткінші аурусырқаттың ақырын, тиімді нәтижесін ойлап, ақыреттік сауаптарды күт! "Бұл да өтеді дағы, тәйірі" де, шүкір ет! Шағымдана берме!

АЛТЫНШЫ ШИПА.

{(Сілтеме): Көңілге еріксіз түрде келгендіктен "алтыншы шипа" екі мәрте жазылды. Еріксіз болған соң араласпадық, сол қалпында қалды. Мүмкін бір сыры болар.}

Уа, бұл дүниенің алдамшы қызығын ойлап, ауырып қалғанына жаны күйзелген бауырым! Бұл дүние мәңгі болса, алдымызда рухани қыстар болмаса, өлім алдымыздан шықпаса, қоштасудың ызғарын сезбесек сенің мына мұңды халіңе менің де жаным ашыр еді. Алайда, бір күні бізге: "Қане бұл дүниеден шығыңдар!" деген бұйрық келеді. Сонда жан айқайымызға ешкім құлақ аспайды. Ендеше, бұл дүниеден кетпес бұрын, осындай аурусырқаттардың ескертулері арқылы көкірек көзімізді ашып, қазірден бастап мына дүниеге құмартудан бас тартқанымыз жөн. Ол бізді тастап кетпей тұрғанда біз оны жүрекпен тәркі етуге тырысуымыз керек.

— 244 —

Иә, ауру-сырқау бізге былай дейді: "Болмысың тас пен темірден емес! Ол әрдайым ыдырауға дайын саналуан бөлшектерден құралған. Әлсіз екеніңді ұқ! Жаратқан Иеңді таны, өз міндетіңді атқар, бұл дүниеге не үшін келгеніңді біл!" Бұл дүниенің қызығы келте, ләззаты өткінші. Оның үстіне олар шариғатқа қайшы болса, өкініш қана емес күнә арқалайсың. Науқастанып, қызықтан құр қалдым деп өкінбе! Қайта аурудың рухани ғибадат екенін, ақыретке қатысты сауапты жақтарын ойла, рухани ләззат алуға тырыс.

ЖЕТІНШІ ШИПА. Уа, денсаулықтың рахатынан айрылған жан! Деннің саулығы - Аллаһтың нығметі. Оның ләззатын алуыңа сенің мына ауруың кедергі емес. Қайта ауруың сені одан сайын нығметке бөлеп жатыр. Өйткені, бір нәрсе үнемі қайталана берсе қадірі кетеді.

Бұл туралы ақиқатшыл жандар бір ауыздан былай деген:

اِنَّمَا الْاَشْيَاءُ تُعْرَفُ بِاَضْدَادِهَا

яғни, «Кез-келген нәрсенің қадірі оның қарама-қарсы жағымен білінеді». Мысалы, қараңғы болмаса жарықтың қадірі болмайды, суық болмаса жылудың қадірі болмайды, яғни қызық емес. Аштық болмаса, тамақ ләззат бермейді. Шөлдеу болмаса су ішу рахат емес. Ауырмасаң денсаулықтың қадірін білмейсің.

Аллаһ Тағала саналуан, шексіз нығметтерінің дәмін таттырып, қадірін білдіру үшін адамға өте көп сезімдер берген. Сол арқылы өзінің неше түрлі жарылқау сыйын білдіріп, әртүрлі нығметтерінің дәмін таттырғысы келеді. Адамды әрдайым шүкір етуге шақырады. Денге саулық пен тәбетті бергені секілді, ауру-сырқатты да қоса жібереді. Мынаған жауап берші! "Егер сенің басың, қолың, ішің ауырмағанда басыңның немесе асқазаныңның сау кезіндегі рахатын, яғни оның Иләһи нығмет екенін ескеріп, шүкір етер ме едің?" Құдай біледі, шүкір етудің орнына Иләһи нығмет екенін тіпті ойламас едің? Денсаулықтың қадірін білмей, оны бос орынсыз істерге, ойын-күлкіге жұмсар ма едің.

СЕГІЗІНШІ ШИПА. Уа, ақыретін уайымдаған науқас! Ауру сабын тәрізді күнәнің кірлерін кетіріп, бойды тазартады. Аурудың күнәларға кәфарат, яғни жазасын өтеу екені сахих хадистермен бекітілген. «Жеміс ағашын сілкігенде, пісіп тұрған жемістер қалай төгілетін болса иманды науқастың аурудан дірілдеп, қалтырауы да оны күнәлардан арылтады». Күнә - о дүниелік мәңгі өмірде дауасыз кесел. Ол бұл дүниенің өзінде жүрек пен ождан үшін рухани дерт.

— 245 —

Егер сабыр сақтап, шағымданбасаң өткінші дерт арқылы көптеген жазылмас рухани аурулардан айығасың. Егер күнәларыңды ойламай және Аллаһты танымай жүрген болсаң, онда сен денеңдегі өткінші аурудан миллион есе ауыр рухани науқассың. Шағымданғың келсе, міне осы рухани ауруыңды айтып шағымдан!

Өйткені, сенің жүрегің рухың, нәпсің әлемдегі бүкіл жаратылыс атаулымен тығыз байланысты. Өмірде жиі кездесетін аяқталу мен қоштасулар сол байланыстарды үзіп, жанды жаралайды. Оның үстіне ақыретке сенбегендіктен өлімді мәңгі жойылу деп ойлаған адам өткінші, тәннің ауруынан да ауыр, рухани кесел болғаны. Сондықтан, әуелі сол қатерлі де қауіпті рухани ауруды емдейтін дәрі, шипа іздеу керек, яғни «иман дәрісін» алып сеніміңді күшейту қажет.

Оны іздеп табудың бірден-бір жолы сырқаттану арқылы бейқамдық ұйқысынан оянып, дүниенің мастығынан айығып, Аллаһтың алдында өзінің әлсіз де шарасыз екеніңді біліп, Қадир-і Зүлжәлалдың құдіретін, оның шексіз мейірімін, аса қамқорлығын сезіну.

Иә, Аллаһты танымайтын пенденің басына барлық бәле жиналады. Ал, Аллаһты танитын кісінің ішкі әлемі рухани қуаныш пен шаттыққа толы болады. Мұны әркім иманының дәрежесіне қарай сезеді. Осылайша, иманмен байланысты болған рухани қуаныш әрі шипа, әрі ләззат болып кез келген дене сырқатының қайғысын сейілтіп, тоңын жібітіп жібереді.

ТОҒЫЗЫНШЫ ШИПА. Уа, Жаратушысын тани бастаған науқас! Адамдар аурудың кейде өлімге себепші болатындығынан қорқып, уайымдайды. Өлімге бейқам көзбен қарағанда және сырт көрінісі ғана, қорқынышты. Өлімге себепші болатын ауру да қорқытады, уайымға салады. Әуелі мынаны біл және күмәнсіз сен! Ажал маңдайға жазылған, ол өзгермейді. Хал үстінде жатқан науқастың басында жылап-сықтап отырған дені сау кісілердің әлгі науқастан бұрын қайтыс болып, ал демі әне-міне үзілгелі жатқандар ауруынан айығып кеткен оқиғалар көп. Екіншіден, өлім сырт көзге көрінгеніндей қорқынышты емес. Өлім - имандылар үшін өмірдегі міндетінен босатылу, "дүние" атты сынақ алаңынан көшу, басқаша айтқанда тәлім-тәрбие алатын мына дүниедегі құлдық міндетінен босау. О дүниеге аттанып кеткен жүзден тоқсан тоғыз сүйікті жандарға, ағайын-туысқа қауышу. Түпкі Отанына қайтудың, мәңгі бақытқа бөленудің, ең жоғары мәртебеге

— 246 —

шығудың бастауы. Дүние зынданынан жәннат бақшасына шақырылу. Атқарған қызметіне қарай Рахим Аллаһтың мейірімділік қазынасынан сый алуға кезекке тұру. Өлімнің мұндай ақиқатын өзге еңбектерімде Құран Кәрімнің нұрымен дәлелдеген болатынмын. Олай болса өлімнен үрейленбей, қайта оны рақымға кенелу мен бақытқа бөленудің басы деп түсін. Аллаһ жолында жүрген кісінің өлімнен қорқуы, оның қорқынышты болғандығынан емес, "мұнан да көбірек сауап алайын, өмір міндетін жақсы атқарып қалайын" деген жақсы ойдан.

Иә, имандылар үшін өлім мейірімділіктің қақпасы, ал Құдайдан безген имансыздар үшін қараңғы да мәңгілік зындан.

ОНЫНШЫ ШИПА. Уа, уайымшыл науқас! Сен аурудың мазалайтынын ойлап, уайымдап отырсың. Бұлай істеуің ауруыңды үдете түседі. Ауруыңның жеңілдеуін қаласаң, уайымдамауға тырыс. Яғни, аурудың өткінші екенін, оның пайдасы мен сауабын ойла. Уайымдама, қорықпа! Сол кезде аурудың түп тамырына балта шапқан боласың.

Уайым, ауруды күшейте түседі. Уайымның кесірінен дененің сырқатына қоса, рухани дерт жүрекке жабысып біріне-бірі дем беріп, жалғаса бермек. Егер, Аллаһқа тәслім болып, тағдырға риза болсаң, аурудың хикметін ойлап, сабыр сақтасаң, аурудың түп тамыры кесіліп, жеңілдеп қаласың, тіпті айыға бастайсың. Уайымдаған сайын ауруың үдеп, ондаған есе ұлғайып, асқынып кетеді. Ал, уайымдамасаң аурудың оннан тоғызынан құтыласың. Демек - уайым ауруды қоздыратын бәле. Уайымдау - Аллаһтың хикметіне шәк келтіру, Оның рақымына күмәндану, Жаратқанды шағымдану болып саналады. Мұндай науқас дегеніне жете алмайды, керісінше кеселі күшейе түседі.

Шүкір ету болса нығметті арттырады. Шағымдану кесел мен қайғыны үдете түседі. Уайымның өзі де бір дерт. Оның емі, аурудың хикметін мәнісін түсіну. Аурудың хикметі мен пайдаларын түсінген болсаң, сол дәріні уайымның үстіне жақ құтыл. Ах, дегеннің орнына ох, де. Әттеген-ай, дегеннің орнына «Әлхамдулиллаһи ала кулли хал!» яғни, қандай күйде болсам да Құдайға шүкір!" де.

ОН БІРІНШІ ШИПА. Уа, сабырсыз науқас бауырым! Дәл қазір ауруың мазаңды алып тұрғанымен, бүгінге дейінгі мазасыздықтардың аяқталуы мен олардың сауабы сені рахаттандырып тұр. Негізінде бүгіннен бастап, тіпті, осы сағаттан соң кеселіңнің ізі де қалмай сауығып кетерсің, кім біледі. Жоқ нәрсені уайымдама, уайымдамасаң босқа

— 247 —

өкінудің қажеті не? Сен білместіктен уайымға салынып, сабырсыздық етіп отырсың. Себебі, бұған дейінгі ауырғаның мазасыздығың, уайымың, бәрі де өтіп кетті. Одан сауаптар мен аяқталудың ләззаты қалды. Олар саған табыс пен қуаныш сыйлауы керек қой. Ал, сен болсаң өткенді ойлап өкініп, сабырсыздық етесің. Бұлай ету жарамас. Ертеңгі күн, ертең келеді. Жоқ күнді, жоқ ауруды, жоқ мазасыздықты бүгіннен бастап уайымдап, шыдамсыздық ету, яғни үш есе жоқты бар сияқты қарау бекершілік емей не?

Демек, бұдан бұрынғы науқас кездерің қуанышқа айналады. Ал, алдағы уақытта саған ауру жабыса ма, жабыспай ма, ол жағы беймәлім. Сондықтан орынсыз уайымдама. Хақ тағала берген сабыр қуатын бекерге шашпа! Оны дәл қазіргі қайғыға қарсы пайдалан. "Я, Сабур!" деп, шыдап бақ.

ОН ЕКІНШІ ШИПА. Уа, аурудың салдарынан ғибадатын өтей алмай, құлшылығын жасай алмай, сонысына өкінген науқас!

"Тақуа кісі күнделікті құлшылығының сауабын науқастанып, құлшылық жасай алмаған кезде де алатын болады" деген хадис бар. Парыздарын мүмкіндігінше орындауға тырысқан науқас, сабыр сақтап, тәуекел етсе, сырқаттанып, орындай алмаған сүннет амалдардың сауабын осы сырқат есебінен толтырады дейді. Сондай-ақ, ауру адам әлсіз, дәрменсіз болғандықтан өзінің халімен және тілімен дұға етіп жалбарынады. Хақ тағала адам баласын соншалықты әлсіз әрі дәрменсіз етіп жаратқандағы мақсаты өзіне әрдайым жалынып жалбарынсын, дұға етсін дейді.

Қ РАНДА. قُلْ مَا يَعْبَؤُا بِكُمْ رَبّ۪ى لَوْلَا دُعَٓاؤُكُمْ Яғни: "Дұға етпейтін болсаңдар еш қадірлерің жоқ" дейді. Бұл аяттың сыры, адамның жаратылғандағы хикметі де қадір қасиетіде Раббысына шынайы дұға ету, жалынып - жалбарыну екенін көрсетеді. Жалбарынудың ең оңтайлы сәті ауырған кез. Сондықтан ауырған адам шағымданудың орнына Аллаһқа шүкір етуі қажет. Ауыру ашып берген "дұға бұлағын", бітеп тастауға болмайды.

ОН ҮШІНШІ ШИПА. Уа, ауырып қалғанына шағымданған бейшара жан!

Ауруға шалдығу, кейбіреулер үшін қазына табумен тең, ол оған баға жетпес Иләһи құнды сыйлық. Әрбір науқас кісі ауруына осылай қарағаны жөн. Ажалдың қашан келетіні белгісіз. Аллаһ Тағала

— 248 —

адам баласын дүниеден мүлдем күдер үзуден сақтау үшін және мүлдем бейқамдыққа салынып, қаннен-қаперсіз жүруден құтқару үшін қорқыныш пен үміт арасында жүруін бұйырады, яғни дүние мен ақыретті тепе-тең ұстаңдар дейді. Сол үшін ажалды жасырып қойған. Демек, ажал кез келген уақытта келуі мүмкін. Егер ол адамға бейқам алаңсыз кезінде келсе, мәңгі өміріне қауіп. Ал, ауру адамды бейқамдықтан, қапы қалудан сақтайды. Ақыретті еске салып, өлім туралы ойландырады. Ақыреттің қамын жасатады. Кейде аурудың мол табысқа кенелтетіні сондай, жиырма жылда әрең жететін мәртебеге жиырма күнде қол жеткізеді.

Иманды болсын, марқұм шәкірттерімнің ішінде екі жас жігіт бар еді. Біреуі Иламалық Сабри, екіншісі Ислам ауылынан келген Уәзіменде Мұстафа. Бұл екеуі жазу білмесе де шәкірттерімнің арасында ықыласты, иман қызметіне адал да үздік болатын. Мұның сырын білмей таңданатын едім. Қайтыс болғандарында ғана түсіндім. Екеуінің де ауруы өте ауыр екен. Басқа ғапыл, парыздарды орындамайтын жастарға қарағанда олар сырқаттық себебінен екеуі де тақуа, адал еді. Екеуі де алдыңғы қатарда қызмет етіп, ақыретке пайдалы істер атқарып кетті. Иншаллаһ, олардың екі жылға созылған ауру халдері, мәңгі өмірдің бақытына бөленуіне себеп болған шығар.

Қазір ойлап отырсам, менің олардың сауығып кетулері үшін жасаған дұғаларым дүниелік тұрғыдан қарғыс болғандай. Бір жағынан, ол дұғатілегім ақыреттік халге пайдасы тиер деп ойлаймын.

Міне, осы екі жігіт, меніңше тақуалық арқылы ондаған жылда қол жететін табысқа тез ие болды. Егер ол екеуі, кейбір жастар секілді денсаулық пен жастыққа сеніп, бейқамдыққа салынып, орынсыз ойынсауық қуғанда, ажалы жетіп, күнә жасап жатқанда өлсе, қабірлерін мұндай нұрға емес, бақа-шаян мен жыланға толтырар ма еді?! Аурудың осындай пайдасы бар екені рас. Олай болса одан шағымданбай, қайта тәуекел деп сабыр етіп, тіпті шүкір етіп, Аллаһтың мейіріміне арқа сүйеу қажет.

ОН ТӨРТІНШІ ШИПА. Уа, көзін шел басқан науқас!

Егер имандылардың көзін басқан шелдің арғы жағында керемет бір нұр, мағынауи бір көз жатқанын білсең ғой, Рахымды Раббыңа шексіз шүкір етер едің. Осы шипаны дәлелдейтін бір оқиға баяндап берейін.

— 249 —

Сөзімді екі етпей, адал қызмет еткен Барлалық Сүлейменнің әпкесінің көзін бірде ақшел басып, көруден қалды. Ақкөңіл, салиқалы әйел мені аса жоғары мәртебелі деп ойлап, мешіттен шыға берісте: «Көзім ашыла ма екен, маған дұға етіңізші!» деп өтінді. Мен де сол мүбәрак әйелдің адалдығын дұғама шапағатшы етіп: «Я, Құдайым! Оның адал ниеті үшін көзін аша көр!» деп жалбарынып, дұға еттім. Ертеңіне Бурдур қаласынан көз дәрігері келіп, әйелдің көзі тәуір болды. Алайда, қырық күннен кейін қайтадан зағип қалпына түсті. Қатты өкіндім... көп-көп дұға оқыдым. Иншаллаһ, сол оқыған дұғаларым оның ақыреті үшін қабыл болған шығар. Әйтпесе, менің сол бір дұғам оған жөнсіз, бәлкім қарғыс болар еді. Неге десеңіз байғұстың ажалы жетіп тұр екен. Қырық күннен соң қайтыс болды. Топырағы торқа болсын!

Міне, әлгі марқұм әйел Барланың жабырқау бау-бақшаларын аянышты қарттық көзбен қырық күн ғана тамашалады. Есесіне, ол енді о дүниеде, жаннаттың бау-бақшаларын қырық мың күн тамашалайтын болады. Өйткені, оның иманы күшті, діні берік болатын. Иә, мүмин қабірге көзін шел басып енсе, нұрлы әлемді әлдеқайда жақсы тамашалайтын болады. Мысалы, бұл дүниеде біз көп нәрсені көре аламыз, ал зағип мүминдер көрмейді. Зағип кісі қабірге иманды кетсе, жаннат бауларын өзге әруақтардан әлдеқайда анық тамашалай алады. Алысқа дүрбі салған кісі сияқты, олар да о дүниеге барған соң мәртебесіне қарай, жұмақтың бау-бақшаларын қызықтайтын болады. Міне, көздегі шелге шүкір және сабыр ету арқылы жаннатқа қол жеткізеді. Әлгіндей шелді сылып тастап, жанарыңды шырадай жандыратын жалғыз дәрігер - Қасиетті Құран Кәрім ғана.

ОН БЕСІНШІ ШИПА. Уа, жаны қиналған науқас адам! Ауруыңды уайымдап қиналма! Оның мән-мағынасын ойла, сабыр ет! Егер ауру шынымен-ақ жаман болса, Аллаһ Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру, сырқат бермеген болар еді. Алайда, мынадай хадис бар:

اَشَدُّ النَّاسِ بَلَاءً اَلْاَنْبِيَاءُ ثُمَّ الْاَوْلِيَاءُ اَلْاَمْثَلُ فَالْاَمْثَلُ -اَوْ كَمَا قَالَ

Яғни, «Қиыншылыққа, қайғыға ең көп душар болғандар өте жақсы, әрі кәміл кісілер». Мысалы, Хазіреті Әюб Ғалейһиссалам мен өзге пайғамбарларды және әулиелер мен діндар кісілерді еске алайық. Олар кеселге шынайы құлшылық пен Рахманның жарылқауы деп қараған, сабыр сақтап, шүкір еткен. Олар сырқатты азаптайтын

— 250 —

нәрсе емес, Рахманның емдеу тәсілінің бірі деп білген.

Уа, жаны қиналған науқас! Әлгі нұрлы көштің соңына ілескің келсе, сабыр сақтап, шүкір ет! Әйтпесе, олар көшке қоспайды. Қараңғыда қарманып, қапы қалғандардың құрған тұзағына түсесің.

Иә, аурудың түрі көп. Кейбіреуі өліммен аяқталып, мағынауи шейіт тәрізді әулиелік дәрежесіне шығуға баспалдақ болады. Оған толғаққа қатысты жағдайлар мен {(Сілтеме): Бұл аурудан қайтыс болғандардың шейіт саналатын кезеңі босану мерзімінен бастап қырық күнге дейін.} асқазанның түйнеуі, сондай-ақ, суға бату, өртеніп өлу жатады. Міне, осындай себептерден қайтыс болғандар, мағынауи шейіт саналады. Соңы өліммен аяқталса, әулиелік дәрежесіне көтеретін көптеген мүбәрак аурудың түрлері бар. Сондай-ақ, ауру сырқат адамды дүниеқұмарлықтан, көрсеқызарлық пен қомағайлықтан сақтайды. Бұл дүниені ғана ойлайтын кәпірлер үшін тым қайғылы да өкінішті болып саналатыухалім атты қоштасуды осы мағыналар жеңілдетіп, тіпті сүйсіндіреді.

ОН АЛТЫНШЫ ШИПА. Уа, жаны күйзеліп, арызданған науқас! Науқастық, қоғамдық өмірде маңызы зор сыйластық пен қайырымдылықты арттыра түседі. Өйткені, адам баласын тоңмойын ететін истиғнадан сақтайды, яғни ешкіммен жұмысы болмай, өзіменөзі болудан құтқарады. Бойыңды жайлаған ауру, сені осындай орынсыз оқшауланудан сақтайды. Себебі:

اِنَّ الْاِنْسَانَ لَيَطْغٰى ٭ اَنْ رَاٰهُ اسْتَغْنٰى

дегендей денсаулық пен бақуаттылық ешкімге мұқтаж емеспін деген ой қалыптастырып, нәпсіні тәкаппарландырып, құрметтеуге лайық бауырларға деген сыйластықты, ыстық ықыласты сездірмейді. Ондай адам көмекке мұқтаж, шарасыз, кемтарлар мен науқастарға жаны ашымайды. Ал, өзі ауырып қалғанда әлсіздік пен пақырлықты түсініп, туыс-бауырларына қолынан келгенше құрмет көрсетуге тырысады. Көңілін сұрай келген немесе көмектескен мүмин бауырларына дән риза болып, оларға деген сыйластық сезімі оянады. Адамдарға деген жанашырлығы артады. Сондай-ақ, байғұстарға Ислами мінезбен мейірлене қарауды үйренеді. Оларды өзімен салыстырып, жанашыр болады. Қолдан келгенше жәрдемдесіп, жәрдемдесе алмаған жағдайда дұға етіп, ең болмаса шариғатта сүннет болып саналатын науқастың

— 251 —

жағдайын сұрап, үйіне барады. Сауапты іс атқарады.

ОН ЖЕТІНШІ ШИПА. Уа, науқастанып, қайырымдылық жасай алмағанына шағымданған науқас! Шүкір ет! Біле білсең бұл ауру саған қайырымдылық қазынасының есігін ашады. Ауру сен сияқты науқастарға және науқас жанды Аллаһ ризасы үшін бағушыларға сауап жаздырып қана қоймай, дұғаның қабыл болуының бірден-бір себебі.

Иә, науқасты бағушылар егер иманды кісілер болса мол сауап алады. Науқастың халін сұрау, оны зиярат ету Пайғамбарымыздан қалған сүннет, күнәнің кешірілуіне де ықпалы зор. Алайда, сырқаттың мазасын алып көп отырмау керек. "Науқас жандардың дұғасын, батасын алыңдар. Өйткені, олардың дұғасы қабыл болады" деген хадис бар. Әсіресе, науқас адам өзіңнің туысқаның болса, оның ішінде атаанаң болса, оларға жасалған қызмет маңызы зор ғибадат, мол сауап. Ал, науқастың көңілін көтеру, үміттендіріп демеу болу, үлкен садақа. Әке-шешесі науқастанғанда олардың сезімтал көңілдерін аулап, қайыр дұғаларын, ақ баталарын алған бала нендей бақытты!

Иә, ардақты ата-анасының мейірімін ескеріп, олар сырқаттанып қалғанда сый-құрмет көрсетіп, перзенттік борышын өтеуге тырысқан мұндай жақсы балаларға тіпті көктегі періштелер де: «Бәрекелді, Машаллаһ» деп риза болады екен. Иә, ауырған кезде қиналысты сездірмейтін өте жағымды, тәтті ләззат бар. Ол - ауру адамның жанына жиналған жанашыр, мейірбан, қайырымды кісілердің жылы сөздері мен жасаған қамқорлықтары. Науқас жанның дұғасы қабыл болатыны жай бір мәселе емес, өте маңызды.

Менің арқамның шаншитыны бар. Отыз-қырық жылдан бері сол ауруыма Аллаһтан шипа тілеп, дұға етіп келем. Енді түсіндім, бұл кесел маған дұға етуім үшін берілген екен. Дұға менен дұғаны (яғни, дұға өзін-өзі) жоймайтындықтан дұғалардың пайдасы ақыретте тиетінін түсіндім. Дұғаның өзі де ғибадаттың бір түрі ғой. Сондай-ақ, ауру меңдеп, өзінің әлсіздігін аңғарған пенде, Жаратқан Иесіне шын жүректен жалбарынатын болады.

{(Сілтеме): Рас, кейбір кесел Аллаһқа дұға еткізіп, жалбарынуға себеп болады. Ал, дұға етіп аурудан жазылуын тілеу, дұғаның өзін-өзі жойып жіберуі болып табылады. Әрине бұл қисынсыз.}

Иә, отыз жылдан бері шипа тілеп келем, бірақ қабыл болған жоқ деп дұғаны тәрк ету ойыма еш келген емес. Өйткені, ауруға шалдыққан кездұға етудің уақыты. Тәуір болу, дұғаның нәтижесі деу қате. Шипа

— 252 —

Аллаһ Тағаланың асқан мейірімділігімен беріледі. Сондай-ақ, дұға біз ойлағандай қабыл болмаса, оған ренжуге болмайды. Рахымды Иеміз барлық нәрсені бізден әлдеқайда жақсы біледі. Біз үшін қайсысы пайдалы болса, соны береді. Кейде дүниелік шаруа үшін жасаған дұғаңды біздің пайдамызға ақыреттік қылып қабыл алады. Жоғарыда ескерткеніміздей, ауырған кездегі әлсіздіктен, шарасыздықтан туындаған риясыз, пәк дұғалардың қабыл болу ықтималы жоғары.

Демек, ауру осындай шынайы дұғаға себеп екен. Діндар науқас немесе науқасты бағушы мүминдер осындай дұға етілер сәттерді пайдаланып қалғаны жөн.

ОН СЕГІЗІНШІ ШИПА. Уа, шүкірді қойып, арыз айта бастаған науқас! Арызды ақысы бар адам айтады. Сенің оған ақың жоқ. Қайта мойныңда шүкір ету борышың бар еді. Сен оны толық атқармадың. Аллаһ Тағаланың ақысын бермей тұрып, өз ақыңды даулағаның жараспас. Өзіңнен әлдеқайда денсаулығы мықтыларға қарап шағым айтуға сенің де, ешкімнің де ақысы жоқ. Қайта сен, өзіңнен денсаулығы нашар, ауыр науқастарға қарап, шүкір етуге міндеттісің. Қолың сынып қалса, қолы жоқ, шолақтарға қара! Бір көзің ағып кетсе екі көзі зағиптерге қара! Аллаһқа шүкір ет! Нығмет тұрғысынан өзінен жоғарыларға қарап шағымдануға ешкімнің ақысы жоқ. Ал, қайғы-қасірет жағынан өзінен әлдеқайда қайғылы жандарға қарау әркімнің міндеті. Адам сонда ғана толық шүкір етеді. Бұл сыр басқа еңбектерімде мынадай бір тәмсілмен түсіндірілген болатын. Оның қысқаша мағынасы былай:

"Бір мырза, міскін, пақыр адамды биік бір мұнараның басына жетектеп алып шығады. Мұнараның әрбір баспалдағын басқан сайын бір сыйлық береді. Дәл ұшына барғанда оған тағы аса құнды үлкен сыйлық ұсынады. Әлгі кісі манағы қыруар сыйлықтарға рахмет айтып, әлгі мырзаға қарыздар болудың орнына, әрбір баспалдақ үшін алған сыйлықтарды місе тұтпай немесе ұмытып, айналасына қарап, "Шіркін, анау мұнара өте биік екен! Мына мұнара да биік болғанда ғой! Неге мына мұнара солар сияқты биік емес?" дегендей шағым айтса, оның соншалық тоңмойын, қайырымсыз екені белгілі.

Дәл сол сияқты адам баласы әу баста жоқ еді, бар болды. Тас болмай, ағаш та болмай, хайуан болып қалмай адам болды. Мұсылман сипатқа ие болып, ұзақ уақыт денсаулығы мықты болып, мол нығметке бөленді. Бірақ, кейбір себептерге байланысты денсаулық дейтін нығметке лайық бола алмаса, немесе өзінің жат қылықтарымен, жөнсіз әрекеттерімен

— 253 —

денсаулығынан айырылып қалса, сабыр сақтамай: «Құдайға не жаздым!» деп Аллаһтың жазғанына наразылық білдіріп, шағымдану дене сырқатынан әлдеқайда ауыр рухани кесел. Бұл, сынған қолмен шайқасумен тең. Шағымның кесірінен ауруын үдетіп алады.

اَلَّذ۪ينَ اِذَٓا اَصَابَتْهُمْ مُص۪يبَةٌ قَالُٓوا اِنَّا لِلّٰهِ وَاِنَّٓا اِلَيْهِ رَاجِعُونَ

дегендей ақылды жан Аллаһқа мойынсұнып, сабыр қылады. Сол кезде ауру өз міндетін атқарып кете барады.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ШИПА. Хақ Тағаланың барлық есімдері "Әсма-үл Хүсна" яғни Құранның тілімен айтсақ Аллаһтың күллі есімсипаттары әсем, өте көркем. Болмыс атаулының ішіндегі Самедани айналардың ең нәзігі, ең әдемісі, ең ауқымдысы тіршілік. Әсем нәрсеге шағылысып, оны көрсететін айна да әсем болмақ. Тамашаның тамашалығын көрсетіп тұрған, айнаның өзі де әдемілене түспек. Көркемдік бұлағынан әлгі айнаға не түссе өзі де, құлпырып кететіндігі сияқты өмір атты айнамызға әлгі Әсемдіктен не келсе де бәрі тамаша, бәрі әсем. Өйткені, ол айна тамаша Әсма-үл Хүснаның әсем сәулелерін көрсетеді. Егер өмір әрдайым сау-саламат, бір қалыпты рахат күйде өтсе, айналық қызметіне нұқсан келер еді. Адам өзінің бар екенін білмей, тіпті жоқ сияқты, жаны қиналады. Ондай өмір өзінің мәнісін жояды. Өмірдің қызығы кетіп, мазасыздық басады. Ондай өмір ішті пыстырып, уақыт өткізу үшін адам, я азғындыққа салынады я ойынсауыққа құмар келеді. Қамаудағы адам, мерзімінің тезірек аяқталғанын аңсайтыны секілді ондай адамдар құнды өмірінің де тез өте шыққанын қалайды. Ал, өзгерістер мен жаңалықтарға толы, толқынды, соқтықпалы өмірдің өзі құнды һәм маңызды әрі қызық. Өмір машақат пен қайғыға, бейнетке толы болса да оның аяқталуын қаламайды. "Түһ, күн батпады ғой немесе неткен ұзақ түн" деп қиналып, дөңбекшімейді. Иә өте бай, төрт құбыласы түгел, қамсыз екі қолы алдына сыймаған мырзадан хал сұрасаң, әлбетте, "уақыт өтпейді, кел, екеуміз уақыт өткізу үшін бір ермек табайық" деуі әбден мүмкін. Немесе бітпейтін арман-тілектерден бастау алатын анау жетпейді, мынау жетпейді ананы істеу керек еді. Мынаны істеу керек еді деген шағымдарды естисің. Ал, адал еңбегімен бейнеттеніп күн кешкен шаруаның олай демесі анық. Ол: "Құдайға шүкір, істейтін жұмыс көп. Уақыт зымырап өтуде, бір орнында тұрар емес. Шіркін-ай, күн мұнша тез батпаса ғой. Рас, жұмыс ауыр, бірақ бұл да өтеді де кетеді. Барлық нәрсе осылай тез емес пе?"

— 254 —

деп, рухани тұрғыдан өмірдің қаншалықты құнды екенін айтады. Тез өткенін қаламайды. Демек, машақаттанып, еңбек ету арқылы өмір қызық болып, тіршіліктің құндылығы артады. Демалыс көп, денсаулық мықты өмірдің мәні кетіп, тез өткенін қалайды.

Уа, науқас жан! Өзге еңбектерімде егжей-тегжейлі баяндағанымдай біле білсең жамандық пен қайғы-қасірет, тіпті күнәлардың қайнар көзі - болымсыздық. Болымсыздық дегеніміз - бірқалыптылық, әрекетсіздік тыныштық тоқырау. Ол, жаман әрі қараңғы нәрсе. Бірқалыпты күйден жоқ болудың, қараңғылықтың лебі есіп, жанды күйзелтеді. Іс-қимыл, өзгеріс пен жаңалық, керісінше бар болу, яғни адам өзінің бар екенін толық сезінеді. Бар болу - шынайы жақсылық нұр.

Ақиқат осы. Сенің мына ауруың қымбат өміріңді шыңдауға, қуаттандырып одан әрі дамытуға, сондай-ақ, денеңдегі басқа сезім мүшелерді әлгі науқас ағзаның айналасына шоғырландырып, көмектестіруге және Хакимнің түрлі есімдерінің сәулелерін көрсету сынды көптеген маңызды міндеттер атқару үшін сенің денеңе қонақ ретінде жіберілген. Иншаллаһ, өз міндетін атқарған соң аурудың өзі-ақ кетеді. Кетерінде денсаулыққа: «Кел, менің орнымда сен қал! Міндетіңді атқар. Бұл сенің орның» дейді.

ЖИЫРМАСЫНШЫ ШИПА. Уа, дертіне шипа іздеген, науқас! Аурудың екі түрі бар. Біріншісі дененің ауыруы, бұл шынайы ауру, екіншісі уайымға салыну. Шәфи, Хаким Аллаһ, Жер шары дәріханасында шынайы аурудың барлық түрінің шипасын жаратқан. Енді ол шипалар ауру-сырқаудың болуын қажет етеді. Барлық аурудың шипасы бар. Жазылып кету үшін дәрі-дәрмек ішіп, ем-дом қолдануға болады. Алайда, олардың әсері мен шипасын Аллаһ Тағаладан деп білу қажет. Дәрі-дәрмекті Аллаһ Тағала жаратты, демек шипаны да сол береді. Тәжірибелі діндар дәрігердің айтқанын істеу маңызды бір ем саналады. Өйткені, көптеген аурулар ысыраптан, шамадан тыс ішіп-жеуден, қателіктерден орынсыз ойын-сауықтан, салғырттықтан пайда болады. Діндар дәрігер жөнін айтып, жақсы насихат кеңес береді. Жат қылықтардан, ысырап етуден тыйып, көңілге дем береді. Науқас бұл насихат пен демеуге сүйеніп оңалып, ауруы жеңілдеп, көңілі рахаттанады.

Ал, екінші шынайы ауру емес, уайым деген аурудан құтылудың шарасы - мән бермеу уайымдамау. Оны уайымдаған сайын асқына түседі. Уайымдамаса бәсеңдеп қалады. Мәселен, араларға тиіскен

— 255 —

сайын үймелеп, шабуылын үдете түседі, ал тиіспесең жайына кетеді. Тағы бір мысал, қараңғыда ілулі тұрған бір жіпке мән беріп, назар аударған сайын үлкейіп, үрей туғызады.Тіпті, кейде адамның зәресі ұшып, тұра қашуы мүмкін. Егер мән бермесе оның жылан емес, жәй ғана жіп екені белгілі болып, өз халіне күлуі мүмкін.

Егер уайым дейтін ауруға көп мән беріп, ұзаққа созылса, ол шындыққа айналып кәдімгі дертке айналады. Әсіресе жүйкесі жұқа, уайымшыл кісілерге аса қауіпті. Түймедейді түйедей етіп, төзімін тауысып жібереді. Оның үстіне науқас адам, мейірімсіз дәрігерге немесе ынсапсыз емшіге тап болса, не байлығынан айырылады, не ақылынан адасады не болмаса денсаулығын жоғалтады.

ЖИЫРМА БІРІНШІ ШИПА. Уа, науқас достым! Ауруың тән азабын тартқызып жатқан болар. Алайда, сол тән азабын ұмытқызып жіберетін жанға жайлы рахат, рухани ләззат сені қоршап тұр. Егер әке-шешең немесе ет жақын туыстарың аман болса, өзің бала кезіңде сезінген ләззаты мол мейірімдеріне қайта қауышып, сәби күндеріңдегі аяулы алақандардың қайта әлпештеуіне бөленіп жатқан шығарсың. Осы аурудың арқасында адал достардың байқалмай жүрген сүйіспеншілігіне, мейіріміне бөлендің емес пе? Мұндай жағдаймен салыстырсаң әрине, мына тән ауруың, шеккен азабың оның қасында түк те емес.

Сондай-ақ, сен қызмет етіп, ілтипаттарына бөленгің келген жандар, енді өздері келіп, саған мейірімін төгіп, құрметтеп жатқандықтан құрметті кісілердің құрметтісі болдың. Оның үстіне жаныңдағылардың мейірімділік, қамқорлық сезімдерін оятып, жоқ жерден көптеген қызметшілер, мейірбан жандар мен шынайы достар таптың. Сондай-ақ, сырқатыңның арқасында жұмыстан босатылып, демалып жатырсың. Сенің тән ауруың үшін осындай рухани ләззаттар сені өкінішке емес, шүкір етуге итермелеуі керек.

ЖИЫРМА ЕКІНШІ ШИПА. Уа, сал ауруына шалдыққан ғазиз достым! Әуелі сені қуантып қояйын, мүмин үшін сал ауруы мүбәрак болып саналады. Яғни ерекше маңызы бар. Мұны әулие кісілерден көп естігініммен сырын білмеуші едім. Жүрегіме жеткені мынау.

Әулиелер Аллаһ Тағалаға жақындау үшін және дүниенің рухани қауіп-қатерінен құтылу үшін және мәңгі өміріне зақым келтірмей, аман сақтап қалу мақсатында екі ережені қатаң ұстанған.

— 256 —

Біреуі. Рабыта-и Мәут, яғни дүниені пәни, өткінші деп біліп, өзінің белгілі бір міндет жүктелген, уақытша қонақ екенін шын жүректен мойындап, бақи өмірге дайындалу.

Екіншісі. Қызбалық, ожар сезімдердің билеп кетуінен құтылу үшін, аз тамақтану, нәпсіге ауыр келетін істер арқылы әрдайым нәпсісімен күресуді әдет қылған.

Уа, денесінің бір бөлігі жансыз қалған бауырым! Саған қысқа әрі оңай түрде бақыттың кілті болар екі себеп берілген екен. Сенің семіп, жаны кетіп қалған тәнің, дүниенің баянсыз, ал адамдардың қонақ екенін көрсетеді. Бұдан былай қу дүние сені алдап, бейқамдық көзіңді байлай алмайды. Жарты денесінен айырылған кісіні әрине, нәпсі алдай алмайды. Олай болса сен нәпсінің пәлесінен оңай құтылдың. Мүмин адам иманның, тәслімнің, тәуекелдің сырлары арқылы сал ауруын тиімді пайдаланып, әулие кісілердің әрең жететін биік мәртебелеріне тез қол жеткізе алады. Осылай түсінсе әлгі ауыр дерт жеңілдеп, өте арзанға түседі.

ЖИЫРМА ҮШІНШІ ШИПА. Уа, кәріп, болып жалғызсыраған науқас! Науқасың мен жалғыздығың төңірегіңдегілердің тас жүректерін жібітіп, саған деген аяныш сезімдерін оятты ғой. Апырым-ай, Қасиетті Құранның барлық сүрелерінің басында өзін Рахман, Рахим сипаттарымен таныстырған және мол мейірімінің сәл ғана лебімен бүкіл аналарды сәбиіне қамқор етіп тәрбиелеткізген, жетілдіріп өсірткен, сондай-ақ, мейірімінің шуағымен көктем сайын Жер жүзін сан алуан нығметтермен толтырған, мәңгілік жәннат барлық тамаша жақтарымен оның аса қамқорлығының бір ғана сәулесі, жай бір шағылысы ғана болған мейрімді Раббыңа иман ету арқылы арқа сүйеп, оны танып, ауру халіңде жалбарынсаң, сенің жалғыздығың, Оның мейірімі мол назарын өзіңе тікелей аударады. Демек, Ол бар және көріп отыр. Олай болса бәрі де жақсы болады. Ендеше, жалғызсырайтын сен емес, Аллаһқа иман етпейтін, оған арқа сүйеу дегенді білмейтін немесе соларға мән бермейтін жан.

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ШИПА. Уа, бейкүнә ауру балалар мен бала секілді қарттарға қызмет етіп жүрген күтушілер! Сіздерге ақыретке қатысты өте пайдалы сауда жасауға мүмкіндік туып тұр. Сол ақыреттік сауданы ынта-жігермен жасап қалыңдар! Сәбилердің ауруы олардың нәзік денелерін машықтандыру және болашақта өмірдің соқпақтарына

— 257 —

төтеп беруге жаттықтыру әрі Раббани тәрбие секілді дүниелік өміріне қатысты көптеген хикметтер бар. Сондай-ақ, оның рухани өмірін күнәлардан арылтатын, үлкен кісілерге, кәффаре-түз зунуб яғни күнәдан арылу болып саналатын бұл қиыншылықтар, жас балалар үшін келешекте және ақыретте рухани дамуына себін тигізеді. Сырқатының сауаптары ата-анасының сауап дәптеріне жазылатындығы, әсіресе аса мейірімділікпен өз денсаулығын баласы үшін пида ететін анасының амал дәптеріне еселеп жазылатындығы ақиқатшыл жандар тарапынан расталған. Ал, қарияларды бағу әсіресе, олар ата-анасы болса, олардың баталарын алу, көңілдерін көтеру, адал қызмет ету, екі дүниеде бақытқа бөленуге бірден-бір себеп болатыны нақты хадистер мен өмірде болған оқиғалар арқылы дәлелденген.

Қарт әке-шешесіне мойынсұнып, айтқандарын істеген бақытты бала, өз баласынан да дәл сондай ізгі жауап көретінін, ал егер әке-шешесінің көңілін қалдырған болса ақырет азабынан басқа, дүниеде де көп бәлеге душар болып, сазайын тартатынын өмірде де көріп жүрміз.

Иә, қарияларға, бейкүнә жандарға, сондай-ақ туысқандарға ғана емес иманды (өйткені имандылықта нағыз достық пен бауырластық сыры бар) кісілерге, егер олар науқас әрі мұқтаж болса, шын көңілден қызмет ету - дін Исламның талабы.

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ШИПА. Уа, науқас бауырлар! Сіздер барлық дертке дауа, жанға шипа, ләззаты мол нағыз қасиетті дәрі қаласаңыздар, имандарыңызды күшейтіңіздер! Яғни, тәубе және истиғфар етіп, намаз оқып, құлшылық ету арқылы әлгі қасиетті дәрі - Иман дәрісін ішіңіздер.

Дүниеге деген махаббат пен қызығушылықтың кесірінен ақыретке дайындықты кейінге қалдырып, тіпті естен шығаратындардың дүниедей үлкен рухани ауру денелері бар. Қоштасу мен айырылудың опығын жеп ауыр жарақаттанған мұндайларды иман арқылы әпсәтте емдеп, жараларын тәуір қылып, нағыз шипа берудің жолдарын, көптеген еңбектерімде дәлелдеген болатынмын. Көп сөйледі демеңіз, қысқа қайырайын.

Имани дәрінің әсері парыздарды мүмкіндігінше толық орындаған кезде көрінеді. Немқұрайлылық, арзан күлкі, түрлі нәпсіқұмарлық әрекеттер, иман дәрісінің әсерін әлсіретіп, тіпті жойып жібереді. Демек, ауру-сырқат пәни өмірге алданудан сақтайды. Орынсыз құмарлықтарға кедергі болады.

— 258 —

Ондай сәтті тиімді пайдаланып қалыңыз.

Толық иманның қасиетті дәрілерінен, оның нұрларынан тәубе, истиғфар арқылы, дұға мен жалбарыну арқылы пайдаланып қалыңыз.

Аллаһ Тағала сіздерге шипа берсін, Ауырған сәттеріңізді "кәффаратуз-зунуб", яғни күнәлардан арылуға себеп етсін.

Әмин. Әмин. Әмин...

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى هَدٰينَا لِهٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِىَ لَوْلَٓا اَنْ هَدٰينَا اللّٰهُ لَقَدْ جَٓاءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ
سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ
اَللّٰهُمَّ صَلِّ عَلٰى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ طِبِّ الْقُلُوبِ وَ دَوَائِهَا وَ عَافِيَةِ الْاَبْدَانِ وَ شِفَائِهَا وَ نُورِ الْاَبْصَارِ وَ ضِيَائِهَا وَ عَلٰى اٰلِه۪ وَ صَحْبِه۪ وَ سَلِّمْ
وَهُوَ لِكُلِّ دَاءٍ دَوَاءٌ
қысқаша мағынасы "Бұл кітап барлық дертке шипа". Бұл сөзде керемет сәйкестік бар. Ол былай: Рефет бейдің жылдам көшіріп жазған нұсқасымен Хусревтің жазған нұсқасын салыстыра отырып еріксіз әрі ештеңе ойламай әр жолдың басында тұрған әлифтерді санап едік, وَهُوَ لِكُلِّ دَاءٍ دَوَاءٌ сөйлемімен дәлмедәл шықты.

{(Сілтеме): Кейіннен жазған ескертудегі екі әлиф бұл есепке алынбағандықтан есептелмеді}

Әрі осы кітаптың авторының Саид деген атына бір ғана айырмашылықпен сәйкес келіп тұр. Тек Рисаленің атына қатысты жазудағы бір әлифті есептемедік. Өте қызық жағдай, Сүлеймен Руштінің жазбасындағы (арнайы ойластырылмаса да) жүз он төрт әлиф, керемет шипа берер Құранның жүз он төрт сүресінің санына

сәйкес келуі таңғажайып сәйкестік. Сонымен қатар وَهُوَ لِكُلِّ دَاءٍ دَوَاءٌ сөзіндегі шәддәлі ләмді бір деп санасақ, жүз он төрт әріпке дәлме-дәл сәйкес келіп тұр.

{(Сілтеме): Хазіреті Али мен Ғаус ағзамның кереметтерінде Саид сөзінің соңында қаратпа сөз мағынасында бір әлиф қосылып Саида деп оқылды. Мүмкін артық тұрған осы әлиф сол әлифпен байланысты болар. Рефет, Хусрев.}

— 259 —
Жиырма бесінші Леманың қосымшасы
Он жетінші Мектуб болып, бөлек жинаққа енгендіктен мұнда жазылмады.
— 260 —

Жиырма алтыншы Лема

Қарияларға Үміт
(Жиырма алты үміт және жалпыға жұбаныш сыйлайтын нұрлар)

ЕСКЕРТУ. Әрбір «үміттің» бас жағында өзімнің рухани дертімді өте қасіретті және сендерге ауыр тиетіндей етіп жазуымның бір себебі, Құран Хакимнен келген шипаның ерекше әсерін жеткізу үшін болатын. Қарияларға қатысты бұл Лемада әдемі сөз саптауға мән берілмеді. Мұның бірнеше себебі бар.

БІРІНШІДЕН. Бұрын бастан кешкен шытырман оқиғаларға қиялмен сапар шегіп барып жазылғандықтан, қағазға анық әрі ретті түрде түспеді.

ЕКІНШІДЕН. Таң намазынан кейін қатты шаршап жүрген кезде жазылды. Сондай-ақ тезірек жазуға мәжбүр болғандықтан жүйесіздік орын алды.

ҮШІНШІДЕН. Жанымда хатшы үнемі болмай қалатындықтан мұны жазған кісінің Рисалей Нұр қызметіне қатысты тағы да төрт-бес шаруасы болғандықтан жазуға уақыты жетпей, жүйесіздік орын алды.

ТӨРТІНШІДЕН. Жазып болған соң екеуміз де шаршап-шалдығып қалатындықтан, мағынаны қайта тексеріп жатуға мұрша болмаудан кеткен кемшіліктер де бар. Сондықтан, ақкөңіл қариялардан осы бір кемшіліктерімізге кешіріммен қарауын және Аллаһ Тағаладан әрдайым алақан жайып сұраған қолдары бос қайтпайтын қарттардан бізді де қайыр-дұғаларына қосуын сұраймыз...

— 261 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
كٓهٰيٰعٓصٓ ٭ ذِكْرُ رَحْمَتِ رَبِّكَ عَبْدَهُ زَكَرِيَّا ٭ اِذْ نَادٰى رَبَّهُ نِدَٓاءً خَفِيًّا ٭ قَالَ رَبِّ اِنّ۪ى وَهَنَ الْعَظْمُ مِنّ۪ى وَاشْتَعَلَ الرَّاْسُ شَيْبًا وَلَمْ اَكُنْ بِدُعَٓائِكَ رَبِّ شَقِيًّا
Бұл Лема жиырма алты үміттен тұрады.

БІРІНШІ ҮМІТ. Уа, бүгінде ата-әже атанған ардақты қариялар! Мен де сіздер секілді қартпын. Қарттық шағымда ауық-ауық көңіліме үміт берген мағыналарды және сол үміт пен жұбаныш нұрларына сіздерді де ортақ қылсам деген оймен бастан өткен кейбір жағдайларды баяндап берейін. Бұл нұрлар мен үміттер әлбетте менің нұқсан да шектеулі қабілетіме қарай көрінді. Иншаллаһ, сіздердің пәк әрі күшті қабілеттеріңіз көрген нұрымды одан әрі нұрландырып, үміттерімді әлдеқайда үкілендіре түседі деп ойлаймын.

Сол үміт пен нұрдың қайнар бұлағы - Иман.

ЕКІНШІ ҮМІТ. Күз мезгілі. Қарттықты алғаш мойындай бастаған кезім. Екінді уақытында биік бір тауға шығып, дүнияға назар салдым. Кенет өкінішті де мұңлы, тіпті көкейді көр қылатын күйге түстім. Мен қартайған екенмін. Бүгінгі күн де қартайыпты, мына жыл да, мына дүния да қартайыпты. Дүниеден аттанар шақ, сүйген жандармен қош айтысар кезең жақындап қалыпты. Бұл жағдаят жаныма қатты батты. Сол кезде Аллаһтың рахымы мен мол мейірімі жарқын түрде көрінгені сондай, әлгі өкінішті мұң мен қоштасуға толы қайғы, үміт пен жұбаныштың нұрына айналып сала берді.

Уа, мен сияқты қариялар! Қасиетті Құранда жүз жерде өзін Әррахманиррахим сипатымен таныстырып, Жер жүзіндегі мейірімге мұқтаж жан-жануарларға әрдайым мейірім төгіп отырған, көктем сайын жоқты бар етіп, оны шексіз нығмет пен сыйлыққа толтырып, ризыққа мұқтаж біздерге үлгертіп отырған, сондай-ақ, бейшаралық пен әлсіздіктің дәрежесіне қарай мейірім шуағын арттырушы ХалиқыРахимымыздың мейірімі қарттар үшін үлкен үміт, қуатты нұр. Мұндай мейірімге бөленудің жолы Иман етіп, сол Рахманмен байланыс құру, діни парыздарды орындау, оған мойынсұну.

— 262 —

ҮШІНШІ ҮМІТ. Бірде түн ұйқысындай болған жастық кезеңнен ағарып атқан таң секілді қарттық шағымда ояндым. Өзіме-өзім зер салдым. Болмысым қабірге қарай зымырап барады. Нияз Мысридың,

Өмір атты сарайымнан бір тас құлап күн сайын

Жан хабарсыз жатыр бұдан, қирап бітті сарайым.

Осы өлеңде айтылғандай, жанымның ұясы болған денемнің күнде бір кірпіші қирап жатыр. Мені дүниемен байланыстырып тұрған үміт-армандарым өше бастаған. Шынайы дос, сүйікті жандарыммен қоштасар сәт таяп қалғанын аңғардым. Осы бір мұң мен емі жоқ дертке шипа іздеп, таба алмадым. Қайтадан Мысрлық Ниязлық болып былай дедім:

Көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптаған

Мендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...

Сол уақытта бірден Иләһи мәрхамет пен мол мейірімнің жаршысы, делдалы, аудармашысы, абыройы асқақ ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұры, оның шапағаты, сондай-ақ, адамзатқа сыйлаған хидает сәулесі әлгі дауасыз құрдым боп көрінген дертіме әсері мол шипа ем болды. Көңілімді тұмшалаған қараңғы уайымды жарқын да нұрлы үмітке айналдырды.

Уа, мен сияқты қарттықты сезе бастаған ардақты аталар мен әжелер!

Біз кетіп барамыз. Алданғанмен пайда жоқ. Көзімізді қанша жұмғанмен бізді бұл жерде көп тұрғызбайды. Айдау бар, айдалып барамыз. Алайда, ғапылдықтың нәтижесі яки азғындардың әсерінен көзімізге мәңгіге қоштасу, қараңғы боп көрінген берзах әлемі яғни қабірдегі әлем сүйікті жандардың бас қосқан мәжілісі. Ол жақта шапағатшымыз Хабибуллаһ Мұхаммед Алейһиссалату Уәссәләм бастаған күллі игі жандар мен дос жарандар бәрі сол жақта. Қабір - сол достармен қауышу әлемі.

Бір мың үш жүз елу жыл бойы, жыл сайын үш жүз елу миллион жанның сұлтаны, рухтардың тәрбиешісі, ақылдардың жетекшісі, жүректердің сүйіктісі, сондай-ақ, күн сайын اَلسَّبَبُ كَالْفَاعِلِ (Кім неге себеп болса соны істеген боп есептеледі. Ауд.) бойынша амал дәптеріне барлық үмметінің жасаған амалындай сауап жазылып жатқан
— 263 —

және әлемдегі Иләһи биік мақсаттардың өзегі мен болмыс атаулының қадірін арттыратын бірден-бір себеп, сондай-ақ, ол дүниеге шыр етіп түскенде «Үмбетім, үмбетім» деп жылаған, ал қиямет қайым болып, махшар күні барлық адам: «Мені құтқар, мені», - деп жан даусы шыққанда тағы да «Үмбетім, үмбетім» деп теңдесіз жанкештілік танытып, үмбетімді "құтқарам" деп жүгірген асыл жанның кеткен әлеміне бара жатырмыз. Бұл айтылғандар сахих риуаяттармен бекітілген. Ол жерде Пайғамбарымыз күн болса, айналасындағы асфиялар мен әулиелер жұлдыз бен ай. Осындай керемет, жарқын әлемге аттанып барамыз.

Міне, сондай бір жанның шапағатына бөленіп, нұрынан пайдаланудың және берзах қараңғылығынан құтылудың шарасы - көркем сүннетке мойынсұну.

ТӨРТІНШІ ҮМІТ. Қарттыққа аяқ басқан кезім болатын. Адамды бейқамдыққа салатын денсаулық та нашарлаған кез. Бір жағымнан қарттық, бір жағымнан ауру мазамды алып, ұйқымды қашырды. Балашаға, мал-мүлік секілді дүниемен байланыстыратын менде кедергі жоқ. Қарап отырсам, жастықтың мастығымен өтіп кеткен өмірімнен қалғаны ылғи күнәлар мен қателіктер екен. Ниязи Мысрлық сияқты: "Ақыреттің саудасын жасамастан өтті өмірім, кетті босқа Жолға түстім не шара, бір де бір із жоқ керуеннен.

Еңіреп, жылап шықтым жолға, жол да бөтен, тым-тырыс.

Жасаурап көзім, құлазып көңілім, ақылым аң-таң, не істерге" деп зар еңіредім.

Ол кезде елден жырақта едім. Үмітсіз бір қайғы, өкінішті бір қамығу, көмекке зар болып, қасірет шектім. Сол кезде Мұғжизалы Құран көмекке келді. Алдыма үміт қақпасын ашып, күшті демеу, нұр сыйлағаны сондай, әлгі күйдегі үмітсіздік жүз есе ұлғайса да тас-талқан етіп, қою қараңғылықты сейілтер еді.

Уа, мен сияқты дүниямен байланысы үзіле бастаған, және арадағы жіптері шешіліп жатқан қадірлі қариялар!

Мына дүниені аса керемет, тап-тұйнақтай шаһар, зәулім сарай тәрізді жаратқан Құдіреті күшті ста, сол шаһарда, осы сарайда тұрған қадірлі қонақтарымен, достарымен сөйлеспеуі, олармен жүздеспеуі әсте мүмкін емес. Демек, мына зәулім сарайды біле отырып салған. Өзінің ираде, еркімен реттеп, әшекейлеген, олай болса, әлбетте жасағанның білетіні, білгеннің де сөйлейтіні анық. Сондай-ақ, бізге

— 264 —

арнап мына сарайды, осы шаһарды әсем қонақжай мен керемет сауда орыны жасаған екен, әлбетте арамыздағы байланысты және бізден не қалайтынын білдіретін бір дәптері, бір кітабы болуы тиіс.

Енді сондай қасиетті дәптердің ең кереметі - қырық жақты мұғжиза, ең болмағанда жүз миллион адам минут сайын оқитын, әлемге нұр шашқан, әрбір әрпінде кемінде он сауап, он қайырым, кейде он мың, Қадір түнінің сыры арқылы кейде әр әрпіне отыз мың сауап жазылатын, Жәннатта жемістерін, берзахта нұрын беретін мұғжизалы Құран Кәрім. Бұл тұрғыда әлемде оған тең келетін кітап жоқ. Бар деп ешкім де көрсете алмайды.

Демек, қолымыздағы мына қасиетті Құран - Жер мен Көктің Халиқ-ы Зүлджәләлінің мутлақ рубубиеті (толық билігі) мен улухиетінің (ұлылығының) азаметі (асқақтығы) тұрғысынан яғни, тәрбие мен әкімшілігі жағынан, сондай-ақ, мейірімділігінің кеңдігінен келген сөзі, келамы, бұйрығы және Рахымының қайнар көзі. Олай болса, Құран Кәрімді қолыңнан тастама. Оның ішінде күллі дертке шипа, қараңғылық атаулыға нұр, кез келген торығуды тоқтатып, үміттендіретін қасиет бар.

Міне, осы мәңгі таусылмайтын қазынаның кілті - Иман, тәслім болу, тыңдап мойынсұну және оқу.

БЕСІНШІ ҮМІТ. Қарттықтың алғашқы кезеңдерінде, жаным жалғыздықты қалап Стамбулдың Бұғаз жағындағы Юша төбесіне шығып, демалып отыр едім. Әлгі биік төбеден сонау қиырға, айналама көз жібердім. Қарттықтың салдарынан, өкінішті де мұңды аяқталу мен қоштасу атты көрініске куә болдым. Өмір - бейне бір ағаш. Сол ағаштың қырық бесінші жылы, қырық бесінші бұтағы болып, сол биіктіктен, өмірімнің сонау бастапқы белестеріне дейін назар салдым. Төмендегі әрбір бұтағында, әр жыл сайын сүйікті жандарымның, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдардың, жора-жолдастарымның қаншама жаназаларын көрдім. Сол қоштасулар мен айырылысулардан пайда болған аянышты, рухани күйзелістен, қош айтысқан әлгі достарды ойлап:

"Қауышқан сәттерді еске алып жылаймын зорыққанша,

Зар еңіреймін, қаусаған мына денеден жан шыққанша", - деген Бағдаттық Фузулидің өкіне жазған жырларын қайталап, көңіліме демеу болар нұр, үміт іздедім. Сол кезде ақыретке иман нұры көмекке келді.

— 265 —

Еш сөнбейтін нұр, үзілмейтін үміт сыйлады.

Уа, мен сияқты, ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелер! Ақыреттің бар екені рас. Ол - мәңгі. Мына дүниеден әлдеқайда әсем. Оның үстіне бізді Жаратқан иеміз Хаким әрі Кәрім. Олай болса қарттыққа шағымданып, өкінбегін! Қайта қарттық дегеніміз - иманмен ғибадат жасап, жас ұлғайған соң міндетін атқарып, рақымдылық әлеміне тынығуға апаратын баспалдақ деп біліп, ризашылықпен қарсы алуымыз керек.

Хадис бойынша, адамзаттың ең таңдаулы тұлғалары болған жүз жиырма төрт мың пайғамбардың бір ауыздан, анық хабары арқылы, кейде көзбен көргендей, кейде хаққаляқын түрде бәрі бірлесе отырып, ақыреттің бар екенін, адамзаттың сол жерге жиналатынын, әлемнің Жаратушысы уәдесін сөзсіз орындайтындығын, яғни ақыретті жарататындығын хабарлауда. Сол сияқты, бұл хабарларды (кәшиф пен шуһуд) яғни, көзбен көргендей ғылмеляқын түрде мақұлдаған жүз жиырма төрт миллион әулие, ақыреттің бар екенінің дәлелі. Сонымен қатар, мына әлемнің хаким стасының барлық есімдері шашқан бұл дүниедегі шуақтары, бақи бір әлемді нақты түрде қажет ететіндіктен де ақыреттің бар екенін білуге болады.

Сонымен бірге, жыл сайын көктемде жер бетінде қу бұтағы ғана қалған сансыз өлі ағаштардың жаназаларын "Күн фая күн" әмірімен тірілтіп, «Бағсу бағд-ал мәутке» бөлеген және хашир мен неширдің, яғни өліп қайта тірілудің жүз мыңдаған үлгісі ретінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінің үш жүз мың түрін хашир-нешир еткен Әзели құдірет, сансыз бірақ ысырапсыз хикмет; сондай-ақ, рызыққа мұқтаж барлық жандарды аса мейірімділікпен, өте керемет түрде азықтандырған көктем сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде, саналуан құлпырған әсемдіктер мен сұлулықтар сыйлаған бақи, шексіз рақымдылық, әрдайым дайын тұрған жәрдем мен қамқорлық; сондай-ақ, мына әлем атты ағаштың құнды жемісі және Жаратушының ең сүйікті өнер туындысы, әлемдегі барлық болмыстармен тығыз байланыстағы адамның бойындағы қуатты да сарқылмас, мәңгілікке деген құмарлық, соңсыздық қалауы, аңсаған шексіз армандары, мына фәни әлемнен кейін бақи, мәңгі әлемнің, яғни ақырет пен бақыт әлемі бар екенін нақты дәлелдейтіндігі сондай, дүниенің бар екені қаншалықты анық болса, ақыреттің бар екенін де соншалықты қабылдауды, мойындауды талап етеді.

{(Сілтеме): Иә, бар нәрсені дәлелдеу оңай, ал оның жоқ екенін дәлелдеу өте мүшкіл екендігін мына бір мысал арқылы баяндап берейін. Бір адам "жер бетінде жемістері сүт консервісі сияқты таңғажайып бір бау-бақша бар" десе, қасындағысы "ондай бау-бақша жоқ" десе, бар деген адам, тек әлгі бау-бақшаны, тіпті кейбір жемістерін көрсетіпақ оп-оңай дәлелдеп береді. Ал, жоққа шығарған адам, оның жоқ екенін дәлелдеу үшін жер жиһанды көріп, әрі көрсету арқылы ғана айтқанын дәләлдей алады. Дәл сол сияқты Жәннат туралы хабар бергендер оның жүз мыңдаған нышан-белгілерін, жемістерін, іздерін көрсетсе жетіп жатыр. Тіпті, мұны есептемегеннің өзінде бар екені жайында турашыл екі куәгердің куәліктері жетіп жатыр. Ал, жоққа шығарушы болса ұшы-қиыры жоқ мына әлемді, шексіз заманмен қоса тарап-талдауы керек. Сонда ғана жоқ екенін дәлелдеуге шамасы келеді. Уа, ақсақалдар! Ақыретке иман қаншалықты қуатты екенін аңғарған шығарсыңдар.}

— 266 —

Иә, Құран Хакимнің бізге берген дәрісінің ең маңыздысы - Ақыретке иман дәрісі. Иман дәрісі сондай қуатты. Иманда осыншама үлкен үміт, күшті демеу бар. Демеу болғанда, қандай? Жүз мыңдаған қарттық бір адамның басына орнаса да төтеп беретін демеу. Біз қарттар, "Әлхамдулиллаһ ғалал Иман" деп қартайғандығымызға разы болуымыз керек.

АЛТЫНШЫ ҮМІТ. Ауыр да азапты күндерді бастан кешкен айдаудағы кезімде адамдардан оқшауланып, Барла жайлауында, Шам тауының етегінде жалғыз қалып, мұңды күй кештім. Жалғыздықтан қамығып, көңілім бір нұр іздеді. Түн болатын. Әлгі биік төбенің басында, биік бір қарағай ағашының басында, үсті ашық ықтырмада едім. Қарттық келіп, құлағыма әлденеше рет еселенген жалғыздықты сыбырлағандай болды. Алтыншы хатта баяндалғандай, түн тымтырыс, айнала жым-жырт. Тек ағаштардың сықыры, жапырақтардың сусылдаған аянышты үні қартайған, жалғыз қалған жаныма қатты батты. Қарттық менің санама мынаны жеткізді. Манағы күндіз, қараңғы қабірге айналды. Дүние қара кебініне оранды. Сол сияқты сенің өміріңнің күндізі де қараңғы түнге, дүниенің күндізі де берзах түніне, өмірдің жазы да өлімнің қысы сияқты түніне айналады.

Нәпсім шарасыз түрде былай деді. Мен отанымнан жырақта жүрмін. Мына елу жылдық өмірімде қаншама сүйікті жандармен қош айтысып, көз жазып қалдым. Солардың артында жылап-еңіреп қалған жайым бар. Бұл жайым отанға деген сағыныштан әлдеқайда мұңлы да ауыр сағыныш. Оның үстіне мына түн ішінде, тау етегіндегі мұңды жалғыздықтан да мұңдырақ һәм қайғылырақ жалғыздыққа беттеп барамын. Қарттық маған күллі дүниемен біржола қош айтысар уақыттың жақындап қалғанын ескертті. Осыншама қыспаққа алған ғаріптік ішіндегі ғаріптік пен мұңды күйзелістен, шарқ ұрып бір үміт, бір нұр іздедім. Сол кезде, Аллаһқа деген иманым көмекке келді.

— 267 —

Көңілімнің жай тапқандығы сол, жанымды қинаған әлгі қат-қабат жағдайлар мың есе күшейіп кетсе де сол жұбаныштың арқасында еш алаңдамас едім.

Уа, аталар мен әжелер! Біздің Рахымы мол Жаратушымыз бар екені рас. Олай болса бізге жалғыздық әсте жолай алмайды. Ол - бар! Олай болса, бәрі түгел, бәрі бар. Ол - бар, олай болса періштелер де бар. Демек, әлемде бос жер жоқ. Заңғар таулар, ұзына бойы жоталар мен ен дала Аллаһтың құлдарына толы. Оның саясында, оның нұры арқылы саналы құлдарынан басқа ағаштар мен тау-тас сияқты нәрселер жанға жақын серік болып, өзіне тән хал тілдерімен бізбенен әңгіме-дүкен құрып, көңілімізді жайландырады.

Иә, Аллаһтың болмысы мен рахымдылығын білдіретін дәлелдер мен куәліктер әлемде болмыс атаулы қанша болса сонша және әлем атты кітаптың әріптері қанша болса сонша және жан-жануарлардың Илаһи мейірімділікті, рақымдылықты, жәрдемді көрсететін мүшелері, нәсіптері, нығметтері қанша болса сонша. Олар бізге Рахим, Кәрим, Әнис, Уәдуд Жаратқан Иеміздің, стамыздың, Қамқоршымыздың құзырын көрсетуде. Ол құзырда мақбул, яғни Оның алдында қабыл болғыш шапағатшы - әлсіздік пен дәрменсіздік. Ал әлсіздік пен дәрменсіздіктің келер сәті қарттық шақ. Мұндай құзырда мақбұл шапағатшы болған қарттыққа ренжу емес, қуану керек.

ЖЕТІНШІ ҮМІТ. Бұрынғы Саидтің күлкілері Бүгінгі Саидтің көз жасына айналып, қартая бастаған шағымда Анкарадағылар мені бұрынғы Саид деп ойлап, Анкараға шақырды. Күздің соңына таман, менен де бетер қартайып, қаусап қалған Анкара қорғанының басына шықтым. Жылдың кәрілік мезгілінде менің қарттығым, қорғанның қарттығы, адамзаттың қарттығы, Османлы мемлекетінің қарттығы, халифаттың қарттығы, жер шарының қарттығы маған өте аянышты халде көрінді. Өткен өмірдің ой-шұқыры мен болашақтың белестеріне зер салдым. Мені қаумалай қоршаған бұл қарттықтың қараңғылықтары ішінде Анкарадан да рухани қараңғылық сездім. Бір нұр, жұбаныш, үміт іздедім

{(Сілтеме): Сол кездегі рухани жағдайым, парсы тілінде мінәжат болып баяндалған-ды. Кейін Анкара қаласында "Хубаб" атты еңбегімде жарық көрді.}

Оң жағыма, яғни өткен шағыма қарағанымда ата-бабаларымның ғана емес адамзаттың да мазары бейнесінде көрінді. Жұбаныш іздеп отырғанда қорқыныш ұялатты. Құтылудың жолын іздеп, сол жағымдағы

— 268 —

болашаққа зер салдым. Бұл жағымнан да менің және болашақ ұрпақтың қараңғы қабір бейнесі көрінді. Сүйінермін деп үміттеніп едім, қайта үрейлендірді.

Оңым мен солымнан шошынып, бүгінгі күнге қарадым. Шалажансар, дірдек қаққан денем салынған табытты көрдім. Бұл жақтан да үмітім үзілген соң басымды көтеріп, өмір ағашымның ұшар басына көз салдым. Бір ғана жемісі бар, ол да менің мәйітім. Өмір ағашының түбіне, тамырларына қарадым. Денем топыраққа айналып, тамырдағы топырақпен бірге аяқ асты тапталуда. Дертімді одан бетер асқындыра түсті. Шарасыздықтан артыма қарадым. Бұл фәни дүние тұрақтай алмай, қаңбақша домалап барады. Жарама дәрі емес у сепкендей болды. Бұл жақтан да қайыр көре алмағандықтан, алдыңғы жаққа көз салдым.

Қабірімнің аузы арандай ашылып мені күтуде. Арғы жағында шексіздік жолы мен сол жолға түскендер алыстан-ақ топ-тобымен көрініп, кетіп бара жатыр. Алты жан-жағымнан қоршаған қорқыныштарға титімдей болса да қарсы тұрарлық қорғаныс қаруы мен сүйенер ештеңе қалмады. Дұшпандар мен зиянкестерге қарсы адам баласы қолынан келгенінше ғана күресе алады. Ал, мына жағдайға адамзаттың қабілет-күші жетпейді. Алты жағымнан анталаған уайым-қайғыдан үмітсіздіктің қараңғы құрдымына құлағалы тұрғанда, Баяндауы мұғжиза болған Құраннан күш алушы иман нұры көмекке жетті. Алты жағымды да жарықтандырып нұрға бөлегендігі сонша, уайым қараңғылығы жүз есе қоюлана түссе де, иман нұрының сәулесі жеткілікті еді. Барлық қасіретімді қуанышқа, қайғымды сүйінішке айналдырды.

Иман әлгі өткен шақтың қорқынышты мазар бейнесін қақ айырып, зиялылар мәжілісі мен сүйікті жандардың жиналысы екендігін айнәляқин (көзбен көргендей, анық) көрсетті.

Һәм иман, үлкен қабір түрінде көрінген болашақты, бақыт сарайларында беріліп жатқан Рахмани қонақасы, мәжіліс екенін ғылмеляқин түрде көрсетті.

Һәм иман, ғапылдық назарда бүгінімді әкетіп бара жатқан табыттың тас-талқанын шығарып, Рахманның қонақ үйінде ақырет үшін саудаласып жүргендігімді көрсетті.

Һәм иман, өмір ағашының басында жаназа сияқты көрінген бір ғана жемістің мәйіт емес, шексіз өмір үшін жаратылған рухымның тозған кебінінен шығып, аспанға, серуенге самғау үшін шыққандығын

— 269 —

ғылмеляақин (ғылыммен білу) көрсетті.

Һәм иман, сүйектерім мен бірге жаратылысымның бастауы болған топырақ, аяқасты езілген елеусіз сүйектер емес, ол топырақ мейірім қақпасы, Жәннат атты қонақжайдың бір пердесі екендігін иманның сыры арқылы көрсетті.

Һәм иман, ғапыл назармен артымда жоғалып, құрып бара жатқан дүниенің күйін Құранның сыры арқылы былайша көрсетті. Әлгі сырт көзге қараңғы болып көрінген дүние өз міндетін атқарған, мағынасы білдірілген, алайда орнына нәтижелерін қалдырып бара жатқан Самәдани хаттың бір бөлшегі, Субхани өрнектің парақтары екендігін көрсетті. Дүниенің шын мәнісін ғылмеляқин түрде көрсетті.

Һәм иман алдымда аузын арандай ашып, мені күтіп тұрған қабірдің ар жағындағы сапар, мәңгілік өмірмен дәнекер жолы екендігін Құранның нұры арқылы көрсетті. Ол - қабірдің үңірейген аузы емес, нұр әлемінің есігі, мәңгілік бақыт қақпасы екендігін ұғып, дертіме шипа таптым.

Һәм иман, қолынан түк келмейтін тек кәсіп қылатын жүз-і ықтиярдың яғни аз ғана қалау еріктің орнына әлгі қыруар дұшпандар мен түрлі қараңғылықтарға қарсы , шексіз құдіретке арқа сүйеу үшін және шексіз мейрімділікпен байланыс құру үшін әлгі жүз-і ықтиярдың қолына куәлік тапсырды. Тіпті, иман әлгі жүз-і ықтиярдың қолына бір куәлік болды, һәм манағы жүз-і ықтияри дейтін адамның қаруы, негізінде іске жарамсыз қысқа әрі дәрменсіз. Алайда бір жауынгер мардымсыз қуатын мемлекет атынан қолданған кезде өзінің қуатынан мың есе артық істер атқарады. Сол сияқты иманның сырымен әлгі шағын жүз-і ықтияри Аллаһ Тағаланың атымен оның жолына қолданылған кезде, бес жүз жылдық кең Жәннатты да алып бере алады.

Һәм иман, болашақ пен өткен шаққа дәнекер бола алмайтын әлгі таңдау еріктің тізгінін дененің қолынан алып жүрек пен рухқа тапсырады. Ал, рух пен жүректің тіршілік тынысы дененікі сияқты осы шаққа ғана тәуелді болмағандықтан, өткен шақ пен кел болашақтан көптеген жылдарды қамтиды. Сондықтан, әлгі жүз-і ықтияри яғни адамның таңдау еркі молайып кең ауқымға ие болады. Иманның қуатымен өткен кезеңнің ой-қырларына барып қайғыларын сейілтеді. Сол иманның нұры арқылы болашақтың шыңдарына шығып, үрей мен қорқыныштың бетін қайтарады.

— 270 —

Уа, мен сияқты қарттықтың ауыртпалығын тартқан қариялар! Әлхамдулиллаһ біздің иманымыз бар және имандылықта нұрлы, ләззаты мол қазыналардың бар екені де рас. Ал қарттық, иман атты қазына байлығымызды одан әрі байыта түседі екен. Олай болса, қартайғанымызға шағымдану былай тұрсын шексіз шүкір етіп, риза болуымыз керек.

СЕГІЗІНШІ ҮМІТ. Қарттықтың белгісі болып, шашыма ақ шаш түсе бастаған кез болатын. Жастық деген бейқам ұйқыны одан сайын тереңдететін соғыстың аласапыран оқиғалары, тұтқында болудың әсері, одан соң Стамбулға келген кезімдегі атақ-даңқым, тіпті Халифадан бастап, Шейхул Исламның, Бас қолбасшының тіпті медресе шәкірттеріне дейінгі жұрттың маған шамадан тыс көрсеткен сыйқұрметтері, жастықтың мастығы әлгі жастық шақтың ұйқысын одан әрі тереңдете түскені сондай, өзімді бұл дүниеде мәңгі жасайтын адамдай сезіндім. Рамазан айында Баязит мешітінің ықыласты қариларын тындауға бардым. Адамзаттың және барлық тіршілік атаулының өлім құшатындығын Қасиетті Құран: كُلُّ نَفْسٍ ذَٓائِقَةُ الْمَوْتِ аяты арқылы жариялады. Құлағыма кірген мағына жүрегіме орнығып жастық шақтың ұйқысы мен мастығын қашырды. Көпке дейін мең-зең болып, бағытынан айрылған кеменің күйін кештім. Айнаға қараған сайын шашымның ағы "байқа!" дейтіндей. Шынында да сенім артып, өрікпіген жастық шағым қоштасып, кетіп барады. Кеткім келмеген жарық дүнием сөнгелі тұр. Өте тығыз байланып қалған дүния маған "сау бол" деп, мына қонақ үйден кететіндігімді ескертті. "Аллаһа аманат" деп өзі де кетуге дайындалуда. Құран Кәрімнің: كُلُّ نَفْسٍ ذَٓائِقَةُ الْمَوْتِ аяты адамзат бір жан, қайта тірілу үшін өледі. Жер шары да бір жан, мәңгілік бейне алмаққа ол да өледі. Мына әлем де бір жан, ақыретке алмасу үшін оның да өлетіні анық деген мағынаны жүрегіме жеткізді.

Өз халіме назар аудардым. Шаттық бақшасындай болған жастық өтіп барады. Орнына, өкініштердің бұлағындай болған қарттықтың жақындап келе жатқанын көрдім. Нұрлы өмірдің дәурені өтіп, сырт көзге қайғылы да қорқынышты өлім жақындап келеді. Мәңгілік тұра беретіндей көрінген, ғапылдықтың ғашығы болған дүние (дүниелік өмір) зымырап барып, жоқ болып жатқандығын көрдім. Өзімді-өзім

— 271 —
алдап, басымды ғапылдықтың құмына тығу үшін, Стамбулда маған шамадан тыс көрсетіліп жатқан сый-құрметтің ләззатына назар аудардым. Түк пайдасы болмады. Стамбулдағы қызметім мен сыйқұрметтер, жанымда тұрған қабір аузына дейін ғана екен. Атаққұмарлар армандап жүрген атақ-даңқ, мансап пен дәреженің мән-мағынасы екіжүзділік, өзін сату, уақытша мастық екенін түсіндім. Осы уақытқа дейін мені алдап келген бұл нәрселерде ешқандай нұр, ешқандай пайда жоқ екенін көрдім. Құранның киелі дәрістерін тыңдау үшін Баязит мешітіне екінші рет барғанымда, وَ بَشِّرِ الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا... اِلٰى اٰخِرِ аятынан сүйінші хабар естідім. Өзге жерден жұбаныш іздеп, босқа әуре болыппын. Құранның шапағатымен дертіме шипа, қараңғылықтан нұр, үрей туғызған нәрселерден жұбаныш таптым. Хақ Тағалаға жүз мың шүкір еттім. Сол дерттің өзінен дәрі таптым, сол қараңғылықтың ішінен нұр таптым, сол қорқынышты нәрселердің өзінен жұбаныш таптым. Ең әуелі жұрттың бәрін қорқытып, үрей туғызар өлімнің бетіне Құранның нұрымен қарадым. Сырт көзге тас қараңғы, тұңғиық болып көрінгенімен, мүмин үшін өлімнің нұрлы, жарқын жүзді екенін Құранның сәулесімен көре алдым. Бұл ақиқаттар басқа да еңбектерімде дәлелденген-ді. Сегізінші Сөз, Жиырмасыншы мектуб секілді тәпсірлерде көрсетілгендей, өлім - дегеніміз жоқ болу емес, ол - мәңгілік өмірдің бастамасы, дүниелік өмірдің күйбең тірлігінен демалысқа шығу, жай ғана мекен ауыстыру, Берзах әлеміне көшкен жақындарымызбен қауышу. Осы ақиқаттардың арқасында өлімнің шынайы бейнесін көрдім. Өлімнен қорқудың орнына қуанышпен қабылдадым, «Рабыта-и Мәуттің» құпиясын түсіндім.

Сонан соң жұрттың бәрін ынтызар етіп, өзіне тартатын күнәлар мен ғапылдық ішінде өткен жастық шақтың шағымының жүзіне зер салдым. Сәндене киген шапанының астынан ұсқынсыз, мең-зең күйдегі бетін көрдім. Егер жастық шақтың шын мәнісін білмегенімде, бірнеше жыл ойнап күліп, кейін өмір бойы жылаған болар едім. Осындай біреу:

لَيْتَ الشَّبَابَ يَعُودُ يَوْمًا فَاُخْبِرَهُ بِمَا فَعَلَ الْمَش۪يبُ

яғни «Шіркін, жастық шағым қайтып келсе қарттықтың қаншалықты қиын екені жайлы шағымданар едім» деген екен. Осы адам сияқты жастық шақтың шын мәнісін түсіне алмаған қариялар

— 272 —

қасірет шегуде. Ақылды мұсылман болса, жастық шақтың қуатын ғибадат пен игі істерге, діни міндеттерін атқаруға жұмсап, жастық шақтың - Аллаһтың нығметі екенін түсінер еді. Адам жас кезінде түзу бағыт пен тақуалықты ұстанбаса, қауіп көп. Албырттық о дүниедегі мәңгі бақыт пен ақыреттік өмірге зиян келтіреді. Тіпті, бұ дүниелік өмірін де астан-кестен қылады. Бірнеше жылдық жастық шақтың қызығы үшін, қартайғанда жылдар бойы өкінетін болады. Көптеген кісілердің жастық шағы пайдасыз, тіпті зиянды істерге жұмсалуда. Біз - қарттар, жастық шақтың албырттығы мен қауіп-қатерінен құтылғанымызға Аллаһқа шүкір етуіміз керек. Барлық нәрсе сияқты жастық шақ та өтеді. Егер жастық шақты ғибадатқа, игі істерге сарп етсе, ол адам ақыретте мәңгі жас қалпында қалуына себеп болады.

Бұдан соң адамдардың көбісі кеткісі келмейтін дүниеге зер салдым. Дүниенің үш түрлі жүзі бар екенін Құранның нұры арқылы көрдім.

Біріншісі, Аллаһтың есімдерінің айнасы.

Екіншісі, Ақыреттің егіс алқабы.

Үшіншісі, Ақыретке сенбейтін адасқандардың ойын-сауық орыны.

Сондай-ақ, бұл дүниеде әр адамның өзіне тән жеке дүниесі бар. Адамдардың санынша бір-біріне кірігіп жатқан дүние. Бірақ, әр адамның өзіндік дүниесінің тірегі - әркімнің өз өмірі. Қай уақытта денесі өлсе, сол уақытта жеке дүниесі де тас-талқан болады. Ол үшін қиямет орнайды. Ғапылдыққа ұрынған, бейқам жандар, өз дүниелерінің кез келген уақытта қараң қалуы мүмкін екендігінен бейхабар болғандықтан, өз дүниесін жалпыға ортақ кең дүниемен шатастырып, өз өмірін мәңгі деп ойлап, құмарлана мәз болып жүр. Басқалардың дүниесі секілді тез қирап, әп-сәтте бұзылатын менің де өзіндік дүнием бар. "Апырым-ай, осы өзіндік дүнием мен қып-қысқа өмірімнің маған не пайдасы бар?" деген ойға баттым. Бұл дүние - мен үшін де, басқалар үшін де үлкен сауда орны, тұрғындары күн сайын азайып-көбейетін қонақ үй, келіп-кетушілерге арналған базар. Ақырет үшін көшет өсіретін бақша. Шебер Аллаһтың әрдайым жаңалап отыратын хикмет толы дәптері. Әрбір көктем - Оның бір хаты, әрбір жаз - Оның өзін мадақтайтын өлеңі екендігін Құранның нұры арқылы көрдім. Хикметтерге толы мына дүниені жаратушы Аллаһқа мың да бір шүкір еттім. Адамзат

— 273 —
баласына дүниенің ақыретке қатысты және Аллаһтың есімдерімен байланысты әсем жағына, яғни шын мәнісіне деген сүйіспеншілік, махаббат сезімі берілген. Ал, сол сезімдерді дүниенің фәни, ұсқынсыз, зиянды жақтарына жұмсағандықтан حُبُّ الدُّنْيَا رَاْسُ كُلِّ خَط۪يئَةٍ яғни. Бүкіл қателіктер дүнияға деген құмарлықтан шығады дейтін киелі хадиске нысана болғандығын аңғардым.

Құрметті қариялар! Құранның нұры мен қарттығымның ескертуі арқылы маған осы ақиқатты көру нәсіп болды. Көптеген еңбектерімде мұны дәлелдедім, кәрілігіме риза болдым, жастық шақтың өтіп кеткеніне қуандым. Сіздер де өкініп, таусылмаңыздар, шүкір етіңіздер! Аталған ақиқаттар рас екенін білеміз, иманымыз да бар. Олай болса бейқамдар мен Құдайдан безгендер жыласын!

ТОҒЫЗЫНШЫ ҮМІТ. Бірінші Дүние жүзілік соғыста тұтқынға түсіп, Ресейдің солтүстік шығысындағы Кострома деген жерде айдауда жүрген кезім. Сол жерде әйгілі Волга өзенінің жағасында татарлардың шағын бір мешіті болатын. Сол жердегі серіктерім болған тұтқындағы әскери сардарлармен бірге тұрып жаттым. Бірақ, үнемі елегізіп жалғызсырауда болдым. Жалғыз болуды қаласам да, сыртқа рұқсатсыз жібермейтін. Татар ауылы маған кепіл болып, мешіттеріне орналастырды. Мен сонда жалғыз жататынмын. Көктем таяп қалған кез. Ондағы солтүстікке тән ұзақ түндердің көбін ұйқысыз өткізетінмін. Осынау қараңғы түндер мен түнек басқан өлкеде Волга өзенінің бір сарынды сарылы, жаңбырдың сары уайым секілді сытыры, желдің көңілсіз гуілі, мені ғапылдықтың ұйқысынан оятып жібергендей. Ол кезде, өзімді әлі қартпын деп, санамайтынмын. Алайда, сұм соғысты көрген кім болса да қартаяды ғой. Бейне يَوْمًا يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ ش۪يبًا аятында айтылғандай, балалардың шашы ағарғаны секілді, қырық жасымда өзімді сексендегідей сезінетінмін. Осынау ұзақ түндер мен түнек басқан бөтен жерде жүргенімде өмірден де, алыстағы елімнен де үмітім үзіліп, сарыуайым басты. Осындай ауыр халде жүргенімде Құран Хакимнен көмек жетті. Тілім حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ десе, жүрегім де жылап тұрып:
غَر۪يبَمْ ب۪ى كَسَمْ ضَع۪يفَمْ نَاتُوَانَمْ اَلْاَمَانْ گُويَمْ عَفُوْ جُويَمْ مَدَدْ خٰواهَمْ زِدَرْگَاهَتْ اِلٰه۪ى

деді.

— 274 —

Ал, рухым елде қалған ескі достарымды сағынып, бөтен жердің топырағында қалатынымды уайымдап Ниязи Мысриға ұқсап:

Әттең дүния, кетіп барам, мәңгі қайтып келмеске,

Қайран достар, бір көре алмай айналдыңдар елеске! - деп, достарымды іздеді. Міне, дәл осындай шарасыз жағдайда шынында соншалық әлсіздігім мен бейшаралығым Иләһи мейірімге бөленуге себеп болды. Бұл жағдайға қазір де таң қаламын. Өйткені, осыдан бірнеше күннен кейін, қашып шығып, жаяу жүрсе бір жылда әрең жететін ұзақ жолды жалғыз өзім, бір ауыз орысша білмесем де оңай жүріп өтіп, көздеген жеріме жеткен едім. Әлсіздігім Иләһи жәрдемге себепші болып, таңғаларлық жағдайда аман-есен құтылдым. Варшава, Австрия арқылы Стамбулға жеткен едім. Орысша білетін батыл да әккі адамдар жүре алмаған ұзақ жолды оңай өте шықтым. Алайда, сонау Волга өзенінің жағасындағы мешіттегі ұзақ түндердегі ғаламат жағдай маған мынадай шешім шығартып, тәуекел етуге итермелеген еді. Яғни, ендігі өмірімді үңгірде, жалғыз өткізермін деген ой болатын. Өйткені, басқа адамдардың қоғамдық өміріне енді арласуды жөнсіз санадым. Онсыз да қабірге жалғыз барамын ғой, сондықтан қазірден бастап жалғыздыққа бой үйретейін дедім. Өкінішке орай, Стамбулдағы шулы орта менің ол ойымды уақытша естен шығарып жіберді. Бейне бір, сол бөтен жердегі ұзаққа созылған қараңғы түндер менің өмірімнің көзіндегі нұрлы қарашығы ал, Стамбулдың жарқын күндізі болса, сол өмір атты жанарымның ағына ұқсады. Дәл алдындағыны көре алмай жатып алды. Екі жылдан кейін ғана Ғаус Гейланидің "Фүтуһ-ул Ғайб" кітабын оқып, қайтадан көзім ашылды.

Міне, ей қадірлі қариялар! Кәріліктегі әлсіздік пен шарасыздықты Иләһи жәрдемге, мол рахымға бөленуге бірден-бір себеп болатын қайырлы жағдай деп біліңдер! Өз басым бұл ақиқатқа көптеген тәжірибелер арқылы көз жеткізуіммен қатар жер бетіндегі Иләһи мейірімнің сансыз шуағы да осы ақиқатты анық көрсетуде. Мәселен, хайуанаттың ең әлсізі, мұқтажы олардың жас төлдері. Сондықтан, мейірім мен қамқорлықтың ең жоғары дәрежесіне солар ие. Мысалы, ағаш басындағы ұяда жатқан балапандарына анасы күні бойы тынымсыз жем тасумен болады. Қанаттары қатайып әлсіздігін ұмытқан соң "енді, ризығыңды өзің ізде!" дегендей енесі жем тасуын доғарады.

— 275 —

Осынау Иләһи мейірімнің тылсым сыры, әлсіз балапандардың тіршілігінде қалай анық көрінсе, қарттар да әлсіз балапан секілді, Иләһи рахымға лайық. Өмірімде бұлтартпас айғақтармен дәлелденген талай тәжірибелердің ішінде жас сәбилердің ризықтары Иләһи мейірім арқылы аналарының омырауындағы дайын сүт болып берілетіні секілді, бейкүнә, иманды қарияларға да ризықтары дәл сондай берекетпен келеді.

Мәселен, бір отбасының берекеті сол үйдегі қариялар екендігі, үй ішін пәлелерден сақтап тұратын да сол үйдегі белі бүкірейген қариялар екендігі мына сахих хадистің бір бөлігінде:

وَلَوْلَا الْبَهَائِمُ الرُّتَّعُ وَالصُّبْيَانُ الرُّضَّعُ... اِلٰى اٰخِرِ - اَوْ كَمَا قَالَ

Яғни, "Белі бүкірейген қариялар болмаса бәле біткен үстеріңді селдей басар еді" деу арқылы осы ақиқатты дәлелдеп береді.

{(Сілтеме):

وَ لَوْلَا الشُّيُوخُ الرُّكَّعُ لَصُبَّ عَلَيْكُمُ الْبَلَاءُ صَبًّا

хадистің жалғасы}

Міне, қариялардың әлсіздігі мен мұқтаждығы Иләһи рахымшылықты өзіне шақырады. Сондықтан, Құран Хакимде:

اِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ اَحَدُهُمَٓا اَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَٓا اُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَر۪يمًا ٭ وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَان۪ى صَغ۪يرًا

Аяты бес жақтан мұғжизалы түрде қартайған әкесі мен анасын балалары құрметтеп, бағып-қағу керектігін нақтылап, қамқор болуға шақырады. Сондықтан, Ислам діні қарияларға құрмет көрсету мен қамқорлық жасауды әмір етеді. Адам баласының болмысы да қарияларға қамқорлық жасауды талап етеді. Иә, біз қариялар жастық шақтың өтіп кеткен заттық ләззаттарының орнына, енді рухани тұрғыда Иләһи жәрдем ретінде адамдардан құрмет көрудеміз. Олай болса, қазіргі қарттығымызды жүз жастық шаққа да айырбастамауымыз керек. Өз басым сіздерге нақ шынымды айтайын. "Бұрынғы Саидтың он жылдық жастық шағын қазіргі Саидтың бір жылдық қарттығына айырбастамас едім". Мен қазіргі қариялығыма ризамын, сіздер де риза болыңыздар.

— 276 —

ОНЫНШЫ ҮМІТ. Алыстағы тұтқыннан Стамбулға келгеннен кейін, мені тағы да екі жылдай ғапылдық басты. Саяси ағымдар ақылымды арбап, көңілімді алаң қылған күндердің бірінде Әюб Сұлтан мазары жақтағы төбеге шығып отырған едім. Осы жерден Стамбулдың айналасына көз салдым. Мен сонда өмірімнің аяқталып бара жатқанын байқадым. Қиял мен ой аралас бір қызық жағдайға түстім. Өзіме-өзім: "Япыр-ау, маған мұндай қиял-ой туғызған мынау қабір басындағы көктастардың жазулары ма, екен?" деп ойға шомдым. Сол сәтте алысқа емес, дәл қабірстан жаққа қарағанымда көңіліме мынадай бір ой келді: "Мына қабірстанда бәлкім жүз Стамбулдың халқы жатқан шығар, яғни Стамбул бұл күнге дейін өз тұрғындарын осы жерге жүз рет әкеп жерлеген болар. Бүкіл Стамбул халқын мұнда әкеліп, түгел жиып жатқан Хаким, Қадир Аллаһтың үкімінен сен де сырт қала алмассың, бір күні сен де келесің". Мен қабірдің басынан алыстап, жаңағы қиялойдың жетегінде Әюб Сұлтан мешітінің жанындағы бұрын да талай болған кішкене бөлмеге кірдім. Осы сәтте мен өзімнің уақытша қонақ екенімді үш жақты анық сездім. Мына кішкене бөлмеге қалай қонақ болсам, Стамбулға да солай қонақпын, мына дүниеге де қонақпын. Олай болса, жолаушы өз жолын ойлауы керек. Мына бөлмеден қазір шығып кететінім секілді, Стамбулдан да кетемін, онда мына дүниеден де бір күні кететінім анық...

Міне, осындай жағдайда өте аянышты әрі мұңлы күй кешіп, жүрегіме де, жаныма да әлгі ой салмақ салды. Өйткені, мен бір-екі досымнан ғана қоштасқалы тұрғаным жоқ. Мен жүздеген дос-жарандарым мен жақсы көретін Стамбулмен де қош айтысқалы тұрмын. Тіпті, одан да ауыры жүз мың жақындарым бар мынау кең дүниеден айырылытындығымды ойлап, қабірстан жаққа қайта кеттім. Анда-санда ғибрат алу үшін синемаға баратынмын. Соның әсері ме, маған сол кезде Стамбул халқы жаппай өліп қалғанымен тірі өліктер секілді көрінді. Яғни, бұрын өмір сүріп кеткен адамдардың бейнесін фильмдерде қазір тірі жүргендей көрсетеді емес пе? Дәл сол секілді, қабірдегі адамдар түрегеп жүрген мүрделер бейнесінде көрінді. Қиялыма былай дедім: демек, қабірде жатқандардың бір бөлігі фильмде тірі секілі жүреді, дәл сол сияқты болашақта қабірге кіретіні анық мына адамдарды да қазір қабірде жатыр деп біл! Яғни, олар да мүрде деген сөз, қазір жүріп жүргені болмаса...

— 277 —

Осы кезде кенет Құран Хакимнің нұры мен Гаус Ағзам Шейх Гейланидің жөн көрсетуімен әлгі қайғылы жағдайдың бәрі қуанышқа айналып шыға келді. Мәселен, әлгі қайғылы жағдайға қарсы Құранның нұрымен маған мынадай ой салды. Солтүстік шығыстағы Костромада тұтқын болып жүрген кезіңде екі досың бар еді. Олардың бір күні Стамбулға қайтатынын білетінсің. Сонда біреу саған: "Досым, мұнда қаласың ба, әлде Стамбулға кетесің бе?" десе титтей де ойланбай қанат болса Стамбулға ұша жөнелетіндей едің. Өйткені, мың жақыныңның тоғыз жүз тоқсан тоғызы сонда ғой. Мұнда, бір-екеуі ғана бар, олар да кешікпей Стамбулға кеткелі жүр. Олай болса, сенің Стамбулға кетуің қайғы емес қуаныш қой. Қазір мұнда келгеніңе қуаныштысың ғой? Сонау қиырдағы жау елінің қап-қараңғы ұзақ түндері мен суық күндерінен құтылғаныңа риза шығарсың. Өйткені, сен дүние жәннаты секілді Стамбулға келдің. Сол сияқты сен туғаннан бері бірге болған ең жақын адамдарыңның жүз де тоқсан тоғызы қайтыс болып, сені қорқытып тұрған осы қабірстанда жатыр. Қазір бұл дүниеде қалған бір-екі досың да кешікпей сол қабірстанға ататанады. Олай болса, өлім деген айырылысу емес, қайта ең жақын адамдармен қауышу. Алайда, осы қабірстанға кеткендердің бір бөлігі мына ескі ұясын тастап, сонау рухани әлемдегі жұлдыздар мен берзах дүниесінің қабаттарына көшіп кетті. Осы ақиқатты Құран Хаким өте анық түрде дәлелдегені соншалық, егер адамның жүрегі таза, ақылы азбаған болса, және ғапылдық батпағына батып кеткен болмаса, осының бәрін өз көзімен көргендей сенуге тиіс. Өйткені, мына дүниені өзінің шексіз мейірім, қамқорлығымен нығметке толтырып, ең елеусіз тұқым, дәнектерді де аман сақтап, көктетіп-көгертетін Сани, Кәрім, Рахим болған Аллаһ осынау сансыз жаратылыс ішінде өзіне ең сүйікті де, сүйкімді етіп жаратқан адамзатты бұл өтпелі дүниеден кейін ескерусіз, елеусіз қалдырады деп ойлау, әсте ақылға сыймайды. Сондай сүйіспеншілікпен жаратқан ғажайып пендесін мүлдем, із-түссіз жоқ етпейтіні анық ақиқат. Өйткені, диқан топыраққа тұқым сеуіп, келесі көктемде бітік егін жинап алатыны секілді, Халиқ-ы Рахим, Аллаһ та осы адам дейтін сүйікті пендесін басқа таңғажайып әлемге апару үшін топырақтың астында уақытша ұстайды.

{(Сілтеме): Бұл ақиқатты екі жердегі екі төрт болатындай етіп, Оныншы Сөз бен Жиырма Тоғызыншы Сөз дәлелдеген-ді.}

— 278 —

Құраннан мұндай жақсы хабар алғаннан кейін әлгі қорқынышты болып көрінген қабірстан маған Стамбулдан да жылы көріне бастады. Мұндағы жалғыздығым маған дос-жарандармен бірге болған сұхбаттан да артық көрінді. Содан кейін, Бұғаз жақтағы Сарыиерден өзім тұрарлық бір бөлме таптым. Гаус Ағзамның (р.а.) "Фүтух-үл Ғайб" кітабы маған қалай ұстаздық етсе, дәл солай Имам Раббани де (р.а.) өзінің "Мектубат" кітабы арқылы маған жол көрсетіп ұстаз болды. Осы кездері жасымның ұлғайғанына, "мәдениет" деген мәнсіздіктен алыстағаныма, қоғамдық өмірден оқшауланғаныма риза болдым. Аллаһқа шүкір еттім.

Уа, маған ұқсап кәрілікке бой алдырып, соның әсерінен өлімді уайымдайтын қариялар! Құран Хакимнің Имани дәрісінің арқасында қарттық пен өлімді ризашылықпен қабылдауға тиіспіз. Тіпті, анығырақ айтсақ оны жақсы көруіміз керек. Өйткені, иман сынды құнды байлығымыз болғандықтан қарттық та, ауру-сырқат та, өлім де бәрі жанға жағымды. Ал шын жағымсыз нәрселер күнәлар, азғындық, адасу мен бидғаттар...

ОН БІРІНШІ ҮМІТ. Тұтқыннан келген соң Стамбулдағы Чамлыжа төбесінің бір мүйісінде орналасқан үйде, марқұм бауырым Абдурахманмен бірге тұратынбыз. Бұл тұрмыс, дүнияуи жақтан мен секілді жандарға жайлы өмір саналатын. Өйткені, тұтқыннан аман-сау елге оралдым, Ғылым Академиясында ғылыми қызметім жалғасып жатыр. Маған деген құрмет-қошемет шамадан тыс артық еді. Мекенім Стамбулдың ең әдемі жері саналатын Чамлыжада болатын. Төрт құбылам түгел болатын. Марқұм бауырым Абдуррахман сынды өте зерек, жанкешті, әрі дос, әрі шәкірт әрі қызметші әрі хатшы, бір жағынан мағынауи балам қасымда еді. Өзімді дүнияда ең бақытты сезінген кезім болатын. Сөйтіп жүргенде айнаға қарасам, шашым мен сақалымдағы ақ талшықтарға көзім түсті. Дәл осы сәтте Костромада, тұтқында жүргендегі, мешіттегі рухани жағдай тағы да қайталанды. Соның әсері ме екен, жүрекпен беріле жақсы көрген дүнияуи бақыт деп ойлағандарымды ой елегінен өткізіп, бақытқа жетелейді деген себептердің қайсысын алып талдасам да бәрі шірік, пайдасыз, алдамшы екен. Тап сол кездері, ең адал дос деп жүрген біреу, маған ойға келмейтін опасыздық жасады. Сөйтіп, дүнияуи өмірден әбден көңілім қалды. Өз-өзіме былай дедім: "Япыр-ау, адам мұншалықты

— 279 —

алданады екен-ау! Байқасам, ақиқатында менің аянышты халіме көп адамдар кәдімгідей қызыға қарайды. Сонда, осынша адамның бәрі шынымен есі ауысып кеткен бе? Болмаса, менің есім ауысқан шығар, мына дүниеқұмар адамдарды есуас көріп отырған... қойшы әйтеуір". Мен қарттықтың қатаң ескертулерінің ішінен ең алдымен әбден бойым үйреніп кеткен пәни дүниелердің пәни екенін ұқтым. Өзіме қарасам әлсіз біреу екенмін. Сол кезде мәңгілікті аңсайтын алайда, пәнилікке беріліп кеткен рухым былай деді: "Иә, мен заттық тұрғыда пәнимін, онда мына пәнилерден маған не қайыр? Өзім әлсізбін, онда бұл әлсіздерден не пайда? Маған дертіме дәрмен беретін Мәңгі Бақи, Сәрмәди, бір Қадир-ы Әзәли керек!".

Ең алдымен бұрыннан бері оқып келе жатқан іліміме жүгініп, ақылға жұбаныш, көңілге медеу боларлық бір сүйеніш іздедім. Ол уақытқа дейін философия ілімін Ислам ілімімен қатар үйреніп, философиялық ілімдерді кемелденудің, өрлеудің қайнар көзі деп ойлаппын. Алайда, осы философиялық ілімдер рухымды кірлетіп, рухани дамуыма көп кедергі болған екен. Міне, осындай әуре-сарсаң халде жүргенімде Иләһи мейірімнің арқасында Құран Хакимнің хикметтері жәрдемге келді. Сөйтіп, әлгі философияның кірлерін тазартты. Былайша айтқанда, философиялық ілім рухымды дүниеге байлап тастағанды. Қай жағыма қарасам да бір жарық нұр көзіме түспейтін. Сөйтіп жүргенде, Құран Хакимнен келген "Лә илләһа илләһу" сөзі арқылы дәріс берген тәухид нұры жан-жағымды жарық нұрға толтырып, қараңғылықтан шығарды. Жаным жай тауып, терең тыныс алдым. Бірақ, дәл осы кезде өз нәпсім мен шайтан бірігіп, әлгі философиялық ілім мен ғапылдықты пайдаланып, ақылымды адастыру үшін шабуыл жасай бастады. Құдайға шүкір бұл шабуылға қарсы тойтарыс беріп, жүректің жеңісімен жетістікке жеттім. Осындай пікір-сайыстар басқа рисалелерде жазылған-ды. Сондықтан, оның бәрін соларға сілтеп, мыңдаған дәлелдерден тек біреуін ғана алға тартуды жөн санадым. Өйткені, жастық шағында жатжұрттық мәдениет пен заманауи ғылым деген атпен рухтары кірлеген, жүректері жүдеген, нәпсілері өршіп кеткен бір топ қарияларға пайдасы тиіп, олардың рухын тазартуға себі тисін деген ниетте жаздым. Тәухид туралы қате түсінік берген, шайтан мен нәпсінің кеселінен құтылсын дедім.

Мәселен, философия ілімінің уәкілі ретінде өз нәпсім былай

— 280 —
дейді. Мына дүниедегі заттың бәрі өз табиғатымен осы жаратылысқа өзіндік әсері, қатысы бар. Әрбір нәрсе бір себепке байланысты. Жемісті ағаштан, тұқымды топырақтан сұрауымыз керек. Олай болса, болмашы нәрсенің өзін Аллаһтан тілеп, Аллаһқа жалбарынудың қажеті не? Міне, осы кезде Құран нұрымен көрінген Тәухид сыры былай ашылды. Жүрегім әлгі пәлсапашыл нәпсіме былай деді: Болмашы, ұсақ нәрсенің өзі үлкен нәрселер секілді мына дүниенің Жаратушысы, Аллаһтың құдіретімен жаратылады. Соның таусылмас қазынасынан келеді. Басқаша болуы мүмкін емес. Ал себептер жай бір перде ғана. Өйткені, ең маңызсыз, өте қарапайым көрінген жәндіктердің өзі шебер жаратылатыны сонша, өнер жағынан, шеберлік жағынан қарасақ, алып жаратылыстан да күрделі. Кішкене шыбын, өзінен үлкен тауықтан шебер жаратылысы жағынан артық болмаса кем емес. Олай болса үлкен кіші деп бөліп қарау мағынасыз. Не, бәрін бірдей себептердің қолына тапсыру керек, немесе бәрін жалғыз Жаратушы Аллаһқа тапсыру керек. Біріншісі тығырыққа тірелетін мағынасыз нәрсе болса, екіншісі уәжіп, яғни міндетті түрде солай. Өйткені, барлық нәрсені Қадир-ы Әзелиеге тиесілі десек, бүкіл нәрсе керемет тәртіппен, ғажап хикметпен жаратылып жатқанына куә боламыз. Демек, Аллаһтың шексіз ілімі бар, сол іліммен әрбір заттың нақты мөлшері белгіленіп, сансыз нәрселер мүлде жоқтан үздіксіз әрі өте жылдам жаратылуда... Қадир-ы Алим كُنْ فَيَكُونُ әмірімен шақпақ шаққандай не зат болса да, үлкен-кіші бәрін бірдей жаратып жатқанын сансыз дәлелдерімен көзімізге анық көрсетуде.
Ол туралы Жиырмасыншы Мектуб пен Жиырма үшінші Леманың соңында дәлелденгеніндей, Аллаһ шексіз бір құдірет иесі. Өйткені, таңғаларлық жағдайда жылдам әрі оңай жарату оңай сондай бір шексіз ілім мен құдірет Иесінің ғана қолынан келері сөзсіз. Мысалы, көзге көрінбейтін сиямен жазылған бір кітапқа осы жазуларды көрсететін өзіндік дәрі жағыла қалса, әлгі үлкен кітап, бүкіл жазуларын көзге көрсетіп, өзін оқыттыра бастайды. Дәл сол секілді, әлгі Қадир-ы Әзелидің шексіз ілімінде әрбір заттың бейне пішіні түп-түгел жазылып дайындалуда. Ол Қадир-ы Мұтлақ كُنْ فَيَكُونُ әмірімен, шексіз құдірет, теңдессіз қалауымен әлгі жазуларға жағылған дәрі секілді әсер етіп, өте жылдам әрі оп-оңай бүкіл нәрселерге бейне пішін беріп, көзге
— 281 —

көрсетіп қозғалтып, өз өнерінің ғажайып әсемдігімен қоса құдіретінің бір көрінісі болған асқан күш-қуатын да паш етеді. Сөйтіп, шексіз жаратылыстағы ғажайып жазуларын оқытады.

Егер, бүкіл нәрсені Қадир-ы Әзели, Алим-ы Күлли Шей жаратты демейтін болса, онда ең кішкентай деген шыбынның денесін жасау үшін дүниедегі түрлі заттың бәрінен өлшеп алатындай бір ғажайып таразы қажет болар еді. Сондай-ақ, әлгі кіп-кішкентай шыбынның денесінде қызмет етіп жатқан сансыз зәрре бөлшектердің сол дененің хикметті құрылысын түгел білетін білімдері болуы керек. Өйткені, ақыл иелері бірауыздан мойындаған мынадай бір қағида бар. Табиғи себептер ештеңені жоқтан бар ете алмайды. Жарату үшін барлық нәрсені бір жерге жинауға тиіс болады. Кез келген жанды нәрсе сан түрлі бөлшектер мен үлгілерден құралған. Былайша айтқанда, дүниедегі әрбір нәрсенің негізі бір дәнек секілді жинақталған. Олай болған жағдайда, бір дәнекті жарату үшін, ағаштың бойындағы бүкіл құрамын, бір жәндіктің денесін құрастыру үшін бүкіл жер бетіндегі элементерді жинап, елеп алатын елек, өлшеп алатын ерекше бір таразы қажет болады. Ал, табиғи себептер санасыз, жансыз. Аталған заттарды құрастыратын жоспар, іске асыратын жоба, тәртіппен қозғалатын тізім түзеп, қалыпқа келтіретін, үлгі модель жасайтын ілімі жоқ. Осының бәрін іске асыратын, зәрре бөлшектерді зыр жүгіртіп жұмсайтын, олар ешқайда шашырап кетпейтін, сәл де болса реттіліктен айырылмайтын жүйе болуы керек... содан кейін жасалатын жандылардың санына қарай әрқайсысы өз түр-түсімен ажыратылып, оларға сай пішін, бейне, бір-біріне ұқсамайтындай ерекшеліктермен жасалуы тиіс... Сыртқы себептер осынша нәрсені іске асыра алады деп ойлаудың өзі қандай ақымақтық, санаға сыймайды. Көкірегі ояу жан мұны жақсы түсінеді. Осынау ақиқатты түсіндіретін

اِنَّ الَّذ۪ينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللّٰهِ لَنْ يَخْلُقُوا ذُبَابًا وَلَوِ اجْتَمَعُوا لَهُ

аятының айтуы бойынша, бүкіл дүнияуи себептер {(Сілтеме): Яғни, Аллаһтан өзге табынғандарыңыздың бәрін түгел жинап келсеңдер де жалғыз шыбынды жаратуға шамалары келмейді.} түгел жиналып келсе де, бір шыбынның бүтін денесі тұрмақ, оның бір ағзасын да жаратуға шамасы жетпейді. Егер, оның дене мүшесін жинаса да, Ол денені ұстап тұруға күші жетпес еді. Егер, бір сәтке солай ұстап тұрса, да әр сәт сайын өзгеріп, тазаланып тұратын зәрре бөлшектердің ғажайып

— 282 —

тәртібін сақтап тұра алмас еді. Олай, болса себептердің жаратылған нәрселерге ортақ болуға ешбір қауқары жоқ. Онда, ол нәрселердің нағыз иесі мүлде басқа Біреу. Иә, олардың нағыз иесі бар.

مَا خَلْقُكُمْ وَلَا بَعْثُكُمْ اِلَّا كَنَفْسٍ وَاحِدَةٍ
аятының айтуы бойынша, Ол, Жаратушы бүкіл жер жүзіндегі жандылардың денесін жалғыз шыбынды жаратқандай оңай жарата алады. Бір көктемді бір түйір гүлді жаратқандай оп-оңай жаратады. Өйткені, ондай Жаратушы бөлшек заттарды жинастыруға мұқтаж емес. Ол كُنْ فَيَكُونُ әміріне ие болғандықтан көктем сайын сансыз жаратылыстардың заттық денелерін ғана емес, сансыз сипатымен, есепсіз түр-түсімен қоса жоқтан бар ететін...шексіз ілімінде әрбір нәрсенің түр-түсі мен модель-үлгісі түгел дайын тұратын... және бүкіл зәрре бөлшектер оның ілімі мен құдіреті шеңберінде әрекет ететін... кез келген нәрсені шақпақ шаққандай тез, әрі оп-оңай жарататын Біреу. Әрбір жаратылған нәрсе, ешқандай қателіксіз, өз әрекетін жалғастыра береді. Ғарыштағы сансыз ғаламшарлар қалайша бір әскери қол секілді тәртіппен қозғалса, сансыз зәрре бөлшектер де дәл солай ерекше бір тәртіппен, реттілікпен әрекет етеді. Өйткені, оның бәрі де Әзәли Құдіретке сүйеніп, Әзели ілімнің заң-ережелері бойынша қызмет етеді. Сондықтан, ондағы әсердің, көріністің бәрі сол құдіреттің күшімен ғана іске асады. Олардың шағын болмыстары оларды кішірейте алмайды. (Жаратылу тұрғысынан) Құдіретке сүйенген кішкентай шыбын, өзін құдіреттімін деген Намрудті жер жастандырды. сақ құмырсқалар Перғауынның зәулім сарайын тас-талқан қылды. Зәрредей ғана самырсынның тұқымы таудай ағаштың жүгін арқалап тұр...

Осы ақиқатты көптеген рисалелерде дәлелдегенбіз. Мәселен, бір әскер өз патшасының бұйрығымен өзінен жүз мың есе артық күші бар бір шахты тұтқынға алуға күші жетеді. Олай болса, әрбір зат Әзели Құдіреттің қолдауымен жүз мың есе артық күш-қуатпен табиғи себептердің қауқары жетпейтін ғажайып өнерлерді жасауға күші жетеді.

Әрбір нәрсенің өте керемет, ғажап шеберлікпен, оңай жаратылуы шексіз ілім иесі болған Қадир-ы Әзелидің ісі екенін көрсетеді. Әйтпесе, жүз мың қайшылыққа толы себептердің ішінде мүмкіндік шеңберінен шығып, мүмкін емес жағдайға енеді. Ешнәрсе жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес.

— 283 —

Міне, осындай ғажайып, нәзік те, теңдессіз, терең әрі ап-анық дәлелдердің алдында шайтанның уақытша шәкірті, адасушылар мен философтардың уәкілі болған нәпсімнің үні өшті. «Лиллахил хамд» толық иманға келді. Және былай деді: Иә, маған да дәл сондай құдіретті Халиқ, Рабб қажет еді, ойымдағы ең елеусіз тілегімді де біліп тұратын... ең жасырын рухани қажетімді де орындағанындай маған мәңгілік бақытты сыйға тарту үшін мына уақытша дүниенің орнына бақи, ақырет әлемін орната алатын...кішкентай шыбынды қалай жаратса, көктерді де солай жарата алатын... Күнді аспанға бір көз сияқты етіп қалай орналастырса, менің көзімнің қарашығындағы зәрре бөлшектерді де дәл солай орналастыра алатын... Құдіретке мұқтаж едім. әйтпесе, шыбынды жарата алмайтын біреу менің көңілімдегіні таба алмайды. Рухымның назын ести алмайды. Көктерді жарата алмаған біреу, маған мәңгілік бақыт сыйлай алмайды. Олай болса, көңілімдегіні тауып қуанышқа бөлейтін... Бір сағатта аспан әлемін бұлттарға толтырып, қайта ашқанындай, мына дүниені ақыретпен алмастыра алатын... Жәннатты жаратып, маған есігін ашып, "Қәне, кір!" дейтін біреу ғана менің нағыз Раббым.

Міне, ей менің нәпсім секілді өмірінің белгілі бір кезеңін нұрсыз философия мен исламға жат ілімге жұмсаған қариялар! Құранның тіліндегі қасиетті «Лә иләһа илла һу» үкімінің қаншалықты қуатты екенін, қаншалықты ақиқатқа толы екенін, ешқашан тозбайтын, өзгермейтін иманның бір негізі екенін біліңіз... айнала қоршаған рٕ ٭ни қараңғылықты сейілтіп, жүректегі мағынауи жараларыңызға шипа болады.

Осынау ұзаққа созылған сөздердің менің үміттерімнің ішіне енуі еріксіз болды, бәлкім жалықтыруы да мүмкін. Алайда, маған осылай жаздырылды деп білемін. Шашым мен сақалымдағы ақ қылдардың әсері мен бір адал досымның сатқындығының нәтижесінде сырт қарағанда жанға жайлы көрінген Стамбулдағы қоғамдық өмірден жиіркеніп кеттім. Нәпсілік рахаттың орнына рухани рахат іздедім. Адасқандардың ойынша суық та ауыр қарттықтан жанға жайлы нұр іздедім. «Құдайға шүкір» ақиқаттан жұрдай, алдамшы, берекесіз дүнияуи рахаттың орнына әрдайым жанға жайлы рахат сыйлайтын имани нұрды. «Лә Иләһа илла һу» -дағы тәужид нұрынан таптым. Адасқандардың көзіне суық, жан қинағыш болып көрінетін қарттықты, әлгі тәухид нұрының арқасында қиын еш нәрсе жоқ, жанға жылу берер нұрлы бейнеде көрдім.

— 284 —

Уа, қадірлі қариялар! Бәріңізде де иман бар. Оны үнемі жарқыратып тұратын намаз бен нияз бар. Олай болса қарттықты мәңгілік жастық шақ секілді көруге болады. Өйткені сол арқылы мәңгілік жастық шаққа қол жеткізуге болады. Суық та қараңғы, қайғыға батыратын қарттық - адасушылардың қарттығы. Бәлкім олардың жастық шақтары осы болар. Солар жыласын, солар еңіресін.

Ал, қымбатты, иманды қариялар! Сіздер «Әлхамду лиллаһ ала күлли һал» деп қуана шүкір етуге тиіссіздер...

ОН ЕКІНШІ ҮМІТ. Бір кездері Спарта уалаятының Барла деген жеріне жер аударылып, ешқандай жанашыр жақыным да жоқ, жан-жақтан хабар алуға мүмкіндігім де жоқ, бір жағынан ауру, бір жағымнан қарттық қысып, күйзеліске түскен едім. Хақ Тағала өзінің мейірім қазынасынан Құран Хакимнің әрбір нүкте, әріптерінің тылсым сырлары арқылы маған нұрлы жұбаныш шуағын жолдады. Осы арқылы әлгі қат-қабат қайғымды ұмытуға тырыстым. Иә, туып өскен жерімді, елімді, туыс-туғандарымды ұмытуға болар еді. Алайда, біреуін ұмыту маған қиынға соқты. Ол әрі жан бауырым әрі шәкіртім әрі жанқияр жолдасым болған, бауырым Абдуррахман еді. Екеуіміз айырылғалы алты-жеті жылдың жүзі болыпты. Ол менің қайда екенімді білмейтін, мен де оған қалай хабар беріп, қалай хабарласарымды біле алмай ішқұса жағдайда едім. Сол кездерде маған сондай бір жанкешті дос қажет болатын. Бір күні біреу маған хат әкеп берді. Ашып қарасам, дәл Абдуррахманның қолымен жазылған хат екен, кейін сол хаттың үш ашық керемет көрсеткен жерін Жиырма жетінші Мектубқа енгіздік.

Сол кезде ол хат мені қалай мұңайтып жылатса, қазір де есіме түссе көзімнен жас сорғалайды. Марқұм бауырым ол хатында, мына жалған дүниенің қызығынан баз кешкендігін айта келіп, ендігі жалғыз мақсаты мені тауып алып, кішкене кезінде мен оны қалай бағып-қақсам, менің қарттық шағымда мені де солай бағып-қағып қызмет көрсету екен. Сондай-ақ, бұл дүниедегі менің шынайы міндетім болған Құран қызметіме қол ұшын беру. Сол хатында:

"Егер бара алмасам, амалын тауып маған жиырма-отыз Нұр рисалелерін жібер. Мен олардың әрқайсысынан жиырма-отыз нұсқа жазып, басқаларға да жаздырам" депті. Осы хат маған мына дүниеге деген үміт отын жақты. Міне, осындай ақылды да, жанқияр жолдас бола білетін, адал шәкірт саналатын туған бауырымның бар екендігі менің жалғыздығымды да, қариялығымды да, айдауда екенімді де

— 285 —

мүлдем ұмыттырды. Осы хат келерден бұрын, ақыретке қатысты Оныншы Сөздің бір нұсқасы оның қолына жеткен екен. Бейне, осынау рисале менен айырылған алты-жеті жылдан бергі қайғы-қасіретіне, рухани жараларына шипа болған секілді. Өйткені, ол иманы күшейіп, өлетінін сезіп, ажалын күтіп жүргендей маған осы хатты жазған екен ғой. Бір-екі ай өткен кезде, Абдуррахманның көмегімен бақытты өмір сүреміз деп жүргенде, оның дүниеден өткені жайлы қайғылы хабарды естіп, жан дүниемнің шайқалғаны соншалық, бес жыл өтіп кетсе де сол қайғылы әсер сол қалпында сақталып қалғандай. Бұл қайғы қартайған шағымда, айдауда, жалғыз, ғаріп халде жүруімнің қайғысынан он есе ауыр еді. Анамның өлімнен кейін ортайып қалған дүнием, онымен бірге толық өлгендей еді. Енді мына дүниеде жападан жалғыз қалғандаймын дүнием бос, қаңырап қалғандай. Өйткені, ол тірі болғанда қазір маған сүйеу, менен кейін бұл міндетті жанкештілікпен жалғастыратын ізбасар, жан жолдасым болар еді. Рисалей-Нұрдың ең сенімді жанашыры, қорғаушысы болар еді. Иә, адами тұрғыдан осындай жақынынан айырылу мен секілді адамдарды күйдіріп-жандыратын жағдай. Сабыр сақтап қанша тырысып бақсам да, ішім алай-дүлей қайғы құйынымен аласапыран күйде болатын. Егер Құранның жанымды жайландырар нұры болмағанда бордай үгіліп кетер ме едім. Сол шақтарда Барланың сай-салалы тауларын жалғыз аралаушы едім. Сондай кезде, Абдуррахман сынды адал шәкірттеріммен бірге өткізген күндерім көз алдымнан өтіп, жаралы жаныма жаймашуақ жұбаныш әкеліп жатса, бір жағымнан жалғыздық пен айдаудың қасіреті жүрегімді жаралай түсетін еді. Осындай жарымжан күйде жүргенде қасиетті

كُلُّ شَىْءٍ هَالِكٌ اِلَّا وَجْهَهُ لَهُ الْحُكْمُ وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

аятының жарығы көкірегімді нұрландырды. Маған "Я, Бақи Әнтел Бақи!" дегізіп, сол арқылы жүрегіме шынайы жұбаныш ұялатты. Мен осынау аяттың сырымен, сондай бір қайғылы халде өзімді үш үлкен мәйіттің басында тұрғандай сезіндім.

Біріншісі. Елу бес жасыма дейін елу бес рет өлгендеймін және өзімді сол көмілген Саидтердің басындағы құлпытас секілді көрдім.

Екіншісі. Өзімді Адам Атадан бергі опат болып көмілген, барлық адамдардың өткен шақ дейтін қабірінің үстіне қойылған құлпытас ретіндегі осы ғасырдың бетінде ары-бері жыбырлап жүрген құмырсқадай көрдім.

— 286 —

Үшіншісі. Адамдар секілді, жыл сайын келіп-кетіп жатқан дүниенің опат болатыны, мына алып дүниенің де аяттың айтқанындай өлетіні қиялымда анық көрінді.

Абдуррахманның өлімінен кейін пайда болған қайғыдан туған осынау терең мағынаны жарық қылатын, нұрландыратын, көкірегіме сөнбес сенім ұялататын мына Аят астарлы мағынасы арқылы көмектесіп, медет берді.

فَاِنْ تَوَلَّوْا فَقُلْ حَسْبِىَ اللّٰهُ لَٓا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظ۪يمِ
Иә, осы аят маған мынаны ұқтырды: Хақ Тағала бар, олай болса бәрі бар, бәрі болады. Ол бақи, олай болса Ол бәріне жеткілікті. Оның бір ғана көмегінің өзі бүкіл дүниеге тең келеді. Оның нұрының бір шеті ғана әлгі үш үлкен мәйітке бірдей рухани өмір сыйлайды. Тіпті, олардың мәйіт емес екендігін, олар міндеттерін атқарған соң басқа дүниеге кеткен тірі жандар екенін көзге көрсетіп бере алды. Ол туралы Үшініші Лемада анық айтылғандықтан мұнда тек қана كُلُّ شَىْءٍ هَالِكٌ اِلَّا وَجْهَهُ... اِلٰى اٰخِرِ аятын айта кетуді жөн санадым. Осы аяттың мәнін ашып берген екі рет айтылатын «Я, БАҚИ ӘНТЕЛ БАҚИ! Я, БАҚИ ӘНТЕЛ БАҚИ!» мені қайғы-мұңнан, ауыр жағдайдан құтқарды.

Бірінші рет "Я, БАҚИ ӘНТЕЛ БАҚИ!" дегенімде, Абдуррахман сынды жан дүниеммен жақсы көрген бауырымнан айырылудан пайда болған рухани жараларыма ота жасағандай етіп, емдеп жіберді.

Екінші рет, "Я, БАҚИ ӘНТЕЛ БАҚИ!" дегенімде басқа да көптеген рухани жараларымның бәрін жазып, жанымды жадыратты. Яғни, былай деді: О, Аллаһ Сен өзің бақисың, кеткендер кете берсін, Сен жеткіліктісің! Сен Бақисың, жоғалған әрбір нәрсеге рақымыңның бір сәулесі жетіп жатыр. Сен барсың, сенің бар екеніңе иман еткен және осы иманмен Ислам шариғатына сәйкес әрекет еткен жанға барлық нәрсе бар. Жоғалу мен жойылу деген сырт көзге бір перде ғана. Негізінде, тек қана жаңару, тазару бар және әртүрлі қабаттарда қыдыру сияқты деп ойлаған кезде, әлгі қасіретті, қараңғы, қайғы басқан дүние жап-жарық, нұрлы, қуанышты, сүйікті жағдайға өзгеріп шыға келді. Осындай сәтте бүкіл болмысым мен бүтін жан дүнием өзгеше хал тілімен «Әлхамдуиллаһ» деді.

— 287 —

Міне, осынау рахмет нұрының мыңнан бір бөлігінің өзі осындай. Мен әлгі қайғының тұманы басқан жағдайдан, мұңлы халден шығып, Барлаға қайттым. Қарасам, алдымда Кулеөнілік Мұстафа деген бір жігіт ғылымхалға қатысты, дәрет алу мен намазды қалай оқу жөнінде біраз мәселелерді сұрау үшін келіп тұр екен. Ол кездері ешкімді де қабылдап сөйлеспейтін болсам да бұл жігіттің рухындағы ықылас пен Рисалей Нұрға қызмет

{(Сілтеме): Міне, сол Мұстафаның інісі Кішкене Алидің бір өзі әдемі жазуымен жеті жүз Рисале жазып шықты. Сөйтіп, өз ісімен Абдуррахманды тірілітті және талай Абдуррахманды тәрбиелеп шығарды.}

ету ынтасының шынайы екенін сезгендіктен оны кері қайтармай, қабылдадым.

{(Сілтеме): Расында, ол өзін қабылдатып қана қоймай, қошаметпен күтіп алуға лайық екенін көрсетті.

Рисалей Нұрдың бірінші шәкірті Мұстафамыз күтіп алуға лайық екен деген ұстаздың сөзін қуаттайтын бір оқиға: Құрбан айттан бір күн бұрын стазым серуенге шығатын болған. Мені ат алып келуге жұмсаған-ды. стазға: "Сіз төменге түспей-ақ қойыңыз. Мен есікті сыртынан жауып өзім отын сарайынан шығып кетемін." деп едім, "Жоқ, сен есіктен шық!" деп, төменге түсіп мен кеткен соң есікті ішінен іліп алған. Мен кетіп қалған соң ұстаз жоғарыға көтеріліп жатып қалыпты. Біраздан соң, Мұстафа, Хажы Осман екеуі келді. Ол кездері ұстазым ешкімді қабылдамаушы еді. Әсіресе, екі адам қатар келсе қабылдамай кері қайтаратын. Сөйтсе, осы Мұстафа мен Хажы Осман екеуіне есік өзінен өзі ашылып кетіпті. Бейне бір есік оларға: " стазымыз сені қабылдамайды. Бірақ, мен саған ашықпын.дегендей құлыптаулы есік өздігінен ашылып кетіпті". Демек, Мұстафа туралы: "Мұстафа күтіп алуға лайық жігіт", дегені рас екен, оған есік куә.

Хусрев

"Иә, Хусревтің жазғанындай болғаны рас. Есік, мүбәрак Мұстафаны менің орныма күтіп алды, қабылдады"

Саид Нұрси}

Уа, мен секілді қартайған шағында ет бауыры баласы, немесе жанына жақын туыстарынан айырылып, қайғыдан еңсесі түсіп кеткен қариялар мен апа, әжелер! Егер менің жағдайымды жақсы ұққан болсаңдар, сендерден де ауыр халде жүргенімде қасиетті Аяттың құдіреті қайғы-қасіретімді сейілтіп, дертіме дәрмен болды. Расында, Құран Хакимнің дәріханасында рух пен дененің бүкіл ауруына ем болатын шипалар бар! Егер иман келтіріп, соның бәрін қабылдап, құлшылық жасап, мойынсұнсаңыз, басыңызға түскен бүкіл қайғы-мұң мен кәріліктің кесапаттары түгел жеңілдеп, жаныңыз жай табады.

Осы бөлімнің ұзақ жазылуының бір себебі, марқұм Абдуррахманға рақым дұғасы молырақ болсын деген ниет еді. Сондай-ақ, осынша ауыр қайғы-мұңға батқанымды тілім жеткенше жазуымның бір мақсаты, қайғым-мұңым қанша көп болса да Құран Хакимнің қасиетті шипалары сондай ауыр жарама дәрмен болғандығын жеткізе айту еді.

— 288 —

ОН ҮШІНШІ ҮМІТ.

{(Сілтеме): Өте ғажап бір сәйкестік бойынша осы Он үшінші үмітте айтылған медресе оқиғасы дәл он үш жыл бұрын болған еді.}

Бұл тақырыпта басымнан өткен оқиғаларды әңгіме етуге тура келгендіктен созылып кетуі мүмкін. Оған ренжімеулеріңізді алдын ала өтінемін. Дүние жүзілік соғыс кезінде орыстардың қолына тұтқынға түсіп, одан аман-есен оралған кезім. Стамбулдағы "Дар-ул Хикметте" (Ислам академиясы) екі-үш жыл қызметте болдым. Кейін, Құран Хакимнің нұрлы әсері мен Гаус Ағзамның нұсқауымен және қарттықтың ескертуімен Стамбулдың мәдени, шулы өмірі жалықтырып, алыстай бастадым. Өз отаныма деген сағыныш мені сол жаққа шақырды. Әйтеуір бұл дүниеде мәңгі қалмайтын болған соң, туған жеріме барып өлейін деген ой келді. Ең алдымен Вандағы Хорхор деп аталатын медресеге зиярат жасауға бардым. Барсам, Ванның басқа да үйлері секілді Орыс соғысы кезінде оны да Армяндар өртеп жіберген екен. Ванның әйгілі қамалы бүтін тастардан тау секілді салынған еді. Менің медресем дәл соның астыңғы жағында, соған жалғаса салынған болатын. Жеті-сегіз жыл бұрын осы медреседе бірге болған достарым мен шәкірттерімнің бәрі түр-түсімен көз алдыма елестеді. Осынау адал достарымның жартысы сол соғыста шейіт болған еді, қалғандары да осы қиыншылықтардың кесірінен рухани шейіт ретінде қайтыс болып кеткен.

Мен көз жасымды тыя алмай сол медресенің дәл тұсындағы төбеге шығып, отыра кеттім. Жеті, сегіз жыл бұрынғы өткен шаққа қиялыммен барып, сол кездерді әбден араладым. Менің жанымда ешкім жоқ болғандықтан мені кері қайтаратын себеп те жоқ еді. Одан бері жеті-сегіз жыл емес, бір ғасыр өткен секілді менің медресем мен қорған ішіндегі үйлер түгел қирап, өртеніп, тас-талқаны шығып қалған екен. Сондағы, дәурен өмір көз алдыма келгенде, мына күлталқан болған дүниеге екі жүз жылдан кейін қайта келіп отырғандай көңілімді қайғы бұлты торлап, көзім жасқа толып, отырып қалдым. Айналамдағы үйлердің бәріндегі адамдар менің жақын достарым мен туыстарым еді ғой. Көбі соғыста шейіт болып, бақиға аттанса, бір тобы қиыншылыққа байланысты жан-жаққа жер ауып кеткен екен. Армяндар тұрған үйлерден басқа мұсылмандардың үйлері түгел өртенген, бүлінген. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Мың көзім болса, бәрі қосыла жылардай қатты қайғырдым. Жат елдегі тұтқыннан босап аман-есен туған-туысқанға, отаныма жеттім-ау дегенде туған елімнің

— 289 —

қаңырап қалғанын көріп отырмын. Он екінші үміттегі Абдуррахманнан айырылған кезімдегідей мұнда да жүздеген шәкірттерімнің қабірі мен басқа туыстарымның қабірге айналған жұртын көрдім. Көптен бері бір араб шайырының өлеңі есімнен кетпейтін. Алайда, соның нақ мәнін біле алмай жүруші едім. Міне, дәл осы қасіретті жағдайда соның мағынасын түсінгендей болдым.

لَوْلَا مُفَارَقَةُ الْاَحْبَابِ مَا وَجَدَتْ لَهَا الْمَنَايَا اِلٰى اَرْوَاحِنَا سُبُلًا
Яғни, "Егер өмірде достардан айырылып қоштасу болмаса, онда өлім жанымызды алуға жол таба алмас еді". Олай болса, адамды өлтіретін бірінші себеп, оның жақынынан айырылуы екен ғой. Шынында солай екен, қандай қиын жағдай да мені дәл осылай жылатпаған еді. Егер Құраннан маған бір жәрдем келмегенде мына қара бұлттай қайғы мені езіп, жанымды шығарып жіберер ме еді... Баяғы шайырлар сүйікті жандары мен бірге жүрген жерлерінің уақыт өте келе қирандыға айналуын көріп, соларды жырлап жылаушы еді. Енді сол көріністі мен өз көзіммен көріп тұрмын. Сүйікті досы отырған үйге екі жүз жылдан кейін келген адамның мұңды халіндей рухым да жүрегім де көзіме қосыла жылады. Көз алдыма мына қирандыға айналған жерлердің гүл жайнаған кездері келді. Жиырма жылға жуық сабақ беріп, қымбатты шәкірттеріммен бірге өткізген күндер кино лентадай сырғып өтті де көз алдымда біраз уақыт тұрып қалды. Осы кезде дүниеге алданып жүрген адамдарға барынша таңырқадым. Мына дүниеде адамдар қонақ бола тұра неге сонша өздерін алдап жүр? Ақиқатқа көзі жеткендер айтатын, "мына дүние өтпелі, алдамшы, жалған" дейтін сөздердің қаншалықты нақты екенін қазір өз көзіммен көріп отырмын. Өйткені, қарттықтың қасіретімен екі көзімнен жас сорғаласа, медресемнің де күйреп қалғанын көріп басқа сезімдерімнің кәдімгі көздері болса, тағы да сонша жас төгер едім ғой. Тіпті, осыншалық жаныммен жақсы көрген туған жерімнің жартысы күйреп қалғанын көре тұра шыдау мүмкін емес секілді. Бір риуаятта: Күнде таңертең бір періште. لِدُوا لِلْمَوْتِ وَابْنُوا لِلْخَرَابِ деп шақырады екен, яғни. «Өлетіндеріңді біле тұра дүниеге келесіңдер, қирайтынын біле тұра үй тұрғызасыңдар!».

Міне, осынау ақиқатты құлағыммен емес, көзіммен көргендей болдым. Сол кездегі басымнан кешкен жағдай мені қалай жылатқан болса, одан бері он жыл өтіп кетсе де сол кез есіме түскенде дәл

— 290 —

сондағыдай көзімнен жас сорғалап қоя береді. Мыңдаған жыл салтанат құрған осынау ежелгі қамалдың қирап қалғандығы, оның жанында тұрған үйлердің жеті-сегіз жылдың ішінде сегіз жүз жыл өтіп кеткендей тозып бүлінгені, осы қамалдың сәні мен жаны секілді көрінетін медресенің күйреп қалғаны, Ванның алып қорғаны бүкіл Османлы мемлекетінің барлық медреселерінің жермен-жексен болған рухани мүрдесіне қойылған құлпытас секілді көрінді. Сол сәтте, осыдан жеті сегіз жыл бұрын осы медреседе менімен бірге болған марқұм шәкірттерім де қабірде менімен бірге жылап жатқандай. Қорғанның қирап, шашылған тастары да солардың жылап-жылап қатып қалған көз жастары секілді көрінді. Осы кезде, туған жерімдегі осынау астаңкестең болған кәріп жағдайға енді, төзімім жетпейтіндей, марқұм болған бауырларымның қасына қабірге кіргім келді. Я болмаса, таудың бір үңгіріне барып ажалымды күтсем бе, екен деген ойға қалдым. Өмірдің бұл ауыр жүгі оңай кете қоятын дерт емес. Өмірдің алты жағы деп айтылатын алды, арты, асты, үсті, оң, сол жақтарына қарағанымда бәрі де түнек басқан қараңғылықтан басқа ештеңе емес еді. Дүниенің осындай ғапылдық жақтары маған бұл өмірді бос, қараң қалған қуыс, басыма төнген қара жартас секілді қорқынышты етіп көрсетті. Рухым да қаптаған пәлелерге қорғаныс боларлық бір пана іздеп, осынау өлім мен күйреуден пайда болған қайғы-мұңды сейілтерлік бір жұбаныш табу үшін жанталасып тұрған кезде, Құран Хакимнің,

سَبَّحَ لِلّٰهِ مَا فِى السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ ٭ لَهُ مُلْكُ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ يُحْي۪ى وَ يُم۪يتُ وَ هُوَ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ

Аятының ақиқаты көрінді. Әлгі, қайғы мұң мен қасіретке толы қиялдан құтқарып, көзімді ашты. Байқасам, ағаш басында жаудыраған жемістер маған қарап былай деп тұрғандай: "Сен, тек қана, қирап қалған нәрселерге, қабірлерге көз тікпе! Бізге де назар сал!". Осынау аяттың ақиқаты былай деп кеңес берді. Ван өлкесіне қонақ болып келген адамдардың қолымен жазылып, қала бейнесіне енген бір хаттың "Орыстардың басып алуы" деп аталған қатерлі селдің келуімен өшіп қалғаны, сені неге сонша қайғыға салды? Дүниенің нағыз иесі, Малик қожайыны, бүкіл нәрсені біліп тұрған Раббысы, Әзели Наққаш мәңгі суретші, аса шебер Аллаһтың құдретіне назарыңды салып көрші. Өткен

— 291 —

заманда мына "Ван" парағына жазылған хаттың жалғасын, қазір де қайта жазып, жалғастыруда. Ал, ол жерлерді қазір қирап, бос қалғандай көріп жылау, оның нағыз иесі Малик-і Хақикиды танымаудан туындап отыр және қонақ болып, келіп-кететін адамдарды сол жердің нағыз иесі деп санап, шатасудан пайда болған жағдай. Алайда, сол шатасудан бір ақиқаттың есігі ашылды. Сол ақиқатты қабылдау үшін нәпсі де әзір болды. Иә, темірді отқа салып балқытқанда майысып ыңғайлы халге келетіні секілді, қайғы-қасіреттің де қайнап, қызуы нәпсіні жұмсартып, жөнге салды. Құран Хакимнің қасиетті аяты иманның ақиқатын нәпсіме көрсетіп оған қабыл еткізді.

«Лилләһил хамд» осынау Аяттың ақиқаты иманның соншалықты қуатты нұрын рух пен жүрекке қатар бергені сондай, одан жүз есе қорқынышты пәле келсе де оған қарсы тұрарлық "Иман-ы Биллаһты", яғни Аллаһқа иманды сыйға тартты. Мынаны да ұқтырды. Сені Жаратқан және мынау туған жеріңнің шын иесі Аллаһтың әміріне бүкіл нәрсе бағынады, бәрінің тізгіні тек Соның қолында. Олай болса, тек Соған мойынсұнғаның жеткілікті. Жаратушымды осылай танығаннан кейін, айналамдағы дұшпан санағанның бәрі досқа айналды, жылатқызған жағдайлар қуанышқа бөледі.

Алдыңғы көп рисалелерде анық дәлелдегеніміздей, әлгі сансыз арман мұраттардың жауабы ретіндегі "Ақыретке иман", ерекше нұрлы сенім бергендігі сондай, әлгі қысқа да уақытша, өтпелі болған жақын адамдарым, енді ажырамас дос-жаран, бақи дүниеде, мәңгілік бақыт мекенінде табысатынымды көңіліме ұялатты. Расында рахымның бір ұшқынымен уақытша әрі шап-шағын қонақүйдей жержүзіне келіп-кететін қонақтарын азғана уақыт қуанту үшін көктем атты дастарқанында сансыз, түрлі тағамдарын бір қонақасы етіп берген Құдірет енді, мәңгілік мекен болатын шет-шегі жоқ сегіз қабатты Жәннатында ақылға сыймайтын ғажайып нығметтерімен сүйікті қонақтарын қуантатын Рахман-ир Рахимнің рақымына сенім артқан ең бейшара адамның қаншалықты қалың қайғысы болса да соның бәріне төтеп беріп бақытқа кенелер еді. Міне, осынау Аяттың ақиқаты әкелген жарықтың қуаттылығы сондай, иман нұры ұялаған жүректі адасу түнегінен құтқарып, күндізгідей жақыраған айдынға шығарды. Өйткені, медресе мен осы қалада маған жақын болған досжарандарымның артында қалып, жылап-еңіреген жан-жарамды жазып,

— 292 —

көңілімді жадыратқаны сонша, әлгі кеткен дос-жарандарымның барған әлемі мәңгі жап-жарық, бақи бақытқа толы, қайта қауышатын мекен екендігін жүрегіме өшпестей етіп нұрмен бедерлеп бекітіп берді.

Жылап қайғыруды мүлдем тиды. Сол айырылып қалғандардың орнына келетіндер мен оларға ұқсайтын жақсы адамдарды әлі де табатынымды хабарлады. "Лилләһил хамд" дәл солай болды. Күйреп қалған Ван медресесінің орнына Спарта медресесін тұрғызып, айырылған дос-жарандарымының орнын олардан кем емес досжарандармен толтырды, оларды рухани тірілтті. Және маған мынаны ұқтырды, дүние қирап қалған бос мекен емес, күйреп қалды деп ойлаған ел-жұртым күйремепті. Хақиқ-ы Мәлик Аллаһтың хикметі бойынша өткен адамдардың орнын жаңа адамдар ауыстырып, олардың жазып кеткен рухани хаттарын жаңа үлгімен жаңарту екен. Мысалы, жеміс ағашының жемістерін үзіп алса, орнына жаңасы өсетіні секілді, адамзат баласының да айырылысуы, ғұмырының аяқталуы дәл сондай жаңару мен өзгеру. Иман көзімен қарасақ, дос-жараннан айырылу деген шынында, қайғы емес, бұдан да әсем мәңгі мекенде қайта қауышу үшін уақытша қоштасу екен. Алдыңғы жағдайдағы әлемдегі жаратылыстардың қорқынышты боп көрінген бейнелерін жарқыратып жіберді. Мен осы жағдайыма шүкір етіп, көңілімді қайта көтерген кезде көкейіме арабша мынандай бір сөздер оралды:

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نُورِ الْا۪يمَانِ الْمُصَوِّرِ مَا يُتَوَهَّمُ اَجَانِبَ اَعْدَاءً اَمْوَاتًا مُوَحِّش۪ينَ اَيْتَامًا بَاك۪ينَ ؛ اَوِدَّاءَ اِخْوَانًا اَحْيَاءً مُونِس۪ينَ مُرَخَّص۪ينَ مَسْرُور۪ينَ ذَاكِر۪ينَ مُسَبِّح۪ينَ

Яғни, қиын жағдайлардың шатастыруымен адасқан кезде, айналадағы жаратылыстың жартысы дұшпан, жартысы қорқынышты мүрделер болып көрінсе, қалғаны қараусыз қалып жылап-сықтаған жетімдер түрінде көрінеді. Ғапыл нәпсіме үрейлі көрінген осынау көріністер иман нұрымен анықталып, әлгі дұшпан дегендер жанашыр досқа айналды. Ал мүрделер болса, міндеттерін атқарған жаны жайсаң жандар екен. Жылаған жетімдер деп жүргеніміз, Жаратушысын үздіксіз еске алып зікір етушілер болып шықты. Міне, осындай иман нұрымен көңілімді жарқыратқан Халиқ-ы Зүлжәлалға шексіз мадақ

— 293 —

айтамын. Және де, бұл дүниедегі жаратылған барлық жаратылыстың хал тілімен бірге «Әлхамдулиллаһи ала нур ил иман» деуге тиіспіз. Әлгі ғапылдықтан оянған сәтте менің жанымды қинаған қасіреттер түгел жоғалып, сол кездегі маған арналған нығметтердің ауқымы енді, иман нұрымен шексіз кеңейгені сонша, бүкіл дүниені өз ішіне сиғызып, Хорхор бақшасындағы қураған жемістердің орнына бұл дүние мен Ақырет әлеміндегі гүл жайнаған, ғажайып нығметтерге толы екі дастарқанды алдыма жайып салды. Көз, құлақ, жүрек секілді оншақты ғана емес, жүзге жетерлік адами сезім ағзаларының әрқайсысын шексіз бір ұзын қол секілді бәріне жетіп артылатындай етіп, әрбір пенденің өз дәрежесіне сай Рахманның теңдессіз дастарқанының қай шетінен болса да емін-еркін дәм татып, ләззат алатын етіп көз алдыма көрсеткен сәтте, осындай ғажайып ақиқатқа куә болғаным үшін шын жүректен шүкір етіп, былай деген едім:

اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ عَلٰى نُورِ الْا۪يمَانِ الْمُصَوِّرِ لِلدَّارَيْنِ مَمْلُوؤَتَيْنِ مِنَ النِّعْمَةِ وَ الرَّحْمَةِ لِكُلِّ مُؤْمِنٍ حَقًّا يَسْتَف۪يدُ مِنْهُمَا بِحَوَاسِّهِ الْكَث۪يرَةِ الْمُنْكَشِفَةِ بِاِذْنِ خَالِقِه۪

Яғни, "Мына дүние мен Ақырет әлемін нығмет пен рақметке толтырып, нағыз мұсылмандардың иман нұры мен ислам арқылы жарқыраған бүкіл сезімдерін осы екі ғажайып дастарқанға қол жеткізу үшін жаратып, осындай иманды маған сыйға тартқан Жаратушыма, денемдегі бүкіл зәррелермен Дүние мен Ақыретті толтыра алатындай шүкір етіп, хамд айтар едім, шіркін соған шамам жетсе!". Иман арқылы бұл дүниедегі ондай көлемді нәрселерді түсінуге болатын болса, оның жемісі ретінде берілетін ақырет дүниесіндегі ғажайыптарды осы күнгі ақылмен ойлау, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес...

Уа, маған ұқсап жақынынан айырылып қайғы жұтқан қариялар! Сіздердің іштеріңіздегі ең қария адам менен жасы қанша үлкен болса да қариялық жағынан маған жете алмас деймін. Өйткені, туасылы болмысымдағы жанашырлықтан тек өз басымдағы ғана емес басқа мүмин бауырларымның да қайғы-қасіреті жаныма бататындықтан қазіргі халде жүз жасаған қариядан бетер қартайған адаммын. Сіз қаншалықты қасірет көрсеңіз де маған жете алмассыз. Өйткені, жалғыз

— 294 —

ұлымды ғана уайымдайтындай өзімнен туған ұлым жоқ, сондықтан бойымдағы жанашырлық деген сезімім өзімнен басқа күллі мұсылман бауырларымның айырылып қалған балаларымен қатар, тіпті бейкүнә хайуандардың да қасіреті жаныма қоса батқандай үнемі қиналумен күн кешемін. Өз меншігімдегі бір баспанам да жоқ, тек соны ғана қорғаштап жүретіндей, сондықтан бүкіл елім, тіпті барлық ислам дүниесі де менің баспанам секілді сезіледі. Сондықтан, бүкіл мұсылмандардың қайғысы да қиыншылығы да менің өз басыма түскендей халде жүремін!..

Міне, кәрілік пен айырылысудың ащы қайғысы езген маған жәрдемге келген иман нұры енді, үзілмес үміт, қайтпас қайрат, сөнбес жарық пен түгесілмес бір жұбаныш сыйлады. Олай болса, сіздерге де жолыққан барлық қайғы мен қасіретке тек иман нұры ғана төтеп береді. Нағыз қараңғылық, үмітсіз қарттық, қасіретті айырылысу адасушылар мен азғын топқа ғана тән. Ал сөнбес үміт пен түгесілмес жұбаныш берген иманның ләззатын, қуатын сезіну, қариялыққа лайық құлшылық пен Исламға сай ынта-жігер арқылы болады. Әйтпесе, албырт жастар секілді қу дүниеге алданып, қариялығын естен шығарғандар оны сезе алмайды.

خَيْرُ شَبَابِكُمْ مَنْ تَشَبَّهَ بِكُهُولِكُمْ وَشَرُّ كُهُولِكُمْ مَنْ تَشَبَّهَ بِشَبَابِكُمْ -اَوْ كَمَا قَالَ

Осынау хадистің мәнін ойлайық. Яғни, "Жастардың ең жақсысы азғындықтан сақтанып, ақыретті ойлап, қарияға ұқсап жүргені, ал қарияның ең жаманы азғындыққа келгенде жастарға ұқсап жеңілтек болғандары" дейді.

Уа, қария бауырларым мен қартайған әже, аналар! Мынадай бір хадис шәрифте: «Алпыс-жетпіске жеткен бір мұсылман қария алақанын жайып Аллаһтан тілек тілесе, Иләһи мейірім оның қолын бос қайтарудан ұялады» дейді. Міне, қараңыздар Аллаһтың рақымы сендер үшін соншалықты құрмет көрсетіп тұрған жоқ па? Сендер де осы құрметтің құрметі үшін құлшылықпен жауап беріңдер!

ОН ТӨРТІНШІ ҮМІТ. Төртінші Шұғада толық түсіндірілген Хасбие аятының нұрлы мазмұны былай дейді: Бір кездері тек бұл дүниені ғана ойлайтындар мені барлық нәрселерден оқшау қалдырғанда бес түрлі жалғыздыққа тап болған едім. Сонда, жанымның қатты күйзелуінен туындаған ғапылдықтың кесірінен, Рисалей Нұрдың

— 295 —

жұбанышпен медет сыйлар нұрларына мойын бұрудың орнына, тұптура өз жүрегіме үңіліп, рухыма жүгіндім. Одан байқағаным, мәңгілік өмірге деген құштарлық, болмысқа деген сүйіспеншілік, тіршілікке, өмірге деген ғашықтық сезімім өте күшті екен. Болмысым әлсіз әрі пақыр. Алайда, әлгі мәңгілікке деген құштарлықтың жалынын, жоқ болу, аяқталу деген нәрселер сөндіріп тастамақ. Осындай халде (маған ұқсап) күйіп-жанған бір ақынның айтқанын қайталап былай дедім:

Көңіл тәннің мәңгілігін қаласа, Аллаһ оған фәни дене қаптаған

Мендегі бұл дерттің емін, Хакім Лұқман таппаған...

Басым төмен салбырап үмітсіз күй кештім. Кенет حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аяты көмекке келіп: "Мені ден қоя оқы!" деді. Мен оны күніне бес жүз рет оқи бастадым. Оқыған сайын, оның көптеген нұрларының тоғыз мәртебесі, тек илмеляқин ғана емес, айнеляқин түрде көрінді.
Бірінші мәртебелі нұрлы өсиет. Менің бойымдағы мәңгілікке деген құштарлық, негізінде мен мәңгі жасасам деген емес, ешқандай себепсіз сүюге лайық, абсолюттік кемелдік иесі, Зүлкамал, Зүлжалал Аллаһтың есімдерінің сәулелері менің де тұла бойымда көрініп тұрғандықтан, болмысымдағы абсолюттік Кемелдік иесінің мәңгілік кемелдігіне деген ғашықтық, ғапылдықтың кесірінен жолдан адасып, көлеңкенің, айнаның мәңгі болуын қалап, соған құштар болған. حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аяты келді де, көкірек пердесін ашты. Сол сәтте ақиқатты көрдім және терең сезініп хаққаляқин түсіндім. Мәңгіліктің ләззаты мен бақыты Бақи Зүлкәмалдың бақилығында және Оның менің Раббым, Иләһым екендігіне сеніп, иман келтіруімде. Оның нағыз айғақтары адамды таңғалдырар нақты дәлелдер арқылы, он екі рет сондай-ақ, деп келетін, имани сананы нығайтар Хасбие рисалесінде жазылған.
Хасби аятының екінші нұрлы мәртебесі. Болмысымдағы әлсіздік пен пақырлыққа қоса қарттық, жер аударылу, жалғыз қамалу сынды жағдайлармен бірге, бұл дүниені ғана ойлаушылардың айлашарғылары, аңдулары арта түскен кезде, аяқ-қолы байлаулы, әлсіз, ауру бір адамға осынша күш шабуыл жасауда. Мен арқа сүйер ешкім жоқ па? - деп, حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аятына жүгіндім.
— 296 —
Ол аят маған мынаны ұқтырды. Иман атты куәлігіңді пайдаланып, Шексіз Құдрет иесі, мәңгілік Сұлтанмен байланыс құр. Соған арқа сүйе. Көктем сайын, жер бетіндегі өсімдіктер мен хайуанаттардың төрт жүз мыңнан астам түріне өз керек-жарақтарын аса жүйелі түрде жеткізіп берумен қатар, адамдар мен хайуанаттардың барлық ризықтарын, соңғы кезде адамдар ойлап тапқан ет пен қанттан, басқа да азықтүлік түрлерінен бес жүз есе артық тағамдарды дәндер мен тұқымдар бейнесіндегі Рахмани құтыларға салып, олардың пісіп жетілуіне және таралуына қатысты тағдыр-бағдарламаларын өз бойларына жазып, оларды қорғап тұратын сандықшаларға салып, сақтап қояды. Ол сандықшалардың жаратылуы كُنْ әміріндегі كَافْ نُونْ фабрикасында тез әрі оңай, өте көп мөлшерде бола қояды.
Құран Хаким «Жаратушы әмір етсе болды, бәрі сол сәтте бола қояды. Сен де иман куәлігі арқылы осындай мықты сүйеніш тапқан соң, шексіз күшке, шексіз құдіретке арқа сүйей аласың» деді. Мен де бұл аяттан осы сабақты алған соң, аса мықты рухани күшке ие болғаным сондай, дәл қазір маған тиісіп жатқан жауларыма ғана емес, бүкіл әлемге қарсы тұра алатындай имани күшті сезініп, жан-тәніммен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ дедім.

Хасби аяттың үшінші нұрлы мәртебесі. Мен жат жерде, науқастықтың, зұлымдықтардың кесірінен дүниемен байланысымды үзіп, мәңгілік бақыт өлкесіне шақырылып жатқандығымды иман арқылы сезінген кезде, "әттеген-ай" деген өкініштерден құтылып, "пах, шіркін-ай" дедім. Алайда бұл асқақ арманым мен рухани мақсатым орындалып, болмысымның нәтижесі іске асуы үшін, міндетті түрде бүкіл жаратылыс атаулының барлық жүріс-тұрысын, хал-жағдайын, іс-әрекеттерін білетін олардың сөздерін де, істерін де, тіркеп қоятын және мына кіп-кішкентай, өте әлсіз адамзатты өзіне дос етіп, онымен сөйлесетін, оған барлық жаратылыс атаулыдан жоғары мәртебе берген бір Шексіз Құдірет Иесінің құдіреті қажет. Сондай-ақ, Ол адам баласына шексіз көмек, аса мән бергенде ғана орындалу мүмкін деген ойға шомып тұрғанымда, мына екі мәселеде, яғни осынша құдіреттің істері мен сырт көзге түкке тұрғысыз адам баласының маңыздылығы жайлы Имани ақиқатты аша түсетін және жүректі толық қанағаттандыратын түсініктеме сұрадым. Тағы да сол аятқа жүгіндім.

— 297 —
حَسْبُنَا дағы نَا жалғауына назар аудар. Сенімен бірге ол сөзді кәдімгі тілдерімен де хал-жағдайларының тілімен де حَسْبُنَا деп кімдер айтып жатқанын тыңда!" деп бұйырды. Қарасам сансыз құстар мен кішкентай құстар есебіндегі шыбын-шіркейлерден бастап, қисынсыз хайуанаттар мен сансыз өсімдіктер мен ағаштар мен сияқты өз хал тілдерімен حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ -дің мағынасын зікір етіп тұр. Сондай-ақ осы мағынаны әркімнің есіне салып тұр. Демек олардың тіршілік етуіне толық жағдай жасап тұрған бір қамқоршылары (уәкілдері) бар.
Бір-біріне өте ұқсас, заты да бірдей жұмыртқалар мен бір-бірінен аумайтын тамшылардан бір-біріне өте ұқсас дәнектерден құстардың жүз мың түрін, хайуанаттардың жүз мың түрлерін, өсімдіктер мен ағаштардың сансыз түрлерін ешқандай қатесіз, кемшіліксіз өте әдемі етіп, өлшемдерін саналуан мөлшерде біріне-бірі ұқсамайтындай ғажайып өнермен көктем сайын азғана уақытта, өте жылдам және опоңай кең көлемде, мол мөлшерде жаратуы, алып құдірет пен теңдессіз күш-қуаттың иесі Уахид Әхад екендігін көрсетіп, шексіз Рубубиет билігін дәлелдеп тұрған Жаратушының ісіне басқа, біреулердің араласуы, килігуі мүмкін еместігін анық жеткізіп тұрғандығын түсіндім. Кез келген мүмин сияқты менің рухани және адами болымсымды, дәл мен сияқты түсінгісі келгендер болса, حَسْبُنَا -дағы نَا жалғауындағы Әнәға яғни нәпсінің мәнісіне көңіл бөлсін. Маңызсыз, жұпыны, пақыр болып көрінген денемнің (басқа да мүминдердікі секілді) не нәрсе екенін, тіршілік дегеннің не екенін, адамшылық дегеннің не екенін, дін Исламның не екенін, шынайы иман дегеннің не екенін, Мағрифатуллаһ дегеннің не екенін, сүйспеншілік дегеннің қалай болатындығын түсініп, сабақ алсын...

Хасбие аятының төртінші нұрлы мәртебесі. Бір кездері елден жырақ жүру, жалғыздық, науқастық, жеңілістер сынды денемді сырттай мүжіген бір жағдай ғапылдық сәтіме тура келгенде, әлгі әбден үйреніскен болмысым мүлде құрып, жоғалады-ау, тіпті болмыс атаулы жаппай жоқ болады-ау деп қатты қайғырдым. Тағы да, осы Аят-ы Һасбиеге жүгіндім. Ол: "Менің мағынама иман дүрбісі арқылы үңіліп қара!" деп бұйырды. Мен де, дәл солай иман көзімен қараған сәтте, менің зәрредей болмысым, басқа да мүминдердің болмысы іспетті шексіз бір болмыстың айнасы екендігін, шексіз ашылып кеңею арқылы сансыз болмыстарды иеленуге себеп болатындығын, өзінен әлдеқайда

— 298 —

маңызды, мәңгі, алуан түрлі болмыстардың жемісін беретін хикмет толы сөз екендігін анық түсіндім. Өйткені, имани санам арқылы, бұл болмысым Уажиб-үл Ужуд Аллаһтың әсем өнері, есімінің бір шағылысы екенін білдім. Сол сәтте әлгі қайғы-қасіретке толы айрлысулардың қасіретінен құтылып, барлық жаратылысқа соның ішінде жанды нәрселерге қатысы бар Иләһи әсем есімдердің саны қанша болса сонша бауырластық бауы арқылы әдемі байланыста екеніме көзім жеткенде, барлық сүйіктілерімнен уақытша айырылысуым, мәңгілікке қауышу боларын ұқтым. Осылайша бұл болмысым да иман арқылы, имандағы байланыстар арқылы барлық мүминдер сияқты шексіз болмыстарға қауышу нұрын табады. Өзі кетсе де артында қалғандар арқылы өзі қалғандай көңілі толады.

Олай болса, өлім айырылысу емес, қайта қауышу, жаңа бір жерге орын ауыстыру, сондай-ақ, оның жемістері де мәңгілік.

Хасби аяттың бесінші нұрлы мәртебесі. Бір кездері өмір қиындап кетті де назарымды өзіне аударды. Қарасам өмірім зымырап өтіп барады. Ақыретке қарай жақындап келеді. Қыспаққа түскен өмірім де сөнуге аз қалыпты. Алайда, Аллаһтың Хай есімі баяндалған жазбаларда айтылғандай, өмір сүрудің мақсаттары мен маңызды пайдалары бұлай тез өшуге емес, қайта ұзақ жасауға лайық еді ғой деп уайымдай бастадым. Сол кезде, маған ұстаз болған حَسْبُنَا اللّٰهُ وَنِعْمَ الْوَك۪يلُ аятына қайта жүгіндім. Ол: "Саған өмір сыйлаған Хаий-ы Қайюм Аллаһтың көркем есімдерімен байланыстырып қара!" деді. Мен де солай жасадым. Сөйтсем, өмір сүрудің бір жағы маған қараса, Хай-ы Қаюмға қарайтын жүз жағы бар екен. Маған қатысты нәтижесі бір ғана болса, Жаратушы Аллаһқа қатысты жағы мың екен. Ол тұрғыдан алғанда бір сәт өмір сүру жетіп жатады екен, ондай өмірдің ұзақ болуы тіпті шарт емес екен. Бұл ақиқат төрт мәселе бойынша баяндалады. Өліп қалмағандар немесе тірі болғысы келетіндер өмір сүрудің маңызы мен мақсатын, оның ақиқаттарын, құқықтарын осы төрт мәселенің ішінен іздеп тапсын да тірілсін!..

Қорытындылап айтсақ, өмірге Зат-ы Хаий-ы Қайюмның атымен қарағанда, иман да өмірге жан беріп, оның рухы болса, өмір мәңгілікке айналып, бақи жемістер береді. Мәртебесі биіктікке көтерілетіні сонша шексіздікке ие болады. Ол кезде өмірдің ұзақ не қысқа екендігіне қараудың қажеті жоқ.

— 299 —
Хасби аяттың алтыншы нұрлы мәртебесі. Дүние қирап, жұрт жаппай бір-бірімен қош айтысатынын еске салатын, менің де бір күні қош айтысатынымды ескертіп отыратын қарттық шағым болатын. Соңғы кездері сезімталдығым күшейіп кетіп, бойымда сұлулыққа, құмарлық, әсемпаздық, кемелдікке құштарлық деген сезімдер артып тұрған кез болатын. Қарасам, әрдайым бұзып, қиратушы нәрсе болған аяқталу мен фәнилік, өлім мен ажал аяусыз түрде мына әсем дүниені, мына керемет жаратылыстарды быт-шытын шығарып, көркін бұзып жатқанынын көрдім. Бойымдағы сұлулыққа деген ғашықтық сезімі, әлгі жағдайға қарсылық танытып, қабылдағысы келмей бұлқан-талқан болды. Дәл сол кезде өзімді жұбату үшін тағы да сол Хасби аятқа жүгіндім. «Мені оқы, мағынама мұқият зер сал!» деді. Мен де Нұр сүресіндегі اَللّٰهُ نُورُ السَّمٰوَاتِ وَالْاَرْضِ... اِلٰى اٰخِرِ аятының обсерваторясында иманның дүрбісімен осы аяттың ең алыс қабаттарына және имани сана арқылы ең ұсақ сырларына үңілдім.

Көргенім, мынау болды. Айналар, әйнектер, жылтырақ нәрселер тіпті, көпіршіктердің өзі Күннің сәулесін неше түрлі етіп көрсетсе, жеті реңк деп аталатын оның шұғыласын сан құбылтып, өзіндік қабілеттерімен қоса ғажайып сұлулығын көрсетеді. Сол, Бастауы да, Соңы да жоқ мәңгілік Күн болған Аллаһтың шексіз әсем, теңдессіз сұлу, көркем есімдерінің - Әсма-и Хүснасының көркемдіктеріне айна болып, шұғыласының жарқырауы үшін осынау сүйкімді жануарлар мен көркем жаратылыстар тынымсыз келіп-кетуде. Олар өздерінде көрініс берген әсемдіктер мен әдеміліктерді өздерінің меншіктері емес, қайта соны жария етіп көрсетуді қалаған шексіз сұлулық Иесінің үнемі өзін таныстырушы теңдессіз көркемдік Иесінің ишаралары мен белгілерінің шұғыласы екендігі көптеген дәлел, айғақтар арқылы Рисалей-Нұрда жазылған. Ал, мұнда осы айғақтардың үшеуі ғана қысқаша және ақылға қонымды түрде баяндалған. Осы рисалелерді көрген әрбір сезімтал адам, өздері таң қалумен қатар басқалар да пайдалансын деп өз әсерлерін бөліскісі келеді. Әсіресе Екінші айғақта бес түрлі мәселе айтылады. Ақыл есі түзу кім болса да, "бәрекелді, машаллаһ!" деп, осынша міскін, құнсыз көрінген болмыстарын жоғарғы дәрежеге көтеріп, өз болмыстарының Иләһи мұғжиза екенін түсінетін болады...

ОН БЕСІНШІ ҮМІТ. Мен, Әмірдағында тұрған кезімде ізімді аңдудан, жалғыздықтан қатты қиналғаным сондай түрмедегіден бетер күйзеліп, өмірден безіп кеткім келді. Жан-жүрегіммен Денизлі

— 300 —

түрмесін аңсап, тіпті қабірді артық санаған кездерім болды. "Мынадай өмірден түрме я қабір артық қой" деген ойға келіп тығырыққа тірелген кезде Иләһи жәрдем келіп жетті. Қаламдары жазу мәшинесі секілді Зехра медресесінің шәкірттерінің қолына жаңа шыққан көшіріп басқыш мәшинесі түсіпті. Әп-сәтте, Рисалей-Нұрдың өте маңызды кітаптарының әрқайсысы бес жүз дана боп жарыққа шықты. Осындай жаңа жетістік менің қиын-қыспақ өмірімді берекелендіргендей, көңілім жадырап, іштей: «Құдайға сансыз шүкір!» дедім. Содан көп ұзамай Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары әлгі игі істерімізге кедергі келтіру үшін, өкіметті бізге қарсы қоюға тырысты. Бұл жағдай жаныма қатты батты. Тағы да Раббани көмектің сәулесі көрінді. Нұр рисалелері нұрға мұқтаж мемлекеттік қызметкерлердің назарын өзіне аударып, енді олар әзірге рұқсат етілмеген рисалелерді мұқият оқи бастады. Сөйтіп, Рисалей-Нұр олардың жүректерін өзіне баурап алды. Кітаптарды сынап-тиісудің орнына оларды құптап, мақұл көрді. Осылайша рисаленің оқылу аумағы тіпті кеңейе түсті. Заттық зияннан жүз есе рухани табыс-пайдаға кенелдік. Көрген қыспақтардың бәрі өзінен-өзі шешіле бастады. Бұдан кейін тағы да, екіжүзді, жасырын дұшпандар өкіметтің назарын енді, Нұр рисалесіне емес, менің жеке басыма аударуға кірісті. Бұрынғы саяси өмірімді қайта қозғады. Әділет басқармасын, оқу-ағарту басқармасын, жандармдарды, ішкі істер министрлігін маған қарсы қойды. Партиялардың, коммунистер бүркеп жүрген, анархистердің ұйымдасуымен мәселе ұлғая бастады. Бізді аңдып, қолдарына түскен рисалелерді жоюға кірісті. Нұр шәкірттерінің қызметін тоқтатуға барынша тырысып бақты. Менің жеке басымды жұрт алдында төмендету үшін ресми қызметкерлер ойға келмейтін түрлі сұмпайы істер жоспарлай бастады. Алайда, оған ешкімді сендіре алмады. Бізге, өшіккендігі сондай, адамшылыққа келмейтін жағдайда өте суық бөлмеге мені екі күн бойы қамап сұраққа алды. Ал, мен өз бөлмемде күніне қанша рет от жағып, пештің жанында отыратындықтан бұл жағдайдың маған қаншалықты азап екені белгілі. Осындай жағдайда отырғанымда Иләһи бір жәрдемнің белгісі ретінде көңіліме ақиқат нұры келді.

"Өзің Юсүф медресесі деп атаған Денизлі түрмесінде шеккен қиыншылықтардан мың есе артық рухани жетістіктер, ондағы тұтқындардың Нұрлардан көрген пайдасы мен рисалелердің кең

— 301 —

ауқымда таралуы саған реніштің орнына қуаныш сыйлап, түрмедегі бір сағатың он сағаттық құлшылық есебіне саналды. Ондағы пәни уақыттар мәңгілікке айналды. Иншаллаһ, олай болса бұл үшінші Юсүф медресесіндегі көріп жатқан қиыншылықтарың да Нұр рисалелерінің таралуы арқылы сенің мына тоңуың мен аштығыңды қуанышқа айналдырады. Ал саған зұлымдық жасап отырған адамдар білместіктен, алданып мұндай іске барған болса, оларға ашуланудың керегі жоқ. Егер біліп, әдейі осындай зұлымдыққа дінсіздік үшін барған болса, олар көп кешікпей өлімнің азабын тартып, мәңгілік қабір қамауына алынып, бітпейтін азап шегетін болады. Ал, сен олардың осындай зұлымдығының арқасында сауап алып, пәни уақытыңды бақи уақытқа айналдырып, рухани ләззатқа кенеліп, хақ діндегі міндетіңді ықыласпен атқарған болып саналасың..." деп, рухыма аян болды. Мен де, мұндай сүйінші хабарға «Әлхамдулиллаһ!» дедім. Әлгі залымдарға адамшылығыммен жаным ашыды. «Уа, Раббым! Олардың жүрегін тазарта гөр!» деп, дұға жасадым. Осы соңғы оқиға да солай болды. Ішкі істер министрлігіне түсініктеме жазған кезімде мен оларға айттым: "Бұл он жақты заңсыздық, заң атын жамылып жасалған қылмыс. Нағыз қылмыскерлер заңды бұзушылар!" Сол залымдар мені айыптау үшін сылтау іздегендері сонша, жапқан жаласын кім естісе де күлкісі келеді. Ынсапты жандарды жылататын айыптаулар еді. Демек, Рисалей-Нұрға, оның шәкірттеріне тиісуге заң тұрғысынан мүмкін болмағандықтан, ақымақ сияқты әрекет етуде. Мысалы, бір ай бойы бізді аңдыған құпия қызметкерлер ақыры түк те таба алмағандықтан бір қағазға былай деп жазыпты: «Саидтің бір қызметшісі дүкеннен бір шиша арақ алып оған апарып берді». Ол жазғанына қол қойдыру үшін біреулерді іздеп ақыры таба алмаған соң, сырттан келген маскүнем біреуге: "Мынаған қол қой!" десе, ол: "Астағфируллаһ, мұндай сұмдық өтірікке кім қол қояды?!" деп бас тартқан соң әлгі қағазды жыртып тастауға мәжбүр болыпты.

Екінші бір мысал. Аты-жөнін білмеймін, бейтаныс бір адам маған өзінің мініс атын беріп тұрды. Біраз тынығу үшін жаз күндері бір-екі сағат сонымен серуендеп қайтатынмын. Оның ақысы үшін ат иесіне елу лиралық кітап беруге уәде еткен болатынмын. Өйткені, біреуге қарыздар болып қалмау әдетімді сақтау үшін солай дегем-ді. Ал мұнда тұрған не бар? Ойпыр-ай, осы үшін "Бұл ат кімдікі?" деп

— 302 —

бізден полициясы бар, әкімі бар бәрі жабылып елу рет сұраққа тартты. Осы мағынасыз сұрақтардан құтылу үшін, екі адам азаматтық жасап, біреуі "ат менікі", екіншісі "арба менікі" дегені үшін, екеуін де менімен бірге қамап тастады. Міне, бұл баланың ойыны іспетті жағдайға бір күлдік, бір жыладық. Соңында мынаны түсіндік. Рисалей-Нұрға және шәкірттеріне тиіскендер қандай бір жағдайда масқара болып, күлкіге қалып жатады...

Ол мысалдардан бір оқиғаны баяндап берейін. Менің айыптау іс-қағазыма қауіпсіздікті бұзушы деп, жазғандығынан бейхабар бола тұра, мен прокурорға: "Сені кеше кешке ғайбаттадым" дедім. Өйткені, сол Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орнына менімен сөйлескен бір қызметкерге: "Егер бұл мемлекетке мың прокурор, мың қауіпсіздік басшысының қызметіндей қызмет етпеген болсам, Аллаһ маған үш қайтара қаһарын төксін" дедім.

Сол күндері суықтан сақтануға, жан тыныштығыма өте мұқтаж болсам да мені жалғыз қамап, тергеуге алып төзімімнің шегінен шығаруға таяғанда, осыны жасап отырғандарға ашу-ызам келді. Міне, дәл осы сәтте тағы да Иләһи жәрдем келіп, жүрегіме аян берді: "Адамдардың саған жасап жатқан бұл зұлымдықтарында Иләһи тағдырдың бір әділдігі бар. Бұл қамаудың ішінде саған арналған ризық бар. Сені бұл қамауға әкелген сол ризығың ғой. Олай болса, осы үшін шүкір етіп, тағдырыңа риза болуың керек. Аллаһтың хикметі мен рахметінің де үлесі бар. Яғни, жазасын өтеп жатқандарды нұрландыру, оларды жұбату, осылайша сауап жинау. Бұған әрине, сабыр сақтап, шүкір ету керек. Нәпсіңнің де сен білмейтін кемшіліктері бар. Олай болса, осындай жазаға лайық болған шығармын деп, мойындап тәуба еткен дұрыс. Жасырын дұшпандардың алдау, азғыруына түсіп, саған зұлымдық жасауға мәжбүр болған аңқау, күдікшіл қызметкерлердің де бір үлесі бар. Ал, сол екіжүзділердің осы ісі үшін Нұрдың оларға жегізген рухани шапалақтары сенің өшіңді еселеп алып берді. Ал, ең соңғы үлес ресми қызметкерлерге тиесілі еді. Алайда, олар Рисалей-Нұрды сынау мақсатында оқып, ақыры соның нұрлары арқылы тәубаға келіп, иманға бет бұрғаны үшін وَالْكَاظِم۪ينَ الْغَيْظَ وَالْعَاف۪ينَ عَنِ النَّاسِ шарты бойынша оларды кешіру, шын мәнінде бір биік мәртебеге жетумен тең, ізгі қасиет деп білген жөн".
— 303 —

Осындай ақиқатқа көзім жеткен сәтте, осы жағдайыма шүкір еткенім сондай, осы Юсүф медресесінде маған қастық істеп жатқандарға жақтасып, оларға имани тұрғыдан жәрдем беру үшін әлі де осы медреседе тұра беру мақсатында өзімді зиянсыз бір қылмыс жасағандай көрсеткенім жөн шығар деген ой келді. Мен секілді жетпіс бес жастағы адамның жетпіс құрдасының көп болса бесеуі ғана тірі, Нұр қызметін оның орнына атқаратын жетпіс мың Нұр нұсқалары еркіндікте, иман қызметінде бір ғана тіл емес, мың тіл болып сөйлейтін бауырлары бар мен секілді бір адам үшін қабір бұл қамаудан жүз есе артық емес пе? Сондай-ақ, бұл қамау сырттағы ешбір еркіндігі жоқ бостандықтан жүз есе рахат деуге болады. Өйткені, сырттағы еркіндікте жалғыз өзім жүздеген өктемшілдердің езгісінде жүргенше, мұнда жүздеген қамаудағы достармен бірге бір-екі қызметкердің бақылауында жүріп, көптеген дос тауып, олардың жақсылығын көрген артық. Мұндағы Исламиет жанашырлығы мен адамшылықтың ізгілігі қарияға деген қамқорлық сезімін оятқандықтан тіпті, қамалғаныма риза болдым. Осы жолы, үшінші рет сотқа келгенде, әлсіздік пен қарттықтың әсері болса керек түрегеп тұруға шамам келмей, сондағы бір орындыққа отыра кеттім. Сол-ақ екен, соттың төрағасы келіп: «Түрегеп тұрмай неге отырсың?» деп зекіді. Мендей қарт кісіге жасалған мұндай құрметсіздікке ашуым келді. Жан-жағыма қарасам, көптеген мұсылмандар өте бір жанашырлық, бауырластық ниетпен маған қарап, бізді айнала қоршап тұр екен. Қуса да кетпей жатыр. Сол сәтте бірден екі ақиқат көңіліме келе қалды.

Біріншісі. Менің және Рисалей-Нұрдың жасырын дұшпандары маған жала жабу арқылы қызметімізге бөгет жасау мақсатында, кейбір аңғал қызметкерлерді бізге қарсы айдап салып, түрлі қастандық жасаумен болды. Бұған қарсы Иләһи жәрдем ретінде әлгі бірнеше опасыз адамның орнына бізге жақтас жүз адамды Нұрдың иман қызметіне қолдаушы етіп қойды. Тіпті, екінші күні соттың тергеу сауалдарына жауап беріп жатқан кезде, сот залының сыртында мың қаралы адам топталып, "оларға тиіспеңдер!" дегенді тұрыстары арқылы айтып тұр еді. Тәртіп сақшылары оларды тарата алған жоқ. Осыны көрген кезде көкейіме мына бір ой келді. Мына тұрған көпшілік, осынау қатерге толы ғасырда көңілдеріне жұбаныш беретін, жүректеріне сөнбес нұр сыйлайтын, қуатты иман мен мәңгілік бақыттың сүйіншісін тілеуде, соны жан-жүректерімен іздеуде. Іздегендері Рисалей-Нұрдан табылады деп естігендіктен, иманға біршама қызмет еткенім үшін, лайық

— 304 —

болмасам да менің жеке басыма құрмет пен сый көрсетуде...

Екінші ақиқат. Қауіпсіздікке қатер төндірушілер деген жала жауып, бізге опасыздық пен қастық жасаушы бірнеше залымның іс-әрекетіне қарсы, көптеген ақиқатшыл адамдар мен жас ұрпақтың қолдау көрсеткені көңілге медет беретін жайт. Шын мәнінде коммунист атты перде жамылған анархистердің халқымыздың тыныштығын бұзу үшін жанталаса жасап жатқан қастандығына қарсы еліміздің әр тарапында Рисалей-Нұр шәкірттері шынайы иман қуатымен олардың іс-әрекетін тоқтату үшін қызмет жасауда. Өйткені, Нұр шәкірттерінің осындай жиырма жылғы қызметінде біздерге қарсы жүргізілген үш төрт сот пен он уәлаяттың құқық қорғау қызметіндегілерінің тексеру барысында, бірде-бір қылмыстық іс таппады. Тіпті, бір уәлаяттың өте ынсапты қауіпсіздік қызметкері былай деп қорытынды жасағаны бар: "Расында, Нұр шәкірттерін рухани қорғаныс қызметін атқарушылар деуге болады. Олар ішкі тыныштықты сақтап, бізге жәрдем етуде. Нұр рисалелері адамның иманын кәміл етіп, түсінгендердің жүрегіне бір күзетші қояды. Елдің қауіпсіздігіне қызмет етуде".

Расында, мұның нақты мысалы Денизлі түрмесі деуге болады. Онда нұр кітаптары мен қамаудағы тұтқындар үшін жазылған "Миуа" рисалесін оқып, үш-төрт айдың ішінде екі жүзден астам адам иманға келгені сонша, кәдімгі ізгі діндар жандай өзгерді. Төрт кісі өлтірген бір адам, қандаланы өлтіруге батылы бармайтындай жұмсарып, мейірбан халге келгеніне сондағылардың бәрі куә болған еді. Олардың бәрі де осылайша отанына пайдалы адамдардың қатарына қосылды. Тіпті, бұл жағдайға ресми орындар, түрме қызметкерлерінің өзі таңғала разы болды. Тіпті, кейбір жастар: "Егер Нұршылар осы қамауда қалатын болса біз де қамалып, олардың сабақтары арқылы өзімізді түзеуге тырысайық" деген болатын. Міне, осындай адал қызметте жүрген Нұр шәкірттеріне қарсы біле тұра немесе білмей қауіпсіздікке қауіп төндіруші деген жала жауып, бізге қарсы әрекет етушілердің арасында мемлекеттік қызметкерлерді алдап, анархияның сойылын соғушылар бар. Солар бізді азапқа салуға тырысуда. Біз оларға былай демекпіз. Өлімді өлтіру мүмкін емес, қабірдің аузы ашық. Мына дүние атты қонақ үйге келгендер, топ-тобымен жер астына жол тартуда. Біз де кешікпей бір-бірімізбен қоштасып, солай қарай жол тартамыз. Ал, сендер бұл дүниеде өздерің жасап жүрген зұлымдықтың жазасын

— 305 —

тартатын боласыңдар. Ал, имандылар үшін ең берісі демалысқа шығу болып есептелетін өлім, сендер үшін мәңгілікке жоқ ететін дар ағашы. Сендердің бұл дүниеде мәңгі қалатындай болып татқан уақытша рахаттарың мәңгілік азапқа айналады...

Өкінішке орай, біздің ішіміздегі жасырын екіжүзді дұшпандарымыз, үкіметтің алаңғасар қызметкерлерін алдап, осынау діндар халқымыздың миллиондаған қаһарман шәһидтердің қанымен қылышымен қорғалып келген Ислам ақиқаттарына "тариқат" деген ат беріп, алып Күннің тек бір шұғыласын сол Күннің дәл өзі секілді көрсетіп, Құран мен иман қызметіне жан-жүрегімен қызмет етуші Нұр шәкірттерін "тариқатшылар" яки "саяси жамағат" деген атпен қуғынға ұшыратуда. Біз ондайларға және соларға ергендерге Денизлі сотында айтқанымызды қайталап айтар едік:

«Жүз миллион бас пида болған қасиетті ақиқаттың жолына біздің басымыз да пида болсын. Дүниені түгел басымызға төндіріп, отқа салсаңдар да Құранның ақиқаты үшін пида болған бастар, діннен безген кәпірлердің алдына ешқашан иілмейді, қасиетті қызметтен еш уақыт бас тартпайды, иншаллаһ!»

Міне, қарттығымның мұңға батырар қиын кезеңдерінде Құрани ақиқат жәрдемге келіп, көңілімді нұрға бөлегені үшін қарттықтың ең қиын бір жылын, жастық шақтың жалындаған он жылына айырбастамас едім. Әсіресе, қамауда отырып парыз намазын өтеген және тәубаға келген адамның әр сағаты он сағаттық құлшылыққа татиды. Ауру-сырқау мен қиындыққа тап болған кездегі әрбір күн, сауап жағынан он күн құлшылықпен тең келеді, деген сүйінші хабар - мен секілді қабір ауызында ажалын күткен адам үшін қаншалықты қуанышты екенін түсіндім.

«Раббыма сансыз шүкір!» деп қарттығыма сүйсіндім де, қамауда болғаныма разы болдым. Өйткені, өмір тоқтап тұрған жоқ, зулап ағып барады. Егер тек ләззат пен рақатқа батқан жағдайда кетіп жатса, онда ләззаттар азапқа айналып, пәни өмірден күнә арқалаған қалпы, ғапылдық пен адасумен өте шығар еді. Ал, егер қамауда, қиыншылықпен өтіп жатса, қиыншылықтар рухани ләззатқа айналып, тіпті құлшылықтың бір түрі болып есептелетіндіктен бір жағынан мәңгіліктің бастамасы болып, бақи өмірдің жемістеріне айналады. Өткен күнәлар мен қамауға алынуға себеп болған қателерден тазарып, күнәларды жууға себі тиеді. Бұл жағынан алып қарағанда тұтқындағылар парыздарын өтеп жүрген болса, сабыр сақтап шүкір

— 306 —

етулері тиіс.

ОН АЛТЫНШЫ ҮМІТ. Бір кездері қартайған шағымда Ескішеһир түрмесінде бір жыл отырып шықтым. Мені Кастомону жаққа жер аударды. Онда полиция бөлімшесінде екі-үш ай ұстады. Мен секілді адал достарымен де бірге жүруден тартынып, жалғыздықты қалайтын, киім киісін де өзгеруге шыдай алмайтын адам үшін мұндай жағдайдың қаншалықты ауыр екені түсінікті болар. Міне, осындай жаным жүдеу халде отырғанда Иләһи жәрдем келді. Ондағы күзетшілер мен полиция қызметкерлері кәдімгі адал достарым секілді болып кетті. Ешқашан басыма қалпақ киюге мәжбүрлемеді. Менің қызметшілерім секілді мені қала маңына серуенге шығаруды әдетке айналдырған еді. Кейін сол бөлімшенің қарсы беткейіндегі Қастомонуның Нұр медресесіне баруға рұқсат алып, Нұр шәкірттерімен бірге рисалелерді жазуға кірістім. Фейзи, Әмин, Хилми, Садык, Назиф, Салахаддин сынды нұр шәкірттері рисалелердің жазылып, басылып шығуы үшін жанкешті жұмыс істеді. Олар өзімнің жастау кезімдегі бұрынғы шәкірттерімнің ілімге деген алғырлығын көрсете білді. Содан, тағы да жасырын дұшпандар бір топ беделді имамдар мен пір-шейхтерді бізге қарсы айдап салды. Бұл оқиға біздің Денизлі түрмесінде бес-алты уәлаяттан жиналған Нұр шәкірттерінің сол Юсүф медресесіне жиналуымызға себеп болды. Осы Он алтыншы үміттің толық нұсқасы, Қастомону қаласында жазылған Лахикаға енгізілген және Денизилі түрмесіндегі бауырларыма жасырын жіберген шағын хаттар мен соттағы ақтау рисалесі. Олардың барлығы Кастамоно лахикасы деген кітапқа енгізілгендіктен бұл жерде қысқаша айтуды жөн санадық.

Мен әркім оқып түсіне бермейтін және өте маңызды жазбаларды, әсіресе Сүфиян, Дажжалға қатысты және Нұрдың кереметтері жайлы жазылған рисалелерді көмірдің, отынның астына жасырып қойған едім. Бәлкім мен қайтыс болған соң, жоғарыда отырғандар біраз естерін жиған соң жарыққа шыға жатар деп қойған едік. Тінтуші қызметкерлер жетіп келіп әлгі маңызды деген рисалелердің бәрін отынның астынан алып шықты. Мені де тергеу үшін денсаулығым нашар бола тұра Спарта түрмесіне алып келді. Мен бұл жағдайға қатты қайғырып, Нұршыларға келген зияннан қатты қиналып тұрған сәтте, тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті. Әлгі жасырылған рисалелерді үкімет басындағылар мұқият оқуға мәжбүр болғандықтан құзырлы органдардың өзі бір мағынада дәрісханаға айналды. Сөйтіп, сынаудың орнына оны жоғары бағалап,

— 307 —

ұната бастады.

Тіпті, жасырын түрде басылған Аят-үл Күбра рисалесін ресми адамдар да, жай адамдар да оқып имандарын күшейтіп жатты. Осының бәрі, біздің қамауға түсуімізді жуып-шайып жіберді. Содан кейін бізді Денизлі түрмесіне қамады. Мені сыз жайлаған өте суық бір камераға апарды. Ауру мен кәріліктің екі жақтап қинағаны, әсіресе, менің достарымның да қиын жағдайлары жаныма қатты батты. РисалейНұрдың таралуы тоқтап қалғаны, қайғы үстіне қайғы жамап, амал құрыған сәтте тағы да Раббани көмек келіп жетті. Керемет түрде, осынау алып абақтыны Нұр дәрісханасына айналдырып, Юсүф медресесі секілді қаһарман шәкірттердің алмастай қаламымен рисалелер жазыла бастады. Тіпті, осындай ауыр жағдайдың өзінде Нұрдың бір қаһарманы, үш-төрт айдың ішінде "Миуа", "Мүдафат" рисалелерінің жиырмадан астам нұсқасын жазып үлгерген еді. Түрмеде де сыртта да осындай жетістіктерге жеткен едік. Әлгі шеккен зиянымызды пайдаға, көрген қорлығымызды қуанышқа айналдырып жіберді.

عَسٰٓى اَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ

сырын тағы да көрсетіп берді. Соңында, тағы да Сараптау комиссиясы мен үстірт қарайтын қызметкерлердің қатты шабуылына ұшырадық. Оның үстіне Білім министрлігі бізге қарсы үлкен мақала жариялап, одан да қатаң хабарлар қаптап кеткен кезде тағы да Раббани жәрдем келіп жетті. Анкара Білім министрлігінен қатаң ескерту күтіп жүргенде, олар рисалелерді мінеп емес, қайта қоштайтындығы туралы хабарлаған рапорт жазып, бес сандық кітапшадан бес қана қателік тапқанын айтыпты. Алайда, сотта олардың қате дегендері ақиқат екендігін дәлелдедік те өздерінің сол бес бет рапортында бес-он қате кеткендігін көрсетіп бердік. Жеті лауазымды орынға жіберілген "Миуа", "Мүдафат" рисалелері мен Әділет министрлігіне жіберілген Нұрдың бүкіл рисалелерінен қатаң ескертулер күткен едік, алайда Бас уәкілдің бізге жіберген өте жұмсақ, қолдаған хаты мынаны дәлелдеп берді:

Рисалей-Нұрдың ақиқаты Иләһи жәрдемнің арқасында оларды жеңіп, өзін оларға тәрбиелеуші ретінде оқытып, әлгі қызмет орындарын ауқымы кең дәрісханаға айналдырып жіберген екен. Күмәншіл де күдікшіл жандардың бетін бері қаратып, олардың иманын құтқарып, біз көріп жатқан қиыншылықтардан жүз есе артық рухани жеңіске

— 308 —

жеткізіп, бізді үлкен қуанышқа кенелткен еді. Амалы құрыған жасырын дұшпандар маған у беріп қастық жасады, менің орныма РисалейНұрдың ержүрек батыры Хафиз Али ауруханаға түсіп, одан әрі берзах әлеміне сапар шегіп, бәрімізді қимастық қайғысына батырып кетті. Мен осындай қасірет келерден бұрын Қастомонуның тауында бар дауысыммен: "Уа, бауырларым! Атқа ет, арыстанға шөп бермеңдер!" деп қайта-қайта айқайлаған едім. Яғни, әрбір рисалені кез келген адамға бере бермеңдер, өзімізге тас атуы мүмкін. Жеті күндік жерден Хафиз Али (Рахметуллаһ Алейһ), өзінің рухани телефонымен естіп тұрғандай дәл сол уақытта маған былай деп хат жазыпты: «Иә, ұстазым! РисалейНұрдың бір кәрәмәты ғой, атқа ет, арыстанға шөп бермейді. Қайта атқа шөп, арыстанға ет береді. Анау арыстандай имамға Ықылас рисалесін берді». Жеті күннен кейін хатын алып есептеп көріп едік, дәл сол мен тауда бар дауысыммен айғай салған кезде ол осы сөздерін жазған екен.

Міне, Рисалей-Нұрдың рухани қаһарманы қайтыс болып, жасырын дұшпандардың бізді жан-жақты жазаға тарту үшін жанталасуынан, мені улап, емханаға жатуға мәжбүр қылатындай әрекеттерінен амалымыз таусылып тұрған сәтте, ойламаған жерден тағы да Иләһи жәрдем келіп жетті.

Мүбәрак бауырларымыздың шынайы дұғаларының арқасында менің уланған денем тәуір бола бастады. Шейіт болған марқұм бауырымыз да қабірінде Рисалей-Нұрмен шұғылданып, сұрақ періштелеріне сол Рисалей-Нұрмен жауап беріпті. Оның орнына және оның құрған жүйесі бойынша Иманға Рисалей-Нұр арқылы қызмет еткен Денизлі қаһарманы Хасан Фейзі мен оның достары бізге дұшпандарымыз әзірлеп қойған зындандарды бірден Нұр дәрістерімен нұрландырып жібергені сонша біздің қамаудан шығуымызға тікелей себеп болды. Бұл Асхаб-ы Кеһф әулиелерінің үңгірі секілді Нұр шәкірттерінің азап орындарын баяғы заманның үңгіріне айналдырып жіберді және рисалелердің жазылып, таралуына мүмкіндік берді. Бұл әрине Раббани жәрдемнің келіп жеткендігінің дәлелі.

Көңіліме мына мәселе де келді Имам Ағзам сынды мүжтеһид ғалымның қамауға алынып, Ахмед Ибн Ханбел сынды мүжтеһид ғалым да Құранның бір ғана мәселесі үшін зынданда көп азап шеккен екен. Олар бұл жағдайға ешқандай шағымданбай, сабыр сақтап, дегенінен қайтпаған-ды. Талай имамдар, ғалымдар бізден әлдеқайда ауыр азап

— 309 —

тартса да шүкір етіп, сабыр сақтаған. Әлбетте біздер Құранның осынша ақиқаттарының жолында соншама сауап ала тұра, біршама азап шеккенімізге Құдайға көп шүкір етуге тиіспіз. Дегенмен, осы адам қолымен жасалып жатқан зұлымдықтың ішінен көрініп тұрған Раббани жәрдем жайлы қысқаша айтып берейін.

Жиырма жасымда, "Бұрынғы заманда дүниені тәрк еткен адамдар үңгірлерге кіріп, оқшауланатыны секілді мен де өмірімнің ақырында бір таудың үңгіріне барып, қоғамнан алыс тұрайын" деп, жиі-жиі ойлаушы едім. Бірінші дүние жүзілік соғыста, қиыр солтүстікте тұтқында жүрген кезімде өзіме: "Осыдан аман-есен елге оралсам, қалған өмірімді үңгірде өткізермін. Мына саяси өмірден мүлдем қол үземін, жетер енді..." дейтінмін. Алайда, Раббани жәрдем келіп, әділ тағдыр өмірімді өзгертіп, мақсатымды басқаша етіп өзгертті. Әлгі тілегімді одан әлдеқайда артық бір бейнеде қариялығыма қайырлы етіп, иен үңгірлердің орнына қамау орындарын, жалғыз қалуым үшін жеке камераларды сыйлады. Өз нәпсісін тәрбиелеушілер мен оқшау өмір сүрушілер барып жататын үңгірлерден жоғары дәрежедегі "Юсүф медреселерін" сондай-ақ, уақытымызды ысырап етпеу үшін оқшау орындарды берді. Осылайша, ақыреттік пайдасы бар иман мен Құран қызметін бізге сыйға тартты.

Тіпті өз басым достарым қамаудан ақталып шыққан соң бір қылмыстың сылтауымен сонда қала беруді жөн көрдім. Хусрев пен Фейзи секілді жалғыз басты достарым менімен бірге қалсын, сонсоң уақытымызды пайдасыз бос сұхбаттарға зая етпеу үшін және көпшіліктің көзіне түсуден сақтану мақсатында жеке қамауда қалуды артық көрдік. Алайда, Иләһи тағдыр бізді басқа бір жерге жіберуді жөн санапты.

اَلْخَيْرُ ف۪ى مَا اخْتَارَهُ اللّٰهُ ٭ عَسٰٓى اَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ

аятының сыры бойынша, қарттығым үшін мейірім етіп, иман жолында одан да артық еңбек ету үшін мына Үшінші "Юсүф медресесінде" болуды жазған екен.

Иләһи жәрдем, қарттығыма мейірімі түсіп, жастық шағымдағы әлгі мақсатым болған үңгірлердің орнына жасырын да жауыз дұшпандары жоқ түрменің жеке камераларын нәсіп етуінің үш түрлі хикметі және Рисалей-Нұр қызметіне пайдалы үш түрлі маңыздылығы бар.

Бірінші хикметі мен пайдасы. Қазіргі уақытта Нұр шәкірттерінің

— 310 —

бас қосуына ең қауіпсіз жер осы "Юсүф медресесі". Сыртта, бірбірімен кезігіп сұхбаттасудың шүбә тудыратын жағы басым және шығыны да аз емес. Кейде менімен жолығып, сұхбаттасқысы келген бауырларымыз, жолға қырық-елу лирасын шығындап, кейбіреулер жиырма-ақ минут кездесіп, кейбіруелері жолығуға да мүмкіндік таппай босқа қайтатын. Ал, мұнда жақын достарыммен бірге болу мен үшін қамаудың қиыншылығынан да артық. Сондықтан, қамау орны біз үшін нығмет, Аллаһтың рахымы десек болады.

Екінші хикметі мен пайдасы. Қазіргі иман қызметі Нұрлар арқылы барлық жақта жария түрде, иманға мұқтаж болғандардың назарын өзіне аударумен іске асады. Біздің қамалуымыз жұрттың назарын РисалейНұрға аударады. Тіпті, ең қырсықтар, аса мұқтаждар өздері іздеп тауып, иманын құтқаруда. Осылайша Нұр дәрістерінің алаңы кеңейе түсуде.

Үшінші хикметі мен пайдасы. Қамауға алынған Нұр шәкірттері бір-бірінің хал ахуалынан, ықласынан, жанкештілігінен дәріс алып, Нұр қызметі үшін дүнияуи пайда күтпейтін болды.

Осы Юсуф медресесінде көптеген қиыншылықтар мен қыспақтарды он, тіпті жүз есе артық көрсе рухани пайдалар мен имани нәтижелерді көріп тұрғандықтан Құранға адал қызмет етіп, ықыластары артып жеке басының пайдасын ойламайды.

Бұл қамау орнындары қасіретті бола тұра, тиімді де жағымды жақтары жоқ емес.

Мен бала күнімде, өз елімде көрген ескі медреселердің дәл өзін көргендей. Өйткені, Шығыс уәлияттардағы ескі әдет бойынша медресе шәкірттерінің бір тобының азықтары сырттан келуші еді ал, кейбіреулерінің ас-ауқаттары медресенің ішінде дайындалатын. Тағы да басқа жақтары мына қамау орнына қатты ұқсайды. Мен осынау қызық жағдайға таңқала қарап тұрамын да бейне бір жастық шағым бір сәтке оралғандай әсерге бөленіп, тәтті күй кешіп, қартайғаныдығым естен шығып кетеді...

* * * * *
— 311 —
Жиырма алтыншы Леманың қосымшасы

Жиырма бірінші Мектуб болып, Мектубат жинағынан орын алғандықтан, мұнда қайта жазылмады.

Жиырма жетінші Лема

Ескішеһир қаласында болған сотта, айыптауларға қарсы айтылған сөздер. стаздың өміртарихы кітабына енгізілді.

— 313 —

Жиырма сегізінші Лема

(Бұл Леманың кейбір тақырыптары ескі әріптермен жазылған Лемалар жинағына енгендіктен мұнда жазылмады)

ЕКІНШІ Т ЖЫРЫМ
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْاِنْسَ اِلَّا لِيَعْبُدُونِ ٭ مَٓا اُر۪يدُ مِنْهُمْ مِنْ رِزْقٍ وَمَٓا اُر۪يدُ اَنْ يُطْعِمُونِ ٭ اِنَّ اللّٰهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَت۪ينُ

Осы қасиетті Аяттың сыртқы мағынасы көптеген тәпсіршілердің түсініктері бойынша Құранның ғажайып иғжазын, әсем шешендігін көрсете алмайды. Бұл жағдай мені көптен бері толғандыратын еді. Құранның фейз-нұрымен келген терең де тамаша мағыналарды "Үш қырынан" тәпсірлеп, қысқаша баяндап беруді жөн көрдім.

БІРІНШІСІ. Хақ Тағала Ардақты Пайғамбарға тиесілі кейбір жағдайларды Сүйіктісінің мәртебесін көтеріп, абыройын арттыру мақсатында кейде өзіне телиді. Міне, мұнда да: "Пайғамбарым өзінің пайғамбарлық міндеті мен халықты құлшылыққа шақырған қызметі үшін сендерден ақы сұрап, өзін азықтандыруды қаламайды" мағынасында. "Мен сендерді құлшылық үшін жаратқанмын, әйтпесе сендер маған ризық беріп, мені асырау үшін емес" деген мағынадағы аят Пайғамбарға қатысты ризықты айтып отыр. Әйтпесе белгілі нәрсені түсіндіру Құранның иғжазына, оның шешендігіне жараспайды.

ЕКІНШІСІ. Адам ризыққа қашан да мұқтаж. Сондықтан, ризық табу үшін еңбек етуді құлшылыққа кедергі деп ойлайды. Осылай ойлап сылтау айтпау үшін, Аятта былай дейді: "Сендер құлшылық үшін жаралғансыңдар! Өйткені жаратылу мақсатыңыздың өзі құлшылық жасауға негізделген. Ризық табу үшін еңбек ету де Аллаһ Тағаланың әмірі бойынша құлшылық түріне жатады. Мен жаратып, ризықтандырып отырған өзіңнің, отбасыңның, хайуандарыңның ризықтарын тауып беру үшін жаратылған жоқсыңдар. Өйткені, ризық беруші менмін. Мен Рәззақпын яғни, сендердің жақын-жуықтарыңның

— 314 —

бәрінің ризығын Мен беріп отырмын. Сендер осыны сылтауратып, құлшылықтарыңды тәрк етпеңдер" дейді. Егер аятта бұл мағына болмаса Хақ Тағалаға ризық беру, Оны асырау мүмкін емес екендігі ап-анық, мәлім нәрсе болғандықтан, анық нәрсені тағы да анықтау әрине артық болады. Сөйлеу және тіл өнеріндегі шешендіктің мынадай бір нақты қағидасы бар. Егер сөздің мағынасы мәлім, ап-анық болса оның астарлы бір мағынасы болғаны. Мысалға, сен біреуге: «Сен, Құранды жаттаған адамсың, қарисың!» десең, ондағы сөздің төркіні, мақсат-мұраты: "мен сенің қари екеніңді біліп отырмын, білмейтіндерге соны білдіріп отырмын" деген сөз. Міне, осы қағида бойынша Аллаһқа ризық беріп, асыраудың керегі жоқ деген кезде мәнмағынасы былай: Аллаһтың өзі ризық беріп, кепіл болған пенделеріне сендер ризық беремін, мен асыраймын деп ойламаңдар! Сендер ол үшін жаралған жоқсыңдар, сендер құлшылық үшін жаралғансыңдар. Әмірімді орындап ризық табу үшін еңбек ету, ол да құлшылықтың бір түрі болып саналады.

ҮШІНШІСІ. Ықылас сүресінде: لَمْ يَلِدْ وَ لَمْ يُولَدْ аятының ашық мағынасы мәлім әрі ап-анық болғандықтан әлбетте оның астарлы мағынасы бар. Яғни: "Анасы және баласы барлар Құдай болуы мүмкін емес. Осылайша аят Иса алейһиссаламның, Узейр Пайғамбардың және періштелер мен жұлдыздардың және пұттардың Құдай екендігін жоққа шығару мақсатымен, Аллаһ туралы لَمْ يَلِدْ وَ لَمْ يُولَدْ дейді, яғни "Ол, тумаған, туылмаған!" деу арқылы анық әрі мәлім нәрсе туралы үкім береді. Дәл сол сияқты, бұл мысалымызда да азықтануға, тамақтануға мұқтаж нәрселердің барлығы Құдай, Табындырушы бола алмайды дейді. Аяттың "Рәззақ-ы Зүлжалал сендерден ризық сұрамайды, Оны асырау үшін жаратылған жоқсыңдар" дегені, ризыққа мұқтаж, тамақ ішетін болмыстар табынуға, құлшылық етуге лайық емес, дегенді білдіреді.
САИД Н РСИ
— 314 —
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اَوْ هُمْ قَٓائِلُونَ
Рефеттің اَوْ هُمْ قَٓائِلُونَ аятындағы قَٓائِلُونَ сөзінің мағынасын білгісі келетіндігіне байланысты және абақтыда отырған басқалар секілді ол да таң намазынан кейін дереу жатып, ұйқыға бас қойса, бір ауырлық басып, ынтасы жоғалатындықтан оның алмастай қымбат қаламы жалқаулыққа салынбауы үшін жазылған мәселе еді. Сонымен күндізгі ұйқы үш түрлі болады.

Біріншісі. "Ғайлуле" деп аталады. Ол, таң атып күн шыққаннан кейінгі намаз оқуға болмайтын, мәкрух уақыт аяқталғанға дейінгі аралық. Бұл арада ұйықтау ризық-несібенің азаюына, берекесіздікке себеп болатындықтан, сүннетке қайшы әрекет. Себебі, ризық табудың алғы-шарттарын орындаудың ең оңтайлы сәті күн салқын мезгіл ғой. Ол уақыт өткен соң бір салғырттық басады. Сол күнгі еңбекке деген ынтаның төмендеуіне, ризықтың азаюына әкеп соқтыратындықтан берекесіздікке себеп болатыны әбден тәжірибеден өткен жағдай.

Екіншісі. "Фәйлулә" деп аталады. Екінтіден бастап ақшамға дейінгі уақыт. Бұл кезде ұйықтау да өмірдің қысқаруына яғни сол күнгі өмірі ұйқылы-ояу өтетіндіктен берекетсізденіп, рухани тұрғыдан да кеміп кетеді. Сол күнгі өмірдің материалдық-рухани нәтижесі намаздігерден кейін анықталатындықтан, нақ сол кезде ұйықтау, нәтижені көрмеу болып саналатындықтан бейне бір, сол күні өмір сүрмеген секілді болады.

Үшіншісі. "Қайлулә" деп аталады. Бұл ұйқы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем сүннеті. Сәске мен түс ауған аралықтағы уақыт. Бұл ұйқы түнді ояу өткізуге себеп болғандықтан, сүннет болуымен қатар арабия түбегінде «уақт-ыз зухур» дейтін күннің қайнаған ыстық, тал түс кезінде тынығу жергілікті қауымның әдеті болғандықтан әлгі сүннет амалды одан әрі нақтылай түседі.

Бұндай ұйқы өмірдің ұзаруына және ризықтың молаюына ұйытқы болады. Себебі, жарты сағаттық "қайлулә" ұйқы, екі сағат түнгі ұйқымен пара-пар екен. Демек, күн сайын өміріне бір жарым сағат қосылып отырады. Ризық табуға, еңбек етуге қосымша бір жарым сағат уақытты өлімнің бір туысы болған ұйқыдан құтқарып, жұмыс уақытына қосады.

Саид Нұри
— 315 —
"Бұл да әдемі"
اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ اَلْفُ اَلْفِ سَلَامٍ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

Намаздың соңындағы тәсбихатта, осы сөз оқылып жатқан кезде оның бір нәзік мағынасы ашылған-ды. Бәрін есіме сақтай алмасам да бір-екі мағынасын ишара түрінде айтайын. Түнгі әлем сол мезетте маған бейне бір үй сияқты көрінді. Құптан намазында әлгі үйге яғни әлемге кірдім. Адамның қиял-ойы жүйрік, ауқымы кең болғандықтан, дәл сол кезде алып әлем маған кішкене үй секілді болып көрінді. Тірі жан біткен кішірейгені сондай көрінбейтін дәрежеге жетті. Сол үйдің сәні, оны құлпыртып, безендіріп, шуағымен нұрландырып тұрған бір Кісінің рухани тұлғасы бар еді, ол да Мұхаммедтің (с.а.у.) дара тұлғасы. Адам, бір үйге кірген кезде сәлем беретіні секілді, менің де ішімде: «Уа, Аллаһтың елшісі! Саған Аллаһтың нұры жаусын және сансыз сәлемі болсын!» деген сезімдер буырқанып жатты.

{(Сілтеме): Пайғамбарымызға түскен рақым, оның барлық замандағы үмметін толық қамтиды. Сондықтан шексіз салауат айту өте орынды. Апырым-ай, дүниедей кең және бейқамдық назарда үрейлі, бос, қаңырап тұрған бір үйге кіргенде адам қаншалықты қорқатыны белгілі. Сол кезде кенет үйді нұрландыратын сүйкімді, жағымды, дос Елші келіп, бұл үйдің өте жомарт қожайынын әлгі үйдің бүкіл бұйымдарымен бірге таныстырып, түсіндірсе, қонаққа қаншалықты шаттық сыйлайды, десеңші! Онда салауаттың да соншалықты маңызды екенін ойлаңыз.}

Бүкіл адамдар мен жындардың санындай саған сәлем болсын, деген кезде саған қол беріп, адал қызметші екенімізді растап, әкелген әмірлеріңе мойынұсынып, тәсілім болғандығымызды сәлем арқылы білдіріп, саналы мақұлықтар болған адамдар мен жындарды сөйлетіп, әрқайсысының атынан жоғарыдағы мәнді мағыналармен қатар ұсынып отырмын.

Ол өзі әкелген нұр-кәдесімен менің мына дүниемді нұрландырғаны секілді әркімнің ішкі дүниесін нұрландырып, нығметке толтырып жатыр ғой деп, әлгі әкелген кәдесіне шүкір етіп, жауап ретінде "мыңдаған салауат болсын саған!" дедім. Яғни, сенің бұл жақсылығыңның ақысын біз өтей алмаймыз. Оны, тек, Жаратушымыздың рақым қазынасынан берілуін тілеп, аспан тұрғындарының санындай рахым жаусын деген мағынада шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай әдемі мағынаны

— 316 —

сезіндім. Ол кісі (с.а.у.) құлшылығы жағымен, халықтан Хаққа, жаратылыстан Жаратқанға жақындау жағымен Рахым мағынасын білдіретін салауат сұрайды. Ал, рисалеті яғни, Елшілігі жағымен бізден сәлем сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдар мен жындардың санындай сәлемге лайық және әрқашан онымен бірге екенімізді әрдайым жаңғыртып, қуаттап отырамыз. Сондай-ақ, аспан тұрғындары қанша болса, сонша салауатқа лайық. Өйткені, Сол кісі әкелген нұр арқылы әрбір нәрсенің кемелдігі көрінді, әрбір нәрсенің қадір-қасиеті, әрбір мақұлықтың Раббани міндеті анықталды. Сондықтан, әрбір нәрсе хал тілімен айтып жатқаны секілді, егер сөйлей алатын болса,

‌اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ اَلْفُ اَلْفِ سَلَامٍ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ

деп айтар еді. Бұл анық. Сондықтан біз барлығының атынан

‌اَلْفُ اَلْفِ صَلَاةٍ وَ اَلْفُ اَلْفِ سَلَامٍ عَلَيْكَ يَا رَسُولَ اللّٰهِ بِعَدَدِ الْجِنِّ وَ الْاِنْسِ وَ بِعَدَدِ الْمَلَكِ وَ النُّجُومِ‌

дейміз.

فَيَكْف۪يكَ اَنَّ اللّٰهَ صَلّٰى بِنَفْسِه۪ وَ اَمْلَاكَهُ صَلَّتْ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَتْ
Саид Нұрси

Әзиз бауырым!

Уахдет-үл Ужуд мәселесіне қатысты біршама түсініктеме беруімді өтініпсің. Ол жайлы отыз бірінші Мектубтың бір Лемасында Хазіреті Мухиддиннің осы мәселе жайлы пікіріне жауап ретінде өте терең әрі жан-жақты түсініктеме берілген болатын. Қазір ол туралы қысқаша былай деймін.

Осы Уахдет-үл Ужуд мәселесін қазіргі заманның адамдарына айту өте зиянды. Мәселен тәшбихтер мен тәмсілдер яғни теңеулер мен мысалдамалар оқымысты жандардың арасында түсінікті де болымды, ал қарапайым халыққа келгенде бұрыс түсініп, болымсыз әсер қалдырады. Сондай-ақ, ғалымнан наданға жеткенде, қалай айтылса, солай қабылданады.

{(Түсіндірме): Мәселен теңеу ретінде "сәуір" және "худ" деп аталатын екі періштені, қарапайым халық кәдімгі өгіз бен балық деп түсінген.}

— 317 —

Сол секілді, Уахдет-үл Ужуд мәселесі мәнісі зор, терең ақиқат. Ол мәселе бейқам жандар мен себептерге көп мән беретін кісілердің арасында талқыланса, "табиғат" деп түсінеді. Үш үлкен зиян келтіреді.

БІРІНШІДЕН. Уахдет-үл Ужуд ұғымын ұстанатындар Хақ Тағала атынан, Құдай үшін, мына әлемді бейне бір жоққа шығаруға дейін барса, ал бұл ұғымды қарапайым халық, бейқам жандар естісе, әсіресе ойы материализммен уланған кісі болса, оған кері әсер етіп, мына әлем мен материя атынан Улухиетті яғни Аллаһты жоққа шығарады.

ЕКІНШІДЕН. Уахдет-үл Ужуд ұғымы Аллаһтан өзгенің Рубубиетін, билігін үзілді-кесілді жоққа шығаратыны сондай, Аллаһтан басқаның бәрін жаппай жоққа шығарады. Яғни, жүгенсіз нәпсінің ғана емес, барлық нәрсенің жеке болмысын көрмеу. Мына заманда адамдардың ойсанасын табиғатшылдық ұғымы жаулап алғандықтан және менмендік, тәкаппарлық сезімі жүгенсіз нәпсіні әбден қоздырып жіберудің кесірінен және Жаратқанды, Ақыретті біршама ұмытқандықтан кейбір адамдардың әммара нәпсілері кішкене перғауынға айналған, өздерін Мағбуд (Құдай) деп қабылдайтын адамдарға Уахдет-ул Ужуд ұғымын үйрету әммарә нәпсіні (Құдай сақтасын!) құтыртып жіберетіні сондай, жер көкке сыймай кетеді.

ҮШІНШІДЕН. Өзгермейтін, құбылмайтын, бөлінбейтін, көлемі мен мекені жоқ, жаратылыстан жоғары, сана мен ұғымның сыртындағы Зат-ы Зүлжәлалдың болмысына, оның киелі де пәк сипаттарына үйлеспейтін суреттемелерге себеп болады және бұрыс ойлауға апарады. Иә, Уахдет-үл Ужуд ұғымы туралы айтатын адам ой-пікірімен жерден үркер жұлдызына самғап, жаратылысты ту сыртына тастап, назарын ұлы ғарышқа аударып, өзі Иләһи ғашықтыққа беріліп, ғаламды мадум, яғни жоқ санап, иманның жойқын қуатымен барлық нәрсені тікелей Уахид-ы Әхадтан деп біледі. Ал, жаратылыстан аса алмай, себептерден шыға алмай өзі жерде тұрып қараған адам сөзсіз себептерге шырмалып, табиғат батпағына батуы әбден мүмкін. Жәлаладдин Руми секілді жерден ғарышқа көтерілген тұлғалар: «Құлағыңды аш! Кімнен не естісең де, соның бәрі фонографтар секілді, Аллаһтан деп біл!» десе жарасар еді. Ал, Жәлаладдиндей биік мәртебеге көтеріле алмағандар және жерден ғарышқа дейінгі аралықтағы болмысты айна тәрізді көре алмаған жандарға: "Құлағыңды түр! Барлық нәрседен Кәламуллаһты

— 318 —

естіп тұрсың яғни Аллаһтың сөзі естіледі!" десек, ол кісі рухани тұрғыда ғарыштан жерге құлап түскендей құлдырап, ойын ақиқатқа мүлдем керағар пікірлер құрсаулап алары сөзсіз.

قُلِ اللّٰهُ ثُمَّ ذَرْهُمْ ف۪ى خَوْضِهِمْ يَلْعَبُونَ ٭ مَا لِلتُّرَابِ وَ لِرَبِّ الْاَرْبَابِ
سُبْحَانَ مَنْ تَقَدَّسَ عَنِ الْاَشْبَاهِ ذَاتُهُ وَتَنَزَّهَتْ عَنْ مُشَابَهَةِ الْاَمْثَالِ صِفَاتُهُ وَشَهِدَ عَلٰى رُبُوبِيَّتِه۪ اٰيَاتُهُ جَلَّ جَلَالُهُ وَلَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ
Саид Нұрси

Бір сауалдың жауабы.

Мұстафа Сабри мен Мұса Бекуфтың пікірлерін таразылап отыруға уақытым болмай тұр. Менің айтарым. Біреуі асыра сілтеп жіберген, біреуі керісінше. Расында Мұстафа Сабридің ақталып айтқан сөздері Мұса Бекуфке қарағанда дұрысырақ. Алайда, Мұхиддин сынды Ислам ілімінің бетке ұстар мақтанышы, ірі тұлғаны төмендетуі дұрыс емес. Иә, Мухиддиннің өзі Һәди (тура жолды тапқан), бірақ әрбір кітабында мүһди (тура жолға түсіруші) бола алмаған. Ақиқат жолында біразға дейін бір-қалыпқа түсе алмай, өлшемдерді шатастырып алғандықтан әһл-і сүннеттің ереже-заңдарына қарама-қайшы тұстары жоқ емес. Кейбір сөздері сырт қарағанда адасушылық көрінгенімен, өзі адасқандардан емес. Кейде ондай да болады, біреудің айтқан сөзі күпірлік болып көрінеді, бірақ өзі кәпір емес. Мұстафа Сабри осы жақтарын ескермеген. Ол әһл-і сүнниттің ережелерін қатаң ұстанамын деп, кейбір тұста қателесіп отыр. Ал, Мұса Бекуф болса, жаңаша ойлауға құмар және заманауи көзқарасты қатты жақтайтындықтан ол да көп қателік жіберген. Исламның кейбір ақиқаттарын қате жорып, бұрмалап отыр. Әбу-әл Мағари сықылды үммет қабылдамаған кісіні, мухаққиқиннен яғни ілімі терең теңіздей ғалымдардан жоғары қойғандықтан және өз ойына сәйкес болғандықтан, Мұхиддиннің сүнниттердің пікіріне керағар мәселелерін қызу қолдап, асыра сілтеп жіберген.

قَالَ مُحْيِى الدّ۪ينِ: تَحْرُمُ مُطَالَعَةُ كُتُبِنَا عَلٰى مَنْ لَيْسَ مِنَّا
— 319 —

Яғни, Мухиддин былай деген: "Бізден емес кісілер және біздің мәртебемізге жетпегендер кітаптарымызды оқымасын, зияны тиюі мүмкін". Иә, мына заманда Мухиддиннің кітаптарын, оның ішінде Уахдет-үл Ужуд туралы мәселелерді оқу қауіпті, оқырманға зиянын тигізеді.

Саид Нұрси
* * * * *
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ

Адамдардың мәз-мейрам болып, ойын-күлкілерін көріп отырып, болашақты ойлау, істің ақырын болжау деген дүрбімен назар салып қарағанымда аянышты жағдайға куә болдым. Бұрынғы заманның адамдары дәл осы кезде қабірде жатса да, қазір синемада тірі бейнелері көрінетіні секілді, дәл сол сәтте маған да жақын болашақта қабірдегілер тірі бейнедегі жаназалар түрінде көрінді. Әлгі мәз-мейрам боп күлгендерге қарап жыладым. Шошып та, аяп та кеттім. Ақылға салып, ақиқаттан. «Бұл не, бос қиял ма?!» деп сұрадым.

Ақиқат айтты. Елу жылдан кейін мына күліп-ойнап, мәз болып жүрген елудің бесеуі белі бүкірейген, жастары жетпістегі қарт болып, ал қырық бесі қабірде шіріп жатады. Анау ыржаңдаған бет-әлпеттер, мәз-мейрам күлкілер ұсқынсыз түрге енеді. كُلُّ اٰتٍ قَر۪يبٌ қағидасы бойынша, яғни келешек жақын дегендей, енді болатын нәрселерді болғандай етіп көрудің ақиқатқа қайшылығы жоқ, ол да ақиқатқа жатады. Олай болса, сенің көріп тұрғаның бос қиял емес.

Дүниенің бейқам, бос күлкілерінің ақыры осылай аянышты халге айналып, аяқталып тынады. Әлбетте бейшара адамзаттың мәңгілікке құштар, бақилыққа ғашық рухын шаттандыратын нәрсе, шариғатқа сай шеңбердегі шүкір. Сондай-ақ, өзінің үнемі Аллаһтың алдында екенін сезініп, халал көңіл көтеру және сауаптылығы жағымен мәңгілікке ұласар шаттану болмақ. Сондықтан, мейрам күндері адамдар бейқамдыққа салынып, тыйым салынған, харам шеңберлерге түсіп кетпеуі үшін, риуаят бойынша Зікіруллаһқа (Аллаһты ойлау, еске алу), шүкір етуге шақырып, мұсылмандарды құлшындырады. Сонда мейрам

— 320 —

күндері қуаныш пеі қаттық дейтін нығметке шүкір етіп, ол шүкірлер сауапқа айналып, нығметтер одан әрі жалғаса бермек. Себебі, шүкір ету нығметті еселейді, ғапылдықтан сақтайды.

Саид Нұрси
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
اِنَّ النَّفْسَ لَاَمَّارَةٌ بِالسُّٓوءِ

Мағынасы: "Нәпсі әрдайым жамандыққа итереді" деген аяттың және

اَعْدٰى عَدُوِّكَ نَفْسُكَ الَّت۪ى بَيْنَ جَنْبَيْكَ

Мағынасы: «Сенің ең қауіпті дұшпаның нәпсің» дейтін хадистің қысқаша тұжырымы.

Өзін жаман қылықтардан тазартпаған, нәпсісі жүгенсіз әрі өзін жақсы көретін адам өзгені жақсы көрмейді. Жақсы көрсе де шынайы емес, одан түсер пайда мен ләззатты ойлап, сол үшін жақсы көреді. Қашан да жағымпазданып, жақсы көрінгісі келіп тұрады. Ағаттық жіберсе өзін-өзі ақтап адвокат тәрізді қорғаштап, барын салады. Асыра сілтеп, тіпті, өтірік айтып өзін мақтап, ақтап алады. Бейне бір ешқашан қателіспейтіндей, қастерлеп жібереді. Содан да істеген ісіне қарай مَنِ اتَّخَذَ اِلٰهَهُ هَوٰيهُ аятының ауыр жазасын тартады. Ақырында өркөкіректігі мен жақсы көрінбекші болған әдеті, керісінше оны жеккөрінішті етіп, жағымсыз атанады. Сондай-ақ, ақыреттік істері ықылассыз болып, екіжүзділік басталады. Істің соңын көрмейтін, неге апаратынын ойламайтын, дайын ләззатқа құмар сезім мен нәпсіқұмарлыққа жеңіліп, бір сағаттық ләззат үшін бір жыл абақтыда жатады. Бір минуттық кеудем-соқтық немесе кек алу салдарынан, он жыл ауыр жаза шегеді. Құдды күн ұзаққа оқып, әрең дегенде алған сабағы, Құранның "Амме" парасының дәрісін бір түйір кәмпитке айырбастап жіберген әуесқой бала сияқты рақатқа батып, нәпсісін қандыру үшін алмас құндылығындай игі істерін түкке тұрғысыз, шыны тәріздес ләззат пен менмендікке жұмсап, ұтатын жерде ұтылып, шығынға ұшырайды.
اَللّٰهُمَّ احْفَظْنَا مِنْ شَرِّ النَّفْسِ وَالشَّيْطَانِ وَمِنْ شَرِّ الْجِنِّ وَالْاِنْسَانِ
— 321 —
САУАЛ:

Қысқа мерзімде жасалған күпірлікке жаза ретінде, жәһаннамда мәңгі азап шегу әділдік болып санала ма?

ЖАУАБЫ. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн бар десек, бір минуттық адам өлтіру қылмысына жеті миллион сегіз жүз сексен төрт минут абақтыға қамалу керек екені адами әділет заңы болса, бір минут күпірлік мың адам өлтірумен пара-пар. Енді жиырма жыл өмірін күпірлікте өткізген және кәпір болып өлген адам, әлгі әділет заңы бойынша елу жеті триллион екі жүз бір миллиард екі жүз миллион жыл қапаста жатуына тура келеді. Олай болса خَالِد۪ينَ ف۪يهَا اَبَدًا деген Иләһи әділдік өте орынды екені түсінікті болды. Өзара бір-бірінен алыс екі есептің сәйкес болуының сыры мынада.
Адам өлтіру қылмысы мен күпірлік, екеуі де бұзу, қирату, біреудің ақысын жеу, жауыздық болғандықтан айналасына жағымсыз әсер етеді. Бір минуттық адам өлтіру қылмысы әділет заңы бойынша өлген кісінің ең аз дегенде он бес жылдық өмірін алғандықтан оның орнына қапаста жатады. Енді, бір минуттық күпірлік, Аллаһ тағалының мың бір есімін жоққа шығару, оның өнерлі істерін менсінбеу, әлемнің ақысын жеу, кемелдігін жоққа шығару. Сондай-ақ, Уахданиеттің сансыз дәлелдеріне сенбеу, куәліктерін қабылдамау болып саналатындықтан кәпірдің сазайын тартқызып, мыңдаған жыл тозақтың түбіне тастап, خَالِد۪ينَ сөзінің ішіне қамап тастау өте орынды.
Саид Нұрси
* * * * *
Өте маңызды бір сәйкестік

Рисалей-Нұр шәкірттерін айыптап, жазалануын керек ететін қылмыстық істер заңының жүз алпыс үшінші бабы. Бір қызығы, бұдан бұрын Рисалей-Нұрдың авторы медресе құрылысына үкіметтен қаражат сұрағанда "жүз елу мың лира берілсін" деген қаулыға екі жүз депутаттың жүз алпыс үші мақұлдап қол қойған екен. Бұл кездейсоқ емес. Демек, жүз алпыс үш саны мынаны мегзейді: "Үкіметтің жүз алпыс үш депутаты Саид Нұрсидің медресе ашу жоспарын жоғары бағалап қол қоюы, жүз алпыс үшінші бабтың, үкімін жоққа шығарады.

— 322 —

Тағы бір керемет сәйкестік. Рисалей-Нұр жалпы жүз жиырма сегіз кітапшадан тұрғанымен бәрін жинақтағанда жүз он бес. Енді, Рисалей-Нұр шәкірттері мен авторының қамалған кезі 27/04/1935 жыл және соттың үкімі шыққан уақыт 19/08/1935 жыл. Арада жүз он бес күн өткен. Бұл да Рисалей Нұр кітаптарының санына сәйкес келіп тұр. Сонымен қатар жауапқа тартылып айыпты деп саналған жүз он бес кісінің санына сәйкес келеді. Бұл сәйкестіктер мынаны білдіреді. Рисалей Нұрдың авторы мен шәкірттерінің бастарына түскен қиыншылықты, бәле-жаланы Аллаһ аса қамқорлықпен реттеп отыр.

{(Сілтеме): Назар аударарлық жәйт. Рисалей-Нұр шәкірттерін ұстап, қамау кезеңі 1935 жылдың сәуір айының жиырма жетісі емес, сәл ертерек сәуірдің жиырма бесінде (25/04/1935) басталып, айыпты деп саналған жүз он жеті кісі деп көрсеткенмен екі кісінің аты-жөні екі рет қайталанып кеткен. Осылайша жүз он бес шәкірттің санына әлгі ұстаған күні мен үкім шығарылған күннің аралығындағы уақыт есептелсе жүз он бес саны шығады. Бұл да әуелгі сәйкестікке өзінше бір сән беріп, мағынасын тереңдете түседі.}

* * * * *

Бұл Леманың кіріспесінде Имам Хазіреті Али (р.а.) Рисалей Нұрға ишара қылғанын айтқан болатынбыз. Сол қуанышты хабарды бір бауырымыз естіп, құлшынғаннан шабыт келіп Рисалей-Нұр кітаптарын алмасқа, гауһарға, нұрға теңеп бірнеше хат жазыпты. Орайы келгесін осы жерге жазылуын жөн көрдік.

Тақуалық шеңберіне кірген шәкірт, қандай жағдайда болмасын Рисалей-Нұрдан, оның алмастай қымбат құндылығынан оңай қол үзіп, айырыла қоя ма?

Мен Рисалей-Нұрдың дәрежесі төмен ең нашар шәкірті болсам да оның кереметін, артықшылығын, қасиетін, рухани ләззатын көп көрдім. Мен секілді оның тәтті жемісін жегендер аз шығар, сірә.

Өзімнің қауқарсыздығыммен қатар Нұрларға қызмет ете алмасам да сіздің маған деген ыстық ықыласыңызға дән ризамын, шексіз қарыздармын. Сондықтан тек мен ғана емес, ешбір шәкіртіңіз осы берекелі алмастан, оның теңдесіз ләззатынан бас тарта қоймас деп ойлаймын. Кешірім сұрай отырып, егер рұқсат етсеңіз Рисалей-Нұр кітаптарын тінту кезінде болған екі кереметті айтып берейін. Абақтыға полиция қызметкерлері, әскери жандарм және түрме қызметшілері баса көктеп кіріп, заттарымыздың астаң-кестеңін шығарып тіміскілеп жатқанда ешкімге байқатпай әпкемнің сегіз жасар баласы келді де Рисалей-Нұр кітапшаларын сөмкесіне салып алып кетті. Олар мен отырған камераны тексеріп жатқан-ды.

— 323 —

Сәби камераға кірді де тексеру жүріп жатқанын көріп, бұрышта өзінше бөлек тұрған Нұр кітапшаларын сөмкесіне салғанын сол жердегілер байқамай қалады. Балаға ешкім еш нәрсе деген жоқ. Жанкешті бала үйіне барып, анасына былай депті: "Нағашымның әрдайым бізге оқып беретін Нұр кітаптарын алып қоя ма деп, олар басқа хат, кітаптарды ақтарып жатқанда байқатпай сөмкеме салып алдым. Бұларды бір жерге жақсылап тығып қойыңыз. Бұларды оқыған кезде тыңдағанды жақсы көрем, маған қатты ұнайды. Нағашым бізге оқып беруші еді ғой. Оқылған кезде мен басқаша бір күй кешемін" деп анасына ескертіп мектебіне қайтып оралады. Осылайша, "алмас", "гауһар", "нұр" қолға түспей аман қалады. Бұл керемет емей не?! Бұл Құрани мұғжиза емес деп кім айта алады?! Мұндай қасиет, мұндай ләззат басқа кітаптарда бар ма екен? Апыр-ай, осындай алмас, гауһар, нұр сөздерді кім айта алады. Мен ол үшін абақтыға бір мезгіл қамалуға ғана емес, әрқашан тіпті минут сайын қуана-қуана жанымды қиюға әзірмін. Менен кейін осы алмас, гауһар, нұр үшін балам Әмин де еш ойланбастан өмірін арнайтынына сенімдімін.

Енді осы алмас, гауһар мен нұрдың екінші кереметін баяндап берейін. Үш жастан сегіз жасқа дейінгі өзімнің және тума-туыстарымның балалары да осы жолда яғни алмас, гауһар, нұр үшін жанын пида ететіндерін дәлелдеген боламын. Бірде осы алмас, гауһар және нұрды оқып отырғанымда бәрі қасыма жинала қалды. Оларды иіскеп, сүйдім де әрқайсысына бір-бір шай бердім. Сөйтіп, «алмас», "гауһар", "нұрды" әрмен қарай оқи бердім. Олардың бір-бірімен жарыса: «Бұл не? Бұл не жазу?» деген сұрақтарына: "Бұл алмас, гауһар, нұр ғой" дедім. Оныншы Сөзді оқып жатқанымызға бірнеше сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппыз. Балалар қызыға тыңдап, түсінбей қалған кезде дереу сұрайды. Мен осы алмас, гауһар, нұрды олардың түсінетін тілімен айтып жатып, жүздеріне қарасам құлпырып, гүл-гүл жайнап отыр екен. Мен олардың жүздерінен жеке-жеке, нұрлы Саидты көргендей болдым. Олардың: «Нұр қайсы? Гауһар қайсы? Алмас қайсы?» деген сұрағына: "Нұр деп осы кітаптарды оқуды айтады. Қараңдаршы! Жүздерің құлпырып жайнап кеттіңдер ғой". Олар да бірбіріне қарап, айтқанымды растап қояды. "Ал, алмас қайсысы?" дегенде: "Осы сөздерді жазуды айтады. Сол кезде яғни көшіріп жазсаңдар, сендердің жазуларың алмастай құнды болады" деп едім, бірауыздан

— 324 —

мойындады. "Енді гауһар қайсысы?" деді. Мен оларға: "Осы кітаптан алған имандарың гауһар емей не?" деп едім барлығы бірге "кәлима-и шәһәдат" айтты. Сұхбатымыз үш-төрт сағатқа созылғанын өзім де байқамай қалыппын. Міне, көрдіңдер ме «алмас», "гауһар", "нұр" деген осы!" дедім. Бәрі бір ауыздан растап, маған үңіле қарап: «Мұны кім жазған!» дейді.

Шәкіртіңіз, Шефик
* * * *

Зекаидың түсі

Бүгін таңға жақын түсімде, Стамбулдағы Топхане жағалауына ұқсас мөп-мөлдір теңіз жағалауында тұр екенмін. Сәске уақыты болса керек, Күн сәулесі теңіздің бетіне шағылысып жалт-жұлт етіп, әдемі көрініс беріп тұр. Мен теңіз жаққа қарап тұр екенмін. Теңіздің оңтүстікке жақын орта шенінен бір жас жігіт жүзіп келді де арқасындағы бума сабанды жағаға шығарды. Ол жерде барлық бауырлар жиналып қалыпты (ақталып шыққан болса керек). Кенет жағалаудың бойымен батыс жақтан зымырап екі атты кісі шауып келе жатыр екен. « стаз келе жатыр!» деген дауыс естілді. Құжынаған адамдар екіге айырылып, арасынан күрең атты, қара торы екі кісі шығысқа қарай өте шығып, ұзап бара жатты. Ал мен теңізге түскелі тұрғанымда оянып кеттім...

Зекаи
* * * *
БАСҚА ЖАҚҚА БОЛЫСЫП, РИСАЛЕЙ-Н РҒА ҚАРСЫ БӘСЕКЕЛЕСЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕРГЕ ЖАУАП

Егер мақсатың мақтану, өзіңді көрсету болса

Рисалей-Нұрдың ең көмескі жұлдызына тәуелді біреусің біліп қой!

Байқа, Рисалей-Нұрды жұлдыз деп ойлама, оған Жер шары ғана емес, Күннің өзі тәуелді.

Өте жақында көресің әлі-ақ, әлемге паш етер ол өзін.

Ол ешқашан сөнбейді, тек жасырынып қалуы мүмкін.

Өйткені ол - Нұр, Ол - жарқын нұр сөнбейтұғын. Ол ақиқаттың теңізі, һидает қой, ол тура.

Сен одан да مَنْ اَصْحَابُ الصِّرَاطِ السَّوِىِّ وَ مَنِ اهْتَدٰى дегенді айт.

Хақтан шағым айтуға әсте жарамас бауырым! Сенікі бос әңгіме.

— 325 —

Шариғатпен жүрген жанмын, Хақ тағалам біледі.

Рисалей-Нұрға жолықтырды һәм қызмет еттім мен оған.

Жәй кітап емес ол, оған Хәзіреті Али Мұртаза мен Ғаус Ағзам

"Джәлд жәлуте" кітабында және басқа еңбектерінде

Алдынала ишара қылып, шығатынын мегзепті.

Рисалей-Нұр үзілмейтін шынжыр, жабыстым мен мықтылап.

Ол һидает, ол нағыз ақиқат. Бірде бізді апарды ол бір жерге

Қарасам Жүсіп пайғамбар жүр сол жерде. Бізбен бірге жүр Хазіреті стаз Саид Нұр.

Халил Ибраһим
* * * * *

Жиырма сегізінші леманың жиырма сегізінші тұжырымы

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
لَا يَسَّمَّعُونَ اِلَى الْمَلَاِ الْاَعْلٰى وَيُقْذَفُونَ مِنْ كُلِّ جَانِبٍ ٭ دُحُورًا وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ ٭ اِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَاَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ ٭ وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَٓاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ وَجَعَلْنَاهَا رُجُومًا لِلشَّيَاط۪ينِ

сынды аяттардың маңызды бір тұжырымы. Осы аяттарға дінсіздердің мін тағуына байланысты баяндалады.

Жындар мен шайтандардың тыңшылары аспандағы ғайби хабарларды тыңдап алып, хабар жеткізбеуі үшін, бақсы-балгерлер, материалистер мен медиумдар секілді ғайыптан хабар берушілердің кесірінен, уахиға шәк, күдік араласпауы үшін, Құран түсіп жатқан кезде олардың әрқашанғы істейтін ұрлық кәсіптеріне бұрынғысынан да бетер тосқауыл қойылып, жұлдыздармен атқыланған екен. Мұны осы аяттар айтып отыр. Осы аяттарға қатысты аса маңызды үш тармақты бір сұраққа қысқаша бір жауап.

— 326 —

Сұрақ. Осындай аяттарға қарасаң, шағын және жеке басқа қатысты ғайби бір оқиғаны біліп алу үшін, алыстағы аспан әлеміне ұры шайтандар ұмтыла ма? Сол аса ауқымды әлемнің кез келген жерінде әлгі шағын оқиға туралы айтылып жатқандай, қандай да бір шайтан тың тыңдаса болды, шала-пұла болса да әлгі хабарды естіп алып, жерге жеткізіп қоятын сияқты. Мұндай әңгіме ақылға сыймайды. Хикметке де қайшы ғой.

Сондай-ақ, аяттарды оқысаң аспанның үстіне орналасқан Жәннаттың жемістерін кейбір пайғамбарлар мен әулиелер бейне бір жақын жерден үзіп жеп жатқан сияқты мағына шығады. Яғни шексіз алыс нәрсе жақын жерде, тіпті дәл қасында тұрғандай көрінеді. Мұндай нәрсе қазіргі заманның адамдарының ойына сыймайды.

Елеусіз бір адамның болмашы бір хал-жағдайы сонау көк аспандағы періштелердің арасында әңгімеге арқау болуы бір қарағанда түсініксіз. Шексіз әлемнің хикметке толы басқару ісіне үйлеспейді. Иләһи аса күрделі хикметке керағар құбылыс. Алайда, осы аталған үш мәселе де Исламның ақиқаты болып саналуы қалай?

ЖАУАБЫ. Біріншіден, Он бесінші сөз атты рисаледе, жеті баспалдақ түрінде, жеті нақты кіріспе түрінде

وَلَقَدْ زَيَّنَّا السَّمَٓاءَ الدُّنْيَا بِمَصَاب۪يحَ وَجَعَلْنَاهَا رُجُومًا لِلشَّيَاط۪ينِ

аяты айтып отырған, тың тыңдаушы, ұры шайтандар жұлдыздармен қалай атқыланып, аспаннан қалай қуатыны өте тамаша дәлелденген-ді. Аса қырсық материалистердің өзін мойындатып, ауызына құм құйып, қабылдауға мәжбүр қылып еді.

Екіншіден. Ақылы таяз кісілерге мүмкін емес сияқты көрінген Исламның үш ақиқатын олардың деңгейіне жақындату үшін, бір тәмсіл арқылы ишара қыламыз.

Мәселен, бір елдің қорғаныс министрлігі елдің шығысында орналасқан, ал әділет басқармасы батыс жақта, ал оқу-ағарту министрлігі солтүстік беткейіне, Ғылым министрлігі оңтүстігіне және үкімет үйі дәл орталыққа орналасқан дейік. Олар өзара сымсыз телефон, телеграф арқылы жүйелі түрде әрбір министрлік өзіне қатысты хал-жағдайды біліп отырады. Ол кезде бейне бір үкіметтің барлық органдары әділет басқармасының ішінде орналасқандай көрінгенмен бір жағынан алғанда ол қорғаныс министрлігі болуы яғни оның қызметін атқаруы да ғажап емес және үкімет үйі бола тұра оқуағарту, білім беру басқармасы болып та саналады.

— 327 —

Мысалы, бірнеше елдің және әтүрлі штаттары бар мемлекеттердің кейде отарлау саясатымен немесе алпауыт ел болғасын немесе сауда-саттық қатынасқа байланысты бір елде сан алуан әкімшілік орталықтары орналасқан болуы мүмкін. Манағы отарланған елдің халқы мен ұлты бір бола тұра әрбір өкімет өз үстемдігін жүргізіп, сол халықпен тығыз байланыс құрады. Өзара өте алыс орналасқан әлгі өкіметтердің қарым-қатынастары керемет ұштасып жатады. Әрбір үйде жаңағы өкіметтер бір-бірімен байланысып, әрбір адаммен бірлесе жұмыс істеуі мүмкін.

Өзара ұштасып жатқан тар шеңберде шағын мәселелер қаралуы ғажап емес. Бірақ шағын мәселенің әрқайсысы жалпыға ортақ орталық басқармада қаралып жатыр деп айта алмайсың. Дегенмен, ондай шағын мәселелер туралы айтылған кезде, ол тікелей орталық басқарманың заңымен, рұқсатымен болатындықтан әлгі орталық басқармадан реттеліп жатқан сияқты көрінеді және сол орталықта қаралған мәселе секілді қабылданып, солай түсініледі.

Міне, осы екі мысалға сүйене отырып айтпағымыз, аспан атты кең байтақ елдің астанасы, яғни орталығы тұрғысынан алғанда өте алыс болғанымен "арз", яғни жер шары мемлекетіндегі адамдардың жүректерімен байланысып жатқан рухани телефондар бар. Аспан әлемі деген кезде тек материалдық, көзге көрінетін нәрсені ойлау қате. Ол, рухтар әлемін, мәләкут әлемін қамтитын ұлан-ғайыр әлем. Сондықтан белгілі бір мағынада біздің әлемді де қанатының астына алып, түгел қамтып жатыр. Сондай-ақ, мәңгілік мекені, бақи әлем Жәннат та өте алыс болғанымен оның ауқымды көлемі перде артынан нұрлы түрде әр тарапты қамтып, ұлан-ғайыр аумаққа жайылып жатыр.

Мәселен, Сани-ы Хаким Аллаһ өз хикметімен адамның бойына орналастырған сезім мүшелерін алайық. Олардың басқару нүктелері әр жерде болғанымен, әрқайсысы денені жүйелі түрде басқарып, толық қадағалап отырады. Дәл сол секілді мына алып адам секілді ғалам да бір-бірінің ішіне орналасқан шеңберлер тәрізді мыңдаған әлемдерді қамтып жатыр. Ол жерлерде болып жатқан жағдайлар мен оқиғалар жалпылай әрі жеке-жеке түрде жалпыға ортақ әрі биік мақамдарда қаралады.

Алайда, кейде кішкене әрі жеке мәселе, үлкен әлемді қамтуы мүмкін. Қай бұрыштан тыңдалса да ол мәселе жайлы естуге болады.

— 328 —

Кейде оған үлкен мән берілуі, баса назар аударылуы, дұшпанның күштілігінен емес, мәселенің маңыздылығын, айбындылықты байқату үшін, үстемдігін көрсету үшін жасалады.

Мәселен, Мұхаммедтің (с.а.у.) Пайғамбарлығы немесе Құранның түсуі секілді аса маңызды оқиғалар бүкіл аспан көлемінде маңызды болғандықтан, тікелей періштелердің өзі, алып аспанның шоқ жұлдыздарында күзетшідей тізіліп алып, хабар ұрлайтын, тың тыңдайтын шайтандарға алып жұлдыздарды оқша лақтыратынын, осылайша сұғанақтарды аластайтынын көрсету арқылы және осы мағынаны түсіндіру арқылы Құранның түсу"ن۪аншалықты ұлық мәселе екенін көрсетеді. Ешбір күдік, күмән қалмауы үшін Раббани ишара түрінде сол кезеңдерде жұлдыздардың жиі ағуы, шайтандарды көздеп отты жұлдыздардың көп лақтырылғанын білдіреді. Баяны мұғжиза болған Құран осы оқиғаны шебер жеткізген және аспан құбылыстарының сырын ашқан.

Бір ғана періштенің үрлегеніне төтеп бере алмай ұшып түсетін тыңшы шайтандарды осыншама аспани алып ишаралармен қарсы күрестіруі, Құранның уахи, яғни көктен түскендігін, бәрінен үстем екенін көрсету үшін.

Сондай-ақ, осындай Құрани баян мен аспани оқиғаларға көп мән берілуі, жын-шайтандардың аспан тұрғындарымен тайталасатындай күшті екенін білдіру үшін емес. Бұл, Мұхаммедтің (с.а.у.) жан жүрегінен бастап сонау аспан әлеміне дейін, жер бетінен бастап, сонау Арш-ы Ағзамға дейін жайылып жатқан қашықтықтың ешбір жерінде, ешбір тұрғыда бірде-бір шайтанның араласуына жол жоқ екенін білдіру үшін. Құрани уахидің алып аспанда күллі періштелер арасында айтылуға тұрарлық үлкен ақиқат болғандығында. Сондықтан, оған біршама жанасу үшін шайтандар сонау көкке көтерілуден басқа шара таба алмай, бірақ ол әрекеттері де сәтсіз аяқталып, жұлдыздармен атқыланды. Бұл жағдай мынаған ишара қылады. Мұхаммедке (с.а.у.) келген уахи және Мұхаммедтің (с.а.у.) алдына келген Жәбрайыл сондай-ақ, Мұхаммедке (с.а.у.) көрінген ғайби ақиқаттар еш күмәнсіз нақты әрі тура. Ешбір тұрғыдан күдік кіре алмайды дегенді Құран мұғжизалы түрде хабар беруде.

Ал енді, Жәннат алыс әрі бақи әлем бола тұра өте жақыннан көрінуі және кейде жемісінен дәм татуына келер болсақ, бастағы екі тәмсілден түсінікті болғанындай, мына пәни әлем және мына нақты

— 329 —

дүние, ғайып әлеміне перде болып тұр. Жәннаттың орталығы өте алыс болғанымен мысал әлемі арқылы әртарапта көрінуі мүмкін. Сондай-ақ, өте күшті иман арқылы жәннаттың мына пәни әлемдегі бөлімшелері, мысалдары болуы мүмкін. Жүрек арқылы мәртебесі биік рухтармен тікелей байланысы болуы мүмкін. Ол жақтан сыйлықтар келіп жатса да ғажап емес.

Енді, ауқымы кең жалпыға ортақ шеңбердің жеке басқа қатысты шағын оқиғалармен шұғылдануы болса, яғни бақсы-балгерлерге болашақ туралы хабар әкелу үшін жын-шайтандар сонау көктерге көтеріліп тың тыңдап, шала-пұла, жалған хабарлар әкеледі деген тәпсірдің мағынасы мынадай болса керек. Олар аспан әлемінің орталығына дейін барып, әлгі кішкене хабарды әкеледі деп түсіну қате. Олар тек қана ауа қабатына шейін жайылып жатқан аспан әлеміндегі, бейне полиция бөлімшелері секілді кейбір бөлімшелерге жетуі мүмкін. Онда жермен байланыстар жасалады. Шайтандар шағын жеке мәселелер үшін әлгі кішкене бөлімшелерге құлақ қойып, тың тыңдайды. Тіпті, адамның жүрегі де сондай бөлімшелердің бірі. Ол жерде де илһам періштесі мен өзіндік шайтаны алысып, күрес жүріп жатады. Имани ақиқаттар, Құрани шындықтар және Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы сырттай елеусіз көрінгенімен, маңызы зор мәселе болып, кең шеңберде, яғни Арш-ы Ағзамда, аспан әлемінде, ғаламның тағдыры жазылатын басылымдарда жарияланғандай аспан кеңістігінің барлық жерінде белгілі болады.

Сонымен қатар, Мұхаммедтің (с.а.у.) жан жүрегінен бастап, сонау арш әлеміне дейін жайылып жатыр дегені, басқалардың қол сұғуы, араласуы ешбір тұрғыдан мүмкін емес екенін айғақтайды. Сондықтан, аспанға шығып құлақ түріп, тың тыңдағаннан басқа шайтанның шарасы жоқтығын білдіреді. Ал, Құранның түсуі мен Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы қаншалықты жоғары ақиқат әрі нақты екені және оған ешбір тұрғыдан жалған хабарлар, алдау, арбау, ақиқатқа жат нәрселердің араласуы тіпті, оның маңына жақындау мүмкін еместігін бұл аяттар өте шешен, таңғажайып тәсілмен жеткізген, солай екенін көрсететін терең мағыналар жатыр.

Саид Нұрси
— 330 —

Жиырма тоғызыншы Лема

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
Кіріспе

Он үш жылдан бері жүрегім ақылыммен бірлесе отырып Қасиетті Құранның

لَعَلَّكُمْ تَتَفَكَّرُونَ ٭ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ ٭ اَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا ف۪ٓى اَنْفُسِهِمْ مَا خَلَقَ اللّٰهُ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضَ ٭ لَاٰيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ

секілді аяттары бұйырған тәфәккүр яғни пікір жүргізу, толғану жолына түсіп едім. Және

تَفَكُّرُ سَاعَةٍ خَيْرٌ مِنْ عِبَادَةِ سَنَةٍ

хадисі білдіргендей, кейде бір сағаттық тәфәккүр-толғаныс, бір жылғы ғибадаттай болып саналатындығы мені толғануға құлшындырғандықтан мен де соңғы он үш жылдан бері осы жолды ұстанып, ақыл мен жүрек қосылып тапқан жарқын нұрларды, терең ақиқаттарды өзім үшін сақтап қою мақсатында кейбір сөздермен үстін белгілеп кете бердім. Бұл сөздер ол нұрларды нақты көрсетпейді, тек жаңағы айтқан мағынаның болмысына ишара ғана. Жекеше Тәфәккүрге кіріскен кезде, арабша әртүрлі ғибратты сөздерді айтып отыратын едім.

Осы кезге дейін қанша уақыт өтсе де және қанша қайталанса да мені жалықтырған емес. Зауық та, қажеттілік те азаймады, шөлім де басылар емес. Өйткені, бұл тәфәккүри сөздер Құран аяттарының сәулелері болғандақтан, аяттардың бір қасиеті болған жалықтырмау ерекшелігінің бір ұшқыны осы тәфәккүри сөздердің айналасында да шағылысып, көрініс табады.

Соңғы кездерде байқағаным, Рисалей-Нұр кітапшаларындағы өміршеңдік, берекелі бұлақ, жарқын нұр осы тәфәккүр тәсілінің сәуле шуақтары болып, жаныма жағымды әсер еткендіктен, басқаларға да әсері болар деген ниетпен, өмірімнің соңғы кезеңінде бәрін бір жерге жинақтап қағазға түсіруге ниет еткем-ді. Иә, мұның көптеген

— 331 —

маңызды бөлімдері Рисалей-Нұрда жазылған-ды. Дегенмен, топтамада өзгеше әсер, ерекше бір құндылық бар. Адам өзінің қашан өлетінін білмейтіндіктен, мына абақтыдағы тар қапаста қамалып жатқан жағдайым, өлімнен бетер қиындап кеткендіктен, ажалымды күтпей-ақ, бауырларымның қайта-қайта өтініп сұраулары бойынша осы пікіри толғаныс көкейге қалай келген болса еш өзгертпей, сол қалпында "жеті баб" қылып жаздым.

Б Л ЛЕМАНЫҢ АЛТЫ БАБЫ БАСҚА ЖИНАҚТА ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАНДЫҚТАН Б Л ЖЕРГЕ ЕНГІЗІЛМЕДІ
اَلْبَابُ الثَّالِثُ ف۪ى مَرَاتِبِ اَللّٰهُ اَكْبَرُ

Мұның отыз үш мәртебесі болса, соның жеті мәртебесі баяндалады. Ол мәртебелердің маңызды бөлігі Жиырмасыншы Мектубтың екінші мақамында және Отыз екінші сөздің екінші тарауының соңында және Үшінші тараудың бас жағына жазылып, түсіндірілген болатын. Осы мәртебелердің мән-мағынасын түсінгісі келгендер әлгі екі сөзді оқысын.

اَلْمَرْتَبَةُ الْاُولٰى﴾
وَ قُلِ الْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى لَمْ يَتَّخِذْ وَلَدًا وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ شَر۪يكٌ فِى الْمُلْكِ وَ لَمْ يَكُنْ لَهُ وَلِىٌّ مِنَ الذُّلِّ وَ كَبِّرْهُ تَكْب۪يرًا ٠
لَبَّيْكَ وَ سَعْدَيْكَ جَلَّ جَلَالُهُ ٠ اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَىْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ الَّذ۪ى صَنَعَ الْاِنْسَانَ بِقُدْرَتِه۪ كَالْكَائِنَاتِ وَ كَتَبَ الْكَائِنَاتِ بِقَلَمِ قَدَرِه۪ كَمَا كَتَبَ الْاِنْسَانَ بِذٰلِكَ الْقَلَمِ اِذْ ذَاكَ الْعَالَمُ الْكَب۪يرُ كَهٰذَا الْعَالَمِ الصَّغ۪يرِ مَصْنُوعُ قُدْرَتِه۪ مَكْتُوبُ قَدَرِه۪ اِبْدَاعُهُ لِذَاكَ صَيَّرَهُ مَسْجِدًا ا۪يجَادُهُ لِهٰذَا صَيَّرَهُ سَاجِدًا اِنْشَائُهُ لِذَاكَ صَيَّرَ ذَاكَ مُلْكًا بِنَائُهُ لِهٰذَا صَيَّرَهُ مَمْلُوكًا صَنْعَتُهُ ف۪ى ذَاكَ تَظَاهَرَتْ كِتَابًا صِبْغَتُهُ ف۪ى هٰذَا تَزَاهَرَتْ خِطَابًا قُدْرَتُهُ ف۪ى ذَاكَ
— 332 —
تُظْهِرُ حِشْمَتَهُ رَحْمَتُهُ ف۪ى هٰذَا تَنْظِمُ نِعْمَتَهُ حِشْمَتُهُ ف۪ى ذَاكَ تَشْهَدُ هُوَ الْوَاحِدُ نِعْمَتُهُ ف۪ى هٰذَا تُعْلِنُ هُوَ الْاَحَدُ سِكَّتُهُ ف۪ى ذَاكَ فِى الْكُلِّ وَ الْاَجْزَاءِ سُكُونًا حَرَكَةً خَاتَمُهُ ف۪ى هٰذَا فِى الْجِسْمِ وَ الْاَعْضَاءِ حُجَيْرَةً ذَرَّةً ٠
فَانْظُرْ اِلٰى اٰثَارِهِ الْمُتَّسِقَةِ كَيْفَ تَرٰى كَالْفَلَقِ سَخَاوَةً مُطْلَقَةً مَعَ اِنْتِظَامٍ مُطْلَقٍ ف۪ى سُرْعَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ اِتِّزَانٍ مُطْلَقٍ ف۪ى سُهُولَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ اِتِّقَانٍ مُطْلَقٍ ف۪ى وُسْعَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ حُسْنِ صُنْعٍ مُطْلَقٍ ف۪ى بُعْدَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ اِتِّفَاقٍ مُطْلَقٍ ف۪ى خِلْطَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ اِمْتِيَازٍ مُطْلَقٍ ف۪ى رُخْصَةٍ مُطْلَقَةٍ مَعَ غُلُوٍّ مُطْلَقٍ ٠ فَهٰذِهِ الْكَيْفِيَّةُ الْمَشْهُودَةُ شَاهِدَةٌ لِلْعَاقِلِ الْمُحَقِّقِ مُجْبِرَةٌ لِلْاَحْمَقِ الْمُنَافِقِ عَلٰى قَبُولِ الصَّنْعَةِ وَ الْوَحْدَةِ لِلْحَقِّ ذِى الْقُدْرَةِ الْمُطْلَقَةِ وَ هُوَ الْعَل۪يمُ الْمُطْلَقُ ٠ وَ فِى الْوَحْدَةِ سُهُولَةٌ مُطْلَقَةٌ وَ فِى الْكَثْرَةِ وَ الشِّرْكَةِ صُعُوبَةٌ مُنْغَلِقَةٌ ٠ اِنْ اُسْنِدَ كُلُّ الْاَشْيَاءِ لِلْوَاحِدِ فَالْكَائِنَاتُ كَالنَّخْلَةِ وَ النَّخْلَةُ كَالثَّمَرَةِ سُهُولَةً فِى الْاِبْتِدَاعِ ٠ اِنْ اُسْنِدَ لِلْكَثْرَةِ فَالنَّخْلَةُ كَالْكَائِنَاتِ وَ الثَّمَرَةُ كَالشَّجَرَاتِ صُعُوبَةً فِى الْاِمْتِنَاعِ اِذِ الْوَاحِدُ بِالْفِعْلِ الْوَاحِدِ يُحَصِّلُ نَت۪يجَةً وَ وَضْعِيَّةً لِلْكَث۪يرِ بِلَا كُلْفَةٍ وَ لَا مُبَاشَرَةٍ ٠ لَوْ اُح۪يلَتْ تِلْكَ الْوَضْعِيَّةُ وَ النَّت۪يجَةُ اِلَى الْكَثْرَةِ لَا يُمْكِنُ اَنْ تَصِلَ اِلَيْهَا اِلَّا بِتَكَلُّفَاتٍ وَ مُبَاشَرَاتٍ وَ مُشَاجَرَاتٍ ٠ كَالْاَم۪يرِ مَعَ
— 333 —
النَّفَرَاتِ وَ الْبَان۪ى مَعَ الْحَجَرَاتِ وَ الْاَرْضِ مَعَ النُّجُومِ وَ السَّيَّارَاتِ وَ الْفَوَّارَةِ مَعَ الْقَطَرَاتِ وَ نُقْطَةِ الْمَرْكَزِ مَعَ النُّقَطِ فِى الدَّائِرَةِ بِسِرِّ اَنَّ فِى الْوَحْدَةِ يَقُومُ الْاِنْتِسَابُ مَقَامَ قُدْرَةٍ غَيْرَ مَحْدُودَةٍ ٠ وَ لَايَضْطَرُّ السَّبَبُ لِحَمْلِ مَنَابِعِ قُوَّتِه۪ وَ يَتَعَاظَمُ الْاَثَرُ بِالنِّسْبَةِ اِلَى الْمُسْنَدِ اِلَيْهِ ٠ وَ فِى الشِّرْكَةِ يَضْطَرُّ كُلُّ سَبَبٍ لِحَمْلِ مَنَابِعِ قُوَّتِه۪ فَيَتَصَاغَرُ الْاَثَرُ بِنِسْبَةِ جِرْمِه۪ وَ مِنْ هُنَا غَلَبَتِ النَّمْلَةُ وَ الذُّبَابَةُ عَلَى الْجَبَابِرَةِ وَ حَمَلَتِ النُّوَاةُ الصَّغ۪يرَةُ شَجَرَةً عَظ۪يمَةً ٠
وَ بِسِرِّ اَنَّ ف۪ى اِسْنَادِ كُلِّ الْاَشْيَاءِ اِلَى الْوَاحِدِ لَا يَكُونُ الْا۪يجَادُ مِنَ الْعَدَمِ الْمُطْلَقِ بَلْ يَكُونُ الْا۪يجَادُ عَيْنَ نَقْلِ الْمَوْجُودِ الْعِلْمِىِّ اِلَى الْوُجُودِ الْخَارِجِىِّ كَنَقْلِ الصُّورَةِ الْمُتَمَثِّلَةِ فِى الْمِرْاٰةِ اِلَى الصَّح۪يفَةِ الْفُطُوغْرَفِيَّةِ لِتَثْب۪يتِ وُجُودٍ خَارِجِىٍّ لَهَا بِكَمَالِ السُّهُولَةِ اَوْ اِظْهَارِ الْخَطِّ الْمَكْتُوبِ بِمِدَادٍ لَا يُرٰى بِوَاسِطَةِ مَادَّةٍ مُظْهِرَةٍ لِلْكِتَابَةِ الْمَسْتُورَةِ ٠
وَ ف۪ى اِسْنَادِ الْاَشْيَاءِ اِلَى الْاَسْبَابِ وَ الْكَثْرَةِ يَلْزَمُ الْا۪يجَادُ مِنَ الْعَدَمِ الْمُطْلَقِ.. وَ هُوَ اِنْ لَمْ يَكُنْ مُحَالًا يَكُونُ اَصْعَبَ الْاَشْيَاءِ ٠ فَالسُّهُولَةُ فِى الْوَحْدَةِ وَاصِلَةٌ اِلٰى دَرَجَةِ الْوُجُوبِ ٠ وَ الصُّعُوبَةُ فِى الْكَثْرَةِ وَاصِلَةٌ اِلٰى دَرَجَةِ الْاِمْتِنَاعِ
وَ بِحِكْمَةِ اَنَّ فِى الْوَحْدَةِ يُمْكِنُ الْاِبْدَاعُ وَ ا۪يجَادُ
— 334 —
الْاَيْسِ
مِنَ اللَّيْسِ
يَعْن۪ى اِبْدَاعُ الْمَوْجُودِ مِنَ الْعَدَمِ الصِّرْفِ بِلَا مُدَّةٍ وَ لَا مَادَّةٍ .. وَ اِفْرَاغُ الذَّرَّاتِ فِى الْقَالَبِ الْعِلْمِىِّ بِلَا كُلْفَةٍ وَ لَا خِلْطَةٍ ٠
وَ فِى الشِّرْكَةِ وَ الْكَثْرَةِ لَا يُمْكِنُ الْاِبْدَاعُ مِنَ الْعَدَمِ بِاِتِّفَاقِ كُلِّ اَهْلِ الْعَقْلِ فَلَا بُدَّ لِوُجُودِ ذ۪ى حَيَاةٍ جَمْعُ ذَرَّاتٍ مُنْتَشِرَةٍ فِى الْاَرْضِ وَ الْعَنَاصِرِ .. وَ بِعَدَمِ الْقَالَبِ الْعِلْمِىِّ يَلْزَمُ لِمُحَافَظَةِ الذَّرَّاتِ ف۪ى جِسْمِ ذِى الْحَيَاةِ وُجُودُ عِلْمٍ كُلِّىٍّ وَ اِرَادَةٍ مُطْلَقَةٍ ف۪ى كُلِّ ذَرَّةٍ ٠
وَ مَعَ ذٰلِكَ اَنَّ الشُّرَكَاءَ مُسْتَغْنِيَةٌ عَنْهَا وَ مُمْتَنِعَةٌ بِالذَّاتِ بِخَمْسَةِ وُجُوهٍ مُتَدَاخِلَةٍ ٠ وَ الشُّرَكَاءُ الْمُسْتَغْنِيَةُ عَنْهَا وَ الْمُمْتَنِعَةُ بِالذَّاتِ تَحَكُّمِيَّةٌ مَحْضَةٌ لَا اَمَارَةَ عَلَيْهَا وَ لَا اِشَارَةَ اِلَيْهَا ف۪ى شَىْءٍ مِنَ الْمَوْجُودَاتِ اِذْ خِلْقَةُ السَّمٰوَاتِ وَ الْاَرْضِ تَسْتَلْزِمُ قُدْرَةً كَامِلَةً غَيْرَ مُتَنَاهِيَةٍ بِالضَّرُورَةِ فَاسْتُغْنِىَ عَنِ الشُّرَكَاءِ وَ اِلَّا لَزِمَ تَحْد۪يدُ وَ انْتِهَاءُ قُدْرَةٍ كَامِلَةٍ غَيْرِ مُتَنَاهِيَةٍ ف۪ى وَقْتِ عَدَمِ التَّنَاه۪ى بِقُوَّةٍ مُتَنَاهِيَةٍ بِلَا ضَرُورَةٍ مَعَ الضَّرُورَةِ ف۪ى عَكْسِه۪ وَ هُوَ مُحَالٌ ف۪ى خَمْسَةِ اَوْجُهٍ فَامْتَنَعَتِ الشُّرَكَاءُ مَعَ اَنَّ الشُّرَكَاءَ الْمُمْتَنِعَةَ بِتِلْكَ الْوُجُوهِ لَا اِشَارَةَ اِلٰى وُجُودِهَا وَ لَا اَمَارَةَ عَلٰى تَحَقُّقِهَا ف۪ى شَىْءٍ مِنَ الْمَوْجُودَاتِ فَقَدِ اسْتَفْسَرْنَا هٰذِهِ الْمَسْئَلَةَ (فِى الْمَوْقِفِ الْاَوَّلِ) مِنَ الرِّسَالَةِ الثَّانِيَةِ وَ
— 335 —
الثَّلَاث۪ينَ مِنَ الذَّرَّاتِ اِلَى السَّيَّارَاتِ .. (وَ فِى الْمَوْقِفِ الثَّان۪ى) مِنَ السَّمٰوَاتِ اِلَى التَّشَخُّصَاتِ الْوَجْهِيَّةِ فَاَعْطَتْ جَم۪يعُهَا جَوَابَ رَدِّ الشِّرْكِ بِاِرَائَةِ سِكَّةِ التَّوْح۪يدِ فَكَمَا لَا شُرَكَاءَ لَهُ كَذٰلِكَ لَا مُع۪ينَ وَلَا وُزَرَاءَ لَهُ ٠
وَ مَا الْاَسْبَابُ اِلَّا حِجَابٌ رَق۪يقٌ عَلٰى تَصَرُّفِ الْقُدْرَةِ الْاَزَلِيَّةِ لَيْسَ لَهَا تَاْث۪يرٌ ا۪يجَادِىٌّ ف۪ى نَفْسِ الْاَمْرِ ٠ اِذْ اَشْرَفُ الْاَسْبَابِ وَ اَوْسَعُهَا اِخْتِيَارًا هُوَ الْاِنْسَانُ مَعَ اَنَّهُ لَيْسَ ف۪ى يَدِه۪ مِنْ اَظْهَرِ اَفْعَالِهِ الْاِخْتِيَارِيَّةِ كَالْاَكْلِ وَ الْكَلَامِ وَ الْفِكْرِ مِنْ مِاٰتِ اَجْزَاءٍ اِلَّا جُزْءٌ وَاحِدٌ مَشْكُوكٌ فَاِذَا كَانَ السَّبَبُ الْاَشْرَفُ وَ الْاَوْسَعُ اِخْتِيَارًا مَغْلُولَ الْاَيْد۪ى عَنِ التَّصَرُّفِ الْحَق۪يقِىِّ كَمَا تَرٰى فَكَيْفَ يُمْكِنُ اَنْ تَكُونَ الْبَه۪يمَاتُ وَ الْجَمَادَاتُ شَر۪يكًا فِى الْا۪يجَادِ وَ الرُّبُوبِيَّةِ لِخَالِقِ الْاَرْضِ وَ السَّمٰوَاتِ ٠
فَكَمَا لَا يُمْكِنُ اَنْ يَكُونَ الظَّرْفُ الَّذ۪ى وَضَعَ السُّلْطَانُ ف۪يهِ الْهَدِيَّةَ اَوِ الْمَنْد۪يلُ الَّذ۪ى لَفَّ ف۪يهِ الْعَطِيَّةَ اَوِ النَّفَرُ الَّذ۪ى اَرْسَلَ عَلٰى يَدِهِ النِّعْمَةَ اِلَيْكَ شُرَكَاءَ للِسُّلْطَانِ ف۪ى سَلْطَنَتِه۪ كَذٰلِكَ لَا يُمْكِنُ اَنْ يَكُونَ الْاَسْبَابُ الْمُرْسَلَةُ عَلٰى اَيْد۪يهِمُ النِّعَمُ اِلَيْنَا وَ الظُّرُوفُ الَّت۪ى هِىَ صَنَاد۪يقُ للِنِّعَمِ الْمُدَّخَرَةِ لَنَا وَ الْاَسْبَابُ الَّت۪ى اِلْتَفَّتْ عَلٰى عَطَايَا اِلٰهِيَّةٍ مُهْدَاتٌ اِلَيْنَا شُرَكَاءَ اَعْوَانًا اَوْ وَسَائِطَ مُؤَثِّرَةً ٠
اَلْمَرْتَبَةُ الثَّانِيَةُ:
جَلَّ جَلَالُهُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَىْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا
— 336 —
اِذْ هُوَ الْخَلَّاقُ الْعَل۪يمُ الصَّانِعُ الْحَك۪يمُ الرَّحْمٰنُ الرَّح۪يمُ الَّذ۪ى هٰذِهِ الْمَوْجُودَاتُ الْاَرْضِيَّةُ وَ الْاَجْرَامُ الْعُلْوِيَّةُ ف۪ى بُسْتَانِ الْكَائِنَاتِ مُعْجِزَاتُ قُدْرَةِ خَلَّاقٍ عَل۪يمٍ بِالْبَدَاهَةِ ٠ وَ هٰذِهِ النَّبَاتَاتُ الْمُتَلَوِّنَةُ الْمُتَزَيِّنَةُ الْمَنْثُورَةُ وَ هٰذِهِ الْحَيْوَانَاتُ الْمُتَنَوِّعَةُ الْمُتَبَرِّجَةُ الْمَنْشُورَةُ ف۪ى حَد۪يقَةِ الْاَرْضِ خَوَارِقُ صَنْعَةِ صَانِعٍ حَك۪يمٍ بِالضَّرُورَةِ وَ هٰذِهِ الْاَزْهَارُ الْمُتَبَسِّمَةُ وَ الْاَثْمَارُ الْمُتَزَيِّنَةُ ف۪ى جِنَانِ هٰذِهِ الْحَد۪يقَةِ هَدَايَاءُ رَحْمَةِ رَحْمٰنٍ رَح۪يمٍ بِالْمُشَاهَدَةِ تَشْهَدُ هَات۪يكَ وَ تُنَاد۪ى تَاكَ وَ تُعْلِنُ هٰذِه۪ بِاَنَّ خَلَّاقَ هَات۪يكَ وَ مُصَوِّرَ تَاكَ وَ وَاهِبَ هٰذِه۪ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ وَ بِكُلِّ شَىْءٍ عَل۪يمٌ قَدْ وَسِعَ كُلَّ شَىْءٍ رَحْمَةً وَ عِلْمًا تَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَتِهِ الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْقَل۪يلُ وَ الْكَث۪يرُ وَ الصَّغ۪يرُ وَ الْكَب۪يرُ وَ الْمُتَنَاه۪ى وَ غَيْرُ الْمُتَنَاه۪ى وَ كُلُّ الْوُقُوعَاتِ الْمَاضِيَّةِ وَ غَرَائِبِهَا مُعْجِزَاتُ صَنْعَةِ صَانِعٍ حَك۪يمٍ تَشْهَدُ عَلٰى اَنَّ ذٰلِكَ الصَّانِعَ قَد۪يرٌ عَلٰى كُلِّ الْاِمْكَانَاتِ الْاِسْتِقْبَالِيَّةِ وَ عَجَائِبِهَا اِذْ هُوَ الْخَلَّاقُ الْعَل۪يمُ وَ الْعَز۪يزُ الْحَك۪يمُ ٠
فَسُبْحَانَ مَنْ جَعَلَ حَد۪يقَةَ اَرْضِه۪ مَشْهَرَ صَنْعَتِه۪ مَحْشَرَ فِطْرَتِه۪ مَظْهَرَ قُدْرَتِه۪ مَدَارَ حِكْمَتِه۪ مَزْهَرَ رَحْمَتِه۪ مَزْرَعَ جَنَّتِه۪ مَمَرَّ الْمَخْلُوقَاتِ مَس۪يلَ الْمَوْجُودَاتِ مَك۪يلَ الْمَصْنُوعَاتِ فَمُزَيَّنُ الْحَيْوَانَاتِ مُنَقَّشُ الطُّيُورَاتِ مُثَمَّرُ الشَّجَرَاتِ مُزَهَّرُ النَّبَاتَاتِ مُعْجِزَاتُ عِلْمِه۪ خَوَارِقُ صُنْعِه۪ هَدَايَاءُ
— 337 —
جُودِه۪ بَرَاه۪ينُ لُطْفِه۪ ٠
تَبَسُّمُ الْاَزْهَارِ مِنْ ز۪ينَةِ الْاَثْمَارِ، تَسَجُّعُ الْاَطْيَارِ ف۪ى نَسْمَةِ الْاَسْحَارِ، تَهَزُّجُ الْاَمْطَارِ عَلٰى خُدُودِ الْاَزْهَارِ، تَرَحُّمُ الْوَالِدَاتِ عَلَى الْاَطْفَالِ الصِّغَارِ، تَعَرُّفُ وَدُودٍ، تَوَدُّدُ رَحْمَانٍ، تَرَحُّمُ حَنَّانٍ تَحَنُّنُ مَنَّانٍ لِلْجِنِّ وَ الْاِنْسَانِ وَ الرُّوحِ وَ الْحَيْوَانِ وَ الْمَلَكِ وَ الْجَانِّ ٠
وَ الْبُذُورُ وَ الْاَثْمَارُ وَ الْحُبُوبُ وَ الْاَزْهَارُ مُعْجِزَاتُ الْحِكْمَةِ خَوَارِقُ الصَّنْعَةِ هَدَايَاءُ الرَّحْمَةِ بَرَاه۪ينُ الْوَحْدَةِ شَوَاهِدُ لُطْفِه۪ ف۪ى دَارِ الْاٰخِرَةِ شَوَاهِدُ صَادِقَةٌ بِاَنَّ خَلَّاقَهَا عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ قَد۪يرٌ وَ بِكُلِّ شَىْءٍ عَل۪يمٌ قَدْ وَسِعَ كُلَّ شَىْءٍ بِالرَّحْمَةِ وَ الْعِلْمِ وَ الْخَلْقِ وَ التَّدْب۪يرِ وَ الصُّنْعِ وَ التَّصْو۪يرِ ٠ فَالشَّمْسُ كَالْبُذْرَةِ وَ النَّجْمُ كَالزُّهْرَةِ وَ الْاَرْضُ كَالْحَبَّةِ لَا تَثْقُلُ عَلَيْهِ بِالْخَلْقِ وَ التَّدْب۪يرِ وَ الصُّنْعِ وَ التَّصْو۪يرِ ٠
فَالْبُذُورُ وَ الْاَثْمَارُ مَرَايَاءُ الْوَحْدَةِ ف۪ى اَقْطَارِ الْكَثْرَةِ اِشَارَاتُ الْقَدَرِ رُمُوزَاتُ الْقُدْرَةِ بِاَنَّ تِلْكَ الْكَثْرَةَمِنْ مَنْبَعِ الْوَحْدَةِ تَصْدُرُ شَاهِدَةً لِوَحْدَةِ الْفَاطِرِ فِى الصُّنْعِ وَ التَّصْو۪يرِ ثُمَّ اِلَى الْوَحْدَةِ تَنْتَه۪ى ذَاكِرَةً لِحِكْمَةِ الصَّانِعِ فِى الْخَلْقِ وَ التَّدْب۪يرِ ٠ وَ تَلْو۪يحَاتُ الْحِكْمَةِ بِاَنَّ خَالِقَ الْكُلِّ بِكُلِّيَّةِ النَّظَرِ اِلَى الْجُزْئِىِّ يَنْظُرُ ثُمَّ اِلٰى جُزْئِه۪ اِذْ اِنْ كَانَ ثَمَرًا فَهُوَ الْمَقْصُودُ الْاَظْهَرُ مِنْ خَلْقِ هٰذَا الشَّجَرِ ٠
فَالْبَشَرُ ثَمَرٌ لِهٰذِهِ الْكَائِنَاتِ فَهُوَ الْمَقْصُودُ الْاَظْهَرُ لِخَالِقِ الْمَوْجُودَاتِ وَ
— 338 —
الْقَلْبُ كَالنُّوَاةِ فَهُوَ الْمِرْاٰةُ الْاَنْوَرُ لِصَانِعِ الْمَخْلُوقَاتِ ٠ مِنْ هٰذِهِ الْحِكْمَةِ فَالْاِنْسَانُ الْاَصْغَرُ ف۪ى هٰذِهِ الْكَائِنَاتِ هُوَ الْمَدَارُ الْاَظْهَرُ لِلنَّشْرِ وَ الْمَحْشَرِ ف۪ى هٰذِهِ الْمَوْجُودَاتِ وَ التَّخْر۪يبِ وَ التَّبْد۪يلِ وَ التَّحْو۪يلِ وَ التَّجْد۪يدِ لِهٰذِهِ الْكَائِنَاتِ ٠
اَللّٰهُ اَكْبَرُ يَا كَب۪يرُ اَنْتَ الَّذ۪ى لَا تَهْدِى الْعُقُولُ لِكُنْهِ عَظَمَتِهِ ٠
كِه: لَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ بَرَابَرْ م۪ى زَنَنْد هَرْشَىْ دَمَادَمْ جُويَدَنْد يَا حَقّ سَرَاسَرْ گُويَدَنْد يَا حَىّ

{(Сілтеме): Бұл мәртебе кішкене бір гүлге және сұлу бір әйелге ишара етеді. Көктем - бір гүл тәрізді, жәннәт та бір гүл іспеттес. Осы мәртебеде солар туралы айтылады. Және әлем тамаша сұлу бір адам тәрізді, хор қыздары, руханилер мен жан-жануарлар, адамзаттың бәрі жеке-жеке ойша тамаша бір бейнеде болып, бұл мәртебенің баяндап отырған Иләһи көркем есімдерді жан-жақты парақтап көрсетіп береді.}

اَلْمَرْتَبَةُ الثَّالِثَةُ:
﴿ا۪يضَاحُهَا ف۪ى رَاْسِ الْمَوْقِفِ الثَّالِثِ مِنَ الرِّسَالَةِ الثَّانِيَةِ وَ ثَلَاث۪ينَ﴾
اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَىْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْقَد۪يرُ الْمُقَدِّرُ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ الْمُصَوِّرُ الْكَر۪يمُ اللَّط۪يفُ الْمُزَيِّنُ الْمُنْعِمُ الْوَدُودُ الْمُتَعَرِّفُ الرَّحْمٰنُ الرَّح۪يمُ الْمُتَحَنِّنُ الْجَم۪يلُ ذُو الْجَمَالِ وَ الْكَمَالِ الْمُطْلَقِ النَّقَّاشُ الْاَزَلِىُّ الَّذ۪ى مَاحَقَائِقُ هٰذِهِ الْكَائِنَاتِ كُلًّا وَ اَجْزَاءً وَ صَحَائِفَ وَ طَبَقَاتٍ وَ مَا حَقَائِقُ هٰذِهِ الْمَوْجُودَاتِ كُلِّيًّا وَ جُزْئِيًّا وَ وُجُودًا وَ بَقَاءً اِلَّا وَ هِىَ خُطُوطُ قَلَمِ قَضَائِه۪ وَ قَدَرِه۪ بِتَنْظ۪يمٍ وَ تَقْد۪يرٍ وَ عِلْمٍ وَ حِكْمَةٍ وَ اِلَّا نُقُوشُ پَرْكَارِ عِلْمِه۪ وَ حِكْمَتِه۪ بِصُنْعٍ وَ تَصْو۪يرٍ وَ اِلَّا تَزْي۪ينَاتُ
— 339 —
يَدِ بَيْضَاءِ صُنْعِه۪ وَ تَصْو۪يرِه۪ وَ تَزْي۪ينِه۪ وَ تَنْو۪يرِه۪ بِلُطْفٍ وَ كَرَمٍ وَ اِلَّا اَزَاه۪يرُ لَطَائِفِ لُطْفِه۪ وَ كَرَمِه۪ وَ تَعَرُّفِه۪ وَ تَوَدُّدِه۪ بِرَحْمَةٍ وَ نِعْمَةٍ وَ اِلَّا ثَمَرَاتُ فَيَّاضِ عَيْنِ رَحْمَتِه۪ وَ نِعْمَتِه۪ وَ تَرَحُّمِه۪ وَ تَحَنُّنِه۪ بِجَمَالٍ وَ كَمَالٍ وَ اِلَّا لَمَعَاتُ جَمَالٍ سَرْمَدِىٍّ وَ كَمَالٍ دَيْمُومِىٍّ بِشَهَادَةِ تَفَانِيَةِ الْمَرَايَا وَ سَيَّالِيَّةِ الْمَظَاهِرِ مَعَ دَوَامِ تَجَلِّى الْجَمَالِ عَلٰى مَرِّ الْفُصُولِ وَ الْعُصُورِ وَ الْاَدْوَارِ وَ مَعَ دَوَامِ الْاِنْعَامِ عَلٰى مَرِّ الْاَنَامِ وَ الْاَيَّامِ وَ الْاَعْوَامِ ٠
نَعَمْ تَفَانِى الْمِرْاٰةِ زَوَالُ الْمَوْجُودَاتِ مَعَ التَّجَلِّى الدَّائِمِ مَعَ الْفَيْضِ الْمُلَازِمِ مِنْ اَظْهَرِ الظَّوَاهِرِ مِنْ اَبْهَرِ الْبَوَاهِرِ عَلٰى اَنَّ الْجَمَالَ الظَّاهِرَ اَنَّ الْكَمَالَ الزَّاهِرَ لَيْسَا مُلْكَ الْمَظَاهِرِ مِنْ اَفْصَحِ تِبْيَانٍ مِنْ اَوْضَحِ بُرْهَانٍ لِلْجَمَالِ الْمُجَرَّدِ لِلْاِحْسَانِ الْمُجَدَّدِ لِلْوَاجِبِ الْوُجُودِ لِلْبَاقِى الْوَدُودِ ٠
نَعَمْ فَالْاَثَرُ الْمُكَمَّلُ يَدُلُّ بِالْبَدَاهَةِ عَلَى الْفِعْلِ الْمُكَمَّلِ ثُمَّ الْفِعْلُ الْمُكَمَّلُ يَدُلُّ بِالضَّرُورَةِ عَلَى الْاِسْمِ الْمُكَمَّلِ وَ الْفَاعِلِ الْمُكَمَّلِ ثُمَّ الْاِسْمُ الْمُكَمَّلُ يَدُلُّ بِلَا رَيْبٍ عَلَى الْوَصْفِ الْمُكَمَّلِ ثُمَّ الْوَصْفُ الْمُكَمَّلُ يَدُلُّ بِلَا شَكٍّ عَلَى الشَّاْنِ الْمُكَمَّلِ ثُمَّ الشَّاْنُ الْمُكَمَّلُ يَدُلُّ بِالْيَق۪ينِ عَلٰى كَمَالِ الذَّاتِ بِمَا يَل۪يقُ بِالذَّاتِ وَ هُوَ الْحَقُّ الْيَق۪ينُ ٠
— 340 —
اَلْمَرْتَبَةُ الرَّابِعَةُ:
جَلَّ جَلَالُهُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ اِذْ هُوَ الْعَدْلُ الْعَادِلُ الْحَكَمُ الْحَاكِمُ الْحَك۪يمُ الْاَزَلِىُّ الَّذ۪ى اَسَّسَ بُنْيَانَ شَجَرَةِ هٰذِهِ الْكَائِنَاتِ ف۪ى سِتَّةِ اَيَّامٍ بِاُصُولِ مَش۪يئَتِه۪ وَ حِكْمَتِه۪ وَ فَصَّلَهَا بِدَسَات۪يرِ قَضَائِه۪ وَ قَدَرِه۪ وَ نَظَّمَهَا بِقَوَان۪ينِ عَادَتِه۪ وَ سُنَّتِه۪ وَ زَيَّنَهَا بِنَوَام۪يسِ عِنَايَتِه۪ وَ رَحْمَتِه۪ وَ نَوَّرَهَا بِجَلَوَاتِ اَسْمَائِه۪ وَ صِفَاتِه۪ بِشَهَادَاتِ اِنْتِظَامَاتِ مَصْنُوعَاتِه۪ وَ تَزَيُّنَاتِ مَوْجُودَاتِه۪ وَ تَشَابُهِهَا وَ تَنَاسُبِهَا وَ تَجَاوُبِهَا وَ تَعَاوُنِهَا وَ تَعَانُقِهَا وَ اِتِّقَانِ الصَّنْعَةِ الشُّعُورِيَّةِ ف۪ى كُلِّ شَىْءٍ عَلٰى مِقْدَارِ قَامَةِ قَابِلِيَّتِهِ الْمُقَدَّرَةِ بِتَقْد۪يرِ الْقَدَرِ فَالْحِكْمَةُ الْعَامَّةُ ف۪ى تَنْظ۪يمَاتِهَا وَ الْعِنَايَةُ التَّامَّةُ ف۪ى تَزْي۪ينَاتِهَا وَ الرَّحْمَةُ الْوَاسِعَةُ ف۪ى تَلْط۪يفَاتِهَا وَ الْاَرْزَاقُ وَ الْاِعَاشَةُ الشَّامِلَةُ ف۪ى تَرْبِيَتِهَا وَ الْحَيَاةُ الْعَج۪يبَةُ الصَّنْعَةِ بِمَظْهَرِيَّتِهَا للِشُّؤُنِ الذَّاتِيَّةِ لِفَاطِرِهَا وَ الْمَحَاسِنُ الْقَصْدِيَّةُ ف۪ى تَحْس۪ينَاتِهَا وَ دَوَامُ تَجَلِّى الْجَمَالِ الْمُنْعَكِسِ مَعَ زَوَالِهَا وَ الْعِشْقُ الصَّادِقُ ف۪ى قَلْبِهَا لِمَعْبُودِهَا وَ الْاِنْجِذَابُ الظَّاهِرُ ف۪ى جَذْبَتِهَا وَ اِتِّفَاقُ كُلِّ كُمَّلِهَا عَلٰى وَحْدَةِ فَاطِرِهَا وَ التَّصَرُّفُ لِمَصَالِحَ ف۪ى اَجْزَائِهَا وَ التَّدْب۪يرُ الْحَك۪يمُ لِنَبَاتَاتِهَا وَ التَّرْبِيَةُ الْكَر۪يمَةُ لِحَيْوَانَاتِهَا وَ الْاِنْتِظَامُ الْمُكَمَّلُ ف۪ى تَغَيُّرَاتِ اَرْكَانِهَا وَ الْغَايَاتُ الْجَس۪يمَةُ ف۪ى اِنْتِظَامِ كُلِّيَّتِهَا وَ الْحُدُوثُ دَفْعَةً مَعَ غَايَةِ كَمَالِ حُسْنِ صَنْعَتِهَا بِلَا اِحْتِيَاجٍ اِلٰى مُدَّةٍ وَ مَادَّةٍ وَ التَّشَخُّصَاتُ الْحَك۪يمَةُ مَعَ عَدَمِ تَحْد۪يدِ تَرَدُّدِ اِمْكَانَاتِهَا وَ قَضَاءُ حَاجَاتِهَا
— 341 —
عَلٰى غَايَةِ كَثْرَتِهَا وَ تَنَوُّعِهَا ف۪ى اَوْقَاتِهَا اللَّائِقَةِ الْمُنَاسِبَةِ مِنْ حَيْثُ لَا يُحْتَسَبُ وَ مِنْ حَيْثُ لَا يُشْعَرُ مَعَ قَصْرِ اَيْد۪يهَا مِنْ اَصْغَرِ مَطَالِبِهَا وَ الْقُوَّةُ الْمُطْلَقَةُ ف۪ى مَعْدَنِ ضَعْفِهَا وَ الْقُدْرَةُ الْمُطْلَقَةُ ف۪ى مَنْبَعِ عَجْزِهَا وَ الْحَيَاةُ الظَّاهِرَةُ ف۪ى جُمُودِهَا وَ الشُّعُورُ الْمُح۪يطُ ف۪ى جَهْلِهَا وَ الْاِنْتِظَامُ الْمُكَمَّلُ ف۪ى تَغَيُّرَاتِهَا الْمُسْتَلْزِمُ لِوُجُودِ الْمُغَيِّرِ الْغَيْرِ الْمُتَغَيِّرِ وَ الْاِتِّفَاقُ ف۪ى تَسْب۪يحَاتِهَا كَالدَّوَائِرِ الْمُتَدَاخِلَةِ الْمُتَّحِدَةِ الْمَرْكَزِ وَ الْمَقْبُولِيَّةُ ف۪ى دَعَوَاتِهَا الثَّلَاثِ بِلِسَانِ اِسْتِعْدَادِهَا وَ بِلِسَانِ اِحْتِيَاجِهَا الْفِطْرِيَّةِ وَ بِلِسَانِ اِضْطِرَارِهَا وَ الْمُنَاجَاةُ وَ الشُّهُودَاتُ وَ الْفُيُوضَاتُ ف۪ى عِبَادَاتِهَا وَ الْاِنْتِظَامُ ف۪ى قَدَرَيْهَا وَ الْاِطْمِئْنَانُ بِذِكْرِ فَاطِرِهَا وَ كَوْنُ الْعِبَادَةِ ف۪يهَا خَيْطَ الْوُصْلَةِ بَيْنَ مُنْتَهٰيهَا وَ مَبْدَئِهَا وَ سَبَبُ ظُهُورِ كَمَالِهَا وَ لِتَحَقُّقِ مَقَاصِدِ صَانِعِهَا ٠
وَ هٰكَذَا بِسَائِرِ شُؤُنَاتِهَا وَ اَحْوَالِهَا وَ كَيْفِيَّاتِهَا شَاهِدَاتٌ بِاَنَّهَا كُلَّهَا بِتَدْب۪يرِ مُدَبِّرٍ حَك۪يمٍ وَاحِدٍ وَ ف۪ى تَرْبِيَةِ مُرَبٍّ كَر۪يمٍ اَحَدٍ صَمَدٍ وَ كُلَّهَا خُدَّامُ سَيِّدٍ وَاحِدٍ وَ تَحْتَ تَصَرُّفِ مُتَصَرِّفٍ وَاحِدٍ وَ مَصْدَرُهُمْ قُدْرَةُ الْوَاحِدِ الَّذ۪ى تَظَاهَرَتْ وَ تَكَاثَرَتْ خَوَات۪يمُ وَحْدَتِه۪ عَلٰى كُلِّ مَكْتُوبٍ مِنْ مَكْتُوبَاتِه۪ ف۪ى كُلِّ صَفْحَةٍ مِنْ صَفَحَاتِ مَوْجُودَاتِه۪ ٠
نَعَمْ فَكُلُّ زُهْرَةٍ وَ ثَمَرٍ وَ كُلُّ نَبَاتٍ وَ شَجَرٍ بَلْ كُلُّ حَيْوَانٍ وَ حَجَرٍ بَلْ كُلُّ ذَرٍّ وَ مَدَرٍ ف۪ى كُلِّ وَادٍ وَ جَبَلٍ وَ كُلِّ بَادٍ وَ قَفَرٍ خَاتَمٌ بَيِّنُ النَّقْشِ
— 342 —
وَ الْاَثَرِ يُظْهِرُ لِدِقَّةِ النَّظَرِ بِاَنَّ ذَا ذَاكَ الْاَثَرِ هُوَ كَاتِبُ ذَاكَ الْمَكَانِ بِالْعِبَرِ فَهُوَ كَاتِبُ ظَهْرِ الْبَرِّ وَ بَطْنِ الْبَحْرِ فَهُوَ نَقَّاشُ الشَّمْسِ وَ الْقَمَرِ ف۪ى صَح۪يفَةِ السَّمٰوَاتِ ذَاتِ الْعِبَرِ جَلَّ جَلَالُ نَقَّاشِهَا اَللّٰهُ اَكْبَرُ
كِه لَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ بَرَابَرْ م۪ى زَنَدْ عَالَمْ
اَلْمَرْتَبَةُ الْخَامِسَةُ:

{(Сілтеме): Отыз екінші Сөздің бірінші тарауының соңында және жиырмасыншы Мектубтың екінші мақамында түсіндірілген болатын.}

اَللّٰهُ اَكْبَرُ اِذْ هُوَ الْخَلَّاقُ الْقَد۪يرُ الْمُصَوِّرُ الْبَص۪يرُ الَّذ۪ى هٰذِهِ الْاَجْرَامُ الْعُلْوِيَّةُ وَ الْكَوَاكِبُ الدُّرِّيَّةُ نَيِّرَاتُ بَرَاه۪ينِ اُلُوهِيَّتِه۪ وَ عَظَمَتِه۪ وَ شُعَاعَاتُ شَوَاهِدِ رُبُوبِيَّتِه۪ وَ عِزَّتِه۪ تَشْهَدُ وَ تُنَاد۪ى عَلٰى شَعْشَعَةِ سَلْطَنَةِ رُبُوبِيَّتِه۪ وَ تُنَاد۪ى عَلٰى وُسْعَةِ حُكْمِه۪ وَ حِكْمَتِه۪ وَ عَلٰى حِشْمَةِ عَظَمَةِ قُدْرَتِه۪ فَاسْتَمِعْ اِلٰى اٰيَةِ (اَفَلَمْ يَنْظُرُٓوا اِلَى السَّمَٓاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَ زَيَّنَّاهَا... الخ) ثُمَّ انْظُرْ اِلٰى وَجْهِ السَّمَاءِ كَيْفَ تَرٰى سُكُوتًا ف۪ى سُكُونَةٍ حَرَكَةً ف۪ى حِكْمَةٍ تَلَئْلُأً ف۪ى حِشْمَةٍ تَبَسُّمًا ف۪ى ز۪ينَةٍ مَعَ اِنْتِظَامِ الْخِلْقَةِ مَعَ اِتِّزَانِ الصَّنْعَةِ تَشَعْشُعُ سِرَاجِهَا لِتَبْد۪يلِ الْمَوَاسِمِ تَهَلْهُلُ مِصْبَاحِهَا لِتَنْو۪يرِ الْمَعَالِمِ تَلَئْلُأُ نُجُومِهَا لِتَزْي۪ينِ الْعَوَالِمِ تُعْلِنُ لِاَهْلِ النُّهٰى سَلْطَنَةً بِلَا اِنْتِهَاءٍ لِتَدْب۪يرِ هٰذَا الْعَالَمِ ٠
فَذٰلِكَ الْخَلَّاقُ الْقَد۪يرُ عَل۪يمٌ بِكُلِّ شَىْءٍ وَ مُر۪يدٌ بِاِرَادَةٍ شَامِلَةٍ مَاشَاءَ كَانَ وَ
— 343 —
مَا لَمْ يَشَاْ لَمْ يَكُنْ وَ هُوَ قَد۪يرٌ عَلٰى كُلِّ شَىْءٍ بِقُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ مُح۪يطَةٍ ذَاتِيَّةٍ وَ كَمَا لَا يُمْكِنُ وَ لَا يُتَصَوَّرُ وُجُودُ هٰذِهِ الشَّمْسِ ف۪ى هٰذَا الْيَوْمِ بِلَا ضِيَاءٍ وَ لَا حَرَارَةٍ كَذٰلِكَ لَا يُمْكِنُ وَ لَا يُتَصَوَّرُ وُجُودُ اِلٰهٍ خَالِقٍ للِسَّمٰوَاتِ بِلَا عِلْمٍ مُح۪يطٍ وَ بِلَا قُدْرَةٍ مُطْلَقَةٍ فَهُوَ بِالضَّرُورَةِ عَل۪يمٌ بِكُلِّ شَىْءٍ بِعِلْمٍ مُح۪يطٍ لَازِمٍ ذَاتِىٍّ لِلذَّاتِ يَلْزَمُ تَعَلُّقُ ذٰلِكَ الْعِلْمِ بِكُلِّ الْاَشْيَاءِ لَا يُمْكِنُ اَنْ يَنْفَكَّ عَنْهُ شَىْءٌ بِسِرِّ الْحُضُورِ وَ الشُّهُودِ وَ النُّفُوذِ وَ الْاِحَاطَةِ النُّورَانِيَّةِ فَمَا يُشَاهَدُ ف۪ى جَم۪يعِ الْمَوْجُودَاتِ مِنَ الْاِنْتِظَامَاتِ الْمَوْزُونَةِ وَ الْاِتِّزَانَاتِ الْمَنْظُومَةِ وَ الْحِكَمِ الْعَامَّةِ وَ الْعِنَايَاتِ التَّامَّةِ وَ الْاَقْدَارِ الْمُنْتَظَمَةِ وَ الْاَقْضِيَةِ الْمُثْمِرَةِ وَ الْاٰجَالِ الْمُعَيَّنَةِ وَ الْاَرْزَاقِ الْمُقَنَّنَةِ وَ الْاِتِّقَانَاتِ الْمُفَنَّنَةِ وَ الْاِهْتِمَامَاتِ الْمُزَيَّنَةِ وَغَايَةِ كَمَالِ الْاِمْتِيَازِ وَ الْاِتِّزَانِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِتِّقَانِ وَ السُّهُولَةِ الْمُطْلَقَةِ شَاهِدَاتٌ عَلٰى اِحَاطَةِ عِلْمِ عَلَّامِ الْغُيُوبِ بِكُلِّ شَىْءٍ وَ اَنَّ اٰيَةَ (اَلَا يَعْلَمُ مَنْ خَلَقَ وَ هُوَ اللَّط۪يفُ الْخَب۪يرُ) تَدُلُّ عَلٰى اَنَّ الْوُجُودَ فِى الشَّىْءِ يَسْتَلْزِمُ الْعِلْمَ بِه۪ وَ نُورَ الْوُجُودِ فِى الْاَشْيَاءِ يَسْتَلْزِمُ نُورَ الْعِلْمِ ف۪يهَا فَنِسْبَةُ دَلَالَةِ حُسْنِ صَنْعَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى شُعُورِه۪ اِلٰى نِسْبَةِ دَلَالَةِ خِلْقَةِ الْاِنْسَانِ عَلٰى عِلْمِ خَالِقِه۪ كَنِسْبَةِ لُمَيْعَةِ نُجَيْمَةِ الذُّبَيْبَةِ فِى اللَّيْلَةِ الدَّهْمَاءِ اِلٰى شَعْشَعَةِ الشَّمْسِ ف۪ى نِصْفِ النَّهَارِ عَلٰى وَجْهِ الْغَبْرَاء
— 344 —
وَ كَمَا اَنَّهُ عَل۪يمٌ بِكُلِّ شَىْءٍ فَهُوَ مُر۪يدٌ لِكُلِّ شَىْءٍ لَا يُمْكِنُ اَنْ يَتَحَقَّقَ شَىْءٌ بِدُونِ مَشِيَّتِه۪ وَ كَمَا اَنَّ الْقُدْرَةَ تُؤَثِّرُ وَ اَنَّ الْعِلْمَ يُمَيِّزُ كَذٰلِكَ اَنَّ الْاِرَادَةَ تُخَصِّصُ. ثُمَّ يَتَحَقَّقُ وُجُودُ الْاَشْيَاءِ فَالشَّوَاهِدُ عَلٰى وُجُودِ اِرَادَتِه۪ تَعَالٰى وَ اِخْتِيَارِه۪ سُبْحَانَهُ بِعَدَدِ كَيْفِيَّاتِ الْاَشْيَاءِ وَ اَحْوَالِهَا وَ شُؤُنَاتِهَا نَعَمْ فَتَنْظ۪يمُ الْمَوْجُودَاتِ وَ تَخْص۪يصُهَا بِصِفَاتِهَا مِنْ بَيْنِ الْاِمْكَانَاتِ الْغَيْرِ الْمَحْدُودَةِ وَ مِنْ بَيْنِ الطُّرُقِ الْعَق۪يمَةِ وَ مِنْ بَيْنِ الْاِحْتِمَالَاتِ الْمُشَوَّشَةِ وَ تَحْتَ اَيْدِى السُّيُولِ الْمُتَشَاكِسَةِ بِهٰذَا النِّظَامِ الْاَدَقِّ الْاَرَقِّ وَ تَوْز۪ينُهَا بِهٰذَا الْم۪يزَانِ الْحَسَّاسِ الْجَسَّاسِ الْمَشْهُودَيْنِ ٠
وَ اَنَّ خَلْقَ الْمَوْجُودَاتِ الْمُخْتَلِفَاتِ الْمُنْتَظَمَاتِ الْحَيَوِيَّةِ مِنَ الْبَسَائِطِ الْجَامِدَةِ كَالْاِنْسَانِ بِجِهَازَاتِه۪ مِنَ النُّطْفَةِ وَ الطَّيْرِ بِجَوَارِحِه۪ مِنَ الْبَيْضَةِ وَ الشَّجَرِ بِاَعْضَائِهِ الْمُتَنَوِّعَةِ مِنَ النُّوَاةِ تَدُلُّ عَلٰى اَنَّ تَخَصُّصَ كُلِّ شَىْءٍ وَ تَعَيُّنَهُ بِاِرَادَتِه۪ وَ اِخْتِيَارِه۪ وَ مَشِيَّتِه۪ سُبْحَانَهُ ٠
فَكَمَا اَنَّ تَوَافُقَ الْاَشْيَاءِ مِنْ جِنْسٍ وَ الْاَفْرَادِ مِنْ نَوْعٍ ف۪ى اَسَاسَاتِ الْاَعْضَاءِ يَدُلُّ بِالضَّرُورَةِ عَلٰى اَنَّ صَانِعَهَا وَاحِدٌ اَحَدٌ كَذٰلِكَ اَنَّ تَمَايُزَهَا فِى التَّشَخُّصَاتِ الْحَك۪يمَةِ الْمُشْتَمِلَةِ عَلٰى عَلَامَاتٍ فَارِقَةٍ مُنْتَظَمَةٍ تَدُلُّ عَلٰى اَنَّ ذٰلِكَ الصَّانِعَ الْوَاحِدَ الْاَحَدَ هُوَ فَاعِلٌ مُخْتَارٌ مُر۪يدٌ يَفْعَلُ مَايَشَاءُ وَ يَحْكُمُ مَا يُر۪يدُ جَلَّ جَلَالُهُ ٠
— 345 —
وَ كَمَا اَنَّ ذٰلِكَ الْخَلَّاقَ الْعَل۪يمَ الْمُر۪يدَ عَل۪يمٌ بِكُلِّ شَىْءٍ وَ مُر۪يدٌ لِكُلِّ شَىْءٍ لَهُ عِلْمٌ مُح۪يطٌ وَ اِرَادَةٌ شَامِلَةٌ وَ اِخْتِيَارٌ تَامٌّ كَذٰلِكَ لَهُ قُدْرَةٌ كَامِلَةٌ ضَرُورِيَّةٌ ذَاتِيَةٌ نَاشِئَةٌ مِنَ الذَّاتِ وَ لَازِمَةٌ لِلذَّاتِ فَمُحَالٌ تَدَاخُلُ ضِدِّهَا وَ اِلَّا لَزِمَ جَمْعُ ضِدَّيْنِ الْمُحَالُ بِالْاِتِّفَاقِ ٠
فَلَا مَرَاتِبَ ف۪ى تِلْكَ الْقُدْرَةِ فَتَتَسَاوٰى بِالنِّسْبَةِ اِلَيْهَا الذَّرَّاتُ وَ النُّجُومُ وَ الْقَل۪يلُ وَ الْكَث۪يرُ وَ الصَّغ۪يرُ وَ الْكَب۪يرُ وَ الْجُزْئِىُّ وَ الْكُلِّىُّ وَ الْجُزْءُ وَ الْكُلُّ وَ الْاِنْسَانُ وَ الْعَالَمُ وَ النُّوَاةُ وَ الشَّجَرُ بِسِرِّ النُّورَانِيَّةِ وَ الشَّفَّافِيَّةِ وَ الْمُقَابَلَةِ وَ الْمُوَازَنَةِ وَ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِمْتِثَالِ بِشَهَادَةِ الْاِنْتِظَامِ الْمُطْلَقِ وَ الْاِتِّزَانِ الْمُطْلَقِ وَ الْاِمْتِيَازِ الْمُطْلَقِ فِى السُّرْعَةِ وَ السُّهُولَةِ وَ الْكَثْرَةِ الْمُطْلَقَاتِ بِسِرِّ اِمْدَادِ الْوَاحِدِيَّةِ وَ يُسْرِ الْوَحْدَةِ وَ تَجَلِّى الْاَحَدِيَّةِ وَ بِحِكْمَةِ الْوُجُوبِ وَ التَّجَرُّدِ وَ مُبَايَنَةِ الْمَاهِيَّةِ وَ بِسِرِّ عَدَمِ التَّقَيُّدِ وَ عَدَمِ التَّحَيُّزِ وَ عَدَمِ التَّجَزّ۪ى وَ بِحِكْمَةِ اِنْقِلَابِ الْعَوَائِقِ وَ الْمَوَانِعِ اِلَى الْوَسَائِلِ فِى التَّسْه۪يلِ اِنْ اُحْت۪يجَ اِلَيْهِ وَ الْحَالُ اَنَّهُ لَا اِحْتِيَاجَ كَاَعْصَابِ الْاِنْسَانِ وَ الْخُطُوطِ الْحَد۪يدِيَّةِ لِنَقْلِ السَّيَّالَاتِ اللَّط۪يفَةِ بِحِكْمَةِ اَنَّ الذَّرَّةَ وَ الْجُزْءَ وَ الْجُزْئِىَّ وَ الْقَل۪يلَ وَ الصَّغ۪يرَ وَ الْاِنْسَانَ وَ النُّوَاةَ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً مِنَ النَّجْمِ وَ النَّوْعِ وَ الْكُلِّ وَ الْكُلِّىِّ
— 346 —
وَ الْكَث۪يرِ وَ الْكَب۪يرِ وَ الْعَالَمِ وَ الشَّجَرِ فَمَنْ خَلَقَ هٰؤُلَاءِ لَا يُسْتَبْعَدُ مِنْهُ خَلْقُ هٰذِه۪ اِذِ الْمُحَاطَاتُ كَالْاَمْثِلَةِ الْمَكْتُوبَةِ الْمُصَغَّرَةِ اَوْ كَالنُّقَطِ الْمَحْلُوبَةِ الْمُعَصَّرَةِ فَلَا بُدَّ بِالضَّرُورَةِ اَنْ يَكُونَ الْمُح۪يطُ ف۪ى قَبْضَةِ تَصَرُّفِ خَالِقِ الْمُحَاطِ لِيُدْرِجَ مِثَالَ الْمُح۪يطِ فِى الْمُحَاطَاتِ بِدَسَات۪يرِ عِلْمِه۪ وَ اَنْ يَعْصُرَهَا مِنْهُ بِمَوَاز۪ينِ حِكْمَتِه۪ فَالْقُدْرَةُ الَّت۪ى اَبْرَزَتْ هَات۪يكَ الْجُزْئِيَّاتِ لَا يَتَعَسَّرُ عَلَيْهَا اِبْرَازُ تَاكَ الْكُلِّيَّاتِ فَكَمَا اَنَّ نُسْخَةَ قُرْاٰنِ الْحِكْمَةِ الْمَكْتُوبَةِ عَلَى الْجَوْهَرِ الْفَرْدِ بِذَرَّاتِ الْاَث۪يرِ لَيْسَتْ بِاَقَلَّ جَزَالَةً مِنْ نُسْخَةِ قُرْاٰنِ الْعَظَمَةِ الْمَكْتُوبَةِ عَلٰى صَحَائِفِ السَّمٰوَاتِ بِمِدَادِ النُّجُومِ وَ الشُّمُوسِ كَذٰلِكَ لَيْسَتْ خِلْقَةُ نَحْلَةٍ وَ نَمْلَةٍ بِاَقَلَّ جَزَالَةً مِنْ خِلْقَةِ النَّخْلَةِ وَ الْف۪يلِ وَ لَا صَنْعَةُ وَرْدِ الزُّهْرَةِ بِاَقَلَّ جَزَالَةً مِنْ صَنْعَةِ دُرِّىِّ نَجْمِ الزُّهْرَةِ وَ هٰكَذَا فَقِسْ ٠ فَكَمَا اَنَّ غَايَةَ كَمَالِ السُّهُولَةِ ف۪ى ا۪يجَادِ الْاَشْيَاءِ اَوْقَعَتْ اَهْلَ الضَّلَالَةِ ف۪ى اِلْتِبَاسِ التَّشْك۪يلِ بِالتَّشَكُّلِ الْمُسْتَلْزِمِ لِلْمُحَالَاتِ الْخُرَافِيَّةِ الَّت۪ى تَمُجُّهَا الْعُقُولُ بَلْ تَتَنَفَّرُ عَنْهَا الْاَوْهَامُ كَذٰلِكَ اَثْبَتَتْ بِالْقَطْعِ وَ الضَّرُورَةِ لِاَهْلِ الْحَقِّ وَ الْحَق۪يقَةِ تَسَاوِىَ السَّيَّارَاتِ مَعَ الذَّرَّاتِ بِالنِّسْبَةِ اِلٰى قُدْرَةِ خَالِقِ الْكَائِنَاتِ جَلَّ جَلَالُهُ وَ عَظُمَ شَانُهُ وَ لَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ ٠
— 347 —
اَلْمَرْتَبَةُ السَّادِسَةُ:

{(Сілтеме): Осы алтыншы мәртебе басқа мәртебелер секілді жазылғанда өте ұзақ болар еді. Себебі, Имам-ы Мубин, Китаб-ы Мүмин дегеннің мағынасын қысқаша баяндау мүмкін емес. Отызыншы сөзде біршама баяндалғандықтан бұл жерде жазу тұрғысынан қысқартылып, ауызша дәрісте түсіндіріп өттік.}

جَلَّ جَلَالُهُ وَ عَظُمَ شَانُهُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَىْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْعَادِلُ الْحَك۪يمُ الْقَادِرُ الْعَل۪يمُ الْوَاحِدُ الْاَحَدُ السُّلْطَانُ الْاَزَلِىُّ الَّذ۪ى هٰذِهِ الْعَوَالِمُ كُلُّهَا ف۪ى تَصَرُّفِ قَبْضَتَىْ نِظَامِه۪ وَ م۪يزَانِه۪ وَ تَنْظ۪يمِه۪ وَ تَوْز۪ينِه۪ وَ عَدْلِه۪ وَ حِكْمَتِه۪ وَ عِلْمِه۪ وَ قُدْرَتِه۪ وَ مَظْهَرُ سِرِّ وَاحِدِيَّتِه۪ وَ اَحَدِيَّتِه۪ بِالْحَدْسِ الشُّهُودِىِّ بَلْ بِالْمُشَاهَدَةِ اِذْ لَا خَارِجَ فِى الْكَوْنِ مِنْ دَائِرَةِ النِّظَامِ وَ الْم۪يزَانِ وَ التَّنْظ۪يمِ وَ التَّوْز۪ينِ وَ هُمَا بَابَانِ مِنَ الْاِمَامِ الْمُب۪ينِ وَ الْكِتَابِ الْمُب۪ينِ وَ هُمَا عُنْوَانَانِ لِعِلْمِ الْعَل۪يمِ الْحَك۪يمِ وَ اَمْرِه۪ وَ قُدْرَةِ الْعَز۪يزِ الرَّح۪يمِ وَ اِرَادَتِه۪ فَذٰلِكَ النِّظَامُ مَعَ ذٰلِكَ الْم۪يزَانِ ف۪ى ذٰلِكَ الْكِتَابِ مَعَ ذٰلِكَ الْاِمَامِ بُرْهَانَانِ نَيِّرَانِ لِمَنْ لَهُ ف۪ى رَاْسِه۪ اِذْعَانٌ وَ ف۪ى وَجْهِهِ الْعَيْنَانِ اَنْ لَا شَىْءَ مِنَ الْاَشْيَاءِ فِى الْكَوْنِ وَ الزَّمَانِ يَخْرُجُ مِنْ قَبْضَةِ تَصَرُّفِ رَحْمٰنٍ وَ تَنْظ۪يمِ حَنَّانٍ وَ تَزْي۪ينِ مَنَّانٍ وَ تَوْز۪ينِ دَيَّانٍ ٠
اَلْحَاصِلُ: اِنَّ تَجَلِّى الْاِسْمِ الْاَوَّلِ وَ الْاٰخِرِ فِى الْخَلَّاقِيَّةِ النَّاظِرَيْنِ اِلَى الْمَبْدَاِ وَ الْمُنْتَهٰى وَ الْاَصْلِ وَ النَّسْلِ وَ الْمَاض۪ى وَ الْمُسْتَقْبَلِ وَ الْاَمْرِ وَ الْعِلْمِ الْمُش۪يرَانِ اِلَى الْاِمَامِ الْمُب۪ينِ وَ تَجَلِّى الْاِسْمِ الظَّاهِرِ وَ الْبَاطِنِ عَلَى
— 348 —
الْاَشْيَاءِ ف۪ى ضِمْنِ الْخَلَّاقِيَّةِ يُش۪يرَانِ اِلَى الْكِتَابِ الْمُب۪ينِ فَالْكَائِنَاتُ كَشَجَرَةٍ عَظ۪يمَةٍ وَ كُلُّ عَالَمٍ مِنْهَا اَيْضًا كَالشَّجَرَةِ فَنُمَثِّلُ شَجَرَةً جُزْئِيَّةً لِخِلْقَةِ الْكَائِنَاتِ وَ اَنْوَاعِهَا وَ عَوَالِمِهَا وَ هٰذِهِ الشَّجَرَةُ الْجُزْئِيَّةُ لَهَا اَصْلٌ وَ مَبْدَاٌ وَ هُوَ النُّوَاةُ الَّت۪ى تَنْبُتُ عَلَيْهَا وَ كَذَا لَهَا نَسْلٌ يُد۪يمُ وَظ۪يفَتَهَا بَعْدَ مَوْتِهَا وَ هُوَ النُّوَاةُ ف۪ى ثَمَرَاتِهَا فَالْمَبْدَاُ وَ الْمُنْتَهٰى مَظْهَرَانِ لِتَجَلِّى الْاِسْمِ الْاَوَّلِ وَ الْاٰخِرِ فَكَاَنَّ الْمَبْدَاَ وَ النُّوَاةَ الْاَصْلِيَّةَ بِكَمَالِ الْاِنْتِظَامِ وَ الْحِكْمَةِ فِهْرِسْتَةٌ وَ تَعْرِفَةٌ مُرَكَّبَةٌ مِنْ مَجْمُوعِ دَسَات۪يرِ تَشَكُّلِ الشَّجَرَةِ وَ النُّوَاتَاتُ ف۪ى ثَمَرَاتِهَا الَّت۪ى ف۪ى نِهَايَاتِهَا مَظْهَرٌ لِتَجَلِّى الْاِسْمِ الْاٰخِرِ فَتِلْكَ النُّوَاتَاتُ فِى الثَّمَرَاتِ بِكَمَالِ الْحِكْمَةِ كَاَنَّهَا صُنَيْدِقَاتٌ صَغ۪يرَةٌ اُودِعَتْ ف۪يهَا فِهْرِسْتَةٌ وَ تَعْرِفَةٌ لِتَشَكُّلِ مَا يُشَابِهُ تِلْكَ الشَّجَرَةَ وَ كَاَنَّهَا كُتِبَ ف۪يهَا بِقَلَمِ الْقَدَرِ دَسَات۪يرُ تَشَكُّلِ شَجَرَاتٍ اٰتِيَةٍ وَ ظَاهِرُ الشَّجَرَةِ مَظْهَرٌ لِتَجَلِّى الْاِسْمِ الظَّاهِرِ فَظَاهِرُهَا بِكَمَالِ الْاِنْتِظَامِ وَ التَّزْي۪ينِ وَ الْحِكْمَةِ كَاَنَّهَا حُلَّةٌ مُنْتَظَمَةٌ مُزَيَّنَةٌ مُرَصَّعَةٌ قَدْ قُدَّتْ عَلٰى مِقْدَارِ قَامَتِهَا بِكَمَالِ الْحِكْمَةِ وَ الْعِنَايَةِ وَ بَاطِنُ تِلْكَ الشَّجَرَةِ مَظْهَرٌ لِتَجَلِّى الْاِسْمِ الْبَاطِنِ فَبِكَمَالِ الْاِنْتِظَامِ وَ التَّدْب۪يرِ الْمُحَيِّرِ لِلْعُقُولِ وَ تَوْز۪يعِ مَوَادِّ الْحَيَاةِ اِلَى الْاَعْضَاءِ الْمُخْتَلِفَةِ بِكَماَلِ الْاِنْتِظَامِ كَاَنَّ بَاطِنَ تِلْكَ الشَّجَرَةِ
— 349 —
مَاك۪ينَةٌ خَارِقَةٌ ف۪ى غَايَةِ الْاِنْتِظَامِ وَ الْاِتِّزَانِ ٠
فَكَمَا اَنَّ اَوَّلَهَا تَعْرِفَةٌ عَج۪يبَةٌ وَ اٰخِرَهَا فِهْرِسْتَةٌ خَارِقَةٌ يُش۪يرَانِ اِلَى الْاِمَامِ الْمُب۪ينِ .. كَذٰلِكَ اِنَّ ظَاهِرَهَا كَحُلَّةٍ عَج۪يبَةِ الصَّنْعَةِ وَ بَاطِنَهَا كَمَاك۪ينَةٍ ف۪ى غَايَةِ الْاِنْتِظَامِ تُش۪يرَانِ اِلَى الْكِتَابِ الْمُب۪ينِ.. فَكَمَا اَنَّ الْقُوَاتِ الْحَافِظَاتِ فِى الْاِنْسَانِ تُش۪يرُ اِلَى اللَّوْحіктلْمَحْفُوظِ وَ تَدُلُّ عَلَيْهِ كَذٰلِكَ اَنَّ النُّوَاتَاتِ الْاَصْلِيَّةَ وَ الثَّمَرَاتِ تُش۪يرَانِ ف۪ى كُلِّ شَجَرَةٍ اِلَى الْاِمَامِ الْمُب۪ينِ وَالظَّاهِرُ وَ الْبَاطِنُ يَرْمُزَانِ اِلَى الْكِتَابِ الْمُب۪ينِ فَقِسْ عَلٰى هٰذِهِ الشَّجَرَةِ الْجُزْئِيَّةِ شَجَرَةَ الْاَرْضِ بِمَاض۪يهَا وَ مُسْتَقْبَلِهَا وَ شَجَرَةَ الْكَائِنَاتِ بِاَوَائِلِهَا وَ اٰت۪يهَا وَ شَجَرَةَ الْاِنْسَانِ بِاَجْدَادِهَا وَ اَنْسَالِهَا وَ هٰكَذَا جَلَّ جَلَالُ خَالِقِهَا وَ لَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ يَا كَب۪يرُ اَنْتَ الَّذ۪ى لَا تَهْدِى الْعُقُولُ لِوَصْفِ عَظَمَتِه۪ وَلَا تَصِلُ الْاَفْكَارُ اِلٰى كُنْهِ جَبَرُوتِه۪ ٠
اَلْمَرْتَبَةُ السَّابِعَةُ:
جَلَّ جَلَالُهُ اَللّٰهُ اَكْبَرُ مِنْ كُلِّ شَىْءٍ قُدْرَةً وَ عِلْمًا اِذْ هُوَ الْخَلَّاقُ الْفَتَّاحُ

{(Сілтеме): Осы қасиетті есімдерді дүрбі жасап қараса, жаратылыстағы сәулешуақтардан Аллаһтың ісі көрінеді. Және оның шебер Иләһи өнеріне үңіле қараса сол есімнің иесі Зүлжалалға назар ауады.}

الْفَعَّالُ الْعَلَّامُ الْوَهَّابُ الْفَيَّاضُ شَمْسُ الْاَزَلِ الَّذ۪ى هٰذِهِ الْكَائِنَاتُ بِاَنْوَاعِهَا وَ مَوْجُودَاتِهَا ظِلَالُ اَنْوَارِه۪ وَ اٰثَارُ اَفْعَالِه۪ وَ اَلْوَانُ
— 350 —
نُقُوشِ اَنْوَاعِ تَجَلِّيَاتِ اَسْمَائِه۪ وَ خُطُوطُ قَلَمِ قَضَائِه۪ وَ قَدَرِه۪ وَ مَرَايَا تَجَلِّيَاتِ صِفَاتِه۪ وَ جَمَالِه۪ وَ جَلَاله۪ وَ كَمَالِه۪ بِاِجْمَاعِ الشَّاهِدِ الْاَزَلِىِّ بِجَم۪يعِ كُتُبِه۪ وَ صُحُفِه۪ وَ اٰيَاتِهِ التَّكْو۪ينِيَّةِ وَ الْقُرْاٰنِيَّةِ وَ بِاِجْمَاعِ الْاَرْضِ مَعَ الْعَالَمِ بِاِفْتِقَارَاتِهَا وَ اِحْتِيَاجَاتِهَا ف۪ى ذَاتِهَا وَ ذَرَّاتِهَا مَعَ تَظَاهُرِ الْغِنَاءِ الْمُطْلَقِ وَ الثَّرْوَةِ الْمُطْلَقَةِ عَلَيْهَا وَ بِاِجْمَاعِ كُلِّ اَهْلِ الشُّهُودِ مِنْ ذَوِى الْاَرْوَاحِ النَّيِّرَةِ وَ الْقُلُوبِ الْمُنَوَّرَةِ وَ الْعُقُولِ النُّورَانِيَّةِ مِنَ الْاَنْبِيَاءِ وَ الْاَوْلِيَاءِ وَ الْاَصْفِيَاءِ بِجَم۪يعِ تَحْق۪يقَاتِهِمْ وَ كُشُوفَاتِهِمْ وَ فُيُوضَاتِهِمْ وَ مُنَاجَاتِهِمْ قَدْ اِتَّفَقَ الْكُلُّ مِنْهُمْ وَ مِنَ الْاَرْضِ وَ الْاَجْرَامِ الْعُلْوِيَّةِ وَ السُّفْلِيَّةِ بِمَا لَا يُحَدُّ مِنْ شَهَادَاتِهِمُ الْقَطْعِيَّةِ وَ تَصْد۪يقَاتِهِمُ الْيَق۪ينِيَّةِ بِقَبُولِ شَهَادَاتِ الْاٰيَاتِ التَّكْو۪ينِيَّةِ وَ الْقُرْاٰنِيَّةِ؛ وَ شَهَادَاتِ الصُّحُفِ وَ الْكُتُبِ السَّمَاوِيَّةِ الَّت۪ى هِىَ شَهَادَةُ الْوَاجِبِ الْوُجُودِ عَلٰى اَنَّ هٰذِهِ الْمَوْجُودَاتِ اٰثَارُ قُدْرَتِه۪ وَ مَكْتُوبَاتُ قَدَرِه۪ وَ مَرَايَا اَسْمَائِه۪ وَ تَمَثُّلَاتُ اَنْوَارِه۪ جَلَّ جَلَالُهُ وَ لَا اِلٰهَ اِلَّا هُوَ ٠

Кешірім сұрау

Осы арабша Лема, жаңа әріппен жазылған Лемалардың арасына енгендіктен бет нөмірлері кітаптың нөмірлеріне сәйкес келуі керек болғандықтан арабша бет нөмірлерінің реттілігін сақтай алмадық. Бауырларым бұған кешіріммен қарауын өтінемін.

— 351 —

Отызыншы Лема

Отыз бірінші Мектубтың Отызыншы Лемасы және Ескішеһир түрмесінің бір жемісі "Алты Тұжырым"

Денизлі қаласында орналасқан "Юсүф медресесінің" үлкен бір дәрісі "Миуа рисалесі" деп аталды. Ал, Афион қаласындағы "Юсүф медресесінің" маңызды бір дәрісі "Әл-хүджет-үл Зехра" деп аталды. Сол секілді Ескішеһир қаласындағы "Юсүф медресесінің" маңызды бір дәрісі, Аллаһтың ұлық есімі яғни Исм-и Ағзам жайлы "Алты есімнің" алты тұжырымын баяндайтын осы Отызыншы Лема болды.

(Исм-и Ағзамдағы Хаий және Қайюм есімдері туралы жазылған тақырыптың мағынасы өте терең әрі кең көлемде болғандықтан әркім терең түсіне алмаса да өзіне қажетін табары сөзсіз)

БІРІНШІ Т ЖЫРЫМ

Аллаһтың "Құддус" есімінің бір тұжырымы. Осы Құддус жайлы тұжырым Отызыншы Сөздің қосымшасына қосымша болуға лайық.

بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّح۪يمِ
وَالْاَرْضَ فَرَشْنَاهَا فَنِعْمَ الْمَاهِدُونَ

Қасиетті Шағбан айында, Ескішеһир түрмесінде отырғанымда осы аяттың бір тұжырымы және Исм-і Ағзамның алты нұрының бір нұры болған Құддус есімінің бір шұғыласы көрінді. Ол, Аллаһтың сөзсіз бар екенін кемел түрде және Раббымыздың жалғыз екенін анық түрде көрсетті. Көргенім мынау еді.

Осынау әлем және Жер шары үздіксіз жұмыс істейтін бір фабрика немесе қонақтары тынымсыз келіп-кетіп жатқан бір қонақ-үй. Алайда, жер бетіндегі осындай фабрикалар мен қонақ үйлерден неше түрлі қоқыстар мен шірік иістер шығып, ластанып, күл-қоқыстары жанжаққа таралып, шашылап жатады. Егер, оған қатты назар аударып, үнемі тазалап, сыпырып тұрмаса, онда адам тұра алмай, тұншығып қалар еді. Бірақ, осынау әлем фабрикасы мен жер шары қонақ үйінде ешқандай күл-қоқыс, лас кір, шірік иіс деген атымен болмайды, үздіксіз жуылып-шайылып, жарқырап тап-таза күйінде тұрады. Демек, мұны үнемі бақылап-қадағалап, реттеп тұрған бір Иесі бар. Осынша алып әлем фабрикасы мен жер шарындай кең сарайды кішкентай бір бөлмені тазалап жуғандай тап-таза ұстауда. Осынша алып фабрика мен

— 352 —

жер қаншалықты үлкен болса соншалықты тазалығына мән берілуде. Егер бір адам бір ай бойы шомылып жуынбаса немесе кішкентай бөлменің қоқыстарын шығарып, тазалық жасамаса әбден кірлеп, сасып кетер еді. Демек, осынау әлем сарайындағы тазалық, пәктік, кірсіздік, нұрлылық... мұқият түрде әрі ерекше бір хикметпен тазартып отырғасын ғана осылай таза бола алуда. Егер, сондай хикметпен тазалау, сыпыру, мұқият қадағалау болмаса бір жылда жер жүзіндегі бүкіл жанды хайуан біткенді кір басып, айнала түгелдей қоқысқа толып қалар еді.

Ал, алыс аспан әлеміндегі болып жатқан қирау мен күйреуге ұшырайтын ғаламшарлар мен жұлдыздардың қалдықтары жерге төгілетін болса онда адамдар мен хайуандар тіпті, жердің өзі күл-талқан болып үйіндінің астында қалар еді. Иә, көктегі алып денелерден тау секілді үлкен тастар құласа жер бізге әлдеқашан мекен болудан қалар еді. Алайда, баяғыдан бері көктен метеорит тастардың адамдарға ғибрат үшін бірнешеуі түскені болмаса, ондай қайғылы қаза ешқашан болмаған.

Сондай-ақ, жер бетінде жыл сайын өмір мен өлімнің алмасуы, арпалысуы барысында жүз мың түрлі хайуанаттардың өлімтігі мен екі жүз мың түрлі өсімдіктің шіруі, қалдық шығаруы әрбір көктем, күз сайын жиналып кір-қоқысқа айналса, саналы жаратылыстардың оларға сүйсіне қарауы былай тұрсын, жиіркеніп, өліп кетуді, жоқ болып кетуді қалар еді. Алайда, бір құс үсті-басын, қанатын қалай сілкіп тазаласа, бір хатшы жазу парағын қалай тап-таза ұстаса, дәл солай осынау алып құс іспетті жер шарының қанаттары да, дүние атты алып парақтың беттері де кіршіксіз жарқырап, әрлене әсемденіп, құлпырып тұр. Ақыреттің шексіз әсемдігі мен теңдессіз кереметтігінен хабары жоқ, имани түсінігі жоқ адамдар осы дүниенің мұндай әдемілігіне, тазалығына ғашық болып, есі шығуда...

Демек, бұл әлем сарайы мен дүние фабрикасы Аллаһтың Құддус есімінің алып шұғыласына бөленіп тұрғаны анық. Осынау тазалықты жақсы көретін Құдреттің әмірлерін тек қана теңіздердегі ет қоректілер ғана емес, аспандағы қарақұстардан бастап, жыртқыш хайуандар мен құрт-құмырсқалар сынды тазалыққа жауапты қызметшілер де бұлжытпай орындайды. Тіпті, осынау тазалау жөніндегі киелі әмірлерді денемізде ағып жатқан қанның құрамындағы қызыл және ақ түйіршіктер де тыңдап, өз міндеттерін тиянақты орындап жатыр.

Тіпті, тыныс алғанда қан тазарып тұрады. Сол киелі әмірді

— 353 —

көздің кірпіктері де, шыбынның қанаттары да тыңдап өз міндетін адал атқаратыны іспетті, аспандағы бұлттар да тазалау бұйрығын орындайды. Жел жер бетін басып қалған шаң-тозаң секілді қоқыстарды сыпырып-сыиырып өтсе, жаңбыр, жер бетіне су сеуіп, шаң басады. Соңында, аспанға жиылып қалған кірлерді де жылдам жиып алып алысқа көз көрмеске әкетіп, ауаны жарқыратып қояды. Ол киелі әмірді алып жұлдыздардан бастап ең ұсақ элементтерге дейін тыңдап, өз міндеттерін атқаратыны сондай, долы дауыл соққанда оның ішіндегі зәррелер тазалыққа қызмет етеді. Бәрі бір жерге бейберекет жиналып қалмай, еш жерде кір қалдырмау үшін ең кіршіксіз, ең пәк, ең мөлдір, ең әсем... ең жағымды бейнелерді көрсету үшін бір хикмет тарапынан жіберіліп жатқаны байқалады.

Міне, бұл бір ғана іс, яғни тек тазалау деген ақиқаттың өзі, Исм-і Ағзамннан болған Құддус есімінің дүниенің кең шеңберінде көрінген бір шұғыласы ғана. Аллаһтың бар екенін Есма-и Хүснамен бірге Күндей жарқыратып, дүрбімен көргендей етіп көрсетеді.

Рисалей-Нұрдың көптеген жерлерінде анық айғақтар арқылы дәлелдегеніміздей Аллаһтың Хакем есімі мен Хаким есімінің бір шұғыласы болған тәртіп пен түзеу ісі; Адл және Адил есімінің бір шұғыласы болған мөлшер мен өлшеу ісі; Жәмил есімі мен Кәрим есімінің бір шұғыласы болған әсемдеу мен сыйлау ісі; Раб есімі мен Рахым есімінің бір шұғыласы болған тәрбие мен жақсылық жасау ісі... осынау әлем шеңберінде әрқайсысы бір ақиқат, бір іс құбылыс болып, жаратушының бар екенін, Оның жалғыз екенін қалай анық көрсетсе, Құддус есімінің бір сәулесі де тазалық арқылы Жаратушының болмысы мен біреу екенін дәл солай көрсетуде.

Сондай-ақ, осынау тазалау, өлшеу, әсемдеу... секілді хикметті істер кең шеңберде Жаратушының жалғыз екендігін көрсетумен қатар, Есма-и Хүснаның көптеген есімдерінің тіпті, мың бір есімінің әрбір шұғыласы мына алып шеңберде де көрініс беруде. Осы әрбір шұғыладан келген құбылыстың бәрі де Жаратушының жалғыз екендігіне дәлел болуда. Барлық нәрсені киелі заңы мен теңдессіз тәртібіне бас идірген ұлы Хикмет, барлық нәрсені әсемдігімен күлімсіретіп тұрған ұлы жәрдем, барлық нәрсені сүйсіндіріп қуанышқа бөлеп, рахмет ету барлық жанды жаратылысқа ризық беріп, рахатқа кенелдіру барлық нәрсені бір-бірімен үйлестіріп, тіршілікпен жандандырып дүниені

— 354 —

қызық пен думанға айналдыру сынды жарқыратқан... ақиқаттар мен іс құбылыстардың бәрі, бәрі... жарық сәуле Күнді қалай көрсетер болса дәл солай, бір ғана Зат-ы Хаким, Кәрим, Рахим, Рәззақ, Хаий және Мухий Аллаһты көрсетіп, дәлелдеп тұр.

Егер әрқайсысы Уахданиеттің белгісі болған осынау жүздеген іс құбылыстардың біреуі ғана Уахид-і Әхадқа берілмейтін болса, онда жүздеген тұрғыдан қиыншылықтар пайда болады. Мысалы, олардың ішінен хикмет, жәрдем, рақым, азық беру, жан беру секілді анық ақиқаттар тіпті, осы бір ғана тазалау ісі жаратушы Халиққа тән емес десе, онда әлгі адасушы дінсіздер тазалау ісіне байланысты көріністің бәрін ең кішкене зәрре бөлшек пен шыбыннан бастап, сонау алып жұлдызға, аспандағы бұлтқа дейін бүкіл жаратылыстың өзіне тән деуге тура келеді. Ондай жағдайда, аталған жаратылыстың бәрі алып дүниенің қалай безендіруін, өлшемін, реттеуін, тазалаудың тәсілін білетін білімі бар, ой-санасы бар, өздері де соған сай іс-әрекет жасайтын қабілеті бар дегенге сенуге тура келеді. Немесе, әрбір мақұлықта Әлемдерді Жаратушының қасиеттері, сипаттары түгел болуы керек... немесе бәрі бірлесіп тазалау жөнінде үлкен мәжіліс құрып, ақылдасқан болуы керек, ол үшін әрқайсысы түгелдей осы мәжілістің мүшесі болуы керек... тағы да сондай қияли хикаялар жалғаса беруі керек болады. Бұны сандырақ деу аз, сандырақтан да өткен сөз жетпейтін ақымақтық десе жөн. Бұл бассыздықты бейнелеп айтсақ, Күннің жарығы түсіп, жарқырап жатқан әрбір нәрседегі кішкентай ойша күндердің бейнесі бір алып Күнге тән, соның сәулелері екені мойындалмаса, онда жылтыраған бүкіл әйнек сынықтары мен су тамшыларында, тіпті қар түйіршіктерінде, тіпті ауаның бөлшектерінде жеке-жеке нағыз Күннің бар екенін мойындауға тура келеді. Сонда ғана әлгі жарықты түсіндіру мүмкін болады. Ал бұл ақылға сыйымсыз екені белгілі.

Хикметтің өзі бір сәуле... рақым да бір сәуле... онда тәртіп... тәрбие... тазалық... өлшем... бәрі де бір-бір сәуле десек, онда бәрі Мәңгілік Күннің шұғыласы екені анық ақиқат. Міне, адасушылық пен күпірлік қаншалықты надандықтың батпағына батқандығын осыдан-ақ көруіңе болады. Сондықтан, "Әлхамдулиллаһ ала дин-ил Ислам, уа кемал-ил Иман" де!

Иә, әлем атты сарайды осыншалық тап-таза етіп ұстап тұрған осы ұлы да жалпыға ортақ тазалық әлбетте, Аллаһтың Құддус есімінің

— 355 —
шұғыласы екені анық. Бүкіл жаратылыс атаулының тасбихтері, Құддус есімін көрсетіп тұрғанындай, олардың осындай таза болуы Құддусды есімінің талабы. Тазалықтың осындай терең мән-мағынасы болғандықтан, اَلنَّظَافَةُ مِنَ الْا۪يمَانِ хадисі тазалықты иманның нұры деп санаған. اِنَّ اللّٰهَ يُحِبُّ التَّوَّاب۪ينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّر۪ينَ Аяты да, тазалықты сақтау, таза болу Аллаһтың махаббатына, сүйіспеншілігіне себеп болатынын айтқан

{(Сілтеме): Жаман мінездер, бұрыс нанымдар, қате сенімдер, күнәлар, бидғаттар; олар рухани кір болып есептелетінін ескерген жөн.}